TELEGEI

Home

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. XVІ кітап

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. XVІ кітап

"МӘДЕНИ МҰРА"МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ "МӘДЕНИ МҰРА" БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҚАСЫ Әшімбаев Мәулен, кеңес төрағасы Асқаров Әлібек, жауапты хатшы Қоғамдық ...

ОЙ ЖҰБАТУ

"Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!."
М. Әуезов. "Хан Кене"

Иә, кіріспенің аты — "Ой жұбату". Ұзақ толғанып, шұғыл шешім қабылдап, асыға қағазға түсірген осы жолдарда ойымды мың тербетіп, мың жұбатқан менің шығармашылық тағдырым жатыр. Алғаш рет Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын астастыра өріп, сол арқылы қазақ ұлтының азаттық жолындағы қасіретті күресі мен Алаш идеясын жеткізуді мұрат тұтқан күннен — 1976 жылдың 28 қыркүйегінен бастап бүгінгі 2010 жылдың 21 шілдесіне дейін отыз төрт жыл өтіпті. Соның ішінде "Қилы заман" мен "Қараш-қараш" оқиғасын қамтитын трилогия-толғаудың соңғы бөлімі болуға тиісті "Бұзылған бесік!.." — деген атпен ұсынылып отырған бұл салыстырмалы әдеби-тарихи толғау осыдан бұрын төрт рет қолға алынып еді. 2400-ден астам тарихи деректер реттеліп, жазатын қалам, жазылатын қағаз, алғашқы сөйлем мен келтіретін деректер, айтылатын ой, дамытылатын пікірлер, қорытындыланатын тұжырымдар, баяндау тәсілдері мен ойды салмақтап жеткізетін көркем әдістер, туындының әр сөзі мен сөйлемі, әр абзацы, әр пікірі іріктеліп, жүйеленіп, қатталып, желісі түзіліп, библиографиялық көрсеткіштер мен картотекалар жасалып, қысқасын айтқанда, деректі әфсана жазуға қажетті алғы шарттардың барлығы да дайындалып, алғаш рет жазуға отырғаныма да үшем ғасыр толыпты. Сол бір терең алынған демді суытпай Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ойының даму желісін сақтай отырып, "Бейуақ" пен "Жалғыздың жанталасынан" соң бір қасіретті де қасиетті сезімдер ыстық тобымен хатқа түсуі тиіс еді. Ондағы басты мақсатым "Хан Кене" арқылы — қазақ мемлекеттігі мен тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық майданын, "Қараш-қараш" оқиғасы арқылы рухани азаттыққа ұмтылған жалғыздың жанталасын, "Қилы замандағы" тарихи шындықты салыстыра көрсету арқылы - қазақтың бостандық жолындағы қасіретін барынша нақты құжаттарды пайдалана отырып, ұлттық тәуелсіздік сананы оятқым келді. Бұған Мұхтар Әуезовтің қатпарлы өмірі, әлемдік әдеби беделі, қуатты көркем әлемі толық мүмкіндік беретін. Әуезов арқылы алаш идеясын тірілту — ғұмырымның аңсары, өмірімнің өзегі, жазушылығымның мәні сияқты көрінуші еді. Әуезов шығармаларының астарындағы қасіретті шындық пен азаттық идеясын сезіне отырып, архивтердегі құжаттарды біле тұрып, оны ұлы жазушы туралы жазылуға тиісті романның (бұл арман да көркем қиял күйінде қалды) қосымша психологиялық көркем желісі ретінде ғана пайдалану — қылмыс сияқты көрінген. Өкінішке орай, сексенінші жылдардың басында қолға алынып, үш рет дайындалып, үш рет жазылмай қалған "Бұзылған бесік" атты бұл деректі әфсана да "Хан Кененің" тағдырын құшты. Өзгені былай қойғанда екі жарым мың беттік архив құжаттары мен деректерін сөз бен сөйлем арасында пайдалану үшін реттеу, жазу барысында оған "жан бітіру", ой қосу үшін қажетті соншама тағдырлы деректерді жадында ұстау, ондаған жылдар өтсе де соның ыстық-суығын бойында сақтау — қандай жад пен жан қуатын керек етті десеңші. Мүмкін шығарманы жазу азабынан көрі осы көңіл-күйді ұстап тұруға кеткен жұлын-жүйкенің салмағы әлденеше есе санаға артық салмақ салған шығар. Алғашқы нұсқасы 1977 жылы баспаға өткізіліп, 1997 жылы ғана жарық көрген өмірбаяндық сипаттағы үш рет талқыланып, бес рет рецензияланып, Жазушылар одағындағы "Ағалар алқасы" тарапынан да алғанын, жақсы пікір білдірілгеніне қарамастан (қараңыз: Мағауин М. Шығармалар жинағы. 9 том. //А. Қағанат. -553. —2002, 171- 177, 191-205 бб) ең соңында баспа директорының тарапынан: "Мен тұрғанда жарық кермейді",- деген бәтуа алған "Бесігіңді түзе!.." атты роман-эссенің өзі сергелдеңге ұшыраған тұста әлдебір үмітсіздікпен кейінге ысырылып қалғаны рас. Ол азаптан арылудың мүмкіндігі үшінші рет түскенде, яғни, барлық деректер кайта жазу столына реттеліп, үш ай дайындалып "Бұзылған бесікті" жазуға отырғанда сондай бір сеніммен, қуанышпен күнделігіме былай деп жазыппын: "29.11.95 жыл. Бісмилла, бүгін өз өмірімде үш рет дайындалып, бірақ кірісе алмаған Кенесары туралы еңбектің жоспарын жасауға кірістім. Егерде Семейге, "Құнанбай" пьесасын жазу үшін [...] жүріп кетпесем, ептеп-ептеп дайындықты бастаймын. Ей, Алла, рақымыңды түсір. Әруақтар қолда. Кілтін дұрыс табуға септігіңді тигіз, Алла! Сағат 8.55" Күнделікке қарағанда бұл толғаныс бір айға созылып, Абылайдың әруағын да көмекке шақырыппын. "8.12.95 Бүгін Абылайдың суретін қарсымдағы сөреге іліп қойып (кеше кешкісін ілгем), соған қарап отырмын. Немересі Кенесары туралы жалған айттырмас үшін маған қадала қарап тұрсын деп. Ал он күн болды, ешнәрсе тындырмадым. Өзіммен өзім алысумен болдым. Ауырдым. Енді есімді жиып отырмын. Асай-мүсейім (тараулар мен ішкі сөз, сөйлемдер) әлі түгел емес. Машинканы жөндеу, бөлімдерді реттеу керек. Енді істің жайын қағазға түсіріп (отырамын-ау осы. Сағат 4.00) . Реттеулі деректер сол күйі жиылмай бір бөлмені алып ұзақ жатқаны есімде.Сол өкінішімді күнделікке: "20.5.97 Бұл сөзді жазғанға да екі жыл өтіпті-ау. Ақыры сол кітап жазылмай қалды. Екі ай отырдым. Бір жолы жазылмады. Бұл "Талқыға" ұласып кетті. Кенесары тағы да жазылмады. Бір реті келер. Қазір оны ойлауға мұрша жоқ. Той тойлап жүрміз. Тойлай жүрсең де ойлай жүр, Тұрсын", — деп түсіріппін. Мұндағы той — Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына (Байланысты өтіп жатқан шаралар мен мұражай-үйдің қайта жаңғыруы болса керек. Араға екі ай өткен соң: "20.7.97. "Талқы" жазылды. Кенесары жоқ. Төртінші рет отыруға тура келе ме? Әлде мүлдем доғару керек пе? Не маған 45-50 беттік очеркпен тиылу қажет пе? Қайран 10 жылғы жиған архив деректері. Қайран бекер өткен уақыт. Қайран, Кенекем! Қайран, Мұха! Қайран, Тұрсын!",- деп "Бұзылған бесіктен" мүлдем түңіліппін. Неткен жанкештілік! Мұндай азапқа төзім қалай жетті десеңші! Ол жолғы реттелген құжаттар жазу столы үстінде "Тарих талқысы" деген атпен "Талқы" әфсанасына кірген "Теріс тербету" aтты тарау ғана қағаз бетіне түсіп, аяқталмай тағы да екі жыл жатты. ақыры шыдауға мүмкін еместей көрініп, жегімді жеген деректерді ешқандай тәртіпсіз сыпыра жиыстырып, ретті-ретсіз буып-түйіп, қопсыған күйінде М. Әуезовтің мұражайына өткіздім. Кенесары туралы қалған архив деректерін, фото, ксеро көшірмелерді сұраған адамдарға ешқандай талапсыз таратып бердім. Сөйтіп, 10 жыл бойы алдымды орап, басқа тақырыптарға тосқауыл қойған бөгетті - "Бұзылған бесікті!" келместің кеңістігіне мәңгілікке ұзатып салғанымды сезіндім. Жұлын-жүйкедегі ширығу да босап, кәдімгідей жеңілдеп қалдым. Тіпті, Қайрат Сатыбалдиев себепкер боп Ресейден Кенесарының бассүйегін іздестірген сапарымызда да бұл әрекетіме өкінгенім жоқ. Біз мұрағаттарын ақтарған 64 мекемедегі Кенесары көтерілісі туралы қатпар-қатпар қалың құжаттарды да құнттамадым. Мен дерек атаулының барлығын мидан өшіріп, көркем дүние жазуға ниет еттім. Ақыры ол ойым да сәтсіз аяқтала берді. Алла тілегімді қабыл етпегендей көрінді. Мүмкін "Бұзылған бесік!.." — деген аты сетсіз қойылды ма екен, кім білсін. Қалай дегенмен де мен жазылмай қалған осынау шығарманың қыртыс-қыртысы мол қилы-қилы әсерінен бүгінгі күнге дейін, дәл қазір осы сөздерді жазып отырған сәттерде де арылған емеспін. Сондықтан да тура осы "Бұзылған бесікті!.." жазу үшін жиенім Думан Санк-Петербург дүкенінен арнайы сатып әперген, бұрын да бір рет "Бұзылған бесіктен" беті қайтқан қаламмен, осы әфсанаға арнайы арналған сиямен осы жолдарды асыға жазып, "Хан Кенеге" қайыра бір оралуымның себебін түсіндіре кетпекпін. Бірден ашығын айтайын, бұл мен о баста ойластырған "Бұзылған бесік!.." емес. Сол әфсананың мұқабасы мен жұқанасы ғана. Арылу мен ой жұбату үшін ғана қолға қалам алды демес үшін оның жай-жапсарын қысқаша сабақтайын. Біріншіден, кеңес өкіметінің қыспағында, ақыл-ойың тәуелді, қалам секемшіл кезінде азаттықты аңсаған асыл аңсар мен булығу, ішкі қарсылық пен қыжыл, белгілі бір дәрежедегі тәуекел қазір жоқ. Ол арман орындалды. Тәуелсіздіктің тұрақталып қалуынан басқа алаң жоқ. Демек, туындыны жазуға мәжбүр ететін жазушылық ішкі қыжыл мен құштарлық бәсеңсіген. Екіншіден, Мұхтар Әуезовтің асыл ойын аян ететін "Хан Кене" пьесасының еліне жетпей қалды-ау дейтін екі нұсқасына да текстологиялық салыстырулар жүргізіп, толықтай басылымын өз қолымнан жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болдым. Бұл да шығарманың ішкі ой желісін босаңсытты. Үшіншіден, Кенесары туралы тарихи деректер топталып, жинақталып жариялана бастады. Бұл қозғалыс туралы алғаш рет "Жұлдыз" журналында пікір алысу ұйымдастырып (Көркемдік шындық және тарихи тұлға. Дөңгелек стол. Жұлдыз, 1990 — N 7), Е.Бекмахановтың монографиясын тарихшы Ш.Әмірбековке аудартып әуелі журналда, содан кейін жеке кітап ретінде жариялануына себепшілік еттім. Сондай-ақ, казіргі басылымдардың дені Кенесары жазған хаттардың орысша аудармасын жариялаумен шектелетініне назаланып, әйгілі мұрағаттанушы, өзегі таза әрі нағыз ұлт зиялысы марқұм Бейсенбай Байғалиевпен бірлесе отырып хан Кененің қазақша жазған хаттарының негізгілерін ғылыми айналымға түсірдім. "Хан Кене" пьесасы қақында кандидаттық, докторлық дессертациялар қорғалды. Мұның барлығы Абай айтқандай, әуел бастағы "қорықпас жүректі" жасытты, "айнымас көңілді" айнытты, "босанбас буынды" босатты. Жұрттың жүрегі — сабыр, ақылы - азық, жігері - қайрат табатын мүмкіндік туды. Енді қайыра қалам қайратын жұмсаудың қажеттілігі жоқ сияқты еді.

Иә, қажеттілігі жоқ еді, бірақ бар болып шықты.

Қаламгерлік құштарлықтың мәтінге түспейтін, көрінбейтін желі ретінде әфсанаға екпін түсіріп, емеурінмен жеткізілетін тегеуіріні кайтып, ішкі ырғақтың құлақ күйі босаңсып, бопсасы мен топсасы тосаң тартқанымен де, үзілмейтін бір ызың сананы сыздата берді. Ол — әу баста "Бұзылған бесіктің" рухын құндақтауға тиісті хан Кененің жеке тағдыры, туынды "Хан Кенедегі" өмірлік шындық пен көркем шындықтың арақатынасы, шығармашылық психологияға қатысты сана сарыны емес, тұлғаларды тобырға айналдыратын тәуелді сана психологиясы еді. Кенесары хан мен "Хан Кенеге" қарата қаншама пікір айтылса да менің зерттеушілік әдетіме айналған осы бір көктүйнек құбылыс — тәуелді сана психологиясы - санама шаншу боп қадалды да тұрды. Тіпті рухани тәуелсіздіктің жұлын-жүйкесін шүйкелеген "Бейуақ", "Күйесің, жүрек... сүйесің!..", "Талқы", "Ұраным — Алаш!.." атты монографияларды жазған соң да Мұхтар Әуезов сияқты ұлы тұлғаны рухани кіріптарлыққа мәжбүр еткен рухани тәуелділік, тобырлық, жанталасқан жаландық психологиясының қалай қалыптасып, бір ұлттың беделді тұлғаларының рухани жандайшапқа қалай айналғаны туралы шындық толық ашылмай қалған сияқты болып көрінді де тұрды. Ғалымдар не түбірлеп зерттемеді, не деректерді түсіндіруге мұршалары келмеді, не ащы шындықтан, иә, ұлттық мүддені сатып, ұлтты бостандық идеясының туын қан майданда сатып кеткен тұлғалар туралы ащы шындықтан именді, не айғайға ілескен тұлғалардың тұлданған тұсын ашуға дәттері жетпеді. Әйтеуір осындай буынды тұста тарихшылар мен әдебиеттанушылардың тасырқай беретіні мені қатты қынжылтып жүрді. Сондықтан да мен "Хан Кене" пьесасы туралы бұрынды-соңды пікірлердің барлығын жинақтап, осы туралы дақпырт пен дау-дамайдың себебін ашып, оған қысқа-қысқа түсінік беріп, бірақ-ақ рет сахнаға қойылған соң, кеңестік идеологияның құлтөбесіне көміліп қалған шығарманы кез-келген сәтте Мұхтар Әуезовтің бетіне күйдіргі ретінде басып, көп қарғаның ішіндегі ақ қарға етіп шығарып, көзтүрткі етуінің себебін ашуды мақсат тұттым. Бұған табанды, айнымас әуезовтанушы Талғатбек Әкім мен екеуміздің "Хан Кененің" қолжазбадағы әуелгі толық нұсқасын салыстыра отырып қалпына келтіріп, мәтіндік түсініктеме жазып, елу томдыққа дайындаған еңбегіміз толық негіз қалайды деген үміт те болды. Алайда, тәуелсіздік идеясының алтын өзегі болған "Хан Кененің" жолы тәуелсіздіктен кейін тіпті қиылды. Әсіресе, бүгінгі азат күннің өзінде "Хан Кененің" ең әділетсіз, себепсіз, "жалған намыстың сараместері" (Абай) мен сауатсыз, надан, пасық "парасат иелерінің" қудалануына ұшырап, өзінің рушылдық намысы үшін азаттық идеясы мен Хан Кенені ғана емес, Мұхтар Әуезовті қорлауға құлшынып, сахнада қойдырмауға тырысып келе жатқан кәрі шөңгелер мен соған құлдық ұрған режиссерлерді көргенде адамның төзімі кайта қайралады екен. Сондықтан да "Хан Кенеге" қатысты бұрынды-соңды айтылған сұғанақ пікірлерді іріктеп алып, сол арқылы қиянатшыл қауымға ой салғым келді. Өйткені олар дәл қазір де Әуезовті рушылдықтың, жалған намысшылдықтың құрбандығына шалуға дайын сияқты. Олардан да бұрын кәнігі қастаншықпағырлар болған. Бірақ мақсатына жете алмаған. Тіпті осы жолғы қолға қалам алдырған қыжыл - тура осы оқыған надандардың жаласы мен сатқындықтан - қасиет, бауырмалдық жасағысы келген екіжүзділігіне деген ыза десе де болады. Әрине, бұл көпке жақпас. Алайда кез-келген сәтте қоғамға кайтып оралуға дайын тұрған тобырлық психологияны әшкерелеу - қашан да кеш емес. Қолға қалам алдырған елеулі себептің енді бірі — "Күйесің, жүрек... сүйесің!..", "Бейуақ", "Бесігіңді түзе!..", "Бесігіңді аяла!..", "Бесігіңді ая!..", "Бесігіңді ұмытпа!..", "Ұраным -Алаш!.." атты ұлт азаттық идеясы мен рухани тәуелсіздік, жан бостандығы сияқты жанкешті тауқыметтерді алғау еткен туындылардың төлбасы болып саналатын "Бұзылған бесіксіз" негізгі нысана жетімсіреп, басталмай, не аяқталмай тұрған сияқты эсер қалдырды. Бұл заңды да еді. Сондықтан да сол кемшіліктің орнын толтырып, күдік пен жегіден арылғым келді. Бір әттегенайы, кезімде әзім сарыла архивтен іздеп тауып, өз еркіммен М.Әуезовтің мұражайына өткізген деректерді қайта қарауға мүмкіндік берілмеді. Соның ішінде Юдахиннің Кенесарының жүрегінен аттың қылына ұқсас түк шыққаны туралы құжатты ғана қинала еске алдық.Ат аунаған жерде түк қалсын. Әйтпесе, "Түк қалмасын" -дейтіндей дерекке мұқтаж кәттелік бізде болған жоқ. Сонымен... "Бірді" (Абай), оның ішінде, ұлы тұлғаны жалғыз қалдырып, көзтүрткі еткен қоғам — дертті қоғам. 8.12.2007-21.07.2010.

БІРІНШІ БӨЛІМ: ТЕРІС ТЕРБЕТУ

І ТАРАУ: ҰЛТТЫҚ ТАҒДЫР: ТҰЛҒА ЖӘНЕ ТАРИХИ КӨЗҚАРАС Таным талқысына салсақ: тағдырыңа сенбе, тарихқа сен, өйткені ол бәрін де өз орнына қояды — деген қағида жай ғана көңіл жұбату үшін айтылған қағида. Шындығына келсек, тағдырдың аты — тағдыр. Ол сені ешқашанда алдамайды. Егер Жаратқанның жаратқан кәдімгі пендесі болсаң, онда өткенің — өтті, кешкенің — кетті, көрерің — көз алдында. Тағдыр — маңдайыңа жазылған қыл көпір. Жүргің келсе де жүресің, жүргің келмесе де жүресің. Оңға не солға бұрылмайсың, кейін де шегінбейсің. Себебі, артыңнан езінің жазмыш жолымен жүріп келе жатқан тұлға, топ, тобыр, мүмкін ұлт желкелеп келеді. Олар сенің ырқыңа көнбейді. Лықсытып белгісіз күнге қарай ілгері итермелейді. Егер, мемлекет не ұлт болсаң, онда — соғысатын дұшпаныңмен соғыстың, табысатын досыңмен табыстың. Жеңдің не жеңілдің. Енді сол тағдыр талқандап немесе кемеліне келтіріп кеткен күймен келешегіңе қадам басасың. Тағдырдың әділеттілігі осы. Оған ешкімнің үкімі жүрмейді, оны ешкім өзгертпейді, өзгерте алмайды да. Ал тарих — әділетсіз. Өйткені ол сол тарихи тұжырымды қалыптастыратын көзқарасқа тікелей кіріптар. Адамзат тарихын және ол туралы пікірлерді таным талқысынан өткізсеңіз, бірде-бір мемлекеттің, бірде-бір тұлғаның тағдыры жазылмаған, сол туралы көзқарастың жиынтығы баяндалған. Ал ешқандай көзқарас абсолюттік шындықтың кепілі бола алмайды. Ол көзқарасты күштеп, идеологиямен, ұлттық сезіммен, ұлы тектік не державалық астамшылық пиғылымен қалыптастыруға болады және дәл осы заманға дейін Леофоль Фон Ранке айтқандай:

"Дүние жүзінің тарихы - Батыстың тарихы" болып келді.

Ешқандай ұлттың, ұлыстың, мемлекетті, жеке тұлғаның тарихы — белгілі бір нысаналық идеологиялық мүддесіз хатқа түскен емес. Ең әділ пікірдің өзі — әділетсіз пікірге қарсы айтылған уәж. Сондықтан да дәл қазіргі кезеңде өктемдік көзқарастың үстемдігін жүргізуші тарихтың өзін әділетті ғылым деп қарауға болмайды. Ол әрбір заманның құлығына байланысты құбылып отырады.

Бұл — заңдылық.

Македонский, Цезарь, Наполеон, Петр тарихтың шығыршығын қалай шыр айналдырса, Аттила — Еділ мен Шыңғыс, Бейбарыс та дүниені және қоғамдық құрылысты солай өзгертті. Алдыңғылары аңыз бен даңқтың тұғырына көтерілді, соңғылары қарғысқа көмілді. Тағдыр оларды өз заманының ұлы қолбасшылары етті, жер жаһанды жаулап алуға мүмкіндік берді. Қайсысының төккен қаны көп, оны ешкім де өлшеген емес. Бірі — бір ұлысты, екіншісі — екі ұлысты жойып жіберді деп ешкім де кепілдік бермейді. Наполеон мемлекеттік басқару жүйесіне демократияны әкелді, қаракөктердің — монархияның тағын шайқалтты. Аттила — Еділ римдік құлдық қоғамды жойды. Өзге қолбасшыларды салыстырмай-ақ қояйық, дәл осы екеуінің азамат тіршілігіне әкелген ұлы төңкерістің тарихи маңызы бірдей еді деп қарағанмен де: неге біреуі — даңқ пен дақпыртқа бөленген, иеге екіншісі — тағылық пен тасырлықтың қаралы киімін жамылған? Тіпті, әуелде Наполеонды жек көрінішті етіп сайқымазақ еткен данышпан Пушкин, неге араға он жыл салып барып оны жайсаң жаһангер ретінде шабыттана дәріптеді? Карл Ясперс айтқандай: "Адам өмір сүрген жерде тарих бар. Тарих барлығына ортақ... Тарихи тұрғыдан алғанда судандық негрлердің күресі Марафон мен Саламин шайқасымен бірдей мәнге ие". Иә, Наполеон мен Аттиланың — Еділдің тағдыры бір, екеуінің қан төге отырып басқару құрылымына, адамның рухани еркі мен бас бостандығының өлшеміне, әлеуметтік және тектік тендігіне енгізген түбірлі өзгерістері де қарайлас. Бірақ, көркем тағдырдың талқысы ортақ болса да, тарихтың екеуіне берген бағасы керағар. Ендеше, тарихи көзқарас ешқашан да абсолютті шындықтың иесі бола алмайды. Теңгермешілдік те оған өлшем емес. Тарих — тұлғаның немесе мемлекеттің тағдыр талайын салыстырмалы түрде орнына қояр, бірақ дәл сол орын оның — тұлғаның, ұлттың мемлекеттің өз орыны болуы неғайбыл. Үшінші бір шындыққа бір табан жақындауы мүмкін. Тек бір бағытты ғана бетке алып, бір ғана ұлттың, мемлекеттің, құрлықтың, діни ағымның мүддесімен қалыптасқан тарихи көзқарас — тағылымсыз, танымсыз, тағдырсыз, ең бастысы тұрлаусыз көзқарас. Ақыл мен ойдың, ғылымның кемеліне келген қазіргі замандағы кез-келген мемлекеттің тарихы — сол елдің мүддесін көздейтін, өткеннің оқиғасының өзін бүгіннің көзқарасына бейімдеп, тігісі жатқызылып жазылған тарих. Бұған кез-келген тарихи оқулықты дәйек етуге болады. Мысалы, бүгінгі Америка тарихы — Вашингтоннан басталады, бірақ ол үндістердің тарихы емес. Кейінгі үш ғасырда дүние жүзінің тарихы еуропалық үстемдік тұрғысынан жазылып келеді. Бұл көзқарас исі азаматтық ортақ рухани өлшем ретінде мойындалып, жаппай санамызға сіңісті заңдылыққа айналды. Ал еуропалық шеңберден шалғай ұлт пен ұлыс — рухани тәуелді, танымы жаттың көзқарасына таңылған басыбайлы топ, қосалқы зерттеу бөлшегі ретіңде қаралады. Мұндай сананы тұмандатқан кіріптарлықтан бодан ұлтын бостандыққа жеткізген Джавахарлал Неру сияқты данышпандар да құтыла алмаған. Дәл осындай күйді азаматтың көркем ойының дамуына дана ретінде үлес қосқан Мұхтар Әуезов те кешкен. Нерудің "Индияны тану" атты кітабындағы: "Индияның бүкіл болмысы менің қанымда қайнап тұр, оның бойындағы құбылыстардың барлығы менің жан дүниемді қатты тебірентеді. Сонда да, мен өзімнің еліме, оның, бүгінгі күніне өзім байқаған өткеннің сарқыншақтарына жат адамның кезімен және сондай жеккөрінішпен қарадым. Мен өз елімді батыстың көзқарасы арқылы таныдым және кәдімгі достық пейілдегі еуропалық оған қалай қараса, мен де соңдай дәрежеде ғана түсіндім. Өйткені менің елімнің тарихы ағылшындардың көзқарасымен жазылатын тарих еді",— деген сөзді тігінен қаусыра көк қарындашпен сызыпты да, тұсына:

"Менің халқымның да тарихы солай жазылды!",— деп белгі қойыпты. Тағдыр мен тарихтың арасындағы таным талқысы деген осы. Неру үнді ұлтын ағылшындардың отарлауынан азат ету үшін он екі жасынан бастап күресті. Ақыры ұлтын тәуелсіздікке жеткізді. Түңғыш ұлттық тұтқа болды. Соның өзінде де өз тағдырына өзі иелік ете алмады. Тарих оған басқаша "сыбаға" берді. Әйтпесе, танымның талқысына салып, оның жан дүниесі мен жүйкесін психологиялық тәуелділікке әкеп тели ме? Неру даналық мәйегінің нәтижесінде ғана өзінің жүйкесінің тереңінде ұялаған еуропалық "жек көрініштілікті" — рухани тәуелділік пен басыбайлықты түсініп, діни сенім ретінде сіңіп кеткен көзқарасты, теріс тарихи көзқарасты әшкерелеп отыр. Мұны сол ұлтының мүддесі үшін, олардың да рухани дәрменсіздіктен құтылуы үшін жұртқа жария етті. Ал елінің азат күнін аңсаған, сол рухани тәуелділіктен құтқару үшін әлденеше рет жүрегін жаралаған Мұхтар да мұны мойындайды. Мойындағанда да леп белгісін қойып тұрып мойындайды. Сол леп белгісінің астында оның бүкіл етжемі болған тағдырына деген ашыну жатыр. Мұның астарында Ресейдің тұңғыш "ұлттық философы"Петр Яковлевич Чаадаевтің:

"Мен өз отанымның басына әңгір таяқ ойнатуға да дайынмын,
түңілдіруге де дайынмын, тіпті қорлауға да дайынмын, тек оны

алдай көрмесем екен деп жанталасамын",— деп сүйіп тұрып күйінген, күйініп тұрып сүйген ұлтжанды азаматтың қорлануы, қорғануы, қораздануы, шабыты мен шамырқануы жатыр. Ешкімге құпиясын ашпаған, бірақ өзі серт етіп ұстанған рухани азаттығының кепілі бұл. Үш тұлға да сол сертпен өмір сүрген. Тарихи көзқарастан гөрі тағдырын жоғары қойған. Үш данышпан да тәуелділіктің барлық түрінен рухани тәуелділікті — қауіпті басыбайлықтың, санадағы құлдықтың, мәңгүрттіктің ұябұзар кесірі ретінде тіксіне бағалаған және соны жаны түршіге отырып сезінген. Ұрпақ психологиясының бұзылуы, олардың жан жүйесінің тәуелділікке бейімделуі, тәуелді ойлау жүйесі қатты алаңдатқан. Олар, телінген тарихи көзқарасты сіңіретін "сүмелек" психологияның қалыптасатынынан шошынған. Абайдың "қорқамын кейінгі жас балалардан" деуінің де астарында сол қыжыл жатпаса не қылсын. Тағдыр мен тарихи көзқарастың арасына "жалғанған жалғандықтың жібін" (Абай) аңғарған. Өкінішке орай, бұл — күдікке емес, күбірткіге .айналды. Әйтпесе, елінің де, тегінің де, өзінің де тағдырын тарихи көзқарасқа айырбастап, құлдық психологияның шылауына оранып, өзінің тексіздігіне соншама мастана сүйінген: "Ағзалық тұрғыдан алғанда барлық адам бір-бірімен тектес. Мен жазып отырған пенденің — субъектің айырмашылығы, олардың аяғы сәл қысқалау, мойны мортықтау. Тән тәбеті тұрғысынан алғанда барлық елдер мен халықтардан пәлендей ерекшелігі жоқ. Бірақ менің жазып отырғандарым, саңырауқұлақ сияқты тағамды асқазаны қорыта алмайтындар. Алайда тек жағынан алғанда мүлдем басқа адамдар — олар осы уақытқа дейін өмір сүрмеген адамзаттың жаңа тұқымы. Еуропа жұртының көпшілігі қайтадан түлеп, ағартушылықпен, төңкеріспен аласапыран болып жатқан өткен заманда, біздің бабаларымыз домбырасын тыңқылдатып, өсек соғумен болды. Ғылымды былай қойғанда, олар жай ғана қарапайым дүниенің тетігін таппады. Адамзаттың ең алғашқы өнертабысы - дөңгелектің бар екенін біле тұра, олар сол дөңгелекті де дұрыс пайдалана алмады. Өйткені баратын жері де жоқ және жолға шығудың да қажеті болмады... Қазақтардың цивилизацияға араласуы кейбір жерде 50-жылдары, ал артта қалған аймақтарда 60-жылдары басталды да, есінен танғанша жанықты. Бұл науқан тек 70-жылдардың ортасында, қазақтар қалаға қоныстанып, орыстардың кең қолтығына (бескрайней русской стихии) емін-еркін кіріп кетуге рухани тұрғыдан дайын болған кезде ғана белсенді сипат алды. Орыстың біліміне, орыстың кітаптары мен орыстың өмір сүру салтына қанағаттанбаған қазақтың жігіттері мен қыздары асқан құмарлықпен орыстарға ғашық болды, сөйтіп, олар жан-тәнімен бірге цивилизацияға сіңіп кетуге тырысты. Дәл сол жылдары нәсіл аралық некенің саны адам айтқысыз кәп болды... Менің кейіпкерлерім сол жылдары осынау бір таңғажайып әлемге, ақылы бар адамдар көріп-білмеген әлемге, (удивительные края) топ-топ болып жаппай ағыла бастады... Орыстанып үлгергендер (әлгілердің балалары - Т.Ж.) ғылым докторы атанды, сөйтіп қартайып да келеді. Ал цивилизацияға кейінірек ілінгендер баласын есіріп жатыр... Ол балалар бір ауыздан: қазақтың тегі (казахское начало) орыстың тегіне қарағанда шалымына келмейді!, -деп зар қағады. Жаңа текті қазақтар өзінің ана тілін орыс тілі деп есептейді, ал өзінің халқының өткені туралы ештеңе білмейді және білгісі де келмейді",— деген жолдар жазылмас еді. Дәл осындай тексіз дүмбілездердің шығатынын Неру де, Әуезов те, тіпті Абылай мен Кенесары да болжаған. Әрине Қанат Қабдырахманов деген үрімінің оларды үлгі тұтарын білген жоқ. Ұрпақтың психологиясындағы тексіздік — тексіз ұлттық топтың пайда болуына әкеп соқты. XX ғасырдың аяғында қазақ ұлтының үлкен құрамдас бөлігі ретінде шоғырланып шыққан бұл тобыр қазір мемлекет басына келді, ұлттық экономиканы қолына алды, тек ұлттық идеология ғана олар үшін жұмбақ әрі олардың өздеріне қатты қауіп төндіріп түр. Мұндай дәрежеге жеткен ұлттың да, ұлыстың да, ұрпақтың да тағдыры аянышты.. Талқыға түскен тағдырды тәлкекке салған — тарихи көзқарас. Ол ұлттың тағдырын шешіп берді. Арысы - үш ғасыр, берісі — жарты ғасыр бойы белсенді түрде жүргізілген, үгіт-насихат ақырында тұқыртып тынды. Бұл саясатты біздің жыл қайыруымыздан 4 ғасыр бұрын қытай боғдыхандары өте әккілікпен пайдаланып, соңында аралас неке арқылы көшпелілер мен үйсін мемлекетінің тұқымын тұздай ерітіп жіберді. Түркі қағанатының да түбіне жеткен де сол бикештер мен битектілер. Тексіздікті тексіз тұқымға олардың тағдыры сыйға тартты. "Орталық Азиядағы адам: жаңа нәсіл ме, әлде өлексе шата ма?" — атты мақаланы ("Наука Казахстана" 1994, N 17-18) Қанат Қабдырахманов қандай көзқараспен жазды, мәселе онда емес, мәселе — соның шындығында. Бұл "арылуында" ішіндегі барлық шемен мен қоясын сыртқа шығарғаны үшін де біз оған рахмет айтуға тиіспіз. Өйткені, оңашада болмаса, топ алдында айтылмайтын ұлттың ішін жайлаған дертті жайып салып, пікір дәрежесіне көтеріп, ой салғаны да жігіттік. Қазақ ұлтын мұндай мүсәпір күйге түсіріп, күйінді еткен — әлемдік тарихи көзқарас. Уланған ұрпаққа өзге өріс қалмады. Тағдырдың тезіне көнді: "Олар бір-біріне өте ұқсас: сом түлғалы, мойны жуан, бірақ та өте мұңлы әрі дауысы міңгірлеп шығады". Мұндай күй кешкеннен гөрі, "домбыраны тыңқылдатып, өсек соғып" жатқан бабаларымыздың тіршілігі әлдеқайда көш ілгері сияқты. Ұйқысының өзі қандай! Соның өзінде бір пандық жатыр емес пе. Жоқ! Бұл жалған! Жала! "Ақтабан шұбырындыға" түсіп жатқан Абылайдың заманыңда, "жарасын жалап өскен жаралы жолбарыс Кенесарының" (М.Әуезов) тұсында да қазақтар "домбырасын тыңқылдатып, ұйықтап" жатыр ма еді?

С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы Тізім № 752 Арбасқан. Алысқан. Ашынған. Намыстанған. Бірақ бізге: "Бұл дәуірдің, сол кездегі жұмбақ күнге жеткен елдің алдында тұрған құздан, алдында тұрған қайғылы күнінен қорқып, қобалжып тұрып, ыңыранып, күрсінген күйінің... Не болса да артқа қайтар күн жоқ. Өлімге кетсе де алға кететін болған соң — артқы бостандық пен бірлік күніне қоштасқан мерзімнің" — әдебиеті ғана Жетті. (М. Әуезов). Тағдыры жетті, тарихы жеткен жоқ. Жеткізбеген тағы да сол тарихи көзқарас. Тарих — тарихи шындықты орнына қойып бере алмады. Өйткені, сол дәуірде тарихтың тегершігін айналдырып тұрған жаһаннамдардың (империялардың) мүддесіне бұл қайшы келетін. Олар дүниені ашса — алақанында, жұмса — жұдырығында ұстады. Тіпті Кенесары сияқты кекті, еркін көкжалдардың өзін: "Сізден бұрынғы орыстың үлкендерінен зорлықтан басқа мархаматшылық көргемізжоқ-дүр. Енді сізден мархаматшылық болар деген үмітіміз бар. Біздің бұл ғарызымызды падишаһқа жеткізіп, біздің өмірімізді өзімізге қайтарып алып берсеңіз, орыс, қазақтың көз жасының сауабына қалар едіңіз. Құдай бір, закон басқа дүр",— деп кішірейе тіл қатуға мәжбүр етті. Сонда, өзінің өмірін біреудің қолына берген елде елдік бола ма? Дәл осы сөзге қарап, Кенесарыны да "ұйықтап жатқан" қазақтың қатарына қосамыз ба? Бұл сөзді Кенесарыға айтқызып тұрған — тағдыр. Ұлтының тағдыры. Мәмілелік майда тілмен амалдап тәуелсіздікке жетудің бір жолы, "құдай бір, закон басқа-дүр" дегізіп айтқызып тұрған да сол саясат. Өйтпесе, қазақ ұлты жаратқан иеміз жаратқаннан бері жатка телміріп, өмірі мен еркіндігін өзгенің қолына беріп өмір сүрмеген. Батыр да өткен, бай да өткен, бағалан да өткен. П. Я. Чаадаев: "Құлдыққа құлдық ұрған ұлт - қасіретті ұлт. Ол халық құл болу үшін жаратылған",— дейді. Ал қазақ ұлты — құл болу үшін жаратылмаған. Еркін ел, еңселі ер, "ел қамын ойлаған Едігелерді" тудырған ордалы мемлекет. Оны тәуелді етсе — тәңір етті, тарих солай ұйғарды, тағдыр көндірді. Бірақ та азаттық рухы өлуге тиісті емес болатын. Сонда, еркін елге құлдық психологиясын сіңірген кімдер? Отаршыл тарихи көзқарас пен тағдырдың түйгіштегені аздай, енді "өмірін өзгенің қолынан ала алмай" жүрген ұлтқа тарихтың қаралы шапанын жапты. Оның санасын өшірді. "Мәселе мынада: біз өзіміздің тарихымызға ешқашанда философиялық көзқарас тұрғысынан қарағамыз жоқ. Ұлтымыздың өмір сүрген кезіндегі бірде-бір ұлы оқиғаға өз мәнінде мінездеме берілмеді, тарихымыздың ұлы дәуірінің бірде-бір кезеңі байсалдылықпен бағаланбады: міне осыдан барып, біздің бүгінгі ұлтжанды ақыл иелерінің қиялын тұмандатқан неше түрлі аңыз елестер, лек-легімен лықсыған асанқайғышылдық, орындалмайтын болашақ туралы армандар туды". Ағылшын, француз, испан, Португалия, америка, қытай, неміс, орыс жұрты дүниені бөліске салды. Қай халықтың маңдайына өзінің тегіне жат қандай сор бітсе, ол — сол өзін отарлаған елден жабысты. Жаһаннамдар өзара олжаға ырылдасса да, тарихты жазуға келгенде діт дегендері бір жерден шықты. Олар нәсілдік үстемдікті қалады. Ақыры ғылымда еуропалық көзқарас заң ретінде орнықты. Ал оны қалыптастырғандардың пиғылы аяр еді. Мұны орыстың түңғыш ұлттық философы Петр Яковлевич Чаадаев сол кезде-ақ әшкереледі. Жалған тарихи көзқарасты сіңірушілер туралы ол : "Осыдан елу жыл бұрын неміс оқымыстылары біздің тарихи жылнамаларымызды ашып берді: содан кейін Карамзин мұқым оқиғаның барысы мен біздің патшамыздың жеңістерін сыңғырлаған теңеулер арқылы баяндап шықты: ал қазір орта қол жазушылар, ебедейсіз дәріптеушілер және бірнеше дүмбілез ақындар — бойында неміс ғұламасына тән ғылыми парасатының, тағылымды тарихшыға төн әділетті жазатын қаламың жоқтығына қарамастан, біздің ешқайсымыз білмейтін және ешқайсымыз сүймейтін кезеңдер мен керітартпа қылықтарды әшекейлеп тірілтпек болады. Біздің ұлттық тарихымыздың қорытынды жетістігінің сиқы осындай. Мойындау керек, осының өзінен-ақ бізді күтіп тұрған тағдырдың талқысы туралы түйін түюге болады. Ендігі кілтипаның бәрі сонда: өйткені дәл осылардың пікірі бойынша біз бүгін тарихымыздың тұжырымын қалыптастыруға мәжбүрміз",— деп күйіне жазады. Естеріңізде болсын, Чаадаев көшпелі, оларша айтқанда, бұратана жұрттың емес, Ресейдің тарихын жазушыларды айтып отыр. Өкінішке орай, әлгі ғалымдардың барлығы таза орыс емес еді. Бірақ, солардан кейінгі тарихшылар сол қалыптастырған тарихи көзқарастан шыға алмады, солардың шырмауында қалды. Ал ол тарихшылар — "патшаның жеңістерін" жазу арқылы князьдық, дворяндық лауазымдар алуды, не жерге ие болып қалудан дәме етіп, сый-сияпат күткен қарапайым ғана дәбірлер еді. Неру: "Менің елімнің тарихы ағылшындардың көзімен жазылды" — деп нақтылап жазса, оның ішінде қазақ ұлтының тарихы орыстың емес, орысқа сіңген кірмелердің көзімен жазылды. Әрине, мұның барлығы Ресей империясының мүддесі тұрғысынан баяндалды. Ал асыранды баланың кекшіл келетіні белгілі. Ол өзінің өмірін өкіл әке-шешесінің көңілін табуға жұмсайды. Қалайда жағынып бағады. Бұл жолда ештеңеден тайсалмайды. Қазақтың тағдырындағы ең үлкен сордың бірі осы. Тарихшыдан, таза құнды тарихшыдан жолы болмай-ақ қойды. Тарихтың тәлкегінің. бірі сол емес пе, тағдырды желкелеп әкелді де, өзінің қызметшісі етті. Көне "Русь пен Ұлы даланың" арасындағы хандық қақтығыстар мен қандық некелесудің нәтижесінде (Қанат Қабдырахманов XX ғасырдың жетпісінші жылдарында ғана жаңадан пайда болды деп отырған) шаталардың — гибридтердің арғы "ата-бабалары" дүниеге келді. Олардың тобы әр ғасыр сайын толқын-толқын боп толығып отырды. Келе-келе сол заманның "докторлары" шықты олар, әуелде "мүләйімсіп, мұңлы күй кешкенімен", кейін самодержавиенің қайың безінен кептірілген шоқпарына, тұқыл тоқпағына айналды. Патшаның ішкі-сыртқы саясатын анықтады, бұған неміс пен голландықтарды, шведтерді, шотландтарды, италяндықтарды, тағы да толып жатқан ұлттан келіп сіңген кірмелерді қосыңыз. Петрдің реформаторлығының ұйытқысы да солар. Ел басқару жүйесі мен ғылымы немістердің, әскери құрылымдар скандинавиялықтардың, сәулет өнері италяндықтардың ықпалына көшті. Чаадаев айтқан "неміс оқымыстыларының" қатарына бір бүйірден кеп Ұлы Даладан сіңген тұқымдар араласты. Олар, әрине, бетін шығысқа қаратты. Ата жұртына ала көздене қарап, өзінің ата жұртының тағдырын тарихи көзқарастың талқысына салды. "Сом тұлғаланып, мойыны жуандаған" сіңбелер: "Мен өзіміздің тарихи тегімізге қорлана, кекесінмен қарайтындарды көргенде жүрегім қан жылайды: бізден ешқайсымыз, тіпті сол тектен шыққандардың өзі оны (тарихи ата тегін — Т. Ж.) кұрметтемейді... Біз үшін ата-баба рухы өлген. Қандай сорлы халықпыз!",— деп Пушкин айтқандай бұқпантайға көшті. Бұқпантайлап жүріп патшаның сарайына кіріп, жылнамасын ақтарып, өзгенің кірін жуды. Тарих үшін ең қауіпті адам — тарихты өз мүддесіне бейімдей баяндаған тарихшы, әлгі, Чаадаев көрсеткен "орта қол жазушылар, ескіні ебедейсіз дәріптеушілер, дүмбілез ақындар". Олар Ресейдің таным тарихына құт та әкелді, жұт та әкелді. Ақыры зиялы қауым батысшылар мен славяншылар деген екі жікке бөлінді. (>м XX ғасырдың соңында тіпті бітіспейтін тарихи көзқарасқа айналды. Ал соңғы топқа жол салып бергендердің басында і ұрғандардың дені — Ұлы Даладан ауып барған не сіңген кірмелер еді. Соның ішінде, "Игорь жасағы туралы жырды" жолдан жазып шықты деп жүрген Мусин — Пушкинді, Қарамырзаның тұқымы — Карамзинді, "Алтын орданың шоқынған" төресі, кейін Аш-тархан — Астраханның губернаторы болған Татищевті даралап айтсақ та жеткілікті. (орыс тарихы бұларсыз жазылмайды, жазу да мүмкін емес. Өйткені олардың пікірлері мен жылнамалары түпнұсқа ретінде заңды түрде мойындалған. Қасиетті жазбаның құқығымен пара-пар. Үш-төрт ғасыр бойы әбден қырланып, сырланып, толықтырып, тереңдетіліп, кемеліне келген тарихи көзқарас болып табылады. Біз, тегінде түркінің қаны бар тұқымдардың Ресей тарихын жазып бергеніне масаттанамыз, бірақ олардың өзінің "тарихи тегіне қорлана кекесінмен қарағанына... оны құрметтемегеніне... ата-баба рухының өлгеніне", ең бастысы, қиянат жасағанына қиналамыз. Мусин-Пушкиннің де, Карамзиннің де еңбектеріне Ұлы далаға деген қастандық рухы жоқ еді. Ал, Татищевтің "тағы", қарақшы", "бұратана", "қанішер", "қарғыс атқандар", "басурмандар" деген сөздеріне намыстанбай-ақ қояйық. Бұл сөздер қазақ дегеннің баламасы сияқты боп кетті ғой. Ол — мәдениеттіліктің белгісі, кімнің аузына қандай сөз түссе, ол соның өзінің ұсқынының бейнесі емес пе? Әрине, жеке адам емес, мемлекеттік тарихи көзқарас тұрғысынан бағалағанда, қорлық-ақ. Бірақ сол сөзді тарихи жазбаға падишаһтың қолымен жазып қоспағаны тағы да анық. Сондай-ақ: "Татищевтің қолы тиген жылнамалар ойдан шығарылған "мәліметтермен" толықтырылғаны соншалықты, соңынан жылнаманы Татищевтік тұжырыммен салыстырған тарихшылар көпе-көрнеу қиянаттарды көре тұрса да (соны қостап — Т. Ж.) кері сөйлеп жатты: өзі пайдаланып болған соң "жойылып кеткен" анағұрлым нақтырақ жылнамалар тізімі Татищевке мәлім болған екен деп хауесет таратты. Осылайша Татищев "беймәлім" деректердің көзін әрпіне дейін өзгертпей қағазға түсірген көшіруші болып шыға келгені де" шындық. Осы шындықты отыз жасыңда әшкерелеген Олжасқа бүкіл империя тарихшыларының қарақұрттай қаптап, жабыла шаққанын түсінуге болады. Егер Татищевтің жалғандығы шығып қалса, онда империя тарихының ірге тасы құламай ма, сөйтіп төрт ғасыр бойы жалған бояумен боялып, асқан ептілікпен және "мәңгілік қаланатындай" етіп реставрацияланған тарихтың беті ашылып қалмай ма? Мұндай ғадет тәуелсіздік алған соң қазақ тарихшыларының да арасынан нышан таныта бастады. "Сынықтан басқаның бәрі жұғады" деген. Сондай-ақ, әлгі "орта қол жазушылар мен дүмбілез ақындар да, ебедейсіз ескішілер де" шығып жатыр. Соның бірі, мүмкін, біз болармыз. Бұл да тағдыр шығар. Бірақ біз тағдырды тарихқа телімейміз, телінген тарихи көзқарастан таза тағдырды тазалауға тырысамыз. Сондай "тазалануға" тиісті жазбаның бірі — Татищевтікі. Олжас Сүлейменов барынша қаспағын қырып бергендіктен де біз оған тоқталмаймыз. Тек, осынау тағдыр айдап патшаның дәбірі болған Тәтіштің тұқымының "тырысқақтығының" нәтижесінде тексіз халық болып шыға келгеніміз күйіндіреді. Ол бүкіл көшпелі жұртты әу бастан Русьтің қас дұшпаны ретінде көрсетіп қана қоймай, соны тарихи көзқарас ретінде мықтап орнықтырып кетті. Қанат Қабдырахманов бүгін көргендей боп отырған "гибридтің" өз ұлтына көрсеткен "сый" осы. Әрине, самодержавиенің "кең етек, тар қолтығына кірген" (Кенесарының сөзі) кірмелердің бәрін олай жазғыруға болмайды. Олардың арасында исі азаматтық ақыл ойға, мәдениетке, ғылымға, әскери өнерге өшпес із қалдырғандар да жеткілікті. Баскаков пен Гумилевтің тізіміне бас ұрмай-ақ қояйық. Тек: Ресейдің патшаларының арғы тұқымдарында қыпшақтар мен құба қыпшақтардың қандарының барлығы, "Алтын ордадан" аманатқа кеп, патша сарайынан қайтпай қалған Шағатайдың тұқымы — Чаадаевті, Аслан-Селебидің тұқымы — Достоевскийді, Қарамырзаның тұқымы Карамзинді, орыс ханының тұқымдары — Урусовтарды, соңғы хан Ахметтің үрімі — Ахматова мен баласы Лев Гумилевті, қазанның соңғы ханы Жәдігермен бірге шоқынғандарды — Менделеевті, Бекетовті, Щербатовты, Түргеневті, Куприн — Құлыншақовты, Ақсақовты, Темірниязов — Тимерязовты, патшаның тағын шайқалтқан Мұқанов пен Қаракөзовтерді тілге тиек етсек те жеткілікті. Mінe, бұларды тағдыр талқыға түсірді. Осылардың ішінен түркі жұртының тағдырына өшпенділікпен қараған Достоевский мен орыстың ойлау жүйесін XX ғасырдың дәрежесіне көтерген, ХІХ ғасырдың ең данышпан, ең жұмбақ, патшаның уәзірі болудан жиырма жасында бас тартқан Шағатайдың тұқымы — Петр Яковлевич Чаадаевті тағдыр мен тарихи көзқарас туралы пікір талқысына араластыруға болады. Бір басының қайшылығы бүкіл шығармаларындағы қайшылықтардан да асып түскен Аслан-Селебидің (Челебидің, түбірі - Селе, Сәлі, Селебе би болуы да мүмкін) тұқиянын қозғамай-ақ қоямыз. Ал Шағатайдың, демек Шыңғыс ханның , ұрпағының пікірлерін ойымызды дамытудың қыл арқаннан есілген желісі етіп аламыз. Оның бір тосын себебі де бар және Чаадаев тағдыр мен тарихи көзқарас туралы пікірге тұлға боларлықтай тумысты, текті тағдырдың иесі. Ол өз тағдырын өз қолымен жасады, тарихи-филсофиялық көзқарасын ешкімге бұрмалатпады, тіпті, Пушкиннің өзіне де еркінсуге ерік бермеді. Грибоедовтің "Ақылдың азабындағы" Чацкийдің бейнесі ретінде көрінген қайсар тұлға Николай І мен Бенкендорфтың да ығына жүрмеді, қырын келді. Патшаның отарлау саясаты мен басыбайлы жалған тарихи көзқарасты қалыптастыруын сынап Николайдың өзіне хат жазудан тайсалмады. Ол хатты Бенкендорф тықпалап, монархтан жасырып әлекке түсті. Бүкіл Ресейдің бекзадалары онымен бетпе-бет келуден сескенді. Өйткені Чаадаев Россияны және орыс ұлтын жан-тәнімен сүйетін, сондықтан да отанының жалған тарихпен, бір адамның ғана еркімен өмір сүруін қалаған жоқ. "Россия мәселесі", орыс идеясы" деген ұғымды алғаш ғылыми бағыт ретінде қалыптастырған да, Ресейдің кешегісі мен бүгінгісін, ертеңін ашық талқыға салған да, тұңғыш ұлттық философияның негізін қалаған да, ақыры патшаға да бас имей, басындырмай өмір сүрген де Шыңғыс хан мен Шағатайдың тұқымы, нағыз отаншыл орыс Чаадаев болатын. Ол: "Құдайға шүкір, мен өз отанымды өзімнің мүддем үшін емес, оның мүддесі үшін сүйдім",— дей отырып: "162. Еуропа үшін және Россияның өзі үшін соңғысының (Ресейдің) әлем тағдырын шешетін құдіретке ие болуы пайдалы деп ойлайсыз ба? 163. Еуропа Түркияның сақталып қалуын қалай ма, жоқ, Россияның құдіретті болуын қалауы керек пе еді, бұл басқа мәселе. 179. Түріктер — барып тұрған бұратаналар, бұл шындық: бірақ та түріктердің бұратаналығы қалған дүниеге қауіпті емес, одан гөрі басқа халықтың бұратаналығы әлдеқайда қатерлі. Оның үстіне, түріктердің бұратаналығымен солардың өз қонысында күресуге болады, ал ана бұратаналықпен күресу мүлдем басқа. Міне, мәселе қайда!",— деп Ресей империясының бет пердесін ашып берді. Иә, түркі жұртының бұратаналығынан гөрі төрткүл дүние үшін Ресейдің "бұратаналығы" әлдеқайда қауіпті болатын. Ұлттың ұйытқысын құрайтын, барлық жаһангерлік соғыстың азабын тартын, қанын төккен 25 миллион азаматын басыбайлы құл етіп ұстауы — империяның бетіндегі сүйел еді. Патша, Достоевский айтқандай, "халықтың қасиетін, оның идеясын, үміті мен сенімін бойына жиған тұлға" емес-тін. Өз ұлтын құл еткен патшаның өзі де құлдық психологиядан арымаған адам деген сөз. Міне, Чаадаев неге тітіркеніп отыр. Ол үшін әрбір орыстың рухы — азат рух болуға тиісті. Сондықтан да түріктің патшасынан, Ресейді шайқалтқан, Наполеоннан, Кенесарының көтерілісінен гөрі адамзат үшін Россияның самодержавиесі әлдеқайда қатерлі дейді. Ресейдің мемлекеттік саясатқа айналып отырған тағылығын ауыздықтау қиын. Нағыз орыс рухы — орыстың азаттығы, орыстың рух бостандығы, бір орыс пен екінші орыстың тең тұрып сөйлесіп, тең дәрежеде өмір сүруі. Өз ұлтын осындай қорлық пен басыбайлықта ұстаған мемлекеттің жат жұртты жарылқауы (мысалы, "қатын патшаның" — Анна Иоановнаның "қазақты қамқорлыққа алуы" — Т. Ж.) кәдімгі, жәдігөйлік саясат қана еді. Міне, нағыз орыс. Мұндай тұқымның қалғанына Шыңғыс хан мен Шағатай да өкінбейтін шығар. Ол өз тағдырын өзі биледі. Жатты да, жақынын да тарихи көзқарастың қиянатының диірменіне жемтік қып тартқызған жоқ. Орысқа да, қазаққа да, жалпы дүние қауымына да қажет тұлға.

Мұндай тұлға қазақтан да шықты. Ол — Кенесары.

Қандай түйсік пен түлен түркенін кім білсін, дәл осы тақырыпты күйттерде Чаадаев пен Кенесарының тағдырын салыстыра отырып ой қозғау мәселесі жадымнан шықпай қойды. Иә, абсурд, далбаса талпыныс. Дегенмен, қисындырып көрейік. Осы тұста үшінші тұлға да — XX ғасырдағы қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханов та үшінші өлшем ретінде көкейімді тесіп тұрып алды. Қисынсыз-ақ қисын. Әңгіме тарих пен тағдыр туралы болғандықтан да, тарихи ойға, пікір дамытуға мұрындық салу үшін де тәуекелге бардық. Иә, бірі — отарлаушы, бірі — отарланушы. Бірі — орыс, екіншісі — қазақ. Бірі — христиан, бірі — мұсылман. Бірі — оқымысты, бірі — жауынгер. Бірі — орыс тілінен гөрі француз, неміс, ағылшын тілінде еркін жазып-сөйлейді, екіншісі — ана тілінен басқаны білмейді. Әйел мәселесін қозғамай-ақ қояйық. Кенесары мен Чаадаевтің жас айырмашылығы — 6 жыл. Бірақ заманы бір. Енді екінші уәжге кешейік: үшеуі да қаракөктің тұқымы. Нұрдан жаралған Шыңғыс ханға кіндіктері байланған. Чаадаев - Шағатай арқылы, Кенесары мен Ермұхан — Абылай, Жошы арқылы жалғасады. Тіпті, Чаадаев Шәрбәтовтардың (Щербатов) жиені болуы тұрғысынан алғанда, ол Рюриктердің де қанын бойына сіңірген боп шығады. Чаадаев пен Кенесары тарихтың тәлкегіне ұшыраған тағдырлардың — ұлттық мүддесін қорғап самодержавиеге, Бекмаханов — империялық үстем көзқарасқа қарсы күресті. Үшеуі де отаншыл. Намысшыл. Қайсар. Идеясы үшін басын бәйгеге тіккендер. Үшеуіне де тарихи көзқарас кесірлі баға берді. Чаадаев пен Кенесарының есімі өлгеннен кейін бір жарым ғасырдан соң, Бекмаханов жарты ғасырдан соң мәшһүр болды. Оның өзінде де олардың есімін алдағы күннің қандай талқыға саларына көз жетпейді. Осы үшеуінің тұтастандырып тұрған ең басты қасиет — тағдырға бас имегендігі, тарихи теріс көзқарасқа мойынсынбағандығы. Олардың тұлғасын жалған ғылымның тас-талқан ете алмаған өр рухы. Міне, тек. Міне, тағдыр. Міне, біз нысана ететін тұлға. Иә, тарихи көзқарасымызды осыларға қарап қалыптастыруымыз керек. Тарихи тағдыр ұмытылған тұста — тарихи көзқарас та түзелмейді. Тарихтың тағылымы да ескерілмейді. Біздің тарихи көзқарастың ырқында кеткеніміз сондай, тағдыры аршылмағандықтан да қазақ мемлекеті тәуелсіздік алған тұста Әлихан Бөкейханов негізін қалаған Қазақ мемлекетінің бағыт-бағдарын қаперімізге де алмадық. Соның нәтижесінде жер, экономика, тіл туралы ортақ ұйытқы таба алмай дағдарып қалдық. Ал мұның барлығының ізін Әлихан салып кетіп еді. Әрине, тағдыр — тарихқа үкімін жүргізе алмайды. Бірақ сол тарихты тағдыр жасайды. Тек тарихи көзқарас — Тұлғаның бейнесін тағдырдан аршып, дұрыс баға бергенде ғана заттылыққа ұласады. Наполеон мен Петр қанша атыс-шабыстың ішінде жүрді, тіпті, олардың өмірінің өзі соғыстан тұрады. Бірақ тарихи көзқарас тұлғаны оқиғадан аршып алып, оларды дара адам ретінде, сахнаға шығарды. Қандай ғұлама жазбасын, олардың жеке басын, жекелеген жеңістері мен жеңілістерін сол тұлғаның тағдыры, көзқарасы арқылы бағалады. Керісінше, Кенесары туралы сөз болғанда оның тек атып кеткені мен шауып кеткені ғана қарпи қамтыла баяндалып, сол арқылы пікір қорытылады. Сөйтіп, Кенесары жаны тыныштық көрмейтін жауынгер болды да шықты. Біз, ең бірінші, Кенесарыға тарихи тұлға ретінде қарап, оның тағдырына тарихи көзқарасты орнықтыруымыз қажет. Содан кейін барып оның іс-қимыл әрекетіне пікір білдірсек лайық-ты. Төңкеріске дейінгі тарихшылар Кенесарының тұлғасына отарлаушының көзімен қарады да, сол тұрғыдан оның тағдырын баяндады. Төңкерістен кейін Кенесары бір сәт ақ бояумен боялды да, іле оған қара май қайта жағылды. Кеңес империясының тарихшылары: "Кез-келген тарих — орыс ұлтының тарихы болуы тиіс",— деп (Яковлев) талап қойды. Сол тұрғыдан Кенесарыға баға берді. Тіпті, талқыға Кенесарының жеке басы, тағдыры түскен жоқ, керісінше, жанталас тарихқа теріс тарихи көзқарасты қалыптастыру үшін жүргізілді. Әрине, бұл науқанда Бекмаханов уақытша жеңілді. Түрменің дәмін татты. Бірақ, тарихи көзқарасты орнықтырып кетті. Сөз басында ойды шиырықтыру үшін айтылған: "Тарих - әділетсіз ғылым", — деген пікірді ортаға ой тастау үшін, қыранға тастаған қызыл сияқты, шақпақ етіп жақтық. Әділетті тарих — әділетті тарихи көзқарасты қалыптастырады. Әділетсіз тарихи көзқарас — тарихи әділетке қиянат жасайды. Түбінде бәрін де тарих өз орнына қояр. Ғылым іргесі қайтадан қаланар. Бірақ, әр нәрсені өз орнына қойғанмен де, қалағанмен де, өткен күннің әділетсіздіктерінің тұсынан жел соғып тұрады. Тәуелді тарихи танымның дағын лазер сәулесімен де кетіре алмайсыз. Қазіргі қазақ тарихи ғылымы сол күйді басынан кешіріп отыр. Қашан тұлғалардың тағдыры аршылғанша уақыттың тұрлауы, заманның екпіні мен қас-қабағы, ұлттық сананың өзі өзгеріп кетпесіне кім кепіл. Өйткені, ендігі тарихты жоғарыда айтылған "тексіз доктордың" ұлттық танымнан ада баласы жазбасына кім сенім білдіреді. Бұл қазірдің өзінде нышан танытқан, "массондық масандар" арқылы жонын көрсеткен шындық. Қытайдың мемлекеттік, ұлттық тарихи көзқарасын қалыптастырған, біздің жыл қайыруымыздан бұрын өмір сүрген ғұлама Мың-зы: "Егер зауал аспаннан келсе, онда одан құтылуға болады. Ал сол кесепат өзіңнің ішіңнен шықса, одан қашып құтыла алмайсың",— депті. Шындығында да, кесірлікте, кесапатта, керенаулық та, тәуелді басыбайлықтың психологиясы да біздің өз ішімізде, санамызда, жанымызда, көзқарасымызда. Біз тарихи әділет үшін әділетті көзқарасты қалыптастыру жолында — таным талқысында ашық майданға шықпай ықтап өмір сүрдік. Қазақ ұлты "Аспаннан түскен зауалға" — ұлттық, рухани отарлану тарихына қарсы тарихи көзқарасты толық қалыптастыра алмады. Ұлт боп өз тағдырымызды өзіміз қолымызға алмасақ, бізді тағы да бодандықтың қағыс қамыты күтіп тұруы мүмкін. Ол қамыт енді киілсе — ешқандай ұлт-азаттық идеясы мен ұлт-азаттық қозғалысы можантопайланған санаға саңлау түсірмейді. Өйткені ол ұрпақтың санасы тексіздікпен шорланған ұрпақ. Ол ол ма, біздің өзіміз әлі "өзіміздің ішіміздегі кесапатты" жеңе алмай жүрміз. Әйтпесе, ұлттық ортақ көзқарас жолында барлық қымбаттарымызды қиып, бір мүддеге топтасар едік қой. Оған: Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы қасіретті тұсын айналып өтіп, сипақтата баяндауымыз дәлел.

Оған себеп: ұлттық көзқарастың тұтастығының жоқтығы.

Өйткені, осынау тұсқа келгенде біз өзіміздің рулық, жүздік сезімімізді жеңе алмай, жалған намысымыз ұстап, жорта әруақ сыйлаған боп, ұлттық мүддені рулық психологияға айырбастаймыз. Қырғыз тарихшылары бұл тұрғыдан алғанда әділетке жүгінді. Тарихи шындыққа тарихи көзқарасты орнатты. Қазақтар Кенесары қозғалысын, Кенесарының өзін жаппай жамырап қарғап жатқанда, Б.Жамгершинов іспетті ғұламалар оған қарсы шығып: "Кенесары - патшалық самодержавиенің отарлау пиғылына қарсы күрескен тұлға, оның қозғалысы - ұлт азаттық күрес, ал көтерілістің жеңілуіне, ұлтының бостандығынан гөрі Кенесарыға деген жеке басының кегін қайтаруды қымбат санаған манаптар кінәлі",— деп бағалады. Қырғыз елі өз еркімен Ресейге қосылған жоқ. Өйткені Манастың түп-тұқияндары құл болу үшін жаратылмаған. Тек көзқарас бірлігі болмады. Қазақтар сияқты бұл ұлт та "аспаннан түскен зауалды былай қойып, ішіндегі кесепатты" жеңе алмады. Содан барып: "Орысқа бағыну, елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды" (М. Әуезов). Мұндай көнбістікке, бодандықтың "қайыс ноқтасына" екі ұлттың бірдей басын сұғынуға мәжбүр еткен не? Себебі: елдіктің тұтастық сезімі көмескі тартты. Ұлттық намыс — рулық мүддеге айналды. Ортақ және белсенді тұлғалардың ықпалы жойылды. Оны жойған, бірінші, отарлаушы империяның саясаты. Алауыздықты сеуіп, іштен ыдырату — Кенесарының қозғалысынан екі-үш ғасыр бұрын, қазақ хандығының тұсында басталған қаскүнем әрекет болатын. Ресей империясының әккіленіп алғаны, түркі жұртының осал тұсын тауып, оны ептілікпен жүзеге асыра білгені сондай, кез-келген руды, кез-келген тұлғаны емеурінмен-ақ икемдеп отырды. Патшаның арандатушылары Алатауға Кенесарыдан бұрын жетіп, ұлы жүздің төрелері мен қырғыздың манаптарын арбап, алдын-ала Кенесарыға өшіктіріп қойды. Әр кім өз мүддесін, бас пайдасын күйттеді де ақыры еркін ұлт деген атынан айрылып, бодан ел болып шыға келді. Екінші: отарлаушы саясат ең бірінші "ел қамын ойлайтын Едігелерді" құртты, оның орнына ру мен ұлыстың батыры мен биін қолпаштады. Сөйтіп, Мұхтар Әуезов дәл басып айтқанындай, Қобыланды, Манас, Алпамыс сияқты "ұлы батырлардың" елдік, ұлттық бірлікке шақырған ерліктері мен іс-қимылдары "ескі әңгіме" сияқты елеске айналды да: "...кіші батырлар заманында бұрынғы ұсақ рулар ескі бірлікті біржолата ұмытқандай кез болды. Біріне-бірі жат болды. Сондықтан бұл кездің батыры (биі де — Т. Ж.) да бұрынғы пішіннен айырылғандай болды. Батырлық бұрынғы дәрежеден төмен түскендей, батыр (би — Т. Ж.) бұрынғыша түгел ел емес, не бір таптың, не бір кәсіптің (мүдденің — Т. Ж.) батыры (биі — Т. Ж.) сияқты еді. Осы бетімен батыр (би) аты сиреп, батыр (би) пішіні ел қиялында жүдей берді. Бұл замандардың батыры (биі) бұрынғысынша елдің тұтас елдігін білдіретін, не болмаса елдің ескі өмірін, үміт, қиял, тілегін түгел білдіретін батыр (би)" — болмай қалды. Яғни, ұлттың, тұлғаның тағдыры талқандалды. Елдік көзқарас өшіп, басыбайлы психология жанды баурай бастады. Еркін рух өлді. "Единица кеткен соң, не болады өңшең ноль ",— деп Абай жарықтық айтқандай, тарихи тағдырдан бұрын - теріс тарихи көзқарас қалыптасып үлгерді. Отаршыл пиғылдың арам шөбі азаттықтың астығынан бұрын себіліп, рухани азықты өсірмеді. Абай айтқандай:

Ермен шықты ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Тектеп келгенде:

"Қоғамды алға жылжуға — шындық пен жалғанның арасында жалаңдап жүргендер емес, олар қыл көпірдің үстінде билеп жүрген жандар, керісінше, ділі қатал (принципті) адамдар мәжбүр етеді" (Чаадаев).

Тағдырың да, тарихын да талқыға салған Кенесарыға: "Біздің өмірімізді өзімізге қайтып бер",— деп хат жаздырған да осы "қыл көпірдің үстінде билеп жүрген жандар", адам емес, жандар. Бұл тарихи шындық. Ал олар кімдер еді, ұлтты — сол ұлттың еркінсіз қалай құлдықтың құрығына түсірді, бұл басқа әңгіменің арқауы.

ІІ ТАРАУ: ҰЛТТЫҚ ТҰТАСТЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ МОЙЫНСЫНБАУ Ұлттық Азаматтық Мойынсынбауға немесе Ұлттық Азаматтық Тұтастыққа жеткен ұлт — кемеліне келген ұлт. Мұндай рухани күш пен сана-сезім, ұлттық мүдде бірлігіне ие ұлт өзін-өзі сыйлай біледі және өзін өзгеге сыйлата да біледі. Сондай биік тарихи таным дәрежесіндегі ұлт қана ұлт ретінде өмір сүруге құқылы. Бұл — ол ұлттың адамзаттың ортақ тарихына үлес қосуға қабілетті және өркениеттің әр мүшесі оның пікірімен санасуға міндетті деген сөз. Өйткені, мұндай құдіретті және ең қасиетті мінезге ие болуы үшін сол халық: өзінің бүкіл жаратылғаннан бері таным мен тарихын талқыға салып, кешегісін, бүгінін, ертеңін анықтап, оған тәуелсіз таным арқылы әділетті баға беріп, ұлттың міндетін, парызын, даму бағытын өзің де, өзге де мойындайтындай етіп тарихи көзқарас қалыптастыру қажет. Тұтастық идеясына ақыл-ойға қабілетті сол ұлттың әрбір мүшесі қатысып, лебін қосып, өзінің сол идеяға қатысы барлығын сезіп, жауапкершілігі мен міндетін, парызын түсінгенде ғана азаматтық ұлттық сыпат алады. Тарих пен тағдырдың қандай сыбаға ұсынғанына қарамастан, қазақ ұлтының дәл осындай қауымдастықтың қатарына қосылуға толық қақысы да, мүмкіндігі де бар.

Себебі:

Қазақ ұлтының ұйытқысы — әлеуметтік теңдікке құрылған, ұлттық мәйегі "тең атаның ұлы" ретінде ұйыған, тектік басыбайлылық жоқ, болған да емес; өзін-өзі дербес ұлт ретінде сезіне білді, қалыптасқан тарихи сана мен дербестік жолындағы күрестің тарихи тәжірибесі бар, тарихи тамыр мен негізін және жалпы адамзат тарихына қатысты тұстарын есте ұстаған; өзінің жағырафиялық, шекаралық, мүдделік көзқарасына орай саяси және экономикалық, рухани ықпалы барын сезінеді. өзін-өзі қалыптасқан тарихи ұлтпыз деп есептейді және тәуелсіз мемлекет. Қазақ елі бұл тәуелсіздікті үшінші рет алып отыр. Демек, азат ұлт атану үшін бар уақытта күресіп келген. Демек, кемеліне келген ұлтпыз деуге толық қақымыз бар...

Иә, қақымыз бар, бірақ кемелденіп болдық па? Міне, мәселе осында. Азаматтық Мойынсынбау мен Азаматтық Ұлттық Тұтастық деген қасиетті ұғымды былай қойғанда, кәдімгі ұлттық мақтаныш (гордость) пен ұлттық намыс (достойнство) қалыптасты ма? Сіз де, мен де, ол да, ойланбастан, иә, ойланбастан намыстанғансып жауап береміз. Менің ойымша, дәл осы намысымыз — жалған намыс. Айтпақшы, сіздің, менің, оның намысын бірдей қоздыратын қандай ортақ көзқарасымыз бар? Ұлттың тәуелсіздігі туралы ой ма? Бұл, біріншіден, сан ғасыр бойы санаға сіңген, ата-бабамыздың аманаты. Өсиет, демек, идея солардікі. Екінші, тәуелсіздік — ұлттың дербес дамуының тарихи құрылымдық даму жолы ғана. Ол — жүздеген ұлт пен ұлыстың ие боп отырған жетістігі. Ол біздің тарихи сыбағамыз. Егер де, Азаматтық Мойынсынбау мен Ұлттық тұтастыққа жетіп, ұлттық мақтанышымыз бен намысымыз қалыптасып болса, онда неге үш рет тәуелсіз отан, еркін ел, еңселі ер деген құқықтан айырылып қалдық? Жоңғар шапқыншылығы тұсында сондай қасиетке жете қабыл ұлттық өрлеуді бастан кештік. Ал үш ғасыр бойы бодан империяға қарсы қазақтың біріккен қолы қашан және қай жылы, қай майданда шақасын, тәуелсіздікті қорғады? Туымыз қай төбеде жығылды, ел иесі — ханымыздың тізесі қай жерде бүгілді? Бізді шапқан, бізді тәуелді еткен кім? Патшаның қай қолбасшысы? Ұлттық тәуелсіздігі туралы кімге және кіммен мәмілеге келіппіз? Отанды отарлауға және отарлануға мәжбүр еткен қандай сыртқы күш. Антты: одақтас болу үшін бе, бодан үшін бе, жоқ, отар ел болу үшін бе, қайсысы үшін бердік? Оның заңдық құқығы қандай? Егер ел болып берген ант болса, оның бір шарттары болмай ма? Бір мемлекет екінші мемлекетке тізе бүккенде, шабындыға түскенде, бодандық бағыныштылыққа өткенде патша мен патшаның, хан мен ханның, елші мен елшінің арасында уағдаластық, заңдық негіз болмай ма?

Ондай тарихи құжат қайда?

Балтық жағалауының елдері Риббентроп пен Молотовтың жасырын келісімін әшкерелеп, Азаматтық Мойынсынбауы арқылы тәуелсіздігін қайтарып алды. Олар ешқашанда Ресейді отандасым — одақтасым деп есептемеді. Соңдықтан да Ресейге тәуелді болдық деп мойынсынған жоқ, керісінше: екінші дүниежүзілік соғыста шапқынға түскен, күшпен жаулап алынған елміз, отанымыз жау қолында (оккупацияда) қалып отыр деп ашық айтты. Міне, Азаматтық Мойынсынбау, міне, ұлттық намыс (достойнство). Демек, олар өздерін саяси тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да азат елміз деп санап, дербес рухани күрес жүргізді, дербес тарихи көзқарас қалыптастырды. Өзін-өзі сыйлата білді. Сөйтіп, ұлт ретінде тарих алдыңдағы міндетін өтеді. Ал біз, енді ғана өз орнымызды жоқтап отырмыз. Мұның кесірін империядан көреміз. Жоқ, бізді ұлттық мойынсынуға, ұлттық намыс пен мақтаныштың жойылуына, тарихи көз қарастың дұрыс қалыптаспауына алып келген империя емес, біздің өзіміз. Империя күштеп жердің қазынасын қазар, тасып әкетер, әкімшілігін жүргізер, егінін еккізер. Бірақ бүкіл ұлт — өзін бір ұлт ретінде сезініп, рухани ұлттық тұтастыққа жетсек — дәл қазіргідей сенделісті бастан кешпеген болар едік. Дәл қазіргі күндегідей жүйкеміз қан қақсамас еді. Біз өзімізді өзіміз ұлт есебінде сезінбедік, бодан елміз деп қарадық. Барлық ақыл-ойымызды, тұрмыс тіршілігімізді, күн көрісімізді, мақсат мүддемізді империяға қарай өзіміз бейімдедік. Иесіз кеңістікте қалған иесіз ұлт болып өмір сүрдік. Түркі жұртының әлемге жүргізген он бес ғасырлық үстемдігіне қазақ ұлтының да тікелей қатысы болды. Сол үстемдік қайда кетті, не сабақ қалдырды, неге құлдырап құлдық дәрежеге жетті? Оны да тарих істеді ме? Жоқ, біз тарихтан сабақ алмадық. Ұлттық тұтастықты, ортақ мүддені қалыптастырмадық. Ұлттық мүддеге бой сұнбаған, ұлттық нысанасы анықталмаған, ұлттық рухани тұтастығы жоқ ұлт — ұлт емес, әуелі мемлекет болып мархадам таппайды. Ондай тобырдың үкімін тарих сол кезде-ақ шығарып қойған. Себебі: "Мысалға алайық": қалыптасқан қолайлы жағдайға байланысты өзінің ырқымен құрылмаған, жағырафиялық орналасудың нәтижесінде орта таңдамай-ақ тұрақтап қалған бір халық ұлан-асыр аймақты мекендеп, өзі онша тырыспаса да бір дәуірде құдіретті халыққа айналып шыға келсін делік: әрине, бұл таңғажайып құбылыс, қалай сүйінсең де құба-құп, алайда тарих оған қалай баға береді? Негізіне үңілсең, бұл - тек қарапайым дерек қана, аса үлкен ауқымды қамтыған жағрафиялық белгі ғана, одан өзге түк те емес. Мұны тарих байқамады да, оны өзінің жылнамасына тіркейді, содан кейін бетін жаба салады, сонымен бәрі де тәмәмдалады. Ал бұл халықтың нағыз тарихы — сол халыққа сеніп тапсырылған тарихи міндетті жүзеге асыратын және сол міндетті табандылықпен жүргізетін, тіпті жасырын түйсік арқылы болса да сол тарихи міндетті орындап шығаратын идеяға келгенде ғана жазылады. Міне, бар жан-тәнімен менің отандастарымды шақыратын шағымды кезек осы кезек, сүйкімді достарым мен отандастарым, міне, осы міндетті сіздер мойындарыңызға алса екен деп тілеймін, білімнің жоғарғы сатысына көтерілген, маған сондай жанашыр боп көрінген отанға деген қасиетті махаббаттың оты маздап тұрған жандар, соған ат салыңыздаршы!",— деген Чаадаевтің Ресей туралы пікірі мына сіз бен бізге қаратыла айтылғандай. Иә, Ұлттың Тұтастығы — Идеяда. Ал қазақ қауымын дәл қазір тұтастандырып, тұтқа боп ұстап тұрған қандай идея? Біздің ұлтымыздың ішкі рухани жасырын идеялы қағысы болса бүгін бетке шығатын кезі болды емес пе. Ол қандай? Қазір нені медет, нені нысана тұтамыз? Бағыт-бағдарсыз, нысанасыз, ішкі бірліксіз, күн көрістің шылауына еріп келер күнге ықтап беттей береміз бе? Ұлт та, ұлттық сана да есейді. Ендеше, отырған үйімізді, қорған қонысымызды тазалап барып, көшімізді түзегеніміз дұрыс болар. Ол үшін ең бірінші ұлттық тарих көзқарасымызды әділ әрі байыпты және ұлт мүддесіне лайық қалыптастыруымыз қажет. Ұлттың санасындағы өткен күннің таңбаларын жойып, оны ықпалдан аршуымыз керек. Ал азат ұлт ретінде намыс пен мақтанышымызды орнына келтірмесек, бұл мәңгілік бүйіғылықтан арыла алмаймыз. Соның ішінде күбірткі мәселе — қазақ ұлты бодандыққа өз еркімен бас иді ме, жоқ па деген сауалдың жауабы. Біз, өз тарихымыздың белесті-белеңді кездеріне барынша ақиқат, барынша әділ әрі қатал көзқарасты қалыптастырмасақ, туpa сол арадан соққан жел үнемі өкпемізге, ұлттық санамызға шаншу боп қадалып тұрады. Тура сол бопса көзқарас ұлттық тұтастығымыздың буынын босатады, ірітеді, іріткі салады. Тіпті өзіміздің екі туын, бір қалған атамыз болса да тарихтың үкіміне бойсынуымыз қажет. Сонда ғана ұлттық тұтастыққа келеміз. Ал дәл қазіргі қазақ ұлтының бойындағы ең осал, нәзік әрі қауіпті тұсы — тарихтың үкімін мойындамауда. Біз өзімізді азат ұлт сезіну үшін де бодандықтың пердесін ысырып тастауымыз керек. Сол пердені ысырдық па, ысыруға тырыстық па өзі? Егер ол тұманнан айықпаса бүгінгімізге де,ертеңімізге де баға бере алмаймыз. Өзіміздің даму жолымызды өзіміз тұйықтаймыз. Ал бұл қылмыспен пара-пар. Өйткені: "Өзін де, жауын да жетік білгендер үнемі жеңіске жетеді: тек өзін ғана білгендер — бірде жеңіп, бірде жеңіледі, сөйтіп итжығыс түсіп жүреді, ал ӨЗІН ДЕ, ЖАУЫН ДА БІЛМЕЙТІНДЕР ЕШҚАШАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТПЕЙДІ",— деп Кун-зы (Конфуций) ғұлама айтқандай, ұлтымыз қайтып өзгенің алдында тізе бүкпеуі үшін өзімізді өзіміз жетік біліп, ұлттық тұтастық идеясына келуіміз парыз. Дәл қазіргі таңдағы ұлттың алдындағы басты міндет осы. Соның ішіндегі ең бастысы: қазақ мемлекетінің үш түрлі тамырына тарихи көзқарасты қалыптастыру. Бірінші, қазіргі қазақ ұлты ежелгі көшпелі мемлекеттің заңды тұлғасы ма, жоқ па? Скиф, сақ, ғұн, түркі құрамаларының бізге қандай қатысы бар. Егер мемлекеттік негізімізді одан бастамайтын болсақ, онда тарихымыздың өткенін өз қолымызбен кесіп тастаймыз. Көне ассирия, грек, рим, мемлекетіндегі ұлт пен ұлысты дәл қазіргі сол жерді қоныстанған ұлттың туған бабасы деп ешкім де кесіп айта алмайды. Бірақ тарихи көзқарас бұған күмән келтірмейді. Демек, ертедегі көшпелі жұрттың тарихи жалғасының бірі — қазақ ұлты. Ендеше, бүгінгі қазақ мемлекеттігінің негізін сол дәуірден бастап, оның ішкі-сыртқы саясатын, әлеуметтік тамырын, ұлттық сыпатын түйіндеп тұрып тұжырымдап, қазақ мемлекеттігінің көне құрылымы ретінде сенімді түрде сыпаттауымыз қажет. Екінші, түркі қағанатынан бастап "Алтын ордаға" дейінгі тарихи оқиғалар тікелей қазақ жерінде өтті. Барлық саяси орталықтың кіндігі қазақ жері болды. Жайылған қанатын қайыра алмай қалған тұстарын ашып айтып, қандай қағанат пен хандық құрылса да, соның ұйытқысы қазақ жұрты болды деп, оны сол мемлекеттің негізі ретінде ұстану керек. Өйтпесе, бізді жалпы түркі тарихына қосқанымен де, мұндай кеңқолтық идеяны өз қандастарымыз пайдаланып кетуі әбден мүмкін. Өйткені осыдан он ғасыр бұрын бөлініп кеткен түріктердің қанжығасына ежелгі тарихымызды байлап беріп отырмыз. Өзбек пен татар тарихшыларының да бүгінгі мемлекеттің негізі етіп өз ұлтын алуға ұмтылуы және оны жан-жақты заңдастырып жатқаны белгілі болып отыр. Олар қазақ даласынан бөлініп кеткеннен кейінгі өз тарихын жазсын, бірақ жер мен суы, елі орынында қалған қазақ қауымына менменсіп қарамасын, қайта ата жұрты ретінде сыйлай білсін. Мұндай көз қарастық менменсу қандастарымыздың арасында бар. Мысалы, маған Өзбекстанның әдеби-мәдени мұражайының негізін қалаған тарихшының бірі, әйел профессор: "Шыңғыс хан Керуленге қайтқанда біздің жазуымыз басылған тастар мен ескерткіштерді, мәдени мұраларымызды өзімен алып кетіпті. Олар жолда шашылып қалыпты. Соны бізге қайырудың мүмкіндігі бола ма екен?",— деді қымсынбай. Мен: "Сіздің тарихыңыз қай тарих? Шыңғыс ханның қанжығасында бөктеріліп кеткен жартастағы таңбалар мен жазулар ма, балбал тастар ма? Әлде, Тоныкөк пен Күлтегін жазуын Тұраннан қотарып әкетіп пе? Көшпелілерде мәдениет, жазу болмаған дейсіз бе? Сонда, сіздің мәдениетіңіз қай мәдениет. Әлде таяу шығыстан ҮІ-ІХ ғасырда ауып келген тәжіктердің мәдениетін "Алтын ордадан" бөлініп шыққан өзбектерге теліп отырсыз ба? Бұл қай басыну, өзбекті ме, қазақты ма?",— деп қарбыта сөйлеп, біраз қазып едім, кешірім сұрап орнынан тұрып кетті. Менің көне тарихтан аздап хабарым барлығын, оның ішінде, өзбек тарихшыларының арасында шығыстық және түріктік көзқарасты ұстанатын қарама-қарсы екі тарихи ағым барлығын, шығыстың атын жамылып отырып, өзбек тарихы мен жерін парсының құрамдас бөлігі ретінде қарайтын "тураншылардың" тұжырымдарын білетінімді аңғарғаннан кейін шегініс жасады. Бірақ ол адам ішінен шындықты мойындамай кетті. Ендеше, өз тарихымызды өзіміз кеспей, қазақ хандығы — әлгі үлкен қағанаттың ұйытқысы және мемлекеттігінің негізін құраған мекендегі мұрагері, Керей мен Қасым сол тарихи мемлекеттің мәйегін ірітпей, батыс пен шығыстың ықпалынан, оларға сіңіп кетуден сақтау үшін тарихи көшпелі отанның дәстүрлі салтын ұстанып қалды деп пікір түюіміз қажет. Онсыз, тексіз ұлт боламыз да шығамыз. Үшінші, қазақ елінің отарлану тарихын толықтай талдап, қалай боданға түсті, өз еркімен бе, жоқ па, соны жария етіп, Ұлттық Азаматтық Идеяны орнықтыруымыз керек. Өйтпесе, ешқандай соғыссыз, тарихи келісімсіз, бопсадан қорқып ұлттық бостандығымызды Ресей патшасының қолына еркімізбен берген болып шығамыз. Бұл, қазақ ұлты құлдыққа өз еркімен көнді, ежелден құл болуға бейім ұлт еді, ұлттық тарихы жоқ қауым болатын деген емеуірінді растайды. Мұны, өзге емес, қандас түркі жұрттарының тарихшылары айтып жүр. "Нағыз қателік — түзетілмеген қателік",— деп Кун-зы айтқандай, біз де қателігімізді түзетуге тиіспіз. Егер бодандықты өз еркімізбен қабылдасақ, онда жеке мемлекет, тәуелсіз ел болын өмір сүруіміздің өзі заңсыз. Себебі тәуелсіздікке ұмтылуымыз арқылы екі ел арасындағы тарихи келісімді бұзған болып табыламыз. Онда Ресейден естіліп жатқан: "Қазақстан - ұлы империяның заңды құрамдас бөлігі",— деген желеуге қарсы қояр уәж табылмай қалады. Ең бастысы, мұны Азаматтық Мойындау, бас ұру деп бағалайды тарих. Ал қазақ ұлтының еркіндік сүйген ел, ешкімге құл болу үшін жаратылмаған азат мемлекеттің иесі екендігі тарихи шындық. Шындыққа қиянат жасағымыз келмесе, қабырғамызға батса да ашық айтып, ұлттың рухани мүддесін жалған рулық, жүздік, жеке тұлғаның мүддесін көздейтін ағайындық қылымсудан арылтуымыз парыз. Сонда ғана тәуелсіз мемлекеттің өмір сүруін заңдастырамыз. Балтық жағалауындағы шағын мемлекеттер сияқты қазақ ұлтының да отарлануының заңсыз жүзеге асқанына төрткіл дүниенің көзін жеткізу — тарихи міндетіміз. Бұл — ұлттың ұлт ретіндегі қызыметін, тарихтағы орынын, саяси құқын қалпына келтіруіміздің кепілі және ұлттық идеяның негізін қалайды.

Демек, алға қарай дамуымыздың, тәуелсіздігіміздің жолын аршып береді. Мұндай қасиетті құндылық пен құқықты қалпына келтірмесек, тәуелділіктің ықпалынан құтылмаймыз, өзімізді өзіміз азат ұлт ретінде сезінбейміз. Ортақ Ұлттық Идеяға жүгінбейміз. Қазақ тарихына ортақ тарихи көзқарас қайдан болсын, ұлтымыздың Әлихан мен Ахметтен қалған зиялысының бірі, жазушы Ғалым Ахмедов дегдардың өзі: "Бір кісінің өмірі ішінде тарихымыз бес рет өзгертіліп жазылса, одан қалай жөн тауып жүрерсің!",— деп күйініп отырса. Оның өзіңде де бұл тарих жаттың көзімен жазылды. Ал олар қашанда империяның мүддесін көздеді. "Кавказ бен Орта Азиядағы оқиғалар Орта Шығыстағы ағылшын-орыс бәсекесінің тарихымен тығыз ұштастырылды... Бұрынғы концепцияларды қарауда керексіз асыра сілтеушіліктер орын алды: мысалы, патшаның отаршылдық саясаты жайлы немқұрайлы пікір айтылды. Орыстың қол астына қараудан зардап аз деген қорытынды шығару үшін: "шығыс халықтары түгелдей патша империясына өз еркімен қосылған",— деп пайымдалды" (Н. Дружинин). Қазақтың ұлттық құқын қорғаған осы идеяның жанашырлары академик Панкратованың айналасына топтасты. Іле осылардың ішіңдегі сол ұлттың жалғыз өкілі Е. Бекмаханов итжеккенге айдалды. Ал содан, он жыл бұрын ұлының тарихы туралы Тұтастық идеясын қалыптастыруға ұмтылған Санжар Асфендияров: "Әлі күнге дейін қалың оқырманға арнап буржуазиялық (отаршылдық деп түсініңіз — Т.Ж.) ертегіні қайталап айтып, кітап жазатындар да табылын қалады. Біз А.Брискиннің "Қазақтар" ("Московский робочий" 1931 ж.) деген кітапшасын меңзеп отырмыз. Брискин "Қазақтар бодандықты өз еркімен қабылдады", "қазақтарды алдаған - патша" деген аңызды қайталайды. Бұл - барып тұрған оңбағандық және өтірік, өйткені орыс капитализмі — миллиондаған орыс шаруаларының сүйегі мен қанына малшынды, сондай-ақ бұрынғы Россия империясының құрамында болған миллиондаған еңбекшілердің, оның ішінде қазақ еңбекшілерінің де сүйегі мен қанына малшыңды... Қазақтардың еркімен қосылғандығы жайындағы ұлы державалық шовенистер мен ұлтшылдардың шығарған аңызын патшаның ұлығы Рынков көрсеткен деректер әшкерелеп береді, бұл мәселе жөнінде оны бұра тартып айып отыр деп ешкімнің аузы бара қоймас",— деп жазып еді. Әрине, араға бір жын салын барып Асфендияровтың да көзін құртты. Ал қазақ ұлтының Ұлттық Азаматтық Идеясын қалыптастырудағы жалғыз құрбан ол емес еді. Асфендияровтың "қазақтар орыстарға өз еркімен қосылады" деген пікірді — "оңбағандық, өтірік", оны "ұлы державалық шовинистер мен ұлтшылдардың шығарған аңызы" — деуі ақиқат шындық. "Орыс халқының кеңістікке құмарлығы - оның рухының кеңдігінен туындайды",— деген пікірсымақтан қазақ ұлтының құлағы сарсыды. Вогюэ деген француз саяхатшысының жол жазбасының мазмұны "Дала уалаятының газетінде" жарияланады. Сондағы: "...Каспий теңізінің күншығыс жағында (қазақ даласына — Т. Ж.) жүзге жуық Тамбовтан келген мұжықтарға жолыққанын айтыпты. Ол әлгі мұжықтардан: "Отандарыңнан жырақ жүргендеріңе қиналмайсыңдар ма? ",— деп сұрапты. Мұжықтар қолдарымен күншығыс жақты сілтеп: "Біздің отанымыз өзімізбен бірге көшіп жүреді ",— деп жауап береді. Орыс халқына ғана тән, тек солардың өзіне ғана жарасатын бір қасиеті бар: олар кез-келген жерде өзінің үйінде жүргендей өздерін емін-еркін сезінеді. Орыс халқы отарлауға өте епті Керісінше, француздар мен ағылшындар өздері жаулап алған жердегі ұлыстармен дөрекі сөйлесіп, менменсіп қарайды, олар билеп-төстен, бұйрық беріп, өздеріне бас шұлғытуға тырысады, Алжир мен Индияға жайлар соған көз жеткізеді, олар ешқашанда тағылармен тіл табысып, оларды түсінуге не өзін сыйлатып үйретуге тырыспайды. Орыс халқы бұған келгенде әккі. Мұндай бейімділік олардың бойында қалай қалыптасты, анықтау қиын, алайда бұл олардың қанына туа біткен. Россияның Шығыстағы отарлау саясатының үлгісі ретінде Вогюэ мынадай мысал келтіреді", — деген сөзден-ақ әлгі пиғылды анық аңғарасың. Бұл сөздерге Қарағанда, орыстың мұжықтарының бұратана елге келуі — үлкен махаббаттың белгісі сияқты. Тіпті, қымсынып отырған олар жоқ. Өйткені, қазақтардың келімсектерге құшағы ашық, елдің өзі құл болуға дайын түр екен-ау! Сонда "Алтын қақпаның кілтін" Петрге ұстатқан өзіміз болып шығамыз. Тіпті, "Алтын қақпаның кілтін" ұстатқан Петр емес, шоқынып кеткен өзіміздің қандастарымыз! Қазаққа дені дұрыс орыстың графтары мен княздары да, ханзадалары да бұйырмапты. Салпы етек көп тәржімашының біріне елдің еркіндік тізгінін беріп қоя беріппіз. Ол: Петербургта — Алексей Иванович Тевкелев атанған, қазақ даласына келгенде — Құтлұғмұхамед боп жүрген Тәуекелов деген шоқынды екен! Неткен көмпіс ел едік. Құдай-ау, сол кезде де әр тұста ұлт азаттық күресі жүріп жатпап па еді. Жоңғарға қарсы ұлы шайқасты қайда қоямыз! Сондай ұлт өзін-өзі құлдыққа байлап бере ме? Масқара! Шоқыңды Құтлұғмұхамед Тәуекелов өзінің мойнына түскен тағдырдың қарғыс қамытын қазаққа да кигізді. Сөйтіп, тарихты жалған жолға салын жіберді. Біз болашағы жоқ, ұлттық идеясыз, ұлттық азаматтық намысы жоқ, Карл Ясперс айтқан: "Тарихи дәстүрсіз, рухани танымдық негізі салынбаған, алдыңғы толқын ағалардың өсиеті ескерілмеген, тек қана заман ауқымына бейімделген құрғақ қағидаға құрылған" жалған тарихи жолмен жүріп келеміз. Ол ұлттық даму жолынан адастырып, жалған идеяға иландырын, ешқандай ертеңі жоқ тұйыққа әкеп тірейді. Қазақ ұлтының тарихи танымындағы жиі-жиі кездесіп тұратын тоқыраулар мен дағдарыстардың басты себебі осында. Ұлттың тарихи және танымдық жолы Ұлы Идеяға құрылуға тиісті. Қандай қияметті көрсе де әлгі Темірқазықтан ауытқымауға мұқым ұлт боп бел бууы шарт. Ал тосын оқиғалар оның ілгері жылжуын баяулатқанымен де, бағытын, ішкі алтын өзекті идеясын сақтап, ілгері жылжи беруі керек.,Міне, қалыптасқан ұлттың тарихи жолы деген сол. Ал, шоқынды тәржімашы Тәуекелов салып берген жол — қазақ ұлтының жүретін жолы емес. Ол — шиыр! Шиыр болғанда да, ешқашан құтылмайтын, одан шыға алмайтын жылым! Басыбайлылықтың батпағы. Ұлттың тағдырын ең алдымен осы ластан тазартуымыз парыз. Онсыз қазақ тарихы өзінің күретамырлы даму жолына түспейді. Әрине, зиялы дегдар Ғалым Ахмедов дәл көрсеткеніңдей, империяның отарлауы мен діни жиһангерлікке ерте ме, кеш пе, қазақ хандығы да ұшырар еді. Ағылшынның ба, Ресейдің бе, Жапонның ба, мәселе онда емес, әйтеуір бір елге бодан болары тарихи шындық. Бірақ, сол бодандық қалай жүзеге асты, бағындырушы және бағынушы екі мемлекеттің арасындағы келісім қандай дәрежеде өтті? Бір мемлекет екінші мемлекетке қандай талап қойды, қандай мәмілеге келді, ашық майданда өткен шайқастардың мән-маңызы қандай, жеңілген елдің өзін құртын алмас үшін еріксіз көнген уақыттың уәжі ме? Кейін сол шарттың баптары бұзылды ма, бұзылса — қалай бұзылды, қай жақ бұзды, оның зардаптары қандай, қай жақ уағдасына тұрмады? Жаңағы Ясперс көрсеткен үш шарттың қайсысы ескерілмеді? Ол шарт тең дәрежеде жасалған келісім бе еді, жоқ зорлықпен мәжбүр етті ме? Бодандық шартының мемлекеттік дәрежесі қандай деңгейде өтті? Қолбасшылардың арасында ма, мәмілегерлердің арасында ма, патша мен ханның, яғни мемлекет басшыларының арасында ма? Осының қайсысы заңды?

Мұндай сұраққа біз әлі жауап бергеміз жоқ.

Әкенің келісімінсіз баданың мал мүлікке иелік ете алмайтыны сияқты, елдің иесінсіз кім көрінгеннің берген уәдесі мен басқан мөрі мемлекеттік кепілдікке жарамайды. Ендеше, қазақ халқының Ресейге бодан болуы қандай мемлекеттік дәрежеде өтті? Тепе-тең келісім бе? Оған ұлттық ұйғарымға келген азаматтық, ұлттық идея негіз қалады ма? Бұл жөнінде пікір тұтастығы жоқ. Халықтың тағдыры "Ақтабан шұбырындыға" ұшырап жатқан кезде қазақтың сорына қарай пайда болған "үш жүздік" құрылым ақыры сол Ұлттық Тұтастықтың тамырына балта шапты. Сондықтанда бодандық туралы тарихи көзқарасымыз үш түрлі сылтау себепке құрылды. Әңгіме бейне бір өзара одақтастық уағдаға ғана біріккен үш мемлекет туралы болып отырған сияқты. Кенесары хан өзінің Николай патшаға қаратыла жазған хатында Абылайдың жүргізген саясаты мен шартына тең дәрежедегі келісім ретінде қарайды. Тек экономикалық байланыс жөніндегі баптарды ғана мойындайды да, ел мен жердің бостандығын қазақ елінің шешетін мәселесі деп түсінеді. Ол өзінің хатында мұны: "Долгов мырза сіздің құзырлы хатыңызды бізге Қарақұмның, қойнауындағы Үшөзек деген жерде отырғанымызда табыс етті. Бұл хаттың мазмұнын біз түсіндік және риза болдық, бірақ та осының ішінде біз орындай алмайтын және ақылымызға сыймайтын бір мәселені жүзеге асыруға жарлық беріпсіз. Бұл мәселе жөнінде тура жауап беруге император ағзамның ашуынан сескеніп, жүрегім тітіркенеді, алайда сізге үлкен бастық ретінде түсіндірмеске лажым жоқ, сол үшін де бізге жек көрінішпен қарайтыныңызды да білемін. Бұл мәселенің негізі мынадай: Сіздің хатыңызда мынадай сөз бар: "Патшаның жүрегі тек бір алланың қолында ғана болғандықтан, алланың жарлығына көніп басыңызды жерге тигізіп, құдайға құлшылық етуіңіз керек, сұлтан мырза, өйткені біздің Патша ағзамымыздың осы жарлығында қандай құдіретті күш бар екенін "Құранның" аят-сүресінен оқып біліп, ойланыңызшы: осында жазылған жайларды сіз орындауға міндетті екеніңізді және соны мойныңызға аманат ретінде алуға парыздар екеніңізді шын діндар есебінде сіз мойындарсыз! Сіз ең алдымен құдайға, содан кейін сол құдайдың елшісі - патша ағзамға және сол ағзам бекіткен әкімшілікке бағынуға тиіссіз. Өйткені, Пайғамбардың өзі: "Сендер патша мен әкімдерге сөзсіз бағынуларың керек" деп өсиет қалдырған",— депсіз. Сіз мұны өте дұрыс жазып отырсыз, мұнда ешқандай жалғандық жоқ. Бірақта, Алла өзінің құлдарына жеке-жеке пайғамбарлар жіберіп, оларға әр түрлі діни жол ұсынды. Әр пайғамбар өзінің дәргейіндегі халыққа лайықтап заң жасады. Кімде-кім өзі жіберген пайғамбарлардың жазған заңына қарсы келсе, өзінің ұлысын билеп отырған әкімнің; айтқанын орынадамаса, онда біздің қасиетті кітабімізда жазылғанындай, ол адам ерте ме, кеш пе, әйтеуір алланың қарғысына ұшырауы тиіс. Сіздер ғой қазір бізді өздеріңіздің патшаларыңызға бодан бол және ол жіберген әкімдерге бағын деп Жарлық беріп отырсыздар: алайда осыларыңызды Алла-тағала қабыл қылар ма екен. Құдайдың өзі салып берген жолды тастап, басқа жолмен кеткен құлдарын жаратқан Ием қолдай қояр ма екен! Сіздер үшін де, біздер үшін де Алла біреу, тек діни сеніміміз ғана басқа, сондықтан да біздің бодандығымызға көш және бағын дейсіздер, бірақта ойланыңыздаршы, бұларыңыз дәстүрге сай келе ме? Егерде мен сіздердің бодандықтарыңызға келіссем, онда Алланың тиымына қарсы әрекет істеген боламын, мен Алланың қаһарынан қорқамын және мұсылманшылықтың жолынан тайғаныма қорланамын. Осының барлығын ойлай келіп: сіздер өзінің жеке басының қамы үшін әкімдерді алдап, сыртымен ғана бодан боп жүрген қазақ ордасының ақымақ сұлтандары мен билерінің сөзін малданған екен-ау деген қорытынды жасадым. Шынымен-ақ сіздер әлгі сұлтандар мен билер: орданың билігіне бойсынбайды, патшаның қызметіне шын берілген және айтқанын бұлжытпай орындайды деп ойлайсыздар ма? Бұған қоса мынаны мәлімдеймін: Ұлы Патша Императордың әкесі — Ақ патша менің марқұм әкем Абылай ханға үлкен еркіндік бере отырып: әркім өзінін; елін өзі билейді, орыстар мен қазақтардың арасындағы өзара сауданы дамытады, ол үшін сауда керуендеріне ешқандай кедергі жасалмайды, еркім езіне тиесілі кәсіпшілікпен айналысады, - деген уағдаластыққа келген. Сөйтіп, әркім өз Әміршісінің қарауында біраз yaқыт тыныш өмір сүрді. Біздің әкеміз Абылай хан марқұм болған соң оның тағына Уәли сұлтан отырды. Бұл хан мен Ұлы Мәртебелі Императордың тұсында халық ұзақ уақыт тыныштыққа бөленді, ешкім де қазақтардың жерін басып алып, қысымшылық көрсетпеді, көші-қонымыз жүретін жерді ешкім де саржалап өлшемеді, ол жерге ешкім де бекініс салмады. Сол келісім марқұм әкесінің орынындағы қазіргі Патша Ағзамға өсиет ретінде қалса да, Абылайға тиесілі Жолдыөзек, Көкшетау,Қылшықты, Атбасар, Есіл-Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Хаят пен Түңіліктен Оралға дейінгі аралыққа бекіністер қаптай салынды. Сонда патшаның әкесі жерімізді өлшеймін десе — арқаны жетпеді ме, бекініс саламын десе — жер жетпеді ме, қысым жасаймын десе - күші жетпеді ме, жоқ, керісінше мұның барлығы оның заң алдындағы әділеттілігін көрсетеді. Қазіргі әкімдер патшаның жаһангерлік құдіретін күшейту үшін жерімізді өлшеп, бекініс салып жатыр, сөйтіп халқымыздың тыныштығын бұзды.

Бұл - болашағы жоқ әрекет, бүгінгі күн үшін де тиімсіз.

Мынау жалғанда ешкім де мәңгі жасамайды, мүмкін шен-шекпен алып, даңқтан дәме ететіндер табылып қалар, алайда ешкім де қулықпен патшаның күшін асырып бағын көтере алмайды, өйткені осы екеуінде оған Алланың өзі ғана сыйлай алады. Жоғарыдағы жасалын отырған қосымшалықтар патша ағзамның назарына жетпеген сыңайлы. Мен бұл туралы оның сенген әкімдеріне қаншама рет мәлімдедім, бірақ та ешкімен де жауап алмадым ",— деп ашық жазады. Міне, мемлекет пен мемлекеттің арасындағы мәміле осындай биік дәрежеде және нақты уағдаластық бойынша жүргізілуі тиіс. Шарттың қай жерін кім бұзды, ол дер кезінде көрсетіліп, әуел бастағы қалпына қайта келтірілуі керек. Кенесары, Абылай қол қойған сол-келісімнің бұзылған жерлерін бап-бабымен көрсетіп, Ақ патшаның антын оның мұрагері бұзып отырғанын ескертеді. Мемлекеттің ішкі бостандығына қол сұққандығы үшін айыптайды. Егер бұл шарттар орындалмаса, онда оның өзі мемлекеттің иесі әрі тақ мұрагері ретінде ашық күреске шығатынын мәлімдейді.

Заңды талап. 1916 жылғы көтерілістің өзі де сол келісімнің бұзылғандығы үшін туды емес пе. М. Әуезовтің "Қилы заманындағы" Жәмеңке мен Ұзақтың, Әубәкірдің атынан айтылатын "мұнәпіс те" осы. Олар: "Егер Ақ патша ол шартымды бұзды десе, сертімнен тайдым — деп қолхат берсін. Онда басқаша сөйлесеміз. Ондай хат бермесе, бізге көрсетіп отырғаны заңсыздық", — деген уәж айтады. Осынау халық даналарының санасы жеткен заңды талабына тарихшылардың зердесі жетпеді. Өйткені, Абылайдың тұсында да, Уәлидің тұсында да, Кенесарының кезінде де, Жәмеңке мен Ұзақтың тұсында да Ресейдің қазақ жерін билеуі заңсыз еді. Азаматтық Мойынсынбауды Ұлттық Тұтастық дәрежесіне көтеріп, көркем шығарма арқылы ұран көтерген тұлға - Мұхтар Әуезов қана болды. Ал мұның заңсыз отарлану екенін І Думада дәлелдеп, заң жүзінде әшкерелеген Әлихан Бөкейханов болатын. Демек, қазақ ұлты Ресейге өз еркімен қосылған жоқ. Тек экономикалық одақтастық дәрежесінде ғана уағдаластыққа қол қойылды. Ендеше, қазақ жерінің бодан болуы -заңсыз. Еркімен қосылды деген - "өсек, оңбағандық" (Асфендияров). Ал Әбілқайыр ханның бодандық туралы хатының ешқандай заңдық құқы жоқ. Жалған құжат. Сондықтан мойынсынуға жатпайды. Неге дейсіз ғой? Талдап көрейік.

ІІІ ТАРАУ: "АЛТЫН ҚАҚПАНЫҢ КІЛТІН" ҰСТАТҚАН KІM?

Тарихқа төрелік жүрмейді. Өткен іс өтті. Санаңды сарқа сабылсаң да заман көшін қаз-қалпына келтіре алмайсың. Аз дерекке жүгініп, көп құбылысты қамту да мүмкін емес. Дүниенің басы мен аяғына адам санасының көзі жеткен жоқ. Сондықтан да екі ұшына қолың жетпейтін арқанды қолға ұстағандай боп ділмарси ой қозғаудың да қажеті жоқ. Тарихтың қадым қатпарын қазбаламай-ақ, тұйыққа тірейтін жолды іздемей-ақ, қазіргісін қатпарлап алсақ та үлкен олжа. Оның үстіне жанға тиетін, жаныңды жаралайтын тақырыпта нең бар? деп өзіңе-өзің тоқтау салуға болады. Егер жеке басыңа қатысты болса бұған көнесің, ондай уәжге тоқтайсың. Ал ұлтың туралы және оның тағдыры қақында, оның ішінде ең бір намысты тұсы жөнінде әңгіме қозғалса ше? Онда: "Платон менің досым, бірақ шындық одан да қымбат" — деуге тура келеді. Өйткені, біздің бүгінгі жасалып жатқан тарихымыз — ертеңгі қоғамның кескін-келбеті, өткен заманның кесіп пішілген өлшемі болып табылады. Бүгінгі тарихты санамызға терең сіңіру үшін де кешегі күнді жадымызда жаңғыртуға тиіспіз. Себебі, "Тарихтың мәні мен міндеті" туралы толғаған ғұлама Карл Ясперстің пікірінше: "Адамзаттың мұқым тарихын санаңмен саралағанда ғана дәл қазіргі дәуірде өтіп жатқан оқиғаларға кең ауқымда баға бере аласың". Онсыз ұлттың ілгері дамуының жолы кесіледі. Қазақ ұлты үшін сондай түйнекті оқиғаның бірі — қазақ елінің Ресейге бодан болуы. Бұл өзі қазақ зиялыларының пікірін біріктірмеген өте талмалы тамыр. Уыты тамырына шомырлана біткен бұл оқиғаны таным талқысына салып, ортақ ұлттық пікір қалыптастырмай, бүгінгі, демек, ертеңгі тарихымызды толық тануымыз мүмкін емес. Себебі, қазақ елінің үш ғасырлық тағдыры бодандық туралы көзқарасқа тікелей қатысты. Және осы үш ғасырдың ішіндегі барлық тарихи оқиғалар мен ұлттық рухани жаңғыруларға берілген баға — қазақ ұлтының келешек келбетін анықтайды. Ендеше қалыс қалудың еш реті жоқ. Ұлттың ішкі жасырын рухы арқылы санамызға ұялаған тоқтамға жүгінсек, онда қазақ елі Ресейге өз еркімен қосылмаған. Ресей күшпен отарлаушы жаһангерде, қазақ елі оның боданы. Ұлттың алдындағы үш ғасырдан бергі басты арманы — мемлекеттік тәуелсіздік идеясы болды. Ішімізден дәл осылай ойлағанымызбен де бұл идеямыз сыртқа шықпады. Тәуелсіздік тұсында ашық талқыға түскенімен, тарихи тұжырым сол қалпында қалды. Мұның басты кілтипаны тарихшыларымыздың танымы мен жүйке тамырымыздағы трайболизмдік түйсіктің кесірінде жатыр. Жеті ғұламаның бірі Солон грек жұртындағы рулық және рушылдық сананы жойын, мемлекеттік намысты ұлттың нысаналы мүддесі ретінде қоя білгендіктен де, ол гректердің тұтастығының қасиетті тұлғасына айналды. Біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы 594 жылы жүзеге асырылған мұндай шара көшпелі қауым үшін жат пиғыл саналды. Тіпті рулық түйсік — ұлттық бірліктің нышаны ретінде тіршіліктің тұтқасына айналды. Кезінде Абылай хан жаугершілікпен қоса рушылдықпен де күресіп, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйытып кетуге тырысты. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" заман да қазақ елін ақылға келтірмеді. Жоңғарды жеңген Абылай рушылдықты жеңе алмай: "Бірінші арманым - үш жүздің басын қоса алмадым. Екінші арманым — еліме мал емшегін емес, жер емшегін емізе алмадым. Соңдықтан да, үшінші арманым — бірлік болмаған соң, елімнің ертеңгі еркіндігіне толық көзім жетпейді. Сол өкініш",— деп кетті. Сол үш кесір ақыры қазақты бас еркі жоқ бодан ел етті. Кенесарының тұсыңда да ұлттық тұтастық таппады. Ең өкініштісі, үш жүзге бөлінген рушылдықтың тура жаугершілік кезінде өршіп, елді "елім-айлатып" тынғаны. Мұның сорақылығы сол, бүгін әр рудан бір-бір батыр шығып, бір батырдың ерлігін екіншісіне теліп, өзгені кемсітіп, өзіміздің руымыздың өкілін аспандата марапаттап жүрміз. Яғни, әруақтардың көрдегі орнын ауыстырып жатырмыз. Міне, дәл осы рушылдық психологиясы ұлттық тұтастықтың іріткісіне айналып отырғандығына жаны күйген Мұхтар Әуезовтің: "Қазақтың коммунизмге ілесе баратын екі қасиетті бар, ол — рушылдықпен қонағы",— деп дәл тауып және кекесінмен айтуы шымбайымыға батса-ақ керек еді. Бірақ әлі де ақылға келетін түріміз көрінбейді. Рулық жалған намыстың санамызға сіңіп қалғаны сондай, бұл өзі үлкен танымдық дертке айналды. Иә, қазақ халқының тарихы да жаттың көзімен, империялық пиғыл-мүддемен жазылды. Мұны қалпына келтірмей, түзетпей ұлтымыздың кешегісін, бүгінін, ертеңін таным талқысында таразыдай алмаймыз. Алайда, менің байқауымша одан да үлкен ішкі мерезіміз бар, ол — рулық сана. Мұны сылып тастамасақ, исі ұлттық танымымыз айықпас дертке ұшырайды. Көлегейлейтін түк те жоқ, отарлану тарихы туралы сөз бола қалса, ең алдымен ойымызға Петрдің қазақ еліне қаратып айтқан "Азияның алтын қақпасының кілті" - деген сөзімен, Әбілқайыр ханның Анна Иоановнаға - "Қатын патшаға" жазған хаты оралады. Мәселенің барлық түйткілі де осында. Тарихи көзқарастың айырылатын тұсы да Әбілқайырдың осы "тарихи әрекетіне" байланысты. Сонда Әбілқайыр қандай тұлға өзі? Тарих үлгісіне жүгінсек, ол қазақ тарихындағы римдік Кориолан ба, жоқ гректік Фемистокль ме? Осынау ұлттық рухани егестің себепшісіне айналған тұлға — Әбілқайыр хан туралы пікір бірлігі болмай, қазақ елінің және тарихи тұтастығының да бір мәмілеге келмейтініне көзім жетті. Бұл тамырыңды шым-шымдап сыздатып, көкөзек тарамысқа айналған көкжөтел көзқарастар мынаған келіп саяды: Бірінші көзқарас: Әбілқайыр — ел ұйытқысы, оны өлтірген Барақ султан исі берекесіздік пен бақ құмарлықтың басы, арандатушы. Сол арқылы ұлт мүддесін сатушы. Екінші көзқарас: Барақ сұлтан — ұлтының ұйтқысын бұзған, жауға жағасын ұстатқан Әбілқайырдан ұлттық кекті қайырушы. Әбілқайырдың өзі және оған ерген нөкерлері де сатқын. Міне, қазақ ұлтының рухани және рушылдық егесінің шындығы осындай. Менің ойымша, шындық, осы екеуінің арасында. 1. Әбілқайыр - Аңырақайда қол бастады. Әскери саясатты билер кеңесі мен хан кеңесі шешті. Үш жүздің хандары мен билері Әбілқайырды әскербасы етіп бекітті. Жеңіске жетті. Бұл арада Әбілқайыр — қазақтың намысын жау қолынан алып берген — қолбасы Әбілқайыр. Ұлы ханды билер кеңесі сайлайды. Ал кез-келген әскербасы ұлы ханның тағынан дәме етуі — заңсыз, тек ішкі дәме мен ой ретінде ғана орынды пиғыл, соған өкпелеп Әбілқайыр қазақты Ресейге бодан етті. Үш жүздің атынан кепілдік етіп, ант беруге оның қақысы жоқ еді. Бұл — ел иесі — билер кеңесінің міндетіндегі мәселе. Егер бодандықты еріксіз қабылдаған жағдайда онда тең дәрежедегі, патша мен ханның арасындағы ресми шарт жасалуы тиісті еді. Міне, Әбілқайырдың келісімінің заңсыздығы осында. Әбілқайыр исі қазақ ұлтының ғана емес, өзі тікелей тағдырына жауапты кіші жүздің билер кеңесі бекіткеннен соң ғана күшіне енетін міндетті олардан жасырын жүзеге асырды. Бұған оның айналасындағы нөкерлерінен басқа бүкіл кіші жүз қазақтары қарсы тұрды. Олар бодандық келісімін мойындамады, Әбілқайырдан іргесін бөліп алды. Демек, бұл әрекеті де заңсыз. Сонда, осынау тарихи шындықты бұрмалап, ұлттық рухани егес дәрежесіне жеткізуіміз — қай егес? Қай намысты жыртып жүрміз? Неге рухани бітім жолы табылмайды? Ішімізге шемен боп қатқан жалған рушылдық намысты ұлттық мүддеге біріктірмеген, соған бойсұндырмаған, ділі мен шеменін ерітпеген қандай рух? Өкініштісі сол: Әбілқайыр — кіші жүздің, Барақ — орта жүздің мүддесін ұлттық тұлға ретінде қорғаған жоқ, намысын жыртқан жоқ. Халқы қан жұтып, жоңғарға қарсы жан алып, жанын беріп жатқанда олар үшін жеке бастың ішкі есебі бірінші орында тұрды. Ал осыны жүздік намыс дәрежесіне дейінгі биікке сондай әккілікпен көтеру кімге пайдалы? Бұл құрт кімнің көкейін тесті екен? Қазақ ұлтының тұтастығын жою үшін жасалған осынау қастандық көзқарасты ақ империя да, қызын империя да өршітіп отырды. Ақыры бақ пен даңқ үшін жүретін күрестің күбірткісіне айналды.

