TELEGEI

Home

Аты жоқ әңгіме

Несіпбек Дәутайұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Аты жоқ әңгіме

Қазіргі қазақ прозасында жанрлық жаңалықтар, жанрлар үшін жаңа өрістер ашқан жазушы Несіпбек Дәуітайұлы әлемдік әлеуметтік – психологиялық әдебиеттің жауһар жетістіктері мен ұлттық уызды, дәстүрлі прозаның гауһар дүниелерін шебер үйлестіре, жарыстыра жазуға жеткен суреткер. Кітапқа енген шығармалары уақыттың үнін, қоғамыңыздың құнын, адамның сұрын өзгеше бедерлеуімен қызықтырады. Өмір құбылыстарын

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-44

Д 22

Несіпбек Дәутайұлы
Аты жоқ әңгіме / Несіпбек Дәутайұлы. – Алматы:
«Мерекенің баспалар үйі» ЖШС,
Mereke baspasy, 2012. – 640 б. – 24 сурет

Д 22

Барлық құқықтары қорғалған. Осы кітаптың ешбір та-
рауын қандай түрде де «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС-ның
жазбаша рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды.
© Дәутайұлы Н., 2012

© суреттер «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2012
Mereke baspasy
© көркем безендіру «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2012
Mereke baspasy

©«Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, 2012
Mereke baspasy

ІSBN 978-601-7370-16-9 ІSBN 978-601-7370-16-9 Қазіргі қазақ прозасында жанрлық жаңалықтар, жанрлар үшін жаңа өрістер ашқан жазушы Несіпбек Дәутайұлы әлемдік әлеуметтікпсихологиялық әдебиеттің жауһар жетістіктері мен ұлттық уызды, дәстүрлі прозаның гауһар дүниелерін шебер үйлестіре, жарыстыра жазуға жеткен суреткер. Кітапқа енген шығармалары уақыттың үнін, қоғамыңыздың құнын, адамның сұрын өзгеше бедерлеуімен қызықтырады. Өмір құбылыстарын көркем зерттеуде талантқа тән азаматтық ұстанымынан айнымайды. Поэтикалық орамдары шығармаларының өн бойында «қуалай соққан қоңыр желдей» есіп отырады. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

АТЫ ЖОҚ ӘҢГІМЕ Несіпбек Дәутайұлы Алматы

Ақкүшік алғаш қар басқан жылдың ақпанында күн мезгілінен бұрын жылынып, сірескен қардың көбесі сетіней бастаған. Ауыл сыртынан сәл аулақтағы өзеннің сарылы күннен күнге күшейіп, күндіз-түні күркірейді де жатады. Ақкүшіктің көзі сол жақта. Иесінің солай қарай кеткеніне біраз күн. Содан қай­ тып оралмады. Неге? Ақкүшік оны білмейді. Иесінің ізімен тұра жүгірейін десе, байлаулы. Ары жұлқынады, бері тартынады... Иесі осы қыс үйге кешкісін үнемі ішіп келетін әдет тапқан. Ол кезде Ақкүшік байланбай бос жүретін. Құлағы селтиіп, алдынан жүгіріп шығар еді. Иесінің қалтасында бұған лақтырып берер нәпақа сөзсіз болады. Бұл қағып алған сайын анау мәз. "Тағы секірші, Ақкүшік

қане, Ақкүшік, тағы", − деп мәре-сәре. Мұның
басы-көзін сипалап, ұзақ-ұзақ еркелетеді.
Сол иесі енді үйде жоқ. Кетті. Сосын
иесінің келіншегі мұның мойнына қайыс

қарғыбау тағып, шынжырға бекітіп қойған.
Өзі ертеңгісін кетіп, кешкісін келеді. Оның
да Ақкүшікке ықыласы ерекше. Үйшігінің
ішін күн сайын тазалап, астына төселген

төртбұрыш құрым киізді кешке қайта қағып
төсеп, тамағын тостағанына толтырып қояды.
Үнемі сылап-сипайды. "Ақкүшігім! Ақкүшігім!"
деп ірі тарақпен ұлпа жүнін олай-бұлай

жатқызып отырып алатыны бар.
Ақкүшіктің
ауыл
иттерінен

тұқымы
басқа болатын. Денесі шағын, жүні ұзындау.
Көздері қап-қара, дөп-дөңгелек. Иесі мұны
көзін жаңа ашқанда өзеннің ар жағындағы

ауылда тұратын диірменші орыс шалынан ұн тарттыруға барғанда сұрап алған. Таң ағараңдап атысымен, Ақкүшік үйшіктен басын шығарады. Ауыл иттерінің жөнді-жөнсіз әупіліне қосылып, бұл да шәуілдеп қояды. Бұрын мойнында қарғы бауы жоқ кезде секеңдеп аула кезіп кететін. Аппақ қарға аунап-аунап алудың өзі бір рақат. Қазір байлаулы. Таң атқалы біраз уақыт. Күннің қызыл шапағы тау­ дан асып, дүние арайлана бастаған. Сықырлап үйдің есігі ашылды. Үй иесінің келіншегі келіп, мұның алдына түннен қалған тамақтың сорпа-суын кұйды. − Сәлем, Ақкүшік! Ақкүшік оның не айтып тұрғанын білмейді. Бірақ жұмсақ даусынан бойы бір түрлі жылынып кетеді. − Ішің пысты ма? Аула кезіп ойнағың келеді, ә? Қайтсем екен? Босатайын ба? Сөйтсем, мен жоқта жалғызсырап, ауладан шығып кетсең қайтем. Қазір иттің етін қуырып жейтін пәлекеттер пайда болды ғой. Сен болсаң қарашы, жұнттайсың. Біз не ішсек, соны іштің. Әй, әй, Ақкүшігім-ай... Қалдыбегіміз қайда біздің? Кетті ғой, мүлде кетті. Әлде, қайта орала ма?.. − келіншектің бота көздері жасаурады. − Айтқандарымды түсінсең ғой, шіркін. Сөйлей алсаң... Жаутаңжаутаң етіп кеттің ғой, а, Ақкүшік, боса­тайын ба?.. Мен жұмысқа кеткенше аула ішінде арыбері шапқылап, бой жазып алсаң ба екен. Мейлі, сөйтші...

Келіншек Ақкүшіктің қарғы бауын ағытып
алды.
− Ал, шапқыла.
Ақкүшік үйшігінен атқып шыққан. Со

бойы аула ішінде күндіз бойы босап, түнге
қарай қайта қатып жатқан ойдым-ойдым
қардың үстімен асыр салып ойнап кетті.
Шарбақтың ар жағында көршінің кәрі төбеті

бір бұтын көтеріп алма ағашының діңіне са-
рып тұр екен, мұны көріп, жалғыз рет маңқ
етті де қойды. Кәрі төбеттің ұсқыны нашар,
омыртқалары шодыра­йып, қабырғасы ыр-

сиып, құлпетке айналған. Ар жақтан иесінің
төбесі көрінді, Жуан қарын еркек мөлиіп
тұрған төбетті жанынан өте бере іштен бір
теуіп қаңқ еткізді де, тауықтарына жем шаша

бастады. Еркекті көрген сәтте Ақкүшіктің есіне
иесі түсті. Иесі... Ақкүшік шарбақтан сыртына
бір-ақ карғыған. Ол бірден өзенді бетке алды.
Иесінің солай қарай бара жатқанын көріп еді

ғой. Қатқақтап жатқан қардың бетімен зау­
лап отырып өзенге тез-ақ жетті. Өзен лайла-
нып ағып жатыр екен. Ернеуінен әжептәуір
асып кетіпті. Ақкүшік оған біраз қарап тұрды

да, иесі екеуі диірменші орыс шалының ауы­
лына екі-үш жолы барғанда өткен көпірді
бетке алды. Көпір өзеннің өрлеуіт жағындағы
өткелге ыңғайлы тұсында болатын. Оның

қашан салынғанын, әйтеуір, талай жылдар
екі ауылдың ара қатынасына қызмет етіп келе
жатқанын, жыл сайын екі ауыл кезектесіп
оңдап

отырғанын,
алайда
соңғы
кездері

қараусыз қалып бара жатқанын Ақкүшік
білмейтін.
Ағаш
көпір

өзінің
соңғы
көргеніне
қарағанда қисайыңқырап қалған сияқты бо-

лып көрінді оған. Асау ағыстың шашыраған
суы бағана-тіреулерін жуып жатыр. Ақкүшік
заулап өте шықты.
Көрші ауыл бәлендей алыс емес. Аумағы

үлкен...
Кезінде
мұнда
совхоз-техникум

болғаны, қазір ол колледжге айналып, оқу
баяғысынша жалғасып жатқаны, анау екі
қабатты үйлер солардың оқу ғимараттары
мен жатақханалары екені күшікке, әрине,

беймәлім. Ол тек диірменші орыс шалының
үйіне алып баратын жолды ғана біледі.
Диірмен ауылдың сырт жағында болатын.
Соған төтелеп тартты. Бұл келіп жеткенде,

орыс шалы мен иесі диірменшінің төбесі ала-
са екі бөлмелі үйінің кіреберіс бөлмесінде бір
шөлмек самагонды аяқтап, қыз-қыз қайнап
отырған.

Күшік есікті тырмалап, шәу-шәу етуі сол
екен, шалдың басы қылтиды.
− Вот тебе, да! − деді ол. − Кого вижу...
Слушай, Калдыбайчик, погляди-ка сюда.

Ашық есіктің табалдырығында талтайып
тұрған диірменшінің бұтының арасынан зып
берген күшік иесіне қарай тұра атылған.
− Ақкүшік! − Қалдыбай итін алдына

көтеріп алып,− шынымен өзіңсің бе-ей? Қалай
таптың мені? Қайдан білдің осында екенімді?
Күшігім... Іздеп келгенін қарай көр...

Шал стол үстінде жатқан шошқаның
майы­нан бір кесіп Ақкүшікке тастады. Өзі
стол астынан үлкен шөлмек алып, тығынын
аузымен жұлып тастады да, бос стакандарға

мөймілдете құйып жатты.
− Іздеп келді ғой, дядя Паша, − деді
Қалдыбай аузынан самогон исі бұрқырап, −
іздеп келді. Ит те болса сөйтті. Ит те болса...

− Давай, Калдыбайчик, − диірменші шал
стаканын көтерді, - ит үшін ішейік. Нағыз ит
адамның шын досы. Кейде адамның өзінен
артық. Ит иесін қаппайды. Ал адам... Өзге

түгілі өз бауырын талап тастайды. Пойми его
теперь... Давай, сынок.
Ішіп қойысты.
− У боп кетті ғой мынау, дядя Паша.

− Зато арақтан таза. 90 градусы. Само-
дельный. Никакой криминал. А то... повсюду
самопал. Люди не те... нанға например, кір
жуатын порошок қосып ашытады, тушу раз-

дувает насосом... Что не делается кругом. Все
для того, чтобы разбогатеть. Тем более за счет
здоровья людей.
Қалдыбай Ақкүшікпен әуре.

− Үй аман ба? Бекзат үйде ме?.. Жоқ ол
да кетіп қалды ма?.. Бірақ қайда? Барар тау,
басар жері жоқ оның.
− Қалайша? − шал темекісін тұтатты.

− Ерте жетім қалған.
− Детдомдікі ме?
− Жоқ. Ағайындарының қолында өскен.
− Ни сестры, ни брата что ли?..

− Әпкесі бар. Алыста. Орысқа тиіп кеткен.
− Қандай орысқа?
−Вот ты даешь, дядя Паша... Кәдімгі
орысқа да. Офицер. Границада. Сырттан

әйелдің даусы шықты.
− Павлуша!
− Пришла, − деді шал. − Коварная баба.
Үйге жасы қырықтардағы орыс әйелі енді.

Халатының сыртынан күпәйке киіп алыпты.
Аяғында пима. Тізесі жалаңаш.
− Ты что, Матрена, − деп шал әйелдің
халатының етегін қара санына дейін көтерді.

− Без трусов что-ли?
− Уймись! − әйел диірменшінің қолын
қағып тастады. Бірақ көздері күлім қағып тұр.
− Что готовить к обеду?

− Потом, потом... − шал әйелге де самогон
құйды. − Выпей. Надо поговорить.
− Случилось что?
− Пей, пей, − деп диірменші Қалдыбайға

қарады. − Бұл қатын қазақша ноль. Но страш-
ный жеңгетай. Пайдакүнем болғанда, сұрама.
Кеше айттым ғой, үйін мына колледжге
оқытушы болып келген жас қыздарға, а мо-

жет байға тимеген қыздар... квартираға беріп
қойған. Өзі времянкасында тұрады. Ойнас­
пыз. Как кошка иттің баласы. Жеп қоя жаз-
дайды. Тоймайды. Давай, давай, давай...

− О чем ты? − әйел басын көтеріп алды. −
Не про меня ли?
− Да нет, закусывай... − шал кеңірдегін
қасып қояды. − Ал маған ыстық тамақ істеп

беріп тұратын біреу керек. Иногда и того хочется... А ты не горюй, сынок. Кеше айттым, қатын табамыз саған. Хочешь ал, алмасаң ойнас қыл. Мына қатын пәтеріндегінің бірін реттейді. Әдемі жігітсің. Ей богу, қойныңа өздері қойып кетеді... Диірменді біраз оңдап алайықшы, тартамыз ұнды. Ақыңды жемеймін. Керек етсең, законно могу оформить. Мен сенің әкеңді көрдім ғой. Баяғыда ауылыңдағы қазақтар мені "ұнымызды кем бересің"− деп сабап, өлімші қылғанда, сенің әкең ажыратып алып, үйіме атқа өңгеріп жеткізіп салған. Павел Панталеев жақсылықты ұмытпайды... Ал сен қазір диірменнің сынған пәрігін шығарып таста да, далада біраз таза ауа жұт. Мен мына қатынды... Бұл қаншықтың екі бұтын кермей, жақсылық жоқ. Тамағымызды істеп бермей кете салады. Далада азанғы аяз сыныпты. Қар солқылдай бастаған. Ақкүшік диірменнің бұрышындағы үйшікке құлағы селтиіп біраз қарап тұрды. Ол осында туып еді. Енесі төрт күшік туған. Үшеуі еркек, бұл ұрғашы. Аналарды диірменші бір-бір мешок құмшекерге сатқан. Енелерін кейін әлдекімдер ұрлап әкеткен еді. Ақкүшік осы күні еш жерде жұмыс істемейтін, өздері араққа үйір жас жігіттердің итті қырып жеп жүргендерін білмейтін. Төртбестен бірігіп алады да, ұрлаған иттерін сойып, тұздап, бұрыштап қазанға тұтас салып қуырып тастап, таң атқанша арақ ішіп, кар-

та соғады. Ит етіне мелдектегендер екі-үш күн тоқ жүреді. Қазір көшеде бейсауыт жүрген ит кездеспейді. Бұрын адамдар бейсауыт жүрген адамдарға үрсін, пейілі бұзықтарды үркітсін деп иттерін түні бойы аулаға бос жіберіп қойса, қазір бейсауыт жүргендердің көзіне түспесін деп иттерін үйшікке бекітіп, шынжырлап қоятын болған. Ақкүшік секемденіп барып үйшікті ұзақ айналды. Мұрнын әлдебір таныс иіс жарып барады. Сондай таныс, сондай жағымды. Соған елтігені соншалық − үйшікке қалай кіріп кеткенін білмей де қалды. Мына үйшік өзінікінен әлдеқайда биік те, кең еді. Еденінде ескіріп, әбден тоз-тозы шыққан төсеніш жатыр. Күшіктің түйсігінде әлдебір оймақтай сәулелі алаңқай пайда болды. Тырбаңдаған төрт күшік ұзынынан сұлап жатқан енелерінің тіз қатар емшектерін борпылдата сорып жатыр. Күшіктің таңдайында өзі әлі күнге ұмытпай жүрген оқта-текте сұмдық аңсататын тәтті дәм білінді. Мұндай тәтті дәмді берітінде ешқашан татып көрген жоқ. Түйсігінде ысыған оймақтай сәулелі алаңқай лезде із-ғайып жоғалды. Күшік үйшіктен атып шыққан. Оймақтай сәулелі жарық алаңқай сыртта да жоқ. Қолында құрал-сайман, иесі шайқалып диірменнен шығып келеді екен. Бұл барып аяғына оратылды. Иесі мұны ертіп есік алдындағы жан-жағы ашық беседкаға кіріп отырды.

− Көктем де шығып келеді ә, Ақкүшік,−
деп қойды. − Биыл лығасың. Бірінші рет
қой күшіктейтінің... Көктем шығып келеді...
Өзен көтеріліп пе? Көпірді ағызып әкетпесе

неғылсын. Былтыр күзде оңдап-ақ қоятын
жөніміз бар еді, өйтпедік... Домбырамды ала
кетпеппін өзіммен. Осындайда шертетін едік
қой, Ақкүшік. Боздатар едім қазір. Бойымнан

боран соғып кетер еді. Боздап, әрине.
Ақкүшік иесінің қолының сыртынан жа-
лап, бүйіріне тығыла түсті. Сағынып қалған
сыңайлы. Қалдыбай ой қаузайды.

...Әкесі бірер жыл трактор жүргізген,
бірер жыл есепші болған, бірер жыл қойма
ұстаған ісіне адал, зіді жуас адам еді. Домбы-
ра тартатын. Қайдан теріп алғанын кім білсін,

күмбірлететіндері шерменде көңілдің шерлі
шертпелері еді. Перне бойымен бес саусағын
қаздаңдатқанда қара шанақтан қоғалы көлін
қия алмай қаз да ұшып жатады, иесінің қайқы

қылыш қапыда қақ маңдайын қарыс айы-
рып, қараң қалған қайран дүниені қайраңда
қалдырып, қабағына қар, қабырғасына тер
қатқан қарагер де, қападан қаңғырып кетіп

бара жатады, суылдап ұшқан сұр жебе сұлатып
салған сыңарын жоқтап, су жағалай ұшқан
аққудың сұңқылы да сұмдық, қуғыннан қуғын
көріп, құлан жортқан, құба жоннан құлдилап

құмға
түскен
кұралайдың
қырыл-сырыл

демі... Сонау Алматыдан талай-талай музыка
зерттеушілер келіп әкесі тартатын күйлерді
таспаға түсіріп әкетіп жатты. Бірақ бәрінің

сұрағаны: "Сіз бір күйді қанша қайталасаңыз,
неге сонша өзгертіп тартасыз?" "Білмеймін, −
дейтін әкесі. − Солай тартылып кетеді. Ерік
бермейді, білмеймін".

Күйші әке жалғыз ұлына домбыраны
ерте ұстатты. Қолында бар болғаннан шығар,
Қалдыбай қара шанақты тез-ақ күмбірлетіп
әкеткен. "Әттең саусақтарыңның шылдыр

шүмегі икемсіз, болмаса бар ғой..." − деп әкесі
өкініш білдіретін.
Кейін сол сөзінен бе, домбыраны қанша
ұршықтай үйірсе де, Қалдыбай оның соңына

індетіп
түсіп,
Алматыға
бармады.

Орта
мектепті бітіріп, әскер қатарына барып кел-
ген соң, біраз жыл шаруа қожалығының
астық қоймасына айналып, кейін жұрт жа-

была жоғарыға жаза-жаза қайта мемлекет
иелігіне кайтқан алпыс орынды ауыл клубына
меңгеруші болып орналасқан. Жұмыс жаман
жүрген жоқ. Үлкендердің айтуы шын болса,

осы алақандай ауылға әншілік қонып кеткен.
Кез келгеннің үйінде домбыра, кез келген үйде
бір немесе екі әнші шығады. Күллі үйелменімен
ән салып, би билейтіндер және жеткілікті. Кеш

болса, ауылдың төрт құбыласы түгел азан-
қазан болады да жатады. Ауыл түгел ән салып,
би билеп кеткен бір түрлі екен, той-томалақ
көп, қит етсе жұрт жабыла күйлетіп, әндетіп,

жер тепкілеп шыға келеді.
Ауылда алып бара жатқан жұмыс жоқ.
Жұрттың малы топ-топ болып тау аңғарында
жайылып жатады, сол таудың ар жақ, бер

жағы белуардан шөп, ауылдағы қолы бос
селтеңбайларға ақыңды төлесең, қысқа жетер
мал азығыңды дайындап қораңа үйіп-төгіп
береді.

Тұрғындардың күндіз көбіне жағалайтын
жерлері Өрікайдардың ауыл ортасындағы
кафесі. Кеңес заманында шаруашылықтың ет
дайындаушысы болып істеген тиын сауғыш

пысық неме мына заманға іштен лайық
туған адам екен. Сонау бір жылдардағы
елдің зейнетақы еңбек айлығына аузы жары-
май, қорадағы малдарын топырлатып сата

бастағанда, жиған ақшасы бар Өрікайдар әр
қойдың басына екі мыңнан төлеп, жаппай са-
тып алған. Онысы бір отар қой болды. Үйірлі
жылқы да, табын сиыр да бітті арзан бағамен.

Содан екі-үш жылда ауылдың бас көтерер
байы болып шыға келген. Үйінің бұрышына
жапсарлас қылып шағын дүкен, орталықтан
кафе салды. Кафеде негізінен ішімдіктер, су-

сындар, қуырдақ, балмұздақ сатады. Ақшасы
барлар қолма-қол төлейді, жоқтары қарызға.
Қарызға ішіп-жеушілердің жеке куәліктері
мен тізімдері Өрікайдардың сейфінде тұрады.

Қарызыңды төлесең аласың, өйтпесең жата
береді. Өрікайдар қарызға негізінен зейнет-
керлер мен мүғалімдерге береді.
Жұмысқа қыры жоқ селтеңбайлар күн

ұзын
топырлап
Өрікайдардың
кафесінің

төңірегінде. Кафенің айналасын тазалайды,
ағаш жарады, су тасиды. Ақыларына ішкені −
арзан арақтары мен жеген тамақтары.

Өрікайдар кафені жүзден астам адам
еркін сыйып отыратын қылып соққан. Осы
ауылдың той-томалағы сонда өтеді. Ақысын
төле де сайраныңды сала бер. Сайран са-

лудан жұрт қашан жалыққан, қазақ айна­
лайын баласының тұсауын кессе де, сүндетке
отырғызса да, мектепке берсе де, оны бітірсе
де, кейін оқуға түсірсе де, туған күндерін

жасаса да тойлаған заман. Ұзынқара деген
әпенділеу жігіт ағасы көкайыл әйелімен сот
арқылы ажырасқанда: "Пәледен құтылғаныма
вечер жасаймын" − деп пәле қылған. Әйтеуір,

Өрікайдар елдің барын кафесімен-ақ жалмап
жатыр. Одан той-томалақта музыка ойнай­тын
болған соң, Қалдыбайлар да тиын-тебен тау-
ып қалады. Сөйте-сөйте ол кафеге үйірсектей

бастады. Клубтың методисі әрі әншісі о бас­
тан ішімдікке үйір еді, соны ертіп алып ка-
феге күніне үш-төрт рет бас сұғып кететінді
шығарды. Айлық алғанда оның жартысынан

көбін Өрікайдардың әрі аурушаң, әрі жалқау,
жалпақ сары қатынына апарып беріп жүретін
болған.
Өрікайдардың

бұған
жамағайындығы
бар. Қайсы бір заманда аталары қандай
жазықтары болғанын, қырғыздан ауып келіп

осы ауылға сіңіпті. Соны бетке ұстап Өрікайдар
Қалдыбайды айналдырады. Сондағысы: "Келін
шаруаға оңқай асықтай оңтайлы көрінеді.
Маған келсін де, ыңғайлы жұмыс бар".

"Кітапханасын қайтеміз?" дейді Қалдыбай.
"Кітапханаң не, айналайын-ау, ел түгел есектің

артын жуса да, еңіреп жүріп дүние табатын
кезде?". "Өз тапқанымыз өзімізге жетеді, аға".
"Қазір жеткен аз, қазір тиын-тебеннің үйіп-
төгілгені керек. Ал сен Алматыға бір барып

қайтуға жетпейтін айлықтарыңды айтасың.
Кітапхана дейсің. Кітапты кім оқиды ендігі
жерде. Осы ауылда кітап оқитын кісі қалды
ма? Оқығанда не бітіріп, не қояды. Керек

десең, өзің де кел маған. Аудан орталығындағы
орталық базардан шағын сауда дүкенін
ашайын деп жатырмын, соған ет тасы. Астыңа
машина беремін. Клубты қой. Құры әләуләй.

Әләуләй дегенде, атақты музыкант, белгілі
әнші болмаған екенсің, көркемөнерпаз деген
не пәле. Қарадай бақырып-шақырып тұратын
ұрма-пернелердің жын ойнағы. Естуімізше,

бірде-бір елде жоқ көрінеді мұндай хай-вай".
Қалдыбай ойланып қалған. Шынында да
өмір бойы көркемөнерпаз болып өткен қайбір
оңған шаруа. Өмірі ауылдың әртісі. Алпыс

түтіннің... арыға кететін, алысқа сермейтін
қабілет жоқ.
Алғаш рет өз тірлігінен жаны жаман
күйзелген.

Содан
жиі-жиі
ұрттайтынды
шығарды. Жалғыз содан ба? Жыл өткен

сайын жүрегін тілім-тілім етіп, бүкіл жан-
дүниесінен аңырап тұратын азап-шері ше.
Өзі қатарлылардың томпаңдаған балаларын
көргенде, қарадай қатты қысылады. Үйленіп

үй болғандарына алты-жеті жылға айна-
лып барады, бір перзентке зар. Бала іңгәләп
жатпаған соң, тар төсекте тақым қағысып

талықсып жатудың да еш рақаты болмай-
ды екен. Аршын төсті кеудеңе басын шүйгіп
жатып, мұныңның баяны жоқтығы есіңе сап
етіп, бойың лезде суып, шаруаңды аяқтамай,

екі қара санның арасынан денеңді суырып
алып бара жатасың. Күйті енді күшейіп, жаны
енді кірер жерге әне-міне жеткелі тұрғанда,
айызы қанып жатқан ауын адыра қалдырып

ары аунап бара жатқан еркекті ұрғашы ендігі
жерде әр түрлі тәсілмен отқа да, суға да са-
латын болып шықты. Келіншегі төсекке жатар
алдында бұған қырлы стақанға толтыра арақ

ішкізетін әдет тапқан. "Неге?" деп сұраған
бұл. "Ұзағырақ боласың" деген әйелі бір түрлі
қылмыңдап.
Әйелі мұның неге өйтетінінің шын себебін

білмеді. Айтпаса, қалай аңғарсын.
Ойын сарт етіп ашылған есік бұзды.
Диірменші шал екен. Ышқырын түзеп есік ал-
дына шықты.

− Ну, баба, − деп қойды басын шайқап.
− Чуть не съела... Давай, Қалдыбайчик, біз
монша жағайық. Попаримся как следует. А
вечером... знаешь что?

− Что?
− Матренаны пәтеріндегінің бірін ертіп
келуге уговорил. Стерва же, Матрена. За ус-
лугу ақша сұрайды. Но я успокоил ее. Гулять

будем, сынок. Ты только на домбре играешь?
− Гитара да тартамын.
− Черт. А где взять ее? − шал аспанға қарап
әңірейді. − Надо придумать что-то.

Диірменшінің шағын моншасының мұр­
жасынан түтін будақтады.
− Пока мы пообедаем, она готова бу-
дет,− деді шал пеште жанып жатқан ағаштың

үстіне көмір салып жатып. − Рақат-ау, баня.
Орыстардың жанын алып қалып жүрген
осы. Ішкіш қой біздің орыстар. Арақ − ата-
бабамыздың асы. Ішпесек, ойымызға неше

түрлі пәле келеді. Сосын сіміреміз. Бәрін
ұмытасың. Поем, танцуем... А дальше вся
жизнь похмель. Марқұм қатыным: "Когда ты
пьешь Павлуха, становишься гораздо доб­

рее", − дейтін. Смирный, жақсы қатын еді.
Деревенс­кая. Барнаул жақтікі.
− Дядя Павел, сіз жалғызсыз ба?
−Неге жалғыз. Ұлым бар. Ресейде. Сол

жақта служить етті де, қалды. Шешесі өлгенде
похоронкасын жіберейік десек, адресін
білмейміз. Костромадамын деп хат алғанбыз.
Қызым бар. Ол да Ресейде. Байы кореец. Во-

ронеж облысында. Содан жылына бір хат
келеді, чтобы узнать живой я или нет. Солай
Қалдыбайчик, орыстар балаларын өскенде
өздерін тастап кетуі үшін туа ма, черт его зна-

ет. Поэтому ғой біз қазақтар сияқты құдайға
«бала бере көр» деп жалбарына қоймаймыз.
Дает спасибо, не дает обиды нет.
− Өзіңіздің Ресейге кеткіңіз келмей ме?

− Что я там потерял. Мен осында, анау
Қызылтауда туғам. Әкем мен шешем сонда
захоронены. Орыс болып туып, қазақ болып
өстім ғой мен. Жүз процент орыс бола алмай-

мын енді. Қазақстанда туған орыстың көбі
сол. Қазақстаннан Ресейге көшіп барғандарды
жергіліктілер "қазақ" дейді екен.
Сендер де Қарақалпақстаннан келген

қазақтарды "қарақалпақ" дейсіңдер ғой. Себебі
әркімде туған, өскен жер ортасының өмір сүру
салты өшпейді. Оны аналар түсінбейді, өзің
қимайсың. Менің түрім орыс, жаным қазақ.

Люблю я вас, сынок.
Ақкүшік аула ортасындағы аяқ ізі түспеген
ақ қарға аунап-қунап жатыр. Өзіне беймәлім
әлдененің қытығы бар, көз алдына төбеттер

келіп, солардың бауырына да бүгерлеп тұрған
өзін көреді.
Сүр қарға бөксесін аямай үйкеді.
− Биыл алғаш күшіктейді бұл, − деді

шал Қалдыбайға. − Хороший кобель нужен.
Жатыры таза қаншықты всякий төбетпен
жақындастыруға болмайды. Тұқымы бұзыла­
ды. Ары қарай одан сырттан болар күшік ту-

майды. Кімнің де, ненің де тұқымының аз-
бауы жатырға зависит, Қалдыбайчик. Все от
нее начнется. Ұрғашы жатырын тексізбен бір
лайлап алса, после қанша тектінің астына сал,

одан оңған ұрпақ өрбімейді. Вот қазақтар, да
и орыстарда өткен замандарда қыздарды неге
жас­тай қатын қылған? Өліп бара жатқан соң
ба? Е, нет, сынок. Жатырының аман-сау кезін

сақтап қалу үшін. Ал қазір не, қыздар дегенің
қырыққа дейін байға тимей аттай шауып
жүреді. Раз так, оған біреу сөз жоқ вскочет.
Может екеу, үшеу... Соңғы ұрпақтың майда-

ланып, әр қилы азғындап бара жатқаны сол. Так что, Ақкүшікке алғаш нағыз сырттан артылуы керек. Мы найдем ондай төбетті. Есть тут один кинолог. Бывший правда. Ақкүшік бұлардың не айтып жатқандарын қайдан білсін, бойының қыртыс-тыртысын жазып алғаннан кейін олармен үйге ілесе кірді. − Вот стерва, − деді шал төргі бөлмедегі шашылып жатқан төсекке қарап. − Тал­тайып жатқан жерін жинап та кетпейді. Ұты жоқ қатын бұл. Но маған керек. Кірімді жуады. Часто разделяет мое одиночество. Пәле, бірақ. Диірмен жүріп тұрғанда тура қатынымша жүреді осы жерде. Потому что, жем, ұрпақ навалом. И почти бесплатно. Кейбір клиенттер екі стакан самогонға ұрпақтарын тастап кете береді. Төсек үстін өзі ретке келтіреді. −Еще тамақты жақсы істейді. Повар болған ғой, мына колледждің техникум кезінде. Мұнда әмпейлесіп жүрмін өзімен. Жылда екі-үш шошқа бордақылайды. Жем керек. Жалмауыз ғой шошқа. Содан бір күні іңір қараңғысында келіп тұр бұл қатын: "Панталее­ вич, доб­рой ночи", − дейді көзі жайнаңдап. И началось. Жем беремін. Биыл январьда екі шошқасын райцентрдегі базарға апарып, сатысып бердім. "А что если нам поженится?" дейтіні бар. "Боже, упаси!" деймін іштей. Жасым жетпіске таяды. Бұл қатын болса қырықтан енді асты. Қойнына бір кірсең... оның құшағынан немістің пленінен қашып құтылған оңай. Маткасы бешенная пәленің.

Шал мен Қалдыбай ауқаттануға отырды. Ақкүшікке де шағын темір табаққа тамақ құйып, пеш түбіне қойды. − По одной, сосын екі-үш сағат ұйқы, − диірменші стакан көтерді. − Опьянеть нельзя! Или водку пить, или бабу... дейді біздің орыс­ тар. Еркектер есікті іштен іліп алып қорылға басқан кезде, тамаққа тойып, пеш түбінде бойы әбден жылыған Ақкүшік те мызғыған... Ауланың орта шеніндегі екі түп алма ағаштың ақ гүлдерінде есеп жоқ. Ағаштың көлеңкесіне жайылған текеметтің үстінде Қалдыбай мен келіншегі Ақкүшікті орталарына алып, жүнін тарап, көзіне қарай түсіп кеткен кекілін қайшымен қырқып мәре-сәре. Арасында екеуі бір-бірін қытықтап, алысып ойнап кетеді. Әне, Қалдыбай келіншегін жығып алды. Еріндері бір-біріне жабыса берген. Ақкүшік Қалдыбайдың арқасына секіріп мінеді. Әйел мен еркектің сықылықтаған күлкісінен күшік иесінің жотасында тербеліп тұр... Қатты жөтелден селт етіп, көзін ашып алды. Жөтеліп жатқан шал екен. Жаңағы көргендерінен айырылып қалған Ақкүшік айналасына алаңдады. Көргені қайда жоқ болып кетті деп аң-таң. Түсі екенін білмейді. Шағын терезенің әйнегі тырсылдай бас­ тады. Далада жайлап жауын тама бастаған. Биылдың алғашқы жауыны. Қыс айы ақпанның ортасында. Дүниенің, соның ішінде ауа райының да өзгере бастағанын Ақкүшік

қайдан білсін. Тіпті, адамдардың өздері де
кез келген өзгеріске таңдана қоймайды ғой.
«Неліктен?» деп елеңдемейді. «Кімнен?» деп
толғанбайды. Бәрін Құдайдың ісіне балайды.

"Адамның өзінің әрекетінен емес пе?" дегенге,
оны да құдай істетіп отыр деседі. Сөйтіп бәріне
кұдай кінәлі болып шығады. Бәрін құдайдың
ісіне аудару арқылы адам өзін өзінің күнәсінен

ақтап алады. Адам өзінен корқады, құдайдан
қорықпайды. Адам өзін ғана өлердей жақсы
көреді. Адам жамандықты да өзіне-өзі істейді.
Терезе

әйнегін
тырсылдатқан
тамшы
жиілей түскен. Шал мен Қалдыбай ұйқыдан

оянған кезде далада жаңбыр кәдімгідей жа-
уып тұр еді. Моншаны көріп келуге шыққан
диірменші қайта оралғанда:
− Былтыр да өстіген, − деді. − Февральда

жауған осы жаңбыр.
− Өзен тасымаса деңіз, − Қалдыбай күр­
сінді.
− Кім білсін.

− Өткен жылы төмендегі жол пайдалану
учаскесіндегі үйлерді қиратып кетті ғой. Ерағи
дейтін шешеннің екі қызын су алды. Қапқазға
енді көшкелі жүр еді...

− Ладно, − деп шал Ақкүшікке қарады. −
Мынаны сыртынан бекітіп кетейік. А то біреу-
міреу қағып кетер.
Моншаның ыстығы әлей болып кетіпті.

− Жапондардың ақылы осы моншада
кіреді дейді, − диірменші бірден бу бөлмесіне
бастап кірді. − Барлық мәселелерін моншада
сұхбаттасып отырып шешеді екен.

− Күйіп өлеміз ғой, дядя Паша.
− Қайдағы күйген. Төменгі полкаға оты-
рып, денеңді үйретіп ал. Сосын сыпыртқымен
жақсылап сабап берсем, терің піседі де, екі

дүниеде пардан шыққың келмейді. Марқұм
қатыным жақсы парит етуші еді мені. Тура
қара табанымнан бастайтын. Сыпыртқыны
екі шатымның арасына әкелгенде, ит-ай,

бүлкілдетіп тұрып алатын, − шал жарыла күлді.
− "Әй, пісіріп жібересің" деймін ғой, шынында
да тақымым өртеніп, "піспейді, іседі" дейтін
сорлы күліп. Өзің қатыныңмен бірге моншаға

түсіп көріп пе ең?
− Жо-ға.
− Жаль, − деп қойды шал.
− Несі жаль?

− Денесін түгел жалаңаш көріп, кемшін
тұстарын тізіп берсең, қатын дегенің қашанда
именіп тұрады. Ал ұрғашының денесінде не-
достатки уйма. Одежда скрывает. Мысалы,

возьми лица. Опа-далабын, бояуларын са-
бындап жуып тастасаң, қазір ғана қасы-көзі
қиылып қарақаттай үлбіреп тұрған сұлуың
өзіне ұқсамай қалады.

− Қайдам.
− Несі қайдам?
− Менің әйелім боянбайды.
− Неужели.

− Рас.
Шал сыпыртқымен үстін сабай бастады.
Қалдыбай Бекзатты есіне алды. Бұлардың
ауылын­да бұдан өткен әдемі қыз-келіншек

әзірге жоқ. Денесі оқтай түзу. Тумағандығы­
нан ба екен.
− Ведь, сынок, есть один вопрос, − деді
шал сыпыртқының соққысынан кейін демі

ырсылдап. − Кто виноват в этом?
− В чем?
− Бесплодие кімде?
− Білмейміз ғой, дядя Паша.

− Ә... Ә... Болмайды. Надо узнать, уточ-
нить. Докторға надо было идти.
− Одан не пайда. Мүмкін ол, мүмкін мен
бедеумін. Солай екен, демек перзентіміз бол-

майды ғой.
− Подожди, подожди... Докторлар емдейді
еще.
− Ешқайсысымызға ем қонбаса ше?

− Тогда... − деді шал сыпыртқыны бұған
ұстатып. − Мен ана жуынатын бөлмеге шығып,
үстіме суық су құйып келейінші.
Қалдыбай шалға шынын айтқан жоқ. Бе-

деу өзі еді. Осыдан екі жыл бұрын тамағының
баспасына ота жасатып, аудан орталығындағы
ауруханада жатқанда арнайылап тексерілген.
Сонда білді. Онысы туралы жан баласына тіс

жарған жоқ. Қорлық санайды. Бедеумін деу
қайбір оңған шаруа. Бедеу де бедел бола ма.
Содан бері қарайғы жерде ғой жиірек ұрттап-
тата бастағаны. Содан бері қарайғы жерде

әйелінің алдында өзін кінәлі сезінетіні. Оба-
лына қалдым пайымдауы. Гүл жарып алатын
алма ағашы суғарылмағандықтан алма сал-
маса, ағаш болғанынан не қайыр. Тууға тиіс

ұрғашы да сол. Бедеу байдың кемдігінен жаты-
рына ұрпақ ұя салмайды екен, өзге түгілі өзіне-
өзі көзге күйік. Әйелінің осы жан күйзелісін,
соған тұншығып жүретінін, күрсінісінің ар

жағындағы күңіренісін бұл сезетін.
Еркек әйелді неге алады. Әйел еркекке
неге тиеді. Екеу ара бір ойын − табиғи күйіктің
өліп-өшіп өмірем қапқан сүреннің өңмеңдей

беруі үшін ғана емес қой. Адамда адами жан
рақатының өлшеусіз ләззатынан да жоғары
іңкәрлік, ынтызарлық бар, еркек ұрғашының
жатырын тоғыз ай тулатып толғағын келтіріп,

ұрғашы сол толғақтың ұлы күйін тартпаса,
бәрі қараң. Ендеше, Қалдыбай Бекзаттың оба-
лына неге қалуы керек.
− Қазақтар туған-туыстан бала асырап

алмаушы ма еді, − деп диірменші жуынатын
бөлмеден сөйлей кірді.
− Бірге туған бауырыңнан болса бір жөн,
ал ағайыннан, қайдам.

− Вообще дұрыс. Сәби кезінде бәрі
періште. Өскенде кім болады? Кімді өсіріп-
баққаныңды білмей жүрсең, дүниенің пәлесі
сол ғой. Қызылтауда Құлманбет деген сиыр-

шы болды. Жақсы адам еді. Менің әкеммен
тамыр болатын. Әкемді қазақтар "ақсақ Пан-
талей" атап кеткен жүйрік жылқыға үйір кісі
еді. Құлманбет бәйге атын ұстайды. Содан ба,

жоқ жалпы сыйластық па, екеуі тамыр. Осы
сиыршының ағайыннан асырап алған Оңлан
деген баласы болады. Құлманбет байғұс соны
бүлдіршін кезінде алдына алып, сәл есейген-

де артына мінгестіріп өсірді ғой. Оңланым, Оңланым... Өскен соң сол Оңланынан көрді-ау көресіні. Бір қатын әперді, екі қатын әперді, ешқайсысымен кісі болмады. Қатындары безді. Оңланға бәрібір. Күн сайын возле магазина, ішеді, дерется со всеми. Содан сотталды, за мелкое хулиганство. Келді. Ішу керек, жеу керек, сайрандау керек. Оған ақшаны қайдан алады. Естест­венно Құлманбеттен. Құлманбет аямайды. Бірақ онда ақша көп емес қой. Жылқысын сатты, сиырын сатты. Ақша как вода текут. Даже быстрее. Оңлан сука ары қарай қайтеді? Әкесінің маңдайына басып жүрген бәйге атын ұрлап әкетіп, Нарындағы қырғыздарға сатып жібереді. Ой, сонда Құлманбеттің жылағаны... Анау ол ақшаны да тауысты. Дальше что? Дальше ақша тап деп Құлманбетті сабайтынды шығарды. Бедный Құлманбет күйіктен өлді. Сұмдық-ай, кемпірі запилась. Жетпістегі кемпір. Өмірі аузына арақ алмаған адам. Қайсыбір қыста жақсылап ішсе керек, жанып жатқан пештің жөнді жабылмаған аузынан түнде сыртқа от түсіп, үйімен қоса өртеніп кетіпті. − Оңлан ше? Ол қайда? − Түрмеде өлді, ит. Көрдің бе? Тып-тыныш жүрген екі момын өз ажалдарын өздері мәпелеп өсірген... − шал түкпірге қарай шыртшырт түкірді. − Кел енді, етпеттеп жат мұнда, дай тебя попарить. Кешке қарай күн әжептәуір суытып кетті. Қалдыбай Ақкүшікке бөлменің бұрышына

төсеніш төсеп берді. Бұл оның аяғына оратылғанды қойып, сонда барып етпеттеп жатып алып, екі еркектің әрекетіне көз тігеді; шал ішінде қызанағы мен қияры толы банканы ашып, Қалдыбай сиырдың жас төс етін қуырып ала-сүргін. Қонақтар көп күттірген жоқ. Матренаның ертіп алғаны жас қыз. Таныстырып жатыр. − Окончила институт. Приехала по нап­ равлению. Преподает в колледже. Девушка что надо, − деп салдыр-күлдір етеді. − Давай, Роза, раздевайся. Люди свои. Доб­рые, душевные... У меня вот что есть, − деп столдың ортасына коньяк қойды. − Откуда это? − деп диірменші қабағын керді. − Оттуда, − Матрена сұқ саусағын көкке шошайтты. − Құтырған қатын, − деді шал қазақшалап разы раймен. Сосын өзі шкафтан ұзын бөтелке самогон алды. − Коньяк хороший, а это лучше. Отырыс бірден дуылдап кетті. Диірменші мен Мат­рена ауыз жаппайды. Екеуі алма-кезек анайы анекдоттарын сапырды дейсің. Қыз әуелде тіксініп, қымсынған сияқты еді, коньяктан біраз ұрттаған соң сықылықтады келіп. Сықылықтаған сайын жарқылдаған көздері қатар отырған Қалдыбайға қарай аунап кетеді. Бір кезде жақсылап қызған шал: − Эх, баба! − деп Матренаны бұрымынан ұстап, басын шалқайтып алды да аузын сүліктей сорды.

Қыздың көзі Қалдыбайда. Ұзын кірпіктері
дір-дір етіп, еріндері әнтек ашылған. Жігіт
еңкейді. Дәл сол сәтте Ақкүшік шәу етіп, атып
тұрды. Отырғандар жалт қарасты.

− А что она так, − деп Матрена таң.
Ақкүшік шәу-шәу етіп, қызға карай тап-
тап береді.
− Ревнует, − деді шал.

− Кого?
− Хозяина. Кого еще.
− Неужели.
− Бывает. Есть такие сообразительные со-

баки.
− Мен аржағында отырайыншы, − деді
қыз Қалдыбайға. − Анау қауып алар.
Ақкүшік әрең тынышталды. Тек көзін

қыздан алмай қойды. Қонақтар түн жарымы-
на дейін отырды. Бәрі әжептәуір масайғанда,
диірменшіні Матренаны үйіне алып кетті.
Қалдыбай мен қыз төргі бөлмеде.

− Осылай омалып отыра береміз бе? − деді
сәл қызыңқырап қалған қыз.
− Бас салсын деп отырсың ба? Қалдыбай­
дың ішкенде қарадай қисайып кететін мінезі

қылтиды.
− Е, жоқ.
− Енді не?
− Вообще... шынымды айтсам мұнда неге

келгенімді білмеймін. Тетя Матрена давай
деді...
− Давай десе көне бересің бе?
− Қызық екен сұрағың, − қыз мырс еткен.

− Мүмкін. Бірақ қызық сұрақтың жауабы да қызық бола бермейді. − Мен философияны түсінбеймін. − Мен де. − Онда несіне шала бүлінеміз. Демалайық. Сен ана төсекке, мен мына төсекке. Сойдет? − Маған бәрібір. − Әйелің бар ма? − Қайтеді? − Қазір не ойлап жатыр екен деймін де. − Өзі біледі. − Мен киімшең жата алмаймын, шеші­ немін. − Жарықты сөндірейін бе. − Жоқ. Просто көзіңді жұм. Жігіт көзін ашқанда Роза жамылғының астына кіріп алыпты. − Сен қызбысың? − Кемпірмін. − Жөн сөйлесеңші. − Ажырасқам. Ұлым бар, екіде. Мамаммен. − Анаған не болды? − Қалды. − Жазығы? − Кез келгенге жалпаңдап, көрінгеннің қолына су құйып өскен жұқсыз екен. Намыс жоқ. − Бай болғаны, бағып-қаққаны жетпей ме? − Жетпейді. Маған исі еркек емес, ер мінез керек.

− О баста қайда қарап ең?
− Алып қашты ғой.
− Мына заманда ма?
− Біздің жақта қыз түгіл, кемпірді де алып

қашады.
− Кетші-ей!
− Шын айтамын, − деп Роза жастықтан ба-
сын көтеріп алып еді, жамылғаны кеудесінен

төмен сырғып кетіп, қос анары көрініп қалды.
− Омар деген атамыз көрші ауылдағы
бір шалдың кемпірін алып қашып келген.
Шалының көзі соқыр екен.

− Құдай ұрған шығар.
− Может. Ал оның болғаны рас.
− Сонда қалай, алып қашса отыра бере­
сіңдер ме?

− Есік аттады деген сөз оңтүстікте кісі
өлтірдімен бірдей.
− Цивилизация қайда?
− Сен не, өзіңді цивилизованныймын деп

ойлайсың ба?
− Біз алып қашқанды білмейміз.
− Оңаша қалғанда бас салғанды ше?
− Оны да.

− Бұл жақсы ма, жаман ба?
− Өзің қалай ойлайсың?
− Ойлап не қылам.
− Ол өз шаруаң. Мен де шешінем.

− Көзімді жұмайын ба?
− Ұйықтап қал, − жігіт мырс етіп, ауызғы
бөлмеге шықты. Ақкүшіктің көзі есікте екен.
Шоқайып отыр. Басынан сипап, арқасынан

қағып-қағып қойды.

− Қызғанасың ба мені?
Ит баяу қыңсылап қойды.
Қалдыбай стол үстіне қарады. Коньяк
біткен. Ұзын бөтелкенің түбінде аздап самогон

қалыпты. Стаканға сәл кұйып алды.
Бөлмеге қайта оралғанда, оның қолындағы
стаканды көріп:
− Тағы ішесің бе? − деді Роза жақтырмай.

− Коньяк бітіпті.
− Мен енді ішпеймін, айналайын. Ертең
сабақ.
− Қандайсың өзің? Жақсымысың?

− Не болып қалды?
− Ұлыңды сағынасың ба?
Роза үндемей қалды.
− Темекі берші, − деді сосын дауысы бұзы­

лып.
− Шегемісің?
− Жоқ. Кейде...
− Балаң болған ғажап, ә? − Қалдыбай

шылымның талын өзі тұтатып берді.
− Бақыт! − деді Роза. − Бауыр ет. Тек...
− Айта бер.
− Әкесіне тартпаса екен.

− Әкесі ғой.
− Есіктен кіргендерден төрге шыққандарға
дейінгілердің алдына кұрдай жорғалап, қол­
дарына су құйып жүрсе не қасиеті қалады.

− Есіктен кіргендерден төрге шыққандарға
дейінгілердің есін екеу, түсін төртеу қылатын
еркек кіндік ілеуде біреу. Бардың өзі неге
тұрады.

− Ез − бар да болса − жоқ!
− Жә, жарайды, мен мынаны ішейін.
− Масаймайды екенсің.
− Сенің ұлың үшін.

− Рақмет.
− Арақтан таза екені рас, − деді Қалдыбай
ішіп тас­тап, − бірақ үш-төрт күн таңдайыңнан
кетпейтін бір жағымсыз дәмі бар, иттің.

− Бірақ, ішесің.
− Рас.
− Неге?
− Қайтесің.

− Сені музыкант деді ме?
− Оқымаған.
− Талантқа оқу көк тиын дегенді бір жер-
ден оқығанмын.

− Талантқа.
− Ал сен немене, талантты емессің бе?
− Емеспін.
− Бері келші, − деді Роза.

− Барсам, бассалам ғой.
− Өйтпейсің.
− Қайдан білесің?
− Білем.

− Айт әуелі.
− Тым гордыйсың. Сол үшін де... Келші...
Жігіт барып Розаға еңкейді. Қыз Қалды­
байды құшырлана иіскеп, мойнынан сүйді.

− Бара ғой енді.
Диірменші шал құзғын сәріден келген.
Үйге есікті жайлап ашып енді. Стол үстіндегі
самогонның түбіндегіні стаканға сарқа құйып,

бұған көзін қысып қойды да, тартып тастады.
− Қалдыбайчик! − деді аз-кем отырыстан
кейін, − пора дорогой.
Шал сыртқа беттегенде Ақкүшік ілесе

шығып, кешегі келген ізімен безіп бара жатты.
Оның есіне Бекзат, оның азанда тостағына сүт
толтырып беретіні түсіп еді.
Көп ұзамай сыртқа шыққан Қалдыбай

Ақкүшіктің орнын сипап қалды.
− Вроде жанымда тұрған, − деді диірменші.
− Қайда, неге жоқ болып кетті?
− Может обиделся, саған.

− Ит те өкпелегенді біле ме?
− А как же... Жақсы көргенді білгенде,
өкпелегенді неге білмейді.
Түнде жауған жаңбырдан кейін жер

көктайғақта­нып қалыпты. Ақкүшік бәрібір
зау­лап келеді. Өзендегі сықыры біліне бастаған
ағаш көпірден оқтай ұшып өте шыққан.
Ауыл адамдары жаңа-жаңа малдарын

сыртқа айдап шыға бастапты. Ақкүшік безіп
келе жатқан бойы аулаға шарбақтан қарғып
енген. Келе шәуілдеп, есікті тырналады.
− Ақкүшік! − Бекзаттың жан дауысы

шықты. − Күшігім, күшігім... Қайда жүрдің
сен? Мұның не? Бүйтпеуші едің ғой. Пәлекет­
тер қуырып жеп қойды ма деп зар-иманым
қалмады. А, Ақкүшік, қайдан келдің? Көрші

ағайдан сұрасам, иттің лығатын мезгілі кеп
қалды, төбет жағалап кеткен шығар дейді.
Сөйттің бе?
Ақкүшік не дейді. Ақкүшік адамның

айтқанын түсіне ме. Бекзаттың жалаңаш тобығын, саусақтарын жалайды. − Қарның ашты, ә... Қазір. Қазір тама­ ғыңды тойдырамын. Сүт ішесің бе. Сорпа-су құяйын ба. Кірші бері. Келіншек күшігін дәлізге кіргізіп алды. Ертеңгі шайын ішіп алған соң, Бекзат Ақкүшікті жұмысына өзімен бірге ертіп ала кетті. − Біреу ұрлап кете ме, әлде ішің пысып өзің қаңғып кетесің бе, жүр, − деп еркелетіп бара жатты. Бекзаттың кітапханасы ауылдың аяқ жағына таман, дөңестеу жерге орналасқан шағын үй. Келіншек отты оған өзі жағады. Пеш қызғанша үй іші мұздай болып тұрады. Пеш кіре берістегі шағын дәліздің бұрышында. Контрамарка деген қара пеш. Екі шелек көмірмен кешке дейін қызып тұрады. Кітапханаға келім-кетімді аз. Сол аздың өзі мектеп оқушылары. Үлкендер жағы оқымайды. Мұғалімдер де. Сөздерін тыңдасаң: "Заманға қарай. Қу тіршілікпен кі­тап оқу түгілі сіңбіруге мұрша жоқ. Оқу бағдарламасы­ның өзін о ғып, бұ ғып шолып өтеміз". Қуанатындары− мектеп, әйтеуір, бастауыш. Балаларға тапсырма бер де, өздерің оқып ал де. Ағай, ағай түсіндіріңізші деп жатқан ешкімі жоқ. Әлі естерін жиып, етектерін жаба қоймаған өң боқмұрында қайбір ынта, талап бар. Соның қажет екені қаперлеріне кірмейді. Оқығаннан гөрі оларға жиі-жиі болып жататын той-томалақта ата-

аналарының аяқтарына оратылып жүргендері
қызық. Ата-аналары да соны қалайды. Тост
сөйлегендері, ұзын-сонар тілектерінен соң,
оларын ілестіре кенжелерінің, немерелерінің ән

салып, би билеулерімен аяқтап жатады. Менің
кекілдім домбыра шертсін, менің бұрымдым
«қамажайды» қайырсын деп өңмеңдеп отыра-
тындары қанша.

Осында бір төртінші сыныпта оқитын
қара қыз бар. Жетім қыз. Шешесі әлдекімнен
жүктеп қалып, оң жақта туып, анасының
қолында қалдырып кеткен. Пияздай пысық

өзі. Кітапханадан шықпайды.
− Тәтей, Распутин деген жазушының
«Француз тілінің мұғалімі» дейтін кітабы табы-
ла ма? − деп тұр бірде.

Ондай жазушыны Бекзат естімеген еді:
"Оны қайдан білесің?" деген таңырқап. "Сол
шығармасы
бойынша

түсірілген
киносын
көрдім телевизордан. Енді кітабының өзін
оқиын деп едім". "Бізде жоқ ондай кітап. Қазақ

жазушыларынікі бәрі. Соларды оқи берсеңші.
Мысалы, "Менің атым Қожаны"". "Оны оқып
қойғанмын". "Ақ кеме бар". "Оны да". "Том
Сойерды оқы". "Өткенде алғанмын".

Амал не, оқушының бәрі қара қыз емес.
Ауылға таралып кеткен мынандай қызық бар:
мектепте ба­тырларға арналған арнайы стенд
жасалады. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай,

Өтеген, Райымбек... Стендтің бір жағында
Жамбылдың жымиып түскен портреті ілінген

екен. Сөйтсе балалар: "Мына кісі батырға ұқсамайды ғой, жымиып отыр" дейтін көрінеді. Бекзаттың өзі де кітап оқуға көп дағдыланбаған еді. Мектепті орталау бітірді. Азды-кем ән салатын, би билейтін өнері болған. Мектептегі драма үйірмесіне қатысты. Содан шығар мәдени-ағарту училищесіне түсті. Оны бітіре салып Қалдыбаймен тұрмыс құрған. Екеуінің танысуы осы ауылда. Бекзаттың жақын құрбысы осы ауылдың жігітіне тұрмысқа шығып, солардың үйлену тойына келген ғой. Дәм сөйтіп тартып тұр екен. Домбыра мен гитарада алма-кезек әсем ойнайтын ұзын бойлы, сұстылау жігіт салған жерден көңіліне жаққан. Жалғыз шешесі бұл келін боп түскен соң, көп ұзамай қан қысымынан көз жұмған. Контрамарканың оты дірілдей түсісімен Бекзат Ақкүшікті ертіп қызмет орнына кірген. Енді столыңа жайғас та, отыр кешке дейін. Қарап отырғанша деп әр кітапты парақтайпарақтай, бірте-бірте оқуға дәнігіп бара жатыр еді. Сондай күндерінің бірінде Максим Горькийдің "Құмарымпаз пұшық" дейтін әңгімесіне кезігіп қалмай ма. Пұшық қатынды алып бара жатқан неғылған кұмарымпаздық деп оқи бастаса... Жан дүниесінің астаң-кестеңі шығып, қолқа жүрегінің төңкеріліп кеткені. Құдай-ау, мына құмарымпаз пұшықтың балалары үшін етін паршалап итке тастауға әзір құдіреті қай жағынан шығып жатыр. Әйелдің теңдесі жоқ еркін, құрбандыққа жалтақсыз

бара алатын ерлігін тудыратын құдірет ұрпағы
екен ғой. Тағдыры − ұрпағы екен. Бекзат өзіне
алғаш рет өзгеше қарай бастаған. Ол өзінің
өмірге әйел заты болып келгендегі парызын енді

есіне алды. Сол сол-ақ екен алпыс екі тамыры-
на алақұйын қан жіберіп тұрған албырт жүрегі
ұрпақ әуенімен аңырап қоя берді. Осыдан
кейінгі жерде күйеуіне асқан құштарлықпен

берілген. Әйел шіркінде еркекті еліктіріп, ерен
қимылға бастап әкетер құбыл құбылыстар
жетеді екен, солармен алма-кезек ойнағанда
күйеуі "еңіске шапса, төске озған" еңіреу бозға

айналар еді, сонда бұл тұла бойынан ондаған
бұлақ көзі бүлкіл қағып жатқандай ессіз әсерге
бөленетін. Сөйтсе де перзент шіркін бітпеді
жатырына. Келе-келе күйеуінің оты ойнап

жатып-ақ оқыс сөніп қалатын болды. Әйел
түйсігі мұның өзі еркектің еркінен тыс болаты-
нын сезген. Сонда оның ойын он санға бөлетін
не? Перзент! Әрине, сол. Алты жылдан бері

сәби ет жүрек одан үмітін үзе бастағанда ісіп-
кеуіп, ілгері-кейінді изеңдеп жатқан аталық
тамырды бастаған ойынын аяғына жеткізбей
жуадай солдыра салар-ау.

Сырттан есік алдына келіп тоқтаған
автомашинаның дыбысы естілді. Ақкүшік
елеңдеген. Есікті айқара ашып Өрікайдар
кіріп келеді. Шырттай киініп алған. Қолында

қорап конфет.
− Аудан орталығына бара жатыр едім. Ту-
мысымда кірмеген екенмін бұл кітапханаға, −
деді жайраңдап. − Мынау өзіңе келін.

− Рақмет, − деп Бекзат конфетті ары алып қойды. − Қалдыбайдан хабар бар ма? − Болмай тұр. − Әкесінің мінезі шорт еді. Иә... Ым... Өзі айғай-ұйғайсыз кетті дей ме? − Сөйтті. − Тіпті, дәнеңе айтпады ма? ...Бағыты қай жақ еді? − Білмедім. −Кейінгі кезде ішуі жиілеп еді. Қой дедім. Түбі бір туыстығымды айттым. Клубсұлыпты қайтесің, маған кел дедім. Пайдалы тіршілік жасату еді ойым. Заман мынау. Өзің қимылдамасаң, оның үстіне шын жанашырың болмаса, ешкім өлген-тірілгеніңе қарамайды. Тіпті, өкімет те. − Ағай, кітап алайын деп пе едіңіз? − Е, жоқ, келін. Жайыңды білу менікі. Жаңа айттым ғой Қалдыбаймен түбіміз туыс. − Рақмет. − Осы кітапханадан қанша айлық аласың? − Өзіме жететін сияқты. − Сияқты дегенде, қолыңа тиетінін айтшы. − Он үш мың теңге. − Он үш мың... − Өрікайдар күліп қойды. − Келін-ау, ол ақшаң мынау тұрған ауданға бір барып қайтуға да жетпейді ғой. − Жетіп жүрген жоқ па? − Жассың. Затың әйел. Сол екеуі қосылған жерде ойбұй... Осы маған жұмысқа ауыссаң қайтеді, келін?

− Онда не істеймін? − деп күлді Бекзат. − Экспедитор боласың. Астыңа шоферімен машина беремін. Аудан, облыс, Алматыға дейінгі жұмыс бас­тан асайын деп жатыр. Консерві, шұжық цехтарын салмақпын. Шағын да болса сауда орталығын ашамын. Құс фирмасын қолға аламыз. Бұл ел көрмеген жаңа шаруа − түйеқұс өсіремін. Оның етінде холестерин деген болмайды. Деликатестің деликатесі. Бизнеске кіру, келін, көрінгеннің қолы жете беретін шаруа емес. − Бизнесіңізден мүлде хабарсызбын. Жаңағы экспедитор дегеніңіздің өзін түсініп отырған жоқпын. − Үйретемін. − Қайдам, аға. − Ойланшы былай. Сөйт. Сөйтемін деп берші қолыңды. Қане. Бекзат бір түрлі қымсынып қолын ұсына қоймап еді, Өрікайдардың күректей алақаны өзі барып жабыс­ты. Осы кезде Ақкүшік ыр етіп, атып тұрған. − Мұнысы несі? − деп Өрікайдар селк еткен. Өрікайдардың алақанынан қолын жылдам суырып алған келіншек орнынан тұрды. − Ағай, менің жұмыстарым көп еді, − деді. − Япыр-ай, мына күшікті-ай, − деп қойды Өрікайдар ыржиып. – Пәлесін қара, мұның. Кетіп бара жатып айтқаны: − Келін, ойлан. Өзіңді өзің ойламасаң, білуімше Қалдыбайдан ендігі жерде қайыр

жоқ. Ал мына ағаң сені падиша етеді. Шыным. Солай... Бекзат келіп Ақкүшіктің басын сипалады. − Сен не, мені қызғанамысың, күшігім? Қызғана­сың, ә. Қорғағың келеді. Рас қой. Күшігім менің. Өзіңнен басқа жақын қазір кімім бар бұл ауылда. Қалдыбай кетті. Мүлде ме... Оралмай ма енді... − деп өксіп жіберді. Екеуі ұрысып-таласқан жоқ. Қалдыбай төсекте неше күндей теріс қарап жүрді де, күтпеген жерден: − Мен кетемін, − деді. − Қайда? − Білмеймін. − Бұ, қай сөзің? − Жалғыздыққа бел будым. − Қандай жалғыздық? − Түсіндіре алмаймын. − Адамның түсіндіре алмайтыны болмайды. − Түсіндіргісі келмесе ше. − Қалдыбай... − Кетем, Бекзат. − Сүймеп пе едің мені? − Сүйгем. − Ендігің не? − Білмеймін. − Мен кіммен қаламын? − Мүмкін қайтарсың. − Қайда? − Төркініңе ме... Жер кең ғой. − Ойыншықпын ба?

− Олай дегенім жоқ.
− Деп тұрсың, − Бекзат жылап жіберген. −
Адам дедім ғой сені.
− Рас, − деді Қалдыбай. − Рақмет.

− Несіне рақмет енді.
− Түбі риза боласың.
− Тастап бара жатқаның үшін бе?
− Өзімді-өзім қуып жіберіп жатқаным

үшін.
− Өзін-өзі қуып жібергені несі? − келіншек
аң-таң. − Ондай да бола ма?
− Болады.

− Қалдыбай...
− Шын айтамын, Бекзат. Сенің қылдай
қиянатың, тілдей кінәң жоқ. Кешір, мені.
Кейін түсінесің бәрін. Басқамен тұрмыс құр.

Хош!
Қалдыбай таяп келіп шашынан иіскеп,
маңдайы­нан сүйді.
− Хош, Бекзат!

Бекзат соңынан тұра жүгірді.
− Тым құрыса барар жеріңді айтып кет­
сеңші. Жігіт ләм демеді. Қайырылып бір
қарамады да.

Бекзат қамықты.
− Нені түсіндіре алмады маған а, Ақкүшік.
Нені?.. Өз үйінен өзін неге қуды ол. Адамның
ел аман, жұрт тынышта қарадай өзін-өзі өз

үйінен қуғаны қай ақылға сыяды. Кім сенеді
оған. Сену мүмкін бе? Бәлкім...
Иә, Бекзат Қалдыбайға дейін... Мәдени-
ағарту

училищесіне
түскен
жылы
ғой.

Дирижерлік етуден сабақ берген сол азамат...
Жасы отызды орталап қалған. Бекзат он
жетіде еді. Бойы бұлғаң бойжеткен. Көңілдің
көктемдегі

өліараның
алай-түлей
күндері
сияқты борай да борай соғып тұратын кезі.

Он жетің жігіттерге ұнағың келіп тұратын
ұрма-пермелеу екен. Көздеріне түскің келіп
олай да, бұлай бұлаңдайсың. Өмірдің өзі
бұлаңдамасыңа

қоймайды.
Айналаң
қас-
көздерін сүрмелеуге кірісіп кеткен, тұрып та,

жүріп те, тіпті тамақ ішіп отырып та, ұйқыға
бара жатып та жаныңды қытықтап қиқу салған
эстрадалық музыка... О, шіркін ішіне бір түсіп
алса, әңкі-тәңкіңді шығаратын дүлей болып

шықты; әңгірлеген бір сұмдық дыбыстар әй-
шайға қаратпай алқын-жұлқын етіп алды да
кетті. Еңістен заулап түсіп, ентігін баса алмай
тұрған еліктей елпеңдеген елгезек ерке жасқа

дүние шыр айналып ән салып тұрғандай,
өмір тіршілік сөйтіп қалатындай, оның өн
бойы қуаныш-шаттыққа, қызыққа, бақыт пен
махаббатқа өріле беретіндей болып көрінді.

Соған имандай сенгені соншалық − аядай
кеудесінің ар жағында бер жағындағы еркектің
қолы тимеген қос түйнегін көгілдір көкке де,
көкпеңбек көк теңізге де алып ұшатын тулаған

толқындар тепкілеп жатты. Осыдан кейін әйел
заты, әйтеуір, сөзсіз көрер махаббат ойыны-
на іңкәрлік сезімі түйсігінде қылт-қылт етсін.
Бойжеткен тар төсекте тебістіріп жіберетін

махаббат ойының әрі сертті және рақатымен
қоса қатыгездеу екенін білмейтін. Махаб-

бат ойыны, түптеп келгенде, есті ұрғашының
бірден есейетін, есейгенде аспандағы ақша
бұлттардың бауырына барып қайта кіруі
мүлде мүмкін емес қатал кесімді сәті екен.

Оны бұл әлгі дирижер оңаша бөлмесіне апа-
рып, бұрын татып көрмеген шарапты ішкізе
отырып, әлем-жәлем музыкаға іші-сыртын
қорғасындай балқытып, соның барлығынан

бағытынан айрылып қалған сәтінде ақ мамық
төсекке шалқасынан салып тастап, тамағынан
тақымына дейін толықсыта талмай сүюінен
кейін қара сандарын өзі ашқанда ындыны

құрыған неме ынсапсыз ырғайымен "ы... ы...
ы... " дегізгенде барып бір-ақ білген.
Оянғанда терезеден шақырайып күн түсіп
тұр екен. Өңі қып-қызыл шоқтай емес, бояуы­н

төгіп алған сияқты сұрғылт көрінді. Қыз
түрегелгенде аяғымен жөндеп жер тірей алмай
ақсап басты. Дирижер ас бөлмеде темекі шегіп
отыр екен.

− Кешір, − деді мұның құр сүлдір тұрған
бейшара кейпіне аяп қарап.
− Нені?
Осымен сөз бітті. Бекзат ваннадан шала

жуынып, опыл-ғұпыл киінді де есікке беттеді.
− Қалай ашады құлпын? − деген.
− Шай ішсек қайтеді, − деді анау шын
көңілмен.

− Уақыт жоқ, менде. Есікті ашыңызшы.
− Сен, маған...
− Жіберіңізші ағай.
− Өкпелеп тұрсың.

− Қуан дейсіз бе? − Пәктігіңнің алдында мәңгі қарыздармын, Бекзат. − Неғыл дейсіз енді. − Кешір. − Ал өзіңіз... Өзіңіз кешіре аласыз ба өзіңізді? Дирижер іркіліп қалды. Сыртқа шыққанда Бекзат басқа дүниені көрді; ары-бері жосылған жұрт, әрқайсысы әр қилы кейіпте; қабағы қатулысы бар, жүзі жайдарысы бар, біреудің жүрісі емпең, ананікі едірең, келесінікі мығым, маңғаз, сенімді. Тізелері қалт-қалт етіп, терісіне әзер ілініп жүргендері де осында. Жосылған автомашиналардың өңі сан түрлі. Айнала қарама-қайшылығы көз алдыңда, тірліктің, күнкөрістің сеңдей соғылысқан алай-түлей алапат дүние екен. Бекзат өзінің бір түнде өзге, дүниенің де бөтен болып қалғанын сезді. Өмір-тірліктің көңіліңді әлпештеген, әлеміңді әдемі арман, әсем сезіммен әдіптеген әуелеген ән мен күйдің үнемі ары-бері тербеліп тұратын әткеншегі болмай шықты. Ащысын аузына тығып, тұщысын тұз салып тұншықтыра қою әп-сәтте-ақ екен. Соның барлығы жерден шығып, көктен түсіп жатқан беймәлім пәлекеттің қылығы болса-ау. Бәрі сол өз тінінен шыққан, өзің өлердей жақсы көретін, жебеушіңе, сеніміңе, қорғанышыңа балайтын жалғызың − адамдардан болып шыққаны жас қызға қаға берісте

қамшымен қақ бастан салып жібергендей әсер
етті. Әсіресе, еркектің аяусыздығына, айран-
асыр; етегіңнің астына енгенде ежелден егесіп
жүрген қас жауының жағасына қолы жаңа

жеткендей жанды алып, жан беретін жау-
гер сынды жабығыңнан жауқазын қазғандай
жайратып кететіні не сұмдық. Сөз байласып,
пәтуә жасасқаның болса жөн, бүгін көріп

бір сәттік әлсіздігіңді пайдаланып екі бүктеп
жіберетіні қай кісілік.
Бекзат түйсігінде оқыс туған осы ойлар
шынында да өзімнен шығып жатыр ма, әлде

біреу сыбырлап айтқызып тұр ма деп аң-таң.
Бір бөлмеде қонатын төрт қыздың жасы
үлкендеуі қадалса жан алатын өжет еді, салған
жерден:

− Саунадан келдің бе? − дегені.
− Есің дұрыс па?! − деп Бекзат шаңқ
еткен. − Саунаң не!
− Алдағы қиралаң-кирелең жүрісің неме-

не. Екі бұтыңның арасына оқ тиді ме. Өмірді
одан, иә одан бас­тамайды есті қыз.
− Өзім білемін.
− Дәнеңе де білмейсің сен.

− Кеше, рас. Ал бүгін білемін.
− Неужели...
Сабаққа бармай түс ауғанша тапжылмай
жатып алған. Қыздар келгенде есі шықты.

Бәрінің өңі от сөндіргендей.
− Бек... зат... Дирижер ағайды маши-
на қағып, өлтіріп кетіпті, − деді қыздың бірі
үрпиіп. − Пони­маешь...

Бұл басын жұлып алған. − Не понимаю! − жан даусы шықты. − Қалайша?.. Неге?.. Ақкүшік шәу-шәу етті. − Түзге барғың келді ме? Жүре ғой. Күшігін ертіп сыртқа шықты. Күн бұлыңғыр. Тау жақтан жылымық жел тұр. "Көктем келе жатыр" деді күбірлеп. Қалдыбай жоқ. Былтыр осы уақытта Наурыз мерекесіне арнап мерекелік концерт дайындап жатқан еді... − Ақкүшік, әй Ақкүшік, Қалдыбайымызды іздемейміз бе. Іздейік те, Ақкүшік. Алып келейік үйге. Айтсаңшы, қайдан іздесек екен? Күшік жер иіскелеп айналасы шыр айналады. Ылғи осында ұшып-қонып жүретін кептерлерге тістеп алмақ оймен тап-тап беріп әуре. Кешкісін Бекзат Ақкүшікті алғаш рет дәлізге жатқызып қойды. − Енді, Ақкүшік, сен осында жатасың. Екеуміз бірге түнейміз. Жұмысқа бірге барып, келіп жүреміз, ұқтың ба. Түсінбейсің... Жоқ, ұғасың ба? Сезесің, ә? Ақкүшік еркелейді. Құйрығын бұлғаңда­ тып, құлағын селпілдетіп дәлізден есігі ашық бөлмелерге үңіліп қояды. Сосын босағаның бұрышында тұрған Қалдыбайдың ескі аяқ киімдерін иіскелеп, шәу-шәу. Солай біразға дейін жүріп алды. Төсегіне жатқан соң Бекзат көпке дейін ұйықтай алмай, дөңбекшіген... Бағанағы Өрікайдардың кітапханаға келгенін есіне

алды. Көп әйел алған дейді өзін. Екі-үш жыл
бірге тұрып, ажырасып кете береді екен. Жас­
тау кезінде сері болған дей ме. Ет дайындау-
шы болып істеп жүргенде ауылда алғаш "Вол-

га" мінген осы екен. Содан облыстағы бұл ет
өткізіп жүретін комбинаттан шатақ шығып,
оның басшылары, сондай-ақ оған қатысты ет
дайындаушылардан істі болғанда, Өрікайдар

да бірге сотталып кетеді. "Ит-ай, − деседі ауыл-
дастары. − Босап келгеннен кейін үш күн өтті
ме, өтпеді ме бәйбішесін ертіп алып Отардағы
теміржол станциясына кетті ғой".

Сөйтсе, станцияның базарынан арзанға
ет алып, екі шақырым жердегі бұрынғы
әскери қалашықтың тұрғындарына қымбатқа
сатумен

айналысып
кетеді.
Сөйте-сөйте
бизнесінің ауқымын кеңейте түскен. Енді

тау-тастың қойнауындағылардың малдарына
ауыз салады. Бәсіне келіседі де ақысыз алып
кетіп, сойылған соң келісілген ақшаны әкеліп
береді. Қаншаға сатты, ол оның шаруасы,

сен келісілген бағаңа риза бол. Бұл екі жаққа
да тиімді. Қойшы-қолаң малдарын ит өлген
жерге жеткізіп, кім көрінгенмен саудаласып
әуре болмайды. Өрікайдар малдарын қолма-

қол ақша төлемей алып, сойылған соң бір-ақ
есептеседі. Үстінен тапқан пайдасы көл-көсір.
"Осы заманның адамы, − деседі ауылдас­
тары. − Жоқтан бар жасайтын талант. Ит тек,

беті ажарлы ұрғашы көрсе борап кетеді".
Өрікайдар қайырымды да еді. Осы ауыл
той жасай ма, кісіні соңғы сапарына жөнелте

ме, ақшаны содан ала тұрады. Алдына барған ешкімді жерге қаратпайды. Тек уақытысында қайтар, уақытысында қайтарып, ертесіне тағы келсең, тағы аласың. Жұрт Өрікайдарды осысы үшін қадірлейді, алдынан қия баспайды. Өзі былай сымбатты еркек. Ауылдағы кейбір келіншектердің оған "Аға-ай!" деп сызылып тұратындарын Бекзат талай байқаған. "Ана келін бе, ана келін, тағы анаусы... Өрікайдардан сау емес. Күйеулерін таудағы малдарын бақтырып койып, Өрікайдар пәлекет әйелдерін машинасынан түсірмейді" дегенді жиі естиді. Оның қаншалықты шын екенін кім білсін, ал енді Өрікайдардың иномаркасынан сол малын бағатын, егінін салатын, басқа да жұмыстарын атқаратындардың келіншектерін Бекзат жиі-жиі болмаса да, көріп қалады. Ал бүгін оған келісі, жұмысқа шақырғаны... Қалдыбайды да айналдырған... Шын жаны ашығаны ма, әлде... Көз қиығы мұның тоқ мықынына құлап түсе берді ғой. Омырауына салды онысын. Аулақ, аулақ... Келіншек теріс қарап кетті. Қалдыбайды ойлаған. Бойы ысыды. Қара сандарының қапталындағы тамырлары лыпып соға бастады. Екі самайы солқылдаған. Екі жауырының арасы тырыса бастады. Ауыр салмақтың денесін езіп, үстін таптап тұрып алғанын аңсаған. Солай ұзақұзақ аласұрып, аузы құрғап, діңкелеп, құр сүлдері қалып жатып көзі ілініп кеткен.

Ертеңгілік келіншек Ақкүшіктің шәуілінен оянды. Бойы зіл-батпан, мең-зең жатыр екен. − Тыныштық па, Ақкүшік? Бірде ұйқылы, бірде ояу жататын күшік мана бір мызғып кеткенде Қалдыбайды көрген. Иесі жалаңбас, жалаңаяқ әлдеқайда қашып барады. Соңынан тұра жүгірсе жете алмайды. Алдарында үлкен өзен аспанға шапшып ағып жатыр екен, Қалдыбай барды да соған күмп берді. Ақкүшіктің жүрегі кеудесінен ұшып шыққандай шәуілдеп қоя берген. − Оятып тұрмысың, мені, − деген Бекзат орнынан сүйретіліп әзер тұрып. − Түзге барғың келді ме. Қазір. Барып келе ғой. Ашылған есіктен Ақкүшік сытылып шыққан мезетінде ауыл сыртындағы өзенге қарай шапқылап бара жатты. Самогонның уыты жаман екен, Қалдыбай басын мүлде көтере алмай қалған. Кеудесі күйіп жанады. Таңдайына тығылған жағым­ сыз дәм жүрегін көтеріп, лоқси береді. Диір­менші жазыласың деп, "брага" деген боз бәлені ішкізеді келіп. Одан жаны сәл тынышталғанымен, жарты сағат өтпей, қайта қысылады. Шалдың өзі болса аттай. − Біздің қанымызда бар бұл, − деп қалды. − Самогон мен сало ғой ауқатымыз. Осы екеуі құрыса біз де бітеміз. Сендерді бекер бұздық. Сендер оны арақ деп ішесіңдер, біз тамақ деп... Вот в чем дело. Біздің асқазанымыздың өзі − бутылка. Арақты қанша құй, бұзылмайды. Сендердікі − ет, сәл тамызып қойсаң қатпар­

шақтары кеуіп, жұмыс істемей қалады. Надо
оживить. Браго самогонның ашымалы. Вроде
как пиво. Слабый. Не так действует. Лучше
давай, сынок, сто пятьдесять настоящего.

− Ой, дядя Паша, разве я смогу.
− А ты старайся.
Шал стаканға самогон құйды.
− Тяпни... залпом.

Қалдыбай төгіп-шашып зорға ішті. Дымы
өшіп біраз отырған.
− Мен картоп қуырайын, − деді шал. −
Шошқаның свежий салосымен. Сен вставай.

Двигайся. Нужно кровообращение. И еще
знаешь от чего ты так трясешься. От того,
Калдыбайчик, сен самогонды да соқтың,
қатынды да... Вообще тыржалаңаш қатынның

қойнында таң атқанша тыржалаңаш жатып
алуға нельзя. Қатынның телосы асыл, высасы-
вает всю силу. Сделал свое дело, немедленно
отделяйся.

− Дядя Паша, мен тиіскенім жоқ ол қызға.
− Ладно, сынок, − шал сенбей ыржиды. −
Зря стесняешься.
− Құдай ақы.

− Тогда что, как қазақтар говорят: шошқа
тағаладың ба?
− Жәй, қонып шықты.
− Разве она тебя простит после этого.

− Что плохого сделал?
− А что хорошего... Она хотела тебя. Сам
заметил по ее взгляду. Прямо жанып тұрды.
Знаю я этих телок насквозь.

− Дядя Паша, она не того.

− Того или нет, дело не в этом. Дело в том,
что она должна раздвинуть ноги.
− Көрінгенге емес шығар.
− Эх, сынок, сынок, − деп шал темекісін

бұрқыратты. − Не буду судить. В этом деле в
вашей башке, берет верх здравый смысл. А я,
старый хрен, всю жизнь на счет баб шел на-
прямик. Только вперед! Как крестоносец па-

хал. Раздвинул столько стройных ног.
− Ой, дядя Паша.
− Думаешь Панталеевич грешный. А кто
призывал к этому если не сами женщины.

Куда не посмотришь крутятся, вертятся. Возь-
мем например Матрену. Сама пришла ко мне.
− Құрсыншы, дядя Паша. Қояйықшы осы
қатындарды.

− Как тебе угодно.
Ақкүшік келе есікті тырмалаған. Есікті
ашқан шал айран-асыр.
− С небо свалился, а? − деп күшікке жол

берді. Ақкүшік екі-ақ қарғып Қалдыбайдың
төсегіне жетті. Иесінің қол-аяғын тұмсығымен
түрткілеп, дәл бір жылаған іспетті жаман
қыңсылады. Қалдыбай қатты қуанды, әрі

кеуілі босаған.
− Ақкүшік-ау, қайда кетіп қалдың, а...
Оның не... Ұрлап әкетсе қайтесің. Сойып жеп
қойса, не істеймін.

Жаңағы іштегі жүз елу грамм жетпіс гра-
дус самогонның күші ме, жоқ Ақкүшігінің
дін аман оралғанына қуанғаны ма, Қалдыбай
еңсесін көтеріп алды.

Қағынған шал күшіктің кұйрығын көтерді:

− Не... не вскочил кобель. − Ой, дядя Паша. − Интересно, тогда где шлялась она? Шошқаның жас салосына қуырылған картоптың исі мұрын жарады. Қалдыбай мұздай суға жуынып алды. Айнаға үңілсе, сақал-мұрты өсіп кетіпті. Көзінің ағы сарғыш тартқан. Өзінен көңілі қалып тұр. Маскүнем бола бастадым ба деп алғаш рет шошына ойлады. Ішіңкіреп жүргеніне екінші жыл ғой, қою керек деді іштей. Тым алысқа кетсе ме екен. Қайда? Ақшасыз қайда жетесің. Жетсең қайтып күн көресің... Үйін сатса... Шалғай, шағын ауыл­да қанша тұрады ол. Сонда-ау... Бекзат үйсіз қалмай ма. Жоқ, ол болмайды. Бекзат барда ол үйден бір сабақ жіп алмайды. Бекзаттан өзін алып кеткен екен, үйін қалдырады. Сатса Бекзат сатсын... Бекзаттың қажетіне жарасын. Қап, кетерінде соны айтып кетпей. Ауқат үстінде шал сұрады: − Может үйіңе оралу ойыңда бар? − Жоқ, дядя Паша. − Совсем разлюбил қатыныңды? − Дело не в этом ғой. − Сен айтсаңшы. Мұндайда ішіңді босатып алған дұрыс. Страдание отнимает жизнь. Боль должна быст­ро проходить. − Бұл менің кінәмнан. Вернее... – Қалдыбай демін терең алды. − Давай, дядя Паша, не будем. − Ладно. Какой разговор.

Ақкүшік тыңқиып тойып алды. Ол иесінің
мұнда неге отырғанын түсінбеді. Оған керегі
Қалдыбайдың өз үйлерінде отырғаны. Алды-
на түсіп қазір жүріп берсе. Өз үйлерінің кең

ауласына жетсе. Сонда бұл аузына түскенді
қажап, кеміріп жататын көршінің кәрі төбетін
шарбақтың ар жағынан мазақтап шәуілдесе.
Үйден Бекзат шығып: "Қой әй, Ақкүшік" десе.

"Жарайды" деген сыңаймен бұл секіріп ба-
сып келгенде иесі басынан сипап, арқасынан
қағып тұрса...
− Дядя Паша, диірменіңіз қашан жөнде­

леді?
− Это от нас зависит, Калдыбайчик. Кой-
какие запчасти керек. Мен бүгін райцентрге
жүргелі отырмын. Может, бірге барамыз.

− Мен ешкімнің көзіне түспей-ақ қоя­
йыншы әзірге. Мұнда екенімді білмей-ақ қой­
сын жұрт.
− Как скажешь. Ал мен барып запчасті­

лерді әкелейін. Заказ беріп қойғанмын, Мага-
мед деген тамырға. Әкелейін. Сонан соң дереу
іске кірісеміз. Делом заниматься надо сынок,
делом.

− День добрый, − деп Матрена кіріп келді.
− А шо вы так без стопки.
− Перестань, − деді шал. − Хватит. Лучше
садись, поешь.

− Что случилось?
− Приступаем за ремонт.
− Пожалуйста.
− Собираюсь в райцентр. Как у тебя?

− Не сахар. − У нас тоже не мед. Вот видишь у Калдыбайчика какой вид. − А он очень понравился Розе. Ну как жигит, не возьмешь ее в жены? − Прекрати, − деді диірменші. − Кто на ходу жениться. − Сейчас ни с чем ни кого не удивишь. − Зачем пришла? − Корм кончается. − Откуда я возьму. − У тебя есть же эн...зе. − Брось. − Я приятелю твоему привела телку, бесп­ латно думаешь. − Эй, что за разговор? − диірменші ежірейді. − Ладно, ладно. Не кипятись, − деді Мат­ рена. − Только учти, если отказываешься, Розу больше не увидите. − Она сама что скажет? − Она задолжала за квартиру уже третий месяц. Если корм дадите с этим она будет в расчете. Поэтому поводу она пришла позавчера. Қалдыбай басын көтеріп алды. − Роза продается? − Сегодня все продается. − Бросьте вы. − Гадина же ты, Матрена, − деп шал қатынды иықтан түйіп қалды. – По себе судишь людей.

− Во! − деп қатын диірменшіге екі сау­
сағының арасынан бас бармағын көрсетті.
Ақкүшік оқтай атылып Матренаның бал-
тырынан ала түсті. Қатын баж етті.

− Уберите эту сучку!
Қалдыбай Ақкүшікті жұлып алды.
− Бешенный! − деп қатын далаға атып
шықты.

− Что с ней? − шал Қалдыбайға бір,
Ақкүшікке бір қарап аң-таң.
− Сізге ара түскені.
− Ты смотри!

− Ақылды күшік қой бұл, − иесі итін жерге
түсірді. − Жақсыны - жақсы, жаманды − жа-
ман көреді. Хайуанат сол. Онда жалғандық
болмайды.

− А у человека есть. Почему? Где разница
между человеком и животным?
− Ложь вовсе не присуще им, − деп
Қалдыбек Ақкүшікке қарады. − Разница в

этом.
− О боже... Получается − виновен разум.
− Білмеймін, дядя Паша...
− Вот такой вопрос: всякий адам соз­

нательно, несознательно все равно жалған
сөйлейді. Даже себя обманывает. Теперь ска-
жи, вообще, кто более обманчив − женщина
или еркек?

− Қайдан білем?
− Ал мен білемін.
− Қайсысы сонда?
− Қатын.

− Неліктен қатын?
− Ой, бұл разговор длинный. Ал маған жи-
налу керек.
Еркектер тұрды. Ақкүшік елеңдеді.

− Қонып та қалуым мүмкін, − деді шал.
Сосын Ақкүшіктің басынан сипап: – Чисто-
кровная она. Биыл алғаш рет лығады. Нужен
настоящий кобель. Асыл тұқымды... Помнишь,

мұнда бывший кинолог бар дедім ғой. Вот у
него есть настоящий кобель. Только надо зап­
латить. Бір сүргеніне − целый мешок отруба.
Иногда пару мешков. Но мы с ним договорим-

ся... Көрдің бе, біз қатындарға төлейміз, а тут
кобельге. В этом деле они счастливее нас что-
ли...
− Қойыңызшы, дядя Паш...

− Так что, Ақкүшікті оберегай... Кейде ит-
тер мұнда қаңғып келіп қалады. Солардың бірі
артылып кетпесін. Асыл тұқымды төбеттен
күшіктетіп алсақ, күшіктерін сатамыз әлі.

Райцентрлерде мұның ұяластарын білесің бе,
қаншаға сатқанымды? По сто долларов!
− Вы что...
Қалдыбай

кешке
дейін
ұйқы
соқты.

Ақкүшік оның аяқ жағына бұйығып жатып
алған.
Иесі үй салқын тартып бара жатқанда ба-
сын көтерді.

− Қой, Ақкүшік, пешке от жағайық, − деді.
− Ыстық ішейік.
Жазда дайындап, өлшеп кесіп, жақсы
кептіріп алған қара ағашты толтырып салған

соң, пеш те дүріл­деп кетті. Шағын, жатаған бөлмелердің жылуы тез. − Қандай тамақ істесек екен, а Ақкүшік? Шошқа­ның майы жүрегімізге тиіп болды. Қазір көрейік. Шалдың тоңазытқышында жарты тауықтың еті бар екен. Соны салды кострюльге. − Енді піссін, − деп шағын телевизорды іске қосты. Арлы-берлі бұрап еді, көгілдір экранда хайуанаттар әлемін көрсетіп жатыр екен. Қасқырлар туралы... Ақкүшік ескі диванға секіріп шығып, бұрышына тығылды. − Қорқып кеттің бе? Қорықпа... Шәу-шәу етті күшік. − Қой енді, олар қайда, сен қайда? Тектері бір. Алайда, аналар − қасқыр, бұл − ит. Өмір бақи бір-бірімен жау. Сұм­ дық, ә! Бірін-бірі алдап қатар өмір сүре алмайтындықтан екі бөлініп кеткен. Тектілер мен тексіздер... Ит тексізденген соң да саған қызмет істейді. Қасқыр тәуелсіз. Адам оны сол үшін де ұнатпайды. Ешбір ыңғайға, үйретуге көнбейтіндігі үшін. Ит адамға көнеді. Сол үшін де қасқырмен салыстырғанда айбаты да, абыройы да төмен. Адам оны құл қылып жіберген. Адам ісін кез келгенді құлданудан бастайды. Құлдану арқылы шаруасын шешеді. Ит түгілі, жерді де, көкті де сөйткен. Жерге де, көкке де білгенін істеп жатыр. Тек құдайға әлі келмейді. Себебі оның қайда екенін, өңі-түсін білмейді,

көрмейді. Содан да құдай мәңгілік. Ал енді
бір-біріне келгенде өзгеге деген аяусыздықпен
өліп-өшеді.
Болмай бара жатса, өктемдік көрсетеді,

өлтіріп те кетеді. Абырой болғанда не істеп, не
қойса да адамсыз адамның көрген күні қараң.
Одан қаншама соққы жеп, қорлау көріп екі
қолыңды төбеңе қойып бет алды безсең де,

айналып келіп тығылатының соның құшағы.
Соңғы демің қалғанша сол. Соңғы демің
қалғанда есің кіргеннен емпеңдеп арман қуып,
бақыт іздеп, бақ сұрап, арқа етің арша, бор-

бай етің борша, бармаған жер, баспаған тау
қалдырмаған телім-телім тірлігіңнің барлығын
талақ етіп сұрайтының жалғыз ғана − адамның
арулап жуып, бір уыс топырақ салғаны.

Ақкүшік теледидардағы қасқырлардың
бері шығып кетпейтінін сезді ме, селтиген
құлағы орнына түсіп, ырылдауын қойды. Тек
көздерін алмай, тілін жалап-жалап қояды.

"Жақсы адам − өз ажалынан көз жұмса,
өлігін − құдайдың аманатын абыроймен тап-
сыру санайды" дейтұғын әкесі.
"Жақсы ит өлігін көрсетпейді" деп те ай-

тады қазақ. Неге өйтеді екен? Өйттіретін кім?
Түйсігі ме, әлде тәңірінің кесімі ме?
Кімнің де өзінің мүсәпір, бейшара қалпын
ешкімге көрсетпеуі тиіс қой деп ойлады.

Мұның бедеу екенін ауыл­дастары, соның
ішінде Бекзаты білсе, бетке айтпаса да, іштей
мүсіркемей ме, тіпті мазақтап, қорламай ма.
Соны сезіп жүріп қалай сөйлеп, қалай күлесің.

Ет пен сүйектен жаралған пенде болған соң,
біреуге артық айтып, айғай сөйлеуің мүмкін.
Е, сонда бедеулігіңді бетіңе басса ше... Адам
ашуланғанда аямайды.

Ары қарайғы өмірін қайтеді сонда? Тірі
адам тіршілігін жасауға тиіс... Көңілінің терең
түкпірінен әлдебір дыбыс күмбір қағып, тына
қойды. Қалдыбай елең етті. Бұл не? Әуез бе?

Қандай әуез? Кімдікі? Қайда кетті өзі? Жалғыз
күмбір...
Әттең, домбыра... Қалдыбай жадының
жалына

жармасып
жанталасқан.
Қайда
әлгі жалғыз күмбір... Далаға шықты. Қайта

кірді. Қайнап жатқан ыстық тамақка үңілді.
Ақкүшікке көз салды. Теледидарға бас бұрды.
Бөрі бөлтірігін тістей алып қашып барады.
Келе жатқан қауіпті сезген шамасы.

Жалғыз күмбір тағы лүп етті. Дай-дай-
дай... Ауырлау әуез... Аңқасы кепкен... Аты-
лып, ақтарылып шыға алмай алқын-жұлқын.
Қалдыбайдың жаны жаман қиналды. Ол

өзінен туып келе жатқан қандай да бір әуездің
толғағын сезді. Қолдары қалтырап, көзіне жас
келді. Жан әлемінде ырғақтар ойнай бастады.
Күрсінген, күңіренген бе немене...

Дәл осы кезде есіктің ашылғаны. Роза
екен. Қалдыбай оған мағынасыз көз салды.
Ақкүшік ырылдады.
− Мына итіңнің көзін құртшы, − деді анау

өзімсінген үнмен.
− Қайдан жүрсің? − Қалдыбай Розаның
дәл қазір кіріп келгенін онша ұната қойған
жоқ. Ол жаңағы күмбірлерден адасып қалды.

− Қайдан жүргені несі? − деп Роза пальтосын шешкен. – Колледжден бүгін кеш шықтым. Не, тамақ істеп жатырмысың? – Кострюльдің қақпағын ашты. − Картоп саламыз ба? − Мен өзімен-өзім оңаша қалуым керек, Роза. − Кет дегенің бе? − Дұрыс түсін. − Түсінгенде... Қайқай деп тұрған жоқсың ба? − Аласұрма өйтіп. − Адамшылық қайда? − Не қылдым саған? − Кісі деп келіп тұрмын ғой. − Айтарың бар ма еді? − Мына түріңмен сөзімді қор қыласың. − Онда өзің біл. − Матренаның үш айлық пәтер ақысын төлей алмай жүр ем. − Табысың қайда? − Шешем мен ұлым қарап отырған жоқ па маған. Ал мынаның пәтер ақысы удай. − Қарызың қанша? − Біраз. − Панталеевич келсін. Алып берем. − Сөйтесің бе? − Розаның даусы жұмсарды. − Құдай ақы, қайтарып беремін. − Келсін енді шал. − Кірлеген көйлек-көншегің жоқ па еді, ала кетіп жуып берейін. − Қайтесің. Мені шынында да оңаша қалдыршы.

− Ауырып тұрған жоқпысың өзі, өңің бір түрлі. − Бәрі орнында. − Қарыз сұрады деп кінәлама. Бұл жерде мен де ешкімді білмеймін ғой өзің сияқты. Осы күз келгем, − Роза қамықты. − Өстіп қалмаспыз, оңалар дүние. − Әрине. − Сорлы ғой. − Кім? − Ұлымның әкесін айтамын. Алимент те төлемейді. Ез. Езде намыс қайда. Әйтпесе еркектің намысы − ұрпағы емес пе. Емес деші. − Неге өйтем? − Қайдан білейін? − Роза жымиды. Сосын неге екенін, Қалдыбайдың ағытылып тұрған түймесін сала беріп еді, Ақкүшік қатты ырылдап қоя берді. − Ладно, кетейін, − деді қыз. − Мынауың қауып жүрер бәле қылғанда. Только жаңағы просьбамды... Қыз басын қайқайтып шығып кетті. Қалдыбай ары-бері теңселіп, жаңағы күмбір-күмбірді іздеген жадынан. Таппады. Табамын деп жанталасқан. Өз жанының түкпірінен күтпеген жерден тіл қатқан алғашқы әуездің күмбірі. Жалғыз-ақ үзік. Қылт етті де, кілт жоғалды. Көз алдына әкесі келген. Соның домбыраны бір шертіп қойып, ары қарай тұнжырап, тұтығып отырып алатыны бар еді. Осындай азаптан ба? Қап, жаңағы Роза оқыстан келмеген-

де... Роза! Баласы бар деп айтуға қимайтын
кұлын мүсін, қуыршақ бойлы, құмай көз.
Қимылы да, сөзі де ширақ. Бір үйдің ішін шыр
айналдырып-ақ кететіннің өзі. Тар төсекте

тақым кағысатынды емес, есіктен кіргенде
ел екі жарылып жол берер, елдескеннің етегін
жабар, ерегіскеннің есін екеу, түсін төртеу
қылатын ермінезді іздейді. Әйел затының бұл

іспеттерімен өмір, сірә, қызық. Кім біледі,
Қалдыбай Бекзаттан өзге кімді көрді. Көретін
де еді. Өзін оқшау, суықтау ұстайтын, қыз-
қырқынмен тіл қатысса, сөздері жиі-жиі

кірпідей жиырылып кететіндіктен, талай-та-
лай аңқасы кепкен арулардан аузы аңқайып
қалды.
Роза... Ұлы бар. Осымен бас қосса ше?

Оның
баласы
бұған
бала

болмас,
бірақ
Розаның мейлі, бұрынғы байынан болсын,
өз өзегін жарып шыққан перзенті ғой. Басы

ашық әңгіме. Егер Бекзат бұған балалы болып
келгенде, мейлі еді. Мұнымен бірге тұрып, ке-
рек болғандықтан енді біреуден туып алса, ол
енді құдай ешкімнің басына бермесін дейтін

әңгіме. Құдай-ау, Бекзат неге балалы болып
келмеді десеңші бұған. Солай болып келген-
де өз бақыты еді. Солай болып келгенде ол
ешқашан перзентсіз өткенім бе деп өмір бойы

опынып, өкінбес еді. Әйелдің Анаға айналу
құдіретіне жетер еді. Сонда Қалдыбай да беті
ашық ғұмыр кешпейтін бе еді. Бекзаттың ал-
дында кінәлі сезінбес еді.

Кімге айтады енді осы зарын. Қалай

жеткізер мына жарық дүниенің түйсігіне. Балалы әйел алсам, оны баласымен қоса сүйіп өтер едім дегенге ешкім сене ме. Сөйтіп өтсем бедеулігімді бет ұрғаным, тәңірінің бермегенін пейіл-ниетіммен белден басып алғаным болмас па еді. Балалы әйел... Сол болмасын ендігі жерде мұның ойлайтыны... Қайдам... Білмейді... Телевизорда өбісіп-өліскен шет елдің арзанқол бір сериалы жүріп жатыр. Ақкүшіктің көзі кострюльде... Ертеңгісін иесі дәретханаға кіргенде, манадан бері бой жазып, енді шоқиып отырған Ақкүшік кенет баяғы өзенді бетке алып зып берді... Осылай Ақкүшіктің бір тәулік онда, бір тәулік мұндағы өмірі талай күндерді арқалап өтіп жатты. Өзеннің де суы молайған. Ағаш көпірдің сықыры және ұлғая түскен... Ақпанның соңына қарай күн жиі-жиі бұзылып тұрды. Шығыс жақтан соғатын өкпек тыйылмай, оның соңы жиі-жиі жауынды-шашынды бола бастады. Бүгін де түс ауа бұрқасын борап, жер-дүниені сабалап кетті. Бекзаттың көңілі аса бұрқасын. Ана жолы Өрікайдардың кафесінде істейтін жесір әйел шай ішкен. Бұрындары бұл үйге бас сұға қоймаушы еді. Айтқаны: "Кейде іш пысады, әркімнің есігін аша беру ыңғайсыз. Өздері улапшулап жатады, сен әзір жалғызіліксің, сосын біраз әңгімелесіп қайтайын дегенім... Құдай жалғыз ұл беріп еді, әуелі оқудың соңынан, оны

бітірісімен алған қатынының соңынан кетіп,
шу қарақұйрық. Қазақ таппағандай буряттың
қызын алып... О пәлең үпиттеп-сүпиттеп ап
жоғалды ғой ит өлген жерге. Жылына бір хат

жазады, әйтеуір. Сондағысы: әне барам, міне
барам... Өзім тұра шабайын десем, көрмеген,
білмеген жер түбі. Екі жаманы бар көрінеді.
Жүріп-ақ кетер едім, жол қаражаты қинайды.

Кімнен сұраймын, кім бере қояды. Қазір қайын
алғаннан гөрі, қайта-қайта қатын алған оңай
деп жүр кафеге келген қағындалар".
Әйел осылай өз басының қара бұлтын

қаптата-қаптата келіп, мұны сөзге тартқан.
"Қалдыбай қайнымның мына қылығын жұрт
неге жорырын білмей жүр". "Өзім де" де-
ген Бекзат күрсініп. "Әй-шәй дескен жоқ

көрінесіңдер". "Рас, тұрды да кете барды.
Сөйтті". "Япыр-ай!" "Күтпеп ем..." "Ойбай, ер-
кекке сенім жоқ, айналайын. Қазір не көп,
байсырап жүрген қыз, қатын көп. Не біреудің

басы байлы байын тартып алады, не ойнасы
қылады". ''Қалдыбай олай кеткен жоқ". "Кім
біледі..." "Өзім білем ғой, тәте". "Ал айтшы".
"Мен көтермедім емес пе... Алты жыл өтті".

"Бедеу ме ең?" "Қайдам". "Доқтырға көрінбедің
бе?" "Сөйтпеппін". "Әй, әй, айналайын, сен
көрін. Дереу сөйт. Қайдан білесің... Тілімді ал...
Біліп алсаңшы. Өзіңе керек".

Бекзат Ақкүшік азанда жоқ болып кеткен
күні аудан орталығына барып, анализ өткізіп
қайтқан. Бүгін оның қорытындысын жесір
әйел кітапханаға әкеліп беріп кетіп еді. Құдай-

ау, бұл бедеу емес екен! Құдай-ау... Бәрін өзінен

көріп еді ғой. Өзінен... Баяғыда дирижер "ы... ы... ы..." дегізгеннен кейін жүктеп қалған. Амал жоқ, аборт жасатты. Қалдыбекпен бас қосып, екі-үш жыл өтсе де, аяғы ауырлай қоймаған соң, сол абортты жиі еске алатын. Соның зардабы емес пе деп қорқа бастаған. Сөйтсе... Қалдыбай ма бедеу?.. Дауысы шығып кетіп, босағада жатқан Ақкүшік басын көтеріп алды. Ыңырсыған іспетті дыбыс шығарды. Осы кезде есік қағылған. Келген жесір әйел екен. − Мына күн қайтеді, құтырды ғой, − деді қолындағы пакетті қарсы алып жатқан Бекзатқа ұстатып. − Жата салайын десем, елегізіп... Е, қойшы, Бекзатқа барып біраз отырып қайтайын дедім. Кедергім жоқ па? − Жо...ға... Келіңіз. − Ас бөлмеге-ақ отырайық. Шай-пай ішіп. − Күшігің үйде екен ғой. − Азанда оралды. − Ана жолы мұны күн ара жоқ болып кетіп жүр деп ең. − Рас. − Лығатын шығар, − Сөйтсе көрмейміз бе? − Көретіндей ауылда төбет ит қалды ма? Өң жұмыссыз селтең қыстай бос жүрген төбеттерді қуырып жеп... Бұл байлаулы төбеттерге барып жүрген шығар. Мүмкін тау қойнауларындағы малшылардың иттеріне?.. − Қойыңызшы, тәте, − деп күлді Бекзат. − Ит те сөйте ме? − Көкем-ау, күйлегенде бұлардың да миы

айналып, көзі көрмей кетеді. Құдай ұрғашы біткенді еркектің әукесіне тәуелді етіп қойған қас қылғанда. Ас бөлменің төріндегі столға жайғасып алған әйел түбіт орамалын иығына түсіріп қойып: − Әлгі доқтырыңа барып осылай да осылай, ауы­лымыз алыс, өзі қызметінен шыға алмады, жақын қайын әпкесімін, анализінің қорытындысын бер десем, бойы шынашақтай жасамыс неме көзілдірігінің үстінен екі қара саныма кезек-кезек қарап алып, басын шайқайды. "Неге?" деймін. "Анонимно" дейді. "Ал мынаған бересің бе?" деп тұтас екі мың теңгені көрсетіп едім, қағазды қолыма ұстата салды. "Тағы не берейін?" деймін қитығым ұстап. Ыржиып тағы да екі қара саныма қарайды. "Оның арасына қыстырып ап зар қақтырсам, мұрныңнан қан кетеді ғой, байғұс" дедім. "Көрейік те, әуелі" дейді әлгі ит. Келіншектің жүзіне күлкі үйірілді. − Мүлде танымайтын адаммен... Солай тәжікелесіп неңіз бар, тәте? − Ерінен ерте қалған қатын қағынды болады, қалқам. Әсіресе еркектің көні кепкен көкейін көрген­де, − әйел столдың үстіндегі өзі әкелген пакеттің ішіне қол сұқты. − Сенің бедеу емесіңді білген соң, әй, бұл қуанышты оңаша отырып атап өтейікші деп мыналарды арнайы алғам... Ол дастарқанға коньяк пен қорап шоколад алып қойды.

− Тәте-ау, мен ішпеймін ғой.
− Мен қайбір ішкішпін. Көңіл. Кейде
ұрттап-татқаннан күнәһар болып қалмайсың.
Адамбыз ғой. Аздап босаңсып алғанда керек.

Оның үстіне... Оның үстіне бүгінгі күн сен
үшін ерекше. Ал мен сенің тілеулесіңмін. Қане,
стакан ал.
Әйел коньякты ашып, екі стаканға аздап

құйды.
− Тәте, тауықтың сорпасы бар еді.
− Пешке қоя сал, ысысын. Оған дейін бір-
бір алып қояйық. Отырсаңшы өзің.

− Тәте, мен ішпей-ақ қояйын.
− Аузыңа алып көрмеп пе ең туғалы?
Бекзат үндемеді.
− Ұрттап қой бір-екі. Қане...

Әйел тақымдап отырып Бекзатқа шама-
лы алдырды. Одан тағы. Ыстық сорпамен де
біраз. Қара шаймен де ұрттап отырысты.
− Жассың, − деді, − әйел қырыққа дейін

ғана керек еркекке. Онан кейін ұрғашыға
икемі болмай, нағыз рақат-ләззаттың қызығын
өмірі бір шөлі қанып көрмеген кәртеміштер
демесең, ешкім көз салмайды... Жассың...

Қалдыбай болса... Е, оның енді қайта ора-
лар, оралмасын құдай біледі. Әй, сол оралмас.
Ішіңкіреп жүрді ғой екі-үш жыл. Оралғанда
одан не қайран. Бедеу сол екен. Ал саған туу

керек. Туа алатын болған соң, баласыз өту
не сорым. Ойлашы өзің. Жассың. Қазір шы-
бын қонып кетсе балалай салатын "ой-хой,
дәурен" кездерің, шіркін. Ал ертең кеш бола-

ды. Кеш... Бетің ауған жаққа кетіп қалып, дәм тартқан жерден байға тисең... Ол кім?.. Ол да бедеу шығар. Еркектің көбі импотент деп жүр емес пе қазір. Әуреттерінде әл жоқ дейді. Болғандарынан кісілік, қамқоршы көре ала алсаң жақсы, өкпең өшіп, өзегің талып өзің асырап жүрсең қайтесің. Жатқан пәле емес пе?! Құдай-ау, еркекті әйел асырады деген қандай қасірет. Қай атамыздан қалған... Әйел әңгімені судай сапырып отыр. Күйеуінен ерте қалғанын да айтып көз жасын сығып алды. Әйтеуір, артында ұлы қалды. Мұның сүйегі жарылды. Пұшпағы қанады. Қубас емес. Ана деген аты бар. Ана болмаған ұрғашыдан өткен бақытсыздық жоқ ұрғашыға. Ондайларға ешкім баланың кіндігін, тұсауын кестірмейді, бесікке салдырмайды, батасын алмайды... Сондай боп жүрмесін деп ырымдайды. Секемденеді. Бекзаттың қан тамырлары лыпылдап, тұла бойы қызып отыр. Сәл-сәл ішкен коньяктың әсері әжептәуір. Сөйтсе де көңілі салқын. Әйелдің әңгімесін естіген са­йын ет жүрегі қалтырай түсе ме... Түкпірінде өкініш пен опынудың уілі үдеп бара ма... Әйел айтқандардан бар, өзінен оянып жатқандары бар, қаптаған қалың ойлардың қайсысын қармарын білмей, күллі болмысымен бес бүктеліп, он оралып отыр. Әйел коньяктан екеуіне бірдей тағы тамызып қойды. − Тілімді алсаң, ақылымды тыңда. Ада-

лым. Сенің бұл ауылда ет жақының жоқ.
Кетсең, күтіп алып, жарылқай қояр кіміміз бар
дейсің мына заманда. Тіпті осы ауылда таңды
бірге қарсы алып, кешті бірге батырып, апта

сайын өтіп жататын той-томалақта, құдай-
ау, бір-біріне жамырап ақ тілек тілеп, ақ бата
беріп жататын мына алпыс үй біреудің түтіні
қисайса, жұрт болып "Мұнысы несі? Қане,

жабылып түзейік" десе қане? Әркім өзін-
өзі қымтап жатып алған. Өзгенің өлгені не,
тірілгені не... Айтшы, Қалдыбайдың кеткеніне
қанша күн өтті... "Неге өйтті, онысы қалай?"

деп босағаңды аттаған қай туысты, қай ауыл-
дасты көрдің?
Осы тұста Бекзат іштей өксіп-өксіп алған.
Бірақ онысын білдірмеуге тырысты. Стакан

түбіндегі коньякты ұрттап жіберді.
− Ерте жарықта, қалқам, бір азаматты
пана тұтуың керек-ақ.
− Тәте-ау...

− Меніңше, Қалдыбай қайта оралмайды.
Оралмайтыны өзінің бедеу екенін білген. На-
мыстан жарылатын адамдар болады. Олар
өзін өзіне де қорлатпайды. Өзгенің бақытына

да қол байлау болмайды. Қалдыбай айналайын
соның бірі екен. Құдай біледі ғой, осым рас.
Қаперімде жоқ еді, аузыма Алла салып тұр ма,
немене... Ибай мынасы несі?

Бекзат жалт қараса, аузында Қалдыбайдың
ескі аяқ киімі, табалдырықта Ақкүшік тұр.
− Қалдыбайдың атын естігеннен ғой
деймін.

− Бәлесін қара-ей мұның. Өзінің тұқымы
басқа ма, өзге иттерге ұқсамайды.
− Қақпаға қыстырып кеткен газет-жур-
налдарды да тістеп үйге әкелетіні бар.

− Көзі қарақаттай.
− Ақылды бұл.
− Күшіктесе, біреуін маған беріңдерші.
Менің итім күзде жоғалған. Аузым жазықты,

соның ажалы анау бос селтеңдерден болды.
Қайсыбірде соның бірі араққа ақша қарыз
сұрап келді. "Берейін. Бірақ шыныңды айтшы,
неге ит жейсіңдер?" деймін ғой. "Емге" дейді

әлгі шімірікпестен. "Қандай емге?" "Туберку-
лезге, бронхыға қарсы". "Аурусыңдар ма сон-
да?" "Болсақ болдық, болмасақ алдын аламыз,
тәте"... Міне, уәждерінің сыйқы. "Жүгермек-

ау, ол жеті қазынаның бірі емес пе?" десем,
"Ой, тәте, қазір ит түгілі, адамның өзі қазына
болудан қалған" дейді аузы жалмаңдап.
− Құрысыншы, тәте.

− Дұрыс айтасың... Әй, Ақкүшік, бар енді
жат орныңа. Иең жоқ арамызда... − әйел сөзін
біреу естіп қоятындай Бекзатқа төне түсті. –
Саған қорған, сүйеніш бола алатын еркек бар

мұнда.
− Не...
− Рас айтам.
− Ол кім?

− Ана жолы кітапханаңа барған адам.
− Өрікайдар ағай ма?
− Нағыз еркек. Өзің білесің, осы ауылдың
күні соған қарап тұр. Иә десең, сонау Алма-

тыдан баспана әперіп, үлде мен бүлдеге бөлеп қояды. − Ой, тәте, қойыңыз. − Әуелі тыңдап ал. Сенің онымен көңіл жарасқаныңды бұл ауылдан жан адам білмей қалады. Төркініңе кеткен боласың. − Қызықсыз ғой, оның семьясын қайтесіз? − Әй, айналайын, семья кімде жоқ. Анау әлгі депутаттар да, ғалым, жазушыларың да, бизнесмен тағы кімдер... Шетінен үй сыртынан үй тігіп алған. Қазаққа тоқал қажет деп газит-мәзиттер жабыла жазып жатқа­ны анау. Солар айтқан соң... − Мұныңыз жеңгетайлық па? − Өрікайдар ағайыңның арманы. − Қалдыбайды қайтесіз? − Ой, ол кетті ғой. − Оралып келсе ше? − Келмейді. − Келсе... Әйел үндемей қалды. − Жаңа ғана осы жұртты ешкімге қабырғасы қайыспайды, қазақ болғаннан қалған. Әркім өзін-өзі қымтап жатып алған деп жерден алып, жерге салып отыр едіңіз ғой. Енді мынауыңызды қалай түсінемін? − Мен де сол жұрттың біреуімін ғой, − деп әйел бір түрлі жасып қалды, − олардан асып қайда барамын. Оңашада он сан оймен ойбайымды қанша салғаныммен, жеме жемге келгенде, әлгілердің терісінен шыға алмаймын. Сосын күнім кісіге − Өрікайдарға

қарап тұр. Сөйлес деп жан қоймайды. Бірақ,
бар ғой, ниеті дұрыс. Өзің деп бұрыннан
өбектеп жүретін. Өзің білесің енді. Туып алсаң,
жассың, көріктісің уысыңнан шығармайсың.

Тағы айтарым: Өрікайдар осы өзіміз отын от-
тап, суын жайлап отырған өңірді тау-даласы-
мен түгел сатып алып, имекке дей ме, сондай
бірдеңе қылайын деп жатыр. Жекеменшігіне.

Демек, біз де оның жекеменшігі боламыз.
Жерінде жатып-тұрып жүрген соң, амал
қане. Еркелеткенін еркелетеді, елден бездірем
дегенін бездіреді. Ойлашы...

− Тәте, демалайық. Ертең жұмыс.
− Сөйтеміз бе? Мейлі, − әйел жиналды.
− Сен асықпа, әбден ойлан. Құдай өзі айдап
келіп тұр, қалқам.

Әйел кеткен соң, Бекзат бірден жата
қоймады. Ас бөлмеде біраз отырған. Бәсе...
Өрікайдардың әуелде Қалдыбайды бауыры-
на тартпақ болғаны... Ол кеткеннен кейін

кітапханаға келгені... Демек... О бастағы ойы
мұны көңілдес етпек қой. Бекзатқа керегі кө­
ңілдес пе? Бекзатқа керегі − Қалдыбай. Өзінің
күйеуі. Өзінің... Шын сүйе ме өзі Қалдыбайды.

Жақсы көреді, қимайды, бауыр басып қалған.
Ал сүю деген не осы? Құдіретін сөзбен жеткізу
мүмкін емес, тек жүрек пен тілектің тілі ғана
айтып бере алатын, теңдесі жоқ іңкәрлік пен

ынтызарлықтың жалғыз сәтте суымай, ылғи
күйіп-жанып жататын ғажабы ма? Бекзат
сондай сезіммен өртеніп көріп пе еді? Бәлкім,
Қалдыбайды алғашқы түннің ертесіне, тіпті

осы күнге дейін "Қыздығың қайда?" деп
сұрамағаны үшін қадірлеп, аялар. Қалдыбай
жалпы мұның өзіне дейін, он жетісіне дейін-
ақ қатын болып қалғанын сезіп, білді ме екен?

Қулық жасап жіберді ғой Бекзат. Босағасын
етеккірім ертең келеді деген күні аттаған. То-
патайы бүтін екен деп қалсын деген ойы. Сірә,
әлі ұрғашының етегін көтеріп көрмеген ауыл

баласы шынында да сеніп қалды ма соған.
Сөйтпесе алты жылда үн-түнсіз келіп тістеп
жүруі мүмкін бе.
Ендеше алты жыл бойы бұл Қалдыбайды

алдап келіпті. Алты жылда оқта-текте бол-
сын өзінің таңын айырған дирижерді есіне
үнемі алғаны да рас. "Ы...ы...ы..." деп жатқан
сәті мәңгі есінде қалған. Ғажабы, қазір ғана

жаны көзіне көрініп "ы...ы...ы..." деп жатқан
қыздың тәні мен жаны бірдей, кенет қаперінде
жоқ бір сұмдық рақатқа кенелді-ау. Сұмдық
ыстық деммен өртенген аузынан "жан...ым"

деген жалғыз сөз атып шығып кеткен. Сондай
сезімге осыдан кейін ешқашан бөленіп көрген
емес. Тек оны шанда бір түсінде көретін.
Сонда оның бауырына сұйық от құйылып

жатқандай денесі балқып, балбырап, есі
кіресілі-шығасылы күй кешетін. Қалдыбаймен
алты жыл тұрғанда сондай сәт басынан бір
жолы да өтпеді. Рас, қанағаттану сезімдері бо-

латын, бірақ солардың бәрін қосқанда жаңағы
жалғыз сәтті алмастыра алмайды. Себебі...
Себебі Бекзат дирижерді шын сүйіп қалған
шығар. Сөйтпесе оның пәтеріне неге бара сал-

ды елпеңдеп. Өмірі татып көрмеген шарапты
неге ішті. Ол төсекке әкеліп жатқызып, омырау
түймесін жайлап ағытып, жаңа-жаңа жетіліп,
толысып көз жауын ала бастаған аршын төсін

аймалап, екі елі лыпасын бұтынан сыпырып
тастағанда, сәл-сәл қымсынып, үркектесе де,
қолынан қақпады ғой. Қайта соның ыңғайына
қарай икемделіп, жабыса түспеді ме.

Егер сол дирижер оқыс мерт болып кет-
пегенде ше? Ажал неге тұтқиыл келді оған?
Ағызып
келе

жатқан
машинаның
алды-
нан байқамай шыға келген зағип кемпірді

құтқарып қалам деп... Кемпір аман қалды,
өзі өлді. Әттең-ай, ертеңгісін сөйлесіп тұрған
адамының екі сағаттан соң көз жұмарын білсе,
бұл ол үйден көзі тіріде шығатын ба еді.

Бекзат өксіп-өксіп жіберді. Ар жақтан
Ақкүшік атып шыққан.
− Сорлымын ғой, Ақкүшік. Ессізбін. Неге
жасаттым абортты?

Ақкүшік адам тілінен не түсінеді. Ақкүшік
түсінсе, әйтеуір, бірдеңе айтпай ма. Жас едің.
Сөзден қорықтың. Қорлық көрдің дер еді. Кім
білсін... Азаматтың өзін кездейсоқ оқыс жағдай

мерт етті, ұрпағын сен өлтірдің дер ме еді. Кім
білсін... Әркімнің табиғилығына жат әрекеті
үшін сөз жоқ жаза тартатынын да айтар ма
еді. Кім білсін... Сен өзіңді кінәлі сезінсең, тек

өзіңнің алдыңда кінәлісің деп те айтар ма еді.
Кім білсін...
Бекзаттың кірпігі таң алдында ғана зорға
айқасты. Содан көзін күн сәскеде бір-ақ

ашқан. Ақкүшік көрінбейді. Есік жабық. Есіне
ас үйдегі терезенің ауасы тазарып тұрсын деп
бір жағын ашып қойғаны түсті. Ақкүшік содан
шығып кеткен.

Өзен үстіндегі көпірден ағызып өтіп,
диірменші
шалдың
ауылына

жеткен
Ақкүшіктің танауына бір ғажап иіс келді. Жел
батыстан қатты соғып тұрған. Сонымен жет-
кен иістен басы айналды. Қалт тұра қалып,

тұмсығын желге төсеген. Соған қарсы аяқтары
еріксіз бүлкілдеп бара жатты. Ғажап иіс бірте-
бірте бұрқырап күшікті ауласының іші түгел
көрінетін шағындау үйдің алдына алып келді.

Ар жақта байлаулы төбет шынжырынан боса-
на алмай аласұрып жүр екен. Мұны көргенде
тіпті арсылдап аспанға атылды.
Ақкүшік әлгі ғажап иістің сол төбеттен

бұрқырап тұрғанын сезді. Аралары ырсиған
шарбақтан сұғынып кіріп, төбетке жақындауға
үйдегі адамдардан сескенді. Сөйткенше бол-
май, үйден алқам-салқам біреу шыға келді де,

жерден қолына ілінгенді бұған дәлдеп жіберіп
қалды.
− Кет! Қуыңдар-ей, ана қаншықты! − деді
бақырып.

Ақкүшік бұғып үлгергенше, тағы бір
кесекті жіберді. Оған соңынан келген баласы
қосылып, бұған қарай тұра жүгіріскен.
Ақкүшік амалсыз безіп берді. Жолай

жолыққан бірлі-жарым адамдар да бұған кесек
атып жатыр. Қорқып кеткен Ақкүшік жаңағы
ғажап иісті жоғалтып алды. Тек сол иісті сез-

генде қатты ысып, дуылдаған бөксесі көпке дейін бүлкілдеп қоймай қойды. Тіпті Қалдыбай бас салып, жылап көріскендей болғанда, тұмсығынан өзі алғаш сезінген ғажап иіс пен шынжырдан босай алмай аласұрған төбет кетпей қойған. Ақкүшік мұның күшіктеу күйі екенін, әрине, білген жоқ. Қалдыбай сақал-мұртын қырмапты. Шал да, өзі де самогон ішпеген. Екеуі диірменнің жөндеу жұмысына кірісіп кеткен еді. Иесі Ақкүшікке тамақты диірменнің ішіне әкеліп берді. − Күн ара қайда жоғалып кетіп жүрсің? − деп мұның маңдайын шертіпшертіп қойған. − Күшігің үйлеріңе барып жүрген жоқ па осы? − деп шал шылымын бұрқыратқан. − Мұндай иттен всего можно ожидать. Умница же. − Өйту мұның ойына қалай келеді? − Сені іздеп келу қалай келді? Түскі астарын ішіп отырғанда диірменші: − Менің не ойлап жүргенімді білемісің? − деп сұрады Қалдыбайдан. − Сен келгелі менде бір шешім пайда болды. Қанша жыл жиғантергенімді жұмсап диірмен салдым. Я не вечный. Сколько мне осталось. Лет пять... А может меньше. Детей-то қай...да. У них своя жизнь, своя судьба. Свои нравы. Слишком рано отделились они от меня. Чужые мы. Со мной только мельница. Что было у человека, остается людям. В этом утешение. Я хочу все оставить тебе. Мельницу, дом... Может тебя сам Бог

привел сюда. Әкеңнің мені ауылдастарының
соққысынан құтқарып, үйіме жеткізгені, со-
дан тамыр болып кеткеніміз, сені ертіп келіп
жүретіні, бәрі, бәрі по велению судьбы. Зав-

тра же запишу завещание на твое имя. Е, со-
нан соң, мен қазақ жеріне, еліне қарыздармын
ғой. Қызылтауда тудым. Там вырос... Кормил-
ся вашим хлебом... Чем-то надо отблагодарить.

Пусть моя мельница служит вам. Поверь мне,
сынок. На тебя оформляю завещание.
− Что вы, дядя Паша?
− Сөйлеме, Қалдыбайчик, үндеме.

Қалдыбай рақметін айтып, қарсылық
білдірмек болып еді, шалдың шын пейілін та-
нып, үнсіз қалды. Есік қағылды.
− Да, заходи, − деді шал.

Роза екен.
− Қалдыбай, сені бола ма?
− Кіре бер, − деп Қалдыбай қызды ішке
шақырды. − Құпиялайтын несі бар. Бәрібір

шаруаң дядя Паша арқылы шешіледі.
Роза үстіне духиді аямай сепкен екен.
Ақкүшік тыжырынды. Іле жайлап ырылдаған.
− Дядя Паша, маған біраз ақша бере

тұрасыз ба? Роза Матренаға қарызданып
қалыпты.
− За квартиру, − шал тұрып түпкі бөлмеге
қарай аяқ басты. − Кровопийца же это Мат­

рена. Как гадюка. Но видная сучка. Ей богу
съест любого. Не пожалеет. А может не хочет.
− Рақмет! − деді Роза Қалдыбайдан ақша­
ны алып тұрып. – Кешке сабақтан қайтарда

колледжден домбыра сұрай келейін бе?

− Бере ме? − деп Қалдыбай елеңдеді.
− Әкелем ғой.
Ол кеткен соң шал:
− А может поживешь с ней. Примем как

квартирантку. Пусть живет. Будет стирать,
готовить.
− Керегі жоқ, дядя Паша.
− Дело хозяйское, − деп шал иығын

қозғады. − Ладно, забудем все. Мен ана
кинологқа
жолығып
келейін.

Төбетіне
Ақкүшікті лықтырып алайық. Басқа итпен не
ғып қоя ма... Күшіктетіп алсақ, айтып едім
ғой, пайда.

Кешкісін
Роза
айтқанында
тұрып,

Қалдыбайға домбыра әкеліп беріп кеткен.
Қалдыбай ана жолғы күмбір-күмбірді дом-
быраны шерте-шерте, әйтеуір, тауып алды.
Көзін ашқаннан домбыра дауысын естіп өскен

Ақкүшік те елегізиді. Иесінің оның өзіне де
беймәлім ырғақты бастап алып, ары қарай
көсіліп кете алмай аласұрып отырғанын күшік
білмейді, тек оның дыбыс шығарып отырған

саусақтарына көз тастайды.
− Дядя Паша, − деді Қалдыбай. − Бір
құйып бересіз бе маған?
− Жайшылық па?

− Бір құйып беріңізші.
− Ну, смотри, − деп диірменші жарты ста-
кан самогон құйып берді. – Мен ішпеймін.
Қалдыбай у мен зәрді қағып салды.

Саусақтары бір орнында қаздаңдап тұрып
алды. Күмбір-күмбір ырғақтың не өрлеу, не

құлдилау ағысын таба алмай ары да, бері
жүйткіп көреді. Ендігі кезекте қағысының
дұрыс болмай отырғанын сезді. Сабалап емес,
шертпелеп тартса ше.

