Алабұға аулаған күн
Толымбек Әбдірайым
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Айдың, күннің аманында Рауан үйінен кетіп, кезбе атанды. Неге кетті? Оған себеп не? Оның достары, ата-әжесі, ата-анасы, жалпы Рауанның өзі қандай бала еді? Белгілі балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Тұнжыр» хикаяты, осынау сауалдарға жауап іздейді. Жинақтағы ертегілер мен мысалдардың да айтар тағылымы мол. Жас өркен жан дүниесіне әсер етерлік әңгімелердің оқиғасы қызықты, балаға тән іс-әрекеттерімен оқырманын ба
Толымбек ӘБДІРАЙЫМ
АЛАБҰҒА
«Балалар әдебиеті»
Алматы–2012
АУЛАҒАН
К Ү Н
Хикаят, әңгімелер, ертегілер, мысалдар.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды. Ә 14 ӘБДІРАЙЫМ Толымбек. Алабұға аулаған күн: Хикаят, әңгімелер, ертегілер, мысалдар. Алматы. «Балалар әдебиеті», Алматы: 2012. – 256 бет. ІSBN 978-601-252-061-3 Айдың, күннің аманында Рауан үйінен кетіп, кезбе атанды. Неге кетті? Оған себеп не? Оның достары, ата-әжесі, ата-анасы, жалпы Рауанның өзі қандай бала еді? Белгілі балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Тұнжыр» хикаяты, осынау сауалдарға жауап іздейді. Жинақтағы ертегілер мен мысалдардың да айтар тағылымы мол. Жас өркен жан дүниесіне әсер етерлік әңгімелердің оқиғасы қызықты, балаға тән іс-әрекеттерімен оқырманын баурайтынына сенімдіміз.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
Ә 14
ІSBN 978-601-252-061-3
© Әбдірайым Т.,2012
© «Балалар әдебиеті, 2012»
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
Бірінші бөлім
Хикаят
Қара бала қарындасын екі-үш сағаттай
ойнатты да:
– Тәте, – деді төр алдында құс жастыққа
көміліп, теледидарға тесіле қарап жатқан
етжеңді қарасұр әйелге ақырын дыбыстап.
– Иә – ә... ы... ы – ы... – Келіншек тіл
қатуға да ықылассыз, жақ ашқысы жоқ тіпті.
– Сабаққа дайындалсам рұқсат па?!
– Дауыстауға да жасқанады. Қатты сөйле
гені үшін талай таяқ жеген.
– Әй, жетімек! Анаңнан айырған мен
тұнжыр
емес! Баласын тастап, байға тиіп несі бар, байғұстың?!
Обалы – көкек шешең мен ынжық әкеңе!
– Апайдан ұят!.. – Баланың көзі боталады.
– Кімнен?
– Мұғалімнен...
– Не қыл дейді?
– Сабақ сұрағанда жауап бере алмай...
– Содан...
– Екі қойды.
– Қайтейін екі алсаң! Мінистр боламын дейсің бе?
Тексіз әкеден қайбір ұрпақ өрбиді?!.
Рауанның ашуы келді. «Не деген керісқұмар? Жан
адамды менсінбейді? Сонау-сонау алыстағы... керек
десе көрмеген, білмейтін, танымайтын анамды, ынжық
болса да бірге тұрып жатқан әкемді, неге сыртынан
ғайбаттайды? Солай етуге бола ма екен?!.»
– Әй, жүгірмек! Тымырайып, неге үндемей қалдың, а?
– Шығарып жібереді...
– Қайдан?
– Мектептен.
– Доғар сөзді! Жаның барда жылдам киін!
Ағаш жар, көмір кіргіз! Кірін жу ана бөпеңнің! Осы
жұмыстарды атқарсаң, соңыра, біз ұйқыға жатқанда
оқисың сабағыңды. Ұқтың ба?
– Мақұл, тәте...
Он сілтесе де өтпейтін, жүзі тұқыл балтамен мық
шыңдап, қара терге түсіп ағаш жарды, әуелде. Сонан
соң пештің күлін тазалап, от жақты. Енді кір жуып
отыр. Әлсіз, нәзік қолдарымен мытып-мытып қояды.
Соңында таза суға шайып, ауладағы керме жіпке
апарып жайды. Тәтесінің тапсырмасын әлі жеткен-
ше тиянақтап, ертеңгі сабағына дайындалайын деп
бұрыштағы аласа үстелге жайғаса бергенде, кішкентай
қыз жылап қоя берді. Қарасұр әйел:
– Қара, ана балаға! – деді басын көтеріп.
– Қазір, тәте!..
– Жылдам!
Емшек емгісі келді ме, әлде бір жері ауырды ма, құй
тақандай қыз уанар емес. Сасып, салбыраған Рауан он
айлық сәбиді көтеріп анасына алып келген. Тәтті ұйқыға
еніп бара жатқан әйел атып тұрды да, баланың қолынан
нәрестені жұлып алды.
– Әй, жетімек! Қарашы, ә! Бес минөт мызғып алай-
ын деп едім... Көре қалдың ба, жантайғанымды... Уай,
жетпегір-ай!..
– Уанбаса қайтемін... – Бала мұрны астынан
міңгірледі.
– Қу жүгірмек! Көрсетейін сөз қайтарғанды! –
Долы әйел ұлдың жағынан тартып жіберді. Ол аздай
бүйірден бір тепті.
Рауан ішін ұстап, бүктетіліп отыра кетті. Дыбыс
шығарудан қорқып, кемсеңдеп тұншыға өксіді. Кеудесі
бір құшақ, алқам-салқам қарасұр әйел:
– Қол көтерді деп әкеңе айтсаң, көк шыбын үй
мелетем көзіңе! – деді тепсініп.
– Тәте-е!.. Тә-те-е!.. Ұрмаңызшы-ы!.. Айтпаймын
ешкімге-е!..
Өгей шешенің қаһарынан қаймыққан бала жылауын
тыйды.
* * *
Түн ішіндегі қатты-қатты тарсылдан үй ішіндегілер
түгел оянған. Етжеңді әйел киініп жатып сөйлеп жүр:
– Әй-әй!.. Кім болсаң да ақырын! Қиратасың
есікті!..
Даладағы кісі үстін-үстін қағады.
– Шаға ма, құдай-ау!.. Қазір ашамын... Қазір-р...
Бір мүйнет-т...
Жол-жөнекей ыдыс аяқ па, бос шелек пе, қаңғыр-
құңғыр еткізе аттап-бұттаған әйел есік ілгегін ашқанда,
еңгезердей ер адамның аузынан қолқа қабатын сасық
иіс мүңкіп қоя берді.
– Шылбырыңды сүйретіп жеттің бе?!.
– Жетпегенде-е, қайда барам?!
Үй деген аты. Кіре берістегі тар дәлізбен жапсар-
лас жалқы бөлме. Оның өзі бес-алты адам жиналса,
айналуға келмейді. Емшектегі сәбимен қосқанда төрт
жанның ас ішетін де, жататын да жері осы.
– Рауан ұйықтап жатыр ма?!
– Ұйықтамағанда-а.. Түннің бір уағына шейін оты
ра ма тосып... Мен де сені күте-күте шаршап, жатып
қалғанмын.
Әкесі кейде ащы суға қызып, көңілді келетіні бар.
Сонда ғана баласы есіне түсетін сияқты. Өзге уақытта
Рауанға қатысы жоқ жандай жақ ашпайтыны түсініксіз.
Бала әкесін сирек көреді. Ол жұмыстан келгенде
ұйықтап жатады, таңертең оянғанда әкесі әлдеқашан
кетіп қалады.
– Неғып отырсың? Тамақ ішесің бе? – деді қарасұр
әйел ықылассыз.
– Ішпеймін... Асханадан ауқаттанғанмын...
– Ендеше, демал.
Бойы сорайған еркектің кісіге суық қарайтын
үлкендеу қоңыр көзінде және түксиген қабағында
өзгеше қаталдық бар. Қоңқақ мұрны көз, қабағына
үйлеспейді. Қулығы қат-қабат шайпау әйелдің алдын-
да жыланға арбалған көжектей қыбыжықтап, сөздері
пышырап қалады. Күйеуінің бұл мінезін жақсы білетін
қарасұр келіншек, қай кезде де басымдық танытып,
тәкаппарланып кетеді.
Рауанның әкесіне еркелегісі келді. Бірақ, оның
елжіреп тұрғаны шамалы. Неге сонша салқын? Әлде,
кішкентайынан ата-әжесінің бауырында өсіп, туған
әкеге жат болды ма?
Адуынды шешеден көрген қорлығын, кейде сабағын
қарауға уақыты жетпей, дайындықсыз мектепке бара-
тынын айтқысы келеді. Бірақ олай етсе, күні ертең әкесі
үйде жоқта таяқ жейтінін ойлап үндемейді.
Кенет баланың құлағы елең етті.
– Қоғадай ұлыңды келе сала іздеп... Қызыңды неге
сұрамайсың?
– Ілік іздеп қайтесің! Өзім де жетісіп жүргенім
жоқ... Жаңа бастық тықылдаған біреу... Тағы да жол
жүрмекшімін.
– Қашан?
– Ертең...
– Қанша уақытқа?
– Күзге шейін...
– Бармағанда қайтесің? Барасың да...
– Биылғы еңбек демалысымды алғаным жоқ... Рауан
төртеуміз ел жаққа шықсақ деп едім...
– Қызың сені көрмей-ақ өсіп келеді. Жүргісі келеді.
Қолынан жетектесең тәй-тәй басатын түрі бар. Әкенің
балаға жақындығы жездедей деуші еді... Әй, мұз ғой
жүрегің, мұз...
– Құйтақандай ғана ақ ботамды неге сағынбайын,
неге ойламайын?! Екеуі де бірдей мен үшін!
– Ұшпаққа жеткізер ұлың!.. Бір қолымды екі ете
алмай, бір жағынан Жанарға қарап, бір жағынан тамақ
істеп жүргенде, қол ұшын да бермейді! – Қарасұр
әйелдің дауысы пәсейіп, аяқ астынан жуаси қалды.
– Шын айтып отырсың ба?!
– Шын емей...
– Жарайды, өзім сөйлесем...
– Онымен қоймай... – Қарасұр әйел бірдеңені
бықсытты. – Әмиянымнан ақша жоғалып... Рауанға
айтсам азар-безер...
– Мүмкін емес...
– Қолының сумақайлығын қоймаса, қуып жіберем
үйден! Айтпады деме!..
Тәтесінің өтірігіне ызасы келген бала орнынан атып
тұрды.
– Әке, сенбеңіз! – Баланың көзі жасаурады. – Өті
рік бәрі! Өтірік!..
Қарасұр әйел састы. Ұйықтап жатыр деп ойласа...
– Бала болмағыр, бәле!.. Әне-е, есіттің бе? Үлкен
кісіге жала жауып!.. Көрсетейін кімнің суайт екенін!..
– Шайпау әйел Рауанның жағынан бір тартты.
– Жә, сабыр сақта! Бүлінген дәнеңе жоқ!.. – Әкесі
жылаған баласын жұбатып, қарасұр әйелді сабасына
әзер түсірді.
* * *
Көк қаулай өскен, тал-теректер гүлдеген шуақты
көктем.
Рауан үйге қайтып келеді. Кірпіш зауыты аталатын
қала маңындағы бұл ауылдың батыс жағын саяжайлар
қалашығы алып жатыр. Мектеп пен үйлерінің арасы
недәуір жер. Кемінде жарты сағаттай жүреді. Аяңдап,
өзімен-өзі оңаша қалған жақсы. Небір тәтті қиялға шо-
мады. Осындайда атасы мен әжесі алдан шыға кел-
се, шіркін! Оу, қандай бақыт десеңші!.. Әлгінде ғана
қуанып келе жатқан баланың көңілі құлазып сала берді.
Атасы мен әжесі барда мұң иектеді ме? Қаяу шалды
ма қабағын?
– Ата-әже, естисіңдер ме?! Сағындым-ау сендерді?!..
Сағындым-м...
Қалың ойға қамалған баланы дарылдаған трактор
дауысы бөлді. Жер қарайса осы, қайшыласқан жеңіл
машиналар, мотоциклдер, тракторлар қаптайды. Бірі
саяжайға кеп жұмыс істесе, енді біреулері арлы-берлі
ойқастап, бос жүретін сияқты.
Баланың әкесі алысқа-а, Каспий теңізі жақтағы
Ақтауға аттанбақ... Іссапарға! Үш айға бақандай!..
«Үш ай дегеніміз, тоқсан күн, тіпті ұза-а-қ қой! Жазғы
каникулға шығамыз ертең. Әкем, күздің басында бірақ
орала ма, сонда?!..»
Қит етсе нұқып қалуды, ұрып қалуды әдетке
айналдырған қарасұр әйелден зәресі ұшады. Баратын
жері жоқ, әттең!.. Оу, әкесіне еріп, неге кетпейді бірге?
Жер көру, ел көру жақсы ғой... Қайда-ан? Кім тыңдар
бұның мұң-зарын?
* * *
Дөңгелек қара көздері тұнжыраған бала бесінші
сыныпқа екпінділер қатарында көшті. Бұл қуанышын
бөлісетін де ешкімі жоқ. Іші тар, қызғаншақ әйелге
бәрібір. Баланың жақсы оқығанын, мақтау естігенін
қайтсін. Тамағы тоқ, ұйқысы қанса болғаны. Қызына
қарайтын, үй ішінің оны-мұны жұмыстарын тап-
тұйнақтай атқаратын «малайы» бар. Көк сандыққа
қараудан жалықпас, әсте...
Үйге тақағанда байқады, есікте қара құлып тұр. Бір
жаққа кеткен шығар, күте тұрайын деп ауладағы ағаш
сәкіге жайғасты. Аздан соң іші пысты. Қарны ашты.
Күншуаққа маужыраған бала сөмкесін жастанып
жата қалған. Көзі ілініп кетті, сәлден соң. Оянғанда
қараңғылық түсіп келеді екен. Тәтесі әлі жоқ. Кімнен
сұрайды? Жөн сілтейтін кісі де табылмас. Көршілер
күндіз жұмыста. Кейбіреуінде ешкім тұрмайды. Ә-ә,
әнебір кісіге барайыншы. Сол кісінің алдыңғы күнгі
қылығы қызық. Үйлерінің қасынан өтіп бара жатқанда,
шаң-шұң айғайды естіп мойын бұрса, шал кемпірін
қуып жүр. Қолында таяқ. О, тоба! Үлкендер де
төбелеседі екен ғой деп таңқалған. Ересек адамдар неге
екі сөйлейді? Неге өтірік айтады?
«Әкемнің жол жүріп кеткені ме? Маған неге
жолықпады? Әлде асығыс болды ма? Тәтем қайда
жүр? Бүгін үйге оралмаса, қайда барам?»
Бойын үрей биледі. Есікті тартып көрді. Міз бағар
емес. Бұзып ішке енсе, тәтесінен таяқ жейді. Және емен
есікті ашуға әлі келмес. Ойланып отырды-отырды да,
қалаға тартты. Мектеп қасындағы аялдамадан № 14
автобусқа мінді. Бұл маршруттың темір жол вокзалына
баратынын біледі.
Вокзалға жеткен бала бір кесе шәй мен екі самса
сатып алып жүрегін жалғады. Әкесі өткенде бір мың
теңге берген. Жұмсамай жүргені оңды болды. «Қарным
ашса, тағы жермін...» Қалған ақшасын мұқият орап,
қалтасына салды.
Ұйқысы келді. Үйге қайтайын десе, түн іші. Авто-
бус жүрмейді. Түнеуге тура тура келіп тұр. Вокзалдың
екінші қабатындағы орындықтардың біріне келіп
жантайған.
– Әй, мұнда неғып жатырсың? Тұр орныңнан! –
деген дауыстан оянса, кокардасы қоқырайған полицей-
лер тұр.
– Жатуға болмайтынын білесің бе?
– Білем-м...
– Білсең, марш-ш!..
Бір жақсысы, көп тергеген жоқ. Бала вокзалдан
шыға сала жүгірді...
* * *
Түнерген аспан, себездеп жауған жаңбырдан
уақытты болжау қиын. Түс таяған сияқты.
– Иш-а-и-й! – Тоңа бастады. Әрі қарны аш. Кітап
тар мен дәптерлерін салған сөмкесін тасалау жерге
жасырған. Оны арқалап жүру де жүк. Әрі біреу-міреу
назар аударып, оқушы неғып жүр деуі мүмкін.
Кәуәп пісіріп жатқан дүңгіршекті төңіректеп біраз
жүрді. Қара бұрыш қосылған ет иісі тәбет ашып, мұрын
жарады. Ақшам болса деп қиялдап тұрғанда жылтыр
бет сатушы:
– Не қылған жансың?! Кет ары! – деп итеріп
қалғаны. Аяғы шалынысып құлап түсті. Үсті-басын
қағып тұра бергенде, жаңағы семіз кісі жағасынан ала
кетті:
– Неғып жүрсің деймін?..
– Анамнан адасып... – Өтірік айтты амалсыздан.
– Осыдан қайтып келсең, аяғыңды сындырам қаң
ғырған неме!
Бала базар ауласынан шыға бере қыстығып жылап
қоя берді. «Қаңғырған!» Қандай дөрекі сөз! Расында,
бос сенделіп жүрген бірде-бір бала көрінбейді. Бәрінің
әке-шешелері қасында. Бұл ғана жалғыз! Жападан
жалғыз!..
* * *
Базар маңында сәулетті мешіт бар. Қос мұнарасынан
күніне неше мәрте азан дауысы естіледі. Тыңдай бергің
келеді, жүрек ұйытқан әуезді. Нендей сиқыры бар?!
Қызыл кірпіштен өрілген кең қоршаудың қақпасы
алдында қолдарын жайып әйелдер отыр. Түрлері
ұсқынсыз, киімдері жыртық-жамау, олардан кісі
қорқатын. Арлы-берлі өткен адамдардың кейбіреуі
тиын-тебен қалдырып кетеді. Тіленшілердің ауыздары
жыбырлап алғыс айтады.
Бала қайыршылардың қасынан кемі он рет өткен
шығар. Барып тұра қалуға күш-жігері жетпейді. Қайыр
тілеу қандай жаман? Қайтсе болады? Арба итеріп,
жүк тасып жүрген балалармен сөйлескен. Кәсіптерінің
жай-жапсарын сұраған. Ешқайсысы жөндерін айтпай-
ды. Өзіне-өзі ренжіп тұрғанда, ұзын бойлы, сары бала
түсіндіріп берді. Арбаны жалға алады екен. Кепілге
бір мың теңге төлейсің. Кешке шейін тапқандары
тамақтарынан азғана артылады. Базар әкімшілігі шама-
лары жетпейдіі деп кішкентай балаларды жолатпайды.
Оларға керегі үлкен жігіттер. Менің осында нағашы
ағам бар, соның арқасында күнде бір арбаға иелік жа-
саймын. Әйтпесе, маңайлатпайды деді, Үсенмін деп
өзін таныстырған сары бала.
Тіленшілерді тағы төңіректеді. Сол-ақ екен, ортада
отырған тыртық бет, жалақ ерін шұбар келіншек:
– Әй, қатындар! Байқаңдар! Адам танысам, ана бала
ұры! – деді әңгірлеп. Дауысы мұндай ащы болар ма?
– Кімді айтасың? – деді бет-жүзін әжім торлаған
қара кемпір.
– Аңысын аңдып жүр... – Шұбар әйел Рауанды
көрсетті.
– Әй ұл! Тайып тұр, жаның барында! Қарашы, ұры
иттей тіміскіленуін!.. – Бет-аузы мыж-мыж, шегір көз
әйел айқайға басты.
Қара бала қайыршылардың қасына бұл күні жолай
алмады.
* * *
Өзге амалы қалмаған ол ертеңінде, мешіт алдындағы
қайыршылардың қатарына кеп тұра қалды. Бір
жақсысы кеше аттандап, жер-жебіріне жеткен әйелдер
әлі келмепті. Әзірше ешкім қуған жоқ.
– Ана баланы қарашы, обал-ай! – Артына бұрылған
орта жастардағы әйел сөмкесінен жүз теңгелік екі
сөлкебай шығарып, қалпағына тастады.
– Рахмет! – деді Рауан қуанып. – Рахмет, тәте!..
«Қандай жақсы адам! Өзгелер де осы кісідей болса
ғой!..»
Қос бүйірі қампиған үлкен сөмке көтерген қараторы
келіншек алға озыңқырап бара жатқан күйеуін кідіртті.
– Сәл аялдашы Сәлімгереи-й...
– Не болды?
– Садақа берейін.
– Кімге?
– Ибай-ай, ұялып тұр...
– Кімді айтасың? – деді күйеуі.
– Ан-оу шеттегі ұлды айтам...
– Емешгің үзіліп тұрады екен! Қайыршы атаулыны
аяй берсең, өзің мүсіркеніп қаласың.
– Жақсы сөз – жарым ырыс. Түзу сөйлесеңші.
– Бұларға бар ғой... сенім жоқ... Мүләйімсуін...
– Қойсаңшы сөкпей.
– Жетесіз неменің әке-шешесі қайда? Неге бетімен
жіберген?
Бұл сөз баланың жүрегін қарып өтті. Көзіне жас
тығылды.
* * *
Садақа сұрау қиындады. Кейінгі кезде месхед
тәжіктер өріп жүр. Өздері сондай өлермен, жансебіл.
Әсіресе, ұсақ балалары. Кір-қожалақ башпайлары
жылт-жылт етіп, аяқтарына ескі шәркей іле салып,
жалаңбас жүре береді. Ата-аналары үйретсе керек:
– Алла разы болсын! Сауап үшін, садақа беріңіз,
– деп қазақша сайрағанда кісінің жүйкесін босата-
ды. Мешітке беттеген адамдардың алды-артын орап
аттатпайды. Бұл тірліктеріне еттері әбден өліп кеткен
сияқты. Полицейлер күніне қанша қуса да, жарты сағат
өтер-өтпестен андыздап жетіп-жетіп келеді.
Рауан үйреншікті орнына келгенде, тәжік балалары
шалғайына орала кетті.
– Мальчик! – деген дауысқа бұрылса, көздері
бақырайған арық қыз қарап тұр. Түсі қандай суық.
Сескеніп қалды. Сездірмеуі керек. Азар болса жабы-
лып ұрар.
– Әй, бала! – деді тырыли арық қыз қазақшаға
көшіп.
– Құлағым сенде.
– Мына аумақ біздің жер.
– Кім айтты?!
– Екі айдан бері осындамыз! – Қыз таяп келді. –
Сенбесең, ана кісілерден сұра.
– Біздің орнымыз, – деді қалқан құлақ, тәштек бала
да дауысын көтеріп.
– Аулақ жүр! – Көздері тұздай домаланған ұл
жұдырығын түйіп, шекісуге бел байлаған сияқты.
«Төбелесер едім... Әттең, төртеу!.. Осылар-ақ тұра
берсінші... Қой, кетейін...»