Ұлттың ұйытқысын бұзатын, бұзып жүрген Ібілістің іні осыңда. Себебі: тарихи шындық ішкі ерегесімізді қоздырып, рушылдық түйсігімізді оятып, қанымыз көтеріліп шыға келеді. Рулық сезімді жеңе алмадық. Жеңсек - онда ұлттық бір пікірге тоғысар едік. Сонда: Әбілқайыр қайсымыздың әкеміз, қайсымыздың ата-бабамыз, Барақ сұлтан кімнің туажаты? Жеке адамдардың арасындағы тақталасын пікірге әкеп сайдық. Қалай дегенмен де, Әбілқайырдың Анна Иоановнаға жолдаған бодандық туралы хаты — мемлекет пен мемлекет арасындағы келісім емес. Әбілқайыр сияқты тұлғалар тарихта кездескен. Бірақ олардың сатқындығы ашылған соң алдыңғы келісімдердің барлығы күшін жойған. Ал біз мұны білеміз, біліп тұрып соған мойынсынумен келеміз. Мысалы, грек Фемистокльдің әрекеті Әбілқайырды еске салады. Фемистокль парсыларға қарсы соғыста елін қорғап, қол бастап жеңіске жетеді. Бірақ қала билеушісі етіп ел-жұрты басқа адамды сайлаған соң, соған өкпелеп Фемистокль парсыларға кетіп қалады. Парсылар қаланың билігін береміз деп дәмелендіріп, оған қол бастатып, гректерге қарсы жорыққа аттандырады. Өзінің өкпесінен елінің бостандығын жоғары қойған Фемистокль жолда у ішіп өледі. Сонда, Әбілқайыр қазақтың Фемистоклі ме? Тағдырларын жеке басының мүдделеріне жеңдіруі ұқсайды, бірақ ұлттық намысы жөнінен алғанда олардан Әбілқайыр әлде қайда төмен тұр. Фемистокльді грек тарихындағы сатқын ретінде бағалайды. Ал біз қолпаштаудан құтыла алмай жүрміз. Біздің ұлттық намысымыздың өлшемі осы ма? Адамзатқа ортақ құқықтық өлшем мен тарихи көзқарас бізге жат па? Өзге түгілі сол Әбілқайырдың өзі басын иіп, тізесін бүккен империя отарлаушыларының өздері: "1720 жылдардың аяғында кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен орта жүздің ханы Сәмеке арасында араздық басталды. 1730 жылы Әбілқайыр әуелі Уфаға, ал сонан соң Петербургке орыс бодандығын қабылдау туралы өтініш жасап, арнайы елшілік аттандырды. Орыс үкіметі түпкілікті келіссөз жүргізу үшін көп кешіктірмей қырғыз-қайсақ ордасына Тевкелев мырзаны жіберді. Өз ханының орыс мемлекетімен қарым-қатынасын білмеген халық, орыс шенеунігінің ордаға келіп, орыс патшасына адал ант беруді талап еткенін көріп қайран қалды. Толқу басталып, ол тіпті Тевкелевтің өміріне талай қатер де төндірді. Дегенмен де Тевкелев кіші жүзден ғана емес, сонымен қатар Сырдың төменгі ағысын мекендеген қарақалпақтардан да орыс бодандығын мойындайтын ант алын үлгерді... Ол (Әбілмәмбет - Т. Ж.) Орынбордан аттана салысымен Әбілқайыр оны опасыздық жасады деп айыптай бастады, ал шынына келгенде нағыз опасыз соның өзі болған еді",— деп баға берді. (Қараңыз: "Брокгауз — Ефрон энциклопедиясы", М. Құлмұхамед. "Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі", 169 — 170 бет). Ендеше жалған намысты қоздыратын көлгір шындықтан тарихи шындыққа сүйеніп, пікір қорытатын кез келді. Қазақ елі — бодандықты өз еркіменен қабылдамаған, оған ұлттың сатқындары жол берген. Патшаның әккі шенеунігі Тевкелев пен Әбілқайырдың өзара пара алып, пара берген сыбайластығының нәтижесінде қазақ елінің бостандығы құрбандыққа шалынды. Отан дәлел жеткілікті. Әрине, бұл өте ауыр сөз. Бірақ та айтылуға тиісті пікір. Тарихшылардың бір "әдеті" — оқиғаның ішкі мазмұнын ашып, тұжырымдап қорытуда түпнұсқаны қаперіне іле бермейді. Осы бодандық мәселесі жөнінде соңғы жылдары жарияланған жүзге жуық еңбекті оқып шыққанымда және олардың пікірлері мен жүгінген еңбектерін саралағанымда таң қалғаным: пайдаланған және үзіндіге келтірілген түп нұсқадағы нұсқалар осыдан жарты ғасыр бұрынғы айналымға түскен деректер, соны кезек-кезек көшіріп, өзінше пікір түйген. Кейде — әлгі кітаптың авторына, кейде тура түпнұсқаның өзіне сілтеме жасайды. Сонда олар түпнұсқаны оқымағаны ғой. "Көшпелі идея" деген ұғым — көшіріп алып, көпірте жазу деген сөз емес. Біз қазақ мемлекеттігінің күйреуіне себепкер болған Әбілқайырдың келісімінің заңсыздығын дәлелдеу үшін тарихи оқиғаның барысын барынша рет-ретімен баяндаймыз. Сонымен, қазақ елі қалай бодан болды? Өз еркімен бе, жоқ па? Бірінші тарихи шындық: қазақ елі — мемлекеттік құрылымы қалыптасқан қағанаттан бастап хандыққа дейінгі билік құрылымының тәжірибесінен өткен, ата-баба дәстүріне, діни, рухани дәстүрге сәйкес құқықтық қағидалары қалыптасқан, өзін-өзі басқаруды меңгерген, қорғаныс қабілеті бар тәуелсіз ұлт еді. Сондықтан ұлттық бостандықтың қадірін түсінген. Арғы заманды айтпағанда, 1817-1831 жылдардың арасында жоңғар шапқыншылығына қарсы мемлекеттігін сақтап қалуы үшін жанталаса майданға түсіп жатты. Демек, өзінің тұтастай ұлт, тұтас мемлекет екендігін Ұлттық Тұтастық Идеясы дәрежесінде сезіне білген. Азаттық рухы өлмеген. Ішкі-сыртқы саясатты қалыптастырып, "темір ноқта мен қайыс ноқтаның" төндірген қатерін терең ұғынған. Бірақ, алыстағы айдаһардың лебінен де, қолтықтаса ұя салған екі басты самұрықтың суылынан да сескенбеген, қайта халықты соған қарсы қайраған. Қайраттандырған. Айла-амал қарастырған. Демек, дербес мемлекет ретінде харакет жасаған. Ресейге басы-бүтін бодан болу елдің ойында болмаған. "Ақтабан шұбырындының" тұсында Ресей мен Қытай империясының Қазақ даласына тікелей қауіп төндіретіндей мұршасы жоқ еді. Қытайдың өзі мәнжулердің қол астында қалды, Ұлы Петр батыстағы көршілермен бәсекеге түсіп, өзімен-өзі жанталасып жатқан, бірақ екі империя да қазақ даласына көз қырын салып отырды. Ағылшындар да қалыспады, оларда да отарлау жүйесі қалыптасып келе жатты. Мұндай пиғылды жүзеге асыру үшін Петр барлау жасақтарын жіберді. Оның көкейін тескен күйдіргі Петрдің сарайына әлдебір қисынмен бара қалған түрікменбашының: "Әмударияның жағасында алтын құм үйіліп жатыр", — деген дақпырты. 1713 жылы айтылған бұл лақапқа сенген Петр іле 1714, 1716, 1718, 1719, 1720 жылдары барлау экспедициясын жіберді. Ақыры 1721 жылы қазақ даласы мен Каспий теңізінің айналасын картаға түсіріп тынды да, 1722-1723 жылдары парсы жорығына аттанды. Міне, сол кезде ғана Петрдің қиялына қанат бітіп, ішкі арманын жүзеге асыруға құлқы ауды. Тарихшылар бір-бірінен сыпыра көшіріп, тіпті қате аударылған тұстарын да өзгертпей пайдаланған Петрдің әйгілі: "Қырғыз-қайсақ ордасы — Азияны мекендейтін барлық елдер мен оның жеріне жол ашатын қақпа мен кілт",— деген сөзі де тура қазақтың "ақтабан шұбырындыға" ұшырап, "Алқакөлге сұлай" жығылған жылы айтылды. Тарихтың талқысы мен тәлкегі қандай зауалды еді десеңші! Ұлттың құрып-бітуі тарихи шындыққа айнала жаздаған жылы екінші бір тауқыметті үкім айтылды. Ол — жоңғардың қылышы мен қын құйрықты найзасы емес, отты зеңбіректің үкімі еді. Бұл сөзді Петрдің өзі жарлық ретінде қағазға жазбаған. Оны патшаның ауызына салып отырған — қазақ ұлтының сорына қарай шоқынған, қазақ ұлтын бас бостандығынан айырған Алексей Иванович Тевкелев — Құтлұғмұхамет (Мәмет) Тәуекелов деген жырық етек тілмәш! Қазақ халқының басына "қайыс ноқтаның" қалай киілгенін білу үшін Тевкелев мырзаның жазбасын толық келтіреміз. Өйткені казактың бодан ел болуы тіміскі Тевкелевтің жымысқылығымен тікелей байланысты. Ол өзінің Орынбор генерал-губернаторына жолдаған тыңшылық есебінде: "1722 жылы, қайрымды және асқан даңқты, есіңнен есімі ұмытылмайтын Ұлы Петр императордың тұсында император ағзамның пәрменімен пақырыңыз мына мен Парсы жорығына құпия істер жөніндегі аға тәржімәші болып аттандым. Парсы жорығынан оралғаннан кейін аса мәртебелі императорлықтың патшасы Ұлы Петр император ағзами өзінің: "Отаны Ресей империясының мүддесі үшін қадым заманнан бері атағы мәлім, бірақ дәл сол кезде мүлдем белгісіз болып қалған қазақ ордасын Ресейдің бодандығына айналдыру туралы аса ықыласты пиғылының бар екендігін" мәлім етті. Мәртебелі монарх ағзамның бұл іске мен сияқты пақырыңызды пайдалану туралы құлқы болды, оны: "Егерде ол орданың бодандыққа көнбейтіні анық білінсе, қанай да болсын шығыннан аянба, тіпті, миллиондап шашсаң да еркің, бірақ қалай болған күнде де Ресей империясының протекциясына (протекторатына) өтетіні жөнінде келіскені туралы міндеттенген бір бет қағазға қол қойдырып қайтуға тырыс",— деп түсіндірді. Өйткені, мәртебелі императорлықтың әміршісі Ұлы Петр император: 1722 жылғы Парсы жорығы кезінде және Астрахан арқылы келіп түскен көптеген мәліметтердің мазмұнынан бұл орда туралы толық мағлұмат алғанын, қазақтар қыр (степной) жайлаған, жеңілтек (легкомысленный) халық болса да, бұл орда Азияны мекендейтін барлық елдер мен оның жеріне жол ашатын кілт пен қақпа - екеніне көзі жеткенін мағлұмдады",— деп жазды. Ұзын-ырғасы бір-ақ сөйлемге құрылған, оқуға және түсінуге ыңғайлы болу үшін біз жікке бөліп, арасына нүкте қойып аударған әйгілі "сөздің" мазмұны осындай. Демек, Петр ағзам қазақ елін бодан етуден дәмеленсе де оның жүзеге асатынына өзі де сенбеген. Жаулап алуға мұршасы жоқ. Бірақ, қалайда протектораттық келісімді қалайды. Ал протекторат дегеніміз — бодандық емес. "Протекторат немесе қамқорлық қатынастар — бастапқыда күшті және әлсіз мемлекеттердің арасында ерекше құқықтар мен өзара міндеттемелер белгілейтін шартқа негізделген қатынастар. Оның мәнісі — алғашқысы кейінгісін қорғаса, ал кейінгісі алғашқысына тәуелсіздігін сақтай отыра белгілі кызмет көрсетеді. ("Брокгауз — Ефрон энциклопедиясы", М. Құлмұхамед, аталған кітап, 122-бет). Брокгауз-Ефронның энциклопедиясындағы бұл анықтама бойынша қазақ елі тәуелсіз ел қалпын сақтап қалуға тиісті. Абылайдың шарттары осыған негізделген және 1778 жылы 22 қазанда Абылайды хандыққа бекіткені туралы Ресей пашасының куәлігін алын, оған ант беруден үзілді-кесілді бас тартын: "Мені халқым сайлап хан көтерді... Сондықтан да орыстарға барып ант беруге міндетті емеспін",— деуі (Ш. Уәлиханов. "Абылай") де сол шартты ұстануының нәтижесі. Яғни, Абылай өзін Ресейге тәуелді елмін деп есептемеген. Кенесарының "Николай 1 патшаға тек сауда-саттық жөніндегі байланыс туралы кепілдескеміз" деуінде осындай мән жатыр. Екінші тарихи уәж: 1731 жылға дейін, Әбілқайырдың хаты жолданғанға дейін Ресей империясында қазақ даласы туралы түпкілікті отарлау саясаты белгіленбеген. Мұны "қатын патшаның" — Анна Иоановнаның есіне түсіріп отырған "құпия істер жөніндегі аға тілмаш" Тевкелев. Петрдің атын жамыла отырып, ақша мен сый-сияпат туралы айтып, әйтеуір "бір бет қағазға қол қойдырып ал" деген сөзді баса көрсетуі — істеген ісінің жымысқылығын танытады. Өзге-өзге, Тевкелев жаугершілікте қалған және жан аямай күресіп жатқан қазақ елінің бостандық рухын жақсы білді. Арандатып, алдап, аярлықпен алмаса, бодандыққа көнбейтінін түсінді. Сондықтан да, Әбілқайырмен астыртын жең ұшынан жалғасты. Қалайда тіміскілеп жүріп, тамырын басып, ақыры "қайыс ноқтаны" кигізіп тынды. Оған себеп: "...Орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы. Осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өзара жаулық пен араздық, өштік күшейтіп, бірін-бірі жауламақ үшін әр қайсысы кез-келген жұрттан көмек іздеп, казак, елін әр айғырдың үйіріне сіңіруге айналғандығы. Осындай көп себептер тұтасып, ел тіршілігі бір шым-шытырық мезгілге жеткенде, орыс үкіметінің шеңгелі қомайғайлықпен созылып, казак, даласын уысына кіргізіп әкетіп бара жатты" (Мұхтар Әуезов). Демек, Мұхтар Омарханұлының дәл басып айтқанындай, қазақтың басына "ноқта кигізген" — қазақ ұлтының өзі емес, оны "әр айғырдың үйіріне сіңіруге ұмтылған" хандары, яғни, Әбілқайыр. Бодандық— исі қазақтың мүддесіне сай келмейді. Ал, Ресей үшін протектораттықка қол қойдыру: 1. "Бір тамшы қан төкпей" жүздеген мың халықты "қолтығына алуға"; 2. Қазақ даласы арқылы шығыс пен шығыс оңтүстіктегі шекараны қауыпсіздендіріп, "азия елінің алтын қақпасының кілтін" қолына ұстауға; 3. Ресейдің етегін тіле тоқтаған жоңғарларды ыдыратып, күшін әлсіретуге; 4. Бүліншілік шығарып, империяның мазасын алған башқұрттардың көтерілісін қазақтарды пайдалана отырып тыныштандыруға; 5. Қазақтар арқылы қарақалпақтар мен хиуалықтарды бодан етуге жол ашу деген сөз еді (А. Левшин). Міне, Ресей империясы осындай пиғылға пейілі ауып, қазақ даласына тыңшыларды, әскери барлаушыларды, ғылыми барлау экспедицияларын арт-артынан жіберіп, қазақтың елі мен жерінің қырындысына дейін қалдырмай зерттеу жасап, аласұрып жатқанда олардың көктен тілегенін жерден берді. Әбілқайырдың елшісі Құтлымбет Қоштаев пен Сейітқұл Құдайқұлов (Құдайғұлов болуы мүмкін — Т. Ж.) қатын патшаның сарайына аяқ астынан келе қалды. Анна Иоановна Әбілқайырға: 1. "Мәртебелі падишаға сенімді қызмет етіп, башқұрттар сияқты адал боп, салық төлеп тұруға. 2. Бұл қызметі үшін Ресей жағынан реніш көрмейтініне, шапқыншылыққа ұшырамайтынына. 3. Қазақтарға сырттан жау шаба қалса патшаның қорғауында болатындығына. 4. Башқұрттармен, қалмақтармен тату боп, Ресейдің тұтқындарын қайтарып беруге" кепілдік етуді жөне сауда керуендердің емін-емін еркін өткізіп тұруды тапсырып" хат жазды. Қазақ елі Ресейдің боданы болды — деп есептелініп жүрген хаттың қысқаша мазмұны осы. Мемлекеттік мәміле дәстүріне жүгінсек, Әбілқайырдың бұл хаты — екі ел арасындағы қарым-қатынасты анықтаудың және оны реттеудің жолын ұсынған тілек (протокол намерение) ғана. Бұл құжаттың ешқандай заңдық күші жоқ. Оның үстіне, Әбілқайырдың негізгі талап-тілектері Қоштаев пен Құдайғүловтың "ауызша сәлемімен" жеткізілген. "Әбілқайыр ханның елшісі Сүйіндік баһадүр арқылы тәржімәші Мәмет Тевкелевке Уфа қаласында табыс етілген қазақ ханы Әбілқайырдың хатының аудармасы" мынадай: "Аса мәртебелі һам даңқты падишаны алтын таққа отыруымен құттықтаймыз. Егерде, мәртебелі падишамыз бізге алтын кірпігін бұрса, біз басымызды иіп тағзым етеміз жөне қандай да бір міндет жүктесе шын жүрегімізбен және адал көңілімізбен қызмет етуге дайынбыз. Алланың әмірімен Мухаммед пайғамбарымыз жар болып Бұхар ханы Әбілфәйіз хан менің билігіме бойсұнды, Хиуа ханы ініміз Аббас хан да маған бойсұнды, Хаджечниет дариясын (Ходжент, Хорезм болуы мүмкін — Т. Ж.) бойлай көшіп жүретін Ақбатыр да менің еркіме көшті, қарауында 4000 (толық танылмады, не түтін, не әскері деген сөз болса керек — Т. Ж.)... бар Барақ хан да, Ташкент пен Түркістан қаласы да біздің қолымызда. Біздің біраз адамдарымыз сіздерде тұтқында отырғандықтан, сіздің біраз адамдарыңыз бізде тұтқында отырғандықтан, олардың жақсы-жаман болуы билеушілерінің еркінде. Сіздің көпестер бізге келіп, біздің көпестер сіздерге барса, қайырымды падишаның мейірімі жылағандарды жұбатса дейміз. Бұқаралықтар менің билігімде, Үргенішке де менің дәрменім жүреді. Сол үшін осы хатты жолдап отырмын, істің мән-жайын Сүйіндік баһадүр айтады". Дәл осы хаттан бодандық туралы пәтуәні табуға бола ма? Тек онсыз да ашкөзденіп отырған империя мұны өз ырқына пайдалана қойып, "ауызша айтылған сәлемге" малданып, бодансыңдар деп сырттай жарлық шығарды. Бұл дақпыртты империя тарихшылары өтe әккілікпен тарихи келісім дәрежесіне көтеріп, теріс тарихи көзқарас қалыптастырып, қазақты басыбайлы етіп шығарды. Бұл хаттың әлжуаз мазмұнын сезген империя Мәмет Тевкелевке ұзынсонар нұсқау жазып берді, онда қай кезде мойынын қалай бұратынына дейін тәптіштеп түсіндірді. Империяның отарлау пиғылы мен Әбілқайырдың жасырын елшілігінің "қызметі" осы нұсқауда толық ашылған. Сөйлемі орашолақ, бірақ сондай қазымырлықпен тәптіштелген нұсқауды толық келтіру мүмкін емес және қажеті де шамалы. Пікіріміз дәйекті болуы үшін біз негізгі желі етіп келісім шарт туралы айтылған жерлерді ғана іріктеп алдық. Сонымен: "Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік кеңестің биылғы, 1731 жылы 19 ақпан күні бұратаналар тілінің тәржімашысы Мәмет Тевкелевке оның басшылыққа алып, орындауы үшін берілген нұсқауы. 1. Ол қазақ ордасына барып, олардың бастығы әрі үлкен ханы Әбілқайыр ханға, бізге Құтлұмбет Қоштаев пен Сейітқұл Құдайғұловты жіберген жөне Тевкелевтің өзі қоса жіберіліп отырған ханға жолықсын. 2. Онда барысымен Тевкелев Әбілқайыр ханға жолығып, мына мәселелерді айтсын: "Сен, Әбілқайыр хан, аса мәртебелі билеушіміз Анна Иоановна падишамызға, бүкіл Россияның әміршісі және біздің барлығымыздың қайырымды да құзыры күшті патшамызға өзіңнің елшіңді - Құтлұмбет пен Сейітқұл Құйдағұловты жіберіп, қағазға жазылған дәргейің мен ауызша айтылған сәлемің арқылы Ресейдің бодандығына кіретініңді айтып, Ресейдің қарауындағы елдермен бейбіт тірлікте болатындығыңды білдіріпсің. Аса мәртебелі Ағзам падишамыз қазақ ханы Әбілқайырды, қазақтардың ен үлкен ханын әрі қазақ әскерінің бас қолбасшысын өзіңнің тілегіне сәйкес Ресейдің бодандығына қабылдады, осыған орай саған Әбілқайыр ханға, бүкіл қазақтық ескердің қолбасшысына өзінің елшің арқылы осы дәргейді жолдап отырмын, оның татар тіліндегі көшірмесі де қоса жіберілді, өзінің осы ниетін куәландыру үшін жөне аса мәртебелі падишаның мейірімінің белгісі ретінде бұл дәргейді тапсыруды маған жүктеді, оған қоса маған аса мәртебелі падишамыз саған: - Әбілқайыр хан және барлық қазақ әскері өзінің мәртебелі падишамызға жылы ықыласын сақтап қалуды жөне мәртебелі падишаға берген уәдесінде тұрып, хан мен қазақ жауынгерлері айнымас сертінде тұруды, өзіңіздің берген уәдеңізді орындап, сенімді бодан ел болатыныңды қалайды. Сол белгісі ретінде саған — ханның өзіне жалақы белгіледі және қылыш, бұлғын ішік, қара түлкінің терісінен тігілген бас киім мен сәтін т.б. сыйлықтар жіберді ",— деп айтсын... 3. ... Осыларды айтқаннан кейін Әбілқайыр ханға дәргейді тапсырсын да мәртебелі падишаның қайырымдылығын есіне салсын, ант қабылданып болған күннің ертеңінде былай десін: Әбілқайыр хан кеше өзі ант берді, ал енді башқұрттар сияқты мәртебелі падишаға деген сенімділігін білдіру үшін бүкіл қазақ әскері құранды ұстап ант берсін, бұл кешегі қол қойылған дәргейде көрсетілген және падишамызға қараған бодан жұрттардың барлығы ант берген еді, сондықтан сендер де башқұрттар сияқты аманат беріп, салық, төлеп, адамдарыңды Уфаға жіберіңдер - десін. Айласын асыра отырып Әбілқайыр ханды осыған көндіріп, үміттендіріп қойсын. 4. Егерде Әбілқайыр хан салық төлеп, аманат беру туралы Тевкелевтің алдарқатуынан үзілді-кесілді бас тартып, көнбесе — онда өршеленудің қажеті жоқ, тек Әбілқайыр хан бастапқы шарттарға сәйкес қолын қойсын да өзара сеніммен өмір сүрейік дегенге иліктіру қажет... 5. Әбілқайыр хан жоғарыдағы шарттардың ешқайсысына қол қоймаса, келіспесе, Тевкелевтің өтінішін орындамаса, алдарқатуға түспесе, онда қалайда ханды жағаттай отырып мынаған иліктірсін: хан өзінің жауап дәргейінде (хан бұл дәргейді Тевкелевтен беріп жіберуі керек) жаңағы шарттарды көрсетсін де, оған уәдесін беріп, қолын қойсын: тіпті көнбесе, онда өзінің қойылған дәргейге мәртебелі ағзамнан алынған жайларымен келісетіндігі туралы мағлұмат берсін..." Тілмаш Тевкелевке берілген осы нұсқаулардың өзі-ақ Әбілқайырдың бірінші хатының ешқандай да заңдық құқы жоқ екенін дәлелдейді. Сондай-ақ, Әбілқайырдың да өтірігін әшкерелейді. Өйткені, дәл сол кезде ол қазақ әскерінің бас қолбасшысы емес, Хиуа да, Бұхар да, Түркістан да, Ташкент те, Ходжент те оның билігіне қарамаған. Тіпті ұлттың атынан келісім жүргізуге кепілдігі де жоқ болатын. Сондықтан да Сүйіндік атты батырды Уфаға келген Тевкелевке жіберді. Әбілқайырдың ең масқара әрекеті және бодандық туралы шарттың жалған екендігін дәлелдейтін айғақ осы арада көрінеді. Әңгіменің өзегін дерекпен дәлелдейік. М.Тевкелевтің 1731 жылы 26 тамызда сыртқы істер кеңсесіне жолдаған мәліметінде" Сүйіндік батырдың "елшілік міндеті": "Сүйіндікті елшілікке жібере отырып, өзінің мөрі басылған дәргейді маған жолдапты, оны аударып сіздерге жіберіп отырмын. Сонымен бірге Әбілқайыр ханның мөрі басылған екі бет қағазды берді. Ол мұны: Әбілқайыр хан тек қана бодандықты ғана алып қоймайды, сонымен қатар мәртебелі падиша ағзамға қызмет еткісі келгендігін және сенімділігін білдіру үшін жіберіпті, оған Тевкелев мырза не жазса да Әбілқайыр хан қарсы болмайды, — деп түсіндірді Сүйіндік елші. Егер Әбілқайыр ханның хатта айтылған сөзі мен ауызша жолдаған сәлемі шындық болса, онда Бұхар ханы мен Хиуа ханы да мәртебелі ағзамның дәргейіне көшуге әзір екен",— дегенді жеткізу екен. Міне, Әбілқайырдың қазақ ұлтын сатуы дәл осы ештеңе жазылмаған, тек мөрін ғана қойын берген ақ қағаздан басталды. Тіпті ол өзінің басыбайлы болғанына именбейді де қымсынбайды. Ал ақ қағазға Ресей империясы не жазуды және қалай жазуды білетін. Бұдан асқан сараместік пен сатқындық болмайды. Біз осы уақытқа дейін бұл хатты Әбілқайырдың өзі жазған деп түсінік беріп келеміз. Ал Тевкелевтің шындықты бұрмалайтындай ешқандай жөні жоқ. Ол өзінің миссиясының орындалатынына онсыз да сеніп отыр. Тек жоғары жақтан әлгі ақ қағазды қалай толтыру керектігін сұрайды. Бостандық үшін мұқым қазақ әскері майданда қан төгіп, "елім-айлап" ел боздап жатқанда Әбілқайырдың әрекеті мынау. П.Я.Чаадаевтің: "Ақылы екіжүзділікпен уланғаны сондай, тіпті олар айтқан ақиқат шындықтың өзі өтірік боп көрінетін" — адамның бірі осы Әбілқайыр хан демеске бұдан кейін лажың жоқ. Бір жапырақ қағазға мөрін басып, елін құл етті. Енді осы хатты да мемлекет пен мемлекеттің арасындағы келісім шарт деп қабылдаймыз ба? Масқара. Қазақтың елі мен жерін Ресей империясы заңсыз отарлағаны туралы пікірді ашық және еш күмәнсіз айтуға осы деректің өзі де жеткілікті. Біз империялық пиғылдағы тарихшылардың қалыптастырған көзқарасының негізіне жүгініп әлі де "қайыс ноқтадан" басымызды шығарғымыз келмейді. Сонда елдік қасиет, ұлттық намыс, еркін рух қайда?! Ресей мен қазақ елінің арасындағы бодандық мәселесін қайта қарап: Ресейдің қазақ жұртын отарлауы заңсыз, қазақ елі өз еркімен Ресейге қосылған жоқ, — деп тұжырым жасайтын кез келді. Бұл тек қана тарихи шындық үшін ғана емес, ұлттың өзін-өзі еркін ұлт ретінде сезінуі үшін де аса қажет! Бұл — ұлттық тұтастық идеясының алтын қазығы. Ұлттық бірліктің, таным бірлігінің, ұлттық азаматтық мойынсұнбаудың, рухани тәуелсіздіктің қасиетті өлшемі осы. Үшінші тарихи уәж: енді Әбілқайырдың жеке басының қайшылығы мен орыс елшілігін қалай қабылдағанына тоқтайық. Ол — кіші жүздің хандық тағына отырғаны заңды ма? Сұлтан ретінде заңды, ал хандықтың мұрагерлік рәсімі бойынша заңсыз. Кіші жүзді бұрын Жәдік сұлтанның тұқымы билеп келді. "Алқакөл сұламаның" тұсында хандық Өсек төренің ұрпағына көшті. Бұған Әбілқайырдың әскери қолбасылыққа бейімділігі ықпал етті. Сол қысталаң заманның өзінде кіші жүздің тағына талас толастамады. Мұның ақыры Арынғазы сұлтанды Калугаға жер аудартумен аяқталды. Тақ тартысы — бір кезде Аңырақай соғысында қазақтың туын желбіреткен бас қолбасшы Әбілқайырды бүгежектетіп келіп өзінің қарауындағы халқынан жасырынып, түн жамылып, үй арасындағы ұры сияқты бұғып жүріп орыс бодандығын қабылдауға мәжбүр етті. Хан басын шоқынған қара шекпенге иді. Мұны Мәмет Тевкелевтің өзі: "... Мен пақыр қазан айының 6 күні шаңқай түсте, сағат тілі екіге қарай кеткенде Маңтөбе қойнауындағы Әбілқайыр ханның ордасына келіп жеттім, ал менің өзімді Әбілқайыр ханның киіз үйінен 2 шақырымдай жерден күтіп алысты. Сол күні түнде Әбілқайыр хан астыртын кісі жіберіп: не өзі жасырын келіп кетсін, болмаса ретін тауып өзім жолығармын — деп сәлем айтыпты, өйткені Әбілқайыр ханды менімен кезіктірмеу үшін қазақ билері мен игі жақсылары жансыздарын күзетке қойыпты, оның үйінің де, менің үйімнің де маңындағы қаптап жүрген адамдар мені — ханға, ханды — маған жібермеді, сіздерге хат-хабар апарған почтаның жолбасшысы ретінде барған башқұрт Қыдырияс Моллақаев хан мен екеуміздің арамызда арлы-берлі астыртын жүріп тұрды. Таң атқанша менімен қалайда кезігу үшін хан барын салды, бірақ ханның менің үйіме келерлік ешқандай мүмкіндігі болмады, сондықтан да әлгі башқұрт Қыдыриястың көмегімен өзге біреу болып, үстіне жаман-жәутік киім киіп келсін деп тапсырыпты, ал егер бүгін түнде кездесе алмасақ, сөйтіп сөз байласып алмасақ, онда біздің екеумізге де талай қиындықтар кезігеді-міс. Сондықтан бір құдайға сиынып, ұлы мәртебелі император падишамыздың сәттілігінен үміттеніп, мен оған, яки ханға, жасырынып баруға бел байладым, бір қазақтың жаман киімін киіп, башқұрт Қыдыриясқа ілесіп түн жамылып, айдалада ханмен кезіктім",— деп баяндайды. Осыны да ұлттың тағдырын шешкен хан мен елшінің арасындағы пәтуәластық деп бағалауға бола ма? Ханда да, елшіде де қандай қадыр қалды? Барымташылардың түнгі жорыққа шыққандағы жолығысулары бұдан гөрі мырзалау және еркін емес пе. Тақыс Тевкелев Әбілқайырдың "қатын патшаны" алдап соққанын бірден біліп тікелей сұрақ қояды. Ары-бері жалтарған Әбілқайырға шындығын айтқызып тынады: "Мұның бәрін басқалардың келісімінсіз жалғыз өзім істедім", — деген сөзді одан, яки Әбілқайыр ханнан естіген соң, мен Әбілқайыр ханға: "Неге сенің елшілерің Мәскеуге барғанда: "Әбілқайыр хан барлық хандардың һам күллі қазақ әскерінің ықтияры бойынша бүкіл Ресейдің ұлы мәртебелі падишасының боданында боламын", — деген сезінді жеткізді, мұның барлығының жалған екендігі бүгін белгілі болды, демек мұның бәрін сен жалғыз өзің істегенсің ғой", — дедім. Бұған ол, яки Әбілқайыр хан өзінің елшілерінің барлық хандар мен билердің келісімі бойынша бодан боламыз деген сөзді ауызекі жеткізуінің себебі — егер оның елшілері Мәскеуде тек Әбілқайырдың атынан сөз қозғаса, онда, ұлы падиша ағзам сені мұнда жіберуге рұқсат етпес еді ғой, енді құдайға шүкір, сен мұнда келдің",— деп жауап берді".

Түн ішінде айдалада өткен "барымташы мәмілегерлік" осылай аяқталды. Елшіні өзінің ордасында қабылдай алмаған хан да, сұғанақ елші де оған намыстанбады. Ығайға сығай боп табысты. Осы құжаттағы біз үшін ең маңызды мәлімет: 1731 жылы ақпан айының 19 күні Анна Иоановна падиша қол қойған Әбілқайырдың хатының ешқандай мемлекеттік мәмілеге жатпайтындығы және заңсыздығы туралы пікірді өзге емес елшінің өзінің де мойындауы. Істің насырға шапқанын, өзінің де, ханның да басына қауіп төнгенін білген Тевкелев пен Әбілқайыр арбауға көшті. Екеуі билер мен бектерді, батырларды сый-сияпатпен алдарқатуға тырысты. Барған сайын жұрттың оларға қысымы да күшей түсті. ...Таң ата хан өзінің сенімді бір адамын жіберіп: менен мәуіті, шұға, құндыз, кәмшатпен қоса билерге тарту-таралғы ретінде сыйлайтын өзге де дүниелерді өзіне жылдам жіберуді өтініпті. Мен оған қашан бодандықты қабылдағаны туралы ант бермейінше ұлы мәртебелі падиша ағзамның тарту-таралғыға деп жолдаған дүние-мүкәммәлін бере алмаймын,- деп жауап бердім. Хан екінші рет кісі салды: билердің ауызын алу үшін тауарларды маған тезірек жеткізсін, ал егер сұрағанымды жібермесе - өзіңе де, маған да үлкен қауіп төніп тұр - депті. Сондықтан да ұлы падиша ағзамның грамотасы мен аздаған мүкәммалдарды ханға алып баруға уәде бердім, ұлы мәртебелі һам шапағатты падиша ағзамның айрықша ықыласы ретінде тапсыр деген тонды, бөрікті және қылышты, ол, яки хан ант беріп, дәргейге қол қойғанша сыйлағым келмеді. Сөйтіп... Қазақ билері ұлы мәртебелі падиша ағзамның грамотасы мен тарту-таралғысын әкелсін деп рұқсат беріп, шабарман жіберіпті. Мен келгенде барлық билер бас қосып, әңгіме-дүкен құрып отыр екен, ұлы мәртебелі падиша ағзамның грамотасын хан орынынан тұрып қабылдады, маңдайына тигізіп тәу етіп, жанына қойды. Тарту-таралғыны: мәуіті шұғаны, құндызды, кәмшатты, былғарыны, түлкіні, шәйді қабылдап, алуға пәрмен етіп, хан әзінің сол тізесінен орын беріп, отырғызды. Содан ширек сағаттан кейін маған хан ордасынан шығуды талап етті, мен езіме тігілген киіз үйге қарай бет алғаным сол еді, ұлы мәртебелі падиша ағзамның Әбілқайыр ханға жіберген сыйы талапайға түсті, уласып-шуласып, жұлқысып, ұрсысып жүріп хан ордасына әкелген тарту-таралғыны сабақты инесіне дейін қалдырмай далаға алып шықты да әлгі заттарды бір-біріне қамшы сілтеп, қылыш қағыстырып, қырық пышақ боп қырылыса жүріп бөліске салды. Содан кейін мені өлтірудің жайын ақылдасыпты: мұны естіген бір башқұрт жүгіріп келіп, қазақ ордасындағылар сені өлтіріп, тонап алуды ақылдасып жатыр деп хабарлады",— деп жазды Тевкелев. Ханының қадірі кеткен қарашаның елші қабылдау рәсімі осылай өтті. Бұл — билердің дәстүрді білмеуі емес, Әбілқайырдың — жасырын халқын сатқандығына көрсеткен қарсылығы, намысты қысасы, елшіге жасаған айбаты. Олар үшін Тевкелев жырық етек тілмаш қана. Елшіні құрметтеп қарсы алуға дәрмені мен пәрмені жетпеген хан ұлттың кепілдігіне жүре алмайды. Егерде өзінің осы дәрменсіздігіне қорланып, хандық намысы ұстап грек Фемистокль сияқты шешімге келгенде, мүмкін, Әбілқайырды тарих ақтап алар ма еді, кім білсін. Бірақ та ол тағы да бишара күйге түсіп, Тевкелевке шабарманын жіберіп: "Бөкенбай батырды іздеп тапсын, одан басқа құтылатын жол жоқ, дәл қазір мына жұртқа өзім де күдіктене қарай бастадым, - деп сәлем айтыпты. Содан кейін әлгі башқұрттардан: Бөкенбай батырды қалай жымын білдіртпей алып келесіңдер - деп сұрадым, башқұрттардың арасындағы Шамов қана онымен бұрыннан дос-жаран екен, ақыры сол жігіт оны күйеу баласымен және ағасымен бірге қырда жүрген жерінен тауып, оларды дегеніне көндіріп, кешке қарай маған алып келді. Бөкенбай батыр, оның күйеу баласына һам немере ағасына жағдайды баяндадым... Мен бұл жаққа бүкіл Ресейдің ұлы мәртебелі һәм шарапатты падишасының пәрменімен және Әбілқайыр ханның шақыртуымен келіп отырмын... Мен сіздерді еріксіз бодан етуге келген жоқпын, ал егер сіздер мені өлтірсеңіздер... Ресейдің шапағатты падиша ағзамы менің қанымды текке төккізіп қойып, қарап отырмайды. Ақырында күнәсіз төгілген қан үшін бүкіл ордаңыз күйреп, талан-таражға ұшырайды. Ұлы мәртебелі падиша ағзамның ұлы императорлық құзырында болып, бодандығын қабылдағыларыңыз келмесе, мені қайтадан Ресейге өз еріктеріңмен қайтарып жібергендерің жөн",— деп қазақ елін бас идіруге келген шоқынды жалбарынғандай күйге түседі. Сірә, мұндай мәмілегерлік ешқандай мемлекеттің тәжірибесінде кездеспеген шығар. Антқа қол қоймай қайтарып жіберсе — қазақ ұлты басын ноқтаға сұқпас еді. Әттең, "батыр — аңғал" деген. Оның үстіне қу дүние де қылқұрт емес пе. Әккі Мәмет аярлықпен бірде қату, бірде тату сөйлеп, бопсалап отырып Бөкенбай батырды оңқасынан түсірді. Бұған масаттанған елші — тілмаш: "Сөйтіп, Бөкенбай батыр күйеу баласымен және немере ағасымен бірге менің сөзіме иланды, оларды яғни, қазақтарды бүкіл Ресейлік бодандыққа ант бергізуге һам салық төлеуге, һам аманат бергізуге көндірдім, соған орай мен де оларға 500 сомның тауарын беруге уағда бердім, олар содан кейін аттанып кетті",— деп желпіне жазды. Жаугершілік заманның өз заңы бар. Бұл кезде батырдың мысы биден жоғары тұрады. Қан майданда қазақтың азаттығы үшін жанын салған аңғал батыр, енді саясат майданында жеңіліс тауып, өзі күресіп, ақ найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорғап жүрген ұлтының бостандығын 500 сомға қалай айырбастағанын білмей де қалды. Тевкелевтің мұнда не үшін келгенін сұраған, істің мәнісін білген соң: Біз Әбілқайыр ханға бүкіл Ресейлік бодандықты қабылдаймыз деп арнайы хат жаздырған жоқпыз, елшілерімізге ақ патшаның өкілін шақыр, бұдан былай алым-салық төлеп тұрамыз, аманат береміз, -дегенді де айтқан жоқпыз... Біз, қазақ билері, ханымызға: егерде елші жіберсең Ресеймен бейбітшілікте болайық деген уәж айтсын дегеміз. Ал бодандықты қабылдаймыз деп ақыл қосқамыз жоқ, тіпті, қазір де боздандықты қабылдайық деген ниетіміз жоқ. Міне, сондықтан да сені өлтіре салса да болар еді",— деп жауап берген аты-жөні аталмаған бидің сөзі нақты саяси шындықтың бетін ашады. Бұл - мұқым ұлтының мүддесін білдіретін сөз еді. Ұлттық Рух, Мемлекеттік Ұлттық Саясат, Азаматтық мойынсұнбау, Рух Бостандығы деген осы. Аты белгісіз би мемлекеттік және ұлттық тұрғыдан ойлап, елшімен — елші дәрежесінде, мемлекет қайраткері ретінде тең сөйлесіп отыр. Оның сөзі — ұлттың сөзі. Өкініштісі, "бұлғын ішік" пен 500 сом тәуелсіздіктің тағдырын шешті. Әуелде: "Қазақ биінің осындай ғайбат сөзінен соң мен пақырыңыздың зәресі зәр түбіне жетті",— деп мүләйімсіген Тевкелев берген сый-сияпатының арқасында: "Күллі әлемде Ресей империясынан асқан, даңқы жер жарған бірде-бір мемлекет жоқ, ал мұндай даңқты монархтың сендермен, яғни, топас хайуандармен (иә, дегеніне жетіп, кез көрмеске кеткен соң бұлай жазуына кім бөгет жасасын. Әйтпесе дәл осылай айтпағаны айдан анық - Т. Ж.) бейбітшілікте болуының қажеті жоқ. ... Егер сіздер бүкіл ресейлік империяның боданы болғыларыңыз келмесе һам мен сіздермен бейбіт келісімге келе алмасам, сөйтіп Ресей империясының даңқын арттырмасам, онда сіздер олардан әмәнда жеңіліс тауып, талан-таражға түсесіздер. Әлде сіздер бүкіл ресейлік бодандықтан жиіркенесіздер ме, онда сіздердің нағыз түз тағысы болғандарыңыз",— деп желпініп шыға келді. Сый-сияпат өз құнын өтеді. Оның бағасы қазақ елінің бас бостандығымен, үш жүз жылдық отар ел болуымен өлшенді. Билер келесінде: "Бөкенбай батыр сөйлеп, Әбілқайыр ханға: сенің қалауың бойынша бүкіл ресейлік бодандықты қабылдағымыз келеді және оны ант арқылы бекітемін", — деді. Сөйтіп, Бөкенбай батыр және сонда отырған әзге де билер Әбілқайырға ант берді. Бірақта билердің басым көпшілігі бұған қарсы шығып, ант беруден бас тартты". Міне, нағыз тарихи шындық осы. Ханның қандай үкімі болса да билер келесінде бекімеген соң, ол заңсыз болып есептеледі. Демек, Әбілқайырдың Ресейге берген анты — мемлекетаралық пәрменді күші бар құжат емес. Кейіннен Әбілқайыр мен Бөкенбай, Тевкелев үшеуі 30 биге жеке-жеке сый-сияпат үлестіріп жүріп, біразының бармағын бастырды. Әрине, ол жасанды құжаттың санатына жататыны анық. Әбілқайырдың Ресейдің бодандығын қабылдауға соншама құштар болғанына қазақ даласын тепкіге түсірген Тевкелев өзі де таңданады. Ол: "Бұған дейін Әбілқайыр хан басқа хандар арасында үлкен құрметке ие болып келген екен, енді бүкіл Ресейлік бодандықты жалғыз өзі сұрағаны үшін оған Әбілқайыр ханға басқаларының қабағы қату. Көптеген әңгімелесулерден кейін мен Әбілқайыр ханның шынайы пиғылын анық аңғардым, оның өзі де өзгелердің келісімінсіз бүкіл ресейлік бодандықты қабылдағысы келгендігінің сырын ашып берді. Біріншіден, мұның хандығының билігі әлсіз екен. Екіншіден, бұған хандық атадан мұра ретінде қалмаған. Ал ол, Әбілқайыр хан ұлы мәртебелі падишаның қамқорлығының арқасында билігі өктем хан болсам және хандық атадан балаға мирас болып қалса, сондай-ақ қалмақтарға не істегісі келсе де өз epкі өзінде болған Аюке хан сияқты еркін бол сам деп үміттенеді екен". Өзінің бас мүддесін ұлтының мүддесінен жоғары қойған, ұлтының намысын жығып, азат елді басыбайлылыққа түсіріп, қорлаған мұндай адамға қаншалықты дәрежеде қаракөктің тұқымы болса да мемлекетті басқаруды сеніп тапсыруға бола ма? Жоқ. Оны ақтауға бола ма? Жоқ. Ол адамның намысы — рудың, жүздің, елдің намысы, оның пәтуәсі — ұлттың пәтуәсі деуге бола ма? Жоқ. Өзін-өзі сыйлай білетін, жатқа сыйлата білетін, ұлттық тұтастыққа жеткен ұлт: "Өзінің тағдырын қандай да бір жолмен болмасын тәңірдің ықыласына ие болған, оған халықты бастай алатындай парасат пен күш берген, табиғи түрде көсемдік кемеліне келген адамға ғана сеніп тапсырады" (Чаадаев). Онсыз ұлттың орға жығылуы мүмкін. Әбілқайыр тура сондай, ұлтты омақа астыртан хан болды. Ол бодандықтың қамытын қазаққа кигізгені аздай, "қатын патшадан": Ор мен Жайық өзенінің қосылған тұсына бекет салып бер — деп өтінді. Сөйтіп, қазақ даласын қоршаған қамалдың алғашқы қазығын қағып, отарлаудың жаңа бір сатыға көтерілуіне "септігін" тигізді. Жоңғар шапқыншылығы тұсында Ресейдің одақтастық туралы уағдасына сенген ұлы жүз бен орта жүздің хандары әуеліде Әбілқайырдың ығымен келісім шарт жасауға ырық білдірді. Алайда, іле ұлы жүздің ханы өзінің алдыңғы берген антынан қайтып, оны заңсыз деп жариялады. Әбілмәмет хан 1739 жылы Орынборда протекторат туралы шартқа мөрін басты. Ресейдің түпкі пиғылын бірден аңғарған Абылай сақтана қимылдады. Оның үстіне Ноғайлының ханы Орыстың тұқымы, шоқынған князь В.А.Урусов Әбілмәмет пен Абылайға "Ерекше сыбаға" дайындап қойған еді. Бодандыққа қорқытып қол қойдыру үшін 1740 жылы 25 тамыз күні Жайықтың қазақ даласына ұласатын жағалауындағы "Өлім тауы" дейтін төбенің үстінде патшаға қарсы шыққан башқұрттардың 11 адамын қазыққа отырғызған, 85 адамды дарға асқан, 21 адамның басын кескен. Сақмар өзенінің бойында тағы 21 адамның басын қағып алып, 50 адамды дарға асып, 301 адамның мұрынын, құлағын кескен. Мұндай хайуандықтан шошынған Абылай қайтып Ресейге жоламаған (Ғ.Ахмедов). Ол өзі хан боп сайланғанда да "орыстарға ант беруден үзілді-кесілді бас тартқан" (1778 жыл). Осының барлығын біле тұрып, Ресейге өз еркімізбен қосылмағанымызды санамызға "балғамен ұрып отырып шегелеуіміз керек пе?" (Чаадаев). Тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесін көтеріп, ұлттың рухын оятып, рухани тәуелділіктен арылтуымыз үшін және ұлттық тәуелсіз тарихи көзқарасты қалыптастыруымыз үшін жоғарыдағы құжаттарға сүйене отырын: 1 .Әбілқайыр мен Тевкелев арасындағы қазақ елінің Ресейге бодан болуы туралы жасалған рәсімі жалған. 2. Онда тек қана сауда-саттық пен бейбіт қатар өмір сүру жөніндегі одақтастық сыпаттағы келісімге қол қойылған. 3. Ресей бұл келісімді заңсыз бұзып, тікелей отарлау саясатын жүргізді, одақтасқа емес отарына айналдырды. 4. Ресейге қазақ елі еркімен қосылған жоқ. Саяси және мемлекеттік билігі зорлықпен тартып алынды. 5. Жері де заңсыз телімге түсті. Бекеттер салуы, елді мекендердің атын өзгертуі, қара шекпендер мен казактарды қоныстандыруы одақтастық туралы шартты бұзғандық. 6. Сондықтан да, қазақтардың Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы үш жүз алпыс жылға (1731-1991 жылдар арасы) созылды. 7. "Алашорда" мемлекетінің құрылған күні — қазақтың тәуелсіз мемлекетінің екінші рет орнауы. Оны кеңес империясы, "коммунист-колонизаторлар" (С. Сәдуақасов) құлатты. 8. Патшаның тұсында да, кеңестің кезінде де қуғынға ұшырап, қысым көріп, жапа шеккен азаматтардың барлығы да ұлттық азаттық пен рухани бостандық жолында күрескен патриоттар еді,— деп ұлттық тұжырым жасауымыз керек. Міне, сонда ғана тарихи шындық қалпына келеді. Дұрыс ұлттық тарихи көзқарас қалыптасады. Ұлттың еркін рухы түлейді. Сонда ғана біз өз ұрпақтарымызды: "сен американың болашақ президентісің" — деп американдықтар: "Жапония — сенің арың, ал Жапонияның ары — император" — деген жапондықтар, "Сен түрік болын туғаның үшін бақыттысың" — дейтін түріктер сияқты ұлттық рухта тәрбиелей аламыз. Сонда ғана ұлтымыздың рухы үшін ұялмаймыз. Толық Бостандық, Толық Тәуелсіздік, Рухани Азаттық ұғымын сонда тана толық сезіне аламыз. Өзін жат көзқарастың ықпалынан тыс, емін-еркін сезінбеген, өз тарихына өзінің ұлттық көзқарасын қалыптастырмаған ұлт — кемелденген ұлттың қатарына қосылмайды. Ал қандай ұлттық қасиет тұрғысынан алып қарасаңыз да, қазақ ұлтының мұндай құрметке бөленуіне толық қақысы бар.

ІV ТАРАУ: ТҰЛҒАЛАРДЫ ТҰНШЫҚТЫРУ

Жаһангерлік отарлау саясатының ең қауіпті және қатыгез құралы — рухани тәуелділікке негізделген ортақ идеялық ойлау жүйесіне құрылған идеология. Идеология бар жерде рухани бостандық пен пікір еркіндігіне, идеологиядан тыс дербес өмір сүруге жол жоқ. Мұндай қоғамда екі-ақ өлшем бар: не жан-тәніңмен сол идеологияға сенетін, ешқандай ақыл-ойдың көмегінсіз жарлықтар мен қаулыларды, заң күші бар пәрмендерді бұлжытпай орындайтын бағыныштылардың бірі боласың, не сол идеологиямен қаруланған мемлекеттің, ұлттың, қоғамның жауы атанасың. Екінің бірі. Сенің пікірің — пікір емес, мыңның пікірі — пікір. Даналардың өзі де сол идеологияның ықпалында өмір сүруге мәжбүр. Ұлттық қасиет, таным, дәстүр, тарихи заңдылық дегеннің барлығы әлгі идеология қалыптастырған үстемдік пен өктемдіктің заңдылығына тікелей бағынышты. Идеологияға негізделген қоғам көпшіліктің тобырға айналуының белгісі.

Онда Жеке Тұлға — ең жеккөрінішті адам болып есептеледі.
Ал биіктіліктің идеологиясы — ең қатыгез идеология. Онда аяушылық жоқ.

Мемлекеттік негізі мен саясаты жаһангерлік пен отарлауға құрылған Ресей империясы мұндай идеологиядан Петр І тұсынан бері бас тартып көрген емес. Патшаның кезінде де, кеңес өкіметінің дәуірінде де биліктің тұтқасы — бір адамның қолында болды. Бұл ретте демократиялық централизм мен пролетариат диктатурасының самодержавиеден ешқандай айырмашылығы болмады, тек қана идеологиялық астардың орынын партия мен кеңес шенеуніктері алмастырды.

Ал Тұлғалар екі қоғамда да аяусыздықпен жанышталып отырды.

Мемлекеттің иесі — халық емес, халықты билеп отырған өкімет өкілдері болды. Егерде "күшті биліктің" тізгінін дәл осылай ұстамаса — Ресей империясы мұндай құдіреті күшке ие болмасы анық. "Единица кеткен соң, өңшең нольді" басқару кез-келген көсемге өте оңай тиді әрі ақыл таластырып, ой қорытатын "іргелі кемел қалмады" (Абай).

Тұлғаны тұншықтыру — империялық саясаттың тұтқасына айналды. Ресей империясы отар елдерге пушка мен қоса Пушкиндерді емес, поптарды ертіп жіберді. Оларға жерді иемдену, ұлтты басыбайлы ету жеткіліксіз көрініп, рухани жаулауға құнықты. Тіпті, Кенесары сияқты қайсар, азат, тәуелсіз мемлекет болуды аңсаған ел иесіне патшаның атынан хат жолдап, "Алла тағала билеушіңе қарсы келме деген. Шын мұсылман болсаң — патшаға бағын" - деген мазмұнда хат жазып, азғыруға тырысуы бұл пиғылдың аса зәру мүдде екендігін танытады. Идеологиялық қысымға түскен қоғам — құруға бет алған қоғам. Рухани бостандықсыз ұлт мүсәпірлікке ұшырайды. Халықты мүсәпірліктен құтқаратын — тәуелсіз ақыл-ойға ие, дербес әрекет жасауға қабілеті бар қайратты тұлға. "Көпшілік — қоғамның шыңына шыққан белгілі бір қайрат иелеріне бағынады. Олар тікелей өз беттерінше ой қорыта алмайды. Солардың арасында олардың мүддесін түсіне білетін даналар бар, міне, солар ұлттың топтық санасына саңлау түсіреді және қозғалысқа келтіреді. Азшылық ой тұжырымдайды, көпшілік оны жан-тәнімен сезінеді, соның нәтижесінде жалпыға ортақ ой қалыптасады. Бұл жер шарындағы барлық халыққа ортақ қасиет... Ал енді менің сұрағыма жауап беріңіздерші, біздің данышпандарымыз қайда, біздің ойшылдарымыз қайда осы? Бұрын-соңды біз үшін басын ауыртқандар болды ма, дәл қазір біз үшін кім ойлап жүр?",— деп П. А. Чаадаевтің ашына сауал қойып жүргені де сондықтан. Тарих өзгереді, тарихпен қоса тарихи ойлау жүйесі де, тарихи көзқарас та, билік идеологиясымен қоса оның үгіт-насихат әдістері мен жазалау тәсілдері де өзгереді — деген қағида бар. Бірақ дәл бұл қағида Ресей империясына жүрмеді. Идеологиялық жазалау саясатынан Ресей мемлекеті патша билеп-төстеген заманда да, кеңестік өкімет кезінде де қол үзбеді. Қайта бұрынғыдан бетер үдей түсті. Ұлттың әкесі, орыс пен православие дінінің қорғаушысы деп есептелген патша ағзамның өзі де Тұлғаны ұнатпады. Отар елдің өкілдерін былай қойғанда, Ресейдің: "ақыл-ойының мақтанышы" болған Радищевтің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Чаадаевтің, Буниннің, Бердяевтің, Набоковтің, Сахаровтың қуғынға ұшырауы соның айғағы. Ресей империясы өзінің қанды жолын адамдардың өлі денесін көпір етіп төсеу арқылы салды. Адам — идеологияның құрбандығына шалыңды. Патшаның отарлау саясаты енді өршіп келе жатқанда, оның түпкі пиғылы мен даму жолын анық бағдарлай білген француз тарихшысы, әрі мемлекет қайраткері А.Токвиль 1835 жылы: "Әр түрлі бағытпен дамыса да өзара жақындасып келе жатқан бүкіл жер шарында екі-ақ ұлы халық бар: олар — орыстар мен ағылшындық америкалықтар. Олар елеусіз ғана санатқа қосылды... Өзге халықтардың барлығы да, менің ойымша табиғаттың оларға берген мүмкіндігін сарқып бітті, олардың ендігі міндеті сол қалпын сақтап қалу. Ал мына екі халық өрлеу дәуірінде... Америкалықтар табиғаттың сыйға тартқан кедергісімен күресіп жатса, орыстар жеке адаммен алысуда. Бірі — шөл даламен, тағылықпен арпалысса, екіншісі — қару-жарағын асынып, цивилизациямен соғысуда: сондықтан да америкалықтардың жеңісінің нәтижесінен дихандарға — соқа, ресейліктердің шапқыншылығының нәтижесінен жауынгерлерге — семсер соғылды. Біріншісі - өзінің мақсатына жету үшін жеке тәжірибесіне жүгінеді, жеке адамдардың құқығына ақылмен де, күшпен де нұқсан келтірмей еркін қимылдайды. Екіншісі — бүкіл қоғамның күшін бір ағымға жиып береді. Біріншісі үшін — басты әрекет еркіндік болып табылады, екіншісі үшін ол - тек қана мойынсұндыру арқылы жүзеге асады. Олардың бастапқы мақсаты да әр қилы, жүрген жолы да әр қилы: алайда олардың әрқайсысының түпкі мүддесі - әлемнің тең жартысын өз қолымда ұстасам деген жасырын пиғылдың айналасына келіп тоғысады",— деп көрегендікпен болжай білді. Францияның сыртқы істер министрі А.Токвильдің бұл айтқаны дәл келді. Тұп-тура жүз жыл өткенде Америка мен Ресей дүниені екіге қақ бөліп, исі адамзаттың тағдырын уысында ұстады. Олардың жеңістерінің құны да бір-біріне қарама-қайшы болды. Америка экономикалық отарлауды місе тұтып, отар елдеріне өндіріс салып, оның өнімдерін өз пайдасына жаратты. Ал Ресей империясы адамдардың рухын өлтіріп, еңсесін езді. Әсіресе, отар ұлттардың тағдыры тәлкекке ұшырап, тілінен де, дінінен де безуге мәжбүр етті. Ұлт деген сөз — ең жеккөрінішті ұғымға, қарғыс атқан сөзге айналды. Ұлттық сана, ұлттық дербестік, ұлттық мемлекет, ұлттық идея, рухани тәуелсіздік қақында ой салатын жадымыздағы құбылыстардың барлығын жадылап, қилы-қилы қитұрқы амалдар арқылы арандатып, жазаға тартып отырды. Патшаның Орта Азияны отарлау жорығынан бас тартқан Шоқанды, қазақтарды шоқындырудан арашалауға ұмтылған Ыбырайды тіміскі тыңшылары арқылы тұншықтырып тынды. Бірінші Думаның алдына Анна Иоановна мен Әбілқайырдың қол қойған шарты бойынша Ресейдің қазақ жеріне баса көктеп кіруге қақысы жоқ екенін дәлелдей келіп: "Негізгі заңда: қазақ жері қазақ халқының мәңгілік меншігі, оны ешкімнің де қосарлана иеленуіне жол жоқ, - деп жазылуы тиіс. Қазақ жерін мемлекеттік меншік және оған орыстарды қоныстандыру қажет — деген заң күшін жойып, мүлдем сызылып тасталуы тиіс. Қазақтардың өзі рұхсат етпейінше, жерді уақытша не басыбайлы пайдалануға орыстардың құқы жоқ",— деген мазмұндағы бағдарлама ұсынған Әлихан Бөкейхановты империяның жауы ретінде қудалады. Қазақ жеріне империяның қанды шеңгелін салуына барынша құныға ұмтылған Кауфман сияқтылар: "Қазақтардың бұл талабының ешқандай да негізі жоқ. Олардың өз жерін иемденуіне ешқашан да ешкімде заңды құқық берген жоқ",— деп шімірікпей жауап берді.

Сөйтіп, Токвиль айтқандай, ұлы жазалау машинасы іске қосылды. Адам, азамат, топ, ұлт ретінде жазалау тәсілінің кез-келген қатыгез түрімен күресуге болады. Бірақ та солардың ішіндегі ең қауіптісі және "қаражүздісі" — шовинизм, яғни, ұлттық өшпенділікті қоздыратын өлермен өктемдік. Бұл — ешқандай емі табылмайтын, тұқым қуалайтын қатерлі дерт. Одан айығу мүмкін емес. Патшалық Ресей де, кеңестік Ресей де отар ұлттарды тұқыртып, тұқымын тұздай құрту үшін осынау жазалау құралын іске қосты. Бұл қарудың оқ-дәрісі ретінде православиелік миссионерлік шоқындыру саясаты пайдаланылды. Осындай тағылық тәсілді мемлекеттік саясат пен басқару құралына айналдырған: "Үкімет, біріншіден: жазалаудың жабайы, қатыгез түрін қолдана отырып, ұлттық тілді, дәстүр-салтты, дінді, ұлттық қасиеттің барлығының көзін құрту арқылы мұқым қазақты дербес ұлт ретінде жойып жіберіп, мұқым даланы орыстандыруға; Екіншіден: түрлі әкімшілік шараларды жүзеге асыра отырып, өр қилы бұйрықтар мен ережелер шығарып, қазақтарды бас еркі жоқ, заңнан тыс тобыр деп жариялауға; Үшіншіден: оларды кіндік қаны тамып, сүйектері қураған ата-бабасының ата мекенінен қуып шығып, ажал боп ауызын ашып тұрған қу медиенге қуып тастауға ұмтылды. Міне, ежелгі еркіндігі мен бостандығын тәрік ете отырып, бейбіт жолмен, ешқандай қан төгіссіз орыстардың қол астына кірген қазақтардың маңдайына жазылған сыбаға осы еді!" (М. Тынышбаев.). Қашан мемлекеттік тәуелсіздік алғанша қазақ ұлты шовинистік пиғылдағы жазалау мен қорлау саясатынан құтыла алмады. Ұлттық менменсудің, "қаражүзділердің" мардымсуының, "ұлылық дертінің" асқынғандығы сондай, тәуелсіз мемлекеттің мемлекеттік тілі — орыс тілі, мемлекеттік дінінің бірі — христиан діні болсын деп шалқақтады. Дініміздің тәуелсіздігін шартты түрде сақтап қалдық, ал тіліміздің тізгінін отарлаушы жұрттың еркіне бердік.

Ұлттың өз бетінше өмір сүру қабілетін жоюдың бір жолы осы.

Мұны дер кезінде аңғарып, "коммунистік-колонизаторлық" деп бағалаған Смағұл Сәдуақасұлы іспетті тұлғалардың үні өшірілді, тобырдың қарасы көбейді. "Іргелі жақсыға жарымаған және оны танымаған" (Абай) қоғам мүшелері өз көсемінің айтқанына көнді, дегенін істеді, оның нұсқаған жолымен жүрді. Ешкімде қарсы уәж білдірмеді. Неге бұлай деп сұрақ қоймады. Қатаң идеологиялық құрсау мен қысымның нәтижесінде: "Социализм — жолының дұрыстығынан емес, керісінше, оның қарсыластарының дәрменсіздігінің кесірінен жеңіске жетеді",— деп П. Я. Чаадаев өте дәл тауып айтқан. Ашық майданда дес бермеген ерлік рухы "ұлыорыстық, ұлыресейлік, ұлыдержавалық" пиғылдың шырмауына шырмалды. Тұлғалардың мүдделерінің ұсақтап, кесімді кесек пікірлерінің ұнтақталып, рухани тұрғыдан тоқыраудың шегіне жеткені сондай, империяның тарихи ойлау жүйесі мен идеологиялық негізге құрылған тарихи ойлау жүйесі мен идеологиялық негізге құралған тұжырымдарын тиянақтаушы А. И.Яковлев сияқты оқымыстылар ғылымның арандатушысы болуға дейін мүскінделіп: "Мектептердегі оқулықтардың барлығы - орыстың ұлттық оқулығы болуға тиісті. Бұған тағы да 100 халықтың мүддесін кірістіруге болмайды",- деп ұлттардың ғана емес, ұлттық шәкірттердің де болашағын қиып тастады. Бүкіл бір ұлттың тарих ғылымы мен ұлт зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратқан, тұлғаны тұтқышқа кіріптар қылған осынау бір ауыз пікір қызыл империяның жаппай жазалау саясатына ұласты. Жеке тұлғаны және оның тарихтағы орынын мойындамайтын мемлекеттік идеологияның құрбандығына алдыменен отар ұлттардың, оның ішінде қазақ ұлтының тұлғалары шалынды. Соның ішінде Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі туралы пікір бүкіл империя идеологтарының төбе шашын тік тұрғызды. Патша тарихшыларының өзі қазақ тарихындағы дара тұлға деп бағалаған Кенесарыны қазақ ғалымдары ұлттың қас дұшпаны етіп шығарды. Ермұқан Бекмаханов іспетті қайсар тұлғаларды жазалау арқылы қазақ ұлтының еркіндікке ұмтылған рухын да өлтіруге тырысты. Азаматтық Мойынсұнбауды қажет ететін осындай намысты кезеңде ұлттық тұлғалардың өзі мүсәпір пенденің күйін кешті. Ұлттық идеяның тұтастығын қорғау былай тұрсын, керісінше, шовинистік идеологияның ұртоқпағына айналды. Бүкіл империяны ауызына қаратқан ғұламалардың өзі тамыры қопсыған теректей шайқалын, топ пен тобырдың қас-қабағына қарап, жалтаңдаумен болды. Соның нәтижесінде тарихи көзқарас мүлдем кереғар бағытта қалыптасты. Тұлғалардың пікірін тұншықтырып: "СССР-дің бұрынғы одақтастары "қырғи қабақ соғыс" саясатын өршіткен сайын (мемлекет ішінде жалған үрей тудырып, ұлттық сана-сезімді оятпас үшін, ұлыорыстық идеяны одан әрі қоздыра отырып, тобырды тұқыртып ұстау үшін - Т. Ж.), сонау феодалдық дәуірдегі отаршылдыққа қарсы күрескен көтерілістерге берілген бұрынғы бағалар қайта қаралып, жаңадан жалған қондырғылы тарихи көзқарасты телуге тырысты. Шәміл, Кенесары Қасымов және басқа да ұлттық қозғалыстың көсемдері енді жеккөрінішті етіп көрсетілді. Кавказ бен Орта Азиядағы көтерілістер отарлау барысындағы ағылшын-орыс бәсекесінің тарихымен тығыз байланыстырылды... Бұрынғы тұжырымдарды қайта қарау барысында шектен тыс асыра сілтеушілікке жол берілді: мысалы, патшаның отарлау саясаты үстірт, немкетгі айтыла салатын болды; орыстардың қол астына қараудың зардабы жоқ деген тұжырым жасау үшін шығыс халықтары патша империясына түгелдей өз еркімен қосылды деп пайымдау — соның кесірі еді. Тіпті, кейбір тарихшылар отарлау саясатын көпе-көрінеу мадақтауға көшті" (Н. Дружинин). Ұлт-азаттық көтерілісін осыншама жексұрын етіп көрсетудің басты себебі: ұлттың рухани тәуелсіздігін жою, дербес халықпыз деген түйсікті өшіру, ұлттық санасы мен рухы мәңгүрттенген шала тобыр арқылы үрейдің уысындаұстау болатын. Табиғатынан танымы терең, рухы қайсар Е.Бекмахановтан өзге қазақ ғалымдарының дені идеологиялық диірменнің тезіне шыдамады. Тіпті, ұлы Тұлғалардың өзі шайқалып кетті. Санасы сабылып, бір-бірін айыптап, сендей соғылысты. Ресей империясын 150 жыл бойы тітіркендірген Кенесары қаншама тағдырды талқыға түсіріп, қаншама тұлғаларды құрбандыққа шалу арқылы идеологиялық тұғыры "мәңгілікке құйылған" кеңес өкіметінің ұлт-азаттық көтерілісті он жыл бойы тарихтың бетінен сызып тастай алмай дегбірі қашты. Өйткені, бұл күрес — ұлттың рухани бостандыққа ұмтылған мүдделі мақсатын көздейтін, көкейден күрсінісі кетпейтін ұлы қозғалыс еді. 1941 —1953 жылдардың арасындағы Отандық тарих ғылымы мен кеңестік идеология дәбірлерінің бастапқыда домалақ арыз, жай арыз түрінде ұйымдастырған, кейіннен ашық пікір таласына түрткі болған Кенесарының іс-әрекеті ақыры жаппай жазалау науқанына алып келді. Панкратова, Греков, Дружинин, Державин, Кучкин, Зутис, Миллер, Лурье, Вяткин іспетті ғұлама ғалымдардың табанды қарсылығына қарамастан үнемі арандату арқылы тобырды "қырағылыққа шақырып" дәніккен отарлаушы, "коммунистік-коланизаторлық" саясат Яковлев, Морозов, Юшков, Айдарова, Шойынбаев, Якунин, Толыбеков, Акынжанов, Нұрышев, Ким іспетті заманға бейімделгіш жалтақта жарамсақжандардың жандайшаптығына сүйене отырып, Кенесарыға және сол арқылы, ұлт-азаттық идеясына қарғыс таңбасын басты. КПСС орталық комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Г.Ф.Александров, орынбасары П.Н.Федосеев, "Правданың" бас редакторы П. Н.Поспелов ұйымдастырған бұл науқан тура он жылдан кейін нәтижесін берді. Тек осы Кенесары мәселесі жөнінде бес рет қаулы шығып, Е.Бекмахановтың ол туралы еңбегі жеті рет Ғылым академиясы дәрежесіндегі талқыға түсті. Коммунистік емес, ұлыорыстық шовинистік пиғылға құрылған бұл науқанға қарсы пікір білдірген академик Панкратова Қазақстан Орталық комитеттің хатшысы Ілияс Омаровқа: "Тарихи шындыққа кереғар, қалайда қазақ халқының тарихын кемсітуге тырысушылық пиғылы тарихшылардың арасында өршіп Парады. Неге грузин патшалары мен өзбек хандары дәл сондай әрекеттері үшін прогресшіл қайраткерлер деп есептелуі тиіс те, ал қазақтар Абылайды немесе Кенесары Қасымұлың қаралауы тигісті болғанын мүлде түсінбеймін",— деп ашына жазды. Қазақ зиялыларының басына төнген талай қатерді сейілткен Ілияс Омаровтың өзі де топан суындай қаптаған топас ағынға қарсы тұра алмады. Дәл жаңағыдай батыл пікір білдіріп, КПСС Орталық комитетінің секретарьлары Щербаковты, Андреевті, Маленковты иландыруға ұмтылған Панкратованың да жүрегі шайлығып, ұстанған тарихи тжырымның қате екенін жазбаша мойындауға мәжбүр болды. Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші секретары Ж. Шаяхметовтің өзіне: "Кенесарының қозғалысы — XІX ғасырдағы қазақ халқының ең көлемді ұлт-азатғық қозғалысы",— деп нұсқау бергізген Ілияс Омаров қызметінен босатылды. Е. Бекмаханов халық жауы ретінде жиырма бес жылға сотталды. Оның кітабына пікір жазған адамдардың өзі қуғынға түсті. Ғылыми ортаны былай қойғанда Қазақстанның бірінші басшысының өзі де дағдарып қалды. Отан соғысы жылдарында "Қазақ халқының жауынгерлік дәстүрін" мадақтап, ұлттық намысты қоздыру үшін майдандағы жауынгерлерге жолдаған ресми үндеуінде Жұмабай Шаяхметовтің өзі: "Сендерді қазақтың батырлары, ер жүрек бабаларың Абылайдың, Кенесары мен Наурызбайдың әруақтары қолдасын. Бабаларыңның батырлық рухтарын қашанда жоғары ұстаңдар!", — деген мазмұнда ұран тастады. Ол кездегі баспасөз беттерінде мұндай сөздер жиі айтылып, намыстың қайрағына айналды. Тіпті, "Кенесары-Наурызбай" туралы дастандар жинағын құрастырып шығуға партиялық тапсырма берілді. Сөйтіп, дін мен әруақты мойындамайтын коммунистік партия қажет кезінде Алладан дәрмен іздеді. Жазалауға негізделген идеологияның алдында ешкім де еңсесін тік ұстап тұра алмады. Он жыл бұрын ғана тұқыртып алған "қара дүлейдің" үрейі тұлғалардың да жүрегін тітірентті, жан-дүниесіне, жүйкесіне үрей ұялатты. Ерік, жігер, намыс, дербес пікір, ұлттық сана мен мүдде атаулы ұғымды қолданудың өзі қылмыс ретінде танылады. "Правда" газетіңде 1950 жылы 25 желтоқсан күні шыққан "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" атты Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якунин үшеуі бірігіп жазған мақала идеологиялық жазалау науқанының ресми түрде басталғанын аңғартты. Есін жиған ел басылары ежелгі "большевиктік ақжүректікке" салып, бір-бірін әшкерелеуге тырысты. Әркім өз басын арашалауға алдын-ала сақтануға көшті. Ж.Шаяхметовтің өзі әлденеден қысылып, қымтырылып: "Мен 1944 жылы Аманкелді Имановтың қайтыс болуына 25 жыл толуына арналған "Социалистік Қазақстан" газетінде жарияланған мақаламда елеулді саяси қате жібердім. Қазақ жауынгерлерін неміс-фашистерге қарсы күресуге шақыра отырып, мен оларды өздерінің даңқты бабаларына лайықты болуға шақырдым, сөйтіп, Сырымның, Исатайдың, Махамбеттің, Аманкелдінің есімдерімен қатар, Абылайдың, Кенесары мен Наурызбайдың аттарын да атадым. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясында 1944 жылы сәуірде жасаған баяндамасында Оңдасынов Жолдас та осындай қате жіберді, Орталық Комитеттің насихат және үгіт мәселелерін басқаратын секретары Омаров жолдастың идеологиялық жұмыспен шұғылдануы қанағаттанғысыз болды, буржуазиялық-ұлтшылдық сыпаттағы қателерді дер кезінде аша білмеді және ол қателерді Орталық Комитет бюросының талқылауына салмады. "Қазақ ССР тарихының" екінші басылуының бас редакторы бола отырып, Омаров жолдас Бекмахановтың қателері туралы дабылға құлақ қоймады және "Қазақ ССР тарихының" Кенесары Қасымовтың қозғалысы туралы тарауын оның өзіне тапсырды",— деп ақтала сөйледі. Қазақстанның бірінші басшысы саяси идеологиялық арандатудың тұтқасын өте жақсы меңгерген, отыз жетінші жылдардағы ойрандарда тақыстанып, тәжірибе жинаған әккі қайраткер болатын. Әңгір таяқ алда-жалда өз басына үйіріле қалса, одан құтылудың бірден-бір амалы күні бұрын басын арашалап алу екендігін жақсы түсінді. Ол өзін-өзі әшкерелей отырып, өзгелердің де шалғайына қалжуыр байлап кетгі. Қауіп бұлтының басына үйірілетінін сезгендей, оны күн ілгері серпіп тастауға үмтылды және өзінен кейінгі тұлғаларға "үлгі де" көрсетті. Мұның өзі: "Сіз өзіңізді идеялық тұлға дәрежесінде көргіңіз келеді: менің ақылым, әуелі сол идеяның иесі болып алыңыз, бұл алдыңғысынан гөрі тәуірірек",— деген Чаадаевтің пікірін еске салады. Одақтас мемлекеттің құқығын иемденген республика басшысының өзінде дербес идея жоқтығын және ондай еркіндіктің оған ешқашан да берілмегендігін дәлелдейтін бұл көріністен жеке адамның қандай идеологиялық құрсау мен үрейдің қыспағында өмір сүргендігі анық байқалады. Рухани жазалау саясаты әр бес жыл өзгерген сайын тұлғалардың өзі соған қарай бетін бұрып, құбылып отырды. Әйтпесе, Жұмабай Шаяхметов іспетті республикадағы бірінші тұлғаның бес жылдың ішінде Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісі қақында бес түрлі пікір білдіруі ешқандай ақылға сыймайды. Бұл үшін "оқшантайдағы адамды" жазғыруға да болмайды. Ол өзінің пәрмені жеткен деңгейге шейін қарсыласып бақты. Ең соңғы бюрода Е. Бекмахановқа сөгіс беріп қана қоюмен шекетелуді көздеген Ж. Шаяхметов мәжілістің соңында оны партия қатарынан шығару туралы ұсыныс жасады. Бірінші басшының шарасыздығын осыдан-ақ байқауға болады. Шешімнің қате екенін, барлық саяси арандату науқаны қазақ ұлтының тарихы мен азаттық рухын жаныштауға, сол нысаналы идеяның қайсар күрескерлері Ермұхан Бекмаханов пен Мұхтар Әуезовтің жеке басын құртуға арналғанын біле тұра, жаны ауыра тұра, арашаға түсуге дәрмені жетпеді. Керісінше, көрсеқызар арандатушылардың пікірін баяндамасында сол күйі пайдаланып: "...Идеологиялық жұмыста, әсіресе, тарих ғылымы, әдебиет және искусство саласында әлі де ірі кемшіліктер, саяси қатерлер және ұлтшылдық бұрмалаушылықтар бар. Бұл қателер, әсіресе, Кенесары Қасымовтың қозғалысына баға беруде айқын көрінді... Е.Бекмахановтың және басқа тарихшылардың, әдебиет зерттеушілердің және кейбір басшы партия (өзі мен Ілияс Омаров — Т.Ж.) және совет қызметкерлерінің (Н.Оңдасынов — Т.Ж.) Кенесары Қасымов қозғалысына баға берудегі принциптік саяси буржуазияляқ-ұлтшылдық қателері неде? Бұл қатерлер мынада: бұл реакциялық-монархиялық қозғалыс ұзақ уақыт бойына ұлттық-азатттық қозғалыс деп көрсетіліп келді, ал оның басшысы, қазақ халқын тұншықтырушы — Кенесары Қасымов қазақ халқының азаттық қозғалысының басшысы деп дәріптеліп келді, шынында мұның бәрі тарихи шындыққа және Сталин жолдастың ұлт мәселесі жөніндегі нұсқауларына қайшы келді... Өткен дәуірден қалған мұраға сын көзімен қарамаудың нәтижесінде ақын Қалижан Бекхожин "Батыр Науан" деген поэма жазды» бұл поэмасында Кенесарының інісі — қарақшы Наурызбайды халық, батыры деп көрсетті. Ұлы отан соғысы жылдарында жазған өлеңдерінде ол қазақ жауынгерлеріне Кенесарыны еске түсіруді, қазақ халқын қан қақсатқан осы қанішер жендеттей болуды тапсырды. М.Әуезов отызыншы жылдардың өзінде "Хан Кене" деген ұлтшылдық пьесасында Кенесары Қасымовты және оның қозғалысын жақтады. М.Әуезовтің 1948 жылы "Әдебиет және искусство" журналында басылған "Ақындар ағасы" деген жаңа романында да Кенесары Қасымовтың өз басын біраз дәріптегендік болды. С.Мұқанов 1923 жылы "Жайлауда" деген поэмасында Кенесары мен Наурызбайды "өткен заманның батырлары", "қазақ халқының сүйікті және құрметті батырлары" деп атады. С.Мұқанов Кенесары қозғалысын 1942 жылы шыққан "Балуан Шолақ" деген повестінде де дәріптеді. Кейбір ақындар өздерінің отан соғысы тақырыптарына жазылған шығармаларында ер жүрек совет жауынгерлерін Кенесары ханға және оның інісі Наурызбайға теңеді ",— деп жалпылай қамтып, жағалата "жамсатып салды". Бұл - жеке адамның пікірі емес, жазалау үкімі еді. Бұдан құтылудың жалғыз-ақ жолы бар болатын. Ол "өзіңді-өзің әшкерелеу", өзіңнің қатарыңа өзге де жазықтыларды қоса отырып, өзіңді науқандағы көп "кінәлілердің бірі" ретінде көрсету. "Коллективтік идеяның" жан-дүниені билеп алғаны сондай, тұлғалардың өзі бұл тұста тобырға қосылып, "коллективті түрде" бірін-бірі әшкерелеп, "коллективті түрде" халық жауының қатарына қосылды. Бұл өзі өте жантүршігерлік әрі адамды қорлаудың, тұлғаның рухын өлтірудің, ұлттың үнін өшірудің барып тұрған қастаншықпағыр көрінісі еді. Ұлттың рухани тірегіне айналған тұлғаларды кейінгі ұрпақтың алдында мазақ етті. Олардың жеке пікірі жоқ, көзқарасы қалыптаспаған, заманның науқандық ағымына қарай құбылып отырған "қуыршақ идеяның" иесі ретінде дүбара күйде қалдырды. Тұлғаның, ұлы тұлғаның шын пікірі қайсы екенін ажыратудың өзі келер толқынға қиынға түсті. Тіпті, теріс тұжырым жасауға ықпал жасады. Сол кеңестік идеологияның оққағары болған, қазақ әдебиетінің аса ірі тұлғаларының бірі Сәбит Мұқановтың өзі де "халық жауы" есебінде қарауылға ілінді. Тағдыр мен танымның тәлкегіне түскен тума талант әйгілі "Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер" атты 1923 жылы "Еңбекші қазақта" жарияланған мақаласында: "Кенесары ханды алсақ, оның аз өмірінде істеген жақсылық, жамандығы алты алашқа мәлім нәрсе. Кенесарының орысқа соғыс ашуының мәнісі: "Қазақ орысқа бағынса елдігінен айырылады", — деген ой емес. Өзі Абылай ханның немересі Қасымханның баласы болды. Жасынан Кене атағы жайылды. Өзін жер тәңірісіндей көрсетіп, аузына қаратып тұрған қазақ елі Кененің өміріне кіріп, Кенені хандыққа есептемейтінін сезді. Сондықтан да ол қазақтың қамын ойлап, қазақтың жоғын жоқтаған жоқ: өз бақытын ойлап, Абылай мен Қасымның мұрасын жоқтады",— деп үкім шығара отырып, тура сол жылы Жұмабай Шаяхметов "ұмытпай" сынап кеткен "Жайлауда" атты дастан жазуын қалай түсіндіруге болады? Себебі, дәл сол жылы "Алашорда" қайраткерлерін лауазымды қызметтен шеттету науқаны басталған еді. Сәбит Мұқановтың "Батырақтан шыққан ақын" қатарында: Ахмет пен Міржақыпты, Әлиханды "күле кіріп, күңірене шығып жүрген арамзалардың, болмаса ақ жағалылардың әкесі" — деп; Абайды - "өлеңдері мына заманның әуенімен кетіп, өзі Кененің ізін қуған болмағай еді. Өйткені, ақындардың көбі шыбық басын сындырып, істейтін ісі болмаса да, "мен пәлен, мен түген" деп лаға беретін",— деп кедейшілдердің майданына білек сыбанын кірісіп кеткен тұсы болатын. Жиырма бір жастағы ақынға бұл мінез жарассын делік. Бірақ, ақыл тоқтатып, қазақ әдебиетінің бәйтерегі атанған, пікіріне ұлт сенетін қырқыншы жылдары "Кенесары-Наурызбай туралы" көлемді зерттеу жазып: "Кенесары мен Наурызбайдың халық көтерілісін бастаудағы мақсаты туралы соңғы кезге шейін қата ұғым болып, оларды "хандықты көксеушілер, қара басының пайдасы үшін, хан болу үшін көтеріліске қатысушылар" - деп бағалады. Бұндай қате пікірден, бір кезде, осы очеркті жазушы автор да cay болған жоқ",— деп сабырлы сабасына түсті. Ал Кенесары қозғалысы тағы да саяси науқанның дау-дамайына айналып, жазушылар одағының ашық партия жиналысында "Кенесары — халықтың қас жауы" деген тақырыппен талқыға салынды. Сол жиналыста: "Кенесарының реакцияшыл қозғалысын прогрессивтік, ұлт-азаттық қозғалысы деп таныған" С.Мұқанов жолдас "қазақ халқының тарихының даулы мәселесі болып келген Кенесары қозғалысына көзқарасының тым шұғыл өзгеруінің себебін осы жиналыста ашып айтуы керек" болды.

Сонда алдыңғы пікірін тағы да оп-оңай өзгеріп: "Түймедей болсын, түйедей болсын, бәрібір, күнәнің аты — күнә. Сондықтан "мен аз қателестім" немесе "оның қатесі көп" деп дәрменсіз дәлелдер іздеп жатудың керегі жоқ. Кінәлісің бе — мойыныңа ал кінәңді!.. Аз ба, көп пе, әңгіме онда емес, әйтеуір мен де қателестім, онымды түп-түгел мойындаймын... Өз қатемді адалдықпен мойындай тұра, осы сұраққа жауап бере кеткім келеді. Себепсіз салдар жоқ, жолдастар! Турасын айтуға керек, Қазақстанда совет үкіметі орнағаннан бастап-ақ Кенесарыға батыл қарсы шыққан кісі екеу болса, біреуі мен едім. Сол пікірім ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарына дейін өзгерместен келді. Ал 1942 жылы қазір осында қайта-қайта аталып жатқан кітабымда бұрынғы дұрыс пікірімнен шұғыл бас тарттым. Ашық түрде, больщевикше мойындаймын, бұл - менің қателігім. Бірақ сын ретінде, менің әлгі қателігіме сол кездегі жауапты қызметкердің бірі Әбдіқалықов (Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы - Т.Ж.) жолдастың да мықтап ортақтасқандығын, тіпті, менің қателесуіме қолма-қол себепші болғандығын айтпай өте алмаймын",— деп мәлімдеме жасады. Тіпті, қазақ ұлтының рухани көсемі дәрежесіне көтерілген Сәбит Мұқанов, академик Сәбит Мұқанов "пікірін тағы да шұғыл түрде өзгерткеніне" қысылып-қымтырылған да жоқ. Өйткені, ол кісі идеологиялық "ойынның ережесін" жақсы білетін. Іле "өзінің кінәлі екенін" ұмытып, Бекмаханов пен Әуезовке қарсы ұйымдастырылған науқанға белсене араласып кетті. Басқа — басқа, халық сүйген, сенген Сәбит Мұқанов "Қазақ әдебиетінің тарихын" оқыған, академиктің пікіріне имандай ұйыған ұлттың тарихи көзқарасы да "шұғыл түрде" бұрмаланғанымен санаспады да. Бұл — кінәләу, жазғыру емес. Заманының тіліне ерген, жалған, тұрақсыз идеяның шылауында кетіп, жеке басының тұлғасын, көзқарасын білдіретін түпкі пікірін анықтап кете алмаған тұлғаның дәрменсіздігіне дәлел ғана. "Балуан Шолақ" повесінде Кенесарының суретін қарауыл ғып атып жатқан казак—орыстармен Балуан Шолақты қамшыластыратын жазушы Сәбиттің жазушылық позициясының анықталмай қалуында. Әйтпесе, амалын тауып басын ажалдан құтқарғаны үшін қаламгерді тірі пенде жазғыра қоймайтыны анық. Тұлғалардың тұжырымы тұздай еріп, талантты тұншықтыруға тосқауыл қоймай, тасқынның ішіне өзі де қосылып алып, ұлтына, ұлтының азаматтарына тигізетін артқы зауалын ойламауында. Егерде, бірден жалт ете қалмай, пікірін байыпты баяндап, ғалым ретінде ой толғап, тоқтам салса, ешкімде Сәбит Мұқановтың бетінен қақпас еді. Бұл тұста тұлғалардың пендеге айналып кеткені сондай, Қасым Аманжолов сынды найзағай мінезді ақынның өзі жан досы Қалижан Бекхожин туралы "Хандардың жоқтаушысы" атты әшкерелеуші мақала жазып: "Кешегі аты шулы Шыңғысқа ұқсап" — дейді де Наурызбайды Шыңғысқа теңейді. Бұған қарағанда Бекхожиннің "Ақсақ құлан", "Батыр Науан" поэмаларын жазғандағы ой арқауы бір екенін айқын көреміз. Бұл екі поэмадағы оның пікірі ағып келіп мынадай арнаға құяды: кешегі қанды шеңгел Шыңғыс қазақ хандарының атасы еді, Кенесары, Наурызбай сол Шығыстың ұрпағы еді,- дейді. Сүйтеді де: "бетті Шыңғысқа (яғни шығысқа) қарай бүру керек, Еуропа мәдениетіне қарсы шығу керек" — деген саяси идеяны дәріптейді. Бекхожин мұны мойындасын, мойындамасын, бірақ оның поэмаларында айтылған пікірден туатын қорытынды осындай. Бұл қателіктер оның 8-класқа арнап шығарған оқу құралында да кездеседі. Тіпті, онда айтуға ауыз бармайтын сұмдық сөздер жазылған... 1944 жылы Бекхожиннің "Шеру" атты өлеңдер жинағы шықты. Жинақ "Қазақ ұлына" деген кіріспе өлеңмен басталады. Бұл өлеңде ол не айтады? Қазақ жауынгеріне жаумен жағалас дегенде, "атаң қазақ разы болсын", "ата қоныс — Сарыарқа разы болсын" дегеннен басқа ештеме айтпайды. Совет елі үшін, больщевиктер партиясы үшін, совет еліндегі туысқан халықтардың туы үшін күрес деген сездер Бекхожиннің ауызына түспейді. Неміс басқыншыларды жойған негізгі күштерімізді көргісі келмейді",— деп досын "жайратып салды". Бұған танданатын ештеңе де жоқ. Өйткені, тұлғаны тұншықтыру үшін екінші бір тұлғаны оған арандату — жазалау идеологиясының басты құралдарының бірі болатын. Әрине, Бекхожин де "қарап қалмады". Ақыры ыстық достық суыды. Ұтқан — арандатушы саясат болды. Токвиль айтқандай, "адамның қолымен құрбандыққа шалды". Осынау ұзақ-ұзақ үзінділерді оқыған кейінгі толқын жағасын ұстап, жатырқай қарауы да мүмкін. Шындықтың аты — шындық. Оған ара түсе алмайсың. Бірақ біз де мұны пәлен сөйтіпті дегізгелі мысалыға алып отырғамыз жоқ. Талай талантты тұқыртып, арандатып тынған өктемшіл қаскүнемдікке (шовинистік қаражүзділікке) иек артқан идеологияның қасіретті зардабын дәлелдеу үшін тілге тиек еттік. Білген дұрыс. Біліп барып пікір қорытқанда ғана тұлғаларымыздың қалай етекбасты пенде дәрежесіне дейін құлдырауының себебін түсінеміз. Өзге-өзге, тура осы Кенесары үшін отыз жыл бойы азап шегіп, бөзек көрген, қалың қауымға "алаштың" тірі өкіліңдей, ұлттық рухтың жиынтық бейнесіндей көрінген Мұхтар Әуезовтің өзі де бұл тұста шайқалып кетті. Бірақ ол өзге тұлғалар сияқты "шұғыл өзгермеді". Ең ақырғы басқышты басып тұрып, түрмеге жабылудан өзге жол қалмағанда ғана: "Мен өз қателерімнен бастаймын. Мен 1928 жылы "Хан кене" пьесасын жазған едім. Бұл шығармада автордың ұлтшылдық дәріптеу бағыты айқын көрініп еді. Алғашқыда бұл пьеса театр сахнасында да қойылмады, басылып та шыққан жоқ, тек қолжазба күйінде ғана қалды. Бес жыл уақыт өткен соң, 1933 жылы театр қызметкерлерінің пьесаға біраз түзетулер жасап бер деген сөзін ескере отырып, мен пьесамды едәуір өңдедім. 1934 жылы пьесаның премьерасы қойылды да, репертуардан алынып қалды. Өйткені, пьеса саяси мазмұны жағынан қате, совет жұртшылығына керексіз болды. Сол кезде менің пьесам туралы да, Кенесарының өзі жөнінде дұрыс пікір айтқан Мүсірепов жолдас болды. (С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің есімі ол кезде аталмайтын. Сондықтан да М.Әуезов олардың атын бұл арада атамай отыр - Т. Ж.). Ол қазақ еңбекшілерінің патша өкіметіне қарсы күресін Кенесары қозғалысынан емес, 1916 жылғы оқиғалардан іздеу керек дегенді айтты, ал Кенесарыны халықтың қас жауы, керітартпа хан деп атады. Осыдан кейін мен бұл пьесаға қайтып оралған жоқпын",— деп түсінік берумен шектелді. Яғни, тұлға ретіңде өзінің жазушылық көзқарасын қорғап қалды. Қандай құқай көрсе де "Хан Кене" мен "Қилы заманға" қол тигізген жоқ, ол шығармаларынан ашық бас тартпады. Тек үнсіз қалдырды. Айта кететін бір жайт, Ғабит Мүсірепов те Кенесары туралы сонау 1934 жылы айтылған пікірінен қайтпады. Елуінші жылдары да, І. Есенберлиннің "Қаһар" романы талқыланған тұста да, тіпті, "Ұлпан" атты жетпісінші жылдары жарияланған шығармасында да Кенесарының жеке басына сын көзбен қарап, оны ұлттық тұлға ретінде тануға ықылас танытпады. Бұл да тұлғаның тұлға ретінде өз пікірін қорғай білгендігін байқатады. Мұндай пікір түюге Ғабит Мүсіреповтің толық қақы бар. Ол жазушының, еркіндегі мәселе. Әңгіме тұлғаның тұлғасыздыққа құлдырауы туралы болып отыр. Әрине, қара дауылдың зауалынан құтылу үшін және өзінің ең басты кітабы — "Абай жолын" араңдатудан сақтау үшін Мұхтар Әуезов те өзінің еркінен тыс біраз "шұғыл өзгерістер" жасады. "Ақын аға" жөнінде айтылған авторлық баяндаулар мен кейіпкерлердің сөзін мүлдем кереғар мағынада қайтадан жазды. Баспаналап Мәскеу қаласына жасырынып барғаннан кейін СССР жазушылар одағы мен "Литературная газетадан" сауға сұрап, олардан жеке басын арашалап қалуды өтінді. Сонда ғана ол: "Абайдың мектебі туралы қате болып шыққан көзқарасымның ықпалымен жүре отырып "Абай" романының жалғасы болып саналатын "Ақын аға" атты кітабымды жазып шығып едім. Бұл кітапта мен ескішіл, реакционер Көкбайды романдағы, жағымды, Абайдың озық, ойлы өнерін бойына сіңіре білген адамның бірі етіп көрсеттім. Ал, Көкбай болса - қазақ халқының дұшпаны Кенесары Қасымов туралы дастан жазған еді. Қазақтың еңбекші халқы үшін Кенесары Қасымов қозғалысының реакциялық, жаулық ниетін және оны қорғаушы тарихшылар мен буржуазиялық ұлтшылдарды әшкерелеген 1951 жылы "Правда" газетінде жарияланған "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген мақала мен соған орай өткен Қазақ ССР Ғылым академиясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесе ұйымдастырған пікір таласынан кейінгі қорытынды пікір "Aқын аға" романындағы Абай мектебі туралы қателіктерімді терең сезінудің негізінде ғана мен романның біраз жерін өндеуге мүмкіндік алдым",— деп уәж айтты. Әрине, бұл мойындаудың өзі де ұлы қаламгерге оңайға түспеді. Алайда одан басқа тығырықтан шығатын жол да қалмап еді. Қатаң идеологиялық қысымның нәтижесінде жүздеген адам абақтының есігін еріксіз "ашып" еді. Мұхтардың бостандықта жүруі — түрмеге қамалғандардың түбінде ақталып шығуының кепілі сияқты көрінді. М.Әуезов оны жақсы сезінді және солар үшін рухани күресін токтатқан жоқ. Сондықтан да тұлға ретінде бас тартпайтын біраз пікірлерін қырнауға мәжбүр болды. Себебі, 1958 жылы кеңес одағына келіп қайтқан Джавахарлал Нерудің социализм жөніңде өте мәдениетті түрде айтқан: "Социализм өзінің түпкі мақсатының жақсы ниетте кұрылғанына қарамастан, ол өзінің басқару тәсілі тұрғысынан алғанда көргенсіздік танытты, өйткені ол езінің басқару тәсіліне зорлықтың жолын таңдады, ал зорлық-зомбылықты фашизмнің ұстанғаны белгілі",— деген пікірі нағыз шындықтың өзі еді. Өйткені кеңес өкіметінің саясаты — коммунизм идеясымен бүркемеленген фашизмнің бір түрі еді. Бұл — тұлғаны тобырдың көңіл-күйіне билеткен, жеке ойлау жүйесі бар, рухани тәуелсіз тұлғалардың еңсесін ұстауға бағытталған ұлыдержавалық, ұлыорыстық, шовинистік идеология үстемдік еткен, "коммунистік-колонизаторлық" отарлау саясатын асқан әккілікпен жүргізіп жатқан қоғамның тұсында өмір сүруге мүмкіндік беретін бірден-бір дұрыс "түрменің стратегиясы мен тактикасы" (М.Әуезов) болатын. Тарихи шындықтың жолына басын тіккен Ермұқан Бекмахановтың өзі түрмеден қайтын келген соң әуелі ғылыми тұжырымның астарын аударын, "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атғы монография жазуға мәжбүр болды. Өкінішке орай, Кенесары мен ұлт-азаттық күресі туралы ұстаған идеологиялық жазалау саясаты мен тұлғаларды тұншықтырып ұстау тәсілі мұнымен аяқталмады. Қазақ ұлты тәуелсіздік алғанша еркін ойлауға еркіндік берілмеді. Тарихи теріс тұжырым мен тәпсірлеулердің санаға сіңіп қалтаны сондай, ұлтымыздың тарихи кезеңдері мен тұлғалардың сол тарихи оқиғалар жөніндегі қилы-қилы көзқарастары туралы қалыптасқан жаңсақ пікірлерден әлі де арыла алмай келеміз. Бұл тұжырымдарды талқыға сала отырып, ұлттық сана, тәуелсіз рух, дербес мемлекеттік саясат тұрғысынан баға бермейінше, біз ұлтымыздың да, ұлттық тұлғаларымыздың да тауқыметті тағдырын толық түсінбейміз. Ал өткенді саралап алмай, ілгері басудың өзі де тағы бір қателіктің басы болын есептеледі. Идеологиялық жазалау саясатының қыспағыңда жүріп ұлттық рухын сақтап қалған және ұлттық идеяны нысана етіп ұстаған Мұхтар Әуезов пен Ермұқан Бекмаханов іспетті ұлы тұлғалардың көзқарастарын саралай отырып тарихи шындықты қалпына келтіреміз. Сөйтіп тарихи танымға негізделген тәуелсіз талқы арқылы ұлтымыздың келешегіне жол ашамыз. Ұрпақтарды адастырмайтындай ұлағат қалдырамыз. Онсыз ілгері жүру — өткелсіз дариядан секіріп өтуге тырысқан парықсыздардың жансебіл әрекетімен бірдей деген сөз.

ЕКІНШІ БӨЛІМ: ТЕҢ ТЕРБЕТУ

І ТАРАУ: ЖЕЛГЕ ҚАРСЫ САЛЫНҒАН ҰЯ

Кенесары ханның тағдыры туралы көзқарас — қазақтың ұлт-азаттық қозғалысы мен басыбайлануының, бостандықпен бодандықтың күресі туралы көзқарас. Бұл — "құлдық пен ұлдық" (Байтұрсынов) психологияның күресі. Жете мен жетесіздіктің, намыс пен ездіктің, ыза мен кектің, мақсат пен қатыгездіктің, қылмыс пен жазаның, өлім мен өмірдің қақтығысқан тұсы. Мұндай зауалды да қасиетті шақта азаттық пен азаматтық, бопса мен сатқындық, оқ пен қаза қатар жүрді. Сондықтан да бірде азаттық, бірде азаматтық соғыс майданы жағдайында тұрақты әскер ұстап, жанкешті өмір сүріп, қан кешті ғұмыр кешкен хан Кене — қылмыс пен жазаның, қаталдық пен қайрымның, ақыл мен ашудың, жан ашуы мен мал ашуының, ант пен арсыздықтың шекарасындағы жаталас шақта — "ант мезгілінде" (Абай) шешім қабылдады. Ұлттық мүдде мен мақсат екіге бөлінген тұста ешқашанда ортақ мәміле, бейбіт тіршілік, дүбара, дүмбілез күн көріс жоқ. Бұл кек пен күн көрістің арасында хал кешкен тәуелсіздер мен басыбайлылардың бетпе-бет келген рухани жекпе-жегі. Өкінішке орай осы кереғар ұстанымдар мен сезімдердің басы бір мәйекте ұйып, бір бесікте тербетіле алған жоқ. Ұлт азаттық идеясы сан рет ұйып келе жатып іркіттей іріді, сан рет түзеліп келе жатқан бесік бұзылды. Отаршыл және қастаншықпағыр арандату пиғылы мен жазалау саясаты елдіктің ұясын бұзып отырды. Бостандық атты қасиетті бәйтеректің басындағы елдіктің үясы үнемі желге қарсы жалғыз қалды. Қазақ елі бұзылған бесігін түзетуге ұмытылып, жансебіл күй кешті. Бірде бұзылған бесіктен әлдидің орнына: "Мені жыққан сол жауыздар жұртты қоса жыққанын ұға ма екен? Ойлар ма екен? Алатаудың бауырында Кенесары жығылса, сыналатын өткелде қазақ елі бірге жығылады. Түсінер ме соны? Өкінер ме? Менің жығылғаным арман емес. Ел болар ма екен, елімнің шу дегеніне жарамаған арман — менің қайғым. Жалғыз-ақ, ел болар ма деген елімнің көші қайда қалды? Қайда қалды, қайран елім, не боп қалдың? Мен сүйінер ел ішінің қайғысы ол бір жеңгізбейтін дерт болды. Армандамын, соған өлім жетпегендігіне армандамын. Бәрібір мен сүйінер өмір, мен жұбанар үміт қалған жоқ. Бұдан арғыны көргенше, Алланың ақ бұйрығы ажалы келсін. Содан басқа тілегім жоқ",-деген күңіреген үні естілді. Енді бірде сол бұзылған бесікке киелі әруақтардың: "Балам, мен атаң Абылаймын! Сенің айыбың аз ғана... Өкінбе, күйме, сен елің үшін аянған жоқсың. Кінәлі - заманың, сенің дәрменің жеткен жоқ. Піспеген екен, азаматы есейген жоқ, намыс-жігер өсіп болған жоқ. Әлі талай-талай жылдар, қилы-қилы күндер өтеді. Оған шекті талай сен сияқты ерлер келіп, күйіп-күйіп жылап өтер. Сен соның бірі болсаң да, арман қылар орның жоқ. Ұрысың бітті, өз ісіңді істедің. Енді қайтарсың, қайт өзіме, балам! Жасыма, жібімей, іштегі жалын, сырттағы ызғарыңмен қайт... Тіршіліктен түйілген қабағыңмен кет, кел өзіме!..",— деп аян берді. Енді бірде сол жалаңаш көлдің жағасындағы жалғыз бәйтеректің жалаңаш бұтағындағы желге қарсы салынған әлсіз ұяға тобырдың тұрымтайы қиғылық салып: "Кенесары ханды алсақ, оның аз өмірінде істеген жақсылық, жамандығы алты алашқа мәлім нәрсе. Кенесарының орысқа соғыс ашуының мәнісі - қазақ орысқа бағынса елдігінен айырылады деген ой емес. Өзі Абылай ханның немересі, Қасым ханның баласы болды. Жасынан Кене атағы жайылды. Өзін жер тәңірісіндей көрсетіп, аузына қаратып тұрған қазақ елі Кененің әміріне кіріп, Кенені хандыққа есептемейтінін сезді. Сондықтан ол қазақтың қамын ойлап, қазақтың жоғын жоқтаған жоқ: өз бақытын ойлап, Абылай мен Қасымның мұрасын жоқтады. Егер Кене шын қазақшыл болса, орысқа бағынушылық қазақтың түсіне де кірмей тұрған уақытта маңайындағы қазақ елін қысқа күнде қырық шауып неге маза бермеді. Өтірік айтса жаны шықсын, қазақтың қарт адамдары: "Кене пәлен жерде пәлен тұқыммен өштесіп, буаз қатынның ішін жарып, баласын керегеге іліп кетті" - деп отырады. Соған қарағанда, Кенені қазаққа залалсыз еді, тізесін батырмап еді, момын еді деп мақтаған кісінің адасқандығы. Орыстікі — орыс (дұрыс — Т.Ж.) болсын, қырғызбен соғысқан мәнісі қалай? Ақырында Кене орыстың қолынан өліп отырған жоқ, қырғыздың қолынан өліп отыр. Не керек, Кенені мақтағанымыздың ішінде қырғыз отырмады. Қырғыз отырса бетімізге түкіріп бәле қылатын еді",— деп С.Мұқанов шүйліп келіп, лауһулмаһфуздың қара тақтасына жазды. Сөйтіп, ұя қыраны — қарақшы, ұябасар — ұябұзар атанды. Шындығында да Кенесары "өз ұясын, өз бесігін" өзі неге бұзды. Бақ үшін бе, тақ үшін бе? Жоқ. Мұса шонжарға хан Кененің: "Жау ісін істеп отырып, еркекше жауласуға да жарамайсың. Танасың... Арзаннан табылатын бақ іздейсің. Мен ол жолда серік бола алмаймын саған. Мен бақ пен шен іздесем бүйтер ме едім. Патша ұлығына мен де барып жағынар едім. Сүйтсем және сендерден кем орын алар ма едім?! Жамантай, Қоңырқұлжа, Баймағамбет алған орынды алар едім-ау, мен де! Бірақ, мен оны ойлап жүрмін бе? Қалың қазақ баласының қамалған көшіне септігім тиер ме деп жүрмін ғой. Езіліп бара жатқан елдің жоғын жоқтап жүргем жоқпын ба? Бүлінгені бүтінделер деп бас қамын ұмытып жүргем жоқ па, сол ел үшін. Солдаты сенген сүйенішім сенбісің?!",— деп зар күйін шағынуына қарағанда ол қара басының хандығын аңсаудан ада адам. "Ғылыми тұрғыдан бағалағанда" хан Кене қазақ халқының ұябұзары ғана емес, халықаралық деңгейдегі "итаршысы" да екен. Заман тарихшыларының бірі Т.Шойынбаев оны: "Дәл сол кезде Англияның дүниеде үстем болуға ұмтылуы шектен тыс еді. Оның бұл басқыншылығы бірқатар Шығыс елдерін құлданып алғаннан кейін Орта Азияға, Қазақстанға, Шығыстың басқа аудандарына көп барлаушылар мен экспедициялар жібергенінен айқын көрінеді. Кабулда, Гератта, Кандағарда ағылшын шпиондарының орталығы құрылады. Сол кездегі архивтегі материал "ағылшындардың қырғыздарға (қазақтарға) да баса көктеп келе жатқанын" баяндайды. Кенесары қозғалыстың ақыры жақындаған кездің өзінде, қырғыз халқына қарсы агрессиялық соғыс әзірлеп, өз жағына үш жүздің сұлтандарын тартуға тырысып, орыс халқы мен қазақ халқын бір-біріне қарсы қоюдағы өзінің сүйген әдісіне қайта оралды. Сонда ол сұлтандар мен билерге үндеуінде былай деп жазды: "Сіздердің құзырыңызға мәлім болсын, алланың өмірімен, кәпірдің қысымымен Кіші жүз бен Орта жүзден көшіп, Ұлы жүздің Шу, Іле төңірегіндегі жерлеріне келдік. Біз ата-бабамыздың замандарынан бері сіздердің ру басыларыңыз болып келдік. Сіздер қашан да біздің айтқанымыздан шықпай келдіңіздер, сол үшін сұлтандар да сіздерді өзіне қосылуға шақырып, кәпірлерге (орыстарға) қарсы күресуге шақырды". Міне осындай орыс, қазақ, қырғыз халықтарының қас дұшпаны Кенесары қозғалысын шектен тыс мақтап, жалған тарихшы Бекмаханов бұл бүліншілік әрекетті "қалың бұқараны тәрбиелеудің тамаша мектебі" деп жариялады. Орыс патшасы қазақ бұқарасының үнін өшіріп, қанап бақты, бірақ осылай бола тұрса да, Кенесары, егер патшалық өкімет оның барлық хандық артықшылық хәлдерін сақтауға кепіл болса, онда қазақ халқын талау үшін Кенесары патшалық өкіметтің де итаршысы болуға даяр болған",— деп дәлелдеп берді. Кенесарыны төреден "итаршылыққа" дейін аздырып әкеп, қазақтың ғана емес, мұқым мұсылман әлеміне қарсы "қарақшы-шпион" атандырған қандай күш? Халықты күйзеліске ұшырататын азаматтық соғыс деңгейінде ұстаттырған қандай мүдде, нендей кек, қайтарылмай қылыш қынына салынбайтын ол қандай есе? Ресейге өштік — қандай өштік? Бітіспес бітімге, бітпейтін жаулыққа, берекеден әрекеге барғызған қандай талап? Мұны Кенесарының өзі генерал-майор Генске жазған "Иғламнамесінде" былай деп көрсетеді: "Орынбор хүдие мекемесінің садырыншын генерал-майор(ы) һам кавалер(і) Генс хазіретлеріне Сұлтанлар Кенесары, Күшік Қасымоғлыларынан төбәншілік (б)ила(н) ғарыз 1825-жылы Есіл, Нұраны жайлап жүрген уақытларда еш нәрсе ойларымызда жоқ еділәр. Ол ұлығ император ағзам хұзіретлеріне атамыз Абылай хан ант етіп һам бізләр да атамызның жолы бойынша Россия жұртына қаралық деп жатқан заманымызда Қарқаралы — Қазылыққа Имантай Бекеноғлы правитель болып, ешбір кінәсіз үстімізден дұшпанлық көрсетіп, дуанбасы Иван Семенович Карбышев дегенге үш жүз орыс, бір жүз казакқа Иван Семенович үшлікбилен бас болып Қаракесек руының қырғызның балақбасы сұлтан Саржан Қасымоғлының он ауылын және тоқа, тама деген еліне шапты. Қазығұртта алпыс төрт кісіні өлтіріп, қанша мал алып кеткені бихисапсыз. Әзер басылары қашып құтылды. 27-нші жылы Көкшетаудан екі жүз орыс, бастығы... майор Әлике (?) шұбыртпалы деген елні шапты. Терісаққанда елу сегіз кісіні өлтіріп кетті, алған малларының хисабы жоқ. 30-ншы жылы Қараөткелден жүз орыс, бастығы бір сотник және Қоңырқұлжа Хұдаймендеоғлы алты жүз кісі, жамиғаты жеті жүз болып, бұларды алдап шақыртып алып Қарағаш деген жерде жүз жиырма кісіні өлтіріп, өзгесі қашып құтылды дүр. 31-нші жылы Көкшетаудан бес жүз орыс, бастығы подполковник Алексей Максимович деген Саржан сұлтанның ауылын, алтай, тоқа, қаракесек, алшын, жағалбайлыны шапты. Төрт жүз елу кісіні өлтіріп, Саржан сұлтанның бір баласын альт кетіпті. Алған маллар сондайлық хисапсыз, Сарысудың бойында. 32-жылы Көкшетаудан екі жүз елу орыс, бастығы Кулаков Николаевич деген, сұлтанлар Есенгелді, Күшік оғланларны тұтып алып жүріп Ұзын, Торыжан ауылдарын шапты. Торғайның құм кешуінен алпыс кісіні өлтіріп кетті. Ақыр соңында шыдамай, өз басымызды қорғап, ешбір падишаһ ағзам хазіретлеріне күнә қылған ісіміз жоқ еді, бізғе мұндай зорлық қылғанын бір адамға білдірмей Қаратауға көштік. Біраз жыл Қаратауда жүріп, қайта көшіп келгеніміз дүр. 34-жылы Ақтаудан төрт жүз орыс атланып, тентек майор бастығы, шапты: алшын, жағалбайлы, тоқа, тама деген елні. 37-жылы Көкшетаудан төрт жүз орыс, Иван Семенович Карбышев һам Ян Яноғлы бас болып Әлике, алтай, қалқаман, төртуыл деген еллерні шапты. Басы Иман қаралы үш жүз елу кісіні өлтіріп кетті. Арғанатыдан қанша мал, қанша қазына алғаны бихисапсыз. 37-жылы Ақтаудан бес жүз орыс, бастығы тентек майор, Ұлытаудан қуып еш нәрсе ала алмай қайтты. 38-жылы Қараөткелден үш жүз орыс, жүз қазақ Қоңырқұлжа сұлтан Хұдаймендин оғлы, команданың бастығы бір майор сұлтан Күшік Қасымоғлыны, алтай Сайдалы бидің елін шапты. Жиырма бір қыз, сегіз қатын, жиырма бес еркек кісіні өлтіріп кетті, сексен бір адамды ұстап алып кетті Жыланшықның бойы - Айырқұм, Аққұмнан. 38-жылы Жарқайыңнан бес жүз орыс Саржан сұлтанның ауылы, қарпық, найман деген елні шапты: төрт жүз кісі өлтіріп, Баянды биінің өзін бас қылып жүз кісіні ұстап алып кетті Торғайңың бойы Жалдаманың Қараобасынан. 38-жылы Жарқайыңнан төрт жүз орыс, бастығы қандай орыс екенін білмеймін, Қараөткелден алып шыққан Қоңырқұлжа сұлтанға жолығып, қуандық, сүйіндік деген екі мың үш жүз ауылды айдап қайтқанда екі команда таласқан: бірі "мен алдым" деп, бірі "мен алдым" деп. Ақыр соңында Қоңырқұлжа сұлтанға тапсырған. Айдап көшіріп бара жатқанда Қоңырқұлжа сұлтан бек зорлық қылыпты, төртуыл елі шыдамай бұзылып қашты. Жүз алпыс кісіні өлтіріп, қалған елді айдап кетті. 38-нші жылы күзгі күн Көкшетаудан үш жүз орыс, бастығы қандай адам екенін білмеймін, сұлтанлар Байқара Тайыроғлы, Жадай Айшуақоғлы екі жүз ауылны шапты, екі жүз қырық кісіні бір жерде өлтіріп кетті. Сұлтанларның қыз-қатынларын жесір етті. 40-ншы жылы Қазылықтан үш жүз орыс, бастығы қандай адам екенін білмеймін, Саржан сұлтанның ауылын, алтай, қанжығалы деген елні шапты, қырық кісіні өлтіріп, жиырма қыз-қатынды жесір қылып, екі мың үш жүз жылқы, үш жүз түйе, үш мың қой, жүз сиыр алып кетті. Білеуітнің Қалмаққырған жерінде. 40-жылы Қараөткөл білен Жарқайыңнан жеті жүз орыс, екі команда қосылып қозған, қансал, қалмақ, қырғыз деген елні шапты. Сексен кісіні өлтіріп, жиырма кісіні жесір қылып, алты мың қой, екі жүз елу бес сиыр, отыз түйе алды. Бұ елдер өз төлеңгіттерім еді. Қарғалының Қызылжарында шауып, найман, қыпшақны айдап кетті. 40-ншы жылы күзге күн Жарқайыңнан екі жүз орыс қыпшақ ұзынторы деген елні шапты, отыз бес кісіні өлтіріп кетті. Афзалатлу хазіретлеріңізге мағұм қыламын: сұлтан Имантай Бөкейоғлының Сібір орысына дұшпандық көрсетуі бойынша қанша өзіме қараған ауылдарымды шапты, неше бір адам күнәсіз екенлігімізді білдірмекке өз басымызды қорғап қашып жүрдік. Енді хазіретіңізге мағлүм алынсын: Сібірге қараған жұрт зорлығына шыдамай бас тартып кешіп, мұндай бәлеге ұшырағаны сол дүр. Ешбір жұртты мұнда кел деп шақырғаным жоқ. Сібір орыстары аттанып шығып, өзіне қараған елі болсын һам сақраға шыққан елдер болсын, жаман бұлдіріп, қырып-жойып шапқылауда. Екі ортада куә шықты: сұлтан Кенесары Қасымоғлы Сібір тұсына қарсылық істер қылды деп. Ақыр соңында Сібір тұсынан жақсылық орын болмай, Орынборның жеріне қарай көшіп, сол тұстан ол ұлығ император ағзам хазіретлеріне нахахтан бізлерні бұлдіріп шауып, қанша өзіме қараған ағайынларымды, қанша адамларымды өлтіріп, уә қыз-қатынларымызды жесір еткенлікні бідцірмек үшін... өтірік айтмаймын. Қыпшақ руының алтыбас тайпасының биі Балғожа Жаң-быршыоғлыны шапқан қолдың ішінде болдым. Өз ісінің туралығына шыдай алмай инанмақ үшін.

Сұлтан Кенесары Қасымоғлы мөрім бастым.
Сұлтан Күшік Қасымоғлы мөрім бастым.
1841-жылда. Июннің 7-күнінде."
Міне, Ресейге тікелей кектенуінің себептері осындай екен.

Шындығында да, қырға шыққан сайын үш жүздеп, төрт жүздеп қыра берсе (жиыны 1994 адам), адамды мал орнына бауыздай берсе, кектенбеске, кек қумасқа бола ма? Ұлының — тұлымын, қызының арын қорғау да қарақшылық па, жоқ, итаршылық па? Жерін жаулап, елін қырып, бесігін бұзған, отанын ойрандаған, ырысын шашқан, берекесін қашырған дұшпанға сес көрсетпей, зорлықпен қорлыққа шыдап, басын бұғып жата беруі керек пе? Өзінің кегімен қоса елдің де есесі мен намысы тұр ғой ар жағында. Бір жолы "жиырма бір қыз, сегіз қатынды", екінші жолы "жиырма қыз-қатынды", үшінші жолы тағы да "жиырма кісіні жесір қылып", азбандық жасай берсе, азған Қоңырқұлжалар, болмаса арлы Кененің төзетін қорлығы емес бұл. Тобырды жиып топ құратын, топты жинап қол құрайтын, қолды жиып бас болатын, бас болып ерді ерлікке қайрайтын, елді елдікке шақыратын тұлға керек-ақ болатын. Ондай тұлға бар еді және өзі емес, елі таңдап сайлап, Шеген сияқты биі алты алашқа: "Олай болса, алты арыстың баласы, мына сөзге құлақ сал! Қазақ — қазақ болғалы басынан қилы-қилы заман кешірген. Жақсы күні бір болса, асу-асу белдерден асамын деп аса алмай, қос қанаты қайрылып, ошарылған, күңіренген күндері де болған. Басшыдан ми, қарашыдан күй кетіп, бет-бетімен тозып қайың сауын, қаңғып кеткен күйі де болған. Бірақ, соның бәрі болса да, бұрынғы ата-баба біз көргенді көрген жоқ еді. Қорлық, құлдық қазаққа қараңғы қара күндей қаптап келеді. Көрініп келген апаттан жаман болып, іштен кернеп келе жатқан дерттер бар. Соны бәрің де көріп, сезіп тұрсың. Кезі жасты, кәңілі қаяу кәрің бар, жалын жұғып, іштен тынып шерменде болған жасың бар. Темір ноқга кигізіп, шөктіргелі тұрған қолы қатты қасың бар. Ақ Патшаның құлысың. Уа, ұлы емес, құлысың деп тур, міне! Соны көріп, осы қазақ баласының қара өзегін қақ жарған жалынды арман бар. Елдігің, бірлігің, жілігің кеткен заманда, етек-жеңін түрініп, екіленіп шыққан ерді көксейсің. Қиялай қиқу шыққанда қаңтарыла кететін омыраулы басшыға құштарсың. Жоқ па сондай тәуекел қып, тас жұғып жүрген қазақтың қамқоры?.. Кешегі Исатай, арысы Абылай, берісі сол Қасымның ұясынан ұшқан жез қанат балапаны мінекей. Алыстан тоят тіленіп, қасқарып ұшқан қырандарың осылар. Ел боламын, сілкінемін десеңдер, екі тізгін, бір шылбырды қолына беретін иең келді. Бұрынғы басшының барлығын байқамай қапы өткізсең, ендігі жалғыз келген осылар. Осыдан соң басшы жоқ. Алдыңғының сарқыны осы Кене. Бұдан айрылсаң, кейінгі заман бойыңды жазғызбайды. Тас түйіндей бірік те, жолына тілеуіңді қосып, осы ақ тілеудің үстінде, осы жиын, мына Кенені хан сайла. Осындағы игі жақсының байлауы сол. Не айтасың, ел?",- деп салауат жариялап, сауын айтып, сауалын қойып, сақасын тандап, бата беріп, ақ киізге салып хан көтерді. Бұл жай үгіт-насихат емес, тарихи шындық. Бесіктің бұзылуы емес, түзелуге бет алғаны. Демек Кенесары халықтың қарғысымен хан сайланған жоқ, алғысымен таққа отырды. Ел — ездікке емес елдікке ұмтылды. Бодандығына намыстанын, бостандығын арман етті. Бұл — тарихтың берген мүмкіндігі. Тарихи мүмкіндік. Ал жазушы үшін тағдырлар тоғысы, тағдыр тартысы, тағдыр шешімі басты аңсар. Ендігі талқы — тек көркем талқы. Сахна соның көркем толғанысын ғана күтіл тұр. Ал басты тұлғаны шамырқандырар, шиыршық аттырар, ессіз кектендіретін, ессіз тебірендіретін сілкіністі тағдыр оқиғасы бар ма еді? Бар еді. Кенесарының бар ғұмыры тебіреністен тұратын. Абылайдан басталған арманды аңсар — қасіретті трагедияларға толы болатын. Ол оқиғалардың әр қайсысы дербес туындының желісіне толық татитын. Мысалы Машһүр Жүсіп дегдардың: "Ташкент жұртына қарай барған кезде, Ташкент күшбегі қонаққа шақырып, алдап, Есенгелді деген інісімен, Әлжан деген баласымен, — бәрін қырық-елу шақты жолдасымен шаһит қылды. Ол уақытта Кенесары, Наурызбай Түркістан шаһарында медреседе оқып жатқан бала күні еді. Бопай ханым дейтұғын апалары барып, медреседе жатқан екі інісін алып қайтып, қайта Сарыарқаға келіп, Куандық, Сүйіндік деген елдің шетінен жырмалап, азын-аулақ елді қолына түсіріп алды?",—деп қысқаша түйіп берген түсініктерінің астарында қыршынынан қиылған тағдырдың табы жатыр.

"Қызыл сұңқар" Сәкен Сейфуллин бұл оқиғаның қанатын кеңейтіп: "Біріншіден мен былай деп ойлаймын: кешегі қазақ тарихындағы Кенесары - Наурызбай, олардың әкесі Қасым төре, Исатай, Махамбет, Есет, Бекет батыр ("Айман—Шолпандағы" Көтібардың балалары) және осылардай тарихи адамдардың аттары, қазақ елінің патша үкіметіне қарсы және патшаға сүйенген ханға қарсы қозғалыстарымен байланысты. Ал, байланысты болғанда, қазақ елінің еңбекші бұқарасы патша үкіметіне қарсы және оның қолтығының астына кірген кішкене ханға қарсы күрес қылып қозғалса, Қасым төре, оның балалары Кенесары - Наурызбайлар, Исатай— Махамбеттер, Есет, Бекет батырлар сол қозғалысты пайдаланбақ болған қазақтың ақ сүйек тобының "әлі мықтымын" деген көсемдері. Бұлар сол қозғалыстарды пайдаланып, ескі хандықты, ескі бишілдікті жандандырып хан болмақ, би болмақ болған адамдар. Ал патша үкіметі қазақ билер табының мұндайларын бір жатынан қудаласа, екінші жатынан өзіне тартып таяныш қылтан. Қысқасы, қазақтың қалың еңбекші бұқарасының тілегі мен Қасым төре, оның балалары Кенесары-Наурызбай, Исатай—Махамбет, Есет, Бекет батырлардың тілектері екі басқа еді. Бірақ, ол заманда қазақтың көп жерлерінде басқа ірі көсемдер шыға қоймаған соң, шын халық көсемдері шыға қоймаған соң, қозғалған қалың еңбекші бұқараның бірсыпырасы бұларды бір кезде аз уақыт бастық қылған. Бастық қылып патша үкіметінің созған темір тырнақтарының шеңгеліне қарсы біраз шабуыл жасаған. Бұларды бастық қылғанда, патша үкіметіне бағынбауға қозғалған елге бұлардың өздері барып қосылып, әлгі айтқандай сол қозғалысты пайдаланбақ болған. Бұларды дәлелдейтін тарихи мағұлматтар аз емес. Сол тарихи мағұлматтардың дәлелдеуінше, жаңа елдің сол заманды білетін қарияларының айтуынша Абылай хан 1871 жылы өлген соң оның Уәли деген баласы (белгілі Шоқан Уәлихановтың әкесі) патша үкіметімен байланыс жасап, патшаға бағынып хан болады. Орта жүз қазақтары (Ақмола, Семей, Торғай қазақтары) Уәлиге бағынбай Абылайдың Ғұбайдулла деген баласын хан қылады. Ғұбайдулла патшаға бағынбай 10 шақты жылдай хан болып, өледі. Бұл өлген соң Уәли тағы патша үкіметінің күшімен хан болады. Абылайдың 30 ұлының көпшілігі Уәлимен бірге патшаның қолтығына кіреді. Көкшетауға патшаның әскерін әкеліп бекініс қалалар салдырып, бекіндіре бастайды. Көкшетау, Ақмола жерлеріндегі қалың қазақ бұған қарсы көтеріліс жасайды. Патша әскері мылтық жұмсайды. Көкшетау, Ақмоладағы Керей, Уақ деген рулар және Ақмоладағы Арғынның Алтай, Тоқа (Қарпық) деген елдері көтеріліп патша әскерімен соғысып, Көкшетау, Ақмола жерлерін тастап, Оңтүстікке, Шуға, Қаратауға қарай жөнеледі. Міне, сол қалың қазаққа Абылай ханның 30 ұлының кішісі Қасым төре балалары мен өздері келіп қосылын, бұлар да бірге кетеді. Бұл қазақтар Шу бойында, Қаратаудың теріскей жағына орнайды. Сол арада Қасым хан сайланды. Сонда Қасым төренің қасында қыздарынан басқа 7 ұлы болады. Олар үлкен қатыннан 1. Саржан, 2. Есенгелді, 3. Ағатай, 4. Бопы, 5. Көшек, 6. Кенесары, кіші қатыннан: 7. Наурызбай. Патша шеңгеліне қарсы көтеріліп жиылған халықтың көпшілігі аздан соң Қасым ханды тастап, өз беттерімен әрекет қылып кетеді. Кешікпей, Қасымның үлкен балалары Саржан мен Есенгелді, сол замандағы Қоқан-өзбек үкіметінің беглер бегімен сөйлесіп көмек сұрауға Түркістан қаласына барғанда беглер бегі Саржан мен Есенгелдіні өлтіреді. Содан кейін Ақымет Иассауи әулиенің басына зиярат қылам деп Түркістанға барған Қасым ханның езін де Қоқанның ұлықтары өлтіреді. Қасымды өлтіріп, Қарнақ деген қыстақтағы Қасымханның ордасына әскер жіберіп Кенесарыны, Саржанның, Есенгелдінің қатын-балаларын тұтқынға алдырып конвоймен Ташкенге жібереді. Кенесары бір жылдай Ташкенде Қоқан ханының ұлы бегінің; әмірінде зынданда жатып, Қоқанның ханы Мәдәли ханның бұйрығымен босанады. Босанғанда, қазақты Қоқан хандығына қаратам, елден алым (зекет) жинап берем деп уәде беріп, Қоқан ханынан 100 солдат (әскер жасауыл) алып Шу бойына, қазақ арасына кетеді. Сол арада әлгі Қоқанның 100 салдатын өлтіріп. Ұлытаудағы ауылдарын алып Торғай жағына көшіп барады. Meн бұл әңгімелерді "Хан Кене" туралы белгілі тарихи мағұлматтардың шеттері шығып тұрсын деп жазып отырмын. Ал Қасым ханнан кейін оның балалары Кенесары-Наурызбайды аз уақыт бастық қылған қазақтар, әр тұстан қазақ ішіне кіріп келе жатқан патша әскерлеріне қарсы талай шабуылдар жасаған",— деп тамырлап таратты. Иә, жоғарыдағылардың барлығы Кенесары мен Наурызбайдың жеке басының ғана тағдыры ма еді? Жоқ, одан да сорақы "астары бар екен". Сөйтсек, аға-бауырын тура мағынасында бауыздап өлтірген Ташкент, Бұқара, Хиуа хандығы хан Кененің "ағылшын агенттігіне қызмет ететін ұясы" екен-мыс. Бұл оқиғаға қырыс мінезді, қырын пікірлі бірмойын ғалым емес, мұқым бір мемлекеттің идеологиясын белгілеп беріп отырған тарих институтындағы талқы кезінде басыр "оқымыстылар": "Бекмаханов мәселені XІX ғасырдың бірінші жартысындағы Орта Азия мен Қазақстанда қалыптасқан саяси жағдайға байланыстырмай, бөлек алып қарайды. Бұл мынадан көрінеді: кітапта Кенесарының Россияға қарсы күресіне Орта Азиялық хандардың (Қоқанның, Бұхараның, Хиуаның) ерекше мүдделі екендігі, Орта Азиялық хандардың саясаты ез алдына Қазақстанның Россияға қосылуын кідірту сияқты негізгі міндет қойғаны, мұның өзі ағылшын отаршыларының мүдделеріне толық сәйкес келгендігі мүлдем айтылмайды. В.И.Ленин өзінің бірқатар еңбектерінде XІX ғасырдың 20-40 жылдарыңда, бұдан кейінгі уақытта да, Англияның "бүкіл дүние жүзінің мастерскойының шикі материалдармен айырбас ретінде оны жабдықтап отыруға тиісті барлық елдерге фабрикаттар жеткізушінің рөлін дәмеленіп талап етіп келгенін" көрсеткен болатын. Ағылшын отаршыларының дүниежүзілік үстемдікке, Шығыс халықтарын құл етуге осылай ұмтылуы Орта Азия мен Қазақстанды және оларға жапсарлас аудандарды барлаудың саяси сипаты бар сансыз көп экспедицияларында айқын көрінді. Мәселен, 1925 жылы ағылшын шпиондары Муркрофт және Требек Бұхарда болған, 1833 жылы - Берне, 1836 жылы — Берис, Вуд және Лич Амударияға дейін жеткен, 1842 жылы — Стоддарт және Конноли Бұхараға еніп кеткен. Осы жылдары ағылшын агенттері Хиуа мен Қоқанда аз болған жоқ. Ағылшындар Кабулда, Гератта және Кандағарда резиденттер (өкілдер) ұстаған, олардың Орта Азия мен Қазақстанда толын жатқан шпиондық орындары болған. Орта Азиялық хандар шын мәнісінде ағылшын отаршыларының тура агенттері болды. Ағылшын отаршылары Россияға қарсы күресу үшін хандарды қару-жарақпен, оқ-дәрімен және ақшамен жабдықтап отырды. Хиуаның ханы езін "Хорезмнің ұлы шахы" деп жариялап, Орта Азия мен Қазақстан халықтарын бағындыруға тырысты, мұның өзі оның тасасындағы Англияның пайдасы үшін істелінген еді. Бұл кезде Кенесары не істеді? Ол Хиуадан қару-жарақ алды. Қару-жарақ, әрине, ағылшындікі. Ол Хиуаға сыйлық ретінде орыс тұтқындарын жіберіп отырды. Хиуаның базарларында оларды құлдыққа, қазақ қыздарын күндікке сатты, еңбекші қазақ халқынан тартып алған малдарды сатты. Бұл фактілер Кенесарының Хиуа ханы жөнінде және оны жақтаған ағылшындар жөнінде көзқарасының қандай екендігін жеткілікті мөлшерде айқын көрсетеді. Орта Азиялық хандар арқылы буржуазиялық саясатын жүзеге асырмақ болған ағылшын отаршыларына қазақ халқының көзқарасы мүлдем басқаша болды. Бұл жөнінде мынадай мысалға тана сүйену де жеткілікті. 1840 жылы ағылшын резиденті Аббот қарулы отрядымен Адай уезінде пайда болған кезде, оның қолынан Хиуа ханы алған бұйрықта хан: адайлық қазақтар оның өз өкілі - Абботқа бағынсын - деп көрсеткен кезде, адайлық қазақтар Абботқа шабуыл жасап, оның отрядын талқандап жіберген. Бұл факті еңбекші қазақ бұқарасының Қазақстанды Россияға қосу мәселесіне, ағылшындардың Қазақстанды басып алу әрекеттеріне қалай қарағандығын сипаттамай ма? Адал ниетпен зерттеген кісілер мұндай фактілердің талайын таба алады. XІX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдайды талдағанда ағылшындардың және олардың агенттері - Орта Азиялық хандардың нағыз реакциялық басқыншылық өрескел жоспарлары қандай екендігі, ағылшын капитализмінің саясаты орта Азия мен Қазақстанның халықтарына не әкелетіндігі айқын көрінеді. Бұл талдау сол уақыттың өзінде-ақ Россия мен Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени байланыстары қаншалықты күшті және баянды екендігін, Қазақстанды Россияға қосудың тарихи маңызы қаншалықты терең прогресшіл екендігін көрсетеді. Әрине, мынадай факті тегін емес. 1846 жылы, Кенесары тонаушылық, зорлық істерін жүргізе беру үшін ұлы жүзге көшіп барып, қырғыз халқына шабуыл даярлаған кездің өзінде, Ұлы жүздің қазақтары Россияның қол астында болуды ықтыярмен қабылдаған болатын",—деп пайым жасапты. Қайталап айтамыз, бірге туған қырықтан астам аға-бауырын бір түнде бауыздап тастаған хандыққа Кене не іздеп барады, қай намысы тасып "шпиондық етеді" ? Қайта кегі қайнап, өз бармағын өзі шайнады. Оған ерген халықтың да қабақтары қатулы, ажарлары ашулы, талайы тарылыңқы, шекелері шытыныңқы, қимылдары шалт та ширақ, киімдері ықшам келді. "Кенесары өзіне қарасты рулардың арасындағы барымта мен жайылым үшін болатын жанжалдарды мүмкіндігінше болдырмауға тырысты" (Е.Бекмаханов). Кенесары сөйтіп бая-шая болып жүріп: "Кіші жүздің бергі шеті Бес Жаппас, төрт Шөмекеймен жау болып, Обаған, Тобылдан барып Алтыбас қыпшақ Балқожа, Ханқожаның елін шауып, талап, Есіл, Нұра бойында Қоңырқұлжа төремен жау болып, Қаратаудың қақ түбіндегі Сөзақғы шауып Отыншы, Сушы деген түбі қырғыз екі бегін өлтіріп, ойда орыс, қырда қазақпен өш болып жүріп, сегіз жыл үргін-сүргін жүріспен хандық қылып, ақырында, Алатаудағы қырғыз Әтеке Жырықтың ұрпағы Жанғараш, Жантай қолында шаһитлық дәрежесін тапты" — емес пе?!. Қағаз кемірген тарихшылардан көрі шиырыңа, ызасын ішіне тарта сөйлеген дала данышпаны Мәшһүр Жүсіптің мына сөзі әлдеқайда ұғымға сиымды да өтімді. Ол хан Кенеге кектеніп емес, оның кеудесіндегі қыжылды сөзбен божытып жеткізіп түр. Шындығында да бая-шая болмағанда несі қалып еді оның? С. Сейфуллин: "Мысалы, Ырғыз, Торғай бойларына кірген, Ақмола, Баян, Қарқаралы жерлеріне кірген патша әскерлеріне қарсы шабуылдар жасаған. Сол жылдарда патша әскері бекініс қылып Ырғыз бен Торғай қалаларын салған (1845-ші жылында). Акмола, Ақтау, Қарқаралы, Баян қалалары да сол жылдарда салынған патша әскерінің бекініс қалалары (Ақтау қаласын кейін тастап кеткен). Жөке көтеріліс қылып жүрген қазақтар патша өскерлері салған сол бекініс, қорғанды, орлы қалаларының бірнешесіне шабуылдар жасаған. Мысалы, осы күнгі Қарағанды облысына қараған жерлерде сол заманда патша әскерлері салған әлгі Ақтау қаласын шапқан. Ақтау қаласының қазір орны жатыр, тас қорғаны, тастан салынған үйлері, қазған терең орлары әлі де бар. Патша заманында салынған Ақмола облысының қартасына сол Ақтау қаласының орны "бұрынғы әскер бекінісі" деп жазылатын еді. Орысша: "Быв. Актав. военное укрепление". Сонсоң Ақмола қаласына шабуыл жасаған. Бұл қаланың ішінде де соғысқан. Содан келіп қала бұрынғы орнынан көшіп 25 шақырымдай жерге барып қайтадан қала салып бекінген. Ақмоланың кәзіргі орны сол екінші орны. Бұл екінші орынға орнаған Ақмолаға тағы да шабуыл жасап, қаланың ішінде соғыс болған. Соғыста, қазақтардан Басықара деген шабымпаз батыр оққа ұшып өлген. Басықараның өлігін қазақтар қалада патша әскерінің қолында қалдырмай тартып алып шығып қаланың сыртында Көкбел деген жерге қойған. Мола соңғы жылдарға шейін де бар еді. Сүйтіп, жаңа Көкшетауға шабуыл жасаған. Көкшетауда патша әскер бастықтарымен байланысты бірнеше төрелердің ауылдарын шапқан. Жалпы осы шабуларда, патша үкіметінің қолтығына кірген талай ірі би-байлардың (федалдардың) ауылдарына тиіп, малдарын шауып алып жүрген. Мысалы, біздің Алтай, Тоқа деген елде Балта деген ірі би-байдың ауылына тиіп, бір жарым мыңдай жылқысын алып, жылқыда жүрген байдың Шойынбек деген 15-жасар баласын найзалап түсіріп, тұтқындап алып кетіп, бір жарым айдан соң қайтарған. Бұл туралы байдың баласы Шойынбек айтқан сөздерін, Шойынбектің баласы Тәжіктен мен өзім ауызша естідім. Бір аздан соң, бұлармен де тілектері үйлеспейтінін көрген соң, көтерілген қазақтардың көпшілігі бұл бастықтарды да тастап, ез бетімен әрекет қылып кеткен. Міне, Кенесары-Наурызбайды көрсеткенде, бізге осы тарихи шындықтармен байланыстырып көрсету керек еді. "Хан Кене" пьесесі мұны көрсете алмады. Ал, мұны көрсетпеген күйде, біздің совет театрының бүгінгі мақсатына Кенесары-Наурызбайлардың, тек ез бастарының өмір уақиғаларының керегі шамалы ғой деймін" ,— деген пікір білдірді. Әрине, Сәкен Сейфуллин Кенесары көтерілісінің ұлт-азаттық сипатын, олардың қадір-қасиетін, тарихтағы орынын білді. Өзі де қалам тартты. Бірақ мына пікір білдірген тұста, отыз екінші жылғы ашаршылыққа өкінген, іші өртенген, кешегі "қызын тұлпары" көтерем "қызын ат" болғанын күйіне жырлаған Сәкен мен Мұхтар екеуінің талант талқысына сына болып қағылған "Қаракөз" бен "Қилы заманның" тұсындағы пікір таласы көлеңкесін түсіргені анық еді. Әйтпесе, құдайға шүкір, басты тұлғасыз, басты тұлғаның басынан кешкен оқиғаларынсыз шығарманың жазылмайтынын түйсінетіндей жете мен көркем ой қабілетіне Сәкен толық ие болатын. Сондықтан да Сәкен: Кенесары-Наурызбайды тақырып етіп алу керек пе, жоқ па - деген сұрақ қоймайды, оны мәселе етіп тілге тиек те етпейді. Нағыз көркем шығармаға лайықты тақырын. Ал Мұхтардың талант танымы оны жазбай тапты. Ал тақырыпты таңдаудың өзін жазушының тарихи шығарма жазудағы қателігі деп түсінген кексе қаламгерлер де болды. Мұндай пікірді Кенесары-Наурызбайға өмірлік оппозиционер болған Ғабит те білдірді және архив деректері анықтап отырғанындай, "Хан Кене" төңірегіндегі алғашқы идеологиялық қырағылық танытқан да осы Ғ.Мүсірепов еді. Ол: "... Қазақ елінің патшамен күресін көрсетуде "Хан Кенеде" неміз бар? Қай дағдарыс? Мен ез қарабасым патшаға қарсы қозғалысты "Хан Кенеге" телудің қанша орынды екенін біле алмадым. Алдымен патшаға қарсы қозғалыстың арғы дәуірін жаңғыртып Кенесарыға табынуды мақұлдамаймын. Осы тақырыпқа жазылып қалған пьеса болып, сол сөз болып жүрсе, әңгіме басқа. Қолдан соны жаз деп тілек ету де, әмір ету де керек емес. Қазақ елінің патшаға қарсы қозғалысының ең бір мағыналысын алып, оны төңкеріс қозғалысына жалғағымыз келсе (бұл өте керекті) 16-шы жылды алуымыз керек. Өйткені патша отарына қарсы қозғалыстың жоғарырақ сатысы 16-шы жыл. Осыны алып, осы тақырыпқа пьеса жаздыруымыз керек. Өйткені 16-шы жылдың қозғалысы созылып келіп Октябрь төңкерісіне қол артты. Мұның төңкерістік мазмұны да күшті. Театрымызды атам заманына сүйремейді. Төңкеріс қозғалысының желісіне жалғанатын 16-шы жыл белгілі бір кезеңіміз. Кенесары Пугачев емес, бола алмайды да... Екінші, кез-келген пьесаға тарихты түгел тықпалай беру пьесаның заңы емес, құрғақ сөздің заңы. Пьесаның сапасын, мазмұндылығын көтеру, өрі мазмұнын бұлдыратып жіберетін жалпы сөз. Әсіресе бұл заң емес. Мына жазылып қалған "Хан Кенені" түзеуге жөн сілтемейді. "Хан Кенені" түзет дегенде түгелін түсініп, жазушының өзінің алған оқиғасындағы кемшіліктерін айтып беруіміз керек. Онсыз сын сын болғанмен түзетуге жәрдем бермейді",— деді.

Бұдан кейінгі талдауларына тек осы сыни нысананы желі етті.

Иә, Кенесары — Пугачев емес және өз мемлекетінің патшасына қарсы соғысып жүрген жоқ, өзінің елін жаулап алушыға қарсы ұлт-азаттық көтеріліс ұйымдастырын тұр ғой. Сонымен қатар ол белгілі бір тұрғыдан алғанда өз елінің ішіндегі отаршылдардың итаршыларымен күрескен азаматтық соғыстың да көсемі. Тақырыпты, ондағы қамтылатын оқиғалардың уақыт мерзімін таңдауда, өмірлік шындықтарды іріктеу, жинақтау жазушының жеке шаруасы. Бұл төңірегіндегі пікірталасқа І. Жансүгіров: "Орымбектің де, Мұхтардың да пікірлері — әр уақытта пьесенің ескі құрылысын сол күйінде қалдыруға, тек жамау-жасқау ғана қосуға бекіп алғандығы мәлім еді. Бірақ олар жақсы ойын көрсетпек болған. Пьесені қойып алып, арттан жауып қойып қайта қараған ойын күні Орымбек шымылдық алдында: "Пьесенің тарихқа келетін жайын жазушы да, театр да ойлаған жоқ, оны бізден талап ету дұрыс болмайды" деген. Пьесе туралы соңғы бір мәжілісте Мұхтар:"Сынайтын кісі пьесенің осы жазылған күйінде қалай түзетуді көрсетсін. Ал, пьесенің бойында жоқ тарихты, тарихи қозғалысты сөз қылғандар сынаған болмайды" - деген. Міне, бұл Орымбектің де, Мұхтардың да түпкі пікірі осы еді. Бұл пікір жай қата ғана пікір емес, сарыны жат пікірге тартатын қатты қата пікір еді. Неге? — деуге: білерлік адамның бәріне белгілі көркем шығарма — өмірді танудың құралы, тарихтың тап тартысының қаруы, айнасы, образы, қорытындысы, мекенсіз, замансыз, тарихсыз шығарманың құны жоқ. Ал, Кене ханның заманы патша орталығына қарсы, онымен бірге хандыққа қарсы көпшіліктің қозғалысы қаулаған заман. Бұл сол замандағы Энгельс айтқан үлгілі жағдайы (типическое обстоятельство) еді. Орыс патшалығы барлық әдіспен қырдағы хандықты құлатып, сұлтандық саясат жүргізді. Төрелердің өз арасына от түсіп үстемдікке, билікке таласты. Разысы патшадан шен алды, наразысы орысқа қарсы болып, көпшіліктің көңілін тауып, қозғалысын пайдаланбақ болды. Сондағы арманы - қара бұқараның үстінен хандық құру еді. Міне, тарихтағы Кене хан осының анық үлгісі болатын. Энгельс айтқан "үлгілі образ" (типический образ) - осы Хан Кене. Сол тарихи "үлгілі жағдайдағы үлгілі образды" тарихтан тудырып көркем көрсету - социалдық реализм қолданатын кеңес жазушыларының әдісі. Біз "Кене ханнан" бүгін осыны талап ететін едік. Тарихтан тудырып, шындыққа бөлеп, дұрыс көрсетпесе Хан Кененің керегі шамалы. Тарихтан жалаңаш, қозғалыстан аулақ Хан Кене бізді онша қызықтырмайды. Сондықтан "Хан Кенеден" тарих дәметуге болмайды дейтін Орымбек пен Мұхтардікі дұрысқа жатпайды. Ол үлкен уақиғаны ойынға санағандық. Тарихқа түкіргендік. Егер бір сөздерінде Санжар менен Ғабит екеуі де: "Хан Кенені" патша орталығына қарсы қозғалысқа сондай-ақ ханның құлауын көрсетуге болады" - дегендерін жақтайтын болса, бұл жолдастар да адасады. Онда Мұхтар мен Орымбектің негізгі пікіріне қол қойған болады",— деген пікір білдіріп, Кенесарыны тарихи кейіпкер етіп алуға социалистік реализмнің мүмкіндік жасайтынын айтты. Демек, тарихи тұлғаның сахнаға шығуы заңды. Ендігі мәселе — оның жеке басындағы қайшылықтар да еді. Ал ондай қайшылықтар Кенесарының бір басында да, жауынгерлерінде де жеткілікті болатын. Көшпелі өмір мен жаугершілік өмір қалыптастырған дала заңдары мен дәстүрлерінен келіп туындайтын қақтығыстар мен тіршілік тартысының өзі де кейде түйіліп, кейде шешіліп, кейде ушығып кетіп жататын. Қозғалыс — олардың өмір сүру тәсілі еді. Барымта, талау деген ұғымдардың өзі де көркем шығармада кек, олжа деп жайдақталып, не түйдектеліп баяндалатын себепті желілер ғана. Өйткені, жорық жағдайында өмір сүрген жауынгерлер "қызыл қарын бала-шағаны" асырай жүріп, тіршілік тауқыметін де басынан кешті. Махаббат ғадауатына да жолықты. Бұқарбай батырдың: "Бұл кезде біз, Кенесары батырлары күні-түні ат үстінде жүріп, Қоқанмен күресіп, Созақ, Түркістан, Ақмешіт қамалдарын қоршауға алған болатынбыз. Сырдарияның оң жақ бөлігінде, Шу өзені бойындағы қыпшақ ауылдарында жүрген кезімізде, қыпшақ байының Құраш деген сұлу қызына көзіміз түсті. Мен, Ағыбай және Наурызбай үшеуміз де қызға ғашық болып қалдық. Қыздың әкесіне: "Қызыңды кімге бересің?" — дегенімізде, ол: "Қалың малсыз ешкімге де бермеймін және де сендер бүгін мұнда, ертең анда жүретін қаңғыбассыңдар" — деді. Сонда біз ашуланып: "Оны күшпен тартып алып, малын шауып алайық" — деп Кенесарыдан рұқсат сұрадық. Кенесары бізге қарап: "Сендерге қыз керек пе, халық керек пе? Алыстағы дұшпанды жеңбей тұрып, біздің қол астымыздағы халықтың бірлігін бұзуды ойладыңдар ма? Егер сендерге қалындық керек болса, барыңдар да Созақтан алыңдар, сөйтіп өзбектің қыздарына үйленіңдер, ал өзіміздің адамдарды тонауға рұқсат бермеймін" деді",— деген естелігінен қанды да шанды жорықтың ішкі қозғалысында да өмірлік тартыстардың өтіп жатқанын аңғартады. Мұның барлығы көркем шығармаға қажетті көркем шиыртпалар болатын. Ал Кенесарының хан Кенеге айналуы заңды әдеби таңдау болатын. Енді көркем әдебиеттің тарихи шығармаға қойылатын басты талаптарының бірі бойынша оның образын сомдау үшін Кенесарының портретін барынша дәл түсіруі тиіс, яғни, он екі мүшесінің аман-саулығы, кемдігінің бар-жоқтығы, сақал-мұрт қойған-қоймағандығы, көз жанарының аясының амандығы нақғылануы қажет. Мұндай мүмкіндік те Мұхтарда болды. Б.Салтабаевтің суреттеуінше: "Кене-хан ашаң, орта бойлы, жуан мойынды еді. Оның жүзі қара торы, тартымды, көздері жалтылдаған бүркіттікіндей қызын және танауы делдиіңкіреген еді. Кішірек мұрты және қалың, сына тәріздес, сарықоңыр сақалы бар. Ол аз сөйлейтін және өзін қаталдау, еркін, үлкен бір бекзаттықпен ұстайды. Ол басына құндыз терісімен көмкерілген кішігірім тері тымақ киеді. Киімдерінің үстінен түйе жүннен тоқылған сүр шекпен жамылып, оның ішінен кәмшат терісінен тігілген тон киеді. Жейдесі мен шалбары ақ матадан қолдан тоқылған екен" . Түр-тұлғасына сай өжет те батыл, шешімді, зерек, әскери қабілеті жоғары, ұйымдастыра білетін қабілетке де ие. Көз-көргендер мен әскери барлаушылардың мәліметіне сүйенген Н.Н.Середа: "Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеуші бола білді. Оның жасағының рухының жоғарылығына Еуропалық әскердің қайсысының болсын қолбасшысы қызғана қарайтындай еді. Шабуыл кезінде сондай жылдам, бейне бір жолындағының бәрін күйрететін дала дауылы сияқты, Кенесары алдында қандай кедергі болса да тоқтамайтын. Қайта қандай да бір кедергі болмасын оның еркін әрлендіре түсіп, өзінің ойлаған мақсатына жету жолында кездескен барлық тосқауылдар, оның топан суындай қуатының алдында күйремейінше, оны екпіндетіп, өз ісінде өжеттендіре түсетін. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерін біздің көшпелілер жоғары санайтын және оның серіктерінің жүректері өз қолбасшыларына шексіз, жанқиярлық сенмімен соғатын",— деп баға беруіне қарағанда қазақ елінің оны өзіне хан сайлауы да заңды тілек еді. Сол тілектің куәсі болған "жағалбайлы — Көлібай Бұканов: "Кенесары мені аса ілтипатпен қабылдады, оның 40 үйден құралған ауылы бар. Бірақ оған жан-жақтан қазақтар ағылып келіп жатты, оның ішінде жаппастар, шөмекейлер, төртқаралар, шектілер бар. Қазақтар сұлтан Кенесарыны барлық рулардың ханы етіп сайлау туралы кеңес өткізді. Ордаға жиналғандардың сөзіне қарағанда, олар өзара ымыраға келіп, Кенесарыны хан сайлауға келісіп отыр екен" - деп жансыз хабар берген. Кенесарының іс-әрекетін бақылап отырған өкімет орындары өздерінің жансыздары мен билеуші сұлтандары арқылы көтерілісшілердің арасына ірікті салып, рулық араздықты қоздырып, олардың бір мемлекетке бірігуіне мүмкіндік бермеуге тырысып-ақ бақты. Соған қарамастан "қыркүйекте Кенесары хан атағын алып, Сібір мекемесіндегі қазақ болыстарына өз атынан жарлық, жібере" бастаған. Шынында да, 1841 жылдың қыркүйек айында қазақ руларының өкілдері ата дәстүр салтымен Кенесарыны ақ киізге көтеріп, хан сайлады.Бұл заңды оқиға болды",— деп жазды тарихшы Е.Бекмаханов. Хандыққа көтеру — жай ғана тарихи шындық емес, ол көркем шындық та. Ол — капиталистік қоғам мен көшпелі қоғамның, ел мен жердің, отарлау мен азаттықтың, икон мен иманның, шаһиттер мен жаһилдердің, ерлер мен ездердің, жар мен күңнің, ұл мен қыздың, коп пен дүрмектің, ар мен сатқындықтың коллизиясы. Жазушыға бұдан артық тақырып болмайды. Көркем шындық пен көркем ойдың шексіз мүмкіндігіне жол ашады. Ұлттық көркем идея деген де осы. Ендеше неге тасырқап, тосырқап, тосылып қалуы тиіс. Бұл шын жазушы қалыс қалатын тақырын емес. Ендеше: "Барша ресейлік ұлық падиша ағзам император хазратларына! Бұрын бүкіл қазақ халқын билеген Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлынан ғарызнама. Сіздің ағзам хазиратларыңызға мағлұм қыламыз: чунки сіздің аталарыңыз бен біздің бабамыз хан Абылай тұсында біздің халық ортасында ешбір тынышсыздық, қайғы болған жоқ еді. Халқымыз әрқашан тыныштықта, бейбітшілікте күнелткен еді. Біздің екі патшалық, арасында үздіксіз сауда-саттық болып тұрған еді. Ешкімге ешкім жәбірлік те еткен жоқ еді. Біздің халық ешбір алым-салық төлеген жоқ еді. Енді соңғы уақыттарда ахуал басқаға айналды: чунки біздің халқымызға алым-салық төлетіп, оларды әр түрлі жәбірлікпен қыспаққа сала бастады. Сіздің қоластыңыздағы төменгі хакімдер бұрынғы татулықты бұзып, барлық қазақ халқы Ресейге бағынады деп жалған сөздер таратып жүр. Олар бұрынғы біздің бабамыз Абылайға тиісті жерлерге сегіз дуан салдыртты. Бұл, әрине, біздің халқымыз үшін зор қасірет болмақ, әсіресе алым-салық салу халықтың жанына қатты батады. Бұрын біздің қазақ халқы мұндай істі көрген жоқ еді. Ол әрқашан кеңшілікте, рахат-тыныштықта болушы еді. Ұлық ағзам падиша хазратлары, біздің сізден өтінішіміз: біздің халқымызды бұрынғы қалпынша қалдырып, біздің жерімізге салынған сегіз дуанды һәм басқа қалаларды жоюыңызды сұраймыз. Ұшбуны инандырмақ үшін мен, Кенесары Қасымұлы, мөрімді бастым",— деп Кенесары тәуекелге барған. Иә, тәуекел — істің басы. Бар мәселе Мұхтар үшін осы тәуекелден және "Хан Кенедегі": "Келе жатқандардың алдынан Абылайдың сарыала туын алып батырлар өтеді [...]". "Ханды құр айғаймен сайламайды. Бұрынғы, соңының жөрелгісімен ақ киізге отырғызып, осы жұртты жеті айналдырып шығу керек... Әпкел киізді! Ұмытқан ба, бұл қазақ баласы... баяғы ханның жолын! Қайда киіз? (Кеп айғай, тағы да батырлар, жақсылар, айғай. "Әпкел киіз, киіз... хан көтереміз. Жолы... жолы болсын..." Киіз әкеліп, көп жақсылар Кенені ақ киізге отырғызып алып, көтеріп алады. Сол арада қолында қобызы бар соны сілтеп, екіленіп сөйлеп Нысанбай ақын шығады)",— деген мемлекеттік рәмізден басталды. Көркем шығарма үшін осыдан тебіреністі оқиға өтпейді. Хан Кене де өзіне жүктелген жауапкершілікті түсінеді, түсініп тұрып: "Киіз туырлықты қазақтың баласы! Сона бір қысылған шағыңда ер деп етегіңе ұстағаның менің атам Абылай еді. Ол сеніміңді ақтағандай, сен үшін жанын салып өтіп еді. Бірақ атаға берген дәуренді берер ме, жоқ па? Енді халық дәме қылып мені сайласа, кеудемде шыбын жаным тұрғанда ақ тілеуіңді ақтармын-ақ. Жетпей жығылсам көзің көрер. Жолыңа міне, басым, міне, жаным... Керегіңе жарата бер. Содан басқа айтарым жоқ. Менің риза-қошым осы",— дейді жанын қасым етіп. Сөйтіп, қазақтың хандығының қайта құрылуы — "Хан Кене" пьесасында бейнеленетін тарихи оқиғаның басы ретіңде алынды. Ендігі суреттелетін уақыт пен көркем желіге жазушының өзі, яғни, Мұхтар Әуезов жауап береді. Осы оқиғаға дейінгі оқиғаларды қаламгер қандай көзқарас арқылы тәпсірлеймін десе де өз еркі. Ал хан Кененің көзқадауы шығысқа қадалған, беті Алатауға бұрылған. Таққа отырысымен Құдаймендеге: "Сенің Қытайға айтатын сөзің: орыс патшасы өз жерінің шегін Қытайдың қақ іргесіне әкеп тірегелі қол созып келеді. Бір жер емес, басы анау Алтайдың арғы сілемінен Қашқарға шейін жеткізбекші. Арадағы: қазақ, қырғыз, ойрат, қалмақ, Қоқан, Хиуа, Бұхара, әрі-беріден соң Қашқарына шейін де обырдай обып алғалы сұғын қадап тұр. Осы елдерге керуен үстіне керуен, елші үстіне елші, әскер үстіне әскер тігіп бастырмалатын келеді. Енді көп болса бес-он жыл, әйтпесе одан да тез қытай шегіне орыстың әскері тұратын қалалар салынбақ. Біз осы шепке қарсыласқалы шыққан елміз. Тілегіміз: қытаймен тату көрші болып отырып орыстың бері қарай жылжуына жол бермейміз дейміз. Өз жеріміздің шегін қорғаймыз. Қытайға арқа тіреп жаңағы елдің барлығын тұтастырып орыс қаласына бөгет саламыз. Біріккен елдік жасаймыз. Содан кейін тіпті орыс өктеп бара жатса біздің таңдайтынымыз — Қытай патшалығы. Әйтеуір біз бағынатын болсақ қытайға бағынамыз. Орысты біз темір ноқта деп білеміз. Осыған — арысы көмек, берісі достық, тілек қосуын тілейміз. Жау бетіне салатын дос боламыз. Бізге бермеген көмегін кімге береді? Соны айт!",— деп аманат айтып, елші аттандырады. Осыдан кейінгі хан Кененің әр шешімі, әр қимылы көркемдік себеп тұрғысынан салдарын тауып жатуы тиіс. Оған тек Мұхтар Әуезов қана жауап береді. Жазушының шығарма талқыға түскенде: "Сынайтып кісі пьесенің осы жазылған күйінде қалай түзетуді көрсетсін. Ал, пьесенің бойында жоқ тарихты, тарихи қозғалысты сөз қылғандар сынаған болмайды" - деп өтінуі де сондықтан.

ІІ ТАРАУ: АШ БӨРІЛЕР ЖОРТҚАН ЖҰРТ

Ендігі мәселе — шығарманың жазылу тарихына қатысты. Кенесары көтерілісі туралы бұрынды-соңды жазылған шығармалар бар ма еді, жазушының өзі тақырыпты зерттеуге қалай келді, қандай идеяны басты нысана етті, қалай, қайда жазылды, қандай көркем ұстанымдарды ұстанды, алғашқы пікірлер қандай? Мұның барлығы да автор мен шығарманың арасындағы байланысты ашатын көркем психологияның дербес қаралатын мәселесі. Басты мақсат — "Хан Кене" төңірегіндегі жарты ғасырдан астам жүргізілген саяси-идеологиялық жазалау, жазғыру, қысым көрсету, тұлғаны тұқыртудың түрлі қысымдық жолдарын құжаттар мен деректер арқылы көрсету болғандықтан да біз қажет жерінде сол мақалалар мен зерттеулердегі, жиналыстардағы сөздерді, жазылған арыздардағы пікірлерді тілге тиек ете отырып ойымызды дамытуға тырыстық. Өйткені, қаншама жала мен жазғыруға құрылса да олардың жазғандарының астарында шындық бар болатын. Дәлелсіз сөйлесе олардың өздері де жауапқа тартылатын. Мәселен, Кенесары тақырыбы әдебиетте қалай бейнеленгені сол кездегі жазушылар одағының жауапты хатшысы Қайнекей Жармағамбетовтің 1951 жылы 20 сәуір күнгі жасаған "Кенесары — халықтың қас жауы" атты баяндамасында толық қамтылды. Біз соны сөз ретіне қарай ықшамдап келтірумен шектеліп отыруды жөн көрдік. "Баяндамашы: Кенесары Қасымовтың реакцияшыл қозғалысына қазақ халқының жаулары — алашордашылар мен XІX ғасырда, қазақ әдебиетіндегі кертартпа романтизм өкілдерінің қалай баға бергеніне толығырақ тоқталды. Кенесарының сарай ақыны Досқожа өзінің "Кенесары қоныстан ауғанда" (Көкшетаудан көшуі) дейтін поэмасында Кенесары Россия мен орыс халқына қарсы күресіп еді деген пікірді ашық баяндайды. Қонысты орыс алған соң, Кенекем ауған жерінен, Қарашы болған елінен, - деген жолдары осы пікірді дәлелдейді. Бүкіл поэманың өн бойында Досқожа Кенесарыны дәріптеп, ұлтшылдық сарында ортағасырлық хан үстемдігін көксейді. Кенесарының қолшоқпары болған екінші бір ақын Нысанбай "Кенесары-Наурызбай" поэмасында Кенесары қарақшыларының туысқан қырғыз халқына жасаған қанды жорығын әділетті соғыс еді деп мадақтайды. Ал Кенесарыны қазақ халқының батыры және "көсемі" ретінде мақтайды. Кенекемнің барында, Аш бөрідей жарадық, Шекемізден қарадық, Кенекем мерт боп кеткен соң, Шіл боғындай тарадық. - деген сөздері, Кенесарыны дәріптеудің хандықты көксеумен ұштасып жатқандығын аңғартады. Көкбай ақын "Кенесары-Наурызбай" дейтін поэмасында Нысанбайдың ізін қуалап, сол сарында Кенесарыны дәріптеп, туысқан қырғыз бен қазақ халқының арасына өшпенділік отының ұшқынын тастады. Алашорданың контрреволюцияшыл ақындары Кенесары арманын, хандықты көксеуді қайта тірілтпек болып жанталасты. Кенесары жөніндегі алашордашылар пікірінің ықпалына еріп ақын Иса Байзақов 1925 жылы "Қойшының ертегісі" атты поэмасында Кенесары қарақшыларының атамандарының бірі Ағыбайды дәріптеді". Кенесары-Наурызбай туралы бұдан да өзге аңыздар мен дастандар да бар болатын. Біздің мақсатымыз үшін осы үзік те жеткілікті. Міндет — тақырыпты толық шолу емес, сол тақырып туралы кеңес идеологиясының ұстанған бағытын көрсету. Шығарманы жазу туралы алғашқы ой қашан келді? Бұл нақты жауапты қажет ететін, бірақта кесімді жауабы жоқ сауал. "Алқа" әдеби үйірмесін құруды мақсат еткен тұста саясаттан тыс "еркін жазушылар" өзінің алдына: 1. Көркем әдебиеттің идеясы ұлттық. 2. Қамтитын мазмұны саясаттан тыс, адам тағдыры. 3. Басты талап — көркемдік деңгей болуы тиіс. Партиялық принцип, таптық талап, социалистік мазмұн — көркемөнерге жат. Өйткені — бай да, кедей де ұлттық мүддені ойлауы мүмкін. Тағдыр тапқа бөлмейді — деген мақсат қойды. Сол аңсармен "Қаралы сұлу", "Кінәмшіл бойжеткен", "Замана еркесі", "Көксерек", "Қилы заман", "Қараш-Қараш оқиғасы" атты шығармаларын жазды. "Алқа" әдеби үйірмесін алдыға тарта отырып тергеуші Поповтың Мұхтар Әуезовке қойған сұрақтарына алған жауабы мынадай: "Ал "Алқа" үйірмесіне байланысты айтарым мынау: 1925 жылдың басында "Табалдырық" әдеби тобының декларациясы қосып салынған Жұмабаевтың хаты маған почта арқылы келді. Ол партияда бар жөне партияда жоқ 6-7 адамнан тұратын топ жария түрде "Алқа" әдеби үйірмесін құрғандығын, бұл туралы менің пікір білдіруімді, егерт де бұл үйірмені қостайтын болсам, онда соның құрамына кіруімді өтініп, тілек білдіріпті. Мен ол кезде Семейде болатынмын. Мен "Табалдырықтың" декларациясын губерниялық комитеттің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Тоқжігітов жолдасқа көрсеттім, бірақта ол мұны бір айдай ұстады да, қайтарып берді, алайда нақты ештеңені ашып айтқан жоқ. Бұл декларацияның мазмұнынан ұққаным: үйірме ашық жұмыс істеу керек екен және баспасөзге араласуы керек көрінеді, өйткені өзінің бағыт-бағдарынан байқалып тұрғанындай, М.Жұмабаевтың бұрынғы көзқарастарына қарағанда мүлдем басқаша, мазмұны жағынан солшылдыққа жақын, бүгінгі күнге бейімделе жасалған еді. Жұмабаев бұл бағдарлама (платформа) туралы маған баспасөз бетінде пікір білдіруімді өтініпті, бірақта мен олай істемедім жөне оған жауап хат жаздым, мазмұны толық есімде жоқ, бірақта әдеби мектептің өмір сүруі аса қажетті, көкейкесті мәселе, "Алқаның" талап-тілектерін қостаймын, кейбір діттеген ұсақ мәселелер жазушылардың кеңесінде талқылануы тиіс — екендігін ескерттім. Жұмабаев екеуміз бұдан кейін де хат жазысып тұрдық, мен оған шақыру, қалайда кеңесу керек екендігі туралы жаздым, алайда "Алқа" жөніндегі мәселе бірте—бірте өшіп тынды. Қандай да бір астыртын ұйым туралы ештеңе естігенім де жоқ, білмеймін де. Күдеринмен арадағы қарым-қатынасым туралы Ташкентте берген жауабымда айтқан болатынмын". Қат-қабат хатталған көп томдық тергеу ісінің ішіндегі жауаптардың арасынан "Алқа" әдеби үйірмесі жөніндегі барынша толық тоқталған жауаптың бірі осы. Мұнда Мұхтар Әуезов өзінің көзқарасын ашық білдіреді. "Алқаны" ешқандай күдіксіз-ақ ақтап шығады. Кейінгі тергеулердегі пікірлерінде оған барынша елеусіз етіп жауап берген. "Алқаның" бағдарламасында айтылған мақсатқа жету барысында өзегі ортақ досы Жүсіпбек Аймауытов екеуі өзара ақылдасып, Абылайды — Жүсіпбек, Кенесарыны — Әуезов жазуға ниет етеді. Бұл ретте Жүсіпбек біраз ізденістерге барып, архив деректерін ақтарған. Аймауытовтың бұл орайдағы талпыныстары 1924-1926 жылдары тергеу астында жүруіне және 1928 жыны қайтадан тұтқындалып, 1932 жылы атылып кетуіне байланысты үзіліп қалды. Истай-Махамбет көтерілісі туралы кинохикаят жазу үшін деректер жинастырын, тарихшы Рязановпен бірігіп мемлекеттік кино студиясымен шартқа отырғаны жөнінде өзі жазып кеткен деректер бар. Сондай-ақ тарихи тұлғаларды көркем оймен саралап, олардың тағдырын қалың қауымға жеткізуге барша алаш зиялылары ат салысуға бекінген, сол орайда бір-біріне көмек қолын берген. Кім қай қалада тұрса сол қаланың архивтеріндегі құжаттар мен деректерді қарастырып, алған мағлұматтарын ынталы адамға хабарлап отырған. Мысалы Қаныш Сәтбаев "Едіге" жырының қолжазбасын баспаға ұсынды. Сонымен қатар Абылай, Кенесары хақындағы деректерге назар салып, ол мәліметтерді Жүсіпбек пен Мұхтарға хабарлап отырған. Қаныш Сәтбаев 1925 жылы Кенесары туралы Омбы, Орынбор, Том қалаларындағы архив құжаттары жөнінде мәлімет бере келіп: "Кенесарының хаты барған соң орыс үкіметі қайратына мініп,1846-жылдың басында Омбы мен Орынбордан тағы да күшті отряд шығарады. Оларға берген бұйрық: "Не Кенені ұстау, басын әкелу, не (көтерілісшілердің) біреуі қалғанша Арқада өлуі тиіс!" - деген түрінде болған. Бұл отряд шыққан соң Кенесары соғыс ашпай, 1846-жылы орыстың шегінен шығып, "Қоқикөл" шегіндегі қытай қазақтарының ішіне барады",—деп хабарлаған. "Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығының қолжазба бөліміндегі алты беттік хаттың соңғы беті ғана сақталған. Табанды да сенімді әуезовтанушы Талатбек Әкімовтің ғылыми айналымға түсіруімен көпшіліктің назарына ұсынылған бұл хат Мұхтар Әуезовтің Кенесары тақырыбына қалам тартуды ертеден ойластырғанын аңғартады. Тақырыпты түбірлеп, еркін игермегенімен де Мағжан мен Мұхтар дегеніне жетіп үлгерді. "Батыр Баян", "Қойлыбайдың қобызы" дастандары мен "Хан Кене", "Қилы заман" шығармалары соның алғашқы нәтижелері болып табылады. М.Әуезов дүние салған соң Қаныш Сәтбаев бұл міндетті Әлкей Марғұланға жүктеген. Әлекен архив құжаттарын жинастыра бастағанын, бірақ аяқсыз қалғанын бізге өкінішпен айтып, тіпті мұрағат құжаттарын айтып, өсиет еткендей де болып еді. Демек М.Әуезов бұл тақырыпқа саналы түрде барған. Ол бұл туралы 1934 жылы "Казахстанская правда" газетінде: "Пьесаны жазардан бұрын көп материал жинадым, Кене хан қозғалысының тарихын білемін деп сеніммен айта аламын. Орынбордың, Омбыдағы Сібір ведомствосының метариалдарын зерттедім, казактар мен қырғыздар арасынан материалдар жинадым. Эр тарихи дерекке әркімнің өзінше қарауға құқы бар, бірақ өз концепциясы болмаса, ешбір автор тарихи тақырыпқа қалам тарта алмайды",— деп мағлұмат бергеніне қарағанда 1927 жылғы Жетісу сапарынан бұрын да Кенесары көтерілісі туралы деректерді қарастырғаны байқалады. Сол жинастырған архив құжаттары қандай тарихи оқиғаларды қамтыды, М.Әуезовтің қолындағы деректер қай жылдарды қамтиды? Мұны нақтылап айту қазір қиын. Алайда Ә.Марғұлан тиянақтап жиыстырып, машинкаға бастырып, архивтің арнайы бөлімінде сақтаған деректерін М.Әуезов те білді — деп жорамалдауға болады. Соның ішінде Кенесарының Арқадан Жетісуға ауа қотарылуының себебін білдіретін, түпнұсқадан марқұм Бейсенбай Байғалиев екеуіміз қазіргі қаріпке түсірген бірнеше хаттарды назарға ұсынамыз. Бұл — Кенесарының жеке көзқарасы мен жеке өмірлік деректер қамтылған, хан Кененің Ресейдің әр түрлі "хазіретлеріне" — чиновниктеріне 1841-1844 жылдары арасында жазған хаттары. Әр хаттың астарында үлкен тарихи астар мен тағдыр талқысы жатыр. Оның барлығына түсіндірме жасау бұл еңбектің міндетіне жатпайды. Тек қысқа тұжырымдап айғарамыз осы кезеңде Орынбор шекаралық комиссиясы Кенесарымен мәмілеге келуге тырысып, әр түрлі сипаттағы келісім жасауға ұмтылған. Алайда олардың келісіміне Омбыдағы генерал-губернатор үнемі қарсы шытып, уағдаластықты бұзып отырған. Кенесарының ауылын шауын, аға-бауырларымен, балаларымен қоса Күнімжан атты әйелін тұтқынға алған. Көптеген екі жақты бопсаның нәтижесінде Кенесары тұтқынға түскен орыс әскерлеріне Күнімжанды айырбастап алған. Сондай-ақ Ғүбайдолла Уәлиұлын да қорғайды. Себебі, осы Ғүбайдолла қазақты жеке мемлекет етемін деп хандық құруға ұмтылған Абылайдың өжет немересінің бірі болатын. Хаттар көне шағатай және татар тілінің емлесімен жазылған. Кенесарының әр сөзі бізге қымбат. Сондықтан да бүгінгі грамматика заңы тұрғысынан стилистикалық өндеулер жасаудан бас тарттық.

"Орынбор әскери-губернаторы генерал-адьютант Перовский хазіретлеріне Біздің, Кенесары Қасымоғлынан ғарызнаме 1841-жылында Қаратай сұлтаннан ғарыз қылып уә мұнша Сібір линиясы тұсында өр төренің қылған істерін мағлұм қылдық. 1838 жылда Сібір линиясының төрелері білен қажет болып (қатар) қондық. Сүйіндік баласын айдап шығарып едім, одан соң атығай, қарауылды шығарып едім. Сол елбілен Ғүбайдолла хан Уәлиоғлыны ұстап алып келіп едік. Одан тілек қылып үйге қайтарып жібердік. Оны Көкшетау диуаны мекемесінің бастықтары өсек қылып, яғни, жала қылып, Кенесары сұлтан білен ақыл қосты деп ссылкаға, яғни, каторожнойға жіберген екен. Ғүбайдолла хан Уәлиоғлы маған, бізге ақыл қосқан жоқ. Біздің ұстап(уымызбен), зорлығымызбен келді. Одан соңғы айдаған елімізні Қоқанд деген сарт зорлық қылып, тартып алды. Одан бұрын ағамыз Саржан сұлтанны, Есенгелді сұлтанны уә Әлжан сұлтанны ұстап өлтірді. Одан соң атамны — Қасым сұлтанны өлтірді. Алмал алымды 1841-жылда Қоқаңца үстіне ләшкер тартып барып, елімізні шығарып, падишаһ хазіретлеріне қызмет қылып жібердік. Со елімізден алты мың алты жүз алпыс алты үй қалды. Со л жүртымызды шығарып падишаһ қызметіне жіберуге ниет қылып тұрмыз. Сіз мархабатлы ғинаят, шапағатлы губернатор хазіретлеріне император шаһиншаһ хазіретлерінен ғарыз қылың, бізге отыз бес жыл мәулет берсін. Одан соң ғарызымыз сол: Сібір линиясы тұсынан ғаскер шығармасын. Ұлытау, Кішітау тұсынан. һам Ұлытауға ғаскер шығарса қатын, бала-шағамыз шошып, падишаһ хазіретке қызмет қыла алмаспыз. Одан соңғы ғарызымыз сол: біз естиміз төрт кісі елші барды деп, бізді шағып, яғни жала қылып, керуенді талады деп һам жұртты шапты деп. Егер біз керуен талаған болсақ, мойнымызға салсын. Біз бұл керуеннен алғанымыз жоқ дүр. Біз ел шығарған соң қайттық. Басқа ешбір зарар қылғамыз жоқ және жүзіміз сол. Бізнің қыстауымыз - Ұлытау, жайылуымыз - Кішітау, Торғай, Жайық дүр. Падишаһ қызметінен бізнің көңілімізнің басқалығы жоқ дүр. Сізнің комиссия мекемесінен келген хабар уә хатны Ержан төре Турсыноғлы келіп мағлұм қылып, падишайның манифесін айтып келді. Біз әлбетте көңілімізблен қабыл қылып қызмет қылдық.

1841-жылда, феуралдың 22-наумінде Иланбақ үшін мөрімні бастым" . Бұл хат Кенесары мен Ресей үкіметінің арасындағы қарым-қатынастың ең шиеленіскен тұсында жазылған. Мұнда ашық көтеріліске шығудың себептері мен шарттары айтылған. Бұл шарттар орындалмаған соң сол жылы қыркүйек айында хан сайланып, ашық майданға шықты.

"Хұдие мекемесінің садырыншын генерал-майоры Гене хазіретіне
Біздің Кенесары сұлтан Қасымоғлындан иғламнаме дүр

Ол ұлығ падишаһ хазіретләрінің ғинаят уә мархамат уә фарман канонлары бойынша Орынбор қаласынан ініміз Кінжан (Кенже -?) Көнекоғлы уә Нүгхан сұлтан Сөмекеоғлы әр кайсысы бәдәулөт падишаһның дидарлық мейірбанлығын көріп, есен-сағ қауыштылар. Одан соңыра сұлтан Ғабдолла Абылайоғлы артынан жіберген ғарыз- хатны Сібір төрелері жібермеді деп естіп тұрмыз. Одан соң Еркін сұлтан артынан жіберген тілектерімізге жауап болмады. Және Қарабай сұлтан ұзақ тұрды келмей, әлбетте, жылдам қайтарғайсыз. Біз һам үміт тұтамыз бек лайықты жауап бермеклігіңізні. Инанмақ үшін Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрімні бастым. Июннің 25-наумінде. 1842-ншіде" . Бұл иғламнаме Орынбор генерал-губернаторымен жүз жылытысып, мәмілеге ұмтылған тұстарында жазынған.

"Кенесары сұлтанның билерге хаты Сізге — Байтөре биге уә Бәшек биге уә Қызыл биге уә Аушұнды биге уә Сүлеймен биге уә Қаракүшік биге уә жамиғи назарның кісілерге уә биләргө уә мырзаларға сөз! Сол құдайның тағдыры болып, бізнің біраз мұнша кісімізнің қаны сізнің мойныңызда болып еді. Ол қылған ісіңізге тәубе қылып; бізні хан біліп, өзіңіз қараша болып бізнің бірлән ерісер деген ниетіміз бар еді. Сіз құдайдан қорқып, әруақты сыйламадыңыз. Сізнің қылапатыңыз... тілеуді ұрды. Егер бұрынғы істеріңізден тәубе қылып қайтсаңыз, жақсыларыңыз бізнің алдымызға келіңіз. Бізнің мейірбанлылығымыз сізләрге кеп дүр, Егер келмесеңіз: біз отыз жасқа келіппіз, сізні құдайдан тілеп енді отыз жыл жаулармын, еншалла хаһ!

Сізләрге Баубек құлымызны жібердік. Әрбір ауыз тіліне бауыр қылың" . Бұл Кенесары хан болып сайланған соң қазақ билеріне жолдаған пәрмндеріне қарсы шығып, жаулық істеп, Ресей мен екі ортадағы келісімге кедергі жасаған, сатқындық жасаған билерге жолдауы. "1844-жылы рамазан айының 8 күні султан Кенесары Қасымоғлының Арыслан сұлтанға жазған хаты Cізге, гизатлұ әм хүрметлұ правитель Арыслан сұлтан құдамызға бізден - Кенесары сұлтан Қасымоғлындан дұғай сәлем... Әгәр бізні сұрасаңыз сахат-сәламат дәулет үстінде бармыз және сізге сөзіміз: кәпірге бас қосып, һұжымдық қылып, мұсылманға дұшпанлық қылдыңыз. Тыңла! Алла тағала хазіретіне не жауап берерсіз? Бізге мұнша дұшпанлық қылсаңыз да, біз сізні һар заман көңілімізден салмаймыз. Және тағдыр құдай болып арамыздан бір сыпайгершілік өтті. Оны көңіліңізге алмағайсыз. Және сөзіміз: жаңа түскен генералға хат жазып, елші жібердік. Бізні көңіліңізге алсаңыз, бұ елшілерні жақсы қылып өткізгейсіз. Сізге молла Баймұхамедні жібердік. Оның һарбір ауыз сөзіне бауыр қылың.

Бү сөзнің растылығына Кенесары
Сұлтан Қасымоғлы мөрімні бастым" .

Арыстан сұлтан — Орынбордағы патша өкіметінің сеніміне кірген, Кенесары көтерілісіне қарсы казактар мен қазақтардан жасақталған әскерді жасақтап шыққан аға сұлтан. Ол көтерілісшілердің ауылын сан рет қырғынға ұшыратқан. "1844-жылы рамазан айының 10 күні султан Кенесары Қасымоғлының полковник Баймұхамедке жазған хаты Сізге, ғизатлұ һам хұрметлұ полковник Баймұхамед құдамызға бізден - Кенесары сұлтан Қасымоғлындан дұғай сәлем. Бұ да сөзіміз сол: әгәр бізні сүрасаңыз сахат-саламат дәулет үстінде бармыз. Жөне сөзіміз: екі жыл кәпірге бас қосып һұжымлық қылып бізге дұшманлық қылдыңыз. Оны һам біз көңілімізге алғанымыз жоқ дүр. Иманлық қылғанға жақсылық қыл деп еді. Сіз дұшпанлық қылсаңыз да сізні біз көңілімізден салмаймыз. Және сөзіміз: Орынбордағы жаңа түскен генералға хат жазып, елші жібердік. Әгер бізні көңілімізге алсаңыз бұ жіберген хатымызны жақсы қылып тигізерсіз. Сізге Баймұхамед молланы жібердік. Оның (әр) ауыз сөзіне бауыр қылыңыз. Бұ сөзнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрім бастым. Және де 1844-жылда рамазан айының оныншы күнінде бұл хат жазылды" . Баймұхамед — полковник. Кенесары көтерілісінің әр қадамын аңдып, шолғыншылар мен жансыздар жіберіп, оның мәліметтерін губернаторға жеткізуші жандайшап сұлтанның бірі. Арыстан, Баймұхамед, Ахмет сұлтандар жасақталған әскермен шығып, Кенесарының көшінің соңынан түскен. Бірақта өздері арандап, бетпе-бет соғысуға шыдамай, кері қайтқан. "Сізге ғизатлу уә хұрметлұ Орынборда тұрушы жаңа келген жандарал хазіретлеріне Бізден Кенесары сұлтан Қасымоғлықдан Ғарызымыз сол: мың да сегіз жүз отыз тоғызыншы жылында Орынборда тұрған военный губернатор жандарал Гене бізге хат жіберген екенлер. Падишаһ Ғали ишан хазіретлері сізнін; әрбір қылған істеріңізні манифест деп мейірбаншылық қылдылар. Біз бұ мейірбаншылыққа иланып оқ атып, қылыш шаппай падишаһның кең етек, тар қойнында бас тартпай тұрып едік. Өткен шағбан айының жиырма бесінші наумінде Баймұхамед, Арыслан, Ахмед - үш правитель үш жерден шығып һүәнымлық қылып, Торғай бойында ала алмай қайтты. Оны да көңілімізге алмай оқ атып, қылыш шауып падишаһқа қарсылық қылғанымыз жоқ дүр. Биыл өткен науырыз айының жиырма бірінші наумінде өзіміз үйде жоқ болып, аңға кеткен уақытымызда Омскі облысы тарапынан бір бөлік отряд шығып законшы Сотников оғлы бірлан алтай тайпасынан Аққошқар Сайдалы Құдайберліоғлы, старшын сұлтан Қоңырқұлжаның шағымы бірлан келіп, бір бөлек ауылымызны шауып, бір бала уә қызымызды қырып, Күнімжан атлық бір ханымызны үстап алып кетті. Сібірнің бұ қылған істерін Орынбордағы тұрған үлкенлерге ғарыз қылармыз деп Ырғыз бойына келгенімізде майор Лебедев бірлан правитель Ахмед екеуі отряд бірлан алдымыздан шығып, бізнің жанымыздағы Байқадам батырны шауып алып кетті. Мұнан соң: құдайдан рахым болмаса, орыстың үлкенлерінен мархабатшылық жоқ екен деп біз һам біраз мұнша іс қылғанларымыздың себебі сол еді. Бұрынғы Орынбордағы үлкенлерден үмітімізні үзіп едік. Сол уақытта сізні келіп Орынборға түсті деп естігеннен соң мұнша ғарызымызны сізге айтып мағлұм қылдық. Сізден бұрынғы орыстың үлкенлерінен зорлықтан басқа мархаматшылық көргеміз жоқ дүр. Енді сізден мархаматшылық болар деген үмітіміз бар. Бізнің бұл ғарызымызны падишаһқа жеткізіп, біздің өмірімізні өзімізге қайтарып алып берсеңіз — орыс, қазақтың көз жасының сауабына қалар едіңіз. Құдай бір, закон басқа дүр. Бұ істерді мархамат қылып алып берсеңіз: қандай уағда қылсаңыз да бармыз. Мұнан бұрын Қарабай сұлтан ағзамны жіберіп едік, оны һам жібермеді. Сол себептен өзіңізнің қол астыңыздағы Иманшаоғлы молла Баймұхамед бірлан бір орыс, бір башқұртны елші қылып жібердік. Бұ сөзнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрімні бастым және қолымны қойдым.

1844-нші жылда рамазан айының он бірінші наумінде хат жазылды".
Кенесарының келісімге ұмтылғанын келесі хат та растайды.

"Сізге ғизатлұ, хұрматлұ ұлығ мәртебелұ Орынборда тұрушы жандарал хазіретлерге Бізден Кенесары Қасымоғлындан Ғарызымыз сол: сіз мархаматшылық қылып жіберген ғарызымызға жауап жазып, Иманшаоғлы молла Баймұхамед бині жібергеніңізні көріп хош уақыт уә хорам болдық. Мұның бағытында: сіз айтып, сіз ұлығ император хазіретлерімізнің қылған мейірбаншылықаардан бас тартып, өсекшілік қылып, бұрынғы ұлығ губернатор жандарал Генске қылтан мейір уағдаңызға опа қылмай мұнша іс қылыпсыздар. Қылған істеріңіз сол: бұхаралық Құрманбай Ниязоғлының малын талап және бір орыс сотқарының приказчигін уә екі қосшыны өлтіріп, пұлларыны талапсызлар -дей дүр. Және жаппас руы қазақларының ауылдарын шауып, қарусыз Алтыбай би Көбекоғлыны өлтіріпсіз дей дүр. Уә және мұнан басқа канонға сыймайтұғын қылған істеріңіз көп дей дүр. Бұл орыс, қазақ, бұхаралықның айтқан сөзіне иланып бізге бұ жауапты айтыпсыз. Мұның бағытында мен сізге кеп-кеп тілек қыламын: бұ ғарызымызны шын қалып билен тыңласаңыз сол уакытта сенеміз. Ләкин көргенім жоқ дүр. Қоқанд жүртына қараған тама руы Құрман бинің адамлары атланып, сізнің бү айтқан Ниязоғлы Құрманбай бірлән орыстың приказчигін өлтіріп, малларын талап алып дүр. Мұның бағытында жаппас руы Көбекоглы Алтыбайды Қоқанд бірлан бас қосып шөмекей тайпасы сарқасқа руы Сарман бині өлтіріп еді. Мұның баіытында шөмекей тайпасы Алтынбай бинің ауылдарын шауып, езін өлтіріп дүр. Бү мөзкүр болған сезларға сізнің көңіліңізге күмән келе дүр. Мұнша іслерді өзлөрі қылып, басқа адамларға айта дүр дейулар. Бү айтылған істердің растлығына әуелі құдай, ақыры қазақ жұртының әрбір жақсыларына мағлүм дүр. Бұ барған молла Баймұхамед Иманшаоғлы бұ істерді кәзі кермесе де құлағы естіген дүр. Және ғарыз қыламын: Біз хат жазып, Иманшаоғлы молла Баймұхамед бині сіздің қызметіңізге жібергеннен соң, сізге қараған қалмақ жұртынан жылқы алып, Полтавский деген қаладан бір орыстың баласын ұстап алып келген екенлар. Біз сізге айырып қызмет қылмақ үшін кісі жіберіп алдырып, бұл жіберген орыслар бірлан қосып жібердік. Өзіңіз данасыз, білерсіз. Бізден басқа қазақтар іс қылмағы тұрған болса, бұ істерді кім қылған екенін өзіңіз сұрап білерсіз. Қалыс елге һам бізні тергеп кеп(гәп) сөз айтыпсыз. Біз сіздей данышман болмасақта сөз мағнасын аңғарамыз. Өз пайдамыз үшін айтыпсыз уә және мұзәкара болған сөзлөрда бұрынғы бастықтарға уағыда қылып, уағыдаңызға опа қылғайсыз. Сол себеплі иланын болмай дәйулар деп жауап қылыпсыз. Бұрынғы Орынбордағы бастықтар әрбір сез айтса да көңілімізге муәфиқ келіп, сізнің бұ айтқан мейірбаншылық мархабатыңызға ұлы жан билан иланып, әміріңізні терік қылмай қолымыздағы орыстардың нешесін беріп жібердім. Және ғарызымыз ағзам император падишаһның дәулеті жаһанда бір ұлығ дария дүр. Біз тортай. Дариядан торғай су ішкенменен таусынын қалмас дейділар. Падишаһның кең дәулетінегі махрұм тасталмай, сіз бен бізге елікнің бір кеңлігін алып берер деген үмітіміз көп дүрлар. Бұ ғарызымызға өзіңіз данасыз, ойлап білерсіз, мейірбанылық қыла көргейсізлар. Бізнің қазақ жұртының бір нақылы дүр: "Ісінді көпке сал, көпті құдайға сал" - деген. Бұ ісімді сізге салдым, сізді құдайға салдым. Және ғарызымызға біз тараптан ұлығ падишаһы ағзам император хазіретларының мемлекетіне сірге түскен пенделер кегі дүр екен. Оны мармхаматшылықкылып шығарсаңыз дүние уә ахретіңіз абадан болып, көп сауапқа да һал (себепші) болар едіңіз. Және ғарызымыз айыпсыз бір алланың өзі дүр. Бізнің айыбымыз көп дүр. Бү мархамат ғинаят нәмеңіз келгеннен бұрынғы қылған істеріміз болса, кешіргейсіз. Сіз бізге жер жерде иланбастық сөз айтып, сіз бізнің кепілімізді Иманшаоғлы молла Баймұхамедті үстарсыз. Өзіңіз қандай мейірманшылық қылсаңыз өзіңіз білерсіз.

Бұ сөзімнің растылығына Кенесары сұлтан Қасымоғлы мөрінің бастым.
1844-жылда, ақырап айының он бірінші нәумінде рақым тапты".

Бұл Орынбор генерал-губернаторымен арадағы қарым- катынастың ашықжаулыққа үласар алдында жазылған соңғы хаттардың бірі. "Сізге ғизатлу һам хүрметлұ генерал хазіретлеріне Бізден Кенесары сұлтан Қасымоғлындан Арызымыз сол: озған жыл правитель Баймұхамед, Арыслан ғаскер билан бізні ізләп келе жатқанда Торғай бойында бір інімізні Әбулғазы сұлтанны бірнеше жолдастары бірлан ұстап алып кетіпті дұр. Және Сібір тұсындан бізнің бір ініміз Мұстафа сұлтанны бірнеше жолдасы билан ұстап алып кетіпті дүр. Және Сібір тұсындан Уәли ханның баласы Ғұбайдолла ағзамны ұстап алып кетіпті дүр. Бұларға қандай мейірбаншылық қыларыңызны һам өзіңіз білерсіз.

1844-жылы желтоқсан айында жазылған хат" .

Бұл — Кенесарының патша ұлықтарынан әбден күдер үзіп, езінің жеке басына бәйге тігіп, басын кесіп әкелу туралы жасырын пәрмен шыққан соң қалайда тұтқындарға араша түсіп, оларды өлім жазасынан құтқару мақсатында ескерту ретінде жазылған хаты. Міне, Мұхтар Әуезовтің: "Пьесаны жазардан бұрын көп материал жинадым, Кене ханның қозғалысының тарихын білемін деп сеніммен айта аламын. Орынбордың, Омбыдағы Сібір ведомствосының метариалдарын зерттедім, казактар мен қырғыздар арасынан материалдар жинадым",— дегендегі деректердің ұзын-ырғасы осы мазмұндас болса керек. Бұдан басқа мемлекеттік архив сөрелерінде Кенесары сұлтанның отыздан астам хаттары бар. Ал Ресей мұрағаттарындағы құжаттарды толық жинастыратын болса, онда оның саны 30 томнан асады. Біз тек орталық архивтегі арап харпімен жазылған, Кенесарының өзінің мөрі басылған хаттардың бірнешеуін ғана оқырман назарына ұсындық. 1844-1845 жылдары патша үкіметі Ұлытау, Ортау, Ақтау, Ырғыз, Ақмешіт, Қарқаралы, Аякөз сияқты бекіністерді күшейтіп, онда тұрақты әскер орналастырылды. Жазалау отрядтары шықты. Генерал Вишневскийдің барлау-жазалау, Жетісуды бодандандыру жасағы дайындалып жатты. Бұдан кейін Арқада қоныстанудың мүмкін еместігін түсініп, Жетісуға бет бұрады. Мұхтар Әуезовтің пьесасындағы Кенесарының Бұғыбайға: "Қырғызбен келісер-келіспесіңе көзім жетпейді. Атамның қылығын алдыңа тартар. Тұтқында кеткен мың үйлі қырғызды айтпас деймісің. Бірақ, оның да бір жағында қытай, қалмақ, бір жағында Қоқан, тағы бір жағында қапқалы келе жатқан орыс (бар). Бір заманда өкпелі болса да, қазір де қазақтан басқа кімі бар. Сөзді ұқсын, келіссін. Алатауға ірге тіреп қырғыз-қазақ бірігіп елдік жасаймыз. Содан соң сыртынан қапсыра құшақтап буып алғалы орыс келе жатса да өзімен-өзі алысып жатқан Қоқан, Бухара анау, соның екеуін де біріксек біз аламыз. Содан соң ондағы, солдаты жаудың екеуін де көріп алармыз. Ықтиярымен көнбейтін болса бағындырамын, көндіремін, сонымды айт! Менің Арқадан кеткендегі тұратыным - Алатау. Ірге көметін жерім осы. Бұл таудың іші-тысын жайлаған ел, не менімен дос болып бауырыма кіреді, не болмаса — қасым болып қарсыма шығады. Аралықта қалмайды, соны айт!" ,— деп булығатын буырқанысты зауал шағы. Ал: "Пьесаны жазардан бұрын көп материал жинадым, Кене ханның қозғалысының тарихын білемін деп сеніммен айта аламын",— деген пікірі де шындық болатын. 1925 жылы М.Әуезов өзінің әйгілі "Әдебиет тарихы" атты зерттеу еңбегін жазды. Онда "қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет" деген ұғымды кіргізе отырып, "Кенесары-Наурызбайдың" қысқаша әңгімесі", "Кенесары" жырының мәнісі" атты арнайы тарау арнап, халық жырларын барынша тереңдете талдап, олардың тарихи шындыққа орайлас тұстарын деректерге сүйене отырып саралайды. Оны: "Көкбай шығармасында халық ауызында жүрген тарихтық деректер мен естеліктерді, лақап әңгімелерді, әрі көлемді фольклор материалдарын көп жинап пайдаланған. Сонымен қатар Абай арқылы кітап жүзінен алынған, баспаға шыққан мақала, зерттеулердің дәлді деректері бар екені да байқалады. Мысалы, Көкбай жырында Абылайдың жетпіс жаста, 1781 жылы өлгендігі айтылады. Орта Азия хандарының тарихынан Қоқанның Ғұмар ханы, оның нәсілі Бала ханның жайы, Ташкеннің беглер бегі, қазақ хандары мен Қоқан хандығы және Бұқар әмірінің арасында болған қатынастар тарихқа жақын шындықпен аталған болады. Абылайдың бергі замандардағы тарихтық адамдардың өмірбаянына, іс-әрекеттеріне тарихтық жағынан қанықты болған білгірлік байқалады. Қазақтағы хан-төрелердің көршілес елдермен қақтығысулары да тарихтық деректерге үйлесіп отырады",— деген талдаудан анық байқауға болады. Кенесары қозғалысы туралы басылып шыққан Смирновтың, Середаның, сондай-ақ "Вестник Европы" сияқты өмірбаяндық тарихи очерктерді түгелдей оқып, көңіліне түйгені анық. Міне, сондай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тақырыпты бойына толық сіңіріп: "Әр тарихи дерекке әркімнің өзінше қарауға құқы бар, бірақ өз концепциясы болмаса, кейбір автор тарихи тақырыпқа қалам тарта алмайды",— деген дәрежеге жетіп, айтар ойы анықталған соң, енді сол тарихи оқиға өткен жерді көзімен көріп шығу үшін Кекілік тауына бет алған. Осындағы "авторлық позиция мен концепцияға" қарсы қандай саяси-тарихи баға бар еді? Бар еді және оны тұжырымдаушылардың бірі Мұхтар Әуезовтің немере жиені профессор Мұсатай Ақынжанов болатын. М.Ақынжанов: "Соғыс кезінде совет тарихшыларының едәуірі Отан қорғау жұмысына атсалысып жүрген кезде, Е.Бекмаханов әлдеқашан тарихтан алынып тасталынған содырлы Кенесары Қасымовты "тірілтіп", жат пікірді кайта соныламақ болды. Бірақ оның бұл әрекетін Қазақстан жұртшылығы өте суық қабылдады. Орталық партия комитетінің ортаны "Правда" Бекмахановтың ұстаған жолының қате екенін, бағытының буржуазияшыл-ұлтшылдық екенін әшкереледі. (...) Жұртшылыққа белгілі Қазақстанда XІX ғасырдың алғашқы жарымындағы үстем тап - "ақсүйектер" мен бай-феодалдар болған. Олардың өздерінше(пайымдауынша) "ақсүйектік және дворяндық ұлт мәселесі" болды. Қазақ "ақсүйектері" Қазақстан Россияға қосылғаннан кейін хандар тұсындағы артықшылығы мен құдіреттілігінен айырылды. Сондықтан олар Қазақстанды орыс мемлекетінен бөліп алуды тіледі. Мұнысымен олар қазақ елінің басына хандарды -"ақсүйектерді" қойғысы келді. Сөйтіп қазақ халқының тағдырын хандарға тапсыруға тырысты. Міне, осыны Сталин жолдас феодалдық-монархиялық "ұлтшылдық" деп атайды. Хандық үкіметтің жойылуы қазақ халқы үшін, сөз жоқ, жеңілдік болды. Өйткені Маркстың айтуынша 700-800 жылға созылған Шыңғыс хан тұқымдарының "жексұрын қансоқпалығына" аз да болса тыйым салынатын еді. Әрине, оны орыс патшасы қазақ еңбекшілеріне жаны ашығандықтан емес, өз құлқы үшін, хансыз қазақ елін чиновниктер арқылы жеке билеп, жеке қанау үшін істеді. Солай бола тұрса да, бұл бір адым ілгері басқандық еді. Өйткені екі қанаушының бірі, әсіресе, 800 жылға созылған "жексұрын қансоқталық," кемитін еді. Екіншіден, ортағасырлық хандық құрылыс қазақ ішіне капитализмнің кіруін бөгеп, экономикада натуралдық қалыпты сақтап отыратын еді. Сондықтан хандық институтының жоғалуы қазақ халқы үшін дұрыс қадам болды. Қазақ халқының Кенесары соңына ермей, Россиямен бірге болуды тілеуінің тарихи зор мәні бар еді: 1) Кенесарыға еріп кеткенде, қазақ еңбекшілері орта ғасырдың шырмауында, қол аяғын жаза алмай отырған, қаусаған шірік хандықтардың біреуіне тәуелді болын, ақыры ағылшын жыртқыштарының құлдығына түсетін еді. 2) Қазақ елінің быт-шыт болып төзу қаупі болды. Өйткені, Кіші жүз қай жағынан болса да Россиямен біріккен. Ол, сөз жоқ одан айырылмайтын еді. Олай болса, тұтас қазақ елі бірнеше хандықтарға бөлініп, Қытайдың, Орта Азия хандықтарының, Россияның қол астына бытырап кетіп, халықтығынан айрылатын еді. 3) Шаруашылық тұрмыс құру жөнінен шығыс хандықтары қазақ халқының отырықшылануына, егіншілік кәсібімен айналысуына жол бермейтін еді. Өйткені, оның өзі ескі ортағасырлық тұрмыста болды. Ал бұл кезде қазақ елінің Ұлы жүзден басқасында Россияға қосылу арқылы егін, отырықшылық, сауда қатынасы күшейді.4)Россия тек патшалық Россия емес еді, халықтық-бұқаралық Россия да бар болатын. Орыстың халықтық-бұқаралық мәдениеті де өсті. Бұқаралық Россия өзімен отырған елдердің болашақ Абай, Ыбрай, Шоқандарын туғызуға өсер етіп отырды. Кенесары генерал Горчаковқа жазған бір хатында "Орта жүзден кетіп барамын, өйткені бастықтардан да, қол астында отырған халықтардан да ешбір мейірім таппадым, бәрі де жаулық етеді" - деп мойындаған. Бұдан қорытынды Кенесары орта жүзге сия алмай, халық қаһарына қарсы тұра алмай, зытып отырған. Бірақ, оның орта жүзден кіші жүзге ауысуы тегін емес. Өзінің ескі достары Хиуа, Бұқар хандықтарына жақындап көмек алу болған. Өйткені, ол орыс патшасына қарсы халықтың азаттық күресіне басшылық етем десе, сол кезде шыңына жеткен нағыз халық қозғалысы Исатай - Махамбеттің күресіне қосылу керек еді. Керісінше, ол оған жау болған. Жаппастың ішінде Наурызбай тобы Махамбетке қарсы оқ атқан. Ал оның керісінше ел талаушы Жанғожамен бірігіп кеткен. Жанғожа екеуі тізе қосып алып, бейбіт өмір сүріп отырған қазақ ауылдарын Созақ, Сайрам қалаларын шапқыншылыққа ұшыратқан. Кенесары кіші жүздің жеріне келіп орналасқаннан кейін өзінің "әскери күшін" молайтып алу үшін неше түрлі сұмдық айла-амалдар істеген. Орынбордың генерал-губернаторы Перовскиймен, Хиуа, Қоқан хандығымен, Жанғожа Нұрмағамбетұлы сықылды ел тонаушылармен жақсы қарым-қатынас жасаған. Перовскийге жазған бір хатында "Бастықтарға қарсы келе алмаймын, қарсы тұрғым да келмейді...",— деп жағымпаздана келіп, осы келіп отырған жерінен қозғамауын тілейді" . Әрине, Мұхтардың ұстанғаны мұндай жалған тарихи "позиция мен концепциямен" емес еді. Сондай берік ұстаныммен Ленинградтан аттанған Мұхтар Әуезов 1927 жыны Бішкек барын, Қордай асып Алматыға келген. Әлкей Марғұлан бұл жайды: "1927 жылдың май-июнь айлары. Мұхаң "Не істеуім керек" деген оймен қатты толғануда болды. Біраз уақытта каникул да жетті. Бір күні отырып:

- Мен Алтай экспедицясына бармауға бел байладым. Бұл елге, Шыңғыстауға бармау деген сөз. Оның орнына Жетісуға барып 1916 жылғы көтерілісті зерттеймін, жолшыбай Қызылордаға соғып, оның театрымен танысамын, жаңа өсіп келе жатқан жастар өмірімен танысамын, - деді. Бұл сапар Мұхаң үшін текке кеткен жоқ. Бұл үлкен игілік сапары болды",— деп еске алады.

Сол сапарында Кенесарының қазаға ұшыраған жерлерін аралап өтіп, ескі әңгімелерді жинастырған. Ол туралы шындықтың сорабын "Тіршілік" газетіндегі мына хабардан байқауға болады: "Жақын арада Ленинградтан оқып жатқан қазақтың атақты жазушысы Мұхтар Әуезұлы Алматы қаласына келді. Келген жұмысы: Жетісудан қазақтың ауыз әдебиетін (өлең, тақпақ, ертегі тағы сондай қазақ елінде ауызша айтылып, жазылынып жүрген шығарма, деректер), 16-шы жылы көтерілісінен қалған түрлі шығарма деректер, Кенесары, Наурызбай жорықтарынан қалған ел аузында сөйлесіп жүрген әңгіме-өлең, ертегілерді жинау. Жетісуда жоғарғы айтылғандарды (қайсысы болса да) білетін азаматтар болса "Тілші" басқармасы арқылы тілдесуге болады. Мұхтар жолдас келген қызметі жөнінде ел әдебиетін сүйген азаматтармен, кәрі құлақ қариялармен сөйлесіп, дерек алуды тым-ақ тілейді. Ескі әңгімелерді көп білетін қазақтың ақындарын, қарияларын, аты жөнін (тұрған жерін айтып) білдірген, өз тұсынан жиған деректерді (материалдары болса) жіберген азаматтарға алғыс айтады. (Еңбек басылын, іске асардай болса, құр қол қалмайды. Өкімет қазынасынан ақша берілуі мүмкін). Әсіресе 16-шы жылдың оқиғасы туралы деректерді жинауды өлкедегі Қазақстанды зерттеу қоғамы мен өлкелік партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі тапсырған екен. Мұхтар жолдас Жетісуда августың 15-іне шейін ғана болады. Тілеген адам жоғарғы мағлұматын "Тілші" басқармасы арқылы жібере бергендері дұрыс".

Бұдан кейін Ленинградқа барған соң Фатима Ғабитоваға: "Алматыдан 21-і күні жақсы компанияны тастап, бір күнді болса да олжа көріп, асығып кетсем де, Піспекте Ғабит хазірет қуып жетті. Қызылордаға шейін бірге келдік. Бұнда әлі сабақ басталған жоқ. Бір айсыз басталмайтын да шығар. Осы уақытты пайдаланып, өз бетіммен бір азырақ жұмыс істемекші болып отырмын. Ненің жайынан не істеп шыққанымды келесі хатта жазамын. Өздеріңіз осыны алысымен жазыңыздар",— деген емеуріні де "Хан Кене" пьесасының жазылу тарихынан мағлұмат береді. Бұл сапардың егжей-тегжейі "Бейуақ" атты алдыңғы бөлімде толық баяндалғандықтан да оған бұл арада аялдамадық. Тек Смағүл Сәдуақасовқа жазған хатында да "он алтыншы жылдың оқиғасы туралы көлемді дүниені бітіріп және бір тарихи шығарма жазбақ ойы барын" айтқанын қаперге сала кетеміз. Ол тарихи шығарма осы "Хан Кене". Ал: "Казактар мен қырғыздар арасынан материалдар жинадым"дегенде мұрағаттардан қарастыруы, қырғыздардан естуі, жазып алуы мүмкін қандай деректер болуы мүмкін? Әрине, ол кезде сол Кекілік төбедегі қызыл қырғынды көргендер де, жадында сақтағандар да, сол оқиғаға тағдыры шарпылғандар да коп болған. Көкбай "деректер мен естеліктерді, лақап әңгімелерді, әрі көлемді фольклор материалдарын көп жинап, пайдаланған" деген сөзді Мұхтар Әуезовтің өзіне қарата да айтуға болады. Біз баспалап сұрақ қоя отырып, нақты деректер мен "лақаптарды", аңыздарды, әфсаналарды қысқаша ғана түсіндірумен шектелеміз.

ІІІ ТАРАУ: "АНТ МЕЗГІЛІ" НЕМЕСЕ "ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ОҚИҒАСЫ"

Сонымен Кенесары Алатаудың бауырына неге қоныс аударды? Ата-бабасы мекен еткен, жаудан қорғаған сайын даладан сая боларлық қоныс таппады. Қарауындағы халыққа да, өзінің жеке басына да қауіп төніп еді. 1844 жылғы генерал-майор Жемчужников Сібір және Орынбордың құрама әскерін басқарып Кенесарыға қарсы жорыққа аттанды. Сарыарқаны жан-жағынан қусыра аттанған әскер қалайда Кенесарыны қолға түсіріп, ауыл-аймағымен қырып жіберу туралы төтенше бұйрық алды. Кенесарының кесілген басына бәйге жарияланды. Жорық кезінде барлық сақтық шараларын қолданды. "Түсініспеушілік болмас үшін Орта Азия бектерінің әскерімен өзара қақтығысып қалудан барынша сақтану қажет және Орынбор даласы арқылы басталған әскери жорық Сырдария мен Телікөлден, ал Сібірден аттанған әскер Шу өзенінен әрі қадам баспауы керек. Бұқарлықтармен, қоқандықтармен қандай да болмасын қақтығысқа түсудің қажеті жоқ",— деген бұйрық алды. Бұл — бүкіл қазақ даласын соғыс майданына айналдыруға берілген пәрмен еді. Кенесарыны Бетпақтың қуаңына ығыстырып, шығыстан, солтүстіктен, батыстан қоршауға алу міндеті қойылды. Барлау мен арбау жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 1845 жылы Ұлы жүз сұлтандары мен билері Россияның азаматтығын (бодандығын) қабылдауға келісім беріп, генерал Вишневский бастаған әскери экспедицияны Жетісуға кіруге мүмкіндік берді. Мұның өзі Балқаш, Шу бойына қоныс аударған Кенесарының тынысын тарылтты. Онымен де шектелмей қырғыз манаптарына татар жансызы Мұхамед Тагировті жіберіп: "Батыс Сібір шекара бастығы қырғыздың би-манаптары Боранбай мен Кішкене Пірназаровқа көтерілісшілердің оларға қосылуына жол бермеңіздер, ал реті келсе, Кенесарыны ауылымен қосып қырып жіберу керек",— деп хат жазды. Жасырын түрде есаул Нюхаловтың жазалау-барлау отряды қырғыздарға астыртын жіберілді. Генерал-майор Вишневскийге жазған мәліметінде есаул Нюхалов: "Мен белгілі билерге — бұғы руының биі Борамбай Бекмұратовқа, сарыбағыш биі Ормон Ниязбековке, солты руының биі Жаңғараш Есхожинге хат жолдап, Кенесарыны ортақ жау ретінде жоюға шақырдым",— деп жазды. Орынбор Шекара комиссиясының есебінде көрсетілгеніндей "қырғыз манаптары Кенесарыға қарсы соғыста:

"Не өзіміз өлеміз, не Кенесарыны қырып-жоямыз",— деп шешім қабылдайды Тағы бір жансыз, Жақып деген саудагер өзбек "жабайы қырғыздардың билері Боранбай мен Кішкене Пірназаров Омбы генерал-губернаторы Капцевичке берген уәдесін орындап, Кенесарыға қарсы соғысқа және оны сөзсіз талқандауға дайын екенін" өз құлағымен естігенін мәлімдейді. Алдын-ала уағдаласқанындай ұлы жүздің төресі Рүстеммен, Сыпатаймен бірігіп кетуінен қауіптенген патша үкіметі генерал-майор Вишневскийдің қарамағына есаулдар Нюхаловтың, Абакумовтың, Карбышевтың отрядтарын қосып береді. Вишневский Батыс Сібір генерал-губернаторына: "бүлікші сұлтан Кенесарыны қырғыздар сеніміне ие болғызбауға және оны сол жерден қууға, ал мүмкіндік бола қалса, оның өзін ұстауға қолынан келетін шаралардың бәрін қолданатынына" уәде береді (Е.Бекмаханов). Бұл кезде Кененің қосындары Ілеге жетіп еді. М.Әуезов айтқан "лақап әңгімелердің" бірі — Н.Жолымбетов жиған ауызекі әңгімеге жүгінсек: "Орыс әкімшілігі қырғыз манаптарына: "Қазақтың Кене ханын ұстап әкеп беріңдер. Ол сендердің солтүстік жақтарындағы жайлауда жүр",- дейді. Қырғыздар келісім береді. Отыз қырғыз аттанып, Кене ханға келеді. Кене хан оларға ашу шақырып, өзінің жендеттеріне жарлық беріп, темір көгенмен байлатып тастайды. Кене хан қырғыздарға: "Мені орысқа ұстап апарып беріп, өлтіртейін деп жүрсіңдер ғой. Мен сендерді өз еліңе апарып өлтіртемін" - деді. Кене хан қазақтың орта жүз елінен екі жүзден астам нөкер жинап, қырғызға қарай бет алады. Балқаш көлінің шығысы мен Аягөз өзенінің Балқашқа құйған сағасымен Лепсі, Қарасу, Ақсу өзендерінің сагасынан айнала өтіп, Қараталдың сағасынан өтіп, үдеріп кешіп келе жатқанда осы жерде Кене хан Жалайыр елінен мал қарап жүрген бір адамға кез болады... - Аға, жаман түс көрдім. Түсімде маңдай шашым жанып жатыр екен, шошып ояндым. Бұл жолы жорыққа шықпай-ақ қойсаңыз қайтеді! -деген тілек білдіріпті. Кене хан оған да иліге қоймапты. Ақыры не болғанын әздеріңіз білесіздер ғой" ("Жұлдыз, 1991 жыл, 204 бет). Бұдан әрі кәдімгі аңыз басталады. Бірақта осы бопса мен ырғасудың ызғары "Хан Кенедегі": "Әлдеқашан осы арада іргені бекітіп, бір араға күш құрап, алыстағы мұратқа беттейтін күн болып еді. Емексумен, ырқына жіберумен келіп-келіп енді бұл менің өзімді қабуды да ойлаған екен. Қолыңнан келсе ашынған болып аяспайын деген екен!",—деген монологтан анық аңғарылады.

Жаманқара да кекесінді мысқылмен: "Кегің кетпесе бас терінді тірідей сойып Қоқанға берген қазақ (сен) емей кім еді? Өзің де соқтықпай отырған қырғызға келіп әзірейілдей қадалдың, татулық, тілеулестіктен басқа не жазығым бар еді. Исі қазақ сенің тілеуінде болса, Арқа мен Сырдағы елдің бәрін бастап шұбыртып келгеніңді неге көрмеймін мен? Кекшіл болсаң өзіңе қылғанға неге қылмадың, (әкеңнің) бас терісін сылып ап Қоқанға беріп еді, кәне алғаның әкеңнің кегін?..",— деп ашуды арыстанның шамына тиеді. Жаманқара Наурызбайдың сапысынан ажал құшады. Соңынан "Кенесары қырғыздың биі Қалығұлмен кездесіп: қазақтар мен қырғыздар бұдан былай достық, көршілік қарым-қатынаста болады және қырғыздар Кенесарының кеңесіне құлақ асады" - деген пәтуаға тоқталады. Қалығұлдың өтініші бойынша, қазақтардың қолынан қаза тапқан қырғыз батыры Тастанбектің найзасы мен болат қылышын қайтарады. Ал Қалығұл Кенесарының қолға түскен жігіттерінің төлемін төлесе, қайтаруға уәде берді. Кенесарының тұтқынға түскен екі сүйікті батырын (бірі қайын ағасы, Орынборда тұтқында отырған әйелі Күнімжанның ағасы) босату туралы келіссөз кезінде қырғыздар біреуіне 64 жылқы, ал екіншісіне - 10 түлкі ішік, 10 шапан, 10 құндыз, 10 құла, 10 түйе төлем төлеуді белгіледі. Кенесары қолға түскен жігіттері мен екі батырын босату үшін әр ауылдан бағалы заттар жинауға бұйрық береді, бірақ "жиналған зат оның қайынағасы мен сүйікті батырын босатуға жетпейді (Е.Бекмаханов)". Дау да - жаулықтың дауы. Бітім де жаулықтың бітімі. Сондықтан да құны қымбат. Байұзақтың: "Қап, бәрекелді-ай, қате болды-ау!.. Елшіні өлтірген ежелгі тынбас жаудың ісі еді...Ұлының ұлына, қызының қызына кетіп жүрмесе игі еді бұл жаулық",— деп өкінуінің де өті ащы. Бұл жазушының көркем емеуіріні. Қасіретті оқиғаның, айырылмайтын жаулықтың хабаршысы. Жаманқара құнсыз қалатын батыр емес еді. Ақыры қырғыздар Жаманқараның құнын жоқтап, кегін қайтару үшін ұлы жүздің әруақты батыры Саурық дем алып жатқан кезде 70-80 қырғыз шабуыл жасап, оның жігіттерін түгелдей бауыздап өлтіріп, 700-дей жылқысын айдап әкетті. Саурық торуылға түсіп, қырғыздардың қолынан қаза тапты. Саурық та құнсыз қалатын батыр емес еді. Сондықтан да Кенесарының: "Бұл қырғызбен алысуымыз аз ғанамен тынбайтын болды. Енді осыны үстіне қат-қабаттамай бұл түйін шешілмейді екен. Ертеңнен бастап қалың қолмен соғысамыз. Тұрындар... Жүріңдер... Қолдардың күйін көреміз... Қамдансын бүгін бәрі де...",— деп атқа қонады. Бұл хан Кене мен Наурызбайдың қазасына алып келетін ұлы қырғынның басы еді. Айтып-айтпай не керек, "Қазақ пен қырғыз бірін-бірі қырды, қанын орыстар мен қоқандықтар ішті" - деген мәтел қалған ғарасат майданы ашылды. Өткенге — салауат, бүгінге — сабақ, ертеңге — ескерту болсын — деген алаңы мол оймен Е.Бекмахановтың: "Кенесарының қырғыздармен соғысының аз зерттелгені сондай, ондағы оқиға барысын қалпына келтіру өте қиын",— деген пікірін еске ала отырып, сол соғыс туралы тарихи дерек пен "лақап әңгімелерді" араластыра беруді жон көрдік.

Алла разылық етсін!

Е.Бекмаханов: "Кенесарының қырғыздармен соңғы шайқасы Тоқмақ селосының шығыс жағында, Пішпек қаласына жақын Кекілік тауларында болды" . Е.Құлмамбетов: "Енді нағыз шешуші соғыс болатынын байқаған Жантай мен Орман осы аймақты мекендеген барлық руларға шапқыншы жіберіп, көмектесуге шақырады. Осы түні қырғыздарға қосымша жасақтар да келіп жетеді. Ол кезде Кенесары жасағының көпшілігі ауылдарына тарап кеткен болатын. Хан қасында бес жүз сарбазы мен оның қолбасшылары ғана қалған-ды. Таң атқан соң қараса олар қырғыздардың қоршауында екенін бір-ақ біледі. Қазақ жасағының хәлі ауырға айналады. Кешке дейін соғыс болады. Қазақтардың ауыл-ауылға тарап кеткен жасақтарынан хабар келмейді. Шақырылуға жіберілген адамдар да дау-дерексіз кетеді. Ал қырғыз жасақтары көбейе береді. Кенесары қолы үш күн бойы ас-сусыз кескілескен ұрысты бастан кешті. Төртінші күнге қараған түнде барлық жасақ басшыларымен кеңес құрды. Олар ойларын ортаға салды". Е:Бекмаханов: "Кенесарымен соғыс кезінде Орман хан өзінің жасағына қазақтарға көрінетін жолмен шандатып жүріп, тауға шығып-түсіп жүруге бұйырды. Төмен түскен соң, олар жыралар арқылы қайтадан жоғары жағы, онан қайтадан темен түсіп отырған. Міне, осындай орын ауыстыру үш күн бойы үзілмейді. Бақылап отырған Кенесары Орман ханның шаңға оранып, үсті-үстіне келіп жатқан әскерінің көптігіне танданады. Орман хан түнге қарай әр адамға от жағуға бұйрық береді. Түнде таудағы сансыз оттарды көріп Кенесары: "Қырғыз көп пе, аспандағы жұлдыз көп пе?",— депті. М.Сәрменбайұлы: "Сонан соң зор соғыс болды. 1847 жылы көктемде Кенесары көп қолмен келіп, Кекіліктің тауына ордасын тігіп, Алатаудың терістік жағындағы қырғыздарды шаба бастайды. Соғыстың мықты болған жері — Ұзынсу, Самса. Ержанның қолға түскен жері. Қырғыздың ханы сарбағыш Орман Ыстықкөлдегі қырғыздарға хабар беріп, көп қол жинаған, қырғыздардың бұл көп қолы Жуамнан шыққан. Жуамнан Кекілікке қараған жазыққа шыққанда санын білдірмеске ат құйрығына шеп байлап, қырғыздар жердің шаңын аспанға көтерген. Бұл қырғыздар: "Иә, тегіс қырылайық, иә, Кенесарыны жығайық" - деп келген. Алатау мен Кекіліктің арасы зор майдан болған. Осы мезгілде қырғыздар қазақтармен астыртын сөйлесіп, дулатты басқарған Рүстем төрені өз жағына қаратып алған. Соғыстың қызып тұрған уақытында Рүстем көп дулатты қашырып жіберген. Кенесарының қасында мыңнан кем қазақ, бес жүздей мылытық қалған. Дулаттың басшылары Сыпатай болып, Кенесарының қолында қалған. Көп қырғыз Кекіліктің Сеңгір деген жерінде Кенесарыны қамап алған. Таудан аққан бұлақтың басын бұрып, қамаудағы қазақты қырғыздар сусыз қалдырған. Ассыз, сусыз үш күндей соғысып, ат та, адам да болдырып, төртінші күні Кенесары бүтін әскерімен қолға түскен" (С.Қосановтың жарияланымы). М.Әуезов: "Сыпатай: ...Бұлар хандық құрған күні біз бүгінгі орнымыздан айырыламыз. Қырғыздың манабы, дулаттың датқасы мен төресі ежелден бір бас, бір тас емес пе? Талайы, тіпті осы тұрған үшеуіміздің айқыш-ұйқыш құда-жекжатымыз емес пе? Бастасым солар! Табысамын! Рүстем: Мақұл. Болды. Ендеше ірітіңдер дулатты.Ана сыйлықтарын алайық. Хан керек болса - дулатқа езім хан боламын. Қырық ру қазақ баяғыдан бір ханға билетпей-ақ күн көрген. Бәрін қосып хан боламын десе — ана өзі шыққан орта жүзінің қазағын баурап алсын. Сыпатай: Жүр, олай болса әлгі қырғыздың елшісіне. Қабыл алдық сол жіберген сиын". "Хан Кене" пьесасының осы күндері сахнаға қойылмай жүруінің басты "намысты істің" бірі — осы көрініс. Санасы ұлттық намыс пен ұлттық идеяға көтерілмей, кеуделері паңсып қалған трайболизмге бітелген надан бір академиктің ойынша, бұл көрініс ру араздығын қоздыратын көрінеді, өрі өзі үшін ұлттық намыс санайды екен. Намыстанса — қазақтың бірлігінен руының бірлігін жоғары қойып жүргендерге намыстанса керек-ті. Әй, қайдам. Олар үшін, соның ішінде рушыл академик үшін Кене хан да, Әуезов те ру намысының құрбандығы ғана. Е.Бекмаханов: "Қазақ сұлтаны Рүстем және Сыпатай би Кенесары қозғалысына тонаудан қорқып қосылған адамдар еді. Шайқас болардың алдындағы түнде олар Кенесарының шебін тастап қашып кетті. Ол туралы Мәдібек Бекқожаев: "Сыпатай мен Рүстем төре түнде өз әскерлерін бөліп алып, Шу өзенінің арғы жағына өтіп, "Мықан суына" жеткен соң өткел іздеп, таң атқанша жүрді. Осы кезде оларды қырғыз әскері байқап қалып, шабуыл жасады. Артта жау, алда өткел бермес батпақ су, міне, осындай жағдайда қазақтар қырылып, бір бөлігі қолға түсті" дейді. Сыпатай мен Рүстем көрсеткен қызмет ұмыт қалған жоқ. Кейіннен манап Жантай Қарабеков Сібір қазақтарының шекара бастығынан Рүстем сұлтанды наградтауды сұрай отырып: "Рүстем султан мен Сыпатай би Әлібеков әскерлерін алып кетіп, маған Кенесарымен есеп айырысуыма жағдай жасады" - деп мәлімет берді. Сондай-ақ Қоқан бектері өз әскерлерін Орман манаптың қарамағына беріп еді". М.Сәрменбайұлы: Үш күн соғысып, аз қазақтың қырғызға әлі келмейтін болғасын, төртінші күнге қараған түнде Кенесары кеңес қурады. Кеңесте анау ананы, мынау мынаны айтады, толық ақыл табылмайды. Наурызбайдың айтқаны мынау болды: "Ағыбай, Кұрман батырларды бас қылып екі жүз жігітпен қырғыздардың тобын бұзып, жол салайын. Қалған әскер менің соңымнан жүрсін, көп болса да, қырғыздар күнде көріп жүрген жауымыз ғой, бұзып өтпей несі бар дейсің. Топтан бір етсек, соғыса-соғыса құтылармыз" деген. Бұл сөз Кенесарыға мақұл келмеген: "Топтан бұзып өткен соң қашамыз: аты жүйріктер құтылады, көп әскер тұтылады. Қол бастаған ханға жаудан қашқан лайық емес, жаудан қашқан соң, мен хан бола алмаймын, онан да аттың бәрін бауыздайық, жиырма атқа азық артып, Шұға қарай жүрелік. Бір жағымызды Шұға салып, қолымыздағы бес жүз мылтықты жауға қаратып, артынан найза тігіп жүрсек, бізді жау ала алмайды, қолында бес жүз мылтығы бар басын елімге байлаған өңшең жаяу батырды ешқандай мықты жау ала алмайды",— дейді Кенесары. Кенесарының сөзін көп мақұл көрсе де, аттарын сойдыруға батырлардың біразы қимаған. Күзеттің арасынан аман өткен қол қалың батпақ Қарасуға тап болады. Аттың бәрі ұйыққа батқан, әскердің көбі батып, жұрт сасып бүлінген. Сөйтіп жүргенге таң атқан. Қырғыздар Кенесары қайда кеткенін біле алмай қалып, жан-жаққа жортуыл адам жібереді. Іздеген адамдар батпаққа батып жатқан, өте алмай жатқан қазақты көріп қырғыздар ат қойған. Қазақтың жалғыз-жарымы ғана қашып құтылған. Көбі сол жерде қырылған, қолға түскен. Осы күнгі Тоқпақтан бастап, Пішпектің қатарына дейін, Шудың жағасы 5-10 шақырымдай Қарасу — жерден шыққан қайнар батпақ болады. Бұл орынды қазақ-қырғыз - "Миқан" деп атайды. Шуды жағалаған қол Миқанға тап болып, батып қалған көрінеді". Е.Бекмаханов: Кенесары мен Наурызбай өздерінің жасағымен қоршауды бұзып өтуге ұйғарды. Кенесары өзінің тобымен Қарасуық деген батпақты өзен арқылы қоршаудан шықпақшы болды. Өзеннен өту кезінде көп адам суға кетті, осыған қарамастан әскерлері Кенесарыны аман алып қалуға тырысты. Осы оқиғаны көтеріліске қатысқан адам былай суреттейді: "Кенесарының жүздеген адамдары желкеден төнген қара қырғыздардың соққысынан суға кетті, бірақ өліп бара жатын, өздерінің сүйікті сұлтаны Кенесарыны құтқаруға тырысты. Өздерін құрбан ете отырып, олар сұлтанды суға кетіп бара жатқан атынан ауыстырып, өз аттарын беріп отырды" . М.Сәрменбайұлы: "Кенесары мен Наурызбай құтыла алмасына кезі жеткесін төрелер жаяулап бір түбекке шығып отырады. Сол уақытта шауын келе жатқан бір қырғызды көреді. Кенесары шақырып алын:

— Неғып жүрсің? - деп сұрады.

— Кенесарыны іздеп жүрмін,- дейді.

— Іздеген болсаң, Кенесары мен боламын, барып, адамдарыңды шақырын кел, — дейді. Қырғыз шауып кетіп, біраздан соң көп адам ертіп келеді.

— Мен қолға түстім, мені манаптарыңа алып барыңдар, — дейді. Көп қырғыз Кенесарыға:

— Жауласуды қойған болсаң қару-жарағыңды таста, — дейді.

Кенесары мен Наурызбай қаруларын лақтырып тастайды.

Төрелерді қырғыздар атқа мінгізіп тау ішіндегі еліне апарады. Өздеріне бөлек үй тігіп беріп, құрметтеп сыйлайды. Кенесары, Наурызбайдың жатқан үйі Жолбай деген қырғыздың үйі екен. Осы үйде төрелер жеті күн жатқан. "Мен Кенесарымын" - дегеніне нанбай қырғыздар қолға түскен Құдайменде биді алып келіп, Кенесарыны көрсеткен. Кенесары-Наурызбайдың қолға түскен күні қандай көңілде болғаны туралы қырғыздар мынадай әңгіме айтады: Қолға түскен соң қырғыздар Кенесарыға қой сойып, қонағасы береді. Ет әкелгенде Кенесары-Наурызбай қисайып жатыр екен "Ac келді" дегенде Наурызбай ұшып түрегеледі де: "Кенеке, тұрыңыз, тамақ жейік",- дейді. Кенесары: "Жемеймін", — дейді. Сонда Наурызбай айтыпты-мыс.

— Ай, Кене аға-ай, өмір деген не дейсің, ақырында бір өлім болғасын, бүгін өлдің не, жүз жылдан соң өлдің не, сол үшін уайым жемейік, тұрыңыз, одан да етке тойып алайық, — депті. Сонан соң Кенесары тұрып тамақ жеді дейді.

Қырғыздар не қыламыз деп кеңес құрады. "Біреуін жіберіп, Жаманқараның өлі-тірісін білейік, Жаманқара тірі болса, бұлардың біреуін жіберіп алдыралық" - деп қаулы қылды. Қырғыздар осы қаулыны бұларға айтады. Сонда Кенесары айтады: "Жаманқара тірі, Наурызбайды жіберіңіз, Жаманқараны әкелсін", дейді. Сонда Наурызбай айтыпты-мыс: "Ай, Кенеке, сен кеткенде хан болып артыңда қалып ешнәрсе бітіре алмаспын, өлсек, бірге өлейік. Ай, қырғыздар, Жаманқараңды мен өлтіргенмін, қолыңнан келгеніңді қыл" -дейді. Бұл туралы қазақ арасында мынандай өлең бар (...) Қырғыздар тағы кеңесті. Олар екі жақ болды. Бір бөлігі бастығы Жантай болып: "Сый алып, татуласып, төрелерді босатайық" - деді. Көп жағы, әсіресе, Жаманқараның жақындары, қарақалпақтың туғандары "өлтірелік" дейді. Екі жақ таласып, қырғыздар өзді-өзі ұрысып қала жаздайды. Ақырында Жантай жағы жеңіліп: "Не қылсаңдар да рұхсат",— деп сөзді қойды. Қырғыздар төрелерді өлтірмекші болды. "Жаудан қолға түскен батырлардың еті түрлі ауруларға ем болады" - деген қырғыздарда ырым болады екен. Өлтірердің алдында Кенесары - Наурызбайдан бір қырғыз сұрайды: "Өттерің неге ем болады?" - деп. Сонда Наурызбай: "Өтім — қырық қызыңа ем болады" - депті. "Наурызбайдан тұқым аламызы - деп қырғыздар Наурызбайдың қойнына қыз салыпты. Наурызбай қарамапты" - деген қазақ арасында лақап сөз бар. Наурызбайдың "қырық қызың" деп тоқтатқанынан шыққан болса керек". Д. Рамазан: "Ақырында Кенесарыны солто, Наурызбайды тынай ұрықтары алып, Ержанды сарбағыш руы алады. Үшеуін бірдей өлтіреді. Кенесарының жүрегінің жарымы май екен, жалы бар екен. Наурызбайдың жүрегі бір қарасы жоқ шылғи май болып, ортасын өрлеген шидей қара қылы бар екен. Қырғыздар Кенесарыны өлтіріп тұрып, Наурызбайға өлтірдік деп ұққызады да, бұл жас екен қоя берелік дейді. Наурызбай бір де тілін тартпай қырғыздарды ашуландырып тұрады. Наурызбай айтады: "Өлтірсең мен барамын Құдайға, өлтірмесең мен қуамын Кенекемнің кегін" - деп. Бұл сөзді қырғыздар ұғып, оны да өлтіреді. Наурызбай бұл кезде 25 жаста екен". "Қырғыздардың өлтірмек болғанын Кене хан білген соң, "Мен дәрет алып, намаз оқып алайын, онан соң ишара қылайын, сонда жанымды қинамай қылышпенен бір шауып өлтіріңдер" — деген. Ертемен намазды оқып болып, ишара қылғанда бұрынғы жылы Кенесарыдан өлген Орманбек Субанбектің Тайсары деген інісі Тастанбектің болатымен сілтеп жібергенде басы ырғып кеткен. Өлігін Қызыл су менен Шамшының ортасындағы Борду деген сайдың орта бөксесіне таман көмген. Кенесарыны өлтірер замат күн қатты жауған". (Б.Солтанаев. Қызыл қырғыз тарихы. Бішкек. 1993, 2- кітап, 11-бет) десе, Есенқұл Төреқұлұлының "Қырғыздың қысқаша санжырасы" (Бішкек, 1995) деген екі томдық еңбегінің бірінші кітабында да дәл осы жайттарды қайталай келіп: "Өлігі (Кенесарының) Қызыл судың Алмалы сайының орта бөксе тұсына қойылған, жасы 45 шамасында болған. Ал Наурызбайды Кегеті жақтағы Жаубасардың балалары Жүніс пенен Түлекқабылдың қолына берген. Қалпақтың бәйбішесі Ботакөз "осының қанын ішем" деп ашуменен айбалтаны ала салып, Наурызбайға сілтегенде бір қолын шыли шауып түседі. Сонда артына қараған Наурызбай балта ұстаған әйелді көріп: "Оо-пыр-ай, мені өлтіретін қырғызда еркек жоқ па?" депті. Содан кейін барып Төлебай деген қалпақтың жігіті балтамен шауып өлтірген. Осы жігіттен ұрпақ жоқ деп айтысады",— дейді (1-кітап, 94-бет). М:Әуезов: "Науан. Уай, қырғыз, еркегің құрып кеткен бе сенің. Мені еркегің өлтірісін. Толыбай (жақындап қалған Қарақалпақтың қатынын қағып қалып). Тұр былай... Олай болса... міне еркек, тілегіңнің қарымы. (Ұмтылып кеп жүрегіне қанжарды салып жіберді. Науан құлайды.) Соңғы қатын (ұмтылып). Қанын ұртаймын, қанын ұртаймын! (Ұрттап, ұрттап алады)" .

Наурызбайдың өлімі туралы екінші бір жорамал да бар.

Е.Бекмаханов: "Қоршаудан шығуға тырысу сәтсіз аяқталды. Наурызбай өзінің шағын тобымен шайқаста қаза тапты. Кенесарыны қырғыз манаптары қолға түсірді. Өзін өлтірер алдында Кенесары қырғыз манаптарына тағы да жауласуды тоқтатуға ұсыныс жасап, қазақпен қырғыздарды біріктіріп, ортақ жау - Қоқанға қарсы күресуге шақырды. Алайда қырғыз манаптары бұл жолы да оның ұсынысын қабылдамады. Кенесары өлім алдында, иін-тірескен халық жиналған жерде ән бастады. Ол бұл өлеңінде өзінің еркіндік үшін, елдік үшін бастаған ауыр күрес жолын, Сарыарқаның кең даласын, өзінің қаза тапқан серіктерін еске түсіреді. Кенесарының соңғы сәтін былай суреттейді: "Кенесары жиналған жұртқа, алыстағы тауларға, күн шуағы төгілген биік аспанға, жан-жағына қарап алып, ән бастады. Ән ұзақ айтылып, жиналғандар құлақ түріп тыңдады. Оның сөздері бойларын билеп, ән тыңдаушының жүрегін баурады. Ол өзінің өткен өмірін, туған жерін еске түсірді" . М.Әуезов: "Кенесары: Бірақ мені жыққан сол жауыздар жұртты қоса жыққанын ұға ма екен? Ойлар ма екен? Алатаудың бауырында Кенесары жығылса, сыналатын өткелде қазақ елі бірге жығылады. Түсінер ме соны? Өкінер ме? Менің жығылғаным арман емес. Ел болар ма екен, елімнің шу дегенге жарамаған арман - менің қайғым. Жалғыз-ақ, ел болар ма деген елімнің көші қайда қалды? Қайда қалды, қайран елім, не боп қалдың. Мен сүйінер ел ішінін; қайғысы ол жеңгізбейтін дерт болды. Армандамын, соған әлім жетпегендігіне армандамын. Бәрі бір мен сүйінер өмір, мен жұбанар үміт қалған жоқ. Бұдан арғыны көргенше, алланың ақ бұйрықты ажалы келсін. Содан басқа тілегім жоқ" . Е.Бекмаханов: "Кенесарының өлімі оның серіктері үшін, әскери достары үшін өте ауыр соққы болды. Я.Палферов көтеріліске қатысқан Нысанбай ақынның толғауы арқылы көсемдерінен айырылған қазақтардың ауыр қайғысын білдіреді. "Кенет шатқал тыныштығын домбыра үні бұзды, оған қоса: "Е.. е.. ее.. Алла!" - деп күңіреніп алып басталған қайғылы, жантүршіктірер, Нысанбайдың сол жерде шығарған жоқтау өлеңі, басталды: Еркін жел бүгін тынықсын, Ақындар жырын ұмытсын. Ерке ұлын іздеп жоқтаған, Зар заманнан сыр ұқсын. От тиген қалың ағаштай, Жалындай кетті-ау, Кенекем". Жоқтау ұзақ, қағылы түрде айтылып, шатқал-шатқалды, сай-сайды қуалап, кең далаға Кенесары батырдың өлімін естіртіп кете барды. Зар жылаған домбыра үні барлық дүниені булықтырды. Тыңдаушылардың қара торы жүзін жас жуды, кейде олар өксіп-өксіп те алады. Бүкіл табиғат осынау бір жұбатуға болмайтын зарлы құймен бірге жылап тұрған сияқты" . Мәшһүр-Жүсіп: Тілеуғабыл манап Наурызбайды інісінің бодауы үшін, көп қырғыздың ортасынан жеке өзі меншіктеп алды. Сонда қырғыздарға айтты дейді:

- Мұны өлтірсем, неге өлтірдің демеңдер. Өлтірмесем, неге өлтірмей қойдың демеңдер. Інім үшін маған бердіңдер ғой. Ықтияры өзімде болсын! — депті.

Үйіне алып барған соң:

- Төре, өлер інім өлді. Сені өлтіргенмен, ол тірілмейді. Сені тайдай тал түсте жөнелтсем, тамам қырғыз соңыма түсіп, өзімді бұл Алатауда тірі қоймайды. Менің атымды мін, киімімді ки, сөйт те, түнде қаш, сені ешкім қуып жетіп, түсіріп ала алмайды. Мен риза, құдай риза, маған сенің өлмегенің керек,— дейді.

- Кенесары, Наурызбай қолға түсіпті де, Кенесары өліп, Наурызбай қашып келіпті -деген сөз маған өлімнен жаман атақ. Ол абыроймен тірі болып үйге барғаннан да өлгенім артық, Жиырма беске жеткенім жоқ, жүз жасаған кісінің сүретұғын дәуренін сүрдім, тіршілік пен бұ жалғанға менің арманым жоқ! - дейді.

Өлтіруге көзі қимай Тілеуғабыл Наурызбайды үш ай (тоқсан күн) сақтапты. Ақырында Тілеуғабыл өзі бір жаққа кеткенде, жанкүйері өлген қырғыздар қоқиласып келіп, өлтіріп тастады дейді. "Наурызбайды өлтіргендер дәнемеге ұшыраған жоқ", - десіп, мұны қырғыз жұртының өздерінің жиһан кезген, орыс қолына түсіп, жер аударылғандары айтысады. Болмаса, Кенесары, Наурызбай қырғызға түскенде мен туғаным да жоқ" . Д.Рамазан: "Ал, 1999 жылы Бішкекте шыққан Құсбек Үсенбаевтың "Орман хан" атты монографиясында: "Кенесары менен Наурызбайды 7-8 күн қармап тырысады. Ол екеуін бірге қоймай, әрбірін өзінше бөлек үйде ұстаған. Кенесары "ит қырғыздар мені хандарыңа жолықтырыңдар" деп шешімді түрде талап еткен. Бұны Орман хан мақұл көрген жоқ. Өйткені қырғыз, қазақтың салты бойынша ханға жолықтырған тұтқынды "Жан сазға" деп аман қалдырады екен. Сондықтан Орман хан Кенесары мен Наурызбайды маған көрсетпей жоқ қылыңдар деп бұйырған. Шабылған ел, атап айтқанда шайқаста құрбан болған ерлердің жақындары Кенесары мен Наурызбайға бірнеше сауалдар береді. Мысалы, Наурызбайдан: "Бұрынғы жылғы елшілер бар ма?" - деп сұрағанда, ол: "Жаманқараңды жайлаған, Орманбекті ойрандатқан, Субанбегіңді сұлатқан, Қалпағыңды талпақ қылған қолым осы" - деп тайсалмай жауап берген. Ал: "Арманың бар ма?" - деген сауалға мынандай жауап береді. "Төрт арманым қалды: бірінші — апам байға ұзатылған жоқ еді, екінші - ұрпағым қалған жоқ, үшінші - Тоқсан төбедегі пұл ашылған жоқ, төртінші арманым - алты алаш баласын бастап, Еділ, Жайық, Сарыарқада орыспенен беттеспедім" - деген. М.Сәрменбайұлы: "Кенесарыны сарбағыш Тастамбек балалары, Наурызбайды Тілеуқабыл балалары жабылып өлтірген көрінеді. Тастамбек Жантайдың әкесі Қарабекпен бірге туған. Тілеуқабыл Қалпақ батырмен бірге туған. Екеуінің де Кенесарыдан жақындары көп өлген. Екеуінің де тірідей жауырынын жарып, өтін, жүрегін алған, қанын ішкен, - дейді. Дұшпанының қанын ішу — бұрыннан келе жатқан түрік әдеті. Қырғыз арасында осы күнде мынандай лақап бар: "Кенесарының жүрегі майланған екен" дейді. Наурызбайдың жүрегінде қарыстай қыл бар екен. Қылды көрген соң қырғыздар "Наурызбайды бекер өлтірген екенбіз. "Жүрегінде түгі бар ер - жүзге серік" дейтін еді деп өкінген". Мәшһүр-Жүсіп: "Қырық жасында, жылқы жылы демі таусылды. Наурызбайдың жылы қой еді, жиырма төрт жасында жұмыс бітті. Қырғызда манап дейтұғын болады екен. Манап болатұғын себебі: қырық жігітке қатын алып беріп, мал малдандырып, жан жандандырады екен. Сонан соң оны "манап" деп атайды екен. Сонда қырғызда Жанғараш, Жантай екеуі де манап екен. Жаманғара да манап екен. Жанғабыл, Тілеуғабыл ағайынды екеуі де манап екен. Жаманғараны елшілікке келген жерінде Наурызбай өлтірген: Құлақ пен қөзы жаурын қойып алдым, Өгіздей жон терісін сойып алдым. "Ханыма қырын қарап сөйлейсің" - деп, Бүйірін наркескенмен ойып алдым, - деген өлең де бар. Өздері қашпаймыз десіп, қолға түскен соң, Жаманғараның бодауына Кенесары ханды Жанғараш алған екен. Жанғабыл манапты соғыста Наурызбай тағы өлтірген екен. Соның бодауына деп, Наурызбайды Жанғабылдың ағасы Тілеуғабыл алған екен. Сол уақытта қырғызда, Алатаудың күнгей бетінде, Орман хан деген хан бар екен. Сонан қырғыздың манаптары кісі жіберіп, ақыл сұраған екен. "Бұлар қолға тірі түсті, қайтеміз?" ?— деп.

Сонда Орман хан айтты дейді:

—Кенесары, Наурызбайға біздің қырғыз барып соқтыққан жері жоқ, өздері келіп қолға түсті. Оны манаптар күшіміз асқандықпен болды демесін. Құдай мен аруаққа төрелердің өздері ұшырады, сонан болды деп білсін. Өздерін өлтірмесін. Бұрынғының сөзі бар еді: "Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды. Үлгісізден би қойса, өсиеті болмайды ",- деп. Қайта өздері икемге келіп, ынтымаққа көнсе, күллі қырғызға хан көтерсін. Мен де хандығымды тастап, соны хан сайлауға қол қояйын. Егер де икемге келмесе, ынтымаққа көнбесе, күтіп-сақтап бақсын, әз ажалынан өлмесе, менен ғақыл сұраса, өлтірмесін. Және қалған елін барын шаппасын, болғанына қанағат қылсын да тұрсын, — дейді.

Сонан соң қырғыз:

— Орман езі басы аман болған соң аузына не келсе, соны айта береді, — деп. — Біздің Жаманғарамыздан артық па? — деп, — Жаманғараша өлтіріп тастаңдар! — дегенде, "Қылышпен шабамын!" — деп ең алғаш қол көтерген қырғыз қолын көтерген бойымен сіресіп қалды дейді. Оның өзінен әл кетіп, қақайып тұрып қалғанын білмей, жанында тұрған арсалаң бір есерсоқ қылышты жұлын алып, Кене ханды мойынынан шауып жібергенде, Кенесары ханның басы да жерге түсті. Шапқан батырдың өзі де сылқ етіп құлай кетті дейді. Қараса, табанда жаны шығып кетіпті. Үйіне көтеріп алып барған екен, үй ішіндегі қатын-баласы жалп ете түсті дейді. Сонан соң қырғыз халқы Кенесары ханды өлтіргендігіне кәп шемен болысты дейді. Сол өлтіргішлерінің тұқым-тұқымы бұл күнгеше өнбей, быт-шыт болып тозып кетті дейді. Жантай өлтірген кеңестің ішінде жоқ екен. Өлтіргендерін де оңды ұнатпаған екен. Бас терісін сойдырып, орыс жұртына жіберген екен. Сол үшін тұқым-тұқымына нагард берілді дейді".

М.Сәрменбайұлы: "Екеуі екі бөлек қойылған. Кенесары "Бөрілі" деген сайға көмілген. "Бөрілі" Тоқпақтан 25 шақырымдай Жуамға жүретін қара жолдың оң жағында болады. Наурызбайдың қайда көмілгені анық емес. Өлтіргенде Кенесарының басы орыс үкіметінің қолына түскен. Кенесары — 43, Наурызбай - 25 жаста екен. Пенде болған уақыты — 1847 жыл. Жазғытұры Кенесары өлген соң наймандар қырғыздарды шауып, Төрекелді деген манапты ұстап алған. Төрекелдіні құтқармақ болған қырғыздар Алматыдағы орыс әскерінің бастығына үш кісі елші жібереді. Осы үш кісі елшілікке Кенесарының басын алып барған. Үш елші үш рудың адамдары екен. Орыс үкіметі Кенесарыны кім өлтірді дегенде: "Біз өлтірдік" - деп үш елші таласқан. Кенесарыны қалай қылып өлтірдіңдер дегенде, былайғылары аузын ашпай айта алмай қалтада, Орман манаптың елшісі Қалығұл Әлібекұлы Кенесарыны қалай өлтіргендігін бастан-аяқ сөйлеп, қайдан алып келгенін анықтап айтқан. Кенесарыны өлтіріп, орыс үкіметіне еткен еңбегі үшін сол күндегі Сібірдің ұлық-бастығы князь Горчаков Қалықұл Әлібекұлына 1847 жылы 15 июньде қол қойып, мақтау қағаз һәм күміс медаль берген. Орыс үкіметінің бастығы Кенесарының басын қайда жібергені белгісіз" . Е.Бекмаханов: "Кенесарының өлімі туралы хабар жетісімен Орынбор шекара комиссиясы жан-жаққа жарлық жіберіп, онда "Орынбор мекемесінің қырғыздарына ортақ жаудың өлімін" хабарлады. Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков осы соғыста көзге түскен қырғыз манаптарын шақыруға шешім қабылдады және оларды ордендермен наградтауға ұсынды. Кейіннен бұл шаралар жүзеге асырылды. Кенесарыны өлтірген Әлібековке Горчаков арнаулы хат жолдады: "Құрметті қырғыз Қалығұл Әлібековке! Бүлікші Кенесары Қасымовтың ісінде көрсеткен ерлігіңіз бен қызметіңіз үшін, өзіме император тақсыр берген билікке сай, сізге Георгиев лентасындағы, мойынға тағатын күміс медаль жіберіп отырмын, сіздің осы жоғары сыйлықты дұрыс бағалайтыныңызға және өзіңіздің қасиетті императорға берілгендігіңізбен үкіметтің сенімін ақтайды деп сенемін". Соңғы шайқаста, Сібір қырғыздарының Шекара бастығы Вишневскийдің мәліметіне қарағанда, Ормон манаптың қолынан Кенесарының інісі Наурызбай, екі баласы және басқа да 15 сұлтан қаза тапқан. Сонымен бірге, кептеген қатардағы қазақтар қаза тауып, мыңға жуық адам қолға түсті. Қырғыз манаптары Ормон мен Жантай өздерінің ризалығының және достығының белгісі ретінде, өлтірген қазақтардың бастарын Қоқан ханына сыйлыққа жіберді. Бұл туралы капитан Рылцовқа берген жауабында бір керуенбасы еске түсіреді: "Мен Ташкентте қара қырғыздардың басшыларға сыйлыққа жіберген, екі арбаға тиелген Кенесары адамдарының бастарын өз көзіммен көрдім. Бастарды ұзын таяққа іліп, Ташкент базарына қойған. Жергілікті басшылыр бұл іске риза болғандықтан қара қырғыздарға сыйлықтар берді". Мұндай тарихи шындық пен әфсаналарға түсініктеме беру де артық. Өйткені мұнда халықтық қасірет жатыр. Ал халықтың қасіретін Мұхтар Әуезов сияқты ұлылар ғана жұбата алады. "Хан Кене" арқылы жұбата да, ойланта да алды. Ұлттың басына ең ауыр күндер туғанда да ұлттық тәуелсіздік рухын сөндірмеген шығарманың трагедиялық сипаты мен астары, қадыр-қасиеті осында. Шығармашылық тебіреніс аяқталса да жазушының бақ талайы әлі талай талқыны күтіп тұрды'. Ол "Хан Кене" сахнаға қойылған соң басталды.

ІV ТАРАУ: САХНА СЫРТЫНДАҒЫ САРЫН

"Хан Кененің" ең соңғы нүктесі 1928 жылдың көкек айында қойылған. Тура сол күндері Ғабит Мүсіреповтің араласуымен жеделдетіп жарық көрген "Қилы заманның" басылымы таралмай жатып тәркіленеді. Ал сахналық қойылымды қажет ететін "Хан Кене" кейінге ысырылады. Өзге шығармалары тергеу ісіне тіркеліп, соңынан жоғалып кеткенде, "Хан Кененің" қолжазбасы кездейсоқ сақталып қалғаны таң қалдырады. Зады пьесаның бір данасы театрдың сөресінде "ұмыт қалған" сияқты. 1932 жылы түрмеден босап шығып, театрға әдеби кеңесші болып келгеннен кейін, заман тынысы кеңіп, "еркін жазушыларға" жол ашылған соң "Хан Кене" сахнаға жолдама алды. Бұл тұста театрдың репертуары да жұтаңданып, драма театры жабынуға таял, оны жандандыру туралы арнайы қаулы қабылданып еді. Бас директор Орынбек Беков сыннан өткен большевик болғандықтан да оның "Хан Кенені" сахналауға белсене араласуы идеология мекемелерін онша алаңдата қоймаған. Спектакль қойылардың алдына "Хан Кенеге" біраз адамдар пікір білдіріпті. Соның бірі белгілі баспагер Рақымжан Жаманқұлов болған сияқты. Ол - Мұхтардың "Ескілік көлеңкесінде" атты шығармалар жинағын баспаға дайындаған көңілі жақын зиялының бірі. Мұрағатта сақталған мына хат соның дәлелі. Онда: "Мұқа! Кенесары — тарихи тақырыптардың ішіндегі ең ірісі ғой. Менің байқауымша Кенесары қозғалысының сарқылған, тозып біткен жері алынған. Оқиғаның басталып, етек алып өрістегені көріне алмаған. Кенесары қозғалысы — орыс отаршыларынан ел қорғау қозғалысы. Сондықтан ол қазақ ұлтына пайдалы қозғалыс еді деп жүрген Аспандияровтың айтқаны көмескі қалды. Қалың ел Кене соңынан неге ереді? Бұл көрінбейді. Неге ыдырап тозады, бұл жағы жақсы көрінеді. Орыс отаршысына тірек болып шенге сатылу жаты да көзге еркін түсе алмайды. Кейіпкерлер жақсы көрінген. Кененің ақыл-айласы таусылып, тұйыққа, жарға қамалған жері көрінгендіктен, ақыл-ой, айла-амалының еркіндеп, өршіп тұрған кезі көрінбегендіктен Кене кейпі түгел көріне алмай түр ғой деп ойлаймын. Бұл, әрине, қозғалыстың өрісі мен байланысты ғой. Інісі, қарындасы, батырларының кейпі жақсы көрінген. Пугачев пен Кенесары қозғалысы бір-біріне ұқсас емес болса да, сондағы қозғалыстың басталып, өсіп-өнуін жазған өрісі маған аса ұнайды. Қысқаша айтқанда пьесаны толықтандыру керек. Бұл пьесаның тақырып жағынан тарихи маңызы, күштілік жағынан орыны үлкен ғой. Сөз жоқ жақсы жазылған. Әзірше осымен тоқтап, өз ойымды ауызша айтқанда толықтырып айтармын.

Рахымжан. 16. ХІ-33." - деп жазылған.

Достық ниеттегі бұл пікірді талдап жатпаймыз. Тек пьесаны сахнаға шығарар алдында тілектес адамдарға оқытып, пікірлерін білуге ұмтылғанын еске сала кеткіміз келді. "Хан Кене" спектаклі 1934 жылдың 21 маусымы күні сахнада қойылды. Спектакльге ерекше көңіл бөлініп, оның әсерін үстеу барысыңда қосылған қосымша көріністер мен музыкалық сүйемелдеулер трагедияның әсерін күшейтіп, төбе құйқа шымырлататындай дәрежеде қойыңды. Наурызбайдың сахнаға ақ бөз ат мініп шығын атойлауы, оның соңынан мойындарына бұршақ ілген, көгенделген әйелдер мен жас сәбилер көрінісі қанды оқиғаның қатыгездік сыпатын басым етті. Сол сахнада сәбилердің бірі болып "ойнаған" Бақыттыжамал Қалибекқызы Қуанышбаева: "Түңғыш рет спектакльге арналып арнайы киім тігілген қойылым - "Хан Кене" спектаклі. Қалибек — Кене, Елубай - Наурызбай, Жүсіпбек — ақын бейнесінде ойнады. Сонда жаудан түскен олжаларды көрсеткенде балаларды бұршаққа тізіп өткізетін сцена бар. Театрдың директоры Орынбек Беков соған барлық актерлердің балаларын қатыстырды. Күләш Байсейітованың сіңлісі Рыстай да бар. Көрермендердің кейінгі айтуына қарағанда, ол көрініс сондай әсерлі, аянышты шыққан көрінеді. Әке-шешемізге еліктеп, өзімізше тырысып, айтқандарын бұлжытпай сахнада орындайтынбыз. Осы спектакльде сүйекпен, алтынмен өрілген шаңырақ есімде қалыпты. Әкем Қалибек ауылға барғанда Сәдірбек байдың күміс белбеуін, кісесін, алтын зерлі бақанын, қасқыр ішігін алып келген. Сол пайдаланылды. Кісені Серағаң — Серәлі Қожамқұлов күні кешеге дейін тағып, сахнаға шығып жүрді. Спектакль жүріп жатқанда сахнаның сыртында шешем босанып, үл тапты. Оны Қалибек ойын біткенде бір-ақ естіді",— деп еске алады. Шындығында да спектакль сондай шынайы тұрғыда қойылды. Ондағы жоқтаулар мен елдің Сарыарқамен қоштасулары оркестрдің сүйемелдеуімен, әйелдердің хорымен, балалардың жылауымен астасып, көрермендердің жағасын ұстатқан сияқты. Тіпті С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов сияқты өнер табиғатын білетін ересектер де осы көріністі ұмыта алмаған. Оған атақты шежіреші дегдар Жайық Бектұровтың төмендегі естелігі дәлел: "1934 жылы жазда Алматыда М. Әуезовтің "Хан Кене" атты әйгілі пьесасының алғаигқы қойылымын көрдік. Сахнаның алғашқы ашылуын Ғабит Мүсірепов ағамыз басқарды. Кенесары болып Қалибек Қуанышбаев, Науан (Наурызбай) болып Елубай Өмірзақов ойнады. Қаллекей ағамыз қызыл барқыттан шынтаққа жететін жеңді қамзол киіл, алты қанат ақбоз үйдің төрінде жастыққа бір шынтақтап жантайып жатқанда, Елубай цирктің ақбоз атын сахнаға арқыратып мініп шыққанда, республикамыздың театрға жиналған басшылары, Сәкен бастаған жазушы қауымы - бәрі де бір ғасырдай бүрып еткен уакңға тап қазір шынымен көз алдарына келгендей тыныстарын іштен алып, сахнаға қадалды да қалды. М. Әуезовтің осы пьесасындағы оқиғалар менің үлкендерден бала күнгі естіген аңыз-ертегіммен көбінде сәйкесіп отырды. Қалибек жұрт көзінде Кенесарының дәл өзі болды да шықты. Жас шамасы да дөп келеді. Кенесары қырық төрт жасында опат болған той. Қолға түскен Кене бүйірінен оқ тиіп, шала серпіліп жатқан арыстандай көрінді. Науан болып ойнаған Елубайдың сахнада ат үстінен ақыруы, екпіні, қаһары ертедегі ер Науанның дәл өзі болды да қойды. Елубайдың жасы Науаннан сәл үлкенірек. Сөйтсе де оны жұрт нағыз Наурызбай деп түсінді. Елубайдың өнерінде, тұтықпалылау сөзінде шадыр мінезділік, өңінде қаһарлы кескін, ожар пішін болатын. Соның бәрі оны ызалы Науан етті де қойды. Сәкен өткендегі хандарды, әсіресе Абылай әулетін қанша жамандаса да, шындықты да шынайы баяндаған болатын. Ақын "Көкшетау" поэмасында:

Орта жүз "ақ патшаға" бағынғанда,
Патшаға хан ұрпағы жағынғанда.
Қасым хан бармай қалған, туыстары
Патшадан байғазы алып тағынғанда.

Кене хан Қасымұлы қырға кешкен,
Үстінен туыстары шағынғанда.
Патшаға қарадың деп елді шапқан,
Хандығын Абылайдың сағынғанда,

деп жазып еді.

Иә, мұның бәрі әрі толғау, өрі естелік. Бір есептен, Ғабит ағамыздың осы күнге дейін Кененің соңына шырақ алып түсе беретіні сол кезде қалыптасқан бір жақты көз қарасын қайталауынан ба деп қаласыз. Жазушы өзінің соңғы көлемді туындысы "Ұлпанда" да Кенені кемітіп өтті. Бұл шығармада Кененің онша қыстырыла қоятындай қиыны жоқ та сықылды еді. Қайтсе де Ғабеңнің атқан оғы сүйегін кейінірек қырғыз манаптары Қызылсу жағасындағы көрінен суырып тастаған Кенеге тиіп жатыр",— деп өз ойын кейінгі күнмен ұштастырады. Сәкен мен Ғабиттің ар туын ұстаған Жайық марқұмның , бұл сөзінде ащы шындық бар. "Хан Кененің" сахналық тағдырына бұл екі жазушы да кері ықпал жасады. Қалайда бұл.қойылым қазақ зиялыларының арасында үлкен пікір таласын тудырды. Қ.Жармағамбетов ол туралы кейін: "1928 жылы жазған "Хан Кене" пьесасында М. Әуезов Кенесары Қасымовтың қозғалысын ұлтшылдық тұрғыдан бағалап, оның бандаларының туысқан қырғыз халқына жасаған шапқыншылығын басынан аяғына дейін ақтап шықты. 1934 жылы осы пьесаның драма театрында қойылуымен байланысты республикалық газеттерде әртүрлі түсініктегі әртүрлі авторлардың мақалалары жарияланды. F. Мүсірепов "Социалистік Қазақстан" газетінің 1934-жылғы июннің 24-25 күндеріндегі санында жарияланған мақаласында: "Хан Кене" пьесасы ұлтшылдықты ,үгіттейді, өрші отырған екі республиканың еңбекшілері арасындағы советтік туысқандық — Сталиндік достық сезімге араздық пен сенімсіздіктің шоғын тастайды - деп, өте орынды бағалады. Мүсірепов мақаласында қырғыз халқына жасаған Кенесары жорығының реакцияшыл екендігі туралы да мәселе көтерілді. Бірақ газет те, автор да пьесаның театр сахнасынан аласталуына разылық білдіріп, саяси мәні терең жатқан мәселені принципті дәрежеге шейін "көтермеді",—деп "өкініш" білдірді. Шындығына көшсек, дау мен күдік, айтыс пен тартыс, и идеологиялық айыптаулар "Хан Кене" сахнаға қойылмай і тұрып ақ басталып кеткен еді. Өзге емес, Орталық партия ' комитетінің жауапты қызметкері, "сахналық қойылымға басшылық етіп жүрген" Ғ.Мүсірепов: "Хан Кенені" сахнаға шығару — саяси арандату, қырғыз бен қазақтың арасына араздық тудыру, Кенесарының хандық тұғырын дәріптеу, орысқа қарсы пікір тудыру — деген мағынада көкек айының ішінде Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Л.Мирзоянға "Жабық хатты" жолдап та қойған болатын. Бұл хат арнайы бақылауға алынды. Демек, спектакль қойылмай тұрып-ақ оған қарсы көзқарас қалыптасты. Жоғарыдағы "Жабық хатты" пайдаланудан көрі Ғ.Мүсіреповтің, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің "Социалды Қазақстан" газетінде жарияланған ашық пікірлерін жарыстыра беруді жөн көрдік. Бұл — қазақ көркем ой иелерінің сол кездегі ой-өресін, көзқарасын, тарихи таным тұжырымдарын танытады. Ең алғаш пікір білдірген Ғ.Мүсірепов: "Қазақ драма театрының көптен әзірленіп, он ойланып, жүз толғанып сахнаға шығардық деген Мұхтардың "Хан Кенесін" оқу комиссариаты уақытша тоқтатып, түзеттіргелі отыр. "Хан Кененің" шымылдығы көтеріле бергенде тоқтап қалуы тоғышарлар арасында өсек әңгіменің тақырыбы болып жүргенімен, жұртшылығымыз үшін пайдалы жұмыс. "Хан Кенені" бұл күйінде қоюдан тоқтату театрымызға да, Мұхтарға да өте пайдалы, орынды жұмыс болды. Тексеріске салып, түзетуден ешбір шығармаға пайдадан басқа зиян келмейді. Бұған ешбір жазушы жәбірленбеуі керек. Әсіресе "Хан Кене" секілді ескі қарым-қатынастарды көрсетуге арналған шығармаларға қатаң сын көзімен қарағанға жәбірленетін орын жоқ. Театрмыз "Хан Кенені" алтынмен аптап, күміспен күптеп, мұны бір айта қаларлықтай етіп шығаруға бар күшін салған сияқты еді. Барлық саяси қырағылығын, сахна шеберлігін осы "Хан Кенеден" аямай-ақ қимылдаған сияқты еді. Бірақ, жұртшылығымыздың күткен жерінен шығара алмаған. Театр да, жазушы да сахнаға қоюдан бұрын тексеріскен әдебиет жұртшылығымыз да "Хан Кенеге" терең сын көзімен қарап, түзету жолдарын көрсете алмаған, таба алмаған. Оған бір себеп: театрдың "Хан Кенеге" кір жұқтырғысы келмегені, сыңаржақтығы болған-ақ шығар (мұны болмады дей алмаймыз). Бірақ, терең сын айтып, түзету жолын сілтеушілер де болған жоқ. Әйтпесе Мұхтардың қара басы толық сын естіп "Хан Кенені" түзетуге асық-ақ болып жүрді. "Хан Кененің" желісі бұдан 3-4 жыл бұрын тартылып қалған болатын. Ол кездегі Мұхтардың жолы бүгінгі Мұхтардың жолынан басқа еді. Мұны айтып жату онша орынды болмағанымен "Хан Кене" еріксіз айтқызды. Мұхтардың ол кезде көздеген нысанасы да, мақсаты да басқадай. Мұхтар: "Қазір көздегенім - "Хан Кене" арқылы хандықтың құлағанын, оны көпшілік қарсылығының қалай құлатқанын көрсету" - дейді. Мұнысына өз қара басымыз әбден сенеміз, шыны деп білеміз. Бірақ "Хан Кенені" жазған кездегі (30-жылдың аржағы) Мұхтардың көздеген мақсаты - Кенесары, Наурызбайлардың құлағанда да өзгеше ерлікпен құлағандарын көрсету болатын. Аяулы ерлердің моласына бір түнету арқылы жұртты бір күрсіндіру болатын. "Хан Кене" қазір театр қойған күйінде осы ескі қалпынан көп өзгерген жоқ. Театр мен Мұхтардың биылғы қосқандары, түзеттік дегендері, аз-мұз сөзін жаңартқандары пьесаның бұрынғы бағытын өзгерте алмаған. Шуда жіппен жамаған ескі-кұсқы болған да, одан аса алмаған. Мұхтардың қазіргі көздегеніне де, біздің тілегімізге де әкеле алмаған. Сондықтан "Хан Кененің" қойылуын тоқтатып, түзеттірейін деп отырған оқу комиссариатының бұл ісіне театр да, Мұхтар да жәбірленбей, қуанулары керек. Оқу комиссариатының өзі-өз болғалы мұндай іске қатынасып, жақсы пьесаны сынағысы келгені қуантатын іс, жаңалық. Біздің міндетіміз де бұл ісіне жәрдем беру, жақсы пьеса жасау, бұл жөнінде азды-көпті пікірімізді ортаға салу". (...) "Хан Кенені" шу деп сахнаға шығарғанда театр да, оқу комиссариаты да асығыстық істеді. "Хан Кене" жайындағы ойласуды керек ететін пікірлерге құлақ аспады. Көрер көзге-ақ, басқа пьесаларды ысырыңқырап қойып "Хан Кенемен" бір жарқ ете түскісі келді. Орынбек жолдас осы "Хан Кене" арқылы театрдың бағытын, жолын белгілеймін дегенді талай-ақ айтып жүрді. Төңкерісшіл театрдың бағыты мен жолын "Хан Кене" арқылы, "Еңілік-Кебек" арқылы белгілеймін деудің өзі қате болатынын ұғынғысы келмеді. Біздің драма театрымыз өзі-өз болғалы ескі пьесаларды жаңа пьесалардан анағұрлым жақсы қойып келеді. Мұның өзі біраздан соң театрды кейін тартатын, ескі тұрпаттарды (образ) пайымдап, жаңадан қашықтата беретін нәрсе болып шығатынын ескермеді. Өйткені, жаңа пьесалардағы жаңа қарым-қатынастарды, жаңа адамдарды тереңдетіп көрсетуге талпынудың орнына ескі шаңдақты шындай беру, театрды ілгері сүйремейді. Театрдың шеберлігі "Түрксіб", "Майдан", "Тартыс", "Талтаңбай" секілді пьесаларға салынып, театрдың бағытын, жолын осылар арқылы белгілеу керек. Театрдың жолын белгілеу деген - саяси мәселе. Жеңіл қарауды көтермейтін мәселе. Мұны белгілеу театрдың ез қолында ғана емес. Біздің театр биыл қысқысын жаңа пьесаларды шеттетіп, бар тілеуі "Хан Кененің" үстінде болды. "Хан Кенеге" сын көзімен қарай алмағаны да сол сыңар жақтылықтың салдары. "Ән-күй театры жұртты аударып әкетіп барады" деген күндесу де болмай қалмаған шығар. Әйтеуір "Хан Кене" арқылы оңай ғана жарқ ете түсуді тым-ақ дәстүрлеп жүргендігі айқын еді. Ойланудан гөрі даурығу жағы басым болып келді де, "Хан Кенеге" ұрынды. Ұрынды дейтініміз, терең сын арқылы терең түзетудің орнына ұсақ-ұсақ жамаумен түзетіп, сахнаға шығара салды. Сол асығудың, ұрынудың арқасында жұртшылық алдына бір салып алуды да артық көріп, бірден билет сатып шығындарын кетерді. Театр "Хан Кенені" қоюда сүріне қалса, ол әншейіндегі ұшыраса салатын жеңіл сүріну емес. Мойынға қаупі бар, мойын үзілу қаупіне ұқсас сүріну болатынын ұғынбады. Бұл асығыстың қате болғанын театр да, оқу комиссариаты да енді ұғынып отырған болулары керек",—деп әңгімені әріден бастайды да: "Хан Кенені" қалай түзету керек?",—деп сұрақ қойып, одан өрі пікір суыртпақтайды. Әрине, мәселенің бар кілтипаны сол "суыртпақта" жатыр. Бұл "суыртпаққа" С.Сейфуллин де қатысты. Ол да әңгімені қойылымдағы Кенесары-Наурызбай бейнесінің "асыра сомдалуынан" бастады: ..."Хан Кене" алғаш театрда көрсетілген күннен бастап мен бұл туралы пікірімді ашық айтқан едім. Біздің ағарту, мәдениет істерімізді басқаратын орындардың шақырған кеңестерінде де "Хан Кене" туралы пікірімді айтқан едім. Баспасөз басқармаларының сұрауы бойынша сол пікірімді енді совет жұртшылығының алдына жазып салуға тура келіп отыр. "Хан Кенені" Алматыдағы жұртың көбі көрді. Бұл пьесенің, қысқасынан айтқанда, мазмұны мынау: Кенесары ұлы жүз ішінде әкесіне ас береді. Сол аста әзі хан көтеріледі. Қырғызды бағындырамын деп, соғыс қылып қырғыздан жеңіліп, Наурызбай екеуі қолға түсіп, тұтқында өлтіріледі. Әрине, жазушы әзінің жазуына нені тақырын қылып алса да ықтияр өзінікі. Ал, бірақ, біздің совет жұртшылығы да ол тақырыптың көрсетілуіне қалай қарайтындығын, қалай түсінетіндігін айтуға тиіс. Дұрысталып, толық тарихы жазылмаған Қазақ АССР республикесіне тарихи кітаптар қажет нәрселердің бірі. Тарихи әңгімелерді қолға алуы Мұхтардың дұрыс қызмет қылғандығы деп білемін. "Хан Кене" дұрыс көрсетілмегенімен, тарихымыздың белгілі бір дәуірінің мәселелерін көтеріп отыр, сонысының өзі пайдалы зат. Енді "Хан Кененің" өзіне келейік. Кенесары, Наурызбайдың қырғызбен соғысқанын тақырып қылып алып, бүйтіп көрсету өте келіссіз нәрсе болғандығы театрда айқыннан-айқын көрінді. Бірақ, мүмкін кейбіреулерге келісті болып та көрінген болар, ол ғажап емес. Жұрттың сана-сезімі өлі бір қалыпта емес. Біреуге теріс көрінген нәрсе, екінші біреуге оң көрінуге де мүмкін. Ал енді екіншіден, олай болмағанмен, енді "Хан Кене" пьесесінің өзін талқылайық. "Хан Кененің" мазмұнын қысқаша айттық: Кенесары-Наурызбай әкесіне ас беріп, хан көтеріліп, қырғызбен соғысып, жеңіліп тұтқынға түсіп, тұтқында өлтіріледі. Міне осы уақиғаның өзі "Хан Кенеде" тарихи жаңа социалшылдық шындық ретінен жарамды болып көрсетілген бе? Менің пікірімше, бұл уақиғаның өзі де пьесенің тарихи социалшылдық шындық ретінен жарамды болып көрсетілмеген. Жарамды болып көрсетілмегені былай тұрсын, зиянды, ұлтшыл сезім оятатын жат пьеса болып шыққандығы айқын көрінді. Ұлтшылдықты жасыл түске мысал қылып, социалды шындықты қызыл түске мысал қылсақ - "Хан Кене" пьесесі үлкен жасыл жайманың әр жеріне қызыл, қызыл болғанда қошқыл қызыл жамаулар жамаған сияқты болып шыққан. Жөне ол жамаулары орынсыз жапсырылып, дөрекі ақ жіппен көктей салған сияқты болып шыққан. Және, жасыл жайма — құлпырған жасыл асыл жібек сияқты болып шыққан да, қызыл жамаулар — қошқыл бояулы, арзан жұқа қызыл мата сияқты болып шыққан. Театрға келген жұрттың көбі әлгі қошқыл қызыл жамауларға көңіл тоқтатпайды. Көңілін жасыл жайманың көлеміне тоқтатады. Көлемді жасыл жібек жайманың құлпырған әсерлі түрі аңқау жұрттың көбін елтітіп әкетеді. Ал, атын атап айтайық: "Хан Кене" пьесесіндегі суреттелетін негізгі басты адамдар: 1 -Кенесары, 2 - Наурызбай, 3 - Кенесарының қарындасы Бопай қыз. Екінші қатардағы адамдар: 1қырғыз Кәрібоз, 2 — қазақ Бұғыбай басшы, 3 - Ағыбай батыр, 4- Сыпатай батыр және басқалар. Кенесары қандай адам болып суреттелген? Кенесары "қиырға көз салған" қайыспас болаттай ер болып суреттелген. Наурызбай қандай адам болып суреттелген? Ол қарап отырған аңқау жұрттың көбі: "Тек әттең сабырсыздығы-ай" дейтін, қылшылдаған екі жүзді ақ алмастай, тасыған, жұлқынған қайратына ие болмаған, өлімнен кірпік қақпайтын батыр болып суреттелген. Бопай қандай болған? Ал, Бопай - бүкіл Кенесары ниетінің, Кенесары тобының, Кененің өзінен соңғы ішкі ұйтқысы, қозғаушысы, рухы болып суреттелген. Қысқасы, мұның үшеуі де, аңқау жұрттың көбі: "Тек Наурызбайдың сабырсыздығы болмаса", "Ер болсаң, батыр болсаң Кенесары мен Наурызбайдай бол, қыз болсаң Бопайдай бол!" - дерлік адамдар болып көрінеді - басталуынан ақырына шейін. Әкелеріне ас беріп, Кенесарыны хан көтерген бірінші пердеде, биікке тігілген жамбыны садақпен атысқанда, еш бір батыр түсіре алмаған жамбыны, өрулі шашы тоқпақтай болып беліне түскен Бопай қыз қар садақты шірене тартып атып түсіреді. Атып түсірген жамбысын Кенесарыны хан көтеріп жұртқа үгіт пәтуа айтын, батасын берген ақсақалға әкеп береді. Пьесенің ақырына шейін, Бопай ылғи Наурызбайды ақылға шақырып жүреді... Бұйрық қылады. Кенесары тобының бір ауыздылығын, ынтымағын сақтауға күш салады, сол ниетпен "ханның қызы болса да қараға бас иіп", бүкіл қолдың басшысы Бұғыбаймен жақын болып, оның көңілін табады. Қырғызбен соғысқанда, дағдарған, жасыған батырларды қайрап, қырғызға шабуға - аранға айдайды. Ақырында Кенесарының тобы әлсіреген кезде, қашып кетпек болған Бұғыбайды — "сүйген", "тамыр" батырын "қашасың" деп жарып тастайды. Мен, "Хан Кене" пьесесі ең алғашқы күні ойналғанында болдым. Бопай қыздың әлгідей істеріне аңқау жұрттың кебі сүйсініп, қол шапалақтап отырды. Наурызбай да пьесе басынан ақырына шейін аңқау жұрттың көбін аударып әкетеді. Наурызбай қырғызбен соғысып жатқанда, бір кысылған жерде, атасы Кене ханға айыпты болып қалғанда, ағасы оны өлімге бұйырады. Батырлар ханнан Наурызбайдың күнәсін соғыс үстінде кешіруін сұрайды. Хан кешірім бермейді. Наурызбай: "Әмірің екі болмасын бұйрығыңа, өлімге ырзамын, тек тілейтінім — мені қоя бер, мына жауыңның — қырғыздың қолынан өлейін!" - дейді. Батырлар да соны сұрап өтінеді. Кене хан бұл тілектерін береді. Сол арада, Наурызбай жалма-жан ақ бөз атқа мініп, алмас қылышын жарқылдатып топтың арасына жетіп келіп, топты қыздырып, жандырып, ойнақтаған ақ бөз аттың үстінде "хан Абылайдың аруағын" айтып Кене ханның бұйрығын айтып, "өлімнен ердің тайсалмайтынын" айтып қырғыздарға атылып жөнеледі. Бұл арада театрда қарап отырған аңқау жұрттың көбі көтеріліп қызып қол шапалақтағанда театрды солқылдатады. Кенесарының қолы әлсірейді, дулаттар біртіндеп майданды тастап кетеді, Наурызбай шатыр жанындағы тастың басына шығып "Сары Арқа" өніне салып мұңайып өлең айтады. Өлеңі, әні қазақ жерлерімен қоштасқан сияқты болады... Қасына ағасының қызы келеді. Наурызбай қарындасын құшақтап, Абайдың "Желсіз түнде жарық айындағы" екі ғашығындай сүйеді. Сол кезде қобыздың сарнаған күйі естіледі. Наурызбай селт етіп тыңдай қалады. Мұңайып, қобыз күйін тыңдап, қарындасын ертіп шатырға жөнеледі. Қарындасына: "Қалқашым, ана күйді есітесің бе... Қорқыттың күйі ғой! ..." - дейді. Міне бұл арасы, жан күйін көрсететін жерлерінің бірі. Және бұл арасы да қарап отырған аңқау жұртты аударған үстіне аударатын жерінің бірі. Дәл осы арадағы "Сары арқа" өніне салып, "Шалқар көлді" айтып, "Сарыарқа белді" айтып қазақтың жерлерімен, суларымен қоштасқандай, мұңайып тұрғанда Қорқыттың күйі естілуі оны тыңдап, Наурызбай: "Қалқашым-ай, анау Қорқыттың күйі ғой!..." - дегені Мағжанның "Қорқытын" еске түсіреді. Мағжанның "Қорқытында" да, Қорқыт "тағдырынан" қашып алас ұрып, сандалып қазақ даласында құтылмас түнекте дағдарып отырып, өзінің еңіреген зарын қобызға сап күй қып тартқан. Қорқытты жыр қылып, Мағжан Қорқыттың еңіреген үніне өзінің үстемдігінен, байлығынан айрылған табының зарын қосып ұлтшылдық сезім оятпақ болған зарын зарлаған. "Қорқыттай болып, қобызымды құшақтан отырып өлсем арманым жоқ! ..." - деген. "Хан Кенедегі" Наурызбай мен Қорқыт күйінің үн қосқаны да маған Қорқыт күйіне үн қосқан Мағжан сияқты болып көрінеді. Онсоң Наурызбайдың банағы, "сүйген" қыз үшін Кенесарыға кінәлі болып, Кенесары Наурызбайды өлім жазасына бұйырғанда, Наурызбай: "Жарлығың екі болмасын!... Өлімге ырзамын, бірақ жауыңның қолынан өлейін!" - деп қылышын жалтылдатып, ақ бөз атпен қырғыздың самсаған қолына қарсы шыққаны да, маған жаңағы Мағжанның "Батыр Баяны" сияқты болып көрінді. Мағжанның жылап жоқтап, төбесіне көтеріп ардақтаған "Батыр Баяны" да, "сүйген" қызы үшін інісін өлтіріп өзіне езі кінәлі болып:

"... Ел беті, енді маған болсын арам
Анашым аттанамын, жауында өлемін" - дейді.

