Алып - Ер Тұңға
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ауыз әдебиетіндегі шығу тегі көне дәуірлерден басталатын, тек ұлттық сипатта ғана болатын аңыз әңгімелер тарихи шындық негізінде туған. Алайда әр дәуірдегі айтушылар мен тыңдаушылардың ұғым-пайымына сәйкес өзгеріп, түрленіп, жаңарып отырған. Аңыз әңгімелер – халықтың өзінің, мекен еткен жерінің а...
Алып – Ер Тұңға
Алып Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар…
Бектер аты болдырып,
Қайғы оларды солдырып,
Меңді жүзі сарғайып,
Запыран рең сүртілер
Бөрідей жұрт ұлысып,
Айқайын жаға жыртысып,
Өкірген үнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер.
Көңілім ішті жандырды,
Жазылған жарар жаңғарды.
Көшкен күндер көзге ұрды,
Күн-түн демей ізділер
Тағдыр кезін келтірді,
Ұры тұзағын ілдірді.
Бектердін бегін ап кетті.
Қашса калай құтылар.
Тағдырдың күнін тербетер .
Пенденін күшін меңдетер.
Пәниді жұрттан тазартар.
Кашсаң тағы артылар.
Тербетер салты мұндай – ақ.
Бұдан да баска сыр көп – ақ.
Заман атса кезеп – ақ.
Таулардың басы күйрелер.
Оғын атса дәл кезеп,
Кім тоқтатар көлбеу кеп.
Тауды атса көздеп кеп,
Шың шатқалы қақырар.
Замана түгел күйреді.
Білімді жаксы сейреді.
Жаман – жәутік түптеді.
Ізгі бектер шетінер.
Білімді батыр жүнжіді.
Замана аты жаншыды.
Ізгілер тәні жидеді.
Жерге тиіп сүртіл ер.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру