TELEGEI

Home

Мұсылмандық шарты

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Мұсылмандық шарты

Ислам дінінің негіздерін, адамгершілік пен имандылық қағидаларын қарапайым әрі түсінікті тілмен баяндаған ағартушылық еңбек.

Уа достар, жақсы мінезді болуға тырысу керек. Әуелі ынсапты болу керек. Ынсап деген әр істе аспай, кем қалмай, орташа болмай, әділет деген де осыдан шығады, әр істің орнын тауып істемек те осыдан шығады. Аятта: «ин-нал-лаһа йухиббул-мукситина» — мағынасы: Алла тағала әділдік қылғандарды сүйеді деген.

Бисмил-лаһир-рахманир-рахим!

Өлшеусіз, сансыз ғаламды басында жоқтан бар қылған құдіретінде өлшеу жоқ, теңдес, шерігі жоқ, мінсіз Алла тағалаға сансыз разылық шүкір. Мұнан соң Алла тағаланын, абзал жаратқан ақырзаман пайғамбары Мухаммед Мұстапа салла Аллаһу ғалайһи уә сәлләм хазіретіне салауат. Мұнын, соңында, уа, достар, Алла тағала барша адам баласын бір Алла тағаланың барлығын, бірлігін һәм өзін жаратқан ие екенін біліп, иман келтіріп, құлшылық қылсын деп жаратқан. Аятта: «уа ма халақтул-жинна уал-инса илла ли йағбудуна» — деген, мағынасы: жын менен адамдарды құлшылық қылсын деп жараттым деген. Солайша құлшылық үшін жаралғанды оқығандарыңыз кітаптан, оқымағандарыңыз молдалардан естіп-білген шығарсыздар. Алайда болса, біздің қазақ халқының өз білімінен жазылған кітап жоқ болған соң, ғараб, парсы кітапты білмек түгіл, ноғай тілімен жазылған кітаптарды да анықтап ұға алған жоқ шығар деп ойлаймын. Сол себептен иман, ғибадат турасын шамам келгенше қазақ тілімен жазайын деп ойландым. Бұл кітап әрбір қазақ оқуға оңай болып, әрі оларға пайда, әрі өзіме сауап бола ма екен деп, Алла тағаланың рақыметінен үміт еттім. Әмин. Енді бұрын иман турасын анықтап білу керек. Сол себептен әуелі иман турасын шамам келгенше ұқтырайын.

ИМАННЫҢ МАҒЫНАСЫ

Иман деген Алла тағаланың барлығына, бірлігіне, одан басқа Алла жоқтығына, Мухаммед ғаләйһис-сәләмнің пайғамбарлығына, Құран сөзінің бәрі шындығына анық ықыласпен нанбақ. Иман айтқанда «ла илаһа иллал-лаһу уа Мұхаммаду расулуллаһи» — дейміз. Оның мағынасы: «Бір Құдайдан басқа Құдай жоқ және Мухаммед ғаләйһнс-сәләм Алла тағаланың бізге тура жолды көрсетуге жіберген басшысы», деген болады. Мұның мағынасын білмей, құры айтқанменен иман болмайды және анық, шын наным айтпай, құры тілімен ғана айтылса, о да иман емес. Аятта: «уа мина-н-наси ман йақулу әмәнна бил-лаһи уа бил-йаумил-ахири уа ма хум би муғминина» — деген. Мағынасы: кейбір адам Аллаға һәм акирет болатуғынына иман келтірдім десе де, ішкі ықыласы нанбай тұрған соң, ол мұсылман емес, — деген. Әлбетте, әрқашан шын ықыласпен нанып, иман айтып жүру керек егер де иман дұрыс болмаса, қанша құлшылық ғибадат қылынса да, ол қабыл болмайды. «Иман шарт» деген кішкене кітапта иман һәм тәубе туралы сөздің бәрін анықтап айтқан. Соның ішінде иманның жеті рәкіні бар: «Аманту бил-лаһи-уа малағикатиһи уа құтубиһи уа расулиһи уал-йаумил-аһири уал-қадари хайриһи уа шарриһи мин Аллаһи тағала уал-бағси бағдал-маути» — бұлардың мағынасы: әуелі Алла тағаланың барлығына, бірлігіне нандым, періштелердің барлығына нандым, пайғамбарларына жіберген кітаптарының баршасына нандым, барша пайғамбарларына нандым, ақирет күні болмағына нандым, барша жақсылық, жамандық істер Алла тағаланың тағдырынсыз болмайтұғынына нандым Кәм өлген соң тіріліп сұрау беретұғынымызға нандым. Уа достар! Осы иманды әрқашан айтып, салақ болмай жүру керек. Құранда неше жерде бейіш тақуалар үшін деген. Тақуа деп сақтанғандарды айтады. Адам әр уақыт Алла тағаланың ғазабынан қорқынышта, рахыметінен үмітті болып, қауіп пенен үміттің ортасында болу керек. Аятта: «уадғуһу хауфан уа тамған» — деген. Мағынасы: тілек дұға қылыңыздар, қауіп пенен үміттің арасында болып деген.

АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ БАРЛЫҒЫН АҚЫЛМЕНЕН ОЙЛАП БІЛМЕК

Уа достар! Алла тағалаға біреуден үйреніп, яки ата-бабаның жолымен ұғып, нанып, иман келтірген кісі де мұсылман болады. Олай да болса өз ақылыменен ойлап, осы дүниенің, бір құдіретті күшті иесі болса керек деп, оз ақылыменен дәлел таппаған кісі қатты күнәһар болады және ондай кісі шайтанның азғыруына, біреудің алдауына еріп кетуге жақын тұрады. Құдай тағала баршамызды сақтасын, адам шын ақыл көзіменен қараса, осынша неше түрлі ғаламды жаратқан бір иесі бар екенін біреуден үйренбей-aқ білсе керек. Құранда Алла тағаланың барлығына дәлел аят бек коп, алайда болса ақылмен ойлап білуге бұйырған аятты айтайын. «Құл унзуру мәзә фис-самауати уал-арди» — мағынасы: Айт, әй, пайғамбар, құлдарыма қараңыздар, ақыл көзіменен аспандағы һәм жердегі барша жаралған нәрселерге деген. Әлбетте, соларға қарасаңыз, құдіретінде өлшеу жоқ. Бір иесінің барлығын білесіз. Жағыпар, Садың хазіреттері айтқан екен: Алла тағаланың барлығына бал жиятұғын арадан артық не дәлел керек кішкентай нәрсенің артында бал, аузында уы бар. Ол екеуі таусылмайды да, бір-біріне қосылмайды, — деген. Және шайқы Сағди деген кісі айтқан парсыша бейіт: «Барк дарахтан сөз дар назар-и-хушияр-һәр варқыш дәфтер ист маруфат қард қор». Мағынасы: ағаштың жасыл жапырағына ақыл көзіменен қарасаңыз, әрбір жапырағы Алла тағаланы білдіруге бір кітап сықылды емес пе? — деген. Және адам ойлау керек: осы мені кім жаратты деп? Сонда анық біледі: өзіндей бір адамзат жаратпағанын, әкем жаратты деуге де болмайтұғынын. Әкем себеп болды десе, оның, әкесінің жаратылуына кім себеп болды? Сөйте-сөйте Адам пайғамбарға кім себеп? Ақырында барша себептерді бірінен бірі себеп қылып жаратқан бір құдіретті күшті ие керек болады. Сол ие — Алла тағала. Және адам ойлау керек: қайдан шықтым, не үшін жаралдым, түбінде не боламын деп. Осылайша ойлағанда, әлбетте, жоқтан бар қылып бір құдіретті, күшті Алла жаратты. Не үшін жаратты? Жаратқан иесін біліп, соған құлшылық қылсын деп жаратты. Ақырында не қылады? Кімде-кім жаратқан иесінің әміріне мойынсұнып құлшылық қылса, оны құp қалдырмай таусылмас рахат берсе керек. Егерде әміріне мойынсұнбаса — оған таусылмас ғазап қылса керек. Неге десеңіз, осынша ғаламды босқа жаратудың қисыны жоқ. Ақырында жоқ болып кететұғын қылып жаратпаса керек. Онда әншейін бір ойын сықылды болады ғой. Аятта ұқтырып айтқан: «уа ма халақнас-самаға уал-арда уа ма байнаһума лағибина» . Мағынасы: Аспан менен жерді һәм оның арасындағы барша нәрселерді ойнап жаратқаным жоқ, — деген. Енді жоғарғы аяттың мағыналарын һәм айтылған дәлел сөздерді анықтап ұғып ойласаңыз, Алла тағаланың барлығына шексіз көңіліңіз нанар.

АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ БІРЛІГІН АҚЫЛМЕН ОЙЛАП БІЛМЕК

Уа достар, Алла тағала жалғыз, одан басқа Алла жоқ. Мұны да ақылмен ойлап білу керек Құранда бұл туралы аят көп. Олай болса да ақылмен білуге ұғындырған аятты айтайын: «лау қана фиһима алиһатун нллал-лаһу лафасадата» — мағынасы: егер де дүниеде екі Құдай болса, дүние бұзылар еді деген. Және бір аятта: «маттахазал-лаһу мин уаладин уа ма қана мағаһу мин илаһи изан лазаһаба құллу илаһим бима жалақа уа лағала бағдуһум ғала бағди субханал-лаһи гамма йасифуна» — мағынасы: Алла тағаланың баласы жоқ және бір Алладан басқа Алла жоқ, егер де басқа бір Алла болса, әрқайсысы өзінің жаратқан нәрсесіменен кетер еді де, бірін-бірі жеңер еді, Алла тағала мұндайлардан таза деген. Енді ойлап қараңыз, егерде Алла екеу болса, бір Алла бір нәрсені бар болсын десе, бір Алла жоқ болсын десе, сол нәрсе бар болар ма еді, яки жоқ болар ма еді? Әлбетте, бірінің айтқаны болмай қалады ғой. Айтқаны болмай қалғаны Алла болуға лайық болмайды. Сол себептен Алла тағаланын жалғыз екені мағлұм болды, егерде біреу серіктесіп жаратады десе, бұл да бос сөз, оның үшін серікке мұқтаж болған соң, оның да Алла болуға лайығы жоқ. Және бір аятта: «инна масала гиса индал-лаһи қамасали адама халаңаһу мин турабин сумма қала лаһу күн фа йакуну». Мағынасы: анық Иса пайғамбарды Алла тағаланың жаратқаны Адам пайғамбарды жаратқанындай, Адам пайғамбарды топырақтан жаратып тұрып, адам бол деп еді, адам болды. Сол сықылды Ғайса пайғамбарды Мариям ананың қарнында бала бол деп еді, бала болды деген. Және бір сөз: Алла тағала пайғамбарларға өзге адамның қолынан келмейтұғын істерді істеуге мұғжиза берген һәм әулиелерге керемет берген, бұлардың себебі бенделеріне тура жолды көрсетуге пайғамбарлардың пайғамбар екеніне дәлел болсын деп, әулиелердің күнәдан тазалығының кәдірін көрсетпек үшін бұлар да бендесіне рахыметі.

АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ СИПАТТАРЫН БІЛМЕК

Уа достар! Жоғарғы сөздерден Алла тағаланың барлығын һәм бірлігін білдіңіз, енді сипаттарын айтайын. Алла тағала бар, өздігінен бар, біреу бар қылған емес, барлығының алды жоқ, бұрыннан бар, арты да жоқ ешқашан жоқ болмайды, өлмейді, тозбайды, өзгермейді. Алла тағала жалғыз, не серігі жоқ, не теңдесі, ұқсасы жоқ және еш нәрсеге ұқсамайды. Кітапта бүл алты сипатын — затия сипаты дейді. Олар мынау: бар, өздігінен бар, бұрыннан бар, жоқ болмайды, жалғыз, еш нәрсеге ұқсамайды. Бұлардан басқа кітапта субутия деген сегіз сипаты бар. Олар мынау: тірі, білімді, құдіретті, талап қылушы, яғни бір нәрсенің болғанын ұнатушы, болғызушы, яғни бар қылса да, жоқ қылса да сөйлеуші, естуші, көруші. Бірақ бұл сипаттары адамдарға ұқсамайды. Мәселен, біздің тіршілігіміздегідей денеменен емес, біздің құдіретіміздей қол-аяқ яки қарумен емес, біздің біліміміздей ойменен, көзбенен, яки біреуден ұғып емес. Ақыры өзінің еш нәрсеге ұқсамағаны сықылды сипаттары да өзгенің сипатына ұқсамайды. Және кітапта сәлбия сипаттары деген болады. Олар: ұйықтамайды, өзгермейді деген сықылдылар. Оны ешбір кемшілігі жоқ десе содан ұғуға болады. Ақырында бәрін жиып айтқанда, Алла тағаланың сипаттары кемшіліксіз, білімді, құдірет десе ұғарсыз.

АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ПЕРІШТЕЛЕРІНЕ НАНБАҚ

Періштелер Алла тағаланың жаратқан құлдары, әрқайсысы әрбір кызметте. Олар күнә қылмайды. Олардың да абзал жақсылары, пайғамбарлары бар. Жәбірейіл, Ысрапыл, Әзірейіл, Мікәйіл дегендер періштелер Алла тағаланың өміріменен әр түрлі суретке кіріледі һәм көзге көрінбей де кетеді. Алла тағала оларды біздің денеміздей қылып жаратпаған. Ондай денелерді кітапта «аджсам латифа» дейді. Періштенің барлығына нанбайтұғын қосыны жоқ. Жын, сайтан, пері дегендерге де нанылады ғой, пайғамбарға нансаңыз, Құранға нансаңыз, бәрі де рас болады. АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ПАЙҒАМБАРЛАРҒА ЖІБЕРГЕН КІТАПТАРЫНА НАНБАҚ Алла тағала бенделеріне тура жолды ұқтыру үшін әрбір заманда пайғамбарлардың қайсыбіреулеріне кітап жіберген. Оның үлкені төртеу: бірі біздің пайғамбарымызға жіберген Құран, біреуі Мұса пайғамбарға жіберген Тәурат, біреуі Дәуіт пайғамбарға жіберген Забур, біреуі Ғайса пайғамбарға жіберген Інжіл және бұлардан басқа сухуф дегендері бар. Адам пайғамбарға, Ибраһим пайғамбарға дегендей әрбір біреулеріне жіберілген. Солардың бәрін де рас деп тану керек. Бұл кітап дегендер біржолата кітап болып келген емес, Алла тағаланың періште арқылы пайғамбарларына білдірген сөздері, әмір бұйрықтары. Соны кітап қылып жазылған. Біздің пайғамбарымыз Мухаммед Мұстапа салла Аллаһу ғаләйһи уә сәлләм соңғы ақыр заман пайғамбары болған соң соған жіберілген. Құранның сөзімен ғибадат құлшылық қылмақ дұрыс болған. Мұнан соң еш пайғамбар болмайды. Сол себептен өзгеден өзге шапағатпен жүруге дұрыс емес. Құранның сөзі бұрынғы кітаптардың кемін толтырып, кейінгі заманына қарай біржолата бекітіп айтылған.

АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ПАЙҒАМБАРЛАРЫНА НАНБАҚ

Уа достар, Алла тағала бенделеріне тура жолды көрсетпек үшін әр заманда пайғамбар жіберген. Әуелі Адам пайғамбар, ақыры біздің пайғамбарымыз Мухаммед Мұстапа салла Аллаһу ғаләйһи уә сәлләм. Бұл екеуінің ортасында көп пайғамбарлар болған. Оның санын білмек бізге міндет емес, қанша болса да Алла тағаланың жіберген пайғамбарларының бәріне де нандым дейміз. Олардың ішінде Құранда аттары айтылған жиырма сегізінің атын білмек керек. Олар мынау: Адам, Нұх, Худ, Лұғ, Зүлкифіл, Салың, Ибраһим, Аюб, Исмағыл, Исхақ, Жүніс, Ыдырыс, Жақып, Жүсіп, Ілияс, Әлиасағ, Дәуіт, Сүлеймен, Мұса, Харун, Яхия, Ғайса, Шуғайб, Зікірия, Мухаммед салла Аллаху ғалайһим ажмаин, Ғұзайр, Лұқпан, Зұлқарнайын — бұл үшеуін кейбіреулер пайғамбар деп, кейбіреулер пайғамбар емес деген. Сол себепті анығын Алла білер дейміз де қоямыз. Енді көбінесе иманның дұрыс болмағы пайғамбарға нансақ — Құранға нанасың. Құранды Құдай тағаланың сөзі деп пайғамбарымыз үмбетіне айтып білдірген, Құранға нанған соң бәріне нанғаның болады және Алла тағаланың барлығына нансақ — пайғамбарға да нанасың. Себебі: барша адам баласын Алла тағалаға құлшылық қылсын деп жаратып қойып, мынау жақсы - мұны қылсаң рахыметіме жолығасың, мынау жаман — мұны қылсаң қаһарыма жолығасың деп білдірмей, өздерің білсең біл, білмесең қой дегені лайық болмайды. Дүниеде не нәрсе бар болса, соның бәрі адам үшін жаратылған, не нәрсе болса да адамның не пайдасы, не залалы үшін. Сол себептен аятта айтқан: «уа саххара лақұм ма фис-самауати уа ма фил-арди». Мағынасы: аспандағы һәм жердегі нәрселердің бәрін сіздерге үйреттім, яғни сендер үшін жараттым деген. Енді солардың қайсысы сауап, қайсысы күнә, қайсысы пайда, қайсысы задал екенін Алла тағала адамның өзіне пайғамбар хабаршы жіберіп, бенделеріне білдіргені анық ақылға дұрыс. Енді біздің пайғамбарымыздың пайғамбар екеніне ешбір күдік жоқ. Аятта айтқан: «уа из қала Иса биу Мариама иа бани-Исраила инни расулул-лаһи илаикум мусаддиқан лимма байна йадаийа мин ат-таурати уа мубашширан би расулин иағти мин бағдисмуху Ахмаду» . Мағынасы: қашан Ғайса ғаләйһис-сәләм айтты: Әй, бани Исраил қауымы, мен сіздерге Алла тағаланың, жіберген пайғамбары мен менен бұрынғы Мүса «ғалайһис-саламға» келген Тәуратта айтылған һәм менен соңғы келетұғын бір пайғамбардың хабарын білдіремін сіздерге. Оның есімі, яғни аты Ахмад, яғни Мұхаммед «ғаләйһис-сәләм» деген. Және біздін, пайғамбарымыз ешкімнен оқымай, үйренбей бұрынғы пайғамбарымыздың һәм канша халықтардың не халімен өткенін білгендігі пайғамбар екеніне үлкен дәлел емес пе! Сол уақыттағы Тәурат, інжіл оқып жүргендер сынамақ үшін неше түрлі сөздерді сұрағанда һәммасына жауап берген және дінінің хақ растығынан қайдағы білімді ақылдылар дініне кіріп, мұсылман болып, азғана заманның ішінде қаншалық жерге мұсылман діні жайылын кеткені де не малменен емес, не әскерменен емес, яки бұрыннан тұқымынан патшалықпен емес, жалғыз ғана мұсылман дінінің хақтығы һәм өзінің пайғамбар екенінің растығы емес не? Және осынша істерді дүниелік үшін қылды деп те айтуға болмайды. Оның үшін өзі халықты біліп тұрғанда неше күндей аш жүріп, тамақты да жөндеп жемейді. Тамақтың жоқтығынан үйіне неше күнде от жағылмай, құр су менен құрманы қорек қылып жүре береді. Кәпірлерді жеңіп алғандағы олжа қазыналардың бес еседен бірі қазынаға алынады, оны ұстап ішіп-жесе, ешкім бөгет болмайды. Сонда да бір тиын алмай, ішкен асы арпа ұны болып, киген киімі жамаулы болып, өзі дүниеден өткенде түк малы қалған жоқ. Кебісін өзі жамап киюші еді. «Алфукару фахри», яғни мақтаным кедейшілігім деп көбінесе пақырлары мен жетімдерді құрметтеуші еді. Мұнан артық не дәлел керек. Аятта біздің пайғамбарымыз туралы Алла тағала айтқан: «уа ма арсалнақа илла рахматан ли-л-ала-мина» . Мағынасы: мен сені барша ғаламға рахыметім үшін пайғамбар қылдым деген. Және Құраннан артың не мұғжиза керек. Әрі дүниедегі адамшылыққа, әрі ақиреттегі аманшылыққа керек сөзден айтылмағаны жоқ болса да, ақыл-ғылымның жайын содан артық кім ұқтыра алады! Содан артық қандай низаммен дүние түзіліп тұра алады!

АХИРЕТ КҮННІҢ БОЛМАҒЫНА НАНБАҚ

Ахиретте тексерілмегіміз таразы-сират кәпірі, қылған істеріміз дәптерге жазылып берілмегі баршасы рас. Құдай біліп тұрса да, адамдар білмейді. Сол себептен әбден армансыз қылып істеген ісімізді мойнымызға анықтап салып, раңым қылса, әділетін барша халыққа бірдей білгізіп, әркімнің лайық орнына жібереді. Аятта: «куллу шайғин халикун илла уаджһаһу» — мағынасы: бір Алланың өзінен басқа нәрсенің бәрі пәлек болып бұзылады деген. Ахиреттің болмағы анық адам өлсе де, жан өлмейді, бейіш пенен дозаққа кірген соң тіпті өлім жоқ, біржолата қалады. Аятта: «халидайна фиха абадан» — деп неше жерде айтылған. Мағынасы: біржолата қалады бейіште де һәм дозақта да деген. Және аятта: «уа надагул-мауазинал-қиста ли иаумил-киямати фала тузламу нафсун шайған уа ин қана мискала хаббатин мин хардалин-атаина биһа уа кафа бина хасибина»14 — деген. Мағынасы: қоярмыз қияметте әділ таразыны ешкімге залым қылынбас еш нәрседен. Тарыдай кішкенесі болса да таразыға келтіріп салынар, бәрінің де есебін табармыз деген. Әлбетте, солай болғаны ақылға да дұрыс. Осынша ғаламды жаратып, ақырында тексерусіз, ешбір мақсұтсыз қалуға лайық болмайды. ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ТАҒДЫРЫНСЫЗ БОЛМАЙДЫ ДЕП НАНБАҚ Уа достар, жақсылық жамандық әрне іс болса Алла тағала болсын демей болмайды. Бұл сөзді бек анықтап ұғу керек. Осының мәнісін білмей, теріс ойлайтұғындар көп. Кейбіреулер адамда түк серік жоқ, әрне қылса Құдай тағала қылғызады деп, Алла тағаланың бендеге берген ерік пенен талабын танады. Бұл теріс, кейбіреулер жақсылық жамандықты басында жаратқан Алла тағала, сол себептен бәрі Алладан дейміз. Одан басқа Алла тағала дүниедегі бенденің ісіне тіпті кіріспейді. Бәрін де жаратты да, пайғамбар артықты ұқтырды да қойды. Бенде өзі сүйгенін қыла береді дейді. Бұл ой да теріс ой. Және кейбіреулер біздің не қылатұғынымыздың бәрін де Алла тағала өзі әрқашан біліп, лаухул-махфузға жазып қойды. Оны қылмай кетуге бендеде не ерік бар дейді. Бұл сөз де ақылсыздықтан айтылады. Бұл үш түрлі сөздің жауабы оңай — әуелі адамда түк ерік жоқ деген кісіге айтамыз: адамда тук ерік жоқ болса, бенденің ғибадатына сауап, күнәсіне азап қылғаны әділет емес болады. Себебі бәрін Алланың өзі қылғызып, біріне сауап, біріне жаза қылғаны дұрыс болмайды ғой. Аятта: «иннал-лаһа ла йазлимун-наса шайған уа лакиннан-наса анфусаһум йазлимуна» . Мағынасы: анық Алла тағала бенделеріне залал қылмайды еш нәрседен. Бірақ бенделер өзіне өздері залал қылады деген. Енді осыдан ойласаңыз, Алла тағала бендеге еріксіз іс қылғызып, ол үшін сауап, не жаза қылмайды. Және аятта: «инна һадайнаһус-саби-ла имма шақиран уа имма кафуран» — деген. Мағынасы: біз көрсеттік тура жолды бенделерге, мейлі шүкірлік қылын мұсылман болсын, мейлі қарсылық қылып кәпір болсын дегені. Және бір аятта: «уа ан лайса лил-инсани илла ма саға». Мағынасы: адамға өзі ықыласыменен ұмтылмай тұрып еш нәрсе жоқ деген. Енді бүл сөзге бір дау айтылады, өйтіп бендеге іс қылса да өз ерігі болатұғын болса, дүниеде Алла тағаладан тілек тілемек бекер болмай ма, не себептен тілек тілеуге бұйырылған десе, бүл сөзге айтамыз: жоқ, бенде біржолата өзінің ойлаған ісінің бәрін істеп, орнына келтіруге құдіретті емес. Ол істі орнына келтірмек Алла тағаладан өзінің талабына ғана ерікті болды дейміз. Олай болса, Алла тағала бенденің бір арам іске талап қылғанын неге орнына келтіреді, онысы арамға жәрдем қылғаны болмай ма десе, абыз етеміз. Ол жәрдем қылғаны емес, қаһар қылғаны. Себебі ол кісіге пайғамбар арқылы, молдалар арқылы артықты ұқтырып, білдіріп тұрса да, болмай, нәпсісіне еріп қызығып, ұмтыла берген соң, Алла тағала ңаһар қылып, ол іске бөгет қылмай қоя береді. Сол себептен аятта айтқан: «уа назаруһум фи туғйаниһим йағ-маһуна». Мағынасы: оларды өздерінің бұзықтығына қалдырармыз, қайран болар да қалар деген. Енді дүниедегі іске Алла тағала кіріспейді деген кісіге жауабымыз — егер де олай болса пайғамбарды жоқ дегенің болады. Себебі пайғамбар да әншейін өз дегенін бір себептен болған болады. Оның үшін Алла тағала дүние ісіне кіріспеген соң, қалайша пайғамбар жібереді. Және сауап, күнә, тілек — бәрі бекер болады. Себебі Алла тағала дүние ісіне кіріспесе, тілекті де бере алмайды. Және әр нәрсе себебін болған болып, сауап іс қылғанға разы болып, рахымет қылып, обал іс қылғанға жаза қылудың да қисыны жоқ. Оның үшін мұның күнәкар болғанымда бір себеппенен, яки әкім себеп, яки жолдасым, яки тұрған жерім жаман болды. Сондықтан күнәкар болдым, оны кімге тартқызады. Аятта: «уа ла тазиру уазиратун уизра ухра». Мағынасы: біреудің жүгін біреу көтермейді деген, егер де аятқа тоқтамасақ, ақылға да лайығы жоқ. Себебі менің күнәмді себеп болған біреуге көтертсең, оған да біреу себеп болып, ақырында Адам пайғамбарға да бір себеп керек болады. Сол себептен бұл сөздің де түбі теріс болады. Енді Алла тағала біздің не қылатұғынымызды біліп қойған, оны қылмай кетуге болмайды деген сөзге жауабымыз — бұл сөзді сөз емес дейміз. Себебі Алла тағаланың сен не қылатұғыныңды білгені — саған зорлық қылғаны емес, қыл деп қылдырғаны да емес, ғылымның зор болғандығына білдіргені саған ғұзыр болмайды, адамның да ақылдысы — сен ысырап қылып бар малыңды орынсызға шашып жүрсең, аздан соң кедей болатұғынынды біледі. Сен біліп істеген соң кедей болдым деген дауың жөн бола ма. Сол сықылды сөз. Алла тағаланың білгендігі — саған қыл дегені емес. Сол себептен бұл сөзің сөз де емес. Енді молдалар да аят, хадис сөзіменен дау айтып, талас шығаратұғын болады. Кейбіреу біле тура ғылым салыстырмаң болады. Ол бек жаман. Кейбіреулері мағынасын анықтап шеше алмай да қалады. Ол дауласатұғын аяттар мұндайлар. Аятта: «уа ла йарда ли ғибади-һил-куфра» . Мағынасы: Алла тағала разы емес құлдарының күпір болғанына деген. Және бір аятта: «ма асабақа мин хасанатин фа миналаһи уа ма асабақа мин сайи-ғатин фа мин нафсика» - мағынасы, не нәрсе жақсылық келсе саған, оны Алла тағаладан деп біл. Не нәрсе жамандық келсе саған, оны оз нәпсісінен деп біл деген. Және бір аятта: «ма асабақа мин мусибатин илла бизнил-лаһи» . Мағынасы: не қайғы келсе саған, Алла тағаланың рұқсатымен келді деген. Және бір аятта: «уа туғиззу ман ташағу уа тузиллу ман ташағу» . Мағынасы: Алла тағала қайсыбір бендесін құрметті қылады деген. Және бір аятта: «уа литуджза куллу нафсии би ма қасабат уа һум ла йуз-лимуна» — мағынасы: әр бенде өзінің қылған ісіне қарай жазаланады, оларға ешбір залал қылынбас деген. Және бір аят: «ин ахсантум ли анфусикум уа ин асағтум фа лаһа» — мағынасы: егер жақсылық қылсаңыз өзіңіз үшін, егер жаманшылық қылсаңыз және өзіңіз үшін деген. Булардан басқа да осындай аяттар коп. Енді осы айтылған аяттар бірі-біріне қарсы сықылданса, олар қарсы емес, бәрінің шешуі мынау: бенде өз талабына ғана ерікті, сол себептен қылған ісіне не сауап, не жаза көреді, бірақ ол ісі орнына келер-келмесі Алладан. Сол себептен, жақсылық орнына келсе, пайғамбар жіберіп, ақыл мархамат қылып орнына келтірген Аллаға шүкірлік қыл дегені. Егерде жаманшылық орнына келсе, Алланың тыйғанына болмай, нәпсіме ерген coң қаһарына жолықтым-ау деп шүбә қыл дегені. Бәрі Алладан дегеніміз — Алла тағала болсын демесе, бірде-бірі болмас еді деген соң. Бірақ не істі не себептен орнына келтіргенін, не істі не себептен орнына келтірмегенін біз тексеріп, бәрін біліп отыруға жол жоқ. Оның үшін біз жаратқан құлымыз, құлының ықыласын, талабын Алла тағала өзі сынап, өзі өлшейді, біз өлшей алмаймыз. Сол себептен аятта: «фағ-будуһу уа тауаққал ғалайһи» — деген. Мағынасы: құлшылық қылдағы, Аллаға тәуекел қылып, ісіңді бір өзіне тапсыр да қой деген. Және анықтап ұғу керек Алла тағала ешқашан бенденің көңілін жаман іске аудармайды. Жаман істі бенде өзі нәпсісіне еріп, шайтанның алдауына еріп, талап қылады. Оны Алла тағала көрмеуі де шариғат һәм молдалар сөзіменен тыйып, жасырын да ойы жүрегіне сезгізіп тыяды, оған да болмай ұмтыла берген соң, қаһар қылса тоқтатпайды. Жақсылыққа әрқашан бұйырып һәм көңілін де соған аударады. Тілегі дұрыс, жүрегі таза бендесін бірде болмаса, бірде түзу жолға салады.

ҚИЯМЕТТЕ ТІРІЛМЕККЕ НАНБАҚ

Уа достар, қашан қиямет болғанда Алла тағала бұрынғы-соңғы барша адам баласын тірі күніндегі денесінен қалған бір әсерінен денесін қайта жаратып, жанын денесіне кіргізіп, тірілтіп, махшар майданына, яғни тексеріп сұрау алатұғын орынға жаяды. Бүйтіп тірілмек қалайша мүмкін болады демек бек ақымақтың болады. Оның үшін осынша барша ғаламды басында жоқтан бар қылған Алла тағала өліп қалған дененің не иісі, не тозаңы дегендей бізге көрінбейтұғын бір әсерінен бір зат қалдырып, содан қайта жаратуға құдіреті жетпей ме? Қасқыр жесе де, ота күйсе де, одан бір әсер қалдыра алмайды дей алмайсыз. Бұған нанбайтұғын ешбір қисыны жоқ. Және бұған аят дәлел, Құранның бастан-аяқ бар сөзі осыған дәлел болады. Ақыл дәлел жоғарыда да айтылған. Тірілтіп, тексермейтұғын болса, дүние бір ойын сықылды болады. Және басқа бір денені жаратып, соған рахат пен азап көрсетуге делінсе, ол да лайық емес.

АҚИҚАТ ТУРАЛЫ БІЛМЕГЕНІ БОЛСА КЕШІКПЕЙ СҰРАП БІЛМЕК

Уа достар, кімде-кімнің көңіліне осы иман ықтиқат туралы бір күдік шүбә кірсе — оны кідірмей тез сұрап, ғалымдардан ізденіп білу керек. Олай қылмаса, иманға салақтың қылған болады. Салақ кісі түбі жоқ шелекпенен бірдей, оған құйған ас тоқтамаған сықылды салац кісінің иманын берік деп айта алмаймыз. «Ат-тауаккафу йамнағу ат-тасдика» — дегеннің мағынасы: дағдарын қалу-білуді, нануды тоқтатады деген. Және күпір боларлық ойларды да ойлай беру керек емес. Оның үшін бенде өзінің ақылы жетерлік жерге шейін ғана ойлағанда Құранның аятына, пайғамбардың анық хадистеріне һәм бұрынғы әулие мужтаһидтардың пәтуасына сүйеніп отырып ойлау керек. Олай болмағанда, ақылы жетпейтұғын нәрсені білемін деп шәк шүбә қыла берген ой адамды тез адастырады. Мәселен, Алла тағаланың барлығын, бірлігін, құдіретінің зорлығын, кемшіліксіз екенін һәм сипаттарын білгеннен соң, Алла қандай екен, қайда екен, не қылып түр екен дегендей ақымақтық ой дан зинһар аулақ болу керек оның үшін бір Алла тағаланың ақылымыз жетпейтұғын затын білмек түгіл, өзіміз үшін жаратылған дүниенің мың-миллионнан бір нәрсенің қасиет, сырын, пайда-залалын біле алмаймыз, күр табылмасты іздеген сықылданып, босқа қаңғырған жаман адастырып, теріс жолға кетеді. Сол себептен, аятта айтқан: «йа айюһал-лазина аману-джтанибу каси-ран миназ-занни анна бағдаз-занни исмун» — мағынасы: ай, мұсылмандар, орынсыз көп шүбәланып, ойлай бермеңіз. Оның үшін кейбіреуі күнәға батырады деген. Және бір аят: «инназ-занна ла йуғни минал-хаққи шайған» — мағынасы: шәк қылып ойлай берген ой ақ жолға пайда болмас деген. БАРША ҒАЛАМДАҒЫ НӘРСЕЛЕР АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ЖОҚТАН БАР ҚЫЛҒАНЫ Уа достар, Алла тағала бұл дүниедегі нәрселерді басында жоқтан бар қылған. Бір Алланың өз затынан басқаның бәрі Алла тағаланың жаратқан мақұлығы. Жоқтан қалайша бар қылады деп ойлау жарамайды. Оның үшін бар нәрседен бар қылып бір нәрсе шығармаң бенденің де қолынан келеді. Мәнісін білген білімді, өнерлі жандар Алла тағаланың жаратқан нәрселерінен адамның ақылы жете алмайтұғын, таң қалғандай нәрселер істейді. Мәселен, телеграф, телефон, граммафон дегендердің бәрі жердің бір шетінен бір шетіне хабар береді, бірі адамша сөйлейді. Алла тағала ондай бардан бар да қылады, машина себеп керек қылмайық. Және жоқтан да бар қылады, дүние бұрын бар нәрседен жаралды десең, оны бар қылатұғын бір ие керек. Егер иесіз өзі бар болды десең, онда даһри дегендердің сөзі сықылды бір теріс ақымақтың болады. Даһарлар дүние өздігінен бар болып, ескірген сайын бір нәрседен бір нәрсе жаралды дейді. Бүл тіпті теріс жол, оның үшін басында түк жоқ болса, неден бар болып, неден ескіреді және айтып иесіз жаралған нәрседе тәртіп болмайды, оны үйретіп тұрған Алла десе, Алла тағаланың өзі жаратып, реттеп тұруы дұрыс. Егерде дүние бар болмағанда Алла тағала өзі қалайша бар болады десе, бұл қаңғырғаны болады. Себебі Алла тағала жаратушы құдіретті ие. Дүниенің өз-өзінен бар болғаны бек дұрыс. Және дүниеде бұрыннан бар шығар десе, о да теріс. Себебі оған бір ие болмаса, құры өзі не құдіретіменен бар болады, содан байқаңыз, дүниенің бәрі Алла тағаланың жаратқаны екенін.

ҚАБЫРДА ЖАУАП СҰРАМАҚ ҺӘМ ӘЛІМСАҚ ДЕГЕННІҢ МАҒЫНАСЫ

Уа достар, адам өлгеннен кейін мүңкір-нәңкір деген періштелер келіп, сұрау алады. Сонда Құдайың кім, дінің қай дін, пайғамбарың кім деп, сондайларды сұрайды. Мұның жауабын осы күннен ұғып, жатқа үйрену керек. Қабірге кірмек ақиреттің алғашқы есігі есепті, сонда түзу жауап бере алсақ, Алла тағаланың жарылқағанының белгісі сол. Құдайым — барша ғаламды жоқтан бар қылып жаратқан, серіксіз, мінсіз жалғыз Алла тағала, пайғамбарым — ақыр заман пайғамбары Мұхаммед Мұстапа салла Аллаһу ғаләйһи уә сәлләм. Дінім — ислам діні. Кітабым — Құран. Құбылам — бет Алла, ықтиқатта, яғни иман турасында мазһабым ахлул-суннати уал-жамағати, яғни пайғамбарымыздың сүндетіменен болған қауым, ғибадатта мазһабым имам Ағзам рахматул-лаһи ғалаиһи, оның шын аты Нұғман. Мұхаммед ғаләйһис-сәләмнің үмметімін. Ибраһим ғаләйхис-сәләмнің милләтіненмін. Мұның себебі, ислам дінінің басы Ибраһим пайғамбардан басталған. Аятта айтқан: «тат-табаға миллата ибраһима ханифан» — мағынасы: үйреніңіздер Ибраһим ғаләйһис-сәләмнің милләтіне деген. Анық әлмисактан бері мұсылманмын. Бұл әлмисақ дегенді біздің қазақтың, көбі білмейді, мұны анықтап ұғу керек. Құдай тағала Адам пайғамбарды жаратқаннан кейін, қияметке шейін адам баласынан қанша жан жаралатұғын болса, солардың бәрінің жандарын Адам пайғамбардың аркасынан шығарып алып, оларға ацыл, ерік беріп, бәрінен де сұраған «әләсту би раббикум», яғни мен сендердің Құдайың емес пе деп. Сонда «қалу бәлә»30 — яғни бәрі де айтты, рас, бізді жаратқан Құдайымыз — сен деп. Сол иманды кітапта — иман фітри дейді. Сол себептен кәпірлердің күнәға батпай, жасында өлген балалары бейішке кіреді. Бастапқы — фітри иманын бұзбай өлген үшін. Және сонда барша жандардан Алла тағала уәде алған, дүниеге адам болып келгенде сол иманын бұзбай құлшылық қылып, күнәдан таза болып, Алланың бұйрығына мойынсұнуға. Сол уәденің атын әлмисақ дейді — аятта: «уа кад ахаза мисакакум ин кунтум мұғминина»31 — мағынасы: Алла тағала сіздерден уәдені анық алды. Сол уәдені бұзбай, мұсылман болсаңыз деген. Енді бұл дүниеге келгенде, солардың бірталайы уәдесін бұзбай, таза мұсылман болды, бірталайы дүниеге алданып, шайтанға еріп, антын, уәдесін бұзып, кәпір болды. Бірталайы иманын бұзбаса да, нәпсіге еріп, біз сықылды күнәкар бенде болып, бір Алла, өзің кеш, жарылқа деп зарлап жүр. Алла тағала күнәмізді өзі ғапу қылсын, Әмин.

КҮПІР БОЛАТҰҒЫН ІСТЕРДЕН САҚТАНБАҚ

Уа достар, зинһар күпір болатұғын істерден қатты сақтану керек. Әуелі қалжыңмен болса да, ашумен болса да, ешбір жолменен Алла тағалаға серік қосу жарамайды. Тіл тигізу жарамайды. Кейігенде, наза болғанда Алла тағалаға кейіген жарамайды, көбінесе адамның өз кемшілігінен болған нәрсені Құдайдың құдіреті деп кейиміз, сол бек жаман. Кейбіреу, тіпті, бүйткенше жаратпай-ақ қойса нетті дейді. Құдай сақтасын, бұл тіпті жаман сөз. Бір нәрсені сындырып, яки бүлдіріп алған кісі де, ай, Құдайдың ісі деп айта салады, Құдайдың тағдырыңсыз еш нәрсе болмаса да, сөздің мағынасы жаман қылып айтылған жарамайды. Өзімнің айыпсыздықпен, яки білімсіздігім себеп болды деу керек. Қайдағы жақсы істі өзім қылдым деп мақтанып, залал, яки жаман болған нәрсені Құдай тағалаға, яки біреуге жабатұғынымыз қатты ақымақтық. Аятта айтқан: «уа иза азақнал-инсана минна рахматан фари-ха биһа уа ин тусибһум саййиатун бима қаддамат айдиһим фа иннал-инсана кафурун» — мағынасы: қашан біз адамдарға рахыметімізден таттырып жақсылық мақтанып қуанады. Егер бұрынғы қылмысы үшін бір қайғы көрсе, берген нығметімізді ұмытып, шүкір қылмайды деген. Және зинһар ауыз боқтағаннан сақтанын,ыз. Мұсылман адамның, аузы иман, тәсбихтің орны күпір болатұғын нәрсе және зинһар, бақсы, құшнаштан бал аштырудан қатты сақтану керек. Оның үшін оған нансақ, кәпір боласың, нанбасақ, оның керегі не. Одан басқа ермек жоқ па. Аятта: «иннамал-хамру уал-майсару уал-ансабу уал-әзләму риджсун мин амалиш-шайтан» — мағынасы: арақ, ұтыс ойын, Құдайдан басқаға шоқынған һәм бал ашқан — бұлардың бәрі арам, шайтанның жұмысы деген. Осы аятты ести тұра баксы-балгерге бал аштырып, аластатып баққызған жарай ма? Ондай кісіні анық мұсылман деп айта алмаймыз. Шатағым жоқ, әншейін қыламын деген кісіге сене алмаймын. Нанбағаны рас болса, аулаң жүрсін, - одан да ауру болса, оқыған, білген дәрігерге қаратып, Алла тағаладан шипасын бере көр деп сұрасын. Баксы, балгер туралы пайғамбарымыздың хадисі: «лайса минна ман тутайяру ау тутайяру лаһу ау тукаһһину ау тукаһһану лаһу ау тусаджжиру лаһу уа ман ата каһинан фа садақа бима йакуму фа кад кафара бима анзала аллаху ис салауату уас-салам» — хадистің мағынасы: кімде-кім бір нәрсені арам қылса, яки арам қылдырса, яки бал ашса, яки бал аштырса -олар менің үмметім емес, яки сиқыр қылдырса — олар менің үмметім емес және біреу бір бақсыға бал ашқызып, соның айтқанына нанса, анық кәпір болды, Құранға нанбағаны үшін деген. Құмалақ салған, жауырын жаққан, бір нәрсені арам қылған, бәрі солардың жолдасы. Бәрінен де аулаң болу керек осындай нәрселер адамды жаман үйретіп, не болса соны әдет қылғызып, бейне бір сондайдан бір білім, қасиет шығаратұғындай көріп тұрады. Тастың үңгірін, жалғыз ағашты әулие деп мал түнетіп, алым байламақ — бәрі сондай жаман емес. Егерде сондайдағы қылған бір нәрсені қойғанда бір қазаға ұшырасаң да, одан деп ойлама, зинһар сақтан, бір Алла тағала өзінен басқадан пайда, зиян жоқ, не болса Алланың пәрменіменен болады. Ондайларда түк қасиет жоқ бірақ оқып, білген дәрігерге емдетпек сауап, обал емес. Пайғамбарымыздың хадисі: «ибадул-лахи тадау фа инна Аллаһа лам иада даған илла удға лаһу дауаған илла даған уахидан ал-хара-му» — хадистің, мағынасы: әй, Алланың құлдары, ауруларыңызды емдетіңіз. Алла тағала дауасыз ешбір науқас жаратқан жоқ, жалғыз кәрілік ажалдан басқа деген, бірақ дәрігер де анық жазады демейсің. Алла тағаладан шипасын кез қылар ма екен деп үміт қыласың. Пайғамбарымыз көзіне сүрме жағушы еді, көзім тозбасын деп, анда-санда дәрі ішіп, ішін жүргізуші еді. Анда-санда қақтықпен қан алдырушы еді. Ішім тоқталды деген кісіге бал ішіп, ішіңді өткіз деуші еді. Оқыған дәрігерлік жаман емес екенін осыдан біл, бірақ, бұл айтқанымыз біздің баксы, құшнаш емес, соны жақсы ұғыңыз.

АЖАЛ ТУРАЛЫ

Уа достар, адам қашан да болса бір ажалмен өледі. Бірақ Алла тағала бейішті сауап іс қылған бендесіне дайындаған сықылды. Ажалды да себепке байлаған, не сол адамның өзі себеп, не басқа бір нәрсе себеп болады. Және сол себепті Алла тағала кез болса болсын десе болады, әйтпесе болмайды. Және қайтадан қандай себеппен өлетұғының Алла тағала бұрыннан біледі. Алла біліп тұрған соң ол бенде өлмей кетуге бола ма десең — жоғарғы менің жаманшылық қылатұғынымды Алла біліп тұрған соң қылдым деген кісінің дауы сықылды орынсыз соз болады. Және Алла тағала кейбір бенденің өмірін қысқа қылады. Мәселен, оның залалы біреуге тие бермесін деп, яки күнәға бата бермесін деп — яки сондай өзге бір себеппен. Осындайларды не себептен олай қылғанын біз тексере алмаймыз. Оны біле алмаймыз деп жоғарыда айтылды. Енді ұқтыру үшін бір аяттағы істі айтайын — аятта айтқан: «уа аммал-ғұламу фа қана абауаһу муминйна фа хашайна ан йурка-куһума тұғйанан уа куфран. Фа арадна ан йубдилаһума раббуһума хайран минһу закатан уа акраба рухман» — мағынасы: ол баланың ата-анасы мұсылман еді. Егер тірі жүрсе, ата-анасын бос бұзақылыққа ертер деп өлтірдім, Алла тағала ата-анасына одан жақсы бала берер деп деген. Бұл аяттың себебі: Мұса ғалейһис-сәләм Хидр галейһис-сәләм бір баланы өлтіріпті. Алла тағаланың білдіруінше, ол бала ер жетсе, ата-анасын бұзады һәм өзі де күнәға батпай өлсін деп. Енді осыдан байқарсыз — бірақ, бәрі осындай себеппен емес, әрқайсы әр түрлі себеппен, біреу ерте, біреу кеш өлмек. Xaқ ажал келген соң оған еш нәрсе бөгет болмайды — аятта: «ла йастахируна сағатан уа ла йастақ-димуна» — мағынасы: ажал келсе, бір сағат кейін де қалмас, ілгері де болмас деген. Пайғамбарымыздың «ла йан-фагул- хазару», яғни сақтанбақтан пайда жоқ дегені осындай ажал туралы айтқан. Және пайғамбарымыздың бір хадисі жоғарғы аятқа қарсы сықылданатұғыны бар. Ол қарсы емес, шешуі бар — ол хадис: «ас- садакату уас-салла-ту тазидани фил-гумри» — яғни садақа бермек аурудың халін сұрап, туысқандарын зиарат қылмақ ғұмырдың артылмағаны себеп болар деген. Бұл хадис жоғарғы аятқа қарсы болмайтұғыны — аяттағы сөз қашан Алла тағала бір адамды пәлен уақытта өлсін деп ұнаса, оған ешкім бөгет те болмайды, одан ілгері де өлтіре алмайды деген. Бұл хадистегі сөз Құдай тағаланың қыл деген істерін қылып, сауапты болып, ұзын өмірге есеп болар деген сез. Құдай тағаланың бекітіп қойған ажалын тоқтатады деген емес. Аятта: «уа ла тулку би айдикум илат-таһлукати» , — деген. Мағынасы: өздеріңізді өзіңіз өлімге салмаңыз деген. Және пайғамбарымыз бір кісі көлігін байламай, тәуекел қылдым дегенде айтқан: «Қайид уа тауаккал». Мағынасы: көлігіңді байлап қой да, сонан соң тәуекел қыл деген. Енді байқадыңыз ба — біз әрбір зиян істерден сақтануға бұйырылғанмыз, соның ішінде ажалдан да сақтануға міндеттіміз. Сөйтіп сақтанып һәм адал іске ұмтылып, олардың орнына келер-келмесін бір Алланың өзіне тапсырып қоймақ — тәуекел деген осы. Одан басқа мен Құдайға тәуекел қылдым деп шалқаңнан жатсаң — күнәкар болып аштан өлесің. Сол себептен шайқы Сағди айтқан: «Қайтсе де ажалсыз өлмейді деп айдаһардың аузына кірме», деген.