Сөйтіп Кенесарының үлкен әкесі хан Абылаймен қалмаққа аттанып келіп, Абылайдың бетіне кеп, Абылайға кінәлі боп, қалың қалмаққа жүз шамалы ғана жігітпен шауып, қалмақта өледі... Сүйтіп, Наурызбай да Мағжанның батыр Баянынна қалың қолға қарсы шауып, қырғыздың қолына түсіп өледі. Ал, Мағжанның "Батыр Баяны" да, "Қорқыты" да қазақ әдебиетіндегі ұлтшылдықтың және оның жылауларының ең ащы зар күйлері дерлік жырлар. "Хан Кене" пьесесінде көрсетілетін адамның ішіндегі, ең бастысы, әрине, Хан Кененің өзі. Ал, бұл хан Кене (яки Кенесары) пьесенің басынан аяғына дейін күшті, қайратты "қиырға көз салған" ер болып суреттелген дедік. Және "қиырға көз салған" ер болып суреттелгенде, ұлтшыл, "қазақшыл", "халықшыл", "отаншыл" ер болып суреттелген",— деп спектаклдің "әсіре әсерін" сынады. Бұған Жазушылар одағының басшысы ретінде Ілияс Жансүгіров те араласты. Ол ең басты "қатені" театрдың жүдеу хәлі мен оның директоры Орынбек Бековтің "бірбеткейлігінен" іздейді: "Қазір "Хан Кененің "айналасында әңгіме бас көтерді. "Хан Кене" қазақ театрының қойылуында — кұлаған пьесе. Сахнадан тоқтатылған. Кеңеске түскен. Пьесенің кемшілігі айтылған. Пьесені қайта түзетуге ұйғарылған. Жазушының да, қоюшының да "Хан Кенедегі" қатесі көрсетілген. Бірақ театрдың деректірі Орынбек жолдас "Хан Кене" туралы қатаны анық мойындағысы келмейтін көрінеді. "Оқу кәмесереті болсын, өзге болсын, біздің дұрысымызды бұрыс етуге ұмтылады" — дегендей ойы бар. "Хан Кенені" түзету туралы пікірді қарсы алудың орнына не қыртыстанып қайқайып қалу, ие бет тырнасқа белсеніп дайындалуы бар. Бұл Орынбектің "Хан Кенені" сез қылтан мәжілістегі сөзсіз қалуы мен "Лениншіл жас" газетіндегі соңғы мақаласынан көрінеді. (...) Ал әңгіме көтерілген "Хан Кенеге" келейік. "Хан Кене" Мұхтардың бізге келгенше жазылған пьесесі. Бұл пьесе — Мұхтардың бұрынғы байшыл ұлтшылдық көз қарасымен жазылған пьесесі. Мұхтар бұл пьесесінде де бұрынғы пьеселері "Еңлік-Кебек", "Қаракөздердің" сарынымен қазақ елінің ескілігін арман қып, ескі хандардың жұрнағы -"елім" деген ұлдарын, Кене хандардың өлімін, қаһармандығын мұраттаған, жоқгаған пьесесі. Ал, "Хан Кенені" театрдың мына қойысында - пьесенің сол ескі құрылысы, уақиғасы, сөздері барлығы да сол бұрынғы күйінде қалды. Оны дәлелдейтін сөздер Ғабит мақаласында жақсы келтірілген. Бұл пьесенің бастапқы негізгі мақсаты — идеясы бұрынғы күйінде қалды деген сөз. Театрдың, Мұхтардың пьесесінің ескі құрылысына тиместен апарып қойған біраз жаңа жамаулары (кедейлері, кемпірлері) жабыспады. Қайта жамау екендігі жақсырақ көрінді. Міні, бұл "Хан Кенені" қоюдағы театр мен жазушының басты қатасы еді. Бұл қатаны — Орынбек мойындап қоюдың орнына, қатаны айтушыларға құлағын жымыратыны — қатаны қарсылыққа айналдыруға талап ету сияқты. Мұның үстіне Орынбек соңғы жазған мақаласында - "Хан Кененің" құлауындағы театр қатасына өзгелерді де қосақтап алғысы келеді. "Наркомпрос репертуарға бекіткен, Крайком кісілері қойыла берсін деген, худсовет кеңеске салған" дейді. Наркомпрос "Хан Кене" қойылсын деп бүгін де айтады. Бірақ театрдың көрсеткен "Хан Кенесіндей" пьесені қойма дейтін шығар. Орынбек атаған Өлкелік комитеттің Таганскийі де осылай деген болар. "Хан Кенені" сөз қылып жатқан "худсоветтің" бір кеңесінде болғанымды білем. Мұндағы жұртқа театр адамдары "Хан Кененің" көптен дайындалғандығын, қоюға пісіп-түсіп тұрғандығын ғана қабарландырған. Бастығы Орынбек, Мұхтар болып Хан Кене, Наурызбайларды өздерінше — еңбекшілердің анық дұшпаны етіп көрсеткендігіне жұртты сендірген, "Хан Кенені" түзету туралы бір сыпыра кісілердің (Рақымжан, Ғабит, мен тағы басқалар) пікірлерін қалай да алмау жағын көбірек дәлелдеп, не жүре тыңдап — театр өнерін "біз білемізге" салыңқыраған",— деп екі әріптесінің соңына ала пікір білдірді. Ал "Хан Кененің" тағдыры бұдан бұрын жарияланған Ғ.Мүсірепұлы мен С.Сейфуллиннің "Хан Кене" туралы пікір алысуында" шешіліп қойып еді: Ғ.Мүсірепұлы: "Ендігі мәселе кім айтыпты соның жер-жебіріне жетуде емес, "Хан Кенені" қалай түзетуде. Бұл жөнінде оқу комиссариатының "Хан Кенені" тоқтатып қалай да түзету керек дегеніне әбден қосыламыз. Бірақ, түзетудің жолы қандай болу керектігі жайындағы басты пікіріне қосыла алмаймыз. Өйткені оқу комиссариаты театрға жазған "Хан Кененің" мазмұнын түсінбеген сияқты. Түсінбегеннен кейін сілтеген жол өзінен өзі-ақ дұрыс болмақшы емес. Шала түсінгендіктен теріс жол сілтеп отыр.

Оқу комиссариаты театрға жасаған бұйрығында былай депті: "Хан Кененің" үш пердесін көріп, бұл қазақ елінің орыс патшасына қарсы күрескен тарихы мен қырғыз-қазақ арасының төңкерістен бұрынғы ұлт қарым-қатынасын көрсетуге арналған пьеса деп түсіндім" - депті. Міне Оқу комиссариатының мұнысы түсінгендік емес, түсінбегендік. Негізгі қосылмайтын жеріміз де осында. Босқа таласып, керкілдеспеу үшін ең алдымен түсінісіп алатын бір мәселе бар. Ол әңгіме келешекте жазылатын, әзір жазылмаған пьеса жайлы емес. Әлде қашан жазылған, қазір сахнаға шығарылған "Хан Кене" жайында. Осының мазмұны не? Соны сөз қылып отырмыз. "Хан Кенені" көбіміз көрдік. Темірбек үш пердесін керсе (үш пердесін ғана көріп тұжырымды қорытынды шығарудың өзі ұшқарылық болады демей-ақ қояйық. Темірбекке: Біз түгел көрдік, біз көрген "Хан Кененің" қай жерінде қазақ елінің орыс патшасымен күрескен тарихы барлығын біз біле алмадық. Сахнаның аржағында бoлмаса, сахнада ол жоқ. Сахнада қойылған, біз көрген "Хан Кененің" түсінігі басқа. Мұхтар Кененің қалай хан сайланғанын, қалай құлағанын, сонымен бірге хандықтың қалай тұралағанын көрсетуге тырысқан. Біздіңше түзетуді осы жағындағы кемшіліктерінен іздеу керек. Дұрысында "Хан Кененің" мазмұны не? Оқу комиссариатының бұл қазақ елінің орыс патшасымен күрескен тарихы деп отырғаны дұрыс па? Сахнадан біздің көргеніміз мынау: әр елдің беделді-беделді би, белді батырлары бастап кепке Кенесарыны хан сайлатты. Кене хан болып алған соң жан-жаққа ат шаптыртып, қолы жеткен қазақ елінің басын қосып Абылайдың ала туының астына жинағысы келді. Ерген елді жинайды, ермегенін тіземен ерткісі келіп елші аттандырады. Көнбегенін шаба бастады. Бірнеше елді шауып алды. Көнбегеннің бірі — қырғыз. Іргесін Алатауға көміп, қытай патшалығымен қолтықтасқысы келген Кенесары қырғызды шабуға аттанады. Аяғында қырғыздан жеңіліп, құлады. Оның үстіне әуелі Кенеге ерген дулат т. б. елдер Кенені майдан үстінде тастап кетеді, құлаудың басты бір себебі осы болады. Біз көрген "Хан Кененің" ұзын ырғасы осы. Мұхтардың осылай көрсетуі дұрыс па? Қандай кемшілігі бар, ол өз алдына сөз. Бірақ, осы "Хан Кенені" қазақ елінің патшамен күрескен тарихы деп түсініп, түзетуді осы жағынан іздесек дұрыс емес. Мұнымыз жазылған пьесаны түсінгендік емес. Тегінде бізге қандай пьеса керек, соны айтайын дегендік, мұның жауабы өз алдында. (...) Қазақ елінің орыс патшасымен қалай күрескендігін көрсетуге тек Кенесары оқиғасы ғана үзеңгілеседі деуге болмайды. Бұл тілекке Исатай-Махамбет қозғалысы неге жарамайды. Ол жарамасын, 1916 жылдың қозғалысы патшаға қарсы қазақ ұлтының қозғалысының ең бір беласар биігі емес пе? Жалғыз "Хан Кенеге" қамалатын неміз бар сонша? Қазақ елінің патшаға қарсы қозғалысының ең бір тұрманы түгел келген мағынасы осы Кенесары қозғалысы ма? Қазақтың патшаға қарсы қозғалысы хансыз болмайтын боса, келіндер жаңа пьеса жаздырайық. Қозғалысқа қарсы қазақ елін сатқан қазақ хандары толып жатыр. Оқу комиссариатының керек ісі осы жағы болса, ол уақытта "Хан Кенені" түзеттірем деп әуре болудың керегі жоқ. Төсегі түгелімен өзге, өзегі жаңа пьеса жаздыру керек. Бүгінгі жазылып қалған "Хан Кененің" шеңберіне бұл тілек сыймайды да, әсіресе, түзету деген сөздің шеңберіне сыймайды. Ол тілек - оқиғасы өзгерген жаңа пьесада орындаттыратын міндет, керегі осы болса, келіңдер ашық қояйық. "Хан Кене" қазақ елінің орыс патшасымен күресін көрсететін тарих болсын дегеннен туады. Бұл тілек "Хан Кенені" тек қана түзетумен орындала ма? Ең алдымен пьесаның оқиғасы түгел өзгерер еді. Бір жағында қазақ даласын отарлап келе жатқан орыс патшасы болып, екінші жағында осымен алысып көнбей жатқан қазақ елі болар еді. Қозғалыстың басында тұра ма, қасында тұра ма, әйтеуір соның ішінде Кене хан болуы керек болар еді. Бұл өз алдына бір тақырып. Бұл өз алдына көрсетуді керек ететін жаңа пьесаның материалы емес пе? Ол пьесаның аты "Хан Кене" емес, басқа болуы керек. Оқиғасы түгел өзгертілсін, бірақ оның аты түзету болсын дегенді естіп отырғанымыз осы. (...) Сонда өзіміздің айтарымыз не? "Хан Кенені" қайткенде жетіледі деп ойлаймыз? Соған келейік. Біздіңше Мұхтардың қатесі - алған тақырыбында да, оқиғасында да екен. Осы тақырыпты, осы оқиғаны алуы — өзінен-өзі қате болып шықпайды. Үздік талап, тарихтан тарих қуалап, бір пьесеге барлық оқиғаны сидырам демей, түйінді бір оқиғаны таба алып, соны терең түрде көрсеткісі келгені - Мұхтардың пьесе төсегін жая білгендігін ғана көрсетеді. Кенесарының әлдеқашан құлаған хандығын қайта аяқтандырсам деп арпалысқан алысы мен оның неден қалай құлағандығын төсек етіп алуында түк қате жоқ. Жазушының қай тақырыпты алуға да еркі бар. Екінші жағынан, қазақ елінің патшаға қарсы қозғалысында Кененің (бас) болып, хан болғанын, не істегендігін көрсетуге "хан Кене" кедергі де болмайды. "Хан Кене" де Кенесары билігінің құлауын тақырып етіп алса, оны біздің тілегімізге сәйкес келтіріп, дұрыс көрсете алса, мұнысын біз қате демейміз. Әлгі алған оқиғаны бұрынғыдан өзгерек дұрыс көрсете алуда. Өйткені пьесенің төсегін қойып қай оқиғаны болса да, дұрыс таңдап алумен ғана мәселе шешілмейді. Тілек орындалмайды. Жазушының көздеген нысанасы, алға қойған мақсаты біздің жұртшылықтың тілегіне жағады ма, жоқ па? Әңгіме осында. Міне, бұл жағына келгенде "Хан Кене" біздің тілегімізге ғана ұшқаспайды, қайшы келеді. Егер бұл күйінде, бұл атында қалатын болса, "Хан Кененің" пайдасынан зияны мол болады. Жоғарыда айтып кеткен "Хан Кене" ерте жазылған. Мұхтардың ол кезде көздеген мақсаты хандықты көпшіліктің қалай құлатқан күшін пайымдау екен. Құлағанда да омдағы ерлікпен құлаған Кенесары, Наурызбайлардың, бұлардың әулетінің ерлігін жырлау. Бұл пьесаның негізгі желісі болатын. Осы күні де Мұхтардың тілегі осы деушілер болса оған біз қосылмаймыз. Мұхтар "ұлт ерлерін" көксеп, соны ұсына беретін ескі ұлтшылдық көзғарастан түгел арылып, кеңес үкіметінің тілегінен түгел шығу үшін қалай күресіп жүргендігі бізге мәлім. Феодалдық дәуірдің "ерлерін" көтермелеп, бұлардың қай ісін, қандай қасиеттерін үлгі етіп, ұсына беретін ескі көзқарасымен Мұхтар өзі үшін де көз ұшында күресіп жүріп, бұл жөнінде артына қарайлаған. Сыр көрсеткен жерін біз білмейміз. Ескі байшыл, ұлтшыл тілекте жүргенде Сырымның немере қарындасына ғашық болғанына дейін үлгі-өнеге еткен Мұхтар қазір одан безіну жолында берік екендігін былтырдан бергі жазғандарында үнемі көрсетіп келеді. "Хан Кененің" кемшілігі - Мұхтардың ескі көзқарастарын қазіргі күнде де жақтағандығынан, жақтамайтындығынан болып отырған жоқ. Ескі көзқарастарын өлі де жеңе алмағандығынан туып отыр. Әлі де Мұхтар ескі көзқарастарын неғұрлым қатаң сынға алып, тез ажыраса, солғұрлым кеңес жазушыларының жолын түгел түсіне береді. Мұхтардың бұл күресіне біз барынша жолдастық жәрдем беріп, көмекші болуымыз керек. "Хан Кененің" ескі желісін үзіп, кеңес жұртшылығының тілегіне бағындырып, қайта құруына бәріміздің жәрдеміміз керек. Бәріміз жауаптымыз. "Хан Кененің" басты кемшіліктері, біздің қабылдамайтынымыз - пьесаның алдына қойған негізгі мақсаты. Бұл мақсаты хандардың қазақ еліне қамқор болғандығын дәлелдеп, олардың құлағанда да өзгеше ерлікпен құлағанын дәстүрлеу. Бұл үгіттің бір түріне жататын тәрбие. Жұртшылықты бір күрсіндіріп: "Жарықтық, еркек-ақ екен ғой. Би, басшымыз болған екен ғой. Өздері бүгінгіден көркем екен ғой!" - деген түрде (оларды) үгіттейді (...)". С.Сейфуллин өзінің ұзақ талдауын: "Хан Кене" пьесесінде арқадағы қалың қазақ - еңбекші бұқара көпшілігінің патша үкіметіне қарсы қозғалыстары көрсетілмесе, қазақ төрелерімен, қазақ бай-билерімен патша үкіметінің неше түрлі қатыс байланыстары да өзінің тиістісіндей көрсетілмейді. Тек, бұл туралы бірен-саран сездер ғана айтылады. Және, ол сөздер елеусіз қалып отырады. Ал, қырғыз еліндегі бұл жайттар тіпті ауызға да алынбайды. Қысқасы осының бәрін айта келе, бізге, Кенесары-Наурызбайдың өз бастарының өмір уақиғасын көрсетуден көрі, қырғыз елімен соғысын көрсетуден көрі, сол замандағы қазақ елінің - қалың бұқара еңбекші көпшілігінің патша үкіметіне қарсы, оның ел ішіне кіріп келе жатқан әскерлеріне қарсы, салған бекініс, әскери қалаларына қарсы қылтан көтерілістерін, қарсы шабуылдарын, қалың қозғалыстарын көрсетуі керек еді. Ал, Кенесары-Наурызбай көрсетілгенде, тек сол қозғалыстарды пайдаланып, атасының — Абылайдың одан 70-80 жыл бұрын құлаған хандығын қайта тұрғызбақ болғандығын суреттей көрсету керек еді. Тарихи шындық сол еді. Бұл бір. Ал екінші, олай болмағанда, Кенесары-Наурызбайдың тек қырғызбен соғысқанын көрсететін болғанда, онда да әлгі айтылған тарихи шындықтарды көрсету керек еді. Мұнда да, қырғызға да, қазаққа да, Кенесарыға да, төрелерге де, патша үкіметінің жұмсаған, қолданған түрлі әрекеттерін, құпия, жария әрекеттерін көрсету керек еді. Және мұнда да, Кенесарының қазақ қозғалысын пайдаланып жүргенін айқын көрсетіп,ақырында қазақ көпшілігінің оны тастап кеткенін айқындап көрсету керек еді. Онсоң, бағанағы айтылған оңай, сөлекет "жамауларды" жамау қылып көрсетпей, негізгі жайманың түрлері қылып көрсету керек еді. Және қарап отырған жұртты нандыратын да қылып көрсету керек еді. Екінші, мысалмен айтқанда, ол "жамауларды" жамау қылмай, жайма кілемнің өрнек-түрлері қылып көрсетсе, керген жұртты нандырып аударып алар еді. Ал үйту, әлгі шет-жағалары айтылған сол замандағы тарихи, саяси, социалдық-таптық, шындықтардың керекті жерлерін мықтап көрсету керек еді. Әрине, бір пьесеға бір елдің тарихы сыймайды. Бірақ, үйткенмен бір пьеседе тарихтың бір дәуірінің бір кесіндісін көрсетуге болар еді ғой. Жазушы мен кейбір жолдастар айтады: "Хан Кенеде" тек хандықтың құлағаны көрсетіледі - деп. Бұл да онша дұрыстау емес. Хандық, Кенесарының әкесінің әкесі — Абылай ханның ақырғы жылдарында-ақ құлап қалған (Абылай 1781 жылы өлген). Мұны белгілі Шаһкәрім Құдайберді ұлы өзінің 1915 жылы шығарған "Шежіресінде" анықтап айтады. Абылайхан - Кенесарының бабасы соңғы жылдарында, хан болып отырған орта жүзден сырғып көшіп ұлы жүз ішіне кетеді... Тарихи шындық ретінен Кенесары уақиғасы хандықтың құлағанын көрсете алмайды, 70 жыл бұрын құлаған бабасының хандығын қайта тұрғызбақ болған әрекетін көрсетеді" -деп түйіндеді. Сонымен Оқу-ағарту комиссариатының шешімімен "Хан Кене" сахнадан алынды. Арадағы 1937-1938 жылдардағы саяси жазалау саясаты тұсында Кенесарының аты аталмады. Пікір білдірушілердің дені атылып кетті. Алайда ұлт-азаттық идеясы өшкен жоқ. Кенесары тарих сахнасына бес жылдан кейін тағы да шықты. Қазақ әдебиетіндегі бұл құбылыстың орын алу жолын Қ.Жармағамбетов: "Кенесары Қасымовтың реакцияшыл қозғалысын әдебиетте дәріптеудің жаңа толқыны 1939-жылдардан басталады",— деп атап көрсетті.

Бұл — нағыз қызыл өңештердің мінбеге шыққан "дәуірі" еді.

ҮШІНШІ БӨЛІМ: БЕСІК БҰЗАР "ӘЛДИ"

І ТАРАУ: ҚЫЗЫЛӨҢЕШТЕР КЕРГІСІ

Ешқашанда идеологиялық еркіндікке жібермейтін, жарылқау мен жазалау саясатын қиыстыра жүргізетін, алғысы мен қарғысы айырғысыз кеңестік тәсіл — мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақты құралына айналды. Ел басына күн туған шақта Сталин әр ұлт өкілдерінің намысын ояту үшін кәдімгідей әруақ шақырып, ұран тастады. Соның нәтижесінде барлық халықтық батырлар қайтадан тарих сахнасына шығып, сананы баурап, ұлттық рухты күшейтті. Қазақтар да Қобыланды мен Алпамысты, Абылай мен Кенесарыны еске алып, олардың әруақ тарынан қолдау іздеді. 1943 жылы кеңес шекарасы жаудан азат етілген соң есін жиған идеологтар патриоттық-ұлтшылдықтың майдандағы жауынгерлермен бірге елге ілесе келіп, ұлттық сананың күшеюінен сескеніп, астыртын идеологиялық жазалау саясатын ойластыра бастады. Тіпті майдандағы ұлт командирлерінің өзінен ұлтшылдықты іздеді жөне тапты. Аттары аңызға айналған Бауыржан Момышұлы мен Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин бірінші болып тізімге ілікті. Өзіне қарсы жүргізіліп жатқан тіміскіге наразылық білдіріп 1945 жылы 10-ақпан күні ҚК(б)П Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметовке: "Мен ешқашанда өзімнің ұлтымды жасырғамын жоқ және жасырмаймын да. Менің ұлтым - қазақ, халқым - кеңес елі. Мен кеңес халқына қызмет етемін, алайда өзімнің ұлтымның, қазақ халқының намысын лайықты деңгейде биікке көтеруге тырысамын. "Мен қазақпын" деген сөз менің ұғымымда: өз ұлтыңа деген махаббат, өзіңнің халқыңның ерлік дәстүріне деген құрмет, оның 1 Бұл тарауға — талданатын тақырып та, жазушы да, туынды да біреу болғандықтан да амалсыздан Кенесары туралы өткен 1946-1953 жылдарғы айтыстар мен "Хан Кенеге" қатысты "Талқы" әфсанасындағы "Тобырлар талқысы" атты тараудың дерліктей негіз етіп алынып, тақырыптарға бөлініп, мақсатты түрде топтастырылын берілгенін ескертеміз. көп ғасырлық мәдениетіне, әдебиетіне, өнеріне деген сүйіспеншілік, оған ар, намысыңмен қызмет ету, оның өзге ұлттардан кейін қалып қалмауын қадағалау, халықтардың достығын нығайту, бауырлас халықтарға барынша көмек көрсетіп, демеу, қажет болған жағдайда онымен бірге ортақ жауымызға қарсы күресу. Мен: "Мен қазақпын",— деп айтқан кезде, өзімнің халқымды әсірелей әспеттеп, аспандата асқақтатпаймын. "Қазақпын" — деген сөз менің ұлттық тегімді білдіреді. Сол сөз арқылы мен езімнің ұлтыма деген сезімімді білдіремін, бұл сөз - менің сол ұлттың өкілі екенімді білдіреді, соңғы тамшы қаным қалғанша мен оған қызмет етуге міндеттімін. Бұл, сонымен қатар: мен әз ұлтымды сүйемін және қадірлеймін, оған адал қызмет ете отырып, мен барша кеңес халқын сыйлаймын жөне жақсы көремін, қасиетті кеңес халқы ретінде бауырмдай көріп, оған да қызмет етемін, өйткені біздің ұлы отанымызды мекендеген барлық ұлт біртұтас жөне бір мақсатқа ұмтылады — деген сөз. Мұндай талассыз шындықты дәлелдеудің қажеті де жоқ. Өз халқыңның қызметшісі болудан артық дүниеде асқақ та адал, намысты сезім жоқ",— деп жазды. Соған жауап сияқтанып, "Едіге" жыры мен "ел қамын жеген Едігенің бейнесі" әсіре дәріптеліп, ұлтшыл сезімді қоздырғаны, оның буржуазияшыл-ұлтшылдық идеяны дәріптегені туралы СОКП-ның Орталық комитетнің қаулысы шығып, тарихи-эпостық мұралар жаппай сүзгіден өтті. Содан кейін "Звезда" журналы мен А.Ахматова мен М.Зощенко шығармашылығындағы идеясыздық туралы, В.Сосюраның "Украинаны сүй" атты өлеңіндегі ұлтшылдық сезім туралы, Маррдың тіл ғылымындағы "ой ағымы" мансұқталған қаулы-қарарлар арт-артынан шығып, идеологиялық жазалау науқаны басталды да кетті. "Қазақ ССР тарихы" кітабының екінші басылуын әзірлеу туралы" Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің 1945 жылғы 14-тамыздағы қарары саяси-идеологиялық жанталасты одан бетер жанықтырды. Жалпы қазақстандағы "ұлтшылдық пен ұлт тарихын бұрмалау, Кенесарының реакциялық қозғалысы" туралы мәселенің ушығуының түпкі тамыры тереңде жатыр еді және мұндай "жазалау зұлпұһарының қазақ мәдениеті мен ғылымының желкесіне төнгеніне" алты жылдан асқан болатын. Сондықтан осынау қатерлі кезеңнің "тарихи алғышарттарын" Е.Бекмахановтың шәкірті, осы мәселе жөнінде екеуара жылдап пікір алысқан ескі күндердің белгісі ретінде тарих ғылымының докторы, профессор марқұм Ә.Тәкеновтің пайымдауымен баяндауды жөн көрдік.

Тарихты — тарихшыдан артық ешкім түсіндіріп бере алмаса керек. Ә.Тәкенов: "... Партиялық идеологтар тарих ғылымың қатаң бaқылауға алды. Ал өмір талабы идеологияның ырқына көнбей жатты. 1941 жылдың қысында Алматыға бір топ эвакуацияланған орыс ғалымдарының келуі бұдан бұрын оқу-ағарту Халық Комиссариаты белгілеген Қазақстан тарихын жазу ісін тездетті. Бұл істің бас-аяғында комиссариаттың қызметкері, 1937 жылы Воронеж педагогтік институтын бітірген, жас тарихшы Ермұқан Бекмаханов жүрді. ҚК(б)П Орталық комитеті соғыс жағдайында тарихтың патриоттық тәрбие берудегі орынын ескере келе қолдау жасап, академик Панкратова және Орталық комитеттің идеология жөніндегі хатшысы Мұхамеджан Әбдіхалықов "Қазақ, ССР тарихының" редакторы болып бекіді. Оны жазуға Греков, Дружинин, Вяткин, Кучкин, Зутис, Миллер, Лурье сияқты орыс ғалымдары атсалысты. Қазақстандықтардан Әуезов, Марғұлан, Покровский, Мұқанов, Мүсірепов, Исмаиылов, Кенжебаев қатысты. Тез қарқынмен жазылған қазақ тарихы ерте дүниеден сол кезге дейінгі уақытты қамтыған еліміздің тұңғыш тарихы еді. Оны оқырмандар да үлкен ықыласпен қабылдады. ( олардың бірі — Бауыржан Момышұлы бұл кітапты Панкратовадан алып, пікір айтып, жанашырлық көрсеткен екен. Өз халқының тарихын оқу қай қазаққа да баға жетпес қуаныш емес пе? Бір ескеретін жай, бұл — "егемен кеңес республикаларының" Ішінде жеке республика тарихына арналған тұңғыш кітап екен. Бірақ тaп осы жай кейбіреулерге күдік туғызса керек. Кітап Сталиндік сыйлыққа ұсынылып, алғашқы сараптан өтіп, мәселе түпкілікті шешілер кезде бұған сенімсіздікпен қараған КСРО Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі А.И.Яковлев болды. Бұл кісі кеңес тарихының негізін салушылар: КСРО тарихының оқулығын жазған Панкратова, Тарих институтының директоры академик Греков, академик Дружинин, "Қазақ ССР тарихы очеркінің" авторы, қазақ тарихының маманы Вяткинге немесе бүкіл қазақ ғылымының қаймақтарына - Әуезов пен Марғұланға қарсы шығатындай қазақ тарихының маманы да емес екен. Әңгіме білуде емес, бұл сыншының саяси көзқарасында болып шығады. Оған кітаптың әр жеріндегі он шақты беті, дәлірек айтсақ авторлардың тұжырымдамасы ұнамайды. "Мемлекеттік теория" тұрғысынан келген Яковлев оның себебін: патшалық Ресей езінің құрамына кірген (жаулап алынған) халықтар үшін прогресс пен мәдениет әкелді, сондықтан оған қарсы күресу реакциялық сипат ретінде бағалануы тиіс — деп түсіндірді. Әрине, орыс патшаларын дәріптеген сталиндік көзқарасқа бұл тезис сайма-сай келді. Оның КСРО тарихының Оқулығы туралы: "Орыс мектептерінің барлық оқулықтары орыстың ұлттық оқулығы болуы тиіс. Бұл мазмұнға тағы да 100 халықтың мүддесін сиғызуға болмайды",— деген пікірі Яковлевтің республикалар тарихына қарсы позициясын нығайта түсті. 1944 жылы айтылған бұл пікір тек 1988 жылы белгілі болды (Письма Анны Михайловны Панкратовой - "Вопросы истории", 1988, N 11, 54-79-беттер). Бұл пікірге "Қазақ ССР тарихының" авторлары қарсылық білдіріп, Панкратова кеңес халықтарының тарихындағы азаттық күресті қолдады. Ғалымның талап етуімен 1944 жылы БК(б)П Орталық комитеті 29-мамыр мен 8-маусымның аралығында көрнекті совет тарихшылары 5 рет кеңес өткізді. Текетірес содан басталды. Яковлев пен Бушуевқа қарсы шыққан Панкратова, Греков, Державин "Қазақ ССР тарихының" тұжырымдамаларын қорғады. Кеңес нәтижесіз өткендіктен де А.Н.Панкратова Орталық комитеттің хатшысы ІЦербаковқа жазған ресми хатында: Яковлевтің пікірі ұлттық-отарлық саясат мәселелері жөніндегі марксизм-ленинизм негіздеріне сай келмейді, сондықтан да "Қазақ ССР тарихы" нақты талқылауды талап етеді. Бұл мәселе Қазақстан үшін маңызды, өйткені бұл: қазақтардың ұлттық сезімін қозғайды,— деген ойы есте ұстарлық, шын жанашырлық пікір. Кеңестік империяның идеологтары "қазақтың ұлттық сезімі" (сол сияқты басқа ұлттардың да) туралы сөз қозғап көрген емес. Тек "ұлы орыстық ұлттық сезім" немесе "ұлы орыстық ұлттық мақтаныш" хақында ғана айтуға жол берілді (мысалы "орыс орманы", "орыс қысы", "орыс аспаны", "орыс даласы" деген сияқты тіркестер осының көрінісі). Басқа халықтардың ұлттық сезімі кеңестік патриотизммен тана шектелуі тиіс болатын. Кеңестік идеологтар "ұлтшылдыққа" қарсы күреспен "ауызданғандықтан" да, ұлттық тарихты оқу — ұлтшылдықты туғызады,— деп үрейленді. Соғыс жағдайында аз ұлттарға қысым жасау (депортация) саясаты да осы "ұлтшылдықпен" күрес ретінде жүргізілді. Ұлтшылдықтан қысымшылық көрмеген тек орыс халқы болды. Ал "ұлыдержавалық шовинизм" тек "шовинизм" деп үстірт айтылды, нақты шовинистер "табылмады". Басты жау — ұлтшылдық болып айқындалды. Осы тұрғыдан алғанда 1945 жылы "Большевик" журналында қазақ тарихына еш қатысы жоқ М.Морозов дегеннің "Қазақ ССР тарихы" туралы рецензиясы әлдекімдердің қолтығына су бүріккендей болды. Оның үстіне рецензия авторы 1944 жылы Орталық комитет өткізген кеңесте айтылған теріс пікірлерді теріп жазған партаппарат қызметкері еді. Ал "Большевик" Орталық комитеттің ортаны болғандықтан да, Кеңестік Орталық комитеттің хатшылары Щербаков, Андреев, Маленькое жұмған ауыздарын ашпағандықтан да, ол рецензия Орталық комитеттің пікірі ретінде қабылданды. "Басты кейіпкерлер" Яковлев пен Морозов емес, олардан да жоғары лауазымды адамдар болып шықты. 1944 жылғы Кеңестің алдында Андреев, Маленков, Щербаковтардың атына хат түскен екен. Ол хат:"Кейбір кеңес тарихшыларының еңбектеріндегі күрделі кемшіліктер мен антилениндік қателіктер туралы" деген жазылып, оған Орталық комитеттің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Г.Ф.Александров, оның орынбасары П.Н.Федосеев, "Правданың" бас редакторы П.Н.Поспеловтің қол қойғаны кейін мәлім болды ("Вопросы истории", 1991, N 1,188 - 205 беттер. 48). Бұл хаттың "ұлтшылдық" қателіктерге арналған бөлімінде негізінен "Қазақ ССР тарихына" баса көңіл аударылыпты. Ондағы пікір бойынша: авторлар ұлт мәселесі жөніндегі сталиндік ережелерді түсінбеген, өйткені, сталиндік тұжырым бойынша басқа халықтардың Ресейге қосылуының, тіпті күшпен қосылуының өзінің "зияны шамалы"; ал ол халықтарды, мысалы Грузияны — Персия, Украинаны — Полына жаулап алған болса, мұндай мүмкіндіктің "зияны үлкен" болған болар еді. Бүтан қарасақ, бұрын отаршылдықты - "үлкен зиян" деп келгеніміз қате болып шығады. Бұл орыс отаршылдығының зардабын жұмсарту ғана емес, оны ашық жақтау еді. ҚК(б)П Орталық комитетінің 1945 жылғы 14-тамыздағы Морозовтың рецензиясынан туындаған бұл ресми пікірдің негізінде "Қазақ ССР тарихының" екінші басылымын дайындау туралы" қаулы қабылдады. Қаулының авторлары Қазақстанның - төңкеріске дейінгі дәуір туралы жазылған тұсты сынға алды: ол кезең - әлеуметтік-экономикалық даму, тап күресі тарихы тұрғысынан емес, қазақтардың тәуелсіздік үшін күресінің тарихы болып жазылған. Қазақ сұлтандарының тонаушылық жорықтары мен (Қаратай сұлтан) шынайы ұлт-азаттық қозғалысты шатастыруға болмайды. "Қазақ ССР тарихында" халықтың санасында ұлттық қаһарманы болып келген Едіге мадақталған. Кенесары туралы берілген баға "біржақты, бұл қозғалыстың ішкі қайшылықтары ескерілмеген",— деген ескерту жасалды. Бұл қаулының кесірі аз болмады. Ең бастысы, қазақ халқының тарихындағы ұлттық сананы оятқан қаһармандардың жаппай сынға алынуына жол ашты. Осы қаулыдан аттай бір жыл бұрын партия хатшысы Ж.Шаяхметов (Сталинге еліктеп) майдандағы қазақ жауынгерлерін олардың батыр бабалары — Абылай, Сырым, Исатай, Махамбет, Кенесары, Наурызбай — аруағымен рухтануға шақырған еді (Қазақ халқының жауынгерлік дәстүрі. "Социалистік Қазақстан", 1944, 18.VІІІ.). Кейін бірінші хатшыға бұл сөздерінен бас тартуына тура келді. 1945 жылғы қаулы халқымыздың соғыс кезінде ояна бастаған ұлттық, тарихи санасына нұқсан келтіргенін алдағы оқиғалар дәлелдеді. Ұлтшылдықпен күрес науқанының отына түскен бірден бір тұлға талантты тарихшы Ермұқан Бекмаханов болды. Оның бірнеше себептері бар еді. "Қазақ ССР тарихының" дау туғызған Кенесары көтерілісі тарауын жазу Бекмахановка тапсырылған еді. Ал 1943 жылы 28-маусымда ол "Қазақтардың Кенесары Қасымов бастаған азаттық күресі (1837-1847)" тақырыбында Мәскеудің Тарих институтында кандидаттық диссертация қорғады. Іле-шала бұл мәселені кеңейтіп, 1946 жылы 31 жасар ғалым "Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында" деген монографиясы бойынша докторлық диссертация қорғады. Бұл еңбегі 1947 жылы М.П.Вяткиннің редакциясымен Алматыда жарық көрді. Кітаптың бір бөлігі Кенесарының қозғалысын қамтыды. 1946 жылы Бекмаханов Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының директоры С.С.В.Юшковтың орынбасарлығына тағайындалды. Осының бәрі, жас ғалымның зор табыстары, кейбір күншілдерге шаншудай тиді. Бұрынғы "Қазақ ССР тарихына" байланысты айтылып жүрген сын пікірлер, енді тікелей тек Бекмахановқа қана бағытталды. Тактикалық жағынан алғанда, бүкіл авторлар ұжымымен күресуден көрі бір адамды омақастыру оңай болатын. Мүқым елде орын алып отырған идеологиялық шарпысулар да Қазақстанда тағы да ұлтшылдыққа қарсы науқан ашуға орайлы жағдай жасады. Бұл науқан қазақ топырағында еселене жаңғырып, "ескі феодалдық қоғамды дәріптейтін буржуазияшыл ұлтшылдыққа қарсы күреске" ұласты. Осы ретте ҚК(б)П Орталық комитетінің 1947 жылғы 21-қаңтардағы "Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы" қаулысының кесірі зор болды. Зиялы қауымның дарынды өкілдері негізгі нысанаға алынып, кез-келген белсенді ғалымсымақтарға олардың көзіне топырақ шаша алатындай мүмкіндік берілді, сөйтіп, тұлғалар қорғансыз жағдайда қалды... Бұл дүрмек тарихшылардың да берекесін алып, дегбірін кетірді, 1947 жылы 5-наурызда М.Ақынжанов пен Ә.Тұрсынбаев "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Профессор Маргулан извращает историю" деген мақаласында оны "пантюркист", орыс және қазақ халықтары достығының тамырын "қопарушы" деп айыптады. Тарих институтының сессиясында сол жылы мамыр айында X.F. Айдарова "Қазақстан тарихы меселелеріндегі ұлтшылдық бұрмалаушылық" тақырыпта баяндама жасады. Мұндай сынау, орынсыз саяси кінә тағу ғалымдардың азаматтық, арын таптап, сағын сындырудан басқа еш нәтиже бермеді. Ал бұл дарынсыз күншілдерге ғана жол ашты. Кадрлар жоғары Оқу орындарынан да қуыла бастады... "Идеологиялық айқаста" ғылымға қатысы жоқ партократтар жөнсіз белсенділік байқатты. Мысалы, Алматы қалалық парткомының хатшысы Т.Ысқақов ҚазМУ-дің орта ғасыр тарихының оқытушысы Я.Д.Серовайскийді шетел тарихшыларының еңбегін пайдаланғаны үшін сынады. К,К(б)П Орталық комитеті идеология бөлімін басқарушы И.П.Храмков БК(б)П Орталық комитетіне "түзету" жасап, тек Батысқа бас игені үшін емес, Шығысқа бас игендерді (әрине, қазақтарды) да айыптауға шақырды. Осындай өрескелдікті сезген Ж.Шаяхметов 1948 жылы наурызда ҚК(б)П Орталық комитетінің Пленумында:"Өткеннің бәрін жамандай беруге болмас",— деп тоқтау айтуға мәжбүр болды. Дегенмен, саяси науқанды тоқтатпақ түгіл, одан өзі де шыға алмады". Енді іске идеологтар қосылды. Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің 1947 жыдғы "Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл және Әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы" қаулысына орай академик Сақтаған Бәйішевтің "Профессор М.Әуезов өткендегі қателерінің шырмауыңда" атты әшкерелеуші мақаласы "Социалистік Қазақстан" газетінде жарияланды. Мақала "Социалистік Қазақстан" газетінде жарияланғаннан кейін, іле "қазақ әдебиетінің тарихына" қатысты сындар жаппай басылып жатты. Бұл мақаланың бірыңғай жүйелі түрде нығыздалын, айын тағуға құрылғандығы сондай, одан іріктеп сілтеме алудың өзі мүмкін еместей және мұнда М.Әуезовке осы уақытқа дейін тағылып келген, алдағы уақытта "ащы сыбаға" болып тартылатын "өмір дәмінің" талқысы сызылып берілгендіктен де, оны бөліп, жармай тұтас беруді жөн көрдік. Негізгі мақсатымыз — алаш идеясының жанышталуын және "Хан Кенеге" қатысты деректер мен құжаттар арқылы әшкерелеу болғандықтан да, "Талқы" әфсанасында пайдаланғанына қарамастан қайыра ұсынып отырмыз. Бұл еркіндігімізді зиялы да аңғарды оқырман түсінер деген үміттеміз. Сонымен... С.Бәйішев, "Профессор М. Әуезов өткендегі қателерінің шырмауында": "Қазақстан К(б)П Орталық комитеті жақында ғана "Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы" арнаулы қаулы алды. Бұл қаулыда Тіл және әдебиет институтының идеология жұмысындағы аса маңызды мәселелер жөнінде марксизм-ленинизмнің негізінен ауа жайылғандығы атап көрсетілді. Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы орын алған сорақы саяси қателер мен бұрмалаушылықтар Қазақ ССР Ғылым Академиясының белді қызметкерлерінің бірі профессор М.Әуезов жолдастың да басында, оның әдебиет жөніндегі ғылыми еңбектерінде бар. Мысалы, қазақ әдебиетінің тарихын теріс жолмен пішкен, теріс жолмен жазуға жобалаған, "Қазақ әдебиеті тарихының" сорақы саяси қателермен жазылған бірінші томын басқарып, редакциялаған профессор М. Әуезов жолдас болады. Олай болса, профессор М.Әуезов жолдастың қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мен жазудағы басты қателері қандай? Біріншіден, профессор М.Әуезов жолдас қазақ әдебиетінің революциядан бұрынғы тарихын зерттеуде әдебиетті тек түр-түріне, сала-салаларына ғана бөлумен тынды, белгілі бір әдебиеттік ағымын, әсіресе, ауыз әдебиетінің әлеуметтік мәнін, таптық сырын ашпады. Ауыз әдебиетіне баға беруде, еткен заманның әдеби мұраларын меңгеруде бұрынғы қазақ буржуазияшыл ұлтшылдардың контрреволюциялық теорияларын әшкерелеу былай тұрсын, қайта сол теориялардың шырмауында қалып қойды, ал әдебиеттің кейбір мәселелері жөнінде сол буржуазияшыл бұрмалаушылардың салған жолымен, басқан ізімен жүріп отырды. Екіншіден, профессор М.Әуезов жолдас қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мен жазуда оның әлеуметтік мәнін ашып көрсетпеуі былай тұрсын, ол: искусство атаулының бәрі, оның ішінде көркем әдебиет белгілі бір қоғамдық заманның бел баласы болып табылады, таптық қоғамдардың барлығында да идеялық, мәдени өмір тап күресінің негізіне сүйеніп отырады, таптық қоғамда жалпы адам баласына бірдей таптан тыс идеология болуы мүмкін емес — деп көрсеткен марксизм-ленинизм ғылымының ережесін ұмытты. Идеология, атап айтқанда көркем әдебиеттің даму заңдары идеологияның сүйегіне сіңген қайдағы бір ішкі заңдарынан емес, материалдық өндірістің жалпы заңынан, тап тартысының жалпы заңдарынан туатындығын мүлдем ұмытқан. Үшіншіден, профессор М.Әуезов жолдас осындай қате көзқарастың нәтижесінде өткен заманнан қалған әдеби мұралардың барлығын жалпы халық мұрасы, ал өткен кезде болған қайраткерлердің бәрін халық қайраткерлері деп таныған. Олардың тарихта атқарған қызметін бір жақты, тек жақсы жағынан ғана алып қараған, кейбір кездерде олардың реакциялық жолға, идеологияға ауытқығандарын бүркеп өткен. Сондықтан қазақ әдебиетінің тарихына аты ілінгендердің бәрін заманынан бөлін алып қарап, халық қамқоршысы, ұлт жоғын жоқтаушы деп көрсеткен. Төртіншіден, профессор М.Әуезов жолдас ескі өмірдің, ескі тақырыптардың әуеніне түсіп кетіп, жаңа өмірден, совет өмірі мен шындығынан қол үзген. Мұнысы, сайып келгенде, қазақ әдебиеті мен қазақ мәдениетін шын мәнісінде өркендеткен Октябрь социалистік революциясының, совет қоғамының рөлі мен маңызын елемеуге әкеліп соқты. Ылғи мәдениет майданында істеп келе жатқан М.Әуезов жолдастың ширек ғасырдан аса уақыт өмір сүріп, өркендеп келе жатқан қазақ совет әдебиетінің тарихи жолын зерттеуге арнап қалам түртпеуі де жоғарғы айтылған негізгі қателеріне байланысты. Профессор М.Әуезов жолдастың қазіргі еңбектерінде болып отырған осы ірі қателер білместіктен немесе кездейсоқ бола қалған жаңа қателер ме? Жоқ, олай емес. Бұлардың тамыры М.Әуезов жолдастың басында болып өткен бұрынғы кездегі ұлтшылдық ірі қателерімен жалғасып жатыр. М.Әуезов жолдастың Октябрь революциясы кезіндегі де, одан кейінгі кездегі де, яғни, қазақ совет әдебиетіне келіп қосылғанға дейінгі әдебиет мәселесінде мейлінше адасуы, өмірі біткен қазақ буржуазиясының идеологі болғаны, қазақ, буржуазияшыл ұлтшылдардың тобында болып, көпке дейін жас қазақ совет әдебиетіне қарсы күрес жүргізгені екінің біріне аян болатын. М.Әуезов жолдастың бұл қателеріне бүкіл Қазақстан жұртшылығы кезінде өзінің әділ бағасын берген болатын. Сондықтан да М.Әуезов жолдас Қазақстан жұртшылығына арнап, ашық жазған хатында әз басындағы барлық қателерін мойындап, былай деп жазған еді. "Алашордашыл бағытта болған жазушылар сияқты мен де бұрынғы кезде де, пролетариат диктатурасы кезінде де қазақ ауылының байлары мен феодалдарының мүдделерін, тілектерін идеология жағынан жақтаушысы болдым. Осы жағдайыма сәйкес әлеуметтік құрылыстарды және идеологиялық қондырмалардың алуан-алуан түрлерінің мәнін түсінуде ұзақ уақыт негізсіз, зиянды идеалистік негізде қалып келдім. Әдебиет әлеуметтік-экономикалық тұрмыстан аулақ, томага-тұйық болады, әдебиеттің мәні де, атқаратын қызметі де бұлардан аулақ болады деген теріс, қате пікірді жақтап келдім. Ақырында әдебиеттің бүкіл мемлекет системасына және оның саясатына бағынышты роль атқаратындығы туралы бірден-бір маркстік-лениндік анықтамаларды елемей және көп уақыт түсінбей келдім. Осындай ғылыми жағынан дерексіз, тарихи жағынан қате идеологиялық бағыттарымның бәрі қазірдің өзінде-ақ аяусыз соққы көрді, бұлардың барлығын тарих теріске шығарды деп есептеймін". М.Әуезов жолдастың бұдан дәл 15 жыл бұрын жұртшылыққа берген уәдесі, айтқан сөзі, міне, осындай еді. Ал, енді М.Әуезов жолдастың осы айтқан сөзі мен қазіргі нақты ісінің арасында қандай байланыс бар? Сөзі мен ісі бір жерден шығып отыр ма? Өмір шындығына сенсек, М.Әуезов жолдастың сөзі мен ісінің арасында жер мен көктей қайшылық бар. Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкерлері профессор М.Әуезовтің басқаруымен "Қазақ әдебиетінің тарихының" бірінші томының қолжазбасын баспаға әзірлеген. Сөз жоқ, мұны жазуға, әзірлеуге көп yaқыт, көп еңбек сіңірілген, көп материалдар жиналған. Бірақ, не пайда, мұншалықты үлкен еңбекте қоғамдық өмірдің өзегі — материалдық өндірістегі қатынастар, ондағы адам қатынастары, тап күрестері жоқ. Сол замандағы әдебиеттің қалай шыққандығы, қай тапқа қалай қызмет еткендігі баяндалмайды. Мұның орнына байларды, найзаның ұшымен, қамшының күшімен ел билеген билер мен хандарды мақтаған, қазақтардың феодалдық-ру құрылысын қой үстіне бөз торғай жұмыртқалатын кез еді деп дәріптейтін материалдар бар. Хан мен қараның арасын ашатын, езуші мен езілушінің жігін көрсететін материал жоқ. Профессор М.Әуезовтің басқаруымен жазылған "Қазақ әдебиетінің тарихына" сенетін болсақ, қазақ халқының қоғамдық дамуының тарихында ешқандай тап тартысы, ешқандай керітартпа адамдар болмаған, қазақтардың бәрі өзінің туысынан-ақ, жаратылысынан-ақ кемеңгер, ақылгөй, жалпы халық атаулының мұның, жырын жырлаушы қайраткер болған сияқты. Әрине, мұның бәрі тарихи шындықтан көріне көзге ауа жайылғандық екендігі, қазақ байлары мен феодалдарының сойылы астында ғасырлар бойы ауыр өмір сүрген еңбекшілерді көрмегендік екені өзінен езі түсінікті. Профессор М.Әуезовтің көп жылдар бойы көтермелеп өсірген "ғалымдарының" бірі, Тіл және әдебиет институтының бұрынғы директоры Е.Исмаиылов ұлы отан соғысының дәл алдында "Әдебиет теориясы" деген кітап жазады. Ысмаиылов бұл кітабында неміс мәдениетін мақтап, оны дүние жүзіндегі мәдениеттің шыңы дегенге дейін апарып жуықтатып қояды. Неміс-фашист идеологиясының арғы атасы, нағыз барып тұрған реакционер Ницшені де дәріптеп, құлшылық көрсетеді. Міне, осының барлығына қарамастан, профессор М.Әуезов Исмаиыловты қамқорлығына алып, оның қокыс кітабына езі редактор болып, басып шығартады. Ұлы Отан соғысы кезінде кейбір жазушылар шын өмірді, біздің қоғамдық кұрылыстың қайнап жатқан өмірін дұрыс, реалистік жолмен көрсетудің орынына, хандарды, байларды, төрелерді дәріптейтін шығармалар жасады. Сондай жазушылардың бірі Ә.Тәжібаев жолдас "Жомарт кілем", "Көтерілген күмбез", "Біз қазақтармыз" деген пьесалар жазып қазақ совет әдебиетіне белгілі буржуазиялық символизмді әкелді. Біздің совет халқының идеологиясына жат мұндай зиянды нәрселердің қазақ совет әдебиетінде орын алуына, ең алдымен М.Әуезов жолдас "қолқабысын" тигізді. Ол 1945 жылы орталықта шығатын "Әдебиет газетінде" басылған мақаласында Ө.Тәжібаев жолдастың бұл зиянды, ұстамсыз шығармаларын жалған түрінде көкке көтере мақтады. Профессор М.Әуезов жолдас көптен бері-ақ жоғары дәрежелі Оқу орындарында сабақ беріп, жас ғылыми кадрлар даярлау ісіне араласып келеді. Талай аспиранттар мен студенттер М.Әуезов жолдастың басқаруымен ғылыми еңбектер, диссертация жазып жүр. Бірақ, не пайда, осындай қасиетті істе М.Әуезов жолдас біздің идеологиямызға жат, зиян келтіретін істерге кейде керіне көзге жол беріп жүр. Тіл жөне әдебиет институтының ғылыми қызметкері Ә.Қоңыратбаев "Ғашықтық жыр" деген тақырыпта филология ғылымының кандидаты деген ғылыми атақ алу үшін диссертация жазады. Ә.Қоңыратбаев бұл еңбегінде М.Әуезовтің ескі уақытта жазылған қате, ұлтшылдық тұрғыдан қаралып жазылған еңбектерін пайдаланады, 1922 жылы "Шолпан" журналында басылған "Қазақ әдебиеттің қазірдегі халі" деген зиянды мақаланы кейбір жерлерде негізге алады, дәріптейді. Ал, М.Әуезов жолдас бұл мақаласы жөнінде өзі бұдан дәл он бес жыл бұрын: "Әсіресе қазақ әдебиетінің революциядан бұрын даму жолдары туралы "Шолпан" журналында жазылған бұрынғы әзімнің идеологиялық, зиянды пікірлерімнің революциялық қоғам жұртшылығының тілегіне мүлдем сай келмейтіндігін баса айтамын",— деп жазған еді. Сірә, мұнысы М.Әуезов жолдастың есінен шығып кеткен болар. Сондықтан да Ә.Қоңыратбаевқа жұмған ауызын ашпастан, оның диссертациясына мұндай баға береді: "Қазақстанда әдебиет ғалымын дамытудағы бұл еңбектің үшінші бір жақсы жағы — автор әдебиет зерттеуінің міндеті мен мақсатын маркстік-лениндік негізде түсініп, шығарманың мазмұны мен формасын бір негізде талдаудың әдісін қолданған". Ал, Қоңыратбаевтың бұл еңбегінде, М.Әуезов жолдас жазып отырғандай, ешқандай марксистік-лениндік ұғымның жоқ екендігі, мұның марксистік-лениндік әдебиетпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны жұртқа мәлім. Тіл және әдебиет институтының екінші бір ғылыми қызметкері Ә.Маметова жолдас "Қазақтың шешен билерінің сөздері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация жазды. Мұның да толып жатқан өрескел тарихи, саяси қателері болды, билердің, олардың сөздерінің әлеуметтік мәнін бүркеді, би атаулының бәрін дәріптеді, сөйтіп тарихқа керіне көзге қиянат жасады. Осылардың барлығын көре-тұра, М.Әуезов жолдас бұл "еңбекті" жерге сыйғызбай мақтайды, қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-сонды мұндай зерттеу болған емес, мұның өзі бір үлкен табыс, ешбір міні жоқ еңбек деп мақтау қағаз береді. Ақырында профессор М.Әуезов жолдастың соңғы кезде теория жүзінде де, практика жүзінде де қолданып жүрген теріс пікірлері Қазақ, ССР Ғылым Академиясының бірінші сессиясында жасаған "Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу проблемалары" деген баяндамасында әбден шумақталып, бір қалыпқа салынып, өзінің шыңына шығады. Профессор М.Әуезов жолдас бұл баяндамасында салған жерден: "Қазақ халқы өткен заманда материалдық мәдениеттен жарытып, құнды дерлік еш нәрсе жасаған жоқ, бірақ оның есесіне рухани мәдениеттен асқар таудай алып, құнды мұра жасап қалдырды, атап айтқанда, өте бай фольклор (ауыз әдебиеті) мен жазба әдебиетін жасап қалдырды",— деді. Егер М.Әуезов жолдастың бұл қағидасын, ашқан жаңалығын теория тіліне аударсақ: идеологиялық қондырманы — әдебиетті материалдық негізінен, қоғамның материалдық өмірінің жағдайларынан аулақ, бөліп алып қарағандық болып табылады. Басқаша айтқанда, мұның өзі тарихты материалистік түрде түсінуімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын нағыз барып тұрған идеалистік ұғым, марксизм-ленинизм ғылымының қағидаларына қайшы келетін теріс пікір болып табылады. Ол өзінің осы баяндамасында: "19 ғасырдың әдебиетінде соншалықты мол болды. Идеялардың, ізденушіліктердің, олардың шығармаларының тарихи бағыттарының түрлері өте-мөте көп, алуан-алуан болды. Мұндай тамаша өлеңдерді туғызған және куәсі болған сары дала мен асқар бел таулар, бос жатқан Арқаның даласы, Балқаштың, Сырдарияның, Аралдың қамысты жағалаулары, Алтай мен Алатаудың қарлы асу белдері..." тағысын-тағылар және тағы сондайлар — дейді. М.Әуезов жолдастың бұл жерде құр мағынасыз сөзге салынып кеткендігін былай қойғанда, бұрынғы кезде халыққа рухани мәдениеттің молшылығы дегенге әкеліп тірейтін теріс пікірі бар. М.Әуезов жолдастың бұл пікірінің өте-мөте қателігі және зияндылығы сол — не феодализм тұсында, не капитализм тұсында жалпы бұқаралық, халықтық рухани мәдениеттің молшылығы болған емес және болуы да мүмкін емес. Таптық қоғамдарда үстемдік етуші, бірақ кері кетуші таптар идеологиясы қоғам(дық) ғылымда(рдың) искусство, әдебиет сияқты түрлерінің дамуын тежеп отырады, тек өздерінің мүдделеріне қайшы келмейтін түрлерін ғана дамытып отырады. Демек, таптық қоғамдардағы үстемдік етуші идеология, әдебиет, искусство үстемдік етуші тап — байлар мен феодалдар үшін қызмет етеді. Бірақ бұл фактіні, бұл таласуға мүмкін емес жағдайды профессор М.Әуезов жолдас бұрын да ашып айтқан емес, қазірде ешбір ашып айтқысы келмейді. Профессор М.Әуезов жолдастың қазақ әдебиетінің тарихын қалай зерттеу керек екендігі жөнінде ғылымға қосқан "жаңалықтары", әдебиетпен шұғылданып жүрген және болашақта шұғылданатын біздің сансыз көп жастарымызға, жас ғалымдарымызға "ақылы", көрсеткен "жолдары" осылай келеді. Ол-ол ма, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің проблемаларын бастан аяқ тегіс суреттеп келіп, профессор М. Әуезов былай дейді: "Біз, совет әдебиетшілері, Маркс-Энгелс-Ленин-Сталин ғылымының ең дұрыс, нағыз ғылыми методологиясымен қаруланған адамдармыз. Біз қазақ әдебиетінің тарихын осы әдіспен нағыз ғылыми түрде зерттеуіміз керек, тарихи-әдеби процесті бұрмалауға, бұруға жол бермеуіміз керек". Дау жоқ, ешбір қауіпсіз айтылған. Бірақ Әуезов жолдас сөз жүзіңде осылай десе де, іс жүзінде мұны қолданбай келеді. Сөз жоқ, профессор М.Әуезов жолдастың мұндай ірі қателері қазақ әдебиетінің тарихын жасау ісіне, қазақ совет әдебиетінің күрделі мәселелерін шешу ісіне, еңбекшілер жұртшылығына, әсіресе, жастарға коммунистік тәрбие беру ісіне теріс жағынан есерін тигізді. М.Әуезов жолдастың бұл қателері, ең алдымен қазақ халқының басынан кешкен бұрынғы дәуірлерді, феодалдық ру дәуірін дәріптеуге, сыпыра мақтауға әкеліп соқты. М.Әуезов жолдастың ғылыми еңбектерінде де, әдеби шығармаларында да өткен заманның үстемдік еткен таптарының адамдары мен ісі, салты мен мінез-құлқы баяндалады, сөйтіп нағыз тарих жасаған адамдардың, еңбекшілердің өкілдері мен ісі мүлдем ауызға алынбайды, не күңгірт қалады. Міне, осының салдарынан "тарихи" зерттеудің, тарихи фактылардың нәтижесі дегендерді бүркеніп, біздің адамдарымызға, совет адамдарына, қайдағы бір керітартпа адамдарды, халыққа жат нәрселерді әкеліп тыққыштайды. М.Әуезов жолдастың бұл қателері қазақ совет әдебиетінің нағыз керек, ең қажетті тақырыптарынан, заманымыздың, совет халқының дәл қазіргі қойып отырған мәселелерінен қашықтауға әкеліп соқты. Соңғы он бес жылдың ішінде жазғандарының бері — "Айман — Шолпан", "Хан Кене" пьесаларынан бастап, ең соңғы жазып жүргені "Абай" романына дейін — ескі тақырыпқа арналған. Бұл жылдардың ішінде жаңа тақырыпқа арнап жазған пьесаларының бір де біреуінің сәті түспеді. Өйткені совет өмірінің шындығын, оның бұрынғы болған қоғамдық-экономикалық құрылыстың барлығынан артық екенін шын сөзбен, жүрекке қонатын, ақылға сиятын сөзбен нанымды етіп көрсете алмады. Совет адамдарының бейнесін, ісі мен күресін көркем шығармада айқын ашып бере алмады, яғни, бұл іспен, жаңа тақырыппен шұғылданбады, барлық күшімен талабын салмады. Міне, сондықтан да М.Әуезов жолдастың жаңа тақырыптан, совет тақырыбынан бұрынғы кезде, бұдан он бес — жиырма жыл бұрынғы қашықтауымен қазіргі кезде қашықтауының арасында қандай айырма бар деген мәселе өзінен өзі туады. М.Әуезов жолдастың бұл ірі қателері әдебиет пен ғылымда идеясыздық пен партиясыздықтың болуына, біздің идеологиямызға жат мұндай әрекетке қарсы күрестен М.Әуезов жолдастың сырт қалуына әкеліп соқты. М. Әуезов жолдас республикамызда шығатын бірнеше әлеуметтік-саяси, көркем әдебиет журналдардың алқа мүшесі. Мұның езі біздің жұртшылығымыздың М.Әуезов жолдасқа көрсеткен көп сенімдерінің бірі. Бірақ не пайда, осы журналдардың беттерінде соңғы екі-үш жылдың жүзінде идея жағынан ұстамсыз, көркемдік жағынан құнсыз бір сыпыра материалдар басылды, кейде тіпті адам баласына пайдасы жоқ, біздің халқымызды тәрбиелеу ісіне зияннан басқа пайда бермейтін шығармасымақтар басылып жүрді. Ал, М.Әуезов жолдас осы сияқты кемшіліктердің барлығына төзіп, ешбір қынжылмастан отыра берді. Мұның барлығы М.Әуезов жолдастың біздің советтік идеологиямыздың таза болуы үшін жаны онша ашымайтынын, әдебиет пен ғылымдағы байқалып жүрген өрескел қателерге қарсы шындап, білек сыбанып күрескісі келмейтінін тана көрсетеді. М.Әуезов жолдастың бұл ірі қателері біздің қазақ әдебиеті мен қазақ тілінін; теориялық және тарихи мәселелерін шешуде елеулі нұқсан келтіріп отыр. Қазақ халқының совет өкіметінің большевиктер партиясының М.Әуезов жолдасқа өлшеусіз зор, үлкен сенім көрсеткені, мұның арқасында М.Әуезов жолдастың шарықтап тылым шыңына қарай өрлегені, үлкен абырой, зор атаққа ие болғаны жұрттың бәріне мәлім. Сондықтан да біздің жұртшылығымыз ғылым мен әдебиетке өзінің адал өмірін, барлық еңбегі мен ісін жұмсағалы отырған жас совет ғылымдары қазақ әдебиетінің теориялық және тарихи мәселелері жөнінде кейде, М.Әуезов жолдас сияқты, білгені мен көргені кәп адамдардың ақылын сұрайды. Сол сияқты қазақ әдебиетінің тарихымен енді-енді ғана танысып, зерттегелі жүрген басқа ұлттардың оқымыстылары да кеңес, қажетті жәрдем сұрайды. Ашығын айту керек, бұл жөнінде М.Әуезов жолдас ез дәрежесінде, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде марксизм-ленинизм ғылымының тұрғысынан ақыл айтатын, кеңес беретін дәрежеде бола алмады. Сондықтан да қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің кейбір теориялық және тарихи мәселелері соңғы кезде әбден шатасып болған деуге болады. Қазіргі кезде ауызша да, әдебиет жүзінде де не тарихи факторларға да, не теорияға да сүйенбестен қазақ жазба әдебиеті мен әдеби, ғылыми, мемлекеттік тілі бұдан бір-екі ғасыр бұрын жасалды десіп жүр. Ал кейбір тарихшылар мен әдебиет сыншылары қазақ жазба әдебиеті мен әдебиет тілі бұдан сексен жыл, елу жыл бұрын жасалды десіп жүр. Енді біреулері біздің қазақ әдебиеті мен қазақ тілін шын мәнінде жасаған, кемеліне келтірілген тек бір тана Абай десіп жүр. Ал, егер тарихқа да, теорияға да қиянат жасаудан аулақ болып, ақылға салып ой жіберсек, қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің шығуы жөніндегі таралып жүрген осы жоғарыңа айтылған пікірлер де қандай дерек, қандай негіз бар? Біздің байқауымызша, бұл мәселелерде үлкен шалалық, ғылымдық дерегі жоқ, аса үстірт айтылып жүрген, әншейін намыс қорғаудың: аты осылай еді той — деп, алыпқашты әңгімеге салынушылық бар. Әрине, мұндай арзан әңгіменің, құнсыз теорияның не тарихқа, не біздің қазіргі ісімізге ешбір пайдасы жоқ екені өзінен өзі айқын. Қазақ халқы тұтас бір ұлт болып тек тана Октябрь социалистік революциясынан кейін совет өкіметі туы астында бірікті. Оған дейін Қазақ, халқында тіл тұтастығы, жер тұтастығы, экономикалық тұрмыс тұтастығы болған емес. Демек, қазақ халқы Октябрь революциясына дейін тұтас бір ұлт болып бірігуге үлгіре алмады. Олай болса, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілі бұдан ғасырлар бойы, сексен жыл, елу жыл бұрын, Абай заманында болды деп кім кесіп айта алады? Бұдан , әрине, қазақ әдебиеті мен қазақ тілінін; Октябрь революциясынан бұрын тарихы жоқ, оны зерттеудің керегі жоқ, бұлардың дамуына Абайдың рөлі жоқ деген ешбір мағына тумайды. Осындай алып қашты, дерексіз әңгімелердің қайдан шығып жүргенін зерттеп қарасақ, бұлардың төркіні М.Әуезов жолдастың бұрынғы ұлтшылдық қателерімен ұштасып жатыр. Бұл қате пікірлерді бұрын М.Әуезов жолдас ашықтан ашық айтып та, жазып та жүрген болса, енді бұл қате, тіпті зиянды пікірлерді М.Әуезов жолдастан қорек алып, соның төңірегінде жүрген кейбір саяз ғалымдар мен әдебиетшілер тоғыз саққа жүгіртіп, таратып жүр. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мен жазуда, қазақ әдебиетінің тарихынан сабақ беруде негізге алынып, қолданылып жүрген профессор М.Әуезов жолдастың методологиясының мән-жайы, міне, осындай. М.Әуезов жолдастың мұндай методологиясын бірден бір ғылыми маркстік-лениндік методологиядан қашық жатқандығы, біздің идеология жұмысымызға зиян келтіргені айтпаса да түсінікті. М.Әуезов жолдасқа ез өмірінде болын кеткен қателерінің барлық мәнін сөз жүзінде емес, іс жүзінде түсінетін уақыт енді әбден жеткен сияқты. Сонымен қатар, ҚК(б)П Орталық комитетінің соңғы тарихи қаулысының барлық мәнін түсінетін де уақыт жетті. Әңгіме кездейсоқ бола қалған жеке қателер туралы емес, жеке бір әдебиетшілердің тұтас бір теріс жолдары туралы болын отыр. Сез жоқ, профессор М.Әуезов жолдас бұрынғы ұлтшылдық қателерінің аяғына тұсау болып жүрген қалдықтарынан неғұрлым тез құтылса, солғұрлым оның өзіне де, жалпы істің мүддесі үшін де өте пайдалы болмақ". Қазақстандағы ғылым саласындағы басты бақылаушы, коғамдық ғылымның бас иедологінің бұл мақаласы тек оның өзінің ғана емес, кеңестік жазалау аппаратының үкімі де болатын. Араға төрт жыл салып барып осында айтылған өр ескертпе саяси, идеологиялық, ұлтшыл, буржауазиялық өрескел қателіктер мен бұрмалаушылықтар ретінде айыптау қорытындысына айналып, әр абзацтағы пікір жеке мәселе ретінде талқыға салынды. Сондықтан да саясаттың аспанда үйірілген бұлтын алыстан танитын М.Әуезовтің жан ұшыра жанталасуы заңды да еді. Ал бұл әңгіртаяқтан құтқаратын адам біреу-ақ, ол "халықтардың көсемі" Сталиннің өзі, тек соның қолынан тана келетінін түсінді. Түсінді де "Қазақстан кеңес Жазушылар Одағының мүшесі және Қазақ Ғылым Академиясының толық мүшесі Мұхтар Әуезов " БК(б)П Орталық комитетіне, Сталинге" жанайқайын жеткізуге ұмтылды. Ол "жазушылар мен ғалымдардың әкесіне" (М.Әуезов): "Осы жылдың 14-наурыз күні қазақ тілінде шығатын республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің бетінде жарияланған С.Бәйішевтің маған аса ауыр айып таққан мақаласы - менің 30 жылдық жазушылық, ғылыми-зерттеу жұмысымды және Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы 15 жылдық педагогикалық қызметімді кеңес өкіметіне қарсы жүйелі және табанды гүрде жүргізілген әрекет ретінде қаралап шықты. Бұл мақаланың өзегі — объективті, қатал талап қоя білетін, Большевиктік әділ сынға емес, керісінше, республикадағы беделді басылымның жарияланымының, адал кеңес жазушысы, мәдениет майданының қайраткері, отанына берілген кеңес азаматы - менің барлық әдеби-ғылыми, қоғамдық қызметіме дөрекі айып тағу арқылы менің барлық еңбегімді еш кетіруге бағытталуы — аталған мақаланың тапсырысты мақсат көздеп, табалау (глубоко оскорбительный) тұрғысында жазылғандығын айқындап береді. Менің қызметім мен жеке басыма қатысты мұндай әпербақан және қатыгез талқыға (расправой) бойсынғым келмесе де, оған қандай да бір ресми жолмен жауап берудің мүмкіндігі болмағандықтан да, дәл осындай шектен шыққан жан кешуді басынан өткізген партия мүшелерімен, мен сияқты партияда жоқ қызметкерлердің сізге жүгінетіні сияқты, мен де тек Сіздің жеке езіңізге жүгініп отырмын. Мен Сізге, ең әділ және ең жоғарғы сот, кеңес жазушыларының, кеңес ғалымдарының әкесі ретінде жүгіне отырып, менің еңбегімнің бағасын және мәдениет майданының қарапайым қызметкері деген атымды қалпына келтіруге, сөйтіп, өзімнің кеңестік отанымның мүддесі үшін қалыпты жұмыс істеуге көмектесуіңізді өтінемін. Менің еңбектерімнің нәтижесін бағалай отырып, үкімет мені - 1945 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады, ал 1946 жылы Қазақ Ғылым академиясы құрылған кезде мені Академияның толық мүшесі жөне Президиум мүшесі етіп сайлады. Ұзақ жылдарғы менің қызмет жолым өзінің ұзына бойында идеялогиялық-саяси, көркемдік-ғылыми тұрғыдан бағалағанда оның барлық белесінде мінсіз болды дей алмаймын. Қысқаша айтқанда, мен: Қазақстандағы барлық мәдениет майданының жетекшісі (саяси-ұлтшыл бұрмалаушылықтың ұйымдастырушысы - Т.Ж.) ретінде айыпталып отырмын, дәлірек айтсам, Әбдіхалықов жолдастың, ҚК(б)П Орталық комитетінің хатшысының мәдениет майданында жіберген идеологиялық қателері маған - партияда жоқ жазушы, ғалымға аударылып сап отыр, өйткені, ешқандай пікір таластырмастан, қарсы пікір білдіруге мүмкіндік берместен адамға жала жабу оп-оңай, оның үстіне, ұлтшылдық өмір тарихы бар адамды кез-келген сәтте кез-келген жалған жаламен (в любых смертных грехах) айыптау түкке тұрмайды. Осындай бағытты ұстанған болуы керек, менің барлық шығармаларымды, оның ішінде кеңестік тақырыпқа арналған пьесаларымды, Бәйішев бір-ақ сөзбен, маңызсыз мағлұмат ретінде жоққа шығара салыпты. Ал, анығында, осы Бәйішев жолдастың өзі 1938 жылы "Социалистік Қазақстанның" редакторы кезінде 1938 жылғы халық жауларын әшкерелеген менің "Шекарада" атты пьесама бір бет мақала арнаған болатын. Алайда бұл пьеса кеңестік тақырыпқа арналған өзге де пьесалар сияқты сахнада ұзақ тұрақтаған жоқ... Таңқаларлығы сол, қазақ немесе одақ оқырмандары тарапынан менің бір шығармам туралы қандай да бір жағымды пікір айтыла қалса болды, ж.Әбдіхалықовтың маған деген көзқарасы бұзылып шыға келеді. Сонда оның көздеген мүддесі не? Әлде, ол жетекшілік ететін әдебиет, өнер саласының мамандары жаңа туындыларды өмірге әкеліп, сол арқылы мұқым мәдениет майданының даңқын көтергеніне кінәлі ме, әлде, әдебиеттің тағдыры үшін алаңдағансыған сырттайғы жалған құқайы ма, міне, осынысы жұмбақ, бұл менің жеке басым үшін ғана емес, Қазақстан әдебиетінің, өнерінің және ғылымының басым көпшілік мамандары үшін де жұмбақ жайт. Адамның жеке басына қарап еңбегіне баға бермей, еңбегіне қарап адамды бағалау туралы БК(б)П-ның әділ талабы - жолд. Әбдіхалықовтың қызмет талабы мен дағдысына енбеген болса керек. Тіпті Шаяхметовтің жолдастың берген бағасына бойсынбау да осы адамнан, осы пиғылдан шығып отыр, соның пікірін малданған жолд. Бәйішевтің мақаласы менің баяғыда өтіп кеткен, еңбек жолындағы ескірген өмірімді қайта жаңғыртып, менің барлық қызметімді сынға алып отыр. Қалыптасқан осындай күрделі жағдайға байланысты мен Сізден: мені осындай қиын жағдайға душар етіп, еңбегімді еш кетірген, шарасыз тұйыққа тіреген жағдайға назарыңызды аударуды өтінемін",— деп үміттене шағынды. Бұл хаттың қандай нәтиже бергені бізге беймәлім. Сол тұста Орталық комитеттің тарапынан М.Әуезовті өзгелерден дербес ажыратын, даралай сынап, тобырдан бөліп алу туралы пәрменді жарлық болса керек. Әрине, мұнда алдыңғы тарауда айтылған үш топтың еңбегі ерекше. Пәленше мен түгеншелердің күнделікті сыпсыңы үлкен пікір ретінде қорытылып, жазалау саясатының құралына айналды. Бұл науқанның екпіні қанша қатты болғанымен де, тұтқынға түскендерді және репрессияға ұшырағандарды жазалау сияқты уақытша әскери, саяси қысыммен шектелді. Бір таңданарлығы, тура сол жылы, осы қаулыдан кейін, яғни, 1947 жылдың 14-қыркүйегі күні "Социалистік Қазақстанда" "хан Кененің қаза тапқанына 100 жын толуына орай "Кенесары Қасымов" деген көлемді мақала жарияланды. Мақала авторы Ермахан Бекмаханов. Алдағы болатын баяндауларға тікелей қатысы бар, ондағы айтылатын әшкерелеулерге мүлдем қарама-қарсы, байыпты пайыммен, жақсы ниетте, "қара дүлейдің" қарсаңында жазылған бұл пікірді таң қала отырып ықшамдап ұсынамыз: Е.Бекмаханов: "Кенесары Қасымов. (Қаза тапқанына 100 жыл толуына): "Қазақ халқының 1837-47 жылдардағы үлкен ұлт азаттығы қозғалысының басшысы Кенесары Қасымовтың қаза тапқанына биыл 100 жыл толды. Кенесарының қимылы Қазақстанның тарихында, қазақ халқының келешектегі тағдырын белгілеген өзгерісті кезеңмен тұстас келді. Көшпелі қазақ ауылының шаруашылығына товарлы-ақшалы қарым-қатынастың енуіне байланысты Қазақстанның экономикасында үлкен өзгерістер болды, ал, Қазақстанның саяси тұрмысын алатын болсақ бұл дәуірде қазақ хандықтары: 1822 жылы — Орта жүзде, 1824 жылы — Кіші жүзде хандық жойылды. Қазақ даласына бір жағынан патшалы Ресей, екінші жағынан Орта Азия хандықтары шабуыл жасауда болды. Қазақстанның ол кездегі сыртқы саяси жағдайы осыған қарай белгіленді. Патша үкіметі мен Орта Азия хандықтарының басқыншылық саясатына қазақ халқы күшті қарсылық көрсетті. Қазақ халқының ұлт азаттығы күресін Кенесары Қасымов бастап шықты. Екі жақпен бірдей арпалысуға күші жетпейтінін, Қазақ, халқының саяси тәуелсіздігін сақтап қала алмайтындығын Кенесары көтерілістің алғашқы күндерінде-ақ түсінді. Сондықтан, Орта Азия хандықтарына ең алдымен Қоқан хандығына қарсы күресе отырып Кенесары соғыс қимылдарын тоқтату туралы патша өкімет орындарымен келісуге тырысты, өйткені, патшалы Россия сияқты қуатты елге қарсы күрестен нәтиже шықпайтынын жақсы білді".

Бұл, әрине, ағылшын барлауына көрсетілген қызмет ретінде бағаланды. Е.Бекмаханов (жалғасы): "Кенесарының көтерілісі Россия патшалығына, Орта Азия хандықтарына қарсы, отаршылдыққа қарсы азаттық сипаттағы көтеріліс болды. Кенесарының қозғалысында ішкі күрес жоғарыда айтылған негізгі мақсатқа бағындырылды. Ішкі күрес отаршылдыққа қарсы күреспен ұштасты, өйткені, ел билеген сұлтан-провительдер, аға сұлтандар патша өкіметінің сенімді одақтасы болды. Кенесары патша үкіметі мен Қоқан мен Хиуа тартып алған қазақ жерлерін қайтару, Россияның қарамағыңда қазақ халқының біртұтас мемлекетін құру ұранымен күреске шықты. Кенесары бастаған күрес 10 жылға созылды, үш жүзге тегіс таралды. Бұл күреске қазақ халқының қалың бұқарасы — кедейлер, егіншілер, жатақтар кеңінен қатысты. Сондықтан Кенесары қозғалысының бүкіл халықтық сипаты болды. Өздерінің мақсаттары үшін, ең алдымен, тартып алынған жайлауларын, жайылымдарын қайтару үшін күрескен қалың бұқараның қатысуы көтерілістің кең өpіc алуын қамтамасыз етті. Бірақ, көтеріліске басшылық қалың бұқараның қолында болған жоқ, Қазақстанның патриархалдық-феодалдық бытыраңқылығын жойып, Россияның қарамағындағы қазақтың біртұтас мемлекетін құруды кездеген орташа феодалдық топтардың қолында болды. Көтеріліске қатысқан күштердің мұндай бөлінуі заңды еді, өйткені, көтеріліс Қазақстанда патриархалдық-феодалдық қоғам қатынасы, рушылдық тұрмыс қалпы үстем болып тұрған жағдайда өтті. Бір жағынан патшалы Россияның, екінші жағынан Орта Азия хандықтарының шапқыншылығына ұшырап тұрған жағдайда Қазақстанның саяси тәуелсіздігін тек іргелес мемлекеттердің біріне сүйенгенде ғана сақтап қалуға болатын еді. Өзінің сыртқы саясатында Кенесары патшалы Россияға сүйенуге тырысты, өктемдік тәртіп орнатушы, артта қалған Орта Азия хандықтарына бағынудан бас тартты. Кенесарының Россияға бағыт бұруының ең бірінші себебі - Россия қуатты мемлекет болды. Мұны түсінген Кенесары өзінің серіктеріне: "Россия барлық мемлекеттерден үлкен, орыс патшасы барлық патшаларға аға",- деді. Оның үстіне Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының шекарадағы орыс халықымен, патша үкіметінің басқыншылық саясатына ешқандай қатысы жоқ халықпен, ежелден бері сауда-экономикалық қатынас жасауы да Кенесарының Россияға бет ұруына себеп болды. Сол себепті де көтерілістің алғашқы күндерінен бастап Кенесары соғыс қимылдарын тоқтату туралы, екі арадағы жанжалды бейбітшілікпен бітіру туралы Батыс-Сібір генерал-губернаторы Горшаковпен келісуге тырысты. Бірақ Горшаков мұндай келіссөздерді бастаудан бас тартты. Ол өзінің хаттарының бірінде былай деп жазды: "Қазақ даласында бейбастақтық туғызған айыпкерлермен келіссөздер жүргізуден, әсіресе, олардың император патшаға, сөзсіз бағынудан басқа қандай да болса шарт қоюына аз да болса желеу беруді лайықсыз тауып, мен Кенесарының хатын жауапсыз қалдырдым". Көтерілістің өн бойына Кенесары Батыс-Сібір өкімет орындарына қарсы күресе отырып, Орынбордың өкімет орындарымен және орталық өкіметпен келісуге тырысты. Кенесары Россияның қарауында болуға ризалық білдірді, бұнымен бірге қазақ жерінің қайтарылуын, Россияның қоластында қазақ халқының тәуелсіз мемлекеттігі сақталуын шарт етіп қойды. Бірақ, бұл шарт патшалы Россияға тиімсіз болды. Патшалы Россия қазақ даласымен жер жөнінде тана шектес болып, мемлекет шекарасын сақтау үшін қазақ елімен тек байланыс жасап келген дәуір өткен еді. XІX ғасыр патшалы Россия алдына жаңа шапқыншылық міндет - Орта Азияға шабуыл жасау міндетін қойды, ал Қазақстан бұл жолдағы белгілі бір белес болды. XІX ғасырдың 40-шы жылдарында патшалы Россия алдына Қазақстанды бір жолата өзіне қосып алу, оны Орта Азия хандықтарына және Алатау қырғыздарына одан ары шабуыл жасау қамалына айналдыру міндеті қойылды. Орта Азия мен екі арадағы сауданы күшейту мүдделері ғана емес, Орта Азияда ағылшын-орыс бәсекесінің күшейгендігі осы міндетті алға тартты. Орта Азияда бекінбейінше патшалы Россия өзінің Орта Азиядағы мүдделерін қорғай алмайтын еді. Сол себепті патшалы Россия Кенесарының талабын қабылдамады. 1844 жылдың езінде граф П.Д.Киселевтің Бәкей ордасындағы жағдай туралы баяндамасына Николай І: "Патшалықтың ішінде екінші патшалық болуы мүмкін емес",— деп бұрыштама соқты. Осы бірауыз сөздің өзі Бөкей ордасының келте автономиясының тамырын қырқып қана қоймай, автономия туралы ниеттің қандайына болса да, біржолата тиым салғандық еді. Мұндай жағдайда Кенесары талабы көріне үмітсіз талап болды. Кенесарының бұл өзгерістері қандай болды? Кенесары езінің мемлекетін жеке адамдар арқылы басқарды. Бұл адамдар сот, дипломатия, финанс, елден мал-мүлік жинау мәселелерімен, соғыс ісімен шұғылданды. Ханның жанындағы Жоғарғы Кеңеске тек феодалдардың орта топтарының өкілдері мен батырлардың бірсыпырасы қатысты. Жер-жерде өкімет жұмыстары жасауылдар арқылы орындалып отырды. Әр документтерінде бұл жасауылдар "Кенесары комиссарлары" деп аталады. Кенесарының мемлекет аппаратында жасаған өзгерістері феодалдық негізде құрылған мемлекеттің бір орталыққа бағындырылуына жағдай туғызды. Сот - право жөніндегі өзгеріс сот істерінің қаралуын жақсарту, барымтаны, ел арасындағы жаугершілікті тоқтатуды, өштескен руларды татуластыруды көздеді. Кенесары әдет-ғұрып правосына бірсыпыра өзгерістер енгізді, оның ішінде ру байларының сотын жойып, сот істерін өзі тағайындаған билер мен жасауылдардың қолына берді, оларды граф деп атады. Кенесарының ордасында болған хорунжий Орманов: "Кенесары жоғарыда аталған билерге жолдаған хатын жіберді, олар бұл адресте граф деп аталған" -дейді. Ақылы істерді қарау тәртібін үшке бөлуге болады: 1. Кенесарының қармаіындағы руларға қатысы бар барымта, кісі өлімі жөніндегі сот істерін қарау. 2. Кенесарының қармағынан тыс рулардың істерін қарау. 3. Кенесарының қармағындағы қазақтар, мен патшаның қоластындағы қазақтар арасындағы істерді қарау. Кенесары өзінің қармағындағы қазақтардың малын беталды барымталауға қатты тиым салды, барымталанған малды иелеріне дереу қайтарын отырды. Өзінің туысқаны Кешек сұлтанға Кенесары барымталанған жылқыларды "құлынына дейін қалдырмай" қайтаруға бұйырды. Арғын руларының өкілдері қыпшақтардан мал талап етіп Кенесарыға арыз ете келгенде, Кенесары өзінің жасауылдары — Масақпен Кенжеге:"Арғындардың талабын орындауға" - бұйырды. Салық жөнінде Кенесары жеке феодалдардың алымдары орынына, хан қазынасының пайдасына алынатын бірыңғай салық шығаруға тырысты, сөйтіп феодалдық алымдар орнына мемлекет салығын шығармақ болды. Кенесарыға бағынған ауылдар Хиуа мен Қоқан хандарына салың төлеуді, сол сияқты үкіметке түтін алымын төлеуді тоқтатты. Мұның өзі қазаққа салық жөнінде едәуір жеңілдік болды. Бірақ, соғыс жағдайында Кенесары амалсыздан әртүрлі алым салықты қаталдықпен өндіріп отырды. Кенесары малды аудандардан алынатын "зекетті", егіншілерден алынатын "ұшырды" бұрынғы күйінде сақтады. Оның үстіне ауылдық салық, әртүрлі тығыз қажетке көптеген алымдар жинады. Кенесарының шаруашылық жөнінде қолданған шараларының зор маңызы бар. Соғыс губернаторы Обручевке жазған хаттарының бірінде Кенесары: "Қайырымды генерал патшадан маған рахымшылық етуді өтінсін, сонда мен өзімнің қырғыздарымды егін егу, аң аулау жөне басқа бейбіт кәсіптермен шұғылдандырып, тыныш өмір сүремін" — дейді. Кенесарының ордасы орнатылған Ырғыз бен Торғай аудандарының өзінде ғана 1000 үй қазақ егін кәсібімен шұғылданды. Орынбор комиссиясының есебінде де "Россияның қармағындағы жерге қайтуға мүмкіншілігі болмағандықтан, (Кенесары) өзіне ерген елді Іле және оған құятын өзендер бойында егін кәсібімен шұғылдануға үгіттегені" атап көрсетілген. Сөйтіп, Кенесарының саясаты қазақтың егін шаруашылығымен шұғылдануына себеп болды. Кенесарының саудаға көзқарасының да зор маңызы бар. Алғашқы кезде ол орыс саудасына қарсы болды, оны отаршылдық саясатты жүргізу жолдарының бірі деп таныды. Бірақ, көп ұзамай Кенесары бәленің басы саудада емес, патша үкіметінің әскери соғыс ырқындағы отаршылдық саясатында екенін түсінді. Шекара бойындағы қазақтар жергілікті орыс халқымен қызу сауда істеп отырғанын ол жақсы білді. Кенесарыға келген қазақтар оған орыстармен тату қарым-қатынас жасауға кеңес берді, қазақтардың оларға "әрдайым күні түсіп отыратынын, олардан астық және басқа керек-жарақ алатынын" айтты. Сондықтан Кенесары өзіне қараған ауылдарда сауда істеуші купецтердің өз товарларын алымсыз сатуына рұқсат етті, оларды зорлық-зомбылықтан қорғады. Орынбордың шекаралық комиссиясының председателі Генстің атына жіберілген бір ақпарда: "бұл бүлікшілердің ауылдарында болған саудагерлер көп пайда тапқан, өйткені олардың ауылдарына келіп сауда істеушілерге бұйрық берілген" — делінген. Кенесарының саясаты қазақ халқының орыс халқымен сауда қатынасының күшеюіне көмектесті, шаруашылықтың қара дүрсін (натуралдық) негізінің бұзылуына жағдай туғызды. Кенесары әлеуметтік реформашы болған жоқ. Оның құрған феодалдық мемлекеті шынында тұтас мемлекет емес еді, өйткені ұлы жүздің аудандары 1847 жылға дейін Кенесары мемлекетіне қосылған жоқ. Кенесары өзінің белгілеген шараларын түгел жүзеге асыра алмады. Қазақ елінің ол кездегі артта қалған қоғамдық-экопомикалық құрылысы Кенесарының жаңалық енгізу әрекетін тойтарып, бөгет жасай береді. Кенесары көтерілісінің жеңілетіндігі сөзсіз еді. Оның негізгі себебі, ең алдымен, ішкі саяси жағдайда және қазақ халқының біртұтас мемлекетін құру әрекетінің кеш басталғандығында болды. Кенесарының прогресшілдік ниетіне, Қазақ халқын біріктіру мақсатына зор кедергілер кездесті. Қазақстанның феодалдық бытыраңқылығы, рулардың өзара тартысы, феодалдар мен патша өкіметі орындарының бұл тартысты одан сайын қоздыруы Кенесарының игілікті бастамасының бәріне күшті бөгет болды. Оның себебі Қазақстаның әлеуметтік-экономика жағынан артта қалғандығында еді. Сол себепті рушылдық мүдделер жалпы халықтық мүдделерден басым бола берді. Көтерілістің жеңілуінің негізгі себептерінің бірі осы. Кенесары қозғалысының біркелкі дамымағанын, көбінесе стихиялық қозғалыс болғанын да ескеру қажет. Көтеріліс он жыл бойына Қазақстаның ең маңызды аудандарының бәріне, негізгі рулардың бәріне дерлік таралды. Бірақ, бір мезгілде және біркелкі таралған жоқ, сондықтан өкімет орындары қай уақытта болса да көтерілісшілерге бөлшектеп соққы беріп отырды. Мұның өзі патша үкіметіне өте тиімді, ал көтерілісшілерге мүлде тиімсіз болды. Бұл жөнінде мынандай екі жағдайдың зор маңызы болды: біріншіден, көтерілісшілер мал баққан көтерілісшілер еді, олардың материалдық өндірісі түгелінен малды бағып-қағу, асырау мүмкіншілігіне байланысты болды. Екіншіден, үкімет орындары Кенесары қозғалысын басқанда, негізінде көтерілісшілерді ежелден мекенденіп келген, жайылымы мол аудандардан қиырдағы, шөбі аз қуаң далаға бірте-бірте ығыстыру әдісін қолданды. Кенесары өзіне ерген қазақ руларымен амалсыздан бірте-бірте алысқа - Көкшетаудан Торғай, Ырғыз ауданына, одан Балқаш бойына шегінді, одан кейін Қытай шекарасына таялды, ақыры, Тоқпақ маңында тау арасында қаза тапты. Шегінгенде жай ғана шегінбей, ауыр ұрыстар жүргізе отырып, орасан зор шығынға, бүліншілікке ұшырай отырып шегінді. Ақыр аяғында ол кездегі халықаралық жағдайдың өзі де көтерілісшілерге ете қолайсыз болды. Өзара байланысы аз төрт бөлшекке (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз және сол кездің езінде патшалы Россия қол астында болған Бөкей ордасы) бөлінген Қазақстан, қазақ халқының біртұтас мемлекет болып бірігуіне жол бермеуге тырысқан мемлекеттердің қоршауында болды. Патшалы Россия да, Қытай да, Орта Азия хандықтары да - Хиуа, Бухара, Қоқан — Қазақстанды әрқайсысы өзіне бағындыру үшін өзара күресті. Кенесарының өз басының қателері де көтерілістің апатпен аяқталуына себеп болды. Сұлтандар мен билерге қарсы күресте Кенесары бейбіт отырған рулардың ауылдарына шабуыл жасады. Мәселен, 1843,1844 және 1845 жылдарда көтеріліске қосылмағаны үшін жаппас руының ауылдарын үш дүркін қатты талқандады. Сұлтан-правительдердің билердің қармағындағы ауылдар көтеріліске болысқысы келе тұрса да, феодал-ру басылардан қорыққандықтан көтеріліске қатыса алмай отырғанын ескерместен, Кенесары бұл ауылдарға талай шабуыл жасады. Бұл феодалдар мен ру басыларды талқандап, халықты өзіне тарту орына, Кенесары талғамастан бұларды екі жағынан да шапқыншылыққа ұшыратып, халық арасында өзіне қарсы наразылық туғызды. Кенесары қырғыздар жөнінде де сондай қателесті. Қырғыз манаптары — Орман, Жантай және басқаларының өзін қолдамағаны үшін, Кенесары сарыбағыш қырғыздарына шабуыл жасады. Патша үкіметі орындары Ырғыз, Торғай аудандарын (кіші жүз) басып алғаннан кейін көтерілісшілерге ұлы жүздің жеріне шегінуден басқа жол қалмады. Ол кезде Қазақстанда патша үкіметі басып алмаған жер тек осы ұлы жүз болатын. Бірақ, ұлы жүздің едәуір жері Қоқан бектерінің қармағында еді, ал, Алатау қырғыздары Кенесарының ежелгі жауы Қоқан ханына бағынулы еді. Ұлы жүзде Кенесарының негізгі ұраны - Қокан басқыншыларына қарсы күресу болды. Кенесары қырғыздарға жазған хатында: "Мен жауласу үшін, қан төгу үшін келген жоқпын, қазақ пен қырғыздың күшін біріктіріп, оларды Қоқаннан бөліп алу, жалпы айтқанда қоқандықтардың қысымынан құтқару үшін келдім", - деді. Кенесарының қырғыз манаптарымен келісе алмай, ақырында оларға қарсы соғысқа шығуының себебі не? Ең алдымен, патша үкіметі орындары қазақтарды қырғыздарға айдап салып, екі арада соғыс шығарды. Ньюхаловтың генерал-майор Вишневскийге тапсырған рапорты бұған дәлел. Ол рапортта былай делінген: "Мен олардың ішіндегі ең атақты билерге: бұғы руындағы Борамбай Бекмұратов пен Айтпай Сералинге, сарыбағыш руындағы Орман Ниязбековке, солты руындағы Жанғараш Есғожинға хат жазып, олардың және орыс үкіметінің жауы - Кенесарыны құртуға үгіттедім". Қырғыз манаптары Қоқан жағына шығып, опасыздық еткені үшін Кенесары қырғыздарға қарсы жорыққа аттанады. Бірақ Кенесары қырғыздарға қарсы соғыс ашқаннан кейін сарыбағыш руындағы қырғыздардың бірсыпрасы Кенесарыға қарсы күреске шықты. Оның себебі, біріншіден, қырғыз рулары арасында тартыс күшті бола тұрса да, қырғыздың қалың бұқарасы саяси жағынан өзара бірігіп, өз мемлекетін құруға ұмтылатын еді. Бұл ниетті жүзеге асыру үшін феодалдар арасында қатты соғыстар болып келді. Бүкіл қырғыз елінің саяси билігін өз қолына алу ниеті Орман манаптың әрекетінде айқын көрінді. Орман нағыз феодалдың езі еді. Ол үкімет билігін өз қолына алу үшін қырғыздарды саяси жағынан біріктіруге тырысты. Ол халықтың көсемі болған жоқ, бірақ оның қырғыздарды саяси жағынан біріктіруге ұмтылған әрекетіне қалың бұқара тілектес еді. Екінші жағынан, Кенесары Қырғызстанда күрестің нағыз феодалдық әдістерін қолданды. Ол манаптардан гөрі қырғыз халқына қатал тиді. Мұның өзі Орман мен Жантайдың қырғыз халқын Кенесарыға қарсы күреске біріктіруіне жеңілдік келтірді. Кенесарының көтерілісі жеңілді. Алайда қазақ халқының ұлт азаттығы күресінің тарихында бұл көтеріліс ерекше үлкен орын алады. Кенесарының көтерілісі XІX ғасырдағы Қазақстанды тегісінен дерлік қамтыған ең үлкен және ең ұзаққа созылған көтеріліс болды. Отаршылдыққа қарсы азаттық көтеріліс болғандықтан Қазақ халқының тарихында бұл көтерілістің прогресшілдік маңызы бар. Бұл көтеріліс қалың бұқараға саяси тәрбие берудің зор мектебі болды. Кейінгі, XІX ғасырдың 50 — 60 жылдарындағы көтерілістер осы Кенесары көтерілісі негізінде етек алып ұлғайды. В.И.Ленин былай деп жазды: "Қалың бұқараның шын мәніндегі тәрбиесін еш уақытта қалың бұқараның езінің дербес саяси күресінен, әсіресе революциялық күресінен бөлектеуге болмайды. Қаналудағы тапты тек күрес қана тәрбиелейді, тек күрес қана оның күшіне жол ашып, оның дүниетану көзқарасын кеңейтеді, оның қабілетін арттырып, оның тілегін айқындайды" (Шығармалары, ІІ том, 7-бег). Кенесарының көтерілісі, өзінің туған елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға бел байлаған бостандық сүйгіш қазақ халқының жауға қарсы тұрарлық орасан мол күші бар екенін көрсетті. Кенесарының қойған саяси талаптары тұрғысынан қарағанда да бұл көтерілістің прогресшілдік маңызы болды. Өйткені, Кенесары қазақ рулары арасындағы талас-тартысты, феодалдық бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынатын біртұтас мемлекет құруға тырысты Патша үкіметіне, Орта Азия хандықтарына талай рет қатты соққы берген бұл көтерілістің барысында қазақ халқы өзінің орасан зор мүмкіншіліктері бар екенін айқын түсінді",— деп жазылған. Мұндай батыл мақаласы үшін автор Орталық комитеттің тарапынан қатаң ескерту алды. Бұған ілесе зиялылар қауымының етегін өрт шалды. Ә.Тәкенов (жалғасы): "1948 жылы 31 қаңтарда "Лениншіл жас газетінде М.Ақынжанов пен Т.Шойынбаевтың "Саяси қате, ғылыми құнсыз кітап" деген сыни мақаласы жарияланды. Осыған байланысты Ж.Шаяхметов М.Сусловқа өтініш жасап, осы сұраныс бойынша КСРО FA Тарих институты 28-ақпанда Бекмахановтың монографиясын талқылады. Дискуссияның негізі - Ақынжанов пені Т.Шойынбаевтың рецензиясы болды. Оларға талқылауда бірінші болып сөз алған X.F.Айдарова қосылды. Олар Бекмахановқа буржуазияшыл-ұлтшыл деген айып тағумен шектелді. Бірақ С.В.Юшковтан басқа пікірталасқа қатысушылар автордың тұжырымдамасын қолдап шықты. Н.Дружинин: "Қазақстанның мәдени дәрежесі Ресейден төмен болды екен деп, оның қозғалысын прогресшіл сипаттан айыру заңсыз",— деп көрсетті. Егер Х.Ғ.Айдароваға ілессек, индустардың ағылшындарға қарсы қозғалысы реакцияшыл болғаны да",— деп кекетті, А.Кучкин: Х.Ғ.Айдарованың әрекеті дәлелсіз, бұл Бекмахановтың желкесін қию талабы екенін ашық, айтты. С.В.Юшковтың Бекмахановпен өз арасындағы кикілжіңнің салдарынан арасы ашылумен бірге ол жаңа саяси коньюктураны тез сезгенін байқатты. Ол Бекмахановты докторлық диссертациясына берген оң бағасынан тайқын, енді "жаңа көз қарас керек" деп есептеді. 1948 жылы маусым айында Қазақстан Ғылым академиясында өткен пікірталас та Бекмахановты буржуазияшыл ұлтшыл деп айыптауға бармады. ҚК(б)П Орталық комитетінің Г.Боранбаев басқарған комиссиясы: Бекмахановтың саяси қателігі, оның партиялық мәселесін қарау туралы ұсыныстары да әзірше қолдау таппады. Бекмаханов тарихшы Рязановтың архивтегі қолжазбасын пайдаланыпты — деген арыздың дәлелсіздігін Дружиннің сарабы айқындады. Бекмаханов финанс тәртібін бұзды деген айыптау да анықталмады"— деген қорытынды жасады. 1948 жылы 16-желтоқсанда КСРО Жазушылар одағындағы өзінің баяндамасында одақ, хатшысы Б.Горбатов ойламаған жерден саяси мәселеге ауысып: Кенесары қозғалысы "орыстарды қазақ даласынан қууға бағытталды, ал Бекмаханов сол Кенесарыны барынша дәріптейді - деген өкпе-наз айтады. Осыдан сескенген Кеңесбаев, Покровский, Бәйішев "Қазақ ССР тарихының" дайындалып жатқан екінші басылымында Кенесары қозғалысын қалай бағалау туралы Ж.Шаяхметовтен "принципті нұсқау" сұрап, хат жазды. І.Омаровтың араласуымен Ж.Шаяхметов Кенесары қозғалысы:"ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ең көлемді ұлт-азаттық қозғалысы болды",— деп басталады, бұл көзқарас 1949 жылғы "Қазақ ССР тарихының" І. Омаров пен А.Панкратова редакциялаған екінші басылымдағы Бекмаханов жазған тарауға негіз болды. І.Омаровтың байсалды позициясы К,Шәріповтың "Вопросы истории" журналында (1949, N4) "По марксистки освещать историю Казахстана" (ол Қазақстанда партия газеттері мен "Большевик Казахстана" журналында қайта басылды) жарияланған мақаласынан да байқалады. Рецензент Кенесары қозталысына байланысты Бекмахановтың монографиясындағы кейбір кемшіліктерді айта тұра, қозғалыстың халықтық сипатын мойындады. Бұл сынды автордың өзі де қабылдады. Ал М.П.Кимнің рецензиясы Панкратовата ұнамады. Бұл туралы ол 1949 жылы 11-қазанда І.Омаровқа жолдаған хатында: "Тарихшылар арасында болған тарихи шыңдыққа кереғар, қалайда казак, халқының тарихын төмендетуге тырысушылық орын алуда. Неге грузин патшалары мен өзбек хандары ұқсас тарихи жағдайда прогресшіл қайраткер болын есептелуі керек те, ал қазақтар Абылайды немесе Кенесары Қасымұлын қаралауы тиіс екенін мүлде түсіне алмаймын",- деп (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, І.Омаров қоры) жазыпты. 1950-ші жылы 21-ақпаіщаты ҚК(б)П Орталық комитетінің "Қазақстандағы тарих ғылымының жайы және міндеттері туралы" қаулысында да мәселе орнықты сын-пікірлер айтумен шектелген. Мысалы, кеңес дәуіріне көңіл аз бөлінеді, Бекмаханов кейбір қателіктер жіберді - деген сияқты ескертулер болмаса, тарихшыларға саяси айып тағылмады. Бірақ идеологиялық күрес басылмаған еді. Дабыл орталықтан қағылды". Ал сол орталыққа қоңыраудың жібін жалғап, шыжымдап жеткізуші жөніндегі Жұмабай Шаяхметовпен болған оңаша бір әңгіме туралы Ілияс Омаров қойын кітапшасына: "Маған бүгін бір досым өзін қазақ зиялысымын деп есептейтін бір мүттайымның өзіне құпия түрде:"Мен домалақ арыз жазбаған күні таң атқанша дөңбекшіп үйықтай алмай шығамын,— деп айтқанын жеткізді. Кәсіпқой арызқойдың ңадеті қандай қорқынышты еді десеңші! Адамның арамзалығы қандай шекесіз! Өкінішке орай біз олармен күресуге дәрменсізбіз. Қандай өкінішті жайт",— деп жазыпты. Мынадай алыпқашты науқанда әлгі сумақайдың әр арызы өте қатерді әрекетке ұрындыруы мүмкін екенін, сондықтан да оны кердең қағып жүргізбес үшін Шаяхметовке барып: "Сол күні бүкіл Ғылым Академиясы тыныш ұйықтайтын болар еді",— деп өмірінде бірінші рет адамға шара қолдануды өтінеді: "Сонда Ілиясқа қажыған, шарасыз қабақпен қараған Ж.Шаяхметов: "Кеш қалдық, Ілияс, кеш қалдық. Бұл адам қазір Мәскеудегі әлдекімдердің көңілін тауып алған. Тіпті сеніміне де кіріп алды. Егерде біз оған тиіссек, ол біздің басымызды алып түседі. Ахметжан Қойшығұлов осыдан үш жыл бұрын оны жазалауды өтініп еді. Мен оған құлақ аспап едім. Сол кездің өзінде онымен күресу қиын болатын. Ал енді тіпті түк те істей алмайсың", — депті (Ильяс Омаров: өмір және филолсофия). Ілияс Омаровтың "Күнделігінде" аты көрсетілмеген бұл Пәленше кім? Әрине, сырттан сыралғы тыңшы келген жоқ. Ал іштегі іріткішілді іздеп біз де әуреге түспедік. Мұнымыз бекершілік екенін түсінеміз. Бірақ аты-жоні анық көрсетіліп тұрмаған соң, тәуекелдің өзі де қиянат сияқты көріңді. Ақыры Шаяхметовтің жорамалы шындыққа айналып, "дабыл қоңырауы" қағылды да, астан-кестен басталып кетті. Ә.Тәкенов (жалғасы): "50-шіжылы 26-желтоқсаңда "Правда" газетінің "Қазақстан тарихы мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан зерттелсін" деген мақаласы қазақ тарихшыларын, оған қоса басқа қоғамдық ғылымдар саласында қуғын-сүргіннің бастамасы болды. Мақала авторлары ғалымдар арасында негізінен Бекмахановтың монографиясын талдау кезінде көзге түскен ортақол тарихшылар болатын (Т.Шойынбаев, Х.Ғ.Айдарова, А.Якунин). Соған қарағанда бұларды қолдаушы белгісіз бір күш болса керек. Осылайша партия ортаны өз беделін пайдаланып, саяси науқанды ашты: "Мақала авторларының: "Бекмахановтың "қателіктерін" Мәскеу мен Алматы ғалымдары ашпады. Енді ол қателіктер "Қазақ ССР тарихының" екінші басылымына кірді",— деген қатал тұжырымдары бұл "қатардағы" тарихшылардың үлкен беделді пайдаланғанын дәлелдейді". Шындығында да, ұлтшылдықты әшкерелеу науқаны 1950 жылғы 26 желтоқсанда "Правда" газетінде шыққан аты шулы мақала ерекше қарқын берді. Өйткені бұл — жеке басылым мен жекелеген адамдардың жеке адамға немесе оның ғылыми көзқарасына қарсы пікір емес, керісінше, дүниенің тұтқасын ұстап тұрған қызыл империяның өзі насихаттаған "халықтар достығын" — қарауындағы халықтың зиялы өкілдерін "халық жауы" ретінде көзін жою арқылы күшпен, үреймен, тіпті, "коммунистік колонизаторлықпен", коммунист; шовинизммен орнату саясаты еді. Ал мұны жүзеге асыру үшін Украинаны, Қазақстанды, Татарстанды тандап алды. Қазақстан БК(б)П Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімі және оның жауынгері "Правда" газеті төрт-бес жыл қатарынан табанды түрде жұмыс істегені архив құжаттары арқылы дәлелденіп отыр. Соның ішінде ұлттық мамандардың ұясы — ұлттық ғылыми ойдың мәйегі енді ұйып келе жатқан Ғылым Академиясы мен жоғары Оқу орындарындағы ғалымдардың ұлттық тарихи көзқарасының қалыптасып, ғылыми тұрғыдан бекіп қалмауы үшін іріткі салуды мақсат етті. БК(б)П Орталық комитеті тарапынан жүргізілген жазалау жұмыстарына дайындықтың қалай жүргенін түсіндіру үшін қысқаша шолу жасай кетеміз. 1950 мамыр-маусым айларында "Қазақ ССР Ғылым Академиясының саяси көзқарасы жат мамандармен нығыздала толтырылғаны" туралы "Правданың" Алматыдағы тілшісі Черниченко мен Т.Шойынбаев ұйымдастырған арызды тексеру үшін БК(б)П Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімі нұсқаушылары П.Апостолов, Б.Н.Митрейкина, партия, кәсіподақ және комсомол ұйымдары бөлімінің нұсқаушысы А.Петровский Қазақстанға келді. Олар өздерінің "әшкерелеуші қорытындысын" 1950 жылы 29 маусым күні БК(б)П Орталық комитетінің хатшысы Г.М.Мальенковқа жолдады. Онда академияға қарасты барлық мекемелер тексерілді. Черниченко мен Т.Шойынбаевтің ықпалының күшті жөне тексеруге тікелей ықпал жасағанын комиссияның Академияны қаралауды Е.Бекмахановты Кенесары қозғалысына қатысты пікірін айыптаудан, жер аударылудан қайтып келген "халық жауларының" қызметін анықтаудан бастағанынан-ақ аңғаруға болады. Біз тексеру комиссиясының қоғамтану, оның ішінде тарих пен әдебиетке қатысты тұжырымдарына қысқаша ғана тоқталамыз. Онда: "Жазылған арызда: Қазақстанның ғылымы мен мәдениет саласында ұлтшылдық көріністерінің орын алып отырғаны, Қазақ ССР Ғылым Академиясында кадрларды таңдауда және орналастыруда Большевиктік принциптің бұзылып отырғаны, сынға қысым көрсететіні көрсетілген. Көрсетілген фактілер тексеру барысында негізінен расталды. Қазақстан К(б)П Орталық комитеті өзінің қаулыларында: Қазақ ССР Ғылым Академиясындағы кейбір ғылыми қызметкерлері өздерінің еңбектерінде зиянды және идеялық жағынан қате мәселелерді дәріптеп көрсетілетіні, хандар мен байларды марапаттауға жол беретіні, революцияға дейінгі қазақ ауылдарындағы таптық күресті көмескілеп көрсететіні, буржуазияшыл-ұлтшыл идеяларды еткізіп жіберетіні және орысқа қарсы көзқарасты қоздыруға ұмтылғаны — бірнеше рет аталып өткен болатын. Алайда көптеген ғылыми қызметкерлер аталған қателіктер мен бұрмалауларды қайталаумен келеді және оған Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің тарапынан тиісті дәрежеде баға берілмей отыр. Мысалы, "Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында" атты кітаптың авторы Бекмаханов Кенесары Қасымовтың көтерілісінің маңызы мен сипаты жөніндегі жалған көзқарасты елі де қасарыса қорғаумен келеді. Ол езінің осы еңбегінде қазақхалқының тарихына қатысты сенімді дерек көзі ретінде Әлихан Бекейхановтың — контрреволюциялық "Алаш" партиясының көсемінің еңбегін насихаттап отырғанын, осы кітаптың алғысөзінде "айдаудағы троцкишіл", Бекмахановтың кітабінің редакторы Варшавскийге "ерекше ықылас білдіргенін" жасырып отыр. Коммунист Бекмахановтың троцкишілмен сыбайлас болуы жалғыз бұл емес... ... Әдебиет пен өнер саласында да өрескел қателер қайталанып отыр. Қазақ әдебиетінің орта мектептің ҮІІІ класқа арналған Оқулығында Жұмалиев (1948 ж.) "қырық адамның ақылы бар" хандар мен сұлтандарды мадақтайды. Оқулықта XІX ғасырдағы реакцияшыл ақындар Мұрат пен Шортанбайдың идеялары объективті бағытта баяндалады, олардың Шығыстың мұсылмандық мәдениеті мен өткендегі хандықты жырлайтын өлеңдері насихатталады. Мұқановпен бірігіп құрастырған Жұмалиевтің ІX класқа арналған оқулығында татардың контрреволюциялық жазушысы, пантүркістік идеяның көсемі Гаспиринский мен 1930-жылы кеңеске қарсы әрекеті үшін сотталып кеткен (Ыбырай, Үкілі ЬІбырай - Т.Ж.) Сандыбаевтің аты жүр". Ә.Тәкенов (жалғасы): "Сыншылар пікірталастар кезіндегі ойларын қайталаудан әрі аспаса да "Правда" төменгі сөздерді ірі әріптермен беріпті. "Барлық тарихи деректер Кенесары қозғалысы революцияшыл да, прогресшіл де болмағанын баяндайды. Бұл қазақ халқын кері, патриархалдық-феодалдық тіректің бекуіне, ортағасырлық хандық өкіметтің қайта орнауына, Қазақстанның Ресейден және ұлы орыс халқынан қолүзуіне әкелген реакцияшыл қозғалыс болды",- деген ("Правда", 1950, 26-желтоқсан) шегелеп айтылған сөздер тікелей нұсқау іспетті эсер етті, солай болды да, "Правда" бұдан әрі тарихты "бұрмалаушы", марксизм-ленинизмнің ғылыми позициясынан ауытқушы, тарихи оқиғаларда буржуазияшыл-ұлтшылдық тұрғыдан бағалаушы Бекмаханов деп қорытындылаған". Комиссияның қорытындысы (жалғасы): "Қазақ ССР Ғылым Академиясы 1950 жылы Ақышеваның "Қазақстандағы ірі байлардың мал мен мүлкін тәркілеу" атты монографиясын шығарды. Кітапта байлардың өшпенділікке толы, кеңеске қарсы пікірлері топтастырылып берілген, байлардың бандиттік көтерілісіне қатысқан кедейлердің көптеген жағымсыз пікірлері мен мысалдары келтірілген. Оның саяси зиянды екеніне байланысты Қазақстан К(б)П Орталық комитеті оны таралымнан алып тастады. Сол сияқты 1950 жылы жарық көрген Погорельскийдің "Көшпелілердің отырықшылануы және Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы" атты таралымнан алынып тасталған кітабында автор: "көшпелілердің рулық құрылымы біз білетін Маркс-Энгельс айтқандай емес, керісінше, Радловтың жазғанындай",— деп дәлелдеген. Қазақтардың көшпелі емір салтынан отырықшылыққа көшу мәселесіне байланысты партия мен кеңес өкіметінің орынын жоққа шығарған, керісінше, халық жауы Байтұрсыновтың пікірінен (ашаршылық туралы — Т.Ж.) сілтеме келтірген. Орталық өлкетану мұражайындағы көрмелер орысқа қарсы рухта тәрбие беретін, феодалдық-рулық құрылымды дәріптейтіндей етіп қойылған. Патшалық өкімет емес, керісінше, орыс халқы қазақ халқының қанаушысы етіп көрсетілген... ... Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі Жұбановтың идеялық жағынан зиянды кітабында ұлтшылдықтың бағыты ашықтан-ашық баяндалған. Ол кітапта ("Замана бұлбұлдары" — Т.Ж.) фольклорлық мұра дегенді бүркеншік етіп, революцияға дейінгі "әншіл", "күйшіл" қазақ тарихын орыстарға қарсы ұстанымдағы "әнмен" баяндайды... Сол кітабі үшін Жұбановқа диссертация қорғамастан өнертану ғылымының докторы атағы берілді. ... Республика театрларының сахналарындағы көптеген пьесаларда, операларда, балеттерде де зиянды идеялар мен образдар орын алған. Көптеген драматургиялық шығармалардың авторларына партиядан шығарылған ұлтшыл Мүсірепов ие болған. Оның және басқалардың пьесаларында ("К^із Жібек", "Ер Тарғын", "Қамбар мен Назым") Қазақстан К(б)П Орталық комитеті 1950 жылы айыптаған феодалдық-патриархалдық сарындағы, аңыздағыдай жомарт хандар мен байлардың тұрмысы дәріптелген поэзиялық шығармалар пайдаланылған... Мысалы, "Алашорда" партиясының белгілі көсемі Халел Ғаббасовтың туған інісі А.М.Ғаббасовты - Сөтбаев Шәлейттану институтының директоры етіп тағайындаған... Тарих саласында ұлтшыл, Сәтбаевтің күйеу баласы Әлкей Марғұлан тасаланып жүр. Филология ғылымдарының докторы бола тұрып ешқандай пайдалы ғылыми енім берген емес. Оның 1939- 1940 жылдардың арасындағы жалғыз еңбегі Едіге туралы мақала. Марғұлан бұл мақаласында орыс және қазақ халқының дұшпанын мадақтап, Едігені қазақ халқының ең озық өкілдерінің бірі, оның қорғаушысы етіп көрсетеді. Марғұлан езінің бұл мақаласын БК(б)П Орталық комитетінің қаулысында Едігенің реакциялық сипаты әшкереленген соң жариялап отырғанын айта кету керек". Иә, саяси қуғыннан әбден зықысы шығып, отыз жеті-отыз сегізінші жылдары "жындыханада", "өлген" деген қауесеттің нәтижесінде тірі қалған Ә.Марғұлан бұл жолы да ғылыми экспедицияға шығып, қалаға жоламай қойды. Ол Арқа, Балқаш, Іле бойында зерттеу жүргізіп, "Саят құстары" атты еңбегін жазды. Комиссияның қорытындысы (жалғасы): "...Ұзақ уақыт бойы Сәтбаев төрт отбасынан тұратын байдың тұқымдары, ағасы көрнекті контрреволюционер, алашордашы болған Ермековтерді қолтығының астына алып келді... Академияның президенті Сәтбаев басқаратын Геология институты саяси тұрғыдан барынша күдікті адамдармен нығыздала толтырылған. Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің Академияның жұмысы туралы қаулысынан кейін 1950 жылы осы институттан бұрынғы троцкийшіл, кеңес әскерінің қашқындары, шет ел барлауының агенттерінің, бұрынғы "Алашорда" буржуазияшыл-ұлттық партиясының белсенді мүшелерінің балалары, жиыны 10 адам жұмыстан шығарылды... Академияның Президенті К.И.Сәтбаев аса ірі байдың отбасынан шыққан. Оның екі ағасы кеңес өкіметі мекемесі тарапынан репрессияға ұшыраған. Сәтбаев өзінің 1917-1919 жылдары "Алашорда" контрреволюциялық партиясына белсенді қызмет еткенін партиядан жасырып келген... ... Тексерудің материалдары таяу арада Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің бюросында талқыланатын болғандықтан да Қазақ ССР Ғылым Академиясының басшылығын ауыстыру туралы ұсыныс қойылғаны жөн болар еді - деп есептейміз". Міне, Орталық комитеттің нұсқаушыларының саяси өресі қандай дәрежеде болған және қандай "ірі ғылыми мәселелермен" айналысын, анықтаған. Анығы, бұл "Қорытындыны" жазуға Черниченко, Шойынбаев тікелей атсалысқан және Б.Н.Митрейкин де тікелей мүдделі болған. Өйткені, ол СССР Ғылым Академиясының филиалдары мен базаларының ғалым хатшысы болып жүрген кезінде Қ.Сәтбаевпен қас-қабағы жараспапты. Қ.Сәтбаевтің осы "Қорытындыға" берген 25- тамыздағы Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов пен БК(б)П Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары В.С.Кружковқа берген түсіндірмесінде: "Ол (Митрейкин — Т.Ж.) 1941-1945 жылдары Қазақ филиалына немкетті қарады, тіпті өзінің саруайымшыл күңкілімен оның өсуі мен дамуына кедергі жасады. Сол жылдары Қазақ филиалыңда құрылған кез-келген жаңа ғылыми институт Митрейкин жолдастың тарапынан үнемі "штыкпен" қарсы алынды, "қалай болып қалар екен" деген жалтақтыққа жол берді",— деп жазуы Митрейкин мен Сәтбаевтің екі арасы "ежелгі жау дос болмас" деген жағдайда екенін байқатады. Өз кезегінде В.С.Кружков мәселені БК(б)П Орталық комитетінде тезірек талқылауды жүзеге асыру үшін "Правда" газетіне тапсырма беріп, Қазақ ССР Ғылым Академиясы жөнінде сын материал жариялауды тапсырды. Ал олар "дайын тұрған" Кенесары Қасымовтың қозғалысы туралы жазылған Е.Бекмахановтың кітабін оққа байлады. "Қазақстан тарихы туралы кітаптағы бұрмалаушылықтарға қарсы" деген сыни мақала ұйымдастырып, "Правда" газетінің сын және библиография бөлімі редакторының орынбасары В.Өзеровті Ж.Шаяхметовке жолығып, оның пікірін біпіп келуге жіберді. Бүкіл қазақ елін "жау шапты" деп атойлатуға мүмкіндік берген екеуара әңгіменің жазбасы мынадай: "1950, қазан. Сұрақ (мақала мен өзге де құжаттарды екі рет оқып шыққаннан кейін): — Біздің әңгімемізді қалай түсіндіруге болады және Сіздің пікіріңізді қалай жеткізу керек? Жауап: — Ең басты мәселені бөліп алып жауап беру: Кенесарының қозғалысы реакциялық қозғалыс болды ма, әлде прогрессивтік қозғалыс болды ма? Біз оны осы уақытқа дейін прогрессивті деп есептеп келдік. Шәріповтің мақаласы Орталық комитеттің пікірін білдіреді. Егер "Правда" қалай да бұл мәселе жөнінде пікір білдіруді қажет деп шешсе, егерде бұл мәселе пісіп-жетілді деп есептейтін болса, онда бұл мәселені одан әрі талқылау барысында тұғыр етіп алу үшін мақаланың өктем мәнерін (об изменении тона) өзгертуді ойластырған жөн шығар. Біздің да атқарған жұмыстарымызды атап өту керек, Шәріповтің мақаласын, сонымен қатар өзге де құжаттарды жариялату арқылы Орталық комитет дұрыс бағытта жұмыс істеді ғой. Сіздің мақаланың авторлары жөніндегі сұрағыңызға жауап ретінде айтарым мынау: бұл мәселені көтерудегі өздерінің орынын дұрыс түсінбей, Орталық комитеттің басына шығып, масайрап кетпес үшін мақаланы мұнда қолы қойылған адамдардың атынан бермегендеріңіз дұрыс. Бүркеншік атпен, ең дұрысы орыс фамилиясына ұқсас келетін атпен бергендеріңіз жөн. Әйтпесе, қазақтың астарлы фамилиясының артында кімнің жасырынып тұрғанын іздеп бүкіл Қазақстан шабылын жүрмесін. Мақаланы маған көрсетіп, сенім білдіргендеріңізге өте ризамын",— деп екіұштылау жауап беріпті Ж.Шаяхметов жолдас. Ж.Шаяхметовтің бұдан басқа мазмұнда жауап беруі мүкін бе еді? Әй, қайдам. "Мақаланы екі рет оқыған соң", "Қалай да бұл мәселе жөнінде пікір білдіруді қажет деп шешсе", "мәселені көтерудегі өздерінің орынын дұрыс түсінбей, масайрап кетпес үшін" деген сөздер Кенесары Қасымов қозғалысы мен Е.Бекмахановтың соңына түскендердің де табанды күресін, талыс сүйенішін танытады. Осы уақытқа дейін оларға Ж.Шаяхметов тосқауыл қойып келсе, енді оған "ризашылығын білдіру" ғана қалған еді. Бұл мәселенің "беті кері қайтпайтындай теріс бағып кеткенін" 1950 жылғы 12-желтоқсан күнгі "Правданың" бас редакторы Л.Ф.Ильичевтің БК(б)П Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, әлемге "коммунистік идеологияның сұр кардиналы" деген аты шыққан М.А.Сусловқа тақырыбы "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деп қайтадан өзгертілген қызмет бабындағы мәліметтік жазбасы анық дәлелдейді: Мұнда сол кездегі Қазақстандағы саяси көзқарас ахуалынан және ұлттың адал азаматтарының ұстанған пікірінен толық мағлұмат берілетін болғандықтан да, тұтас келтіреміз: "Кенесары Қасымовтың қозғалысына дұрыс баға бермеген Е.Бекмахановтың мәселесі туралы әр кезде бірнеше адам: мәскеулік тарихшы Якунин мен X.F.Айдарова, қазақ тарихшысы Шойынбаев, "Правданың" меншікті тілшісі Черниченко редакцияның алдына арнайы мәселе ретінде қойып келді. Якунин мен Х.Ғ.Айдарованың, Шойынбаевтің бірігіп жазған мақаласы редакцияның алқа кеңесінде үш рет талқыланды. Кенесарының қозғалысы туралы мәселені П.Кузнецов ("Правда"), Морозов пен Лихолат ( БК(б)П ОК үгіт-насихат бөлімі) жолдастар арнайы қарастырып шықты. Олардың барлығы да Е.Бекмахановты айыптаған бұл мақаланы жариялау жөнінде ұсыныс білдірді. Мақала жариялауға қабылданды. Е.Бекмахановтан жедел хат алған соң және сіздің нұсқауыңызбен қосымша тексеру жұмыстары жүргізілді. Правда" газетінің сын және библиография бөлімі редакторының орынбасары В.Өзеров арнайы Алматыға барып қайтты. Қазақ тарихшыларының көпшілігі Е.Бекмахановтың ұстанымына қарсы екені, оны буржуазиялық-ұлтшылдық деп бағалайтыны анықталды. Қазақ ССР Ғылым Академиясының басшылығы (Сәтбаев жолдас) және Орталық комитеттің қызметкері (Омаров), (иә, олар үшін Орталық комитеттің хатшысы жай қызметкер - Т.Ж.) Кенесары Қасымовтың қозғалысына реакциялық қозғалыс ретінде баға берілген жарияланымға үзілді-кесілді қарсы екендіктерін мәлімдеді. Мақаламен Шаяхметов жолдас та танысып шығып: оның өзі қозғалысты реакцияшыл деп есептемейтінін, егерде мәселе пісіп-жетілді деп есептеп, "Правда" мақаланы жариялауға бекінсе, онда оған кейбір өзгерістер енгізу керектігін білдірді. Өзгерістер енгізілді. Бұдан басқа, "Правда" редакциясының сын және библиография бөлімі арнайы кеңес шақырды. Онда мақала әр түрлі көзқарас иелерінің талқылауына ұсынылды. Мақалаға қарсы Бекмаханов пен Вяткин жолдастар (кітаптің редакторы) қарсы сөйледі, олар Бекмахановтың соңғы хатының рухында, бірақ бұрынғыдай өктем емес, пікір білдірді. Якунин, Х.Ғ.Айдарова және Қазақстаннан арнайы келген Б.Сүлейменов — Е.Бекмаханов кеңестің назарына ұсынған құжаттарды жоққа шығарды. Содан кейін мақала редакция алқасында төртінші рет талқылауға қойылды, тағы да Морозов пен Лихолат жолдастардың қарауына жіберілді. Олар: басылсын - деген ортақ пікір білдірді. Е.Бекмахановтың соңғы хаты, оның бұрынғы ұстанымын ақтауға тырысуымен ғана емес, сонымен қатар күш көрсете баяндаған өктем мәнерімен (угрожающим тоном), сондай-ақ бірқатар жалған айыптауларымен және қарама-қайшылықтарымен назар аударады. Е.Бекмаханов мақала авторларын (олардың аттары оған белгісіз болатын) дұшпанның қолшоқпары деп атады. Оның ойынша, мақала: "қазақ халқының жаулары -буржуазияшыл-ұлтшылдар мен космополиттер қасақана қуана қолдап отырған жалған пікір" екен. Сөйтіп ол мақалада айтылмаған тұжырымдарды дәлелдеуге тырысты. Мысалы, Е.Бекмаханов: авторлар Кенесары мен Шәмілдің арасын салыстырады,- деп көрсетеді, ал мақалада Шәмілдің аты да аталмайды. Бекмаханов мақала авторларына: "...(XІX ғасырдың) 30-40 жылдары қазақ еңбекшілері отаршылдық езгіні басынан кешірген жоқ - деген пікір айтады. Мұндай тұжырымдар патшалық реакциялық-отарлаушылық саясатын тікелей қорғау болып табылады",- деп кінә тақты. Ал мақалада: "Қазақстанның Россияға қосылуы "прогрессивтік сыпат алды" -деп көрсетіле отырып, бұдан әрі "сонымен қатар, патшалық өкімет, XІX ғасырдың 30-жылдарында қазақ даласы мен Орта Азияға басып кіруі арқылы еңбекші бұқараға ауыр езгі жүргізді. Орыс патшалығының отарлау саясаты, зорлық пен тонаушылық қазақтардың заңды қарсылығын тудырды",- деп көрсетілген болатын. Е.Бекмахановтың хатының өзінде тікелей қайшылықтар бар. Мысалы, XІX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Орта Азиядағы ағылшын-орыс қатынастарының шиеленісуін жоққа шығарады (16- 18 беттер). Ал Бекмаханов сол кітабінің ішінде орыс әкімшілігі жүйесінің Қазақстанға енгізілуі үрдісі жөнінде: "... бұл үрдіс 30- жылдары ағылшын-орыс қатынастарының бәсекесіне байланысты бұрынғыдан да кең түрде шиеленісе бастады... Орта Азия бірте-бірте орыс-ағылшын бәсекесінің негізгі күрес майданына айналды",- деп жазды (114-бет). Е.Бекмахановтың хаты - тек қана өзінің теориялық ұстанымын табанды түрде қорғау ғана емес, сонымен қатар мақаланың жариялануы мәселесін шешуге көрсетілген қысым болып табылады. Сондықтан да мақаланы жариялаған жөн болар еді деп есептейміз.

Л.Ильичев".

