TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 21 том

Әзібаева Бақытжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 21 том

«Бабалар сөзі» сериясының 21-томына «Жаскелең», «Гүлнәр қыз», «Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила», «Әмірзада», «Қисса шаһизада», «Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы» атты ғашықтық дастандар енді. Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................5 Мәтiндер Жаскелең ............................................................................9 Гүлнәр қыз ..........

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.

Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.

Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының

кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы

21 том

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Ғашықтық дастандар

ББК 82.3 (2 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әзібаева Б. (жауапты редактор), Егеубаев А., Қасқабасов С., Қорабай С., Салтақова Ж. Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Әзібаева Б., филология ғылымдарының докторы, Әуесбаева П., филология ғылымдарының кандидаты, Ақан А., Салтақова Ж. (жауапты шығарушы) Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2005. Т. 21: Ғашықтық дастандар.—2005.—304 бет, суретті.

ІSBN 9965-35-056-6 «Бабалар сөзі» сериясының 21-томына «Жаскелең», «Гүлнәр қыз», «Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила», «Әмірзада», «Қисса шаһизада», «Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы» атты ғашықтық дастандар енді. Б 00(05)—04

ББК 82.3 (2 Қаз)
ІSBN 9965-35-056-6 (т. 21)
© Әдебиет және өнер институты, 2005

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2005

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемле­
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жариялана­
тын «Бабалар сөзі» атты жүзтомдық басылымды дайындап, жа­

риялау жұмысын жалғастыруда.
«Бабалар сөзі» сериясы—ғылыми басылым. Оның негіз­
гі принципі—шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп,
өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті

мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді
түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындап, оқырманға ұсыну. Керек
болған жағдайда бірнеше варианттары жарияланады.
Аталмыш серияның жиырма бірінші томы ғашықтық дастан­

дарды қамтиды, олар: «Жаскелең», «Гүлнәр қыз», «Мәлікриан,
Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила», «Әмірзада», «Қисса шаһизада»,
«Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы».
Бұл шығармалардың негізгі тақырыбы адал, шын махаб­

батты дәріптеп жырлау болғанымен олардың түп-төркіні әр
түрлі, сюжеттері сан алуан. Мысалы, жергілікті сюжетке не­
гізделген «Жаскелең» дастанында бірнеше архаикалық мотив­
тер қамтылған. Ал «Гүлнәр қыз», «Мәлікриан, Рабиғұлмүлік,

қыз Жәмила», «Әмірзада», «Қисса шаһизада», «Асылбек
пен Гүлжиһанның қиссасы» атты дастандар бастауын шығыс
халықтарының фольклоры мен әдебиетінен алған. Дәлірек
айтқанда оларға арқау болған сюжеттер «Тотынама», «Мың бір

түн» жинақтарында кездеседі.
Бұл шығармалардың тілі мен сөз түзу мәнері дастандық
эпостың кітаби үлгілерінен гөрі ауызша жырланған үлгілеріне
жақын. Мұнда араб, парсы сөздері көп кездеспеді. Сонымен

қатар байырғы жалпытүркілік сөздер мен грамматикалық фор­
малар, көне және жергілікті [диалект] қазақ сөздері, ал Ресей

 ғашықтық  дастандар қазақтарынан келіп түскен мәтінде бірнеше орыс сөздері кезде­ седі. Оқырманға ұсынылып отырған бұл том «Бабалар сөзі» серия­ сын дайындау принциптеріне сәйкес құрастырылып әзірленді. Том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Онда томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер және олардың табылған варианттары жөнінде мәліметтер қамтылды. Сондай-ақ сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді. Томды дайындау барысында араб, кирилл әрпінде жазылған қолжазбаларды дұрыс тану үшін мәтіндерге мұқият талдау­ лар мен сараптау жұмыстары жүргізілді. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ тілінің жазу нормаларына және контекс­ ке сәйкес түзетіліп отырды, ал кейбір шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтар түсіп қалған жағдайда қажетті сөздер тік жақшаға алынып берілді. «Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы» 1990 жылы «Жа­ зушы» баспасынан шыққан фольклорлық жинақта жария­ ланған, томға еніп отырған басқа дастандар алғаш рет жари­ яланып отыр. Күллі мәтіндер ҚР Білім және Ғылым министрлігі Орталық Ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталығында сақтаулы тұрған қолжазбалардан еш өзгертусіз дайындалып оқырманға ұсынылып отыр. Томның көлемі—19 б.т.

М Ә Т І Н Д Е Р

Жаскелең
Жаскелеңнің түсінде қалмақтың қаны Найман деген, соның
Қоңырша деген қызына ғашық болып, екеуі түсінде сол ретпен
сөйлесіп, ғашық болған соң Жаскелеңнің іздей шығуы.

—Саламат, қош-аман бол, қарағым-ай,

Келтірген Құдай оңдап талабың-ай.
Өлмесем, айнам, сені алмай қойман,
Осындай болып тұрса заманым-ай.
Болмайды асыққанмен ер мұраты-ай,

Бұл істің ақырына қаралық-ай.
Қызыл тіл күрмеледі көрсем сені,
Тұруға болмаған соң амалым-ай.
Қадалсын маңдайыма деген ой бар,

Тікенек кірген сенің табаныңа-ай.
Түсімде көрдім, қалқам, сенің жүзің,
Жетер ме сізге сәлем айтқан сөзім.
Білдірші руыңды, аққұба қыз,

Іздеймін таппасам да менім өзім.
Сонда Қоңыршаның айтқан сөзі

—Жаскелең, жатқан жерің Нарын еді-ай,

Бұл дәурен әркімдерден қалып еді-ай.
Бір Алла шыбын жанға бергей аман,
Алдыңда кәпір жауың қалың еді-ай.
Қоңырша менім атым, әкем—Найман,

Тіледім мен де сені бір Құдайдан.

ғашықтық  дастандар
Әуелде берген антың өз мойныңда,
Бір келіп жолықпасаң Алтынсайдан.
Сақинам саған берген аманатым,

Жаныңның Алла бергей саламатын.
Екеуі ұйқысында күліп-ойнап,
Қайырды қыз Қоңырша сәлем қатын.
Жаскелеңнің оянып айтқан сөзі

Жаскелең бір заманда оянады,
Оянып аш бүйірін таянады.
Оянса еш нәрсе жоқ қастарында,
Жастаулы мамық көпшік бастарында.

Көлбейді олай-бұлай ер Жаскелең
Қайғының кеудедегі асқанына.
Ұйқы жоқ, тамағы жоқ, күле алмайды,
Қайғымен еш бүгіліп жүре алмайды.

Сөйлескен ұйқысында Қоңыршаның
Екенін елі қайда біле алмайды.

—Қай жақта, қыз Қоңырша, елі-жұртың,

Түсімде сәулеленіп түсті-ау көркің.
Іздеймін таппасам да еліңізді,
Көбейер көп кідірсем қайғы-дертім.
Шешесі сонда сөйлейді

—Айналайын, қарағым,

Бірден-бірге сарғайып
Қатады сенің қабағың.
Көптен ұйқың қалыңқы,
Назарың төмен салыңқы,

Қай бағытта талабың.
Бір шыбындай жаныңның
Алла бергей аманын.

жаскелең
Бірден-бірге сарғайып
Түстің көрдің жаманын.
Алпыс беске келгенде

Тілеп алған жалғызым,
Мұнан кетсең табылмас
Жөн-жосығың, сұрағың.
Көкірегіңе жел кірсе

Тұр десем де тұрғызбас,
Қайда болар тұрағың.
Айналайын, Жаскелең,
Қоғалы көлім сен едің,

Желді күні шайқалған.
Бозжорға атым сен едің,
Теңселе басып найқалған.
Қияға кетсең тұра алмай,

Мойныңды кетсең бұра алмай,
Тілеп алған жалғызым,
Қандай бір жетер сәлемің.
Жаскелеңнің шешесіне айтқаны

Жаскелең сонда сөйледі:

—Айналайын, қарт анам,

Мені он ай көтеріп,
Омыртқаңыз бүгілген,
Қабырғаң қаусай сөгілген,
Кіндіктен жалғыз мен едім.

Қоңыршаны іздемей
Мен елімде жүре алман.
Басымды қосып бір Алла
Некемді қиып арнаған.

Дүниеге келген жан
Өлімнен аман қалмаған,

ғашықтық  дастандар
Қайда жүрсем бір өлім.
Тәуекел еттім Аллаға,
Жәрдем болса бабадан.

Шешесі сонда сөйлейді

—Айналайын, жалғызым,

Аспандағы көрінген
Айдынды шолпан жұлдызым.
Алмайсың ба тілімді,
Тарылтпа менім күнімді.

Қаңғырған жаяу жас бала
Ғашықлықпен табар ма,
Тәрбиелі қан қызын.
Алдыңда жау қалмақ бар,

Қырық күншілік шөлі бар,
Кісі алатын бүркіті,
Түрлі-түрлі аңы бар.
Кісінің еті—тамағы,

Қарқаралы қаны бар.
Тіл алмай кетсең осыдан,
Қауышармыз мақшарда.
Сорлы болған анаңның

Тек шықпаған жаны бар.
Кеткенің бе, қарағым,
Қияға тастап анаңды.
Мұнан кетсең, Жаскелең,

Көре алман сенің қараңды.
Құдай өзі сақтасын
Көріне келген пәледен,
Алладан бұйрық қазаңнан.

Тілеп алған жалғызым,
Бір жасаған Құдай-а,
Көрсетпедің панасын.

жаскелең
Қош-аман бол көргенше,
Қайғы бір кетпес өлгенше.
Қия бір таудан асқан соң,

Қия бір жер басқан соң,
Туғалы жерге тимеген
Қолбырайды табаның.
Бір сүйгізші бетіңді,

Басылсын менің құмарым.
Тарылар солай заманың,
Келер ме ойға, жалғызым,
Кеудедегі талабың.

Жаскелең, сенен қалмаймын,
Қалғанменен не пайда?
Қайда жүрсем зарлаймын,
Саулы болған нардаймын.

Сен өлген жерде өлермін,
Өзіңмен бірге келермін.
Үйде жалғыз қалғанда,
Құрбыларың келгенде,

Қайда балаң дегенде,
Қуарып қалған қу басым,
Қу толағай, сұм басым
Не деп жауап берермін?

Жаскелең тағы сөйлейді

—Айналайын, қарт анам,

Жолынан балаң қалмайды,
Тіліңді айтқан алмайды.
Алла мені айдады,
Айтқаныңа болмайды.

Түсімде көрген суретті
Қолға келіп қонғанша,
Алып көңіл тынғанша,
Сорлы балаң тынбайды.

ғашықтық  дастандар
Жөнелді ер Жаскелең амандасып,
Бетке алып Қоңыршаға қадам басып.
Шешесі қалды жылап сарайында,

Қызыл қан көзінің жасы араласып.
Неше күн шығып жолға, сапар шегіп, он алты күн тыным
көрмей жүріпті. Жасаған, Жаскелеңді өзің оңда.
Түсінде және келді Қоңырша қыз:

—Иә, батыр, жүрмей неге жатырсыңыз?

Жүрмеңіз «айтпады» деп ғапыл қалып,
Алты жылда мені іздесең табасыңыз.
«Алам» деп бір қан жатыр үйге келіп,
Жүргізіп екі ортаға жаушы салып.

Қан болған [қалмаққа] әкем Найман,
Бермей тұр жалғыздықтан қайран қалып.
Әкемнің менен басқа баласы жоқ,
Көңілінің мен дегенде аласы жоқ.

Ізденіп жылдамырақ жетпесеңіз
Бермеске әкем мені шарасы жоқ.
Оянса қыз Қоңырша тағы да жоқ,
Көкорай жатқан жері қаулайды шөп.

Ағын су, айналасы қалың тоғай,
Көрінер бір алыстан алтын сарай.
Жасаған Алламыздан пәрмен болып,
Жеткізді Қоңыршаға Жаббар Құдай.

Жаскелең Қоңыршаны ізденеді,
Қайғымен ақша жүзі өзгереді.
Жақындап сол сарайға келген шақта
Алдынан бір топ адам кез келеді.

Ұстады Жаскелеңді көрген жерден,
Көрінді құлқы бөтен өзгелерден.
Шынжырлап қол-аяғын байлап алып,
Алдына зындан үйдің алып келген.

жаскелең
Тастады зындан үйге қараңғы көр,
Адамға қиын екен көрмеген жер.
Зынданда әрі-бері жатқаннан соң,

Жүрегін қайғыменен алыпты шер.
Жаскелең сонда сөйлейді

—Айырдың, Алла, елімнен,

Ит жүгіртіп, құс салған,
Кең шалқар айдын көлімнен.
Қараңғы үйде жатқанда
Кетті ме қайрат белімнен.

Медет болған біздерге
Әруақ Науан пірімен.
Атаңа лағынет, Қоңырша,
Әзәзіл ме едің Ібіліс

Көзіме менім көрінген.
Қараңғы үйге тап болдым,
Айылып . . . тілменен*.
Атамның тілін алмадым,

Анамның тілін алмадым,
Қарғысы болды солардың
Бұл зынданда қалғаным.
Айналайын, Жасаған,

Бұл зынданнан бір шығар,
Болмасын саған арманым.
Айналайын, Жасаған,
Қиындық бердің басыма.

Ізденіп едім жаяулап
Не қылып алмай қалам деп,
Қоңырша, сендей аруды.
Әзелде Құдай жазған деп,

Дүние пәни жалған-ай,
Зынданның көрдім тарын-ай.
* Түпнұсқада осылай берілген

ғашықтық  дастандар
Қоңыршаның құлағы
Естір ме екен зарымды-ай.
Мен елімде жүргенде

Қайырым асқан ер едім,
Аңсағанға ас берген,
Шаршағанға ат берген.
Патша болған күнімде

Он екі тарап елдерден,
Елшілікке қат келген,
Ізденіп келген жеріме.
Маңдайдағы сорым-ай,

Қандай пәле тап келген.
Қоңырша, саған аманат,
Жаным болсын саламат.
Ондай маған табылмас

Астыма мінер қазанат.
Барғандарың сәлем айт
Қоңырша қыздың өзіне,
Құлағын салсын сөзіме!

Анамның айтқан тас зындан,
Бұл зынданның ішінде,
Көрінді менім көзіме.
Мен елімде жүргенде

Ала мойын қаз едім,
Туысқаннан аз едім.
Тіл алмай кетіп анамның
Бейнетін көрдім кезіген.

Сені ойласам, Қоңырша,
Қайғы жұтқан адамдай
Өртенеді өзегім.
Түсімде көріп мен сені

Ғашықлық оғын кезедім.
Ойлап тұрсам осы күн
Енді маған табылмас,
Бұрынғыдай шалықтап

Жүретұғын өз елім.

жаскелең
Зынданның біреу кірді есігінен,
Сығалап көзін салды тесігінен.
Жылайды көрген адам көзін салып,

«Түсті,—деп,—не нәрсенің кесірінен».
Жылайды көрген адам жүзін көріп,
Айт[ады] Қоңыршаға хабар беріп.

—Зынданда бір әдемі жігіт жатыр,

Қапаста жылайды екен қорлық көріп.
Жылайды «Қоңырша» деп қайғы жұтып,
Ақырын бір Жасаған Хақтан күтіп.
Көрсетпей еш адамға әкелейін,

Жіберші зынданшыға әмір етіп.
Бар екен адамзатта мұндай көркем,
Барамын зынданшыға тұрып ертең.
Болғанда жүзі жауһар, раушан көрік,

Бір Алла нұрын берген адам екен.
Қоңырша сонда сөйлейді

—Рас па, жаным, көргенің,

Көргенің жоқ па ол жанның
Ат[ы]-жөнін сұрап білгенің.
Қайта барып біліңіз,
«Атың кім?» деп сұраңыз,

Сөз сөйлесіп сынаңыз.
Алып түрін, атын біл,
Не тұқым екен нәсілі,
Ата-баба затын біл.

Мен түсімде көргенмін
Жаскелең деген мырзаны.
Әкесі жұртқа қан болған,
Он екі сарай салдырған,

Байлығына жұрт таң қалған.

ғашықтық  дастандар
Жаскелең деген мырзаның
Көркемдігін сұрасаң,
Шыққан күндей балқыған.

Айбатын оның сұрасаң,
Аждаһадай жұлқынған.
Білімін оның сұрасаң,
Жетпіс екі елдерден

Хабар білген адамдай.
Кереметін сұрасаң,
Періштемен ойнаған.
Әулиелігін сұрасаң,

Жер үстіндегі періні
Бір ауыз сөзбен байлаған.
Бейсенбінің түнінде
Жаскелең деген мырзаға

Алла мені айдаған.
Жаскелеңдей мырзаның
Қараңғы түннің ішінде
Сәулесін күндей көргенмін,

Жаскелеңмен уәде қылғанмын.
Ізденіп маған келуге
Алтынсайдан жолығып,
Қалымды сұрап білуге,

Ант еткен достым сол еді.
«Дүниеде жаным бар болса
Жолықпай қалман» деп еді.
Тезінен барып тез тілдес

Қай жағынан келді екен,
Қай патшаның ұлы екен,
Аты-жөнін біл енді.
Қоңырша қыз жөнелді зындан жаққа,

Қырық нөкер көтертті алтын таққа.
Алдынан зындан үйдің келіп тұрып,
Жиектен көзін салды әр тарапқа.
Шақырды зынданшыны «мұнда кел» деп,

жаскелең

—Бір кісі үшін садақа болдым бермек,

Бар болса өлтіретін бір күнәкар.
Барды да Жаскелеңді байлап алды,
Қылышын өткір етіп қайрап алды.
Артына екі қолын байлап алып,

Алдына Қоңыршаның алып барды.
Көрген соң Жаскелеңді таныды енді,
Ішінен қыз Қоңырша налыды енді.
Ішіне алтын сарай алып барып,

Үстіне ер Жаскелең қамқа киді.
Ішірді сусынынан арақ-шарап,
Қоңырша қалды қайран жүзін көріп.
Басына тәж кигізіп Қоңырша қыз,

Түзеді достысының шашын тарап.
Қоңырша сонда сөйлейді

—Ғашық бір досым сен едің,

Асыл жарың мен едім,
Қолымнан жүзік безелген.
Қашан бір шықсаң, қарағым,
Ата-ана еліңнен.

Аман-есен сақтармын
Кеткенше қайрат белімнен.
Медет болғай біздерге
Палуан ата пірімен.

Тәуекел етсең алуға
Ерініп жатып қалмайын
Сенің жүрер жолыңнан.
Әкем Найман қан еді,

Менен басқа бала жоқ,
Бір перзентке зар еді.
Білінбейді қандықпен
Басқа күні тар еді.

ғашықтық  дастандар
Кешікпей енді кетейік,
Жан барында жетелік,
Көп кешіксек келіспес.

Айналайын, Жаскелең,
Аңдыған дұшпан көп еді.
Әкемнің жайын айтамын,
Алтыннан сарай салдырған,

Ол сарайдың сақнасын
Сары алтынға малдырған.
Тәрбиелі қан Найман
Сусынын балға қандырған.

Қарағай аула көк торғын
Сыртынан орлар қаздырған,
Ғаскері көп қан еді.
Білінбей кетіп қалмасақ,

Білінсек бізді өлтірер,
Кемеліне келтірер,
Рақымсыз туған жан еді.
Айналайын, қарағым,

Мұнан кетсең барып жат
Қарт анамның үйіне-ай.
Сол анамның [айласы] көп еді-ай
Сұраса жөнің жасырма

Қауіп етіп, құтың қашырма.
Аты-жөнің білген соң,
Қоңыршаның жары деп,
Пәруана болар басыңа-ай.

Мейрам болды дегенде
Тура өзіме келерсің.
Сол анамның үйінде
Қаз мойын қара тұлпар бар,

Астыңа соны мінерсің.
Тұлпарды сұрап мінген соң,
Дұшпандардан қауіп етпе,
Желіктіріп желерсің.

Аман барып, сау қайтсаң,

жаскелең
Қоңыршадай аруды
Өз жаныңда көрерсің.
Айналайын, Құдайым,

Бергей еді тілегім.
Сені көрмей, Жаскелең,
Басылмайды жерігім.
Тар жерде, қарғам, тап болдың,

Қасиетті күнінде.
Алла маған тап қылды
Бейсенбінің түнінде.
Қарындассыз жол болды,

Қасында жүрген күнінде.
Бұл сөзді батыр хош алып,
Көңілі тынып жұбанып,
Амандасып жөнелді,

Қоңыршаның айтқан жеріне.
Сол кемпірдің еліне
Жетіп келіп, сөйлейді.
Алтын семсер іліпті

Ер Жаскелең беліне.

—Қоңырша сынды аруың—

Немере жалғыз баласы,
Теңі едім іздерге.
Бір Алланың панасы,
Мекен еткен жерлерім

Нарынның сары даласы.
Қоңырша қыздың сол күнде
Көрінбейтін қарасы.
Алдынан шығып анасы,

Түсірісіп атынан,
Аты-жөнін біледі.
Жанына салған қатынан
Ер екенін біледі.

Мүше бітіс затынан
Жаскелеңді көрген соң,

ғашықтық  дастандар
Кетеріне қимайды.
Ақша жүзін көрген соң,
Көзінің жасын тыймайды.

Сарайына апарып,
Арақ-шарап ішкізіп,
Батырды артық сыйлады.
Жаскелеңдей ерлердің

Ықтиярын кетіріп
Сыйламасқа болмады.
Он екі күн болғанда,
Айтқан күні толғанда

Мейрамы болды қандардың.
Мереке болды көп қызық
Қимылдаған жандардың.
Сол кездері болғанда

Анасына сөйлейді.
Жаскелең сондай батыр-ай
Сол кемпірден сұрапты
Қаз мойын қара атын-ай.

Алдында тұрған кемпірің
Жаскелеңді көреді.
Сұраған соң баласы
Қимай атын береді.

Сарайына алдырды,
Ер тоқымын салдырды.
Екі айылын берік тартып,
Құйысқанын қысқартып,

Ер қаруы бес қару
Бесеуін де қоса артып,
Желге қарай қасқартып,
Ат құйрығын түйеді,

Үстіне сауыт киеді.
Тұлпарды мініп алған соң,
Дұшпандардан қауіп етпей
Желіктіріп желеді.

жаскелең
Қаздарменен қағысып,
Ұшқан құспен жарысып,
Қаз мойын қара тұлпардың

Әлі жетпей келеді.
Басыменен алысып
Құйысқаны сартылдап,
Аш күзендей бүгіліп,

Тері жерге төгіліп.
Сол уақыт Жаскелең
Аждаһадай көрініп,
Екі беті албырап,

Алтын туы жалбырап,
Сауытының шашағы
Тұс-тұсына саудырап.
Сол уақыттар болғанда

Қияға көзін салады.
Бір шоқ қара көрінді,
Жау екенін білмеді,
Ел екенін білмеді.

Жақындай келіп қараса
Ақ қолтық атпен шабылып,
Омырауын жеті жерден таңынып,
Келе жатыр Қоңырша

Жаскелеңді сағынып.
О да бір жауға шығыпты
Үстіне сауыт жамылып.
Асыл жардың алдыңда

Шыдап тұрсын не қылып?
Жаскелеңді сұрасаң
Қайратты туған ер еді,
Достық көңлін тындырған,

Дұшпанның көңлін сындырған.
Ата тегін сұрасаң—
Ер соғыстың ішінде
Алпыс балта сындырған,

Қанжарын қанға суарған,

ғашықтық  дастандар
Қарсыласқан дұшпанын
Қайтқан судай сұлаған.
Әруағы батырдың

Дүние жүзін қаптады
Ашылмас қара бұлттай.
Алты күн айғай салғанда,
Жетінші күні болғанда,

Еліне қарай жол тартып
Сонда батыр жөнелді.
Бұлар жүріп кеткен соң,
Бір қатар жерге жеткен соң,

Арт жағына қараса
Будақ-будақ шаң шықты.
Шаң ішіне қараса
Шаң ішінен көп әскер

Қимылдаған жан шықты.
Жер жүзін байқап қараса
Ебелек деген шөп екен,
Жауды байқап қараса

Сол шөптен де көп екен.
Атса мылтық өтпеген,
Шапса қылыш өтпеген,
Отыз аршын Оразбай

Аттанып келген қалмақтың
Себан деген елі екен.
Жаскелең сонда сөйлейді

—Жасаған Алла Құдайым,

Сала көрме уайым.
Отыз мың қалмақ жиылып,
Он екі жерден ту байлап,
Өлтіруге келген-[ді].

Жау қарасын көрген соң,
Жау екенін білген соң,
Қоңырша сынды аруың

жаскелең
Жаскелеңмен қосылып,
Көп қалмаққа тиісті.
Әруақ қысып алқынып,

Жау қарасын көрген соң
Баулы құстай талпынып,
Аждаһа түсті жыландай
Жау ішінде ойнайды

Жылқыдағы қылаңдай.
Айғайлап жауға тиеді,
Әруақ қысып тұра алмай.
«Алла» деп батыр ақырды,

Әруағын судай сапырды.
Бет алдырмай қырыпты
Дінсіз қалмақ кәпірді.
Жүрген жерін Жаскелең

Қойға тиген бөрідей,
Қуалап жүріп жапырды,
Он екі күн ұрысты.
Тап он үш күн болғанда

Қаз мойын қара тұлпардың
Аяғынан әл кетті,
Мойынынан жал кетті.
Қабырғадан қан келіп,

Тебінгіден тер келіп,
Қан ішінде тұра алмай,
Мойнын артқа бұра алмай,
Қаз мойын қара тұлпарың

Бірден бірге меңдеді.
Жаскелең батыр зарланды,
Шаппасына арланды,
Тұлпардың әлі кеткен соң,

Шақырып әруақ қамданды.
Сол уақтар болғанда,
Сол шамаға толғанда,
Жаскелеңнің шешесі,

ғашықтық  дастандар
Үйінде жатып түс көрді.
Түсінде жаман іс көрді,
Көзіне батыр көрінді.

Жаскелеңнің шешесі
Ертеменен тұрады,
Беті-қолын жуады,
Қынай белін буады.

Аягөз деген қызына
Түсін айтып жорытты,
Түсінде кемпір қорықты.

—Айналайын, Аягөз,

Жаскелең деген ағаң[ыз]
Қисабы жоқ көп қолмен
Мұндай соғыс салыпты.
Он алты мыңын өлтіріп

Қан ішінде қалыпты.
Қаз мойын қара тұлпардың
Шабайын десе әлі жоқ,
Бұрынғыдай сауы жоқ.

Алқынған сонда ағаңа,
Жалғыз туған сұңқарға,
Менен туған қыз болса[ң]
Тиер деген пана жоқ.

Шешесінің сөзіне
Шыдай алмай Аягөз
Үйден шығып жөнелді.
Қарына құрық іледі,

Қолына жүген алады,
Жылқыға таман барады.
Қой мойынды құланы
Жылқыдан ұстап алады.

Ер тоқымды салады,
Екі айылын бек тартып,
Құйысқанын қысқартып.
Ер қаруы—бес қару,

Бесеуін де қоса артып,

жаскелең
Желге қарай қасқартып
Қолына найза алады.
«Алла, бағыт түзе» деп,

Атына міне салады.
Қияқты найза қолында,
Қос мылтығы мойнында.
Астындағы тұлпары

Қара терге боялды.
Төңірекке қарайды,
Құлағын екі қайшылап,
Алқына шапты құлаша ат.

Алыстан қан көрген соң,
Жау тозаңын көрген соң,
Он екі күн жүрген соң,
Айғайлап тиді Аягөз

Ғаскердің келіп шетінен.
Көк сүңгіні қолға алып,
Сұр бұлыттай түрленіп,
Әруағы батырдың

Дүние жүзін қаптады,
Ашылмас қара борандай.
Қаланың аузын қандатты,
Қақпаның аузын шаңдатты,

Матушке мен маржаны
Маңыраған қойдай шулатты.
Алты күн айғай салғанда
Қой мойынды құла аттың

Жалы кетті суылдап,
Құйрығы кетті шуылдап.
«Шу, жануар, шу» деді,
Соққан желдей гуледі.

Балдағы алтын ақ берен
Аягөздің белінде.
Қоңыраулы ақ сүңгі
Аягөздің қолында.

Қалмақтар тіпті жан емес
Шыбындай жан бар болса,

ғашықтық  дастандар
Қалмаққа кірді Аягөз,
Алты күндей аралап,
Кез-келгенін қырады.

Жағынан тартып жаралап,
Жалғыздай болмас деп
Он төрт қалмақ Аягөзді қамады.
Аягөз сонда сөйлейді

—Астымдағы құлаша ат,

Шаршағандай күн болса,
Жылқышы бабам қолдасын
Үстіңдегі иеңді.
Қожам, пір, бабам бар болса

Жасаған Ием оңдасын.
Қоңыраулы көк сүңгі,
Көп ішінде толғармын,
Шыдамай сабың сынбасын!

Балдағы алтын ақберен,
Қалмақты көріп сілтермін
Қолда жасып қалма сен.
Қозы жауырын [көк] жебе,

Ұзындығы алпыс кез,
Тартқанда қалсын жығылып.
Көп ішінде мен көрсем
Қалмағайсың мүдіріп.

Он екі күндей ұрысып,
Он екі мыңын жығыпты.
Қалғандары қалмақтың
Сайға қашты жүгіріп.

Белінен алды Аягөз
Атайын деп қол жанап
Жез қаптаған садақты-ай.
Қалмақты қырып келеді

Бет алдына қаратпай.
Он үш күнде айналып
Қалмақты қырып болыпты
Екпіні қыздың шыдатпай.

жаскелең
Аягөздей аруың
Жаскелеңді көрген соң,
Ерігіп ару жүрген соң,

Садағы бар қолында,
Қола оғы бар аузында,
Қой мойынды құланы
Үстіне қамшы сабалап,

Жетіп келді жағалап.
Алыстан тұрып оқ атты,
Сөз сөйлесіп тіл қатпай,
Атқан оғын жоғалтты.

Жаскелең де бөгелді,
Келген қалмақ бітті деп,
Ажалыңа қалмақ жетті деп,
«Баба Ғұмар, [қолда]» деп,

Жаскелеңдей ерлерің
Садағын алып жөнелді.
Қатарланған сауыттың
Жыртыла жазды жағасы.

Бабасы оқтан сақтады,
Атқан оғы батпады.
Қарсы келген қыз жатыр,
Атының басын тартпады.

Қолды қойды қылышқа,
Жаскелеңмен ұрысқа
Аянбай қылыш салады.
Жаскелеңдей батырың

Жеңе алмаған секілді
Аягөздей баланы.
Дем алып қарап тұрады,
Аты-жөнін білуге

Жөн-жосығын сұрады.
Аягөз сонда сөйледі

—Бет алдыңа қарасам

Жараған бура келбетті,

ғашықтық  дастандар
Шүрегей басты, кіл бетті
Басың шойын, үстің тас,
Атқан оғың ұсталмас.

Қаз мойын қара тұлпарға
Қуалап тұлпар жете алмас.
Сен қайсы ердің тұқымы?

—Он екі жаста ту алған,

Таңды қанға суарған.
Алыстан қара көрінсе,
Аламын деп қуанған.
Әруақты туған адаммын,

Алладан медет сұраған.
Жөнімді менім сұрасаң
Кейінгі қалған Нарында
Маңдайым күнге күймеген,

Табаным жерге тимеген,
Шалықтаған қыз едім
Жаскелең ағам барында.
Кетіп еді сол ағам

[Қалмақтағы] Найманның
Қоңырша қызын алуға.
Ұйықтап жатып түс көріп,
Шығып едім елімнен

Сол ағама баруға.
Өлген болса ол ағам
Дұшпаннан кек алуға.
Дүниеде тірі жолықсақ

Қосылып ойран салуға.
Мен елімнен шыққан соң,
Он екі күн жол жүрдім.
Жол үстінде қамалған

Ауыр ғаскер қол көрдім.
Жау қарасын көрген соң,
Жау екенін білген соң,
Артыма тастап кете алмай

Ойран салып жүргенмін.
Атқа мінген батырдың
Бәрінен де хабар бар.

жаскелең
Жаскелең[дей] ерлерді
Бар ма сіздің көргенің?
Жаскелең сонда сөйледі

—Талабың жақсы, жарқыным,

Кеткеніңде сұраған
Іздегенің табылды.
Мидай сары далада
Жаскелең ағаң мен,—деді.

Бірін-бірі көрген соң,
Аягөз іздеп келген соң,
Құшақтасып, жыласып
Басылып мауқы болған соң,

Қоңыршамен қосылып,
Елге қарай жөнелді.
Бірнеше күн жол жүріп
Еліне аман келеді.

Шешесімен көрісіп
Құшақтаса береді.
Шешесі сонда сөйлейді

—Жасаған Жаппар Құдайым

Тілегімді берді ме?
Түсім емес өңім ғой,
Қарағым, аман келдің ме?
Қоңыршаны алам деп

Қиындық талай көрдің бе?
Жасаған Аллам жар болып,
Тілегіңді берген соң,
Қоңыршаны алған соң

Бәрін қызық көрдің бе?
Малын сойды той қылып,
Тойына жұртын шақырып.
Көп халықты жиғызды,

Баршаға қызық көргізді.

Бисмилла сөздің патшасы,
Әдеп емес әр істі
Бейбисмилла бастаса.
Бисмилламен басталар

Әр жұмыстың нақ басы.
Құранның сөзі қатасыз,
Кітаптың бар-дүр қосары.
Бұл дүниеден көшеді

Бір Құдайдан басқасы.
Көрінген көзге жаладан
Адамның бар ма қашпасы.
Аз ғана ермек етейін,

Болсын сөздің бастасы.
Жігіттің көңілі қамығар,
Жаман болса ашынасы.
Өлеңнің көбі ойымда,

Асы-жапы пендеміз
Күнәһым көп мойнымда.
Талай дастан шығардым
Келтіріп сөзін орынға.

Және бір дастан жазғалы
Қалам алдым қолыма,
Өлең-жырды осылай
Үйір қып алдым бойыма.

Жаратқан Алла бір Құдай,
Көңілдің ашқын жолын да.
Тірлікте қайыр қылғаның,
Қиын жерге барғанда

Тиеді нақты қолыңа.
Жылағанды жұбатса,
Сақыға қосар оны да.
Гүлнәр қыз

гүлнәр  қыз
Әзелде тағдыр жаратқан,
Мұратқа жетсін талаптан.
Не патша кетті дүниеден,

Аузына жанды қаратқан.
Бұл дүние кең сарай,
Өтпеген жан жоқ сынақтан.
Ақыры бір күн кемшілік

Бай болсаң да манаптан.
Баста жазған несібе,
Жетіледі себеппен.
Дүниеге келген адамзат

Ілінеді сынаққа.
Он бір жасқа келгенде
Айналдым оқушы талапқа,
Он сегізге келгенде

Түйсіндім барша азапқа.
Жиырма екіге келгенде
Айналдым өлең тарапқа.
Бұйырған бізге несібе,

Осыдан болған себеп те.
Дүние жалған опасыз,
Салған салмақ нелерге.
Ақын ныспым жайылды

Жоғары менен төменге.
Талай өлең шығардым,
Мәлім болса көп елге.
Әуелден ұстаз болса құр,

Дүние талап өнерге
Осы сөзді шығардым
Елу екіге келгенде.
Бұрынғылардың нұсқасы

Себеп болды демеуге.
Үш дастан бұрын шығардым,
Айтайын оны мен енді.
Біреуі—«Шынның патшасы»,

Екінші—«Аяр» деген-ді.

ғашықтық  дастандар
Үшіншіде—«Түснама»,
Қолға алдым осы өлеңді.
Осы сөзді бастадым

Қылмаққа сөзін шеберлі.
Өлеңге жаман өшіктім,
Қолға алдым мен мұны енді.
Ілімді Құдай берген соң,

Шашайын халыққа өнерді.
Сөз қылайын аз ғана
«Ғалат, Гүлнәр» дегенді.
Пенденің ризық несібін

Құдайдың өзі береді.
Баршаға қамқор бір Құдай,
Құдіреті шебер-ді.
Айтайын «Ғалат, Гүлнәрді»,

Басқаның не керегі.
Жас келді елу екіге,
Сөзімнің шықты кетігі.
Айтқанменен келмейді

Бұрынғы сөздің ұраны-ай,
Жад қылалық Құданы-ай.
Өлеңнің түстім соңына,
Ешкімнің сөзін бұза алмай.

Басқа жағын келтіріп,
Айтайын сөзді ұзамай.
Жанары кеміп көзімнің,
Әйнексіз қалдым сыза алмай.

Салсүйек болып қалыппын,
Жатырмын әлі тұра алмай.
Тыңлап отыр, жақсылар,
Айтайын бастап мынаны-ай.

Әлқисса, ілгері өткен заманда бір кедей жігіт бар еді. Өзі
жалқау молла еді. «Менің ырыздығыма Құдайдың өзі қарыздар
екен» деп жұмыс істемей жата береді екен. Күндерде бір күні
аштан өлетін болған соң «мен жатып өлгенше, жүріп өлейін»

деп, қиялданып бет алдына жүріп кетті. Нұсқасы өте сұлу екен,
мазмұны мынадай.

гүлнәр  қыз
Заманда өткен ілгері,
Бір сұлу жігіт бар екен,
Келіскен сипат түрлері.

Жалқаулықпен жатады,
Жұмыссыз күндіз-түндері.
Құранды, аз ғылым оқыған
Жақсы әлім молла өзі.

Құдіреті күшті бір Құдай
Әр күйге салар пендені.
Ешбір жұмыс қылмайды,
Тәкбір қылар Аллаға.

Сермесең қылышы келеді,
Ұсынған өзі кәллаға.
Бір жаратқан Құдайым
Ризығын берер әммаға.

Құдіретіне оңай-ды,
Қиын жұмыс пендеге.
Қамсыз өскен пенде емес,
Тағы да дейміз әр неме.

Күллі жанды жануар
Ризығына Егем қарыздар.
Жеткізіп тұрар дембе-дем,
Себепші өзі Бір уа Бар.

Шын ниетпен тілесең,
Тарықтырмас Зұлжалал.
Айламен қылсаң көп пайда,
Ақыры болар іс залал.

Аз дәулетке шайқалған,
Ақыры болар құры зар.
Көп нұсқада имамдар
Қиямет жолдас демек-ті,

Қылған екен бейзинһар,
Қалыпта тұрмас адамзат,
Ниеті демде бұзылар.
Жаман болсын демейді,

Әркімнің ұлы-қызы бар.
Азапсыз жұмыс жоқ,

ғашықтық  дастандар
Бұрынғылардың ісі бар,
Пендеміз асы, күнәһар
Дүние десе қызығар.

Кітапта осы дерегі,
«Еріншек молла» деуші еді,
Аты Ғалат дер еді.
Әзелде тағдыр жазғанды

Себеппен пенде көреді.
Өз елінде тұра алмай,
Дүниесін құра алмай,
Бет алдына жөнеді.

Шаһардың жайын білмейтін,
Жапанда жатқан ел еді.
Айтқаны болмас адамның,
Дегені болар Алланың.

Неше дүркін жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Дабылға жетіп келеді.
Дабылда тұрған патшаның

Атын Қадым дер еді.
Бір ұл, жалғыз қызы бар
Алдындағы көдегі.
Шыққан екен сейілге,

Қарсы келді о да енді.
Бірін-бірі байқады,
Қарама-қарсы кеп еді.
Амандасып тұрысып,

Бірін-бірі көреді.

—Амансыз ба, мырза!—деп,

Қолының ұшын береді.
«Сіз-бізбенен» әр сөздің
Өтіп жатыр кезегі.
Жүректің қылы қимылдап

Балқытып барад денені.
Шаһ қызы көзі көрмеген
Ол сықылды баланы.

гүлнәр  қыз
Ғалатқа жүзін туралап
Гүлнәрдың айтқан өлеңі.

—Тыңдасаң, менің айтар арызым бар,

Сөзді ұғынып жүзіме назарың сал.
Бұл шаһар адамына ұқсамайсыз,
Сен маған нәсіліңді қылғын изһар.
Бәріміз адамзаттың баласымыз,

Сұрамақ әл-жайды болмайды ар.
Бұ жердің адамына ұқсамайсыз,
Кеп тұрсың, көкем, қай шаһардан?
Көрінген иә болмаса көрімбісің,

Гөһ Қаптан мұнда келген перімісің?
Қауіптің, иә қуаныштың бірі боп тұр,
Көзіме әжеп қайран көрінесің.
Өз атым Гүлнәр сұлу, хан қызымын,

Ерке өскен Қадымшаның жалғызымын.
Мен жеке, Құдай жалғыз, салтаң жүрмін,
Шаһардың күйеуі бар бар қызының.
Адамдар сөз салдырды, тигенім жоқ,

Падиша, бек, уәзір, ханның ұлын,
Олардың ешбірін де қаламадым,
Алынып табиғатым қалды бұрын.
«Бір жігіт алыстан кеп жолығар» деп,

Бір түсті көріп едім өткен түннен.
Жаббар Хақ көз жасымды қабыл әйлап,
Шырағым, кеп қалмаса менің мұным.
Нетеді есіркесең, тұрмын жылап,

Сөзімді қабыл көрсең, көңілің ұнап.
Өзімнің өзгеге жоқ сыбағамсың,
Құдайдан қатарым деп алдым сұрап.
Көңілің шыныменен менде болса,

Сабыр қып нағып, қалқам, тұрсың шыдап?

ғашықтық  дастандар
Қайрылып екі ашық жар сөйлессе,
Жарасар тең құрбыға күлмек, ойнап.
Жолдасым, шаһарда ма, Дәштемісің,

Пінһан қып кім жасырар ішкі сырын.
Қасымда жақын тұрып қайрылмайсың,
Бармай ма шын ашық жар тастап ісін.
Мен көрген жан емессің бұрыннан-ақ,

Гүлнәр деп келемісің іздеп сұрап.
Гүлнәр қыз осыны айтты бойы балқып,
Есі ауып түсіп қалды аттан құлап.
Осылай деп ол Гүлнәр: «Қанша патша балаларын көрсем

де, мұндай сұлу баланы көрмедім ғой. Қалаға апарып моншаға
шомылдырып, таза киіндіріп, алтын сарайда әңгелектей дома­
латып ойнап, ыстық жүректің жалынына басып-басып, бетін
сүйіп отыратын бала екен-ау»,—деді. Есі кетіп құмар болды.

Осылдай деп ол Гүлнәр
Аттан құлап қалады.
Тұла бойын балқытты
Ашықтықтың шарары.

Тұла бойы мең-зең боп,
Қалтырап кетіп барады.
Соны көріп Ғалаттың
Қалмады сабыр-қарары.

Ентелей басып Гүлнәрдің
Қасына жетіп барады.
Мұның да босап мойыны,
Әл-қуаты қалмады.

Ғалатнама жетеді,
Гүлнәрдің басын көтерді.
Жүзіне түсіп назары
Есінен бұ да кетеді.

Қызметінде Гүлнәрдың
Қырық қыз еді нөкері,
Зембілге салып көтеріп,
Сарайға алып кетеді.

гүлнәр  қыз
Қызды алып кетті сарайға,
Ғалат қалды далада.
Ол хор болса, бұл—пері,

Танысуға екеуі
Есі мен түсін білмеді.
Сөз мәнісін ашпады,
Болып кетті басқамен,

Сол жерде Ғалатнаманың
Бетін жауып тастады.
Бұл хабарды білмеді
Шаһардағы Дәштағы.

Бір кеш-күндіз өткенше
Гүлнәр қыз көзін ашпады.
Бұл енді тұрсын сонымен,
Баудағы Ғалатнамадан

Азырақ айтып тасталы.
Орнынан тұрып ер Ғалат
Ойланды енді қашқалы.
Кетіп қалған қырық қыз,

Ғалат жатыр шарбақта.
Түн өтіп, күндіз боп еді,
Қарады тұрып жан-жаққа.
Қол жетсе таза алтынды

Әркім де құмар алмаққа.
Өзіне-өзі айтады:
«Асы адамға алдатпа!»
Ғалатнама тұрады,

Жан-жаққа назар қылады.
«Біреу мені байқар» деп,
«Патшаға барып айтар» деп,
Көңілінде болды күмәні.

Түскен жоқ әлі есіне,
Қауіп қылды көрген ісіне.
Ақылынан айрылып,
Шаһардың келді ішіне.

Көшеде жүрді сандалып,
Айтпады сырын кісіге.

ғашықтық  дастандар
Сырласатын кісі жоқ,
Танымайды ешкімді.
Есалаң болды есірік,

Айтпады сырын шешіліп.
Бір шетке шығып серейіп,
Жатып алды көсіліп.
Шаршап талып жүрген жоқ,

Жалқаулық о да кесірлік.
Жар бермейді мойыны
Қимылдауға пұшпағы.
Жоғалды деп көрген қыз

Өзін-өзі қоштады.
Алтын болмас қорғасын,
Сұқтайды зергер мыс тағы.
Құлай кетті көшеде,

Жалқаулығы ұстады.
Сұлап жатыр көшеде,
Өзіне-өзі не етеді?
Данышпан деген бір адам

Қасына жақын келеді:

—Ей, шырағым, жас бала,

Қайдан жүрсің?—дер еді.
Осылай деп қашықтан
Қасына келіп жолықты.
Әл-ахуалын сұрасып,

Аз әңгіме болыпты.
«Кесел ме әлде екен» [деп],
Нұсқасынан қорықты.
Былайша деді ол адам:

—Келесің қайсы қаладан,

Сендей жігіт бұл жерде
Көрінбеуші еді арадан.
Көрмеуші ем сені шаһарда,
Көріп тұрмын жаңадан.

Қай тарапта ісіңіз,
Саламат па жарқын ісіңіз.

гүлнәр  қыз
Жапа шеккен адамдай
Сарғайыпты түсіңіз.
Беймажал бопты көңіліңіз,

Қай жерден мұнда келдіңіз?
Өліп қалған шығар деп,
Қауіп етіп ек сені біз.
Әлімше жәрдем қылайын,

Баяндап жөнің беріңіз.
Ғалатнама сол уақытта
Көтеріп басын алады.
Екі көзі алақтап,

Жан-жағына қарады.
Маддұғасын білдіріп,
Көзінен жасы тарады:

—Жүрген екен бір пері

Сейіл қылып даланы.
Мен де оған қарадым,
Оның да түсті назары.
Көзімнің оты тұтасты

Көргендей болып шаланы.
Атынан қалды жығылып,
Ә дегенше болмады.
Шоқтай боп ішім тұтасты,

Ашықтықтың шарары.
Өтенім Дәшті қалада,
Нәсіп айдап кеп едім
Шаһар Дабыл қалаға.

Дәштан сахат келіп ем,
Бұл жерге келіп жолықтым
Бұл сияқты жалаға.
Сау едім бұрын келгенде,

Жабысты осы арада.
Шипа бар ма бұл дертке,
Айналайын, жан аға.
Оңбады ісім қырсығып,

Айтайын сіздей данаға.
Аға деп айтып жүрерміз,
Оңланса ісім мүбәда.

ғашықтық  дастандар
Сөйледі онда ол адам:

—Кеселің екен болмаған.

Сөз мазмұнын біледі,
Ішінен деді «оңбаған,
Аспанда айға қол созып,
Екенсің анық сорлы адам».

Осылай деді ішінен,
Мұның айтқан сөзінің
Мәнісіне түсінді.
Кеселі Ғалатнаманың

Ашықтықтың әсері.
Көпті көрген көне еді,
Дәніштің айтқан дерегі.
Жас баланы есіркеп,

Былайша жауап береді.

—Шырағым, сенің кеселің,

Түсіріпті басыңа
Гүлнәр қыздың әсерін.
Бір сиқыршы кемпір бар
Ішінде осы көшенің.

Қызметін қыл да тұра бер
Ықыласпен шешеңнің.
Алла ағлам, бұл кемпір
Ойлаймын, шырақ, білер деп

Бұл дертіңнің есебін.
Көбінің ісін бітірген
Сен сықылды неменің.
Жаһанда жоқ бұ қилы,

Мұндай өнер білмейді
Адамзаттың тұқымы.
Отты су, суды от,
Тау-тастарды жоқ қылар

Дұғасының сықылы.
Әр қилы дұға үйренген,
Әммеден қатты тұқымы.

гүлнәр  қыз
Шырағым, соған жылдам бар,
Сұрамай айтпа еш хабар.
Рақым қылса есіркеп,

Ұзамай ісің қысқарар.
Ебі келсе, шырағым,
Дембе-дем сәтті боп қалар.
Анасы емшек бермейді

Жыламаса балалар.
Құр қаларсың далада,
Тағы да біреу қадалар.
Гүлнәр деген, шырағым,

Қадымшаның еркесі.
Шешеңе бар тоқтамай,
Ендігі сөздің кеңесі.
Ашық боп әркім қозғап жүр

Шодырайып желкесі.
Сөз салдырған бұл қызға
Бектері де, паңы да,
Патшазада, ханы да.

Не жүйрікпін дегендер
Жете алмады шаңына,
Жуымады маңына.
Шешеңменен келіссең,

Қосады сені сарынға.
Талай адам жете алмай,
Шапаттап жүр санын да.
Артықпысың солардан,

Сені де қиын қылары.
Ол—падиша, сен—байғұс,
Болсаң еді шамалы.
Алысуға шерменен

Бөрінің бар ма миқдары.
Жақсылық қылса жеткізер,
Кемпірдің көп амалы.
Әйтеуір алғын амалдап,

Кемпірге болсын обалы.

ғашықтық  дастандар
Тек біз сырттан дұғагөй,
Амалдап болсаң болғаны.
Осылай деп ол адам

Қайтпақшы болды жайына.

—Басқа халық білмесін,

Өзіңді-өзің дайында.
Керек болсам, шырағым,
Жүремін шаһар маңында.
Дәніш еді өз атым,

Білмекші болсаң және де.
Шырағым, айтып сырыңды,
Еш адамға қарама.
Өзіңе қиын болады,

Өсек сөз ерсе араға.
Күндіз біреу сезбесін,
Барып кіргін қонаға.
Дұғада болса жүремін,

Жұмысың келсе мәреге.
Дәніш деп сұра, шырағым,
Керек болсам мүбәда.
Хош айтып Дәніш жоғалды,

Ғайыпана дұға қып
Ғалатнама балаға.
Екі көзі алақтап,
Бала да жүрді шамада.

Құптан уақыт болғанда
Ғалатнама жолықты
Тағзым етіп мамаға.

—Амансыз ба, жан шеше,

Айналайын, жан ана!
Кемпір де басын көтерді,
Сондағы айтқан кебі еді:

—Келесің қайсы қаладан,

Ісіңнен баян ет,—деді.
Ғалат айтты:—Жан ана,
Келіп едім осы қалаға

гүлнәр  қыз
Қызметіңді еткелі,
Мұнымды айып етпе енді.
«Мақұл» деді анасы,

Қылып тұрсын қызмет
Зыр жүгіріп баласы.
Екеуінің келісіп,
Істеген ісін қарашы.

Шынымен қып жүр ықылас,
Қабыл болсын тәубасы.
Бұлар тұрсын мұнымен
Айтайын бір сөз келтіріп,

Падишаның қызынан.
Кемпір мен бала тоқтасын,
Айтайын Гүлнәр сырынан.
Әлқисса, андауыл Ғалатнама жалқауға жолыққан адам

Дәніш деген білімді кісі еді. Мұның ахуалын есіркеп:—Балам,
бұл өте қиын жұмыс қой, мұны бір жөнге келтіріп, тек сол кем­
пір жөндейді, айласы көп,—деп жұмсап еді. «Жазған құлда
жан бар ма» деген, Ғалатнама кемпірмен сөйлеседі. Бұ да есір­

кеп, есігінің алдына қызметке салып қойды. «Бір жерде жөні
келер» деп қойды. Енді қыздардан әңгіме естіңіз.
Қыздардан баян етелі,
«Қызың мұндай болды» деп,

Патшаға хабар жетеді.
Құлай жазды тағынан,
Адамның перзент шекері.
Мойындары қалтырап,

Әл-дәрмені кетеді.
Ордадан шығып падиша,
Қызына қарай келеді.
Өліп жатыр Гүлнәр қыз,

Патша келіп кіреді.
«Не болды,—деп,—шырағым?»
Басын сүйеп демеді.
Мінайым келді еңіреп,

ғашықтық  дастандар
Ата-ана жылап жіберді.
Қызына қарап үңіліп,
Патшаның айтқан кебі еді:

—Жан балам, көзіңді ашқын, шошып келдім,

Бәрінен, бақты, тақты кешіп келдім.
Болды деп сені жеймар есіткен соң,
Қайғыға ойымды қосып келдім.
Бейхабар тақыттың үстінде отыр едім,

Әліңді жаңа ғана есіткенім.
Қарағым, қандай күйге ұшырадың,
Дүниеден үзілдің бе, не істеймін?
Жауап бер, көкіректе бар ма жаның,

Бермесең тездеп жауап кетті сырың.
Гүлнәржан, жаның болса дыбыс қылғын,
Басыңда жылап отыр кемпір-шалың.
Ұлдан дара, қыздан жеке біреу едің,

Баққа серік, тақытыма тіреу едің.
Дүниеден, бақтан кемдік болмаған соң,
Жоққа жазды-ау перзент деп көнер едім.
Мүддеңе не десе де ұнамадым,

Долданып, ашуланып, шыдамадым.
Айтуға қой деп саған айта алмаймын,
Құдайдан жылап жүріп сұрап алдым.
Қосылсаң бір теңіңе өзің сүйіп,

Болды деп қуанар ем ұнаған соң.
Ләззаты дүниенің, бал-шекерім,
Түспеген жабағы жүн жас құлыным.
Теңіңмен өзара сүйген ойнап-күліп,

Көрмеді қызығыңды көзім менің.
Өзіңнің қалауыңа жіберместен,
Менің де әбес болды осы жерім.
Гүлнәржан, бұл кеселден жаның қалса,

Шырағым, болсын енді өз білгенің.

гүлнәр  қыз
Әкесі осылай деп жылаған-ды,
Шымырлап тұла бойы шыдамады.
Шешесі қасына кеп «құлыным» деп,

Қызының әл-жайын сұрағаны.
Бұзылып көңілі бозарды,
Екі көзі жасарды.
Бетін сүйіп шешесі

Былайша ауыз ашады.
«Не болды,—деп,—шырағым»,
Осылай сөзді жасады.

—Айналайын, құлыным,

Ақылдан сасып құрылдым.
Қаламаушы едің бірін де
Адамзаттың ұлының.
Дақ сап едің бәріне

Сүйектері ірінің.
Баршаға ерсі боп еді
Осы қылған қылығың.
Сені жаман дегенмен,

Жақсы қызын кім берер,
Бәрінен жақсы тірігің.
Алтын тақтың сүйеніші,
Басыңды көтер, шырыным.