АДАМ ӨЗІН ТАНЫСА, ҚҰДАЙДЫ ДА ТАНЫМАҚ

Уа достар, адам өзін-өзі анық таныса, жаратқан Алласын да біледі — Алланың өміріне де мойынсұнады. Сол себептен пайғамбарымыз айтқан: «ман арафа нафсаһу фа кад арафа раббаһу» — мағынасы: бенде өзін анық білсе, Алла тағаланы да анық білер деген. Және Ғайса ғалейһис-сәләм айтқан: біреудің көзіндегі шөпті алмақ болсақ, әуелі өз көзіңдегі ағашты алып таста деп. Мұның мағынасы: өз міндеріңді тазартсақ, кісінің мінін айтып ұқтыруға, кісіні түзетуге сонда жарарсың деген. Енді адам өзін-өзі білмекке әуелі жоғарыда айтылған қайдан жаралдым, не үшін жаралдым, түбінде не болмақпын деген үш сөзді ойласа керек. Онан соң басыма пайда дүние, ахиретіме пайда не іс қылып жүрмін, халыққа не пайда келтіріп жүрмін, біреуге яки өзіме зиян қылғаннан саумын ба, — деп ойлау керек. Өйтіп өзін-өзі тексермей жүре берген адам хайуан, малыңнан да төмен болады. Аятта: «улағиқа қаланғами бал һум адаллу улағика һумул-гафилуна» — деген, мағынасы: ол ақымақтар тура аяқты хайуан сықылды, бәлкім, одан да жаман, олар түк білмейтұғын меңіреулер деген. Бұлардың хайуаннан төмен болатұғыны хайуандар білімсіз болса да, көбінің зияны өзгеге тимейді, адамның зиянкестерінің зияны бірталай халыққа тиіп, ел бүлдіреді. Енді байқадыңыз ба, адам өзін-өзі танымақ деген иесінің құлы екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып, адал пайдалы істі қылуға тырыспақ.

АДАМ ХАҚЫ МЕНЕН ХАИУАН ХАҚЫ

Уа достар, Алла тағаланың құлы екеніңізді білген соң зинһар адам хақы мойыныңызда кетпектен сақтаныңыз. Бұл адам хақы деген — жалғыз мал хақысы ғана болмайды. Адамның мал хақы бар, жан хақы бар, абырой хақы, мұсылмандық дін хақы бар. Не денесіне, не абыройына, жанына, не ғибадатына, не малына, не көңіліне бір зиянды орынсыз тигізсеңіз — бәрі адам хақы болады. Аятта: «иннаһу ла йухиббуз-залимина» . Мағынасы: Алла тағала залымдарды жек көреді деген. Залым деп зиянкес адамды айтады. Және пайғамбарымыздың хадисі — «занбу ла йугфиру уа занбу ла йутраку уа занбу иугфиру фа аммал-лази ла йагфиру фаш-ширку бил-лаһи уа аммал-лази иугфи-ру фа занбу ал-габдул-лазн байнаһу уа байнал-лаһи газза уа джалла уа аммал-лази ла йутраку фа зулмул- ғибади йаг-дуһум бағдан» — деген, мағынасы: бір күнә бар — тіпті кешілмейді, бір күнә бар — қалдырылмайды, бір күнә бар — кешіледі. Әуелгі кешілмейтұғын күнә деген — Алла тағалаға серік келтірген, соңғы кешіледі деген күнә — Алла тағаланың бендеге бұйырған ғибадатын қылмаған. Енді қалдырылмайды деген күнә —адамның адамға қылған залымдығы. Мұны иесі разы болып кешпесе, Алла тағала кеш деп кешкізбейді. Сол себептен күпірліктен соңғы қорын іс адам хақы болады. Әрине, хайуан хақынан да жолы бек қиын пайғамбарымыз айтқан: «лау гуфира лакум касирун» —мағынасы: егер хайуанға орынсыз қылған істеріңіз кешілсе, талай көп күнәңізден құтылар едіңіз деген. Бұл хайуан хақы деген орынсыз жерде ауырып, халінен артық жүк салып, оны тарта алмаса, соғып қинайсыз. Және не үйреткен емес, не қатты қысылмай тұрып орынсыз қинап, шаршатып, жүре алмай қалса ұрып, қамшылап, кейде тепкілейсіз, кейде сүрініп кетсе де орынсыз, яки қатты керек болмай тұрған кезде не жас баласын, не буаз күнінде орынсыз өлтіресіз, яки болса болған соң жұмыртқасын сындырасың —ондайлардың бәрі де обал, бәрі де хайуан хақы. Және бүл хайуан түгіл жансыз нәрсеге ашуланып, не боқтап, не сындырып, не ұрып тастайтұғын істеріміз ойымызға түскенде бек ойлаймын, әлбетте, ақымақтықтың ең жаманы хайуан менен жансызға ашуланбақ.

ӨТІРІК АНТ ПЕН ӨТІРІК

Уа достар, біздің халықта өтірік ант пенен өтіріктен сақтанбайды. Құдай сақтасын, бұлардың жолы бек киын. Өтірік түгіл шыңға да беталдына ант іше берген жарамайды. Аятта айтқан: «уа ла таджгалул-лаһа гурда-тин ли айманикум» — мағынасы: Алла тағаланың атын орынсыз қол жаулық қылмаңыз антыңызбенен деген. Бір нәрсеге ант қылып, антын амалсыз бұзған кісі де он кедейді тойғызады. Ол болмаса, он кедейге киім береді. Оған әлі келмесе, туған үш күн ораза ұстайды. Және аятта: «иннал-лаһа ла уихиббул-хагинина» — мағынасы: Алла тағала антын бұзғандарды жек көреді деген. Және бір аят: «уа минан-наси ман иагджибука қаулуһу фил- хайати аддуниа уа йушһидул-лаһа ала ма фи колбиһи уа һуа алад-дул- хисами» — мағынасы: кейбір адамдар сөзіменен дүние істерінде сені таңқалдырар. Және ойымдағым сол деп, Алла тағаланы куә қылар отірік. Ондайлар мұсылмандардың қатты дұшпаны деген. Және бір аят: «уалаһум азабун али-мун бима кану йакзибуна» — мағынасы: ол өтірікшілерге қияметте қатты-қатты азап бар айтқан өтіріктері үшін деген. Және бір аятта: «уаджтанибу қаулаз-зури» — мағынасы: жиіркеніп қашыңыздар өтіріктен деген. Енді Құранда өтірік ант пенен өтірік турасы қандай жаман дегенін ұқтыңыз. Мұнан соң ақылмен ойлайтұғын дәлел айтайын — өзіңізді біреу өтірік антыменен алдаса, жақсы көресіз бе, яки өтірік ант беріп, бір зиян келтірсе, яки бір пайдаңызды келтірсе, жақсы көресіз бе, яки сізге пайда, яки зиян болмаса да, өтірікке ант ішкенін білсеңіз, мұнан былай ол кісінің сөзіне нана аласыз ба? Егер нана алсаңыз, оныңыз ақымақтық болмай ма? Және антсыз-ақ біреу өтірік айтып алдаса, жақсы көресіз бе? Ақырында бұл өтіріктің ешбір төлеуі жоқ, намаздай қазасы, оразадай кінәраты жоқ. Өтіріктен құтылуға жалғыз-ақ сол сөзім өтірік еді деп қайтадан өзіне-өзі куә болып, естіген жанға қайта айтып, сол өтірікпенен тарттырған зияны болса, оны не малмен, не сөзбен разы қылмаса, өтіріктің одан басқа төлеуі болмайды. Шариғатта өтірік айтуға біраз ғана жерде руқсат бар, о да ешбір мүмкін болмағанда. Екі кісіні жақындастырып, араздығын қалдыруға бірінің қатты сөзін біріне айтпай, жақындық сөзін оңдап айтқан сықылды жерде. Және кішкене баланы ұғуға көңілдендірген сықылды жерде. Және жанға, яки дінге қac болатұғын жерде кәпірлерді алдап құтылған сықылды. Осындай орындарда ғана рұқсат қылған, ондай болмағанда өтіріктің жолы бек қиын.

ӘР ТҮРЛІ ЗАЛЫМДЫҚТАН ҺӘМ ЖАМАН МІНЕЗДЕН САҚТАНБАҚ

Уа достар, Алла тағала тыйған әр түрлі залымдық пен жаман мінезден сақтану керек. Аятта: «уа ла тағкулу амуалакум байнакум бил-батил» — мағынасы: біріңіздің малыңызды біріңіз бұзықтықпенен жемеңіз деген. Және бір аятта: «иннал-лазина йағкулуна амуалал-натама зул-ман иннама йагкулуна фи бутуниһим нарун уа сайаслауна сағиран». Мағынасы: кімде-кім жетімдердің малый залымдыкпен жесе, анығында олар от жеген кісідей дозақтағы отқа тез келеді деген. Және аят: «захарал-фасаду фил-барри уал-бахри бима қасабат айдин-наси лийузиңаһум бағдал-лази гамалу лагаллаһум йарджигуна». Мағынасы: әр түрлі бәле келсе құрғақта, яки дарияда болсын, ондай бәлелердің болмағы сол жердегі халықтың залымдық бұзықтық күнәларының себебінен кейбір бұзықтықтарының жазасын дүниеде таттырмақ үшін деген. Және пайғамбырымыз айтқан хадис — «ман матағала гасабиййа-тан фалайса минна». Мағынасы: кімде-кім күші менен көптігіне сүйеніп жүріп өлсе, ол менің үмметімнен емес деген. Және бір аят: «йа аййуһал-лазина аману ла йасхар каумун мин ңаумин ғаса ан йакуну хайран минһум уа ла нисағун мин нисағин ғаса ан йакунна хайран минһунна» — мағынасы: ей, мұсылмандар, мазақ қылмаңыз ешбір қауымды, оның үшін, кім біледі, ол қауым мазақ қылушылардан жақсы шығар. Және ешбір ұрғашы да бір ұрғашыны мазақ қылмасын, кім біледі, ол ұрғашы өзінен жақсы шығар деген, яғни Алла қасында мазақ қылушыдан мазақ болушылар жақсы болып жүрмесін. Және бір аят: «уа ла тал-мизу анфусакум уа ла танаббазу бил-алкаби бисал-исмул-фусуку багдал-имани уа ман лам йатуб фа улагика һумуз-залимуна» — мағынасы: өздеріңізді өзіңіз міндемеңіз һәм жаман ат қойып, қорлап, лақап қылып шақырмаңыз ит, доңыз, кәпір дегендей. Иманды болған кісіге ол бек жаман атақ. Егерде осындайлардан біреу тәубе қылмай өлсе, олар бек залым деген. Және аят: «уа ла таджассасу уа ла йағ-таб бағдукум бағдан а йухиббу ахадукум ан йағкула лахма ахихи майтан фа кариһтумуһу» — мағынасы: біріңізді біріңіз тінтіп ғайыбын царамаңыз, ғайбат қылмаңыздар. Жақсы көресіңдер ме өлген туысқандарыңның етін жегендей, бүл сондай күнә деген. Және бір аятта айтқан: «уа ла тамши фил-арди марахан аннака лан тахрикал-арда уа лан таблуғал-джибала тулан» — мағынасы: жүрмеңіздер жер үстінде тәкәппарланып, үйткенмен жерді жыртып жібере алмас һәм кекірейгенменен таудан ұзын зор бола алмас деген. Және бір аятта: «уа ла тағауану галал-исми уал-гудуани» — мағынасы: жәрдемші болмаңыздар ешқашан күнә менен дұшпандық залымдыққа деген. Енді жоғарғы аяттардан байқаған шығарсыз, барша жаман мінездерден тыйылуға міндетті екенімізді. Және ақылға да лайығы жоқ. Себебі, осы айтылған істердің бірде-бірін өзіңізге өзге біреу қылса, жақсы көрмейсіз. Бұлардан басқа да жаманшылық толып жатыр. Мәселен, біреу малыңызды ұрлап тартып алса, жақсы көрмейсіз. Сондай өзіңіз жек көретұғын нәрсенің ешбіреуін өзгеге қылмасаңыз, Алланың тыйғанынан тыйылған, ақылдың ұнағанын қылған боларсыз. Және өзіңіз біреу тәкаппарлық қылса қалай көресіз, алдаса қалай, яки біреу арақ ішіп, ақылынан адасып, аузына келгенін сөйлеп сандалып жүрсе, оны қалай көресіз. Біреу ысырап қылып малын шашып жүрсе, яки тіпті сараң болып, бейшараға қараспаса, жақсы көресіз бе? Ойлаңыз — өзіме біреу сөйтсе қайтер едім деп? Сол себептен пайғамбарымыз айтқан: «ахаббан-насу ма тухиббу нафсука» — өзіңіз не нәрсені жақсы көрсең, өзгелерге де соны қыл деген.

АДАМ ЖАҚСЫ МІНЕЗДІ БОЛМАҚ

Уа достар, жақсы мінезді болуға тырысу керек. Әуелі ынсапты болу керек. Ынсап деген эр істе аспай, кем қалмай, орташа болмай, әділет деген де осыдан шығады, әр істің орнын тауып істемек те осыдан шығады. Аятта: «ин-нал-лаһа йухиббул-муцеитина» — мағынасы: Алла тағала әділдік қылғандарды сүйеді деген. Және аятта: «уа иза култум фагадилу уа лау қана за курба» — мағынасы: қашан да болса рас, әділ сөйлеңіз, егер жақының да болса рас, әділ сөйлеңіз, егер жақының үшін болса да, яғни жақындыққа да ңарамай деген. Және бір аятта: «уа ла тадж-ғал йадака мағлулатан ила унуңика уа ла табсутһа құл-лал-басти фа такғуда малуман махсуран» — мағынасы: садақа, қайыр қылуға қолыңды мойныңа байлаулы сықылды да қылма және біржола алақаныңды ашып та жіберме — өйтсең малыңнан айырылып, табаланып, қайғыланып отырасың да қаларсың деген. Және аятта: «иннал-мубаззирина кану ихуанаш-шайатина уа қанаш-шайтану ли раббиһи кафуран» — қағынасы: өлшеусіз ысырап қылған кісілер шайтанның туысқаны, шайтан Алла тағалаға кәпір болған деген. Және пайғамбарымыздың бір хадисі — «ма ала ман иқтасада» — мағынасы: артық аспай, кем қалмай, орташа іс қылып жүргендерден деген. Енді рақымды болмақ туралы аят: «хузил-афуа уамур билгурфи уағрид анил-джаһилина» — мағынасы: кешірімді болыңыз, жақсы жолға бұйырыңыз, надан бұзықтардан аулақ болыңыз деген. Және аят: «ман зал-лази йукридул-лаһа кардан хасанан фа иудагифаху лаһу уа лаһу аджрун каримун» — мағынасы: кімде-кім Құдай үшін деп мұқтаждарға қарыз берсе, Алла тағала ондай екі есе беріп, ол үшін бек зор сауап берер деген. Және жоғарыда айтылған хадис — «ахаб-бан-наса ма тухиббу нафсука» — өзің нені жақсы көрсең, өзгеге соны қыл деген. Және бір хадис — «исмаху йусмах лакум» — мағынасы: кешірімді болыңыз, сізге де кешірімді, рақымды болар Алла тағала деген. Және бір аят: «ла тубтилу садақатақум бил-манни уал-эзэ»—мағынасы: бұзбаңыз садақаңызды міндет қылып, яки ренжітіп деген. Және бір аят: «каулун магруфун уа магфиратун хайрун мин садакатин йатбагуһа эзэ» — мағынасы: жақсы жылы сөз һәм кешірімділік міндет қылып, яки ренжітіп берген садақадан артық деген. Және пайғамбарымыздың бір хадисі — «сәләсу ман қана фиһи хасабаһул-лаһу хисабан йасиран уа адхалахул-джаннатта би рахматиһи туғта ман харамака уа тагфу ғамман заламака уа тасул ман қатаға-ка» — мағынасы: үш түрлі істі қылған бенденің Алла тағала есебін жеңіл қылып, бейішке кіргізеді. Бірі — сені біреу құры қойса да, сен оны қойма. Бірі — біреу саған залымдық қылса да, сен оған залымдық қылма, кеш. Бірі — біреу саған келмей, сені көрмей қойса да, сен оған бар деген. Және пайғамбарымыз айтқан: «ал-халку куллаһум ғайалал-лаһи фа ахаббахум илал-лаһи анфағуһум ли ғай-амиһи» — мағынасы: барша мақұлық — Алла тағаланың мақұлығы, оның ішіндегі Алла тағалаға сүйіктісі — мақұлықтарына пайдасы тигені деген. Және бір хадис — «ин-нал-мугмина йудруку би хуснил-хулци дараджатал- қағи-ми» — мағынасы: анығында мұсылман жақсы мінезімен күндіз ораза болып, түнде намаз оцығандардың дәрежесіне жетеді деген. Және бір хадис — «гафарал-лаһу газза уа джал-ла ли раджулин амата гусна шаукин ганит-туруки ма тақадда-ма мин занбиһи уа ма тағаххара» деген — мағынасы: халықтың жүретұғын жолындағы бір тікенді Құдай үшін алып тастаған кісінің Алла тағала бұрынғы-соңғы күнәсін кешеді деген. Және бір хадис — «инна хуснил-гахди минал-аймани» -— мағынасы: адал уәдесін бұзбаған — иманның белгісі деген. Және бір хадис — «иннакум ла йасғұнан-наса би амуаликум уа лакин йасғуһум минкум бастал-уад-жһи уа хуснпл-хулки» — мағынасы: сіздер адамдарды малменен өзіңізге қаратып ала алмассыз, бірақ жылы жүз, жақсы мінезбенен қаратып аларсыз деген. Және аятта: «уа ла тастауи ал-хасанату уа ла ас-саййигату идфаг бил-лати һиа ахсану фа изал-лази байқана уа байнаһу ғадауа-тун қағаннаһу уалиййун хамимун» — мағынасы: ешқашан жақсылық пенен жамандық бірдей емес, кешіңіздер жамандықты жақсылық пенен, яғни жамандыққа жақсылық қыл, сонда дұшпандығыңыз достың болып, дәл жан-қияр досыңыздай болар деген. Және Алла тағала бендесіне сабырлы болмақты бұйырған — аятта: «иннал-лаһа ма-ғас-сабирина» деген — мағынасы: анығында Алла тағала сабыр қылушыларменен деген. Және бір аятта: «фа ин йа-кун минкум мигатун сабиратун йаглибу мигатайни уа ин йакун минкум алфун йаглибу алфайна бизнил-лаһи-уал-лаһу магас-сабирина» — мағынасы: егер сіз жүз сабырлы болсаңыз, сабырсыз екі жүз кісіні жеңесіз. Егерде мың кісі сабырлы болсаңыз, сабырсыз екі мың кісіні жеңесіз. Алла тағаланың бендеге бендесі, орынсыз қорықпа деп бұйырған. Онда тіпті Алла тағаланы ұмытқан болып кетеді. Аятта айтқан: «фа ла тахшауһум уахшауни уа ли утимма нигмати ғалайкум уа лагаллакум таһтадуна» деген — мағынасы: ол залымдардан қорықпаңыз, менің қаһарымнан қорқыңдар. Сонда сіздерге толық нығмат берермін һәм тура жолды табарсыз деген. Және Алла тағала біреуге біреу орынсыз зиян келтірсе, өзіңіздей ғана іс қылуға рұқсат қылған, олай да болса сабыр қылып, кешкеніңіз коп сауап болар деп айтқан. Аятта: «уа ин ғакабтум фа гацибу би мисли ма гукибтум биһи уа лагин сабартум лаһуа хайрун лис-саби-рина» — мағынасы: біреу сендерді қинап ренжітсе, дәл сондай ғана орайын алуға рұқсат бар. Егерде кешіп, сабыр қылсаңыз, онда бек коп сауапқа жолығасыз деген. Енді жоғарғы аят-хадистерден байқаған шығарсыз, ынсапты, раңымды болмақ сабырлы болмақтың көп сауап екенін. Әлбетте, ынсап, рақым, әдеп болмаса, адамның өзге хайуаннан артықтығы болмас еді. Әдепті болмақ туралы: «ал-әдәбу нисфуд-дини» — мағынасы: әдеп — діннің жартысы деген. Әдепті кісіде ұят бар, ұят бар кісіде иман бар, пайғамбарымыз: «кімнің ұяты жоқ болса — соның иманы жоқ» деген.

ӘРБІР АДАМ ІСТІ ІСТЕУГЕ ҰМТЫЛМАҚ

Уа достар, адамның бәріне де адал кәсіп қылып, өзі, қатын-балалары біреуден таланбастай тамағын, киімін, көлігін таппақ парыз. Сол себептен пайғамбарымыз айтқан: «талабул-халала уаджибун ғала кулли муслимин» — мағынасы: адал кәсіп қылмақ барша мұсылманға парыз, міндет деп. Және Алла тағала Құранда айтқан: «йа аййу-һал-лазина аману анфику мимма разаңнакум» , яғни, ей, мұсылмандар, пайдаланыңыз берген адал ризығымнан деген. Және бір хадисте: «кулу уашрәбу тасаддаку фи гайри исрафи уа ла махйалата» — деген, яғни жеңіз, ішіңіз, садақа қылыңыз, бірақ тәкаппарланып сәнденбеңіз деген. Және аятта: «йа аййуһал-лазина аману анфику мин таййи-бати ма касабтум» — мағынасы: ай, мұсылмандар, пайдаланыңыз, яғни нәпақаландырыңыз, адал кәсіп қылып тапқандарыңыздан. Және бір хадис — «май бата қаллан мин талабил-халала бата мағфуран лаһу» — мағынасы: кімде-кім адал ризық ізденіп шаршап келіп жатса, күнәсі кешіліп көзі ұйқыға барар деген. Және бір хадис — «хайруи минкум ман лам йатрук ахиратаһу лидунйаһу уа ла дунйаһу ли ахиратиһи уа лам йакун каллан ғалан-наси» — мағынасы: сіздердің ең жақсыларыңыз ақиретін дүние үшін тастамай және дүниесін де тастамай, екеуін де адалдықпен алып жүргендер һәм озгелердің мойнына жүк болмай, өзі мал тапқандар деген. Және бір хадис — «утлубул-ғилма уа лау бис-сини» — мағынасы: іздеңіз ғылымды қытай жұртынан болса да деген. Бұл айтқаны ғибадат ғылымы емес, дүниелік үшін керекті ғылымдар. Оның үшін пайғамбарымыз қытай жұртының мәжуси, дінсіз халық екенін біледі. Ол ғылым дегені, өнер дегені — ақирет ғылымы үшін айтқаны. Міне бір хадис — «фадлул-ғилми ахаббу илаййа мин фад-лил-ғибадати уа хайру диникум ал-уарағу» — мағынасы: ғылымның қадірі, пайдасы маған ғибадат, нақылдан артың көрінеді. Діннің ең жақсысы — тақуалық яғни сақтану деген. Тақуалық ғылымды түгел білмекпен табылады. Сол себептен нақыл, ғибадаттан ғылым артық деген, бірақ ғылым іздегенде де, аса байлық мал іздегенде де мақсұтың мақтанбақ, яки біреуді қор, біреуді зор қылмақ болса, дұрыс болмайды. Ондағы мақсұтың — әуел өзіңді күнә менен кедейліктен құтқармақ одан өзге халыққа ғылымының, яки малыңның пайдасын тигізбек боласың. Пайғамбарымыз: «ад-дүниа мазрағатул-ахирати», деген — мағынасы: дүние - ақиреттің, егіні, мұнда не шашсақ, онда соны орасың деген ғой. Не тапсаң ақиретке пайда іске жұмсаңыз.