Көз алдына Бекзат келген. Жартылай
жалаңаш. Қолаң шашы аш беліне түсіп тұр.
Одан да төмен сияқты. Ары-бері ырғалса,
ұштары ақ томпақ бөксесін сипалай ма. Бір-

біріне қосылғанда жігі білінбей кететін түзу
сандары дір-дір... Келіншек бері бұрылды.
Аршын төстің алмалары сәл-сәл ісініп-
басылып,

ісініп-басылып
тұрған
сияқты.
Тамағының

астындағы
бұғағы
сияқты
кіндігінің астына да шағын белдеу пайда

болған. Одан төмен... Қиманың томпайған
төбесін жауып жатқан қалың қара ұлпа...
Домбырадан кенет бипаз үн ыңылдап
шығып, бара-бара ішекті тартқызып, ындын-

ды құрғатқан әуезге ұласып, соның дүмпуі қыл
мойынды ылди-төмен ырғай бастады. Бірде
бауырын жазған баяу, іле аласұрған алқын-
жұлқын күмбір күлтеленген көңілдің күміс

коңырауын қағып тұрғандай.
Қалдыбайдың қолдары көсілді. Бет-жүзін
тер жуған. Жас әйелдің ақ сазандай денесі
былқылдап, әуездің буын-буынын бұлаңдатты-

ай келіп. Жігітті бұрын-соңды болып көрмеген
шабыт биледі. Қайдан келіп жатқаны белгісіз
күмбір күрсініп те, күңіреніп те бағады. Күллі
дүние дәл қазір оның тартысына таңдай

қағып, тамсанып, табынып тұрған іспетті.
Қай кезде... Ай сәулелі әйел денесі

аңғараңдап алыс­тай бастады. Теріс қарап
алған. Аш белін жапқан қара мақпал шашы
желкесіне
шарт

түйіліпті.
Домбыраның
ішектері қосылып боздаланың ботасы болып
боздай ма... бой-бойы шығып, борай-борай боз

тозаңға айналып бара ма... Ай–хай, дәурен деп
пе, ай-хай, дүние деп пе, аңырап барып, шорт
үзілді.
Қалдыбай терін сүрткен жоқ. Беті-басын

жуған жалғыз тер ме?
− Хотя мен домбыраңнан дәнеңе түсін­
беймін, но это музыка странная, Қалдыбайчик.
Тревожная. Боль какая-то. Хорошо играл.

− Аяқтай алмадым, − деді Қалдыбай жы-
ларман болып. − Не получилось, дядя Паша.
− Может сто грамм? − деді шал.
− Керек емес. Бәрібір аяқтай алмаймын.

Қалдыбайдың ұнжырғасы түсіп кетті.
"Күй− тереңнен шығатын құдірет. Оны шығару
үшін адамның өзі терең болуға тиіс" дейтін
әкесі. "Мендегі ненің тереңдігі" деп опынды

Қалдыбай, "менің сорым − бастауын бастап,
аяғына жете алмайды екенмін".
Түйсігі мұнар, ойы бұлыңғыр, жүрегі
жұлынып тұрмайды.

Шал мұның көңіл-күйін қалай аңдасын:
− Мен әлгі кинологпен келістім. Төбетінің
бір сүргеніне елу доллар сұрайды, сукин сын.
− Қымбат емес пе?

− Екі мешок ұн ал дедім бар ғой мен-
де аздаған. Одним словом, ертең Ақкүшікті
алып барамыз. Мұның енесі төрт күшік туған.

Үшеуі − қара, мынау − ақ. Бұл да енесінен кем күшіктемес. Ақкүшік өзінің аты естілген сайын қозға­ лақтап қояды. − Жұрт енді көктемге алып қалған астықтарын ұн тартуға әкеле бастайды, − деді шал. − Ерте жатып, ерте тұрып жөндеу жұмысын тездетуіміз керек. Фильм есть, название хорошее: "Время не ждет"....Слушай, Ақкүшікті байлап қояйық, а то... − Үйде жатыр ғой. − С чем черт не шутит. − Айырыла қоймаспын. Қарап жүрем. − Ну, смотри! Бірақ ертесіне олар Ақкүшіктен сәскеге таман айырылып қалды. Аспан тұтас қара ала бауыр ақ мұнар екен де, күн сізбелеп тұрған. Өзеннің суы күн сайын көбейіп, ағаш көпір қисая түскен. Ақкүшік үстінен шапшаң өте шықты. Аулаға қарғып енсе, есік құлыптаулы. Жортып кітапханаға жеткен. Бекзат көк контрамаркаға от жағып жатыр екен, күшікті бас салды. − Қайдан келдің, Ақкүшік? Әй, сен қайдан келдің? Ақкүшік еркелеп, олай-бұлай ойқастап, өзімен-өзі. − Сен бар ғой, сен құдай біледі, Қалдыбайға барып жүрсің. Иә, Ақкүшік? Әйтпесе күн ара не кетіс сенікі? Азанда... Сосын азанда маған... Оны да, мені де қимайсың... Айнала­ йын, Ақкүшік-ай! Екеуімізді тең іздеп жүрген,

қимай жүрген сен ғанасың ғой, сірә, енді ойла-
сам. Соны айтуға тілің жоқ бізге.
Күшікті
ертіп

қызмет
орнына
келді.
Пакетінен картоп қосып пісірілген екі пирож-

ки алып алдына қойған.
− Жеп ал.
Самбырлап сөйлеген жесір әйелдің төбесі
қылтиған.

− Қалай сіңлім, амансың ба?
− Отырмыз.
− Ойбай, мына жерің тастай суық қой.
− Қазір-ақ жылиды.

− Біздің кафеде күндіз-түні бірдей жып-
жылы.
Соляркамен
жағылады.

Порсунка
дей ме. Гүрілдейді де тұрады. Өрікайдардың
қолынан келмейтіні жоқ. Газдың балондарын
да үйіп тастады.

− Жайша жүрсіз бе?
− Өрікайдар ағайың жіберді.
− Не шаруамен? − келіншек қабағын шы-
тынды.

− Ертең туған күні оның. Соған екеуімізді
ресторанға шақырады қалаға.
− Жо... жоқ! Ешқайда, ешкіммен бара ал-
маймын.

− Жаныңда мен боламын. Жеп қояды
деймісің ол.
− Қойыңыз.
− Сіңлім, тыңдашы. Мені аяшы.

− Сізді...
− Одан әлгі Якутиядағы қу жалғызға ба-
рып келейін деп қарызға қомақты ақша сұрап

едім. Айлығымнан ұстап отырасың ғой де-
гем... Берейін. Тек келінді ресторанға ертіп кел
деп... Барайық. Көңіліңе жақпайды екен, бас
салмайды.

− Ұятқа қалғыңыз келмесе, мені жайыма
қойыңыз!− деп келіншек атып тұрған. Сол кез-
де Ақкүшік те жесір әйелге тұра ұмтылып, бал-
тырынан ала түспесін бе.

− Ибай, ибай, қайтеді-ей, мына пәле? Ал,
ей, айналайын, итіңді! Балтырым, ойбай, бал-
тырым!
Бекзат жалма-жан Ақкүшікті әйелдің бал-

тырынан ажыратып алды.
− Болды, болды, Ақкүшік. Қой!
− Құдай-ау, бұл не сұмдық. Тал түсте итке
талатып. Тісі етігімнің ұлтанынан өтіп кетті

оңдырмай. Қап, мына әдіре қалғырды-ай...
Байың оралса, мейлі-ақ. Келмесе етегіңе намаз
оқығаныңды көреміз әлі. Жас неме ұстағанның
қолында, тістегеннің аузында кетіп қалмасын

деп... Өз пайдаңды білмесең, өз обалың өзіңе
де... − әйел бұрқылдап-бұрқылдап кете барды.
Кетіп қалып, лезде қайта оралып есік ашқан.
− Бәрібір ойлан! − деген. − Өзіңе қарай

ағызып келе жатқан атты үркітсең, жаяу
қаласың.
Ақкүшік тағы ұмтылғанда, анау есікті
жаба қойды.

Бекзат терезенің алдына келді. Аяғының
басын еденге тық-тық ұрады. Япыр-ай, бұлар
Қалдыбайдың кетіп қалар күнін күтіп жүрген
бе? Енді қайта оралмайтынына күмәндары

жоқ па. Өлсе бір жөн, тірі адам ғой ол. Өздерінің туысы. Өз қолдарында өсірген, көз алдарында ер жеткен... Өрікайдардың "Қалдыбай-ау, атабабамыз осы ауылға келіп сіңген біз түбі бірге нағыз туыспыз" дейтіні қайда... Түс ауа әлгі жетім қыз келіп тұр. Екі көзі жайнаң-жайнаң етеді. − Тәте, сәлеметсіз бе? − Сәлемет. − Сұрайын деп едім. − Нені? − Ванга деген әулие кемпір болған дейді ғой. − Естігенмін. Көріпкел. Оны не қыласың? − Ол дүниедегі болатын сұмдықтарды алдын ала білген екен. − Сенің де сөйткің келе ме? − Ғажап қой. Адамдарға бәрін алдын ала ескертіп отырсаң. Бәле-жаладан сақтайсың. Өлімнен де құтқарып қаласың. Келіншек қызды құшақтап бауырына бас­ ты. − Тәте... − Ау. − Сіз жылап тұрсыз ба? − Жоқ, күнім. − Жылап тұрсыз. Жыламаңыз... Қалдыбай ағам келеді әлі. − Сөйте ме? − келіншек еңіреп жіберді. − Әжем айтты. − Кешікті ғой, кешікті. − Келеді, тәте. Әжем өтірік сөйлемейді.

Келіншек бет орамалымен көз жасын сүртті. − Аудан орталығына барғанда Ванга көріпкел туралы кітапты орталық кітапханадан сұраймын. Сөз жоқ, тауып беремін саған. − Рас айтасыз ба, тәте? − Неге өтірік айтамын. − Жеті жасында-ақ көріпкел болыпты ол. Ал мен он бірдемін. Азанда ерте тұруды ойлаған Бекзат төсекке ерте қисайған. Алдында биік тау. Таудың ұшар басы ерекше жап-жарық. Қызылсары. Шұғыласына көз қарығады. Соған қарай әлгі жайнаң көз қара қыз кетіп барады. Бұл да оның соңынан ілескісі келеді. Бірақ кібіртіктеп жүре алмайды. "Тәте, жүр", − дейді қыз айғайлап. − Қалып қоймаңыз! Ана таудың басында бақыт бар. Жап-жарық ол. Соны аламыз да әлемді аралап ұшамыз. Шұғыласын шашамыз. Өзіміздің ауылға да. Жүріңіз, тәте, жүріңіз. Ақкүшік қайда? Ақкүшік көрінбейді ғой. Жан-жағына қараса, Ақкүшігі жоқ. Қызық, дөңгеленіп-дөңгеленіп іздері жатыр. Ақкүшік! Ақкүшік!.. Келіншек өз даусынан өзі шошып басын көтеріп алды. Бөлме іші қара көлеңке. Табалдырықта селтиіп тұрған Ақкүшіктің сұлабасы ағараңдайды. Түннің қай мезгілі екені белгісіз. Жата бергісі келіп тұрса да, тұрғанды жөн көрді. Жарық жағып, қабырғадағы сағатқа қарап еді, төрт болып қалыпты. Пештің ішін көсеп, күл астында сөнбеген

шоқтың үстіне ағаш салды. Әлгі не түс, не елестің әсерінен көпке дейін арыла алмай қойды. "Қыз - періште ғой" деп жорыды іштей, "Мені жақсылыққа жетелеп... Ал мен кібіртіктеп жүре алмаймын...." Ақкүшік те зым-зия жоғалып... Дөңгелек іздері ғана... Ақкүшік бұл ары-бері жүргенде басын бір көтерді де, қайтадан бұйығып жатып қалды. Бүгін күшіктің соңынан түсуді Бекзат кеше-ақ ойлап қойған. Түнде ерте жатқаны да сол. Қайда жоғалып кетіп жүр Ақкүшік? Мүмкін, Қалдыбайға барып келіп жүр ме? Сөйтіп жүрсе, ол алыста емес қой... Қайтсе де Бекзат Қалдыбаймен жолығуды шешті. Мейлі, сөздері жарасар, жараспас. Кездесу қажет. Алдынан өтуге тиіс. Кетуінің себебін анықтап білер. Айтпаса қайтеді? Бетінен қайтпаса, үйінің кілтін ұстатып жөнін табар. Бұл ауылда қимайтын не бар. Өрікайдар сияқтыларды соңынан өңмеңдетіп қоя ма. Дәл осы кезде Қалдыбай да бір елесте жатыр еді. Лайсаң екен. Сіркесі су көтермеген дүние. Аспан мен жер ақ мұнар. Ақкүшік мұның домбырасын ала қашып барады. Онысы несі? Соңынан барын салып жүгіріп келеді. Жалаң аяқ. "Ақкүшік, Ақкүшік!" өз дауысын өзі естімейді... Иығынан біреу қозғап жіберді. Шал екен. − Что-то не так? Ақкүшік деп жаман айғайладың ғой. Оятып жібердің. − Қызық, домбырамды алып қашып барады.

− Қайда?
− Ауылға қарай.
− Значит ол сонда барып жүр. Бір күн
онда, бір күн мұнда.

− Қайдан білесіз?
− Думаю, − шал тұсындағы аядай терезенің
кір-қожалақ болып кеткен шолақ пердесін
сырды. − Таң ағарып келеді.

Қалдыбай тұрып киіне бастады.
− Еще рано. Жата түсейік.
− Мен ауылдан келетін соқпаққа түсіп,
Ақкүшікті қарап байқастап көрейінші. Шыны-

мен ол үйге барып келіп жүр ме екен?
− Ертеңгісін суық. Оның үстіне көрдің бе,−
диірменші тағы да терезеден сыртқа үңілді.
− Күннің райы жаман. Дует вроде.

− Дәнеңе етпейді.
− Барсаң бар. Бүгін қалайда кинологқа
апарайық. Кеше бармай қалдық. Ол ит те бір
қырсық. Очередке тұрыңдар деп жүреді.

Бекзат Ақкүшікті далаға өзі ертіп шығып,
ертіп кіріп тамақтандырып алды. Сосын жылы
киініп, сыртқа шыққан.
− Қане, Ақкүшік, алға! − деді. − Баста,

қане!
Ақкүшік кақпадан қарғып өтіп, өзенге
қарай безе жөнеліп, әдетінше бір сәт кілт
тоқтап, артына қараған. Келіншек соңында же-

дел басып келеді екен. Ит оған таңырқағандай
іркілді.
− Мен де сенімен барамын, Ақкүшік, −
деді келіншек алқынып. − Тым қатты жүгірме.

Жаяу борасын ойдым-ойдым сұр қардың бетін тырмалап, қиыршығын қанкөбелек ойнатады. Өзеннің сарылы қатты күркіреп естіледі. Ақкүшік Бекзаттың өзіне жетіп, қатар жүруін қаламайтын сияқты, шапқылап барып жақын келгеніне дейін тосып тұрады да, қайта бүлкілдей жөнеледі. Ұстап алады, сөйтіп жібермей қояды, үйге алып кетеді деп секемдене ме?.. Ол Қалдыбайға асығады. Бекзаттан да қара үзіп кеткісі жоқ. Ақкүшік Бекзатты тура өзен үстінен өтетін ағаш көпірге бастап келді. Судың ағысы орасан - сонау таудан еріген қар суларымен арнасы үсті-үстіне толып жатқан асау өзен лайланып, жол-жөнекей тал-шіліктің тамырлары мен қилы-қилы қиқымдарды жинап алып, қатты буырқанып ағып жатыр. Жағалауынан анағұрлым көтеріліп кеткен. Ескі көпірдің еңсесі түсіңкі. Едені бірде көрініп, бірде көрінбейді. Қатты ағыс лоқсып кеткенде, сықыр-сықыр ырғалады. Ақкүшік көпірге секіріп шыққан. Ортасына енді жеткенде, жағада үрпиіп тұрған келіншекке жалт қарады. "Жүр енді, жүрсеңші" дейтін сияқты. Осы кезде арғы жағалаудан Қалдыбайдың да сұлбасы көрінген. − Ақкүшік! − деген оның тым үрейлі дауысы шыққанда, бар денесімен солай бұрыла берген итті қатты екпіндеп келген толқын көпірмен қоса қопара жұлып әкеткен. Бекзат шыңғырып жіберді. Ақкүшіктің төбесі екі-үш-ақ көрінді.

Дүлей ағыс көпірдің ағаштарын да, итті де
әп-сәтте жоқ қылып жіберді. Арғы жағалауда
Қалдыбай, бергі жағалауда Бекзат, ағысты
бойлай біраз жерге жүгірген. Олар бір толқыны

бір толқынын жұтып, өз ағысын өзі жұмарлап
ағып бара жатқан долы өзеннің топан суын
ғана көрді...
Ақкүшікті алып кеткен асау өзеннің екі

жағалауындағы екеудің сұлабасы көпке дейін
қарайып тұрып алған.

Ақ жамылғының астында жұмсақ, жас тәні күйіп-жанып жатқан келіншек көзін есік жаққа салды. Манадан бергі құшағындағы еркегі енді жарығы көмескі шағын дәлізде шалбарының ауымен алысып, құнжыңдап тұр. Сыдырғысы бұзылып қалған ба, онысы жоғары көтерілмей, анау қайта-қайта екі қолын одан ала алмай, ылди-төмен жұлқылап, әуре. Келіншек еденге салынған төсектің үстінде олай да, былай да аунады. Күллі тамырын қуалай, шымырлап аққан отты ағыс пен шиыршық атқан ширақ тән зар күйінде; жанын жайпап жіберердей жанталасқан еркектің қимылы өзі күткендей, өзі соны білсем деген көксеуге жетпей, діңкелеп қалды, енді… Сосын кешетін күйі; қашаннан бері Көгілдір көйлекті келіншек

жолығып жүрсе де, жаратылыстағы жалғыз жан алауы осы екен-ау, осы екен деп басталатын рақаттың айы неге тез батып, жұлдызы неге тез сөнетініне таң әрі өкпелі; мұның сонау тас төбесінен басталып, бірте-бірте екі жауырынының астымен өтіп, тамырларын қуалай жөңкілетіп ғажайып ыстық ағыс, күллі бөксесін күйдіріп-жандырып.., енді-енді дегенде.., өліп-өшіп жатқан еркегі өмірем қауып, төстен түсіп бара жатады; қалың кірпіктің ар жағында кейде қылиып, іле сәл-сәл жұмыла беретін көздердің көретін ғажап әлемі – көгілдір таулардың үстімен көгілдір аспанға қарай ұшып келе жатқан.., келесі мезетте көгілдір айдынның бетімен көгілдір жиекке қарай жүзіп бара жатқан.., келесіде көгілдір алқапта төбесінен төмен қарай көк гүлдер жауып тұрған.., келесі бір сәтте алқынған ақ бұлақтар алма мойын, аршын төсін аймалап аққан… Ия, ия, осының бәрі лезде ізғайым жоғалып, денесін әлдене түтіп жеп жатқандай, сұрапыл сұмдықпен азап шегеді. Мұнысы несі, неге бұлай? дейтін сұрақ жатса да, тұрса да өкшелеп қалса, қане. Келе-келе келіншек жарық дүниеге әйел болып келудің мәні − өлгеніңше бітпейтін күйкі тірліктің мың сан тауқыметі титықтатып, тығырыққа тірейтін қияметінен де қиямет, тағы не.., тіпті күтпеген жерден сап етер дерт пен ажалдан да сұмдық әулетті әуен − әйел екенін сезінбеуде жатқанын пайымдай бастады. Келіншек өзгелер секілді, абыройын

сақтауды ардақ тұтатын қыздың бірі еді. Қауызы жарылмай жүріп мектеп бітірді. Солай жүріп арнайы орта білім алды. Сосын жан-тәні таза кезінде тұрмыс құрды. Жар төсегінің атар таң, батар күнінің табиғи қызық-шыжығын біліп, болмай жатып, күйеуін ажал алды. Жиыр­ма беске енді толған байғұсты троллейбус қағып, өлтірген. Уақыт жылдам ғой. Өлгеннің артынан өлмейсің. Тірінің тірлігі жазбайтын жара жоқ. Тек бірте-бірте түн жалғыздығы жанын мазалай бастады. Соның ішінде тайдай тулаған еркекпен тар төсекте тақым қағыстырып қалған ұрғашы дегенге бұл бір азап екен. Сағыныш, сарғаюмен, сананың сандалуы… Тамсандырып, таңдай құрғатып, талықсытып, тамыр өртеп басталған адами ләззат әрекеттің қалай аяқталуға тиіс екенін білмей қалып, кейін біреулерден ұқса қасірет. О баста еркекпен жақындасудың бары осы шығар дей тұғын. Жас­тары шамалас күйеуі табаны қызбай жатып талықсып кететін… Еркек пен ұрғашының төсек майданы – тұла бойды тулатқан ұрпақ күйінің ағыны екеуінен де бір мезгілде ағылтегіл болып кетуі сөзсіз қажет екенін, келіншек кейінірек естіді. Секс әуені жаулаған мына дүниеде оны ұқпау мүмкін де емес еді. Әлеміш газет-журналдар, теледидар, ондағы кинофильм мен арнайы хабарлар, яғни екі қара санының арасын қоздырудың мына жаркөлеш қасірет заманы бойдағы бұқпантай жүретін құтырынған сезімнің бас көтере беретініне

әкелді. Нәпсі деген нәлет тиіп кетсең лау ететін шайы қурай сияқты лапылдағыш пәле екен, қоясы қотырдай қозып… Түн баласы ояу жатып та, ұйқы құшағында да еркек иісті аңсап жанталасар еді. Жұмысқа көзінің алды көкшіл тартып келетін келіншектің жүзіне тесіле бір қарап қоятын жасамыс әйел: “Қарағым-ау, болмайды ғой” деген. Мұның көзі бадырайып, қасын кереді. “Болмайды, – дейді анау тағы. – Солып қаласың”. “Түсінбедім ғой, апай”. “Түсінбейтін түгі жоқ. Саған нақсүйер керек”. “Қойыңызшы…” “Мен қойғанмен, өзің қоямысың. Өзін-өзі қойдыратын құдірет кімде бар. Тоят бәле, балаға жерік сияқты, аңсарына жетпей қанбайды, айналайын. “Сонда неғыл дейсіз?” “Неғыл дегенде, болса байға ти, болмаса бір азаматты тауып ал”. “Ой, апа-ай…” деген. Деуін дегенмен, күн ұзын елегізіп, еркектің исіне ойша елтіп, еміреніп, есі кете елжіреп, етегінің астынан жылы ылғал білініп, есалаң ба, есірек пе, әйтеуір, өзіне беймәлімдеу күймен, ара-тұра күлмең қағып, ара-тұра өзіненөзі күрсініп қойып жүрді. Кешкісін ваннаға кіріп алып ұзақ жуынған. Үсті-басын сылап талайға дейін отырды. Бала ембегендіктен шығар, қос анары сәл-пәл босағаны болмаса, әлі тік, кіндігінің асты аздап білеуленіпті. Қимасының үстіне біткен қалың қара бұйра шудасына су жұқпайтын сияқты, жылт-жылт етеді. Алақаны тиіп еді көз алды тұманданып, тұла-бойынан төмен қарай бір жойқын ыстық

ағып өткен. Сол-сол-ақ екен, уысында әуке тұрғандай, бір сұмдық әсермен оқыс сілкініп, басын жақтауға соғып алды. Ваннадан көңілсіз шыққан. Содан жанарынан жас жаңбырдай бұршақтады. Әйел затының еркек сияқты кез келген кезде керегін тауып ала алмайтынына, олай етуге көкіректе көзі жұмылмайтын бір құдіреттің жібермейтіндігіне, ұрғашының еркі еркектікімен бірдей еместігіне налып, ботадай боздады-ау… Неге, неліктен бұлай? Алмадай албырап тұрған шағында, әулетті қолдың алақанымен аунап-қунамауы неліктен? Тағдырдан ба? Тағдырдан деп қоюы өзін-өзі жұбататын адамның әу бастан көнген көнбіс мінезі, сірә. Әйел жолы жіңішке… Ғұмырының оңға бұрылып от баспай, солға бұрылып су кешпей, жібектей есіліп өтуі ме, ол? Әлі еркекке кеуде бастырмаған, бастырса жұп болып, жұбы жазылмай ғұмыр кешіп жатқандардың мұрат-парызы десең, мейлі. Ал, некенің ақ төсегінде етегі ашылып, құдайдың құдіретімен қосағынан айрылып, есіл өмірдің еділ-жайық ерке ағысын бойлап жүзе алмай, күннен күнге күйтінің күйігінен күйректеніп, жалғыз аунапқунаудан шаршап-шалдығуы шарықтау шегіне жетіп жүргендердің көңіліне оның қона ма? Сонда оған қалатыны не? Байға тию ме? Әукесі салақтаған еркек табылар-ау, ал бай ше? Бай ұғымның ар жағында, бас иең – асыраушың, қорғаның деген құдірет аңырап,

атой салып тұрған жоқ па. Аңырау мен атой салуды қай жігіттен табасың, қазір. Үштің екісі дүбара, дүмбілез, білімсіз, танымсыз. Танысса: "Қайда істейсің? Айлығың қанша? Әкеңнің қызметі нендей, малды ма?" деп сұрай бастайтын сұмдығы не? Қазақ еркегі қашан сөйтіп еді? Қазақ еркегі қашан әйелге масыл болып еді. Исі еркек қой, бас ие болар деп байға тиген анау, өздерімен қызметтес қыздың жағдайы қалай? Екі ай өтпей, еңіреп қайтып келіп тұр. Айтса: өңі жылтырап, сыптай болып, өрге шапса, төске озған сияқтанып көрінгенмен, тіршілігі жоқ, е, соны ойламайтын да, түн жарымы ауғанша телевизор, одан түске дейін ұйқы, одан кешке дейін сырахана маңынан шықпайтын біреу екен. Ол аздай, күн сайын қылқылдап ақша сұрайды. Ол аздай өзі сияқтыларды сүйретіп үйге ертіп келеді; дастарқан жай, арақ қой… Ары қарай қолтығы қолаңса, аяғы шуаш, аузы сасық… "Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады” дегенді қазір ұрғашыдан алып, еркекке қаратып айту керек. Еркектен ес қашты, бүгін. Жігіт-мігіт кезең. Неге, неліктен? Қоғамның ер-азаматтығының азғындауынан ба? Солай, емей, не? Осы күні әйел мен еркек хайуанаттық жыныстық қатынасқа бейім − сату мен сатылу бар. Ұрғашы күні үшін сатылады, еркек қанағаты үшін сатып алады. Індет індеп келеді. Қоғам бәрін көріп-біліп отыр. Қоғам еркегі мен ұрғашысының сайқалдығына дым істей алмайды. Немқұрайды. Сұмдықай…

Келіншекке қылмаңдаушылар жоқ емес; автобуста, аялдамада, асханада тұла бойын тінте қарап, көзбен шешіндіріп, оймен аунатып өзегі өртенетіндер, бірі жуа жұлатындай тапырақтап келіп, бірі жылы-жұмсақты қазір көріп тұрғандай, жымиып келіп, "қарындас” дейтіндер күн сайын көлеңкедей көлбеңдейді. Алдамшы, арамза қылық. Ол еркек атаулының барлығы аусар, әңгі, алаяқ емесін, небір нарқасқаның бар екенін біледі. Бірақ, жақсы мен жаманды қалай ажыратасың? Жақсы мен жаманды мидай араластырып жіберген мына қу дүниеде, оның адалдығы мен арамзалығын танып, ажыратып көрші. Тектінің тереңдігі, тексіздің текірегі менмұндалай қоя ма. Осылай, сандаған сұрақтан сансырап, өзімен-өзі алысып жүрген келіншек өзімен бір бөлмеде, бір столда қарама-қарсы отыратын кәрі қыздың тірлігіне ден қоя бастады. Қыздың жасы бұдан үлкен болғанымен, өңі алмадай уылжып тұратын еді. Қаз кеуде, қиылған бел, тұсақ бөксе, тоқ, түзу балтыр, жүзінде алқызыл рең лүп-лүп етіп тұрады. Күніне үш мезгіл әлдебіреумен міндетті түрде сөйлеседі. Сондай кезде даусы мүлде ұяңданып, сөздері жан тебірентер әуезбен ән салып тұрғандай естіледі; еркіндігі, еркелігі қатар. Трубканың ар жағынан еміс-еміс естілетін қоңыр дауыс қоңыр желдей есіле ме… Қыз әткеншекте отырғандай тербетіледі. Әуелде келіншек бұған онша мән бермеуші еді, бірте-бірте қызығатын болды. Әйел нәсілінің ең осал тұсы − әуестік

ұршықтай үйіре бастаған. Содан бір күні әлгі еркек туралы қыздан сұрады. − Жігітің бе? − Нақсүйерім, − деп күлді анау. − О, не тағы? − Ол ма?.. Ол менің тағдырым… Қыздың айтқанынан ұққаны: Нақсүйері үйелменді. Егер, ерлі-зайыптылардың ерлізайыптылығын барша мойындап, Заң бекітіп берсе, бұлар бірінің-біріне керектігін өздері ұйғарып, тағдырлары қосақтап қойған. Адамның тағдыры – бостандығы. Ол бостандық ешбір заңға түкірмейді. Бостандығын түсінбе­ ген, білмеген адам – құл! − Біреудің күйеуі ғой, ол, − деді келіншек қызға таңдана қарап. − Болса ше… Неге ондай ерен еркек бір ғана әйелдікі… Ондай ерен еркек жалғыз сәт болса да, мені де бақытты етсін. Ал мен өз бақытымды сезінейін одан. Мен оны сүйемін… Ол да… Сүйгендігім үшін де, мен оны отбасынан бөліп әкетуді ойламаймын. Жалғыз сәт даусын естігенім де, жалғыз түн жанымда болғаны да жетеді. Оның жанымдағы жалғыз сәт – мені басқа ешкім шығара алмайтын ұшпақ. Сол бақыттың жанында кімнің де мені жер табандатып жазғырғаны, мазақтағаны, күлгені түкке тұрмайды. Мені сүйетін, менің жанымды түсінетін, маған қамқор, қорған болатын әлгі жер табалаушылар емес, − Ол! Келіншек

қызға уәж айта алмады. Расау, деп те мойындай қойған жоқ. Осы екі

арадағы әрі-сәрі ойлардың ортасында омырауы ошақтай өртеніп жүргенде, әлгі қыз мұны қонаққа шақырды. − Мен сізді нақсүйеріммен таныстыра­ йын, − деді ол. – Жанында қызметтес бір азамат болады. − Болса ше? – деген бұл, оны маған несіне айтып тұрсың дегендей. Әйтсе де әңгіменің ар жағындағы ауанын байқап қойды. − Ертең нақсүйерімнің туған күні. Оны біз бүгін тойлаймыз. Бірге отырайық. Серпілсеңіз, аздап… Мына еркекпен сонда танысқан. Көп сөйлемейтін, түр-тұлғасы әжептәуір еркекпен қатар отырды. Қыздың нақсүйері тік мінезді, өткір сөзді адам екен, салған жерден дәл бір бұрыннан таныс адамдай үйіріп әкетіп, бөтенсу, жатырқау, қысылып-қымтырылуды қылпып жіберген. Сосын да отырыс көңілді болған. Кенет, сағат тура он бірде жанындағы еркек орнынан тұрды. Қайтпақ екен. − Тәртіптің аты тәртіп, − деді. – Амал жоқ… Қыз асықпасаңызбен безек қағып, қиылып еді, ол қыңа қоймады. Бұған күлімсіреп қарап: − Біз кездесеміз ғой, − деп есікке беттеген. − Сөйтеді, − деді қыздың нақсүйері. – Түнгі сағат он бірге дейін бәріне көнеді, сосын қырық құлаш зынданнан да шығып үйіне кете барады. Қызық. Үйелмендік бұлжымайтын тәртіп пе, не пәле. Өзі де, әйелі де қандай болған жағдайда сағат он бірде үйлерінде болу керек екен.

− Әйелі де он бірге дейін жүре ме? – деп қалды бұл. − Білмеймін, − деді қыздың нақсүйері. – Бірақ, тәртіп әлгіндей. Сол күні… Тым кеш болып кеткен соң келіншек қыздың үйіне қонып қалған. Есіктері жоқ екі бөлме бірінен кейін бірі екен. Бұл төр жақтағысында жатқан. Бірден ұйықтап кетпек еді, өйте алмады. Әжептәуір ішкен шараптың әсерінен бе, әлде әйелдік әуестігі ме, бәлкім, екеуі әл бермеген шығар, әйтеуір, бұл тас қараңғы әлемге көзін тігіп, жатты да қойды. Келіншек еркек пен ұрғашының емінеркін есі кете еміренгендерін екі аттам жерден бұрын естіп көрген емес еді. Еркектікұрғашылық еміренген әуеннен тас төбесінен ойнаған от қара табанына жетіп, одан қайта тас төбесіне қарай лаулап, қолдары о жақ, бұ жағына кезіп кетті. Тамырлары жарылып кететін сияқты; қатты лыпылдап, тарс айырылардай тарқатылып, сіңірлері тартылып қала берді. Қас қылғанда, көрші бөлмедегілер көндері кеуіп қалғандай, сол көндері кеуіп қалғанын бір-біріне сөзсіз дәлелдегілері келгендей, олай етпесе мұраттарына жетпейтіндей ұзақ, сондай бір ынтық, ынтызар, іңкәр сыбыркүбірмен, үздіге аласұрды. Келіншек ойымен ана еркектің бауырына өзін алып барды. Аймалап, аялап жатып, аяусыз езген әулетті салмақты аңырап аңсаған. Енді соған ертерек жетпесе, арман-мақсатының, қуаныш-

шаттығының ақтық демін сезінген… Сөйтіп жатып аналардың сөздерін естіп қалды. − Маған біткен сияқты, − деді қыз, демігіп. − Туасың ба? − Туам. Жаныма серік болады. − Күйеуге тисең ше? − Күйеуге… Қайсы күйеу?.. Жоқ, жаным, мен тек сенен туамын. Бір тексізге тағдырымды қор еткенше, өзіңнен туамын да, өлгенше соның тілеуін тілеймін. Сол аман болса, жалғыздық көрмеймін. Басы бүтін өзімдікі ол… Ол – Сіз. Ендеше, мен бақыттымын. Болатыным, ол бар да, біз мейлі екі қиырда жүрсек те, өмірде қайта кездеспесек те, бәрібір біргеміз. Қыз бен нақсүйерінің осы түніне куә болған сәттен кейін келіншек бір тәуекелге бел буған. Буған белді босататын еркек қыздың нақсүйерінің қызметтесі болсын деп шешті… Күйеуі өлгеннен кейін төркініне оралған келіншекке бертінде ата-анасы қаладан осы бір бөлмелі пәтерді сатып алып берген. Кім білсін, өмір көрген кемпір-шал жас әйелдің жағдайын түсінгені де. Тесік моншақ теңін тапсын дер. Тіпті, төсек көріп қалған әйелдің тұла-бойын тулатып тұратын табиғи толқынның кей-кейде арнасынан асып та, тасып та кететіндігін, онсыз жан-дүниесі азап шегетінін, ендеше өз бетімен, өз қажетімен ғұмыр кешу табиғилығын да ойлаған шығар. Қалай дегенде де өзінше өмір сүруге жағдай жасап берген.

…Мына еркектің пәтеріне алғаш келген күні… Ұялу мен қуанудан бір мезгілде өліпөшіп, еркінен айрылып елпеңдеп кеткен еді. Ежірейген екі көзі омырауына қадала берген еркекті қай бөлмеге кіргізерін білмей, қараданқарап сасқалақтасын, кеп. Сөйтіп тұрғанда еркек ас бөлмеге өзі кіріп кетті. “Телевизор көрмейсіз бе?” − деген бұл басқа уәж таппай. − Сериал әлі басталған жоқ қой, − деді анау. − Қай сериал? Еркек ыржиды: − Атын білмеймін, соның. Өзін көзімен ішіп-жеп отырған еркектен қысылып-қымтырылып жүріп келіншек дастарқан жайды. Танысқаннан бергі жерде осының сөзсіз келерін біліп, дайындық жасап жүргені шығар, барын үйіп тастады. Еркек ауылдан келген қарынның сүр майын нанға қалыңдап жағып алды. − Уылдырықтан қоспайсыз ба, үстіне? − деген келіншек. − Ой, оны… Дәмі жаман… “Вот тебе, колхозбай, − келіншек іштей мырс етті. − Онда салқын тауық етінен алы­ ңыз”. − О жағын қатырамыз, − деді анау. Сөйтті де сан етті көмейлете асады. Асап жатып рюмкаларға қарады. Келіншек коньякты өзі ашты. − Мен… Сол, үлкен стаканмен ішейін, − деді еркек. − Мейліңіз, – деп келіншек оның қалауын жасап, рюмка көтерді.

− Бірдеңе айтасыз ба? − Өзің нетші. − Сөзді еркек бастамай ма. − Разницасы қайсы… Келіншек ұрттап татып, еркек қылғып ішіп дегендей, біріне-бірі қабыса қоймайтын қоңылтақ құрғақ сөздермен отырып екеуі бір шөлмекті тауысты. Қонақтың араны жаман емес екен, уылдырықтан өзге тағамдарды жайпап жеді. Тіпті, торттың өзін жылан жұтқандай қылып жіберді. Кімнің де, соның ішінде еркектің дастарқанға жаудай тиюін келіншек ұната қоймайтын. Әкесі кісінің ас-суына сұғанақтарды тексіздік, құлдың құлқыны деп отыратын. Жалпы еркектің, тамақты тартынып жеуін сұңқар мінезділік дер еді. Осының барлығын құлағымен естіп өскен келіншек, бірер ұрттам коньяктың әсерінен бе екен, әлде еркекке зар күйі, сол зар күйінің аңсарынан ба, әдеттегі кәділігін ұмытып, дәнеңеге назар аударған жоқ, осы жолы. Ымырт қоюлай бастаған. “Демалайық, ә…” деді еркек. Келіншек екі адамдық жұмсақ кереуетке судай жаңа ақжаймалар төседі. Жамылғы, жастықтың тысына дейін көгілдір гүлді. “Егер тәніме перзент бітсе, төбесінен көгілдір гүлдер жауып тұрсын” − деп күбірледі, өзінен-өзі. Келіншек еркекті жалғыз ғана табиғи күйтін қандырып, одан ұрпақ көру үшін ғана іздеген жоқ еді. Оның ар жағында анау қыз айтқандай, құдайға қараған, құбыласынан

кісілігі мен түсінігі қатар сәуле шашып тұратын, алдыңнан соққан боранға, артыңнан соққан ызғарға қалқан болар азамат кездесе қойса жақсы, оның кездесер күнін тоса-тоса жас өмірім өтіп кетіп қор болмайын, ол үшін жөні дұрыстау біреуден ертеңіме серік болар өлгенде топырақ салып, басыма белгі қояр ұрпақ тусам, туып алайын деген ой қаттырақ атойлаған ғой. “Адуынды, асау еркектен жуасы дұрыс, − дейтін қызметтес жасамыс қатын. – Мінезді пәлекеттер қаққанда қаныңды, соққанда сөліңді алады. Одан туған ұл да жаугер болып жаныңды жейді.” − Әйелдің бәрібір еркектен ығып тұрғаны дұрыс емес пе, − деген бұл, анасы айтқан сөзді қайталап. − Әй, айналайын, жалғыз қарағанда жанарымен-ақ жапырып жіберетін жаугер жоқ, қазір. Болса түгел астымен асық иіретіндердің қойнында… − деп елбіретіп жіберген. − Мұнда кіріп дем ала беріңіз, − деді келіншек ас үйдегі еркекке. − Өзің… − Қазір келем. Келіншек ваннада біраз бөгелді. Екі жыл еркекпен қойындаспағандікі ме, біртүрлі жүрексінеді. Бірақ, қайтеді, Ай батпайын десе де, Күн қоймайды ғой. Төсектің бергі ернеуіне таяп шалқасынан жатқан еркек бұл кіргенде темекісін сөндіріп, жамылғы көтерді.

− Іргеге өтші. Келіншек іргеге өтіп бара жатып, көтерілген жамылғының астындағы еркектің жалаңаш денесін көзімен еріксіз бір шолып өтті. Сол кезде-ақ ол еркінен айрылып қалған; ойында не бар еді; азабы ма, қайғысы ма, қуанышы ма, реніші ме, арман-қиялы ма, мұрат-мақсаты ма, ар-ұяты ма, абыройы ма… бәрі түгел әлдеқайда шым батып кетті. Санасында тек мына денесіне денесі тиіп, әулетті қолдары бірте-бірте тұла бойын сипалап, екі қара санының арасын айқара ашып, бар салмағымен кеудесіне қарай келе жатқан еркек қана қалды… Еркек қалай тез икемдесе, солай тез әрі аунап кетті. Келіншек сонау жылғы, күйеуімен болып жүргендегідей, мына әрекеттен дәнеңе түсінбей қалды. Не болып, не қойды? Ел айтатын қызықтырған, соншалық дүние көріп күткен, сенген, үздіккен рақаты, қане? Е, содан іңкәрлікпен дәметкен жан-тәні, балқудың күнін енді-енді көре бастағанда… Төсек ернеуінде шылымын шегіп отырған еркек сағатына қараған. − Уақыт жылдам өтеді, ә? − деп қойды. − Страшно, бежит. − Асығыс па едіңіз? − Он бірде үйде болуым керек. − Себеп?.. − Тәртіп. − О, құдай… − келіншек ауыр дем алды. − При чем, құдай?

Келіншектің әлдене айтқысы келсе де, үндемеді. Үндесе, әңгімелерінің қолайсыз болатынын білді. Жаны бір түрлі жаман жүдеген. Жүдеді деп кімге өкпелейді, бірақ. Үйлібаранды адам, үйіне баруы керек. Десе де бір түнін, алғашқы түнін бүтіндей бұған неге қимасқа деген ой-сауал да ішін тесіп барады. Сүймеген соң ба? Өзі ше? Өзі сүйе ме мына еркекті? Ұнайды. Ал сүю… Келіншек кімді, қашан сүйіп еді? Күйеуі де ұнаған. Болғаны сол. Өліп, өшкен жоқ. Рас, өткен қыста ма екен, бір ер адамға қатты қызықты бұл. Ойда жоқ жерден. Бастығы үлкен мекеменің бастығына әлдебір қағаз апарып беруге жұмсады. “Жеке шаруа еді, өз қолыңмен өзіне тапсыр” деді. Хатшысы, көзі ботадай, көркем қыз қадалып қалған пәле екен, шешініп, таранып кіріңіз деп тықшыңдап қоймады. “Фигурамды көрсетем бе?” деген бұл да қитығып. “Мемлекет мекемесінің этика дегені бар, тәтей”. “Солай ма”… Хатшы қыз бастығының кабинетіне мұны ертіп кіріп, өзі шығып кетті. Төрде отырған сұсты, бұған жалғыз сәт қана басын көтеріп, одан әрі өз шаруасымен болып кеткен еркекті көргенде жүрегінің неге шым дей түскенін келіншектің өзі де түсінбей, бір түрлі абдырап қалған. “Тыңдап отырмын” деді анау жазып отырған қағазынан басын көтермей. Даусы да суық екен. Сөйте тұра, жағымды. Сөйте тұра, әсерлі. Әуезді де, әулетті. Жалғыз қарасы да әулетті еді. Өңменіңнен өткенімен, өзегіңе

өзгеше шоқ тастайды. “Бастығым бір қағаз беріп жіберіп еді” деді бұл тілін кәлимаға әзер келтіріп. “Беріп жіберсе, бермейсің бе”. Берді. Енді шығып кетер жерде аяғын еденнен ала алмай қойғаны. “Тыныштық па? – деді анау бастығы беріп жіберген қағазға көзін жүгіртіп отырып. – Айтарың бар ма, тағы?”. “Жоқ”. “Онда, сау бол”… Осы ғана. Осы ғана сәт оны талай күндер мазалады. Сол еркек түсіне де кірген, сосын. Қазір де жүрегінің терең түкпірінде сол отыр. Бірақ оны тек армандай ғана алады. Бір-екі рет телефон шалып та көрмек болды. Батпады. Тәуекелі жетпеді. Ұяты жібермеді. Қорықты. Ойлады: адамның бір көргенге ғашық болып қалуы шын болғаны ма? Не ол, ғашықтық? Өзің мүлде білмейтін, еш уақытта кескінкелбеті қаперіңде болмаған жанға… Жо, жоқ… Әлдебір кескін-келбеттің, тұлабойдың елесі мұның қиялында қылаң беретін. Тіпті, бір дауыс та… Бәлкім, ана… иә ол ой-қиялындағы елес-кейіпке ұқсай ма екен… Сол ғой, сол… Бәсе… Еркек қайта икемдеді. Бұ жолы да жаңағы қайталанған. Жылуы бар, жырғатуы жоқ. Содан бері талай-талай күндер өтті ғой. Талай күндердің екі-үш күнінде табыстыратын тар төсектің алғашқыдан еш айырмасы болмады. Келіншек өзгелер айтып отыратын, өзі көксеген таңғажайып дегенге жеткен жоқ. Есесіне мына еркектің көнбіс көңілдесіне айнала бастады. Қызметінен шалдығып келеді.

Ананың төбесі көрінгеннен дүкенге жүгіреді. Әуелде бергенді жейтін еркек, келе-келе “біздің үйдегінің борщ-супынан зәрезеп болдым, тауық етін пісірші, балық қуыршы, тұздап қарынға салған сүр май болса” дейтінді шығарды. Ішімдікке де кет әрі емес. Дастарқан ортасында әр келісінде міндетті түрде бір шөлмек тұрады. Өз қанағатын алысымен, қорылға басып дәл он бірде атып тұрады. Атып тұрады да әй-шай жоқ, “Қой, біз қайтайық” дейді. Қыста ғой, далада қарлы боран алай-түлей болып тұрған. − Қона салмайсыз ба,− деген. − Тәртіп… Тағы бірде: − Сіз осы мені сүйесіз бе? − деп сұраған. − Келіп жүрміз ғой. − Мен оны айтып тұрған жоқпын. − Енді нені? − Сүюді? − Проблема ма ол? − деген еркек жайба­ рақат қана. − Жоқ, сіз айтыңызшы? − Нені?.. Келіншек боздап жібере жаздаған. Мына еркектің жүрегінде жалпы шынайы сезім дей­ тін қасиет, сағынып сарғаю қасіреті, сүйгенге тән азап-шер бар ма, жоқ па? Адамның солай болуы керек екенін біле ме, білмей ме. Білсе мейірім, шапағаты, еркектің ұрғашыны көңілкүйіне, оның бірде бүк, бірде шік түсіп жататын, қабырға қайыстыруы жетерлік тіршілігіне

ден қоюы, сөйтіп “Осы сенің жағдайың қалай болып жүр?” дейтін қамкөңіл-қамқор сауалы, кез келген шаруаңның оңтайын мен келтіріп берейін, сен осы кез келген қиын мәселелеріңді міндетті түрде маған айтып тұр дейтін үстем, кісілік мінезі қайда. Не ана жағыңның, не мына жағыңның рақатын көрсете алмаса, мұның несі еркек? Керегі не? Керегі... Құдай-ау, бұл өз әйелімен қалай екен? Оған да көрсететін опасы осы ма? Әлде?.. − Сұрасам айтасыз ба? − деген бірде. − Проблема, жоқ, − деді ол өзінің әдеттегі сөзімен. − Әйеліңізді сүйесіз бе, сіз? − Енді, нетеміз… − Неткені, қалай? − Тұрып жатырмыз, нетіп... − Сүйесіз бе, деп сұрап жатқан жоқпын ба? − Болған ондай. − Қандай? − Ну… − Қазір ше? − Қазір… Оны қайтеміз. Надо ли, − деген еркек. – У каждого есть свои интересы, менің де... Но, живем. − Ол қандай интерес, сонда? Еркек үндемеді. Бұл да ары қарай індетіп сұрамаған. Ұрғашының ұлы түйсігі, бір ошақтың отын бірге көсегендердің қырық бұрым ахуа­ лын түгел тарқатып жатпай-ақ, жалғыз талын-ақ аңдай қоятын. Келіншек талай-та-

лай ерлі-зайыптының жандары жымдасқан жарасымды сезімдерсіз-ақ төсектес ғұмыр кеше беретінін, сондықтан да олардың бірі еркек екенін, бірі әйел екенін бір-бірі арқылы сезінбей өмірден бары осы шығар деп, тойған қарынға тоба деп өте беретіндерінде білмейтін еді. Жұптасудың ең асқар шыңы – еркек пен ұрғашының екі жүректің бір лүпілімен, екі тілектің бір аңсарымен ғана күн батырып, таң атыруы сиректеу кездесетінін ұға қоймаған. Ерлі-зайыптылардың көбінің өздерінде көп жағдайда адамилықтан гөрі хайуани түйсік қалыңырақ екенін түйсіне, сезіне, байқай алмайтынынан тіпті, қаперлеріне болмайтынынан хабарсыз еді. Екі айдан бері келіншектің аяғы ауырлап қалған еді. Байсыз бала туудың қазақ үшін қаншалық қасірет екенін біле тұра, өз жалғыздығын қандай жолмен болса да өзі ғана жеңетінін, қандай жолмен де жеңіске жеткенді ешкім де кінәлай алмайтынын өзіне-өзі мойын­ датып қойған ол, бойындағы ұрпақтың жарық дүниеге ертерек келуін армандаумен жүргентұғын. Еркек мұның жүкті екенін білмейтін. Сен осы көтеріп қалмаймысың, деп сұраған да емес… …Ауының бұзылған сыдырмасын орнына әзер келтіріп, дәлізде сағатына қарай отырып, бір тал шылымды асықпай отырып шегіп алатын еркек, дәл он жарымды соққан сағат тіліне көзін тігіп:

− Ал мен кетейін, − деді. − Әйтеуір, қайта келмейтін болыңыз, айналайын! Еркек әңірейді. − Ау… − Сол! Жылдам шығыңызшы! − Проблема нет. Но… − Не, но?.. – орнынан атып тұрған келін­ шектің дау­сы өзімен бірге жұл­қынып шықты. − Кет! Есік жабылған соң, келіншек шифо­нерді ашты. Аяғы а у ы р л а ғ а н күннен өзіне кең көгілдір көйлек тіктіріп ал­ған еді, соны алып айна алдына барды. Жартылай жа­ л­а­ңаш денесіне киіп, тобығына келе төгіліп тұрған нәзік, жұқа көгілдір м а т а н ы ң ішінде тең­ селіп ұзағырақ тұрған. Неге екенін іші б і л і н ­г е н н е н осы көгілдір

көйлекті киіп жүруді ниет еткен. Ұрпағын көгілдір әлеммен көмкеріп жүрейін, көгілдір әлемдей көкорай көңіл, көкмайса ғұмыр кешер ме екен деген әуел бастағы үмітте еді. Енді, сол ойынан ай асты ма… әйтеуір, айнып тұр. Шешім оқыс келді. Бұл әлгіндей жан-дүниесі мылқау, меңіреу адамның ұрпағын жарық дүниеге әкеле алмайды. Түбі, соның солай туғанына өзі кінәлі болып шықпай ма? Келетін ұрпақтың кім болатын жауапкершілігін әркім өзіне алатын ой қашан туады? Мәселе, басты кісілік − жауапкершілік – ұрпақтың дүниеге келгендігінде емес, қалай және кімнің ұрығы болып келетіндікте шығар. Жан-дүниелері мылқау, меңіреулер жер бетінде онсыз да аз емес. Жан-дүниелері мылқау, меңіреулер көп болғандықтан да, көз жас көл, бақытсыздық мол, прог­ресс жоқ. Жан-дүниесі мылқау, меңіреудің ұрпағы да соның өзі болып бітеді, сол болып жасайды, сол болып өтеді. Одан жаратылғандар да… Ендеше, бұл неге оны тоғыз ай көтеріп, тоғыз күн толғатып, тууы керек. Жатырыңа біткен меңіреудің ұрпағының өмірін қиған қылмыс па, жоқ мылқау мен меңіреудің санын көбейткен қылмыс па? Қылмыс деген не осы? Қылық па, қимыл ма, құйтырқылық па, құмарлық па, құтыру ма?.. Келіншек өзін соның қайсысына жат­ қызады?.. Қылмыс – адамның еркі емесау, сірә. Ортасының азғындығы, ортаның азғындығы − әйелдік о бастан жәркөлештікті

былай қой, ер-азаматтың тініне енген сайқалдық, сатқындық… құрсын… Әйелдің жатыры – қасірет-кесапаттың да ұясы болса, Ана дейтін ұлы құдіреттің мәні қайсы? Түсініксіз. Бойыңа біткенді адам ғой дейді. Адам – жалпы ұғым. Адам кейпіндегінің бәрі ол емес. Құры нөпір, құры тобыр. Бекер жер таптайды, бекер су ішеді, бекер нан тауы­ сады... Балконға шықса дүние сұмдық алай-түлей. Сұрапыл бір дауылды боран тұрыпты. Үлкенүлкен ағаштардың басы ауа сабалап, шатұршұтыр сынған бұталары қу далаға лағып кеткелі тұр. Байқоңырдан тағы ұшырылған ғой, деп ойлады келіншек. Бүгінгі дүние осы, аяқ асты астаң-кестең. Саған, сенің сұранымарманыңа тәуелді емес. Бұл ше? Тәуелді ме? Ия.., ия… Бірақ, өз бойы, қол-аяғы сүйексаяғы өзінікі емес пе. Пейіл, ниет, ой-мақсаты да… Кімнің шаруасы бар. Өз ар-ұяты, намысы, сенімнің болмысы емес пе. Бәрі өзінікі ғой. Өзі… Өзгелердің өкпесі, өзеурегені, өктемдігіне түкірмейді де. “Алдырам ертең, − деді сосын зар еңіреп. – Отаймын, жатырымнан!” Сөйтіп тұрып сұмдық аһ ұрды. Сұрапыл найзағайдың жарқылынан қақ айырылатын қара аспаннан тамып-тамып түсетін қара жаңбырдың ірі тамшысындай ыстық жас қара көздерден алма бетке ағып өтіп, аршын төске қарай домалап түсіп жатты…

Сол бір көріністің елесі... Қанша жылдан бері көңілі мен көз алдында. Ой-қиялы, жан қалауы сол көріністен басталған. Ары қарай соның жетегіне ерді де отырды... *** Өркенбектің он-онбір жастағы кезі еді. Қойшылар жаз жайлауда отырғанда, қайсыбір түні – ешкімнің үш ұйықтаса түсіне кірмеген сұмдық оқиға болды. Әуелі «Ойбай, сұмдық!» деген шешесінің жан шошырлық даусынан селк етіп оянып, есін жиғанша әкесінің сирақтан алып, сүйреп бара жатқанын сезді. Жайлау үстінде бір-біріне жақын-жақын отырған қойшылардың үйлері жақтан да, шошынған дауыстар естіліп жатты. «Жер Архитектор

сілкініп тұр, – деген әкесі. – О, жаратқан, өзің сақта». Өркенбек жер сілкінеді дегенді, оның қатер екенін еміс-еміс еститұғын. Қатты қорықты. «Көке, қашпаймыз ба?» деген сасқалақтап». «Жерден қайда қашамыз» деп әкесі жан-жағына жалтақтаған. Сөйткенше жердің дірілі де басылды. Бұлар жаңа әзірде кереге-уықтары қатты сықырлаған үйлеріне біразға дейін кіре алмай тұрды. Әлден соң көңілдері орындарына түсіп, табалдырықтан ішке үңіліп, көргендері – ыдыс-аяқ қирап, шашылыпты. Көзді ашып-жұмғандай-ақ сәтте. «Үйіміз аман, – деді шешесі. – Қатты теңселгенде шаңырағы ортасына түсер деп шошып едім. Құдай-ау, жер сілкінгенін кім көріпті. Тағы сілкінсе не істедік?» Жер бірақ, қайта сілкінбеді. Жақынжақын отырған қойшылар бір-бірінің амандығын білмекке, бір-біріне шапқылап таң атқанша даурықты. Әйтеуір, бәрі дін аман. Боз үйлердің ешқайсысы бүлініп, қирамаған. Әшейін де ауыздарынан ара-кідік болмаса шыға қоймайтын. «О, Жаратқан! О, құдіретті Құдай!» сөзі тау мен тасты аралап кетті. Бұлар қатерден аман қалғанымен, төмен етектегі шағын ауылдардың бірен-сараны болмаса, үйлері қирап, адамдар опат болып еді... «Киіз үй неге құламайды, көке?» деп сұраған Өркенбек әкесінен. «Қайдан білейін, көрдің ғой, құламайтынын. Қоқалақ-қоқалақ етті де, қойды. Шешеңнің шыны-шәйнегі қирады, болды...» «Сонда, енді құламайтыны

неліктен? – деп Өркенбек қайта тықақтады. – Кірпіш үйлер құлап жатқанда...» «Қайдан білем, – деді әкесі. – Қызықсың, сен. Бірдеңе сұрасаң, арттан қалмайсың. Құдай қақты да, бізді». «Аналарды ше?» «Кімдерді?» «Ауылдағыларды?» «Немене, ауылдағыларды?» «Құдай неге қақпаған?» «Әй, мынаны-ай» деп әкесі орнынан тұрып кеткен. «Киіз үй неге құламайды?» деген сауал мектепте де онан кейін де қыр соңынан қалмай қойса, қане... *** Архитектор оқуына оны осы сауал алып келген болатын. Қайдан жабысқан сенім екенін ол «Киіз үйде адам бойындағы тепе-теңдікті сақтау бар сияқты. Адамға ұқсап сілкініс кезінде ырғалу ыңғайына қарай тұлабойы тұтаса алады. Керегесі, уығы, шаңырағы қандай сілкіністе де бір үйлесіммен теңселеді, бет-бетімен шашылып кетпейді, сірә». Ойлады: Кірпіш, бетоннан да осылай етіп салуға болмай ма? Айға ұшу болды. Тіпті, адам аяғы да тиді ғой, оған. Курстастарына осыны айтса, олар күлетін. «Біз әуелі жерде құламай жүруді үйренейік те» деп. Біреудің күлгеніне, кекеткеніне Өркенбек пысқырмады да. Қилы-қилы жобалар сызды. Не ойлағанын жасау адамның қолынан сөзсіз келетініне сенді. Табиғат апатының қайталанып отыратыны – заңдылық. «Ол енді

қашан болады. Болған күнде «Көппен көрген – ұлы той» дегенді жек көретін. Солай екен деп алдын алуға әрекет етпей жүре бере ме. Жоқ, Өркенбек мұнымен келісе алмайды. Апаттың болып тұруы қандай заңдылық болса – одан аман қалудың амалын ойлап тауып, жасау да сондай заңдылық деп қоймады. Оқуын бітті. Үйленді. Ұл-қыз көрді. Жобаларын көтеріп бармаған жері жоқ. Бәрінің айтатыны: Айналайын-ау, мына сызбаларың түсініксіз... Қиял ма, немене. Мұндай қияли жобаны қуып кеткен біреу болмаса, ешкім қабылдамайды. Өміріңді қор етпе, құрғақ қиялмен. Бесполезно жить, дейді мұндайды, орыстар... Есіңді жи, ертерек. Өмір ертек емес, әу бастан... Қатын–баласын алып, ауылға, ауыл болғанда аудан орталығына қайтқан. Жұмысқа тұрып, бала-шағаны асырау керек. Алайда, арғы түкпірінде «Мүмкін жобамды осы жерде іске асырып қалам ба» деген үміті де тұрды, үңіліп. Бұл өзі тәуелсіздік жылдарының бас жағы еді. Қайсыбір құрылыс компаниясында жобалаушы болып жұмыс істеп жүрген. Істеп жүргенде дайын, баяғы барлық жағынан «сауатты» жобалардың жүзеге асыруын қадағалайды. Ал ішін күндіз-түні тесіп бара жатқан өз сызбалары. Реті бір келіп қалғанда соларын көтеріп, аудан архитекторының алдына келген. Мұның жобаларын ары қарап, бері қарап өткенде, көзәйнегіне жабысып қалған

көздерінің жанары бірде жанды, бірде сөнді. Сұрады: «Бұл не?» «Жобалар ғой». «Ненің жобалары?» «Ғимарат құрылыстарының». «Осыны сондай жоба дегенге өзің сенемісің?» «Енді ше?» «Мұныңды сен менен басқа ешкімге көрсетпе». «Неге?» «Ит теріңді басыңа қаптайды». «Қызық екенсіз». «Қызараңдама, өйдеп. Архитектор болып отырғаныма табаны күректей жиырма бес жыл, мына секілді жоба көрсем бе... Көзім шықсын». «Бұл бәрін жаңа ойлау жүйесі ғой, аға». «Бас­ты қатырмай, бар. Давай». Сыртқа Өркенбектің іші қан жылап шыққан. «Қайда барсаң алдыңнан тоқырау шығады, омалып, – деп күйінді. – Одан қашан құтылады, қазақ?!» «Неден де әркім өзін-өзі алып шығатын заман емес пе, бүгін, – дейді бір ойы. – Сөйтуге құштарлық неге жоқ? Жаңа – түсініксіздеу болар, қиял да шығар, мейлі қалай көрінсе де қызығушылық, үңілу, танымға бейіл беру, қане. Мұның тәсілі, үлгісі – құрылыстың әрқилы материалдан қандай да тербеліс, қозғалыс кезінде бір-бірінен айрылып кетпей, тұтас «иіліп, бүгілетіндігі». Осыған қанша күндерін, апта, айларын, жылдарын сарп етті. Ойынкүлкіден, қызық-думаннан безді. Жаман күйзеліп жүрді. Айналаны түгел пәтуасыздық жайлап алғандай болып көрінді. Жаңаға құштарлық, іңкәрлікті еріккеннің ермегі, ертегі деп қарайтыны батты, бәрінен. Мұндайда не істеу керек екенін де білмеді. Сонда қайтпек керек? Аудан әкіміне

кірмек. Қабылдауында ол: «Мұндай мәселемен айналысатын арнайы адам – аудан архитекторы, соған барыңыз» деді. «Барғам, оған». «Тағы барыңыз. Менің мамандығым. Не... Жоба жайында біле бермеймін, бәлендей. Архитекторға... Сөйтіңіз...» Далбасалап газетті жағалады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмағанын айтты. Әкімге де кірдім, деді. Редактор қалың шөптің арасынан құс пыр етіп ұшқанда елең ететін ат сияқты, басын ербең еткізіп көтеріп алды: «О кісі не деді?» «Дәнеңе. Архитекторға бар дейді. Оған барғам ғой, алдында». «Онда бауырым, бізден келер қайран жоқ. Әкімнен аса алмаймыз. Газет сонікі. Біз бір тауықпыз – әкімнің шашқанын ғана теріп жейміз, – деп екі қолын екі жағына жайды. – Сол кісі қалай еңкейсе солай еңкейіп, қалай тоңқайса... Енді түсінесің ғой, айналайын...» Әйелінің жыны келеді. «Осыңнан бар ғой, ештеңе шықпады, – дейді, – Шынында да жер төңкеріліп жатса да құламайтын үй бола ма». Бұл дүрс етеді: «Болады». «Қалай болады?» «Сондай қатты сілкіністе киіз үйдің құламағанын көзіммен көргем». «Көрсең, киіз үй болғандықтан шығар». «Кірпіштен салынғанды да құламайтындай етіп тұрғызуға болады». Әкесінің немере ағасы – сақалы күмістей шал есінде. Жаз жайлауға келетін жылда. Тартпа, айыл, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы өріп әкеліп, қойшыларға тарту жасап, қозы-

лақ жинап әкететін. Қойшылар: «Жарықтық әр жылда әр қилы өрім жасайсыз, мұның бәрі ойыңызға қайдан келеді?» дегенде «Қолыңнан кеп тұрған соң жақсыны ойлап тауып, жасап отырмаған жерде опа таппайсың» дер еді. Осыны айтып алып, ары қарай толғайтын: Мына боз үйлеріңе қараңдаршы: шаңырақ, кереге, уық, болған біткені осы. Сөйте тұра алты ай жаз, алты ай қыс басыңа пана. Ыстықта іргені түріп, салқындатып ала қоямыз, ақ тер, көк мұзда киізге киіз қабаттап жауып жылытып ала қоямыз... Қазақ атаң жасады мұны, сөйтіп. Былай қарасаң ерекше ештеңесі жоқ. Бірақ, берік. Кез келген нәрсенің құдіретті, қажетті болатыны – беріктігінде. Өркенбек өз заманы ғимараттарының неге де төзімді, берік жобасын көкседі. Қолы жеткен жерден алдырып қарап, зерттеп шықпаған жобасы жоқ. Мұның көксеуіне оның бірде–біреуі кепілдік бере алмаған. Рас, көрнекті, әдемі, әсем. Бірақ, мәңгілік беріктігіне сенім жоқ. Өркенбекке қай-қайсысының да «менің осал тұ­сым– мына жерім» деп ымдап тұрғандай болып көрінетін. Адамның ми мен сезім арқылы басқарылатын он екі мүшесіндегі керек кезінде бір-біріне біріге кететін құбылысты іздеп таппайтын. Сонда, сонау кездегі сілкінген жер үстінде билеп тұрғандай болып көрінген киіз үй елестейтін. Мұндайда осы менің миым ауысып кеткен жоқ па, деп те тіксінетін. Алайда, әп-сәтте онысын жылдар бойы алпыс екі тамырымен бір мезгілде лыпып тұратын аспан

төңкеріліп, жер аунап кетсе де кірпіші босамайтын, іргесі қисаймайтын, төбесі ортасына түспейтін ғимарат жайлы арманы жайпап кетер еді. Сондай жобасы өзен-көлдерден, теңіздерден өтіп, мұхиттар асып бара жатса... Қайда барып, кімге айтады зарын. Ауданда құрылысқа тендер жарияланады деген әңгіме шығып қалған. Үш қабатты мектеп, Мәдениет Үйі және екі қабатты балалар бақшасы салынбақ екен. «Сен сол тендерге қатыс, – деді бірге жұмыс істейтіндер. – Бәлкім, жолың болып қалар». «Сөйтеріне сенбейтін болып қалдым емес пе» деген анадан да, мынадан да беті қайтып қалған бұл. «Онда, ықпалды адам ізде». «Оны қайдан табам?» «Көрмес, түйені де көрмес... Батыр-ау аудандағы ең ықпалды адам – көршің емес пе». Ия, оның ықпалды адам екенін бұл естіген. Қанша бастық келіп жатады, кетіп жатады, соның кез келгені­не осы кеңесші болады екен. «Штаттан тыс» дейді. Қай бастықтың үстінен арыз жазылса да оны тоқтататын осы екен. Жоғарыдан келген қандай да бір тексеру келеді, оның бәрін өз айтқанына көндіріп, жолға салатын да осы болып шықты. Не құдіреті барын тап басып ешкім айта алмайды. Біреу ақшасының көптігін айтады, біреу жоғары жақта баласының қызметін айтады... Өркенбек қайтеді, жұрттың ақылын тыңдады. Бұл келген шаруасын бастан-аяқ баяндамақ болып, қолынан түспейтін қарны

тоқ қара пәпкесінен жобалары сызылған қалың қағаздарын шығарып, «Өзі былай еді» дей бергенде, анау қолын бір-ақ сілтеді: «Езіп қайтесің. Не істеуім керек екенін, айт!» «Бәрін түсініп алсын деп едім». «Қажеті жоқ. Төтесінен ұр». Бұл сөйтті. «Тендерді ұтып алсам, дейсің ғой» деді анау. «Сол ғой, аға». «Сөйтпейсің бе, бірден, міңгірлемей». «Осыған енді... Өзіңізге келдім... Соңғы үмітім». Көршілес кісі біраз үнсіз отырды. «Етжақыныңнан, жора-жолдастан кімдерің бар?» деп сұрады. «Жалғыз­бын, – деді Өркенбек күрсініп, – ата-анамның дүниеден көшкендеріне біраз жыл. Дос-жаран дейтіндей, ешкімім жоқ». «Қайын-жұрт жағың қалай?» «Өз-өзімен жүрген қарапайым жұмысшы адамдар, алыста». «Ым...м» деп қойды анау. Ақыр соңында, мұның әбден төзімін тауы­сып, жүйкесін тоздырып айтқаны: «Көрейік, – деді. – Болып қалар». «О, аға... – Өркенбектің көзі бұлдырады. – Сөйтесіз бе?» «Сен дайында л. Әуелі тездетіп ЖШС-ы құр, есепшот аш. Құрылысты салатын мердігерлерді ізде, тап, келісе бер. Соларды бір жақты қылған күні кел, маған. Соңғы істейтін негізгі, – ол сұқ саусағын мұның мұрнының ұшына кезеді. – Шаруаңды сонда айтам... Әй, бірақ... Қазірден-ақ біліп ал, бала. Ол өзі былай. Алаған қолым берегенді білетін шығарсың. Білсең де, білмесең де сөзсіз істейтін шаруаң: Ұтқан тендердің «шапкасын» мына алақанға әкеліп саласың. Он пайы­ зы анаған, – көрші басын әуелітіңкіреп бір жағына қарай сілкіп жіберді. – Екеуі менікі.

Өркенбек күмілжіді. Ия, ол «шапка» дегенді талай естіген. Алған ақшаның мынау айтып отырған бөлегін беру. Өйтпейін десе, көршінің «Онда, шырағым, көзіңді құрт» деуі әбден мүмкін. Онда арманы адыра қалады. Сыртқа есеңгіреп шыққан. Тендерге қатысу шарттарын таптұйнақтай етуге аз уақыты кеткен жоқ. Бұл кезде оның да өтетін күні әне-мінелеп қалған. Айтылған нұсқауды табанынан тозып жүріп, бір жақты қылған соң, өкпесін қолына алып, көршіге қайта келген. «Бәрін бітірдім, аға» деген елпілдеп. «Мен де бітірдім, – деді анау. – Ұтасың тендерді». Сөйтіп алып кеңкілдеп күлді. – Осы күнгінің шенеуніктері азбан айғыр сияқты. Азбан айғыр бие-байтал көрсе, сосын ат дорба көрсе жаман оқыранады. Мыналар қыз-келіншек пен ақша көргенде сөйтеді. Ақшаның төбесін қылтитып едім, оқыранып қоя берді. «Кім, аға?» «Кімі несі... Ой, әлі сен бала екенсің ғой... Жә, жарайды. Есеп-шотыңа ақша қалай түседі, со моментінде алып кел, әлгі «шәпкіні» деп көрші көзін ойнатты. «Ағаау... – Өркенбектің көмейіне тас тығылғандай тұншығып қалды. – Орнын қалай реттеймін сосын, оның?» «Со да сөз бе. Өсіріп жаз, өсіріп көрсет... Өсір... Ол енді өз шаруаң. Мен уәдемді орындадым. Уәде – Құдай сөзі. Сөйт, әлгіні. Қолына апарып салғанымша анау оқыранып маза бермейді. Өзінің Парламент депутаттығына түсейін деп жүрген кезі, келесі жылы. Сонда осы ақшаны өзімізге таратып

береді, әлі». Өркенбек аузын ашты: «Не үшін?» «Дауысымызды сатып алады...» Он екі процент «шапка» көп сома болып шықты. Қайтеді, Өркенбек айтқанын берді. Орнын жабу үшін күнәға батты. Екі жыл өткенде жоспарлы тексеру жүріп, онысы ашылып қалды да, міне енді түрмеде... Түрменің азабын аз тартқан жоқ. Бірақ ол азап өзі жасаған жобамен балалар бақшасын салып кеткенінің жанында шыбын ғұрлы көрінбеді. Ой-қиялының, арманының жылдар бойы ақылын ашытып, жанын жеген еңбегі – бұрын-соңды болмаған жобасы жүзеге асқан соң, немене. Солай етсем деп үздігіп сүрген жоқ па, өмірін. Жан қалауы – тағы,

тағы жаңаларды көксейді. Ең ғажайыптары солары сияқтанған. Қанша қағаз сызды, қаншасы сызылып жатыр. Шығады солардың арасынан көксегендері деп сенеді. *** Түрменің темірторлы

терезесінен ары-бері ұшып өткен торғайларға үздіге қарайды... Тағдыр шіркіннің осылай боларын кім ойлаған... Жарық дүниеде де, мына тар қапаста да келеке-мазаққа, қорлауға душар боламын деп пе... Түрмеге түскеннен кейін общаг дегенде тұрды. Алты адам бір бөлмеде. Араларында Пахан деген бар. Әкесі қазақ, шешесі орыс, нағашы апасы неміс, ар жағы тағы біреу, қырық сідіктен біткен біреу. «Осылардың

барлығы мені жек көреді, мен де олардың бәрін жек көремін» деп отырады. Мұның сотталуының мән-жайын түгел естіп алып, басынан аямай ұрып-ұрып жіберген: – Бәленің бәрі осындай баста. Осындай бастың ішіндегі мазасыз, құтырған мидың ойлап таппайтыны жоқ. Түрмені де ойлап тауып жүрген осындай бас! Енді келіп, жер төңкеріліп кетсе де құламайтын үй саламын деп өзіне бәле тауып отыр. Жер сілкініп, топан су қаптап, ешкім өлмесе, мына дүниеге адам сыймай кетпей ме. Құдай әне, соны ойлап жерді сілкіндіріп, топан суын қаптатады. Ал сен құдайға қарсы шығасың. Құдайға қарсы шыққан бас керек пе бізге, керегі жоқ па? – деп жандайшаптарына қарайды.

– Боже спаси, не надо, не надо, – десіп жа-

мырайды аналар, өтірік мүләйімсіп.

– Раз так, что-то надо делать с этой опас-

ной головой, – дейді Пахан. – Ясно что...
Аналар кезек-кезек басынан келіп шертеді
мұның.
Шертістері

шекеңді
тесіп
жібере
жаз-

дайды.
Қайдан
алатындарын,
кімнен

келетінін
анда-санда
наша
шегетіндері

бар,
бұлардың.
Майы
кілкіген

түтінді
кезек-кезек,
деміл-деміл
сорып,

көздері
құтырып
шыға
келеді.

Сондай
бір кездерінде мұны бұрышқа тұрғызып қойып,
сұрақтың
астына

алсын,
кеп.

Қабырғаны көрсетіп: – Қане, – деді Пахан. – Мына қабырғаның түсі қандай? – Ақ, – деді бұл қабырға шынында да ақ болған соң. Пахан мен жандайшаптарының ішексілелері қатты. – Вот дурень, – деп Пахан бұған қарата түкіріп жіберді. – Сен не, бізді мазақ етемісің? – Енді ақ қой, – деді мұның тізесі дір-дір етіп. – Ақ, – дейді. Пахан жанындағыларға жағалай қарады. – Кто подтвердить, мұны? – Ни как не осмелимся. Он что-то путаеть,– деседі жандайшаптары ырбалаңдап. – Көрдің бе, – Пахан жұдырық көрсетеді,– твои ответы не соответствуют к действительности, так что, давай айт: қабырға ақ па, қара ма?

Өркенбек өмірі көрмеген мына қорлықтан есі мүлде ауысып кете жаздады. – Қа...ра, – деген даусы әзер шығып, амалы жоқтықтан. Пахан мен жандайшаптары ал кеп күлсін. – Ну как? – деп пахан бұдан көзін алмай тұрып жандайшаптарына сұрақ қойды. – Ни как, – деп шәуілдейді аналар. – Қайдағы қара... Видимо он совсем очумел. – Адам емессіңдер ме?.. Бұларың не, – деуге ғана тілі келіп, құлап түсіп еді. Өзіне-өзі келіп, кірпігі қимылдағанда, аналар не болса соны айтып, не болса соған күліп, жатыр екен. Сүйретіліп орнына қарай бара жатыр еді, Пахан: «Ей, қайда барасың, біз әлі біткен жоқпыз, - деп ырқ-ырқ күлді. – Қане, мұның шимай-шатпағын бері әкеліңдер». Біреуі барып жастығының астындағы сызбаларын бұрқыратып бері алып шықты. Пахан жандайшаптарына жоба сызбаларын парақпарағымен бөліп берді де: «В туалете будете использовать», - деп қарқылдап кеп күлген. Осы сәтте жан дүниесі жай оғы тигендей жалма-жан жаман күйреп кетті. Түйсігінен өмірінде ешқашан болып көрмеген долылықтың қара бұлты түтеп қоя берді. Іле жыртқыш хайуандар айбат шеккенде болатын ырылға ұқсас дыбыс естілген. Сол бойы сұмдық бір жылдамдықпен өзін-өзі еденнен жұлып алып, Паханға оқша атылған. Жағасына қолы жетті ме жетпеді ме, ол арасын білмейді, есінде қалғаны – қап-қара күректей күс табанның дәл бетіне келіп былш еткені...

Паханнан көрген соңғы қорлығынан кейін біраз күн еңсе көтере алмай жүрді. Ешкімге шағынбады. Тас түрмеде біреудің атын атап айту түгілі, саусағымен көрсету басына пәле болатын. Бас жарылса, бет аузың көгерсе құлап қалдым, ұрып алдым деп құтыласың. Бұл да сөйткен. Жә оны қойшы, «Бас жарылса бөрік үшін, қол сынса жең ішінде»... Өркенбекті таңқалдырғаны – анау жолы Паханға қарсы лау еткен сұмдық сұрапыл долылық... Алғаш рет... Ғимаратқа тексеру жүріп, мұның жағдайы қиындай бастағанда далбасалап көршісіне барған. «Аға-ау, мен сотталып кететін болдым ғой» деген. «Ал»... деген анау жайбырақат қана. «Қалай болғаны сонда?» «Қолыңмен істедің бе, мойныңмен көтересің» «Амалсыздан ғой анау шапка»... «Оны ұмыт сен». «Нені?» «Шапкісапкіні». «Рас қой енді». «Оны екеуімізден басқа ешкім білмейді, бірақ». «Тергеушіге айтсам ше?» «Аштық жарияласаң да өзің білесің, айналайын». Өркенбек ананың дүниені өртеп жіберсең де қылы қисаймайтынын, аяуды, обал–сауапты білмейтін, оны ұялту, қорқытудың мүмкін емесін байқап, адамдарға бұған дейінгі өкпесі адыра қалып, ашу–ызасы алқымына кептелген... Паханға келгенде онысы дүлей долылыққа үлесіп кетіп еді. Сол долылықтан соң өмірінде өнбойында болмаған өшпенділік сезімі өңмеңдеп қыр соңынан қалса, қане. Өзінен өзі қатты тіксініп қалған. Сонда жайлауға ат әбзелдерінен тарту алып келетін шалдың толғап айтатын көп сөздерінің бірі –

«Жауыздыққа жауыздықпен емес, жаныңның тазалығын сақтап қалумен жауап бер» дегенін есіне алып сабасына түсер еді... *** Солай етіп жаңа жобасының сызбасын таза параққа қайта-қайта көшіріп отырған бір сәтінде есік шақұр-шұқыр етіп ашылып, түрме күзетшісі кірді. Қолында таза қағаз бумасы, арагідік өстіп әкеліп тұрады. Пахан мұның жобаларының сызбалары түскен қағаздарын жандайшаптарына артын сүртуге бөліп беріп, бұл үшін қорлаудың ең айуандығын көрсеткеннен кейін түрме бастығына арыз жазған. Артық-ауыз сөзге барған жоқ. Қағаз алып тұруға мүмкіндік жасауын, артынан іздеп келер ешкімнің жоқтығын жазған. Қайсыбір күні түрме бастығы шақыртты. – Артымнан іздеп келер ешкімім жоқ депсіз? – Әйелім балаларды алып кетіп қалған. Тергеу кезінде-ақ. Біржола. – Қалай шатылып жүрсіз? – Жаңамен өмір сүремін деп. – Енді не болады? – Ешкім түсінбеді... – Нені? – Жобамдағы барлық құрылыс мате­ риалдарының жалғасуы, қиылысуы, бірігуі адам мүшелерінің үйлесімділігімен сәйкес еді. Түрме бастығы бетіне ұзақ үңілді.

– Бұл не дегеніңіз? – Мен рас айтып отырмын. – Ондай болуы мүмкін емес қой. – Менімше, адамға мүмкін емес ештеңе жоқ. Түрме бастығы басын шайқады. – Солайы, солай да шығар. Бірақ адам нені істесе де заңды бұзбауы керек емес пе. – Мәжбүрлесе ше? – Сізді сөйтті ме? – Түсініксізбіз ғой, – деді Өркенбек үнсіздікті бұ­зып,–күйретіп, жоюдың жаңалығы ойлап табылса, тарпа бас салып, соны іске асырғанша жанымыз қалмайды, ал оған қарсыны ойлап тапсаң, келекелейді, мазақтайды, қорлайды... Түрме бастығы Өркенбекті сол күннен общагтан кітапханаға ауыстырған. Жалғыз тұрады. Тіпті, ертеңгі-кешкі тексеруге бармай қоюына рұқсат етілген. Әп-сәтте осы болған әңгімені ойлап үлгерген Өркенбекке біртүрлі қарап тұрған түрме күзетшісі қолындағы қағаз будасын ұсынды. – Рахмет, – деген бұл. – Оны бастыққа айтыңыз. – Білем ғой, – деді. Түрме күзетшісі стол үстінде қопсып жатқан қағаздарға қарады. – Сызып жатырсыз?.. – Ептеп. – Жалықтырмай ма. – Жо... Жоқ...

– Босану мерзімі таяп қалды ма? – Ия, үш айдан соң. Бес жыл дегенің де өтті осылай, – Өркенбек күрсінді. – Өкінесіз ғой, ә? – деді түрме күзетшісі. – Өзгелер үшін сөйтемін... – Өзгелер үшін... Ол қалай? – Жаратқанға жақындай түсу үшін жаңа іске жаппай ұмтылмайды. Қолында түрме күзетшісі жаңа әзірде алып келіп берген бума. «Рақмет, азамат, – деп күбірлеген, – Құдайдан қайтсын». Бұл түрме бастығына бағыштаған сөз еді. *** Темірторлы алақандай терезенің ар жағынан күн сәулесі лүпілдейді. Әлде олай емес пе? Соңғы күндері кей құбылысты не екенін дәл айыра алмай қалатын болып жүр. Сондайда екі жауырының арасынан әлдене қадалып, демі тарылады. Түрме дәрігеріне көрінбек болса, жатқызып қоя ма деп қорқады. Онда мына соңғы айда жасап жатқан жаңа жобасы тұрып қалар деді. Осыны шегіне жеткізесін, әуелі. Бұл өзі салған екі қабатты балалар бақшасы жобасынан бастау алып, аса көп қабатты ғимараттар құрылысына арналып жетілдірілген, жаңа еңбегі еді. Зеңгір көкпен тілдескен осы жобасының ғимараты көз алдына елестеп қоя берді. Сосын жайлауда сілкінген жер үстінде билеп тұрған киіз үй... Сосын аудан орталығындағы балабақша... Үш ай... Еркіндікке қалай шықты, бұл ешжаққа

бұрылмастан, ешкімге бармастан соған барады. Соны күзетіп, айналысын сыпырып жүреді, жаңа жобаларын сызып... *** Темірторлы алақандай терезеден кептерлер қанат қағып өтті. Төртеу емес, бесеу емес. Анық көрді – үшеу. Қалған үш айымды еске салғаны ма жаратқанның деп ойлады іштей. Үш ай... Бас еркіндігіңнің, арман-мүдде, ойқиялыңды іске асырғаның, адамдарды «Ой, бәрекелді» дегізгеніңнен артық не бар. Үйіліптөгілген сонша көп тілек емес қой. Әркім-ақ білер, ұғар мұны. Сөйте тұра бір-бірінің соған жетуіне неге қарсылықтар жасайды?.. Жауап таппай, сандалып отырады, сосын. *** Күндер өтіп жатқан. Өркенбектің бос­ тандыққа шығуына бірер күндер қалғанда түрмеге жоғарыдан жоспарлы тексеру келді. Бір топ адам біраз жатты. Қайтарларында соларды орталықтан тысқары тау қойнауын­ дағы өзен бойына апарып, ішкізіп-жегізіп, шығарып-салып, түн ортасында төсегіне жете құлаған түрме бастығын азанда әйелі оятқан. – Әй, тұр! – деп жұлқылады. – Кеше түс ауа сұмдық болды ғой. Естіп пе едіңдер? – Нені? – Жер сілкінді, әнебір ауданда. – Қой, әй, – түрме бастығы жастықтан басын жұлып алған. –Рас. Телевизордан көрсетті түнгісін. Қи­

рап қалыпты. Тірі қалған адам бірен-саран көрінеді. Естімедіңдер ме, мұны? – Тау арасында... мобильный ұстамайды. Қайдан, қалай естиміз. Әй, сұмдық қой, мынау. Қап... – Телевизорды қойып қойдым, ертеңгі жаңалықтан естиміз, қазір. Көресің, жаның түршігеді. Түрме бастығының көзі теледидарда. Таңғы жаңалықтар біреу әдейі

ұстап жібермей тұрғандай экранға әзер шыққаны. Бәрі рас. Шағын аудан орталығының шаңы аспанға шығып, үйлер ат көпір қирап жатыр. Мемлекеттік мекемелер ғимараттарының шеккен зардабы да сұмдық. Кейін салынған үш қатар мектеп пен мәдениет үйі де сол. Көптеген оқушылар бетон қабырғалардың астында қалған. Аман қалған, аман қалғанда бір кірпіші де жерге түспеген жалғыз – балабақша. Соның жанында тұрған телерепортер лауазымды тұлғаға сұрақ қойды. – Бұл ғимарат қашан салынған? – Ана мектеп, мәдениет үйімен бір мезгілде. – Мұның еш зардап шекпеуін немен түсіндіресіз? – Білсем, қане. – Кімнің проектісі бұл? – Жергілікті азамат болатын. – Болатыны қалай? – Қазір түрмеде, ол. – Не үшін? – Ол өзі бір щепетильный әңгіме...

Хабарының соңынан комментарий жүр­ гізген телерепортер балабақша жобасын жасаған адамның есімін атады. – Өркенбек Бәзілов. Түрме бастығы орнынан атып тұрды. – Бізде... Біздің түрмеде жатыр о кісі, – деп дегбірінен айрылып қалды. «Ал сол Өркенбек Бәзіловтың түрмеде жатқанына бес жыл болыпты, – деді телерепортер қыз. – Неге сотталғанын алдағы уақытта анықтай жатармыз. Ал бүгін айтарымыз, соның жобасымен өзі бас болып салынған жүз жиырма орынды балабақша мен ондағы бүлдіршіндер жеті баллдық жер сілкінісінен дін аман қалды... – Міне, міне, – деп түрме бастығы орнынан тұрып кетті. – Біліп едім. Сезгенмін, жай кісі емесін. Сезіп ем... – Кімді айтып тұрсың? – деп сұрады әйелі. – Архитекторды. Бізде жатыр дедім ғой, бес жылдан бері. Ал оның жобасы жүз жиырма бүлдіршінді аман алып қалды. Дін аман. Өркенбектің жатқан жеріне өзі бармақ болып, қолын алмақ болып, жақсы-жақсы лебізін айтпақ болып қызмет орнына ентігіп жеткенде, орынбасарының бірі есік алдында күтіп тұр екен. Ілесе кіріп айтқаны: – «Архитектордың» жүрегі тоқтап қалыпты, азамат бастық. – Тоқтап қалғаны, қалай? – жаман көзімен жалт қарап, орнынан атып тұрған. – Сызбаларын кеудесіне басып құшақтаған күйі...

Бара бер, – деді қолын сілтеп. Басын қос алақаны­мен құшақтап, ұзақ отырды. Ойлап келгеніне жетіп үлгермегеніне, байқұстың салып кеткен балабақшасы жер сілкінісінен аман қалғанын естімей кеткеніне өлердей өкінді, опынды. Біртүрлі көңілі жаман босаған. Бірақ, көзінен жас шыққан жоқ.

Ағайынды екеу еді. Өткен ғасырдың алпысыншы жылындағы қатты қыста Аңырақай даласының «Қошқар сайы» дейтін түкпірінде бір қара бойдақ қоймен киіз үйде қыстап отырған әке-шешелері дүниені белуардан басып қалған ақ қар, көк мұздың құрсауында ай жарым қалып, содан дертке ұшырап, соның зардабынан біраз сүйретіліп жүрді де, бірінен кейін бірі көз жұмған. Әйтеуір, ағасы олар барда әскерге барып-келіп, үйленіп үлгерген еді. Колхоздың токарь цехында көмекші болып істеді. Құдайдың берген қабілеті шығар, темірден түйін түйетін шебердің нағыз өзітұғын. Содан Кеңес өкіметінің қисыны кетіп, басы бартер болып басталып, аяғы колхоздың қожалық-қожалыққа бөлініп, дәл осы аралықта Өнеш, Комбинатор, алжапқыш

бұлардың әкелері, аталары бәленбай жыл тірнектеп жиған, титықтап жасаған дүние ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен ұйпа-тұйпа кезең өтпеді ме. Ағасы токарь цехын түгелдей ме, жоқ жартысын ба, әйтеуір, салдырлаған темірлерді әкеліп, үйге жалғас салынған екі бөлмелі қойманың арасындағы қалауды алып тастап, шеберхана жасап алды. Содан күндіз-түні шықпады ғой. Кімнің темір көлігінің, өзге де саймандарының әлдебір деталі істен шықса немесе жаңасын жондырып жасату керек болса, осында келеді. Істен шығып қалған түрлі тұрмыстық бұйымдарын да көтеріп әкелетін жерлері осы үй. Бұған дейін «Әй, Жүлдебек!» еді, енді «Жүлдеке!», «Жүлдеш!» атанды. Ағасы ешкімнің бетін қайтармайды. Алақанының өзі екі елі күс болып кетті. Қазір жонып жасаған темір бұйымдарды оттай ыстық кезінде-ақ қолымен ұстап тұра беретін. Терісінің күйіп жатқанын көңірсіген иістен білесің. Жұрттың уақтылы айлық, зейнетақы ала алмай жүрген кезі. Жасатып алғандары үшін есеп айырысуға тиын-тебендері жоқ. Дүкендікі бар, қолдан жасағаны бар, бір-бір шөлмегін көтере келеді. Ағасының оқта-текте болмаса ішімдікке әуестігі жоқ еді, көтере келгендердің кеу-кеулеуімен әуелі ұрттап-татып, бара-бара әбден дәнікті. Азанда шеберханаға кірсең, ана қуыста, мына қуыста жартылай ішілген, түбінде аздап қалған шөлмектер сорайып-сорайып тұрады.

Ағасы күнде қызу. Өзі мас болғанымен, қолы масаймайды. Түрлі темір бұйымдарды сантиметр, миллиметріне дейін дәл жонып, заводтыкінен еш айнытпай жасайды. Ғажабы, азанда басы шелектей, беті көнектей болып тұрғанда, жартылай ішілген немесе бас­ тап үлгермеген арақты қайда қойғанын, қай қуысқа тыға салғанын есінен шығарып алады, ал жонған, жасаған темірлерін қойған жерінен дәл табады. Не керек, күндер өте ағасы тап-таза маскүнемге айналды. Әйелі ауылдастарға: “Айналайындар, арақсыз келіңдерші,”–деп жалынды-ақ. Өйте алмады, ешқайсысы. Кейбірінің өздерінің құлқыны құрып тұрды, кейбірінікін ағасы арақсыз жасамайтынды шығарды. “Әуелі, құй!” дейді. Ақыры сол “Құй!” түбіне жетті. Қайсыбір күні ертеңгісін мүлде оянбай қалған. Ағасының жанында қолғабыс ете жүріп бұған көп нәрсе үйренуге болатын еді. Бірақ, үйренгені аз. Қабілет керек екен. Ниеті де болмады. Тек ағасының кез келген ашылмай немесе жабылмай қалған құлыпты, өзі станокпен жасап алған әртүрлі істік, имек, басы жіптей жіңішке темірлермен сарт-сұрт ашып, сартсұрт жаба салатыны қатты қызықтырған. Соған ден қойды. Бәрін кез келген өзіміздің, шет елдің құлпын шашып-жинаудан бастады. Ағасы қандай құлыпты істік немесе басы имек, кейде екеуімен, кейде бір өзімен қалай ашуды көрсетті. Сөйтіп отырып “Мұнымен нан тауып

жей алмайсың, станокты меңгер” деп қанша күштесе де, әбден біліп алғаны құлып ашу ғана болып қала берді. Байы өліп, қайнысы шеберханаға кіре бермейтін болғандықтан жеңгесі әлгінің ішіндегілерді тұтасын тұтастай, бөлшекбөлшегін бөліп-бөліп сатып жіберді. Кейбірін сұрағанға былай да беріп жатты. Тұрмыс сөйткізді. Шиеттей үш балаға тамақ керек. Өнеш не істейді, қайда барады? Не істеп, қайда барамыз деген жастар ауылда сеңдей соғысып қалған. Опыр-топыр. Кешегі космонавт боламыз, ақын, әнші боламыз, тағы не еді, әйтеуір, боламыз да, боламыз деген арман-қиялдарынан адыра қалды. Бәрінен бұрын өзге түгілі, өз әке-шешесі, бауырлары мен ағайындарының көзіне күйік болды. Еңбекқоры мен жалқауы да жаппай жалақы алатын, жақсысы мен жаманы теңдей тамақты ішіп, бірдей киінетін, асылы мен жасығын ешкім ажыратып жатпайтын социализмнің ұрпағы капитализм жетіп келгенде қалай жүріп, қалай тұрарларын білмей, қарадай қанкөбелек ойнап кетті. Топтасып мал ұрлау, бау-бақшаны үптеуді былай қойғанда, ауылдағы семіз иттерді ұрлап сойып, қуырып жеу деген сұмдықтан елдің есі шыққан. Мал соңына иесі түсті, бау-бақша күндіз-түні күзетке алынды, үй құстары мен семіз, қоңды иттер таусылды. Қараң қалған жастардың бір бөлегі енді қалаға қарай ағылған. Соның қайсыбір легімен Өнеш те кеткен. Ойы, жұмыс

тауып, қаражат жинап, жеңгесі мен ағасының балаларына қарайласу. Мекен-жайы қаланың шет жағында әкесімен бір туған әпкесі бар еді, соның үйіне жетті. Әпкесі әуелі көзінің жасын бір сығып алған. Күйеуі Атырау жаққа ақша тауып келгелі көктемде кетіпті, күз болды әлі хабар-ошарсыз екен. Аядай екі бөлме. Үш ұл-қыз. “Мектепті де бітірмедің, – деді бұған. – Қайда барып, не істейсің?.. Қиыр-шиыр дүние. Біреуді біреу түгілі, туған-туыс бір-бірін адам екен-ау, жақынымыз емес пе еді деуден қалды. Әркім өзімен. Өйтпеске, сірә, амалы да жоқ. Тапқаны тамағынан артылмайды. Газ бен электр жарығына белшеден қарыз. Кімге қарасаң да, шықпа жаным, шықпа”. “Пәтер іздеймін, әпке” деді бұл. “Базарға барып көр, – деді әпкесі. – Тәшке сүйреп жүрген бала көп”. Базарға бір апта барып жүрді. Тәшкенің табылатын түрі жоқ. Оны сұрағандар мұның алдында да жетіп артылып жүр екен, бұларға ешкім кісімісің, итпісің демейді. Естісе, тәшке алу үшін, қып-қызыл ақша беру керек екен. Ондай ақша бұларда қайдан болсын. Қалаға бет алғанда, жеңгесі: «Барым осы ғой», – деп берген аздаған тиын-тебеннің өзі таусылуға шақ. Қатты күйзеліп, түн қараңғысында келсе, әпкесінің ұл-қызы құры қуырылған пияз жеп отыр екен. Әрқайсысының қолында бірбір кесім нан, дастарқанда шамалы шекер болды. Өнештің есіне жеңгесінің “Барым осы ғой” деп бергені түсіп кетіп, балалардың аузынан қағып «Қап, бекер алған екем-ау» деп өкінді.

“Әпке, пәтер таптым,” – деген. – Ертең барып кіреміз, үш жігіт”. Өтірік айтты. “Қаланың ортасында ма, шетінде ме?” “Базар жақта.” “Тәшкіні қайттің?” “Болатын сияқты”. “Сөйтсе екен”. “Келіп тұрам ғой, әпке. Көмектесем”. Шын ойы еді. “Айналайын-ау, өзің адам болып кетші, әуелі”. Ертеңгісін кетерінде әпкесі көзіне тағы жас алды. “Абай жүр, әйтеуір”. Базарда бірер күн бірге сенделген ауыл­ дастары: “Құлбазар” деген бар екен, сонда баралық деген. Қаланың өзінен де, оның сыртындағы ауыл-ауылдардан жалдап әкетушілер табылатын көрінді. Оның үстіне “Құлбазарда” үйсіз-күйсіз жүргендерді топтап апарып арзанға түнететіндердің де болатынын естіген. Келіскен жерлерінде кездесіп, топырлап “Құлбазарға” да жеткен. Бұл өзі үйлері селдірлеу үлкен көшенің бойында екен. Ана жерде де топ-топ, мына жерде де шоғыр-шоғыр, жас шамалары әрқалай, киімдері бірыңғай дерлік өң қазақ. Бірде-бір шашы сары, көзі көкті көре алмағандарына таң қалды. “Құлбазарың” тек қазақтардың базары секілді. Онысы несі, деп қалған Өнеш іштей. Бұлар қай жерге барып тұрарларын біле алмай, дағдарды. Үлкен ағаштың көлеңкесінде егделеу екі қазақ отыр. Жанжақтарына жалтақтаған жас жігіттерді жандарына шақырды. “Немене, алғаш келіп тұрмысыңдар?” “Иә.” “Ауылдансыңдар ғой,

зәді”. “Ауыл­данбыз”. “Қолдарыңнан не келеді?” Бұлар бір-біріне қарады. “Жұмыс” дескен міңгірлеп. “Қандай жұмыс, сонда?” “Бәрін де істей береміз”. Егде қазақтың бірі: “Құйрығы жоқ, жалы жоқ, елім қайтіп күн көрер” деп ыңылдады. Сөйтіп отырып: “Ешқайсысыңның еш мамандықтарың жоқ, ә? – деді. – Нақты бір шаруаның басын қайырып істей алмайтындардың құны “Құлбазарда” көк тиын. Өзің жақсы, көзің жақсы демейді, ешкім. “Мынау қолыңнан келе ме? Жүр!.. Жоқ деймісің... Ары тұр!.. “Не дейсің? Дым да. Себебі, тауар­ дан еш айырмаң жоқ. Өзіңді өзің арендаға бересің. Басыбайлы сатыламын десең де, еркің, егер ол қаласа”. Бұлардың айтар еш уәжі болмады. Уәжді емес, олар, әйтеуір, бір жұмыс қалайда табылса деп үздікті. Ары-бері ағып өтіп жатқан автокөліктерге жалтақ-жалтақ қарап, ана тұс, мына тұста тұрғандардың барлығының көкейінде тек сол екенін түсінген Өнештің үміт оты өлеусіреп қалған. Түс ауа ма екен, бір такси осылардың жанына сырғып келіп, тоқтай қалды. Артқы есіктен жасы жер ортасына келіп қалған қасқабас, қалың қас еркек түсіп, егде екі еркекке тіке жүрді. “Жұмыс керек пе?” “Әлбетте” деп аналар орындарынан дереу түрегелді. “Пәтердің ішіне капитальный ремонт жасау қажет”. “Ол қолдан келеді”. “Жарты ай мерзімде”. “Әңгіме жоқ”. “Онда жүрелік. Барған соң, ақысын келісе жатармыз”,деді қасқабас, қалың қас. Өнештің таң қалғаны, анау қазақша судай ағып тұр.

“Қысқа мерзімде дедіңіз ғой, жанымызға тағы екі адам қосып алсақ” деді егде қазақтың бірі. “Оны өздерің біліңдер”. Өнеш пен тағы бір жігіттің аяқ асты жолы болды. Қасқабас, қалың қастың мекені екі пәтерлі жер үй болып шықты. Соның бір жағы. Үш бөлмелі. Көптен адам тұрмағаны бірден көрініп тұр. – Үш жылдан бері осы. Шетелде жүрдім. Шаруа, – деді анау. – Қарап шығып, мынаны саңғырлаған үй етуге не керекті түгел айтыңдар. Дүкені бар, базары бар, төрт көзіміз түгел барып сатып аламыз. – Мына бөлме есігі ашылмай ма? – деді егде қазақ, тартып көріп. – Оның іші бос. Сондықтан есігін кілттеп кетіп едім,–қасқабас, қалың қас қолындағы кілттеріне қарады. – Бәрімен көріп шықтым, біреуі де ашпайды. Өз кілті түсіп қалған ба, әлде құлыпты тот басып кетті ме… Үш жыл деген, не так уж мало... Осы тұста Өнеш шыдамады. – Маған көруге бола ма? – деді. – Мына кілттермен әуре болма? – Қазір… – Өнеш кішкене қол чемоданынан бір уыс әртүрлі істік, имек жіңішке саймандарын алып, есікке барды да, құлыптың тесігіне анаусын бір сұғып, келесісімен бір шұқып көріп, әне-міне дегенше сырт еткізіп ашып жіберді. – Вот тебе, да, – деп қасқабас, қалың қас орысша сөйлеп жіберді. – Ты вор что ли, сукин сын?

Сондай бір таңғалып, разы боп айтты, онысын. – Жо…жоқ, – деген Өнеш ұрымысың дегеннен жаны түршігіп. – Мен… Мен… Менің ағам токарь болған. Содан үйренгем… Бөлменің ішін шынында да әбден шаң басқан. Темір төсектен басқа дәнеңе жоқ екен. – Жөндеу біткенше осында тұрамын дегендерің болса, пожалуйста, – деді қасқабас. – Рас па? – Өнеш пен жанындағы жігіттің даусы қосарлана шықты. – Постель не обещаю. – Оны өзіміз табамыз. Қасқабас, қалың қас өзін Комбинатор деп таныс­тырды. – Атыңыз осындай ма? – Ия, есімім – Комбинатор. Өнеш ұрып айдап әпкесіне келген. Әпкесі көрпе-жастық, шәугім, плиткасын арқалатып жіберді. Жанындағы екеуі әлгі құлпын Өнеш ашқан шағын бөлмені тазалап, бір көрпе, бір жастық, бір матрасқа қырларынан жатып, бірер күн болса да бақытқа кенеліп қалған. Күндіз төртеу болып үй жөндеп, түнде екеу болып, барды тең бөліп жеп, көздері ұйқыға кеткенше оны айтады, мұны айтады. Жанындағының көксейтіні, жақсылап киінсе, кафе, ресторан, казиноларда жүрсе. Импорт автокөлігі болса. Одан бар ғой, одан шет елге… Теледидардан көрсетіп жататын ғажайып жерлерге. Тіпті, о жақта біржола қалып қойса да, мейлі. Мұнда не бар? Ауыл, қой, сиыр, күлқоқысы кез келген үйдің артында үйілген кір

қала, “Құлбазар”… “Әке-шешең, бауырларың бар емес пе?” дейді Өнеш. “Ой оларға қарасаң, солардың кебін киесің, – дейді анау. – Ал мен жаңаша өмір сүргім келеді…” Өнештікі – өліп-тіріліп жұмыс істеп, көптеп теңге табу. Сонда ауылға қайтады. Ағасынан қалған үш бауырын асырап, жеткізу керек. Қаржыдан тарыққанда жеңгесі сатып жіберген ағасының темір-саймандарын қайта сатып алып, шеберхананы қалпына келтіреді. Ағасының нені, қалай жонатыны, қалай жасайтыны, қалай жөндейтіні түгел көз алдында, енді соған қолын үйретеді, жатпай-тұрмай. Шеберханаға арақ деген пәлені жуытпайды. Осыларды бағып-қағамыз деп жүріп, ақ қар, көк мұз киіз үймен қыстап жүріп, ауру тауы­п, ерте көз жұмған әкесі мен шешесінің моласы темір сыммен қоршалған еді, оларға ақ кірпіштен қорған тұрғызады. Көршінің қолдыаяққа тұрмайтын сары тәмпіш пысық қызы да келесі жылы мектепті бітіріп қалады. Былтырдан бері пәлекеттің көз қиығы осы жақта. Е, сонымен құдай қосса… Ауылда тұрып, ауылда жүргеннен артық не бар бұған. Ауылы – алтын бесігі… Жөндеу жұмысы аяқталуға таяу қалған сайын екеуі ары қарайғы күніміз не болады деп тызалақтайды. Қинайтыны сол, баяғы жұмыс пен тұрақ. Олар өйтеді екен деп, жүріп жатқан жұмыс, өтіп жатқан уақыт тоқтап тұра алмайды. Шаруа дәл келіскен уақытта аяқталды. Есеп айырысып, бұлар үй иесімен

қош айтысып, есікке беттегендерінде Комбинатор Өнешке ым қақты: – Сен қала тұр, – деді. Қалды. – Саған пәтер керек пе? – Өте… – Онда мыналарыңды шығарып сал да, кері орал. Өзің жатып жүрген бөлмеде тұра бересің. Өнештің көзі жасаурап кетті. – Расымен бе? – Поверь. И работа найдется. Пәтер ақыны да не думай. – Жанымдағы да қалсыншы. Барар жері жоқ, – деп қиылды Өнеш. – Вот этого не годится. Өнештің қарсы айтар уәжі қайсы. Жанындағыға келіп, жағдайды айтты. – Өкпелеме, – деді. – Басқа не деймін… Комбинатордың жалпы қай ұлттың өкілі екенін ешкім білмейтін. Ол қазақ, орыс, татар, неміс, ағылшын тілдерінің бәрінде еркін сөйлей алатын. Өзі үйленбеген. Кәсібі… Бұл өз кәсібін ерекше өнер санайды. Ерекше өнер мейлі, ол ия жақсы, ия жаман, әркімде бола бермейді. Әркімдегі әрқилы ерекше өнер шешуі қиын жұмбақтарды, оқыс құбылыстарды, тың әрекеттерді туғызады. Бұл кәсібін қан қуалаған қасиет деп білетін. Өзіне өзінің дейтіні: таңдаған кәсібін бұл ойлап тапқан жоқ, ол адаммен бірге жаралып, өзгедей кез келген әрекеттердің бәрімен бірге

жалғасып келеді. Рас, әртүрлі сипаты бар. Кім неге жақын жүреді, шаруасы сонымен. Өкіметке жақын жүргендер өкіметті, қалаға жақын жүргендер қаланы, далаға жақын жүргендер даланы, теңізге жақын жүргендер теңізді... Бұлардың кәсібіндегілер өзіміздің өкімет, өзіміздің қала, өзіміздің дала, өзіміздің теңіз демейді. Мұны әкесі айтып еді. Әкесіне атасы айтыпты. Атасына бабасынан қалған… Өз басы өкіметке, далаға, теңізге жақын жүріп көрген емес, қала мен далада ғұмыр кешіп келеді. Тек тұрғындардың дені қазақ болсын. Адал, аңқау жұрт. Ешкім де мынаның түр-түсі бөлек, бұл неғып жүр демейді. Не істеп, не қойып жүр демейді. Көбі көнбіс. Әйтеуір, тірі жүргеніне разы. Байығандары әңгілеу. Жер-көкке сыймай кетеді. Елден асырып үй салады, елден асырып иномарка мінеді, қатындары бұтына мың долларлық лыпа киеді. Сосын тоқал аламыз деп арамы да, ауы да қатар ашылып ардың-гүрдің. Жеттік, жетілдік, оздық дегендері. Бұлар өстіп жүргенде сен білгеніңді істей бер, енді. Иттің итақайы сөйтпеді ме, баяғыдан. Қазақ бұл қорлық, бұл мазақ, бұл пайдалануды кісіге жасаған жақсылығымыз, кеңпейіліміз деп мәз. Мақтаныш етеді. Ең сойқан эксперименттер осы адал, аңқау жұрттың өзімен және жерімен жасалды: тың көтеру, атом сынағы, жүз ұлттың планетасы тағы, тағылар... Эксперимент... Соның бірін... Ия, көреді, бұл да.

Комбинатор өзі барып дүкеннен Өнешке осы замандық қымбат киімдер әкеліп, мұздай киіндіріп қойды. Сондағы Өнештің қуанғаны. Ол мұндайды өмірінде үстіне жапсырған емес. – Сонда бұлардың бағасы қанша? – деген басына “бұған шашым жете ме” деген ой қылаң етіп. – О жағын қоя тұр, – деген анау. – Киініп, көшеге шығып, бойыңды үйретіп ал. Көшеде әрі-бері жүріп, көңілі көкке кетіп, көкірегі шаттықпен күмбірлеп, үйге оралса, есік ашқан Комбинатордың ар жағында жүні жалбыраған кіп-кішкене ақ күшік, шәу-шәу етеді. – Бұл Снегурочка деген қаншық. Ана жолы иесімен бағасына келісіп қойып едім, өзі бүгін алып келді, үш жүз баксқа сатып алдым. – Мына күшікті ме? – Күшік емес, қаншық кәдімгі. – Кішкентай. – Тұқымы солай. – Керегі бар ма, оның. – Болғанда қандай! Кешкі тамақтарына тойып алған соң Комбинатор таратып айтқан тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: заман опай-топай. Оң мен солын айырып үлгермеген жұртқа дағдарыс деген келді. Есті мен ептінің еңсесі түспес, ал ебедейсіздің еркін кім жібітеді. Өзің айттың, ауылда жеңгем мен ағамның үш жетім баласы қалды деп. Соларды асырапбағу керек деп. Өйте қоятындай жұмысты

кім береді саған. Оны істеп жүргендердің өзі қысқарып жатыр. Мамандықтары бар, стаждары бар, тәжірибелері бар. Сенде оның бірі де жоқ. Оқығандарыңның да оңғаны қадауқадау. Табиғи қабілетсіз. Туа білімсіз. Жоғы бара беретін, бары пара беретін пәленің пәрмені осы. Содан да құры қауқиған қуыс бірдеңесіңдер. Ары кеткенде аққаладан айнымайсыңдар. Өзін-өзі өлердей ісіріпкептіріп, өңмеңдеп жүрген өресіз әсірелерің және көп. Атақ, даңқтың артына атаң қазақ дәл бүгінгілердей түскен жоқ шығар. Ел қайда, су қайда дейтін емес, екі иығын жұлып жеп, есіктегі басын төрге сүйреумен қым-қуыт. Ал сендер жүрсіңдер «Құлбазарда»... Қане айтшы, жұмыс таппадық делік, өзі де солай болады, сонда не істейсің? Пәтерақы, тамақ, киім... Ауылға қайтамысың, әлде?... – Сөйтер ем… Жұмыс не ғой, онда. – Тіпті, бұл қаладан күнделікті оны-пұны тірлік те табылар. Ол ішіп-жегеніңнен артыла ма? Кейбіреуде, әйтеуір, баспана бар. Әкешешесі, қатыны бардың ата-анасы зейнетақы алатын, қатыны бір жерде жұмыс істейтін шығар. Ал сенің сенерің кім? – Соны білмеймін, – деп Өнеш міңгірледі. – Мынаны қара, сен осы аяқ асты байып кеткендерге қалай қарайсың? – Ешқандай… Қайдам… – Қаншасы қазағын тонап… Әлі өмір сүріп те үлгермеген, ал бірақ, енді мемлекетті тонап үлгерді. Сол тоналғанның ішінде мына

сен де, бүкіл ауылың да бар. Қайту қажет мұндайда? – Білмеймін, – деді Өнеш шынын айтып. – Кек алу керек. – Кек? – Ия. – Котовскийді білемісің өзің? – Ол кім? Комбинатор бұған ұзағырақ қарады. – Ладно, – деді сосын. Оны қоялық. Ленин дегенді ше? – Ленин… Естігем. – Кім ол? – Ол ма, ол… – Нағыздың өзі, – деді Комбинатор. – Ол сендердің елдіктен еркіндіктеріңе дейін тонап алып, құл еткен пәле. Главный рэкетир, мирового масштаба, блин. Солай... Робин Гуд, мысалы… – Көрдім ғой, кинодан. – Байларды қалай зар қақсатады, ә. Еркек. Сондай болатын заман, қазір. Сондай... Общем, ойлан. Ойланғанда, как сказал Джек Лондон «Время не ждет». Миына ештеңе кіріп-шыққан жоқ. Комбинатордың айтқандарынан білетіні, өзінің көріп-сезіп жүргендері, расында бүгін қаңқалақтап қалды, бұлар. Айналаң, апыртопыр сенделіс. Біреу жұмыс іздеген, біреу оқуына ақы төлей алмай жүрген, біреу жеңілдің асты, ауырдың үстіне таласқан... Келесі бірі иномарка мініп жүргендердің тобыры кафе,

ресторан, казино, саунада... Олардың сенде шаруасы жоқ. Оларға сен ешкім емессің. Сенің бұл дүниеде бар-жоғың бәрібір. Бәріміз де қазақтың баласы емеспіз бе, демейді. Ақ қаншықтың шәу-шәуі естіледі. Анау оны бір бөлмеге шығармай қамап қойған. Іштен есікті тырмалайды. Ырылдайды… Комбинатор болса, Өнештің жүрістұрысынан оның әрі-сәрі халін, жалпы солқылдап қалғанын байқады. Ол адамның ең әлсіз тұсы – қайткен күнде жансақтау түйсігі екенін, өзі арқылы білетін. Ендеше, мынау жасөрім енді ешқайда кете алмайды. Демек, ойлаған шаруаны тездету керек. Ол тынса... Оқыс оянып, лезде жоғалатын аяныш. Себебі, аяныш сезімі қалай лүп етті, ар жағындағы айдаһар атып шыға келеді, тілі сумаңдап. Жан-дүниесі жынданған жыланға айналады. Сонысынан кейде тіпті өзінен өзі қорқатын да. Комбинатор ұлтын ешқашан ешкімге айтпайтын-ды. Ұсқыны кімге келіңкіресе, сол бола салатын. Рас, ол арғы тегін білетін еді, алайда одан бері қараған жерде қырық сідік, қанында құрлықтағы бірталай жұрттың тамшысы бар. Оның пайымы – кім болсаң о бол, қайда жүр, не істесең, оны істе – жан сақта. Өзгенің барлығы адамдардың ойлап тапқан далбасасы. – Ауылыңа әлі-ақ иномарка мініп барасың, – деген Өнешке. – Үйің, жайың болады. Жер, мал сатып аласың, әлі-ақ. Өнештің бойы шымыр-шымыр етті. Ино-

маркамен ағасының балаларын, жеңгесін салып алып, заулап бара жатқандай күй кешті. Келесі күні түс ауа: – Кек алуға шығамыз, – деді Комбинатор. – Құдайы­ңа сыйынып қой. – Сіз ше? – Мен өзіме сыйынамын, – деп жымиды анау. Жанарында от ұшқыны тұр екен. Бұлардың келгені таяуда ғана пайдалануға берілген элитный үйдің екінші қабатындағы арнайы­лап салынған алты бөлмелі пәтер еді. Иесі банктің меңгерушісі. Жап-жас жігіт. Әбден байып алған. Ба­йып алмаса, бұл жүргізген анықтамада көрсетілгендей, әйелі бұтына мың долларлық лыпа киер ме еді. Комбинатор оның үйін иті күзететінін біліп алған. Сол үшін де осында келіп отыр. Алдағы уақытта да өстеді. Тек иті бар пәтерлер керек, бұған. – Бұл кімнің пәтері, неге келдік? – деп сұрады Өнеш сыбырлап. – Ақырын, – Комбинатордың өңі өрт сөндіргендей. – Кек аламыз демедім бе? – Қайтіп?.. Өлтіреміз бе? – Өнеш иманы тас төбесіне шықты. – Перестань. Қане, аш құлпын. Тез. Өнеш уысындағы сайманның қайсы бірімен есіктің құлпысын сырт еткізді. Комбинатор аспалы сумкасынан бүктеулі бір алжапқыш алып, алдына көлденең ұстады. Өнеш онысына таңғалған. – Есік ашылғанда, – деді сыбырлап Комбинатор. – Алдымыздан ит жүгіріп шығады,

сен қорықпа, мынау барда, – ол алжапқышты көрсетті. – Бұл барда ит бізге дым қыла алмайды, ар жағы дело техники. Қорықпа, алдымен өзім кіремін. Қане, аш, ақырын. Бұлар кіргенде тайыншадай үсті түгел теңбіл төбет төрден бері арс етіп, тұра ұмтылды. Сол кезде Комбинатор алжапқышты алдына көлденең ұстай қойғаны. О, сұмдықай, тура ұмтылып келе жатқан екі көзі шоқтай қызыл теңбіл төбет, алжапқышқа тұмсығы таяй бергенде, адам шыдай алмайтын аса сұмдық айбарынан лезде айырылып ырбалаңдады да қалды. Ырбалаңдап алжапқышты иіскелеп өліп барады. Комбинатор алжапқышты оның тұмсығынан ұстаған қалпы ваннаға қарай жылжыды. Төбет те солай. Тұмсығын алжапқыштан алмайды. Комбинатор ваннаның есігін ашты да, өзі кірмей, алжапқыш ұстаған қолын ішке қарай созып еді, төбет бірге ілесті. Енді анау алжапқышты ары лақтыра салған. Төбет те сонымен бірге кірді де кетті. Ваннаның есігі сарт жабылды. Комбинатор нені қай жерден іздеуді білетін еді. Дәл бір өз үйінде жүргендей алтынкүміс әшекейлерді дәл тауып, аспалы сумкасына тоғытып жатыр. – Шкафтардың суырмалары кілттеулі болар, шетінен соларды аша бер, – деді Өнешке. – Тездет. Өнешті таңғалдырғаны ерлі-зайыптылар­ дың төсегінің астынан әдемі қара дипломатқа толы доллардың шыққаны. «Төсектерінің астына қойғандары несі?» деп күбірлеген.

Бас-аяғы сүт пісірім мерзімде мол дүние арқалаған екеу, зып беріп сыртқа шығып кетті. Сырттағы беседкада екеудің басы қосылып қалыпты. Мас. Қолдарында стақан. “Не үшін ішеміз?” – дейді. “Ит өмір үшін де…” “Неге өмір ит? Өзіміз итпіз...” деп екіленді біреуі. Өнештер олардың сөздерінің аяғын естіген жоқ, лып етіп үйді айналып кетті. Өнеш үйге өң мен түстің арасында жетті. Өзіне-өзі көпке дейін келе алмаған. Оқтау жұтқандай қылғынады. Ішіне біреу қолын білегіне дейін сұғып жіберіп, не бардың барлығын мыжғылап, езіп жатқан сияқты. Алғаш рет жаман ұялды, алғаш рет өлердей қорланды. Көзінен жас шығып кеткен, жас жаны жайрап қалды. – Есіңді жи, – деген Комбинатор. – Біз халықты ұрлап жатқандардан кек алдық. Қорықпа! Себебі, әлгілер өздерінің тоналған­ дары жайлы ешқашан, ешкімге хабарламайды. Ұрлап алғандарымызды ұрлатып алдық дей ме? Комбинатордың кек алдық дегені сәл де болса демеу еді. Әйтеуір, өзіне солай көрінді. Басын көтерген. Осы кезде Комбинатор қолына екі бума қағаз ұстатты. – Он мың доллар, – деген. – Бүгінгіден үлесің. Өнештің көзі тас төбесіне шықты. – Он мың!.. – Аз ба? – деп күлген Комбинатор. – Аз… Қайдағы аз… – сансырап, санда-

лып отырған жас жігіт енді сасқалақтап кетті. Ол үшін алақанындағы осынша көп ақшаны бағанадан бергі жанын жеп отырған күйзеліс сезімін әп-сәтте жайпап өткен. – Бұйырғанды тағы көреміз, – деді Комбинатор. – Алжапқыштың құдіретін көрдің, кез келген төбетті кеңкелес қылып жіберетін. – Сонда, айтыңызшы, алжапқыштың өйтіп жіберетіні… – Ол құпия, – деді Комбинатор. Құпияны бұл үш жыл отырған жақтан ала келген. Сонда біреумен әмпей болды. Мамандығы веттехник. Бір тәжірибе жасап көріп, онысы іске асқан соң, үй үптеу жолына түседі. Үптеген бұйымдарын сатып тұрған жерінен ұсталып қалған. Өзі өлердей дімкәс еді. Бұл оны қамқорлығына алып, біраз септігін тигізіп жүрді. Әлгі құпия тәжірибесін білу үшін, әрине. Обалы нешік, ол бұған құпияны айтып берген. Сонда жаман қатты таңғалып еді. Адамнан бәрін күтуге болатынына есі шыққан. – Еңбегіңді сіңірсең, оны мен саған айтамын, – деді Комбинатор. – Бастысы, сенімнен шыққаның. Менің есебім бойынша таяу күндерде барлығы мың доллар қолыңа тиеді! 50 мың! Өнеш өмірінде бір буда түгілі, бір жапырақ көк қағаз ұстап көрген жоқ еді. Басы айналып қалды. Түнімен ұйықтай алса, қане. Долларды қол чемоданына салады, алады. Қайта-қайта санайды. Бұл үшін түсіне кірмеген шексіз

байлық. Үш-төрт үй қалды деді ғой, сол үштөрт үйдің әрқайсысынан осындай үлес… Шіркін, ағасының балалары мен жеңгесін қолына көшіріп алар еді… Айтпақшы, әпкесіне бір жүз доллар, жоқ, екі жүзін апарып берсе ше. Қандай қуанар еді. Атырауға ақша табуға кеткен күйеуі келгенде: “Жақсылықты жаман інімнен көріп отырмыз” демес пе… – Комбинатор ағай, – деген. – Жағдайы жоқтарға да береміз бе? – Не дейсің? – Мынауымыздан жағдайы жоқтарға да... Комбинатор мырс-мырс күлді. Сөйтіп тұрып, ананың соншама аңқаулығына жаман таңғалды. – Во–первых, біз Робин Гуд емеспіз, – деді. – Он герой ушедших времен. Во–вторых, қазір біреуге бірдеңе берсең, скажем долларды, мұны қайдан алдың деп сұрайды. Так что, тыныштал. Келесі жорықтарында Өнеш сенімді қимылдады. Пәтердің бірінде сейф бар екен. Оны аша алмады. Сонысына өкініп, Комбинатордың алдында өзін кәдімгідей кінәлі сезінген. – Өйтпей-ақ, қой, – деген үйге оралып келгенде Комбинатор мұның ойын оқып отырғандай. – Адамның қолынан бәрі бірдей келе бермейді және еш құдіреттің қолынан келмейтіннің адамның қолынан келетіні де шын.

Өнеш бұдан дәнеңе түсінбеген. – Адам да, әлем де өзді өзіне қарамақайшы. Олардан күтпегенді күту керек, – деп Комбинатор өз-өзімен сөйлеп кетті. Қайсыбір күні кек алу жорығына Өнеш енді жеке өзі баратын сын сағаты да туған. – Вперед! – деген Комбинатор. Жолай Өнештің бойында екі удай сезім болды: бірі дүниеге кенеле түсетін қуаныш, біреуі бәрібір қылт-қылт еткен қорқыныш. Сол екі ортада небір ойлар сеңдей соғылысып, әлтек-тәлтек басты. Қол чемоданындағы ақша да жетер еді-ау, деп ойлады. Сонымен кеткенде… Бар ақшаны ойлап жүрген шаруаға жаратып, тып-тыныш тірлік кешіп... Осы соңғысы болса. Ия, соңғысы. Комбинатор айтты ғой, сөйтіп. Уәдесінен айныса айтады: “Маған осы да жетеді, – деп. – Ағамның балалары, жеңгем әбден қиналып қалды, барайын. Қыс түсіп кетпей, әке-шешесінің басына қорған тұрғызайын”, – дейді… Кетеді. Ауылға. Діттеген пәтерге келді. Есіктің құлпысын оп-оңай сырт еткізген. Сосын алжапқышты жайып ұстап, есікті ашып, ішке кіре берді. Көзі тас төбесіне шыққан шымқай қара төбет арс етіп, қарғып келген бойы, қалпақтай түсіріп дәл мойнынан ала қауып жіберген. Көз алдындағы дүние қан көбелек ойнады… Соның ар жағынан өзіне қарай ботадай боздап жүгіріп келе жатқан жеңгесін, ағасының үш баласын, сәл әріректе әпкесін көргендей болды. Сосын өзін төбеттің талап жатқанын

сезді. Тек Комбинатордың ылығуы басталған ақ қаншықты әдейі әкеліп, оның сол ылыққан кезде ырбиған жерінен күйіттің дымқылы бөлінетінін, соны алжапқышқа ары-бері әбден жағып, тұра ұмтылған төбеттің тұмсығына тосатынын, аңқыған күйіт дымқылының иісінен хай­уанды осы жаңа ғана қаны басына шапқан долылығын ылығу құмарлығы ырықсыз ырбалаңдатып жіберетінін, ал бұл жолы Комбинатордың Өнешке әдейілеп күйіттің дымқылы жағылмаған таза алжапқыш ұстатып қоя бергенін, өзі қазір аэропортта, екі бүйірі тоқ үлкен қара сумкасын сипап қойып, әнеміне көкке көтеріліп кетуге даяр отырғанын білген жоқ еді.