Ақ ордаға, шырағым,
Жаушы салған ашықтың
Сүйектерін жасыттың.
Қалағаның табылып

Таппады қарар ілімің.
Осыдан тұрсаң, шырағым,
Өзіңнің болсын білгенің.
Осылай деді Мінайым,

Тіл беріп, көзін ашпады.
Қызының көріп кеселін,
Өлгенінен жаман болды деп,
Көңіліне түсті уайым.

Осыны айтып шешесі

ғашықтық  дастандар
Жан-жағына қарады.

—Ұламасын шаһардың

Жылдам барып шақырғын,
Болар ма екен себебі?!
Шаһардың күллі адамы,
Тәуіп, бақсы қалмады.

Бәрі қылды әрекет,
Ешбірі шипа қылмады,
Тәуіптерді таратып,
Шақыртты және әмманы.

«Гүлнәр қыз осылай болды» деп,
Дәштіге де жетті хабары.
Бұл кеселдің табылар
Қандай қылса амалы?

Бұл кеселдің түрінен
Дәніш те хабарланады.
Айтып едім бағана
Дәніштің жайын жоғары.

Жөнеді «бізден болар деп
Бұл кеселдің себебі».
Зор беріп жүріп ер Дәніш
Ордаға келді шамасы.

Падишаның үйіне
Тоқтамай кіріп барады.
Қатыны менен падиша
Отыр еді мұңайып.

Сәлем беріп иіліп,
Қасына жақын жанады.

—Амансыз ба, ей, шаһым,

«Қызыңыз ауру болды» деп,
Есітіледі хабары.
Келіп едім есітіп
Беймардан хабар алғалы

Ей, шаһым,—деді,—мұңайма,
Мен де бір ем қылайын,
Тәуекел қылып Құдайға.
Болмаса да, болса да

гүлнәр  қыз
Бір нәрсеміз қурай ма?
Шамалы мен де байқаушы ем,
Көңіліңіз, тақсыр, ұнай ма?

Сонда патша сөйледі:

—Жұрттың бәрі емдеді,

Дертке дәрмен қылмады
Ұламалар елдегі.
Армансыз болсын, шырағым,
Сен де бір ем қып көр,—деді.

Осылай деді падиша,
Дәніш айтты:—Болған-дүр
Қызыңызға хадиса.
Дабылдың сұлу Гүлнәрі,

Ерлерден де бір сұлу
Шыққан шығар жарыса.
Бес жүз жылдық жоғарғы
Ұстынсыз аспан мұғалақ,

Қара көзі шағылса.
Кесел жоқ, мұнда—ғашықтық,
Жазылар соны таныса.
Алыстан біреу келген-ді,

Қызыңыз оны көрген-ді.
Ашықтық оты қозған-ды,
Табылған мұның теңдері.
Бұл қызыңда кесел жоқ,

Осылай шығар жөндері.
Балымның осылай хабары,
Басқа көңілім сенбейді,
Мұны қалай көресіз,

Жүрдім осылай мен,—деді
Осылай шығар шамасы,
Басқа балым демеді.
Осылай деп ер Дәніш

Әңгімесін қысқартты.
Мұны ойлап патшаның

ғашықтық  дастандар
Ойына келді әр кебі.

—Менсінбеуші еді хан ұлын,

Оны қалай қалапты?!
Ертіп кел,—деп,—қырық қызды,
Бір адамды жұмсапты.
Алдына қыздар келеді:

—Жұмысыңыз не?—деді.

Сол уақытта патшаның
Қыздарға айтқан кебі еді:

—Не білесің қызымнан,

Қай істің болды себебі.
Жолығып па еді біреуге,
Біліне ме дерегі?
Ол сияқты секретті

Білсең де, баян ет енді.
Бізге күмән, сізге аян,
Білмеген жұмыс бекер-ді.
Бір уақиға болған-ды,

Ендеше, қайда кетеді?
Қырық қыз онда сөйледі

—Түсіп тұр енді ойларға,

Тамаша етіп барып ек
Бәріміз бағы-майданға.
Бір жігітке кез келдік,
Білмейміз келді қайдан да.

Есінен танып құлады
Гүлнәрға назар салғанда.
Гүлнәр да талып жығылды
Жігітке жақын барғанда.

Кім екенін білмедік,
Көп айналып жүрмедік.
Өлген шығар ол жігіт,
Тірі болса мүбәда,

Келер еді сүйреліп.
Гүлнәр қызбен лек боп,

гүлнәр  қыз
Айналып қаппыз күрмеліп.
Ол қалды баудың ішінде,
Бетін бүркеп жөнедік.

Сұлу екен өзі де,
Қара қасты, ақ тамақ.
Қызыл жүзді, бидай өң,
Сүйегі тұтас шартарап.

Екі көзі шырақтай,
Көрген кісі мақтамақ.
Жаһанда жан жоқ сықылды,
Жүретін адам жақтап-ақ.

Жібек сөзді мүләйім,
Сипат берген Құдайым.
Адамзат тумас ондай боп,
Болмаса әгар уайым.

Дүниеде арман жоқ,
Жолықтырса сондай қып
Әр әйелдің жұбайын.
Бала жолбарыс пішінді,

Біз білмейміз, патшаһым,
Бұдан бөлек ісіңді.
Барлық адам есітті
Қырық қыз айтқан бұ сырды.

«Дәніштің сөзі рас» деп,
Әр жерден қылды пішінді.
Патша айтты:—Дәнішім,
Расқа енді айналды

Әлгі лұғат, лисаның.
«Кеселдің жөнін кім тапса,
Соған бақтыр» деген сөз,
Айтыңыз енді мәнісін,

Саған тіктеп айтамын
Сөзіңнің жөні бар үшін,
Не десең де болады

ғашықтық  дастандар
Кеселдерге дәрі үшін.
Не десең қабыл аламын
Шырағымның жаны үшін.

Бір амалын қыла гөр,
Өзіңе арнап жосығың,
Аянбай емдеп жазғайсың
Алтын тақтың ары үшін.

Осылай деді патшасы,
Онда Дәніш сөйледі
Гүлнәр қыздың қамы үшін.
Әлқисса, Қадымша патшаның бір ұл, бір қызы бар еді. Одан

басқа перзенті жоқ еді. Қызының аты—Гүлнәр сұлу, баласының
аты—ер Арыстан еді. Гүлнәрдің емін тауып, Дәніштің айтқаны:

—Ей, шаһым, білдірейін істің түрін,

Кеселдің емдемеймін күштілігін.
Қызыңның құлағына шыңғырыңыз
Әуез қып сол жігіттің түсін, тегін.
Ішінде бақ-майданның өлтірді деп,

Айтпаңыз онан басқа ешбір сырын.
Онан соң бір қой сойып, жүрегін ал,
Білдірме қырық қызға бірде-бірін.
Бұл сөзді айтпа жанның ешбіріне,

Жаббар Хақ изһар қылар мүшкіліңді.
Гүлнәрға осы қылар ісім, тақсыр,
Білесің осыменен ішкі сырын.
Дәніштің бұл айтқанын патшасы да

Қылмаққа ризаланды бәрін мұның.
Падиша былайша деп айқай салды,
Аузына аузын тығып құлағының.
Әлқисса, Дәніштің айтуы бойынша, бір қойды сойып,

соның ыстық жүрегін алдырып, қызының құлағына қатты
шыңғырды:—Бауда қызыл жүзді, ақ тамақ, қара көз бала өліп
қапты,—деп. Қыз тебіренді.

гүлнәр  қыз
Падиша да қабыл алады,
Құлағына қызының
Былай деп айқай салады:

—Бақ-майданның ішінде

Көрдім,—деп,—өлген баланы.
Сол уақытта Гүлнәр қыз
Көтеріп басын алады.
Сөйлеуге келмей қуаты

Жан-жағына қарады.
Жігіттердің біріне
Падиша бұйрық қылады:

—Тездеп сойып әкел,—деп,

Қойдың жылдам жүрегін.
Дәніштің айтқан сөзіне
Көп көңіл қоймай тұр едім.
Иншалла, шырағым,

Жөні келді, білемін.
Айтқанын баян қылады,
Алып келіп патшаның
Қолына берді жүрегін.

Аң-таң болып тұрады,
Ақырын даусын шығарды.

—Бет алдына жүдейсіз,

Мұныңыз не?—деп сұрады.
Сол уақытта патшаның
Былайша болды жауабы:

—Барып едім, шырағым,

Бақ-майданды көргелі.
Сонда көрдім бір сұлу
Өліп жатқан бендені.
Ұламалар, тәуіптер

Жүрегін саған ем деді.
Бір адамды жіберіп,
Алдырып едім мен,—деді.
Жайы қалай келеді,

Аузыңа салып көр,—деді.

ғашықтық  дастандар
Онда қызы жылады,
Орнынан қарғып тұрады.
Қолын қойып өкпесіне

Осылай деп арыз қылады:

—Жан ата, дүниенің тәттісі не,

Жұмыстың қасіреті, қаттысы не?
«Тас түскен жеріне ауыр» деген сөз бар,
Біреудің біреу білмес шақтысы не?
Кесірлі қыз, содырлы ұлын туса,

Қайтарар ата-ананың бақтысын да.
Бірі кем бұ дүниенің, бүтін болмас,
Дүниенің көзім жетті жартысына.
Тағы да сізге айтарлық, жаным ата,

Өтініп тыңдасаңыз зарым, ата.
Болады ұғыл туса баққа серік,
Қыз халқы бөтен жұрттық, бермейді опа.
Басқаға әшкере қып қол көтерсе де,

Өмірі ер қылмаймын берсең бата.
Гүлнәр қыз жігіт өлді деген еді,
Таппады оған ешбір себеп енді.
Қызынан патша мұны есіткен соң,

Халқына айтып тұрған ғазалы еді.
Әлқисса, Гүлнәр шала-жансар, есі-түсін білмей жатқанында,
құлағына мынандай сөздер келген соң, «өлгені рас екен ғой,
дүниенің тәттісі, ләззаты кетсе, қасіреті қатты қайғы келсе, ер

қылып керегі жоқ қой» деп ойлады.
«Ғалатнама өлді» деп,
Нанып еді көңілі.
Талақ қойды дүниені,

Өлген соң жолдас серігі.
Қызынан мұны есітіп,
Патша да айтты кебіні.

гүлнәр  қыз

—Үлкен-кіші, жарандар,

Баудағы қалған жігіттен
Болыңыздар хабардар.
Дерегін білген адамды
Қыламын халыққа намыдар.

Дүниеде есепсіз
Қыламын кәтта амалдар.
Табылса әгар дерегі,
Гүлнәржанды берелі.

Тауып алып айламен
Өлтірейін деп еді.
Өкпелер деп қызының,
Естіріп айтқан себебі.

«Атам тауып келер» деп,
Қыздың көңлі сенеді.
Мақұл көрді тамамы,
Қарады Ғалатнаманы.

Қанша жерді қарады,
Еш дерегі болмады.
Күнбе-күн көңіл сейіліп,
Гүлнәр да тәуір болады.

Гүлнәр қыз саламат тапқан соң,
Ордаға патша барады.
Дәніштің біліп данасын
Уәзір қылып алады.

Не жұмыс қылса падиша,
Дәнішке ақыл салады.
Уәзірлерден бұрынғы
Жоғары болды қадамы.

Күндерде бір күн ол Дәніш
Шақырып алды маманы.
Жасырып айтып қойыпты:
«Тәрбият қыл,—деп,—баланы,

Аман болса тимес деп,
Сіз бенен бізге залалы.
Гүлнәрді соған қосыңыз,
Болып жүр көңілі жаралы».

ғашықтық  дастандар
Бұл сөз тұрсын мұнымен,
Ғалатнама баладан
Енді хабар алалы.

Кемпір бір күн сұрады,
Шақырып алып баланы.

—Менде қандай ісің бар,

Хабардар қыл анаңды.
Көп уақыт болды, шырағым,
Істерің жақсы жағады.
Мақсатың болса хабар бер,

Әрекет қылып қаралы.
Сол уақытта баласы
Былайша жауап қылады.
Әлқисса, Дәніш патшаның қолтығына кіріп, Гүлнәр мен Ға­лат­

наманы қосуға әрекет етті. «Екі жасты қосса сауап болады деуші
еді ғой»,—деп кемпірге де айтып, кемпір екеуі бұл іске кірісті.

—Жан мама, сізге айтарлық арызым мол,

Бармаққа бір ісім бар, ол қиын жол.
Машақат сізге оңай, бізге қиын,
Аспанда айды алмаққа созамын қол.
Ақтауда бір тұйғын бар жолы қиын,

Айтуға ұяламын қатты бұйым.
Бір мәрте бағы-майданда ұшырады,
Мен оның сұрамаймын жайын-бойын.
Есім жоқ, сол арада қалдым талып,

Бұл ісім сізге күмән, өзіме анық.
«Патшаның ол көргенің қызы екен» деп,
Сұлу деп біреу келіп қылды дәріп.
Осы істі орнына келтірер деп,

Жан мама, келіп едім хабарласып.
Бір жұмыс хош көргендей болып едім,
Сол қыздың қасіретінде жүрмін налып.
Бір мәрте бағы-майданға барып едім,

Кез болды о да маған душарланып.

гүлнәр  қыз
Қарады о да маған салып назар,
Жығылды сөйлесуге болмай мажал.
Онан соң бір амал болар ма еді,

Сол қызға жақындауға бар ма амал?!
Көз жасым көл болады зарлағанда,
Бұл күйік қатты болды әммадан да.
Хабарын қайда кеткен білер едім,

Сол жерде естен танып қалмағанда.
Жан шеше, осы менің ойлағаным,
Шықпай ма өтірік сөз алдағанда.
Ғалатнама кемпірге,

Осылай деп өтінді.
Кемпір қалды қуанып,
Естіген соң бұл сырды.

—Бір жұтым судай көрмеймін,

Шырағым, мұндай ісіңді.
Көзді ашып-жұмғанша
Алдаймын жүз кісіңді.
Қартайсам да, қарағым,

Көрсетейін күшімді.
Бір дұға оқып сол уақытта
Өзіне салды бір демді.
Сонда Ғалатнаманың

Әйелдей болды түрлері.

—«Келінім» деп барайын

Патшаға, балам, жүр,—деді.
Бір әрекет қылайын,
Ешкімге берме сыр,—деді.
Гүлнәрді саған қосайын,

Қарсылық қылар кім?—деді.
Мақұл деп шеше жөнеді,
Қол ұстасып келеді.
Бір дұға оқып құбылып,

Өзі де бір шал боп алады.
Рұқсатымен падиша
Ордаға келіп енеді.

ғашықтық  дастандар
Тақта отырған падиша:

—Жол болсын сізге,—деп еді.

Қолын қойып көксіне,
Кемпірдің айтқан кәламы

—Әй, шаһым, әділетіңіз хадден асты,

Жүруші ек бірдей көріп кәрі-жасты.
Иә перзент, иә дәулетке жарымаған,
Бейшара ем көңлі мұңлы, көзі жасты.
Бар еді бір перзентім, ғайып болды,

Қыдырып таба алмадым шаһар Дәшті.
Айрылып жалғыз бала, шырағымнан,
Бұлт боп ашық күнім, тұман басты.
Мынау жалғыз ұлымның қатыны еді,

Ата деп томпаңдаған пақыр еді.
Далаға өзім кетсем жалғыз қалар,
Үйімнің күйтең еді атырабы.
Сақтасын жалғызымды қандай қылып,

Берсеңіз бұған тауып ақыл енді.
Адамға сізден бөлек сенбеймін,
Әммаға сізді қамқор кісі деймін.
Ниетін сөзге салып, бұзып қойса,

Уайым-қайғы орнына түсер деймін.
Мақұл деп алып қалсаң кетсем жөнеп,
Осындай бәһанамен болса себеп.
Осыны орнына келтірер деп,

Өтініп екі мұңлы сізге кеп ек.
Бұл ісім сізге күмән, өзіме анық,
Тыңласаң арызымды құлақ салып.
Аманат келінімді сізге қойып,

Келейін ұзап жүріп сұрау салып.
Әлқисса, Ғалатнаманың қызметіне риза болып, кемпір өзі
шал реңіне кіріп, Ғалатнаманың аузына мөр салып, келіншек

гүлнәр  қыз
етіп айламен патшаға барады. Ғалатнамаға көп айла-тәсілдерді
үйретіп қойып еді.
Осылай кемпір дегенде,

Патша қызын шақырды.

—Өгей қылма келінді,

Қарағын алыс-жақынды.
Бізге аманат келінің,
Еш адам қылмас зақымды.
Ұзап барып сұрау сал,

Уайым қылма артыңды.
Жөнел деді мамаға,
Патша да қабыл алады.
Осы сөзді айтқанша

Қызы да келіп қалады.

—Панаңа алып бақ,—деді,

Қасыңа ап мынау баланы.
Күндіз-түні қасыңа ап,
Майдалап сөйле қасыңа ап.
Жетімсіреп қалмасын,

Бала екен жасырақ.
Әмірімді, шырағым,
Қатты ойла, қылма босырақ.
Осыны айтып болды да,

Жүрді қызға қосып-ақ.
Әлқисса, Ғалатнаманы падиша қосып жіберді. Қосылып, ой­
нап-күліп жүре берді. Бір күндері болғанда, Ғалатнама ашықтық
зарынан кесел болды. Падишаның қызына білдірмей, бір апта

жатып алды. Патшаның қызы күндіз-түні қасынан шықпас
еді, атасының сөзімен пәруана болып, әл-жайын сұрап тұрар
еді. Көңілін сұраған сайын «келіншек» жылай береді, жылай
береді. Бір күні патша қызы:—Сен неге жылай бересің?—деді.

Сонда «келіншек»:—Әй, бикеш, екеуіміз бір сырласқан болсақ,
мен жазылып кетер едім,—дейді. Сонда патша қызы:—Сен
сырыңды айтшы, артынан мен де айтайын,—деді. Сонда «ке­
ліншек» бір сөз деді:

—Бикешжан, сен сұрасаң, сыр айтайын,

Кіргендей көкірекке қып айтайын.

ғашықтық  дастандар
Жөнінен кеселімнің хабар беріп,
Ішіне жалған қоспай шын айтайын.
Бұл дертім ашықтықтың әсері еді,

Кәмине бұл ғаріп осал енді.
Көрген соң бір жігітті талып қаппыз,
Бұл әдет содан қалған кесел еді.
Сырыңды сен де маған жасырмағын,

Бар ма еді бұл шаһарда ашық жарың.
Бір жолдас болғанымның ақысы үшін
Мен сенің күндіз-түні қасыңдамын.
Және бар жолдас ақым, әм замандас,

Сөзіңнің жасырынды кілтін аш.
Себебі бұл дертімнің өзіңде бар,
Көзімнен еске түссе шығады жас.
Мен өзім бұрыннан-ақ ғаріп едім,

Бір бауға тамаша етіп барып едім.
Бір жігіт қалбарақтап жүрген екен,
Көзімді олай-бұлай салып едім.
Шықпайды содан бері бір есімнен,

Аты-жөнін әбден сұрап қанып едім.
Гүлнәр онда сөйледі,
«Келіншек» осылай деп еді.

—Бұл не деген кеп болды,

Сыр сұрадың, жеңеше,
Құмар болған көп болды.
Біріне назар қылмадым,
Қырық қыз маған серік болды.

Бір адам маған жақпады,
Қандай іс қайдан еп болды?
Аяқтыға жол болып,
Ауыздыға сөз болдым.

Барып ем бағы-майданға,
Бір адамға кез болдым.
Құдіретімен Құданың

гүлнәр  қыз
Ауды жаман көңілім.
О да маған қарады,
Мен де оны таныдым.

Білмеймін қайдан келгенін,
Жығылып талып қалыпты.
Қуаты кетіп тәнімнің
Кесел боп қаппыз неше күн,

Болмады емі дәрінің.
Ұлама, молла, тәуіптер
Таба алмады есебін.
Күннен-күнге ұлғайып,

Зорлап кетті кеселім.
Сол жігітті өлді деп,
Есіттім жұрттың өсегін.
Құлаққа сөзі кірмеді

Әке менен шешемнің.
Ойнап кетті жүрегім,
Қарғып тұрдым, білемін.
Өмірі ер қылмасқа

Атамнан бата тіледім.
Кейде сау, кейде науқас боп,
Есалаң болып жүремін.
Ақылға тура келмейді

Өлді деген өтірік,
Еш уақытта болмайды.
Өткен іске өкінбе,
Тірі болса сол жігіт,

Ғайыбынан жетіліп,
Өмірлік жолдас қылғын деп,
Сұрадым Ақтан өтініп.
Осыны айтып Гүлнәр қыз

Жығылды құлап өкіріп.
Ғалатнама қамықты,
Басын сүйеп отырып.
Бір өлең айтқан секілді

Һәр жерден мысал келтіріп.

—Ілгері сөз айтайын нұсқаменен,

Құрбақа тамыр бопты тышқанменен.

ғашықтық  дастандар
Тышқан інге, құрбақа суда жүріп,
Бір жіпке байланыпты пұшпағынан.
Ит, мысық, бөрі, түлкі—бәрі де жау,

Көбінесе қорқады екен құс жағынан.
Құрбақа тартты жіптің бер жағынан,
Інінен тышқан шықты айламенен.
Ініне сау-саламат қайтып келді,

Риза боп құрбақаның сыйларынан.
Тышқан да құрбақаны шақырыпты,
Баяғы жіптен тартып сирағынан.
Құрбақа одан шықты одырайып,

Тұмсығы екі иегі шодырайып.
Келтірер ерлікке ұят, айлакерлік,
Аңқылдап жүре берді адырайып.
Келеді бір бақашы көлді айналып,

Бет алды құрбақаға ыңғайланып.
Бірінің кесірінен бірі кетер,
Бір жіпке тұмсығынан тұр байланып.
Бақаны алып кетті бақашы құс,

Тышқанға ін түбінде болады көш.
Біреуі біреуінің түсін бұзар,
Соғылса араласып күміс-мысы.
Арасын көп ұзатпай айтар едім,

Қорқамын бола ма деп сондай бір іс.
Гүлнәр қыз мұны естіп тұрды жылап,

—Қайдан сен көріп ең?—деп қайта сұрап.

Жеңеше, айналайын жөніңді айтшы,
Сөзіңе отырайын салып құлақ.
Айтатын бір өлеңді «жеңгей» айтты:

—Әгарда мақұл көрсе көңілің ұнап.

Гүлнәр қыз «айта ғой» деп рұқсат етті,
«Келіншек» былай айтты сөзді ырғап.

гүлнәр  қыз

—Сол жігіт сыры болса сақтаймысың,

Патшаның әмірінен қорықпаймысың?
Басында қыз халқының билік бар ма,
Назар қып өз әліңді шақтаймысың?
Сонда Гүлнәрдің сөзі

—Қыз халқы төмен етек біз мысалға ал,

Төрт-бес күн жолдас болдық бейшара хал.
Сол жігіт тірі болып бір көрінсе,
Өлсем де ризамын таппай амал.
«Жеңгесінің» сөзі

—Сен оны шыныменен көрсең тәуір,

Атаңа өлгеніңше болар қауыр.
Патша бұл ісіңнен хабарланса,
Онан соң іс түспей ме басыңа ауыр.
Сонда Гүлнәр

—Кез болдық әлдеқайдан екі мұңлы,

Біріміз-бірімізге айттық сырды.
Сол жігіт тірі болып бір көрінсе,
Ризамын іс көрсем де қандай түрлі.
Онда «жеңгесі»

—Дұшпан көп аңдып жүрген оң мен солда,

Қайтер ең жолықтырсам онан зорға.
Жігітке онан артық кез қылайын,
Құдайдың жаратқаны бір-ақ сол ма?
Онда Гүлнәр

—Өз дертін әркім білер басқа салса,

Бұтағын басқа дарақ сөгер болса.
Сүймеймін онан басқа адамзатты,
Әгарда жаннан асқан пері болса.

ғашықтық  дастандар
Көзіме сонан басқа көрінбейді,
Қазынаның алтын-күміс, зері болса.
Басқаны шын ашық жар не қылады,

Өзінің көңілі сүйген теңі болса.
Шырағым, саған риза болар едім,
Сол жігіт дүниеде тірі болса.
Әлқисса, Ғалатнама кемпірдің үйреткен айлаларын қылып,

қызбен сырласты. Оның мінезін, сырын алып, көрген жігі­
ті туралы да жақауратты. Сұрап, осының ақыл-есінің шын
ауғандығын білді де, өзін аузынан мөрін алып, суретіне келіп,
өзін танытқаны.

Онда Ғалат толғанды,
Пердені ашып бетінен,
Тура қарап оңланды.
«Аһ» деді Гүлнәр қыз,

Баудағы жігіт аңғарды.
Көрген соң тоқтау болмады,
Құшағына алады,
Рас па деп, өтірік,

Аймалай берді баланы.
Талабын қыздың көрген соң,
Құшағын бұ да жазады.
Сүйісіп жатыр шөпілдеп,

Жүректері лүпілдеп,
Жастық оты маздады.
Екі ашық табысып,
Мейірлері қанады.

Орнына келсін осындай
Әр пенденің талабы.
Екі ашық қосылып,
Көздері оттай жанады.

Еріншек жатыр имеңдеп,
Жалынады Гүлнәр қыз:
«Ар жағына тиме» деп.
Еріншек бала ентігіп,

Мазасын алды сүймеңдеп.

гүлнәр  қыз
Зорға тұрды орнынан
Гүлнәр апаң иреңдеп.
Еріншек Ғалатнаманы

Өледі аштан деп еді.
Шыныменен тілесе,
Есебіне береді.
Хақ жұмыс келер орнына,

Жаланың шықпас дерегі.
Мақсатына жеткізді
Дәніш пен кемпір көмегі.
Жұмыс бітіп ұйықтаған,

Көреді біреу демеді.
Кеткенде көзі ілініп,
Қырық қыздың біреуі
Патшаға келді жүгіріп.

—Не жұмысқа келдің?— деп,

Жауапқа алды тігіліп.
Ол қыздың сонда жауабы,
Еңсесі екі бүгіліп.

—Ей, шаһым, қызыңыздың сарайында,

Білмеймін мәнісінің қалайын да.
Бір жігіт осы күнде пайда болды,
Күнде ешкім болмаушы еді маңайында.
Қызыңмен бірге жатыр құшақтасып,

Шайқасам қарамайды көзін ашып.
Асығып келгенімнің себебі бұл,
Бұл сырдан кетейін деп хабар шашып.
Бетіңе, падишаһым, күйе жағып,

Біреумен ойнас болды қара басып.
Мұны естіп падиша,
Қызынан үзді күдерді.
Отыз жігіт «сарайдың

Есігін ал» деп жіберді.
Есігіне Гүлнәрдің

ғашықтық  дастандар
Салдырды шойын құлыпты,
Ішкері бұлар кірмеді.
Құл-қолаңның болғанын

Іштегі қыздар білмеді.
Патшаның өзі келгенше,
«Бермейік қызға сыр» деді.
Ғалатнама тұрады,

Біріне-бірі ұнады.
Жата берді екеуі,
Білмегенсіп бұларды.
Аузына мөрін салады,

Аяқ-басын жуады.
Біріне-бірін кез қылды,
Көріп пе ең мұндайды.
Нөкерін Гүлнәр шақырды

«Палау бас» деп бұйырып,
«Болған соң даяр, оят» деп
Тұжырып мұрынын шүйіріп.
Көңілі кетті балаға,

Келер деп өзі дедектеп.
Балам бармаса керек деп,
Сұраса әгар атасы,
Атамның сөзін қызмет қып.

Пәруаз етіп жүрмін деп,
Не қылайын деректе деп,
Жата берді екеуі,
Осым да жауап береді,—деп.

Бұлар тұрсын мұнымен,
Патшадан хабар бер енді.
Қатынын патша шақырды,
«Алдыма кел,—деп,—тез енді».

Қатыны келді алдына
Үзілгендей өзегі.

—Бір бәле болған білемін,

Қызыңның дәті қатты деп,
Мақтаншылық қып едім.
Бір суық сөзді естіп,

гүлнәр  қыз
Бір бәле болған, білемін.
Суылдап кетті жүрегім,
Рас болса осы сөз,

Енді қайтіп жүремін.
Сөйледі сонда Мінайым:

—Өтірік болса осы сөз,

Қырық қыздың бәрін қырайын.
«Рас болса, мүбәда,
Шын адамға білдірмей,
Гүлнәрді сойып тынайын.

Өтірік шығар бұл жұмыс,
Сақтасын өзі Құдайым».
Осыны айтып болды да,
Сарайға жетіп келеді.

Отыз жігіт сарайдың
Есігін ашып береді,
Ары-бері қарады,
Білінбеді дерегі.

«Бұл істен қызым аман» деп,
Қуанып байғұс жөнеді.
Аманат қыз бен Гүлнәр қыз
Ұйықтап жатыр, көреді.

—Білсе қапа болар,—деп,

Көңілі жаман қалар,—деп.
Жатыр екен шырағым,
Қауіп-қатерден аман,—деп.
Адыра қалғыр, қырық қыз,

Қылайын сені жаман,—деп,
Мінайым кейін қайырылды.
Есікті ашып қарауыл,
Екі тарап айрылды.

—Бағып тұрғын, қарауыл,

Шығарма қырық қызды.
Болмасаңдар ықтият,
Ашайын депті айыбымды.
«Қиянат, жала екен» деп,

ғашықтық  дастандар
Патшаның көңілін жай қылды.

—Келін мен қызым бір жатыр,

Көңілінше Тойтақ қыз қылды.
Осылай деді Мінайым,
Патша мұны ұнатты,
Қол астында ақылдасар

Уәзірлерін жияды.
Патша тұрып алдында
Былай деп жауап қылады.

—Бір жігітпен жатыр деп,

Айтып кетті Тойтақ қыз.
Падишалық салтыма
Салып кетті сойқан қыз.
Өтірік пе, рас па,

Біріңіз барып байқаңыз.
Біріңіз барып біліп кел,
Мәнісін кейін айтармыз.
Бұл кезде адам бармасын,

Қазылар барып аңласын.
Өтірік пе, рас па,
Қиянат, жала болмасын.
Абайлап барып қарағын,

Жасырынып қалмасын.
Бір жігітпен отырса,
Гүлнәрдің кеспек кәлласын.
Білінбесе дерегі,

Жамағат, өзің білесің,
Тойтақтың қылғын тамғасын.
Осы сөзді есітіп,
Қазы, уәзір жөнеді.

Отыз жігіт сарайдың
Есігін ашып береді,
Отызы жауап етеді.

—Білінбейді мұнда,—деп,

Еш нәрсенің дерегі.
Гүлнәр қыздан сол уақытта

гүлнәр  қыз
«Кім келді мұнда?» демеді.
Қарайды қарап ақтарып,
Қыздарды айдап жөнеді.

Зіркілдетіп қырық қызды
Патшаға айдап келеді.
Сол уақытта Гүлнәрдің
Айтқан сөзі бұл еді.

—Жан ата, бұл не деген сұмдық болды,

Малыңыз, тақтыңыз кімдікі болды?
Келтірсе патша қызын жаяу айдап,
Қалайша енді сізге теңдік болды?
Басымда, айдап келді, болмай ерік,

Алдында кетіп еді шешем көріп.
Мұнан да өлтіргенің абзал еді,
Білдірмей еш адамға дарға керіп.
Жан ата, мұнша неге болдың жүдеу,

Қиянат іс қылады қайсыбіреу.
Мұнан да өлтіргенің жақсы еді ғой,
Зәреде қасымыздан тапсаң күйеу.
Жан ата, қартайыпсыз, күдер үздім,

Жүзіміз төмен бопты сіз бен біздің.
Баршаны топырлатып келтірдіңіз,
Дұрысын қыла бергін көңіліңіздің.
Көресің мұны қандай, Арыстаным,

Сізді қайдам, мен жаман намыстандым.
Әкеңнің жүйрік шығып ала байталы
Әммадан үздіріп тұр шапшаңдығын.
Аз күнде талай жерге барар болды,

Рас па, өтірік пе дабыстарың?
Гүлнәрдың бұл сөзіне шыдамастан,
Ашуы келіп кетті Арыстанның.
Қызарып екі беті, түгі шығып,

Төменде сөзін қара данышпанның.

ғашықтық  дастандар

—Бұл өзі қандай жұмыс болады, ата,

Жақын мен бәрін жидың алыптардың?
Осыны айтып алдына
Арыстан келді жүгіріп,
Отыра кетті жүгініп.

Киімін тесіп түктері
Сыртынан тұрды білініп.
Мырзаның басар ашуын
Араға адам кіріліп.

—Тарт,—деді,—дарға Тойтақты,

Қылды,—деп,—жаман сойқанды.
Жақсы сөз айтып жұбатып,
Көңілдерін қуантып,
Қырық қызды қайтарды.

Гүлнәр қыздың ақтығы
Мағлұм болды әммаға.
Ғалатнама, Гүлнәр қыз
Білдірмеді пендеге,

Сейіл қып күндіз далаға,
Сөз кіргізбей араға.
Ата-ананың алдына
Кеп жатып тұрды қонаға,

Бітіріп ісін далада.
Бұлардың қылған жұмысын
Білмейді адам және де.
Күндерде бір күн Арыстан

Сейіл қып шықты сонарға.
Тұйғынын алып қолына
Қырық жігіт ертіп соңына.
Қайтарда Гүлнәрлардың

Қайым болды жолына.
Шамалы жерге кеп еді,
Гүлнәр қызды көргелі.
Ашық болды сол заман,

«Келіншекті» көреді.
Сөйлескен боп Гүлнәрға
Мырзаның айтқан өлеңі.

гүлнәр  қыз

—Гүлнәржан, құлақ салып тыңда мұны,

Осыған түсінер деп айттым міне.
Біз көрген бұл шаһарда сұлу қыз жоқ,
Барабар келіспейді сурет, сыны.
Сөзіме түсінер деп айттым, шырақ,

Бұрын мен көргенім жоқ мұны сынап.
«Арыстан ағаммен көңіл қыл» деп,
Шырағым, айнакөзден көргін сұрап.
Гүлнәрдің жауабы

—Айтайын келте жауап, көке, сізге,

Аманатқа қиянат етесіз бе?
Байқасаң ата ісі әмір уәжіп,
Қылмағын қарсы әдеп әкеңізге.
Бір байғұс атаңызға тапсырыпты,

Кім қылған аманатқа қарсылықты.
Онан соң шақырып ап маған берді,
Әлімше қылып жүрмін жақсылықты.
Қасыма күндіз-түні ертіп жүрмін,

Көңілін мен байқасам тас қылыпты.
Көйлегі үстіндегі қыздың түрі,
Бенденің Алла берер болса міні.
Біреуге кімнің басы байлаулы екен,

Өмірлік болмаған соң сөздің шыны.
Гүлнәр қыз осылай дегенде
Арыстан жаман мұңайды.
Төмен қарап еңкейіп

Жалына аттың құлайды.
Қалғанынан ұялып
Ешкімге жауап қылмады.
Шешесі шығып алдынан

«Не болды?» деп сұрады,
Оған да пәлен демеді.
Болған соң қапа көдегі,

ғашықтық  дастандар
Не қылып сабыр етеді?!
Асығыстап, аптығып
Падишаға жетеді.

Сондағы айтқан патшаға
Мінайымның кебі еді.

—Арыстан келді қамығып,

Табиғаты алынып.
Менде сабыр қалмады,
Қылайын сабыр не қылып?!

Қызың да кесел боп еді,
Мұны да қатты қайғырдым,
Адамның перзент көргені.
Бір қуаныш бола ма

Селт еткендей көңілі.
Тағы да түсті бір қайғы,
«Тас түскен ауыр жеріне»,
Басқаның несі қурайды.

Келіп едім, патшаһым,
Білдіргелі бұл жайды.
Осылай деп қатыны,
Көзінің жасын бұлайды.

Жүгіріп барып падиша
Баланың жайын сұрайды.
Сол уақытта баласы
Былайша жауап қылады.

—Жан ата,—деді баласы,

Жалғыз ұл, жалғыз қыз еді,
Көзіңнің ағы-қарасы.
Перизатқа кез болдым,
Білмеймін қанша бағасы.

Дарияның шам тасындай
Көзінің ағы-қарасы.
Гүлнәрдің жүр жолында
Адамзаттың данасы.

Өңім түгіл ондайды,

гүлнәр  қыз
Көргенім жоқ та түсімде.
Мұндай сұлу адам жоқ
Бұл шаһардың ішінде.

Қисаңыз әгар алып бер,
Алмаймын басқа кісіңді.
Жаһанда мұндай көрмедім
Перінің қызы сықылды,

Көзіме бір-ақ көрінді,
Білмедім өңі-түсімді.

Суреті шықты ойымда,
Басқа жоқ менің кеселім.
Мұнан басқа сөзім жоқ,
Осының тапқын есебін.

Бұл қызды алып бермесең,
Дүниеден, шыным, көшемін.
Осылай деп білдірді,
Атасы білер шешерін.

Бұл сөзге патша жарлық қылды,
«Қыздарды айдап келтір» деп,
Бір адамға бұйырды.
Отыр еді падиша

Баласының үйінде,
Алдына қыздар келеді,

—Жұмысыңыз не?—деді.

Сол уақытта патшаның
Қызына айтқан кебі еді:

—Қасыңдағы келінге

Арыстан ашық боп еді.
Ақыл салып, шырағым,
Шақырғаным себебі,
Жан-жағыңа қарағын,

Жөні қалай келеді.
«Келіншек» сонда сөйледі:

—Сорлы атам тапсырып,

Аманат тұрсын деп еді.
Тірі кетті баласы,

ғашықтық  дастандар
Бар ма, жоқ па дерегі?
Тіліне сеніп біреудің,
Құрытпақшы танамды.

Естігенім жоқ еді,
Екі ерге тиеді
Бір әйелді дегенді.
Осы жері болмаса,

Жоқ демес едім мен де енді.
Некеде тұрған кезіміз,
Жетпейді бұған көзіміз.
Шариғат нені қалайды,

Біз бұл жағын білмейміз,
Ойласыңыз өзіңіз.
Осылай «келін» дегенде,
Қарады патша балдарға.

Әрі-бері толғанып
Жауап берді қыздарға,
«Жайыңа барып тұрғын» деп,
Рұқсат етті бұларға.

Арыстанға:—Қой,—деді,
Ұят екен бұл,—деп,—хандарға.
Сарайдан қыз да шығады,
Ордаға қарай шұбады.

Аһ ұрып Арыстан
Есінен танып құлады.
Көзінің кетіп жанары,
Болыпты керең құлағы.

Жүр[іп] келсе отырмай
Өне бойы жылады.
Патшаның келіп алдына
Қатыны былай сұрады:

—Неше күн болды жатқалы,

Болмады сабыр-шыдамы.
Көңілінде басқа күмән жоқ,
Сол қыздың барлық күмәні.

гүлнәр  қыз
Күнбе-күн зорлап барады,
Тағатың қалай шыдады?!
Басын қоссақ қайтеді,

Жаман шал не күш қылады?!
Әперелік балаға,
Мал берсең ол шал тынады.
Бүгін барып байқасам,

Бұрынғыдан зорлапты.
Келіп едім, патшаһым,
Айтайын деп бұл кебті.
Осылай қатын дегенде,

Патшаның көңілі қатулы.
Екі көзі алақтап,
Салдырды патша ақылды.
Хабар салып жидырды

Алыс пенен жақынды.
Барша халық келеді,
«Айтар,—деп,—қандай нақылды».
Жиналған көпке падиша:

—Тыңдағын,—деді,—кебімді.

Арыстан деген баламыз
Қыздан тәуір көріпті
Аманат қойған «қатынды».
Әлдеқашан қылар ем,

Жұмыс болса татымды.
Кетіп еді тапсырып
Бір бейшара аманат.
Аманатқа ойлап ем,

Қылмайын деп қиянат.
Ауқаттан қалып ол жатыр,
Дерті зор болып қабағат.
Осындай басқа іс түсті,

Қыламыз қандай, жамағат?
Жариялап айтты тамамы,
Уәзірлері, хандары:

—Балаңыз өліп кетпесін,

ғашықтық  дастандар
Кеселдің өтіп салдары.
Ар-ұят түбі мұразат,
Болмасын шатақ жақтары.

Зәрулік үшін қылыңыз,
Болмасын жазым ұлыңыз.
Хадисте хабар беріп тұр,
Сол жөнде айттық мұны біз.

Қыла ғой әгар керекке,
Доңыздың еті ем болса,
Жей берсін деген деректе.
Зәрулік үшін қылсаңыз,

Жазамен қылсын себепке.
Бұл сықылды жұмысты
Алмаймыз бөтен-бөлекке.
Жабыла айтты тамамы,

Патша да қабыл алады.
Сөз аяқтап болғанша,
Қыздар да келіп қалады.
Патша айтты:—Шырағым,

Бір ісім саған түсіп тұр
Құдіретімен Құданың.
Барша халық ұнатты,
Мақұл деп сен де ұнағын.

Тірі болса еріңіз,
Оны да риза қыламын.
Өлген болса, мүбәда,
Болғаны хасыл мұратың.

Алмасаң осы тілімді,
Білдірейін сырымды.
Көре тұра арманда
Өлтірмеймін ұлымды.

Өлерсің, балам, күмәнсіз,
Айтайын енді шынымды.
Ғалатнама жылады,
Гүлнәр да әрең тұрады.

гүлнәр  қыз
Жоқ деуге амал таба алмай,
Үш күнге мәулет сұрады.
Түн ортасы болғанда,

Сарайға қыздар шұбады.
Таңға жақын шамалы
Ғалатнама, Гүлнәр қыз

—Табалық,—деді,—амалды.

Бір жұмысқа басталық,
Патшаның пейілі жаман-ды.
Осыны айтып екеуі
Ордадан шыға жөнеді.

Қашып барып қалаға,
Кемпірге ақыл салады.

—Қыламыз қандай, жан мама,

Патша қылса хабарды?
Кемпір айтты:—Шырағым,
Мұны уайым қылмағын.
Білдірмеймін пендеге

Аман болса бір жаным.
Аузына қыздың мөр салды,
«Сынбайды жалғыз тырнағың».
Өз аузындағы мөрді алып,

Аузына салды Гүлнәрдің.
Онда назар салады,
Ақиқаттап қарады.
Қызыл жүзді, бидай өң,

Әдемі жігіт болады.

Жүре бер енді екеуің,
Тамашаны қылатын,
Патшаға болып барыңдар
Алыс жердің адамы.

Жақынды айтсаң біледі,
Алыста десең нанады.
Еркек салса аузына,
Демде бір қыз болады.

Қыз салса егер аузына,
Көзді ашып-жұмғанша

ғашықтық  дастандар
Еркек болып шығады.
Еш пенде мұны білмейді,
Мөрімнің осы амалы.

Шаһарға бұл дақылдар,
Патшаға жол жақындар.
Патшамен келісіп,
Отыруға жай салып,

Қаланың бір шетінен
Біраз жерін сатып ал.
Осындай амал қылмасаң,
Біріңе шөп салынар.

Өздеріңді анықта,
Мәлім болғын халыққа.
Бір үйіңнің санында
Міндетті болғын салыққа.

Ниетің еді қосылмақ,
Ұзап барып алысқа,
Жүзіңді қиын жасырмақ.
Аман болсын мамаңыз,

Істі хамит қыла бер
Падишаның қасында-ақ.
Әлқисса, екі бала маманың алдынан шығып, патшаның ор­
дасына келді. Патшаның алдына кіріп:—Иә, тақсыр, біз бір

алыстан келген мүсәпір едік. Екеуіміз ата-анадан айырылған
жетім едік. Сізді әділ деп естіп, мұңымызды айтқалы іздеп кел­
дік,—деп, бір сөз [айтты]:

—Әй, шаһым, келіп тұрмыз тілеп пана,

Алыста өтеніміз жапан дала.
Бір жылы қыс қатты боп жұтап қаппыз,
Қалыппыз бір тайлы елді екі-ақ бала.
Еліміз не болғанын аңламадық,

Бұйырды тұз-дәм айдап Жаббар Халиқ.
Тақсыр-ай, пана сұрап келіп тұрмыз,
Біз сізге арызымызды ақтаралық.

гүлнәр  қыз
Бір жақтан сатып алсақ, жер берсеңіз,
Осы айтқан арызымды жөн көрсеңіз.
Өзіңе ықтияр боп салық берсек,

Мұндағы бұқарамен тең көрсеңіз.
Жер ал деп пәлен жерден құба-құп,
Бұл патша мақұл көріп берді рұқсат.
Істі адамына дайын қылып,

Қолына мөрін басып берді бір хат.
Патша осылай деп еді,
Сырт адам пәлен демеді.
Жүгіре барып ол жерді

Екі бала көреді.
Ажырамай арасы,
Қырық қыз да жетіп келеді.
«Айрылдық,—деп,—Гүлнәрдан»

Көзінің жасын төгеді.
Көтеріп басын падиша

—Айтқандарың не?—деді.

Қырық қыздың бірі ол жерде
Былайша жауап береді:

—Ғайып болды бір түнде

Алтын тақтың тірегі.
Көре алмаған дұшпанның
Болды ма, қайдам, үндеуі?
Тұрып едік оянып,

Күн шығар мезгіл шамасы.
Аманат қыз бен Гүлнәр жоқ,
Қараусыз жер қалмады.
Келіп едік, ей, тақсыр,

Құлағыңа салғалы.
Ендеше, қайда кетеді,
Бір уақиға болған-ды.
Мұны естіп патшаның

Тағат-сабыры қалмады.
Суылдап кетті жүрегі,

ғашықтық  дастандар
Өртенгендей жан-жағы.
Өз-өзінен сұс болып,
Тақыттан ұшып құлады.

Жерге беріп бауырын,
Өксіп-өксіп жылады.
«Үйге бәрі келсін» деп,
Халыққа хабар қылады.

Жиылып келген халыққа
Патшаның айтқан жауабы:

—Шаһарды әбден қара,—деп,

Патша қылды үкімді.
«Кетеді қайда бала» деп,
Тауды, тасты ақтарып.
Халықты тегіс сана деп,

Қатыны қалды даң болып.

—Не болып қалды және?—деп,

Ауырып жатқан Арыстан
Қарғып тұрды орнынан.
Осылай деген дабыспен,
Даңғаза болды бірталай,

Адам кеп жатыр алыстан.
Патша айтты қатынға:

—Айрылдық бүгін Гүлнәрдан.

Мінайым онда өкірді,
Есінен танған секілді.

—Алдымдағы ермегім

Қандай жерге бекінді?
Ауырып, танып есіңнен,
Жарып едің өтімді.
Енді қайдан іздейміз,

Бастан қате етілді?
Осылай деп Мінайым
Құдайға қылды наланы.
Екі көзі жасарып,

Сабыр-тағат қылмады.
Жиылып тұрған халықтың,

гүлнәр  қыз
Таң болып қалды тамамы.
Шаһардың бәрін ақтарып,
Қарады Гүлнәрді.

Әр жерден хабар алдырып,
Тұрады үш күн шамасы.
Ешбір жерден хабар жоқ,
Болмады істің қарары.

Күдерін үзіп Гүлнәрдан
Жай-жайына тарады.
Патша қапа болады,
Қалмады сабыр-қарары.

Шақырып қатын-баласын,
Былайша сауын салады:

—Басқа қиын іс түсті,

Болады қандай амалы.
Тұла бойым елжіреп,
Өртеніп бойым барады.
Аманат қыз тағы жоқ,

Жоғалттық екі баланы.
Мінайым, Арыстанжан, ойла мұны,
Басқаның бір Құдайдан көп-дүр міні.
Біреуді ықтиярсыз алмақшы едік,

Білмейміз өзімізді кім алғанын.
Қайғыдан қандай қылсақ құтылармыз,
Табыңдар енді мұның бір амалын.
Гүлнәрды табатұғын амал болса,

Сендердің мен қылайын ұнағаның.
Арыстан, сенің болды балалығың,
Ақына бір міскіннің жала қылдың.
Айтуға қой деп саған бата алмадым,

Ап кетті алалымды арамдығың.
Көрерміз нәсіп болса мақшар күні,
Тіледім Арыстанның амандығын.
Қайтардым тілімді алсаң қой деп саған,

«Алмасам болмайды» деп жаман қылдың.

ғашықтық  дастандар
Бұл дерттің кетпес болды жаралары,
Көңілдің ағын бұзып қаралады.
Бұл пәле өзімізден болған жөннен,

Адамдар аңғармады даладағы.
Жемістей жаңа піскен мәуе етіп,
Мейіріміз Гүлнәр қызға қана алмады.
Көрерміз нәсіп болса мақшар күні,

Кейінгі аман қылсын балаларды.
Бейорын болмас іске босанбалық,
Бейхұда көзімізге жас алмалық.
Біреуі қалғанда да болар еді,

Екеуі қабат кетті қосарланып.
Жемістей жаңа піскен уылжытып
Гүлнәрді қатарына қоса алмадық.
Әлқисса, патша мұнымен жата берсін. Ендігі сөзді Гүлнәр

қыз бен Ғалатнамадан естіңіздер. Екеуі патшаның рұқсатымен
жақсы жерден жер алып, ол жерге түрлі егістерді егіп, бағы-
бұстан қылмақ болды. Бір жақсы жай салмақ ой қылып еді.
Ақша жетпейтін болды. Екеуі ақылдасып, «неде болса кемпір­

ге барып, ақыл салып, көрелік» деп, келіп тұрып бір сөз деді.
Ғалатнама, Гүлнәр қыз
Кемпірге айтты бір кепті.

—Ойымызға алып ек

Бір жақсы жай қылмақ-ты.
Зәру болдық ақшаға,
Бір тиын ақша қалмапты.
Балалар осылай дегенде,

Кемпір айтты жауапты.

—Бұған ақыл табайын,

Әр жерден ақыл қарайын.
«Жоғалған мынау» бала деп,
Падишаның өз қызын
Өзіне алып барайын.

Баламның тап деп әйелін
Мың тілләсін алайын.

гүлнәр  қыз
Мақұл деп бала көнеді,
Қол ұстасып жөнеді.
Бір дұға оқып өзгеріп,

Баяғы шал боп келеді.
Патшаның келіп алдына
Былайша жауап береді.

—Жүрмісіз, шаһым, саламат,

Қауіп-қатерден көңіл шат.
Көңілің хош отыр ма
Қолыңыздағы аманат.
Тауып алып баламды,

Келіп тұрмын саламат.
Тағыңда ағар, падиша,
Шығарыңыз құсымды ақ.
Осылай кемпір дегенде,

Патша жаман сасыпты.
Жылдам жауап бере алмай,
Далбырақтап асықты.

—Ғайып болып келінің

Сүйегімді жасытты.
Гүлнәр қыз бен екеуі
Бір күні түнде қашыпты.
Төмен қылды жүзімді,

Бәһаналы себеппен
Уәдеміз бұзылды.
Аманат қойған келінің
Алып кетті қызымды.

Жалғыз қыздан айрылдым,
Дүниемнің қызығы.
Қарап еді барша адам,
Ешбір дерек болмады,

Шаршады қарап әмма адам.
Көрдім деген адам жоқ,
Болмай тұр хабар жаңадан.
Зиян қылған жоқ едім,

ғашықтық  дастандар
Аман ем мұндай бәледен.
Ұятты сізге боп қалдым
Қылғандай жұмыс жаламен.

Білмеймісіз, мүсәпір,
Бізді Құдай атқанын.
Ұятты сізге боп қалдым,
Талай жерді қарадым,

Еш хабарын таппадым.
Мен де сіздей мүсәпір,
Ашуыңды сақтағын.
Баста жазып маңдайға,

Қылған ісі Жаббардың.
Бейәмір тікен кірмейді,
Өз әліңді шақтағын.
Осылай патша дегенде,

Шығады ойбай мамадан.
Ақылдары дал болып,
Үндемей тұрды өңге адам.

—Ашылмады-ау бір көзім,

Бұл дүниеде бар ма екен
Мен сықылды сорлы адам?
Бірін тапсам, бірі жоқ,
Қай заманда оңалам.

Өмірім өтті қорлықпен,
Болдым ғой бір оңбаған.
Дуалға ұрды бастарын,
Көзінің төкті жастарын.

Баршасы кірді пікірге,
Түзеді кемпір дастанын.
Әңгімесі көбейді
Бейшара менен патшаның.

Дауысына оның шыдамай,
Әмма адам қылды бас қамын.
Даусынан болды әумесер
Шаһар дағы Дәштағы.

гүлнәр  қыз
Мұны есітіп падиша
Сабыр-тағат қылмады.
Лажын таппай кемпірдің

Ішінен судай тынады.
«Мүсәпір, ғаріп шал ғой» деп
Әліне рақым қылады.

—Киімдерің пара боп,

Көріпсің қатты қинауды,
Осыны ауқат қылғын,—деп,
Бір табақ берді тілләні.

—Үйіңе барып жеп жатқын,

Ғаріп жасың тынады.
Ұялып тұрмын халықтан,
Сенімен жанжал қылғалы.
Сен қандай болсаң бейшара,

Мен де сондай боп тұрмын,
Осындай істің ырғағы.
Аманат қойған келінің
Қызымды қайта ұрлады.

Мынау алғын тілләны,
Мақұл ғой жұмыс тынғаны.
Тілләны алып қолыңа
Риза болғын сіз дағы.

Патша осылай деген соң,
Қалғандай болды жұбанып.
Тілләсін беріп, қош айтып,
Оларды салды шығарып.

Кемпір келіп үйіне
Шақырып алды балдарын.

—Аз мәслихат қылалық,

Патшаның алдым [бұ] сыйын.
Қанша десең табамын,
Дүниеде жоқ қиын.
Балдарға сонда маманың

Дайындап айтқан бұйымы:

—Сарай салғын тілләдан,

ғашықтық  дастандар
Еш адам болсын қылмаған,
Тілләдан үй жоқ салынған,
Әр түрлі жай бар сырланған.

Айттыр да жұртты шақырып,
Өнерді асыр мырзадан.
Бір атың шықса сақы деп
Боласың халыққа бір адам.

Патша[ға] да ұнайды
Пейлің сақы сынбаған.
Кемпірдің айтқан бұл сөзі
Балалар да ұнатты,

Ұсталарды келтіріп,
Бір жақсы үй қылады.
Астына соғып сырлы тас,
Күміспен сыртын сырлады.

Сол замандағы жайлардан
Бөлекше болды сындары.
Сырлатып тас пен қышыны,
Күмістетіп ішіні,

Неше түрлі нақышпен
Білдірпес болды түсіні.
Ақиқаттап қарасаң,
Тауыстың жөні пішімді.

Көрген адам таң қалар,
Ақылынан жаңылар,
«Кім салды деп бұ үйді?»
Жаһанға кетті даңқтары,

Халықты кетті аударып,
Мырзалықтың салдары.
Патшаны бір күн шақырды,
Ілесіп келді қасына,

Уәзір, молда, хандары.
Ол заманда мұндай жай
Жоқ еді бина болғаны.
Кесектей атып алтынды

Демей ада болады.