ПАЙДА КЕЛТІРМЕК ЗИЯННАН ҚҰТЫЛМАҚ

Уа достар, адам тіршілікте екі нәрсеге міндетті. Алла тағаланың бұйырғаны да сол нәрсе, ақылды қабыл көретұғыны да сол екі нәрсе. Оны кітапта «джалбу манфаға-тин-дафғу мударратин» дейді. Қазақша айтқан да, пайда келтірмек зияннан құтылмақ — осы екеуі екі дүниеге бірдей болып табылса, адамшылықтың толық болғаны. Оның көбінесе табылмайтұғыны — кейбір іс дүниеге тыныш болса, ақиретке дұрыс болса да, теріс болады. Кейбір іс ақиретке дұрыс болса да, дүниелікке зиян болса болсын, ақиретке зиян болмасын — соны қатты ескеру керек. Дүние қазір тез өтеді, ақиретте бейішке кірсе де, дозақта қалса да, біржолата қалғаны, тіпті өлім де жоқ жоғалу да жоқ. Сол себептен, дүниедегі бір күнгідей ғана рахат, яки құмарлық, яки мақтан үшін құтылмас қақпанға түсуден Құдай тағала барша мұсылманды сақтасын. Аятта: «уа ла тулку би айдйкум илат-таһлукати» — мағынасы: өздеріңізді өзіңіз әлек боларлық іске салмаңыз деген. Кімде-кім басына келген бәледен қашып құтылуға шамасы келгенше қам қылмай өлсе, осы аятқа қарсылық қылған болады. Және дүние үшін қызығын біле тұра ақирет азабына жолықса да, бір бүл емес, коп аятқа қарсылық емес пе? Және пайда келтіру үшін адал кәсіп қылмай, Құдай өзі береді деп жатпақ күпірлік болады. Егерде біреу сөйтіп жатып не аштан, не суықтан, не ыстықтан дегендей бір кемшілікке ұшыраса, аятқа қарсы болып, қатты күнә болады. Сол себептен, біздің қазақта мақал болып жүрген «Алла тағала «сақтансаң сақтармын» дейді», деген соз — рас сөз. Енді бұл — «джалбу манфағатин — дафғу муддаратин», яғни пайда келтіру, зияннан құтылуды, әуелі өз басына, одан ғылымын, өлеңің асса, аудан маңайыңа, одан да асса, барша халыққа қыласын, шаман, келсе, тамам жанға пайдалы іс қылып, яки іс шығарып һәм тамам жанды залалдан құтқарарлық іс қыласың, яки өнер шығарасың. Аятта: «уал-бақийату ас-салихату хайрунғинда раббика сауабан уа хайрун амалан» — мағынасы: артыққа қалып, көпке пайдасы тиетұғын жақсы істерді қылмақ Алла тағала қасында ең жақсы сауап, ең үміт сол деген. Және бұл турада таза жүрмектікті қатты ескеру керек. Себебі таза жүрмеген кісі әр түрлі бәле, науқасқа кез болады һәм Алла тағалаға ғибадат қылып, тілек те тілеп жүре алмайды. Бойы таза болмаған соң, тілегі де қабыл бола алмайды. Сол үшін пайғамбарымыз айтқан: «ман бата у а фи йадиһи риху гама-рин фа асабаһу шайгун фа ла йалуманна илла нафсаһу» — мағынасы: біреу төсекке жатқанда тамақ исіменен қолын жумай жатып, бір бәлеге ұшыраса, оны өзінен басқа ешкімнен көрмесін деген. Және бір хадисінде: «иннал-лаһа тайй-ибу йухиббут-таййибата назифу йухиббун-назафата фа наз-зифу афнитакум уа ла таіпбахул-йахуда»—мағынасы: Алла тағала көркем, көркемдікті ұнатады, таза Алла тағала тазалықты ұнатады, көше-қораларыңызды да таза қылыңыз, жүһіддерге ұқсап кір-кір болмаңыз деген. Енді өзіңіз де ойлаңыз, таза болмағаныңызды ақылыңыз сап қабыл көре ме, сіздің маңайыңызға сасық, үсті-басы кір біреу келсе, жиіркенбейсіз бе? Жаман іс, қоқыстан кісі ауырып та қалмай ма. Және «джалабу манфаатин дафу мударратин»-нен біз түгіл, даладағы оның да аз ғана хабары бар ғой. Мәселен, суырдың іні қыс болғанда кіріп жату үшін, жаздыгүні қашып кіру үшін, шыбынды ұстап жеуге өрмекшінің торы, осындайлар бек көп қой. Біз хайуаннан артықпыз деп мақтанғанда онымыз рас боларлық іс қылсақ жарайды ғой. Аятта: «құл һал йастауил-лазина йағламуна уал-лазина ла йағла-муна»—деген, мағынасы: білгендер білмегендермен бірдей дейсіңдер ме, әлбетте, бірдей емес деген. Жоғарыда адам өзін танымаққа айтылған аят — «улағиқа қаланғами бал һум адаллу улағикал-ғафилуна» мағынасы: олар тура аяқты мал сықылды, бәлкім, одан да жаман меңіреулер деген. Солай болғанымыз жарай ма? Әр істі істеуге мойынды жар бергізбейтұғын еріншектік ол адамды хайуаннан төмен меңіреу қылады. Орынсыз іске қызықтырып, ұятсыз, қанағатсыз қылатұғын — нәпсі, ол адамды хайуаннан да ұятсыз, ынсапсыз қылып жібереді. Себебі адам құмарланған нәрсесін қоя алмайды, хайуан бір мезгіл сабыр қылып, өзі жемей, тапқанын балаларына, яки ұя басарына алып келіп береді. Аң алып жейтұғын құстар кешке табылған бір кішкене нәрсеге қанағат қылып, артық тамақ үшін аяғын шайнайтұғын аңға соқтықпай, Құдайдан күтіп, қонақтайды. Біздің адамзат ертеңі түгіл, өмірі жетер-жетпес білмейтұғын жылдарға шейін болсын деп, мал жиямыз деп, әлдене бәлеге ұшырайтұғыны ақылдылық па? Малды қанша болса да халалдан жеп, халық пайдасына ұстамақ бек жақсы, бірақ құры көзі тоймаған жаман іс.

ТӘУБА ҚЫЛМАҚ, КҮНӘДАН ТИЫЛМАҚ

Уа достар, пайғамбар, әулиелер болмаса, бенденің күнәдан тазасы кем шығар. Сол себептен тәубені білу керек. Нәжіс нәрсені сумен жуған сықылды күнәні тәубемен жумаса болмайды. Менің байқауымша, адамда үш түрлі тәубе бар. Оның бірі шын тәубе - ол мынау: бір адам нәпсісіне еріп, бір күнәні қылады да, артынан шын ықыласыменен қатты күйіп, өкініп, енді қайтып ондайды қылмаспын деп біржолата уәде қылады да, ол күнәні қайтып қылмайды. Мұны молдалар «тәубе насух» дейді. Аятта: «йа аййухал-лазина аману тубу илал-лаһи таубатан насу-хан» — мағынасы: ай, мұсылмандар, Құдай тағала тәубе насыр тәубеменен деген. Екінші бір тәубе, бір адам нәпсісіне еріп бір күнәні қылады да, ішінен қатты күйеді неге қылдым деп. Ей, ендігәрі қылмаспын-ау десе де, анық уәде қыла алмайды, нәпсісіне сене алмайды, бірақ Алла тағалаға сол күнәдан тыйылта қор деп жалбарынады. Бірақ Алла тағалаға бұл тәубе бастапқы тәубедей емес, әйтсе де азаптан қатты қорқады. Рахыметінен үміті бар адамға Алла тағаланың аятта: «ла таңнату мин рахматил-лаһи» дегені — мағынасы: рахыметімнен үміт үзбе дегеніне қарағанда, бұл да тәубе болуға мүмкін. Енді мен білген үшінші тәубе бар, ол мынау: біреу бір күнә қылады да, артынан тәубе қыла салып, онан соң және сондай күнә қылып, оған және тәубе қылдым ғой, керегі не, бірталай жандар осылай қылып жүр ғой деп, көпті мысал қылып салақтау жүреді. Жоғарғы аятқа қарағанда, Алла тағала қай күнәні кешемін десе де кешеді. Әйтсе де бүл соңғы тәубені сенімді тәубе деп айтуға болмайды. Бірақ Алла тағаланың рахыметі мол екені рас. Аятта: «қатаба раббукум ала нафсиһи ар-рахмата» — мағынасы: Алла тағала өзіне мархамат қылуды лазым қылды деген. Және бір аят: «йамхул- лаһу йа йашағу уа йусбит уа гиндаһу уммул-китаби» — мағынасы: Алла тағала не нәрсені жоғалтқысы келсе жоғалтар, бекітемін десе бекітер лауху-л-махфузда деген, яғни қай күнәні, яки қай сауапты да жоғалтамын десе жоғалтар, бекітемін десе бекітер лауху-л-махфузда. Және бір аятта: «иннал-лаһа ла йагфиру ан йушрақа биһи уа йагфиру ма дуна залика лиман йашагу» — мағынасы: Алла тағала өзіне серік келтіргендерді кешпейді, одан басқа күнәнің бәрін де кешкісі келген бендесіне кешеді деген. Бірақ осыған да тәубе, себебі — Алла тағала дүниеде себепсіз нәрсе жаратқан жоқ бендесіне рақым қылмақ үшін ғибадат, дұға, тәубе, не бұйырған, болмаса, ол ғибадаттан Аллага пайда да жоқ, қылмасаң, Аллаға зиян да жоқ. Әлбетте, Алла тағала бендесіне раңымды. Аятта айтқан: «ман джаа бил-хасанати фа лаһу гашру амсалиһа уа ман джаға биссаййигати фала йуджза илла мислаһа» — Алла тағала бендесінің бір жақсылығына он есе сауап береді, жаманшылық күнә қылса, өзіндей ғана жаза тарттырады, одан арттырмайды деген. Және бір аят: «уа һуаллази йақбалут - тау б ата гаи ғибадиһи уа йағфу ғанис-саййи-ғати уа йағламу ма тафғалуна»— мағынасы: ол Алла тағала құлдарының тәубесін қабыл қылады, күнәларын кешеді һәм не қылғандарының бәрін біледі деген. Жоғарғы аяттағы сөздерін байқадыңыз, Алла тағала бендесіне бек рақымды екенін. Олай да болса, шама келгенше күнәдан сақтанып жүру керек. Егерде нәпсіні жеңе алмай, күнә қылып жіберсе де, заңһар тез тәубе қылу керек ақырында дүниелік мал жиған күнә емес, адалдан жимақ парыз, бірақ Алла тағаланың қаһарын ескермей жүре берген сол қатты күнә. Сол себептен, Сопы Аллаяр хазірет айтқан: «чист дүния аз худа ғафил будан-никуман ва нақара фәрзанд һазан» — мағынасы: дүниеге алдануы Құдай тағаланы ұмытқаны, ол — қатын, мал, ақша, баланы ұмытқаны емес деген. ПАРЫЗ, УӘЖІП, СҮННӘТ, МҮСТӘҺИП, МҰБАХ, ХАРАМ, МАКРУЕ, МӘФСАД Уа достар, мұсылман адамның қылатұғын істерінің бәрі сегіз түрлі болады. Оның төртеуі шариғаттың қыл деп бұйырған нәрселері, оны парыз, уәжіп, сүннет, мұстахаб дейді. Енді қалған төртеуі — шариғаттың қылма деп тыйған нәрселері һәм қыл деп бұйырмаған нәрсесі, оны мұбах, арам, мәкүрік муфсид дейді. Енді осылардың мәнісін әбден ұғып алу керек. Парыз деген — Алла тағала Құранда біржолата осыны қыл деп анықтап бұйырған нәрселер — иман, намаз, ораза, зекет, қаж сықылдылар. Бұл парызға нанбай, парыз емес деген кісі кәпір болады. Құранға нанбағаны үшін, парызды біле тұра қылмаған кісі дозақта азап тартады. Ғұзырсыз болса және парызды қылған кісі коп сауап алады. Уәжіп деген Құранның кейбір аятының әулие, мұжтаһиттер осы парыз болса керек деген нәрселер һәм пайғамбарымыз ғұмырында істеп қоймай өткен, һәм қылыңдар деп бұйырған нәрселері, мәселен, құрбан шалған сықылдылар, мұны уәжіп емес деген кісі кәпір болмайды, бірақ біле тұра ғұзырсыз қылмай қойған кісі дозақта азап тартады, қылған кісі сауап алады. Сүннет деген пайғамбарымыздың әрдайым қылып жүрген, ғұмырында бір, яки екі мәртебе ғана қалдырған нәрселері, азан айтқан сықылдылар. Бұл сүннетті біле тұрып, пайғамбарымыздың сүннеттерін қылу сүннет емес десе кәпір болады. Пайғамбарға нанбаған болған үшін, егер де ғұзырсыз қылмай қойса, күнәкар болады, қылса көп сауап алады. Мустахаб деген пайғамбарымыздың кейде істеп, кейде істемей қалдырған нәрселері — нәпіл намаз оқыған сықылдылар. Оны қылған кісі күнәкар емес, қылған кісі сауап алады. Біреуге көрсету үшін, мактан үшін болмаса. Енді шариғаттың қыл демеген ісінің бірі мубах деген. Мұны қылса да, қылмаса да бенде ерікті. Қылғанына сауап та жоқ обал да жоқ қылмағанына да солай. Бұл мубах — аң аулаған сықылды, бас салмай ат жарысқан сықылдылар. Бірақ мубахты істеймін деп жүріп, парыз уәжіп, ғибадатты қылмаса, онда күнәкар болады. Шариғаттың қылма дегенінің бәрі — арам. Ол Құранда біржолата осыны қылма деп анықтап айтылған нәрселер — арақ, өлексе, бауыздау қан, арам хайуандар сықылдылар. Және ұрлық зорлық ойнас, өтірік сықылды, пара алған, есім алған, кезден яки таразыдан жеген, алдап алған сықылдылар. Ондай анық арамды адал деген кісі кәпір болады. Құранға нанбағаны үшін қылған кісі дозақта жаза тартады, қылмай, шариғат жолынан шықпаған кісі коп сауап алады. Мәкүрік деген — жоғарғы уәжіп сықылданып, Құранның бір аятының мағынасына қарап бұрынғы ғалым мужтаһиттер осы арам болса керек деп көбірегі айтқан нәрселер. Ондайды мәкүрік емес деген кісі кәпір болмайды, ғұзырсыз қылған кісі жаза тартады, қылмаған кісі сауап алады. Муфсид деген — ғибадаттың біреуін бұзатұғын нәрсе. Мәселен, оразада тамақ жеген, намазда сөйлеген сықылды нәрселер. Оны әдейі қылса, сол ғибадаты бұзылып және өзі күнәкар болады. Жаңылып істеп жіберсе, жаза жоқ, бірақ сол ғибадатын қайта істейді. Мәселен, намаз болса, қайда оқиды, ораза болса, күніне күн төлейді. Әйтсе де осы муфсидтен қатты сақтану керек. Оның, бұл ескермеген салақтығыменен көбейіп кетіп, ғибадатты бұза береді. Сындырып алып жамай берген нәрсе жақсы бола ма және иман менен ғибадатқа салақтықтың өзі бек зор күнә болады, салақ болмай, сақтанып жүргенде шыққан қатеңізді Алла тағала кешер, бірақ атамыз Адам ғалейһис-сәләмнан бері қарай соңымыздан қалмай келе жатқан шайтанның алдауына ермеудің қамын қылсақ керек. Ол шайтан адамды алдағанда адамның өзі піл менен маймылды алдап ұстап алғандай қылып ұстап алып, үйір қылады, нәпсіменен құмарлыққа ерсек біздің де піл менен маймылдан артың жеріміз болмас.

НАСИХАТ: ПІЛ МЕН МАЙМЫЛ

Пілдің бар жақсы көретұғын жемісін піл жүретұғын жерге шашып шұбатып соқпаққа шашып, оны тереңдеп барып тұйық жар қылып қойса, піл жемісті терс-терс тұйыққа қамалады. Сонда артын бекітіп қойып біреу ұрған болып, біреу арашалап алып әлгі жемісті беріп, үйір қылып алып көп жүк артып һәм ойнатып жетелеп жүреді. Маймыл адам не қылса, соны қылуға құмар. Оны біліп тұрушылар маймылға көрсетіп торға орап, шырмап тұрып торды тастан кетсе маймыл да келіп, оралып жатқанда келіп, ұстап алып үйретіп неше түрлі ойын қылғызады. Қалаға барғаныңыз екеуін де ойнатып жүргенін көрген де шығарсыз. Енді бүл екеуі бірі нәпсісі үшін, тамақ үшін күл болды. Бірі не көрсе соған құмар боламын деп құл болды. Шайтан да бізді сөйтіп алдап дәндетіп үйір қылады. Күні бұрын сонан сақтану керек. Піл көтінен кейін шегінуді білмегеннен ұсталды. Біз шегіне білеміз ғой. Шегініп қаралық. Маймыл құмарлығын қоя алмады, ұсталды. Бізде сабыр бар ғой, Аллаға сыйынып алдатпай ғадет (әдет) қылған күнәні қалдырып көрелік.

НАМАЗ, ОРАЗА, ЗЕКЕТ, ҚАЖЫ ТУРАЛЫ НАСИХАТ

Уа достар, көбіңізге мағлұм, иманнан соңғы мұсылман менен кәпірдің айырылатұғын белгісі намаз оқымақ. Аятта: «иннас-салаата танһа ғанил-фахшағи уал-мунка-ри уа лазикрул-лаһи акбару» — мағынасы: әлбетте, намаз адамды жаман бұзықтықтан тыяды, ал Алла тағаланы зікір қылу — ғибадаттың үлкені. Және Алла тағаланың бендеге қыл деп бұйырған істерінің иманнан соңғы зоры осы намаз. Парыздың парыздан артық-кемі жоқ. Бәрі Алланың бұйрығы екені рас. Олай да болса, бүл намазды оқуға мал да керек емес, денсаулық та керек емес. Хәттә олар халге жақындағанда да, халің келсе отырып, яки жатып оқуға міндеттісің. Және бүл намаз күнінде бес мәртебе тазаланып алса, Алла тағаладан тілек қылатұғын дұға мұны парыз қылғаны бендесіне үлкен рахыметі. Оның үшін бір күн, бір түнде бес мәртебе Алла тағаланы көңіліне келтіріп, ғибадат қылған соң, күнәні қылуға көңілі де бара алмас және ғибадат уақытында қолы да тимес. Біз оқығанмен, Алла тағала пайдаланбайды, оқымасақ — зиян қылмайды, өзіміздің жанымыз үшін оқимыз. Олай болса, бұл намазға не себептен салаң боламыз? Парыз емес деп айта алмаймыз, онда пайғамбар менен Құранға нанбаған болады. Егерде ерініп оқымаймыз десек дүниелік пайда үшін, яки қызық-құмарлық үшін, не қиындыққа шыдап, ерін-бейтұғынымыз кәні. Бір күн, бір түнде бес-ақ мәртебе құлшылық қылуға мұнша неге еріншек боламыз? Ей, достар, оразаға қалайша салақпыз? Оны да парыз емес демейміз. Қарынымыз ашады десек дүние ісі үшін неше күндер аштыққа, қиыншылыққа шыдайтұғынымыз қайда? Және ораза тұтқанда аузымызға не келсе, соны сөйлеп, күнә сөзден, істерден тыйылмай жүріп ұстайтұғынымыз қалай? Құдай тағаланың он бір айы біздің күнә қылуымызға жетпеді ме? Осы бір ғана айды күнә қылмай, шамамыз келгенше құрметтеп өткізуге шыдай алмағанымыз қалай? Ей, достар, зекетті неге ескеріп, түгелдеп бермейміз? Оны да парыз емес демейміз. Намазға ерінеміз, оразаға қарнымыз ашады, бұл зекетке не деп айла табамыз, мал аяймыз дегеннен басқа дауымыз бар ма? Жә, малды жақсы көрелік бірақ дүниелік үшін, біреуді зор, біреуді қop қылмақ болып мақтан үшін болсын, би болмақ болып шашқанда, параға бергенде мың теңге ақша бір тиындай болмай, ақшамыз партияға өтсе, саудамыз кәсиет болғандай қуанатұғынымыз кәні. Онда малды неге аямадық. Міне, Құдай тағаланың пақырлар үшін жүз қойдан бір қой зекеті бізге осынша ауыр көрінгені қалай? Тегінде, байқасаңыз, бізге көрінбей тұрса да, бізді теріс жолға қызықтырып, оң жолдан жиіркендіріп тұрған бір нәрсе бар емес пе! Сол шайтан деген жауыңыз. Не қылсаңыз, соған алдатпа. Уа достар, малымыз жеткеніміз қажға неге бармаймыз? Оған да малды аяймыз десек жоғарғы айтылған дүние жұмысына мың-мыңнан шашамыз, жанды аяймыз десек партия араздың үшін, арамдық үшін тура мылтық сойыл алып, өлімге қарсы тұрысамыз. Және қажға барсақ Алла тағаланың парызын ғана төлемек болмай, қаж — бұл кісінің көрмеген жері жоқ дегізбек болатұғынымыз қалай? Және келген соң тәубеменен отырмай, бейне бір тергеуден біржолата құтылған кісідей мұндағылардан да антұрған болып, партия басы болатұғынымыз қалай? Ақырында Алла тағаланың адал ғибадатына мал сарып қылмақ түгіл, біреуден алдап, біреуден зорлап, біреуден ұрлап, не қылсақ та малға мал қоса бергеннен басқа, мақтанға тақтам, айлаға айла қоса бергеннен басқа мақсұттарыңыз бар ма? Байқаңыз, ойлаңыз, Құдайшылығын айтыңыз, тым болмаса өзіңізге-өзіңіз айтыңыз, кісіге білдірмей-ақ қой. Пайғамбарымыздан сахабалар «адамның ең жақсысы кім?» дегенде, «көпке пайда тигізген кісі» деп, «ең жаманы кім?» деп сұрағанда, «көпке зияны тиген кісі» деген екен. Әлбетте, ақылға да солай, енді біз соның бәрін біле тұра, көпке пайда қылмақ былай тұрсын, көпке зияны тиетұғын әлде-неше түрлі бәлені шығарып, елді бүлдіріп, жастарды соған үйретіп, артымызға жамандықтың ұрығын егіп, дүниеде бір көзіміз тоймай, көңіліміз толмайтұғын ынсапсыздық бізді қайда апарады? Сопы Алдияр хазіреттің айтқан сөзі мынау: «Тамағ бірлән семірген нәфс имәз» — мағынасы: кісіден үміттеніп, содан семірген нәпсі деген антұрған аузын тіліп жатсаң да, үлкенірек тіл деп сұрайды, яғни аузыма көп нәрсе сыятұғын болсын дейді. Соның бәрін біле тұрып, нәпсімізге еріп, Алла тағаланың адал ризығы жоқтан жаман, қайдағы арам нәрсеге құмар болып, мал жисаң, арамиан жиып, шашсақ, қайдағы арам орынға шашып, ал шап, ал қыр, мықты-ақ батыр-ақ, береген-ақ дегенге мақтанып, екі көзіміз қызарып алды. Артымызды байқамай кететұғынымыздың арты бек қатты қорқыныш, жоғарғы айтылған аяттағы тура аяқты хайуаннан да төмен дегені біз болмай не болды. Менің жайымды білетұғындар, осынша суылдап айтып отырғаныменен, өзінің де қылған ісі белгілі болатұғын дерсіздер. Оныңыз ақылдылық емес, себебі мен жаман болсам, сіздер де жаман бол деп пе. Және сондайдан тыйыларлық қайрат, яғни кітапша ғайратпен де жоқ болса, сіздерде бар шығар. Және кім сөйледі, оған қарама, не сөйлейді, соған қара дегенді білесіз бе? Мұсылманның күнәкары түгіл, кәпірдің білімдісі айтса да сөзі дұрыс болса, алмағаның бола ма. Менің өзім қара болсам, сөзім aқ. Құдай тағала әрі өзі, әрі сөзі, әрі көңілі қарадан сақтасын. Тыс қарасы жазылар, іш қарасы киын болар. А, Құдай, содан сақта. Әмин.