Бала Республика даңғылындағы аялдамадан №
3 автобусқа мініп, «Самал» шағын ауданынан түсіп
қалды. Сырты сарымен боялған тоғыз-он қабатты
тұрғын үйлердің қатарында, Есіл өзенінің жағалауында
«Рамстор» сауда орталығы бар. Өткенде келіп, кеш-
ке шейін екі мың теңге тапқан. Мұнда қатынайтындар
ылғи «крутой» кісілер. Астындағы автомашиналары
да «Тойота», «Мерседес», «Лексус», таудай «Лан-
крузер» джиптер. Базардағыдай ұсақ-түйек емес,
мұндағы кісілер тек қағаз ақша тастайды.
Сыртқы есіктің алдына кеп қолын жайып тұра
қалған. Әне-е, бір аға бұрылды! Ол оқтау жұтқандай,
басын кекжиткен күйі қасынан өте шықты. Одан соң
қаншама кісі өтті. Бірде-біреуі балаға назар аударған
жоқ. Ыздиған, сірескен қалыптарында өтіп жатыр, өтіп
жатыр...
Шақшиған ыстық күн шекесін тесіп барады. Жүз
метрдей жерде тәтті тоқаш, ыстық нан, самса сататын
«Дәулет» дүңгіршегі пайда болыпты. Қуанып, жетіп
барды. Қасы-көзін сүрмелеген толық әйел кезектегі
кісілерге сауда жасап жатыр. Шыны әйнектен ыстық
самса мен жаңадан піскен бәліштерді көріп сілекейі
шұбырды. Сол мезет ішегі шұрылдап қоя берді.
Біраздан соң дүңгіршек алды бос қалды. Сатушы әйел
ары бұрылған кезде бір тоқашты ұстай алып, алды-
артына қарамай зытып берді.
– Әкетті! Ұрлады! – деді баланың қылығын көрген
орыс әйелі айқай салып.
Артына бұрылса, сатушы өкшелей қуып келеді екен.
Баланың аяқтары қатты затқа соғылып екбетінен түсті.
Екі қолы мен тізелері удай ашыды.
– Тұр, орныңнан!
Басын көтерсе, сатушы. «Жеткен жерім осы шығар!
Полицияға тапсырады, болмаса таяқтайды...»
– Қатты жығылдың ба?!. – Бұл жолғы дауыс жылы
естілді.
Қос алақаны мен аяқтары шыдатпай ауырып бара
жатса да, сыр бермей тістеніп, орнынан созалаңдай
тұрды.
– Қорықпа, балам!
Қолынан ұшып кеткен тоқашты еңкейіп алды.
– Маған ілес.
– Қайда-а?
– Киоскіге барайық.
Сатушы әйел ыстық шәй беріп, тамаққа тойғызды.
Сонан соң әңгімеге тартты.
– Атым Рауан дедің бе?
– Иә.
– Жасың нешеде?
– Он екідемін.
– Неге ұрлық жасадың?
– Қарным ашты.
– Сұрап алмадың ба?
Бала үнсіз отыр. «Сұрағанда, бере қалатындай...»
– Есіңде болсын, ешқашан өтірік айтпа.
– Елдің бәрі сіздей емес...
– Оның рас! Бірақ ақиқат қымбат!
– Ондай сөзді бәрі айтады...
– Ата-анаң қайда?
– Екеуі де ауру... әрі жұмыссыз... Жарымжан әкемнің
болымсыз зейнетақысы күнделікті азық-түліктен аспай-
ды... Қайыр тілеп... қолқабыс жасаймын мен... – Айтқан
өтірігіне баланың өзі де иланды. «Масқара-а!.. Ұят бол-
са да, қалай-қалай қиыстырдым!..»
– Бұның ұрлық екенін білесің бе?
– Білем... бірақ... бірінші рет...
– Бәрібір! Ұрлықтың аты ұрлық!
– Әдейі істеген жоқпын... Өзім де білмей қалдым...
Сатушы баланы аяды.
– Жаман әдеттен аулақ бол, – деді аналық жүрегі
езіліп.
– Мақұл, тәте...
– Қарның ашса, келіп тұр! Ұялма! Мә, мынаны ала
ғой!
– Керегі жоқ...
– Қолымды қайтарма!
Сатушы
қалтасына
ораулы
қағаз
қыстырды.
Дүңгіршектен ұзай бере қараса, екі мың теңге.
* * *
Өткенде тығып кеткен сөмкесі орнында жоқ.
«Апырым-ай, кімге керек болды екен?» Ары қарады,
бері қарады. Бірақ оған онша кейіген жоқ. Әне-е, 14 ав-
тобус кеп тоқтады. Бұл маршруттағы автобус, қашан
көрсең жолаушыларға толы жүреді. Рауан елмен
бірге ішке ұмтылды. Ақыры аяғы ілікті-ау! Бұл мезет,
қалалықтардың жұмыстан шығатын кешкі сәтіне тұспа-
тұс келіпті. Аялдама сайын тоқтаған автобус баланың
поселкесіне жеткенше біраз уақыт өтті.
Қас қарайып, қараңғылық түскен. Рауан алаңдап,
қорқыңқырап үйге жақындағанда, қатты-қатты естілген
музыка үнімен айқайлай сөйлеген дауыстарды құлағы
шалды. Тәтесі бұл жоқта басқа жаққа көшіп кеткен бе?
Әлде, өзге көшеде жүрмін бе деп ойлады. Адасатын-
дай жөні жоқ. Сол, өз үйлері. Талды көшесі, 37 үй де-
ген жазуларды көрген баланың жүрегі орнына түсті.
Сыртқы қақпаның есігін ақырын ашып, үй айналды.
Жапырақтары жайқалған алма ағашының тасасына кеп
терезеден ішке үңілген. Дөңгелек үстел айналасында
үш-төрт әйел мен екі еркек отыр. Алдарында арақтан
босаған құмыралар. Жартылай желінген қуырдақ,
туралған нан, Спрайт, Кока-Кола сусындары.
– Арақ таусылды ма? – деді, шашын сарыға бояған
көркем келіншек бос бөтелкелерді тексере қарап.
– Манадан ішіп жатырмыз, ішіп жатырмыз. Алты
құмыра босатыппыз, – деді темекі шегіп отырған, ер-
кек пішінді қара әйел. Шылымының түтінін аузынан
сақина пішінде шығарып қояды.
– Осы тойғанымыз жетер! – Бұл тәтесінің дауысы.
– Ертең де күн бар. Көрші үйдегі кішкентай қызым
қандай халде екен?
– Енді ішсек, точно масаямыз, – Қызыл шаш әйел
дің сөзіне домаланған еркек қарсылық білдірді: – Жар-
ты жәшік сыра бар, – деп, буындары былқ-сылқ ете
орнынан әрең тұрды. Содан соң дәлізге шығып, үш-
төрт бөтелке сыра әкеліп үстелге тізді.
– Ой-бай!.. Арақ пен сыра араласса, не болатынын
білесіңдер ме? – Қара көзілдірікті, келіншек сайрай
жөнелді: – Жалпамыздан түсеміз!.. Мені тыңдасаңдар,
қояйық!.. Сыра, таңертең бас жазуға таптырмайтын су-
сын.
Рауан тәтесін көрді. Шашын бұйралап, ернін шиедей
қызылға бояп, үстіне жасыл кофта киіпті. Құлағындағы
жарты айға ұқсаған алтын сырғалары электр жарығымен
жарқ-жұрқ етеді. Қасындағы күжбан қара ер адам-
мен бастары түйісіп, қызу сұхбатқа кірісіпті. Бір кезде
ана кісі құшақтап, бетінен сүйіп алды. Тәтесі еркектің
құшағына еніп барады. «Ұят-ай!..»
Бала бұрылып кетті. Мұнысы қалай? «Бөтен адам-
мен неге құшақтасады?!.»
Рауан алма ағашының тасасынан шегінді де, ауладан
шыға жүгірді.
* * *
Бармаған жері жоқ. Баласынып, ешкім жұмысқа
алмайды. Үстіндегі жұпыны киіміне қарап мүсіркейді.
Көңілі жүдеп келе жатқанда «мәшине жуатын орынға
балалар керек», деген құлақтандыруды оқыды. Сұрай-
сұрай, «Автомойка» деген жерге келді. Қожайыны орта
жастардағы жігіт ағасы келісімін берді.
– Каникул кезінде табыс тапқың келді ғой. Талабың
дұрыс, – деді Рауанның бас-аяғын шола қарап.
– Иә, аға...
– Әуелі бірер күн үйрен. Ана ағаларыңның мәшинені
қалай жуатынын көр. Сонан соң, кірісесің.
– Рахмет, аға!
– Мұндағы жұмыс кешкі онға дейін. Аптасына бір
күн демалыс беремін. Демалғың келмесе, қосымша
ақша төлеймін. Үйің қай көшеде?
– Қаладан алыстау тұрушы едім... Осында қонсам
бола ма?
– Қонсам дейсің бе? Үйге қайтуды алыссынып тұр
сың-ау, шамасы.
– Иә...
– Онда рұқсат.
– Айлығым қанша болады, айтыңызшы?
– Тапқан ақшаңның отыз пайызын аласың. Түскі
ас тегін. Кешкі және таңертеңгі тамақ өз есебіңнен.
Күзетшілігіңе күніне үш жүз теңге төлеймін. Келістік пе?
– Келістім, аға!
* * *
Рауанның жұмысқа орналасқанына жиырма күн
болды. Алғашқы күндері резеңке шлангіден атқылаған
судың екпіні екі қолын көтертпей тастады. Етіктен өткен
суық су аяғын тоңдырып жібереді. Оған да бірте-бірте
көндікті. Биік машинаның төбесін жуу қиын. Темірден
жасалған саты ағашты қойып шықпаса бойы жетпейді.
Бір жолы аяғы тайып, құлап түсті. Оң жамбасы ісіп,
ақсаңдап жүрді де бірте-бірте жазылды.
Қасындағы үлкен ұлдар әбден машықтанып алған.
Келген мәшинені жылдам жуып тастайды. Бекен есімді
көк көз бала өгей әкесінен көрген қорлығын әңгімелеп
қояды. Біраз ақша тапса, Алматыдағы нағашы ағасына
кетпекші. Өзі кәмелетке жетпей, төбелескені үшін темір
тордың аржағын да көріп қайтыпты. Ара-тұра ондағы
хикаяларын да жыр қылып айтады.
Рауанның күндік табысы бір мың теңге. Соңында
аламын деп автожуғыш иесі Алмат ағасының сейфіне
сақтатып қойды. Бір жақсысы қонатын жер іздемейді.
Түнгі сағат он бірде автожуғыш жабылады. Үлкен ұлдар
үйлеріне қайтады. Күні бойғы жұмыстан шаршаған
Рауан төсегін салып жатып қалады. Жастыққа басы
тиісімен қор ете түседі.
Қатты ұйықтап кеткен екен, безілдеген есік қоңы
рауынан оянса, түн ортасы. Соның арасынша Рауан
жатқан бөлменің терезесі қағылды.
– Кім бұл? – деді дыбыстап.
– Аш есікті! – Өзімсіне сөйлегеніне қарағанда та-
ныс кісі. Баланың есіне түн ішінде есік ашпа деген
қожайынның сөзі түсті. Әйтпесе, маған хабарлас деп
қалта телефонының нөмірін берген.
– Аш деймін! Жылдам, бол!..
Рауан Алмат ағасына хабарласпақ еді, сырттағы да-
уыс тағы естілді.
– Мен ғой, Бекенмін.
Бала есік ашты. Оған ілесіп бөтен екі жігіт енді.
– Ұйқың қандай қатты. Қағып тұрмыз, қағып тұр
мыз.
– Сені келеді деп кім ойлаған.
– Қожайынның тапсырысы. Ана төрт дөңгелекті әкел
деп жұмсады.
– Маған ештеңе айтқан жоқ. Қазір хабарласайын.
– Сенбей тұрсың ба? Мазалама шефті... Қазір жолға
шықпақшы...
– Түн ішінде ме?
– Онда тұрған не бар...
– Өзің жауап берсең, қарсылығым жоқ.
– Оған қам жеме! Өтірік айтып не көрінді? Ал жігіт
тер машинаны жақындатыңдар!
Үш жігіт Алмат қожайынның сақтауға қойған «Ланд
Крузер» джипінің су жаңа дөңгелектерін тиеп, кетіп
қалды. Рауанның ойына күдік енді. Бекен неге сон-
ша асығыс? Түн ішінде жүргені қалай? Неде болса
таңертең айқындалады...
Ертеңінде төрт дөңгелек ұрланғаны белгілі бол-
ды. Қожайын Бекенге еш өтініш айтпаған. Рауанның
аңқаулығын пайдаланған жылпос жігіт алдап соғыпты.
– Білесің бе, бағасының қанша тұратынын? – деді
қожайын ашуланып. – Олар титаник дөңгелектер!
– Білмеймін...
– Төрт мың доллар!..
– Олардың өтірікті шындай қиыстырғанын қайдан
білейін...
– Қазірден боссың. Сейфтегі жиырма мың теңгеңді
бермеймін!
– Аға, менің не жазығым бар?!. Сеніп қалдым ғой!..
Айтыңызшы? Сенуге де болмай ма, адамға!
– Сол сұмырайдың сұйықтығын сезіп едім. Қара
басып, қапыда қалғанымды қарашы! Қайда барады
дейсің, қазір милицияға хабарлаймын. Ал сен, мұрның
бұзылмай тұрғанда табаныңды жалтырат!.. Бекен
екеуің келісіп алған шығарсыңдар! Кім біледі сендерді!..
– Ағатай, менің ұрлыққа түк те қатысым жоқ!..
– Жоғал боқмұрын!.. Енді бір сөз айтсаң, итше теп
кілеймін!...
* * *
Кешеден ас ішпегендіктен қарны аш. Таңертеңгі екі
бәліш жұмырына жұқ болмады. Асқазанын алдап, ко-
лонкадан ағызып су ішті. Қарны сыздағанша сімірді.
Құр су нәр емес екен. Көзі қарауытып, басы айналған
ол екі самса алып жеді. Ет қосылған ас бойына бол-
машы болса да қуат берді. Манағыдай емес, маңайға
сергек қарап қояды. Әкесі Ақтауға аман-есен жетті
ме екен? Тәтесі іздемей жатыр ғой. Бірақ іздегенде не
істейді? Үйден кетіп қалғаным дұрыс болмады. Әлде
қайтып барсам ба?! Ойы осы тұсқа байырқалаған сәтте
тәтесінің өткендегі өрескел қылығы елестеп, қарасұр
әйелді жек көрді. Неге олай жасады? Әлде... туған
күнін тойлаған түрі ме? Ойлап отырса, тәтесі жайлы
жарытымды ештеңе білмейді екен. Қарасұр әйел балаға
әу бастан дұрыс қараған жоқ. Жұлдызы жараспады.
Оң қабағын бермеді. Бастапқыда тамақты қалай болса
солай жейсің деп тиісті. Одан түнде неге қорылдайсың,
Жанарды шошытасың деп кінә тақты. Күл шығарып,
пеш жағу, кішкентай қызды бағу үйреншікті жағдайға
айналса да, жақтырмады. Бірнеше рет аямай ұрды.
Отырғаны опақ, тұрғаны сопақ болды ғой...
Былтырғы оқу жылының екінші тоқсаны аяқталар
тұста қатты таяқ жеп, үйден қашып кеткен бола-
тын. Онда екі күннен соң сынып жетекшісі Жанаргүл
апайының араласуымен вокзалдан табылған.
Мектеп әкімшілігі сол күннен бастап балаға назар ау-
дара бастады. Жанаргүл апайы үйге кеп тәтесімен ұзақ
сөйлесті. Орталау ғана білімі бар тоғышар, тоңмойын
әйелдің баланы жек көретінін сезгенімен, нақты дәлелі
жоқ еді.
Кейде баланың жағасы кірлеп, костюмінің түймелері
үзілген күйде сабаққа келетінін айтқанда, қарасұр әйел
бет бақтырмады:
– Үй-бай, мен оны тап-таза, мұнтаздай етіп күнде
киіндіріп жіберем. Алысып-жұлысып түймелерін үзе
тін, жейдесінің жағасын кірлететін өзі ғой.
Жас келіншектің үстіндегі олпы-солпы, кір-қожалақ
халатына көзі түскен Жанаргүл мұғалім, «е-е, өзі де
саппас екен-ау, мына қызыл көзге дауа жоқ-ау, сірә»
деп ойлады.
* * *
Кенет қара баланың көңілі босай түсті де, бойын тез
жиып алды.
Қайда барарын білмей келе жатқанда, ұзын бойлы
ақсары ұл кездесе кетті.
– Кел танысайық, – деді ол.
Рауан есімін айтты.
– Ақалақ деген көкеңмін...
Баланың күлкісі келді. «Ақалақ деген ат бола ма?!.»
– Неге күлгеніңді айтайын ба? – Бейтаныс бала
қабағын түйді. Түрі қорқынышты өзінің. – Шынын
айтсам маған да ұнамайды. Метркемде Ақтамберді
деп жазылған. Балалар үйінен асырап алған ата-анам
осылай атап жүр. Әуелде үйрене алмадым. Кейіннен
құлағыма сіңісті болып кетті. Еһ-һ, Рауан! Білсең ғой
сен, өгей баланың күнін...
Ақалақтың терең күрсінгеніне Рауанның көңілі
бұзылды. «Қайдан білейін!.. Бекер күлдім-ау», – деп
өкінді.
– Жә, жасыма! – Ақалақтың даусы жарқын.
– Ержетейін әуелі!.. Мұнда қалады дейсің бе?! Көз
көрмейтін, құлақ естімейтін алысқа кетемін... Жаңа өмір
бастаймын. Жә, ол бөлек әңгіме. Шынымды айтсам,
сенімен жолыққаныма қуанып тұрмын... Себебін сезген
шығарсың.
– Ептеп сеземін...
– «Досы жоқпен сырлас, досы жоқпен сыйлас» де-
ген тәмсілді кім айтқанын білесің бе?
– Жоқ...
– Абай бабамыз.
– Кітапты көп оқисың ба?
– Оқымасаң ой тоқырайды. Сол үшін де кітап оқуды
сүйемін. Өлең жазатын да әдетім бар... «Дүниеде
жалғыз қалған адам – адамның өлгені» деген даныш-
пан Абай.
Рауан білімді ұстаздан дәріс тыңдағандай әсерде.
Ұзын бойлы, ақсары ұлдың зердесіне таң қалды.
– Адам дос таңдай білуі керек. Ол жағынан аз-
дап тәжірибем бар... Сені сыртыңнан біраз уақыт
бақыладым. Мешіт алдында қайыр тілегеніңді көр
генмін... Тәжік балалардың іштарлық жасап, қуып
жібергенін де білемін...
Рауанның жүрегі елжіреді. Туған ағасымен жолық
қандай сезімге бөленді.
– Жасың нешеде?
– Он екідемін.
– Ал мен жақында он алтыға толамын. Кел, дос
болайық!
– Болсақ болайық.
– Мектепте оқисың ба?
– Иә.
– Азар айттың ғой...
Рауан не десін. Өгей шешенің қаһарынан қаймығып,
үйден кетіп қалдым десе илана ма? Бір көрген кісіге,
бар сырын ақтара салу да ұят.
– Жарайды, жеке басыңның жағдайын қазбалап
қайтейін. Бүгін маған серік бол. Қайыр тілеу жақсы
емес! Мүгедек, қорғансыз болсаң бір сәрі! Асымызды
адалдан табайық!.. «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін
сатқан бала артық» деген тағы Абай хакім...
– Өзің Абайды жатқа біледі екенсің...
– Білім бұлағы – кітапта жатыр. Кітап – айнымас
досың, кітап ақылшың!
– Ақшаны адалдан табайық дейсің!.. Мен жуырда
автожуғыш орнында жұмыс істеп едім, алашақ ақшамды
бермей қойды...
– Не үшін?
– Мәшине дөңгелектерін ұрлауға қатыстың деп...
– Адамның ақысын жеу – күнаға жатады! Неге
қуды?
– Ол ұзақ әңгіме... Жә, ақшаны адалдан қалай та-
бамыз?
– Темір-терсек өткіземіз. Қазір нарық заманы. Еңбек
етсең далада қалмайсың! Мынаны қара! – Ақалақ жан
қалтасынан алақандай блокнот шығарды. – Алюминнің
1 келісі 90 теңге. Мыстың 1 келісі 700 теңге. Көрдің
бе, қымбат! Мен өткенде 10 килограм мыс өткізіп, жеті
мың теңге алғанмын. Жез – 300 теңге, қола – 250
теңге, ал тот баспайтынының құны 150 теңге.
Екі бала сол күні кешке шейін қаланың солтүстік-
батыс
жағындағы,
кезінде
темір-бетон
зауыты
болған жерден недәуір темір жинады. Сол маңайдағы
қабылдайтын орынға апарып, бес мың теңгеге өткізіп,
арзанқол асханадан тойғандарынша тамақ ішті.
Балалар қоштасты. Ақалақ үйіне, Рауан Шанхай ба-
зары жақтағы тұрағына кетті.
Қара баланың көңілі астаң-кестең. Ақсары ұлға ба
уыр басып қалыпты.
* * *
Ұйқысынан оянса, түс көріп жатыр екен. Бір топ бала
асыр сала ойнап жүр. О, тоба! Бір кезде қасындағы
ұлдар аң-құсқа айналыпты. Қасқыр, аю, түлкі, бұлан,
көздері дөңгеленген жапалақтар, мүйіздері серей-
ген бұғылар, домалаңдаған суырлар, кіп-кішкентай
тышқандар... Әлгі аң-құстардың бәрі адамша сөйлейді.
Баланы бастық етіп сайлап, тағдыр-талайларын тап-
сырып жатыр... «Түс түлкінің боғы, дейтін атасы...
Қызық-қ...»
Дала самаладай жап-жарық. Иттердің де үндері сем-
ген. Тым-тырыс. Қандай тымық түн.
Бар даусымен айқайлағысы келді баланың. Бірақ
даусы шықпайды. Тамағына әлдебірдеңе кептеліп қал
ғандай. Жүрегі алқымына тығылып дүрсілдей соқты.
– Апыр-ай, осындай аппақ түн болады екен-ау.
Өзімен-өзі сөйлескен ол аспанға көз тікті. Дөңгелек
ай күлімсірегендей, тілдескендей көрінді.
– Ей, Ай! Естимісің мені? Сен жердегі тіршілік
иелеріне, сонау көктен, дәл төбеден қарап тұрсың ғой!
Айтшы, білсең? Ата-анам бола тұра, неге мені сыртқа
тебеді? Тәтем, неге жек көреді? Бар жазығым, одан
тумағандығым ба? Әлім келгенше, айтқанын істеп
жүрмін ғой... Өмір неге күрделі?! Өмір неге көңілсіз?
– Ата-әже, сағындым ғой, сендерді-і!..
Жылу трассасы өтетін жуан құбыр үстінен жерге
түсті. Өзі лашық атаған «күркесіне» жетіп, қалыңдап
жайған картон-қағаздарға қисая кетті, күпәйкесін жа-
мылып. Көзі ілінер емес, кірпігі айқасар емес.
Қара баланың көз алдына ата-әжесінің бауырындағы
бақытты шақтары елестеп, тізбектеліп өтіп жатты...
* * *
– Шүу, жануар! Әйт, шүу!..
Қара шал қолындағы божысын қағып қалып еді,
тортөбел ат желе жөнелді.
Жайымен тербелген арбада шалқасынан жатып,
қиялға берілген баланың көңілі көк аспанда қалықтаған
қыран құстан бір кем емес. Күннің өткір нұрына
қарыққан жанарын еріксіз жұмған. Қандай рақат! Өстіп
жүре берсе, жүре берсе тоқтамай, жердің шетіне жетуге
бола ма екен?!
– Әй, Рауан-жан-н!.. Рауан-н!..
Атасының даусын естісе де, естімегендей боп жата
берген.
Кішкентай Рауанды қара шал қасынан әсте
қалдырған емес. Оған бала да әбден үйренген. Ал
әжесінің немересі десе шығарда жаны бөлек.
Күндегіден ерте тұрған қара шал, таңғы ұйқы құша
ғында қамсыз жатқан немересін оятпай-ақ аттанбақ еді,
Рауан оянып кетті. Бұны көрген әжесі баланың шәйін
бергенше недәуір уақыт өтті.
Дауыс көтеру дағдысында жоқ әжесі зілсіз сөйлеп
қояды:
– Қаршадай баланы ертпей-ақ, жүріп кетпедің бе,
шал-ау!
Әжесі сүйікті немересін айналып-толғанып жүр:
– Басыңнан күн өтіп кетпесін. Көкжайдаққа жеткен
соң арбаның көлеңкесінде дем ал. Шілденің күні ащы
болады. Әй, отағасы-ау! Жұмысқа жегіп қойма баланы.
Қарны ашып қалмасын,– дейді қайта-қайта табыстап.
* * *
Өткенде бала достарымен ойнап жүрген. Бұзатер
Біләл Рауанмен айқаса кетті. Қара бала тентек немені
жамбасқа салып алып ұрған. Сотқар Біләл жеңілгеніне
тас-талқан ашуланып, намысына тие сөйледі:
– Әке-шешең жоқ, сенің! – деді түйеден түскендей.
– Кім айтты?
– Сенің анаң басқа адамға тиіп кеткен. Сен ата-
әжеңнің баласы емессің.
– Қайдан білесің?
– Кәрі кемпір-шалдың кішкентай баласы болушы ма
еді?!.
Біләл айтқан әңгіме содан бері миынан шығар емес.
Қалғып бара жатқан Рауан қара шалдың әуезді әніне
елітті. «Атамның даусы қандай әдемі! Қандай сұлу!
Атақты әншілерден қай жері кем, а?»
Таулардың қия-қия қиясы едім,
Сайлардың мал жемейтін миясы едім.
Отырардың жайлауы-ай,
Өмірдің бар ма байлауы-ай!..
Сағынышқа толы әсем әндерді қара шал әуелете ұзақ
айтты. Бір кезде атасының әні кілт үзілді де, артына
бұрылған:
– Рауан-н!.. Рауан-жан-н!.. Жатырсың ба, әлі?!
– Ң-ңң... – Кірпіктерін қимылдатпай, еркелеп оң
қырына аударылып түсті.
– Бәсе-бәсе... неге үндемейді десем... Ұйықтай ғой
құлыным! Ұйықта!
Бала сәл өтпей ұйықтап кетті.
* * *
Шал мен бала жыпырлап жұлдыздар көріне
бастаған шақта ауылға қайтты. Арба дөңгелектерінің
сықырынан өзге, көл маңынан құрбақалардың құрылы,
шегірткелердің шырылы ғана естіледі. Маң дала бей-
не тыныс алғандай тым-тырыс. Иісі бұрқыраған жас
шөптің үстінде, шалқасынан жатқан бала ойда жоқта
есіне әлдене түскендей қара шалға төтесінен сұрақ
қойды:
– Ата-а, ат-ау! Бірнәрсе сұрасам бола ма?
– Сұра, құлыным.
– Осы менің әке-шешем қайда?
– Сен біздің кенжемізсің...
– Шын айтасыз ба?
– Өтірік айтып нем бар...
– Жиенғазы ағаның Біләлі, әке-шешең жоқ деді
маған...
«Естіпті... естіпті-ау, ақыры!.. Апырым-ай, осы
жұрттың баласы да өсекші... Тыныш жүрмей ме?
Әңгіме туғызуға құмар.»
– Құдай бұйырса, үлкейіп қалдың! Жасырғанмен
бола ма? Анығында, сен менің туған немеремсің!..
Шешең бес-алты жыл бұрын басқа кісіге тұрмысқа
шыққан... Ал өз әкең... қазір Астанада тұрады... Біз
оны сенің ағаң деп сендірдік... Жазғырма бізді ботам!..
Атасының даусы дірілдеп шыққандай.
«Апырым-ай! Неге ғана сұрадым?! Неге-е?»
Баланың ет жүрегі езілді. Бір қарағанда, қайыспас
қара шалдың... сүйікті атасының... қамқор атасының...
көздері жасаурап, иегі кемсеңдеп келеді екен...
* * *
Тағдыр жазуына кім араша тұрар? Атасы мен әжесі,
араларына небәрі бір апта салып, бірінен соң бірі қайтыс
болды. Бәрінен де балаға ауыр тиді. Әуелгіде қара-
құрым көп кісілермен жүріп, ештеңенің байыбына бара
қойған жоқ.
Қос қарияның жетісі өткен күні, жұрт аяғы басылғанда
көрші ауылда тұратын әкесінің ағасы, Астанадан келген
өз әкесі, жақын көршілер мен ауыл имамы оңаша қалды.
Үлкендер жағы тым-тырыс. Бір кезде тыныштықты
әкесінің ағасы бұзды:
– Өмір дегеніңіз осы... Құдды келісіп алғандай,
бірінен соң бірінің кетуін қарашы, жалғаннан. Жандары
жәннатта шалқысын!..
– Жазмыш! – Көрші Мүбәрәк шал қаба сақалын
салалады.
– Аллаға шүкір, балаларының алдында, күн жылы-
да аттанды... Бұл тегіндік бақытты қаза. – Ауыл има-
мы Ерғали аға сөз бастады. – Енді қар түскенше басын
көтерсеңдер болғаны. Өлім, марқұмдардың соңында
қалғандарға үлкен сын әрі жауапкершілік. Перзенттік
парыздарыңды адал атқардыңдар, қарақтарым! О
дүниедегі адамның тірілерден тілейтіні – дұға ғой.
Дұғаға тоймайды олар. Құран оқиын...
– Оқыңыз! – Отырғандар қостай жөнелді.
Ерғали имам құран оқыды: «Ағүзу билляһи минаш
шайтон ир-ражим! Бисмилляһир-Рахманир-Рахим!
Құл хуалла һу аһәді. Алла һу іссәмәді, ләм ялиді, уә-
ләм юлә-әді, уәләм якүллаһу, куфуан аһаді...»
Қайыра шәй ішілді. Жасы үлкен Мүбәрәк атаның
батасынан кейін қонақтар жылдам тарасты.
Үйде үлкен ағасының әйелі – Әлима жеңгесі, үлкен
ағасы мен өз әкесі қалған.
– Рауанжан, – деді әкесінің ағасы Жақсыбай. –
Атаң мен әжеңнің қайтпас сапарға кеткенін білесің.
Әкең – Астанада... Екінші рет үйленген... Кішкентай
қарындасың бар сенің... Жатырқама оларды... Бауыр
басасың әлі...
«Мына кісі не дейді? Жұмбақтамай турасын айтпай
ма?!»
– Ендігі ең жақының – өз әкең!
Рауан ертеңінде, әкесіне еріп Елордаға аттанды...
* * *
Әлденеден шошып оянды. Тоңып жатыр екен. Үстіне
жамылған ескі пальтосы ары-бері аунағаннан ысыры-
лып, түсіп қалыпты. Еңбектеп барып алды. Аздан соң
бойы жылына бастады. Қараңғы түн. Ай көрінбейді.
Жұлдыздар сиреген. Әр жер – әр жерден саққұлақ
иттердің арагідік үрген үндері құмығып естіледі.
Ұйқысы шайдай ашылды. Бірер сағаттан соң таң
атады. Шанхай базарына үлкен-үлкен мәшинелер
жүк жеткізе бастайды. Арба итерген жұмысшылар
қаптайды. Олардың айқайлай сөйлеген дауыстарынан
тыныш жатып ұйықтау мүмкін емес. Күнде солай.
Жаз бойы мекендеген бұл жерден мағына кете
бастағанын ойлады. Қонатын жер іздеуі керек. Тамыз
айының соңына қарай түн суыта бастайды. Жинаған
ақшасы он мың теңгеге жетпейді. Оған қыстық етік пен
малақай сатып алса болар еді.
Бала базар маңындағы дәмханадан оразасын ашып,
темір-терсек жинауға кетті. Қала шетіндегі қоқыстардың
арасынан тапқандарын әкеп өткізгенде жеті жүз теңгеге
бағаланды.
– Рауан, сен немене жалқауланып барасың ба, әлде
басқа кәсіп тапқансың ба? – Қазақшаға судай ұлты
әзірбайжан Байрам аға аңтарыла қарады.
– Бар олжам осы.
– Ой-бу, балапан-ай. Қайтейін-н.
Балажан Байрам ағаның Нұрболды іштарта сөй
лейтіні бар. Ондайда баланың жүрегі елжіреп, көңілі
босайды.
– Каникул да бітіп барады... Жақында жаңа оқу
жылы басталады, – деді Байрам.
– Аға, – деді Рауан. – Қанша балаңыз бар сіздің?
– Екеу.
– Олар қазір қайда?
– Таразда тұрады. Құдай бұйырса, жуырда барып
қайтам. Балаларымның тапсырған оны-мұны қағаз-
қаламдары мен киім-кешектерін жеткізем.
– Аты кім балаларыңыздың?
– Үлкенім – Рафаель, кішісі – Муслим.
– Менен сәлем айтыңыз.
– Айтып барайын...
– Аға, сау болыңыз!
– Әй, Рауан сәл кідірші... Ал мынаны.
– Керегі жоқ.
– Азырқанып тұрсың ба! Бес жүз теңге де ақша. Бір
ауқаттануыңа жетеді.
Байрам аға баланың қарсыласқанына қарамай,
қалтасына салып берді.
* * *
Түн. Қала көшелеріндегі жүріс-тұрыс азайған. Енді
көп ұзамай жұрт жата бастайды. Рауан көптен байқап
жүр. Мешітке жақын жердегі компьютер клубы тәулік
бойына жұмыс істейтін сияқты. Есік сыртында «24»
деген жазу ілінген.
Рауан түнгі 11 кезінде компьютер клубына келген-
де ешкім жоқ екен. Кісіге тік қарайтын, шегір көзді екі
орыс қызы отыр кіре берісте.
– Ойнауға келдің бе? – деді кассир қыздар.
– Бір сағаты қанша?
– Жүз теңге.
– Түні бойы ойнасам бола ма?
– Мейлің...
– Оның бағасы...
– Бес жүз теңге берсең болады.
Рауан ақша төлеп залға өтті. Шет жақтағы
компьютердің алдына жайғасып, іске қосты. Осылай-
ша біраз отырды. Бойы жылынды. Қайта-қайта есінеп,
ұйқысы келе бастаған соң, үш-төрт орындықты қатар
қойып, жата кетті.
* * *
Бес-алты күн қатарынан темір-терсекті мол тап-
сырды. Әжептәуір ақша жинады. Киім-кешек алуға,
бұрынғы орталық базар маңындағы сауда үйіне келген.
Мезгіл түске таяу. Мешіт ауласы абыр-сабыр, қарбалас.
Адам қарасы мол. Ә-ә, күн жұма екен ғой! Рауан кейде
жұма намазы алдында далада тұрып уағыз тыңдайтын.
Қос мұнарасы алыстан мен мұндалайтын Алланың үйіне
барғысы келіп бұрылған. Осы кезде күшейткіш репро-
дуктордан имамның даусы саңқылдап естілді.
– Ассалаумағалейкум, құрметті жамағат! – деді
имам. – Қасиетті жұма намазына келген әр қадам
дарыңыз сауаптан болсын! Бүгінгі уағыз-әңгімеміздің
тақырыбы – Ата-ананың перзенті алдындағы жауап
кершілігі туралы.
Айша анамыз айтады: Бірде Расулалланың құзы
рына бейтаныс адам келіп: «Сіздерде жас сәби бала-
ларды сүю әдеті бар екен, бізде ондай әдет жоқ», дейді.
Пайғамбарымыз салаллаһу ғалейһи салам: «Алла тағала
сенің көкірегіңдегі мейірімді тартып алған болса, оны
мен қалай сенің көкірегіңе саламын», деп айтыпты.
Демек, кейбір ата-аналардың өз перзенттеріне
мейірімсіз болуының себебі, Жаратқан Алла олардың
көкірегінен мейір шапағатты тартып алғандықтан екен.
Ал, мейір шапағаты жоқ көкіректе иман болмайды, сенім
болмайды. Иманы жоқ ата-ана ғана өз перзентін қолына
алмайды, перзенттен бас тартады. Күннен күнге қатары
көбейіп келе жатқан жетімханаларда тірі жетімдер бар.
Яғни, ата-анасы тірі, бірақ перзенттерінен бас тартқан.
Ондай ата-аналарды «әке» немесе «ана» деген атпен
атауға тілің бармайды.
Хазреті Омар ради аллаһу бір танымал адамды қала
әкімі етіп тағайындамақ болыпты. Бұйрық жазылып,
тек қол қою ғана қалған екен. Сол арада Омар әлгі
әкім болайын деп тұрған кісімен әңгімелесіп отырғанда,
бір сәби бала еркелеп келіп, Омардың тізесіне отырып
алады. Халифа Омар әлгі баланы еркелетіп, бетінен
сүйеді. Әкімдікке тағайындалып жатқан кісі бұны көріп:
«Бұл бала өз ұлыңыз ба?» деп сұрайды. Омар: «Жоқ,
бір кембағалдың баласы еді. Әке-шешесі дүниеден
қайтқан соң, баланы өз тәрбиеме алғанмын» – деп жау-
ап берді. Болашақ әкім Халифаның мейіріміне, жүрегінің
кеңдігіне таңданып: «Менің де перзентім көп. Бірақ олар-
ды еркелетіп, сүймеймін. Ұлдарым мені көргенде қорқып
тұрады. Әке осындай болу керек емес пе?» – дейді.
Бұл сөздерді естіген халифа Омар терең ойға батты.
Кейіндеу: «Бұл кісі әкім болуға лайық емес екен. Өз
перзенттеріне мейірімсіз адам, халыққа қанша пайдалы
болуы мүмкін» деп бұйрыққа қол қоймапты.
Әсілі, ата-ананың перзенті алдындағы борышы
үлкен. Мұны әрбір ата-ана білгені жөн. Баланы дүниеге
әкелумен іс бітпейді. Ата-ана перзенттеріне білім үйретуі
және көркем мінез құлық тәрбиесін беруі, әсіресе
баланың дене тәрбиесіне көп көңіл аударып, денесін
шынықтыруды, суда жүзуді, атта шабуды үйретуі ке-
рек. Ата-ана баланы әдепті, көркем мінезді етіп өсіргені
үшін ғана мақтауға лайық. Ислам дінінің негізгі мақсаты,
адамзатты көркем мінезділікке тәрбиелеу екені белгілі.
Перзенті алдындағы борышын дұрыс атқарған ата-
аналарды Алла тағала түрлі бәлелерден, уайымдардан
сақтап, ар намыстарының тапталуынан қорғайды.
* * *
Оқу жылы басынан Рауан сабаққа келген жоқ. Бір
мұғалім оны Шанхай базарынан көргенін, енді біреуі
«Рамстор» сауда үйі маңайында жүргенін айтты. Сы-
нып жетекшісі Жанаргүлден маза кетті. Апырым-ай,
қалай болғаны? Жаздың басында, каникулға шыққанда
өгей шешесі баланы жақсы қараймын деп өз қолымен
хат жазған. Маусым айының соңында Рауанның әкесі
іссапарға, ал баланың Қаскелеңдегі үлкен ағасының
үйіне кеткенін естіген. Алдағаны ма қарасұр әйелдің?
Одан кейін де барып, тексеруі керек еді. Сенді ғой,
баланың шешесіне.
Жанаргүл мұғалім түске таман саяжайдағы таныс
құжыраға келді. Қарасұр әйел шашы дудырап жаңа
тұрып жатыр. Көзіне кішкентай қыздан өзге ешкім
түспеді.
Үй иесі мұғаліммен салқын амандасты.
– Рауан қайда? – деді Жанаргүл.
– Қаскелеңде.
– Сабақтан қалды ғой.
– Өзім де уайымдап... Келіп қалар...
– Күйеуіңіз қашан оралады?
– Бүгін-ертең келуі керек.
– Онда, Рауанның әкесі мектепке соқсын, ұмытпай
сыз ба? – деді мұғалім қоштасып.
Баланың әкесі ертеңінде мектепке келді. Ұлының
қайда жүргенін білмейді екен. Өзі жайбарақат. Бала-
сын ойлап, қайғырған адамға ұқсамайды.
– Қаскелеңде дегені қайда?
– Сізден қорқып, жалған айтқан ғой...
– Өзі де ана емес пе?! Апырым-ай, не деген қатыгез
жұбайыңыз?!
– Сіз өйтіп жарымды сөкпеңіз! Рауанның өзі де
кінәлі. Барып тұрған қыңыр. Тыңдамай, қашып кетіпті.
– Оныңыз бекер! Рауан шектен шыққан бұзық емес!
Жұбайыңыз бармақтай баламен тіл табыса алмаса, мек-
теп басшысына неге айтпаған? Неге жар салмаған?!
– Ол жағын білмеймін...
– Түсінесіз бе, Рауанды іздеу керек!
– Менің уақытым жоқ. Кеше түнде іссапардан орал-
дым. Ертең жұмысқа шығамын.
– Балаңыз керек емес пе?
– Керегі жоқ, – деді қабағы түксиген, қоңқақ мұрын
еркек.
– Астафиралла! Жүрек жұтқан кісі болдыңыз, сіз
де?!. – Мұғалім жағасын ұстады.
– Ол мені тыңдамайды...
– Неге тыңдамайды?
– Бұл сұрақты Рауанның өзіне қойыңыз...
– Онда, ренжімеңіз, – деді мұғалім. – Балаңыз ке-
рек болмаса, сотқа береміз.
– Беріңдер...
– Баламнан бас тартамын деп қол хат жазыңыз.
– Қашан?
– Қазір.
Баланың әкесі сол жерде қолхат жазып берді.
– Тас жүрек екенсіз, – деді шыдай алмаған
Жанаргүл.
– Өзіңіз жаз дедіңіз... Кете берейін бе?
– Тура осындай қолхатты Рауанның анасы да жаз-
сын.
– Қаскелеңдегі ме?
– Иә.
– Жарайды...
* * *
Сол күні мектеп директоры Сәуле Зейноллақызының
пәрменімен төмендегідей бұйрық шығарылды:
Бұйрық № 0-43
«Құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында
және 6«б» сынып оқушысы Нариман Рауанның жоға
луына байланысты оқушыны іздестіру мақсатында
жүргізілетін іс-шара.
Мерзімі: 17.09.2011 жыл
Уақыты: 16.00 – 20.00
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және
6«б» сынып оқушысы Нариман Рауанды іздестіру үшін
мұғалімдер мен ата-аналар комитеті топ құрып, рейдтік
жұмыс жүргізілуін бұйырамын.
Атқарылған жұмыс бойынша әр топ анықтама жа-
зып тапсыруға міндетті.
Бұйрық соңына мектеп басшысының қолы қойылып,
дөңгелек мөр басылды. Мұны естіген Рауанның сы-
ныптастары да өз еріктерімен топ құрамына жазылып
жатты.
Сонымен, Ләзім Талғат мұғалім жетекшілік жасай-
тын бірінші топ орталық базар, мешіт, компьютер клу-
бына, Байған Омаров мұғалім жетекшілік жасайтын
екінші топ Рамстор сауда үйі мен «Самал» шағын ауда-
нына, Меруерт Мәжит мұғалім жетекшілік жасайтын
үшінші топ Астана қаласының сол жағалауына жауапты
болды. Нұрболдың суреті қала көшелеріндегі арнайы
орындарға ілінді.
Рейд мүшелері екі күн мұғдарында еш дерек таппа-
ды. Рауанды іздеп қарамаған жерлері қалмады. Бала
ұшты-күйді жоқ.
* * *
«Артем» сауда үйінің қасындағы дәмханадан түстеніп
шыққанда Ақтамберді жолығып, қапсыра құшақтай
алды:
– Сенейін бе, жоқ па?! Көп ойлағаннан болар, түнде
сені түсімде көрдім!.. Жақсы болды ғой, жолыққаның...
– Аман-саумын! – Рауан да керемет қуанды.
Екеуі сол маңдағы саябаққа барып сәкіге жайғасты.
Қара бала жаз бойы басынан өткерген жағдайдың
бірде-бірін қалдырмай ұзақ әңгімеледі. Ақалақ үндемей
тыңдады.
– Мектеп мұғалімдерінің, сыныптас достарымның
мені іздеп шыққандарын біліп, ол маңнан безіп кеттім.
Қаштым бой тасалап... Көргім келмеді, оларды. Өзім
де білмеймін, неге олай еткенімді... Ұялғаннан ба, на-
мыстан ба, анық ажырата алар емеспін.
Рауан мұңайды. Жаз бойы бастан кешкен теперіші қатайтқан сияқты. Өмірге байыпты қарауға үйренгендей. Мектепке бармағанына өкініп, әлдененден құр қалғандай сезімде. Тығырықтан шығар жол болуы тиіс. Мүмкін емес. Егер әкесі шайпау әйелдің сөзіне ере берсе, үлкен ағасы бар ғой, Қаскелеңде тұратын. Екі бала біраз үнсіз отырды. Рауанның әңгімесі ақсары ұлға қатты әсер етті. Қаршыға көз балаға риза. Неше түрлі мехнат көрсе де, қайсарлығы ұнады. Әйткенмен ақыл қосып, рухын көтерген ләзім. Хакім Абай атасының көп өлеңдерін жатқа білетін, көкірегі ояу һәм ақынжанды Ақалақ толқып, шабыттанып сөйлеп кетті: – Рауан, көз салшы айналаға! Анау көк аспан, жарық күн, жайқалған тал-теректер, қала сыртына шықсаң, керіліп жатқан кең дала, маңғаз, сабырлы таулар мен қыраттар, бәрі-бәрі қаз-қалпында, өз орнында. Қарашы, тіршілік қандай тәтті! Тұнжырап түңілетіндей, өмірден баз кешетіндей не болды саған? Үйсіз-күйсіз екі-үш ай жүргенің үшін бе? Оның өзі хикмет, сыр! Ол жәйтті біз түсінбейміз. Білетін бір Алла! Адамның ағат ісіне ұялуы, намысының қайралғаны жақсы. Бойыңнан соны сезіп қуанып отырмын.Уайым даған жөн. Боркемек болма! Әңгімеңе қарағанда, өгей шешең басынан сөз асырмайтын ашушаң, іші тар, тасбауыр адам сияқты. Ол кісі теріс қарады екен деп кімге кінә тағасың? Әкең мен тәтеңе керек болмағаныңмен, туған еліңе керексің! Әне-е, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшің, бірге оқитын достарың іздеп жатыр. Адам баласы із-түзсіз жоғалатын ине емес. Әр адамның өз орны бар. Адам атаулы бірбір тұлға. Жазылмаған кітап. Құдайға шүкір, сенің де, менің де туған отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан! Сезімге беріліп, шалқып-тасып, артық сөйледі деп ой-
лама. Ақиқаты сол, қай кезде болмасын, ынжық, бос-
белбеу, жалқау, масыл жандар далада қалады. Әкең де,
әне-міне Ақтаудан оралуы керек. Қыркүйектің басында
келеді емес пе?
Есіңде ме, сенімен алғаш танысқанда, жетімдігіме,
асырап алған ата-анамның кейбір қылықтарына
өкпелегендей сыңай танытып ем ғой. Оным бе-
кер екен. Ойлашы, балалар үйінде жүре берсем де
қатардан қалмайтыным рас. Бірақ үйдің аты үй емес пе?
Өздерінде бала болмаған соң, қазіргі әке-шешем менің
жақсы болып өскенімді армандамайды дейсің бе? Сол
үшін тоғызыншы сыныптан соң педколледжге түстім.
Одан әрі қарай да оқымақ ойдамын.
Қала
көшелеріндегі
хабарландырулар
ілінген
тақтайшадан: «Оларды полиция іздейді» деген жазу
дың жоғарғы жағынан сенің суретіңді көріп зәрем
ұшты. Жүрегім тоқтап қала жаздады. Екеуміз жазда
танысып, бірер күн бірге жүргенде айтсаң, сол кезде-
ақ ақыл қосар едім. Болмаса, тәтеңе өз қолыммен же-
тектеп жеткізер едім. Сабыр сақта! Ешкімді сөкпе!
Кезбелікпен ұзақ жүрмейсің. Үйіңе барудан қорықсаң,
мектепке бар.
Менің өмірге деген пікірімнің шұғыл өзгеруіне, мешіт
қасындағы діни сауат ашу сабағына қатысқаным себеп
ші болды. Асыл дініміз – ислам жайлы ұстазымыздың
әңгімесі көп нәрсеге көзімді ашты!.. Еһ-һ, Рауан, Рауан!
Біздің білмейтініміз көп қой!..
Ақалақ ұзақ сөйледі. Бәрі дұрыс! Бәрі шын! Оның
сөздері қара балаға қайрат берді. Ойланды. Толғанды.
Ақсары ұлмен қоштасып, мектепке бармақ ниетпен
автобус аялдамасына бұрылған. Сол жерде полиция
формасындағы жігіт тоқтатты. Сөйтіп, кәмелетке жа-
стары толмаған балаларды оңашалау орталығынан бірақ
шықты.
* * *
Шашы өсіп, үсті-басы кірлеген баланың көзінде мұң
бар. Тұнжырап, өзімен-өзі отыра бергенді қалайды.
Күнделікті тойып тамақ ішпеген ол, бірішек боп, тәбеті
қайтып қалыпты. Аспазшы әйел әкелеп-көкелеп әзер
ішкізді. Сұрақ берсең ғана жауап қайтарады. Он екі
жастағы жеткіншек сияқты емес. Балалығын біреу
ұрлап алғандай. Кейде терезе алдына кеп далаға тесіле
ұза-а-ақ қарайды. Не ойлайды екен?
Ертеңінде, полиция аға лейтенанты, психолог қыз
Рауанды бірінші қабаттағы кабинетіне алып келіп, бояу
қарындаш пен қағаз берді.
– Рауан, сен сурет сал. Мен соңыра келемін, – деп
шығып кетті.
Аға лейтенант бір сағаттан соң оралса, Рауан сурет
салып жатыр екен.
– Бұл не, Рауан? – деді апайы мейірленіп.
Апайының жылы сөйлеп, бауырына тартқаны
баланың жүрегін ұйытты. Осында келгелі алғаш рет
қуана тіл қатты:
– Үй салып жатырмын... Қасында алма ағашы өсіп
тұр...
– Өзің талантсың ғой, – деді апайы баланың басы-
нан сыйпап.
– Білесіз бе, апай, мен сыныптағы ең мықты сурет
шімін... Менің салған суреттерімді мұғалім ағайымыз
талай рет мақтаған...Апай, асықтырмаңызшы. Әлі са-
лып болған жоқпын.
– Сен асықпай сала бер. Бір айналып келемін. – Аға
лейтенант есікті ақырын жауып шығып кетті.
Психолог Рауанның суретін қарап отыр. Үй қисық
салынған. Іргетасы жоқ. Терезелерін қоңыр бояумен
бояпты. Ауладағы ағаштардың жапырақтары сұрғылт.
Жаз айында үй мұржасынан түтін шығуда.
Аға лейтенант баланы аяп отыр. Әке-шешесінен
мейірім көрмеген балалар қоңыр, қара түстерге әуес.
Өгей шешесінен ұрыс естіп, таяқ жегенге ұқсайды.
Бірге болғанмен әкесінің мейірімі кем. Рауанның айты-
сына қарағанда, ол әкесін сирек көреді. Яғни, әке мен
баланың арасында байланыс үзілген, суықтық орнаған.
Он екі жастағы баланың көкірегі шерге толы. Көзінде
«неге бұлай?» деген сауал бар. Кішкентайынан бау-
ыр басқан атасы мен әжесін сағынады... Өгей шешенің
ұрып-соғуынан зәтте болған бала үйге қайтқысы жоқ.
* * *
Алматы аудандық соты орналасқан мекен-жайдың
іші біртүрлі сұсты. Сот мәжілісіне жиналғандар да үнсіз.
Сынып жетекшісі – Жанаргүлдің қасындағы Рауанның
да түрі сынық. Әлгінде ғана бір баланың ісі қаралып,
әке-шешесін ата-аналық құқығынан айырған болатын.
Сол ұл қолды-аяққа тұрмай, шырылдап жылағанда,
төбе құйқаң шымырлайды. Жанаргүл апайы:
– Әне көрдің бе? – деді Рауанға. – Сен де үйден
ылғи қаша берсең, балалар үйіне өткізіп жібереді.
– Бұдан былай үйден қашпаймын! Мені аяңыздаршы!
– Басы салбырап, қабағы тұнжырады. – Соттағы
ағаларға айтыңызшы! Үйден енді қашпаймын! Әке-
шешемді тыңдаймын...
Терезеден ақшыл түсті «Ланд-крузер» джип маши-
насы көрініп еді, Рауан қуанып, далаға жүгірді.
– Рауан қайда барасың? – деп мұғалімдер тұс-
тұстан ұмтылды.
– Әкем ғой, келген менің әкем... Анау соның
мәшинесі, – деді бала жүгіріп бара жатып.
Рауанның әкесі Радолла құрылыс фирмасының
бастығын тасиды екен.
Сот жұмысы басталды.
– Ал сөйлеңіз, неге бас тартасыз балаңыздан? –
деді судья ұзын бойлы, жігіт ағасына қарап.
– Мені тыңдамайды, – деді Радолла.
– Себебін айтыңыз?
– Сотқар, бұзық...
– Тентек болатындай не істеді?
– Оны өзінен сұраңыздар.
– Баламнан бас тартамын деп қол хат жазған сіз
емес пе? Ендеше, біз қойған сұраққа сіз жауап беріңіз.
Қабағы түксиген, ұзын бойлы жігіт ағасы «маған не
қыласыңдар» дегендей менсінбей, тәкаппар қалыпта
тұр.
Судья сөзін сабақтады:
– Сот процесіне дейін біз егжей-тегжейлі тексердік.
Рауанның дені сау, психикалық ауытқу жоқ. Мектеп
әкімшілігі берген мінездемеде сабақ үлгерімі де, тәртібі
де жақсы. Ендігі мәселе сізге байланысты болып тұр.
– Мені тыңдамайды, өзім де әбден шаршадым.
Шешесімен тіл табыса алмайды. Қит етсе, үйден қашып
кетеді, – деді Радолла сөзін қайталап.
Осы тұста сынып жетекшісі Жанаргүл сөз сұрады:
– Сұрақ қойсам бола ма?
– Қойыңыз, – деді сот төрағасы.
– Рауан, әкеңнің жауабын естідің. Саған жаны ашы-
майды екен. Сондықтан біз сені балалар үйіне береміз,
– деп еді:
– Аяңыздаршы мені, бармаймын! – деп бала безек
қақты.
– Жылама, Рауан. Бүгін жібергелі жатқан жоқпыз...
Өзі ерекше құрметтейтін мейірімді апайының жылы
сөзін естіген бала жылауын қойды.
– Бәсе-е! Жігіт сөйте ме екен? Ал айта ғой, кіммен
тұрасың? Қайда барасың!
– Ата-әжеме...
– Ол кісілер жоқ қой.
– Онда әкеммен бірге тұрам... Мен әкемді жақсы
көремін!
– Ал менің баламмен тұрғым келмейді,– деді бойы
сорайған еркек беті бүлк етпей.
Сот ісіне қатысып отырған қала әкімінің орынбасары,
кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Рахметов:
– Не айтып тұрсыз. Бармақтай баладан шарша-
дым дегенге кім сенер? Әкелік парыз, әкелік міндет,
адамгершілік қайда? Алланың қаһарына ұшыраймын деп
қорықпайсыз ба? Туған балаңыздан бас тартып, қайтіп
жер басып жүресіз? Білесіз бе, сіз рухани кембағал жан-
сыз!.. Әке деген аттан садаға кетіңіз!.. Сіздей қатыгез,
сіздей рухани мүгедек кісілердің кесірінен қаншама бала
тірі жетім жүр!..
Бала – болашағымыз! Бала – ұрпағымыз! Бүгінгі
бала – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат! Өркениетке
жетелер көшбасшы, ізгі қоғам қалыптастырушы, еге
менді еліміздің болашағы дейміз, оларды! Ал, аяқ-қолы
балғадай, тепсе темір үзетін ер азаматтың – сіздің
тұрысыңыз мынау!..
Радоллада үн жоқ. Тасбеттеніп тұрып алды.
Кеңесуге үзіліс жариялаған сот мүшелері, бала
ның әке-шешесі жазған қолхат нотариус арқылы
расталмағандықтан істі кері қайтарды.
* * *
Жанаргүл мұғалімнен телефон арқылы бар жағдайды
естіп білген Радолланың ағасы Жақсыбай екі күннен
соң Астанаға келді. Күн жексенбі, інісі үйінде болатын.
Аман-сәлемнен соң інісіне тарпа бас салды:
– Ез, шірік неме! Қаршадай баланы қаңғыртып,
бір әйелге сөзің өтпесе, жер басып қалай жүрсің?
Әке-шешеңнің аруағын күңірентіп не қылғаның бұл?
Жағдайың келмесе маған айтпайсың ба? Ата-аналық
құқықтан бас тарту деген не сұмдық! Сүйекке таңба,
бұл. Керек десең, сен қылмыскерсің! Рухани мүгедексің!
Бұдан былай Рауанды балам деуші болма, ұқтың ба?
Өзім ер жеткізем, өзім өсірем...
Радолла жасы үлкен ағасының уәжіне жауап
қайтармады. Несін айтады? Қалай ақталады? Ағаның
айтқаны рас! Ынжық, босбелбеу екені де өтірік емес...
Ертеңінде Радолланың ағасы Жақсыбай Баянұлы
мектеп директорына қолхат жазып беріп, Рауанды
өзімен бірге алып кетті.
* * *
Астана-Алматы жолаушылар пойызында келе жат
қан баланың көңілі көтеріңкі. Ағасы газет оқып жатыр.
Вагон дөңгелектерің бірқалыпты тарсылынан бөгде ды-
быс естілмейді. Рауан терезе алдында отыр. Қою түнге
көз алмай ұзақ қарайды. Қараңғылық тұңғиық ойға
шақырғандай...
Сәуір, 2012 жыл.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
әңгіМелер
ЖОҒАЛҒАН СӨМКЕ
Күрең күз. Күн желкем. Ымырт қоюла
нып, қараңғылық түскен. Секпіл бет сары ұл
селк етті. Алда қараңдап әлдекім көрінді. Бұл
көшенің балалары басқа жақтың ұлдарын
жолықтырса, әлімжеттік жасап себепсіз
ұрып кетеді дегенді еститін. Сол керек өзіне!
Жарық көшемен жүрмей, төтелетіп несі бар?
«Ал қамдал, батырым!..»
Қараңдаған сұлба тұра қалды.
– Балақай, түн ішінде қайда барасың? – деді жылы
ұшырап.
– Тентек бала ма деп зәрем ұшқаны-ай!..
– Есімің кім?
– Жанәлі.
– Қай сыныпта оқисың?
– Үшіншіде...
– Жалғыз неге жүрсің?
– Сөмкемді іздеп...
– Қайдағы сөмке?
– Кәдімгі... күнде мектепке таситын...
– Кітап-дәптерлеріңді салып жүрген бе?
– Оны қайдан білесіз?
– Өзің айтып тұр емессің бе?!. Сонымен...
– Сол... сөмкем жоғалып... Әлгінде, сабақ қарайын
десем жоқ... Үй ішін олай ақтардым, былай ақтардым.
Әкем қатал адам... Жерден шұқысаң да тап, құр қол
оралсаң таяқ жейсің деген соң іздеп шықтым...
– Енді қайда барасың?
– Бағана мектеп жанындағы стадионда футбол ойна
ғанбыз. Сол жерде ұмытып кеткен шығармын.
– Болжамың дұрыс... Ім-м... Қорқып келесің бе?
– Ия, ағай.
– Жүр, ертіп барайын.
– Рахмет! – деді бала.
Бейтаныс аға мен Жанәлі мектеп жаққа бет алды.
Бағана басындағы электр шамдары стадион алаңын
жап-жарық етіп тұр. Екеуі әрі қарады, бері қарады.
Көздеріне ештеңе түспеді. Біраздан соң бейтаныс аға:
– Айналайын, сен тағы ізде. Мен осы жерде тосам, –
деді.
Жанәлі стадионды қайыра қарап шықты. Айтақыр
алаңның шетіндегі шөптің арасын да қалдырмады.
Сөмке түгіл, ныспы жоқ.
– Аға, – деді ол. Өзі де шаршаған сияқты. – Айып
етпеңіз... Жолыңыздан қалдырдым... Сөмкем табылар
емес...
– Енді қандай амал бар?
– Білмеймін...
– Үйіңе қайт, қорықпайсың ба?
– Қорықпаймын...
– Қорықсаң, жеткізіп салайын.
– Өзім барам. Рахмет, аға!
Былай шыға бойын үрей биледі.
Шынымен, сөмкесі жоқ па? Кімге керек болды екен?
Сөмкені қойшы, сатып әпереді ғой. Бәрінен бұрын
күнделігі мен дәптерлері, мектеп кітапханасынан алған
оқулық кітаптары да жоғалды-ау!
Зытып келе жатқан ұл қараң-құраң еткен затты
көріп, тұра қалды. О, тоба! Әлгі біраз жүріп тоқтайды,
аздан соң тағы жылжиды. Көзі бақырайып, жүрегі
дүрсілдеп кетті. «Не болса да, жақындап көрейін...»
Қараса, көк күшігі өзінің.
Жазғытұрым жапсарлас ауылдағы Ермек құрдасынан
алты айлық күшікті сұрап әкелген көкесі:
– Жер үйде тұрған соң, ит – ес болады! Кейін бай-
лап қоямыз. Әзірше бос жүре берсін, – деді.
Жанәлі күшікпен достасып кетті. Көк күшік қайдан
келсе де жүгіріп баланың алдынан шығады. Бала күшікті
мойнынан құшақтайды. Сөйтіп екеуі біраз тұрады. Келе
сала итаяғына ас құяды. Содан асыр-салып ұзақ ойнайды,
екеуі. Қолындағы добын, басындағы қалпағын, болмаса
ағаш-таяқты әдейі лақтырып, алып кел деп жұмсайды.
Көк күшік баланың жұмсауына әбден үйренді. Елге-
зек. Тағы тапсырмаң бар ма дегендей көздері жәудіреп
қарайтыны бар. Бәрін түсінеді, бәрін біледі.
– Күшігің үлкейді, көп еркелетпе,– деген көкесінің
сөзін мойындағысы келмейді, бала. Оған көк ит әлі
кішкентай сияқты.
Мына қызықты қараңыз. Көк ит сүйрелеп жүрген
баланың сөмкесі! Мұндай қуанбас. Есіне түсті. Бағана
доп ойнап жүргенде итін көрген. Ойыннан соң доста-
рымен сөйлесіп, сөмкесін алуды, Алыпсоқты ертуді
ұмытып үйге кетіп отырған. Көк ит сөмкені қорып
қалған ғой. Қараңғы түскенше баланы тосып, үйге
қайтқан беті осы болды.
– Ақылдым менің! Көмекшім менің!
Жанәлі итін құшақтады. Ал иті құйрығын бұлғаң
датып, еркелей бастады.
ТАРҚАҒАН ӨКПЕ
Кешқұрым Алданның жөтелі жиілеп, ыстығы
көтерілді. Мазасы кетті.
– Салқын тиген ғой. Күн ұзақ өзеннен шықпайды...
Ыстық сүтке сары май қосып беріңдер, терлесін. Ертең-
ақ сауығады, – деді көкесі.
– Кеудесінде сырыл бар сияқты. Қыша жағылған
қағаз қою керек, – деді мамасы.
– Қойдың майын ерітіп ішкізіңдер, ол да ем, – деді
әжесі.
Айтылған ем-домның барлығы жасалды. Бірақ
баланың ыстығы қайтар емес. Дөңбекшіп, ұйқысы қашты.
Жөтелі одан сайын жиіледі. Тіпті болмаған соң жедел
жәрдем шақыртқан. Дәрігер ыстығын өлшеп, кеудесін
тыңдады да, «суық тиген» деп ауруханаға алып кетті.
Міне, жеті күн. Қазір тәуір. Жөтелі басылған.
Бастапқы екі-үш күн төсекте қозғалмастан жатты да,
ыстығы қайтқан соң тұрған. Өзі құралпы ұлдар да
бар. Нұртай деген сүйкімді ақ сары баламен кереуеті
қатар. Әрі екеуі де бір жылғы төл. Ол да үшінші
сыныпқа көшіпті. Нұртай кітапты көп оқиды. Зерек.
Пысық. Білмейтін ертегісі жоқ. Талайын айтып берді.
«Қым-қиғаш оқиғалы, ұзақ ертегілерді қалай жадына
сақтайды» деп таңғалады балалар.
Алданның мамасы мен әжесі күн құрғатпай келеді.
Түнеугүні бірге оқитын сыныптас Серік пен Назгүлді
көргенде керемет қуанды. Өздері пәле. Екі сауыт «Жуси»
шырыны мен бір пәшкі печеньелері бар. Сыныптағы,
мектептегі жаңалықты айтып, қам көңілін көтеріп тастады.
Алданның есіне Сәруар түсті. Кішкентай күндерінен
екеуі бірге өсті. Ауыл шетіндегі жаңа үйлеріне қоныс
аударғанша, былтырға дейін бұлармен көрші тұрды. Екі
үй арасы қашықтау болса да, мектепке бірге барады.
Бірге ойнайды. Ылғи бірге...
Сол досы Алданға әлі келген жоқ. Әлде, ренжіткен
кезі болды ма? Ойлап отырса, ондай себептің жөні
келмейді. «Жолдастығың әншейінде екен... Сырың
белгілі...» деп өкпеледі Сәруарға.
Көп ұзамай Алдан ауруханадан шықты. Көрші
балалармен кездесіп әңгімелесті. Сәруарды сұрады.
Сөйтсе, ол аттан құлап, мертігіп ауруханаға түсіпті. –
«Бәсе, – деп ойлады ол. – Дос екені шын болса, бір
рет келер еді...»
– Мама, дәмді етіп тамақ жасаңызшы! Мен бақшадан
көкөніс әкелейін! – деді Алдан үйге кірген заматта. Өзі
асығыс. Қимылы шалт.
– Күнім-ау, бәлністің сулы-сылпың ботқасынан қар
ның әбден ашқан-ау, тегі! – дейді айналып-толғанған
әжесі.
– Әже, әлгінде естідім... Сәруар оқыстан аяғын сын-
дырып, ауруханада жатқан көрінеді. Бүгін сіз екеуміз
барып қайтсақ қайтеді. Көзі жәудіреп көшеге қарап, то-
сып жатқан шығар достарын...
– Ақылыңнан айналдым! Барсақ, барайық... Адам
ның достығы, бауырмалдығы осындайда... сынға
түседі... Мамаң қазір-ақ кіріседі тамақ істеуге.
Алданның Сәруарға деген өкпесі тарқап жүре берді.
Досын тезірек көргісі келіп асыға түсті.
Таңат – менің ағам
Күнде бұл мезгілде сабақтан қайтатын Таңат бүгін
кешікті. Түс ауды. Қарындасы Әйгерім елегізіп, есік
алдына екі рет шығып келді. Ал Таңаттың бір аптаға
нағашы атасының үйіне кеткенін ол білмейтін.
Әжесі болса құрақ құрап, өзімен өзі әуре. Кейінгі
кезде осындай машық тауып алған. Әлдебір халық
әуенін ыңылдап, күн ұзаққа іс тігумен шұғылданып
отырғаны. Бастапқыда таңсық көріп, ананы-мынаны
сұрап қасынан шықпайтын. Жалықты білем, көңіл ау-
дармайды қазір.
Кешкілік жұмыстан оралған әкесіне, Таңаттың ха-
барын жеткізді Әйгерім. Қос танауы делдиіп кеткен.
Көзінде үрей мен сауал.
«Ағасын жақсы көре ме екен, сынайын...» деп ойла-
ды әкесі.
– Таңат енді келмейді?!
– Неге?– деді Әйгерім.
– Саған қатты өкпелі...
– Мен не істеппін?!
– Айтсам, реңжімейсің бе?
– Айтыңыз.
– Сен оған күн көрсетпейсің. Ойыншықтарыңды
ұстатпайсың. Сабаққа әзірленіп отырғанда мазасын
ала бересің. Көңілін бөлесің. Кейде ойнаған болып
кітаптарын тығып тастайсың. Сол себепті Таңат айтқан
тілін алатын, өзінен жасы үлкен ағасын сыйлайтын
қарындас тауып алды.
Әйгерім қапелімде не деп жауап қайырарын білмей
дағдарды. Әкесі айтқан әңгіменің жаны бар. Бірінші
сыныпқа барғанша Таңат екеуі бірге ойнайтын. Ағасы
есік алдындағы ойын алаңына шыққанда да, көзінен
таса қылмай, қарайлап жүретін. Былтырғы күзден мек-
тепке барғалы күрт өзгерді. Тәрбиелі, тәртіпті бала бо-
лып шыға келді. Көп уақытын сабақ оқуға жұмсайды.
Балабақшаға бармайтын Әйгерімнің күні бойы іші пы-
сады. Содан соң Таңатты айналдыратыны рас. Ал
ол болса... кішкентай Әйгерімнің еркелігін түсінбей,
өкпелеп, өзге қарындас тауып алған.