гүлнәр  қыз
Легендері алтыннан,
Күмістен еді құмғаны.
Аспазды мұндай падиша

Тамаша біраз қылады.
Тамақ жерге келгенде,
Алдымен патша алады.
Онан кейін халықтың

Кезекпен алды тамамы.
Сол уақытта падиша
Көтерді басын жоғары.

—Қайда?—деді,—адамдар,

Шақыр аспаз баланы.
Алдына патша келеді:

—Жұмысыңыз не?—деді.

—Мәнісін айт, шырақ,—деп,

Патшаның айтқан кебі еді.

—Пісір десем осындай

Ешбір аспаз білмеді.
Мұндай шырын тамақты,
Гүлнәрдан жеп ем ілгері.
Даярлаушы еді Гүлнәр қыз

Бұл сияқты сірнені.
Көңілге әгар болмаса,
Аузымда дәмі тұр еді.
Шыныңды айтқын, балалар,

Мұны істеген кім?—деді.
Мүбәда Гүлнәр болмасын,
Көңілге кірді кір,—деді.
Ендеше, қайда кетеді,

Осындай бір іс болған-ды,
Боп кете ме жын,—деді.
Балалар айтты:—Мейманым,
Білеміз істің әр бабын.

Жақтырмаймыз өзіміз
Базарыңның нандарын.
Пісірген мұны өзіміз,

ғашықтық  дастандар
Тимеген қолы пенденің.
Қай іске талап қылсақ та,
Шығарамыз намдарын.

Осылай деп балалар,
Сөзін тамам қылады.
Дастарханы жиылып,
Балалар бата сұрады.

—Талапқа жет,—деп,—балдарым,

Падиша бата қылады.
Үйіне қайтты патшаның
Көңілінде болып күмәні.
Үйіне барып бүк түсіп,

Шығармай даусын жылады.
Қатыны көріп жатқанын
Сабыр-тағат қылмады.
Алдына келіп патшаның

Сұрап тұрған жауабы.

—Басыңды көтер, бегіміз,

Қайда барып келдіңіз?
Балдардың сыйына
Не апарып бердіңіз?
Қандай екен жайлары,

Не тамаша көрдіңіз?
Біреудің тілі тиді ме,
Не жайлы қапа болдыңыз?
Онда патша тұрады:

—Немене дейсің, алалым,

Барып едім сыйына
Шақырған екі баланың.
Гүлнәржан түсті ойыма
Татқан кезде тағамын.

Дерт үстіне дерт болып,
Құрыды ақыл-амалым.
Тұла бойым дірілдеп,
Қалмады сабыр-қарарым.

Іші-тысым елжіреп,

гүлнәр  қыз
Әлім құрып барамын.
Бұған ақыл ойлағын,
Қылатын бар ма амалың?!

Көңіліме әгар болмаса,
Көзіме тұр қалықтап.
Осында Гүлнәр мүбәда
Жүрмегей де шарықтап.

Қатыны айтты:—Байқағын,
Тағы да барып анықтап.
Кейде қапа, кейде шат,
Тұрмайды адам қалыпта-ақ.

Әммаға бірдей қарайды
Жаратқан Егем Зұлжалал,
Шынымен пенде тілесе,
Шығарар Алла жарылқап.

Пендең едім, Құдай-а,
Тіленемін талып та,
Бір күйге Алла салыпты.
Қызың әуел науқас боп,

Беймаза қылды халықты.
Тілін тауып ала алмай,
Салып ек бетке салықты.
Басқаға күмән бұл жұмыс,

Құдіретке анық-ты.
Абайлап байқа әуелі,
Сарсаңға салмай ғаріпті.
Алдырарсың балдарды

Білінер сыры батырдың.
Ерсі болмас айламен,
Қылмайды ісін қатынның.
Ақылмен әуел абайла,

Сөзіне ерме әркімнің.
Мінайымның бұл сөзін
Падиша қабыл алады.
Керней, сырнай тарттырып,

Даңғыра, дабыл қағады.

ғашықтық  дастандар
Шақырған соң сарайға,
Жиналып келді тамамы.
Аспаздыққа шақырды,

Мейман екі баланы.
Екі бала жүгіріп
Қылып жүрді ізетті.
Тамақтарын бұл балдар

Бұрынғыдан түзетті.
Ешбір адам жемеген
Тамақты ондай ләззатты.
Аспаздыққа падиша

«Бәрекелді» десіпті.
«Екі бала аспаз» деп,
Жұрттың бәрі есітті.
Әб, ауқат болған соң,

Өзгелер қайтты кешікпей.
Сынамақ болып балдарды
Шығармады есікке.
Әлқисса, падиша істеген істерін және ажырата алмай, бал­

дарды бір тамға бес-он алты адаммен қамап қойды. Ондағы
мақсаты «бір күн балдар қысылса, шынын айтар» деген ой еді.
Қолындағы адамдарға падиша:—Не де болса сендер де сыр бер­
мей, балдармен сөйлесіп көріңдер. Осы екі бала ең болмағанда,

Гүлнәрдан хабар біледі, болмаса тауып береді,—деді. Бұдан
балдардың хабары жоқ еді. Бір күні балдар патшаға:—Біз не
жаздық? —деп бір сөз деді.

—Падиша шақырып ап кеше бізді,

Ризамыз «күнә қылдың» десе бізді.
Не жайлы қылығымыз жақпай қалды,
Түсірді қолымыздан кесемізді.
Бір жұмыс ойлады ма сұрағалы,

Болмаса істеп тұр ма сынағалы.
Болмаса басқа түрлі өнерменен
Біздерден қандай жұмыс қызғанғаны?!

гүлнәр  қыз
Бір пәле ебін тауып қыламын деп,
Бұл патша бізге қылды бір амалды.
Сөзіне балалардың құлақ салып,

Аңғарып сөзін тыңлап тұра қалды.
Балалар әрі-бері өлең айтты:

—Мұншама біздер неге болдық мұңды?

Сөз айтсақ неше жерден мысал қылып,
Падиша неге мұны тыңламады.
Бұл кісі кімнің зарын елең қылар,
Біз байғұс қызмет қылып шырмаланды.

Әр уақытта жұртқа басын бұра алар ма,
Ішінде жұбатпаса жылағанды.
Айтады іштегіден сонда біреу:

—Бұл сөзің падишаға ұнамады,

Өйткені падишаның қайғысы бар,
Бір қызын жоғалтып ап сорлап қалды.
Балалар мұны есітіп оңтайланып,
Былай деп өлең айтып тұра қалды.

—Бәріміз адамзаттың балдары едік,

Жетім боп жасымыздан қалған едік.
«Дұғасы мүсәпірдің олжалы» деп,
Өсиет ұламадан алған едік.
Жоғалған Гүлнәр қыздан хабар бер деп,

Өтініп бір Аллаға жалбарайық.
Отырар әр нәрсеге есім ауып,
Қыламыз қамалғанға қатты қауіп.
Патшаңыз сүйіншіге не береді,

Жоғалған Гүлнәр қызын берсек тауып.
Есітіп балалардың айтқан сөзін,
Падиша ат ойнатып келді шауып.
Падиша жетіп келеді,

Келе сөйлей береді.

ғашықтық  дастандар

—Ер ақылдан танбайды,

Табылса қызым, мүбәда,
Алтын тақты берелі.
Мақұл деп бәрі ұнады,
Балдар шығып жөнеді.

Балдар одан құтылып,
Маманың келді алдына.
Патша Құдай, жәрдем бер
Бейшара, ғаріп, жарлыға.

Сырларын баян қылады
Шешесінің алдына.
Кемпір айтты:—Балдарым,
Ұнауы болар Құданың.

Бара бергін ордаға,
Мен де байқап тұрайын.
Осы жолы бір сынды,
Пешенеңді сынайын.

Енді балалар шұбады,
Ордаға барып тұрады.
Патшаның келіп алдына
Былайша жауап қылады.

—Мырзалар, құтты болсын жиылғаның,

Патшаның жөнсіз жерге бұйырғанын.
Таппапсыз, алты ай болды, дерегі жоқ,
Жоғалған падишаның бұйымдарын.
Иншалла, нәсіп болса, біз табармыз,

Жамағат, сізге болған қиындарын.
Әгарда жер үстінде жүрген болса,
Аралап дүниені шарлармын.
Падиша «тағымды ал» деп уәде қылды,

«Әгарда табылса,—деп,—қызым менің».
Осылай бала тұрып айтты өлең,

—Жоқ едім жақсы-жаман көзім көрген.

гүлнәр  қыз
Не жақсы сөзге шешен жүйрік шығып,
Жамандар жақсылардың сөзін бөлген.
Жақсылар, құлақ салып тыңласаңыз,

Айтайын біраз мысал осы жерден.
Сөйлеуге отырсыздар ынтық болып,
Мылтыққа іс болмасын сылтық болып.
Бар еді бұрынғының бір мақалы:

«Бітеді артық болған тыртық болып».
Тышқанға бір бақашы патша бопты,
Түрленіп айбатпенен бүркіт болып.
Шарықтап бүркіттей боп шықты аулап,

Басына бір төбенің келді заулап.
Патша деп бақашылар аузын тұтып,
Өзі де өрге қонды омыраулап.
Патшаның әмірінен кім шығады,

Шегініп кейін отырды аулақ.
Патшасы бақашыларға әмір қылып,
«Кел,—депті,—бір-біреуден құрбақа аулап».
Әмірін патшасының қайтара алмай,

Бәрі де тұс-тұсынан кетті заулап.
Бәрі де әбден шаршап ығыр болды,
Алмаса әгар тілін қиын болды.
Отынның күлі кетіп, демі бітіп,

Қараса әгар байқап өлер болды.
Басында бір төбенің отыр еді,
Тезірек келіңдер деп бұйырды енді.
Айламен тез келгенін қайта жұмсап,

Тістелеп бармағын сүйреледі.
Осылай деді балалар,
Сөзіне патша таң қалар.
Мәнісіне түсінбей,

Аң-таң болды жарандар.

ғашықтық  дастандар
Патша тұрып сөйлейді:

—Жас бала, құлақ салыңдар,

Қалай етсең өзің біл,
Гүлнәр қызды табыңдар.
Гүлнәрды тауып бермесең,
Табиғатым алынар.

Гүлнәрді сендер табасың,
Сөздеріңнің мәні бар.
Гүлнәрді тауып берген соң,
Тақытымды менің алыңдар.

Өзім де сезіп қалып ем,
Мейман боп сізге барып ем.
Алдыма қойған тамақты,
Бір мәртебе алып ем.

Гүлнәр түсті есіме,
Анығын айтып беріңдер.
Жасырсаңыз, балалар,
Ол Алла Ағлам білесіз

Сөйлеген-ді шешіле.
Жалғызым Гүлнәр табылса,
Қырық күн ұдайы той қылып,
Есепсіз мал сойғызып,

Қырық түйе жабдықпен
Құтты жерге қондырып,
Ат-тон жауып үстіне,
Шығарар едім күшіне.

Гүлнәрдан қайтып аярмын,
Берген соң Құдай несібе.
Осылай деп падиша
Көз жасын төгіп жылады.

Отырғандардың барлығы
Сабырсыз болып тұрады.
Әр түрлі сөйлеп әрбірі,
Әр қилы жауап қылады.

Сонда тұрып баланың
Патшаға айтқан жауабы.

гүлнәр  қыз

—Падиша, құлақ салыңыз,

Анығын айтып берейін,
Есіңізге алыңыз.
Белгісі бар ма қызыңның,
Қалаға ертең барыңыз.

Аралап көріп қаланы,
Бәріне назар салыңыз.
Бір шетінде көшенің
Бір мүсәпір балшы бар,

Соған ақыл салыңыз.
Анығын айтар сол кемпір,
Бір мәрте ашса балыны.
Ақылмен білер абайлап

Барша халықтың халіні.
Тілләні көп қып беріңіз,
Есіркеп оның халіні.
Адам ертпей қасыңа

Үйіне бір күн қоныңыз.
Оңаша мейман болыңыз,
Болады анық жолыңыз.
Қарсы келмей балшыға,

Ерегіссең мүбәда,
Болмайды сіздің ісіңіз.
Кереметті әулие
Айтқанын бажа қылыңыз,

Ілгері жүрер қолыңыз.
Осылай деп балалар,
Ишарат етті мамаға.
Қуанып қалды баршасы

Табылар деп зәреде.
Рұқсат алып жас бенде
Ордадан шықты далаға.
Тездеп жүріп жүгіріп

Келеді балдар қалаға.
Сәлем берді жас балдар
Келді де кемпір мамаға,
Былайша жауап қылады.

ғашықтық  дастандар

—Басыңды көтер, жан ана,

Құлақ салғын, жан шеше.
Көдегің келді қасыңа,
Отырамыз басыңда.
Айналайын, Құдайым,

Өмір берсін жасыңа.
Патша келіп, сізбенен
Болмақ-ты үлкен мәселе.
Сізге кеп бал аштыр деп,

Падишаны жібердік
Сөзіңізді асыра.
Гүлнәрдан жауап сұрайды,
Анығын айтып берерсіз

Өзіңізден қашыра.
Келтірмес зиян қыларсың,
Жалынады бас ұра.
Анығын айтып берерсіз,

Ғапу етіп патшаның
Көзінен аққан жасына.
Бізге зиян қылмасын,
Пысықтардың басына.

Қамқор ана сіз болдың,
Құдіретімен Құданың
Сізге және кез болдық.
Қисықты жөндеп беретін,

Анық ие кез болдық.
Сізбенен біз де қосылдық,
Сол балаңыз біз болдық.
Қияметтік перзент боп,

Бір тілектес біз болдық.
Осылай деді баласы,
Былайша жауап береді
Балдарына анасы.

—Қам жемегін, шырағым,

Патша келсе алдыма,
Ағылар сөздің сарасы.
Қырқылмаса қызыл тіл,
Сөйлер сөздің панасы.

гүлнәр  қыз
Осылай деп шешесі,
Балдардың көңілін шат қылды.
«Кешке патша келер» деп,

Уақытқа мұнда шақ қылды.
Әрекет істеп мамаңыз,
Өнерін бұл жол сарп қылды.
Мұнымен бұл сөз тоқтаса,

Айтайын және патшадан.
Асыққан жұмыс шаттанып,
Мұратқа жетер саспаған.
Ертемен тұрып падиша

Аралады қыдырып
Шаһары мен даласын.
Мамаға келді кешқұрым,
Қасына ертпей басқа адам.

Үйіне келіп оңаша
Әңгімені бастаған.
Кемпір де оны қонақ қып,
Әб, ауқат етті ықыласпен.

—Жан ана, сөзім тыңда,—деп,

Былайша айтты дастанын.

—Жан шеше, құлақ салғын арызыма,

Бұл зарым түсер ме екен парызыңа.
Бір қызым алты ай болды жоғалғалы,
Бұл сөздің қандай едің анығына.
Балшы деп сізді сырттан естіп ем,

Мұңлы адам қатарынан болады кем.
Он бестен он алтыға келген кезі,
Аттарын баяндайтын Гүлнәр деген.
«Балменен анық айтып береді» деп,

Әдейі әуреленіп сізге кеп ем.
Көп шаһар іздестіріп араладым,
Адамын жақсы-жаман сараладым.
Үйлерін әуре қылып тінтіп қарап,

Халқымның көңілдерін жараладым.

ғашықтық  дастандар
Ақыры күдер үзіп қойған едім,
Тағы да табылар деп шамаладым.
Ақылы Гүлнәрімнің артық еді,

Кеселдің қасіретін тартып еді.
Ашық боп бір жігітке кеселденіп,
Қайғысы қатты маған батып еді.
Баяндап Гүлнәр қызды айтып берші,

Балыңды «бисмилла» деп тартып енді.
Мұны естіп патшадан
Кемпір балын тартады.

—Айналдырып өнерге

Анығын, тақсыр, айтайын,
Болған шығар сізден де.
Жасымнан балшы атандым,
Балшы болып көп елге.

Қарашы мұны, падиша,
Қызық болды арасы.
Жаман пышақ өтпейді,
Қайраққа қанша жаныса,

Қалайша сабыр қылады,
Не ерсі боп қалады,
Бастан бағы арылса.
Екі дос қашық тартады,

Әзәзіл түсіп араға,
Бірімен-бірі шағылысса.
Не сүйінші бересіз,
Қызыңыз әгар табылса.

Өмірі тамға қалмайды
Адамға бір ат тағылса.
Кім жүйрік озады,
Бәйге түсіп шабылса.

Мақұлды тентек қылады,
Көпшілік соған жабылса.
Балдан баян қылайын,
Падиша, сөзге бағынса.

гүлнәр  қыз
Балым, сөйле шынынан,
Сөйлейін сөзді тыңынан.
Қызыңа ашық болыпты

Бір жігіт келіп бұрыннан.
Патша, тыңдап отырғын,
Бір әңгіме айтайын
Қызыңыздың сырынан.

Ашына болып кетіпті,
Гүлнәр атты қызыңыз
Жігіт ұғлан онымен.
Құтылып бұлар кетіпті

Патшаңыздың торынан.
Тағам жепсіз, падиша,
Қызыңыздың қолынан.
Оларға зиян ойлама,

Хазіреті Қызыр пайғамбар
Оларға дұға қылыпты
Ұшырасып жолынан.
Қасыңнан қызың табылар,

Ойласаң ақыл мұнымен.
Алыстан мейман келіпті,
Сізге арыз беріпті.
Тыңламаса арызын,

Уәжіп пен сүннет жеңіпті.
Арызын патша қабылдап,
Жай салуға рұқсат
Қағазын оған беріпті.

Жасалып жатыр қасыңда
Қызыңыз бен ұлыңыз,
Қолыңдағы туыңыз.
Жұмсап жатқан ақшаны,

О да сіздің пұлыңыз.
Қызыңызбен қосылып,
Көңілді қуаныш қылыңыз.
Тақты беріп патша қып,

Өзіңіз кейін тұрыңыз.
Осыны қылсаң, патшаһым,

ғашықтық  дастандар
Мақұл болар мұныңыз,
Гүлнәр қызды таптым деп,
Үлкен тойды қылыңыз.

Отауын қылсаң солардың,
Ұзарар, шаһым, қолыңыз.
Патша қылып баланы,
Қызығын көріп тұрыңыз.

Балдағы осы, падиша,
Қарсылық қылсаң балаға,
Өзіңе келер бір зиян,
Хазіреті Қызыр қолдап жүр,

Сөзіңе олар бақпайды.
Қиянатқа жақпайды,
Оларға қылсаң жақсылық,
Абиыр бойға сақтайды.

Ақ жұмыс болса қалмайды,
Қара іс орнын таппайды.
Балдың жайы осылай,
Балаларды жақтайды.

Баламен дос бол алдымен,
Қартайған кемпір апаңыз
Мұнан басқа айтпайды.
Әлқисса, патша кемпірден мұны естіп, өз жайына қайтып

келіп тағына отырып, халқына «қырық күн тойым бар» деп,
жұртын жинап алып, бір үлкен той қылады. Қанша мал со­йып,
ел есепсіз жиналды. Той тарқап, барша адамдар жайларына
барып қарар етті. Енді падиша баяғы екі баланы шақыртып

алып:—Шырақтарым, енді маған шындарыңды айт, Гүлнәр
қайсың, күйеу бала қайсысың?—деп бір сөз деді.
Тарқатып тойды патшаның,
Көңілі қарар табады.

Шақыр деп адам жіберді,
Сұрамаққа ойлады
Солардан ағы-қараны.
Орынсыз қайтіп жаба алар

Біреуге бекер жаланы?!

гүлнәр  қыз
Тез келді бәрі жиылып,
Шақырғандардан қалмады.
Орнынан тұрып падиша,

Халыққа тегіс қарады.
Ишаратпен иман қып,
Бәріне ақыл салады.
Баланы көріп, патшаның

Іші оттай жанады.
Қызының өтіп әсері,
Патша естен танады.
Мұны көріп балдардың,

Ақылы қайран болады.
Екі көзі жалтақтап,
Қалмады сабыр-қарары.
Сонда балдар сөйледі:

—Көтергін, тақсыр, басыңды,

Бір әңгіме айтайын,
Ашылса несін жасырды.
Бір қарақшы ұрлапты
Қолындағы тасыңды.

О да сіздің балаңыз,
Қолыңнан ішер асыңды.
Рақым қылғын балаңа,
Сізге келіп бас ұрды.

Екі патша жолығып,
Біріне-бірі қарсы ұрды.
Мәртебе болып таласты,
Екеуі де екі құс

Екі тарап қашырды.
Біреуі—еркек ақ тұйғын,
Біреуі ода тоты құс,
Ақ тұйғын іліп тотыны,

Бір қырдан әрі асырды.
Екі патша артынан,
Он алты ай жүзіп жете алмай,
Көздерінен жас озды.

Қасыңда жүріп, күн көріп,
Қулығын сізден асырып,

ғашықтық  дастандар
Ерлерше киіп үстіне,
Бетін сізден жасырды.
Қасыңнан салып ғимарат,

Қызыңыз, міне, саламат.
Күйеуіңіз біз болдық,
Боламыз сізге қолқанат.
Мұны естіп падиша

Қуанады қабағат.
Қайран боп қалды сол жерде
Жиналып тұрған жамағат.
Гүлнәр қыз тұрып сол жерде,

Аузындағы мөрді алды.
Патша тұрып көз салды,
Қызын танып падиша,
Есінен сонда кетеді.

Әкесін қызы құрметтеп,
Басынан келіп көтерді.
Ұзын сөздің келтесі,
Ата мен қызы табысып,

Мұратына жетеді.
Құшақтап қызын патша,
Сондағы айтқан кебі еді:

—Жүрмісің аман, шырағым,

Жабырқатып сен кеттің,
Көңіліңнің істеп ұнауын.
Атасыздың ісін қып,
Ойламадың бұ жағын.

Неше түрлі іс өтті,
Бәріне де шыдадым.
Сен есіме түскенде
Дамыл алмай жыладым.

Күндіз жатып төсекте,
Далаға түнде шығамын.
Ашуым қайтқан кезінде,
Болсын деп аман тұрамын.

гүлнәр  қыз
Кеткеніңде ұрланбай,
Болар ма құрбан лағың.
Сонда да аман болғай деп,

Құдайдан мен де сұрадым.
Өткенге болмас өкініп,
Аман көріп көзіңді,
Хасыл болды мұратым.

Сені аман көрсетті
Құдіреті Қадір Құданың.
Қосылыпсың теңіңе,
Сол жеріңе ырзамын.

Өз перзентім болған соң,
Кештім бәрін күнәңнің.
Аз болған жоқ тағбирі
Ағаң менен анаңның.

Олар да кешер қатаңды,
Солар ғой сенің құрбаның.
Әуелі Құдай, екінші
Анаң ғой адам болмағың.

Гүлнәрдің кеш деп күнәсін,
Олардан да сұрармын.
Құтты болсын қадамың,
Мүбәрак болсын талабың.

Қазір шықты ойымнан
Бұрынғы қапаланғаным.
Екеуің маған бірдейсің,
Көз қуанышым күндерім

Аман болыңдар, шырағым.
Осылай деп падиша,
Сөзін тамам етеді.
Бетінен сүйіп қызының,

Көңілін құрсант етеді.
Қой-қозыдай жамырап,
Мұратына жетеді.

ғашықтық  дастандар
Бұл дүние бейбаян,
Құдайдан басқа өтеді.
Ризығы болмайды,

Батпандап жесе шекерді.
Көзбен әркім көрмейді,
Ауыздың сөзі бекер-ді.
Айтайын Ғалатнамадан,

Басқаның не керегі.
Сөйлейін Ғалат, Гүлнәрдан,
Ұзата беріп некелі.
Сау-саламат патшаңыз

Гүлнәр қызын көреді.
Бастағы шарт сөзімен
Күйеуіне падиша
Алтын тағын береді.

Қызын қосты некелеп,
Болған соң сонан себебі.
Бір жерге бәрі қосылып,
Біріне-бірі сенеді.

Ғалатнама сөз деді,
Осы жерге келеді.
Бұл дүние баянсыз,
Құдайдан басқа өледі.

Опасыз жалған, сұм дүние
Сандалтып жүз нелерді.
Кейінгілерге нұсқа боп,
Әлдебір мұра келеді.

Кейінгі жазған адамдар
Солардан алар өлеңді.
Гүлнәрдан хабар есітіп,
Шешесі де жөнеді.

Далада аңда жүр екен,
Арыстан да кеп еді.
Жұрттың бәрі жиналып,
Бәрі де әзір боп еді.

гүлнәр  қыз
Қызын көріп Мінайым,
Көзінің жасын төгеді.
Құшақтап тұрып Гүлнәрді,

Былайша деп еңіреді:

—Айналайын, шырыным,

Айрылып сенен құрыдым.
Есімнен танып қалушы ем,
Түскенде сенің қылығың.
Арманым бар ма дүниеде,

Алдымда тұрса қыруар өлім.
Көзімнің ағы-қарасы,
Бәрінен жақсы тірігің.
Әркімнің перзент миуасы,

Артымнан ерген құлыным.
Қайда кеттің кешігіп,
Сырыңды айтшы шешіліп.
Күндіз-түні еңіреумен,

Отыра алмадым көсіліп.
Ап кетті деп ойладым,
Дұшпандар жүрген тесіліп.
Менмендер набыт деуші еді,

Кеттім бе бұрын есіріп?
Бар екен ғой дүниеде,
Көретін заман сені де.
Басқандай болып бетімнен,

Қарай алмадым еліме.
Аз күнде қалдым басылып,
Нан пісуші еді деміме.
Амал не, қалқам, ризамыз,

Қосылыпсың теңіңе.
Құтты қылсын, шырағым,
Сағындың ба мені де.
Арманым бар ма менің де,

Отырсаңдар шенменде.
Көргенің бір жақсылық,

ғашықтық  дастандар
Түспейді бала көзіңе.
Жақсылығы болған соң,
Бұрынғы өткен жұмыстың

Артығы мен кемі не?
Жасырын істі аш, қара,
Келтірді Құдай ебіне.
Осылай деп анасы,

Құшағын жазып тұрады.
Гүлнәр да барып көрісті,
Тұра алмады бұ дағы.
Бетінен сүйіп аймалап,

Басылды екпін құмары.
Көңілдерін шат қылып,
Мәртебеге шығады.
Арыстан келіп құшақтап,

Былайша деп жылады:

—Айналайын, айым-ай,

Кеттің-ау айтпай сырыңды-ай,
Дейтұғын жат жұрт қыздарды
Ғалымдар өткен бұрынғы-ай.
Бар екен ғой менің де

Көретін сені күнім-ай.
Сөйлесе алмай ешкіммен,
Ішімнен жүрдім тынып-ай.
Сен кеткен соң жоғалып,

Әл-дәрменім құрыды-ай.
Қыз да болсаң, бауырым,
Жанашырым серік-ай.
Көзім жетпей еш іске,

Күнбе-күн кеттім құрып-ай.
Алда аға, артта іні жоқ,
Дүниенің қызығы-ай,
Аға-іні барларға

Құрды ғой көзім қызып-ай.
Бәрінің жақсы аманы,
Әркімнің осы қыздары,

гүлнәр  қыз
Айырылып сенен, Гүлнәржан,
Қара жерді қармадым.
Шыға ма деп хабарың,

Талай жерді шарладым.
Маңлайымды тоқпақтап,
Тістеулі болды бармағым.
Құдіреті күшті бір Құдай,

Ризығын берер әмманың.
Ақырын сұрап жұмыстың,
Салғаны дедік Алланың.
Талай жүрдің жақтырмай

Патшаның ұлы, хандарын.
Талай жерден дәм татып,
Құдайдың көрдік салғанын.
Өзіңді тірі көрсетті,

Енді жоқ менің арманым.
Осылай деп Арыстан,
Құшағын жайып өкірді.
Құшақтасып, көрісіп,

Көңілінен қайғы кетілді.
Жиналған адам шуласып,
Құлқұла болған секілді.
Күні туып шаттықтың,

Бұрынғы қайғы кетілді.
Ғаріптікпен күн кешіп,
Жылағандар жұбанып,
Көңілдері бекінді.

Қайтадан және той болып,
Аяқтап бұ да өтілді.
Үлкен-кіші жиналып,
Ғалатты патша көтеріп,

Жүргіздірді үкімді.
Ғалат жалқау деуші еді,
Патша болып ақыры,
Жалқауға талай жекірді.

Осы болды, жақсылар,
«Ғалат—Гүлнәр» ақыры.

ғашықтық  дастандар
Біз емес мұны шығарған,
Бұрынғылардың нақылы.
Елтоқ сопы баласы,

Аударған Әлім қатымы.
Жазғанға дерсіз рахмет,
Ұқса мұны әркімі.
Сіздер әм түзеп қоярсыз

Жазылған қата әрпіні.
Бенденің көп-дүр қатасы,
Аңдаған білер артыны.
Жол бастаған молланың

Білмедім жөнін-атыны.
Әлімше мен де түзеттім,
Дәурен сүрді патша боп
Еріншек, жалқау батырың.

Алдағы үлгі кейінге,
Нұсқасы болар һәркімнің.
Пенде қас боп бұза алмас,
Алла берсе қаттыны.

Аударған молла Әлімбек,
Сөзімнің байқа асылын.
Аударып жаздым нұсқадан,
Айналысу дастанмен

Емес еді кәсібім.
Қата болса зәреде,
Оқыған ерлер, кешіргін.
Білдірейін атымды,

Сөз жазып ашқан есігін,
Арғы атамыз—Ұлы жүз,
Бақтияр дейді түбіні.
Істі болып аталар,

Алты сан алаш ерлері
Жаман іске жоламас,
Әркімнің болса билігі.
Өзімнің атым—Әлімбек,

Елтоқ сопы ұрығы.
Бұл дүние бейопа,

гүлнәр  қыз
Ажалдың ұзын құрығы.
Қанша халық болғанмен,
Көрмедім жөні түзуді.

Оқыған молла жолдастар,
Сіздерден менің тілегім,
Қата жері көрінсе,
Сол заманда түзегін.

Қатасыз жалғыз бір Құдай,
Қанша адалмын дегенмен,
Бізде көп айып, білемін.
Оқығаның дұға қып,

Жолдастық етіп жүргін.
Осыменен аяғы,
Тамам болды өлеңім.

Тыңласаңыз сөйлейін халайыққа,
Халайық, айтқан сөзім ылайық па.
Дейтұғын Мәлікриан әңгімесін,
Жамағат, құлақ салып тыңлайық та.

Айтайын бір қиссаны ауызға алып,
Әйласын жәрдем, медет Жаппар Халиқ.
Жел сөзді бір-екі ауыз неге аяйын,
Жүруге кейінгіге мирас қалып.

Бұрынғы патшалар пәрмен еткен,
Дүниенің тарапына қолы жеткен.
Сүлеймен пайғамбардан аз жыл кейін
Дейтұғын Мәлікриан бір патша өткен.

Сарайда Мәлікриан патша өткен,
Үстінен әр патшаның хүкім еткен.
Баласы патшаның Рабиғұлмүлік
Әр жерге өнерменен даңқы жеткен.

Мініпті Мәлікриан алтын тақты,
Бек үлкен заманында салтанатты.
Патшаның жүз жетпіске жасы келді,
Бір перзент соған шейін көре алмапты.

Беріпті бір баланы Патша Құдай,
Жүргенде бала тілеп күнде жылай.
Рабиғұлмүлік қойды мұның атын,
Болады патшаның көңілі жай.

Мәлікриан, Рабиғұлмүлік,
қыз Жәмила

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Туған соң ер жетіпті шаһизада,
Сипаты теңеу келмес, жоқ-дүр баға.
Он беске бұл баласы келгеннен соң,

Ал енді бір ой түсті падишаға.
Қасына бес жүз кісі қосып берді,
Тұлпар ат, асыл киім киіндірді.
«Сейілде сақаралы тамаша етіп,

Қызығын бұл жалғанның көрсін» деді.
Қасында бес жүз кісі саяхатпен,
Болмайды кімдер жолдас асыл текпен.
Ұшқан құс, жүгірген аң бірін қоймай,

Соғады бәрін қуып тұлпар атпен.
Сейілде жан көрмеген жерге жетіпті,
Аққан су, шыққан ағаш тамаша етті.
Жақындап бір тоғайға келген шақта,

Ішінен алтын киік жарқ-жұрқ етті.
Тоғайды тамам ғаскер қамап алды,
Киіктің сипатына қайран қалды.
Жүні бар гауһардайын жарқылдаған,

Тоғайдан шұбатылып шыға салды.
Қуады тамам ғаскер «иә, Құдайлап»,
Киіктің сипаттарын тамаша әйлап.
Рабиғұлмүлік қуды тұлпар атпен,

Ұстауға бұл киікті белін байлап.
Ойлады тоқтатуға алдын бөгеп,
Шабады тұлпар атпен тізгін тежеп.
Қуады кеш батқанша дамыл алмай,

Адасты киігінен ақшамда кеп.
Атынан күн батқан соң түсе қалды,
Киіктің сипатына қайран қалды.
Мылтығы аң ататын мың ділдалық,

Дап-дайын азық-сайман сайлап алды.

ғашықтық  дастандар
Жатады тамақ ішіп, тиыштық алып,
Киіктің сипатына қайран қалып.
Атына міне салып тағы қуды,

Ұстауға ебін тауып ыңғайланып.
Қуады ұдайымен бір күн тынбай,
Ұзақ түн сары күні дамыл алмай.
Қараңғы көз байланып кеш батқан соң,

Киіктің кеткен жөнін қалды білмей.
Бұралып алдында тұр алтын киік,
Жылайды көрген сайын іші күйіп.
Шыдамай сипатына тағы қуды,

Береді қолға қашан Құдай қиып.
Қуады бұл киікті жеті күндей,
Жеті күн ұдайы қуды бір күн тынбай.
Бір күні ат болдырып тұрып қалды,

Қай жақтан келген жөнін қалды білмей.
Жеті күн қуған жолы жеті айлық жол,
Тобышақ ат өзі жүйрік, қайраты мол.
Білмеді басы айналып келген жөнін,

Тау мен тас, адам білмес қиындық жол.
Басына бір биіктің шықты барып,
Көрмеген тау мен тасқа қайран қалып.
Көрінді жарқыраған бір жалғыз үй

Қараса төңірекке көзін салып.
Ол үйге шаһизада келді жетіп,
Туғалы көрмеген жер тамаша етіп.
Патша уайымдап жылайды енді,

«Адастым ел-жұртымнан қайда кетіп».
Қарады терезеден түсе қалып,
Қазанда ет пісіп тұр, оты жанып.
Ешнәрсе одан басқа көрінбейді,

Бір адам қарсы алдында жатыр талып.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Әлгі адам басын жерден жұлып алды,
Отырып босағаға көзін салды.
«Табам,—деп,—сені қайдан?» зар еңірейді,

Жығылып бір аздан соң тағы талды.
Әйнектен байқайын деп бір қарады,
Ол үйде кім бар, кім жоқ аңғарады.
Бір қыздың суреті тұр ақ қағазда,

Ханзада көргеннен соң таң қалады.
Иіліп белі қандай бұралып тұр,
Саусағы еш әжімсіз таралып тұр.
Түріне көрген адам тояр емес,

Еш адам келмегендей жаралып бір.

Суретіне шаһизада қайран қалды,
Болғандай бұ да ғашық көңілге алды.
Жантайып төр алдында жатқан адам
Алдына сол суреттің жетіп барды.

«Қарағым, шын таба алмай қалдым ба?» деп,
Зарланып әлгі адамзат тағы талды.
Ол үйге аңғармады, кіріп барды,
Суретті бүктеп жиып қолына алды.

Адамға талып жатқан қарамастан,
Апарып жанып тұрған отқа салды.

Отырды «бұл қалай?» деп шаһизадаң,
Бір кезде есін жиды талған адам.
Патша сөз сұрайды мұнан енді:

—Таласың бұл суретке, не тіпті саған?

Ол адам енді бұған жауап берді,
Жанғанын суреттің көзі көрді.

–Мен дағы патша едім заманымда,

Сейілде көп ғаскермен жүрдім,—деді.
Қасыма дәл он мыңдай ғаскер алдым,
Дейтұғын Гүлжазира жерге бардым.

ғашықтық  дастандар
Тамаша ойын-күлкі салтанатпен,
Бір үлкен дарияға келіп кірдім.
Өзі—қыз сағымы бар алтын киік,

Нұрына қайран болдым ішім күйіп.
«Патшаның Шермішғайыш қызы» дейді,
Біреуден анық хабар алдым біліп.
Сағымы көрінеді алтын киік,

Көрген соң мен жыладым ішім күйіп.
Он мыңдай ғаскер ертіп мен іздедім,
Кемеге алтын, гауһар, күміс үйіп.

Іздедім, таба алмадым неше жылдай,
Сарғайдым өңім солып, болдым мұндай.
Жолдасым он мың ғаскер суға кетті,
Осындай қаза берді Патша Құдай.

Тентіреп үйге қайттым жалғыз қалып,
Ғашықтық үлкен қайғы көңілге алып.
«Құбылып киік болар жол осы» деп,
Жатыр ем суретті сүйіп сарай барып.

Жыладым күндіз-түні дамыл алмай,
Дүниенің қызығына көзім салмай.
Есіме түсіп кетсе босқа талып,
Шақырып «жүр» десе де, үйге бармай.

«Патшаны сағым қуған қайтеміз» деп,
Ел-жұртым тегіс қашты бірі қалмай.
Береді айында әкеп отын, азық,
Қайғымен зарланған соң кеттім азып.

Көруші ем анық қуат о да болса,
Суреттен ақ қағазға атын жазып.
Басыма түсуші еді ақырзаман,
Суретті тастағаның емес жаман.

Осында мың жыл тұрсам келер емес,
Қайтамын енді аманда елге таман.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Әй, балам, сауабыма бүгін қалдың,
Маған дерт сурет еді, отқа салдың.
Нәсілің патшадай көрінеді,

Шырағым, баласысың қандай жанның?

—Сұрасаң Мәлікриан әкем атын,

Патшалық Құдай берген салтанатын.
Бес жүздей ғаскер ертіп аңға шыққан,
Болады Рабиғұлмүлік менің атым.

Мен дағы қуып келдім алтын киік,
Түріне тамаша еттім ішім күйіп.
Адасып келіп тұрмын жолдасымнан,
Басына шығып едім таудың биік.

Он мыңдай шығып еді ғаскер еріп,
Жеті күн киік қудым көңіл беріп.
Қуанып, желе шауып келіп едім,
Бұл жерге жарқылдаған үйді көріп.

—Шырағым, атаң асыл патша екен,

Байқасам, сөзің де жоқ менен бөтен.
Жол тауып жөніңе қайт, үйіңді тап,
Тағы да сені әуре қылған екен.
Астыңда ұшқан құстай тобышағың,

Бар екен Құдай берген артық бағың.
«Әкем кәрі, жүз жетпісте патша» дейсің,
Үйіңе қайт аманыңда, әй, шырағым.
Патша толғанады мына сөзге:

—Ағасы, Құдай айдап келдім сізге.

Бірде қыз, бірде киік, не кебі бар,
Беріңіз жөнін айтып енді бізге.

—Жарқыным, жөн сұрама бұл суреттен,

Түбіне патшаның қайсы жеткен.
Үйіңді тап, бар, сұрама, тілімді алсаң,
Өзіңдей көп асылды тентіреткен.

ғашықтық  дастандар

—Айтып бер бұл киіктің жайын маған,

Болайын мен разы енді саған.
Ішіме ғашық дерті түсіп кетті,
Іздемей не де болса мен тұра алман.
Ол адам естіген соң зарлық етті:

—Шырағым, обалыңа қалдым,—депті.

Атпенен жалғыз жүріп не бітеді,
Дария, көл, жүрер жерің қиын,— депті.
Естимін бір шаһары бар Шерміш атты,
О дағы өзіміздей адамзат-ты.

Бар дейді сол патшаның жалғыз қызы,
Жанда жоқ сұлулығы Жәмила атты.
Естимін сұлулығы күндей анық,
Болады бірде киік сағымданып.

Ыстықта, қараңғыда тысқа шықса,
Түріне бүтін шаһар нұры жарық.

Кәпір ме, мұсылман ба кім біледі,
Дінінің не екенін білмейді анық.
Адамды, дию, пері бірдей билеп,
Патшасы тұрады дер алым алып.

Төсеген көшесіне алтын, күміс,
Патшасы қанша жанды билейді-міс.
«Шаһары солтүстікте» деп айтады,
Адамзат оны табу қиын жұмыс.

—Рұқсат ет маған, жүрем,—деді,

Шаһарын Жәмиланың көрем,—деді.
Ғашықтық қиын екен басқа түссе,
Жолында қазам жетсе, өлем,—деді.
Ол жігіт қолын жайып бата берді,

Баланың тоқтамасын енді білді.
Қош айтып бір-бірімен амандасып,
Мінді де тұлпарына жүре берді.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Жүгіртіп тобышақпен жүріп кетті,
Арада бірнеше күн, түндер өтті.
Далада дамыл алмай үш ай жүріп,

Дарияға айдын шалқар келіп жетті.

Зарланды жапан түзде жалғыз өзі,
Сарғайды зағыпырандай нұрлы жүзі.
«Патшаның Шерміш халқын бір көрсет» деп,
Аузынан бір кетпейді осы сөзі.

Сол дария қазандай боп қайнайды екен,
Толқыны қояндай боп ойнайды екен.
Қасына сол дарияның келіп тұрса,
Өзінен адам өтіп болмайды екен.

Шаһизада аямайды жалғыз жанын,
Қыз үшін сарп етті шәріп тәнін.
«Айырылған ел-жұртынан мен бір ғаріп,
Өзің біл не қылсаң да, Зұлжалалым».

Патша осылайша зарлық етті,
Ақыры тәуекелге бел бекітті.
Көз жетіп көлденеңін біле алмайтын
Жағалап дарияны жүріп кетті.

Жағалап үш ай жүрді тыным алмай,
Арыды тобышақ ат жалы қалмай.
Атынан жалы, өзінен халі кетіп,
Сарғайды сары ағаштай жылап мұндай.

Жылайды жапан түзде мұңлы болып,
Сарғайған зағыпырандай жүзі солып.
Соларын ойына алып көп жылады,
Бір күні жолдастарын есіне алып.

Көрінді бір топ қара келе жатса,
Басады тобышағы дүлдүл атша.
Байқаса жақын келіп шаһизадаң,
Дауласып келе жатыр адамзатша.

ғашықтық  дастандар
Қасына тұлпар атпен жетіп келді,
Үш адам жанжалдасқан көзі көрді.
«Үшеуміз жолығып ек бұл жігітке,

Әкеліп оңтүстіктен Құдай берді».
Бұл үшеу душар болған жапан түзде,

—Жеткізер әділдікке Алла-ай бізді.

Әділдік үшеумізге тура берсең,
Айталық жөнімізді сізге,—депті.

—Кез қылды төртеумізді бір Құдайым,

Аллаға адам көңілі болар дайын.
Зейінім әділдікке жетіп тұрса,
Сіздерден білгенімді аямайын.

Үшеуі енді отырып сөз сөйлеген:

—Әкеміз патша еді жұрт билеген.

Дүниеде әкеміздей патша жоқ
Айталық бәрін, түгел сізге,—деген.
Әкеміз—бұл заманның пайғамбары,
Білетін қанша халық, жұрттың бәрі.

Аспанмен ұшып жүріп ел биледі,
Өзіне нәсіп болған қасиеттері.
Қамшы, кілем, бөрік киіп болған,
Нана ма айтқаныма көрмегенмен.

Қамшы алып, кілем мініп, бөрік киіп,
Аспанмен ұшып жүріп, ел билеген.
Бөрікті кілем мініп киіп алар,
Қамшымен көзді жұмып бірақ салар.

Ұшады аспан-көкке кілем [мініп],
Машриқ, мағрибтан хабар алар.
Дүниеден, уаллаһи, әкеміз көшіп кетті,
Мезгілді уақытында ажал жетті.

Мен едім үшеуінің ең үлкені
Бұлардан мен аламын,—деп арызын айтты.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила

—Дүниеге бұрын келген жолым үлкен,

Бір тудық, үшеуміз де емес бөтен.
Ағалық екеуінде хақым барын
Осыным шариғатқа бұрыс па екен?
Кенжесі тізе бүкті сөзін айтып:

—Алады бұл мансапты менен қайтіп?

Кенжеде ата мұрасы қалмағы анық,
Беріңіз әділдігін дұрыс айтып.
Кез қылдық, Құдай айдап, сізді,—деді,
Тиерлік бар ма, жоқ па жолы?—деді.

—Атамның жақсы көрген ортаншы ұлы,

Сіз дағы құр тастама мені,—деді.
Үшеуі сөзін айтып тамам болды,

—Сіздерге мен айтайын хүкім жолды.

Үшеуің бір кісінің баласысың,
Қиыспай, таласқаның қиын болды.
Сіздерге таласқаның емес пайда,
Әпкелші, асылыңның өзі қайда?

Қамшы, кілем, бөрікті қолыма бер,
Сыйынып сөз айтайын осындайда.

Үшеуі бір-біреуден бөліп алған,
Қоя ма таластырмай дүние жалған.
Қамшы, кілем, бөрік барлығын да
Алдына патшаның әкеп салған.

—Жігіттер, төрелікті маған берсең,

Жарай ма үш нәрсені үшке бөлсем.
Үшеуің ана белден жарысыңдар,
Алыңдар қай озғаның бұрын келсең.
Үшеуі осы сөзді қабыл етті,

Түрініп етектерін жүріп кетті.
«Алармыз озғанымыз келсек бұрын,
Тәуекел, бағымыздан көрдік» десті.

ғашықтық  дастандар
Кілемін шаһизада жайып салды,
Басына сол бөрікті киіп алды.
«Шерміштің жеткізгіл,—деп,—шаһарына»,

Қамшымен көзін жұмып салып қалды.
Бұлдырап шаһизада аспанға ұшты,
Көрсетті құдіретпен әрбір істі.
Патша хайламенен ұшқаннан соң,

Үшеуі соны көріп шулап тұрды.
Жарқылдар айналасы алтын шаһар,
Патша бұл шаһарға келіп түсті.
Бұлбұл құс, сандуғаш сайрап тұрған,

Үйлері өңшең гауһар жайнап тұрған.
Біп-бітеу айналасы алтын шаһар,
Бұрын еш көрген емес мұндай қорған.
Шаһарды көзі көріп тамаша етті,

Көрген соң сипатына есі кетті.
Кілемін жан қалтаға тығып алып,
Шетірек оңаша үйге кіріп кетті.

Кілемін бір-ақ уыс бүктегенде,
Аузынан жалын шығар «үһ» дегенде.
«Бере гөр өзің медет, иә, Иләһым,
Нақысын өзің тауып, құп дегенде».

Шаһизада сәлем беріп үйге кірді,
Отырған бір кемпірді көзі көрді.

—Бәйбіше, бұл шаһардың аты не?—деп,

Қонағы осылай деп жауап сұрды.
Отырып сонда кемпір сөз сөйледі:

—Білмейтін бұл шаһарды, сен кім?—деді.

Шерміштің шаһары-дүр білмесеңіз,
Адамды, дию, пері сол билейді.
Жас бала, қалай жүрсің жолды кезіп,
Айырылған ел-жұртынан жүрген безіп?

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Сипатың патшаның баласындай,
Сұрайсың бұл шаһардың несін сөз деп?

—Жолаушымын, келімсек алыс жерден,

Бейнеті көп болады жігіт ердің.
Адасып керуеннен ұйықтап қалып,
Қаңғырып жол таба алмай, мұнда келдім.
Шешеке, қалай айтсаң өзіңде ерік,

Мүддем бар жүрегімде менің, шеше,
Жүруге бала болып тұрайын деп.

—Шырағым, осы отырған жалғыз басым,

Мал-мүлкім, толып жатыр асыл тасым.
Ие бол өзім өлсем мал-жаныма,
Бұл үйге лайықты сенің басың.
Кемпірге сөйлесті де жай болады,

Кемпірдің баласына көңілі толды.
Осымен ақыл тауып, хайла істеді,
«Бір хабар өстіп жүріп алайын» деп.
Жатады екі-үш күндей тыным алып,

Шаһардың сипатына қайран қалып.
Алмаған көптен тыным бала батыр,
Оятты бір заматта кемпір барып.

—Не болды, балам, саған жата беріп,

Әуелде қуанып ем түсің көріп.
Көрсеңші не бар, не жоқ бұл шаһарда,
Қолына алтын, гауһар, күміс беріп.
Жетерлік бір өзіңе қазына бар,

Иесі жалғыз өзің, өзге кім бар.
Арала шаһар ішін, бәрін де көр,
Шаһизада, неше түрлі базарлар бар.
Аралап енді бала жүріп кетті,

Зейнетлі неше түрлі үйден өтті.

ғашықтық  дастандар
Күмбездер неше түрлі жарқылдаған
Көрген соң енді бала тамаша етті.
Бір шарбақ бәрі темір келіп жетті,

Көрген соң бала мұны шошып кетті.
Басында темір қазық бір-бір бас тұр,
Шошынып мұны көріп қайта қашты.
Кесіп ап, іле берген адам басын,

Істепті темір қорған айналасын.
Күмбезі жарқылдаған бір үй көрді,
Ауызбен айтып болмас тамашасын.
Шаһардың бәрі қорған байлауы жоқ,

Неше нәрсе тамашамен ойлауы жоқ.
Патша есі кетіп қарап тұрды,
Жерден тіреу, аспаннан байлауы жоқ.
Шарбақты көргеннен соң енді састы,

Қисапсыз іле берген адам басты.
«Бұл жерге келген адам өледі» деп,
Шошынып енді бала қайта қашты.
Бек қорқып енді бала үйге келді,

Келгенін жаман шошып кемпір білді.

—Базарға жалғыз күні барамын деп,

Шошындың неден бүйтіп, балам,—деді.

—Базарға жақындап ем бір-бір басып,

Шошындым бір нәрседен жаман сасып.
Шарбақтың айналасы темір қазық,
Бәріне адам басын қойған асып.
Жоғары жарқылдаған бір үй көрдім,

Шошынып соны көріп, келдім қашып.
Дүниеде мұндай істі көргенім жоқ,
Қазықта адам басы қисапсыз көп.
Сол жерге барған жанның басын кесіп,

Ойладым «мені сөйтіп іле ме» деп.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила

—Айтайын оның жайын, балам, саған,

Бек сұлу бір қыз туған падишадан.
Жояды адам көрсе күнде көзін,
Дүниеде ондай асыл еш болмаған.
Сол қыздың аты болар Жәмилажан,

Түріне ғашық болған падиша, хан.
Алтын үй көкте тұрған тіреуі жоқ,
Сарайы осы қыздың жарқылдаған.
Бір сондай патша дана, назыгүл бар,

Қандай жан осы асылға болады пар.
Сол тұрған лағыл сарай қырық бір бөлме,
Қасында бірге тұрған қырық қызлар бар.
Қырық қыз қырық бөлмеге бөлінеді,

Осылар бір көрмеге көрім еді.
Қоңырауын ханша қағып қалса,
Осылар сарайына бөлінеді.
Қолында осылардың бірден алмас,

Естісе қоңырауды бірі қалмас.
Тұрады осындайлық өзін сақтап,
Қасына Жәмиланың адам бармас.
Патша барлық жанға жарлық айтқан,

Бұл сөзі ел мен жұртқа түгел жеткен.
«Өлшеймін Жәмиламен таразыға,
Жан шықса аламын деп үміт еткен.
Құл болсын, патша болсын, бәрі келсін,

Баламмен таразыға түсіп көрсін.
Беремін кім артылса неке қиып,
Кімде-кім жеңіл болса, басын берсін».
Құмар боп сұлулығына әркім,

Қызбенен таразыға түсіп көрген.
Патшадан шыққан жарлық екі болмас,
Талай жан уәдемен[ен] басын берген.

ғашықтық  дастандар
Сол тұрған адам басы көзің көрген,
Адамдар шошынсын деп асып қойған.
Бұрында бір адамнан естіп едім,

«Кескен бас бес жүз қырық болды» деген.

—Шешеке, мен қорықтым кескен бастан,

Көрінді сарайлары асыл тастан.
Жерден тіреу, аспаннан байлауы жоқ,
Неғып тұр бұл қалайша құламастан?

—Әуелі бұл сарайды жерге салған,

Бір дию аспан-көкке алып барған.
Диюды тылсымменен ақымақ қып,
Құшақтай көк жүзінде тұрып қалған.
Болғанда тылсым күшті не болмайды,

Бұрылып жан-жағына қарамайды.
Айырылып ес пен түстен жынды болып,
Құшақтап үйден дию айырылмайды.
Патша шешесінен сөз сұрайды,

Мәнісін әрбір сөздің көп сұрайды:

—Неткен жан пар келеді ол асылға,

Неткен мұнша ауыр?—деп сөз сұрайды.

—Шырағым, Жәмиланың асылы артық,

Бір ауыз несие сөз келмес артық.
Бойында қасиеті асылзаттың,
Тұрады осыменен ауыр тартып.
Ақсүйек, жеті атадан бері патша,

Төгілгендей меруерт аузын ашса.
Жеңіліп, таразыны баспас еді,
Дүниенің қызығына араласса.
Көп сөз қып айтып бердім, балам, саған,

Бәрін де сұрағыңа айттым тамам.
Жеңіл боп тағы дағы қалар еді,
Бетінен бірер сүйсе еркек адам.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Есітіп қайран болды шаһизада,
Ойлайды «жолы қиын, уа, дариға!»
Ұйықтамай үш күн, үш түн ойланады,

Баруға қызға жақын не-дүр хайла.
Төрт күн өтіп, бес күннің дәл ортасы,
Ағады қызды ойласа көзден жасы.
Неде болса тәуекел бармақ болды,

Сарғайған ғашық үшін ғазиз басы.
Кілемін түн болған соң жайып салды,
Басына тағы бөркін киіп алды.
«Түсір,—деп,—Жәмиланың сарайына»,

Қамшымен көзін жұмып бір-ақ салды.
Көтеріп енді кілем алып ұшты,
Көрсетті осындаймен әрбір істі.
Әйнектің алтын шарбақ қорғаны бар,

Ішіне шаһизада келіп түсті.
Алдына терезенің жетіп барды,
Қыздарға тамаша етіп көзін салды.
Құбылар неше түрлі тоты құстай,

Көрген соң Жәмиланы қайран қалды.
Ғашығы бұрынғыдан тағы да асты,
Төгеді зар еңіреп көзден жасты.
«Айырылған ел-жұртынан мен бір ғаріп»,

Осыны айтып пида қып мал мен басты.
Ойланды еш тынымсыз дамыл алмай,
Қырық қыз тұр қызметінде бірі қалмай.
Таң атып көрінетін болғаннан соң,

Үйіне қайта қайтты шыдай алмай.
Жүреді кешке шейін қайран қалып,
Сипатын Жәмиланың көңіліне алып.
Кеш болды қараңғылық қайта жауып,

Көлеңкелер әр жерге түсті барып.