ҚАНДАЙ СУ ТАЗА БОЛАТҰҒЫНЫ

Ағын судың ағыны бір тал саламды иә шөпті ағызып кетсе, дәмі, иісі, түсі өзгермесе, ішіне арам нәрсе түссе де адал болады, дәретке де жарайды. Қар, мұз, жаңбыр сулары таза жерде, яки таза ыдыста ерісе, ол адал болады. Кел, яки кішірек қақтардың айналасы қырық кезге толса, қолменен алғанда түбі ашылып қалмаса, ондай ағынсыз су да адал болады, бірақ ішіне түскен арам нәрсе түсін, иісін, дәмін өзгертсе, онда арам болады. Сондай шұқырда көп тұрған су ескіргендіктен сарғайыңқыраса, онда да адал. Егерде мұндай ағынсыз судың айналасы қырық кезге толмаса, арам нәрсе түспегені, яки ит, қасқыр сықылды сарықты арам хайуан жоламағаны анықталмаса, арам болады, ол судан дәрет алынбайды. Шегіртке, шыбын, құрт-құмырсқа сықылды кішкентай жанды нәрсе суда өлгенменен суды арамдамайды. Ғұсыл құйылған, яки дәрет алған, яки бір нәрсені жуған суларменен және дәрет алуға, я ғұсыл құйынуға, яки бір арам тиген нәрсені жуып тазартуға жарамайды. Құдыққа, яки бір ыдысқа жаңа туған қозы, яки адал, яки қасқыр сықылды арам хайуан түссе, тірі шығарса да, өзі шықса да, ол құдықтың бар суын төкпей, су адал болмайды. Сондай өзі арам һәм сарқыты арам хайуан түскеннің бәрі солай. Егерде құдыққа адам, қой, сиыр сықылдылар түсіп өлсе, шірімей тұрып алып тастаса да, бар суын төкпей адалданбайды. Егерде сарқыты мәкүрік хайуан, яки торғай, қосаяқ тышқан сықылдылар түсіп, шірімей шығарылса, онда отыз қауға су төгеді. Егер қосаяқ торғай, тышқан сықылды нәрсе шіріген соң көріп шығарса, онда құдықтың бар суын төгеді. Егерде құдыққа түскен хайуан өлмей шықса да, құдыққа сиіп, яки тышып жіберсе, онда да бар суын төгеді. Егерде құдықтың көзі бек молдығынан, яки апарып төгетұғын жердің алыстығынан суын біржолата төгуге шама келмесе, төкпей тұрғанда осы су пәлен шелек яки пәлендей қауға шығар деп анық мөлшерлеп айтқан екі таза кісінің айтқанындай су төксе, адалданады, арамданбайды. Онда бас суын төгеді, егер де азғантай болса арамдайды және ішіп жүрген құдықтан, бұрыннан жатқан бір өлексе, қосаяқ яки тышқан табылса, ол су тиген ыдыстың бәрін таза суменен жуып, үш күннен бергі намазын қайта қаза қылып оқиды. Егерде одан беріректе түскені анықталса, содан бергі намазын қайта оқиды. Адам менен еті адал хайуандардың бәрінің де сарқыты адал, қасқыр, түлкі, ит сықылды арам хайуандардың бәрінің жалаған, ішкенінен қалған суменен дәрет алу, ғұсыл құйыну өзге су болмағанда дұрыс. Егерде ол мысық қаршыға, бүркіт сықылдылар бір арам нәрсені жеген соң, кешікпей жаласа, яки ішсе, онда сарқыты күдік. Одан басқа су жоқ жерде сол суменен дәрет алады да және дембі соғады. Өзге су барда тіпті жарамайды. Әр хайуанның терлегендегі тері, сарқыты сықылды болады. Сарқыты адал болса, тері де адал, сарқыты арам болса, тері де арам.

ӘР ТҮРЛІ ТЕРІЛЕРДІҢ ИЛЕУІ МЕН АДАЛДЫҒЫ

Адам мен шошқаның терісінен басқа барша терінің бәрі де илесе адал болады. Жібігенде қайта шылғи қалыбына түспесе, өйтіп иленген тері намазға да дұрыс. Арам өлген өзі тегінде адал хайуанның терісі осындай шылғи қалыбына қайтпайтұғын болып иленсе, ыдыс қылуға жарайды, болмаса жарамайды. Және заты арам хайуанды мысалы, түлкі, қасқыр сықылдыларды тірі күнінде бисмилла, Аллаһу акбар деп бауыздаса, еті желінбесе де қан сөлі тиген киім қол намазға бөгет қылмайды. Бауыздалмай арам өлген өзі тірі күнінде адал хайуанның жүні, тарамысы, сүйегі, мүйізі, тұяғы кепкен соң адал болады. Бірақ ондай арам өлген хайуанның терісін илемей тұрып яки анық кеппей тұрып сатуға, пайдалануға болмайды. Қуық қарын, ішек — бұлар илесе адал болады.

HAMA3FA ЖАРАМАЙТЫН ХАРАМ, НӘЖІС НӘРСЕЛЕР

Нәжіс нәрселер денеге, яки киімге, яки жайнамазға тисе намазды бұзады. Ол нәжістер екі түрлі: кітапта біреуін ауыр нәжіс дейді. Біреуін жеңіл нәжіс дейді. Ауыр нәжіс дегені — араң, бауыздағанда шыққан қан, арам хайуан һәм арам өлген хайуандардың қаны, сарысуы. Және сідік боқ. Және адамның қаны, сарысу, іріңдері, адамның ауырлығы, тауықтың боғы, асыранды қаздың боғы. Тірі малдың яки арам хайуанның қаны, сарысуы, іріні. Бұлардың бәрі ауыр нәжіс. Мұндайлардан киім де, яки дене де жиырма тиындық күміс теңгенің ауданынан артық тисе, ол нәжісті жуып кетірмей тұрып намазға жарамайды. Егерде жиырма тиыннан кішірек болса жарайды, әйтсе де жуған жақсы. Жеңіл нәжіс дегені, адал малдың сідігі, арам құстың саңғыруы сықылды. Ондай жеңіл нәжістен киімнің төрттен біріне тисе, намазға жарамайды. Онан кем болса жарайды. Егерде исі сасық болса бұларды жумай болмайды. Қайсысын болса да жуғанда шама келгенше түсін, исін кетіру керек. Тіпті, болмаса өз көңілің тазарды-ау дегенде қоясың. Етік сықылды сығып жуа алмайтұғын қаттырақ икемсіз нәрсені жуғанда сипап жуып тамшы басылғанша қоя тұрып үш мәртебе солай жуса болады. Бір нәрсенің нәжісі тиген жерін ұмытып қалса, көңілменен осы жер шығар деп мөлшерлеп жуса болды.

ҒҰСҰЛ ҚҰЙЫНУ ТУРАЛЫ

Адамды жәніп қылып ғұсұл құйынуды парыз қылатұғын нәрселер ұрғашыға жатса да, иқтылам болса да, не себептен болса да адамның, бойынан кетсе яки, бойынан кетпесе де жұмсақ басы кірсе, еркекке де, ұрғашыға да ғұсұл парыз болады. Ұрғашылар етек кірі тоқтап тазарғанда және бала тапқандағы нафас қаны тоқтағанда ғұсұл құйыну керек. Бір кәпір мұсылман болса ғұсұл құйыну керек. Кімге ғұсұл парыз болса да ұлы ғұсұл құйынбай тұрып, денесіне тиген нәжіс нәрсе болса, соны жуып, сонан соң дәл намаз оқитұғындағыдай дәрет алу керек. Бірақ аяғын жумай-ақ ғұсұл құйынады. Ғұсұл құйынғанда басынан үш мәртебе су құйып, онан соң оң иығына үш, онан соң сол иығына үш құйып ақырында тамам денесіне түгел бір құйып құлақ кіндік һәм бір түгін қалдырмай шомылып, ең соңында екі аяғын жуады. Шаштың түбіне де су барсын, бірақ, тұлымның арасын жазып жумаса да болады. Ғұсұлдың парызы — ол ниет қылмақ және денесіне тиген нәжісті жумақ аузы-мұрнын шаймақ, барша денесін түгел жумақ. Мұнан басқалары — сүннет.

ДӘРЕТ (ТАҺАРАТ) АЛМАҚ

Біздің қазақ таһаратты тілі келмей дәрет дейді. Дәрет алғанда түзге отырған соң астын жуады. Онан соң екі қолын жуып, аузы-мұрнын үш мәрте шайып, бетін маңдай шашынан иық астына шейін екі құлағына шейін үш мәрте жуып, екі білегін тірсегіне шейін үш мәрте жуып, басы, құлағы, мойнына мәсіх тартып екі аяғын тобығына шейін үш мәрте жуып, саусақтарының арасын да жуады. Дәреттің, парызы — ниет қылмақ, бетін жұмақ. Екі білегін жұмақ, басына мәсіх қылмақ екі аяғын жумақ сақалы бек тығыз болып түбіне су бара алмаса, сыртынан жуып мәсіх қылмақ. Мұнан басқалары — сүннет.

МӘСІХ ТАРТПАҚ

Егерде аяғын жуып, дәреті бұзылмай тұрып мәсі, яки таза етік кисе, сол дәреті бұзылып, дәрет алғанда мәсісін шешіп, аяғын жумай-ақ мәсіге мәсіх тартады. Мәсіх тартқанда бармағынан басқа тура саусағын сулап алып, аяғының саусағының үстінен бастап аяқтың, үстіне шейін тартады. Бұл мәсіх үйде отырған кісіге бір сүтке, яғни бір күн, бір түнге, жолаушы жүрген кісіге үш сүткеге жарайды. Жолаушы деп үш күндік жерге баратұғын кісіні айтады, яки одан алыс жерге баратұғын кісі. Егерде үш күннен ж ақын жерге баратұғын болса, ол жолаушыға есеп болмайды. Бұл мәсіхті сол уағдалы күнінен асса, яғни үйдегі кісі бір сүткеден, жолаушы кісі үш сүткеден асқан соң, шешіп жуады және мәсінің, яки етіктің, күлшіні менен тақасынан өтіп, аяқ суырылса, мәсіх бұзылады және мәсіде, яки етікте тобықтан төменгі жерде екі саусақтың басы сыярлық жыртығы болса, мәсіх жарамайды. Шешіп аяғын жуады және етіктен, яки мәсіден су өтіп, аяқ суланса, мәсіх бұзылады.

ДЕМБІ ҚАҒУ ТУРАЛЫ

Тайаммум дегенді біздің қазақ тілі келмей дембі дейді. Далада сусыз жерде дәреті жоқ кезде намаздың, уақыты болып қалса, жеткенше намаз етіп кететұғын болып, тура мың кезден жақын жерде су жоқ болса — дембі қағып намаз оқиды. Дембі деген таза жерге екі алақанын бір соғып, соныменен бетін жуатұғын жерін сипайды және бір соғып, екі қолын тірсегіне шейін жуатұғын жерін сипайды. Бұл дембінің парызы — әуел ниет қылмақ онан соң, жер таза болмақ. Қордалы тезекті жер, оттың орны, көлдің үсті жарамайды. Онан соңғы парызы — бетін сипамақ жерге соғып һәм және бір соғып, қолын сипамақ. Білегін жалаңаштап сипамаса болмайды және анық таза жер болсын. Бұл дембіні дәретті бұзатұғын нәрселер бұзады және суға жолыққанда бұзылады. Біреудің біраз ғана суы болып, оныменен дәрет алайын десе, не өзі, не көлігі шөлдеп өлетұғын болса, дәрет алмай дембі қағады, яки су бар да болса құдық тереңдіктен, яки басқа себеппенен суды алуға құдіреті жетпесе, яки бір науқасы болып, оған су тисе, науқасы ұлғайып кететұғын болса, мұндайлардың бәрінде де су жоққа есеп болып, дембі қағып оқиды. Ғұсыл, дәрет, дембі үшеуінде де ниет қылу керек. Ғұсыл қылуға ниет қылдым жұныбылықтан тазармақ үшін, яки таһарат, яки тайаммум қағуға ниет қылдым хайыздан тазармақ үшін дегендей және бүл ғұсыл, дәрет, дембі үшеуін де жоғарғы айтылған ретін бұзбай, ауыстырмай істеу керек. Мәселен, бір кісі дәрет алғанда бір жерде бетін жуып, онан соң өзге жерде, яки сол беті кеуіп құрғап кеткен соң бір заманда білегін жуса, ол дұрыс дәрет болмайды. Бұл ғұсұл, дәрет, дембі үшеуін де жұнып болған бұзады. Ол жұнып деген қайтсе болатұғыны жоғарыда айтылды. Дәрет пенен дембіні түзге отырған, бір жері қанап қан, ірің, сары су шыққан бұзады. Ұйықтаған, осырған, жынданған, талған, мас болған, тісі қанаған, намазда тұрып дыбысы шығып күлген, қан құсқан, ауыз тола өзге нәрсе құсқан — осылардың бәрі дәрет пенен дембіні бұзады. Дембіні бұлардан басқа су тапқан, суға құдіреті жеткендік бұзады. Жұнып кісі де су таба алмаса, дембіменен намаз оқи береді, су табылғанша және су жоқта денеге, яки киімге бір нәжіс тисе, топырақтан шамасы келгенше кетер еді. Намазда дыбысы шығып күлген кісінің намазы да бұзылады, қайта оқиды. НАМАЗДЫҢ ПАРЫЗ — УӘЖІПТЕРІ ҺӘМ НАМАЗДЫ БҰЗАТҰҒЫН НӘРСЕЛЕР Намаздың парызы он төрт — жетеуі намазға кіріспей тұрғанда, жетеуі намазға кіріскен соң. Кіріспей тұрғандағылар — дененің таза һәм дәретті болмақ киім таза болмақ, оқитұғын орын таза болмақ, әбүйір жабулы, киімді болмақ. Бұл еркекке кіндіктен тізеге шейін, ұрғашыға бет, қол, аяқтан басқасы жабулы болмақ және құбылаға қарап оқымақ, әр намазды өз уақытында оқымақ сол намазды оқуға ниет қылмақ. Енді намазға кіріскендегі жеті парыз — алғашқы құлақ қаққанда Аллаһу акбару демек тура келер орында тура келіп оқымақ рүкуғда еңкейіп рүкуғ қылмақ, сәжде қылғанда екі алақанын, маңдай, мұрнын, екі аяғының басын, екі тізесін жерге қойып сәжде қылмақ. Әр рекетте тура келіп тұрғанда Құраннан бір аят оқымақ, ақырғы ат-тахиятқа отырмақ һәм ретін ауыстырмай оқымақ. Осы айтылған он тура парыздың бірде-бірі қалса — намаз болмайды, қайта оқу керек. Бұларға намаздан оз еркіменен шықпақты қосып, он бес парыз дегендер де болған. Намаздың он алты уәжібі бар: алғаш құлақ қаққанда — Аллаху акбарудың өзін ғана айтпақ, өзге тәкаппар қоспай тұра, яки үш мәрте отырмақ ат-тахиятқа отырған сайын ат-тахият (қымақ рүкуғ пенен сәждеде бір тәсбих айтқандай мезгіл кідірмек әр уәжіпті ауыстырмай қылмақ, аятты тура, яки үш рекетті намаздың алғашқы екі рекетінде оқымақ һәм алғашқы екі рекеті әлхамның өзін оқымақ және әлхамға бір ұзын, яки үш қысқа аят қоспақ, әлхамды сүреден бұрын оқымақ жария қылар орында жария оқымақ, құпия қылар орында құпия оқымақ жеңіліп бір парызды кешіктірмей, яки бір уәжіпті қалдырса, сәжде сәһу қылмақ имам аят оқығанда қоюшылары тік тұрмақ, уәтірде құныт дұғасын оқымақ екі жағына сәлем беріп, намаздан босамақ, ұйығандар имамның қылғанын қылмақ. Осы айтылған уәжіптердің бірде-бірі қалса, яки бір парызды кешіктірсе, сәжде сәһу қылады. Жалғыз-ақ рукуғ менен сәжде бір тәсбих айтқанша тоқтамағанға сәжде сәһу жоқ. Үюшылар иманнан бөлек сәжде саһу қылмайды. Сәжде сәһу деген ақырғы ат-тахиятты «уа расулуху», — деген жеріне шейін оқып, имам болса бір жағына сәлем беріп, жалғыз болса екі жағына да сәлем берген соң бетін сипамай сәждеге барып, екі мәртебе сәжде қылады да, ат-тахиятты түгел оқып сәлем береді. Жоғарғы айтылған парыз бенен уәжіптерден басқа намаздағы әрбір істердің бәрі сүннет. Олардың қалғанына сәжде сәһу қылынбайды. Бірақ әдейі қалдырса күнәкар болады және мустахибтері де бар. Оны қылса — сауап, қылмаса — обалы жоқ. Намазда істемек арам нәрселер коп. Олай да болса «Фикиһ кедені», — деген кітапта он төртін айтқан. Олар мынау: ауыз бенен бисмиллахині жария қылмақ әлхамның аяғында аутиин дегенді жария қылмақ намазда тұрғанда бетін бұрмақ, көкке қарамақ парыз, уәжіп намаздарды бір нәрсеге таянып оқымақ, құлақ қаққаннан басқа да қол көтермек бір нәрсеге ишарат қылып ымдамақ рукұғ пенен сәждеде аяқ саусағын жерден көтермек ат-тахиятта екі аяғын да тік шаншып отырмақ, киімі не денесі, яки бір нәрсемен ойнамақ, әдейі бір уәжібін қалдырмақ, бұйырылғаннан артық тәсбих тәкбір айтпақ, сәлем бермей тұрып намаздан шыққан кісінің қылығын қылмақ уәтірден басқа намазда құныт дұғасын оқымақ. Бұлардан басқа елу тоғыз нәрсені мәкрук деп жазған. Оны «Мұңіт» деген кітапта арам деген. Түкірмек сіңбірмек деген сықылдылар — бәрі де намаздағы кісі қылмайтұғын нәрселер. Намазды біржолата бұзатұғын нәрсе бесеу: сөйлемек аз болса да сөзге келмесе де күлмек. Мұны өзі істесе, намазы бұзылады, қасындағы кісі істесе, намаз, дәреті бірдей бұзылады. Көп іс қылмақ — бұл екі қолыменен бірдей істеген, яки бір қолыменен үш мәртебе намаздан басқа іс қылған. Намазда әдейі дәретін сындырмақ — егер де қапыда дәреті сынса, үндемей барып дәрет алып, сол қалған жерінен оқыса болады. Намаздың бір парызын әдейі, яки жеңіліп қалдырмақ яки ұмытса да бір парызы қалған соң қайта оқымаса болмайды.

НАМАЗДЫҢ УАҚЫТТАРЫ ҺӘМ НАМАЗ ОҚЫМАЙТҰҒЫН УАҚЫТТАР

Ерте намаздың уақыты — таң білінгеннен бастап күн шықпай тұрып, бесін намазының уақыты — түс ауысыменен күн еңкейгенше, яғни күннің төрттен үш есесі өткенше, онан соң екіндінің алғашқы уақыты кіреді, екіндінің уақыты — күн батудан екі сағат бұрыннан бастап күн батпай тұрып, намазшамның уақыты — күн батқаннан бастап шапақ батқанша, ясаг намазының уақыты — шапақ батқаннан таң білінбей тұрып, уәтір намазының уақыты — ясаг намазы менен таңның арасында. Енді намаз оқылмайтұғын үш уақыт бар: бірі — таң намазынан күн әбден шыққанша, бірі — тал түсте, сағат он екіде. Егер сағат жоқ болса, көлеңке тура тесір қазық астына түскен кезде. Енді бірі екіндіден күн атып болғанша, яғни екінді менен ақшам намаз арасында. Бүл үш уақытта еш намаз оқылмайды. Кітапта бүл уақыттарды зауал дейді.

HAMAЗFA СОҢЫНАН КЕЛІП ҰЙЫҒАНДАРДЫҢ ЖАЙЫ

Егерде біреу таң намазының сүннетін оңыса, имамға ұйый алмай қалатұғын болса, сүндетті қалдырып, парызға ұйып оқиды. Сүннет онда біржолата қалады. Егерде парыздың соңғы бір рекетіне жетерлік болса, сүннетті оқып, парыздың қалған бір рекетіне ұйып, имам сәлем бергенде түрегеліп, әлхам сүре оқып, бір рекет намазын түгелдеп, ат-тахият оқып, сәлем береді. Егер біреу үш рекет парыздың бір рекетін оқып қойған соң келсе, екінші рекетке ұйып, имам не қылса соны қылады да, имам сәлем бергенде, сәлем бермей түрегеліп, әлхам сүременен бір рекет оқып, ат-тахият оқып қойғанда келсе, онда қалған рекетке ұйып, имам сәлем бергенде, сәлем бермей тұрып кетіп, әлхам сүре оқып, ол рекеттің аяғында ат-тахиятқа отырып, уа расулухуғаша оқып және түрегеліп және әлхам сүре оқып, ақырында ат-тахиятты түгел оқып, сәлем береді. Егерде төрт рекет парыз намаздың бір рекетін оқып қойғанда келсе, екінші рекетте имамға ұйып, имам не қылса соны қылып, имам сәлем бергенде, сәлем бермей түрегеліп, әлхам сүре оқып тамамдайды жоғарыдай. Егерде төрт рекеттің екеуін оқыған соң, келсе және сәлем бергенде түрегеліп, екі рекетте де әлхам сүре оқып, алғашқыда отырмай, соңғыда ат-тахиятты түгел оқиды. Егерде үш рекетін оқып қойған соң келсе және сәлем бергенде, түрегеліп, алғашқыда әлхам сүре оқып, ол жолы отырып ат-тахиятты уа расулухугаша оқып түрегеліп және элхам сүре оқып, ол жолы отырмай және соңғы рекетте элхамның өзін ғана оқып, ат-тахият оқып сәлем береді.

ҚАЗА НАМАЗ ЖАЙЫ

Қазаға қалған намазды жоғарғы айтылған намаз оқылмайтұғын үш мезгілден басқа қай кезде оқыса да болады. Ерте намазды қазаға қалдырса, түске шейін сүннетін қосып қаза қылады. Одан қалса, сүннетін оқымайды. Бесін намазда алғашқы торт рекет сүннетті оқыса, имамға ұйый алмай қалатұғын болса, сүннетті қоя тұрып, парызға ұйып, сүннетті артынан оқиды. Парыздың жартысына жете алатұғын болса да сүннетті мұнда қоя тұрады. Осы айтылған ерте намазы менен бесіннің қаза сүннетінен басқа ешбір сүннет намаз қаза қылынбайды. Парыз намаздың қазасын жасырын, оңаша жерде оқыған жақсы. Көбінесе ясағ пенен уәтірдің арасында оқиды.

НАСЫР ОҚЫҒАН ЖОЛАУШЫ ТУРАЛЫ

Керуен жүрісіменен, яки жаяу жүрісіменен үш күндік жерге бармақшы болған жолаушы аулынан былай шыққан соң, төрт рекет парыз намаздарды екі рекет қылып оқиды. Бесін, екінді, ясағ үшеуінің қарызын ниет айтқанда, пәлен намаздың қасыр парызын оқымаққа ниет қылдым дейді. Егерде бұл қасыр оқушы біреуге ұйып оңыса, сол ұйыған кісі түгел оқитұғын кісі болса, соныменен бірге түгел оқиды. Егерде ғасыр оқымайтұғын кісі ғасыр оқитұғын кісіге ұйып оқыса, ғасыр оқушы имам сәлем бергенде, ғасыр оқымайтұғын ұйығандар түрегеліп, қалған екі рекетін өздері имамсыз оқиды. Әлхам менен сүрені оқымай, үндемей тұрып, онан соң рүкуғ һәм сәжде қылып, ат-тахият оқып намазын бітіреді. Бірақ, қасыр оқитұғын кісі имам болмақшы болса, мен қасыр оқимын деп айту керек...