Әйгерімнің иегі кемсеңдеп, көзінен жас домалап-
домалап түсті. Өз бөлмесінде кереуетте бүк түсіп жы-
лап жатыр. Тақау келгенін аяқ тықырынан естіп:
– Таңат менің ағам, менің ағам!– деп жылауын
үдетіп бақырып қоя берді.
Әкесі қызын құшақтап бетінен сүйді. Көзінің жасын
сүртті.
– Айтшы, папа, Таңат менің ағам ғой,– дейді кем
сеңдеп Әйгерім.
– Иә, сенің ағаң.
Әйгерім жылауын қойды. Жүзі бал-бұл жанып
қуанды.
– Неге келмейді дедің?
– Ренжігені рас еді...
– Мен де қателігімді түсіндім. Енді олай жасамаймын.
Таңат сабаққа әзірленіп отырғанда мазасын алмаймын.
Кітаптарын жинастырып, реттеп қоямын. Қолы бос
кезде, одан әріптер үйренем.
– Баяғыдан осылай етсең ғой...
– Енді қашан келеді?
– Бес-алты күннен соң.
Ертеңінде әкесі қызына екі дана «Сникерс» шокола-
дын әкелді. Әйгерім біреуін дереу жеп алды да, екіншісін
сақтап қойды. Жатарда жастығының астына тығады.
Күндіз қолынан тастамай алып жүреді. Әкесі мен ма-
масы «қызығып жеп қоятын шығар» деп ойлаған-ды.
Әйгерім олай етпеді. Таңат қашан үйге келгенше, «Сни-
керс» шоколадының мұртын да бұзбады.
ЛИФТ НЕГЕ ТОҚТАДЫ
Айбектің көкесі жақсы жаңалық әкелді. Жаңа пәтер
алатын бопты. «Алатау» шағын ауданынан. Үшінші
подьезд. Тоғызыншы қабат.
Сонымен Айбектер жаңа пәтерге қоныс аударды.
Жоғарғы қабат қорқынышты сияқты. Шешесі «жа-
затайым құлап кетіп жүрерсің» деп балконға бір өзін
шығара бермейді. Ал Айбекке салса биікті мекендеу
қызық сияқты. Бәрінен бұрын арлы-берлі қайшыласып,
көшеде ағылып жатқан мәшинелер, жаяу жүрген кісілер
алақандағыдай көрінеді.
Тұрғындар көшіп кірген соң лифт қосты. Оған ең
алдымен атасы қуанды. Себебі, жиырма күндей тысқа
шыға алмай ылажсыз қамалған болатын. Таза ауаны
балконнан, желкөзден жұтқан. Енді рақат. Томашадай
ұя-лифтіге енеді де, іп-ілезде төменге түседі. Далаға
шығады. Таяғына сүйеніп, аулада әрі-бері асықпай
жүреді.
Қиюы қашатын іс аяқ астынан екен. Бір подьез-
де тұратын бес-алты бала, түстен кейін сабақтан
қайтқанда лифтінің қызығын әбден көрді. Көзді
ашып-жұмғанша жоғары көтеріледі. Сосын төмен
құлдилайды. Үлкендердің көбі жұмыста. Әй дер ажа,
қой дер қожа жоқ. Лифтегі кезекшілік жасайтын орыс
әйелі де көрінбейді.
Балалар жарты сағаттай қызыққа батты. Тегін
ойын тапқандарына мәз. Бір кезде жүріп келе жатқан
лифт сыр етті де, бесінші қабатта тоқтап есік ашылды.
Балалардың ересегі Мырзаш жалма-жан түймені ба-
сты. Лифт қозғалмайды. Көздері алақтап тұрды-тұрды
да, тым-тырақай безіп жөнелді.
Кешқұрым далаға беттеген Айбектің атасы жылдам
қайтты. Қабағы қатулы. Өңі сынық. Құдды өкпелеген
баладай. Жақ ашпайды. Сөйтсе, лифт тоқтапты. Істен
шыққан. Жаяу түсейін десе қиын. Түсуін түседі-ау.
Қайыра жоғары көтерілу қиямет.
Лифт үш күн жүрмеді. Атасы дағды бойынша дәлізге
шығада да, іле оралады.
Айбек өкінді. Ағаттық жасағанын аңдады. Олай
етпейді, ендігәрі. Достарына түсіндіріп айтуы керек.
Жүгіріп үйден шыққан. Шахтадағы қызыл түйме
жанып тұр. Басып еді, зыр еткен дыбыс естіліп, лифт
көтеріліп келе жатты.
СЫНЫҚШЫ
Екінші сыныпты кілең бестікке бітірген Ауданбектің
білмейтіні көп екен. Дөңгеленген дүние. Аспан әлемі.
Жарқыраған жұлдыздар. Жан-жануарлар. Алмасып
келіп жатқан күн мен түн...
– Барлығын жаратқан жалғыз Алла, – дейді атасы.
– Қалайша? – дейді Ауданбек таң-тамаша қалып.
– Оған адам баласының ақылы жетпейді! Алайда,
ғылым мен техника қарыштап дамыған сайын Аллаһтың
барлығын, ақиқат екендігін біле түсеміз.
– Айтып беріңізші, қазір-ақ.
– Әлі ер жетесің, үлкен азамат боласың. Сонда бәрін
түсінесің, – дейді атасы.
– Ол үшін не істеуім керек?
– Жалықпай көп-көп оқып, жақсы білім алуың ке-
рек.
– Мақұл ата, – дейді Ауданбек. – Айтыңызшы ата,
мәселен сіздің арнайы оқыған мамандығыңыз болмаса
да, қолдары мен аяқтары сынған, шыққан сырқат адам-
дарды емдейсіз. Бұл да Алланың берген қасиеті ме?
– Дәл солай, ботақаным. Мен бірақ себепші
ғанамын. Ауру-сырқауды жазатын, шипасын жіберетін
бір Аллаһ!
– Оны қалайша білуге болады?
– Ақылмен, оймен...
– Бұған дейін сіздің сынықшылық қасиетіңізді дұрыс
байқамаған екенмін. Енді зерделеп, көңіл қояйыншы...
Арада екі-үш күн өткен.
Таңертеңгі шайын ішкеннен атасының мазасы кете
бастады. Қолын уқалап отыр.
– Қолымның қақсап отырғанын қарашы.
Ақсары ұлдың атасына жаны ашыды.
– Ауыра ма, сонда?
– Алыстан мертіккен біреу іздеп келе жатыр-ау
деймін... Сезіп отырмын...
Арада көп уақыт өткен жоқ. Қызыл қақпалы үйдің
алдына «Мерседес» машинасы тоқтады. Кабинадан
жастау жігіт шығып, артқы есіктен елулер шамасындағы
әйелді қолтығынан демеп үйге беттеді.
Сонау Өскемен қаласының арғы жағындағы Лени-
ногордан келіпті. Әйел адамның оң қолы көтертпейді.
Дәкемен орап, мойнына таңып алыпты. Үлкен-үлкен
қалалардағы дәрігерлердің бәріне көрсетсе де, ем-
домдары қонбапты. Рентгенге де түсірген. Сынық
ештеңе жоқ. Сырқат сырын аша алмаған.
Ауданбектің атасы әйелдің білегін жалаңаштады да:
– Сіңірі жаншылған екен, – деді. – Әлбетте, ол
рентгенге көрінбейді. Жарайды, оқасы жоқ. Аллаһ
сәтін салса сауығасыз.
Қабдырахман қария жаншылған сіңірді ақырын-
ақырын уқалап отырды да, не заматта:
– Қолыңызды көтеріңізші, – деді. Әйел кісі қолын
бірден көтерді.
– Сіз өйтіп жылдам көтермеңіз. Жайлап, ақырындап
қана көтеріңіз. Қорықпаңыз!
Әйел сынықшының айтқанын жасады.
– Болды ма? – деді әйел сенерін де, сенбесін де білмей.
– Болды, – деді Ауданбектің атасы. – Жазыла-
сыз... Енді, кәдімгі түйенің шудасына қара тұз қосып,
қолыңызды таңып тастаңыз. Ешқандай дәрі-дәрмек
жағып, әуре болмаңыз... Мен бар болғаны жаншылған
сіңіріңізді қалпына келтірдім.
Сырқат әйел сынықшы қарияға алғыс айтты.
ӘБЕСТІК
Олжастың қалаға сапарлап кеткенін пайдаланған
Жандос, ағасының үш кішкентай қобдиша асығы мен
екі құлжа сақасын ұтқызып, ойыннан шаршап келіп
отырған. Қалай болды өзі? Түсінбей дал... Асықты
тәп-тәуір ойнайтын. Әлде, рұқсатсыз алған соң солай
болды ма? «Рұқсатсыз алу?..» Ол ұрлық қой? «Жоқ,
ұрлық емес, – деді қалқан құлақ қара бала. – Олжас
маған бөтен емес... Туған ағам... Әрі, ол асықтарды ой-
нау үшін жинадық қой!..»
Жандос ойланды. Қандай амал бар? Әуелгі ниеті
Олжасты қуантып, көп-көп асық ұтпақшы еді, ол жос
пары іске аспады. Кешелі бері екі жүздей асықтан ай-
рылып отыр. Екі жүз асық... Аз емес...
Жандосқа бұл ісі ұнамады. Өзіне-өзі ренжіп,
ұнжырғасы түсті. Қалайша ұтылды? Әлде, асық ойнаған
балалар, өзінен үлкен болған соң жеңілді ме? Жылағы
сы келді. Көңілсіз, мең-зең отырып қалғанымен, жы-
лай алмады. Көздің жасы да оңайшылықпен шықпайды
екен-ау... «Қалай болғанда да менікі дұрыс емес, – деп
уайымдап жүрді ол кешке шейін. – Қателік жібердім...»
Жандос ертеңінде достарымен жидек теруге ауылдан
ұзап, Талдыбұлақ сайына кетті де, асық жайлы ұмытып
үлгерді...
Бір аптадан соң оралған Олжас, ауладағы балалар
дың қолынан өзінің екі сақасын көріп, жағдайды
біліп, үйге келе сала Жандосты іздеді. Інісі атасының
қасында әңгіме тыңдап отыр. Моп-момын, тәртіпті
бола қалыпты. «Бәрін бүлдіріп, түк білмегендей, тым-
пиып отыруын қарашы...»
– Сен менің сақаларым мен асықтарымды ұтқызып
жіберіпсің ғой,– Жандос әй-шайға қарамастан, Жан-
досты құлақ шекеден қонжитты.
Аңдаусызда таяқ жеген қара бала, алашаның үстіне
құлай кетіп, айқайға басып жылады. Кереует үстінде
көзі жұмулы домаланып ұйқыда жатқан ақ мысық,
Жандостың дауысын естіп, елең етіп басын көтеріп
алды. Өксіп жылап жатқан Жандостың қасына жетіп,
Олжасқа бір, балалардың атасына бір, кезек-кезек
қарай берді. Көзінен баланы аяғаны көрініп тұр. Неге
ұрды дейтіндей...
– Балам Олжас! Бұның не? Сенде ана ақ мысықтай
да ақыл жоқ екен! Қарашы, мысық екеш мысық та,
Жандосқа жаны ашып, араша түсіп жатыр. Асыққа
бола, өзіңнен жеті жас кіші ініңе қол көтеруің дұрыс па?
– деді атасы кейіп.
Олжас атасынан мұндай уәжді күтпесе керек. Ақ
мысықтың жанашырлығына қайран қалды. Өзінің ашу
үстінде әбестік жасағанын білді.
РЕНІШ
Үлкен қала. Зәулім, сәнді үйлер. Аула толы
мәшинелер. Көпшілігі шетелдік – «Ланд Крузер»,
«Тойота», «Лексус», «Мерседес»...
Ортаңғы подьезден шыққан арық қара бала мен
тойған қозыдай томпиған сары ұл ойнауға кетіп бара
жатып, тоқтай қалып бірөңкей жап-жаңа мәшинелерді
тамашалап, қарай бастады.
– Мына тұрған «Лексус» менің папамның көлігі, –
деді тойған қозыдай томпиған Әлихан есімді бала. Дәу
«Жипке» жақындап, сыйпап қойды.
– Мақтанып тұрсың ба? Менің папамның мәшинесі
де күшті.
– Қане көрсетші?
– Мына жерде жоқ... Жұмысына мініп кетті...
– Маркасы қандай?
– Мерседес! Төрт фары бар... Түрі әппақ...
– Нөмірі ше?
– Z 001 КВМ... Ондай нөмірді алу қиын... Менің
папамның жол полициясында досы жұмыс істейді.
– Бөс! Бөсіп қал... Тағы не айтасың?
– Мерседес тасжолда ызғытқанда 200-ден артық жыл
дамдықпен зулайды... Сендердің «Лексустерің» қоқайып
алып, қалып қояды біздің мәшинеден...
– Мақтана бер...
– Білесің бе сен, Мерседес қатты жүргенде жерге
жатып алады... Сондықтан анау-мынау бұрылыстарда
жылдамдығын көп азайта қоймайды. «Лексус» түйе
құс сияқты... Ызғытып келе жатып бұрылса, аудары-
лып қалуы мүмкін...
– Мә, саған бөспе неме! – Әлихан қызғаншақ бо-
латын. Нұртайдың мақтанғанына шыдай алмай ішінен
ыңқ еткізді. Бір үйдің еркесі Нұртай қарап тұрсын ба?
Ол да томпиған ұлды кеудесінен итеріп қалды. Екі бала
айқаса кетіп, жерге құлап түсті. Тап-таза жейделері
мен шалбарлары былғанып, шаң болды. Бірін-бірі ая-
май жұдырықтап, аздан соң ырсылдап шаршады.
Әлиханның мұрнынан қан ақты. Нұртайдың жұдырығы
батып кеткен сияқты.
– Қазір көрсетем... – Әлихан жерде жатқан жұмыр
таспен досының басынан бір перді.
Екі баланың ерсі қылықтарын көріп отырған
Ізбасқан қария орнынан ұшып тұрды.
– Тоқтатыңдар төбелесті!
Тас тигеннен көздері жарқ етіп, басын ұстай алған
Нұрбол мен абдырап тұрған Әлихан жалт қарасты.
Анадай жерде таяғын көтеріп бір қария тақап келеді.
Қабағы қатулы.
– Бері жақындаңдар!.. – Екі бала жақын келді.
Біреуінің мұрны қанап, екіншісінің басы ауырған ұлдар
жуасып қалыпты.
– Не жетті сендерге? Ал сөйлеңдер?
Екі достың ауыздарына құм құйылғандай, үнсіз.
– Ақсақал сөзін сабақтады.
– Бағанадан бәрін көріп, естіп отырмын... Қай сы-
ныпта оқисыңдар?
– Бесіншіде...
– Ой-бу, ұят-ай!.. Үлкен жігітсіңдер ғой!.. Он жа-
стан асыпсыңдар!.. Сабақ үлгерімдерің қалай?
– Жақсы... – деді екі дос ақырын ғана.
– Бір сыныпта оқисыңдар ма?
– Иә...
– Қанеки, менің көзімше бір-біріңнен кешірім сұрап,
татуласыңдар! Бүлінген ештеңе жоқ. Атам қазақ «бас
жарылса, бөрік ішінде» деген..
Біріне-бірінің атарға оқтары болмай тұрған ұлдар,
қарияның уәжді сөзіне тоқтап, қол алысты.
– Естеріңде болсын! Болар-болмас нәрсеге бола
төбелесіп, жұдырықты ала жүгіргенді қойыңдар! Заман
талабына сай жақсы үйде тұрған, жақсы киінген, жақсы
мәшине мінген жақсы. Біле білсеңдер, сендер тәуелсіз
еліміздің елордасы – Астанада тұрасыңдар. Соған
лайық білімді, білікті, ұлтжанды, мәдениеті, иманды
азамат болуларың керек. Жөн бе, менің айтқаным?
– Дұрыс ата...
– Онда жаман қылықтарыңды тастаңдар. Қазіргі
балалар бақытты. Компьютердің құлағында ойнайды.
Ғаламтор арқылы білмейтіндері жоқ. Бірақ кітап бетін
ашпайтындары жарамайды. Өздерің көркем әдебиетті
оқисыңдар ма?
– Аздап...
– Соңғы оқыған кітаптарың не туралы?
Екі достың мойындары төмен түсті...
– Оқымайсыңдар-ау, тегі. Тұрыстарың ұнамайды...
Айтыңдаршы, Абай деген кісі кім?
– Кім дедіңіз?
– Абай, азан шақырып қойған есімі – Ибраһим.
Екі дос қосарлана: – Білеміз, – деп міңгір ете қалды.
– Білсеңдер онда Абайдың бір өлеңін айтып берің
дерші, – деді қария екеуіне кезек қарап.
Екеуінде үн жоқ.
– Мыналарың тіпті ұят!.. Шынымен білмейсіңдер ме?
Тағы да үнсіздік.
– Е-ей, балаларым-ай!.. Қайтейін... Машиналар
дың атын жаттап алғанша, Абайдың бір өлеңін жаттап
алсаңдаршы...
Балаларға басқа не айтарын білмеген қария, басын
шайқап, бұрылып кете барды. Ренжіп кетті. Ал ана
екеуі болса, мелшиіп орындарында тұрып қалды.
ҚЫЗЫЛ БЕТ
Қыстың аты қыс... Қаңтар айы қақап тұр. Қайта түс
ауа бет шымшыған аяздың кәрі сынғандай...
Тапжылмастан екі-үш сағат отырып, үйге берілген
сабақтарын тап-тұйнақтай орындаған Нұрболдың
далаға шыққысы келді. Таңертең жұмысқа кетерде әке-
шешесі «үйде отыр, ойынға барамын деп беті-қолыңды
үсітесің» деп құлағына құйған. Сексендегі әжесіне де
қайта-қайта тапсырған.
Нұрболдың іші пысты. Сыртта аяз болса да, шығып
ойнағысы келді. Тоңып жаураған қызық емес пе.
Үлкендерді тыңдасаң, ылғи бір шектеулер... Ананы істе
ме, мынаны істеме. Жаурайсың, жығыласың, ұят бола-
ды деп келетін ақыл-кеңестері кейде жалықтырады...
«Әжемді қалай көндірсем екен?» деп уайымдады ұл.
Қандай амал бар? Ә-ә, тапты...
– Әже, Жанғалидың үйіне барайын деп едім...
– А-а, не дейсің?
– Досымның үйіне барып келейін...
– От жағамын дейсің бе?.
Әжесінің құлағы мүкіс. Қатты айқайламасаң есті
мейді.
– Иә, – деді Нұрбол.
– Жаға аласың ба?
– Ия, далаға шығамын... ойнаймын, – деді Нұрбол
даусын әдейі бәсеңдетіп.
– Өзің біл...
Нұрбол жылы киініп, шанасын сүйретіп үйлеріне
тақау тұстағы төбеге жетті. Өзімен тетелес үш-төрт
бала жарыса сырғанақ теуіп жүр.
– О-о, Нұрбол келді! – деп қуанды ұлдар.
Төрт шана бірдей төмен зулағанда бет қаритын аяз
одан әрі еселене түсетіндей. Бастапқыда Нұрболдың
беті-қолдары тоңып еді, ойын қызығына берілген соң
ұмытып кетті.
– Әй, балалар, аласа төбеде неміз бар. Одан да ауыл
шетіндегі Мықтының тауына барайық. Сырғанақтың
көкесі сонда, – деді сотқар Қыдырбайдың мұрны
желпілдеп.
– Барсақ, барайық.
– Расында мынау шағын төбешік қой, – деген бала-
лар, бірін-бірі қостап Мықтының тауына тартты.
... Күн ұясына қонақтауға жақын. Аяз күшейді.
Ойынға қызыққан ұлдар ештеңені елейтін емес. Бір
кезде Нұрболдың беті тыз ете түсті. Қолғабымен
ысқылап еді, жылынғандай болды.
Қас қарая ұшып-жығылып үйге жеткен Нұрболды
есік аузында анасы қарсы алды.
– Қайда жүрсің, жүгірмек! – дегенде жүрегі зу
етті.– Пеш жағамын деп әжеңді алдап... Шыныңды
айтпайсың ба?
Нұрболда үн жоқ. Кінәлі екені рас...
– Бетіңді үсітіпсің ғой,– деді анасы.
Жалма-жан ұстап көріп еді, терісі үлбіреп тұр. Удай
ашып қоя берді. Көзінен жас шықса да шыдады. Шешесі
суық сумен жуып, қаздың майын шылқыта жақты.
Ертеңінде тұрса, екі беті шиедей қызарып тұр...
«Мына түріммен мектепке қайтіп барамын?» деп уай-
ымдады ол...
ҚИСЫҚ ШЕГЕЛЕР
Қора артындағы «қоқыс төбеде» біресе еңкейіп,
біресе тұрып жүрген тәмпіш танау қара бала әлденеге
өкпелі. Қолындағы кішкентай шелекке, кәкір-шүкірдің
арасынан тапқан шегелерді, тырс-тырс еткізіп салып
қояды.
– Атамның да шығармайтыны жоқ. Қайдағы жұ
мысты тауып беріп...
Әрі-беріден соң шаршады ма, әлде шекесінен өткен
ыстықтан пана іздеді ме, қораның көлеңкесіне келіп
тізе бүкті. «Балалар ғой, біраздан соң өзенге беттейді...
Менің отырысым мынау!.. Қой жылдамдатайын...»
Тәмпіш танау, қара баланың бұлайша әбігерге түсуіне
не себеп?!.
– Айболжан, алдыңғы күні ескі ағаштардан босатып
алған шегелер қайда?
– Қайдағы шегелер?
– Нұрбол ағаң әкелген тақтайлардан алып ек қой...
– Е-е, ол ештемеге жарамайтын, қисық шегелер ғой.
– Болса ше. Түзеп, бір іске жаратайын деп едім.
– Жаңасын сатып алмаймыз ба, дүкеннен... Оларды
түзеп, уақыт кетіргенше...
– Көп сөзді қой да, айтқанды істе.
– Мен оларды қоқыс төбеге апарып тастағанмын...
– Бар, теріп әкел!
Атасының даусы қатқылдау шықты. Енді тәжікеле
судің жөні жоқ. Одан да ығына қарай жығылғаны жөн.
Айбол өзі апарып тастаған жерге келіп, қисық
шегелерді бір-бірлеп жинай бастады. Шекесінен күн
өтіп, терлесе де атасының тапсырмасын тап-тұйнақтай
орындап шықты.
– Бәрекелді!
Атасы дән риза. Өзі аласа орындыққа жайғасты. Ал-
дында темір төс. Қолында балға. Бісіміллә деп кірісіп те
кеткен. Қисық шегелерді темір төске қойып түзете ба-
стады. Ерінбестен бәрін қалпына келтірді.
– Міне, көрдің бе? Сен жаратпай лақтырып тастаған
шегелер түп-түзу. Асылы, ескінің қадірін білмеген,
жаңаның парқын түсінбейді! Алла қаласа, ертең қой
қораны кеңейтеміз. Жаңасын сатып алғанды мен де
білемін. Азғана еңбек етіп едік, қисық шегелер кәдеге
жарайтын болды.