Соңғы кездері онсыз да ию-қию ұйқысынан әлсін-әлсін оянып, мазасы болмай жүрген шал, әдеттегідей, таң қылаң бере балконында фильтрсіз сигареттің талын ұзақ-ұзақ иіскеп отырып, дүниеге бей-жай мағынасыз көз тастаған. Төменде тырп-тырп аяқ дыбысы естіледі. Бара-бара ол көбейіп, гүріл-сырыл машиналардың ары да, бері де жөңкілгені бір жағында, қаланың қалың нөпір тірлігі басталады; бет-бетімен безіп бара жатқан жұрт, бет-бетімен безіп келе жататындар да солар. Кім не бітіргелі барады, кім не бітіріп қайтты… оны білісіп, сұрасып жатқан ешкім жоқ. – Су! – ұлының қарлыңқы даусы балконға әзер-әзер жетті. – Су! “Құзғын сәріден көні кепкен ит-ай!” Шал

Зығырданы қайнаған шал ас бөлмеден үлкен зерен су алып баласы жатқан бөлмеге кірген. Бет-аузы көгілдір тартып, өн бойының арса-арсасы шыққан неме әкесіне ала көзбен қарады. – Я же просил жаныма су әкеліп қой деп. – Мынаны не, тауысып тастағансың ба? – Шал төсек жанында тұрған шәугімнің қақпа­ ғын ашты. – Бір түнде… – Жалко что ли, – баласы зерендегі суды қылқ-қылқ жұтып алды. – Как там на счет выпивки? – Бір-екі ұрттам ғана. – Давай, сюда. Баласы жарты стакан самогонды қолы дірілдеп, қақалып-шашалып зорға ішті. – Яд что ли, – деді сосын біраз тұншығып отырып. Шал жауап қатпай шығып кетті. Ызылда-

тып шай қойған. Қанша жылдардан бері осы. Өз шайын өзі қояды. Өзі ішеді. Еті соған әбден үйреніп алғаны соншалық, баласы үйге қайтып келгелі, бөлмелер тарылып, дыбысы ұлғайып, мұның тынысы тарылып кеткен сияқтанады. Жанына жайсыз. Өзінен басқаның бұған керегі жоқ еді. Өзіне-өзі ғана керек. Басқаны қайтеді. Баласының қайтып келген қырсығын көрмейсің бе. Ит-ай… Өзінен туды дегенмен, бала кезінен жат болып қалғанға бауырың езіле қоймайды екен. Өзгеден көріп жүрген әкелік мейірімін өзінен қанша іздесе де таппай-ақ қойған. Бір подъездің бір қабатында тұратын төрт отбасы жылдар бойы қатар жасап та бір-бірін біле бермейтіні– әркім өзіне–өзі ғана керек. Ешқайсысы да “Оу, осы көршілердің жағдайы қалай өзі?” деспейді. Өзгелер үшін тұяқ серіппейтін тұйық тірлік. Шал әбден көндіккен, өзіне қалайтын өмір. Мұнда ұл болған соң шүйіркелесіп отыру дейтін ұғым бөтен. Ұзақ жыл паровоз кабинасында қиыршиыр кезген ғұмыры әуелде дала-безер қылып жіберген. Қырықтан енді асқанда қатыны өлді. Қайта үйленген жоқ. Керек қылмады. Поездағы қызметті, қыз-қырқынның қызығын місе тұтты. Ойнакүл. Алдында еш борыштар емессің. Осылай өткізді ол өмірін. Қала… Жол… Рельс… Оқта-текте ауыл еске түсетін. Сонда туды ғой. Өсті. Бірақ әскерден соң

теміржолшылардың оқуын бітіріп, пойы­з жүргізіп кетті. Өмірі рельстің үстінен шық­ пайтын, анадайда аузы қисайып әкең өліп жатса да, пойызды тоқтатуға болмайтын кәсіп ол. Осыдан кейін бұл ауылды да, ауылдағы ағайын-туғанды да баяғыда ұмытқан. Олардың да мұны тарс естерінен шығарғаны күмәнсіз. Мұндағылар және білмейді. Досжаран дегенге о бас­тан үйір емес-тұғын. Бірдіекілімен соншалық әмпей-жәмпей болмаса да, анда-санда шай берісіп жүруші еді, әйелі өлген соң ол да тыйылған. Үйелменділермен араласуға жалғызіліктінің сәні келмейтін болып шықты. Сосын жан-жағына қолды бір сілтеген. Әйтеуір, жалғыз ұл бар. Ұлы үйлене сала қайын атасының қолында тұрды. Алғаны прокуратурада беделді қызмет істейтін бір дөкейдің маңдайға басқан жалғызы екен, “сүйетінің рас болса, біздің үйде тұрамыз” деп ұлын қолдарына кіргізіп алған. Орысшалау өскен баласында қазақтың күшік күйеу дейтін намысқа тиетін ұғымы жоқ болатын. Жалғыздың жайы белгілі. Өзінен жаралды дегенмен, бір түрлі бөтен. Көбіне-көп анасының бауырында, жанында болды. Бұл пойызбен рельс бойлап қиыр-шиыр дүние кезумен, ресторанда істейтін орыстың ышқыры бос, тоқ балтыр, қалың құйрық, қиылған бел, қаз бөтеге қыз-келіншектерімен алма-кезек көретін рахатымен жүрді, үй-жайды оншалық қаперіне ала қоймайтын. Өмір өтеді ғой. Жылжыған жылдармен

бала да өсті. Мектеп бітірерге біраз қалғанда шешесі өлді. Сосын бұл күтуші әйел жалдаған. Өзі жол үстінде болған соң балаға қарасын дегені. Қарауын ол байғұс қарады ғой, бірақ баласы өзі білерменімен өсті. Сыра, шарапқа үйірлеу болды. Сөйтіп жүріп мектеп бітірген. Сұраған парасын беріп институтқа түсірген. Бес жыл бойы сол бергенін жыл сайын бере жүріп оқуын бітірген. Бағы шығар, прокурор болып істейтін дөкейдің қызына үйленген соң, қайын атасының даңғарадай мекемесімен тектес мекемеде прокуратураның қызметкері болып шыға келді. Ендігі талай-талай белбелеске шырқап шығып, тау төбесінен қарап тұрар ма еді, түбіне ішімдік құрғыр мен қызқатын жетті. Ұлы қыз-қатын мен ішімдіктің қыр соңынан өкшелеп қалмай қойды ғой. Үйленгеннен кейін көп ұзамай араққа сылқия тойған күндері қайдағы бір сары албастыларды үйге алып келетін пәлеге ұшыраған. Орысша оқып, орысша сөйлеп өскен жуадай солғыр: “Батона, (грузиншелейді) развлекаться надо” дейді. “Ит-ау, мұның кім?” “А, какая разница тебе? Лучше сообрази закуску”. Қайтеді, барын столға қояды. Қойып өз бөлмесіне кетпек болса, ұлы жібере қоймайды. “Давай, батона, с нами…” “Бірдеңе ұрған ба”. “Да брось, старина”. “Енді, мына қыздан…” “Не говори ерунду, бұған баребир” дейді ұлы ананың шолтиған юбкасының астынан тақымына дейін көрініп отырған жуан екі санының арасына көзін

сатып. Баласының көзімен бірге, шалдың да көздері еріксіз солай кетеді. Кеткенде, бұлдырап мына сары сайтанның бұтында лыпа бар ма, жоқ па, анық айыра алмайды. Екі алыстан соң баласы әкесіне иек қағады. Көзіңді құрт дегені. Құртады. Құртқанда, барар жері – жатып жүрген бөлмесі. Телевизорды тоққа қосады да, көсіледі. Сөйтіп жатып көз іледі. Содан селк етіп оянады бір кезде. Хабарлары, жарнамалары, кинолары бітіп кеткен көгілдір экран дырылдап тұрады. Шал оны сөндіріп, ұлы мен сары сайтан жатқан көрші бөлмеге құлақ тігеді. Сары сайтанның жалынған ба, жаныққан ба, әйтеуір жаны не кіріп, не шыққан ыңқыл ыңырсығы ап-анық естіледі. “Япыр-ай, мына сары қаншықтың әні сұмдық қой, − дейді шал күбірлеп. − Өле ме, қайтеді.” “Батона!− деп айғайлайды бір кезде ұлы. – Ты жив?” Амалсыз дәлізге шығады. Арақ сіміріп, ұрғашы әурелеуден әбден діңкелеген ұлының құлпет кейпінен есі шығып кетеді. “Пузырь, батона” дейді ұлы. “Менде қайдағы арақ?” “Сбегай, а”. “Ит-ау, жарым түнде…” Десе де барады. Не көп, түні бойы істейтін ларек көп. Не көп, ларекте арақ көп. Ұлының әр келісінде әр қилы сары сайтан келеді. Қара албастылары да бар. Қай сайтан, қай албастысы да бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай. Уһілеп, үздігіп үйді көшіріп жатады. Әуелде шал бұған үрке қарап, ашуланып, еденге түкіріп, жаман кіжініп, ішінен дымда-

рын қалдырмай сыбап отырушы еді, бара-бара оны бір қызығушылық пен әуестік биледі. Көрсе деді. Өзі өткен, өліп-өшкен мектеп қой. Қой, ұят қой, ұят деуді де ұмытқан жоқ. Бірақ әуестік әл бермейтін әзәзіл емес пе. Қайсыбірде төсегінен жайлап тұрып мысықша еппен басып, ұлы мен сары сайтанның жынойнақ бөлмесінің есігіне келген. Есіктің үстіңгі жағы әйнек болатын. Көзәйнегін тағынып ақырын содан ішке үңілді. Әуелі көзі төсек басындағы шыраққа түсті. Шырақтың білтесінен шыққан бір шөкім жарық үлп-үлп етеді. Бөлме іші қызғылт көлеңке. Шал қызғылт көлеңкесінің арасынан ұлы мен сары сайтанды әзер тапты. Жаңа ғана жан алып, жан беріп екіленіп жатқан сайтанның үні өшіпті. Жалаңаш бөксесі дөңкиіп төсекте жалғыз жатыр. Ұлы еденде. Екі бүктеліп қалған. Сірә, әбден діңкелеп құласа керек. Шал ұзақ тұрды. Кетейін дегенде ұлының қозғалғанын байқап қалды. Расында анау басын көтерді. Мен

осы қайдамын дегендей, жан-жағына мағынасыз қарап отырды да, тәлтіректеп түргелді. О, құдай, бері жүріп келеді. Шал сүрініп-қабынып бөлмесіне әзер жетті. Есігіне кіріп үлгергенше соңынан ұлының әлсіреп әзер-әзер шыққан даусы қуып жетті. “Батона!.. Батона!.. Пить”. Шал шықты. “Дай пить, батона”. “Су ма?..” “Огненный…” Шалды жалғыз сәтте әзәзіл айналдырды. Бөлмесінен өзі тығып ішіп жүретін 90 градустық самогонды қырлы стаканымен алып шықты да, белу-

арынан асыра құйып: “Осыны тарт” деді. Ұлы самогонды көмейіне төңкере салып, демін ала алмай қылғынып, шеке тамырлары сұмдық адыра­йып, көзі шарасынан шығып, көгеріпсазарды да қалды. Содан әзер дем сімірген. Енді тікесінен-тік құлап бара жатты. Әкесі сүйеп қалмаса… Сүйеп қалды да, дәл сол жерге жатқызып, үстіне босағада ілулі тұратын қойтан жылғы ескі плащын тастай салды. Сосын жанында аз-кем тұрған. Қорылы үдей түскенде барып, сары сайтан жатқан бөлмеге енді еппен. Қыздың жалаңаш бөксесіне үздіге үңілді. Толық та, топ-томпақ. Жайлап иығынан қозғап еді, қазір үстіне тас құлап кетсе де, дәнеңе сезер емес. Шалдың қаны қызып, тамырлары лыпылдай бастады. Шалда бір қарсы үйдегі шекілдеуік сатқыш жасамыс жуан әйелдің етегін көтеріп қойғаны болмаса, жас иістен баяғыда қағылған, бірақ оның қызуы мен жұпары жадында қалған кәрі бура оқыс шабынып, шырақтың шөкім жарығын жалғыз үрлеп өшіріп, “Ә, құдай өзің кешір мені”, деп сары сайтанның үстіне міне берген. Жас тәннің құдірет-қуат беретіні бар ма, шалың күнтүймесін пышақпен ойып алып жатсаң да қыңбайтын халдегі удай мас қыздың балғын, жұмсақ денесін бір сағаттың айналасында екі рет езіп алған. Сосын бөлмесіне ентігіп жетіп, нәпсінің қызуынан балқыған, босаған бойына ие бола алмай жастығына жантая кетті. Шал әзәзіл нәпсінің дәмін баяғыдан білетін. Сонау, сонау пойыз жүргізіп жүрген жылдары

ресторандағы даяшы, аспаз, жолсерік қызкеліншектердің қималарын қисайта қынадай қырған “жаугер” ғой. Енді мынау баласының сары сайтандары мен қара албастыларына шауып қойғанын да бәлендей ұят демеді. Рас, баласы пісіп жүрген күбісіне әкесінің неткені сәл-сәл нелеу… Бір түрлі қымсынады. Ұлым біліп қойса ұятырақ деп те қипақтайды. Бірақ оған кім айтады. Айтып қояр дейтін сары сайтан, қара албастылардың сықпыты анау, адам түгілі айғыр шауып жатса да сезбейді. Мұндай жағдай тағы бірнеше рет қайталанды. Бұрын ұлының келіп жынойнақ жасайтынынан азар да безер болатын шалың енді оған: “Жиі келіп жүрсеңші. Мен жалғызбын ғой. Менің сенен басқа кімім бар?” дейтінді, ол аздай, келуі кешігіңкіресе, телефон шалатынды, 90 градустық самогонды көбірек алып қоятынды шығарған. Көрші үйдегі шекілдеуік сатқыш жасамыс жуан әйелдің кір халаты жер сызып, ескі тапочкасын тырпылдатып, “Шалау, күйлеп өлем бе?” деп баяғысынша күлмең қағып келіп еді, “Сен, айналайын, ендігәрі иектегеніңді қой маған” деп айдап шыққан. “Оғың мүлде таусылған ғой” дейді ана бейбақ. “Байғұс-ау, біз қазір қара қанат кәрі құстарды емес, сары қауырсын сандуғаштарды дәлдей­ міз” деген бұл. “Далбасаңа сиейін, ит қақпас” деп кетті ол. Шал оның сыртынан мысқылдап қарап мырс-мырс күлген. Мырс-мырс күліп тұрып, “Өй, сорлы, не білесің” деп өзінен-өзі қарадан-

қарап күпінген. Күпініп тұрып: “Шүкір” деді құдайға. “Не шүкір етіп тұрмын” деп те ойлаған сосын. Ойлағанда, көз алдында да, көкейінде де удай мас сары сайтан, қара албастылардың дөңкейген жұмсақ бөкселері... Соларды қалай уыстап, қалай мытығаны, дүрдиген емшектерін сопылдата сорғаны, ертесіне қайтуға жиналып жатып әлгілердің құйрықтары мен омырауларын сипалай беретіндері көз алдына келіп, қуық астындағысы жыбырлап, қутыңдап қалатын. Жалғызілік жылдары мұның көңіл көтерері – самогон болды. Содан ептеп ішіп жүреді. Көп емес, ептеп. Барнаулдан қайсыбір жылы қоныс аударып келген Ахромеев дейтін орыс шалы бар. Самогонды со пәледен алады. Градусы 90. “Арақтың жанында бұл адам” деп қояды әлгі Ахромеев. “Әй, адамың не?” дейді шал бұрын естімеген теңеуге таңқалып. “Таза дегенім ғой”. Шал қитығады: “Адам таза ма?” “Черт знает”. “Онда неге…” “Самогон действительно арақтан таза. Менікін айтып отырмын. Таза, бірақ естественно адал жолдан тайдырады”. “Онда неге жасап сатасың?” “Оны үкіметтен сұра. Жасап сатуды содан үйрендік. Өзі де ақылы толмай келе жатқан адамды арақпен азғындатып жатқан әуелі уақыт.” “Мұныңды естіп қоймай ма?” “Сен айтпасаң, қайдан естиді? Бірақ сен тісіңнен шығармайсың ғой.” “Неге?” “Самогон сатпай қоям саған”. Екеуі қосарлана күледі. Жайраңдасып отырып самогоннан бір-бірден тартып алады. Удай мас

сары сайтан, қара албастылардың қатты емшек, қалың құйрықтарына дәнігіп алғаннан кейін, көңілі қутыңдап тұратын шал енді Ахромеевты қажайды. “Орыс-ау, ойнасың бар ма? Болмаса, осындағы бір шекілдеуік сатқыш қатынмен таныстырайын, бір жәшік самогон берсең” дейді. “Побойся бога, − деп анау азар да, безер болады. – Уходи, дьявол”. Шал кез келген қызықтың кез келген сәтте көрген түстей сағымдай болатынын білмейтін. Арақ пен қыз соңына шам алып түскен ұлының жалғыз күнде төбесінен жай түсті: қызметінен айырылып, қайын атасы мен әйелі көржерін арқалатып үйінен айдап шыққан. Содан қолына қайтып келген. Жатып та, тұрып та ішеді. Қалтасы қағылғалы қашан. Қазіргі қылғытатыны самогон. Оны да тауып келетін бұл. Зейнетақысы бар ғой, әйтеуір. Оның үстіне баласы арақтан әбден жеңіліп біткен бе, орта стаканға шалқасынан түседі. Содан ұзақ ұйқы. Түс әлетінде әзер басын көтеріп стаканынан тағы жұтып, қайта құлайды. Кешкісін де сол. “Әй, сенің осы қарның ашпай ма?” деп сұрайды шал. “У водки, батона, очень высокая каллория” дейді өңезденіп кеткен тілінің ұшы екі езуінен кезек-кезек жылт-жылт етіп. Кей күндері ұлының қалт-құлт басып балконға шығатыны бар. Темекі талын бірінен кейін бірін сорып, үнсіз ұзақ отырады. Көріктіақ еді, енді қырыққа жетпей беті мыж-мыж, тіп-тік бойы еңкіш тартып, қолдарының терілері кеберсіп, әр-әр жері ақтаңданыпты.

“Енді не істейсің? – деп сұрайды шал. − Жата беремісің өстіп?” “Налей, батона”. “Құлап қаласың ғой”. “Умереть бы…” “Қой, оның не…” “А разве ты этого не хочешь?.. Хочешь, хочешь…” “Қой әрі. Жалғыз қалып…” “Ты и так-то всю жизнь одинокий. Одиночество требует избавления от всех, в том числе и от родных. Это такая болезнь. Твоя болезнь… Твоя беда… Даже, твоя смерть, батона…” “Өзеуреме өйдеп”. “Дело в том, что ты чужой мне. Родной, но чужой. Ты почти не жил с нами. Ты часто бросал нас на произвол судьбы. Мать не смогла выносить этого долго. Одиночест­ во для замужних женщин смертоносно”. “Жә, жә, − деді шал. – Сенің айтқандарыңды түсініп жатқан мен жоқ. Сен мынаны айт. Осылай жата беремісің, қайтесің?” “А как ты думаешь?” “Ішіңе қалай кіріп шығам?” “Кто-то должен же жить в этом доме”. “Мен ше?.. Мен бар емеспін бе?” шалдың көзі тікірейіп шыға келді. «Но, ты не вечный”. “Әй, әй…” шалдың басы қалтаңдап, қолындағы сәндік таяғымен цемент еденді тық-тық ұрды. Ұлының көзі аларды: “Налей!” “Немді? Теңге де қалмады. Қайдан табам?” “Это уж твоя проблема, батона”. “Өйдеме, нетіп…” “Батона!..” Ұлының қанталаған көзінің қарасы көрдей суық екен, қатты тіксініп қалған. “Батона!” деген зәрлі дауыс енді осы үйдің, үй түгілі мұның да қожасы менмін дегенді айғайлап айтып тұрды. Осы жасына келгенше бойында “Мен!.. Тек өзім!” деген адамға бұл аса ауыр тиген; ашу-ыза,

дәрменсіздік, лағынет, өкпе, өлердей жек көру, бәрі-бәрі көзі, көмейі, қолқасына түгел кептеліп, шерменде көңілі зеңбірек атсын кеп. Осынау азаптар енді жатса-тұрса соңынан қалмай, күндіз күрсініп, түнде күңіренетін болған. Мынау үш бөлмелі үй, тола жиһаздар, тіпті аяқ-табақтарға дейін енді өзінікі болмайтынына өкінетін де мінез шығарды. Ол ұлынан бәрін, тіпті өмірді де қызғанатын секілденді. Өзінен-өзі қорқа бастаған. Нелер сұмдық ойлардың шырмауында қалды. Соның ішінде… Соның ішінде ұлынан құтылу… Ойын­ да пайда болған осыны ойына алудың өзі өзіне сұмдық үрей еді… Ұлы шалға маза беруді қойған. Еңсесін шанда бір көтерген кездерінде көр жерді көйтіп, қанын ішеді. Шешесінің жасына жетпей өлгеніне де, мұның ішімдікке мектепте жүріп-ақ үйір болғанына да, келіннің осы үйге келіп тұрмағанына да осы кінәлі екен. Тіпті сары сайтан, қара албастыларды алып келгенінде, мұныңды қой демегені үшін де кінәлі болып шықты. Бәрінен бұрын, самогонға шапқылатып қойғанын қайтесің. Әкел дейді. Тап дейді. Қай уақ, түн бе, күн бе, таң азан ба, есеп емес, бар да, әкел. Ахромеевке әбден қарызданды. Бірде бұл дауыс шығарып көрсе, ұлы дәл төс сүйегінің шеміршегінен қолындағы стаканмен қатты ұрып жіберді. Тұра алмай тыпырлап ұзақ жатты. Кімге барып, не айтады? Ағайын-туыс жоқ, дос-жаран жоқ. Тырп-тырп басып келіп

үйлерінің алдындағы көлеңкеде осылардың подъезінде пойызда жолсерік болып істейтін екі жас тайлақпен ырбалаңдап отыруы көп ботқа бет, боқ қарын участковыйдан жайлап сыр тартып еді, ол былай: “Шырағым, елде бір туыс бар еді”. “Так”. “Соның жалғыз ұлы бар. Маскүнем. Басбұзар”. “Так”. “Сол енді шалды қорлап, ұрып өлтіремін деп қорқытатын көрінеді”. “Так”. “Так дегенде, не шаруа істеуге болады соған?” “Заңға беру керек”. “Ары қарай?” “Заң тексереді”. “Әуелі қамап, сонан соң тексере ме, немене?” “Жоқ, әуелі тексеріп, бәрі расталса барып қамайды”. “Неге керісінше емес. Сен заңға беріп қойыпсың деп ол ит әкесін өлтіріп қойса ше?” “Ақсақал, сіз мені тергеймісіз. Заң жаңағыдай, енді не керек?” Заңның тәртібімен ұшпаққа шыға қоймасын білген шал ұлынан қалай құтылудың ұшығына жете алмай, ұзынды-кеш өкпесі қабынып, өзегі өртеніп, өлі мен тірінің арасында мең-зең, дел-сал омалып отырып алады. Түн баласы қилы-қилы түс көреді. Түсінде дейді марқұм әйелі баласының ит жейдесін көрсетіп, бұған үнемі сұқ саусағын безеп тұрады. Тағы бір түстерінде баяғы сары сайтандар мен қара албастылар емшектерін салақтатып жабыла мұны тырағайлата қуып жүреді. “Сендерге не керек?” “Бізге артылдың, енді біз сені мінеміз!” Шошып оянады. Қайсыбірде түсінде сары сайтанның біріне артылып жатыр екен, әлдекім иығынан түртеді.

Қараса ұлы. Шошыпты. “Менің әкемді көрдің бе?” дейді ұлы. “Мен емеспін бе”. “Емессің, − дейді анау. – Отец разве так делают?” Шал төсегінен атып тұрып, айнала-төңірегіне мағынасыз әңірейеді. Таяуда ғой бұл мүлде қаперіне алмаған жағдай болды. Түс әлеті еді. Ұлы сол ертеңгі жарты стакан самогоннан кейін өлі-тіріде жатқан. Есіктің қоңырауы безілдеп қоймаған соң, барып әуелі көз ойықтан үңілсе, өзі бірде өкпесі өшкенше өңмеңдеген қара албастының бірі тұр. Ашты. “Привет, старик”. “Е, шүкір”. “Ерик, дома?” “Дома болғанда, тұра алса…” “Мас, наверное. Да пусть… Собст­венно говоря, я пришла к тебе, аташка”. “Маған?..” “Ия, саған”. “Нағыл деп?..” “Срочно бес мың теңге керек”. “Бес мың теңге? Не деп берем оны саған?” “Не деп берем… А трахать любишь. Думаешь мен білмейді. Сын… Потом отец… Ты, аташка… Ой, ой… Даже невозможно поверить, какой ты сексуальный гигант”. “Мына қаншық біліп жатқан екен ғой, − деп ойлады шал іштей бір түрлі секемденіп. – Құдайдың ұрғаны-ай”. “Так что, дорогой гигант, гони деньги… А то Ерикті қазір оятып, обо всем расскажу. Как, сойдет?” “Жә, жә… − деп шал елпілдеп кетті. Екі көзі ұлы жатқан бөлме жақта. – Қазір, енді нетелік… Өзің өтші былай балконға…” “Давно бы, так” деп қара саны жарқылдаған қара албас­ты қайқаң-қайқаң басып, айтқанды істеген. “Сен осында тыныш қана отыра тұр, − деген шал сол елпеңдеген

қалпы тым баяу сөйлеп. – Мен қазір келем”. “А ты, куда?” “Айтқаныңды әкелмеймін бе”. “Только, скорей”. Шал қалтаңдап шекілдеуік сатып отыратын баяғы жасамыс жуан әйелді бетке алған. Ары қарап еңкейіп әлденесін түртпектеп жатыр екен, иттің қалың құйрығының ені сала құлаш. “Мынау сұмдық қой!” дегенге қара тілінен қан тамып тұратын бетті пәлекет: “Оған таңқалмай-ақ қойыңдар. Көрінген еркек көтендей-көтендей жалпайтып жіберген” деп қарқ-қарқ күліп қарап тұрады. “Жайшылық па, елге қарап тоңқайып” деген бұл таяп келіп. Әзілдеген түрі. “Саған қарай жел жіберіп тұрмын” деді қолма-қол қолтығына су сеуіп сөйлейтін пәлекет. Шал осып жауап қайтаруға шақ қалып, өйтпеді. Ісі түсіп тұрғанда… Оның үстіне ана жолы “сары қанат сандуғаштарды дәлдеп жүрміз” деп меселін қайтарып жібергені тағы бар. “Иә, жол болсын, − деді әйел. – Қайда жайылып барасың?” “Өзіңе қарай да”. “Қойшы-ей?” “Рас”. “Айт”. “Анада артық кеттім”. “Кетсең нағылдейсің?” “Кешір деймін де”. “Есі бар еркек кешірімді олай сұрамайды”. “Енді қалай? Айтсаңшы өзің…” “Өкпе төсекте тарқайды, көрші…і…і”. Шалдың денесі мұздап қоя берді. Уыздай сары сайтандар мен қара албастылардан кейін мынаған… Бірақ, амал қане. “Менің де ындыным құрып тұрған жоқ па?” “Міне, иманым деші”. “Иманға сенесің бе, маған сенесің бе?” “Е, онда…” деп жуан әйел

жайраң-жайраң етті. “Әуелі, − деді шал. – Маған бес мың теңге бере тұрсаң…” “Неге? Не деп?” “Қарызға, әрине. Балаға апарып беремін де, көзді ашып-жұмғанша пәтеріңде боламын. Қағып-сілкіп, төсек жайлай бересің”. “Қай… дам…” деп анау қылмыңдап тұр. Ақша берсе де, жанына еш еркек жата қоймайтын байғұс ұрғашының бұған өлердей діңкелеп тұрғанын шал білді. “Уақытты бекер оздырмайық та”. “Қашан қайтарасың?” “Он біріндегі пенсиядан”. “Дәл қазір келетінің шын ба?” “Келмей… Бірдеңе ұрып па”. “Дегенмен, куәлігіңді беріп қой”. “Сенбеймісің?” “Куәлігіңе сенем…” Қара албасты балконда темекісін бұрқыратып отыр екен. Мұны көріп орнынан тұрды. “Принес?” “Мә!” Қыз санап алды. “Ерику привет передашь?” “Қой, айналайын”. “Запомни, аташка, при необходимости я приду к тебе. За деньгами…” шал әлдене айтып та үлгерген жоқ, қасы-көзін қылмаңдатып, мұның ауын алақанымен қаққыштап: “Ай, да бессмертный гигант… Пока” деп шығып жүре берген. Содан бері о пәлекет есіктен әне-міне кіріп келетіндей зәре-құты қалмайды. Кім, қашан келсе де, қалтасын тесіп тұратын бес мың теңгесі қайсы. Қара албасты, қара албасты, ал анау өзі өліп-өшіп әурелеген екі-үш сары сайтандар да келіп жүрсе ше?.. Баласы естісе, білсе… Бара-бара шал самогон ішуін жиілете түскен. Бәрін ұмытайын дейді. Адам өз күнәсінен үрейленуі сұмдық екен. Жаныңа

еніп алған қорқыныш қолқа-жүрегіңді суырып жеп, не ұйқы, не күлкі бермейді. Кеше ғана әлпештеген әсем дүние – атқан таң, шыққан күн, туған ай, бәрі, бәрі пәтуасыз, бекер болып көріне берген. Бұрын-соңды болмаған өкініш, опыну сезімдері алпыс екі тамырын алма-кезек буындырып бойы бордай тоза бастаған. Шал балконнан шығып ұлы жатқан бөлменің есігін ашты. Самогонның күлімсі иісі мүңкіп кетіпті. Төсегінде төрт аяғы төрт жаққа кетіп рабайсыз жатқан ұлының өлітірісі белгісіз. Ол ішінен шыққан шұбар жыланға әрі шошына, әрі өлердей жек көре қарады. Бір сұмдығы, осы мезет өзге түгілі өзін де ит етінен жек көріп, өзінен өзінің жүрегі айныған. Қалтаңдап бөлмесіне жетіп, жарты шөлмек самогоннан бір стакандайын жұтып алып, төсегіне жантайды. Қанша жатқанын, қай кез екенін айыра алмады. Дабырлаған адамдардың даусы ап-анық естіледі. Тек не айтып, не қойып жатқандарын айырып болмайды. Нағылған адамдар? Подъезде осыншама адамның дабырлап тұруы мүмкін емес. Жердегілердің бесінші қабатқа, бесінші қабаттағы пәтердің есігі, терезесі жабық бөлмесіне дәл осылай таяу естілуі неғайбыл. Телевизор ма дейін десе, ол өшіп тұр. Шалдың қолы қалтылдап самогоннан тағы бір жұтқан. Содан бір кез көз алдын елес кезді: қарсы қабырғада әлдебір адамдардың селеуеттері байқалады. Басын сілкіп, көзін кеңірек ашты. Иә, селеуеттер… бұлдыр-

бұлдыр. Бірақ анық көрінеді. Оң жақта жол. Тау жолы. Жаңбыр себелейді. Лайсаң жолдың арғы жиегінде

бір топ адам әрқайсысы әр түрлі өлең айтып тұр. Одан ары тау. Тау бау­ райына кесіп текше-текше жол салыныпты. Текше жолдар бұралаң-бұралаң. Сол бұралаң жолда төрт адам саты көтеріп, лай кешіп, төмен түсіп келеді. Саты үстінде киізге оралып ұзынынан салған сұлаба. Қайдан шыққанын бөркі қоқайған біреу пайда болып, сұлабаның бас жағындағы жамылғыны көтеріп еді, шал өзін көрді. Өзі… Беті қап-қара. Шал көзін жұма қойды. Япыр-ау, бұ не пәле? Өңі ме, түсі ме? Түсі дейін десе, ояу ғой. Ой-санасы орнында. Сонда мынау қандай сұмдық? Кірпігін қайта көтерген. Көзі қабырғада. Әне, әне… Сатылы топ сол орнында әлі жүріп келеді екен. Бөркі қоқайған сұрап жатыр: “Бұларың кім?” “Білмейміз”. “Білетін біреу бар ма?” “Білмейміз”. “Өзі қашан өліпті?” “Білмейміз”. “Енді қайда алып барасыңдар?” “Білмейміз”. Шал әзер сүйретіліп тұрып қабырғаға барды. Алақанымен сипап көріп еді, көріп жатқаны түгел із-ғайым. Төсегіне қайта келді. Қайта келіп, көзін қайта жұмып, қайта ашқан. Қабырғада сол көрініс. Сатылы топ, саты үстінде өзінің сұлабасы. Беті қап-қара… Бағанағы әрқайсысы әр түрлі өлең айтып тұрғандар тапжылмапты. Кенет… кенет әлгілердің иықтарындағы саты шыңырауға қарай құлап кетті. Өлең айтқандар да, саты

көтергендер де, бөркі қоқайған да оған назар аудармады. Шал үңілген… Сонда жарлауыттың терең түкпіріндегі шалшықта жатқан өзін көрді. Өз өлігін өзі көріп тұрған байғұста зәреқұт жоқ. “Топырақ салмайсың ба?” дейді өлген өзі бұған. А… а… а…-лап үздік-создық азынап, аңырап шыққан даусын оның өзінен басқа ешкім естіген жоқ… Екі күн өтіп, үшінші күні шал есін әзер жиды. Тәлтіректеп зордың күшімен орнынан тұрған. Ілбіп дәлізге шығып еді, мұрнына сұмдық бір жағымсыз бөтен иіс келді. Ас бөлмесіне кіріп еді, ас столының бетінде де, еденде де ас қалдығы, не басқадай бұзылып иістеніп кететін еш нәрсе байқалмайды. Ұлы жатқан бөлменің есігін ашқан. Әлгі аса жағымсыз бөтен иіс сол жақтан бұрқ етті. Баласы төсектен жерге құлап түсіпті. Аяқ-қолы тырбиған арса-арса қу сүйек. Екі көзі шақырайып, тас төбеге қарап қатып қалған. Бір езуінен шығып кеткен тілінің ұшы көкпеңбек болып көрінеді. Қатты шошып кеткен шал: – Әй… Әй… – деп шегіншектеп-шегін­ шектеп барып, ас бөлменің ашық қалған есігіне шүйдесімен барып ұрып, еденге құлап түсті. Қатты зіңгіген басын зорға көтеріп: “Поезд ушел”, деді күбірлеп. Баласы үйге қайта оралғалы бері жанын жеген бойындағы опыну, өкініш, үрейден дым қалған жоқ…

Соңғы бір екі ай көлемінде Көрбай қариядан маза кеткен. Жүз шақырымдағы қалаға әлсін-әлсін шапқылауы көбейді. Бұл нағылған ақ тер, көк тер деп әйелі аң-таң. Бірде жөн білмек еді, долы мінез Көрекеңнің сонау терең шыңырауға түсіп кеткен ақ мұнар сарғыш көздері қанталап шыға келді. – Не білгің келеді? – Тыныштық па деймін ғой? – Болмаса ше… – Енді... – деп өзінен жиырма бес жас кіші әйелі отағасы алдында кібіртіктеп қалған. Одан бері де ай өтті. Қалаға кеше суыт кеткен Көрбай ақсақал үйіне іңірде жетіп, есіктен кірер-кірместен әңкілдеп кетті. – Ұрғашы, ей ұрғашы тамағың әзір ме? Көрбай

– Қамыры илеулі тұр. – Онда жай. Қолында сырты қалың сарғыш қағазбен оралып, жіппен буылған әлдене. Оны орауын шешпей, қонақ бөлменің ортасындағы стол үстіне апарып қойды. Қимылы бұрынғысынан да ширақ. Жүзін­ де әлденеге аса разы пейілдің райы бар. Әшейінде ас үйдің бір қабырғасында тұратын ортасы ойдым-ойдым болып кеткен атам заманғы қара диванның үстіне қалай болса солай ытқыта салатын драп пальтосын шифонерге апарып ілді. – Асыңды тездет қатын, – деп қояды қайта-қайта. – Бүгін ерте жатамыз. Соңғы жылдары дәл жатар кезде белімайлап, басым-айлап бос бөлмеге қарай қалтаңқалтаң кетіп бара жататын шалының мына едірең қылығын әйелі қалай түсінерін білмеді. – Ерте жатқанда, – деді Көрекең. – Ерте тұру керегін айтып жатырмын. Бүгін таңнан бұрын ату керек. – Тыныштық па? – Тыныш болғанда мені бір тоқал алғалы жүр деймісің. Менікі айды аспаннан шығару. Қай айды қай аспанға шығарады, оны әйелі сұраған жоқ. Жасы келгенмен Көрекеңнің семіз етті еңіретіп жейтіні бар еді, бетіне білем құйрықтың бірер түйірі туралған қойдың сүрін жаңа әзірде талай күндер жанын жеп, мазасын алған шаруаның ушығына жеткен

қуанышына тартып жіберген жарты кесе арақтан кейін түгел жемесе де, түріп жеп үлкен темір табақтың ар жақ ернеуіне жетер-жетпес қылып тастаған. Сосын, баяғы бос бөлмеге барып, қашан кірсең салулы жататын төсегіне жантая кетті. Қараңғы бөлмеде көзі бақырайып ұзақ жатты. Ұйқысын біреу ұрлап әкеткендей кірпігі айқасар емес. Ана жерден бір, мына жерден бір бой көтерген сан-сан ой қатар-қатар кимелеп, алма-кезек ала қаша ма... Ғұмыр бас-аяғы еш түгелденбейтін азапшер екен. Іздегеніңе, қол созым жерде тұрып қусаң жетпейсің. Жеткізу қайда. Не десе де Көрбай өзі ә бас­та діттегеніне жете алмай діңкеледі. Діттегені ақын болу еді. Солай болатынына сенген де. Сенгенде өлеңді он алтыон жетілер шамасында жаза бастады. Сонда, құдайдың құдыреті тұңғыш өлеңінің тұңғыш жолдары қойлы ауылдағы немере ағасының үйіне қонақшылап барғанда, үй сыртындағы жықпылда тырбиып өскен шие сабақтың үстіне жайылған әйел дамбалын көргенде тіліне оралған. Басып-басып келесің маң-маң батыр, Шие сабақ үстінде дамбал жатыр... Дамбалдың жас жеңгесінікі екенін білді. Қанша жуса да ауында дабтың таңбасы қалып қалған ұрғашының тіз киімі. Бұрын мұндайды көрмеген бозбаланың өзіне беймәлім ерекше бір сезімі оттай өртеп, бір орнында сілейтіп тастаған. Әлгі дамбалдың ауын сипағысы келді.

Жел барады балақты жүре сабап, Жібермейді ышқырдан шие сабақ... Сол күннен бастап Көрбай ғашықтық ғазелдерді ботадай боздатқан. Әдемі қызкеліншек көрсе бітті, өліп-өшіп өлең жазатын. Соларын жиып-теріп бір күні аудандық газетке көтеріп барып еді, кабинетінде алма мен нанның бірін қаршылдатып, бірін малжаңдап отырған мәдениет бөлімінің “пірі” мұның басаяғын бір сүзіп өтті де, аузы асқа тола қалпы: – Отырсай, – деді. Отырды. – Не әкелдің? – Өлең. – Кім туралы? Бозбала қызарды. – Әпкел! “Пір” оқушы дәптерінің талай бетін алып жатқан ғашықтықтан өліп-өшкен өлеңдерді ары-бері асығыс аударып көрді де: – Қаршадайдан қатыншылсыңдар, – деді бұған ежірейе қарап. – Оның түбіне ешкім жетпеген, бала. Әкең бар ма? – Бар. – Шаруасы қалай? – Қай шаруасы? – Мал-жандарыңды айтам. – Енді... – деген бұл сұраққа онша түсін­ бей. – Әкеңе айт, келіп кетсін. Келіп кетсе, өлеңдеріңді шығарамыз. Ауылға келіп бар жайды көкесіне айтып беріп еді, ол жата шала бүлінді.

– Ит-ай, осы сен қайдан ғана жазғышсызғыш болып жүрсің. Шешең екеуміз осы жасымызға дейін бір әуеннің сөзін түгел жаттап алып көрген жоқпыз. Қазір жаттасақ, қазір ұмытып қаламыз. Енді келіп... – деп сөзінің соңын пүшаймандатып алды. Осы кезде: – Өз балаңа да өстесің, – деп шешесі әңгімеге өкпе сөз қыстырған. – Өстігенде, далада жатқан мал, қане? Көрбай ішегін тартқан. – Көке-ау, бұл жерде малдың қандай қатысы бар? – Әй, жаңағы газитің соны тілеп отырған жоқ па, сөз саптауында. Берсек шығарады өлеңіңді, бермесек мынау да жоқ, – деп екі саусағының арасынан тырнағы өсіп кеткен бас бармағын көрсетті. Сонымен не керек, үйелмендік ұзақ талқылау, талдау, қорытындылаудан кейін, көкесі бір тоқтысын сойып, етін бас-сирақ, ішек-қарнымен қосып газеттегі “пірге” жеткізген. Сөйткен “пірі” жиырмашақты өлеңнен әр қайсысы бар-жоғы екі шумақтан үш-ақ өлеңін газетке басыпты. – Иттің баласы-ай, – деген көкесі. – Әдіре қалғыр. Жегенің тас болғыр, – деді шешесі. Уақыт шіркін шапқан аттай. Соның жалына жармасып жүріп Көрбай мектепті, университеттің журфагын бітіріп, аудандық газетке қызметке тұрды. Ал енді бұрқыратсын.

Мақала деймісің, өлең деймісің Көрбай Бошқаев деген фамилиямен “Жаңа өмірдің” бетінен түспей қойды. Көрбай ақын деген есімі ауыл-ауылды кезіп кетті. “Әй, енді сен облысқа, республикаға ауыз сал” десті иықтас жүріп, тізерлесе отырғандар. Рас-ау деп Көрекең өлеңдерін топтама-топтама етіп облыстық, республикалық газеттерге заулатты. Сол жақтарға қарап екі көзі төрт болып жүргенде, басылған өлең жоқ, оның орнына тілдей жауап­ тар келіп жатты. Тілдей жауаптардың ұзынырғасы оңған емес. Бір қағынғаны: “Мұндай өлеңдерді кез келген ауылдағы кемпірлер бір-екі стакан арақ ішсе, суырып салып айта береді” деп тіпті, іске алғысыз етіпті. Бірақ бұған тоқтайтын Көрбай ма. “Далбасаларың­ды ұрайын” деп одан әрі қозды. “Көре алмайсыңдар” деп тепсінді. Таланттың жолы ауыр деп сендірді өзін. Өткір пышақ қап түбінде жатпайды деп екіленді. Өстіп, талай жылдары өтті. Екі ортада қыздай қосылып отыз жыл отасқан қосағынан айырылды. Мұның жазған өлеңдерін отыз жыл тыңдап келген байқұс көп ауырған жоқ, кір жуып отырған жерінде құлады да, үш күн басымайлап жатып, көз жұмды. Миына қан кеткен. Өлгенмен бірге өлмейсің. Елуден енді асқан еркектің қақа басы үйге сия ма. Құдай екі қыз беріп еді, екеуі де ерте пісіп, мектеп бітірісімен байға тиіп кеткен. Қой енді қатын қарайын, деді Көрбай бір күні өзіне-өзі қарап. Ана ауыл, мына ауылға

бас сұқты. Барлау жасады. Тапты ақыры. Тары мол өсетін шағын ауылда жалғыз басты әйелдің жалғыз қызы бар екен. Жасы жиырмадан жаңа асқан. Қасы-көзі қиылып тұр. Айыбы, балиғатқа енді толғанда әлдекіммен ойнап қойып, оң жақта босанып қалыпты. Ойбай, он баласы болса да тисе, осыны аламын деп Көрбай күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалды. “Жас тайлаққа мініп жүре аласың ба?” дегендерге қолды бір сілтеді: “Мінбек түгілі, зорықтырып өлтіремін”. Қыздың шешесі долы адам екен. Мұның жасы өзімен шамалас екенін байқап, салған жерден: “Мені айттырып келдің бе, жоқ қызымды айттырып келдің бе?” деп тарпа бас салды. Қойшы әйтеуір, бұйрықтан кім қашып құтылған. Көрбайдың құдайы беріп, өзінен екі мүшел жас әйелін үйіне кіргізіп алды ғой, сонда. Ерте көктемде кіргізіп еді, шілде шығарда Көрекеңнің екі құлағынан күн көрініп, өзі де жеңіл денесі желмен ойнап, көзі шүңірейіп, жағы суалып күн көзіне тік қарай алмай, үй алдында қалт-құлт етіп тұрған. Жекешенің сиы­рын бағатын қу тілді құрдасы мәстек торымен желе-жортып бара жатыр екен, ат басын ірікті: “Әй, Көрбай барсың ба?” “О, қай сөзің?” “Көктемнен көрмедік. Е, сосын бұл төре жас қатынның екі қара санының арасына шым батып кеткен бе, деп едік”. “Бататын адамды тапқан екенсің”. “Шанышқылының қыздары санды келеді, кере қарыс а... келеді деуші еді, не бай, не құдай алмайтын қыздарыңның біреуін

жіберсеңдерші, батсам солардікіне батайын” деп бұл да тілін ойнатқан. “Саған дауа жоқ шығар” деп құрдасы атты сауырға қамшымен бір ұрғанда, мұның да еті қашқан тас құйрығы шып еткен. Алақанымен салып қалған жас әйелі екен. “Шанышқылының қыздарын қайтесіз. Ендігі жерде мені жарылқап алуды ойлаңыз” деді күлмеңдеп. Содан тепеңдеді ғой бұл. Тепеңдеп жүріп бір бала көрді. Жалғыз ұл биыл әскерден келеді. Бәрі оңды, бәрі дұрыс. Әттеген-айы, ақындығы құрғырдың елеусіз кетіп бара жатқаны. Нендей зауалдың келгенін осы күні ақын, жазушы көбейді. Ауылды түгелдей алып айтпағанда, өзі тұратын ұзындығы сідік шаптырым көшенің бойында үш-төрт ақын пайда болды. Түс ауа бір-бір шөлмектерімен бір үйге жиналып алып, түн жарымына дейін бақсыдан жаман сарнап өлендерін оқиды да, түн жарымнан таң қылайғанға дейін қызыл ала төбелеске көшеді. Ауыздарында тіс дейтін тіс қалмады, тіпті өткен күзде біреуінің бір көзі ағып та кетті. Сөйтіп жүріп иттерің нағыз кітапқа ұқсамаса да, соның сұлабасына келіңкірейтін жинақтары бар. Не редакторы, не корректоры жоқ осы “ақтабан шұбырындыларда” бәрі жазылған. Жеті ата туралы өлең, жер сатпа дейтін поэма, жетпіс жездеге толғаулар, алпыс ағаға арнау­лар, дөрегей тазының монологы, қара бұқа, қара айғырдың қалың қайғысы, сүйем-күйемнің өліп-өшкен өбектеулері, реформа өрнектері, сыбайластық

желдірмелері... осылай кете береді, кете береді. Бұлар сөйтіп жатқанда, бар өмірін аудандық газетті шығаруға арнаған, отыз жыл сол газетке өлең жазған Көрбайда тым құрыса биттің қабығындай бір жинақ жоқ. Ау, сонда әділет деген қайда? Жарайды, бұл классик ақын емес те шығар. Анша-мұншадан сорлы емесі де өтірік емес қой. Қайсыбірде теледидарда сонау-сонау жылдары газет-жорналдан өлеңдері түспейтін, кейін есімі де, өлеңі де із-қайым жоғалған бір кәрі ақын сөйлеп жатты. Айтып отырса сол жарықтық мемлекеттік бас­падан жетпістен аса кітап шығарыпты. Қайда сол кітаптар? Ешкімге сірә, сол кезде де қажет болмаған, қазір мүлде керексіз сол кітаптар сонда қалай жарық көрген? Ананың Жазушылар Одағында ұзақ жыл беделді қызмет істеп жүргендігінен, әрине. Осының барлығын ойлағанда іш қазандай қайнайды. Сол қайнаған ішпен жасы жетпіске толар қарсаңында облысқа барған. Ақын-жазушымыз деп жүрген ағайындарға жолықты. “ – Жетпіс жылдығым кеп қалды, соған орай ұзақ жыл жазған өлеңдерімнің дұрыстарын іріктеп алып, кітап шығарсам,– деді. – Бұған не уәж айтып, қандай ақыл қосасыңдар?” Мұрнының бар-жоғы жақындап барып, ұзақ үңіліп қарамасаң онша біліне бермейтін, беті шүйкедей, бадырақ көз біреу: – Ақыл жағын қатырамыз ғой, – деп бетінен бері қарай екі елі кетіп қалған астыңғы ернін бір жалап қойған. – Сенің ойың кітабыңды облыс бюджеті есебінен шығару ғой?” “Өз

қаражатыммен шығара алсам, мұнда тентіп нем бар”. “Облыс бюджеті есебінен шығатыны жылына екі-ақ кітап”. “Білем ғой. Соның бірі етіп мені іліп жібересіңдер ме деген дәмем де”. “Ол енді қып-қызыл қиын шаруа”. “Мысалы?..” “Біріншіден, Одаққа мүше емессіз. Екіншіден, екіншіден енді ... жоғарыға шығатын, яғни сіздің сойылыңызды соғатын дуалы ауыздар керек”. “Ондай ауыздарды қайдан табам?” “Қайдан дейтіндей дәнеңесі жоқ оның, осы менен бастап, орталықта тұратын Аспанқозғаевқа дейін бес-алты ақын-жазушының аузы жай ауыз емес, – деп күлді шүйке бет прозашы. – Міне, әуелі осылардың аузын алыңыз. Аспанқозғаевты білесіз, дарынды ақын. Дайын редактор. Алғы сөзді өзім-ақ жазамын. Жазушы Қойторинді жоғарыға шығарамыз.” “Ой, рахмет, айналайын, мұныңа. Ал енді жаңағы ауыз... оларды қайтеміз?” “Қайтетін түгі жоқ, бір қойды соясыз, бірбір шапанды, жо... жоқ, конвертті дайындайсыз да дастарханыңызға шақырасыз”. Көрбай тура осылай істейді. Сонда көрген азабы... Көргенде оны Аспанқозғаевтан көрді ғой. Ә, дегенде-ақ тілін шайнап келген итің, есіктен кіре мұның әйеліне үздікті кеп көпе-көрнеу. Дәл сол үшін келген сияқты. Жеңешелеп кісінеген кезде әшейінде сүлесоқтау жүретін әйелінің неге екенін, көзі ойнақшып шыға келді. Тұсақ бөксесі қонақтар келеді деп киіп алған су жаңа көйлектің ішінде бұлт-бұлт етеді. Екі емшегі салақтап

бос жүруші еді, көкірек тартқышын киіп алған ба, бүлінбеген бойжеткеннің бұлтиған қос алмасындай еріксіз көз сүріндіреді. Қыза-қыза келгенде Аспанқозғаев дүниені түгел ұмытып жеңешесімен бірге ас үйге де кіріп кетіп жүрді... Әй, бұл әйелдің байы бар ғой, болғанда жанымызда отыр, отырғанда төріне шығарып, қу жаны қалмай адал пейіл, түзу ниетімен сый көрсетуде дейтін емес. Оған қой, әй деп жатқан және ешкімі жоқ, қайта “жеңгесі ғой Көрке, ақын деген жеңге көрсе жемтік көргендей нетеді ғой. Өзіңіз де ақынсыз... неткенсіз...” десіп ыржалаң-ыржалаң. Бұл да күлгенсиді. Күлгенсіп тұрып, іштей иттерді үйден айдап шықсам ба деп бір ойлаған. Өйтсе, кітабы шықпайды. Келіп қалған жетпіс анау. Осы жолы қапы қалса, арманның түгесіліп, үміттің сөнгені. – Көреке, карта бар ма? – деді ақаңды біраз сілтеуден өзі де жоққа тән мұрыны бадырақ көздердің астынан мүлде дерлік көрінбей қалған прозашы, – бір сызып тастайық, үлкен ас келгенше. Әйтпесе, сіздің мына құйысыңыз, біздің мына ішуімізбен ұзаққа бара алмаймыз. Карта таратылды. Көрбайдың қосылғысы келмеп еді, қонақтар дес бермеді. Преферанстың серті – үй иесі бір қолдың иесі болуға тиіс. Ойын жүріп кетті. Көрбай жүздік санды кәндәләки деп өскен ортаның өкілі еді. Салғаннан қолы жүріп берді. Аспанқозғаевтың төбеге түсуі көбейді. Алғашқы партияда оңбай ұтылған сол.

Ойынның екінші айналымының орта шенінде тағы да төбеге түсіп отырған Аспанқозғаев үлестіру кезегін жасады да сыртқа шығып кетті. Содан жоқ. Тоғыз алыс­ ты тындырып тастап, “Все–таки мне везетпен” ісіп-кеуіп отырған бадырақ көз тағы да қатыратынына еш күмәнданбай, шыдамы кетіп: “Әй, әлгі...” деп есікке қарады. – Қол суып барады. “Ойпыр-ай, бұл ит қайда жоғалды-мен” күмән-сезік жанын жеп, әзер отырған Көрбай “Қарап келейінші” деп елпең етіп еді, қонақтың бірі тізеден басты: “Сабыр етіңіз, Көрке. Ақын ғой ол. Өзіңіз де ақынсыз. Ақын да бір – бәдәуи. Қайда жүрсін, кезбе. Қане, құйыңызшы одан да толтыра бір.” Күні түсіп отырған Көрбай қайтеді, құйды. Мөймілдетіп өзі де тартып жіберді. Осы кезде Аспанқозғаевтың да төбесі көрінген. Шашы ұйпа-тұйпа. Жейдесінің етегі ышқырының сыртына шығып кетіпті. Костюмнің жеңі шынтағына дейін ұн. Бадырақ көз күлмеңдеді. “Жеңгеңе қамыр жайысқанбысың, батыр”. Көрбай ас үйге тапырақтап кірді. Жадағай столдың айналасы бұрқыраған ұн. Әлі түгел жайылып үлгермеген қамырдың дәл ортасында күректей алақанының ізі жатыр. – Ит-ай, – деп әйеліне ұмтылып қалып еді, бойын түзеп алған ұрғашы тосын мінез көрсетті. – Дәнеңе бүлінген жоқ, бас салғаны болмаса, дін аманбыз, – деді әйелі. – Өле мас...

– Қане, – деп бұл көзді ашып-жұмғанша әйелінің көйлегінің кең етегінен қолын сұғып жіберіп, ауынан ұстай алғаны. Ұстай алып: – Әй, мынауың дып-дымқыл ғой, – деді. Сол кезде: “Көрке, қайдасың, Көрке!” деген айғай шығып амалсыз қонақтарына оралған. Аспанқозғаев жастықты

қолтығына

басып,
қолындағы

картасын жиыстырып ұстай алмай, мойны былқылдап жатыр. Не керек, ұзын сөздің қысқасы қонақтар ертесіне ұйқыларын қандырып, бастарын жазып, түндегіден арман мас болып, конвертке салынған костюм, шапандарын киіп күн бесінде әзер қайтты. Бұл кезде Көрбайдың да шаруасы бітіп қалған. Есінде қалғаны, қонақтар ішкен ант, берген серт жетпіс жылдығына орай, жыр кітабы, кітабы болғанда, барлық жазғандары түгел еніп таңдамалысы жарық көреді. Одан бері де қанша жыл өтті. Таңдамалы түгілі биттің қабығы да жоқ. Аспанқозғаевқа бір барып еді, беті көлкілдеп бас көтере алмай отыр екен, әуелі сыртқа шығайық деді. Шықты. “Анау ларекті көресіз бе? – деді. – Әуелі соған барайық, – деді.” Барды. “Бір шиша алыңыз” деді. Алды. “Қарындас, – деді сосын сатушы қызға. – Менің бұрынғы қарыздарым қанша еді?” Анау қара дәптерді ашып жіберіп, айтты. “Көрке, төлей саласыз ба?” деді. Қайтеді, ісі түсіп тұр Оңбағандай сома екен. Төледі. Аспанқозғаевтың ас бөлмесінде екеуі жарым түнге дейін отырды. Сол екі арада Көрбай әлгі ларекке үш жолы барып келді. Соңғысында

қай шайтанның түрткенін Аспанқозғаевтың тоңазытқышта қашаннан тұрғанын кім білсін, өңі кеткен төрт-бес мантыны жылытып шай берген әйеліне бір қорап қымбат конфет ала келгенін қайтерсің. Байына арақ, қатынына конфет. Сонда шыққан мүйіз, қане? Түнімен жарылқаймын да, жарқыратамын. Керек десең ертең әкімге кіргіземін, әдеби жорналдың редакторына ертіп апарып суретіңмен өлеңдеріңді бергіздіремін, – деп күмпілдеген Аспанқозғаев ертеңгісін басын да көтерген жоқ. Түс әлетіне дейін күтті. Түс әлетінде әзер “тірілген” итің түннен қалған жүз елу грамды түгел өзі құйып ішіп: “Өле алмай жүріп өлең жазатындарың не? – деп жерден алып, жерге салғаны. Көтті қыспайсыңдар ма. Давай, сөйтіңдер.” Көрбай Аспанқозғаевтың пәтерінен бар сенгенінен, бар үмітінен қараң қалып шыққан. Кімге өкпелерін білмеді. Өзіне ме, өзгеге ме? Қаланың орталық алаңында сенделіп едәуір жүрді. Газет жаққа барайын деп еді, өйтпеді. Баяғы алма мен нанды қатар ұрып отыратындардан қалған көңіл бар, одан кейін де бірер бас сұққанда олардан кейін келген, бас сұқсаң жазғаныңды көрмей жатып, алдымен алпыс теңгенің арзан арағы мен алты-жеті пирожки алып келесіз бе, көке, дейтін жармағандар бар, шайлыққан жүрегі дауаламады. Сөйтіп жаз өтіп, күз келген күндердің бірінде орталыққа Алматыдан бәленбай деген ақын келіп, оқырмандармен кездесулер өткізіп

жүр екенді құлағы шалған. Ол бәленбайды Көркең жақсы білетін-ді. Жақсы білгенде бәленбай тура осы Көрбайдың ауылынан. Бала кезінде талай-талай шимай-шатпағын Көрбайға көрсетіп, түзеттіріп алатын. Кейін Алматыға кетіп, басына бақ қонды. Атағы жер жармаса да, атын айтуға болатын ақын. Жазған құлда шаршау жоқ, Көрбай енді соған қарай шапты. Көрмегеніне біраз жыл болып еді, бәленбай да мосқал тартыпты. “Сүйегі кемік неме де, әйтпесе мұның жасында өзіміз ойнасты жаңа бастамап па едік” деген қағынды ойдың ар жағында “шын ақынды сірә, өлең ерте жеп қояр...” жатты. Бәленбайдың бекер обалы, қане, мұның мұңын мұқият тыңдап, бүгін берген уәдесін ертесіне қолма-қол орындап, үлкен басшыға кіргізді. Үлкен басшы қазақы сезімнің адамы екен, жай-жапсарын түгел сұрап, әңгіме кітапқа келіп тірелгенде, оған тиісті адамдардың пікірі қажеттігін, солар лайық деп тапса, бюджеттің ақшасымен шығарып беруге уәде етті. Кетерінде үлкен басшы қалтасына қол салып, “Мынаған жеңгейге шай, балаларға тәтті ала барарсыз” деп қып-қызыл жүз доллар ұсынды. Үлкен басшыда бәленбайдың шаруасы болды ма, ол қалып, бұл шығып кеткен. Содан төбесі көкке тиіп, шаруа бітті, құдай берді-леп алшаңдап бара жатыр еді, “Оу, көке!” деген артынан бәленбайдың дауысы іле-шала қуып жетті.

– Жай ма? – Безіп барасыз? – Енді… – Доллар қайда, жаңағы? – Қайтеді? – Қайткенде, сізді үлкен басшыға кім кіргізді? – Өзің. – Мен болмасам, кіре алатын ба, едіңіз? – Кіре алмас едім. – Кірмеген адамға кім ақша береді? – Бермейді. – Ендеше, долларды жеке алып желіп бара жатқаныңыз не. Ұят болады, көке. Қане... Көрбай қапелімде уәж айта алмай манадан бері дегбірін алып, қызуы төс қалтадан төсіне өтіп тұрған көк қағазды бәленбайға қалай бере салғанын аңдамай қалды. Бәленбай мұны дедектеткен қалпында ақша айыр­бастау пунктіне жетектеп апарды да, көк қағазды теңгеге ауыстырып, тең бөлді. – Мынау сізге, мынау маған. Мына қызталақ та жарымаған екен ғой деп Көрбай бәленбайды сыртынан біраз уақытқа дейін сыбап жүрген. Жә, бәленбай құрсын кітабын айтсаңшы. Шықпады. Үш-төрт пікір жинап еді, рецензенттер бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, “Өлеңшіден өлетін болдық, мына автор да солардың бірі. Поэзиядан мүлде хабарсыз-бен” қараң қалдырыпты. “Нәлеттер-ай... өлең дейтіні қайсы, поэзия дейтіні қайсы бұлардың. Қазақ өлеңді өлең де-

мей ме. Поэзия... қай ата-баба айтып еді, оны. Ата-бабадан қалған сөздің көбі неге өзгерген? Махаббат дейді тілдері майысып. Маха… ббат дейді тамсанып… Ойнас еді ғой оның о бастағы атауы.” Қай кез екенін Көрбай төсегінен тұрып, терезенің алдына барды. Жарық Айдың астында ағараңдап ауыл жатыр. Ана жылы “Алғабас” аталатын. Қазіргі атауы – Молдасүгір. Осындағы негізгі рудың бабаларының бабасы. Батыр болған дейді. Қиданмен соғысқан ба, қалмақпен соғысқан ба, әйтеуір жүрек жұтқан. Қашан туған, қашан өлген ешқайсысы дәл білмейді. Сонда да бұрнағы жылдары ауыл сыртындағы көп моланың еңселілеу біреуінің үстіне “жарықтықтың сүйегі дәл осы жерде жатыр” десіп, биік күмбез орнатып, ас беріп, ат шаптырып, қырылып қала жаздаған. Көрбайдың тілі қышымай тұра ма: “Дәл қай заманда туып, қай заманда өлгенін білмесеңдер, сүйегі дәл осы жерде жатқанын қайдан білдіңдер?” деген. “Сен ит, осы кірмелігіңді қоймадың-ау”, деп біразы тістеніп еді, оған қыңатын Көрбай ма, одан ары өршіді: “Тарихтан біздің де хабарымыз бар, дәл осы өңірде бәлендей жойқантөбе болған дегенді еш жерден кездестірмедік, сөйте тұра соңғы жылдары бәленбай-түгенбай деген батырларың қаптап кетті. Сонда кіммен соғысып жүрсіңдер?” Бұған уәж таппады ма, әлде “ит үреді, керуен көшеді” десті ме, Молдасүгір батырдың ұрпақтары “күйеу итте иман жоқ” дескен де

қойған. Қойғаны құрысын, енді олар көшелері атауына жаппай реформа жүргізді ғой. Сов­ хоз директоры, бас агроном, бас инженер, мектептің оқу ісінің меңгерушісі, қызылша өсірушілер звеносының жетекшісі атындағы... Тіпті бір көше отан соғысының алдында Ташкеннен оқып, комсомолға кірген, кейін аудан орталығындағы ауруханада ұзақ жыл істеп әйелдердің әуретімен алысқан гинекологтың есімімен аталып кетті. Ал алпыс жыл қағазға көз майын тамызып өлең жазған, мақала жазған, соғыс десең соғысқа қатысқан, тың көтеруге бара жаздап қалған Көрбайға бұйырған дәнеңе жоқ. Бұл неқылған мазақ. Кімнен кем еді, бұл. Бәрін бұлай қойғанда қайсыбір жылдан бергі көршісі Жалқыбаевтың атында да бірдеңе бар. Болатыны қой баққан. Көп қозы алған, Ленин орденді. Социалистік Еңбек Ері атағын енді алайын деп тұрғанда Кеңес үкіметі құлап, содан Жалқыбай ішсе болды Горбачевтің жеті атасынан бермен қарай сыбайды. Көрбай талайдан аң-таң. Құдай-ау, ауыл, аудан, көше, мектеп аттарына елдің ерен ұлдары қайраткерлер есімі берілмей ме. Ауыл­дан, ауданнан, ары кеткенде облыстан ары аяғы ұзамаған үлкенді-кішілі лауазым иелерімен, қойшы-қолаң, диқан, шөпші, тракторшы, бірі қанша жерден билік айтып, бірі қанша жерден қой қоздатып, қанша жерден астық орып, шөп шауып, қанша жерден жер қазып, ақ тер, көк тер болғанымен, мейлі сен оны асқақтат, мейлі әспетте, алтынмен апта,

күміспен күпте, бәрібір, ұлттың биігі бола алмайды ғой. Ұлы қойшы, ұлы диқан, ұлы веттехник, ұлы директор дегенді кім қашан, қай кезде естіген. Осы күні айтыс деген әриай-дай бар. Өткен теледидарсыз, радио, театр, киносыз замандарда халыққа қажет, ал қазір кімге қажет екені белгісіз осы “Көкірекбайда тыным жоқ, көкбайталда құлын жоқ” құбылыс көрінген жерде буырқанып-бусанып жатады ғой. Соның бірінде сахнаға ұран салып шыққан айтыс­керлер айтысқа демеуші – базар бастығы мен ақысыз түнеткен қонақ үй директорын ұлы ағаларымыз десіп, қарадай қарабет болғандарын қайтесің. Қазақ сонда қайда кетіп барамыз, деп күрсініп қойды Көрбай. Қайда қарасаң құлдық ұру, қайда барсаң құлдық ұрғызу. Ірілік ізғайым. Болса ілеуде бірде. Нөпір ойсыз. Сауат бар, білім жоқ. Сана тұман... Енді ойлап қараса, енді мойындаса соның ішінде мұның өзі де жүр. Жүрмесе ақын да, қайраткер де болар еді. Намыс үшін жан алып, ұят үшін жан берер еді. Адаспас еді. Алданбас еді. Көрбай күрсінді. Күрсініп тұрып, өзінің осынау қайсыбір замандардан бір қайнауы ішінде, бүтін де ілең-салаң, алшы түсуінен бүгі мен шігі көп, қамшыдай қысқа ғұмырының көбі бекер рәсуә, қай күнінің қалай ілгері басатынын, қай түнінің неге кері кететінін пайымдай алмайтын, солай етуге ақыл да, еркі де жетпейтін, әрі оған өкіне білмейтін, қайғысы

мен шері аз адамдардан бөлініп кете алмайтынына көзі жетіп, және енді ары қарай еш нәрсеге басын қатырмай, өзі талай күндерден бері кесіп-пішіп қойған мақсатын жүзеге асыруға қамдана бастады. Ақыры мұны ескеріп жатқан ешкім жоқ екен, ақыры жақсылықты әркім өзіне-өзі жасап жатыр екен, ақыры кез келген өзін мен бәленде, бәленмін деп өзі айтатын заман туған екен, бұл да сөйтеді. Таң қылаң бере әйелін оятып, қолына балға-шеге ұстатып, өзі орталықтан алып келген төрт бұрыш дүниені сыртқа алып шықты. – Ыңғайсыз емес пе? – деген әйелі. – Несі ыңғайсыз... – Мұндай тақтаны адам өлген соң ілмеуші ме еді. – Өйтіп, ырбаңдама! Осымен сөз бітті. Таң атып, малдарын өріске шығарып салып бара жатқан көрші-қолаң Көрбайдың үйінің бұрышындағы рамасы қып-қызыл беті әйнек тақтаны көріп: – Мұнысы несі, тағы? – десіп келіп үңілген. Сонда көргендері тақтадағы: “Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, ақын, жорналшы Көрбай Бошқаев тұрады” деген жазу болды. Оу, ағайын, пәтуа қайда? – деді біреу дауысын көтеріп. Сосын: – Әй, Көрбай! Көрбай! – деп айғай салған. Бірақ терезеден сырттағының барлығын сығалап қарап, көріп тұрған Көрекең тырс деп дыбыс шығарған жоқ.

Тақта
маңында
үймелеп
бірі

жағасын
ұстап,
бірі ернін сылп еткізіп, бірі бетін шымшып, бірі
күліп тұрғандарға қарата екі саусағының ара-

сынан басы добалдай бас бармағын көрсетті.

Аты жоқ әңгіме Күн тас төбеге келгенде үй іргесіндегі бұтағы қалың үлкен ағаштың көлеңкесіне биік етіп салынған тапшан үстінде шайларын қанып ішкен нағашы атасы мен апасы сол отырған жерлерінде мызғып кетеді де, Елтүзер көрген-жіткені, естіген-білгендерін жазып жүретін қалың дәптерін парақтап қойып, өзімен-өзі болады. Бұлардың үйі аудан орталығының ең шеткі көшесінің сырт жағы еді. Дәл іргеден ауылды орап өтетін қара жол бара-бара үлкен трассаға қосылады. Қарсы жақ ойлы-қырлы жадағайлау қаптал. Бұдан екі-үш жыл бұрын оның ана тұс, мына тұсында үлкенді-кішілі, ескілі-жаңалы бейіттер ғана көрініп тұратын. Екі-үш жылдан бері сол бейіттерді аралатып, тіпті кейбірінің

іргесі тиіп кете жаздап үйлер салына бастаған. Былайғы жұрт: «Әруақтардың төбесіне ат ойнатып бұл қай сұмдық, – десіп жағаларын ұстайды. – Құдайдан қорыққандарын қойған ба, бұлар?» Оған пысқырып жатқан ешкім жоқ. Алғашқы қар түскенге дейін сарылдаған, гүрілдеген техникалар ойлы-ойпаңды, дөңдөңесті үй салуға ыңғайлы етіп тегістеп, шаңтозаң етіп жатады. Бұрнағы жылы жол апатынан қаза болған Ел­түзердің анасы да осы қапталдың үстіне жерленген еді. Сәл әріректе теміржол өтетін. Биікте болған соң төбесі үй жақтан қарайып көрініп тұрады. Көз салып отырам деп атасы жалғыз қызының қорғанын биік қалатқан.

«Елтүзержан, мына атаң өлгенде жалғызымның жанына апарып қоярсыңдар», – деп отырады ылғи. Деп отырып, қапталдағы ескі қорғандарда жатқандар жайлы толғап кетеді. «Әнебір шөгіңкіреп қалған зират Әпейбек деген атақты емші, жарықтықтікі. Осы айналадағы қалың жұртты ауру-сырқаудан емдеп-домдап өткен деседі. Болған ғой, қай заманда да небір құдіреттілер. Көбісін еске ала бермейміз. Өзге түгілі, тікелей өз үрім-бұтағына да керегі жоқ сияқты болып бара жатыр ма, білмеймін. «Ата, ана Дандайдың коттеджінің түбіндегі қорған оның өзінің туған атасынікі деп едіңіз ғой»,– бала қарап отырмай сұрақ қояды. «Қызыл өкіметке бағынбаймын деп ит жеккенге айдалып кете барған ғой, есіл ер. Оралған, он жылдан соң. Он жылдың өткен суығы, онысыпұнысы дегеннен оңала алмай, он айдың ар жақ, бер жағында талқаны таусылған. Жұрт ол кезде кісіден көрген жақсылығын ұмытпаған. Екі-үш өзбек тауып, басына күмбездеп соқпақорған соқтырған. Туған немересі болса, әне, жарықтықтың әрауғын баса-көктеп, дәл іргесінен гүрсілдетіп, тарсылдатып үй салды, – деп атасы басын шайқап, жағасын ұстайды. – Әруақты қорлағанның оңғанын естімеген, ешкім. Осы өзіңдей кезіңде көріп қалдым, Керімбай деген-ді. Ауыл-ауылда түйіншек арқалап қаңғып жүрді. Бірде сау, бірде есалаң. Кезінде қызыл белсенді болып, айналасындағы ауыл-ауылды қанаттыға қақтырмаған атақты

Бектембай қажының зәулім мазарын тасталқан бұздырып, қызыл кірпішін кеңсе салуға жаратып... Содан әруақ ұрды ма, әуелі мұрнына самал түсіп, маңқылдаған пұшыққа айналып, артынан есалаңға ұшырапты. Самал миына шапты ма, білмеймін. Қашан, қай жерде өлді, соны естімедік. Бала сұрайды: «Ата, самал деген ауру ма?» «Құрт ауру. Мерез». «Дандайдың мұрнына да түсе ме енді?» «Итім білсін бе. Мұндайлардан аурудың өзі де қорқады, сірә. Ал, енді әруақ... Әруақ ұрмай қоймайды. Әй, сөйтеді». Елтүзер осыдан кейін Дандайды біртүрлі жек көріп кетіп еді. Атасы айтса: ол әуелі – опасыз. Кезінде ауданның тұңғыш әкімінің қызын алады ғой. Содан жүріп берген, қолы. Агробанк деген құрылып, соған сұққан басын. Орынбасары ма, бірдеңесі... Орталықтың жұрт ең көп жүретін екі-үш жерінен қос қабаттап дүкен соғады, ол аздай мейрамхана, сән үйі, ақша айыр­бастау дей ме... Үш-төрт аптека... Базарда ұзыннан ұзақ ет сататын орын... Тауда жайлауы, қыстауы. Төрт түлігі... Малшылары қарақалпақ жақтан келген өң оралман. Бір шыбықпен айдап отыр, шетінен. Қой деп жатқан қожа, әй деп жатқан әжесі жоқ. Тобасын ұмытқаны сол емей, немене, біраз жыл әкім болып, орнынан абыройсыз кетіп, сандалыңқырап қалған қайын атасы қарызға ақша сұрап келгенде «Сонда ол ақшаның түрі қандай болады?» депті. Қайын атасы түгілі, бұл Дандайдан атасының қорғанына төндіріп

үй сала бастағанда өз әкесі де жаман қатты түңіліп, қияндағы қызының қолына біржола кетіп қалды ғой, – деді атасы жұдырығын бір ашып, бір жұмып. – Зіді жуас, біртоға жақсы кісі еді, жылап кетті. Жұртқа қарар бетім жоқ деп кетті». Атасының бір медеті, мұның анасының бейітіне тиістіріп ешкім үй сала алмайды. Өйткені, қаптал үстімен өтетін темір жолға жақын. Атасы: «Жолға елу метрден асып жақындап құрылыс салуға болмайды деген заң бар» дейді. «Ата, өкіметке айтпайсыздар ма?» дейді Елтүзер. «Нені?» «Молаларды неғып... үй салып жатыр деп». «Ой-бүй, балам-ай, өкіметтің өзі беріп отырған жоқ па, оларға осы жерді. Барғанбыз әкім-қараларға. «Мола-молаға иін тірестіріп үй салғанды қай аталарыңнан көрдіңдер?» дейміз ғой, сонда. «Көкелерау, ауылдың айналасында құрылысқа жер қалмады, сонда үйді аспанға апарып саламыз ба» дегені. «Ей, шырағым, – дейміз күйіп-пісіп, – қазақтың жерінің ұшы-қиыры жоқ емес пе». «Ұшы-қиыры жоқ жер қайда, біз қайда, – деп алақан жаяды, – Сарыарқаны айтып тұрсыз ба, Жонарқаны айтып тұрсыз ба, айтып тұрғаныңыз солар болса, мына жұртты апарып көріңізші со қу далаға, «Халық қаһарманы» атағын

берейік, өзіңізге». «Қазақ қу даладан қорыққанда, құдай, әруақтан қорықпай ма» дейміз. Сонда бар ғой, әлгі ит неме екі иығын селкілдетіп жаман күлгені. «Көке-ау, құдай жоқ деп оқытқан өзіңіз емес пе едіңіз,

кеше» дейді. Қырық жыл мұғалім болғанымды бетіме басып тұр. Еңбек тәрбиесінен қырық жыл сабақ бергенім рас қой. «Әй, солай етуге мәжбүрледі, бізді, – деймін. – Сендерді өйтіп діңкелетіп жатқан ешкім жоқ қой». «Ата, – деп осы арада бала сөз қыстырып қалады. «Сөйткендеріңіз рас па? «Қайткеніміз?» «Құдай жоқ деп...» «Міне, –деп атасының көзі алаяды. – Қазіргінің балалары қабырғаның арасынан қазық қағып қояды, сұрақты. Не дейін енді келіп... Адамды еркінен айырғанда пенде болады...» «Бар ма, бірақ?» «Не бар ма?» «Құдай?» «Жоқ, деген қызыл өкіметтің өзі жоқ болып кетті емес пе. Ендігіміз, не. Тәуелсіз елміз. Ар, ұят, кісілік қайда... Әруақтарды желкелеп үй салған бұлардың тірлігін бәрі көріп жүр. Өзіміз сияқтылар жағасын ұстамаса, тіпті ауыл ішінде елеңдеген өзге ешкімді көрмедім. Дым болып жатпағандай, жым-жырт. Осыдан қорқам...» деп атасы мынаны айтады: Баяғыда... Дүниені жайлаған бір асқан байдың көп ұлы болады. Көп ұлымен мейманасы тасып жүргенде, тұңғышының басына бір бөтен жара түседі. Бұл өзі бұрын-соңды ешкім көріп білмеген оймақ жара екен. Бай оны былайғы жұрттан жасырады. Намыстанған ғой, сонда. Ұлына «ендігі жерде басыңнан бөркіңді алма» депті. Сөйтіп, ұлының жарасын бөркімен жасырады. Мейлі-ақ, бірақ, бір үйде өсіп жатқан балалардың бас киімі бір-біріне бірер сәтке болса да ауыспай тұрмайды. Бөтен жара бірінен бірінің басына жаппай жұқпай ма. Күндердің

күнінде олары асқынып, байдың өзінен бастап басқаларына, олардан тұтастай бір әулетке шауыпты. Содан миларын жара жеп, бүтіндей әулет ақыл-естен айрылып, бірінен бірі адасып, қайсысының қайда барып өлгені белгісіз, тып-типыл жоғалып кетіпті...»

«Жаман ғой, ата» дейді баланың денесі түршігіп. «Сол жаманның қай-қайсысы да жаңағы айтқаным сияқты – жұқпалы. Жасырсаң өршіп кетеді. Мысалы, мына әруақтарды баса-көктеген... Өсти берсек, балам, қазақ болмай қаламыз, әрі-беріден соң. Қарғысына ұшыраймыз атабабаның». Елтүзер әрине, атасы айтқандардың барлығының түбіне жетіп, түсіне бермейді. Бірақ де естігенін түгел қалың дәптеріне жазып қойып жүр. Бұл әдет алдыңғы жылы мектепте алғаш рет «Қазақ жері – қазынам» дейтін шығарма жаздырғанда пайда болған. Ол өзі бейіттерді айнала-төңірек үйлер салына бастаған кезбен тұспа-тұс келіп қалды. Атасы үнемі қатты күйзелетін. «Сонау жылдары айнала төңірегі екі ат шаптырымға дейін бос, көкорай шалғыны ғана көмкеріліп жататын осы ауылдың ендігі жерде төрт құбыласынан тең тұрғын үйлері бар, басқасын айт, небір құрылыс ғимараттары иін тіресе салынып, екі өкпесін қысып тастаған. Мейлі... Бұл ел байыған шығар, өсіп-өнген шығар, бала-бақырдың бас-басына үй керек болар, шығандап кеткендері тойхана ма, сауна-пауна, тағы немене, әйтеуір, айтып бітпейсің,

бәрін салғаны керек те, бәлкім. Ал енді мынау әруақтардың басында тұрған қорғандарды баса көктеп...» деп қой, сонда. Атасының айтқандарын түгел шығармасына қосып жазып апарып еді, ағайы: «Мына бір жерлері сенің кәлләңдікі емес қой» деп сұраулы көзін салған. «Атамның айтқандары» деді. Мұғалім бұған бес деген бағаны қимаған. «Ағай, сіз де құдай, әруақтан қорықпайсыз ба?» деп сұрай жаздап еді, сонда, мұғалімнен. Өссем, мен де билік болсам, мола аралап салынған үйлердің барлығын атасы айтатын құдайдың кең даласына көшіріп жіберер едім деп армандап та қоятыны бар кейде. Онысын бірақ атасының «Мыналардан ба, мыналардан қорқам осы» деп жиі айтып отыратын зары жиі-жиі жайпап жіберетін. «Әруақтар күңіреніп жатыр, – дейтін атасы. – Жалғызымның да шырқыраған дауысы құлағыма жеткендей болады...» Осыны естігенде баланың сай-сүйегі сырқырап кетеді. Салынып жатқан үйлерден бейіті әрірек жатқанымен, құрылысқа жер тегістеп, топырақ-тас тасыған техникалардың гүріл-сарылы мамама да жетіп жатады ғой деп жаны тызалақтайды. Қайқаң жаққа үркіп қарайды, үнемі. Қапталға үйлер әлі толып кеткен жоқ. Зираттар да әр-әр жерде еді. Бір тұсында бірнеше, келесі жағында бірен-саран, жалғызжарым тұрғандары да бар-тұғын. Төбесі күмбезге ұқсас Дандайдың атасының соқпа-

қорғаны бұлардың үйіне қарама-қарсы, әрі жақындау. Екі қабатты коттедждің қасында ол қалқайып ғана тұр. Былайғы жердегі салынып біткен,

тұрғызылып жатқан үйлердің көбісі көзге қораш. Көбісі алқа-салқа. Құрылысы әлі бітпесе де иелері кіріп алған. Шетінен жамапжасқап жатыр. Олар Дандайдың таудағы малын бағатын оралмандардікі екен. «Бұларға осы қапталдан үй салуға жер алып беріп жүрген әлмисақтан әкімдікпен әмпей Дандай жазаба ғой, – деген атасы. – Қамқорлық көрсеткенсіп... Иттің есебіне құрық бойласа қане». Елтүзердің байқағаны: оралман қазақтар жергілікті қазақтардан басқалау. Балашағасына дейін пысық. Баспаналарының ана жеріне сылақ ұрып, мына жерін түзеп дегендей, тынбайды. Шал-кемпірлері қайдан әкелетіндерін, үлкенді-кішілі, бүтінді-жарты­ лай қатып-семген тері-терсек тауып келіп, илейді де жатады. Керіп, созып, кептіріп келеге кептіріп базарға шығарады. Таң атқаннан күн батқанға дейін қиыр-шиыр қилы тірліктен өзгеге елеңдеп, елпілдеп, елікпейді. Атасы айтса, ақысын төлесең отқа айдасың да ойланбай жүре береді. Шынында да қатынқалаштарының кез-келгені Дандайдың үй шаруасын жандары қалмай жасап жүреді. Ананың үйінен сенбі, жексенбіде келімдікетімді үзілмейді. Иномаркалар тізіліп келіп, ішінен түскен қозы–қарындар котедждің мансардында бильярдтың тасын бұрыш-бұрышқа

қуалап, тарқ-тарқ күліп, тарсылдатады да жатады. Ертесіне Елтүзер талай көрді, қонақ күткен оралман қатын-қалаштар Дандайдың үйінен үйлеріне қарай табақ-табақ сорпа-су және басқа да түннен қалған оны-пұныларды көтеріп бара жатады. Сонда оларға ананы ал, мынаны ал, оған тиме, олай жүр, былай тұр деп тұратын өрімдей әдемі бір келіншек бар. Баланың есінде, бұрын жөні түзу көйлегі жоқ оралман қатын-қалаштың бірі еді ол да. Кейін құлпырды. Жүрісі бұлғаң, сөзі өктем. Дәл бір ертегіде айтылатын байдың жалғыз қызы сияқты. Қаптал жақта тегістеп үй салуға жер болғанымен, ағып жатқан су жоқ болатын. Содан да Дандай өз ауласының бұрышына жақын маңнан құдық қаздырып, мотор орнатқан. Жұртқа екі мезгіл – сәскеде және бесінде су беріледі. Ақылы. «Жұртты жарылқау үшін емес, құдайдың суын шелектеп сатып пайда көруде ғой, ит-ай» деп атасының зығырданы қайнап отырады. Сол құдықтың билігін Дандай әлгі әдемі келіншекке беріп қойған. Оралман қатынқалаштың арасында құндыздай құлпырып жүретін жалғыз сол. Жарқылда­ған дауыс, сыңғырлаған күлкі де жалғыз содан естіледі. Үйдегілерден естігені Дандайдың әйелі дімкес. Қаны таси ма... Сондай, бірдеңе. Сыртқа шыққанын көрмейсің. Келіншек Дандайдың таудағы малшыларының бірінің әйелі. Ананың қайтыс болған бұрынғы әйелінен

үймелі-сүймелі екі қызбала қалған екен, түс әлетінде болмаса, олар көзге қораштау екі бөлмелі баспаналарының көлеңкесінен ұзап шықпайды. Түс әлетінде олар ғана емес, қапталдағылардың бәрі дерлік күн төбеден едәуір ауғанша үйлерінің терезелерін қараңғылап тастап, жаппай дерлік дамылдайды. Мұның ойынша, түс әлетінде өйтпейтін өзі ғана. Мызғып кеткен атасы мен апасының бір шетінде, алдында қалың дәптері мен қаламсабы, етпеттеп жатады осылай. Қайсыбірде ғой, сол былайғы жұрт дамылдап қалғанда баланың көзі үйінен шыға келген Дандайға түскен. Майкешең. Айналасына ұзақ қарады. Үйін бір айналып шықты. Сосын атасының қорғанына қарай ақырын жүріп барып, жып беріп кіріп кетті. Кенет... Көп ұзамай көзге қораш баспанасы жақтан әдемі келіншектің де сұлабасы көрінген. Қолында шелек. Дандайдың үйіне жеткен соң, шелегін бұрышқа қоя салып, айнала-төңірекке көз салып, біраз тұрды. Сосын Дандайдың соңынан ол да қорған ішіне жып еткен. Елтүзер таң: Олары несі? Қорғанның ішінде не істегелі жүр? Сыпырып, тазалай ма? Онда неге жанжақтарына жаман алақтады? Неге екеуі екі бөлек кірді? Бала дәнеңе түсінбеген. Бірақ содан бері осылай отырғанда қорған жаққа елеңдеп қоятын әдет тапқан. Дандай мен келіншектің ара-тұра қорғанға ұрланып кіріп-шығып

жүргендерінен бойынан өзіне беймәлім бір үркек сезім лүп-лүп еткен. Атасына көргенін айтпақ болып, өйтпеді. Бірақ, әуестік билеген Елтүзер үнсіз және қала алмады. «Ата, адамдар қорған ішіне не үшін кіреді?» деп сұраған. «Әруаққа бағыштап құран оқиды» деді атасы. «Сосын?» «Оны неге сұрап отырсың?» «Жәй... Бекер де кіре бере ме?» «Өйтпейді, ешкім». «Өйтсе ше?» «Қой... Беталды... Құтырып кетіп пе». «Дандай мен келіншек қайта-қайта кіріп жүр ғой» деп айтпақ болып, өйтпеді. «Не, сен жұртты аңдып жүрсің бе, деп ұрсар, деді. Атасы мен апасы өтірік, өсек десе өре түрегелетін. Ең сұмпайы нәрсе «жаптым жала, жақтым күйе» деп отыратын. Ал Дандай «Слушай шал, далбасаларың үшін жүгермегіңмен қосып жермен жексен етіп жіберемін!» деп жұдырығын ойнатып шыға келсе қайтеді. Жалпы, Дандайдың төбесі көрінсе-ақ, баланың бойы лезде бір суып, басылатын. Қайсыбірде атасы екеуі, анасының басына барып қайтып келе жатқанда, Дандай әдейі күтіп тұрғандай, үйінің қалқасынан сұп-сұр болып шыға келгені. «Сен шал, менің сыртымнан сапырып жүрген көр-жеріңді қане, өзіме айтшы» деген аман жоқ, саулық жоқ. Масаңдау. «Сенде иман жоқ» деген атасы. «Аспанды көздеп оқ аттым ба?» «Туған атаңның әруағының үстіне ат ойнатып отырсың». «Ойнатам ба, жоқ от қоям ба, сендерге келіп кетері, қане». «Өзіңді әруақ атады, өзгеге бәлең

жұғады, ит!» «Көрдегілер мен көрінгеннің пықи-тықиын көлденеңдетпей көтіңді қыс, шал». «Көсегең көгермейді, сенің. Көк шыбын үймелейді, көзіңе, нәлеті. Тұр, былай жолдан!» Дандайдың беті жаман бүлініп, атасының білегіне шап берді. Добалдай саусақтарымен аяусыз қысты ма, шалдың бойы дірдек қағып, басы қақшаңдап, белі қайқайды да қалды. «Әй...әй...» дегенде даусы сондай бір аянышты естілді. Елтүзер аяғының асатында жатқан кесек тас­ты қалай іліп алғанын өзі де байқамай қалды. «Жібер қолын!» деп бақырып жіберген. Дандай жалт бұрылып, аузы аңқиды. «Әй, сәбікі, таста андағыны, – деді лезде айбат шақырып, – мойныңды үзіп алам, күшік!» Атасы зар қақты: «Керегі жоқ, балапаным. Беті әрмен бәленің, кетелік. Жүр!» деп босаған қолымен білегінен шап беріп мұны жетелей жөнелген. Сөйлеп келеді, сонда: Кісілігі қараң қалған қу дүние. Қасиеті жоғалған, сұм өмір. Басқа шықты, бақа-шаян. Өй, атасының көрі... Өй, бүйткен... Баласы жоқ деп қой... Іздеп-сұрары жоқ деп қой... Бармысың, құдай... Қайдасың... Атасының көзінен жас шығармай-ақ, егілген, еңіреген зарлы ма, аянышты ма, үздіксоздық үнін алғаш естіген бала жаман сілейді, сонда. Жағы қарысып қалғандай сол күні тістеніп жүріп алды. Дандайдан көңілі – қара жер. Жалғыз одан емес. Көп нәрседен. Атасы айтқанның бәрінен. Кешкісін дәптеріне солай деп жазды. Олардың не екенін соншалық

түсіне алмаса да, сөйтті. Түн ортасына дейін көзі ілінбеді. Жапанда жалғыз қалғандай сезінген. Сондайда мамам түсіме кірсе деп тілейтін. Бірақ мамасы кірмейтін еді, түсіне. Сосын да әкесін алатын есіне. Құшағына барып тығылар едім, дейтін. Бұрнағы жылы шешесі автокөлік апатынан қаза тапқаннан кейін, ол біраз уақыт араққа салынып жүрді. «Мамаңнан айрылып, күйіп барам ғой» дейтін. Сөйтіп жүріп, жұмысынан шығып қалды. Атасы айтса «қасиеті кетті». Содан бір күні Елтүзерді нағашы атасы мен апасының қолына әкеліп берді де: «Қыздарыңыз, иығымнан түртіп, өлі ұйқымнан оятты. Ия, сөйтті. Шынын айтам, түсімде емес. Өңім деуге де келмейді. Білмеймін. «Арағыңды қоймасаң, баламыз жалғыз қалады, еркексің, есіңді жи» деп жоқ болып кетті. Рас айтам, – деген, – есімді жимай болмас, енді». Содан ту-тудегі үлкен қалаға барар жолдың бойы­нда трубалар тартылып жатқан айлығы жақсы ауыр жұмысқа барып кірген. Оқтатекте келіп, кетіп тұрады. Әр келісінде кемпіршалға ақша әкеліп береді. Елтүзердің керекжарағына, өздеріңіздің шай-қанттарыңызға дейді. Ауылдастарына төбе көрсете қоймайды. Бірден бейіт басына соғады, Елтүзерді ертіп. Екеуден екеу қалғанда қамығады: «Анаң тірі болғанда... – деп кемсеңдейді. Сосын мұны бауырына басып отырып айтады: «Жер түбінде жер тістелеп жүрсем де сені жеткіземін. Ал сен оқы. Жақсы оқы. Оқымағандықтан жүрмін,

міне, ту-тудегі Қарағандыға барар жолдың бойындағы зілдей трубаларды сүйрелеп. «Көке, өзіміздің ауылда ондай жұмыс жоқ па?» деп сұрайды Елтүзер. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді, солай» деді әкесі. Бала түсінбей бетіне қарайды. «Өскенде білесің мәнісін, біздің қазақ бір сүрінгеніңді көрсе, көз түрткісін қоймайды, – деп әкесі, бауырына қыса түседі.– Ал қазір, оқы. Мен– жалғызбын, менен сен – жалғыз. Екеу-ақпыз. Өзімізге өзіміз берік болмасақ, көрдім емес пе, әлгі нетіңкіреп жүргенде... Ешкімнің жаны ашымайды. Ондай ұмытылып бара жатыр». «Қандай?» деп сұрайды бала. «Аяушылық». «Ойбай, бүгінде аяушылық деген адыра қалып барады» дегенді атасы да көп айтып отыратын. Адыра қалған – ағайынның бірбіріне қажет ашуы, обал-сауабы... болып кете барады екен. Осының барлығын қалың дәптеріне сүйкеп жүретін Елтүзер тапшан үстіне екпеттей жатып алып, оларын қайталап оқып қояды. Бүгін де сол әдетімен өзімен өзі болатын. Кенет... Есіне әлдене түсіп кеткендей, басын көтеріп алып еді, көзі бірден қорғанға емпеңдеп кіріп бара жатқан Дандайға түскені. Бір жаққа барып келді ме, бес-алты күннен бері көрінбей қалған. Әне...

Ұзамай әдемі жас келіншек те де ар жақтан шыға келді. Қолында сол, бос шелегі. Әдеттегідей ол да барып кіріп кетті, Дандайдың соңынан. Бала орнынан қалай ұшып тұрғанын өзі де байқамай

қалды. Әуестік ендігі жерде оған ерік бермеді. Дамылдап жатқан атасы мен апасына сыбдырын білдірмей, ауладан сытылып шығып, жанжағына жалтақ-жалтақ қарап, Дандайдың атасының қорғанына қарай жаймен, ақырын, абайлап басып келеді. Оған жеткен соң, кірер есіктің темір шарбағынан ішке бірден көз салуға батпай, сағана жақтауына жабысып, ішке құлағын тосқан. Әуелі еркек пен әйелдің қосарлана шыққан ырабайсыз ыңырсыған үнін естіді. Балаға аналар бір-бірін буындырып жатқандай болып көрінді. «Олары несі?» деп жалма-жан темір шарбақтан ішке қалай үңілгенін өзі де аңдай алмай қалған. Сонда, әуелі көргені – қорғанның ортасындағы аласа төмпешік үстінде... Келіншектің беті бері қарап жатыр екен, бұған көзі түсіп кетіп: «Әй...әй... Ой...бай!» деп жейдесі желкесіне қарай түріліп кеткен түйедей еркектің жалаңаш арқасын сабалап, өлердей тыпырлады. Көзі шарасынан шыққан. Әлем-тапырақ болып кеткен өңі жан шошырлықтай еді. Мүлде күтпеген көріністен оқыс, әрі сұмдық қатты шошынған баланың құлақ тұндырып құлындаған даусы жалғыз сәт көкті тіліп өтті де, кілт үзілді. Жақын маңайдағы ана үй, мына үйден қайсыбіреулердің сыртқа атып-атып шығуына оның жалғыз сәт көкті тіліп өткен құлындаған даусы жетіп жатыр еді. Апалақтап айналаға алақ-жұлақ қараған жұрттың көргені – Дандайдың атасының қорғаны жақтан сүрінеқабына екі қолы ербеңдеп кетіп бара жатқан Елтүзер.

Баланың шырқырап шыққан үні атасы мен апасына да жеткен болу керек, алдынан емпеңдей басып шығып келеді екен, екеуі бірдей, емпеңдеп. – Япыр-ай, сенің даусың ба, жаңағы? – деп атасы өңі өзгеше бүлініп кеткен баланы бас салды. – Неден шошындың, күнім? Елтүзер Дандайдың атасының қорғанына қол сілтей берді. – Ол не? Айтсаңшы... Балада тіл жоқ еді: Ы...ы..., – деп ыңырсиды. Артынан белгілі болғаны – ел естімеген сұмдық: Ана екеуі қорған ішінде ажыраспай қалыпты... Күтпеген жерден оқыс қатты шошып қалғанда сөйтеді екен. Тілі байланып Елтүзер ауруханаға түскен. Атасы мен апасында жан жоқ. – Жалғызымнан қалған жалғыз еді, – деп құдайдың зарын қылған екеуіне дәрігер басу айтады. – Емдейміз, әлі-ақ сөйлеп кетеді, – дейді. – Оқыс, сұмдық қатты қорқып қалудан болады, бұл. Бала түгілі біздің де тіліміз байланып қалар еді, әуелі. – Әруақ ұрды, ә иттерді, – деп атасы басын шайқай береді, – Сөйтті, ақыры... Енді ше... Елтүзерді бойында бұрын-соңды болып көрмеген бір сұмдық ұят қысады. Атасы мен апасы түгілі, өзгелердің бетіне де қарай алмайды. Көп ұзамай ұлының жағдайынан хабар-

дар болған әкесі де жеткен, екі өкпесін қолына алып. Бірін-бірі құшақтап ұзақ отырды. Көздерінен жас парлаған. – Дәрігер айтып отыр, көп ұзамай-ақ жазылып кетесің, – деді әкесі. – Енді айналып келгенде, сөйтіп отырасың, күнім. Бала оған елеңдей қоймайды, тіпті елемейтін де сияқты. Екеуі сыртқа шығып, қол алысып, қоштасып жатқанда, әкесінің қалтасына төрт бүктелген қағаз салған. Былай шыққан соң анау қалтасындағы қағаздың бүктеуін жазып қараса, бір-ақ ауыз сөз: «Енді менің құлағым да естімей, көзім де көрмей қалса екен, көке...»

Бірін-бірі көрмегендеріне төрт-бес жылдың жүзі де болып қалыпты ғой. Қу тірлік те баяғы. Бірге тұрмақ болсаң да, бірге жүрмек жоқ; бір ұядан өріп шыққандар ары қарай тарам-тарам тағдырларға айналады; пешене дейтін шіркінге жазылған соқтықпалы соқпақтар ара-кідік бір түйісіп, оқта-текте бір қиылысып қалады демесең, өзді-өзімен қиыршиыр. Ағасы жаңа әзірде аузы ашылып, бірақ құйылмаған арақтан стаканына толтырып алды. – Көптен ішпейсің бе? – деген інісіне ортадағы қуырылған балыққа лықа толы сковородканы бері ысырып жатып. – Мүйіз шықпады. – Ана бір жылдары екі бүктеліп жатып алушы едің. Мінез

– Енді де. – Ішпей-ақ па? – Қасірет дейтін бар ғой. – Рас, – деді ағасы арақты сыздықтата сіміріп. Дәл бір тісінің арасынан жіберіп жатқан сияқты. – Бір-ақ қақпайсыз ба. – Қайсы шаруаны да жанды қинап жасау керек қой. Оңай болғанның ләззаты жоқ. Шашы мойылдай қара еді, ағы көбейіп, едәуір селдірепті. Ұрты суалыңқы. Тек көзіндегі жай отырса жабыңқы, жалт қараса жанып шыға келетін жанары ғана сол қалпы. – Сенің бірде-бір кітабыңды оқымаппын, − деді ағасы, − не жазасың өзі? – Өзімді де. – Өзің не… үлгімісің елге? – Болмаған соң да өзімді-өзім талайтыным.

– Біздің түбімізге сол… мінез жетеді, – деді ағасы. – Әйтпесе, өзгелер сияқты менің де қазір ат мінбесем де, тай мініп жүретін жөнім бар-тұғын. Сипай қамшылай салатын жерде сабап жіберетін ит мінезіміз бар. Ымыра жоқ. Келісімге келмейміз. Жиырма жыл бір көрпенің астында жатып та жеңгеңнің әлі күнге дейін төркініне бір кетіп, бір келіп жүретіні сол. Тіпті соған да "иә, жарайды" дей салмаймын ғой. – Қайсыбір жылы ауыл кеңсесінде әжептәуір қызмет істеп жүрдіңіз… – Жүре беретін де ме едім. Әлгі Лигачев деген иттен болды ғой бәрі. Салауатты өмір деді ме, немене. Бітті, енді ешкім ішпесін деді. Қайдағы ішпеген! – ағасы стаканын тағы толтырып алды. – Ауызда ерік бар ма, ар жағында аңырап құлқын тұрғанда. Құлқынды кім бітей алады. Қолыңды сұқсаң, қолтығыңа дейін кіріп кетеді. Арақты айтасың, адам жұтады ол. Жұтып та жатыр. Жұтпай тұра алмайды. Қоғамның соры сол. “Қазақ шетінен философ, – деп ойлады Хакімжан, кез келген әңгімені тұйықтай салмай міндетті түрде тарқатып әкетеді. Ойға жүйрік, сөзге шебер. Әттең, іске жоқ. Әрекеті аз. Өзіне-өзі масыл. Не, пәле?..” – Адамның жынды болмағы қоғамынан, – ағасы приманың талын езуіне қыстырды. – Жоқ десең, биліктің айналасында атқа мініп жүргендер болса жарайды, ал енді қойшықолаң, тракторшы, комбайншыны да арақ іштің деп жиналысқа салып, партиядан

шығара ма. Алты ай жаз күнге қақтап, алты ай қыс аяз сорып қым-қуыт қу бейнет күн сайын титықтататын, ғұмырларында театр, ресторан тағы не… санасаң бітпейтін қызық, рахаттарды көрмейтін қарапайым жандарды неге ішіп, неге жейсің деу ақылға сыятын ба еді. Айтшы. – Сыймайды, әрине. – Бізге сыйды ғой. Сен Есіркесін ағаңды білесің. Ғұмыры тау, далада мал соңында өтті. Сол енді әлгі біреудің аузын біреу аңдып жүрген күндері бала-шағасына шай-қант алуға ауылға келмей ме. Келгесін жерден қазса да бір шөлмек, екі шөлмек, тіпті үшеу шығар, әкесін танытып ішпей ме. Әкесін танытып ішкен адам қайтеді, өзі қой соңында, қу далада ыңылдап жүретін "Құралайды" көшенің қақ ортасында, ат үстінде талықсып тұрып бар даусымен айтпай ма. Содан байғұсты партия жиналысына салды ғой. Партком хатшысы үш жыл бұрын аупартком әкеліп қонжитып кеткен бетінің қызылы мол қайқы бел, қалың құйрық кәрі қыз болатын. Қыз деген аты, әрине. О кезде мұндай атқа мінген қыздардың қимасы бүтін болмайтыны белгілі. Жоғарыдан қызмет бабымен келген дөкейлердің бауырында бүгерлейтіндер осылар еді. Кеңсе жағалаған соң бәрін біліп, сезіп жүрдік. Содан партия жиналысы өтіп жатыр. Есіркесін сорлы ақ тер, көк тер. "Бір жолы кешіріңдер" деп міңгір-міңгір етеді. Тіпті, кірпігі шыланып тұр. Былайғы жұрт: "Бұдан кейін өйтпес, енді…" – деді-ақ, бірақ парт-

ком қыз тепсініп қояр емес. Әкесіндей адамды бидайықтай қуырып барады. "Моральдық жағынан азғындаған мұндай маскүнем адам КПСС қатарында ендігі жерде жүруге тиіс емес, жолдастар!" деп дігерлегенде, кеудесіндегі үнемі ісіп-кеуіп жүретін екі емшегі желіп бара жатқан сиырдың желініндей селкілдеді. Ой, атасына нәлет!.. Қаным басыма шауып шыға келді. “Әй, партком! – дедім сосын атып тұрып, – сенің айтып отырғаның қай мораль? Мораль десең аудан, облыстан келетін дөкейлердің қайсысы сені шалқайтып, қайсысы сені тоңқайтпады?” Хакімжан мырс етіп күліп жіберді. – Дәл осылай дедіңіз бе? – Колхоздың бастығы қыздай сызылған момын жігіт еді. Бар айтқаны: "Аға, өйтпеңіз". Өйтіп қойған соң, айттың не, айтпадың не… “Қорқытарларың партбилет пе? Онда мә! – деп қалтамнан алып, өлейін десе жан тәтті, кірейін десе жер қатты болып әзер отырған партком қызға қарай, – енді мұны сен қойныңа алып жат!" деп лақтырып тастадым да, есіктерін тарс жаптым. Содан кейін кеңсе бетін көрген жоқпын, – деп ағасы тағы сигарет тұтатты. – Үндемеген үйдей пәледен құтылады дей ме осы қазақ? – Үйдей пәледен құтылар, ар-ұятынан құтыла қояр ма? – Мәселе сонда. Ал жұртта ар-ұят неге бірдей емес? Ар-ұятынан елдің бәрі неге бірдей қорықпайды?

– Бұл ұзақ әңгіме. – Сен қысқартып-ақ айт. Бала кезімде: "Краткость– сестра таланта" дегенді кімнен оқыдым. Жазушы екенсің. Әңгімені бір тамшыға сыйғызып жібермейсің бе. – Бәрі бір тамшыға сыя бермейді. – Талантың кемшін бе? – Мүмкін. Бірақ талант ұзын, қысқамен өлшенбейді. – Онда Чеховтікі не? – Антон Павлович қысқалықты – таланттың өзі деп отырған жоқ қой, қарындасы дейді. – Қарындасы деп… – ағасы сәл жымиды. – Өзі қыз мінезді адам болған-ау. Қай жерден, қашан оқығаным, Толстой, Горький үшеуі ағаш арасында серуендеп келе жатыпты ғой. Сонда Лев Николаевич: "Антон Павлович, сіз қыз-қырқынмен қалай болдыңыз?" деп сұраса, Чехов ұялғанынан өрттей қызарыпты. Ал Толстой "мен шаршамаушы едім" дейтін көрінеді. – Бұл алыптың мінезі қиын болған. – Абай да қарсы кезіккен қазақты қарадан-қарап қамшымен тартып жібереді екен деседі ғой. – Неге олай деп ойлайсыз? – Мінезіне үйлеспегендіктен де. Данышпан Абай қазаққа намысқой, мәрт, ойлы, прогресшіл мінезді көксемеді ме. Соған үндеді, соған шақырды. Қанша жерден басын тауға да, тасқа да ұрса да, қайран қазақ селт етпеді. – Қазақтың сондағы қалың ұйқысы бүгін ашылды ма?

Ағасы қасын керді: – Сен оны шынында да білмейсің бе, жоқ әдейі сұрап отырсың ба? – Толстойды ойлап отырмын. – Қу бала. – "Қанша кітап жазсаң да, өмір өз жолымен жүреді" деп қамықты ол. Адамдардан бір түрлі көңілі қалды. Өз үйінің терезесінен ұрланып қашып шыққанда, өзін бүкіл әлемнен қызғанған тас құйрық қатыны Софья Андреевнадан емес, көрсоқыр қоғамнан безді. Толстой – өзі сомдаған Анна Каренина тағдырының қайғылы жалғасы, аға. Ол да, Абай да, өзінөзі атып салған Хэмингуэй де ішінде өзіміз бар қалың көпір баяғыдан көнген, әбден мойындап алған, айдауына жүрген көнбіс, көңілшек өмірге ешқашан сыймайтын азабы мен шері мол, шеңбірек атқан шерменде мінездер. – Бірақ сол мінез, қарапайым жұртты өз алдына қойғанда, ұлылардың өзінде әр қилы емес пе? – Әрине. Лермонтовтың түбіне жеткен қызған­шақтық мінез. Бекер обалы қане, Мартынов оған бірнеше жолы "отпен ойнама" деп ескертті ғой. Қайтесің, басы тым үлкен, мойны қылдырықтай, аяғы талтақ Лермонтов сұлу, сымбатты Мартыновтың балға жиналатын ақсүйек қыз-келіншектердің алдындағы биік мерейін өлердей қызғанып, солардың көзінше мазақтауын қоймады. Ол кездің еркектік өлшемінде дуэль – соңғы да, сөзсіз шешім болатын. Рас, Лермонтов ұлы ақын. Алайда,

ұлылықтан да жоғары азаматтық ар-намыс, ар-намыстан от боп ойнап шығатын ойран мінез бар ғой. – Рас, − деді ағасы, − өмірді де мінезбен сүрмей, жұмысты да мінезбен істемей, әйелді де мінезбен сүймей, бәрі бекер. Қалай? – Мүмкін. – Мойның былқылдай бастаған ба? – Неге олай дейсіз? – Сенде де оңған мінез жоқ-тын, енді келіп… – деп ағасы орнынан тұрды. – Күн кешкіріп барады, баяғыдай сөре-сөре ілініп тұратын сүр жоқ қазір, бір қаз сойып, булап пісіргенді жақсы көруші едің баяғыда. – Әуресі көп қой. Жеңгей де… – О жағын маған қоя бер. "Сыртқа шықсам, батырмын, үйге келсем, қатынмынның" дәл өзімін бүгінде. Айтты, бітті, тоқтамайды. Көлденең тұрсаң, бәлесіне қаласың. Өршіп кетеді. Сол өртеніп жүріп қой, бәрінен қағылды. Әйтеуір, бұл көргелі өртеніп келеді. Өртеніп ойнады. Осы ауылда сол баяғыда төбелеспеген баласы жоқ. Өртеніп оқиды. Қай сабақтан да төрт пен бес. Тек кейде не мұғалім, не үйде біреу қитығына тисе, ерегісіп екі алатын. Институтқа алдына жан салмай түспесінің бірі осы. Үшінші курста оң аяғы протез профессормен айтысып… Сондағысы – "Капиталдың" екінші томы түсініксіз. Аудиторияда соны курстастарына айғайлап айтып отырса, үстеріне аяғы протез оқытушы кіріп келеді: "Әй, сен

не оттап отырсың?" "Естідіңіз ғой". "Марксты сынайтын сен кімсің?" "Айта беріңіз". "Айта берің не-ей!" профессордың мойын тамырлары ұйқыдан оянған жыландай білеу-білеу болып қозғалақтап кетеді. "Айта беріңіз". "Қап… мына боқмұрынды…" "Қыздардың көзінше өйтіп оскорблять етпеңіз, профессор". "Жоғал, шық!" Ар жағы белгілі. Институттан қуылды. Тіпті істі болып кете жаздаған. Талай-талай шыжығы бар ғой ағасының. Хакімжан дипломатын столға алып қойды. Ашып, бір буда қағаздарын бері алып шықты. Көптен бері жазып жүрген дүниесі. Қиюы келмей қинауы көп. Қаламы алға жылжыған сайын айтарынан адасып қала береді. Ой жүйесі сылбыр, салқын. Шығармашылық адамының, сірә, ынта-ықыласы оның не сұмдық долдануына немесе әлдекімге шексіз іңкәр болып отыруына байланысты. Хакімжан кімге долданады? Долданды да ғой. Одан не өзгерді? Ештеңе де. Тірлікке қараса, баяғы жартас, бір жартас... Дос дегендер көзде жоқ, көңілдің ұшында. Көбісі дүние салып кетті. Енді одан беттері тіріде қайтпайды. "Кітап жазамыз, жазушы боламыз деп баяғыда Алматының көшелерімен таңды таңға ұрып, пәлсапа соғып жаяу кезіп… жынды екенбіз ғой" деп отыр жазуды баяғыда қойып, бизнеске түбегейлі берілген бір досы. Өйтетіндейі де рас. Қазірдің өзінде қаланың ең ыңғайлы аудандарында екі жер үй, екі пәтері бар. Талай жылдан бері ола-

рын жалға беріп қойған. Ай сайын төрт жүзден ақша санап алады. Баласында да, әйелінде де - иномарка. “Әттең, кейінгі кезде жүрегім ғана сыр беріп жүр” дейді. Хакімжанның оңар қылығы қайсы: "Тырайып қалсаң, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жиған мына дүниең ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей ме?" деген. "Не оттап отырсың?" деп анау өре түрегелді. Алды-артына қарасаң үлкен де, кіші де айналада не болып, не қойып жатыр, оның дәнеңесін түсінбей, ауыздарын ашып, аң-таң. Енді не қалды? Іңкәрлік пе? Кімге? Әйелге ғой. Қай әйелге? Өзіңдікі − өзіңдікі. Оған өліп-өшемін дегенің − өтірік. Өзінікіне ешкім де өле-өлгенше өліп-өшпеген. Өзінікіне өлеөлгенше өліп-өшкен жазушы – тірі жүргенімен, өлген жазушы. Өтірікші. Шын жазушының іңкәрі – тағдырының таң азанында ма, тал түсінде ме, бел асқан бесінде ме, мейлі қай кезінде болсын, әйтеуір өз қолында ғана өмір сүріп жүрген ұрғашыда. Оның берер шабытына еш құдірет жетпейді. Хакімжан оны әлі күнге жолықтыра алмады ғой бірақ. Сосын да шығар, соңғы кезде жазуға, жазу түгілі өмірге самарқау. Әлдеқайда безіп кеткісі келеді. Текті жердің қызы емес пе, әйелі бәрін түсінді. "Саған сөзсіз ғашық болу керек" деді. "Кімге?" "Қызға да". "Мен Гете емеспін". "Оның бекер". "Нем?" "Жасыңа жалтақтағаның". "Олай түсінетін елдің бәрі сен деймісің". "Менен де ақылдысы жетеді. Оның үстіне мына заманда

қыз дегенің проб­лема емес". "Иісі қызға итім лағымайды". "Ал сен итің лағитынын ізде". Әйелінің соншалық мәрттігіне таң қалды. Ұрғашының мінездісі. Солай екенін о баста білген. Екеуі қосыларда… иә, сол қосыларда қыздың ата-анасының алдынан өтер адам табылмай бас қатқан. Бұ кезде Хакімжанның әке-шешесі о дүниелік еді. Ағасының Қазақс­ танның бір шетінен екінші шетіне жетуі біріншіден қиямет, екіншіден, ол кезде партком қыздың кімге шалқайып, кімге тоңқайғанын есептеймін деп КПСС мүшелігінен, істеп жүрген қызметінен кетіп, сіркесі су көтермей жүрген кезі-тін. Ағайын ішінде ет жақын дейтіннен елдік көрсетер есі дұрысы әуел бас­ тан жоқ. Қайтеді, Хакімжан құдалыққа өзі аттанды. Егделеніп қалған қыздың әке-шешесі шай-суларын енді ішіп бола берген екен, "Ассалаумағалейкум!" деп кіріп келген жалбыр шаш жігітке, "Көктен түскендей мұнысы кім еді тағы?" дегендей, жарыса қарады. Хакімжан дәл төрге шығып отырды. "Күйліқуаттысыз ба?" деген шалға қарап. "Шүкір". "Біз де аманбыз". "Шырағым, осы біз таныспыз ба?" "Туыспыз деңіз". Қыздың шешесі ернін сылп еткізді. Отағасы ожырайды. "Әй, сенің төркін жағыңнан емес пе?" "Емес" деді кемпірі. Хакімжан жаңа піскен бауырсақтың біреуін ауызға тастап жіберді. "Шай бере ме бұл үй?" деді сосын өзін-өзі төрге нығарлап. "Қаталап келіп пең" деп отағасы да қисайған. "Ыстық шай, жұмсақ насыбай жан рахаты демейтін бе

еді қазақ". "Дейтін, бірақ насыбай ащы болмай ма?" "Жұмсағы да бар, ағасы, жұмсағы ғой, жан рахаты". "Жә, сонымен жол болсын!" "Ата жолын алдыға салып, келіп қалдық". "Айт". "Құда келіс дейді бұл келісті" – деп Хакімжан қойнынан коньяк суырып столға қойды, – "Апай, сіз қазан көтере беріңіз". "Япыр-ай"… "Тамсанатын, таң қалатын дәнеңе жоқ, мына төрлеріңізде отырған туған күйеу балаларыңыз болады". Отағасының қабағы түксиді. "Не оттап отырсың, бала". "Қалай десеңіз де, болар іс болып, бояуы сіңіп қойған." "Ненің бояуы?.." "Жадыраның аяғы ауыр." Қыздың әке-шешесі әуелі тыпыр етпей тым-тырыс қалды. Бір кез анасы шәлісінің ұшымен көзін сүрткіштеді. Отағасы темекі будақтатты. Содан әзер деп тілге келді. Келгенде айтқаны: "Қызталақ, күйеудің құда болып келгенін қай атаңнан көрдің?" "Мына заманда ата іздеген адам аштан өледі, аға". "Әй, жөн-жоба бар ғой". "Жөн-жобаға жалтақтап қатынсыз қалар жайым жоқ. Сосын, аға, біз екі араға жаушы шапқылатпай-ақ, өз қатынын тікелей өзі барып алатын ауылданбыз"… Хакімжан талай беті аямай шималанған буда қағазды ары-бері төңкеріп, ұзақ отырды. Тазалап қайта жазу керек. Тағы түзетпесең де. Тағы түзеткен ғой – азап. Ақылды удай ашытып, жанды жеген жанкешті еңбек ол. Қайсыбірде теледидарға шақырды. Әдеби хабарға. Біраз ығай мен сығай бар екен. Өз кезегінде бұл дарынды бір ақын азаматтың аузынан шыққан

сөз – еңбекқорлық пен талантты шабыстыруға болмайтынын айтты. Сұлабасы сомпайдай сопақ ауыз жүргізуші жігіт: "Толстой талант дегеніміздің тоқсан проценті еңбек" деген жоқ па еді деп қалды. Толстой олай деп, "Анна Каренина" сияқты қалың романды рет, "Соғыс және бейбітшілік" эпопеясын рет қайта түзетіп, қайта көшірген соң айтқанын санасыз сорлы қайдан білсін. Көрінген көген көз, көр көкірек ойлап жүргендей, талант дегеніміз – талғамсыз, танымсыз төпеп жаза беру екен ғой деп пайымдаса, дүниені жабағы жүні түспеген, жадау-жүдеу сөздер мен ойран-ботқа ойлардың жазгерлері жауып қалады. Солай болып та жатыр қазір. Қалбалақ қаңбақтарды қанкөбелек ойнатып, қарасын батырып, қаңғытып жіберетін қатты бір дауыл керек-ау. Мұндай қарғаны қанатынан сигізетін қаһарлы мінез қай тұста, қалайша қаңтарылып тұр? Нені, неге күтеді? Әлде, өйту тірліктің заңдылығы ма? Заңды­ лық– қалыптасып, қатып-семіп қалған қағида. Адамның сорлы болатыны, соның шеңберінен шығуға ұмтылмайды. Өйткені олар қандай да шеңберді тас-талқан етіп бұзып кетер ой мен әрекеттен ада-күде. Ада-күде болмаған күннің өзінде түйсігінде осым өзіме пәле болмасын дейтін сақтық жатыр. Сол сақтықтың "тәк, тәгі" пенде шіркінді құлақкесті құл қылып алған. Құлақкесті құлдықты мойындамағанның көкесінді көргені көрген. Көкала қойдай болмай көр, сосын. Хакімжан мұның бәрін де

біледі. Біле тұра ағасы секілді айтар жерінде айшайыңа қарамай, тартпаңды тарс тіліп жіберуі әбден мүмкін. Сөйткен жері де жетеді мұның. Бұрынағы жылы ғой, әжептәуір қызметке ілініп, ай енді бір барыммен құлаштайыншы кез келген жерде, кемел сөйлеп, кердең басар кезек бізге де келген шығар деп жеке кабинеттің желігі жындай қысып жүргенде "дәу" шақырды. Сондағысы: анау, анау жылдары құрылған қордың біріне бұ кісәпірің төраға болған. Содан енді… Дәм айдап мына қызметке келді ғой. Ал ана жақта шу. Қор бар, қоржын жоқ. Қоржын қайдалаған елдің даусы жер жарып барады. Енді кінәлі іздейтін арнайы жиын өтпек. Соған мұны арнайы адам жіберіп шақырған. Бармай болмайды. Азанда жүріп кету керек. Жер шалғай. Әңгіме-дүкенсіз ішің пысып өлесің. Ағаң өлмесін десең ер, бір жағы біздің өңірді көресің, ел-жер танып серпіліп қайтасың деді бастығы. Бастығың айтса, бас тарту қайда. Ана басы мен мына басы ат шаптырым мәдениет үйінде жұрт ығы-жығы. Жиын қор қайдалап ұлардай шулағанда, сырттан естіген "япыр-ай, мынаның ішінде біреудің әкесіне жоқтау айтып жатыр ма" дейтіндей жағдайда өтіп жатты. Үш сағатқа созылған осы жоқтаудан Хакімжан қорға зауалдың кімнен келгенін білді. Әттең, соны ешқайсысы дәлдеп айтпай, кінәліге жақындап, маңайлап келіп, қарға адым қалғанда тайқып жатыр. Е, құдай, бұлары несі? Жұрт па, құры шуылдақ па,

бұлар. Қазақтың "өз бетін аямаған, кісі бетін аямайдысы" қайда. Әлде ақиқатты айтар атадан ұл тумай қалды ма екен. Қуаты құдіретті жатырдан емес, кісінеген еркектің кіміне де кет әрі демейтін пәтуасыз әйелдің ауынан шықтық па түгел. Жаман жыны келді. Елдің ездігінен еңіреп жібере жаздады. "Оу, ағайын!– деген сосын даусын едәуір көтеріп. – Маған бірауыз сөз айтуға бола ма?" Жұрт сілтедей тынған. Сосын жамырады: "Болғанда қандай. Қонақсың, осында айтылмаған сөз қалмады, қане, қалыстығыңды көрсет". "Көрсетсем, − деген Хакімжан, – осы сіздердің барып-келіп іздеп отырғандарыңыз қорды құртқан адам ба?" "Дәл өзі". "Онда ол міне, − деп Хакімжан өз бастығына саусағын кезеді – орталарыңа өзі келіп отыр ғой". Қысқа мойында қисайып жатқан басы селк еткен бастығы түшкіріп жіберді. Алматыға бастығы джиппен, бұл пойызбен, екі бөлек қайтқан. Барыммен құшақтайыншы, кез келген жерде кемел сөйлеп, кердең басар кезегі бізге де келген шығар деген сенімі адыра қалды. Содан, міне, әлі күнге дейін жұмыссыз. Бірді-екілі газет-журналды жағалап еді, мұның сырына қанық редакторлар: "Таланттысың шіркін, бірақ…" Бірақтың ар жағында мінезің иттікінен де жаман деген сөз тұр, әрине. “Сонымен…” дейді бұл. "Енді, түсінікті ғой". "Ә, сау болыңыз". Тұрып терезеден сыртқа көз салып еді. Ағасы қораның алдында қаздың жүнін

бұрқыратып жұлып жатыр. “Біздің ана өлген қаздан қанша айырмамыз бар” деп ойлады Хакімжан. Жабыла жүндей түтіп, жалаңаштап жатыр ғой. Құдайдың құдіреті: қия бас­па, даусыңды шығарма. Демек, көрсетпе кім екеніңді. Бұғасың ба, қашасың ба әйтеуір, өзіңді өзіңе тығып қой. Сонда өзіне-өзін тығып қойып та өмір сүре ала ма адам? Ол қандай өмір? Несі тірлік? "Емес! – деп күбірлеп қалды Хакімжан. – Емес! Біздің сырымыз сол еместі айдай әлемге айғай салып айта алмай өзімізді өзімізге тығып тастап, тірі жүре беретін мінез­ сіздігімізде. Солай…" Ағасы жүні жұлынып ошаққа үйтілген қаздың етін үйге көтеріп кіріп келе жатып, даңғыр-дұңғұр сөйледі: – Әй, Хакімжан, осы біздің әкеміздің де оңған мінезі жоқ еді ғой. "Ол енді басқа әңгіме. Тірі болсақ, оны да айтармыз, – деді Хакімжан іштей, – айтамыз, әлі".

Нарқызылдың бұйрат қырқалары кезінде арғы-бергідегі колхоз-совхоздың бірлі-жарым бойдақ қойлары қыстап шығатын түкпірдегі мал қыстауы еді. Соның бір қиырындағы “Сәттің шоқысы” дейтін биігіне аң аулап барған, не болмаса жоқ қарап жүрген біреу болмаса шыға қоймайтын. Қазір міне, ұшар басындағы кісі бойындай тас обаның түбінде Ерсуан жатыр жамбастап. Көктөбел ат сәл төменде қаңтарулы. Сарыала тайған иесінің тонына тығылып, мүлгіген. Таң сібірлеп енді атып келеді. Дүние тып-тыныш. Тып-тыныш дүниенің бетін шыңылтыр аяз жалап тұр. Қожалықтың қыстауынан түн жарымы ауа шығып, мұнда жаңа әзірде жеткен Ерсуанның қанша қалың киінгенімен бойында жеңіл Қанқызыл жалқын...

тоңазу бар. Әрі аздап ат-соқты да болып қалған. Соңғы оншақты күннің ішінде мұнда үшінші рет келіп отыр. Сондағы көкейді тескен, тұрқы бөлек, терісі ерекше қанқызыл түлкі… Соңғы жылдары пайда болды, сол. Сарыала тайғанды әр келгенінде самғатып қосады, бірақ өзге түлкіні өзек-өзекке қуып тығып, өр-ылдимен өкпесін өшіріп, ақыр соңында өкпе тұсынан тарпа бас салып қарап тұратын қайран тайған мынаған келгенде сандалып қалып жүр. Қанқызыл түлкіге тазы қосып жүрген жалғыз бұл емес. Осы Нарқызылдың құйқалы жайылымын бөліп-бөліп жекешелендіріп, оның ықтасын-ықтасынына қыстау салып іріқара, жылқы, қой өсіріп отырған азды-көпті қожалықтардың қорықшылары аңдулы оны. Сонда ғой, қанқызыл түлкіні алмай қоймаймыз

деп дігерлеп жүрген қорықшылар емес, қожалық иелері. Өткен қыста қайсыбір күні солар бұлардың қыстауында қосылып қалды ғой. Ал кеп ішті сол жерде қымбат бір ішімдікті. Содан қызылкеңірдек. Кеңірдектерін кетпендей қылған қанқызыл түлкі. Қайсысы айтса да, түлкі сөзсіз тек соған бұйырады. Әсіресе, мұның қожасы Өжденбай қатты күпінген: Сарыала тайған тұрғанда сендерге түлкі қайда?.. “Сарыала деп сандала бермегін, ей. Біздің тазылар не, ай қарай ма?” “Оны білмеймін, сарыала тұрғанда, әйтеуір құдай мен жақта…” “Құдай сенің сарыалаға қарап қалып па, общым бар ғой, құдайды кез келген әңгімеге киліктірмеңдер”. “Қазір солай ету модно” деп шықты біреуі. “Сендер бүйтіп жыныма тие берсеңдер о, түлкі мен автоматпен…” деп келесісі екіленді. Қайсысы екенін, танкке арналған минасы бар екенін айтты. “Әй, иттер-ау, сөйтсеңдер оның елде жоқ көз жауын алған қанқызыл ұлпа терісінен не қалады– деген Өжденбай. – Қалмаса оның керегі не?” Айтыса-айтыса мына мәмілеге келген: қанқызыл түлкіні кім бұрын ұстаса, соған әрқайсысы бір-бір жылқы сыйақы береді. Алысқан қол, берген сертпен әңкілдеп-әңкілдеп әзір тараған. Ертесіне түс әлетінде басын зорға көтерген Өжденбай: “Гулетіп жібердік-ау, кеше. Артық кеткен жоқпын ба, көке?” деген көзі кіртиіп. “Түлкіге қатты таластыңдар ғой”. “Жекешелендіріп алған жерімізде жүрсе, бірбірімізбен итше ырылдасып неміз бар. “Сәттің

шоқысы”
айналасымен
ешкімдікі
емес,

иесіз”.
“Неге
иесіз?..”
“Ешкім

жекешелендірген
жоқ,
оны”. “Бәрібір иесіз емес қой”. Өжденбай басын
көтеріп, таңдана қарады. “Иесі… иесі кім, сон-

да?” “Жаратқан емес пе”. “Бәрі де сонікі емес
пе”.