ЖҰМА НАМАЗ МЕШІТ БАР ЖЕРДЕ

Мешіт бар жерде бесін намазы да жұма намазы деп оқылады. Ол жұма намазы он сегіз рекет болады. Әуел мешітке кіргенде екі рекет тахиййатту-л-масджид деген намазды оқиды. Имамға ұйымай, енді азан айтқан соң жұма намазының төрт рекет сүннетін оқиды. Ұйымай. Бұдан соң имам мәртебе шығып құтпа оқиды. Оны тыңдамақ уәжіп. Құтпадан соң тәкбір түсіріп, жұма намазының екі рекет парызын имамға ұйып оқиды. Имам әлхам менен сүрені жария оқиды. Оны да тыңдамақ уәжіп. Бұдан соң жұманың төрт рекет сүннеті деп ұйып төрт рекет сүннет оқиды. Одан соң ақырғы, яғни бесін намазының төрт рекеті деп ұйымай оқиды, аңырында осы уақыттың екі рекет сүннеті деп ұйымай оқиды.

ЕКІ АЙТ НАМАЗЫ МЕШІТ БАР ЖЕРДЕ

Айт намаздарының уақыты күн найза бойы көтерілгеннен түске шейін дұрыс. Илаһи ниет қылдым ораза айтының, яки құрбан айтының намазын өтемекке, барша уәжіп тәкбірлеріменен ұйыдым имамға, Аллаһу акбару деп құлақ қағып, қол қусырады. Сұбхан оқып және Аллаһу акбару деп құлақ қағып, қолын қусырмай қоя беріп және Аллаһу акбару деп құлақ қағып, үш мәртебе солай қылады да, соңында қол қусырып, имам элхам менен сүрені жария оқиды. Үюшылар тік тұрады да, рүкуғ — сәжде қылып тұра келіп, қол қусырып имам және элхам менен сүрені жария оқып болған соң, бастапқы рекеттегідей үш мәртебе Аллаһу акбару деп рүкуғқа барады. Онан соң кәдімгі намаздай сәжде ат-тахият қылып сәлем береді.

ҚҰРБАН ШАЛҒАНДА ӘРКІМ ӨЗІ ОЙЫНДА ОҚИТҰҒЫН НАМАЗЫ

Құрбан бауыздаған соң дүние сөзін сөйлемей, үндемей келіп, екі рекет намазды ешкімге ұйымай жалғыз оқиды. Екі рекетте де бір әлхам-үн қүл қуа-л-лаһу оқып, рүкуғ пенен сәжделерінде міне бір дұғаны оқиды: «субханал-лаһи халикун-нури субхана ман һуа қағимун ғала кулли нафсин бима қасабат» — бұл намаз парыз, уәжіп болмаса да, құрбан артынан тілек әлбетте, оқыған жақсы.

ЖАНАЗА НАМАЗЫ

Жаназа намазы — парыз. Бірақ біреулер оқыса өзгелердің мойнынан түседі. Оқығанның сауабы көп. Жаназа намазына ниет қылғанда илаһи ниет қылдым жаназа намазын өтемекке, барша тәкбірлеріменен ұйыдым имамға десе болады. Соны айтып, Аллаһу акбару деп құлақ қағып, қол қусырады. Сұбханды түгел оқиды да, Аллаһу акбару дейді. Онда қолын қозғамайды. Ат-тахияттың уа расулу-худан кейінгі салауатларын түгел оқиды да және Аллаһу акбару дейді, онда да қолын қозғамай. Одан соң міне бір дұғаны оқиды да және Аллаһу акбару деп екі жағына сәлем беріп, намаздан босайды. Соның бәрінде түрегеліп тұрады. Жаназа дұғасы мынау: «Аллаһумма иғфир лихаййина уа маййитина уа шахидина уа ғаибина уа сағирина уа кабйрина уа закарина уа унсана Аллаһумма ман ахйайтаһу минна фа ахйаху ғалал-ислами уа ман тауаффайтаһу уа тауаффаһу ғалал-имани Аллаһумма ин қана мухсинан фа таджауаз ғанху — бұл дұғаның мағынасы: ей, Алла тағала, жарлың біздің тірілерімізді, өлгендерімізді, кернеу тұрғанымызды һәм мұнда жоқтарымызды, кішімізді, өлгенімізді, еркегімізді һәм ұрғашыларымызды, әй, Алла тағала, біздің тірілерімізді ислам дінінде тірі жүргіз, өлгендерімізді иманменен өлгіз, әй, Алла тағала, бұл өлік сауапты болып өлген болса — сауабын көбейт, егер кінәлі болып өлген болса — күнәсін кеше гөр, деген. Егерде осы дұғаны айта алмаса, мағынасын айтса да болады. Жаназа намазының ниеттен басқа парызы — төрт тәкбірі. Өзгесін, тіпті болмаса төрт мәртебе Аллаһу акбару деп айтса болады. Өлік ер жеткен кісі болмай, нәресте, бала болса, жоғарғы дұғаның орнына міне бір дұғаны оқиды: «Аллаһумма иджғалһу лана адратан уаджғалһу лана аджран уа зухран уаджғалһу лана шафиған уа мушафиған».

ӨЛІК ЖАЙЫ

Кімде-кім өлер халге жетсе, қалғандарға өсиет айту һәм насихат айту керек. Аятта айтқан: «кутиба ғалайкум иза хадара ахадакум ал-мауту ин тарака хайран ал-уасийй-ату лил-уалидайни уал-акрабина бил-мағруфи хаңцан алал-муттаңииа» — мағынасы: парыз қылды Алла тағала, қашан біреуіңіз өлімге таянсаңыз, мал-жиһазыңыз қалса, ата-аналарыңызға һәм жақын туысқаныңызға өсиет қылыңыз әділдік бірлен. Парыз болды бүл күнәдан сақтанушыларға деген, бұл өсиет деген, әуел борышы, бересісі болса — соны бер десін һәм біреулерді ренжіткен болса, содан кешу сұрасын. Онан соң мирас қалған малды шариғат жолыменен біріне-бірі зорлық, яки айла қылмай ал десін және підия садақа бер десін. Қаж қылмаған болса, бедел қаж бер десін. Бірақ мұндай жабдықтарына малынан үштен бірінен артық айтуға жарамайды. Малының үштен бірі қанша болса, соны ғана өз жағдайыңа ұста десе болады. Егерде борышы малынан кем болмаса, борышын төлемей тұрып еш нәрсе ұстауға болмайды және өлімге таянған кісіге, әлбетте, ренжіткені болса уа ғайри хақтарыңыз болса кешуіңіз керек. Оның үшін одан ғарып бейшара кім бар және өзіңізге де Алла тағала кешер және ондай өлгелі жатқан кісі өзін мысал қылып, қалғандарға насихат айту керек. Қалғандар сондайдан ғибрат алып, кісі хақы һәм басқа күнәлардан тыйылуға қам қылу керек және ол өлімге жақындаған кісі «ла илаһа иллал-лаһу уа мухаммаду расулул-лаһу» деген сөзді айта беру керек. Мұның мағынасы осы кітаптың басында айтылды-сол мағынасын біліп, көңілмен шын нанып айту керек. Егерде мағынасын білмесе, «Құдай бір, Құран шын, пайғамбар хақ» деген сөзді айту керек егер иман айтуға ол кісінің халі келмей бара жатса, бір оқыған адам «ла илаһа иллал-лаһуды» құлағына анықтап айтып отыру керек. Ол кісі оның мағынасын білмейтұғын кісі болса, «Құдай бір, Құран шын, пайғамбар хақ» дегенді айтып ұқтырып отырсын. Бірақ былай айт демесін. Бек нашарланған кезде аяғын құбылаға жіберіп, жүзін құбылаға қарсы жатқызу керек. Құранды жақсы оқитұғын бір молда Иасин шәріпті оқып отыру керек. Жаны шыққанша иманды құлағына анықтап айтып отыру керек — зинһар — сол кезде дабырлаған, жылағанды қою керек. Өз күнәңді ойыңа түсіріп, өліктің де күнәсін кеш деп Алла тағалаға тәубе қылып, тілекпенен отыратұғын уақыт, сол сіздердің өтірікті-шынды жылап, кейіген болып разы қылатұғын уақытыңыз ол емес — зинһар — тып-тыныш қана ішіңізден Алладан тілеп отырыңыз. Оның да, өзіңіздің де күнәмізді кеш деп, әбден жаны шығып болған соң қол-аяғын түзетіп, аузы менен көзін ептеп қана жұмғызып, үстіне өлікті қоятұғын тақтайды, мүмкін болса, жақсы иісті нәрсеменен иістендіріп, киімінің һәммасын алып, әбүйірін бір нәрсеменен жауып қоясыз. Іші кеуіп кетпеске, үстен жапқан нәрсенің сыртынан бір ауырлау кірпіш, яки тас сықылды нәрсеменен кіндігінен азғана жоғарырақ бастырып қоясыз. Тірі кісіні қандай ептеп ұстасаңыз, өлікті де сондай ептеп қана ұстап қозғайсыз. Өлікті жуғанда қолға бәзден қолғап қылып, әуел астын жуып, бетін жуып дәрет алғызып, аяғын кешіктірмей тез жуып, мүмкін болса басын, сақалын хатмы деген шөппен жуып, сол жағыменен жатқызып, оң жағын жуып, оң жағына жатқызып, сол жағын жуып, денесінде су тимеген жер қалдырмайды. Жуып болған coң шалқасынан жатқызып, қарнын төмен қарай баса сипайды. Сонда артынан, астынан бір нәрсе шықса, оны жуып тазалайды. Аузын қайта жумайды. Мұнан соң таза бозбенен сүртіп құрғатып, кебіндейді. Шашын, сақалын тарамайды. Сәждеде жерге тиетұғын сегіз жеріне иісті нәрсе жаққан жақсы. Шаш, тырнақ еш нәрсесін алмайды, түскені болса, кебін арасына салып жібереді. Кебін деген еркекке үш қабат, ұрғашыға бесеу болады. Еркекке әуел азар дейді — бастан аяққа шейін жетеді. Екінші қамыс — жауырынынан аяғына шейін. Үшінші ләфап — ол да бастан аяққа шейін болады. Ұрғашыға бұл орауынан басқа хамар деген бүркеншік қылады. Басынан емшегін әбден жапқанша. Және хырқа дейді, оныменен емшегін орайды, көлденеңі қолтықтан тізеге шейін. Егерде кебін ашылып кетеді деп қауіп қылса, әр жерден байлап қояды да, қабірге салған соң шешіп алады. Қабірді қазғанда мүмкін болса лахат қылу керек. Лахат деген қабірге тік қазып барып, құбыла жағынан кісінің денесі сыярлық қуыс қылып, өлікті соған қояды да, бер жағын тас, яки кірпішпенен қалап бекітіп, топырақты тік қатаң қабірге қайта толтырады. Қабірдің қорғаны берік болып, қасқыр һәм басқа хайуан өлікті жейді деп қорықпағанда қабірді кірпішпен сандықтамай, топырағын томпайтып, жалдап үйіп қойған жақсы.

ОРАЗА ЖАЙЫ

Әр жылда рамазан айында ораза тұтпақ парыз. Ораза кісі күндіз еш нәрсені ішіп-жемейді, күндіз ұрғашыға жатпайды, темекі тартпайды, насыбай атпайды, сағыз да шайнамайды. Рамазан айын көріп ұстайды, болмаса көрдім деп бір кісі куәлік ант берсе, күн бұлтырақ болса, соның антыменен ұстайды. Бірақ олайша ұстағанда отыз күнге толған coң ай көрінбесе, аузын ашпай, отыз бір күн ұстайды. Егерде оразаның басында екі кісі, яки бір еркек екі ұрғашы ай көрдік деп ант берген болса, отыз күн ұстаған соң бұлт болып, ай көрінбесе де, ашып жібереді. Егерде бұлтсыз ашың болса, көп кісі көрмей, яки әр жақтан көрдік деп хабар келмей ашпайды. Бірақ, шағбанды анық отызға толтырып ұсталған болса, отызға толса ашады. Егер де рамазан айын ешкім көре алмаса, не көрген анықты хабар болмаса, онда оразадан алдыңғы айды отызға толтырып, содан кейін ұстайды. Бірақ, есіңізде болсын, кітапта айды көрген күні бірі деп саналмайды, ертең бірі деп санайды. Сол себептен рамазан айын көретұғын күні ораза бола алмайды. Сол сықылды оразадан бұрынғы айды көрген күнінің ертеңінен бастап санап отызға толтырып, отыз бірінші күні берік болады. Егерде оразадан алдыңғы шағбан айының да басы анық біліне алмаса, одан бұрынғы режеп айын да отызға толтырып һәм шағбанды да отызға толтырып, содан coң ұстайды. Құрбан айы да осы сықылды. Егерде құрбан шалатұғын зұлхижа айынын, басын біле алмаса, алдыңғы зұлқағданы отызға толтырып санап, одан coң зұлқыжанын кітапша оны күні құрбан шалады. Егерде зұлқағданың да басы белгісіз болса, одан бұрынғы ауыз ашқан шавал (шауал) айын да отызға һәм зұлқағданы да отызға толтырып, содан coң зұлхижаның кітапша оны, қазақша он бірі күні шалады. Осы айды отыздан толтырғанға пайғамбарымыз бір ай жиырма тоғыз, бір ай отыз дегені бар және қай күні ораза болсаңыз, сол күні құрбан шаласың. Яғни жұма күні берік болсақ жұма күні құрбан болады дегені бар деп кей молдалар айтатұғыны болады. Олай емес — отыздан толтырған дұрыс және календарь һәм басқа есеп ғылымына қарағанда бір айды жиырма тоғыздан бітіріп санаған тура сықылды болса да, отыздан толтырмай болмайды. Бүл сөзіме сенбеген кісі «Фатхул-қадыр» деген кітаптан қарасын. Егерде бірталай айлардың басы белгісіз болса, онда бәрін де отызға толтырмайды. Олай болғанда хазірет Алиден рауаят қылынған былтырғы оразадан торт күн өтіп, бесінші күні тұтсын деген дұрыс болар. Уал-лаһу ағламу — ол мынау: мәселен, былтыр жұма күні ораза болған болса, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі төртеуін қалдырып, бүл жылы шығар сенбі күні ораза болады. Бүйтіп ұстаған кісі отызға толмай ашпайды, ай көрініп қалмаса. Ай көрінсе, қашан да ашып жібереді. Егерде оразаның бір күні кем болса, оразаның басында ай көрінгені анықталып, кім екені білінсе, қазасын ұстайды. Болмаса ұстамайды. Егерде екі күні кем болса, онда да басында ұсталғаны анық дәл алғанда бір-ақ күні кем болып, жиырма тоғыздан біткені білінсе, бір күн қаза төлейді. Ораза боларда ай көре алмай, өзгелер көрген шығар деп күдіктенген кісі ертеңінде түске шейін тамақ жемей берік болу керек. Оған шейін кеше ай көрдік деген анық хабар келсе, сол күні ниет айтып, ораза болады. Егерде хабар келмесе, ашып жібереді. Егерде тамақ ішіп қойған соң түстен кейін хабар келсе, қалған күнге күн батқанша тамақ жемей қояды да, соқырға бір күн қаза ұстайды. Жалғыз өзі ай көрген кісі өзінен басқа көрген кісі жоқ болса, оразаның басында да һәм аяғында да берік болады. Егерде анық өзім көрдім ғой деп, оразаның аяғында ашып жіберсе, бір күнге бір күн қаза төлейді. Оразада әдейі ашып жіберген кісі бір күнге алпыс күн кінәрат, яғни тұтас екі ай ораза ұстайды. Халсіз ауру, халі келмейтұғын шал-кемпір, жолаушы үш күндік жолға шыққанда ұстамаса болады. Бірақ жолаушы тым қиыншылық болмаса, ұстаған жақсы және жолаушы үйге келген соң, ауру кісі жазылған соң қазасын ұстайды. Шал менен кемпір әр күн үшін пітір садақасындай бидай береді пақырға және буаз қатынның баласына, яки емшекте болса, бар қатынның баласына өзі ораза болғаннан зиян келетұғын болса, бұлар ашық болады да, артынан қазасын ұстайды. Аса шөлдеп не қарны ашып өліп кетерлік болған кісі де ашып жіберіп, күніне күн ұстайды. Жеңіліп, яки ұмытып ашып жіберген кісі артынан тамақ ішпей қояды да, күніне күн қаза төлейді. Ұрғашылар бала тапқан қаны тазарғанша һәм етеккірі келген кездерде оразаны ашып жіберсе, артынан қаза қылса болады. Бірақ, ол кездегі намаздарын қаза қылып оқымайды және оразада шама келгенше күнәдан сақтану керек. Қалай болса солай күнәдан тыйылмай, аузына не келсе соны сөйлеп жүргендей ораза сауапты болмайды. Бәлкім, қабыл да болмас деген қауіп бар.

ЗЕКЕТ ЖАЙЫ

Қой, ешкі екеуі жиылып қырыққа толса, бір жылдан соң сол қырықтан кем болмаса бір қой зекет бересіз. Жүз жиырмаға шейін одан бір қой асса да екі қой береді. Екі жүзге шейін онан және бір қой асса үш қой зекет береді. Үш жүзге шейін мұнан соң жүз басына бір қой зекет береді, жүзден кеміне бермейді. Мысалы, торт жүз тоқсан тоғыз болса төрт қой береді. Зекетке орта қой, яки орта қойдың бағасы беріледі. Қайсысы алушы пақырға пайдалы болса соны берген жақсы. Әр малдың бәрі де солай. Сиырдан отыздан кемге зекет жоқ. Отыз болса бір тайынша береді. Қырықтан — бір құнан сиыр. Алпысқа шейін алпыстан екі тайынша береді. Жетпістен сексенге шейін тайынша, бір құнан сиыр береді. Сексеннен тоқсанға шейін екі құнан сиыр. Тоқсаннан жүзге шейін үш тайынша, яки бағасы. Түйеде бестен кемде зекет жоқ. Бес түйеге бір қой зекет береді. Жиырма түйеге шейін әр бес түйеден бір қой, жиырма бес түйеден бір ұрғашы тайлақ. Отыз алты түйеге бір құнанша ұрғашы түйе. Қырық алтыға дөнежін інген. Алпыс бірге бесті інген, жетпіс алтыға екі ұрғашы тайлақ. Тоқсан бірге екі құнажын түйе. Жылқының зекеті — мінгеннен артылғанына беріледі. Ақшаға бағалап қанша болса да қырық сомнан бір сом беріледі. Қай мал болса да еркек ұрғашысы аралас болса, зекет беріледі. Мысалы, тоқсан тоғыз еркек бір ұрғашы болса да, яки ылғи еркек болса да саудаға салатұғын ниеті болса зекет беріледі. Және зекет жыл сайын беріледі. Жылдың басы менен аяғында зекет беруге толса, болғаны, ортада кемігені, артқаны есеп емес. Малдың төлі яғни баласы жылға жасы толмаса да үлкендеріменен бірге есептеліп кетеді. Бірақ зекетке үлкені беріледі. Бидай, тары, сұлы дегендей егіндерден оннан бірі беріледі. Мысалы, он қадақтан бір қадақ. Он пұттан бір пұт. Ақшадан жиырма сегіз сомнан кемде зекет жоқ. Ол жиырма сегіз сомнан алпыс бес тиын зекет береді. Есебі қырықтан бір — қырық сомнан бір сом. Қанша болса да сол есебімен береді. Зекетті түк малы жоқ кісіге береді. һәм малы зекетке толмайтұғын кедейлерге береді. Үйінде малы болса, жақсылық жолда жүріп мұқтаж болғандарға береді. Малынан борышы артылын төлей алмағандарға береді. Оқу, ғылым іздеп қаражаты жетпей тұрғандарға береді. Біздің жерде беретұғындар солар. Мұсылман патшалы жерде бұлардан басқа кәпірменен соғысқа баруға қаражаты жетпегенде малыменен болсын сатып алмақшы болған құлға һәм әдейі зекет жиюға қойылған зекетшіге береді.

ҚАЖ ТУРАЛЫ

Қаж қылуға жол қаражатына да һәм үй ішінің нәпақасына да малы жетерлік байларға ғұмырында бір мәртебе қаж қылмақ парыз және жол аманшылық болмақтығы шарт. Егерде жол қауіпті болса, токтай тұрады. Қаждың үш парыз бар — әуел ихрам байламақ. Ол ихрамды байлайтұғын орындары бар, оны ми қат дейді. Қай жақтан Меккеге барса да, тұсындағы миқаттан өтпей тұрып ихрам байлайды. Микаттан өткен соң байлаған ихрам дұрыс болмайды. Екінші парыз ғарафа күнінде, яғни құрбан шалатұғын күннен бір күн бұрын ғарафатта тұрмақ парыз. Ғарафа күнінің шаңқай түстен құрбан күнінің таңы атқанша сол ортада азғана тұрса да, парызы мойнынан түседі. Үшінші парыз — құрбан шалуға дұрыс үш күннің бірінде қағбатул-лаһиды жеті айналып тауап қылмақ. Осы айтылған үш парыздың бірі қалса, қаж болмайды. Қаждың бес уәжібі бар. Әуел муздалифада тұрмақ құрбан күнінің ерте намазынан соң азғана тұрса да болады. Екінші уәжіп — сапа менен мәруа арасында жеті мәртебе сәғи қылып жүрмек. Үшінші уәжіп — мине де шайтанға жеті тас атпақ. Төртінші — құрбан шалса, шалып болған соң ихрамнан шыққанда шашын алдырмақ, яки қырықтырмақ. Бесінші уәжіп — қайтарда амандасқан ниетте болып қағбатул-ла-һиды жеті айналып тауап қылмақ. Мұнан басқа сүннет мустахабтары көп. Бірақ оларды қылса сауабы көп, қылмаса да қаж болады. Парыз қалса, тіпті қаж емес, уәжіп қалса да, кемшілігі болғаны болады. Қаж жолында жүргенде, әсіресе, ихрамда жүргенде сақтанарлық іс көп. Ихрамда жүргенде ұрғашыдан һәм барша күнәдан, ұрыс-жанжалдан, құрбаннан басқа жанды нәрсе өлтіруден, не өлтіруге ишара қылудан қатты сақтану керек және иісті нәрсе жағыну, тырнақ алу, бір қылды түсіру, еркектер басын жабудан, қай жеріне болса да башмактан басқа тігулі киім киюден, сәлде ораудан, бір көк шөп, яки жерге біткен ағаш болсын, сондайларды үзіп сындырудан — осындайдан бек қатты сақтық керек. Аятта: «фа ла рафәсә уа ла фусука уа ла джидала фил-хаджи» — мағынасы: ұрғашыға жатпақ бұзықтық күнә қылмақ, жанжал шығармақ — қаж жолында бұлар дұрыс емес. Ихрам байлағанда ниет қылмай болмайды. Егерде жалғыз ғана парыз қажды ниет қылса, «Аллаһумма инни ури-дул-хаджжа фа йассираһу ли уа такаббал минни» дейді. Мағынасы: әй, Алла тағала, мен қаж қылуға ниет қылдым, қаж қылмақты маған жеңіл қыл һәм қажымды қабыл қыл деген болады. Егерде қиран болса, яғни қиран қаж деген парыз қажбенен ғұмырына бірге ниет қылған болады. Онда «Аллаһумма инни уридул-гумрата уал-хаджжи» деп ниет қылады. Егерде қаж болса, яғни басында жалғыз ғана ғұмырыны ниет ңылса, «Аллаһумма инни ури-дул-гумрата» деп ниет қылады. Ол мынау: лаббайка Ал-лаһумма лаббайка ла шариқа лака лаббайка аннал-хамда уал-нигмата лақа уал-мулка ла шарика лака» — бұл тәрбиені әрқашан қажылар біріне-бірі жолыққанда, жоғары шыққанда, төмен түскенде, бір халден бір халге ауысқанда айтып жүреді ихрамда жүргенде. Жоғарыдағы айтылған ихрамда жүргенде қылма деп тыйған нәрселерді ұмытып істеп қойса, әрқайсысының әр түрлі кіфараты бар. Кейбіреуін қылғанға түйе, яки сиыр құрбан қылмақ кейбіреулеріне қой құрбан уәжіп болып, кейбіреуіне садақа уәжіп болады. Оларды кітабынан қараңыздар.