ІІ ТАРАУ: ЖАНАЙШАПТАР МЕН ЖАНДАЙШАПТАР

Бұл жолы да "әйгілі жүйрік", Қазақстан қоғамдық ғылымдарының бас идеологі Сақтаған Бәйішев "жау шаптылап" шықты. Орталық комитеттің алдағы күндердегі найзағайлы дүлейінің (смерчь) жойқын екпіні мен шабуылдар майданының ауқымын белгілеп, "барлай отырын атой салған" бұл мақалаға сол кездегі "Социалистік Қазақстан" гезетінің бас редакторы Қасым Шәріпов пен Орталық комитеттің сол кездегі нұсқаушысы, тарихшы, кейіндері осы жолдардың авторына КПСС тарихынан дәріс. оқыған А.Қайыргелдин қол қойды. 1951 жылы 21-ақпанда "Социалистік Қазақстан" газетінде жарияланған бұл мақала "Ғылымдағы идеясыздық пен бисаясаттыққа жол берілмесін" деп аталды. Онда Тіл және әдебиет институты өзіне бөлінген қаржының барлығын ел арасына арнаулы экспедицияларын шығарып, күмәнді қолжазбалар мен жырларды жинауға Бекмаханов жұмсағандығын алға тарта келіп: "... Алайда Тіл және әдебиет институты өткен дәуірдің мұрасын жөндеп игере алмады. Бұл әдеби материалдардың көпшілігі өлі зерттелмеген, олардың қаншалықты бағалы екендігі белгіленбеген. Ал кейбір шығармалардың ("Есім хан", "Телағыс", "Жәнібек", "Ақалық" жөне басқалары) өткен дәуірдің ақындарының ауыздарынан шыққандығы күмәнді. Өйткені бұл шығармаларды қазіргі замандағы ақындар жинаған және бұл шығармалардың қайдан шыққандығы документ бойынша көрсетілмеген. Қазіргі замандағы ақындар жазған осы қиссалардың кейбіреуі еткен дәуірдің жырларына жатқызылған, ал, екінші жағынан, қазіргі замандағы жинаушы ақындардың ез шығармалары деп есептелген. Әрине, өткен дәуірдің, әдеби мұраларын жинап, жариялау ісіндегі мұндай теріс әдістің түбінде қазақ әдебиетінің тарихын фальцификациялауға апарын соқтыратыны даусыз",— деп шырға тастады. Сонда, іргесі жаңадан құрылған Тіл және әдебиет институтының қолжазба қоры болмаса, фольклор мен ауыз әдебиетінің үлгілері, эпостық мұралар мен қиссалар, айтыстар мен халық ақындарының жырлары, тарихи оқиғалар мен шежірелер жиналмаса, онда қандай ғылыми тақырыппен айналысуы мүмкін? Араға жарты ғасыр өткеннен кейін бұл мұраны 100 томдығының шығуына негіз қалаған да сол тұстағы ғылыми экспедициялар жинақтаған халықтық шығармалар екенін ескерсек, жоғарыдағы үш ғалымның, соның ішінде мақаладағы материалдарды жинақтап берген С.Бәйішевтің бұл ми ірі пікір емес, арандатуға құрылған жалған жала екенін аңғару қиын емес. Бірақ та С.Бәйішевтің бұл пікірсымағы дұрыс емес деп өзгені былай қойғанда М.Әуезовтің өзі де қарсы шыға алмайтын. Ал ол мұралар жинақталмаса қалай ғылыми тұрғыдан "қаншалықты бағалы екендігі қалай белгіленбек"? Ал "фальцификациялауға апарын соқтырғандар" туралы: С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): "Тіл және әдебиет институты және оның ғылыми қызметкерлері өткен дәуірдің материалдарына, әсіресе, бұл материалдарды жинаушыларға сын көзімен қарау дегенді мүлде қойған. Ескі мұраларға осындай бипартиялық көзбен қарау салдарынан, жиналған материалдардың бәрі халық шығармасы деп танылған, ал материал жинаушылардың бәрі халық ақыны деп есептелген. Институттың халық ақыны деп жүрген адамдарының бірі Шекір Әбенов XІX ғасырдың ақыны Дулаттың барлық өлендерін жазып берген; сез ырғағының бәрі қазіргі заманға сәйкес келетіндігіне қарағанда, бұл өлеңдердің Дулаттікі екендігі өте күмәнді. Немесе, XX ғасырдың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туысы Шаймерден Торайғыров Сұлтанмахмұттың өлендерін өз қолымен қайта өңдеп, буржуазиялық-ұлтшылдық сарындағы шығармаларын қазіргі заманға сәйкестірген; осының нәтижесінде Сұлтанмахмұт Торайғыров ешбір қайшылығы жоқ, социалистік реализм бағытындағы таза совет ақыны болып шыға келген,— деген жорамал жасайды. Шындығында, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың екі томдық шығармаларының қолжазбасын Машһүр Жүсіппен ақылдаса жинақтаған, баспаға дайындаған Жүсіпбек Аймауытов болатын. Ол қолжазбаны Ілияс Жансүгіровтің жары Фатима Ғабитова сақтап қалған мұрағаттардың ішінен алып, ғылыми айналымға түсірген Бейсенбай Кенжебаев еді. Ол кезде Ілиястың атын атауға тиым салынғандықтан да Шаймерден Торайғыровтың нұсқасының арасына кіріктіріп пайдалануға мәжбүр болды. Ал күні бүгінге дейін анда-санда басы қылтиып қалатын Дулат мұрасын толықтай жинақтап өткізуші, тура осы жылы бесінше рет түрмеге қамалған Шәкір Әбеновпен арадағы бауырлық базынамызды пайдаланып, шындығын айтуын сұрағанымызда, Дулаттың өлеңдері мен дастандарына еш қиянат жасамағанын, оны осы көркемдік кестесі мен тілдік тазалығы үшін Абайдың ұстаз тұтқандығын, тек өзі жазған жалғыз өлеңді тұтқындалар алдында ішіне тығып кеткенін уәде бере айтып еді. Ш.Әбенов: "— Е, бұлт адамның басына бір үйірілсе қашып құтылмайды екенсің. 1948 жылы тағы (бесінші рет!) ұсталдым. Сақтаған Бәйішевтің соның алдында Мұхтарды, Есмағамбетті сынаған мақаласы газетке басылған. Соның ішінде "буржуазияшыл — ұлтшыл, байшыл ақын Дулаттың өлендерін "Еспенбет" дастанын Есмағамбет Шәкірге әдейі тапсырма беріп жаздырды", — деп сынады. Сол маған айыптау материалы болды. Шуға қарай бой тасалап ем, бәрібір, құтылмадым. Тергеуші: "Сен осыларды өзім ойдан шығардым. Ондай ақын жоқ деп бас тарт",— дейді. Бар нәрсені қалай жоқ дейсің. Академияның қолжазба қорына Дулат жыраудың 6 ООО жол өлеңін тапсырғаным рас. "Сен қазақтың мұңын Дулат боп жоқтап отырсың. Айт шыныңды",- деп ақырады. Рас, қолжазбаның ішінде "Бәйбіше туралы", "Тырнақтай кір қонған соң" деген өз өлеңім қоса тапсырылып кетіпті. Дулатты қалай жоққа шығарамын. Ал "Сабырбай мен Байбаланың" айтысын өңдеп жазғаным рас. Қойшы, содан 1948 жылы Кемерово облысындағы Марийнскі қаласындағы "Севлагқа" айдалдым. Содан 1955 жылы босадым". Бұл пікір оның көзі тірісінде баспасөзде жарияланған болатын. Кейінгі толқынның қаперінде жүрсін деген ниетпен түсінік арасына кіргізіп отырмыз. Өйткені, бұл бопсаларға сенгенсіп, пікір қозғағансығандарың қазір де қылт ете қалып жүргені алаңдатады. С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): "Тіл және әдебиет институтының ескі мұраларға арналған материалдарының бәрінде де қазақ халқының өткендегі тұрмысы дәріптеледі, қанаушы таптардың өкілдері, хандар, билер мақталады; қазақ халқының бүкіл тарихы сыңаржақ көрсетіледі, қазақ ауылдарындағы тап күресі бүркеліп қалады. Институттың ғылыми қызметкерлері қазақтың феодалдық-рулық құрлысының тарихымен әуестеніп, соның сарынына түсіп кеткен. Институттың ғылыми қызметкерлерінің жеке еңбектерінде, сонымен қатар баспаға дайындалған "Қазақ әдебиеті тарихының" І томында қазақтың түрлі хандарының - Абылай, Кенесарының басқаларының заты асыл, данышпан адамдар еді деп дәріптейтін ертегілер, өтірік-аян сөздер бар. Соқыр сенімдегі надан адамдардың бір кезде ойдан шығарған осындай жалған ертегілерін институттың ғылыми қызметкерлері халық шығармасының үлгісі деп таныған". Бақастықпен сөз жарыстырғанымыз емес, бірақта, ойдың орамына, қаламның ұшына оралып тұрып алған мына сұрақ емеуірін үшін болса да өз-өзінен сұранып тұр. Ең қауіпті надан — білімді надан. Ал "соқыр сенім" сол білімді наданның көзқарасының ашытқысы. Адамдық, тектік, ұлттық, халықтық қасиеттерді мәнсұқ етіп, тарихқа топырақ шашып, адамдардың тағдырын жалаң да жалған идея үшін талқан етудің өзі "соқыр сенімдегі надандық" емес пе? С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): "ҚК(б)П Орталық комитеті өзінің қаулысында былай деп жазды: Тіл және әдебиет институтының еңбектерінде, бірсыпыра ғылыми қызметкерлердің диссертацияларында "әдебиетті қоғамның материялық тұрмыс жағдайларынан ажыратушылық бар, қазақ ауылдарындағы тап күресін бекерге шығару немесе бүркемелеу бар, бұрынғы феодалдық-рулық құрылысты дәріптеушілік бар. Революциядан бұрынғы ақындардың ауызша шығармаларын, билердің шешендік сөздерін талдағанда олардың шығармаларының әлеуметтік мәні мүлде ашық көрсетілмеген. Тарихта белгілі феодалдар - Кеңгірбай, Қараменде, Шорман мен басқалар сияқты бұқара халықтың жаулары — халықтан шыққан данышпандар, халықтың қорғаушылары еді деп мақталады". Бұл — кеңес өкіметінің идеологиясына жабысқан көкбауыр пікір. Сондықтан да оның айтылуы табиғи және әдеттегі тілге тиек ретінде алынатын басыртқы. Негізгі ойлары келесі сөйлемдерде ашынады. С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): "Қазақстандағы көрнекті тіл мамандарының бірі Кеңесбаев жолдас Қазақ ССР Ғылым Академиясының бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде былай дейді: "Қазақстанның тіл мамандарының алдында тұрған кезекті міндет — ертедегі тіл мамандарының — түркологтардың зерттеулерін қорыту, түріктердің (қазіргі қолданылып жүрген "түркі" ұғымы мағынасында — Т.Ж.) жазба мұраларын зерттеу жөніндегі түркологтардың бағалы еңбектері қазақ тілінің тарихын жасаудың негізі болуға тиіс" (астын сызған біз). Қазақстанның әдебиетшісі Әуезов жолдас та өзінің "Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері" туралы баяндамасында тегінде осыны айтты. Әрине, әдебиет пен тіл тарихын зерттеуге, арғы замандағы түрік тұқымдарының әдебиет тарихы мен тіл тарихын зерттеулеріне ешкім де қарсы емес, бірақ біз Кеңесбаев жолдас пен Әуезов жолдасқа мынадай сұрақ қояр едік: қазіргі заманғы Қазақ, әдебиеті мен қазақ тілінің негізгі мәселелері осы ма, қазіргі тұрмысымыздың өте қажетті, кезекті міндеті осы ма? Бұл жолдастар мынадай даусыз фактыны елемей отыр: қазақтың жазба әдебиеті, қазақтың мемлекеттік әдеби тілі шынында Ұлы Октябрь Социалистік революциясынан кейін туып, өркендеді". Бұл пікірлер алдағы уақытта әшкереленетін панисламизм, пантүркизм, әдебиеттің тапсыздығы, фольклор мен эпос туралы "ұйымдастырылатын тақырыптарға" көрсетілген нұсқау болатын. Бір таңданарлығы, осы "панисламизм мен пантүркизмнің" идеологтарының қатарына І.Кеңесбаевтің пікір иесі ретінде қосылып кетуінде. Әдетте, ол кісінің ашық және құпия майдандағы "қаракеттері" қарсы жақтан табылатын. С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): "Өте сауатсыз жазылған диссертациялық еңбектің бірі - Ә.Қоңыратбаевтің "Лироэпос" ("Ғашықтық жыры") деген еңбегі. Диссертант езінің еңбегінде қорытылмаған шикі материалдарды жинай берген, осы мағынада бұл еңбекті ғылыми еңбек деп атауға болмайды. Қоңыратбаевтың диссертациясы идеясыздықтың, бисаясаттықтың, бипартиялықтың үлгісі болып табылады. Қоңыратбаев жолдас өзінін; еңбегінде көрінеу саяси қателер жіберген. Ол маркстік методологияны қолданудың орнына, бір кездерде буржуазияшыл ұлтшылдардың қатарында болып, солардың идеологиясын насихаттаған кейбір совет әдебиетшілерінің теріс, қате, зиянды пікірлерін қолдаған, саяси сезім дегеннен айырылғандықтан, автор буржуазиялық-ұлтшылдық былықтарды тарихқа енгізуге тырысқан. Сонсын, өзінің еңбегінде автор адамзат тарихының қоғамында болған өндірістік қатынастардың негізгі түрлерін шатастырып, қазақ өмірінде "бақташылар қоғамы", "көшпелі қоғам", "бектік қоғам" және осы сияқты ерекше қоғамдар болған деп былжырайды". Алдындағы ағаларының барлығы халық жауы атанған Әуелбек Қоңыратбаевты басына сөйлеуі оңтайлы тәсіл. Бірақ "кімнің былжырағанын" тарих өзгеше көрсетіп берді. С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): "Б.Кенжебаев жолдастың "Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ақындығы" деген еңбегі де қатеден сау емес. Кенжебаев жолдастың диссертациясында революциядан бұрынғы қазақ ауылындағы таптық жіктелу жоққа шығарылған, осының салдарынан ол XX ғасырдың басындағы бірсыпыра әдебиет өкілдерін жалпы ұлттық, жалпы халықтық қайраткерлер есебінде сипаттайды. Шығармасында талай қайшылықтар кездесетін демократ ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровты автор диалектикалық материализм позициясындағы, ғылыми коммунизмді таныған философ деп есептейді. Бұл, әрине, Торайғыровтың шығармаларын тым асыра бағалау болып табылады. Осындай бірсыпыра қателері бар диссертациялық еңбектердің жақсы бағалануы ғылыми қызметкерлер арасында принциптік сынның жоқтығын, қайта шірік либерализмнің бар екенін көрсетеді". Иә, "шірік либерализм" мен "вульгарлық социализмнің" бірін-бірі жақтыра қоюы мүмкін емес. Ал өз дегенінен қайтпайтын Б.Кенжебаев араға бес жыл өткен соң Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық мұраларын әдебиет тарихына қайта енгізді. С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): "Тіл және әдебиет институтында ғылыми кадрлардың мамандығын арттыру ісі жолға қойылмаған. Институттың қызметкерлігіне немесе аспиранттығына кездейсоқ адамдар алынған. Институттағы ғылыми қызметкерлер мен аспиранттардың жалпы білім дәрежесі төмен, олардың бірде-бірі большевизм теориясы мен тарихын шындап үйреніп жүрген жоқ. Бекбергенов, Тәжібаев, Тұрысбекова, Нұрмағамбетова және басқалар сияқты көп аспиранттар марксизм-ленинизм негіздері мен ағымдағы саясаты жөнінен әліп-би мәселелерді де айыра алмайды... Филология ғылымдарының кандидаттары Шалабаев, Қоңыратбаев, Нұртазин сияқты институттың бірсыпыра басты қызметкерлері Сталин жолдастың шығармаларының бір томымен де таныс емес. Олар Маркстің: "Ғылымда даңғыл жол жоқ, кім де кім жалықпастан ғылымның тасты соқпақтарына түсіп тырмысса, тек сондай адам ғана ғылымның сәулелі шыңына жете алады",— деген данышпандық нұсқауын ұмытқан. Олардың мұны ұмытқан себебі - институтта бипартиялық, идеясыздық күшті болған, бірінің қатесін бірі көрсетпей, кемшілікті жасыра түсу жұмыстың стиліне айналып, кейбіреулердің еңбексіз ғалымдыққа жетуіне жол ашылған". Тағы да бақастық үшін емес, енді сөз жарыстыру үшін бір сауал қоюға тура келіп түр. Мұндағы сыпыра сиырып, бисаясаткерлерді әшкерелеуді - партиялық тапсырма мен коммунистік қырағылыққа жатқызуға болады. Дегенмен де,осы үш автордың ішінде Т.Нұртазинмен білім жарыстыратындай оқымыстының жоғы анық. Сонда, "еңбексіз ғалымдыққа жеткен кейбіреулердің" жетесіне жетесі жетпеген С.Бәйішев қандай еңбегімен академиктікке қол жеткізді? Осындай "тісі қайралған" еңбектерімен бе, әлде саяси экономика саласындағы қисындырылған қисынсыз теориялық насихаттары ма? Егерде қағида ретінде зорлап жүзеге асырылған сол қисындар орынды болса, онда кеңес идеологиясы мен экономикасы неге тоқырауға ұшырады? "Еңбексіз ғалымдар" өздерінің "саяси ғылымын" дәлелдеу мақсатында кәдімгі әдеп сақтаудың өзін "ар санаған". Оған қазақ әйелдерінің арасындағы алғашқы сыни көркем ойдың иесі атанған, өзі де сөзі алаш идеясының аруына лайық, ер-азаматтың намысын алып берген қызды дүниеге келтіргені үшін де ел қамын ойлаған азаматтың" кұрметтеуі тиіс кейуанаға қатысты мына пікір дәлел. С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): "Осындай ғалымдардың бірі Ә. Маметова өзінің "Қазақтың шешен билерінің сөздері" деген диссертациялық еңбегінде халық мұңын қорғаған бір бидің сөзі еді деп мынаны айтады: "Ауыл құты — бәйбіше, ру құты — ақсақал, аймақ құғы — би, ұлт құты - хан". Институттың басшылары мен оппоненттер Маметова жолдастың еңбегін мақтағанда, осы былығын көре тұрып мақтады ма екен! Өзінің тарихи дамуында талай заманды артта қалдырып, Советтік Отанымыздың саясында өсіп өркендеген қазақ халқына керегі - бұрышының әдет-ғұрпы мен салт-санасы емес, бүгінгі күннің тіршілік мұқтажы екендігі Тіл және әдебиет институтындағы жолдастарға түсінікті емес пе екен!" Қазақ ұлтының рухани мұраларының ғылыми тұрғыдан байыпты зерттелуінің қажеттілігі Тіл және әдебиет институтының ғалымдарына түсінікті болатын. Түсініксіздігі, Кеңес Одағының Батыры атанған Мәншүк Мәметова сияқты: "Советтік Отанның саясында өсіп өркендеген, бұрынғының әдет-ғұрпы мен салт-санасын емес, қазақ халқына керекті бүгінгі күннің тіршілік мұқтажын",— арудың анасын идеологиялық арандатуы. Әкесінің "халық жауы" емес, "халықтың досы" екенін дәлелдеу үшін майданға аттанған намысты қызды тәрбиелеген, жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің тарихы туралы Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ы.Мұстамбаев, Қ.Кемеңгеров, М.Әуезов, С.Мұқановпен пікір салыстырған Әмина Мәметкелінінің сол дұрыс ниетін: "Мұның бәрін білімнің аздығынан, тәжірибесіздіктен кеткен кездейсоқ қате деуге бола ма?".

Болады екен. Өйткені: "Бұл — қате тана емес, бұл - теріс бағыт. Мұның негізі — қазақтың бұрынғы феодалдық құрылысын дәріптеу, өткен дәуірдің түрлі өкілдерін мақтап, кейбір реакцияшыл элементтерді ақтап алу, қазақ ауылында тап күресі болғанын жоққа шығару" екен, міне, сондықтан да ғылым, әдебиет және көркем өнер қайраткерлері жайында жасаған баяндамасында ҚК(б)П Орталық комитетінің секретары Шаяхметов жолдас: "Тіл және әдебиет институтының кейбір қызметкерлері, тілесе де, тілемесе де, әлдеқашан қиратылып, ұмытылған жергілікті ұлтшылдыққа өздерінің қателері арқылы есік ашты",— деп өте дұрыс айтты. Қазіргі заманның тақырыбынан қашқақтау, әдебиет пен тіл мәселелерін Большевиктік партияның саясатынан — советтік құрылыстың тіршілік негізі болып табылған саясаттан бөлек алын қарау, шынында да, буржуазияшыл-ұлтшылдық идеологияны жандандыруға, идеясыздық пен бисаясаттыққа жол ашады. Өйткені ұлы Ленин айтқандай, бипартиялық дегеніміз - буржуазиялық идея, ал партиялық дегеніміз — социалистік идея. Сондықтан да Қазақстан коммунистер (Большевиктер) партиясының Орталық комитеті тылым мен әдебиеттегі бисаясаттық фактілерін елеусіз қалдыра алмады, халықтың рухани тілектерін орындауда өздерінің борыштары мен міндеттерін ұмытқан адамдарға қарсы күресін бәсеңдете алмады. ҚК(б)П Орталық комитеті "Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы" қаулысында БК(б)П Орталық Комитетінің идеология мәселелері жөніндегі нұсқауларына толық сүйене отырып, әдебиетшілер мен тіл мамандарының таяудағы міндеттерін көрсетіп берді. Біздің әдебиетшілеріміз бен тілшілеріміз партияның нұсқауларын толық қолданып, идеологиялық жұмыстағы саяси қателер мен бұрмалаушылықтарды тереңнен ұға білулері керек, ол қателердің зардабын жоя білулері керек, сөйтіп, ғылым мен әдебиетте идеясыздық пен бисаясаттыққа жол бермеулері керек. Ғылым мен әдебиетте партиялық күшейсін! Партиямыз бен халқымыздың қазіргі талабы осы. Бұл талап коммунистік қоғам орнату жолындағы күрестің алдыңғы қатарындағы идеология майданының барлық қайраткерлерінің жұмысына негіз болуға тиісті",— болды. Мұндағы айтылған әр "нұсқау" алдағы үш жыл бойы тікелей саяси нақуандық қызметке айналып, әр сөз, әр орам, әр адам жеке-жеке әшкереленіп, жеке-жеке талқыға түсті. Ал жазушылар өздеріне тиесілі қызыл сөзді барынша саяси тұрғыдан қырнап, "батылдандырып" (С.Мұқанов), неғұрлым әсерлі орамдармен түрлендіріп, "өздерінің жұмысына негіз етіп алды". Ұстазымыз А.Қайыргелдин марқұм, осы жайларды: "Біз не істемедік...",— деп қызулана сөйлеп келіп, қолын бір-ақ сермеумен сөзін аяқтайтын. Зады өзінің де осы мақалаға қол қойғаны және оның "мәдениет майданында" салған ылаңы есіне түсіп кететін болса керек. Ал Мұхтар Әуезов "өзіне не істемеген, ойына келгеннің бәрін істеген" Марксизм-ленинизм институтының директоры Сақтаған Бәйішевті: "Мен өзімнің тарапымнан, бағана бір айтып өткенімдей, С.Б.Бәйішевтің Қазақ ССР Ғылым Академиясындағы біздің академиктердің қатарынан орын алуы барынша мақсатты және қажеттілік екендігін терең құрметпен сезіне отырып, толық сеніммен оның кандидатурасын қолдаймын. Оның барлық ғылыми-зерттеулері мен қоғамдық қызметтерін қорытындылай отырып, Сақтаған Бәйішұлының жеке тұлғасының кептеген белгілері осы кандидатураға толық лайық келеді. Онда ғалымға аса қажетті ішкі адалдыққа қоса - талапшылдық, табанды қайсар адамның мінезі бар. Мұның барлығы ғылым Академиясына дәл бүгін аса қажетті, септігін тигізетін мінез. Ғылым Академиясы өзінің қатарын лайықты академикпен толықтыруы қажет. Менің ойымша, Сақтаған Бәйішұлы арқылы Ғылым Академиясы сондай кандидатпен толығатынына сенемін",— деп академиктік атаққа қуана-қуана ұсынды. Осы ретте замандастарының: "Әуезов көргісі келмесе — тауды да көрмейтін, алғағысы келсе — өзіне өмір бойы қастандық жасап келген адамды да жойдаусыз мақтай жөнелетін",— деген пікірі ойға оралады. Бұл пікірді айтуға қаңдай ішкі мүдде мәжбүрлік етті, кім білсін, бірақ ақ тілегі еді деп тағы да айта алмаймыз. Әлде әдеттегідей Орталық комитет мәжбүр еткендіктен алдағы үмітті күндердегі алар сыбағасына алаңдамас үшін осындай қадам жасады ма. Бұл, әрине, кез-келген ұлы адамның бойындағы қайшылық. Бір анығы, әйтеуір, "партиялық әділ принциптен" тумағаны шындық. Ал тура сол кезде М.Әуезов "терең құрметпен сезіне отырып, толық сеніммен" қарайтын, бойынан "ғалымға аса қажетті ішкі адалдыққа қоса — талапшылдық пен табанды қайсарлықты" көрген" С.Бәйішев өзге бір пиғылдағы идеологиялық майданның саяси комиссары ретінде "табандылық пен қайсарлық" танытып жатқан болатын. "Жазалау саясатының" екпіні мен пәрмені бәсеңсіп қалмас үшін "Правда" газеті өзінің тілшісі А.Черниченко арқылы түрлі қостау пікірлерін (отклик) ұйымдастырын, Қазақстандағы әр бір әшкерелеуді "Правданың" бас редакторы Л.Ф.Ильичевка, ал ол өз кезегінде М.А.Сусловқа жеткізіп отырды. Сөйтіп, бүкіл Қазақстанның идеологиясы тікелей Кремльдің қадағалауын көшті.

ІІІ ТАРАУ: "CҰP СҰРҚЫЛТАЙДЫҢ" СҮРГІНІ

Жаппай науқан 1951 жылдың 11-12 наурызы күндері Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих институтында басталды. Онда "Правда" газетіндегі мақала толықтай мақұлданып, Кенесары және тарихшы Е.Бекмаханов "қазақ халқының жауы" болып жарияланды. А.Черниченко оның есебін "Правданың" бас редакторына жіберді, ал ол 13-наурыз күні Ильичевтің ілеспесімен Сусловқа жеткізіліпті. Сусыманың мазмұны мынадай: "Правданың" мақаласын талқылауға арналған Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих институтының жабық партия жиналысы екі күнге созылды. Жиналысқа 30 адам қатысты. Жарыссөзде 11 коммунист сөйледі. Онда кеңейтілген қаулы қабылданды. "Правданың" мақаласы өте дұрыс деп табылды. Газеттің жарияланымы "Правданың" Қазақстан ғылымының дамуынан жасалған қамқорлық деп бағаланды. Қаулының әшкерелеуші бөлімінде: Кенесары қозғалысын феодалдық-реакциялық, монархиялық қозғалыс. Кітап авторы Бекмаханов - буржуазияшыл-ұлтшыл, троцкишіл Варшавскиймен ауыз жаласқан, екеуі бірігіп идеология майданына зиянкестік келтіріп отыр — деп бағаланды. Ал қаулының шешім қабылдайтын бөлімінде: Бекмахановтың партиялық мәселесі ол Москвадан қайтып келген соң талқылансын. Оны ғылыми дәрежесі мен атағынан айыру мәселесі көтерілсін. Қазақстан К(б)П Орталық комитетінен оның кітаптарына тиым салу өтінілсін. "Қазақ ССР тарихының" екінші басылымын жүзеге асыру мәселесі ұсынылсын. Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің хатшысы Омаров жолдастың Бекмахановты қолдай отырып, оның қарсыластарын қуғынға ұшыратып, ғылымға аракчеевтік (қарабайлық) қысым көрсеткен партияға жат мінезі Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің назарына ұсынылсын. Сонымен қатар, Бекмахановтың өзге де қолдаушылары мен қорғаушыларының, атап айтқанда, университеттің ректоры Тәжібаевтің, Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің бұрынғы орынбасары Жұмағазиннің, сондай-ақ Әділгереевтің, Жиреншиннің т.б. партияға жат мінездерін де қарау мәселесі де қойылсын. Қазақстанның тарихын баяндауда маркстік ілімге қарсы ұстанымды еткізіп жіберген партия мүшесі, профессор Вяткиннің партияға жат мінезі Ленинград қалалық партия комитетіне хабарлансын,— деген шешім қабылданды". XX ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында, осы мақаладан кейін 38 жын өткен соң Кенесары қозғалысы мен Ермахан Бекмахановқа қазақ тарихы мен қазақ тарихнамасынан өз орынын беріп, оларды Ақтау туралы "Жұлдыз" журналында тарихшылар мен әдебиетшілердің басын қосып, пікір алысу өткізгенімізден кейін академик Кеңес Нұрпейіс пен тарихшы Бүркіт Аяған осы жабық партия жиналысының және сол жылы 21-тамыз күні өткен, президент Қ.Сәтбаевтің өзі төрағалық еткен Қазақ ССР Ғылым Академиясы Президиумы кеңесінің қолжазба хаттамасын бізге танысуға беріп еді. Онда қозғалыстың прогрессивті болуының себептерін орнықтыруға тырысқан Т.Тәжібаевтің, Әділгереевтің, Ділмұхамедовтің, Елеуовтің, Жиреншиннің, Нұсіпбековтің пікірлері мен соларды "халық жауы, ұлтшыл, буржуазияшыл, орысқа қарсы қастандық идеясын өршітуші" ретінде көрсеткен Т.Шойынбаевтің, Х.Ғ.Айдарованың, Тұрсынбаевтің, Сүлейменовтің, Покровскийдің әшкерелеулерін ғана бүкіл қазақ тарихшыларының пікірі ретінде М.А.Сусловтың назарына ұсынған. Ондағы пікірлерді саралап талдаудың өзіне бір монография аздық етер еді және ол тарихшылардың еншісі болса керек. Ол пікірталастың стенограммасы Е.Бекмахановтың алты томдық басылымына енгендіктен де, қисындырып қиыстырудың жөні де жоқ деп есептедік. Ал біздің мақсатымыз тарихи тұлғалардың тағдыр талқысын ашу және дәл осы арада бұл науқанның ұйымдастырушы "Правда" газетінің арандатуын көрсету болғандықтан да, сол "Правданың" Сусловқа жолдаған жоғарыдағы "сусымасының" жалғасын берумен шектелеміз. Ал мұнда осы жарияланымға байланысты алдағы уақытта кімдердің қуғынға ұшырауы мүмкін екені алдын-ала белгіленген және осы Бекмахановқа қарсы арандатуды қазақ тарихшыларының ішінен кімдер өршіткені туралы мағлұмат беріледі. Ендігі кезек І.Омаровтың "Күнделігінде" емеуірін етілген адамдарға келді. А.Черниченко (жалғасы): "Жиналыста сөйлеген коммунистер Бекмахановтың қателіктерін баса сынады. Тарих ғылымының кандидаты Тұрсынбаев: - Кенесары - Қазақстандағы барлық контрреволюционерлердің туы болды. Ол алашордашылардың да, 1930-жылдардағы байлардың Созақтағы көтерілісінің де, 1937-1938 жылдары әшкереленген контрреволюционерлер тобының да туы болды. Бекмаханов — ғалым емес, оның ұстанымы жоқ, ол ұлтшыл және троцкишіл Варшавскийдің көмегімен шимай-шатпақ кітап жазды. Оның кітабі қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы достыққа іріткі салады. Бекмахановтың барлық қарсыластары Омаров жолдастың тарапынан арандатуға және қуғынға ұшырады. Олар жоғары оқу орындарына дәріс беруден шеттетілді, ғылыми кеңестің құрамынан жөне өр түрлі басылымдардың алқа құрамынан шығарылды. Көптеген Оқулықтар Бекмахановтың ұлтшыл идеясымен тығындалған. Бұл идеясымақтармен студенттердің идеологиясы уланып жатыр. Университеттің ректоры Тәжібаев Бекмахановтың барлық қарсыластарын университеттен қуып шықты, Қазақстан тарихынан дәріс беретін олардың орынын оның (Бекмахановтың — Т.Ж.) жақтастарына айырбастады. Біздің партия ұйымымыз "Правданың" мақаласын талқылауға рұқсат бергенде Бекмаханов Москваға зытып (удрал) кетті, кеткенде де депутаттарға арналған поезбен кетті, әрине, кейбір басқарушы жолдастардың көмегінсіз бұл мүмкін емес еді". Өзіне-өзі сенімді, бойын шалқақ ұстап жүретін, кездескенді кеудесімен басын жібергісі келіп тұратын және университет пен тарих институтының ғылыми кеңестерінің және барлық тарихи басылымдардың алқа мүшелігіне қолы жеткен осы адам жетпісінші жылдардың ортасына дейін, қашан көз жұмғанша кенесарышылар мен бекмахановшыларды бет қаратпады. Бірақ тарихи уақыт оның да үкімін шығарып, ғылыми ой сахнасынан ысырып тастады. Міне, жарты ғасырдың көлемінде оның еңбегіне сүйенген сілтеме ешбір ғылыми еңбектен кездеспейді. Бұл да тарихтың үкімі шығар. Келесі кезек "Правданың" редакция алқасында Кенесары мен Бекмахановты көкпарға салып берген тарихшы Бек Сүлейменовке берілді. Шындығын айтайық, әшкерелеуші партиялық ұстанымның тізгінінен ұстаған, "Правданың" сөзін сөйлеуші тарихшының да қуғынға ұшырап, жиырма бес жылға жер аударылып кетуі бізге еш түсініксіз көрінді. Себебін де анықтаудың реті келмеді. Қ.Мұхамедханов: "Мінезінен тапты. Ойнақтап жүріп өзі қақпанға түсті",— дегеннен басқа сыр ашпады. Біздің ойымызға, осы Aлашорда" тергеу ісі бойынша куәлікке тартылып, соңынан солардың өзі ату жазасына бұйырылған Д.Әділевтің, Ә.Байділдиннің сорлы тағдыры оралды. Бек Сүлейменов те соның керін құшқан болуы мүмкін. Ал оның төмендегі келтірілген сөзі өзінің де, өзгенің де тағдырының шәт-шәлекейін шығарды. А.Черниченко (жалғасы): "Тарих ғылымдарының кандидаты Сүлейменовтің сөзі: — Буржуазияшыл ұлтшыл Бекмаханов туралы Қазақстан тарихшылары қаншама рет мәселе көтерді десеңші, бірақ соның бір де бірін қолдамады. Керісінше, мұндай маңызды мәселені кім көтерсе, сол адам құғын мен арандатуға ұшырады. Омаров жолдас менің Бекмахановтың кітабінің зиянды екені туралы БК(б)П Орталық комитеті мен СССР Ғылым Академиясының алдына мәселе қойғанымды білген соң, ол мені шақырып алды да дөрекі сес көрсетті. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанды. Қазақстан К(б)П Орталық комитетінде өткен тарихшылардың республикалық кеңесінде сөйлеген менің сөзімді Шаяхметов жолдас бірнеше рет бөлді. Ол осы мінезімен отырғандардың берінің Бекмахановқа тиіспеуі керектігін аңғартты. Шәріпов пен Әділгереев бірнеше рет Бекмахановтың жолбикелері (ходатаями) ретінде мемлекет есебінен Мәскеуге жіберілді. Бұл жолбикелер Мәскеудегілерді: Қазақстан тарихшыларының барлығы да Бекмахановтың ұлтшыл идеясымағымен келіседі-міс,— деп сендірді. Іс жүзінде ешқашанда ондай болған емес. Өз кезегінде Панкратова, Вяткин әуелі Әбдіхалықовқа (сол кездегі ҚК(б)П ОК-нің хатшысы -Т.Ж.), содан кейін Омаровқа Бекмахановтың кітабі туралы Мәскеуде қандай сөз айтылып жатыр, соның барлығын жеткізіп тұрды. Бекмаханов үшін Қазақстанда ерекше жағдай жасалған. Ол сын атаулыдан берік қорғалған, өзінің ойына не келсе, соны істейді. Омаровтан басқа, ал мен Омаровты әлі жетілмеген партия қызметкері деп есептеймін, Бекмахановты Сауранбаев, Тәжібаев, Нүсіпбеков, Жиреншин қорғайды. Мені бұрынғы СССР- дің Жоғары білім министрі Кафтанов жолдастың әрекеті таңқалдырады, ол бір қолымен Бекмахановтың зиянды еңбектерін университетте оқытпау туралы әділ бұйрыққа (айтпақшы, Қазақстанда бұл бұйрық жұртшылықтан жасырылды), екінші қолымен Кафанов жолдас дәл осы зиянды еңбегі үшін Бекмахановқа жеделдете ғылым кандидаты және ғылым докторы дәрежесін беру туралы бұйрыққа қол қояды. Барып тұрған принципсіздік деген осы емес пе?". Иә, Сүлейменовтің бұл сөзінен оның Кенесары үшін емес, отыз жастан асар-аспастан ғылым докторы дәрежесін алған Ермахан Бекмахановтың көтерілген бағы қатты күйіндіргені анық аңғарылады. Ал Ілияс Омаровтай адамды "жетілмеген партия қызметкері" деуі, ол адамның өзінің де тарихшы ретіндегі тарихи ойлау жүйесіне күмән келтіреді. Осы ретте Бек Сүлейменовтің тура осы мәселеге байланысты 1948 жылғы 8-крңтарда К,Сәтбаевқа қарата "Қазақ ССР тарихының" екінші басылымындағы өрескел қателерді әшкерелеп жазған хатын еске алсақ, оның бұл мәселемен табанды түрде торт жыл қатарынан айналысқанына көзіміз жетеді. А.Черниченко (жалғасы): "Институт директоры Покровский: жиналыста сөйлеген сөзінде өзінің қателігін мойындады. "Қазақ ССР тарихының" екінші томындағы қателіктер Омаровтың, Панкратованың, Вяткиннің аракчеевтік үстемдігі мен зорлығының нәтижесінде жіберілгендігін айтты. Содан кейін ол буржуазиялық-ұлтшыл көзқарастарды өткізіп жіберген Бекмахановтың барлық еңбектерін сынады, Кенесарыны әшкерелейтін көптеген архив құжаттарын мысалға келтірді. Бекмаханов ол құжаттарды қолдан өңдеген, одан Кенесарыны қолдайтын мағына беретін жекелеген тіркестерді ғана оқшау қолданған. Ғылым Академиясының партком хатшысы Ефимов: "Правданың" мақаласын талқылауға Орталық комитет кепке дейін рұқсат бермеді. Тек таяуда ғана ҚК(б)П Орталық комитетінің екінші хатшысы С.И.Круглов жолдас оған рұқсат берді. Академияның президенті Сәтбаев, академик Сауранбаев Бекмахановты әшкерелеуге барынша кедергі келтіріп бақты. 1949 жылы партия ұйымы Бекмахановтың мәселесін қарамақ болғанда әр түрлі телефон соғылды. Алматы обкомының хатшысы Жанғозин жолдас ешқашанда академияның өміріне назар аударып керген жоқ, назар да аудармай келеді, міне, сол кезде ол телефон шалып, Бекмахановтың мәселесін қоюға үзілді-кесілді тиым салды. Тура сондай тиым бұрынғы қалалық партия комитетінің хатшысы, өзінің байдың тұқымы екенін жасырғаны үшін БК(б)П қатарынан шығарылған С.Жүсіпбековтің тарапынан да жасалды. Омаров жолдас: Бекмахановтың қателігін ұлтшылдық емес, саяси қателік деп қараңыздар,— деп мені үгіттеді". Бұл мағлұматқа қарағанда Кенесарыны әшкерелеу — партиялық емес, ұлттық сипат алғанын байқатады. Өйткені, Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов, идеология жөніндегі хатшы І.Омаров, Алматы Обкомының идеология жөніндегі хатшысы Д.Ж.Жанғозин, Алматы қаласының бірінші хатшысы Т.Ысқақовтың, идеология хатшысы С.Жүсіпбековтің, Университеттің ректоры Т.Тәжібаевтің, Тарих институты партия ұйымының хатшысы А.Нүсіпбековтің Кенесары қозғалысы мен Е.Бекмаханов туралы жағымды пікірін жоққа шығарып, оған қарсы күресушілер — Академияның партия ұйымының хатшысы СЯ.Ефимов, Тарих институтының директорлары (кезегімен), академиктер С.В.Юшков, С.Н.Покровский, Қазақстан К(б) І.Омаровтың "Күнделігінде" емеуірін етілген адамның бірі, І.Омаровтың "Күнделігінде" емеуірін етілген адамның бірі, Қ(б)КП Орталық комитетінің екінші хатшысы (Мәскеу үшін бірінші хатының есебінде) С.И.Круглов, "Правданың" Қазақстандағы тілшісі А.Черниченко, "Правданың" қызметкерлері П.Кузнецов пен В.Озеров, "Правданың" бас редакторы Л.Ф.Ильичев, БК(б)П Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің қызметкерлері Морозов, Лихолат, Апостолов, А.Митин, Митрейкин, бөлім меңгерушісі В.С.Кружков, БК(б)П Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, сұр кардинал М А.Суслов екенін ескерсек, онда көзқарас қайшылығының астары Кенесары мен Бекмахановта емес, ұлтшылдық пен шовинизмнің мүдделі қақтығысында жатқанын байқаймыз. Әрине, өмір сүріп отырған өктем империяның дегені болатыны анық. Академик А.Панкратованың: "... Грузиннің, тағы басқа ұлттардың тура осындай оқиғаларға қатысты княздарының қозғалысы прогрессивті болады да, неге қазақ хандары реакционер деп бағаланады, мен соны түсінбеймін",— деген мағынадағы Ілияс Омаровқа жазған хатындағы сұрақтың жауабына ешкім де бас қатырып жатпады.

Тарихи шындық пен тарихи көзқарас шындығы тура осы арада жатыр еді. А.Черниченко (жалғасы): "Жиналысқа қатысқандар, әсіресе жастар: "Кенесары үшін неге күрес жүріп жатыр, аз тана сауаты бар адам үшін оның реакционер екені белгілі емес пе. Кенесары кімге, не үшін керек? Мәселенің мәні неде?",— деп сұрақ қойды. Әуелде баяндама жасаған, кейіннен қорытынды сөз сөйлеген (институттың - Т.Ж.) партия ұйымының хатшысы, тарих ғылымының кандидаты Нүсіпбеков өзінің қателігін толық мойындады. Тарих ғылымының кандидаты Ділмұхамедов: өр түрлі мақалалардың өсері ықпал еткендіктен, Кенесарыны қазақ халқының көсемі деп қабылдағанын айтып, қатесін мойындады. Осы жиналысқа қатысқан республикалық "Казахстанская правда" газетінің насихат бөлімінің меңгерушісі Рачков жолдас үзіліс кезінде Покровскийдің бөлмесінде бірнеше адамның көзінше:

- Осы жиналысқа МҚК-нің (Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің - Т.Ж.) қызметкерінің қатыспағанына қатты өкінемін. Ол көптеген нәрселерді өзінің қаперіне алған болар еді,— деді",- деп жазды "Правданың" тілшісі А.Черниченко".

Әрине, Рачков жолдас бекер алаңдаған, өйткені осыны ұйымдастырып, арандатып отырған мекеменің өзі — сол Мемлекеттік Қауіпсіздік министрлігі болатын. Оған Ж.Шаяхметовтің жолдаған "құпия бұрыштамалары" дәлел. Жаңағыдай империяның қуатты идеологтары кіріскеннен кейін Қазақстан К(б)П Орталық комитеті бюросының қаулы шығаруы ғана қалды. Ол Қаулы 10-сәуір күні "Правда" газетінде басылған "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген мақала туралы" деген атпен барлық мерзімдік баспасөздерде жарияланды. Онда (қысқаша мазмұны): "Правда" газетінде 1950 жылы 26-декабрьде жарияланған "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген мақаланың хан Кенесары Қасымовтың реакциялық, феодалдық-монархиялық қозғалысына баға берерде Е.Бекмахановтың жіберген өрескел саяси қателерін дұрыс ашатындығын Қазақстан К(б)П Орталық комитеті атап көрсетті" (...)• "Ф.Энгельс 1851 жылы 23 майда К.Маркске жазған хатында "Россия Шығыс жөнінде шын мәнінде прогресшіл роль атқарып отыр... Россияның үстемдігі Қара теңіз бен Каспий теңіздері және Орталық Азия үшін, башқұрттар мен татарлар үшін цивилизацияландырушы роль атқарып отыр...",— деп жазды (Шығармалар, XXІ том, 211-бет)". "(...) Мұның өзі қазақ еңбекшілерінің патша отаршылары мен қазақ феодалдарына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өсуін тудырды; бұл қозғалыс езілген орыс шаруаларының күресімен тығыз байланысты болды". "(...) Сонымен Кенесары қозғалысы халықтық қозғалыс та емес, бұқаралық, қозғалыс та емес, азаттық қозғалыс та емес, реакциялық қозғалыс болды". "(...) Ғылым және партия жұртшылығы Е.Бекмахановтың саяси қателерін оған сан рет көрсетті. Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің "Қазақ ССР тарихының" екінші басылуын әзірлеу туралы" 1945 жылы 14-августтазғы қарары ол үшін үлкен ескерту болуға тиіс еді. Бірақ Е.Бекмаханов ғылым және партия жұртшылығының пікірімен санаспады және партияға қарсы, буржуазиялық-ұлтшылдық позицияларда қасарысып қалып келеді. Қазақстан К(б)П Орталық комитеті мынаны да атап көрсетті "Қазақ ССР тарихы" кітабының екінші басылуын әзірлеу туралы" Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің 1945 жылғы 14-августтағы қарарын орындамады және хан Кенесары Қасымовтың қозғалысына баға беруде кітаптың бірінші басылуында жіберген саяси қателерді тағы да жіберді. Қазақстан К(б)П Орталық комитеті "Правда" газетінің "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген 1950 жылы 26 декабрьде басылған мақаласын дұрыс деп таныды және маркстік-лениндік ілім негізінде Қазақстан тарихын терең және шын баяндауды, совет дәуірінің тарихын жасауға айрықша көңіл бөлуді, қазақ халқының тарихын, оның ұлы орыс халқымен берік достығының тарихын бұрмалауға тырысқан әрекеттің қандайына болса да қарсы батыл күрес жүргізуді республика тарихшыларының алдында өте маңызды міндет етіп қойды. Қазақстан К(б)П Орталық комитеті Қазақ ССР Академиясының Президиумын мына жұмыстарды істеуге міндеттеді: "Қазақ ССР тарихының" бірінші томы түзетіліп, 1952 жылы қайта басылсын, онда бұл кітаптың екінші басылуында жіберілген саяси қателер жойылсын; Қазақстандағы ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлттық қозғалыстар туралы мәселе халықтық, азаттық қозғалыстарды реакциялық, феодалдық-монорхиялық қозғалыстардан айыру тұрғысынан шешілсін; Кенесары Қасымов қозғалысының реакциялық, феодалдық-монархиялық қозғалыс екендігі туралы мәселе "Қазақ ССР тарихының" көп томдығында, "Қазақ әдебиетінің тарихында" және басқа да кітаптарда көрсетілсін. Қазақ ССР Академиясының тарих, археология және этнография институты мен тіл және әдебиет институтының директорларына, республикалық газеттер мен журналдардың редакторларына Кенесары Қасымовтың реакциялық қозғалысын әшкерелейтін бірнеше мақалалар әзірлеп, басып шығару тапсырылды. Қазақстан К(б)П облыстық комитеттеріне, аудандық комитеттеріне және қалалық комитеттеріне "Правда" газетінің "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген мақаласын Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің бұл мәселе жөніндегі қаулысын республиканың жоғары оқу орындарының пария ұйымдары мен барлық орта оқу орындарының педагог коллективтерінің ашық жиналыстарында талқылау тапсырылды. Осы жылдың апрель айында Алматы қаласы мен облыс орталықтарында интеллигенцияның жиналысын өткізіп, ол жиналыста "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндау туралы" баяндама жасау белгіленді..." ("Лениншіл жас",1951, 21 сәуір),-. деп атап көрсетілді. Осыдан кейін 20-сәуір күні Жазушылар одағында "Кенесары — халықтың қас жауы" атты тақырыпта партия ұйымының ашық жиналысы өтті. Онда одақтың жауапты хатшысы Қ.Жармағамбетов көлемді баяндама жасап, қазақ әдебиетіндегі Кенесары бейнесінің сомдалуы тарихына барынша кең тоқталып өтті. Ол: "Кенесары Қасымовтың реакцияшыл қозғалысын әдебиетте дәріптеудің жаңа толқыны 1939-жыдцардан басталады. Бұл мәселеге ССРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының сол кездегі әдеби секторы ұйытқы болды да, сол сектордың сол кездегі басшысы Е.Исмаиылов ұйымдастырушы болды. Е.Исмаиылов 1940 жылы Кенесарының қырғыз халқына жасаған басқыншылық шабуылын ақтап, арнаулы монография жазды. Әдебиет секторының сол кездегі ғылыми қызметкері Х.Бекхожин "Әдебиет және искусство" журналының 1941 жылғы 5-номерінде "Қазақ әдебиетіндегі Кенесары мен Наурызбай бейнелері" деген мақаласын жариялады, Исмаилов пен Бекхожиннің бұл еңбектерінде Кенесары Қасымовтың реакцияшыл-монархиялық қозғалысы прогрессивтік, ұлт-азаттық қозғалыс деп танылып, Кенесары мен оның төңірегіндегі қарақшылары -халық батырлары дәрежесінде дәріптелді. Дәлірек айтқанда, Кенесары жөніндегі ұлтшыл-алашордашылардың ескі сандырағын қайталады. 1940 жылы Исмаиловтың басшылығымен Кенесарыға арналған поэмалар мен өлеңдерден жинақ құрастырылып, 1941 жылы Қазақтың Мемлекеттік Баспасына өткізілді. Исмаиловтың басшылығындағы әдебиет секторы бұл шараларға да қанағаттанбай, Кенесары мен оның нөкерлері туралы ақындарға шығармалар жаздырды. Х.Бекхожин "Науан батыр" деген поэма жазып, қандыбалақ Наурызбайды халық батыры деп көтермеледі. А.Тоқмағамбетов Кенесарының әскери басшыларының бірі, қырғыз халқына қарсы басқыншылық соғыста жауыздығымен кезге түскен Бұқарбай туралы поэма жазды. Қ.Аманжолов "Көкшетау" деген поэма жазып, Кенесарының Көкшетауда болған кезін аңсайтындығын баяндады. Исмаиловтың тапсыруымен халық ақындары Саяділ Керімбеков, Доскей Әлімбаев, Иманжан Жылқайдаров Кенесарыны мақтап поэмалар шығарды. Бұл поэмалардың бәрін де әдебиет секторы сатып алып, Исмаиловтың басшылығымен Кенесары туралы екінші кітап әзірленді. Исмаилов 1944 жылы "ССРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының хабарларында" жарияланған "Соғыс жылдарындағы қазақ поэзиясының жайы мен міндеттері" деген (53-бет) мақаласында Шамиль мен Кенесарыны бояулы сөздермен мадақтай келіп, олардың тарихтағы орнын Суворов, Кутузов, Амангелді, Щорс, Чапаевтарға теңейді. 1946 жылғы "Қазақ әдебиеті" деген кітабында (орта мектеп оқу құралы) Исмаилов Кенесарыны халық батыры, ұлт-азаттық қозғалысының көсемі деп бағалайды. 1949 жылы М.Әуезовтің редакциясымен шыққан қазақ әдебиеті тарихының бірінші томындағы "Тарихи жырлар" деген бөлімде Исмаилов "ХІХ-ғасырда болған ұлт-азаттық қозғалысының ішіндегі ең көрнектісі Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған халық көтерілісі" (311-бет) — деп түйеді. Осының барлығы әдебиетші Исмаиловтың Кенесарының реакцияшыл-ұлтшыл қозғалысының әдебиеттегі адвокаты болып келгендігін дәлелдейді. С.Мұқанов 20 жыл бойына Кенесары Қасымовтың қозғалысын халыққа қарсы реакцияшыл деп келді. 1923 жылы жазған "Шешендер қара тақтаға жазылмаңдар!" деген мақаласында С.Мұқанов Кенесары қозғалысының реакцияшыл мәнін дұрыс әшкереледі. Одан кейінгі жылдарда "Қызыл Қазақстан", "Жаңа әдебиет" журналдарында жарияланған қазақ әдебиеті тарихының мәселелері жөніндегі мақалаларында да алғашқы айтқан пікірінде қалып отырды. 1942 жылы жазған "XVІІІ және XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері" деген кітабында С.Мұқанов бұрынғы пікірлерінен безіп, Кенесарының реакцияшыл қозғалысын прогрессивтік, ұлт-азаттық қозғалысы деп таниды. Қазақ халқы тарихының даулы мәселесі болып келген Кенесары қозғалысына көзқарасының тым шұғыл өзгеруінің себебін Мұқанов жолдас осы жиналыста ашып айтуы керек. Профессор Жұмалиевтің көзқарасында да дәл осындай тұрақсыздық болғанын көреміз. 1938 жылы жарияланған "Махамбет Өтемісовтің творчествосы" деген еңбегінде Кенесары қозғалысын халыққа қарсы қозғалыс деп таныса, 1941 жылы "XVІІІ жөне XІX ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы" (орта мектеп үшін Оқу құралы) деген кітабында Нысанбай творчествосын таңдай келіп, Кенесары қозғалысын прогрессивтік деп түсіндірді. 1948-49-50 жылдары шыққан орта мектептің оқу құралы кітаптарында да осы пікірін қайталайды. Өз көзқарасының өзгеру себебін Жұмалиевтің де ашып айтуы керек. Абай шәкірттері туралы мәселе, дәлірек айтқанда, Абайдың ақындық мектебі туралы мәселе қазіргі кезде әдебиетшілеріміз арасында талас тудырып жүрген мәселе екендігін ескерте келіп, баяндамашы бұл мәселе жөнінде пікір алысу керек деген ұсыныс жасады. Кенесары Қасымовтың реакцияшыл-монархиялық, феодалшыл-ұлтшыл қозғалысына баға беруде әдебиет тарихында жіберілген саяси өрескел қателерді жоюдың шараларына тоқтала келіп, баяндамашы осы жылғы апрельдің 4-і күні "Социалистік Қазақстан" газетінде жарияланған "Әдебиетте Кенесары қозғалысын дәріптеуге қарсы күресейік" деген Ғұмарова жолдастың мақаласы, сондай-ақ апрельдің 19-ы күні "Ленинская смена" газетінде жарияланған осы мәселе жөніндегі Ә.Тәжібаев жолдастың мақаласы өте маңызды пікірлерді көтеріп, Х.Бекхожин, Е.Исмаиылов, Х.Жұмалиев, М.Әуезов, С.Мұқановтардың Кенесары қозғалысын бағалаудағы қателіктерін дұрыс ашатындығына атап тоқтады" ("Әдебиет және искусство", 1951, N8). Баяндамадан алынған осы ұзақ үзіндіден казак, әдебиетінің басына қандай қауіп төнгенін анық байқауға болады. Аты аталған адамдардың партиялық жазадан құтылуы екіталай болатын. Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Отан Қ.Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде: "Иә, Асқар Тоқмағамбетовтің дастаны жарияланбаған, бірақ ол ақынның Кенесары қозғалысына көзқарасын білдіреді. Сондықтан да шындықты атап өттім. Ал Кенесары туралы шығармалар бұл жиналыста талқылана ма дегенге келсек, ҚК(б)П қаулысы Кенесары қозғалысы туралы мақалалар шоғырын жариялауды міндеттейді, ондай мақалаларды алдағы уақытта жариялаймыз",— деді. Иә, кеңестік жазалау идеологиясы атқарған ісінді ғана емес, ойлаған ойынды да жазаға тартуға бағытталды. Өжет ойлы Қайнекей оны ескермесе, өзіне мін тағылатынын біліп, тізімге қосқан. Өкінішке орай, осы бір науқандағы жанталас кезінде оның азаматтық өзегі өртеніп кетті. Аса қуатты ой иесі өзінің арымен өзі арпалысып, ақыры өмірін жалғыздықпен аяқтады.

ІV ТАРАУ: ЖАНТАЛАСТЫ ЖАНЫҒУ

Сөйтіп, өңештеу науқанына өрт қойылды да лаулай жөнелді. Сәбит Мұқановтың өзі баяндамашыдан кейін іле сөз алды. С. Мұқанов: "Түймедей болсын, түйедей болсын, бәрібір, күнәнің аты — күнә. Сондықтан: "Мен аз қателестім" немесе: "Оның қатесі көп"— деп, дәрменсіз дәлелдер іздеп жатудың керегі жоқ. Кінәлісің бе, мойныңа ал кінәңді!.. Аз ба, көп пе, әңгіме онда емес, әйтеуір мен де қателестім, онымды түп-түгел мойындаймын. Баяндамашы:"Кенесарыға көптен қарсы С.Мұқанов пен Х.Жұмалиев жолдастардың кенет өзгергені қалай?" — деді. Дұрыс сұрақ. Өз қатемді адалдықпен мойындай тұра, осы сұраққа жауап бере кеткім келеді. Себепсіз салдар жоқ, жолдастар! Турасын айтуға керек, Қазақстанда совет өкіметі орнағаннан бастап-ақ, Кенесарыға батын қарсы шыққан кісі екеу болса, біреуі мен едім. Сол пікірім ұлы отан соғысының алғашқы жылдарына дейін өзгерместен келді. Ал. 1942 жылы қазір осында қайта-қайта аталын жатқан кітабымда бұрынғы дұрыс пікірімнен шұғыл бас тарттым. Ашық түрде, Большевикше мойындаймын, бұл менің қателігім. Бірақ, сын ретінде, менің әлгі қателігіме сол кездегі жауапты қызметкердің бірі Әбдіқалықов жолдастың да мықтап ортақтасқандығын, тіпті, менің қателесуіме қолма-қол себепші болғандығын айтпай өте алмаймын" ("Әдебиет және искусство", 1951, N8). "Тонна тарта ма, пұт келе ме, бәрібір, күнәнің аты — күнә" дейтін С.Мұқанов та ақталу сөзінде жаласын жатқа жауып шыға берді. Орталық комитеттің хатшысы Әбдіхалықов жолдас шақырып алып, Корней Зелинскийдің Жамбыл туралы мақаласында Кенесарыны сынаған пікірі қате екенін ескертіп: "Бұл қатені түзетіп, Кенесарыны халық қаһарманы етіп көрсету туралы тапсырма берді. Міне, осы нұсқауды жетекшілікке ала отырып қазір үзінді келтіріліп жүрген "атақты кітабімді" жаздым. Мен ертең сіздерге қолжазбамды әкеп көрсетемін, онда Кенесары халық жауы ретінде әшкереленген. Менің қолжазбам Орталық комитеттің қолына түсіп қалыпты да, мені сол кездегі үгіт-насихат бөлімінің бастығы Ахметов шақырып алып: "Кітаптың мына күйінде шығуына рұқсат бермейміз",— деді. Онда қандай бағыт беретінін сұрадым. Ол: "Әбдіхалықовпен сөйлестіңіз бе? Ол қандай нұсқау берсе, сол тұрғыда жазасыз",— деді. Мен: "Бұл жеке адамның емес, партияның көзқарасы осындай шығар",-деп ойладым. Республиканың үгіт-насихат жөніндегі хатшысына сенбеуіме бола ма, соның мәжбүрлеуімен менің кітабімнің ішіндегі пікірді жаздым. Мен түсінемін және қайталап айтамын, көп болсын, мейлі, аз болсын, жексұрындықтың аты — жексұрындық, мен өзімнің қателіктерім үшін өзімді кешірмеймін",- деп жалтарды. Сәбит Мұқановтың сол кездегі Орталық комитеттің хатшысы М.Әбдіқалықов жаздырды деп отырғаны "Қазақтың ХҮІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктері" атты 1942 жылы жарияланған монографиясындағы "Бостандық күресі" атты тарауындағы пікірлері еді. Соның ішінде Кенесары көтерілісі туралы С.Мұқанов: "Ең алдымен, 1822 жылдың заңы шығып, қазақ халқын өзіне біржола бағындырып, қазақ феодалдарынан өзіне сенімді кісі тауып, ауыл арасына үкіметке сенімді мықты әкімшілік аппаратын құрғаннан кейін, патша үкіметі халықты ашықтан-ашық талау жолына түсті. Н.Тимофеев, Е.Федоров, "1837-1847 жылдары қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресуі" деген мақалаларында ("Большевик Казахстана" N4, 1940 жыл) халықтың сол кездегі күйзелушілігіне мынадай мысалдар келтіреді: "қазақ халқын патша үкіметінің бүлдіруінде өте зор рөлі болған "репрессия" дейтін заң, екінші сөзбен айтқанда, қарулы орыс әскерінің қазақ ауылына шабуыл жасауы, талауы, малын айдап алуы, қазақтың балаларын тартып әкетуі т. т. Бұл зорлық пен талауда олар, қазақ халқы керуенді талапты-мыс, орыс қалаларына шабуыл жасапты-мыс деген өтірік жалаларды сылтау қылды. Бұл "репрессиялар" көбінесе, хан мен сұлтандардың ұлықсатымен болды, олар өздеріне қарсы шыққандарды осылай талатып, ықтырып отырды... "Қазақ халқының хәлі ауырлағандығы сондай, сол кездегі Россия патшасы І Александр, 1808 жылы, 25-майда Оренбург губернаторы Волконскийге былай деп жазады: "Оренбург төңірегіндегі көшіп жүрген қазақтардың хәлі ауырлағандығы сондай, олар бір жақтан, амалсыз талау жұмысына кіріссе, екінші жақтан Хиуаға апарып, балаларын сатады" . "Орта жүз қазақтарының кедейленуі сондай,— деп жазды Тройцкий қаласындағы таможня 1802 жылы сауда министрі Румянцовқа, - олардың көбі осы маңда жалаңаш-жалпы, еркегі, әйелі, балалары қаңғырып қайыр сұрап жүреді. Бұлардың хәлі аянышты, көзге ерекше түседі" . 1819 жылы, І Александр, қазақ балаларын сатып алуға, балаларды алып сатармен сауда жасауға рұқсат етілген заң шығарды. 1832 жылы "Қырғыз-қазақ ордаларының тарихы" атты кітап жазған Алексей Левшин, "базарда қазақтың еркек баласының сатылатын құны 4, иә 5 қапшық арыш бидай еді, қыз баланың бағасы 3, иә 4 қап арыш еді",— дейді және бір айда қазақтан жүз бала сатылғанын айтады. Халықты осылай талаған патша үкіметі, екінші жақтан, өзіне арқа тіреу болған қазақтың феодалдарын көтермелейді. Даланың қайдағы шұрайлы жерінен қазақ феодалдарына кең жер береді, оларға "дворян" деген атақ береді, сән-салтанат жасайды, қазақ феодалдарын орыс князьдары мен орыс дворяндарының дәрежесінде ұстайды. Кенесары мен Наурызбайдың халық көтерілісін бастаудағы мақсаты туралы соңғы кезге шейін қата ұғым болып, оларды: "хандықты көксеушілер, қара басының пайдасы үшін, хан болу үшін көтеріліске қатынасушылар",— деп бағалады. Бұндай қата пікірден, бір кезде, осы очеркті жазушы автор да cay болған жоқ. Кенесарыны демократтық идеядағы адам еді деушілер бар, ол, әрине, асыра бағалағандық, Кенесарының мақсаты - хандықты сақтау. Хандық - қанаушы таптың қолындағы құралы. Бірақ, осы хандықтың өзі адам баласының өркендеу дәуіріндегі белгілі бір сатыда халықтың елдігін сақтауға қажет және прогрестік құрал. Кенесары заманында қазақ ауылында, хандықтан басқа әлеумет билеу формасы болуы мүмкін емес, басқа форманы ол кездегі қазақ ауылының саяси-шаруашылық жағдайы көтермейтін еді. Сондықтан, егер, мемлекет басындағы хан патшаға сатылмай, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрессе, бұндай хан объективтік жағынан, халықшыл хан еді. Кенесары осындай хан, Кенесарыны одан артық көтермелеу -орынсыз идеалдау боп табылады. Мәселен, Кенесарының хандық құрылысты қолдануда емес, отаршылық саясатқа, ел жақты талауға халық қарсы шығып көтеріліс жасағанда, Кенесарының халық жақта қалуында, халық көтерілісін бастап, қазақ халқының тәуелсіздігін қарулы көтеріліспен қорғауға тырысуында",— деп жазып еді.

Ал редакциялық есепті мақалада бұл сөздер: "Бұдан өрі "С.Мұқанов жолдас "Қазақ ССР тарихының" бірінші басылуындағы редакциясын басқарған Әбдіқалықовтың өрескел қателігін, дәлірек айтқанда, Кенесарыны халықтың жауы деп тауып, дұрыс жазылған пікірді өзгерттіріп, мадақтата жаздыртқанын айтты",- деп ("Әдебиет және искусство", 1951, N8) жазылды. Осыған қарап академик Сәбит Мұқанов та дербес ғылыми көзқарас болды ма, жоқ па, соған күмәнданасың. Бірақ оған қысылып-қымтырылмастан "екінші мәселеге" — Әуезовке "жайлап қана ауысып" кетеді. Сол арадан қос тұлғаның шарпысуы басталады. Әңгімені М.Әуезовтің ең жанды жері — "Абай" романынан бастайды: С.Мұқанов: "Мына бір жаңа көріністі қараңыздар: Кенесары туралы лап ете қалған өртті өшіріп үлгергеміз жоқ, Әуезовтің айналасынан тағы да өрт шықты. Ендігісі — Абай мектебі туралы мәселе. Мен бұл мәселе төңірегінде көп ойландым. "Ақын аға" атты тамаша романыңыздағы ең тамаша тұс Абайдың ақын шәкірттері суреттелетін кез. Сіз: бүркіт өзінің жұмыртқасын жылдың ең суық маусымында шайқайды, содан кейін тастүлек етіп құздан лақтырып жібереді. Сол тастүлек балапандар сияқты Абай да өзінің шәкірттерін қанаттандырып ұшыруға дайын,— деп жазасыз. Ал сіз ол балапандардың қалай қарай ұшатынын ез романыңызда көрсетпейсіз.

Әуезов: Пәлі, олар әлі балапан ғой (күлкі).

Мұқанов: Жоқ, олар онда ұшып жүр, бірақ Абай араласқан өмір тартысына белсенді қатыспайды, олардың әзірше халық өмірімен байланысы жоқ, заманынан оқшау тұр. Әуезов жолдас, менің ойымша, сіз оларды шәкірт болғандықтан ғана оқиғаға араластырмай отырған жоқсыз, сіз реалист жазушы есебінде жөндемі ештеңе ойлап табуға дәрменсіздік көрсеткенсіз.

Әуезов: Олардың өздері ойдан шығарылған кейіпкерлер емес пе. Мұқанов: Жолдас Әуезов, сіз Абайдың шәкірттері деп көрсеткен адамдарыңыз сол атты ақтай алмайды-ау. Әй, сол күдігім шын боп шығатын сияқты. Өйткені, олар мұны іс-әрекетімен де, шығармашылығымен де, басқа да қасиеттерімен де өтей алмайтындай боп көрінеді маған, сондықтан да еріксіз сіз оларды Кенесарымен байланыстырғансыз, енді келіп оларды қорғамақ боласыз... Соның бір мысалы, Көкбайға Кенесары туралы дастан жаздыруға мәжбүр болғансыз. Әуезов: Оның бұдан да басқа өлеңдері бар емес пе, (Әріп) төрт өлең (Ленинге) арнаған. Және мен Абайдың шәкірттерінің барлығы әулие деп айтып отырғаным жоқ қой". Романдағы тастүлектерден Кенесарыны жырлаушылар шығатынын қиыннан қиыстырған бұл қисынын С.Мұқанов алдағы екі жылда одан өрі ұштай түсті. Бұдан кейін мінбеге Мұхтар Әуезов көтеріліп, "өткендегі қателері мен ескі ойынан арыла" ұзақ сөйледі. М.Әуезов: "Правда" газетіндегі мақалаға байланысты ҚК(б)П Орталық комитетінің қабылдаған шешімі республикамыздың идеологиялық майданындағы жаңа, кезеңді және маңызды оқиға. Біздің қателерімізді түзету арқылы партия бізге қайта-қайта көмек қолын созумен келеді және кеңестік ғылымды жалған антимаркстік, антилениндік жолға түсіп кетуден сақтандырды. Осы шешім арқылы біздің әрқайсысымыздың және осы уақытқа дейін адасып келген өзге де жолдастардың терең бойлап кеткен қателіктерін мойындап, түсінуді талап етуі заңды тілек. Бұл қателік ауыр болды және ұзаққа созылды. Өйткені бұл қанатын кеңге жайған және езінің шеңберіне тарих, әдебиет тарихымен қоса республикамыздың басқа да қоғамдық-саяси өміріне қатысты әр түрлі саларды қамтитын адамдардың басын қосты. ҚК(б)П Орталық комитетінің шешімі мен баспасөздегі, соның ішінде "Правда" газетіндегі мақала арқылы тарихшылардың қателіктерін нақты көрсетті. Ал әдебиет пен әдебиеттану саласындағы кінәларіміз бен қателіктерімізді ашу біздің — әдебиет тарихшылары мен жазушылардың міндеті. Мектеп оқушыларынан, студенттерден бастап көпшілік қауымның санасына дейін улаған зиянды тамырларға балта шабуға деген партиямыздың қарымды бастамасы мен ұмтылысына көмектесу — біздің парызымыз.

Мен сөзімді өзімнің қателерімнен бастаймын.

Менің "Хан Кене" деген пьесам болды. Қазақ Ғылым Академиясы ұжымындағы жиналыста да, ғылыми-зерттеуден тыс әдеби шығармашылық қызметімде де өзімнің бұл шығармама тиянақтап тоқталғам жоқ. "Хан Кене" пьесасы мен сол кездегі өзімнің саяси қателіктеріме бүгінгі өтіп жатқан әдебиетшілердің арасындағы осы мәжілісте кеңірек түсінік бере кетуді жөн көріп отырмын. Бұл пьеса 1928 жылы жазылды және онда автордың ұлтшылдық ұстанымына баса көңіл бөлінді. Алғашқы нұсқасы сахнада қойылған жоқ, жарияланған да емес, сол қолжазба күйінде қалды. Тек бес жыл өткеннен соң, 1933 жылы менің "Еңлік-Кебек" деген пьесам сахналық қалыпқа түскеннен кейін тана театр қызметкерлері "Хан Кене" пьесасын қою туралы әңгіме қозғай бастады. Әртүрлі деңгейдегі мекемелермен кеңестім, олар бірқатар өзгерістер мен ендеулер жасауымды ұсынды. Мен бұл талапты орындадым, сөйтіп, 1939 жылдың басында оның премьерасы өтті, сол премьерадан кейін тоқтатылды. Оған екі түрлі сыни пікір білдірілді. Қатты сынаушылар да және жағымды баға берушілер де оны репертуардан алып тастау туралы емес, қойылымды уақытша тоқтата тұрып, ішінара өзгерістер енгізіп, содан кейін қойылымды сахнада қайта жалғастыру туралы ұсыныс айтты. Пьесаның ішкі құрылымы қойылымнан соң сыншылардың сол кезде көрсеткен саяси қателіктеріне сай өндеуге келмейтінін түсіндім. Пьеса сол саяси қате күйінде және кеңестік көрермендерге керексіз дүние болып жабық қалды. Сыншылардың ауызша және баспасөз бетінде айтылған тілектеріне қарамастан, оған қайтып оралудан бас тарттым". Бұл сол кезде жарияланғак С.Сейфуллиннің, Ғ.Мүсіреповтің "Хан Кенені" сахнадан аластату, І.Жансүгіровтің ішінара өзгертулер енгізу туралы "Социалистік Қазақстанда" жарияланған мақалалары болатын. Ол екеуінің атын атауға болмайтындықтан да Ғ.Мүсіреповті ғана көрсеткен. М.Әуезов (жалғасы): "Осыған орай айта кетерім — менің пьесама және ондағы рөльдер мен Кенесарының жеке басына қатысты ең әділ сынды ж.Мүсірепов айтты. Мысалы, езге сыншылар маған пьесаның мазмұнын Патшалық Ресейдің режиміне қарсы күрес бағытында өрістетуді ұсынды. Ал Ғабит Мүсірепов: қазақ еңбекшілерінің патшаға қарсы күресін Кенесары қозғалысына қатысты емес, 1916 жылдың оқиғалары негізінде көрсету керек - деп дұрыс бағыт берді. Ал Кенесарыға: халықтың тілегі мен іс-әрекетіне қарсы реакционер хан - деген қатулы баға берді. Сөйтіп, ол пьесаны былай ысырып қойдым, қайтып оған оралғаным жоқ. Пьесаны тастап, енді оған қайырылып соқпау туралы шешім қабылдағаннан кейін, сол 1934 жылы Оқу ағарту комиссариатының тапсырмасы бойынша "XІX және XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы" атты ұжымдық Оқулыққа қатыстым және сол Оқулық бойынша "Хрестоматия" құрастырдым. Соңғы екі еңбектегі: Бұқар жырау, Махамбет, Нысамбай, Шортанбай, Мұрат және Абай туралы тараулардың авторы — мен болдым және (олардың шығармаларын хрестоматияға) мен енгіздім. Бұл мағлұматтарды, яғни, аталаған тараулардың авторы мен екенімді біле тұрып, Жұмалиев жолдас өзінің еңбектерінде, XІX ғасыр әдебиеті туралы Оқулықтары мен ол жасаған Оқу бағдарламаларында менің авторлығымды ескертпестен, Махамбетті бағалау жөніндегі менің пікірлерімді қате деп көрсетіп, жүйелі түрде сынаумен келді. Ал ол кітаптарда Бұқардың, Шортанбайдың, Мұраттың, соның ішінде ең бастысы Нысамбайдың (Кенесарының жыршысы) 'шығармаларына дәріптеуші тұрғыда емес, әшкерелеуші бағытта, таптық-саяси ұстаныммен, барынша дұрыс түсінік берілген. Бұл туралы кейінірек барынша толық тоқталамын. Өзімнің 1934 ЖЫЛІЫ сол еңбегімді естеріңізге сала отырып, қазіргі күнде Кенесары мен оның мадақшылары және осы кітаптар туралы әдебиеттермен тиянақты түрде айналысып жатқан тарихшылардың, әдебиет тарихшыларының назарын аудара кеткім келді. Сондай-ақ, бұл жолдастар менің "Хан Кенедегі" қателігімді жою үшін 1916 жылғы оқиға туралы "Түнгі сарын" пьесасын жазғанымды да ескерер деп ойлаймын, ол 1935 жылдан бері жақсы багаланып келеді. Мұны айтып отыртан себебім, осы жағдайлардың барлығы, яғни, қателіктер мен оны жою жолындағы күрестің өзіндік ішкі тарихи және табиғи байланысы болғандығын көрсете кету". Көркемдік талаптың деңгейінің тым қарабайырланып, әдебиеттің саясаттанып кеткені сондай, Т.Жароков та кейіпкердің өміріне араласып, тумаған сиырдың уызын қорғаштап: "Бұған қосымша мен Әуезов пен Мұқанов жолдастардың тоғыз томдық басылымдары туралы айта кетпекпін. Әрине жақсы шығармалардың болғаны және олардың кеп томдық басылымын шығарғаны жақсы, алайда олардың қалтарысында қатерлердің бұғып жатпауын қадағалау қажет. Әуезов пен Мұқанов жолдастар кептеген қателер, ұлтшылдық қателер жіберді, сондықтан да ең алдымен олардың өзі сақ болғаны жөн. Олар өздерінің шығармаларын өздері тиянақты қарап шығуы тиіс. Онсыз болмайды. Мынадай мысал келтірейін: а/ Осы уақытқа дейін жақсы пьесалардың қатарына жатқызылып келген Әуезов жолдастың "Түнгі сарынды" қайтадан қарап шығуы тиіс. Себебі, оның басты кейіпкері, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі Мұғалім — ұлтшыл "Қазақ" газетінің оқырманы ретінде көрсетілген. Дәл қазір пьесаны мұндай күйде жіберуге болмайды. б/ Сондай жағымсыз шығармалардың бірі Мұқанов жолдастың "Балуан Шолағы". Онда Кенесарыға байланысты жіберген қатесін Мұқанов жолдастың өзі де мойындады. Бұл туындыны шығармалар жинағына қосу дұрыс емес",— деп кейіпкерлерден де марксиз-ленинизм ілімі бойынша өмір сүруді талап етті. Соның нәтижесінде "Түнгі сарын" пьесасы да тиым салынған 30 шығарманың қатарына ілінді. Театрдың сахнасында ойналатын да спектакль қалмады. М.Әуезов (жалғасы): "Жоғарыда айтып өткенімдей, әдебиет тарихшысы және жазушы ретінде де 1934 бастап 1947 жылдар аралығында Кенесары тақырыбына қайтып оралғаным жоқ. 1934 жылдан кейінгі өзімнің жеке еңбектерімде Кенесары тақырыбына жолағаным жоқ, алайда, соңғы жылдары ұжымдық еңбектің редакторы ретінде үлкен, аса үлкен қателік жібердім. Әңгіме - 1948 жылы жарияланған "Қазақ әдебиеті тарихының" бірінші томы туралы болып отыр. Мұндағы лиро-эпостар тарауына - "Наурызбай-Ханшайым" және тарихи жырлар тарауына — Кенесары, Наурызбай, Саржан, Ағыбай туралы мақалалар енгізілді. Біріншісін институттың сол кездегі қызметкері Қоңыратбаев, екіншісін — институттың сол кездегі директоры Исмаилов жолдас жазды. Ондағы басты қателік — мақалалар тек мадақтауға тана құрылды. Феодалдық, хандық құрылымның және Кенесары Қасымов пен Наурызбайдың қозғалысын жырлаған бұл жырауларды әспеттей мадақтады, әрине, бұл мақала авторлары Исмаилов пен Қоңыратбаевтың қателіктерін ақтай алмайды. Сол қателіктің үлкен салмағы, әрине, маған тиесілі. Сондай-ақ, оны қолдап рецензия жазған Бәйішев, Дүйсенбаев, Сағындықов жолдастар, құрастыруға қатысқан Сауранбаев пен Мәлік Ғабдуллин де жауапкершілікті бізбен бірге көтеруге тиісті. Сондықтан да, бірінші томның қайта басылымында бұл қателіктерді жою — менің басты парызым екенін мойындаймын. Ал сіздерден: тиісті кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңыз, орынды сындарыңыз арқылы бізге көмектесулеріңізді өтінемін". "Жаздым, жаңылдым" дегізіп алып, дегеніне көндіретін не сөндіретін сталиндік идеодогиялық тәсілдің айла-амалын Мұхтар Әуезов өзгелерден көрі жақсы білетін. Мұндайда С.Мұқанов айтқандай, "құйрығы буырыл тартқан түлкінің бұлаңына" салу да өзін-өзі ақтайтын. Бұл жолы да солай етті. М.Әуезов (жалғасы): "Сөйтіп, өзімнің соңғы уақыттағы қателіктерімді мойындай отырып, ойлана отырып, Кенесары жөніндегі және Кенесарының идеологі, алғашқы насихаттаушылары, тамсана табынушылары болған XІX ғасырдағы ақындар - Досқожа мен Нысамбай туралы әдебиеттерді ақтарып шықтым. Ол ақындар — Кенесарының қозғалысын қостаушылар Кенесары жөніндегі мадақтаулар мен жоқ қаулардан басқа ештеңе жазған жоқ, демек, олар туралы жағымды сөз айту - Кенесары туралы да жақсы пікір білдіру деген сөз. Қазақ авторларының тұтас бір кітап шоғырын қайталап оқығанымда мынаны байқадым: 1939-жылдан бастап 41, 42, 43, 46, 47, 48 және 49-жылдарға дейін шыққан және қазір де пайдаланып жүрген қазақ әдебиетінің тарихы туралы оқулықтарды көптеген еңбектерде, очерктерде, зерттеулерде, мақалаларда, ең аяғы жыл сайын шығып тұратын Жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалардан бір бағытта, шырматыла тізбектеліп, табанды түрде жалғасып келе жатқан жағымсыз бағалар мен қателіктерді аңғардым. Әрине, солардың арасында буржуазиялық-ұлтшыл ұстанымдағы Бекмахановтың кітабі ерекше дара көрінеді. ҚК(б)П Орталық комитеттің 1947 жылғы Тіл және әдебиет институтындағы идеологиялық қателіктер туралы тарихи шешімі Кенесарының жеке басы мен оның орыны жөне оның нөкерлері Досқожа мен Нысамбай ақынның мұралары туралы пайымдауларға өзгеріс әкелмеді. Үнсіз келісімнің негізі бойынша: айтылған сын тек "зар заман" ақындарына ғана тиесілі сияқты көрініп, Кенесары мен оны жырлаушылар сын көзінен қағыс қалды. Сондықтан да, бұл зұлымдықтың тамырын анықтап, зиянын анықтап, оны тамырынан отап тастау үшін жоғарыда аталған еңбектерінің барлығын талқыға салуымыз керек. Одан да ері көз салып, Абайдың және оның шәкірттерінің қателіктерін олардың қайшылығы ретінде қарастыру керек. Мен, 1939-жылғы еңбектерді атап еттім. Мұның қатарына жоғарыда мен атап өткен бірінші томнан басқа (менің редакторлығыммен шыққан): Исмаиылов жолдастың оқулықтары, мақалалары, баяндамалары, профессор Жұмалиевтің 1941 жылдан бастап 42, 43,46, 48, 50-жылдары басылған оқулықтары, Марғұлан жолдастың мақалалары, Мұқанов жолдастың "Очерктер" кітабы, Мұқановтың , Ғабдуллиннің, Кәрібаевтің және Оқу министрінің орынбасары Ә.Шәріповтің қатысуымен жасалған профессор Жұмалиевтің XІX ғасыр әдебиетінің жоғары Оқу орындарына арналған бағдарламалары жатады. Жұмалиевтің 1941-жылдан бері шығып келе жатқан XІX ғасыр әдебиеті бойынша жоғары оқу орындарына арналған бағдарламаларында тек қана Кенесарыны шексіз мақтаған, дәріптеген, жоқтаған пайымдаулар орын алған. Досқожа мен Нысамбайды дәріптеген жоғары бағалар берілген, бұл ақындар туралы жоғарыда: Кенесары жөніндегі мадақтаулар мен жоқтаулардан басқа ештеңе жазған жоқ, демек, олар туралы жағымды сөз айту -Кенесары туралы да жақсы пікір білдіру екендігін айтып өткен болатынмын. Жоғары педагогикалық оқу орындарына және мұғалімдер институтына арналған XІX ғасырдағы Қазақ, әдебиетінің тарихының бағдарламасының 1948 жылғы басылымында тура оның 1941-42 жылғы оқулығында айтылғанындай: "Соңғы ақынның дастанында (әңгіме Нысамбайдың "Кенесары-Наурызбай" дастаны туралы болып отыр) — Кенесары, Наурызбай бастаған көтерілісі дұрыс, өмірлік ШЫІІДЬГҚҚА сәйкес жан-жақты көрсетілген. Наурызбай, Бұқарбай, Бұғыбай, Ағыбай, Ораз сияқты т.б. батырлардың образын эпостық деңгейде ақындық шеберлікпен сомдаған",— деп баға береді. Міне, Нысамбайды дәл осылай сезсіз біржақты, жағымды, әрі жоқтаушы жыршы ретінде суреттейді, демек, ол арқылы Кенесарының да әрекетін әспеттеп отыр. 1949 жылы басылған "Қазақ әдебиеті" атты оқулығының І бөлімінде де автор әзінің осы ұстанымын қостайды. Ол осында 144- бетте Ломоносов, Карамзин және Пушкин жөніндегі Белинскийдің пікіріне сүйене отырып: "Біз Бұқар жырауды жазба әдебиетіміздің басы дегенде, Бұқар жыраудан бастап Абайға дейін үзілмейтін алтын өзек, байланыс бар — деген тұжырымды қуаттаймыз. Егерде Бұқар ең алғашқы атақты ағдын болса, солардан кейін Дулат, Махамбет, Шернияз, Нысамбай, Шортамбай, Мұрат, т.б. жалғасын табады",— деген ақылға симайтын тұжырым айтады. Демек, Абай мен Махамбет феодалдық хандықтың жыршысы Бұқармен, Нысамбаймен, Шортамбаймен, Мұратпен бір қатарға қойылған, зерттеуші үшін бұдан да сорақылығы, бұл пікірлер бұл ақындарды сезсіз реакционер, халық мүддесіне жау ретінде бағалаған ҚК(б)П Орталық комитетінің шешімінен кейін жазылып отырғаны. Бұдан артық барынша шектен шыққан, барынша ғылымға қарсы, маркстік танымға қарсы деп сыналған буржуазиялық бірыңғай сана ағымы теориясымен жазылған пікірдің болуы мүмкін емес. Кенесары мен Нысамбай және басқа да ақындар туралы ең үлкен, ең өрескел қателікті Исмаиылов жолдас жіберді. Турасын айтайын, 30-жылдардың соңынан бастап таяу уақытқа дейін Исмаиылов жолдас езінің мақалаларында, кітаптарында, баяндамаларында Кенесарының ең белсенді насихаттаушысы, әспеттеушісі және жоқтаушысы болын келді. Ол аздай, Кенесарыны әспеттеуде ол халық ақындарына, жазушыларға өте зор ықпалын тигізді. Мұқанов жолдастың "ХҮИІ және XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің очерктері" атты кітабында да өте өрескел қателер көп. Жиырмасыншы жылдары Кенесарыға дұрыс базға беруден бастаған Мұқанов жолдас сондай таңқаларлық әрі түсініксіз себептермен құбылып түсті де, Кенесарының нағыз қарсыластарының жағынан оның нағыз қолдаушыларының жағына өтіп кетті. Енді, тағы бір тарихи шындықпен әділетті қалпына келтіру үшін өзімнің 1934 жылғы жоғарыда аталған "Оқулық" пен "Хрестоматияға" кірген Нысамбай мен Кенесары туралы авторы мен болып табылатын сыни мақалама оралайын. "Хан Кене" пьесамдағы қателіктен кейін сол кездегі талапқа сай кеңес ғалымының ұстанымына көштім. 1934 жылғы XІX және XX ғасыр "Хрестоматиясында": "Нысамбай сол жолды тандап алды және өзінің жырын жоқтауға айналдырды. Бұл жоқтау Нысамбайдың таптық сипаты мен бағытын көрсетеді. Ол өз билігін ханмен бөліскен адам емес. Алайда ол ханның билігінен табылатын ақын. Ол — жұбатушы, көңіл көтеруші, әміршіні халық алдында мадақтап өлең шығарушы ақын. Ол ханның көңілін табуға ұмтылды, үстем таптың жақтаушысы, жыршысы болды",— деп жаздым (11-бет). Ал сол 1934 жылғы Кенесары туралы очеркте: "Айналып келгенде, барлық байлам — Кенесарының жеке хандығын қамтамасыз етуге, таққа отыруға, даңққа жетуге әкеліп тіреді, міне, қандай сәттер болған. Мұны Кенеге жақын батырлар тобы қостаған. Олардың мақсаты — Кенені хан сайлау, сөйтіп өздерінің билігін жүргізу (31-бет). Міне, менің осы пікірім кейін Жұмалиевтің; Оқулығында бірнеше қайталанып сыналды. Жұмалиевтің сол Оқулығының 22-бетіне назар аударуларыңызды сұраймын. Оңда ол кітаптың авторының атын атамастан бағдарлама мен хрестоматиядағы пікірді сынап: "Ол материалдарда көтерілістің халықтық мәні, халықтың тәуелсіздік үшін күресі, халықтың басын қосып, осы көтерілісті ұйымдастырған, бастаған Кенесарының орыны көрсетілмеген, керісінше, қозғалыстың прогрессивті маңызы көмескіленген",— деп жазған. Мұны өзге де авторлар қайталап пайдаланды". Арасында Абайдың ақын шәкірттеріне тоқтала кетіп, содан кейін негізгі тақырыпқа — Кенесарыға қайтып оралған бұл пікірлердің де өз астары болатын. Алдағы "аламан науқанның" ұзақ талқысы тұсында әркім бір бетіне баса бермес үшін "өзін өзі әшкерелеген". Сонымен қатар "идеологиялық майдандағы" жалғыз "жау" болып көрінгісі де келмеген. "Коппен көрген ұлы той" болсын деген пиғыл да қынаң беруі мүмкін. М.Әуезов (жалғасы): "Міне, мен Кенесары мен Нысамбай туралы 1934 жылы жазған соңғы мақаламнан соң 1947-1948 жылдарға шейін, қашан "Қазақ әдебиеті тарихының" бірінші томына редактор болғанша үндемей жүрген кезде осындай да оқиғалар болды. Ал жолдас Жұмалиев Нысанбай туралы тана емес, сонымен катар Бұқар, Шортанбай, әсіресе, Мұрат туралы бұрынғы өрескел қателіктерін ҚА(б)П Орталық комитетінің шешімінен кейін де жалғастырып келеді. Бұл қателіктер мынадан көрінеді, жолдас Жұмалиев жолдас ҚК(б)П Орталық комитетінің шешіміне орай оларды феодализмнің ақындары, қанаушы таптың идеологтары ретінде атай келіп, тікелей әдеби талдауға көшкенде оларды шебер ақын ретінде жоғары бағалап, шығармаларын бірыңғай мақтай жөнеледі. Соңғы оқулығында ол Бұқарды шектен тыс әспеттеп, жыраулардың атасы, жазба әдебиеттің басы деуге дейін барды. Хандықтың бас идеология, феодалдық сарай ақыны жөнінде осындай пікір білдірген. Әрине, Ж.Жұмалиев оқулықтарды құрастырушы ретінде белгілі жөне онымен бұрыннан айналысып келеді. Осы арада оның өте елеулі кемшілігін айтпасқа болмайды. Оның саяси қателіктеріне әділ сын айтсаң, Ж.Жұмалиев сол арада өзгенің қателіктерін термелей жөнеледі. Өзінің қатесін өзгелердің өткендегі қатесімен бүркемелегісі келеді. Басқасын былай қойғанда, осы арада ең бір заңды және түйінді сұрақ туындайды: өзінің кешегі қатерлерін осылай жуғысы келген, өткендегі қателерін мойындаған сол автордың кітабына сілтеме жасадыңыз ба? Ол сілтеме жасаған жоқ. Оны өзінің пікірі ретінде көрсетті. Ендеше сол пікірлер мен қателерді, өзінің кінәсін ашық мойнына алсын. Осы айтылғандардың барлығын - біздің әрқайсымыздың қатеміз бен кемшілігімізді объективті түрде көрсетіп, партия көрсеткен саяси қателерімізді жоюға көмек қолын ұсынып, бағыттап отыратын көпшілік қауым да ескеруі тиіс. Сонымен қатар, партия мен ауқымды да әділ көпшілік қауым кейбір сөйлеушілердің (Мен Тіл және әдебиет институтының қызметкерлері арасындағы пікір таласын айтып отырмын): жеке адамның мардым еңбек жолын жалаң сөзбен келеке етіп, өткендегі жіберген жекелеген қатерлері мен сілтемелерді бетіне шіркеу ете отырып, соңғы жылдардағы қол жеткізген нақты табыстарды мүлдем өшіріп тастағысы келген жойымпаздардың, қайталап айтамын, БК(б)П Орталық комитеті мен "Правда" газеті, Кеңес одағының жалпы көпшілігі қатал сынаған, ниглист Белик сияқты айқайшыл, раппшыл жаңа жойымпаздардың сөздерін байыппен талдап, тиісті шешім шығарады деп ойлаймын. Осы арада езімнің және Жұмалиевтің, әсіресе, оның көпшілікке кең тараған оқулықтарындағы қателерін сынай отырып: Жұмалиевке қарсы ешқандай қызғанышым да, арам ойым да жоқ, өйткені онымен бөлісе алмай жүрген ештеңем жоқ, ол — менің, мен — оның қателіктерін көрсету — міндетіміз — дегім келеді. Пікір таласы болсын, пікір таластыра жүріп, партия, Сталин үйреткендей, шындықтың жолын табайық. Тек принципті, объективті-партиялық, әділ сын, өзара сын болсын. Соны жетекшілікке ала отырын, көпшілік партия-кеңес қауымының күнделікті көмегіне сүйене отырып, біз — зерттеушілер мен жазушылар жас кеңес ғылымы, оның ішінде Қазақстан тарихы мен мәдениет тарихын зерттеу барысында тұйыққа тірелген әдебиеттану саласы осы ауқымды да ауыр жағдайды бұзып шығады және оған міндеттіміз деп есептеймін". Сөзінің соңында Қ.Жұмалиевтің Бұқар жырау туралы пікіріне айтылған сын, екі үлкен ғалымның арасындағы Абайдың ақындық мектебі туралы айтыстары олардың аражігін мүлдем ашып тынды. Тіпті бір-бірін жеккөрінішті етіп көрсетуге дейін барды. Қ.Жұмалиев: "...Кенесарыны, Наурызбайды және басқаларды Алашордашы ақындардың қалай мақтағаны қазақ зиялыларының көпшілігінің есінде шығар. Мұны жоққа шығарудың өзі, ақиқатты бұрмалау болып табылады. Автордың (Е.Бекмахановты айтып отыр - Т.Ж.) мұндай көзқарас ұстанған өзге де әдеби нұсқалар туралы пікірін айтуға болады. Мысалы, "Наурызбай — Қаншайым" мен "Жасауыл қырғыны" дастандары: Қасымовтың ерліктерін паш ету үшін, оның есімін ел есінде мәңгілік қалдыру үшін шығарылған (44-бет) — деп пайымдайды автор. Онда бұл дастандардағы Қасымовтардың бейбіт тұрғындарды қырғынға ұшыратқан, малдарын тартып алған, қорғансыз адамдарды өлтірген заңсыз қылықтары қалай әшкереленбек. Автордың Абай сияқты өзге де аса көрнекті адамдарды өз жағына тарту ниеті байқалады. 49-бетте Бекмаханов: "Кене¬сарының Қазақтың тәуелсіз мемлекетін құруға ұмтылысын жоғары бағалаған Абайдың кеңесімен Көкбай езінің "Абылай мен Кенесары" дастанын жазды",— дейді. Профессор Әуезовтің: Абай Кенесары туралы дастан жазуға тапсырма берді-міс, - деп таратқан аңызын казіргі уақытта жалған мәлімет деп есептеймін, бұрынырақта мен өзімнің кейбір жұмыстарымда мұны дерек ретінде пайдалансам да, қазір оны ешқандай дерекпен расталмаған қауесет деп есептеймін. Алайда бұған Бекмаханов өз жанынан: Абай да жоғары бағалаған — деген аңызды қосып қойды. Мұндай деректік және методологиялық сипаттағы қателіктер Бекмахановтың кітабында өте кеп және бұл Қазақ ССР тарихын жазуда аса принципті мәселе болып табылады. "Правда" газетінің Кенесары Қасымов қозғалысы жөніндегі бағасын мен дұрыс деп есептеймін, онда: "Барлық тарихи деректер Кенесары қозғалысы революцияшыл да, прогресшіл де болмағанын баяндайды. Бұл қазақ халқын кері, патриархалдық-феодалдық тіректің бекуіне, ортағасырлық хандық өкіметтің қайта орнауына, Қазақстанның Ресейден және ұлы орыс халқынан қол үзуіне әкелген реакцияшыл қозғалыс болды",— делінген. Ал біздің әдебиеттанушыларға келетін болсақ, онда оған тарихи тұрғыдан кейбір анықтамалар бере кетуді өзімнің парызым деп есептеймін. Кенесары Қасымов бастаған қозғалыс туралы алғашқы мәселе 1923 жылы "Еңбекші қазақ" газетіндегі жазушы Сәбит Мұқановтың: бұл — феодалдық-хандық, демек, халыққа қарсы және реакциялық көтеріліс,— деген мақаласында көтерілді. Кенесарының көтерілісі туралы пікірді жазушы Әуезов 1933 жылы 7-сыныпка арнаған әдебиет Оқулығында көтерді, бұл көтерілістің феодалдық мәнін жоққа шығармаса да, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов бастаған көтерілісті Кенесарының қозғалысымен қатар тақтаға қойып, олардың арасынан ешқандай айырмашылық көрмеді. Оның үстіне Әуезов 1935 жылы Кенесары жөнінде өте жоғары баға берді. Өзінің теріс көзқарастарын бекіту мақсатында "Хан Кене" пьесасын жазды. Ол Қазақтың академиялық драма театрының сахнасында қойылып, бірінші қойылымнан кейін идеологиялық, тұрғыдан зиянды шығарма ретінде сахнадан алынып тасталды. Бұл пьеса туралы жазушы Мүсірепов 1935 жылы мамыр айында ("Соц.Қазақстан" газетінің бетінде) мақала жариялап, қате және зиянды пьеса деп сынады. Ғ.Мүсірепов: "Ал, бұл хан Кене (яки Кенесары) пьесенің басынан аяғына дейін күшті, қайратты "қиырға көз салған" ер болып суреттелген дедік. Және "қиырға кез салған" ер болып суреттелгенде, ұлтшыл, "қазақшыл", "халықшыл", "отаншыл" ер болын суреттелген. Бұл пьесасында да, бұрынғы пьесалары "Еңлік-Кебек", "Қаракөздердің" сарынымен қазақ елінің ескілігін арман қып, ескі хандардың жұрнағы — "елім" деген ұлдарын, Кене хандардың өлімін, қаһармандығын мұраттаған, жоқтаған пьесесі",— деп (үзінді Ғ.Мүсіреповтің мақаласының қазақша мәтінінен алынды - Т.Ж.) жазды. Міне, Кенесарының бейнесі арқылы автордың неге шақырғаны және оның неге арналғаны, міне, осыдан-ақ аңғарылады... Дулаттар қырғыздармен келісіп алып Қасымның ұлдарын қалдырып кетеді. Бұл, кейбіреулер айтып жүргеніндей, олардың қырғыздарға сатылып кеткендігінде емес, Кенесары қырғыздарды жеңіп кеткен жағдайда Абылайдың тұқымдары өздерін қырғыздың манаптарынан кем ұстамаған болар еді. Міне, ең қиын сәтте дулаттықтардың Қасымның ұлдарын тастап кетуінің себебі осында. Кенесары мен Наурызбайдың өзінің "жақтастарының" көбейтуінің басты сыры - олардың жасағының бағынбағандарға қарсы көрсеткен зорлығы мен қатыгездігінде. Кенесары мен Наурызбай бастаған көтерілістің беделін Исатай мен Махамбеттің көтерілісімен еш салыстыруға келмейді. Халық Кенесарыға езінің қорғаушысы деп емес: Баласы Абылайдың Қасым туған, Туғаннан-ақ өзгеден асып туған. Туғанда анасынан қан шеңгелдеп, Қызартып екі көзін ашып туған, — қанішер деп қарады. Міне, мен Кенесары Қасымов пен оның серіктерінің; қозғалысын 1937-38 жылдары осылай бағалағанын және бұл қозғалыс жөніндегі бүгінгі бағамен қайшы келмейді. Бұл мәселе жөніндегі талас 1940 жылы қайта қозғалды. Газет, журналдардың бетінде Қасымовтың қозғалысы жөніндегі менің пікіріме қарсы Төлешев, Бекхожин, Исмаиылов, Бекмаханов т.б. жолдастар сын пікірлер білдірді. Жұмалиев пен Мұқановқа қарсы өткір сындар айтылды. "Социалистік Қазақстан" газетінің 1940 жылғы 16-қаңтар күнгі санында жоғарыда көрсетілген "Махамбеттің өлеңдері" атты жинақ туралы Төлешев жолдастың мақаласы жарияланып, менің Кенесары туралы пікірлерімді сынға алды. "Жұмалиев Кенесарының көтерілісі туралы мүлдем теріс пікір білдірген. Жұмалиев: "Кенесары еңбекші тапты қанаушылардың бірі",— деп есептейді, ал Шестаков оны: "Бұқараның бақыты үшін күрескен...",— дей келіп Телешев Шестаковтың беделіне сүйеніп: "Өзінің халқының бақыты үшін және азаттығы үшін күрескен адамды қанішер деуге Жұмалиевтің қандай қақысы бар еді",— деп ашуланды. Төлешевтен кейін іле "Әдебиет және искусство" журналының 1941 жылғы N 5 санында ақын Бекхожиннің мақаласы шықты, оның өзі де Наурызбай мен Кенесарының ерліктерін мадақтаған "Сабалақ" жөне "Батыр Науан" дастандарының авторы болып табылады. Ол да менің Кенесарыға берген бағамды сынап: "Қажым Жұмалиевтің басты қателігі сол, ол: Исатай мен Кенесары қозғалысының қозғаушы күштері мүлдем басқа. Исатайдың қозғалысы халық мүддесінен туды, ал Кенесарының қозғалысы халыққа жат еді,— деп пайымдауында" — дейді де, бұдан әрі: Кенесары мен Наурызбай және басқа батырлар халықтың адал ұлдары болды, олар өз отанының патриоты еді,— деп баяндайды. Кенесарының барып тұрған қорғаушысы Исмаиыловтың, содан кейін Кенжебаевтің және басқалардың көптеген пікірлеріне бұл арада тоқталып жатпаймын. Исмаиыловтың Кенесары үшін жан алып, жан беретін күрескер екенін, оның меншікті қорғаушысы, хан тұқымдарының тұрақты дәріптеушісі екенін қазақстандық барлық қауым біледі. Сондықтан да ол туралы артық өре жайылғым келмейді. Бекмахановқа келетін болсақ, ол нағыз кенесарышыл ретінде, маған үнемі қарсы шығып, үнемі нақты дәлелі жоқ, қисынға қиыспайтын, тек бос сөзге құрылған, ешқандай айғақсыз ақылдымсыған сын айтумен болды. Ақылға симаса да бұл шындық. 1940-жылдан бастап менің атыма бағытталған сыни пікірлерінің кейбіреулері тіпті мына кітапта да жүр. Тағы бір мақаласында менің: Кенесары мен Наурызбай туралы халық дастандарында басты кейіпкер ретінде суреттелсе де, үнемі жағымсыз жағынан көрсетіледі,— деген пікіріме Бекмаханов өре түрегеліп, бастырмалата жөнеліпті... Кейбір әдебиеттанушылардың осы уақытқа дейін Кенесарыны мақтау мен айналысып келе жатқанын айтуға тиіспін. Оған мысал ретінде, 1948 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының атынан тікелей М.Әуезовтің жетекшілігімен жарық көрген "Қазақ әдебиеті тарихының" І томын алуға болады, методологиялық жағынан зиянды бұл еңбекте Маррдың маркстік танымға қарсы көзқарасы, Радлов, Диваев т.б. буржуазияшыл ғалымдардың қате тұжырымдары орын алған, сондай-ақ Кенесары мен оның серіктестері дәріптеледі, Кенесары туралы дастанды халықтық дастан деп жалған көрсетеді. Мәселен, 311-бетте: "XІX ғасырдың екінші жартысындағы ұлттық тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының аса үлкен күресі -Кенесары Қасымов бастаған халықтық көтеріліс",— деп жазылған. Сондықтан да Әуезовтің редакциясымен жарық керген бұл том - Бекмахановтың саяси зиянкес кітабімен қатар тұрады. Орталық комитеттің шешімімен бұл кітап шұғыл түрде талқыға салынып, қайта қарауды қажет етеді. Өйткені бұл том шағында кеңес студенттерінің оқулығы болып саналатындықтан да, іс жүзінде оларды бізге жат рухта тәрбиелейтін болады. Кенесарыны әспеттеудің және әдебиеттанудағы одан да басқа ұлтшыл идеялардың түпнұсқалық қазығы - М.Әуезов болып табылады. Оның 1932 жылға дейінгі әрекетін айтпағанның өзінде, ол бұл идеяны 1933 жылдан қазіргі күнге дейін жүргізіп келеді. Жолдастар, "Правдадағы" мақаладан кейін Кенесары туралы өзінің зиянды ұстанымын жалғастырып келе жатқан М.Әуезовтің әрекетін аса өрескел саяси қателік деп есептеймін. Таяуда ғана, 1951 жылы 7-көкек күні Қазақ ССР ғылым академиясының қоғамтану ғылымдары институттарының біріккен ғылыми Кеңесінде Мұхамедхановтың қорғауы болды, онда Абайдың ақындық мектебі және Кенесарыға катысты көптеген мәселелер талқыланды. "Кімді Абайдың шәкірті деп танимыз?",- деген мәселе кеңінен қозғалды... Әуезов сонда Көкбайдың "Кенесары — Наурызбай" дастанын Абай мектебінің үздік өкілінің шығармасы ретінде атап өтті... Дастанда Наурызбай кімді өлтіреді? Орыстарды. Кімнің қаласын өртке орайды? Орыстардың. Көкбай Кенесарыны неге мадақтайды? Бір жолда 99 өзбекті өлтіргені үшін. Қасымовтарды ақын не үшін мақтайды? Қырғыз бен қазақ елінің бейбіт тұрғындарын қатыгездікпен, аяусыз қырғаны үшін. Міне, Әуезов кімді Абайдың шәкірті, халық ақыны деп есептейді. Әуезовтің бұл пікірімен келісеміз бе, Әрине, жоқ...".

Бұл ретте осыдан төрт жыл бұрын М.Әуезовтің Қ.Жұмалиевке қарата: "Өзінің таңдап алған саласындағы пайымды, табанды ғылыми-зерттеу бағытындағы ізденістерінің нәтижесінде Қ.Ж.Жұмалиев қазақ орта мектептеріне арнап бірқатар оқулықтар жазды. Солардың ішіндегі әдебиет теориясы туралы, XІX ғасырдағы әдебиет тарихы туралы Оқулықтары толық орта мектептерге арналған негізгі Оқу құралы болып табылады. Жұмалиев жолдас 1943 жылдан бастап жоғары Оқу орындарына арналған "Қазақ әдебиеті тарихының" көп томдығының аса жауапты тарауын ("Қазақтың батырлық эпостары" туралы) жазуға табанды түрде атсалысып келеді. Қ.Жұмалиев жолдас жазған "Эпос туралы" тарау аталған "Тарихтың" фольклор жөніндегі І томына енді. Сонымен қатар соңғы жылдары Жұмалиев жолдас "Абай поэзиясының тілі" атты диссертациялық тақырыбын игерумен жүйелі түрде айналысты. Ғылым үшін аса маңызды осындай қиын да игілікті істі ұзақ жылдар бойы жүйелі зерттеудің нәтижесінде тақырыпты сәтті игеріп шыққан автор өзінің толысқан ғалым екенін таныпты",— деген сөзі еске түседі. Сондағы шынайы пікір, шын тілек, тілеген ақ жол қайда қалды? Осыдан бір жыл бұрын ғана сондай жылылықпен жазылған: "... Жолдас Қажым! Қазақ әдебиет тарихының екінші томына арнап жазған Махамбет, Шернияз, Ыбырай турасындағы еңбектеріңіз, жалпы алғанда, жаңа томның көрнекті, ірі бөлімдерінің; бірі боп бағаланады. Көлем жағынан да, сапа жағынан да томға елеулі еңбек қосқан автордың алдыңғы қатардағы бірі деп бағалаймыз. Еткен еңбегіңізді осылай өз салмағымен, орнымен атаудың үстіне, енді осы бөлімдер және де армансыз бола түсу үшін өр тақырып туралы бірнеше тілек-талаптар айтпақшымыз",— деген "өкпеге қиса да, өлімге қимайтын" қазақы ағайындықты Қ.Жұмалиевтің төмендегі сөзінен аңғару қиын. Қ.Жұмалиев: "Осы мәжілістегі М.О.Әуезовтің сөзіне келетін болсақ, ол мені де, қатысып отырғандарды да қанағаттандырған жоқ. Турасын айтайын, Кенесарыға байланысты мәселеде өрескел саяси қате жібергендерге екі-ақ жол қалды: біріншісі - Большевиктік турашылдықпен өзінің қателіктерін мойындап, оны түзету, ал екінші жол — езінің сорлы менмендігінің тұтқынында қалып, жеккөрінішті қорқау кейпінде қалу" (сонда). Бұдан басқа, үшінші жол бар болатын. Осы тартыстың нәтижесі бойынша: М.Әуезов — Қ.Жұмалиев емеуірін еткен "сорлы менмендігінің тұтқынында, жек көрінішті қорқау кейпіңде қалып" қоймай, оның өзі сияқты жиырма бес жылға жер аударылып кете баруы да мүмкін еді. Қ.Жұмалиев те "қарызданып қалмай" "Абай жолы" романы арқылы М.Әуезовтің "ұлтшылдығын әшкерелегені" редакция алқасына ұнап қалса керек: "Шығып сөйлеген профессор X. Жұмалиев жолдастың сөзі әрі мазмұнды, әрі ғылыми дәлелді болды. Ол Кенесары-Наурызбай қозғалысына байланысты әдебиет зерттеу еңбектеріндегі қателіктердің туу себептерін айта келіп, Бекмаханов, Әуезов, Исмаилов жолдастарды батыл сынады. — Профессор Әуезовтің Абай мектебінің көрнекті екілі деп жүрген Кәкібайы қазақ халқының зұлым жауы Кенесары мен Наурызбайды мадақтап поэма жазған. Сондай-ақ Әуезовтің Абай шәкірттері деп жүрген кейбір ақындары қазақ халқының дана ақыны Абайдың шәкірті деп айтуға татымайды,- деді X. Жұмалиев жолдас",— деп іштарта көрсетті. Тістескен тамырлар бір-бірін улап барып, ажырасты. Олардың бұл шарпысуларынан ғылыми таластан гөрі пенделік салғыласу басым түсіп жатты. Оны тарихшы Т.Т.Шойынбаев айтқан мына дерек те растайды. Сол бір арбасқан күндері қызметтен қуылған Қ.Жұмалиев қаражаттан қысылып, үйіндегі аппақ жиһазын несие дүкеніне өткізеді. Дүкеннің терезесінен соны көзі шалып қалған қаламгер: "Ә, солай ма екен?",— деп еркін тыныс алыпты. Т.Т.Шойынбаев тандана: "Сіздердің дұшпандықтарыңыз осындай ма еді?",— деген сұрағына: "Қайдан білейін, қырындап қоймаушы еді",— депті де бұрылып кетіпті. Осы дикуссияның жай-жапсарын "Лениншіл жас" газетінің 1951 жылғы 4 көкектегі редакциялық мақаласы халыққа былай жеткізді: "Е.Бекмахановтың кітабындағы ең елеулі кемшіліктердің бірі сол — деді сөйлеушілер, — Бекмаханов мәселені XІX ғасырдың бірінші жартысында Орта азия мен Қазақстанда қалыптасқан саяси жағдайға байланыстырмай, бөлек алын қарайды. Бұл мынадан көрінеді: кітапта Кенесарының Россияға қарсы күресіне орта азиялық хандардың (Қоқанның, Бұқараның, Хиваның) ерекше мүдделі екенді, орта азиялық хандардың саясаты ез алдына Қазақстанның Россияға қосылуын кідірту сияқты негізгі міндет қойғаны, мұның езі ағылшын отаршыларының мүдделеріне толық сәйкес келгендігі мүлдем айтылмайды. В.И.Ленин өзінің бірқатар еңбектерінде XІX ғасырдың 20-40 жылдарында, бұдан кейінгі уақытта да, Англияның "бүкіл дүниежүзінің мастерскойының шикі материалдарымен айырбас ретінде оны жабдықтап отыруға тиісті барлық елдерге фабрикаттар жеткізушінің ролін дәмеленіп талап етіп келгенін" көрсеткен болатын. Ағылшын отаршыларының дүниежүзілік үстемдікке, шығыс халықтарын құл етуге осылай ұмтылуы Орта Азия мен Қазақстанды және оларға жапсарлас аудандарды барлаудың саяси сыпаты бар сансыз көп экспедицияларында айқын көрінді. Мәселен, 1825 жылы ағылшын шпиондары Муркрофт және Требек Бұхарада болған, 1833 жылы Берне, 1836 жылы - Берне, Вуд және Лич Амударияға дейін жеткен, 1842 жылы — Стандарт және Конноли Бұхараға еніп кеткен. Осы жылдарда ағылшын агенттері Хива мен Қоқанда аз болған жоқ. Ағылшындар Кабулда, Гератта және Кандагарда резиденттер (өкілдер) ұстаған, олардың Орта Азия мен Қазақстанда толып жатқан шпиондық орындары болған. Орта азиялық хандар шын мәнісінде ағылшын отаршыларының тура агенттері болды. Ағылшын отаршылары Россияға қарсы күресу үшін хандарды қару-жарақпен, оқ-дәрімен және ақшамен жабдықтап отырды. Хиваның ханы өзін "Хорезмнің ұлы шахы" деп жариялап, Орта Азия мен Қазақстанның халықтарын бағындыруға тырысты, мұның өзі оның тасасындағы Англияның пайдасы үшін істелген еді. Бұл кезде Кенесары не істеді? Ол Хивадан қару-жарақ алды. Қару-жарақ, әрине, ағылшындікі. Ол Хиваға сыйлық ретінде орыс тұтқындарын жіберіп отырды. Хиваның базарларында оларды құлдыққа, казак, қыздарын күндікке сатты, еңбекші қазақ халқыңа тартып алған малдарды сатты. Бұл фактілер Кенесарының Хива ханы жөнінде және оны жақтаушы ағылшындар жөнінде көзқарасының қандай екендігін жеткілікті мөлшерде айқын көрсетеді. Орта Азиялық хандар арқылы буржуазиялық саясатын жүзеге асырмақшы болған ағылшын отаршыларына қазақ халқының көзқарасы мүлдем басқаша болды. Бұл жөнінде мынандай мысалдарға тана сүйену де жеткілікті. 1840 жылы ағылшын резиденті Аббот қарулы отрядымен Адай уезінде пайда болған кезде, оның қолындағы Хива ханынан алған бұйрықта хан: адайлық қазақтар оның өз өкілі - Абботқа бағынсын, - деп көрсеткен кезде, адайлық қазақтар Абботқа шабуыл жасап, оның отрядын талқандап жіберген. Бұл факті еңбекші қазақ бұқарасының Қазақстанды Россияға қосу мәселесіне, ағылшындардың Қазақстанды басып алу әрекеттеріне қалай қарағандығын ыспаттамай ма? Адал ниетпен зерттеген кісілер мұндай фактілердің талайын таба алады. XІX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдайды талдағанда ағылшындардың және олардың агенттері – орта Азиялық хандардың нағыз реакциялық және басқыншылық өрескел жоспарлары қандай екендігі, ағылшын капитализмнің саясаты Орта Азия мен Қазақстанның халықтарына не әкелетіндігі айқын көрінеді. Бұл талдау сол уақыттың өзінде-ақ Россия мен Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени байланыстары қаншалықты күшті және баянды екендігін, Қазақстанды Россияға қосудың тарихи маңызы қаншалықты терең прогресшіл екендігін көрсетеді. Әрине, мынадай факті тегін емес. 1846 жылы, Кенесары тонаушылық, зорлық істерін жүргізе беру үшін ұлы жүзге көшіп барып, қырғыз халқына шабуыл даярлаған кездің өзінде, ұлы жүздің қазақтары Россияның қол астында болуды ықтиярымен қабылдаған болатын. Сөйлеушілердің кейбіреулері кептеген нақты материалдарға сүйене отырып, Бекмахановтың тарихты бұрмалағанын, біржақты қортынды шығару үшін фактілер мен тарихи документтерді әдейі келтіргенін көрсетті. Профессор Покровский езінің сөзінде мынадай орынды мысал келтірді: Е.Бекмаханов өз кітабының 179-бетінде Кенесарының Орынбор губернаторына жазған хатын келтірген. Осы үлкен хаттан ол мынадай жалғыз сөйлемді алған: "Қазіргі бастықтар, ұлықтың күш-қуатын таратуды ойлап, жерді өлшеуде, бекіністер салуда, сөйтіп, халықтың мазасын кетіруде". "Халықтың мазасын кетіруде" — деген сөзді сылтауратып Бекмаханов Кенесары бейне бір халықтың қамын жеді,- деп дәлелдейді. Ол әлгі хаттың басқа сөздерін қалдырып қойған. Бұл тегін емес, өйткені, документте онан әрі қарай мүлде басқаша сөздер айтылады. "Бастықтарға қарсы келе алмаймын, қарсы тұрғым келмейді,— деп жазады онан әрі Кенесары, — және қазірдің өзінде бекіністер салынған жерлерді сұрамаймын. Егер сіз ұлықтан — императордан біздің атамыздан қалған мұра бойынша маған тиісті Торғай, Ұлытау, Сарытау сияқты жерлерді, Есіл-Нұраның ар жағын сұрап алған болсаңыз, онда ұлық-император туралы дұға оқуға көндірген болар едіңіз. Бұл жөнінде жоғары бастықтардан қаншалықты сұрасам да, бірақ олар ешуақытта тыңдаған жоқ. Сіз осы уақытқа дейін маған қайрымды жақсы ниетте болып келгендіктен, ендігі жерде маған осы қайрымдылықты езіңіз ара түсу арқылы әперерсіз деп сенемін". Сонымен, хаттың келтірілген тексті Бекмаханов үзіп алған сөйлемді, дәлел ретінде келтірген Кенесарының "халық сүйгіштігін" жоққа шығарып отыр. Архив материалдарын бір жақты пайдаланудың осындай фактілері жалғыз-жарым емес". Күнделікті баспасөздердегі даурықпаны былай қойғанда ой қорытып жазуға мүмкіндігі бар журналдық мақалалардың өзінде жоғарыдағы мазмұндағы сөздер қайталанып, астарланып, жұмырланып, саяси-идеологиялық жақтан салмақтанып үзбей жарияланып жатты.

V ТАРАУ: "ХАНДАРДЫҢ ЖОҚТАУШЫЛАРЫ" КІМДЕР?

Жоғарыда аты аталған, Кенесары мен кенесарышыларға қарсы майданның бас жауынгері және ол пікірінен көзі жұмылғанша кайтпаған, "Правданың" Қазақстандағы меншікті тілшісі А.Черниченкоға идея беріп және соны бір жын бойы қадағалап, табыспен жүзеге асырған Т.Шойынбаевтың "Кенесары Қасымов қозғалысының феодалдық-монархиялық сипаты туралы" мақаласы ("Социалистік Қазақстан", 1951 жыл, 27 маусым) жарияланып, онда қазақы қылмыстарды былай қойып, Кенесарыны ағылшынның шпионы, Е.Бекмахановты солардың жансызы етіп шығарды. Дәлірек айтсақ, онда: "Дәл осы кезде Англияның дүниеге үстем болуға ұмтылуы шектен тыс еді, оның бұл басқыншылығы бірқатар Шығыс елдерін құлдап алғанынан, Орта Азияға, Қазақстанға, Шығыстың басқа аудандарына көп барлаушылар мен экспедициялар жібергенінен айқын көрінеді. Кабулда, Ғиратта, Кандағарда ағылшын шпиондарының орталығы құрылды. Сол кездегі архивтегі материал: "ағылшындардың қырғыздарға (қазақтарға) да баса көктеп келе жатқанын" баяндайды. Кенесары қозғалысының ақыры жақындаған кездің өзінде, қырғыз халқына қарсы агрессиялық соғыс әзірлеп, өз жағына үш жүздің сұлтандарын тартуға тырысып, орыс халқы мен қазақ халқын біріне-бірін қарсы қоюдағы өзінің сүйген әдісіне қайта оралды. Сонда ол сұлтандар мен билерге үндеуінде былай деп жазады: "Сіздердің хұзырларыңызға мәлім болсын, Алланың әмірімен, кәпірдің қысымымен кіші жүз бен орта жүзден көшіп, ұлы жүздің Шу, Іле төңірегіндегі жерлеріне келдік. Біз ата-бабамыздың замандарынан бері сіздердің ру басыларыңыз болып келдік. Сіздер қашанда біздің айтқанымыздан шықпай келдіңіздер, сол үшін сұлтандар да сіздерді өзіне қосылуға шақырып, "көпірлерге" (орыстарға) қарсы күресуге шақырды". Міне, осындай орыс, қазақ, қырғыз халықтарының қас дұшпаны Кенесары қозғалысы шектен тыс мадақталып, жалған тарихшы Бекмаханов бұл бүліншілік әрекетті "қалың бұқараны саяси тәрбиелеудің тамаша мектебі" деп жариялады. Орыс патшасы қазақ бұқарасының үнін өшіріп, қанап бақты, бірақ осылай бола тұрса да, Кенесары, егерде патшалық үкімет оның барлық хандық артықшылық халдерін сақтауға кепіл болса, онда қазақ халқын талау үшін Кенесарының патшалық үкіметті де итаршысы болуға даяр екендігі белгілі еді",—деп атап көрсетті. Бұдан соң сол тұстағы жазушы-драматург әрі тарихшы Мұсатай Ақынжанов та шет қалмады. Шет қала алмайтын да. Сондықтан да ол "Әдебиет және искусство" журналының 1951 жылғы N6 санында "Қазақстан тарихындағы буржуазияшыл ұлтшылдыққа қарсы" мақаласын жариялады. Мұнда тек қазақы тарихи тәпсірленді: "Соғыс кезінде совет тарихшыларының едәуірі Отан қорғау жұмысына атсалысып жүрген кезде, Е.Бекмаханов әлдеқашан тарихтан алынып тасталынған содырлы Кенесары Қасымовты "тірілтіп", жат пікірді қайта соныламақ болды. Бірақ оның бұл әрекетін Қазақстан жұртшылығы өте суық қабылдады. Орталық партия комитетінің ортаны "Правда" Бекмахановтың ұстаған жолының қате екенін, бағытының буржуазияшыл-ұлтшылдық екенін әшкереледі. ... Жұртшылыққа белгілі Қазақстанда XІX ғасырдың алғашқы жарымындағы үстем тап — "ақсүйектер" мен бай-феодалдар болған. Олардың өздерінше "ақ сүйектік және дворяндық ұлт мәселесі" болды. Қазақ "ақсүйектері" Қазақстан Россияға қосылғаннан кейін хандар тұсындағы артықшылығы мен құдіреттілігінен айырылды. Сондықтан олар Қазақстанды орыс мемлекетінен бөліп алуды тіледі. Мұнысымен олар қазақ елінің басына хандарды — "ақсүйектерді" қонысы келді. Сөйтіп қазақ халқының тағдырын хандарға тапсыруға тырысты. Міне, осыны Сталин жолдас феодалдық-монархиялық "ұлтшылдық" деп атайды. ... Хандық үкіметтің жойылуы қазақ халқы үшін, сөз жоқ, жеңілдік болды. Өйткені Маркстың айтуынша 700-800 жылға созылған Шыңғыс хан тұқымдарының "жексұрын қансоқталығына" аз да болса тиым салынатын еді. Әрине, оны орыс патшасы қазақ еңбекшілеріне жаны ашығандықтан емес, өз құлқы үшін, хансыз қазақ елін чиновниктер арқылы жеке билеп, жеке қанау үшін істеді. Солай бола тұрса да, бұл бір адым ілгері басқандық еді. Өйткені екі қанаушының бірі, әсіресе, 800 жылға созылған "жексұрын қансоқталық" кемитін еді. Екіншіден, ортағасырлық хандық, құрылыс қазақ ішіне капитализмнің кіруін бөгеп, экономикада натуралдық қалыпты сақтап отыратын еді. Сондықтан хандық институтының жоғалуы қазақ халқы үшін дұрыс қадам болды. Қазақ халқының Кенесары соңына ермей, Россиямен бірге болуды тілеуінің тарихи зор мәні бар еді: 1) Кенесарыға еріп кеткенде, қазақ еңбекшілері орта ғасырдың шырмауында, қол-аяғын жаза алмай отырған, қаусаған шірік хандықтардың біреуіне тәуелді болып, ақыры ағылшын жыртқыштарының құлдығына түсетін еді. 2) Қазақ елінің быт-шыт болып төзу қаупі болды. Өйткені, Кіші жүз қай жағынан болса да Россиямен біріккен. Ол, сөз жоқ, одан айырылмайтын еді. Олай болса, тұтас қазақ елі бірнеше хандықтарға бөлініп, Қытайдың, Орта Азия хандықтарының, Россияның қол астына бытырап кетіп, халықтығынан айрылатын еді. 3) Шаруашылық тұрмыс құру жөнінен шығыс хандықтары қазақ халқының отырықшылануына, егіншілік кәсібіне айналысуына жол бермейтін еді. Өйткені, оның өзі ескі ортағасырлық тұрмыста болды. Ал бұл кезде қазақ елінің ұлы жүзден басқасында Россияға қосылу арқылы егін, отырықшылық, сауда қатынасы күшейді. 4) Россия тек патшалық Россия емес еді, халықтық-бұқаралық Россия да бар болатын. Орыстық халықтық-бұқаралық мәдениеті де есті. Бұқаралық Россия өзімен отырған елдердің болашақ Абай, Ыбырай, Шоқандарын туғызуға әсер етіп отырды. ... Кенесары генерал Горчаковка жазған бір хатында: "Орта жүзден кетіп барамын, өйткені бастықтардан да, қол астында отырған халықтардан да ешбір мейірім таппадым, бәрі де жаулық етеді",— деп мойындаған. Бұдан шығатын қорытынды: Кенесары Орта жүзге сия алмай, халық қаһарына қарсы тұра алмай, зытып отырған. Бірақ, оның Орта жүзден, Кіші жүзге ауысуы тегін емес. Өзінің ескі достары Хиуа, Бұқар хандықтарына жақындап көмек алу болған. Өйткені, ол орыс патшасына қарсы халықтық азаттық күресіне басшылық етем десе, сол кезде шыңына жеткен нағыз халық қозғалысы Исатай — Махамбеттің күресіне қосылуы керек еді. Керісінше, ол — отан жау болған. Жаппастың ішінде Наурызбай тобы Махамбетке қарсы оқ атқан. Ал оның керісінше ел талаушы Жанғожамен бірігіп кеткен. Жанғожа екеуі тізе қосып алып, бейбіт өмір сүріп отырған қазақ ауылдарын Созақ, Сайрам қалаларын шапқыншылыққа ұшыратқан. Кенесары Кіші жүздің жеріне келіп орналасқаннан кейін өзінің "әскери күшін" молайтып алу үшін неше түрлі сұмдық айла-амалдар істеген. Орынбордың генерал-губернаторы Перовскиймен, Хиуа, Қоқан хандығымен Жанғожа Нұрмағамбетұлы сықылды ел тонаушылармен жақсы қарым-қатынас жасаған. Перовскийге жазған бір хатында:"Бастықтарға қарсы келе алмаймын, қарсы тұрғым да келмейді...",— деп жағымпаздана келіп, осы келіп отырған жерінен қозғамауын тілейді",— баян етті. Дәл осы мақаладағы тарихи шындыққа жақын пікір — егер сол тұстағы саяси, шекаралық құрылым сақталып қалса, онда қазақ халқы телімденіп, үшке бөлініп, құрып кетеді — пікір. Бұл қауіп, қашан "Алашорда" көсемдері 1920 жылы тамызда Қазақстанның бүгінгі территориясын анықтап, Ленин қол қойғанға дейін төніп тұрды. Ал Кенесарының рухани саладағы келтірген кесірі "Әдебиет және искусство" басылымының 1951 жылғы N 8 санындағы "Әдебиетіміздің идеялығы үшін" атты редакциялық бас мақалада әшкереленді. Онда: "Көркем әдебиетіміздің өркендеу жолында қолымыз жеткен осындай табыстарды айтумен қатар, біз бұл салада соңғы уақытқа дейін орын алып келген идеологиялық бұрмалаушылықтарды, өрескел қателіктер мен елеулі кемшіліктерді де ешбір жасыра алмаймыз. Өткен жылдың декабрінде "Правда" газетінде жарияланған "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген мақала және бұл мақалаға байланысты Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің осы жылғы 10 апрельдегі қаулысы жалған тарихшы Бекмахановтың "Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында" деген кітабында Қазақстан тарихы мәселелерін буржуазиялық-ұлтшылдық тұрғыдан баяндағанын, халық бұқарасының қас дұшпаны сұлтан Кенесарының феодалдық-монархиялық қозғалысын "халықтық", "бостандық" қозғалысы болып еді деп дәріптегенін әшкереледі. Бұл мәселені талқылау үстінде Қазақстанның кейбір тарихшыларының еңбектерінде ғана емес, сонымен қатар кейбір әдебиетшілері мен ақын-жазушыларының кітаптарында да буржуазиялық-ұлтшылдық бұрмалаушылықтардың, өрескел саяси қателіктердің орын алып келгендігі анықталды. Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің 1947 жылғы "Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл және Әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы" қаулысында, әдебиетшілер Е.Исмаиылов пен Х.Жұмалиевтің буржуазиялық-ұлтшылдық бағыттағы қателері атап көрсетілгеніне қарамастан, бұлар өздері жөнінде болған қатаң сындар мен ескертулерден сабақ ала білмеді, соңғы кезге дейін олар әдеби зерттеулерінде, мақалаларында Кенесары мен Наурызбайды жер-көкке сыйғызбай дәріптеумен болды, халықтың бұл дұшпандарын мақтап өлең жазған хан маңындағы ақындар мен жыршылардың зиянды шығармаларын барынша насихаттап, оларға оқу кітаптарынан, оқу программаларынан, әдебиет тарихына арналған еңбектерден кең орын беріп отырды. Жазушы М. Әуезов Қазақ әдебиеті тарихының бірінші томында, "Хан Кене" деген арнаулы пьесасында Кенесары мен Наурызбайды, олардың маңындағы феодалдарды үнемі мақтау мен, оларды бұқараның "көсемдері" етіп көрсетумен болды. Қазақстан Жазушылар Одағының председателі С.Мұқанов та сұлтан Кенесарыны дәріптеушілердің буржуазиялық-ұлтшылдық пікірлеріне кезінде тойтарыс берудің орнына, қайта ондай зиянды пікірлерді өзі қостап отырды. БК(б)П Орталық комитетінің ортаны "Правда" газеті осы жылғы 2-июльдегі "Әдебиеттегі идеологиялық бұрмалаушылықтарға қарсы" деген редакциялық мақаласында және 16-июльдегі "Совет әдебиетінің маңызды міндеті" деген бас мақаласында кейбір жазушылар мен ақындардың шығармаларынан ұлтшылдықтың сарқыншағы байқалатынын көрсетті, бұл жөнінде ақын В. Сосюраның "Украинаны сүй" деген ұлтшылдық сарында жазылған өлеңін мысалға алды. Ұлтшылдықтың мәнісі,- деп жазды "Правда" — оқшаулануға және ұлттықтар өрісті шеңберде томаға тұйықтануға тырысушылықта, Совет Одағындағы ұлттардың еңбекшілерін жақындастыратын жөне біріктіретін істерді көрмеушілікте екені мәлім. Қазіргі заманның тақырыптарынан қашықтап, алыста еткен заманға бой ұру, ескілікті дәріптеу — ұлтшылдықтың жеке жазушыларда кездесетін ерекше бір түрі",— деп атап өтілді. Кенесары туралы дау-дамай мен жаулық іздеу мұнымен де тоқтамады. Қазақстан Компартиясы бұл кезде үлкен саяси қарар дайындап үлгерді. Тарихшы Ә.Тәкеновтің мағлұматы бойынша: "1951 жылы 14-тамызда ҚК(б)П Орталық комитеті "Қазақстан совет жазушылары Одағы жұмысындағы ірі қателіктер мен кемшіліктер және оларды жою шаралары туралы" қаулы алды. Тек 1951 жылдың көкек-қазан айлары аралығында 30 пьеса мен 174 ән текстері репертуардан шығарылды". Тарихта көркем шығарманың сотталған жайлары кездескен, ал әннің сотталуы тек кеңес тұсында ғана орын алды. Сол әндердің сазы қалғанымен де, сөздері уақытпен бірге тылсымға сіңіп кетті. Ұмытылды. Оның өзі жеке бір дербес әңгіме. Міне, осы "Жазушылар Одағының жұмысындағы ірі қателіктер мен кемшіліктерге және оларды жою шараларына" байланысты 1951 жылы 24-тамызда Орталық комитеттің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов қатысқан Жазушылар Одағының қалалық жиналысы өтті. Оны қалалық партия комитеттің хатшысы Т.Ысқақов басқарып отырды. Одақтың төрағасы С.Мұқанов "Қазақстан Жазушылар одағындағы өрескел қателер мен кемшіліктер туралы және Қазақстан К(б)П Орталық комитеті бюросының 1951 жылғы 14-тамыздағы қарарына байланысты міндеттер" атты баяндама жасады. Екі-үш ауыз сөзбен әдебиет жетістіктеріне жеделдете тоқталып, сол бір қызық өңеш кезеңнің дәстүріне сәйкес бірден саяси-идеологиялық әшкерелеуге көшті. Әрине, тағы да "дәстүр бойынша" алдымен Мұхтар Әуезов және оның "Хан Кенесі" нысанаға алыңды. Қара дауылдың демімен "үш бәйтерек" бірін-бірі тағы да тамырларын солқылдата ырғады. С.Мұқанов : "Алайда қазақ совет әдебиетінде, сондай-ақ кейбір жеке ақын-жазушылардың творчествосында өрескел саяси қателер, бүгінгі өміріміздің шындығын бұрмалау, совет халқының мүддесіне зиянды ұлтшылдық сарындар орын алып келді. Қазақтың көптеген ақын-жазушылары ездерінің шығармаларында қазақ халқы мен орыс халқының қас жауы султан Кенесары Қасымовтың монархиялық, керітартпа бағыттағы көтерілісін ұлт-азаттық жолында болған күрес деп дәріптеді. Жазушы Мұхтар Әуезов бір кезде "Хан Кене" атты пьеса жазып, онда қанішер Кенесарының бауырлас қырғыз халқына жасаған зұлымдығын, жыртқыштығын оның ерлігі етіп көрсетті. Сөйтіп, бұл зиянды шығарманы жазу арқылы жазушы Мұхтар Әуезов султан Кенесары Қасымовты дәріптеумен тынбады, ол жүздері жарасқан бауырлас Қазақ, қырғыз халықтарының достығын бұрмалап, олардың арасында ұлт араздығын қоздыруға әрекеттенді. Бірақ, Октябрь революциясы арқылы қайта туған, Ленин-Сталин партиясының ұлт саясаты негізінде тәрбиеленген қазақ еңбекшілері М.Әуезовтің бұл жат оймен жазылған, зиянды шығармасын қабыл алмады. Халқымыздың мүддесіне опасыздық жасаған Кенесарыны дәріптеуде жазушы Әуезовтен басқа кейбір ақын, жазушыларымыз да қалыса қоймады. Ақын Қалижан Бекхожин Кенесарының баскесер інісі, қанішер Наурызбайды мадақтап "Батыр Науан" деген поэма жазды. Бұл поэмасында ол қазақ халқының қас жаулары Кенесары мен Наурызбайды азаттық туын көтерген, еркіндік аңсаған, халық қамын жеген көсемдер, ел үшін еңіреп туған ерлер етіп суреттеді. Сөйтіп, К.Бекхожин совет ақыны деген атты бетке ұстап, халқымыздың мүддесіне опасыздық жасады, халықтың қас жауларын дәріптеуден ол тайсалмайды. Кенесары Қасымовты дәріптеу басқа да көптеген әдебиетшілердің еңбектерінде, Оқу құралдары мен хрестоматияларда, сондай-ақ қазақ әдебиеті тарихының профессоры М.Әуезовтің басқаруымен шыққан бірінші томында да орын алды. Профессор Х.Жұмалиев пен Е.Исмаиылов жолдастар өздерінің "ғылыми-зерттеу" еңбектерінде маркстік-лениндік методологиядан қол үзіп, өрескел қателіктерге ұрынды",— деп қызыл кеңірдек айтыстың тамағын қырнап берді. Қатарластарының арасында аса сақ әрі аңғал: "Өзім де қумын. Он жетінші жылғыдан әріге аяқ, баспаймын",- деген сөзі мәтелге айналып кеткен Тайыр Жароков та осы науқанның тұсында атой салып шықты. Еркімен шықты ма, жоқ, тобырға ілесті ме, қайдам, алайда оның сөзінің астары Сәбит Мұқанов тан бастап Қасым Аманжолов пен Қалижан Бекхожин сияқты қазақ поэзиясының майдангер ақиықтарын найзаның ұшына іліп берді, Тайыр Жароков (мазмұны): БК(б)П ОК-нің Жазушылар одағындағы ұйымдық және шығармашылық жұмыстардағы осы уақытқа дейін жіберіліп келген өрескел саяси қателер туралы қарары өте орынды және оның түп тамыры Қазақстан Жазушылар Одағының басшыларының ұйымдастыруда жіберген селсоқтығында жатыр. Оның басты себебі, Мұқанов , Әуезов, Мүсірепов және басқалар сияқты аға жазушылар ұйымдық және шығармашылық жұмыстан өздерін шет ұстайды. Бірін-бірі іш тартқан таныстық қарым-қатынастар, селсоқтық, әсіресе аға буынның арасындағы сын мен өзара сынның жоқтығы, марксизм-ленинизммен жеткілікті қаруланбауы, Мұқанов , Әуезов, Мүсірепов қатарлы жетекші жазушылардың бойынан идеологиялық өрескел бұрмалаушылық пен буржуазиялық ұлтшылдықтың орын алуы, тым масаттанып кетуі, менменсуі, одақтың жұмысына, шығармаларды талқылауға араласпауы, өзінің туындыларын талдауға ұсынбай, бірден баспаға өткізуі осындай қателіктерге жол берді. Соның нәтижесінде Бекхожиннің, Аманжоловтың, Тәжібаевтің туындыларындағы өрескел қателіктерді КБАП(б) ОК-і орынды сынады. Сын мен өзара сынның, саяси-тәрбиелік жұмыстың жоқтығы Бекхожин мен Аманжоловтың өмірден қол үзуіне, Аманжоловтың жалаң эстетикаға, Тәжібаевтің символизмге, Бекхожиннің буржуазиялық ұлтшылдыққа ұрынуына алып келді. Соның нәтижесінде идеялық жат туындылар, топшылдық пайда болды. Тез өсіп келе жатқан ақын Бекхожин 1940 жылы бәрімізге белгілі "Науан батыр" дастанын жазды, онда Кенесары Қасымов пен оның інісі Науан барынша дәріптелді. Кенесарыны қазақ халқының көсемі ретінде асқақтата жырлады, ал біз оның тек қазақ халқының ғана емес, орыс пен қырғыз халқына да қарсы күрескенін білеміз. "Науан батыр" дастанында Бекхожин: Наурызбай өзінің қаһарлы ағасын сүйді, туған тауларын сүйді, халқын сүйді,— дейді. Бұл жолма-жол аударма әлсіздеу болуы мүмкін. Бірақ оның ойы айқын.