ғашықтық  дастандар
Келсе, қыздар үйінде бәрі отыр,
Қараса терезеден көзін салып.
Қимайды маңайынан кетуінен,

Сарғайып таң келеді тағы да атып.
Тағы да әдетінше жерге түсті,
Қайғысы артып басында болды күшті.
Бос егіліп жылайды бой тоқтатпай,

Келтіру қалай оңай қиын істі.
Болғанда үшінші күн тағы барды,
Сығалап терезеден көзін салды.
Кіруге қыздар ояу ылажы жоқ,

Тағы да таң белгісі келіп қалды.
Жәмила енді отырды алтын таққа,
Жіберді қолын сермеп екі жаққа.
Жататын өздерінің сарайына

Бөлінді жатпақ үшін әр тарапқа.
Назыгүл жатайын деп ойына алды,
Ыстықтап терезені ашып салды.
Сарайды жарық еткен гауһар екен,

Үстіне торғын көрпе жаба салды.
Қараңғы үйдің іші күңгірт тартты,
Ыстықтап терезесін ашып сапты.
Атлас, өңкей мамық төсектері,

Назыгүл күндей балқып ұйықтап қапты.
Ойлады енді тұрып шаһизадаң,
Ұйықтаған дыбыс шықты Жәмиладан.
«Бетінен осы қыздың бірер сүйсем,

Бойымда қалмас еді біттей арман».
Үстінде барабаны тағы дайын,
Бекінді өзін-өзі етпей уайым.
«Тар жерде жалынамын медет сұрап,

Өзіңнен, Рахман атты бір Құдайым».

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Бекініп терезеден кіріп барған,
Сұлу қыз ұйқыда екен оттай жанған.
Пердесін бетіндегі ептеп ашып,

Бетінен әдемілеп сүйіп алған.

Бір сүйіп, терезеден шығып кеткен,
Оянып қыз Жәмила сескеніпті.
Ойлады бойы балқып шаһизадаң,
«Арманым енді сүйсем қалмас» депті.

Қасына осыны айтып жетіп кепті,
Көрген соң сипатына есі кетті.
Бетінен ғашық жардың тағы сүйіп,
Сып етіп терезеден шығып кетті.

Оянып Жәмила қыз тұра келген,
«Кездескен оқиға екен бұл бір» деген.
Отырып, әрі-бері шашын сипап,
Ұйқысы жатайын деп тағы келген.

Көңіліне шаһизаданың болды түйін,
«Үшінші қайта кірсем болар қиын.
Өлсем де тағы барып сүйейін» деп,
Қасына бұл қия алмай жетіп барған,

Жәмила ояу екен көзін салған.
Ұмтылды қағайын деп барабанды,
Бас салып екі қолын ұстай алған.
Ғашығы бұрынғыдан болған қатты,

Құшақтап қызды мүлдем басып жатты.

—Жынбысың, адамбысың, перімісің,

Кімсің?—деп, бұған сұлу жауап қатты.

—Пері емес, дию емес, мен бір адам,

Ынтызар неше жылдан болдым саған.
Дүниеден бір сен үшін безіп жүрмін,
Қасіретті басымдағы айтсам тамам.

ғашықтық  дастандар
Тастадым бір сен үшін алтын тағым,
Иесіз бәрі қалды мал мен бағым.
Жолыңда күн мен түні зарлаймын деп,

Таянды таусылуға тіл мен жағым.

Ал енді сөз бастады қыз Жәмила:

—Түрегел олай болса, шаһизада.

Жетерсіз мақсатыңа нәсіп болса,
Саламат, аман тұрса жан ұяда.
Үстінен аман-есен тұра келген,
Босатып екі қолын қоя берген.

Босатпай жатқанменен не шығады
«Тәуекел, не болса да болды» деген.
Орнынан енді сұлу тұра келген,
Астына асыл кілем төсендірген.

Гауһарменен үйдің ішін жарқыратып,
Алдына түрлі тағам, ас келтірген.
Толықсыр сары майдай біздің бала,
Тағы да көзін салды Жәмилаға.

«Қалайша қосыламын,—деп ойлайды,
Осы деп еді, уа, дариға».
Бір уақыт осы бала сөз сөйлескен,
«Мен ғашық дидарыңа» деп сөйлескен.

Ғашығын жүректегі мұңын айтып,
Падиша назыгүлге көп сөйлескен.

Осыған Жәмила қыз жауап берген,
Екенін шын жарының көзі көрген.

—Қайтыңыз, жарық түсіп таң атады,

Қиындық бір басыңа келер,—деген.

—Сен едің қарағанда көрер көзім,

Оянсам, ұйықтасам да сөйлер сөзім.
Бір сен үшін жанымды отқа салдым,
Өлімге де шыдаймын білсең, шырағым.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила

—Таба алмай бойыңыздан мініңізді,

Көремін толықсыған жүзіңізді.
«Ғашық болып көп іздеп жүрдім» дейсіз,
Баянда, қай жерліксің жөніңізді?

—Баласы ем мен де патша өзіңмен тең,

Еш нәрсе бұл жағынан қорықпа сен.

—Шын дегдар, ата-тегің асыл болса,

Жайымды үш күннен соң айтайын мен.
Ғашығын шаһзаданың көзі көрді,
Нанды да қыз Жәмила көңілін берді.
«Бетіңді, нәсіп болса, қайтарман» деп,

Перізат уағда етіп қолын берді.

Қызбенен уағда етіп көңілі толды,
Кілемге бұрынғыдай қайта мінді.
Бір салып көзін жұмып жерге түсті,
Жүрегі жарылғандай болып тұрды.

Қуанды енді бала нұры тасып,
Бақыты кеткеніндей ілгері асып.
Кешке дейін жүрегі алып ұшып,
Көтеріліп көңілі жүрді тасып.

Жүреді шаттық жүрек жарқ-жұрқ етіп,
Ішінен қасірет, қайғы бәрі кетіп.
Болғанда үшінші күн түн қараңғы,
Бақшаға әдетінше келді жетіп.

Қоныпты ұшып келіп бау-шарбаққа,
Сыйынып, зарын айтып жалғыз Хаққа.
Мініпті тақытына Жәмила қыз,
Жіберді қолын сермей екі жаққа.

Бөлінді қырық сарайға қырық қыз барып,
Тұрыпты шаһизада қайран қалып.
Қақпағын терезенің ашып еді,
Ішіне біздің бала кірді барып.

ғашықтық  дастандар
Мойнына бір-бірінің қолды салды,
Патшаға Құдай берді мұндай халді.
Атлас, торғын көрпе төсектері,

Екеуі бұдан былай жатып қалды.
Екеуі бірге жатты көрпені ашып,
Жүрегі қуанғаннан кетті тасып.
Тал шыбықтай бұралтып Жәмекеңді,

Бауырына балапандай алды басып.
Ұйқыдан есі кетіп қалжырапты,
Мас болып, екі-үш күндей ұйықтап қапты.
«Түрегел, балам, неғып жатырсың?» деп,

Баланы кемпір барып оятыпты.

—Той құрды падишамыз алтын шашып,

Күйеуге Жәмиланы бермек болды,
Тастады қазынаның аузын ашып.
Бір патша алыс жерден іздеп келген,
Екеуін таразыға салып көрген.

О дағы бір асылдың тұқымы екен,
Парапар Жәмиламен теңдес келген.
Патша той істеді жарлық шашып,
«Қызыма тең болды» деп көңілі тасып.

Той істеп, елді жиып аласұрып,
Қазынаның тастады аузын ашып.
Жиылған осы тойға жамағат көп,
Алтыннан алып жатыр халайық бек.

Патша қуанғаннан алтын шашты,
«Баламмен теңдес адам бар екен» деп.
Ел алған алтыннан сен дағы ал,
Қолыңа бір түскені—бір қауым мал.

Есітіп бала байғұс жата кетті,

—Шешеке, тұра алмайтын науқасым бар.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
«Мен нағып ұйықтап қалдым қара басып,
Тұрмадым түн болған соң хабарласып.
Өлгенім артық еді мұнан дағы,

Етемін, уа, дариға, енді нешік?!»
Құдайдан «бір көрсет» деп, тұрған сұрап,
Ғашықтық оты жанды ішті бұрап.
Шапанмен үстіндегі бетін жауып,

Астында шаһизада жатыр жылап.
Кілемін түн болған соң жайып салды,
Басына асыл бөркін киіп алды.
Аты бар мініп алса, оқтай жүйрік,

Көктегі бау-шарбаққа барып қалды.
Алдына терезенің барды жетіп,
«Болар,—деп,—әлдеқандай» үміт етіп.
Дейтұғын мұны келер ойында жоқ,

Отырған қыз Жәмила өлеңдетіп.
Отырды ойынына таңырқатып,
Қыздары олар да отыр қалмай жатып.
Жәмила терезеге келген шақта,

Жіберді қолыменен тықылдатып.
Келгенін Жәмила қыз енді білді,
«Қырық қыз, тараңыз!» деп, жарлық берді.
Қақпағын терезенің ашып еді,

Шаһизада ақырындап үйге кірді.
Орнынан сонда сұлу тұра келген,
Астына асыл кілем төсендірген.
Ішінде алтын табақ түрлі тағам,

Алдына алуан шекер, ас келтірген.
Осылай қыз Жәмила құрмет етті,

—Айтайын азғана сөз сізге,—депті.

Айырылар екеумізге уақыт жақын,
Қайырып жауап айта бізге,—депті.

ғашықтық  дастандар
Біздерден жастықпенен бір сын өтті,
Жалғанда қылар ісім емес,—депті.
Дүниеде мен саған жоқ, сен маған жоқ,

Қарсылық жауап айтып, болма кекті.
Әкеміз күллі жанға жарлық еткен,
Бұл сөзі жер жүзіне тегіс жеткен.
«Жәмиламмен бір саламын таразыға,

Жан болса алам деген үміт еткен».
Көп адам алыс жерден іздеп келген,
Кем шығып таразыдан басын берген.
Салмағым өлшегенде ауыр болып,

Құдайым сақтап еді талай ерден.
Бір патша алыс жерден іздеп келген,
Екеумізді таразыға салып көрген.
«Басымды жеңіл шықсам беремін,—деп,

Тәуекел, өз бағымды көрдім» деген.
Түскенде таразыға тең боп шықты,
Әкеміз мені соған «берем» депті.
Әкеміз айтқан сөзін екі айтпайды,

Жалғанда айтқанынан еш қайтпайды.
Бетіме қияметлік таңба бастың,
Көңілімді осы дертің босатпайды.
Көңіліме бір нәрседен болды ғой мін,

Отырмыз қош дескелі бүгінгі түн.
Түсіріп бізді жерге неках қияр,
Байлағаны уағдалы ертеңгі күн.
Ойлап ем қосты ма деп жаратқан Хақ.

Ылаж жоқ екеумізге қылар бап.
Өлерсің пері, дию сезіп қойса,
Тезірек жазым болмай жөніңді тап.
Берейін және сізге бір асыл ер,

Дүниеде мұнан асыл болмайды дер.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Бағасы патшалықтың жартысындай,
Ерембақ деген шаһар гауһары дер.
Бұл өзі сізге берген менің сыйым,

Көңіліңді қайта бұрып, қылма түйін.
Аңдитын пері, дию мезгіл болды,
Көрінсең, өзіңізге болар қиын.

—Ханша, сіз міне, жауап бердің,

Екінші, сипатыңды қайта көрдік.
Асылы дүниенің мұқтаж емес,
Біздерге керек емес гауһар бұйым.
Біздерге дүние малы керек емес,

Шын ғашық бойды жеңген кетер емес.
Айтайын арман етпе бір ауыз сөз,
Ақылың, ата тегің нашар емес.
Ұғарсың асыл болсаң сөзімізді,

Көп ғашық бізден бұрын жаһан кезді.
Айтыстық уағдалы бір ауыз сөз,
Сұрасып үш күннен соң жөнімізді.
Білмейсің әке тегім кім екенін,

Пері ме, адамзат па, жын екенін.
Бір күнде ойға түссе өкінерсің,
Сұрамай қапылыста кім екенім.
Жәмила сонда тұрып жылады енді,

Көзінің аққан жасын бұлады енді.

—Патша, менен қате өткен екен,

Жөніңді айтыңыз,—деп сұрады енді.

—Сұрасаң Мәлікриан әкем атын,

Патшалық Құдай берген салтанатын.
Шаһарын Саренделдің билеп тұрған,
Болады Рабиғұлмүлік менің атым.

ғашықтық  дастандар
Патша жүз жетпіс жаста әкем менің,
Тәңірден тілеп алған мен ұлы оның.
Бір кілем, бір бөрікпен, бір қамшыны,

Ғайыптан Тәңірім берген білсең, жаным.
Далада киік қуып шапқандарын,
Ғашық боп көзінен жас аққандарын.
Жасынан көргенінің бәрін айтты,

Қамшы мен бөрік, кілем тапқандарын.

—Азырақ қосуы бар жалғыз Хақтың,

Атпенен Шерміш деген іздеп таптым.
Жетеміз мұнан ұшсақ Саренделге,
Ішінде неше айланалым бір сағаттық.
Қосылдың нәсіп болып меніменен,

Мен түссем таразыға сеніменен.
Бола ма ауырлығың бұрынғыдай
Он есе дәл өзіңдей боламын мен.
Бұл сөзге қыз Жәмила болды дайын:

—Шын берді тілегімді бар Құдайым.

Білмедім мұндайыңды, әй, падишам,
Кісіні сенен басқа не қылайын.
Таң атып қалған екен, жарық болып,
Қуанды айтылған сөз анықталып.

Кілемге асып-сасып мініп алды
Көңілі әлдеқайда кетіп [қ]алды.
Патша қашса дағы ақыл таппай,
Құла дүз, қу медиенге бір-ақ салды.

Екі асыл көзді жұмып аспанға ұшты,
Құралы қолындағы қандай күшті.
Баспаған адам ұғылы жапырағын,
Құла дүз, қу медиенге келіп түсті.

Қызық-ты осы арада арқар, құлан,
Көк жанат, қара құндыз, түнгі түлен.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Киік, басқа мақұлық бәрі осында,
Бар екен дүниеде не түрлі аң.
Қызықты мұны көріп шаһизада,

Ұмтылды қаруымен ала-сала.
Аң қуып, бір-екі күн тамаша етіп,
Кеңесті қыз бен жігіт, екі бала.
Көп аңды қырып салды көрген жерден,

Қыз жатты шатыр тігіп құба белден.
Далада енді бұлар жата тұрсын,
Айтайын Шерміш шаһар кейінгі елден.
Падиша таң атқан соң жарлық етті:

«Қызымды жерге түсір, әпкел!» депті.
Қырық қыз, елші барса, жылап отыр,
«Жоғалды ханшамыз бүгін» депті.
Таба алмай барған пері қайта кепті,

Мәнісін падишаға айта кепті.
Падиша ашуланып қышқырады,
«Әммасы дию, пері келсін!» депті.
Падиша алтын таққа мініп алды,

Баршасын дию, пері жиып алды.
«Жәмиланы таппасаң қырамын» деп,
«Бәріңді қырамын!» деп қаһарланды.
Падиша осылай деп қаһар етті,

Есітіп дию, пері шошып кетті.
Іздеді әр тарапқа елші салып,
Дүниенің төрт бұрышына даңқы кетті.

—Айтайын, пері, дию, мұны саған,

Ұшпайды аспан-көкке жерден адам.
Төрт бұрышын жер жаһанның түгел шарла,
Таппасаң, өздеріңе болар жаман.

ғашықтық  дастандар
Мықтысын пері, дию байлап алды,
Мойнына темір шынжыр, бұғау салды.
Шошынып «мұны қайдан табамыз» деп,

Әуенің ұшқан пері жүзін алды.
Сандалды хабар таппай дию, пері,
Патшаның жан бармайтын тұрған жері.
«Хабарын Жәмиланың білем» депті

Перінің жүз жетпісте бір кемпірі.
Сол кемпір дүние кезіп жүреді екен,
Бұлардың кеткен жөнін біледі екен.
Сандалып ұшып жүрген көп періге,

«Шошыма, мен табамын» деген екен.
Кідірместен патшаға алып келген,
Кемпірді патшаның көзі көрген.

—«Хабарын Жәмиланың білем» депсің,

Қанеки, білгеніңді сөйле,—деген.

—Сөйлейін білгенімді, тақсыр ханым,

Білемін Жәмиланың тұрған жерін.
Алатын, әй, падиша, хақым үлкен,
Бекітіп уағдаңмен берсең бәрін.
Падиша бұл кемпірмен уағда етті,

Кемпірдің уағда алып көңілі бітті.
Бұлардың кеткен жөнін біледі екен,
Соңынан іздеп кемпір жүріп кетті.
Соңынан іздеп тауып кемпір барды,

Балаға аңда жүрген көзін салды.
Құбылып адамзаттың суретіне
Кірді де, бір шұңқырға жатып қалды.
Үстінен шаһизада тура жүрген,

Кемпірді әлсіз жатқан көзі көрген.
Еңбектеп, басын жерге төмен салып,
Бас қойып аяғына зар еңіреген.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Патша мұны көріп тамаша етті,
Кемпірді жылаған соң есіркепті.

—Көрерсің менен, пақыр, бір жақсылық,

Бейшара, мұнда қайдан келдің?—депті.

—Ойда жоқ адамзатты көрем деген,

Ажалсызға бір себеп болар деген.
Біз дағы патшалық халық едік,
Мекенім осы ара еді, ием,—деген.
Халқымды бір аждаһа жұтып кетті,

Түк қалмай сонан бері көп жыл өтті.
Шұңқырда жасырынып мен бейшара,
Етін жеп өлген аңның қорек еттім.
Көрмедім көп болды бір адамды,

Қорек етіп жей бердім өлген аңды.
Шұңқырда осыменен күнім өтті,
Дүниеде жан бар ма екен менен зарлы?!
Патша мұны естіп қабыл етті,

Айтқан соң кемпір зарлап әрбір кепті.

—Мен патша бақытыңа душар болдым,

Қайғыңнан тарқатайын сен байғұсты.
Кемпірді бұл падиша жүрді алып,
Жүре алмай еңбектейді кейін қалып.
«Жәмила, саған серік әпкелдім» деп,

Шақырды сонда патша айғай салып.
Шатырдан қыз Жәмила шыға келді,
Кемпірді қасындағы көзі көр[ді].

—Мұныңыз жәдігөй боп қастық етсе,

Қиындық екеумізге болар,—де[ді].
Естіп мұны кемпір зар еңіресті:

—Қайғымен осы күнде көңілім күпті.

Сіздерді көретұғын күн бар екен—
[Деп], жығылып аяғына бас иіпті.

ғашықтық  дастандар
Айтады жолдасына Жәмила қыз:

—Падиша, қайда сіздің ел-жұртыңыз,

Бар ма еді өз басыңда мал-мүлкіңіз?
Кездесіп бір пәлеге душар болсаң,
Арманда айырылармыз енді екеуміз.
Патша мұны естіп күлмеңдеді,

—Бұл жерге қанша тұрсақ білінбейді.

Аулайын мынау аңды әрі-бері,
Кетеміз Саренделге бүгін,—деді.

Падиша тамақ ішіп аңға кетті,
Аққан су, шыққан ағаш тамаша етті.
Сол кемпір келгеннен соң көп сөз айтып,
Отырып Жәмилаға зарлық етті:

—Қарағым, айтар болсаң сыр сұрайын,

Қалайша осы араға келдің?—депті.
Кемпірді есіркеді Жәмила да,

—Падиша алып келді мені мұнда.

Кілем мен бір бөрік, қамшысы бар,
Не қиын бір Алланың әміріне.

Әкесі халық билеген патша екен,
Шаһарын Саренделдің еткен мекен.
Асылы Алла берген оқтан жүйрік,
Дүниені ұшып жүріп билейді екен.

Ұшырып осыменен келді алып,
Қызығып кете алмай тұр аңға айналып.
Тарқатып ішіндегі қайғы-қамды,
Кетеміз мұнда қоймай сізді де алып.

—Екі асыл қосылып сіз екі жақтан,

Менің де арманым жоқ сізді тапқан.
Сөйлесем білгенімді баян етіп,
Асылдар шыққан мұндай сан ұжмақтан.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Көрсетіп үш асылын берді алып,
Үстіне кемпір мінді жайып салып.
Қамшымен көзін жұмып салып қалды,

Үстіне Жәмиланы басып алып.
Өзімен Жәмиланы алып кетті,
Алдады кемпір, етті айла-кепті.
Дүниенің ұясына сенім бар ма,

Айырылар екеуіне уақыт жетті.

Білмеді, сейілде жүр патша пақыр,
Түбіне жетіп кетті кемпір кәпір.
Аң атып, кешке келсе мәз-мәйрам боп,
Қосына қайтып келсе, дәнеңе жоқ.

Қайнатты ішін оттай жалын мен шоқ,
Жүгірді түсіп кетпек боп қара суға,
«Жалғанда неге тірі жүремін» деп.
«Бұл жылау пайда болды жас шағымда,

Кемпір ит алдап соқты ойда жоқта».
Сол суға түсіп кетпей сабыр етті,
«Кетермін,—деп,—мордар өлім қисабында».
Ессіз боп содан кейін қалды талып,

«Не болам, уа, дариға, сенен қалып».
Ессіз боп бір сағаттай талып жатып,
Жылайды тағы да есін жиып алып.
«Табамын қайдан іздеп, жан-жананым,

Не болар зарлағаным, жылағаным.
Бар болсаң жер жүзінде іздер едім,
Жүруге аяқ басып келмес халім.
Жүрегім қайғы-қасірет толды қанға,

Табармын іздеп сені қай заманда.
Кеткенін қайсы жаққа біле алмадым,
Жылаумен өтемін де бұл жалғанда».

ғашықтық  дастандар
Падиша осылайша зарлық етті,
Еңіреп, бет алдына жүріп кетті.
Тірелген аспан-көкке биік тоғай,

Бір жерге қара баран келіп жетті.
Мың жылқы топ ішінде анық жатқан,
Патша талай жердің дәмін татқан.
Кем емес үлкендігі биік таудан,

Көрінді бір ақ түйе келе жатқан.
Үстінде мінген сұлу үш адам бар,
Жаратқан не ғажайып Қадір Жаппар.
Жарқылдар өне бойы от секілді,

Көрген жан шошынғандай сипаты бар.
Көрген соң шошып кетті бала ғаріп,
Бір інге жасырынып кірді барып.
«Иісі адамзаттың шығады» деп,

Үшеуі сөйлеседі тұра қалып.
Бірі айтты:—Адам мұнда келген емес,
Адамзат бұл араны көрген емес.
Жалғыз-ақ тақ Сүлеймен аралаған,

Үшеуі осылай деп құрды кеңес.
Бірі айтты:—Не қылса да бір адам бар,
Табалық иісіменен, қараңыздар.
Түйеден түсе салып оттай жанып,

Үшеуі осы араны қарадылар.
Біреуі иісімен жетіп келді,
Бақыртып сирағынан тартып алды.
Зарланып басындағы мұңын шағып,

Үшеуі құлақ салып тыңдадылар.
Патша осылайша зарлық етті:

—Ғаріп боп, тар уақытта ажал жетті.

Балқыған туған айдай, Жәмилажан,
Бір көрмей дидарыңды өлдім,—депті.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Мен таптым аспандағы нұр сарайдан,
Сипатың бөтен емес туған айдан.
Шаһарын Саренделдің аузыма алмай,

Құла дүз, қу медиенге келдім қайдан.
Үш қыздар сонда тұрып кеңес етті,
Жылаған мұң-зарына тамаша етті.

—Жәмила бір жігітпен қашып еді,

Сол жігіт енді ойласақ осы,—депті.
Бір кемпір жүз жетпісте іздеп тапты,
Патшамен серттескен тілін апты.
Тілегі Жәмиланың жүрегі екен,

Жүрегін іштен тауып, жұтып апты.
Бұл кемпір жасаңқырап жайтаңдап жүр,
Жәмила саркездік боп жатып апты.
Уағдасы падишаның тастан қатты,

Бұл жара Жәмилаға әбден батты.
Дию ит жасаңқырап кетуші еді,
Жүрегін тауып жұтса адамзаттың.
Сол кемпір жайраңдап жүр жасаңқырап,

Көрген жан Жәмиланы аяр жылап.
Істейік Құдай үшін бір жақсылық,
Екі жас тілегіне болсын себеп.
«Құп» десті «бірін-бірі жазар» депті,

Шешеді үстерінен киген кепті.
Перінің патшасының қыздары екен,
Үшеуі үш сұлу қыз бола кетті.

—Істелік бір жақсылық, жігіт, саған,

Келпеңдеп, байпаңдап жүр кемпір надан.
Бұлар да өзіміздей екі жас қой,
Сауапқа жазар ма екен Хақ Тағалам.
Бірі сөйлеп, бірі тыңдап «жарар» депті,

Төртеу боп мінгесті де жүріп кетті.

ғашықтық  дастандар
Түйенің жүрісіне жел жетпейді,
Патша көргеннен соң тамаша етті.
Ғажайып мұны көріп тамаша етті,

Алып тұр алтын терек жер мен көкті.
Бақ емес адам барар маңайына
Патшаның көргеннен соң есі кетті.
Сөйлескен аспанменен алтын терек,

Шым болат айналасын еткен берік.
Жолы бар асыл тастан қиып салған,
Ішінде бау шарбағы бөлек-бөлек.
Ғажайып бау шарбаққа алып барды,

Патша мұны көріп қайран қалды.
Басында бәйтеректің үш жұмыртқа
Қыздардың бірі барып қолына алды.
Қысып ап жұмыртқаны келді жетіп,

Көріп тұр шаһизада тамаша етіп.

—Әкеміз үшеуміздің —үш патша,

Періні билеп тұрған пәрмен етіп.
Береді жұмыртқаны жігіт жасқа:

—Әркімге қастық етер діні басқа.

Үшеуін жұмыртқаның қысып қойсаң,
Таңылар үш патша үш ағашқа.
Бойында дию, пері жаны жоқ-ты,
Көңілі соныменен болған тоқ-ты.

Басында бәйтеректің зар еңіреп,
Істейтін бұдан басқа айла жоқ-ты.
Басында бәйтеректің зар еңірер,
«Айтшы жұмысыңды бізге, әй, ер,

Жұмысың қандай болса орындайық,
Барлығын тілегіңнің істелік» дер.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Айтарсыз сіз де бастап сөзіңізді,
«Көрдім» деп өлсең дағы айтпа бізді.
Бекітіп үшеуінен уағда алсаң,

Жеткізер жақсылыққа сонда сізді.
Сөзіңді бекітіп ал әуел бастан,
Кетеміз бұдан кейін біз қасыңнан.
Деген соң «Алла оңбайын Құдай оңдап»*,

Қайтпайды содан кейін уағдасынан.
Ол сөзді аузына алса, жалған айтпас,
Сонан соң уағдадан тіпті қайтпас.
Босатсаң мұны айтқызбай ол үшеуін,

Босаса, өз жаныңа қылады қас.
Екінші, тағы әпкелді бір көк кептер,
Қас қылған кемпіріңнің жаны бұл,—дер.
Дүниеде көрдім деме өзің бізді,

Әй, жігіт, жолың болсын, қош-аман жүр.
Ақ нармен үш перизат кетті ұшып,
Сонан соң жұмыртқаны қойды қысып.
Үш пері аспан-көкте зар еңірейді,

Басына бәйтеректің келді түсіп.
«Қинама жанымызды, әй, адамзат»,
Үшеуі осылай деп етпес тағат.

—Жұмысың қандай жанда, айтшы бізге,

Барлығын бітіреміз бір-ақ сағат.

—Билікте үшеуіңнің дию, пері,

Көңілімнің толып жатыр қайғы-шері.
Әпкетті өзім сүйген жолдасымды,
Диюдің жүз жетпісте бір кемпірі.
Бар еді үш асылым серік болған,

Соныменен ұшып келдім талай жерден.
* Түпнұсқада осылай берілген.

ғашықтық  дастандар
Әпкетті соның бірін ғаяр кемпір,
Бейнетім толып жатыр өзім көрген.
Патшаның баласымын өзіңмен тең,

Қайғымды бастан кешкен айтайын мен.
Патша залым болса, халық бұзылар,
Ісіне шариғаттың болмаса жөн.

—Қинама бекерліктен, жаным, бізді,

Құрметтейік, адамзат, біз де сізді.
Әкеңнен мирас болған үш асылың
Кемпірден әперейін мұныңызды.
Келмейді халдеріміз Жәмилаға,

Қарайды дию, пері падишаға.
Билейді шартарапты жалғыз өзі,
Біздерде оған істер жоқ-дүр айла.

—Көп көрдім қатты бейнет осы жолда,

Сендер де нәсіп болып түстің қолға.
Кемпірден асылымды әперерге,
Етіңіз уағда деп «уалла, билла».

—Адамзат, Құдай айдап көрдік сізді,

Тез жібер жұмысыңа өзің бізді.
Дүниеде ауызға алмас бір шарт еді,
Ол сөзге келтірмеңіз тілімізді.

—Тілеймін, періштелер, мен де сенен,

Кез болдым нәсіп болып сіздерге мен.
Айтпасаң осы сөзді ауызға алып,
Сендерге көңілім сеніп, разы емен.
Сонан соң ант берді үш перізат,

Жандарын қолына алды сау-саламат.
«Падиша, жұмысыңды бітіреміз,
Болады, иншалла, көңіліңіз шат».

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Соны айтып үш перізат ұшып кетті,
Жұмысын бітірерге ыждаһат етті.
Кілем, бөрік, қамшы бәрін түгел,

Ішінде бір сағаттың алып кепті.
Бұларын шаһизада қолына алды,
Кілемді бұрынғыдай жайып салды.
«Шерміштің түсір,—деді,—шаһарына»,

Қамшымен көзін жұмып, бір-ақ салды.
Бұлдырап кілем мініп аспанға ұшты,
Көрсетті құдіретпен әрбір істі.
Ішінде бір сағаттың шаһизада

Шерміштің шаһарына келіп түсті.
«Айырылған ел-жұртымнан мен бір ғаріп,
Зарландым жапан түзде жалғыз қалып.
Дидарын Жәмиланың бір көрсет» деп,

Зарланып мұңын айтып тұрды барып.
Шаһарды шаһизада аралайды,
Бір хабар ғашық жардан таба алмайды.
Бұрынғы көкте тұрған алтын сарай,

Барғалы енді бұған жағалайды.
Бір адам келе жатыр қос ат алып,
Шақырды шаһизада айғай салып.
Көрісіп бірі-бірімен айғай салып,

Қасына жөн сұрасып тұрды барып.
Патша енді бұдан сөз сұрайды,
Мәнісін Жәмиланың көп сұрайды.

—Асығыс қолыңызда қос атың бар,

Неліктен сасып жүрсің?—деп сұрайды.
Әлгі адам енді бұған жауап берді:

—Жіберді молла іздетіп патша мені.

Патшаның жалғыз қызы жаман ауру,
«Тезден тауып бір емсек әпкел» деді.

ғашықтық  дастандар
Өлген жоқ, кеудесінде құр жаны бар,
Ханша күндіз-түні қылады зар.
Айтуға бәрін тамам асығыспын

Бұл сөздің сұрай берсең көп кебі бар.

—Молла едім көп оқыған мен бір ғаріп,

Хандардан жеті түрлі сабақ алып.
Жүрегін дию жұтқан қайтарамын,
Тезірек патшаңа барсаң алып.
Әлгі адам қуанады мына сөзге,

Нұр берген Хақ Тағала артық көзге.
«Қасиетің патшадай көрінеді,
Істейін жаным құрбан мен де сізге».
Мінгізіп қос атына алып жүрді,

Кез болып ізденгенге Құдай берді.
«Әпкелдім оқымысты бір молла» деп,
Барды да патшаға хабар берді.
Алдына падишаның алып келді,

Жігітті оқымысты көзі көрді.

—Сәт болса, деміңізді аяй көрме,

Сарғайған жалғыз қызым ауру,—деді.

—Падиша, мен естідім атыңызды,

Айтайын сізге деген датымызды.
Жазамын бұл аурудан бір сағатта,
Бересің, егер, жазсам қызыңызды.
Патша мына сөзге қаһар етті:

—Айтпаған мына сөзді ешкім,—депті.

Дүниеде мұндай сөзді есітпедім,
Дарға жылдам мұны ассын!—депті.
Патшаға уәзірлері сөз айтады,
Әр сөзді ақылменен көп айтады:

—Жазсын да, әуел баста, сабырлық ет,

Көрерсіз ақырында,—деп айтады.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Патша тоқтау етті мына сөзге:

—Шырағым, Құдай айдап, келдің бізге.

Ықтияр, балам саған барам десе,
Кісіге мен бермейін сенен өзге.

—Патша, жаңа көрдім қайратыңызды,

Шығарам жүректегі сәнаңызды.
Іші алтын үйдің шымылдық құр,
Алып бар менен бұрын балаңызды.
Әй, тақсыр, менің айтқан сөзімді аңғар,

Уәзір көп халықпен бірге барар.
Қолыма өткір қанжар қару алам,
Сол кезде аңғарсаңыз бір кеп болар.
Патша мына сөзді қабыл алған,

Не десе разы боп құлақ салған.
Құр жаны жатыр екен кеудесінде,
Көтеріп оңаша үйге алып барған.
Көтеріп оңаша үйге алып барды,

Ішіне шымылдық қызды салды.
Отауға жалғыз өзі кіріп кетті,
Патша, қанша халық тыста қалды,
«Не хайла істейді?» деп, құлақ сапты.

Ораулы кемпір жаны қалтасында,
Мойынын көгершіннің бұрағанда,
Жүгіріп осы араға кемпір барған.
«Жанымды қинама» деп жалынып тұр,

«Патша, өзің біл» деп жалынған құр.
Жүгіріп кемпір сонда:—Балам,—деді,
Жүрегін Жәмиланың салам,—деді.
Бір қате, балам, менен өткен шығар,

Ішіне шымылдықтың барам,—деді.
Ішіне шымылдықтың кемпір кірді,
Жүрегін кешіккен жоқ қайтып берді.

ғашықтық  дастандар
«Жазылдым науқасымнан саламат» деп,
Азырақ жауаптасып қыз сөйледі.
Мойынын көгершіннің бек бұрады,

Перілер жақынырақ кеп тұрады.

—Салды,—деп—қыз жүрегін өз орнына,

Ауырған жерің бар ма?—деп сұрады.

—Ақылың кең, бәрекелді мұныңызға,

Диюдің жаны түскен қолыңызға.
Ауырған осы күнде бір жерім жоқ,
Етейін жаным құрбан жолыңызға.
Жәмила «жазылдым» деп айтып салды,

Қанжармен көк кептердің жанын алды.
Тұра ма жаны өлген соң дию тірі,
Сылқ етіп кемпір малғұн құлап қалды.
Жәмила шымылдықтың бетін ашқан,

Көрінді ғашық жары бірге қашқан.
«Қарағым, аман-есен келдің бе!» деп,
Зарланып екі ғашық құшақтасқан.
Патша о да кірді есік ашып,

Көріскен екі ғашық зар жыласып.
«Қарағым, сабырлықпен жылаңыз» деп,
Көңілі патшаның тұрды жасып.
Сөйледі патшаға енді жайын,

Айтуға бастан кешкен сөзді дайын.
Патша барлық сөзін естіген соң,
Біреуі —күйеу, бірі —ата, болды қайын.

—Өз теңін Жәмилажан тапқан екен,

Тәңірім бәлесінен қаққан екен.
Патша ат шаптырып, тойын істеп,
Ақырда осындай ғып қосқан екен.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Патша қырық күн ұдайы етті тойын,
Қосылды бір-біріне алма мойын.
Адам мен дию, пері араласып,

Қызықты, бек тамаша тарқады ойын.
Патша қырық күн ұдайы істеп тойын,
Түсірді көкте тұрған алтынды үйін.
«Ұшырып Саренделге жіберем» деп,

Перідей қызметшіге несі қиын.
Тарқады қырық күн ұдайы той біткен соң,
Нұрланар ғашық көңілі тойғаннан соң.
Сағынып ата-анасын қайтпақ болды,

Мұратқа шын іздеген жеткеннен соң.
«Өзімнен алтын сарай бұрын барсын,
Әкемнің оң жағынан орын алсын.
Барамын кейін ұшып кілемменен,

Жәмила өз қасымда бірге қалсын».
Падиша перілерге жарлық етті,
Көтеріп алтын үйді алып кетті.
Періге ұшқаннан соң жер алыс па,

Сарандел шаһарына келіп жетті.
«Аспаннан от домалап келеді,—деп,
Шаһарға кешікпей-ақ енеді» деп.
Жасы бар жүз жетпісте Мәлікриан,

Бұл сөзді естіген соң шошып кетті.
Шулады шаһар елі көкке қарай,
Сақтанар жанып тұрған оттан қалай.
Патшаның оң жағына келіп түсті,

От емес, бек тамаша алтын сарай.
Патшаның оң жағына келіп түсті,
Көтерген осынау үйді пері күшті.
Сөйлесіп, бір адамға жөнін айтпай,

Дүр етіп бәрі дағы аспанға ұшты.

ғашықтық  дастандар
Орнатып пері қайтты таңырқатып,
Таңырқап адам көзін тұрды атып.
Тоқпақтай сары алтыннан замогі бар,

Бара алмас маңайына адам батып.
Орнатып алтын үйді пері кетті,
Бара алмай маңайына есі кетті.
Астына мініп алған кілемі бар,

Бір кезде қыз бен жігіт келіп жетті.
«Балаңыз ғайып болған келіп тұр» деп,
Біреу кеп падишаға хабар етті.
Жасы бар жүз жетпісте Мәлікриан,

Баласын көргеннен соң талып кетті.
Бір уақыт есін жиып, көзін ашты,
Тұра сап баласымен құшақтасты.
Әкесі-шешесімен зар еңіреп,

Сүйісіп кезек-кезек мауқын басты.
Отырды амандасып жақсы жайда,
Кірісті есік ашып жұрт сарайға.
Баласын есен-аман көргеннен соң,

Падиша шүкір етті бір Құдайға.
Патша қырық күн ұдайы қылды тойды,
Қисапсыз осы тойға көп мал сойды.
Халқына тойға келген ақылдасып,

Баласын өз орнына патша қойды.
Патша боп таққа отырып көңілі толды,
Билеген заманында оң мен солды.
Адамға бақыт қонса не істемейді,

Жәмила бір жылдан соң буаз болды.
Бай болмақ, батыр болмақ қонған бақтан,
Хан түсер бақыт тайса алтын тақтан.
Тоғыз ай, он күн тамам толған кезде

Балқыған ай мен күндей бір қыз тапқан.

мәлікриан,  рабиғұлмүлік,  қыз  жәмила
Кем етпей заманында салтанатын,
Жақсылар айтпай таныр ердің затын.
Той жасап, өз сәнімен елін жиып,

Қойыпты «Мәлике» деп мұның атын.
Өтіпті солардан да пәни жалған,
Ғашықтық бірден-бірге мирас қалған.
Оқысаңыз осы қыздың затын байқап,

Жолдасы Сейпілмәлік Сағит алған.
Әмірі патшаның жұрттан асқан,
Шын ғашық бірін-бірі іздеп тапқан.
Патшасы Шаһбол Шаһирух—өзі пері,

Тұсында жан болған жоқ бұдан асқан.
Олардың Ерембағы — мекен жері,
Сарандел шаһарымен араласқан.
Аралас адамзатпен дию, пері,

Көләйтпен екі арада жолын ашқан.
Мәлике Бәдіғұлмен сырлас екен,
Екеуі бір жыл туған құрдас екен.
Ғашық боп Бәдіғұлға Сейпілмәлік,

Ақырда мұрадына о да жеткен.
Бір сөзді көріп жаздым сызған хаттан,
Жүйрік қой, шіркін, көңіл шапқан аттан.
Талаппенен ер жетпек мұрадына,

Өлеңді мен бір адам талап еткен.
Оқыған, рахмет айтыңыздар,
Аяғын осыменен тамам еттім.

Бисмилла���������������������
, �������������������
сиынайын �����������
����������

Құдіретке�,
Жете алмас сансыз пенде анау бетке.
Пенде[лер] осы жүрген қатасы көп,
Әгарда қата шықса, айып етпе.

Мұхаммед бір Құданың сүйер досты,
Дүниеде мынау пәни о да күшті.
Хазірет Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли Арыслан,
Сүйікті сол төртеуін кәміл қосты.

Хабибім—ақырзаман пайғамбары,
Сүйікті сол төртеуі шаһариары.
Үмбет боп Пайғамбарға дінге кірген,
Мұсылман осы жүрген баршалары.

Кітапқа бәйіт бірлән жаздым қисса,
Мақсұтқа пенде жетер Алла қосса.
Шаһары Бағдаттың жұртын билеп,
Өтіпті салтанатты бір бай патша.

Аты екен падишаның Ғабдуғалым,
Жаратқан Құдай артық оның сәнін.
Жұртына елу шаһар хүкім шашып,
Мұстажаб бала көрмей тартқан зарын.

Падиша әділ болып, дәулеті артты,
Билеген Ғалым шаһар Бағдатты.
Қақ жар[ған] қара қылды әділ патша,
Жоғынан бір баланың қайғы тартты.

Әмірзада

әмірзада
Жад етіп жалынады бір Құдайға,
Әулие, көп түнеді әнбияға.
Падиша неше жылдай қайғылы боп,

Көріпті қырық жасында жалғыз бала.
Падиша қырық жасында бала көрді,
Алласы шын тілегін жаңа берді.
Қайғылы неше жылдай болған жазған,

Көңілінде еш арманы қалмады енді.
Той қылды елу күндей жұрт жиылып,
Мас болды қанша халық ойын қылып.
«Мен дағы бұл қайғыдан құтылдым» деп,

Жіберді қырық құлын азат қылып.
Қазынаның жеті қақпа аузын ашты,
Нашарға, ғаріп-міскін алтын шашты.
Нашардың, ғаріп-міскін алғандары,

Дүниеге азық болды, таусылмас-ты.
Тарқады жиылысып жұрты қайтты,
Жиылып қожа-молда ұйғарыпты
«Болсын,—деп,—Әмірзада мұның аты».

Бала өсті жылдан-жылға көркем болып,
[Таң] қалды жан тамаша нұрын көріп.
Балқыған нұры көркем туған айдай,
Жетіпті жеті жасқа кәміл толып.

Баласын көрген адам мас болады,
Балаша нұрын көріп мас болады.
Дәл кәміл жеті жасқа толғаннан соң
Молдаға оқытуға ойына алады.

Падиша елі-жұртын жиып алды,
Бектері, уәзіріне ақыл салды.

—Ей, жұртым, ұнатсаңдар бір сөзім бар,

Қайғылы бір бала үшін болдым құмар.
Қарызынан жалғызымның құтылайын,
Молдаға оқыту ниетіміз бар.

ғашықтық  дастандар
Көңіліме осылайша ұйғарамын,
Зарлығы өтіп еді бір баланың.
Ойнаса ойыныңа жарасқандай,

Нөкер сап оқытсам екен қырық баламен?!
Киімі қырық бірінің бірдей болсын,
Көрген жан оның түсін айырмасын.
Болса екен ата-тегі руымнан,

Ежелгі арылмаған дос-жарымнан.
Бәрінің сыр-сипаты бірдей болсын,
Жетіде жасы болсын бір жыл туған.
Падиша осылайша сөз сынатты,

Халық та мына сөзін бек ұнатты.
Бектері уәзірімен атқа мініп,
Қырық көркем тауып кепті шаһизатты.
Киімін қырық бірінің бірдей қылыпты,

Тон жауып, саф алтыннан киіндірді.
Тәж қойды бастарына лағыл, жауһар,
Жақұттан кемер белбеу буындырды.
Мешітте оқып жүрді қырық бір бала,

Шаһизат бәрі бірдей өңшең дана.
Үш ғылым, оқыған молда болды,
Жад алды ғылым нүжұм Әмірзада.
Артылып Әмірзада аға болды,

Шариғат, хақиқат, мағрифат төрт жолға
. . .* қарағандай дана болды.
Әмірзада ғылымы артық қырық бірінен,
Байқалар қайда жаман сөз түрінен.

Алдына екі даугер кеп жүгінсе,
Айырар шариғаттың жолыменен.
Оқудан бала шықты он жасында,
Тілейді ғалымдықты Алласынан.

* Түпнұсқада бір сөз түсіп қалған.

әмірзада
Оқуды таза тегіс бітірген соң,
Тіленді «рұқсат бер» деп молдасынан.
Ұстазы қол көтеріп бата берді,

Шәкірті қол көтеріп «әумин» деді.
Бата алып ұстазынан шыққаннан соң,
Дүниенің қызығынан көңіл қылды.
Салдырды оңаша бір алтын сарай,

Бау-шарбақ, мүкәммалы қалды сыймай.
Тәуірлеп әр сайманынан түзеттіріп,
Қисабын өзі білер Патша Құдай.
Бұ дағы патша болды өз алдына,

Көп келді ойыншылар қызығына.
Ақылы Әмірзада жаннан асып,
Бір үлкен аға болды жоқ-жарлыға.
Малдан алды қырық бір боз арғымақ

өңшең барлас,
Ондай боп хайуаннан жылқы тумас.
Оюланған зүбәржаттан ер-тоқымы,
Тұрманын, әр сайманын айтып болмас.

Және алдырды қырық бір қара жорға,
Үстінен су төгілмес салса жорға.
Кіш-міш жеміс салдырды алдарына,
Аузына жем ілгені алтын дорба.

Қолында әрбірінің бір-[бір] лашын,
Халайық, мұны көрсең қызығасың.
Дүниеде мұндай болып жан өткен жоқ,
Болмаса Мысырда мырза Қасым.

Және де қызметкер қырық құл алған,
Айтуға құл демесең, о да бағлан.
Кигені—алтын жібек, өңшең ноқа,
Оны да айырмайсың мырзалардан.

ғашықтық  дастандар
Және қырық жігіт алдырды ел аралап,
Сауықпен сырнайлатып жүрер жанап.
Салтанат, сайранына жұрт қызығып,

Қанша жұрт шулайды бәрі қамап.
Салтанат, сайранына жұрт қызығар,
Көшеге әсем түзеп күнде шығар.
Қаз, қоян, қырғауыл, үйрек, аққу,

Әзелде аулайтұғын бір көлі бар.
Шығады лашын құсын қолына алып,
Аулайды көлге барып құсты салып.
Ішінде бір топ киік жайылып жүр,

Жақындап көріседі бәрі барып.
Данышпан қырық бағлан, өңшең зерек,
Киікті тамаша етті жақын келіп.
Байқаса жақын келіп, Құдауанда,

Ішінде бір киіктің түрі бөлек.
Киіктің басы сары, көті қара,
Ұқсайды бейне жоны жаққан шамға.
Қарасы қара, сарысы сары алтындай,

Жөн-түрі сондай екен, Құдауанда.
Киікке садақ атып жақындайды,
Оқ тисе денесіне дарымайды.
Көрінген түрі бөлек теке киік,

Алтындай қос мүйізі жарқылдайды.
Әмір айтты:—Жігіттер, тоқтала тұр,
Киікте болады екен мұндай да түр.
Оқ атып, енді мұны ыза қылмай,

Жігіттер, шамаң келсе тірі ұстап бер.
Қуалық бұл киікті бар атпенен,
Қуалық кезек-кезек санатпенен.
Састырған соң таласар бұл ауызға,

Алалық сонда ұстап қамап деген.

әмірзада
Киікті біреу барып қуып келсін,
Өзгеміз даяр болып мұнда тұрсын.
Таласар састырған соң бұл ауызға,

Кім қалса ұстай алмай басын берсін.
Осылай қырық бір бағлан уағда етті,
Киікті кезек-кезек қуып кетті.
Киікті састырған соң бұл ауыздан,

Патшаның тақымынан шығып кетті.
Ұялды сонда патша үлкен ар деп,
Құтылып киік кетті «Алла жар» деп.
«Сертімді өзім айтқан жұтам ба» деп,

Ұсынды уәзіріне «басымды ал» деп.
Әмірге уәзірі қылады зар:

—Біз қапа, бір хайуан қылды құмар.

Қуалық әлі де болса бұл киікті,
Қата боп бір жазымнан кеткен шығар.
Көңілге осылай деп аза салған,
«Алла деп» қуып берді өңшең бағлан.

Лап беріп қырық бірі қуған кезде,
Бәрінен Әмірзада аты озған.
Айрылып жолдас қалды айдалада,
Киікке барған сайын жақындаған.

Киікке барған сайын үміт етті,
Қалжырап киіктің де халі бітті.
Тұр екен айдалада бір жалғыз там,
Сол тамға қашып барып кіріп кетті.

Біреудің тілі беріп, қолы бермес,
Алланың өтірікші жүзін көрмес.
Қақпадан киік кірген біреу шығып,
Мырзаға Әмірзада қылды сөйлес.

—Ассаламуағалейкум, бабам,—деді,

Мал-жаның көрмесем де аман,—деді.

ғашықтық  дастандар
Қақпаңа қуған жауым кіріп кетті,
Айда да шығарып бер маған,—деді.

Қақпама қуған жауың қорғалаған,
Мен сені падишаға ұйғарамын.
Босатып азат қылып жібере көр,
Бір кісінің құнын алып қи, қарағым.

Ей, дада, еш нәрсеге мұқтаж емен,
Бар мұқтажым бұл киік қуып келген.
Бермесең менімен жау боласың,
Жалғанда алдандырма еш нәрсемен.

Шал сонда қақпасына кіріп кетті,
Тұмардай алып шықты бір суретті.
Балқыған нұры көркем, бір сұлу қыз,
Падиша көргеннен соң есі кетті.

Есінің кеткенін білгеннен соң,
Суретті шал қайта алып кіріп кетті.
Жалынып әлденеше сұраса да,
Суретті екіншіде көрсетпеді.

Шырағым, сен бір сөзді айтпадың ба,
Сөзіңнен, сірә, айтқан қайтқаның ба?
Киікті азат қылсаң, көрсетемін,
Сөзіңнен екі айналып қайтқаныңда.

Әкелші, суретіңді мен көрейін,
Мәнісі қандай екен тексерейін.
Адамнан тірі жүрген табылар болса,
Киікті азат қылып жіберейін.

Шал айтты: �������������������������

Мына сөзің жарар, ������

деді,
Көрген соң көңілің қайғы табар, ������

деді.
Мәнісін бұл суреттің баян қылсам,
От болып іш-бауырың жанар, ������

деді.
Суретті шал қайтадан алып келді,
Падиша пайым қылып әбден көрді.

әмірзада
Балқыған нұры көркем, бір сұлу қыз,
Падиша есі кетіп жылай берді.
Қараса нұр түсіп тұр қақпасына,

Іздесе мұндай қызық таппасын ба.
Хорлардың ұжмақтағы біреуіндей,
Қараса жан жетпейді нұсқасына.
Бір көрген қайта айналып көрсем дейді,

Жанымды жаннан кешіп берсем дейді.
Әгарда осы сурет тірі болса,
Жолында құрбан болып өлсем дейді.

Ей, дада, менің қайғым болды басым,
Түсіп тұр іште зарым, ықыласым.
Жалғанда осы сурет табыла ма,
Айтып бер бұл суреттің уақиғасын.

Шырағым, жаман ойды ойламаймын,
Көңілің табылады деп ойламаймын.
Көңілің табылады деп сенің аулап,
Ажалды обалыңа қала алмаймын.

Шырағым, аттан түсіп мұнда қонсаң,
Айтайын көргенімді, құлақ салсаң.
Жайымды мен айтайын, етсең пайым,
Қатыран шаһары еді менің жайым.

Күніне неше бөлек ләпке салған,
Бір жалғыз баласы едім үлкен байдың.
Далада бұл бейнетің қалай десең,
Түседі дәл тоғыз жол осы арадан.

Мұнымен көп жүреді нашар адам,
Жері батпақ, елі алыс, бір қиын жол,
Алғысты айтып кетер талай адам.
Қайыр қыл шамаң келсе әр мекешке*,

Мекеш көп жүреді осы күнде.
* Мекеш—міскін, бейшара деген мағынада.

ғашықтық  дастандар
Көп нашар, кембасының жүрер жолы,
Салдырдым Құдай үшін жол үстіне.
Саудамен бармаған жер қалмаған,

Кәсіп қып талай жерді аралаған.
Жасымда жиырма алты пақыр шалың
Саудамен алтын-күміс Мысыр барған.
Мысырда саудаменен бір жыл тұрдым,

Кәсіп қып, нәпіс іздеп, дүние қудым.
Патшаның Ғабулсайран Ғабдулбіләл
Жалғыз қызы сұлудың Мәлике атты жүзін көрдім.
Бір күні Мысыр ханы жар шақырды,

«Көшеге еркек адам шықпа» деді.
Сейілге қыз Мәлике шықпақ болды,
«Еркек жан дарға асар шықса» деді.
Көшеге жан шықпады жарлық естіп,

Қата көп жігіттікте әр білместік.
Сұлу деген дабысына ғашық болып,
Көрмекке ой ойладым жаннан кешіп.
Мас болған дүниеге жігіт шағым,

Болмаса не пайда бар, не қыламын.
Сұлу деген дабысына ғашық болып,
Аузымда сақал-мұртымды тазаладым.
Әйелше мен де шықтым киім киіп,

Қыз қайтты нөкерменен барған жайдан.
Жолында бұғып тұрдым анадайдан,
Көрген соң ақылымнан тез адастым,
Келбеті кем көрінбей туған айдан.

Құдай-ау, әуреленіп бардым неге,
Жайымша саудаменен жатпай үйде.
Қайтпағым бұл Мысырдан болды қымбат,
Жолықтым іздеп жүріп бір бәлеге.

әмірзада
Науқасым күннен-күнге қатты болды,
Өзгеге сау, өзіме қатты болды.
Байбатша дүние қуған бұл мырзаңыз

Диуана, ақырында бақсы болды.
Сонда мен іздеп таптым қарияны,
Тауып берер ме екен деп бір хайланы.
Сырымның жасырмадым, бәрін айттым

Болған басымдағы уақиғаны.

Шырағым, кеп айтамын, таза тыңла,
Тура қайт, шаһарыңа мойын бұрма.
Ғашықтық сендей болған әр шаһарда,
Бас жойып, қаза тапқан талай мырза.

Бұл қызда еркек десе ес қалмайды,
Келсе де қанша патша көз салмайды.
Харамзада деп сөйлейді күллі еркекті,
Ажалдан еркек жанды құтқармайды.

Сіз едің, әй, ақсақал, бар үмітім,
Бұл істі душар қылған Құдіретім.
Қайтсам да, қайтпасам да өлетұғын,
Күн бар ма осы дерттен құтылатын.

Шырағым, бір өнерлі ұстаға бар,
Аудармай қыз суретін бастырып ал.
Басарсың сағынғанда бауырыңа,
Сол саған қыз секілді нұсқа болар.