Жер әлемді жаратса жаратқан шығар, оның біз сатып алған пұшпағы енді онікі емес. Өртейміз бе, суға батырамыз ба ендігі жерде оны өзіміз білеміз. Және тағы қай жерді алғымыз келсе, жаратқан келіп біздің қолды қақпайды. Мысалы, “Сәттің шоқысын” керек етсем, ертең-ақ жекешелендіріп аламын. Сонда құдай бір жерден басын қылтитып, “әй қой, өйтпе” дей ме” деп бұған ренжігені ме, әлде түндегі арақтан ауырып тұр ма, қатты күйініп сыртқа шығып кеткен. Өжденбай сұмдық тіксініп қалса да, күні құрғыр түсіп тұрған соң, еш уәж айта алмады. Орталыққа қайтарында “Жаңа жылдың қарсаңында келемін, оған дейін “Сәттің шоқысында” күндіз-түні жатып алсаңыз да, түлкіні ұстаңыз. Алдымызды аналар орап кетпесін. Көзің көріп, көкейіңді тесіп тұрғанды біреудің іліп әкеткен күйігі өте жаман болады. Бұл жерде бір ауылдан едік, аталас едік, ағайын едік деу жоқ, қазір туған әке, туған балаң да бәлен-түгенің емес, бәсекелесің. Заман сондай, көке” деп құдайдың зарын қылып кеткен. Ерсуан осы жігіттің пейіліне біраздан бері іш тартып жүретін. Қолды бір сілтеп кетіп қалайын десе, барар жері – әкенің қара шаңырағы бар-ау, бірақ қалай, немен

тіршілік етеді. Ауған соғысында бір аяғыңды түбінен беріп келіп едің деп алтынмен аптап, күміспен күптеп отыратын кім. Үкіметтен алатын мүгедектік тиынымен өлмес күнін көрер. Бірақ, өлмелі шешенің, жас келіннің асатын тамағына, құятын шайына қалай телміріп отырады. Оңаша отау құрып кетуге оң аяғы түбінен жоқ. Бұған бүгін-ертең кім тие қояды. Олар түгілі, сегізінші кластан өзіне өбектеген, өліп-өшкен, әскеріне кетеріне екі күн қалғанда бұл еркінен айырылып қалып: “Аздап, кішкенесін ғана…” деп емініп-ентіккенде, “өйтпей-ақ қояйықшы” деп алып, енді бұл есін жиып тұра бергенде етпеттеп жатқан жерінен шалқасынан түсіп, етегін өзі көтерген, өлсең, өзіңмен бірге өлемін…”-ін айтқан ғашығы ауылға жалғыз аяқпен балдағын тақылдатып келгенде не опа берді. Тіпті, кездесуге келмей қойды ғой. Содан қанша күн күңіренді. Ішті. Үш-төрт жылғы өмірі осылай береке таппай өтті. Одан мектепке қарауыл қылып алып еді, мұның өзі ұрлық-қарлық үдеген кезге тап келді де, жалғыз аяқпен үлкен ғимараттың ана басы мен мына басына жетуі мүмкін болмай, онысынан босап қалды. Қайсыбір күні осы Өжденбай келді ғой, бұған әдейілеп. Әкелері көп жыл колхоздың қойын қатар баққан еді. Ағайындықтары және бар. Бұдан жасы біраз кіші. Оқу жағы онша қонбаған, басқа жағы да шикілі-пісілі бірдеңе еді, ненің құдіреті екенін бір құдай біледі, шаруа қожалығын құрып, жер жекешелендіріп, байып алыпты. “Көсе аяқ

сатып әпере алмаймын, басқасы оңай, соның ішінде ең арзаны қазір қатын, өзіме қорықшы болыңыз” деп асты-үстіне түскен. Тауда туып, тай үйретіп, аламанда атқа шауып өскен Ерсуанға бұдан асқан қолайлы ештеңе жоқ еді. Шынын айтқанда ауылдан қайда, қалай безіп кетуді білмей жүрген… Бар обалы не керек Өжденбай малын бағып отырғандар мен бұған жалпы жақсы қарайды. Ауыздарынан сорпа-су үзбейді. Он күнде бір келгенінде азық-түліктің не түрін үйіп-төгіп әкеліп тастайды. Айғай-ұйғайы жоқ. Бір ғана пәлекет мінезі бар. Онысы көз құртын жегенді қалай да алу. Жолы жеңілді өз қолымен, жолы ауыр, не қауіптіні өзгенің қолымен. Осы күзде ғой. Қарашаның бас кезі. Қар түспеген, бірақ қара суық. Өжденбай егіс суаруға деп тоған байлатқан. Аумағы әжептәуір. Жылы жаққа қайтқан қаз-үйректердің соған бір қонақтап, ұшатыны бар. Соны атуға ауылдан арнайылап келген Өжденбай таң азанда тоғанға кеткен. Күннің төбесі енді қылтиғанда бос қайтып келіп тұр. “Не үйрек, не құс қонбады. Таң қараңғысында жағаға таяу тұстан әлдене жүзе жөнелгені. Басып қалсам тура сол жүзіп бара жатқан жерінде қатып қалды. Жоны қап-қара. Не екенін білмедім. Көке, көресіз бе, барып” деп тұр. Машинаға жол алыс па, зу деп жетті. Ия, жоны қап-қара әлдене жағадан қырық қадамдай жерде жатыр. “Көке, – деген сонда Өжденбай. – Менің тамағымның ангинасы бар еді, сіз енді… Ия, сіз соғыста шынығып деген-

дей… Көрсеңіз қайтеді”. Ерсуан дәл мұндай мұздай суға ешқашан түсіп көрмеген болатын еді. Жағаға қайта оранғанда денесі мүлде жансызданып қалып еді… Ал әлгі ондатр екен. Ерсуанға содан бері бір тық-тық жөтел біткен. Қара жерден қараңғылық қара аспанға қарай жәйлап қашып бара жатқандай етекжеңі мүлде түріліп, әлемнің жүзі жаңа түскен әдемі келіннің бетіндей ашылып, алыс пен жақын айдан анық көрініп-ақ қалды. Кез келген сәтте Қызыл түлкі кез келген сәтте қылт ете қалуы әбден мүмкін. Сөйтуін сөйтер-ау, бірақ алдыра қойса де. Құдды жанып-өшіп ағып бара жатқан от секілді әр жерден жарқ етіп бір көрініп, жалп етіп, жоқ болып діңкелетеді. Әне жетеді, міне жетеді деп бара жатқан тайған со кезде бағытынан айырылып, айналақтап қалады. Әшейінде неге де елеңдей қоймайтын Ерсуан осы қанқызыл түлкіні көрген сәтте еліріп кететін өзіне беймәлім бір күй кешетінін сезген. Мұнысы несі? Желіктіріп, жеңсік бермей кететін ненің күші? Білсе, қане. Білетіні, қанқызыл түлкіге тап берген сарыала тайғанның соңына түсті бітті, жалғыз аяғын үзеңгіге тіреп, аяғы жоқ жақтағы білегінің қарына іліп алған балдағы ары да бері де салақтап, көктөбелді борбайлағанда мынау тау-тас екен, оның үсті қар, мұз екен, ат сүрініп кетер, тайып жығылар, ер үстінен ұшып кетіп, құладүзде жайрап қалып жүрмейін-ай демейді. Ауған соғысында кез келген сәтте

мүрдем кетуім әбден мүмкін деген секем, үрей кез келген сәтте қылаң беріп, қиғылық салатын, ал мынаған келгенде ондай сезімнің бірі де жоқ, өлсін-тірілсін әйтеуір, ана қанқызыл түлкіні алып, терісін іреп-сойып, ғажайып қызыл ұлпасын сылап-сипап, бөктергісінде салақтатып бара жатса, бар мұратына жететін секілді. Тіпті, оны Өжденбайға апарып беретіні ешқашан өзінікі болмайтыны есінен шығып кетеді. Япыр-ай, сонда әйтеуір, осы өңірде бұрынсоңды кездеспеген демесең, бәрібір заты түлкі ода тұрған не бар. Көрген мезетіңде есіңді екеу, түсіңді төртеу қылып қоятын сиқыры қай жағында. Мәселе, соның сөйтіп қоятынында ма, жоқ сондайға миы айналып, араны ашылып албасты басып қалатын пенделік шіркінде ме. Осы ойлармен қанқызыл түлкінің соңына түскелі тербеліп, теңселіп қала беретін Ерсуанды өзі де елеңдеп жатқан сарыала тайғанның дүр сілкініп тура келгені, бәрін сол сәт ұмыттырып, едірең еткізді. Содан сүрініпқабынып көктөбелге мініп, тебініп тас обаның қалқасынан шыға келгенде көргені, қапталдың етегіне таман қанқызыл түлкінің соңында самғап кетіп барады екен. “Бас, сарыала, бас!” деп даурығып, айғайлап жіберген. Сөйтіп қана қойған жоқ, аяқ басар жер қилы тас, қатқан қар үстімен көктөбелге аямай қамшы ұрып құйындамаса да, орағытып, секіртіп барады. Көктөбел қандай жерде де, соның ішінде көкпар қолға тигенде шың-құзға салып

кетсе де, тау текедей тұяғы ашық жерді тауып шабуға үйренген текті жылқы еді, әйтеуір сүрінбей, таймай-ақ келеді. Десе де мынадай жағдайда төрт тұяқ иесінің де кеудесіне сыймай, алпыс екі тамыры терісін теңдей тепкілеп тұратын дірілін иесі сезбеді. Жалғыз аяғы өкпесін тепкілеп, қамшысы бауырын осып, алай-түлей. Бірақ, не керек, шоқыны түгел айналмай жатып, ар жақ тұмсығында сарыала тайған сандалып тұрды. Түлкі жоқ. Тайған қыңсылады. Алдындағысынан айырылып қапы қалғанына долдана ма, екі көзі қып-қызыл, езуінен сілекейі тамып тұрған. Ылғи осы. Ерсуанды да ашу қысты. “Өй, әкеңнің аузын…” деп жіберді. Тайған тұрған жерге тебініп барып, қарға үңіліп еді, осы жерге дейін жеткен түлкінің ізі зым-зия. Тек соның ізі біткен жерде ары-бері қар осқылаған тайғанның шиыры. Сол өткен жылғыдай бір жұмбақ. Онда рас, таңғалған. Ал қазір біртүрлі іш жиып қалды. Өйтпей ше. Көзіңе жаңа ғана көрінген нәрсе көкке ұша ма, жерге кіре ме. Бұл не, өң бе, түс пе? Әңірейіп айналасына қараған. Айнала да, аспан да, аяғының астындағы да орнында. Ініне кірген шығар дейін десе, тап мына тұста тінте қарайды, атпен жүріп үңіледі, үңірейген ештеңе жоқ. Ия, деп қойды іштей, оп-оңай таптыра қоятын, сол сәтінде ұстата беретін не бар, дүниеде. Кім өйте алған жалғанда. Тас қопарып, жер қазып алақандары күлдіреп, маңдайларын тер жуып іздегеніне жете салған қайсысы? Сонда рәсуа

болғандардың санын кім айтып бере алады. Ешкім де. Әйтеуір, ел есінде қалғаны емісеміс… Осы сәтте қайдан сап еткенін, кенет ойына бала кезінде ия әкесінен, әлде басқа қариядан естіген бір әңгіме орала кеткені: Баяғыда бір байдың жалғыз ұлы болады ғой. Өседі ол. Әке қазынасындағыларды қарап, санап көріп осында не жетпейтінін сұрайды. Жетпейтіні алтын. Оны қайдан табуға болады деп сұрайды. Оны іздеп қажеті не, дейді әкесі, осы дүниенің өзі аз емес. Ұлы тыңдамайды. Бар нәрсенің бәрі түгел болу керек қазынада, әке. Балам-ау, алтынға қол жеткізудің жолы қиын. Сіз маған қайда барып, кімнен сұрауды айтыңыз. Айтсам, қайтып оралмай қаласың, ұмыт мұныңды, ұлым… Бала көнер болмайды. Күн сайын қылқылдап құдайдың зарын қылады. Әке бәрібір тіс жармайды. Әкесінің жалғыз бауыры бар еді. Ол қайткен күнде ағасының қазынасына мұрагер болуды армандайтын. Амал не, құдай ағасына ұл берді де, мұның арманы адыра қалғандай болған. Қарашы енді, аяқ асты өлген арман тірілетін сәт келіп тұр. Келгенде былай: ол алтын үшін қайда барып, кімнен сұрауды білетін. Сондай-ақ, әлгі жақтан аман оралудың неғайбыл екені де оған аян еді. Інісі оралмайды екен, жасы жеткен ағасының демі таусылар күні де таяу, сонда қазына бұған қалмай, кімге қалады. Не керек, інісіне сырды ашып, жасырын жолға салды. Жігіт ұзақ күндер жол жүріп, арып-ашып ағасы айтқан өзенге жетеді. Өзенге қарап, төне

біткен биіктеу жарлауытта жаман үйшік тұр. Сақалы белуардан, қасы мен кірпігі де қудай қария қарсы алды оны. Жөн сұрады. Анау айтты. “Алтын бар. Бірақ, оны алудың шарты қатал, – деді қарт. – Бел буа қояр ма екенсің оған?” “Қандай да шартқа дайынмын” деді бозбала. Қарт мұның қатер екенін олай айтты, былай айтты, бірақ жігіт дегенінен қайтпады. Оның бар ақыл-ойы, дені алтынға мүлде ауып кетіп еді. “Онда шарт мынау” деді қарт. Қол басындай алтын шандып байланған ұзындығы жарты адым жалпақ тақтайды бұрқырап ағып жатқан өзенге тастап жіберді. “Ұстап ал, – деді сосын жігітке. – Ұстай алмайтыныңа көзің жетсе, жағаға қайт, өйтпейді екенсің, өзіңе өкпеле”... Жігіттің көзі өзенге тастаған алтында. Ғажабы, ол асау ағысты қуалап кетпей, көз жауын алып, бір орнында қалықтап, тербеліп тұр. Сүңгиді де, алады. Сүңгіді. Алтын тербеліп тұрған тұстан дәл шығамын деп еді. Сөйтті де. Басы судан сопаң етіп, көзін ашса, жаңа әзірде бір орнында қалқып тұрған дүние ағыс бойлап, жылжып барады екен. Жаны қалмай ұмтылды. Анау жеткізбейді. Сүңгіп те, малтып та бар өнерін салды. Бетіне қолбасындай алтын буылған тақтайша не мүлде ұзап кетпей, не созған қолына ілікпей әбден діңкелетеді. Осылай қанша уақыт өтті, бозбала қанша азап шекті, не деп аңырады, нені айтып опынды, кім білсін. Белгілісі, алтын қуалап, ағыс бойлап аласұрған оны бұдан кейін ешкім көрмепті… Ерсуан мен сарыала тайған аумағы үлкен

шоқының жыра-жылғасын біраз тінтті. Түлкі жоқ. Оның соңына өзі секілді өле түсіп жүрген өзге қожалықтың қорықшылары да бұлардың қыстауына жөн білмек оймен шығар, аттарын қансорпа қылып, алма-кезек келгендерінде қанқызыл пәлекеттің өстетінін айтқан. Жылт етіп көрінеді, жым-жылас жоғалады. “Осы біздің аулап жүргеніміз түлкі ме, өзі? – десіп те бастарын шайқаған. – Түсіп жүргеніміз ненің соңы?” Бірақ бірде-бірі үміттерін түбегейлі үзбеді. Үзіп те кетер ме еді, сірә, қожаларынан именеді. Күндері қарап тұрған соң амал, қане. Басып жүрген жерлері де, мініп жүрген қылқұйрықтары да солардың жекешесі. Солардың жекешесі арқылы бала-шағаларын асырап жүр. Бұлардың не деп, не қояры тіпті не ойлап, нені ойламауы да солардың еркінде… Өжденбай бірде жасы ондағы баласын алып келген қыстауға. Ұлына бәрін көрсетіп жатыр. Осының барлығы сенің жекешең деді. “Қой, сиыр, жылқы бәрі ме?” “Бәрі, мына үй, қыстау, жер бәрі” “Малшылар ше?” “Олар да”. Осыны анадайда тұрып естіп қалған Ерсуан селк ете түскен. Ары-бері ойқастап келе жатқан сарыала тайған кенет алға қарай орғып-орғып кетті. О, Құдай, қанқызыл түлкі тас обаның түбінде секіріп ойнап тұр. Бұларды мүлде елейтін емес. Алдыңғы екі аяғын кезек-кезек көтеріп, секең-секең етеді. “Хайт!” деп жіберді Ерсуанның жан дауысы шығып. Сарыала

тайған бүктеліп, созылып жұлдыздай ақты. Тіп-тік өрге көктөбел тікіректеп шыққанша тайған мен тазы тас обаның тасасына түсіп кеткен. Дем арада дегбірінен айы­рылып, әбден еліріп алған Ерсуанның көзі шоқының ұшар басына шыққанда “қайда-лаған” көңілмен көпке дейін ештеңе көрмей қалған. Барыпбарып байқады, қанқызыл түлкі тік салмай қапталдап қашып тұмсық айналып басады екен. Тайған құйрық тістесіп-ақ қалған. Ерсуан шоқының қыр үстін қуалап, төтелеп шапты. Бұл өкпе тұстан қосыламын дегенше түлкі мен тайған астынан самғап өте шыққан. Дереу жаналмай қосылды. Ат кез келген қилы-қилы жерден самғап өтетін түлкі емес, тайған емес, қанша қамшы ұрғанмен қалыңқырап қалды. Сосын да соңына түсе берудің керексіз екенін біліп, шоқының ұшар биігіне қарай бұрған ат басын. Ентіктіріп шықса, шоқының төмен еңкейіп етегіне түсер тұсындағы көлемі киіз үймен бірдей түйетабан тасты тайған шыр айналып шыжбалақтап жүр екен. Түлкі зым-зия. “Әй, түлкі қайда?” – деп бақырды долылық қысқан Ерсуан. – Қайда о, пәле?” Тайған адам емес, не дейді. Салақтаған ұшы шашақты құлақтарының түбі дүрдиіп, тұмсығы жерде, үй тасты айнала береді. “Іні осында ма екен, соған кіріп кетті ме?” – деп Ерсуан соңына ілесіп еді, тайған бір тұста ырыл-қыңсыл үн шығарып алдына үңілді. Сосын ары қарай кеуде тұсына дейін кіріп кеткен, бірақ дереу артқа ытқып шықты. Ерсуан дәл сол жерде

тақалып келіп атынан түсті. Тізерлеп жетіп үңілсе – ін. Ауыз жағы ағараңдап көрінгенімен ар жағы тас қараңғы. Балдағын бойлатып байқаса, едәуір бөлегі еніп кетті. Қалтасына қол салып шырпысын іздеп еді, таппады. Далақтап шауып жүргенде түсіп қалды ма, жоқ түлкінің қызығына түскенде ауырлап, ат үстінен шешіп алып, қайсыбір тұста лақтырып кеткен тонының жанқалтасында кетті ме, әйтеуір жоқ. Мейлі, деді. Тас қараңғыда аңның көзі оттай жанып тұрады. Дәл қазір Ерсуанды сыртынан біреу көрсе аң-таң болар еді. Тас түбінде жалғыздан жалғыз алақ-жұлақ етіп, өзін өзі жұлып жеп, аласұрып отыр. Қанқызыл түлкі енді қол созым-ақ жерде, қазір-ақ буындырып алып шығады. Естісін, білсін жұрт, жоқ, әуелі “сол шіркін түлкі ме, өзі?..” десіп күмәнданып жүрген өзге қорықшылар көрсін, Ерсуанның оны інінен суырып алғанын. Өжденбайдың төбесі көкке тисін. Көз жауын алған, ешкімде болмаған және болмайтын бір ғажап қызыл ұлпаны ең алғаш осы сипайды алақанымен. Қане, енді отырма. Түс ауғалы қашан. Қияндағы қыстауға сен жеткенше түн түсіп кетеді. Бол батыр, кіріс шаруаңа. Ерсуан інге еңбектеп ене бастады. Жәйлап сұғынып келеді. Алға жығылған сайын ін аздап тарыла түскен. Бірақ, денесі мүлдем кептеліп қалған жоқ. Аңның шоқтай жанып тұрған көзін іздейді. Іннің тұйықталып бітер жерінде артын тіреп бұғып отырған шығар. Кенет алдына созып ұстап келе жатқан

қолы әлденеге тіреліп қалды. Сипап байқаса, жалпақ тас. Жағалата сипады. Мәссаған, алдын тұтас жауып тұр. Ін осы жерден тік төмен түсіп кетіпті. Қолын соған бойлатса, түбі жоқ. Ышқынып, тағы да алға жылжып үңіліп еді, ар жағы көрдей қараңғы. Мұздай суық лебі бетін қарып жіберді. Селк етті. Бұ несі?! Бұлың-бұлың болды ғой, іні. Түтін салып қана алуға болады, енді. Ия, сөйтіп қана. Онда сыртқа шығып, іннің аузына тас үйіп бекітіп, қыстаудан отын, шырпы алып ертеңгісін келу керек. Інге шонданайына дейін кіріп кетіп еді, артқа қарай әзер жылжыды. Жылжыған сайын байқайды, сыртынан киген киімдері қолтығына қарай жиылып келеді. Сөйте-сөйте дәл іннің шығар аузына келгенде кептелді де қалды. Жанталасып алға жылжыған. Түріліп кеткен киімдері орнына келді. Артқы етегін бір қолымен ұстап жылжып көрейін десе, онысы жанына қарай сыймады. Амал жоқ, бастапқысынша шегіншектеген. Тағы жаңағы: киімдері қолтығына қарай сырылып келеді де, шығар ауызда тағы кептеледі. Қанша рет сөйтті, білмейді. Мұздай суық іннің ішінде қара терге түсті. Мұндай шарасы жоқ азапты ол ешқашан, тіпті Ауған соғысында да көрген жоқ. Есін енді жиды. Қанқызыл түлкінің соңына түскен күннен сол көзіне көрінгенде, жаңа әзірге дейін ақылынан адастырып, дегбірін алған жеңсік, желіктен әпсәтте дым қалмады. Оның орнын енді сұмдық үрей кеуледі. Бұл үрей соғыстағы жаңбырдай

жауған оқтан да, бір аяғын түбінен кесіп алып жатқаннан да суық еді. Кездейсоқ болмаса адам аяғы баспайтын қу медиен, көрдей қараңғы інге шыға алмастай болып кептеліп қалу… Бақырып-шақырып, өкіріп жіберді. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан. Кімді боқтамады. Қанқызыл түлкіні де, Өжденбайды да, өзін де. Неге керек еді, осы. Нені бүтіндеп, нені өзгертіп, кімнің алдына шығарар еді. Ана қызылдың мына көктің соңына өліп-өшіп түспей-ақ, кісі тып-тыныш өмір сүрсе қайтеді. Есі кіріп, етегін жапқаннан нені армандады өзі. Ержетсем, отау құрып, от жақсам, ұл-қыз өсірсем, бірін қияға, бірін ұяға ұшырсам, немере, шөбере сүйсем, е сосын ата-бабамның, ата-анамның, өзімнің, ұрпағымның кіндік қаны тамған туған өлкенің топырағында көзің тіріде алтыннан үй, күмістен қора соғып алсаң да, өлгенде бұйырар ені екі, ұзындығы төрт метр кебініме оранып жер томпайтып жатсам болғаны демеді ме. Десе, мынасы не. Не үшін, кім үшін. Өжденбайдың көке, менің жанымда жүрсең ештеңеден қам жемейсің. Айтқанды істеп, аянбай жүрсеңіз үйің де, жайың да болады. Қатынды да сатып әперемін. Керек десеңіз қыздайын. Тіпті тоқалды да, тек анауыңыз аман болсын” дегені есін алып жібермеді ме. Енді келіп ит болғанын көрмейсің бе? Көзі көріп тұрып, көрге өзі кіріп. Мұның не, байқұс-ау? бүйтіп қор болып өлгенше, Ауған соғысында мүрдем кетпедің бе? Ол өлім ел-жұрттың намысы үшін болар еді

ғой. Ел-жұрттың намысы үшін есіл ер еңіреп кетті дер еді. Ақ тер-көк тері баяғыда қатып қалған. Тұла бойы мұздап дірдектей бастады. Сарыалаау, көктөбел-ау, деп өкіреді. Құлындаған даусы шығып, Құдайды алды аузына. Құтқара гөр, Жаратқан деп жалынды, жалбарынды. Кешірім сұрады, кеңшілік дәметті. Кенет көзіне әлдененің сұлабасы ағараңдап көрінгендей де болды. “Пенде ненің соңына астамшылықпен түссе, соның қасіретін тартады” деген сөзді ап-анық естіді. Есі ауып кеткен. Өзіне-өзі әзер келгенде: “Өжденбай ғой, айдап салған” деп күбірледі. “Өз ақылың, өз иманың, өз еркің қайда?” “Қанқызыл түлкіні көргенде соның барлығын жоғалтып алдым ғой”. “Демек, сендер ашкөздіктеріңнен өздеріңді өздерің тоқтата алмайсыңдар. Өйтуге өздеріңе өздеріңнің әлдерің келмейді. Өздеріңе жау – өздерің…” Еміс-еміс есі бар Ерсуан біреумен сөйлесті ме, жоқ әлде өзімен өзі сөйтті ме, ол арасын аңғармады. Өйткені, санасы шатаса бастаған. Әйтсе де, бір өкініш өшіпжанып мүлде сөне алмай тұр. Ол жаңағы ия біреумен, ия өзімен болған әңгімені ешімге айтып кете алмайтындығы еді. Сонымен бірге Өжденбайдың баласына айтқаны рас екені, бұлардың өз еркі өздерінде емесі, яғни қожайынының өл десе өлетін, тіріл десе тірілетін меншігіне айналғанына оңбай опынып, мойындап та үлгерген.

Көзін зорға ашты. Қозғалудан қалған тұла бойы кенет жылынғандай. Сөйтсе, іннің тік төмен түсіп кететін ойығының түбі қып-қызыл алаңқай екен дейді. О ғажап… Дөңгелене лаулап жатқан оттың ортасындағы биік тұғырда қанқызыл түлкі отыр. Отты шыр айнала жүгіріп, анталап түлкіге қарай ұмтылған адамдарда есеп жоқ. Бәрінің арманы қанқызыл түлкіні бас салып ұстап алмақ. Сөйтеміз деп, шеттерінен дөңгелене лаулаған отқа түсіп, өртеніп-жанып, күлге айналып кетіп жатыр… *** Ерсуанның қыстауға оралмай қалғаны туралы хабар айналаға екі-үш күннен соң естілді. Жабыла іздеген. Бірақ оны ешкім таба алмады…

Айнала төңірек көрдей қараңғы. Жаңбыр толас­тамай, бір қалыпты сілбіп тұр. Үстібасы малмандай су Құлболды сүйретіліп келе жатқанына қанша уақыт өткенін білмейді. Тіпті, өзіне қай бағытқа, неге келе жатқаны да беймәлім. Оған тоқтамай жүре бергені ғана керек. Әйтеуір, бәрінен безсе болды. Қарасын батырса болды. Ешкімнің даусын естімесе болды. Әттең, аяғы жерге тимей жүгіре алса ғой. Құйын-шыбынға айналып, ешкім жоқ қу медиеннен бір-ақ шығар еді. Өйту қайда, жүре-жүре жаңбыр суымен былқылдап қалған топыраққа батып, добалдай болып қалған ботинкасын әзер сүйретіп ілең-салаң. Қай кез екенін, сүлдері мүлде құрыды. Бүк Тілалшақ

түсіп отыра кеткен. Со бойы біраз жантайып жатып, арқасына қарай аударылды. Көзі қара түнек аспанда. Не ай, не жұлдызы жоқ. Кірпігі айқаса берді. Не ұйқы екенін, не елес екенін – жарық дүниенің бетімен тұлымшағы желбіреп, жүгіріп келе жатқан құйтақандай өзін көрді... Ар жағында аяғы жерге тимей салбырап бір сұлаба тұрған сияқты. Әкесі ме, жоқ ол емес пе, ажырата алмайды. «Қайда бара жатырсың?» деп сұраған секілді. «Білмеймін». «Білмегені қалай?» «Сол, білмеймін». «Онда неге шықтың иен далаға?» «Басқа барар жерім қалмады». «Бүлдірдің бе, бірдеңе?» «Жо... жоқ». «Енді не?» «Жұмсайтын ешкім қалмады».

«Қайда жұмсайтын?» «Қайда болса да». «О қалай, сонда?» «Солай...» «Неге?» «Білмеймін...» Сұлаба жоқ болып кеткендей болып көрінді. Солай құлдырақтап жүгіріп бара жатқан бала... Әй, анау өзі ғой, өзі... *** Ес кіргеннен білгені – әкесі марқұм колхоз басқармасының кісі шақырғышы еді. «Ананы шақыр, мынаны тап » деп бастық жұмсайды, басбух жұмсайды, бас экономист жұмсайды, бас инженер жұмсайды, ең аяғы кассирге дейін соны істейді. Торшолақ атпен ертеңнен кешке дейін көшеден көшеге тепеңдейтін де жүретін, әкесі. Тіпті, ауылдағы той, асқа да жұртты шақыруға ел соны жұмсайтын. Ол енді колхоздың жұмысы емес, өз еркіңе байланысты. Тұра шабуға, құдайдың құдіреті, әкесінің өзі елеңдеп елпілдеп тұра­тын. Жұрт та мұның әкесі шақырып бармаса, ешқайсы­сы келмей қалатындай, «Өзіңіз барып айтпасаңыз» де­сіп үзіліп тұратын. Өздері немесе қайсы біреуге ша­қырт­са әкесі кәдімгідей ренжіп, өкпелеп қалатын. Неге екенін кім білсін, әкесі бұл ат басына ие болар күніне жеткенде жұрттың кісісін шақыруға осыны жіберетін болған. «Тілалшақ болған өзіңе жақсы» деген. Тұқым қуалағандікі ме, бұл жұмсаған жаққа қарай құйындай ұшатын еді. Сонда бүкіл ауыл азан шақырып қойған аты – Құлболдыны ұмытып, Тілалшақ атап кеткен.

Тілалшақтың «барып кел, шауып кел» өмірі мектепте одан ары қарай жалғасты. Әсіресе, төртінші-бесінші кластан бастап үдеді. Бұларға жақын туыстығы бар дәу ақсары әйел – класс жетекшісі еді. Қалай соның сабағы болады, «Таңқиев, бері кел» дейді. Оған дейін жазып қойған қағазын төрт бүктеп, бұған сыбырлайды: «Складқа барасың». «Аһа». «Жанан ағаңды білесің ғой». «Аһа». «Соған мына қағазды көлденең көзге көрсетпей бер». «Аһа». Енді бір кезекте: «Магазинге». «Қайсысына?» «Промтоварға». «Пұшық қатын ұстайтын ба?» «Соған. Мына записканы ешкімге байқатпай ұстат». Не керек, мұның дәу ақсары әйелдің сабағында «оқитыны» колхоздың завскладына, дүкенге, қой фермасының бригадиріне записка тасу болатын. Қайсыбірде класс жетекшісінің завфермаға жазған запискасын оқып қалғаны бар. Оқиын деп оқыған жоқ. Ананың колхоз кеңесінен шығар кезін күтіп ұзақ тұрып қалған. Содан әуестік биледі. Қағаздың орауын жазса, он-он бес-ақ жол. «Бедел қайнаға, көрген жерде «Келін шырақ, келіссек қайтеді?» деп қоймайсыз... Біздің үй біраз болды, етсіреп қалды. Ініңіздің дімкесті­ гін білесіз. Келген, кеткеннің кім көрінгені өңгеріп әкетіп бара жатқан колхоздың көп қойының біреуін келініңізге де қиярсыз...» Тәтейінің запискалары жәкелеріне негізінен бір мәтінмен, тек өтініші әрқилы жазылатын. Бірінен ет, бірінен май, бірінен көкөніс сұрап, дегендей. Әйтеуір, кімге жа-

зылса да, мәтіннен «Келін шырақ, келіссек қайтеді? – деп қоймайсыз» дегені түспейтін. Оның не емеурін екенін о кезде бұл әрине, түсінген жоқ. Таңырқағаны – мұғалім де анадан да, мынадан да оны-мұны сұрай береді екен ғой деген ой. Ал жанына жаққаны – тәтейінің бұдан сабақ сұрамайтыны, тоқсан сайын төрт шығатыны. Сонда мұның балғын жан-дүниесінде жұмысын істеп берсең, жаның қиналмайды екен-ә, деген беймәлім де, бейбақ бір сезім лүп еткен. «Ал» десең, оның не шаруа екенімен ісі жоқ, тұра шабатынын бірінен бірі естіген мұғалімдер ендігі жерде кезек-кезек жұмсайтын болды... «Таңқиев, әй, аулада алақандай жоңышқа бар еді, соны келіп шауып тас­тай салшы». «Таңқиев қарағым, біздің үйдің оншақты қой-ешкісінің оймақтай қорасының көңін аударып беріп кетші, осы қазір келіп, айналайын...» Осылай кете береді. Тілалшақтікі не... Жазған құлда шаршау жоқтың кері. Әйтеуір, қай сабақтан да бірыңғай төрт. Не себепті бес қоймайды екен, деп те ойлайды. Әлде, жұмыстарын жақсы жасай алмай жүр ме. Не десе де, бұл сабаққа қатыспаса да, жөндеп оқымай-ақ, мұғалімдердің анда бар, мұнда кел, ананы шап, мынаны оры-мен он жылдықты бесі болмаса да, екі мен үші жоқ бағамен аяқтап шықты. Сонда қаперіне алып, қатып-семіп қалған байламы – институтта да өстеді. Олар да адам. Олардың да шаруасы шаш етектен. Оларға да жұмсайтын, жұмсаған жақтарына аяқ-қолы жерге тимейтін біреу

тегі керек. Сөйтіп институтқа дейін-ақ, оның денінде біреудің өзін жұмсағанын асыға тосатын әлдебір елеңдеп, елегізу мінез пайда болған. Сонысын медет тұтатын. Демеуі, сенері сол ғана болып қалып еді. «Ал кеттім, Алматыға» дегенде, көшеге үстіне жақсы киім киіп шығуға ұялатын әкесінің мұны қимай көзі мөлтең-мөлтең етіп... Ал көрші-қолаңның өзгедей дері бар екен. Сондағылары, бұлар енді мұны жұмсағандай жұмсайтын, жұмсағанда бұл ұқсап жүгіре жөнелетін кім қалды?.. Соны естігенде төбесі көкке сәл тимей... Өзіне өзінің жүрегі елжіреп, бауыры езіліп, көңілі босады. «Кеп тұрам» деп кемсеңдемесін бе. Айтпақшы, сол Алматыға оқуға барамын деп, бірақ ненің оқуына баратынын білмей, біреу сұраса «Көрем ғой-дан» әрі аса алмай, әрі-сәрілеу жүргенде, бұларға жамағайын болып келетін, осы ауылдан шыққан тұңғыш замдеканның келе қалмасы бар ма. Әкесі мұны бас салып соған қарай сүйрелей жөнелді. «Құдай өзі айдап келді, – деп елпілдеді. – Ананың да, мынаның да бетін қайтармай шапқылап жүргеніміздің өтеуі». Замдекан төрде көп қабаттап төселген көкқұрақ көрпенің үстінде көкала жастықты қолтығына тығып алып көлденең жатыр екен. Әкесі барған бойда сөзбен бас салды: «Мына жалғызды не Алматыңа алып кет, не мені көміп кет. Сүйегі менікі, еті сенікі. Ұр, соқ, әйтеуір үністүтіңе кіргіз мұны. Әтістәті мынау – өріп жүрген өң төрт». Бұл неге екенін,

замдекан көз салғанда ыржиған. «Ынжық емес пе?» деп қалды анау. «Ылғи емес, – деді әкесі. – Қазір ұялып тұрса, онысын қазір ұмытып кетіп, неғылатыны да бар... Ал енді бар ма, менен де асқан тілалшақ, сұра мына елден. Жер түбіне жұмса, керек болса. Барып та келеді, алып та келеді. Тап дегеніңді табады. Түбіміз бір – Тұрағұлмыз». «Келсін. Көрелік» деген замдекан тілдей қағазға телефонын жазып беріп жатып. «Бір сауғанда қара қазанды толтыратын қарала сиырды сатып, қалтасына салып беремін, қарағымның»,– деп әкесінің қуанғанынан әптер-тәптері шыққан. Алып-ұшып Алматыға жеткенде, замдеканның алғашқы

сұрағаны:

«Қалтаң қалай, бала?» «Қарала сиырды сатқанбыз» деді бұл. «Онда, әуелі пәтер іздейік». Бақса, замдекан қатын-баласымен баяғыда ажырасқан. Одан кейін де екі-үш әйелмен дәмдес-тұздас болыпты. Болғанда пәтері бар балалы әйелдермен. Біреудің қатыны болған саған да қатын болғанымен, баласы – бала болмайды екен. Содан кейінгі жерде бұрын да бала тумаған, енді де тумайтын, бірақ пәтері бар қатын іздестіріп жүрген жайын айтты. «Ол табылғанша екеуміз пәтер жалдап тұра береміз» деді. Сосын мұның қандай мамандық алғысы келетінін сұраған. «Білмеймін» деп бұл шынын айтты. «Түсінікті, – деді ол. – Онда өзім қызмет істейтін тіл, әдебиет факультетіне тапсырамыз документтеріңді». «Мейлі».

Қайсыбірде білім деңгейін сынап көргісі келді ме, сұрады: «Қобыланды батыр эпосын білетін шығарсың?» «Тайбурыл деген аты бар ғой, оның». «Құртқаны ше?» «Қатыны ма?» «Өй, – деп қалды анау, сосын ары қарай сұрады. – Соның образын айтшы». «Кімнің?» «Құртқаның». «Жаңағы ғой ол». «Жаңағың не?» «Қатыны». Замдекан күліп жіберді. «Сен өзің мектепте... Өріп жүрген өң төртті өзің алдың ба? Шыныңды айт» деді. Бұл ыржиған. «Түсінікті...» деп замдекан күрсінді. Екі-үш күн өткеннен кейін: «Документтеріңді сырттай оқытатын бөлімге тапсырамыз. Өйтпесек, сенің жағдайың қиын екен, – деген. – Әзірше, екеуміз екі жақтап, пәтері бар, бала тумайтын қатын қарастыра берейік». «Қатырамыз» деген бұл. Артынан ойласа, бала тумайтын, пәтері бар қатын табу барып кел, алып келге тән қатыра салатын шаруа емес екен. Пәтерінің бар-жоғын білуді қойшы, бала тумайтынын қалай білуге болады. Қайтып, не деп сұрайсың. Қарастырып жүрген болып, қаңғып-қаңғып қайтып келетін. Басқасына жұмсаса деп тіледі. Бара алатын мен ала алатынға жұмсаса ғой, шіркін. Соған қарай екі етегі делеңдеп кердеңкердең, табаны қызып, қолтығы жіпсіп, танауы шуылдап, жағасы жайлау жарқ-жұрқ келе жатса... Зары құдайдың құлағына жеткен шығар, қайсыбір күні замдекан «Бала, сапарға жинал» деді. «Қатырамыз» деді бұл қайда барып, не

қоятынын сұрап-біліп жатпай-ақ. Замдекан айтса, сапардың мән-жайы мынандай: Декан биыл алпыс жасқа толмақ. Соның алдында туған өңірін аралап қайтпақ. Қасына үш-төрт дөкей достары ілеспек. Соларға қосшы бала болып барады бұл. «Қатырамыз» деді бұл, тағы да. Содан ілескен дөкейлерге. Дөкейлердің жол бұйымдары, киімдері салынған екі қара чемодан қолында, арқасында рюкзак бүкшеңбүкшең бүлкілдің қызығын енді көрді. Қолым ойылды, қолтығым сөгілді дейтін емес, қайта жадырап, жаны кірді. Шәйін тасыды, арақшарап құйды, костюмін кигізіп, галстугын тақты. Олар демалып қалған соң түннің бір уағына дейін киімдерін үтіктеп, бет орамалдары мен носкилерін жуып, бір тыным тапқан жоқ. Және осының барлығын жан-тәнімен істеді. Не көп малы көп өлке екен. Бітпейтін сойыс. Жиылмайтын көл-көсір дастархан. Деканға ілесе шыққан дөйдің біреуі ішсе араққа, жесе тамаққа тоймайтын пәле екен. Көргенде қызықты содан көрді. Қорылы сұмдық болған соң, жеке бөлмеге жататын. Арақ пен тамаққа мелдектеп алған соң, шешіндірудің өзі қиямет-қайым. «Бала шалбарымның ауын ағытып жібер» дейді. «Носкиімді шешіп жібер» дейді. «Жейдемнің жеңін тартып жібер» дейді. «Жастығымды биіктет» дейді. Соның бәрін бітіргенде, «қалтаң-селтең жүрген қызкеліншек болса, қарастыр» дейді. Мұның жауабы дайын: «Қатырамыз!»

Енді бұлар, бұлардан естіген тағы бір дөкейлер қит етсе, Тілалшақты іздейтін заман келді. Әрине замдекан ағасы арқылы. «Құдайың берді, бала, – дейді ол. – Сыртта оқуға үйде жатып түсетін жағдайдасың, енді». Онысы рас болды. Алайда, мектептегі сияқты институтта да оқуда береке болмады. Біресе ана оқытушы, біресе мына оқытушы «Каменкада біреудің берешегі бар еді, алып келсең...» «Калинин колхозына барып, бәлен деген заочникті тауып, бір қой сойып берсін десең...» «Жеңгеңді Ұзынағаштағы төркініне жүгін көтерісіп, жеткізіп салсаң...» Өйтсең-бүйтсең... Мұнікі баяғы «Құп ағай, қатырамыз». Бұл оқыған жоқ, сабақты сол «Қатырамыз» оқыды. Осылай үш-төрт жыл өтті. Осы үш-төрт жылда оқуды өз басымен қатырмағанымен, өз аяғымен жүріп қаланың есік-тесігі, қонақ үйлері, дүкендерін түгел біліп алды. Барып кел, алып кел, тауып келдің арқасында. Ары қарай да осылай бола береріне еш күмәні жоқ еді, алшаң-алшаң басқан ай мен күннің аманында институттың ректоры орнынан кетіп, басқасы келіп, оқу орнының астаң-кестеңі шыққан. Декан орнын босатып, онымен бірге орынбасары–мұның ағасы кетті, оқытушылардың талайы солардың жолын құшты. Негізінен олар мұны ары-бері жұмсайтындары еді. Ендігі жерде жұмсайтын оқытушы қалмаған соң, қайтеді, келесі семестрде емтиханның бәрінен екі алған Тілалшақ институтпен қош айтысқан...

Оу, ары қарай қайтпек керек? *** ...Кірпігі қимылдады. Есі сол кірелішығалы. Лай сумен ағып бара жатқандай болды. Жанталасып жағалау іздемек еді, қолын ағыс создырмайды. Айғайласа сұмдық-ай, өз аузын өзі көрді. Ыржиып қалыпты. Үні шықпайды. Әуежақтан еңкіл естіледі. Аспан жылап тұрған сияқты. Аспан жылаушы ма еді... Денесі қозғалып кетті. Сәл-пәл өзіне келгендей болды. Ағып келе жатқан лай су жоқ. Жер. Ия, жерде жатыр. Сілбіп тұрған жаңбырмен жер де, бұл да әбден лай болған. «Адам топырақтан жаралған...» Санасында осы ой қылт етті. «Топыраққа айналады...» Өзі өстіп күбірледі ме, жоқ басқаның сыбыры ма, айыра алмады... Жоқ, айырды. Анау... Сол... Баяғы өзі жейдесінің жеңін шешкен, ауын ағытқан, носкиін сыпырып алатын әйел құйрық, әңгелек бас, әтеш тұмсық... Бұ, нағып жүр?.. Қазір ғана... Қайда кетті?... «Әй, әй, қайдасың?» Өз дауысын өзі де естіген жоқ... *** Оқудан шығып қалған соң, Тілалшақ қайда барарын білмей сенделіп біраз жүрген. Ақыр соңында баяғы замдекан ағасына жолығуды ойлады. Ол қызметінен кеткелі арада едәуір уақыт өткен. Екеуі бір жылдан астам бір пәтерде тұрды ғой. Со кезде ажырасып кеткен әйелі автокөлік апатынан қайтыс болып, екі қызына енді өзі бас-көз болуды ойла-

ды ма, жоқ пәтері бар, бала тумайтын қатын табылмады ма, әйтеуір көп ұзамай отбасына оралған. Бір мектепке жұмысқа тұрыпты. Айтқан ақылы: Ана жылы деканның алпыс жылдығына байланысты туған өңіріне барған сапарында қасына ілескеннің бірі мықты бір мекеменің бастығы. Соған барып көр. Мекенжайы, мынау... «Ол әлгі әйелқұйрық?..» «Ия, сол». Келді. Ұзақты күн тосып жүріп, кірді-ау, кабинетіне. Ол бұған ұзақ үңілді. Сосын барып: «Осы сені қайдан көрдім, айт» деді. Бұл айтты. «А...а... Ия, ия, – деп жүзі жылыды. – Солсың. Рас. Енді ана дос... Қызмет... Болады ондай, болады. Но жалко...» Тілалшақ оның декан туралы айтып тұрғанын түсінді. «Аға мен жұмыс іздеп келіп едім» деп Тілалшақтың көзі жыпылық қағып, жылтыңжылтың етті. Анау ай-шай жоқ сұрағаны: «Қатының бар ма?» «Әлі...» деп бұл міңгірлеп қалған. «Онда дұрыс, – беторамалының бүктеуін жазып, бырқ еткізіп сіңбіріп, қайта бүктеп қалтасына салып қойды. – Қатынсыз... Қу бас адамға лайық бірдеңе бар, менде. Ылдым-жылдымдық. Анау кезде, әлгі ана жаққа бірге барғанда, көзіммен көргем. Сонда... – Ол кеңкілдеп кеп күлді. – Бір санынан бір саны жіңішке қыз ба, келіншек пе, қайдан тауып келдің, түн ортасында?» Бұл қызарақтап қалды. «Істеймін десең, саған беретін қызметімнің характері: «Анда

жүгір, олай шап... Бол ұмтыл, дереу жет... Апар, әкел, күтіп ал, шығарып сал болып келеді...» «Қатырамыз!» деп қақшиып қатып қалды. Қақшиып қатып қалған қаншырдай қатқан арық денесінің өн-бойын ыстық кезіп кеткендей, бусанып, қатты тершіді. Бұл мекемеде кезінде, небір марқасқалар қызмет істеп, құрметті демалысқа шыққан екен. Марқасқа болғанда, атақтан, абыройдан кенде болмаған. Кеуделері толған орден, медаль. Шетінен зиялы, құрметті, ғұлама... Зейнетке шығып кеткен дейтін емес, қай-қайсының да жүрген-тұрғаны барып тұрған міндет. Төбесі көрінгеннен алдынан құрақ ұшып шықпасаң, қолтығынан сүйемелдеп кіргізбесең, «Ал, көке» деп отырғызбасаң, айтқанын екі еткізсең, бәлеге қалатының оп-оңай екен. Өздері құрметті демалысқа кеткенімен біреуінің баласы, біреуінің нағашысы немесе жиені, біреуінің қайын жұрты дегендей, дәурендерінің жүріп тұрған кездерінде билікке жетелеп, итеріп, кіргізіп кеткен жағдайлары бар боп шықты. Оларын айтпайды, ал мұның бастығына «Мына креслоға өзіміз жабылып отырғызған баласың» дегенді, сөз жоқ келген сайын бір әуендетіп өтеді. Мұның ар жағы қилы-қилы бұйымтай. Жаз бойы, мәселен, кезегімен елге шығып, аунап-қунап, қысқы соғымдарының мәселесін шешіп қайтатындары әдетке айналған. Тілалшақтың негізгі қызметі соларға қосшы болып ілесіп барып, қайту болып шықты. Марқасқалардың барып-келіс шығыны

мекеменің мойнында. «Дымың ішіңде болсын» деп бастығы Тілалшақтың қалтасына бір буда ақша салып береді. Сондағысы: «Шатақ шал ашығып қалмасын, шатақ шал шөлдеп қалмасын...» Сөйтіп, Тілалшақтың бұдан былайғы өмірі абыройлы, атақтылардың киімдерін көтереді, жүктерін арқалайды, жатқызады, тұрғызады. Ананы әкел, мынаны әпер... Кезінде абырой, атағы болғанды қазақтың хан көтеріп алатын дәстүрі бар ғой. Обалы не керек, қайсысына қай жерге еріп барса да Тілалшақтың көретіні – анаған деген ыстық ықылас, кең пейіл, кезінде өйткен де, бүйткен ағамыз ғой, мәртебеміз, мерейіміз, дескен қазақ. Біреу сөйтіп жалбақтап жатса, анау жүрсе талтақтамай, отырса шалқақтамай қайтеді. Сөйтіп қана қойса жақсы, сапары– киген аса бағалы костюм-шалбар, шапаншақыт және күзге жеткізілетін соғыммен біте қоймайды. «Осы сендер, менің есімімді мектепке, көшеге неге бермейсіңдер?» деп үдейді. Енді біреуінің салатын салмағы – «туған ауылдан бір зәулім үй салып берсеңдерші, жастың келген шағында жатайын да жамбастап, туған топырақтың төсінде...» Шай-пайын алып беріп, терін сүртіп, жастығын түзеп жаныңнан жарты елі шықпайтын бұл жайына отырмай: «Айтары жоқ». «Міне, міне сөз». «Дөп түстіңіз». «Е, бәсе, осы ғой, әңгіме» деп қосарлана кететін өнер шығарды. Сөйдеп отыр деп үйреткен аналардың өздері. Сөзі салмақты болсын дей

ме олар мұның өзін үлкен мекеменің жауапты қызметкері, болашағы зор, қазірдің өзінде аты мәлім» деп қолдан ісіріп-кептіріп таныстырып қояды. Бірте-бірте бұған мұның өзі кәдімгідей сене бастады. Даусы қоюланып, ара-кідік ыңыранып шығатын болды. Басының екі қапталындағы шашы артына қанша сулап қайырса да жатпай, екі құлағына сусып түсе беруші еді, сонысын әлсін-әлсін сілкіп, дәл бір тана бұқа сияқты үстіңгі ебедейсіздеу ернін танауының астына қарай қайта-қайта жиырып алып, басын изеңдеткенде абыройлы, атақты мұны не шынтағы, не аяғымен нұқып қоятын. «Бұл, әй бала, артыңды қыс енді, абайла» деген ескерту еді. Оңаша қалғанда зекіп те қояды, өздері. «Әй, сенің әңгімеге әр жерден әліңе қарамай қыстырылатының көргенсіздік қой» дейді. Мұның жауабы дайын: «Рас, айтасыз». Анау одан әрі зілденсе «Дәл айттыңыз». Ары қарай да жер-жебіріне жетіп жатса, мұныкі: «Турасы осы», «Именно, солай!» деп өзін қорлауды, өзі қолдап кететін. Қайсыбірде дәудің бірі: «Біздің қазақ ең ақылды» деп еді, бұл «Рас, айтасыз» деген. «Жоқ, олай емес, әлі! – деген анау жұлып алғандай. – Ешқандай да ақылды емес!» Бұл қолма-қол: «Өте тура айттыңыз» дегені. Сонда ардагер аға ұрысқан жоқ, мұның бетіне ұзақ қарап отырып-отырды, сосын кімнен сұрағаны белгісіз: «О, құдай-ай, бұ қалай, мұнысы несі?» деп жаман күрсінген. Одан әрі жұмсауды көбейтті. Анаған ұш, мынаған

қон... Арқамды ез, аяғымның тырнағын ал... Қолымды, белімді уқала... Көзіме дәрі тамыз... Құлағыма тыққан мақтаны ауыстыр... Ол жұмсауды көбейткен сайын мұның қимылы үдеп, тынысы кеңи түскен. Көңілі шалқып, жаны жадырады. Сондай бір не жерде, не көкте емес, көңілімен ұшып жүргенде ардагер ағасы күтпеген жерден: «Сен осы Моисейді білемісің?» деп сұрағаны. «Орыс па?» деді бұл сасқалақтап. «Пайғамбар! – деген анау зәрленіп, – Не, естімеп пе ең?» «Біздің ауылда білмейді оны, ешкім». «Сен өзің неге білмейсің?» «Ешкім айтқан жоқ о кісіні». «О кісіні деші... – шал мырс етті. – Құдай ұрған ғой, сендерді». «Аға, сонда о кісіні неге сұрадыңыз?» «Еврей деген жұрттың барын естіген шығарсың?» «Ия, білем оларды». «Енді солар, ұзақ-ұзақ жылдар Египеттің құлақкесті құлы болған. Ақырында Моисей сол жұртты алып шықты. Құмға. Ары да бері де кездіріп, көрмеген көресіні көрсетіп, сол құмнан қырық жыл шығармай қойған». «О несі?» «Себебі, бүтіндей жұрттың денін құлдық жайлап алған. Солардың түгел өліп біткенін күтті, Моисей. Сөйтті де олардың дені таза туған ұрпағын алып шықты, құмнан. Құлдықты құмға көміп кетті. Сөйтіп, бала, еврей сияқты аса ақыл-ойы терең, рухы мықты, шексіз білімді ұлтты алып келді, дүниеге...» Тілалшаққа әңгіменің анау, мынаусы зәредей әсер еткен жоқ. Бір ғана құмда қырық жыл қаңғып жүріп, өлгендерді біртүрлі аяды. «Солай еткен, онда Моисейдің несі жақсы?» деп ойлады.

«Сендер осы құрттай құжынап барасыңдар, – деді шал. – Ақыры қайырын берсін... Қайдам, бірақ... Ал, енді жүгір...» «Қайда барайын?» деп сол бұйрықты асыға күтіп отырған Тілалшақ есі кете елпеңдеген... «Қайда барғанда... – шал ойланып қалды. – Бүгін бәріне барып, бәрін істеп бітпедің бе, өзі...» «Тағы да айта беріңіз, Тілалшақ дәл мынау қазір бір жаққа жұмсамаса, жүрегі жарылып кететіндей, кеуде сүйегінің сол жағын қатып-семген қара саусақтарымен сығымдап, сұрының сиқы кетіп қалды. «Жә, қояқ қой» деді шал. «Барып келейін, аға». «Барып кел, алып кел дейтін дым қалмай тұр, қазір...» Мұндайда Тілалшақтың «Ұнамай қалдым ба?» деп қарадай қипықтайтыны бар. Жанжағына жаман жалтақтап, жазатайым жаңылып-жазып қалмадым ба, деп жәудірейді. Түнде ұйқысы бұзылады. Сонымен қатар бірте-бірте абыройлы, атақты адамдардың, мейлі, олардың жол жүгін арқалап, аяғынан тік тұрып, отымен кіріп, күлімен шығып жүрсін, әйтеуір, кейде жолдың даңғыл, таза жеріне бас­тап, алдарына жүгіріп шығып кетіп, кейде соңдарынан сүмеңдесін, бәрібір, кеудесіне нан пісіп қоятын болған. Аналардың қасында келе жатқанда оларға байқатпай, былай жұртқа байқатып, екі қолын артына қайырып ұстап, сырт киімінің түймесін ағытып жіберіп, маңғаз басып келе жататын. Сондайда мұның түрін де, сырын да жақсы білетін таныстың бірі кездесе қалса, ар-

тына қарай айқасқан екі қолын жұлып әкеліп, екі қалтасына тыға қоятын. Қатарларының ортасына түсіп қалғанда, «Түгеншекеңмен... Бәленшекеңмен өйтіп жі­ бер­генбіз, бүйтіп жібергенбіз...» деп қарадай күмпілдейтіні, несін айтасың, бір дәурен еді. *** Денесінің дірілін сезді. Еңсесін тіктемекке жер сипалаған. Уысы шылқылдап, су жусанның сабағынан сусып шығып кетті. Жауын со сілбіген қалпы. Жылы, майда тамшылар бетінде жыбыр-жыбыр етеді. Тас қараңғы дүние бұрынғысынан да қоюлана түскендей... Соның түкпірінен қалы көп, қан-сөлсіз қағаздай бет-әлпет бері қарай қылаң етті. «Аға... Аға...» дегісі келіп... Деуге әл-дәрмені құрып, қайтадан әлсірей берген... *** Кеңес өкіметі келмеске кетер күн туып, керегі жоқ мекемелердің есігі енді ашылмайтындай болып, тарс жабылғанда Тілалшақ далада қалды. Өйткені, бұл істеп жүрген мекеме ірілеуіне барып қосылып, көп бөлімнің бірі ретінде судай сіңіп кеткен. Жұмыстың жайын қарастырып анда барды, мұнда барды. Дип­ломын сұрайды. Мамандығын сұрайды. Екеуінен де жұрдай. Қай жерде қандай қызмет еткенін сұрайды. Еңбек кітапшасында мөр басылған жалғыз бұйрық бар. «Мекеме күзетшісі». Сөйтіп қабылдаған, бастық. Рас,

бұл мекеме күзеткен жоқ, абыройлы, атақты ағаларға қосшы бала болып жүрді. Одан қалса, ұзынды-кеш өзге қызметкерлер жұмсады: базарға, дүкенге баруға, пойызға, автобусқа билет тауып келуге, асханадан кезек, кафеден орын алып қоюға... Сонда қырып ақша тауып жатса. Байынан жастай жесір қалған жас әйелдің қолына кіріп алған еді, бетті пәле екен: «Сығарға биті, үрерге иті жоқ» – біз боламыз, – дейтін екі күннің бірінде құдайдың зарын айтып. – Екеуара бір дамбал киіп жүрміз». Бұрынғы күйеуінен бір бала, бұдан екі қыздың не болса соны жегісі келіп, қосыла қыңқылдайды. Япыр-ай, енді не қай терінің пұшпағын қай жерден табамын деп ақылынан адасыңқырап жүргенде, төркініне кеткен қатыны, суға батып бара жатқан жерінен суырып алғандай болды. Пәтерлерін сатып, төркіні тұратын аймақтың орталығына көшетіндерін шешіп келіпті. Бұған жұмыс та тауып қойған. Нағашы жұртындағы бір ағасы мемлекеттіккоммуналдық шағын мекеме ашып жатыр екен. Соған алатын болған... *** Қатынының нағашы жұртындағы ағасы қалы көп, қағаздай жұқа жүзі жылмиған қағылез кісі екен. Мұның өткен-кеткенін дымын қоймай сұрап алған соң: «Тілалшақтығың жақсы екен, маған соның керек. Жер-жерден маған аса қат мәлімет жинайсың, қажет десең Қазақстанның шекарасынан да шығып

кетесің» деді. Мұның айтары баяғы үйреншікті жауап: «Қатырамыз, аға!» Сонда төрт-бес жылдың төңірегінде бармаған, баспаған жері қалмады. «Ал, жөнел!» дейді. «Ізде, қопар, қаз, тап» дейді. Одан қалса, коттедж салып жатыр екен. Соның басы-қасында болады, кірпіш санайды, топырақ, цемент түсіреді, сылақшыларға көмектеседі. Демалыс дегенді ұмытты. Оны ойлаған да жоқ. Қатынды да... Қайта «Бар, қалма, сөйт» деп дігерледі. Шағын қаланың шеткері базар жағынан сатып кеткен пәтерлерінің ақшасына ескі екі бөлмелі үй алған. Көршісі жесір шал. Жалғыз тұрады. Елу-алпыс қойы, сауын сиыры бар. Балалары соның қой-қозысын қайырысады, әйелі сиырын сауып беріп, қолғабыс жасап қояды. Шалдың да азды-көпті жәрдемі бар. «Өлмегенге өлі балық жолығады-ның» кебі шығар деп бұл тәубе етеді. Сөйтіп, қиырдан да, шиырдан да бастығына керекті, бағалы мәліметтерді жинап, ақ тер, көк тер болып жүргенде, кенет... Ертеңгісін елпеңдеп жұмысқа келгені сол еді, жаман хабардың үстінен түсті. – Біз жабылатын болдық, – деді бастық жайбарақат, жылмиып. – Жабылғаны қалай? – Солай. Екі жыл қатарынан шығынмен жұмыс істептік. Тілалшақтың есі екеу, түсі төртеу болды. – Енді, қайттік? – Қайда барсам да, менің жұмысым дайы­н ғой.

– Біз ше, аға? – Көресіңдер де. – Ілестіре кетпейсіз бе, мені? – Ілестіргенде, біреуді жұмсайтын орын емес, баратын жерім... Болған күннің өзінде тілалшақтар о жақта да жетіп жатыр, айналайын. Бастығының қалы көп, қағаздай жұқа жылмиған жүзінен келеке-мазақ сезілгендей болды. Аяуы жоқ суық өң. Қайсыбір жолы оның бір досының келгені есінде. Екеуіне әдеттегідей кабинетке дастархан жасап, өздерін оңаша қалдырып, ара-кідік кіріп-шығып шайларын құйып, қызыл күрең коньяктарын тымызып, беріп жүргенде бірлі-жарым әңгімелерін естіп қалған. «Осы жігіт қашан келсем құрдай жорғалап, құлдырақтайды да жүреді. Қандай қызмет істейді?» деп сұраған қонақ. «Атқа жеңіл, тайға шақ» деді бастығы жымиып. «Ол не?» «Бар деген жағыңа ұшады, ал дегеніңді алады, тап дегеніңді табады. Шаршауды білмейді. Ештеңе сұрамайды. Жұмсамасаң жаман болып жүреді». «Онысы несі? Неліктен олай?» «Бүгінгі поколениенің дені сол. Ни на что не способный. Только– тілалшақ. Тек айтқаныңды орындауға ғана жарайды. Онда да бар біті­ рері–жаңағы. Все. Соны қанағат тұтады, сонысына мәз. Жалко, шынымды айтсам». «Бұлар сонда қайдан шығып жатыр?» «Черт его знает». «Менімше,– деп коньяктан бір ұрттап алған. – Тілалшақтықтан өзге қолынан түк

келмейтіндерді көбейтіп жатқан мына сендер. Солай болғандары өздеріңе пайдалы. Өздеріңе керекті жұмыстарыңды істетіп аласыңдар. Сонда ертеңіміз қалай болады. Ертеңнің обал-сауабын қайтеміз?» «Сенің өстіп, көктен түскендей болатының не? – деп бастығы шиқшиқ күлген. – Көзімізді ашқалы көріп келе жатқанымыздың көбі осы тілалшақтар емес пе. Сен сұрайсың: бұлар қайдан шығып жатыр деп. Қалтаң-селтең жүрістен. Оқитын кезінде оқымайды, ойланатын кезде ойланбайды, саналары сазға отырып, намыстары оянбай қалған, а потом дорогой друг, біздің өз балаларымыз сияқты, бұлардың іздеп, сұрарлары жоқ қой». «Сонда бұл байқұстар осылай болып жүре бере ме?» «Оны сен менен сұрама. Оны... – бастығы төбеге қарады. – Өзің білесің, бұл сұрақты ана жақтан сұра... Әрине, егер батылың жетсе. Жете ме, батылың?!» Осыны айтқанда бастығының қалы көп, қағаздай жүзі біртүрлі бедірейді де қалды. Бірақ бұл естіген-көргенінің бәрін сол сәтте-ақ ұмытып кетіп еді... *** Құлболды үшін тағы да бір сенделістің кезеңі басталған. Бір ай, екі ай... Жүрегі ұстап ауруханаға түскен. Он күн жатты. Артынан ешкім келген жоқ. Он бірінші күні үйіне келсе, есіктің алдында ескі «жигули» тұр. Үйге кіріпшығып жүргендер бөтен біреулер. – Сендер кімсіңдер? – деді бұл ештеңе түсінбей.

– Біз осы үйдің жаңа иесіміз. Қарақал­ пақтан келген оралманбыз. Сатып алдық. Өзің кімсің? – Мен... Мен... Осы үйдің... – Ә...ә. түсінікті. Міне, мына қағазды беріп кеткен, келгенде берерсіңдер деп. Ашса, әйелінің қолы: «Сенің жаныңда екеуара бір дамбал киіп жүре беруге енді шыдамым жетпейді. Бізді іздеме. Іздегенде қайдан табасың?!» деп жазыпты. Дағдарып тұрып-тұрып, басқа барар жері жоқ болған соң ба, көрші шалдың баспанасына қарай бет алып еді, үйінің жаңа қожайыны: – Әй, жігіт, ол шал да әйеліңмен бірге көшкен. Оның үйін де мен сатып алғанмын, малымен қосып, – деді. Сол кезде, алай-түлей қарауытып келе жатқан аспанынан тырс-тырс тамшылар тама бастаған еді. Тілалшақ беті ауған құладүзге қарай кете барған... *** Таң құланиектенгенде есін жиған. Шоқайып ұзақ отырды. Үсті-басы малмандай, лай-батпақ. Жауын әлі басылмапты. Әңірейіп аспанға қарады. Тұтасқан қара бұлт бозғылт тартқан ба... «А, құдай! – деп бақырып көрді. Тарғыл-тарғыл даусы талып-талып шықты. – А, құдай, ешқайда алып бармайтын жолың, қане? Бар ма? Бар болса, мені соған сал. Сөйте көрші, құдай!» Со мезет көз алдына шетсіз-шексіз қу

медиен құмды шырайналып жүрген әбден арыған, алқам-салқам қалың топ елестеп қоя беріп, топ алдында бара жатқан ерекше бітімді біреу, бері кел, мына топқа қосыл деп ымдап шақыратын секілденді.

Батыр Соңғы кездері Батыр көбіне оқшаулана беретін: күн ұзын түйенің жүнінен жасалған бөстекте жамбастап жатады да қояды. Қызметші жігіт арқылы өзі шақыртпаса, бәйбішесі мен тоқалы да үстіне өз еріктерімен кіре бермейді. «Япыр-ай, өзін-өзі соншама оңашалап, Батырдың талқаны таусылуға таяды ма, немене?» – деген де сөз сыбыр-сыбыр естіліп қала бергелі де біраз уақыт. Оның етегінен тартып, еңсесін езген екі ауыр қайғы болатын: біріншісі – ата мирас жау қолынан өлмегені... «Батырдың ажалы жау­ дан» дейтін қатал кесім бұлардың тұқымына тән ұлағатты ұран сөз; жауға шаба алар қайқайсысы да ат жалын тартып мініп, қолына найза ұстағаннан, «Е, құдай, сол тілекті бере

көр!» десетін-ді. Десетін де, жан алып, жан беріскен қанды қырғында өлем-ау дейтін ой ешқайсысында болмайтын. Атасы кіндік тұсынан бойлап кірген сұр жебеден, әкесі мойын түптен тиген семсердің өткір жүзінен қаза тапты. Ал бұған келгенде... Батыр әкесі мен атасынан аз немесе кем шайқасқан жоқ. Он алты жасында төрт көз сауыт киді. Жау қарасы көрінгеннен жер тарпитын тоқпақ жалды торы айғыр деймісің, қамшы сілтетпейақ қара тұяғымен бір орнында шыр айналатын қабырғалы қазанат деймісің, қаншама жыл қайсысының белінен қашан түсті. Сондағысы ел мен жердің намысы. «Аттан!» дегенде, алтын сақадай алшысынан түсіп, алдаспанын

айға, күрзісін күнге білегенде, әлгі намыс үшін жау қолынан мерт болсам деп көкседі. Елі мен жерінің құрбандығы болу – ұрпақтан-ұрпаққа қалар мәңгілік аманат еді. Амал не, жаныңды жалғыз сәтте жаһаннамға жібере салатын дүлей дұшпанның аруақ-айбаты, қуат-пірі бұған келгенде, абыройдан айырылып адыра қалды. Әйтеуір, тіктеп келген кім де екі бүктеп, үптеп кете алмады... Қылыштасқанды ер үстінен ұшырып, найзаласқанды ат көтіне түсіріп кете барған. Сонда ғой... Сонда жан сауға сұраған аз. Десе де, «Батыр-ай, жанымды қи!» деген құдайдың құлдары да болдыау... Иә, ондайлар да болған. Қайсыбірде, жаудың бірімен жекпе-жекке шықпай ма. Жастау кезі ғой, жасамыс батырмен бие сауым найзаласып ат көтіне түсірмей ме. Сосын сала құлаш семсерін суырып алғанда, көзі жаутаңдаған алпамсадай неме: «Батыр-ай, жанымды қи!» – демесін бе. «Оның не? – деген бұл. – Жау қолынан мерт болу – батырдың мұраты емес пе-әй?!» «Бұл қай сөзің? Өлудің қай жері мұрат?» «Найсап, батыр дүниеге елі мен жерінің құрбандығы болу үшін келмейтін бе еді!» «Оны қайтесің. Жанымды қи, Жаугер!» Батыр оған енді қайта көз салмаған. Атын қатты тебініп, жасақтарына қарай жөней берді. «Нәлетіні тірі қалдырып кеткенің қалай, Батыр?» – дескендерге: «Ол өзі де өлген адам екен, – деді бұл. – Батыр емес, қатын. Қатынды қалай өлтірем!..» Басын көтеріп насыбай иіскеді. Балтыры

сыздай бастаған. Дыбыс беріп еді, қызметші жігіт лып етіп кіріп келді. Ойыңды айтқызбай білетін сұңғыла: – Шақырайын ба? – деді. – Сөйт. Көп күттірген жоқ, үйге үлпілдеген түркімен қатыны енді. Оған аяғын созған. Ұрғашының әрі жұмсақ, әрі ыстық алақанынан бойың балқиды. Аялап сипағаны қандай... Сол аялап сипаған ыстық алақан балтырдан өтіп, тізеге жеткенде көңілің қутыңдап, жоғары қарай өрлей берсе деп үздігетінің-ай. Сәл езу тартты. Мұрты тікірейген. – Жай ма, батыр? – тоқалының дауысы ән салып тұрғандай ырғалды. – Есіктің ілгегін салшы. – Ауырып отыр ем... – Не ауру? – Батырдың өңі суыды. – Сол, әлгі... – Ә... Ә... Көзін қайта жұмған. Суық леп өзегін тіліп өткен: «Жаратқан-ай, мені екі нәрседен қақтың ғой: ажалым жаудан келмеді, бір ұл перзентке зар қылдың...» Бәйбішесі төменгі өзен бойындағы аталы жердің

қызы еді. Екі қыз туды да, тоқтап қалды. Қыз кезінде солқылдаған тал шыбықтай сұңғақ бойлы-ақ болатын, алғашқы қызды туған соң тез тола бастап, көп ұзамай екі бұтының арасы майға толып, ана қаздай талтаңдап қалған. Қатты семірген тауық жұмыртқа тумайды деуші еді, сірә, бәйбішенің жатырын май басқан.

Оның үстіне мына түркімен тоқалынан кейін бәйбішесіне артылуы оқта-текте, әрі онысы апыл-ғұпыл әйтеуір «әриай-дай» еді.

Түркімен тоқалы... Онда ма... Онда мұның елуден асқан кезі. Қайсыбірде, бұлар жоқта ауылды шауып кеткен түркімендерден қарымта қайтару үшін мұздай темір құрсанған қазақ жасағы атқа мінбей ме. Араға әдейі екі ай салып мінеді. Сөйтіп екі күншілік жер жүріп, таң енді қылайғанда, қалың ұйқы құшағында жатқан түркімен ауылын бас салмай ма. Екі айдан бері арттарынан келуге тиіс қуғынның қарасы көрінбей, «қазақ қорықты» десіп, құдай, тобаларын ұмытқан сеңсең бөрік, сіреңке қара түрікмендер азанғы айғай-сүреңнен төбелеріне оқыс жай түскендей сасқалақтап, киінуге мұршалары жоқ, қолдарында жалаң қылыш, дамбалдарының ауы мен бауы салақтап, киіз үйден атып-атып шыққан. Жасанып келген жаугерлерге бей-берекет қару сермеп жүрген құдайдың құлдары бұйым ба, қазақтар оларды жусатты да салды. Мұндайда жаудың өзіне істегенін өзіне істеу, тіпті асырып жіберу – кектің еселеп қайтқаны. Қатыгез заманның қатыгез әрекеті көз жас, мұрынбоқты қаперге ала бермейді. Жылатқанды жылату керек. Сенікінен мұнікі әулие емес. Кек қан төгумен ғана қайтпайды. Өшті жауыңның ұрғашыларын масқаралаумен алу – тіпті ләззат. Қазақтардың

азаматы әлдебір жиынтойға ма, өзгедей шаруамен бе, тысқары

кетіп, осыны аңдыған түркімендер ауылды бас салғанда жасайтын сұмдық сойқаны – қызкеліншектердің ұзын етегін

төбесіне көтеріп, түйіп тастап, білгендерін істеп, құмарлары қанған соң, көделі қималарына қоз толтырып кететін. Қамшының сабымен піспектеп. Бұл қорлық пен көргенсіздік – сол қорлық пен көргенсіздікті тудырды. Қазақ жасақтары түрікмен ауылын шауып кек алғанда, түрікмен ерлерін керегеге таңып байлап тас­ тап, көздерін жұмылмайтындай етіп еттеріне ши тіреп, керіп ашып қоятын да, дәл қарсы алдында әйелдерін тыр жалаңаштап аяусыз умаждайтын. Түркімендердің түте-түтесін шығарып, Батыр жасағы енді әлгі әрекетке кірісуге ыңғайлана бастағанда, шеткері тұрған киіз үйден бес қаруы сай төбедей түркімен жігіт шыға келді. «Батыр, – деді дауы­сы қаңсып, қамығып, – батыр, әуелі мені өлтір!» Шамамен бұдан екі мүшелдей кіші. Күндердің күнінде осы қорлықты көрермін деген ой қаперіне кірмеген аусар, адуынды жас енді мына дүниеден түңіліп, болғалы тұрған сұмдықты болдырмау үшін өзін құрбандыққа шалғалы тұр. Егер Батыр қазір жасақтарына иек қақса, мына жалғыздың жанын қас қағымда жаһаннамға жібере салады. Алайда бұларға атадан қалған бір мирас – батырды жабылып жеңуге болмайды. Ол – өзіңді қорлау. Өзіңдіөзің қорлағың келмесе, оны жекпе-жекте жең. Жеңе алмасаң, өзің көксейтін жаудан өлу

мұратыңа жетесің. «Атыңа мін! – деді сонда бұл. – Шық, былай!» Жаугерлер орталарын ашып, қақ жарылды. Екеуі ұзақ айқасты. Түркімен әрі жас, әрі тым қайратты еді: ұрған сайын найзасы Батырды ер үстінен солқ-солқ қозғап, ұшырып жібере жаздады. «Сірә, ажалым осыдан болар,– деген Батыр іштей. – Жекпе-жектен өлімім. Оқыс тиген қылыштан, қаңғыған жебеден емес, ерге тән жекпе-жектен жер жастанды. Ерлікпен дер...» Түркіменнің найзасы келесі сілтегенде, сүбесінен қадалды. Әне-міне, ат бауырына түсетін сәтте, талай жаугершілікте иесінің жағдайын тақымынан аңғарып, керек жағына жалт беруге әккіленген қара төбел қазанат Батыр қисайып бара жатқан жаққа қарай шалт қимылмен, шапшаң бұрылып, шұғыл айналсын. Сол сәтте түркіменнің найзасы тайып кетті. Бойын түзеп алған батыр ендігі жерде өлімді де, өзгесін де тарс ұмытып, тек оттай қаулаған намысымен ғана қалды. Бірақ өзін долдануға жіберген жоқ. Долданған адамның көзі дым көрмей кетіп, отқа өзі түседі. Жеңістің ең жеңіл жолы – ақыл, айла, әдіс. Қайта бір бетпе-бет келгенде, өзі жақсы білетін тәсіл – ұшы таралғының астына өтіп, ер қасасына байланатын шумақталған қыл арқан бұғалықты көз ілеспес шапшаңдықпен түркіменнің мойнына тастап жіберген. Осы мезетте әккі қара төбел қазанат артына қарай

жалт беріп, қарғып кетті. Төбедей түркімен ат жалынан, ер басынан ұстап үлгермей, ақалтекенің үстінен қара жерге төңкеріліп түскен. Батыр оны қырылдатып біраз жерге сүйреп барып, кері оралды. «Аруақ! Аруақ!» – десіп жасақтары азан-қазан. Қылшылбыр буындырып, қырылдап жатқан түркімен көзін ашты. Қып-қызыл жанарынан екі ірі тамшы жас ыршып шықты. Намыс пен қорлықтың оттай ыстық екі тамшысы. Батыр найзасын көтеріп, оның кеудесіне дәлдеген. Бойлата сұғып жібермек. Іркілді. Батыр адамды жеңу де, жеңген соң өлтіру де қиын. Көзің қимайды. Әсіресе, мынандай боздақты. Қыршын ер... Найза көтерген қолы аспанда салбырап ұзақ тұрыңқырап қалды. Сол мезетте киіз үйден, құдай-ау, көрерге көз керек уыздай жас әйел заты жүгіре шығып, қылшылбырға буынып, үсті-басы топырақ болып жатқан түркіменді дауыс шақырып бас салсын. «Қосағым!» деп сыңсығанда сай-сүйекті сырқыратады. Соңынан бұлтың-бұлтың жеткен үймелі-сүймелі қос бүлдіршін де еркектің үстіне барып төнді. Батыр кез келген шешімді шұғыл қабылдайтын. Жасақтарына иек қақты. Бәрін ымнан түсінетін жаугерлердің екеуі сытылып шығып, барған бойы қырғи мүше, қыпша бел келіншекті екі қолтықтан ілді де әкетті: «Жаныңды қидым, – деген сонда Батыр түркіменге. – Бірақ қатыныңды алып кетемін!» «Өйткенше, өлтіріп кет, – деді анау боздаған, бордай тозған дауыспен. – Өлтір!» Бұл ләм

деместен ер қасасындағы қылшылбырдың байлауын шешіп, оны түркіменнің кеудесіне қарай лақтырып тастады да, атын тебіне берді. «Өлтір! – енді түркімен түйедей бақырды. – Өлтірмесең, жер түбіне кірсең де, сені мен өлтіремін!» «Мә! – деген бұл сонда ердің қасасына тиіп тұрған дорбадай ауын уыстап ұстап. – Мынаны жеп ал, әуелі!»... Көзі жұмулы Батыр мырс еткен. Салалы саусақтарымен балтырдың көк етін сығымдап отырған тоқал қасын керді. – Ойыңызға күлкілі жағдай келді ме, батыр? – Тыныштық, – деді. – Қанша жыл біргеміз, бір ашылмайсыз маған? – Қатының барыңның бәрін білсе, оның байына әуестігі жоғалады. – Қызық екен! – Қызық емес, рас. Ол көзін ашты. Қырықтан жаңа асқан тоқалы әлі құлын мүшесінде дерлік. Сол баяғы құмай көз, құба жүз.... Қаз кеудесі сәл қимылдаса, дір-дір етеді. Қиылған белдің ар жағында қолың тисе, ұлпадай әсер ететін томпақ, тоқ бөксе... Мұның көргені – бәйбішесі мен тоқалы ғана емес еді. Сонда он алты, он жеті жасқа жеткеннен бергі жерде желіккен жеңгелерімен басталған сері сүреңнің соңына шам алып түспесе де, оңтайы келгенде қасы-көзі қиылған ұрғашының ыңғай бергенін шатқаяқтатып

кете беретін. Көбіне апақ-сапақта. Қазақ шіркін өрістен мал қайтып, ауылы азан-қазан болып кететін сол апақ-сапақта аңдыған қатынын, қорыған қызын тарс есінен шығарып, сиырын байлап, қойын қоралап, жылқысын тұсап, отпен жағаласып, ошақпен алысып, сіңбіруге мұршасы келмей кетеді емес пе. Е, сонда... Көзі қайтадан тоқалына түсті. «Сүйегі асыл зәді», – деп қойды іштей. Болмаса, қырықтан асқан қатын өстіп талшыбықтай бұралып отыра ма, сыры да, сыны да кетпей. Жалпы түркімендер қыздарын қазаққа қарағанда, ертерек қатын қылады. Қос алмасы енді бұлтиған қыздарын алдарынан өткізіп, сеңсең бөріктерін дәлдеп жіберіп қалады. Тигенде қыз жығылса, жығылды, жығылмаса қойныңа сала бер. Мынау да, әрине, байына ерте тиген. – Қатын-ақсың, – деді батыр келесі аяғын созып жатып. – Оныңыз не? – Рас айтамын, – Батыр көзін қайта жұмды. Байынан жекпе-жекте жеңіп, тартып әкеліп, енді қойнына саларда төсек шетінде екі иығы дір-дір етіп, құнысып отырған өрімдей келіншек: «Екі ұлым қалды онда, – деп еңіреп жіберген. – Екі ұлым...» «Енді менен туасың, маған тап ұлды! – деген Батыр. – Қане, кір көрпеге!» Жаудан келген олжаның ең бағалысы – ұрғашы. Сонымен мауқын басқанша еркектің жауына деген өшпенділігі басыла қоймайды.

Ой, сұмдық-ай... Неге? Кектің күйігін сонымен баса ма, әлде бұл еркектің өзі шыққан жерге өмір бойы үздігіп өтер пәтуасыздығы ма? – Әттең, – деді Батыр сол көзі жұмулы қалпы. – Ұл туып бере алмадың. – Құдайдың ісі, – деп тоқалы кінәлі жандай басын жерге салды. – Екінші қызыңды туған соң, сен де бәйбіше сияқты тоқтап қалдың. Ұрығым көксідіктеніп кетті ме немене, а? – Сол екінші қызды зорға босандым ғой. Соның зардабы ма... – Түркімен байыңның көзінен шыққан екі тамшыны көріп едім. Сол көз жасы ма екен... Қарғыс жаман,– деп Батыр енді тұрып отырып тағы насыбай иіскеді. – Өлтіріп кетпесең, қаныңды ішемін деп еді. Келмеді... Тірі ме екен, а?! Екеуі де біраз үнсіз қалды. Сосын тоқал тіл қатқан: – Қымыз әкелдірейін бе?.. – Қояқ қой, әзір. – Үйден мүлде шықпайтын болдыңыз. Атқа мініп біраз сейілдемейсіз бе? – Одан не шығады? – Сергисіз. – Адам атқа мініп, дала кезбек түгілі, қанат байлап көк зеңгірге ұшса да, жанын жеген ойдан қашып құтыла алмайды. – Сізді азапқа салатын не? – Жау қолынан өлмедім. – О, құдай, сұмдық қой мұныңыз!

– Атадан қалған мұра. – Түркіменде мұндай жоқ. – Қазақта бар. – Сосын? – Бір ұл... Әйелдің өңі қызарды, қысылып-қым­ сынғаны білі­ніп тұр. – Тағы біреуді алып берсек... Батыр мырс етті. – Үмітсіз шайтан, – тоқалы шын пейіл білдіріп-ақ тұр. – Үміт – өзіңді-өзің емексіту. Өйтіп, әнеміне, иә, иә деп елпеңдейтін жайым жоқ. Қайтесің, – деп Батыр тоқалының бұрымынан сипады. – Барып шаруаңмен айналыс енді. Оңаша қалған батыр тағы да ой қаузайды. Жаңа «түркімен байыңның» дегенде тоқалының селт етіп, танауы қусырылғанын еске алды. Ұмыта алмайды, сірә. Қыздай қосылғаны. Қыздай қосылып, сосын оның жауына қатын болу... Неткен сұмдық зауал. Құдай-ау, бұдан өткен қорлық бола ма? Әйелдің пешенесіне осы теңдесі жоқ азапты жазған кім?! Тәңірі ме? Тәңірі қайда, біз қайда... Біз, еркектер емес пе бәрін істейтін. Біз ойлап тапқан жоқпыз ба небір сұмдықты: ұрыс-таласты, қан ішуді, біреудің елін талап, жерін тартып алуды, біреудің қатынын күшпен алып, қатын етуді... Ұзында кеткен өші мен қысқада кеткен кегін іздейтін: дүниені бүлдірген, бүлдіріп жатқан, бүлдіре беретін біз – еркектер екенбіз-ау осы. Өзіміздің қарау, бұзық

қылығымыз, әдетіміз, пейіл-ниетімізбен әуелі дауласып, артынан жауласып кете барамыз. Болмаса, осы даланы қойы қоралас, жылқысы аралас, жұрты қоңсылас жатқан қазақ пен түркіменнің қайсысын, қай күні, қалайша түлен түртті. Өткендерден қалған сөз – қазақтүркімен жаулығы қазақтың ақ байталынан шығыпты әуел баста. Желден жүйрік екен жануар. Қазақ пен түркіменнің қай бәйгесінде де алдына жылқы салмаған. Енді осыған түркімендердің сілекейі шұбырмай ма. Адамды құдай бір нәрсеге үздіктірмесін. Үздіксе, соған қолы жеткенше жаны қалмайды. Қу тамағын ішіп отырып та, құс салып жүріп те, насыбайын атып отырып та, қатынының жұмсақ бөксесін сипап жатып та, әлгіге аңсары ауады да тұрады. Сөйтпесе, түркімендер қазақтың жердің шаңын боратып, аспанның басын айналдырып, шабатын ақ байталын сұрап қазаққа қолқа сала ма. Қазақ желден жүйрік жүйрігін мұрты жоқ, сапсиған сақалының ұшы сіміріп тұрған қымызына ортан белінен батып тұратын, сеңсең бөркін басынан алса, тердің күлімсі иісі бұрқырап жүректі айнытатын қызталақтарға қалай мінгізіп жібереді. Осыған ерегіскен түркімендер ақ байталды өрісте жүрген жерінен ұстап алып, бауыздап кетіпті. Мына қорлауға қазақ қайтіп шыдайды. Ерін намыс өлтірген, асқынғанды тәубесіне келтірген жұрт қой бұл. Қаһары қара бұлттай қаптап шыға келді. Әншейінде

он мың жылқысынан бір тайды қасқыр тартса, қайғыдан қан жұтып жатып алатын байлар тізіліп келіп суын ішсе, өзеннің ағысын тоқтатып тастайтын үйір-үйір жылқыларын ауыл-ауылға айдатып әкеліп, «Ал, қане, азамат біткен атқа мін! Кек қайтар!» дескен ғой. Сөйтті де қазақтар сеңсең бөрік, сіреңке қара

құдайдың пенделерін қуып отырып құмға тықты да тастады. Сол екі арада қанша қырғын өтті. Қазақ пен түркіменнің қаншасы қыршын кетті. Тапталған абырой қанша... – Япыр-ай, – деді Батыр дауысын шығарып. – Ақ байталды бауыздап тастамаса ғой, түркімендердің мына ұланғайыр далада іргемізге іргесі тиіп, інгенімізге інгені сүйкеніп отыра бермес пе еді. Зобалаң жасап, зобалаңға тап болды. «Шығасыға иесі басшы» деген сол... «Әлде, – деп те қояды бір ойы, – жауласудың себебі басқада, тым тереңдегі ме екен? Кім білсін!? Кім білсін!?» Сәл мызғып алсам деп еді, онысы болмады. Қайдан сап еткенін, тоқалының жаңағы «біреуді алып берсек қайтеді» деген сөзі ойы­ на оралды. Алам десе, құдайға шүкір малы жетеді. Беделі сұмдық. Бірақ... Иә, ол ұл туып бере ме бұған? Мұның сасайланып, ұрығының көксідікке айналған кезі емес пе. Ұрғашының ауын дымдағанға мәз дәурені баяғыда өткен. Бұған керегі – ұл перзент. Беу, дүние!.. Атадан екеу еді. Артынан ерген жалғыз інісі дүниеден бас құрауға үлгере алмай кетті. Неге өйтті?.. Япыр-ау, неге?.. Азанғы шайын

енді ішіп отырған. Ауылдың бүкіл итін шулатып екі атты есік алдына тоқтаған. «Батыр үйде ме?!» деген зәрлі дауыс киіз үйдің жабығын желпілдетіп жібере жаздаған. Қызметші жігіт міңгірледі: «Үй...де». «Онда ұста ат тізгінін!» Еңкейіп екеу үйге кірді. Өңдері өрт сөндіргендей, мұрттары жыбырлап Батырға қатар келіп қол созған: «Ассалаумағалейкум!» Ат шаптырымдағы ар жақтан аталас­ тар. Бүгін бірге туса да бұлардың тасыртұсырына қитығып отырған Батыр: «Немене, мен қартаяйын дедім бе, жоқ сендер жетіп, жетілдіңдер ме есігімнің алдына ат тұяғын ойнатып!» Шоқша сақалдысы сарнап қоя берді: «Алдырған албырт, анасының қойнын ашыпты деген, батыр!» «Бұл не бипаз? Айтарыңды артыңа тықпай, аузыңнан шығар!» «Ініңіз адал малымызды айдап әкетіп, түркімендерге асырып жіберіпті. Ішінде ауыл иесінің бір қыздың қалыңына бермейтін күллі ауылды алған бәйгесімен асырап атырған... Онысын қойшы, аруағымызды аспан асты, жер үстінде асқақтатып отырған әйгілі жүйрігі бар». «Не дейд! – Батырдың қолы белінде жүретін ұзын сапысына барып жармасты. – Жаптым жала болса, екеуіңді ауылдан шығармай бауыздаймын!» «Біз мақұлмыз, батыр» деп шоқша сақал бауырсақты қаймаққа малып алып, аузына тастап жіберген. Жанындағысы ашық түндіктен аспанға әңірейіп: «Е, құдай!» деп қойды. «Сондағысы – ауыл иеміздің ініңіз әйгілі жүйрігіне қолқа салғанда, бермей қойғаны».

Шоқша сақал бауырсақты шайнамай жұтқан ба, қылғынып қалды. «Әй!» Батырдың сұп-суық, сұрапыл дауысынан отырғандар түгел селк еткен. Үйге қызметші жігіт лып етіп кіріп келді. «Шақыр әлгіні!» Болған әңгімені сырттан түгел естіп тұрған ол көзді ашып-жұмғанша ғайып болды. Батыр теңселген. Бүкіл ішкі сарайында жан азабы аңырап қоя берді. Япыр-ау, не нәрсеге душар болғалы отыр. Жаудан қайтпаған, өлімнен сескенбеген жүрегі... Алғаш рет кеу­ де сүйегін тесіп кетердей дір-дір етті. Өзегі өртеніп, өкпесі қабынып, өмірем қауып барады. Сүйекке таңба... Осыдан еді ғой бұлардың қорқатыны. Ағайынның ала жібін аттау... Атасына нәлет дегізетін, адам түгілі аруақ, құдайдың да қарғысына қалатын қараулық. Тұқым-тұяғында болмаған. Енді келіп... Енді келіп, бұлардың атадан балаға жалғасып келе жатқан әйгілі батырлығында не абырой қалады. Бұлардың батырлығының түп атасы – Адалдық пен Әділдік еді ғой. Қайсыбір бабасы: «Адалдық пен Әділдіктен асқан батырлық болмайды» деп кетпеп пе еді. «Аспан айналып жерге түссе де, ағайынға қол салма демеп пе еді. Ит-ай, ұзында кегі, қысқада өші кетсе де, қаны бір туыстың маңдайына басқанын қалай дәті барып, көзі қиып қайдағы бір түркімендерге асырып жіберді. Қайтіп?» Қызметшіні сыртқа қалдырып үйге інісі кірді. Сәлемін ешкім алған жоқ. «Мыналардың айтып отырғаны рас па?» деді Батыр бауы-

рына. «Рас». «Қайтесіз, батыр, бауырыңызды өзіңіз жазалайсыз ба, – деп ана екеуі елпең етті. – Қайтесіз?» «Алып кетіңдер, қандай жаза қолданасыңдар, үкім өздеріңнен!» Бауырынан «Неге өйттің?» деп сұраған да жоқ. Ала жіп аттағаны рас екен, біліп қайтеді. Ары қарай пешенесінен көрсін. Арам әрекетке ара түсу мұның қанында жоқ. Ағайынға қол салған – ағайынның қарғысына ұшырауы тиіс. Иә, сол... Бетін іргеге беріп, бүк түсіп жатып алған. Мән-жайды естіген ағайын-туыс үстіне кіруге батпады. Ауыл­да бір қабағы қату тыныштық орнаған. Сірә, ай шамасы өткен шығар. Жеткен хабар: інісі бауыздалыпты. Батырдың сұрағаны: «Жанымды қия көріңдер деп жалынып, жалбарынбап па?» «Жоқ. Тек қолаяғымды байламай бауыздаңдар» депті. «Е, онда бопты». Батырдың көзінен қанша бір жылдан кейін боданадай екі тамшы жас шыққан. Онысын да ешкімге көрсетпеді. Қан жылаған іші. Өзін бауырының ала жіп аттап, аруақ ұрса да, өлімін ерлерше қарсы алғанымен жұбатты. Ең сенімді екі адамын оңаша шақырып алған. Айтқаны: басына дұға оқып, моласының жатқан жерін адаспай тауып бара алатындай болып келіңдер!.. Олар сөйтті. Содан бір түнде Батыр әлгілермен барып, бауырының мәйітін қазып әкетті. Ешкім онысын білмес үшін, топырағын қалпына келтіріп, үйіп кеткен. Бауырының

мәйітін ауылдан жырақтау Ұлы өзеннің бойы­ на оңаша жерлеген. Ойы – ата-бабамыздың аруақтары үркір. Айдалада қалмай, осылай жатса да, шүкір… Одан бері де қанша жыл өтті… Батыр орнынан тұрып, жайлап далаға шықты. Қызметші жігіт босағаға сүйеніп қалғып-мүлгіп отыр. Түс әлеті. Ауыл тыптыныш. Анда бір кемпір бұзауын бұйдалай алмай әлек. Құдықтан қос шелекпен су алып осы үйдің отымен кіріп, күлімен шығатын қыз келеді. Осы қыз мұның ордасына қаңғып келді ме, әлдекімнен қашып келді ме, Батыр білмейді. Бәйбішесі, міне, екі жылдан бері оны күң ретінде ұстайды. Сорлының үстінде сауыссауыс бөз көйлек, тозығы жеткен қамзол, ескі бөрік. Онысын көзіне басып кие ме – бетінің жартысы көрінбейді. Қайсыбір күні түс ауып, ет пен қымызға мелдектеген жұрт ұйқыға басқалы жатқан шақта Батыр қыз тұратын шошаланың тұсынан өтіп бара жатып, судың сылдырын естіп қалды. Жайлап жабдықты көтеріп ішке үңілсе, күң қыз суға шомылып отыр екен. Үсті-басын сабынмен езіп, шайыну үшін орнынан түрегеліп, төбесінен төмен қарай су құйып жіберіп еді, ар жағынан үлкендігі ерте пісетін ақ алмадай қос анары тікірейіп, белі қиылып, көделі жері күлтеніп шыға келді. Батырдың көзі бұлдырап, басы айналғаны. Есін әзер жиып, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап, жылдам тайып тұрған. Батыр енді көзі ауылдың шет жағына тіз қатар орналасқан алты ақ үйге түсті.

Асқанбайдың алты ұлының ақ отауы. Асқанбай соншалық атақты да, асқан бай да емес... Алайда алты ақ отауы бар. Батыр терең күрсінді. – Батыр аға, түскі асыңызды ішесіз бе? – қызметші жігіттің бипаз, бипыл дауысы дәл құлағының түбінен естілді. – Сөйтелік, – деді бұл. *** Байжұманың күн бесінінде насыбай иіскеп отыр­ған үстіне қызметшісі кірген. – Батыр... – Айт. – Төбедей бір түркімен аттан түсіп жатыр. – Төбеттер неге үрмеген? Жалғыз ба? – Жалғыз, қаруы жоқ. – Кіргіз. Түркімен көрмегеніне талай жыл өтіп еді. «Мұнысы кім? Нағып жүр?» – деп ойлады. Сөйткенше қонақ есіктен екі бүктеліп ене берген. Со бойы: – Ассалаумағалейкум, – деп қос қолын бірден ұсынған... «Япыр-ау, мынау... – Батыр қатты таңырқады. – Мынау сол ғой, иә соның өзі». Иегімен төрді нұсқады. Қонақтың ұзақ жолдан ат соқты болып қалжырағаны білініп тұр. – Жол болсын, қонақ. – Жоғымның ізімен келемін, ақсақал. – Сонда не, жоғыңның ізі біздің ауылға бас­тап келді ме? – Мені танымадыңыз-ау, сірә?

– Далбасаңды... – деп қалды Батыр. – Өлтіріп кет! Өлтіріп кетпесең, жер түбіне кірсең де, қаныңды ішемін деп едің. Өйтерің бар, жиырма жылдан бері қайда жүрдің! Әлде менің қаусаған шағымды күттің бе! – Кек қуып келгем жоқ, тегі. – Онда қай түлен түртті? – Қатынымды қайтарып беріңіз. Батырдың аузы аңқайды. – Не... Не дедің? – Қатынымды қайтарып беріңіз. – Әй, ит, оны мен жиырма жыл қатын қылдым ғой. – Құдай тілеуіңізді берсін, қайтарыңыз қатынымды. Екі ұлы өсті. Анасын іздейді. – Менен де екеу туды ғой, – Батырдың дауысы бір түрлі жұмсарды. – Екі қыз. Екеуі де үнсіз қалды. Бір кезде Батыр тіл қатты. – Өлтірем деген сертің қайда? – Берген серттен тайдырған екі ұлым. Үйелмелі– сүйелмелі еді ғой. Өз басым ата-анадан жалғызбын. Бірде сапардан қалжырап келіп, күн сәскеге дейін ұйықтап қалған екенмін, оянғанда әдет бойынша қаружарағымды көзбен іздесем, көрінбейді. Далаға жүгіріп шықтым. Екі ұлым есік алдында монтиып отыр. «Қаруым қайда! Кім алды?» деп азынаған дауысымнан екеуі бірдей қатты шошып кетті. «Оны біз шыңырау құдыққа тас­ тап жібердік, әке», – десті күйбеңдеп. «Тас­тап жібердік дегендерің не!» Түтеп кетсем керек,

онсызда үрпиіп отырған екі ұлым еңіреп келіп етегіме жармасты. «Олардың керегі жоқ, әке. Олармен жүрсең, біреулер жау екен деп өлтіріп кетеді, – десті олар. – Өлтіріп кетсе... біздің атамыз, апамыз да жоқ қой. Біз өліп қалмайбыз ба?» Өмірімде алғаш рет оқыс қатты тіксініп, қатты ойланып қалдым. Бала – періште. Бұлардың аузына құдай салып тұрған шығар дедім. Содан жұрттың «Ей, мынау қатынын алып кеткен қазақтан кек алмады ғойын» естігім келмей, қараң-құраң уақ малымды алдыма салып, жалғыз атым мен екі ұлымды жетектеп, бір түнде құмның терең түкпіріне сіңіп кеттім. Көп жыл оңаша ғұмыр кештік. Малымыз көбейді. Ел ортасына балалар өскенде бірақ оралдық. Екі ұлды үйлендіріп, отау еттім. Енді олар анасын іздейді. Анасының бейнесі, сірә, жадыларынан өшпейді. Сіз алып кеткенде, естері кіріп қалған еді ғой... Батыр ләм деген жоқ. Жылқыдан тай алдырып сойдырды. Қонағын сыйлап, жайғас­ тырған соң, түркімен қатынын оңаша шақы­ рып алды. Көп сөйлеген жоқ. – Бұрынғы байың келді. Әдейілеп іздеп келіпті өзіңді. Қайтарыңыз деп отыр. Кесімді өзіңе айтқызам. Таң атқанша ойланып, ертең ел алдында шешіміңді өзің айтатын бол. Ертесіне Батыр ауылдағы игі жақсы дегендерді ордасына жиып, қонақтың бұйымтайын естіртіп, жұрт алдына түрікмен қатынын шақыртты.

– Олжалап әкеліп едім, – деді тоқалға. – Жиырма жылдай отастық. Асылы, разымын. Екі қыз туып бердің. Адал ыдысымды арамдаған жоқсың. Мына қонақ – қыздай қосылған қосағың еді. Арнайылап ат терлетіп келіп, өзіңді қайтар деп отыр. Зорлықпен әкетіп едім, енді зорлық қылғым келмейді. Қайтамысың, қаламы­сың – қалау өзіңде. Әйел дауысын шығармай ұзақ жылады. Ақыры соңында: – Еліме, жеріме, ауылыма қайтарыңыз. Құдай тілеуіңізді берсін, сөйтіңіз. Қатынды қайтарды Батыр. Әуелде құдай қосқан қосағына қосып жіберді. Өз қолымен аттандырды. Аттандырып жатып сұраған: «Екі қызыңды шынымен қиып барамысың?» «Қиын. Қайтем... Қыз бала қайтсе де атаанасының жанында қала алмайды, түбі кетеді. Қыз бала жат жұрттық... Құдай алдарынан жарылқасын олардың. Өзіңізге табыстадым. Мен еліме, жеріме, ауылыма барайын». Еңіреп қалған екі ұлыма кетіп барамын деген жоқ. «Елім, жерім, ауылым...» Сонда әркімнің ең қымбаты – осы үшеуі ме. Сірә, осы үшеуін ұмытпас ешкім. Осы үшеуі деп аңырап өтер кімде-кім. Әй, әй... бірақ құдайдың құлдары тегіс өсти ме. Кез келген пенденің жүрегінде осы үш қымбаттың гүлдеп тұратыны неғайбыл. Тойған жерінде жүре беретін ит сияқты ездер қайда, кімдерде жоқ. Ал мына тоқал... Өстіп тұрып Батыр өзіне-өзі қатты налыды:

япыр-ай,
қаншама
жылдар

қойнында жатқан ұрғашының қадір-қасиетін танып білмегеніне өлердей өкінді. Аз күнде жағы суалып, көзі кіртиіп қалды. Тоқалдың кеткеніне жасы елуге келсе де, тақымының ыстық-суығы басылып болмаған бәйбішесі мәз. Мұны әрі-бері иектеп... «Менің әукем кісінеуден қалған» деп Батыр оны кеудеден итеріп тастаған. Бір жылы түрікмен тоқалынсыз өтті. Жиі-жиі түсіне кіретін: бұған қымыз құйып беріп отыра ма-ау, аяғын уқалап отыра маау,

көрпесін қымтап жата ма... Қайсыбірде ол құмтөбеде тұр. Бұл ұмтылады оған. Енді жете бергенде, құм сусып кетіп, етекке қайта сырғып түседі. Әбден діңкелейді. «Батыр еліңе, жеріңе қайт, – дейді анау. – Ұл перзент көксеуші едің, құдай оны береді саған. Сенің қуатың түгесілген жоқ. Түгесілмейтін қуатты бойыңа оттай ыстық жас тәнімнің жалынымен сіңіріп кеткем...» Құдайдың құдіреті, осы түстен соң, Батырдың қандай да бір күш еңсесін көтере түскен. Атқа мінетін, өзен бойын аралап кететін, ыңылдап ән айтатын... әдет тапқан. Қазір де қалың бөстек үстінде тікесінен тік отырып, жалғыздан-жалғыз: «Ә, құдай!» деп езу тартады. Кенет, сырттан бәйбішесінің шаңқылы естілді. Зәнталақтың өстіп айдың-күннің аманында қарадай шыжбалақтайтыны бар. Сондағысы осы үйдің отын жағып, суын тасып, малын қайырып жүргендерді тасқаяққа сигізу.

Әдетте әупілдеп-әупілдеп қоюшы еді, мына шаңқылы барған сайын үдеп барады. «Бұл қаншық бұтына сие ме?» деп орнынан тұрып, жабықтан сыртқа сығаласа, бәйбішесінің қолы әлгі күң қыздың бұрымында, бейшараны сүйрелеп жерден алып, жерге салып жатыр. – Адал ыдысымызды арамдап... – деп қыздың басын олай да, былай да сілкігенде, бәйбішенің май басқан іркілдек беті желіп келе жатқан сиырдың желініндей бұлғақ-бұлғақ етеді. – Қарабет! Құдайдың ұрып қойғанын, ертерек неге айтпадың. Жіберетін едім ғой бір қаңғыбастың артына мінгестіріп! – деп екіленеді. – Адал ыдысыңды арамдаған мен емес, Батырдың өзі, – дегені қыздың бір кезде. – Әй! – бәйбішенің аузы аңқайып қалды. – Андағың не?! – Батырдың өзі, – деді қыз. – Өзінен сұра. Бәйбіше қызды жөніне жібере салып, бері қарай талтаңдады. Батыр барып орнына жайғасты. Қатыны ырсылдап бір қырымен әзер үйге енгенде, көзін жұмып жатып: – Жанды жеріңе біреу ағаш тығып алды ма сонша шаңқылдап? – деді зілді үнмен. – Ойбай, ана күң... – Е! – Іші білініп қалыпты. – Білінсе ше! – Өзіңнен көріп отыр, ойбай! – Онікі рас.

– Расы несі? – деді бәйбішенің басы бұлғалақтап. – Рас! – деп Батыр басын көтеріп алды. – Қайсібірде апақ-сапақта мал келіп жатқанда құрғырға көңілім ауып кетіп... Білесің ғой, еркектің көңілі ауса, албас­тыдай басады. Енді былжырамай ол қызды айрықша күтімге ал. Өлсең де аман-есен босандырудың қамын жаса! Ұл туса, атын Сексенбір қоям. – Сексенбір... – бәйбішенің тілі байланып қалғандай болды. Онысы кәлимаға келіп бар далбасалағаны: – Неге Сексенбір?.. – Қазақта Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай дегендер иттің басынан көп. Ал мен ұлымның атын Сексенбір қоямын. Осыны айтып бөстекте күн ұзын жатып алатын Батыр орнынан көтеріле берген. Дәл жас кезіндегідей жеп-жеңіл тұрды. Сөйтіп алып ашық түндіктен сығырайған күн көзіне көзін салып: «Е, құдай... шүкір!» деген. Шүкір деп тұрып, осы жаңа «іші білініп қалыптыны» естіген сәтте аяқ асты бойы бусанып, содан қазір екі самайынан шүмектеп аққан терін сүртіп тастады. Сүртіп тастап, алдында абдырап, аузы аңқайып қалған бәйбішесін иығымен қаға-маға жарық дүниеге жадырап шыққан. Жадырап шыққанда... Көзімен шошала маңынан күң қызды іздеді. Мана бәйбіше жұлқып-сілкігенде түсіп қалған жаман бөркі жерде, қалың қара мақпал шашы иығын жауып, екі қолымен сәл томпиған ішін сипап тұр екен... «Әйтеуір, тілектің бірін бердің-ау, құдай!» деген сосын дауысын шығарып.

*** Сексенбірдің жасы төрттен асқанда, құдайдың аманатын тапсыруға дайын Батыр оның тұлымынан сипап жатып: «Жаудан өлу – біздің тұқымда ата мирас еді. Ел мен жер үшін ғой. Сөйтемін деп аз өңмеңдеген жоқпын. Қайтемін... Қас дұшпанның қайсысы да жанымды ала алмады. Сен, Сексенбір... Пешенеңде не жазудың бар екенін қайдан білемін. Не қылса да ел мен жерге жаныңды садаға етіп кеш мына алқын-жұлқын ғұмырды... Әй, сонда аунап түсем орнымнан» деп жатып жан тәсілім етті. Сексен бес жасында!

Жаздың қайнаған ортасы. Үшінші қабаттағы пәтердің іші түн жарымына дейін қапырыққа лықып, өкпең қабынады да жүреді. Ботабай душқа түскіш. Әйелі екеуі ваннаға кіріп, суды алма-кезек сарылдатады келіп. Үлкен ұлдары шалдың қолында еркін өсіп, бұларды онша мойындай қоймайтын дүлейлеу еді: “Қосмекенді

адамға айналып кетпеңдер” деп тырқылдай береді. “Әй, қосмекендің не пәле?” дейді Ботабайдың екі ұрты домбығып. “Амфибия…” Ботабайдың есіне “Человек-амфибия” деген фильм түседі. Ғажап қой. Суда да, құрлықта да. Су астындағы інжу-маржанды сүзіп әкеліп тұрсаң… Сатасың. Абайлап, ақырындап, ақылмен, әрине. Ал енді байы… Бір қияр, екі жұмыртқа, Ботабай

Шіркін-ай! Осы жұрт су астына түспей-ақ бұл жүрген жерде жүріп, бұл жатқан жерде жатыпақ байып жатыр. Мына қарама-қарсы есіктегі жүгермекті қарашы. Бесіктен белі шықпай мінгені “Мерседес”, үсті-бастары үлде мен бүлде. Әйелі жазы-қысы дүкеннен шықпайды. Бұ қаланікі аздай, ай сайын жер түбіндегі Алматының дүкендерін адақтап қайтады. “Не ала береді екен?” деп бұл таң қалатын. “Не ала беретінін қайтесің, – деді мұның сары қарын, сал бөксесі, – сен мынаны тыңда: О қаншық бұтына бір мың долларлық дамбалша киеді әуелі.” “Қойшы-ей! – Ботабай селк ете түседі. – Ондай да дамбал болушы ма еді?” “Дамбалша де.” “О не сұмдық?” “Құйрық пен қуықтың қималарын ғана ілдәлап жауып тұратын арты мен ауы қылдай лыпа.” “Сол мың доллар тұра ма?! Сен де айта бересің осы.” “Әй сенбесең, сұра.” “Кімнен?”.. Кейін былайғы жұрттан естісе, ондай дамбалшаның болатыны да, сатылатыны да рас екен. “Соған бола, сонша ақшаны” деп жатып жыны келген. “Байлық бірақ не істетпейді” деп қояды Ботабай іштей. Ақшаның күші сұмдық. Сол сұмдық бұған қашан қара көрсетеді? Көрсете ме жалпы? Жас болса, ентелеп кетіп барады. Уыстағанда алақанына сыймай, сыртына бұрқырап шығып кететін ақшаны тумысында ұстап көрген емес. Былай тартсаң былай, олай тартсаң олай жетпейтін айлықпен жаяу жалпы балпаң-балпаң басып келе жатқанына

қанша жыл. Құрғыр қызметі бір өспеді. Тіпті бөлім бастығына жете алмады. Қатардағы қызмет мұның маңдайына мәңгілік қашап жазылып қойған сияқты. Қарсыдағы жүгермек қой, қойны-қонышы майға шылқыған мекеме басшысының орынбасары. Сонда кеше туып, бүгін не тындыра қойды. Әлде бүгінгілердің туысы бөлек пе. Аузы-басы қан болып бұлар шыққан жерден шыққан шығар-ау олар да. Ал сонда туа сала ту ұстайтындары ненің құдіреті? Осы жүріс, осы табыстарымен күні ертең жеке зымыран сатып алады әлі. Ал сен жүр, елуден асқан жасыңда мекеме мен пәтердің екі ортасында ішінде не өспейтін, не өшпейтін күнің үшін қатының қарғапсілеп салып берген ұрықтанып кеткен жалғыз жуан қияр мен піскен екі жұмыртқа салынған пакетті сүйретіп, аялдамадан аялдамаға дейін айнала тұрғандарға аяғыңды таптатып. Ой, атасына нәлет бұл тірліктің! Ботабай осы зарды талай қайталады ғой. Одан бірақ не шығады. Маған десең асылып өл, атылып арам қат, ешкім “е, байғұс-ай!” демейді. Деп жілігі татитын қызмет бере салса, қане. Бере салмайтынына әбден көзің жеткенде, қарадай қаның қарайып жүреді екен. Біреудің күлгені де, жылағаны да жақпай жағасынан ала түскің келіп жынданасың. Өзінен абыройы жоғары, бастықтан ылғи мақтау естіп отыратын қызметтестерді ит етінен жек көретін пәле үйірсектеді. Құдайдан осылар жазылмайтын дертке ұшыраса, ішіп кетсе деп тілейсің.

Әсіресе бөлім бастықтары, орынбасарлар сөйтсе деген есіл-дерті “ертеңнен салса, кешке озады да” жүреді. Жанын жалғыз өзі жесе бір жөн, қапталдасып келіп қатыны қосылады. Бұған баяғыда-ақ: “Әй, рядовой” деп ат қойып алған. Шыны сол ғой. Ал шындық кімнің аузымен, қалай айтылса да дымыңды шығармайды. Мұның жағы қарысқан күннен қатыны өмірі галстук тастамайтын мойнын жайына қалдырып, қақ төбесіне шығып алған. Содан ба, анау шаңқылдай бастағанда, мектеп директорынан соңғы сөгіс естіп тұрған оқушы баладай басынан қолы кетпейді. Баяғыда осы, кез келген жеріне тиіп кетсең, сықылықтап қоя беретін саны шидей сары қыз еді, енді қуырып жей берген макаронның әсері ме, қол-аяғын байлап тастап, бастан-аяқ қылмен қытықтасаң да езу тартпайтын санының жуандығы сала құлаш сары қарын қатын. Ботабай ай сайын екі әйелдің алдында қаздиып отырады. Бірі – мекеменің кассирі, бірі – өзінің сары қарыны. Бірінен айлығын алады, біріне оны апарып береді. Санап. Кассир айлығын екі қайтара санайды, бұл – үш. Ұзын саны бес. Қанша санасаң да мың теңге. Одан азаймайды да, көбеймейді. Ботабай алдына қағаз жаяды. “Так, – дейді әуелі. – Менің твердый айлығым мынау, оған қосылғаны анау, барлығы болады былай… Қалғаны?..” Кассир қабағын шытынады. “Ағаау, зейнет қоры, кәсіподақ жарнасы, подо-

ходный налог деген бар ғой”. “Сен тиынына дейін нақтылап айт, тізімдеп жазып алайын” дейді Ботабай. “Сенбейсіз бе?” “Мен сенгенмен үйдегі прокурор сенбейді.” Кассир келіншек қағынды: “Әйелдің дұрысын алмаған екенсіз, ә”. “Дұрыстарын пысықтар алып кетіп, бізге қалғаны сол болды”, – деп, бұл қалам ұстаған қолын құс қанатындай әуеге бір қағып алып, тізбесін жасайды. Кешкісін, жұмыстан келген соң, ас бөлмесінде макаронның иісін бұрқыратып қойып бетінен түгі шығып отырған қатынының қарсысына келіп қаздияды. “Алдың ба?” “Алдым.” “Әпкел.” Береді. Қатыны айлық ақшасын екі-үш қайтара санайды. “Осы-ақ па?” “Ай сайын алып жүргеніміз ғой, қалғаны, міне.” Ұсталып қалғандардың тізімін де қатыны екі-үш қайтара тексеріп шығады. “Берекесіз айлығыңның берекесін кетіріп беретіндері не,– дейді сосын. – Едіреңдеп кіргеніңе қарап, қызметақысы өскен екен деп қаламыз”. Ботабай не уәж айтады. Іші қыз-қыз қайнайды. Қатынын жақтан тартып-ақ жіберейін десе, пәленің тамыры жуандап кеткен. Бастығын жағадан алуға, о пәленің тілі шыққанды оңаша қалдырып ап баспен ұратын пәлесі бар. Онымен қойса жақсы, қызметіңнің кез келген жерінен тауып алған кем-кетігіңмен мойныңа іліп қойған екі сөгісіне үшіншісін қосып, автоматты түрде көзіңді көкшитіп, көтендігіңнен тебеді де жібереді. Сосын қайтеді. Ара-кідік арасында алты түйір

еті бар макаронды, не күрішті, не картопты бұрамайлап ұрып алып, түн баласы өлі ұйқыны соғып, ертесіне ішінде сәл-сәл ұрықтанған жалғыз қияр мен піскен екі жұмыртқасы бар қара пакетін салақтатып аялдамаға қарай кетіп бара жатады. “Құдай салды, ол көнді”. Жо… жоқ, айналайын, құдай көз жас, мұрынбоғыңды әйтеуір бір көреді екен. Ботабайдың да жұлдызы туған сияқты. Осы бүгін ертеңгісін қазіргі бастықтары зейнетке кетіп, оның орнына мұнымен бес жыл институтта бірге оқыған, бір пәтерде бірге жатқан курстасы келетін болды деген хабардан аузы аңқайды да қалды. Есеңгіреп, есігін тапса, қане. Бұл қуаныш дегенің де басты айналдырып жіберетін құдірет екен. Әлтек-тәлтек басып, ұзын дәлізде ары бері жүріп алды. Неге өйтіп жүргенін өзі де аңдамады. Әншейінде орнынан өлсе шықпайтын Ботабайдың мына қылығын кімнің қалай пайымдағанын құдай білсін, анау аузы ұрғашылардың аузынан да жылдам, жұдырық бас жұлыны үзілгірдің: “Бөкеңнің тоңқаңдауы жаман, топалаң тиген бе?” деп бара жатқанын естіп есін жиған. Жұмыс бөлмесіне еніп, қарамақарсысындағы зейнет жасынан асып кетсе де, “өлігім осы жерден шығады”, деп бұл мекемеден өлмей кетпейтінін анаған да, мынаған да сұқ саусағымен жерлесі отырған әкімият ғимаратына нұсқап қойып, айтып отыратын көзілдірікті көксақалға қарап: “Солай…” деп мыңқ етті. Көктұқыл әңірейді: “Қалай?”

“Бастығымыз өзгеретін бопты.” “Келе жатқаны басымызға көктас қояды деймісің… Оны да саз балшықтай илеп аламыз. Қырып бара жатқаны жоқ, аты-заты шықпаған көптің бірі көрінеді оның”. “Опытный деседі.” “Шырағым, бастық адамға опыт емес, от керек, сүйген жерін күйдіріп, тиген жерін жидітіп жіберетін.” “Бұл қарт оны ұнатпайды екен”, деп қойған Ботабай іштей. “Тоқта, бәлем! Кетсең кеттің бұл жерден, өйтпедің бе, өлігіңді сүйреп тастайтын күн туады, ит. Қойбағар келсін әуелі”. Содан күні бойы байыз таба алсашы. Түскі үзілісте есікті іштен іліп алып, столының үстіне баппен жайып қоятын ұрықтанып кеткен кішігірім қауыннан сәл кіші жуан қияр мен екі жұмыртқасы бұ жолы желінбей, қара пакеттің түбінде қала берді. Қойбағардың үйіне телефон шалмақ болып, сан оқталды, бірақ өйтпеді. Өйтпегені– бір қалада тұрып, оқта-текте кездесіп қалғанда қол алысқаны демесе, алып бара жатқан аралас-құраластықтары жоқ еді. Одан да кешкісін әйелін кісіге ұқсап ертіп, кіріп шыққанды дұрыс көрді. Әйеліне телефон соққан. “Мен ғой.” “Е, не болды?– деді қашанда сіркесі су көтермейтін онысы. – Сонша әңкілдеп”. “Құдай берді”. “Нені? Алтынды ма, күмісті ме?” “Қойбағар бастық болып келгелі жатыр бізге.” “А…– әйелі сән үнсіз қалды. – Анау өзіңмен бірге оқыған Қойбағар ма?” “Иә, соның өзі.” “А… – әйелінің

дауысы бәсеңдеді.” “Кешкісін үйіне кіріп шығайық.” Содан мана жұмыстан соң келсе, өмірі макароннан көз аштырмайтын әйелі ішінде асықты жілігі бар ет асып қойыпты. “Кісіге”, деп бар етті аса қоюы қиын еді. “Біз кісі емеспіз бе?” дейтін бұл кейде жүрегі сазғанда. “Өз үйіне өзі кісі болғанды қайдан көрдің!” деп қағып тастайтын. Ендігісі мынау. − Бөтен үйге барғанда отыз екінші жылғы ашаршылықтан келгендей, аузы-мұрның шуыл­дап, шүйгіп кетуші едің, үйден тойып ал, – деді салбөксесі. Асықты жіліктің көк етін түгел аузына тығып жіберген Ботабай ұрты қомпаңдап: − Орын.. ба… – деп келе жатып, екі ұртына алма-кезек жүгіріп жүрген кесек ет шайнауы жетіспегендіктен жұтқанда тамағынан өтпей қалды ма, екі көзінен жас парлап қоя берді. Әйелі желкесінен қойып жіберген. − Шайнап-шайнап жұтсаңшы, айна­лайын. − Қолың зілдей ғой. − Кісінің кім екені кез келген қылығынанақ ұшқындап тұрады. Сен аузыңа апарып салып бергеннің өзін шайнай алмайсың, ал елдің еркегі шайнамай-ақ жұтады. Ет түгілі, жіліктің өзін қылғытып жібереді. Бастық болып жүрген, әне, солар… – деп әйелі таңқы мұрнын тартып қойды. – Жаңа қақалып-шашалып, қарадай өле жаздағаныңда, не айтайын деп едің сонша? − Орынбасарлықты сұрасам…

− Бөлім бастығына жетіп алсаңшы әуелі. − Бес жыл бір нанды бөліп жегенде, орынбасарлықты қияр. Керек десең, бес жыл екеуміз үшін мен оқығанмын. − Ол космоста ұшып жүрді ме? Майлы етке мелдектеп алған Ботабай сорпа ішпестен тұрып кеткен. Содан бері балконға шығады, қайта кіреді… − Әй, рядовой! – деген әйелінің дауысы естілді. – Әй, сағатың тоғыз болып қалды ғой. − Киінейік пе? − Жоқ, шешін. Қап, мына қатын ба… Оң сөзі таусылып қалған албастының аузын ашса артына қарай шаптырады. Екеуі жолай дүкенге соғып, Қойбағардың қатынына гүл мен қорап шоколад алды. Бұлар келгенде Қойбағар мен әйелінің кешеден бергі өзара “менің інімді жұмысқа ал”, бірі – “туыстарды алуға болмайды” деген қырықпышақтары сәл саябырсып, екеуі екі бөлмеде – қатын төсекте, еркек диванда жатқан болатын. Есікті Қойбағардың өзі ашты. − Оу, қайдан жүрсіңдер? – деген өрт сөндіргендей өңіне дереу күрең күлкі жүгіріп. – Сағымбала-ей, шық бері, қонақ келді. − Әпкелші қолыңды, – деді Ботабай әңкілдеп. – Құдай бізді де жеткізген шығар. − Әуелі креслоға отырайық та барып. − Отырсың уже. Қойбағардың Сағымбаласы осы қазір бо-

тадай боздап отырса, іле-шала сықылықтай салатын әртіскештеу әйел ғой, жаңа ғана байының қойнынан жанып-күйіп, жаны кіріп шыққандай жайраң-жайраң етіп, қонақтарын төрге шығарды. Ботабай мен әйелі мұншалық құрметті күтпеп еді, әжептәуір ыңғайсызданды. Бәлендей сіз, біз десіп, дәм татысып жүрмеген соң мына пейілге сасқалақтап қалсын. Дастархан жайылды. Үсті толды. Екі арада Қойбағардың телефоны үш-төрт жолы безілдеді. Бәріне де “Рақмет, рақмет” деп жатыр. −Құттықтаушылар көбейіп жатқан шы­ ғар, – деп қойды Ботабай. − Сөйтеді ғой, – деді Қойбағар. – Телефонға маза жоқ болып тұр. − Біз өзіміз келіп құттықтайық дедік. − Басқаны қайдам, сенің жөнің сол емес пе. Қойбағар сап түзеген шөлмектерге қол созды. − Қайсысынан? −Ойбай, оны жеті жылдан бері татпай кеткем. − Баяғыда екі кружка сыра ішсең, ылғи жеті атаңды түгелдей алмай жылап отырушы ең. − Ой, сен де қоймайды екенсің, қайдағыны, – деп Ботабай кеңк-кеңк күлді. − Бәйбішең де ішпей ме? − Жоқ, бұл енді аздап… – деп Ботабай әйеліне қарады. – Иә, осындайда нетеді… Ішім-жем үстінде өткен-кеткенді айтумен

біраз уақыт өтті. Ботабайдың әйелі күйеуінің аяғынан басып қойған. − Менің ана мекемеде жұмыс істеп жатқаныма талай жыл, – деді ол. – Қатардағы қызметкерден қарыс өсірмей қойды. Кеткелі жатқан бастығымыз айналасына өң өз рулас­ тарын жинап алды. Солар өсті. Менің де бар екенімді есіне салмақ оймен жылда кірем. “Сен осы жүрісіңе тәубе қыл”, деп ит терімді басыма қаптап көзін алайтады. Балалардың бірі анда, бірі онда, ай сайын алақан жаяды да тұрады. Қатардағының айлығы қай оңған. − Сонда айлығың қанша? − Жиырма мың. − Мәссаған, – деп Қойбағардың әйелі бетін сызды. – Біздің комуслугаға төлейтіннен бесақ мың артық қой. Ботабайдың әйелі қол орамалымен көзін сүртті. “Мына иттің қатыны жылаған сыңай танытып… Әртіс пе, о несі?” деп Ботабай іштей жаман таң қалды. Қырып-жойып отыратын зәрлі ұспыны із-ғайым, моп-момақан, мүсәпір кейіп. − Қу тіршілік… Ертеңгісін жұмыс, кешкісін үй… Соңғы біраз жыл етене араласа алмай қалдық. Бірге туғанның өзін шанда бір көреміз. Сенсең, ауылыма бармағаныма төртінші жыл. Бір жыртығымды жамап бітірдім-ау дегенде, келесі жағы дырылдап қақ айырылып тұрады, – деп Ботабай шайдан бір-екі ұрттап қойды. “Құдай-ау, мынау менің байым ба?” деп әйелі басқа адамды көріп отырғандай байының бетіне ұзақ үңілді. Бұл қашаннан

бері тігісін жатқызып сөйлейтін болған. Тіпті қырғыздардың ет турасындай үгіп кетіп барады ғой. Бадырақ көзінің астындағы балпиған беті байсалды жанның байыпты жүзіне айналыпты. − Бірақ Красина 70-тегі бес жыл бірге жатып тұрған пәтердегі татысқан дәм-тұз әрдайым көкейде. Бірде ауырдың ғой қатты. Университеттің қарсысындағы пельменныйдан тамақ ішіп келе жатқанбыз. Тура асфальттың ортасында шалқаңнан түстің. Оң жағың парализовать етіп… Аурухананың төсегінде шалқаңнан жаттың. Екі күннің бірінде барып сақал-мұртыңды қырып беремін… − Құдай сақтады сонда, – деді Қойбағар. – Төрт айда зорға тұрдым емес пе. Одан ары тағы үш-төрт ай ұмытшақ болып жүрдім ғой. Кісінің, қала, ауылдардың атын есіме түсіре алмаймын. Әйтеуір жас организм жеңіп, жан қалды. Сенің сондағы жолдастығың есімде. − Алып қоюдың реті келді-ау деймін, – Қойбағардың нақсүйері стакан көтеріп, – қане, – деп қолын Ботабайдың әйеліне созды. – Осыны тауысшы. − Мен әуелі отырып алайын, – деді Қойбағар Ботабайға. – Бір ай конкурс мерзімі бар. Сосын ретін келтіреміз. − Не қылса да орынбасарлыққа бір-ақ ұрсаңшы,– дегенде Ботабайдың бадырақ көзі сыртына ыршып шығып кете жаздады. Қойбағар закускалатып отыр еді, аузын­ дағысын жұта алмай біраз ұстап қалды.

− Дос бар, дұшпан бар, шляпалары теріс айналсын… Қойбағар аузындағысын зорға жұтып: − Ол жағын енді… Ой… лану керек, – деді. −Ойланып-толғанып жүретіндей несі қалды. Өзіміз де бес-алты жылда зейнетке шығамыз. − Соны айтамын-ау, – сөзге Қойбағардың әйелі кимеледі. – Қазір жұмысқа біреуді ойланып-толғанып қабылдап жатқан ешкімді естімедік, жанашырларын жинап жатқан жұрт. Бір адам таққа отырса, қырық атқа мінеді-ні айтқан қазақтың өзі. − Пәтеріміз, сол баяғысынша екі-ақ бөлме, – Ботабайдың әйелі күрсініп қойды. – Үйде үлкен бала. Кентаудағы қызымыз күйеуінен ажырасып қолымызға келгелі жатыр үш баласымен. Бұлар қайтарда Қойбағардың айтқаны: орынбасарлықты ойланады. Ал бөлім бас­ тығына жүз процент уәде. − Сен онда ұзақ жыл істеп жүрсің. Рулықтың үдеп тұрғанын өзім де еститінмін. Тағы, тағылары… Әсіресе кімнің кім екені үлкен мәселе. Информация өзіңнен, – деді Қойбағар. Ботабайдың бадырақ көзі бал-бұл жанды. − О жағын маған жібер. Тастай етіп дайын­ дап қоямын. Осы түні бұл анда-санда оқырана қалғанда “оныңды қойшы, айналайын”, деп теріс айнала салатын әйелі өзі ұрынып: “Бері жатшы…” деді.

Ертесіне күн сенбі еді. Дүйсенбіде Ботабай судай жаңа киініп келді. Қолында қара пакет емес, қара портфель. Ботабайдың мына жүрісіне көздері үйренбеген мекемедегілер аң-таң. Қол алысқандарының сұрайтыны: − Бір жаққа жол жүремісің? − Ей, сенің бүгін туған күнің бе еді? − Қашан, қаншаға алдың мына костюмді? Алайда қызметтестерінің көбірек көңіл бөлгендері– қарны қампиған қара портфель. Қара пакеттің ішінде не болатыны белгілі еді, қара портфельдің ішінде ше?.. Бөлім бастығы болатыны жүз процент шешіліп, орынбасарлықтың соншалық алыс еместігіне көздері жетіп, саны жуан сары қатынының “бері жатшы”-сымен бебеулеген түннің ар жағы ерлі-зайыптардың таң бозарып атқанша Ботабайдың ендігі жүрістұрысы жайлы жоспарын жасауға жалғасқан. Қайсыбір жылы сатып алынып, күн сайын тазалап, үтіктеумен ғана жаны қалып жүрген қоңыр костюм мен боз шалбар енді үй шаруасына лайық. Қара пакет бөлім бастығы ұстап жүретін бұйым емес. Керегі қолға ұстайтын, іші екі-үш бөлімнен тұратын портфель. Оған бұрынғыдай қияр, жұмыртқа салынбайды, бөлім бастығы тауық еті немесе шұжық, таба нанмен ауқаттануы тиіс. Темекі де өзгереді. Бөлім бастығы аузының қуыс-қуысын қиқымына толтырып, бас бармағы мен балаң

үйрегінің басын сап-сары қылып жүрмейді. Жұмыс пен пәтердің екі арасында әзір таксилетуге ерте, бірақ абажадай автобусты “Газельге” ауыстыру қажет. Бұл темекі шегетін арнайы бұрышта сигарет бұрқыратып тұр еді, жұдырық бас жүгермек келді қисаңдап: − Бөке, темекіге дейін өзгерткенсіз бе? − Өзгерсе, қайтеді? – деді Ботабай жақтырмай. Ішінен айтқаны: “Қойбағар келген күні осы елдің арасына сөз тасығыш қуды қоңыз тергізіп жіберу керек”. − Жәй, сұрағанымыз ғой, – деді анау майы­сып. − Өзіміз біреу жүн жеп, жабағы нетіп жүрсе де үндемейміз, айналайын. − Ойбай, Бөке… − Жә, шаруа көп, бала, – Ботабай жаңа туфлиінің өкшесін сықырлатып өзінің бөлме­ сіне бет алды. Еніп, орнына отыра сала мекемеден қуылуға тиіс қызметкерлердің тізімін жасай бастады. Қарсысындағы өлсе өлігі осы мекемеден шығатын көктұқыл көзәйнек кигеннің көрмейтіні жоқ еді: − Ведомость жасап отырсың ба? – деді мұрны сәңкиіп. − Сіздің шаруаңыз – өзгені аңду ма? – деп қопаң еткен. Күні кеше басына ұрып жатса, мыңқ етпейтіннің қоқаңы көктұқылға ұнамай қалды. − Әй, сенің дауысың аяқ асты неғып жуан­ дап қалған, а?!