Батырлар сүюші еді Кене ағасын,
Кененің кең пейіштей Сарыарқасын,—
дейді. Немесе:
Қазақ ек ала киіз туырлықты,

Такаббар, менсінбеуші ек басқа жұртты,-
деп Бекхожин бұл сөзді Кенесарының бауыры Науанның ойымен жеткізеді.
1944 жылғы "Шеру" жинағына енген қазақ жауынгеріне арналған өлеңінде:
Мен сүйдім елдің ұлы ер екен деп,

Кешегі Кенекеме тартып туған,- дейді.
Ол қазақ жауынгерлеріне осылай бағыт береді.

1948 жылы Бекхожин өзінің жинағында колхоздың шопаны туралы: "Отарлы қой итарқада жатыр күйсеп",- деп жазды. Ақын Бекхожин — кеңес азаматы, ұлы отан соғысының қызған кезінде бір жауынгерді өзінің өлеңінде Кенесарыға ұқсаңдар деп үгіттейді, ал екінші елеңінде колхоздың қойшысын "софыға" теңеп, әулие жасағысы келеді. Сөйтіп ол қазақ даласын қалай сүйсе де, Бекхожин сүйген дала — революцияға дейінгі кейбір ақындар суреттеген дала, міне, Бекхожиннің бұл туындысы осындай бояу арқылы ұлтшылдықпен үндесіп жатыр. Бұл туындылар еліміздің қоғамдық өмірімен, өндіріспен, колхоз құрылысымен байланыспайды, керісінше, революциям дейінгі Қазақстандағы өлеңдерде айтылатын қайдағы бір діни ағымдағы софымен жалғасып жатады. Мұның барлығы бізге, Бекхожин жолдастың дұрыс жолмен жүрмегенін, Қазақстанның тарихын бұрмалап, Кенесарыны дәріптегенін, езінің соңғы туындыларында бүгінгі күннің шындығын боямалағанын айтуға мәжбүр етеді. Бекхожин "Мариям Жагорқызы" дастанында да өрескел қателер жіберді. Алайда, кейбір жолдастар, орыс қызының тағдырын мұсылмандықты қабылдаумен аяқтайды - дейді, ондай жағдай бұл дастанда жоқ, ондай өрескел ұлтшылдықта жоқ! Бекхожиннің ақын замандасының бірі Аманжолов, оның да фамилиясы ҚК(б)П Орталық комитетінің шешімінде аталып өтеді.

1951жылы 14-тамыздағы осы қаулыда Қасым Аманжоловтың фамилиясы ұлтшыл қателіктер жібергендердің қатарында аталады... Қасым Аманжолов "Жалған дүниеге менің де бабам кетті",- деп өкінеді. Бұған автор ғана емес, оны қарап шыққан адам да кінәлі. Ал 1951 жылы жазған өлеңінде бұрынғы азиялық шығыстың аңызға айналған құдіретін жоқтады. Сондықтан да Аманжолов БК(б)П- ның қаулысына тегін аталып отырған жоқ. 1940 жылы ол Кенесары туралы дастан жазды. Оның жарияланбағаны жақсы болды. Бұл арада ол өзінін, сол кездегі жанқияр досы Бекхожиннан кем түскен жоқ, дастан жарияланбағанымен, егер жаны, миы елжіреп тұрмаса, былай жазбас еді. "Сарыарқа" жинағында қазақ даласы орыс жерінен, қазақ халқы орыс халқынан бөлек алынып көрсетілген. Бұл мәселеге С.Мұқанов жолдас тиянақты түрде тоқталғандықтан да, назар аударып жатпаймын. Сол жинаққа кірген "Ертіс" атты өлеңінде: "ол өзен менің кеудемде толқын атып жатыр" — дейді. Егер Ертіс өзені болмаса, сол Арқа болмаса, социалистік құрылысты орнатып жатқан қазақ халқы өзінің батырларын, ғалымдарын, жігіттерін тудырмас па еді? Бұл арада ол Сосюра сияқты қазақ даласын біздің Отанымыздан бөліп алу арқылы саяси қателік жіберген (уақытыңыз бітті),-деп айып таққан. Иә, туған жерінді жырлаудың өзі де "саяси қателік" болған заманды біз де бастан өткіздік-ау! Артында отаны, жері, туған елі туралы бір шумақ өлеңі қалмаған талантты ақынның тегеуіріні осындай үрейдің салдарынан еш кетті. Бұл науқаннан партияда жоқ жазушы, бірақ сол кезде оны мүшелікке қайтадан қабылдау мәселесі көтеріліп жатқан, сөйтіп уақытша алдарқатуға түскен Ғ.Мүсірепов те қалыс қалмады. 1932-1937 жылдары Мирзоянның тұсында М.Әуезовтің "жеке рецензенті" (бұл міндет кейін Қ.Жұмалиевке жүктелді) болған Ғабит Мүсірепов "қолына қалам алды". 1947 — 1953 жылдардың арасындағы Ғ.Мүсірепов араласқан сөздері үнемі төмендегі сипатта өтті және осындағы аталған шығармаларға қарап әңгіме қай тақырыпта қозғалып отырғаны (проза, драма, эпос, т.б.) туралы бірден аңғаруға болады. Біз сол пікірлердің бір парасын ғана берумен шектелеміз. Ғ.Мүсірепов: "Қазақстан К(б)П партиясы Орталық комитетінің кеңестік Жазушылар Одағының жұмысы туралы соңғы шешімінде: біздің әдебиет майданымыздағы буржуазиялық ұлтшылдықтың қалдықтарын түбірімен жойып, тазалауды және оның жаңадан өршуіне мүмкіндік бермеуді заңды талап етіп, қатаң ескерту жасады. Қазақ әдебиетінің даму жолы — жас әдебиетті артқа тартып, кеңес әдебиетінің революциялық, жолынан бөлектенуге жетектеген осынау бір басты зиянкестікке қарсы күресумен қалыптасты. БК(б)П және Қазақстан К(б)П Орталық комитеттерінің соңғы жылдардағы идеология саласындағы көптеген мәселелер бойынша қабылдаған шешімдері, бізге, Қазақстан жазушыларына, көпшілігіміздің көптеген зиянды, идеясыз, буржуазиялық-ұлтшыл шығармаларымызды әшкерелеуге көмектесті". Партиядан тысқары қалса да, ол кімді қолдаса, сол жақтың пікірі басым түсетін Ғабит Мүсірепов өзінің қашанғы әдетімен тура осы науқанда да тұлғалардың сілкілесуін сырттан бақылап, миығын тартып, соңында өзі де араласқансып сыздықтай сөйледі. Бұл — мысқыл емес, нақты өмір көрінісі. Соның нәтижесінде бейбіт өмірде — батыл, саяси науқанда — баспақ, Мұқанов пен Әуезовті теңшей салмақтаған "талқы таразысы" қалпын 1947 — 1953 жылдар арасындағы аласапыранда да сақтап қалды. Мысалы, 1952 жылғы 11- сәуірдегі драматургия туралы мәжіліс те сілкілесусіз өткен жоқ, Ғ.Мүсірепов: "Алайда, Жазушылар одағы тарапынан ұлтшылдықпен күресу барысында кеткен өрескел қателер мен үлкен кемшіліктерді Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің соңғы шешімі орынды көрсетіп отыр. Егерде, біз өзімізге өзіміз сын көзімен есеп берсек, өкінішке орай, біз ұлтшылдықпен күресе отырып, сол ұлтшылдықтың жандануына жағдай жасаппыз. Бұған, ең бірінші Одақтың төрағасы ретінде Мұқанов кінәлі, сонымен қатар, коллегиялды түрде басқаруға атсалысуға тиісті Төралқаның мүшелері - біздің де кінәміз аз емес". Ол М.Әуезовке қосып С.Мұқановтың өзін де қармаққа іле кетті. Әр сөзін есептеп, терең саяси астар беріп, нығызданып тұрып, нығыздап сөйледі. Ғ.Мүсірепов: "Қазақстан Жазушылар одағы бір уақытта ұлтшылдықпен күресе отырып, оның жандануына жағдай жасауы кездейсоқтық па? Жоқ, бұл кездейсоқтық емес. Бұл біздің күресіміздің әлсіздігін, қатаң партиялық тәртіпті сақтай отырып жүйелі түрде, батыл және ашық күресе алмағанымызды танытады... Ұлтшыл қателікті сынаудың орынына сынды мещандық күрестің құралына айналдыру дегеніміз, біріншіден, сынның бүкіл саяси мәнін жою болып табылады, екіншіден, бұл пайда болып келе жатқан ұлтшылдықтың отын қоздырудың жасырын амалы, егерде ұлтшылдық жоқ болса, оны қолдан жасайды!",— деді. Бұл жолы да екі арыстанның жұлқысуын қостамағандай көрінгенімен, "партияны және көпшілік бұқараны" жаңа қауіптен "сақтандырды". Ғ.Мүсірепов: "Өткеннің мәдени мұраларын игеру мәселесін әлі қозғағамыз жоқ. Соған қарамастан, еткен күн мен фольклор тақырыбына арналған біздің біраз туындыларымыздағы идеялық жағымсыздықтар туралы хабарлар одаққа түсіп жатқан сыңайлы. Біз, бұл тұрғыдан алғанда Мүсіреповтің — "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Ақан сері", Әуезовтің - "Еңлік - Кебек", "Қалқаман — Мамыр", "Айман — Шолпан", "Бекет", "Ақан сері - Зайра", "Қобыланды", Хүсайыновтың — "Шаншарлар", "Алдар Көсе", Тәжібаевтің "Ұшқыш кілем", "Біз — қазақпыз", "Күмбез", Жұмалиевтің — "Едіге" сияқты тағы да басқа пьесаларды қайта қарап, қайта бағалауға міндеттіміз. Өткеннің мұрасын сыни кезбен игеру тұрғысынан қарағанда бұл туындылардың бәрінің де кінәраттары бары анық. Мысалы, "Қозы Көрпештің" Мәскеу драма театрындағы қойылымы барысында маған Қодар бейнесін жаңаша шешу керек болды, оның санасы оянып, белгілі бір дәрежеде өзінін; кінәсін жуғысы келеді. Сонымен қатар, осы жанрдағы біраз туындыларда эпосты қайта қорытуда ұлтшылдықтың тиірменіне су құятын тұстардың бары анық. Осы орайдан алғанда, менің ойымша, Тәжібаев жолдастың шығармашылығы ерекше көмек күтіп тұрғандай",— деп келер күндерде алдарынан тосын тұрған эпос пен фольклор туралы талқылы жаңа науқанды емеуірін ете сөйледі. Бұл — Ғабит Мүсіреповтің жеке басының ғана "көрегендігі" емес, кеңес өкіметінің партияның басшылығымен қақпайлап әкеле жатқан идеологиялық арандату саясаты еді. Ғ.Мүсірепов: "Мұндай жайсыз жағдайға душар болудың басты себебі, одақтың басында отырған жетекші жазушылардың өздерінің біразының ұлтшылдық пен идеясыздықтың дертіне ұшырап келуі және қазір де сонымен ауырып жүр. Сондықтан да бізде принципті-партиялық біртұтас ұстаным жетіспеді, қазір де жетісіп отырған жоқ, соның кесірінен сын мен өзара сынға үрке қараймыз. Осыған орай ұйымның алдына бір сұрақ қойғым келеді: осындай жағдайсыз жағдайға олар тосқауыл қоя ала ма? Қазақстан Орталық комитетінің соңғы қарарында көрсетілгеніндей, әдебиет майданын ұлтшылдықтан жөне одан басқа да идеясыздықтың қоқсығынан тазалау қолдарынан келе ме? Әрине, сөзсіз қолдарынан келетіні даусыз. Алайда ол үшін біздің одағымыз, оның ішінде басшылар, кеңес әдебиетінің жоғары идеялық-көркемдік талабының деңгейіне көтерілуі тиіс. Ол үшін, бірінші, партиялық сын мен өзара сынды принципі түрде жүзеге асырып, іс жүзінде төзіп болмайтын ақсақалдық өктемдікті доғару қажет. Большевиктік сын қазір ұлтшылдық пен идеясыздықтың түп-төркінін терең ашып беріп отыр. Бұған тек осы дертке ұшырағандар ғана емес, сонымен қатар өзге де өзімшілдік пен тағы да басқа қасақаналықты мақсат еткендер ғана таласуы мүмкін. Партиялық сын мен өзара сын біздің көпшілігіміздің бойымыздағы ұлтшылдық пен езге де қателіктеріміздің қыртысын ашып берді. Мұны жоюға бағытталған сынның аса пәрменді күшінің орыны үлкен. Біздің уақытымыздың көпшілігі бұрыннан белгілі, дәлелденген, таптауырын болған нәрселерді мыжғылаумен өтеді, ал одан шығудың жолы аз айтылады. Большевиктік сын нені ашып берді? Большевиктік сын кейбір жазушылардың пікірі Кенесары Қасымовты дәріптеуде буржуазияшыл-ұлтшыл Бекмахановтың пікірлерімен ұштасып жатқандығын көрсетті. М.Әуезовтің "Хан Кене" пьесасында, қазақ әдебиеті тарихының бірінші томында, С.Мұқанов тың "Балуан шолақ" повестінде, "ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының очерктерінде", Жұмалиев пен Исмаиловтың оқу құралдарында, Бекхожиннің шығармаларында Кенесары халықтың көсемі ретінде, ал, оның көтерілісі прогрессивті болып көрсетілді. Олардың бұл еңбектерінде ұлтшылдықтың екінші беті - орыс халқына қарсылық көп орын алды. Бұл Исмаиылов пен Бекхожиннің ұстанымы ғана емес, сонымен қатар олардың ондаған жылдар бойы жүргізіп келе жатқан жүйелі әрекеті. Әуезов жолдастың соңғы жылдардағы ұлтшылдық сарындағы қателері, сөз жоқ, оның өткендегі идеялық тұрақсыздығымен, адасуларымен тығыз байланысты. Ол аз десеңіз, жазушы ретінде, ғалым ретінде жинаған барлық беделін әдебиеттің жас мамандарын тура сондай ғылыми ұстанымда дайындап келгені де даусыз. Басқа ешкім емес, тура Әуезов жолдастың өзі әдебиетшілеріміз бен ғалымдарымыздың ішінде ең бірінші рет халықтың зұлым жауы Кенесарыны жер-көкке сыйғызбай дәріптеп, аспанға көтерді. Мұқанов жолдастың өрескел қатесі де бұдан кем соқпайды. Ол өзінің "Очерктерінде" Едіге мен Қобландының, Кенесары мен Наурызбайдың, Көтібар мен Есеттің арманы Аманкелді Имановтың Октябрь революциясындағы күресі арқылы жүзеге асты деп жазды. Бұдан Большевик комиссар Аманкелді Иманов, Едіге мен Кенесарының арманы мен мақсаты үшін күрескен болын шығады. Сөйтіп, Сталин жолдас қазақтың Чапаевы деп атаған Аманкелді Иманов Социалистік Октябрь революциясының жемісі емес, Едігеден бері келе жатқан феодалдық қоғам батырларының ұрпағы болып қана қалады",- деп бұларға тарихшылар Толыбеков пен Қыстауовты да қосақтап қойды. Сөзінің соңында "ақсақалдықтың дертіне" қайтып оралып, сын мен өзара сынның "үлгісі" ретінде өзінде іліктіріп: "Ең соңғы жазылмай келе жатқан дертіміз, біздің барлық таластарымыз бен шығармашылық талқылауларымыздың шылауына оралып қалмай келе жатқан ауруымыз, ол - жекелеген жазушы жолдастардың ұлтшылдық қателіктерді өзінің әдебиеттегі бірінші орында екенін дәлелдеуге ұмтылған күрес құралына айналдырын отыр. Жолдас Тәжібаевтың пайымдауынша: Мұқанов қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы деген атқа ие болуы үшін Әуезовпен бақталастырып жүрген көрінеді, ал Саин болса, Орталық комитеттің отырысында ешқандай шімірікпестен: Әуезов, Мұқанов , Мүсірепов үшеуі әдебиеттің ақсақалы атану үшін өзара бақталастырады - деді. Сын мен өзара сынды өрістету барысында топшылдықтың көрініс беретінін жоққа шығармаймын, керісінше, өзімді де, өзгені де осы бір ұлттық дерттен сақтануға шақырамын. Бұл - ондай дерт менде жоқ дегендік емес",- деп ойын қорытты. Бұл да сол қызылөңеш кезеңге тән тақыс тәсіл. Мұндай қыздырмадан қалыс қалу, еруліге қарулы көрсетпеу өзіңнің "жаулығыңды мойындаумен" пара-пар. Сондықтан да "жанр заңына байланысты" М.Әуезов те мінбеге көтерілді. Ол ұлтшылдық деген не және оны қалай тану керектігі жайлы ұзақ толғап, айтарын әріден бастады: М.Әуезов: "Осында қатысып отырған жолдастардың бәріне де белгілі, соңғы он күнде, соңғы бір айда мерзімді басылымдар мен республикалық газеттерде БК(б)П Орталық комитетінің "Звезда" мен "Ленинград" журналдарындағы қателіктер туралы тарихи қарарының қабылданғанына бес жыл толуы аталып өтіп жатыр. Соған орай осы біз талқылап отырған мәселе бойынша одақтас республикаларда да мәжіліс өтіп жатыр. Мұның үстіне "Правда" газетінде "Әдебиеттегі идеологиялық бұрмалаушылықтар" жөнінде мақала да жарияланды. Біздің әдебиетімізге қатысты үлкен жиналыстар өзімізде де өтті. Бұл езіміздің Орталық комитеттің 1951жыліы 14-тамыздағы қаулысынан да көрініс тапты. Қазір барлық жерде және бәрінің алдына бір ғана өте үлкен, өте маңызды, өмірлік мәні зор идеология майданын тазалау, соның ішінде, әдебиеттегі ең үлкен олқылық — бүкіл бір ұйымды, жекелеген жағдайда — көптеген жетекші жазушыларды — ұлтшылдықтан арылту мәселесі қойылып отыр. Буржуазиялық ұлтшылдық дегеніміз -тарихи, саяси тұрғыдан алғанда да оның сүлдесін ысырып тастап, мәңгілік бас тартқаннан соң да, жекелеген жазушылар мен ғылым қайраткерлерінің санасынан оңайшылықпен кетпейтін өміршең құбылыс. Ұлтшылдық дегеніміз — саналы түрде болсын, не санасыз түйсік арқылы болсын, бүкіл қоғамның ағзасына зиян келтіретін күйдіргі болып табылады. Буржуазияшыл ұлтшылдар, әдебиеттің қазіргі жағдайын талдау барысында анықталып жатқанындай, Украинада, Әзірбайжанда, Белоруссияда, Өзбекстанда да бар, не ана халықтың, не мына халықтың еткен тарихының ұзақтығына, мәдениеті мен тарихының жоғары деңгейде дамығанына, оның көпсанды, не азсанды халық екеніне қарамастан, ұлтшылдықтың бет-бейнесі барлық жерде бірдей. Ұлтшылдықтың барлық көрінісі көптеген жағдайда бір-бірімен өзектесіп жатады, БК(б)П ОК-нің қаулысы мен ұлттық компартиялардың қаулыларында аталған ұлтшылдықты алатын болсақ, олардың жалпы бағыты да, кейпі де бірбеткей екенін байқаймыз. Мен осы арада, біздің жағдайымыздағы пролетарлық интернационализмге және кеңестік патриотизмге, халықтар достығы жөніндегі леннндік-сталиндік ілімге қарсы тұрушы буржуазиялық ұлтшылдықтың ішкі мағынасын айта кетейін. Буржуазиялық ұлтшылдық -тарихи өркениет атаулының барлығына, біздің халқымыздың өткендегі тарихына, барлық құтқарушы тарихи өркениетке қарсы тұрады. Егерде мұны қазақ халқының тарихына байланыстырып айтсақ, бұл тарих бізге не береді? Өткен уақытта біз Шоқан Уәлиханов, Алтынсарин және Абай сияқты бірнеше жарқын есімдерді ғана білдік. Біздің халқымыздың бақытына қарай, бұл адамдар ұлтшылдықтың шырмауына түспеді, оған тосқауыл қоя білді, өзінің халқының болашағын құтқарушы орыс мәдениетін бағдарға ұстады. Егерде көзқарастары панисламизммен, пантүркизммен ұштасып, алашордашылармен астасып жатқан ұлтшылдарды алатын болсақ, кеңес өкіметінің шындығы жағдайында қазіргі ұлтшылдардың жолы тарихи өркениетке қайшы келеді. Өткеніміздегі қара түнекті жеңе білген біздің халқымыздың жалғыз-ақ даму жолы бар. Шоқан,Алтынсарин және Абай ту етіп ұстағанның бәрін де ұлтшылдықты жоққа шығарады. Сонымен, ұлтшылдықтың белгілері қандай? Буржуазиялық ұлтшылдықтың (ұстанымы бойынша) — кеңес одағындағы туысқан республикалардың мәдениет тарихы өзіне орыс мәдениетін сіңірмеуі тиіс, бұдан біз олардың өзінің өткеніне сүйіспеншілікпен қарайтынын, таптық күресті, таптық қайшылықты ескермейтінін, ұлтшылдықтың керітартпашылығын, тарихи қылмысты оқиғаларды жатымды етіп көрсетіп, қасақана теріс баға беретінін байқаймыз. Ұлтшылдық — бір халықтың, дәл қазіргі жағдайда кеңес одағы халықтарының томаға тұйық, өз бетінше дербес тарихи дамуын қалауы арқылы ол көп жағдайда пантүркизммен, панисламизммен ұштасып жатуы мүмкін. Сонымен қатар, Россияның құрамына кірген халықтардың тарихи тағдырына эсер ететін Россияның ықпалына қарсы шығу оқиғаларының бірнеше рет қайталанын отырғанына қарағанда, олардың орыс халқының мәдениетін бағалай білмейтіні және оның ықпалының маңызын жоққа шығаратыны аңғарылады. Міне, олардың осындай жалпы жағдайдан біздің қателіктерімізге ауысатын болсақ, онда әрқайсымыздың жіберген үлкенді, кішілі қателіктеріміз, осы мәселелердің нақты көрініс табуынан туындап отыр, ол ең алдымен — біздің халқымыздың тарихын оның өзін (құрып кетуден) құтқарушыға қарсы қойып, маңызын жоққа шығарудан, ұлы октябрь революциясынан бастап социалистік мәдениеттің біздің халқымызға бергенінің бәріне қарсы тұрудан көрінеді. Екінші жатынан алғанда, біз бұл арада буржуазиялық ұстаныммен тікелей астасын жатқан орыстардың барлық ықпалына қарсы тар шеңбердегі ұлттық элементтерді көреміз. Егерде осы көзқарас тұрғысынан қарап, өзіміздің қателерімізді сараласақ, өкінішке орай, одан біз жоғарыда аталған ете жағымсыз, өте кірпияз жайлардың біразын табамыз. Сондықтан да мен бұл сөзімді біздің мекемемізді осындай дерттен тазарту үшін, әр жазушының толық ағаруы үшін ешкімнің бетіне қарамайтын сын, өзара сын тілімен сөйлесу керек. Бұл туралы еткендегі және қазіргі қателіктерге бірдей маңыз бере отырып айту керек. Ескі қателерге жаңа қате деп қарау керек, көркем шығармашылық тұрғысындағы қателіктерді ғана емес, ғылыми-зерттеу саласындағы орын алып отырған қателіктерді де қайта қарау қажет. Соның ішінде, әсіресе, Әуезов, Мұқанов , Мүсірепов сияқты жетекші жазушылардың жіберіп отырған қателіктері баса көрсетілуі тиіс. Ең бірінші біздің атымызды атап, сынағандар әділдік жасаған. Өйткені, бізге деген халықтың үлкен сенімі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бізге жұртшылық үлкен сенім артқандықтан да талап та күшті болуы тиіс, өйткені, олар біздің табыстарымызға қуана білді, енді біздің қателіктерімізді көріп қабағын түйіп, біздің қателеріміз үшін жапа шегіп жүрмеуі керек. Бізді сондай ықыласпен қоршаған халықтың сүйіспеншілігі мен сенімі бізді көп нәрсеге міндеттейді. Бұл арада мен, Кенесарының феодалдық-монархиялық қозғалысы туралы талқылауда осыдан 25 жыл бұрын жазылғанына қарамастан өзімнің "Хан Кене" пьесамның зиянды ықпалын айтқамын. Егерде осындай жекелеген әдеби қателіктеріне Әуезов жауап қайтара алмаса, онысы теріс болар еді. Жекелеген жазушылардың жетістіктеріне бәрімізге ортақ жетістік ретінде халықтың қуана білуі, біздің ез қателіктерімізге батыл қарауымызды қажет етеді. "Жас гвардиядағы" қателігіне қатысты Фадеевке жөне Симоновтың, Катаевтің, сондай-ақ Корнейчуктың, Ванда Василевскаяның қателіктеріне байланысты көп айтылды, осыдан кейін әрқайсымыз өзіміздің жауапкершілігімізді терең түсінетінімізге сенемін жөне бұл орайда біздің одақтық мекеменің жетекші міндет атқаруы тиіс деп білемін. СССР Жазушылар Одағының XІІІ пленумы кезінде атап көрсетілген әрбір қателіктерінің әрбіреуіне сондай салқынқандылық танытып, байыпты сынға байсалды қараған Фадеевтің, Симоновтың мінезіне өте ризашылықпен қарадым. Бұл жолдастарға мен: "Сіздердің бұл байсалды мінездеріңіз бізге де сабақ болады, сіздер - халықтың аса зор ықпалына ие орыс кеңес әдебиетінің жетекші екі жазушысы, кеңес жазушысына қаратылған сынды қалай қабылдау керектігіне үлгі көрсеттіңіздер. Біз мұның лирикалық сүйсініс емес екенін ескерте кетеміз. Бұл арада үлкен жауапкершілік, саған сенген халықтың алдындағы үлкен жауапкершілік туындайды. Олар сенің сынға ұшырап, газетке шыққаның үшін — жұртшылықтың саған қатты сеніп қалтаны үшін, сенің кейбір шығармаларыңда адасқаның үшін ұялмайды, бұл арадағы ұяттың мағынасы одан кәрі тереңде. Олар: өзіңнің халқың мен жұртшылықтың сенімін дұрыс пайдаланбағаның үшін, ол сенімді зиянды іске жұмсағаның үшін ұялады. Міне, бұл ең ащы, ең ауыр түңіліс. Сондықтан да мен "Хан Кене" туралы айтып отырмын, мен мұны 1934 жылы сахнаға ұсынбауым керек еді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдықтың ұстанымындағы және пролетарлық бауырластыққа қарсы келетін пьеса болатын. Өйткені оның ұстанғаны — ұлтшылдық болғандықтан да оның орыс халқына да, қазақ халқына да керегі жоқ еді. Кенесары халықтар достығының тамырын отауға ұмтылды, пьеса орысқа қарсы бағыт ұстанды. Кенесары патшаға ғана қарсы күресіп қойған жоқ, мұқым орысқа, сол кезде Россиядан келген нәрсенің барлығына қарсы тұрды. Халқымыздың бақытына қарай Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты ұлдары өздерінің де қазақ халқының феодалдық үстем табының арасынан шыққанына қарамастан, олар ұлтшылдық адасудан аулақ болды, өздерінің қысқа немесе ұзақ өмір жолында олар өзінің табын ысырып тастап, келешектің иелері еңбекші шаруалардың мүддесін қорғады, олар қырдағы феодалдық-патриархалдық түсініктен бастап орыс мәдениетінің маңызын түсінуге, өзінің артта қалған қараңғы халқының күйінен бастап ұлы орыс халқының озық мәдениетінің тарихи маңызын түсінуге дейінгі күрделі жолдан өтті. Кенесарыны дәріптеу арқылы, мен, осының бәріне қарсы тұрдым. Сонымен қатар осындай ұлтшылдық қате жіберу арқылы әрқайсымыз жеке әзінің шындығына ғана емес, өзінің өмір шындығына да қарсы тұрды. Мұның барлығын мен осы уақытқа дейін мойындауым керек еді, менің бүгінгі күнге дейінгі жетістігімнің бәрі үшін де орыс мәдениетіне қарыздармын. Маған әліпбидің алғашқы әрпін танытқан, орыс әдебиетіне деген сүйіспеншілігімді оятқан орыс мұғаліміне қарыздармын. Филология ғылымының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі, Сталиндік сыйлықтың лауреаты дәрежесіне жеткенім үшін, тіпті бүкіл өмірдегі жетістігім үшін, өткені қараңғы, артта қалған халқымыздың барлық ұрпақтары барлық қазақ жазушылары сияқты, мен де ұлы октябрь социалистік революциясы бәрімізге ортақ қол жеткізген ұлы орыс мәдениетіне қарыздармын. Біздің бәріміз де осы ұлтшылдық неге орын алып отыр, біздің еңбегімізге және өзімізге қалай сіңіп кетіп жүр, соның барлығына ой жіберуіміз керек. Мен өзімнің өмірлік және шығармашылық жолыма кез сала отырып, қазақ халқының қазіргі жаңа мәдениеті — біздің бүкілодақтық социалистік мәдениет тарихының бір бөлшегі деп мақтанышпен мәлімдей аламын. Мен сонымен қатар, өзімнің екі тілде жазатын жазушы екенімді, екінші ана тілім — орыс тілі екенін ерекше мақтаныш тұтамын. Мен өзімнің бойымдағы барлық парасат мәдениетін ең алдымен орыстың қайнарынан алдым. Соңғы 10-12 жылдағы өзімнің жазушылық, шығармашылық өміріме кез жіберсем, онда қазақ әдебиеті мен тарихының белгілі бір даму кезеңін қамтитын етене бой үйреткен жұмысым, яғни, Абай — біздің идеялық-тарихи мәселелерді, тарихи процесті түсіну барысындағы қатемізді ашуға көмектесіпті. Менің жұмысымда — жазушы-суреткердің және ғылыми зерттеуші қызметкердің міндеттері аталған жайлар бойынша шығармашылық тұрғыдан тоғысып жатады. Менің кейіпкерім ұлтшылдыққа қарсы жүрді, ал мен сол кейіпкеріммен өмір сүре отырып, ұлтшыл қателікке ұрынуым мүмкін. Сол кемшіліктерімді шынымен мойындай отырып, кейде өткен күндердің идеологиясының қалдықтары мен қателіктері бәріміздің де сезім иіріміңде қалып қоятынын да жасырғым келмейді. Сондықтан да ол қателіктер туралы бізді қатал сынап, бізге қатаң талап қойып отыру керек. "Қазақ әдебиеті тарихының" бірінші томында кеткен қателіктерге келетін болсақ, оған редактор ретінде қаншалықты дәрежеде жауапты екендігімді айтып өткен болатынмын. Оның ішінде Кенесары туралы тарау қатты сыналды. Бұл еңбекті біз қайтадан қарап жатырмыз, авторлардың жаңа құрамының көмегімен ол қателікті жөндейміз деп ойлаймын. Енді Жазушылар одағы тарапынан кеткен қателікке байланысты екі ескерту айтқым келеді. Ол драматургия, оның ішінде жеке бір пьесаға қатысты пікір. Мүсірепов дұрыс айтты, бөрі де, оның ішінде Әуезовтің де, Мүсіреповтің де эпостық фольклордың негізінде жазылған тарихи пьесалары да қайта қаралуы тиіс. Бұл өзгертулер біздің халқымыздың бүгіні мен өткеніне қатысты бүгінгі күннің дәл казіргі талабына сай жүргізілуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда біздің жағымды кейіпкерлеріміздің бейнесін қайтадан қарауға тура келеді". Әңгіме — қазақ ішіндегі әңгімеге ойысқанда жоғарыдағы өршіл идея бәсең тартып, кілт бұзылады. Өзін-өзі әшкерелегенінің есесін қайырғысы келгендей, біздің ойымызша өзінің "жалғыз салт атты көрінбеуі үшін" ұлтшыл-идеясыз жазушылардың қатарына Ғ.Мүсіреповтің өзін де "қыстырып" жіберді. Бұрынғы айтылған пікірінің негізге ада отырып, оны үстемелете жеткізді. М.Әуезов: "Бұл ретте драматург Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқты" пьесасына тоқталғым келеді. Бұл пьеса кәнігі ұлтшыл, орыс халқына жаны қас болған панисламист ақын Ақан серінің өмірінен алынған. Ол — Ақан сері Россиядан келген орыс шаруалары мен қоныс аударушылардың қазақ жеріне орналасуына саналы түрде қарсы күрес жүргізген. Патша өкіметі тентіреткен, жерсіз және панасыз қалған шаруалардың шарасыздығын ол білген. Қазақ кедейлерінің олармен араласуына барынша қарсы болған... Ол көзінің жасын кел етіп төккен қазақтың ауызымен: "Біз оның (патшаның — Т.Ж.) мұжықтарға бауыздап беретін лағы сияқтымыз!.. Патшаның сүйікті ұлдары келген соң бізді өлексе сияқты лақтырып тастай салды", — деген сөз айтқызады. Байқап отырғандарыңыздай, бұл арада орысқа қарсылық анық байқалады және бұл: Россияда қазаққа орын жоқ - деген тұжырымға әкеп тірейді. Ақан сері патшадан үміт күтіп, түңілгенде Бұқараға, Түркияға көшуді аңсайды, халықты исламияның жетегінде жүруге, панисламизма үгіттейді. Міне, Ақан серінің насихаты қайда бағытталған? Мен Ақан серінің өндері мен музыкалық, әуендері болған жоқ деп тұрғамын жоқ, олар бар, бірақ ол қалдырған сол мұралар несімен тамаша? Ақан сері өзінің творчествосында, поэзиясында, музыкада жекелік сарында, эстетизм бағытында болды, ол халыққа мүлдем жат, оңаша өмір сүрді. Ол ақын ретінде "Құлагер" деген атының өлімін, қыранының ажалын, жас кезіндегі қыздарға ғашықтығын, әзінің кешігіп келген басқа кезекті үшінші, төртінші қызға махаббатын жырлады. Осы қайшылықтардың барлығын ашып, мұндай адамдардың творчествосын, өмірін таптық тұрғыдан қарап бағалау қажет. Алайда бізде ол жұмыс істелмеді. Керісінше, Ғ.Мүсірепов жолдастың бұл пьесасы 10 жыл бойы барлық театрларда, соның ішінде академиялық театрда үзбей қойылып, бұл адам тұрақты түрде насихатталып келеді. Осы сияқты тарихи тұлғаларды бағалау мен жалған трактовка арқылы оларды сахнада насихаттаудың, тіпті Кенесары туралы жалған трактовкадан айырмашылығы қандай? Міне, осыны да ойластырған дұрыс",—деп Ғ.Мүсіреповтің орнына Ақан серіні жазғыруға дейін барды. Әрине бұл "суға кеткен тал қармайдының" жанталасы. Тағы да қайталап айтамыз, Сәбит пен Ғабит қатар шығып, екеуінің өзін ортаға тықсырғанына көрсеткен азуы, батырған тісі еді. Сондай-ақ, осы тұста Ғ.Мүсірепов партиялық топтың жағына шығып (Орталық комитеттің хатшысы І.Омаровтың ұсынысымен партиялылығын қалпына келтірудің шаралары қарастырылып жатқан), Н.Н.Поспеловтың, Сәрсековтің баяндамаларына сырттай кеңес бермеді ме екен деген күдік те ұялайды. М.Әуезов 1950 жылы Мәскеуден Ысқақ Дүйсенбаевқа жазған хатында: "Бұл қалпында Ғалиге (Әбетовке) қайтадан бірталай жұмыс істеу қажет. Ең әуелі Ақан туралы бұндай ұзақ жазбасын. Мен Ақанның әлеуметтік тақырыптардағы өлендерін түгел көргенім осы еді...",— деп жазған болатын. Сол жолы Ақанның жапандағы жалғыздығы "Құлагердің" қасіреті емес, дүниеден баз кешкен софылықтың салты екенін, тәркі дүниелік философияға бой ұрпағын терең сезінген сияқты. Мүмкін, Мағжанның мақаласы да жадында жаңғыруы мүмкін. Қалай дегенмен де сол әсердің таты осы пікірге жұғып қалғаны анық. М.Әуезов (жалғасы): "Біздің алдымызда тұрған жауапты міндеттің бірі — қазақ әдебиеті тарихының бағдарламасын жасау. Біздің бағдарламамызда бір тосаңсу белгісі бар. Ол қазақ кеңес әдебиетінің жолын орыс кеңес әдебиетінен бөліп тастап отыр. Орталық баспасөзде көптеген мақалалар басылады, бірақ біз оны насихаттамаймыз, аударып баспаймыз. СССР Жазушылар Одағының XІІ пленумында қазақ әдебиетінің жағдайы талқыланды, онда бізді сығады да, мақтады да. Бірақ біз пленумнан қайтып оралғаннан кейін біз жағдайды өзгерттік пе, орыс жазушылары айтқан сол пікірлерді біз насихаттадық па? Жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда бізде томаға тұйықтық анық байқалады, қазақ әдебиетінің дамуы бағыты орыс әдебиетінен бөлініп қарастырылады. Қазір өре жайылуға мүмкіндік жоқ, алайда мұның барлығы, қордаланып қалған шығармашылық жүк кейде бізге зиянын тигізді, әдеби процестің жалпы жағдайына эсер етті, бұдан былайғы шығармашылық жұмысымызды қатал, принципті және тура сын мен өзара сын арқылы қайта құруымыз керек. БК(б)П Орталық комитетінің соңғы шешімін мен әділетті, нақты мақсаттарға жұмылдырылған шешім деп қабылдаймын",— деп сөзін аяқтады. Ғ.Мұстафин: "Жазушылардың ұжымын біріктіре түсудің орынына, жазушылардың шығармашылық қуатын партия мен үкіметтің жазушылардың алдына қойған міндетті орындауға бағыттаудың есесіне, Жазушылар Одағының төрағасы С.Мұқанов жолдас қажетсіз іспен айналысты. Әуезовке деген жеке басының жеккөрініші оны шектен шығарып жіберді. Мұқанов жолдас буржуазияшыл-ұлтшылдықтың барлық көрінісін тек Әуезовтің шығармасынан табады жөне мұндай өрескел бұрмалаушылықтар С.Мұқанов тың өзінің де шығармаларында аз кездеспейді. Осы уақытқа дейін өзінің қателігін мойындамақ түгілі, ол қателіктерін түзеген де жоқ, керісінше, дәл осындай қателіктерді талдау барысында Жұмалиев пен Бекхожин жолдастар сияқты өзінің жақтастарын қолдап отырды. Жолдас Әуезов өзінің қателіктерін бірнеше рет мойындады, алайда ол қатені түзетуді қолына алмады. Мұндай ауыр идеологиялық бұрмалаушылықтың оған қарсы сөйлеген басқа жазушылардан да кездесетіндігіне көңілі тоғайып қалды". Партияның оқшантайындағы үмітті тұлғалар ғана емес, ғылыммен, шығармашылықпен айналысатын зиялылар да мінез көрсеттіп қалды. Беймәлім әрі тұрпайы көрінетін жайлардың астарын кейінгі оқырман дұрыс түсінсін деген ниетпен, сол айтыста басты айыпкерлердің қатарына қосылған және өзара пікірлес, айтар сөзін алдын ала келісіп алған Е.Исмаиылов пен Қ.Бекхожиннің, Қ.Аманжолов пен Қ.Бекхожиннің арасындағы мына оқиғаның көрінісін әдейі алдын-ала келтіреміз. Е.Исмаиылов (осы талқыдағы сөйлеген сөзінен): "Мына бір жай еріксіз есіме түсіп тұр. Бірде Бекхожин маған: "Сен ЦК- ның қаулысына ілінген адамсың, сондықтан да үндеме. Сен соғылған (битый, мәселесі шешілген) адамсың, ешқашанда оларды сынап қарсы шықпа, күйіп кетесің. Сені кінәлау оңай, өйткені сенің атың қаулының барлық жерінде көрсетілген",— деді" Кенесары мен Наурызбайды ұлт-азаттық көтерілістің көсемі, тәуелсіздіктің туы, намыстың көк семсері ретінде арғы атасы — Шыңғыс хан мен Жошыдан, бергі атасы — Абылай мен Қасымнан бастап жырлаған, "Ақсақкұлан", "Қаз оты", "Наурызбай — Қаншайым" атты дастандардың авторы, Кенесары көтерілісі туралы қазақ ақындарына тікелей тапсырма берген Х.Бекхожинді Ә.Тәжібаев өзінің сөзінде "төрелердің толғаушысы" атандырып, Е.Бекмаханов, М.Әуезов, Е.Исмаиыловтан кейінгі төртінші орынды алатын халық жауы ретінде айыптады. Ол сөздің астарында саяси астармен қоса ақындық бақас бәсеке де қылтиып тұрды. Ә.Тәжібаев (мазмұндама): "Өкінішке орай, жұмсартып айтқанда, мұндай "ауытқушылықтар" әлі де кезін жойған жоқ. Қазақ кеңес ақыны, партия мүшесі Қалижан Бекхожиннің "шығармашылық жолын" айтсақ та жеткілікті. Ол өзінің "Әдебиет және искусство" журналының 1939 жылғы ғ 4-5 сандарында жарияланған "Ақсақ құлан" дастанында Шыңғысханды: Дариға, кешегі өткен әкем Шыңғыс, Ер еді-ау Күншығыстан шыққан тұнғыш (?),— деп сарнады. Бұл шумақтардың идеялық бағытының зиянкестігін дәлелдеп жатпаса да, ақынның көздеген жаулық пиғылы өз-өзінен түсінікті. Шыңғысханға осылай табынудың тамырын қайдан іздеген жөн? Кеңес ақынына хан-агрессордың қанқұмарлығына ашық сұғыну қайдан келді? "Дариға" деп күңіренуінің астарындағы күйзелісті сағынышта не ой жатыр? Бір кезде контрреволюциялық "Алашорданың" жыршысы Мағжан Жұмабаев өзінің "есалаң жырларында": "Гүннен туған, Күннен туған, мен шығыстың ұлымын!" — деген сандырағы бар болатын. Міне, Бекхожиннің Шығысы мен Шыңғысының үндестігі қайдан шығып отыр. Осыдан барып, қанішер хан қазақтың бабасы болған бекхожиндік шежіре туған. "Аспан күл, жер мұз боп кетседе" - деген Жұмабаевтың ұраны осылай бастау алған. "Қазақта Кенекеме ер жетпейді" деген ұранына Бекхожин де қосылып "Науан" атты дастан жазды. Сонда ханның сауынына жиылған батырларды арыстанға, жолбарысқа, бүркітке, сұңқарға теңейді. Наурызбайды ақын "Науан" деп еркелетіп атайды. Ол орыспен достыққа ұмтылған Ахметтің басын кесіп әкеледі, тұтқындарды жылқының жарылған қарынына орап ханға әкеледі. Міне, дастанның мазмұны осы. Дастанның әр жолына хандық иен ұлтшылдықтың уы сіңген. Дастанның әр сөзі екі халықтың — орыс пен қазақтың бейнесін қасақана қара маймен бояған. Бұл олардың арасында орнаған қайырым мен бауырластықты қаскөйлікпен арандату емес пе? Хиуаның, Қоқанның хандары, Кенесарының өзі де еңбекші қазақты тонап, олардың қыздары мен ұлдарын құлдық пен күңдікке әкеткенін Бекхожин қасақана жасырады, жасырып қана қоймайды, ол қазақтың сорлы халіне орыс халқын кінәлі етіп қояды. Бекхожиннің суреттеуі бойынша, қазақтар Россияға қосылғанша жақсы өмір сүрді, өз күндерін көңілді, ойын-сауықпен, молшылықта өткізіпті. Бізге бақытсыздықты әкелген Россия екен. Ал Кенесары хан "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" заманды қайтару үшін күресіпті. Автор қазақ халқы өзінің ханын сүйіп еді - дейді. Сонымен, ақынның суреттеуінше: Кенесары жай ғана пенде емес, алланың сүйген құлы, ол қазақты билеу үшін жаратылған. Сондықтан да Кенесарының тұсында "Сарыарқа пейішке" бергісіз болыпты. Қазақ халқын ұлы орыс халқына қарсы арандату үшін айтылған өтірік пен жалаға қоса, дастан ұлттың сезімін улайтын діни сенімді қоздырады. Шығармасын ширықтыра түсу үшін "алашордашылардың" көсемдерінің қатарында жүрген, октябрь революциясына қарсы шыққан, контрреволюциялық көтерілістің қару ретінде өткір дастан жазған ақынның кейбір сөздерін, теңеулерін, жолдарын, кейде шумақтарын тұтастай пайдаланады. Абылай мен Кенесарыны әспеттеген сондай дастандардың бірін революцияның жауы, "Алашорданың" мүшесі Мағжан Жұмабаев "Баян батыр" деп атаған. Бекхожин Жұмабаевтың дастанының атын "Науан батыр" өзгертіп алады. Мағжан:

Бәрінен асып туған батыр
Баян, Баянның батырлғы алашқа аян,—
десе, Қалижан:
Бәрінен айбыны артық батыр Науан,

Қазақта батыр бар ма жеткен оған,-
деп Мағжан Жұмабаевті жол ма жол, сөз бе сөз қайталайды.

Мағжанда батыр Баян қалмақтарға қарсы: "Абылай! Абылай" — деп шапса, Қалижан Бекхожинде Науан орыстарға осылай әскери ұранмен аттанады. Абылай мен Кенесарыны "құдайдың ерекше жаратқаны" туралы сөзді де Жұмабаев Бекхожинге өсиет етіп қалдырыпты. Арызданушының атынан Қалижан Бекхожин Кенесарыға: "Сорлаған ел-жұртыңды сақта өзің, Самсаған албастыдай сонау жаудан",— дейді. Сөйтіп, орыстарды қазақ халқының жауы ретінде көрсетіп, оларды "албастыдай басып келе жатыр" деп Бекхожин тағы да орыс пролетариаты мен октябрь социалистік революциясына шабыт беруші адамдарды "албастыға", тағы да басқа "жын, шайтанға" теңеген контрреволюционер Жұмабаевтың теңеулерін тірілтеді. Мұндай мысалдарды өте көп кездестіруге болады. Тіпті, шелтиген, шатырайған, сұмдық, ел талаған деген сияқты тағы да басқа теңеулер арқылы орыс солдатын сондай бір сүйкімсіз етіп көрсеткен. Ең соңында "Науан батырдағы": "Құдая, кер заманға кез келтірдің!",— деген сөз дәл ме дәл — қазақ халқының жауы, Аманкелдіні өлтірген Міржақып Дулатовтан алынған. 1944 жылы шыққан "Шеру" атты жинаққа енген "Қол бастаған батырға" атты өзінің елеңінде Бекхожин кеңес армиясының Қазақ, офицерімен әңгімесіндегі : Мен сүйдім елдің ұлы ер екен деп, Кешегі Кенекеме тартып туған. Есіңе ал Кенекемді кешегі өткен, Кеудесін кек пен оққа төсеп еткен (?!),- деп берген батасы да "таң қаларлық". Көріп отырғанымыздай, Бекхожин "Науан батыр" дастанында Кенесарының Россияға бағытталған қанды жорығын, алынбаған кекті романтикалық көтеріңкі леппен жеткізеді. Ол енді фашизмді талқандап жатқан біздің кеңес офицерін: Есіңе ал кешегі өткен Кенекемді, кек жолында кеудесін оққа тосқан... Кенекемдей ерлікпен атың шықсын,— деп Кенесарының өзіне тартуға шақырады. Бұл ұран нені білдіреді? Кенесары ханның жолымен жүрген, Кенесары сияқты кек қайтарған офицер кіммен және кімге қарсы оқ атуы тиіс? Мұндай офицердің фашистерге қарсы оқ атуы мүмкін Пе? Бұл өлеңінде Бекхожин ашық және бар дауысымен алашордашыл ақындардың ақындық сөздігін пайдалана отырып, "кек" алуға шақырады. Осыдан кейін оның осы "Шеру" жинағына енген "Қазақ ұлына" атты өлеңіндегі: "атаң қазақ разы болсын", "ата қоныс — Сарыарқа разы болсын",— дегендегі "қазақ", "қазағым" деген сөздің емеуірінін қалай түсіну керектігіне қиналасың. Бұл жолдар Кенесары туралы дастанның сарынымен тікелей астасып жатыр. Мұндай интонация Бекхожиннің көптеген туындыларынан ұшырасады. Оның өзге тақырыпқа жазған туындыларында да ұлтшылдық сарыны есіп тұрады. Мысалы, "Домбыра" атты өлеңіндегі: Нәзік, тәтті күйіңді тыңдап өстім, Ұмытпас қасиетіңді сенің ешкім. Алтын арфа, күмбірлі оркестрге, Мен сені ешқашанда теңгермеспін", — деген (мазмұндалып алынды — Т.Ж.) жолдарды оқиықшы. Домбыра - біздің ұлттық аспабымыз, біз оны сүйеміз. Бұрын жалғыз өзінің ғана әлсіз үні шығатын домбыраның үні тек кеңестік Қазақстан тұсында ғана жаңаша күмбірлеп, үлкен ұлттық оркестрге айналды. Алайда оны "даңғырлаған оркестрге" немесе "алтын арфаға" қарсы қоюға бола ма? Әрине, болмайды! Симфониялық оркестр де біздің құндылығымыз, онсыз қазақ халқының мақтанышы опера өнерін ұйымдастыра алмас едік. Симфониялық музыканы одан өрі дамытуға және қазақ жастарының музыка өнерінің жоғары деңгейіне көтерілуге ұмтылуы, сондай-ақ жас композиторлар мен орындаушылардың орыстың классикалық жөне қазіргі кеңестік музыканың озық үлгілерін үйренуге тәрбиелеу — біздің міндеттеріміздің бірі болып табылады. Ал Бекхожин "домбыра" деп қасарысып тұрып алса, оны ешқандай оркестрмен, арфамен теңестіргісі келмесе, оған не айтасың? Бекхожин үшін сол бір өткен заман, "солтүстік жұмақ болған" өмір қымбат. Адамдардың ішінен ол "құдай ерекше етіп тудырған" Кенесарыны, Шыңғысханды, Наурызбайды, музыкалық аспаптардың ішінен өткен заманды жырлағанда қосыла шертіп отыруы үшін домбыраны тандап алады. Ол оның ұлтшыл дауысын өшіретін оркестрден қашады, ол оны тітіркендіреді, сондықтан да оны "даңғырлаған" деп суреттейді". Тура осы кезде әуелде Қ.Сәтбаевтің тапсырмасын орындап, баяндама жасап жүрген философия ғылымдарының кандидаты Нұрымбек Жанділдин Орталық комитеттің Ғылым бөлімінің меңгерушілігіне ауысын, енді сол К,Сәтбаевтің үстінен тексеру жүргізіп жатса да "информация жинау үшін" осы мәжіліске қатысып отырған болатын. "Партияның жан алғыш жан торсығы" Ә.Тәжібаевтің "домбыраның оркестрге" қарсы ұлтшылдық рухтағы соғысы туралы пікірі жадында сақталып қалса керек, араға екі-үш жыл салып барып, Орталық комитеттің идеология жөніндегі хатшысы болған кезінде оны қайта жаңғыртып "домбыраны" оркестрден алып тастап, "екі ішекті қу тақтайды" қуғындаған болатын. Ә.Тәжібаев "жалғасы): "Ең соңында, "Пионер" журналының 1949 жылғы ғ 4 санында "Қазоты" деген дастансымағын жариялады. Жақшаның ішіне "Орыс аңызынан" деп жазылған. Туынды мынадай жолдармен басталады: "Ерте, ерте, ертеде, құба қыпшықтың дәуірінде, біздің еліміз қыспаққа алынғанда..." қыпшақ тайпасынан шыққан ағайыңды екі адам болыпты. Олардың аттары - Сұрша мен Атырақ екен, екеуі де атақты батыр болыпты. Атырақ жаугершілікке ұшыраған... жат елді қорғауға кетеді. Ол елде Атырақ... емін-еркін өмір сүреді. Сонда:"Бақытқа кенелдіріп, өмірін ойын-сауықпен өткіздірген қай ел?",— дегенге автор нақты жауап бермейді, тек "Кавказ тауының арты бетіне" меңзейді. Егерде Каспий теңізі арқылы көрсетілген бағыт бойынша тура тартса, оқырман Түркиядан бір-ақ шығады". Өзге-өзге, өзіне де ақындық кие қонған Әбділдәның мына емеуіріні шабыт емес, шалықтау, шарықтау емес, шабыну еді. Әйтпесе, орыс деректеріндегі "Қап тауының арғы беті" — қазақ даласынан қарағанда "бергі беті, яғни, кешегі Ноғай даласы, бүгінгі Қобан бойы екенін Жүсіпбек Аймауытовтан дәріс алған Тәжібаев жолдас білсе керек-ті. Ә.Тәжібаев "жалғасы): "Сұрша кенже інісін елге қайтару үшін атқа мінеді. Сұрша батыр бетпақ даланы аралайды. Сол "бетпақ даладан" інісі бала кезінде жақсы көретін Қазоты деген өсімдікті тауын алады. Ол сол гүлді Атыраққа жібереді. Ханға Қазотын әкелген жаушы қобызда ойнай бастайды. Қобыз айрауықтың ащы зарымен бөз інгендей боздай жөнеледі. Хан Атырақ қазотын иіскей отырып, қобыздың күйіне қосылып ащы жасын төгеді. Ең соңында ол: жат елінде — сұлтан болғанша, өз елінде — ұлтан болған дұрыс екен-ау. Туған жерге барамын, ағамды бауырыма аламын,— деген Атырақ өзін "бақыт пен қуанышқа бөлеген" елден кетіп, өзінің "бетпақ даласына" құл болып жүру үшін қайтып келеді. Автордың жақшаның ішінде көрсеткен "Орыстың аңызынан" дегені оқырманды жаңылдыру үшін қолданылған құр алдарқатудың амалы ғана. Бұл туынды "Науан батырдағы" кейіпкерді кепе-көріне тірілте жырлаған қайырма ғана. Тек бұл арада автор Кенесары "Кавказдың арғы бетінен" аңсары ауа "іздеген" сол бір "ақорданы", "алтын тақты", "думан мен қызықты" іздеуді ұсынып отыр". Шыңғыс ханнан бұрын өмір сүрген, орыс жылнамаларында жазылып қалған, Карамзин, Жуковский, К.И.Никитин пайдаланған бұл әфсананы қалайда "қиыннан қиыстырып" Кенесарыға телуі — арандатудың ең арсыз түрі. Қазақша айтқанда, Қалижан Бекхожинді өкпеге ғана емес, өлімге де қиып, басын тігіп беріп отыр. Ә.Тәжібаев (жалғасы): "Ақын Бекхожиннің жолы осындай. Алайда, оның зиянды ойлары тек поэтикалық шығармаларында тана емес, ол құрастыруға қатысқан Оқу құралдары мен хрестоматиядан да орын алған. Осыған қарамастан, Бекхожин өзінің зиянды әрекетін жұртшылықтың алдында ашық мойындауға тырысудың орынына, оның қатесін көрсетуге болады екен-ау — деген ой қаперіне де кіріп шықпайды. Оның басты себебі, бірінші, ол өзінің кінәсінің ауыр екенін біліп, соны мойындаудан сескенеді, екіншіден, ол өзінің көркемдік ерекшелікті сылтауратып сынды тұншықтырғысы келеді, сөйтіп, оның назарын басқа жаққа бағыттап жібергісі келеді. Біздің ойымызша, Бекхожин саналы түрде жүріп келе жатқан зиянды жол тым ұзаққа созылып кетті. Кеңес оқырмандарының санасын ірітуге тырысқан мұндай жүйелі жортуылды тамырымен жоятын кез келді. Мұндай "көркем бұрмалаушылыққа" бұдан әрі қарай жұртшылық төзбейді". Төзбегенде не істеу керек еді? Әрине, "тамырымен отап, жою" керек. Өйткені оның ақындық өмірі "тым ұзарып барады". Замандастарының: "Әбділдә өзімнен басқа ақын өмір сүрмесе екен деп тілеуші еді",— деген қиянатты сөздің растығына сеніп-ақ қалғың келеді. Бұдан артық талдап, түсіндіріп жатудың өзі артық. Төзбейтін теңеулер, "зиянкес бұрмалаушылықтар", Бекхожинді ақын ретінде емес, адам ретінде көзін жоюды көздеген Ә.Тәжібаевтің ұзақ жылдарға созылған, біз әдеп сақтап, пайдаланбай кеткен деректердегі бар пиғылы осы сөзден соң ашылып қалғандай. Осы пікір таласы туралы естелігін тыңдап, "Батыр Науан" дастанын "Жұлдыз" журналына жариялауға рұқсат беруді өтінгенімізде, арыстан ақынның жүректегі үрейі қайратты қою мұртын тікірейтіп шыға келді. Жағдайды түсіндіргенімізде түсі жылып, әлсіз саусақтарымен қаламын ұстап: "Мен "Батыр Науан" атты бұл дастанымды қазіргі кезден елу бір жыл бұрын, әдебиетке жаңа тана қатыса бастаған жас албырт шағымда жазған едім. Сол тұста қазақ советтік автономиялық республикасының құрылғанына жиырма жол толуына арналған "Тарту" атты өлең, әңгімелер жинағы кітап болып шыққан, сол кітапта менің осы поэмамнан үзінді жарияланды. Бұл дастанымда мен аты шулы қаһарман Кенесары мен Наурызбайдың жырлағанымды, Ресей патшасының отаршылдық саясатына қарсы жасаған ұлтшылдық әрекет деп теріс түйіндеді. Соның салдарынан менің поэмам әділетсіз ауыр сынға душар болды. Енді қазіргі дәуірде партиямыздың әділ басшылығымен өткендегі тарихи уақиғаларға әділеттік пайыммен топшылауды қағида тұтқан шақта, Кенесары, Наурызбай көтерілісі езіміздің "Жұлдыз" журналының бетінде тарихи өз бағасына қайта ие болды, мен сол үшін ете риза болып, ұмыт қалған бұл дастанымды баспасөзде жариялауға ұсынып отырмын (Денсаулық болмай, жайым кетіп жүргендіктен поэманың толық нұсқасын архивімнен іздестіріп таба алмадым). Автор",— деп алғысөз жазып, біз арқылы журналға жариялауға ұсынып еді. Марқұм "Батыр Науанның" қайыра басылымын көруге үлгере алмай дүниеден өтті. Сол жолы қимас бауырындай мейірлі сезіммен ол жоғарыдағы талқы туралы айта келіп, Е.Исмаиыловтың сөзіне орай: "Ақыры түрмеге қамалатын болдым. Сондықтан да Есмағамбет екеуміздің не істеп кеткенімізді арттағылар біле жүрсін деп, өзімнің кінәмды мойындағансып, әй бір көсілдім. Ал бізге Кенесары туралы жинақ құрастыруға тапсырма берген Орталық комитеттің өзі болатын. Мен сол Орталық комитеттің өзіне ишара жасай отырып сөйледім. Ажалдан мені сол сөзім құтқарды ма, кім білсін. Менің мінезім қапастағы булығуды көтермейді. Құсадан, не қыстығып жүріп өзіме өзім қол жұмсаудан жазым болар едім. Ал Есмағамбет туралы айтатын пікірімді алдын-ала өзімен келісіп алғамын. Ол сол сырдың барлығын өз сөзінде айта бастағанда зәрем ұшып кетті. Атамашы сол күндерді. Бәрінен де мен үшін Әбділдәнің сөзі қауіпті еді",— деген мағлұматты бізге айтып беріп еді. Соңғы пікірді бұдан әрі дамытпаймыз. Х.Бекхожиннің "келер күндердің" қаперіне ұсынған сөзінен үзінді келтірумен шектелеміз. Қ.Бекхожин: "Осы арада, Кенесарыны әспеттеу туралы қате пікірлер 1940 жылы Қазақ ССР-нің 20 жылдығына орай орталық газеттерде жарияланған біздің сол кездегі басшыларымыздың (Скворцов пен Қазақпаев) Кенесарыны XІX ғасырдағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының көсемі ретінде мойындаған мақалалары арқылы таралғанын айтып өту артық емес... Бұл екі адамның (мәтінде бұл сөз Скворцов пен Қазақпаевтың атынан кейін қолданылған - Т.Ж.) Бекмаханов пен Исмаиыловтың Кенесары Қасымовтың тарихтағы орыны жөніндегі жалған пайымдаулары олардың пікірлестерін де, Қазақ ССР тарихының редакциялық алқасын да аталған қателіктерді жіберуге алып келді. Осы жалған тұжырым көптеген біздің жазушыларымыздың, ақындарымыздың, тіпті халық ақындарының шығармашылығына да зиянын тигізді, олар осы теріс тұжырымды бағытқа алып, оның мәнісіне бармастан Кенесарыны — қазақ тарихындағы осы бір қара тұлғаны өздерінің шығармаларында мадақтады. Жекелеген жазушылардың қателігін айтпай-ақ, Орталық комитеттің осы шешіміне байланысты, баспасөздердегі сындарға байланысты: қазақ және орыс халқының жауына — Кенесарыға катысты жіберген өрескел қателерім үшін өзімді-өзім батыл және қатал түрде айыптайтынымды партия жиналысының алдында айтуды парызым деп білемін",— деп (сонда, 84-бет) жария етті. Әрине, "жекелеген жазушылардың қателігіне тоқталмай", "өзін-өзі батыл және қатал айыптауы" да мінезді ақынның мінезін танытады. Дегенмен де партия жиналысында жауынгер ақын "партиялық адалдықты" сақтап өзінің кенесарышылдығының түпкі тегін ақындық көркем көзқарастан іздемей, "ақылшыдан" іздейді. Оның себебін былай түсіндіреді: Қ.Бекхожин (жалғасы): "Мен өзімнің әлі тәжірибе жинақтамаған қарапайым әдеби қызметімді СССР FA-ның Қазақстандағы филиалының Тіл және әдебиет секторында, Кенесары мен басқа да хандар мен билер туралы пікірлердің дәнін сепкен Исмаиыловтың жетекшілігінде атқара жүріп, Қазақстан тарихы мен Қазақ әдебиеті тарихының кейбір тұстарын түсінуде адасып кетіппін...". Әрине, сол кездің тана емес, жалпы талқы атаулының дәстүрі бойынша Қ. Бекхожин де "еруліге қаруын қайырып", Ә.Тәжібаевқа да қарата астарлы сес танытты: Қ.Бекхожин (жалғасы): "Мен Тәжібаевтің сөзіне ризашылығымды білдіре алмаймын, оның өзі де көптеген ұлтшылдық қателіктерді жіберсе де, ұлтшылдық дегеннің не екеніне және оны кімге оп-оңай жапсыра салуға болатынына партиялық тұрғыдан және өзінің түйсігімен саралап түсінбей, өзінің мақаласында (осының алдында Ә.Тәжібаевтің жоғарыдағы мазмұндағы мақаласы жарияланған болатын — Т.Ж.) маған ұлтшылдықтың көр-жердегі барлық қылмысын айып етіп тақты, ал менің шығармаларымды ұлтшылдық қателіктің жүйесі ретінде көрсетті. Олай емес, мен сіз айтқандай ешқандай қарғыс атқыр ұлтшылдықтың жазғыштарына еліктегенім жоқ, сіз сияқты буржуазиялық символизмді үйренгенім де жоқ және ол дертпен ауырғаным да жоқ. Мен өзімнің қателіктерімді үнемі ашық айтып келдім, қазір де сіз сияқты былғақтамай ашық айтып отырмын. Мен орыс және кеңес классиктерінен үйренемін. Менің ойымша, партия ұйымы Большевиктік сынды біреудің екінші адамнан кек алуының қаруына айналдыруға, Тәжібаев сияқты жолдастардың бір кездегі менің айтқан сыныма қарымта қайыруының амалы ретінде пайдалануға жол бермес деп ойлаймын". Иә, "кектің қарымы" осылай қайтарылыпты. Бәрібір, Ә.Тәжібаевтің жоғарыдағы әшкерелеуінен кейін оның бұлай демеске лажы да жоқ еді. Өйткені, олардың көзінше және талап етуінше "оның ақындық өмірі ұзаққа созылуы тиісті емес" болатын. Сөзінің соңында өзінің ұлтшылдық ұстанымын оятқан Есмағамбет Исмаиыловты "өздерінің өзара келісіп алғанындай" "қарақшыға байлап" кетеді. Қ.Бекхожин (жалғасы): Ең соңында айтарым, өзінің ұлтшыл, оның ішінде Кенесары туралы қателерін осы уақытқа дейін ашық және шын жүректен мойындамай отырған Исмаиыловтың тәртібін қатаң талқыға салуға болмай ма? Кенесарыны әспеттеген ондай адам жоқ, ол бұл мәселе жөнінде идеялық қателік қана жіберіп қойған жоқ, сонымен қатар бірнеше жыл бойы мұқым бір мемлекеттік ғылыми мекемені жұмылдырып, мемлекеттің қаржысын жұмсап, Кенесарының тарихын мадақтайтын зерттеулер жаздырды, сөйтіп, жалған дәлелдер арқылы Кенесарыны "халықтық" тұлға етіп көрсетіп, қоғамдық ойды адастырды. Соның тапсырмасымен кеңес ақындары бірқатар қате шығармалар жазды. Жылқыайдаров, Керімбаев, Шипин сияқты халық ақындарымен қоса ақын Аманжолов та оның тапсырмасымен Кенесары мен Наурызбайды мадақтайтын дастандар шығарды. Неге ж.Аманжолов өзінің Кенесары туралы жіберген қателігін ашық мойындауды парызым деп есептемейді? Өзіміздің барлық қателігімізді ашық мойындап, оны сынау арқылы ғана өзіміздің шығармаларымызға жат, зиянды идеялардың кіріп кетпеуіне жол ашамыз". Бұл талқыға "бір басынан дауы арылмаған" Қасым Аманжолов та араласып кетті, ол өзін ақтау орайын кешегі досы, бүгінгі қаралаушысы Е.Исмаиылов пен Қ.Бекхожинге әкеп тіреді. Қ.Аманжолов: "... Сол кезеңнен кейін менің шығармашылығымда бұл тақырып қайталанған жоқ, қайталануы мүмкін де емес. Мен ол дастанның бір де бір бетін ешқашанда жариялаған емеспін, соған қарамастан, арада бірнеше жыл өткеннен кейін болса да өзімнің қателігімді мойындап отырғанымның өзі де жақсылық. Сөйтсем, 1940 жылы дайындығым аз, саяси көзқарасым жоқ, талантым ұшталмаған тұста осы іске араласып кетіппін. Турасын айтайын, партия жиналысынан жасыратын ештеңем жоқ... Ол кезде Исмаиылов пен Бекхожин ғылым академиясында істейтін. Бекхожин екеуіміздің айырылмас дос болғанымызды бөріңіз білесіздер. Менің әдеби сауатым жоқ болатын, ал Бекхожинның жоғары әдеби білімі бар болғандықтан да, мен онымен дос болдым, айтқанын тыңдадым. Бірде Бекхожин Кенесары туралы жинаққа арнап дастан жазуымды өтінді. Сол дастан үшін екі жүз жетпіс сом алдың — дейді Бекхожин. Шынын айтсам, соның екеуі де есімде жоқ. Міне менің қателігім осында... Бекхожинның ұлтшылдығын әшкерелеп, "Социалистік Қазақстан" газетіне "Хандардың жоқтаушысы" деген мақала жаздым",- деп (сонда, 92 бет) жиналысқа қатысушылардан өзін арашалауды өтінді. Жиналыс оның бұл өтінішін қанағаттандырды. Себебі, оның өзін-өзі ақтауға мүмкіндік берген "арылу" мен "парызды" "Хандардың жоқтаушысы" атты мақаласы арқылы өтеген еді: Қ.Аманжолов: "Бекхожиннің бізде болып жатқан жиылыстардың бір де бірінде өз шығармаларының кемшіліктері туралы жұмған аузын ашпауына қарағанда, онда тіпті кемшілік жоқ па деп ойлайсың. Шынында солай ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін, Бекхожиннің езі үндегісі келмесе, оның шығармаларын сөйлетіп көрейік. Бекхожин өзінің әдеби бетін "Ақсақ құлан" поэмасымен ашты. Бұл поэма "Әдебиет және Искусство" журналында басылып шықты. Поэмада Алаша (Шыңғыс) ханның баласы Жошы ханның құлан қуып жүріп мерт болғаны баяндалады. Совет мектебінде тәрбие алып шыққан жас ақынның қиял қармағына ең бірінші болып "Ақсақ құлан" ертегісінің ілінуі таңғаларлық оқиға! Өз заманымыздың алуан сырларын көрмей, атам заманғы жандармен сырласу Бекхожинге не үшін керек болғаны бізге күңгірт. Мүмкін, автор хандар заманына марксизм-ленинзм тұрғысынан қарай отырып, жүйелі бір пікір айтпақ болған шығар — дейін десек, олай болмай шығыпты. Бар айтқаны: Алаша — Жошы хандардың "аруағын" күңірентіп, солардың өшіп қалған өмірінің күлін үрлеп, содан бір "поэзиялық от" тұтатпақ болыпты автор. Поэмада Алаша — Жошы хандардың "салтанаты", қуаныш-сүйініштері ғана баяндалады да қояды. Оның үстіне автор Алаша — Жошыларды қазақ халқының қамқоры етіп көрсетуге тырысады. Мұнысы тіпті тарихи шындыққа жанаспайды. Онысымен қоймай, автор өз кейіпкерінің аузына мынадай сөз салады: Дариға, кешегі еткен әкем Шыңғыс, Ер еді-ау Күншығыстан шыққан тұнғыш (?). Әлемді алқымға алып, айғай салып. Жалғанды етіп еді-ау жалғыз уыс! "Бұл менің сөзім емес, Жошының сөзі",— деп таласар автор. Біздіңше, бұл автордың сөзі. Жошыға осыны айтқызып отырған автор. Ал, авторға мұндай сөздің неге керегі болды? Автордың мұндағы айтайын деп (айтып та) отырғаны: "Шыңғыс — қазақ хандарының, яғни, бүкіл қазақтың әкесі еді. Ол біздің шығыстан шыққан тұнғыш ер еді",— деу. Шыңғыстың "Әлемді алқымға алып", "жалғанда жалғыз уыс" еткеніне автор ете сүйсінеді. Бұл жерде автор тарихи шындықтың өңін айналдырып жібергені былай тұрсын, тіпті, саяси қате ұғым тудырады. Қанды шеңгел; "Шыңғыс сенің әкең еді",— деп халқымыздың тарихын кірлейді, жала жабады. Бекхожиннің бұл саяси қате пікірі оның екінші поэмасы "Батыр Науанда" да қайталанады. Бұл поэмада Кенесары мен Наурызбай әңгіме болады. Әңгіме болғанда Кенесары мен Наурызбайдың тарихында болмаған, болған күнде де айтуға тұрмайтын бір ұшқалақ оқиға баяндалады. Күндердің бір күнінде Кенесарының құлағына мынадай бір сыбыс жетеді: пәлен деген ауылға орыстың бір офицері келіпті. Сол офицер қазақтың бір қызымен көңіл қосыпты-мыс. Бұл хабарға, автордың айтуынша, Кенесары қатты назаланады. "Дереу қызды өлтіріп, офицерді менің алдыма айдап алып кел",— деп Кенесары Наурызбайға әмір етеді. Наурызбай Кененің айтқанын екі қылмай орындайды. Офицерді бірнеше күндік жерге жаяу айдайды, аттың баурына алып, ұрып-сабайды, арқандап таңады, терекке байлап қояды. Қысқасы, автор жазықсыз офицерге көрмегенді көрсеттіреді. Ал, осындай сөлекет оқиғаның Бекхожинге неге керегі болды? Мұнымен не айтпақ болды? Бұл сұраққа жауапты Бекхожиннің өзінен естиміз:

Батырлар сүюші еді Кене ағасын,
Кененің кең пейіштей Сары Арқасын.
("Тарту" жинағы, 133-бет).

"Кененің Сары Арқасы — кең пейіш еді" деу - біріншіден, шындыққа жатпайды, екіншіден - барып тұрған керітартпа пікір. Мұндай пікір тек хандар заманын аңсаған, алға емес, артқа қараған жылауық бишаралардың ғана аузынан шығуға тиіс.

Қазақ ек ала киіз туырлықты,
Такаппар, менсінбеуші ек басқа жұрты.
Құдая, кер заманға кез келтірдің.
Қазақ боп естіп пе едік бұл сұмдықты,—

деп сарнайды Бекхожин сол поэмасында. Бұл сарнау - кімнің сарнауына ұқсайды? Немесе:

Сорлаған ел жұртыңды сақта өзің,
Самсаған албастыдай сонау жаудан",- деп күңіренеді автор.

Міне, автордың "Батыр Науан" поэмасын жазғандағы, онда қолдан сюжет ойлап тапқандағы айтайын дегендері осындай қоқыс, ұлтшылдық пікірлер. Бекхожин бұл поэмасында да Шыңғыс ханның аруағына бас ұра жығылады. "Кешегі атышулы Шыңғысқа ұқсап", - дейді де Наурызбайды Шыңғысқа теңейді. Бұған қараталда Бекхожиннің "Ақсақ құлан", "Батыр Науан" поэмаларын жазғандағы ой арқауы бір екенін айқын көреміз. Бұл екі поэмадағы оның ой пікірі ағып келіп мынадай арнаға құяды: кешегі қанды шеңгел Шығыс қазақ хандарының атасы еді, Кенесары, Наурызбай сол Шыңғыстың ұрпағы еді,- дейді. Сүйтеді де "бетті Шыңғысқа (яғни Шығысқа) қарай бұру керек. Европа мәдениетіне қарсы шығу керек",- деген саяси идеяны дәріптейді. Бекхожин мұны мойындасын, мойындамасын, бірақ оның поэмаларында айтылған пікірлерден туатын қорытынды осындай. Бұл қателіктер оның 8-класқа арнап шығарған оқу құралында да кездеседі. Тіпті онда айтуға болмайтын сұмдық сөздер жазылған... 1944-жылы Бекхожиннің "Шеру" атты өлеңдер жинағы шықты. Жинақ "Қазақ ұлына" деген кіріспе өлеңмен басталады. Бұл өлеңде ол не айтады? Қазақ жауынгеріне жаумен жағалас дегенде, "атаң қазақ разы болсын", "ата қоныс — Сарыарқа разы болсын" — дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Совет елі үшін, Большевиктер партиясы үшін, совет еліндегі туысқан халықтардың бақыты үшін, ұлы октябрь социалистік туы үшін күрес — деген сөздер Бекхожиннің аузына түспейді. Неміс басқыншыларын жойған негізгі күштерімізді көргісі келмейді. "Өртенгенді қазекең азат етсін",— деген екіұшты мағына беретін, ешбір логикаға жатпайтын пікірмен өлеңін бітіреді. "Қол бастаған батырға" деген өлеңінде:

Мен сүйдім елдің ұлы ер екен деп,
Кешегі Кенекемнің тартып туған.
Есіңе ал Кенекемді кешегі өткен,
Кеудесін кек пен оққа төсеп еткен (?!).

Бекхожин бұл арада ұлттық қасиетті дәріптейін деп отырған жоқ, "Кенекең кекті кеткен еді, соны ұмытпа",— деген сияқты бұлдыр бірдеңені бықсытып отыр. БК(б)П Орталық комитеті "Драма театрларының репертуарлары туралы" қаулысында: "біздің кейбір жазушыларымыз өз заманымыздың кейіпкерлерін көрмей, патшалардың, хандардың, вельможалардың өмірлерін жазуды әдет қылып жүр",- делінген. Осы қаулыны Бекхожин оқыды. Жданов жолдастың баяндамасын да оқыды. Сөйтіп отырып не істеді десеңіздерші: "Сабалақ" (Абылай хан) деген поэма жазды. Оған "заказ" беріп жаздырып жүрген "Пионер" журналы редакторының орынбасары Боранбаев сол поэманы журналға баспақ та болды. Бірақ ҚАКЖО Орталық комитетіндегі жолдастар ол зиянды поэманы алдырып тастады. Бұған қарағанда, Бекхожин жолдас өзінің теріс бағытқа түсіп кеткендігін күні бүгінге дейін мойындағысы келмейтінін көреміз. Кемшілікті Большевикше мойындау - совет адамдарының қағидасы. Бұл қағиданы Бекхожин бойына жуытқысы келмейді. Ал, бірақ басқаның кемшілігі туралы айқайлағанда Бекхожиннің тамағы жыртыла жаздайды. Сонымен, Шыңғыс хан — Жошы хан - Абылай хан Кене хан... дегендердің Бекхожин тартқан желісінін; ұзын-ырғасын аралап шықтық. Бұл шірік арқаннан тартылған желіні өмір шындығының күшті қолы үзіп тастауға тиіс. Бекхожин жолдасқа өзінің творчестволық жұмысындағы қателіктерін көрсетумен қатар, шығармасының бағытын тез арада заманымыздың тілегіне сай арнаға бір жола бүру керек екенін ескертеміз" ("Соц. Қазақстан", 1947, 7-наурыз). Иә, осы ретте таяу арада Мәскеу мұрағатынан табылған "бүкілодақтық ақсақал" М.И.Калининге арнап жазылған: "Михаил Иванович! Топорами, вилами, воруженными силами, на нас напали, кровожадные есенцы!",— деген арыз хат еске түседі. Бұл қандай ұлттардың арасындағы шайқас екенін білмей, зәресі ұшқан "ақсақал": "Есенцы (чеченцы деп ұқты ма, кім білсін) деген қандай ұлт? Табындар",— деп бұрыштама соғыпты. Ал тура сол хат Ж.Шаяхметовке де жолданыпты. Тек "есеннің" орынына "бегістің" атын қойыпты. Шұғыл тексеріп, іздестіре жүріп әрең табады. Сөйтсе, шалғайдағы, тіпті қазақы ұғымның өзінде түкпірдің түкпірі болып саналатын ауылдағы шалғынға таласқан он үйден тұратын бір елдің екі бұтағы екен. Демек, екі арызды да орысша жазып беріп тұрған бір адам болды ғой. Бауыржан Омаров пен Рақымжан Отарбаев бауырларымнан естіген осы қазақы тапқырлыққа таңданарымызды, не Ә.Тәжібаев пен Қ.Аманжоловтың мына сөздеріне таңданарымызды білмей біз де дағдарып қалдық. Екі ақиық ақынның бірінің сөзі екіншісінен айнымайды, тек айтушылардың аты ғана басқа. Уақыт арасын екшей келе Ә.Тәжібаев бұрынырақ шыққан Қ.Аманжоловтың мақаласын орысшаға аударып пайдаланған — деген уәжге тоқталдық. Қасым Аманжоловтың өзі сол жолы: "Маған тапсырма берген халық жауы Е.Исмаиылов пен Х.Бекхожин",— деп райынан қайтты. Х.Бекхожинді әшкерелеген "Хандардың жоқтаушысы" деген мақала жазғанын желеу етіп, партия жиналысының алдына өзінің атын қаулыдан сызып тастауды өтінді. Белсенділер оның өз "айыбын жуғанын" ескеріп, Қ.Аманжоловтың атын партия ұйымының қарарынан алып тастады. Қ.Бекхожин: "Қасымның ақталғанына ішімнен қатты қуандым. Сыртымнан мысымды бастырғым келмей, мен де мақала жаздым. Көпшілік алдында ақталды. Енді оған сын батпайтын және күні кешегі бірге жатып, бірге тұратын, бір күн көріспесек заманақыр орнайтындай сезілетін досыма қыр көрсеткім келді. Екеуміздің де мінезіміз жетісіп тұрған жоқ еді. Оның тез сөзге ергені шамыма қатты батты. Ал ақшаның айтылуының себебі, Кенесары туралы жинақ шықпай қалған, ал қаламақысын Қасым екеуміз алып қойғамыз. Соны қайтартама деп зәресінің ұшқаны ғой. Ол үкіметтің қаулысымен бөлініп, төленгендіктен қайтаруға жатпайды. Мен шарпысып қалғанда соны еске салғаным әдейі. Әттең, қандай тату едік, екеуміз де мінезіміздің еркінде кеттік",— деді арыстан жалды ақын. Ал жиналыста Қ.Бекхожин, бәрібір жазадан құтылмайтынын біле тұрып, өзінің "соңғы сөзін": "Осы партия жиналысында: Кенесары Қасымовтың қозғалысын бағалауға, оның реакциялық мәніне қатысты қателіктерімді түзету жолында адал еңбек ететініме уәде беремін",— деген үмітті тілекпен аяқтады. Жауап сөзінде "келісімді орындап" Е.Исмаиылов Х.Бекхожиннің атын атамайды. Бірақ астарлы емеуірінді екеуі де, өзгелер де түсінген. Е.Исмаиылов: "Бізде Кенесары Қасымов туралы арнайы мақала жазбаған, алайда оң баға берген әдебиетші-тарихшылар бар. Олардың аттарын атамай-ақ қояйын, өзімнің кінәмды өзгеге аударғым келіп тұрған жоқ, алайда Қазақстан тарихы ғылымындағы қайшылықтарға және Кенесары Қасымовқа қатысты әдеби мәселелерді зерттеуде жіберілген қателіктерге, олардың белгілі мөлшерде тарихшыларға ықпал жасағанына қарамастан, кейбір жолдастар өзін-өзі Ақтауға тырысты. Бұл — шындық. Алайда мынадай сұрақ қойғым келеді: Мұқанов пен Жұмалиев жолдастар өзінің оқулықтарының тұтас бір тарауын шынымен де Исмаиыловтың ықпалымен жазды ма? (Республиканың) жиырма жылдығына арналған тезистер де Исмаиыловтың диктовкасымен жазылды ма? Тимофеев-Федоровтың мақаласын да Исмаиылов жазын беріп пе? Иә, мен қатты қателестім, нағыз табанды кенесарышыл болдым, алайда осының бәрін, барлық пәлені Исмаиыловқа үйіп-төгіп, оның жалғыз өзін кінәлі деп мәлімдеуге болмайды. Мына бір жай еріксіз есіме түсіп тұр. Бірде Бекхожин маған: "Сен ЦК-ның қаулысына ілінген адамсың, сондықтан да үндеме. Сен соғылған (битый, мәселесі шешілген) адамсың, ешқашанда оларды сынап қарсы шықпа, күйіп кетесің. Сені кінәлау оңай, өйткені сенің атың қаулының барлық жерінде көрсетілген",— деді. Әдебиетшілердің арасында өзгелердің қателігін көрсетуге шебер, ал өздері ештеңе істемей, "тыныш қысып" отырғанды жөн көретін сыншысымақтар бар. Ешқашанда да ештеңеге араласпайтын, ештеңе жазбайтын жолдастар да бар. 5-6 жыл бойы қолына қалам ұстамағандар да кездеседі. Әрине, ол жолдастар ешқашан қателеспейді (күлкі). Әрине, ішінара қателіктер кетуі де мүмкін, партия мен үкімет талап етіп отырғанда табанды түрде еңбектену керек. Мен принципті шығармашылық сынды қашанда қабылдаймын, алайда, өзің баяғыда бас тартқан ескі қолжазбаларыңды ақтарып, қоянды шығаруға бағытталған сыңаржақ сынды қабылдамаймын. Мұндай кемшіліктерді, соның ішінде Қ.Жармағамбетов жолдастың баяндамасында айтылған сындарды мойындаудан бас тартамын, менің жақсы істерімді жасырып, жаманаттың барлығын маған жапсырған мұндай сынды жоққа шығарамын. Лайықты, орынды сынды өзім де жақсы көремін және ондағы қателерді түзетуге тырысамын. Партия ұйымы тарапынан айтылған сынды да қабылдаймын. Партия жиналысында мен Кенесары Қасымовтың қозғалысына, оның реакциялық мәніне баға беруге қатысты кеткен өрескел қателерімді түзеймін, адал еңбек етемін деп уәде беремін". Жанталасты талқылау аяқталып, енді қаулы қабылдауға қарай ойысады. Ұлтшылдығы әшкереленіп, қаулыға ілініп бара жатқан Қ.Бекхожин оны жұмсартуға ұмтылып: "Мен бір анықтама бере кетейін, менің мақалам ешқайда талқыланған жоқ. Ал К,Аманжоловтың мақаласы 1948 жылы 12- ақпанда талқыланған, оны Жароков пен Жұмалиев жолдастар біледі",— деп бір қате үшін екі рет жазалауға болмайтынын еске салады. Алайда оған Ә.Тәжібаев: "Қазоты" - дегеніміз дастан. Ол бұл арада талқыланған жоқ. Мен қайталап айтамын, біріншіден, бұл қате туынды, екіншіден, "Ақсақ құлан" туралы сөз қозғағанда, ондағы бейнелі образдарды мен түсінбей отырғаным жоқ. Сіздің: "Оның (Тәжібаевтың - Т.Ж.) менен қарымта қайыруы үшін оның мақаласына "Ленинская смена" газетінің орын беруі өрескелдік,- деген пікіріңіз дұрыс емес",— деп қарсы уәж айтып, қаулыны күшінде қалдыруды ұсынған. Жалпы мерзімі үш жылға созылған осы арпалысты, жанталасты, әшкерелеуші бағыт ұстаған талқылауларда өзінің пікірін ашық білдірген және қарсы уәж айтқан тұлға Есмағамбет Исмаиылов қана. Е.Исмаиылов: "Қаулыда мен туралы жеке бап бар. Менің ойымша бұл тым қатаң ұстаным. Неге "Көптеген қателері" деп жазылған? Бұл дұрыс шешім емес. Қандай "кептеген қателік"? Бұл ойдан шығарылған жала. Менің атымды өзге жолдастардың қатарындағы тізімге қосуларыңызды өтінемін. Неклюдов: Исмаиыловтың мұндай ұсыныс жасауының басты себебі, ол Ғылым Академиясындағы жиналыстағы сияқты осы арада да өзінің қателіктері мен кемшіліктерін барынша терең ашып берген жоқ. Бұл арада өзінің көзқарасы арқылы шәкірттеріне тигізген зиянды әрекеттерге де баға берілуі тиіс. Сондықтан да мен қарарда көрсетілген формулировканы қалдыруды ұсынамын және оған: Исмаиыловтың сөзінде сын аз болды, өзінің қызметі арқылы тигізіп отырған саяси зиянкестігіне баға бермеді,— дегенді қосып жазу керек. Мұстафин: Тәжібаев жолдас қабылданған қаулыға қанағаттанбай отыр. Сондықтан да бұл пункті дауысқа саламын. Тәжібаевтің: Бекхожин өзінің қателеріне сын көзбен қараған жоқ және жеткіліксіз мойындады,— деген ұсынысы дауысқа салынды. Оны қостап бір ғана дауыс берілді". Сол тұстағы айдарынан жел есіп тұрған Қ.Жармағамбетов, әрине, өзіне қарсы пікірге өктем үнмен жауап берді: "Енді, Исмаиылов жолдасқа жауап берейін, ол мені: жақсы істерін жасырып, жаманаттың барлығын жапсырған" жалақор сыншы деп айыптады, жалақорлық сынмен айналысқаным жоқ, айналыспаймын да, ал сіздің еңбегіңіз баршаға мәлім, мүмкін мен Кенесарыға мінездеме беретін барлық еңбектеріңізге толық тоқталмаған шығармын. Егерде дұрыстап қараса, сіздің еңбектеріңізден бұдан басқа да кемшіліктерді табуға болады. Сіздің өзге еңбектеріңізге баға беру — менің міндетіме жатпайды. Ал Нұрпейіс Байғаниннің қолжазбасына қатысты айтарым, мен оның редакторымен 25 күн бірге отырып қарап шықтым, баспасөзде сілтеме жасалған бұл кітаппен менен басқа сіздердің ешқайсыларыңыз таныс емессіздер. Қабдолов (Ғабдуллов) қолжазбаны маған берді де, редакция жаса! - деді. Менің айтарым, демек, халық ақындарының шығармаларына жасалған редакторлық та сіздің еңбегіңіз жоқ. Сөзімді аяқтай келе айтарым, көптеген жолдастар осы партия жиналысында өздерінің қателіктерін мойындады. Қатені мойындау - қатені түзетуге жасалған қадам, сондықтан да біздің жиналысымыздың қорытынды қарарында: қатесін мойындап сөйлеген жолдастар -өздерінің Кенесарыны бағалауда жіберген қателіктерін мойындады жөне оны өздерінің еңбектерінде, шығармаларының жаңа басылымында түзететін болады,— деп жазуымыз керек. Міне, менің бар айтайын дегенім осы". Қарама-қарсы пікірлердің бәрін тізіп шығу мүмкін емес. Әсіресе, стенограммалардағы сөздердің тұздығы ащы, қыжырынуы басым. Тіпті бет жыртысуға барған жағдайлар да кездеседі. Мұндай саяси-көркем мағынаға ие емес Жазушылар Одағының қорындағы және баспасөз беттеріндегі жаныққан жарыссөздерді бұл араға кіріктірмесе де ештеңе өзгермес еді. Бірақта жандайшап идеологияның жанықпасы тұсында ұлы тұлғалардың да кібіртіктеп, жасып, еркінен айырылып, пендешілікке ұрынуы - рухани жұтаңдыққа, өкінішке ұрындыратынын ескерте кетуді жөн көрдік. Біз тұлғаларды тұлдаған кеңестік жазалау саясатының психологиясын көрсету үшін олардың сол "қызылөңеш кезенде" бір-бірін "қыстыра" кетіп, жалғыз өзі ғана жазаланып кетпеуге ұмтылған мәжбүрлік пендешілігін аша кеткіміз келді. Бұл да келешекке сабақ.

VІ ТАРАУ: ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАЗАЛЫЛАР НЕМЕСЕ ЖАЗЫҚТЫ ЖАЗАСЫЗДАР Иә, Ұлы отан соғысындағы жауынгерлерге: "Сендерді Абылайдың, Кенесарының, Наурызбайдың әруақтары қолдасын!",— деп ұран тастағанын Ж.Шаяхметовтің өзі де мойындай сөйлеп, оған идеология хатшысы І.Омаровты жанай кінәлап өтті. Скворцов, Қазақбаев, Оңдасынов, Әбдіхалықов та Кенесарыны ауызына алып, атой салған. Тіпті Сталиннің өзі де Иван Грозныйдың әруағын шақырған болатын. Жеңіске жеткеннен кейін енді сол әруақтарды қарғыспен кебіндеп, қайта көмгілері келді. Зады әруақтар оларға да тыныштық бермесе керек. Кенесары ұлт-азаттық қозғалысы туралы мәселе Қазақстан Компартиясы ОК-нің ҮІІІ пленумында арнайы қаралып, бірінші хатшы Ж.Шаяхметов "Республиканың партия ұйымдарында идеологиялық жұмыстың жайы және оны жақсартудың шаралары туралы" баяндама жасады. Сол кездегі партиялық принцип пен пікірдің, қоғамдық ойдың қандай дәрежеде екендігін көрсету үшін баяндаманың қажетті-ау деген тұсын ықшамдап бердік. Онда жалпы идеологиялық майданға шолу жасай келіп Ж. Шаяхметов: "Алайда идеологиялық жұмыста, әсіресе тарих ғылымы, әдебиет және искусство саласында өлі де ірі кемшіліктер, саяси қателер және ұлтшылдық бұрмалаушылықтар бар. Бұл қателер, әсіресе Кенесары Қасымовтың қозғалысына баға беруде айқын көрінді. Е.Бекмахановтың және басқа тарихшылардың, әдебиет зерттеушілердің және кейбір басшы партия және совет қызметкерлерінің Кенесары Қасымов қозғалысына баға берудегі принциптік саяси, буржуазиялық-ұлтшылдық қателері неде? Бұл қателер мынада: бұл реакциялық-монархиялық қозғалыс ұзақ уақыт бойына ұлттық-азаттық қозғалыс деп көрсетіліп келді, ал оның басшысы, қазақ халқының тұншықтырушы — Кенесары Қасымов қазақ халқының азаттық қозғалысының басшысы деп дәріптеліп келді, шынында, мұның бәрі тарихи шындыққа және Сталин жолдастың ұлт мәселесі жөніндегі нұсқауларына қайшы келеді. Сталин жолдас былай деп үйретеді: "Мәселенің диалектикалық қойылысы тегінде бір жерде қажет болатын болса, нақ осы жерде, ұлт мәселесінде өте-мөте қажет" (И. Сталин. Шығармалар, 2 том, қазақшасы, 352 бет). "Ұлт мәселесі өзімен өзі ғана болып отыратын, мәңгі бір қалыпта тұрып қалатын мәселе емес. Кәзіргі құрылысты өзгерту туралы жалпы мәселенің тек бір бөлімі бола отырып, ұлт мәселесі тұтасымен әлеуметтік жағдайға қарай, елдегі үкіметтің сипатына қарай, жалпы айтқанда, қоғамдық дамудың бүкіл барысына қарай анықталады" (И. Сталин. Шығармалар. 4 том, қазақшасы. 174 бет). XІX ғасырдың бірінші жартысында, патриархтық-рушылдық қатынастың көптеген қалдықтарының болуына қарамастан, Қазақстан тап күресі айқын көрінген таптық феодалдық қоғам болды. Бұл дәуірде, ең алдымен Россия жағынан, сауда-ақша қатынасы, сауда капиталы қазақ даласына барған сайын кең тарала бастады. Қазақстанның экономикалық дамуындағы бұл жаңа құбылыс еңбекші бұқараны талаудың жаңа формаларын енгізді, бірақ мұнымен бірге ол Қазақстанның экономикасындағы орныққан патриархтық- феодалдық қатынастарды іс жүзінде қирата бастады. Бұл өзгерістерді, әсіресе, ханның өкімет билігін жоюға әкеп соққан кейбір жүздердің Россияға қосылуынан кейінгі өзгерістерді Кенесары Қасымов хандар мен сұлтандардың праволарына тікелей шек қойғандық және онан әрі шабуыл жасағандық деп таныды. Феодалдардың осы праволары мен мүдделерін қорғау үшін Кенесары Қасымов көтеріліс бастады. Кенесары Қасымовтың патша әкімдеріне жазған хаттарында айтылған басты-басты талаптарының ап-ашық феодалдық-монархиялық сипаты бар. Кенесары Абылай хандығының үлгісімен ханның өкімет билігін қалпына келтіруді, яғни орта ғасырлық феодалдық тәртіптерді сақтауды талап етті. Кенесарының талаптары қазақ халқын патша өкіметінің отарлық езушілігінен азат етуді емес, өзінің феодалдық праволары мен ардақтылықтарын сақтауға бағытталған. Сталин жолдас өзінің "Социал-демократия ұлт мәселесін қалай түсінеді?" деген классиктік еңбегінде былай деп жазды: "Әртүрлі кезеңдерде күрес майданына әртүрлі таптар шығады, сондықтан әрбір тап "ұлт мәселесін" өзінше түсінеді. Демек, "ұлт мәселесі" әртүрлі кезеңдерде әртүрлі мүдделерге қызмет етеді, оны қандай таптың және қашан көтеруіне байланысты түрліше сарын алады" (И.Сталин. Шығармалары, І том, қазақшасы 33 бет). Ленин мен Сталин ұлт мәселесінің әртүрлі дәуірлердегі ерекшеліктерін барлық жағынан аша келіп, бұл дәуірлерде туған ұлттық қозғалыстар бірдей емес екенін, олардың ішінде прогрестік, ұлттық азаттық қозғалыстар және реакциялық, ұлтшылдық қозғалыстар болатынын көрсетті. Оның ішінде реакциялық сипаты бар ұлттық қозғалыстар революциялық қозғалыстың дамуының және жалпы коғамның дамуының мүдделеріне қайшы келіп, еңбекшілердің таптық сана сезімінің өсуіне бөгет жасайды. Кенесары Қасымовтың қозғалысы нақ осындай қозғалыс болды. Бұл қозғалыс Қазақстанның саяси және экономикалық дамуына бөгет жасап, қазақ халқының орыс халқымен жақындасып, достық жасау ісіне зор зиян келтірді. XVІІІ ғасырдың 30-жылдарында Кіші жүздің қазақтары өз еркімен Россияның қол астына қарап, Қазақстанның Россияға қосылу процесін бастады. Бұл процесс XІX ғасырдың 60-жылдарында аяқталды. Қазақстанның Россияға қосылуы, бір жағынан, товарлы-ақшалы қатынастың күшеюіне, өндіргіш күштердің өсуіне, таптық жіктелудің күшеюіне және ол кездегі қазақ ауылының патриархтық томаға тұйықтығының бұзылуына, шаруашылықтың және қоғамдық қатынастың неғұрлым жоғары формаларының дамуына көмектесті, қазақ халқының мәдениетінің өсуіне, қазақ халқының үздік ағартушыларының, жазушыларының және қоғам қайраткерлерінің - Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсаринның қалыптасуына көмектесті. Қазақстан Россияға қосылмағанда, сыртқы жауларға қарсы күресте ұлы және қуатты орыс халқының, туысқандық көмегі болмағанда, саяси бытыраңқы қазақ халқы өзінің сүруін қорғай алмай, неғұрлым артта қалған орта азиялық хандықтар тарапынан бөлшектелген және құлдыққа түскен болар еді. Россияның неғұрлым алдыңғы қатарлы экономикасымен тығыз байланыс жасамағанда Қазақстан өзінің артта қалған, феодалдық-монархиялық құрылысымен экономикалық прогрестен тыс қалған болар еді, озат орыс мәдениетінің игілікті әсері тимей, артта қалған мұсылмандық Шығыстың ықпалына түскен болар еді. Қазақстан Россияға қосылмағанда орыс халқының революциялық азаттық қозғалысына қатыспа,анда қазақ халқы жалпы демократиялық революциялық, қозғалыстан шет қалған болар еді. Ол кезде патшалық Россияның қойнауында туған жаңа, революциялық-демократиялық Россия россиялық империяның ұлттық шет аймақтарының халықтарына орасан зор тілектестікпен, құрметпен қарады, патшалық отаршылдарды әшкерелеп тілдеді. Сонымен, Қазақстанның Россияға қосылуының, патша үкіметінің отарлық саясат жүргізуіне және қазақ еңбекшілерін қанауды күшейтуіне қарамастан, сөзсіз орасан зор прогрестік маңызы болды. "...Россия Шығыс жөнінде шынында да прогрестік роль атқаруда", "...Россияның үстемдігі Қара теңіз және Каспий теңіз, Орталық Азия үшін, башқұрттар және татарлар үшін мәдениеттендірушілік роль атқаруда...", - деп жазды 1851 жылғы 23 майда Ф. Энгельс К. Маркске жазған хатында (К.Маркс жөне Ф. Энгельс, Шығармалар, XXІ том, 211-бет). Қазақстан Россияға қосылмаған болса, Қазақ, халқының тағдыры басқаша болар еді. XІX ғасырдың 30-40 жылдарындағы халықаралық, жағдайда патшалық Россия мен ағылшын отаршылдары арасында Орта Азияның ұлан-байтақ, бай жерлерін өздеріне қаратып алуға таласқан қатты күрес болды. Өздерінің мақсатына жету үшін ағылшын отаршылдары Кабулға және Кандағарға өздерінің резиденттерін қойды, олардың Орта Азия мен Қазақстанда көптеген шпиондары болды. Орта Азия хандықтары Қазақстанның өздерімен жапсарлас жерлерін басып алып, қазақ еңбекшілерін варварлықпен талады және қанады. Кенесары ағылшын отаршылдарының агенттері - Орта Азия хандарымен тығыз байланысты болды. Ал, тарихи шындықты бұрмалаушылар Қазақстанды Россиядан бөлектеп, ез қолдарына алуға тырысқан ағылшын отаршылдарының әрекеттерін "байқамады". Өздерінің еңбектерінде олар Орта Азия мен Қазақстанның халықтарын құлдыққа түсіруге, оларды ағылшын-американ империалистерінің табан астындағы кәзіргі отарлық араб, Шығыс елдерінің кебіне ұшыратуға тырысқан ағылшын отаршылдарын әшкерелемеді. Сөйтіп, барлық тарихи мәліметтер Кенесары қозғалысының революциялық та, прогрестік те болмағанын көрсетеді. Бұл қазақ халқын кері тартқан, патриархтық-феодалдық, негіздерді нығайтуға, орта ғасырлық хандықты қайта орнатуға, Қазақстанды Россиядан және улы орыс халқынан бөлектеуге тырысқан реакциялық қозғалыс болды. Кенесарының реакциялық қозғалысына дұрыс баға беру үшін, Қазақстан тарихшыларының қармағында нақты және документтік материалдар жеткілікті болды. Алайда, Сталин жолдастың, нұсқауларын ұмыту нәтижесінде, бұл реакциялық-монахриялық қозғалыс идеологиялық майданның бірсыпыра участоктерінде көп дәріптеліп келді. Партиямыздың орталық ортаны - "Правда" газеті 1950 жылғы 26 декабрьде "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген мақала жариялады, Е.Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық концепциясын әшкерелеуде біздің республикалық партия ұйымына көмектесті, Кенесары Қасымовтың қозғалысына ғылыми, тарихи шындыққа үйлесетін баға берді. Кенесары ханның және басқаларының қарақшылық зорлықтарынан туғызады. Мұнда жастарымызды советтік Отанға сүйіспеншілік және шын берілгендік рухта тәрбиелеп отырған Большевиктік партияның совет мемлекетінің рөлі туралы бір ауыз сөз айтпайды. Кейбір "әдебиет зерттеушілер" әдебиетті бұрмалау жолына түсті, қазақ ақындарының, оның ішінде Абай мен Жамбылдың Кенесарыға және оның хан сарайындағы ақындарына қарсы пікірлерін халықтан жасыруға тырысты. Ал, біздің идеологиялық жұмысымыздың жеке участоктерінде буржуазиялық-ұлтшылдықтың қайталауының, идеясыздық пен бисаясаттың белгілерінің пайда болуының себебі не? Сталин жолдас былай деп үйретеді: шын Большевиктердің "өз қателерін ашық мойындауға, олардың себептерін ашуға, оларды түзеудің жолдарын белгілеуге, сөйтіп партияның кадрларды дұрыс үйретуіне және саяси дұрыс тәрбиелеуіне көмектесуге ерліктері жететін болуы керек. ... Идеологиялық жұмыста қателер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтар болатындығының себебі мынада: Орталық комитеттің бюросы және Орталық комитеттің бірінші секретарымен, саяси және шаруашылық жұмысты ұштастыру туралы Сталин жолдастың нұсқауларын ұмытып, идеологиялық жұмысқа жеткілікті көңіл бөлмедік, кейбір тарихшылардың, әдебиет зерттеушілердің, кейбір басшы партия және совет қызметкерлерінің еңбектеріндегі қателер мен бұрмалаушылықтарды дер кезінде көрмедік және партиялық принциптік жағынан сынамадық, сонымен бірге "Правда" газетінің "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген белгілі мақаласын талқылауда және бұл мақалада көтерілген мәселелер жөнінде республиканың партия ұйымдарында түсінік жұмысын жүргізуде үлкен шабандық істедік. Мен 1944 жылы Амангелді Имановтың қайтыс болуына 25 жыл толуына арналған, "Социалистік Қазақстан" газетіне жарияланған мақаламда елеулі саяси қате жібердім. Қазақ жауынгерлерін неміс-фашистерге қарсы күресуге шақыра отырып, мен оларды өздерінің даңқты бабаларына лайықты болуға шақырдым, сөйтіп, Сырымның, Исатайдың, Махамбеттің, Амангелдінің есімдерімен қатар, Абылайдың, Кенесары мен Наурызбайдың аттарын да атадым. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясында 1944 жылы апрельде жасаған баяндамасында Оңдасынов жолдас та осындай қате жіберді. Орталық комитеттің насихат және үгіт мәселесін басқаратын секретары Омаров жолдастың идеологиялық жұмыспен шұғылдануы қанағаттанғысыз болды, буржуазиялық-ұлтшылдық сипаттағы қателерді дер кезінде аша білмеді және ол қателерді Орталық комитет бюросының талқылауына салмады. "Қазақ ССР тарихының" екінші басылуының бас редакторларының бірі бола отырып, Омаров жолдас Бекмахановтың қателері туралы дабылдарға құлақ қоймады және "Қазақ ССР тарихының" Кенесары Қасымовтың қозғалысы туралы тарауын жазуды соның өзіне тапсырды" ("Әдебиет және искусство", 1951, N10), — деп "қатесін мойындады".

Айтылған пікірлерге орай Жазушылар Одағының партия ұйымы: "Сұлтан Кенесары Қасымовтың реакциялық қозғалысы революцияға дейінгі және кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінде кеңінен көрініс тауып келді: XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің реакциялық романтизм ағымындағы өкілдері Нысанбай, Досқожа т.б., сонымен қатар буржуазияшыл-ұлтшыл алашордашылар Кенесарының қозғалысын — ұлт-азаттық қозғалыс, ал Кенесарының өзі мен оның айналасындағыларды — ұлттық батырлар деп жырлады. "Қаншайым", "Жасауыл қырғыны" атты халықтық дастандарда және жазушы-демократ Мұхамеджан Сералиннің "Топ жарған" дастанында суреттелгеніндей, қалың бұқара Кенесарының қозғалысына қарсы болғанына қарамастан, қазақ әдебиеттанушылары сарай ақындары Нысанбай мен Досқожаның туындыларын қазақ әдебиетінің тарихына қатысты көптеген еңбектерінде мадақтап келді. Кенесарышыл алашордашыл-жаршылардың сартабан соқпағымен жүрген жазушылар Әуезов, Бекхожин, Аманжолов, Тоқмағамбетов және тағы да басқалар Кенесары Қасымовтың реакциялық, феодалдық-монархиялық қозғалысын мадақтайтын көркем шығармалар жазды. Партия жиналысы, әсіресе, Есмағамбет Исмаиыловтың Кенесары Қасымов қозғалысының "прогрессивті" екені туралы жазған кітаптары мен мақалаларында контрреволюцияшыл-алашордашылардың кеңес өкіметіне жаулық сыпатындағы идеясын жүйелі түрде насихаттап келгенін ерекше атап етеді. Е.Исмаиыловтың осы партия жиналысындағы сөйлеген сөзі коммунистерді ешқандай да қанағаттандырмайды, өйткені Е.Исмаиылов өзінің сөйлеген сөзінде өзінің қателігін толық мойындамады, оның әдебиеттану және сын саласындағы еңбектеріне қаратыла айтылған әділ сыннан партиялық принципті қорытынды шығара алмады. Партия жиналысы сонымен қатар Әуезовтің, Мұқановтың, Жұмалиевтің қазақ әдебиетінің тарихына байланысты еңбектерінде жіберілген қателер мен бұрмалаушылықты да атап өтті. Бірқатар әдебиеттанушылардың қазақ әдебиетінің тарихына байланысты бірқатар еңбектерінде және жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығында қарақшы және қалың бұқараның жауы Кенесары Қасымовтың реакциялық қозғалысын бағалауда жіберілген өрескел қателіктері мен бұрмалаушылықтарын жою үшін Қазақстан Кеңестік Жазушылар Одағының партия жиналысы Қаулы қабылдады". Талқыға салынған пікірталастары мен әшкерелеудің негізіңде "Правда" газетінің "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" атты мақаласын және ҚК(б)П Орталық комитетінің осы мақала туралы қаулысын басшылыққа алып, бұлжытпай орындау үшін": "1. Хан Кенесары Қасымовтың феодалдық-монархиялық, реакциялық қозғалысының мәнін ашып бере алмаған жазушылар мен әдебиеттанушыларды әшкерелеуде жетекшілікке алынсын. 2. Хан Кенесары Қасымовтың феодалдық-монархиялық, реакциялық қозғалысы қатаң сынға алынып, Жазушылар мен әдебиеттанушылар көпшілік арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. 3. "Әдебиет және искусство" журналында Кенесарының қозғалысын суреттеген әдебиеттерді әшкерелеу бағытында сыни мақалалар жарияласын. 4. Әдебиеттанушылар — Қазақ әдебиеті тарихының көп томды тарихы мен мектеп оқулықтарында кеткен қателіктерді түзету үшін әдебиеттанушылар Қазақ ССР ҒА Тіл және әдебиеттану институтына және Қазақ ССР оқу ағарту министрлігінің жұмысына белсене атсалыссын. 5. Жұмалиевтің, Бекхожиннің, Әуезовтің, Мұқанов тың өзінің қателіктерін мойындағаны ескеріліп, оларға шығармаларында, оқулықтарында, қазақ әдебиеті тарихында кеткен қателіктерін тез арада түзету тапсырылсын. 6. а/ Қазақ ССР тарихы мен Қазақ әдебиеті тарихы мәселесі бойынша жазушыларға арналып лекция оқылсын. б/ Осы қаулының орындалуының барысы туралы ай сайын партия жиналысына хабарланып отырсын",— деген (сонда, мазмұндалып беріліп отыр) қаулы қабылданды. Алайда бұл қаулы көпшіліктің назарын жай ғана алдарқату еді. Мұндай қаулыны көні кеуіп барып, жібіген былғарымен ғана салыстыруға болатын. Өйткені Қ.Жармағамбетов жазып, қолын қойған осы жиналыстың қорытындысы бойынша Кенесарыға қатысты әдебиет саласындағы барлық айып Есмағамбет Исмаиыловқа тағылды. Жоғарыдағы Е.Исмаиыловтың "азсынған еңбегін көпсінтіп", бас-басына талдап көрсетіп шықты. Соның ішінде мына мәселелерді батыра айтты: "ҚК(б)П Орталық комитетінің осы қаулысында БАҚ-қа: ұлтшылдықты насихаттаған ғылымға жат, тарихи шындықты бұрмалаған, зиянды еңбегі үшін профессор атағын, ғылым докторы және ғылым кандидаты дәрежесін Бекмахановтан алып тастауды өтінген шешім бар. Орталық комитеттің бюросы Қазақ ССР Ғылым Академиясының партия ұйымына: Бекмахановтың өзінің қателігін мойындауға селсоқ қарағандығын, "Правда" газетіндегі мақаланы теріске шығаруға ұмтылғандығын ескере отырып, Бекмахановтың партиялығы мәселесін қарауды тапсырды. ҚК(б)П Орталық комитеті өзінің қаулысында Қазақ ССР Ғылым Академиясының төралқасын: "Қазақ ССР тарихының" бірінші томын қайтадан қарап шығып, Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін кеңінен қамтуға міндеттеді. Орталық комитеттің бюросы бізді, әдебиет майданының қызметкерлерін: қазақ әдебиетінің тарихын кайта қарап шығып, ондағы Кенесарының қозғалысына қатысты қателіктерді түзетуге міндеттеді. ҚК(б)П Орталық комитеті бюросының бұл нұсқауы: әдебиет майданы қызметкерлерінің Кенесары Қасымовтың қозғалысын бағалауда жіберілген өрескел қателіктерді түзетуді талап етеді. Кенесары Қасымов қозғалысы революцияға дейін де, кеңес жылдарында да қазақ әдебиетінде кеңінен көрініс тапты. Кенесары Қасымовтың реакциялық қозғалысының революцияға дейінгі қазақ әдебиетіндегі көрінісін бағалауда екі бағыт орын алып келді. (Бірінші): революция қарсаңындағы демократиялық бағыттағы М.Сералин бастатқан зиялылар мен халықтың қалың көпшілігі Кенесары Қасымов қозғалысының реакциялық жағын басым көрсетті (бұдан кейін Қ.Жармағамбетовтің баяндамасындағы "халық өкілдерінің" "Топжарған", "Жасауыл қырғыны" дастандары мадақталып, Досқожа, Нысанбай, Көкбай сияқты "халық жауларының" дастандары мысалмен аталып өтіп, әшкереленеді — Т.Ж.). Кенесарының және оның айналасындағылардың жалған ерлігін желеу еткен қазақ ұлтшылдары — феодализм мен Қазақстандағы хандық билікті әшекейлеушілер, социализмнің қас жауы, алашордашылар бұлардан да асып түсті. Алашорданың контрреволюцияшыл ақындары Жұмабаев, Дулатов, Байтұрсынов Кенесарының дәуірін алтын ғасыр деп бағалады, Кенесарының өзін қайталанбайтын батыр және халық бақыты үшін күрескен соңғы хан деп жырлады. Өздерінің контрреволюциялық насихаттарында халық жаулары - ұлтшылдар өздерінің алдына Кенесарының хандығын қайтарып әкелуді мақсат етіп қойды. Алашордашылардың Кенесарыны насихаттауы 1930 жылға дейін жалғасты. Алашордашылардың уағызының ықпалымен және олардың қолпаштауымен ақын Иса Байзақов "Қойшының әңгімесі" дастанын жазды, онда Кенесарының қарақшыларының бірі Ағыбайды әспеттеді. 1928 жылы Әуезов "Хан Кене" пьесасын жазды, онда автор ұлтшылдардың ұстанымымен Кенесарының қозғалысын және оның қырғыз халқына шапқыншылығын басынан бастап аяғына дейін ақтап шығады",— дей келіп абайтану және Абайдың ақындық мектебіне жанай шолу жасап, қаулының түсініктемесіне енгізе кетеді. Оның бұл пікірін осы мәселеге қатысты тұста пайдаланатын болғандықтан да бұл арада назардан тыс қалдырамыз. Оның есесіне баяндамада қамтылмаған, әсіресе, Е.Исмаиыловтың мұның пікірін "жалақор" деп мойындаудан бас тартқанына шамданған Қ.Жармағамбетов оның "жаулығын әшкерелейтін тың деректер" келтіреді. "ҚК(б)П Орталық комитеті бюросының нұсқауын орындау барысында: әдебиет майданының қызметкерлері Оқулықтар мен қазақ әдебиеті тарихының көп томдығын Кенесары Қасымовтың жалған қаһармандығы мен ерлігін мадақтайтын пікірлерден тазартуы тиіс, Кенесары Қасымов қозғалысының ұлтшылдық және реакциялық-монархиялық, сипатын әшкерелейтін мақалалар жазып, баяндамалар жасауы керек, бұл мәселе жөніндегі өздерінің де қателерін партиялық салиқалы сын мен өзара сын тұрғысынан бағалауы тиіс. Бұл реттен алғанда алғашқы істер жүзеге асып жатыр. 1951жылы 4-көкек күні (яғни, мәжілістен он төрт күн бұрын — Т.Ж.) "Социалистік Қазақстан" газетінде жарияланған Ғұмарова жолдастың "Кенесары қозғалысының әдебиеттегі әспеттелуіне қарсы" атты мақаласында Кенесары қозғалысын бағалауда және зерттеуде қателіктер жіберген әдебиеттанушылардың қателіктері дұрыс сыналған. Ғұмарова жолдас Исмаиыловты: Е^К(б)П Орталық комитетінің 1947 жылғы 21-қаңтар күнгі "Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтындағы өрескел қателер туралы" қаулысындағы тікелей Исмаиыловтың өзіне қаратыла — өзінің буржуазиялық-ұлтшыл ұстанымын мектептегі оқулықтар мен әдебиет теориясы туралы жөне басқа еңбектерінде енгізіп, насихаттағаны үшін партиялық ескерту жасағанын, алайда оның партия-кеңес жұртшылығының мұндай батыл ескертуінен қорытынды шығармағанын - орынды сынаған. Мұның барлығына қарамастан қаулы шыққаннан кейін сол қатесін тағы да қайталап, "Қазақ әдебиетінің тарихының" бірінші томында Кенесарыны әспеттеді. Менің ойымша, коммунистер мен жазушы жұртшылық Исмаиыловтан бір нәрсені сұрауға: ол буржуазиялық-ұлтшыл идеяны насихаттауын қашан доғарады?,— деп сұрауға толық қақы бар. Біз бұл сұрақты оның бетіне тура қарап тұрып: қазақ әдебиетінің тарихы мәселесін буржуазиялық-ұлтшылдық тұрғысынан көрсететін өзінің ұстанымыңнан түбінде бір қол үзесің бе, жоқ па?, - деп сұрақ қоюға міндеттіміз. Ғұмарова жолдас өзінің мақаласында: біздің әдебиеттанушыларымыз өздерінің оқулықтары мен өзге де еңбектерінде - Кенесарының қарақшыларының тонаушылық шапқыншылығын тікелей немесе жанама әшкерелеген революцияға дейінгі шығармаларды қасақана айналып өткенін дұрыс көрсеткен. Мысалы, "Жасауыл қырғыны", "Топ жарған" дастандары талданбады, оның есесіне Кенесарының қарақшыларының қырғыз халқына жасаған шапқыншылығын суреттеген Нысанбайдың дастанын талдау барысында оның өмірлік шындығы ашылмады". Осы арада Қ.Жармағамбетовтің "бармағының астына басып отырған бір қулығын" ашуға тура келіп тур. Сол Есмағамбет Исмаиыловтың тапсырмасымен торғайлық халық ақыны Нұрхан Ахметбеков те "Жасауын қырғыны" атты дастан жазып, Кенесары — Наурызбайдың жасағының қырғынға ұшыраған қасіретті оқиғаны толғайды. Мұны білетін Қ.Жармағамбетов халық ақынына сол дастандағы оқиғаны мүлдем өзгертіп, "бүгінгі күннің көзқарасы тұрғысынан" қайтадан өңдеп жаздырады да езі басқарып отырған "Әдебиет және искусство" журналына жариялап, сол шығарманы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынады. Қылышының жүзі Кенесары мен Наурызбайдан бетер қылпып тұрған Қайнекей Жармағамбетовтің бетіне кім қарсы шыға алсын, әрине, халық ақыны лауреат атанды. Сондай шеберлікпен орындалған дастанды қадағалап оқыған адам соның ішінен Наурызбайға қаратыла қолданылған сүйсіністі теңеулерді қазір де аңғара алады. Міне, осы арада бұрын халыққа таралмаған дастанды халықтық нұсқа етіп көрсетуінің астарында осындай бір "қазақы күрес тәсілі де" бар еді. Қ.Жармағамбетов (қаулының түсініктемесінің жалғасы): "Осы жылдың 19-көкек күні (яғни, мәжілістен бір күн бұрын - Т.Ж.) "Ленинская смена" газетінде Ә.Тәжібаевтің "Қазақ әдебиетінің тарихы мәселелерін бағалаудағы өрескел қателіктерді жояйық" деген мақаласы жарияланды. Автор Кенесары қозғалысын бағалауда жіберген әдебиетшілер мен жазушылардың өрескел ұстанымдары мен қателіктерін партиялық позиция тұрғысынан сынайды. Менің ойымша, Тәжібаев ақын Бекхожиннің шығармашылық әрекетін дұрыс сынаған. Менің ойымша, Бекхожин жолдас өзінің сөзінде ол: хандар мен сұлтандарды жырлаумен өзгелердің бәрінен бұрын әуестенгенін және өлеңдері мен дастандарында алашордашыл Жұмабаевтың теңеулері мен жолдары кездесетінін — мойындауы тиіс болатын. Рас, Бекхожин жолдастың 1946 жылы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Буржуазияшыл ұлтшылдардың қорғаушысы (адвокаты)" атты мақаласында Кенесарыны буржуазияшыл ұлтшылдардың қатарына жатқызған болатын. Сотам қарамастан ол сол кезде Кенесарының атасы — Абылай туралы дастан жазып жүрді. ...Біз, коммунистер және Қазақстан жазушыларының ұжымы Кенесары Қасымовтың реакциялық-монархиялық қозғалысын тура немесе жанамалай насихаттағандардың барлығын да қатаң да қатал сынға алып, сол арқылы партиямызға идеология саласындағы буржуазияшыл-ұлтшылдардың әдебиет майданындағы қалдықтары мен сарқыншақтарынан тазартуға көмектесуге тиіспіз, алдыңғы қатарлы кеңес әдебиетіне кеңестік құрылысқа зиян идеялардың сіңіп кетпеуінен сақтандыруымыз керек",— деп жауапты хатшы қаулының соңына өзінің қолын қойды. "Кенесарының жолындағы талмайтын күрескер, оның меншікті қорғаушысы, және хан тұқымдарының тұрақты алдияры" атанған Е.Бекмаханов, Е.Исмаиылов, Қ.Мұхамедханов, Б.Сүлейменовтің қатарында Қ.Жұмалиевтің өзі де қамаққа алынып, жиырма бес жылға кесіліп, Семейге жер аударылды. Ал басты кенесарышыл Е.Бекмахановтың тағдыры туралы сөзді тағы да оның шәкірті Ә.С.Тәкенов дегдарға береміз: Ә.Тәкенов: "Бекмахановтың репрессияға ұшырауы да осыдан басталды. Ол барлық қызметінен босатылып, партия қатарынан шығарылды, барлық атақ-дәрежелерінен айырылды. 1951 жылы ол мектеп оқытушысы болып Алматы облысының Нарынқол ауданына, кейін Шу ауданына жіберілді. 1952 жылы 5-қыркүйекте қамауға алынып, 4-желтоқсанда 25 жылға сотталып, алыстағы ГУЛАГ-қа айдалды. Ең дарынды ғалым кезіндегі үлкен тарихшылар тобына ортақ көзқарасты жақтағаны үшін құрбан болды. Ол тұста оған ешкім ара түсе алмады. 1951 жылы ҚК(б)П Орталық комитеті арнайы комиссия құрып, "Правданың" 1950 жылғы 26-желтоқсандағы мақаласы негізінде шаралар белгілеп, 10-көкекте қаулы алды. Кейін партияның У съезінде И.Храмков комиссия жұмысы барысында І.Омаров Бекмахановты қорғаштады деп сынға алды. Ал Орталық комитет бюросында Бекмахановты партиядан шығару туралы ұсынысты Ж.Шаяхметов өзі енгізіпті. І.Омаров хатшылық қызметінен босатылды. Бекмахановтың "Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында" атты кітабы саяси зиянды деп табылып, барлық дүкендер мен кітапханалардан алынды. Тарих, әдебиет саласында кадрларды қудалау басталды. 1951 жылы тіпті КСРО Ғылым академиясының тарих институтында Т.Шойынбаев — Х.Ғ.Айдарова — Якуниннің мақаласы талқыланып, бұрынғы Бекмахановпен пікірлес ірі ғалымдардың өзі (Панкратова, Вяткин, Дружинин) "әшкерелеушілікке" ұшырап, қателерін "мойындауға" мәжбүр етілді. 1951 жылы 31-шілде де ҚК(б)П Орталық комитеті өзінің 1945 жылғы 14-тамыздағы қаулысында Кенесарыға берген бағасын өзгертіп, ол бастаған қозғалысты феодалдық-монархиялық, реакцияшыл деп біржақты бағалап шықты. Сол қаулыңа Кенесарыны дәріптеген материалдар кіргендіктен қазақ әдебиетінің барлық оқулықтарына тиым салынды. 1952 жылы мамырда Тарих, археология және этнография институтында Қазақстандағы ұлттық қозғалыстардың сипаты туралы пікірталас өтті. Бірақ, бұрынғы екі ұдай пікір болмады. Пікірталастың қорытынды құжатында XVІІІ- XІX ғасырлардағы көтерілістердің бәрі, Сырым мен Исатай-Махамбет көтерілісінен басқасы реакцияшыл деп жарияланды. "Правданың" 1950 жылғы 26-желтоқсандағы мақаласы барлық Оқу орындарында, кәсіпорындарында да талқыланды. Талқылау біржақты, сөзсіз мақұлдау, ұлтшылдықты әшкерелеу сарынында ғана жүргізілді". Ал Д.А.Қонаевтің естелігінде: бұл науқанды өршітуге ұйытқы болған және осы мәселеде дұрыс бағыт ұстамаған — Ж.Шаяхметов басқарған Орталық комитеттің өзі,— деген емеуірін танылады. 1951 жылдың желтоқсан айында Ж.Шаяхметов шақырып алып өзіне Ғылым Академиясының президентінің орынын ұсынған. Соған орай Қ.Сәтбаевтің орынынан алынуының себебін Д.А.Қонаевқа: "— Орталық комитеттің сегізінші пленумында "Республика партия ұйымдарындағы идеологиялық жұмыстардың жайы және оны жақсарту туралы" мәселе қаралды. Ілгерілеу аз. Әсіресе, Ғылым Академиясында. Сонымен қатар, Академияның президиумы мен оның президенті Сәтбаев бұқараның сыни ескертпелерінде көрсетілген қателерді түзету үшін ешқандай шара қолданбады, тіпті, нольге тең. Академияда барып тұрған берекесіздік анықталды, онда феодалдық-байшылдық қарым-қатынас орнаған, кадрлар жершілдік сипаты бойынша жұмысқа алынған, мемлекет қаражатын үлкен мөлшерде шығындаған. Академиясының президиумының қолдауымен президенттің көмекшісі Оспанов пен іс басқарушысы Садықовтың тарапынан үлкен қателіктер жіберілген. Олар сотқа тартылды. Мұның барлығына қоса, Сәтбаев кезінде "Алашорда" үкіметінің насихатшысы болған. Сәтбаевтің әрекетіндегі осындай аса ірі қателіктердің барлығын ескере келе Бюро оны атқарып отырған міндетінен босатуды ұйғарды",— деп түсіндіріпті. Саяси қайраткерлердің, оның ішінде кеңестік идеология мен коммунистік этика мектебінен өткен тұлғалардың мемуарларының дені — сол тұстағы қаулы-қарарлардың, хаттамалардың негізінде жазылатын жазылмаған дәстүр бар. Д.А.Қонаевтің пікіріне де БК(б)П Орталық комитеті үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушылары П.Апостолов пен Б.Н.Митрейкиннің және партия, кәсіподақ пен комсомол ұйымдары бөлімінің инструкторы А.Петровскийдің БК(б)П Орталық комитетінің хатшысы Г.М.Маленковқа жазған "Қазақ ССР Ғылым Академиясындағы ұлтшылдықтың орын алуы және саяси тұрғыдан жат мамандармен былықтырылуы (засоренности — Т.Ж.) туралы" мәлім хаты, "Правда" газеті және оның Қазақстандағы меншікті тілшісі А.Черниченко ұйымдастырып, оның бас редакторы Ильичев арқылы М.А.Сусловқа жолданған айыптау мағлұматы және жоғарыдағы "домалақ арыздың классигінің" формулировкалары сөзбе сөзге жуық негіз етіліпті. Әдетте, уақыттың ыңғайына бейімделе баяндауға әдеби өндеушілер жиі жүгінетін бұл тәсіл — мемуар иесінің шынай көзқарасын білдіре бермейді.