Сонда мен іздеп таптым өнерпазды,
Ақыға санап тұрып жүз ділдә алды.
Ас болсын алғаны сол сабаздың,
Көрген жан Мәликеден аудармады.

Кеудемде кеңесім бар дайын-дайын,
Жаратқан сондай сұлу бар Құдайым.
Басамын сағынғанда бауырыма,
Тарқайды әзіргідей шер-құмарым.

ғашықтық  дастандар
Кетпейді Мәликенің хас қылығы,
Алмадай осы кезде піскен шағы.
Отыз төртте жасым бар осы кезде,

Күйікпен сақал-мұртым ағарғаны.
Салмасын ғашық дертті Құдай басқа,
Шал қылып мұқтаж салған жігіт жасқа.
Суретің көріп тұрған мәнісі сол,

Уақиға баяны жоқ бұдан басқа.

Атаның жүруші едім дәулетінде,
Аға-еке, мен көрейін бейнетіңді.
Ғашықтық басыңыздан кешкен екен,
Маған бер қапа қылмай суретіңді.

Әмірзада бұл жігітке құлдық ұрды,
Азат қып бұл киікті қоя берді.
Алтын қылыш, таза жақұт, кемер белбеу,
Толар деп сомасына шешіп берді.

Жөнелді сол суретті қолына алып,
Дертіне Мәликенің қайғыланып.
Есінен өзге нәрсе шығып кетті,
Сарайға жатып алды түнде барып.

Адасты қырық жолдас Әмірзададан,
Бастарына түсті сонда ақырзаман.
Елге қайтып баруға қиын болды,
Айтуға падишадан қорқып жаман.

Далаға сол күн қонды, елге бармай,
Айрылып жолдасынан жатты зарлай.
«Балаңнан киік қуып айрылдық» деп,
Айтуға падишаға сөз таба алмай.

Далада сол күн қонды жолын тосып,
Қорқады падишадан жаннан шошып.
Қорыққанмен жапан түзде жата алмайды,
Дел-сал боп елге келді халі нешік.

әмірзада
Жігіттер, жақсылыққа мойныңды бұр,
Көп сол заманда осындай түр.
Қырық бала қақпаны ашып кіріп келсе,

Әмірдің арғымағы байлаулы тұр.
Бір бала қуанғаннан есік ашты,
Тартса да есік махкам, ашылмас-ты.
«Япырым-ау, есік махкам, бұ қалай?» деп,

Бәрі де терезеден сығаласты.
Патшасы жылап жатыр мең-зең болып,
Қайғылы көкірегі, көңлі солып.
Астында айдай сұлу бір қыз жатыр,

Қырық бала ғажап болды мұны көріп.
Бір бала падишаға хабар берді,
Жиылып хан мен сұлтан бәрі келді.

Бір жаман қыз дегені жақсы сурет,
Шырағым, не болды? ����������������

деп жөн сұрады.

Мен бір дертке ұшырадым құтылмастай,
Қайғылы көкірегім, көзім жаста-ай.
Дауасыз бір қайғыға салды Аллам,
Іздесем қолға түсіп табылмастай.

Халқына бетін ашып жауап берді,
Баласы бетін басып жылай берді.

Жамағат, жатып өлмей жүріп өлсем,
Анықтап, алмасам да, жүзін көрсем.
Жазудан ғайри нәрсе болмас деген,
Ел-жұртым, енді маған рұқсат берсең.

Падиша ел-жұртын жиып алды,
Бектері, уәзіріне ақыл салды.
Қыз сырын бір қария біледі екен,
Мәнісін бастан-аяқ баян қылды.

ғашықтық  дастандар

Баласы неше патша ғашық болған,
Жерінен іздеп барған басын алған.
Алмақ түгіл, түсінде көре алмаған,
Еліне біреуі аман келе алмаған.

Япырым-ау, ел-жұртым, бұ қалай-ды,
Жалғызым сөзге иланып бір болмайды.
Құдай-а, не қасірет, не қайғы, �����

деп,
Падиша Ғабдуғалым зар жылайды.
Сонда бір қарияның айтқаны

Ей, патша, жібермесең балаң болмас,
Өлетұғын сықылды, сірә да, оңбас.
Бір барып көңілін басып, қайтып келсін,
Қасына жіберіңіз қосып жолдас.

Қасына қанша жігіт жолдас алсын,
Шаһизаттың құрбылары бәрі барсын.
Балаң шошып, қайғы көрсе ақыл табар,
Жолдасы шаһзаданың бектер барсын.

Бұл қария осылай деп сөз сынатты,
Падиша мақұл көріп бек ұнатты.
Бастырып сексен нарға қазына артып,
Падиша өз баласын жолға ұзатты.

Баласын шығарады түстік жолға,
«Құдай-а, жалғызымды өзің оңда».
Зар жылап жалғызымен амандасып,
Айрылып жалғызынан қалды зорға.

Он сегіз мың ғаламды
Құдіретіңмен жараттың.
Адам, Хауа анадан
Тәрбиелеп тараттың.

Ғабдуғалым патша қып,
Елу шаһар Бағдатты
Бір өзіме қараттың.

әмірзада
Дәулетке мұңым болмады,
Қырық жасқа келгенше,
Бала да бермей зарлаттың.

Қағбаға бес бардым,
Бір бала үшін зарладым.
Дүниені ақтардым,
Сонда аян беріп ең,

Перзентсіз өліп ем.
Айналайын, жалғызым,
Қырық жасымда көріп ем.
Шөлең жерді көл қылдым,

Аш, арықты тойғыздым.
Нашар, ғаріп-міскінге,
Алтын-күміс көп бердім.
Алтын шүмек ойғыздым,

Күмістен түбек қойғыздым.
Әмірің жұртқа жүрсін деп,
Атыңды Әмірзада қойғыздым.
Жеті жасқа жеткен соң,

Сабаққа бердім молдаға,
Шүкірлік қылдым Аллаға.
Көзіме қысқа көрінді
Оқуға жалғыз бармағың,

Ел-жұртымды жидырдым,
Жалғызға нөкер салдырдым.
Данышпан бектер тұқымын,
Нөкер салып оқыттым.

Жолдас қылып қырық бала,
Жақсы болып сапарың,
Әмірзада атандың.
Оқуың тамам біткен соң,

Ұстазыңнан бата алдың.
Ұстазыңнан шыққан соң,
Алтыннан сарай салдырдым.
Сайратып бұлбұл, сандуғаш,

Елден-елді аралап,

ғашықтық  дастандар
Жылқыдан жылқы саралап,
Қырық бір боз арғымақ барладым.
Қырық бір жорға алдырдым,

Нөкерімен мінсін деп.
Қара лашын алдырдым,
Көлге салып жүрсін деп.
Құс салушы едің аралға,

Бастаған екен бір Құдай,
Осындай іс болар деп.
Ашылмас тұман, атпас таң,
Атаңды салдың тараңға.

Сапар жолын оңғарып,
Екі айналып бір көрсет,
Құдіретті күшті Құдайым.
Иесіз қалды сарайым,

Өзіңе кімді қоямын.
Сырнайлатып ән салған,
Енді кімге қарайын.
Жалғыз ісің кем деген

Осы екен ғой, Құдайым.
Бермегенде қайтер ем,
Шүкірлік тәуба қылайын.
Падиша осылайша амандасты,

Көзінен қан аралас төкті жасты.
Аһ ұрған падишаның зардабымен,
Жамағат бәрі бірдей зар жыласты.
Бата берді балаға:

—Әуелі Құдай оңдасын,

Шаһариар жар болсын,
Әулиелер қолдасын!
Аты екен шешесінің Бибізейнеп,
Мойнынан құшақтайды көлеңкелеп.

Кеңіткен тар құрсағым, қарағым-ай,
Кетсеңші тым болмаса бір еркелеп.

әмірзада
Көнбейді Құдай жазса пенде неге,
Бір сағат тұра алмаушы ем көрмегенде.
Қарағым, жолың болсын, жылама сен,

Қайтер ем сені Құдай бермегенде.
Қауым жұрт амандасып қайтты дейді,
Мысырға керуен жолын тартты дейді.
Неше күн мехнат шегіп,

Мысырды жетінші айда тапты дейді.
Мәлике қыздың сыры тым-ақ қиын,
Қылады мырзалармен күнде жиын.
Бір мырза саудагер боп сонда жатты,

Ешкімге білдірмейді ішкі сырын.
Жатады саудагер боп салтанатпен,
Сауығына қанша жанның есі кеткен.
Нашарға, ғаріп-міскін азық болып,

Әр елге мырзалықпен даңқы кеткен.
Мысырда бұл қаралмаған бек қалмады,
Бір хайла Мәликеге таба алмады.
Бір хайла сол табады дегенменен,

Тағы бір іздеп тапты қарияны.
Сырының жасырмады бәрін айтты,
Бұл болған басындағы уақиғаны.

Шырағым, кеп айтамын, таза тыңда,
Тура қайт шаһарыңа, мойын бұрма.
Ғашықты сендей әр шаһарда,
Басын жойып, қаза тапқан талай мырза.

Бұл қызда еркек десе ес қалмайды,
Келсе де қанша патша көз салмайды.
Харамзада деп сөйлейді күллі еркекті,
Ажалдан еркек жанды құтқармайды.

Сіз еді, әй, ақсақал, бар үмітім,
Бұл істі душар қылған Құдіретім.

ғашықтық  дастандар
Қайтсам да, қайтпасам да өлетін мен,
Күн бар ма осы дерттен құтылатын.
Шалдың Әмірзадаға айтқаны

Шырағым, дертіңе сенің айтқан дауа табар,
Қасында Мәликенің бір кемпір бар.
Бір хайла сол табар деп ой ойлаймын,
Ей, балам, сенің болсын Құдайың жар.

Іздегін кемпір атын Арбағын деп,
Өзіңе хайла тапса алмағы көп.
Қариядан әбден жөнін сұрап алып,
Кемпірді іздеп тапты Арбағын деп.

Кемпірге келді-дағы сырын айтты,
Уақиға бастан-аяқ, мұңын айтты.

Бұл қиял, қиын сөзді сөйледің, �����

деп,
Жәдігөй, ғаяр кемпір ішін тартты.

Ғашық боп келіп едім осы қызға,
Көрмедім, бір жыл өтті, жүзін, сірә.
Анық жүзін көрсетсең, жан шешеке,
Берейін ақысына жүз мың ділдә.

Ей, балам, сенің ақшаң мен не етейін,
Ғаярлық тастап кеткен тербетейін.
Бір хайла қаперіме келе қалды,
Анықтап Мәликеңді көрсетейін.

Әмірзаданы сап-сары қып бояп алды,
Сары бояу денесіне жаға салды.
Сарғайған тұла бойын науқас қылып,
Бір тақтай тауып алып дайындады.

Әмірді сол тақтайға таңып алды,
Шомылар Мәликенің бір көлі бар[-ды].
Жұма сайын шомылып қайтады екен,
Жолына апарды да қоя салды.

әмірзада
Нөкері Мәликенің қызыл жүзді,
Бәрі де шаһизада өңшең нұрлы.
Елуі алдында жүреді екен, елуі артында,

Қасынан тастамайды қара қызды.
Бұл қыздар шомылмаққа шықты көлге,
Күндей боп самал нұры түсті жерге.
Таңылып бір тақтайда Әмір жатыр,

Алдыңғы елу қыздар келді жақын.
Елу қыз мұны көріп тоқталады,

Неге жүрмей тұрсыңдар? ����������������

деп сөз сұрады.

Таңылған бір тақтайда адам жатыр,
Біз тұрмыз, байқай алмай көріп асыр.
Жолдасы Мәликенің бәрі келді,
Пердесін бетіндегі ашып көрді.

Қарады пайым қылып қыз Мәлике,
Қыздарға «мұны өлтір» деп әмір қылды.
Көздерін Әмір жатыр ашып-жұмып,
Бойлары бірде қызып, бірде суып.

Әмірін «өлтір» дегенді естіген соң,
«Өлдім» деп ғаріп жаннан үміт үзіп.

Ей, тақсыр, бетін ашып көрдіңіз бе,
Екенін халі нешік білдіңіз бе?
Кеселді бір өлмегір адам шығар,
Бекерге қанын жүктеп керегі не?

Болмасын харамзада, ғаяр, кәпір,
Жатпасын ғаярлықпен қылып тақыл.
Үйінен науқас адам қалай шығар,
Мүсәпір жол үстінде не қып жатыр?

—Ауырған жол үстінде бұл мүсәпір,

Түрі мұндай бола ма қылса тақыл.
Мына табыт тақтайға таңып алып,
Жолдасы еліне алып келе жатыр.

ғашықтық  дастандар
Сіздің дабыс жайылған талай жерге,
Сізден қашып кетті ғой ол мүсәпір.
Мәлике мына сөзге нанады енді,

Бейшара, мүсәпір деп аяды енді.
«Бейшара бізден босқа қалмасын» деп,
Үстіне бір шапанын жабады енді.
Құтылып сау-саламат Әмір қалды,

Бір көрді ғашық болған құмар жарды.
Көргеннен жақсы еді көрмегені,
От болып, іш-бауыры жанады енді.
Көрген соң Мәликенің нұр сипатын,

Бір шайқы диуана боп есін алды.
Құтылып кемпіріне аман келді,

Келдің бе аман-есен, балам?—деді.

Құтылып дәулетіңе аман келдім,
Бір көрсет тағы түсін маған,—деді.
Екі мың елу ділдә тағы да алды,
Сол кемпір көрсетуге уағда қылды.

Сипатынан бояуменен бояп алып,
Сарайына Мәликенің жетіп барды.
Сарайына қол қусырып барып тұрды:

Датым бар Мәликеге айтар, ������

деді.

Бір қажет жұмысы бар адам шығар,
Ертіп кел, датын айтсын маған,—деді.
Отырды бағанағы кемпір келіп,
Өткен күн уақиғалап бәрін теріп.

Баян қылып солай дейді Мәликеге:

Жасымда байым өліп қалып еді.
Артында қуат қылар ұл қалмады,
Емшекте екі жасар бір қыз қалды.
Көңілім бай іздеуге ұйғармады,

Ғарібің ермек қылып асырады.

әмірзада
Түрленді нұр қызындай әлгі қызым,
Көрген жан қызыққандай болды түрін.
Әр түрлі отырамын ойды ойлап,

Қайтемін мұны кетсе біреу алып.
Ер жетсе қызым кетер нәпсіге еріп,
Жаман мен жақсының түсін көріп.
Қызымды біреу сүйіп алып кетсе,

Онан соң ісім қалар, мысым құрып.
Еш жан көрсетпедім сол қызыма,
Сақтадым қорыққанымнан жер астында.
Ер жеткен соң сол қызым зар жылады,

«Шығар,—деп,—дүниенің қызығына».
Таба алмай еш қайласын жаман састым,
Жалғызым маған жоқ деп зар жыластым.
Дүниеде еркек қарасын көрмейтұғын,

Ей, балам, ойлап тұрып сені таптым.
Қызымды ұнатсаңыз, сізге қоссам,
Ойнатып аз ғана күн мауқын бассаң.
Айтар сөзім осы еді, шаһизадам,

Көңіліңе мақұл көріп мұны ұнатсаң.

—Алып кел қызыңызды жылдам барып,

Бір жүрсін қыздарменен ойнап-күліп.
Қызыңыз өзі жақсы, сұлу болса,
Өзіме жіберейін уәзір қылып.
Қуанып кемпір келді үйге таман,

Сөйлейді барған жайын әбден тамам.

—Болады үш күннен соң жұма күні,

Ойнап-күл оған дейін күні-түні.
Жұмада көлге барып шомылады,
Жетпей қайт енді ұмытып, қалма мұны.
Шырағым, жұма күнге қалмағайсың,

Көлге еріп қыздарменен бармағайсың.

ғашықтық  дастандар
Бейсенбі күні қайтпасаң, халің мүшкіл,
Бұл сөзді махкам тұтып, ойланғайсың.
Әмірге қыз киімін киіндірді,

Шаш қойып, айдар тағып түйіндірді.
Нұры артық, нәзік белі өзге қыздан,
Хорлардай ұжмақтағы бұраңдайды.
Салдырды алтын сырға, тас жүзікті,

Түріне айдай көркем жұрт қызықты.
Қыз киімін киген соң Әмірзада,
Қыздардан айырмайды, сірә, тіпті.
Қыз қылып Әмірзаданы алып келді,

Көрген соң «нұр сипатты бала» деді.

—Маған жолдас болуға жарайды екен,

Бұрыннан көрсетпедің мұны неге?
Қыздардың кіріп кетті қызығына,
Іздеген жаңа келді мағшұғына.
Әмірдің келгеніне үш күн өтті,

Мас болып дидарына есі кетті.
Кемпірдің кеп тапсырған жұмысы,
Есінен жұма күні шығып кетті.
Сарайдан қыз Мәлике тысқа шықты,

«Көшеге еркек адам шықпа» депті.
Келеді жолға түсіп сайран салып,
Күйінбес соған дейін, сірә, тіпті.
Тамам қыз көл басына келгеннен соң,

Есіне кемпір енді сонда түсті.

—Не қылсын іс өткен соң түскенменен,

Шырағым, шомылайық шешін,—деген.

—Шомылмаймын, өздерің шомыла бер,

Ішімде бір жарам бар су тигізбен.
Бәрі де шешініпті жалаңаш боп:

—Шырағым, шомылайық аралас боп.

әмірзада
Қайта мұның ауруға дауасы бар,
Кетесіз дертіңізден әм халас боп.
Дертіңе осы көлдің дауасы бар,

Кеселді адам түспекке болар құмар.
Біреуің қолын ұстап шешіндірші,
Ұялып әдеп сақтап тұрған шығар.
Таба алмай еш хайласын жаман састы,

Адасып ақылынан жаман қашты.
Шешіндірер болған соң қолын ұстап,
Ішінен тамам қыздың тұра қашты.
Мәлике:—Енді жылдам ұста,—деді,

Көп қыздар қоймай жүріп ұстап алды.
Шешіндірмей өзі айтты «еркекпін» деп,

—Бетпақтың басын кесіп таста,—деді.

Сонда қара қыздың айтқан жауабы Мәликеге

—Ей, тақсыр, осы сөзің ұнамайды,

Біреу білсе, біреу білмес біздің жайды.
Жай білсе де көруге келген шығар,
Әрқашан ғашық жайы осындай-ды.
Әрқашан сіз обалды ойламайсыз,

Бар жанды өзіңізге теңгермейсіз.
Әрнеше басы кетті мырзалардың,
Азапқа ақыретте қалмағайсыз.
Қарашы, бұ да өзіңдей бір асылзат,

Ғашықтық, сіз білмейсіз үлкен қымбат.
Тілеймін мен бір тілек, тақсыр, сізден,
Өлтірмей бұл балаға берші рұқсат.

—Атыңнан айналайын, Пәруардигар,

Бермесем жолдасымның көңілі қалар.
Тілейін мен бір тілек енді сізден,
Өлмесе, өлімші қылып жібер.

ғашықтық  дастандар
Екінші енді мұнда келме,—деді,
Жарамсыз мұндай сұмдық қылма,—деді.
Насихаттап қыздың сырын айтып-айтып,

Жүз қамшы дүре салып қоя берді.
Кім жетер дүниенің жалғанына,
Жетеді де сөйтіп жүріп арманына.
Қамшының зардабынан жүре алмайды,

Жанының шүкір қылды қалғанына.
Қалжаурап есі кетіп үйге келді,
Ақылдас хайласы артық кемпіріне.
Көрген соң кемпір байғұс жылап көрісті,

Құтылып аман-есен келгеніне.
Жылады жолдастары бәрі шулап,
Кеткен соң қорыққан екен мезгіл асып.

—Кел қайталық, шырағым, елімізге,

Боласың енді жатсаң қаның асық.

—Кірмейді құлағыма айтқан сөзің,

Сорлымын жас басымнан бейнет тартқан.
Жетемін Құдай берсе мұратыма,
Жетпесем бұл Мысырдан өлмей қайтпан.
Иесіз елім қалды, алтыннан тақ,

Ғашықтық әсерінде болдым бетпақ.
Берейін қалағаныңды, жан шешеке,
Тағы да бір көрсетудің хайласын тап.
Ойлайды ғаяр кемпір әрбір ойды,

Ділдәға қызыл алтын әбден тойды.

—Тағы түсін ғашығыңның бір көрсетейін,

Бір хайла қаперіме келе қойды.
Мәликенің қырық жыршы қызы бар-ды,
Ділдә алып кемпір жазған соған барды.
Бұл қырық қыз өз алдында жатады екен,

Бәрі де сырнай, керней тартады екен.

әмірзада
Жұма күні Мәликенің алдына кеп,
Сауықпен өлең айтып қайтады екен.
Еркектен үшбу қыздар жиренбейді,

Бәрі де ақша тауып, нәпсі іздейді.
Жасырын мырзалармен құп ашына,
Бұл сырды Мәликеге білдірмейді.

—Бар еді жалғыз қызым құп суретті,

Ауру неше жылдай болған дертті.
Аурудан жазылғалы бір ай болды,
Көрсем деп ойын, қызық үміт етті.
Қызымды бір күн ойнат қасыңа алып,

Бір жүрсін қыздарменен ойнап-күліп.
Науқас боп неше жылдай жатқан байғұс,
Үйренсін жақсы өнер, ғибрат алып.
Шырағым, одан басқа еш балам жоқ,

Жалғыз-ақ ермегім сол, еш панам жоқ.
Қызымның қызығасың көрсең түсін,
Жалғыз-ақ ермегім сол, қуат-күшім.

—Жарайды, жан шешеке, ойнаталық,

Сірә да, қыз сіздікі деп біз айтпалық.
Айталық, бұл бір келген жолаушы қыз,
Біздердің іздеп келген жиеніміз.
Қыздармен осылайша сөз байласты,

Жаһаннан бұл кемпірдің хайласы асты.
Қыз қылып баяғыдай түрлендіріп,
Қыздарға Әмірзаданы әкеп қосты.
Шақырды жұма күні қырық қызды,

Қырқымен Әмірзада бірге келді.

—Бек бір тамаша сұлу қыз ғой,

Сіздерге бұл қалай пайда болды?

ғашықтық  дастандар

—Ей, тақсыр, бұл бір бізге жиен еді,

Келіпті қонақ болып бізге,—деді.
Сіздердің жамал түсіңізді көремін деп,
Көрмекке тамашаңызды бірге келді.
Қайырып екі қайта сұрамайды,

«Бек көркем қыз екен» деп есіне алды.
Отырды қара қызды қасына алып,
«Ойна» деп қырық қызға әмір қылды.
Ойнады тамам қыздар өлеңдетіп,

Ән қосып, неше күйді сырнайлатып.
Түн ортасы болғанша өлең айтып,
Мезгілі таңға жуық қайтады екен,
Іскірепке неше түрлі сырнайлатып.

Салдырды сырнайлатып әр бұрымға,
Буын жоқ бейқисапсыз өңшең жорға.
Түн ортасы болғанша өлең айтып,
Онан соң кезек келді жиен қызға.

—Жиен қыз, енді саған келді кезек,

Ойын жоқ біздің қызда бұдан бөлек.
Қайғы[да] шерменде боп жүрген жазған,
Ер Әмір сөйлей берді тілін безеп.
Көрсетті әр ойынның тамашасын,

Ақылдан естіп тұрсаң адасасың.
Таянып екі жағын тыңдап отыр,
Бойын таза салып Мәлике ықыласын.
Тағады домбыраға жеті перне,

Сөйлейді ойындағы көп шерменде.
Бұрынғы мирас қылып ерлерді айтып,
Жетеді мақсұтына кейбір пенде.
Жаратқан бәрімізді бір Құдайым,

Ағызды бал-шекердей тілдің майын.

әмірзада
Және бастап Жүсіп пен Зылиқадан,
Сөйлейді тәрбиелеп ғашық жайын.
Жетеді еркек бірмен, ұрғашы ермен,

Қызығы құрбыменен ойнап-күлген.
Көз нұры, көңіл қуанышы бай мен бала,
Хайуанша ақымақтар жалғыз жүрген.
Түсінді қыз Мәлике осы жерден,

Мұның еркек екенін енді білген.

—Еркек деп ойлаймын осы жерден,

Қара қыз, түсіндің бе мұны,—деген.
Түсіндім, бәрекелді мұнда кел деп,
Қанына қадір түнде ортақ болма.
Сол жерде бұл қыздарға бұйрық қылды,

Түсінгенін еш адамға білдірмеді.

—Бөтен қыз қастарыңа ертіп келсең,

Басыңды бәріңнің де алам,—деді.
Сарайдан Әмір шықты мауқын басып,
Ойдағы шерін сөйлеп, мауқын басып.
Көшеге күндей болып нұры түсіп,

Шағылып туған айдай нұры тасып.
Бұл қырық қыз қисабы жоқ ғаяр екен,
Кешке ақша берген мырзаларға даяр екен.
Түн ортасы болғанда қайтып келіп,

Сауықты мырзалармен салады екен.
Ойынға бүгін түнде алданыпты,
Қайтқанша бұл таң атып, жер жарық-ты.
«Бек көркем, бір тамаша сұлу қыз» деп,

Көрген соң қанша мырза таң қалыпты.
Түстерін қайран болып көріп жатыр,
Ақшаны есі кетіп беріп жатыр.
«Кешке қызға не қылсаң жолықтырам» деп,

Ақшасын мырзалардың алып жатыр.

ғашықтық  дастандар

—Кешке кел, бәріңе де даяр,—дейді,

Мырзалар сөз байласып қала берді.
Қыздарға Әмір айтты:—Рұқсат бер,
Мен көрем тамаша, ойын, қызық.
Шешем маған тапсырып қалып еді,

«Шырағым, бүгінгіден қалмай кел» деп.

—Сіз үшін мырзалардан ақша алдық,

Бәріне бүгін кешке уағда қылдық.
Шешеңе жауабын біз береміз,
Қайтасың соларменен ойнап-күліп.
Отырды амалы не, ылажсыз боп,

Мырзалар жиылыпты күндіз-ақ кеп.
Күндіз-ақ «оңаша үйге жүргіл» дейді,
Мырзаны алдандырды тұра тұр деп.
Күн батып, ақшам болды «бол-бол» дейді,

Хайла қып құтылатын жер болмайды.
Қыздарға Әмір айтты:—Бойымда бір ұятым бар,
Үстіме еркек мінсе астым толар.
Қозғалып менің ішім күйіп отыр,

Босатқым түзге барып келіп отыр.
Бір қыз үшін шерменде боп жүрген сабаз,
Зорлыққа амалы жоқ көніп отыр.
Жіберді екі қызды аңдушы қып,

Көз байлады екеуін алдандырып.
Амалсыз ылаж таппай тұрған жазған
Жөнелді екі қызды екі-ақ ұрып.
Кей жігіт түзде шорқақ, үйде шешен,

Талапкер ердің бәрі болса көсем.
Ықыласы, хайласы артық кемпіріне,
Құтылып Әмір келді аман-есен.

—Келдің бе аман-есен, Әмір балам,

Ылажсыз отыр еді ғаріп анаң.

әмірзада
Түбінде осы қызды сен аласың,
Бұйырып жазған екен Хақ Тағалам.

—Аузыңнан айналайын, ғаріп анам,

Сен болдың жалғыз жәрдем, менің панам.
Еркектен бұл қыз нешік жиренеді,
Шамаң келсе сырын тартып берші маған.
Еркектен бұл қыз нешік жиренеді,

Кей жаман ақыл таппай бөгеледі.
Сырын білсең, бір хайла табар едім,
Ойласып, қолыңыздан келсе шамаң.

—Мен сенен өнерімді аямаймын,

Еш нәрсе енді сенен сұрамаймын.
Жолыңда енді сіздің жаным құрбан,
Алдына Мәликенің бір барайын.
Базардан түрлі тағам алды сатып,

Ауыздан айырмайсыз алсаң татып.
Ішіне алтын шелек салып алып,
Алдырды қос қара атты дайындатып.
Сөзімнің күлме, ағалар, қатасына,

Қол жайып, дұға қылар батасына.
Жүз жасап Әбілмәжін қария өткен,
Ақылшы уәзір болып атасына.
Жаһанда, бұл кемпірдің хайласы көп,

Пенденің бұдан асқан баласы жоқ.
Келеді Мәликеге пәуескемен
Сол өткен қарияның қатыны боп.
Бұл кемпір осылайша хайла етті,

Қылып жүр Мәликеден бұ да үмітті.
«Жұмысым Мәликені» дәп өзінде,
«Түссін» деп маған берсе рұқсаттың.

ғашықтық  дастандар
Түссін деп қыз Мәлике берді жарлық,
Түседі пәуескеден кемпір қарғып.
Даярлап тағам салған алтын шелек

Сол үйге кірді қолына алып.
Мәлике өз қасынан орын берді,

—Жүрмісің аман-есен, балам,—деді.

Әбілмәжін қарияның қатыны боп
Ілгері өткен күннен сөйлей берді.

—Жүз жасап біздің бай да өтіп еді,

Халыққа бек данышпан жетік еді.
Әкеңнің бұрынғы өткен әкесімен
Екеуі бек тату болып өтіп еді.
Әкеңді Ғабулсайрам көріп едім,

Әр жерде қызметіне көніп едім.
Әкеңнің әлпештеген қыздарына
Қолымнан талай тағам беріп едім.
Ойлаушы ем нұрыңызды көрейін деп,

Бір барып амандасып келейін деп.
Бар еді атаңыздың дәм қарызы,
Әкелдім сізге тағам берейін деп.

—Төсекке күн шыққанша жатқан емен,

Күнәға нәпсі ойлап батқан емен.
Берейін қалағаныңды, жан шешеке,
Жасымнан кісі дәмін татқан емен.

—Шырағым, түрің бөлек, ойың зерек,

Дүниеге алданбайсың көңіл беріп.
Тағам келсе Пайғамбарыма Құран қойған,
Тағамды нәубіз қоймай татсаң керек.
Сөйлейді кемпір байғұс шариғатты,

Аштырып алтын шелек дәмін татты.
Тағамның татып көрсе дәмі бөлек,
Мәлике «жарайды» деп бек ұнатты.

әмірзада

—Шешеке, сөйлей отыр келгеніңді,

Бар болса көңіліңе алған бұйымтайың.
Дүние осы күнде маған арзан,
Не болса қалағаның бәрі дайын.

—Болады қажет істері тірі адамның,

Қажетсіз өзі шығар бір Алланың.
Айтар мұңым көңілімде толып жатыр,
Айтқан соң бермесең сен ұялғаным.

—Берейін оңай қылып қиыныңды,

Беремін не де болса бұйымыңды.
Дүние осы күнде маған арзан,
Қайырдың білмеген соң сіз сырымды.

—Ішінде қияметтің жеті тозақ,

Барғанда білмейсіздер тартар азап.
Тілейтін тілегімді берер болсаң,
Айтамын бір өзіңе оңашалап.
Аузынан «беремін» деп айтып салды,

Сұрар деп қандай нәрсе ойына алды.
Шығарып нөкерлерін жіберді де,
Ішінде алтын сарай жеке қалды.
Сөйлейді ғаяр кемпір сөзді бастап:

—Шырағым, ашуланып қылма қыспақ.

Дүниеде өзіңіздей жан көрдің бе,
Еркектен безген бар ма талақ тастап.
Жаратқан Құдай әуелі егіз қылып,
Хауа ана, Адам ата бір қосылып.

Дүниеге сол екеуі тұқым шашты,
Құданың құдіретімен жаратылып.
Пенденің одан соңғы бәрі де егіз,
Бір Алла жаратушы өзі жалғыз.

Жұпсыз жалғанда жан болмас деп,
Молдадан кітап ашқан есітемін.

ғашықтық  дастандар
Зылиқа бұл жалғанда болған нұрлы,
Патшадай өзі әйел әмірі жүрді.
Неше жыл ғашық үшін мехнат көріп,

Сүйгенге қосылған соң көңілі тынды.
Тұңғышы Пайғамбардың Бибі Бәтима,
О да сүйіп тиген ер Әлиге.
Қосылып неше ғашық зарлы болып,

Солардан бала туып, қалды тұлға.
Ойлашы, дүниеге қайдан келдің,
Хорлардай ұжмақтағы көркем болып.
Ата-анаң ерлі-зайып сұхбат құрып,

Екеуінің ұрығынан пайда болдың.
Көңіліңе жалғыздықты еп көресің,
Кітаптан өзің молда, көп көресің.
Сұрайтын осы сізден бұйымтайым,

Еркекті не себептен жек көресің?

—Осы еді дүниеде қиын ісім,

Әр тентек мақұлдайды қылған ісін.
Сұрайды деп сізді мұны ойлағам жоқ,
Алданған қапияда бір жұмысым.
Біреудің тілі беріп, қолы бермес,

Алланың өтірікші жүзін көрмес.
Ауыздан шығармасқа ант қылыңыз,
Уағда қылып едім, айтпай болмас.
«Айтпан» деп еш адамға ант береді,

Кешір деп Құдай өзі дөп көреді.
Кемпірдің өз аузынан антын алып,
Уақиға бастан-аяқ сөйлей берді.

—Күнімде тоғыз жасар бір түс көрдім,

Түсімде өзім киік, ешкі болдым.
Құданың құдіретіне тамаша қыл,
Бір теке киікпенен жолдас болдым.

әмірзада
Ол теке сонда менің байым болды,
Түс те болса өңімдей дайын болды.
Ол мені қатын қылды кәдімгідей,

Дариға, осылайша жайым болды.
Қосылып сол текемен ойнап жүрдік,
Бағына жеміс еккен жайлап жүрдік.
Еш тыныштық жемісіне бермеген соң,

Иесі қойған екен тұзақ құрып.
Ойнаймыз күнде барып сол бағына,
Дағдылы жеміс еккен әр бағына.
Жолдасым қасымдағы теке киік

Бір күні түсіп қалды тұзағына.
Ілініп қыл тұзаққа текем сасқан,
Біздер оттаймыз деп қара басқан.

—Босатып қыл тұзақтан мені ала кет,

Хақтық жар емес пе ең Құдай қосқан.
Қимадым енді артыма тұрдым қарап,
Келді жетіп тұзақшы да жақындап.
Тісіммен қыл тұзағын барып қидым,

Жанымды белбеуімнің ұшына орап.
Құтылып сау-саламат тез жөнелдік,
Бағына жеміс еккен бара бердік.
Бір күні мен де іліндім тұзағына,

Айналып күнде барып оттаймыз деп.
Тұзақшы түскенімді көзі көрді,
«Құдай-а, бере гөр» деп жүгірді енді.
Жолдасым қасымдағы теке киік,

Артына бір қарамай жүре берді.

—Жолдасым, мені тастап кеткенің бе,

Мұратқа жалғыз барып жеткенің бе.
Босатып қыл тұзақтан мені ала кет,
Шерменде қолға тастап кеткенің бе?

ғашықтық  дастандар
Оқшау шығып теке менен түңілді енді,
Тұзақшы «иә, Құдайлап» жүгірді енді.
Жолдасым қасымдағы Құдай қосқан,

Артына бір қарамай жүре берді.
Япырым-ай, мына, шіркін, жақсылықта

жолдас екен,
Жаманшылықта еш рақым қылмас екен.
Көрмейін дүниеде еркек жүзін,
Әрқашан харамзаданың күні осы екен.

Ант іштім сөзімменен сол арада,
Алмасқа еркек жүзін назарыма.
Құданың құдіреті қандай күшті,
Бір істің түстім сөйтіп базарына.

Кемпірге көңілдегі сырын айтты,
Уақиға бастан-аяқ мұңын айтты.
Кемпірдің іздеп келген жұмысы еді,
Хайламен сырын әбден біліп қайтты.

Пенденің қылған ісі Тәңірге аян,
Тамұқта күнәліні шағар шаян.
Естіген сырын сөйлеп Мәлике[нің],
Бар сөзін Әмірзадаға қылды баян.

«Бәлі!» деп Әмірзада бек қуанды,
Нөкерін өз қасына жиып алды.
Мысырда өнерпазды алып келіп,
Қарсылап Мәликеге үй салдырды.

Мысырда өнерпазды алып келді,
Сайманын керек деген тауып берді.
«Сарайынан Мәликенің артық қыл» деп,
Ақшаға артық беріп қызықтырды.

Ұсталар білгенінше төкті өнерін,
Шығарды артық қылып әр порымын.

әмірзада
Мысырда мұндай салған жан жоқ,
Моншасы сарайындай Мәликенің.
Бұл үйді өнерпаздар болды салып,

Бұл үйді көрген адам қоймас назар.
Орнатты төрт бұрышына төрт кеукер тас,
Шығады нұры көкке оттай жанып.
Өзі түсті һәм суреті артық нұрлы,

Он бес қыз, он бес жігіт сурет қылды.
Біреуін біреуіне ғашық қылып,
Бәрін де үйлесімді күндей қылды.
Ғашық боп мехнат тартқан жеткен сөз қып,

Хикаят өлең жаздырды, өлең қылды.
Онан соң бастырады өз суретін,
Ғашық боп мехнат тартқан көп бейнетін.
«Түсімде ұрғашыдан шошыдым,—деп,

Көрмен,—деп,—дүниеде әйел бетін».
Түсіне Мәликенің дөп қылады,
Көрмен деп ұрғашыны ант қылады.
Дүниеде қатын алмас еркек болып,

Мысырға осылайша даңқ қылады.
Қиссаның баршаларын сырмен жазып,
Суретті үй сыртына жапсырады.
Ер Әмір осылайша салды жайды,

Дәулетке лайықты бәрі ұнайды.
Бір күні от шығады жоғарыдан,
Мәлике «бұл қалай?» деп сөз сұрайды.

—Мысырға бір керуен сарай салған,

Ондай қып ешбір адам үй салмаған.
Орнатқан төрт бұрышында төрт кеукер тас,
Жарығы соның, ����������������������

дейді, ��������������

отпен жанған.

—Сөзбен несін айтасың қалайынан,

Нанбаймын еш уақытта, жаным, бұған.

ғашықтық  дастандар
Мысырда бұдан артық үй жоқ дейсің,
Артық па осы менің сарайымнан?
Көрген жан тамашасын көп сөйлейді,

Сайманын артық қылып, бек сөйлейді.
«Сіздің сарай ол үйдің моншасындай»,
Көрген жан осылайша деп сөйлейді.
Сол жерде қыз Мәлике аң-таң қалды,

Бұл сөздің еш мәнісін біле алмады.
«Жан таң қылып сөйлеген қалай үй» деп,
Мәлике көрейін деп ойына алып.
Ойлады «көрейін деп үйді барып,

Ұнатсам мен де алайын үй салдырып».
«Көшеге еркек адам шықпасын» деп,
Шаһарға қыз Мәлике берді жарлық.
Қасына нөкерлерін ертіп алып,

Сол үйге баруға кетті салып.
Не күшті, ойласаңыз Құдай күшті,
Қуалап кім тоқтатар өткен істі.
Үй сыртын тамашалап көріп тұрса,

Суретке қиссаменен көзі түсті.
Оқиды қиссалардың бірден-бірін,
Сынады ер Әмірдің жазған түрін.
«Қатынды ғұмырымда алмай[мын]» деп,

Келтірген осылайша сөз порымын.
Мәлике хатты оқып жосады енді,
Сүйегі мына сөзге босады енді.
«Ғұмырда еркек көрмен» деген қызды

Құдайым осылайша қосады енді.
Шақырып ер Әмірді қасына алды,
Көрісіп, амандасып жөн сұрады.

—Патшаң кім, шаһарың кім, ей, шырағым,

Бұл жерге келіп жүрсің қалай?—деді.

әмірзада
Мәлике сұраған соң айтты жөнін:

—Болады шын падиша арғы тегім.

Өз атым Әмірзада, шаһарым Бағдатта,
Патшаның Ғабдуғалым жалғызы едім.
Мәлике иландырып сөйлей берді,
Көңіліне айтқан сөзі ұнай берді.

—Елден шығу сіздерге лазым ба,

Бұл жерге келіп жүрсіз қалай?—деді.

—Күнімде жеті жасар оқуда едім,

Бойымнан ақыл кетіп бек шошыдым.
Шошыған үшбу түстің зардабынан
Дүниеде қатын алмай өттім,—деді.
Ата-анам отырады уаныш қып,

Сөйлейді бір күндерде қуаныш қып.
Лайықты әр елден қыз іздейді,
«Айттырып жалғызыма беремін» деп.
Мұны естіп ата-анама кісі салдым,

«Мен үшін іздемесін қатынды» деп.
Қатынның ғұмырымда керегі жоқ,
Қатынсыз өз жайыма жатам дедім.
Мұны естіп ата-анам өзі келді,

Екеуі қайта-қайта құзыр қылды.

—Сенен тұқым болмаса, ей, қарағым,

Біз қайдан көркейеміз, білші,—деді.
Кім жетер қатын алмай мұратына,
Ойлашы, миың болса, балам, сірә.
Үш саяқ боп жүргенше елге күлкі,

Кетіп қал көз көрмеске, мұнда тұрма.
Дүние, ұрғашыдан назарым жоқ,
Қайтейін, Құдай салды, амалым жоқ.
Уәзір, жолдастарым менен қалмай,

Мен келдім бұл Мысырға саудагер боп.

ғашықтық  дастандар

—Сіз көрген үшбу түсті мен де көрдім,

Бойымнан ақылым кетіп, бек шошыдым.
Шошыған үшбу түстің зардабынан
Мен дағы еркек қарасын көрмеуші едім.
Япыр-ау, бұл түсімнің қатасы жоқ,

Жерінің олай-бұлай шатасы жоқ.
Ей, мырза, мұны қалай деп ойлайсың,
Көрінген екеумізге қатасы жоқ.

—Түс деген көрінеді, Құдай білер,

Қараңғыда болымсызды көзге ілер.
Қайғысыз мекеніңде сіз болмасаң,
Елден шыққан бір саяқ нені білер.
Ендеше, екеумізді Құдай қосқан,

Бір малғұн арамызда болған дұшпан.
«Түсті шайтан бұзады» деген сөз бар,
Бір ғайып теке болып әуел бастан.

—Ей, жігіт, пайым қылып мұны білсең,

Шайтаның жолға салар тіліне ерсең.
Екеуміз жұпты болып қосылайық,
Алуға мені ұнатып қабыл көрсең.

—Айрылып ел-жұртымнан қапа тарттым,

Жазуы осылайша екен жалғыз Хақтың.
Екеуміз де түсімізден шошығанмен,
Тиюге сіз ұнатсаң, мен де ұнаттым.
Екеуі әуелінде мехнат көрді,

Тілегін ақырында Құдай берді.
«Күйеуге мұны ұнатса тиемін» деп,
Мәлике әкесіне кісі салды.
Атасы мақұл көрді бек ұнатып,

Той қылды қазынаның аузын ашып.
Ғұлама жақсы молда неках қиып,
Мағшұғын мақсұт тапты екі ғашық.

әмірзада
Жақсылық қара қыздан көріп еді,
Ақылдас Мәликенің серігі еді.
Әрі дос, әрі уәзір бек баласы

Қара қыз өзі таңдап соған тиді.
Жүз жігіт қасындағы жүз қатын алып,
Бәрінің осылайша көңілі тынды.

—Мәлике, сөз айтамын енді саған,

Көңіліме енді түсті ата-анам.
Қуаты ата-анамның жалғызы едім,
Ендігі болған шығар күні қараң.
Қарызын, ата-ана көп ойлаймын,

Көңіліме қайғы түсіп көп ойлаймын.
Мәлике, қабыл көріп мұны ұнатсаң,
Еліме қайтсам екен деп ойлаймын.

—Әміржан, мен сізсіз тірі тұрман,

Басқаға сенен басқа мойын бұрман.
Жіберіп қайын атаңнан рұқсат ал,
Жолыңда сіздің болсын жаным құрбан.
Жіберіп қайын атасына хабар айтты,

Жалғыздық көңілінде мұңын айтты.
«Олай болса, атасын қуантсын» деп,
Падиша мақұл көріп бек ұнатты.
Падиша Мәликені жабдықтайды,

Бастырып сексен нарға қазына артты.
Бір шаһар ауданымен көшкендей қып,
Падиша осылайша жолға ұзатты.
Қара қыз бек данышпан, ақылды еді,

Туысқан Мәликемен жақын еді.
Атасы алпыс түйе қазына артып,
Баласын о да ұзатып ап келеді.
Қоштасып, амандасып елі қайтты,

Шаттанып шаһзадалар жолға тартты.

ғашықтық  дастандар
Неше жыл ойнап жүрген құрбылары,
Шулаған қаздай болып о да қайтты.
Ұзады бір уәзірі елге таман,

Кеткелі үш жыл болды өткен заман.
«Қыз алып, балаң аман келеді» деп,
Сүйінші сұрады падишадан.
Падиша тақта отырған түсті талып,

Айрылып екі көзден болған ғаріп.
«Өңім бе, түсім бе, мына хабар» деп,
Сұрайды жұртын қайта жиып алып.
Жамағат, мына қызыққа жұрт жиылды,

Сүйіншіге дүниенің малын берді.
Қасына уәзір, бектерін ертіп алып,
Падиша баласына қарсы жүрді,
Қасында қанша сұлтан баласы бар.

Падиша баласымен көріскені

—Ақ тарыдай шашылып,

Байлаудан шын ба шыққаның.
Жапанда жаяу қалып ем,
Қолымнан кетіп тұлпарым.
Сағынып көрген жалғызым,

Сарғайтып тастап кеткенің.
Үш жыл болды кеткелі,
Көрмейін сені деп пе едім.
Жалғызым сенің дертіңнен,

Тағымнан түсіп безіп ем.
Жалғыз қара көрінсе,
Көзімді соған сүзіп ем.
Жан, шіркін, нақ мықты екен,

Жалғызымды көргенде,
Жарылмай тұр ғой жүрегім.

әмірзада
Беткейдегі бұлағым,
Төскейдегі құрағым,
Маңырап келген лағым.

Аман-есен келдің бе,
Әмірзада қарағым.
Падиша осылайша амандасты,
Көзінен қан аралас төкті жасты.

Қасында қанша ханның баласы бар,
Жамағат інжу, маржан, кеукер шашты.
Той қылды елу күндей жұрт жиылып,
Мас болды қанша шаһар ойын қылып.

Қызыққа неше күндей жұрт жиылып,
Қуанды падишаның көңілі тынып.
Көреді адам бетін айнаменен,
Жаманның емі болмас пайдаменен.

Сұлуды Мәликедей қатын қылды,
Ер Әмір неше түрлі хайламенен.
Көп адам дүниеден өтті дейді,
Талапкер мұратына жетті дейді.

Оқыған, Әбікеңе бір дұға қыл,
Аяғы таммат тамам бітті дейді.
Шығарған осы өлеңді Әбік атым,
Кем емес еш адамнан салтанатым.

Қата болса айыпқа ұйғармаңыз,
Оқыған, тыңдаушы, жамағатым.

—Не болды мұнша,— дейді,— сізге, ханым,

Құрбандық жолыңа жиған малым.
Басымды өзім кесіп берер едім,
Әгарда болса керек шыбын жаным.
Падыша көп жылады жасын тыймай,

Кеткен соң қайғы кіріп ішке сыймай.
Атынан ұшып кетіп, жерге түсіп,
Жатып[ты] біраз уақыт есін жимай.

— Кеткен соң сізден басқа түсті көрдім,

Көп ғажап адамзаттан істі көрдім.
Ғайыптан хабар беріп мұндай қылған,
Құданың құдіретін күшті көрдім.
Түсімде мен шақырдым адам көріп,

Қасыма жетіп келді сәлем беріп.
Қарасам сол жігіттің сөзін байқап,
Жүр екен падышаңды Құдай ұрып.
Деп едім мен оларға «баламыз жоқ,

Дүниеде баламыздан панамыз жоқ».
Солардың айтқан сөзі рас екен,
Деп еді «неткен жансыз, санаңыз жоқ».
Падыша былайша деп көп жылайды:

—Кеш болды бала, перзент,— деп жылайды.

Артымнан дұға қылар, таққа мінер
Жалғанда жалғыз бала,—������������
деп жылайды.
Қисса шаһизада

қисса  шаһизада
Қайғырды ләшкербасы, барша кісі,
Бұ дағы Құдіреттің қылған ісі.
Жұбатты падышаны Ханбіл ахун:

«Болмас,—деп,—ізгіліктің ерте-кеші».
Сонан соң бәрі келді шаһарына,
Кім шыдар қылса Құдай қаһарына.
«Қылың,—деп,—бір садақа Құдай жолы»,

Уәзірдің хабар берді баршасына.
Уәзірлер ошақ қазып, қойлар сойды,
Ойлаған Бақыт патша әрбір ойды.
Шаһардың Шын-Машындық бәрін жинап,

Алдына екеу ара табақ қойды.
Жамағат, жас пен кәрі сол арада
Әр түрлі арақ-шарап, етке тойды.
Жамағат тағам жейді жабырласып,

Падышаның кеткен екен түсі қашып.
Жұмлә ел фатиханы еткен уақытта,
Бұл сөзді айтты падыша қолын алып.

—Жасаған Жаббар Құдайым,

Жапанда түзде ұйықтатып,
Кеуіліме салдың уайым.
Бала бер деп жалбарып,
Бір өзіңе жылайын.

Әгар қабыл қылмасаң,
Нешік хайла қылайын.
Зарымды айтып, жалынып,
Мұңымды айтып сыйынып,

Көзден жасым бұлайын.
Кеулім қасірет болған соң,
Жыламай неғып шыдайын.
Ішім толған жанған шоқ,

Бұл сөнбей неғып тынайын.
Әумин деңіз, жамағат,
Тілекке кеңес құрайын.
Мал-мүлкімді таратып,

ғашықтық  дастандар
Жалғыз-ақ перзент сұрайын.
Ақсақал, жақсы дұға етсең,
Қолымды жайып тұрайын.

Падыша мұны айтып биһұш болды
Және біраздан соң жайына келді.
Қайғырып бір баланың қасіретінен,
Өлетінін сұлтанының елі білді.

Хайлаға жұрт жиналды «қаралық,—деп,
Болды ғой кеулімізде жаралық» деп.
Бұлайша мәслихатта уағда қылды,
«Он кісі Лұқманға баралық» деп.

—Лұқманның жері жырақ біздің елден,

Һешкім жоқ мекеніне барып келген.
Арасы Мекке менен Мәдиненің
Жол екен жыл жарымдық осы жерден.
Он кісі бұлай қарай сапарланды,

Елінен азық-түлік мықтап алды.
Зарланған падышаның қайғысы үшін,
Түзетіп ат маңдайын жолға салды.
Баршасы түгелдеп жүріп кетті,

Мехнат жол үстінде көріп кетті.
Мүддаты жыл жарым болғаннан соң,
Ішіне Мәдиненің барып жетті.
Неше күн жолда [бұлар] жүрген екен,

Мехнат жол үстінде көрген екен.
Тілегін барушының Құдай беріп,
Лұқман Мәдинеге келген екен.
Барған соң Лұқманды бұлар көрді,

Алдында тағзымменен тіке тұрды.
Көрісіп қолын алып болғаннан соң,
Аты-жөні, патшасынан хабар берді.

қисса  шаһизада
Лұқман айтты:— Патшаңа сәлем,—деді,
Болмасын әзеліне алаң,—деді.
Ханбілдің қолындағы қызын алсын,

Бір бала бе[рер] Алла,—деді.
Бір бала, иншалла, болар,—деді,
Кеуілі бала түсіп толар,—деді.
Келген соң он жасына өсіп бала,

Ол күні шырағы солар,—деді.
Есітіп үшбу сөзді қайтып кетті,
Арада неше мүддат күндер өтті.
Үш жыл жүзі тамам болғаннан соң,

Шын-Машын шаһарына барып жетті.
Сөз қылдым қағаз жазып әрбір істен,
Болмайды ізгілік іс ерте-кештен.
Оралып бұлар барып келгенінше,

Жүр екен патша кеуілін білдірместен.
Уәзірі патшаға айтты барғандарын,
Лұқманның құлағына салғандарын.
Қуантты «сүйінші» деп өз сұлтанын,

Жауапты есіттіріп алғандарын.
Падыша мұны естіп бек шаттанды,
Кетіріп қайғыларын көп шаттанды.
«Жүгір,—деп,—Ханбіл ахун, үйлеріңе,

Қызыңды алып кел» деп айбаттанды.
Жылауды енді қойды жасын тыйып,
Адасқан түгел тапты есін жиып.
Би Ханбіл сұлу қызын алып келіп,

Беріпті падышаға неках қылып.

—Құдай-а, жан да аманат, тән де аманат,

Падыша шариғатты қылды санат.
Көзінің жасын Жаббар қабыл көріп,
Болыпты келін, әсілі, екіқабат.

ғашықтық  дастандар
Падыша нақ он екі қатын алды,
Тең болып әрбіріне берді малды.
Кішісін үлкенімен алып қалып,

Бәрін де тоғызының талақ салды.
Жамағат, жад етіңіз жалғыз Хақты,
Мінгізген әркіміне алтын тақты.
Ханбілдің жүкті болған әлгі қызы,

Жеткізіп ай-күніне бір ұл тапты.
Падыша қуанғаннан тойын қылды,
Қызықпен мереке етіп, ойын қылды.
«Кітаппен атың жақсы қойыңыз» деп,

Тамам моллаларға әмір қылды.
Жиналды моллалардың бәрі тамам,
Ішінде жасы-кәрі, жақсы-жаман.
«Баланың атын жақсы қоямыз» деп,

Біле алмай лайық атын қапаланған.
Бұл халде бір мүсәпір жетіп келді,
Тұрғанын қапаланып кеуілі білді.
Болған соң өзі жарлы білінбеген,

Қашаннан сұмырай екен жүйрік тілді.
Патшаға:—Етсең,—деді,—бізге жарлық,
Зарланып неше жылдан көрген тарлық.
Көтеріп екі қолын патшаға айтты:

—Болсын,—деп,—мұның аты Шаһизарлық.

Мұнымен жұмлә халық қайтып кетті,
Сонан соң неше күндер, айлар өтті.
Әуелі бір жасында тілі шығып,
Жағалап үш жасына және жетті.

Падыша зияпатын артып нарға,
Шыдамай неше жылдан қайғы-зарға.
«Үйрет,—деп,—ғылым, әдеп, хат пенен тіл»,
Баласын берді апарып моллаларға.