− Мақау деп пе едіңіз? − Мәссаған… Жаңа костюм кидім деп қырамысың мына елді. Байқа, сен. Қолыңнан бәленшем де келмейді. Әйтеуір, мына мекемені адаспай тауып келіп жүргеніңе мәзсің. Ботабай үндемеді. “Ит көктұқыл, сенің де күнің жақын” деп оның аты-жөнін тізімнің ең басына апарып жазды. Түс әлетінде әдетінше бөлменің есігін іштен іліп алып, қатыны салып жіберген ас мәзірін алып, дастарханын жасады. Тауықтың булап пісірген бір бұты, таба нан, екі помидор, бір жас қияр… “Бұ қатындар тиюін байға тигенімен, қызметке қатын болады екен ғой”, деп қойды аздап дауысын шығарып. Асықпай ауқаттанып отырып жасаған тізіміне көзін салса, мекемедегі қызметкер­ лердің тең жарымынан астамы жазылыпты. “Ойпырай! – деп ойлады, – мына мекемені өңшең ит пен құс иектеп алыпты ғой. Бәсе, жұмысы неге өнбейді десе. Өң бір кәртеміс, көктұқыл. Керек болса, мұның өзі елуден асып кеткен. Ең жас дегендері немере сүйіп отыр. Құдай-ау, енді аз болмаса, мекеме “Дом престарелыхқа” айналыпты. Сосын бәрі де мұның өзі сияқты әйтеуір, келіп-кетіп жүр. Жұмысқа шетінен тиіп-қашады. Есептеген, талдаған болады. Аздан кейін тастай салып, бас қосып қайта-қайта шай ішеді. Құры ішпейді. Айналада не болып жатыр, кім кетеді, кім келеді… Нендей ауыс-күйістер жүреді сияқты

әңгімелермен үріп ұрттайды. Шетінен білгіш, көріпкел, сәуегей. Биліктің ана тармағын ана жаққа, мына тармағын мына жаққа апарып тастай салу иттен оңай. Қай тармақ қай жүздің қолында – осылар біледі”. Бүгін түске дейін қарсыдағы мекеменің шайханасы іспетте жоспарлау бөлімнің бөлмесіне төрт-бесеуі үйме-жүйме болып барып екі-үш жолы шай ішті. Әңгіменің ауаны, әрине, жаңа келе жатқан бастық туралы екені белгілі. Ботабай оны былай да біліп отыр. Білгенде, бұлар адамның ең осал тұсын сөз қылады. Ұстайтын жері сол. Ішімдікке қалай, қыз-қырқынға қалай, түйені түгімен жұта ма?.. Осының біреуін тапса “Е, … е … өзіміздікі, свой”, десіп лепіріп кетеді. Соңғы шайдан шығып келген бөлмелес көктұқыл салған бетте: − Келгелі жатқан жаңа бастық қиырдағы ана атадан екен ғой, – деді танауы парылдап, – ол мұнда қайдан жүр, білмейсің бе? − Білмеймін. Ботабайдың онымен бірге оқығанын мұнда ешкім білмейтін. − Өзімізден бір адам табылмағандай… – деп көктұқыл бет орамалына бырқ еткізіп онысын қайтадан қалтасына салып қойды. Ботабайдың іштей жаны кірді. “Айта түс, ақымақ. Бас ашуға. Қаз, өз көріңді өзің. Аузыңнан шыққан ақ ит, көк итке өзіңді талатамын, ертең. Кәні, қане”.

− Ішпейді, жемейді, – деседі. – Ал енді беті жылтыраған қыз-келіншекке келгенде қазақтың қалмақты қырғанынан да қиын көрінеді. Әй, бірақ бізде қайбір оңған ұрғашы бар. Бәрі құртаң, кез келгені климакс. − О не пәлеңіз тағы? − Бомбылап жатсаң да, борбайы бүлк етпейді деген сөз. Білмейтін бе едің? − Сұмдықсыз ғой. − Әй, сені де кісі деп… – көктұқыл тойтаңдап қайта шығып кеткен. Ботабай оның “… қыз-қырқынға қазақтың қалмақты қырғанынан да қиын”, деген сөзін қағазына бөлек жазып та қойған. Түскі асын жарты сағатта жайпап тастаған Ботабай енді ойланды: сонда бұл қай бөлімге бастық болады? Ана бір бөлім… Бәрінен беделді. Бірақ оның меңгерушісі осы мекемедегі ең жібі түзу кісі ғой. Өз ісінің білгірі. Жұмысы құнттай. Артық ауыз сөзі жоқ. Ана бөлім ше? Құрсын оның жұмысы қым-қуыт. Оған мұның әлі келмейді. Неге? Өйткені үкімет бұған диплом бергенімен, құдай қабілет бермеген. Күрделілеу шаруаға келгенде қалай бастап, қалай аяқтауды білмей, екі ортада миы айналып қалады. Алатын жерде қосып, қосатын жерде алып жібере ме… Жалпы, мұның жасаған жұмысын талдаған адам шешуі мүмкін емес жұмбаққа тап болғандай, дәнеңе түсінбей сілейіп, сілесі қатып қалатын. Демек, Ботабайдың ойынша, бұл жұмысты басқа біреуге жасатып, өзі тек

біткен шаруаның үстінен қарап қана отыратын адам. Бекітемін деп қолын қойып отырса болды. Мысалы, әнебір бөлімнің меңгерушісі сияқты. Ит-ай, күн ұзын қолын қалтасынан бір алмайды ғой. Алда-жалда бөлімге кіріп қалсаң, қырық мың айлықты сол үшін алатындай ылғи кроссворд шешіп отырады. Ал жұмысты өліпөшіп істейтін қарауындағы үш қызметкер. Үшеуінің күбір-сыбырына қарағанда, оның жұмысы – бастықтың тілеуін тілеу. Екеуі туыс. Туыс болғанда қыз алыспайтын атадан. Әйтпесе темір-терсек жинайтын итке керек жоқ мекеменің дайындаушысынан осында басын сұғып, жарты жыл өтпей бөлім бастығына айналып шыға келер ме еді. Зығырданы қайнап Ботабай бөлмесінен шыға келіп еді, дәлізде темекі тартатын бұрышқа ентелеп кетіп бара жатқан әлгімен соғысып қала жаздағаны. − Шылым тартпайсыз ба? – деді анау. – Түскі астан кейін түтін жұтқаннан рақат жоқ. Қалайсың? − Нені сұрайсың? − Жаңа бастықты тағайындауға көз қарасың? − Өкімет өзі біледі де. − Өстіп құримыз ғой. Демократия қайда? Ұжымның пікірі қайда? Неге соны сұрамайды? Мына жібергелі жатқандарының құрт ауруы бар деп естідім. Шетімізден күркілдеп жүреміз бе сосын? Ботабай темекісін шала тартып келіп,

ананың аты-жөнінің тұсына: “туберкулез” дегенді жалғап қойды. Не керек, кешке дейін осылай талай шаруа тындырды. Қара тізімдегілердің тұсына тырнақшаларға алынған тырнақтарының астынан кір іздеуге іздесең таптырмайтын талай-талай сөздер жазылды. Ол күн сайын толығып отырды. Үйде де тыныштық болған жоқ. Әйелі екеуі бөлім бастығы болғаннан кейін немесе құдай сәтін салып орынбасарлық бұйыра қалған жағдайда кеңседегі жұмыс кабинетін қалай жасақталуы керектігімен бастарын қатырды. Бұрышта шағын арзанқолдау кілем жатушы еді. Ол міндетті түрде еденіне төселетін болды. Столын “Т” әрпіне ұқсас қылып құрады. Мәселе оңды стол табуда. Әйелінің немере ағасы бір фирмада завхоз болатын, “Қайнағаңның қызметі өскелі жатыр, сүйіншіме екі оңды стол тауып бер” деп Ботабай ұрып айдап соған барды. Анда-мұнда басын сұғып жүріп, арзанға есептен шығарылған жатағандау кресло сатып алды. Бәрін жиып-теріп біткен соң, пәтердің бір бөлмесіне офисін құрып көрген. Төрдегі креслоға қонжиып келіп отырып, әйеліне бадырақ көзін салғаны сол, сары қатыны: − Әй, андағы қарасың не пәле?! – деп селк ете түскен. – Әлпетің әп-сәтте әлемтапырақ болып. Қой әрі. − Сұсты ма екем? – деген Ботабай мәз болып.

− Сұмырайдай болып қалады екенсің, айналайын. Одан әрі екеуі Ботабайдың “офисінде” бірде алма-кезек, бірде қосыла армандаған. Енді айлық екі есе өседі, орынбасарлыққа іліксе үш есе… Жинай береді, жинай береді… − Бастықтың өзі болып кетуім де әжеп емес, – деп қояды Ботабай арзанға алған ескі креслоның үстінде бойын қомдап. − Онда бар ма, – дейді сары қатынның көзі қылмыңдап. – Әлгі бағасы мың долларлық дамбалшаны алып кием. − Кетші-әй, – деп Ботабай мыңқ-мыңқ күледі,– сенің май басып кеткен көтендігің мен қуығыңның қималарын қызыл ала қылып қажап тастар ол. − Әй, сонда мені шошқа болып кетті дейсің бе? – Әйелі тырқ-тырқ күлді. − Жә, жә, – Ботабай екі қолын көтерді. – Әуелі машина сатып алмаймыз ба? Орынбасарлыққа жетсең қызметке мінетін машинаң онсыз да болмай ма. Сенбі, жексенбіде мен мініп алар едім… Осылай қиял-арман әлеміне емін-еркін ессіз еніп алған екеуі ертеңгі болатын рахаттарымен масайрап, елең-алаңға дейін отырып алатын кездері көбейген еді. Осылай үлкен дайындықтарды жүзеге асырып, күндіз-түні көңілі өсіп, түскі асы тауық еті мен шұжыққа айналып, мінгені “Газель” болып жүрген күндерінің бірінде

Ботабайдың басына жай түсті. Түскен жай – Қойбағардың бұрынғы істеген жерінен үстінен “ішіп-жеді” деген ұжымдық арыз түсіп, тексеруде оның расталып жатқандықтан бұларға бастықтыққа ұсынылған кандидатурасы сызылып қалыпты. Кешкісін Ботабай үйіне зорға жеткен. Жеткенде талай жыл ішпеген араққа бөгіп келді. Жерде адамды, көкте құдайды боқтап отырып, ботадай боздады-ау, келіп. Ертеңгісін көзін әзер ашып тұрса, әйелі орындықтың арқалығына баяғы қоңыр костюмі мен боз шалбарын іліп, жанына талай жылғы жолдасы – қара пакетті сүйеп қойыпты. Аузын ашып ішіне үңіліп еді, көзі ұрықтанған жалғыз жуан қияр, піскен екі жұмыртқа

мен тілдей қағазға түсті. Қағазды алып, көз жүгіртсе: “Рядовой байғұс, ақыры осы екеуін жеп қалдың ба!” деген айдақ-сайдақ жазуды оқыды. Ботабай қызметке барар, бармасын білмей есік алдында состиып ұзақ тұрды…

Баяғыдан, алты ай жаз, сонау қар алғаш түскенге дейін қымыздан аузы құрғамайтын Есқұл отағасының күндегі әдеті − құлынды желіден бесін ауа ағытып, кекілі қалың кер биесімен ауылдан аулақтау аласа таудың қойнауына қарай кетіп бара жатады. Бүгін де солай. Қойнауда суы мөлдіреген жылға бар. Айналасы көкорай шалғын. Соған биесін таң азанға дейін жа­йып

алады.

Кешелері колхоздың жылқысын талай жыл бағып, талай күндерін түн күзетіп өткізіп, түзге түнеуге дені ауып қалған адам емес пе, көкорайы көз жауын алатын қойнаудың тымық түндегі кәусар ауасын сіміріп жатудың өзі пейіш. Самсаған жұлдыздарға көз салғанда, ойының сансаққа кететіні бар; бірі самғап, бірі сарғайып, «Айғыркісі»

бірі сандалып сапырылысқан Құдайдың пенделерінің кез келгенінің кеудесінде осындай бір төбесінде жарық сәулесі қалың қойнау болса ғой, шіркін, дейді. Кез келгенінде. Біреуінде шағын, біреуінде үлкен, мейлі, әйтеуір, болса... Осысын туыстардың бас­тары қосылып қалған жиында, айтылып жатқан көп әңгіменің бірінде сөз етіп қалып еді, елең еткен ешкім болған жоқ, тек немере інісі Бұлдидың еңкілдеп күлгені. Езуін әзер жиып: "Есағам қойнауға биесімен бірге түнеп жүріп қиялиға айналып барады, болмаса мына алақандай кеудемізге қойнау түгілі, ішек-қарынымыз зорға сыйып жүрген жоқ па" демесін бе... Кенет кер бие басын кегжең еткізіп, пысқырынды. Ауыл зиратының тұсына келіп қалыпты. Зират арасында жалғыз жылқының сұлбасы анадайдан көрінді. Жақынына құран бағыштап отырған біреу шығар деген. Таяп келгенде байқады, жылқы ер-тұрмансыз. Е, құдай деп қалды. Е, құдай мынау... Ия, сол, "Айғыркісі" ғой. Осыдан бір жеті бұрын жерленген Бұлдидың боздағының жас қабірінің темір қоршауына тұмсығын тіреп үңіліп тұр. Түйедей қаратөбел айғырдың тұлабойына түгел тер қатқан. Көздерінде қызыл алау. Отағасы жақындай түскенде оқыранды ма, ыңырады ма бір түрлі үн шығарып, құлағын жымқырған. − Так, так, жануар, так, − деп отағасы айғырдың мойнына қарай алыстан қол созып еді, анау айналып, артын беріп, аяғын көтерді. Кісіні бөтенсігендегі әдеті.

− Так, так жануар, − Есқұл отағасының дау­сы еңкілдеп шықты. − Бұл мен ғой, қарағым... Танымадың ба, немене... Өзіммін. Қане... − Қолын тағы созбақ еді, айғырдың көзі аларып, оң аяғын серпіп жібергені. Есқұл жалтара беріп, жалпасынан түскен. Жалмажан тұрып, анадай жерге барып, тізесін бүкті. Отағасы дағдарды: Япыр-ай, бұл сонау Таластың қайсыбір түкпіріндегі қырғыз ауылынан қалай келді. Келсін-ақ, қашып, алайда мына жас қабір басында тұрысы... Жылқының... Жылқының да адам секілді аза тұтып... Нендей құдіреті бұл, жаратқан иенің... Осы менің өңім бе, түсім бе деп отағасы айнала – төңірегіне көз салып, үсті-басын сипалап біраз отырды. Сосын, боздаққа бағыштап құран оқыған. Күн көкжиекке сіңіп кеткенше қозғалмады. Ауылға қайтып барып мына оқиғаны Бұлдиға жеткізуді ойлап тұрып, онысынан тез айныды. Өйтіп қайтеді. «Айғыркісі» оған қажет емес қой. «Айғыркісі де оны іздеп келген жоқ. Мұның өзін де. Жануардың іздеп келіп тұрғаны шын иесі–Жалғас боздақ. Тегі жануар болса да басына келіп тұр, міне. Тұрсын, оңаша қалдырайын, ертеңгісін көрермін деп шешті. Құдайдың құдіреті, бұл қанша отырды, кер бие қанша пысқырды, айғыр тіпті елең етпеді, басын бұрып бір қараған жоқ. Қолатқа жетіп, кер биеге шідер салып тастағаннан кейін де отағасы өз-өзіне келе алмады. Аң-таң. Әлгі... Кісі сенетін нәрсе ме. Сонау, сонау бала кезінде бір қария бұған "Әй,

балам, дүниені білгің келе ме, дүниені білгің келсе, дүниенің кісі сенетіні көп, сенбейтіні аз" деп еді. "Бірақ, ондай бар ма?" деп сұраған бұл. "Нені айтасың?" "Кісі сенбейтінді". "Бар"... Сол кісі сенбейтін барды бірде өз көзімен көрді де ғой. Ия, көрген... Қайсыбір жылы, мұның бала кезінде осы өңірде қатты құрғақшылық болды. Жер дүниенің шөбі түгел кеуіп-құрғап, желге ұшып, айнала-төңірек өлі топыраққа айналған. Соғыста өлердей күйзеліп, онан кейінгі жылдарда да әлі тойып тамақ іше қоймаған жұрттың көзі жыпылықтап көкке телміріп қалған. Бірақ, көктен тамшы тамбады. Сонда ауылдың ақсақалдары ана аласатаудың Ақадыр дейтін қыстағында жалғыз үй отыратын бір қарияны алып келді. Әулие десетін. Әулие, әмбие десе қарадай құтырып кететін қызыл белсенділер қуғынына әбден түсіпті. Ит жеккенге айдадық деп қайта-қайта алып кетсе, көп ұзамай қайта-қайта ауылға қайтып келе береді екен. Соғыс басталғанда ғана ұмытыпты мұны, ауылдың ұранбайшыл коммунистері. Содан Ақадырдағы ата-бабасының қыстауына жалғыз үй көшіп кеткен. Әйелі өлген, баласы жоқ. Жарықтықтың көзі… Қаракөк… Жанары түгел мөлтіл... Айнала қоршаған ауыл жұртының ақыл-есі − ақсақалдар: "Жағдай қиын, әулие-еке, енді аз болмаса, тышқан аулап кетер баяғы ашаршылықтың күні туғалы тұр. Өзіңізден өзге сеп болар ешкімді көріп тұрған жоқпыз. Әрекет етіңіз" десті. Әулие үнсіз. Бірде анаған, бірде мынаған

тесілген қаракөк көздің мөлтілі молая түскен. Терісі бетіне жабысып қалған қарасұр жүзі қаракөлеңкеленіп көрінеді. "Құдайдың құдіре­ ті... Адамнан не қайран", − деп күбір етті бір мезетте. "Әулие-ай, − деп сол кезде бір бәйбіше басындағы кимешегін жұлып алып, шашын жайып жіберді. – Құдай кейбіреуге өзіне қарай жақындай түсетін құдірет берген жоқ па, елжұрттың көз жасын жеткізіп тұратын. Әрекет етіңіз, жарықтық!" "Әрекет етіңіз, әрекет етіңіз, әрекет етіңіз!" деп жас та, кәрі де ұлардай шулап қоя берген. "Күнәмізді кешіңіз, − деді манағы шашын жа­йып жіберген бәйбіше. − Құдайсыздан­ ғанымыз үшін жалбарынамыз тәңіріне. Кәріне ұшырадық, міне. Сіздің де алдыңызда күнәлі­ міз. Басыңызға іс қайта-қайта түскенде ара түсіп, араша сұрауға жарамадық. Ақырында жападан жалғыз қалдырдық. Қайтейік, қорықтық қой, өкіметтен. Кешіңіз енді". Сол кезде... Әулиенің қаракөк көзінің мөлтілінен жалғыз түйір жас сорғалап түсті. "Рахымшылығыңа жаным құрбан, жаратқан!" Осыны айтқанда аузынан жалғыз шөкім көк жалын көкке қарай ұшып шығып, лезде ғайып болған. Іле жағалай отырған бес-алты қарияның жүздерінде қол басындай бұлт пайда болып, олар да аспанға көтеріле берген. Әп-сәтте әуені қара бұлт басты. Қара аспан қақ айырылып кеткендей қатты бір күркіреп, қара жаңбыр қаңсыған дүниенің бетін төпелей жөнелген. Сонда... Арты селге айналған қара

жаңбырмен қайғысынан арылып, қабағы ашылып, әрі қайран қалып тұрған қалың жұрт қария-әулиенің отырған жерінде о дүниелік болып кеткенін көрді. "О, жарықтық-ай!.." дес­кен еді. Десіп тұрып: "Көкте Құдай, жерде әулие, екі құдірет сендерді енді ұмытпаймыз, тобамызға келіп жүреміз»-ді кезек-кезек айтысып, ағыл-тегіл болған. Бірақ қайтесің, пенде пәтуасыз болып шықты. Қолма-қол басқа болып кете салады екен. Кешегі өзі бүгін өзі емес. Өзіңнің өзің болып қала алмайтыныңнан асқан не сұмдық бар. Туған ағасы, жасынан малсақ Әли әке таяғын ұстап кетті де, ал Бұлди ауылындағы бар баладан басқа болып өсті. Үшінші, төртінші класта-ақ қоян өсіріп, оларын жаз жайлауда отырған қойшыларға апарып тарту етіп, қозы-лақ жинап, ен салып, қора ішінен өз меншігін бөліп, қоршап алып, өзге түгілі әкесін таң қалдырған. "Мына қызталақтыай, ә! − деп отыратын жарықтық. − Дүниенің түбін түсірер, түбі!" Орта мектепті о ғып, бұ ғып бітірген Бұлди елдің баласына ұқсап оқу қуып кеткен жоқ, тұтынушылар қоғамы ма, дайындау кеңсесі ме соларды жағалап жүріп, дүкеншіге көмекшілікке кірді, кейін жеке алдына сыра сатты. Одан ауылдың дүкенін алды. Қазір жекешесі. Әуелде ескі "Москвич" мініп жүрді. Көп ұзамай онысы "Жигулиге", одан иномаркаға ауысты. Құдайы бергенде әйелі де өзіне сай келген нағыз жер тесер пысықтың

өзі болып шыққанын көрмейсің бе. Дәрігерлік білімі болған соң, қолы мен сөзі теңдей жүріп тұрған Бұлди оған ауылдың іргесіндегі былғары заводы поселкесіндегі дәріхананы алып берді. Қат дәрілерді тығып, бағасын екі-үш есе өсіріп сатудың "о, сұмдық-айы" енді басталды. Бұл бір жағы екен. Дүкендегі, дәріханадағы саудаға енді үйдегі сауда қосылды. Келін оңтүстік жақтың қызы еді. Шешесі Алматы мен Атыраудың арасын бұл қызын тумай тұрып саудамен қыздырған алпауыт алыпсатар екен, соның қап-қап, қанар-қанар тауар­ лары Бұлдидың үйіне де жеткен. Әлі кеңес заманы болатын, ол шақ. Бұлди байлыққа сол кезде-ақ бата бастаған. Ақшаның буы жаман екен. Жаман болғанда біреудің байлығынан біреу қарадай ығып тұратын болып шықты. Ауыл тұрғындарының аузында Бұлди–Бұлди емес, Бұлдекең. "Бұлдекең айтты", "Бұлдекең сөйтті", "Бұлдекең келе жатыр", "Әуелі Бұлдекең сөйлесін", "Бұлдекең ішсін"... Екелеп елпеңдейтіндері олар Бұлдидан той жасаса да, өлік шығарса да қарызға ақша алады. Процентпен, әрине. Соның өзі тегін берген сияқты болып көрінеді, елге. Дегенмен, жұрт емес пе, күңкіл-шүңкіл де шықпай қалмады. Сондағылары: "Қалай байып жатқанын білеміз бұл Бұлдидың. Қатыны үкіметтің қат дәрілерін екі бағасына тығып сатып жүргеніне талай жыл, сау­дагер енесінің үйіп-төгіп әкеліп жатқаны анау, о тауарлардың құны да әкеңнің құнымен бірдей. Ит-ай..."

Бірақ, әйтеуір, бұл әңгімелерін бір-біріне айтудан әрі аспады. Аспағаны бұлардың кімнің аузынан шығып жүргенін жұрттың өздері кезек-кезегімен келіп Бұлдиға жеткізіп жатты, ал Бұлди жеткізіп жатқандар арқылы "О иттің балалары ендігі жерде қарасын көрсетпесін" деп аналарға сәлем айтты. Қараларын бүгін болмаса, ертең көрсетулері әбден мүмкін екенін білетін, қарыз ақша, қат дүниеге тәуелді аналар "аузымыздан абайсызда айтып қалған арсы-гүрсіліміз алаңғасарлық болды, айналайын. Алдыңа келсе атаңның құнын кеш" десіп жалынып, жалпайып жатып іс тынған. Бұлдида бәрі болды. Тек бала болмай жүрді. "Болады", − деген немере інісі лекіте күліп. − Қарап жатқан жоқпыз, көке. "Қарап жатпағанда... Қазған жерден сөзсіз бірдеңе шықпайтын ба еді" деп бұл жақтырма­ғанда жана кеп қалатын қиқар мінезімен қия тартқан. Одан ары қарай "Бұлдижан-ау, еркек ұрғашының ауын ағатай-латып айызын қандыру үшін ғана астаң-кестең етпейді, бауырын тулатып балалату басты шаруа" дегісі келіп тұрып, ананың інілігін қаперге алып тілін тістеген. Мұның сөзі әсер етті ме, жоқ реті солай болды ма, әлгі әйгілі желтоқсанның қарсаңында Бұлдидың үйінде де бала іңгәлап еді. Есімін Жалғас деп осы Есқұлдың өзі қойған. Өзі қатарлы балалардың опыр-топырына көп қосыла бермейтін, көбіне оқшау

жүріп, оқшау отыратын, томаға тұйықтау болып өсті сол, Жалғас. Әсіресе, қайсыбір жылы ауылдың шетіндегі қалың қамыстың арасындағы шұқанақтан батпаққа батып жатқан жаман жабағы тай тауып алғаннан кейін тіпті өзгерген. Тауып алғанда... Талай жылдар Таластың арғы жағындағы қырғыздар Таластың бергі жағындағы қазақтардың жерін жалға алып па, әлде жоғары жақтың құзырымен бе, жылқыларының жаз жайлауына пайдаланып жүрді ғой. Көктемде келіп, қаракүзде қайтады. Қайтар жолдарында жылқышылар бұлардың ауылын айналшықтап үш-төрт күн, тіпті бір аптадай жатып алатыны бар. Жай жатпайды, жабыла араққа кенеледі. Ішістері сұмдық. Тайларының бірін Бұлдидың дүкенінің алдына жетелеп әкеліп, байлап қояды да, соның құнына ішеді. Бұлдидың беретіні – екі-үш жәшік тегі белгісіз арақ, қантшай, сусыны қоса... Енді сол қырғыздар әркім өз жерін өзгеге бермейтін болған анау жылдары, "осымыз қазақ ағайынының жеріне жылқы айдап соңғы келіп, кетісіміз" десіп, бірнеше күн қирай ішті ғой. Естеріне әзер келіп, бет-бетімен бытырап кеткен жылқыларын есеңгіреп жүріп жинап, аттанып кеткеннен кейін, екі-үш күн өтті ме, өтпеді ме, әке мен шешенің дүние шіркіннің соңынан далақтаудан қолы тимей, үйдегі бар шаруа он екі-он үш жасар Жалғасқа қарап қалған соң, қора-қопсының қайсыбір жерін жамап-жасқауға аздап қамыс керек болып,

соны орып әкелуге бармай ма, бала өзен бойы­на Шұқанақта батпаққа батып жатқан жабағы тайдың үстінен сонда түскен. Жалғыз өзі қалай тартып шығара алсын. Жүгіріп бұған келген ғой. Содан кер биенің мойнына арқан тағып, бір ұшын жабағыныкіне байлап, екеу­леп тартып әзер шығарып алған. Жабағы тайдың сондағы сұры. Бұты тылтиған, қарны қабақтай, сиыр құймашағы сорайған, шоқтығы да тым шошақ, басы ұзын бір селеует. Тек төбелі ерекше екен. Дөңгелек емес, жаңа туған ай секілді. Бұрын-соңды мұндай төбелді Есқұл бірінші рет көріп, бір түрлі таң қалған. Жалғас жабағының үстін сабындап жуып, батпағын зорға кетірді. Шіркіннің ұсқыны сонда да келіспеді. Ербиген бірдеңе. Әкесі жатып күлген. Күліп тұрып баласынан сұрағаны: − Мұны қайтесің? − Бағам, − деді Жалғас. − Баққанда, мынау мал болып жарытпас. Колхоздың жылқысы бартер дегенге түсіп жатыр, Өнербек жылқышыға шай-пұлын беріп, құнан, байталдың біріне айырбастап алалық. − Керек жоқ. − Керек жоғы несі? − Өзін бағам. − Сосын? − Өзін бағам, сол. Бұлди жандарында тұрған бұған қараған. − Есаға, мынаған не дейсіз? − Көңілі осыған ауып тұр да.

− Мына құлпетке ме? − Өйтпе. Жал-құйрығы күлтеленіп ертең арғымақтың өзі болып шығар, бәлкім. Кім біледі? − Өстетініңіз не, Есаға. − Жылқының қасиеті сыртқы тұрпатында емес, жүрегінде. Анау кеудеде алапат шабысқа лайық алып жүрек соғып тұрмасына кім кепіл. Бұлди қолды бір сілтеп, шырт түкірген. Бала жаман жабағының асты-үстіне түсіп жүргенінде екі-үш жыл да өте шығып еді. Осы уақыт ішінде заман да бірде бүк, бірде шік түсіп дегендей, олай да, бұлай да құбылып, өзгеріп жатты. Жұрт анау айтса көнді, мынау айтса болды-ның екі арасында не дұрыс, не бұрыстың дайынын таппай далақтаудың қызығын енді көрген. Құдайдың құдыреті сонда жүрісінен жаңылмаған санаулының бірі Бұлди болды. Әрине, әйелі екеуі. Айтқандары: "Дүние қанша рет, қалай төңкерілсе де қолы жүріп тұрған адамға бәрі, пішту". Бұлары рас екен. Қаладан кафе, үлкен дүкен, дәріхана салып алды. Соның екеуінің кішігірімін ауылда да іске қосып қойды. Бұл кезде Жалғастың жабағысы дөнен шыққан. Түйедей қаратөбел. Жанына адам жақындата бермейді. Ал Жалғастың алды-артын айналғанын былай қойғанда, барынан кіріп-шығып жүргені де бәрі бір. Сол суғарады, соның қолынан жем жейді, соған ғана мінгізеді. Жалғастың да уақытының көбі қаратөбелдің жанында. Көзінен таса қылмайды.

Бұлдидың түйедей болған қаратөбелге көзі қайта-қайта түсе беретінді шығарды. − Сатса, біраз ақша болады, ә! − деп қояды ана жылғы "бұл мал болмас" дегенін ұмытып. − Ешқашан! − деп ұлының жан даусы шығады. Үй іргесі бір-біріне тиіп тұрған соң бәрі Есқұлдың көз алдында өтіп жатады. Қазақтың қайсыбір баласы мен жылқының арасында қандай да бір ұқсастық, үйлесімдік бар екенін бұрыннан білетін. Самғауға құштарлықтары, сірә. Жаны таза адам өзінің ойы, ниеті, арманымен төрт құбыланы төңкере түгел сүзіп шығып түпкілікті мұратының түбіне дейін самғап, ал жылқы тұяғы қара жердің төсін төмпештеп алдына қара салмай ағызып келе жатқанында бақытты-ау, осы. Ат

танитын Есқұл қаратөбелдің тегін емесін бая­ғыда-ақ байқаған. Содан Жалғас екеуі оны құнанында баптады ғой. Сол күндері екеуінің жұбы жазылмады. − Жалғас-ай, осы сенің не ойлағаның бар? − деп сұраған бірде бұл. − Архитектордың оқуын бітірсем. − Ол не еді? − Қала салады. − Хош. − Ауылға келсем. – Бәрекелде. – Ауыл қалашығын салсақ. Биік, биік сан қабат үйлерден емес. Бір, екі қабат. Ұлттық нақышпен. Үйлердің жобасы жаңазамандық,

ал келбеті қазақы ою-өрнек… Қалай қарайсыз? − Қалай қарағанда, ол кезде мен болмаймын ғой, − деп күлген Есқұл. − Көз алдыңызға елестете алмайсыз ба? − Сөйтем ғой. − Ал мен бәрін көріп тұрмын. Қанша үй болады, қандай болады... Осыны айтып ұшы-қиырсыз далаға көзін салып, демін терең сіңіріп, біраз тұрып қалған. − Қазақ түгел қалаға көшіп кетпейді ғой, көке. Ауыл­сыз да қазақ бола ма? Қазақ дегеніміз, дала мен ауыл емес пе. Өзім солай ойлаймын, − деген сосын. − Сөйтетінің жақсы-ау. Ал әкеңнің мына тірлігіне кім ие болып, кім жалғайды? − деп сұраған бұл Жалғасқа сынай қарап. − Білмеймін, − деген ол. − Мен жаңа ауыл саламын, көке. Қаратөбел сол жазда үш құнан бәйгенің алдында келген. Ал күзде қаратөбелдің адам айтса сенбейтін бір қасиетіне таң болды ел. Таратып айтқанда: Есқұл мен Жалғас екі үйдің қорасындағы біраз малды жылдағы қысқа қарай Әлдидің отарына қосып қоятын әдетпен тау бөктеріндегі қыстауға айдап барған. Келген туыстарына деп арнап сойған қойдың етіне мелдектеп, сорпа-суына жырғап отырған кездерінде Әлдидің соңғы алған келінінің толғағы ұстамасын ба. Ауылға қарай ала жөнелуге машина жоқ, арбаға жер шалғай. Тұмса неменің жаны қиналып, балашағаның берекесі кетті. Еркек біткен сыртқа

шығып, келіннің жанында енесі мен Әлдидің күйеуінен шығып келіп отырған үлкен қызы ғана қалды. Қалғанда қайтеді, келін босана алмай ұзақ қиналды. Ышқынған, ыңырсыған даусы сыртқа ап-анық естіле бастады. Со кезде арба үстіне салған шөпті шайнап тұрған қаратөбел оқыс оқыранып, артына қарай қатты-қатты жұлқынып тартынғанда жүгеннің желкелігі бырт үзіліп, басы босап шыққан бойы киіз үйге қарай екпіндеп барып есікті басымен ұрды. Есік ары қарай шалқасынан ашылған үйге жарты денесіне дейін кіріп кеткен айғыр кісінегенінен құлақ тұнып, сонымен бір мезгілде шар еткен бала дау­сы да шықты. Осыны көз алдына елестетсе, Есқұл әлі күнге дейін жағасын ұстайды. Келінінің айтқаны: "Есік тарс еткенде тура маған қарай екі көзінен от шашып жылқының басы төніп келеді екен. Өмірімде дәл бұлай қорыққан емеспін. Баланың даусы шар етісімен жылқы езу тартқан сықылданды. Сөйтті, рас!" Бұл әңгіме жұрт құлағына жеткенде бір қария: "Құдайдың құдіреті мына айғырың да кісі екен ғой" деп қалмай ма. "Ойбай, ақсақал, жылқыны кісі деп, мұныңыз не?" деседі естіп тұрғандар. "Кісінің киесін көрсеткен жоқ па? Бізден кетіп қалған кісілік киені құдай сол жануардың деніне салған шығар. Сөйтпесе, мына ісі қалай, а?!" Осы оқиғадан кейін қаратөбел − "Айғыр­ кісі" атанып кеткен. "Айғыркісі" аталған қаратөбелге жұрт енді басқаша қарайтын болды. Әйел затына

оның алдын кесіп өтуге тиым салынды. Біреу Жалғасқа "Айғыркісіге" деп жаңа шыққан құранды ер, келесісі күміспен күптелген жүген, өмілдірік, құйысқан, тартпа, айыл, бақалары су жаңа құлақшын, жабу әкеліп сыйлап жатты. Жаңа орылған жоңышқа, сұлы әкеліп беретіндер де болды. Бала көтермей, не баласы тұрмай жүрген жас әйелдер келіп, өздерінше ырым етіп жалынан сипап кетісетін. Қызығы маңайына бөтен адам жуытпайтын қаратөбел сонда тып-тыныш тұрар еді. Жаздағы үш ат бәйгесінен ұтқан үш машинадан соң Бұлдидың да қаратөбелге көңілі жібіп: "Әй, бұл өзі пайдалы болғалы тұрған мал болды" деп баласын иықтан қаққан. "Ұтысқа келген көліктің бірін Бұлди көкеңе, бірін Әлди тәтеңе бергіздің. Үшіншісін шешең нағашы ағаңа мінгізіп жіберді. Ендігісі түгел мына әкеңдікі. Бизнеске жұмсаймын. Как балам, сойдет?" "Ұта алмай қалсақ ше?" "Онда ма, онда "Айғыркісінің" өзін сатып жібереміз" деп Бұлди күлген болды. "Ешқашан!" − деп шыр ете түскен Жалғас. − "Ешқашан!" Дөненінде де ат тұяғы жетер жерді былай қойғанда, машинамен алып барған ауыл, аудан, облыс, тіпті Таластың арғы жағасындағы қырғыздарының ат бәйгелерінің алдын бермеген "Айғыркісі" ауыл ақсақалдардың шеші­ мімен үйірге салынды. "Өзі жүйрік, өзінің қасиеті бар асыл сүйек, арда қылқұйрықтан тұқым алайық. Биесі бар әркім-ақ бұған дәмелі болғанымен, жылқы қадірін білетін ішінде

осы Есқұлдың өзі бар ақсақал, көксақалдар: ырбиған жердің бәрінен ығай мен сығай шыға бермейтіні сияқты, ұрғашы малдың да ұзынсап барар жатыр қуаты әрқалай" десіп, өң бір оңды байталдар мен жас биелерді іріктеп қосқан үйірге. "Айғыркісі" үйірін онша ұзатып әкетпей, ауыл айнала жайылады. Әр аптада бір жолы ауыл іргеге айдап әкеліп тастап, өзі үйреншікті мекеніне келіп, Жалғастың қолынан жем жеп кетіп жүретін, жануар. Содан қақаған қыстың қайсыбір күнінде Ақадыр жақтан анда-санда азынап соғатын жел әуелі жаяу борасындатып, бара-бара алапат күшейіп Бұлдидың да тым биіктеп салған қорасының темір шатырын қаңғыратып, қолпылдата бастаған ғой. Әкешешесі қаладағы тірлікке кетіп, Жалғас үйде жалғыз еді. Қайтеді, қолпылдаған шифрлердің мүлде ұшып кетпес қамын жасау үшін қораның төбесіне шыққан. Сонда аяғы тайып жерге құлап түскен. Ішінде не болып, не қойып жатқанын сырты айнала қоршаудан көру мүмкін болмай қалған аулада есі ауып едәуір жатып қалған. Үйінде пеш түбінде қисайып, анда-санда келетін аудандық газеттен онымұны оқып жатқан Есқұл қалың дүсірден селк еткен. Ұмтылып сыртқа шықса, Бұлдидың үйінің артындағы жатаған жотада бір үйір жылқы иіріліп қалыпты. Жал құйрығына мұз қатқан "Айғыркісі" үйдің биік қақпасын тарпып тұр. Мұны көріп оқыранып жіберді. Абырой болғанда Есқұл қақпаны сырттан ашудың

амалын білуші еді, ашса... Жалғас жалпасынан түсіп жатыр... Сол күні түні бойы айнала астаң-кестеңнің астында қалды. Қаладағы тірліктерін күнде барып түгендеп, күнде кері қайтып келіп, шыққан шығындарын есептегіш аппаратқа салып, кірген кірістерін компьютерге кіргізіп ақ тер, көк тер болып жататын Бұлди мен әйелі мына алапат бораннан шығар, келе алмай қалған. Олар түгілі ауылдағы медпункттің дәрігері ана көшеден мына көшеге әзер жетті. Жалғасқа қойған диагнозі: миы шайқалған. Бұғанасы тайып кеткен. Екі қабырғасы сынған. Инесін салды, дәрісін берді. Таң атсын деді. Қалаға апармай болмайды-ны айтты. Түн баласы сыртқа бірнеше рет шыққан Есқұл үй артындағы жатаған жота үйірлі жылқының кетпей, бір-біріне

ықтап топтанып тұрып алғанын көріп таң қалған. Таң қалғанның көкесін таң атқанда, Жалғас жиіжиі құсқанын қойып, бір-екі кесе ыстық шай ішуге жарап, бұл енді "А, құдайлап" сыртқа шыққанда көрді. Үй артында түнімен топтанып тұрған үйірлі жылқы "Айғыркісінің" соңында, өріске бет алыпты. Ал түнімен иіріліп тұрған орындарында... О, құдайдың құдіреті жиырма шақты бие түгел құлын тастап кетіпті. Ауыл жұрты "Бұл қалай? Бұдан нені

пайымдаймыз?" десіп тағы теңселген. Әр түрлі пікірлер, қилы-қилы болжамдар айтылды. Ақыр соңында келген тоқтамдары: ""Айғыркісі" шынында да киелі, Жалғастың

жағдайын сол мезет біліп, үйірін айдап келді. Үйірімен таң атқанша Жалғастың тілеуін тіледі, амандығына құлындарын құрбан етіп кетті..." Бәрі де бас шұлғып, мақұлдағандарымен бәрі бірдей бұл уәжге сенген жоқ. Есқұл болса, өз сұрағымен жанын жұлып жеген: Япыр-ау, сонда қалай? Адамның амандығын адамның тілеуі, адамның жолына адамның құрбандық қасиеті жылқыға ауған ба, адамдағы кісілік айғырға қалай көшкен? Адамы көп, киелісі аз кез бе, бұлардың сүріп жүрген ғұмыр-дәуірі. Мүмкін... Мүмкін, қаратөбел айғыр жылқы кейпіндегі киелі кісілік шығар. Жаратқанның жіберген. Жарық әлемде жан баласының қаперіне кірмейтін құдіреттің болатынын бұл баяғыда Ақадырды жалғыз жайлаған әулиенің жаңбыр жаудырғаны арқылы көзімен көрмеді ме? Япырай, япырай... мына әлем дегенің неге тұтас жұмбақ дүние. Есқұл отағасының тізбек-тізбек, ерсіліқарсылы, бірі анда басын ұрып, бірі мұнда басын ұрып алай да, бұлай да сабылтып, сенделткен ойын көкорайда оттап тұрған кер биенің пысқырына бергені еріксіз бөліп жіберген. Сүттей жарық түннен тұрпаты түгел, ап-анық көрініп тұр. Екі құлағын қайшылап басын ауыл жаққа, ауыл жаққа болғанда оның бер жағындағы зиратқа қарай көтеріп, бір түрлі елеріңкіреп тұр. Қазір аяғындағы шідерін алсаң, солай қарай ағыза жөнелетін кейіпте. "Айғыркісіге" қарай ғой сонда. Бауырында тұрған құлынның әкесіне. Кенет есіне

өзі қатты таңқалған жай түсіп кетті: Бірде "Айғыркісінің" бауырында бүгерлеп тұрған кер бие аузын арандай ашып... Сілекейі жаман шұбырған. Қанша жыл жылқы бағып жүргенде мұндайды... Ия, айғыр артылғанда биеден сілекей шұбырғанын көрмеген еді. Жә, оны қойшы өткен жылдың қайсы күні екен, Бұлдидың үйіндегі келіннің туған күні боп жатпады ма. Бұл үш-төрт көрші шалшауқанмен аула ішіндегі алма ағашының көлеңкесінде әңгіме-дүкен құрып отырған. Ауланың арғы түкпірінде "Айғыркісімен" осы көршінің бірінің күйті келіп жүрген байталы оттап тұрған. Үйден екі жас әйел шығып сол түкпірдегі әжетханаға қарай кетіп бара жатты. Дәл осы мезетте "Айғыркісінің" байталға артылып, оның аяусыз ырғауынан жас байталдың балғын бөксесі қатты шөмиіп кеткенде, құдайдың құдіреті жас әйелдің бірі "Аһ!" деп екі алақанымен ауын басып отыра кетпесін бе. Оу, сонда айғырдың байтал шабысынан ана әйелдің оқыстан күйті құтырып, ұрпақ күйінің ағыны бойынан құйылып кеткені қалай? Ал мұны түсініп көр, түсіндіріп бер, енді. Қаратөбел айғырдың "кісілік" қасиетінің бар, әрі оның киелі екендігінен бе, сонда. Бұл да жұмбақ. Кер биеге қоса кер құлын да "Айғыркісі" қалған жаққа құлағын тігеді. Әкесіне тартқан, сыртқы пішіні ойқы-шойқылау. Бойы биік, тұрқы ұзын. Қабырғалары сыртына қарай айнала біткен. Мінезі де әкесінікі. Үркектемейді.

Жөнсіз секектемейді. Жүріс, тұрысы кербез, бекзада кейіп. Сірә, текті. Тегінде осы қасиет болған соң да. Тегі... Осы "Айғыркісі" Есқұлға сонау, сонау жылдары кейін марқұм болып кеткен Бекбосын пошташының қара құнанын елестете береді. О кезде өкіметтің қазіргідей ат шабысты тыйып тастаған кезі. Той жасап, ат шабуға тәуекел еткендердің коммунистері партиядан шығып, еместері үшін колхоздың басшылары таяқ жеп, қатаң сөгіс алып жататын. Содан да шығар, пошташы Бекбосынның "Баяғы заман болса бір қыздың қалыңына бермес едім" дейтін құнаны бәйгеге қосылған емес. Не керек, сол қайран қара құнан бір күні қолды болды ғой. Іздемеген, сұрамаған жер қалмаған. Із-ғайым. Кейініректе сыбыс шығып жүрді арғы-бергідегі жылқы ұрлаушылар Таластың ар жағындағы қырғыздарға асырып жіберген... Осы "Айғыркісі" сол қара құнанның тұяғы болса ше деп пішеді, Есқұл өзінше. Енді міне, сол тегінің қанына тартып, сол тегінің кіндік қаны тамған жерде жұлдыздай ағып жүр. Кемеліне келді. Былтыр әлгі Таластың ар жағындағы қырғыздардың бәйгеге жүзден аса жүйрік қосылған бір үлкен аламан ат шабысында қалың топтан қара үзіп, жалғыз келді ғой. Қырғыздың ат құмарлары жатып айналшықтасын. Жүйрікпен бірге Жалғастың да аты шықты. Жалғастың қаратөбелі, Жалғастың "Айғыркісісі"... Жалғастың жан-дүниесі де ылғи самғап, заулап тұрар еді...

Жалғас жазда мұнымен бірге айғырын осы қойнауға мініп келіп, бірге түнейтін. Сонда ара-арасында бір досы бар еді, сол да ілесе келетін-ді. Айлы түнде екеуі қатар жатып алып жарыса ертегі айтатын. Қилы-қилы... Шындыққа сәл де болса жанасатыны да, мүлде жуықтамайтындары да бар. Әйтсе де қызық. Қайсыбір жолы Жалғастың ертегісі... Баяғы, баяғы заманда. Бәлкім, адамдар жаңа жаралған кезде ме. Таулар түгел көкпен таласып, дала тұтас гүлге оранып, өзен мен көлдер моншақтай мөлдіреп жатады екен. Жер бетінде тек адамдар болыпты. Хайуанаттар әлі жаратыла қоймаған. Олар жер бетімен заулауды, көк төсімен самғауды білмеген. Сондықтан да адамдар тым жалқау, жайбасар, енжар болған. Бір-бірімен жарысу, озу, жер түбіне, ай мен күн, жұлдыздарға жетуді қиялдап, армандау қаперлеріне кірмеген. Содан да дүниені, тамақ жегенді, жатып, ұйықтағанды ғана білетін бір өңкей масыл, мешелдер жайлап бара жатады. Оған ешкім де елеңдеп көңіл аудара қоймайды. Тек бір қарт қана: "Е, құдай, сен бізді ішкен-жеген, жатып, ұйықтағаннан өзгені ештеңе білмесін деп жаратқаның не. Дүниенің бары осы ғана ма? Бізді біз білмейтінге үйрететін дәнеңең жоқ болғаны ма?" деп зарлайды екен. Содан бір күні қай жақтан екені белгісіз, Жаратушының даусы естіліпті: Сенің үш ұлың бар, солардың бірін жер бетімен заулайтын, бірін көк төсімен самғайтын болмысқа айналдырып, үшіншісін

сол адам қалпында қалдырайын, осыған ризашылығыңды берсең" дейді. "Берем» депті. “Заулауға, самғауға айналған ұлдарың адам кейпінен мәңгі айрылады”. “Жаны ештеңеге ауырмайтын,

ақылы

ашымайтын,

азап-
шерден

ада жұртты өзгертер кәдесіне жараса, бердім рұқсатымды, жаратқан!" Сонда бір ұлы қыранға айналып көк төсіне қарата самғап, бірі тұлпарға айналып жер бетімен заулап бара жат­ты... Қарттың адам қалпында қалған баласы тамаққа тойып алып, тоңқайып жатқан адамдарды аралай жүгіріп, самғап бара жатқан қыранды, заулап бара жатқан тұлпарды көрсетіп. "Қараңдар, қараңдар!” – деп жүгіре берген. – Менің ағаларым қыран болып самғап, тұлпар болып заулап барады". Адамдар аң-таң. Ойларының астаң-кестеңі шығып, сарытап боп қатып-семіп жатқан сананың сеңі сетінеп, қолқа-жүректері көкірекке сыймай бара жатты. Жерді шырайналып жүйтку, көкті көздеп әуелеп ұшу іңкәрлігі іңгәлап қоя берген. Сөйтіп адамдардың бойында армандау, қиялдау, құштарлық қасиеттері оянып кетті... − Сен осыны ойдан шығарып отырған жоқсың ба?− дейді Жалғасқа досы. − Қайтеді?.. − Ойдан шығарып отырсың, ия? − Ұнады ма, соны айт. Егер адамдар мына дүниеде болғандарды ғана айта беретін болса, онда армандаудан айырылып қалады

ғой. Олай екен ешқашан ештеңе өзгермейді. Ештеңесі өзгермесе өмірде не қызық қалады. − Болды, болды, − дейді досы күліп. − Саған ілессек шетімізден философқа айналып кетеміз. − Рас па-ей! − Жалғас қосыла күледі. Олардың әңгімесін естігенде Есқұл отағасы құдайға шүкір ететін. Ақылы ерте оянған, естияр ұрпақтың өсіп келе жатқанына қуанар еді. Бәле-жаладан сақтай көр осыларды, дейтін. Осыларға бәле-жала жолатпай жүре алар ма екенбіз, дейтін. Қақтырмай-соқтырмай аман алып жүрсек дейтін. Құдай-ау, сонда осы оймен алды-артына қарайлар қаншамыз бар, дейтін. − Көке, − деген бірде Жалғас. − Сіз баяғыда бәйге аты бір ауылды асыраған деп едіңіз ғой. − Дегем. − Папама айтсам, пісіріп жеп қоя жаздады. − Өтірік деп пе? − Жоқ. Баяғың не дейді. Баяғының не қажеті бар дейді. Бұлди көкең екеуің қай заманда өмір сүріп отырғандарыңды шынымен білмейсіңдер ме, дейді. Қазір әркім өзіне өзі ғана керек заман дейді. Сосын айтқаны, баяғы деген өткен-кеткен, сүйегі қурап қалған нәрсе. Қайта келмейді. Бүгінмен бол. Кімде дәулет бар, бүгін – соныкі. Дәулет сөйлейді, дәулет ұтады, дәулет озады. Дәулетің бар ма, ештеңені көктегі құдайдан да, жердегі адамнан да сұрамайсың. Түгел, пішту! Соңғы жылдары онсыз да көңілі

қалыңқырап жүрген немере інісіне Есқұл отағасы жатып ренжіген. "Баяғы деген өткенкеткен, сүйегі қурап қалған нәрсе" дегенінен жаны жаман түршіккен. Баяғысы жоқ та адам, жұрт болушы ма еді. Баяғысы жадынан өшсе, не болады? Баяғы деген ата-бабалар , ата-бабалардың кісілігі, түсінігі, қуанышшаттығы, азабы мен шері, жеңісі мен жеңілісі, аққан қаны мен төккен терінің ұлы көші емес пе? Соның барлығын мына жұрт өздері өңмеңдеп соңына түскен дәулет дейтін қолдың кірінің жолына құрбан ете сала ма. Бұлай етсе, қазақ несіне қазақ, қай жері халық?.. Кербие тағы пысқырынды. Алдыңғы аяқтарымен алма-кезек жер теуіп, тепсініп тұр. "Айғыркісіге" барғысы келер... Кім білсін. Әлде, "Айғыркісі" зират басынан кетіп бара ма екен. Кербие соны сезер... Ілесе кеткісі келер... Япырым... Жылқы баласын адам моласына әкеліп, аза тұтқызды. "Айғыркісіні" қырғыздар алып кеткен күннің ертесіне қаладан оралған Жалғас болған жайды естігенде үш күн жер бауырлап жатып еді. Жан адаммен сөйлеспей қойды. Ешкімге ақырған-шақырған жоқ. Үнсіз, тілсіз жатты да қойды. Ал оны әкесі қалаға бір шаруаға жұмсап жіберген күнгі оқиға былай еді: Сәске болмай Бұлдидың биік қақпасының алдына екі "Джип" автокөлігі келіп тоқтай қалған. Келгендер Таластың ар жағындағы қырғыздар екен. Біраз күн бұрын да келген, осы бес-алты адам. Келістерінің жөні

− "Айғыркісі". Өздерінің Алатауын берсе де сатып алмақ. Ана жолы Бұлди: "Алатауды орнынан ала алмайсыңдар ғой, алған күнде Алатау өзімізде де бар, ал мына біздің ауылға сендердің Алатауларың сыймайды" деп діңкелетіп жіберген. Есқұл отағасы байқайды бұл жолы Бұлди ана жолғыдай емес, қырғыздарды жылы қабылдады. "Қане, байкелер әуелі мына Есқұл көкеме сәлем беріңдер" деп жандарына таяп келген бұған қол бергізді. Немере інісі екі жылдан бері үйіне күтуші әйел ұстайтын еді, соның қай кезде дайындап жүргенін, стол үстін тамақтың бар мәзіріне толтырып қойыпты. Самсаған ақты, қызылды шөлмектер былай. − Бұлди байке, бұ өзі ресторан бұ? − деп жардай қызыл бет қырғыздың екі ұрты бүлкіл қағып күлді. − Байсыңдар, ия! Честное слово. − Қане, ауқат алыңдар, − деді Бұлди. − Ертеңгі ас. − Сперва ічімізді қыздырып албаймыз ба, байке,− жаңағы қызыл бет қырғыз шөлмектерге қол созып, бірін көтеріп алды. − Ача берсек, болабы?.. Арақ екі-үш айналған соң: − Байке, жылқы салатын машина да, вотвот кеп қалад. Артыбыздан ехал, − дескен қырғыздар алақандарын уқалады. − Алдыңғы күн қол алышқандай, акчаны, то есть долларды ап келдік. Манеки. Орталары буылған он бөлек көк қағаз столға қойылды.

− Ровно сто тысяч, − деді қызыл бет қырғыз. Есқұл дәнеңе түсінбей қырғыздарға бір, көкқағаздарға бір, немере інісіне бір қараған. − Сендерде ноқтабау − деген жөн-жосық бар ма? − Бұлди арақтан жағалата бір құйып жіберді. − Бұрын бар болушқан, в данном случае, к чему это? − Жаңа айттым ғой, мына кісі менің немере ағам деп, − Бұлди аналардың назарын бұған аударды. − Айғырды балама бағысқан, бәйгеге дайындап жүрген осы кісі. Ноқта баудың ақысын осы ағама беріңіздер. Бес мың! − Беш мың... − Ия, доллар. Қызыл бет қырғыз шайнап отырған "закус­ касына" шашалып қалды. − Ой, Байке... − Болмаса, айғыр сатылмайды. Қырғыздар көтеріле далаға шықты. Қора­ ның бұрышына барып ап күңкілдескен. Есқұл есінен танып қалғалы тұр. − Бұлди-ау, мұның не? − Нем? − "Айғыркісіні" сатпақпысың? − Сөйтемін, көке. Қаладағы орталық базарды сатып алуға тиын жетпей жатыр. − "Айғыркісіні" сатуға болмайды, Бұлди. − Қазір, адамды сатып жіберуге бола береді, көке, қайтесіз!

− Жалғасқа не бетімізді айтамыз. Ел-жұрт не дейді? − Жалғас, Жалғас деп... Не десе, о десін. Сол сықсыңдайды екен деп құдайдың өзі өз аяғынан айдап келіп тұрған ақшадан айырыламыз ба? Ал ел-жұрт... Қай ел-жұрт. Жартысы базарда тәшке сүйреп қаңғып жүрген, жартысы ауылда екі қолы қалтада, бірін екі ету қаперінде жоқ, жаздай карта ойнайтын, қыстай ұйқы соғатын, өлгенін де қарыз алып көметін, тойын да қарыз алып жасайтын, құры қазақ болғанына мәз, жеткен жері "Тамашаға" таңдайы құрғаған, "Айтысқа" аузы аңқайған ел-жұртты айтамысыз. Бұл ел-жұртқа ненің де бәрібір болғаны қашан. Тіпті, керек десеңіз алса, соларды да қырғыздарға түгел сатып жіберер едім. − Не десең де"Айғыркісіні" сата көрме, қарағым! − дегенде мұның денесі дірілдеп, иегі кемсеңдеп кеткен. − Ол өзі есті, киелі жылқы. Әулетіңе, ана жалғыз балаң Жалғасқа біткен бақ, айналайын! − Жә, қойыңыз, көке! − Бұлди-ай, өмірімде өтініш айтып көрмеген едім, өйтпеші. Өйтпе, садағаң кетейін. Жалғасты ая, мені ая. − Сізді аяғаным сол, қазір аналардан ноқта баудың құны − бес мың доллар әпергелі тұрғам жоқ па? − Керегі жоқ. Қажеті жоқ, оныңның. Сатпа айғырды. Киесі барды сатуға болмайды. Киесі ұрады.

− Қойыңыздаршы, көке! Қандай кие, нағылған кие! Көздеріңе қарадай не болса, сол елестеп. − Мұндай емес едің, қарағым. Қайдан мұндай боп қалдың. − Оны заманнан сұраңыз. Осы кезде топтанып тұрған қырғыздар да бері жүрген. − Байке, − десті жабыла сөйлеп. − Немного не хватайт боп жатпай ма. − Қанша? − Две штуки. − Жарайды, оны өздеріңе байладық. Қақпа ашылды. Мана келіп тұрған тұрпаты пойыздың вагоны сияқты ауыр машина аулаға енді. Бұлди айғырды сыртқа жетелеп шықты. Болғалы тұрған жайды сезе ме, әлде қырғыздарды бөтенсінді ме, қатты елегізіп, демі пырылдап, тұла бойы дір-дір етіп тұр. − Жығып, төрт аяғын буып салмасақ, бұл машинаға мінбейді, − деді Бұлди. − Ұстаңдар ноқта баудан, мен арқан әкелейін. Бұдан әрі тұруға мұның дәті шыдамады. Көзіне толып келе жатқан ыстық жасын сүртпестен ашық қақпаға қарай бет алған. Шығар жерде... "Айғыркісінің" күңіріне кісінеген даусынан құлап қала жаздады. Жалт қарағанда көргені, айғыр бұған қарай ұмтылып, шыр айнала қарғып жүр екен... Түннің қай уағы екенін, көзі ілініп кеткен Есқұл отағасының түсіне Жалғас кіріпті:

Үстінде әппақ кебіні. Қалықтап ұшып келеді. Ұшып келе жатып мұның төбесіне келгенде: "Көке, "Айғыркісі" келген жоқ па? − дейді. − Ол келеді. Мен жаңа ауыл салатын жерін іздеп бара жатырмын. "Айғыркісіні" сонда жетелеп келіңіз..." Оянып кетті. Таң да бозалаңдап қалыпты. Кербие сол "Айғыркісі" қалған зират жаққа баяғысынша елеңдеп қарап, елегізіп, құлағын қайшылаған қалпы. − Кербие-ай, түсіме Жалғас балам кіріпті,− деген бұл күбірлеп. − Қарағым-ай, десеңші. Өкпелеп кетіп еді ғой, маған. Бәріне өкпелеген. Жер-бауырлап жатып алды. Шыңғырып әкешешесін де жуытпады, маңына. Тек кетерінде келді маған. Буынып-түйініп алыпты. "Қош бол, көке! − деді. − Бұл жерде мен үшін еш қызық қалмады. Әкем, мені қалаға алдап жіберіп, қаратөбелімді сатқанда, сіз оны тоқтата алмадыңыз. Сіздер біреуді біреу өлтіріп жатса да, ара-тұрып аман алып қалуға бел шешіп, білек сыбанып кіріспейсіздер. Тек құры сөз. Әрекет жоқ. Өкінішті, көке, өкінішті... Мен кетіп барамын, көке. "Айғыркісімді" іздеймін". Сонда бұл ештеңе айта алмады. Ештеңе... Содан Жалғас қалаға барған. Әлдидің институтта оқып жүрген үлкен баласына. Машинасы бар еді оның. Соны сұрап алып, Таластың ар жағындағы қырғыздар жаққа қарай жұлдыздай аққан ғой. Жұлдыздай ағып бара жатып, автобусқа соқтығысқан... Отағасы кербиеге ер салды. Беліне аяқ артуы мұң, биесі басын сүзіп, ала жөнелді.

Басын әзер іріккен. Әшейінде жаңа шығып келе жатқан күннің жер бетіне тарай бастаған қызыл арайын кешіп ауылға дейін бірнеше рет айнала ойнақ салып алатын құлын енесінің қапталынан шықпай қойды. Әне, зират та көрінген. "Айғыркісі" көрінбейді. Кетіп қалған ба... Таяп келгенде Есқұл отағасының жүрегі қатты-қатты соғып кетті. Қоршаудың темір шарбағы быт-шыт. "Айғыркісінің" басы үйілген жас топырақтың үстінде, денесі сәл бүктетіліп сұлық жатыр. Шарбақтың төрт бұрышындағы жуандау темір бағананың бірі қолқа-жүректің тұсынан ортасына дейін кіріп кетіпті. Айғыр өліп жатыр еді. Есқұл отағасы ер үстінен ауып түсіп, есеңгіреп отырып қалды. Қара жер шыркөбелек айналып әлдеқайда алып қашып бара жатқан сияқты. Алғаш рет дәл қазіргісіндей бір азапты бастан кешті; іштей өзін аяусыз талап жеген; япыр-ау, «Айғыркісіні» қырғыздар алып кеткелі жатқанда бұл неге жүрер жолдарына көлденең түсіп жатып алмады, «ұлыңның үміті мен сеніміне, қанатына неге балта сермейсің?» деп Әлдидің жағасына неге жармасып, неге алқымынан алмады. Баяғыда бұлардың батыр атасы қатты бір ерегісте ауылдастары «сен екі сөзіңнің бірінде жұртым үшін жаным пида, өмірім садақа дей бересің, қане солай етші, шалшы өзіңді құрбандыққа» дегенде өткір сыпасымен ойланбай өзін бауыздап жіберіпті. Бүгін кім сөйте алады. Сөйте алмаса, сөйту

ешкімнің қаперіне кірмесе, осыдан барып әркім өзімен өзі болуға айналып, өзін туған өз жұртын өзекке теуіп өмірем қатыра берсе өмір шіркінде не құн, не абырой қалады. Қалмаса, өзгені былай қойғанда, осы отырған өзі қай кесапатқа қарсы келіп, қабырға сөгіп, қан жұтып еді. Е, жоқ… Бұл да іштен еңірегенімен, анадайдан сырт айналып алыстан кіжінуден өзге не бітірді. Ендеше, өкпелесе өзіне өкпелеуі керек. Өзінен қалуы тиіс көңілі… Кенет құлағына бір зәрлі дауыс келген: Өмірлерің осылай өте берсе, сендер Жалғастан, «Айғыркісіден» ғана емес, тұтас өздеріңнен айырыласыңдар түбі, – дейді. – Жақсы үмітарманның иесі мен киесін сақтай алмаған жұрттың көретіні – ақырзаман!» Отағасы селк еткен. Әзер-әзер ес жиып, көзін ашып еді… О, Құдай… “Айғыркісінің” жансыз денесінен бір мезгілде бірнеше бұлдырықтай-бұлдырықтай бұлт ұшып шығып, көкке көтеріле-көтеріле

күллі аспанды жауып қалды; қара көк қақ айырылғандай қатты күркіреп-күңіреніп, жалғыз рет жарқ еткен найзағайдың жарығы жаһан даланы жайпап өтті де, көктен құйылған нөсерден Есқұл отағасын қоршаған әлем көзін аша алмай қалды… Оның арты… Ертеңгісін елдің есі шыққан. Мамырдың күнінде ауылды аққар басып қалыпты. Беті мұздақ. “Сұмдықай!– дескен жұрт. – Мұндайды көрген қайсың бар? Үсік ұрды биылғымыздың бәрін. Бұ несі?..” Ауыздары аңқиған жұрттың ешқайсысы ештеңені пайымдай алмады.

Айнала қызыл-сарғыш жылбысқы... Даланың беті тұтас соған айналып кеткен сияқты. Үрейі ұшты. Үрейі ұшып өзінің өн бойына қараса... Ол да сол. Қызыл-сарғыш жылбысқы. Саусақтарының ұшын тигізіп көріп еді, үсті-басы өлердей қышып қоя берді. Ал, кеп тырнала. Жанын қоярға жер таппай, осы пәледен сөйтсем құтылам ба деп, үйіне өзінен өзі қашып кірген... *** Жекешелендіру басталғанда Мәндібайдың үлесіне өз қалауымен «Ақтам», оның айна­ ласындағы едәуір жер телімі тиген. Сонда төбесі көкке жетті ғой. Кемпірі екеуі бақ пен бақыт осы, десті. Ешкімге енді ешқашан Жалғызілік

ісіміз түспейді, күніміз қараймайды, жеке игілігіміздегі екі отар қой жаз жайлап, қыс қыстап шығуға еркін жететін жер мынау, «Ақтам» міне, қырық метр тереңдіктен су тартатын моторы, ұзындығы жүз адым бетон науасы бар артезиан құдығы, әне... Бұрыннан бар қараң-құраң уақ-жан, биесі, сиыры... Күні ертең-ақ топырлап, көбейіп шыға келеді. Құдай жарылқамағанда, енді не қалды. Одан бері де біраз жыл өткен... Ешкімге күні түспеген, бұл да ешкімді керек қылмады. Кемпірі, жері, малы, «Ақтамы» көз алдында. Оқта-текте, неге екенін, Оразбек қортық қана түсіне кіріп қоятын. Сонда, «Кеңес өкіметінің жұмысы дегенге қамшыңнан қан тамушы еді» дей ме, «Қайда енді сол, Кеңес өкіметінің жұмысы» дей ме, «Ол құрыдысуалды, сен де қу далада қу басың қурай паналап қалдың, сандалып» дей ме... Әйтеуір, бір қыжыл, бір зәр... Бұл о қортықтың дымын қоймай сыбайын десе, тілі сөйлеуге, ит терісін басына қаптайын десе қолы икемге келмей, қара терге түсіп жатып, оянып кететін. «Осы ит неге кіре береді, түсіме?» деп қайран болады. Ойлайды: қысқада кеткен өші ме?.. Япырай, онысын түсіне кіріп алып жүр ме, сонда. Не пәле... *** Жетпістен асқан жасында шашының осылай қау­лап өсіп, көзіне түсіп, құлағын жауып қалғаны осы жаз. Басы әбден есіркеніп,

дуылдап қышыған құйқасынан қолын ала алмай дал. Әсіресе, түнде тыр-тыр қасып шығады. Бұрындары колхоздың далақосы болған «Ақтамға» қазір әлдебіреудің ат басын бұруы, болса, оқта-текте. Осы күні әркім өзінің жекешелендіріп алған жерінен бір адым қия баспайды. Ауылдың төбесі әне ағараңдап көрініп-ақ тұр. Бірақ, барып, келуге мұрша керек. Жүз қаралы уақ жанын, сиырларын, жылқысын кімге тастайды. Осылар үшін жүрген жоқ па, жапанда жалғыз. Бәрі өзінікі. Солай болады деп түсіне кіріп пе. Колхоз, колхоз, деп өтпеді ме, қайраты бойыңда тұрған қайран жылдар. Ол кезде сонау бір басынан келесі басына атпен жарты күн жүріп жететін асудың бөктерінен төмендегі теміржол станциясына дейінгі аралықта үш бөлімшенің егіні егіліп, шөбі шабылып, малы жайылып жататын. Ми даланың әр жерінен артезиан құдықтары қазылып, біраз егіс суландырылған да. Кеңес өкіметінің көзі жұмылып, бәрі иесіз қалды, артезиан құдықтарын шөп-шалаң, құм-топырақ басты, маторларын, бетон лотоктарын әркім бір талап, тасып әкетті. Бұл зейнетке шыққаннан кейін, өзі талай жылдар бригадир болып істеген далақосы – «Ақтамға» қарауыл болып қалған. Қараң-қараң малы үшін. Ауылда бұл қимайтындай соншалық дәнеңе жоқ та еді. Әкеден жалғыз. Бары – жамағайын. Құдай бала бермеді. Ендігі, мұның бары мен нары, жан медеуі – көбейе-көбейе әжептәуір болып қалған малдары, басы бүтін

өзінікіне айналған жер мен «Ақтам». Керек десеңіз, осы шет-шеті көрінбейтін ми жазық түгел өзінікі сияқтанатын. Себебі, өзгелер жер үлестерін асудың үстінен, соның ар жақ, бер жақ қапталынан алған. Шөбі шүйгін, суы мол. Қу даланы қайтеді. Оны өңдеп, су жеткізіп көкорайға айналдырып, табанынан тозып, алақанын оятын қазақ қайда бар. Керек десең, осы даланы әлдекімдер ойып алып, тік көтеріп әкетіп бара жатса да «Мұның не?» демейді. Шөбі өзі өсетін, суы өзі атқылап жатқан таудағы жеріне ғана тиме. Қазір бұл малдарын даланың қай жағына жайып шығамын, қай жерге дейін ұзатып барамын десе де өзі біледі. Қанша жыл болды, қар қалың түспей жүр. Баяғыда «Ақтамның» іргесінен оңтүстікке қарай астық себілетін егістік жерге бұл күні қарабарақ қаптап кеткен. Дәнді өсімдік. Дәні қыста пісіп тұрады. Уақ малдары соны күрс-күрс күйсеп шығады. Оның үстіне қара суық түсісімен теміржол станциясынан шөп сатып келетіндер бар. Соның екі-үшеуімен о баста келісіп қойған. Бағасына керегін жеткізіп береді. Қыстай қажетті шай-қантты да соларға мол қылып алдырып алады. Амал не, олар көктемнен сол күзгі қарасуыққа дейін мұнда ат ізін салмайды. Оған дейін кемпірі жуас сары биемен ауылдан әкеліп тұратын еді, шай-пұлды. Ара-тұра малды соған қалдырып өзі баратын. Шай-қантқа емес, шашын алдыруға. Енді кемпірі жоқ. Ақпанның ортасында ауырмай-сырқамай,

үш күн жатып көз жұмды. Ауыл жақтан қараң-құраң адам келіп, «Қарақабақтағы» зиратқа апарып жерледі. Сонда ғой, екі-үш күнге малына қарай тұратын адам табылмай қиналды ғой. Жамағайынның үлкендері жағының бірінің белі ауыратын, бірінің көзі жөнді көрмейтін, бірінің тағы бірдеңесі... Жас­ тары болса өзге түгілі, өз шешесін де көмуге қолдары тимейді екен, азанда үдере тұрып, бір тобы арасы екі сағаттық қала жаққа, бірі аудан орталығына, бірі теміржол станциясына дегендей, сауда-саттықпен кетеді екен. Содан амал қане, екі күнге ісек қой, жарты жәшік араққа бір ағайынның жұмыссыз жүретін селтеңбай екі ұлын жалдады ғой. Жасы бәрінен үлкен қариядан «Бұл қалай болғаны?» деп сұрап еді, «Қайдан білейін, – деп кемсеңдеді анау,– бұлар түгілі, бес жасар немеремнен анауымды, мынау­ымды әпере салшы деп жұмсай қалсам, «Әуелі теңге төле!» дейді. Міне, батыр, осы болдық бүгін». Бұлар осылай болған екен, қайтем, мен де бұлардан аулақ жүре берейін деп шешкен бұл. Шүкір, аяғынан жүре алады, тамағын өзі істеп, іше алады, кір-қоңын да жуа алатын халі бар. «Ақтамы», малы бар. Колхоздыкі емес, өзінікі. Өзінікінің қызығын көрсін, демі біткенше. Тек мынау, өскенін қоймайтын шаш... Бұл қатарлы шалдардың шаштары баяғыда-ақ не мүлде түсіп қалды, не әбден сиреді. Мұныкі, кезінде қайратты еді, сәл жұмсарғаны болмаса, әлі қалың. Ұзарған сайын ана жылда-

ры станциядан бақша өсіруге келетін орыс қатындардікіндей ұштары бұйраланып бара ма, не пәле. Иттің басы тағы дуылдады. Қасымасқа амал жоқ. Көзі айналада. Біреу-міреудің қарасы көрінер ме дейді де баяғы. Көрінбейді. Енді жапан даладағы жалғыз «Ақтамға» неге жабысып қалдым осы деп кінәлайды бүгінде, өзін. Үлеске түсетін жер колхозда жететін еді ғой. Жоқ, бұл «Ақтамды» таңдады. Өйткені, егіс бригадирі кезінде оны өзі соқтырған. Ұзақ жылдар талай астық егіліп, оны орып алғанға дейін алты ай жаз өзі қаздырған артезиан құдығының тастай таза суына піскен еттің сорпасы мен қайнаған шайын сораптап, соны айналып, ғұмыр кешті. Содан да сірә, Ақтамжады болды. Болмай ше... Асып бара жатпаса да қарауыңдағы қараң-қараңға жүргізген билік, ара-тұра шолтаңдап қоятын қамшының дәурені өткен жер ғой, бұл. Сол дәуренінде «Ақтамның» айналасындағы қай айтыс-тартыста да кімің де бұдан уәжі, шешендігі өтіп тұрса да, көпе-көрнеу осыған жол беретін, алыса кетсе, қайсысы да жығып тұрып та, осыған жығыла салатын. Төрт бүктелген көрпе осының астына төселіп, жілік осының алдына қойылатын. Қайран да, қайран сол заманы жүріп тұрғанда Оразбек сияқтылар бүгінде ата-бабасы ғұмыр бойы таппаған байлыққа аз жылда-ақ кенеліп, бөктердегі шөбі шүйгін, суы мол жыра-жықпалды, ол аздай кейбір кержалқаулардың үлесін және сатып алып, ма-

лын, егінін адам жалдап бақтырып ісіп-кеуіп отырар деп қаперіне алып па? Со, қортық шаруаға қырсыз, берекесіз, қалтаң-селтеңтұғын. Солай екен деп о кезде, қаңғытып тас­ тай алмайсың; жалқауға жұмыс берілмесін деген заң жоқ. Бірде анаған, бірде мынаған жұмсайсың. Бір шыбықпен айдап Оразбекті сөйтті, бұл. Өзі құрдас, әрі бұлардың руынан қыз алған күйеу. Тілі шешектей. Соған сүйенем деп, кімге де сүйкімі кеткен. Ешкім қасына алғысы келмейді. О кезде бөктердегі арнаның суынан тосып, тоған жасалған болатын. Азын аулақ, бақша мен жоңышқа суару үшін. Су бірде бақшаға, бірде жоңышқаға беріледі. Әрқайсысының өз арнасы бар. Тоғаннан жіберілген су басты арнамен межелі жерге ағып келеді де, екі айрыққа – бірде бақшаға, бірде жоңышқаға қарай жығылады. Алып бара жатқан ауыр жұмыс емес. Суды бір жағына жібергенде бір жағын байлап қой да, отыр, қадағалап. Болған-біткені сол. Соны жетістірмеді ғой, Оразбек ит. Қайсыбірде су басындағы күркеге басын тығып алып, шарт ұйқыда жатқанының үстінен түсті. Бақшаға жіберілуге тиіс су, екі жаққа бірдей ағып жатыр. Жоңышқа жақтың байланған топырағын бұзып кеткен. Ат үстінен ақырды, қортыққа: «Өй, ит, тұр қане!» «Әкіреңдеме». «Суға ие болмайсың ба, албасты!» «Қазір байласаң, қазір бұзып кете береді топырақты, маған нағыл дейсің». «Осы топырақпен-ақ байлап жүрген едік қой, қашаннан бері». «Енді топырақ тозған

шығар, мен пошом» деп Оразбек

қортық қарнын тыр-тыр қасып тұр. Оны­мен қойса жақсы. «Қарындастарыңның ыстанының ба­ уын әкеліп байла демесеңдер» деп ыржыңыржың етеді. Мына бейқамдыққа мұның қаны жаман қайнады. «Қарындасымыздың ыстанының қылдырықтай бауымен су байланбайды, ит», – деп қанжығаны шешіп алды да, қортықтың қол-аяғын буып, жоңышқалыққа кетіп жатқан суды оның өзімен байлап тас­ тап, бақша әбден қанып су ішкенше, тыпыр еткізбей басында отырған. Үш-төрт сағат таудың суық суының өтіне көлденең жату оңай ма, Оразбектің тұла бойы көкпеңбек болып кеткен. «Осыдан өлсем, қарындасыңды өзің қатын қыл» деп тіл тартпады-ау, ит. Өлген жоқ, бірақ аудандағы ауруханада біраз жатып шықты. Өкпесіне суық тиген. Абырой болғанда бұған ешкім заң орнын араластырмады. Колхоз басқармасы қатты ескерту жасады. Қазақы ауылдың қазақылығы жақсы еді ғой, «Күйеусіндім» дегенін есепке алды. О кезде, шынында да жезде, күйеумен ойыны ұшынып тұратын. Әрине, мүлде шектен шықпау керек. Ал, мұның содан шығып кеткен жағдайы болды. Обал-ау, демеді. Қайта қыбы қанды. Қайсыбірде «атқа жеңіл, тайға шақ» Оразбекті алып, төмендегі теміржол станциясынан қат темір жабдықтар іздеп барған. Тележкасы бар доңғалақты жаңа трактормен. Бара жатқанда бұл кабинада, Оразбек тележкада отырды. Қайтарда... іздеп барған жабдықтарын әр

жерден тауып, көңілдері біраз орныққан соң, көздері дүкенге түскен. Оқта-текте болса да бірер жүз грамға екеуі де кет әрі емес еді, әрқайсысы бір-бір шөлмектен алды. Қарамақарсыда асхана тұр. Бірінші, екінші дейтін әуес тамақтарымен бір бөтелкені қақ бөлген екеуі енді тележканың үстіне бірге мінді. Таза ауада отырып, қосқа жеткенше екінші шөлмекті жәукемдемек. Арақ шіркінің кімді де елпілдетіп, лепіртіп жіберетін қасиеті қандай. Мұның бригадирлігі, ананың берекесіздігі жа­ йына қалды. Бұлардың бірі қайын, бірі күйеу, ауылдас, құрдас. Екі арадағы бәле дәл осыдан шықты. Стакан жоқ. Аузынан ұрттап отырып ішкен арақ бойларын жайылған сайын кезек-кезек тілдерін безеді. Тістелеп. Ең бір осал тұстарына тікен болып кірді. Алма-кезек аямай ара болып шақты. Оразбектің шағысына мұның жаны шыдамады. «О, ит күйеу-ай» деп қортықты астына басып алды да, басын тістелей берді, тістелей берді. Таяуда ғана шашы алынған құйқаның қосқа жеткенше сау тамтығын қалдырмаған. Құлқынсәріден тұратын аспаз келіншек пішеншілер жататын ағаш вагонның алдында басы көнектей, бетаузы үрлеген қарындай тұтас домалақ, бойы біртұтам селеуетті көріп: «Ойбай!» деп отыра кеткен. Аяғы ауыр екен, содан түсік тастады. О түгілі Оразбектің онсыз да оңбай біткен басы мен жіпсік көзінің орасан өзгеріске ұшырағанынан мұның өзінің де есі шыққан. Былайғылар не күлерін, не жыларын білмеді.

Тістелген құйқа ұшынған. Оразбек қайтеді, аудандық ауруханаға тағы барып жатты. «Қайын мен күйеудің ойынымен» бұл іс те бітіп еді. Сонда ғой, мұның анаған аяушылық сезімі болсашы. Қайта, ішінен мырс-мырс күлген. Ол иттің басы Алланың емес, менің добым деп те күпінген, өзіне өзі. Сөйткен Оразбек бүгін бұл түгілі ханға сәлем берсе де. Бұған рулас болып келетін орамалы күйелеш, етегі сауыс қара қатын мен берекесіз Оразбектен тіршіліктің апшасы қуырған екі бала қалай шығып жүргеніне таң. Әсіресе, үлкені. Бас зоотехник еді, колхоз бастығының кенеттен жүрегі тоқтап қалып, соның орнын басқан. Бұл өзі әлгі бартер деген апай-топайдың кезі. Итіңнің қолы сол кезде жүріп бермеді ме. Содан жарты жыл өтпей, колхоз шаруа қожалықтарына бөлініп, алқасалқасы шыққанда, бөктердегі кейін салынған жаңа қыстауын, жайлауымен, жотадағы егіс жерінің ең оңтайлыларын, екі отар қойды, бір үйір жылқыны иемденіп алған. Қаншама адамның қаны, терімен қаншама жыл жиыптергенін көзді ашып-жұмғанша сонікі болды да кетті. Ауылдың бірнеше отбасы осы күннің соның малын бағып, егінін өсіріп, шөбін шауып жан бағып қалды. Оразбектің тас жолға шықса астында шетелдік автокөлік, тау, далада тайпалған жорға. Жылқыларының өзі төртбес үйірге жеткен деседі. Кемпірінің жерлеуіне келіп көңіл айтқаны бар. Баяғы Оразбек емес. «Әй, сол да кісі ме!» «Ой, ол да адам ба?!» деп

күшеніп, күпініп сөйлейтін болыпты. Бір тұтам қортық бойы да ұзарған сияқты ма... Жанында шапанын жауып, кебісінің галошын кигізіп, машинаға сүйемелдеп мінгізіп, елпең қағып біреу жүр. Онысы жеке қызметшісі екен. Құдайдың құдіреті деп қойды. Бір кезде осы Оразбектің өзін «Әй, сол да кісі ме!» «Ой, сол да адам ба?!» деуші еді, жұрт. Енді оны жұртқа Оразбек айтатын болды. Аяқ асты дәулет бітті, бақ қонды. Кеңес өкіметі тірі тұрса өсте алар ма еді. Жүретін еді ғой, азын аулық пенсиясымен үй айналып. Кісімісің, итпісің демейтін еді, ешкім, оны. Жо, жоқ, бұл бақ пен дәулетті Оразбектен қызғанбайды. Солай болып кеткеніне таң қалады. Азабы жоқ, шері жоқ, аянбай еткен еңбегі жоқ адамның аяқ асты айының аспанға шығып кеткені біртүрлі. Әділеттікке келмейтін сияқты. Осы малды телім-телім тірлікпен тебінгісі тесіліп бәленбай жыл өсірген, егістік жерді бәленбай жыл жыртып, егін салған, орған, қызыл қырманға құйған, күллі ғұмыры сөйтіп өткен, сонысына шүкір, тәубе еткен, соңғы сөзін ойдың шөбін, таудың арпа-бидайын ұрламаңдар, деп алып көз жұмған аруақтардан ұят-ау, қорладық-ау деп те налиды. Өзі де иеленіп отыр ғой біраз нәрсені. Иеленсе, тері жерге, еңбегі елге сіңді емес пе. Оразбекке ұқсап әр жусанның басын бір шалған жоқ. О секілді жеңілдің асты, ауырдың үстін іздемеді. Оның баласы секілді аз күндік билігін пайдаланып колхоздың ма-

лын, қыстаулары мен жайлауын, ұлан-ғайыр егістік жерін талайлардың аузынан жырып әкетпеді. Ал жырып әкетіпті, ал аузынан ақ май ағыпты, одан соның отымен кіріп, күлімен шығып жүрген кезінде қазіргі бар байлықты жасағандардың үрім-бұтағы қай жақсылықты көріп отыр. Қарауына барғандарды малайынша жұмсап, бір шыбықпен айдап отырғанын естіген талай. Солар бөтен емес, шетінен алысжақын ағайын. «Жапан далада шашымды алдырар адам таппай жалғыз жапа шегіп жүргенде, өзімнен өзім көсемсіп, осым не» деп өзін жерлеп те қоятын кездері көп. Ойдан өзге ештеңесі жоқ болғандықтан қаперіне не келіп, не кетпейді, бірақ. Өзіңе кір жуытпайсың ғой, сонда. Адам мына жалғанда бар кесір-кесапаттан өзін-өзі ақтап алу үшін өмір сүре ме, немене. Құдайды қайтеді. Соңғы кездері осыны жиі алатын болды қаперіне. Өзінің де обалсауап­ты есінен тарс шығарып алған кездерін ойлайды. Содан қорқады. Белсенді болып жүргенде Кеңес өкіметінің бар шаруасы осы айтпаса бітпейтіндей талайға тілі де тиді, қамшысының ұшы да, сөйтті. Оразбекпен су байлады, Оразбектің басының құйқасын дым қалдырмай тістелеп, күпшелек қылып жіберіп... Ой, құдай-ай. Басы тағы дуылдап қоя берді. Қасымайын десе өлтіріп барады, қасыса одан әрі өршіп, қышып, қолын ала алмай қалады. Бөртпелері сулана бастағанына біраз. Қасыған кезде

тырнақтарының ұшына қызғылт жылбысқы жабысып шығады. Бара-бара басы мына қалпымен түкке жарамай қалса қайтеді. Өз ойынан өзі шошиды. Япыр-ай, бүгін де Құдай біреуді айдап келмей ме... Сөйтер деп малын бөктерге қарай өргізіп шығып жүргеніне біраз күн. Бөктерде теміржолға қарай өтетін ескі жол бар. Сонымен әлдекім жүріп қала ма деген далбасасы. Азанда өріп шыққан малдың қарны теңкиіп, марғау жайыла бастады. Күн шақырайып тас төбеге қарай келе жатыр. Түс әлетінде «Ақтамға» түрткілеп апарып, артезиан құдықтың бетон науаға толған тас­ тай суының басына үйездетіп тастайды да, салқын түскенше, өзі де дамылдайды. Соған жеткенше бір азап. Күн күйдіріп бара жатқан бас жіпсиді. Содан дуылдап береді дейсің. Тырлатып қасымасқа амал жоқ. Тырнақ тиген бөртпелер удай ашиды. Кенет көзі бөктер жақтан қарайғанға түскені. Көзін көлегейлеп ұзақ үңілді. Салт атты. Тура осылай салып келеді. Бұ, қайсысы екен? Е, Құдай, танитын біреу болғай, шаш ала алатын. «Ақтамға» ертіп барып қырғызып алса, бастағы пәлені. Мына, түрін көріп аяр, жағдайы түсінер. Салт атты таяп келді де, атының басын мінер жағына кілт бұрып: – Кімсің, әй? – дегені дауыстап. Мынау... Ия, сол... Оразбек. Құрдас, күйеу...

– Кімсіңің не... Мәндібаймын ғой, – деді боздап жібере жаздап. – Мәндібай... Қай Мәндібай? – Бірдеңе ұрып кеткен бе. Кәдімгі Мәндібаймын. – Онда атым неге үркіп тұр? – Өйдеп неқылмай, келсеңші бермен, – деп тіпті, жалынғандай болды. – Мәндібай болсаң жақсы, ол болмасаң, қайтем. – Өзімін-ей! – Онда басың не пәле? – Өсіп кетті ғой, мына шаш. – Неге өсіресің? Заманыңда қылышыңнан қан сорғалаған қып-қызыл комөнес, ұрып кет­кен белсенді едің, енді стеләк болайын дедің бе? Оразбек атын тебініп келіп ер үстінен қол созды. Сөйтіп тұрып: – Әпіриканың әбригөнісің құдды... – деп және бір пәлені айтты. – Телебизерден көріп жүрміз. – Түссеңші. – Ойбай, оған уақыт жоқ, жылқы іздеп жүрмін. Бір үйір. Үш күн болды, бөлініп кетіпті. Әлде біреу қуып кетті ме. Ондай көзіңе түскен жоқ па? – Байқамадым. – Осы күні кісі қалды ма. Жылқы бақтырғандары­мыз шетінен алами, албас­ ты басып бір үйірден көз жазып қалған. Асудың күнгей-теріскейін түгел тінтідік. Мына шойынжолдың арғы бетінде бір көнәкрәт бар

дейді, соған өзім кетіп барамын, жөн сұрайын деп, – Оразбек ер үстінде шіренді. – Әй, андағы шашың жаман ғой... Қатын бастанып? – Алдыратын адам табылмай қор болдым ғой, Оразбек. Малды тастап шыға алмаймын, алажаздай «Ақтамға» ешкім келмей-ақ қойды. Жүрсеңші. Түс те болып қалды. Шай іш. – Шай деп жүрер жайым жоқ, дәл қазір. – Өйтпесеңші... Қалімді көріп тұрсың. Шашымды алып бер. Жаман есіркеніп кетті, басым. – Шойын жолға дейін біраз жер. Одан ана Құлжабасы-Қушоқыны асуым керек. Одан әрі Қара­ойдан өтіп, Тымпайыдағы көнәкрәтқа жеткенше... Әй, уақытым болмай тұр ғой, сол. – Қарадай өлтіремісің. – Қайнааға-ау, менің кінәм не. Мәндібайдың бұған айтар уәжі болмай дағдарды. – Қайтсек екен? – деп міңгірлейді. – О жағын енді... Қой, мен жүре берейін, – деп Оразбек ат басын бұруға ыңғайланды. Мәндібайдың жаны шиқылдап шығып кете жаздады. – Әй, оның не? – деп ышқынып қалды. – Қоя тұрсай. – Айналайын, жол ұзақ. – «Ақтамға...» Ана тұр ғой, – мұның даусы бордай тозды. – Хош, – деп қойды Оразбек. – Өйтуге уақытым жоғын айттым. Ал тап осы жерде-

ақ қырып берер едім, бірақ басыңды қалай жібітеміз? – Сосын ғой «Ақтамға» жүр деп тұрғаным. – Оған уақытым жоқ демедім бе жаңа. Әйтпесе, ұстарам да міне, қалтамда, – деп Оразбек онысын орап салған орамалын жазып, қолын алып жүзін ашты. – Өткір-ақ. – Көріп тұрып... – Баяғыда өзімізді көріп тұрып өлтірмесе де, өлімші қылғандар бар. – Өтті, кетті емес пе, ол, Оразбек? – Сен үшін солай, ә. Мені қайтесің? – Енді... – бұл мыңқылдап қалды. – Қазір-ақ сыпырып берер едім, – деп Оразбек дау­сын жұмсартып, жаны ашығандық танытты. – Немен жібітеміз. Өзі биттеп кеткен жоқ па, бәле болғанда? – Ит-ай, – деп Мәндібай жылап жібере жаздады. – Биттеп деп... Өйтіп не көрініпті сонша... – Шаш андағыдай боп өскенде битің балтай-шалтайға қарамайды, білсем, – Оразбек мұның былай шешіп тастаған желең бешпетіне қамшысының сабын кезді. – Ананың астындағы не? – Е, ол сусын. – Айран ба, ашымал ма? – Айранның сары суы, – деп Мәндібай желең бешпетті былай ысырып тастап, қарынды көтерді. – Әй, андағың толы ғой. – Мана сәл жұтқам.

– Сонымен жібітпейміз бе, басыңды. – Қайдам. – Несі қайдам? Айранның сары суы сұпсұйық емес пе. – Сабын да жоқ. – Сол әлгі қызыл үкіметтің заманында ғой, «Ақтамдағы» дала қосында өзің құдай, бізді бір шыбықпен айдап жүргеніңде ауылға барып, шашымызды алып келуге сұрансақ, оны мынау алады деп Ақатай ақсақты желкемізге мінбелетіп қоюшы едің. Ақатай иттің сонда қолдан жасаған ұстарасы жасық па, әлде ақсақтығының өшін бізден алғысы келе ме, жалғыз рет сабындатып, ары қарай кеуіп қалғаны түгілі, өртеніп кеткеніне де қарамай тыр-тыр қырып, жерге тұтас бойы­ мызбен кіргізіп жібере жаздайтын. Соны көріп тұрып, қыңқ етпеуші едің. Қыңқ еткенің не... «Ата-бабаларың керек болса шашын қойдың қабырғасымен алдырған. Ал сендер... Өй, өңшең жасық, жәутік, боскөтен» деп жержебірімізге жетіп, діңкелейтінің, дәл осы жерде есіме түсіп тұр, қазір. – Ит-ай... – Мәндібай бүкшектеп, күмілжіп қалды. – Қой тас тергендей қоямызды қаза беремісің, өстіп. – Жақсы, онда, – деп Оразбек кетуге ыңғай танытты.

Соған қарап тұрғандай мұның басы өртеніп қоя берді. Екі қолымен бірдей бас салған. Осып-осып жіберді. Одан әрі дуылдап, жаны көзіне көрінді. Амалсыз:

– Әй, тоқта, сәл, – деп қалды. – Айт. – Көрсек көрейік сары сумен, қайтем... Одан арғысы: Қарындағы сарысумен жібіткенде Мәндібайдың шашы ұйпа-тұйпа болып, біртүрлі былжырап қалды. Оразбек ұстараны тас төбеден салған мезетте-ақ бұл мықшиып қалған. Сабындалмаған, әрі шаштың түбіне сарысу жақсы жетпеген соң, ұстара қанша өткір болса да, басының терісі сыпырылып жатқандай жаны көзіне көріне бастаған. Бүктетіліп, екі қолымен жер тіреп, мүлде тұқшиып кетті. Анау болса көк желкесіне қарай мінбелеп алған. Бір кезде шыдам таусылды, төзім түгесілді. Құр сарысумен апылғұпыл жібітілген шаш шыжыған күн астында тез-ақ кеуіп кеткен еді. – Қоя тұршы, – деді ыңырсып. – Сөйтпеске өзі де болмай қалды. Түк қалмай кеуіп кетті шашың. Ұстарам сәпсім жүрер емес. – Қаншасы бар әлі? – Арт жағың тұтас. Әлгі кім бар ғой. Кім ше, – Оразбек лекіте күлді. – Әлгі Ленин. Құдды соның басына келіңкіреп қалды, мынауың. – Ой, Лениніңді сі... – Мәндібай күйіп кетті. – Енді не істейміз деп тұрса... – Не істеуші едік. Шыдасаң қыра берем, болғанынша. Өйтпейді екенсің... Баратын жерімді естідің, ит өлген жер. – Сонда өстіп, алабас қылып тастап кете беремісің.

– Жылқым көздеп бара жатқан жерден табылса, осы арадан айдап өтем ғой. Су, сабын ала келесің. – Ол жақтан табылмаса ше? – Онда енді... – деп барып Оразбек атына мінді. – Тағы бірде жол түсер... – Ой, әкеңнің аузы... – бұл аттылыға қарай тұра ұмтылмақ еді, әлі құрып, бойына ие бола алмай, етбетінен түсті. Маңдайын жерге ұрды ма, жоқ әлде қорлық, азап, долылық бір мезгілде жан-дүниесін түтіп бәрінен түңіліп кетті ме, есі ауып қалған. Көзін ашқанда Оразбек ұзап кетіпті. Қарасы ғана бұлдыр-бұлдыр көрінеді. Басының шашы алынған маңдай жағы удай ашып тұрған соң қолын апарса, алақаны жабысып қала жаздады. Алып қарады. Реңі қызғылт-сарғыш жылбысқы... Көптен бері, тіпті бәленбай жыл жолдас болған кемпірі өлгенде әйтеуір, кірпігі боларболмас шыланғаны болмаса, жас шықпаған шүңірек көзінен баданадай-баданадай ыстық тамшылар бетін жуып кетті. Ол дәл мұндай қорлауды ешуақытта көрмеген еді. Оразбек қортықтың қорлағанынан бұрын сол қорлыққа қарсы дәнеңе де жасай алмайтынына жер болды. Күллі дүниені, алдында жайылып жатқан малы, алыста ағараңдаған «Ақтамды», өзін қоса өлердей жек көрді. Жапанда жападан жалғыз жүрісінен тапқаны осы бопты. Жекеменшігім, жерім, малым, «Ақтамым» бар депті. Басым еркін, ешкімге тәуелді емеспін депті. Өзгемен ісі болмайды депті. Өзгелердің де мұнымен ісі жоқ депті.

Жеке игілігінде жер де, мал да, еркіндігі де болыпты. Ал соның барлығы болғанда бақыт та, бақ та неге жоқ? Жауап таба алмай, діңкеледі. Өйткені, өзгемен ісі жоқтық мұның да жан-дүниесін кеу­ леп алған ғой. Жетілген, жеткен осы екен деп сандалды. Біткен азды-көпті жеке дәулеттен көзін шел басты. Енді келіп кеудесін тырмалап, өз жанын өзі жеп, өлердей опынып ойлап отырса, бұлар түк көрмеген тексіз құл-құтан екен ғой. Көр екен. Сондықтан екен өзінен өзі ұзай алмай, бірін-бірі тірідей жоғалтып жүргені. Болмаса, «Әй, әлгі Мәндібай да осы өзіміздің Құрымбай әулетінен ғой, құдай бейшараға бала бермеді, кемпірі өлді, жапан далада жалғыз жүргені анау, өлі-тірісін білмейміз бе?» деп ат ізін бір салмай ма бірі. «Көзі бір күні жұмыла кетсе, арам өлгені.

Ісіп-кеуіп, иістеніп, ит-құсқа жем болмаса, қанекей!» демес пе еді. Оразбектің қорлығы бар, өзінің қу дүниеге алданып жапанда жалғыз қалғаны бар, сол үшін өз жанын алғаш рет өзі өлердей талап жегені бар, сұрапыл азап алпыс екі тамырын тарқатып, тартқылап, іші-бауырын үңгірлеп өлі мен тірінің арасында «Ақтамға» қарай бет алған мал соңынан әзер ілбіп келеді. Әңірейіп аспанға қарап еді, шақырайған күн лаулап жанып тұр екен. Дәл тас төбесіне құлап түсетіндей, есі шығып екі қолымен басын баса қойып еді, алақанына манағы жылбысқыға тағы жабысты. «Ақтамына» ілбіп жетіп, үйіндегі төрт бұрыш айнаға қарағанда өзіне үңіліп тұрған сұмдық бір ұсқынды көрді; шашының алғы жағы ала-құла алынып, оның бөртпелерінен шыққан жылбысқыға жабысқан қиқымдар мен желке жағы сол сабалақ-сабалақ, екі самайы айғыз-айғыз басын көріп «Өй!» деп шегініп кетті. Қолындағы ескі айна қолынан түсіп, жер еденде быт-шыт болып жатты. Мына сұмдық ұсқынмен енді жарық дүниеге қалай көрінеді. Бұл ненің, кімнің қорлық, мазағы. Жалғыздығынан ба, Оразбек иттің бе?.. Ағайынның екі селтеңбайын малын қарай тұруға, тағы бір ісек, жарты жәшік араққа жалдап кемпірінің асын өткізген соң, мұны оңашалап алып, Құрымбай әулетінің үлкен шалы не деп еді. Жапанда жалғыз қалма деді. Жұрт арасында, от басымда отырған

мына менің өзіме қарайтын адам жоқ деді. Әр қайсысы әр жаққа теңге табуға азанда кетіп, ел орынға отырғанда бір-ақ келеді деді. Маған қалің қалай деп жатқан ешқайсы жоқ, көздері ұйқыға кеткенше улап-шулап айтатындары мал табудың әңгімесі деді. Немерелерімді айтқам, бірдеңеге жұмсасам әуелі теңге бер дейді. Бірақ, әйтеуір, ел іші ғой деді. Сенің жасыңда күннен күнге ыңқылсыңқыл да көбейе береді. Жазатайым... Енді құдай әрине, оның бетін ары қылсын, десе де ет пен сүйектен жаралғансың... деді. Жерім, малым, «Ақтамым» дейсің, төрт түлік малы осыдан былай қараған күңгей-теріскейін түгел алып жатқан Олжабай, Бектембай бабаларымыз немене соларын өздерімен алып кеткен жоқ, қалды, екеуінің де ұл балалары болмап еді, жайлауы, қыстауы қолдан қолға өтті, төрт түлігі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті деді. Есің барда еліңді тап, көшіп кел ауылға, малыңның артығын сат деді. «Ақтамды», он бес гектар жерімді қайтем?» «Оларыңды да сат, сөйт». «Онда нем қалады?» «Өзің қаласың. Өзіңе керегі әуелі – өзің». Үлкен шалдың сөзіне ылимады ғой, бұл. «Егер, – деген сонда анау, – жапанда жалғыз қала берсең, ажалың қорлық пен мазақ болады». «Жәкеу, кімнен?» «Өзіңнен...» Дәнеңе түсінбеген. Адам өзін-өзі қорлап, өзін-өзі қалай мазақтайды деген. Енді соған... Қос қолымен бас салып, өзін буындырғысы келгені. Заматта ол ойынан иманы тас төбесіне

шығып, шошып та кетті. «Қой, әй. Қой, әй!» деп күбірлеп сыртқа қашып шықпақ болды. О, құдай. Өзінен өзі, қашпақ. Тұлабойы тұтас түсініксіз күйге енді. От боп өртеніп жатқаны, әлде мұз болып қатып жатқаны белгісіз. Көз алды бұлдырықтаған сағым дала. Соған қарай ұмтылды. Сұмдықты қара: Айналасы әлі сол әлгі қызыл-сары жылбысқы. Соған шырт-шырт түкірген Оразбектің сұлбасы қараңдайды. Мұның малдарын айдап, «Ақтамы», он бес гектар жерін сүйретіп алып бара жатқан сияқтанды. Соның соңынан жүгіріп бара жатқан өзін де көрді: «Әй, мені тастап кетпе» деп өзіне қарай өзі жанұшыра ұмтылып еді, үлгермеді. Еңкілдеп жылап етбетінен түсті. Тұла бойы түгел қызыл-сары жылбысқыға жабысып қалғандай, енді еңсесін көтере алмай, есі ауып кетті.

Көкөзен тұп-тұнық, мөлдіреп ағып жататын. *** Соны жағалай отырған «Азғантай» ауылының қырық-елу түтінінен өріп шығатын аталас Тойбек пен Шойбек балалары қанша күннен бері елең-елең. Оқта-текте өзеннің ар жағындағы еркектер бер жағындағыларының, бұлар аналардың қайсыбір қалжыңына, ия болмаса сәлемінің немкеттілігіне бола теріс қарап түкіріп, әйелдер жағы қоқыстарын өздері жақтан қарсы жағалауға қарай құлаштап лақтырып қоятындарын айтпағанда, жалпы, тыныш жұрт. Енді келіп қай жағы да бірбіріне сырттай баяғы қалып көрсеткендерімен, Өзеннің арғы жағы, бергі жағы

іштей алқын-жұлқын, алай-түлей жағдайда еді. Бұған себеп – «Азғантай» ауылында әне-міне өтеді деген би сайлауы. Ол өзі Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын исі Жұрымбай әулетінен тарайтын ұрпақтардың Алматыда осы биыл құрылған Бас штабынан жеткен хабар. Осы хабардан өріп шыққан сауал: Егер солай болған жағдайда ауыл биіне кім сайланады? Тойбек жағының адамы ма, Шойбек жағының адамы ма? «Азғантай» – кеңес кезінде колхоз бөлімшесі болған, о бастан алақандай елді мекен. Тұрғындары қайсыбір заманда ғұмыр кешкен Жұрымбай жарықтықтан тарайтын көп бұтақтың бірінен өрбіген Тойбек пен Шойбектің ия төртінші, ия бесінші ұрпақтары. Түтін саны қазіргісінен көбейген емес. Бұрындары бала-бақыр қалай ер жетті, солай оқу, ар жағы қызмет қуалап кетсе, оған тәуелсіздіктен бері қараған жерде күнкөрістің қилы-қилы жолымен аудан, облыс орталықтары, үлкен қалаларға ағылу қосылып, тек орта жастағылар мен кәрі-құртаңдар ғана тұрып жатыр еді. Түбі бір, аталас дегенменен қашаннан әркімнің көңілі өзіне патша. Сөйтсе де, бақ шіркіннің е солай екен, оны да, мұны да есіркейін демейді, әйтеуір әуелде қонғанын айналып жүріп алатыны бар. Қайсыбір кезденақ Тойбек балаларының түкірігі жерге түспей келеді. Өйткені, дәулет Тойбекке біткен. Содан да аузы қисық болса да, байдың баласы

сөйлеген. Шойбек зіді момын, шаруаға епсіз, қара су, қатқан наннан ұзап шыға алмаған жарлы болыпты. Одан тарағандарының тілі Кеңес үкіметі кезінде шығыңқыраған екен, әйтсе де кешігіп қалған соң ба, әуелде әңкілдеп-ақ басталып, артынан

мыңқылдап қалатын болған. Бөлімше басқарған да, қойма, дүкен ұстаған да, мектептің директоры да, молда да бірыңғай Тойбек балаларынан болып келеді. Тәуелсіздік жылдары да дәнеңе өзгерген жоқ. Енді мына әне-мінелеген би сайлауы... Осы жолы есе жіберсе, Шойбек балалары оны енді қашан қайтарады, жалпы қайтара ала ма, оны бір Құдайдан басқа ешкім білмейді. Екі жақ өліспей-беріспеуге іштей дайын­ дық жасап, қайсысы кімін биге итеретінін алдын-ала белгілеп, «әп, бәрекелде» деп жүргенде, Алматыдағы Жұрымбай әулетінің Бас штабынан өкіл де келіп қалған. Бетінде қырып алар еті жоқ, тайқы маңдай, қаймақтай қатын ерін, сөзі жып-жылтыр қара екен, салған жерден ата тек, намыс деп заулап еді, Жұрымбай әулетінің бүгінгі жер басып жүргендері түгілі, өлі әруақтары күңіренгендей әсер болды. Жұрт дәл бір салт атпен шау­ып келе жатқандай қопаңдасып, келесі сәтте по­йызда отырғандай тербеліп, одан кейін теректей ырғалып еріктерінен айрылып қалды. Өкіл жігіттің тоқсан сөзі­нің тобықтай түйіні: – Жұрымбай әулеті ендігі жерде ел болуымыз керек!

– Сонда қалай, бұған дейін ел емес пе едік?– деп қалды біреу. – Қазақстан не сонда? – Көке-ау, Қазақстан дегенде... – жылтыр қараның даусы құйтырқыланып шықты. – Әңгіме өзіміздің тек Жұрымбай әулеті жайлы болып отыр ғой, бұл жерде. – Біз шырағым, осымыз зәкүнге сия ма дейміз де. – Ақсақал, біз Қазақстаннан бөлініп бір жаққа көшіп кеткелі отырған жоқпыз. Өзіңнің тегіңді білме, ағайыныңды іздеме демейді, бүгінгі заң. Егер, Жұрымбай әулеті өсіп, өркендесін десек, би арқылы санымыз қанша, кіміміз қайда тұрады, қанша ұл-қызымыз қандай оқуға түсуі керек, қаншамыз әкімдікке, депутаттыққа лайық екенін біліп отырмай, соларды жетелеп, жебемей, қолдамай, қорғамай қалай мұратқа жетеміз? Кімнен қалай озамыз, өзіміздің ең мықты атадан екенімізді қайтіп дәлелдейміз? Қане, қай қазақ өз әулетіне өстіп қарамай отыр. Қазақстан – ол общий. Ал қазақ, көке, ата-ата. Өмір сол, о бастан ата-атаның бәсекесі. – Бөлінгенді бөрі жепті айтып отырмын да. – Мәселе, мына бәсеке заманында ешкімге жем болмас үшін не істесең, соны істе, ең әуелі осы отырған өзіміздің, Жұрымбай әулетінің бес саусақтың бірлігіне жетуіміз керек. Жұрымбай әулетінің бір ауылда жүрген баласының шекесіне тас тисе, келесі ауылда жүрген баласы ойланбай жетсін. Соны

үйлестіріп отыратын би болады, – деп жылтыр қара әңгімені өз ыңғайынан шығармай қойды. – Демократияға сүйеніп жасап отырмыз, мұны. Не керек, «Азғантай» ауылына би сайлауға мәміле жасалды. Ананың құйрығы қызғылт қиық көздері тіпті жарқырап кетті: «Жұрымбай әулетіндегі немере бауырлардан тараған ұрпақсыздар. Сенікі, менікі дейтін емессіңдер. Ақылға салып, Бидің кандидатурасын дұрыс таңдаңыздар. Балама негізде десеңіздер де, мейлілеріңіз. Әйтсе де осы балама дегеннің но-сы көбін өздеріңіз білсеңіздер, қып-қызыл керіске айналып кетеді кей кезде. Бұл жағын мықтап ескеріңіздер. Түбі бір туыстықты қаперден шығарып алмаңыздар. Ауыз бірлік және ауыз бірлік», – деп өкіл өлердей көсемсіді. Оны аттандырып салған соң, бірі өзеннің ар жағына өтіп, бірі бер жағында қалған Тойбек пен Шойбектің бірі көсем, бірі шешен ақсақал, көксақалдары түн жамылып кеңес құруға кірісіп те кеткен еді. Бір-бірінен жасырын, әрине. Маңайларына қатын-баланы да жуытпады. Екі жағы би сайлау мәселесінде өліспей, беріспейтін сыңайға көшті. Сөйтерлерін екі жағы да біліп отырды. Мұндай жағдайда би сайлауы таласпен, яғни балама негізде өтетіні белгілі болып қалды. Сонда нендей қарекет керек? Әркім тек өз кандидатурасын сөз жоқ өткізудің қандай амалы бар? Екі жақтың да биге ұсынатын серкелері

белгілі еді. Тойбек балалары, әрине, Өбектегенді ұсынады. Қай кезде де билік айналайынның құйысқанына тіпті, қисынсыз жерде де қыстырылып жүретіні бар, сол пысықтығынан шығар, кеңес кезінде осы бөлімшені басқарды, қазір шаруа қожалығының басшысы, жоғары жақтың қилы-қилы жиынына бір барса, сол барады, түрлі-түрлі қорларға үнемі сол мүше. Тұрған бойы әмбебап, әлей. Хош! Сонда... Тойбектің Өбектегеніне енді не істейміз деген сауал үлкен бөлмеде кимелеп отырған Шойбек балаларының көзінде бір мезгілде жамырап қоя берген. «Не істегенде... – деп төрде көлденең жатқан көккөз шал көкірегін жапқан көксақалын саумалдап еңсесін көтерді. – Басы-көз демей бақ еткізер бәлесін іздемей болмайтын сыңай бар». «Қандай бәле? – Отырғандар бұған үрке қарады. Өйткеніміз, қалай?» Көксақалы көкірегін жапқан көккөз шал текеметтің жиегін көтеріп шырт түкірді. «Осыларың шын ба?» – деді сосын айнала тінте қарап. «Неміз?» «Дәнеңе білмейтіндей болып отырғандарың». «Өстисіз енді». «Өстігенде, бәрін біліп отырсыңдар ғой, нені меңзеп тұрғанымды. Олай екен, әңгіме Өбектегенді сүріндірер пәктіні табуда. Қане, осыған не дейсіңдер?» «Не дегенде, ол сүріне қойса». «Пәктіге сүрінбек түгілі, ұзынынан түседі». «Оу, сонда пәктісін қай қиырынан табамыз?» Көксақалы көкірегін жапқан көккөз шал отырғандарға жеке-жеке ежірейді. «Әлгі... Анау... Ия, сол ше... – деп айтарын дәлдеп

айтпай, қарадай бұлғалаңдатты. – Ұмыта қоймаған шығарсыңдар-ау». Оның қайда жетпей отырғанын аңғара қойған жұрт: «Ой, оны ұмытып... Сол бар екен ғой, а» десіп, өшкендері жанғандай бір-біріне қарай өңмеңдеп кетті. «Япыр-ау, сұмдық әңгіме осың. Оны төгілдіре айтқан жерде бар ғой, жалғыз Өбектеген емес, Тойбек атамның балалары, сүрінгенді қояқ қой, жаппай омақасады. Әуелі өзі не болып, не қойғанын тағы бір еске түсіріп, түгелдеп алайықшы...» – десті дәл бір ежелгі дұшпандары енді-енді естеріне түскендей. Бұлар еске алып, бас-аяғын түгендеп алайық деп отырған әңгімені таратып айтқанда былай: Өбектегеннің немере ағасы болып келетін «Азғантай» ауылының молдасы Әбутәліп молданың інісі Әден автокөлік апатынан опат болғанда артында жалғыз қыз қалмай ма. Туғаннан қақатұяқтау тесік моншақ орта мектепті бітірген соң, сонау тау бөктеріндегі теміржол бекетіне диспетчерлікке тұрып алады ғой. Әп, бәрекелде дес­кен, туғантуыс. Әп, бәрекелде абыройға жолдас бола бермейді екен, тау бөктерін жағалай өтетін теміржол разъезінің тұрғындары негізінен орыстар еді, солардың әскерден келген бір баласымен әлгі қыз өлген де, өшкен. Анау алам, мынау тием деген. Мұны естігенде қыздың шешесі әлсін-әлсін талып, біразға дейін барыпкеліп жатыпты. Ботадай боздап қайынағасы Әбутәліп молдаға барады. «Астапыралла» деп молда отырады сілейіп. – Ойбай-ау, сонда елге

не бетімізді айтамыз?» «Қайнаға-ау, кімнің қарғысы, мынау?». «Қайтпек керек енді» деп молда мүлде дағдарады. Бар тауып айтқаны: «Асылып өлемін демедің бе?» Әйелдің жауабы: «Дедім». «Діні басқа, шошқа жейді демедің бе?» «Дедім». «Ол не деді?» «Мен де жеймін» деді. «Құдайдан қорық демедің бе?» «Дедім». «Ол не деді?» «Оны да құдай жаратқан дейді». «Өзеннің ар жағына қай бетімізбен қараймыз демедің бе?» «Дедім». «Ол не деді?» «Өзеннің ар жағындағылар маған бай болмайды деді». «Олай болса сен де бір шіріген жұмыртқасың демедің бе?» «Дедім», «Ол не деді?» «Бедірейіп отырып алды». Молдаекең жаны қысылғандағы немесе дәнеңе тү­сінбегендегі әдетімен қалың сақалының астынан қолын тығып, кеңірдегін

қасыған. Кешкісін ең жақындары­ның басын қосты. «Орысы несі?» – деп отырғандар орындарынан ұшып кете жаздады. – Ой­ мауыт болса да бір жөн». Ары тартқылап, бері тартқылаған мәжілістің ақыр соңында жасалған мәміле: «Қыз бетінен қайтпайды екен, қайтеміз, қалатыны, орыс күйеуге мұсылман дінін қабылдату». «Сөйтсе, реті келіп қалар еді» десіп жасаған кесімдерінің жүзеге аса қоятындығына толық сенбей сенделіп тарасып еді, бекер обалы қане, орыс күйеу: «Ради нее на все пойду» депті. Осы кезде халықтар достығы деген саяси ахуал басталып, бірден қатты қарқын алып еді, мына, яғни қазақ қызының орысқа байға тиіп жатқаны туралы оқиғаға аудан жаман қуанған жай болды. Күйеу мен қалыңдықтың фотосуреттері жергілікті газеттің бірінші бетіне басылды. Неке қиылған күні халықтар достығының бірден-бір жарқын көрінісі – орыс күйеу мен қазақ қалыңдықтың құрметіне орталықтан жаңа пәтердің кілті тегін берілетінін хабарлады. Бұған өзгелер түгілі Әбутәліп бастаған Тойбек балаларының өздері жағаларын ұстаған. Сондағылары: қазақ қызының өз жері, өз елінде қазақ таппағандай орысқа қатындыққа бара жатқанына қазақтың өлген әкесі тірілгендей қуанғаны не сұмдық, десіп қой. Бұған пысқырмаған Өбектеген ғана. Тіпті ол молда ағасына дем беріп қойды. «Көкеау, қазір қатынды бағып-қаға алатын қазақ

ілуде-біреуге айналып, қыздарымыз салт бас­ ты, сабау қамшылы күй кешіп жатқанда орыс болсын, оймауыт болсын, қызымыздың үй болғалы тұрғанына шүкір делік. Үкімет тегін пәтерін былай бергелі жатыр. Тойды да халықтар достығы жасамақ... Орыс күйеуіміз ғой, мұсылман дінін қабылдайтын болды. Бірақ, осының барлығымен іс біте қоймайды». Молдекең қалың сақалының астынан қолын тығып, кеңірдегін қасыды. «Бұ қай сөзің?» деді сосын иегі селкілдеп. «Сүндет деген бар емес пе, көке-ау». «Япырым, алла, – молданың төбесі шошақ басы әуеге қарай сопаң етіп қалды. – Бала емес, шаға емес...» «Қалай болғанда да, онсыз қалай?» «Сонда қайтіп?..» «Кәдімгідей ұшынан...» «Әй, әй! – деп молдекеңнің басы кегжеңдеп, кеудесі шалқалап кетті. «Сомадай немені... Тамыры жуан... Масқара ғой» «Анық масқара, сүндеттелмесе, көке...» Жалпы, Әбутәліп молда соңғы бірер жылда белсене бала пішіп жүр еді. Осы айналадағы ауылдардың балаларының біраз шөнтегін дін мұсылмандікі қылып жүрген осы. Содан да күзге қарай ұстарасын қайрайды да отырады. Ауыл, ауылға көкесін оның өзі автокөлік жүргізе алмағандықтан, Өбектегеннің өзі апарады. Өткен күзде молдакеңнің қорасына бала пішуден он жеті қой кірген. Үш-төртеуі Өбектегеннің үлесіне тиген. Оның үстіне бала пішкенді өзі де үйреніп алмақ ойда еді. Ертең молда көкесі қисая кетсе, ия... Сол ғой, ойы. Қазір, қазақ айналайын бәрін қоямыз да жап-

пай мұсылман боламыз десіп «жан алып, жан беріп» жатқан кезде бала піштірудің келешегі зор, сірә. Ары отырып, бері отырып, олай теңселіп, бұлай теңселудің соңында: «Амал жоқ қой енді, – деп молдакең мыңқылдап қалған. – Сомадайды кім пішіпті, ит-ай». Орыс күйеу көніп отырған соң, әнемінелемей алдына алдыртқан. Өбектегеннің берген демі: «Ұшынан қырт еткізсеңіз болды». «Үш қайтара әтір сабынмен әбден жуып әпкеліңдер» деді молдекең. Орыс күйеудің екі қолы төмен түскен ышқырында, екі көзі жаутаңдап молданың қалт-қылт еткен қолындағы ұстарада. Молдекең үңіле берді де иманы тарс төбесіне шығып, басын кейін қарай жұлып әкетті. «Әй, әй... мынауының терісі... Жоқ... Жоқ бұған менің ұстарам өтпейді. Бекер қиқалап тастаймын» деп қолын ала қашты. «Көрсеңізші» деп Өбектеген дігерледі. «Көретін дәнеңесі жоқ» деп Молдекең азар да безер. Жасым болса, мынау... Қалт-құлт еткен қол мынау... Тура нете алмай, шауып жіберіп сотталып кетсем қайтем, астапыралла». «Онда терісінің қапталынан шертіп, ырымын жасайық...» Кейінірек Шойбек балаларының сол Тойбек балаларының қайсыбірінен естігендері: Молдекең көрген мезетте-ақ оқыс, қатты шошынып қалғандығынан ба, қолы қалтылдаған үстіне қалтылдап, берекесі кетеді ғой. «Мына түріммен мен мұның шатын жарып жіберермін,

бәле. Өзің көрсең қайтеді?» дейді Өбектегенге жаман далбасалап. Ананың көзі бозарады. «Қолыңмен істемесең де, көзіңмен көріп жүрсің ғой, – дейді молдекең. – Биссимилдә де, қане!» Өбектегеннің шегінер жері қалмайды. Тәжірибесі жоқ неме ұстара жүзін теріге тереңірек батырып жібергенімен қоймай, ұзын тіліп жіберіп, орыс күйеу бақырып «байбайлап» қалады. Қан саулайды. Доқтырға апару бәле. Тамыры жуандап кеткен құдайдың құлын бас салып піштіріп... Істі боп кету опоңай. Оның бір жағында Тойбек балаларын орыс күйеулерінікін кескілеп тастапты, әй соны әдейі істеген деп күмпілдете жөнелетін қазақ, айналайын, әне. «Ойбай киіз күйдіріңдер», – дейді. Соны басып жатып, қанды тоқтатқан болады. Орыс күйеудің екі қолы тақымда, талтаңдап жүре алмай, «бай-бай»-лай беріпті... Осы болған оқиғаны бастан-аяқ қайта бір түгендеп отырған Шойбек балалары әңгіменің осы тұсына келгенде бір-біріне қарады. «Осыдан кейін не болды өзі, біреу орыс күйеу асылып қалыпты деді ме...» – деп біреуі аузын ашып, алақ-жұлақ етті. «Әденнің қызы: «Обалым молда атам мен Өбектеген ағама» деп ботадай боздағанын қатын-қалаштың жыр қылып айтқанын осы отырған бәріміз естігенбіз. «Күйеуімді ипа... ипа... Қалай еді... Ипат... Бәле ғой мынауың... Ия сол етті деп еңірепті ғой, байқұс бала. Өбектегеннің кәдитурасын ұрыпжығуға Құдай-ау, осы әңгіме жетіп жатқан жоқ

па. Керек десеңдер үстінен іс қозғап жібереді милисаң, егер солай қарай дың еткізсек». «Заң-зәкүнді қояқ қойыңдар, – деді көксақалы көкірегіне жапқан көккөз шал. – Түбіміз туыс... Ал, өздерің айтпақшы, егер әлгі әңгіме Өбектегенді би сайлауынан құлатады екен, соны бастан-аяқ қағазға түсіріп, Алматыдағы штабқа жеделдетіп жіберу жағын ойласайық. Әдірісін тастап кетіп еді ғой, әнегүні өкшесі қисық өкіл-сөкіл. Қане, бұған не дейсіңдер?» Би сайлауда сөз жоқ жеңіске жетуді ойлап отырғандар не десін: «Жөні осы. Бәрекелде!» десіп құнжың-құнжың етісті. «Дегенмен жаңағыны қағазға түсіруге ұяттау ма... Қалай болар екен, соңыра...» «Ағайындыққа да нелеу...» «Бірге туған деген атымыз бар...» «Өзеннің ар жағына өте алмай қалмасақ, қане...» деген міңгір-міңгір сөздер естілгенмен, ақыр соңында «Бозқасқа-лап» бет сипасты. Хат жазылды. Жоғарыда айтылғандар түгел тізіліп, соңы «Біліп отырмыз, Тойбек атамның балаларының биге дайындап отырған серкесі Өбектеген бала емес, сомадай орыс жігітін пішем деп... Соңыра ол содан өліп... Осыны алдын-ала ескертуді жөн деп білдік. Бұл өзі шындап келгенде, қылмыс»

дегенді қосып қойды. Бұлармен бір мезгілде Тойбек балаларының ақса­қал-көксақалдары да жасырын мәжіліс құрып отырған. Олардың бір-біріне сауалы: Шойбек балаларының елге уәж айта ала-

тын еті тірі, есі дұрысы қайсысы еді? Әрине, әрине құдай ұрған Құляс! Бұл өзі ес білгеннен аудандық газетке хабар-ошар жазып келе жатқан ауыл тілшісі. Негізгі кәсібі – мектепте еңбектен сабақ береді. Бірақ, өзін мұғалім деп емес, тілшімін деп таныстырады. Соңғы он жылда «Азғантай» ауылының тарихы, шежіресі туралы роман ба, эпопея ма, әлде сол екеуіне ұқсас бір қалың кітап жазып жатыр деген әңгіме бар. Өзінен сұрағандарға беретін жауа­ бы. «Орта тұсына кеп қалдым». Демек, бәлежаладан аман жүрсе, ол кітабын аяқтауға тағы он жыл керек. Үйіне бара қалғандарға сол жазып тастаған жартыдан үзінділер, тараулар оқып, күндіз күлкі, түнде ұйқы бермей отырып алады екен. Ғұн дәуіріндегі бір батырды Кенесарының қолына қосып, Кенесарының атақты бір сарбазын Ұлы Отан соғысына қатыстырып, оған әйгілі Александр Матросовтың ерлігін қайталатып... Содан да оны былайғы жұрт құдай ұрған Құляс атап кеткен. Қалай десең де, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ауылдық тілші деген атағы, оларын куәландыратын құжаты бар. Бұған қит еткенде жазам, қырамын да жоямын дейтін мінезін қосыңыз. Шойбек балаларының ішінде осы күні бұдан озатын ешкім жоқ. «Осы итің барлық жағынан келеге келіп тұр», – десті Тойбек жақтың бас қосып отырған көсемдері мен шешендерінің ішіндегі жұтқыншағы әрібері ойнап тұратын көктұқыл шал. Солай екен, оны сүріндіретін не еді, әлгі... не ше... Әй, айт!»