Атасы көңілді. Белін жазып, орнынан тұрды. Кінәсін
сезген Айбол үнсіз. Құрал-саймандарды жинастырып,
атасына қолқабыс жасауда.
''БАҒЫҢ НҰРЛАНСЫН, БАЛАМ!''
Әбуталап қарияның қалаға қоныс аударғанына көп
бола қойған жоқ. Ауылдағыдай емес, мұндағы тірлік
арсы-гүрсі, қым-қуыт па дейсің. Көп қабатты үйдің
тұрғындары таңертемен жұмыстарына кетеді. Кешке
қарай оралысымен үйді-үйлеріне кіріп, есіктерін тарс
бекітіп, қайтып көріне қоймайды. Көлеңке ұзарып,
іңір қараңғылығы қоюланғанша, есік алдындағы ағаш
орындықтардың біріне жайғасып, жан-жағына қарап
отырады. Бұл жерде де немерелерін ойнатқан бірді-
екілі кемпір-шалдан өзге ешкім көзге шалынбайды.
Біраздан байқап жүр: бұлар тұратын екінші қабаттағы
қарама-қарсы есіктегі кішкентай бала, ақсақалдың
қасынан үндемей өте шығады. Өзі пысық бала сияқты.
Күнде тап-тұйнақтай киініп, қоңыр сөмкесін арқалап
тымпың-тымпың кетіп бара жатқанымен, үлкен адам-
мен сәлемдесуді білмейді. Кіп-кішкентай болып, ол да
асығыс...
Күн бесінге тақаған шақ. Асыға адымдап қасынан
өте берген ұлды қария тоқтатты.
– Әй, балам кішкене аялдашы!
Кішкентай ұл кідірді.
– Атың кім?
– Асхат.
– Қай сыныпта оқисың?
– Төртіншіде.
– Сабағың қалай?
– Жақсы.
– Бестік бағаларың көп пе?
– Ия, ата!.. Бір сабақтан төртім бар...
– Әке-шешең үлкен кісімен амандас деп айтпай ма?
– Айтады...
– Ендеше, неге амандаспайсың?!
Асхат жауап қайтармады. Басын төмен тұқыртып
тұрып қалды.
– Жә, қысылма! Онда былай етейік. Сен осы жер-
де тұр, мен үйден шығып келе жатайын... Мені көрген
бетте Ассалоумағалейкум деп даусыңды шығарыңқы
рап амандас, жарай ма?
– Жарайды...
Қария подьезге еніп, ұзамай қайыра шықты. Оны
көрген Асхат:
– Ассалаумағалейкум, ата! – деді дауыстап.
– Уағалейкумассалам! Өркенің өссін шырағым! –
деді қария.
Әбуталап ата бұл жаттығуын ерінбей төрт рет
қайталады...
Арада үш күн өтті. Әбуталап қария есік алдын-
да отырған. Әкесіне еріп есік алдына шыққан Асхат
қарияны көре сала:
– Ассалоусағалейкум, ата! – деді жүгіріп келіп.
– Айналайын, үлкен жігіт бол! – деді ата риза
пейілмен.
– Сіз туралы естігем, – деді Асхаттың әкесі. –
Сыртыңыздан жақсы білеміз.Өзім де танысайын деп
жүр едім...
– Оқасы жоқ шырағым! Танысын, танымасын жасы
кіші адамдардың, оның ішінде балалардың үлкен кісіге
сәлем беруі – зор адамгершілік! Ізет – ілтипат! Осыны
естеріңде ұстаңдар!.. Ал, Асхат құлыншақ, қолыңды
жай, бата берейін.
Асхат пен әкесі қолдарын жайды.
– Жортқанда, балам жолың болсын!
Өмір жасың ұзақ болсын!
Қатарыңнан озған өрен бол,
Теңіздейін терең бол!
Ақылың ассын,
Ықыласың тасысын!
Сағың сынбасын,
Бағың нұрлансын!..
Аллоһуәкбар!
Әумин!..
Содан бастап Асхат үлкен кісілерді көрсе сәлемдесіп
жүретін болды.
ЕКІ ЖҮЗ тЕҢГЕ
Биылғы ақпан айы солтүстік өңірінің қысына
ұқсамайды. Қариялардың әңгімесіне карағанда, осыдан
жиырма-отыз жыл бұрынғы қыс «қыс-ақ еді, шіркін!».
Қазір түсініп болмайсыз...
Жақында жаңбыр жауды. О, тоба! Көше, жол,
дала, бәрі-бәрі көк тайғақ. Бейне әйнек төсегендей,
жып-жылтыр. Ой, рақатын-ай! Бәрінен де балаларға
жақсы. Айнала түгелімен мұз айдыны болды да шықты.
Конькиің болса, аяғыңа байла да, зырғыта бер. Ал үлкен
кісілердің жығылып, тайғанап құлап жатқанын көру
тегін концерт. Әлішер мен Айдос аулада ойнап жүрген.
Орталық көшемен тіркемесі бар дәу КАМАЗ мәшинесі
ақырын жүріп келе жатты да, артқы жағы бұлғалаңдап
жолдан шығып кетті.
– Әй, бітті-ау!
Жоқ, аударылмады. Жүргізуші тәжірибесі мол
кісі болуы керек. Тежегішті басып тоқтай қалды.
Сәлден кейін алға жүрмекке ниет етіп, қозғалып еді,
доңғалақтар бір орнында зыр қақты. Артқа шегінді.
Онда да доңғалақтар зыр айналды. Ілгері-кейін, ілгері-
кейін. Көп әуреленді ағай. Болар емес. Сосын моторын
сөндіріп жерге түсті. Жан-жағына қарады. Көшеде
бірде-бір көлік көрінбейді.
Қазіргі кезде жұмыстары болмаса машина, трактор
текке жүрмейді. Себебі белгілі. Жанар – жағармайды
үнемдеу керек. Қат. Тапшы. Сол үшін ауыл ішіндегі
жеңіл – желпі жұмыстар, ат шанамен-ақ атқарылады.
Нарық экономикасының талабы қатал. Олай етпесе
болмайды. Бұрынғы заман емес.
Әлішер мен Айдос жүгіріп трактор іздеді. Ешқайсысы
маңайлатар емес. Бұларды баласынып сөздерін жүре
тыңдады.
– Дәу де болса, бұл қаланың мәшинесі,– деді
Әлішер.
– Оны қайдан білдің?
Біздің ауылдың көлігіне ұқсамайды.
– Оның рас. Бірақ біздің ауылда да КАМАЗ бар
емес пе?
– Бары бар, екеу ғой деймін...
– Иә, екеу.
– А, таптым... Жүргізушілері Әлібек аға мен Сырым
ның көкесі емес пе ?
– Солай екен-ау...
– Жә, кім болса да қол ұшын беруге тиіспіз.
– Дұрыс айтасың.
– Әжем айтып отырушы еді: «Адам үйінен қырық
қадам шыққан соң мүсәпір» деп...
– Охо, идея! – деді Айдос қуанып – Тоқтарбек
ағаның үйіне барайық. Ақкөңіл, қайырымды кісі.
– Дұрыс айтасың...
– Кеттік!
Ауыл шетіндегі көк шатырлы үйдің қасында «ДТ—
75» шынжыр табанды трактор анадайдан көрінді.
Әлішер мен Айдос «жолымыз болды» дегендей
біріне-бірі қарап жымыңдасып қалды. Тоқтарбек аға
балалардың бұйымтайьш естіген соң, киіне бастады.
«ДТ-75» дәу КАМАЗ-ды жолға сүйреп шығарды.
Жүргізуші қатты қуанды. Тоқтарбек ағаның қолын
қайта-қайта қысып ризашылығын білдіріп еді, ол кісі
Әлішер мен Айдосты нұсқады....
КАМАЗ-дың жүргізушісі екі балаға алғыс айтып,
әрқайсысына екі жүз теңгеден ақша ұстатты.
Бір үзім нан
Бес қабатты тұрғын үйдің подьезінен шыққан
кішкентай қыз, оң қолындағы қаудырлақ жұқа дорбаны
әрең көтеріп, қоқыс жәшігіне әкелді де аудара салды.
Жапырақтай-жапырақтай кесілген, жартылай желінген
аппақ нандар! Құйтақандай қыз артына да қарамастан,
қайыра үйіне жүгіре жөнелді.
Бұны көзі шалып қалған Ғаббас қария:
– Әй, балам-ау, обал емес пе?,– дегенше әлгіндегі
қыз подьезд есігіне зып бере кіріп кетті.
Нұржан мектептен қайтып келе жатқан. Көрші
қарияның ашуланып, басын шайқап отырғанын көріп
кідірді.
– Ата, кімге ренжіп отырсыз? – деді сәлемдескен
соң. – Е-ей, балам-ай! Біреу тойып секіреді, біреу
тоңып секіреді... Сонау сұрапыл Ұлы Отан соғысы
жылдары біз он – он бір жастағы қарасирақ бала едік.
Ер-азамат жаппай майданға алынды да, елде кемпір-
шал, әйелдер мен балалар қалды. Беліміз қайысып
жұмысқа жегілдік. Күні бойы шөп шауып, кешқұрым
ұшып-жығылып қосқа әрең жетеміз де, сулы-сылпың
қара көжені іше салысымен төсекке құлаймыз. Таңғы
ұйқы қандай тәтті! Оң қолы шолақ бригадир Қисметтің
айқайынан атып тұрамыз... Кішкене жата тұрайын
десең бітті, Қисекеңнің алты өрім қамшысы жоныңнан
таспа тіледі. Бір рет қасымдағы Жанасыл оянбай
қалып, бригадир қамшысының астына алған. О-ой,
сондағы Жанасылдың шырқырап жылағаны есімнен
шығар емес. Әлі көз алдымда. Бала деп аяу, мүсіркеу
болмайтын бригадирде... Сұм соғыс тезірек бітсе
екен, ағаларымыз бен әкелеріміз елге тезірек орал-
са деп тілейміз, дәйім. Сонда қарнымыз тойып тамақ
та ішпейміз. Нанды мөлшерлеп береді! Жегіміз кеп,
тәбетіміз тартып тұрса да сұрамаймыз...
Қазір ше? Нанды қадірлемейміз. Қатып қалса қоқыс
жәшігіне әкеп тастаймыз. Ысырапқа жол беріп, аяқасты
етеміз. Олай жасауға болмайды. Бір үзім нанның қадір-
қасиетін білген жөн. Обал-сауап деген қайда?
Нұржан қарияның әңгімесін үн-түнсіз тыңдады.
ӨТІРІК ӨРГЕ БАСА МА ?
Бастауыш сыныптарда оқитын Әсел мен Асқар
бестік бағаға оқыса, ынталандыру мақсатымен ата-
анасы қалаған заттарын әперетін. Оған ағайынды екі
бала дағдыланған еді.
... Әсел мен Асқар мектептен келе жатыр. Жай
шылықта ауыз жаппайтын әңгімешіл Асқардың көңіл
күйі пәс. Осыны аңғарған әпкесі:
– Не болды саған? – деді сыр аулап.
– Математикадан екі алдым...
– Бәсе-е... кешегі ойының тым ұзап кетіп еді.
– Өзім де өкінудемін... Ертең әке-шешеміздің
күнделік тексеретін күні... Сен болсаң, сыйлық аласың,
ал мен ұрыс естимін...
– Қиын...
– Нендей амал бар, айтшы Әсел?
– Білмеймін...
– Маған мынадай ой келді. – Асқар әпкесін тоқтатып
сыбырға көшті. – Екі қойылған күнделік бетін жыртып
таста!
– Біліп қойса ше?
– Сыйлық алған соң біле берсін...
– Ондай істі мен қолдамаймын,– деді Әсел. – Бірақ
өзің біл.
Кешқұрым. Асқар аулада ойнап жүрген. Оның
көңілсіз жүргенін аңғарған көрші келіншек Кәтеп тәте
ұлды қасына шақырды.
– Қабағың келіспей тұр ғой?
– Екілік алдым.
– Соған ренжисің бе?
– Сыйлықтын қағыламын...
– Ол қандай сыйлық?
Асқар көрші тәтеге отбасындағы жағдайды түсіндірді.
– Баламысың деген... Бас қатырып кайтесің. Екілік
қойылған беттерді жырт та таста.
– Шынымен бе? – Асқар қуанды. Кәтеп тәтенің
уәжі ойынан шығып тұр.
– Саған керегі сыйлық емес пе?
– Иә...
Ағайынды екеу ертеңінде әке-шешелерінің тексеруі
нен мүдірмей өтті. Көңілдері қалаған заттарына ие
болды.
Ата-анасын алдап сыйлық алғанымен Асқар қуыс
танып жүр. Өтірігі шығып ұсталып қалатын сияқты.
Алайда уақыт ұзаған сайын ұмыт бола бастағандай еді,
Әсел мен Асқар бір нәрсеге келіспей керісті де қалды.
Ашуланған Әсел:
– Анадағы алдағаныңды айтып қояйын ба? – деді
– Осыдан айтып көр.
– Қорқытпа!
– Қорқытпаймын...
– Айтам... Қазір айтам...
Ашу-ызадан түтіккен ұл әпкесін итеріп қалды. Қыз
жүгіріп ас үйдегі шешесіне келді де, інісінің күнделік ту-
ралы хикаясын бастан аяқ баяндап берді.
Аяқ астынан Асқардың қулығы әшкере болды.
Өтірік өрге баса ма, айтыңдаршы, балалар?
Пештен шыққан Пернебай
Екі жастағы Пернебайды ешкімнің ойнатқысы
келмейді. Тынышсыз. Бір жерде байыздап бір ми-
нут тұрмайды. Тымпың қағып жорғалап жөнелгенде
ерен жүйрік. Қолына түскен затты қиратпай тынған
емес. Алдарқатып алмақшы болсаң, қып-қызыл пәлеге
қалғаның. Бақырып, ойбайға басады. Кірмейтін тесік,
баспайтын жері болсашы.
– Үйдің үлкенісің. Қара Пернебайға, ойнат! – дейді
әке-шешеміз Арманға.
Қиракезік бауырын бағудан жалығады білем, бір амал
ойлап тапты, Арман. Пернебайды ойнатуға кезекшілік
кестесін жасады. Өзі, Назгүл әпкем және мен кезек-
кезек бір күннен қарайтын болдық.
Менің кезегім бүгін еді.
Түске қарай қыңқылдап болмаған соң, шөлдеген
шығар деп кесеге айран құйып бердім. Пернебай ішіп
отырды да, бір кезде көзімді ала беріп басына төңкере
салғаны. Үсті-басы айран. Жылдам киімін ауыстырдым.
Беті-қолын жудым. Қасынан қалмай біраз ойнаттым.
Не заматта зып беріп, тағы жоғалып кетті. Қарасам,
кір-қожалақ қолын шелектегі сүтке малып, шалпылда-
тып тұр…
– Ой-бай… Көтек! – Есік алдындағы пештің күлін
тазалап жатқан анамыз, темір көсеу ұстаған оң қолын
шапшаң тартып алды. Шалқалап құлай жаздап бойын
әрең тіктеді.
Біз шешеміздің ащы даусын ести сала жүгіріп
жеткенбіз.
– Апа, не болды?
– Даусыңыз қатты шықты ғой…
Көзіміз бақырайып, үнсіз үркектей қарап тұрмыз.
– Көсеудің басы бірдемеге тиіп, былп ете қалғаны…
– А-а ?!
– Шын ба?
– Ойбай, әлгі ұл қайда?
– Пернебай ма?
– Әлгінде жүрген…
Анамыз Арманға, Арман маған қарады. Мен
иығымды көтердім.
– Жылдам-м… Жүгіріңдер… Іздеңдер… Ашула-
нып, ұрса жөнелді анамыз.
– Апа, әлгі көсеудің басы тиген тұсты тағы байқа
ңызшы, – деді Арман әуесқойлықпен.
– Иә, көріңізші…
– Күшік болып жүрмесін…
– Сен де қайдағыны айтады екенсің.
– Күшік болса, үрмей ме?
– Жә, не болды ұлардай шулап… Байқасам бай
қайын…
Шешеміз еңкейіп үңілді. Бір нәрсе жыбырлай ма?!.
Көсеуді пештің көмейіне қарай бойлатып, қарайған
заттың ұшына іліктірді.
– Тиді, ілінді-ау деймін…
Жайлап тарта бастады. Жақындағанда қолын
жүгіртіп алып шықты. Мәссаған! Пернебай! Бет-аузы
күл! Қап-қара!
Аузы ашық тұрған пешке еңбектеп кіріп, көмейіне
жетіп, кептеліп қалғанға ұқсайды. Артқа шегініп, қайта
шығуды білмеген.
– Тентегім-ай!.. Көрер жарығың бар екен... Кім
біледі… Көсеудің ұшы тимегенде… Нан жабам деп,
дүрілдетіп от жағып жіберсем… Астафиралла!.. Құдай
сақтады.
Үсті-басы мен бет-аузы күл-күл, түрі аянышты
Пернебайға қарап, не күлерімізді, не жыларымызды
білмей аңырып, тұрып қалдық, біз.
БАЛАПАН БАҚҚАН БАТЫР
Батырдың үйі аудан орталығында. Қала тәрізді
мекеннің шет жағында пәтерде тұрады.
Бірде көкесі ауылдағы ата-анасына барған сапа-
рында, мотоциклдың қорабына салып үйректің сегіз
кішкентай балапанын алып келді. Есік алдындағы
гараждың қасынан шағындау шұңқыр қазды. Су
құйды. Балапандар жем жеп тойған соң, суға түседі.
Шиқылдап, үй маңында жүреді. Күнге шуақтайды.
Кейде бір-біріне тығылып, ұйлығысып жатады.
Осының бәрін қызықтаудан жалықпайды, Батыр.
– Балапандар үлкейгенше өзім бағам. Ешкімге
тиіскізбеймін, – деп қояды.
– Өсті деген осы... Сөзіңде тұрсаң, күзде велосипед
сатып әперем, – деді көкесі.
Төрт жастағы Батырды бұл сөз керемет нандыр
ғандай. Ертеден кешке дейін балапандарға қарап,
үйден ұзамайтын болды. Бірақ ойын баласы емес пе. Бір
күні ұмытып, достарына қосылып кетті. Екі-үш сағат
алаңсыз ойнады. Кенет балапандары есіне түсіп, үйге
қарай жүгірді. Анадайдан байқады, көршінің көк күшігі
балапандарды қуып жүр. Аяқтары қысқа кішкентай ба-
лапандар шиқ-шиқ етіп қашады.
– Кет былай! Тиіспе!.. – деп айқайлап, жүгіріп
келеді, Батыр.
Көк күшік сол мезет бір балапанды бас салып, ауыз-
ды салып жіберді.
Әп-сәтте жәукемдеп, жеп қойды.
Ебіл-дебіл жылады-ай, Батыр. «Бәлем... сені мен...
кө-ке-ме айтып-п... ұрғызбасам-м...» – дейді өксігін
баса алмай.
– Балам-ау, не болды. Біреу тиісті ме? – Батырдың
жылаған даусын естіп үйден мамасы шықты.
– Күшік-к... ба-ла-пан-ды-ы... же-еп қой-ды...
– Туһ, зәремнің ұшқанын қарашы! Мен... өзіңе бір
деңе болды ма деп...
– Қой, құлыным, жылама! Балапанды аяған, жаны
ашыған жүрегіңнен айналдым. Қой, енді, қоя ғой. Ол
күшікті ме! Қазір байлатып тастаймын.
Қорқып қалған жеті кішкентай балапан Батыр мен
мамасының қасына келіп, топталып қалыпты.
МЕЙІРІМ
Көктем. Мамыр айы маужырап, қыраттар мен
төбелерді, сай-саланы қыс бойы мекендеген қасат қар
еріп, жылға-жылғамен ақты сылдырап. Төңірек тегіс
түрленіп, көк шөп қаулап өсуде. Ақ, сары, қызыл
гүлдері көздің жауын алған тау бөктері, түкті кілемдей
құлпыра түскен.
Отияр тауының бауырындағы айналасын қамыс
көмкерген терең көлдің маңайы, жыл құстарының шуы-
лына толы.
Осындай бір күні жалғыз үй шопан қыстауының
қорасына ана үйрек ұшып кірді. Мұны Жасұлан байқап
қалды да, дереу әжесіне келіп хабарлады. Содан әжесі
екеуі күні бойы аңдыды. Ана үйрек қораға ұя салыпты.
Демек, балапан басып шығармақшы.
Міне, жайлауға көшетін мезгіл де жетті. Ана үйрек
қозғалмастан ұясында жатыр.
Көп ұзамай қауырсын қанат балапандарын ертіп, ана
үйрек дүр етіп, қорадан ұшып шықты. Қария мен алты
жастағы Жасұлан бірте-бірте әуелеп ұшып бара жатқан
құстарға қарап қош айтты.
Қайыңның көз жасы
Шілде айы. Тал түс. Күн шыжғырып барады. Алты
жасар Өрен есік алдына шығып, аз-кем ойланып тұрды.
Сонау ауыл шетіндегі Бұқпа көлінің маңы үпір-шүпір
балаларға толы. Салқын суға шомылып, рақаттанып
жүр. Бала біткеннің жаз басталғалы күндегі әдеттері.
Күн арқан бойы көтерілісімен көлге жөнейді. Кейде
тіпті түскі ас ішу керектігін естерінен шығарып, ата-
аналарын айқайлатып, іздеттіріп қоятыны бар.
– Ұйықтап қалғанымды қарашы,– деді Өрен
өзімен-өзі сөйлескендей күбірлеп. – Тұра тұр... Мен
де қазір жетемін...
Өрекең шолақ шалбарының ышқырын бір көтеріп,
үй айналды. Көлге жаяу барғысы келмей, жасыл
жапырақтары жайқала өсіп тұрған бала қайыңның бір
талын сындырып алды. Дереу «атына» қарғып мініп,
ауыл шетіне қарай шаба жөнелді.
Бұл оқиғаны көрші қарт Әбуталап көріп отырған.
Өрен кешке бұтағы сындырылған бала қайыңнан
мөп-мөлдір су ағып тұрғанын байқады. Қайта-қайта
қарап таң-тамаша!
Әбуталап қария таяп келді. Өрен:
– Ата, айтыңызшы. Неге су тамшылып тұр? – деді ақ
қайыңның діңін нұсқап.
– Су емес... Қайыңның көз жасы, ол. Біреу әдейілеп
бұтағын сындырған. Жаны жараланып, ауырып жылап
тұр, соған. Қайтсін, байқұс. Тілі жоқ айтатын. Табиғат
перзенті – тал-терек, өсімдік-шөп атаулының, ағаштың,
бәрі-бәрінің жаны мен жүрегі бар. Адамдардан аялы
алақан, мейірім тілейді. Ал олардың жасайтындары
осы. Отайды, шабады, сындырады... Бүйте берсек не
болады?
Өреннің беті ду ете түсті. Қарттың уәжді сөздері
зердесіне жеткендей. Басы салбырып, тапжылмастан
тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата»,– деген
сөздерді іштей қайталап айта берді, айта берді.
Ақ жауын
Әсет әсершіл бала. Сәл нәрсеге ренжіп, сәл нәрсеге
шаттана қуанып қалады. Кейде теледидардан кино
көріп отырып, аянышты тұсына келгенде көздері бота-
лап, жылап алатыны бар.