ҚҰРБАН ШАЛМАҚ

Зекетке малы толған кісіге жылында құрбан күні бір қой шалмақ уәжіп болады. Өзіне тиісті байынан бөлек малы болса қатыны да һәм сүннетіне басқан, яки бір мирастан тиген жас баласының малы болса, зекетке толымды болса оған да құрбан шалмақ әкесіне уәжіп. Біреу өлсе қатыны һәм ер жеткен балалары яки әке-шешесі қалса, шариғат бойынша малын мирас қылып бөлгенде, әр қайсысына зекетке толарлық мал тиетұғын болса, бәріне де құрбан шалмақ уәжіп болады. Құрбанға қой менен ешкінің он екі айды бітіріп он үшінші айға кіргені жарайды. Қойдың алты айдан өтіп жеті айға кірген токты жарайды деген нашар сөз. Оны шалуға жарамайды, себебі енесімен бірдей болса жарайды деген. Ол енесіменен бірдей болмайды. Оған қарамай, әжептәуір, жарайды деді ғой деп, шала берген жарамайды. Сиырдың жиырма бесінші айға кіргені жарайды. Түйенің алты жасқа кіргені жарайды. Бір қой бір кісіге жарайды. Түйе менен сиырдың біреуі жеті кісіге шейін жарайды, онан көпке жарамайды. Құлағының яки құйрығының үштен бірінен көбірегі жоқ болса жарамайды. Жілігі татымайтұғын арық мал шалатұғын жерге басып бара алмаған ақсақ қаттырақ ауру мал жарамайды. Құрбанды құрбан айттың үш күнінің қайсысында шалса да дұрыс. Бірақ алғашқы күн жақсы, онан соң орта күн, онан соң аяқ күн. Құрбан айының басы көрілмесе алдыңғы айды отызға толтырады. О да көрілмесе, онан бұрынғы айды отызға толтырып ауыз ашқан күн менен құрбан шалған күнді қосып ауыз ашқаннан жетпіс күн дегенде шалады. Бұл туралы ораза жайын айтқанда айтылған құрбанның айтының үштен бірін шикідей жарлыларға беріп, бір есесін келгендерге беріп, бір есесін өздері жейді. Терісін бишараға береді. Яки кеп пайдаланатұғын нәрсеге сатады.

МАЛ БАУЫЗДАМАҚ ҺӘМ АДАЛ МАЛДЫҢ ХАРАМ НӘРСЕЛЕРІ

Мал бауыздағанда бисмил-лаһи Аллаһу акбару деп, өндіршек пенен жұтқынның екі арасынан бауыздайды. Түйені өндіршектен бауыздайды. Бауыздағанда өңеш, кеңірдек, екі күре — төртеуін қияды. Үшеуі қиылса адал, екеуі қиылса арам болады. Жұлынды жаны бар күнінде қимайды. Онда мәкүрік болады. Жұтқын кеуде жақта қалса да мәкүрік болады. Бауыздаудың шарты бисмил-лаһи айтпақ күре тамырды қимақ өндіршек пенен жұтқын арасынан бауыздамақ. Соны білсе ұрғашының, баланың бауыздағаны бәрі адал. Бауыздауын құбылаға қаратқан жақсы. Бірақ қаратпаса да адал болады. Бір хайуан құдықта, яки бір киын жерде болып, бауыздауға қолы жетпей, яки бауыздауы табылмаса — қай жерінен болса да найза, яки балта сықылды бір нәрсеменен жара алғанда бисмил-лаһи Аллаһу акбару деп жара алса, сол жарадан өлерлік қылса, ол мал адал болады. Оған адал малдың боқ-сідігі, бауыздау қаны, қамшысы, ені, сарыпайы менен көтен ауыз жатыры, от, қуық, қара бездер — бұлардың бәрі арам болады. Жұлын, ми, тірі малдың аузы, талақ — бұлар мәкүрік. Басты үйткенде езуін тіліп үйтіп, яки тісін қағып, тістің түбіндегі жынды тазалау керек және ішек-қарын, жұмыршақтарды қатты ескеріп тазалау керек. Қозыдан шыққан мәйек жуып алса адал. Ұрлық еті не қылып бауыздаса да арам. Оның себебі: бисмиллаһи Аллаһу акбару деп бауыздаса, арамға бис-мил-лаһи айтқан соң өзі кәпір болады. Мұсылманнан кәпір болғанның бауыздағаны арам. Егерде бисмиллаһи айтпаса, онда да арам. Біреуге бауыздатса, арам малды адал деп бауыздатқан сықылды — онда да арам. Осы ұрлық малын бисмил-лаһи деп бауыздаса да кәпір болмайды деп Ғақаиз кітабының шархына шарх жазған Рамазан әфенді деген кісі айтқан екен, оның сөзі нашар көрінеді, себебі арамлығына арам ми айрихиге бисмил-лаһи айтқан кісі кәпір болмайды дейді. Арам катғийй лиайрихині мәкүрік есебіне кіргізген болады. Аятта арам деген нәрсені адал деген аятқа нанбаған болады. Бұл туралы бұл кітапшаға сыйғыза алмаспыз. Хадми рахматул-лаһи ғалайһинің «Риса-ла бисмил-лаһи» деген кітабынан қараңыз, арам болады да, бисмил-лаһи айтқан кісі болады — уал-лаһу ағламу. Шегіртке менен балықты бауыздамай-ақ жей береді. Буаз малдың ішінен шыққан баласы тірі шығып, бауыздалса, адал болады бисмил-лаһименен. Егерде өліп шықса, арам болады. Енесін бауыздаған баласына бауыздау болмайды.

АҢ АУЛАМАҚ

Аң ауламақ обал емес. Бірақ соған айналып жүріп, парыз — уәжіп, ғибадат қылса, обал болады. Аң атқанда бисмил-лаһи Аллаһу акбару деп атып, дағды қылу керек. Сөйтіп, бисмиллаһи айтып атқан аң өзің еш нәрсеге айналмай барғаныңша өліп қалса, адал болады деген. Оқты дәл қадап атқаныңа тимей, өзге біреуіне, яки екеу—үшеуіне тиіп, жеткеніңше өлсе де адал деген. Бірақ мылтықтың оғын өткірлігі жоқ деп, бундука деген домалақ балшықтан жасап ататұғын нәрсеге ұқсатып, «Ибн абидина» деген кітапта мылтықпен атқан аң өліп қалса, бисмил-лаһименен атса да арам дейді. Оған үш түрлі сөз айтқан екен. Бірі — отпенен күйдіресің, яғни дәрінің оты, бірі — дәрінің күшіменен барады оң—қол күші емес. Бірі — оң салмағыменен өлтіреді, өткірлігі жоқ дейді. Бұлар менің көңіліме нашарлау сықылды көрінеді. Себебі отпен күйдіресің дегені мылтықтың жайын білмегеннен айтылған. Дәрінің оты он екі, он бес кезден артың жерге бармай қалады және оң суық қалыбында барады, қызатұғын болса, қорғасын ерімей ме! Екінші дәрінің күші дегені де нашар сөз. Себебі садақтың оғы бір қайыс, бір мүйіздің күші. Ол неге адал болады. Оны қолменен тартып барып жібереді десе — садақ орнына күшті пружинаменен тарттырып байлап қойып, соны шығарып жіберсе де өлтіреді ғой! Үшінші себебі — өткірлік жоқ дейді, о да нашар сөз. Себебі өткірлік дегеніңіз шапшаңдық емес пе екен. Не айламенен шапшаң барып кесіп, яки тесіп өтсе, ол өнерлік болмас па! Ағаш, яки таспенен бауыздағанда соншалық өткір бола ма? Қолдың қуатыменен шапшаң егегеннен қырқады ғой және оң салмағыменен ұрып жықпайды, шаншып кетпейді, тесіп өтеді. Хәттә бек нашар нәрселерді де шапшаңдығынан құлатпай, яки жармай өтіп кетеді. Бірақ мен аса молда кісі емеспін. Осы сөзді тексеріп сұрап біліңіздер. Менің сөзім «Кашфул-асрар» деген кітаптан табылар. Бірақ ондай аң тасқа түсіп, яки суға түсіп өлсе, онда жылынбайды. Себебі неден өлгені мағлұм емес және атқан соң бір нәрсеге айлансаң, яки және біреуін атпақ болып мылтық оқтасаң да, онда өліп қалса, арам болады. Бисмил-лаһи Аллаһу акбаруды арам аңды атқанда әдет қылу керек. Бауыздаса арам аңның да қаны, сөлі тиген нәрсе намазға жарайды. Бірақ бисмил-лаһименен бауыздалсын. Бисмил-лаһисіз бауыздалса, адал аң, адал мал бәрі арам болады. Бірақ бұрын айтып жүріп, сол жолы ғана ұмытып кетсе, онда адал болады атқанда да, бауыздағанда да солай. Қаршыға менен итті жібергенде бисмил-лаһи айтса, барғанша өлтірсе адал деген сөз бар. Ол бізге керек те емес — оның шарттары бар.

НИГАХ (НЕКЕ) ТУРАЛЫ

Неке деген пәленшенің қызы пәленшені қатындыққа қабыл қылып алдым деп еркек айтып, пәленнің баласы пәленді бай қылуға қабыл алып тидім деп ұрғашы айтып, екеуі бір орында — екі куә алдында айтады. Куәлар екі еркек яки бір еркек екі ұрғашы болады. Куәлар жас бала болмасын, жынды, яки кәпір, яки саңырау, яки күл болмасын. Бай менен қатынның жақындары болса да жарайды. Бүйтіп екі куә алдында ерлі-қатынды болуға разы болғандарын айтыспаса — неке дұрыс болмайды. Неке жасы толған қыз разы болдым демесе, зорлықпенен неке қиылмайды. Жасы толған қыздан өзінің әкесі, яки туысқан ағасы сықылды жақын ие болып тұрғаны некеге пәленше разымысың деп сұрағанда, үндемесе не күлсе, дыбысы шықпай ғана жыласа — ол ұнағанға есеп. Егерде даусы шығып жыласа — онда ұнамағаны. Егерде ондай ер жеткен қыздан рұқсат сұрағанда, басқа жат біреу, яки жақыны тұрып жамағайыны сұраса — онда қабыл көрдім, яки ұнадым демей болмайды. Алла тағала бір кісіге төрт қатынды бірінің үстіне бірін алуға рұқсат берген. Олай да болса ол аяттан соң және айтқан: егер де әділдіксізпенен ұстай алмаймын деп қорықсаңдар, бір қатын ғана ал деп. Ол аят мынау: «фаин хуф-тум әллә тағдилу фа уахидатан» — мағынасы: егер әділдік қыла алмаспын деп қауіп қылсацдар — бір-ақ қатын ал деген және мұның соңында бір аят: «ау ма малакат айманукути залика адна әллә тағулу» — мағынасы: не болмаса кәнізәк сатып алып, соны қатын қылыңыз. Бұл жалғыз қатын менен кәнізәк сатып алған залымдық қылмай күнәдән сақтануға себеп болар деген. Әлбетте, біздің қазақта екі қатынға әділет аз. Сол себептен қазақ ғұзырсыз екі қатын алмаса жарайды.

ҚАТЫН ҚЫЛЫП АЛУҒА ШАРИҒАТ ҚОСПАЙТЫНДАР

Кітабынан басқа кәпірлердің ұрғашыларын алуға болмайды (кітабы деген бұрынғы Тәурат, Інжіл, Забур деген кітаптардың бірінің шариғатыменен жүргендер — жүһіддер сықылды) және өз шешесі, өгей шешесі, шешесінің шешесі, қанша жоғары болса да, солар арам және өз қызы һәм қызының қызы, баласының қызы, немересінің қызы, қанша төмен болса да, бұлар арам және бірге туысқан аға-інісінің, апа-қарындасының қыздары, ол туысқандарының шешесі, басқа әкесі бір болса да, яки әкесі басқа, шешесі бір болса да, солардың қыздары һәм қыздарының қыздары, ұлдарының қыздары, қанша төмен болса да, олар арам және ол бірге туысқан апа-қарындастарының өзі де арам және қатынының шешесі, оның шешесі, қанша жоғары болса да, ол арам және әкесіменен туысқан қыз шешесі бөлек болса да, яки әкесі бөлек болса да, сол арам. Есебі екеуі де немере болса, шариғат қосады. Егерде біреу ата баласы болса, біреу немеренің баласы, яки оның да баласы болса да қоспайды және қатынының бұрынғы байынан туған қыз, яки өзінен шыққан соңғы тапқан қызы, яки байсыз күнінде ойнастан тапқан болса да, сол қыз арам және ойнас болған ұрғашысының тұқымы арам және баласының қатыны, немересінің қатыны, қанша төмен болса да, арам және баласына жас күнінде айттырған қызды баласы алмай қойса да, яки баласы өліп қалса да, яки қыз тимей қойса да, сол арам. Бұл жоғарғы айтылған жақындықпенен арам болғандар сықылды, сүт еміскенменен де сондай емшектес жақындары да арам болады және бірінің-бірі әбүйірін ұстасқан бір еркек бір ұрғашының бірінің тұқымы біріне арам және әбүйірін ашып көріскендердің де бірінің тұқымы біріне арам. Есебі — қылысқан, әбүйірін ұстасқан һәм әбүйірін көріскен бір еркек бір ұрғашының бірінің тұқымы біріне арам болады және осындай не жақындықпен, не сүт еміскенмен, не ұстасып, көріскенменен арам болғандардың екеуі де ұрғашы болса — біреуін еркек қылып ойлағанда бірі біріне арам болса — ондай екі ұрғашыны бірінің үстіне бірін алып, бір кісі қатын қылып тұруға болмайды. Біреуі өлсе, яки біреуін талақ қылып шығарса сондай болады және әмеңгерім, жесірім деп бір жақынының қатынын байы өлген соң, яки шығарған соң ықтиярсыз зорлықпен алуға болмайды. Аятта: «ла йахил-лу лакум ан тарисун-нисаға кархан» — деген, мағынасы: адал емес сіздерге ұрғашыларды мирас деп зорлықпенен алмақ деген.

ЖАСЫ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚҰДА БОЛҒАН ТУРАЛЫ

Жас баланың қыз әкелері, яки үлкен әкелері екі жас баланы біріне-бірін айттырып, құда болса, сол неке болып бекітіледі. Ер жеткен соң қыз тимеймін дегені болмайды. Егерде ол алмаймын десе, алмайды. Бірақ оңашада күйеу қызбен жолыққан соң, яки қол ұстаған соң алмаймын десе, атасқан қалың малды түгел береді. Егерде өйтіп оңаша жолықпаса яки қол ұстамаса, қалың малдың жартысын береді. Егерде құдалықтан айырылмай тұрғанда сол екі баланың бірі өлсе, қалғаны малына мирасқор болады. Және мұндай атастырып құда болған соң қызды шариғат жолыменен айырып алмаса, яки ер жеткен соң күйеу алмаймын дегенін анықтамаса, баладан рұқсатсыз бөтен біреуге бере алмайды. Берсе де алған кісі біреудің қатынын зорлықпенен алған ойнас қисабында болады. Шариғатта балағаттыққа толған деп он екі жасар еркек пенен тоғыз жасар ұрғашыны айтса да оның енегі ақтам болғанменен қыз көрген болады. Және шариғатта тоғыз жасқа толған қызды маштаһат дейді. Бір сақтанарлық іс тоғыз жасқа келген соң адам өз қызын да аузынан сүйген жарамайды. Онда қатыны талақ болады деп Сопы аллаяр қазірет «Мыслықалмтқиын» деген кітабында айтқан болатын. Фатауи Зэфир Алдиннан қарасын деген. Әкесінің балаға мейірімі түсіп сүйдім дегені қабыл алынбайды деген. Және кім өз қатынын менің шешем дейсің, шешемше жүресің деп ұқсатпасын. Онда бір құл азат қылмақ, оған халі келмесе, екі ай тұтас ораза ұстауға керек. Оған да халі келмесе, алпыс кедейді тамақтандырады. Бұл қафараттың қайсысын қылса да қатынына жақындық қылмай тұрып өтейді. Және бала тапқан қаны тоқтамайынша һәм етек кірінен тазарғанша байы қатынына жақындық қылу дұрыс емес.

ТАЛАҚ ҚЫЛМАҚ ТУРАЛЫ

Байы талақ қылдым деген қатын босайды. Бірақ үш хайыз өтпей тұрып байы қайта алдым десе, қатында ерік жоқ. Егерде ғиддәті өткен соң қайта аламын десе, онда қатын разы болса алады. Егерде үш талақ деген болса, онда ғиддәтін толтырып, басқа біреуге некеленіп, одан талақ болып, оның да ғиддәтін өткізіп, сонан соң басқа байы алса болады. Біреу қатын қосылмай тұрып һәм қалыңмал атамай тұрып талақ қылса — киерлік киім береді. Халіне қарай — бай болса байша, кедей болса кедейше. Талақ қылғанда бір хайыздан тазарған кезде талақ қылмақ дұрыс қылмай тұрып. Егерде біреу қол ұстаған соң яки оңаша жолыққан соң талақ қылса, ол қатыннан қалыңмалын қайырып алмайды һәм еш нәрсе жесірім кетті деп алғаны дұрыс болмайды. Аятта: «уа ла йахиллу лакум ан тағху-зау мимма атайтумуһунна шайған» — деген, мағынасы: адал емес сіздерге талақ қылған қатыннан еш мал алуға деген. Бірақ ерлі-қатын екеуі разыласып ұнасса, шариғат жолын орнына келтіре алмайтұғын болдың. Қатын біраз мал берсе босасын десе, сонда мал алуға болады. Мұны кітапта халағ дейді. Бұл туралы аятта айтқан: «фәин хиф-тум әлла иуцима худудал-лаһи фала жунаха галайһима фима афтадей биһи» — мағынасы: егерде қауіп қылсаңдар Алла тағаланың бұйырған орнына келтіре алмаймыз деп — сонда разыласып айырылғандағы малды алу дұрыс деген. Егерде біреу қол ұстамай, яки оңаша жолықпай тұрып қатынын талақ қылса, онда қалыңмалдың жартысы қатынға тиеді. Аятта: «уа ин таллацтумуһуна мин қабли аң тамас-суһунна уа қад фарадтум лаһунна фаридатан фа нисфу ма фарадтум» — мағынасы: егер талақ қылсаңыз, қосылмай тұрып қалыңмал атаған болсаңыз, соның жартысын бересіз қатынға деген. Талақ қылынған қатынға ғиддәті өткенше отырар үй, киім, тамақ беріп тұру байына міндет. Ғиддәті өткенше байы өліп қалса, мирасқорларға міндет. Аятта: «уа лил-муталлақати мата ғұн бил-мағруфи» — мағынасы: талақ қылған қатындары пайдаландырмақ, яғни үй, киім, тамақ бермек керек ғиддәті өткенше деген. Талақ болған қатын, яки байы өлген қатын ғиддәті өтпей тұрып байға тие алмайды.

ҒИДДӘТ КҮТУ ТУРАЛЫ

Егерде буаз қатынның байы өлсе, яки талақ болса, баласын таппай тұрып байға тие алмайды. Байы өлген қатынның ғиддәті, төрт ай он күн талақ қылынған қатынның ғиддәті үш хайыз көріп тазарған соң тиеді. Ондай ғиддәт күтіп отырған қатынды мен сені аламын деп уәде қылған жарамайды. Аятта: «уа ла тағзиму ғуцдатан-ни-кахи хатта иаблугал-китабу аджалаһу» — мағынасы: біржолата аламын деп уәде қылмаңыз ғиддәті толмай тұрып деген. Бірақ ымбал деп ишарат созбенен алатұғынын білдіруге ғана рұқсат бар. Аятта: «уа ла джунаха ғалайкум фима гаррадтум биһи мин хитбатин-ниса ги» — мағынасы: күнә болмас сіздер де ғиддәт үстінде қатындарға ишарат сөзіменен ғана алғыңыз келгенін білдіруге деген. Мәселен, мен де бір қатын алғалы жүр едім, яки сендей қатын жолықса кім алмас деген сықылды. Ондай ымбал сөзбенен білгізген обал болмайды.

ҚАТЫНҒА НӘПАҚА БЕРУ ТУРАЛЫ

Қатынына тұрар үй, киер киім, ішерлік тамақ һәм бір қызметкер жалдап беру байына міндет. Ол уәжіп болады. Бай болса байша, кедей болса кедейше хал-ауқатына қарай. Егерде біреу қатынын нәпақасыз алты айдан артың қалдырып кетсе, ол қатын бөтен біреуге тиіп кетуге ерікті болады. Бұқараның ғұламалары халықтың қатынына жақсы қарамай, хайуан есебінде көргендігінен неке қиғанда төрт нәрсені шарт қылып қияды. Әуел — біреу қатынын ықтиярсыз тұрған жерінен алып кетемін десе, қатын босап қаламын десе ерікті болсын. Екінші — алты айдан артың нәпақасыз қалдырса. Үшінші — қатыны разы болмай үстіне қатын алса. Төртінші — ұрып-соғып бір жерін кем қылса, яки сындырса — бұл төртеуінде де қатын босаймын десе ерікті болсын деп, соған байы разы болса, неке қияды.

ҚАТЫНҒА ЖАРАМАҒАН КІСІЛЕР ҺӘМ БУАЗДЫҚТЫҢ МЕЗГІЛІ

Біреудің еркектігі жоқ болып, қатынына жарамаса, бір жыл күттіреді де, жазылмаса, қатынын босатады. Қатынының тиесі малын өзіне беріп. Егерде еркек жарадым деп, ұрғашы жарамадың десе, ол қатын қыздықтан бұзылған қатын болса, байына ант еттіреді. Ант етпесе, босатады. Ондай байы жарамаған қатынға байы оңаша қосылған болса, қатынға жатуға жарамаса да, қалыңмал түгел беріледі. Егер оңаша жолықпаған болса, жарты қалыңмал беріледі. Ені пішілген кісіні де бір жыл күттіреді. Себебі — малда да болады ғой — пішілсе де қайта жарауға мүмкін. Егер жарамаса, қатынды босатады. Қамшысы біржолата кесілген кісінің қатыны әзір босайды. Біреу шыққан қатыннан бала дауласа, яки қатын бүл баласынан бітті деп дауласса, яки сенің балаң — мен, шешемді шығарғанда буаз болып кеткен деп мирас дауласа, буаздықтың азы алты ай, көбі екі жыл, анықтырағы тоғыз ай болады.

АТА-АНАНЫҢ ХАҚЫ

Ата-ананың хақы ешбір ғибадаттан кем ескерілмесін. Оларды ренжіткен кісіге Алла тағала разы болмайды. Бірақ шариғатқа қарсы орындарда ренжиді деп шариғаттан шыға алмайсың. Олай да болса, сонда да әдеппенен жылы созбенен жауап қайырасыз. Аятта айтқан: «уа бил-уалидини ихсанан имма иаблуғунна ғиндакал-кибара ахадуһума ки-лаһума фала такул лаһума уффин уа ла танһарһума уа кул лаһума каулан кариман» — мағынасы: ата-анаңызға жақсылық қылыңыз. Егер біреуі, яки екеуі де сіздің қасыңызда қартайса, оларға уф дегендей зиян қылмаңыз һәм ақырмаңыз, не сөйлесеңіз жақсы, майда сөйлеңіз деген және пайғамбарымыз айтқан: «анта уа малука ли абика» — мағынасы: сенің өзің де, малың да әкең үшін деген. Сол себептен біреу әкесін асырамаса, әкесі оның, малын, киім, тамағын сұраусыз сатып жіберуге шариғат рұқсат қылады. Бірақ үйін, қыстауын, жерін сата алмайды. Шешесі малын да еріксіз сата алмайды. Бірақ шариғат еріксіз асыратады, одан баласы құтыла алмайды.