қисса  шаһизада
Падыша бір Құдайға шүкір қылды,
Өткізді мұныменен біраз жылды.
Зарлық хан жеті жасқа келгеннен соң,

Үйреніп ғылым хикмет кәміл білді.
Бейғайып зерек болды ақылы көп,
Сөйлесе патша сөзін көреді дөп.
Халқына хабар салды бір күн жиып,

«Баламды өз орныма мінгізем» деп.
Сөз қылдым хатқа салып мұндай ерді,
Ойлаған ақылменен қанша жерді.
Баласын өз орнына патша қойып,

Мінгізіп алтын таққа бата берді.
Жеткен соң тоғыз жасқа таққа мінді,
Жүргізді әділетін халыққа енді.
Бір жыл, он екі айлық патша болып,

Айналып келесі жыл онға келді.
Бастайын әуел жерден сөзді бұлай,
Келмеген жарым жасы жылай, жылай.
Басы бұл бейнетінің—ұйықтап қалса

Бір түсті көрсетіпті Патша Құдай.
Көріпті бір шаһарды өзі қашық,
Қақпаның қойған екен аузын ашып.
Көшеде бір сұлу қыз отыр екен,

Патша соны көріп болыпты ғашық.
Ұйқыдан қызды көріп тұра келді,
Білмеді . . .* қандай елді.
Күлкіні ойынменен талақ қылып,

Ішінен қайғы тартып жүре берді.
Ол еді Машынның Зарлық ханы,
Көп көрер мехнатты ғаріп жаны.
* Түпнұсқада бір сөз түсіп қалған.

ғашықтық  дастандар
Бір күні жатса қызды тағы көрген,
Сол еді сонан бері ұйықтағаны.
Баяғы сұлу қызды тағы көрді,

Қыз «мұнда кел» деп жауап берді.
Аяғын басқан шақта шошып кетіп,
Жылады бас көтермей құшып жерді.
Есітіп үшбу халді Бақыт келді:

—Не болды мұнша саған, балам?—деді.

Бір қызға, жазған балам, ғашықпысың,
Себебін айтшы, мұның маған,—деді.
Бала айтты:—Патша болдым он екі ай,
Түс көрдім ұйықтаған соң осы жайда-ай.

Ақ жүзін жерге салып жылай берді,
Деді де «ғашық от пайда ������������
[болды-ай]».
Қосылып баласына салады зар,

Кең дүние бүгінгі күн көрінді тар.
Жалғызын тілеп алған мұндай қылып,
Ісіне Құдіреттің не шара бар.
Зар жылап Бақыт үйге қайтқан шағы,

Басынан қайтар болды қонған бағы.
Ұйықтаса бір күн жатып әлгі жерде,
Баяғы ғашық жарын көрді тағы.
Сөйлейді сонда Зарлық:—Қалқам,

Менің жаныма қатты өтті қайғың сенің.
Іздер болсам әгар бұ дүниеде,
Айтып кет, не болады аты-жөнің?
Қыз айтты

—Өзім—�������������������������������

Жамал, атам—Маһар, Машги—анам,
Сұрасаң Зира шаһары тұрған қалам.
Өз атам патша болып мекен еткен,
Келген жоқ бізден бұрын ешбір адам.

қисса  шаһизада
Қорғанын жаңа салған қалам,—деді,
Айтайын түсіндіріп саған,—деді.
Білдірме атаң менен анаңызға,

Сен іздеп келем десең маған,—деді.
Оянып ұйқысынан тұра келді,
Түсінде қыздың жайын көре келді.
Елінен азық пенен көлік алмай,

Шаһардан түнде шығып жүре берді.
Орнында ерте тұрса падыша жоқ,
Ішіне ата-ананың салыпты шоқ.
Келіпті Лұқманның айтқан сөзі,

Қылады кімге опа дүние боқ.
Атасы зар еңіреді қайғыменен,

—Қарағым, не көрем,—деп,—қалып сенен?

Тамамын шаһарының жиып алып,
Бәріне «ізде!» деді қаһарменен.
Падыша қаһарменен:—Қараң,—деді,
Һәр қайсын һәрбір жаққа тараң,—деді.

Ау, халқым, таппасаң да кеуілім тынсын,
Бола ма Хақ ісіне шарам,—деді.
Көп адам жан-жағына қарап кетті,
Табам деп үмітпенен тарап кетті.

—Тақсыр, біз балаңызды таппадық,—деп,

Келді де падышаға хабар етті.
Таба алмай қараушының келген кезі,
Сарғайып зағыпырандай қызыл жүзі.
Жоқтығын іздеушіден есіткен соң,

Зар жылап падышаның айтқан сөзі.

—Қарағым, қалқам, Зарлығым,

Көрсеттің дүние тарлығын.
Сом атаңның сүйеуі,
Сен еді қолда барлығың.

ғашықтық  дастандар
Сұмырай болып мен қалдым,
Көтермеске шарам жоқ,
Алланың қылған жарлығын.

Бұ күн болды дүние тар,
Қасіретім қатты, қайғым бар.
Құдайымнан тілейін,
Үмітімді жылап зар.

Қарағым, жүрген жолыңа,
Мақсатың жетсін қолыңа.
Қиын қыстау жер келсе,
Алланың өзі болсын жар.

Болдың бүгін дүние боқ,
Ішім толған жанған шоқ.
Күні бұрын білмедім,
Мұқам болып жүрмедім.

Кеткеніңді, қарағым,
Өз көзімнен көрмедім.
Өткен іске хайла жоқ,
Айтқанменен пайда жоқ.

Шүкір етіп қояйын,
Көзімнің жасын тыяйын,
Көп жылаудан пайда жоқ.
Падыша былайша деп талып түсті,

Отырған астындағы тақтан ұшты.
Ханымның патшаменен зарлағанын,
Есіткен халық бәрі қайғырысты.

—Қарағым, сенен қалғаным,

Дүниенің білдім жалғанын.
Жасаған Жаббар Құданың,
Көрсете түсіп алғанын.
Жалғызымнан айырылып,

Басыма қайғы салғанын.
Ботасы өлген түйедей,
Еңіреп, боздап қалғаным.

қисса  шаһизада
Енді қайтып келмесең,
Менің халім білмесең,
Қурайдай болып солғаным.

Биһұш болып біздер де,
Ішіме қайғы салғаның.
Баршасы бір шаһардың зарлық еткен,
Жоғының келмесіне көзі жеткен.

Жылаумен енді бұлар жата тұрсын,
Баланы сөз қылалық қашып кеткен.
Шаһардан шығып еді түнде тұрып,
Қарамай мал-мүлкіне басын бұрып.

Не көрер Шаһизарлық жол алдынан,
Азырақ сөз қылайын кеңес құрып.
Азықсыз жаяу бала жүріп кетті,
Бір тауға неше күнде барып жетті.

Қараса түрлі ағаш біткен екен,
Аралап баршаларын тамаша етті.
Басында ол ағаштың бір ұя бар,
Жаратқан түрлі мақұлық Қадір Жаббар.

Шырылдап үш балапан жатыр екен,
Тәнінде һәрқайсының бес басы бар.
Баршасы үлкен құстың баласы екен,
Бұлардың Зерліғайып анасы екен.

Иығына шыққан адам келтірмейтін,
Басында осы ағаш панасы екен.
Бар еді сол арада бір айдаһар,
Сол құстар қорыққаннан жылайды зар.

Күніне балапанды аңдиды екен,
Мекендеп оңашада жатса олар.
Жаратқан Құдай мұндай айдаһарды,
Сұм бала қыдырыстап соған барды.

ғашықтық  дастандар
Көргенін лебіменен тартып алып,
Патшаны шайнамастан жұтып салды.
Айдаһар қараң тапты адам жұтып,

Жөнелді өз орнына қайта кетіп.
Жүргізген Құдай айдап Зарлық сорлы,
Жылайды іште жатып зар-зар етіп.

—Жатырмын бет алмай,

Шығуға ниет ете алмай.
Үлкен тауға тап болдым,
Жөніме жүріп кете алмай.
Айдаһардың ішінде

Қорлықпен жатып өлемін бе,
Мұратыма жете алмай.
Елімнен шығып, зарығып,
Арыда жоқ, беріде жоқ,

Өліде жоқ, тіріде жоқ.
Айдаһардың ішінде,
Тұншығып өліп қалам ба?
Тым болмаса жерде жоқ,

Қорлық көріп бейнетпен.
Жапан түзге қаңғырдым,
Қолымнан кетіп сұлтандық.
Елімде қандай хан едім,

Жерімде қандай жан едім.
Бір сағат болмай басымнан
Өткенің бе дүние боқ.
Зарлықта болмады үміт жалғыз жанда,

Жоқ шығар мұндай ғаріп мұсылманда.
Һәр уақыт келіп кеткен құсты байқап,
Жыланның екі көзі балапанда.
Бір сапар Зерліғайып еткен екен,

Жем іздеп айлық жерге кеткен екен.
Кеткенін құстың біліп айдаһар,
Жорғалап балапанға жеткен екен.

қисса  шаһизада
Ұяға жақын жетті бұл айдаһар,
Ағашты қозғалтады лебімен зар.
«Бұл келсе бәрімізді жұтады» деп,

Жылайды шуылдасып балапандар.
Құданың құдіреті күшті, өзі Кәрім,
Жаратқан бұл мақұлықтың баршаларын.
Бір айлық жерден ұшып келген екен,

Есітіп балапанның дауыстарын.
Сағатта ұшып келер Зерліғайып,
Қанаттың ұшқан екен бәрін жайып.
Даусынан суылдаған қорыққаннан,

Айдаһар шыға келді жолдан тайып.
Айталық бұл хайуанның зорлығын біз,
Ұзыны бір қанаттың дәл жетпіс кез.
Қарамай ашуменен баласына,

Көтеріп айдаһарды жұлынды тез.
Көтеріп аспанға алып кетті,
Қасына бір дарияның барып жетті.
Қаһармен жоғарыдан төмен тастап,

Сол жерде айдаһарды бөлек етті.
Сол жерде үлкен жылан быт-быт болды,
Күшіне бейниһаят өзі күлді.
Сөгіліп қабырғасы қалып еді,

Ішінде адамзаттың барын білді.
Қарады құрсағына қолын салып,
Баланы ішіндегі шығарды алып.
Болған соң бір сағаттай есін жиды,

Салмақпен қалған екен бала талып.
Шашылған патша Зарлық есін жиды,
Өзінше әлгі құсқа сәлем берді.
Һәр тілді Зерліғайып біледі екен,

—Уағалейкүмассалам, адам,—деді.

ғашықтық  дастандар
Шаһзада есін жиып сөз сұрайды,
Жөнін де жүретұғын көп сұрайды.
Өзінің аты-жөнін айтқаннан соң,

«Бұл дария не дария?» деп сұрайды.
Құс айтты:—Сөзім тыңда, адам,—деді,
Аты-дүр бұл дарияның Қылзам,—деді.
Қалыпты балаларым алыс жерде,

Жақсылап айтар едім саған,—деді.
Болғанда жеті сағат мұнда келдік,
Себеппен дидарласып көріп білдік.
Жеті айлық бұл арада балапаным,

Жеті сағат келіп қалдың жерге білдік.
Зарлық айтты

—Күшті екен бұл қаһарың,

Қуаттың Алла берген саған бәрін.
Жұмләсі көңіліңдегі болғаннан соң,
Сұрайды:—Білдің бе,—деп,—Зира шаһарын?
Құс айтты

—Мұнша тура [сен] келдің нағып,

Құдайға бенде екенсің жүрген жағып.
Алдыңнан екі жылда табылады,
Жүре бер дарияны жоғары ағып.
Қайта ұшты Зерліғайып амандасып,

Кеткенше қарап тұрды қырдан асып.
Шаһардың жырақтығын есіткен соң,
Жылайды шаһизада қайғы басып.

—Шығып едім елімнен,

Мекен еткен жерімнен.
Жалғыз тұрып зарландым,
Дүниедегі күйімнен.
Ғашықтықтың әсері,

қисса  шаһизада
Осындай болып жүргенде,
Мұндай мехнат көргенде
От шығады демімнен.

Сергелдең болдым мен мұнша,
Көрсеткен Алла түсімнен.
Себеппенен шығып едім
Айдаһардың ішінен.

Өліп қала жаздадым,
Қаһарменен тастаған,
Үлкен құстың күшінен.
Жан-жағыма қарасам,

Аузыма жерге жемім жоқ.
Көрінбейді көлденең
Көгеріп жатқан көк теңіз.
Жаһанға салған қалаң жоқ,

Сөйлесерге адам жоқ.
Жапан түзде тентіреп,
Өтер ме күнім осымен.
Жүреді бұл сөзді айтып төмен ағып,

Болған соң іште дерті тұрсын нағып.
Астына бір төбенің түсіп кетсе,
Бір жәндік отыр екен жанды бағып.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,

Бір түрлі былайғыдан айтқан сөзі.
Адамзат маңайына келер емес,
Кәдімгі жалмауыздың деген өзі.
Шаһизада мұны көріп қапаланды,

Туғалы көрген жоқ-ты мұндай жанды.
Бәлеге һәрбір түрлі душар болып,
Қинады бір қыз үшін шыбын жанды.
Әлгі дәу шаһизадаға жетіп келді,

Сұрады:—Аты-жөнің кімсің?—деді.
Қасыма өзің келіп сөйле, бенде,
Тимеймін лебізіме сенсең,—деді.

ғашықтық  дастандар
Жанына шаһизада енді келді,
Бұл дәудің тимейтінін енді білді.
Сол жерде бір күн, бір түн бірге болып,

Азырақ мерекемен ойнап-күлді.
Дәу айтты

—Таң атты енді жүрелік,—деп,

Не болар алдымызда көрелік,—деп.
Отырдық бір күн, бір түн осы жерде,
Енді біз бұл орыннан өрелік,—деп.
Жүрген соң шаһизада айтты жөнін:

—Дүниеде ғаріппін болған мұңым.

Себеппен Шын-Машыннан келе жатырмын,
Зира шаһары еді барар жолым.
Бұ сөзді тыңдамастан жүріп кетті,
Сәскеде бір сарайға барып жетті.

—Бір күндік азығыңды әкелдім,—деп,

Айқайлап тыста тұрып хабар етті.
Қорқады мұны есітіп патша сорлы,
Сарғайған зағыпырандай жүзі нұрлы.
Бір жәндік сүй дегенде шыға келді,

Жаратқан Құдай мақұлық һәрбір түрлі.
Жамағат, тыңласаңыз айтып кеңес,
Сипаты адам да емес, пері де емес.
Бәданы сондай үлкен көрмеген зат,

Ауызы падышаңа толар емес.
Осы ма бенде затқа қайғы деген,
Дауысы күн секілді күркіреген.

—Сен неге кешегі күн келмедің?—деп,

Ашумен әлгі дәудің өзін жеген.
Патшаның қанаты жоқ кетерге ұшып,
Қараса зәресі жоқ көзі түсіп.

қисса  шаһизада
Мұңданып қай-қайдағы ойға келіп,
Жылады жата қалып жерді құшып.

—Айналайын, Жасаған,

Не жазып едім мен саған?
Бәлеге мұндай тап болдым,
Болады хайла не бұған?
Ұшып шығар қанат жоқ,

Қарсы қару қыларға
Өткір алмас, болат жоқ,
Ішіне мықтап салуға.
Жандырмай аман қояр ма,

Жалыны күшті жанған шоқ.
Бәлеге соқпай жүрмедім,
Аманат жаным бір Құдай
Жайшылықпенен бермедім,

Һәр мақұлықтың ішінде.
Азап тұтып бәданым,
Лахытта көрге кірмедім.
Бір ғашықтың зарынан

Қиын қыстау далада
Сапарды алыс сермедім.
Айналайын, Құдайым,
Қайғыменен жылайын.

Қанша тілек қылсам да,
Көзімнің жасын көрмедің.
Падыша сонда қалды есін танып,
Танбас па жылаған соң қайғыланып.

Жатты да жарты сағат түрегелді,
Басына есін қайта жиып алып.
Күні жоқ құтылатын онан қашып,
Кіргізді сарайына аузын ашып.

Мақұлық ішіндегі неше түрлі,
Падыша жүре алмады аяқ басып.

ғашықтық  дастандар
Сол жерде тұрып еді қайғы басып,
Ұмтылды жеуге хайуан жапырласып.
Ғажайып хайуаннан қорыққан соң,

Көрінген бір есікке кірді қашып.
Есікке бұрыштағы кіріп кетті,
Құдайым ғаріп құлын бұлайша етті.
Жігітке жан қысылған жаман екен,

Жүгіріп бір сарайға барып жетті.
Сарайға барып еді адам көрді,
Қасына жалғыз екен кіріп келді.
«Бабам»,—деп, жасы үлкен мұңды байғұс,

Көзінен жасы ағып сәлем берді.
Сонда ол

—Уағаләйкүмассалам, балам,—деді,

Бұл істің ақырына қараң,—деді.
Келіпсің жаман жерге Тәңір айдап,
Бола ма Хақ ісіне шараң,—деді.
Қасына қашып келіп бала тұрды,

Азырақ сол кісімен кеңес құрды.

—Бәлеге жан келмейтін душар болып,

Айтшы,—деп,—аты-жөнің?—жауап сұрды.
Бала айтты

—Шын-Машыннан шықтым жайлап,

Зираға бара жатырмын сорым қайнап.
Сіз дағы жөніңізді білдіріңіз,
Отырсың не себептен көзің жайнап?

—Жөнімді айтайын саған, балам,

Бұрынғы өзің айтқан Зира қалам.
Сол жерден құдыретпенен алып шығып,
Бұларға патша қылды Хақ Тағалам.

қисса  шаһизада
Жалынды сонда Зарлық:—Өзің біл,—деп,
Ініңе біздей ғаріп рақым қыл,—деп.
Зираны сұрап еді жауап берді,

«Арасы бұл арадан екі жыл» деп.

—Жақсылық енді саған етелік біз,

Тап қылды жаман жерде Құдайым кез.
Жалмауыз кәрі сынбай жемей кеткен,
Жоқ екен, сірә,—деді,—ажалыңыз.
Ол залым, өзі кәпір, діні жаман,

Түсірген талайларға ақырзаман.
Қалыпсың Құдай сақтап бір ажалдан,
Адамды қойған емес, сірә да, аман.
Ол кісі сүй деді де шығып кетті,

Баланы зар жылаған қасына ертті.
«Зираға бұл адамды алып бар» деп,
Келді де бір диюға әмір етті.
Ол дию «жарайды» деп даярланды,

Үстіне шаһизада мініп алды.
Патшаға амандасып жүрмек болды,
Бұл күйге бейшараны Тәңірім салды.

—Күні-түні,—балаға айтты,—жүрің,—деді,

Ұшқан жоқ адам алып бұрын,—деді.
Қош енді, жарықтығым, абайлай көр,
Өзі бір ашуланса көрім,—деді.
Ол пері аспанға шықты ұшып,

Алмады һешбір тыным жерге түсіп.
Ұшқаны тиген тастан қатты екен,
Баланың шыдатпады жанын қысып.
Бала айтты

—Қатты ұшасың, пері,—деді,

Алланың қозғалғандай жері,—деді.

ғашықтық  дастандар
Һеш нәрсе алдымызда көрінбейді,
Көтіңнен ұшқансың ба кері,—деді.
Есітіп үшбу сөзді пері тұрды,

Шаһының бұл айтқанын ауыр көрді.
«Енді өзің жай жүріспен келерсің» деп,
Үстінен жерге тастап жүре берді.
Үстінен тастап кетті үлкен пері,

Келе жатыр домаланып Зарлық, сірә.
Зар жылап Алласына сыйынады,
Белгісіз төмендегі түсер жері.
Падыша келе жатыр арып-талып,

Өзінде жартымды емес есі қалып.
Тек асты дарияның ортасы екен,
Қараса шаһизада көзін салып.
Келе жатыр жоғарыдан суға құлап:

—Құдай-а, өлем бе,—деп,—суда солып.

Амалға құтылмайтын тап болдым,—деп,
Зар қылды бұрынғыдан бетер жылап.

—Зарланып, Алла, айттым сөз,

Бір шыбындай жанымды,
Қор қылдың ба алмай тез.
Жастан қайғы көп тартып,
Алтын тәнім болды жез.

Ені менен шеті жоқ,
Ұшан теңіз дарияның
Ортасына болдым кез.
Көңілім, иман айта көр,

Көңілім, жаннан күдер үз.
Сол уақыт шаһизаданың зәресі ұшты,
Құданың құдіреті мұндай күшті.
Оғындай зеңбіректің зымырап келіп,

Шолп етіп дарияға патша түсті.

қисса  шаһизада
Келгенін адам суға балық білді,
Баршасы үлкен-кіші жиылды енді.
Бар екен патшасының бір уәзірі,

Құрметтеп бәрі соған берді жолды.
Балықтан Мәнжім атты уәзір ұтты,
Көп жылдар сонан бері өтіп кетті.
Кез қылған Құдай айдап падышаны,

Сол уәзір шайнамастан бүтін жұтты.
Ол өзі падышасына уәзір екен,
Қашаннан кісі жұтқан безер екен.
Балықтың бастығының жарлығымен,

Дарияның бас-аяғын кезер екен.
Патшасы бұл бұйрығын тыймайды екен,
Бір жанын балық үшін қинайды екен.
Мереке ортасында қылмақ үшін,

Қалдырмай жыл басында жинайды екен.
Бақыттың бүйтіп жүрген шаһзадасы,
Кеміді бейнетпенен жарым жасы.
Қылзамда Мәнжім кетті жоғары өрлеп,

Сол жақта болған екен жылдың басы.
Бұл балық адам жұтып жүріп кетті,
Баршасын бұл тағдырдың Құдай етті.
Күні-түні неше сағат тынбай жүріп,

Зираның шаһарына жақын жетті.
Зираның патшасы Маһар екен,
Халқына бек артық жағар екен.
Қазыналық сол шаһардың құрған ауын,

Үш жігіт күні-түні бағар екен.
Тұрады күнде бұлар балық сүзіп,
Бір нәрсе келеді екен суды сызып.
Таң қалды көріп бұлар қырда тұрып,

Кетер деп алдындағы ауды үзіп.

ғашықтық  дастандар
Баяғы келе жатқан ол уәзір-ді,
Аралап су ішінде біраз жерді.
Байқамай ғапылдықпен жүзе беріп,

Құрулы темір ауға келіп кірді.
Кірген соң білді дағы бұлқып қалды,
Шықсын ба айдап келіп Құдай салды.
Қазаға ілінгенін білгеннен соң,

Шығарып дариядан тартып алды.
Үшеуі судан тартып алып кеткен,
Құтылмас қашып жәндік қаза жеткен.
Алған соң тамаша етіп қарап тұрса,

Шығады адам даусы зар-зар еткен.

—Сыйынып саған жылайын,

Рахман атлы Рахман.
Ата-анамнан туғызып,
Мен байғұсқа бердің жан.
Көзге түсер жарық жоқ,

Қараңғы балық ішінде,
Шірір ме енді асыл тән.
Қорлықпенен өлем бе,
Ішінде жатып балықтың.

Түрлі бейнет көрем бе,
Қырға шықпай сүйегім,
Осында ғұмыр сүрем бе.
Шыққанменен сүйегім,

Қосылып халықпен қарайып,
Дүниеде жүрем бе?
Айтады:—Алла, саған еттім зар,—деп,
Болды,—деп зар жылайды,—заман тар,—деп.

Үшеуі мұны естіп кеңес қылды,
«Ішінде бұ балықтың адам бар» деп.
Адамның бар екенін енді білді,
Бір халлеф сол арада алып келді.

қисса  шаһизада
Баланың жатқан жерін қозғалмастан,
Басы мен аяғынан екі бөлді.
Бөлді де құрлық басып жерге шықты,

Біреуі кеудесіне қолын тықты.
Кешіксе бір сағаттай өлген екен,
Баланы шалажансар алып шықты.
Тірілтті падышаны бір күн бағып,

Нәр берді тағамына малдар сойып.
Шіруге еті босап қалған екен,
Оңалтты бәданына дәрі жағып.
Шаһизада есін жиып «Алла» деді,

Сөйлесіп адамменен тілге келді.
Тағам жеп, түгел есін жинаған соң,
Жөнінің жүріп-тұрған бәрін білді.
Үшеуі бұл балаға:—Інім,—деді,

Жоқ екен хан ұлындай мұның,—деді.
Қалдырмай бастан-аяқ есітейін,
Қалайша жүрген сенің жөнің,—деді.
Шыққанын бермен қарай қашып саяқ,

Азықсыз, жаяулықпен алып таяқ.
Көргенін екі арада неше мехнат,
Бәрін де баян қылды бастан-аяқ.
Айтады

—Патша едім,—деп,—жинаған мал,

Көрдім деп мехнатпенен неше қамал.
Себеппен Құдай айдап мұнда келдім,
Болған соң қызға ғашық Сақыпжамал.
Үлкені үшеуінің Мажал екен,

Құл еді қашаннан да балық жеген.
Баланы сүй деген соң жаратпады,
О дағы хан қызына ғашық екен.

ғашықтық  дастандар
Есітіп бала сөзін кідірмеді,
Баруға зынданшыға жүгірді енді.
Арада һеш нәрсеге айналмастан,

Барды да зынданшыға хабар берді.

—Бір бала мұнда, тақсыр, келген екен,

Бұл қыздың асылдығын білген екен.
Шын-Машын патшасының жалғыз ұлы,
Түсінде ғашық болып көрген екен.
Мен дағы ғашық едім ошал қызға,

Шара жоқ бұйырмаса дәм мен тұзға.
Зынданға соны салып шығармасаң,
Жүз алтын берер едім қолыңызға.
Зынданшы

—Болсын, жақсы, жарар,—деді,

Мажалың ол баланы алып келді.
Зынданның ауызынан тастай беріп,
Қолына жүз алтынды санап берді.
Зынданшы жүз алтынды қолына алды,

Баланы жаза тартар үйге салды.
«Зынданнан ол өлгенше шығармаң» деп,
Жөніне соныменен кетіп қалды.
Сөйлей көр кеңес қылып, тіл менен жақ,

Болмайды сөзден пайда қонбаса бақ.
Зарлыққа қандай себеп қылар екен,
Ханшадан сөз қылалық бір азырақ.
Сұрайын қыздың қойған басқа салып,

Зар қылды Зарлықты қыз ойына алып.
Жолыққан ғашық жары келмегеннен соң,
Кеуілінде жүреді екен қайғыланып.
Патша қыздан хабар алмайды екен,

Дүниеге көзін қызы салмайды екен.

қисса  шаһизада
Ғашығы түсте көрген келмеген соң,
Ойынан һәрбір уақыт қалмайды екен.
Жүр екен қыз ұмытпай көрген түсті,

Һеш уақыт алмайды екен көңіл хошын.
Ойлайды «зындандағыларды шығарайын деп,
Жолына ғашығымның Құдай үшін».
Бұлайша ата-анасына хабар салды,

«Болсын» деп кеуілінше рұқсат алды.
Қуанып Құдайына шүкір қылды,
Қасына зынданшының жетіп барды.
Зынданшы айтты

—Жүгірдің не себептен мұнша,—деді,

Не іс бар жүгіргендей сонша,—деді.
Кідірме, жұмысыңды сұрап қара,
Жарқыным, неге келдің, ханша?—деді.
Қыз айтты

—Менің мұным бола ма жол,

Зынданда жатқан жоқ па бейшара құл.
Баршасын шығаруға рұқсат алып,
Жүгіріп келгенімнің мәнісі сол.
Зынданшы есіткен соң:—Жарар,—деді,

Басқасы өз жөніне тарар,—деді.
Бір жігіт қазынадан балық ұрлаған,
Рұқсат жоқ, ол осында қалар,—деді.
Мұнан да Сақыпжамал рұқсат алды,

Орнында сұм зынданшы тұрып қалды.
«Іштегі бір жан қалмай шығыңыз» деп,
Келді де тыста тұрып айқай салды.
Дүркіреп шыға келді бейшаралар,

Алланың себебіне болды қыз жар.

ғашықтық  дастандар

—Теп-тегіс шықтың ба?—деп сұрағанда,

Деп айтты:—Шықпай қалған бір-ақ жан бар.
Қыз айтты

—Болмасын,—деп,—сөзің жалған,

Кім екен бұл зынданға оны салған?
Бәлеге қайғы менен сабыр әйла,
Патшаның баласы ма шықпай қалған?
Олар айтты:—Баршамыз сұрап едік,

«Шырағым, аты-жөнің айтшы» дедік.
Қайғымен бізге жауап бере алмайды,
Сонан соң бәріміз де уайым жедік.
«Бұл ғажап-ай» деп қыз жүгірді,

Осындай Құдай айдап ішке кірді.
Іздеген екі ғашық бірін-бірі,
Ішінде қараңғы үйдің енді көрді.
Көрген соң бірін-бірі талып қалды,

Басына бұл дәулетті Құдай салды.
Биһұш боп, үш сағаттай жансыз жатып,
Естерін сонан соңда жиып алды.
Тамаша есіткенге мұның өзі,

Жасыды жылауменен екі көзі.
Зарлыққа қосылған соң амандасып,
Сондағы Сақыпжамал айтқан сөзі.

—Қарағым, қалқам, ғашығым,

Ақ жүзіңе зар болып,
Келмеген соң сасып ем.
Енді дәурен сүрерміз,
Құдай қосса нәсібің.

Себеппенен жолықтық,
Жасаған Жаббар Құданың,
Қазынасы мұндай кең.
Жаныңа мехнат еткізіп,

қисса  шаһизада
Мендей сорлы ғашық үшін,
Қанша жерден келдің сен.
Іздеп, қалқам, келмесең,

Ақ етім қардай, қан бетім,
Қор болып кімге кетем мен.
Патша қызы едім мен,
Өзіңдей зада болмаса,

Кім болады маған тең.
Сонша жерден келгенде,
Мұндағы мені білгенде,
Баян қылып білдірші,

Зынданға салған сені кім?
Бейкүнә болсаң, қарағым,
Зынданға сені салғанды,
Жапан дүзге тастайын,

Ит пен құсқа болсын жем.
Махрұмды тарқатып,
Қайғының отын сөндірген,
Разымын алса да,

Жанымды Құдай осы күн.
Құдайым тілегенін берген оңын,
Жылады екі ғашық қосып мұңын.
Бейнетін бастан-аяқ баян етіп,

Тыңдаңыз шаһизаданың айтқан жөнін.

—Елімнен шықтым сен үшін,

Ғашығым, неге шыдайын,
Сенен басқа кім үшін.
Диуана болып іздедім,
Бір басыма тең үшін.

Сені іздеп жүргенде,
Һәр бәлеге жолықтым.
Мақұлықтарға жем үшін
Айдаһар жұтты әуелде.

«Өлем бе» деп қайғырдым,
Онан соң дәуге жолығып,

ғашықтық  дастандар
Әлденеше тарығып,
Қарыс қабнар* бәледен
Зәрем кетті қорқып,

Қосылдым саған мен енді.
Жолықтым сонан бір жанға,
Неше түрлі бәлеге,
Патша болып тұрғанға.

Перінің мініп үстіне,
Онан соң түсіп дарияға,
Балықтың кіріп ішіне,
Балықтан шығып тап болдым,

Қазынаның ауын құрғанға.
Балықшы менен зынданшы
Хайлаласып екеуі
Салды мені зынданға.

Шаһизада жөнін айтып, биһұш болды,
Ақылы біраздан соң және келді.
Баршасы үлкен-кіші жамағаттың,
Екенін мұның ғашық халық білді.

Бұлардың жай-жағдайын қалдырмастан,
Барды да атасына хабар берді.
Патша мұны есітіп ашуланды,
Шақырып ұсталарын жиып алды.

—Қор қылып сүйегімді құрғыр қызым,

Қаңғырып бай қылыпты жүрген жанды.
Бір жігіт келді деді Шын-Машыннан,
Қызымды меншіктеген не қылған жан?
Екеуін бір сандыққа салып тастап,

Қызық жоқ дарияға ағызғаннан.
Болмай ма, халқым, маған мынау арлық,
Қылайын сол қызыма заман тарлық.
«Жасаң,—деп,—темір сандық су кірмейтін»,

Бәріне ұсталардың қылды жарлық.
* Түпнұсқада осылай берілген.

қисса  шаһизада
Жасады бір сандықтың сүгіретін,
Сарайдай іші жақсы, өзі һәм кең.
Сырты аппақ, жарқылдаған өзі болат,

Жеп-жеңіл, салмағы жоқ кемемен тең.
Зарлықты қызыменен шақырып алып,
Бұларды бекітеді ішке салып.
Сандықты суға апарып салдырыпты,

Патша жаман қатты қаһарланып.
Жазушы қолға қағаз, қалам алсын,
Һәр сөздің ұйқасына көзін салсын.
Азырақ дариядан сөз қылалық,

Патша бұлай жерде тұрып қалсын.
Ағызған дарияның аты Қылзам,
Бітпеген һеш жеріне шөп пен шалаң.
Ағысы темір салса ағызады екен,

Жаратқан күшті қылып Хақ Тағалам.
Шаһизада сонда он бес жасында екен,
Іздеген ғашық жары қасында екен.
Зырқырап сандық төмен ағып кетті,

Ол шаһар дарияның басында екен.
Жаратқан Құдайымның құдіреті мол,
Шын-Машын төменінде дарияның сол.
Қылзамның ағысының күштілігі,

Бір күнде жүреді екен бір айлық жол.
Ол сандық төмен қарай ағып кетті,
Арада неше мүддат күндер өтті.
Бар екен дарияның айналмасы,

Келуге бір күндікке жақын шеті.
Айналымы Шын-Машынға қатар екен,
Қайғымен Зарлық іште жатар екен.
Атасы қыздың азық беріп салған,

Күнінде қорек қылып татар екен.

ғашықтық  дастандар
Ол сандық айналымға жақын жетті,
Құдайым құдіретін бұлайша етті.
Сарқырап екпінменен келгеннен соң,

Далаға айналымнан шығып кетті.
Ол бір жер дарияның иіні деген,
Бендеге онан өту қиын деген.
Сандықпен шаһизада қырға шықты,

Ойы жоқ дариядан шығам деген.
Келтірдік Бақыт патша қаласына,
Жүргізіп дарияның саласына.
Жамағат, құлақ салып тыңдай берің,

Атасын біз қосалық баласына.
Екі аңшы түзде жүріп,
Сандықты қыр басында тұрған көріп.
Бекіткен кілтін ағытпай аузындағы,

Патшаға хабар берді жетіп келіп.
Есітіп патша мұны қайран қалды,
Қасына біраз әскер ертіп алды.
«Кеуілімді қайғы басқан көтерем» деп,

Патшаның ол сандыққа өзі барды.
Жігіттер талқан қылды жинап тасты,
Қоймады, бір сағатта аузын ашты.
Биһұш болып, есі кетіп, талып жатты,

Ішінен тауып алды екі жасты.
Екеуі жатыр екен ғашық пен жар,
Шықпаған шыбын жаны шалажансар.
Қараса жігіт Зарлық екен,

Патша мұны көріп жылайды зар.

—Айналайын, шырағым,

Аспаннан ұшып келдің бе,
Алланың мініп пырағын.
Он жасыңа келген соң,

қисса  шаһизада
Сорлы атаңды зарлатып,
Болмады қолда тұрағың.
Сұмырай басым ақыл тап,

Қарағым есен келген соң.
Жолдастарым елге шап,
Істеңіз тойдың шырағын.
Патша шүкір қылып, йасин айтты,

Баласы бұрынғыдай есін жиды.
Жайының атасына бәрін айтып,
Жыласып шаһарына жүгірісті.
Бұл әскер қуанғаннан елге шапты,

Қуантып анасына жалпылдапты.
Жарылып қуанғаннан жүрек қабы,
Анасы сол арада қаза тапты.
Оқыды анасының жаназасын,

Моллаға үлестіріп садақасын.
Қарт адам қаза жетіп өтті былай,
Зарлықтың ұзын қылсын ғұмыр жасын.

Бағдатта патша болған Ғабдумәлік,
Кеңейген кезегіне халифалық.
Бағынған батыс, шығыс мемлекеті,
Исламдық ту көтерген жұмлә халық.

Мекендеп Бағдат жерін араб, түрік,
Қалмайтын ежелгіден ғадат-ғұрып.
Түрліше шаруа жиған адамдар көп
Базарда сауда етіп, мал өсіріп.

Кәрімбай, Сәлімбайлар бай болыпты,
Мал-мүлкі, салтанаты сай өтіпті.
Достығы бір-біріне сондай адал
Аралас алыс-беріс жай болыпты.

Баласы Кәрімбайдың Қасымбек-ті,
Баласы Сәлімбайдың Асылбек-ті.
Оқыса, ойнаса да бірге өсіп,
Дос болып екі мырза өсіп жетті.

Асылбек оқу біліп ғалым болды,
Даңқы, мағлұматы мәлім болды.
Алданып салтанат пен мал-мүлікке
Қасымбек өзі надан, зәлім болды.

Патшаның оң көзінде бұлар болып,
Сыйласып зор сияпат, құрмет көріп.
Байларды құзырына қабыл етті,
Падиша Ғабдумәлік көңіл бөліп.

Асылбек пен Гүлжиһанның
қиссасы

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Екеуі балаларын сынға берді,
Ақылмен Мәлік патша сынап көрді.
Білімін сыр-сипатын тергеп, қарап,

Асылға грамоті мақтау берді.
Асылды білімпаздар қатарына
Куәлік берді сұлтан жатарына.

—Қасым,—деді,—оқымаған, надан жігіт,

Сайрандар мал бақтырған отарына.
Кәрімбай Қасымбекке қалың берді,
Белгілі мар атанған малын берді.
Асылбек қыз таңдайтын, жаратпайтын,

Қасымың таңдап алған жарын көрді.
Қасым айтты:—Балдызым бұдан көркем,
Аласың, қызығасың оны көрсең.

—Көрейін көркеміңді, мақұл,—деді

Асыл да балдызын шақырды ертең.
Сұлу қыз көркемсиді Асылбекке,
Икемдеп үгіттейді Қасымбек те.
Сөйлесіп, әзіл сөзбен тіл қағысып,

Сынады құлқы, әдебін Асылбек те.
Сұлу қыз керіледі қасын керіп,
Зорайтты мәжілісті Қасым кәріп.
«Оқымаған надан қыз керек пе» деп,

Балдызын ұнатпады Асыл көріп.
Бұл сөзге Қасым кетті ашуланып,
Досына шаң тигізбес қатуланып.
Асылбек ғалым иесі, білімді адам,

Сұлу қыз таңдамалы табуы анық.
Сонымен біраз ғана күндер өтті,
Сол үшін өкпелеумен Қасым кетті.
«Жарыңды таңдап алған көрермін» деп,

Қасымбек ауыр сөзбен серттер етті.

ғашықтық  дастандар
Сәлімбай баласына сөз айтады,
«Қартайдым қалыңдық ал» деп айтады.
«Бірақ та ажал жетіп өліп кетсем,

Арман» деп қайғы-қасірет жеп айтады.
Асылбек жұбатады ата-анасын:

—Қайғырма тыйып ал,—деп,—көздің жасын,

Әйелдің теңім емес керегі жоқ,
Тілей бер тірлігімді қара басым.
Асылбек мырза болды топтан озған,
Көп адам жете алмады қолын созған.

Асылбек өзі ғалым, өзі жомарт,
Тәрбие, салтанатты, бақыт қонған.
Сәлімбай баласына ақыл берді,
Көп көрген дүниені ақылды ер-ді.

«Аралап,—деді,—елді саяхат ет»
Дегенді Асылбек те мақұл көрді.
Көп малмен Асыл мырза Шамға жүрді,
Көп адам керуен тартып, жолға жүрді.

Сәндікке жібек шатыр, кілем жауып,
Тройке пәуескемен алға жүрді.
Бағдаттан Шам шәріне айлық жер-ді,
Керуенші нөкерлермен тәуір қолды.

Шамасы екі жұма жол жүргенде,
Дегенге керуен сарай жақын келді.
Бұл болды керуен сарай Ахмет байдың,
Жолаушы, керуеншілер көрген қайран.

Әдейі тәрбиеші адамдармен
Жыл бойы тоқтауы жоқ он екі айдың.
Ол үшін азық тамақ жететұғын,
Керуендер тойып ішіп кететұғын.

Ахмет бай бұл күндерде өлген екен,
Орнына қызы мирас ететұғын.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Жіберді сарай басы керуендерге:
«Мырзасы нөкерлермен, керуендер де
Түгелдей бізге жүріп қонақ болсын,

Еш адам келмей кетпес жүргендерде».
Дем алып қонақ болды сарайында,
Сұрады аты-жөнін һәм жайын да.
«Сәлімбай—әкем аты, мен—Асылбек»,

Шақыртты «танысалық» деп қожайынға.
Сарайбасы Асылға сөйлейді сөз:

—Келмейді ол қожайын, күдеріңді үз,

Әкесі Ахмет байдан қалған мирас,
Гүлжиһан шешесімен ол жалғыз қыз.
Гүлжиһан көп оқыған бұ да ғалым,
Әкесінің байлығымен жұртқа мәлім.

Болғанда өзі көркем, өзі дана,
Жетпейді жүздесуге сенің халің.
Асылбек бұл сөзіне ғажап қалды,
Әзілмен жолдастарға мазақтанды.

Жіберіп бір жолдасын қағаз жазып,
Асылбек қыз көруге талаптанды.
«Гүлжиһан, бізден сәлем анаңыз бен,
Алыңыз шын ілтипат және бізден.

Баласы Сәлімбайдың мен Асылбек,
Танысып, сөйлеселік көзімізбен».
Деп жазды Гүлжиһан да: «Асыл сізге,
Қыз таңдап жаратпайтын Асыл сіз бе?

Бұрында хабарыңды естуші едім,
Болмаспын лайықты мен де сізге.
Жүре бер, жолың болсын базарыңа,
Шамда қыз көп, аларсың назарыңа.

Баруға менің сізге уақытым жоқ,
Бата етем өлген әкем мазарына».

ғашықтық  дастандар
Асылбек көрді сөзі қатты мәнді,
Көре алмай қыздың жүзін қапаланды.
Әйткенмен, сапарына жүре берді,

«Көрем,—деп,—қайтарымда-ақ Гүлжиһанды».
Жол жүріп екі жұма Шамға жетті,
Арада талай ыстық шаңдар өтті.
Керуен, нөкерінен озып барып,

Демалып аз ғана күн базар етті.
Базарға сатты бұлдап барған малын,
Дабылы Асылбектің болды мәлім.
Базарда бірнеше күн сейіл құрып,

Дайындап қажетінің алды бәрін.
Базарда бір топ адам көрінеді,
Мұнда бар сауда сату делінеді.
Қараса бір ғажайып сақина екен,

Бар халық соны алуға желігеді.
Асылбек келді топқа, саудалады,
«Алсам деп Гүлжиһанға» ойланады.
Сақина өзі ғажап, өзі қымбат,

Көп халық әлі келмей қаумалады.

—Он алтын хақы,—деді сақинаның,

Бір үйдің хақы тұрады жиған малдың.
Асылбек он алтынды алды беріп,
Етеді үйді жарық жаққан шамнан.
Базардан қайтты елге керуенімен,

Келіскен салтанатты серуенімен.
Ауылына Ахмет байдың жақын келіп,
Нөкермен озат жүрді көрінгеннен.
Нөкермен Асыл мырза кеңеседі,

Бұл жерде бір жеті күн дем етеді,
«Шақырып Гүлжиһанды көремін» деп,
Нөкерлер мұның қалай демес еді.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Жіберді қағаз жазып бір жолдасын,
Басқарған серік еді нөкер басын.
Гүлжиһан шешесімен ақылдасып,

Баруға берді уәде мәслихатын.
Жазған хат өлең еді Гүлжиһанға,
Өлеңді оқып, хош алды Гүлжиһан да.
«Бұл жігіт данышпанның өзі екен,—деп,

Сөз жазған тәтті, дәмді бұл мысалда».
Асылбектің қызға өлеңі
«Сәлем жазды[қ], сұлу қыз,
Саламат бол, сұлу қыз.

Сіздер онда, біз мұнда,
Сау болалық сіз бен біз.
Жатырмысыз бейқамда,
Дабылың шыққан жиһанға.

Азаматың, нөкерің,
Кел қонаққа мейманға.
Біздің шатыр ақ шатыр,
Алтын, барқыт тақ шатыр.

Мәжілісіміз көркейіп,
Ішкен шарап бал татыр.
Танысалық, көрелік,
Алысалық, берелік.

Хош алысып достасып,
Мақұл сөзге «е» делік.
Біз келеміз базардан,
Өзіңе мәлім сапардан.

Шақырғанға келмейтін,
Кімді көрдің қасарған.
Мен Сәлімбай баласы,
Елім Бағдат қаласы.

Ғабдумәлік падиша
Сүйенішті панасы.

ғашықтық  дастандар
Хат жазушы Асылбек,
Анық түсін «досым» деп.
Қалдырмастан ала кел,

Болса да сонша досың көп».
Үш ауыз Гүлжиһан да өлең жазды,
Жоғарғы мектеп көрген білімпаз-ды.
Аз сөйлеп, көп мағына туғызатын,

Әйелде жеке туған ол сабаз-ды.
Гүлжиһанның Асылбекке хаты
«Баралық, Асыл мырза, шақырғанға,
Бармасақ айып бол[ар] шақырғанда.

Сыр алып, дәм татысу бізге әуес,
Өзіңдей асыл затпен қадірманда.
Біздің ел Бағдат жерін жайламаған,
Әзіл сөз бізге айтпайды қаймана адам.

Жомарттық, салтанаттың бәрі өзіңде,
Жігітте болып тұрсың айлалаған.
Жатырмыз мін таба алмай сөзіңізден,
Көрейік мәжілістесіп өзіңізбен.

«Жазмыштан озмыш болмас» деген де бар,
Тағдыр күш бұйырмаса өзге сізденң.
Қыз келді тройке мен күйме жегіп,
Таң етпес көрген адам оған нағып.

Анасы бірге отыр Сара деген,
Тұрмыста көрген емес бейнет шегіп.
Асылбек мырза еді шыққан дауға,
Арнады гауһар жүзікті Гүлжиһанға.

Хат жазып конверттеулі қызға берді,
Қуанды сый-құрметке Гүлжиһан да.
Гүлжиһан хатты оқыды өлеңменен,
Сөз мәнісі секілді тереңдеген.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Шешесі ел адамы кеңес құрып,
Бәрі де көп мәслихат етем деген.
Асылбектің қызға конвертті хаты

«Сұлу қыз, бүгін көрдім ай жүзіңді,
Күмістен он саусағың тартқан сым-ды.
Бағдатта елден озған мен Асылбек,
Қыз таңдап жүруші едім сендей сынды.

Жарық еткен қараңғыны сенің нұрың,
Аз сөзді, мағыналы ішкі сырың.
Көруге сипатыңнан мін таппадым,
Өлшеусіз саған біткен ақыл-білім.

Арнаулы алдым саған гауһар жүзік,
Алынған он ділдаға хақы үздік.
Құрбылық белгім берген алып тұршы,
Керексе шам болады жарық түсіп.

Білімнің пән оқыған дариясын,
Ақылың ақылыма жариясын.
Таппадым көркем сұлу сайрандап та,
Бағдат, Басраның жер қиясын.

Маған тең болдың, Жиһан, асыл айнам,
Тиіп тұр жомарттықпен елге пайдаң.
Бұл сырым маған мақұл, саған қалай,
Жүрелік ерлі-зайып етіп сайран.

Бұл сөздің жауабын бер, мақұл көрсең,
Қош айтып, сүйер жар деп жақын көрсең.
Келе атқан алыс жерден біз жолаушы,
Жөн шығар ақылдасып күні ертең».

Гүлжиһан сәлем хатты дереу жазды,
Жазылған сәлем хатта сөзі дәмді.
Жұмсады бір жігітке «беріп кел» деп,
Хат жазып өлеңменен көркем, сәнді.

ғашықтық  дастандар
Гүлжиһанның Асылбекке жазғаны
«Көркем жігіт, Асылжан,
Әлеуметің бар ұрған.

Бір сұңқарды өзіңдей
Мен де күттім жасымнан.
Көркем, сұлу ажарың,
Салтанат, сәнді базарың.

Лайықсыз деп кім айтар,
Жазылса сізбен әзалым.
Күткенім менің сендей-ді,
Өзіңдей сабаз келмейді.

Бақыт, дәулет кернесе,
Тең іздеп ерлер желдейді.
Бізге келің қонаққа,
Асықпай қонақ бол апта.

Сыр-сипатың танылды,
Кім екеніңді сұрап та.
Ару жігіт, ай жігіт,
Саған теңдес қай жігіт.

Абыройлық, адамдық,
Бәрі өзіңде сай жігіт.
Сенсің менің теңдесім,
Падишадай келбетің.

Күнім түссе жаманға,
Көре алам ба ел бетін.
Талай жігіт сөз салған,
Қарай-қарай көзі талған.

Ізіңе басқан тұрмайды,
Болмады сендей жол салған.
Көркем, сұлу біздер бар,
Біз күтеміз сіздей жар.

Хат жазушы Гүлжиһан,
Сүйер досың ынтызар».
Шақырды шабарманы Гүлжиһанның,
Гүлжиһан сұлуы еді бұл жаһанның.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Асылбекке хат келді өлеңменен,
Қуанды талабым деп мақұлданды.
Гүлжиһан қабыл алып қонақ етті,

Құрметші, сауықшылар мол-ақ етті.
Ұдайы үш күн жалғас қонақ етіп,
Түгелдей нөкерлерге сыйлық жетті.
Гүлжиһан Асылбекке тимек болды,

Екі жас бірі-бірін сүймек болды.
Шешесі ел-досына ақылдасып,
Құдалық мақұлдасты ғұрып жолды.
Жіберді ауылына жолдастарын,

Тапсырды әкесіне базар малын.
Әкесін, ел адамын шақыртады,
Құдалық жүргізуге сыйлық заңын.
Асылбек жата берді қайын елде,

Көргені күнде қызық серуен-ді
Керуендер Бағдатқа барып жетті,
Өткізіп неше күндер белде-белде.
Сәлімбай шақыртады ескі досын,

Бәріне мәлім етті көңіл хошын.
Арнаулы жолдастармен жолға шықты,
Құдалық өткізуге ғұрып кешін.
Қарсы алып құдаларды етті құрмет,

Ішінде Асыл да бар бірге жүрмек.
Қонақтың сарайында орналастырды,
Жететін неше күнге еткен құрмет.
Ұзатты Гүлжиһанды, бірге жүрді,

Қызықтар болып өтті әрбір түрлі.
Келіні Гүлжиһанды көргеннен соң,
Армансыз Сәлімбайдың көңілі тынды.
Гүлжиһан көш бойында пәуескемен,

Бозбала соңына ерген әуеспенен.

ғашықтық  дастандар
Ай жүзі жарқырайды Гүлжиһанның,
Көрініп анда-санда пәуескеден.
Тойында Сәлімбайдың Қасым да бар,

Не түрлі сорақыны Қасым табар.
Гүлжиһан өзі көркем, өзі дана,
Қасымның көріп көңілі оттай жанар.
Осылай біраз күн мен айлар өтті,

Салтанат саясатты жайлар өтті.
Елімен Гүлжиһанды таныстырып,
Асылбек достарын сайран етті.
Бір кезде әзіл етті Қасым келіп:

—Әйелің өзі көркем, өзі керік.

Әйелді қанша сүйіп мақтасаң да,
Болмайды ойдағыдай ақыл серік.
Асылбек:

—Жақсы әйел баға жетпес жан жолдасың,

Талапты жігіт табар қор болмасын.
Оқыған ақыл иесі адал әйел,
Мен нанам ер адамнан кем болмасын.
Қасымбек:

—Әй, Асыл, әйеліңе нандың неге,

Жақсыны елден таңдап алдым деме.
Жақсы әйел талай ерді сататұғын,
Сыр алып бой үйретіп келе-келе.
Асылбек:

—Мен ондай надан әйел алмадым да,

Елінен Бағдат, Ирақ таңдадым да.
Достығы ақыреттік әйелдер бар,
Таңдаған әйеліңе нанбадың ба?

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Қасымбек:

—Әй, Асыл, бұл сөзіме нанбағаның,

Болмады әйел сынап барлағаның.
Айлық жолға сапар шық, сынап берем,
Кім екенін елді кезіп таңдағаның.
Шарт етті екеуі де мал-мүлкін,

Қол қойды шарт қағазға бұлар еркін.
Әйелі азса Асылбек жеңілгені,
Береді Қасымбекке жиған мүлкін.
Аздырса Гүлжиһанды Қасым жеңбек,

Бұл үшін Қасым мырза етпек еңбек.
Әгар да әйел азбай, сипат* таппай
Ол күнде мал-мүлкін Қасым бермек.
Бұл кезде Сәлімбай да өліп еді,

Асылбек түгел қожа болып еді.
Қасымбек өте жауыз, күншіл адам,
Әдісі қара ақылға толық еді.
Асылбек базар шыға даярланды,

Сол үшін керуен түзеп базар малды.
«Жүруің бұл базарға емес мақұл»,
Гүлжиһан «түс көрдім» деп азарланды.

—Түсімде ат-тоныңмен сайға түстің,

Күте алмас қасірет-қайғы жайға түстің.
Ат-тоның, киіміңмен садаға деп,
Құтқардым себебімен еңбек күштің.
Асыл айтты:—Базарға барам,—деді,

Меншікті өзгермесін талап,—деді,
«Түс—түлкінің боғы» деген бар ғой,
Кіргізбе көңіліме алаң,—�����
деді.

* Сипат—мәтінде кемшілік, жаман мінез мағынасында алынған.

ғашықтық  дастандар
Асылбек базар кетті керуен қолмен,
Баяғы керуен сарай келген жолмен.
Тыңдалсын ендігі сөз Қасымбектен,

Уәдені орындамақ шартқа берген.
Қасымбек Гүлжиһанға келді барлап,
Әзілдеп Гүлжиһанды білмек барлап.
Есігі Гүлжиһанның кілттеулі еді,

Шақырды жалшы әйелді хабар алмақ.
Жалшы әйел ас пісіруші Ажар еді,

—Жұмысым бар Гүлжиһанда, Ажар,—деді

Ажар барып Гүлжиһанға хабар етті,
«Қасымбек қызметі бар сұрар» деді.
Гүлжиһан Қасымбектен ығыспады:

—Менде жоқ Қасымбектің жұмыстары.

Ол үшін бұдан былай тағы келме,
Шешілер Асылбектен жұмыс халі.
Қасымбек мұның үшін қапаланды,
Шарт та бар орындайтын күшті заңды.

«Қайткенде Гүлжиһанды азғырам» деп,
Ұйықтамай уайым шекті атар таңды.
Жарлы еді жарымаған Ажар қатын,
Өтінді Қасым оған иіп басын.

«Жүзікті қолындағы ұрлап бер» деп,
Бұл үшін бір мың сомдай алды қатын.
Су берді Гүлжиһанға жуынарлық,
Қасымның орындамақ берген жарлық.

Гүлжиһан жүзікті алып жерге қойды,
Ажардың жұмысы еді су құярлық.
Су құйып су сауытын алып кетті,
Жүзікті жан қалтаға салып кетті.