Осы жолдардан кейін Д.Қонаев өзінің көзқарасын: "Бұл хабарды естігенде үстіме суық су құйып жібергендей болды. Сәтбаевті аса ірі геолог ретінде білетінмін, оған үлкен құрметпен қарайтынмын. Енді, аяқ астынан оны босатпақшы. Біраз үнсіздіктен кейін Шаяхметов: Орталық комитеттің бюросында ақылдаса келіп, республика Ғылым Академиясының президенттігіне мені ұсыныпты. - Сіз бұған қалай қарайсыз?,- деді. Мен: - Сенімдеріңізге рахмет, бірақта мен бас тартамын,— дедім. Сонымен тарқастық. Екі айдан кейін мені Орталық комитетке Шаяхметов тағы да шақырды. Ол тағы да маған Академияны басқаруды ұсынды. Сол кезде Орталық комитеттің екінші хатшысы (Круглое — Т.Ж.) кірді, ол да Шаяхметовтің ұсынысын толық қолдады, ұзақ әңгімеден кейін мен келісім бердім. Жиырма күннен кейін мен Мәскеуге бардым. БКП(б) Орталық комитетінің ғылым бөліміндегі Ю.А.Жданов (А.А.Ждановтың ұлы) менімен ұзақ әңгімелесті, кеңес берді, Сәтбаевті сынады, әңгімелесу сәтті өтті",— деп білдіріпті. Қаныш Сәтбаевқа қарасты: "кадрлар жершілдік сипаты бойынша жұмысқа алынған",— деген арызға орай комиссия мынадай анықтама берген: 1951 жылы академияда 1785 адам қызмет еткен, оның 289 адамы қазақ, яғни, 14,5%. Батыс Қазақстаннан — 33, Павлодардан — 29 , Семейден — 28, Алматыдан — 20, Ақтөбе мен Қызылордадан — 13, Қостанайдан — 12, Гурьевтен —11, Ақмола мен Оңтүстік Қазақстаннан — 10, Жамбылдан — 8, Талдықорғаннан — 7, Шығыс Қазақстаннан, Көкшетаудан — 5, Солтүстік Қазақстаннан — 4, сондай-ақ республикадан сырт жерден келгендер — 18 қазақ. Сонда Кремль мен домалақ арызқой осы 14,5%. қазақты қазақтың Ұлттық Ғылым Академиясына қимай отыр ма? Сондықтан да бұл арыз дәлелденбегендіктен де Қ.Сәтбаевқа мүлдем басқа кінә таққан, яғни, жаңадан ашылған маманы тапшы академияға 1937-1938 жылдары саяси қуғынға ұшыраған, мерзімін өтеп келген 42 ғылым докторы мен кандидаттарын, сирек маман иелерін қызметке алғанын айып ретінде таққан. Сонда әлгі "жершілдік дерті" мен "ұлтшылдық пиғыл" қайдан туындап отыр? Біздің пайымдауымызша БКП(б) мен ҚК(б)П Орталық комитеттеріне де, Министрлер кеңесіне де, әлгі домалақ арыз иесіне де Сәтбаев пен Тәжиевтің төмендегі ұсынысы "жершілдік пен ұлтшылдық" болып көрінген сияқты. Ш.Шокин: "Қырық сегізінші жылы Алматыны Қарағандыға не Ақмолаға ауыстыру туралы мәселе республика деңгейінде талқыланды. Бастаманың иелері Сәтбаев пен Тәжиев (Қазақ ССР Жоспарлау комитетінің сол кездегі төрағасы) астананы көшіру туралы ұсынысты — тек соңғы екі қаланың Алматыға қарағанда жағырафиялық тұрғыдан республиканың орталығы болып есептелетіндігінен ғана жасаған жоқ. Орталық және Солтүстік Қазақстанда минеральды-шикізат қоры (темір, жез, боксит, сирек металлдар, көмір) аса мол мөлшерде орналасқан еді. Шикізаттарды кеңінен игеру тек қана республиканың ғана емес, бүкіл елдің ендіргіш күштерін еселеп өсіруге мүмкіндік беретін. Астананың Алматыдан көшірілуі Орталық жөне Солтүстік Қазақстанның өндіргіш күшіне ерекше екпін береді — деп жобаланды". Иә, мұндай жалаң патриоттардың жаласының дәйексіздігі, сонау 1905 жылы Потанин мен Бөкейханов ұсынған бұл идеяның тарихи қажеттілігі тәуелсіздік тұсында жүзеге асырылды. Шындығында да, бұл сол кезде партия мен кеңес үкіметінің құқына қол сұққан өте одағай, "менменшіл ұсыныс" болып табылатын.

Ал өзіне төнген қауіпті сезісімен Қаныш Сәтбаев тікелей Сталинге: "Осы күндері бір топ адамдар, менің жас кезімдегі кейбір деректерге теріс түсініктеме беру арқылы басымды саудаға салып, мені арандатумен айналысып жүр. Рухани сергелдеңге ұшыраған сәтімде, сізден: тиісті деңгейде байыппен тексеру үшін мен туралы материалдарды Мәскеуге алдырту туралы тікелей өзіңіздің нұсқау беруіңізді қатты өтіне сұраймын",— деп жеделхат жолдады. Іле өзінің жеке басына жабылған жала мен Ғылым Академиясындағы қалыптасқан қауіпті бағытты және оған саяси астар берілген, арандатушылардың қаскүнем пиғылдарын тиянақты баяндап хат жазды. Бұл жеделхат пен хаттың Қ.Сатбаевтың тағдырына қандай ықпалы тиді, оны нақтылап айтатын дерек кезікпеді. Сөйтіп, М.А.Суслов жетекшілік еткен БК(б)П Орталық комитеті мен "Правданың" дегені жоспарлы түрде жүзеге асырылып, 1951 жылы 23-қараша күні Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің бюросы: "Қ.И.Сәтбаев жолдастың түсініктемесін тыңдап, талқылай келе Қазақстан К(б)П Орталық комитеті мына мәселелерді анықталған деп есептейді, Сәтбаев жолдас: а) Партияға кірген кезде өзінің әлеуметтік жат тегін жасырған. Жолдас. Сәтбаевтің әкесі бай шаруашылыққа ие болған; б) КБП(б) Орталық комитетінің "Татар партия ұйымындағы көпшілік-саяси және идеологиялық жұмыстың барысы және оны жақсартудың шаралары туралы" қаулысы шыққаннан бастап соңғы кезге дейін 1927 жылы шыққан "Ер Едіге" кітабына жазған алғысөзіндегі өзінін; ұлтшылдық қателерін мойындамай, оған сын көзімен қарамай келді, Сәтбаев жолдас онда Едіге туралы хандық-феодалдық эпосты насихаттаған және Едігенің өзін мадақтаған. в) Қазақ ССР Ғылым Академиясын саяси сенім артуға болмайтын және ғылымға кездейсоқ келген адамдарға толтырып жіберді, Қазақстан К(б)П Орталық комитеті тарапынан Ғылым Академиясын бұл адамдардан тазарту және Академияның ғылыми жұмыстарының дәрежесін көтеру туралы берілген нұсқауларға орай тиісті шара қолданбады.

Қазақстан К(б)П Орталық комитеті қаулы етті: 1.Қ.И.Сәтбаев жолдас Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенті қызметінен босатылсын және оған есеп карточкасына жазылған қатаң сөгіс берілсін.

КБП (б) Орталық комитетіне бекітуге жіберілсін. 2.Сәтбаев жолдасқа өзінін; өмірбаянына тиісті өзгерістер енгізу міндеттелсін.

3 Ерекше іске тіркелетін ескерту.

Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің хатшысы - Ж.Шаяхметов",— деген шешім шығарды.

Сол күні "Ерекше істегі аса құпия": "3. Қазақ ССР Мемлекеттік Қауіпсіздік министрі Фитин жолдасқа: "Алашорданың" Семейдегі комитеті Қ.И.Сәтбаев жолдасты үгітші ретінде пайдаланғаны туралы материалдарды тексеріп шығып, оның нәтижесін Қазақстан К(б)П Орталық комитетіне хабарлаңыз",— деген қатынас та тиісті мекемеге жолданды. Қазақстан Орталық Комитетінің және жеке Ж.Шаяхметовтің бар қолынан келгені, академиктің кейінгі өміріне тікелей қатысы шамалы: тегін жасырды, 1927 жылы кітаптың алғысөзінде қателік жіберді, "халық жауы" болып ұсталып, мерзімін өтеп қайтып келгендерді жұмысқа алды — деген сияқты Қ.Сәтбаев тәрізді ірі ұйымдастырушы ғалым үшін бір үшкіруден қалмайтын "айыпсымақтарды" тағумен шектелуі еді. Осыдан кейін Қ.Сәтбаев СССР Ғылым Академиясының кезекті сессиясын желеу етіп Мәскеуге баспаналап кетуге мәжбүр болды. Онда барған соң Сталинге хат жолдады, бірақ оның жауапсыз қалатыны әу бастан белгілі болатын. Мәскеудегі одақтық деңгейдегі министр Тевосян мен СССР Ғылым Академиясының президенті Несмеянов Қ.Сәтбаевқа қамқорлықпен қарап, лауазымды қызметтер ұсынды. Анығында, БК(б)П Орталық комитетіне қалтқы тастап, қармақтың сабын ұстатын, астыртын ұйымдастырып отырғандар империялық өктем пиғылдағы, ұлы отан соғысы жылдарында он оқтың тоғызын шығаруды қамтамасыз еткен геолог-академиктің мәскеулік бақталастары еді. М.-Х. және Ж.Сүлейманова: "Мәскеулік он академик, тау кен істерінің генералдары СССР Министрлер Кеңесіне: "академик Қаныш Сәтбаев халық шаруашылығына зиян келтіретін жалған болжаулар жасаумен шұғылданып жүр" — деген арыз жазған кезде, Ілияс Омаров тікелей байланыс арқылы Қара металлургия министрі Иван Тевосянға хабарласып, тағдыры тек Мәскеу арқылы шешілетін академик Сәтбаевті қорғауды өтінеді. Тевосян арызға қол қойғандардың барлығын өзінің кеңсесіне шақырып алып, оларды сол сәтте бөлмесінде отырған Қаныш Имантайұлынан кешірім сұрауға көндіреді. Ілияс Омаров телефон арқылы Сәтбаевқа Мәскеуде қала тұруға кеңес береді".

Бұл деректің шындығын академик Шафик Шокиннің мына естелігі растайды: "Осыдан бұрын Сәтбаев пен Әуезовті Республикадан қудалап шығарған оқиғаның орын алғаны әркімнің есінде шығар. Ол елден кеткеннен кейін біраз уақыттан соң мен Қаныш Имантайұлымен Мәскеуде кезіктім. Ұстазым арандатуларды өте ауыр қабылдапты. Басшылар мен баспасөздің оған неге осыншама жабыла шүйіліп алғанын еш түсінбепті. Мен академиктің осыншама дәрменсіз, осыншама шарасыз күйге түскенін соған дейін де, содан кейін де көргенім жоқ. Сөйлесіп отырған сәттерімізде ол менен езін демейтін қандай да бір сүйеніш, тым болмағанда, өзінің көңілін орнықтыратындай жұбату іздеп отырғандай сезілді. Қуғындалған ғалым маған: СССР Ғылым Академиясы екі қызмет -Академик-хатшының орынбасары мен СССР ҒА-ның Урал филиалының төрағалығын ұсынып отыр,— деді. Жалпы алғанда ете жоғары қызметтер, бірақ та мен оны осы екі ұсыныстан да бас тартуға көндірдім. Өйткені Сәтбаев - халықтың ортақ сүйіктісі. Оған ешқандай да жала дақ түсіре алмайды. Егерде ол осы екі ұсыныстың бірін қабылдай қалса, онда халықтың сенімі мен құрметіне кірбің түседі. Яғни, академик өзі құрмет тұтқан осы өмірдегі ең қымбатынан айырылады. Мен оған Жезқазғанға баруды ұсындым. Өмір жолын сонда бастады, ондағылардың бәрі мұны біледі әрі бағалайды. Сонда жұмыс істедіңіз, - дедім мен ойымды жалғастырып, - уақыттың өзі бәрін де орынына келтіріп, сізді Қазақстан ғылымына қайта алып келеді. Сәтбаев менің ұсынысыма қатты қуанды. Әңгіме "Москва" қонақ үйінің бөлмесінде өтті. Әйелі Таися Алексеевна қосалқы бөлмеде желтанау болып ауырып жатқан. Қаныш Имантайұлы әйеліне: "Сенде ішетін бірдеңе бар ма? Жақсы ұсынысты жуу керек", — деп оны орынынан тұрғызды. Академиктің жұбайы да: "Несі бар, онда Жезқазғанға кеттік", - деді көңілденіп". Қаныш Сәтбаевтің тағдыры ғылым мен мәдениет, әдебиет саласындағы көзқарас иелерінің бүкіл тағдырын анықтап беретін шешуші нысана болғандықтан да, қайта оралып жатпас үшін, оның кейінгі көрген қысымын келтіре кетеміз. Ғылым Академиясының Жарғысы бойынша Орталық комитет орынынан алғанымен де, оның Президенті жалпы жиналыста сайлануы тиіс болатын. Бұл мәселе Орталық комитетті қатты алаңдатқан. Ақыры Қ.Сәтбаевті Сессияға шақырды. Қандай да бір ауызша уәдеге қарамастан басына төнген қатердің сейілгеніне сенбей Мәскеу мен Ленинградта жүріп күні кеше қол астында баяндама жасап жүрген, қазір Орталық комитеттің ғылым бөлімін басқарып отырған Н.Жанділдинге: "15-көкекке белгіленді деген Ғылым академиясының мәжілісіне қатыса алмаймын... Егерде Орталық комитет қолдайтын болса, онда Академияның жалпы жиналысында жаңа президентті сайлардың алдында мына хатты оқып берулеріңізді өтінемін",- деп хат жазды. Онда: "Қазақ ССР Ғылым Академиясының дамуы мен өркендеу жолының күрделеніп бара жатқандықтан да, менің егде тартқан жасым мен сыр бере бастаған денсаулығыма байланысты бұрыннан бері жоғарғы жақтан мені Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенті сияқты жауапты жұмыстан босатуды өтінген болатынмын. Әділ сынның нәтижесінде: Ғылым Академиясының басшылығы мен Академияның президенті ретінде менің: кадрларды таңдау, қоғамтану институттарындағы ғылыми жұмыстарды қадағалау барысындағы елеулі идеологиялық бұрмалаушылықтар мен кемшіліктер жібергеніміз анықталғаннан кейін мен үшін бұл қадамның дұрыс екендігі тіпті анық бола бастады. Сондықтан да мен Қазақ ССР Ғылым Академиясының жалпы жиналысынан мені президенттік міндеттен босатуды қатты өтініш етемін, сөйтіп менің бұдан былай өзімнің сүйікті геология ғылымы саласында бірыңғай қызмет етуіме мүмкіндік берулеріңізді өтінемін. Қазақ ССР Ғылым Академиясының жаңа президенттігіне өз тарапымнан - кен орындарын өндеудің ірі маманы, қазақстанның ауыр өнеркәсібінің даму мәселелерінің білгірі, мемлекеттік және ғылыми-өндірістік тәжірибесі мол, жас, денсаулығы жақсы, қуатты Димаш Ахметұлы Қонаевтің кандидатурасын ұсынамын әрі қолдаймын, оның жоғарыдағы қасиеттері Қазақ ССР Ғылым Академиясының ғылыми өмірі мен қызметін тиісті деңгейде басқаратынына үмітпен қараймын. Академик Сәтбаев",— деп жазылды. Сөйтіп, төрт жылға "өндірістік демалыс" алды. Әрине, мұның астарында үлкен жүректің үлкен күйзелісі жатты. Оған Ғылым Академиясының жаңа президенті Д.А.Қонаевтің: "1952 жылы 16-17 көкек күні республика Ғылым Академиясының жалпы жиналысы өтті. Сессияның бірінші күні М.П.Русаков пен А.Қ.Жұбановты - академияның толық мүшелігінен, Қ.Ж.Жұмалиевті - мүше-корреспонденттік дәрежесінен айыру туралы мәселе қаралды. Русаков — Қазақстанның геологиялық ғылымына ерекше үлес қосты. Оны академияның құрамынан: "Кеңестік социалистік республикалар одағына қарсы бағыталған зиянкестік әрекет үшін" — деген айыппен шығарды. 1952 жылы мұндай айыптың тағылуы соттың үкімімен тең еді. Өз саласындағы ірі ғалымдар Жұбанов пен Жұмалиевті — "Қазақ ССР Ғылым Академиясынан қол үзгені үшін" деген желеумен шығарды. Орталық комитет пен Орталық комитеттің идеология жөніндегі хатшысы М.Сужиковтың тікелей басшылығымен қабылданған бұл шешімді мен мүлдем қате, әділетсіз деп есептедім және солай деп есептеймін. Ол күндері мен әлі академик емес едім, сондықтан да ағысқа қарсы жүзе алмадым, алайда мен, өз кезегінде бұл шешімнің күшін жоятынымызды білдім. Солай болды да. Әрине, жіберілген қатені осы бір тамаша ғалымдардың бұрынғы құқын белгілі бір қиыншылықпен қалпына келтіруіме тура келді. Ашығын айтқанда, соғыстан кейінгі кезеңде де Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен мәдениет қайраткерлеріне қарсы орынсыз қуғын жүргізу тоқтатылған жоқ. Тарихшылар Ермұхан Бекмаханов пен Бекжан Сүлейменов тұтқындалып, ұзақ мерзімге сотталды. Сонымен қатар ғалым-әдебиеттанушылар Есмағамбет Исмаиылов пен Қайым Мұхамедханов та сотталды, соңғы сына Абайдың әдеби мектебін зерттеу мәселесінде жіберген "ұлтшылдық қателері үшін" деген айып тағылды". Өкінішке орай, Орталық комитеттің басшылары бір қатар ғалымдарға негізсізден негізсіз жағымсыз көзқараста болды", — деген естелігі дәлел. Сөйтіп, Д.А.Қонаев Ғылым академиясының Президент! ретінде өзінің N1 бұйрығымен: кеңес өкіметіне зиянкестігі үшін, академиямен байланысты үзгені үшін М.П.Русаковты, А.Қ.Жұбановты, Қ.Жұмалиевті Ғылым академиясының толық мүшелігі және корреспондент-мүшелігі атағынан айырды. Жеме-жемге көшкенде Қ.Сәтбаев сияқты ірі ғалымнан айырылу — республиканың беделін түсіретін және ондай тәуекелге бара да алмайтын. Сондықтан да 1952 жылы Ж.Шаяхметов "Мәскеу" қонақ үйінде сонда жатқан Қ.Сәтбаевпен оңаша кездесіп: "Орталық басылымдардың мақалаларынан кейінгі аласапыранды оқиғадан соң сізді президенттік қызметте алып қалудың еш мүмкіндігі болмады. Алайда мен сізден Қазақстанға қайтын келуді табанды түрде өтінемін. Геология институтының директоры боп істеңіз. Егерде ол қызмет сізді қанағаттандырмаса басқадай орын табамыз. Қазақстан Компартиясының басшылығы сізге бұрынғыдай сеніммен қарайды. Сөгісті де алын тастаймыз, тек сабыр сақтаңыз. Бюрода қараймыз",- деп ұсыныс жасаған болатын. Ол өзінің бұл уәдесінде тұрды. Қазақстан коммунистерінің Ү съезінде өнеркәсіптік маңызы зор кен орындарын барлаудың геологиялық картасын жасау міндеті Геология институтына жүктеліп, ғылыми жетекшілік ету академик Қ.Сәтбаевқа тапсырылатынын коммунистердің құрылтайына мақұлдатып алды. Сөйтіп, Д.А.Қонаев партияның қарарын орындау мақсатында шартты түрде өзінің N2 бұйрығымен Қ.Сәтбаевті геология институтының директоры қызметіне тағайындады. Бұл кезде Мұхтар Әуезовтің де жеке басы таразыға тағы да тартылып жатты. Үш жылға созылған үлкен науқанның алғашқы талқысы, міне, осылай аяқталды. Иә, бәрі де амалсыздың ырқы еді.

VІІ ТАРАУ: ТҮБЕК ТҮЙІН

Ал "Хан Кене" пьесасы араға отыз жыл салып барып қысқартылып, ал елу жыл салып барып біздің қолымызбен толық нұсқасында жарық көрді. Алланың ол ырыздығына да шүкіршілік. Көзі қарақты зиялы үшін "Қилы заман" мен "Хан Кененің" кеңес тұсындағы маңызы — рухани тәуелсіздік жариялағанмен тең еді. Соның мәйегіне ұйыған ел тәуелсіздігі де ұзақ күттірмеді. Он жылдың аясында тәуелсіздік туы желбіреді. Демек, Әуезов өзінің шығармасымен Алаштың идеясын әр он жыл сайын жаңғырта, қоздата үрлеп,, сөнуге бет алған азаттық рухын тұтандырып отырды. Мемлекеттік цензура мен авторлық цензураға ұшыраған "Хан Кене" жиырма томдық басылымда "Бес перделі тарихи пьеса" ретінде қысқартынып, соңғы "Көрініс": "Кәрібоз. Бар батырың тұтқын болды... Кенесары. Ханның қарамен жағаласқаны жараспас. Өзің де тұтқынсың енді, қолындағы қаруыңды бер. Кене. Ал келіп. Апарып берушімен. (Екі қырғыз жетіп келгенде, Кене екі жағынан салып-салып жіберіп, құлатып-құлатып тастайды. Бірақ, сол уақытта өзгелер қаптап келіп ұстап, қаруын алады.)

Дауыстар. Байла қолын!.. Не қылмап еді... Кәдір білуші ме еді. Кәрібоз. Уай, тоқта, тоқтат, байлама... Қаруын алдыңдар ғой. Бос алып жүр. Жетеді со да!.. Жүр енді... Тарт! (Бәрі жүріп кетеді. Жоламанды да ұстап алған, оны да алып кетеді). Шымылдық",— деп шолақ қайырылды. Елу томдық басылымды дайындау барысында Талатбек Әкім мен Мұқаш Қожахметұлы Тұрсынбек Кәкішұлының жетектілігімен жазуы өшіп, шет-шеті мүжілген түпнұсқадағы мәтінді қалпына келтіріп, үш нұсқаны да қатар жариялап, отыз жасар Мұхтардың авторлық мәтінін қалпына келтірдік. Ол да бір армансыз өткізген арманды күндер еді-ау! Жазушыға және оның көркем идеясы мен көркем шешіміне жасалған қиянатқа көз жеткізу үшін қалпына келтірілген мәтінді қоса ұсынамыз: Бірінші нұсқасының соңы: "Хан Кене". Алты перделі тарихи пьеса... 9-көрініс. Аздан соң Кене мен Наурызбайды алып 5-6 жігіт кіреді. Екеуінің де қолында кісен. Бірақ ажарлары жоқ. Бұлар келіп отырған соң арттарынан 3-4 жігіт, Тайсары, Толыбай кіріп келеді. Тайсары (ашулы). Жаңа анау үйде деп еді, енді мұнда алып келген екен. Жантайдікіне әкелсе жан батпайды дейді ғой. Көрсетермін батпағанды. Шақыр мұнда қатындарды, әуелі көріп алсын солар... Толыбай. Алып кел қатындарды. Бұларды аман алып қалады ғой, манаптар. Мұнда қырғызға, онда қазаққа жақсы атты кісі болмақ қой. (Бұл уақытта екеуі қылыштарын жалаңдатып жанып.) Тайсары (кекетіп). Жақсы атты болады ғой. Неге болмасын (ақырып) шығып көрсін алдымнан, не қырғызбен, не қазақпен болар. Орманмен, өртеніп кетсін манаптарымен мына қазақ басшысы. Субанбектің кегін алмай мен неге тірі жіберемін. Толыбай (екіленіп). Қалпақтың қанын мен жоқтамаймын ба екем. (Тағат қыла алмай түкіріп жібереді. Толыбай Кенеге келіп). Тайсары (ақырып). Қолыңа түскен қырғыздан аман қалған кісі бар ма, жоқ па? (Кене үндемейді.) Толыбай. Неге айтпайсың? Осында қолға түскен бір кісің де бір ауыз жауап берген жоқ дейді өзі. Неге айтпайсың?!

Тайсары. Айтамысың, жоқ па?!
Кене (қатты). Бары бар, ЖӨЗЕЫ жоқ, не айтушы едім мен саған.

Наурызбай. Не емексітетіні бар, мен жауап берем, Кенеке. Ай, ит, кім керек өзіңе. Жасырушы ем қалғанымды.

Тайсары (ашулы). Тарт тілінді... бауыздаймын қазір.
Наурызбай. Адырағал!.. Ығатын кісіні тапқан екенсің.
Толыбай (ақырып). Жаманқараны не қылдың? Қалпақты қайттің?..

Наурызбай. Жаманқараңды жайлаған, Орманбекті ойрандаған, Субанбекті сұлапсың, Қалпағыңды талпақ қылған қолым осы... Білгеніңді қыла ғой. Тайсары (тепсініп). Соған қылғаныңның барлығын өзіңе қылайын ит. Қой, шығарма енді үніңді. Толыбай. Сені сыйлағаным емес. Ежелгі қырғыз әдеті еді. Өлетін кісіден арманын сұрайтын. Қазір сендер өлесіңдер, (Кенеге) не арманың бар, айт? (Кене үндемейді.)

Тайсары (тепсініп). Неге айтпайсың?
Кене. Айтпаймын. Сандырақтамай аулақ кет.
Тайсары (Наурызбайға). Сенің не арманың бар? (Бұл уақыттарда)

Алдыңғы қатын (даусы ылғи кекесінді). Е, жақсы хан, жайлы жатырмысың? Уа, мен өзің өлтірген Жаманқараның қатынымын... Ерімді жеңген ердің ері екенсің. Келші, керісейін. (Ұмтыла береді.) Кене (Көзін алмай, міз бақпай қарап тұрып). Е, қас батырдың ажалы қатыннан деп еді, келсең кел... Алдыңғы қатын (Жақындай беріп, қойнындағы сапыны суырып алып. Кенеге салып жібереді.) Міне!.. Міне!.. Келген деген (Сол кезде екінші қатын шығады.) Соңғы қатын. Уа, мен Қалпақтың қатынымын. Маған, Наурызбай, сен қалдың. Керегім де сен едің. (Ұмтыла береді.) Науан. Уай, қырғыз, еркегің құрып кеткен бе сенің. Мені еркегің өлтірсін. Толыбай (жақындап қалған Қалпақтың қатынын қағып қалып). Тұр былай... Олай болса, міне еркек, тілегіңнің қарымы. (Ұмтылып келіп жүрегінен қанжарды салып жібереді. Науан құлайды). Соңғы қатын (ұмтылып). Қанын ұрттаймын, қанын ұрттаймын! (Ұрттап, ұрттап алады.) Кемпір (Кенесарыға). Асқақтөре, азғын бек, үлкен тақ, жақсы атақ алмақ ең. Жылаулардың жасы тұншықтырғанын көр міне!. Ш ы м ы л д ы қ" (М.Әуезов. Шығармаларының елу томдық жинағы. Том 6. Алматы: "Ғылым" ғылыми баспа орталығы., 2001.173-174 бет). Міне, осы көріністен-ақ "Хан Кененің" қасіретті де, намысты трагедиялық сарын арқылы қандай құмығу мен қорлықты жеткізгісі келгені анық аңғарылады. Бұл — көркем шындыққа жақын тарихи шындық, шындығына көшсек, тарихи шындықты бәсеңсіте баяндаған көркем шындық. Фирдауси: "Шахнама" эпосы арқылы бүкіл фарсының ұлттық санасын ояттым",— деген екен. "Хан Кене" де қазақтың ұлттық идеясын өшіртпей тәуелсіздікке дейін сақтап келді. Тек сахнаға арналған дүниенің сахнасыз жетімсіреп жатқаны қанжылтады. Әр заманның бір сұрқылтайы бар. Ол сұрқылтай сыртта емес, ұлтымыздың ішінде. Ол сұрқылтайдың аты — сол баяғы жалған намыс. Міне, азаттықтың ақ туын көтерген бір шығарманың жазылу, қойылу, жарық көру, талқылану тарихы осындай. Ең бастысы: Бесігіміз түзелді. Ұрпағымызды рухани тәуелділіктен сақтасын. Елдің тыныштығын берсін. Әр бесіктен әлди кетпесін — деген тілекпен біз де әфсанамызды аяқтаймыз.

Алматы - Астана - Алматы. 1989— 29.07.2010 жж.
КЕУДЕСІ ҚУЫС ҚАЛҒАН ДАЛАМ-АЙ (Соңғы сөз орнына)

Мыңжылдықтар ауысқан нысаналы тұстағы көшпелілер әлемінің тікелей мұрагері болып табылатын, XXІ ғасырды тәуелсіз мемлекет ретінде аттаған қазақ ұлтының тарихындағы ең өкінішті оқиғаның бірі — осынау заманға заттық мұрағаттарымыздың тоз-тозы шығып, жадап-жүдеп, тоналып жеткені. Бізден бұрын да жеті жұрт келіп, жеті жұрт ауысқан (Шәкәрім, Мұрын) мынау сайын даланың қат-қат қабатының қолқасына қолын тығын, қазынасын былай қойғанда, әруақтарымыздың бассүйегінен бастап башпай тырнағына дейін қотара суырып әкеткені, кеудесі қуыс қалған даланың кәрі әрі шұрық-шұрық тесілген көксау көкірегін ғана иемденіп қалғанымыз жанға батады. Тарихтың аса қатал сілікпесі мен таным талқысына ұшыраған түркі жұрты XІV - XV ғасырда қағанаттығын жойып, ханталапайға түсті. Ақыры бодан елдің күйін кештік. Тағдырымыз да, қазынамыз да тоналды. Күні кеше табылған Алтын адамнан да айырылып қала жаздадық. Мұның барлығы рухани тәуелділіктің зардабы еді. Бұл қасіретті кешегі Абай мен Әлихан, Ахмет аталарымыз да ойлаған, кеңес тұсындағы ғұламаларымыз да қиналған, ол арман сүзіліп келіп бүгінгі ұрпаққа да ауысты. Қазақ даласының рухани қазыналары Ресейден бастап Рейнге, Финляндиядан Пекинге дейін (Мәселен, Лондондағы, Париждегі, Токиодағы, Швециядағы, Финляндиядағы, Пекиндегі үлгілерді қоспағанда, Ресей Ғылым Академиясында 4228, ал Германияда 8 мың көне түркі жазбаларының ескерткіші бар) шашылды. Олардың ізіне түсу — бүгінгі тәуелсіз ұландардың міндеті. Өткен жылы сондай бір игі ниетке қадам жасалды. Россия Федерациясының архивтеріндегі және мұражайлар мен және кітапханалар қорындағы Қазақстанға қатысты тарихи-мәдени, ғылыми деректерді анықтауға, оларды жүйелеуге, қалпына келтіруге арналған ғылыми экспедиция ұйымдастырылды. Ғылыми экспедицияның басты мақсаты — ұлттық сана мен қоғамдық пікірдің рухани тәуелсіздік сатысына көтеріле бастаған кезінде оны бекіте түсетін мемлекеттік тәуелсіздіктің қажетті нысаналары мен (мысалы, Шыңғыс хан мен Жошының, Алтын орданың, қазақ хандығының, Абылайдың, Алашорданың тулары мен елтаңбасының үлгілері) тарих талқысы талан-таражға ұшыратқан мәдени мұраларымыздың (археологиялық қазбалар мен көне қолжазбалар) төркінін тауып, қалайда ұлтымыздың игілігіне қызмет ететіндей байланыс орнату және оларды қайтарудың мүмкіндіктерін қарастыру, кезінде рұқсат етілмеген мұрағаттарды анықтау, сөйтіп олар туралы мағлұматтарды жинастыру еді. Сонымен қатар, экспедицияның демеушісі Қайрат Сатыпалдыұлы Назарбаевтің (кейіннен — Сатыпалдиев) алдыға қойған басты міндеті — Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов пен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басшыларының бірі — Кейкі Нұрмахамбетұлының бас сүйектерін іздестіру болды. Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев пен мәдениет министрі Алтынбек Сәрсенбаевтің Ресейдің ресми мекемелеріне жолдаған қатынастары мен (РФ мәдениет министрінің бірінші орынбасары Н. Л.Дементьеваға) келісім-шартына сәйкес эксепедицияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының ауқымы кеңейіп, ол мемлекетаралық, салааралық сипат алды. Бұл сапарға ұйтқы болып, қоғамдық қозғау салған "Қазақ газеттері" жабық акционерлік қоғамының құрамындағы "Қазақ әдебиеті" газеті мен "Жұлдыз" журналы. Сондықтан да зерттеу жұмыстарының Қазақстан Республикасының мүддесіне тікелей қатысты өрі екі елдің арасындағы мәдени, ғылыми байланыстарды қалпына келтіруге аса мұқтаж мәлімет пен мағлұмат беретінін ескере отырып, жинақталған деректер мен пайымдауларды қалың қауымның назарына ұсынып отырмыз. Ғылыми экспедиция құрамына Т.Жұртбай (ғылыми жетекшісі), Ш.Әмірбек (тарихшы), Д. Рамазан (қоғамдық өкіл,жазушы) кірді. Экспедицияның ғылыми тобы 2000 жылдың маусым - шілде айларында (екі ай 8 күн) Москва, Санкт-Петербург қалаларындағы зерттеу мақсатына тікелей қатысты және қосымша мағлұмат беретін 64 мекемеде болып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Зерттеу — іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қазақтың тарихы мен мәдениетіне қатысты, аса құнды әрі бұрын республика өкілдерінің арнайы назарына ілінбеген тарихи-этнографиялық бағалы бұйымдар мен деректерге, тың мұрағаттарға жолықтық. Тікелей байланыс орнатудың жолын жеңілдету және олармен еліміздің кез-келген мекемесі өздігінше қарым-қатынас орнату үшін музейлер мен архивтердің адрестерін, басшыларының аттарын келтіре отырып, ондағы Қазақстанға қатысты мұралардың бағыт-бағдарынан қысқаша хабардар етуді жөн көрдік. Бұл бізден кейінгі ата мұрасын іздеушілерге де септігін тигізетініне, жол сілтейтініне және кептеген ұйымдастыру жұмыстарын жеңілдететініне сенімдіміз. Ғылыми экспедицияның іздестіру — зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңі Москва қаласындағы музейлер мен архивтердің қорларымен танысудан басталды. Оның басты себебі: бірінші – мемлекет аралық келісімге сәйкес Ресей бойынша қазақтарға қатысты тарихи, мәдени мұралар қай жерде, қандай түрде сақталған, олардың заттай және деректік айғақтары бар ма, соны анықтау, олардың қызмет көрсету жүйесімен тереңірек танысу. Екінші — Кенесарының бас сүйегі болуы мүмкін мұражайды немесе ол туралы мағлұмат беретін нақты және дәлелді дерек көзін табу. Ал экспедицияның қаперге алып шыққаны -Кенесарының бас сүйегі Эрмитажда екен деген ел аузындағы аңыз ғана. Ешқандай мекеме тарихи дәлелі расталған құжатсыз өзінің құпиясын ашпайтын белгілі. Үшінші, РФ-ның мұрағаттар туралы заңымен және ол туралы ұстаған саясатымен танысу. Төртінші, әлдеқандай себеппен бас сүйектің Мәскеуде сақталып қалу мүмкіндігі де ескерілді (бұл жорамал әлі де сақталып отыр). Алғашқы кезектегі ұйымдастыру жұмыстарына Қазақстан елшілігі мен (Е.Алданов) РФ мәдениет министрлігі (Н.Л.Дементьева, Л.М.Колесникова) араласты. Мәскеу мен Санкт-Петербургтағы музейлер мен архивтерге рұхсат қағаз алынды. Барлық мекемелерге экспедицияның негізгі мақсаты: РФ мен ҚР арасындағы үзіліп қалған мәдени байланыстарды қалпына келтірудің мүмкіндіктерін қарастыру; ә). Сол біз барған музейдегі немесе архивтегі Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, ғылымына т.б. қатысты деректер мен заттай айғақтардың мөлшері мен кұндылығын анықтау. б). Сол айғақтарды ҚР-ның игілігіне жаратудың әр түрлі жолдарын қарастыру (көшпелі көрме ұйымдастыру, құжаттардың кешірмесін алу, өзара біріккен тақырыптық ғылыми жұмыстар мен көркем альбомдар шығару, түрлі келісім шарттар жасасу) деп түсіндірілді. Әрине, мұның барлығы пікір, мағлұмат алмасу деңгейінде, яғни, экспедиция мүшелерінің ғылыми мақсатына сай ауқымда ғана өтті.

Ашып айтатын және барлық мекемелерге ортақ мәселелер мынадай: Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі музейлердегі заттар РФ-ның жеке меншігі деп жарияланған, ол құқық — Заңмен бекітілген. Бұрынғы СССР-дің құрамындағы одақтас республикалардың түгелі, соның ішінде РФ-ның автономиялық республикалары — Татарстан мен Башқортстан, Якутия, Бурятия, Карелия т. б. да елдер) Ресей мұражайларындағы өздеріне қатысты экспонаттарды қайтаруды талап етіпті. Ал Украина оларды халықаралық сотқа беруге ниеттеніп отырған көрінеді. Сондай-ақ, қазір Ресейдің әр түрлі музейлері мен лабораториясында сақтаулы тұрған 17 бас сүйекті (Қажымұраттың, Түрікмен басшы мен оның отбасының, молдован князының т.б.) әр ел қайтарып алуға әрекет етіп жатыр екен. Сондықтан да Кенесарының бас сүйегін іздестіріп жүргенімізді тура жеткізбей, орағыта сөйлеп, картотекалар мен қордағы заттардың тізімін ақтарыстырып болған соң, істің қорытындысы шығарда ғана ашық айттық. Әйтпесе, қорға кіргізбеу қаупі анық байқалды. Ресей музейлері қаражат көзі табылса, мемлекеттік кепілдік берілсе, көшпелі көрме ұйымдастыруға, бірігіп көркем альбом шығаруға, бірігіп ғылыми жұмыс жүргізуге, методикалық-әдістемелік кітаптар шығаруға әзір. Бұл ретте Грузия мен Армения өзінің көрмелерін Мәскеуде еткізіп үлгіріпті. Ондай мүмкіндік Қазақстанда да бар ғой деп ойлаймыз. Музейлер мен архивтердегі бұрынғы одақтас республикаларға қатысты экспонаттар мен сирек қолжазбалар, құжаттар, архив қорлары қатаң түрде тізімделіп, қосымша қоймаларға жөнелтіліп үлгерген, барының өзін көзден тасада ұстау бағыты мен жасыру пиғылы ащарылады. Сөреде тұрғандарының өзінің түсіндірмесі ашып айтылмайды. Бұл, әсіресе, тарихи мұражайда, Қазіргі тарих мұражайыңда (Мәскеу), Эрмитажда, Этнография (бұрынғы СССР харықтары) музейлерінде ерекше сезіледі. Архивтердегі кеңес тұсындағы кейбір ашық қорлары (патша мен әскери губернаторлардың отарлау саясаты, әскери жазалау жоспарлары туралы) жабылған Біздің мүдделі құжаттарымызға қол жеткізу үшін сол мекеменің ғылыми қызметкерлерінің көмегіне сүйенуге тура келді. Сондықтан да уақыт өткізбей Қазақстанның мүддесіне сәйкес өр музейдегі деректер мен заттардың толық тізімін алу үшін жеке-жеке мекемеге арнайы топ жіберіп, түбегейлеп зерттеуді тездетіп қолға алған лайық сияқты. Әр саладағы жетекші ғалымдар мен мамандардың тікелей ықпалы, таныстығы, рекомендациясы, мүдделігі ерекше екен. Өйткені, Ресей оқымыстыларының арасындағы ғылыми мектептер мен бағыттардың, әр түрлі топтардың өзара бәсекесі бұрынғыдан да шиеленісіп кетіпті. Енді ғылыми - саяси емес, ғылыми — экономикалық мүддені алға қойғандарын олардың өздері де ашық айтады. Бұл ретте белгілі шығыстанушылар, түркітанушылар, архивист-тарихшылар, музейтанушылар, антропологтар С.Г.Кляшторныйдың, Ч.М.Таксамсидің, И.О.Гохманның, Ю.К.Чистовтың, О.М.Бронникованың, В.А.Прищепованың, М.В.Твардовскаяның, М.С.Герасимованың, Н.Е.Бекмаханованың, В.М.Паниахтың, Т.Г.Емельяненконың, архив қызметкерлері Л.И.Синицина мен Г.К.Мулинаның, мұражай қызметкерлері Л.И.Скрипкинаның, Г.К.Олыневскаяның ғылыми кеңестері экспедицияның қал-қадерінше нәтижелі жұмыс істеуіне ықпалын тигізді. Бұл жөнінен алғанда қырғыз елінің қазіргі ұсынған тәжірибесін қолдануға әбден лайық. Олар Қырғызстан мен Ресей ғалымдарынан арнайы комиссия құрыпты. Комиссия үш айда бір бас қосып, Қырғызстанға қатысты мәселелерді, мысалы, музей экспонаттарын не архив құжаттарын зерттеуге келіседі екен. Сөйтіп, өз беттерінше іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізе береді, тиісті экспертизадан өткізеді, қортынды шығарады, қырғыз ғалымдары тек соның нақты нәтижесін алуға келеді екен. Әр сапарда, бір топ бір ғана саланы не салалас мекемені зерттеуді ниет етіп, ұзақ мерзімге барғаны дұрыс сияқты. Өйткені бір Эрмитаждың өзінде 3,5 миллион экспонат бар. Тек сол тізімнің өзін оқып шығуға бір ай уақыт кетеді. Ал архивтің жөні тіптен басқа. Осы орайда архив пен музей қорларына соңғы 80 жылда жүргізілген үш реткі бөлістің жай-жапсарын білмеген адам бұрынғы сілтемелерге сүйеніп, сандалып қалуы мүмкін екен. Мысалы Е. Бекмахановтың Кенесары туралы сілтеме жасаған архив деректері арқылы ол құжатты қазір табу өте қиын. Сол сияқты Революцияға дейінгі экспонаттар да жан-жаққа жіберілген. Архив пен музейге жүргізілген ревизия мен бөлістің нәтижесінде әр зат ешқандай мақсатсыз жан-жаққа таратылған, мысалы, Қазақтардың ханзада Николайға (кейінгі Николай ІІ) сыйлаған киіз үйі мен жиһаздары 1921—1922 жылдары Эрмитажға, Кунсткамераға, этнография музейіне және Мәскеудің тарихи музейіне бөлініп беріліпті. 1950—1953 жылдары Эрмитаж бен Кунсткамераның, 1960—1963 жылдары СССР халықтары музейінің жекеленуіне байланысты олар тағы да қайтадан талан-тараж бен бөліске түскен. Ал архив материалдары 1980 жылы Мәскеу мен Санкт-Петербургтің және облыстардың архивтеріне жіберілген, соған орай фондылардың аты, рет саны, заттардың аттары өзгертілген. Одақтас республикалардың тарихына қатысты архив пен мұрағат тізімдерінің барлығы қатаң түрде ресми құжаттандырылған, яғни, дербес бақылауға алынған. Кеңестік саяси науқанның құқайын экспонаттар да көрген. Ал басы даудан ашылмаған Кенесарының бас сүйегі де сол қысымға ұшырып, сөреден — сөреге шүйгіген іспетті. Шәміл мен Кейкі туралы үкімет қаулысы шықпағандықтан да олардың бас сүйегі орнында сақталып қалған. Зерттеу — іздеу жұмысын қиындатқан мәселенің бірі жоғарыдағы "бөлісулер". Мәселен, бұрынғы Санкт-ІІетербургтің архивіндегі Горчаковтың қоры Сыртқы істер министрлігі мен Әскери архивке, Гасфордтың қоры — Омбыға жөнелтіліпті. Олардың біразы кіріс тізіміне әлі ілінбеген. Архив пен мұражай саласынан хабардар әрбір адам мұның қандай бейбастыққа жол беретіндігін ойласа, төбе құйқасы шымырлары анық. Бізде, құдайға шүкір, бұл саламен айналысатын "зиялы қылмыстық топ" Қазақстанда әлі қалыптасқан жоқ, бірақ Кенесарының бас сүйегіне қатысты біздің ғылыми экспедициямыздан кейін өз қандастарымыздың арасынан да осы мәселеге көңіл бөлгендер табылды. Алайда солармен бетпе-бет сөйлесудің еш реті келмеді. Түпкі ұлы мақсатқа жету үшін олармен кездесуге жеке өз басым еш арланбас едім. Ресейде, шет елдерде бұл жақсы жолға қойылған, кей тұстарда үкіметтің өзі соларға иек артуға мәжбүр болған тұстары бар. Сонымен қатар соғыс кезінде экспонаттар Самарқандқа, Қостанайға, Саратовқа т.б. қалаларға көшірілген. Ол арадан экспонаттар толық, қайтып оралмаған. Мысалы, Түркімен басшының бас сүйегі Самаркандта қалып қойған екен де, әйелі мен 5 баласының бас сүйегі Мәскеуге қайтарылыпты. Түрікмендер де 3 жыл іздеп, ақыры шындыққа көз жеткізіпті. Солардың ізіне түсіп, Кенесарының бас сүйегінің Самарқанда қалып қоймағандығының анық— қанығына жету үшін де біраз уақыт қажет. Ол туралы үзілді-кесілді жауап қайтаруға өлі ерте. Елшілік пен Ресей мәдениет министрлігінің қызметкерлерімен және ғалымдармен ақылдаса отырып Кенесарының бас сүйегі тек бас сүйек ретінде ғана ізделген жоқ, сонымен қатар күмістелген әскери жарақ, күлдік, балауыз шам, кубок, тостаған, шара сияқты тағы да басқадай әшекейлі тұрмыстық бағалы заттардың ізімнен де қарастырылды. Бұған да назар аударатындай себептер мен қосымша жорамалдар бар еді. Бұл іздестіру жұмысының негізгі бір бағыты ретінде басты назарға алынды. Енді нақты деректер мен пайымдауларға көшейік. Жоғарыңа келіскеніміз бойынша әр мекемеге жеке — жеке тоқталамыз. Москвадағы ғылыми мекемелер мен музейлер және архивтер РҒА-ның Россия тарихы институты. Россия халықтары тарихы орталығы. Москва. В 36. Д. Ульянов көшесі, 19. 3 қабат. Экспедицияның іздестіру — зерттеу бағыты жан-жақты, салааралық сипат алғандықтан да архив және музей мұрағаттарымен, әскери архивтермен және олардың жұмыс тәсілімен жақсы таныс тарихшылармен, соның ішінде институттың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы Н.Е. Бекмахановамен әңгімелестік. Пікір алысу барысында экспедицияның іздестіру бағыты, тәсілі талқыланды. Бұл мәселенің біз үшін үлкен мәнісі бар еді. Олардың іздестіру тәжірибесіне сүйене отырып, тиісті мекемелерге негізгі мақсатымызды - Россия империясы мен Қазақстанның арасындағы XVІІІ - XІX ғасырларда Ресей мұражайлары мен мұрағаттарын, әскери музейлер мен лабораторияларды, медициналық музей-лабораторияларды жабдықтау үшін қазақ даласынан жинақталған этнографиялық, фольклорлық, медициналық, антропологиялық, әскери бұйымдардың тізімін алу, қазақ өкілдерінің, генерал-губернаторлардың сый-сияпатының қайда екенін анықтау, соның нәтижесінде екі жақ та да бірдей мүдделі болып отырған сериялы жинақ—альбомдар шығару мүмкіндігін ойластыру — деп түсіндіру көзделді. Н.Е. Бекмаханова экспедицияның жұмысына тұрақты кеңесші болуға келісті. Білгір архивист—тарихшы және Е. Бекмахановтың қолжазба деректерінің мұрагері ретінде Кенесарыға қатысты Ресей архивтеріндегі барлық құжаттарға түсініктеме берді және Институттың атынан Эрмитаждың директоры М.Б.Пиотровскийге, түркітанушы С.Г.Кляшторныйға, тарихшы В.М.Паниахқа жолдама хат жазды. Россия тарихы институты ғалымдарының кеңесі өз нәтижесін берді. Бұрын рұқсат етілмеген немесе сақтау орындары ауысқан архив қорларымен жеделдете танысуға мүмкіндік туды. Өкінішке орай К. Қасымовтың азаматтық қозғалысы туралы деректер мен ол жөніндегі саяси айтыстар туралы институт архивіндегі құжаттарда бас сүйек туралы дерек кездеспеді. Қазақстанның еткен және бүгінгі тарихы жөнінде жинақтар шығыпты. Черномырдинның тікелей демеушілігімен казактардың тарихы түбегейлі және жан-жақты зерттелген көп томдық жариялану үстінде екен. Қазақ пен казак арасындағы қатынас — отарлану мен тәуелсіздік арасындағы күрделі қатынас. Сондықтан да Н. Бекмаханованы пайдалана отырып, отарлау саясатындағы казактардың осы бір жаугершілік өктемдігін және "жасыл белдеу" (горькая линия) шекарасын зерттесе — Қазақстанның солтүстік территориясын бөліп әкетуге ұмтылып жүргендерге (ондай пікірдегі ғылымдар да бар екен) үлкен соққы болар еді. Бұл - Абайдың: "Солардың дағуасына кіріп, олардың күші мен білімін өзіне қарсы қой" деген сөзінің бір парасы сияқты. 2. Россия Мемлекеттік тарихи музейі. 103012 Москва. Қызыл алаң, ү (Бас директоры Александр Иванович Шкурко, ғылыми жұмыс, жөніндегі орынбасары В. А. Егоров; ғылыми — қор жөніндегі орынбасары Марина Викторовна Чистякова). Тарихи мұражайға көне дәуірден бастап 1917 жылға дейінгі тарихи—археологиялық, этнографиялық, мемлекеттік—рәміздік, фольклорлық экспонаттар мен құжаттар топтастырылған. Мұнда скиф, сақ, ғұн, түрік қағанаты, қазақ хандығы, Ресей бодандығы тұсындағы қазба заттар, бәдіздік ескерткіштер, қолжазба, қару-жарақ, білезік-жүзік, сирек кітаптар өте көп. Бірақ олардың барлығы "запасникте" сақталады екен. Біз бұл мұражайдан Кенесарының бас сүйегінің күміспен қапталған нұсқасын және соған қатысты заттарды іздестірдік. Ғылыми-методикалық бөлімнің меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты Л.И. Скрипкинаның көмегімен музейдің керме қоры, ғылыми — қор, археологиялық ескерткіштер, қымбат металлдар, қолөнер, картография, қару — жарақ, жазба мұралар, қолжазба бөлімдерінің картотекалары мен библиографиялық көрсеткіштері толықтай қаралды. Қазақ хандығы мен отарлауға қатысты құжаттар мен этнографиялық бұйымдар, азамат соғысы жылдарының басталуына дейінгі заттар бар. Музей қызметкерлері дайындаған 100 томдық түсініктемелерде олардың біразына қысқаша сілтеме мен сыпаттама берілген. Әсіресе, көшпелілер тарихына қатысты археологиялық ескерткіштерді суретке түсіріп, альбом жасаудың рухани маңызы ерекше. Өйткені олардың біразы қазірдің өзінде "запасникке" - қосымша қоймаға ауыстырылғалы жатыр. Ал "запасниктің" түнегінен кез-келген коллекция 25—50 жылсыз жарыққа шықпайтыны мамандарға белгілі. Музей "Россия Федерациясының тарихи және өлкетану музейлері" атты бүкілресейлік ақпарат бағдарламасын және орталықтандырылған компьютер жүйесін жасауды қолға алыпты. Оған Қазақстанның да қосылуға мүмкіндігі бар көрінеді. Бұл музейде К.Қасымов пен Кейкінің бас сүйегіне қатысты дерек ұшыраспады. 3. Россия Федерацияның Қазіргі тарих мұражайы. Москва. Тверь көшесі, 21 (Директоры Т.Г. Шумная, ғылыми - методикалық орталығының меңгерушісі Г.К. Олыневская). Мұнда 191—2000 жылға дейінгі, яғни, қазіргі Шешенстандағы соғысқа қатысты экспонаттарға дейін қойылған. Музейде Қазақстанның кеңес жылдарындағы әр кезеңін қамтитын тарихи деректер, фото құжаттар, жеке тұлғаларға қатысты заттай айғақтар, түрлі декреттер, плакаттар, бас құжаттар сақталған. "Ақ үйдегі" атыс, Буденневкадағы аурухананы басып алу, Президент сайлауы кезіндегі заттар мен суреттерден бастап афишаларға дейін кермеге қойылған. Қазақстан музейлері үшін бұл да үлгі аларлық жайт. Бүгінгі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы барлық оқиғалар ұмытылмауы тиіс. Бізде де сондай дербес музей болса деген ой-арман туды. Музейде Арменияның, Грузияның қазіргі тарихына қатысты көрмелер өтіпті. Қазақстанның да көрмесін ұйымдастыруға даяр. Тек екі жақты мемлекет аралық келісім — кепілдік пен қаражат мәселесі шешілуі тиіс. Арендаға да береді екен. Бұл музейге 1917-1991 жылдардағы қазақ тарихына, оның ішінде 1916 жылғы ұлт — азаттық көтерілісі, 1917—1929 жылдар арасындағы "Алашорда" қазақ автономиясы, Түркістан, Сібір ревкомы, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқаев, Т. Рысқұлов т.б. туралы құжаттар, фотолар, коллекциялар бар. Алайда Кейкі туралы құжаттар көзге түспеді. 4.Кремльдегі Қару-жарақ палатасы. Тікелей Президент аппаратына қарайды. Олардан рұхсат алудың ешқандай мүмкіндігі болмады. Алмас қорында Орта Азия мен қазақ хандықтары жіберген қылыш, семсер, сауыт, дулыға, қанжар т.б. заттар бар. Кенесары Қасымовтың қанжары осында деген деректі және бас сүйектен жасаған түрлі бұйымдардың барлығын растаудың реті келмеді. Ол үшін KJP мен РФ Президент аппараттарының арнайы келісім—рұхсаты қажет екен. Ал мұражайдың ғылыми қызметкерлері бас сүйекке қатысты деректен беймағлұм болып шықты. Қазаққа қатысты қару-жарақтардың біразы "Орта Азия қару-жарақтары" деген жалпылама атаумен жүр. Анығы — мұнда бас сүйектің сақталмағандығы. Алдағы уақытта арнайы рұхсат алып мұражай қорын мұқият қарап шығудың мәні зор. Кенесарының қанжарының табылуы әбден мүмкін. 5.РҒА-ның Этнология институтының антропология лабораториясы. Москва, Ленин проспектісі, 32 а (Лаборатория меңгерушісі Маргарита Михайловна Герасимова). Атақты антрополог М.Герасимовтың қызы М.М.Герасимова лабораторияның картотека қорымен таныстырды. 1950 жылдан бастап қана белгілі адамдардың бас сүйегі жинақталыпты. Оның ішінде қазақтардың саны өте аз. Негізінен өр түрлі қорғандардан, молалардан, қазбалардан жинақталған бас сүйектер. Лабораторияны қазақ антропологы Орзақ Исмағұлов жан-жақты зерттеген. "Екеуміз бірге оқыдық. Мұның ішінде К.Қасымовтың да, Кейкі Нұрмағамбетұлының да бас сүйегі жоқ. Біз өзіміз алған бас сүйектерді тек ғылыми тұрғыдан зерттеп, негізгі отанына қайтарып береміз. Ал Ноэль Шаяхметовті білмеймін" -деді. Лабораторияда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан да, егер бас сүйектердің жалпы картотекаларымен танысу қажеттігі туса, қазан айының ортасынан бастап келуге болатындығын айтты. Антропология лабораториясының 1950 жылдан бастап құрылғандығын және қазақ ғалымдарының зерттеу жүргізгендігін ескерсек, Кенесарының бас сүйегінің мұнда жоқтығына сенуге болады. Алайда кезінде осы лабораторияның атынан Махамбеттің, Жошының, Алаша ханның т.б. зиратын қазып, бас сүйектерін жинаған Ноэль Шаяхметовтің коллекцияларын қарап шығу қажет-ақ. Бұл адам он бес жылдан бері жеке халық емшілігі орталығын ашып, дербес жұмыс істейді екен. Біз барған кезде Мәскеуде жоқ болып шықты. Жалпы тірі. Қазақстанмен байланыс жасағысы келеді. 6.Москва мемлекеттік университетінің Антропология институты мен мұражайы. 103009. Москва. Мохавая, 11. (Директоры В.П.Чтецов, орынбасары А.Л.Пурунджан). Антропология мұражайында 15 500 бас сүйек бар екен. Бұл бас сүйектер осында 18 ғасырдан бастап жинақталған. Соның ішінде 500 бас сүйектің картотекасы қазір жоқ. Университеттің кітапханасы мен архив қызметкерлері жаппай демалыста. Қазан айының басынан бастап ашылады. Институт пен мұражай директорының орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор А.Л.Пурунджан Қазақстан антропологиясына қатысты ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдарды — В.А.Бациевичті, С.Г.Ефимованы т.б. шақырып, арнайы жедел кеңес өткізді. Бұл ғылымдар Николай ІІ патшаның бас сүйегін зерттеп, қорытынды жасауға қатысыпты. Жоғарыда айтылған даулы 17 бас сүйектің біразы осы кісілердің қолынан өтіпті. Алайда қазақтың ханының бас сүйегі туралы деректі жолықтырмағандықтарын айтты. 15 мың бас сүйектің картотекасын да, бас сүйектердің өзін де көрдік. Тек мұнда жоқ 500 бас сүйек қана алаңдата берді. Маман С.Г. Ефимова қазан айынан кейін Ресей ұлттық кітапханасы мен мұражай қоры ашылған соң жіті қарап шығып, Н.Е. Бекмаханова арқылы хабарласуға уәде берді. Алдағы уақытта осы бағытта бірлескен ғылыми топтың іздестіру жұмыстарына катысуға келісті. Бұл — экспедиция мүшелері үшін үлкен көмек көрсететіні сөзсіз. Өйткені, С.Г.Ефимова осы бағытта арнайы іздестіру-зерттеу жұмыстарына қатысқан. Сондай-ақ, ФСБ (бұрынғы КГБ) мен МВД-ның криминальдық лаборатроиясы мен музейлерінің меңгерушілерімен бірігіп зерттеу жүргізген. Экспедицияның үміт артатын алдағы тірегінің бірі осы адам деген қорытындыға келдік. Ғылым Академиясының институттарына және ғылым, білім министрлігіне қатысты мынадай ұсыныстар айтылды. а)1970—1990 жылдардың арасында биология ғылымдарының кандидаты В. А.Бациевич Жамбыл облысының Ақкөл ауданында биологиялық-антропологиялық зерттеу жүргізіпті. Сол экспедицияның қорытындысын жасау үшін кезінде зерттелген адамдардың ғылыми негіздерін қарап шығуы керек екен. Бұл - қазақ ұлтының биологиялық дамуын зерттеуде, болжауда, өмір сүру мөлшерін анықтауда, биологиялық тектің өзгеріске ұшырау жолын болжауда үлкен ғылыми маңызы бар көрінеді. б)С.Г.Ефимова Батыс Қазақстан қазақтарының бас сүйек құрлысы, олардың тарихи қалыптасу негіздері, тектік сыпаттары, этнологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми монография жазып бітіпті. Енді осы еңбекті Оразақ Исмагұловпен бірге ары қарай дамытып "Қазақ антропологиясы" атты тарихи - оқулық жазып шығу ниеті бар. в)А.Л.Пурунджан Москва университеті мен Қазақ, ғалымдары бірлесе отырып адамның дамуы ("Возможная антропология"), өсуі, ерте қартаюы, кейбір сезім мүшелерінің әлсіреуі, ассимиляция, саяси құрылым психологиясы, этностық ерекшеліктер т.б. туралы Қазақстанның материалдары — тұрғындары негізінде зерттеу жүргізуді ұсынды. Біздің ойымызша бұл ҰҒА-ның назар аударатын тақырыбы сияқты. Мысалы С.Г.Ефимованың лаборатроиясында сармат дәуіріне қатысты 500 бас сүйек бар екен. Соларды қазіргі кездегі бас сүйектермен салыстыра келіп, олардың арасынан байланыс тауыпты. Бұл "скифтер, сақтар, сарматтар, ирантектестер" деген евроцентристік ағымға тосқауыл қоюы мүмкін. Ал ол бағыт Ресейде қазір өте қатты өршіп барады. Мұның барлығы "түркілер жабайы", ал скифтер—арии текті болғандықтан да мәдениеті ерте дамыған-мыс дегенді негіздей түседі. Бұған тәжік пен парсышыл өзбек ғалымдары өте шұғыл кірісіп отыр. Мұның түпкі емеуіріні — мәдениеттің арғы атасы Кіші және Алдыңғы Азия, яғни, еврейлер, ариилер — дегенге саяды. Осыған қарсы ғылыми уәж айту үшін де бірігіп зерттеу жүргізуге көңіл бөлген лайық сияқты. МГУ-дің Антропология институты мен музейінен Кенесарының бас сүйегі табылмағанымен де алдағы жұмыстардың бір ұшығы сонда жатқан сияқты көрінді. Ендігі іздестіруді де содан бастаған абзал. Мұнда жеке таныстықпен жүзеге асатын соқпақтың сорабы бар. 7.0рталық әскери-тарихи архив (Москва). Бұрын ғылыми зерттеушілерге есігі мүлдем жабық бұл мекемеге рұхсат алудың реті келгеннен кейін қалайда мүмкін болған қорлардың барлығын орнықтыру көзделді. 10 күннен астам уақыт бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстанды отарлаудың барлық тарихы егжей-тегжейлі қамтылыпты. Әр облыс, әр аудан, болыс, әскери жорықтар мен қоныстандыру жоспары, қытай мен қазақ шекарасының қалыптасуы, әр бекіністің салыну тарихы, әскери карталар, әскери губерниялар, ең аяғы Кенесары Қасымовты өлтірген қырғыз манабы Орманға жер бөліп беру туралы ұсынысқа дейін бар. Қазір мүмкіндік бар кезінде әскери архивтің қорын зерттеуге халықаралық байланыс, дипломатия тарихы, Қазақстан шекарасы, халықаралық экономикалық бөлініс, бекеттер мен қамалдардың салыну тарихы, әсіресе ежелгі жер аттарын қалпына келтіру үшін ерекше көмегі бар карталарды зерттейтін құрамында дипломатия, экономика, география, саясат, отарлау тарихы бойынша мамандары бар тарихшылар тобын жіберген дұрыс. Ал, біздің экспедиция түпкі мақсатына орай: І.Азия бөлімі бас штабының. 2.Бас штаб департаментінің. З.Омбы генерал-губернаторы Горчаковтың. 4.Генерал губернатор Г.Х. Гасфордтың. 5. Әскери-медицина музейінің. 6. Әскери министр Чернышовтың. 7.Түркістан әскери округінің. 8.Орынбор генерал-губернаторының. 9.Сібір жөніндегі істердің. Ю.Географиялық. Н.Антропологиялық қоғамдардың 12.Әскери тергеу, сот, прокуратураның қорлары тегістей қарадцы. Мұндағы Қ. Қасымов туралы деректердің, Кенесарының өзінің қолы қойылып, мөрі басылған хаттардың көптігі сондай, олардың атау тізімінің өзін бұл ғылыми есепте жазып шығу мүмкін емес. Бір өкініштісі Горчаковтың есебі мен хаттары Кенесары қаза тапқанға дейінгі уақытты қамтиды. Ал Гасфордтың хаттары көтеріліс пен оның өлімі туралы мағлұматпен шектелді. Антропология және география қоғамдары мен медицина академиясына жіберілген коллекциялардың ішінде Кенесарының бас сүйегі туралы мәлімет кездеспеді. 8.РФ сыртқы істері министрлігінің архиві, Мәскеу, Болыная Серпуховқа, 15 (Директоры Валерий Леонидович Кушпель). Архивтің тәртібі бойынша қатынас қағазға 15 күннен кейін жауап беріледі екен. Біз Санкт-Петербургтен қайтып келген соң: "Бізге қаратылған арнайы қатынастарыңыз жоқ екен және архив қазір жабық" - деген жауап алдық. МИД-тің архивінде бір жыл жұмыс істеген Н. Бекмаханованың берген бағасына қарағанда мұнда негізінен Сыртқы істер министрлігіне қараған Орынбор генерал-губернаторының істері сақталыпты. Онда Гасфордтың қоры сақталмаған. Ал Горчаковтың қорында Кенесарының бас сүйегіне қатысты дерек жоқ. Сондықтанда мұнда алдағы уақытта қосымша дерек көзі ретінде ғана іздестіру жұмысын жүргізуге болады деп есептейміз. 9—10. Экспедиция мүшелерінің ынта-ықыласына қарамастан жөне Мәскеудегі ерекше ережеге байланысты ФСБ мен МВД-ның арнайы криминальдық лабораториясы мен жабық музейлеріне кірудің реті келмеді. Ол үшін екі мемлекеттің деңгейлес, салалас мекемелерінің өзара келісімі, арнайы рұхсатыда керек. Әр түрлі "қарақшылар мен бунтардың" басы сонда сақтаулы тұрғандығы туралы толық және сенімді мағлұматтар алдық. Кенесарының бас сүйегінің болуы мүмкін мекемелердің негізгілері — осы екеуі. 11.Россия Ұлттық кітапханасы (бұрынғы Ленин кітапханасы). Мұнда XІX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан мен Қырғызстанның тарихына қатысты журналдар мен газеттер, жүйеге түсірілген каталогтар, бас альфавиттік көрсеткіштер, сирек кітаптар қарастырылды. Картотекалардағы Кенесарыға катысты мақалалардың дені Бекмаханов пен Рязанцевтің, Вяткиннің, Басиннің монографияларында айтылған немесе зерттеушілерге мәлім деректер болып шықты. Түбегейлеп шұғылдануға кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің жөндеуге жабылуы кедергі жасады. Оның есесін Санкт-Петербургтағы көпшілік кітапхананың (бұрынғы Салтыков - Щедрин атындағы) қоры толтырды. Сөйтіп, Кенесарының бас сүйегіне тікелей қатысты және оның Ресей патшасына жөнелтілгені туралы нақты дерекке қол жеткізе алмай Санкт—Петербургқа аттандық. Күткеніміздей тура сол сұрақ, алдымыздан тағы да шықты. Санкт-Петербургтағы музейлер мен архив мекемелері, ғылыми зерттеу институттары: 12.РҒА-ның Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейі (Кунсткамера). Университетская набережная, 3 (директоры Ч.М.Таксами). Ғылыми экспедицияның басты нысанаға алған және қатты үміттенген мұражайының бірі. Кунсткамераның директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Чунер Михайлович Таксами экспедиция мүшелерін езінің шаңырағының астына алды. Бір ай бойы Санкт-Петербургта тұруға кепілдік берді. Аз халықтардың мұраларының Ресейдің мұражайларында шашылып, талан-таражға түскендігіне қиналып, өзінің көмек көрсететіндігін білдірді. Кунсткамераның бөлімдерімен жеке-жеке жұмыс істеуге мүмкіндік берді әрі Кенесарының бас сүйегін іздестіру үшін қалайда ғылыми негіздеме мен архивтік құжат қажет екендігін ескертті. Кунсткамераның әр бөлімі дербес кызмет істейді және олардың бағыт — бағдары да әр қилы саланы қамтиды. Сондықтан да әр белімнің қоры мен картотекасы жеке-жеке қарастырылды. Ч. М. Таксами Кенесарының тағдырымен О. Исмағұлов, М. Қозыбаев, Н. Әлімқұлов арқылы жақсы таныс екен. Алайда нақты деректерге кезікпепті. Бұл арада ерекше ескерте кететін жай ҚР ҰFA мен РФ FA-ның арасындағы ғылыми байланысты қалпына келтіріп, өзара бірігіп, сеніммен жұмыс істейтіндей келісім шарт қажеттігі. Жеке адамның қас-қабағы арқылы зерттеу-іздестіру, архив жұмыстарына (FA қарасты институттар мен мұрағаттарда, мұражайларда) шектеу қойылатыны байқалады. Г.М.Таксами да соны емеуірінмен баса көрсетті. Кунсткамера Эрмитаждан елуінші жылдары жеке бөлініп, "енші" алыпты. Барлық бас сүйектер (63 мың) Кунсткамераға беріліпті. Мұндағы бас сүйектер XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырдың басынан бастап жиналыпты. Негізінен ет пен терісінен ажыратылған қаңқа сүйектер. ІЗ.Зерттеу-іздестіру жұмысы Орта Азия мен Қазақстан бөлімінің картатекасымен, коллекцияларымен танысудан басталды. Бөлім меңгерушісі О.М.Бронникова, жетекші ғалымдар В.А.Прищепова, B. П.Курылев ерекше қонақжайлық танытып, экспедиция жұмысы аяқталғанша барынша қол ұшын берді. В.А. Прищепованың "Коллекции заговорили" (История формирования коллекции МАЭ по Средней Азии и Казахстана. СП, 2000), В.П.Курылевтің "Скот, земля, община у кочевых и полукочевых казахов" (СП, 1998) атты монографиялары өте кұнды зерттеулер. Бөлімге қарасты 40 мың коллекцияның 10 мыңға жуығы Орта Азия мен Қазақстанға қатысты. Олардың ғылыми сипаттамалары берілген (О.М. Бронникова құрастырған) картотеканы үш күн отырып қарап шықтық. Алғашқы коллекция 1716-1718 жылы "Собрание редкостей Каспийского моря" деген атпен тіркеліпті. 1800 жылы Кунсткамераға 9 қазақтың бас сүйегі тапсырылыпты. Бұдан кейін Д.К.Руссовтың, О.Беляевтің, академик Л.И.Шренктің, П.И.Лерхтың, М.Игнатевтің, М.К.Пировтың, С.М.Смирновтың, Е.Петридің, А.Л.Троцкаяның, Н.Г.Столетовтің, Л.Н.Соболевтің, Н.М.Карамзинның, академик А.Д.Миддендорфтің, П.И.Небольсиннің, князь Э.Э.Ухтомскийдің, С.Ф.Олденберггің, А.И.Глуховенскийдің, И.А.Эдуардовичтің, А.А.Регельдің, П.Семенов-Тянь-Шаньскнйдің, П.Е.Косяновтің, Л.Синицинның, Даниловтың, А.Э.Регельдің, Г.Е.Грум-Гржимайлоның, П.П.Семеновтың, А.А.Болыневтің, В.М.Успенскийдің, Н.М.Пржевальскийдің, В:В.Радловтың, П.И.Гундобинның, C.М.Дудиннің, Е.Л.Петридың, Д.А.Клейменстің, Б.Д.Адлердің, А.М.Самойловичтің, Н.Д.Катановтың, К.В.Шенниковтің, Л.Я.Штернбергтің, А.И.Ивановтың, А.А.Бобрынскийдің, С.Е.Маловтың, И.И.Зарубинның, В.А.Ивановтың, Н.П.Акимова -Майлованың, К.Н. Де—Лазарийдің, К.Н.Посьеттің, И.Крафттің, И.А.Белиловскийдің, Л.Д.Беркімбаевтің, Х.Иманбаевтің, Н.А.Ермолинның, П.Е.Островскийдің, Я.С.Эделынтейнның, И.Н.Глушковтың, А.А.Богорлюбовтың, Н.И.Калмыковтың, Н.П.Остроумовтың, А.А. Семеновтің, К.П.Кауфманның, Х.Гасфордтың, С.Г.Карелинның, Картусованың, В.Д.Пельцтің, Б.В.Лунинның, В.Л.Вяткинның, Д.Д.Букничтің (Кейкінің бас сүйегін өткізген тау-кен инженері), Г.А.Шпильконың, К.М.Рычковтың, Г.Креденердің, В.В.Бартольдың, Мұса Шормановтың, К.В.Шенниковтің, А.А.Кунның, И.С.Поляковтың, Д.Н.Анучинның, П.М.Кошаровтың, С.М.Абрамзонның, А.Воронина - Уткинанның Орта Азия мен Қазақстан бөліміне тапсырған коллекцияларының санын түгендеу үшін де бір күн жетпейді. Мұнда түйме-түйреуіштен құйма алтынға дейін бар. Домбыра, айбалта, әшекейлі киіз үй, зерлі шапан, кимешек, білезік, жүзіктер де қаншама. Патша Николай ІІ қатысты сыйлықтар да ерекше орын алады. Соның ішінде Э.Э. Ухтомский мен С.М.Дудиннің фотоальбомдары Германияда бүгінгі күннің өзінде де ерекше ықылас тудырып отыр. Екеуінің көшірмелерінің жартысы Дрезденде сақтаулы көрінеді. Ресей жаты ездеріндегі коллекцияның көшірмесін беруге үлкен қаржы сұрауы коллекцияның құндылығын танытады. Қандай тағдырдың күшімен айдап келгені белгісіз, тек осы Орта Азия мен Қазақстан бөлімінің коллекциясының өзінен жеке фотоальбом құрастырып шығуға болады. Бұған белім қызметкерлері де мүдделі: өйткені бұл белімді тарқату мақсаты көзделіп отырғанын ғалымдар жасырмады. Демек, жоғарыдағы бағалы коллекцияларға "тұңғиыққа кету" қаупі төніп тұр деген сөз. Дирекция мен бөлім қызметкерлері Қазақстанмен бірігіп көшпелі көрме ұйымдастыруға, альбом шығаруға, ортақ ғылыми жұмыс жүргізуге дайын әрі мүдделі. Каталог пен картотекаларда К.Қасымов туралы мағлұматтар ұшыраспады. Алайда бұл бөлімнің қызметкерлері бірігіп іздестіру жұмысын жүргізуге келісім берді. Олардың Эрмитаждың архиві мен қорына еркін кіруге мүмкіндігі бар екенін ескерсек, бұл істің нәтижелі аяқталуына жол ашады. Мұндай ғылыми байланыстың маңызы Қазақстан ғылымы мен мәдениеті үшін аса зор. 14.Антропология және этнография музейінің қолжазба архиві (меңгерушісі И.В.Жуковская). Мұнда негізінен PFA-ның ғылыми есептерінің қолжазбалары сақталған. Соның ішінде Ә. Диваев жинақтаған фольклорлық үлгілер мен "Алпамыс" жырының және белгісіз автордың орыс тіліне аударылған "Ақ жүректер" (Мир с чистым сердцем) пьесаның, М.Әуезовтің "Манас" туралы мақаласы бар. "Ақ жүректің" бас жағына "Искандер Түркістани", "Ант - істе, ант - сөзде", "үш картиналы пьеса" деп жазылған, софылық философияға құрылған шығарма екен. Түпнұсқада шығарманың ақ өлеңмен жазылғаны анық танылады. Кезінде қолжазба театр басқармасында талқыланып, "дінді уағыздайды" деген қортынды шығарылыпты. Бұған автор қарсы пікір білдіріпті. Драматургтың орыс тілін жетік меңгергені көрініп түр. Ескендір Түркістани кім? Қазақ па, өзбек пе, татар ма? Оқиға Түркістан аймағында етеді. Мұны өнер зерттеушілері анықтауы тиіс. 15.МАҒ-нің кітапханасы (меңгерушісі Т.Г.Иванова). Мұнда Кунсткамера ашылғаннан бергі оның коллекциясы мен экспедициялары туралы жинақтар, журналдар, монографиялар, альбомдар, антропология, этнография туралы дүние жүзінде жарияланған мақалалар жинақталған. Соның ішінде князь Э.Э. Ухтомскийдің "Путишествия на Восток его императорского Величества - государя наследника царского. 1890-1891" деген үш томдық және С.М.Дудиннің "Этнографиялық фото коллекциялары" атты альбомдардың Қазақстан үшін маңызы аса құнды. Мұнда қазақтың салт-дәстүрі, этнографиясы, т.б. жөніндегі фото—коллекциялар және олар туралы деректер өзінің санымен де, сәнімен де қызықтырады. Белгілі тарихи тұлғалардың бейнелері де сақталған. Бұл фотоальбомдардың көшірмесін алдыру - мәдениетіміз үшін өте зәру мәселе. Кенесарының бас сүйегі жөнінде мағлұмат беретін нақты дерек, арнайы мәлімет көзге түспеді және кітапхананың картотекасынан кезікпеді.

16.Антропология бөлімі. Средний проспект, 24. (Меңгерушісі И.О.Гохман). Кенесары мен Кейкінің бас сүйегі табылуы мүмкін ең басты мекеменің біреуі және бірегейі осы еді. Бөлім меңгерушісі И.О.Гохман орыс антропология ғылымының патриархы және бұрынғы СССР кеңістігіндегі осы саладағы бас маман. Антропология бөлімінде 63 мың адамның бас сүйегі сақталған. Олар XVІІІ ғасырдан бастап әлемнің түкпір-түкпірінен жинақталған. Жер бетін басып жүрген барлық нәсілдің, ұлттың, ұлыстың, аборигендердің бас сүйегі "бас қосқан". Одан қазақтар да шет қалмаған. И.О. Гохман; Кенесарының бассүйегі Эрмитаж бен Кунсткамерада жоқ екенің бірден кесіп айтты. Оның себебі: өзі 1988-1990 жылдары Қазақстан үкіметінің тапсырмасымен Кенесарының бас сүйегін іздестіріп, таба алмағанына, Москвадағы антропология лабораториясында да жоқ екендігіне сендірді. Сондада картотеканы тарих ғылымының докторы Юрий Криллович Чистовпен бірге қарап шығуға мұрсат берді. Компьютерге түсірілген картотекадағы 1849-1917 жылға дейінгі қазақ, қырғызға қатысты бас сүйектердің барлығы сүзгіден өтті. Сондай-ақ Батыс Сібір мен Орынбор генерал-губернаторлары Антропология қоғамына жолдаған бас сүйектер мен Горчаков, Гасфорд, Воронцов, Кауфман өткізген коллекциялардың да тізімі назарға ұсынылды. Ақыры 29 шілде күні Кейкі Нұрмағамбетұлының бас сүйегі табылды. Реттік саны — 3383. Тау-кен инженері, этнографиялық материалдар жинаушы, ондаған мақалалардың авторы, өлкетанушы Д.Д.Букинич Кейкінің басын 1926 жылы тамыздың 8 күні Эрмитажға тапсырыпты. Кейкінің бас сүйегіне қатысты мағлұматта: "22 немесе 23 жылы далада кесіліп алыптан Торғай уезі Қайдауыл болысының атақты қазақ (түпнұсқада — киргиз) бандиті Кейкінің (45 жаста) бас сүйегі. Өзінің қатыгез жорықтары арқылы жергілікті тұрғындар мен Ақтөбеден Атбасарға қоныс аударған қара шекпендердің төбе шашын шымырлатқан. Өте құдайшыл болған, әзінің істеген әрекеттеріне намаз кезінде үнемі алладан кешу сұрап отырған. Алайда қызылдардың қатарында да, ақтардың қатарында да жүріп қарақшылыққа қатысқан. Торғай қаласын қоршауға алған қазақтардың 1916 жылғы ереуіліне қатысқан. Өзінің сұрықсыз тұрқына қарамастан (аласа бойлы, арық) қазақтар оны ер жүректігі үшін құрметтейді, "батыр" деп атайды. Бірнеше рет тұтқынға түскен. Бірақта үнемі қашып құтылып кетіп отырған. Соңғы жолы қолға түскенде басын кетпенмен шапқан, басын Торғай қаласына әкеліп аландағы ағашқа іліп қойған" - деп жазылыпты. Кунсткамераның атнропологиялық коллекциясының негізін қалаған Бэрдің қолына түскен ең алғашқы бас сүйек Шығыс Қазақстан облысының Нұр—Зайсан аймағынан екен. Найманның ішіндегі Байжігіт руынан шыққан бір қазақтың бас сүйегі 1886 жылы 15 қазан күні келіп түсіпті. Тіркеу реті — 4539. Сондай-ақ Г.Х. Гасфорд 1859 жылы 27 қыркүейекте және қарашада Көкшетау мен Қарқаралы өңіріндегі қорғандардан төрт бас сүйек жөнелтіпті. Кейінгі кездегі қазбаларадан табылған бас сүйектердің санын түгендеудің орайы келмеді. 63 мың бас сүйек қазір шіркеудің жертөлесінен әкетіліп, қаланың сыртындағы қоймаға көшіріліпті, олар әлі реттелмеген. Сондықтан да Кейкінің бас сүйегін суретке түсірудің де ыңғайы түспеді. Ғалымдар мен сақтаушылардың дені жазғы экспедицияға кетіпті. Жыл аяғында немесе келер жылдың (2001 жылы) басында ондай мүмкіндіктің туатынына сендірді. "Жоққа жүйрік жетпейді". Кенесарының бас сүйегін енді Кунсткамерадан іздеп әуреге түсудің қажеті жоқ. "Отрицательный результат - тоже результат" - деген қорытындыға келдік. И.О. Гохман мен Ю.К. Чистов бас сүйекті енді қайдан және қалай іздеу туралы өзінің кеңестерін айтты. Олар көрсеткен жөн-жоба әзірге ең үмітті тілектің бірі болып тұр. Жалпы алғанда, экспедиция мүшелері Антропология және этнография музейінің іздестіру-зерттеу жұмысына көрсеткен көмегіне риза. Олардың ақыл-кеңестері жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. 17.М.Ломоносов атындағы антропологиялық және этнографиялық мұражай. Бұл мекеме Кунсткамераның құрамында. Мұнда дүние жүзіндегі барлық ұлттардың антропологиялық ұсқыны, киімі, тұрмыс-тіршілігі, қару-құралы, жиһаз-әшекейлері қойылған. Қазақстанға да бір бұрыш бұйырыпты. Онда 1891 жылы қазақ даласына саяхаттап келген ханзада Николай Александровичке сыйға тартылған тарту-таралғылар: айбалта, кездік, қамшы, алтын - күміс ат — тұрмандар, өрнекті үзеңгі, үзенгі қап, айыл, жібек жабу орын алыпты. Екінші қабатта өлем халықтарының бас сүйектерінің үлгілері түр. Оның ішінде қазақ та бар. Жұрттың назарын ерекше аударатын 5022 — 7 бас сүйек. Бас сүйектің қапағын шершеулете сым темір өткізіп шеңберлеп тастапты. Әр сымның басы балауыз шамын орнататын шырақтың түбі сияқты. Біздің де назарымыз оған ерекше ауды. Музейдің қолжазба қорының меңгерушісі И.В. Жуковская сол бас сүйектер қорын жасақтаған ғалым Анна Борисовна Радзюнмен, Илья Осипович Гохманмен хабарласып, түсініктеме алды. Бас сүйекті шершеу шаншылған бұл сым темірлер - өткен ғасырдағы антропологтардың бас сүйекті өлшейтін құралдары болып шықты және күні бүгінге дейін бұдан асқан дәл өлшеуіш жоқ көрінеді. Ал бұл бассүйектің Кенесарыға еш қатысы жоқ. Тек сол бастың желке тұсындағы қаңқадағы "Қазақтың басы" деген жазу көрермендердің санасында түрленіп, Кенесарының бас сүйегі туралы аңызбен жалғасып, бізге шындық ретінде жеткен сияқты. Сөйтіп, елді дүрліктірген бас сүйектегі сым шершеудің ақиқат болмысы жоғарыдағыдай болып шықты. 19.Мемлекеттік Эрмитаж. (Директоры М.Б.Пиотровский, орынбасары РФ бас герольдмейстері Г.В.Виллинобахов, Шығыс бөлімінің меңгерушісі А.А.Иванов). Экспедиция мүшелерінің ғана емес, бүкіл ғалымдар мен зиялы қауымның, қоғамдық өкілдердің назарын ерекше аударған бұл мекемедегі іздестіру және қорға рұқсат алу өте қиынға соқты. Оның басты себептері: 1.Эрмитаж Мәдениет Министрлігіне де, Санкт-Петербургтің мөріне де бағынбайды, тікелей Премьер-министр мен Президент аппаратына есеп береді. Директоры — министр, орынбасары — Ресей Федерациясының Бас мүлік иесі (Герольдмейстері) болып саналады. 2.Эрмитаждағы аса құнды заттар мен суреттер, жиһаздар, қазба байлықтары, перғауындардың мумияланған мүдделері, тіпті Қозы Көрпеш — Баян Сұлудың мазарынан алынған алтын құймалар да ұрлық жолымен келіп, сатып алынатын болған. Қалыптасқан дәстүр бойынша сатушыдан оның қандай жолмен келгендігі сұралмайды. Коллекцияның құндылығына орай бағаланын, белгілі мөлшерде сарай мүддесіне (кейін үкіметтің) қаржы ұсталынып, қалғанын ақшалай төлейді. Сатушының да, сатып алушының да аты-жөні, коллекцияның өмірбаяны ете құпия сақталады. Егерде Эрмитаждың картотекасы мен қорларының тізімі ашылса, онда 3,5 миллион коллекцияның үштен бірін әуелгі иесіне қайтарып беру қаупі бар. Соған қарамастан әйгілі "Сұртас бөлмесін" немістерден қайтарып алудың жолдары қарастырылуда. Ал Германия жағы Гитлердің басынан бастап Дрезден галереясының суреттерін қайтаруды өтінген. Президент В.В.Путин "Сұртастың" бір бөлігін Президенттіке сайлаған соң өз атынан сыйға тартыпты. Ал оның келу жолы да құпия. Қазірдің өзінде бұрынғы СССР құрамындағы 15 республика және РФ-дің құрамындағы Татарстан, Карелия, Башқортстан, Якутия, Дағыстан, Ингушетия, т.б. республикалар эрмитаждағы өздеріне тиісті коллекция - мұраларды қайтаруды талап етіп отыр. Қазақстанның Түркістандағы тай қазанды алып кетуі - олар үшін орыны толмас өкініш. Бұрынғы СССР халықтары бөлімін жапқан. Коллекциялардың барлығы "запасникке" -калтарыстағы қоймаларға шұғыл түрде жөнелтіліп жатыр. Ешкімде қор мен картотека бөліміне, архивке жіберілмейді. Сондықтан да М.Б.Пиотровский бізді орынбасары Г.В.Виллинбаховқа жолдады. Ол бізді жолатқысы келмей:

— Эрмитажда ешқандай жүйелі картотека жоқ, әр бөлім өзінше есеп жүргізеді, әр ғалым коллекцияны көрмеге өзінше дайындайды. Сіздердің өтініштеріңізді орындау үшін 300 ғылыми қызметкер 3,5 миллион затты қарап, 3 ай отыруы керек. Бізде көрменің тематикалық толық экспозициялық жоспары, заттардың тізімі, көрмелердің картотекасы сақталмайды, тақырыппен ғана жұмыс істейміз, біз ешкімге есеп бермейміз, автономды түрде өмір сүреміз, кеңсе архивін де сақтамаймыз, онда қағаздың күресініне айналар едік. Барлық коллекция — көрмеде. Ал запасниктердің біз үшін де, сіз үшін де маңызы шамалы — деді.

Жалпы Ресейдің және оның жеке өз басының империялық-азаматтық ар-ұждан алдындағы мемлекеттік, моральдық, қылмыстық, қайраткерлік жауапкершілігін ескертіп, қазақ хандары мен елшіліктерінің репутациялары мен сый-сияпаттарын, бұрынғы көрмелердегі өзіміз көрген заттарды, ол туралы құжаттарды айтқан соң ғана өрекпеуі басылды. Біз одан Патша ағзамның Шығыс бөліміне өткізген заттарының тізімімен таныстыруды өтіндік. Оған келісімін берді, бірақ та бізден Императорлық коллекцияны қарау үшін қандай заттың Эрмитажға қашан, кім, қай белімге өткізгенін растайтын құжаттарды талап етті. Біз оның бұл талабымен келісуге мәжбүр болдық. Енді тек: Кенесарының бас сүйегі Эрмитажға пәлен күні пәлен деген адам өткізді — деген архив құжатын қолға ұстап барып қана Виллинбахов мырзамен батыл сөйлесуге тура келетінін түсіндік. Оның да түрлі ІЫЛЫМИ, ресми, тамыр-таныстық жолдары (онсыз мүмкін емес екен) қарастырылды. С.Г.Кляшторныйдың, В.М.Паниахтың, тәжік этнографы Р.Рахимовтың, В.А.Прищепованың, ингуш архив қызметкері М.Дакиевтің, Санкт-Петербургтағы қазақтардың "Атамекен" қоғамының төрағасы С.Косановтың, И.О.Гохманның, И.Мулинаның ақыл-кеңесіне жүгініп, олардың таныстарына, ұстаздарына, шәкірттеріне кісі салдық. Ғылыми әрі барлау жұмыстарымен қатар айналысуға тура келді. 19.Эрмитаждың Шығыс бөлімінің меңгерушісі А.А. Ивановпен ашық сөйлестік. Мұнда шығу тегі шығысқа қатысты антропологиялық, этнографиялық заттар жинақталады екен. Перғауындардың мумияланған мүрдесінен бастап Пазырық қорғанынан табылған ата -бабамыздың мәйітіне (ғ 26 залда) дейін көрме сөрелерінде самсап түр. Біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы VІ ғасырда жерленген адам тәнінің сүйегі мен еті әлі ажырамаған, тек қарайып, кеуіп қалған. Көсемнің басының тебе терісі сыпырылған, оның оң қолындағы татуировка да әлі өшпеген. Ал қабірге иесімен бірге мойыны қайырыла көмілген торы аттың түгі сол күйінде, аздап қана тықырланған. Ер — тұрман, жүген, өрнекті тері жабу, өмілдірік, құйысқан, қорамсақ, қошқар мүйіз өрнекті тоқым, үзеңгі қап, ағаш ертоқым мен ағаш сағалдырықты ноқта, аттың шашасындағы сұнқар, ағаштан және киізден жасалған өрнекті қоржын, бітеулене шабылған табыттар мен қайықтар да осыдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген бабаларымыздың ғана емес, кеше ғана дүниеден өткен әкелеріміздің тірлігін көз алдымызға елестетеді. Әсіресе, түрлі ою-өрнектермен көмкерілген шүперек құрақ көрпешелер мен кілемшелердің, әйелдің қамқа тонының, малақай мен аяқ киімнің, байпақ пен шиқоржынның шірімей сақталып қалуы ерекше таңдандырды. Мұндай көрпешелер қазір де әр ауылдан кездеседі. Алтайдың аясындағы Пазырық пен Түйықтан табылған бұл бұйымдардың біз үшін бағасы аса зор. Ал Беказы—Дәндібай ескерткіштері мен Сарай-Беркеден табылған қыш құмыралардың, балбалдар мен түркі жазуларының, скиф, сақ, сармат мәдениеті жәдігерлерінің санын түгендеп жатудың өзі артық. Кенесарының бас сүйегі алтын тостаған, күлдік, шырағдан күйінде ұшырасып қала ма деген үмітпен... 20.Ерекше қазыналар қоймасына да бас сұқтық. Сонда ұстазымыз Әлкей Марғұлан ғұлама жиі айтып, суретін бізге силаған Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың мазарынан өткен ғасырдың бірінші жартысында ұрланып, жасырын әкетілген, жырдың мазмұнын баяндайтын алтын түйме мүсінді көрдік. Жөнін сұрап, жобасын айтқанымда, Батыс Сібірден белгісіз жолмен келген заттар ғой дей салды. Амал қайсы, енді олардың барлығы шет елдің меншігіндегі тарихи мұра. Бұлар тек көрмеге қойылғандары ғана. Мәңгілік түнектен шықпайтын "запасниктегі запастар" қаншама десеңізші?!. 21. РҒА-ның шығыстану институты мен заттық мәдениет тарихы институты (институт историй материальных культур, Набережный, 18). Қазақстанның тарихына қатысты қордалы қордың бірі болып табылады. Біздің тарихымыздан олардың алатын орынын білу үшін "Отандық шығыстанудың тарихы. (XІX ғасырдың ортасынан бастап 1917 жылға дейін)" атты ғылыми зерттеуді (М. 1997) парақтап шықса да жетеді. Сол жинақтың авторларының бірі, Қазақстанның тарихы ғылымына тікелей қатысы бар және сол мекемеде істейтін Сергей Григориевич Кляшторныйдан артық кеңесшіні табудың өзі қиынға соғар еді. Бұйымтайымызды айтқан соң ол кісі де бірден іске кірісіп кетті:

- Міне, жаңа ғана Эрмитаждың шығыстану бөлімінің меңгерушісі А.А. Ивановпен сөйлестім. Өзге-өзге, маған шындығын айтатын адам. Ол Кенесары Қасымовтың бас сүйегінің Эрмитажда жоқ екендігіне маған ант бере сөйледі. Демек, енді оған күдіктенуге болмайды. Ал И.О.Гохман бас сүйекке қатысты бұрынғы СССР аумағындағы барлық мәселені білуге міндетті адам. Бұл саладағы білуге тиісті нәрсені тек содан ғана білуге болады. Бас сүйектер жөнінде одан асқан мағлұматы мол ғалым табылмайды және ол ешкімге тәуелсіз ғалым. Шындықты айтады. Оның айтқаны — заң. Мен онымен де қайталап сөйлестім. Эрмитаж бен Кунсткамерадан Кенесарының бас сүйегін іздеп әуреге түсудің енді қажетігі жоқ. Ғылыми іздестіру жұмысын негіздеу үшін және Виллинбахов айтқан таланты орындау үшін Этнография музейіне барыңыздар. Онда қазақ тарихына қатысты 10 заттың 9-ы сақталған. Татьяна Григориевна Емеляненко екеуміз қырғыздар құрған комитеттің мүшесіміз. Көргендеріңізді көңілдеріңізге алмаңыздар, Пазырык, мәдениетінің мұрағаттары алтайлықтардың емес, сіздердің-ақ мұраларыңыз. Бірақ онымен күресіп мұратқа жетпейсіздер. Мен де кезінде Шығыс Түркістан туралы зерттеуімді арнайы мекеменің жауапты қызметкері болған Колесниковтың көмегі мен деректеріне сүйеніп жазғанмын. Ал сіздердің жолдарыңыз қазір тіпті ауырлап кетті. Сыртқы және ішкі істері министрлігінің пәрменінсіз алға жылжуларыңыз қиын. Ал жалпы Қазақстанға қатысты сирек деректерді іздесеңіздер "Пушкин үйіне", Географиялық қоғамның архиві мен кітапханасына барыңыздар. Мысалы, бурят қызы Виктория Шаулянова дыбыс жазу тарихын зерттеп жүр. Сол арқылы қазақтардың ән-күйлеріне байланысты өте сирек деректер мен дыбыс жазбаларына жолығуыңыз мүмкін. Географиялық қоғамда саясатшылардың, этнографтардың материалдары, суреттері, коллекциялары, жарияланған мақалалары сақталған. Кезінде саяхатшылардың барлығы әскери министрліктің бас штабының жасақтауымен аттанған. Ал бұл мекеменің тәртібі мен талабы қатаң. Демек, өр зат өз орнында тұр, тек кіруге рұхсат алу қиын. Бұған Т.Сұлтанов екеуміз бірігіп жазған "Евразия даласындағы мемлекеттер мен халықтар (Көне дәуірден орта ғасырға дейін)" және "Орталық Азияның тарихы" атты кітапқа дерек іздеу барысында анық көзім жетті. Ал біздегі сирек қолжазбалар мен кітаптар сіздердің мамандарыңызға кеңінен белгілі. Олардың картотекасы "Отандық шығыстану тарихы" мен "Шығыстану жинақтарында" толық көрсетілген. Тек Б.Көмеков пен М.Әбусейітовадан басқа оған назар салған қазақ ғалымы сирек, - деді.

Терең білімді, кішіпейіл, сергек, қазақ тарихына қанық С.Г.Кляшторныйдың экспедиция жұмысына көмегі аса зор болды. Өкінішке орай "Пушкин үйіндегі" (22) В.Шаулянова ғылыми экспедицияға кетіпті, ал әкелі-балалы Модзалевскийлердің аса бай картотекасында Кенесары туралы дерек кездеспеді. Алайда қазақтың соңғы ханының тағдырына тікелей немесе жанама қатысы бар Горчаков, Гасфорд, Воронцова-Дашкова, Нессельрод т.б. туралы қосымша мәліметтер кездесті. Сондай-ақ кітапхана қорында қазақ ауыз әдебиеті туралы қолжазбалар, зерттеулер бар екен. 23.Этнография (бұрынғы СССР халықтары) музейі. 191011, Инженерная, 4/1. Директоры В.М.Грусман, ғылым жөніндегі орынбасары И.И.Шангина. Біздің үлкен үмітпен барған мұражайымыздың бірі осы еді. Әрине, бас сүйектің өзін емес, соның ізіне түсетіндей тосын деректен дәметкеміз. Музейдегі Қазақстан, Қырғыстан, Түркменстан, Өзбекстан көрмелері, біздің күткеніміздей, қайтадан жасақталып жатыр екен. Тек Семейден өткен ғасырда әкелінген киіз үй, оюлы есік, біскек, сандық, басқұр. сияқты тұрмыстық жиһаздар мен түрлі этнографиялық әшекей бұйымдары - кісе, қанжар, қант шаққыш, біскек, сәукеле, белдік, тақия сияқтылар ғана орынында түр. Суреттер де ілінген. Ауыстырылып үлгермесе керек. Енді Әлем этнографиясы музейіне айналдырмақ. Орта Азия мен Қазақстан бөлімінің меңгерушісі Т.Г. Емеляненко:

- Халықтану музейі 1872 жылы Румянцев пен Дашковтың коллекциялары негізінде ашылған, оның құжаттары Москва университеті мен Политехникалық музейдің архивінде. 1921 - 1923 жылдары патша сарайының коллекцияларын бөліске салғанда үлкен сәйкессіздікке жол берілген. Мен бұл мәселені арнайы зерттегенде ешқандай затты өз орнынан табуға болмайтынына көзім анық жетті. Мысалы қазақтың киіз үйі мен жиһаздың әр қайсысын әр музейге таратып жіберген. Кунсткамерадан — ат әбзелдерін, бізден - үйдің сүйегін, бағалы заттарды - Эрмитаждан, аңшылыққа тән нәрселерді

— Зоология мұражайынан табамыз. Оған кейінгі кездердегі тақырыптық іріктеулерді қоссаңыз, іздестіру жұмысының қияметін анық сезінесіз. Бізде қазақтарға қатысты 4000 коллекция бар. Картотеканы оқыңыздар, арнайы қоймадағы мұраларды кәріп шығыңыздар. Еш құпиямыз жоқ. Керісінше менің сіздерге назым бар. Осыдан 15 жыл бұрын Алтынемелдегі Ш.Уәлихановтың музейі ашылғанда мен оның үш затын уақытша көрмеге қоюға бергенмін. Соны қайтару туралы өтініш хат жазғанымда сол кездегі Мәдениет министрі Е.Рахмадиев бұл мүліктер Қазақстанның меншігі деп жауап берді. Мұның мемлекетаралық жолдары бар емес пе. Осы тілегімді жеткізсеңіздер. Біздегі коллекцияларды қайтаруды талап еткен республикалар көп. Қазір информация алмасу, ғылыми конференцияларға қатысу, көшпелі көрме ұйымдастыру мәселесі мүлдем ұмыт қалды. Бізде Нұрилә Шаханова нәтижелі жұмыс істеп жүр. Егерде өзара байланыс жолға қойылса, ғылыми бағытта өте көп іс тындыруға болады, — деді.

Этнография музейіндегі қазақ хандарының Ресей патшасына силаған мүкәммалдарының ішінде Кенесарының күміспен шегенделген бас сүйегі де, қанжары да жоқ болып шықты. Осы мұражайдағы ғылыми деректердің негізінде "Халықтық мәдени мұралардың дәстүрлі терминдері" атты өте қызықты әрі зәру еңбек жазып шығуға толық мүмкіндік бар екен. Өйткені мұндағы әр заттың аты мен суреті сондай тиянақтылықпен көрсетіліпті. Мәселен, "қыз асық", "түйме асық", "аша алды", "қыжым" деген не, соның барлығына тиісті түсініктеме беріліп, көрмеге қойылыпты. 24.0рыс музейіне (Декабрь, 4) негізінен көркем суреттер жинақталған. Дегенмен де, кезінде Романовтар династиясының таққа отыруының 300 жылдық тойына арнап самодержавиеге қарсы күресіп, басы алынған "бунтарлар" мен "қарақшылардың" портретін салуға тапсырма берілген болатын. Солардың қатарында Кенекемнің де бас сүйегі суретшілердің біреуіне беріліп, сол күйінде қоймада "ұмыт қалуы" әбден ықтимал. Верешагиннің шеберханасының мүліктері негізінен Мәскеудегі Третьяков галереясында екен. Қалка мен Куликов шайқастары туралы картиналар кездесті. Бірақ біз күткен үміт ақталмады. 25.Әскери-медицина академиясының музейі мен (26) анатомия музейіне (Академик Лебедев, 6) кіруге Мәдениет және Қорғаныс министрлігінен арнайы қатынас йен рұхсат керек екен. Бұл арада бізге И.О. Гохман мен Чистовтың көмегіне сүйенуімізге тура келді. Анатрмия және антропология бөлімінің меңгерушісі М.В. Твардовская біріншісінің шәкірті, екіншісінің сабақтасы екен. Солардың септесуімен музейді көріп қана шығуға рұқсат алдық, ал картотекамен танысу туралы сөз қозғаудың өзі буынсыз жерге пышақ ұрумен бірдей еді. Сәтін салғанда Санкт-Петербургта тұратын қазақтардың көмегімен академияда оқитын майор Қайырбек Дәкеновпен таныстық. Бар жүкті соның мойынына артып, Қазақстандағы әскери-медицина тарихын зерттеу үшін, ғылыми байланыс орнатқымыз келеді, адьюнктураға қабылдап, жетекшілік етуге қалай қарайсыз деген пікір білдірдік (бұл мәселе кейін шешіліп, Қ.Дәкеновтің ғылыми жұмыспен айналысуына рұқсат берілді). Марина Владимировна Твардовская батыл, ашық пікірлі адам болып шықты. Музейді еркін аралатты, өзі түсінік беріп отырды. Мұнда 6000 бас пен бас сүйек жинақталып, сөреге қойылыпты. Лабораторияның негізі XІX ғасырдың ортасында құрылған Антропология қоғамының күшімен қаланыпты. Алғашқы коллекцияларды жинағандар — В.Л.Грубер, А.И. Теренецкий, Буяльский іспетті ғалымдар екен.

- Мұнда негізінен медициналық-хирургиялық зерттеуге қатысы бар бастар мен бас сүйектер сақталады. Ұлы Отан соғысы кезінде басынан жараланып, операция столында қайтыс болған қазақтардың да қаңқасы бар. Бізде ұзақ жылдар бойы Қарынбаев деген қазақ ғалымы істеді. Әр бас сүйектің дербес картотекасы бар, онда сол бас сүйектің келу тарихы, қазіргі жай-күйі толық жазылған. Өкінішке орай оларды мен сіздерге беруге құқым жоқ. Тегін келмегендеріңізді білемін. Міне, мына сөрелерде атақты, белгілі адамдардың, сонымен қатар "бандиттер" мен "қарақшылардың", бунтарьлардың бас сүйектері түр. Ал олардың кімнің басы екендігін анықтағыларыңыз келсе кем дегенде 3 айға арнайы дайындықпен келіңіз. Соғыс кезінде музей Самарқанға көшірілген. Түркімен башының бас сүйегі содан табылды, - деді.

Біз 6 мың бас сүйекті тітіркене отырып көріп шықтық. Бас сүйектер сөреге қатар-қатар тізіліп қойылған. Ал арнайы шыны құтының ішіндегі спирттелген бастардың ішінен азиялық текке жататын бет-пішінді көре алмадық. Сол сәттегі шымырлаған жүректің шарасыздығы әлі де ұмытылар емес. Бар жұбанышымыз Марина Владимировнамен ортақ тіл табысып, алдағы уақытта — іздестіру жұмысын бірге жүргізуге келісімін алуымыз еді. Біле-білген адам: ғылыми экспедицияның қол жеткізген басты табысы осы таныстық - деп бағалары анық. Түбінде бір қайырылып соғудың сәтін сала кез, Алла — деген тілеумен сыртқа шықтық. Мынау ғимараттың ішінен Кенекемнің:"Мені тағы да далаға тастап барасыңдар ма?" - деген ащы дауысы жеткендей болды. О, тәуба! Тура сол кезде Санкт-Петербургтің байырғы тұрғындарының өзі сирек көрген дауылды найзағай ойнап, дүние астан-кестен болды да кетті. Бұл ненің ырымы, әруақтың ашынуы ма, кім білсін?!. 26. Зоология музейі (Университетская набережная, 1) Әлемдегі өте бай мұражайдың бірі. Кіре берістегі құты ішіндегі адамдардың неше түрлі сұрқын көріп әлде бір үміт оты тұтанатындай көрінді. Сөйтсек мұнда табиғи қалыптан тыс туғандардың ғана мәйіт — тұрқы сақталады екен. Шүкіршілік, Кенекемнің он екі мүшесінде бір ауытқушылық бар деген мәлімет кездеспейді. Ал көрмедегі Қазақстанның аң-құстар әлемі барынша таң қалдырады. Осы арадан Пазырық қорғанынан табылған аттың біреуін тағы да көрдік. Ел-жұртты сағынғандықтан ба, жоқ, табиғатымыз солай ма, кәдімгі дала қараторғайының қатырылған кішкентай ғана тұлыбын көргенде: "Келеді қараторғай қанат қағып, астына қанатының маржан тағып" - деп ыңылдай жөнелдік. Өзімізден де, тағдырымыздан да сол қараторғайға ұқсастық тапқандаймыз. Әдемі музейден мұңлы көңіл-күйде шықтық. 27.РҒА-ның Ресей тарихы (Санкт-Петербург) институты (Петрозаводская, 7). Музейлерден көңіл суығандай болған соң, енді қандай да бір тарихи деректердің ізіне түсу үшін архивтер мен кітапханаларға бет бұрдық. Ал ол үшін тарихшылардан, оның ішінде Қазақстанға байланысты зерттеулер жүргізген ғалымнан ақыл — кеңес алудың еш артықтығы, айып — шамы болмайтын. В.М. Паниахқа Н. Бекмаханованың хатын табыс еттік. Кезінде Қазақтар мен башқұрттардың көтерілісі тарихынан диссертация қорғаған, қазір Шығыс Европа мәселесімен шұғалданады. Институттың архивінде Кенесары туралы М.Стеблин-Каменскаяның "Сұлтан Кенесары Қасымовтың көтерлісі" атты жарияланбаған монографиясы мен қолжазбалары сақталыпты. Оның ұзын-ырғасы бізге бұрыннан таныс болатын. Қаншама қызықты, сирек материалдардың шеті көрінгенімен уақыт қыспағына байланысты шөгелдеп отыруды жағдай көтермеді де жалпы бағыт-бағдар алумен шектелдік 28. РҒА-ның архиві (Университетская набережная, 1), директоры В.С.Соболев. Ғылыми мұрағаттарды іздеген зерттеушінің міндетті түрде бас сұғатын мекемесі. Біз барған кезде бүкіл коллектив қаражат мәселесіне байланысты демалысқа кетіпті. В.А. Прищепованың селбеуімен Владимир Семеновичпен кездесіп, ашық әңгімелестік. Мұнда Ш. Уәлиханов туралы деректер өте көп екен. Ал Горчаков пен Гасфордтың қоры бөліс кезінде таратылып кетіпті. Түбінде қайырылып бір соғуды қажет ететін архив. Ал Кенесары жөніндегі картотекадағы мағлұматтар негізінен Е.Бекмаханов пен М. Стеблин-Каменскаяның зерттеулерінде қамтылған болатын. 29. Россия мемлекеттік тарихи (Санкт-Петербург) архиві (Англиская набережная, 4) дүние жүзіндегі ең қордалы құжатхананың бірі. Ақпарат және құжаттарды ғылыми пайдалану бөлімінің бастығы Лариса Ивановна Синицина бізге жетекші етіп Ирина Вольдемаровна Мулинаны қосып берді. Үш адам табан аудармай 13 күн отырып: 1.Патша сарайы бас басқармасының дүние мүлік қорын. 2.Эрмитажға өткізген асыл заттар мен жиһаздар қорын. 3.Ішкі істер министрлігінің Земство бөлімі қорын. 4.Императордың кеңсесі қорын. 5.Аудиторлық департамент қорын. 6.Ішкі істер министрлігінің азаматтық кеңсе л^не полиция қорын 7.Сібір комитеті мен 8.ІІ Сібір комитеті қорын. 9.Князь Горчаковтың. 11. Князь М.С.Воронцовтың.12.Воронцов-Дашковтардың жеке қорларын. ІЗ.Сыртқы істер министрлігі мен 14.Әскери департамент қорын сүзіп шықтық. Мұнда Қазақстан тарихына қатысты не жоқ дейсіз, бәрі бар. Сүйікті Әлекеңнің - Әлкей Марғұланның, Ермахан Бекмахановтың қол қойған құжаттары көзге оттай басылды. Жылнамалық, тақырыптық, тарихи тұрғыдан да салыстырулар жүргізілді. Іске қосымша архив мамандары да араласты. Кенесары Қасымовтың көтерілісі, оның әрбір қадамы, қай туысының қайда жүргені жөнінде мағлұматтар жеткілікті. Қазақстанның отарлану тарихы, әскери жазалаудың жоспарлары, бекіністердің салынуы және қазақ жерін иеленудің жолдары, барлау тұрғысында жүргізілген саяхатшылардың жазбалары, хандар мен сұлтандардың сайлануы, тағайындалуы, патша сарайында қабылдауда болғандардың тапсырған сый—сиапаты, кіріс шығыс есептері, неше түрлі марапаттаулар, Ақмола және Семей облыстарын отарлау мен шоқындыру туралы ұсыныстар, Қазақстанды итжеккенге айналдырудың жай жапсары, қазақтарды басқарудың әдіс-тәсілдері, Сперанскийдің 1821 жылғы қазақтарды мұсылман дінінен алшақтату жолдары жөніндегі жобасы, қазақтардың дәстүрлі билігін жойып, оны Ресей заңдарымен алмастырудың амалдары туралы құжаттар өте көп. Оның барлығын тізіп шығу үшін бір жылдың өзі аздық етеді. 30 Архивтің кітапханасы да бай. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтарға қатысты жарық көрген басылымдар мен мақалаларды, библиографиялық көрсеткіштерді (Мәскеуден Б.Пиотровский құрастырып, 1927 жылы жариялаған) тиянақтап-ақ қарадық. Амал қанша, Кенесарының бас сүйегі жөнінде еш дерек кездеспеді. Оның үстіне кеңес тұсында және сексенінші-тоқсаныншы жылдары архивтің біраз құжаттары Мәскеуге жөнелтіліпті. Олардың тізімдері арнайы бөлімде екен. Тұйыққа тірелуіміздің бір себебін сонда білдік. Ең соңғы үмітіміз... 31.Ресейдің ұлттық көпшілік (бұрынғы Салтыков — Щедрин атындағы) кітапханасы еді. Мұндағы шығыс бөлімінің қорымен бұрыннан да таныстығымыз болатын. Ондағы қазыналар туралы кезінде арнайы мақала да жариялағанбыз. Сондықтан да бірдей Кенесары Қасымов жөнінде деректерді іздестіруге көштік. Ол туралы өзімізге таныс немесе бейтаныс басылымдарды дерліктей қарастырып шықтық. Сонымен қатар каталогтар жүйесіндегі Қазақстан мен Қырғызстанның тарихы, Эрмитаж бен Кунсткамераның көрмелерінің көрсеткіштері, Зайнчковский мен Межовтың Сібір тарихы туралы библиографиялық көрсеткіштерін, кітапханалар қоры бойынша түзілген анықтамаларды да ұмыт қалдырғамыз жоқ. Назар аударатын жалғыз дерек "Исторический вестник" журналының 1904 жылғы тамыз айындағы санында жарияланғандай келіп: "Впоследствии голова Кенесары попала в руки одного русского вельможи, если не ошибаюсь, Воронцова" (105 — бет) — деп жазылыпты. Әрине, архивтегі Воронцевтің қоры қайта тексерілді. Бірақ еш нәтиже шықпады. Ал бұл дерекке сүйеніп Эрмитажға барудың қисыны жоқ еді. Бұдан басқа зертеу — іздестіруге септігі тиер немесе сақталуы мүмкін делінген орындарға барып: 32.Көркем бұйым есебінде кездесуі мүмкін деп Орыс мұражайының. 33. Қару — жарақ, кортик күйінде кездеуі мүмкін деп Әскери-теңіз мұражайының. 34. Патшаның жеке заты есебінде тұруы мүмкін деп Петр сарайының. 35.Верещагиннің т.б. суретшілерінің натур үлгісі ретінде кездесіп қалама деп PFA-ның шығыстану институтының Көркемсурет академиясының. 36.Ал Россия тарихы архивінің анықтама есеп бөлімінің. 37.Эрмитаждың асыл заттар қоймасы бөлімінің. 38.География қоғамының кітапханасының қорларында іздестіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өзге де отызға жуық мекемелерге барып, мамандармен жолықтық. Өкінішке орай олардан да еш нәтиже шықпады (әрине, тек К.Қасымовтың бас сүйегіне қатысты). Қаражаттың да түбі көрінген соң, "есіміз барда елімізді табайық" деп шештік. Соған қарамастан экспедиция мүшелері үлкен іздестіру жұмысын аяқтады. Белгілі дәрежеде ғылыми нәтиже (яғни, енді қай жерден Кенесарының бас сүйегін іздемеу керек деген "нәтижесіз нәтижеге" — "отрицательный результатқа") қолы жетті және аса мол мағлұмат жинады, іздестірудің бірінші кезеңі осымен аяқталды деп есептейміз. Республика мүддесіне тікелей қатысты бір рухани-мәдени, ғылыми мәселе ретінде мынадай қорытынды — ұсыныс жасаймыз. Екінші кезенді бас сүйектің тағдырына қатысты архив деректері мен оны растайтын құжаттарды табу үшін ғылыми жұмысты Омбы облыстық антропология бөлімінен де үміт үзуге болмайды. Одан нәтиже шықпаса, тарихи дәлелдерді табу үшін РҒА-ның Ленинградтағы архивіне, МГУ-дің Антропология институты мен музейіне, РФ Федеральдық қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігінің криминалдық лабораториясының мұражайына арнайы рұқсат алу керек. Екінші кезең нәтижесімен шектеліп қалмай ғылыми—мәдени байланыстың даму жолдары одан әрі жалғасуы тиіс деп есептейміз. Экспедиция мүшелеріне іздестіру жұмысының көлемі мен қажеттігіне орай Ресейлік ғалымдарымен ақылы—мерзімдік ғылыми келісім-шарт жасауға мүмкіндік берілуі тиіс. Себебі енді өтініштер мен көз жасқа және бауырластық байланысқа ешкім де сенбейді. Бұл - істі тез шешудің кілті. Иә, даламыздың қуыс қалған кеудесінің бір жыртығына жамау таппай, іштей күңіреніп Бішкек арқылы отанымызға оралдық. Жолда Қордай асуынан асқанда ханының басын жоқтаған уақыт желі азынап қоя берді. Ішімізден өзімізді езіміз: "Түптің түбінде кеткен есеміз қайтып, азаттығымыздың кесілген алтын басы орынына қойылар. Бұл —өмірлік мақсаттың бірі болып қалар",- деп өзімізді-өзіміз жұбатумен сапарымызды аяқтадық.

Шілде — тамыз, 2000 жыл.