– Сезімтал, нәзік жүрегіңнен, сол. Кімге тартып
жылауық болдың? – деп айналып үйіріле қалады, он-
дайда әжесі.
«Енді ме, енді көзіме жас алмаймын», деп тас-түйін
бекінеді де, жеме-жемге келгенде ұмытып кетеді.
Әсет
үйде
жалғыз.
Әжесі
көрші
ауылдағы
нағашыларына кеткен. Кешке қарай оралады. Манадан
кітапқа қадалып отырғандықтан ба, басы зеңіп, көздері
талды. Әрі бір орыннан тапжылмаған соң аздап тоңа
бастады. Үй салқындап бара ма? Бөлме іші алакөлеңке.
Күн бұлт. Қара дауыл соғып тұр. Тұрып жылы күртесін
киді.
Кенет аспан әлемі шатыр-шұтыр етті де, қатты
соққан жел пышақ кесті тына қалып, шелектеп жаңбыр
құйып берсін.
Жаңбыр тамшылары айғыздаған терезе алды-
на келіп, сүт пісірімдей уақыт тұрды. Көктем ғой,
көктем! Біртүрлі толқып, арқаланып, шабыттанып
кетті. Шалғай қыстақтағы қойшы әке-шешесін ойлады.
«Дәл қазір отар өрісте жүрсе, жаңбыр астында қалған
шығар-ау...»
– Жазға салым жауған жауын Алланың ңұры, құт-
ырыс,– деп отыратын әжесі.
О-ой, ғажап! Әлгіндей емес, жауған жаңбыр екпіні
бәсеңдей түскендей. Есік алдына шығып біраз тұрды,
жалаң бас. Үсті басы малмандай су болғанымен, тоңған
жоқ. Жаңбыр жылы ма, күн жылы ма?!
Бұл кәдімгі жылымық, ұзаққа сілтейтін ақ жауын еді.
ӘКЕММОЛЛА
Жазғы каникулда Қуаныш нағашымның үйіне
қонаққа барғалы әңгімеге әбден мелдектедім. Ол
кісінің білмейтіні аз-ау деймін. Әсіресе, ескі әңгімелерді
айтқанда алдына жан салмайды.
– Қазіргі тыңдайтындарың болған жайт, – деді
төрдегі текеметке малдасын құрып жайғасып алған соң.
Әңгіме естуге жиналған балалардың қарасы бүгін
мол. Бәрі иық тірестіре сығылысып, алқа-қотан
отыр. Көпшілігі менімен шамалас, тоғыз-он жаста.
Арамыздағы ересектеуі Болатбек-ау, шамасы. Оның
өзі біздерден екі-үш жас қана ересек.
– Кәдімгі өмірдегі оқиға ма? – деді Болатбек
көздерін жыпылықтатып.
– Естисің ғой...
– Тс-с... ақырын!
– Әрірек отыршы, шынтағың батып барады...
– Шуламаңдар!..
Шіліңгір шілденің ыстығына тотыққан бірөңкей
қараторы, қалқан құлақ, тақырбас ұлдар тынышталсын
деді ме, Қуаныш нағашым біздерге барлай қарады да,
әңгімесін бастап кетті.
– Ертеректе Қытай елінің Шәуешек жағында қара
ат мінген шал болды. Есімін ешкім білмейді, Әкеммолла
атайтын.
Жарықтық ескіше көп оқыған кісі еді. Ел
ішінде топырақты өлім болмай тұрмайды. Сондағы
Әкеммолланың құран оқығанын көрсеңіз. Мына мен
құсап малдас құрып, шарт жүгініп, көздерін тарс жұмып
алады да, ал кеп заулатады дерсіз. Мақамы қандай әуезді!
Жүректерді шымырлатып, сай сүйекті сырқыратады.
Бейне ертегі әлеміне енгендей елітіп, фәни жалғанның
қас-қағым сәттік шолақтығын бағамдайсыз...
Әкеммолланың ауру-сырқауды емдейтін емшілігі
де болатын. Апталап-айлап қона жатып, ел аралап
кісілерді емдейді. Сырқаттарынан айыққан адамдар
ақысын жемей біреуі қой, енді бірі ешкі, не болмаса тай-
ынша жетектеткізеді.
– Аллоһуәкбар, Алла разы болсын!– дейді ақса
қал. Әлгі берген малдары қара аттың соңынан еріп кете
береді.
– Айдамай-ақ па?
– Ғажаап!
– Сиқыршы шығар?– деп балалар таң-тамаша қа
лысты.
Нағашым әңгімесін сабақтай берді.
– Келесі ауылға барғанда, Әкеммолланың малдары
тоқтаған үйден ұзамай жайылып жүреді. Ал көп балалы
кедей үйге қонса, өз малынан біреуін сойғызып, әңгіме-
дүкен құрып, шала байытып кетеді екен.
Көрші ауылда Келдібек деген бала-шағалы адам
тұрды. Сол үйге бір күн еру болған соң Әкеммолла:
– Жағдайыңды бір түзеп берейін. Мына ауылда
Сарман байдың егіні пісіп тұр. Он бес күнде орамын
деп бағасына келіс, – дейді.
– Ойбай-ау, бір шетінен бір шетіне көз жетпейтін
ұшан-теңіз алқаптағы бидайды жинау дегеніңіз...
– Оған алаңдама. Сенің жұмысың уәделесу.
Келдібек шал Сарман баймен келісімге тұрады.
Әкеммолла Келдібекке:
– Алқаптың шетінен өзіңе уақытша тұрақ – жер
үй қаз. Таңертең күн шықпай шайыңды ішіп, далаға
шығып ал. Содан күн ұясына батып, қараңғы түскенше
қозғалмай жатасың. Жан баласына көрінбейсің.
Келдібек солай істейді. Бір күн өтеді, екі күн өтеді.
Үшінші күні бойын әуестік билеген Келдібек жер кепе-
ден басын қылтитып бидай алқабына қараса, жыпыр-
жыпыр етіп жүрген ергежейлі адамдарды көріп таң
қалады. Біреуі орып жатыр, біреуі байлап жатыр, енді
біреулері тасып жатыр. Қалың адам... Әкеммолланың сөзі
есіне түсіп, дереу бұға қалады. Ат шаптырым алқаптағы
егін орылып бітуге тақағанға ұқсайды. Шын ба, өтірік пе
деп елегізіп, ертеңіне тағы да қарамай ма! Кешегіден де
түрегеліңкіреп, ұмсынып көтерілгенде ергежейлі кісілер
шу ете түседі де, сол заматта зым-зия жоқ болады.
Әкеммолла алқаптың ана шетінен айқайлап келеді:
– Айттым емес пе? Неге көріндің? Енді қалғанын
өзің орасың, – дейді ренжіп.
Егін алқабының кішкентай ғана жерін Келдібек
ақсақал тоғыз баласымен жабылып жүріп он күнде азар
аяқтаған екен.
– Ғажап!
– Ертегі ғой...
– Сабыр сақтап бірер күн бой тасалай тұрғанда, ал
қап толығымен орылады екен...
– Соны айтамын...
– Ергежейлі кімдер екен? – деп шулаған балалар
нағашымды сұрақ астына алды.
– Айтсам, сенбейсіңдер ғой,– деді нағашым.
– Сенеміз, сенеміз!
– Онда, айтуға болады.
– Айтыңызшы!
– Әкеммолла перілердің көмегін пайдаланыпты,–
деді нағашым. – Ол, Алла тағаланың құдыреті және
оқудың күштілігі! Ең бастысы, Келдібек шал егінді
уәделі мерзімде орып, Сарман байдан келіскен ақысын
алып, тұрмысын біршама түзетіп алған көрінеді.
ҚАСЫҚТАҒЫ МАЙ
Қызыл шырайлы, қапсағай денелі Есбол қарияның
қашан да айтар әңгімесі қызықты. Әдеттегідей төргі
үйдегі түкті кілемге малдас құрып, алқа-қотан отырған
қара домалақтар сауалдың астына алып жатыр:
– Ата, өткен жолғыдай ертек айтыңызшы?
– Оқиғасы шым-шытырық...
– Ию-қию...
– Қорқынышты болса, тіпті жақсы.
– Аха-а.. Сен де қайдағыны сөз етуге үйір тұрасың.
Әнеугүнгі үрейлі ертегіден соң, түні бойы қорқып
шықтым.
– Гарри-Поттерді көргендей деші...
– Зәремізді ұшыратын ертекті қайтеміз. Одан да,
мәнді-мағыналы әңгіме тыңдайықшы, ата?
Бірі-бірімен шамалас, он – он бір жастардағы ұлдар
дың өзара айтысын тыңдап, аппақ күмістей сақалын
салалап, мейірлене көз тастаған Есекең, шуылдақтарға
болдыңдар ма дегендей белгі берген.
Ұлардай шулаған ұлдар сап тыйыла қалды.
– Бегалы дұрыс айтады, – деді қария. – Аңыз бол
сын, әңгіме болсын ғибрат аларлық оқиғаны тыңда
ғандарың абзал. Тыңдап қою аз, миларыңа тоқыңдар.
Алдағы өмірлеріңе керек болады.
Қара домалақтар қатал мұғалімнен жаңа сабақ
тыңдайтындай құлақтарын тігіп, қыбырсыз қалды.
Қария жылы жымиып, қоңыр даусымен әңгімесін бас
тап кетті.
– Ертеректе, өзі бай, өзі дана бір кісі болыпты.
Үлкен шаһардың шетінде, өз қолымен тұрғызған сән-
салтанатты үйлері, ат шаптырым ауласында түрлі-түрлі
жеміс ағаштары сыңсып, бұлбұл құстары жүз құбылта
құйқылжыта ән салады екен.
Сонау-сонау қиянда тұратын бір адам, әлгі дана
кісінің әңгімесін тыңдауға құмартып, жолға шығыпты.
Апталап сапар шегіп, арып-шаршап бір күні келіп
жетеді. Паңдықтан ада, қарапайым бай жолаушыны
қабылдап, ас суын ұсынып, бұйымтайын сұрайды.
– О, қадырменді ақыл иесі! Алыс-алыс қияндағы
елімнен келгендегі мақсатым, сіздің даналық сөздеріңізді
тыңдасам деп едім, – дейді ілтипатпен.
– Дәл қазір даналық әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп
тұрғаны, – дейді бай. – Ас ішіп, әл жинасаң былай істе.
Қолыңдағы қасыққа екі тамшы май тамызайын. Бірер
сағат осы маңда бол, қасықтағы майға да көз қырыңды
сала жүр, келістік пе?
– Мақұл, – дейді жолаушы.
Уақыт жылдам өте шығады. Жолаушы дана қарияның
алдына келеді.
– Жә, айта қойшы жарқыным, бағанадан бері не
көрдің? Не білдің?
– Ештеңені көре қойғаным жоқ... Баққаным, қасық
тағы екі тамшы май болды.
– Онда, дана сөздерімді естуге асықпа. Тағы екі
сағат жүре тұр.
– Тақсыр, неге олай айтасыз? Өзіңіз емес пе, майға
қара деген...
– Ия, солай дедім! Бірақ, мынау сән-салтанатты
үйлер, анау жеміс-жидектері сыңсыған ағаштар, онда
сайраған бұлбұлдардың әуезді үндеріне құлақ түрмейсің
бе? Алла тағаланың жаратқандарына таң қалмайсың ба?
Бірақ, қасықтағы майға да көз қырыңды салғайсың...
– Мақұл, – дейді жолаушы.
Межелі уақыттан соң мейман тағы да байдың алды-
на келеді.
– Не көрдің, не білдің? Баянда!
– Бау-бақшаңыздағы ағаштарға қарап, терең-терең
ойларға кеттім. Алланың құдыретіне ықырар бол-
дым. Таң-тамашамын... Сіздің еңбегіңізге, сонша-
ма құштарлықпен, махаббатпен өсірген өскіндеріңізге
Жаратқан иіп, мейірімін төгіп осыншама көркемдік пен
келісімді сыйлаған екен. – Жолаушы алған әсерінен
айыға алмай, аузы ашылып таңырқауын айта берді, айта
берді.
– Тәңірінің сый-құрметін, табиғаттың үйлесімділігін
көре білген көкірек көзің ояу екен. Рахмет, жолаушым!
Ал қасықтағы май қайда?
– Ойбу, қа-ап!.. Сән-салтанаты келіскен шаһарды,
жәннатқа пара-пар бау-бақшаны тамашалаймын деп
қасықтағы майды төгіп алыппын.
– Ендеше, даналық сөздеріме құлағың сал, қадір
менді мейманым! Әлбетте, он сегіз мың ғаламның иесі
Рахман-Рахымның жаратқандарына таңырқағаның
жөн. Сол арқылы Алланың ұлылығы мен құдыретіне
көзің жетеді. Және Раббымыздың пенделеріне фарыз
еткен іс-амалдарына да аса ұқыпты болғын. Ең ұлығы
– Ұлы үйлесім разылығы үшін сәждеге бас қойып,
намазға жығылу екендігін есіңнен шығарма! Қасықтағы
майға келер болсам, ол фәни жалғандағы – тіршілігің,
нәсібің. Оны да ұмытуға болмас. Бірақ, дінде де,
дүниеәуи тіршілікте де орташа болғын. Отаныңды сүю,
жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу, иманды, инабатты
ұрпақ тәрбиелеу де адами міндетің. Осы айтқандарым
ды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа кенелесің.
Жортқанда жолың оңғарылып, Жалғыз жаратушы жар
болсын! – дейді дана қария батасын беріп.
Есбол ақсақалдың ғибратты әңгімесін тыңдаған ұлдар
да үн-түнсіз. Дана қарттың уәжін алдағы өмірлеріне ру-
хани азық етсек деген ойда болатын.
ҚОЛЫМ ТИМЕЙДІ...
Қыркүйек айы болғанымен күн жылы. Мектеп
жасындағы оқушылардың бәрі сабақта. Үлкендер жағы
бірлестікте жұмыста. Үйде қариялар мен балабақша
жасындағы ұсақ балалар ғана.
Төрт-бес жастағы бес-алты қыз, таңертеңнен шәй
қораның артындағы көлеңкеде, күйбің-күйбің қызу іске
кіріскен. Аула ішінде жайқала өсіп тұрған жеміс-жидек
ағаштарын суғарды. Картоп отырғызылған ұзыннан-
ұзақ арық бойларын түптеді. Түс алдында ғана тершіген
маңдайларын сүртіп, белдерін жазды.
– Қыздар түс болып қалыпты ғой, шай ішпейміз бе?
– деді Райкүл құрбыларына қарап.
– Ішсек ішейік...
– Әбден қаталадым,– деді Тәттігүл тізе бүге оты-
рып жатып.
Бір кезде Райкүл:
– Шай қайнады. Дастарқанға жақындаңдар, – деді
құрбыларын шақырып.
Ойыншық ыдыстарын қолдарына ұстаған қыздар,
«кеселерін» қолдарына алып іше бастағанда, Тұрсынгүл:
– Қыздар, мына көрші үйге қаладан қонаққа бір
аға келіпті. Сол кісіні де «үйімізге», шәйға шақырсақ
қайтеді,– деді.
– Шақырсақ, шақырайық,– деді өзге құрбылары да
қостап.
Тәттігүл қонақ ағаны ертіп келді.
Мейман ағаның есімі Ерден екен. Кішкентай қыз
дардың пейіліне риза болып, асықпай «шай ішіп» отыр.
– Тәттілерден, дәмділерден алыңыз, – деп қояды
«шай құйып» отырған Райкүл.
Қонақ аға да, балалар да шайға әбден қанды.
– Рахмет, айналайындар! Сусап отыр едім, жақсы
болды, – деп мейман ағалары бата жасап, орнынан
тұрды.
Арада бір сағат өткен. Көрші үйдегі қонақ аға
қызық көріп, тағы да шай «ішкісі» келді. Өзге қыздар
сыбыр-күбір әңгімелесіп, оңашалау ойнап отыр. Райкүл
кішкентай қолдарымен умаждап бірдеңе істеп жатыр.
Жұмысына берілгендігі сондай, қасына келген қонақты
да байқамады.
– Шай ішейін деп едім, – деді мейман аға дыбыстап.
– Көрмейсіз бе, қолым тимейді. Кір жуып жатырмын
АҚҚОЯННЫҢ ҮЙШІГІ
– Тырс-тырс, тырс...
Айбол түн ортасы ауғанда әлдебір дыбыстан оян-
ды. Басын әнтек көтеріп құлақ түрген. Терезені шертіп,
жайымен себелеп тұрған ақ жауын екен.
– Зәремнің ұшқаны-ай! – Бала дүрсілдеген жүрегін тоқтатқандай болды. Сотқар інісі Нұрасқар «бермеймін-н, менікі...» дейді ұйқысырап. Күндізгі алыс-жұлыс ойындары түсіне енген шығар. «Қой, ұйықтайын». Айбол көрпесін қым танып көзін жұмды. Қайдағы бір оқиғалар елестеп ойынан шығар емес. Сөйтіп жатқанда қыңсылаған дыбыс естілді. ... Айболдар бұрын шағын отбасылық жатақханада, қаланың ортасында тұрған. Көкесі жаз шыға үй тұрғызуға кірісті де, бір екі айдың ары-берісінде осы мекен-жайды салып шықты. Ал екі қабатты коттедждің құрылысын енді бастамақшы. Бұл уақытша баспаналары. Түнеугүні көкесі құйтақандай ақ күшік алып келді. – Жер үйде ит ес болады, әрі қазақ атамыз жеті қазынаның біреуі деп айтады. Жақсы ит иесінің тілеуін тілейтін көрінеді. Жә, бұл күшікті енді өзің қара, өзің өсір, – деген Айболға. Сүйкімді ақ күшікке Аққоян деп ат қойған да өзі. ... Аққоян тағы қыңсылады. Далада ақ жауын. Түн салқындағандықтан тоңып жатыр-ау. Шынында дұрыс жасамапты. Көкесі ғой жанталасып үй тұрғызып әлек. Ал кішкентай күшіктің үйшігі жоқ. Бұл әділетсіздік қой... Ертеңінде Айбол қоярда-қоймай көкесіне тақтайдан үйшік жасатқызды. Астына ескі көрпе төсеттірді. Аққоян қазір үйшігінде жатыр. ... Ыстықта салқын, жаңбырда ықтасын. Айболға алғыс айтқаны ма екен, үйшігінен басын шығарып, үріп қояды.
АДАЛДЫҚ
Әйіп пайғамбар әрі бай, әрі патша, әрі қайырымды
әрі жомарт жан болған екен.
Періштелер жер жүзін шарлап, таң мезгілінде Алла
тағаланың алдына барғанда, Рахман-Рахым:
– Менің пенделерім немен шұғылданып жатыр,
айтыңдар, – дейді.
– Құлдарыңның арасында сізге шын берілген, адал,
әрі құлшылығын ыждаһатты орындайтын, берген
нәсібіңе риза болатын Әйіптей адам жоқ. Мұнымен
қоса елге де қарасады, – дейді періштелер бір ауыздан.
Сонда Әзәзіл естіп тұрып: «Бұл екі аяқты жауыз
дардың ішіндегі Аллаға соншама берілген адамды
қайтсем де, аздырам» деген ойға келіп, Жаратқанға
арыз етті дейді:
– Әйіптің саған құлшылық ететіні, саған ризалық
білдіретіні, әрбір бергеніңнен кісілерге қайырым жасай-
тыны, ол – бай, ол – патша, ол–пайғамбар. Әлбетте,
қолында болғасын жасайды. Кедей болсыншы, не істер
екен?
– Қолыңнан келгенін істе, ол ықтиярды саған бердім,
– дейді Алла тағала Әзәзілге.
Сол мәуріттен Әзәзіл Әйіптің тіршілігіне араласты
да, пайғамбардың өмірінен береке кетті. Бірнеше жыл-
да тақыр кедей болып қалды. Әйіп соған қарамастан қо
лындағы аз дүниесінен жоқ-жітіктерге беріп, Алланың
бұл ырыздығына да шүкір айтып жүріп жатты.
Әзәзілдің іші күйіп, пайғамбарды тәубеден тайдыра
алмадым деп Алла тағалаға тағы да арыз айтты.
– Оның тәубеден таймайтыны, дүниеге қайғырмай
тыны, ертең балаларым ер жетсе, бір балам болмаса
бір балам бұл дәулетті қайтарады деп дандайсып отыр.
Оны мен балаларынан айырайын, сонда қалай тәубе
жасар екен?
– Бұл істі де сенің ықтиярыңа бердім, – дейді Алла
тағала.
Әзәзіл барлық сайтандарды жинап, Әйіптің балала-
ры ұйықтап жатқан сарайды құлатты. Сарай балаларды
басып қалады. Әйіп алғашында қатты жылап, артынша
тәубаға келіп:
– Аллаһ өзің бердің, өзің алдың, енді береріңді алма,
– деп екі рекағат намаз оқыған екен.
Әзәзіл тағы қапаланып, апыр-ай, мынаны тәубесінен
тайдыра алмадым-ау дейді де, Аллаға арыз айтып,
Әйіптің балаларының қайтыс болғанын елемегенін,
өйткені күш-қайраты мығым, ертең үйленсем тағы бала
сүйемін деп сеніп отыр. Оны мен енді ауру қылып, ден–
саулығынан айырайын, сонда ол не істер екен, көрейін
дейді.
– Оған да рұқсат еттім, бірақ ол ауруынан өміріне,
жүрегіне зиян келмейтін болсын, – деген екен Алла
тағала.
Әзәзіл сөйтіп Әйіпті ауыртты. Пайғамбар қатты
сырқаттанып, өне бойы тесіліп, денесіне жара шығып,
ірің ағып жатты. Оны көрген ел-жұрт:
– Аулаққа апарып тастаңдар, ауруы бізге жұғады, –
деп Әйіптің әйеліне маза бермей қойды.
Әйелі оны елден жырақтау жерге арқалап алып кетіп,
лашық құрып, сол жерде күтті. Пайғамбардың сырқаты
күннен-күнге асқынып, жаралары құрттай бастады.
Құрттар тойып алып, домалап жерге түсіп қалса Әйіп
пайғамбар:
– Әй мақлұқ! Ырыздығыңды Алла менен жазды
ғой, менен айрылып қалсаң өлесің ғой, – деп құртты
жерден көтеріп, жарасына қайта салып қояды екен.
Әзәзіл таңырқады. Әйіпті әйелі күтіп жатыр.
Пайғамбар болса әлі тәубесінен тайған жоқ. Екі рекағат
намазын оқып, Аллаға шүкіршілік білдірді. Сонда өзге
сайтандар Әзәзілге:
– Кезінде Адам атаны жұмақтан жылдам шығарып
жіберіп едің, мынаған қалайша шамаң жетпей жатыр, –
деді қолтығына су бүркіп.
– Онда мен Адам атаны әйелі арқылы азғырып едім,
Алла тағала жеме деген бидайды жеп пейіштен қуылып
еді, – дегенде сайтандар:
– Сіз бұны да әйелі арқылы азғырып көрмейсіз бе?
– дейді.