Қуанып Ажар қатын «ұқсаттым» деп,
Қасымға гауһар жүзік алып жетті.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Гүлжиһан жүзік жоғын жарламады,
Айтуға ұрлаттым деп арланады.
Қасымбек жүзікті алып көңілі тынып,

Тағы да қайла қарап қамданады.
Баласы Құмарша еді Сапарбектің,
Жас жігіт тәуірі еді жеткіншектің.
Өлтіріп Құмаршаны тыға салды,

Жала үшін Гүлжиһанға еткен серттің.
Ол үшін Ажар қатын айғақ болмақ,
«Гүлжиһан Құмаршамен зина қылмақ,
Жиһанның төсегінен ұстадым мен,

Төзбеді, өліп кетті, соқтым қолдап.
Қасымбек бар планын даярлады,
Жоюға Гүлжиһанды аянбады.
Асылды шарт бойынша жеңіп болса,

Жоқ еді Қасымбектің аяр малы.
Ай жүріп Асылбек те келді еліне,
Бір жүрген нөкер болып ерлері де.
Гүлжиһан көңілі тасып қуанады,

Асылдың есен-аман келгеніне.
Қасымбек Асылбекті алдап жүрген,
Шарты көп орындайтын әрбір түрден.
Асылға келісімен баян етті,

Кеткелі тапқаным деп көрген-білген.

—Әйелің Құмарша мен зина қылған,

Арамға адалыңды иба қылған.
Бұл үшін Ажар қатын ашық айғақ,
Себебі ақымақсың ғой дүние қуған.
Қойнынан Құмаршаны ұстап алдым,

Өлтірдім қапияда, бір-ақ салдым.
Жанынан гауһар жүзік және шықты,
Қайғырып ызасынан естен тандым.

ғашықтық  дастандар
Асылбек нанып бұған есі кетті,
Қасымның айтқан сөзі сертке жетті.
Жай-мәнін болған істің сұрап еді,

«Рас» деп Ажар қатын шалт етті.
Қасым айтты:—Серттерім орындалды,
Бересің емения, жиған малды.
Ақылсыз бір әйелге сонша нанып,

Көрмедім аңқау, ақымақ сендей жанды.
Асылбек аһ ұрып қапаланды,
«Беретін күн туды,—деп,—мал мен жанды».
Тез түрде екі қайық әзірлетті,

Теңізге жібермекші Гүлжиһанды.
Қайықтың тартатұғын ескегі жоқ,
Бақ қайтса талан тайып еспегі жоқ.
«Суға кетіп, Гүлжиһанды өлсін» деді,

Білмейді, бұл кеңесте Гүлжиһан жоқ.

—Есен-сау базарыңнан келгенің бе,

Кідірмей бірден үйге келмедің де?
Гүлжиһан Асылбекке аң-таң қалды,
«Апырым-ай, не кінәм бар,—деп,—өз бойымда».
Асыл айтты:—Суменен сайрандалық,

Көрелік таң-тамаша Бағдат барып.
Азықтың керегі жоқ,—деді Асыл,
Жиһан шықты бір-бір костюм киім алып.
Мінгізді Гүлжиһанды шақ қайыққа,

Жиһан айтты:—Ескек жоқ шақ қайықта.
Асыл айтты:—Ол қайық тіркеулі тұр,
Қорқуға мен тұрғанда лайық па?
Теңізбен бұлар кетті сайран етіп,

Асылбек тауыспады ойлап жетіп.
Қайығын Гүлжиһанның қоя берді,
Қош айтып, кейін бұрып ағып өтіп.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Жөнелді «қош, сау бол!» деп Асыл кейін,
Гүлжиһан ойламады оған дейін.
«Әй, Асыл, ойнама!» деп, дауыстады,

Гүлжиһан деп ойлады бұны ойын.
Жиһанның Асылға айтқаны

—Әй, Асылжан, Асылжан,

Ойнадың ба, Асылжан.
Ажарыңа қарасам,
Шырай жүзің ашынған.
Мұндай ойын көрдің бе,

Неге қаштың қасымнан?
Ескексіз қайық үстінде,
Қорықтым, айнам, басымнан.
Жібермекші тереңге,

Ығындап қайық жосылған.
Асылбектің Гүлжиһанға жауабы

—Гүлжиһан, сумен ағып өлерсің де,

Тұрмысқа басқа түскен төзерсің де.
Өзіңнің зұлымдығың келді алдыңа,
Қалтаңда хат оқысаң көрерсің де.
Гүлжиһан хатты көріп қапаланды,

Түсінді Қасымбектен болған халды.
«Наб-нақақ бір пәлеге қалдым-ау!» деп,
Асылдың амалына естен танды.
Гүлжиһанның ескексіз қайық үстінде бара жатып, Асылға

қарап толғағаны

—Жан-жолдасым, Асылбек,

Бас қосқамын асыл деп.
Байлық, бақыт арылмас,
Табы таза нәсіл деп.

ғашықтық  дастандар
Жамандыққа қиғаның,
Мен үшін өсек жиғаның,
Оған не амал етейін.

Дұшпанды досым деп,
Араға шайтан жүргізген,
Кеудеге нәлет кіргізген,
Қасірет, қайғы күн салып,

Нәлет соқсын, Қасымбек.
Қасымға неге нанғаның,
Дұшпаның еді ол сенің.
Болар саған күн екен,

Талан-таражы жан, малың.
Біле алмадың, Асылжан,
Сырым жоқ еді сенен жасырған.
Арамызға от салған

Қасымбектің арманы.
Ажал жетсе кім өлмес,
Обалым сені жібермес.
Жігіт болсаң, Асылбек,

Кінәласып түгендес.
Әй, Асылбек, Асылбек,
Базар шығып кешіктің,
Маған неге өшіктің?

Болмасын саған білдің бе,
Маған болған несіптің?
Ажалыма айдадың,
Жаман ақыл ойладың.

Ақыреттік досым-ай,
Өлімге мені байладың.
Халыққа қылдың келемеж,
Естіген адам не демес.

Ағыздың мені теңізге,
Басатұғын жер емес.
Адал едім, білмедің,
Жан досың[ды] күндедің.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Бейкүнә жанды өлтірген
Қасымбекті кім дедің?
Қылмысым болса істеген,

Сипатым болса түстеген.
Арманым жоқ өлтірсең,
Сондай бір ауыр іспенен.
Маған қаза еттім деп,

Құмаршаны өлтірген.
Жанына қаза келтірген,
Көре алмаған арамза,
Ойлағанын жеткізген.

Оныменен ант еткен,
Антың сенің бар екен.
Бір ауыз сөздің құны үшін,
Малы-мүлкін шарт еткен.

Опасыздық солар-ай,
Білген ерге ар екен.
Бұны неге білмедің,
Мен кәріпті күндедің.

Ақ-қарасын айырмай,
Ақылға тапшы сен бе едің?
Қара жүрек Қасымның
Ойлағаны бар еді,

Ғашықтықтың зары еді.
Айтуға уақыт бермедің,
Қапыл едім білмедің.
Мақсаты болмай қор еді,

Тағдырым мені айдаған,
Тар қайыққа байлаған.
Ауызға жейтін жемім жоқ,
Боламын қайтіп қайта адам?

Қалмады халім өлмеске,
Тағдырыма көнбеске.
Таланым тайып, бақ көшті,
Айналып қайта келмес-ті.

ғашықтық  дастандар
Асылбек пен Қасымбек,
Құмаршаның қаны үшін,
Мен кәріптің ары үшін,

Бір қайырылып теңдесе.
Қара жүрек Қасымбек,
Басыңа түссін жасын кеп.
Жаһаннамға барарсың,

Әділ үкім кездессе.
Гүлжиһанның Асылбектен күдер үзіп, теңізге қарап
жалбарынғаны

—Жұтамысың шынымен,

Басараның теңізі.
Естіп, көрген пенде жоқ,
Ауыздан шыққан лебізді,
Адамға зауал келтірген,

Сөйлеген сөздің семізі.
Жаудыраған көздерім,
Маңдайға біткен егізі.
Желдей қайық үстінде

Кездесіп мұндай мүшкілге.
Дәуренімді таныдым,
Дөп бүгін соңғы негізі.
Тағдырым бүгін шешілді,

Тапсырдым Хаққа ниетімді.
Мені бүгін көрмесе,
Маған да өмір есіл-ді.
Кең дүние маған тарылды,

Кімге айтамын зарымды.
Бар ғаламның қожасы,
Көрмесең өзің халімді.
Ескексіз қайық үстінде,

Өлемін деп еш білді.
Бұтасы жоқ ақ теңіз,
Өткіздім үш күн, үш түнді.
Соққан желге жөнелдім

Бұ теңіздің түбіне.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Маған деген тағдыр күн,
Ертеңгі ме, бүгінгі бе?
Сара ханым атанған,

Шешем, сені көрмедім,
Бір көріп сені өлмедім,
Үш күн, үш түн суға ағып,
Ұйқы беріп, су бағып,

Ажалым жетті, меңдедім.
Жүрегім, қорқып жарылма,
Мен үшін, дүние, тарылма.
Тосқан күнім болды ма,

Басым аман шағымда!
Ұйқы беріп, қайғы алдым,
Ұшан теңіз айналдым.
Жардай құлап соғылған,

Ақбас толқынға айдалдым.
Қанат қағып ұшқан құс,
Бірің де мұнда келмейсің.
Құс жүрмейтін теңізге

Айдаған мені кім дейсің.
Тамақ, азық менде жоқ,
Мені көрер пенде жоқ.
Қара жерге зар болдым,

Мен сиярлық жер де жоқ.
Осы кезде болғанда,
Сумен аққан бір бұрыс
Қайыққа келді дұп-дұрыс.

Қосақтады жаулықпен,
Қайыққа бекем бол[ып] күш.
Бекем қылды қайықты,
Қауіптен енді айықты.

Судан басқа тағам жоқ,
Аштықтан әбден тарықты.
Гүлжиһан ұйықтап кетті жылай-жылай,
Солыпты алмадай-ақ біткен шырай.

Оянбай күні бойы ұйықтап қалды,
Қайырлап бір аралға кеме тұрды-ай.

ғашықтық  дастандар
Оянса қара жерге тұрған қайық,
Қуанды қара жерге көңілі байып.
Тағы да қайғыланып өлең айтты,

Көңілін өлеңменен жуып-шайып.
Гүлжиһанның аралды көріп айтқаны

—Көрінген мынау арал ма,

Кімдер мұнда, адам ба.
Арыстан, аю, жолбарыс
Мекен тебер аралға.
Арал толған паңдар ма,

Адам қорқар таңдар ма?
Мен ғаріпке болмаса
Ататұғын таң бар ма?
Арал толған жеміс-ті,

Болатын еді келісті.
Таланыма тап болғай,
Аштығым менің жетісті.
Рахатты күн маған жоқ,

Қуанам болса тамақ тоқ.
Көкірегімді өртеген,
Дұшпанымнан тиген оқ.
Қозғалсын ендігі сөз Асылбектен,

Болмаса шарт қожасы Қасымбектен.
Суменен Гүлжиһанды қоя беріп,
Кез еді орындайтын шарттарды еткен.
Асылға Қасым келді сардарменен,

Асылдың таласы жоқ жанжалменен.
Асылбек мал-мүліктен түгел шықты,
Мың сом алып түрліше жолдарменен.
Асылбек жомарт еді, кең пейілді,

Азға сынып, көпке таспас, кең пейілді.
Мың сомды бір-екі айда тамам етті,
Жомарттық мәжіліспенен әрдайымды.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Қасымнан сұрап еді, жүз сом берді,
«Келме» деп мұнан былай Асыл ерді.
Жүз сомға Асыл, сірә, күнелтпеді,

Қасымнан сауға сұрап келе берді.
Айрылып ақылынан арыды енді,
Таусылды басып жарлық бәрі де енді.
Дос күйіп, дұшпан күліп, қорлық көріп,

Тұрмыстың түсті басқа түрі де енді.
Бір күні Қасым ойлап ақыл тапты,
Сотпенен үкім қоюға ақылдасты.
«Мал ұрлап, шарбағымнан ұстадым» деп

Асылды шын жоюға мақұл тапты.
Сотта айғақ болатын Ажар қатын,
Ол үшін толық алды Ажар бәсін.
Айғақпен бес жыл түрме сот қойылып,

Асыл төгіп жөнелді көздің жасын.
Ал енді сөз сөйлейін Гүлжиһаннан,
Көп көрген қасірет-қайғы бұл жиһаннан.
Алтынды сынай алмай мыс деп білсе,

Сәулесін өшіретін маздап жанған.
Қайықтан шықты судың жағасына,
Таласып бәйтеректің панасына.
Дауыс бар арқыраған, күркіреген,

Тап болды кит балықтың қазасына.
Кит балық су жағалап ойнақтаған,
Арыстан оны аңдып сұмдық салған.
Азулы аң шапқан жерден алып түсті,

Кит балық сағатында өліп қалған.
Бірақ та кит балық та өте мықты,
Бөксесімен кит балық та ұрып жықты.
Арыстан белі үзіліп о да өлді,

Соғысы екеуінің болды мықты.

ғашықтық  дастандар
Өлгенін екеуінің көріп білді,
«Жермін» деп кит балықты көңілі тынды.
Амалдап шақпақ тастан от тамызып,

Біраз күн кит балықпен ауқат қылды.
Күнәсіз өте нақақ адамдар бар,
Ғайыптан тарыққанда ризық табар.
Қайығы түнде барып ұйықтар жері,

Жапанда жалғыз өзі кімге нанар.
Киімін алып шыққан киді сонда,
«Тілекті ата-баба,—������������
деді,—������

оңда!»
Жас жігіт өзі көркем болып шықты,
Күңіреніп өлең айтып анда-санда.
Гүлжиһанның жалғыз жалбарынып айтқан өлеңі

—Тағдырым, үкіміңе көндім-ау мен,

Әрқайда үмітім көп, рахматы кең.
Айрылған тұрмысы мен ел-жұртынан,
Дүниеде пендең бар ма менімен тең?
Мен қалайша аралда тұрмыс етем,

Қала ма мынау аңдардан жаным есен?
Безіндім бүйтіп тірлік еткенімнен,
Ажал бер, шын белімді будым бекем.
Болмаса бір себептер келтіре көр,

Дұшпанға мені аңдыған ете гөр тор.
Алшайып бала күннен өскен басым,
Осылай азып-тозып болам ба қор.

Мен жалғыз жапан түзде қайда барам,
Болмай тұр тіршілікте менің шарам.
Бұл күйде өлмей тірі жүре алам ба,
Бір жарық, тарықтым ғой, көрсет маған!

Аңдар бар аю, қасқыр адам жейтін,
Көруге шыдап болмайд адам кейпін.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Келмейді жатсам ұйқым, тұрсам күлкім,
Өзгерді қасіретпенен менің кейпім.
Мен қалай бұл күйіммен кімге сенем,

Төзбей[ді] дыбыс сезсе менім денем.
Бар болса маған деген ризық дәмің,
Бәрін де келтір маған, жинап терем.
Қоймады ерік өзіме айдаған дәм,

Кезінде болдым мен де маздаған шам.
Бір зауал кәмеліме көріп тұрмын,
Бола ма маған бір күн ататын таң.
Мұны айтып мұңаяды бегіректі,

Қарайды түрегеліп төңірекке.
Тыңдайтын, сөйлесетін бір адам жоқ,
Өлең сөз тіреліп тұр көкіректе.

Бір кезде шықты аралап жеміс барлап,
Төрт адам шыға келді бұған аңдап.
Қуанып адамзат деп шаттанса да,
Жабайы адам ба деп қаша барлап.

Төрт адам Гүлжиһанға дауыстады,
Ақылмен бұ да қорқып тауыспады.
«Мәлім ет, сіздер кімсіз, жақындама»
Деп Жиһан қорықса да ауыспады.

Олар айтты:—���������������������
Біз мұнда арестандар,
Барлығы мыңнан артық арестан бар,
Айыпкерлер жинаған лагері,—деді,

Ойлады «мұнда қандай тұрмыстар бар?»
Сұраса бұлар келген Аңқарадан,
Бұны бір әкім санап анталаған.

—Он жылдан үкім алған адамдармыз,

Жақсылық жоқ па,—деді,—заң тараған?

ғашықтық  дастандар
Киім жоқ, сақал-шаштар өсіп кеткен,
Өзгерген аң сияқты адам кептен.
Бәрі де мүлдем нақақ болып шықты,

Істерін айта жатар өткен-кеткен.
Олармен келді бірге қалың қолға,
Адамның аш-жалаңаш бәрі сонда.
Әркім де өз бетімен тамақ таппақ,

Аштықтан, азғындықтан жүрген зорға.
Сұрады Гүлжиһаннан:—Сен кімсің?—деп,
Адамға бұл арадан кемейсің,—деп.
Бұл жерлер халифалық лагер еді,

Жай адам бұл араға келмейді көп.
Жиһан айтты:—Бағдаттан мен жолаушы,
Кемемен сайран еттік көп жолаушы.
Кеме сынып көп адам ғарық болды,

Мен кеттім бір тақтаймен қия қайшы.
Сұрасаң өзім атым Жиһанша-ды,
Бітірген орта мектеп білім саны.
Қиындық естен кетпес көрдім талай,

Етем деп сумен сайран жер қияны.
Бір адам бұл лагерді басқаратын,
Жәрдемші етті Жиһаншаны хат жазатын.
Оларға киім, тамақ бере бермейд,

Істейтін жұмыс та жоқ басқаратын.
Лагерде хатшы болып бір жыл тұрды,
Жеткізді жоқ тәртіпті әрбір түрлі.
Адам көп аш-жалаңаш, әм мүгедек,

Бұлардың бәрін жазып хатқа тізді.
Алдырып адам етті сақал, шашын,
Паек беріп түзеді ішер асын.
Бұл үшін падишадан жарлық алды,

Жасатып казармалар етпей лашық.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Жылына екі рет қатынас бар Бағдатпенен,
Орталық халифалық Бағдат деген.
Кірем деп дәрулфунун мектебіне,

Хат жазды халифаға бармақпенен.
Бір күні келді жарлық халифадан,
«Бағдатқа келсін» деген халифа әм.
Жиһанша лагерменен амандасты,

—Әдейі бұйрық бар,—деп,—падишадан.

Жол жүріп, су жолымен Бағдат келді,
Рұқсатпен кіріп халифаға сәлем берді.
Халифа хал-жайларын сұрап қарап,
«Оқуға кіресің» деп талон берді.

Жиһанша бір жас жігіт пән оқыған,
Мектепке дәрулфунун кірді сонан.
Мақтаумен пән бітірген қағаз алып,
Оқуда екі жылдай күні толған.

Жиһанша бақ арасын аралайтын,
Қыздарға, жігіттерге қарамайтын.
Нөкермен патша қызы тура келді,
Кезі еді бау-садтарын аралайтын.

Нұржамал патша қызы сөз сөйлейді:

—Әй, жігіт, сен кім едің?—деп сөйлейді.

Бері кел, қашпа бізден танысалық,—
Тағы да әзіл-мазақ кеп сөйлейді.
Жиһанша айтты:—Мекте[пте] оқушымын,
Ақылға пән негізін тоқушымын.

Бұл жерлер сіздер жүрер сад екенін
Білуші едім, мен жайыма кетушімін.

—Әй, есіміңді айтшы, қош келесің,

Бұл жерге ертемен де кеш келесің.
Жүреміз сад ішінде сайран етіп,
Лайық па, неге бізден сескенесің?

ғашықтық  дастандар

—Бағдаттың Жиһаншасы менің атым,

Әйгілі халифаға жазған хатым.
Жоғарғы дәрулфунун класында,
Керексе таба аларсың асыл затым.
Деді де жүре берді мектебіне,

Нұржамал таңырқады өктеміне.
«Ойпырым-ай, бір қайырылмай кеткені ме,
Жарайды-ау, осы жігіт,—деп,—теңіме».
Бір күні іздеп барды Жиһаншаға,

Ұзамай тауып алды айтқан шама.

—Жиһанша, іздеп келдім, дос болайық,

Азырақ сайрандалық, жүр бақшаға.
Қоймады, алып кетті сад басына,
Қаратпай Жиһаншаға жақпасына.
Сөйлесіп әзіл-мазақ, түрлі бахас,

Ұнатты Жиһаншаны басқасы да.
Нұржамал шешесіне өтінеді:
«Досым бар дәрулфунун оқушы еді,
Қонаққа шақырамын әзірлік ет»

Дегенде, шешесі де «мақұл» деді.
Шақырды Жиһаншаны қонақ болды,
Түрліше тәтті тағам, шәрбат толды.
Нұржамал Жиһаншаға сездіреді,

«Мен сізге ғашық жарың» деген жолды.

—Жігітпін әй, Нұржамал, өзім жалғыз,

Болмаса оқу, білім және малсыз.
Патшаның Ғабдумәлік сен қызысың,
Қоя тұр бұл сөзіңді, болар мәнсіз.
Нұржамал қайғырады мұнан кейін,

Көңілі Жиһаншаның болмай бейім.
Шешесі Нұржамалдан сұрай берді:

—Сырыңды айт,—деп,—сен үшін уайым жейім.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Нұржамал шешесіне айтты сырын,
«Досым» деп Жиһаншаға ғашықтығын.

—Жиһанша рай сөзін бере алмады,

Деп айтып жарлылық пен жалғыздығын.
Шешесі айтты:—Нұржамал, уайым жеме,
Құтылмас нағыз сүйсең ондай неме.
Сұлтанмен ол жайында кеңесейін,

Жамалжан, ол арманың болмайд деме.
Сол үшін ханым айтып кеңес болды,
Сұлтан да мұның «қата» демес болды.

—Жиһанша қаперімде жоқ емес еді,—

Ханымға айтты:—Бұл сөзің маған қонды.
Халифа бұйрық жазды Жиһаншаға,
Оқуда екі жылдар болған шама.
«Жұмысың бар халифа ағзам құзырында,

Жаза бар тыңдамасаң келмей жәнең.
Жиһанша бұйрықты оқып таң қалады,
Болғанын Нұржамалдан аңғарады.
«Сау басым зор пәлеге қалдым-ау» деп,

Түрліше ақыл ойлап, заң қарады.
«Апырым-ай бұған қайтем, шын айтам ба,
Шын айтсам өзі алам деп шұнайта ма.
Болмаса Нұржамалды алам дейін,

Етермін оған айла бұлайша да».
Жиһанша келді дереу кабинетке,
Халифа «кірсін» деді кабинетте.
Халифа:—Мына үстелге отыр,—деді,

Тап болды ойдан да тыс хазаретке.
Түрліше бахас етті пән жолымен,
Жиһанша жауаптасты заң жолымен,
Ғылымы Жиһаншаның жетіп еді,

Дүниауи исламилық бар жолымен.

ғашықтық  дастандар
Сұрады Жиһаншаның ата-тегін,
Тағы да тұрмысы мен байлық шегін.

—Баласы Сәлімбайдың мен Жиһанша,

Ағам деп айтып салды Асылбегін.
Халифа Нұржамалды ұсынады,
Жиһанша қапаланып қысылады.
«Әмірлік қатарына қосармын» деп,

Халифа уәде берді құпиялы.
Халифа енді білді асыл ғой деп,
Ұқсайды Асылбекке ақыл, ойы деп.
Жиһанша ризалығын мәлім етті,

«Сіз қабыл болғанда мақұл ғой» деп.
Жиһанша күйеу болды шарасыздан,
Осындай халге жетті панасыз жан.
Халифа той жасады, ел шақырды,

Бұл тойға жиналды шамасыз жан.
Жиһанша Нұржамалмен бір күн жатты,
Мәжіліс өлеңменен таң да атты.
Уәде етті Нұржамалға үш жұманы,

«Некесіз қолданбалық,—деп,—харам затты».
Болсын деп үш жұмада неке тойы,
Халифа «мақұл» деді айтқан бойы.
Хат жазды халифаға арыз етіп,

Бар еді Гүлжиһанның ақыл-ойы.
«Әмірлік бер өтінемін лауазымың,
Көрейін әкімшілік һәм фазылын.
Асылбек, Қасымбектер араз еді,

Тергейін осылардың кім жазығын».
Әмір етіп тағайын хатын берді,
Пәуеске тройкелі атын берді.
Тергеуге зор қылмысты адамдарды,

Жоғарғы судьялық хақын берді.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Айналып үш жұмадай жүрмек болды,
Әмір болып Жиһаншаның көңілі толды.
Бағдаттан аттандырды салтанатпен,

Қорғаушы ахырандары бір топ қолды.
Тергеді сот істерді лагердегі,
Жоғарғы Аңқаралық әмірдегі.
Он жылдан үкім алып нақақ кеткен,

Босатты жүргендерді зәбірдегі.
Жағалап келді сонан өз еліне,
Қасымбек жетіп отыр кемеліне.
Мал-мүлкін Асылбектің түгел билеп,

Көндірді жұмыскерлерді дегеніне.
Тергеді Асылбектің ісін қарап,
Қойыпты Асылбекті жоққа санап.
Лагерден Асылбекті алдыртады,

Жариялады сот ісін де қайта қарап.
Әкесін Құмаршаның шақыртады:

—Білемісің кім өлтірді Құмаршаны?

—Ажар қатын бір кезде айтып ед,—деп,

Араз болып қуғанда Қасым аны.
Қасымбек әл бермейтін күшті адам,
Қырады бірдеме айтсақ бізді тамам.
Деді де көзін сулап жылай берді:

«Нақақтан күнәсіз өлді,—деп,—жалғыз балам».
Тағы да айғақ болды бір бес кісі:

—Қасымның өтіп ед,—деп,—қылған ісі.

Адалын Асылбектің көріп тұрып,
Айтпасақ бізді соғар ақтық ісі.
Қасымды, Ажарды да қапасқа алды,
Қасымға баян етті қылмыс халді.

—Жаламен Гүлжиһанды суға ағызып,

Асылдан қалай алдың,—деді,—дүние-малды?

ғашықтық  дастандар
Кім үшін Құмаршаның жойдың басын,
Сол үшін жойылмасын сенің басың.
Теп-тегін кетеді деп неге ойладың,

Асыл мен Гүлжиһанның көзі жасын?
Жиһанша Асылбектен сөз сұрады:

—Не қылмысты болдыңыз?—деп сұрады.

Асыл айтты:—«Малымды ұрлап ұстадың»,—деп,
Өтірік айғақ жаламен сот қарады.
Мал-мүлкімді ол алды хайламенен,
Ғарық етті әйелімді дарияменен.

Бар болса бізден қате кешірерсіз,
Әділ үкім етер деп сізге сенем.
Үш жыл болдым лагерде, арық болдым,
Аш-жалаңаш қорлықта кәріп болдым.

Теңдікке бүгін мені жеткізгейсіз,
Түсінем адамы деп әділ жолдың.
Үлгілі сот құрады Қасымбекке,
Дөп келді толар кезі қайғы-дертке.

Қасымды дарға асуға үкім етті,
Мал-мүлкін қайтаруға Асылбекке.
Қасымның конписке етті малы-мүлкін,
Асыл да құтқарылды болып еркін.

—Ажар қатын өмірлік катор,—деді,

Мал бөліп, Құмаршаға құн берілсін!
Осылай сот үкімін жария етті,
Жалладтар орындады, бәрін етті.
Бір адам Жиһаншаны танымайды,

Көрсетті барлық халық зор құрметті.
Асылбек өкінеді Гүлжиһанға,
«Ақылды, дана еді,—деп,—бар амалға».
Оңаша Жиһаншадан ақыл сұрайд,

«Іздесем табылар ма—деп,—бұл жаһанда?»

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Жиһанша

—Әй, Асыл, Гүлжиһан ба іздегенің,

Күдерді әлі күнге үзбегенің.
Ақыл-білім өзіңде толып жатыр,
Әлі көп білгеніңнен білмегенің.
Жиһанша бір үш ауыз әнге салды,

Асылбек оны естіп аң-таң қалды.
Өлеңі, әніменен бәрі таныс,
Ойда жоқ тыңдай қойды, сөзі дәмді.
Жиһаншаның үш ауыз өлеңі

—Ой, Асылбек, Асылбек,

Бас қосқансың асыл деп.
Көркем, сұлу, аруды,
Түбі таза нәсіл деп.
Алтын десем, жез бе едің,

Бір нәрсені сезбедің.
Су ағызған Жиһаннан,
Неге күдер үзбедің?
Гүлжиһан сенің жолдасың,

Ол сүйеніш, мұңдасың.
Білмедің бе, Асылбек,
Оған деген қазаның
Өзіңе айналып қонбасын.

—Хабарын Гүлжиһанның естіп едім,

Бір айналып келерсің, естіртермін,—
Деді де, «бара тұр» деп есік жапты,
Қозғады Асылбектің іштен шерін.
Киінді ескілікті киімдерін,

Тағынып асыл моншақ, бұйымдарын.
Гүлжиһан әп-әдемі бір келіншек,
Жібекпен сүрте түсіп маңдай терін.

ғашықтық  дастандар
Асылбек асығады «бұ қалай?» деп,
Білуге асығады оны дәлдеп.
«Падишаның Ғабдумәлік күйеуі дейді,

Бұ жігіт асылзада туған-ау» деп.
Есік қақты Асылбек «көрейін,—деп,
Жиһаннан анық хабар білейін» деп.
Қылыш қолда Жиһанша ақырады:

«Бетіңді пара-пара тілейін» деп.
Асылбек тани қойды Гүлжиһанды,
Ажары хор қызындай көркем сәнді.
Еңбектеп аяғына құлай кетті,

Қорқып еңіреумен естен танды.
Асылбектің Жиһаннан кешірім сұрағаны

—Жалбарындым өзіңе,

Түсіндім айтқан сөзіңе.
Арманым жоқ өлтірсең,
Келді бүгін кезіңе.
Білімің мен қайратың,

Арыстандай айбатың.
Кешіргейсің, Жиһанжан,
Қалсын тірі дәл басым.
Өлтірсең Асыл саған жоқ,

Жарық дүние маған жоқ.
Кешіре гөр қатемді,
Қатесіз өткен адам жоқ.
Жиһаншаның Асылға кешірім беріп айтқаны

—Басыңды көтер, Асылбек,

Кім айтар сені асыл деп?
Біз секілді сұңқарға
Айтуға болдың масыл деп.
Өлімге мені қиғаның,

Қайда кетті иманың?

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Қара жүрек Қасымның
Алдауына сыйғаның.
Жігіт едің ерсінген,

Тұрмысқа қожа желпінген.
Бақытың мен дәулетің
Қатар өсіп теңсінген.
Айырдың бірақ еркімнен,

Залымға еткен сертіңнен.
Үш күн, үш түн суға ақтым
Қасірет-қайғы, дертіммен.
Ажалым жетпей өлмедім,

Аштықтан сондай меңдедім.
Қылығың еске түскенде,
Ісіңді бекер тергедім.
Естен кетпес күн болды,

Жарық дүние түн болды.
Басыңды кесіп алсам да,
Күнәсі жоқ күн болды.
Басыңды көтер, тұр енді,

Кешірдім енді күнәңді.
Дұшпаныңды, досыңды,
Кімдер қандай, біл енді!
Асылбек өкінеді қатесіне:

—Не айтам, нағып көрем дос есіме,

Мұқатып дұшпанымды теңдік берген,
Не жетеді Гүлжиһанның есесіне.
Гүлжиһан Асылбекке кек етпеді,
Достыққа, татулыққа себеп деді.

Бұрынғы ерлі-зайып тұрмысында,
Асылды тәрбие етті, кем етпеді.
Бағдаттан хабар келді халифадан,
«Кідірмей қайтсын,—деген,—шұғыл заман».

Нұржамал шешесіне қайғы етеді,

—Ай болды хабар жоқ,—деп,—Жиһаншадан.

ғашықтық  дастандар
Гүлжиһан сөз айтады Асылбекке,
Болмаса мазақтайды әзілдеп те.

—Әперем Нұржамалды тоқалдыққа,

Шын күйеу сіз болуға келеді дөпке.
Асылбек жолатпайды «алмаймын,—деп,
Болмаса Бағдатқа да бармаймын» деп.
Гүлжиһан Асылбекті тастамады,

Ол үшін ақыл табар айласы көп.
Білмейді бұл халдерді нөкерлері,
Салтанат өкімшілік жүрген жері.
«Әмірі халифаның Жиһанша» деп,

Құрметтеп тәжім етті үлкендері.
Нұржамал қарсы алады күндік жерден,
Қасына бірнеше қыз нөкер ерген.
Сәндікке кілем жауып, ...* жегіп,

Халифа сарайына бірге кірген.
Оңаша бұлар қонды кең сарайға,
Жиһанша көп ойлайды ақыл-айла.
Сырларды жасырынды ашу керек,

Сөйлейді Жиһаншаның тілі майда.
Жиһанша Нұржамалға қарап

—Нұржамал, жақсы түсін мен жасымда,

Айрылмас дос болайық әрдайымда.
Өзіңдей мен де әйелмін, ерім мынау,
Асылбек тағы айтайын бұ жайында.
Асылбек—менің ерім ғалым жігіт,

Оқыған он екі пән бәрін біліп.
Тағы да болып өткен халдерді айтып,
Нұржамал қалды бірақ өте сынып.
* Бір сөз танылмады.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Жиһанша айтты

—Нұржамал, сынба бекер,

Асылбек күйеу болса бізге жетер.
Атасы Сәлімбаймен көп дос болған,
Сен сүйсең, сұлтан оны уәзір етер.
Мен сүйген ерді сүйсең кем демейді,

Ақыл-білім сай адам кез келмейді.
Нұржамал, жоғалмайсың соңына ер,
Жан сүймейтін мылқаулар жол бермейді.
Нұржамал ойлай-ойлай таң атырды,

Бір күн мұрсат сұрады, күн батырды.
Ақыры шешесіне жария етті,
Шешесі шошынғаннан бір бақырды.
Нұржамал естігеннің бәрін айтты,

Жиһанның көрген-білген халін айтты.
Білімді көп оқыған лайық жігіт,
Қасында Асылбектей жарын айтты.
Шешесі айтты

—Қор болдың-ау, қызым,—деді,

Ұмытылмас ұятымыз біздің,—деді.
Екеуін дағуатқа шақыр мұнда,
Көрейін ол жігіттің жүзін,—деді.
Келтірді екеуін де Жамал барып,

Көрісіп, сәлемдесіп сәлем алып.
«Ал, шеше, күнім [үшін] еткен ісім»,
Деп Жиһан анықтады істің бәрін.
Таң қалып ақылынан ханым танды,

Өмірде есітпеген мұндай жайды.
«Тойы деп Нұржамал мен Жиһаншаның,
Бағдатта бүкіл халық хабарланды».

ғашықтық  дастандар
Деп ханым жылауменен қайғырады,
Ызамен тыныш таппай зар қылады.

—Ал, шеше, менің ісім қайғырма,—деп

Қайғысын шешесінің қойғызады.

—Беріңіз Асылбекке, мен барайын,

Мағлұм болып қалды елге жайым.
Біріміз апа, біріміз сіңлідей [боп],
Ақылын Гүлжиһанның мен сынайын.
Атама айт, салтанатты той өткізсін,

Жастар да түрлі сауық, ойын етсін.
Жасынан мақтаулы деп куә берген,
Мәлім ғой сыр-сипаты Асылбектің.
Жиһанша халифамен амандасты,

Ішінен «қаһар етер» деп жаман састы.
Доклад сөздерін беріп жатыр,
Лагерден неше түрлі қылмыс ашты.
Халифа риза болды Жиһаншаға,

«Мақтаулы жас әмір» деп берді баға.
«Ханымы халифаның білдірер» деп,
Айтуға қорқып та жүр халифаға.
Ханым айтты сұлтанға:—Сен не білдің,

Естіп көз көрместей бір іс білдім.
Күйеуі Нұржамалдың әйел болды,
Осыған ызаланып өте сындым.
Жиһанша әйел екен көп оқыған,

Күйеуі Асылбек те өте оқыған.
Нұржамал «Асылбекке барам» дейді,
Жүдедім ақыл таппай мен осыған.
Сұлтан айтты:—Асылға Жамал тисе тисін,

Біз оны зорламалы, өзі сүйсін.
Айтпаңыз бір адамға сақ болыңыз,
Күйеудің кім екенін кімдер білсін.

асылбек  пен  гүлжиһанның  қиссасы
Жиһанша әйел болса білімді адам,
Еткен іс, жүрген жері тынымды адам.
Әмірлік лауазымын атқарып тұр,

Сезбеді оны қалай сырын да адам.
Асылбек, мен білемін, тәуір мырза,
Нұржамал сүйсе сүйсін, мен риза.
Білейін жай-мәндерін түгел сұрап,

Екеуін қонаққа ал мүлдем сыйла.
Екеуін шақырады қонаққа деп,
Ішетін таһлил шарап ғұрыпқа ғадат.
Сұрайды мән-жайларын Мәлік патша:

—Баян ет көргеніңді, Жиһанша,—деп.

Жиһанша айтты:—Иә, тақсыр, айып деме,
Адамға бәле-жала ғайып деме.
Жаламен Қасымбектің бәлесінен,
Сумен ағып жүрдім күндіз-кеше.

Үш күн, үш түн суға аққан зарын айтты,
Әйел жолы жіңішке, тарын айтты.
Шарасыз Нұржамалға уәде беріп,
Қателік өз мойнында барын айтты.

—Бізде болған қателік сізде де бар,

Сол үшін кешірер деп көңіл нанар.
Садыр ағзам халифа сіз болғанда,
Сәулесі елге тиген жанған панар.
Гүлжиһан тамам етті хал-жайларын,

Халифа таңырқады мұның бәрін.
Сол қонақ мәслихаты мәлім болды,
Асылбек пен Жамалға жағдай барын.
Жасады неке тойын Нұржамалдың,

Сырт елге мәлімі жоқ болған халдің.
Зауық сарайында той базарын,
Қызығын көрді халық дүние-малдың.

ғашықтық  дастандар
Жиһанша ұсынады халифаға,
Ізгілік даңқы қалсын халифада.

—Манифес осы тойға жариялаңыз,

Құлдықты адамдар көп тартқан жаза.
Манифес жария етті мақұл көріп,
Болсын деп игілі той ақыл көріп.
Көп адам тұтқындағы азат болды,

Лагердің қорлығында қысым көріп.
Гүлжиһан әмір болды алған шені,
Отырып қатарына халифаның.
Асылды уәзір етті ордасына,

Айбынды билер болды елге мәлім.
Романды жаздық арнап мысал үшін,
Ойыңа қалай келсе солай түсін.
«Ақтың отын ақымақ сөндіре алмас»

Дегені дұрыс мақал соның үшін.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Томға енген мәтіндерге түсініктеме

ЖАСКЕЛЕҢ

Шығармада
батыр
жігіт
Жаскелеңнің

түсінде
көріп
ғашық болған қалмақ ханы Найманның қызы Қоңыршаны
алып қашуы, артынан қуған қалың әскерді жайратқаны,

тұлпары әлсірегенде көмекке келген қарындасы Аягөздің
жәрдемімен дұшпанын қашырып еліне оралғаны, шешесімен
қауышқаны баяндалады. Жыр «Малын сойды той қылып, Тойы­
на жұртын шақырып, Көп халықты жиғызды, Баршаға қызық

көргізді» деп аяқталады.
Дастанда көптеген фольклорлық мотив пен сарын, эпизод­
тар қамтылған, оларды атқаратын қызметіне қарай екі бөліп
қарастыруға болады: 1) жігіт пен қыз бір-бірін түсінде көріп

ғашық болуы; шешесінің қарсы болуы; жігіттің жолға бата­
сыз шығуы; қыздың еліне келісімен зынданға түсуі; зынданда
жатқан Жаскелеңнің зарын естіген біреуден Қоңыршаның ха­
бар алуы; Қоңыршаның қарауылды алдап Жаскелеңді боса­

туы; Жаскелең Қоңыршаның қарт анасына барып паналауы; 2)
жігіттің қарт анадан қаз мойынды қара тұлпарды сұрап алуы;
ер қаруы—бес қаруды алуы, сол сәтте Жаскелеңнің алдынан
сауыт киген Қоңырша шығып, қуа шыққан отыз мың қалмақты

«қойға тиген бөрідей» 12 күн қыруы; 13-күн болғанда қаз мой­
ынды қара тұлпардың әлсіреуі; елде қалған Жаскелеңнің
шешесінің түс көруі; оны болжауы; қарындасы Аягөздің
жылқыдан таңдап алған атына міне салып жолға шығуы; 12 күн

жол жүріп, дұшпанға жеткен Аягөз тобырдың шетінен кіріп он
екі мың жауды жеңуі; сол уақытта Жаскелең екеуі кездесіп бі­
рін-бірі танымай оқ атып, қылыштасуы; екеуінің күші бара-бар
болуы; жөн сұраса келе табысуы, еліне оралуы; той.

ғашықтық  дастандар Бірінші топтағы мотив, сарындар ғашықтық дастан кейіпкерінің бейнесін ашуға, оны суреттеуге арналған. Солардың бірі—түс көру. Түс көру—сұлу қыздың суретін көріп, я ол туралы естіп ғашық болу тәрізді ертегі, дәстүрлі жыр мен дастанда жиі кездесетін сырттай ғашық болу мотивінің бір түрі. Жаскелең түсінде көрген сұлу қызға жан-тәнімен ғашық болады. Ол сезімін былай білдіреді: «Сені ойласам, Қоңырша, Қайғы жұтқан адамдай Өртенеді өзегім. Түсімде көріп мен сені, Ғашықтық оғын кезедім»; «Қадалсын маңдайыма деген ой бар, Тікенек кірген сенің табаныңа-ай» т.б. Жігіт қызға «Өлмесем, айнам, сені алмай қойман» деп уәде береді де, жолға шығады. Демек, түс жоғарыда айтылғанға қоса сюжеттік байланыс [завязка действия] қызметін атқарады. Шығыс сюжеттеріне негізделген шығармаларда сұлу, әдеттегідей, алыс елдердің (Мысыр, Рұм, Сарандип, Үндістан т.б.) ханшайымы, я пері қызы болса, Жаскелең көңілін беріп серттескен сұлу қалмақ ханы Найманның қызы—Қоңырша. Бірінші топтағы сарындардың бәрі де түс көру мотиві се­ кілді ғашықтық дастанға тән, мысалы: жігіттің қыздың елі­ не келіп зынданға түсуі, Аллаға жалбарынуы, қыздан көмек күтуі, Қоңыршаның айла тауып жарын босатуы, Жаскелеңнің Қоңыршаның қарт анасының үйіне барып паналауы. Ал жігіт қаз мойынды тұлпарға ие болысымен оның батырлық сипаттары алға шығады. Ол «Тұлпарды мініп алған соң, Дұшпандардан қауіп етпей, Желіктіріп келеді». Оның бейнесі қаһармандық жырдың поэтикасына сәйкес асқақтата романтикалық сарында суреттеледі: «Сол уақыт Жаскелең Аждаһадай көрініп, Екі беті албырап, Алтын туы жалбырап, Сауытының шашағы Тұс-тұсына саудырап...», «Жау қарасын көрген соң Баулы құстай талпынып, Аждаһа түсті жыландай Жау ішінде ойнайды Жылқыдағы қылаңдай», «Жүрген жерін Жаскелең Қойға тиген бөрідей, Қуалап жүріп жапырды, Он екі күн ұрысты». Қоңыршаны алып қашқан Жаскелең атта­ нып келген қалмақты жеңеді, яғни архаикалық, қаһармандық эпостардың кейіпкері секілді батырлық жолмен үйленеді. Демек, дастанға байырғы сюжеттердің бірі—қаһармандық үйлену сюжеті арқау болған. Бірақ ол кейінгі уақыттарда жырланған. Мұнда қыз—қалмақ қызы, оқиға шығыс дастандардағыдай Мысыр, Шам, Сарандип я Ирамбақта емес,

ғылыми  қосымшалар
қазақ жерінде өтеді: жігіттің елі Нарын, екі жастың кездесетін
жері—Алтынсай т.б.
Көріп отырғанымыздай мұнда ғашықтық дастан мен байыр­

ғы эпостың жанрлық белгілері, ерекшеліктері біртұтас құбы­
лыс ретінде көрініс береді, аталған жанрлардың дәстүрлі тәсіл,
әдістері тығыз байланыса үлкен шеберлікпен ұштасып, түсінде
көріп ғашық болған қызға қосылуды армандаған Жаскелеңнің

батырлық тұлғасын сомдауға қызмет етеді.
Ағасына көмекке келіп «Он үш күнде айналып, Қалмақты
қырып болыпты, Екпіні қыздың шыдатпай» деп суреттеле­
тін Жаскелеңнің қарындасы—батыр қыз [дева-воительница]

Аягөздің бейнесі көне эпостағы ағасының, не інісінің орнына өзі
соғысып, олардың кегін қайтаратын әйел қаһарманның образы­
на өте жақын1. Қарт ананың Жаскелеңге тұлпар, қару сыйла­
уы да архаикалық мотивтердің бірі. Ал Жаскелең мен Аягөздің

бірі-бірін танымай жекпе-жекке шығулары ана еркі дәуірінің
ерекшеліктеріне сәйкес, солардың негізінде қалыптасқан мо­
тив екені белгілі.
Назар аударатын жайт—дастанда түс көріністері жүйелі

түрде берілген: шығарма бас кейіпкердің түс көріп алыс сапарға
шығуымен басталады да, анасы түс көргеннен соң, қарындасы
жолға шығып, жауды қиратып, елге оралуымен аяқталады.
Оқырман мен тыңдаушының назарына түсетін тағы бір

жайт—шығармада бірнеше мәрте қайталанып қолданылған
6, 12, 16 сандары. Бұл киелі сандар мынадай тіркестерде
ұшырайды: «Он алты күн тыным көрмей...» (145 жолдан кейін­
гі қарасөз), «Он екі күн болғанда, Айтқан күні толғанда» (416-

417), «Алты күн айғай салғанда» (483), «Қуалап жүріп жапыр­
ды, Он екі күн ұрысты» (528-529), «Он алты мыңын өлтіріп»
(560), «Он екі күн жүрген соң, Айқайлап тиді Аягөз» (595-596),
«Алты күн айғай салғанда» (607), «Алты күндей аралап, Кез-

келгенін қырады» (620-621), «Он екі күндей ұрысып» (642),
«Он екі күн жол жүрдім» (712).
Жоғарыда
айтылғандарды

ескере
отырып,
мынандай
қорытынды жасауға болады: халқымыздың эпикалық жадында

ғасырлар бойы сақталып келген қаһармандық жолмен үйленуді
баяндайтын байырғы сюжет XVІ-XVІІІ ғ.ғ., яғни халқымыз
1 Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы, 1993.—76-б.

ғашықтық  дастандар қалмаққа қарсы тұрған дәуірде қайта жаңғыртылып, сол дәуірдің детальдары кіргізіліп, қайта жырланған. Томға ұсынылып отырған мәтін ОҒК-ның Қолжазба қорында сақтаулы, кирилл әрпінде жазылған қолжазбадан дайындалды: Ш.925. Қолжазбаны 1948 жылы Омбы экспедициясы әкелген. Жазылған жылы белгісіз. Бірнеше шумақтардың орны ауы­ сып, кей сөздері дұрыс танылмай қате жазылған, мысалы, Нарынның—Маринаның болып жазылған. Осыдан мәтін араб әрпінде бұрынырақ жазылған қолжазбадан көшірілген деп болжауға болады. Жинаушысы—Бекмағамбетов Иманғали, қазіргі Батыс Қазақстан өңіріне қарасты Жымпиты ауданының тұрғыны, 1875 жылы туған. Мәтінді баспаға дайындау барысында тілдік (фонетикалық) ерекшеліктері [мысалы, хан сөзі қан деп, хат сөзі қат деп бе­ рілген] толық сақталды. Дастан бұрын жарияланбаған. Б.Әзібаева ГҮЛНӘР ҚЫЗ Белгілі жыршы Н. Нысанбайұлы жырлаған бұл дастанның сюжеті әйгілі «Тотынамадан» алынған. Ә.Қоңыратбаев көрсеткендей, Е. Бертельс аудармасы бойынша 36-түнде айты­ латын бұл әңгіме «Брахман мен Бабыл патшасының қызы һәм сиқыршының әрекетімен олардың қосылуы жайындағы әңгіме» деп аталады2, ал Қытайда араб әрпімен қазақ тілінде басылып шыққан «Тотынама» жинағында3 бұл әңгіме 55-түнде айтыла­ ды. Ол «Ғалатнама атты брахманның әңгімесі» деп аталады. «Тотынамада» оқиға Ғалатнама деген брахманның Ба­ был патшасының жалғыз қызына ғашық болғаны, олардың сиқыршы кемпірдің арқасында мұраттарына жеткені тура­ лы қысқаша баяндалған. Ғалатнама мен Гүлнәр бір-біріне бір көрген сәттен-ақ ғашық болады. Білгір Дәніш пен сиқыршы кемпірдің арқасында сүйгеніне қолы жетеді. Бұл сюжетке 2 Қоңыратбаев Ә. Шығармалар жинағы. Көптомдық. 9-том. Тотынама.—Ал­ маты: МерСал, 2005.—224-228 б.б. 3 Тотынама.—Үрімжі: Шыңжаң Халық баспасы, 1987.—269-277 б.б.

ғылыми  қосымшалар
Н.Нысанбайұлы біраз эпизодтар қоса отырып, көлемді дастанға
айналдырған. Көмекші Дәніш бейнесі, сиқыршы кемпірдің
ақылымен екі жастың ғажайып үй тұрғызып, қыз әкесін

қонаққа шақыруы, жеген асынан патша қызы Гүлнәрдан
басқа ешкім дайындай алмайтын дәмді байқауы, екі бала­
дан күдіктенуі, күдігі расқа айналған патша Ғалатнама мен
Гүлнәрге кешірім беруі, уәдесі бойынша Ғалатнаманы тағына

отырғызуы сияқты эпизодтар «Тотынамада» кездеспейді және
онда қыз есімі аталмайды. Қыздың есімін жырлаушы өз жа­
нынан қосқан. Бабыл қаласы дастанда Дабыл деп берілген.
Дастанның тағы бір ерекшелігі—кейіпкер өз ойын білдіру

үшін мысалдарды қолдануы. Мысалы, Ғалатнаманың өзін біл­
діру үшін бақа мен тышқанды мысалға алуы немесе бақашы
құс туралы патшаға әңгімелеуі.
Н. Нысанбайұлы бұл дастанды Елтоқ сопы баласы Әлімбек­

тен үйренгенін айтады:
Біз емес мұны шығарған,
Бұрынғылардың нақылы.
Елтоқ сопы баласы,

Аударған Әлім қатымы,
немесе,
Аударған молла Әлімбек,
Сөзімнің байқа асылын,— дейді.

«Гүлнәр қыз» дастаны жыр үлгісінде қара сөз араластыра
жырланған. Көлемі—2641 жол. Қолжазбаны 1947 жылы ауыз
әдебиеті үлгілерін жинаушылардың бірі—Қысыраубек Аман­
таев тапсырған.

Мәтінде араб, парсы, өзбек, орыс сөздерімен қатар жергі­
лікті диалект сөздер кеңінен қолданылған. Ал кейбір сөздер
фонетикалық варияцияға түскен, мысалы: балдар, ұлама.
ӘӨИ-дің Қолжазба қорында Түрікпенбаев Нұсқабайдың ай­

туы бойынша жазылып алынған нұсқа сақтаулы: ӘӨИ, Ш.105.
6-дәп. 1953 жылы қорға З.Сейітғаппарова тапсырған. Дастан
«Халатнама-Гүлнәр» деп аталады. Кирилл әрпінде. Көлемі—45
бет. Дастан қарасөзбен басталады. Оқиғаның аяқталуы бөлек.

Қыздың әке-шешесінің іздегені, үй салдырғаны, Гүлнәрдің та­
былуы туралы айтылмайды.

ғашықтық  дастандар Н.Түрікпенбаевтың берген мәліметі бойынша, ол бұл дас­ танды өз немере ағасы Беймұратов Серікбайдан 24 жасын­ да тыңдап, үйренген. С.Беймұратов Нұралы ақынның өзінен үйреніп, домбыраға қосып жырлаған. Екі нұсқа салыстырылып, нәтижесінде томға Н.Нысанбайұлының жырлаған «Гүлнәр қыз» дастаны ұсынылып отыр. �������������������������������������������� Мәтінді араб әрпінен кирилл әрпіне түсірген Б.Жайлыбаев. Томға ұсынылып отырған мәтін ОҒК-ның Қолжазба қорында [Ш:798. 3-дәп.] сақтаулы қолжазбадан еш өзгертусіз дайындал­ ды. Ж. Салтақова МӘЛІКРИАН, РАБИҒҰЛМҮЛІК, ҚЫЗ ЖӘМИЛА Бұл дастан шығыс сюжеті негізінде жырланған. Мазмұнында өзіндік ерекшеліктері бола тұрғанымен, баяндалуы «Қисса Баһрам» дастанына ұқсас. Осы екі дастанның сюжеттік сұлбасы мынадай: басты кейіпкерлер Құдайдың көмегімен дүниеге ке­ леді. Олар—міндетті түрде өнер мен ғылымнан тағылым ала­ тын патшаның не ханның балалары. Кейіпкерлердің ерекше сұлу бейнесі олардың негізгі қасиеті болып табылады. Олардың үйінен кетуі, жолда көрген азаптары, жат өлкеде билікке қол жеткізуі, дұшпандарынан кек алып, үйленіп, таққа отырып, армандарына жеткені баяндалады. Ал «Қисса Баһрам» дастанының сюжеті «Шаһнама» мен «Мың бір түн» ескерткіштерінде кездестіретінін А.Қыраубаева айта келіп: «XX ғасырдың бас кезінде «Шаһнама» желілерін негіз етіп алған қисса-дастандар туады»,—дейді4. Қарастырып отырған дастанда басты кейіпкер қыз суретін көріп, сырттай ғашық болады. Ғашықтық дертіне шалдыққан шаһзада өзінің болашақ тақ мұрагері екенін ұмытып, махабба­ тын іздеп жолға шығады. Дастанның қысқаша мазмұны былайша болып келеді: жасы жүз жетпіске жеткен Мәлікриан патша Құдайдан жылап жүріп бала тілеп, ұлды болады. Атын Рабиғұлмүлік деп қояды. Бала­ 4 Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар.—Алматы, 1997.—93-бет.