КӨРКЕМДІК ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ ТҰЛҒА

Қазіргі таңда Советтер Одағында болып жатқан қилы-қилы саяси және құрылымдық өзгерістер санамызға сіңіп қалған тұжырым-түсініктерді жаңғыртып, соны көзқарастарды қалыптастыруға негіз салып отыр. Сонау отызыншы жылдардың басында үстемдік құрған әкімшілік-өктемдік биліктің зардабы тек әлеуметтік-экономикалық салада ғана тығырыққа тіреп қоймай, рухани өмірімізді де жұтаңдатып, "идеологиялық қырағылықты сақтау" деген сылтаумен халықтың өз тарихын өзінен жасырып, шындықты бүркемелеп келдік. Әсіре белсенділіктен туған бұл жалаң науқан көркемөнердің де дамуына көп кесірін тигізді. Тақырыпқа шек қойылды. "Қиын кезеңдер" туралы жазылған шығармалар да өз бағасын ала алмай, бір жақты бағаланды. Марқұм Ілияс Есенберлиннің "Қаһар" романы да сондай өкінішті күйге ұшыраған еді. Ондағы басты кейіпкер — Кенесары ханның образы әдеби сында жан-жақты талданған жоқ. Жалпылама түсінік беруден әріге бармады. Ал бұл романда XІX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының арпалысқа, аласапыранға толы өмірі қалай суреттелді, Кенесары қозғалысының тууы мен оның трагедиясы неде, тарихи тұлға мен көркем образдың арасындағы байланыстар қандай, шығармадағы көркемдік шындық өмірлік шындыққа сай келе ме - деген сұрақтарға ешкім де табандап жауап бермеді. Бұл мәселені қозғау ол уақытта мүмкін де емес еді Біз сол олқылықты толтыру мақсатымен арнайы сұхбат ұйымдастырып. оңдағы айтылған пікірлерді оқырмандар назарына ұсынын отырмыз. Әңгімеге Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымының докторы. Манаш ҚӨЗЫБАЕВ, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, әдебиетші Рахманқұл БЕРДІБАЕВ, тарих ғылымының докторы, профессор Жанұзақ ҚАСЫМБАЕВ, тарихи тақырыпқа қалам тартып жүрген қарт жазушыларымыздың бірі Ғалым АХМЕДОВ, Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми қызметкері Марат ӘБСӘМЕТОВ қатысты. Сұхбатты журналдың проза бөлімінің меңгерушісі, жазушы Тұрсын ЖҰРТБАЕВ жүргізді. Т.Жұртбаев: - Кез-келген халықтың басынан кешкен не бір қиын тарихи, оқиғалардың өзі түптің-түбінде әйтеуір бір сарапқа салынып, санада сараланып, тиісті бағасын алары анық. Осы ретте, тарихшылар мен әдебиет зерттеушілерінің бас қосып, ортақ тіл табысып, мәмілеге келетін, пікір алысатын жайлары көп-ақ. Әсіресе, бұл мәселе дәл қазіргі сәтте ерекше қажеттілікке ие боп, тарихшылардың да, әдебиетшілердің де мүдделі ісіне айналған жайы бар. Соңғы жылдары қоғамымыздың даму бағыты - ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жаттанды ұғымдарымызды ұмыттырып, өткенімізге де, сол еткенді бейнелеген өнерімізге де мүлдем басқаша көзқараспен қарауымызды, мәдени мұрамызды басқаша бағалауымызды талап етіп отыр. Күні кеше мансұқтап, жер-жебіріне жете жамандаған, дүниенің барлық пәлесі сонда тұрғандай өршелене "әшкерелеген" рухани қазыналарымыз бен жеке тұлғаларымыз санатқа қосылды. Қаншама қиянаттардың беті ашылды. Алайда бүгіндері "тоқырау дәуірі" деп тұқырта нұқып жүрген сол кездің езінде еңсесін тік ұстап, айтар ойын ашық білдіруге ұмтылған азаматтар болды. Қайта құру мен жаңаша ойлаудың коллективті авторлары да солар. Соның қатарына жазушы Ілияс Есенберлин де жатады. Мен бүгінгі әңгіме арқауына айналғалы отырған "Қаһар" романының жазылу тарихы туралы тәптіштеп айтпай-ақ қояйын. Алайда, неге дәл осы шығарманы тандап алып отырмыз, соған тоқталайын. Мәселе мынада: біз көркем шығарманың қадір-қасиетін, көбіне, саяси-идеологиялық қалып талап еткен өлшемдермен бағалап келдік. Тіпті бір халықтың тарихының белді кезеңдерін сызып тастап, ұмыттыруға тырыстық. Ол туралы жазылған өнер туындысын көре тұра елемедік, қасақана қалтарыста қалдырдық. Сондай шығармалардың бірі осы "Қаһар" еді. Бұл романның төңірегінде дау-дамай көп болғанымен, оның көтерген тарихи-әлеуметтік мәселелері басты кейіпкер — Кенесары бастаған қозғалыстың шығу себептері сыни тұрғыдан да, тарихи тұрғыдан да талданбады. Тіпті, тарихшылар "көтеріліс" деген сөзден қашып, оны "қозғалыс" деген, мағынасы екі ұшты атаумен алмастырды. Ол қандай қозғалыс еді? Бұл сұраққа жауап өлі күнге дейін берілген жоқ. Қашанда көркем шығармаға қойылатын талап біреу. Ол — көркемдік шындық. Алайда, "Қаһардағы" оқиға бүкіл қазақ халқының тағдырын қозғағандықтан да, оған немқұрайды қарай алмасақ керек. Әрине, романның жарық көргеніне жиырма жылдан асты. Бірақ сол кездегі әдеби процестің өресін, даму бағытын талдап, баға берудің маңызы зор. Сол "Қаһардағы" көтерілген көкейкесті мәселелерге бүгінгі көзқарасымыз қалай? Роман өзінің әлеуметтік мәнділігін жойды ма, жоқ, керісінше, бұрынғыдан гөрі де діттеген мүддемізді қозғап отыр ма? Біз бұл арада автордың өзі ести алмай кеткен жылы сөздердің орнын толтырайық деп отырғамыз жоқ. Қайта сондағы қамтылмаған ойларды, деректерді екшеп, оқырмандардың назарын аударғымыз келді. Бұл әдебиетшілердің ғана емес, тарихшылардың да парызы. Өйткені тарихшылар, менің ойымша, өздерінің халық алдындағы қарызын өлі де өтей алмай жүрген сияқты. Себебі, осы "Қаһардың" басты кейіпкері Кенесарының өзінің жеке тұлғасы туралы нақты тұжырымды пікір қалыптасқан жоқ, Мұны жүзеге асырмай қазақ халқының тарихындағы ақтаңдақтардың жойылатынына сену қиын. Сонымен, Ілияс Есенберлин өзінің алдына қойған мақсатын орындап шыға алды ма, жоқ па? Жазушы тарихи шындықты жеткізе білді ме, әлде мүлт кеткен тұстары бар ма? Сіздер әр саланың маманысыздар. Сондықтан да біз осы сұрақтарға толықтай жауап аламыз той деп үміттенеміз. Әрине, жазушының барлық өмірлік шындықты қамтуы мүмкін емес, отан міндетті де емес. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Дегенмен де, Есенберлиннің тәуекелге бел бууы өзін-өзі ақтады ма, жоқ па? Ж.Қасымбаев: — Қайта құру мен жариялылық қоғамдық өмірдің мазмұнын, ұлттық сананы бұрын болмаған дәрежеде көтеріп қана қоймай, тарихымыздың күңгірт тартып өше бастаған беттеріне назар аударуға, жеке тарихи оқиғаларға объективті шынайы тұрғыдан баға беруге мүмкіндік туғызып отыр. Патшалық Россияның отарлық-ұлттық аймағына айналып, өзінің "қазақ" деген тарихи атынан айрылып, "бұратаналардың" қатарында "қырғыз-қайсақ" атанған халқымыздың тарихында болып өткен оқиғаларды, құбылыстарды идеологиялық қыспақтан шыта алмаған зерттеушілеріміз ашық сипаттауға батылдары жетпеді. Өз ойларын батыл айтқан Е.Бекмаханов сияқты талантты зерттеушілерге "ұлтшыл" деген жала жабылып, тағдырларына дақ түсті. Журналдың "Дөңгелек стол" басында көтеріп отырған мәселесі де - әлі күнге дейін нақты батасын ала алмаған, ақиқаты көпшілік оқырмандарға әлі де ашылмаған, Абылай ханның немересі, Қасым төренің ортаншы ұлы Кенесары бас болған он жылға жуық (1837-1846) кезенді қамтыған көтеріліс. Алдымен, осы тарихи оқиғаның зерттелуі мен әдеби шығармаларда сипатталу жағдайын қарастырсақ. Әрине, не тарихшы ғалымдар, не жазушыларымыз Кенесарының көтерілісіне әртүрлі, тіпті белгілі себептерге сай көңіл бөлмей келді десек, артық болмас еді. Сол кезде 32 жастағы Е.Бекмахановтың "Казахстан в 20-40-е годы XІX века" атты еңбегінде бұл қозғалыс тұңғыш рет жан-жақты сипатталса, 1949 жылы І.О.Омаров пен АМ.Панкратованың редакциясымен жарық көрген "История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней" деген еңбектің бірінші томында: "Султан Кенесары Қасымовтың басшылығымен ұйымдасқан ұлт-азаттық көтеріліс өзінің қарқыны мен маңызы жағынан ең ірі қозғалыс болды", - деп, (275-бет) бұл көтеріліске анық бата беріледі. Белгілі романист І.Есенберлиннің 1969 жылғы жарық керген "Қаһары" жұртшылықты дүр сілкіндірген, кейбіреулердің шырт ұйқысын бұзған шығарма ретінде бірден көпшіліктің көзіне түсіп, көкейінен орын алды. Кез-келген қозғалысты сипаттап мазмұнын ашу, оның басты кезеңдері мен оқиғаларына бата беру үшін, көтерілістің шыту себептерін анықтау керек. 50-ші жылдардың басындағы ғылыми интеллигенция арасында болған осы оқиға төңірегіндегі талас (таластан гөрі Е.Бекмахановты төмпештеу) көтерілістің себептерін ашумен, отан сипаттама берумен байланысты емес пе еді? "Қаһарды" үңіле оқығанда, осы қозғалыстың шыту себептерін, қырғыздар мен қазақтар арасындағы тартысты Кенесарының түсі арқылы бергеннің өзінде, жазушының тарихи шындықтан, негізінен, ауытқымағанын байқаймыз. Ескере кететін жағдай - "Қаһар" тоқырау кезеңінің шыңына жақындаған кезінде, яғни 60-шы жылдардың екінші жартысында жарық көрді. Ол жылдары, партия анықтап берген "коммунизмге апаратын сара жолмен" қозғалғанымызбен, сөз дербестігі, ой бостандығы ойсырап тұрған кезде, XІX ғасырдың 20-40-шы жылдардағы қазақ өлкесінің тарихи тағдырында ерекше орын алған оқиға туралы шығарманды басқызу белгілі жазушы үшін де қауіпсіз болмағанын ескерсек деймін. Екінші жағынан қарағанда, тарихи романдардың идеологиялық қондырғыға әбден тәуелділігін, яғни, шығарманың жарыққа шыққаннан кейінгі шарпуы тиетін салдарларын ескерген жазушымыз бірқатар ойларын ашып айта алмай кетуі де заңды. Р.Бердібаев: - Жақсы айттыңыз, Жанұзақ! Осыған қоса айтарым, қазақ тарихында өлі де болса басы ашылмаған, жеткілікті ғылыми талданбаған тақырыптар толып жатыр. Ол тақырыптарды айналып өтуге де, жасырып қоюға да болмайды. Халық санасынан соншалық терең орын алған Кенесары, Наурызбай басқарған халық қозғалысының тарихы да осындай тақырыптар қатарына қосылады. Ол қозғалыстың түп-тамырын, заңдылықтарын және оның қазақ халқының азаттық күрес тарихындағы орнын тарихшылар ашуға тиіс. Мен бұл арада осы оқиғаның көркем әдебиетте қаншалық көрініс тапқаны туралы тана бірер пікір айтпақпын. Соның өзінде де Кенесары қозғалысын суреттеуге арналған үлкенді-кішілі ондаған шығармалардың бір-екеуіне ғана, атап айтқанда, М.Әуезовтің "Хан Кене" пьесасына, І.Есенберлиннің "Қаһар" романына қысқаша кідіргім келеді. М.Әуезовтің "Хан Кене" деп аталатын пьесасы - 1934 жылы сахнада бір-ақ рет қойылып, одан кейін ұзақ жылдар бойында архив шаңына көміліп қалған шығарма. Бұл пьеса М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағының 14-томында 1983 жылы қайтадан басылып шықты. Алғаш сахнаға қойылған кезінен қырық жыл кейін жарық көрген бұл туындыны жұртшылық әлі де толық біле бермейді деп ойлаймыз. Өйткені, Қазақ баспасөз комитетінің, баспаның бұрынғы "әсіре сақ" басшыларының кесірінен бастапқы томдары 30000 данамен басылып келген М.Әуезов кітаптары осы 14-томға келгенде, күрт азайып, 10000-ақ тиражбен шықты. Бұл М.Әуезов шығармаларына саналы түрде жасалған қырсықтың ең соңғы көріністерінің бірі еді. "Хан Кене" пьесасы өзінің көркемдік бітімі, шыншылдық қуаты жағынан ұлы суреткердің ең таңдаулы шығармаларының бірі деп бағалануға лайық. Жанрлық сипаты бойынша аталған туындыда трагедияның нышандары басым. Кенесарының азат қазақ хандығын орнатамын деп әрекет етуі, бірақ сол асқақ мақсатты жүзеге асыруға саяси, әлеуметтік жағдайлардың сәйкес келмеуі, сөз жоқ, трагедиялық хәлдер тудыратын негіз болып табылады. Қарапайым халық өкілдері бұл оқиғаға бірде үмітпен, екінші тұста күдікпен қарағанын төмендегі екі диалогтан аңғаруға болғандай. Мәселен, қарапайым адамдардың бірі: "Садаға кетсін езге төре... Олар елдің де, елдік ойлаған жалғыз-жарым жақсының да жауы емес пе? Солар енді аятынан алмаса қайтеді?.." — десе, екінші бір кісі: "Ел сорлы ерлер-ау! Өйткені бұл ереуіл елдің өз тілегі той. Бірақ түбі сол мынаның артынан еремін деп шаң қауып қалмаса..." — дейді, (М.Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы. 14-том, 322-бет). Бұл сөздер Кенесары қозғалысына қатысқан адамдардың да, көлденең жұрттың да ойындағы тұжырымды анық білдіргендей. Шығарманның орталық қаһарманы - хан Кене үлкен ойдың, намыстың, парасаттың адамы болып көрінеді. Сонымен қатар, оның алға қойған мақсатынан кері шегінбейтін тегеурінділігі де танылады. Ол бірде өзінің мүддесіне қиғаш келіп, қыңыр тартып жүрген қарсыласы Мұсаға қаһар шаша сөйлеген сөзінде көздеген мұратын былайша баяндайды: "Жау ісін істеп отырып, ерекше жауласуға да жарамайсың. Танасың... Арзаннан табылатын бақ іздейсің. Мен ол жолда серік бола алмаймын сатан. Мен бақ пен шен іздесем, бүйтер ме едім? Патша ұлығына мен де барып жағынар едім. Сүйтсем жөне сендерден кем орын алар ма едім?! Жамантай, Қоңырқұлжа, Баймағамбет алған орынды алар едім-ау мен де, бірақ мен оны ойлап жүрмін бе? Қалың қазақ баласының қамалған көшіне септігім тиер ме деп жүрмін той. Езіліп бара жатқан елдің жоғын жоқтап... бүлінгені бүтінделер деп, бас қамын ұмытып жүргем жоқ па сол ел үшін. Сондағы сенген сүйенішім сенбісің? Сен өлтіруге де тұрмайсың, Бар, кете бер... Бірақ енді қайтып маған кездеспе" (Көрсетілген кітап. 333-бет). Нағыз көркем әдебиет шығармалары алдын-ала белгіленген догмаларға, доктриналарға тәуелді болмайды. Көркемдік жинақтаудың сүйенетін түп қазығы - өмір жөне қаһарман шындығы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, "Хан Кене" пьесасынан көптеген жартылай тарихи, жартылай публицистикалық мақалаларда кездеспеген ақиқаттар сездіріледі. Суреткер Кенесарының алдына құрылған тордың әлденеше қабат екенін, ол Жетісуға келместен көп бұрын қолы ұзын патша өкімшілігі отан қарсы жергілікті қазақ-қырғыз байлары мен манаптарын ширықтырып, қарсы бағыттап қойғанын талдап жатпайды. Олай ету көркем шығарман табиғатына келіспес те еді. Сол үшін қаламгер тартыс пен мінез ақиқатын ашуды тана көздеп отырады. Кенесарының патшаның әскерлерімен жөне солардың сойынын соққан жергілікті әкімдермен ұзақ жылдарға созылған күресі нәтиже бермей, Арқадан Алатауға көшкенде, патшаның қысымына қарсы ақырғы шайқас салуға ниеттенгені, дос пен қас дегенді тек қана осы мақсат тұрғысынан сынға салғаны ақтық лебізі болып естіледі. "Менің Арқадан кеткендегі тұратыным — Алатау. Ірге кеметін жерім - осы. Бұл таудың іші-тысын жайлаған ел не менімен дос болып бауырыма кіреді, не болмаса, қасым болып, қарсыма шытады" (339-бет) дейді ол. Кенесарының кесек мінезі, ірі тұлғасы бұл сөздерден анық көрінеді. Кенесарының өжет өктемдігі, қайыспайтын қайсарлығы, бір жағынан, оның сирек қасиеті болса, екінші жатынан міні де болып саналады. Кеп жылдық күрестен ашынды болғандығы соншалық, ол ендігі жерде "не жеңіс, не әлім" деген берік шешімге тана тоқтайды. Бұл арада оның әулеттік менмендігі, қара халықты басыбайлы құлындай қарап дағдыланғаны істің әділ шешілуіне теріс әсерін тигізеді. Кенесары мінезінің төтелей "үкім" шығаруға келе бермейтін диалектикалық шығарманы да осында. Сонымен қатар, оның қазақ даласында тәуелсіздік туын көтеріп шыққаны, осы жолда өзін қауіп-қатерге, қиыншылыққа байлағаны халық көңілінің терең түкпірінен орын алатын құбылыс. Шындығында, Кенесары патша өкіметіне бағынып, онымен қосылып, туған халқын шабысса, коп лауазымға, мол сый-сияпатқа, жеке басының тыныштығы мен байлыққа бөленер еді. Бірақ ол осындай "оңай сыбағадан" саналы түрде бас тартады. Орындалуы қиын болса да, намыс пен тәуекел жолын таңдайды. Патша отаршылдары өзінің қарсыласы ретінде Кенесарыны қанша жамандағанымен, оның қайсарлығын мойындап та отырған, Орыс зерттеушілерінің бірі езінің еңбегінде "Кенесары — қазақтың соңғы батыры" деп мадақ еткені де есімізде. Ал біздер, қазақ жұртшылығы, отан қандай баға беруіміз керек? Кенесары атына байланысты қайшылықты қаншама сөздер айтыла тұрса да, біз бір ақиқатты мойындамай тұра алмаймыз. Ол — Кенесары күресінің қазақ жерінде жүргендігі, оның ешқашан орыс елінің шекараларына басып кіріп, қалалары мен кенттеріне шабуыл жасамағандығы, қарапайым объективтік түсінікке жүгінсек, оның бұл тараптағы істерінің қазақтың қалың бұқарасының азаттық аңсарымен үндес келетінін мойындаймыз. Шұрайлы жерінен, өзен-көлінен, жақсы жайылымынан ажырап қалған қазақ халқының рухын көтеріп шыға алғандығы Кенесары қозғалысының басты сипаты болып, түпкілікті мойындалар деп үміттенеміз, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыстың мән-жайын қалың жұртшылық арасына мағлұм еткен шығарман — жазушы І.Есенберлиннің "Қаһар" романы еді. 1969 жылы жарыққа шыққан бұл роман тарихи тақырыпқа жазылған туындылардың бірегейі болды. Оны оқушы қауым қазақ әдебиетінің ірі жаңалығы деп бағалады. Сонымен қатар "Қаһар" талғампаз әдебиетшілер арасында да зор даңққа не болды. Шындығында, І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы, соның ішінде, әсіресе, "Қаһар романы үлкен азаматтық, суреткерлік туындысы болғаны ақиқат. Бүгінде жамиғаттың сүйіп оқитын қастерлі кітабының біріне айналған бұл романның алпысыншы жылдардың ішінде жарыққа шығуы ғажайыптың ісіндей, тосын жаңалықтай сезілген еді. Мұның мәнісін түсіну үшін сол кездегі жөне соның алдындағы ондаған жылдар ішіндегі ғылыми, әдеби ахуалды еске түсіруіміз ләзім. М.Әуезовтің "Хан Кене" пьесасы мансұқталған сонау 30-шы жылдардың бас кезінен бері қарай, еткендегі тарихи құбылыстарды объективті түрде бағалауға жол жабылған болатын. Тарихи фактілер жаттанды догмалар тұрғысынан қаралып, түрлі пікірталас еркіндігіне тыйым салынған еді. Қазақстан тарихында орын тепкен оқиғаларды талдауда бір тана шарт үстем болып қалыптасты. Орыс патшаларының отаршылдық саясатына қарсы жүргізілген күрестің бәрі орыс халқына қарсылық деген қасаң, зорлық қисын бел алды. Осы тұрғыдан ұлт-азаттық көтерілістерінің "тағдыры" алдын ала шешіліп қойды. Кенесары қозғалысы да осындай үкімнің құрбандығына айналды. Совет еліндегі халықтардың тарихындағы барша құбылыстарды тек қана Россия мүддесі тұрғысынан қарап, әрбір елдің азаттық күрестерін бір тана Россия тарихының қанжығасына байлап жіберу дағдысы Ұлы Отан соғысынан кейін асқындай түсті. Бүкіл совет еліндегі халықтардың тарихындағы тәуелсіздік үшін қозғалыстарды қайта қарау науқаны басталды. Баяғыдан бері тарихшылар бірауыздан прогресшіл деп бағалап келген, Кавказ халықтарының тарихында өшпес із қалдырған Шәміл бастаған қозғалыс ендігі жерде "жаман атқа" ұшырады, керітартпа, залалды әрекет делінді, тіпті аты жартылай аңызға айналып кеткен Едіге батыр туралы эпос та қараланып шыта келді... Кенесары, Наурызбай қозғалысы туралы мол тарихи деректерге сүйеніп, монография жазған талантты талым Е.Бекмаханов өзінің ғылыми концепциясы үшін орынсыз жазаланып, 25 жылға сотталды. Қазақтың атақты ғалымдары Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмаиылов, сол кезде әдебиет босағасын жаңадан аттаған ақын Б.Ысқақов, тіпті ауылда жүрген төкпе ақын Н.Баймұратов ақылға сыйғысыз айыптауларға ұшырап, 25 жылдық үкімді арқалап, айдалып кете барды. Ол кезде жазушының, талымның дүние құбылыстарына ез пікірі, дербес тұжырымы болуға тиісті дейтін әліппе шындық адыра қалған еді. Халқымыздың ұлы перзенттері М.Әуезов пен Қ.Сәтбаев қуғынға ұшырап, Москва ғалымдарының арасына барып, бас сауғалады. Ардақты азамат, ойлы, ірі қайраткер-ғалымдар Т.Тәжібаев пен Б.Кенжебаев та өсіре белсенділер мен жендет мінезді зиялысымақтардың зорлығына душар болды. Мұндай мысалдарды көп келтіруге болады. Сөйтіп, 30-ыншы жылдардың бастапқы кезінен 50-інші жылдардың орта тұсына дейінгі аралықта ұлттық тарих, әдебиет, мәдениет, тіл тағдыры жоғарыдан бұйырылған өктем озбырлықтың қыспағына түсті, мәдениетіміз ойсыраған олқылыққа душар болды. Революцияға дейін және одан кейін өмір кешкен қаншама ойшылдарымыз бен суреткерлеріміздің шығарманын оқу түгіл, атын атауға мүмкіндік берілмеді. Партиямыздың XX съезінен кейін жеке адамға табынушылық тұсында орын тепкен заңсыздықтар әшкереленсе де, бұрынғы жылдарда қасаң тартқан тәртіптердің тоңы жібіген жоқ. Әрбір халықтың өз тарихы, арманы мен үміті, тарихи қалыптасқан ерекшелігі есепке алынбай, барлық тілдер мен мәдениеттерді ортақтастыру саясаты жалғаса берді. Осы кезеңде еліміздегі ұсақ халықтардың біразының тілі жойылып кетті, автономиялық республикаларда жергілікті халықтардың тіліндегі мектептер жабылды, одақтас республикаларда ана тілінде жұмыс жүргізетін мектептердің езі күрт қысқара бастады. Бұлай болуына елімізді басқарған "көсемдердің" тікелей қалыптастырған саясаты бірден-бір "теориялық" негіз болды. Етер Сталин коммунизмге жақындаған сайын тілдердің бәрі жойылып, түбінде бір-ақ тіл сақталып қалады деп сәуегейлік жасаса, Хрущев совет адамы орыс тілін неғұрлым меңгерсе, соғұрлым мұратына тезірек жетеді деп анық шовинистік бағытқа дем берді. І.Есенберлиннің "Қаһар" романы жазылған тұста "жетілдік, гүлдендік" деп келетін даңғаза ұрандар мен шақырулардың коп айтылып жүргеніне қарамастан, ұлттық мәдениеттер, соның ішінде, қазақ тілінің беделі мен мәні тоқтаусыз құлдырап бара жатқан еді. Ал тарихшыларымыз болса, ежелгі дүние, орта тасырлар шындығын зерттеуді жылы жауып қойып, көбінесе советтік дәуірдегі процестерді тексеруге біріңғай дағдыланған еді. Ол кезде Кенесары аты аталса, отан тек қана күйе жатып сөйлеуге кім де болса "ерікті" еді. Ал "Алашорда" туралы сез қозғау қылмыспен бара-бар саналатын. Бүгінде халқымызға есімі мен еңбегі қайта оралған ұлы ойшылдарымыз бен суреткерлеріміз: Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов жайында сөйлеу түтіл, ойлау да мүмкін еместей көрінетін... М.Әбсәметов: — Әңгіме Кенесарының жеке басы да туралы қозғалды ғой. Архивтен табылған бір тосын деректі осы арада келтіруді лайық көріп отырмын. XІX тасырдың екінші жартысында-ақ Кенесары есімі жыр аңыздарға арқау бола бастады. Халық көтерілісі басшысының даңқы бүкіл Россияға таралумен қатар, жер аударылған поляк революционерлері мен орыс декабристері арқылы Батыс Европаға да мәшһүр болды. Сол кездегі орыс тарихшылары Кенесарыны "қазақтың Шәмілі" деп атаған. Екі қуатты мемлекет — Англия мен Франция өз бақталасы патшалық Россияның көшпелілерді бағындыруын сырттай бақылап отырды. І Петрдің "қазақ даласы — Орта Азияға кірер қақпа" деуі де сол кездегі мемлекет саясатының отаршылдық ниетінен хабар берді. Кенесары бастаған көтерілістің даңқы француздың ұлы жазушысы Жюль Верннің назарын аударған. Ол сол кездегі газет хабарламаларына және Адольф Янушкевичтің Парижде 1861 жыны басылған күнделіктеріне сүйене отырып "Михаил Строгов" атты кітап жазады. Жюль Верн әрдайым өз бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен езгідегі халықтарға іштей тілектестік ниетпен қараған, бұған оның француз отаршылдарына қарсы көтерілген Алжир халқын қолдап отыруы дәлел. Осы көтерілістің бастаушысы Әмір Әбділқадырды Адольф Янушкевич өз күнделіктерінде Кенесарыға теңестірген еді. "Михаил Строгов" романында Кенесары қазақтың үш жүзі мен Түркістан аймағының бір бөлігін патша самодержавиесіне қарсы күреске бастаған Феодархан атымен көрінеді. Романдағы басты кейіпкерлердің бірі - саяси көзқарасы үшін патша өкіметінің тарапынан қуғынға ұшырап, жер аударылған, кейін қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресіне дем берушісі болған орыс офицері Иван Огарев. Романдағы тағы бір кейіпкер - Шәмілді ұстауға қатысқаны үшін Георгиев кресі медалін алған, патша үкіметінің жансызы — Михаил Строгов. Патша үкіметі өздерінің отаршыл саясатының түп ниеттерін Огарев Кенесарыға айтып қояр деп қатты сескенетін Строговтың бұнда келген мақсаты — Огаревтің кезін құрту. Кітапта берілген мәліметтерде патша үкіметіне бағынған қазақтардың саны шамамен екі миллион, ол ұлы, орта, кіші жүз болып бөлінетіні, ішіндегі ең үлкен, әрі бай ел — Ертіс пен Ақсақал көлінің (Арал теңізі?) арасында көшіп жүрген Орта жүз екені айтылады. Жюль Верн өз романында Кенесарының әскері Балқаштан өтіп, Семей аймағын азат еткенін, Семей мен Омбы аралығындағы қазақ бекінісін қалай тартып алғанын сипаттайды. Жюль Верннің көркем туындысын оқи отырып, жазушының ойдан шығарылмаған нақты деректерге сүйеніп отырғанын аңғару қиын емес, орыс офицері И.Огаревтің образы туралы да осыны айтуға болар еді. Тұтқында болған барон Услар Кенесарының қарауында хатшы қызметін атқарушы орыс офицерін көргенін жазады, патшаның басқа жансыздарынан түскен мәліметтерде де осындай айғақ бар. Ол, шамасы, патшаға қарсы саяси көтеріліске қатысқаны үшін Кенесары ордасы орналасқан Көкшетау өлкесіне жер аударылған декабрист М. Муравьев-Апостол болса керек. Қорыта айтқанда, Жюль Верннің "Михаил Строгов" романы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының орнын танып білуде қосымша материал ретінде мәні бар шығарман, кейін роман арнайы зерттеу объектісіне айналар деп ойлаймын. Т. Жұртбаев: — Марат, сенің бұл деректерің шынында да тосын жаңалық екен. Ал енді мына жайға назар аударыңыздаршы. "Қаһар" романында да, "Хан Кене" пьесасында да Кенесарының жеке тұлғасы барынша толық бейнеленгенімен де, егер көркем шығарманың айтар идеясын тарихи тұрғыдан бағаласақ, ортақ мегзеуді аңғарамыз. Екі шығарма да көтерілістің алғашқы кезеңін прогрессивті тұрғыдан суреттейді де, соңғы жатында басты кейіпкердің бейнесін бұлдырлатып, оның мінезіндегі кемшіліктері көтерілістің жеңілуіне әкеліп соқты деген емеурін танытады. Мұндай тұжырымның жасалуы тегін емес. Өйткені, тарихшылардың берген батасы бойынша, Кенесары көтерілісінің екінші жартысы "реакциялық сыпатта дамыған". Сонда, марксизм-ленинизм ілімінің Африкадағы, не Америкадағы отаршылдыққа қарсы күресті барынша қолдап, ал Россиядағы ұлттың қозғалыстарды жоққа шығаратыны қалай. Манаш аға, сіз мұны қалай түсіндіресіз? М.Қозыбаев: - Ең алдымен, басын ашып алатын мәселе - ол проблемаға методологиялық көзқарас туралы болса керек. Сөз жоқ, ол марксизм-ленинизмнің ұлт-азаттық қозғалысы туралы ілімі. Ал кешегі сталинизм дәуірінде бұл ілімнің принциптері eкіге бөлінді. Африка, Азия, Латын Америкасы елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалысқа біз методологиялық принциптерді қолданып келдік. Отаршылдықты жағымыз талғанша сынадық, мінедік. Аз ұлттардың, езілген елдің, мүддесін қолдадық. Ал Россия тарихына келгенде, біз марксизм-ленинизм қағидаларын бұрмалап, сталинизмнің зорлық-зомбылықты ақтауға бағытталған көзқарасын басшылыққа алдық. 1944 жылы ВКП/б Орталық Комитетінде Қазақ ССР тарихын талқылаған кезде ССРО FA корреспондент-мүшесі А.В.Ефимов (1896-1971) сталиндік "отарлау теориясын" негіздеп, былай деген-ді: 1. История колонии не должна отрываться от России и других колоний. 2. Колонизация — факт объективно прогрессивный. 3. Она сопровождается проявлениями насилия, поэтому не следует обелять колонизаторов. 4. Борьба масс против этих насильственных действий колонизаторов прогрессивна. 5. Но не следует идеализировать вожаков национально- освободительных движений; (Қараңыз: Вопросы истории, 1989, N 11, с. 67) ССРО ҒА академигі, қазақ халқының жанашыр досы А, М. Панкратова бұл көзқарасты ұлт-азаттық мәселесіндегі ревизионистік программа деп бағалады, Аз халықтарды "тарихи халық емес", олардың отарлықтан тыс тарихы болуы мүмкін емес, аз халықтардың күшті халықтарға қосылуы объективті-прогресшіл факт, ұлт-азаттық қозғалысының көсемдерін дәріптемеңіздер, аз халықтардың азаттық үшін, езуге қарсы күрес барысында қаһармандық, жауынгерлік дәстүрлері қалыптасуын мойындамаңдар — деген сияқты ашықтан-ашық отаршыл бағытқа орыс халқының атақты ғалымдары: акад. Б.Д.Греков, Н.С.Державин, В.Нечкина, ССРО-та корреспондент-мүшесі С.В.Бахрушин қарсы шықты. Т.Жұртбаев: — Егер соңғы жүз елу жылдың ішінде Кенесары көтерілісі туралы айтылған қарама-қайшы пікірлердің барлығын тізетін болсақ, соның өзінен пікір таласына құрылған келемді жинақ құрастырып шытуға болар еді. Жаңағы Манаш ата айтқан тарихшылардың екі тобының арасындағы таласты былай қойғанда, тек совет ғалымдарының өзінің пікірлерінің бір арнада түйісе бермейтінін байқаймыз. Тіпті, мемлекет қайраткерлерінің өзі де біресе мақтап, біресе даттап, екі-ұшты пікір қалыптастырды. Мысалы: Ұлы Отан соғысы кезінде газеттердегі ерлікке шақырған ұранның орнына Кенесарының атын жазды. Сол кездегі республика басшыларының бірі: "Барлық тарихи деректер Кенесары қозғалысының революциялық та, прогрестік те болмағанын көрсетеді. Бұл қазақ халқын кері тартқан, патриархалдық негіздерді нығайтуға, орта тасырлық хандықты орнатуға, Қазақстанды Россиядан және ұлы орыс халқынан бөлектеуге тырысқан реакциялық қозғалыс болды" - деп сынай келіп, "соғыс жылдарында мен майдандағы жауынгерлерге: "Ер жүрек ата-бабаларың Кенесарының аруағы қолдасын!",- деп уран тастап едім. Оным қате екен" — деп жұрттан кешірім сұрағаны бар, Кенесарыны "буржуазиялық ағылшын мемлекетінің шпионы" етіп көрсеткен мақалалар тіпті коп. Сонда қайсысына сенеміз? Тарихшылар бүгінгі күні қандай жаңа көзқарасты ұстанып отыр? Кенесары көтерілісінің шығу себептерін қалай түсіндіресіздер? Мен сіздердің пікірлеріңізге арқау болу үшін, бұл туралы жазған Кенесарының өз хатынан үзінді келтіре кетейін. Ол Орынбор шекаралық комиссиясының председателі генерал-майор Генске жолданған. "1825 жылы Есіл-Құраны жайлап жүрген уақытта еш нәрсені ойлағамыз жоқ еді. Ол кезде ұлы ер туған марқұм атамыз Абылай ханның шапағатымен тыныш һәм атамыздың ұлы Русия патшасына берген антына адал боп, көшіп жүріп жатқанымызда, Қарқаралының сұлтаны Жамантай Бөкейұғлы бір ауыл болып еш кінәсіз отырған бізге үстімізден дұшпандық көрсетіп, дуанбасы Иван Семенович Карбышев оязды үш жүз орыс, бір жүз қазақ әскерімен ертіп келді. Иван Семенович бас болып, қаракесек руының қазаты Яапалак бастап келіп, сұлтан Саржан Қасымұғлының өз ауылын және Алтай, Тоқа, Темеш ауылын шапты. Қан қылып, алпыс торт кісіні өлтірді. Қанша мал алып кетті сабап. Мен әзер басымды сауғалап қашып құтылдым. 1827 жылы Көкшетаудан екі жүз орысты (ескерді деген матынада — Т.Ж.) бастаған майор (аты-жөні толық ажыратылмады — Т.Ж.) Әлике, Шұбыртпалы елін шапты. Терісаққанда елу сегіз кісіні өлтіріп кетті. Алған малында қисап жоқ. 1830 жыны жүз орысты бастап бір сотник пен Қоңырқұлжа сұлтан Құдаймендіұғлы Шыңғыс төрені жіберіп алдап шақырып алып, Қарағаш (аудармасында Қараөткел — Т.Ж.) деген жерде жүз жиырма кісіні өлтірді. Біз әзер қашып құтылдық-дүр. 1831 жылы Көкшетаудан бес жүз орыс, бастығы подполковник Алексей Максимов (боп) Саржан сұлтанның ауылын, Алтай-Тоқаны, Қаракесек пен Жағалбайлыны шапты. Төрт жүз елу кісіні өлтіріп, Саржан сұлтанның бір баласын алып кетті. Алған малдары Табын-Сарысу бойыныкі еді. 1832 жыны Көкшетаудан екі жүз елу орыспен келген Кулаков Петр Николаевич деген сұлтандар Есенкелді, Күшік Қасым оғландарын тонап, үйсіндерді, төре Жанайдарды шапты. Тортайдың құмы ішінде алпыс кісіні өлтіріп кетті. Ақырысында, шыдамай өз басымызды қорғадық. Ешбір патша ағзам мезретлеріне кінә қылтан ісіміз жоқ еді. Бізді мұндай сорлы қылғанда бір адам еш көмек қылмады деп Қаратауға көштік. Біраз жыл тұрып Қаратаудан қайтып келгенімізде көргеніміз: 1836 жылы Ақтаудан төрт жүз орыс (әскер) аттанып, тентек майор бастап келіп шапты. Алшын, жағалбайлы, тоқа және найман елінің қысты күні Білеуті, Сарысуда екі жүз елу адамын өлтіріп кетті. 1837 жылы Көкшетау дуанынан Иван Семенович Карбышев торт жүз әскер әкелді. Алшын, алтай, қалқаман мен төрткөл елін шапты. 350 адамды өлтірді, ішінде Жаманқара би бар..." Бұл хат 1841 жылы жазылған. Ал енді Кенесарының патшаға қарсы көтеріліске шытуының басты себептері өзі айтқан жоғарыдағы жайлармен тана шектеле ме? Әлде бұдан басқа, тамыры тереңде жатқан алты шарттары бар ма? "Қаһар" романында оның барлығы толық ашылмайды. Оқиға кейіпкердің психологиялық шегіністеріне құрылғандықтан, нақты деректер келтірілмейді. Ол көркем шығарманың міндеті де емес. Ал тарихшылар мұны қалай түсіндіреді? 1822 жылғы "Жаңа низам" уставы - қазақ даласын отарлаудың жойқын жоспары емес пе? Ж.Қасымбаев: — Сонымен, көтерілістің басты себептері, романда тарихи шындыққа сай көрсетілген бе дейсіз той? Кітаппен таныс оқырман жазушының сол кезеңнің даму барысын көрсететін түрлі мазмұнды деректермен дәйекті еңбек еткендігін аңғарады. Есенберлиннің көрсеткеніндей, көтерілістің басты себебі — патша үкіметінің отаршыл саясаты қазақ халқының тасырлар бойы көшіп-қонған атамекендерін қазақ әскеріне, жыпырлап салына бастаған бекіністердің тұрғындарына тартып алын беруі, 1822 жылғы Уставқа сәйкес округтардың құрылуы. Романда Азнабайұлы Сейтеннің Шомбал Қара Ожармен диалогінде сол әкімшілік-басқару, сот ережесінің қозғалысқа басты түрткі болғандығы байқалады. "Бүлік басы бұзықта дегендей, пәле ақ патшаның жылқы жылты ұстабынан басталған жоқ па?" (9-бет). Көпшілік оқырмандар 1822 жынғы Россияның сол кездегі либералды-буржуазиялық бағыт ұстаған қайраткері М.М.Сперанскийдің қолдауымен, тікелей қатысуымен бекітілген Уставты біле бермейтіні байқалып жүр. Ғылыми таластар мен жекелеген жиындарда осы Устав жөнінде әр түрлі сауалдар қойылуы бұған, бір себеп. Кейінгі кездерге дейін осы Уставты қазақ даласына әкелген патша ағзамның бір жақсылығы деп келмедік пе? Әрине, бұл өзгерістерді басқаша да бағалауға болар еді. 1824 жылы құрылған Көкшетау, Қарқаралы, Құсмұрын; 1826 жылу Баян-Ауыл, 1831 жылы Аягөз (кейіннен Сергиополь), 1831 жылы Ақмола, 1833 жылы Үш-бұлақ, 1834 жыны Аман Қарағай жөне XІX ғасырдың 40-шы жылдары орта жүз бен Жетісу өңірінде құрылған округтар екі жақты роль атқарды: қазақ рулары арасындағы барымта, ру таластарының толастауына себепші болды, сонымен қатар, дәстүрлі, тасырлар бойына көшіп жүрген қазақтардың жерінде отарлаудың тірегі — бекіністер салуына жол ашты. Бұл жағынан алғанда, роман тарихи шындықтан, негізінде, ауытқымайды. Уставтың көтеріліске түрткі болғандығын архив мәліметтері, соның ішінде, Кенесары Қасымовтың 1839 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаков пен Николай патшаға жазған, қолын қойып, мөрін басқан хаттарынан байқауға болады. "Дөңгелек стол" басында отырып бірнеше беттен тұратын хаттардың толық мазмұнын келтірудің қажеттілігі жоқ қой деймін. Алайда, сол Уставтың қазақтарға қырсық боп тигенін көрсетпеу, бізді шындықтан алыстатар еді. Патшаға арналған хатында султан өзін "бұрынғы бүкіл қырғыз (қазақ - Ж.Қ.) ордасының билеушісі (владелец) Абылай ханның ұрпағы (потомок) Кенесары Қасымовтан", екіншісінде "Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымовтан" деп көрсеткен. Екі хат та көшірме, алайда, тілмаш-хатшының қолы бар. Мәселенің бетін ашу үшін біраз үзінділер келтірсек: "... сіздің (патшаның — Ж.Қ.) ата-бабаларыңыздың билеуімен бізде, менің атам Абылай заманында халық тыныштық пен жайбарақаттықта өмір сүрдік... кейін жағдай өзгерді. Бұрынғы бейбіт келісімді (трактат) бұзған сіздің ұсақ билеушілеріңіз барлық қырғыз (қазақ - Ж.Қ.) халқын Россияның билігін мойындаған деп қарайды. Марқұм атам Абылайдың жерінде сегіз дуан (округ - Ж.Қ.) құрды, ұлы патша ағзамнан сол сегіз дуанды жойып, халықтың бұрынғы жағдайын қалпына келтіруін сұрауды өзіме мәртебе санаймын..." (ҚазақССР Мемл. архиві. 374-қор, 1-тіркеу, 25-іс, 14-парақ.) Князь Горчаковқа жазылған хатта Ақтау бекінісін, Ақмола дуанын, қалған басқа жайларды (все прочие заведения) құртуды талап етті. Біз жүздеген деректің арасынан сұлтанның қолымен жазылған осы екі хаттан үзінді келтіре отырып, І.Есенберлиннің романында көтерілістің басты себебі анық сипатталған деп қорытынды жасағымыз келеді. Кез келген құбылыстың себебі мен салдары, яғни басы мен аяғы бір-бірімен байланысты болып келеді.. Әрине, тарихи романистің көтерілістің басты себебін көркем сөзбен нақты негіздегені де жеткілікті той. Алайда, көрнекті жазушымыздың тамаша шығармасының беттерін ақтарғанда, көлеңкеде қалған бір мәселе - басқа да көшпелі халықтың иығына қара тастай зіл салмақ болып түскен, патша чиновниктерінің алым-салық саясаты. "Біздің халқымызта шектен асқан бақытсыздық (для нашего народа крайне прискорбно) келтірген салық жинау..." (Қаз ССР. МОА, 374-қор, 1-т., 25-іс, 14-парақ) Батые Сібір генерал-тубернаторына жолдатан хатында "... бізге ылти да қысым көрсетесіз, баж салытын аласыз. Біз бәріне каразымыз. Салықтан бас котере алмай жатып, сізте батынышты болу тіпті мүмкін емес... (и с налогом жить нам введении Вашем никак невөзможно)... (Бұл да сонда, 15-қор). Ғ.Ахмедов: - Жанүзақ бауырым, осы арада мен сенің ойывды одан өрі дамытқым келіп отыр. Өзің айтып кеткендей, Русия патшалығының қазақ елін отарлау саясатына қарсы бас котерген қозғалыстардың ішінде, ең ірілерінің бірі Кенесары қозғалысы. Оның шыгу себебін Кенесарының Орынбор губернаторына жазтан мына хатынан коруге болады: "Ұлы патшамыздың өкесі "Ақ патша" марқұм (Павелды айтады) атамыз Абылай маркүмта зор кеңшілік жасап: "өркім өз жеріне өзі ие; орыс пен қазақ арасында сауда ашылып, керуен жүрсін, өркім өз көсібімен шұғылдансын" — деп уатда бертен еді, сойтіп біраз жыл патша атзамның қанатының астында тыныш түртан еді... Қазіргі патша агзамның түсында атамыз Абылайдан бізге мирас болып қалтан Есіл, Нүра, Ұлытау, Қарқаралы, Қарындық (Қазылық?), Жарқайың, Обатан, Тобын, Құсмүрын, Қаят, Түрзақ (Тоқызақ?) ту сонау Оралта дейінгі жерлердің бәріне бекініс салынды. Бұрынғы патшалардың біздің жерімізді алайын десе — өлшеуге арқаны, бекініс салайын - десе аташы, зорлық қылайын десе - күші жетпеді дейсіз бе? Күші де, мүмкіншілігі де бар еді, бірақ олар өділетті болды!" (орысшадан аударылды). Бұл хаттан Кенесарының Русия патшасы істеген зорлық- зомбылықгарта шыңай алмай, қарсылық көрсете бастағаны айқын сезіледі. Бұл - табити құбылыс. Қай заманда да, қай халық та өз жерлерін басып алып зорлық жасатан шет ел басқыншыларына қарсы күреске шыққан. Ең жабайы деген халықтар да, мысалы, Африка, Америка, Австралия жөне басқа да жерлердегі оқ-дәріні білмейтін момын халықтар мылтық, зеңбірекпен келген Европа басқыншыларына садақ, найза жүмсап, өлдері келгенше қарсылық еткен. Сол сияқты, қазақ елінің бас котерген азаматтары да қол жинап, шамалары келгенше әрекет жасап баққан. Сондықтан патша өкіметінің қазақ жерін отарлатан кезіндегі екі ел арасындағы қарым-қатынасты сол заманның санасымен сараптап қарау керек. Патша өкіметі еткен тасырда өзіне қаратып алтан қазақ жерін екіге беліп, шытыс жатын Батыс Сібір губернаторы, батыс жағын Орынбор губернаторы басқартан, Бұл екіге бөлінген елді басқару жүйесі де екі түрлі болған. Бір кездерде осы екі жүйені бір ізге салып, біріктіру жайында сөз қозғалтанда "Весть" газеті: қазақтардың екі түрлі жүйемен басқарылтанының өзі жақсы, олардың бастарын біріктірмеу керек деп жазды (N 114, 1869). Бұл да отарлау әдісінің бір түрі еді. Кенесары өуелі Батыс Сібір губернаторының қараматындағы жерде болғанымен, патшаның нағыз қатал отаршыл ұлығы князь Горчаков күн көрсетпегендіктен, Орынбор губернаторына қарайтын жерлерге көшіп, сол жақта өрекет жасатаны белгілі. Сібір губернаторының қол астында түрғанда, өсіресе "Тентек майор" деген біреу-ақ елдің діңкесіне тисе керек. Бір жолы Саржанның екі жасар баласын да алып кетіпті. Осындай зорлықтар туралы "Вестник Европы" журналының 1870 жынты ІV томында Н.Середа деген кісі былай деп жазады: "Конечно, "тентяк майоры" бывали рады подобным командировкам, в которых видели свою выгоду, и во время поисков в степи, производимых сибирскими отрядами, бывали случаи беспричинных разорений ими мирных аулов, по одному подөзрению в сочувствии их мятежникам. Но главную статью доходов отрядных начальников составлял захват малолетних из киргизских семейств, которых потом они продавали в рабство, где они находились до известного вөзраста". Шынында да архивтерде қазақ балаларының құлдыққа сатылғаны жайында материалдар кездесіп отырады. Мысалы, Шекара комиссиясының архивінен "Дело об освобождении от рабства крещенной киргизки Ивановой М." деген істі кездестіргенім бар. (фонд 4, оп.1, д. 4201) Шоқындырылған, орысша аты Мария, қазаққа аты белгісіз сол қыз 28 жасқа келгенше Орынборда войсковой старшина Овчинников дегеннің үйінде күң болып жүріпті. Азат етілгеннен кейін "посколько она числилась как крепостная, по ее желанию ее определили в число государственных крестьян Челябинского уезда, Куртамышеской волости село Долговскому" - дейді материалда, Міне, осы сияқты зорлық-зомбылықты корген елдің бәріне көніп, үнсіз отыра беруі мүмкін емес қой. Т.Жұртбаев: — Ғалеке! Қазақ әйелдерін шоқындырып, күңге айналдыру фактісі жалғыз бұл емес. Мен сол кездегі архивтерді кездестірдім. Оларға дербес жасалған тізім де бар екен. Мұның барлығы патшаның Оқу министрі Сперанскийдің әйгілі "Низам" жоспарының "жемісі" той. Бұл нұсқау 1902 жылы Абайдың да қолына түскен. Онда Сперанский жасаған шоқындыру саясатының тексі берілген. Оның жай-жапсарына Жанұзақ аға тоқталып өтті. Дегенмен де, сөзіміз дәлелді болуы үшін сол деректің өзін ала келіп ем. Оқып берейін, "Мұхаммедтің үмбетіндегі мұсылмандардың арасына Ғайсаның православиелік дінін таратудың жолдарын қарастыру туралы 1891 жылы сентябрь айында Архирей бөлімі арқылы Аса мәртебелі жарлық шығып еді. Соған орай, 1902 жылы 22 мартта Құпия Кеңесші: "Патша ағзамның қарауындағы халықтың барлығын бір дінге тарту мәселелері нұсқаудағы көрсетілгеніндей бірте-бірте, сондай сақтықпен, у-шусыз, күштемей және мәжбүр етпей, ақыл-айламен, олар өз еркімен, өз өтініштерімен православие дінін қабылдап отыр дегенге өздерін де, өзгелерді де иландырып бағу керек. Мұндай әдіс-айланы жүзеге асыру үшін белгілі жоспар мен қағида жасау керек" — деп бұйрық берді. Құпия кеңесші арнайы журнал ашты, онда (бұл Сперанскийдің жоспарының тексі): Ауылдарда, старшындарда "ауыл мектебі" деген бүркеншік атпен мектептер ұйымдастырып, бірте-бірте олардың санын көбейтіп, алғашында қазақтардың көңілін табу үшін оларға қазақ мұғалімдерін жіберу керек. Оларға міндетті түрде орыс Оқуын оқытып, балалармен орысша сөйлеуді тапсырып, қазақ әрпін қандай жағдайда болмасын қолданбайтындай, сөйтіп қазақ кітабын оқи алмайтындай жағдайға жеткізу керек, бірақ оны заң ретінде қолданбау керек. Содан кейін мынадай тәсілге көшу ұсынылады: барлық мектептердің мұғалімдерінен "мұғалім" деген инспектордың арнайы бекіткен куәлігін талап ету керек. Ал инспекторларға қазақ мұғалімдеріне куәлік беруді әдейі қиындатып, сарсаңға салып, қасақана кешіктіру туралы алдын ала тапсырылып қойылуы тиіс, Ал куәліксіз сабақ берген мұғалімдер қатаң түрде заң арқылы жауапқа тартылсын. Осы тәсілмен молдалардың санын кемітіп, ол міндет ауыл старшынына жүктелуі тиіс. Поптарға белгілі адамдардан тана мұғалім сайлансын. Содан кейін ретіне қарай сылтау тауып: "старшындар өзінің ақымақтығынан жөне істің мәнісін білмегендіктен ананы-мынаны бүлдірді-міс, халық санының өсуі кеміп кетті-міс деген, тағы басқа да молдалар туралы жалған лақап таратып, ауыл мектептерін молдалардың қолынан алып, поптың ықпалына еріп, айтқанына көнетін және оның үнемі қол астында жүретін адамдарға тапсыру керек. Өлген қазақтарды жерлеуге поп басшылық етуі тиіс, ал қазақтар өлген адамдары туралы міндетті түрде оларға хабар беруі керек, тек поп рұхсат бергеннен кейін тана үш күннен соң жерленуі тиіс. "Өлген адамның жаны әлі шыққан жоқ, тірі адамды көмуге болмайды, ол о дүниеде жұмаққа бармайды-мыс" — деген сылтау айту керек, Жөне бұл жаңа тәртіптің енгізілуі қазақтарға: "қазақтар кісі өлімі туралы ылғи да өтірік ақпар береді, ал мәйітті тексеріп қарағанда, қашан өліктің тәні босағанша оны анықтау мүмкін емес. Ал қазақтардың арасындағы қырқылжыңдарды реттеу үшін поптың қатысуы міндетті" - деп түсіндірілсін, Қыздар мектебін ашу керек жөне қазақ қыздарын орыс Оқуына оқытудың мақсаты мынау: ол ертең қазаққа тұрмысқа шығып, ана болған соң өзінің күйеуі мен баласын орыстануға бейімдейді. Олай болған күнде қазақтың Оқуын тез жоюға қол жеткіземіз және орыс Оқуын тана оқытамыз. Содан кейін арнайы (шешуші) Заң шығарылуы тиіс, сол арқылы қазақтарды өр қонысқа бөліп-бөліп тастап, оларды крестьяндарға айналдырамыз. Бұдан соң іле-шала қазақтардың атынан өз іштеріне уағызшы жіберу туралы арыз ұйымдастырып, шешім шығарылады. Уағызшы түпкі мақсатқа жету үшін қазақтардың барлық талаптарын орындайды, әр нәрсеге көмектеседі, күш-көлік береді, қазақтардың қол беріп сәлемдескендеріне қымбатты сыйлықтар ұсынады, сөйтіп өз дініне ыңғайлауы тиіс. Сөйте тұрып, қазақтардың дінін ешкім де шеттетпейтінін барлық жерге тарата жүруі тиіс. Уағызшылар: "қазақтардың бір-бірімен тату-тәтті тұруын қалаймыз, ешкімге қастандық жасалмауын тілейміз, уағыз бойынша өмір сүріңдер" - деп, олардың етін үйрете береді, қазақтарды тыныштандырады. Содан соң Мәртебелі Ағзамның атына: "уағызшыны қазақтардың өздері сұратты, отан миллиондаған сом қаржы жұмсалды, қазақтардың өздері мұны қалап отыр. Соның барлығын істегенімізге қарамастан, қазақтар үкіметті алдап кетті, сол үшін жазаға тартылуы тиіс" — деп өтініш білдіреді. Жоғарғы Мәртебелі Ағзам қазақтарды жазалауға келісімін береді. Қазақтарды жазалауға бөлінген әскерді алысымен, кресті алдына ұстап барлық қазақтарды шоқындырып, православие дінін қабылдаттырады. Ал бұл жарлыққа көнгісі келмегендер өлтіріледі. Қазақтар:"...бізді күзетіп тұрмайды, сандыққа сап тығып қоймайды" — деген мәмілемен өзін-өзі жұбатып, православие дініне кіреді. Бірақ кейін алдап, крестерді тығып тастап, мұсылмандық дәстүрін ұстап қала береді. Сол кезде ауылдарға шіркеу, мінәжатхана салдыруға болады. Онда күн сайын кресті ұстап соған барады, сонда тана татарлар мен сарттардың ер түрлі теріс ықпалынан арылуы мүмкін... Крестьяндар басқармасы бұған бақылау жасап, жеткізіп отыруы тиіс. Істі осылай сенімді түрде жолға қойып алған соң, миссионерлерді жібере бастайды. Олар: "қазақтардың сенген діні дұрыс емес, Ғайсаның үмметі атынан келіп отырмын. Барлық бағыныштылар мемлекетті билеген патша қай дінге сенсе - сол дінді қабылдауы тиіс" — деп уағыздайды... Енді бұдан кейін Патша Ағзам: "Ислам дінін қабылдап, муфтиге бағынып келген менің бодандығымдағы қазақтарым оларға мойынсұнбайтынын білдірді, сондықтан да... муфтиге бағыну туралы Заң Ережесінің 97-ші және 98-статьясына сәйкес күшін жояды" - деп мәлімдейді". Міне, Сперанскийдің шоқындыру саясатының дамытылған жобасы осындай. Қазақ даласына алғашқы бекіністер салынғанда отарлаушылар бұл жобаны бірден жүзеге асыруға тырысқан. Бірақ Кенесары мен басқа да батырлар бастаған көтерілістен сескеніп, ол ойларынан қайтқан. Дінге енгізу науқаны саябырсығанымен, ол міндет ұмытылмаған. Ақыры кеп Абайдың алдынан шықғы ғой. Менің ойымша, сол түстаты әр жерден бұрқ етіп шыта берген қарсылықтар қазақ халқын көпе-көрнеу зорлықтан сақтады. Әйтпесе, солтүстік ұлыстарының кебін біз де кешуіміз әбден мүмкін еді. Бұған қарағанда, Кенесары көтерілісінің шығу себебі — тек жер, дербес хандық құру мәселесіне тана тіреліп жатқан жоқ, сонымен қатар, рухани мүддеден де туып отырғаны көрінеді. Дегенмен, тарихи деректердің жүлгесіне жүгінсек, 1839 — 1840 жылдары империя мен көтерілісшілердің арасында мәмілеге келу мүмкіндігі болғаны байқалады. Бұған көп күш шығарған адамдар — Орынбордың генерал-губернаторы Перовский мен Шекаралық комиссияның бастығы Гене. Осы дүбара шақтағы көтерілістің дамуы "Қаһар" романында барынша кең көрсетілген. Көркемдік шындық пен тарихи шындықтың астасып жатқаны куанышты. Бірақ Ілияс Есенберлин негізгі желіні Кенесарының жеке басының тағдырына бейімдей құрғандықтан да, осынау бір бітім сәулесі түскен тұсқа онша мән бермейді. Көркем шығарма үшін бұл түсінікті де. Өйткені, жаңа сюжеттер мен кейіпкерлер керек. Және ол бітімнің түбінде жүзеге аспайтынын білген соң тәптіштеудің де керегі шамалы еді. Бірақ тарихшы үшін бұл өте маңызды мәселе емес пе? Екіншіден, романда патша әскерлерінің жазалау жорықтары, Кенесарының отан қарсы қарымта қайырған шабуылдары және қазақ арасында Қоңырқұлжа сияқты шонжарлардың сатқындықтары қамтылады. Осы қақтығыстарды қалай бағалауға болады? Ол тек Кенесарының "қарақшылығының" айғағы ма? Үшіншіден, патшаға қарсы көтеріліс тек бір аймақты тана қамтыған жоқ, бүкіл қазақ даласын шарпыды. Жоламан, Исатай Махамбет, Есет, Бекет, Жанқожа ереуілге шықты. Ал енді осылардың басы неге қосылмады? Ілияс Есенберлин олардың жеке-жеке қимылдауларын өзара билік бәсекесінен туды деп есептейді, рушылдықтың кесірінен көреді. Бұл шындық па? М.Қозыбаев: — Сіздердің патшаның отарлау саясатын әшкерелейтін деректерді мысалға келтірулеріңіз орынды, Тарихымыздағы ақтаңдақтар өлі де дұрыс көрсетіліп, ез батасын алмай отыр. Қайта жаңару дәуірінде біз, совет ғалымдары, ұлт-азаттық қозғалысының тарихына, аз ұлттардың Россияға қосылу тарихына диалектикалық тұрғыдан қарауды қалаймыз. Қазақстанның Россияға қосылуы сан салалы құбылыс. Осы тарихи процесс барысында жан-жақтан таланған, қыспаққа түскен халықтың күшті, іргелі елден баспана сұраған кезі де болған, сонымен қатар, европалық шеңберден шығып, азиялық отарлы елге айналған Россия империясы күш көрсетіп, әскери күш жарақтап, сан жорыққа шығып, қазақ елін шауып алған кезі де жоқ емес. Орал тауынан асып, басыбайлықтан, зорлық-зомбылықтан қашып, баспана, күнкөріс қаракетін ойлап, босып келген орыс шаруаларының көрші елдерге, оның ішінде, қазақ жеріне қоныс тепкені де рас. Совет тарихшылары бұл процесті халықтық отарлау деп те атайды. Ендеп, бойлап, жаулап алған елдің байлығын игеру, халқын орыстандыру, христиандандыру, тарихи есінен айырып, өзінің үзбей сорып-еміп жатар отарына айналдыру, одан қалды, ен байлықты игеру — шын мәнінде сатыланып, қат-қабат болып, бірте-бірте үстемеленіп келетін шығарман астарлы процесс деп тануымыз абзал. Сөз жоқ, шығыстағы құрттай қаптаған қытайдан, дамуы азиялық шеңберден шыта алмай қалған деспотиялық Бұхара, Хиуадан, Жақын шытыс арқылы Орта Азия және Қазақстанға енуді арман еткен ағылшын отаршыларынан ежелден көрші, аралас-құралас болған орыс еліне қосылудың ұтымды жақтары ерекше екендігін айтпасақта болады. Біз, совет тарихшылары, Азия, Африка, Латын Америкасы халықтарының ұлт-азаттық қозғалысын дәріптеп келеміз, шындығында да құлдар көтерілісі, шаруалар көтерілісі, ұлт-азаттық көтерілісі, жұмысшы табының социализм үшін күресі — езілген таптың, езілген халықтың бостандық үшін, азаттық үшін, болашақ жарқын өмір үшін күресі емес пе? Ендеше, осы біртекті, бір типті революциялық процестен Россияны бөліп алып, басқаша қарау керек пе деген сауал тұрады. Известияның "Неделя" атты қосымша апталығының 1990 жылғы N 7-санына қараңыз. Онда "Обозревая прошлое Отечества: к истории Российской империи" деген көлемді мақалада (авторлары: тарих ғылымдарының докторы В.Виноградов, СССР Сыртқы істер министрлігінің тарихи-дипломатиялық басқармасының орынбасары В.Филатов) Россия империясының отарлы ел болғандығына күмән келтірді. "Сказать, что при Петре І Россия прочно встала на путь колониальной экспансии по примеру других колониальных империи — Британской, Испанской, Голландской и других — значит упрощать отечественную историю, закреплять в сознании ныне вновь часто повторяемый стереотип о поведении России как типично колониальной, имперской державы. Попробуйте ответить в этом случае на самый, казалось бы, простой вопрос: какие колонии в полном смысле этого слова приобрела и имела Россия тогда и позже? В отношении Британии, Испании, Голландии, Франции и некоторых других ответ труда не составляет. А в отношении России?" (Неделя, 12-18. 11.1990) В.Виноградов, В.Филатов Россияның құрамына кіру барысында ара-гідік "орыс қаруы" қолданылғанын мойындапты. "Но в объяснениях этого, на наш взгляд,— депті авторлар,— нередко делается капитальная историческая ошибка: Россия, мол, просто расширяла свои колониальные владения, покоряла все окружающие народы силой, порабощала их, несла им гнет крепостничество". Басқаша айтқанда, Бұл, В.Виноградов пен В.Филатовтың сталинизм дәуіріндегі көзқарастан бір тұтам да шегінбегенін көрсетеді. Сөйтіп, олар патша өкіметі мен орыс халқының арасына тепе-тендік белгісін қояды, баяғы ұлы державалық шовинистік позицияда қалып отырғанын танытады. Шын мәнінде Қазақстан Россияға отар болмады ма? В.И.Лении "Империализм капитализмнің жоғарғы сатысы" деген еңбегінде: "колониальная политика и империализм существовала и до новейшей ступени капитализма и даже до капитализма" (ПСС, т. 27, с. 379) — деп көрсетеді, Шын мәнінде Россия XVІ ғ. екінші жартысында Сібірдің, XVІІ - XVІІІ ғ. Қазақстан мен Кавказдың біраз жерін өзіне қосып алды. 1876 ж. ұлы империалистік елдердің (Англия, Россия, Франция) отарлық системасы 273,8 млн. халқы бар 40,4 млн. шаршы км. жерді қамтыды. Осының ішінде Россияның 15,9 млн. халқы бар 17 млн. шаршы км. отарлары болды, Ал В.И.Лениннің есебі бойынша 1914 ж. қарсаңында Россияның метрополиясында 5,4 млн. шаршы км жері, 136,2 млн, халқы болды, ал отарларында 17,4 млн. шаршы км., онда 33,2 млн. халық мекендеді, (ПСС. т. 26, с. 314, т. 27, с. 377), Россиянин отарларына В.И.Ленин Сібірді (оның құрамында Қазақстан), Орта Азияны, Хиуаны, Бұхараны, Кавказды жатқызды (В.И.Ленин ПСС, т, 28, с. 518). Бұл отарлар Россия империясы жерінің 76,3 процентін, халқының 19,6 процентін алатын-ды. Кавказ бен Қазақстан елі басыбайлылық үстем болған кезден отарланды, ал Орта Азия (оның ішінде ұлы жүз), Хиуа, Бұхара капитализм кезінде сол күйге түскен-ді. Отарлық қанау феодалдық, капиталистік қанаумен қат-қабат астарласты. В. И.Лениннің айтуы бойынша, отарлау барысында, жүздеген процент үстеме алатын "алғашқы қорлану" (первоначальное накопление), отарланған шаруаларды қанау-талау айтып жеткізгісіз дәрежеде жүргізілді. Отарланған елдің дамуы баяулады, тоқырады, "Возможность угнетать и грабить чужие народы укрепляет экономический застой, ибо вмес то развития производительных сил источником доходов является нередко полуфеодальная эксплуатация "инородцев" (ПСС, т. 26, с. 318). Мұндай ғылыми дәлелдерді көптеп келтіруге болады. Алайда, XІX ғасырдағы қазақ тарихының проблемаларымен тікелей айналысып жүргендіктен де, сөзді, Жәке, өзің жалғастырғаның дұрыс-ақ деймін. Ж.Қасымбаев: — Романда XІX ғасырдың 20—30-шы жылдарындағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күресті басқарған Абылай немерелерінің бірі — Саржан Қасымұлының тарихи бейнесі мен оның төңірегіндегі қазақ руларының патша жазалау әскерлерімен алғашқы қақтығыстарына біршама көңіл бөлінген. Әсіресе, сұлтан Саржанның Көкшетау өңірі мен Ұлытаудан басталған көтерілісінің патша жазалаушы отрядтарымен ұрыстарда шегініп, Орта жүздің оңтүстік іргесіне жақындау себептері, өз руластарымен Қоқан хандығына баруы — тарихи деректерді білгірлікпен пайдаланғандықтың дәлелі. Алайда, тым тартымды шығармада 1836 жылы Кенесарының туыстары, Қасымның ұлдары - Саржан мен Есентелдінің Маделіхан мен Ташкент құшбегі Беглербектің қолынан қаза болуы тарихтан хабары тайыздау оқырмандар үшін біржақты көзқарас қалыптастыратын тәрізді. Біздің пікірімізше, бұл жердегі жағдайды Қоқан, Бұхара феодалдық иеліктері мен қазақ ақсүйектерінің арасындағы бақталастықпен, немесе Қазақстандағы Шыңғыс тұқымдарының әлсіреуімен тана түсіндіру жеткіліксіз. Тарихи жағынан алып қарасақ, тіпті Саржан мен жақтастарының қазақтармен ғасырлар бойы шайқасқан Қоқан бектерінен қолдау табуға тырысуы — өзін ақтамаған қате шешім. Қасым сұлтанның ұрпақтарының ажалы Кенесарының Қоқан бектеріне деген өшпенділігін күшейтуге, кейін Қоқан тепкісіндегі қырғыз жеріне басып кіруіне де себепші болуы ғажап емес. Әрине, қырғыз жеріндегі, басқа оқиғаларды Кенесарының өз хандығының иелігін кеңейту арманы тұрғысынан да түсіндірген дұрыс. Кенесары қозғалысының қарсаңындағы қазақтардың патшалық Россияның отаршылдық саясатына қарсы бағытталған қозғалыстарының бірі - Жоламан би Тіленшіұлы тобының күресі. Алайда, Қасым төренің ұлдары, негізінен, хандық билікті қалпына келтіріп, отаршыл патшалық Россиядан дербес болуды кездесе, Жоламан біздің мақсаты: Жаңа-Елек (Илецк) әскери шебінің салынуына байланысты қазақтардан тартып алынған жерді қайтарып алу еді. Патша әскерлерінің қысымынан Ор-Троицкі бекіністерінің маңайын тастап, Тортай өзені бойына көшкен қазақ руларының мал жаюға жер таба алмай, Орта жүздің солтүстік батыс өңірінде ірі көтеріліс ошағының қалыптасуын тездетті. Бекіністерге шабуылдар жасаған, Орта Азияға Еділ, Сібір Орал өңірінен керуендерді тонай бастаған көтерілісшілерге Қоқан, Бұхара билеушілерінің наразылығы түсінікті еді. Кенесары қозғалысының алғашқы және соңғы кезеңіндеті оқиғаларды дұрыс түсіну осы аталтан көтерілістердің татдырымен байланысты. "Қаһар" - тарихи роман. Жотарыда көрсетілгендей, көркем шығармада бұл жайларды тарихи дәлдікпен сипаттаудың қажеттігі де болмады. Ал, осы қозғалыстардың Кенесары көтерілісіне алты шарт болғанын ұмытпағанымыз жөн. XІX тасырдың бірінші жартысы Қазақстандағы шаруалар көтерілісі үшін ерекше кезең. Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталған көтерілістердің бір дәуірде (XІX ғасырдың 20 - 50 жылдары) болғанына қарамастан, олардың арасында өзара байланыс болмауын қалай түсіндіруге болар еді деген сауалдарды да біз жиі естиміз, Шындығында, Бөкей ордасын қамтыған Исатай, Махамбет басқарған 1836—1838 жылғы көтеріліс пен Кенесары қозғалысы шамамен алғанда, бір мерзімде басталды. Біріншісі - 1836, екіншісі — 1837 жылы. Бөкей ордасындағы көтеріліс 1838 жылдың июль айында Ақбұлақ түбіндегі шайқаспен аяқталса, Кенесары қозғалысы 1847 жылы көктемде қазіргі Тоқмақтың маңында Майлытөбедегі ұрыспен тынды. Бокей ордасындағы көтеріліс көсемдерінің бірі, басты дем берушісі ақын Махамбет 1846 жылы 42 жасында Баймағанбет Айшуақовтың жендеттерінің қолынан опат болса, сұлтан Кенесары 1847 жылы 45 жасында қырғыздың манабы Орман, оның жағына шыққан Дулат руының билері Сыпатай мен Рүстемнің қолынан қаза болды. Бір-біріне жақын, ойландыратын жәйттер емес пе. Алайда, бір дәуірде, шын мәнінде бір ұранның туы астында, бір қазақ даласында болған осы көтерілістердің басы неге бірікпеді деп — сауал беру жөн. "Қаһарда" жазушымыз мұны қазақ халқының арасындағы ала ауыз ру тартыстарынан көреді. Мүмкін, жүз арасындағы, рулар арасындағы, онсыз да патша үкіметінің саясатынан тарыла бастаған жайылым үшін тартыс, белгілі дәрежеде, үш жүздің арасындағы бірлікті әлсіреткенін мойындағанымыз жөн. Десе де, Россия тарихындағы бір кезеңде лаулаған шаруа соғыстары (басқаларын айтпағанда) өзара бірігіп қимылдамаудың салдарынан да жеңіліс тауып отырмады ма? Мысалы, 1773-1775 жылдары қазақ жерінде, Бокей ордасына жақын ауданда басталған, қазақтар белсенді қатысқан шаруалар соғысы. Пугачев көтерілісімен қатар Дон казактарының да толқуы Екатерина ІІ үкіметін қатты абыржытты. Петербург билеушілерінің "бақытына" қарай Дон мен Жайық арасында байланыс болмады. Бокей ордасы мен қазақ жерінің басқа аудандарын қамтыған екі көтерілістің арасында байланыс болмауы — қазақ жүздерінің экономикалық және саяси жіктелуінде. Сонымен катар, Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарды аяусыз ойрандауы, Россияға беріктігінен айнымаған қазақ шонжарлары ауылдарының Кіші жүз шекарасына, орыс бекіністерінің қолтығына ығысуы да батыс аудандардағы қазақтарды еріксіз ұстап қалды. Екіншіден, Бокей ордасы мен Орта жүз арасында XІX ғасырдың басында тұрғызылған әскери шептер көтерілістің ірі екі ошағының бірігіп қимылдауына мүмкіндік бермес еді. Ақ киізге салып, хан көтерілген Кенесары мен старшындар — Исатай, Махамбет өзара ортақ бағытты ажыратуы, түсінісуі екі талай нәрсе екендігін аңғару қиын емес. Тағы да бір ойланарлық, шешуін таба алмай жүрген мәселе — Кенесарының көтеріліс басталғаннан кейінгі Россиямен байланыстары. "Қаһарға" қарағанда, көтеріліс тек ел-жерін қорғаудан туды. Кенесары өзі хандыққа ұмтылғандықтан, Россиямен келісімге келмеді деген ой бірнеше рет қайталанады. Солай ма екен? Иә, патшаның отаршыл тырнағынан қазақ жерін аулақ ұстау мақсаты объективті түрде: Кенесарының жеке басының беделін көтерді, қозғалысқа бұқаралық сипат берді. Кенесарының хандық таққа ұмтылуы Россиямен байланысты шиеленістірді — деген қорытынды, шындықтан алшақтау жатыр. Жоғарыда Кенесарының 1839 жылғы — патшаға, Батыс Сібір генерал-губернаторына екі хатынан үзінділер келтірдік. Қазақтардың бір бөлігінің өзін қолдамайтындығына көзі жеткен Кенесары көздеген мақсатына келіссөзбен, дипломатиялық жолмен жетуге тырысқандығын көрсететін деректер аз емес. Алайда, патша үкіметінің түпкілікті мақсаты - Орта жүз арқылы Жетісуға, Оңтүстік Қазақстанға жету, ағылшындарды Орта Азиядан ығыстыру болса, бұл Кенесарының дербес хандық құруына еш мүмкіндік бермейтіндігі анық еді. Бұл тұрғыда: "Кенесары майданды ашпас бұрын, патша оскерімен таласты соғыссыз шешпек болып қолдан келген амалын аятан жоқ" - деп қорытындылауда негіз бар. Ғ.Ахмедов: - Кенесары Орынборға қарасты жерлерге көшіп келгенімен де, Сібір жағынан шыққан әскерлер бұл жерлерге де келіп, Кенені іздеп қолға түсіре алмаған соң, жол-жөнекей жай көшіп жүрген елдердің талайын талап, олжалапты. Орынбор губернаторынан ел ішіне шыққан коллежский советник Ларионов деген кісі жоғары Шекті биі Мусинге және басқаларына жазған хатында: "В мае месяце сибирским отрядом разбито 17 аулов киргизов табынского рода, ведения бия Байкадама на Каракуме около речки Каргалы, при чем перебито много киргизов, детей и женщин и разграблены у них весь скот и имущество. После того, в скором времени, опять разбито 30 аулов киргизов чумекеевского рода, приверженных бию Сармаку, кочевавших на Каракуме, где так же били людей беспощадно. Ныне Сибирьский генерал-губернатор князь Горчаков предписал полковнику Гейсу возвратить ограбленный скот, имущество и отпустить задержанных двух киргизов... Предлагаю вам, почетным биям, если вам известно, то уведомить меня: 1) сколько именно было убито киргизов, женщин и детей, сколько взято в плен, сколько ограблено скота и сколько взято имущества, и 2) возвращен ли скот и имущество и отпущены ли взятые в плен киргизы". ("Вестник Европы", 1870, т. V) Тек Сібір жатынан тана емес, Орынбордан шыққан отрядтардың да көбінің істейтіндері осындай. Орынбордан Кенесарыны іздеп шыққан Лебедев деген қазақтың ақсақал-билерін шақырып алып, Кененің қайда жүргенін, оны қалай ұстауға болатынын сұрастырғанда, әлгі адамдардың сөзіне сенбесе, оларды бас салып сабайды екен. Әрине, қолында қару-жарағы жоқтың қасы Кенесарының патшаның "мұздай темір құрсанған" әскеріне табанды қарсылық жасауы қиын еді, көбіне қаша ұрыс салып жүрген, сөйтіп патша әскерлері оны қолдарына түсіре алмай қойған. Бірақ та Омбыдан шыққан әскерлер оның туыстары мен Күнімжан деген әйелін ұстап әкеткен. Кенесары Орынбор жеріне келгеннен кейін өзінің патшаға қарсылығын қоятыны, сөзсіз бағынатыны жөнінде хат жазып, мәмілеге келуге тырысқаны белгілі. Бұған Орынбор ұлықтары сенгенімен, Сібір губернаторы Горчаков сенбеген. Осы жөнінен екі ұлықтың арасында біраз алакөздік те болған, екі жақ бірін-бірі айыптап Петербургке талай хат та жазған. Перовский вице-канцлер граф Нессельродеге жазған хатында: "Көтерілісші сұлтан Кенесары Қасымовтың осымен бірге жіберіліп отырған хатынан, оның сөз жоқ патша ағзамның мархабатынан үміт ететініне, егер де өткен (1840) жылы бұрын қарсылық еткен қазақтарға жариялаған патша ағзамның рақымшылығы отан да берілетін болса, тиісті өкімет орындарына бағынуға дайын екеніне өзіңіздің мәртебелі көзіңіз де жететін болар... Оны қудалағанда тек жазықсыз ауылдарды тонағаннан басқа нәтиже шықпас еді, ал сұлтан бұрынғысындай, өзінің жақындарымен қалай да қашып құтылып кетудің амалын табар еді" - дейді ("Вестник Европы", 1870, т. ІV). Кенесарының патшаға қарсы күресуіне жоғарыда айтылғандай, өкіметтің зорлық-зомбылығы себеп болғанымен, оның өзінің көздегені, әрине, баяғы хан заманын орнатып, елге өзі хан болу екені анық. Ол өзіне бағынбаған руларға қарсы күш жұмсап, талай елге зәбір берген. Мысалы, Жаппас руымен жақын болу үшін сол елдің бір белгілі адамының қызына үйленеді, бірақ кейін ол ел өзіне қосылмаған соң, әлгі алған әйелінің мұрнын кесіп үйіне қайтарады. 1843 жылы Шекті елінің Назар руының бір белгілі адамының сұлу қызын сұратып Баубек деген құлын жібереді. Назарлар бұған арланып, әлгі адамның үйіндегі жас күңін киіндіріп беріп жібереді. Кейін Кенесары бір топ адаммен сол елді шабуға барғанда, жеңіліп қайтып, жолда Тілеу руының ауылдарын шауып, коп мал мен сегіз қыз, бір келіншекті алып кетеді. Сонда Кенесары Назар руының адамдарына мынадай хат жіберіпті: "Әбұлмұту уә әлмансур әбұлғазы Кенесары хан. Сізки Байтөре биге уә Бажық биге уә Қызыл биге уә Елқонды биге уә Мусылман биге уә Қаракүшік биге уә жамиғы Назарның яхшыларита уә мырзалариға сөз шолкүм, худайның тағдирі болып бізнің біраз мұнша кішімізнің қаны сізнің мойыныңызда ирді, ол қылған ішіңізден тәуба қылып, бізні хан біліп, өзіңіз қарашы болып бізнің білән ярашар деген ниетіміз бар ирді. Сіз худайдан қорқып әруахны сыйламадыңыз, сізнің кәсафатыңыз қарындашыңыз Тілеуні ұрды. Әгәр бұрынғы ішләріңізден тәуба қылып қайтсаңыз, яхшыларыңыз бізнің алдымызға келіңіз, бізнің миһірбанлығымыз сізләрга көпдүр. Әгар келмәсаңыз, біз отыз яшқа келіпміз, сізні хүдадан тілеп енді отыз йыл яулармын инша алла тағала. Сізлөрға Баубек құлымызны йібәрдік, һар біз ағыз тілінә бауыр қылық (мүһір)". Міне осындай істеріне Каратанда, Кенесарының да құдай сүйер қылығы жоқ. Ал екінші жатынан алғанда, сол заманда патша өкіметінің елді отарлауына қарсы күресті осылар сияқты ел басқарған адамдар бастамағанда, кім бастайды? Кенесары сол өз заманының перзенті, елдің бас көтерген адамдарының бірі. Орыс тарихында да шет ел басқыншыларына, мысалы, тевтон рыцарьларына қарсы күресті князь Александр Невский, монғолдарға қарсы князь Дмитрий Донской басқарды, поляктарға қарсы қасапшы Минин мен князь Пожарский қайрат көрсетті. Сондықтан Кенесарының хан болу үмітін қазіргі заманның өлшемімен, "тап күресі" тұрғысынан қарауға болмайды, ол заманда тап күресінің иісі де сезілмеген, қалың елдің ұғымынша, ел-жүртты хан басқаруға тиіс болған. Кененің атасы Саржанды, Есенгелді, Әлжан сұлтандарды қоқандықтар өлтірген, оның үстіне, Ташкенттің бегі (Ташкент Қоқанға қараған) Кенесарының әкесі Қасымды алдап, оның өтініші бойынша азын-аулақ адаммен қару-жарақ жіберіп, хан ауылын алдарқатып, соңынан коп әскер жіберіп түн ішінде қаперсіз жатқан хан ауылын шауып, Қасымды өлтірген. Кенесарының ауылы бөлек екен, ол сондықтан ғана аман қалған. Кенесарының Қоқанға жасаған шабуылын бұл жағынан Ақтауға болады. Т.Жұртбаев:— Сіздердің бұл пікірлеріңізге қосымша мынаны айта кетейін. Егер де Сібір генерал-губернаторы Горчаков та Орынбордағы әріптесінің саясатын қолданғанда, көтерілістің басқаша арнамен дамитыны анық еді. Алайда, Горчаков қалайда Кенесарыны құрту мақсатымен қарулы арандатуын тыймады. Отан мына хат айғақ болады (Ескерту: бұл кезде Перовскийдің орнына Обручев келген): "Орынборға жаңадан келген генерал мырзаға Кенесары Қасымовтан. Өткен 1939 жылы Орынбордың генерал-губернаторы мен генерал Гене Жоғарғы Мәртебелі Император Ағзамның бізге кешірімін жариялаған болатын және онда біздің барлық күнәларымыз кешірілді — деп еді. Біз мұндай мейірмандыққа шын жүрегімізден сеніп ұрысты тоқтаттық та, қылышымызды қынына салып, Мәртебелі Ағзамның жерінде тып-тыныш көшіп-қонып жүре бердік. Ақпан айының жиырма бесінде ата сұлтандар Баймұхамед, Арыслан және Ахмед үшеуі үш жақтан бізге шабуыл жасады, біздің қорғанысымызды бұза алмағандықтан, кері қайтып кетті. Патша Ағзамның кешірімін бұзбас үшін олардың бұл мазағына көндік те, ешқандай оқ шығармадық. Ал наурыз айының 21 күні Омбы облысынан шыққан жазалау отрядының бастығы Сотников біз аңта кеткенде ауылымызга шауып, тонап екетті. Бірнеше адамымызды өлтірді және сұлтанша Күнімжанды өздерімен алы.п кетті. Олардың қасында Алтай болысының старшинасы Аққошқаров Сейдалы, сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендин болды. Бұл туралы Орынбордағы ұлықтарға хабар беру үшін Ырғыз бойына көшіп келдім. Бірақ майор Лебедев пен аға сұлтан Ахмед менің қарауымдағы Байқадам батырды тұтқынға алды, Осыдан кейін мен: "Тек жалғыз Құдайдан тана рақым күту керек екен, ал орыс ұлықтарынан мейірім күтіп жарымайды екенбіз" - деген ойға келдім де, өзімше әрекеттеніп бақтым. Орынбордың бұрынғы ұлықтарынан үмітті үздім. Бірақ Сіздің келгеніңізді естіп жай-жапсарымды айтып, өтініш етіп отырмын. Бұрынғы ұлықтардан жақсылық көрмеп ем, ал Сізден қайырым күтемін. Егер де сіз Император Ағзамға тұтқындағы біздің адамдарды босату туралы өтінішімізді жеткізсеңіз, онда сіздің де көңіліңіз кірден арылып, орыс пен қазақтың көз жасын тыйған болар едіңіз. Егер де сіз мұны жүзеге асыратын болсаңыз, онда мен Сіздердің барлық тілектеріңізді орындауға әзірмін". Кейін Генстің күшімен Күнімжан сұлтаншаны қайтарғанымен де, жазалау шараларын үдете түсті. Талызиннің, Лебедевтің, Вишневскийдің, Ахмет Жантөриннің, Бизановтың, Дуниковскийдің дивизияларын қазақ даласына аттандырды. Бұрынғы губернатор Перовскийдің өзі бұған қарсы болып: "Менің ойымша, Обручев Кенесарының іс-әрекеттерінен бекер сескенеді және олардың сөзіне сенбеуі де жөнсіздік. Оның естігендерінің барлығы да қазақтардың арасындағы жай лақап жөне онда ешқандай шындық жоқ. Менің пайымдауымша, экспедицияның жоспары үстірт жөне отрядтың құрамы дұрыс жасақталмаған. Олардың жүзеге асырмақ болған шараларының сәтсіздікке ұшырайтынын және өр түрлі қолайсыздықтарға ұрынатынын мен алдын ала біліп отырмын" — деді. Оның бұл сөзі расқа шықты. Әрине, ол кезде Перовский Николай патшаның: "Бір патшалықта екінші патшаның өмір сүруі мүмкін емес" — деген жарлығын білмейтін. Ол жоспар бойынша Кенесарыны қалайда қанға батырып, жазасын беру керек еді. Бұл бұйрық орындалды. Бірақ қандай тәсілдермен жүзеге асырылды десеңізші. Ол үшін ағайындас халықты бір-біріне айдап салды. Ырғыз, Елек, Ұлытау, Тортай бекіністерін салған соң Кенесарының барар жер, басар тауы қалмай Жетісуға шегінді. Кейбір тарихшылардың айтып жүргеніндей, Кенесары бұл өңірге баса-көктеп кірген жоқ. Алдын ала үйсіннің төресі Рүстем сұлтанмен, Пішпектегі Қоқанның құшбегі Әлішермен және қырғыздың манаптары Орманмен, Жантаймен келісіп, рұқсатын алды. Арада елші боп кейін Кенесарының басын Горчаковқа табыс еткен Қалықұл бидің өзі жүрді. І.Есенберлиннің "Қаһар" романында Жетісу өңіріндегі оқиға Кенесарының түсі арқылы беріледі де, Досқожаның қоштасуымен аяқталады. Ал М. Әуезовтің "Хан Кенесі" тікелей осы оқиғаны суреттегенімен, тарихи тұрғыдан талдамайды. Тек тағдырдың тәлкегіне түскен Кенесарының жеке басының қасіретін көрсетеді. Сол кездегі Россия мен қазақ даласы, қырғыз бен Қоқан хандығы арасындағы мемлекетаралық саясат қандай еді? Кенесары неге үш бірдей майданда соғысуға мәжбүр болды? Р.Бердібаев: - Қалай дегенмен де', Кенесары мен Наурызбайдың туысқан халық қырғыз шебіне келіп, өктемдік жүргізуге ұмтылуы олардың қателігі деп саналуы тиіс. М.Әуезовтің "Хан Кене" пьесасында мәселенің дәл осы тұрғыдан суреттелуі аса бағалы тұсы болын табынады. Өйткені, бейбіт жатқан көрші елді өз ықтиярынсыз бағындыру әрекетін ешқандай да "азаттық" идеясымен Ақтауға болмайды. Қырғыз елшісі Жаманқараның: "Уай, төрем, енді аса берме, қырғыз да қыруар ел. Бір сенің басыңа бақ пен атақ әпереміз деп қалың елдің кәрі-жасы сорлай алмайды" (Аталған кітап. 343- бет) деген сөздерінен осы жағдай анықтала түседі. Қырғыз халқының достығын іспен емес, күшпен аламыз дегендіктері Кенесарының ақырғы ағаттығы десе болады. Әрине, өрбір оқиғаның өз логикасы бар, қырғызбен қырбайлыққа барған эпизод қанша қажетсіз, қанша ауыр бола тұрса да, ол халық қозғалысының одан бұрынғы ондаған жылға созылған тарихын жоққа шығара алмайды. "Хан Кене" пьесасында бірталай көркем бейнелер жасалған. Бәрі де тарихта аты белгілі адамдар. Олар шығармада келтірілген ситуацияға кезекті жерлерінде араласып, өз орындарында көрінеді. Қаһармандардың қай-қайсысы да қайталанбас мінез иелері болып сипатталады. Мәселен, Наурызбайдың асқан батырлығына кейде сүйенсек, кейде орынсыз ожарлығын қабылдай алмаймыз. Оның өз алдына ешбір батырды жібергісі келмейтін іштарлығы, әулеттік ескі ырым-салттардың ауқымынан шыға алмайтын біржақтылығы, айласын ашуы басып кете беретіндігі, Кенесарының терең ойластырылған істеріне қырсық келтіргендіктері пьесада нанымды бейнеленген. Әскербасы ретінде Кенесарының сенімді серіктерінің бірі болып келген, Бұтыбай батырдың сын сағаттарыңызда жан сауғалап кеткен табансыздығы да, Рүстем, Сыпатай сынды ру басылардың өздерінің жеке мүдделерін көздеп, алмағайын шақтарда Кенесарыдан жалт беруі де сенімді суреттелген. Ең ғажабы сол — суреткер М.Әуезов қаһармандардың іс-әрекетіне көлденең үкімші болмай, оқиға мен мінез дамуын табиғи өз ауданына жіберіп отырады. Драмашы шығарма ситуациясын қалай да бір төте тұжырымға байламай, шындықтың шырайын жан-жақты ашады. Пьеса осындай "тәуелсіз" қасиеттерімен құнды. Қалай болған күнде де, М.Әуезов Кенесары қозғалысының сыры мен шынын, биіктігі мен қайшылығын жан-жақты елестете аларлық шығарман жасап, қаншама тарихшылар мен публицистерден көш ілгері озып кеткенін көреміз. Кенесарының соңғы монологінде ол бастаған қозғалыстың өрі мен ылдиын, мәні мен нәтижесін ұқтыра аларлықтай тебіреністі сөздер берілген. Оның: "Жерім таусылды. Өріс тарынып болды ма деймін... Кім қажымай еруге шыдады? Мені қайрат алған жоқ. Кескілесіп қарсыласқан жауым да емес... Сырттың күші жығатын болса, әлдеқашан жықпас па еді?.. Мені іштегі дерт жығып отыр... Өңшең азғын, арамбездері. Солар ала қылды, солар адастырды елді де. Менің күйігім де, ажалым да солардан.., Бірақ мені жыққан сол жауыздар жұртты қоса жыққанын ұға ма екені" -деген сөздері өз замандастарына тана емес, кейінгілерге де қойылған сұрақ секілді. Ж.Қасымбаев: - Кенесарының жеке басының қатыгездігі қырғыздарды жөне соңынан ермеген қазақтарды шабуы орыс шаруаларымен ілтипатты қарым-қатынаста болуына кедергі болмады. Деректерді зерттегенде аңғаратын бір жай — Кенесары отрядтары орыс шаруаларын ойрандаудан көпшілік жағдайда ат басын аулақ ұстаған. Бір мысал келтірейік: 1838 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторының талабы бойынша, Кенесары топтарының саудагер, қазақ сұлтандарына, чиновниктер мен орыс шаруаларына тигізген шығынына ведомость дайындайды. 1951994 сом 72 тиынның шаруалардың үлесіне небары 100 сом ғана келді. Ал Кенесарының қолының құрамында крепостниктік езгіден қашқан шаруалар, қолына азаттық қозғалысының өкілдері, тіпті патша тағының тірегі — орыс офицерлері де болған. І.Есенберлин шығармасында осы жөнінде қызықты мәліметтерді аңдауға болады. Жазушы бұл мәселеде тарихи шындықты кең тарихи фонда көрсете білген. Езілгендер мен азаттыққа ұмтылғандардың ұлтына қарамай шаруа қозғалыстарына белсене қатысқандығын Россияда болған ірі шаруа соғыстарынан байқаймыз. (Бұл - тамаша жазушы В.Шишковтың "Емельян Пугачевындағы" жүзбасы-офицер Падуров, А.С.Пушкиннің "Капитан қызындағы" офицер Швабрин образы арқылы берілген). Кенесарының қарулы топтарынан да бірқатар мысалдар келтірейік: Полковник Аржанунинның хабарлағанындай, сұлтан Кенесары мен оның бір қолын басқарған Жоламан батырдың туының астында Сібірден қашқан 100-ге тарта поляктар болған. Жазушының шығарманындағы Иосиф Гербрут тарихи адам. 1850 жылы Кенесарыға арнап өлең шығарған. Кенесары қолының құрамында орыстардың болғандығын көтерілісшілерге тұтқынға түскен орыс офицері барон У-р да құптайды. "Четыре месяца в Киргизской степи" деген атпен жарық көрген кітапшасында Кенесарының серіктері мен қарулы күші жөнінде қызықты деректер бар. Сұлтан Наурызбайдың адьютанты Николай Губин кейін патша жендеттерінің қолына түсті. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді. Кенесарының отрядында қырғыз да, қарақалпақта, өзбек те, башқұрт та болды. Кене ханның қолының құрамының көп ұлттылығын көрмеу, мән бермеу ыңғайсыз болар. Кенесарының орыс халқына емес, патшаның отаршылдық саясатына қарсы күрескенін осы мәліметтер де көрсетпей ме? Шәміл сияқты "көпірлерге" қарсы ғазауат та жариялаған жоқ. Сұлтанның маңайында діншілдерден гөрі халықтың ішінен шыққан батырлар шоғырланғанына да көңіл аударған жөн. Кейбір аңызға айналған батырлардың есімін атасақ: Шұбыртпалы руынан Ағыбай (орта жүз), 1916 жылғы көтерілістің басшысы халық батыры Амангелдінің атасы Иман — қыпшақ руынан, Жоламан Тіленшиев — табын руынан (кіші жүз), Сұраншы—дулат руынан (ұлы жүз). Әрине, батырлардың әлеуметтік тегі өр түрлі болды: көпшілігі қаратабан кедейден шықса, бірқатары феодалдық топтың өкілдері еді. М.Әбсәметов: — Кенесары көтерілісі туралы кейбір зерттеулерде, атап айтқанда, Т.Шойынбаев еңбектерінде: осы көтерілістің саяси аясы тар болды, отан қалың бұқара кең қатыстырылмады — деген ой тұжырымдары ұшырасады. Бұны ұшқары айтылған тұжырым деп санаймыз, себебі архив материалдары мен түрлі документтік айғақтар — Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің өзінен күші басым патша үкіметінің жақсы қаруланған, өрі әбден үйретілген отрядтарына қарсы ондаған жылдарды қамтыған сәтті күресі тек халыққа сүйене отырып жүргізілгенін дәлелдейді. Кенесары қалың бұқараны өз жатына тарту үшін де, ел ішінде беделді, халықты соңына ерте білетін батырларды өз маңына топтастырып отырған. Кенесарының атақты қырық сегіз батырларының бәрін санамалап жатпай-ақ, Ілияс Есенберлиннің "Қаһар" романында кең суреттелген Ағыбай батырға тана тоқтағым келеді. Атыбай батыр 1802 жылы Ұлытау маңында дүниеге келген. Оның әкесі Қоңырбай ертерек қайтыс болған. Шешесі Қойсана атақты Байғозы батырдың қызы болатын. Жастайынан езгіге түскен халқының жай-күйін көре өскен ол патша самодержавиясына қарсы күресуге бел буады. Осындай оймен патша үкіметіне қарсы қозғалысты бастаушылардың бірі, 1823 жылы Қытай императоры ресми түрде хан таныған Ғұбайдулла Уалиханов туының астына келеді. Қытайға иек артқан Ғұбайдулладан сескенген патша үкіметі оны тұтқындап Березов қаласына жер аударады. Ал, Ағыбай өз күресін жалғастыра береді, ол Саржанға, кейін Кенесарыға келіп қосылады. Ел арасында Ағыбай батыр жөнінде аңыз, жырлар көп таралған. Ол көтеріліс кезінде Кенесарының бас батыры, әрі кеңесшісі болады. Оның үлкен беделге ие екенін кезінде өз ғылыми еңбегінде Е.Бекмаханов та атап көрсетеді: "...Ағыбайдың көтерілісшілер арасында қатты құрметтелетінін Кенесарының әйелімен арасындағы мына бір әңгімеден аңғаруға болады: бірде ханым Кенесарыдан: "Сіз қол астыңыздағы кейбір батырларыңызға мың басы, бес жүз басы деген ат бересіз, ал осы аттардың біреуін Көсеге (Ағыбайға) неге бермейсіз?" — деп сұрайды. Сонда Кенесары: "Менің әскерімнің бастапқы шебі жауға "Абылайлап" шапса, ал кейінгі қатары "Ағыбай" деп ұран салады. Міне, сондықтан отан әскери атақ бермеймін", — деп жауап қатады. 1841 жылы Ұлытауда хан көтерілген — Кенесары отан күмістелген қанжарды тарту етеді, бұл қанжар, кейін, яғни 1896 жылы Нижний Новгородта Бүкілресейлік көрмеде көрсетіледі. Ісі аңызға, аты ұранға айналған батыр туралы советтік дәуірде Иса Байзақов "Қойшының ертегісі" атты поэма шығарады, 30-шы жылдары Сәкен Сейфуллин "Ақжолтай батыр" атты роман жазған еді, өкінішке орай, айтылған туынды репрессияға ұшыраған асыл атамызбен бірге жойылып кетті. 70-жылдары жазушы Жүсіп Алтайбаев Ағыбай батыр туралы повесть жазып бітірген еді, алайда жазушы өзі шығармасын жарыққа шығара алмай көз жұмды. Бұл повесть әлі басылмай жатыр. Тарихи жады берік халықтың ғұмыры ұзақ болмақ, өз халқымыздың өткені мен мәдениетімізге, ұлттық батырларымызға жаңа көзқараспен қарайтын, тұрпайы идеологиялық тұрғыдан берілген біржақты бағадан арылатын уақыт жетті. Т.Жұртбаев: - Жаңа Кенесарының қозғалысына қатысқан өзге ұлттардың өкілдері туралы айтылды. "Қаһар" романында Иосиф Гербруттың образы жақсы сомдалған. Е.Бекмахановтың дерегіне сүйенсек, Кенесарының қолында жүзге тарта орыс, поляк, татар, башқұрт ұлтының өкілдері болған. Тіпті, әскерден қашқан Белешов, Малкин, Губин, Иванов сияқты солдаттарды бауырына тартып, қазақ қыздарына үйлендірген. Кенесарының жасағының ішінде жүрген патшаның тыңшысы Аюшин: "Кенесары Малкинді дәулетті қалыңдыққа үйлендірді, оны елу басы сайлап, қарамағына қырық жасақ берді, қазір ол орданың күзетбасшысы... Сондай-ақ башқұрт есаулы Хусни бар, ал Кишин онда... палуандығымен көзге түсті де, Кенесары отан Батырмұрат деген ат берді" — деп сыбыс жасады. Кенесарының жеке өз хатшысы шашын тықырлап алдырған орыс офицері екен. Ал енді тікелей Қоқан ханы мен Кенесарының арасындағы қайшылыққа тоқталсақ. Ж.Қасымбаев:—Жиі көтеріліп жүрген, жауабын күткен мәселелердің бірі осы — Кенесарының Қоқан феодалдарымен, қырғыз манаптарымен қырқыстары. Тіпті кейбір сауалдарда: егер Кенесары Қоқанмен тіреспесе, қырғыздың жеріне басып кіріп, бейбіт жатқан көршінің тыныштығын алмаса, мақсатына жетер ме еді немесе Шәміл сияқты патшаның жазалаушы отрядына мойынсұнса, жеке басы, семьясы аман қалар ма еді — деп ой тастайды. Бұл мәселені бір жақты талдау оқырмандарға нақты жауап бермейтіндігі түсінікті. "Қаһарда" да Кенесарының жорықтары, әлбетте, Қоқан бектерімен, қырғыздармен байланыстырыла сипатталады. Қазақ жеріндегі Хиуа феодалдарының озбырлықтары, көтерілістің қарқыны мен салдарларына әсері романда өз орнын таппаған сияқты. XІX ғасырдың 20-іиы жылдарында Мұхаммед-Рахым кезіндегі Хиуа - Сырдың Арал теңізіне құятын өңірінен Ауғанстанға дейін созылып жатқан феодалдық ірі мемлекет болды. Зеңбірек, мылтықпен қаруланған Хиуа қарулы күштері Сырдың төменгі ағысында көшіп жүрген қазақтар үшін зор қауіп еді. 1812, 1816, 1820 жылдары Мұхаммед-Рахым осы ауданда орын тепкен қазақтарды талқандап, мыңдаған, әйел, балаларды, малды айдап әкетті. Хиуа ханы Аллақұл кезінде Хиуа феодалдарының озбырлығы бұрынғыдан да үдей түсті. Кенесары мен Хиуа хандығы арасындағы қайшылықтар романда бұлыңғыр сипатталған. Автордың басты көздеген мақсаттарының бірі — қазақтар мен Қоқан хандығы арасындағы байланыстар. "Қоқан, Хиуа хандықтар қорқау қасқыр тәрізді. Жан кетіп өлексеге айналсаң, өлексеңді де талай береді" - дейді автор бұл көршілес Орта Азиялық иеліктердің қазақтарға зомбылығын сипаттай келе. Алайда шындықтан ауытқымағымыз келсе, қазақтар мен Хиуа, Қоқан арасындағы қатынастарды осындай түнек сияқты көрсету дұрыс болар ма еді. Ташкент, Әндіжан жөне де басқа өзбектердің қоныстары қазақ, қырғыздармен сауда, өзара тиімді де, дәстүрлі сауда байланыстарының орталығы болғандығын ұмытпаған жөн. Ғ.Ахмедов: — Ал, енді Кененің қырғызға тиісуінің ешбір жөні жоқ еді. Бәлкім ол кезде Қоқанға қараған қырғыз елін шауып, Қоқанды мұқатпақ ойында болды ма, кім білсін. Негізгісі, қырғыздардың өзіне қосылмағаны себеп болған ғой. Қалай болғанда да Кенесарының түбіне осы қырғыз жорығы жетіп тынды. Кененің маңында оңай олжа тапқысы келген бұзықтар да аз болмағанға ұқсайды. Оның Баубек құлы да нағыз бас кесер бұзық болған көрінеді. Шоқан сол Баубекті кейін ақсақалдар соты соттаған деп жазады. Кенесарының өлімі жайында бір инабатты адамнан естігенімді айта кетейін, мұны жұрт естімеген болар. "Ескі достар" деген кітабымда бір әңгіменің ішінде бұл жай туралы айтып едім, ол кітап аз тиражбен шыққандықтан көпшілікке беймәлім. Кенесарыны қырғыздар тірілей қолға түсіріп, біраз ұстағаннан кейін, ақылдаса келе: "Бұл - жай кісі емес, қатар отырған туыс елдің ханы той. Әскерін жеңдік, енді өзін босатып еліне қайтарайық" - деген тоқтамға келеді. Сонсоң Кенені шақырып алып, осы шешімдерін естіртеді. Сол әңгіменің үстіне Наурызбайды өлтірген қырғыздың батыры басына Науанның қанды телпегін шекесіне сала киіп, Кененің жанына мысқылдай күле қарап, отыра кетеді. Ызасына шыдамаған Кене сол жерде жатқан бір кездікті ала сала, әлгі батырды жарып тастайды, Кейін Кенесарының бас сүйегін біреулер Горчаковқа әкеліп беріпті деген хабарды бірнеше жерден кездестіргенім бар, бірақ анық-қанығы белгісіз. Ондай қауесет хабар шейх Шәмілдің найыбы атақты Қажымұрат жайында да бар, оны Л.Н.Толстой өзінің повесінде жазған той. Кенесарының қырғызға шабуыл жасауын қай тұрғыдан қарағанда да Ақтауға болмайтынын жоғарыда айттым. Т.Жұртбаев: - Сіздердің айтып отырған уәждеріңіз дұрыс. Бұл қазіргі тарихи көзқарас тұрғысынан сұрыпталып, сүзгіден өткен пікір той. Дегенмен де, Кенесарының дәл сол кездегі жанталасқан тағдырын еске алайықшы. Мен осы арада сіздермен сөл келісіңкіремейтін жайым боп түр. Кенесарының жеңілуін тек қырғызбен екі ортадағы қақтығыстың салдары: ол агрессиялық сипат алды — деп бағалау әлі де пайымдаудың жеткіліксіздігін танытады. Шындығына көшсек, ол үш армияның қыспағында қалды. Және Кекіліктаудағы шешуші күш - империяның жасағы мен қару-жарағы болды. Кенесарыны аранға қақпайлап әкеп құлатқан зауал да — отаршылдық пиғылдан туған және тек соның мүддесін көздеген самодержавияның аяр саясатының жемісі деп ойлаймын. Сіздер: бұлай айту үшін дәлелің бар ма? — дейсіздер той. Бар. Әрине, патша ескерінің формасын киген солдаттар Кекіліктаудағы соғысқа қатыспаған. Бірақ, олар басына шалма тартып, үстіне шапан киюге онша қорланбаған. Балқаш келінің маңында генерал Вишневскийдің дивизиясы тұрды. Ұлытауда бекініс салынды. Атаман Лебедевтің қарамағындағы бес жүз казак атты отряды Кенесарының ізін андып, оны өкшелей қудалады. Ал дәл сол шайқастың тұсында бұл отряд жөнінде еш сыбыс білінбейді де, Кенесары жеңілген соң оның басын Омбыға алып баруға аттанған Қалығұлды жол бойы қыр қазақтарынан күзетумен болады. Демек, бұл жүздік Кекіліктаудағы шайқас кезінде аса құпия тапсырманы орындаған. Патша отаршылдары Қоқанның күшбегімен де, қырғыздың манабы Орманмен, Жантаймен де жеке-жеке жасырын келісім жүргізген. Бұл туралы деректер бар, Кенесары Орманға жазған хатында: "Мені Алатаудың бауырына қоныстануға жібер. Бірігіп патшаға қарсы одақ құрайық, елдігімізді сақтайық" — деп уәделесті, кейін бұл уәдеден неге айныды? Иә, Кенесарының Қоқан күшбегінде ата кегі бар еді. Әкесі Қасымды, ағасы Саржанды және таты басқа да он беске жуық туыс-туғандарын өлтіріп, олардың денесін базардағы дар ағаштарына іліп қойды. Мәделі хан өлгенмен де, оның тұқымы тақта отырды. Қырқыншы жылдары Кенесары Қоқан, Хиуата қарсы жорыққа аттанғанда генерал Перовский бұған қарсы болды. Неге? Қайта ол Ресейдің өзіне жеңілдік әкелмес пе еді? Себебі: Хиуа хандығы мен патшаның арасында жасырын уағдаластық бар еді. Келісімді сауда керуендері арқылы жүргізіп отырды, Бірнеше орыс дипломаттары басына шалма тартып Хиуаға барып қайтты. Ал Қоқан датқасы Әулиеатаны жаулап алған соң Ұлытаудың түбінде тұрған орыс армиясының жасаулы жасағынан сескеніп, Кенесарыға теріс қарады. Егер Кенесары қырғызбен жақсы боп, бірігіп кетсе — өзі тақтан айырылам деп қорықты. Сондықтан Әлішер де Горчаковпен жасырын келісім жүргізіп, қырғыздарды аранға жықты. Донентай манап генерал Вишневскиймен тұрақты байланыс жасады. Оның үстіне Ұлы жүз қазақтары патшаның бодандығын қабылдады. Ақырында, ашынған Кенесары үш жақпен де соғысуға мәжбүр болды. Ол қырғыздар мен Пішпек күшбегі әскерлерінің орыс қаруымен жарақтанғанын және олардың ішінде тұрақты армияның әскери кеңесшілерінің болғанын білуі де мүмкін. Ал патша саясатына тамырлас үш халықтың бір-бірімен жауласуы өте тиімді еді. Болашақ жауларын әлсіретіп алып, күші біткенде шеңгеліне іле салғысы келді. Ең басты міндет — олардың басын қоспау болатын. Бұл мақсатына жетті. Николай І-нің Азия саясатын жүргізіп отыратын кеңесшісі Нессельрод: "...біздің түпкі мақсатымыз — ұлы жүзді саудамен алдарқата тұрып, Батыс Қытай мен Орта Азияға емін-еркін жол ашу болып табылады", - деді. Сондықтан да бұл мақсатына қырғыз халқын бодан етпей толық жете алмайтын. Мен қырғыз бен Қоқан әскерінің ішінде патша армиясының жазалау отрядтарының, тым құрығанда арнайы жасақтың болғанының айғағы ретінде мына деректерге жүгінемін, Орынбор Шекаралық комиссиясының есебі: "Сібір қазақтарын басқаратын шекара бастығы қырғыздардың биі Борамбай және Кичкене Пірназаровтарға: "бүлікшілерді жерлеріңе жібермеңдер, етер қисыны келсе Кенесарының өзін ауылымен қосып құртып жіберіңдер, өз ойларыңды есаул Нюхаловқа хабарлаңдар, ол қол астындағы орыс әскерінің күшімен сендерге барлық көмекті көрсетеді", — деп хат жазды. Таты қырғыздардың бұл шешімді құптағаны туралы татар Мухаммед Тагиров хабар әкелді. Яғни, Есаул Нюхаловтың әскері қырғыз жасақтарына қосылғаны той. Бұл хабарды өзбек жансызы Якуб та растайды. Ол: "Мен осы үш өлкені аралағанымда қырғыздардың ең әлуетті билері мен манаптары Борамбай мен Кичкене Пірназаровтар Омбыдағы генерал-губернатор Капцевичтің қабылдауында болып, Кенесарыға қарсы шығып, оны өлтіруге уәде бергенін естідім", —дейді. Демек Орман, Жантай - Кенесары арасындағы мәмілені бұздырып, Саурық батырды өлтіріп, Кенесарының ауылына шабуыл жасап, қырғынды бастауға себепкер болған осы Пірназаровтар екені көрініп тұр емес пе. Ал оларға мұны істеттіріп отырған, әскер, кеңесші қару-жарақ берген - Омбының генерал-губернаторы. Бұдан басқа Абакумовтың, Қарбышевтың жазалау отрядтары Донентай манаптың қарамағына берілді. Нюхалов: "Мен олардың ең беделді билері бұғы - Борамбай Бекмұратов пен Әжібай Сералинге, сарбағыш - Орман Ниязбековке және солты - Жантараш Есхожинге хат жолдап, Кенесарыны орыс мемлекетінің және өздерінің ортақ жауы ретінде құртуға шақырдым", -деп мәлімдеді. Ал көтеріліс әбден қызыл қан боп жанышталған соң генерал-губернатор Гасфорт Сыртқы істер министрлігінің іс басқарушысы Л.Г.Сенявинге Орман манап жөнінде: "Егер де бұл адамның ерекше еңбегі мен көмегі болмағанда Кенесарының көзін жою мүмкін емес еді, онда бұл іс насырға шауып, басқа арнамен дамуы мүмкін еді", - деп мінездеме берді. Қалай болған күнде де біз тарихи шындықты ұмытып кетпеуіміз керек. Кекіліктаудағы қырғынды ешкім де қостамайды. Бірақ өз халқын арандатқан Орман, Борамбай, Жанғараш сияқты манаптардың да осы қасіретке тікелей қатысы бар екенін ескеруіміз керек. Ақиқатты ашық айта отырып, бағалауға тиіспіз. Майдалап, мәймөңкелегенмен біз тарихқа да, өз халқымызға да қиянат жасаймыз. Бауырлас халықтардың өзара қырқысуын мен де қостамаймын. Кенесарының қателігі де сонда деп ойлаймын. Оның осы кездегі жан-дүние арпалысы М.Әуезовтің "Хан Кенесінде" барынша шынайы жеткізілген. М.Әбсәметов: - Сіз дұрыс айтып отырсыз, оған менің де қосар дәлелдерім бар. Көптеген тарихшылар Кенесары мен қырғыз манаптарының ара қатынасын айта келіп, патша үкіметіне қарсы ондаған жылға созылған күрес кезінде әскері әбден әлсіреп, өз мекені —Сарыарқадан айырылған Кенесарының сол кездегі шама-мүмкіндіктерін ескермей, қырғыз жерін басып алмақ болды деп тұжырым жасайды. Ал, шындығында Кенесарының басты мақсаты Қытайға өтіп, Ғұбайдулла хан байланыс жасап тұрған император Даогуанга арқа сүйеу еді. Кенесары өлісімен ақ патша үкіметінің Ғұбайдуллаға бостандық беруі жайдан жай болмаса керек. Архив материалдары Кенесарыны тұтқындау алдын ала жасалған жоспар бойынша жүзеге асқанын дәлелдейді. Патша үкіметі қырғыз манаптары мен Жетісудағы кейбір қазақ сұлтандарымен алдын ала астыртын келісім жүргізеді, кейін Кенесары өлгеннен соң оларға Баты Сібір генерал-губернаторы Горчаков үлкен сыйлықтар тартады. Әлихан Бөкейханов 1923 жылы Ташкентте жарыққа шыққан "Материалы к истории Кенесары Касымова" атты кітабында Қалығұл Әлібековтің сөзіне сүйене отырып, Кенесары Қасымұлының соңғы күндерін сипаттайды. Қалығұл Әлібеков Кенесарыны өлтіруге қатысқан адамдардың бірі. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Кенесары қырғыз бен қазақтың арасындағы араздық үшін өлтірілгені байқалмайды. Бұл кітапта Кенесарының қырғыздарға істеген жауыздығы турасында нақты айғақтар жоқ, бұндай өсекті патша өкіметінен сатқындығы үшін күміс медаль алғандар өздерінің қанды істерін жасыру үшін әдейі таратын отырған. Кенесары тек Қытайға қарай бұзып өтуге ұмтылды, оның алдына патша үкіметімен астыртын байланысқан қырғыз манаптары мен қазақ сұлтандары кесе-көлденең тұрды, ал шындығында, оның қырғыз халқына қарсы жаулық ниеті болмаған еді. Қырғыздың батырлары қазақ даласындағы көтеріліске белсене араласқан, Кенесарыға серік болған қырғыз батырларының ұрпақтары күні бүгінде Қарағанды және Жезқазған облыстарында тұрады. Отаршылдыққа қарсы қозғалыстың трагедиясын түсініп, көтерілістің жеңілу себептерін дұрыс айқындау үшін жаңа архивтік материалдарға иек артқан терең зерттеу жүргізу қажет деп санаймын. Ғ.Ахмедов: - Кенесарының жеке өз басына келсек, оның патша өкіметіне қарсы күресінің түпкі мақсаты өзі хан болып, баяғы хан заманын орнату болғанымен, Россия империясының экспансиясына қарсы күресін, ел қорғау, елдің тәуелсіздігін сақтау жолындағы әрекетін, сөз жоқ, ұлт-азаттығы жолындағы күрес деп бағалау керек. Осы ретте Қайыпқали сұлтанның, Сырымның, Исатай, Махамбеттің, Жоламан, Жанқожа, Есет, Бекеттің қозғалыстарының бәрінің сабаты бір, патшаның зорлығына қарсы: елдің тәуелсіздігі үшін біріне-бірі жалғасқан ұлт-азаттығы қозғалысы деп қарау керек. Бұл жөнінде бұрынғы қазақ зиялыларының әрекеттері жайында ілгеріде бір мақаламда жазғанмын, оны қайталап жатудың қажеті жоқ. Кенесары жайындағы марқұм Ілияс Есенберлиннің романы әдебиетіміздегі кесек туынды. Сол кездегі жағдайларда мұндай шығарман жазуының өзі үлкен ерлік. Қазіргі кезде жазса, ол, әрине, басқаша жазған да болар еді, бірақ отан жете алмай кетті. Сол кездегі жағдайға байланысты ма, әлде денсаулығына байланысты болды ма екен, әйтеуір шығарманында асығыстықтың ізі байқалады, Аяты кешегі он алтыншы жылты уақиғалармен бітетін осы халық қозғалысын көре тұра, қазақ елі Руссияға өз еркімен қосылды деудің не жөні бар? Р.Бердібаев:— Ғалеке, сіздің бұл пікіріңізбен келіспеймін. Себебі, кешегі қысаң шақта "даулы" тақырыпқа бару қандай қаламгерден де саналы батылдықты керек ететін. Жазушы І.Есенберлин аса жемісті еңбек етіп, артына мол мұра қалдырған туысы бөлек қаламгеріміз. Оның әрбір шығарманында күрделі тақырыптар, қызықты қаһармандар көрініс береді. Уақыт алға тартқан ділгір мәселелерді дер кезінде көтеру, қатып-семіп қалған догмаларға құл болып қалмай, жаңа ойларға, жемісті өрістерге қадам қою — оның суреткерлік үлкен ерекшелігі болатын. Жазушының мол мұрасын қадір тұтқанның өзінде де, солардың ішінде ерекшелеп көрсететін туындылар бар. Олар: "Көшпенділер" жөне "Алтын Орда" трилогиялары. Тарихи тақырыпты шығармаларға тосқауыл жасатысы келген намыссыз, түйсіксіз кейбір безбүйрек жандардың залалды әрекеттеріне қарамастан, бұл күнде І.Есенберлин бастап кеткен дәстүр кең айдынға айналып отыр. Қазіргі белгілі жазушыларымыз тарихи романшылық дәстүрін жалғастырып, тереңдетіп келе жатыр. І.Есенберлин шығармаларының мәні мен нәрі өз батасын жоймақ емес. Әсіресе, оның "Қаһар" романы XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің айтулы үлгілерінің бірі болып қалтаны кәміл. "Қаһар" жөнінде мен "Қазақ тарихи романы". "Kәycap бұлақ" деген кітаптарым мен басқа кейбір мақалаларымда жазғанмын. Сол еңбектерде "Қаһардың" қазақ тарихи романшылығында үздік жетістік екенін, онда, қазақтың қалың бұқарасының патшалық зорлыққа қарсы күресі шыншыл көрсетілгенін, романда Кенесарының коп қырлы тартымды бейнесі жасалғанын, оның әрекеттері барлық қайшылығымен суреттелгенін атап өткен едім. Сөз реті келгенде айта кетейік: романға мұндай ұнамды баталар бүкілодақтық әдеби сында да айтылған. Сол жайларды қайталап жатпай, бұл арада "Қаһар" романының қазақ әдебиетінің тана емес, жалпы қоғамдық ойдың серпілуіне жасаған қызметін баса көрсетуіміз шарт. Ең алдымен, І.Есенберлиннің "жабық" тақырыпқа қалам тартып, азаматтық тегеурінділіктің үлгісін салғанын атап өту керек. Басталған істі жалғап әкетуге әркім-ақ бара беруі мүмкін. Бірақ қалыптасып қалған темір қорғандай шепті бұзып өту де кез келгеннің қолынан келмейді. Кенесары туралы роман жазуы қаламгердің даңқын бірден ел арасына кең жайды. Міне, осының өзі оның кейбір қаламгер әріптестерінің ішін күйдіріп, зығырданын қайнатты. І.Есенберлиннің өрбір тарихи шығарманы көптеген кедергілерді жеңу, шыдамдылықпен үздіксіз еңбек ету арқылы жарық көрді. Соның арқасында жазушы нағыз суреткер үшін айтуға болмайтын құпиялар, қиындық жоқ екенін дәлелдеді. Бұл оның ең бірінші және басты ғибраты десе болады. Екіншіден, І.Есенберлин тарихтың небір шығарман құбылыстарын диалектикалық бірлікте суреттеу мүмкін екенін танытты. Оның романдарында қаһармандар ұнамды сипаттарымен де, қайшылықтарымен де біртұтас тұлға ретінде көрініс береді. Жазушы романдарында бұрын қазақ әдебиетінің әлемінде көрінбеген қаншама тың бейнелер жасалған. Олардың қатарында хандар да, қараша да, ақын да, жырау да, батыр да, шешен де орын алған. Бұрын әдебиетімізде біріңғай қара бояумен ғана суреттелетін үстем тап өкілдерінің де жанды, тартымды тұлғасын суреткер мүсіндей білді. Үшіншіден, осы аталған тарихи романдардың жанрлық бітімі мүлде тың екенін көреміз. І.Есенберлин өзінің шығармаларында халық аңыздарын, шежірелерді, жазба фактілермен қатар шебер пайдаланып отырды. Соның нәтижесінде әлемнің ешбір әдебиетінде кездесе қоймаған "аңыз-роман" деп айтарлықтай жаңа жанр қосты. Ал "Көшпенділер" трилогиясы арқылы қазақ әдебиетінде роман-хроника жанрын қалыптастырғаны әдеби сынымызда атап өтілді. Төртіншіден, жазушы қаламынан шыққан тарихи шығармаларда халықтар арасындағы ежелден келе жатқан тарихи тамырластық пен ынтымақтастықтың да түбірлері шындыққа сәйкес көрсетіліп отырады. Оның шығармандарында отарлаушы, қанқұйлы патша жендеттері мен қарапайым орыс халқының арасында жер мен көктей айырмашылық бар екені, ал өрбір халықтың еңбекші қауымының мүддесі бір жерден шыта алатыны әділ ескертілген. Ақырында "Қаһар" романының тамаша бір қырын еске салтымыз келеді. Бұл роман өткен тарихтың қайшылықты, күрделі тұстарынан мүлде жылысып кеткен зерттеуші-тарихшыларта да күшті ой салады. Тарих ғылымының міндеті — әкімшілдік-әміршілдік аппараттың айтқанынан көз жазбай, қия баспай, тек бас шұлғып отыру тана емес екенін, тылым мүддесі құбылыстардың объективтік заңдылықтарын ашу болып табынатынын "Қаһар" романы өз тарапынан мықты дәлелдеп берді... Бұл мәселеде тарихшылардан жазушылар ілгері озып кеткенін мойындау керек болады. І.Есенберлин өзінің ойлаған ойларын, жинаған фактілерін, қалыптасқан концепциясын "Қаһар" романында толық жүзеге асыра алды ма, жоқ па деген сұрауға қазір жауап айту қиын. Кезінде қасаң ережелерді пір тұтқан редактордан да, баспа басшыларынан да, жасырын рецензенттерден де, өзіне қарсы топтан шыққан арызқойлардан да қысым, тежеу көрген жазушының қанша бейнет шеккенін, зәбір көргенін, нала болғанын санап айтып шығуға Бұл арада мүмкіндік жоқ. Бізге анық нәрсе сол: І.Есенберлиннің ажалын тездетуге көптеген жасанды қырсықтар да себеп болды. Ол өз алдына жеке тақырып. Бұл арада таза ғылымдық мәні бар бірер мәселені ортаға салуды жөн көрдік. І.Есенберлиннің тарихи трилогиялары, соның ішінде "Қаһар" романы баспадан шыққанда көптеген сөз, сөйлем қателіктері орын алған. Олар әр басылым сайын қайталанып келеді. Тіпті алғашқы басылымда бар кейбір пікірлердің кейіннен түсіп қалғаны кездеседі. Бұл кінәрат кімнен екені белгісіз. Сол үшін алдағы кезде жазушы басылымдарын әзірлегенде түпнұсқа қолжазбаны да салыстырып пайдалану парыз. Мұны айтып отырған себебіміз: осындай қысқартылған тексттер орысша аударылғанда көптеген нәрінен айырылып, қауқарсыз болып шығатынын ескерту еді. Жалпы бізде шығарма текстологиясына өте салақ қарайтындық айықпаған дертіміздің бір түрі ғой.

Белгілі бір идеяларды айту үшін соның өз адамы тууы керек

— деген сөз бар. Қазақ тарихының бүгінге дейін мүлде көмескі жатқан беттерін өзінің "Көшпенділер" және "Алтын орда" трилогиялары арқылы жарқыратып ашқан І.Есенберлин еңбегі

— өшпейтін еңбек. Ол өзінің творчестволық қуатын толық сарқып жарыққа шығарды деп те айта алмаймыз. Сонда да болса, оның кейде жекелеп, кейде тобыр болып келіп қастандық жасаған қарсыластарының қиянатына төтеп беріп, арпалысып жүріп, осыншама мұра қалдырғанына қайран қаламыз. Оны мұншама жігерлілікке, табандылыққа, қайсарлыққа жебеген туған халқының алдындағы азаматтық борышын терең сезінуі еді.

Ж.Қасымбаев: - Әрине, Рахаңның "Қаһар" романын әдеби тұрғыдан талдауы орынды. Детенмен, бізге қойылып отырған сауалдың бірі — Кенесары қозғалысының сыр-сипаты той. Қазіргі пайдаланып отырған деректеріміз және осы проблеманың біздің күндеріміздегі зерттелу барысы он жылға дерлік созылған көтерілістің сыр-сипатын толық ашуға, оның жеңілу себептерін терең көрсетуге мүмкіндік бермейді. Қолымыздағы мәліметтерге сүйеніп, осы мәселенің басын ашуға тырысайық. "Қаһарды" оқығанда көтерілістің жеңілу себебі қазақ феодалдарының арасындағы кикілжің деген ой қалыптасуы мүмкін. Иә, Рүстем төре мен Сыпатай Әлібековтың Майтөбе түбінде опасыздық жасап, манап орман Ниязбеков жатына шытуы, Кенесары сарбаздарының моральдық рухына да, әскердің қарсыласу күшіне де ізін қалдырмай қоймайды. Сұлтандардың бір бөлігі: Арыстан, Ахмет Жантөриндер, Қоңырқұлжа Құдаймендин, Тұрлыбек Шыңтысов — көтерілістің басында-ақ патша жатына шықты. 1844 жылы 21 июньде Кенесарының басты күшінің Жантөрин әскерін талқандап, бір шайқаста 44 сұлтанды өлтіруі Россия жатын берік ұстаған феодалдардың Кенесарыға деген өшпенділігін күшейтті, Кенесарының өзінің соңынан ермеген ауылдарды аяусыздықпен ойрандауы тыныштықты көксеген қазақ руларының көтерілістен алшақ тұруына әсер етті; Қоқанмен, қырғызбен, өзінің ел ішіндегі қарсыластарымен он жыл толастамаған қанды күрес елді титықтатты, ал Кенесарының соғыс шығынын жабуы үшін жинаған салығы көтерілісті қолдаған ауылдардың өз ішінде қобалжу туғызды; Қазақстанның ең маңызды аудандары Россияның құрамына кіріп үлгерген жағдайда Кенесарының басты мақсаты -Қазақстан шеңберінде біртұтас феодалдық мемлекет құру мүмкін емес еді. Анталаған Қытай, Қоқан, Хиуа, Қырғыз феодалдары (Россияны айтпағанда) бір орталыққа бағынған қазақ хандығының құрылуына мейлінше қарсылық көрсетті. Т.Жұртбаев: — Әрине, Кенесары қозғалысының барлық мәселелерін түгел қамту бір әңгіменің көтере алатын жүгі емес. Дегенмен, осы "қилы заман" кезеңіндегі оқиғаларға баға беру барысында: "Россияға қараған аз ұлттардың тарихы — Россияның бөлінбейтін тарихы. Сондықтан да Кенесары сияқты қарақшыларды тек қана жазғыру керек. Ол ұлтшылдықты оятады",— деген пікірлер анда-санда қынаң береді. Егер бұл пікір бұдан біраз уақыт бұрын айтылса, уәж білдірмес те едік. Бірақ дәл қазір қойылуы орынсыз сияқты. Осыдан келіп: Кенесары қозғалысы — ұлт-азаттық көтеріліс пе, жоқ, реакциялық қозғалыс па? Шәмілдің көтерілісінен мұның не айырмашылығы бар? Қазақстанның Россияға қосылуы — тарихи қажеттілік пе? Егер өз еркімен қосылса, онда неге осыншама қарсылыққа тап болды?", - деген сұрақтар туады. Менің ойымша, бұл сауалдарға жауап бермесек, әңгімеміздің толық болмайтыны және оның тұжырымдалмай қалатыны анық сияқты. Бұған тарихшылар қалай қарар екен? Ж. Қасымбаев: — 1989 жылы республикалық телевидение арқылы "Уақыт және тарихи шындық" деген тақырып бойынша өткізілген хабарда, тіпті студент жастар мен интеллигенция өкілдерінің сауалдары бір нүктеге түйілді. Кенесары қозғалысы шын мәнінде ұлт-азаттық па? Кавказдағы Шәмілден айырмашылығы неде? Кенесары, Шәміл, Қазақстан мен Кавказ. XІX ғасырдың бірінші жартысында Петербург сарайын талай дірілдеткен осы екі қозғалыстың арасында ортақ белгілер бар ма, қай жатынан салыстырып өтуге болар еді? 1850 жылы 25 августа Гуниб аулында семьясымен, нөкерлерімен патша жазалаушы отрядының басшысы князь А.И.Баратынскийге беріліп, күресті тоқтатуға мәжбүр болған қаһарлы имам былай деген: "Сардар! Осы таулар мен таулықтардың абыройын қорғаймын деп, жиырма бес жыл соғыстым. Менің он тоғыз жарам сыздайды, бірақ ешқашан да жазылмайды" (Расул Гамзатов. Мой Дагестан. Махачкала 1985, с. 280). Заманымыздың атақты ақыны Р.Гамзатов өзінің әкесінде Шәмілдің бір хатының сақталғанын айтып, оның мазмұнын келтіреді. "Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң, жабайы жартастарыңды сүйіңдер. Олар сендерге көп байлық әкелген жоқ, алайда бұл жалаң тауларсыз жер сендердің жерлеріңе ұқсамайды, жерсіз, жарлы таулықтарға бостандық жоқ. Күресіндер ол үшін, сақтандар оны. Сендердің қылыштарыңның шыңылы, менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар" (Бұл да сонда. 28-бет). Аударма өзіміздікі (Ж.Қ.). Ондаған жылдар бойы зерттеулер мен оқулықтарда Шәмілді ағылшындардың агенті, өз халқынан ажыраған, ат төбеліндей ауқатты таулықтарды Россияға қарсы қойған бүлікші деп сипаттағаны есімізде. Мектепте оқытылатын ССРО халықтарының тарихында Р.Гамзатов қазір өз халқының перзенті деп бағалаған адамды құбыжық қып көрсетпеуші ме еді? Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер Шәмілдің Кенесары сияқты өз жерінің бостандығы үшін күрескенін көрсетеді. "Россияға қараған кіші елдер тарихы - Россияның бөлінбейтін тарихы. Сондықтан: "Кенесары сияқты қарақшыларды тек қана жазғыру керек. Ол ұлтшылдықты оятады", — деген көзқарасқа қалай қарайсыз деген сауалға келсек, бұл мәселені жоғарыда біршама қарастырып та өткен сияқтымыз. Проблеманы басқаша жатынан алып қарасақ, кейінгі кезге дейін патша үкіметінің ұлттарды езу, жаншу, тасырлар бойына жайлаған қоныстарынан күш пайдаланып ығыстыру саясатын ашып көрсету қиын еді. Жасанды идеологиялық жүйеге сай келмеген тарихы, әдеби шығармалардың авторларының тағдыры кеше ғана болған оқиға сияқты көз алдымызда. Тарихи оқиғаларды, әсіресе, бұқараның әр түрлі сипаттағы қозғалыстарын қарастыру терең объективтілікке негізделген сенімді деректерге сүйенгені дұрыс. Кенесарының қозғалысы Шәмілдің көтерілісі сияқты патшаның отаршылдық саясатына қарсы бағытталды. Ұлттарды езу саясатын айыптауды, жан-жақты әшкерелеуді "ұлтшылдықтың" көрінісі деп елді қорқытатын болсақ, қара түнек орнатып, азаттық ойды жаныштаған Россия патшаларын ақтағанымыз болмай ма? F. Ахмедов: — Ілгеріде тарихшыларымыз бұл жөнінде: сол заманда қазақ елі екі оттың ортасында қалған еді, бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан Русия төнді, жоңғарлар басып алғанда қазақтар өзінен төмен надан елдің қол астында тозып кететін еді, сондықтан мәдениеті жоғары Русияға қосылғаны жақсы болды — деп бағалап, мұны"из двух зол - наименынее зло" деп келген еді. М.Вяткиннің сөзімен айтқанда, "не как абсолютное, а как наименынее зло". Бұл күнде қазақ елі Русияға өз еркімен қосылды деп жүрміз той, сондағы бір мықты дәлеліміз Әбілхайыр ханның Анна патшаға жазған хаты. Қазақтың ақсақал, билері Әбілхайырға орыс патшасымен тек одақ болу жөнінде тана мәслихат берген той. Ру басшылары ханды тыңдамай, уысынан шытып бара жатқан соң Әбілхайыр патшаның күшіне сүйеніп, жоңғарды емес, алдымен өз елін бағындырып ұстауды көздегені анық. Әбілхайыр бір хатында: "Не советовал о том никому, не объявляя своим султанам и подлым знатным биям передал себя под высочайшую протекцию ее императорского величества", — дейді. Осыдан да оның ешкіммен ақылдаспағаны көрінеді. Патшаның елшісі Тевкелев келгенде жұрттың оны қалай қарсы алғаны, тіпті өлтірмекші болғаны да белгілі. Орыс тарихында да, орыс жеріндегі славяндар өзара қырқыса берген соң солтүстіктегі варягтарға: "Земля велика и обильна, а порядка в ней нет; идите княжить и владеть нами" — деп хат жазған, содан олардың рус деген руынан Рюрик, Синеус, Трувер деген ағайынды үш жігіт келіп басқарған деуші еді, қазірде тарихшылар оны бекерге шығарды (Чивилихин "Память" деген романында ол келген адамдарды "солтүстік славяндар еді" дейді), Ал енді, екінші жағынан қарағанда, Европаның сол кездердегі ірі мемлекеттері: Англия, Испания, Голландия жөне басқалары ту сонау қиыр шеттегі Америка, Австралия, Индия, Индонезия жерлерін жаулап алып отарлап мәз-мейрам болып жатқанда, Россия патшалығы Әбілхайыр хат жазбаған күнде де іргесінде тұрған қазақ елін жайына қояр ма еді? Бірінші Петр патша Иран жорығында Астрахан қаласына келгенде: осы жеңілтек (орысшасында "легкомысленный") халықтың жері Азия халықтарының жеріне баратын кілт пен есік екен депті той. Патша өкіметі Әбілхайыр сияқты хат жазбаған басқа елдерді де жаулап алған жоқ па? Сондықтан Русия империализмнің экспансиясына адвокат болып, оны Ақтаудың ешбір жөні жоқ, империализмнің қай жерде, қай мемлекетте болса да табиғаты бір, ағылшын империализмі жаман, Русиянікі жақсы деп алалап қараудың ешбір жөні жоқ, ол ғылымға, тарихқа қиянат. С.Асфандияров өзінің "Қазақ тарихы" кітабында былай деп жазады: "Қазақтың "өз еркімен бағынғандығы" жайындағы ұлы державалық шовинистер мен ұлтшылдар айтып жүрген аңызды сол замандағы патша ұлығы Рычков келтірген фактілер жоққа шығарады, Бұл жөнінде Рычков бұрмалап отыр деуге ешкімнің ауызы бара қоймаса керек... Патшаның жаулап алуы халқымызға игілікті, тыныш, үлгілі өмір әкелген жоқ, елді сорлатып талан-таражға салды, адамдарын өлтірді. Ел жаулап алушыларға және патшамен одақтасқан хандарына қарсы көтерілді. 1735 жылдан 1869 жылға дейін (Даланы басқару ережесі дегенді енгізген жылдар) көтерілістер болып жатты. Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары Қасымов, Садық және басқаларының қозғалыстары осы жүз жылдан аса уақыттың ішіндегі елдің жаулап алынуына қарсы ұлт-азаттығы қозғалысының бастапқы формалары еді". Тағы бір айта кететін мәселе - біз осы күнге дейін кейбір ақындарымыздың жырларын: "Ойбай, ол орысқа қарсы жырлаған" — деп қорқып жарыққа шығармай келдік. Сондағы "орыс" деген кім еді? Біздің халқымыздың алғашқы "орыстары" жоғарыда айтылған "тентек майорлар" болды, ақындарымыз елдің солардан көрген зәбірін жырлады. Олардың "орыс" дегені орыс халқының жүмысшысы мен шаруасы емес, колонизатор ұлықтар мен "тентек майорлар" еді, ал орыс пен қазақтың жұмыстарынан бас ала алмай жүрген еңбекші топтарының арасында алакөздік боларлық себеп жоқ еді. Ж.Қасымбаев: — Тұрсын, жаңа жоғарыдағы "Егер қазақ халқы Россияға өз еркімен қосылса, онда осыншама наразылық қайдан туды? Ол тарихи қажеттілік пе еді?" — деп сұрадыңыз. Жаңаша ойлаудың қажеттілігі деген желеумен кейбірде көне замандағы тарихымызды, нақты айтқанда, қазақ жерлерінің Россияның құрамына қосылуы жөнінде пікір жалғастыруда орашалақ, дәлелденбеген ойлар да айтылып жүр. Қазақстанның, әсіресе, Кіші және Орта жүздің ден бөлігінің Россия империясына қосылуының тарихи қажеттілік екендігіне шұбалануға болмайды. Тарихымыздың келелі кезеңдерін қарастырғанда, сол кездегі ахуалға мән бермей, ойымызды "ұмытшақтық" басатын сияқты. 1684,1711,1712,1717-1718,1723-1727, 1738, 1741-1743 жылдардағы жоңғар шапқыншылығынан қазақ халқының басына түскен ауыр хәлді бір сет есімізге түсірейік. Басатын жер, ішетін су болмағанда, табан тілініп, сұлап жатқанда қол үшін берген Россия емес пе еді? Солтүстік соғыста Швеция сияқты қуатты мемлекетті жеңіп, дүние жүзіне беделі артқан Россияның қамқорына кіру ғана жоңғарлардың жалаңдаған қылышын қынабына салдырды. Ямышевск, Омбы (1716), Железинск (1717), Семей (1718), Өскемен (1720) басқа да шекаралық өңірде тұрғызылған бекіністер қаншама қазақтарды қалмақтардың жаулап алуынан аман алып қалғанын неге айтпаймыз. Ал XІX ғасырдың 20 — 40-шы жылдарында бейбіт жағдайда қазақ даласында салына бастаған қамалдардың отарлау мақсаты бөлек. Әбілхайырдың реті бөлек. Бір-бірімен таласуды әдетке айналдырған феодалдық ішкі қырқыстар жоңғар шапқыншылығын үдете беретінін дер кезінде түсінген Әбілхайырдың саясаты бірден-бір өзін-өзі ақтаған бағыт. Сондықтан да Әбілхайырдың бұл тарихи шешімін халықтың тілегі десек қателеспеген болар едік. Ал патша үкіметінің ұлы жүздің бір бөлігін өзіне күшпен қаратып алуы басқа мәселе. Генерал М.Черняевтің және басқа орыс отрядтарының қазақ ауылдарын зеңбіректің отын тастай боратып талқандағанын "өз еркімен" қосылды десек, патшалар халық мүддесін ойлаған адалдар болып шығар. М.Қозыбаев: - Бұл арада әр түрлі пікірлер айтылып жатыр. Тарих, Н.Г.Чернышевский айтқандай, түп-түзу Нева проспектісі емес. Қазақ халқының басына туған күннің ішінде ашық, жайма-шуағы да, батар шағында қанға малынғандай мұнарлысы да, қара түнек бұлт басқан шағы да болған-ды. Сол сияқты отаршылдыққа қарсы күрескен халықтың ішіндегі әлеуметтік топтардың, таптардың өз мүдделері, мақсаттары, іс-қарекеттері болғаны хақ. Олардың барлығы қазіргі заман талабынан ой елегінен өткізілуі абзал. В.И.Ленин орыс халқының азаттық қозғалысын үшке бөлгені белгілі: декабристер, әр тектілер (разночинецтер), пролетарлық кезең. Демек, ол азаттық қозғалысының басында кім тұрғанын, ол қозғалыстың мәні мен сырын, сипатын көрсетті. Ендеше, XІX ғасырдың орта шенінде отаршылдыққа қарсы күресті қазақ топырағында феодалдар бастады, қозғалысқа олар ықпалын жүргізді. Олар бұқара халықты соңына ерту үшін оның да мүддесімен есептесуге мәжбүр болды. 1868 ж. 21-октябрінде "Орал, Тортай, Ақмола, Семей облыстарын билеу туралы уақытша тәртіп" бойынша Қазақ жері орыс мемлекетінің меншігі болып жарияланды, Революцияға дейін қазақ жерінің 28-30 млн. десятинасы "артық жер" болып жарияланып, қара шекпенді шаруаларға, қазақтарға бөліп берілді. 1896-1910 жылдар арасында ғана Қазақстанның дала аудандарын 1 млн-нан астам европалық халық көшіп келіп мекендеді. Көшпелі халық қонысынан, орман-нуынан, бас бостандығынан айрылды. XІX ғ. бірінші жартысында жерге феодалдық меншік қалыптасты, шұрайлы жер, орман-ну кімде мал болса, соның қолына көшті. Феодалдық-патриархалдық езгіге түскен халықты отаршыл патша өкіметі де қанады. Барарға жері, басарға тауы қалмаған бұқара халық әскери, саяси, феодалдық қанауға қарсы күресті. XІX ғ. 30 — 40 ж. болған көтеріліс барысында, менің өз ойлауымша, бұқара халық, негізінен, отаршылдыққа қарсы күресті, қазақ жұртының өз алдына мемлекет болуын, еркін ел болуын аңсаған халық патша өкіметіне де, орта азиялық хандықтарға да қарсы болды, екі майданда арпалысты. Басқаша айтқанда, жер үшін күресті шаруа халық ел бостандығымен қоса қабат қойды. Жоңғарлармен күрес дәуірінде қарадан шыққан батырлар саяси күрестің басты тұлғасы болса, жер үшін күрескен, ел үшін күрескен дәуірде күрестің басты тұлғасы шаруа-бұқара халық болды. Хан Кененің, хан әулетінің бұл қозғалыста өз мүдделері болғаны хақ — ол хан дәуірін қалпына келтіру, үш жүзге хандық системаны орнықтыру. Бірақ, күрестің сол кезеңінде қалың халықтың мүддесі мен хан әулетінің отаршылдыққа қарсы шығуы сәйкес келді. Қазақ халқының XІX ғ. ортасындағы отаршылдыққа қарсы күресінің Шәміл бастаған қозғалыстан айырмасы жоқ емес. Қазақ топырағында қозғалыс басында хан бастаған феодалдар тобы тұрды. Шәміл көтерілісі теократиялық мемлекет шеңберінде жүргізілді. Ал Кенесары төңірегінде дінге құлшынған топ болған емес. Қозғалыс халықтың сана-сезімінің халық болып қалыптасып, өсіп-өніп бір серпіліс алған кезінде өтті. Қазақ елінің Россияға қосылуының біз бұл жерде прогрестік жағын қарап отырған жоқпыз. Қарапайым орыс шаруалары ез елінде жерсіз болды, езгілік тепкісіне түсті. Географиялық шектескен олар қазақ жерінде өздері сияқты езілген шаруаларды көрді, білісті, түсіністі, патша құрылысыңа, әлеуметтік, таптық езгіге бірлесіп, күрес жолына бірге түсті. Тағдыры бір екендігін бұқара халық осылай еңбек пен күрес, бейнет пен тер ұшырасқан жерде білісті, ортақ таптық мүдде ортақ бауырмалдық көзқарасты қалыптастырады. ХГХ т. орта шеніндегі көтеріліс қазақ шаруасының сана-сезімін көтерді, ол оның таптық күрес санасындағы бір белес болып, тарихқа енді. Т.Жұртбаев: - Біз бұл әңгімемізде "Қаһар" романының көркемдік ерекшелігінен бұрын, оның тарихи сипатына көбірек ден қойғанымыз занды да ғой деймін. Өйткені, мұндағы суреттелетін оқиғалардың қиыннан қиысып, майын тамыза баяндалуынан дәл қазір біз үшін сол кездегі халық өмірінің шындығы әлдеқайда маңыздырақ сияқты Ілияс Есенберлин марқұмның да негізгі мақсаты сол болса керек-ті. Бұл шығармадағы көтерілген әлеуметтік мәселе әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. М.Қозыбаев: - Романда автор оқиға өрісін тарихи методологиялық көзқарас тұрғысынан құрған. Хан Кененің көретендігі, қаһарлылығы, қаталдығы, өз табының мүддесіне адалдығы, замана қыспағынан, тығырығынан шығар жол іздеудегі ауыр тағдыры шебер суреттелген. Елім деп еңіреген, халқым деп боздаған, халықтан шыққан қаһармандардың образдары өз алдына бір лек. Кешегі сталинизм рухы санамызды улап, басымызды құрсап тұрған кезде Ілияс ағамыздың көркем әдебиет арқылы халқымыздың тарихының бір белесін көрсетуі рухани ерлік, батырлық дер едім. Ғ.Ахмедов: — Мен тарихшы емеспін, бірақ та өрбір саналы азаматқа өз елінің тарихын жақсы білу парыз, ол тана емес, бүкіл әлем тарихынан да хабардар болуы керек. Өзім жазған тарихи шығармаларға байланысты маған да біраз архивті, тарихи әдебиетті ақтаруға тура келді. Балаларымыз, орысы бар, қазаты бар, бізді білсін деп өз замандарынан біраз мағлұмат қалдырған екен, соларды дұрыс зерттеп пайдалана білуіміз керек. Біз кешегі бір күндері жасқаншақ, жалтақ болып ойымызды ашып айта алмай, "жоғарыдағылар" не дер екен деп, лауазым иелерінің аузына қарап, олар біліп айтса, құба-құп қой, білмей айтса да солардың ыңғайына қарай жығылып келдік. Бірақ нағыз ғылым бұрмалауды көтермейді. Тарихтың күнделікті публицистика сияқты әрқашан өзгеріп жататын уақытша саясаттың жетегінде кеткен кездері болды, енді ондайды қайталамай, ескілікті стереотиптен шығып, тарихи оқиғаларға дұрыс баға бере білуіміз керек. Келесі үрпақтар бізді қайта түзетіп жүрмейтін болсын. Ж.Қасымбаев: - Ғалекеңнің емеуірінін түсініп отырмын. Соның ішінде Е.Бекмаханов тәрізді ғалымдардың кітаптарын жарыққа шығаруға бола ма деген сұраққа төмендегідей жауап берер едім. Әрине, "Казахстан в 20-40 годы XІX века" деген атпен жарық көрген шығарма бірер адамдардың ғана қолында сақталған. Көпшілік қауым кітаптың мұқабасын да көз алдына келтіре алмайды. Дүниеге келе салып, құртылып жіберген осы талантты кітапты мүмкіндігінше жеткілікті тиражбен қайта шығарған жөн болар. Көрнекті тарихшы, марқұм профессор П.Г.Галузоның да "Туркестан как колония" деген атпен 1928 жылы жарық көрген шығармасы өз кезінде батыл еңбектердің бірі болды. Галузоның да тағдыры Бекмахановқа ұқсас... Қайта құру тарих ғылымының райын ерекше көтеріп отыр. Тарихи зерттеулер мен арнайы романдардың, әсіресе, жастарды өз халқының тарихына баулудағы игілік екеніне күннен-күнге көзіміз жетуде. Бұл жөнінде жазушыларымыз бен тарихшылардың алдында тұр. Тарихшылар, әдебиетшілер бірігіп талқылайтын, мәселелер аз ба? Бір тана Есенберлиннің трилогиясы төңірегінде қаншама жыл бойы әр түрлі ойлар айтылып жүр. Тарихи оқиғаларды, кейіпкерлерді көркем әдебиетте бейнелеу жөнінде әдебиетші жөне маман тарихшылардың басын қосатын республикалық конференция ұйымдастыратын кезең келіп тұр. Т.Жұртбаев: - Сіздердің журнал тілегіне көңіл қойып, пікір білдіргендеріңізге көп-көп рахмет. Осы отырыста айтылған жайлардың оқырмандарға да ой саларына кәміл сенемін. Өткен тарихымызды еске алып, санада екшеп, сараға салуымыздың мәнісі — қалай болған күнде де халқымыздың жүріп өткен жолындағы танылмай жатқан қалтарысты-көлеңкелерге сәуле түсіру, жұртшылықтың назарын соған аудару. Өйткені бұл — тек тарих ғылымының еншісіндегі тана мәселе емес, рухани өміріміздің де мүддесін қозғайтын кеңес. Ұлы орыс халқы мен патшалық өкіметтің ара-жігін ажырататын, отаршылдық дейтін кесел болғанын танитын уақыт жетті. Нысанбай, Досқожа мұрасына теріс бата берген, "Зар заман" ақындарының негізгі туындыларына тыйым салынған ескі санадан арылатын уақыт жетті. Революцияға дейінгі кезеңдегі тарихи құбылыстарды дұрыс бағалауымызға байланысты шешілер түйін көп. Біз соның бір тармағын ғана әңгіме арқауы еттік. "Ел ерінен танылады", — дейді ғой. Сол ерлерімізді жұртқа танытпақ түгілі, өзіміз тани алмай жүрген жай бар. Бұл - жалғыз Кенесарыға ғана қатысты сөз емес. Ойланып, толғанудың уақыты өткен. Именетін, қорғалақтайтын кезең де артта қалды. Бүгінгі күн — нақты істің күні. Қайта құру мен жариялылықтың игілігін көрейік, орыс зиялылары айтатын "құлдық санадан" құтылып, еңсе жазатын, жарыққа ұмтылатын "жақсы заманды" зая жіберіп алмайық.

"Жұлдыз", 1990, N7.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