Көктұқылдың темірдей тізесі тізесін қаққанда протез аяғының бас жағы селтең еткен қаңбақ шал: «Әргумент пе?» деді. «Ия, сол. Соны табуымыз керек қой». «Бұл тілшің сүттен ақ, судан таза, неге екенін» десіп, біразы соған қатты өкініш білдірді. Сұрақ, жауап үдеді. «Арақ ішпейді, ә?» «Ішпейді». «Попыраз тартпайды». «Құдай ұрғанда...» «Карта ойнамайды». «Ит-ай». «Ұрлығы да жоқ». «Япыр-ая». «Атеист те болмады». «Рас». «Діндарлықтан да ада». «Не деген пәле». «Ойнаста ойында жоқ». «Өлгені жақсы ғой, одан да». Жұтқыншағы ары-бері жүйткіп тұратын қырма сақал көктұқыл шал босап қалған кесесін шай құйып отырған жаққа қарай шиы­рып жіберіп: «Ал енді о Құляс анау да, мынау да болмаған екен. Періште дедіңдер. Хош. Алайда, ол неге бұйра бас, қошқар тұмсық? Әкесінің де, көзіміз көрді, атасының да, алдындағы ағасының да, екі байдан шығып, үшінші байға әнеукүні тиген қарындасының да түрлері ия қарашайға, ия балғарға, керек десеңдер, күрзіндерге де келіңкірей ме... Неге?» Мына сөзге ауыздары аңқайып отырғандар мұның өзіне қарап жамырады: «Бәсе, неге?» «Бір гәптен бәрің де сезіктенесіңдер, – деді көктұқыл шал. – Рас қой, осым?» «Енді оның рас-өтірігін...» деп бірлі-жарымы міңгірлеген болды. Көктұқыл шалдың даусы бұзылды: «Атамыздан, әкемізден келе жатқан күбірсыбырды естіп өсіп, енді оны естімеген болып... Өй, өңшең ез. Осы жолы аузымызды ашып

отырсақ, жүресіңдер өзеннің ар жағына қарай жалтақтап, тағы қанша жыл. Осыдан барып, өмір бақи атымыз озбайды. Немене, аналар біздің қоямызды қазбай жатыр деймісіңдер? Жауды аяған жаралы. Ия, түбіміз бір туыс­ пыз. Солай екен деп, бір-біріне жол беріп, бір-бірінің сөзіне тоқтап, әділіне жығылып, азаматтығына қол соғып, яғни, құдайға қарап жүрген қазақты қайсың көрдің?» «Жаңағы бір әлгі... Сол әңгімені қоя тұрып басқасын індетіп көрелік те, әуелі, – деп қалды біреу. – Мисалы, құдай ұрған Құлястың атасы Әтешественный уайнада соғыстан қашып кеп, ит арқасы қияндағы құмда үш жыл қашып жүрмеді ме. Дизер... не еді... Ия, сол болып». «Оныңмен қылын қисайта алмайсың, – деді қырма сақал, көктұқыл шалдың жұтқыншағы арлы-берлі жүгіріп. – Осы күні қазақтың сол соғысқа қатысқаны бекер болған десіп жүргендер көп. Неміс пен орыстың соғысы еді дейді. Шортым білсін». Әркім әрнәрсені құлаққа қыстырды. Бірақ, ешқайсысынікі «міне, соққы» дегізе алмады. «Сондықтан, – деді көктұқыл. – Расөтірігін... деп көлгірсімей, ежелден бірденбірге өтіп келе жатқан күбір-сыбырға амал жоқ тоқталамыз, абырой үшін. Керек десеңдер, қоясы түгілі, әкесінің көрін қазып жіберетін кез келіп тұр, екі туып, бір қалсақ та. Бірге тумақ болсаң да, бірге жүрмек жоқ-ты айтып жүрген біз емес, әрі-беріден соң». «Сонда..., –

десіп былайғылар теңселді. – Шегінер жер жоқ болса, расында қайтеміз. Құдай салды, біз көндік, дегендей ғой бұл өзі...». Ұшын шығарса, бұлардың таңбалап көрсетіп, таратып айта отырғандары былайтұғын: Құдай Шойбекке дәулетті қимаса да, үйіп-төгіп, жеті-сегіз ұл береді. Бергені бар болсын, қатын алуға төлер қалың мал болмай, алды елуге иек артып, арты отыздан асып кетпей ме. «Енді қайттім-ай десе керек. Шойбектің шақшадай басы шарадай болып жүргенде, ауылға өте сирек соғатын Тойбектің немересі, еті тірілігімен орысша ерте хат танып, қаладан ағаш үй салдырып, ел-ел, жержерді аралап, бақалшылықпен айналысатын Құсайын қайсыбір жылы ауылға жолы түсіп келіп қалмай ма? Өйткен екен, атасының немере інісі Шойбек ағасына барып неге сәлем бермейді. «Ассалаумағалейкум!» деп кіріп келгенде, Шойбек жарықтық: «Құсайын-ау, – деп боздап қоя беріпті. Сондағысы сегіз ұлдың қатын ала алмай отырғаны. – Қалың мал беретін қал жоқ, бір амалын қарастыр, Құсайын, – дейді Шойбек жарықтық жалынғандай болып. – Болмаса, көміп кет мені». «Қатты кеттіңіз-ау...» «Жетіскеннен емес, сен де, мен де Тойбек, Шойбектенбіз ғой, ендеше ұлдарым ғой, өз бауырларың. Е, солар өле-өлгенше қатынсыз жүре бере ме өстіп, шетінен саспай...

Немере сүймейін бе, өсіпөнбеймін бе». «Сонда маған көке-ау, нағыл дейсіз?» «Бір амалын қалай қарастырасың?

«Япыр-ай, көке...» «Бармаған жерің, баспаған тауың жоқ...» «Қатын іздеп емес қой, көке». «Бұ дүниенің бүк-шігін, амал-айласын, небір құйтырқы қулық-сұмдығын пәлекетқұлыкетін көпті көрген біледі, Құсайын. Мына төрт құбылалы жер бетінде жаңағылар бар екен, ендеше, ненің де әп бәрекелде, дегізер саңылауы тегі болады». Құсайын мырс етті: «Көке, нені меңзеп отырсыз?» «Сенің нағашыларың Тайсойғанның күңгейіндегі Абдыратас етегін жайлаған, баяғының сөзімен айтсақ батырақтар ғой. Төмендегі ел жаз жайлауға сол Абдыратас етегін басып өтеді. Сенің туған нағашың Сарымсақ картакеш еді. Қол-қолына жұқпайтын. Көзіміз көрмесе де естігенбіз. Жиырма бір деген ойынды ойнайтын. Абдыратастың етегімен жайлауға мал айдайтын қойшы-қолаңмен ары өткендерінде де, бері өткендерінде де сол әлгі жиырма бір ойнап талай-талай қой-ешкілерін ұтып алып қалатын. Сен ғой, Құсайын бала кезіңде сол нағашыңның қолында өстің. Жиырма бір ойнаудан одан асып түскеніңді, ол аздай Шу өзенінің ар жағындағы қырғыз ауылының бір картакеші өзіңді әдейілеп іздеп келіп, ойнап, ұтыла-ұтыла, ақыр соңында картаға қатынын салып, оны да ұтқызғанын, ол қатынды нағашы жұртыңдағы жесір еркекке әкеліп бергеніңді білеміз ғой. Емшекте баласы бар екен деп те естіп едік...» «Бұл өзі жастау кезімдегі әңгіме ғой, көке». «Кезінің қызын ұрамын ба, расы сол болған соң». «Сонда...– деп Құсайын Шойбек

жарықтыққа таңғалып қарайды, – картамен қатын ұтып әкелмейсің бе деп отырсың ба». «Далбасалаған адам не демейді, – деп Шойбек жарықтық еңкілдепті. – Өзім емес, менің аузыммен біреу сөйлеп отырған сияқты, сенсең». Шалдың айтып отырғаны рас болатын. Қырғыз құмар ойынның ең сорақысы екен. Бірақ ұтылды. «Енді бір ойын, құдай атымен...» деп өтініп, сұрап отырып алды. «Салатының жоқ, – деген бұл. – Неңмен ойнайсың?» «Қатынымды, – деген анау жейдесінің өңірін айқара жұлқып тартқанда түймелері быртбырт үзіліп жан-жаққа ұшқан, – соны саламын. Өрімдей...» Ойынды бастан-аяқ бақылап отырған Сарымсақ картакеш өзеуреп өлгелі отырған қырғыздың өңменіне асатаяғын тіреді: – Ұтқызсаң, өзің осында қалып, қатыныңа тез жет деген сәлеміңді айтасың. Жігіттеріміздің бірі алып келеді. Ол қалады, өзің кетесің. Уәде ғой, – деді. «Оған сөз қайсы». «Қолың жүрсе ұтқызғаныңның барлығын өзіңе қайтарамыз. Бір-ақ ойын. Не сенікі, не менікі!» «Тарат!» – деді қырғыз. Қолының көз ілеспейтін шапшаңдығы, ия болмаса құдіреттің өзі сөйтіп қоя ма, Құсайын тағы ұтты. Үш карта алған қырғыздың ұпайы жиырма екі. Сондағы қырғыздың «О, атаң гөрі!..» деп өкіріп жібергені Құсайынның әлі есінде. «Көке-ау, Шудың ар жағындағы сол карта құмарлардың бар-жоғын бір құдай білсін, одан бері не заман. Ал енді қайсыбір жылы

сонау, сонау итарқасы қияндағы құмның терең түкпірін жайлаған бір ауылдарға тері терсек, жүн-жұрқа су тегін деген соң, жолым түскен-тұғын. Елден тым шеткері жатқандікі ме күндіз көрген-баққандары «Ритт, қойым!» «Әйт, шу, жануар!» «Өк, қарасан!» ал мал қалай қораланды қызықтары карта ойыны екен. Сонда, көке, несін жасырайын қидай сыпырдым кеп әлгілердің тері-терсек, жүнжұрқасын. Қыза-қыза қатты ұтылған біреуі «Соңғы рет бір ұтылсам, қатыным сенікі!» деп жатадай жабысып жалынғанда ойнамай зорға құтылғаным бар еді. Өз әйелім бар, ұйғырдың мынау дегені, ал ананың тыр-тыр қасынған тырли арық қатынын қайтем, дегем...» «Ойбай, Құсайын-ау, сол құмды ауыл дәл қазір керек болып тұр емес пе?» «Көке-ау, одан бері...» «Одан бері немене, әлдеқайда ауа көшпеген, жер жұтпаған шығар. Әлде, өзгерді, құмар ойынды қойды деп отырмысың. Қазақ қарағым-ай, қалай өзгереді. Өзгерсе мен неге өзгермеймін. Жасым жетпістің ортасында. Әлі сол жарымаған, жалшымаған, қара суға қарным тойса, қағанағым қарық Шойбекпін. Сонымды қоймаймын. Қой, мұнымнан өзгерейін деген ойдың ұшқыны болса, қане. Жоқ, ол. Осы күнім – өлгенге дейінгі өлмейтін әдетім. Жаңағы құмдағы жұрт құмар ойынды жаппай әдет еткен, сонымен қала береді. Өйткені, ол қазақ. Ендеше, аузым жазықты, олар сол жиырма бірді әлі ойнап отыр...» «Жарайды, көке, барайын-ақ ол құмды ауылдарға, ойнайын жи-

ырма бірді, ұтатынымды да білейін, бірді-екілі қатын ұтармын, бірақ балаларыңыз алтау ғой». «Құсайынжан-ай, андағы айтқан аузыңнан айналмай қайтем, сен барсаңшы, ойнасаңшы, құдайдың бір бұйыртқаны болар, тегі...» Әңгіменің дәл осы тұсында Құсайынның көзі бірте-бірте жарқ-жұрқ етіп жайнады дейді. Құмар ойынның бойындағы табиғи әзәзіл әуені әл бермей, көз алдына «Король», «Тұз», «Валет» тізбек-тізбек елестеп, «Дама» шыға келгенде, «Қолымдағы он тоғыз» деп еріксіз күбірлеп жіберіпті... «Барайын, көрейін, ойнайын, – депті сонда Құсайын алақанын жайып. – Батаңызды, көке!» Шойбек жарықтық қуанғанынан «Құдай жолыңды оңғарсын» дегені айта алмай талықсып кетіпті... Шілденің бел ортасын екен. Көркіне көз тоймайтын көктөбелмен келе жатыпты Құсайын бір әнді ыңылдап. Құмның терең түкпіріндегі ауылдардың не істеп, не қойып жатқаны бесенеден белгілі. Әй, дейін әже, қой дейтін қожа жоқ Николайдың заманы ғой, бұл. Құм түкпіріндегі қазақтың ешкімде шаруасы жоқ, ешкімнің оларда шаруасы жоқ... Қайсыбір күні жетті Құсайын құмды ауылға. Бөтен біреудің төбесі көрінсе қазақтың қуанатын кезі. Іші пысып жатқан жұрт ақын келсе жыр тыңдайды. Батыр келсе күшін қызықтайды. Құмар ойнайтын келсе, карта. Карта болғанда жиырма бір. Қидай сыпырып, тұттай жалаңаш етіп жіберу қызық. Талайды сөйткен. Құсайынды да әрине, сөйтпек. Анабір

жылдары келгенде қапы қалғандары бар. Анабір жылдары келгенде мұны көргендердің дені жер басып жүр екен, шүкір. Солар енді есе қайтаруды ойлайды. Әсіресе барынан түгел ұтылып, «Соңғы рет ойнайықшы... Соңғы рет... Керек де­сеңіз қатынымды саламын» деп өлердей жалынған ана пәлекет Құсайын келді дегенді естіп далақтап жеткен, десе де құмар ойындардың қай-қайсы да қауіпсіз емес еді. Бірақ қазақтың аузы қанша күйіп, қанша тұз жаласа да, «Құдай қолдайтын, әруақ жебейтін шығардың» о бастан құлақ кесті құлы. Кеше батқан суға сол үміт, сол сеніммен қайта қойып кетеді. Әсіресе, құмарлық дейтін пәле бойында құртша жыбырлағанда. Ал оның жыбыры жаман. Әл бермейді. Бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Орыс, қазақ, татар, ноғай, ұйғырдың құмайкөз, қыпша бел, қырғи мүше ұрғашыларын айна-тарақ, опа-далаппен-ақ айналдырып, асықтай иіріп, астына басқаннан бастап, жиырма бірге дейінгі небір құмар ойынның суын ішкен Құсайын мұны жақсы білетін. Әйтеуір, ебін тап та, әбден қоздыр. Сол кезде құмарымпаздарда ақыл-ой, ар-намыстан дәнеңе де қалмайды. Құсайынның құмның құмарымпаздарымен карта ойыны оларды соған дейін жеткізді. Ұтыла-ұтыла, енді соларымды әне қайтарам, міне қайтарамын деп екіленіп естен айрылған құмарымпаздар енді өз қатындарын ба, әлде бас иесіз қалған, басы бос жесірлерін бе, картаға сала бастағанды. Құсайынның күтіп отырғаны да сол еді. Бірінші

құдай, екінші қолының ешкім көріп, байқауы мүмкін емес, ерекше ебі қолдап алты күнде алты қатын ұтып алды. Он шақтыға жеткізсем жарар еді деп отырған. Болмады. «Мына ойнасыңмен құмда тірі қатын қалдырмассың, қойдық айналайын» десіп аналар ес жиды. Амал жоқ, алты қатынды шұбатып, ауылға бет түзейді, Құсайын. Құмар ойынның арты жаман, ұтылғаныңды өзі беріп кетпесе, қайтып ала алмайсың. Қан төгіледі. Қатын түгілі күллі жеріңді ұтқызып жіберсең де, аузың аңқайып қала беретін заман. Алты қатынды артынан шұбыртып, кейде кезек-кезек міңгестіріп, жетеді ауылға ер Құсайын. Ат артына міңгескеннен құйрықтары ойылып, жүрістері талтаң-талтаң етіп қалған қатындарды Шойбек жарықтықтың үйінің сыртына иіріп қойып, ішке кіріп келсе: «Құсайын-ау, бармысың? – деп Шойбек жылап жіберіпті. – Қатын жағын қалай еттің, айналайын?» «Алтауын ұтып ап келдім, – дейді Құсайын. – Үй сыртында. Ұлдарыңызға өзіңіз таратып берерсіз, көке...» «Құсайын-ау, мендегі бала сегіз еді ғой» дейді Шойбек жарықтық. «Бары осы болды, көке!..» «Өзеннің ар жағындағылар сол алты қатынның балағынан тараған Шойбек жарықтықтың алты баласынан екенін білесіңдер, – деп қырма сақал, көктұқыл жөткірінді. – Бірақ, бәрі ме?.. Алты қатынның бәрі жүкті келмегеніне кім кепілдік береді. Жындары басылмаған өң жас әйел... Әкелері­міз,

аталарымыз, әй, осы...» десіп бекер күбірлеп, босқа сыбырламаған шығар. Өйткізген Шойбек бабамыздың қайсыбір ұлынан бері қараған жерден ұрпақтары қошқар тұмсық, бұйра бас, қап-қара қалың қабақ. Қазаққа ия келеді, ия келмейді. Мен Құлиясты айтып отырмын». «Сонда...» – былайғылар бәлелі сөзді тек осының өзі айтқанын қалап, жабыла көктұқылға үңілді. «Осың түбі шата емес пе деген сөз шығады, бұдан». «Астапыралла» деп біреуі өз тізесін емес, жанындағының тізесін салып қалды. «Әй, мұның не?» деп анау шап етті. «Мәссаған, дегенім ғой!» Бұлардың текетіресін қырма сақал көктұқыл үзіп жіберді. «Егер, – деді ол. – Осы жолы тағы табанға тапталып қалғымыз келмесе, осы оқиғаны бүге-шігесіне дейін сабақ жібін қалдырмай Жұрымбай әулетінің Алматыдағы штаб па еді... Солай қарата әне-мінелетпей ақша төлеп жіберетін хатпен дереу жөнелту керек». «Сөйтеміз деп жүріп, өзеннің екі жағындағы ағайынды екі ата жауласып, жағаласып кетсек бәле сонда болмасын, ағайын» деп қалды осы жиынды онша жақтамай отырған бірі. Оның сөзін «Осы бар ғой, енді ағайынбыз, – деп шеткері жайғасқан келесісі іліп әкетті. – Мынаны айтсақ та со қызталақ ат құйрығынан сыпырылып түспей ме. Мисалы, әлгі Көлбін деген өңкиген неме келгенде «Ура, Ленин келді!» деп көлдей етіп, көлкілдетіп газитке жазғанын күллі аудан оқыды. Енді, сол Ленин қайда,

Көлбін қайда... Осыны неқылсақ... Әйтпесе, шынында да әлгіндей етеміз деп жүріп, өзді өзіміз мерт етіп аламыз ба,құдай сақтасын. Онсыз да кейде, қарадай көкөзеннің суын бөлісе алмай жатамыз... Індетіп келсек, олар да, біз де – өзіміз емеспіз бе?» Қырма сақал, көктұқылдың көзі оның өңменінен өтіп кете жаздады: «Сен қыли мынаны тыңда: Ғыраждански деген уайна болды ма, болды. Түбі бірдің өзі өзімен соғысты ма, соғысты. Орыс орысты... Өзгелер де өздерін өздері қынадай қырды ғой, қырды. АдамАта мен Хауа-Анадан да бір туған Абыл інісі Қабылды өлтірді ме, өлтірді. Бірімен-бірі қанжоса болып жатқандарға осы күннің өзінде жер беті ұшан-теңіз. Олардың жанында біздің мынауымыз баланың ойыны сияқты бірдеңе. Би өзімізден болсын деген ниет. Неге өйтпеу керек. Кісіміз, біз де. Қане, жетті ме, жетелеріңе. Жетсе әлгі хатқа «Азғантай» ауылының биіне Шойбек жағы Құлияс дегендерін ұсынғалы отыр. Ол өзі баяғыда картаға ұтылып келген алты қатынның бірінен тарайтыннан еді. Әкесі, атасы, оның ар жағы сияқты мұның да тұрпаты қазаққа бірде келіп, бірде келмейді: қошқар тұмсық, бұйра бас, аяқ-қолдары, кеуделері жүн-жүн. Содан да бабаларымыз картаға ұтылып келген қатындардың арасында осы Құлястың ұлы анасы жүкті келген-ау, деген күдікті күбірлеп өткен, дегенді қара сия­ мен қасқайтып жазу, міне, омақастырар жер осы. Осыған әумин деңдер, түгел».

Ұзын сөздің қысқасы Шойбек әулетіндегі Құлиясқа байланысты әлгі шата деген ақтаңдақ қағазға қалың қара сиямен түсті. Соңына қызыл сиямен: «Шойбек балалары екі атаға би сайламақ болып отырған Құлиястың тарихы осындай» дегенді іліп қойды. Жұрымбай әулетінен тарайтын бір бұтақ – Тойбек пен Шойбек балаларының Алматыдағы би сайлау жөніндегі бас штабына бір мезгілде жөнелтілген, бір-бірінің артын ашқан хаттарының соңы не боларын білмеген «Азғантай» ауылының екі көзі осы күні Алматыдан келер жолда. Ал, тұп-тұнық, мөлдіреп жататын көк­ өзеннің суы алғаш рет біртүрлі лайланып ағып қалыпты...

Кеше сол түс екіндіде семіз тусақтың етін бас-сирағымен қоса түгел көтеріп, Асыраубай Алматыға құдасының үйіне жеткен еді. Баласы өткен күзден бері қайын атасының қолында тұрып жатыр. Келіні құданың жалғызы екен. Екі бала дәм татып қосылғаннан кейінгі жерде құдасы мен құдағиы: «Сопайып жалғыз қалатын болдық... Балалардың мына тірлігінен кейін сенікі, менікі дейтін не қалды... Егер, құда, қисаңыз, екі бала әзірше біздің қолда тұрса...» десіп шынында да жыларман жағдайда емексігенде Асыраубай қапелімде не айтарын білмей ұлына қарап еді, о бастан момындау баласы жер шұқыды. «Ұсқыныңды ұрайын, − деген бұл сонда іштей. – Мынау қалпыңмен әкеңнің әйтшуіне әлі әзір жарай қоймассың». Көкмойнақ­ тан шыққан «көкжал»

Құдасын күн ұзын кесімді жауапқа зар қылған Асыраубай кешкісін мәмілеге келген. Оның үстіне ұлы 4-5 жылдан бері бір ғылыми мекемеде қызметкер еді. Сөз саптауында, миронос қойдың жүнін бұрынғысынан да жіңішкерте ме, ұзарта ма, сондай бір шаруаны зерттеумен айналысып жүрген. – Құдағиды да ала келмедіңіз бе? – деді үстіндегі халатының өзі үлде мен бүлде құмайкөз құдағи дастархан жайып жатып. Қырықтан асып кетті дейтін емес, белі қиылып, бөксесі дөңгеленіп көз жауын алады. Елдің қатыны осы. Сенікіндей бұты тылтиып, шонданайы шошайып тұрмайды. – Құдағи дегенде... – Асыраубайдың әдеттегідей тілі қышыды, – мына сізге ұқсап сусып тұрса бір сәрі,– деді, – сусып тұрмаған соң, өз денем өзіме жүк болып жүрген мен оны қалай сүйретемін. – Айтасыз-ау, – деп күлді әйел. – Айт не, айтпа не, әңгіме сол құдағи. Осы кезде ақ тер, көк тер болып ваннадан отағасы шықты. – Келетініңізді білмедік, – деді ол, – білсек күтіп алатын едік. Телефон шала салғанда ғой... – Ойбай, құда біздің Көкмойнақта қайдағы телефон. Тоқсаныншы жылдардың басындаақ ішкі-сыртқы ұры-қары темір сымы түгіл бағаналардың өзін жаудай шауып кеткен. – Иә, ауыл көрді көресіні, – деп құдасы шылымын будақтатты. Сөйтіп отырып, біраз

саясат сауды. Сөйтіп отырып, ауылдың тозғанына кінәлі біраз адамдардың аты аталды. Құдай ұрғанда солардың барлығы да ауыл­ да туып, сиырға ит қосып ауылда өскендер екен. Содан бақ қонды ма, басқасы болды ма айғыр мінбесе де, ат мінген әлгі қара тұяқтар су сұраса сүт берген ауылдың бар-жоғымен шаруасы болмай кетті. Екі құда ауыл әңгімесінің инесіне кезек-кезек жіп сабақтап түннің бір уағына дейін отырған. Асыраубайдың мына келісі сол Көкмойнақ ауылының жайы. Үйдің шаңырағындағы қарлығаштың ұясы сияқты Көкмойнақ ауылы да қиындағы биік таулардың қапталында жатқан шағын мекен. Оның қашаннан жұрт тұрағына айналғанын дәл басып ешкім айта алмайды. Ауылда тәуелсіздік келгелі «тарих ауруымен сырқаттанып», өз бетінше зерттеулері аудандық газетте оқтатекте төрт елі көлеммен басылып жүрген сызу пәнінің мұғалімі бар еді, сол бәрін анықтамақ ниетпен алпыс үйдің бірінің тісі кетік, бірінің құлағы керең шалдарын айналдырғанына он шақты жылдың жүзі болды, әзірше нәтиже жоқ. Бәрінің айтатыны: бабаларымыз білмесе... Бабалар қайда? Бабалар түгілі мына шалдардың әкелерінің, аталарының өздері баяғыда, о дүниелік болып кеткен. Япыр-ау, сонда Көкмойнақтың қашаннан қоныс екенін енді кім індетіп береді? Сызу пәнінің мұғалімі де еш уәж айта алмай, аудандық газет айдар тағып берген тарих зерттеушісі атағынан айы-

рылатын жағдайда. Дегенмен, Көкмойнақтың жұрты кейінгі кездері Көкмойнақта түтін түтеген датаның анықталмағанына қуанатын да сияқты. Сонда жасайтын пайымдары: жылы, айын ешкім білмейді екен, Көкмойнақ көнеден бар, ежелден ел қонысы. Ел қонысы дегенде бұлардың тікелей ата-бабаларының мекені. Оған қанша ұрпақ келді, қаншасы өтті. Ана дүрбелең, мына дүрбелеңде қаншасы Қытай қашты, қаншасы Түркімен ауды. Бәрібір Көкмойнақ жұрты таусылып, құрып-суалып қалған жоқ. Япыр-ау, мұнда енді біз қимайтын не қалды, күні кеше үй-үйіміздің тұсында ертеңгісін тауға қарап аңырап, кешкісін үйге қарап маңырап жататын мал қане, кәріқұртаңның тайлы тұяғына дейін біресе киноны, біресе мұғалімдердің концертін қызықтап топырласып отыратын клуб қаңырады, кітапхана, медпункт дегендер жабылды, ана жылдары азанда қорабына жұртты аудан орталығына аузы-мұрнынан шығарып алып кетіп, кешкісін солай алып қайтатын көкқасқа автобус та ізі-ғайым деп жатқан ешкім жоқ, сол баяғысынша таудан төмен құлдырай құлаған терең сайдың екі жағында бір-бірімен айғайласып әңгіме-дүкен құрып, онысын бүкіл ауыл естіп отыратын қалыптарымен мамыражай. Сірә, Көкмойнақтың жұрты Көкмойнақтан аспан айналып жерге түссе де жылжи қоймас. Қайсыбір жылдары Хрущев ауыл шаруашылығын ірілендіріп, шағын елді мекендерді бір орталыққа біріктіргенде

Көкмойнақтың адамдары қозғалмай қойған. Сол үшін бөлімше меңгерушісі Солтыбай байғұс партбилетінен айырылыпты. Содан партбилеттің соңынан қалмай Мәскеуге дейін барып, қайырып алған. Сөйтіп табанынан тозып, қайтарып алған қызыл кнежкені қайтарып алғанына мал құдайы таратып, көкпар беремін деп, қайта айырылады ғой... Асыраубай Солтыбайды бала кезінде көзімен көрді. Кез-келген сөзінің басы "әгәрәки" деп келетін, қандай да бір нәрсеге дәлел іздеп, айтыса жөнелетін қызба кісі еді, жарықтық. Партбилетін екінші жолы алып қойған соң «мына нәлеттерде иман жоқ екен» деп бәрін қойып, Көкмойнақта сонау отызыншы жылдары әкесі салдырған, кейін өзі бас болып кеңейтілген, жыл сайын әр жері жаңартылып отыратын мектептің күзетшілігіне біржолата ауысып кеткен. Айтқан уәжі: «Үкіметке керегім жоқ па, әкемнің көзі ғой, ендігі жерде осы мектепті күзетейін. Балалар аман болса жаңасын салар, сол кезде біз бұл мектепті Көкмойнақтың музей үйіне айналдырармыз». Оу, терең сайдың екі қырқасында бірбірімен айғайласып амандасып, айғайласып әңгіме-дүкен қыздырып, айғайласып қонаққа шақырысып жататын айналасы алпыс үй Көкмойнақтан кімдер шықпады... Солтыбай саусағын бүгіп санап кетсе батыр да, ақын да осында. Оқымысың да, саясаткерің де аз емес. Еңбек ерлері десең СССР Жоғарғы Советіне депутат болған да бар...

Жазмышқа

қылар айла қане, Солтыбай байғұстың ғұмыры арманына жеткізбей, үзіліп кетті. Одан бері де біраз қар еріп, біраз су ағыпты. Солтыбай баяғыда жоқ, ал оның әкесі салдырған, өзі біраз күзеткен мектеп әлі тұр. Тұрғанда әбден тозды. Қыста отынның қаттығынан жөнді жылынбай, бөлмелерінің бұрыш-бұрышы көгеріп, сылақтары жалбырап түсе бастайды. Мұғалімдер мен оқушылар әр кез жаз бойы лай айдап жыртықты жамау­ мен әуре. Ал өзгенің шаруасы жоқ. Қайта құру деді ме, реформа деді ме, нарық деді ме былайғы жұрт біраз жылдан бері өздіөзімен қақпатас ойнап кетті. Оны қойшы, одан да зор оспадарлықты көрді ғой бұлар. Қайсыбір жылы облыстың басшысына келген біреу оқу мен мәдениет бөлімдерін мүлде жауып тастап, масқара болды ғой. Кейін білгендей, бюджеттің тапшылығынан сөйтіпті, әлгі. Қаржыны үнемдеген түрі. Үнемдегенде басқа түк таппағандай білім мен мәдениеттен үнемдеген, о құдай... Асыраубайдың зарын үнсіз тыңдап отырған құда­сы жағасын ұстады. – Сонда елге оқу мен мәдениеттің керегі жоқ дегені ме? – Дегені ғой. Асыраубайдың манадан бері алабұртып отырған жүзі тіпті күреңденіп кетті. Мұндайда аузынан сөзімен қоса майда түкірігі шашырап қоймаушы еді, сол есіне түсті ме, қалтасынан бет орамалын алып аузын сүртті.

Е, жоғары жақ солай шешсе, қайтеміз, әйтеуір, артының қайырын берсін деп басы салбырап жүре беретін Асыраубай ма, ұрып ауданға барған. Сонда білейін дегені бұл түбегейлі ме, әлде уақытша нәрсе ме. Әуелі аудандық оқу бөліміне соқса, шағын болса да екі қабатты үйдің маңдайшасында басқа жазу тұр. Әлдебір фирманың офисіне айналып кетіпті. Содан аудандық әкімшілікке барды. Әкімнің оқу бөлімінің жұмысын үйлестіретін орынбасары абырой болғанда орында екен. Айтқаны: «Облыс әкімінің шешімі... Енді шынында да нелеу...» − деді ол. Асыраубай: «Нелеуі қалай?» − деді қиқайып. «Өзіңіз де біліп отырсыз ғой». «Нені біліп отырмын?» «Енді жаңағы... көреміз де». «Қашан?» «Ойбай, ағасы мені тергеймісіз, менің қолымда не тұр?» «Неге тұрмайды, неге бәрі бір-ақ адамның қолында тұрады. Ол адам жындының сөзін айтса да көну керек пе? Ондай болса, сендер неге отырсыңдар мына құттыханада, қоқайып. Керектерің не?» Асыраубай аузын бет орамалымен үстіүстіне сүрткіштеп талай жерге барған. Орынбасар қазақы момын жігіт тұғын, ләм демеді. Одан келісімді сөз есту мүмкін еместігіне көзі жеткен Асыраубай шапанымды шешіп алмас деп әкімнің өзіне тура тартты. Қабылдау бөліміндегі қыз: «Әкім жеке мәселемен сәрсенбі күні қабылдайды, тізімге жазылыңыз», – деп құдайдың зарын

қылсын

кеп.
«Шырағым,
менікі жеке бастың шаруасы емес, елдікі, со-

нау ит арқасы Көкмойнақтан арнайы келіп тұрмын» дегенді айтып жатып, не керек, әйтеуір, әкімге кірді. «Шешім солай, – деді ол, – оны орындамау біздің құзырымыз емес». «Сонда қалай, білім мен мәдениеттің енді керегі жоқ болғаны ма? Білімі мен мәдениетін жапқаннан кейінгі жерде ел қандай ел?» «Жабылса оқу мен мәдениет бөлімдері жабылды ғой, мектептерің бар, оқыта беріңдер, клубтарың бар, концерттеріңді қоя беріңдер». «Осы біздің жүрген жерімізге,–деген Асыраубай ашуланып,– қашан шөп шығады?» «Қандай шөп?» Манадан бері салмақты, байсалды отырған әкімнің қолындағы қаламсабы стол бетіне қаздаңдап басқан әйелдердің біз өкшесіндей тықылдады. Мұндайда Асыраубайдың екіле­ ніп, тілі аузына симай түкірікке толып кететіні ұстады. «Оқу мен мәдениет бөлімімізді бүгін жапқан әкім, ертең жоқ. Келесісі келеді. Оның ойында не бар екенін құдай білсін. Білетініміз, о неме не айтса да істейсіңдер, істетесіңдер. Сонда бұл не өзі. Құдды әкімдер бірдеңе айтпаса өздігінен армандай алмайтын, ойлана білмейтін жұрт болғанымыз ба?» «Бұл сөзіңді облыс әкіміне барып айтыңыз, сол кісіден сұраңыз». «Сендер айттыңдар ма? Сендер сұрадыңдар ма?..» Асыраубай Көкмойнаққа түңіліп, түнеріп қайтқан. – Осындайды да көрдік қой, құда, – деді Асырау­бай отағасы алдына қойған тарелкадағы жамбасқа қол жүгіртіп жатып.

– Не болғанда, мен мектеп директорлығынан алынып, қатардағы мұғалімге төменделдім. Облыстың жаңа әкімінің екі жылдан соң көзі құрып оқу бөліміміз қайта ашылды. Мәдениет бөлімі де сөйтті. – Жөні сол ғой. – Әрине. Енді анау мектебімізді оңалтуға, оңалтқанда қайта жөндеуден өткізуге шамамыз жетпей жатыр. Қаржы ғой баяғы... өткен күзде өзінің жетпіс жылдығын атадық... Мектептің жетпіс жылдығын атап өтуді көтеріп жүрген де, Асыраубай еді. Тура екі ай дайындалды-ау. Бұл мектепті бітіріп енді Алматы, Астанада қилы-қилы кәсіптің қыл шылбырын ширатып жүргендер тізімінің өзі бір апта жасалды. Ауданда, облыста жүргендердің алып-қосарлары да көп болды. Баяндаманы кім жасайды дегенде, ол дауысқа салынып, әжептәуір талас жүрген. Бұл зейнетке шықса да, әлі мектепке кіріп-шығып, бірі әскери, бірі ән пәнінен сабақ беретін Түрікбай мен Қилыбай ақсақалдар тең дауысқа иеленіп тайталасқа түскенде, мүлдем өртенді. Мектеп ұжымы жеңісті қайсысына берерін білмей дал еді, біреу мына уәжді айтты: «Ағайын, бұл мектепті салған Солтыбай марқұмның әкесі ғой. Бәріміз Қарабаланың баласымыз, дегенмен мына Қилыекең Солтыбаймен немере, значит, қарыс сүйем жақындығы бар. Баяндама жасаудың моральдық құқы осы кісі жағында ма деймін...» Сол, сол-ақ екен, сызу пәнінің мұғалімі: «Бұл трайбализм» деп

отырған орнынан ұшып кете жаздады. «Әй, осы трайбализмің не осы?» деді біреу. «Трайбализм, – деп сызу пәнінің мұғалімі анаған соны да білмейсің бе дегендей таңданыс раймен қарады. – Трайбализм деген– трайбализм». Қызу жүрген талас-тартыстың қорытын­ дысында баяндама жасау бақытына Түрікбай ақсақал ие болып, оны жазуға аудандық газетте көлемі төрт елі дегенмен тарихи мақалалары там-тұм болып басылып жүрген жаңағы сызу пәнінің мұғалімі бекітілген. Амал қане, екеуінің үш күн, үш түн ұйықтамай жазған баян­ дамасы талқылауға түскенде, жарамай қалды. Сызу пәнінің мұғалімі көп жағдайда қазақ хандығын қазбалап, айдалаға лағып кетіпті. Енді қайттік дейтін кризис басталғанды сонда осы ауылдың баласы. Кезінде аудандық газетте қызмет еткен, қазір ата сақалын қылтиған сәтіне қырып тастап, арекеңді бар тәнімен ішіп жүрген жорналист туыстары еске түсіп, соған қолқа салайық, осы мектепте өзі де оқып еді ғой, десті. Дескенмен о пәлең алқаш ретінде шақырылғандардың тізіміне ілінбей қалыпты. Амал жоқ, енді қоспай болмайды. Аудан орталығында тұратын жорналиске сызу пәнінің мұғалімін аттандырып, ол он күннен кейін бөшке толы араққа киімшең түсіп кеткендей әлем сасып, аяғын әр жерден бір басып әзер оралған. Абырой болғанда баяндаманы бітіріп келіпті, әйтеуір. Асыраубай негізінен қонақтарды қарсы алу, күту қамын ойлап, соның керек-жарақ­

тарын жиыстырып, барын салып, жоғын түгендеумен жүрді. Жарты күн жолы бар әскерилерден ішіне екі жүз, үш жүз адам еркін сиятын палатка сұрап әкелді. Сойыс малдарын дайындатты. Тек арақ-шарап жайында жұмған аузын ашпады. Өйткені, ақылдаса барғанда, Алматыда үлкен қызметте отырған досы Жайлыбай: «Егер көзіме шөлмек көрінсе, сол мезгілде тайып тұрамын, осыны ұмытпа», − деген. Жайлыбайдың сөзі бұған заң ғой. Жайлыбай айтқанды орындамау – иттік. Мектептің жетпіс жылдығына Жайлыбай қатыспаса, төріне сол отырмаса – не болғаны. – Жайлыбай дегенің шет елге кетіп, балалардың үйлену тойына келе алмаған досыңыз ба? – деп құдасы сөз қыстырды. – Дәл өзі. – Әйтеуір аузыңыздан түспейді. – Қайтіп түседі. Неге түседі? – деп Асырау­ бай қараптан-қарап масаттанды, – ол өзімнің Жайлыбайым... – Хош. Сонымен мектептің жетпіс жылдығы өтті ғой? – Өткенде Жайлыбайдың кісілігін сонда көрдік. Көргенде әңгіме былай еді... Баяндаманың соңғы екі-үш абзацын Асыраубай мектептің қазіргі мүшкіл қаліне арнатқан. Енді, екі-үш жыл осылай тұра берсе, оның құлау қаупін қадап-қадап жаздыртқан. Мерекеге жиналғандарға бұл әсер етпей қоймады. Әсіресе, Жайлыбайдың қабырғасы қатты қайысты. Оның айтуынша, Көкмойнақта

туған кімде-кім бүгін кісі қатарына қосылып, азамат атанып, мемлекеттің қоғамдық деңгейдегі тұлға дәрежесіне жетіп жүрсе, ол осы Көкмойнақтағы мектебіміздің арқасы. Көкмойнақтағы мектепті бітіргенде ішінде жазушы да, ғалым да, саясаткер де, композитор да бар екен. Әсіресе, бизнесмендер көп болып шықты. Бақандай он бес. Бұлардың қай-қайсысы да осы күні үшін ең алдымен Көкмойнақтың мектебіне қарыздар. Көкмойнақтың мектебін қамқорлыққа алу, білгенге атамыздың ақ батасын, апамыздың ақ сүтін ақтаған­мен бірдей... – Жөн білетін, жоба танитын адамның сөзі осы, – деді отағасы. – Сөйтпесе Жайлыбай бола ма, – Асырау­ бай тіпті көтеріліп қалды. – Не керек досым қатырды. Қатырғанда біздің мектепті жөндеуге және аса қат керек-жарағына қаржымен қамтамасыз ететін арнайы есеп ашуды ұсынды. Есепті ашқан күні хабарлайсыңдар, оған өз әулетімнің атынан нөмірі бірінші болып ақша аударамын, сырттан келгендер, іштен келгендер, түгел бәріңді соған шақырамын. – Үлкен азаматтық көрсеткен екен. – Резонанс тудырды дегеніңіз дұрыс болар. Жайлыбайдың айтуымен сол жерде есепке ақша аударуға ниет білдіргендердің тізімі жасалып, төбеміз көкке тигендей болды. Сонда жиналатын қаржыны шамалап іштей есептеймін ғой. Асыраубайдың ішкі есебі бойынша біраз

дүниенің басы құралатын, тіпті мектепті қайта жөндеуден өткізгеннен артылып қалатын сияқтанды. Ондай атты күн туса, былтыр комбайны аударылып, астында қалып қаза болған Сейіттің, анау өз отбасынан жеріп, осында келіп сауда жасап жүретін коммерсант әйелге үйелменін тастап, ілесіп кеткен Ілиястың үйіндегі қара домалақтарға қысқы киім жағынан қарайласпай тағы болмайды. Олай болмаған жағдайда мектепке қатынаулары биыл байқады, неғайбыл. Сосын, бұл енді Асыраубайдың есі кіріп, етегін жапқан күннен бергі арманы, Көкмойнақтың сыртындағы оқшау тұрған тас төбеге Ағыбай батыр бастап, Кеңес үкіметіне қарсы шыққан бабаларына белгі қою. О, төбенің астында Көкмойнақтан, төмен етектегі ауылдардан бар, Ағыбайға қосылған жүз адамның сүйегі жатыр. Кеңестің қызыл әскерлері оларды дәл осы жерде қырып салып, ауыл адамдарына төбені терең қаздырып, көміп, үстін дәу-дәу тастармен бастыртып тастаған. Көкмойнақтықтар бұрындары оны «Тастөбе» деп атаушы еді, қазір «Қызыл қырған» дейді. – Сонда бұл өткен күзде болған әңгіме ме? – деді отағасы. – Тура айтасыз. – Нәтиже қалай енді? – Есепті іле-шала ашып тастағанбыз. Со мезетінде жан-жаққа хабар да кетті, бірақ әліәзір ешқайсысы қимылдай қойған жоқ, жаз болса мынау күйіп-жанып келіп тұрған, сосын

қой, Жайлыбайға барайын деп тартып отырдым. Отағасы үндемеді. Екеуі қолдарын шайып келіп, шайға отырды. Түн баяғыда түскен. Сүт қатқан қызыл шайды ұрттап отырып, Асыраубай енді ұлы мен келінінің жайын сұрайды. – Көрінбейді ғой өздері. – Бізде де өзгеріс көп, – деп күлді құдағи. – Өзіміз де таяу күндері сіздерге хабар жібереміз бе деп отыр едік... – Тыныштық па? Сөзге отағасы араласқан. Бақса, құдақұдағи мұның баласы мен келініне жақында «Майгүлден» екі бөлмелі пәтер сатып әперіп қойыпты. Манарбегі қызметін тастаған. – Тастағаны несі? – Асыраубай басын көтеріп алды. – Бес-алты жылдан бері зерттеп жүргені сонда далада қалды ма? Құдасының уәжі: Қазіргі қазақта қой дейтіндей қой қалды ма? Қалмаса ненің жүнін ұзартып, ненің жүнін жіңішкертеді... – Дүние осылай тұрып қалмайтын шығар? – Асыраубайдың аузы түкірікке толып келе жатыр еді, абырой болғанда осы кезде үйге баласы мен келіні кіріп құдай сақтады. Ұлын көрмегеніне үш-төрт ай болған, көзі шүңірейіп, бұты тылтиып қалыпты. «Алты ай қыс үйірге түскенбісің, ұсқыныңды ұрайын» дей жаздады. Ертеңгі шайға қанып алған соң, Асыраубай, а, құдайлап көшеге шыққан. Енді бір шамада Жайлыбай досы отыратын көп қабатты

көркем ғимараттың баспалдағымен жоғары өрлеп келе жатты. Жоғары дегенің жай ғой, көкке, көкке өрлеп десейші. Осындай қанатты сезімнен қабылдау бөлменің есігін ентелей ашып еді, бастығының босағасын күзетіп отыратын құмырысқа бөксе хатшы қыз: «Жын қуып келе ме сені?» дегендей жақтырмай қарады. «Осы хатшы қатындардың бәрі неге бір-бірінің аузынан түскендей», деп жынданды Асыраубай: – Жайлыбай өзінде ме? – деген даусын суы­тып. – Бос емес. – Босай ма, биыл? – қыжылы бұл. Қыз иығын көтерді. – Білсеңші, Көкмойнақтан Асыраубай келді де. – Мәскеуден келсеңіз де қазір қабылдай алмайды. – Мені қабылдайды, айналайын. – Поймите, там люди, шетелден. – Ал мен ол иттің бір ауылда, бірге өскен досымын. Хатшы қыз қасын керді. – Қандай иттің? – Жайлыбай иттің. – Как Вы смеете, так Жайлыбай Сембаевичті... – Хатшы қыз «бұл не пәле» дегендей кеудесіндегі торси­ған қос әңгелекті қолымен басты. – Он же... он же... Қыздың демі бітіп, ықылық атқанында Асыраубайдың көк тиын шаруасы болған жоқ.

– Шетел, метеліңді білмеймін, тура кірем, қазір, – деп орнынан тұрған. Анау жалма-жан телефонға жармасты. – Да... – Асыраубай Жайлыбайдың даусын алыстан болса да анық естіді. – Жайлыбай Сембаевич, кешіріңіз... Мұнда бір кісі прямо... бой бермейді, совсем. – Кім? – Говорит Көкмойнақ, Асыраубай... Ар жақтағы дауыс біраз үнсіз қалды. Сосын барып: – Трубканы бергін, – деді. Трубка қолына тиісімен Асыраубай айғайлап кетті. – Ай, Жайлыбай, ассалаумағалейкум! – Амансың ба? – Аман болғанда, міне кіре алмай тұрмын ғой. – Менде шетелдіктер отыр еді. Сен былай ет: түске қарай кел. Сөйт! Мынандай жағдайда Жайлыбай, сөйтпеймін дей алмады. Келе сала кіріп кетпегеніне енді өкінген жоқ, қайта көшеге көтеріңкі көңілмен шықты. Сағатына қараса, әлі он жарым. Тротуар бойлап біраз жүрді. Баласы мен келінінің көкбазардағы дүкеніне барып, көріп келуді ойлап тұрды да, өйтпеді. Таза шаруаға сауданы араластырғысы келмеді. Киоскіден бірлі-жарым газет алып, досы отырған ғимарат маңындағы сквердегі орындықтың біріне жайғасып, қолындағысын ары-бері аударып-төңкергенімен оқып жетістірмеді,

бар ойы Жайлыбай жақта. Көкмойнақта туып, Көкмойнақтан шықты ғой ол. Бәрінен бұрын соны айтсаңшы. Көкмойнақтан шыққан Жайлыбайдың Алматының төріндегі мына көрсең көз тоймайтын ғимараттың төрінде отырғаны ше... Тәубе, тәубе... Е, сосын құдайдың құдіреті, Асыраубайдың төс қағыстырған досы, бұл Жайлыбай. Рас, соңғы жылдары аралас-құраластары шамалы. Досы қазіргідей тасы өрге домалап тұрмаған әнебір жылдары үйелменімен ауылға жиі соғатын. Әуелі жесір жеңгесінің үйіне түнеп, ертесіне Асыраубайдікіне келетін. Келгенде Жайлыбайдың бір баласын мойнына мінгізіп, бір баласын қолынан жетелеп Асыраубайдың өзі бастап келетін еді. Бұл кезде Жайлыбайға арнап түнде сойылған семіз тусақтың майлы етінен қуырылған ыстық қуырдағы Гүлжамалдың дастарханында буы бұрқырап дайын тұрады. Қаймақ, сүтке езілген қатық, мейіздей қатқан сары құрт, ірімшік, шекер қосылған тарының талқаны және былай... Бұлар ыстық қуырдаққа енді бас қоя бергенде Көкмойнақтың шаң-топырағын кезінде тең борпылдатқан, бірі он жыл мектепке барып жүрсе де, өзге түгілі, өз аты-жөнін өзгеден көшіріп жазатын, бірі оқуды әрі қарай жалғастыруға жағдайы келмей ауыл­ да амалсыз қалып қойып, қара шаруаның қазанында қайнап кете берген кластастар жиналып қалады. Гүлжамалдың сандығындағы екі-үш шөлмектің басы қылтияды. Содан

дуыл­дар еді, бұлар. Қуырдақтан кейін кәуап піседі, одан бас асылады. Сол екі арада балалар да дүкенге екі-үш рет шапқылап барып, келіп қояды. Қызды-қыздымен айтылмаған әңгіме қалмайды. Көбіне сөйлейтін Жайлыбай. Бәрі жабыла соның аузына қарайды. Жарық дүниеде не болып жатыр, не қойып жатыр, ертең қайтеді, бәрін білетін Жайлыбай. Бұл әңгімені төрт құбыласынан түгел түтіп, әбден діңкелеткен соң, адам өмірінің мәні, ізгілік, кісілік жайлы көсіледі. Кластастары араларынан осындай көңілі көсем, көсілген шешен адамның шыққанына жатып қуанады, әрі, айран-асыр таң болады. Таң болатындары, кеше ғана орталарында ешкімнен озып та кетпей, қалып та қоймай ел қатарлы жүретін Жайлыбай айналасы біраз жылда философқа, политологқа, энциклопедияға қалай айналып кетті, сонда қалай, әлде Жайлыбай озық ақылын, ой-парасытының қайнар бұлағын бұларға көрсетпей ішіне тығып жүрді ме екен... Сағат тура бірде, обал не, Жайлыбай Асыраубайды кіре берістен қарсы алды. Бұл досын бас салып құшақтап бетінен сүйді, анау арқасынан қақты. Кабинетінің ішінде оңаша демалыс бөлме бар екен. Шағын диван, үлкен тоңазытқыш, стол тұр. Еденіне кілем төселген. Хатшы қыз дастархан дайындады. Стол үсті әп-сәтте шұжық, сары май, қара уылдырық, қант, конфетке лықып кетті. Екеуі ыстық шайды ұрттай отырып, әуелі Көкмойнақтың

жұртын түгендеді. Саусақтарын бүгіп санап отырса, бұлардың алдындағылар селдіреп-ақ қалыпты. Тіпті, өздерімен бірге өскендердің үш-төртеуі бақилық болған. – Өмір шіркін, өстіп-өстіп қидай сыпырады екен ғой, – деді Асыраубай жабырқап. – Оған сөз бар ма, – деп күрсінді Жайлыбай. – Бір-бірімізді де шанда бір көретін болдық. – Қайтесің. Мен ғой мыналарға байлау­ лымын, – Жайлыбай қатар тұрған екі-үш телефонға көз салды. – Амал жоқ... – Әрине, – деп Асыраубай досына неге екенін мүсіркей қарады, – қызмет деген пәлеңді жағалағандардың бас еркі өзінде болмайтын көрінеді ғой... Не қылғанда да, ел өзіңе разы. Жайлыбайымыз бар дегенде Көкмойнақты теңселтіп жібереміз. Жайлыбай езу тартты. Асыраубайдың көмейіне тағы бір сөз кептелген. Ол не сөйлеп, не қойғанын білмей кететіндердің де барлығы. Ерімбет шалдың немересі үйленген тойда Боташ алқаш: «Жайлыбай, Жайлыбай дегенде естерің шығып кетеді, басы жатқан қауын секілді о, қызбалақты дүкенге арақ-шылымға жұмсап, талай тепкілеп едім... Енді келіп... Көктен салбыратасыңдар. Көктен салбырап түскен көсем болса басқамызды қойғанда, Сейіт марқұмның өзі бір көрпенің астында бірге биттеп өскен балаларына көз қырын неге салмайды.»

Асыраубай осыны айтып жібере жаздап, әзер тоқтады. – Өткен күзде өздерің келіп-кеткеннен кейін де сегіз-тоғыз айдың жүзі болып қалды,– деп әңгімесін негізгі арнаға бұрды. – Білемін. – Ашқан есебімізге ауылдан жиналған біраз қаржы болмаса, сырттағылардан әлі көк тиын түскен жоқ, - деді Асыраубай. – Мектепті жөндеуге кірісіп кете алмай далмыз. Жаз болса мынау, ентелеген. Сосын қайтемін, амал жоқтықтан өзіңе қарай тартып кеттім. Жайлыбай біраз үнсіз отырды. – Сол шаруаның өзі сірә, береке таппас. Бизнес жағында жүрген жігіттерімізді ұстау құдайдың бәлесі, бүгін Алматыда, ертең Астанада, не шетелде, – деді Жайлыбай. – Уақыт сондай. – Сонда таман жұрттың алдында берген

уәделерін ұмытып кете бере ме? – деп Асыраубай қолындағы шай толы шынысын столға қоя салды. – Сөйте ме?.. – Уәде дегенде... – Уәде – құдай сөзі ғой, Жайлыбай. – Сен еш өзгермегенсің, – деді анау бұған барлай қарап, – сонау бала кезіңдегі қалпың... – Жайлыбай-ау, есеп ашыңдар, оған әуелі ақша аударамын деген бәрінен бұрын өзің емес пе едің? – Айтып отырмын ғой, сол бала қалпың. Мен жұртқа мұрындық болу үшін сөйттім. Оларды жұмылдырып берейін дедім, әйтпесе мені бір ақша жасап жатыр деймісің. Өзің білесің, екі бала шетелде оқиды. Қызым мен күйеу балаға орталықтан пәтер алдық. Алматыдағы бағаны естіген шығарсың... Асыраубай сылқиды. Өкпе, өкініш, өксік араласқан бір сезім өзегін өртеп, көз алды мұнартты. Сол мұнардың арасынан Жайлыбайдың жатқан қауын секілді ұзын басы әзер бұлдырайды. – Сенің екі балаң шетелде оқиды, а Көкмойнақтың күллі баласы оқитын мектептің сылағы түсіп, іргесі сөгіліп, төбесінен су тамшылап құлағалы тұр. – Сабыр ет, – деді Жайлыбай дауысын суы­тып. – Шала бүлінгеннен ешкімнің уығы қисайып қалмайды. – Қисайып тұр ғой. – Тыңда. Алдағы жылдан қатарынан үш

жыл ауыл жылы. Үкімет ұшан-теңіз көмек көрсетейін деп жатыр. Көрінгенге жалынып қайтесің, ақша өзінен-өзі келейін деп тұрғанда. – Өзіміз ше... Өз ауылымыз үшін өзіміз де бір кісілік, елдік жасамаймыз ба, тегі? – Пәлсапаны қайтесің. Екеуінің әңгімесі енді жараса қоймады. Асыраубайдың тығырыққа тірелген жері осы болды. Япыр-ау, енді Көкмойнаққа не деп барады? Құралақан қай бетімен көрінеді. Жұрт күтіп отыр ғой, үміт етіп отыр ғой. Құралсаймандарыңды дайындап, сақадай-сай тұрыңдар деп кеткен өзі. Қап, әттеген-ай. Сарт санасымен байып... Болады да болады, жасаймыз да жасаймыз деп дес бермей, алдында тау тұрса тауға өрмелеп, тас тұрса тасқа шығып, күйіп-жанып жүретін жынды мінез қайдан біткен бұған. Қашан көрсең табаны жерге тимей, безектейді де жүреді. Қайда асығады, неге асығады? Мына дүние осыған ғана керек пе? Мына дүние осы болмаса қаран қалатындай, бала-шағаны да ұмытып кетеді. Үй тірлігінің көрбай-жорбайын жалғыз дерлік сүйреп, әйелі байғұстың құр сүлдері қалды. Дәл бір ағаш ат. Оқта-текте оқыранып ойнағысы келсе, жылы-жұмсақ іздеген қолы адырайған қабырға, шодырайған шонданайға тиіп, сол сәтінде теріс аунап кетеді. Екі тете қыздың өткен қыста жалғыз көк пальтоны кезек-кезек киіп шыққаны анау... Жә, қойшы, кедейлік мін емес. Адам талай байып, талай кедейленген, талай кедейленіп, талай байыған. Бір терінің ішінде толған да солған...

Өзгеге қайдам, Асыраубайға осы күні де шүкіршілік. Майы ағып сорпасы асып-төгіліп жатпаса да, ішер тамағы, жалт-жұлт етіп тұрмаса да, киер киімі бар. Құдайдың нұры өзі жаратқанның бәріне түбі бір түсер. Бұлардың да күн көрісі күні ертең-ақ күбідей күмпілдеп кетері сөзсіз. Көгілдір экранға қарап, газетжорналдар оқып отырса, аузынан ақ түйенің қарнын жарып жүрген талайлардың банк­ рот болып, бағы та­йып жатқанын, тіпті, мұндайда кейбіреулердің өзіне-өзі қол жұмсап та жіберетінін естіп, біліп жағасын ұстайды. Ал адам адамгершілігінен банкротқа ұшыраса қайтеді? Адамгершілігім банкрот болды, ойбай– деп төбе шашын жұлып, асылып, атылып жатқан ешкім бар ма, осы?.. Демалыс бөлмесінің дәретханасына кіріп кеткен Жайлыбай әлі шыққан жоқ. Япыр-ай, елге... Қып-қызыл ұятқа енді ұшырады ғой. Қыстай алма-кезек соғым басына шақырып шала бүлініп жататын Көкмойнақтың кез келген түтініндегі отырыста мұның «пәлен қаржы мектепке, пәлен қаржы қызыл әскер қырған 100 адамға белгі қоюға, пәлен қаржы жетімжесірлерге қол ұшын беруге» деп жарылқап жататын әңгімесіне елітіп шыққан жұрт енді не дейді? Әй, тоқта... Кенет... Кенет Асыраубайды бір ой иектеп шыға келді. – Әй, Жайлыбай шығасың ба, – деген құдды заматта келген ойын заматта ұмытып қалатындай, жалма-жан дауыспен. Анау шықты.

– Маған бір ой келіп қалды. – Айт. – Айтсам, маған екі мыңдай көк қағаз тауып бер. Қарызға, әрине. Екі бие бар, тана-торпақ бар дегендей, осы күз сатып құтыламын. Жайлыбай қасына келді. – Ол не үшін керек, саған? – Ауылға апарамын. Сендер берді деймін. Құр қол барғаным ұят қой, бәрімізге ұят. – Ондай ақша қолда бола бермейді, – дейді Жайлыбай жайбарақат, – түскені қажет жеріне жұмсалып жатады. – Өзіңде жоқ болса біреуден ала тұрсаң қайтеді. Достарың көп, беделің бар, – деп Асыраубай жалынғандай болды. – Сен тура түсін, – деді Жайлыбай. – Маған біреуден қарыз сұрауға болмайды. Қызметтің положениесі сондай. – Сонда... – Айттым ғой, түсін деп, – досы сағатына қарады. – Екі болып қалыпты, сен кешке үйге кел, тамақ ішіп, қонып қайт. Қазір менде мәжіліс... Өкпелеме... Кімге өкпелеймін. Менің енді өкпемнің кімге керегі бар... деген сөз Асыраубайдың көмейіне кептеліп келіп-келіп қалғанымен үндемеді, үнсіз кетті. Аспан мана ғана ашық еді, сыртта жаңбыр сіркіреп тұр екен. Әп-сәтте мың құбылуын деді Асыраубай ішінен, құбыл, құбыл. Құбылғаннан басқа бұл жалғанда не бар дейсің.

Көше бойында айналасы ашық кафе көрінді. Соған қалай, неге кіргенін өзі де білмейді, жауын тимейтін ортаңғы столдың біріне отыра салды. Қолында блокноты мен қаламы, тық-тық басып дая­шы қыз жетіп келді. Етімен ет қылып шалбар киіп алған. Алдыңғы жағынан білеулене қимасы, арт жағынан көтеріңкі көтендігі ап-анық білініп тұр. Құбыл. Бұл да құбылудың түрі, құбыл... – Не дедіңіз? – қыздың сірә, мұның тіс арасынан шыққан сыбырын құлағы шалып қалған сияқты. – Ештеңе. – Ішке кіріп отырсаңыз да болады, – деп сызылды қыз. – Қайтесің, осында әкел. – Не бұйырасыз? – Арақ. – Қанша? – Қырлы стаканды толтыр. – Фужер ғой бізде. – Барына құйсаңшы. – Тамақтан ше? – Оны қой. – Бәлкім салаттан. Свежий... – Мейлің. Асыраубай фужер толы араққа ұзақ қарады. Аузына алмай кеткеніне біраз жыл. Бала кезінде сары аурумен ауырған еді, ол иттің бауырға қалдырып кетер лаңы бар екен, сол кейін сыр беріп, сыздата берген. Дәрігердің

кеңесі: өмір керек болса – арақ-шарапты тартып алма... Асыраубай қазір өзіне не керек екенін білмейді. Керегі Жайлыбайдың қол ұшы еді, ол енді жоқ. Ал өмір... Демін терең сімірді де, у мен зәрді тартты да жіберді... Өмір... Ол не? Адамдардың ғұмыры ма... Адамдардың ғұмыры болса, онда ол адамның өзі ғой. Егер адам өмірдің өзі болса... Жо, жоқ... Өмір – тұтас дүние. Жер-көл, дала-тау, өзен-мұхит, ауа, талдарақ... Сондықтан мәңгі. Қазақтың дүние жалған деп жүргені жәй сөз. Дүние жалған емес, адамның өзі жалған... Дүние өз қалпын сақтайды, бұзбайды ғой. Ал адамың айнығыш, құбылғыш. Түске дейін көрген адамыңды түстен кейін танымай қалады екенсің. Ол бүгін айтқан сөзін ертең мүлде ұмытып кете салатын болып шықты... Асыраубай кешкісін құдасының үйіне қызыңқырап келді. Отағасы аң-таң. – Құда-еке... – Іштім, – деді бұл, – ішпей болмады. – Досыңызбен бе? – Дос... қайдағы дос. Дос деген не? Қашан, кім ойлап тапқан оны. Бәрі жалған... Бұрын бәлкім, бәрі шын шығар, ал бүгін жалған... Одан да құй, құда. – Ойбай, енді, – деп құдасы ақ, қызылы аралас екі-үш шөлмекті ала жүгірді. Жүздетіп алған соң Асыраубай ағыл, тегіл аңырады-ай келіп. Сондағысы: адам жалған екен ғой. Жалған болмаса кешегі Жайлыбай қайда. Кешегі Жайлыбай бүгін неге басқа

Жайлыбай. Неге бұзылды, не бүлінді. Әлде ол ет жүрегін, езілген бауырын алдырып, орнына темір жүрек, тас бауыр салып алды ма? – Таусылмаңыз, өйтіп, – деді құдасы жұбатып. – Бәрі де бір тәңірінің құдіреті. – Тәңірінің құдіреті... Ал әділдіктің иесі кім? Бар ма? Болса неге несібеміз тең емес? Неге біреу үнемі озып, біреу үнемі қалып өтеді мына дүниеден. Неге Жайлыбай Алматыдағы көрнекті ғимараттың төрінде, ал мен ит арқасы қияндағы Көкмойнақтың оты мен күліндемін. Көкмойнақ ауылы деп ес білгеннен етігі тозған, етегі жасқа толған менің басымда мына жаман шляпа, ал оның басында жарқыраған бақ. Тәңірі дейсіз... Тәңірге менің жазығым не? Менің жазығым институтты бітірген соң қалада қалмай, ауылға қайтайын, Көкмойнақтың балаларын оқытайын, тірі жүрсем Көкмойнақта Кеңеске қарсы шығып, қызыл әскердің қылышынан опат болғандарға белгі қояйын дегенім бе? – Сірә, біреу өзгенің бақыты, өзінің соры үшін туатын шығар, – деп қойды Асыраубай сосын. – Егер менің пешенеме жазылғаны соңғысы болса, разымын. Бір тамызып қой, құда. Отағасы рюмканы толтырды. – Жолыңыз болмаған-ау, сірә. – Болса өстіп отырамын ба? Ұшатын едім ғой, Көкмойнаққа қарай, ұшатын едім, – Асыраубай рюмкадағыны соғыстырмай-ақ қағып тастады. – Қы­зық­ты қарасаңшы, құда. Бүгін

ойлап отырсам, үнемі Жайлыбай озып, мен қалып келеді екенмін. Қараңыз бұл қызықты. Асыраубай ақтарылды: – Жайлыбайдың менен қай жері артық еді. Ол әлгі Боташ алқаш айтпақшы, аспаннан салбырап түспегені рас. Екеуміз де сиыршының баласымыз. Жүні түте-түте жамау көрпенің астында қатар жаттық. Битіміздің саны да бірдей болатын. Ішкеніміз де бір тамақ. Бірақ, ылғи да соның жұлдызы жанады. Бала күннен солай. Бала күнімізде жаз бойы пішеншілерге қолғабыс жасайтын-ек. Еңбек күні де бар. Шамасы, он-он екілердегі кезіміз. Қайсы бір күні таудағы қосқа Жайлыбай бауы жоқ, тұмсығы тоқал, қолға ұстасаң былқ-былқ еткен резина аяқ киім алып келді. Бұрын көрген пәлеміз емес. «Бұл не? Топыли ма?» – дейміз. «Боти, – дейді Жайлыбай. – Су өтпейді». Былтыр әкпесі алыстағы темір жол станциясына байға тиіп кетіп еді, «күзгі лайсаңда киесің» деп сол сатып әкеліпті. Жайлыбай оны бізге көрсетіп мақтану үшін, үйінен тығып алып шыққан. Қатты қызықтық. Кезек-кезек киіп көреміз, кезек-кезек киіп жүгіреміз. Жаз шілденің кезі ғой. Екі-үш күн өтті ме, өтпеді ме аяғымыз әлем сасып шыға келді. Сөйтсек, ботиыңыз күн ыстықта аяқты шуаш қылып жіберетін пәле екен. Жасамаған ем-дом қалмады. Соның ішінде шипасы – қатық болды. Қатық болғанда, одан Жайлыбайдың аяғы таза жазылып кетіп, менікі пәсейгенімен, қалып қойды. Не сұмдық. Ол жаққан қатықты мен

де жақтым. Қалыңдығы да теңдей. Оныкі кетті, менікі қалды... Енді қараңыз, бесінші класта оқып жүргенде теміретке деген пәлеге тап болдық. Бастың құйқасы толы ақтаңдақ. Күкірт септі ме, тобылғының майын тамызды ма, болмайды, түн баласы қос қолдап басымызды талап жатамыз. Содан әке-шешеміз қайтеді, аудандық балалар ауруханасына алып барды. Қойған диагнозының аты жаман–таз. Бола қоймағанбыз, бірақ осылай жүре берсек сөзсіз боламыз. Ол аздай бұл теміретке дегенің жылдам жұққыш дерт екен. Содан Көкмойнақтан келген құйқасы қызылала төрт бала, үш қызымыздың басы әуелі тоққа салынды, артынан ақ дәкемен қалыңдап оралып, гипстеліп тасталды. Бірер күннен кейін, басымыз кішірейгенін, жоқ гипстің кеңінен қолпылдап қалған пәлені дәрігерлер алдыңғы жағын қайшымен қиып жіберіп, басымыздан сыпырып алғанда зәре-иманымыз қалмады, құйқамыз құйқа емес, былжыраған қып-қызыл ет... Ұзын сөздің қысқасы бұл қып-қызыл ет келесі ем-домнан соң қарақотырланып жазылып, құйқаға қайта айналып, шаш шықты ғой. Жайлыбайдың басы жатқан қауын секілді ұзын еді де, менің төбем шошақ болатын. Құдай қырсық қылғанда, менің бұрынғы қалын шашым көктемде орылып күзге дейін күн астында жатып, көбісін жел ұшырған шөптей селдіреп, ал Жайлыбайдың бұрынғы шөлейттің селеуіндей селдір шашы толқындалып қалың өспесі бар ма. Басының жатқан қауын секілді

ұзындығы да білінбей қалды. Менікі, мінеки, әуелгісінен де жаман істиіп кетті, - төбесін отағасыға көрсетті. – Неге? Неге Жайлыбайдың жолы үнемі бола беріп, менікі неге кері кетеді деймін? Түсінсем бұйырмасын дегендей отағасы иығын көтерді. – Сегізінші класты бітірген жылы ғой,– Асыраубай әңгімесін ары қарай індетті. – Мені түлен түртті. Қайткен күнде мұғалім боламын деген арманым ба, әйтеуір, Жайлыбайды педучилищеге түсейік деп қояр да қоймадым. Бұрын қаланы кім көрген, қым-қуыт бір дүние. Әкем берген адреспен күн ұзақ жүріп, немере қарындасының үйін әзер таптық. Апамыз кешкі тамағын беріп отырып: «Ақшаларың болса, сендер әуелі бір сыпыра киініп алыңдар, әйтпесе мына сықпыттарыңмен жұртты үркітесіңдер» деген соң ертесіне универмагқа бардық. Сонда ғой, көзімізге ең әуелі түскен универмагтың үлкен-үлкен терезелерінің алдындағы зіңгіттей-зіңгіттей қыздардың селеуеттері. Үлбіретіп киіндіріп қойған. Бұрын мұндайды түсімізде көрмеген біз байғұс жаман таңғалайық. Таңғалғанымыз құрысын, құда, сіз мына иттігімізді қараңыз. Япыр-ау, дейміз мына селеует қыздардың басы, аяғы, қолы, беті, қиылған белі бәрі, бәрі бар екен, сонда анауысын ше... Анауысын да көргіміз келіп, елге байқатпай етектерін көтеріп, астына да үңілдік қой... Отағасы мырс етті.

– Қызық болған екен. – Жо.., жоқ құда, қызықтың көкесі педучилищеге Жайлыбайды қояр да қоймай ертіп барған мен емтиханнан құлап қалып, ол түсіп кетті ғой. Өмірде осы жолы қатты арландым. Өзгені қойғанда Жайлыбайдың бетіне жөндеп қарай алмадым. Обалы қане, мен құлап қалған соң ол да документтерін қайтып алып, ауылға бірге қайтіп едік. Айтшы, құда-еке, қайда да бірге барып, бірге қайтатын сол күндер қайда қалды? Әуелгі бір жолымыз кейін неге онға, жүзге бөлініп, бөлектеніп кетеді. Тағдырдан ба? Болсын-ақ, бірақ, ара-тұра қиылысып, ара-тұра түйісіп тұрмай ма. Күні ертең, құдай оның бетін әрі қылсын ғой, әрине, кезкелгеніміз майда-шүйде соқпаққа айналып, оны шөп-шалаң басып, сорабын да таппай қалсақ, қайттік. – Қамыға бермеңіз, – деді отағасы. – Қамықпауға болмайды, – деді Асыраубай, – қамықпаған жерде үміт түгесіледі, арман таусылады. Менің үмітім – Көкмойнағым. Ықылымнан оты өшпей, түтіні бітпей келе жатқан оның мәңгі көктей беретіні. Арманым – Көкмойнақты ұл-қызының соны біліп, соған қуанып, сол үшін ғұмыр кешкені. Жайлыбай екі балам шетелде оқиды деді, оқысын. Ал, енді Көкмойнақтың бүгінін, ертеңін шетелде оқыған соның екі баласы ойлай ма, жоқ Көкмойнақта сылағы жалбырап түсіп тұрған мектепте оқып жүрген киімдерінің бірі ұзын, бірі қысқа балалар ойлай ма?.. Күллі қазаққа

ертең ие болатын ұл, бәлкім, Көкмойнақтағы сол сегіз жылдық мектепте оқып жатқан балалардың арасында жүгіріп жүрмегеніне кім кепіл... Құдасы бұған ұзақ қарады. Түннің бір уағына дейін гөй-гөйлеп, жатқаннан кейін төсегінде ұзақ дөңбекшіп, таң елең-алаңда кірпігі әзер айқасқан Асыраубай түс көріпті. Көкмойнақтың үсті көк тұман. Өзі шыңырауда тұр. Ернеуден біреу қол созады, қараса, о, тоба, өзі... Қай кез екенін, шошып оянды. Терезеден күн сәулесі төгіліп тұр. Тырс еткен дыбыс білінбейді. Басы мең-зең. Киініп, ас бөлмеге бас сұғып еді, дастархан әзірленіп, беті жабылып қойыпты. Шетіндегі подноста аузы ашық конверт пен тілдей қағаз жатыр. Қағазды алды: «Құда!– деп жазыпты онда. – Үйде аздаған жиған-терген бар еді, соны алыңыз, конверттің ішінде. Мектебіңізге сеп болар, асықпай бір қайтарасыз. Азанда Манарбекпен де сөйлескем, балаңыз бен келініңіз де қарап қалмас. Манарбектің өзі телефон шалады. Біз қызметке кеттік. Әлдене қажет болса, тоңазытқышта». Асыраубай жалма-жан конвертті алды, ішіндегісін санаса тұп-тура бір мың доллар. Қуанғанынан отырған орнынан құлап қала жаздады. Япыр-ай, мына құда... Енді келін, баласы қосылса... Тұрып тоңазытқышты ашып, шөлмектерге

біраз көз салып тұрды да: «Жоқ, Асыраубай,– деді өзіне-өзі. – Енді ұмыт бұл пәлені. Енді өзімен кетсін. Енді таза ниетке таза деніңмен кіріс». Балам хабарласып қала ма деген оймен ваннаға телефонды өзімен бірге ала кіріп, шым-шым суға әжептәуір жуынды. Жуынып жатып та, жуынып болып, ыстық шайды пора-порасы шығып ішіп отырып та көкейінен құдасы кетпей қойды. Неге бүйтті? Аяғаны ма? Әлде кісілігі ме? Анда-санда бас қосқандары болмаса, өзімен жақсы әңгімелесіп, терең сырласқан емес. Білетіні ата-анасынан тым ерте қалып, балалар үйінде өскені. Кіндік қаны тамған ауылды іздеу жас кезінде ойына келе қоймаған, кейін тапқан екен, барса ауыл бұған, бұл ауылға жат болып шығады. «Сөйтіп, амалсыз ауылы жоқ қазаққа айналдық. Ауылы жоқ қазақ...» деп терең, терең күрсініп еді, бірде. Неге екенін, осы сәтте Асыраубайдың ойы­на Жайлыбайдың шетелде оқып жүрген балалары түсті. Ал енді олар... деп ары қарай бара жатыр еді, телефон без-без етіп ойын бөліп кетті. Ұлы екен. – Мен ғой, папа. – Әй, Манарбек, амансыңдар ма? – деп елпілдеп кеткен. – Иттің күшігі, сен мына әкеңді біреу көкала қойдай қылып тепкілеп түрмеге қамап қойса да іздейтін түрің жоқ қой. – Қойшы, папа. Қазір барамын да үйге алып кетемін. Киіне беріңіз.

– Әй, тоқта. Үйге алып кетеміңді қоя тұр. Қазір оған алаңдама, қу қара басым, құры қол қоқайып барған ырымға жаман. Көп ұзамай шешең екеуіміз келеміз. Үй алып, бөлек шыққандарыңды білмедік қой. – Енді, папа, келіп тұрып үйге кірмей кетесіз бе? – Айттым ғой. Айтқанымды тыңда. Одан да қазір өзіңе барамын. Дүкеніңе кіріп шығайын. Көрейін. Сосын жүріп кеткенім дұрыс, балам, жұрт күтіп отыр. Құда айналайын, қаперімде жоқ жақсылығын жасап... – Келініңіз де сонша дайындап қойды, папа. – Сөйтті ме?.. – Асыраубайдың көз аясы ысып қоя берді. Сөйтіп, бір түрлі көңілі босап тұрып, ішінен «келініңіз де» деп,.. келінді алға салып, ит-ай ұрғашысын өлердей жақсы көретін болғаны ғой, деп те ойлап үлгерді. – Папа, машина ұстап барайын ба? – деді Манарбек. – Неге үндемей қалдыңыз? – Жоқ, өйтіп әуре болма, өзім жетемін. Дүкендерің базардың қай тұсында... күн шығыс жағы... Аты... – «Мейрам.» – Е, табамын, таппай. –Есіктерін сыртынан қатты итере салсаңыз өзі жабылып қалады, ағылшын құлпысы ғой... Асыраубай апыл-ғұпыл киініп, сыртқа шықты. Аяқ-қолы жерге тимейді, жеп-жеңіл. Көңілі сондай бір алақұйын. Баласы мен келініне көп болса жарты сағаты кетер, сосын

Көкмойнақ... «Міне, әкелдім, дейді ғой – міне..» Үлкен көшеде машина, автобус дегендер оңды-солды судай ағып өтіп жатыр. Жолдың арғы шетінде екі-үш такси көрінеді. Соларға қарай аялдамадағы тұрған автобустың алдынан жүгіріп өте шықпақ оймен ұмтылғаны сол, қайдан сау еткенін... Асыраубайдың есінде қалғаны зулап келіп қалған «Джип», қатты соққы мен тас қараңғылық... Ол өзіне-өзі біраз күннен кейін келді. Көзін ашса тұла бойы сырқырап қатты ауырып жатыр екен. Дәл біреулер жабылып аяқ-қолын бұрап, іші бауырын езіп тастаған сияқты. Жанында бетіне үңіліп, баласы мен құдасы отыр. – Ояндыңыз ба? – деді құдасы. – Зәремізді алдыңыз, біраз. – Не болды, өзі? – Ішіп алған қулар екен. Өңшең өрім жас. Сіз де асыққансыз... – Осы менің денем түгел ме? Құдасы Манарбекке қарады. – Папа, бір аяғыңызды... – Көрсетші, көтер одеялды. Балам одеялды жоғары ысырды. Сол аяғының тобықтан арғы жағы жоқ... – Бастың амандығын шүкіршілік етейік, – деді құдасы, – Оқыс та жау ғой. Жаудан қалған жан олжа, Асеке. Әке мен ұл сөйлессін деді ме, құдасы бұларды оңаша қалдырды.

– Балам, қалтамда құда берген ақша бартұғын. – Бар, папа. – Саған өтініш, ұлым. Сол бар, келін береді дегенді қосып, Көкмойнаққа тарт. Бүгін жүріп кет. Жұрт күтіп отыр ғой. Күн болса өтіп барады. Ақшаны жеткіз. Жайлыбай бастаған ағалардың жиып берген көмегі де. – Папа-ау... – Сөйт. Жайлыбай десе ішкен астарын жерге қойып, төбелері көкке жетіп жүрген жұрттың одан көңілі қалып қалмасын. Өзі жақсы дегенге

жұрттың сенімі жоғалса, адам біткеннен түңіле бастайды. Көкмойнақты өйткізбейік, ұлым. Көкмойнақтағы бауырларың ешкімнен, ешқашан сенімін жоғалтпасын. Сосын шешеңе айт, маған келемін деп ары-бері сабылмасын. Өйтер жағдай, қане. Тірі қалыппын. – Баяғыда майдан даласына бір аяғын түгел қалдырып келіп, бізге сабақ берген марқұм Әміреқұлды оқушы біткен «Ойбай, балдақ келе жатыр» деп күлуші ек, азар болса енді мені де сөйтер, – Асыраубай әзер езу тартты. – Сабылмасын шешең. Мұнда құдайға шүкір, өздерің барсың ғой... Қайын атаң иманды екен, қайдан білейін. Өміріміз шын жақсыны танымай, өтірік жақсыны жағалаумен өтеді, ит-ай... – Басқа айтар сәлеміңіз бар ма? – Сәлемім сол, әне-мінелемей жұрт іске кірісіп кетсін. Осыны Түрікбай атаңа қатты табыста. Ақшаны сол кісінің қолына ұстат.

Баласы шығып кеткен соң, көзі молтақ аяғына түсті. Құдайдың ісі шығар деді іштей өзін өзі жұбатып, мүшеңнің кемдігі ештеңе етпес, бәрінен бұрын ниеттің кемдігінен сақтасын. Адамдардың бірін-бірі іздеп келгені, іздеп жатқаны, іздей беретіні ең алдымен ниеттің саулығы, тазалығы шығар. Иә, сол, сол... Басқа немене... Көкмойнақ жақтан қазір еміс-еміс бір әңгіме естіліп қалады. Ол сызу пәні мұғалімінің

Көкмойнақ мектебіне түптің түбінде Асыраубайдың есімін беру туралы мәселе көтеріп жүргені. Сосын «Көкмойнақтан шыққан көкжал» деген жалпы көлемі алты дәптер очерк жазып, аудандық газеттің редакторына алып барған екен, ол: «Бұл дүниеңізді журналистік стильмен қайта жазып шығуды айтпағанда, ішінде әкімдерге байланыс­ ты ыңғайсыз сөздер кетіп қалыпты. Ал біз, әкімияттың газетіміз. Образдап айтқанда, сол әкімияттың шашқан тарысын теріп жеп, балашаға асырап жүрміз. Сондықтан, шырағым, мынауың біздің ыңғайымызға келмейді» деп қайтарып жіберіпті.

Өңі екенін, түсі ме білмейді әкесі қыр үстінде тұр. Астында баяғы есік пен төрдей қара ат. Тікенек тентек сирек мұрты со едірейген қалпы. “Көке!..” “Қалайсың-ей, қу жалғыз?” “Жападан жалғыз қалдым ғой, көке.” “Біздің маңдайымызға жазылғаны сол, маған нағыл дейсің.” “Мені алып кетсеңіз, қайтеді.” “Тәйт, әрі! Дымы жоқ бұ дүниеде не істейсің.” “Сыйғызбай жатыр ғой, мұнда.” “Сен сый! Көнбе! Ерегіс! Жағалас!” “Жағаластым.” “Жағаласа бер! Құлатқан сайын қайта тұр. Қайта ұста кеңірдектерінен. Діңкелет. Өлсең әбден титықтатып, сілікпесін шығарып өл, өңшең құдайсыз құл-құтанның.” Дарбызбек шәңкілдеген дауыстан көзін ашып алды. Лениннің мойнына мінген адам

Қарсы бөлмедегі шала есті көз жауын алған көркем келіншек екен. Ыржалаң-ыржалаң етеді. Ылғи осы. Таң азаннан ыржалаңдап, бөлме-бөлмеге бас сұғып, кезеді де жүреді, сорлы. Бір дөйдің әйелі екен. Әлгінің ел қинаған сұмдығын дәлелдеймін деп жүріп, ақыры осы жерден шығыпты. − Не керек? − Карта ойнайсың ба? − Жоғалшы, әрі! − Менің күйеуім қызмет бабын пайдаланып… - дейді. − Әй, енді бар енді! Ренжігенді білмейді, байғұс. Кел десең келеді, кет десең кетеді. Дарбызбек көзін қайта жұмған. Әкесі… Алпыс үй түгілі, бір шалғайы Хан тауы­н, келесі іргесі қырғыз Алатауына дейінгі аралықтағы күнгей жұртына Ағыбай батыр атымен белгілі, Совет өкіметін ешқашан мойындамаған, колхоздың кеңсесіне, клубына талай-талай өрт салған, Сүндет деген комсомол құдай жоқтар ұйымының басшысы болып, алтын-күмістерін өздерімен бірге жасырған деп бақуатты адамдардың моласын қаздырғанда, оны өз әкесінің жанына өзіне көр қаздырып, басын қылтитып шығарып тірідей көміп кеткен, ойран кісі еді ғой, жарықтық. НКВД соңына қанша түссе де, ұстай алмай пұшайман болған. Күтпеген жерден пайда болып, ойран салатын.

Дарбызбек іштей масаттанып, мырс етті. Өрт еді әкесі. Ағыбай келе жатыр десе жаңа ғана самбырлап отырғандар лезде жым болатын. Өйтпеді ме: “Әй, бәлшебектер, осы сендердікі не тырқыл?” деген пәлеге қалады. Қарсы сөйлеп көр. Сабайтынды сабайды, сабай алмауға әлі жетпесе, атынан қарғып түсіп, ары қарап, бәкісімен өз бетін өзі тіліп жіберіп: “Әй, мынау не? Мынау не-ей!” деп қыр соңыңнан қалмайды. Өлгенде көрген жалғызы болған соң ба, шал мұны әуелде алдына, соңыра артына міңгестіріп шапанына орап жүріп өсірді, қырғыз жақтан оралып келіп, үйленген соң жан бағу керек болған шығар, Шу бойлап отырған діні бір, тілі туыс көрші жұрттан үйреніп келген өнері – ауылда алғаш рет колхозға деп жүгері өсіруді қолға алған. Соның ортасына біраз қарбыз егіп, сол жылы жиынтерін кезінде дүниеге келген баласының атын Дарбызбек қояды. Әкесінің мұны бірінші класқа алып келгені де қызық. Алып келгенде, оқу басталып кеткеннен кейін, әкесі екеуі қарбыз жиынын аяқтап, ол Тоқмақтың базарында сатылып, Дарбызбектің киім-кешегі, кітапдәптері түгелденген соң, қазан айының басында жеткізді ғой, артына міңгестіріп. Үзіліс кезі болса керек, бастауыш мектептің алдында бала біткен жабылып жұдырықтай жалғыз резинка допты ары-бері қуалап жүр екен, қара атты екпіндетіп келіп тоқтаған шал:

− Әй, өңшең ешкінің асығына ұқсаған иірқиырлар, кім бар анада, - деп қамшысының сабын шағын мектеп үйіне кезеді. Зәрлі даусынан бала біткен үрпиісіп, тұрған-тұрған орындарына сілтедей тынып, сілейіп-сілейіп қалды. − Ағай… тәтей… - деді біреуі міңгірлеп. − Ағайың кім? Әйел ауыз Ақатай тобанаяқтың ұзынтұрасы ма? Шақырыңдар оны бері! Шақырды. Ұзынтұра мұғалімнің аузы шынында да ерні әйелдікіне ұқсас қаймақтай жұқа екен. − Аға, сәлеметсіз бе, – деді ат үстіндегіге қолын ұсынып. Шалдың сирек жез мұрты оқыс тікірейіп шыға келді. − Өй, құлпет! − деді ананың сәлемге ұсынған қолын қамшы сабымен ары итеріп жіберіп. − Сәлеметсізің не-ей, сенің… Сәлеметсіз деп… Тобан аяқ, тоқ құрсақ әкең ана жылы теміржол станциясынан ХТЗ-ға май тасығанда, ыңғай сондағы татар қатындармен ойнас болған деп естіп ем, сәлеметсіз солардан жұққан екен ғой, құдай төбелеріңнен ұрып. Болмаса, атаңнан қалған ассаламағалейкум қайда! Ой жетесіз! Түсіріп ал қане, Дарбызбекті аттан! Мұғалім қыңқ демеді. Десе, шатақ шалдың қолындағы сегіз өрім дойыры екі жауырынының қақ ортасынан сарт ете түсуі әбден мүмкін екенін біледі. Қызараң-қызараң етіп, Дарбызбекті аттан көтеріп, түсіріп алды. − Аға, оқу басталғалы айдан асып кетті ғой, − деген сосын міңгірлеп.

− Жыл өтіп кетсе де, далбасалама, − деді шал, – менің ұлым оқуыңның кез келген тұсынан оқи береді. Білдің бе-ей! Сонда оқу тәртібіне үйрене алсашы бұл. Әуелі әкесінің алдына, соңыра артына міңгесіп, еркін далада еркін өскен, ойына не түссе оны со мезет істей салатын, еркелігі шектен шыққан бала минут партаға жабысып отыруға көндікпей, сабақтың кез келген тұсынан сыртқа шығып жүре беретін. Мұғалімнің ескертуі, ренжуі, ұрсуы оған көк тиын. − Кетші, ыңқылдамай, − деп жүре береді. Дарбызбек сол қылығына енді өзі мырс етіп, жастықтан басын көтерді. Көтермес те ме еді, жанындағы жігіт пен қарсы қабырғадағы өзі шамалас егде еркектің қыбыр-жыбыры әсер етті. Егде еркек көзін ашса болды, өзі қолынан тастамайтын газетке жармасады. Оқиды. Оқығанда, “Қолдан жасаған құдай” деген мақаланы ғана. Күн сайын қайта-қайта тек соны ежектейді. Басқа өмірдің бәрін ұмытқан. Тіпті, жанында өзге адам бар екенімен де шаруасы жоқ. Өзін жалғызбын, деп ойлайды. Өзіне-өзі сөйлейді. Өзіне-өзі жауап береді. Сондағысы: − Ит екен ғой, мына Ленин. − Күн көсем деуші едің, кеше. − Аудандық комсомол комитетінің бірінші секретары болып жүргенде ме? − Пионер кезіңде-ақ. Мектеп комсомол комитетінің секретары кезіңде, тіпті үдеп

кеттің. Өз бетіңмен “Адамзаттың алыбы − Ленин” деген қабырға газетін шығарғансың. − Сендім ғой, сондай екеніне. −Аупарткомның идеология жөніндегі секретарлығына өскеніңде, тіпті үдеп кеттің. Баяндамаңның, сөйлеген сөздеріңнің бәрі Ленин цитаталарымен басталып, солай өрбіп, солай аяқталатын. − Жалғыз мен бе, сөйткен? − Сенікі сұмдық еді. Кейін аузыңа Брежнев кіріп алды. Осылай өзімен-өзі біраз әңгімелесіп алып, Ленинді қайта жерлейді. Көсем деп жүрдім ғой. Көсем деп… Сөйтсем, Арманда деген жәлеппен… Жәлеп екен, өзі де. Екі имениесін арендаға беріп… Партияның ақшасымен тайраңдап… Адамдарын ондап, жүздеп атқызып… Бұлар дәл сағат сегізде шай ішеді. Оны қоятын Дарбызбек. Қойып жүріп таңқалатыны, жанындағылар тамақты есті адамдай сап-сау отырып ішіп-жейді. Сондай кезде Дарбызбек мыналардың шала есті екеніне сенбей де қалады. Қарындары қалай тойды бітті, қайта далбасалап кетеді. − Ой, дінсіз, − деп егде еркек қолындағы газеттің ашып отырған бетіне былш еткізіп түкіріп жіберді, – Құдай жоқ деп… − Сен де сөйткенсің, − дейді өзіне өзі. − Мынау ғой. Ол өстіп отырғанда, уақыт өтіп, медсестра келіншек келіп ине салады, таблетка береді.

Пәленің қайқы қалың құйрығы қимылдаған сайын ақ халатты іштен дірілдетіп… Дарбызбектің бойы қызып қоя береді. Жасы елуден асып кетсе де, әйел алмаған еді бұл. Жігітшіліктен де ада. Бәріне өзінің ирелеңқиралаң тағдыры кінәлі. Мектептің оныншы класын бітіргелі тұрғанда, “Социализмді сен қалай түсінесің?” деген тақырыпқа шығарма жаздыртып, сонда мұның сүйегіне әкесінің қалың жүгерінің ортасына еккен қарбыз жүйегінің жағасына отырып алып, Совет өкіметінің қаныпезерлігі туралы дәл бір зікір салып отырғандай зәрленіп, айтатын әңгімелері өтіп кеткен бе, білмеймін деп жазды бұл, көкем айтса: “Малдарының барлығын тартып алып жалаңаяқ жарымаған қылып тастаған. Атамды ит жеккенге айдаған…” Мұнысын оқыған мұғалім атаулы, жау шапқаннан жаман дүрлікті. Мектеп директоры соғысқа қатысып, дивизия полк комсомол комитетінің секретары болған, бір қолының басбармағы түбінен жоқ, қазір жайма-шуақ, іле астаң-кестең, ала құйын адам еді, мұны кабинетіне кіргізіп алып: “Ағыбай бәндінің құзғыны-ай” деп ылғи қолынан түспейтін бір топ кілттің будасымен басына ұра берді, ұра берді. Дарбызбектің басы төңкеріп қойса, астына үлкен қораз еркін сиып жататын шойын шөңкеге ұқсап ісіп-кеуіп кеткен. Соның зардабы шығар көп ұзамай оң көзі жиі-жиі шаншып ауырып, ақыры қисайып тынды. Әй, сонда ғой. Әлгі шығармадан соң ше. Мектеп-

те бір сұмдық жиналыс болды. Дарбызбектің адресіне не айтылмады: “Бандының бөлтірігі… Социализмнің жауы… Шіріген жұмыртқа… Көсем атындағы мектебімізде шын бейнесін залымдықпен көрсетпей жүрген таптық дұшпан. Совет белсендісінің он саусағын бірдей шапқан кеңес өкіметін мойындамай өткен, жаудың тұяғы…” Қойшы, әйтеуір бұдан өткен сұмырай, құзғын, құбыжық жоқ екен жер бетінде. − Қане, кім не айтады? – деді жиналыстың төрінде отырған директор оқушыларға қарап. – Сөйлеңдер. Бір партада қатар отырып, сабақты ылғи бұдан көшіріп жазып отыратын сапалақ сары қыз шығып: − Ол ыңғайда Ленин атамыздың суретін салып отырады, таз қылып.., − деп жыламсырап қоя бермесі бар ма. Директор көзі енді қызға ежірейді. − Әй, Сұлтанбекова!.. Андағың не сөз? − Рас, ағай, − деді анау. – Таз қылады, ылғи. − Басқа аузыңа сөз түспей ме, бар, отыр, өйтіп шөпшеңдемей. Қашан үйіне барса әке-шешесімен бірге шайға қойдың майын салып ішіп отыратын ботқа бет кластасы бар еді. Сонысы үшін “шайға қойдың майын салып ішетін шалкемпірсің бе” деп жатып сабайтын, оның шығып жасаған ұсынысы: − Сотталсын!

Біреу залдан шіңкілдеді: − Әуелі комсомолдан қумаймыз ба? Осы кезде әлгі шайға қойдың майын салып ішкіш жұрт алдында сопайып жалғыз тұрған мұның жанынан өте бергені сол, Дарбызбек оның жағасынан шап беріп, екі бұтының арасынан аямай тепті де жіберді. Со бойы сыртқа атып шыққан. Әкесінің мазарына тіке тартты. “Көке-ау, деп боздады ғой, − сонда. – Басынды ғой жабылып, деп еңіреді. Мен де өзің құсап қашып кетейін бе, деп теңселді. Ана басбармағы жоқ директордың қалған саусағын шауып тастаймын, осыдан, деп тепсінді. − Көкесі, − деген дәрігердің сөзінен селт еткен. – Қалайсыз? − Тірімін. − Ол белгілі ғой, жалпы көңіл-күйіңізді айтамын? − Жынды адамда қайдағы көңіл-күй. − Сіз жынды емессіз. − Енді кіммін? Медсестра келіншек қан қысымын өлшеді. − Тамырыңыз жиырма бестегі жігіттікінен кем соқпайды, − деді күліп. − Жарылып кетпей жүргенін айтсаңшы. − Бұ, қай сөзіңіз? − Өмірі ұрғашыға сүйкенбеген бұл, ағаң. − Айтасыз-ау. − Рас-ей. Медсестраның ем-домынан соң, Дарбызбек балконда біраз тұрып, қайта оралса, егде еркекке қарындасы келіп отыр екен.

Әдеттегідей, үлкен пакетін толтырып тамақ әкеліпті. Кеткенше көзінің жасын жиі-жиі сығып отырады. Ананікі баяғы газеті. Артымнан адам келіп отыр-ау, демейді. Оқтатекте қарындасына бірер сәт қадалып қарап қалатыны бар. Сонда “Қайда?!” дейді жұлып алғандай. Бітті. Ары қарай газетімен әуре. Қарындасы көзінің жасына ие бола алмай отырып, ағасы туралы үзік-үзік әңгіме айтады. Дарбызбектің ұққаны: қайта құру мұның бауырына қасырет әкелген. Аупарткомда хатшы болып жүрген кезі еді, дейді. Мәскеудің Қазақстан басшыларына қырғидай тиіп, ең көрнекті бірінің мойнына қыл тұзақ салған кезі. О, кісі бұлардың жерлесі екен. Арғы аталары бір. Сосын Мәс­кеу емес, енді өзіміздің мәскеушіл қазақбайларымыз ана кісінің кад­ ры дегендерге қарай тас лақтырады ғой. Ағасын хатшылықтан бір-ақ күнде алып тас­ тайды. Дос-жаран жоғалды, ағайын безді. Арыз айтып, барар жер, басар тау жоқ. Балашаға анау. Асырау керек. Бірінші хатшыға барса, “Маған нағыл дейсің?” дейді. Ылғи да төңіректеп жүретін, ағасының өзі мен әйелінің түгілі бес баласының да туған күндерін білетін, ішім-жемді үйіп-төгіп әкеліп тастайтын колхоз бастығы бар еді, соған барған. Обалы не керек, баяғыдай аяғынан тік тұрып, елпілдей қоймаса да, қызмет ұсынады. Завхоз болыңыз, дейді. Болмайтын амал, қане. Астына кузовы бар ескі “Москвич” беріп қояды. Ал, енді тыным жоқ. Мына қымызды Бәлембаевичке

жеткіз. Қаймақты Түленбаевичтікіне апар. Жылқы сойдыр. Он екі жілікке бөліп, облыс орталығындағы мына тізімде көрсетілген тірек, сүйеулерімізге үлестіріп қайт. Анаған жем тасы… “Ағам қаңғып кетті, − дейді қарындасы уһілеп. − Кеше ғана үйіне кешкісін ертеңгілік қалай киініп кетсе, солай киімінің қыры түспей оралатын ағам, енді үсті-басы тер сасып, қожалақ-қожалақ болып оралып жүрді. Жарты жыл әзер шыдады. Жеңгем ішмерез зымиян адам екен. Кеше ғана асты-үстіне түсіп отыратын ерін енді жерден алып, жерге салатынды шығарды. Балалары да орысшалау өскен еді, әкесін итпісің-кісімісің демейтін болды. “Как дела, товарищ секретарь” деп кекетіпмұқататын-ды. Үйінде біраз жатып қайта жұмыс іздейді ғой. Барған жерінде бір бастық: “Менде товарлы сүт фирмасы бригадирінің ваканциясы бос. Бірақ сіз идео­логсыз ғой. Мал идеологияны қажет ете ме. Малды айтасыз, өзіміз де сол идеологияның ендігі жерде қажеті бола қояр ма екен деп отырмыз. Өз ақылымызды өзіміз игере алмай жатқанда, кісі ақылын қайтеміз, дипломатқа салып қоямыз ба, багажникке салып жүреміз бе” деп жаман әжуалапты. Кезінде өзінің құзырында болған оқу бөлімін жағалады, жуыт­пады. Жасынан қызметте болған адам қара жұмысты ар көрді. Орыс болса, екі қолға бір жұмыс дер еді, қазақпыз ғой…” − Қолдан құдай жасап… − деп, осы тұста анау әңкілдеп кетті. − Қайдан білейік… Көсем

дедік. Идиот… Утопист… Фанат… Вор… Распутник… − газетін сілкілеп өзімен-өзі өлердей өршеленді. Дарбызбек сыртқа шықты. Аулада, естерінен әртүрлі деңгейде адасқандар әр жерде екі, үш, төрттен әр түрлі жағдайда жүр. Біреуі күледі, біреуі жылайды, біреуі жер сабалайды, біреуі талдың жапырақтарын жинап алып, жеке-жеке күн көзіне ұстап үңіледі келіп. Енді біреулері бір-біріне ұятты жерлерін көрсетіп, ыржалаң-ыржалаң етеді. − Мерси, мадам, − деп біреу талдың тасасынан шыға келді. Кезінде мектепте француз пәнінің мұғалімі екен, байғұс. − Француз революциясы туралы, оны террор деп… Ақыры, міне. − Бар, бар, − деп Дарбызбек одан өтіп кетті. Алдынан тағы біреу атып шықты. − Здраю желаю, − деп қолын шекесіне апарып, тікесінен-тік, тастай қатып қалды. − Ауғанстандағы көрген шындығын айтам деп… Әйтеуір, есі ауысқан. − Жарайды, жарайды, − деп одан зорға құтылды. Дарбызбек ауланың терең түкпіріндегі тұт ағашының көлеңкесіне келіп отырды. Насыбай иіскейтіні бар еді, шақшасын алып, алақанына үш-төрт түйірін түсіріп, танауына апарды. Ағаштың бұтағына екі жабайы кептер келіп қонды. Әуелде байқамапты, бақса, екеуі біріне-бірі сүйкеніп-сүйкеніп қойып отыр.

Ірілеуі әлсін-әлсін қанатын қомдап-қомдап қояды. Қомдап-қомдап қойып серігіне артылды енді. Дарбызбектің тұла бойынан өрт жүріп өтті. Көзінің түбін ыстық леп бері қарай лүп етіп, кірпігі шыланған. Екі кептер пыр етті. Әне, ауада ойнап қалықтап, дүниеге еркелеп барады. Бірге… Екеуі… Бұл ше? Екеу бола енді..? Сол оқудан, комсомолдан қуылған соң, күллі ауыл­да кім жаман Дарбызбек жаман, зиянды элемент? − дейтін тұжырым жасалды. Әке-шешелерінің “бәлесі жұғады” дегенін бе, әйтеуір мұнымен ешкім кешегідей сөйлесіп, алысып-жұлысып ойнамайды. Жалғыз-ақ, көршінің бұдан бір класс төмен оқыған қызы. Ақ көңіл, аңқылдақ. Түрі сәл нелеу енді… Осыған үздігіп тұрады. “Дарбыз, әй Дарбыз, − дейді мұны көрсе екі үйдің арасын бөліп тұрған шарбақтан мойнын созып. − Бері келші”. Келеді. “Не болып қалды?” “Сен “Қаһар” дейтін кітапты оқыдың ба?” “Оны не қылам оқып?” “Қызық.” “Қай жері?” “Қай жері несі, − деп қыз сықылықтайды. − Берейін, оқисың ба?” Кітап оқығаннан көрі күн ұзын қораның көңін ойғанды артық көретін Дарбызбек желкесін қасиды. “Оқышы ә, Дарбызбек.” Қыздың сөзін жыққысы келмеді ме “мейлі” деді. Кітап қыздың қолында екен. “Мә.” Алды. Алып келіп шағын столдың үстіне тастай салған. Со бойы ұмытып кетіпті. Екі-үш күннен кейін көрші қыздың шарбақтан басы қылтиып тұр. “Бері келші, Дарбызбек.” Келді. “Оқыдың ба?” Дар-

бызбек аузын ашты. “Жоқ.” “Оқышы енді.” Қыз жалынғандай болып тұр. Соншалық не бәлесі бар бұл кітаптың, деп кешкісін төсегіне жатып алып, әлгіні парақтаса, қыз кейбір беттеріндегі сөйлемдердің астын қызыл қарындашпен сызып тастапты. Өң бір еркек пен ұрғашының әмпей жерлері. Қарындаш тиген жерлердің бірінен соң, бірін оқып сілекейі шұбырды мұның. Әсіресе, “…көделі жері құндыздай” дегенді оқығанда, көзі тұманданып, қара табанына дейін өртеніп кетті. Осы сәтке дейін көзіне ілмей жүрген көрші қызға жатып аңсары ауып, көні кеппесі бар ма. Қызды ойша тыржалаңаш шешіндіріп алды. Былқылдаған дүние. “…Көделі жері құндыздай…” Қане, қане… Көрші қыздың қысыңқы көзі, танауы делдиіңкі шолақ сәңкілеу мұрны, бұған қараса біртүрлі бүлкілдеп тұратын бүйрек беті өте сүйкімді болып елестеді... Ертесіне шарбаққа бұл барып асылған. Көрші қыз есік алдындағы бастырманың астында май шайқап отыр екен. “Әй, Гүлзағира…” Қыз селк етті. “Гүлзағира…” Мұны көріп, шаруасын тастай салып, бері жүрді. “Оқыдың ба?” “Оқыдым.” “Бастан-аяқ па?” Дарбызбек қыбыжықтады. “Ия” дейін десе қыз сенбейді, әрине. “Қарындашпен сызылғандарын” деді өрттей қызарып. “Өй, ұятсыз, – қыз да қызарып сыңғырлап күлді. – Енді не айтасың?” Дарбызбек не айтушы еді, айтар еді ғой, бірақ қалай. Содан екеуі екі жақтан шарбаққа асылып жиі-жиі сөйлесетін болған. Бірін-бірі жақын

тартып, біріне-бірі бауыр басып бара жатты. Қатар армандайды. Бірге мұңаяды. Қосылып күледі… Енді бірде… Қараңғы түн еді. Қыз үйі ауласының түкпіріндегі қаулап өскен қалыңға кіріп алып, өбіскен. Жұмсақ, ұлпа әлемнің жұпар иісімен күйіп-жанған Дарбызбек одан адасып қалса, өмірем қабатындай, өкпесі қабынып, өзегі өртеніп, өлердей өбектеді. Күйіп-жанған ұлпа әлем мұның әуеніне әлсінәлсін төңкеріліп, самал желмен тербелген көл бетіндей майда дірілдеп жатты. Бозбаланың санасын билеп алған “…көделі жері құндыздай” әуенімен жалынға көмілген жүрегі ағызып келе жатқан асау жылқының жүрегіндей кеудесіне әзер сиып дүрсілдеген. Сол дүрсілге елтіді ме, ұлпа әлемнің екі жарыла берген жұмсақ жуан толқынының арасына ендім-ау дегенде.., “Гүлзағира!” деген қыз әкесінің даусы жер жарып, атып тұрған қыз тобығына түсіп кеткен тіз киімін көтеріп үлгермей, бір жығылып тұрып, безе жөнелген. Ертесіне көзі алайып қыздың әкесі келіп тұр. “Сен бала, біздің ауладан аулақ жүр, − деді ол жерге тиетін ұшында шегесі бар балдағын еденге тық-тық ұрып. − Біз тұқым-тұяғымен Советтер Одағына зиянкес элементтермен сыбайлас болған емеспіз!” Кеңседе бухгалтер болып істейтін ол, неге екенін, омырауына соғыстан алған орден, медальдарын түгел тағып алыпты. Дігерлеуі сұмдық: “Артыңды қыс, бала!” “Қыспасам ше” деді бұл да қисайып. “Қысасың, сен түгілі

Николай патшаның да, Гитлердің де артын қыстырғанбыз, − деді бухгалтердің иегі селкселк етіп. – Сен секілді зиянкес элементті биттей сығып жібереміз”. Содан зікірі жаман қыз әкесі Гүлзағираны Алматыдағы қарындасының қолына жіберген. Дарбызбек жаман күйзеліп, жүнжіп жүрді. Гүлзағира деп емес. Әуелде ол деп те, ішінің ашығаны рас. Бірақ, қызды тез-ақ ұмыта бас­ тады. Сүймеген шығар. Ал енді… Зиян­кес элемент деген жанын жаман жеді. Өлердей момын шешесі кемсеңдеді. Орамалының ұшымен көзін сүртіп отырып: “Ауданға, нағашы ініме барып көрсең қайтеді, шопырларды оқытатын” деді. Дарбызбек ойланды. Ойланғанда, мына ауылға сыймасын білді. Сосын тартқан ауданға. Шешесінің нағашы інісі түксиген, сөзінің басы “так”, аяғы “ясно” болып келетін біреу екен, мұның жай-жапсарын апыл-ғұпыл тыңдап, жатын орнын сұрады. “Сен әуелі жатын орныңды тауып ал, − деді. − Ар жағын подумаем, бала”. Дарбызбек есеңгіреп қалды. Жатын орынды қайдан табады. Туыс тұрмақ танысы жоқ мына жерде. Пәтер жалдайтын ақша қайда. Ауылға жетіп алатын тиын ғана бар қалтасында. Сенделіп ұзақ жүрді. Жүре-жүре ақыр соңында айналып автостанцияға келген. Екі иығы салбырап, ауылға қайтқан. Отырған-тұрған сайын аузы күбірлеп сықсыңсықсың еткен шешесінің қара шаймен беретін қалың етіп жапқан қара нанын кеміріп

қанша жатарын құдай білер еді, егер құрылыс бригадасының бригадирі Әмір болмағанда. Оның айтқаны: “Сөйткен екен деп жер аударған жоқ қой, ендеше, ешкім де аштан өлуге тиіс емес. Тұр бала. Тұр да, қой қорасын салып жатқан құрылысшыларға қосыл.” Дарбызбек ала жаздай алыс мал жайылымында қора салысты. Сөйтіп, жүріп қағаз шимайлайтынды шығарған. Сондағысы өлең. Бір дәптерді толтырып, күздің қара суығы түскенде ауылға қайтып, автогараждың құрылысына кіріскенде, жазбаларын аудандық газетке айдап жіберген. Бір күні редакциядан хат келіп тұр. “Өлеңдеріңді алдық. Ұйқас нашарлығын былай қойғанда, бірыңғай күйрек сезімге құ­ рылған. Оптимизм, ой қорыту байқалмайды,– делініпті онда. – Поэзияны көбірек оқып, талмай іздену керек. Ал бізге жалпы, негізінен керегі мақала. Сондықтан қысқа хабарлар жазып көр. Партияның қаулыларының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы, мысалы. Еңбек озаттарын…” Партияның қаулылары дегендерін Дарбызбек мандытып түсіне қойған жоқ. “КПСС шешімдерін жүзеге асырамыз!” деген плакаттардың көрінген жерде ілулі тұратыны рас, көріп жүр. Қандай шешімдер? – білмейді. Демек, бәлесінен аулақ деді іштей. Озаттар… Ақ тер, көк тер болып жүргендер ауылда жететін. Мысалы, өзімен бірге жұмыс істеген құрылысшылар ала жаздай үй бетін көрмеді ғой. Ертеңнен қара кешке топырақ

шылап, таудан тас тасып, қора қалап, желге қақталып, күнге пісіп… жаны сірі жұрт. Осы құрылысшылар туралы жазайын деді Дарбызбек. Жазды. Не көріп, не қойды, бәрін тізді. Оқушы дәптерінің жартысына толған мақаласын редакцияға жіберіп, ал енді, деп елеңдеп жүргенде, онысы газетке де шықты. Шыққанда, көлдей дүниесі балағы қырқылақырқыла тізеге шығып кеткен шалбар сияқты тылтиыпты да қалыпты. Сөйтсе де, Әмір бригадирдің жасаған қорытындысы: “Түбі бұдан бірдеңе шығады”. Рас, болды сонысы. Редакцияны хабарларымен төпелей-төпелей, селолық тілші атанып, ара-тұра асып кетпесе де, көлемі әжептәуір суреттемелері жарық көріп жүрген күндерінің бірінде аудандық газеттен шақырту келді. Редакторы елуге таяп қалған, біреумен телефонмен сөйлессе: “Уа, Бәке қалай? Аман-есенсің бе. Хабарласуың сиреп кетті ғой. Нельзя так. Алдық. Өңдетіп, өзім оқып, номерге жібердім. Жақсы. Көбірек жазсаңшы. Бұқараның газеті көбіне штаттан тыс, өзің сияқты қолының жорғасы барларға зәру ғой. Әсіресе, өзің сияқтыға” деп, трубканы орнына қойған соң, “Шошқаның баласы-ай. Осы ала миларданақ көрдік қой, қорлықты. Бұл албасты не жазып, не қойғанын білмейді. Төшкесі, запитайы жоқ бір бәле. Тыныс ала алмайсың. Шимайын оқып біткенше демің бітіп, буы­нып өліп қала жаздайсың. Кез келген мақаласының жартысы цитат… Әй, бұлардың газетте не әкелерінің

құны бар-ей! Іштерінде бір оңғаны жоқ. Бұл шошқаның баласы аудандық оқу білімінің инс­пекторы тағы. Заочно оқыған ит” деп жаңа ғана Бәке, Сәке, жазыңдар да жазыңдар деп емексіткендерін жерден алып, жерге салып отыратын біреу екен, мұның бас-аяғына қарап, ай-шай жоқ: “Әй, сенің бір көзің қисық па?” дегені. Дарбызбек қай оңған, ананың Бәкең, Сәкеңдермен телефонда әмпей-жәмпей сөйлесіп, трубканы орнына қойған соң, жержебірлеріне жеткеніне жаман таңғалып, әрі мынау “таза ит қой” деп ренжіп отырғаны бар. “Сіздің басыңыз неге таз?” дей жаздады. Редактор сұрады: “Әкең бар ма?” “Жоқ.” “Шешең ше?” “Бар.” “Бауырларың?” “Жалғызбын.” “Мен де, − деді анау. – Оныншы бітіріп пе едің?” “Бітіргелі тұрғанда оқудан шығарып жіберді.” “Не қираттың?” Дарбызбек үндемеді. “Мейлі, − деді анау. − Жазу шаруасында аттестат, диплом ерунда… жаза білсең болды. Сенде қабілет бар. Байқадық. Сосын да шақырттық. Переводной газетпіз… Материалдың сексен проценті орысша түседі. Переводчик құтаймайды. Ертеңнен қара кешке дейін тынымсыз аудара беру шынында да қиямет қайым. Бірақ, аудару керек. Переводной газеттің тексті единый. Орысшаң қалай?” “Білем.” “Білсең, кіріс. Көмектесеміз. Есіңде болсын, аудандық газеттің жұмысы өлген-тірілгеніңе қарамайды”. Дарбызбек кірісті. Аянбай істеді жұмысты. Азанда кеңседе басталатын жұмысы жалдап

тұрып жатқан орыс кемпірінің бір бөлмесінде түн ауғанша жалғасып жататын. Әйтпесе, үлгермейді. Түн жарымы ауғанда редакциясын академик Нығмет Сауранбаевтың басқаруымен жарық көрген, талай саусақ талай рет парақтаған “орысша-қазақша” сөздік деген қалың қара кітапты басына жастап жатып, төрт-бес сағат көз іледі. Орыс кемпір күн сайын: “Дарбызчик, за свет кто платит?” деп оятады, сонда Дарбызбектің. “А кто платит за нашу землю?..” дегісі келеді де тұрады. Жап-жақсы басталып, редактор мен басқаларына да жағып, “жарайсың бала, әйтеуір осыңнан танба, әй сен бе, сен түбі мықты журналист боласың!” дегенде естірткен жұмысының көп ұзамай-ақ адыра қалатынын кім білсін. Бәле Брежневтен басталды. Кез келген жиынның есебі, жеке адамдардың сөзі КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғары Советі Президиумының Председателі Леонид Ильич Брежневтің бәлен жерде айтқаны дейтін цитаталар мен сүйікті Леонид Ильичтің жеке өзін сендіремін дейтін уәделерін қайта-қайта аудара беруден Дарбызбек әбден мезі болған. Бірде аудандық партия комитетінің кезекті Пленумы жайында есепті мақалада сол цитаталарды аудармай әдейі тастап кетіп, оны кезекші байқамай қалып, ертесіне редакцияда өрт шыққандай болды. Өртке от қойған партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі. Редактор облыс орталығына жиынға кетіп, жұмысқа екі күн

келмей қалған еді. Есіктен төбесі көрінгеннен, партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі қолында газеттің өртке тамызық болған саны, редактордың кабинетіне онымен таласа кірді. Көп ұзамай басталған әңгіменің ұзын-ырғасы. Редактор: “Ағыбаев айтшы, мұның не?” “Ылғи, Брежнев…” “Не!..” “Кез келген мақалада ол айтқандай, оның жеке өзін сендіремін, дегенді жаза береміз бе, ағай? Бәрібір Брежнев біздің аудандық газетті оқымайды ғой, қазақшасын, вообще…” “Әй, мынау… − редактордың аузы ырсиып, беті түгел сиырдың желініндей талау­ рап ісіп-кеуіп кетті. – Барып тұрған ақымақ қой, ә!” Партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі редактордың анықтамасын одан әрі үдетті: “Дициденд! деңіз.” “О не пәле еді, тағы?” “Сондай термин бар халықаралық саяси тілде.” “Ал.” “Алғанда, Ағыбаевтың бұл әрекеті біздің коммунистік убеждениемізбен сыйыс­пайды. Аса зиянды. Тіпті, сұмдық қауіпті. Газетіміз партияның органы ғой. Партияның органында Ағыбаев сияқтылардың қызмет істеуі… Ойбой… Сен Жапеке абайла.” “Не айтпақсың-ей, мұныңмен?” “Мәселе, саяси моральдықта” “Итай, сен алқаш-ең ғой кеше. Сол үшін партия қатарынан қуылдық. Енді келіп…” “Жолдас редактор мен арақтан емделіп қойған адаммын. Партбилетімді Мәскеуге барып Пельше жолдастың өз қолымен қайтып алғам. Пельше жолдастан…” Редактор оған қолды бір сілтеп, бұған қарады: “Әй, бала. Қане, сен тездетіп жұмыстан өз өтінішіңмен босану жөнінде

арызыңды жаз, − деді редактор мұның алдына қағаз-қалам тастап. – Қазір, осы жерде жаз!” “Жо…жоқ!” Партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі атқа жайдақ мініп құйрығы ойы­ лып келе жатқандай жаман қопаңдап кетті. Статьямен қуу керек. Пленум жайлы есепті мақаланы қазақшаға аударғанда, Леонид Ильич Брежневтің цитаталарын, әдейі аудармай тастап кеткен саяси көрсоқыр қылығы үшін деп... Редактордың орынбасары, жас орыс жігіті еді. Сол әдейі деген сөзге қарсы шықты… Біреу: “Баланың әрекеті коммунистік өмір салтымызға, партиялық неге… расында нелеу… ал аудармашыны қайдан табамыз” деді. Білместігі, шалағайлылығы сөз болды. Алайда, партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі ешкімге дес бермеді. Ертең әлдекім, аудандық газет КПСС Орталық Комитетінің Бас секретарының цитаталарын орысшасында басып, қазақшасында қысқартып тастаған деп жоғарыға арыз жөнелтіп жүрсе ше? дегенде көзәйнегінің аржағындағы көзі бер жағына саттиып шығып кете жаздады. Не керек, Дарбызбек статьямен жұмыстан қуылған. Қуылып бара жатып, сыртта есік алдында темекісін тартып тұрған партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісінің құйрығынан бір теппей ме. Тепкені бар болсын, милицияда он бес тәулік жатып шықты. Осыдан былай қарай, бәрінен көңілі қалған мұның бір күн анда, бір күн мұнда де-

гендей, дәуіріш іспетті кезбе өмірі басталған. Кезбелік көп жағдайды көзбен көріп, жақсыға да, жаманға да тірідей куә болу екен. Әй, сонда мұның білгені жұрттың әділетсіздік, түсініксіздік жалпы ішін тесіп бара жатқан әңгімеңіз де көп болып шықты. Кезбе ғұмырдың қайсыбір күнінде шалғай ауылда бір азаматтың үйіне тап келген. Құдайы қонақ болып та. Анау әңгірлеген болып шықты. Бұл үйіне бас сұққанда, делбетап еді, құдайы қонақтың құрметіне деп үш-төрт стакан арақты көмейге тастап алған соң, әжептәуір масайып, көсілді кеп: “Ағаң оңай емес, - дейді сонда. – Ағаң жетпіс екінші жылы сары шалды күзеткен, әуелі.” “Қай сары шал?” “Ленинді.” “Мәссаған…” “Әй, несі, мәссаған?” “Қызық қой.” “Қызық… Мавзолейдің босағасында баяғыдан сүйегі қурап жатқан шынашақтай орыс шалдың қураған сүлдесін сағаттар бойы тікеңнен-тік, кірпік қақпай күзетіп тұрудың қай жері қызық, а?” деп алып, қыт-қыттап келіп күлмесі бар ма. “Қызық деп сен мынаны айт: Чукчаны білесің ғой, Тундрада тұратын. Соның бірі Мәскеуге келмей ме. Келіп, тундрасына қайта оралмай ма. Оралса, чукча біткен жаудай талап, қане, Мәскеуде не көріп, не білдіңнің астына алмай ма. Мәскеуді аралап жүрдім, дейді анау, аралап жүрсем, бір сұмдық ұзақтан-ұзақ кезек тұр. Мың адам ба, одан көп пе… Мен де тұрдым кезекке. Содан сағаттар бойы сарылып, аяғым талып зорға жеткенде, сатушы өліп қалды…” Осыны айтып үй иесі одан ары ырқылда­

ды. “Иттің чукча болғаны-ай, - дейді ырқылын баса алмай, − Мавзо­лейдің кезегін, магазиннің кезегі, жатқан Ленинді сатушы деп ойлаған ғой. Ой иттің ғана чукчасы…” Ертесіне бұл жиналып жатқанда анау сыртқа ілесе шықты. Сұрағаны: “Түнде мен не айттым, осы?” “Есіңізде жоқ па?” “Болса, сұрап нем бар.” “Мавзолей, сары шал, чукча…” Үй иесі мұны жетелеп баспанасына қайта ертіп кірді. Оқта-текте киілді дегені болмаса, су жаңа дерлік шетелдік, шибарқыт костюм шалбарды кигізіп, алақанына аздап ақша салды. “Қырықтың бірі – қыдыр, - деген сосын сөйтіп, қабылдаймын кімді де. Енді анау, аздап ішіп алсам қу аузымның қышымасы ұстап, лағып кететінім рас, не естісең осында қалсын, туысқан.” “Оған қам жемеңіз. Оны өзімнің де суқаным сүймейді.” Ананың көзі бақырайды. “Қой, өйтпе” “Рас…” Кезбенің ермегі – ой. Дарбызбек не ойламайды. Бірі келіп, бірі кетеді. Көңілді сандаған сауал кеулейді. Жауабы жоқ, бар болған күнде, оны Дарбызбек білмейтін сауалдар. Мысалы, Ленин… Ол дегенде, неге бала-шаға демей, кәрі-құртаң демей, шығарға жаны басқа. Ақ патшаны құлатыпты, төңкеріс жасапты. Көкесі айтатын: “Өз жұртыңа жасаған төңкеріс имансыздың имансыздығы. Қазаныңды төң­ керіп тастасаң от енді астынан тимей, ішінен бықсиды. Қазанның ішінен бықсыған от – көк түтін. Сол түтіннен көз ашпай қалдық. Бәрі дінсіздіктен.” Дінсіз… Дін – апиын… Құдай жоқ… Солай

деген адамды “атамыз, көсем, кемеңгер” десіп шала бүлінеді жұрт. Ленин партиясы, Ленин комсомолы, пионері, октябряты… Демек, бәрі дінсіз, бәрі құдайсыз. Дінсіз, құдайсыз жұрт… Дінсіз, құдайсыз жұрт қайтіп жетеді бақытқа? Дінсіз, құдайсыз жұртта қасиет қала ма. Қалса, аузында арақ, езуінде шылым, ләйліп жүргені қалай, мына елдің. Кезбе жүріс қайсыбірде түкпірдегі шағын ауылға алып келген. Айналасы жүз шақты аядай мекен. Сонда қаралы жағдайдың үстінен шықпасы бар ма. Жап-жас келіншек аудан орталығындағы ауруханада қайтыс болыпты. Енді мына сұмдықты қараңыз: марқұмның сүйегін әкелуге кеткендер жеткенше ішіп, әбден масайғандары соншалық, ауылға басқа біреудің мәйітін алып келген… Ленин… Одан – Брежнев. Япыр-ай… Соның жеке өзін сендіремін деп те өліп-өше ме, жаппай. Брежнев болмаса егін егіп, мал бақпайтын ба еді, қазақ? Жеке өзін сендірмесе, шаруасы дым қалмай өртеніп кете ме? Брежнев жолдастың айтқаны, Брежнев жолдастың кеңесі, Брежнев жолдастың нұсқауы… Құлдықтан құтылдық дегені қайда бұл елдің. Құтылса өсте ме?.. О, әкесінің аузын… Манадан бері өткен-кеткенді есіне алып, ойды ойға сабақтап отырған Дарбызбек осы тұста орнынан тұрып кетті. Ашу қысқанда, өстіп байыз таппай, ары-бері жүріп алатын. Бет алды жаяу-жалпы кезіп те кетер еді, амал қане, мына жерден шыға алмайсың.

Дарбызбек “Адамның басы – Алланың добы” дегенге онша сене бермейді. Сірә, адамның басы адамдардың добы деген дұрыс шығар. Солар ғой, мұны бас-көзге тепкілеп жүрген. Сондағылары, Лениннің суретін басын таз қылып салғаны. Таз екені өтірік емес қой. Қасқа бас. Шүйде жағында қыл-қыбыры бар. Соны шимайлай салғанда… Неге екенін сөйткісі келмеді. Сосын… Брежнев жолдастың цитаталарын орысшасынан қазақшаға аудармай, тастап кеткені… Айтпақшы… Бәрін қойшы. Бәрінен бұрын бұл Лениннің мойнына мінгенін айтсаңшы… Сөйтіп қой, мына жындыханаға түсіп, жарты жылдан бері жатқаны. …Әйгілі желтоқсанның қаралы күнінде Дарбызбек автобуспен облыс орталығына келе жатқан. Алматыдағы қазақ жастарының қозғалысын автобустағы радиодан естіді. “Маяк” деген радиостанция қазақ жастарын жерден алып, жерге салып жатыр. Айтпағандары жоқ. Ұлтшылдар дейме-ау, нашақорлар дейме-ау… Түнделетіп автобекеттен түскен Дарбызбек қаланың орталық алаңына таксимен жеткен. Мұнда да дүрбелең десе, тып-тыныш. Ары-бері өтетін жолдар бойында қаптаған патрульдердің машинасы. Алаңда тек серейген біреу жүр, екі қабат әйелін жетелеп. Қазақ екен. Сәлем берді. “Ассалаумағалейкум!” “Сұмдық қой, мынау, − дейді анау, – қорлап жатыр қазақты, таптап жатыр табанына.” “Екеу-

ден-екеу мыналарың не жүріс?” “Протест!” “Ол не?” “Қарсылық” “Мұның кімге керек?” “Енді мен патриотпын. Жүреміз өстіп. Таң атқанша, қатып өлсек те.” “Мына суықта қатының бала тастаса, қайтесің?” “Құрбандық, ұлтым үшін”. “Ақымақ, − деді бұл, – сендей әсіреқызыл ұлтшылдардан-ақ өлеміз. Қарсылық – ұрпақты құрту емес, кесапат, құбыжықты құрту.” Сөйтті де, аттап-бұттап жүріп кетті. Туысының үйіне келген. Таксист еді, көзі алақандай. “Аға, бұл не болды?” дейді. “Мен кезбемін. Кезбе не біледі…” Азанда тұрды. Тұрып әлгінің тіркеуге арналған жібек арқанын сұрап алып, Орталық алаңға жетті. Бала кезінде көкесі бұғалық тастауды үйреткен еді, сонысы кәдеге жарады. Шумақтап лақтырған арқанның бұғалығы Ескерткіштің мойнына дәл түсті. Сонымен өрмелеп шықты ғой, Дарбызбек, жоғары. Шықты да Лениннің мойнына мініп алды. Кезбеде не болмайды, күн суыта үлкен сумкасына мақталы шалбар, шолақ тон алатын еді. Соларын киіп алған. Қолында балға. “Күн көсемнің” басын уатып тастамақ. Дәл төбесінен періп жіберсе, гранит тас темірдей қатты екен. Соққысы кері серпіліп, қолынан балғаның жерге тү­сіп кеткені. Ба­ рып алуға “жер шалғай”. Өлер­дей өкінді. Ен­ді қайт­пек керек? Құры отыра бере ме? Қайдан сап еткенін, ойына соғыстан кейін халықтың Мус­со­линиді ұстап алып, аяғын көктен кел­ тіре іліп қойып, жабыла басына тү­кіре-түкіре, тай қазандай қылып жібергенін бір жерден

оқығаны түсіп, ал кеп түкір, басқа. Аузына түкірігін жинайды да, дүние жүзі пролетариаты ұлы көсемінің тірісінде таз, қазір тас басына былш-былш еткізеді. Желтоқсанның ызғары қандай. Түкірік тиген жерінде мұз болып қатып жатыр. Күн көтеріле шаруаға ентелеген жұрт бұрын-соңды көрмеген, тіпті қаперлеріне

алып көрмеген мына сұмдыққа көздері түсіп, әуелде дәнеңеге түсінбей тұрған орындарында сілтедей тұнып, сілейіп, сосын шуылдапдуылдап кеткен. Жұрт алаңға демде-ақ жиналды. Бір-біріне “Ойбай, орталық алаңдағы Лениннің ескерткішіне біреу мініп алып, Владимир Ильичтің басына түкіріп отыр десіп хабар беріп жатыр ма, қаланың тірісі осылай ағылсын енді. “Сұмдық-айлаған” қазақ, “Боже-мойлаған” орыс. Аптығып милициялар да жетті. Желінбет полковник: “Әй, иттің баласы, түс бері!” деп айғай салды. Дарбызбек оған қыңған да жоқ, Лениннің азаннан бергі түкірігі қатып, әр-әр жері бүртік-бүртікке айналған басына қақырып тұрып, былш-былш еткізді. Ескерткішке таяу тұрған орыс кемпірі “О… О…” деп барып, шалқасынан құлаған күйі, тырайып қалды. Желінбет полковник баяғысынша бақырып тұр: “Түс, әй, албасты! Түс жаныңның барында, атамын!” Дарбызбек оған екі саусағының арасынан басбармағын көрсетті. Көрсетіп тұрып, бар даусымен бақырып отыр: “Ей, қазақ! Бар бәленің басы осы тазда. Осы таздан бас­талды, ойран. Осы таздың сілеуетін мүлде қиратпай тапталғаның тапталған, қазақ. Соны да көрмейсіңдер ме, түгел ноқай!” Жұрт ырду-дырду. Алдарында милиция­ сының мигалкасы безілдеген сүліктей машиналар қалың топты қақ жарып келіп, тоқтап жатыр. “Әкімдер, прокурор, сот” десіп, бірбіріне үрпие қараған жұрт. Желінбет пол-

ковник нән қараның алдына барып, қаққан қазықтай қалшиып тұра қалып еді, “Әй, мына бассыздықты кім тияды?” деп анау ақырып жіберді. “Түспейді.” “Ал сен түсір! Өл, бірақ, түсір!” “Қазір, домуправленияның арнайы краны келеді, Құлқожа Күреңбайыш.” Үй басқармасының автомашинасы келіп, оның кранына үш-төрт милиция мініп, әуемен Дарбызбекке қарай қозғалды. Содан жабыла қолдарын созып бас салады ғой. Бас салғаны бар болсын, Дарбызбекті Лениннің мойнынан жұлып ала алсашы. Ала алмағаны, оның оң қолы бастың бір құлағына тас болып жабысып қалған еді. Ескерткіштің құлағы дәу болатын. Дәу құлаққа жармасқан қарулы қолды ажырату бірі тәпелтек, бірі шілпиген милицияларға оңай болмады. “Ой, ой-лап” тұрған жұрттың арасынан енді жырқыл-тырқыл күлкілерде естіле бастады. Әй, бір кезде алды-ау, Дарбызбекті Лениннің мойнынан. Содан екі бүктеп милицияның бөлімшесіне ала жөнелді. Бір-екі апта тепкілеп, жындыханадан бірақ шығарған. Сөйтсе, кейін жындыхананың дәрігері сыбырлап айтқандай, басшыларға мұны есі ауысқан адам етіп көрсету қажет болған. Диагнозын сөйтіп қойыңдар деген нұсқау түскен. Әрине, ауызша. Жоғарының нұсқауы ауызша айтыла ма, жазбаша беріле ме, орындау – заң. “Ақиқатында, саумын, медициналық анықтама бойынша жындымын, ә? – деген бұл сонда, – Құдайдан қорықпайсыңдар ма?” “Қорыққан соң да

осылай істеп отырғанымыз”, дейді дәрігер. “Қалайша? Бұл жерде құдайдың қандай қатысы бар?” “Біз үшін Құдай – басшылар, аға. Соны әлі күнге білмейсіз бе?” “Әй, оларға мені жынды қылу не үшін керек болды?” “Жындының әрекетіне ешкім, яғни басшылар жауап бермейді ғой.” Не қылса да Дарбызбек өзіне разы. Лениннің мойнына мінген оқиғадан кейін, басшылардың біразының жүрек талмасы ұстап, ішкі істер бөлімінің бастығы орнынан алынып, шақ-шәлекейлері шыққан. Былайғы жұрт өзді-өзі қалғанда: “Кезбең – ер екен-ақ” десіп жүрді. Бірақ, оның Дарбызбек есімін ешкім білмейтін еді. Жалпы, “О кім екен, тұрағы қайда?” деп іздеткен де ешкім болған жоқ. Сондай да жынды болады екен деп жабыла тырқ-тырқ күлген. Лениннен бастап, иттерден өшімді бір алдым-ау сонда, деп Дарбызбек қазір өзіне-өзі өлердей разы. Көкесі көріп, білгенде ғой. Басынан сипар еді, байғұсы. Сипар еді… Кеңес өкіметі ата-жауымыз, бір қолымыз жағасында өтсін дейтін. Жағасы тұрмақ, мойнына мініп, басына түкірдім… Мойнын созып жындыхананың үш қабат үйіне, оның биік-биік дуалмен қоршалған ауласына көз салды. Өздігінен жынданғанды қайтесің. Ал мұнда өзгенің жынды қылған­ дарын қайтесің. Өзгенің… Тәңірі қасіреттен ана биік-биік дуалдың аржағындағы ұшықиырсыз әлемді өстігеннен сақтаса де. Адам-

нан Құдайлар шыққаннан сақтасын. Адамнан шыққан Құдайлардан өткен қасірет жоқ. Адамдарға, адамнан шыққан Құдайлар істейді, кесапатты. Істеген. Ленинің де сөйтті. Сталинің де… Енді, Горбачевің. Өң өрімді қан бөктірді… Жел үлп етіп, ағаш бұтақтарынан бірер жапырақ жерге қарай қалықтап түсті. Манағы ма, жоқ өзгесі ме, екі жабайы кептер ағаш бұтағына келіп қонды. Бір-біріне еркелей сүйкенеді. Қораз кептер қанатын қомдай бас­ тады. Дарбызбек күрсінген. Ленин құрсын, өзімді айтсаңшы деп ойлады ол. Өзіммен өше ме біздің от… Күзің де әне-міне… 1987 жылдың күзі… *** Бірер жылдан соң ел арасында мынандай әңгіме айтылып жүрді: Ленин ескерткішінің орнына орын тепкен ұлы Баба ескерткішін айналып бір кезбе өкіріп жылап жүріпті, өкіріп жылап жүріп, құлаған. Жүрегі жарылып кеткен деседі. Дарбызбек пе екен? Басқа кім?..