ғылыми  қосымшалар сы он бес жасқа жеткенде жанына бес жүз әскер ертіп аң аулап, серуендеуге шығады. Сол сапарында жарқ-жұрқ еткен бір ал­ тын киікке кез болады да соның соңынан қуып кетеді. Жолда жолыққан адам алтын киіктің оқиғасын айтып береді. Ол Шер­ міш шаһары патшасының қызы Жәмила екен. Рабиғұлмүлік кездескен қиындықтарды қолына түскен сиқырлы қамшы, бөрік, кілем және перінің үш қызының көмегімен жеңіп, Жәмиланы алып мұратына жетеді. Сырттай ғашық болу—ғашықтық дастандарда кездесетін тұрақты сарын. ������������������������������������������� Ғашықтықтан дертке шалдығады, оларға басқа дауа жоқ. Бұл жерде Б.Әзібаева былай дейді: «Мотив заочной любви имеет разные формы—заочная любовь может зародиться к портрету красавицы, к образу прелестной незнакомки, уви­ денной во сне, либо в зеркале, либо описанной устно. Красавица может представиться возлюбленному в образе прекрасной золо­ той лани и т. д. Дастанный герой видит или слышит о прекрас­ ной незнакомке и немедленно выезжает на ее поиски. То есть ге­ рой воспринимает происшедшее (сон, портрет, устный рассказ и т. д.) как судьбу, как предназначенность, как предписанное свыше. Таким образом, подобно тому как в сказке, богатырском и древнем романическом эпосе мотив раннего обручения, так в дастане мотив заочной любви используется в качестве формаль­ ной отлучки героя из дому … Кроме того … герой увидел не прос­ то незнакомку, а прелестную, прекрасную и предался ей душой и телом. … На первый план выходит мотив ослепительной, вне­ запным образом появляющейся красоты, возбуждающей обо­ юдную любовь»5. Томға ұсынылып отырған мәтінді 1948 жылы Төлеубайұлы Толымханның айтуынан жазып алып, тапсырған Байғұттыұлы Көсембек. Ол ОҒК-ның Қолжазба қорында сақтаулы: Ш.924,3-дәп., араб әрпінде. Осы жерде бір айта кететін жайт: ОҒК-ның Қолжазба қорында бұл дастанның тағы бір данасы [Ш.837] сақтаулы. Дастанды 1949 жылы Манабаев Телібай деген адамнан Күлкенов Мәкежан де­ ген кісі жазып алған. Машинкаға басылған, қазақ әрпінде. Дас­тан «Жәмила» деп аталады. «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасының» екінші томында Төлеубайұлы 5 Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос.—Алматы, 1998.—С.122-123.

ғашықтық  дастандар
Толымханның айтуынан жазылып алынған нұсқа туралы
былай деп жазылған: «Бұл қолжазбаның мазмұны негізінен
Манабаев Телібай нұсқасына ұқсас болғанымен тілі, стилі

басқаша. К.Байғұттыұлының нұсқасы толық, он бір буынды
қара өлең үлгісінде»6. Екі мәтінді қатар қойып салыстырып,
тексеру нәтижесінде бұл қолжазбалардың бір-бірінен тілінен
де, стилінен де ешқандай айырмасы жоқ екенін байқадық.

Тек қазақ әрпінде терілген қолжазбада қате көп кеткен, се­
бебі араб әрпінде жазылған нұсқаның біршама жерлерін
дұрыс оқи алмаған.
Мәтіндегі түсініксіз араб, парсы, көне түркі сөздері қазақ

тіліне аударылып, томның соңында арнайы сөздікте топтасты­
рылды.
Дастан бұрын еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқадан еш
өзгертусіз дайындалып, кирилл әрпінде тұңғыш рет баспаға

ұсынылып отыр.
П. Әуесбаева

ӘМІРЗАДА

«Әмірзада» дастанына арқау болған сюжет үнділерде «Шу­
касаптати», ал басқа елдерде «Тотынама» деген атпен белгілі
болған жинақтан алынған. Бұдан басқа бізде осы тақырыптас
«Сыршы молда» атты дастан мен «Данышпан уәзір» атты ертегі

де бар.
Шығарма бір Аллаға, Мұхаммед пайғамбар мен төрт әділетті
халифаға мадақ айтумен басталады. Жалпы мазмұны: Бағдатты
билеген әділ патша баласының жоқтығына қайғырады.

Құдайға жалбарынып, әулиелерге түнеп, 40 жасында ұлды бо­
лады. Есімін Әмірзада деп қояды. Әмірзада 10 жасқа толғанда
нөкерлерімен аң аулауға шығып, түр-түсі ерекше бір киікке
тап болады. Киіктің соңынан қуғанда ол айдаладағы жалғыз

үйге кіріп кетеді. Жігіт үй иесі шалдан киікті шығарып бе­
руді талап еткенде, қария оның орнына бір адамның құнын
алып, киікті жайына қалдыруды өтінеді. Әмірзада көнбеген
6 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы, 2-том—Алматы; Ғылым,

1979.—198-бет.

ғылыми  қосымшалар соң қарт кісі оған бір қыздың суретін көрсетеді. Ол Мысыр патшасының қызы. Бала суреттегі қызға ғашық болып, әкешешесінің рұқсатымен Мысырға нөкерлерімен аттанады. Ол қыз еркек кіндіктіні «харам» деп санап, серуенге шықса ер­ кек атаулының көшеде бой көрсетпеуіне бұйрық береді екен. Әмірзада бір айлакер кемпірдің үш мәрте жасаған көмегімен қызға үйленеді. Шығармаға негізінен «сырттай ғашық болу» мотиві арқау болған. Бас кейіпкер Әмірзада—патшаның Құдай мен әулиелерден тілеп алған жалғызы. Ол өз қатарларынан білімі жағынан жоғары тұрады. Көптеген шығыс және қазақ фольклорында кездесетін қасиетті киік образы да бұл жер­ де бас кейіпкердің қыз суретін кездестіруі үшін өте сәтті қолданылған. Дегенмен Әмірзада қызға үйлену үшін ерлік көрсетіп, жаумен соғыспайды. Бұл жерде оның бақталасы да жоқ. Ол ғашығына қол жеткізу үшін бір аяр кемпірдің көмегіне сүйенеді. Бұл тұрғыда Б.Әзібаева «Бабалар сөзі» сериясының бірінші томына енген «Сыршы молда» дастанына жазған түсінігінде: «...Осы аталған сарындар мен түрлі оқиғалардың сюжет құрылымындағы өрілімі патшазада образын романдық типтегі бас кейіпкерге жақындатқанымен, ол романдық дас­ тан кейіпкері сияқты әрекет үстінде көрінбейді. Оның күйеу жігіт ретіндегі рөлі солғын, ғашықтықтан азап шегуші, жа­ дап-жүдеуші ретінде көрінумен ғана шектеледі»7 дейді. Осы дастанда көрініс тапқан тағы бір сарын—�������������� «түс көру» мо­ тиві. Бұл мотивті қолдану арқылы жыршы Мысыр патшасының қызының еркек атаулыны жек көру себебін ашып көрсетеді. Томға ұсынылып отырған мәтін ОҒК-ның Қолжазба қорын­ да сақтаулы қолжазбадан алынды [ОҒК, Ш.695, 2-дәп., 26бет, араб әрпінде.]. Қорға 1935 жылы түскен. Тапсырушысы белгісіз. Жырлаушысы Белбайұлы Әбік туралы да еш мәлімет кездеспеді. Қазірге дастанның басқа нұсқалары табылмады. Мәтінді араб әрпінен кирилл әрпіне түсірген—Б.Жайлыбаев. Мәтін қолжазбадан еш түзетусіз дайындалды. А. Ақан 7 Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 1-том. Құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындаған Б.Әзібаева.—Астана: «Фолиант», 2004.—287 бет.

ғашықтық  дастандар ҚИССА ШАҺИЗАДА Ертегілік сюжетке құрылған бұл дастанды Ұлт мәдениет институтының қорына 1935-36 жылдары В.Васильев тапсырған. Қойын дәптерге қара сиямен жазылған қолжазба ОҒК-ның Қолжазба қорында сақтаулы [Ш.1164 а, 6-дәп., ки­ рилл әрпінде]. Классикалық эпостардағыдай мұнда да бас кейіпкер білім­ ді, сұлу, «сегіз қырлы, бір сырлы», патшаның жалғыз ұлы. Дастанда баласыздық, түс көру, ғашығы үшін сапар шеккен кейіпкердің қиындықтарды жеңу сарындары қамтылған. «Мотив заочной любви имеет разные формы—заочная любовь может зародиться к портрету красавицы, к образу прелестной незнакомки увиденной во сне, либо в зеркале, либо описанной устно. Красавица может представиться возлюбленному в обра­ зе прекрасной золотой лани и т.д. Как бы то ни было, дастан­ ный герой видит или слышит о прекрасной незнакомке и не­ медленно выезжает на ее поиски. То есть герой воспринимает происшедшее (сон, портрет, устный рассказ и т.д.) как судьбу, как предназначенность, как предписанное свыше. Таким обра­ зом, подобно тому как в сказке, богатырском и древнем рома­ ническом эпосе мотив раннего обручения, так в дастане мотив заочной любви используется в качестве формальной отлучки героя из дому8»—деп эпос жанрын зерттеуші Б.У.Әзібаева айтқандай дастанда сырттай ғашық болу түс мотиві арқылы беріледі. Түсінде көріп ғашық болған аруды іздеп шыққан Шаһизарлық алдымен айдаһарға, одан жалғыз көзді дәуге кезігеді, кейіннен осы балық жұтады. Осының бәрін басы­ нан кешкен Бақыт падишаның жалғыз ұлы Шаһизарлық балықшының көре алмауынан зынданға түседі. Зынданнан ғашығы Сақыпжамалдың қайырымдылығымен шыққан ол қыз әкесінің қарсылығына тап болады. Қызын бергісі келмеген патша екі ғашықты сандыққа салып, Қылзам да­ риясына ағызып жібереді. Ағысы қатты дария сандықты Шаһизарлықтың туған қаласының қасына шығарып тастай­ 8 Азибаева Б. Казахский дастанный эпос.—Алматы: Ғылым, 1998.—С.121-

ғылыми  қосымшалар
ды. Баласын тапқан падиша қуанғаннан той жасайды. Ана­
сы қуаныштан жүрегі жарылып өледі. Сонымен қатар дас­
танда Лұқман хәкім көріпкелділігімен, данышпандығымен

көрінеді.
Дастанның тағы бір ерекшелігі—басқа дастандар сияқты
қарасөзбен немесе Құдайға мадақ айтумен емес, патша мен
уәзірінің диалогымен басталады. Яғни, дастан прологы түсіп

қалған. Ол қарасөз немесе өлең түрінде болуы мүмкін.
Дастанда кейіпкердің мінәжаты, ата-анасының жалбары­
нуы, зары көркем берілген.
Түпнұсқада қате жазылған сөздер түзетіліп жазылды, мы­

салы: Қалам дариясы—Қылзам деп, Шын-Миран—Шын-Ма­
шын. Падыша, молла сөздері түпнұсқадан өзгертілмей берілді.
Мәтін ОҒК-ның Қолжазбалар қорында сақтаулы қолжазбадан
еш өзгертусіз дайындалды.

Дастан алғаш рет жарияланып отыр.

Ж. Салтақова

АСЫЛБЕК ПЕН ГҮЛЖИҺАННЫҢ ҚИССАСЫ

Шығармаға
арқау
болған
ертегілік

сюжет
шығыс
халықтарының фольклорында жиі кездеседі. Бірақ дас­
танда кейіпкерлердің аттары өзгертіліп таза қазақи етіп

алынғандықтан, дастанға қай ертегі негіз болғанын нақты ай­
тып көрсету қиын.
Тақырыбы мен мазмұны бойынша «Асылбек пен Гүлжиһан
қиссасы» әйелдердің адалдылығы мен «ақылдылығын» баян­

дайтын шығармалар тобына жатады. Ол тақырыпты әңгімелеу
үшін шығыс пен батыста кең тараған «жазықсыз қуғынға
ұшыраған жандар туралы» типтегі сюжет пайдаланылған.
Осы сюжетті арқау етіп жырланған шығармалардың мазмұ­

ны әр қилы болуы мүмкін. Ол туралы «Бабалар сөзі» сериясының
алтыншы томында «Болат, Жанат» дастанына жазылған
ғылыми түсініктемеде айтылған. Талқыланып отырған дастан
сюжеті төмендегідей болып келетін шығармаларға ұқсас: күйеуі

[әкесі] алыс сапарға шыққанда әйелін [қызын] сенімді, жақын
көретін (ол туысы болуы да мүмкін) адамына тапсырады. Се­
німді, адал деген адамы аманатқа қиянат жасап, оған нақақтан-

ғашықтық  дастандар нақақ жала жабады. Бейкүнә әйел (қыз) өлім жазасына кесіледі. Бірақ ол түрлі себептермен аман қалады. Ақырында, жасалған жауыздықтың беті ашылып, жала жапқандар жазаланады. «Асылбек пен Гүлжиһан қиссасының» ерекшелігі—мұнда күйеудің өзі [Асылбек] залым, әзәзіл жолдасы Қасымбектің: «Жақсы әйел талай ерді сататұғын, Сыр алып бой үйретіп келекеле» (332-333-жолдар); «Айлық жолға сапар шық, сынап бе­ рем, Кім екенін елді кезіп таңдағаның» (340-341-жолдар) деп арам ниетпен айтқан сөздеріне құлақ асады. Ақырында адал, ақылды, тәрбиелі әрі өте көркем әйелі Гүлжиһанға күмәнданады да Қасымбекпен былайша шарттаса­ ды: Шарт етті екеуі де мал-мүлкін, Қол қойды шарт қағазға бұлар еркін. Әйелі азса Асылбек жеңілгені, Береді Қасымбекке жиған мүлкін. Сонымен айлық сапарға шығып кетеді. Айласы көп Қасымбек Гүлжиһанның қызметшісі Ажардың көмегімен әйелдің жүзігін ұрлайды, одан кейін бейкүнә Құмарша деген жігітті «Гүлжиһанмен зина қылды» деп өлтіреді, ал ұрланған жүзік сол жігіттен табылды деп жала жабады. Осы жалаға сенген Асылбек Гүлжиһанды ескегі жоқ қайыққа отырғызып суға ағызып жібереді. Гүлжиһан көп тауқымет тартады. Ақырында ол ақылы, сабыры, күйеуіне деген адал махаббатының арқасында көптеген қиындықтарды жеңіп, өзінің тазалығын, адалдығын дәлелдейді, күйеуіне кешірім жа­ сап, оған қайта қосылады. Дастан мазмұнында бірнеше мотив қабысқан, мысалы Асылбектің Гүлжиһанның даңқын естіп сырттай ғашық болуы, суға ағызылған қайық, киім ауыстыру т.б. Атап айтатын жайт—дастанда Гүлжиһанның пәктігі, ақылы, төзімділігі, кеңпейілдігі, мейірімділігі, күйеуіне де­ ген махаббаты мен адалдығы жарқын көрініс тапқан. Оның махаббатқа беріктігі сонша, ол өсекке еріп өзін ажалмен бетпебет тастап кеткен күйеуі Асылбекті құтқару үшін басын өлімге тігіп, патшаға өтірік айтуға да тәуекел етеді. Жалпы алғанда, дастанның бас кейіпкері Гүлжиһан екені анық.

ғылыми  қосымшалар
Дастанды
жылы
Ресейдің

бұрынғы
Куйбышев
облысының тұрғыны Жүсіпәлиев Нұрмұхамбет тапсырған.
Қолжазба кирилл әрпінде жазылған. Н.Жүсіпәлиев мәтінді

бұрынырақта араб әрпінде жазылған қолжазбадан көшірген.
Көшірген кезде біраз өзіне түсініксіз сөздерді орыс сөздерімен
ауыстырған сияқты.
«Бабалар сөзі» сериясының бұрын шыққан томдарында

жарияланған мәтіндерде араб, парсы, көне түркі сөздерімен
қатар, біраз орыс тілінен ауысқан сөздер де кездескен, мысалы:
миллион, тарантас, крилса [крыльцо], тройка, пәуеске, пош­
та, пешет, доверен т.б. Ал бұл мәтінде солармен қатар басқа да

орыс сөздері баршылық: лагерь, манифес, сот т.б.
«Асылбек пен Гүлжиһан» қиссасы 1990 жылы «Жазушы»
баспасынан жарық көрген фольклорлық жинақта басылған:
Дастандар. 261-294 б.

«Бабалар
сөзі»
сериясының
21-томына

ұсынылып
отырған бұл мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба орталығында сақтаулы
қолжазбадан [Ш.132, 3-дәп.] еш өзгертусіз дайындалды.
Б. Әзібаева

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес»*. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразы­ лап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібере­ ді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед [с.а.с.]**—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиыр­ ма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген­ дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде­ гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымды­ лығын т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халиқ (жара­ * Құран Кәрім. 112-«Ихлас» сүресі. ** С.а.с.—салла Аллаһу аләйһи уас салам: Алланың жарылқауы мен қолдауы пайғамбарымыз Мұхаммедке деген тілек сөздің қысқартылған түрі. Хазірет Мұхаммедтің атына жалғаса айтылады, жазылады.Құран Кәрім. 112-«Ыхлас» сүресі.

ғылыми  қосымшалар
тушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жап­
пар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ

сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулиллаһи, Сұбхан Алла сөздерін
отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы
жүзеге асады.
Адам ата—діни аңыздар бойынша, Алла Тағаланың

топырақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық мүсін ұзақ
жылдар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға
жан кіргізеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасай­
ды. Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олардың

арасында беделді, құрметті орынды иемденеді. Періште­
лер Алланың жарлығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп,
ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орын­
даудан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан

қуып жібереді.
Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш
алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның
сөзіне иланып, алдауға түсіп тыйым салынған жемісті жейді.

Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, көктен
жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды.
Әбубәкір—Мұхаммед
[с.а.с.]

қайтыс
болғаннан
кейін
тағайындалған алғашқы халифа. Ол құрайыш руынан шыққан,

Меккедегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед [с.а.с.]
исламға кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің арасы­
нан бірінші болып мұсылман болды.
Әбубәкір—Расул Алланың «төрт сахаба» аты берілген сенім­

ді серіктерінің бірі. Мұхаммед [с.а.с.] қайтыс болғаннан кейінгі
дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір араб-мұсылмандардың
басын біріктіре білді. Өзі халифатты басқарған жылдары
Мұхаммед пайғамбарға [с.а.с.] түскен Құран аяттарының

жинағын құрастырды.
Әзәзіл—діни аңыздар бойынша, «Адамға сәжде қылыңдар»
деген Алла Тағаланың бұйрығын орындамаған Ібілістің есімі;
азғырушы, жолдан тайдырушы.

Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші
әділетті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың
немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу ба­
ласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан,

ғашықтық  дастандар алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, та­ лып қалатын болыпты-мыс. Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар����������������������������������������� , қамқам, самсам деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген. Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс­ лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды тұлпардың нышанына айналған. Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір сүреді. Бозжігіт — халқымыз сүйіп тыңдаған, қазақ арасына кеңінен таралған «Бозжігітң дастаныны» кейіпкері. Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар, Құранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп аталған. Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты­ рып, Фердоуси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан бар. Жүсіп—Зылиха—шығыс халықтарының «Жүсіп—Зыли­ ха» атты әдеби-фольклорлық туындыларының кейіпкерлері, махаббат пен сұлулық символы. Көрұғлы—«Көрұғлы» атты қаһармандық эпосының бас кейіпкері. Ләйлі—Мәжнүн—Таяу және Орта Шығыс пен Оңтүстік Шығыс, Азия халықтарының «Ләйлі мен Мәжнүн» атты әдебифольклорлық туындыларының кейіпкерлері. Араб мәнбілері бойынша, Мәжнүн —өмірде болған, ��������������������������� V�������������������������� ІІ ғасырдың аяғы мен ����� V���� ІІІ

ғылыми  қосымшалар ғасыр аралығында өмір сүрген ақын. Ләйлі мен Мәжнүн қазақ фольклорында таза, өшпес махаббат, шын ғашықтар символы ретінде суреттеледі. Лұқпан, Лұқман—�� ������ ������� ������� ��������� ол туралы исламға дейінгі араб хикаяларында біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға 31-сүре арналған. Мұнда Лұқпан «бір құдайлық» бағытын насихаттаған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам ретінде аталады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әлХакім, яғни хакім Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші делініп, оның есімі көптеген шығыс халықтарының ертегі, жыр, аңыздарында құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да «Лұқпан хакім айтыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар. Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым]—ис­ лам дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі, ең соңғы пайғамбар. 570*-жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа [с.а.с.] алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң нағашы атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң нағашы ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи** рамазан айында хазірет Мұхаммед Мекке­ ден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түсті. Мұхаммед 610-жылы 40 жасында Ал­ ланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды уағыздай бас­ тайды. Мұхаммед [с.а.с.] ислам дінін жария еткенде арабтардың ба­ сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622-жылы Мұхаммед [с.а.с.] өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәди­ не қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының * Кейбір деректерде Мұхаммед пайғамбардың туған жылы 571-жыл деп көрсетіліп жүр. Зерттеушілер әлі бір пікірге келмегендіктен, біз қалыптасқан пікірді ұстандық. ** Уахи /а/ - Мұхаммедке Жәбірейіл арқылы келген Алланың бұйрығы, жарлығы.

ғашықтық  дастандар
басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни
«қоныс аудару» деген сөз.
Мұхаммед Мұстафа [с.а.с.] бин Абдулла 633-жылы Мәдине

қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.

Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман
қауымына басшылық жасаған екінші әділетті халифа,
исламның алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің
бірі. Омар хазірет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң

мұсылмандықты одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен
тысқары өлкелерде таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет
басшы болған он жыл ішінде ислам діні Ирак, Сирия, Египет
және Ливия жерлеріне орнықты.

Омар халифа тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге
негізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық
жүйесі құрылды. Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының
үлесін күшейту мақсатында өзінің халифа лауазымына «Әмір

әл-муминин» дәрежесін қосты.
638-жылы хазірет Омардың сахабалары Иерусалимді тізе
бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмында намаз оқыды.
V���������������������������������������������������������

ІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифасы Әбд әл-Мәлік хазі­
рет Омар намаз оқыған жерге «Куббат ас-сахара» деп аталатын
күмбез тұрғызды.
Оспан—араб-мұсылман тарихындағы үшінші әділетті

халифа.
Ол—Мұхаммед
пайғамбардың
жолын

ұстаған
алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген
үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі
Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың

екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар
Оспанға Зун Нұрайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті
атақ берген.
Сейпілмәлік—Бәдіғұлжамал—арабтың «Мың бір түн» атты

бірнеше том құрайтын ертегілер жинағындағы «Сейпілмәлік—
Бәдіғұлжамал хикаясы» атты тарауының негізінде жырлан­
ған шығыс халықтарына ертеден таныс дастан, поэмалардың
бас кейіпкерлері. Оларда Сейпілмәлік пен Бәдіғұлжамал таза,

ғылыми  қосымшалар өшпес, адал махаббаттың, шын берілгендіктің символы ретінде суреттеледі. Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы, Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса­ лим қаласындағы Яхус храмын салдырған. Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бір­ дей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап, Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды, яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі, дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жану­ ар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі. Фатима, Бибі Бәтима (635 жылы қайтыс болған)— Мұхаммед пайғамбардың қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі, Хасен мен Хұсайынның анасы, мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын қасиетті әйел бейнесі. Фатимаға табыну, шамасы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарайтын әл-фатимийун әулетінің ықпалы күшеюіне байланысты туып қалыптасса керек. Фатима— шииттердің діни хикаяларының ең басты қаһармандарының бірі. Көптеген мұсылман елдерінде алақанды белгілейтін ежелгі нысана ������������������������������������������� «������������������������������������������ Фатиманың қолы» ��������������������������� деген атақ алған. Оның не­ бір үмітсіз ауруларға да ем қондырып, дәру дарытатын қасиеті бар деп саналған. Хұсайын—Мұхаммедтің қызы Фатимадан туған Әли ибн Әбу Тәлибтің кіші баласы, шииттердің үшінші имамы. Діни әңгімелерде Хұсайынның есімі Хасенмен бірге аталады. 669 жылы Хасен өлгеннен кейін Әли ұрпақтарына басшылық ете­ ді. Алайда 680 жылы халифа Мағауия қайтыс болғаннан соң Иракта үмийалықтарға қарсылық күшейеді. Осы кезде куфалық халифа Йазидтың белсенділігі де арта түсті. Оның адамдары Хұсайынның немере інісі Мүслімді дарға асып өлтіреді. Куфаға келе жатқан Хұсайын қайғылы хабарды естісе де, сапарын жалғастыра береді. Оның Кербала шөлінде ат суытқанын біл­ ген Йазид Хұсайынға қарсы төрт мың әскерін қарсы аттанды­ рады. 680 жылдың 10-қазанында күші басым жаумен ерлікпен

ғашықтық  дастандар
айқасқан Хұсайын жолдастарымен бірге ұрыс даласында шейіт
болады.
Имам Хұсайын қайтыс болғаннан кейін Кербала шииттер та­

бынатын қасиетті орынға айналады. Ал оның өлген күнін бар­
ша шиит қауымы аза тұтып, құрметпен еске алады.
Ібіліс—діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Алланың
ақ жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын перінің есімі.

Ібілісті басқаша—шайтан, «Алланың жауы» немесе жай ғана
«дұшпан» деп атайды.
Құран Кәрім бойынша, Ібіліс Алланың тілін алмаған, Адам
атаның алдында тізе бүгуден бас тартып, «мен одан артықпын;

сен мені оттан, оны топырақтан жаратқансың» деп қарсы
шыққан. Міне, осы әрекеті үшін ол көктен қуылып, тозақ оты­
на түсуге ұйғарылды. Алайда Ібіліс Алладан жазасын қиямет
қайымға дейін кешіктіруін жалбарынып сұрады және ол өзіне

іштей Аллаға жерде қастық істеуге және адамдарды теріс жолға
азғыруға уәде берді.
Ражим—«таспен атқыланған» (күнәлі немесе ақ жол­
дан тайған)—Құранда жиі кездесетін Ібіліске байланысты

қолданылатын эпитет.

Сөздік* * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондықтан мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз. Ағзам /а/—ұлы мәртебелі; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Ақ—хақ деген сөздің х әрпі түсіп, қысқартылып айтылатын түрі. Хақ /а/—шындық, күмәнсіз ақиқат; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі. Ақырет /а/—ақырет күні, дүниенің соңы; діни ұғым бойын­ ша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық сезіледі. Пен­ делер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние деген ұғым. Алла Ағлам /а/—Аллаға аян Арестан /о/—арестант; тұтқын Асы /а/—�������������������������������������������� күнәһар, шариғатқа қайшы істер жасаған кісі Ахун /п/—діни ұстаз, жетекші; ислам діні қызметкерлерінің лауазымы, мүфтиден кейінгі діни атақ; білімді, сауатты адам Ахыран /о/—күзетші Әб /п/—су Әзелде /а/—ертеде; мәңгілік Әйла /т/—жаса, істе Әмин /а/—әумин Әнбия /а/—пайғамбарлар [нәби сөзінің көпше түрі] Бажа /п/—орынды, келісті, сәйкес; ретті, жөнді Баран /а/—құрлық; жер; құрғақ жер Бахас /а/—сұхбат; әңгімелесу Бәдан /а/ —дене Бәйіт /а/—қос тармақты өлең шумағы

ғашықтық  дастандар
Бәһана /п/—сылтау; себеп
Бей /а/—болымсыздық мағынаны білдіреді. Мысалы,
бейкүнә—күнәсіз; бейопа—опасыз�

Бейзинһар /а/ — көмескі; анық емес
Беймардан /п/—қорқақ; сужүрек
Бейниһаят /п/—шексіз; шекарасыз
Бек ������������������������������������

/т/—өте, тым; ел билеуші бай, феодал
Бешат /о/—мөр; таңба
Биабан /а/—құлазыған шөл дала, жапан түз
Бина /а/—құрылыс, ғимарат

Бисмилла,
бисмиллаһи
/а/—Алланың
атымен.

Мұсылмандар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды
Биһұш /п/—көңілсіз; ессіз болу, естен танып қалу
Бірлән, илән /т/—мен, бірге
Бір уа Бар —Алла Тағаланың 99 есімінің бірі: оның

барлығын, бірлігін білдіретін ұғым
Гөһ, куһ /п/—тау
Грамота /о/—мақтау қағазы
Ғазал /а/— шығыс поэзиясында негізінен кемі үш, көбі он

екі шумақтан тұратын бірыңғай ұйқасы бар өлең
Ғайри /а/—басқа; бөлек, бөтен; өзге
Ғапыл,
қапыл

/а/—қапы
болу,
білмеу,
байқамау,

аңқаулық
Ғарық /а/—суға бату
Ғаріп, кәріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін
Ғаскер /а/—әскер

Ғаяр /п/—аяр, мекер, алдамшы
Ғуд /а/—алоэ; өсімдік
Дағуат /а/—уағыз айту; шақыру
Дада /т/ —әке

Дая— басыбайлы қызметші; бала бағушы
Дәрулфунун /а/—жоғары оқу орыны; университет
Доклад /о/—��������
баяндама

Ділда, тілла, тіллә /а/—алтын ақша; кейде алтын, зер
мағынасында да қолданылады
Жаббар, �������
Жаппар /а/ —ұлы, құдіретті; Алла Тағаланың 99

есімінің бірі Жад қылу /а/—жадына алу, еске түсіру
Жаллад /а/—жендет, бас алғыш
Жамағат /а/—қауым

ғылыми  қосымшалар
Жапы /а/—���������������������������������������������
дөрекі, тұрпайы; қатігез; әділетсіз, тұрақсыз
Жеймар—�������

«Гүлнәр
қыз»
дастанында
«науқас,

ауру»
мағынасында қолданылған
Жұмлә /а/—бәрі, барлығы, түгел
Зағыпыран—сары түсті гүл; мәтінде ауыспалы мағынада

қолданылған: сарғайып зағыпырандай
Заказ /о/—тапсырыс
Заһар /а/—у
Зина /а/—нәпсіқұмарлық, жезөкшелік; неке бұзушылық

Зиннат /а/—көркем; әшекейленген, әсемделген
Зұлжалал /а/—мәртебелі; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Зүбәржат /п/—жасыл түсті асыл тас
Зікір /а/—еске алу, есте сақтау; ауызбен айту, баян ету; бел­

гі; уағыз, насихат. Көбінесе Алла Тағаланы еске алып, жалба­
рыну мағынасында. Зікір жүректен (көңіл), сөзбен және дене
қимылы арқылы, яғни үш түрлі жолмен орындалады.
Емения /о/— жер меншігі; иелік

Емсек—шипагер, емші
Изһар ���
/а/ —таныту, көрсету; нық, ашық
Иләһ /а/—Құдай, Құдірет, Тәңір

Иншалла (ин шаа Алла) /а/—Алла қаласа
Ихсан /а/—қайырымдылық, жақсылық
Йасин—Құранның 36-сүресі. Меккеде түскен қасиеті зор
сүре. Бұл сүрені ауру-сырқау, бәле-жаладан қорғану үшін, сон­

дай-ақ жан тапсырғалы жатқан мұсылманның иманын үйірген­­де
оқиды. Пайғамбар бұл сүрені «Құранның жүрегі» деп санаған.
Кабинет /о/—бөлме
Казарма /о/—әскери бөлімдерді орналастыратын арнаулы

жатақ үй, ғимарат
Катор /о/—каторга
Кәлам /а/—сөз, сөйлем
Кәлла �������

/п/—бас
Кәмине /а/—жасырын, құпия
Кәміл /а/—толық, бүтін
Кәпір /а/—Құран Кәрімде яһуди [жүһүдтер] мен христиан­

дар жазба жұрты, кітап иелері [аһлул китаб] деп аталған, ал
көпқұдайшылдар, яғни түрлі пұтқа—қолдан жасалған мүсін­
дерге, отқа, тасқа, тауға, суға т.с.с. басқа да жара­ты­лыс­тарға
табынып құлшылық етушілер, шындықты мойын­дама­ғандар

ғашықтық  дастандар
кәпір делінген. Соңғы дәуірлерде ислам дінін ұстанушылар
бүкіл мұсылман еместерді кәпір деп атаған.
Кәрім /а/—жомарт, игі, шарапатты; Алла Тағаланың 99

есімінің бірі
Кәтта—����������
үлкен; зор
Кеп, гәп /п/—сөз; ірі әңгіме; хикая; оқиға; бір нәрсенің

сыры, мәні; бір істің, нәрсенің себеп-салдары, тетігі
Кеукер—гауһар
Класс /о/—сынып
Конверт /о/ — хат

Конписке /о/ — тәркілеу
Көдек�������
, гөдек /п/— жасөспірім бала, сәби
Көксі ������������������

/т/—кеуде; көкірек
Көләйт /о/—көңіл көтеру, серуендеу
Қабағат ������������������������
/п/—орасан, керемет; өте

Қадір /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің
бірі
Қарар /а/—сабыр, тағат
Қатым /а/—аяқтау; бітіру; Құран Кәрімді басынан аяғына

дейін оқып шығу
Қиямет /а/—ақырет күні
Құдауанда /п/—Құдай
Құдірет—керемет күш, ғажайып қасиет; Құдай, Алла, Жа­

ратушы, Тәңірі
Құзыр /а/—билік; әмір, бұйрық
Құран /а/—діни ұғым бойынша, Алла Тағаланың сөзі
жазылған, ислам дінінің негізгі ереже, уағыздары толық көрініс

тапқан мұсылмандардың ең басты қасиетті кітабы
Лагерь /о/—лагерь
Лағынет
/а/—малғұн;

Алла
Тағаланың
рақымынан
мақұрым болған

Лампа /о/—шам; шырақ; шырағдан
Лахыт /а/—����������
көр, қабір
Ләб /а/—ерін

Лисан /а/—тіл; сөз
Лұғат /а/ — сөз; лебіз
Мағрифат /а/—білім, ғылым, өнер
Мағшұқ /а/—ғашық, сүйікті

Маддұға /а/—арман, мақсат, мүдде

ғылыми  қосымшалар
Мажал /а/—күш-қуат, әл-дәрмен
Мақам /а/—тұрғылықты жер, орын
Мақшар /а/—діни ұғым бойынша, дүние салған адамның

күнәсі тексерілетін кезең; ақырет
Манифес /о/—кешірім беру, азат ету қағазы
Маржа /о/—әйел адам
Матушке /о/—шеше; ана

Махкам /а/—берік, мықты, бекем
Махрұм /а/— қайғы, мұң; бақытсыздық
Мәжнүн /а/—жынды, есі ауысқан
Мехнат /а/—азап, қиындық, ауыртпалық

Миқдар /а/—������������������������
өлшем, мөлшер; шама, күш
Мордар /п/—лас, былғаныш; арам; қорланған
Мұғаллақ /а/—ілініп тұру

Мұстажаб /а/—тілек тілеу
Мүбәда /а/—егерде, алда-жалда
Мүбәрак /а/—қайырымды, мейірман, қайырлы
Мүддат /а/—уақыт, кезең

Мүкәммал /а/—дүние-мүлік; қазына, байлық
Мүмін, мүслім /а/—сенуші; иман келтірген; мұсылман
Мінәжат /а/—құлшылық ету, жалбарыну
Міскін /а/—бейшара, мүсәпір

Набыт /а/—қыру; жойып жіберу
Нам /п/—кісі аты, есім; атақ, ат
Нәби /а/—пайғамбар
Нәпіс /а/ —демалыс; тіршілік; жан, адам, ниет; көңіл,

адамның ішкі дүниесі
Неках /а/—неке
Нүжұм а/—жұлдыздар; астрономия ғылымы
Ныспы—адамның аты-жөні, есімі

Ошал—осы
Өтен—мекен, тұрақ; Отан
Панар /о/—шырақ
Пәрмен /п., а/—билік, әмірлік

Пәруаз /п/—жарқыл; сәуле; шұғыла
Пәруана /п/—түнде ұшатын көбелек. Ауыспалы мағынасы:
біреудің жолына құрбан болу, садаға болу, жанын қию
Пәруардигар /п/—Жаратушы, Жасаған, Құдай

План /о/—жоспар

ғашықтық  дастандар
Порым /о/—форма; сыртқы пішін, түр
Пінһан /п/—жасырын, тығулы, бүркеулі
Рабб /а/—тақсыр; ие, еге, қожа, патша; Алла Тағаланың 99

есімінің бірі. Мағынасы: жоқтан бар етіп, толықтырып асырау­
шы, тәрбиеші, бүкіл әлемнің қожасы, патшасы
Рақым, Рахим /а/—ерекше мейірімді; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі

Рахман /а/—��������������������������������������
мейірімді, рақымды; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі
Сақы /а/—жомарт, мырза, қолы ашық, қайырымды

Саркездік—ауру
Сахаба /а/—серіктер, жолдастар. Мұхаммед пайғамбармен
бірге ислам дінін қабылдап, мұсылман мемлекетін құруға ат
салысқандар. Мұхаммедтің істері мен сөздері туралы хадистер

асхабтардың айтуы бойынша жазылып алынған.
Сахат /а/—�������������������
дені-бастың саулығы
Сәна /а/—қайғы; қапа; алғыс,мадақ; тілек-өтініш білдіре­

тін -шы,-ші орнына қолданылатын жұрнақ: бар-сәна (баршы)
Секрет /о/ — құпия, сыр
Сөтке /о/ —тәулік; уақыт
Сұбхан /а/—жасаған, күшті, құдіретті; Алла Тағаланың 99

есімінің бірі
Сүннет /а/—діни ұғымда Мұхаммед пайғамбардың істеген
іс-әрекеттері және ол құптаған жағымды қасиеттер; әдет, жол;
дәстүр; заң, әдет-ғұрып

Табиб, тәбип /а/—тәуіп, емші
Тағайын /а/—тағайындау; бекіту
Тағала /а/—бәрінен жоғары, ұлық; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі.

Тағбир ���������������������������
/а/—болжам, жорамал, тұспал
Талон /о/—талон
Тамам /а/—соңы, аяғы

Таһлил /а/—мадақтау, дәріптеу; Лә иләһә илла Алла [Ал­
ладан басқа Құдай жоқ] сөзін айту
Тәкбір /а/—ұлғайту; асқақтату; Аллаһу акбар [Алла ұлы]
сөзін айту, Алланы дәріптеу

Тәрік ���
ету /а/—ұмыту, елемеу; орындамау
Тройке /о/—үш ат жегілген күйме
Тірік����������

, тіріклік /т/—өмір; тірі болу; тіршілік ету

ғылыми  қосымшалар Уәжіп/а/—міндет, борыш; қағида; шарт, парыз Ұстын /т/—���� үлгі Үшбу /т/—осы, бұл Фазыл /а/—артық, артықшылық Фатиха /а/—беташар, кіріспе; Құран Кәрімнің 1-сүресі; мәтіндерде бата мағынасында қолданған. Хабиб /а/—сүйікті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Хадиса, әдиса /а/—таңғажайып оқиға Хазірет /а/—жоғары мәртебелі. Пайғамбарлардың, имамдардың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын құрметті атақ Халал, алал/а/—шариғат бойынша ұлықсат берілген; заңды; некелеп алған; таза; адал; жарамды Халас /а/—құтылу, бос болу, арылу; тыю Халиқ, халық /а/—жаратушы; Алла Тағаланың 99 есімнің бірі Хамлә, хәмлә, /а/—жүкті болу Харам /а/—шариғат бойынша тыйым салынған, яғни ішіпжеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік 71 жерде қолданылған]; таза емес, заңсыз Хасыл /а/—нәтиже, қорытынды; арманына, мақсатына жету Хикмет /а/—керемет, ғажайып; дана сөз Хор, хор қызы—діни наным бойынша, ұжмақта болатын мәңгі жас, өте сұлу қыз Хүкім /а/—билік Хұзыр /а/—ерік, ырық Шаһариар—[шаһар /п/—төрт, жар /т/—жар, серік]— Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли. Кейде төрт жар, төрт шәрі деп те аталады. Бұлар араб ха­ лифатын бірінен кейін бірі билеген төрт әділетті халифа тарих­ та «ал-хулафа ар-рашидун» деген атпен белгілі болған. Шаһзада—патшалар мен шаһтардың, имамдар мен халифалардың мұрагер ұлдарын осылай атаған Шаһид, шейіт /а/—ислам діні жолында қасиетті соғыстарда қаза болған адамдарды шаһид, яғни шейіт деп атайды Шәріп /а/—текті; қасиетті; құрметті; қадірлі; ұлы Шер /п/—арыстан

Жер-су атаулары Аңқара—Анкара. Қазіргі Түркияның астанасы. Бағдат—1921-жылдан бері қазіргі Ирак мемлекетінің астанасы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай салынған. Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) деген атпен халифа Мансұр 762-жылы салдырған. Бағдат—орта ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары [Насреддин Туси, Әл-Фараби т.б.] оқып, білім алған. Басра, Басара —Ирактің оңтүстігіндегі қала, ірі порт, жол торабы. Басраны б.д. жетінші ғасырында Омар халифа салдырған. Ирақ—Ирак. Оңтүстік Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Ирамбағы, Ерамбағы, Ирамбақ, бағы Ирам—шығыс халықтарының әдебиеті мен фольклорында кереметтей, ғажайып бақтың бейнесін осы атаумен беру қалыптасқан. Аңыз бойынша, Ирамбақ—оңтүстік Арабия әмірі Шаддадтың жер үстінде жұмақ орнату райынан туған мәуелі бақ. Қағба—Меккедегі мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі орындағы тұңғыш ғимарат. Ол мұсылмандар «аспан­ нан түсті, Құдай жіберді» деп санайтын үлкен қара тасты қоршай салынған. Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан құралған, ал ең биік шыңында жанартау орналасқан. Жер бетіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер сілкінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжүж бен мәжүж деген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын

ғылыми  қосымшалар
тау­ды егеу сияқты тістерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы
қалпына қайта келеді, сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға
алмайды. Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланысты

көптеген аңыздар бар.
Қылзам—Араб түбегі мен Африка құрлығының қосылған
тұсындағы мекен, уәлаят.
Мәдине—арабша «қала» деген сөз. Меккеден кейінгі екінші

қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед
пайғамбардың 622-жылы Меккеден осында қоныс аударуына
байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың берген ата­
уы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару жылынан

(хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің негізі қаланғанда
Мәдине оның алғашқы астанасы болды.
Мысыр—араб елінің африкалық бөлігіндегі көне шаһар әрі
ел атауы. Жергілікті арабтар Египетті де, оның астанасы Каирді

де Мысыр деп атайды. Қазақ фольклорында, сондай-ақ көптеген
шығыс халықтарының ауыз әдебиеті шығармаларында Мысыр
атауы жиі ұшырасады.
Нарын—Батыс Қазақстан аймағындағы үлкен құм.

Рұм, Үрім—шығыс халықтары орта ғасырларда Византия­
ны осылай атаған. Көптеген шығыс халықтарының әдеби-
фольклорлық туындыларында Рұм өте алыс, ғажайып өлкенің
бейнесін елестеткен.

Сарандел, Сарандип—Цейлон аралының арабша атауы;
діни аңыздар бойынша, жұмақтан қуылған Адам атаның түскен
жері.
Шам—Сирияның арабша атауы. Теңеу ретінде «шәріп» сөзі

қосылып, көбіне «Шам шәріп» делінген [шәріп /а/ - құрметті,
жоғары мәртебелі].
Шын—Орта Азия, Иран, араб елдері орта ғасырда Қытайды
«Чин» деп атаған. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі 221-жылдан

бастап Қытай елін билеген Цинь династиясының өзгертілген
атауы.
Машын—Орта Азия, Иран, араб елдері орта ғасырларда
Қытайдың оңтүстік уәлаяттарын, Шығыс Түркістанды осылай

атаған.
Кейбір шығармаларда осы екі атау (Шын-Машын түрінде)
бір қаланың, бір мемлекеттің атауы ретінде қолданылады.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Амантайұлы

Қысыраубек—ауыз
әдебиеті
үлгілерін,
көбінесе

Н.Нысанбайұлы
мұрасын
жинаушы.
Оңтүстік

Қазақстан
облысында
туып-өскен.
Мамандығы—мұғалім.

Қ.Амантайұлы жинаған материалдар ОҒК-ның Қолжазбалар
қорында сақтаулы.
Байғұттыұлы Көсембек (1884-1951)—ақын, жыршы,
ауыз әдебиетін жинаушы. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облы­

сы, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылында дүниеге келген.
Көсембек Байғұттыұлының халқымыздың бай ауыз әдебиетін
жинауға сіңірген еңбегі ерекше. Қолжазба қорларында Көсембек
ақын жинап тапсырған материалдар көп ұшырасады. Оның ел

аузынан жинаған «Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила»,
«Әмір патша мен Таймас уәзір», «Сәтбек батыр» дастандары,
Құламерген туралы ертегілер ауыз әдебиетін зерттеушілер үшін
құнды материалдар болып табылады.

Бекмағамбетов Иманғали—Батыс Қазақстан облысы­
на қарасты Жымпиты ауданы, Көгеріс аулының тұрғыны.
«Жаскелең» дастанын 1948 жылы Омбы экспедициясы
қызметкерлері 73 жастағы Бекмағамбетов Иманғалидың айтуы

бойынша жазып алған.
Васильев А.В. (1861-1943)—шығысты зерттеуші ғалым,
профессор. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтың
ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жариялаған, мысалы, «Об­

разцы киргизской словесности», вып.1; Киргизские сказкиң,
Оренбург, 1898; «Образцы киргизской народной поэзии» вып.2;
Киргизские загадки. Оренбург, 1900 т.б.
А.В.Васильев өзінде сақталған қолжазбаларды Ұлт мәдениеті

институтының қорына 1935-1936 жылдары тапсырған.

ғылыми  қосымшалар Жүсіпәлиев Нұрмұхамбет—Ресейдің бұрынғы Куйбы­ шев облысы, Безенгук ауданының, Переплавинко аулының тұрғыны. «Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы» дастанын ай­ тушысы. Манабаев Телібай, Күлкенов Мәкежан—Семей облысы, Шар ауданында тұрған. Басқа мәліметтер кездеспеді. Нысанбайұлы Нұралы (1857-1930)—туып-өскен жері Оңтүстік Қазақстан облысы. Белгілі жырау, жыршы, айтыс ақыны. Нұралының шығыстық сюжеттерге ден қоя отырып, сол сю­ жет-желіні қазақ топырағында нәзиралық дәстүрмен жаңғырта жырлай білген ақындық шеберлігіне оның орындауындағы «Қарақұл», «Қарқабат», «Жетім Құбыл», «Сауда ишан» т.б. дастандары дәлел. Томға енген «Гүлнәр қыз» дастанын жырлау­ шы. Төлеубайұлы Толымхан—Семей облысы, Шар ауданында тұрғыны. Найман ішінде Жанғал деген рудан.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Л—Ленинград

М—Москва
Ш—шифр
дәп—дәптер
/а/—араб

/о/—орыс
/п/—парсы
/тат/—татар
/т/—түркі

Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен 1917 жылға дейJ����������J����������
і����������J����������
н араб әрпJ����������

і����������
нде жарық
көрген кJ������
і������

таптар 1.  Жаскелең. ОҒК,Ш. 925. Кирилл әрпінде. Жинаушысы—

И. Бекмағамбетов. 2.  Гүлнәр қыз. ОҒК, Ш. 798, 3-дәп. Араб әрпінде. Жырлау­

шысы—Н.Нысанбайұлы. 3.  Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила. ОҒК, Ш.924, 3-

дәп., араб әрпінде. 1948 жылы Төлеубайұлы Толымханның ай­
туынан жазып алып, тапсырған—Көсембек Байғұттыұлы

4.  Әмірзада. ОҒК, Ш. 695, 2-дәп. 26 бет. Араб әрпінде. Жыр­

лаушысы—Әбік Белбайұлы 5.  Қисса шаһизада. ОҒК, Ш.1164 а, 6-дәп. Кирилл әрпінде.

Жинаушысы—В. Васильев. 6.  Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы. ӘӨИ, Ш.132, 3-дәп.

Кирилл әрпінде. Айтушысы—Н. Жүсіпәлиев
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздJ����
і����

ктер 1.  Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі. Аударған

Халифа Алтай.—Мәдине, Сауд Арабиясы, 1991. 2.  Азибаева Б. У. Казахские народные романические даста­

ны.—Алматы, Ғылым, 1992. 3.  Азибаева Б. У. Казахский дастанный эпос.—Алматы:

Ғылым, 1998. 4.  Әуезов М. Әр жылдар ойлары.—Алматы: ҚМКӘБ, 1959.

ғашықтық  дастандар 5.  Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 1-т.

Құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындаған Б.Әзібаева.—
Астана: «Фолиант», 2004.

6.  Бердібаев Р. Қазақ эпосы.—Алматы: Ғылым, 1982. 7.  Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап.—Алматы, 8.  Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 2-т.—

Алматы: Ғылым, 1979. 9.  Қасқабасов С. Жаназық. Таңдамалы.—Астана: Аударма,

2002. 10.  Қоңыратбаев Ә. Шығармалар жинағы. Көптомдық. 9-

том.—Алматы: МерСал, 2005. 11.  Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар.—Алматы,

1997. 12.  Тотынама.—Үрімжі: Шыңжаң Халық баспасы, 1987. 13.  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы, 1993. 14.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—

М., 1968.

15.  Древнетюркский словарь.—Л: Наука, 1969. 16.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Ал­маты: Дайк-Пресс, 2001.

17.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 18.  Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т.—М., 1970. 19.  Турецко-русский словарь. Под ред. Т. Е. Рыбальченко.—

М.: Русский язык Медиа, 2005.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова МОН
РК продолжает работу по подготовке и публикации очередных
томов стотомного Свода казахского фольклора «Бабалар сөзі»,
выполняемого в рамках Государственной программы «Мәдени

мұра».
В настоящий момент издано двадцать томов свода. В том
числе: опубликованы девять томов новеллистических дастанов,
семь томов дастанов религиозно-нравственного содержания и

четыре тома романических дастанов.
Предлагаемый вниманию двадцать первый том включает в
себя дастаны любовного содержания, это: «Жаскелең», «Гүлнәр
қыз», «Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила», «Әмірзада»,

«Қисса шаһизада», «Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы».
Тема этих произведений одна—воспевание чистой и верной,
преданной любви. Но они разные по сюжетостроению, проис­
хождению и времени сложения. Дастан «Жаскелең» имеет

своей основой региональный сказочно-фольклорный сюжет.
Первая часть этого дастана сложена в соответствии с поэтикой
восточного дастана, но все же налицо максимально реалисти­
ческая интерпретация сказочно-романических мотивов. Вторая

часть дастана, основную сюжетную линию которой составля­
ет мотив бегства влюбленных, разработана в чисто эпическом
духе. Очень интересен образ Аягоз, сестры Жаскелена, разра­
ботанный по канонам образа девы-воительницы, а также мотив

боя не узнавших друг друга брата и сестры. Сюжетику же ос­
тальных дастанов, вошедших в том, составляют фольклорные
сказки и повести, широко представленные во многих восточных
сборниках, в первую очередь, в «Тоты-наме» и многотомном

цикле «Тысяча и одна ночь».

ғашықтық  дастандар То есть в дастанах для раскрытия главной темы широко ис­ пользуются многие известные сказочно-эпические сюжеты и мотивы, а для испытания верности и преданности молодых лю­ дей новеллистические сюжеты. В произведениях этих всегда по­ беждает добро и справедливость. Многотомный свод «Бабалар сөзі»—научное издание. Пу­ бликуемые тексты даются в первоначальном, адекватном пер­ воисточнику виде, то есть исключается любое вмешательство в текст. Том, в соответствии с принципами издания свода, снабжен научными приложениями, которые включают в себя: сведения о публикуемых текстах; краткий историко-фольклористический и текстологический анализ текстов; данные об исторических и религиозных деятелях, имена которых встречаются в текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов, терми­ нов и понятий, а также географических названий; сведения о сказителях, собирателях и публикаторах; список использован­ ной литературы; резюме на русском и английском языках. Все дастаны тома за исключением «Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы» [публиковался в 1990 г. в фольклорном сборнике] впервые вводятся в научный оборот. Тексты, вошедшие в данный том, подготовлены с первоис­ точников. Объем тома—19 п.л. ��

Summary M.O.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art, Mіnіstry of Educ­ atіon and Scіence, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the volumes of the hundred vo­ lume Collectіon of Kazakh folklore «Babalar sozі» іmplemented wіthіn the framework of the State Program «Madenі mura» («Cu­ ltural herіtage»). At present tіme twenty volumes of the collectіon have been pub­ lіshed іncludіng nіne volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of relіgіous-moral dastans and four romantіc dastans. The proposed twenty fіrst volume іncludes dastans of love con­ tent such as «Zhaskelen», «Gulnar kyz», «Malіkrіan, Rabіgumul­ іk, kyz Zhamіla», «Amіrzada», «Kіssa shakhіzada», «Asylbek pen Gulzhіkhannіn kіssasі». Topіc of those works іs oneto sіng of a hіgh and devoted love. However theіr plots, orіgіns and perіods are dіfferent. Dastan «Zhaskelen» іs based on relіgіous tale-folklore plot. Fіrst part of thіs dastan іs composed accordіng to the poetry of Orіental dastan, but іt has maxіmal realіstіc іnterpretatіon of tale-romantіc motіv­ es. Second part of the dastan, the maіn plot lіne of whіch іs based on the escape of the lovers іs developed іn pure epіc way. The type of Ajagoz Zhaskelen’s sіster іs very іnterestіng and іs developed accordіng to the canons of the type of vіrgіn-warіer and the motіve of fіghtіng between brother and sіster who dіdn’t recognіze each other. The plots of the other dastans іncluded іnto the volume are based on folklore tales and storіes wіdely represented іn many Orі­ ental collectіons, fіrst of all іn «Toty-name» and many volume cycle «Thousand and one nіght» і.e. the dastans many well known taleepіc plots and motіves are wіdely used for revealіng maіn theme. Іn those works the good and faіrness always wіn.

ғашықтық  дастандар Multі volumes collectіon «Babalar sozy»—іs a scіentіfіc edіt­ іon. The publіshed texts are presented іn the orіgіnal, adequate versіons, і.e. any іnterpretatіon of the text іs excluded. The volume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the foll­ owіng: data on publіshed texts and theіr versіons; reference data wіth vocabulary, names, explanatіon of varіous foreіgn terms and notes concernіng the names of the relіgіous fіgures; іnformatіon on the collectors and performers of the works; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. All dastans except for «Asylbek pen Gulzhіkhannіn kіssasі» (was publіshed іn 1990 іn folklore collectіon) are іntroduced іnto scіentіfіc cіrcle for the fіrst tіme. The texts were prepared from Kazan publіcatіon adequate to the orіgіnals. Sіze of the volume іs 19 p.p.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Жаскелең ............................................................................ 9 Гүлнәр қыз ........................................................................ 32 Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила ...............................110 Әмірзада ..........................................................................152 Қисса шаһизада ................................................................192 Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы ....................................222 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................263 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................276 Сөздік ..............................................................................283 Жер-су атаулары ...............................................................290 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................292 Шартты қысқартулар ........................................................294 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................295 Резюме ............................................................................297 Summary ..........................................................................299

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 21 том РОМАНИЧЕСКИЕ  ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Н. Садықова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген �������������� «������������� Баур��������� » �������� баспасы ИБ № 2063

Теруге 17.09.05 жіберілді. Басуға 29.09.05 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі ����������������������������������������������� «���������������������������������������������� Мектептік������������������������������������� ». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 19. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 78. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