САУДА ТУРАЛЫ

Біреуден біреу несиеге мал алса, анықтап жазып алу керек. Аятта: «йа аййуһал-лазина аману иза тадайантум бидайнин иля аджалин мусамма фактубуһу уал-йактуб бай-накум катибун бил-ғадли» — мағынасы: ай, мұсылмандар, қашан несиеге мал алсаңыздар, бір белгілі уақыт айтып жазып қойыңыз бек дұрыс жазумен деген. Мұндай несиеге алғанды анықты уақыт айтыспаса жарамайды. Күзем уақыты, пішен уақыты, қырман басқанда, соғым сойғанда дегендейлер болмайды. Себебі олар кейде ерте, кейде кеш болады. Анықты айды айту керек яки құрбан ораза, нұқырау, март деген сықылды анықты уақыт керек және ешқашан өсімге сатып, өсім алған жарамайды. Аятта: «ал-лазина йағкулунар-риба ла иацумуна илла кама иакумул-лази йатахаббатуһуш-шайтану минал-масси» — деген, мағынасы: өсім алған дар қияметте тұра алмас. Бірақ тұрады, олар жын буған кісідей болсын деген. Өсім алғандар қияметте қарнын көтере алмай жүргенінен жанның бәрі білер оның өсім жегенін деген және таразымен жеген жәнеп туралы «уайлун лил-мутаффифина» — деген сүреде бек қатты азап көреді деп айтады. Тәпсірден қарағандарыңыз боларсыз және екі кісі серік болып сауда қылғанда, біріне-бірі қиянат қылмай жүрсе, бек жақсы. Егер қиянат қылса, бек жаман болады. Пайғамбарымыз айтқан: «ин-нал-лаһи тағала иакулу ана салисуш-шарикина ма лам иахун ахадукума сахибаһу фа иза ханаху хуриджат мин байнаһума» — мағынасы: Алла тағалла айтты: мен екі серік бірі-біріне қиянат қылмай жүрсе, үшінші болып жәрдем қылармын. Егерде қиянат қылса, олардан безермін деген және несиеге мал алған кісі, әлбетте, төлермін деп көңілін анық бекітіп жүрген жақсы. Пайғамбарымыздың хадисі — «ман адана дайнан уа һуа иануи йаһдиаһу ук-кила биһи малаикатун йахфизуна уайидуна лаһу хатта йақдиһи» — мағынасы: кімде-кім борыштанып, оны шын төлемекке ниет қылса, оған бір періште күзетші болып, оны болардан күзетіп һәм қашан борышынан құтылғанша дұғада болып тұрар деген. Несие сатқанның көп шарттары бар — орнын тауып істемесе, көбі күнә болып кететұғыны бар және дау-жанжал бола береді. Онда да мүмкін болса қолма-қол саудадан артығы жоқ. Және біреу сатқан нәрсесін қайтар десе, қайтарған сауап және сатқан нәрсенің мінін, айыбын жасырған қатты күнә.

БОС БЕРГЕН ҺӘМ ҚАРЫЗ БЕРГЕН НӘРСЕНІҢ ЖАЙЫ

Қарызға берген нәрсеге күн кесіп берген жарамайды. Себебі — қай кезде иесіне керек болса, өзіне беру керек. Бірақ берген кісі орынсыз уақытта қысым, зиян келтірмек үшін қайта сұраса, сауабы да жоқ болып және күнәкар болады. Біреуге біреу босқа сыйлап бір нәрсе берсе, кітапта оны һиба дейді. Егер бейшараға берсе, ол садақа болады. Бұл һибаны шариғат жолыменен қазыға жүгініп, жолын тауып алмаса, қайтып алмайды. Егерде садақа болып пақырға берілсе, тіпті қайтпайды. Алған кісі менен берген кісінің бірі өлсе және алған кісі ол нәрсеге өзінен айрылмастай бояу, яки семіздік сықылды нәрсе қосса, яки ол сыйлап берген нәрсенің көзі жоғалса, яки берген кезде бірі-біріне ерлі, қатын болса, яки бірін еркек ұрғашы қылып ойлағанда неке қоспайтұғын жаңын болса, яки оның үрейіне аз да болса бір нәрсе берген болса — мұндайлардың бәрінде де қайтып ала алмайды және болынбайтұғын нәрсенің жартысын садақа қылған дұрыс болмайды.

ПАЙДАСЫН КӨРУГЕ БЕРГЕН НӘРСЕ ТУРАЛЫ

Аттың майын берген, балтаны ұстай түр, ыдысқа қоя тұр деген сықылдыларды кітапта ғария дейді. Мұндай берген нәрсені иесі қай кезде аламын десе, алады. Бірақ күн кесіп берген болса, одан бұрын алғаны мәкүрік болады. Уағдадан тайған үшін ондай нәрсені алуға болмай тұрғанда ала алмайды. Мәселен, бір сауытты алып, керосин сықылды нәрсе құйып қойса, сауытты берейін десе, керосинді қоярлық ыдыс жоқ болса, ыдыс тапқанша алмайды. Ондай майын мінген, яки ұстаған нәрсені алған кісі біреуге жалдап, сонда көзі жоғалса, яки бүлінсе төлейді. Майын мінген көлік ғұрыпты артатұғын көлік болса артады, мінетұғын болса мінеді. Егерде өлшеуден артың жүк салып, яки өлшеусіз жүріп зорықтырып, яки мертіктірсе төлейді, яки өз малындай күгией жауыр қылса, яки арықтатып өлтірсе, яки қарамай жоғалтса төлейді. Егерде ондай артың іс қылмай, өз малындай көріп жүргенде сақтануға болмайтұғын бір қазаға кез болса, оны төлемейді және ондай пайдасын көруге алған нәрсе мінген малды байдың өз қолына бермей, қатын-баласына, яки анық жалдаулы малшысына, яки сатып алған құлына берсе, өз қолына бергенменен бір есеп. Бірақ меруерт, маржан, ақша сықылды қымбатты нәрселерді өз қолына бермей, өзгелерге беріп, содан жоғалса, яки бүлінсе төлейді. Егін салуға берген жерді егінін алмай тұрып ала алмайды. Аманатпенен тартып алған нәрсені өз қолына бермесе, бергенге есеп болмай, жоғалса төлейді.

АМАНАТ ТУРАЛЫ

Аманатты өзінің қатын-баласы, яки сенімді жалдаған малшысынан басқа жерге сақтап, содан жоғалса, яки бүлінсе, сақтаған кісі төлейді. Егер де оз үйіне қойса, өрттен, яки судан дегендей қауіп болған соң бөтен жерге қойған болса, онда төлемейді. Аманатты иесі сұрағанда бермей қалса, яки алғаным жоқ деп танып қалса, яки өз малына, яки бір нәрсесіне қосып жіберіп, айырып ала алмайтұғын болып қалса, яки киім болса киіп тоздырса, ат болса мініп арықтатса, өлтірсе, яки иесі қойма деп тапсырған орынға қойып бүлдірсе, яки жоғалтса төлейді. Егерде аманат алған кісінің өзі қоспай, бір себеппен өзі бір нәрсесіне қосылып кетіп, аманат берілген нәрсе кеміп қалса, яки жоғалса төлеу жоқ. Егерде ондай қосылып кеткен нәрсе жоғалса, зияны екеуіне бірдей болады. Бөлінгенінде екеуіне бірдей, мәселен, сүтке сүт қосылып кетіп төгілсе дегендей. Егерде екі кісі, яки көп кісі бір нәрсені біреуге аманат қойып, қайсымыз келсек те бер демесе, біреу келіп сұраса берілмейді. Егерде беріп жіберсе, қалғандары аманатты сақтаған кісіден даулайды, алған жолдасын тауып, мойнына салмаса, төлеуге міндетті болады.

ТАРТЫП АЛҒАН НӘРСЕ ТУРАЛЫ

Тартып алған нәрсені иесін разы қылмай тұрып пайдалануға жарамайды. Бір қойды тартып алып сойса, төлемей тұрып жеуге болмайды. Тартып алған нәрсе бүлінбесе, өзін қайтарарда бүлінсе, яки жоғалса, тартып алған кездегі бағасын төлейді. Өзі әдейі жоғалтса да, яки басқа бір себеппенен жоғалып, яки бүлінсе де төлейді. Егерде біреудің алтын, күміс сықылды нәрселерін тартып алып, сауыт жасап қойса, иесі өзі алады да, сауыт болғандығына еш нәрсе төлемейді. Егерде киімді тартып алып, тоздырып жыртса, төлеуін алса да, жыртылғанын төлесе де, иесі ерікті болады, бірақ жыртығы бек азырақ болса, жыртықтың бағасын төлетеді, тартып алған нәрседен бір артықтық шықса, мәселен, семірген һәм бала тапқан, сүт-жүн шыққан сықылды. Сондайларын тартып алған кісі оз малындай күтпегендіктен жоғалтып, кемітсе төлейді. Ғұрыптан асырып іс қылса, егер де ондай қылмай, басқа бір себеппенен артықтары кетсе, жоғалса төлемейді, бірақ сұрағанда бермей қалып, артынан жоғалтса төлейді. Біреу бір мұсылманның арасын төксе, шошқасын өлтірсе, яки бір аң қамаған жердің есігін ашып жіберіп, аң қашып кетсе, онда төлемейді. Егерде үйін, нәрселерін бүлдірсе төлейді. Мәселен, домбырасын сындырған сықылдылар. Біреу бір кісіні жазықсыз ұрлыққа жығып зиян келтірсе, оны төлейді, бірақ өзіне зияны тиген соң, яки залым кісі болған соң тыйылсын деп шағыстырса, онда төлемейді. ТҮЗЕТКЕН ЖЕР ҺӘМ ЕГІН — ПІШЕН, СУҒАРАТҰҒЫН СУЛАР ТУРАЛЫ Бір бос жерді біреу түзетіп ағаш ексе, егін салса, яки шоп шығарып, пішендік қылса, сол кісі ие болады. Және ұлықтар тыймаған бір сусыз жерден құдық қазып, су шығарса, торт жағынан да қырық кездей жерге ие болады. Егерде бұлақ ағызса, бес жүз кездей жерге ие болады. Және ыдысқа құюлы су болмаса, әрбір судан, адамдардың үлес еншісі бар ағын өзен суынын арың алып, егін салуға, пішендік суғаруға әркім-ақ ерікті болады. Бірақ ондай қылғанда өзге біреулерге зиян болатұғын болса, олардан рұқсатсыз қазбайды. Мәселен, басқылар арың алса, төменгілерге зиян болатын болса, онда арың қазбайды һәм ұлықтар қаздырмайды. Ондай көп халықтың үстінен өтіп ағатұғын өзеннен әуелі аяқтағылар пайдаланып, содан жоғары қарай пайдаланады. Мұндай суға сен коп, мен аз алдым деп дауласса, егіндік пішендіктің көптігіне қарай су бөліп алады. Жоғарыларға төменгілер суды байлатпаса, ерікті болады, бірақ разыласып өз үлесін алса, төмендегілерге зиян болмаса, сонда ғана алады. Және көптен рұқсатсыз ешкім ондай өзен судың арасын кеңітіп, яки тарылтып өзгертуге жол жоқ. Біреу бір нәрсенің майына, яки пайдаланғанына ақы алса, оны кітапта ижәра дейді. Мұндайларды көбінесе күн кесіп анықтау керек. Бір жыл, яки бір ай, яки бір күн деген сықылды, бірақ жер менен салулы үйге, қораға үш жылдан артыққа жалдаған дұрыс емес. Және кейбір нәрселер болады — анықтап атамаса болмайды. Мәселен, мына нәрсені пәлендей киім қылып тік деген сықылды. Ондай жалдаған нәрсені басында ақыңды тұрып беремін демесе, бітіріп болмай ақы ала алмайды. Бірақ айтқанындай болған соң, ақы бермей кете алмайды. Егерде жалдағаны пәтер үй болса, босатып берген соң кірмей тұрса да, ақы аламын десе алады. Және киім тік кірніш құйып бер һәм нан салып бер деген сықылдылар бітіріп берген соң ақы алады. Егерде біреуге өзің істеп бер, өзгеге істетпе деп бір нәрсе берсе, оны өзге біреуге істетіп бүлінсе, яки жоғалса төлемейді. Біреуге пәлен жердегі пәлендей пұт нәрсені, яки пәлендей кісілерді жеткіз десе, ол барғанша ол нәрсенің, яки кісінің жартысы, яки біразы жоғалса, қалғанын алып келсе, жалданған ақысы пұт басына, яки кісі басына неден келсе, алып келгеніне есептеп ақы алады. Жоқ болғаны үшін ақы алмайды. Егерде біреу бір хатты, яки азықты пәлен шаһардағы, яки ауылдағы кісіге тапсыр деп жалдаса, ол кісі барып тапсыр деген кісі өліп қалып, яки кетіп қалған соң тапсыра алмай қайта алып келсе, ол туралы ешбір ақы алмайды.

АҚЫ АЛМАҚ БОЛЫП ЖАЛДАҒАН, ЯКИ МАЙЛАҒАНЫ ТУРАЛЫ

Майлаған көлікке пәлендей пұт астың салмақ болып, одан артың салып өлтірсе, кесімді бағасын төлейді. Және ескеру керек қай турада болса да әйтеуір бір нәрсе аларсың деп жалдаған жарамайды. Себебі арты дау болады. Мұндай іске даулы бола қалса, ғұрыпта не ақылық нәрсе болса, соны береді. Күнә істерге жалдаған да дұрыс емес. Өлең айтып, ойын ойнағанға жалданған сықылдылар. Айлап, яки жылдап жалданған қызметкер һәм малшылардың баққан мал, қылған істерінің жоғалып, яки бүлінгенін ғұрыптан асырып іс қылса төлейді, болмаса төлемейді. Мәселен, мал айдайтұғын қамшы, шыбықтан басқа нәрсеменен ұрып өлтірсе, яки көзін шығарса, яки айдағаннан басқа ашуланып арып кемітсе, ондайда төлейді. Әншейін қайырғанда, яки содан қаққанда, яки мініп жүргенде жазым болып өлсе немесе жығылса төлемейді. Ондай айлап, яки жалдап жалданғандар қызмет қылмаған күнге де ақы алады, бірақ өзіне тапсырылған істі әдейі қылмай қойса, ондай күндері есепке кірмейді. Және бір жалданған нәрсенің айыбы, міні білінсе, оны қайтарады, бірақ шығынсыз, бейнетсіз түзетуге мүмкін болса, онда қайтармай түзетіп алады. Бір жалдаған нәрсе екеуінің біріне зиян шығаратұғын болса, мәселен, біреу ауырған тісімді суырып таста деп жалдаса, одан соң суырмай тұрып тісі жазылса, сау тісті суыратұғын болған соң ондайды қайтарысады. Біреу бір жаққа бармақшы болып, бір көлік жалдап алса, артынан бармайтұғын болып қалса, ол қайтарылады. Егерде көлік иесі бір жаққа барамын деп жалдап, бармаған coң қайта сұраса, онда алған кісі разы болмаса, қайтарылмайды. Бірақ көлік иесі ауру болған сықылды лажсыз бара алмай қалған болса, онда қайтарылады. Егерде жалдаушы менен жалдап алушының бірі өлсе, олардың өздері үшін болған жалдау болса, қай жалдау болса да қайтарылады. Егерде біреудің үйіне біреу зорлықпен кіріп отырса, үй иесі қолым жетсе сенен пәтер ақша аламын десе, оған болмай отырса, күнінде кірген адам пәтер ақша төлейді. Айтқанда шықпағаны пәтер төлеуге разы болғанға есеп болады. Пәлен уақытта пәлендей іске жалдаймын демек дұрыс болады. Мәселен, үйімді келесі айдан бастап пәтерге беремін деген сықылды. Жерімді егін егуге дегендей, бір нәрсені істеп беріп, ақы алмақ болған кісі ақысын бергенше, ол нәрсені бермей тұруға болады. Егерде ол нәрсеге өзінен нәрсе қосқан болса, болу болса да, егер сөйтіп ана кісі ақысын бермеген coң ұстап тұрғанда жоғалса, ақы да жоқ, төлеу де жоқ. Егер біреу хаммал, яғни жаяу жүк тасуға жалданса, ол жүкті ақысы үшін ұстап тура алмайды. Себебі өзінен қосқан еш нәрсе жоқ болған coң. Бір кісіге жалданбай, әркімге іс қылып беріп тұрған тігінші, бояушы, ұста сықылданғандарға істеп бер деген нәрсе, ол ұстаның өзі себеп болмай, басқа бір себеппенен бүлінсе, яки жоғалса, оны төлемейді, басында төлемекке шарт қылысса да, бірақ ғұрыптан артың қылған оз иесіне бүлінсе төлейді.

АДАМНЫҢ ҚҰН БАҒАСЫ ҺӘМ ӘРБІР МҮШЕНІҢ ҚҰНЫ

Адам өлтірмек бес түрлі болады. Әдейі өлтірген, әдейіге ұқсаған, қате өлтірген, қатеге ұқсаған һәм бір себеппен өлген. Әдейі өлтірген — өлерлік қаруменен өлтірген. Мәселен, мылтық, тас, пышақ сықылды қаруменен әдейі өлтіргеннің жазасына шариғатта қысас қылып өлтірушінің өзін өлтіреді. Оған құн алмайды. Әдейіге ұқсаған өлтіру — көбінесе кісі өлмей қалатұғын қаруменен әдейілеп ұрса. Бүйтіп өлтірген кісі бір қол азат қылады, оған күші жетпесе, екі ай тұтас ораза тұтады және ауыр құн тартады. Ауыр құн деген жүз түйе, жиырма бес тайлақша, жиырма бес құнан інген, жиырма бес дөнежін, жиырма бес бесті інген түйе болады. Егерде қате өлтірсе, жеңіл құн тартады. Жеңіл құн деген — жүз түйені бес есе қылып, төртеуі жоғарғы айтылғандай түйелерден жиырмадан беріп, қалған жиырмасы еркек тайлақ болады. Қате өлтірген кісі де бір қол азат қылады. Оған халі келмесе, екі ай тұтас ораза тұтады. Бұл қате өлтірген деген екі түрлі. Бірі — мақсұты өзге бір нәрсені өлтірмек болып қатеден адамды өлтіріп алады. Мәселен, аң екен деп адамды атып алған сықылдылар және бірі — нысанаға атқанда адамға тиіп өлген сықылдылар болады. Енді қатеге ұқсаған өлтіру дегеннің мысалы — біреу ұйықтап кетіп, бір кісінің, үстіне жығылып, сол кісі содан өлсе, бұған да қатенің құнын тартады һәм қол азат, яки екі ай ораза тұтады. Енді бір себеппенен өлтірілген дегеннің мысалы — біреу өзінікі емес бір жерден бір құдық қазып, соған бір кісі жығылып өлсе, яки бір үлкен тас тұрғызып, яки бір нәрсе қалап қойып, сол біреудің үстіне құлап, содан өлсе, бұған да қатенің құнын тартады. Бірақ бұған қол азат, яки ораза түту жоқ. Ұрғашыға еркектің құнының жартысы беріледі. Егер бір кісіні біреу әдейі өлтіруге жаралап, ол арада өлмей, төсекте жатып көптен coң өлсе де, қысас қылып жаралаушының өзін өлтіреді. Әдейі өлтірілген кісінің иесі қысас қылмай құн алса, өлтіруші қысастан құтылады. Түгел құн бере алатұғын нәрселер: адамды өлтірсе, мұрнын кесіп алса, тілін кессе, қамшысын кессе, ұрғанынан ақылы кетсе, сақалы, яки шашын қайта шықпайтұғын қылып жоғалтса, екі қас бірдей жоғалса, денеде екі-екіден біткен нәрсенің қайсысы болса да екеуі бірдей жоғалса, түгел күн береді. Олардың біреуінің пайдасын кетірсе, жарты құн төлейді. Екі кірпінің біреуі жоғалса да, түгел күн береді. Бірақ бір жаң кірпігі жоғалса, құнның төрттен бірін төлейді. Қол-аяқтың әрбір саусағының құны құнның оннан бірі, үш буынды саусақтың бір буынының құны түгел бір саусақтың күнінің үштен бірі, екі буынды бас бармақтың бір буынының құны бір саусақтың жарты құны болады. Қай тіс болса да бес түйе. Бір мүшені ұрғандықтан үзіліп қалмаса да, пайдасы кетсе, сол мүшенің түгел құнын тартады. Мәселен, бір қолды ұстап тұтып, пайдаланудан біржола кем қылса, жарты құн тартады. Бастың жарылғаны ми қапқа жетсе, яки қарынға жеткен жара болса, бүтін құнның үштен бірі, бастың сүйегі сынып орнынан кетсе, бүгін құнның оннан бірі және оннан бірдің жартысы, яғни үлкенді-кішілі он бес түйе. Егер сүйек сынса да, қозғалмаса, бүгін құнның оннан бірі. Егерде сүйек сынбай, сүйек көрініп тұрса, бүтін құнның жиырмадан бірі. Бұлардан басқа бастың алты түрлі жарығы — тері жыртылған, қан көрінсе де ақпаған, қан аққан, құйқаны тілсе, етін де кессе, сүйекке жабысқан шелге шейін барса, бұларға өкімет әділ деген сол жаралы кісіні қол есепті қылып баға қойып, одан coң жарасыменен және баға қойып, сол екі бағаның бірінің артығын есеп қылады. Мәселен, жарасыз күнінде жүзге баға қойса, жаралы күніндегі бағасы тоқсан болса, артығы он болды. Бұл бүтін құнның оннан бірі болды. Жас бала, жынды кісі, яки ақылынан адасқан, яки мас — бұлардың өлтіргеніне де туысқаны құн тартады. Егер буаз қатынды ұрған coң, өлі бала тастаса, бес жүз дирхем береді. Дирхемнің оны — жеті мысқал күміс. Егер тірі бала тастап, артынан бала өлсе, түгел күн береді. Егерде өлі бала тастап, қатынның өзі де өлсе, түгел қатын құны һәм бес жүз дирхем тартады. Егер қатын өлген соң өлі бала туса, онда жалғыз-ақ қатын құнын тартады. Егер қатын өлген соң тірі бала туып, о да өлсе, екеуіне де құн тартады. Түскен баланың шаш, тырнақ сықылды сырттары білінсе болғаны. Жоғарғы бес жүз дирхем деген бүтін құнның жиырмадан бірі болады. Мініп келе жатқан көліктің басын бүлдірген нәрсесін мінген кісі төлейді. Және тістеген һәм алдыңғы аяғымен бүлдірген нәрсені төлейді, құйрығының бүлдіргенін төлемейді. Ол көлік сиіп, яки тезек тастағаннан бір нәрсе бүлінсе, төлемейді. Көлікті айдап қуалаған кісі алды, артқы аяқтарының бүлдірген нәрселерін төлейді. Жетектеген кісі артқы аяғыныкін төлемейді, алдыныкін төлейді. Екі атты кісі біріне-бірі қақтығып, екеуі де өлсе, екеуіне де туысқандары құн тартады. Біреудің қорасының бір жері құлағалы тұрса, маңындағылар, яки мынаны түзет, әйтпесе құлат, бір нәрсені бүлдірер десе, соған куә бар болса, ол қора иесі қолынан келе тұрып түзетпесе, сол қабырғаның құлап бүлдірген нәрсесін төлейді. Егерде бір мәхаллада бір адам өлтірілген белгіменен табылса, кім өлтіргені білінбесе, сол мәхалладан елу кісі күмән ұстайды да тартады. Егерде өлтірілген белгі жоқ болса, онда ант та алынбайды, құн да жоқ. Мұрны, аузы, көтінен қан аққан өлтірілгенге есеп емес. Көзі менен құлағынан қан ақса — өлтірілгенге есеп.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