Арты желіп, алды аяңдайтын күрең биенің төрт тұяғы шаппай-ақ жер апшысын қуырып келе жатқандай; иен далада ірге тепкен ауылдан ертеңгі салқынмен шығып кеткен Естияр енді аз жүрсе асуға күн сәске болмайақ ілінермін деп ойламаған. Сірә, жылқының жел аяқтығы жадынан өше бастаған-ау. Ат жалын тартпағалы қашан. Өмір дейтін инеге ғұмыр дейтін шіркіннің жібін сабақтайсабақтай, күнді түнге жұтқызып, түнді күнге ұтқызып, туған топырақтан бірте-бірте алыс­ тай беріпті. Ата-ананың да бір-бірін онша ұзатпай әруақтарға барып қосылғанына он бес жылдың жүзі. Соңынан ерген екі қарындасы дәм бұйырған екі қазақтың отын жағып тутуде. Қалай болған күнде де ауылдан қара үзіңкіреп кеткені рас. Бейғам дүние

Биыл да келетін ойы жоқ еді, әкесінің ағасы Сәбдешбектен оқушы дәптерінің он парағына жазылған хат келіпті. Ауылдағы бұлардың Естөре руынан тарайтын жиырма шақты түтіннің жай-жапсары – кімі қайтыс болды, қайсысының баласы үйленіп, кімінің қызы тұрмысқа шықты, ажырасып кеткендері қанша, оқуға қанша бала түсті… түгел тізіліпті де, тобықтай түйіні: “Шорман тұқымынан екенің, менің Сұрапалды бауырымнан туғаның рас болса, ұзын арқан, кең тұсауға салып жүріп алмай, келіп қайт, айтарым бар”, - депті. Өзінің де ауылды сағынғаны, оның үстіне ойында көптен жүрген ата-анасы мен өзге де бірі жасы жетіп, бірі тағдырының талайымен мезгілсіз дүниеден өткен жақындарына құран бағыштату парызы бар, оған шалдың мына “жет те, жеті” қосылған соң, кезекті демалысын алып, жолға шығып кеткен. Сәбдешбек әкесі жылдан-жылға шау тартып келе жатқанымен әлі ширақ көрінді. Кемпірі тәңірінің аманатын баяғыда тапсырып, жесір қалғанымен, құдай келіннен салыпты. Шалдың шашын алып, сақал-мұртын да басып беретін де сол екен. Жаздың күні емес пе. Шал бұтақтары бірбіріне айқасып кеткен екі түп алма ағашының көлеңкесіне киіз жаздырып, көрпе төсетіп, жастық тастатып, ас-ауқатты солай алдырды. Өзінің қалыңдығы кере қарыс арнайы бөстегі бар екен, жамбасына соны бас­ты. “Попыразың жоқ, ә, – деп қойды бұған. – Андағы құйрығы

сарыңды сорып көргем, дәмсіз… Әлгі біздің бала шылымның құйрығы жалаңашын тартады, езуіңе қыстырсаң, аузың қиқымға толып… бір жағы сорып, бір жағы шайнап жүре ме, немене”. Шал ыстық шайдан ұрттап қойып, сөйлеп отыр: “Естөренің ішінде Шорман тұқымы бәлендей өспей келе жатқан ата. Жиырма түтіннен жаңа асты. Отыз екінің нәубаты бар, соғыстың зауалы бар… Спанбайдың маңдайы жарқырап шыққан қос ұлы “халық жауына” ілікті. Әйтеуір, енді өсіп келе жатқанда, бір пәле кесе көлденең келеді де, қараң-құраңданып қалады”, – деді күрсініп. Естияр ыңғайсыз күйге түсті. Жасы қырықтан асып қалғанымен мұнда не ұл, не қыз жоқ. Құдай бермеді емес, берді. Бірақ үшеуі де апыл-тапыл басып қалғанда үш түрлі аурудан бақилық болған. Медицина олардың дертіне диагноз қойғанымен, ем таппады. “Келін осы Семей жақтың қызы ғой, – деді шал. – Біздің ауылда бір білгіш бар қазір. Қасы-кө­зін

жауып тұратын Таубай атаң есіңде ме, түйе ұрып өл­тірген. Ұмытпасаң, жарықтықтың осы өзің құрыптас алакөз баласы болмаушы ма еді. Әлде сенен сәл үлкен бе екен. Сол әне бір жылдары аяқ астынан құладүз кетіп, айдалада жападан жалғыз домбыра дыңғырлатып отыратын дертке ұшырады ғой. О пәлесін ағайындары Мамыт мергеншіге айтып, ол бала қу далада домбыра сабалап отырғанында байқатпай барып, төбесінен

мылтық атып, содан қатты шошып, жазылған. Кейін қойшыларды моншаға түсіретін машина айдап жүр еді, қой мен қойшының мәнісі кеткен соң, қайбір береке қалды. Қазір үйінде. Үйінде болғанда жатпай-тұрмай істейтін шаруасы – газит оқу, құры оқымайды, қойнықонышына толтырып өзімен бірге ап жүреді. Барған, тұрған жерінде басқа әңгімесі жоқ, тек газит судыратады. Тыңдасаң, екі қолыңды төбеңе қойып, бұл дүниеден безіп кетесің. Ылғи қырғын, лаулап жанып жатқан өрт, сілкініп жатқан жер, тасып жатқан су, қаңыраған далалар, қараң қалған ауылдар мен жазылмайтын ауруларды жиіп-теріп алған… Осы күні алакөз келе жатыр десе, жарық әлемдегі барлық пәле-жаланы сол көтеріп жүргендей жұрт одан тым-тырақай қашатын болды. “Ау, қайда барасыңдар, неге қашасыңдар, мынаны естісеңдерші, білсеңдерші” деп ананың да, мынаның да соңынан далақтап, алакөз ала өкпе. Со қызбалақ бірде: “Ағайын, Семей жақтан келін алмаңдар, Семей жаққа қыз бермеңдер, о жақта бір бәленің сынағы бәлен жыл өткен, ауа бүлінген, қан бұзылған тұқым азады” деді ме, әйтеуір, құдайдың зарын қылды. Бұл не, жындының сандырағы ма, қалай? Мынаны айтқанда шалдың нені меңзеп отырғанын Естияр түсінген. “Әке, қалай енді, сөйтіп Семей жақтан қыз беріп, қыз алғанды қойдыңыздар ма?” – деп әңгімеге әзіл араластырмақ болып еді, шал оны елеген

жоқ. “Шырағым, газит жазған екен, оны түйе ұрып өлтірген Таубайдың алакөзі айғайлап оқып, айтып жүр екен деп жұрт жүрісінен жаңылмайды ғой. Сосын бір қазақтың баласы бір жағымыз аурулы екен деп өз қағынан өзі қалай жериді. Не көрсе де бірге көреді де. Әңгіме бірінің басына түскенді бәрі болып оңдап-түзеуде шығар. Құдай тағала әу баста пенде шіркіннің тағдырын бір-біріне матап, тұтас қылып жаратқан ба, кім білсін, оқымаған адамбыз…” Күрең бие пысқырынды. Тау шөбін үзіп тартқысы келе ме, ауыздығын шайнап, басын сүзе береді. Мына кейпінде сәл тебінсең жердің жүрегі болып соғып, дүниенің кеудесінде дүрсіл қақпақ. “Пау, шіркін-ай!” деп дауыстап қалды Естияр. Деп қалып оңтүстік пен солтүстікке екі шалғайын жайып тастап, батыс пен шығысқа көлденең жатқан, ана басы мен мына басына көз жете қоймайтын асуды көзімен сыпыра қыдырып өткен. Сонау бір кездерде осы асу жатқан кең далаға жұмсақ жұпарлы самал сау­лап тұратын. Сәбдешбек қария айтып отырса, ұзақ жылдар өтіпті, таудың ол үлпілі із-ғайым. Оның орнына қай бағыттан шығатыны белгісіз, күн сайын түс ауа шыр айналып, сабалап соғатын күшті бір жел пайда болыпты. “Есіңде шығар, – дейді шал,– сендердің бала кездеріңде мына құладүзге қызыл изені аралас қара жусан ұйысып өсіп жатпау­шы ма еді. Көркемтаудағы екі колхоз бар, оған біз қосылып, тайлы-таяғымызбен

ала жаздай мал азығын дайындағанда ұшықиырсыз дала аралары алпыс адымнан аспайтын шөп маяларынан көрінбей қалатын. Қалай мына шыр айналып соғатын жел пайда болды, солай қаптатып мая тұрғызбақ түгілі, ешкілағымызды енді қайда апарып жаямыз деп қалдық қой. Ерте көктемде айнала көктеуін көктейді, содан жаз шыға жынды жел басталып, көктей солып, көтерілмей қалады. Ал енді мына сұмдықты қара, сол көктей солып, көтерілмей бірте-бірте тұқымы құрып бара жатқан қара жусан мен қызыл изеннің орнына шөп деуге келмейтін, тікенге ұқсамайтын, шіліктен бөтен, жапырағы жоқ тырбиғантырбиған бірдеңелер өсіп жатыр. Мал жемейді, отқа жанбайды. Таубайдың алакөзі айтса, жер азды. Азуына Мұзбелдегі баяғы шақтының орнына өзінен-өзі пайда болған көл себеп.” Естияр елеңдеген. “Көл деймісіз?” “Иә, көл. Әлгі Мылтықбай сол жаққа көшкен соң, оқта-текте ат ізін салам ғой, сонда арнайы барып көрдім. Айналасы ат шаптырымға жете қоймағанмен, көлемі әжептәуір. Түсі көкпеңбек. Жетпісіңді аяқтап қалған жасымда мен сондай тұнық көгілдір су көрген емеспін, шырағым. Өз бетінше қарап жатқан көгілдір көлден бір жақтағы жер азады дегенге қалай сенесің”. “Сонда ол көл шынында да өзіненөзі пайда болған ба?” “Сөйткен”. “Шахтаның орнына дейсіз?..” “Солай деп айтып жүрген алакөз. Алакөз айтса, Мұзбелдегі көл тұрғанда азудың ендігі кезегі бізге, адамдарға келмек…

Бізде бірте-бірте әлгі қара жусан мен қызыл изеннің орнына шығып жатқан тұқымы мен түрі белгісіз өсімдік іспетті тегін, тілін, дінін айырып болмайтын сұмдыққа айнала бастайтын сияқтымыз. Ол иттің зар заманына сеніп жүрген ешкім жоқ, әрине. Бірақ осы өткен күзден бері ойланып қалдым. Ойлағанда бәрі Мылтықбайдың Кәртешбегінен шықты ғой, – деп шал әңгімесін әуелі Мылтықбайдың өзінен бастап кетті. − Өзіңе аян, бір әке, бір анадан туған үш ұл әр қилы болдық қой. Сенің әкең қой бақты, мен, әйтеуір, дүйім елді иіріп әкетпесем де, белсендінің шекпенін кидім, Құлбай інім диірмен жағаламады ма. Өзің білесің, о байғұс ұлының басын құрауға үлгермей кетті. Оқу жағы оңбай, көбіне тауда жүріп, тауда өскен бойы бұлғаң неме күндіз ұйқы, түнде бос сенделіспен біраз жүріп алды. Марқұм шешесі екі күннің бірінде “Мылтықбайды қайтесің?” деп келіп тұрады. Сондағысы – баланы отау ет дегені. Ойбай, енді әкелсін де бір шүйке басты десем, шешесі “Төрежан-ау, ол өз бетімен қатын ала алмайды” деп құдайдың зарын қылады. Қайтемін, күшікті шақырттым. “Жүгермегім-ау, осылай қу тізеңді құшақтап жүре беремісің, келін түсір” десем, “Әке, мен әйел алмаймын” дейді. “Оу, неге?” “Ұяламын”… “О, бас теріңді”… деп жанын қоям ба, Қарақалпақтан қайтқан төрт-бес түтін бар еді, соның бірінің қызына құда түсіп, алып бердім. Енді үйінен шығара алсақ, қане. Соның түбіне жетсең көремін деп мен де тым-

тырыс жаттым. Күздің төбесі көрінгенде өзі де сидаң неме, қурайдай болып келіп тұр. Екі ұрты ішіне кіріп, екі көзі ары кетіп қалған. Әйелдің борбайы тамақ болмайтынына көзі жетсе керек, “Әйе, жұмыс жағын қайтеміз?” дейді. “Мені жұмыс үлестіріп жатыр деп пе ең” деп өзін біраз жіліктеп алып, қайтемін, колхоздың кеңсесіне ертіп бардым. Бұл өзі кеңестің іргесі әне-міне сөгілгелі тұрған, дүниенің астаңкестеңі көп кез еді. Жұрт түгел не болып, не қоятынын жөнді білмей, дүбәраланып қалған. Бастық бала орнында екен, шылау­ына жармаса кеттім. Ары отырып, бері ойланып, ауыл маңынан, өзіміз жақтың жыра-жықпалынан лайықты дәнеңе таппай, ақыр соңында әлгі Мұзбелге тоқтаған. Мұзбелде қанша жыл құдай-ау, уаенный тұрды ғой. Енді солар бір жола Мәскеуге көшкен. Көшкенде пәдқоз дей ме, әйтеуір, әжептtуір қора-қопсысы болыпты. Соны колхоз су тегінге сатып алып қалыпты. Бастық бала Мылтықбайды сол қора-қопсыға қарауыл болып барсын деп шешті. Одан бері де он жылдан асты. Құдайға шүкір, үш жаманы бар, енді оларының есімдері… тұңғышы Кәртешбек, ортаншысы Порықбек, қызының аты Пестенкүл. Ит-ау, мыналарың ұл-қыз ба, жоқ бір дорба оқ-дәрі ме десем, Мылтықбайым, “Әйе, келініңіздің аяғы тағы ауыр, аман-есен ұл босанса, атын Жалғызоқ” қоямын деп жайраңжайраң етеді.” Естияр мырс етті. “Күлкінің көкесіне енді келе жатырмыз, балам, – деді Сәбдешбек шал,

– күлкі деймін ғой, қайдағы күлкі… Өткен күзде Кәртешбек мектепке баратын болды. Қайтпек керек. Әке-шешесі ауылға көшіп келейін десе, тірлік қалады. Тірлік дегенде колхоз тарап, тұрымтай тұсымен кеткен тұста Мылтықбай қарап отырған қора-қопсыны аудан орталығындағы дөйдің бірі бәленбай жылға әренделеп алған. Нәлөктің бастығы деді ме, әйтеуір, малды неме екен. Мылтықбайдың алдына соның біразын әкеліп салып, осыны жақсылап бақ, жақсылап бақсаң, ішер тамақ, киер киімнен кем қылмаймын дейді. Сөзінде тұрды. Мылтықбайымыз көш алдына түсіп кетпегенімен, одан қалып жатқан жоқ. Көже-қатығын ажыратар мал бітті, ай сайын ақысын алады, киім бүтін, тамақ тоқ. Тек әлгі уаенный гәрөдектегі сары ауыз тамырларымен ішіңкіреп қояды күшік… Осы бірді айтып, бірге кеттім бе… Содан әлгі, Кәртешбек мектепке баратын болды. Баланы бізге әкеліңдер, біздің үйде жатып оқысын дедік. Басқа амал, қайсы.” Бұдан ары қарияның әңгімесі былай өрбіді: Мұзбелден ертеңгісін әкесі алып келіп тастаған Кәртешбек шалдың бас­тауыш кластағы үймелі-сүймелі немерелерімен түскі асқа мелдектеп тойып алған соң, байыз таба алмай, мал қораға кіріп-шығуы көбейіп, бір түрлі мазалы күйге түседі. Мұнысы несі екен деп шал осы көлеңкеде үй ішімен ыстық шайларын шайқап ішіп, қарайды да отырады. Содан бір мезетте Кәртешбек қалт тұра

қалды дейді. Қалт тұра қалып, үстіңгі ернін шүйіріп, оң аяғымен жер тарпыған. Тарпыптарпып тұрып, бұлардың жанынан көктей өтіп, қарсыдағы қоңсыластың ауласына қарай оқтан бетер атылады. Ей, ей, мынау қайтеді дегенше болмай, қоңсының жоңышқалығындағы арқандаулы тұрған бұзауының барған бойда артынан артыла кетеді. Оқыс келіп, ес жидырмай бөксесіне артылған зауалдан жаман үріккен қызыл бұзау қатты тулайды. Бірақ кеудесі қыр жотасында, аяғы жерде, екі қолы бауыр жүніне тастай жабысып итең-итең еткен пәледен босап шығу оңай болмайды. Қоңсыластың кәрі төбеті әупілдеп, үйлерінен олар шығып, бұл жақтан шалдың келін, балалары тұра жүгіріп, бәрі жабылып жүріп Кәртешбекті бұзаудың бөксесінен әзер ажыратып алады. Бала әбден еліріп алған. Көзі шоқтай. Үстіңгі ернін шүйіріп, тұмсығын көкке көтеріп, оң аяғымен жер тарпып екі көзі қызыл бұзауда, көпке дейін “жетекке жүрмей” қояды. “Қоңсыластар да, біз де баланың мына әрекетінен дәнеңе түсіне алмай далмыз, – дейді шал, – өзі бір ұяттау шаруа болды. Келінге, көршілерге қарайтын бет қалмады. Қара пұшықтарымның ішек-сілелері қатып: “Ата, Кәртешбек бұқа ма?” деп және күйдірді ғой”… Кәртешбек онымен тоқтамайды. Кешке өрістен қайтқан мал көшемен өткенде, арасынан ұрғашы бұзау-тана көрсе тұра қуып, жеткен жерінде артылып, қып-қызыл

сойқан салған. Мұнысы күллі ауылға тарап, Сәбдешбек үйден шыға алмай қалады. Ал бірде Кәртешбектің “бұқалығынан” бір рудың екі атасының балалары бір-бірімен ат құйрығын кесісіп кете жаздайды. Осындағы Шоманнан тарайтын көп атаның бірінде Әлімхан деген бағбан бар. Баяғыда бұл атаның балалары Ирсуда өз алдарына колхоз болып отырғанда, сонда алма ағашын өсірген. Одан бері не заман өтті. Ирсуда – Ирсудан өзге ештеңе жоқ. Бірақ Ирсудан жұртпен бірге баяғыда осында қоныс аударған Әлімхан бар. Әлімхан болған соң алма ағашы да өседі. Қазір оның ауласында алма ағашының небір түрін көресің. Саны аз, түрі көп. Амал қане, әлгі шыр айналып соғатын жел пайда болғаннан кейін, Әлімханның апорты дәл пісер кезде өзінен-өзі тең жартысынан шіритін зауалға ұшыраған. Балалар оған қарай ма. Сол Әлімханның апортынан жемесе бойлары өспей қалатындай, күндіз-түні соны аңдиды. Аңдығанда, ұрлап жеу ғой. Сәбдешбек шалдың да немерелері үйір оған. Содан Әлімхан ұйқыға кеткен шығар-ау дейтін тал түсте Кәртешбекті алып, бармай ма ұрлыққа. Кәнігі шал қалың ағаш арасынан аңдып тұрған. Балалар алмаға қолдарын соза бергенде, “О, қызыңды…” деп тұра ұмтылады ғой шал. Сонда өзгелер келген іздерімен қашып, Кәртешбек қарабасқыр шалдың өзіне қарай қашады. Әлімхан, “Мына ит қайтеді?..” деп сасып қалған ба, тапырақтап таяп қалған бала-

ны қолындағы солқылдақ көк шыбықпен жон арқадан тартып келіп жібереді. Қиралаң еткен Кәртешбек: “Ата-тай, мені ұрмашы” деп отыра кетіпті. “Е, неге ұрмаймын. Ұрмайтын сен кім едің?” десе, “Құлбайдың Мылтықбайының бұқасы едім” дейді. Әлімхан қайбір оңған шал: “Онда жақсы болды ғой, сиыр­ларым күйлеп жүр еді” деп баланы екі құнажынмен кешке дейін қораға қамап қояды. Арты айтыс, айғайға ұласып, араға басқа ағайын түсіп әзер ымыраласқан. Бірақ Кәртешбекке жұрт сөйтіп жатыр екен деп “бұқалығын” қоймады. Бұрын өріске жіберетін малдары Сәбдешбектің көшесінен өтетіндердің ішінде ұрғашы бұзау-таналары барлар енді оларын жайылымға басқа көшемен айдап, басқа көшеден күтіп алатын болған. “Осындай сұмдыққа ұшырадық қой, – дейді шал, – ұят та болса көндік, намыс та жеп барады. Ол аздай, шырағым, Мылтықбайдың екінші баласының сөзі бір түрлі болып бұзылған, ол аз десең кеше ғана тілі былдырап жүрген кіші қызының жалғыз күнде мүлде мақау болып қалған жағдай және бар. Сені хат жазып, тез жет дегенде осыларды айта­ йын дедім. Бұл өзі не? Дерт пе, басқа пәле ме? Бауырың. Бауырыңның бірі ұрғашы бұзауға артылып, біреуі сөз бұзып, бірі мылқауға айналып кете берсе, мұның арты қайтеді. Жазусызуың бар, жөн білесің…” Асудың төбесіне шыққан соң, күрең биені қатты тебініп қалды. Мұзбелің, әне. Әскери

қалашық кезінде көз жауын алатын елді мекен еді. Қазіргі сыйқы, дәл бір үстінен соғыс жүріп кеткендей. Естиярлар мектепте оқып жүргенде, ауыл балалары көп қатынайтын мұнда. Сондағылары – шұжық, бәліш, балмұздақ алып жеп, асхананың тамағын ішу. Төмендегі темір жол станциясына да соны іздеп барады. Ауылға Мұзбел де, станция да жақын, осы екеуінің арасына үздіксіз жүріп жататын, түстері бір өңкей сары МАЗ-дардың біріне жиырма тиыныңды төлеп, жарты сағаттың ар жақ, бер жағында жетіп келесің. МАЗ-дар асфальтқа су сорғалатып Мұзбелден теміржол станциясына тас-топырақ таситын. О не қылған топырақ, неге тасып жатады, ешкімнің шаруасы жоқ. Білетіндері– Мұзбелде шахты бары. Уран деген кен шығады. Сосын білетіндері – Мұзбелді тұрмысқа керек-жарағымен тікелей Мәскеу қамтамасыз етеді. Не керек, бәрі бар. Бәрі импорт және арзан. Жұрт “жыртық үйдің құдайын” айтып, соған қуанатын. Шал айтқан нұсқамен Мұзбелді көктей өтіп, таудың тастақ жанына түскен Естияр Мылтықбайдың қонысына тез-ақ жетті. Атты кісіні байқап, абалаған алпамсадай кәрі төбетпен қоса, үй көлеңкесінде шай ішіп отырғандар орындарынан өре түрегелді. Малшы жұрттың, әйтеуір, біреуді күтіп отыратын, біреудің төбесі көрінсе жабыла тұрып, қарсы алатын қазақы әдеті. Бұл таяп келгенде ғана таныды ма, Мылтықбай:

– Ойбай, аға… Аға ғой, – деп тұра ұмтылды. Сол баяғы бойы құрықтай, жүрісі именшек қалпы. Тек шашы жидіп түсіп қалыпты. “Жасы жетпей мұнікі не?” деп ойлады Естияр. – Әй, Кәртешбек, Порықбек, Пестенкүл, келіңдер. Естияр көкеңе сәлем беріңдер. Көкелерің ғой. Анада жорналдан суретін көрсеткем. Балбала дастарқаныңды… – Мылтықбай үй ішін қақпа тастай қағып барады. – Кәртеш, төркөрпе… Сәлемдескенде байқады, әкесінен айнымай қалған Кәртешбектің қолы тым ұзын екен, үстіңгі ернін бір шүйіріп алып, кеспек ұсынғандай онысын алыстан ұстата салды. Порықбегі шешесіне тартқан ба, тапалтақ. − Сагаумагигім, гөгө, – деді алтыжетілердегі көмірдей қара бала. – Амансың ба? – Естияр оның қолын сәл жібермей тұрды. – Атың кім? – Поргбег. – Мені білесің бе? – Бігбеймін. Келін әне-міне дегенше-ақ, дастарқанын жаңалап, көлеңкенің төріне екі-үш қабаттап су жаңа құрақ көрпені төсеп тастады. Ортаға гүлді жайпақ табаққа салынған ыстық қуырдақ та келіп қалды. Тау сарымсағының өзегін қосып, бірыңғай майға қуырылған тағамның иісі мұрын жарады. – Арқардың тоқтысының еті, − деді Мылтықбай. – Итбаспақтың құзынан түнде келдім. Алыңыз, аға.

– Ойжайлаудың Итбаспағынан ба? Тым алыстау ғой бұл жерден. – Арқар қазір басқа өңірде жоқ. Ол жерден де жоғалып, Хан тау ауып кетіп еді, колхоз, совхоздың тұқымы құрып, жайлау шығар малдан береке кеткен соң, қайта пайда болды ғой. Бірақ баяғыдай үйір-үйір емес, аздау. Шанда көзге түседі. Естияр дастарқанға салынған тәттілерді теріп жеп, айналасына мағынасыз қарап отырған жалбыр шаш қызға қарады. – Бұ қызымыз сөйлемей қалған, аға. Тілі былдырлап-ақ шығып еді, жалғыз күнде өзіненөзі байланды да қалды, – деді Мылтықбай кәрі жіліктің көк етін көмейлете асап жатып, әбден былқып піскен жас ет аузында еріп кетті ме, жұтқаны білінбей, сөзі үзілмей ары қарай әңгімелей берді. – Ауруханаға апардық. Әуре-сарсаңы көп пәле екен. Тексермегендері жоқ. Біресе анаусына, біресе мынаусына жұмсайды. Бекер барып, бекер қаралмайсың, ақша төлейсің. Содан, қызымыз осыдан қайта сөйлеп кетсе жақсы, өйтпесе ше… Өйтпесе жиған-тергенімізді құры шаша береміз бе, құдайға шүкір сөйлемей қалды демесек, тамағы сау, ұйқысы тыныш… Мақаулықтан өлген ешкімді көрген жоқпыз дедік те, сандалысты қойдық.

Қайсы бірде тәуіпке көрсетіп едік, ана жылы Ауғанстанда соғысып қан көрген пәле екен, жаман зікір салып, Пестенкүл түгілі өзіміздің зәремізді алды. – Сәбдешбек әйем мына Кәртешбектің бір қылығын айтады ғой, – деді Естияр.

– Ол Гәртешбег емес, – деп Порықбек шап етті. – Ол бұга, кага буга. – Сен гысың, гысың, – деп Кәртешбек інісін иықтан түртіп қалды. – Әй, қойыңдар тақаспай! Мылтықбай екі баласына зілсіз зекіп қойды. Сосын бұған қарап: – Әйемнің айтып жүргені Кәртешбектің бұқа болып ойнайтыны ғой. Осы жаққа көшіп келгеннен кейін пайда болды сонысы. Ана жылы қожайын әуелі он шақты тана-торпақ әкелген. Ішінде үш-төрт сиыр, бір бұқасы бар. Дәу қара бұқа. Кәртешбектің әжетке жарап қалған кезі. Күндіз көбіне малды өрісте осы қайырып жүреді. Содан бастап, бұ күшік қара бұқа не істесе, соны істейтінге ұшырады. Келе-келе ұрғашы тана-торпақ көрсе бітті, тырағайлатып қуып кете беретін пәлені шығарды. Қанша ұрыстық, қоймайды. Тіпті үдеп бара жатқан соң, қожайынға шынымызды айтып едік, “ой, бұл не сұмдық” деп біраз жүрді де, ұрғашы тана-торпағының қу сүйекке айналып бара жатқанын өзі де байқап, оларын амалсыз алып кеткен. Өзіміздің де жанымыз кіріп қалды. Болмаса, өрісте де, екі өкпесін қолына алып ұрғашы бұзау-тана қуып жүрген Кәртешбек, үй маңында да көзі ала­йып, танауы делдиіп ұрғашы бұзау-тана қуып жүрген Кәртешбек. Ит-ай… – Ой жыгды, – деді Порықбек ыржиып. – Сен жаман, оған күлме, – деп Мылтықбай Порықбекке қарап кеңк етті. – Өзіңе қарасаңшы. Өзіңше бір тіл шығарып жүрсің, қыңыр-қисық.

Естияр: – Мұның кей әріпке тілі келмей ме, жоқ әдейі бұзып сөйлей ме? – деп сұрады. – Түсінсем бұйырмасын, – деді Мылтықбай. – Бара-бара мүлде ешкім түсінбейтін, жер бетінде жоқ тілмен сөйлеп кете ме, қайтеді? – деп Мылтықбай тағы да қарадан-қарап мәз болды. – Ойласам, осы жаққа көшіп келген соң, біздің үйден басқа бір халық пайда болып келе жатқандай көрінеді кейде. – Көл бар дейді ғой мұнда? – Көкпенбек. Мұндай мөлдір суды көрсем, көзім шықсын. – Соны көрсем. – Көрсеңіз, мына тұрған жерде. Балалар ертіп барады, мен мал соя берейін. Атқа мінесіз бе? – Жақын дейсің ғой, жаяу-ақ барайық. Естиярға Кәртешбек пен Порықбек ілесті. Қырға көтеріле суылдаған бір жел пайда болды. Қай жақтан есіп тұрғаны белгісіз. Қай жаққа қарасаң, сол жақтан ұрады бетке. – Гәзір онша егмес, – деді Порықбектің мұрны пысылдап. – Гішгенеден гейін гатты согады. Көл шынында да қол созымда екен. Қыр астында оймақтай болып жатыр. Көкпеңбек. Өте ашық та, өте қою да емес, сол екеуінің арасындағы бір ғажап рең. Түбі түгел көрінеді. Өң бір еш жерлерін топырақ тұтпаған, мүк баспаған жалаңаш қайрақ тас сайрап жатыр. Маңайында ұшқан құс, қыбырлаған құрт-

құмырсқа сияқты тіршілік белгісі білінбейді. – Бұл суда балық, бақа дегендер бар ма? – деп сұрады Естияр балалардан. – Жог, – деді Порықбек. – Өгіп галады. – Өліп қалғаны қалай? – Ягов Галгутыдагы сугдан багыгтар ұстап әгеліп ішіне гоя беріп еді, сгазу өгіп галды. – Ал сендер бұған шомылдыңдар ма? – Бұгын ылги. Газір папам жігбермейді. – Папаңның өзі ше? – Бұгын о да шогылатын. Согдан гейін шашы түгісіп галды. – Анада арақ ішкенде шомылды ғой, – деді Кәртешбек сөзге қосылып. – Агаг ішгенде бәгі шогылады. Мас адамга багыбір. Агуырмайды. Естияр демін зорға алды. Ұрғашы бұзау көрсе қуалай жөнеліп, бір артылмаса жаны тынбайтын үлкен бала анау, әр сөзінің ішіне “г” әрпі түсіп кеткен ортаншы бала мынау, бар тілінен бір күнде айырылып, мәңгі мақауға айналған қыз… көгілдір әлеміне көз тұнатын, бірақ тіршілігі тұл көл… Бұл не нәрсе? Неге бұлай? – Гөгө, – деді Порықбек мұның ойын бұзып. – Сіз өгіметсіз бе? – Емеспін. – Неге? Естияр қапелімде жауап бере алмай қалды. Бергенде не дейді, нені түсіндіреді. Сосын сұрақты баланың өзіне бұрған. – Өскенде өздерің кім боласыңдар?

– Гәртешбег бұга болады, – деді Порықбек. – Кетші-әй, – деді анау ыржиып. Естиярдың көзі шалбарларын шешуге ыңғайланып жатқан балаларға түсіп кетті. – Әй, не істегелі жатырсыңдар? – Бір сүңгиікші, – деді Кәртешбек. – Гүн гүйді гой, – деп Порықбек аспанға сығырайды. – Қойыңдар. Түспеңдер бұл суға ендігәрі. Қане, қайталық, – деп Естияр орнынан тұрды. – Бігаг сүгиікші, гөгө, – деп Порықбек ыржиып тұр. Бұлар келгенде Мылтықбай сойылған семіз тұсақтың етін жайғап, Яков арқар тоқтысының сан ет, сүбелеріне құйрық май қосып кәуапқа дайындап, Балбала жүні жұлынған үндіктің сыртын жалынға ыстап, ала шапқын болып жатыр екен. Еш қаперсіз. Барға бәріне разы кейіп. Не істеп жатыр, содан өзге еш нәрсе керек жоқ. Ертең қайтеді, бүрсігүні не болады, шаруалары жоқ. – Көке, келіңіз, үйге, төргі бөлмеге көрпе төсеп, жастық тастап қойды, мызғып аласыз ба біраз, – деді Мылтықбай. – Әлде, шай әзірлетейін бе? Естияр аяқ созғанды дұрыс көрді. Үй іші тап-таза, сап-салқын. Ақ сейсеп, құс жастықтан тазалықтың жеп-жеңіл жұпар лебі білінді. Бірақ жаны жаман құлазып, ой-санасы безбен күндердей береке таппай бебеулеп жатты. Оған көп ұзамай дүниенің беті қай

жағыңнан соғып тұратыны белгісіз аңызақ жел мен айналасында қылпып алары жоқ көлге айналып кететін сияқтанады. Мұны бірақ бағамдап жатқан кім бар? Неге жұмыр басты пенде бейғам? Айналасына жаппай ақылмен, абай қарайтын кездері бола ма? Сандаған сұрақтардан сансырап көзі ілініп кеткен Естияр түс көрді. Айнала қалың тұман. Айналасы тұлдыр оймақтай көгілдір көл көпіршіп, көкке қарай көтеріле-көтеріле бері қарай лап қояды. Жолындағының барлығы қурап-семіп, солып, қурап жатыр… Солардың арасында Кәртешбек ұрғашы қызыл бұзауды қуалап, Порықбек "бұга, бұга" деп айғайлап, Пестенкүлдің қолы жан-жағына ербеңдеп, ала өкпе. Қай жақтан екені белгісіз бір сұмдық

аңызақ жел де аңырап қоя берді. Аңырап… Арыда топырақ па, құм ба, күл ме, бір қалың, қара тозаң келеді жайлап. Әне-міне… Әнеміне…

Мәкеңнің соңғы жылдары шапқылауы көп: жұртпен кездесуі жиілеп кеткен. Өздері шақырады. Оу, неге десе, Ақдала аулында бұл ұзақ жылдар партком болыпты. Болса ше? Кім партком болмады. Ә, жоқ, мұның парткомдығының жөні бөлек. Бөлек болатыны, Мәкең сол ұзақ жылдар атышулы қой өсірушісі Малсақбайдың жанында жүрді ғой. Жәй жүрген жоқ, жетелеп, үсті-басын қағыпсілкіп, сақал-мұртын басып, кебісін тазалап, кигізіп жүрді. Тіпті, шалыңды қонақ үйдің бөлмесінің ішіндегі дәретхананың ақ келісіне де отырғызып, тұрғызатын осы еді. Бала баққаннан қиын күндер еді ол. Бар ғұмыры далада өтіп, қай бұтаны шеңгелдеп ұстап, қай суды қалай кешем десе де еркіндігі өзінде болған шалың қонақ үйдің безерген тас Мәкеңдер, Малсекеңдер, заман

қабырғаларынан жарық дүниеге безіп шығар саңылау таппай, үһілейтін де отыратын. Негізі момын адам еді, жарықтық. Айналасында не болып, не қойып жатқанын соншалық бағамдай қоймайтын. Жиынға кірсе қалғып-мүлгиді, шықса сұрайтыны: “Не болды осы, енді ауылға кетеміз бе?” Жиналыс дегенді естігеннен-ақ ұнжырғасы жаман түсіп кетер еді. “Тағы ма? − дейтін дүңк етіп. – Мені қоя қойсаңдаршы” “Ойбай, Малсеке болмайды ғой. Депутатсыз. Аупартком, облпарткомның пленум мүшесісіз.” “Соларың не осы?” “Нені айтасыз?” “Жаңағы пықылбай, тықылбайға мүше-пүшесің дейтіндерің?” Парторгтың аузы аңқаяды. “Құдайдың ұрғаны-ай, − дейтін іштей күйіп-пісіп. – Бұ шал дәнеңенің мәнін түсінбейді екен ғой.”

Мәкең туған әкесіне де Малсекеңе қызмет еткендей, зыр жүгіріп, запыран құсқан жоқ. Бұ шалың Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болғаннан кейін үлкен жерлердегі жиындардан қалмайтын болған. Ал жетеле. Ішкіз, жегіз… Түнімен күзет. Бір түнде бірнеше оянады. “Мәндібай!” “О, не Малсеке” “Түзге шығам”. Жарықтық тамақты өлтіре жейтін. Оның үстіне бір шөлмекті үлкен ыдысқа бір-ақ құйып тастап алатыны бар. Оған майлы тамақ қосылған соң… Өмірінде қонақ үй көрмеген Малсекеңнің алғаш сонда орналасқаны қызық. Әсіресе әлгі түзге отыратын жерін көрсеткенде, күйіппісіп кетті: “Сонда мына ақ келіге отырам ба, күшеніп?” деп шала бүлінсін. “Сөйтесіз.” “Әй, сонда ұят қайда?” “Ойбай, біреу көріп тұрады дейсіз бе, шаруаңыз біткен соң, мынаны басасыз, бітті.” “Сонда ешкім естімей ме?” Жарықтық бөкселері бұлтыңдаған кезекші орыс келіншектерге жатып қызығады. “Осындай бір қатын әперсеңдерші, одан да” деп ызыңдайды. Шалдың ең бір жақсы жері ақша аямайтын. Аудан бар, облыс бар, Алматы бар, барғандардың бәрінің ішім-жемі Малсақбайдан. Ақшаны өзі ұстамайды, Мәкең ұстайды. Айтатыны: “Өзің жұмса”. Тегін ақшаны жұмсай алмайтын Мәкең кеще емес. Сілтейді оңды-солды. Үлкен де, кіші де разы. Ара-арасында өз ұпайын да ұмытпайды. Әр сапарда бір костюм-шалбар. Кос­тюм-шалбар

болғанда қандай. Австралиялық деймісің, итальяндық па, финдікі ме… Осы күнге дейін қырын сындырмай, алма-кезек киіп жүр. Алма-кезек кигенде, одан бері де талай жылдар өтіп қалыпты-ау. Енді мұның өзі зейнетте. Малсекең жарықтық болса, баяғыдан жер томпайтып жатыр. Мәкең сағатына қарады. Біразға келіп қалыпты. Көп ұзамай әлгі көрші ауылдағы кездесу құрғыры… Ол қалыпты жағдайда жанға жайлы өтсе жақсы. Кейде, тебіңгіңді кесіп, текеметіңді тіліп түсетін тентек сұрақтар тепсініп шыға келеді. Ана жолы ғой, біреу: “Сіз парторг болып тапжылмай талай жыл қызмет істепсіз. Жақсы істепсіз. Орден де алыпсыз. Сонда парторгтан ары қарай неге өспегенсіз?” деп сұрамасы бар ма. Бұған не уәж айтарын білмей қалды. Айтар еді, қалай?.. Бәрі Малсекеңнен болды ғой. “Әй бастықтар,− дейтін шал секретарларға, − мына баланы менің қасымнан ұзатпаңдар.” Шал айтты, бітті. Көлеңкесіне айналды. Әйтеуір, бірге жүріп қой баққан жоқ. Өйтер де ме еді, егер шалдың өзі атқа мінсе. Бірақ ол атағы шыққан күннен қой қайыруды мүлде қойған. Малды үнемі бір жамағайыны бағады. Үй-күйсіз жалғыз ілік біреу. Азабы жоқ, шері жоқ. Тек тамағын тойдыр. Бар рақат-қызығы сол қу тамағының тесігі. Қал сұрасаң, ыржыңыржың етеді. Ұрысып-зекісең де сол. “Қатын әперейік пе?” десең де әлгі. Отыр десең отырады. Тұр десең тұрады. Кет десең кетеді, кел

десең келеді. “Япыр-ау, мынау адам ба, емес пе?” деп таң қалатын Мәкең… Ойын есік алдына келіп тоқтаған машинаның сигналы бұзды. Мұны мектептегі кездесуге алып кеткелі келген көрші ауылдың әкімі екен. Шыттай киініп, да­йын отырған Мәкең иномарканың алдына жайғасып алды. Әкім бала аузы жыпылдаған пысақай екен, жол-жөнекей зуылдады дейсің. Мәкең оның бір сөзін ұқса, келесісін ұқпай, өзімен-өзі. Баяғыда Малсекеңнің жанында жүргенде өзі де заулап тұрушы еді-ау. Әй, шіркін жастықай. Буы сұмдық қой. Оның үстіне қолыңда аз-маз билігің болса. Оған бүкіл аудан, облыс алақанына салып әлпештеп отырған атақты қой өсірушінің жанында жүргенің қосылса. Жәй емес, жетелеп… Мынанікі не жылпыл? Несіне мәз? Қай қызық, қай рақатты көрді, бұл боз өкпе? Ақ түйенің қарны жарылған, ішкені алдында, ішпегені артында заман мына Мәкеңдердікі еді ғой, шіркін. Мәкеңдердікі болатын. Ал мынау… аяқ киімінің өзі, құды теріс киіп алған сияқты, екі басы ек жақ сыртына қарай майысып кеткен. Шалбар анау… Екі бұтының сыртында қатындардың кең етек юбкасындай болбырап, бос жатыр. Көне костюмнің жағасы қыртыс-қыртыс. Бір түймесі үзіліп түсіп қалыпты. Білмейтін, танымайтын біреу көрсе, мұны әкім емес, шпана дер еді. Мәкеңнің қарадай көңілі қалып қалды.

Бойын түземеген адамның ойы да сол олпысолпы, деп ойлайтын ол. Бекзаттығы жоқтан көп үміт күтуге болмайды. Қарабайыр қалай елге жөн сілтеп, жоба көрсетеді? Бұлар келгенде мектептің алды ығы-жығы екен. Ержетіп, бойжетіп қалған ұл-қыз. Араларында мұғалімдері де жүр. Мектептің актовый залы лық толды. Әуелгі сөзді ауыл әкімі алды. Ал заулады. Сондағысы: Бұл Мәкең – Мәндібай Молдасүгіров қария осы Құрөзек ауданында дүниеге келген айтулы тұлға. Ұзақ жылдар “Ақдала” совхозында партком секретары болған. Болғанда, осы Мәкеңдердің білімдарлығы мен іскерлігі арқасында әлгі “Ақдалада” облыс бойынша ең үздік қой өсірушілері өсіп шыққан. Соның ішінде есімі елге әйгілі Малсақбай Сомжүреков аталарың Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Жоғары Советінің депутатына дейінгі деңгейге жетіп, дара кетті. Мәкеңдердің кезінде “Ақдалада” жусаннан қой, изеннен қозы көп болған. Мәкең жөткірінді: “Ит-ай, жусаннан қой, изеннен қозы қалай көп болады”, деп қойды ішінен. Әкімнің табаны қыза бастады. Құрөзек ауданында ең алғаш комсомол жастардың қой өсірушілер бригадасын құрған осы Мәкең ағамыз. Облыста қойды қолдан ұрықтандырудың алты айлық қурсын тұңғыш ұйымдастырғанда мына Мәкеңнің өзі. Сол курсты жер-жерден келіп оқымаған қойшылар

кемде-кем. Содан шығар, әр ауданда бір отар саулықтың тең жартысын егіздеткен көл-көсір заман болды.

“Тең жартысы несі, − деп Мәкеңнің бір денесі селк етті – қызталақ сонша асыра сілтеп… Әй, мынаған түбі су жұқпас.” Мәкеңнің өмірі мен қызметі жайлы талай-талай әңгіменің шаңын қаққан әкім, залдағылардың қозғалақтауы көбейіп бара жатқан соң, “қой ендігім болмас” деді ме, сөзді қонақтың өзіне берді. Ғұмыр бойы сөйлеп келе жатқан, өзін әр жерден көшіріп немесе жаттап алған, сөзбен асыраған, сөзден басқа қолынан түк келмейтін Мәкеңе о, шіркінің бұйым ба. Бір айтқаны қайта-қайта қайталана кеудесіне әбден жатталып қалған сөзді Мәкең судай сапырады. Комсомолдағы белсенділігінен басталады әңгімесі. Десе де, тәуелсіздіктен кейін комсомолды жастар ұйымы деген ұғымға ауыстырып, екі сөзінің бірінде киліге беретін КПСС Орталық Комитетінің шешімдері, Маркс, Ленин өсиеттері, Брежнев жолдастың нұсқаулары сияқты ұрани мақамдары қысқарып қалған. Бұл көсіле сөйлеп, жұрт ұйып тыңдап дегендей, кездесу ортақ үйлесім тауып өтіп-ақ жатқан сияқты еді, сұрақ-жауапқа келгенде, бәрі нілдей бұзылды. Бәле селдірлеу шашы тікірейген сіріңке қара баладан шықты. − “Ақдалада” аралары бір-бірінен жақын, екі Ескерткіш тұрғанын көрдім. Бірі – Абай Құнанбевтікі, бірі – жаңағы атақты қойшы

Малсақбай Сомжүрековтікі екен. Солар сіз партком болып тұрған жылдары тұрғызылған ба? – деп қойды сауалды, әлгі. − Солай, шырағым. − Айтыңызшы, Абайдың Ескерткіші қойшынікінен не себепті он еседей кіші? Мәкеңнің қапелімде аузы аңқайып қалды. − Абай күллі қазақтың күллі әлем мойындаған кемеңгері емес пе? − қара жүгермек ары қарай қадала түсті. − Шырағым, Малсақбай Сомжүреков атаң Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР-ы Жоғары Советінің депутаты болған – деді Мәкеңнің шеке тамырлары білеуленіп. − Өзіміздің ауылдан, облыстан шыққан. − Абайдың сонда не?.. Біздің ауыл, аудан, облысқа қатысы жоқ па? Ол қазақтың прогресі, рухани реформаторы, ойы орасан, есі ерен данасы. Мәкең сасқалақтап: − Малсақбай Сомжүреков те қатарынан бірнеше жыл әр саулықтан 170-180-тан қозы алған… − деп мыңқылдап қалды. − Қозы өсірген ұлттық кемеңгерлік емес қой. Ол – қойшының міндетті шаруасы, кәсібі. Мына жүгермек қайтеді-ей… Мәкең амалсыз ауыл әкіміне көз қырын салды. Оның аузы мектеп директорының құлағына кетті. Мектеп директоры – нән қара әйел орнынан тұрып: − Әй, Бөлекбаев, − деді даусын қатайтып. – Тағы не білгің келеді сенің сонша тықшыңдап? − Тәтей, Абай мен қойшының айырма­

шылығын біліп алмаймыз ба. Қазіргі заман – танымның заманы деп жүрген өзіңіз. Мысалы, “Ақдалада” шет елден біреулер ке­ліп: “Мына Ескеркіш кімдікі, ана Ескерткіш кімдікі?”– деп сұраса, Не дейміз… Үлкені – жүз саулықтан 170-180-тан қозы алған қойшынікі, кішісі – қазақтың ұлы ақыны Абайдікі дейміз бе?.. Сонда олар: “Сіздерде не, қойшы ұлы ақыннан да ұлы ма?” деп сұрай қалса ше?.. − Шырағым, − дегенде Мәкеңнің көктұқыл иегі жаурап тұрған баланікіндей дір-дір етті. – Малсекең аса ерен еңбек еткен адам. − Аға, ерен еңбек етсе, ерен айлық алған шығар, жоқ ақы-пұлсыз бақты ма қойды? Сосын қой баққан мен ой баққанды шендестіруге болмайды ғой. Не көп ерен қойшы көп қазақта. Ал Абай жалғыз, дара. Залдағылар сілтедей тұнған. Әр-әр жерден мырс-мырс күлкілер де естіле ме…Мәкең теңселді. Әй, бұл дүние… Мына бала-бақыр, мына қалыптарымен бұлардың қылған шаруасын дымын қалдырмай қараң қалдырар түбі… Осы кездесуден бергі жерде Мәкеңнің басы мең-зең. Әлгі сіріңке қара жүгермектің сауалы құлағынан кетпейді. Итіңдікі былай, дұрыс та. Шынында да Малсекеңнің Ескерткіші тым рабайсыз. Қойшынікі емес, Қобыланды батырдікі сияқты. Әйтпесе, шалың тапалдақ қана адам болатын. Аса көрнекті болсын деген аупаркомның бірінші секретары еді. Жалпы, Малсекеңді бар қойшыдан озат етіп, оздырып жіберген де сол. Нағашы-

жиендіктері бар екен. Хатшы студент кезінде Малсекеңнің талай шапағатын көріпті. Сол енді бірде, Мәкеңді колхоз бастығымен қоса шақырып, екеуін оңаша қабылдамай ма. Әңгімесінің ұзын-ырғасы: аудан негізінен қой шаруашылығымен айналысады. Шүкір, көштен қалып жүрген жоқ. Қозының да, жүннің де жос­пары жыл сайын орындалады. Кейінгі жылдары үдеп тұр. Атағын мықтап шығаратын кез-келген шығар, сірә. Ауданның атағын шығару үшін әуелі адамның атағын асқақтату керек… “Ақдалада” қой басы алпыс мыңнан асады. Шопандардың бірінің маңдайын жарқыратып көрсет әуелі. Мысалы, ана Малсақбай Сомжүреков ақсақалды… Қоқаң-соқаңсыз момын адам. Артық сөзі жоқ. Қолы ашық. Ана-мынада шаруасы бола бермейді. Туғалы томпаңдап қой соңында… Еңбеккер… Ымды білмеген, дымды білмейді, колхоз бастығы мен партком хатшының қайда қарап сөйлеп отырғанын бірден түсіне қойды. Шынында да, Малсақбай Сомжүреков, қойды жақсы бағатын. Көзін ашқаннан көрген кәсібі. Соның соңында жүріп, рас дүние көрмей, қара танымай қалған айыбы – аздап ноқайлау. Тіпті, газетті қол сүртуге, ет орауға керек қағаз деп қана біледі. Жазылым кезінде айтатыны: “Бояуы қолға жұқпайтынына, дәуіне жазыңдар…” Малды-жанды. Қойы, жылқысы көп. Дастарханынан жыл он екі ақ май ағып жатады. Қойдың құйрығы, қазы-қарта, қаймақ, құрт…

Келген кісіге біреу, екеу деп қарамайды, сөзсіз мал сояды. Соғым сұрасаң – “Ал.” “Бағасы қанша?” дейсің. “Мен қайдан білем!” “ойбай, енді айтпайсыз ба, нобайлап.” Айтпайды. Әкеп бергеніңді алады. Кемпірі ғана: “Осы-ақ па”, деп қалады. “Тәйт-әй” дейді ондайда Малсекең. Хатшының нұсқауынан кейін Мәкеңдер Малсақбайдың басына жандары қалмай шырақ жағуға кірісті. Осы кез қозыға қосып жазу дейтін пәле пайда болған. Әуелі шаруаны содан бастады, бұлар. Сол әдіспен алғашқы жылы-ақ, шалың әр жүз саулықтан жүз сексеннен қозы алды болып шыға келді. Ауыл шу, аудан шу, облыс шу. Мәкеңнің қойды қолдан ұрықтандырудың

курсын ұйымдастырып жүргені осы кез. Бұл бастама облыс бойынша мәнге ие болды. Жер-жерден қолдан ұрықтандыру курсына қойшы қаптады. Малсекеңнің беделін асыра түсу мақсатымен курсты оның тәжірибесі іспеттендірді. Шалыңа осыны айтып еді, “О, не пәле!” деп басын жұлып алған. Бұлар СЖК-ыні түсіндірді. Сонда бар айтқаны: “Қошқарлар қайтеді-әй!..” “Қошқар құрсын, қозыны көбейткенді айтыңыз” деп бұлар бас салды. “Сонда сендер ертең әйелдерді де қолдан ұрықтандырасыңдар ма?” дүңк еткен. Төрт-бес жыл көлемінде Малсақбай Сомжүреков­тың есімі есіктен төрге, төрден өрге өрмелеп, дүркірей жөнелді. Шалың қай жиынның да қызыл мауыты жамылған

столының орта тұсында отыратын болды. Алғаш рет Малсекеңді колхоздағы жиналыс президиумына сайлағанда ше… Жиналыс бітіп, жұрт тарап бара жатқанда, шалың: “Әй, сонда енді мен не болдым?” демесі бар ма, ышқынып. Әй, Малсекең-ай… Жиналыс президиумына сайланғанын, өкімет болған екенмін, деп ойласа керек қой. Қайсыбірде облыстық бір үлкен жиын өтті. Малсекең президиумдағы 50-60 қаралы адамның арасында. Облыстық партия комитетінің бірінші секретарының мінбеге енді шыққан сәті, Малсекең: “Әй, Жұбанияз, – деді оған дауыстап. – Мына жиналысың қашан бітеді?” Хатшы жөн айтты: “Бүгінгі қаралатын мәселелер біраз, ертең қалғандары… Арғы күні қайтасыз, Малсеке.” Сол кезде шалдың: “О, бігәйт” дегені. Залдағылар мұны әрине, естіген жоқ. Ал президиумдағылар түгел сілейіп қалды. Малсекеңнің дәнеңемен ісі жоқ, жайбарақат қалпында монданақ бетін сипап монтиып отыр. Үзіліс кезінде облыстың басшысы шалды қолтықтап, оңаша алып шығып: “Малсеке, сіз жаңа не дегеніңізді білесіз бе? Ол жаман сөз”,− деді. “Қайдан білейін, - дейді шал. – Бізді көшіретін орыстар ылғи сөйтеді ғой.” Орыстың әлгі бейпіл сөзін шал адамның әлденеге көңілі толмағанда, кейіген кезде айтылатын кәдігулі реніш сөз деп ойлаған ғой. Жиын үш күнге созылады дегенде, сол күйіп кетіп: “Ой, бігәйт” деген…

Ойының осы тұсына келгенде Мәкең еріксіз ырқ күліп жіберді. “Жарықтық”, деп қойды даусын шығарып. Сессия аяқталып, бұлар ауылға келген күннің ертесін аупаркомның бірінші хатшысы шақырып алып, ит терілерін бастарына қаптаған. “Айтпайсыңдар ма, қарияға” дейді. “Ойбай, о кісінің өйтерін біз білмедік қой”, деп бұлар шыж-быж. “Сонда, ай қарап жүрсіңдер ме?” Шалға ғой Мәкең нені түсіндірмеді. Түсіндіргенде, әлгі “бігәйтті” қазақшаға аудармай ма. Аударса, шал: “О, бігәйт”, − деп селк ете түскен. Жарықтыққа облыста өткен ерекше бір жиында сөз бергені бар. Жайшылықта өйтпеуші еді, жиынға үлкен жерден үлкен кісі қатысып, Брежневтің Қазақстанда: “қой басын миллионға жеткізу” жөніндегі нұсқауы талқыланып жатқан соң, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Жоғары Советтің депутаты шопанға қалай сөз бермейсің. Мәкең ат баптағандай, Малсекеңді жиынға тура бір ай дайындады. Қағазға түсіргенде жарты парақтай, айтатын сөзін жаттады келіп. Көп сөйлемейтін шалдың тілінің еті өсіп кеткен бе, тым доғал, икемге келмейді. КПСС-ті – КПЫС, Леонид Ильич Брежневті – Ылайанит Ылыш Блежнев деп әбден әуреге салды. Ана тіліндегі сөздерді де есіне сақтай бермейді. Қазір айтқызғаныңды қазір ұмытып қалады. Жиын өтіп жатыр. Әй, бір кезде Малсекеңе де келді кезек. Мәкең шалды мінбеге жете-

леп апарып, сүйеп шығарды. Сонда не деді дейсіңдер ғой. Әдеттегідей: “Әй!” деп, жиналыс президиумы мен залға айнала төңірекке қарап алды да: “Ылайанит…” деп, тұрды да қалды. Мәкең колхоз бастығы екеуі қатар отыр еді, екеуінің де тізелері дірдек қақты. Үлкен жерден келген үлкен кісінің көзі Малсекеңде, облыс басшысының көзі, бұл екеуінде. Шал тамағын кенеді: “Әй..! Қойшыларға қиын көргені құқай. Қу далада тентиміз. Қазан-ошақ, кір-су, бала-бақыр… Бір қатын нете алмайды. Қатын сияқтары қалған жоқ, түгел. Бізге тоқал керек”, деп қарап тұр. Президиумдағы облыс басшысынан бастап, өзгелерінің өңдері түгел қураған шүберектей қуп-қу. Үлкен жерден келген үлкен кісіде бәлендей өзгеріс болған жоқ. Президиумдағылар да, залдағылар да сілтедей тынды. Төбеден жай түскендей шаруа. Оған қыңатын Малсекең бе, залға қарап аңырап тұр: “Әй, Мәндібай, − дейді мұны іздеп − болды ма, енді? Болса ап кетсеңші, мені…” Қайтарда, аудан шалғай емес пе, облысқа жиналысқа келгендердің орта жолда ауқаттанып алатын дәстүрлері бар еді, сол отырыста аудан басшысы: “Үлкен жерден келген үлкен кісі терең адам ғой, болмаса, Малсеке, сіздің тоқал деген әңгімеңіз мінбеден айтылатын сөз емес. Феодалдық пәле” десе, шалың: “Әй, бастық, сенің әкең, менің нағашым тоқалдан туған, сонда ол педал ма?” деп дүңк еткен.

Ойбай, “Ақдала” колхозындағы атақты шопан үлкен жерден келген үлкен кісінің көзінше дүйім жұрттың алдында “қойшылардың тоқал алуы” жөнінде мәселе көтеріпті, деген гу-гу әңгіме ана жылғы “о, бігәйты” сияқты талай жерді кеулеп кеткен. Аупарткомның хатшысы Мәкең мен колхоз бастығын бюроға салды. Сондағысы, бұлар идеологиялық тәрбие жұмысын бетімен жіберген. “Құдай-ау, жасы жетпіске келген адамға тәрбие жұға ма” деуге дәрмен жоқ. Хатшы бюроның соңынан бұларды жеке алып қалып, шалмен жұмыс істесеңдерші, деді. “Істеп жүрміз ғой” “Онда, тоқалы несі?” “Қайдан білейік. Біз де өзіңіз сияқты, сол жиын­да алғаш естідік, аузынан”… Ойлап отырса, жарықтықтың қызықшыжығы бір атанға жүк. Қайсыбірін айтасың. Айтасың ғой, е соның енді кімге қажеті бар. Бүгін заман басқа. Бүгінгі заман кешегі дәуренге пішту демейді. Жақаурай қарайды. Қайтесің, “елу жылда ел жаңа”… Бүгінің бұларға жағаласа туатындардың заманы ма, немене… Сол, сол… Кешегі күндер болса, бесіктен белі шықпаған әлгі сіріңке қара жүгермек зал толы жұрттың көзін бақырайтып қойып, “Ақдаладан” ауданға дейін сыйлы Мәкеңнің екі аяғын бір етікке тығар ма еді. Әрбірден соң, Малсақбай Сомжүрековтың Ескерткішін ерсен қылып салған бұл емес, жоғарының нұсқауы. Көрнекті болсын деді, келбетті болсын деді. Сосын, жүгірмей көр. Шу

десе, шапқан атқа жеткізбей заулайтын кез. Тек алға. Артыңа қарадың, албастыдай басады… Мәкеңнің біртүрлі жүрегі шым-шым етті. Мұндайда бір рюмка коньякты тастап қоятыны бар еді, соны істеді. Үй іші түгел ұйқыға кеткен. Дала да тыныш. Аспанды бұлт торласа керек, терезенің ар жағы қара түнек. Дүние осы ма?.. Алдың жарық, ар жағы беймәлім бе? Ар жағын қалай көресің?.. Кешелер бұлар бүгінін неге көрмеді? Көргілері келмеген соң ба, көрсоқырлық па? Құрып кеткір қу көнбістік, көнгіштік пе екен? Қу ғұмырды ылғи ықтап өмір сүру ғой, ықтап, иіліп, бүгіліп… Сөйткізді заман. Сөйткізді… Абай жарықтық… Оқта-текте “Айттым сәлем Қаламқас”, “Сегіз аяқ” деген әндерін жұртқа қосылып айтқаны болмаса, Мәкең ол жарықтықтан жарытып ештеңе оқыған жоқ. Аласүргін қызмет нені, қалай оқытады? Ауданда, облыста үсті-үстіне өтіп жататын, әрі бірін-бірі қайталаған қырғын жиналыс, одан қалды өзіңе келіп әлгілердің негізінде өткізетін жиналыс­тар, түрлі семинарларға қатысу, аптасына әлденеше қайталанатын қонақшылық отырыстар, облыс, ауданнан іс сапармен келгендерді күтіп, шығарып салулардан арқа етің арша, борбай етің борша етіп жүріп, нені қашан, қайтіп оқисың. Бұлардың бар оқуы – күнделікті газеттерге көз жүгірту ғана болды. Құры көз жүгіртеді. Қызмет деген итің, енді ойласа бұларды

қарадай ноқай қылыпты. Әйтпесе, Абайдан қойшыны асырып… Оның күллі қазақтікі екені, қазақтың кереметі екені оқы, оқыма былай да белгілі емес пе еді. Енді келіп… қарғадай қара баланың алдында қарадай қарабет болып… Анабір жылы осы “Ақдаладан” жазусызуы­мен Алматы кетіп, сондағы газет, журналдың бірінде қызметте қалып қойған рулас інішегімен бірге қонақшылап келген бір жазушы жігітпен дастархандас болған. Шашы иығына түскен сұсты қонақ бетің бар, жүзің бар демейтін сөзі өткір қиын жігіт екен. Бұл Малсекеңдер туралы әңгіме бастап келе жатыр еді, “Қара шаруаға тән ерен еңбек– ерінбеген кез-келген адамның қолынан келетін кәдімгі күнкөріс әрекеті. Сіз ерекше туып, ес болған, ұлтын жанның тазалығы мен рухының мықтылығына жетелеген, парасат патшалығына қарай жүрер жолды көрсетіп бергендер туралы айтыңыз” деп ауыз аштырмап еді. Сонда бір тосылып, өзіне тосқырқап қарап қалған. Мәкең таңды көзімен атқызды. Ол қылаң бере сыртқа шыққан. Содан көше бойлап, орталыққа қарай жүрді. Орта мектептің алдында Абайдың шағын мүсіні, сәл әріректе бұрынғы екі қабатты кеңсе үйінің қарсысында Малсақбай қойшының алып Ескерткіші. Екеуі ауылдың екі басында болса мейлі, ал мына қатар тұрысында шынында да, “қап әттегенай” екен.

Малсақбайдың алып Ескерткішінің тұлабойы ешкімнің бойы жетіп сүртпеген соң ба, әлде сөйту ешкімнің ойына келмегендіктен бе, мүмкін қажеті не дегендерінен шығар, баттасқан шаң-тозаң. Етек жағының іргесінен ұзынша үлкен жарық пайда болыпты. Оң қолының үш саусағы үгіліп түсіп қалыпты. Жақсы қойшы еді-ау онсыз да, − деп күрсініп қойды Мәкең. – Қозыны қосып жазып, тым аспандатып жібердік. Шындыққа қиянат жасадық. Бәрін ол емес, біз өз қолымызбен істедік. Ал бұл жарықтықта не кінә бар. Кінәласаңдар оны емес, заманды кінәлаңдар. Сөйткізген заман… Мәкең Ескерткіш алдында ұзақ отырды. Қай кез екенін, ойын тыпыр-тыпыр аяқ дыбысы бұзды. Мектепке асыға басып бара жатқан оқушылар екен. Мәкең де түрегелді. Үйіне беттеп бара жатып, екі-үш оқушы қыздың Абай ескерткіші алдына гүл қойып жатқанын көзі шалды. Кемеңгерге мәңгі құрмет екен, ә, деп күбірледі. Ол алғаш рет кемеңгер, туғаннан кемеңгер болып туатынын, ал өзгенің барлығы алтынмен аптап, күміспен күптесең де, өзгелер сияқты жәй пенде екенін пайымдай алмағандарына қатты өкінді.

Күз лебі білінісімен-ақ шығыстан ызыңдап тұрып алатын суық жел азынап Аңырақай даласының тасын суыратыны ежелден. Әсіресе, түнге қарай лепіріп, дүниенің астанкестеңін шығарады. Қайсыбір кездері керегені сықырлатып, түнекті үзіп, үй ішін құмға толтырып, таң атқанша тасқаяққа сыйғызбайтыны бар. Бұған даланың “Тымпайы” күздеуінде отырған екі үйдің төрт жаны – Тойбай шал, Айқан кемпір, бала мен қыздың еті әбден үйреніп алған. Әне-міне өшіп қала жаздап, лүпіл қаққан шишасы құрсау ондық шамның жарығына жабыла итініп, әрқайсысы тірліктің өзіне тиесілі шаруасымен әуре. Қазір де ескі шоқайлардың ұлтанын тігіп, бала оғын дайындап, кемпір ұршығын иіріп, қыз қазан астын көсеп, өздерімен өздері. ДУДАРАЙ

Бала байқайды, екі сөзінің бірінде Бөршімбай ферма бастықты жерден алып жерге салып отыратын Айқан кемпір бүгін үнсіз. Бөршімбай дегенде айтатыны: “Мына қараң қалғыр малына неге ие болмайды. Сәл шыдаңыз, сәл шыдаңыз, кісі тауып әкеліп, өзіңізді ауылға көшіріп әкетемін, деп еді ғой... О, өлген әкеңнің көріне... ” деп кеткенде кемпір жуық маңда тоқтай қоймайды. Ферма бастықтың аузын сыртынан зәрге толтырып, бұлқан-талқан болатын кемпірге шал басу айтады. “Шыдаңыз, – дейді Тойбай, – шыдайық, бәйбіше”. “Тойбай-ау, қашанғы шыдауға болады. Мен шыдамаған не қалды?...” “Соғыс болып жатқан жоқ па, бәйбіше. Ауылда мал бағар тіпті, қайбір кісі қалды. Өу, қызыл қарын бала, шал-шауқан. Қайтеміз... Жағдай со­лай...” “Менің жағдайым ше?.. – дейді кемпір. – Ме­ нің жағдайымды қайтесіңдер. Тіпті менің өлітірімді білетін, білгісі келетін кім бар? Мына өзіңді ше? Осы төртеуміздің төбемізден қазір жай түсіп, жайрап қалсақ та ешкім білмейді...” “Құдай сақтасын, – дейді шал. – Оныңыз не, бәйбіше?” “Шыны сол, – кемпір жуасымайды. – Бізді ойлайтын пенде болса мына ат аяғы жетсе жетер, адам аяғы тірі жанға жетпейтін жалаң далаға жалғыздан-жалғыз тастамас еді”. Шынында да Аңырақай даласының “Алғабас” ұжымшарына қарайтын ұлан-ғайыр мал жайылымында бұлардан өзге тірі жан жоқ. Бөршімбайдың айтқаны: ұжымшарда қалған

бойдақ мал – осы екі отар. Бұларды қыстан дін аман алып шықпай өкіметтің келесі жылғы ет жоспары, өл-тіріл орындалмайды. Ал малдың қыстан дін аман шығуы жердің отына байланысты. Аңырақай даласы – қара от. Жазығы– қалың қара жусан, ой-қыры – ұйысқан изен, тауында – қылша. Оның үстіне қыс бойы күнгей бетінде қар жатпайды... Осының бәрін жіпке тізе келіп ферма бастық шалға кемпірді табыстаған. Онымен қоймай, “Айқанның алдындағы малды бағуға адам табылғанша оған да өзіңіз иесіз” деп нығарлап кеткен. Одан бері де... Атасы кемпірді қатты аяйды. Сосын осы шүйкедей пенде Құдайға неден жазды екен деп те дал. Сорлының әкесі де, байы да жер түбіне айдалып, ит пен құсқа жем болған. Сөйтіп, атаның дәулеті түптеріне жеткен. Солай еткен өкімет енді жалғыз ұлын соғысқа алып кетті. “Сондағы Айқан сорлының боздағанын айтпаңыз... Сондағы Айқан сорлының Құдай­ ды қарғағанын айтпаңыз... ” – деп атасы кейде өзінен-өзі егіледі. Ұлы майданға аттанғанына ай өтті ме, өтпеді ме, екі қызын жетелеп келіні төркініне тайып тұрған. “Енді Айқанда қарайлайтын не қалды? – дейді шал. – Қара тұтар кімі бар? Қара басы, қара басының қайғы-шерінен өзге бары, қане? Япыр-ай, сонда бұл сорлы мына жарық дүниеден тек боздап, бордай тозып өте бере ме?” “Бәрі Құдайдан... – дер еді шал енді бір

кезекте. – Құдайдан...” Осылай деп алып, іле онысына өзі қарсы шығады: “Айналайын-ау, көктегі Құдайдың жердегі Айқан несін алыпты. Алайын десе де Алла тағалаға адамның құдіреті жете ме. Алла тағала емес, адам ғой Айқанды боздатып қойған, адам...” “Тойбай-ау, – дейді кемпір кейде, – Адам осы неге қатыгез? Неге бір-бірін аямайды? Бірбірін неге өлтіреді, неге?... Өзің білесің, менің Тоқбергенім адам түгіл, малды да маңдайға шертпейтін, енді әне соғыста. Соғысқан соң кісі өлтіреді ғой. Құдай-ау, менің де жалғызым сөйтеді ғой, сөйтеді, ә, Тойбай?” “Бәйбіше, ол енді соғыс...” “Өлтіреді де”. “Жауды өйтпесе болмайды, – дейді атасы, – түптеп келгенде бәйбіше, соғысың – адамның өз ажалын адамнан өзі іздеуі. Бір адамның қатыгездігі келесі адамда жоқ қатыгездікті оятады, қасіретіміз осында, көз жасымыздың құрғамайтыны, адамның азап-шерден арыла алмайтыны сол”. Осылай ойланып, кейде түннің бір уағына дейін шығандап кете беретін шал мен кемпірдің әңгімесін тоғызға қараған Дударай көп түсіне бермейді. Бірақ бала жүрегі, әйтеуір атасы мен кемпірге оңай болып жүрмегенін сезеді. Кемпірді жұбатып, демеп, күн шуағына қарай жетелеп отырғанымен шалдың өзінің де шекесі қызып жүргені шамалы. Ана жылғы ашаршылықта қос боздағынан айырылды. Аман қалған жалғыз қыз мына Қуанабасы

станциясындағы пойыз жүргізетін тұлдыр жетім бір жігітке тұрмысқа шығып еді, бұрнағы жылы көкірек ауруынан қайтты. Осының бәрін көтере алмағаны шығар, кемпір байғұс өткен күзде үш-ақ күн төсек тартып жатып бақилық болған. Күйеу баласы майданда. Майданда болғанда, сол пойызымен жеткізген хабарында – әскер, оқ-дәрі таситынға ұқсайды. Кеше соғысқа аттанарда мына жаман немесін шалға әкеліп, табыстап кетті. Табыстап жатып: “Өзіңіз білесіз, ата, менің түбім Маңғыстауда. Білмейтініңіз, мен Дүлдүл атаның тікелей ұрпағымын. Кеңес өкіметі орнағанда ауылымыздағы Қайырғали деген белсенді соңымызға түсіп, үй-орманымызбен жан-жаққа қаңғып кеттік... Соғыс қатер... Олай-бұлай кетсем, жалғыз өтінішім–ұлым ата-жұртын ұмытпасын, ұмыт­ тырмаңыз...” деген. Еркек бала емес пе, Дударай әжептәуір қолғанат. Әсіресе, Айқан кемпірге үлкен демеу. Көбіне соның қойын бағысады. Қыз болса, оның жағдайы басқа. Бейшара туа мақау. Шал оны отыз үшінші жылы Құлжабасы станция­сына баратын үлкен жолдың бойында, өлгелі жатқан жерінен тауып алыпты. Жасы қазір 14-15-те. Кәдімгідей бойжетіп қалған. Қайғылысы – мына жалғанда не болып, не қойып жатыр, не болып, не қояды, о байғұсқа беймәлім. Әйтеуір, қара мосыға шәугім іліп, от жағып, шай қайнатып дегендей үй тіршілігіне өлердей пысық.

Әдеттегідей түнгі жел өлердей құтырып тұр. Ышқынған сайын кереге, уығы сықырлап ескі киіз үй теңселіп-теңселіп кетеді. Баланың көзі кемпірде. Неге бүгін үнсіз? Неге түсі басқаша, суық... Ұршығын жайына қалдырып, қазандыққа итініп алыпты. Шағын денесі одан сайын шөгіп, бүктетіле түскен. Терісі әбден солып, кеуіп қалған бетінің әжімдері бұрынғысынан да сай-сай. Дударайдың бір таңғалатыны, кемпір соғыстағы баласын айтып ботадай боздағанда көзінен тамшы жас шықпайды. “Әдіре қалғыр, – дейді артынан, – қурап-суалды деген, қурапсуалған соң көзімнен жас та шықпайды. Ес білгеннен еңіреп келем, еңіреп келем... ыстық жасты, мүлде түгесілді. Құрғақ жастан асқан азап, қорлық қайда, кімде бар?” Қаперінде тұрып алатын баланың қорқынышы–кемпір ұлының опат болғанын естіп қойса... Құдай жарылқағанда оны тек екеуі ғана біледі. Осыдан ай бұрын ба “Тымпайыға” Бөршімбай келген. Кісіге бұлар қатты қуанды. Атасы жалғыз серкесін сойы­п тас­тады. Соның басын асып, мүжіп, өзі ала келген екі жартылықтың бірін тауысып, екіншісінің аузын ашса да, ішпей ықылық атқан ферма бастық кемпір сыртқа шыққан мезетте атасына сыбырлаған: “Сорлының баласы...” “Не?!” – атасының дауысы біртүрлі үрейленіп шықты. “Жырық ауыз селсебетке қара қағазы келген екен, алмай кеттім...”

“Бөршімбай, жап аузыңды, жап... – Шалда береке қалмады. – Өледі... сеспей қатады... Ой, әттең-ай…” Бөршімбай ертеңгісін түндегі қалған арақты екі бөліп ішіп, жылытпаға тойған соң атқа мінген. Дәл сол кезде кемпір: “Әй бала, хат қайда?” – деп шаужайдан алмасы бар ма. – Әй, Дудар, – ойын атасы бұзды. – Иттер тым шыжбалақтап... шығып мылтығыңды атып қойсаңшы. Шалдың отыз екінші қара мылтығы бар. Атқа мінсе үнемі тақымында жүреді. Далада құс көп. Сосын жыра-жықпыл қоян, кекілік бұлдырықтан кенде емес. Сонау “Қараой” жазығында дуадақ, арыдағы Сораң тауында арқар бар. Шалдың атқан оғы құры кетпейді, арқар іздеп, елік аңдымаған өрістен жолыққан майда аң-құсты жібермейді. Ол өнеріне Дударайды баулып қояды. Бала сыртқа шығып мылтық атты. Қақаған суықтан қашып үйге кірген оған Айқан алая қарады. – Босағадан түрсілдетіп... Ары барып атсаң біреу көтеріп әкете ме?! Дударай аң-таң. Кемпір бұрын-соңды бұған бұлай діңкілдеген емес. Шал да басын көтеріп алды. Бала мұңайды. Мұңайса болды көз алдына пойыз, ары-бері сапырылысқан составтар, станцаның бірі-біріне іркіс-тіркіс үйлері елестеп қоя берер еді. Бұлардың үйі темір жолға таяу, соның бойында болатын. Батыстан

шығысқа, шығыстан батысқа ағылған пойыздар, оларға мініп, түсіп жататын адамдар... бәрі, бәрісі әрі қызық, әрі түсініксіз еді. Бұлар қайда барады, неге барады, қайдан келеді – мүлде беймәлім. Көкесінің айтатыны: “Өмір осылай, адамдардың оңды-солды қозғалысы. Кейін өзің де сөйтесің” дер еді ол. “Екеуміз дүниенің төрт бұрышын шарлап, оны он орап шығамыз... Он орап жүріп сенің бақытыңды іздейміз, өзгелердің бақытын көреміз, ұлым”. Сөйткен папасы қайда? Соғыста. Шал мен кемпір айтқандай, не ол өледі, не оны өлтіреді. Өлетін, не өлтіретін болса адам неге соғысады? Неге? Атасының айтуынша, осы Аңырақай даласында да қырғын соғыс болған. Бір қазақ таяқ жесе бір қазақ жер түбінен жететін заман екен ол. Мұздай темір құрсанған қалмақты оның осы қасиеті жеңіпті. “Осындай қасиеті бар қай жұртты да көкте – Құдай, жерде жау ала алмайды”, – дейді шал. “Қан кешіп қасірет шегерміз, бірақ түбі жеңіс біздікі, өйткені аққа– Құдай жақ”. Жау ертерек жеңілсе деп көксейді Дударай. Ертерек жеңілсе көкесі де келер еді. Келіп бұлар өз үйлеріне барар еді. Барып бұрынғыдай тұрар еді. Сосын көкесінің паровозына мініп екеуі рельстің үстімен шетсіз-шексіз дүниенің түпсіз көкжиегіне қарай самғап бара жатар еді... – Күннің ұстыны жаман, сірә, биыл қыс әдеттегіден ерте түсер, – деді атасы аяғын жа-

зып. – Келер жұмадан қалмай қыстауға көшіп алмай болмас, бәйбіше. – Қыстауы құрсын! – деп кемпір шаңқ етті. – Неғып өртеніп кетпейді, о, қараң қалғыр! – Бәйбіше... – Қарабет болып отырмыз, Тойбай! Шал кемпірге біртүрлі әңірейіп қарады. – Бұ, қай сөзің байқұс. – Мына албасты көжеге тойып алыпты, – деп кемпір мақау қызға қарады. – Көжеге тойғаны несі? – шал дәнеңе түсінбей аң-таң. – Қыз екіқабат! Баланың жүрегі аузына тығылды. Атасы тіл-ауыздан айырылғандай сілейіп қалған. Солай есеңгіреп біраз отырды да сұрады: – Сонда қалай?... Қайтіп?.. – Оны мен қайдан білем! – кемпір ернін сылп еткізді. – Менің білетінім, бұл жерде өзіңнен басқа еркек жоқ, Тойбай. – Әй, Айқан! – Атасының дәл қазіргідей ащы дауы­сын бала еш уақытта естіген емес. – Ойбай, сен нені меңзейсің?! Дәтің қалай барады, қалай?! – Сонда қайт дейсің маған. Ұрғашы деген күлге аунап бала таппайды, Тойбай. – О, атаңның көрі, Құдай! – шал жер тоқпақтады. – Ал мені, уа, ал... Мені еркек деп отыр, әлі. Еркек деп... Еркек екем... нәлет, нәлет... Дударайдың тісі тісіне тимей сақылдады.

Басы зеңіп, көзі қарауытты. Жаңа әзірде азынаған желмен әлсін-әлсін теңселіп тұрған киіз үй енді шыр көбелек айналып, әлдеқайда ұшып бара жатқандай, отырғандар бір түрлі қыңыр-қисық болып көрінді. Ендігі бір сәтте кемпір қиралаңдап есіктен шығып бара жатты. Атасы бүк түсіпті. Дәнеңе түсінбеген мақау қыз бұған қарап жымиып қойды. О, Құдай... Баланың көз алдында... Шілде айы-тын. Онда бұлар Бесқауға жайылымында отырған. Шал мен кемпір малды таң қылаң бере өргізіп кетеді де түске қарай бір-ақ оралады. Бала мен мақау қыз үйде қалады. Сондай күндердің бірінде, сәске енді болған кез, төсекте жатқан екеуінің үстіне еңгезердей біреу екі бүктеліп кіріп келді. Аузы-басы сақал-мұрт қаптап кеткен жалғыз көз еркектің әзірейілдей суық жүзінен жан шошитын еді. Екеуіне жалғыз көзін алма-кезек жүгіртіп алған соң төтеннен келген пәлекет қызға қарап ырсиды. Ырсиып тұрып бұлардың үстіндегі тозығы жетіп әр-әр жерінен жүні көрінген көне көрпені жұлып алған. Мақау қыздың көйлегінің етегі беліне қарай жиналып қалған екен, жалаңаш борбайын қайда жасырарын білмей тыпырлады да қалды. Жалғыз көз енді ай-шайға қаратқан жоқ. Дударайды тоқпақтай қолымен маңдайға бір салып есеңгіретті де, мақау қыздың әлі түгел жетіле қоймаған нәзік тәніне алпамса денесімен шөге берді. Бала қыздың келеңсіз әрі ащы айқайынан ес жиды. Қыздың тұншыққан, қиналған ая-

нышты, бейшара үні мен жалғыз көздің ыңқылын еріксіз естіп жатып, ботадай боздап, бордай тозды, күллі қан тамырын қара суық кеулеп алғандай өн бойы дірдектеп, құртақандай жүрегі мұз болып қатып қалды. Ұяттан, қорлықтан өлі мен тірінің арасында барып-келіп жатқан бала көзін бір ашқанда еркек төбесінен төніп тұр екен. Шалбарының ышқырын көтермепті, келідей жалаңаш бөксесін жайрап жатқан қызға беріп, екі тізесін сәл бүкті де, балаға босаға жақта тұрған қара шәугімді алғызды. Сосын күректей алақанына су құйғызып ауын апұл-ғұпыл жуып, шалбарын көтерді. Шалбарын көтеріп жатып: “Әй, көкшешек, мына қыз не, мақау ма?” – деп гүргүр етті. Сосын: “Не болса да қатын еттім, енді ар жағын өзің үңгірлей бер” деп, ырқ-ырқ күлді. Сосын өңі тез бұзылып, белінде салақтаған екі жүзді сапысын мұның алқымына тақады да: “Ана кемпір-шалға айтып қойсаңдар бәріңді түгел бауыздап кетемін!” деді. Есіктен екі бүктеліп шығып бара жатып сапысын тағы көрсетті. Мына сұмдыққа қалай, неге тап болғандарын білмей, түсіне алмай бала мәңгірді. Бұл кім? Қайдан келді? Дударай сонау Сораң тауының ар жағындағы құмайт өңірді көрші облыстың азын-аулақ ірі малдары жайлайтынын, жалғыз көздің сонда жылқы бағатынын, алыстан мал ұрлайтынын, сондай оймен кеше екіндіден бұлардың қонысын жоғарыдағы қалың қамыс

арасында жатып барлағанын, алайда шал мен кемпірдің мініс аттарына көңілі толмай, сол арада үйге кіріп-шығып жүрген өрімтал қызды көріп, қайтсе де соның тәнін айы­рып кетуді ұйғарғанын, әрине, білген жоқ. Бетін алақанымен басып, екі иығы дірдек қағып жайрап жатқан қыздың үстіне көрпе жапты. Жауы­п қойып қызды әзер жұбатты. Жұбатып алып, мұны тісімізден шығармайық, айтсақ жаңағы жаналғыш бәрімізді түгел бауыз­дап кетедіні қимылмен әзер түсіндірген. Түсте өрістен оралған кемпір мен шал өңтүссіз отырған қыз бен баланы көріп жаман апалақтаған. “Шошынып-ұшынғаннан сау ма” десіп, асты-үстеріне түсті. Тіпті шал “Қой, бұларды сорпалайық” деп жардай бір қойды жайратып тастаған. Бала болған жайды атасына айтуға қанша оқталса да, жүрегі дауаламады. Қорықты. Жалғыз көз түгел бауыздап кетер деп шошыды. Бірде атасы екеуі қойды кемпір мен қызға тас­тап, Сораң тауына арқар атуға барған. Сонда әлгі жалғыз көзге оқыс жолығып қалды. Еңгезердей неме ай-шай жоқ, салған жерден: “Ақсақал, немене, неміс іздеп жүрсіңдер ме?” деген. “Шырағым, анда-санда аң-құс қағатынымыз бар еді, – деді атасы насыбайын атып. – Ал, әлгі немісіңмен... Құдайға шүкір, балалар есеп айырысып жатыр”. “Қалай, бірдеңе шығатын ба?” “Нені айтасың?” “Жеңеміз дей ме немісті, қайтеді?” “Оны

мына сендер білмейсіңдер ме. Жассыңдар, ғазит оқисыңдар”. “Ойбай, ақсақал, ғазитіңіз не. Ғазитіңізді өзім тумысымда екі-ақ жолы көргем…” Атасы жалғыз көздің тегін, руын сұрап еді, анау: “Ақсақал, бізде тек, ру деген болмайды, бәріміз сәбетскийміз” деп ырқ-ырқ күлді. Сосын сөз арасын дереу басқа жаққа бұрып жіберді: “Атқан оғы құры кетпейтін сұр мерген болсаңыз, анау көрінген шағылдың теріскей бетінде екі үйір арқар жүр”, деп атын тебіне берген. Тебіне беріп Дударайға жалғыз көзін бағжаң еткізіп еді, баланың зәресі ұшты. “Иттің сұрын, – деген шал басын шайқап. – Көзі жабылмай ма, немене”. Содан Дударай жалғыз көзді соңғы рет қыркүйектің басында көрді. “Тымпайыға” көшіп келгеннен кейін атасы мақау қыз екеуін бақырауық сары атанға мінгізіп қыстауға, екі бөлмелі ескі тамның іші-сыртын сылатуға алып барған. Қыз бен бала топыраққа жылқының қиын қосып, лай шылап, үйдің түскен жерлері мен еденін сылап дегендей бір апта күзеу мен қыстау арасында сары үлектің қызығын көрген. Сол үй сылаудың соңғы күні ме екен, түс әлетінде екеуі там көлеңкесінде демалып отыр еді, желке тұстағы қылтадан дүрсілдетіп бір атты шыға келді. О, сұмдық! Жалғыз көз! Келді де, ат үстінен қарғып түсіп, тізгінді қораның сидиып шығып тұрған бел ағашына іле салды. Сосын Дударайды итпісің, кісімісің деместен сілейіп тұрған қызды бажылдағанына

қарамай тік көтерген бойы үйге алып кіріп кетті. Ары отырды, бері отырды, аналар жоқ. Есі шықты. Мүмкін ана пәлекет қызды өлтіріп жатқан шығар. Атып тұрып барып ақырын терезеге үңілген. Үңілсе... Жалғыз көз қызды екі қолымен жаман пешті тіретіп, өңкейтіп қойыпты да өзі арт жағынан артылып алып изеңдеп тұр... Мақау қыз үйден жалғыз көз аттанып кеткеннен кейін барып бір-ақ шықты. Жыламаған, сықтамаған. Қайта аппақ жүзінің қызылы молайып, албырап, уылжып тұр. Әдетте, кеберсіңкіреп жүретін шошақ еріндері шиедей қызыл. Бала қайран қалды. Буыны былқ-сылқ қыз көлеңкедегі ескі күбәйкенің үстіне барып сұлай түсіп, бірден ұйықтап кетті. Бетіне үңіліп еді қыз жымиып жатыр. Дударай адамның жымиып жатып ұйықтағанын бірінші рет көріп еді... Ол бір түрлі өзіне беймәлім күй кешті. Қызды аяп отыр ма, жек көріп отыр ма, әлде өзі ұялып отыр ма, қорланып отыр ма, білмейді. Сірә, соның барлығы бар. Соның барлығы жан дүниесінде алма-кезек ат ойнатып жатыр. Жылады. Қыстығып, қиналып ұзақ еңіреген... – Е, Құдай! Бала атасының қарлығып, қаңсып шыққан азалы үнінен селк етіп, ойға батқан басын көтеріп алды. – Е, Құдай, мынаны естірткенше ал мені, ал, – деп шал басын керегеге ұрғылады. –

Қайдасың сен? Көктесің бе? Көкте болсаң неге көрмейсің мені?! Дударай енді бұдан әрі шыдап отыра алмады. – Ата, ата, – деген ботадай боздап. – Ата, мен біле­мін... Шал оқыс бұрылды: – Нені? Нені? – Жалғыз көз... – Жалғыз көз?... – Сол, анада арқар атуға барғанда “Сораңда” жолыққан жалғыз көз ше... Сол, ата, – деп бала көз жасына көміліп, көргенбілгенін айтып берді. – Ойбай, мұны неге айтпадыңдар бізге. – Түгел бауыздап кетемін деді. Едәуір есеңгіреп отырған шал бір кезде: – Жаңағы Айқан байғұс қайда? – деп апалақтады. Ертесіне бала мен шал екі атқа мініп, “Сораңның” арғы етегіндегі көрші облыстың малды ауылына қарай бет алды. Шалдың тақымында отыз екісі. Шаруалары оңынан туып, көңіл жайланса қайтар жолда аң қаға қайту да ойда бар. Қызылға тістері тимегелі біраз. Бұлар діттеген жерлеріне түс ауа жетті. Дударайдың мына өңірді көруі алғаш рет. Тауға емінген жағы жайдақ жылға болып келеді екен де, ар жағы ұшы-қиырсыз ми жазық. Шал мен бала тана-торпақ қайырған бір малшының жөн сілтеуімен, тау бөктерінде

отырған жылқылы ауыл­ды тез-ақ тауып алды. Жарбиған қараша үйден екі бүктеліп сыртқа шыққан жалғыз көз бұлардың сәлемін де алмады, аттан да түс деген жоқ. Мама ағашта қаңтарулы тұрған қара айғырына қарғып мінді де тауға қарай шоқыта жөнелді. Содан жадағайлау Құмдауыт өзекке жеткенде ат басын бір-ақ іріккен. – Жоқ іздеп жүрсеңдер, – деді бірден. – Малдарыңды алған мен емес, басқа жақтан іздеңдер. – Ойбай, шырағым, біз мал іздеп жүргеніміз жоқ, – деді атасы. Біз өзіңді іздеп келдік. – Мәссаған... Ал... – Келіп қалдық шырағым, келмеске болмай қалды. – Құлақ сізде. – Ана мүсәпір... Қызды айтам... Отыз екінші жылғы ашаршылықта өлгелі жатқан жерінен тауып алып едім... Енді, әне, болары болып, бояуы сіңіп қойыпты. – Шал, сенің осы не оттап тұрғаныңды түсінсем бұйырмасын. – Аяғы ауырлап қалыпты байғұстың. – Жүкті ме? – Зорлық жасап, бетін өзің ашыпсың, “қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер” деген атаң қазақ... Тілі жоқ демесең, бір үйдің шаруасын дөңгелетіп-ақ әкететін бала. Жалғыз көз жатып келіп күлді. – Шал-ау, – деді сосын, – Мақауды айтасың, мен сау қызды алмаймын. Қазір, шалым, не

көп – қылмыңдаған қыз көп, желкілдеген жесір көп. Оның біреуін алып, бағып-қағып басты ауыртқанша бәрімен ойнау керек. – Шырағым, Құдайдан қорық. – Ойнас жасама деген Құдайды көргем жоқ, шал. – Зорлық етіпсің... – Андағы боқмұрынның сөзі ме? – Алпамсадай неменің ақшаңдаған көзін көргенде баланың төбе шашы тік тұрды. – Ая, сорлыны, бізді ая, – деп шал жыларман болды. – Өз тұқымың... – Өз тұқымың... – Анау ырқылдап келеңсіз күлді. – Саған бердім соны, ақысыз ал. – Мейлі, оныңа да мақұл, алмасаң қайтейін, бірақ ең болмаса бізбен барып баланың сенен екенін айтшы, сөйтші, қарағым, ана кемпірге. – Өй, кемпіріңді... – Өй, сен адамнан туған шығарсың, – атасы дереу өзгеріп, сақалы селкілдеп кетті. – Туса ше... Жә, шал, осы тәжікелескеніміз де жетер. Қане, марш, әйтпесе екеуіңді қоса ат құйрығына байлап жіберемін қазір. Шал тақымындағы отыз екісін жұлып алды: – Иттен жаралған, – деді зығырданы қайнап. – Мүсәпірді қорлап. Шал мылтықтың затворын сарт-сұрт еткізді. – Ол аздай анаңдай адамды... Жалпаңнан түсірейін, доңыз! Жалғыз көздің қолындағы құрық шал мінген күреңнің басына қалай сарт еткенін

байқап та үлгермеді. Ат жалт берді, шал ер үстінен ауып қала жаздап, әзер түзелді. Бірақ мылтығы қолынан түсіп қалды. Со мезетінде жалғыз көз шалды ат-матымен сабалап, қуды да кетті. Құрықтап біресе сайдың ана басына, біресе мына басына қуады. Сосын қатарласа шауып келіп шалды белбаудан алды да, ер үстінен жерге лақтырып тастап кетті. Одан кейін аттың омырауымен ары да, бері де қағып ес жиғызбады. Шалдың бет-аузы қан. Басын қорғалап, екі қолы ербең-ербең етеді. – Көрсетейін саған жалпамнан түсіргенді, – деп жалғыз көз тіпті екіленіп алды. – Қыздарыңды қатын еткенді айтасың, мен сендерді тірідей көкпар қыламын.

Атасын ат бауырына алып дырылдата сүйрей жөнелгенде, шал “жәкетай-лап” жалына бастады. – Әй, солай ма, – дейді анау қыбы қанып. – Әлі менің табанымды жалайсың. Қане, құтылып көріңдер менен, енді сендерді Құдай да құтқара алмайды. – Жәке-е-тай... Болды. Бітті. Төзді. Шыдады. Бала аттан түсе мылтыққа жармасты. Отыз екіні көтере салып, шалды көкпар қылып ойнап жүрген жалғыз көзге қарай жүрді. Анау мұны таяп келгенде ғана аңғарды. Шалды былай тастай салып, Дударайға құрығын кезеді: – Әй, күшік, жан керек болса таста андағыны, – деп ақырды. – Ду...дар...ай... күнім, қой, таста мылтықты, таста жарығ-ы-ым! Бала атасының ыңырсыған дауысын анық естіді. Бір-ақ оның ешбір әсері болған жоқ. Дударай бірақ нәрсені тіледі, ол – мына әзірейілден дереу құтылу керек. Жалғыз сәтте одан көрген зорлық-зомбылық түгел көз алдынан ағып өтті. Оған жалғыз көз көкесімен соғысып жатқан да, Айқанның ұлын өлтірген жау өзі болып та көрінді. Сол, сол-ақ екен әлі адам маңдайын шертіп көрмеген балғын саусақ жалғыз көздің өңменіне кезелген мылтықтың шүріппесін басып жіберді... Еңгезердей дене ат үстінде ары-бері біраз лоқсып, бір кезде жерге гүрс еткен. Үсті-басы дала-дала шал сүйретіліп келіп,

ананың көк аспанға шақшиып қадалып, қатып қалған жалғыз көзін жапты. Бала тау жақтан бері қарай ұшып шыққан алып қара құсты көрді. – Ой, сұм дүние... – деді шал, – Сұм дүние... Бұл оқиға 1942 жылы болған еді.

Күн сәске болмай-ақ дүниені жайлап алған шілденің қалың қапырығы әлі сейілмей тұр. Кеудеге алпыс жылдан астам ұя салған ет жүректің екі қалақшасы бір мезгілде соға алмай, жанының жалғыз жебеушісі жиі-жиі бүлк-бүлк еткендей... *** Зейнетке шығар күн жақындаған сайын Борқан пірәдар оңашалана беретін болған. Кішігірім қызметінен келіп шай-пайын ішкен соң, қатынымен оны-мұныны сөз етіп біраз отырады да, өзіне-өзі кабинет жасап алған бөлмесіне барып, өзімен-өзі болады. Басқа бөлмеге қарағанда, мына орны әрі жылы, әрі жарық болып көрінеді. Қырып жаЖүрекке тиген оқ

затын дәнеңесі болмаса да, столының үстінде қалыңдығы екі-үш елі ақ парақтар, күнтізбе, астында қойғышы бар қос қаламсап, азынаулақ кітаптар жатады. Оқта-текте «кабинетіне» әйелі бас сұғады. Сондағысы – «Кино көремісің?» Кино көріп қайтеді Борқан. Ылғи бір сүйген-күйген, атысқан-шабысқан сүрен. Әйелі әкесі кинодан өлгендей, кеш батса, креслоға үйелеп телевизордың алдынан шықпайды. Қашан басталғаны есінде жоқ, әйтеуір ана бір түріктің көп сериялы құдай ұрған фильмінен көз алса, қане. Қайсы бірде ауыл жақта тұратын жақын ағайындары дүниеден өткенде, кезекті се­ риаларын өткізіп аламын деп бармай масқара қылды ғой. Оны қойшы, өзінің қан қысымы оқыс көтеріліп, өлім халінде ауруханаға әупірімдеп жеткізгенде ше... Дәрігерлер жабылып есін әзер жиғызса, кірпігі зорға қимылдап жатып: «Юс... уп» депті. Дәрігерлер бұдан сұрайды ғой: «Юсуп деген бауыры ма, балаларыңыз ба?» деп. Борқан қапелімде сасып қалды. «Шынында, ол кім еді?» Содан есіне түсірсе, әлгі түрік сериалындағы бас қаһарман жігіт. Бала-шағаны қояқ қой, құдай қазақтың бүгін кәрі-құртаңына дейін сериалдарымен ұрып жатыр. Сериалдан сериалдың артына шам алып түскен жұрт. Естісе, ауыл-ауылда сериалдардың кесірінен сауылмай сиыр, істелмей тамақ қалады екен. Борқан бұл қатынды аудандық оқу бөлімін

басқарып жүргенде алған еді. Жиырма жыл отасқан жұбайы қайтыс болып кетіп, жесір жүргенде кездес­кен. Балалар бақшасына күтуші екен. Отырыңқырап қалғаны демесе, аяқ-қолы балғадай қыз. Алды. Содан бері де талай жыл өтті. Бірақ пұшпағы қанамады. Оған Борқанның қабырғасы қайыса қоймады. Бұрынғы әйелінен екі ұл қалған. Қазір үйлібаранды. Өз алдына жеке-жеке тұрады. Сағаты сегізге барып қалыпты. Сегізде облыстық телеканалдан берілетін ақпаратты міндетті түрде көретін әдеті бар. Он бес минуттық хабар. Әйелі екеуінің келісімі – сол он бес минут Борқандікі. Қалған уақыттың барлығын анау керек десе, «пісіріп жесін». Күлсалғышы қолында, сигареттің талын езуіне қыстырып, Борқан теледидардың алдына келді. Әйелі бұл кезде суды салдыратып ваннада жуынып жатады. Ана жылдары мұндайда өңмеңдеп үстіне кіріп кетуші еді, қазір қатыны алдына келіп тыр жалаңаш тұрса да, селт етпейді. Тіпті бірге жатуды да қойған. Қазір бұған қатыннан өз бөлмесіндегі қара диван жақсы; анау ұқсап ұйқысыраған сыңаймен аяғын үстіне салмайды, қолы қуық айналып жыбырламайды. Қырықтан жаңа асқан ұрғашының қай жері құдай-ау, тынысы ма, басқасы ма, қайта ашылады дегенге сенсе, обалсынады-ақ. Бірақ ол мекіренеді екен деп мұның мөңірей қоятын халі шамалы, о жағынан «зейнетке» баяғыда шығып кеткен. Теледидардың каналын облыстыққа ауы-

стырды. Көзі бақырайған пысақай қыз шыға келеді қазір. Содан 15 минут облыстың қоясын қозып береді. Бүгін кешке дейін не болды, не қойды – отыр да, тыңда. Кенет... кенет Борқан оқыс селк ете түсті. Аузы аңқайған. Диктор қыз сайрап тұр: Бүгін Құмбел ауданында бұрынғы Ленин мектебіне кезінде осы ауданды 15 жыл басқарған, одан облыстық партия комитетінің хатшысы, Респуб­лика Жоғары Советі Президиумы Председателінің орынбасарлығына жоғарылаған, ауданның, облыстың экономикасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер азамат, жерлесіміз Тұтқабай Бошаевтың есімі беріліп, оның кіре берісіне бюсті қойылған салтанатты рәсім болып өтті... Тұтқабай Бошаев... Сәпиевич... Борқанның басы айналғандай болды. Жанының жалғыз жебеушісі жан жүрек оқыс бүлк еткен. Күлсалғышын көтеріп, балконға шықты. Дала әлі қапырық. Үлкен көшенің бойы ызыңшу: қаптаған машиналар ары-бері үздіксіз ағылады. Орындықта жайғасып жатып, «өмір де осы, – деп қойды күбірлеп, – ағып өтіп жатады». Бәрі кеше ғана сияқты еді. Қайда сол кеше? Кешең – кең дүниеге сыймай керіліп, кемел, кесек, керім кезің-ау. Ғұмырыңның мәні де, мағынасы да, кеселі де сол кешеде. Кім болып едің, не бітіріп едің, не істей алмадың, кімнің аяғын бастың, кім құйрығыңнан тепті, сен кімдікін тептің, бәрі, бәрі... Адамның кешегісі – тарихы. Біреудікі – бай, біреудікі – жұтаң... Күнәһарлығың да. Мұныкі қайсысы?

Сірә, оңғаны емес. Оңғаны болса, бір мектепке Борқан Тойлыбаевтың есімі неге берілмейді... Ал Тұтқабай Бошаевқа берілді. Ендігі жерде әлгі мектеп оқушылары енді соған ұқсап өсулері керек. Борқан шылымды үздіксіз бұрқыратты. Ойы кешені кезіп барады. ...Онда бұл ауыл мектебінің директоры болатын. Аупарткомға Тұтқабай Бошаевтың басшы болып келіп, кадрлардың астаң-кестеңі шығып жатқан кезі. Мұны аупарткомның идео­ логия жөніндегі секретары шұғыл шақыртты. «Сені оқу бөлімінің меңгерушілігіне ұсынып отырмын, қатын бастық қай оңдырады, шаруаның барлығын былықтырып бітті. Мектеп директорларының тең жарымынан астамын өзінің руластарынан қойып үлгеріпті. Тіпті завучтарына дейін, – деді салған жерден. – Сен қайсысы ең?» «Ненің?» «Руыңды айтамын». «Мен онымен туыс емеспін». «Рас айтасың. Зерттелген. Ал қазір жүр, біріншіге кіреміз». Бұдан келісесің бе, келіспейсің бе деп сұрап жатқан жоқ. Секретарь деген өз ойы, өз шешімімен өзі келіссе болды екен. Бірінші бұған сүзіле қарады да, анаған: – Осы ма? – деді. – Осы, Тұтқабай Сәпиевич. – Алып кете ме? – Сөйтеді. – Бас терісі дұрыс қой? Идеология жөніндегі секретарь мұның

сәл жалпақтау басына қарады. Қайызғағы қалыңдау еді, бұл содан ыңғайсызданды. – Дұрыс болу керек. – Онда көрсін. Болған, білгені осы. Бірінші де дәнеңе сұрамады. Содан аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып шыға келді ғой. Ертесіне-ақ идеология жөніндегі секретарь шақырып алып, алдына бірнеше адамның тізімі бар қағазды қойды. – Мыналар әлгі қатын тағайындаған директорлар. Осыларды көтке... то есть, құйрыққа тебесің. Енді мынаған қара, – деп алдына тағы бір парақ қойды. – Мыналарды шетінен әлгі тепкендердің орнына қоясың. Осы өшірет бойынша. Бұл әлдене айтпақ болып басын көтеріп еді. – Өзің көтке... то есть, құйрыққа тепкенді білесің бе? – деді секретарьдың көзі алайып. – Тексеру жіберіп пе? – Міне. Осыңнан таймасаң, адам болып кетесің әлі. – Мыналарды қайдан табамын? – деп сұраған соңғы парақты қолына алып. – Оларды өзім тауып беремін. Сен әуелі аналарды құйрыққа... Борқан сөйтіп біраз құйрықты тепкен. Еркектерін қойшы, әйелдердің құйрығын тепкен жаман екен, жылап-сықтап... бірақ қайтеді, амалсыз тепті. «Тепкеніңізше...» деп

ышқырын ұстағандары да болып еді, о бастан ондайға әуес емес, оның үстіне жоғарының үкімі қосылып, бұл ылимады. Борқан тек бір келіншекті орнынан ала алмады. Тексеру қорытындысы бойынша жұмысы тап-таза. Өзінің де сауаты сақпанның тасындай екен, заңды айтып сарт-сұрт сайрап қоя бергенде, мұның өзінің екі аяғын бір етікке тығып жіберді. Ұшып идеология жөніндегі секретарьға барған. Осылай да, осылай. – Жұмысынан қылдай кемшілік табылмады ма? – Табылмады. – Қап! – секретарь жаман өкінді. – Соның орны жоғары жақтағы кісінің адамына лайық еді, қап... Басқа мектепке ауыстырсақ па, а?.. Борқанның бар жұмысы директорларды орнынан алып, орнына тізім бойынша адам отырғызумен ала шапқын жүргенде, бірінші кезекті еңбек демалысына кететін болып, идео­ логия жөніндегі секретарь тағы шақырды. – Біріншінің Сочиге аттанғалы жатқанын естідің бе? – деді ол. – Сочи – жердің түбі. – Иә, алыс қой Қара теңіз. – Алыс болса, ойыңда не бар? – Ол жаққа маған бару қайда?! – Сені біреу бар деп отыр ма, әй! Жоқ, әлде андағың әдейі ноқайлық па? Прекрати оныңды! Мұның көзі бақырайды. – Бірінші алысқа кетіп бара жатқанда, сосын өзінің, әйелінің туған күнінде арнайы

кіріп шығу дейтін не писанный закон дегенді әлі күнге білмеуші ме ең? – Білмеуші ем... Аздап естігем... – деп бұл шынын айтты. – Естісең, давай, жөне, кіріп шық үйіне кешкісін. Сводка әкелдім дейсің. Борқан ұрып айдап кеңсеге келді. Бас бухгалтер, бас экономист, инспекторды шақырып алды. Баяғыдан осында қызмет істеп келе жатқан тіс қаққандар. Әрқайсысының бетіне қарап, сұрады: – Қане, мұндайда не істеуші едіңдер? – Бастық апарып беретін. – Қанша? – Ол арасын білмедік. – Рас па? – Честно пионерский! – деді басында бірер жыл пио­нер вожатый болып істеп келген күлегештеу инспектор кәрі қыз. Борқан қайтеді. Өзге мекеме басшыларына барып немесе телефон шалып сұрауға болмайды. Сосын өзінше жобалады. Нобайы осы-ау деген соманы кассадан алып, кешкісін біріншінің үйіне тартқан. Алғаш рет емес пе, жүрегі аузына тығылып, демі жиілеп, сырты былғарымен қапталған есіктің қоңырауын еппен басты. Ар жақтан гүлді қытай халаты тобығын соққан, қасы-көзі сүрме хатшының әйелі шықты. – Сәлеметсіз бе, жеңгей. Тұтқабай Сәпиевичке сводка әкеліп едім, – деп конвертті ұсынған.

– Ағаңа көрсетіп келейін, – деп әйел конвертті алып, ары кіріп кетіп, көп ұзамай қайта шықты. – Сводкаң дұрыс емес екен, – әйелдің қабағы қатулы. – Дұрыстап әкелсін деді, айналайын. Борқанның жүрегі тоқтап қала жаздады. Қаны басына шапқан. Кеңсеге келе сала әлгі көкелерін үйді-үйінен алдырып, бомбаның астына алды. – Ойбай, жазығымыз не? – дейді аналар безектеп. – Неге шындарыңды айтпадыңдар? – Ненің шынын? – Қанша беруді. – Білмесек, өлеміз бе? – Слушай, – деді бас бухгалтерге. – Бұрынғы бастықтарың беретін ақшаны кассадан алушы ма еді? – Сөйтетін. – Қанша алушы еді? – Оны сізге айтуға біртүрлі неттім... – Себеп? – Көп. – Әкеміздің құны емес шығар. – Сонда да, – деп басбух соманың көлемін атап еді, Борқанның төбе шашы тік тұрды. – Бұл бір «Жигулидің» ақшасы ғой. – «Ладаның», – деп инспектор кәрі қыз сөз қыстырды. Амал жоқ, Борқан «Ладаның» құнын тауып, біріншінің үйіне қайта жетті құстай ұшып.

– Дұрыстап әкелдім, – деді жеңгесіне. – Қазір көрсетіп келейін, – әйелі конвертті алып ішке еніп кетіп, тез шықты. – Кірсін деп жатыр. Бірінші шет елдік пижамасымен бас-аяғы ат шаптырым залдың о басындағы диванда отыр екен. Ортадағы үстел үстінде түрлі ауқат мәзірлері. Борқан төрге өте алмай, тұрып қалды. – Сәлеметсіз бе, Тұтқабай Сәпиевич... – Сәлемет, – деп бірінші орнынан көтеріліп әйеліне иек қақты. – Қайныңа бірдеңе құймайсың ба? Борқан аяғынан тік тұр. Отыр деген ешкім жоқ. Жеңгесі оймақтай екі рюмкаға коньяк тамызды. – Жұмысың былай жаман емес, – деді бірінші қолына өз сыбағасын алып жатып, – былайша... Ал шын мәнінде қайда әлі... Пісіпқатуларың баяу. В политическом аспекте. И ответственностарың да... Қызмет бердік. Енді істеу керек қой өліп-тіріліп. Партияның талабына сай. Ал балаға білім, тәрбие беру саласы – дело государственной важности. Владимир Ильич не деді: «Учиться, учиться и учиться»... Так? – Так, Тұтқабай Сәпиевич. – Онда кел... Мен жоқта тым еркінсіп кетпеңдер. Түсіндің ғой. – Түсіндім, Тұтқабай Сәпиевич. Біріншінің үйінен шыққанда, неге екенін

аспанға қарады. Ай жап-жарық екен. Сол түні оңаша, өлең төсегінде, әй бір ішті ғой. Дәл қазір туғаннан бері құтыла алмай жүрген қарызынан енді құтылғандай сезінді. «УҺ!» деді. Құдайдың құдіреті, сосын жатып қуанды. Алса бір жөнау, бергені үшін. Күнің қарап тұрған адамның бергеніңді алғаны қандай жақсы. Бергеніңді де алғаны, демек ол мұны бөтен көрмейді. Демек бұл оның өзі сенетін адамының бірі. Өсти-өсти жақындайды екенсің. Міне, мәселе қайда! Жақындай-жақындай өсіп кетуің де әбден мүмкін. Сөйтіп отырып кассадан алған ақшаның орнын қалай толтырам деп те басы қатты. Осы оймен ертесіне кеңсеге келіп, басбухты шақырып ақылдасса, әбден тіс қаққан қу: – Ойбай, Бореке, соны да сөз көріп отырсыз ба? – деп күлді. – Ауданда қанша мектеп бар? – Ал. – Алғанда, сонша директор да отыр. Туған күніңіз қашан еді? Борқан айтты. – Ойбай, әне-міне екен ғой. Сол күні бәрі кіріп шығады. Ұйымдастырамыз. – Әй, ол бәле болмай ма? – Өйдеп жаман айтпаңыз, басеке. Қазақта кісілік деген бар. Баяғыда қазақ атамыз «адамның күні адаммен» десе, қазір ол «адамның күні бастықпен» деп өзгерген. Ана жақтан, – деп басбух сұқ саусағымен көкті көрсетті, – бері қарай осы мақалмен от оттап, су сулап жатыр.

Басбухтың айтқаны рас екен. Борқанның кейін бұған әбден көзі жетті. Оған тез-ақ төселіп алған. Бірінші түгілі, екінші, үшінші секретарьларға басбух айтқан «кісілікпен» кіруі дәстүрге айналған. Ой үстінде отырған Борқан бір әлетте мырс етті. Есіне үкімет басшысына басқа адам отырған кездегі жабыла аласұрған күндер түскен. Ол былай: үкімет басына жаңа келген адамның туған жері көрші облыс. Бұлардың ауданымен шекаралас. Төсекте басы, төскейде малы қосылған. Ендеше о кісінің бұл ауданда бір туысының болуы әбден мүмкін ғой. Шаруашылық, мекеме, ұйым басшыларына осы мәселені зерттеу жеке-жеке тапсырылады. Біріншінің болжамы дұрыс болып шықты. Үкімет басшысының жақын туысы табылды. Аудан орталығынан қол созымдағы колхозда бір тракторшының әйелі екен. Бірақ жоғары білімі жоқ. Ал оған қызмет беру керек. Қандай қызмет?... Идеология жөніндегі секретарь Борқанды шақырды. – Слушай, повезло, естідің бе? – Иә. – Жаль что, дипломы жоқ. – Обязательно қызмет беру керек пе? – деп қалды бұл. – А как же? Ұят қой. Давай, былай етеміз... Былай еткенде, оны мектепке орналастыру керек болды. Осы қазір-ақ. Тұтқабай Сәпиевич

асықтырып отыр. Ар жақтағы аудан көшіріп әкетуі мүмкін әйтпесе. Екеуі шаңдатып колхозға жетті. Оның басшысы, парторгы, мектеп директоры күтіп отыр екен. Дереу алға түсіп тракторшының үйіне келген. Күн сәскеден асып кетсе де, тракторшы бетін жумаған екен, кіндігін қасып алдарынан шықты. – Келінді шақыр, – деді бастық. – Ой, ол ұйықтап жатыр. – Әлі ме? – Түнде туған күнде болып едік. – Оят. Тұрғыз. Мына кісілер ауданнан арнайы келіп отыр. Райкомның секретары. – Маған-ақ айта бермейсіздер ме? – Әй, келін керек! Шашы будырап келіннің басы көрінді. Бұтына трико киіп алған екен, оның тізесі шодырайып артына айналып қалған. Түймесі ағытылып кеткен көйлегінің төмен түскен өңірінен бір емшегінің жартысы көрініп тұр. «Мынаны көрсе, мектептегі балалар құйрықтарын ашып күледі ғой» деп Борқанның жүрегі зу ете түскен. – Қарағым, мына кісі райкомпартияның секретары, ана ағаң райононың бастығы, сені мектепке жұмысқа алғалы келді. – Техничкаға ма? Былтыр алмай қойған. – Жоқ, мұғалімдікке, – деді бастық. – Бала оқытам ба? – Сөйтесің. – Қайтіп?

– Оқытасың, айналайын, үйренесің. – Мұғалім болғанды жек көремін. – Қой, өйтпе. – Маған ылғи ала ми деп ұрсатын олар. Бәрі біраз дағдарып тұрып қалды. – Ертең жуынып-шайынып, киініп былай, не қылып... мектепке келе ғой, келін, – деді мектеп директоры – Бастауыш кластан бас­ таймыз. Үйретеміз, үйренесің. Қайтар жолда идеология жөніндегі секретарь: – Құдайдың ұрғаны-ай, – деді күрсініп. – Бұл сонда үкімет басшысының тапсырмасы ма? – деп сұраған Борқан да жаман күйініп. – Е, жоқ. О кісі жақын ағайынының қызы бар екенін білсе білер, бірақ дәл біздің ауданда тұрып жатқанынан, әрине, бейхабар. – Онда несіне нетеміз? – Тыныш. Тіліңе ие бол да, дымыңды шығарма. Сол келін, не керек, бастауыш класқа мұғалім болды сөйтіп. Болғаны құрысын, сабақ үстінде оқушы: – Тәтей, Ленин ата қай жылы туған? – деп сұраса: – Ит білсін бе, – депті. Енді бір оқушы кітаптағы Шоқан Уәлихановтың суретін көрсетіп сұрайды: – Тәтей, мына кісі кім? – Солдат. Балалар деген бәле емес пе, ананың ол-

пы-солпы ұсқынына қарап, әрі үйдегі әкешешелерінің «О, тоба! Мұғалім емес адамды мұғалім еткендері не сұмдық!» дегендерін естігендері бар, сорлыны қилы-қилы сұрақпен жатып мазақтайтын болған. Содан шетінен тырқ-тырқ күлкі. Құдай ұрғанда, оларға ананың өзі де қосылып тырқылдайды екен. «Тәтей, бұл солдат емес, ғалым». «Иә, саған. Пормасын көрмейсіңдер ме»... Мектеп директоры мұны Борқанға, бұл идеология жөніндегі секретарьға айтып, жат та келіп күлетін. Сек­ретарь біріншіге айтқан екен. Тұтқабай Сәпиевичтің ішек-сілесі қатып қалыпты. Ақыр соңында: – Не істесе де, қарайып жүрсе болды, – деген. – Енді сендер ол қыздың тұрмысын көріңдер, біліңдер. – Білгенде, көзімізбен көрдік. Соғыстан кейін салынған екі бөлмелі үй, әйтеуір кейін шифрмен қайта жапқанға ұқсайды. – Қой, оны өзім барып көрейінші, – деп енді бірінші нөкерлерімен, оған колхоз басшылары қосылып, бір қора болып үкімет басшысының туыс қарындасының үйіне келмей ме. Сөйтсе, әлгінің тракторшы байы сәл ішіп алған: – Мені қашан бастық жасайсыңдар? – деп ентіксін. – Әй, саған не болды?! – деп колхоздың председателінің көзі алайды. – Қарындасының байымын. Біріншіден бастап бәрінің түгел дымдары шықпай қалды. Сол үндері шықпаған қалыптары үй-жайды аралап көріп шықты.

Былай ұзаған соң, бірінші колхоздың бастығына: – Үй-жайын оңдаңдар, – деді.– Тездетіңдер. Өзі басқа тірліктеріне жаратады деп қомақты несие бөлуге нұсқау берген. Ойын қатыны бұзды. Бері басын сұғып: – Әй, мен киномды көрем, – деді. – Көр, көр... Борқанның осының киносы десе, қаны қайнайды. Жалпы бұл әйел затының ырбалаң болғанын жаман жек көретін. Ырбалаңы көп ұрғашыда бәтуә бола бермейді. Біреулер үшін сол бәтуәсіз қатындар жақсы. Соларды алыс­ тан таниды. Ұрғашыны ит секілді иісшіл дейді. Құдай біледі ғой, еркек одан өтеді. Өзгені білмейді, ал Тұтқабай Сәпиевич соның өзі еді. Біріншінің шахмат құмарлығы бар екен. Борқан да мықты ойыншының бірі. Қайдан естігенін, мұнысы ананың құлағына жетіпті. Қайсыбір сенбіде үйінде шалқасынан түсіп жатса, телефон безектейді. Тұтқабай Сәпиевичтің көмекшісі. – Сізді бірінші шақырады, – деді. – Тездетіңіз. «Япыр-ай, жайшылық па» деген үрейлі сұрақпен апыл-ғұпыл киініп, алып-ұшып келсе, кабинеттің үлкен үстелінде шахмат құрулы тұр. – Ойнайды екенсің, – деді бірінші. – Енді, былай... ептеп... – Отыр. Бірақ шын ойна. Ойында басшы,

қосшы жоқ. Өтірік жеңілген мен мас әйелдің қызығы болмайды. Түсіндің бе! Екеуінің өстіп шахмат ойыны жиіледі. Ойын үстінде қайдағы-жайдағылар да сөз болып қалады. Күліп те алысады. Қайдағыжайдағыны айтатын, әрине, бірінші. Сондай отырысында бұған: – Жігітшілік мәселесіне қалай едің? – дегені күтпеген жерден. – Тұтқабай Сәпиевич... Мен... – Жә, жә... Сен ұялма. Мекемеңде бір келіншек істейді. Экономист, – деп ол бір жүріс жасады. – Иә, иә... істейді. – Пілді аттан алып қашты. – Күйеуі біздің газетте зам. – Солай, Тұтқабай Сәпиевич. – Елпеңдеген бірдеңе. – Жаңғалақ, қызық кісі. – Келіншегі өзінен біраз жас кіші? – Кіші. – Со келіншектің көзі адамның жанын суырады. Алам десе, алмай қоймайтын, берем десе, бермей қоймайтын пәле қатын зәді. Амансың ба одан? Борқан король влангасына ферзьмен келе жатқан қауіпті сезді. – Қаншада өзі? – бірінші шылым тұтатты. – Отызда-ау. – Ойыншы қатын. Не қылсақ екен? Борқан түсінбей қалып, сасқанынан корольдің алдын пілмен жапқан.

– Күйеуін ішсе, самолетпен қуып жете алмайсың деседі. Рас па? – Ондайын көргем. Өзіне есеп бермейді. Бала сияқты. – Сен былай ет. Соны қосып, бізді үйіңе шақыр. – Қай күнге? – деп Борқан оқыс қуанғанынан орнынан тұрып кетті. – Қазір емес. Отыр. Бір шах беріп қояйын әуелі. Біріншінің ферзасы сол қанаттан тым таяп қалыпты. – Күнін өзім айтамын. .... сот, прокурорды да шақырасың. – Рахмет, Тұтқабай Сәпиевич! – Тағы да шах! – деді бірінші. Борқан ойнап отыр дегені болмаса, манадан бері ойланғанды қойған. Біріншінің өзі үйіңе шақыр деп отырса, не қылған ойын. Оның бар ойы – шыға сала сауда базасына бару, таппағанын қаладан іздеу. Бірінші, прокурор, сот... Құдай-ау, соның барлығы отыра ма мұның төрінде тізіліп. Залы тарлау еді... Үйді кеңейтудің амалын қарастыру керек енді. Мына жаңа көше дейтіннен үйлер салынып жатыр емес пе, содан жақсы пәтер алу жағын ойластырса... Бірінші шешіп берер. Әй, енді көмектесетін шығар-ау. Айтпақшы, құр үйден... Е, сонысы бар тағы. Біраз ақша іздестірмей болмас. Өздері, әйелдері... Әнеміне, мектеп мұғалімдерінің де айлықтары берілетін күн жақын. Басбухты қосайын. Ди-

ректорлардан нетсін. Ұяттау, бірақ қайтесің. Бұл алғанға, олар бергенге қуанатын қу заман. Десең де, қазақтың ағайынгершілігіне де ұқсайды өзі. Уқалағандары бір терінің пұшпағы. – Тұтқабай Сәпиевич, – деген. – Мен екі жүрістен кейін мат аламын. – Амалың жоқ. Борқан идеология жөніндегі секретарьды есіне алды. – Ол кісіні қайтем? – Жалпы ол сен үшін әжептәуір кісі болғанымен, мен үшін барып кел, шауып келдің атқа жеңіл, тайға шақ баласы ғана, – деп бірінші орнынан тұрды. – Демек керек. Борқанның өмірінде кісі күтуге алғаш рет мұрнынан қан кетіп дайындалғаны осы. Былтыр әкесінің асын өткізгенде де дәл өстіп ұйқысынан қалып, табанынан тозған жоқ. Басбух мектеп директорларын жеке-жеке шақырып жағдай айтып, жан алып ақ тер, көк тер. Олар өз кезектерінде мұғалімдерді... Экономист келіншек қонаққа киіп баратын көйлек іздеп екі күннің бірінде сұранады. Сөйтіп ол маңайдағы қалалардың бармаған, көрмеген дүкенін қалдырмай жүргенінде, мұны аяқ астынан идеология жөніндегі секретарь алқымдап жатты. – Іскер маман көрінеді ғой экономист келіншегің. – Өз шаруасына жүйрік. – Тау жақтағы сельпоның басшысы орнын

босатады таяуда. Соған осы келіншекті лайық көріп отыр бірінші. Бұл кісінің кадрлар жайлы информациясы мықты ғой. Сосын енді былай... – Секректарьдың екі көзі бал-бұл жанып барады. – Тұяқбай Сәпиевичке симпотично болып отыр. Түсінесің бе? – Түсі...нем. – Так что, келіншекпен сөйлес. Біріншінің көңілін сездіріп дегендей, жұқалат... Жалпы жолда жатқан қызмет жоқ. Оны өзің де білесің. Орыстар «Бесплатно только мать целует своего дитя» дейді. Вообщем, «ымды білмеген дымды білмей» ұятқа қалып жүрмейік. Әйелдердің кейде түсінбегенсіп, ары-бері алып қашатын сиқырлығы көп, ондайын байқасаң, ашық кет. Борқан күмілжіді: – Енді оның өзімен былай... не қылмаған ем бұрын. – Енді не қыл. Борқан бұрын былай пайымдайтын: Үлкен басшылар – барлық жағынан өнеге-үлгі. Олар – алдыңғы арба. Олар қалай жүрсе, өзгелер солай жүреді. Енді келіп... Бұларың... Салтанатты жиындардың төрінде кісі болып отыратыны, мінбеге шықса, көсем боп көсілетіні, көл-көсір ақылы, коммунистік мораль, советтік өмір салты жайлы цитаталары құр құйтырқылық болғаны ма?! Сонда бұл қоғам – қандай қоғам? Сырты періште, іші жын-шайтан қоғам ба? Оның ішінің жын-шайтан екенін кім біліп жатыр. Кімге көрсетеді. Көрсетпейтін, сірә, бұл ішіне халықты өлсе кіргізбейтін тас қоғам.

Мұны кімге айтасың. Айтып көр. Аузыңды артыңнан шығарады. Сонда қайтпек керек? Жұмыста күн ұзын осы ойларымен омалып отырып алды. «Атасына нәлет!» деп қызметін тастап жүре берсе ше. Екі қолға бір жұмыс. Бірақ жұртқа не бетін айтады. Кеткеніңнен қайтқаның жылдам болды ғой десіп күлмей ме ауыл. Қазақ ешнәрсенің себебін сұрамайды. Қазақ себебін сен үшін өздері айтады. Әлі келмеді. Өресі жетпеді. Сенімді ақтамады... Өстіп абыройдан жұрдай етеді. Қарадай кісі болудан қаласың. Сағатына қараса, алты болып қалыпты. Хатшы қызды шақырды. – Маған экономист кірсін. Анау өкшесін тықылдатып жетіп келді. Әдемі-ақ, пәле. Осы әдемілік қой бұлардың соры. Қазақ «адамның көзі дүниеге тоймайды» деседі. Борқанға аяқ асты басқа ой келді. «Пәтуәсіз еркектің көзі, басқа дүниеңді қайдам, әйелдің әдемісіне тоймас». Тойса, Бұқаға ба­ уыздар алдында соңғы сөз берілгенде: «Сойып алған соң, терімді сиырдың үстіне жауып қойыңдар» дер ме еді. – Ағай, ойға батып кетіпсіз ғой, – сыңғырлады келіншек. – Жай шақырдыңыз ба? – Сенің қызмет жағынан өсетін түрің бар? – Қойыңызшы, – көзі жайнап шыға келді. – Біріншінің ойы. – Неужели...

– Бәрі шешілгенге ұқсайды. Тек қалғаны. – Борқан не болса да, тіке тартты, – сенің о кісіге симпатияң. – Аға... ай, – дегенде келіншектің дауысы әндетіп-ақ кетті. Мәссағаны жоқ. Керісінше, «Солай ма, бәлем!» деген әйелге тән өзіне-өзі разы паңдық жүзіне лып етіп шыға келді. – О кісіге дәм беретініңіз қай күні? – деп кенет күтпеген сұрақ қойды. – Қайтеді? – Күйеуім күн сайын сұрайды. – Байқауымша, саған қарап тұр бәрі. – Онда шақыра бермейсіз бе? – деп келіншек орнынан көтерілді. – Ағай, сағат алтыдан кетіп барады. Осы кезде телефон шыр еткен. Борқан келіншекке бара бер деп иек қақты да, тұтқаны көтерді. Идеология жөніндегі «жан алғыш» екен. – Қазір біріншіден шықтым. – деді. – Тапсырма қалай? – Дұрыс. – Сөйлестің бе? – Сөйлестім. – Бүк пе, шік пе? – Бүк сияқты. – Молодец! – деді анау. – Осы субботаны айтып қалар бірінші. Так что, будь готов! Айтқаны дәл келді. Сенбінің түнінде Борқанның қонақтары көл-көсір дастархан ортада, шекелері түгел қызып отырды. Асаба, біріншінің ұйғарымы бойынша, идеология

жөніндегі секретарьдың өзі. Сөзге жүйрік пәле ананы Алатауға шығарып, мынаны Қаратау асырып сөз береді. Біріншіге келгенде, оны аспандағы жұлдыздарға жақындатып тастады. Соның сәулесінен бұлар көрдей қараңғыда да адаспай жол тауып жүр. Күндіз бірінші күнге таяп барады екен. Таяп барып артына көлеңке түсіреді. Сол көлеңкесіз өзгелер күнге күйіп, күлге айналып кетпек. Келіншектің күйеуін де жырғатып қойды. Тұтқабай Сәпиевич нетсе... Қызметі замнан самға дейін... өсуге тиіс. Соны естісімен, ақ көңіл, аңғал байғұста жан қалмады. Өлең айтатыным болушы еді деп домбыраны дыңғырлатып ән салды. Қалбалақтап құйғанды түп-түгел жұтып қояды. Қалдырып ішуге асаба: «Болмайды оныңыз. Түбіне дейін» деп қайта-қайта қамшылап, есін аударып жіберді. Борқанның көз қиығы бірінші мен экономист келіншекте. Бірінің жаудай шаппай, жаны тынбайтыны, бірінің құдай салса, мен көндімі жиі-жиі ұшырасып қалатын көз қарастарынан ап-анық білініп қалды. Мұны прокурор да, сот та, олардың әйелдері де біліп, сезіп отырған сыңайлы. Тіпті көктен біріншінің ойы жүзеге асса екен деген тілек жүздерінде сайрап тұр. Тұтқабай Сәпиевич әйелінсіз отыр. Әйелі қалада тұратын қызының туған күніне кетіпті. Келіншектің күйеуі масайып, еркінсіп әлек. Босаға жақта отыр еді, стаканын көтеріп, бірінші жаққа қайта-қайта барады.

– Қане, ішіп жібер, – дейді анау. Содан аяғы кеткен жерге басы кете бастады. Асаба Борқанды ас үйге алып шықты. – Ананы жатқызамыз апарып. Ұйықтасын. Сосын біріншіге бөлме ыңғайла. – Не үшін? – Сен не, ноқайсың ба, жоқ әдейі істеп тұрмысың?! – Ойбай... Борқан әйелін оңашалады. – Спальныйдағы төсек реттеулі ме? – Не болды? – әйелінің көзі бақырайған. Амал жоқ, айтты. – Қой, – деп селк еткен анау. – Ұят емес пе? – Сөзді көбейтпе! Борқан мен секретарь екеулеп замды спальныйға жапсарлас бөлмеге сүйеп апарып, жатқызып тастады. Отырыс жалғаса берді. Үлкен астан кейін, тоқбасар жарияланып, ерлер жағы преферансқа отырып, әйелдер ас үй жаққа өсек-аяң айтуға шығып кетті. Бір шамада идеология жөніндегі секретарь Борқанға көзін қысты. Борқан ас үйге бас сұғып, замның келіншегін шақырған. – Күйеуіңнің жүрегі көтеріліп жатыр ма, көрсең­ші,– деген жұртқа дауысын әдейі естірте. Сөйтті де, оны бірден өздерінің «спаль­ ныйлеріне» кіргізіп жіберді. – Отыра тұр қозғалмай.

Келіп секретарьға қарады, ол – біріншіге. Бірінші: – Алаңдамай, сыза беріңдер, сыртқа шығып сәл сейілдейін. Менің қолымды сен ал, – деп секретарьға картасын ұстатты. Дәлізде тұрған Борқан біріншіге «спаль­ ныйдың» есігін ашып, қайтадан жайлап жауып қойып, орнында тұрды дымын шығармай. Кенет... кенет жапсарлас бөлмеден алқа-салқа болып замның шыға келгені. Борқанның есі шығып, қатты састы. Анау бұған сүзіле қарап, «туалетің қайдалап» сол жағындағы «спальныйдың» есігін ашып-ақ жібергені. Дәлізден жартылай жалаңаш түскен сәуледен Борқанның ә дегенде көргені – келіншектің әуеде ербеңдеген екі аяғы, қара сандарының арасындағы еркектің бүлкілдеген аппақ семіз ақ құйрығы. Бір сәт сілейіп қалды. Төсектегілер атып тұрған. Сол сол-ақ екен келіншектің күйеуі: – О, әкеңнің аузын... – деп тұра ұмтылды. – О, шешеңнің... Ойбай-ай, ойбай... Ана жақтағылар үрпиді. Бірақ дәлізге идео­логия жөніндегі секретарьдан басқа ешкім шыққан жоқ. Борқан екеуі жабылып замды ауызғы үйге сүйрелеп алып шықты. – Ойбай-ай, ойбай! Бұл қорлықты көргенше... Тас қайда, тас... Бірінші болмақ түгілі, Брежнев болса да, шешеңді... нің шекесін жарам! Қақ айырам басын! Тас!.. Тас қайда! Гөй-гөй күшейіп барады. Замның аузы-

нан шықпаған былапыт сөз жоқ. Біріншінің әкесінің аузын, шешесінің ауын әбден толтырды. Идеология жөніндегі секретарь мен Борқан «Қойыңыз, сабыр етіңіз!» деп бәйек. – Ой, көкесі... – Секретарь енді оны өңірінен алып сілкіп-сілкіп жіберді. – Не болды сізге? – Не болдың не, ей?! – Не болды? – Әй, қатыныңды біреу тырқылдатып жатса, көрер ем мен сенің не болғаныңды. Ой... твою мать. Шақырыңдар әлгі менің қаншығымды. Қанын ішемін! Қарабет қыламын мен сендерді түгел! Дәл осы кезде секретарьдың жалмаңда­ған қатыны шыға келмесін бе ар жақтан. – Әй, аға... – деп сызылады. – Мұныңыз не? Не айтып тұрсыз? Не сұмдық! Қойыңыз. – Көзіммен көрдім ғой, ... твою мать! – Көргеніңіз түс сіздің. Түсінесіз бе, түс. Осынша елдің көзінше ондай нәрсе болушы ма еді, ойлаңызшы?! Жаңғалақ, аңқау, ақ көңіл сорлы кенет біртүрлі пәсейіп қалды. – Түс... – Енді немене? – секретарьдың қатыны тып-типылыңды

шығаратын

тығырықтан табанда жол тауып кететін тапқыр пәле екен, ананы әрі-сәрі қылып қойды. – Түсіңізді шын көріп... Ой, ағай мұныңызды бізден басқа біреу естімесін. Тұтқабай Сәпиевичтен мүлде ұят болды ғой өзі. Қап!.. Зам қолымен басын ұстады:

– Бәсе... Әй, қу арақ... Бәсе... Бәсе, түсім екен ғой,– деп теңселіп тұр. – Неден қарабасты мені... Түс... Иә, түсім ғой, конечно, түсім... Әйтпесе қалай... Қап... Ұят-ай... Енді не бетімді айттым... Тұтқабай Сәпиевич... – Сіз былай істеңіз, – деді секретарьдың қатыны. – Осы бойда қайтып кетіңіз келіншегіңізбен. Қайта кірмей-ақ қойыңыз онда. Ар жағын өзіміз реттейміз. Түсіндіреміз ол кісіге. – Сөйтейін, ә, – дейді анау. – Түсінді­ ріңіздерші, айналайын. Кешірсін мені, бәрің кешіріңдер. Қара басты ағаңды. Арақ­ тың кесірі. Көзіме қос көрініп, кешірсін, кешіріңдер... Қонақтар кеткен соң, Борқанның әйелі: – Масқара ғой мыналар! – деді. – Айтса кісі сенбейді бұған. Масқара... Ал Борқанның ет жүрегі орнынан қозғалып кеткендей аласұрып аузына тығылған. Содан көпке дейін бүлк-бүлк... Борқан отырған орнынан тұрып кетіп, балконның жиегіндегі қоршаудың белдеуіне білегін тіреп, төменге қарады. Себебі осы кезде бұлардан кейінгі үйде бұрын әртүрлі жауапты

қызмет
істеген
зейнеткерлер
тұрады.

Бет алыстары ана тұста шағын дүкен.
Соның

жағында
жапсарлас
шағын
бөлмесі

бар.
Орысша
айтқанда,
закусочная.

Мына
сабаздар
жиі-жиі
сонда

барып
оты-
рып,
бірер

жүзден
сыздықтатады,
сая­сат
соғады, билік жақта жүріп жатқан өсек-аяңды

түгендейді, өздерінше бәріне талдау жүргізіп, қорытынды жасайды. Біздің заманымызда... десіп шіреніскенде, шалбарларының белдігі үзіліп кете жаздайды. Осылар болмаса, дүние қаңырап, қараң қалмақ екен. Тәртіп еді ғой, тәртіп еді деседі. Сайтандық пен сайқалдыққа жол берілмейтін. Ни в коем случае! Сіңбіруге мұрша жоқ болатын. Жұмыс, жұмыс және жұмыс. Рахат, қызық қайда. Қазіргілердікі – сауна, қыз... жатқан сайран, тұрған сауық. Қайран біздің қасиетті заман... Соны естігенде Борқан ішінен: «Әкеңнің қу басы» дейтін. Сабаздар мұны да орталарына қоспақ ниет білдірген. Борқан қу даладан қашты. Мұғалімдердің дәстүрлі август конференциясы енді-енді өткен. Бірінші шақырды. Күн сенбі. Шахмат. Ойын үстінде: – Конференцияда Қоғаты совхозынан ба... Бір жас мұғалім сөйледі ғой. Болайын деп тұр. Сен соны зерттеші, – деді. Несін дегендей Борқан біріншіге көзін сүзген. – Кімі бар... – Сұрастырайын. – Өсетін жас. Аудандық комсомол коми­ тетінің бірінші секретары мұртты бала бос белбеу, енесін... Соның орнына жаңағы қыз лайық. Дүйсенбіде идеология жөніндегі секретарь шақырып тұр. – Біріншіден тапсырма алдың ба? – деді салған жерден.

– Зертте деді. – Дереу кіріс онда. Қанды басың бері тарт деген әңгіме бұл, – деп ырқ-ырқ күлді. – Тұяқбай Сәпиевичтің вкусы сұмдық. Борқан үйіне келді де, бөтелке арақтың аузын ашып фужерге толтырып құйып, тамшысын қалдырмай тартып алды. – Тыныштық па? – әйелі қасын керіп еді, оған көзін салмастан: – Мазамды алма! – деп тыйып тастады. Содан отырған. Бәрінен жаман көңілі қалды. Іштей жаман екіленді. Енді үлбіреген қызды... Япыр-ау, бұл бір уақ айнаға қарамай ма? Қарны анау жер сызған, бет анау – сүтті сиырдың желінінен сәл үлкен. Қайсы бірде топ болып, ол бастап Қараойдың жазығына шыққан ғой бұлар бұлдырық атуға. Сонда жаман шошыған, жиіркенген одан. Жиіркенгенде, қарны қабақтай адам жазық жерде өздігінен түзге нете алмайды екен. Бірдеңені қолымен ұстап отырмаса, құлап қалатын болып шықты. Содан қайтеді, қайткенде идеологиялық секретарьдың қолынан ұстап отырып күшенді. Идеология жөніндегі секретарь күшеніп отырған адамның емес, құдайдың қолын ұстап тұрғандай нетіп... Борқанның аза бойы қаза болған. Сол өздігінен жазық жерде түзге отыра алмайтын адам енді келіп үлбіреген қызды... Бұл ұрғашы біткен туғаннан жатыры қағынған әлгі экономист келіншек деп жүр ме. Бірінші секретарьлығына баспақ. Не қылса да, енді аулақ. Бұл ары қарай екі

араға жеңгетайға жүре алмайды. Ана жолы келіншектің күйеуін масқаралағаннан кейінақ, сөйтіп түйген көкейіне. Сонда зам байғұсты аяусыз қорлағандарына жер болған. Есіне алса, бетінен оты шығатын. Әйтеуір, сол оқиға ойынан кетсе, қане. Кінәлі сезім жан дүниеңе бір еніп алса, түйсігіңді түтіп, сүйегіңді кеміріп жеп, жатар жағы қарыспайтын, жарасы жазылмайтын жаңғырық болып шықты. Сол масқара оқиғадан бері екі ай өткен жоқ, тағы... Фужерге толтырып алып, сіміріп салды. Ой, бүйткен өмірдің... Оқу бөліміне меңгеруші болып келген күннен бері басқан батпағы, кешкен лайы сұмдық қой. Аз ғана уақытта... Бұлардың айтқанына көніп, айдағанына жүремін деп қаншаның обалына қалып, қаншаның қарғысын алмады. Атасына нәлет!... Осылай жалғаса-жалғаса, күнәһарлықтан көз ашпас. Кету керек! Қалаға. Немере ағасы бар. Мұғалімдік жұмыс тегі табылады. Математика пәнінің маманы. Математик қай мектепке де керек. Арызын жазып ертесіне идеология жөніндегі секретарьдың алдына келген. Ананың көзі адырайды. – Әй, мұның не? – Кетем! – Кетем... Кете салғанның оңайы-ай, ә! – деді ол кекеп сөйлеп. – Кім жібере салады сені. – Мен ешкімнің байлаулы төбеті емес шығармын.

– Емессің. Бірақ партучетта бізде тұратының рас. – Тұрса ше? – Партиялығыңды қараймыз тік тұрғызып. – Қарай беріңдер. – Әй, тоқта! Есікті тарс жауып шығып кеткен. Сол кеткеннен мол кетті ғой бұл... Борқан күрсінді. Кешкі тамағын ішіп, қара диванына сұлап түсіп жатқан соң, ұзақ дөңбекшіген. Тұтқабай Сәпиевич... Оның атындағы мектеп. Бюсті... Қазір қай жағыңа қарасаң да, тарихыңды түгендейміз десіп, «қан құсып» жүрген қазақ. Сонда кімдермен...

Тарих деген қасиетті қарияның қойнына кімдерді кіргізіп, кімдерді тықпалап жатыр. Тарихтың өстіп көр-жермен ішін сыздатудың обалы кімге. Сыздаған іш сөз жоқ бір күні өтеді, сонда көр-жер түгел сырқырап ағып кетері қаперге неге кірмейді. Неге? Япыр-ау, қайда асығып, қайда аптығып барамыз? Көңілді неден көк тұман, көзді неге ақ шел басты, келер күндерге кімдерді үлгі етіп жатырмыз? Ұзақ жылдардан бері тиіп-қашып қоятын. Енді мына Тұтқабай Бошаев туралы теледидардан естігенде, сол азап-шері қозып, жүрегі біртүрлі қатты сыздай бастаған. Бойы біртүрлі ұйыды ма... Әлсіреп ұзақ жатты. Марқұм әкесі құлағына сыбырлайтын сияқты: «Жүр, – деп бұған қолын созып тұр. – Мәңгілік орныңа, өз қасыма кел, ұлым... Қане!» «Жүр бері, – дейді. – Жүр... Ақиқаты айтылмайтын о жақта құр жүре беріп қайтесің... Құр жүре беру азамат үшін өмір емес, қорлық. Сен сол қорлықты әлі көтеріп келесің. Өйткені өзің де күнәһарсың. Болғансың. Бойыңды тазарту үшін ақиқатты айтуың керек еді. Айтпадың. Қорықтың. Дымың ішіңде, бұғып кештің ғұмырды. Қорлықтың, үрейдің шекпенінен шыға алмадың. Азаматтығың жетпеді. Ерлік рухтан ада едің. Ерлік рухы жоқ адамдардан ерлік рухы жоқ сырты әлеміш, әртіскеш, әсіре қоғам пайда болады. Сен оны өз көзіңмен көрдің кеше. Бірақ айтпадың. Ешкім де айтпады. Тұтқабай Бошаевтың қоғамның өлмес өнегесіне айналып отырғаны сондықтан. Он

ба, жүз бе Бошаевтар?.. Қой енді, жүр... Кел өз
қасыма... Тыншы... Өзіңнен өзің сөйтіп құтыл».
Бұл қап-қараңғы түнекке сіңіп кете бар-
ды...

Жаңа сайланған үкімет басшысы келеді дегелі Жербай орынбасардың есі екеу, түсі төртеу. Біріншінің: “Байқаймын, қалтаңселтеңің көп, тапсырған шаруаның басын шаң-тозаңдатып, аяғын шатқаяқтандырып жіберетін берекесіздеусің бе, немене.... Мына жолы соның байқалса, шляпаң теріс айналып кетеді” дегенінен кейінгі жерде көрген күні әлгі. Үкімет басшысымен дөңгелек столда кездесуге тиіс адамдарды екі күннің бірінде жинайды. Сондағысы: “Өй деп сөйлеңдер, бүй деп айтыңдар, қағаз-қаламдарыңды салдырлатпаңдар, столды саусақтарыңмен тықылдатпаңдар, микрофонға тиіп кетпеңдер, жөтеліп, түшкірмеңдер..” Түсінде де өстіп жататын сұмдыққа ұшырады. Көзі ілініп кетсе, әлгілердің алдынРепетиция

да екіленіп, әңкілдеп, өңмендеп отырған өзін көреді. Қара терге түсіп, қаны көтеріліп жатса, қасындағы қалың құйрық, қайқы төс қатыны бүйірлейді: – Байғұс-ау, өлемісің қарадай қара терге түсіп? – Ау... О не? – дейді шала ұйқылы бұл шап жағын жағалай бастаған әйелінің тілемсек қолын ары сілкіп тастап. – Қоя тұршы, айналайын, осыңды. – Құрып қал, – деп қатыны қалың құйрығымен серіппелі төсекті бір солқ еткізіп, теріс айналады. Ол да Жербай секілді соңғы жылдары рабайсыз толып кеткен еді: отырса, шөккен түйеге ұқсап өңкиеді де қалады. Сөйтіп отырып айтатыны: “Сен осы өкіметтің жұмысының байысың ба, менің байымсың ба?” – Ит-ау, өкіметтің жұмысы болмаса, өлмейміз бе? – Міндет қылатындары орынбасарлықтары ма. Он жылдан бері солсың. Құдай бұйыртса деп едің, біріншіні саған оның бұйыртатын сұры көрінетін емес. – Тағы не айтасың? – Енді өлетін жағдайымыз жоқ біздің. Қатынының меңзеп отырғаны – Жербай орынбасар болғалы біраз жылда қаланың сырт жағынан, орталықтан екі қабат екі үй салып алғандары; Астанада іргесі көтеріліп жатқан коттедж, ағайынның атынан құрылған шаруа қожалығы, ондағы екі отар мал...

“Шашы ұзын итте ес жоқ қой” деп кіжінеді Жербай іштей, бұл орынбасарлықтан түсіп қалса, мал-жанды қалай бағып, сақтайды. Азды-көпті билік айналайын барда біреуден анасын, келесісінен мынасын дегендей, керегіңді оп-оңай істетіп аласың. Басқалар жүз теңгеге таппай жүрген қажетің тіпті ақыпұлсыз келіп жатады. Үлкенді-кішілі биліктің қашанда мысы басым, сесі өзгеше, айбары айрықша ғой. Қазақ деген, жалпы, дәнеңеден қорықпайды. Құдайдан да. Ал биліктен... Төбесі көрінгеннен қол қусырып, тағзым етіп, аяғының ұшымен жорғалап шыға келеді. Жербай қазақты осысы үшін жақсы көреді. Әуелде, анабір жылдары ішінде жалғыз костюм-шалбары бар ескі чемоданмен өкшесі жылтырап келіп қызметке кіріскен кездері қазақтың әлгісіне “бұлары несі?” деп таңырқап, өзінен-өзі қысылып қарайтын. Оған еті үйренді: “Жерке, Жерке” деген сайын қомпия бастады. Айналаңдағылардың қу жандарының қуырдақ болып тұрғаны бір ғанибет екен. Құрақ ұшып қарсы алады, құйындап жүріп шығарып салады. Төр сенікі. Тамағыңды салып береді. “Мынадан алыңызшы. Анадан көріңізші...” Бастапқыда бұл алдына келген тағамды дым көрмегендей қидай сыпырып, қиқым қалдырмай жеуші еді, келе-келе онысын қойды, әрнеден бір-бірден ғана шұқиды: “Жерке, анадан салайын ба, мынадан құяйын ба, Жерке, Жеркенің” өзіне-ақ тыңқия тойып оты-

ратын болған. Болғанда, “Жеркелегендердің” безек қаққанына қарадай қарын тояды екен. Тойғанда, ас-мәзіріміз дәмсіз бе, әлде мұның бізге қабағы теріс пе деп тызалақтайды ғой. Жұрт тызалақтаған сайын жаның кіреді, рахаттанасың, елтисің, жер айдалада қалып, аспанға ұшып бара жатасың ба... Осының бәрі жоғарыдағы нағашысы мен туысының арқасы. Кез келген мекемеде тиіп-қашып қызмет істеп жүрген мұны екеуі екі жақтап кергілеп жүріп, “кісі” жасады. Екі туысы да бір аттан бүгін құласа, келесі атқа дереу мініп алатын ысқаяқтар еді, солардың ақылы шекесінен күннен

бетер өтіп кетті. Айтқандары: “Бұлар бәлен атаның ішінде өспей қалған ру. Ешкімді ешкім жетелемегендіктен. Сен енді руымызда оқыған-шоқығанның түгел тізімін жаса. Еті тірісін ішке тарт...” Орынбасарлықтың орындығының ортасына омалған күннің бір жылы өтіп, кешегі Жербай “Жерке” бола бастағаннан ақылман туыстарының аманатына екі білекті сыбанып, кірісіп кеткен. Әкесі марқұмның кез келген сөзінің бірінің кебісі күншығысқа, келесісінікі күнбатысқа қарап, айналасын қылпып тұратын қышымалы еді, мұның әр жерден бір шыққан селдір шашын өткір ұстарасымен теріп алып жатып: “Осы баламның тұрпаты тұтас домалақ, әй, бұл пысық болар” дейтін. Шалдікі рас болды. Біріншіге жағудың қилықилы тәсілін тез игеріп, оның ең сенімді қол баласына айналып алған ол әуелі руынан

шыққан ауыздары қисық болса да, әйтеуір дип­ ломы бар дегендерін ішке тартудың процесін бастап жіберді. Қыза-қыза тіпті үдетіп жіберсе керек. Сөйтпесе, соңғы кездегі бұл туралы июқию әңгімелер қайдан шығады. Шықпаса, жаңа келген біріншінің бұған қарасы алғашқы күннен қырын. Соны түзетсем бе деген дәмемен елпеңдеп ерулікке шақырып, қалың бір конверт дайындап еді, біріншің салған жерден: “Оныңды қой!” деп сілейтіп тастады. Ана жолы аптаны қорытындылайтын ертеңгілік бас қосуында: “Өтірігің көптеу...” дегені тағы бар. Таяуда ғой республикалық газетте: “Жербай неге жарбаңдайды!” деген құдай ұрған етектей мақаланың бұрқ еткені. Бұрқ еткенде, иттің баласы салған жерден санасыздыққа меңзеп сай-сүйекті сырқыратып жазыпты. Әй, мұның ба... Мұның өзінің де оңатын қылығы жоқ. Өзінен лауазымы жоғарының дұрыс-бұрыстығына қарап жатпастан, сөзін сөйлегісі келіп тұратын жыны бар. Солардың сөзін міндетті түрде сөйлеп қалмаса, кінәлі жандай сезініп, неше күн сіркесін су көтермей жүреді. Соңғы жолы да солай болған. Әлгі газетте біріншіні де сынаған мақала шығып, ол орталарында талқыланып, ой-пікір бір мәмілеге келіп, әңгіме осымен бітті дегенде, мұны қарадай түлен түртпесі бар ма. Орнынан қалай ұшып тұрып кеткенін өзі де білмейді. Мұндай газетті жабу керек, сотқа

беру керек деп «қырып-жойсын». Делдиген танауынан дембіл-дембіл шыққан ашулы демінен иегі дірдек қағып, сөзі шатты-бұтты кетіп бара жатқан байғұсты «қояқ-қойлап» біріншінің

өзі зорға тоқтатқан. Соның бәрін әлгі журналист жүгермек газетке бұрқыратты кеп... Осымен қоя қойса жақсы, сөз саптауына қарағанда, қоясын ары қарай қаза түсетін сияқты. Қазғанда, ана алакөз әпкесі туралы да пыш-пыш біраздан бері бықсып тұр. Жетелеп, желкелеп жүріп орта мектептің біріне директор етіп тағайындатып еді ғой, иттің қызы өзгелері аз болғандай, еден сыпырушы әйелден де жүз доллар алып, қайсібір класқа жетекші етіп қойыпты. Көрінген отырыста «Неге екенін білмеймін, мені ақшаның өзі іздеп жүреді» дейтін көрінеді тағы. Шақырып алып, жер-жебіріне жетпей ме. Сөйтсе әпкесі өзін бас салғаны: «Алмасаң үйден үйді қалай салып, қыруар малды қайдан жинап жүрсің өзің». Мұның тілі байланып, аузы аңқиды да қалды. Желі тым қатты үрленген доп сияқты домалақ денесі одан әрі күмпиіп, қитар көздері бір-біріне қарай қисайып, доғал мұрны сәңкиіп, екі ұртына жұмыртқа тығып алғандай аузы дорбаланып, қатты долданды. Бірақ айтар уәж қайсы. Қай ісіне де айтар уәжі қалмаған кезі ғой қазір Жербайдың. “О несі, әй” деп боздаған ішкі даусынан әлсін-әлсін шошып, оянып жатып, құлқынсәріден тұрып кетті. Үкімет басшысы келетін күн жақындап қалды. Дөңгелек стол-

да кездесуге баратындардың дайындығына Жербайдың көңілі толмайды. «Жабыла жамырап кетпесін, бет-бетімен лағып кетпесін, смотри» деп қайта-қайта өкпесіне жебедей қадалып отырған бірінші анау. Үкімет басшысымен кездесуде сөйлейтін төрт-бес адамның сөздері қысқа да, нұсқа болуы керек. Олары сөзсіз ол кісіге жағу керек. Дайындыққа қатысушылар, бекер обалдары қане, ысқырған жағына қарай ызғи беретіндер. Тек Анау ...Сол Анау қиын. Пәлекет Алматыдан мұнда қайдан сап етті. Мұндағылар құдайдың бір бере салғандары ғой. «Жерке, сіздердің айтқандарыңыз бізге заң» деп монтиып отырады шетінен. Ал мынауың бас жарып, көз шығарып тұрған біреу. Иілмейді, икемге келмейді. “Жерке”-сі жоқ, “Қойтайұлы” деуі жоқ, “әй, Жербай” дейді. Не пәле... Осыдан екі-үш жыл бұрын ғой ақынжазушылар ауыл, аудандарға шығып, жұртпен кездесу өткізген. Оларды мұндай шараларда баяғы «желден жүйрік» Жербай бастап жүрді. Қайда барсаң да, әйтеуір, алдыңнан дастархан шығады емес пе. Бұларға түскі ас аудандық оқу бөлімі бастығының үйіне дайындалған екен. Үсті түрлі тағамға толған столды айнала отырған үркердей топ: Жербай, үш қаламгер, аудан әкімінің орынбасары... Жербай қысқа қолдарын қампиған қарнының үстімен бір-біріне әзер жеткізіп, айналып кеткен кіндігінің тұсына тастап қойып, шалқасынан отыр. Үй иелері баяғы алақұйын. Алақұйын

болғанда – Жербайдың айналасында. Соның тарелкасына ананы салады, мынаны салады. Оқу бөлімі меңгерушісі – жайын ауыз жалпақ қатынның мына елпіліне қарағанда, Жербай кеткенше жаны қалар-қалмасы белгісіз. «Жербай Қойтайыш алыңыз... алы­ңыз... алыңыз»... Жербайдікі, әдеттегідей, маңғазданып, мардымсып, сөйлесе ісініп, күлсе күмпиіп... Сол арада жергілікті ақын-жазушылар арасында әдеби бәйге ұйымдастыру сөз бола қалмасын ба. Ол әңгіменің төбесін қылтитқан әлгі Анау. «Бірақ, – деді ол – менің естуімше, мұнда әдеби бәйгелердің алқа мүшелері инс­титут, мектеп мұғалімдері, мәдениет қызметкерлері, чиновниктерден тұратын көрінеді. Ақын-жазушы емес­тер, ақын-жазушының шығармасына қалай қазылық етеді? Парадокс!» Жербайдың сайтаны ұстап кетті. «Слушай, сонда не. Сонда мен сенен әдебиетті кем білем бе?!» деген үрген беті талаурап. «Әй, сен жазушы емессің ғой, – деді Анау да жалт қарап. – Әдебиеттен не білесің! Нең бар әдебиетте!» Орынбасар болған он жылдан бері біріншіден болмаса, өзге тірі жаннан «не білесің» деген сөз естіп көрмеген Жербай көтеншегіне оқыс ағаш кіріп кеткендей қопаң етіп, оң-солына ойсыз оқшырая қарап, омалып қалып еді… Түске дейін біраз шаруаның басын қайырған Жербай түс ауа үкімет басшысымен кездесетін адамдарды тосты. Сағат тура үште хатшы келіншектің төбесі қылтиды. – Жербай Қойтаевич, шақырған кісілеріңіз келіп тұр.

– Кірсін! Кабинетіне кісі кірсе, Жербайдың қарадан қарап кісімсіп қалатыны бартұғын, сол жыны қанша қысса да: «Әй, сен үкімет басшысымен кездесуге баратын адамдарды қабылдап отырсың» деген ой еріксіз орнынан тұрғызып, келгендермен кезек-кезек қол алыстырып, терісі ет пен майға толы торсық бетіне күлкі үйірді. Сосын шағын топпен мәжіліс

жасайтын столының төріндегі креслоға домалана келіп отырып сөйлеп кетті. Сондағысы: «Үкімет басшысының келу бағдарламасы өте ауқымды. Бұлармен кездесуге бір сағаты арналған. Ал енді не айтып, не қою керек? Әңгіме дұрыс, оң болуға тиіс. Пықы-тықи сұрақтар қоюға, қу далаға лағуға, жаппай жамырап кетуге, нельзя... Қарабет болып жүрмейік. Осыған дейін төрт жолы ма... Бағыт бердім. Қане, қайсыңыз қалай дайындалдыңыздар? Қазір осы жерде тыңдаймыз. Қысылмай еркін сөйлеңіздер. Мысалы, міне, мына мені үкімет басшысы деп приставить етіңіздер. Міні...» Отырғандар біртүрлі әңірейісіп қалды. Жербай қиялымен үкімет башысының кейіпіне еніп отыр. – Мені сөйтіп, үкімет басшысының өзі ретінде көріп, сөйлей беріңіздер. Қане? Шешесінен бірнеше қайтара туса да, ешқашан үкімет басшысы бола алмайтынын білетін Жербай, тым болмаса, мына жағдайды пайдаланып, бірер сәт оймен өзін оның орнына қойып, сол болып сезініп бақыт құшағына

енген еді. Содан тамағына сүйек көлденең тұрып қалғандай жаман жөткірініп: – “Аса мәртебелі!” деп бастайсыздар, – дегенде қитар көздері шоқтай жанды. – “Тақсыр” десеңіздер, тіпті жақсы. Ничего такого... бұл кісілер оны баяғыда заслуживал. – Өйтуге болмайтын шығар, – деді Анау. – Неге болмайды? – Жербай ежірейді. – Тақсыр – өткен дәуірлердің әуені. Ал біздің басшылар мына заманның өркениетті тұлғалары. Осы кезде қайсыбір ұлттық мәдени орталықтың жетекшісі елпең етті: – Жербай Қойтайыш, мен бастайын ба? Ананың қолындағы әлденеше парағы көрінгенде, Жербайдың екі беті жаман ісінді: – Слушай, алдағының бәрін оқисың ба? – Тағы аздап қосарым бар… – Ойбай, прекрати. Екі-үш мөйнут. Екіүш... Екі... Жетекші қағазына үңіліп оқи жөнелді: – Аса мәртебелі... То есть, Жербай Қойтайыш! – дей беріп еді, екі арадан сілеусін көз, сарыжалақ киіп кетті: – Менікі сол екі-үш минуттық. – Көрші, – деді «үкімет басшысы». Сарыжалақ шын мәнінде үкімет бас­ шысының алдында отырғандай галстугын түзеп, тамағын кенеп, қағаз ұстаған қолдары дірілдеп, жазып алғандарын судыратты кеп. Белгілі жайлар, айтыла-айтыла жауыр болған тілек, алғыс, сендірулер...

Алты минутта әзер оқып бітірді. – Айналайын, андағының үштен екісін құрт, – деді «үкімет басшысы». – Қазір осы менің көзімше. Давай, сөйт. Кезек әлденеге алаңдап, күйзеліңкіреп отырған күйшіге жетті. – Қане, сіз не айтасыз? – Күй тартамын, – деді анау. – Соңғы екі күйімді. Жербайдың тамағына қол басындай құрт тұрып қалғаннан бетер демі түгесіліп, екі шықшыты бұлтиып, жарылуға шақ қалды. – О, қай сөзіңіз? Күй тартқаны несі?! – Күйшімін ғой, енді. – Құдай-ау, аймақтың мәдениеті жайында айтпайсыз ба. Қанша кітапханамыз бар. Мәдениет Үйінің саны қанша... – Кітапхана дегенде, оның ішінде барын ана жылдары кім көрінген үптеп кетпеді ме. Мәдениет Үйлерінің қаншасының қолды болып, шайхана, астық қоймасына айналып кеткенін дәл біле алмаймын, айналайын. – Оны қойыңыз, ойбай... Қайтардық қой біразын. «Мәдени мұра» жылы болса мынау... Қарадай қараң қалдырып, құдай-ау, не болды сізге? Жербай ызадан ошақтағы оттай өртенді. «Үкімет басшысы» болып отырған кейпеттен дым қалған жоқ. «Мына күйшің... Кісі деп жүрсе, қып-қызыл қырт екен ғой. Осыны зиялы қауымға қосып... Жатса да, тұрса да домбыра сабалап жүрген дуана не біліп, не қояды.

Отырысын қарашы сексиіп... Құдай біледі ғой, қазір бар ойы – концерт.

Дыңғыр-дыңғыр... Ит-ай!». Осы кезде: «Жербай Қойтайыш, мені тыңдаңыз­шы,– деп аймақтағы мәдени орта­ лықтарының біріндегі, кеудесі баяғыда солып қалған, ешкі сирақ ескі әйел қолын көтерді: кезінде комсомолдан бүршік жарған, компартияда гүлденген, биліктің тұр десе тұратын, жат десе жататын «Әр қашанда дайын­быз!» ұрғашысы заулатты. “Аса мәртебелі, асқан кемел, ардақты да қымбатты”-ларды біраз тізіп алып, ары қарай жұмсақ жорғалап берді. Оның өңінде де, түсінде де көретіні, өңінде де, түсінде де тәңірден амандығын тілейтіні – үкімет басшысы екен. – Міне! – деді Жербай жағал қанат қораз секілді екі қолын бірдей қопаңдатып. – Міне, сөз! Вот так надо! Точно, так! – Үкімет басшысы дәл осы сөздерге зәру ме? – деп Анау Жербайға суық қарады. – Мына жалпаңнан қарадай көңілі қалады ғой. – Сонда сіздіңше қалай сөйлеу керек? Қане, сөйлеңізші өзіңіз. Көрелік. – Не деуім керек сонда? – Ойбай, құдай! Сізді білдей қаламгер деп отырған жоқпыз ба. – Деп отырсаңдар, не айтып, не қоятынымды өзім де білетін шығармын. Маған репетицияларыңның қажеті қанша? – Жо... жоқ. Так нельзя. Болмайды. Не айтып, не қоятыныңызды біз алдын ала білуіміз,

необходимо. Тут вопрос политически. Для нас случай особый, ағайын. – Мен қазір айтқанымды ертең басқаша айтуым мүмкін ғой, – деді Анау. – Өйтуге категорически болмайды. Самодеятельность исключено. – Сонда сен мені жаттап алып сөйлейтін жалдамалы тамада деп отырсың ба? Жербай күмілжіді: – Сіз дұрыс түсініңізші... – Түсінетін түгі де жоқ. Мынауың ұят. Сонда қашан кісі боламыз? – Сізше емес екенбіз ғой. Өңшең ит отыр екенбіз, ә, мұнда, – деп Жербай кекесін үнмен кегежесі кері тартты. – Жарай...д. Осы кезде сөзге күйші киліге кетті: – Күйі, әнін қосқанда қырық шақты шығармам бар. Еңбегі сіңген мәдениет қызметкерімін. Жас болса мынау. Ал басымда өңі бүтін баспана жоқ. Бәрін қойып үкімет басшысына мен осыны айтсам… – Қай сөзіңіз андағы, а? – Жербай орнынан тұрып кетті. Сорлының бойы отырған креслосынан сәл ғана биік екен. – Құдай-ау, үкімет басшысының басын үй-пүймен қатырамысыз сонда. Немене ол кісінің басқа шаруасы жоқ па, а!.. – Жағдайымызды білмесе, жағдайымызды айтпасақ, не үшін керек бұл кездесу? Қажеті қанша? Жербай үкімет басшысының пықитықимен басын ауыртуға, уақытын алуға

болмайтынын, кезегі келіп тұрғанда оның көсемдігін ардақтап, шешендігін әспеттеп жіберу, ел болып шексіз алғыс білдіру, шексіз берілгендік көрсету қажеттігін тағы қайталады. – Кездесуге өстеді деп сіздерді қалың жұрттың ішінен іріктеп алдық қой, – деп ентікті. – Үкімет басшысы да ет пен сүйектен жаралған. Сіздер сөйлегенде оның дем алып отырғанын ойлайық. Шаршатып алмайық. Осылай дегенде, шыны ма, әртістігі ме, даусы қатты қамығып шығып, көзі жасаурағандай болып, көңілі босап кеткендей сыңай байқалды. – Көди-сөдиді көңірсітіп мезі етіп алмау қажет, – деп қамқорсыды сосын. – Адамның тұрмыс жағдайы қалайша көди-сөди?– деді Анау. – Не істелініп, не қойса да, әуелі адамның жағдайы үшін жасалмай ма? Олай емес екен, несіне отырмыз. – Жетер, жетер... – деді мыналардан шаршаған Жербай. – Қазақ осы... қу далаға лағимыз кеп... Отыр ғой, міне, мына кісілер бүйректен сирақ шығармай-ақ. Солай деп қымбат сигареттің бір талын езуіне қыстырып, өзін үкімет басшысының орнына қойып отырғаны есіне түсіп, ар жағынан «Шіркін-ай! Құдайдың құдіретімен үкімет басшысының өзіне… тіпті Президентке айналып кетсем ғой”-ы қайта гөй-гөйледі. Қолдан келмейтіндей не сонша... Әңгіме бақта. Бақ қонса, немене ... Анау, әлгі, Абылай... Әуелде бидің түйесін баққан құл еді. Бақ қонды...

Бірақ, осы бақ дегенің қай тұста, кімнің айналасында жүретін құдірет?.. Бұл ғой әлі күнге бір аймақтың біріншісі бола алмай қор. Жоғарыдағы екі туысының болдырамыз десіп сендіруі сұмдық еді, осы күні шығып жүрген сөзге қарағанда, олардың өздерінің жағдайы мәз емес. – Осылай отыра береміз бе? – деді күйші тыпыршып. – Бүгін концертке қатысатын едім, дайындығым бар. – Көке, сіз де болмай қапсыз, – деп Жербай аяғының астындағы қоқыс тастайтын тор шелекке қарай шырт түкірді. – Аса маңызды саяси события әне-міне-леп тұрғанда, нағылған концерт! – Қит етсе, концерт қойыңдар, концерт, концерт деп жүрген өздерің емес пе. Концерт қоймаған жер қалдырмай, қанша жылдан бері қара терміз. Облыста да, ауданда да, ауылда да күнде концерт... – Ақсақал, ақсақал... – Жербай қалам­ сабымен столды тық-тық ұрды. – Көр-жер әңгімені қайтеміз. – Жер-көкті кеулеп бара жатқан жосық­ сыздық көп. Ойға келгенді істеп... Пәле ғой жатқан. Баяғыда...– деп күйші ары қарай тебіне беріп еді, Жербай: – Баяғыңыз құрысын! – деп, столын алақанымен салып қалды. Сөйтті де, өкпелі үнмен: – Бұларыңыз қа­лай? – деді. – Мүлде дайын емессіздер кездесуге. Сіздерге зор сенім көрсетіп... Үкімет басшысын

қуаттайтын, қуандыратын сөз айтады дедік. Аймағымыздың жетістігін... Ведь, жақсы ісіміз уйма ғой. Бәленбай ұлттың бейбіт қатар татутәтті өмір сүріп жатқанын былай... – Осы көп ұлтты деген күлбілтелеңді қоятын уақыт жеткен жоқ па? – Ананың суық қарасы өңменінен өтіп кете жаздады. – Қазақстанда қазақтан басқаның барлығы – диаспора. – Ондай официальное определение әлі жасалған жоқ, – Жербай суық сөйледі. – Так, что, по существу сөйлейік, туысқандар. Қазіргі әңгімеден

жасайтын қорытындым: дайындықты күшейтейік. Ертең осы уақытта тағы жиналамыз. Күрді мәдени орталығы сіз жаңағы сөзіңізді едәуір қысқартыңыз. Орыс, украин, башқұрт-татар орталықтары да ықшамдаңыздар. Сосын дикцияларыңызды нетіңіздерші... Дауыстан асқан қанағаттанған сезімнің қуанышты лебі есіп тұрсын да. Айтып, айтпай не керек, Жербайдың репетиция­сы сөресіне жетті-ау деген кезінде, үкімет басшысы да кеп қалар күн есік қақты. Жербайдың біріншіге жасаған баяндауында – кездесуге іріктелген адамдар суытқан аттай. Тек... Тек дегенде, әлгі Анау соңғы күндері дайындыққа келмей қойған. Оны Жербай ішінен бүгіп қалды. Себебі деген сұраққа қайдағы бір бәлесіне қаламын ба деп сескенген. Оған қарсы қолданған шаралары – сөз кезегін жеткізбеу. Ол үшін ұлттық мәдени орталықтардың үстінен қарайтын ешкі сирақ ескі қатынмен оңаша сөйлескен. Сөйлескендегі

тапсырмасы: орталық жетекшілері сөзді бірінен кейін бірі дереу жалғап кетіп отырсын... Сонда анаған уақыт жетпей қалады. Билік пен комсомолдан тақымдасып, компартияда қилы-қилы бүгерлеп қалыптасқан қара қатын күлмеңдеп, «Әрқашан да дайынбыздың!» кейпін көрсетті. Күйшіні ғой икемге келтіріп тастады. Ипотекаға берілетін үй салынып жатқанын, содан бұған пәтер жағынан көмек болып қаларын құлақ қағыс етіп еді, домбырашың: «Е, сөйтсеңдерші, сөйтсеңдер айтқандарыңа көніп, айдағандарыңа жүре береміз ғой, айналайындар-ау!» деп елпеңдесін... Әртіс қой, әртіс болмаса, өсте ме деп ойлаған сол сәтте Жербай, алдай салуға оңай бұларды. Ә десең, да...а десіп, иланып қалады. Апталап күткен сәт те келіп жетті-ау. Үкімет басшысының зиялы қауым және мәдени орталықтар жетекшілерімен кездесуі сағат екіге белгіленген. Жербай тиісті адамдарды сағат он бірге жинады. Күн шыжып тұр. Еңселі ғимараттың алды ығы-жығы. Түрі де, мазмұны да жеке-жеке ұлттық топтар, әлем-жәлем киінген көркемөнерпаздар

мүшелері шаңқайған күннің астында үйме-жүйме. Жербай мен оның нөкерлері шаң боратып біресе ана, біресе мына шетке шығады. “Былай тұрыңыздар, олай тұрыңыздар, шетке шықпай қаздай тізіліңдер. Вот так, вот так...” Зиялы топ тал көлеңкесінде тұрған, Жербай соларға келді ақ тер, көк терін сүрткілеп.

– Мырзалар, орындарыңызға. Топ тура ұмтылды. Анау қозғалған жоқ. – Сіз ше? – Келетіні сағат екіде емес пе? – Болса ше, – деді Жербай жақтырмай. – Сонда бәлен сағат бойы күйген күннің астында тұрамыз ба? – Слушай, сен не, – Жербайдың талағы тарс тарс айы­рылып, – Үкімет басшысымен кездесу саған ойыншық па? – Емес! Бірақ кездесудің дәл қай кезде екенін біле тұрып, бақандай екі сағат күйген күннің астында тапжылмай тұру не үшін? – Вот как! Ладно… Жербай енді қолды бір сілтеді де, ары қарай жүріп кетті. “Көкі” деп барады іштей, пәлсапа бұлардікі... Өкшелері мен құйрықтары жылт-жылт етіп жүріп, шеттерінен философ. Мына ит солардың асқынған түрі. Е, мейлі... Әйтеуір, үкімет басшысының алдында сөз тимей құрыса болды. А то, көкіп... О, құдай сақтасын... Жербайдың осындайда үнемі суыл­дап тұратын жүрегі оқыс бүлк етіп, қуығы сыздап қоя берген. Кейінгі кездері әлденеден қатты секемденсе, қуығы өстетін пәлеге ұшыраған. Мұндай кездері ойлайтын: “Япыр-ау, біздің осымыз не? Жоғарыдан біреу келе жатса, неге ақ тер, көк тер боламыз? Жоғары жақтан ондай нұсқау жоқ қой. Бәрін бүлдіретін өзіміз. Балық басынан шірісе, біз бақайдан…

Енді, міне, ананың да, мынаның да аузынан шығатын сөзді аңды, олай етпе, былай айт деп жан ұшыр, аузы қисайып кетсе, қайтем деп зәр-иманың қалмасын...” Сөйтіп ойлап тұрып және шошыды: “Мұны біреу біліп қойса, құрыдым ғой, құрысыншы…” Бала кезінде өзі туып-өскен темір жол станциясынан ары-бері өтіп жататын пойыздарға қарап, машинист болсам деп армандайтын. Қанша жерді аралар еді... Адам толы қаншама вагонды өзі сүйреп, бүкіл әлемді аралатып келе жатқандай бір ғажайып сезімге бөленетін. Одан мектепте активист болып, әуелі пионердің, одан комсомолдың қилы-қилы шаруаларының алдында жүріп, жиындарға қатысып, пейілі басқа жаққа бұрыла бастады. Бәрінен бұрын керегі, жұрт көзіне түсіп, яғни бедел алған екен ғой деген ойға келіп еді. Институтта топтың старостасы

болып сайланып, оқытушылар түгілі, деканның өзімен қолтықтасып билеп кеткенде, бұл биліктің құдіретін түсінді. Сол сол-ақ екен, вагон толы адамдарға әлемді аралату арманы адыра қалып, алыпсоқ кеудесінің ар жағынан әлемді адамдардың мұны арқалап аралатуын аңсаған ағыс атып шыға келген. Содан келеді қиқулап. Әзірше алдынан абай басып өтетіндер болмаса, арқалаған ешкім жоқ, өзі аспанға бұдан гөрі жақындардың аяққолын уқалап, аға-лап, көке-леп, аузын бағып, аңысын аңдып, әруағын айтып, әмірін күтіп әлтек-тәлтек... Өзің құдай болмаған соң, өстеді екенсің. Орынбасарлық биліктің озбайтын да,

қалмайтын да орта бойлыдан сәл жоғары тұсы екен. “Шешу керек!” деп айтатын бірінші екен де, оны темір ме, қыл арқан ба, тістеп шешетін сен екенсің. Үкімет басшысы дәл уақтысында келді. Ғимарат алды дүркіреп қарсы алды. Кездесуге арналған арнайы столдың төрінде үкімет басшысы. Екі қапталында зиялы қауым өкілдері мен ұлттық мәдени орталықтың жетекшілері, зал іспеттес бөлікте өзге арнайы адамдар. Жербай соның орта тұсында. Жүрегі аузына тығылады. ... Есін ауруханада жиған. Ақ халатты бірнеше адам бетіне үңіліп тұр екен. Дәнеңе түсіне алмады. Қайда, неге жатыр? Кездесу... Үкімет басшысымен… Ұмтылып тұрмақ еді, ақ халатты еркектің біреуі иығынан басты. – Тынышталыңыз. Сізге қозғалуға болмайды. – Не болды? – Жүрегіңіз... Жербай көзін жұмды. Кездесу... Ұлттық мәдени орталықтың жетекшісінің екеуі сөйлеп, үшіншісі ыңғайлана бастағанда, Анау... Қоңыр дауысы құлағында... “Сіз өркениетті басшысыз. Амал не, жергілікті биліктің әр деңгейіндегі сол өнегені сөзсіз жалғастыруға міндетті кейбіреулер әлі қалтаң-селтең, көрбайжербай”. “Жербай” деген сөз естілгенде, Жербай селк еткен. «Мына иттің баласы қайтеді» деп қалды ішінен.

– Келмеске кеткен Кеңес өкіметінің адамның еркіне жол бермейтін, оған не сөйлеп, не қоюды еріксіз тықпалайтын, әсіре патриот, әсіре адал берілгендік, әсіре адамгершілдіктің құйтырқысы бүгін де өрттей лау­лап тұр... Мәселен, аймақтың біріншісінің орынбасары ай бойы Сізбен кездесуде не айтып, не қоюымызды үйретіп әлек болды.

Мына отырғандар, – деп Анау столды айнала отырғандарды қолымен жағалай көрсетіп шықты, – Сізге айтар сөздері бойынша, күн сайын емтихан тапсырды. Тіпті Сізге “тақсыр” деп қайырылуға нұсқау берілді. Үкімет басшысы дереу бойын түзеп алды: – Тақсыр... Аты-жөні бар ма ол орынбасардың? Жербай осы аса зәһарлы дауыстан кейін есінен қалай ауып кетті, білмейді... Ауруханадан ол шыққанда, қазан айы да келіп, дүние салқындай бастаған. Қара қошқыл бұлттар жөңкіліп, шығыстан соққан қатты жел, жапырағы азайған ағаштардың бұтағын аяусыз сілкілеп тұр екен. Қаланы қиып өтіп бара жатқан пойыздың сарт-сұрты құлағына еміс-еміс жетеді. Емісеміс... Жербайдың бар дауысымен еңкілдеп жылағысы келді, жылағысы...

Со жылы Арқарлының асуына қарақұс қаптап кеткен... Кенжеғазының он екі-он үшке келіп қалған кезі ғой, асудың күнгейі мен теріскейінде қызыл қуып, ақ қашқан, ақ қуып қызыл қашқан ана бір қиямет-қайымда да осылай қаптаған, қарақұс. Төмен етектің қойнау-қойнауындағы алақандай ауыл-ауыл ағы келсе де, қызылы келсе де астаң-кестең болып жатып еді, сонда. Атыс-шабыспен ат үстінде жүретін әскердің аранымен айғырлығы жаман болады екен. Ауыл-ауылдың дені малын алдына салып, қыз-қырқынын артына міңгестіріп құмға ауып кеткен. Сонда ғой, ақтың әскері екенін, қызылдың әскері екенін, әйтеуір солардың бірі қаңыраған ауылдың біріне бірер күн аялдап қалған еді. Қыстың қақап тұрған кезі. Қарындары ашқан шығар, Кісі иесі

Арқарлыдан аң қағып, асудың асты-үстін апай-топай етті ғой. Еті жеуге жарайды, жарамайды деген жоқ, көздеріне түскенін атты, қуалап жүріп жер қаптырды. Қайсыбір күні, тарс-гүрс етілген мылтық даусына елеңдеп диірменнің қасында қалқайып тұр еді, қарсы қапталдың қалың қарын қақ жарып өзіне қарай тұра салып келе жатқан қасқырды көрді. Тайыншадай көкбөрі со бойы мұның дәл жанынан ағып өтіп, есігі ашық тұрған қораға қойып кеткен. Бауырына түгел мұз қатқан қасқыр қораның қараңғы түкпірінде екі бүйірін соғып тұрды. Қанды көзі боп-боз. Ырылдай ма, қыңсылай ма үні біртүрлі аянышты. «Жансауғалап келдім» дейтін сияқты. Бұл есін жиып болғанша, үш-төрт әскер де келіп қалған, дүние көшіріп. Қандай құдіретті сөйткізді ме, «Былай қарай ағып өтті» деп қуғыншыларды басқа жаққа сілтеп жіберген. Қораға қайта кірсе, қасқыр жоқ, қай жағынан қашан, қайтіп шығып кеткенін байқамады. Сосын таң қалғаны, үйдегі екі төбеттің үрмей үнсіз қалғаны. Тіпті, құйрықтарын бұттарына қысып, төмен етектегі жыраға түсіп кеткен... Өңі ме, түсі ме? Түсі дейін десе, ояу. Өңі дейін десе, кісі сенетін емес. Содан бұл туралы осы күнге дейін жан адамға тіс жарған емес. Күлер, деді. Аздап ауытқыған деулері де әбден мүмкін. Кейінірек сол көкбөрінің бірді-екілі түсіне кіргені бар. Көреді, бірақ не болып, не қойды оянғанда есінде қалмайтын...

Содан осы жұттың дәл қарсаңында түсіне кірген. Ой, сұмдық-ай, мұның тана-торпақ, қозы-лағын қорасына қуып кіргізіп, көкке қарап ұлып тұрды. Бірақ үні естілмейді. Бұл шошып оянып еді. *** Сондағы жасөспірім

Кенжеғазы енді ер азамат болғанда Арқарлының асуын сол жылдары қаптаған қарақұс, араға уақыт салып одан қалың болып қаптайды деп қаперіне алса, қане... *** Қалың қара құс пен Арқарлы артта. Көктеменің жылымығы; жердің лайсаңы енді-енді дегдіп, беті кеберси бастаған. Арба жолдың бойымен екеу келеді. Кенжеғазының иығында ала қоржын, қолында ұңғысы ұзын қара мылтық, әйелінің арқасында бала. Үлкен орамалмен шандып байлап алған. Жолға ертелетіп шыққан. Күн тас төбеге таяп қалды. Жүрістері өнбейді; қыбыр-қыбыр. Асудан көп болса, бес-алты шақырымдай ғана ұзады. Көздері алдарында жатқан ұзына бойы қайдан басталып, қайда тұйықталары белгісіз белдеу қыратта. Соған жетсе, ар жағында үлкен қара жол бар. Оған дейін де мына секілді мижазық қара дала. Сол еске түскенде, «Е, құдай өзің жар болмасаң...» деп қалады екеуі тең. Бұлардың жалғыз үміті қара жолдың

бойындағы бекет. Сонда әйелдің нағашы ағасы тұрады. Лау ұстайды. Ішім-жемнен кенде болмаған адам. Қазір, бірақ, кім білсін. Ашаршылықтан жұрттың түгел дерлік қазаны төңкеріліп қалған жоқ па. Деуін десе де бұлардың басқа барар жері, басар тауы, қане. Ала қоржында диірменнің түкпіртүкпірінен сыпырып, көк иісі аңқыған астық қалдықтарынан тартып алып, қыстай үнемдеп жегеннен қалған талқандары, қыста атып алған құлжаның шамалы еті бар. Пісіріп алған. Арқадағы бір жасар бала қыңқылдай бастаған соң, оған өздерінің де діңкелегендері қосылып, аяқ суытуға тізе бүккен. Балаға талқан шайнап беріп, өздері арқар етінен аздаған кесегін ауыздарына салып, жұтып жібермей, жайлап сорып отырды. – Құдайдың құдіретінен, айналайын, – дейді әйел. – Нені айтасың? – еркек еңсесін тіктеді. – Құлжаны кезіктірген... – Оның рас. – Жалғыз өзі... – Үйірінен бір себеппен бөлініп қалған-ау. – Өлмегенге өлі балық... – Ал бізге бұйырғаны құлжа. Қоңыр құлжа. *** Қаңтар айында-ақ, қарашаның соңында сойып алған жалғыз тайыншаның еті еңсеріліп бара жатқан. Ендігі жерде қалғанымен жазға жету неғайбыл болатын. Арқарлының аң-

құсының ия қырылып біткені, ия ауып кеткені белгісіз, басқасын айтпағанда кекіліктің қақылы да естілмей қалған. Сонда да Кенжеғазы бір үміт, бір дәмемен ұзын қара мылтығын көтеріп, аң қарап шыққан. Сонда көп ұзамай, тереңдеу жыраның тар қолтығында тұрған арқарды көріп, қуанғанынан құлап қала жаздап еді. О, құдай бұл қайдан жүрген арқар деп ойлады. Арқар үйірі асуды жаз жайлап қыстың алғашқы айында-ақ Хан тауына ауып кетуші еді ғой. Жоқ, жәй елес пе? Көзін қармен сүртіп, қайта-қайта қарады. Құлжаның бауырынан ішегі шұбатылып, шие сабақтың бұтағына оратылып қалыпты. Әбден әлсіресе керек, төрт аяғы төрт жағына жайылып, басы аспанға қарай қайрылып тұр. Әлденеден қатты үркіп тұрған сыңайлы. Неден? Кенжеғазы баспалап арқардың айналасындағы жыра-жықпалды, бұтабұтаны әбден тінтіп қараған. Қылтың еткенді қалт жібермейтін аңшының қырағы көзі бейсауыт ештеңе аңдай алмады. Болған күнде де бұған келіп-кетері жоқ. Ішегі шие сабақ бұтағына оратылған, өзі де әбден әлсіреген құлжаны жалғыз атып, жалпасынан түсірген. Ұзынынан сұлап жатқан арқарды келіп қарағанда көргені атқан оғы өзі көздеген мойын түптен тиіп ар жақ шықшытын талқандап кетіпті. Ал ішегі шап жағынан шығып жатыр еді. Бұл арқардың өздігінен бұлай жараланатынын естіген де, көрген де емес еді. Оқ

тиіп жарылған дейін десе, бұл өңірде өзінен басқа аңшы жоқ, қасқыр тартса, ит таласа, неге жемеген? Ары қарай басын қатырмады. Құдайдың берген несібесіне есі шыға қуанып, құлжаның санын сан, қолын қол етіп жатты. *** – Құдай ісімізді оңғарса екен... – дейді әйелі қамығып, – сөйте ме? – Қамыға берме. – Әйтеуір, аз да болса, тіске басарымыз бар. Әсіресе, талқанды айтсаңшы. Жарығымыздың жанын сақтап келеді. Диірменнің арқасы ғой, – деп әйел көз жасын сығып алды. – Атамыздың әруағына ризамын, екі дүниеде... *** Ия, Арқарлы асуына алғаш диірмен салған Кенжеғазының атасы. Диірмен өзені сарқырап ағатын терең шатқалдың ұшар басында. Жарықтық кезінде, бұлар қазір бет алып келе жатқан басы қайдан басталып, аяғы қайда барып бітері белгісіз көлденең жатқан белдеу қыраттың ар жағындағы орыс байына жалданып біраз жыл жүріпті. Пұл тауып, ауылға қайтқанда, жалшы орыстың бірі ілесе келеді. Аңқұмар екен. Арқарлыда арқар өріп жүретінін естіп-білген күннен «кетеріңде мені ілестіре кет» деп жанынан шықпай қойған. Өзі ұста. Қолынан келмейтіні жоқ. Өзен сағасындағы ата қоныстың бас жағынан диірмен салуды ұсынған сол. Содан асудың

ана қойнау, мына қойнаудағы жұрт ұн тартуға жер түбіндегі Көкталға тентімей, астықтарын осында тасып, жырғап қалады. Атадан балаға дегендей, диірмен бұлардың кәсібіне айналып кете барған. Сол орыстан атасы аңшылықты үйренеді. Одан әкесі, әкесінен өзі. *** – Арқарлы бұрын аспанға жақын сияқты болып көрінуші еді, – дейді еркек со жаққа көзін салып отырып. – Енді... Ап-аласа сияқты. Үстінде қалқып жүретін еді-ау... – Құдайға не жаздық? – дейді әйелі. – Не жаздық! – Өйтпе. – Енді кімнен? Әйтеуір, біреуден емес пе, мына жұт. –

Қой, жүрелік, – деп еркек қара мылтыққа сүйеніп орнынан тұрды. – Кел, баланы таңайын, арқаңа. Біраз ұзаған соң сонадайдан, жолдан сәл жырақ, үлкен шоқ қамыс көрінген. Арасында қырғауыл болады, – деді еркек, – бір аралап шықсам жарар еді, бірақ бары үш-ақ патрон, әрі бытыра емес, өң жалғыз оқ. Онымен ұшқан құсқа тигізе алмайсың. Тиген күнде парша-паршасы шығады. Әйел үндемеді. Әркім өз ойымен, қыбырқыбыр. Еркек әйелінің ит жандылығына таң қалады. Сіңіріне ілініп жүргеніне қара­май, қимылы адуын. Арқасында бала, ара-кідік

ала қоржынды да алады қолына. «Кезеккезек көтерейік» дейді. «Әйелдің еркек­тен айырмашылығы қуатының сарқылмайтынын­ да, – дейтін әкесі. – Сарқылмайтыны әйел қуатының көзі – ана сүтінде». Бұл сөзге онша мән бере қоймаған. Оған ашаршылық алқымынан алғанда көзі жетті. Қоңыр құлжаны атып алғаннан соң, бұл біраз сырқаттанып жүрді ғой. Сонда үйдің бар шаруасын жапырып істеген әйелі. Таудың бұтасын шауып, отын етті, диірменнің түкпір-түкпіріндегі астық қалдықтарын қолмен теріп жинап, ұшырды, кептірді, қуырды, талқан қылып тартты. Бала бір жағында. Кір-қоңды жуу, тамақ істеу... Құдайдың маңдайына осындай әйелді тап қылғанда мың мәрте шүкіршілік ететін. Ия, шынында да оны бұған құдай айдап келген. *** Бұлардың диірменіне айналадағы ауылауылды айтпағанда, сонау басы қайдан басталып, аяғы қайдан бітерін бұлар білмейтін белдеу қыраттан да, ол түгілі, оның ар жағындағы ми жазықты көктей өтіп, үлкен жолдың бойынан да қазақтар түйе-түйе астық артып келіп, ұн тартып әкететін. Сонда ғой, мұның осы әйелімен танысып жүргені. Қайсыбір жолы ұн тартушыларға жас қыздың ілесе келгеніне әкесі де, бұл да таңқалған. «Үлкен жолдың бойындағы бекетте лау ұстайтын адамның жиен қарындасы» дескен келгендер. «Қыз баланы ұн тартуға жібергені несі?» деген әкесі.

«Құдай өзіне ұл бала бермесе қайтеді». «Онда өзі келмей ме?» «Өзі лау ұстайды ғой. Ояздың ары-бері хат-хабар тасығандарын күтіп алып, шығарып салып отырады». Сонда қыздың қайратына көргендер қайран қалған. Кез келген астық толы қапты еркек біткенмен бірдей аударып-төңкергенде «Құдай-ау, мынау баяғы қалмақпен соғыста туса, кез-келген батырмен жекпе-жекке шығатын қыз ғой» десіп, тамсанған. – Сымдай бұратылған айналайынның қуаты қай жағында?» Екеуі бір-бірін ұнатып қалып, әкесі бекеттегі лаушыға құда түсіп барып, бастарын қосып еді, көп ұзамай. Бұлардың ешқайсысы осынау бақыттың соңында мына жан-жақты жаппай жалмаған жұт – ұлы ашаршылықтың әне-міне келерін білген жоқ еді... *** Шоқ қамыстың тұсынан өтіңкіреп кеткенде... Одан бері шығып келе жатқан үш өрімөрім сұлаба көрінеді. – Ойбай, аналарды қара, – деді әйелдің даусы бұзылып. – Көрдім. – Соңымыздан өңмеңдеп... Онысы несі? – Біз сияқтылар шығар. – Өрім-өрім... Қорқам... – Жүре берелік, қорықпа. Шынында да соңдарындағы үшеудің өңмеңдеулері жаман еді. Бірте-бірте таяп та келеді.

– Әй, тоқтаңдар, – деп қырылдап шыққан дауыс үзіліп-үзіліп жетті бұларға. – Аман қалғыларың келсе, баланы тастап, өздерің кете беріңдер. – О, не? – әйелдің көзі алақтап күйеуіне қарады. – Не дейд, ойбай! Қара көрсетпей қаша жөнелер қауқар қайда. – Естідің бе? – әйел даусы жан ұшырады. – Естідім. – Құлынымызды қайтеді? – Сен жүре бер, – деді еркек әйеліне. – Тоқтама. Жүре бер. – Өзің ше? – Қуып жетемін. Артына айбарланып бұрылды. Аналар дауыс анық жетер жерге дейін келіп қалыпты. – Әй, сендер, кімсіңдер? – деді мылтығын алдына көлденең ұстап. – Баланы тастаңда­ рың не? – Жан керек боса, тастайсың. – О, қай далбасаң? – Не естісең, сол. Таста баланы. Өздерің кете беріңдер. – Өйтіп, құдайдан безбе! – Көрсетші қане көзіме, оның өзін екі шайнап, бір жұтайын, – деді қаба сақалды өңкигені. Бұл қара мылтықты кезенді. – Жайратып саламын, ит! – Ат, – деді анау, – жайрат! Өйтпедің бе, далбасаламай баланы тастап кет, бізге.

Еркектің шүріппені басып жіберуге дәті бармады. Жалт бұрылып, шамасы келгенше әйелінің соңына қарай ентеледі. Ол біраз ұзапты. – Тоқтама, кете бер. Тоқтама, – деген әзер-әзер демігіп. Онысын әйелі естіді ме, жоқ па, білмейді. – «Тоқтама да, тоқтама-сын» қайталай берді. Жан дүниесінде жанып-сөнген оттың қоламтасындай ғана бар қызуы лезде жым-жылас жоғалып, өн бойы түгел суып, дірдек қағып қалған. Әл-дәрмені түгесіліп барады. Артына қараудың өзі өлердей үрей. Өңмеңдеген сұмпайылар, әне-міне келіп бас салатын сияқты. Ол ашаршылық дендегелі адамды адам жеп жатыр дегенді естіген. Әуелі сенбеп еді. Құлжаны атып алғаннан кейін мән-жай білмек болып, етектегі ауылға түскен. Сонда... Шағын ауылдың адамдары аштан қатып қалыпты. Кенет ауылдан сәл аулақта албажұлба бір топтың лапылдаған отты шыр айналып жүргеніне көз түсіп, қайнап жатқан қазан ернеуінен баланың білегін байқап қалған. Есі ауып құлап қала жаздап еді. Тауды бетке алып тұра қашқан. Үш күн құсқан. – Аман қалғыларың келсе, тастаңдар баланы, – деді соңындағы қаба сақалды өңкиген. Қырылдаған үніне ырыл ма, соған ұқсас жексұрын бірдеңе араласқан. Қалай болғанда да оның үні таныс сияқтанды. Өңкиген өн бойы да. Қалбаңдаған жүрісі... Япыр-ау... Бұл... Сол ма?..

– Кімсіңдер, осы? – деп дауыстады. – Шаруаң болмасын, онда. – Дауысың таныс, біртүрлі... – Е, мейлі. – Білем, сені, – деді бұл. Өтірік айтты. Сөйтсем, өңмеңдегенін қояр деп ойлады. – Білсең ше, – деді анау. – Тоқта де, қатыныңа. Ей, мынау... Мынау... О, құдай... Қозыбас... Ия, сол ғой... Өзі... Лезде біртүрлі қуанып та қалғандай болды. – Оу, сіз... Қозыбас аға... – Баланы тастап кетіңдер деймін. – Аға-ау, мен Кенжеғазымын ғой. Нубай көкеңіздің... – Мейлі, – деді анау. – Шаруам жоқ онда, баланы тастаңдар. Болмаса, қатыныңмен қоса өзіңді де... Өліп барамыз, ит. – Кенжеғазымын деп тұрған жоқпын ба? Диірменші Нубайдың... – Нубай-субайыңмен құры. Тоқта де қатыныңа. Әйелі жаққа көз салды. Шамалы ұзапты. Мынадан еш қайыр жоқтығына көзі жетіп, мылтықты амалсыз шошаңдатты. Кезеп, қорқытқан түрі. Сескенер деді. Тұрып қалар деді. Сонда қатын-баласы ұзап кетер деді. – Атып салам, қазір. – Сөйтсеңші, иттің баласы! – деп анау баяғысынша өршеленіп келеді. Дереу мылтықтың дүмін иығына тіреп, бастарынан асыра шүріппені басып жіберді.

Қапелімде сасып қалды ма, өңмеңдеген үшеу орындарында сәл сілейіп, тұрып қалған. Бұл аналарға көрсетіп, мылтыққа келесі патронды салды. – Енді дәлдеп атамын, – деді, – жан керек екен, қалыңдар солай, қозғалмаңдар. Өзі қатын-баласының соңынан ұмтылған. Енді ілесуге батылдары жете қоймас деп сенді. Сүйретіліп келе жатып ойына не келіп, не кетпей жатыр. Анау... Қозыбас... *** Қозыбастың бұдан мүшел жас үлкендігі бар. Әке-шешеден ерте айрылып Түменбай молданың боса­ғасында жүрді. Соның дәрет суын жылытып, отымен кіріп, суымен шығып өсті. Ескіше хат таныды. Әлдебір балшабек келіп, темір жол салуға елді насихаттағанда соған ілесіп кетті де, бірер жылдан соң оралып, жаңа ашылған кәперәтіп дегенді ұстады. Көп ұзамай істі болып қалды. Тексерісте кәперәтіптің дүниесі кем шығады. Қаңтардың қақаған аязды түнінде бұлардың терезесін келіп қақты ғой, ол. Өңкиген неменің қан-сөлсіз ұсқынына үңіліп отырып, әкесі сұраған: «Өкіметтің дүниесіне неге қол салдың?» «Көке, мен емес. Имандай шыным». «О, қай сөзің?» «Ауданға тасыдым». «Ол не дейді?» «Кім?» «Аудан». «Жуытпайды. Куәгерім жоқ». «Онда кімге өкпелейсің». «Ешкімге». «Өзіңе де ме?» «Өзіме... Одан не шығады». «Ал, мына қашып-пысқаныңнан ше?

Өкіметтің құрығы ұзын». «Үш жыл қолдарына түспесем, іс өзінен өзі жабылып қалады екен». «Бақандай үш жыл... Қай көтке тығыласың?» «Ақпанның аяғына дейін паналатыңыз. Ар жағы... Құмға сіңіп кетемін, жоқ десеңіз, ұстап беріңіз өз қолыңызбен». Әкесі оны қалдырды. Күндіз, таң қылая ақ киізден басқан жер сызатын кебентайын кигізіп, қойнына тіске басар тығып, тауға жібереді, түн ортасында бас­палап келіп, қорадағы аздаған уақ-жанның арасына келіп жатады. Аракідік ауыл сәбет милициямен ат ойнатып келіп тұрады. Сұрайтындары: «Қозыбас қашқын көздеріңе түскен жоқ па? Пендешілік жасап жасырып жүрген жоқсыңдар ма? Өйтсеңдер статья жаман». Қозыбас түн ортасында таудан оралғанда, тамақ ішіп отырып әкесімен күбір-сыбыр әңгіме айтатын. Сонда ұққаны кәперәтіптің дүниесін аудандағы дөкейлерге тасытқан осы ауыл сәбет... Оң мен солын танып қалған бұл әкесінен сұрайды: «Көке, бәлесіне қалмаймыз ба?» «Біліп қойса, қаламыз». «Онда неге?..» «Басына іс түскенге жамандық істеуге болмайды. Обал, сауабы бар...» Содан көктемнің жылымығы білінісімен Қозыбас бір түнде жоқ болып шыққан. Әкесі екеуі екі-үш күн айнала-төңіректі түгел сүзіп шыққан. Жаман ойлары: оқыс жазым болып, бір шұқанақта не өліп, не мертігіп жатқан жоқ па? Өйтпесе, қайыр-қошты неге айтпай

кетті. Не қылса да әйтеуір, Қозыбас із-ғайым жоғалған. Енді, міне. Көктен түсті ме, жерден шықты ма? Дәржінің құмы сақтаған ғой, жанын. Сірә, жер-көкті жайлаған ашаршылық шығар оны қуып шыққан. Жан сауғалап Арқарлыға оралған ғой. Одан не табады. Ауылауылы аштан қатып қалған жоқ па. Енді мынау шоқ қамысты паналап, жол торып... Біраз ұзаңқырап кеткен әйелі артына жалтақ-жалтақ қарағыштайды. Бұл қолын алға сермейді. Кете бер, тоқтама, дегені. Аналар қайта аяқ басқан. Сол сүйретілген қалыптары. Аштықтан әлсіреген. Әйтпесе, аттап-бұттап жетіп келмес пе еді. Соңына үрей түскенді кім көріпті. Қуғынның сұмдығы сол үрей болар. Әнемінелеген қорқыныш жанын жеп, дәрменін тауысып барады. Аяғы өзіне бағынуды қойған. Әлтек-тәлтек. Әйтеуір медеті – құтылып кетуден дәмелі. – Әй, әй, – деп қатар қырылдады аналар. Қолдары ербеңдеп, мұның ту сыртын көрсете береді. – Не! – деп бұл да артына жалт қараған. Сұлап жатқан сол құладүз. Қыбыр еткен дәнеңе жоқ. Аналардың қолдары ербеңдеп, сілейген қалыптары. Көздеріне сірә, қос көрінген. Әлде шатаса бастады. Таң қалғаны, жып-жылы әлдене арқасынан сипағандай болды. Соның жылылығы тұла-бойына тарап, аяқ-қолының дірілі сәл басылған сыңайлы. Ол алғаш рет адамның күш-қуатының, сабыр-төзімінің

тылсым бір демеуі болатынын сезінді. Оның қайдан келетінін, қалай болатынын әрине, білмеді... Бұл өзімен-өзі болып тұрғанда соңындағылар ес жиып, ентелеп кеп қалыпты... – Қозыбас аға, қалыңыздар, – деген бұл. – Сабыр етіңіз! – Көп сөзді қой, сен. Айтқанды істемесең өлтірем ит, болмаса ат, бізді. – Қалай?.. Сізді... Адамды... – Көріңді ұрайын, көп сөзді қой да, көзде, қане. – Көздей алмаймын. – Онда көтіңді қыс та, айтқанымды істе. – Жасаған жақсылығымыз қайда. Жасырып едік қой, бір қыс. Жақсылық жадыда қалмай ма? – Өліп бара жатсаң бәрін де ұмытасың, ақымақ. Енді шыдай алмаймыз. Айтқандары рас болу керек, ендігі жерде бері қарай далбаңдап ұмтылулары жаман. Шошып кетті. Мылтығын қайта кезеген. Кезеп тұрып: – Енді аямаймын, – деп бақырды. Оны елейтін аналар болмады. Тіпті, өршелене түседі. Қара мылтықтың ұзын ұңғысын үшеуіне кезек-кезек кезеді. Гүрс етті. Бірақ, тағы да далаға кетті, оғы. Дәлдеп атуға тағы да бір күш жібермеді. Тағы да дәті бармады. Бұл жолы аналар алғашқыдай мылтық оғынан сескеніп, тосылып қалған жоқ.

Тіпті, елең етпеді. Керісінше, өлімге өздері ұмтылғандай өңмеңдей түсті. Кенжеғазы бар үміт, сенімінен айрылып, есінен мүлде ауып бара жатқандай еді. Не істеу керек, қане? Үш патроны бар еді ғой. Мына үшеуін сол үш патронмен бағана-ақ неге жайратып салмадым деп өкінеді, енді. Сөйте алмады емес пе. Қандай да құдіретті бір күш жібермеген оған. Мылтықпен қорқытыпүркітіп, беттерінен қайтарам ба, тоқтатып тас­таймын ба деп үміттенген. Араны ашылып

кеткен қу құлқын құдайдан да құдіретті екен. Құдайдың өзі де тоқтата алмасын білмепті. Соңғы патронға қарады. Өлердей өкініштен өзегі өртенді. Өкпесі қысылды. Самғап ұшып шығар саңылау іздейді. Адамға мүмкін емес нәрсе жоқ демеуші ме еді, әкесі. Қыл үстінде тұрған қысылтаяңда естігенді естен тандырар ерік-жігерің болсын деген. Ия, ия, сөйткен... Түйсігінен төбе шашын тік тұрғызған, әрі таң қалдырған, әрі қуандырған да сияқты мүлде тосын, күтпеген, білмеген оқыс ой қылаң берген. Енді содан айрылып қалмау үшін жан ұшырды. Жан ұшырып тұрып, әжептәуір ұзап кеткен қатын-баласының соңынан қарады. «Алдарынан жарылқай гөр» деп күбірледі. Қара мылтық дүние көшіріп, гүрс еткен... *** Әйел біраз ұзаған еді. Жайдақтау сайға жеткен. Жылтырап жіп-жіңішке су ағып жатыр. Таңдайы құрғап келе жатыр еді. Татып көрсе, суы ащылау екен. Сонда да екі-үш жұтты. Арқасына таңып алған нәрестесі үнсіз. Аман екеніне жотасын жылытқан демінен білінді. Шешіп алып, сәл белін жазбақ болып, бойын тіктей беріп еді... О, сұмдық. Анадайда арса-арса көкбөрі тұр, бұларға үңіліп. «Кет-әй! Кет!» деп шыңғырып жіберді. Бірақ, өз даусын өзі естіген жоқ. Жанұшырып жанжағына қараған. Қу медиеннен өзге көзге ешнәрсе көрінбейді. Күйеуі қайда?.. Қайтті,

ол? Мылтықтың екі рет гүрс еткенін естіді ғой. Екеуін жайратқан шығар. Үшіншісін... Патроны үшеу емес пе еді. Оның атылғанын естіген жоқ қой. От алмай қалды ма... Дәрісі немесе пестоны дымданып қалса, сөйтетінін білетін. Қасқыр сол қалпы. Орнынан тапжылмай үңіледі. Бұл бұрыла берсе, артынан келіп бас салатын секілді. Не істерін білмей, буын-буыны құрып, көзінен жас парлады. Баласы да қимылдай бастаған. Кенет көкбөрі теріс қарап шоқиып отырды. О, несі? – деп ойлаған, зәреиманы қалмай тұрған әйел дәнеңе түсінбей. Со кезде қоржынын тастап кету келді ойына. Соның ішіндегі барын жеп, жөніне кетер деп үміттенді. Тамақсыз өз күндерінің қалай болары қаперіне де кірген жоқ. Қоржынды тастады да апыл-тапыл алға басты. Со кез атылған мылтық даусы еміс-еміс естілген. Дереу тоқтай қалып, артына жалт қарады. О, Құдай, көкбөрі орнында жоқ, жым-жылас. Қоржын орнында. Мылтықтың даусынан безіп кетті, сірә, деп сенді. Және ойлаған: күйеуі аналардың үшіншісін де жайратты. Өлтірді. Кісіні. О, Құдай... Бұл не сұмдығың еді... Неден жаздық саған... Неге мәжбүрледің адамды адам жеуге, адамды адам атуға... Басқа жолын қалдырмағаның не. Амалын мүлде тауысқаның қалай?.. Күйеуімді кешіресің бе енді?.. Қоржынына қайта оралды. Қыңқылы көбейген баланы арқасынан босатып алған. Әуелі оның аузына қозықарынға құйып алған

қайнақ судан тамызды. Сосын, талқан шайнап беріп отырды. Шайнап отырып, өзі де жұтып жібере жаздайды. Тым құрыса бір жолы. Бірақ өйтуге дәті бармайды, осы келе жатқан жолында бойына біткен бір тосын шыдам, ерекше ерік оған жібермейді. Тек ашылған қоржын аузынан қақталған піскен еттің исіне елти береді. Тым құрыса бір кесегін аузына салуға үздігіп тұрып, іркілді. Күйеуінсіз... Келеді ғой, енді. Қуып жетеді. Сонда... деп күбірлеген. Тоса тұрмақ ойда. Әй! Әй... тағы да оқыс шыққан дауысын өзі естімей қалды. Баласын бауырына қатты қысып, сілейіп қалған. Анадайда жаңағы көкбөрі. Көктен түсті ме, жерден шықты ма? Жоқ әлде... Көзін апыл-ғұпыл сүртіп, кең ашып қараған. Ия, сол. Арса-арса көкбөрі. «Не керек, саған, – деп бақырды. – Кет! Жоғал!» Өзі дереу жиналып, баласын арқасына әзер таңып алып, тұра жөнелді. Қоржын жайына қалды. Тек дорбадағы талқанды іліп әкетті. Қанша жүрді білмейді. Ара-арасында артына қараса қасқырдың қарасы көрінбеген. Қоржындағыны жеп жайына кеткен шығар... Өліп-талып жатып, есі кірерлі-шығарлы басы мен аяғы қай жерден бітетіні белгісіз көлденең қыратқа күн ұясына қонуға аз қалғанда жеткен. Одан әрі әл-дәрмені қалмай қалды. Етектегі шөбі көк-жасыл қойнаудың жарлауытына жақын келіп, отыра кеткен. Қолы қалтырап, баласын алдына алды. Көзі жылтырап, езу тартады. Ерні кеберсіпті. Онысын қимылдатып басын олай-бұлай қозғай

береді. Талқанды іле кеткеніне қуанды әйел. Со сәт, есін жиып алды. «Күйеуім...» деп жүрегі суылдап қоя берген: жүруге шамасы келмей, жолда қалды ма. Өкпесінің ауыратыны бар еді ғой. Әлгі құлжаны атқанда, соның етін төртбес барып жаяу тасығанда жабысқан. Қатты аязда тер қатып... Көп ұзамай тық-тық жөтел... Кенет біреу ыңыранғандай болды. Елең етіп, есі шығып, айналасына қараса... Тура жанында әлгі көкбөрі тұр. Ала қоржын да жанында. Әйел шалқалақтап, құлай берді. Қай кез екенін, есін жиса, баласы бір жақта аяққолы ербеңдеп, жылап жатыр. Бас салып, бауырына қысты. Ала қоржын жатыр, қасқыр жоқ. Көрінбейді. Жан-жағын көзімен тінтіп ұзақ қарады. Ұшты-күйлі. Алақоржынның аузын ашып үңіліп еді, ештеңесіне тимеген. Әйел не ойлап, не қоярын білмей, аң-таң қалды: Бұл не?.. Қоржынды кім әкелді. Тастап кетіп еді ғой. Сонда жаңағы бөрі... Қасқыр емес шығар ол. Солай болып жүрген баласының періштесі шығар. Періштесі болады дейтін еді ғой, үлкендер. Періштесі... Сапырылысқан сандаған ойдың жауабын таба алмады ол. Тек аң-таң. Аздап өзіне келе бастады. Қаптап келе жатқан қараңғылықпен қалғып кетті. Оқыс оянып кеткен екен, аспан ашық, самсаған жұлдыз. Кенет көзі сонадайдағы қара қапталдан жанып тұрған оймақтай екі отқа түсті. Қатар тұрған екі шоқ... Соны ұзақ бағып отырды. Бір қызығы, жүрегінде сезік, үрей тұрғанымен, соншалық қорыққан жоқ.

Таң қылайып келе жатқанда, қапталдағы екі шоқтың орнынан тұрып бара жатқан көкбөріні көрді. Не керек, балалы әйел көлденең қыраттан асып, ар жағындағы қара жусанды қу медиенді тағы бір тәулік жүріп өтіп, үлкен жолдың бойындағы бекетке жеткенше көкбөрі соңдарында оқта-текте көрініп отырған еді... *** Арада бес-алты жыл өтіп, Арқарлы асуына адам ізі қайта түсе бастағанда баяғы кіре жолдың бойынан жүргіншілер шашылып жатқан адам сүйектерін көреді. Жалғыз адамның. Қазаққа сәбет сұмдықтың жасаған зұлматы ғой деген сөз бәрінің көкейінде күңіреніп тұрды. Бірақ бір-біріне онысын дауыстап айта алмады. Қолдарынан келгені, шашылып жатқан сүйектерді жиып, жерлеп кетті. Оның кімнің сүйегі екенін олар да, кейінгілер де білген жоқ...

Төрт жыл соғыстан кейін құмдағы шағын ауыл жұртының соқпадан салған, төбесі қамыс аядай клубқа жиналып отырғандары осы. Атағы біраз жерге барып қалған, ел аралауы көп сонау теріскейден шыққан әншінің жолы міне, бүгін осы ауылға түскен. Сахнаның төрт бұрышы асты биіктетіліп төрт ондық шам қойылды. Қақ төрде ұзын бойлы, кең иықты ат жақты әнші: кескіні бөлек, кереқарыс маңдайына біткен қыран қабағының астынан жалт-жұлт еткен өткір көздері жұртты сыдыратып өтіп, келісті келіншекке келгенде сәл іркілді, бірақ от шашып ортаға қарай ойнап шығып кетті. Ортекедей орғыған қарас кәрі-құртаңға қалай әсер еткенін кім білсін, қасы-көзі қиылған, қыпша Құмға қашқан құйын

бел ұрғашылардың қай-қайсының да қанын қыздырып, қаз кеуделерін дір-дір еткізіп өткен. Келісті келіншектің мөлдір қара көздерінде сәуле ойнап, боталап кетті; Қайдан көрді, бұл мына әншіні? Қайдан?.. Өңінде ме, түсінде ме?.. Әлде қиялында... Ия, сол... Қиялындағы елес, жан қалауы... Иә, сол... Етек жауып есі кіріп қалған кезі ғой. Жыл сайын жаз шыға бір ноғай келетін ауылға. Бақалшы. Түсетін үйі мал-жаны осылардікі. Әкесі айналаға ықпалды, қолы ашық, дастарханы кең. Оның үстіне ноғай әкелетін қисса кітаптарға құмар. Бірінен бірі өтетін өң батырлар жыры. Ноғайға тері-терсекті айналадан жұрттың өзі әкеледі. Көбіне қолы бос бақалшы қос жастықты қолтығына қысып алып, кітап парақтайды. Дауыстап, мәнерлеп оқиды. Оларын әкесінің бауырына сүйеніп отырып бұл да тыңдайтын. Сонда батыр деген басқа болатынын соларды көрсе шіркін, деген бір әуестік қылт-қылт ететін. Кейінірек ол бір арманға айнала бастап еді. Қиялымен кескінкелбетін елестетер еді. Тіпті, түсінде көретін де сияқтанатын... Енді мына әнші... Құдай-ау, сол ғой... Қиялындағы кескін... Жан қалады... Келіншек­ тің бір ыстық ағыс тамырларын аралап өтіп, отырған орнында тербеліп кеткен. Әншінің даусы қоңыр қаздай мамырлап барып, бірте-бірте қалықтап, әсем әнді әдемі

даусымен әдіптеп әуелеп кете барды. Енді бір кезекте аңырады келіп, сол сәтте келіншектің көрген күнін күңірентіп жіберген: әнші осының азап-шерін айту үшін келген сияқтанды. Сонда, осылай асқақ даусын аспанға айдап салып, борай-борай боздатып кім айта алар. Айта алса жүрген жоқ па, айналаңда толып. Өзге түгілі, қойныңа кірген сәтте қой сойып жатқандай құнжыңдап қоя беретін күйеуің, дәл со мезетте сенің нені ойлап, не қойып, не болып жатқаныңды сезе ме. Үйге келген соң күйеуі: – Ит-ің айтқыш екен, – деп тұрып: – Сен осы ананың даусы әуелегенде неменеге қибыжықтадың? – дегені. – Ол, не сөз. – Өтірік пе? – деп өңмеңдейді. – Өстетінің не? – Ырбыңдама, өйтіп... Онда бар ғой, құдай ақы, өкпеңді тесем. Күйеуіне деген онсыз да суық көңілі, мүлде мұздап, қатты жабырқап қалғанымен, бәрібір сол түні біртүрлі өзімен-өзі шаттанып жатты. Елесіндегі еркекті көргені... Мейлі, ол ертең кетіп-ақ қалар, мейлі, ол енді қайта келмес, бірақ көрді ғой, әйтеуір. Көрді. Көрмей өтсе ше... Сұмдық-ай... Япыр-ау, өзі сияқты арманын, азабын айта алмай аһ ұрып амалсыз кеш батырып, таң атырып жүргендер аз ба. Көріп, сөйлесіп жүрген ұрғашылардың кез келгенінде бар арманның, арман болғанда жете алмаған бір іңкәрліктің қылаң беріп қалатынын талай байқаған.

Іңкәрлік... Арман... Жеткізе ме, сол. Есі кіре ноғай бақалшы оқитын қиссалар ықпалымен сондай бір сезімдер мұны да әлдилемеп пе еді. Әлдилеген. Әр күні соның нәзік әуенімен өтіп, өрімталдай өбектеп өсіп келе жатқанда... Әкесін халық жауы деп, ұстап әкетті ғой. Сонда он үштегі қыз еді. Дүние-мүліктері түгел тәркіленді. Ағайын безді. Бұлар сиыр фермасына көшіп барған. Шешесі сиыр сауды, қыз бұзау бақты. Қаратабан құл-құтандар кез келген сәтте түртпектеген ит тірлік. «Жаудың қатыны, қызы». Сонда бар ғой, құдайдың құдіреті, бұларды сол түртпектен құтқарған соғыс. Жау жағадан алған соғыс. Соғыс халық жауының деген сөзді жұтып жіберді. Әкесінің немере інісі бар еді, сол бұларды от басына қосып алып, қойға салды. Өзі бір берекесіздеу еді. Бір аяғын сылтып басқанына қарамай, онысының желі сұмдық. Қыдырыстап кетіп қалуы көп. Жақын маңайдағы ажары сорпа бетіне шығар ұрғашы атаулыға жаудан жаман. Еркек аз. Болғанының өзі кәрі-құртаң, соғыстан кембағал келген бірді-екілі мен бойлары әлі боркемік бозбалалар. Осы бір жағдайда айғырлығы жүріп тұрған немере ағасы ауылдан ауыл өтіп жүріп, осы құмның қолтығындағы жұрттан біреумен жекжат болмай ма. Оның қыздай қатын алып көрмеген, ылғи да борбайы бордай тозған ұсақ-түйек ұрғашыларға тап болып, оларының кейбірі соңынан бала ерте келіп, көп ұзамай дәм-тұздары жараспаған соң ажырасып де-

гендей, қатынға жарымай-ақ жүрген бір туысы – осы күйеуіне мұны он қап бидайға берді де жіберді. Бармаймын деуге жағдай қайда. Шешесі де, өзі де өрім-өрім. Қой соңындағы жаяу-жалпы ит тірліктен құтылғандарын ойлады. *** Күйеуінің жасы бұдан едәуір үлкен. Жарты тегеш қаракөжеге тойып алса, тоғы басылысымен тоңқаңдап келіп түн баласы мұны әурелесе, күндіз жаны қалмай жапырып жұмыс істесе, өзгемен ісі жоқ. Мінезі... Оқыс дүңк етеді, кенет дүрсе қоя береді. Сондағысы: «Тоғыз айда туасың ба?..» «Тусаң, өзімдікін бе?» Қу тірліктің құйын-шыбын күндері қанша діңкелетсе де жан қалауы көксейтін баяғы елес бейне көңіл түкпірінде күн ұзын һәм түн баласы көлбеңдеп тұрып алатын. Түпсіз сағымның түкпірінен бұлдыр-бұлдыр қылаң беретін келекеле. Өмір – қисса емесін мойындай бастаған. Қиссаң да жан қалауын жоқтаудан, армандау­ дан туатын зар шығар, сірә. Саған қалатыны үлпілдеген үмітіңе үздігіп өту ғана екен. Бар-жоғы тағдырыңның тайқы маңдайыңа таңбалап қойған тар жолмен табаның емес, жаның тасырқап, талқаның таусылар күніңе қарай сүйретіле береді екенсің. – Не қылса да өз отыңды, бұйырған жерден жағасың,– дейтін анасы.– Ұрғашы көксегеніне жете бермейді. Онікі көнбіс ғұмыр,

жұбанышы–көз жасы. Соған мойынұсынбай амал жоқ. Қолыңнан келетін жалғыз өз еркің – арыңа абай бол! Ұрғашыда ұят көбірек. Оның қадір-қасиеті сол ұятында. Ұяты, әуелі етегінің астында. Ұятты ұрғашы тимейтін еркекке етегін көтермейді...» Әкесін халық жауы деп ұстап әкеткенде анасының жасы небәрі жиырма бесте еді. Көзі баданадай, аппақ ару. Фермада жүргендерінде сілекейлері шұбырып, қылмыңдағандар болған. “Мен енді байға тимеймін. Тимейді екем, етегімді ешкімге ешқашан көтермен” деп жақындатпайтын. Зор батпан қайғысы бар, қу тірліктен көрген тау-тау тауқыметі бар, елуге жетпей көз жұмды, сөйткен анасы. Әлсірей бастағанда дем салсын деп молда шақыртқан. Жастығынан төмен сырғыңқырап кеткен екен, күйеуі екеуі қолтығынан алып жоғары жатқызбақ болып әрекеттенгенде, құдайдың құдіреті, өлім халінде жатқан анасы оқыс кеудесін көтеріп алып, тізесіне қарай сырылып бара жатқан етегін қос қолымен бас салып тобығына дейін түсіріп етпеттеген күйі қор етіп жүріп кеткен. Бұл қатты таңқалып еді. Осы бір көрініс оған сұмдық әсер етті. Анасының аманатын есіне алды. Мен де өстермін деді. Ендігісі не?.. Етегін көтерген байы жанында. Талай жолы-ақ барын салып, ұмытпақ болды ғой, анау елесті. Ұмыта алмады, бірақ. Адам жан қалауын көргісі, сүйгісі, берілгісі келетінінен қашып құтыла алмай ма, немене. Керек десеңіз, бәлкім, сол сөзсіз бір

кезігер, тіпті күндердің күнінде оған міңгесіп те кетермін деген үмітпен қутыңдаған қуаныш қолтығынан демеп, қол-аяғын жеңілдетіп, қойын-қонышын ыстық леппен аялап та қоятын. Елесті қиялымен қойнына алып жатып, жаны жай тауып, жабыққан жанарынан жарық сәулелер мөлт-мөлт төгілер еді. Осы бір рахат күйін мейлі, қиялында болса да көрер қызығын күйеуінің қор еткені, ол аздай, бүкіл ауаны жұтып алып, содан демі жоқ болып кетіп, сосын «үп...п...п...п...» деп үрлеп жататыны үркітіп жіберіп, жадап кетер еді. *** Әдеттегідей азанда тұрып, сыртқа шыққан келіншек бірден көрші үйдің ауласына көз салған. Әншінің түскен үйі сол. Үй иесі осы ауылдың бастығы. Жасы жер ортасынан ауып кеткен, соғыс кезінде шаруаны шашау шығармаған, істің көзін табуға оңтайлы, мінезі қатал болса да кісілікті адам. Әйелі – айтқанын далада қалдырмайтын, ер мінезді. Бұған үнемі «шіркін, сенің ажарың» деп қоятыны бар. Шын айтады. «Қор болып жүргеніңді білем ғой» дейтіні де жиі. Жабығып айтады. «Баяғы заман болса, еркек біткеннің тайлы-таяғына дейін таласып, солқылдаған бір мырзаның оң жағында отырар едің-ау» деп те қамығады. Жылқы оқыранды. Бастықтың ауласының артындағы жалпақ төбенің қапталында шідерлеулі тұрған әншінің көк жорғасы

екен. Таяп барып жалынан сипағысы келген. Жыңғылмен қоршалған ауланың түкпірінен бастықтың әйелінің басы қылтиды. – Ағаң әншіні біраз күн қонақ етпек ниетте. Төрт жыл соғыстан кейін жұрт көңілдерін көтерсін дейді. Түнге қарай... «Қырымның қырық батыры» дей ме... Соны қырық күн айтады екен... – Сонда қырық күн жата ма, ауылда? – деді бұл жұлып алғандай. – Көнсе. – Көнетін шығар. – Ағаң

маңдайына басқан жалғыз аты – «Қанжиренін» мінгізіп жібермек. Мейлі. Соғыстың азабын тарттық төрт жыл. Одан кейін мынау құжынаған қу тірліктен күнге өртеніп, құмға күйіп жүрміз. Тым құрыса, құдай айдап келген екен, азаматтың айдың жарығымен әнін тыңдап, жырын естіп ес жияйық та, әдіре қалғыр. Өзі де бір келісті екен. Өйбүй, мұндай еркекті... – Әй, мұнымды қара, – деді сосын бетін шымшып. Келіншек әп-сәтте өзіне-өзі ие бола алмай, аяғын әлтек-тәлтек басып кетті. Құдайдан не күтсе де, дәл осы бақытты күткен емес еді. Мейлі он, жиырма, отыз күн болар, әйтеуір соның даусын естіп, сыртынан көріп отырса... Айналасы құм емес, әдемі, әсем әлемге айналды. Ұшы-қиыры жоқ гүлденген, құлпырған құладүз. Көгілдір аспан көктен төмен түсіп, көктеме дүниені түгел көмкеріп келе жатқандай. Мұның өзі құртақандай құсқа

айналыпты. Көк пен жердің арасында қанат қағып, қалықтап ұша ма. Жоқ әлде ақбұлаққа айналып ақ адырларды аралап ағып келе ме, әлде ай маңдай ақбозға айналып айдаламен ағызып бара ма... Санасы саңқылдап, жүрегі сықылықтаған. Тамырлары лыпылдап, бойынан оттай ыстық леп бүлк-бүлк құйылып кете жаздады. Мұндайды бастан кешіп көрмеген келіншек әрі шошынып, әрі таң қалды. Кенет... Күйеуінің «Қатын-әй!» деген даусынан селк етіп, есін жиған. *** Ауылдан қиырдағы тірлікке ерте кетіп, кеш келетін жұрт, әншінің «Қырымның қырық батыры» жырын қанша күн тыңдады, келіншек есептеген жоқ, қайсыбірде бастықтың әйелі мұны оңашалап: – Келін, қонақтың аманаты. Айтпасам, болмайды,– деді. – О, не еді? – Қарғам-ай, сезіп-ақ тұрсың ғой. Әнші екеуің бір-біріңе ұры қарастарыңды мен байқамады деймісің. – Ой, жеңеше... – Қоя тұр. Ол саған өзіңе асықтығын жеткізуді өтінді. Болар емес. Кездессек дейді. Келіншек сасқалақтады. – Қайтіп? – деген ұзын кірпіктері дір-дір етіп. – Кәдімгідей. Оңаша. – Жеңеше...

– Мен азаматтың аманатын айттым, өзгесін өзің біл, айналайын. – Қайдам... Білмеймін... Ұят... – деді келіншек қатты демігіп. – Өстіді дейін, онда. – Мейліңіз... Ал енді оңашаланып алып ағыл-тегіл жыла. Құдай айдап келген жан қалауындағы елес бейненің шын адам, нағыз қуаныш, бақыт болып, қол созым таяп келгенінде бұлтақтағанына аңырады. Өз еркі өзінде еместігі үшін боздады. Тұлабойына ұя басқан ұрғашы­ның ұяты жібермей жігері құм болды. Бір жағынан жан қалауының көксегені еркегі көз алдында көлбеңдеп және тұрып алды. Е, соның қасына таяп баруға тәңірі берген соңғы сәттен айрылса, қалған өмірдің не мәні бар. Сосын... Әншінің әлгісі оның да адал жан қалауы ма? Әлде серінің сәттік іңкәрлігі ме? Анасы айтатын, «Құдай сені әдемі қылып жаратты. Ұрғашының сұлулығы, көп ретте өзінің соры. Ұрғашының көз жасынан қорқам, дейтіні аз. Тимеген еркекке етегіңді көтерме, өлсең де. Осым аманат». Мына... Қорқа ма ол әнші әйелдің көз жасынан?.. Білсем деген әуестік лүп етеді. Әйелдің ең осал тұсы осы әуестік екенін келіншек білмейтін. Әуестіктен туатын әуейі сезім әзәзіл еді. Болғанда ол ұрғашының дегбірін алып, «қане, енді қашан-мен» діңкелетіп, көрсеңші деп көңілін көбелектей үйіретін еді, жанған шамның отына.

Келіншек азанда бастықтың әйеліне амандасып тұрып, сұрады: – Жыр тыңдаудан жалыққан жоқсыз ба, жеңеше? – Өзің ше? – Сізден сұрап тұрмын ғой, – деп күлді келіншек. – Сұрап тұрсаң, әнші қайтады, таяу арада. – Сөйте ме?.. – Қолсозым жерге келген қызығына қол жеткізбегеннің күйігі жаман болады, айналайын. Е, келін-ай... Арман, зар қайсымызда жоқ дейсің. Алды артымызға қаратпайтын, өзіміз таңдау жасай алмайтын ала-құйын заман тап келді ғой, мына бізге. Етек жапқанда ашаршылықты көрдік. Одан ауылдың бетке шығарлары, бетке шығуға тиіс бекзаттары халық жауы болып кетті. Тағдырдан шығар, әуелдегі күйеуім аттан жығылып өлді. Содан осы кісі. Өлген күйеуімнің немере ағасы. Әмеңгерлікпен алды. Ақылды, жайлы адам. Күйеуім деп құрметтеймін, еркек екен деп емешем үзілмейді. Жас келіп қалды, ендігі жерде еркек деп ешқашан емінбесімді білемін. Арман шіркін оралмасқа кетті, орнында ешкім естімейтін еңіреген зар қалды. Өзіме ғана аян запыран ол. Жассың, келін. Қайнымызға амалсыз қосақталғаныңды ауыл түгел біледі. Обалсынамыз сені. Сосын да, ана әншімен... Мүшел жас үлкендігі болмаса, құп жарасар едіңдер. Айтып отырса, ол да әйелімен бақытсыз... Екеуі де үнсіз қалды.

– Сол

запыран ғой, кейде арсы-гүрсі сөйлететін. Бетің бар, жүзің бар демей кетемін. Өзімше тағ­дырымнан, осы дүниеден алған өшім. Келіншектің біртүрлі көңілі босап кетті. Жаны удай ашыған. Әйелге де, өзіне де. Бәлкім, исі ұрғашыға түгелдей шығар. – Сонда неғылайын? – деген ендігі сәтте, абдырап. – Ауырдым деп бүгін жұмысқа бармай қал, бүгін. *** Келіншек сөйтті. Жұрт жаппай жұмысқа кеткенде, ауылда өң кәрі-құртаң, балабақырлар қалады. Тал түсте там үйлердің терезелері қараңғыланып әлгілер бірер сағат қалың ұйқыға шомады. Құмдағы ауылдың ежелден әдеті. Келіншек сол тал түсте келіп кірді, бастықтың үйіне. Айналасын аңдап, абайлап басып енді. Тек жүрегінің дүрсілі ғана естіліп тұрды өзіне. Әйел бұларды төргі бөлмеге оңаша қалдырды. – Келші, – деді әнші қолын созып. – Мені арзан көрмеңіз, – келіншек қалың тігілген құрақ көрпенің арғы басына тізе бүкті. – Сен үшін жүрмін осы жерде. Бәрі сен үшін. Болмаса, қатарынан қанша күн ән салып, жыр айтып нем бар. – Біреудің әйелімін ғой. – Мен де біреудің күйеуімін.

– Онда неге бүйтесіз? – Еріксіз үйленгем. Бір жағдай... Ұзақ әңгіме... Ал өзіңе бір көргеннен... Ия, рас. – Қайдам... – келіншек құрақ көрпенің ұшын мыжғылап отыр. – Күйеуім... – Оған көңілің жоқ қой. Байқадым. Естідім. Келіншек сыңсып қалды. – Қой, оның не, – деп әнші ұмтылып келіп екі иығынан ұстай алған. Со мезет келіншек әншінің алпамсадай кеудесіне бетін басып, еңіреп қоя берді. Іштей осы түсім емес пе, рас па деп боздады ол. Тәңіріден айналды. Бақыт қонды басыма деп аңырады. Көрген жетімдігін, тартқан азабын, бастан кешіп жүрген мәнсіз күндерін қосып еңіреді. Әнші мұны әнтек шалқайты. Сосын ернінен сүйген. Ернін еркектің алғаш сүюі. Күйеуі мойын жақты шопылдатып жататын. Әнші ернін ернімен біраз ұйпалап тұлабойын майдай ерітіп, емірендіріп, ентіктіріп барады. Келіншектің есі ауып кетті. Дүние төңкеріліп бара жатқандай басы айналды. Оттай ыстық бір ағын бауырын өртеп, кіндігін тесіп шыға жаздады. «Апа-апа...» деп қалды. Со мезет анасы көзіне елестеп қоя бергені. Есін дереу жиып алған. Бұл кезде әнші кең көйлегінің етегін қолтығына дейін ысырып әкеліп, ыстанының шиеленіп байланған бауын ағытқалы жатыр екен. Енді болмаса, шешілсе шешілді, шешілмесе, жалғыз жұлқып сыпырып тастамақ. Жанұшырып екі қолынан шап берді.

– Қойыңыз, – деді аласұрып. – Өйтпеңіз. Болмайды. – Жіберші, жаным. – Қинамаңыз. Аяңыз. Анама берген уәдем бар. – О, не еді. – Тимеген еркекке етегіңді ашпа деген, аманат. – Алам сені. Сөзіңді берсең міңгестіріп кетем. – Онда жіберіңіз, қазір. Әншінің қолы ыстанының ышқырынан шығып кетті. Мұны көтеріп алдына көлденең салды да, емірене иіскеп: – Уәде – құдай сөзі. Әйелімді жөніне жіберейін. Қырық күн күт. Тура қырық күн!

– Неге қырық күн? – Қырыққа толатын күнім. Қырқымда қырды сенімен бірге асайын, жарығым. Берші қолыңды... Міні– менікі. Алысқан қол, берген уәде құдайдың көзіне түсіп, құлағына жетсін. Әумин! Екі күннен кейін ертеңгісін әнші аттанып кетті. Ауыл болып шығарып салды. Бастықтың көлденең тартқан «Қанжиренін» жетегіне алған жоқ. – Қайта бір арнайы оралармын, – деді. – Сол кезде жетелеп кетермін, ағасы. Көптің артына таман тұрған келіншек. «Маған келгенде, ия, сөйткенде мені мінгізіп алып кетпек қой» деп ойлады. Қуаныштан жүрегі дүрс-дүрс ұрып, қос алмасы дірдек қаққан... Келіншектің жерге табаны, көкке төбесі тимей, сол екі арада қарлығаштай қалықтаған шаттығы қырық-ақ күнге жетті. Қырық бір, қырық екі, қырық үш... Одан кейін тағы, апта өтті, ай өтті, әнші жоқ. Екі ай... Келіншек алдағы күндерден армандағанының барлығынан айрылды. Өмірі мағынасыз күндерге айнала бастады. Бәрінен көңілі қалды. Адамның түңілу – адамдарды жек көру сезімін тудырып, ешкіммен сөйлеспейтін, жұрт жиналған жерге жуымайтын, олардың айтқаны да, күлгені де, жылағаны да өтірік, жалған болып көрінді. Күйеуін төсекке жолатпайтын мінез тапты. Аусар еркек бұған көне ме, ұрып жасайды еркектігін. Сонда түйсігінде өзін қандыауыз

қаратөбет талап жатқан үрейлі елес пайда болып, шыңғырып жіберетін. Ол бәрібір бір ғана сүйеуін – «бәлкім, келіп қалар» деген үміт отын мүлде жоғалта алмады, санасының түкпірінде қылаң беріп тұрып алды. Қыс түсердің алдында әншіден кісі келді. Бастық мінгізген қанжиренді алып кету үшін екен. Әншінің жағдайын бастықтың әйелі арқылы суыртпақтап білсе, келе алмайтын болыпты. Мүлде. «Уәде – құдай сөзі деп еді. Құдайға қараған басым сеніп едім. Құдайы жоқ екен, оның. Көз жасыма қалды» деген сәлемін реті келсе біреуден жеткізуін сұрады. Жасы бетін жуып тұрып, сөйтті. Жасы бетін жуып тұрып көкке қараған. «О, құдай, ол сені де, мені де алдап кетті,– деп өксіді іштей: – Мен енді өзіңді іздеймін…» – Кімді? – шошып қалған бастықтың қатыны. – Кімді іздейсің? – Құдайды, жеңеше... Осыдан кейін оның бәріне немкетті қараған, сөзден, күлкіден айрылған, екі күннің бірінде дүлей күйеуінен аяусыз таяқ жеген, кім болса сол мүсіркеген қатыгез, аянышты, мағынасыз күндері өтіп жатты... *** Жиырма шақты жыл өткеннен кейін шығар, әншінің жолы баяғы құмдағы ауылға тағы түскен. Көзі тірілер ұмытпапты. Шетінен

келіп сәлем беріп жатты. Әнші егде тартыпты. Домбырасыз. Ары-бергідегі малшылардың жаз жайлауы – Арқа жақтан бері мал айдағандардың ішінде кетіп барады екен, жолай бастықтың марқұм болғанын естіп, көңіл айтып, құран бағыштау үшін ат басын бұрыпты. Келіншекті де көре кету ойында барын, әрине ешкім қаперге алып жатпады. Алғандары да бар шығар, кім білсін… Күздің қақаған қара суығы. Бастықтың бұл кезде қартайыңқырап қалғанымен баяғысынша пысық әйелі қазан көтеріп, ауылдағы есті кісілерді қонақпен бірге асқа шақырған. Жаңалық сұрасқан, жағдай айтысқан әңгіме. Әрбірден соң жиналғандар әрине, ән дәметеді. Әншіде ән салатын пиғыл да, домбыра да жоқ. Сүлесоқ. Қарағайдай тіп-тік тұлғасы еңкіш тартыпты. Шашын, сақал-мұртын қырау шалған. Қай нәрсені аңдағыш жұрт әншінің бойындағы сарытап салқындықты сезіп, бәлен дей қоймады. Солай отырғандарында сырттан үсті-басы албажұлба, көзі алақ-жұлақ, түрі адам көргісіз бір әйел кіріп келді. Кірген бойы босағаға отыра кетті. – Бұ қайдан келіп қалды, байқұс, – деді біреу. – Жоқ боп кетіп еді... О, тоба-ай. – Қара суық түсті ғой, қаңғып жүріп қатып өліп қалмасын деп құдай айдап келді де, сорлыны. – Япыр-ай...

Алба-жұлба әйел жұртқа қырын отыр. Тозығы жеткен жүн орамалынан бұрқырап сыртына шыққан са­уыс-сауыс шашы жүзін көрсетпейді. – Қонақ келіп отырғанда... Көп үйдің біріне барар, шығарып жіберсеңдерші, нетіп... – Жылынып алсын да, әуелі. – Алты ай жаз қайда жүреді десеңдерші. – Жердің үсті, елдің пейілі кең... Отырғандар осылай «Ой, әттеген-ай», «О, тоба-ай» десіп жатқанда алба-жұлба әйелдің кенет үйден лып етіп шығып кеткенін әншіден өзге ешкім байқамай да қалды. Сол сәтте буы бұрқырап үйме табақ ет те келіп қалып еді... Жұрт тараған соң әнші мен үй иесі кемпір оңаша қалған. – Не сұрағалы отырғаныңды білемін, – деді кемпір. – Әуелі мынаны айтшы «Уәде – құдай сөзінде» неге тұрмадың? – Неге тұрмадым... – Әншінің көкірегі қарс айрылып, демін терең алды. Сөйтіп отырып сабақтаған әңгімесі: Әйелімнің әкесі де екі бауыры да аяусыз жандар еді. Қыздарын алмақ ойым жоқ болатын. Өртеніп өскен пәле. Мен ән салған жерден қалмайтын. Көзімен ішіп-жеп отыратын еді. Ауылымыз алма бағын өсіреді. Соның арасында көк шалғынға көк жорғаны еркіне жіберіп қойып, ыңылдап ән шығаратын әдетім бар-тұғын. Сондай күндердің бірінде қалың ағаштың арасынан бұлғаңдап әлгінің шыға келгені. «Жатысыңыз жақсы екен» дейді. «Е,

онда сен де жат» дедім қағынып. Қыз келіп құлай кетті. Құтырынып тұрған шағым. Шап бердім. «А… а… апа… а… тай» деп шыбын жаны шығып кете жаздаған қыз, дамбалын киіп жатып: «Енді мені аласың, – деп күліп отыр. – Алмасаң, білесің ғой, көкеме айтам. Ол атады да тастайды». «Әй, сен, өзің іздеп келмедің бе?» деймін. «Өзі іздеп келгенді өсти сала ма. Көп сөзді қой, ал мені. Болмаса…» деп бұлаңдап кете барды. Қайтемін, көкжал әкесінен қорықтым. Үй болдық. Бірақ, еркек сорлы әйел сияқты сүймегенімен үйреніп кете алмайды. Ал осындағы келіншек… Ажары айрықша асқан әдемілігінен емес, оның күллі тұла бойында бір тылсым құдірет байқалған маған. Сонда ол кеудемді қақ жарып кіріп, жүрегімді сипап отырғандай сұмдық күй кештім. Мен қайсыбір адамда, бәлкім, былайғыларға білініп, байқалмайтын, тек оның өзі жан-тәнімен қалайтын адамына ғана сезілетін тылсым құдірет бар, болады деп ешқашан ойлаған емес едім. Ойланып қалғам. Оның демі, жанарының жарқыл сәулесі, үні, қозғалған дыбысы қанымен бірге алпыс екі тамырымда теңдей айналып жүргендей сезімге тап болдым. Мен ешқашан сезіп-білмеген, тіпті қиялымда жоқ ғажап рахат-шаттыққа кенеле бастағам. Ең әуелдегі серілік-періліктен қалған әдет – әйтеуір, аунатып алу әуестігі өзімді өрттей қызартып, өлердей ұялтты. Әсіресе, алғаш және соңғы рет жолыққандағы әрекеті мендегі еркектік әумесерліктің әңкі-

тәңкісін шығарған… Біздің арамызда анау дейтіндей, ештеңе болған жоқ… Бұл дүниеде жеңгей, адамға ең қорқынышты – адам. Біреуінің ғана үрейі күллі дүниені теріс айналдырып, есін екеу, түсін төртеу қылып жіберуі көзді ашып-жұмғанша. Қатынымның әкесі сол біреу болатын. Демі үзілгенше Совет өкіметімен жалғыз соғысып өткен көкжал. Не істемеді? Атты, өртеді... Сұмдығы сол, өкіметке ұстатпай қойды. Біздің ауыл ар жағы Алатау болып кететін шың-құздың етегінде. Көкжал қайын-атам Алатаудың адам баса алмайтын шатқалдарына кіріп кетіп, жымжылас жоғалып, күтпеген жерден жетіп келіп, білгенін істейтін. *** Мұның қатынын тастап, құмдағы бір ауыл­дан ғашығын тауып, алмақ ойын әуелі әйелі, одан ел, одан көкжал қайынатасы білді... Жақауратып өзі айтқан. Одан қайынағасы да білген. Қайсыбір күн тапа тал түсте, енді сол дәл есігінің алдына келіп ат ойнатпай ма. «Әй, атаңа нәлет, шық бері!» демей ме. Жағы үрпиіп шыққан бұған қарап тұрып, тақымындағы бесатарын жұлып алған күйі белдеуде тұрған көкжорғаны жалғыз атып, жалпасынан түсіреді. «Қызымды тастап кетсең, жорғаның жолын құшасың. Ана ойнасың да, ит!» деп басынан асырып гүрс еткізіп, көзден ғайып болған. – Ол сөзін жерге тастамайтын адам

еді, жеңгей, – деді әнші. – Қорықтым... Ия, қорықтым... Жан тәтті... Сосын ол жер астына кіріп кетсем де сөзсіз табатын еді. Мені ғана емес, келіншекті де өлтірер дедім. Обалын ойладым. Солай... Қорықтым. – «Уәде – құдай сөзі» деп едің ғой. Құдайдан қорықпадың ба? – Құдайдан, адам қорқынышты, жеңгей. – Жаңағы алба-жұлба әйелді танымадың... – Не дедіңіз? – Ия, танымадың. Ол – баяғы айналып келіп алып кетемін деп өзің уәде берген келіншегің. – Қойыңыз, жеңгей. – Әнші әңірейіп қалды. – Оныңыз не... Кемпір әлдеқайда телміріп, қатып қалған. Қарлыңқы даусы боздаған, аңыраған іспетті естіледі... – О шіркіннің кезінде көрерге көз керек көркем еді дегенге енді кім сенеді. Құмды ауылға келіп қонған Ай еді. Ажарында ақ сәуле айналып тұрғандай көрінетін. Құл-құтанның заманы құл-құтанға теліді оны. Ауыл болып өкінетін едік соған. Өзгені қайдам өзім өлердей қызғанатынмын, ноқай байынан. Шіркін-ай, дейтін ем бір ақсұңқар құйылып келіп, іліп әкетсе... Сөйтіп жүргенде күтпеген жерден сен келдің ғой. Көрдім сонда мен оның көзіндегі ғажайып бір жарқылды. Ұрғашының жанын жұлып жеген арман-зары аңсарында жүрген адамын көргенде жанарынан ұшып шығады. Біреу біліп, біреу білмес, біреу көріп, біреу көрмес. Әсілі әйел заты көзіне ие бола алмай-

ды. Шаттанса да, қасірет шексе де соған ерік береді... Сен де оған құлап түстің ғой, қайным. Біз үшін емес, әнді сол үшін айттың түн сайын. «Қырымның қырық батырын» қанша күн жырладың. Сол үшін. Соны көріп отыру үшін. Қиып кетуің қиын болды. Жолықтыра көріңіз деп жан қойдың ба. Аяулы аруды алса алып-ақ кетсін деп едім. Ақыры, әне... – Қандай? – деп Әнші селк еткен. – Есінен ауысып қалды ғой, байқұс. – Астапыралла... – Әнші отырған орнында теңселіп кетті. – Бұл не сұмдық еді... – Жұрт болған соң, кім біліп қояды, қалай біліп қояды, кімнің аузынан шығады, бір құдайға ғана аян. Болмаса, жалғыз рет жолыққан сол сәттеріңде жалғыз мен ғана куә едім. Әлде, жобалап-ақ айта ма, жұрт. Қалай дегенде де сыпсың шықты. Күйеуінің құлағына жетті. Содан екі күннің бірінде тепкінің астына алды ғой. «Ұра берсе, құдай да өледі», ал мына сорлы өлген жоқ, бірақ бас­ тан тие берген ауыр соққыдан әуелі ара-тұра шалықтады. Сосын... Сосын біржола есінен ауды. Көктем шыға жүріп кететін болды. Қайда барады, қайда қояды, ешкім білмейді. Ауылдан сәл ұзағаннан кейін, аяқ асты көкке ұша ма, жерге сіңе ме, әйтеуір көзге көрінбей кетеді деседі, жұрт. Қарасуық түсісімен пайда болады. Күйеуінің ғой, осыдан оншақты жыл бұрын қол-аяғы тырысып, тілі байланып, орнынан қозғала алмай, төсек тартып төртақ күн жатып, көкпек тигендей күллі денесі

көгеріп өлген. Жұрт жағасын ұстаған. Сірә, әйелдің көз жасы ұрған-ау дедік. Ұрғашының киесі – көз жасы, көз жасы... Бәрінікі емес, әрине. Аманатқа адалының, сірә. Шын сүйе алатынының. Құдайға қарағанының. Болмаса, осы ауылда не көп, сықсыңдаған қатын көп. Бақыртып сабап жататын байын да, бас салып балағын түріп кететін басқаны да қарғап-сілеп жатады, одан бүлініп жатқан дәнеңе жоқ. – Солай болар... Солай болмаса... Қанжиренді алып келуге жіберген адамымнан өзіңіз айтып жіберген сәлемін естіген сәтте қатты қылғынып кетіп, жеңеше-ау, мен де дау­сымнан айрылдым ғой. Қаратпаған емшім жоқ, қайран даусым қалпына келмеді. Жұрт даусым үшін әспеттеп, ардақтап жүр екен, даусымнан айрылған соң, жайыма қалдым. Кеттім қаңғып. Қатын-бала жайына қалды. Қайынатам жоғалып кеткен. Кімнен қорқам. Қайтемін, қалған күндерім малшылардың арасында қой қайырып, сиыр айдап, жылқы қуалап өтер. Өксіген, өкінішті өмір... Жеңгей, маған оны қалай жолықтырасыз. Бәлкім, кім біледі, есіне түсермін. Өйтпеген күнде көзіммен көріп отырып, кешірім сұрайын... Өзіне жетпесе, онымды құдайдың құлағы шалар. Ертесіне кемпір оны ертіп келген. Бұған көз салған жоқ, сол босағада қырын отырды. – Кешіре гөр, мені, – деді әншінің даусы біртүрлі еңіреп шығып, – кеш, айналайын. Анау бұған жалт қарады да, лып етіп сыртқа шықты. Әнші де дереу соңынан

ілескен. Әйел құладүзді бетке алып безіп барады екен. Әнші ентелеп барып атына мінді. Әйел иірілген ұршықтай үйіріліп, бір сәтте жіңішке құйынға айналып бұратылып, жылыс­ тай берді. Дәл бір билеп бара жатқандай. Бұл не? Әйел қайда? Құйын... Қалай? Адам өйте ала ма? Тура шапса, құйын қатты үйіріліп, жүйітки жөнеледі. Тізгін тартса, ол да бір орнында ирелеңдеп, тоқтайды. Осылай қанша уақыт өтті. Бір күн бе, екі күн бе, апта ма... Әнші ешнәрсе аңдай алмады. Ол тіпті, ойлаудан да қалғанын сезбеді. Айналып ауылға келіп тұрғанын да білмеді. Көрген жұрттың имандары тас төбелерінен шықты: Әншінің сақалшашы бір талы қалмай аппақ қудай болып, жүзі түгел күйіп кетіпті. «Құдай кешірмеді» деп міңгірлеген. Бірақ, онысын өзі де естімеді.

*** Қанша жылдар өтеді. Ақыл-есі шатысқан әйел со кеткеннен ауылға қайта оралмаған. Бірақ, содан бері ара-тұра ауылды бір құйын айналып өтеді деседі. Одан әйелзатының боздаған даусы еміс-еміс естіліп тұратын секілденеді. О несі? Қалай?...

МАЗМҰНЫ Ақкүшік..........................................................7 Көгілдір көйлекті келіншек...........................94 Архитектор..................................................117 Өнеш, Комбинатор, алжапқыш...................139 Шал.............................................................162 Көрбай........................................................182 Аты жоқ әңгіме...........................................203 Мінез...........................................................221 Қанқызыл жалқын…...................................237 Тілалшақ.....................................................255 Батыр..........................................................279 Бір қияр, екі жұмыртқа, Ботабай...............305 Айғыркісі....................................................328 Жалғызілік..................................................360 Өзеннің арғы жағы, бергі жағы..................383 Көкмойнақтан шыққан «көкжал»................409 Лениннің мойнына мінген адам..................446 Бейғам дүние..............................................478 Мәкеңдер, Малсекеңдер, заман..................499 ДУДАРАЙ....................................................517 Жүрекке тиген оқ........................................537 Репетиция...................................................570 Кісі иесі.......................................................592 Құмға қашқан құйын..................................614

«Mereke baspasy» тауарлық белгісінің иесі – “Мерекенің баспалар үйі” ЖШС. 050062, Алматы қаласы, Жұбанов көшесі, 66 Б. Тел.: +7 /727/ 226 95 56. e-maіl: mereke.baspasy@maіl.com Редакторы: Гүлсім Мұқышева Корректорлар: Құралай Ағыбаева Суретші: Алтай Айтжанов Мұқабасын көркемдеген: Дидар Құлкенов Айбек Алланазаров Компьютерде беттеген: Айбек Алланазаров Несіпбек ДӘУТАЙҰЛЫ АТЫ ЖОҚ ӘҢГІМЕ Басуға қол қойған күні 10.09.12. Пішімі 84х108 Шартты баспа табағы 34 Таралымы 2 000+200 дана. Тапсырыс № 15 1/

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