– Е, бұларың ақыл екен, – деп басқаша киініп,
Әйіптің ескі бір таныстары болып, пайғамбардың
айдаладағы лашығына келеді. Қалима анамыз отаға
сының кір киімдерін жуып, арасында ас әзірлеп жүрсе
керек. Адам бейнесіндегі Әзәзіл Әйіптің әйеліне келіп,
сәлемдесіп, хал-жағдайын сұрап:
– Ой, сендерге қиын болған екен! Бұрын қандай
едіңдер. Бай болдыңдар, бағлан болдыңдар. Неге
пайғамбар Алладан көмек сұрамайды? – дейді ақыл
айтқансып, әрі мүсіркеп. Сөйтеді де кетіп қалады.
Қалима анамыз адам бейнесіндегі Әзәзілдің сөзіне
еріп, ерінің қасына келіп:
– Тақсыр, мына дертіңізге Алладан бір шипа сұра
саңызшы! Жазыларсыз, – дегенде Әйіп:
– Қалима, біз тоғыз жыл жақсы өмір сүрдік. Ал
менің ауырып жатқаныма сегіз жыл. Олай болса, менің
рахатты өмірім әлі бір жыл артық екен. Сол үшін де
Раббымнан, қиналдым, ауруыма шипа бере гөр деуге
тілім бармайды, ұялам... Сен Әзәзілдің тіліне ілесіп,
осы сөзді айтып тұрсың. Ендеше, маған қарама, мені
күтпе. Тамақ берме, кет менің жанымнан, – дейді.
Қалима анамыз кететін болды.
– Алда-жалда мен осы аурудан аман-есен жазылып
кетсем, осы айтқан сөзің үшін жүз дүре соғамын, – дейді.
Әйіп жалғыз қалды. Қарайтын ешкім жоқ. Бір өзі.
Құрттап, шіріп жатыр. Ауруы асқынып, сөйлеуден қала
бастады. Сонда пайғамбар:
– Ей, Алла! Саған ризалығым мен тәубемді
білдіретін тілімді аман сақтай гөр! – деп жалбарынды.
Сол кезде Алла тағала Жәбірейіл періштені жібереді.
– Әйіп, орныңнан түрегел! Он қадам алға жүр.
Алдыңнан су кездеседі. Содан үш ұрттап іш. Және
денеңе құйын, жазыласың, – деді.
Әйіп Жәбірейіл періштенің айтқанын істеді. Сол
сәтте бұрынғы сау кездегі қалпына келіп, сақайды.
Мұны ел-жұрт көрді. Амандасып жатыр. Қалима ана-
мыз да келді. Ол да бастапқыда күйеуін танымай қалды.
Біраздан соң ғана біліп, бас салып құшақтады.
Әйіп пайғамбардың денсаулығы да, патшалығы да,
бала-шағасы да, байлығы да қалпына келді.
Сөйтіп, ол өзінің Аллаға адалдығының, сүйіспенші
лігінің, табандылығының арқасында мұратына жеткен
екен.
ТАПҚЫР БАЛА
Имам ағзам Әбу-Ханифа бес-алты жас шамасында
медреседе оқып жүреді. Бір күні ұстазының көңілсіз
түрін аңғарып:
– Сізге не болды ұстаз, ұнжырғаңыз түсіп кетіпті
ғой, – дейді.
– Ия, көңілсізбін.
– Себебін білуге бола ма?
– Бізді осы елдің патшасы шақырып, Аллаһты
көзіме көрсетіңдер. Мен сенетін болайын, сол үшін үш
күн мұрсат беремін деді. Ертең патшаның берген мерзімі
аяқталады. Соны уайымдап отырмын.
– Мені ала барыңызшы, – дейді Әбу-Ханифа.
– Не істейін деп едің?
– Патшаны көрейін. Қандай әңгіме айтылады, соны
тыңдайын, – дейді жас шәкірт.
– Олай болса, ертіп апарайын, – деп келіседі ұстазы.
Ертеңінде ұстазына еріп жолда кетіп бара жатқанда,
Әбу-ханифа бармақ басындай бірнеше тас теріп,
қалтасына салып қояды.
Кең сарай. Сән-салтанат. Төрдегі тағында патша.
Қасында уәзірлері. Жиылған жұрт тым-тырыс. Патша
жамағатқа Алланы көрсетіңдер деген сұрағын қояды.
Ешкімде үн жоқ.
– Кім айтады ? – дейді қаһарланған патша ағзам.
Алдыңғы қатарда отырған кішкентай Әбу-ханифа
қалтасынан бармақ басындай тасты алып, патшаның
шекесіне жіберіп қалады. Шекесіне тас тиген патша ба-
сын ұстай алады. Қасындағылар:
– Әй, бала! Бұның не? Патшаның шекесі ауырды
ғой, – деп дауыстап жібереді.
Сол кезде Әбу-Ханифа екінші тасты лақтырады.
Патшаның шекесі одан сайын ауырып, құлауға шақ
қалады.
– Бұның не? Бір емес, екі рет лақтырдың тасты, –
дейді патшаның қасындағы бір уәзір балаға тап беріп.
Сонда кішкентай ұл орнынан тұрып:
– Уа, жамағат! Патша шекесінің ауырғанын дәлел
десін,– дейді қайсарланып.
– Ауырғанын көрсете алмаймын. Бірақ сезіп тұрмын,
– дейді патша.
– Ендеше, біз де Алланың барлығын көрсете алмай-
мыз. Оны жүрекпен сезіну керек! Шын ниетпен! – деп
жауап қайтарыпты, бала Әбу-Ханифа...
ТӨГІЛГЕН СУ
Әлиханның таппайтыны жоқ. Құдды «ойынның
қоймасы». Балалар оны көзілдірік тағып, сабағын кілең
беске оқығаны үшін, «профессор» деп атайтын.
Әке-шешем мен ағаларым қалаға кетіп, үйде бір өзім
қалғанмын. Теледидарға қарай-қарай жалықтым да,
далаға шықтым. Қалқан құлақ Азатты көріп ойнайық
деп ұсыныс айттым. Ол балаларды жиып әкелуге кетті.
Содан түс ауа тығылмақ ойнын бастап едік, діңкелеп
шаршадық. Әлиханның тығылған жерін жан баласы
іздеп таппайды. Қай жерге жасырынатыны белгісіз,
соңында өзі келеді. Алғаш табылған бала көзін тарс
жұмып, ойын шарты бойынша елуге дейін санайды.
Сол уақытта өзге балалар тығылуы тиіс. Жылдам
табылатынның біреуі – Айтыкен. Ол өзгелер сияқты
қиын жерге, болмаса жырақтау кетіп жасырынуды
білмейді. Сол төңіректегі қағаберіске, немесе есіктің ар-
тына тығылса да қулығы іске аспай қалады.
– Айтыкендікі жалқаулық. – Қай-қашан ілік іздеп
жүретін Азат дау айтты.
– Қалайша? – Нұржан Азаттың уәжіне келіспейтін
сыңай танытты.
– Бір баланың бәрімізді қайта-қайта іздей беруі
қызық емес, – деді тапал қара, жылтың көз Күнес.
– Расында солай...
– Тығылмақ ойнауға да ақыл керек, ойлану керек.
– Жалықтық, – деп ұлдар шуылдап қоя берді.
– Онда мен ойнамаймын. – Момын болғанымен,
өкпешіл Айтыкен бұртия қалды.
– Ойнамасаң ойнама! – Күнес шытынап шыға келді.
– Тұра тұрыңдар, – деді Әлихан. Қашанғы әдетімен
көзілдірігін қозғады. – Шынында зеріге бастадық. Бір
ұсынысым бар.
– Айт әуелі. – «Профессор» айтса, нашар болмас... – Үйдің кіре берісіне, жоғарыға жарты шелек су ілеміз. Өздерің көріп тұрсыңдар, есік ішке ашылады. Ал есік ашылғанда, шелек қисаяды да, су лақ етіп ақтарылады... – Оһо, тамаша! – Ойын деп осыны айт! – Жоғарыға суды қалай шығарамыз? – Жарты шелек болса қайтеді? – Көтереміз амалдап... – Үлкен кісінің үстіне төгілсе ше? – Соны айтам? – Ұят қой!.. Талас осы тұста басталды. – Онда, – деді Әлихан. – Үлкен кісі келе жатса, ойнап жүрміз, үйге кірмеңіз деп шынымызды айтамыз. Ал көрші-көлемнің баласы болса үндемейміз. Келістік пе? – Келістік! – Кино комедия бұл! – Табылған ойын! Балалар жабылып жүріп шеге қақты, одан соң жарты шелек суды әрең ілді-ау! Енді нәтижесін көрмек. Өздері қарсы қораға келіп жасырынды. Қазір-ақ бір бала келіп, есік тұтқасын тартқанда, шелектегі судың үстіне құйылғанын көреді. Уақыт ұзап барады. Тым-тырыс. Балалардың төзімі сарқыла бастады. – Ешкімнің келетін түрі жоқ, – деді Күнес. – Жалықтым... Қарным ашты... – Келе жатыр, тыс-с, – деді «күзетте» тұрған Азат. – Кім? – Сәлима...
Сәлима – көрші үйдің үшінші сыныпта оқитын қызы.
– Тақылдаған пәле өзі.
– Шыбық тимес шыңқ етер!..
– Ауланы басына көтерер...
– Көрейік...
Сәлима кенет кілт бұрылып, үй айналды. Азат та
қызықтан құр қалатындай, күзетшілігін ұмытып, ба-
лалармен бірге қораның саңылау тесігінен сығалап тұр.
Бір кезде, жұртшылық «заржақ» атайтын Зылиха
кемпір жылдам басып келді де, тұтқаға жармасты. Есік
жарым-жартылай ашылған сәтте шелектегі су сар етіп
үстіне ақтарылды.
– Ойбай! – деген айқай естілді. – Ой-ба-ай!..
Әлихан бастаған ұлдар құйын-перен безіп барады...
Екі достың ерлігі
Тал түс. Шіліңгір шілденің күні күйіп тұр. Бұл кез-
де үлкен қаладағы қайшыласқан адамдардың нөпірі де
азайған ба, қалай? Тоғыз-он жастардағы біреуі ұзын,
екіншісі аласа бойлы Рүстем мен Дастан балмұздақ жеу
ге үйлерінен жүгіре шыққан болатын. Олар аяқжолмен
жүрмей, атшаптырым саябақтың ішімен төтелей тар-
тып келеді. Кенет кең даңғылға тақау қағаберісте, шөп
үстінде шалжиып жатқан ер адамды көздері шалды.
Сұлқ түскен кісі қозғалмайды. Анадай жерде ары-бері
ағылған жаяу жүргіншілер. Ешқайсысы оған көңіл ау-
дармайды. Өтіп жатыр, өтіп жатыр.
– И-й, байғұс-ай!.. Әуе айналып жерге түскен
ыстықта ішпесе қайтті, атау кересін!
– Маскүнемге аптап не, аяз не бәрібір ғой.
– Сырдың суы сирағынан келеді.
Ұзын тұра Рүстем асыға адымдаған досын тоқтатты.
– Ана кісі неге жатыр деп ойлайсың?
– Естідің ғой, үлкендердің әңгімесін... Әрине мас
адам. – Дастан досының сауалына мән берген жоқ.
– Олай болмауы мүмкін, жақынырақ барып көрей
ікші.
– Балмұздақ жегім кеп тұр... Қайтар жолда қарасақ
болмай ма?
– Ерініп тұрсың ғой, сен жүре бер, мен өзім барам.
Рүстем бұрылып әлгі кісі жатқан тұсқа бет алды.
Досының бетінен қайтпайтынын білетін Рүстем аз-кем
кідірді де, әбес қылығынан қысылғандай, Рүстемнің
соңынан ерді.
Екі бала шөп үстінде жатқан кісіге тақау келді де,
үңілді. Расында мас адамға ұқсамайды. Киімдері таза,
ретті. Жүзі де реңді.
Екі дос жүгіргеннен жүгіріп үйлеріне келді. Ата-
аналары жұмыста болатын. Дереу жедел жәрдем стан-
циясына хабарласты. Арғы жақтан телефон құлағын
көтерген қыз бұларды баласынып, айтқандарына сенбей,
әбден тергеп-тергеп, ақыры соңында телефон құлағын
қоя салды. Енді не істеуге болады? Балалар көрші
үйдегі Қасымхан ағаларына оқиғаның жай-жапсарын
түсіндірді. Ол кісі дереу емханаға телефон соғып, айна-
ласы он бес минутқа жетпей, төбесіндегі фонары жарқ-
жұрқ жанып, ысқырып жедел жәрдем машинасы жетті.
Рүстем мен Дастан Қасымхан ағаларынан қалмай
саябаққа бірге келді. Ақ халатты ағайлар шөп үстінде
сұлқ жатқан кісіні тексерді де, жүрек талмасынан құлап
жатқанын анықтап, зембілге салып, машинаға тиеп
алып кетті.
Рүстем мен Дастан бұл істеріне қатты қуанды.
ҮПІЛМӘЛІК
Көзі боталаған ақсары қыз Үпілім мен әжесінің
нағашыларына мейманшылап келгендеріне айдан асқан.
Қалалық кішкентай қызға, ауылдағы әрбір оқиға таң.
Қой мен сиыр, жылқы, үй құстарының түр-түсін кітап
арқылы білгенімен, жақыннан алғаш көруі.
Бүгін көрші үйге жиналған бес-алты қыз әр түрлі
тақырыпта әңгіме айтты. Кезек қалалық мейман
Үпілімге жеткенде, екінші сыныпты үздік тәмамдаған
Гүлайым:
– Үпілім, сен бізге есімің жайында мағлұмат берші?
– деді әдеттегідей тықылықтап.
– Есімім, кәдімгі есім...
– Үпілім екенін біз де білеміз, бірақ бірдеме жетпей
тұрғандай.
– Ол туралы ойланбаппын.
– Үпілім... Расында сирек есім, – деді Сая да таңырқап.
– Онда былай болсын, – деді Гүлайым. – Әжеңнен
сұрашы.
– Ол бір қызық хикая,– деп бастады әңгімесін
Үпілімнің әжесі. – Ұлы Отан соғысы басталған қы
сылтаяң шақта, үлкен атамыз, жарықтық қатты ауыра
ды ғой. Кеше ғана ат құлағында ойнап, шапқылап
жүрген атпал азамат, бір-ақ күнде орнынан тұра алмай
жатып қалады. Асқазанға байланған – жаман аурудан
күннен – күнге шөге береді, шөге береді.
– Е – е, Аллаһ тағала жіберген сырқатқа не дауа, –
деп ойлайды қария.
Сөйтеді де аузына нәр алмастан жатады да қояды.
Ертеңінде құдайы қонақпын деп бір ақсақал келеді,
үйге. Түнеп, таңертең аттанарда:
–Тағдырдың салғанына мойын ұсынған жөн, – дейді
әлгі жолаушы, – Алайда ауру жіберген Алланың бере
тін шипасы да болады.
– Үпілмәлік деген өсімдік бар. Жапырақтары ірі,
салалы. Ағаш тәрізді. Биіктігі кісінің бойындай. Қазір
шілде айы. Осы уақытта піседі. Сол емдік өсімдіктің қос
уыс дәнін қуырып, ұнтақтап, балға араластырып, ыстық
сүтпен ішсе жазылады. Осыны жасаңдар. Ертең-ақ құр
аттай шауып кетеді.
«Қырықтың бірі қыдыр» деуші еді. Ақсақалдың
айтқаны дәл шықты. Шөптен дәрі жасайтын Мыр-
захмет емші дайындап берді. Айға жетпей-ақ, аурудан
құлан-таза айықты атамыз.
Тоқсан жеті жасқа дейін қыңқ етіп ауруды білмеген
екен жарықтық. Қайтарында «шөберемнің есімін
Үпілмәлік қойыңдар”, – деп өсиет қалдырыпты. Сөйтіп
сенің атыңды, мына мен Үпілмәлік деп қойғыздым.
Мәлігі түсіп, Үпілім деп кеттік. Осы қарғам, – деді
әжесі әңгімесін тәмамдап.
– Енді білдім атымның қайдан шыққанын, – деді
Үпілім жерден жеті қоян тапқандай шаттанып.
БОРАНДЫ КҮНІ
Ақырған ақпан...
Кешкі апақ-сапақ мезгіл. Апам үйге сөйлей кірді.
– Апыр-ай, күннің аяқ астынан борап кеткенін қа
рашы. Еріктай, ақылың бар ғой, айналайын. Атаңның
алдынан шықпасам болмас. Сен үйде отыр, жарай ма?
– Жарайды, апа.
– Сөйт, жарығым. Сырттағы малды келген соң қо
ралармын.
Апам қалың киініп, қолына таяқ алды да, тысқа
шықты.
Терезенің алдына келдім. Жаяу борасын алай-түлей
ұйтқи соғып тұр. Гу-гу еткен дыбысқа құлақ түрдім.
Үрлей тартып жатқан пештің көмейі екен. «Қазір ғой,
Берік теледидар көріп отырған шығар», – деп ойла-
дым, өзімнен екі жас кіші інімді еске алып.
Кенет бір жақсы ой сап ете түсті. Жылдам киініп
далаға шықтым. Шарбақтағы екі сиыр мен екі тай-
ыншаны жабық қораға әкеліп байладым. Жамырап
кетпесін деп, жаңа туған екі бұзау тұрған жаппаның
есігін бекіттім. Осы кезде қойдың маңырағаны, шәйт-
шәйт деген атамның даусы естілді. Алдарынан шықтым.
Мені көрген апам:
– Құлыным-ау неге далаға шықтың? – деп жатыр.
Қойды кең базға қамаған соң, үйге келдік.
– О, айналайын, жарадың, – деп, атам арқамнан
қағып, бауырына басты.
Кемел неге көңілсіз?
Кемел тыным таппай, есік алдына сырғанақ жасады.
Оған шелекпен тасып су құйды. Әбден титықтап шар-
шаса да, үйге көңілді оралған.
Ертеңінде тұра сала сырғанаққа қарай жүгірді. Міне,
қызық! Көршінің балалары сырғанақта асыр салып ой-
нап жүр. Кемелдің іші күйіп кетті.
– Бәрің де кетіңдер! Бұл менің сырғанағым! – деп,
төмпешіктің қасына келіп, бар даусымен айқай салды.
Ойнап жүрген балалар үрпиісіп тұра-тұра қалған.
– Қанеки, табандарыңды жалтыратыңдар! – деді ол
тіпті қаһарланып.
– Сырғанағыңды аяйсың ба?
– Бір көшеде тұрамыз ғой.
– Кеше айтсаң, көмектесер едік, – деді балалар
жан-жақтан шуылдап.
– Жоқ. – Кемел балалардың жалынып-жалбарын
ғанына қарайтын емес. – Кетіңдер дедім ғой, бітті.
Балалар тәжікелесіп жатпай, үйді-үйлеріне тарап
кетті.
Кемел сырғанақ тебуге емін-еркін кірісті. Алғашында
қызық сияқты еді. Бірте-бірте жалыға бастады.
Біраздан кейін жалғыз ойнауға мүлдем зауқы соқпады.
Сөйтіп, үйіне көңілсіз оралды.
ЕРАСЫЛДЫҢ БАСТАН КЕШКЕНДЕРІ
(Мөлтек әңгімелер)
Автобус
Үш жастағы Ерасыл троллейбусты алғаш көргенде
– Мама қарашы, автобустың мүйізі бар,– деді.
Ваннада
Мамасы газға шелекпен су ысытып, ваннаны тазалап
жатқанын көрген Ерасыл:
– Суға түспеймін, суға түспеймін,– деп безек қақты.
– Жарайды, ботақаным! Түспейсің,– деді мамасы-
Көкең шомылады...
Ерасыл шын– өтірігін білмей, аңтарыла аз-кем
тұрды да:
– Көкем екеуміз ваннаға сыймаймыз,– деді.
Танауыма тиіспе!
Ерасылға суық тиіңкіреп, жөтеліп, мұрнынан су ағып
жүрген болатын.
Ауылдан келген нағашы ағасы Мәжит еркелетіп, ал-
дына алып отырды да, жақсы көріп мұрнын қысты.
Ерасыл табан аузында;
– Аға, танауыма тиіспе! Бос емес,– деді.
Ауыз неге қайнады?
Дастарханға ас келді. Кәдімгі кеспе көже. Көкесі
тәрелкесіне қара бұрыш септі. Оны көрген Ерасыл
бұрыш деп қыңқылдағасын оған да септі.
Бұрыш, сірә, көптеу түсіп кетсе керек. Бір-екі қасық
ішкен соң, Ерасыл аузын ұстай алды да:
– Көке, аузым қайнап жатыр,– деді.
ЕКІ КӨКЕ
Бір күні кешқұрым Ерасылдың көкесі теледидардан
сөйледі. Кішкентай ұл жерден жеті қоян тапқандай, ас
үйде жүрген мамасына жүгіріп келді де:
– Мама, екі көке– екі көке,– деді диванда көгілдір
экранға қарап отырған әкесін нұсқап.
КҮН қайда?
Күн ұясына қонақтады.
Іңір. Ауладағы балалар біртіндеп үйлеріне қайта ба-
стады.
– Жүр балам, кеш түсті,– деді мамасы. Ерасыл
жан– жағына қарады. Шынында бір өзі ғана қалыпты.
Жарқырап тұрған күн де көрінбейді.
– Күн мамасының қасына жатыпты,– деді ол.
Сөйтті де, мамасының қолынан ұстап үйге беттеді.
қоя алар емеспін.
Ерасыл тентектік жасап, мамасынан таяқ жеп жы-
лады. Онымен қоса бұрышқа тұрды. Мамасы бір кезде
ұлын шайға шақырды. Ерасыл жылауын қоятын емес.
– Балам, кел, келе ғой,– деді мамасы. Үні сондай
жұмсақ, мейірімді.
Ерасыл ас үйге кіре бере:
– Мама, не істеймін? Жылауымды қоя алар емес
пін,– деді кемсеңдеп.
Төгілген су
Жазғытұрым. Қар еріп, жылға-жылғамен су ақты.
Жер қарая бастады. Осы көріністі терезеден алғаш
көрген Ерасыл:
– Мама, қарашы, далаға біреу су төгіпті,– деді.
Жалаңаяқ
Қараша айы. Жапалақтап қар жауды. Алғашқы
қар. Төңірек түгел ақ көрпеге оранды. Ерасыл мамасы-
на еріп аулаға шықты. Көзі бірден көрші үйдің күшігіне
түсті.
– Мама,– деді ол. – Күшік аяғына киім кимепті.
Жалаңаяқ жүр...
Іш пысқанда
Көкесі іс сапарға кетіп, үйде Ерасыл мен мамасы
ғана қалды. Үнсіздік. Тым-тырыс. Әрі-беріден соң
Ерасылдың іші пысты білем, мамасына:
– Әңгіме айтпайсың ба? Анау-мынау десеңші,– деп
қарап отыр.
Шіритін болды
Көрші келіншек Айман сыртқы есігі алдындағы
дәлізді күн ара жуып, суға малшындырып қоятын.
Бірде мамасы екеуі өтіп бара жатқанда, жаңа жуылған
су-су еденді көрген Ерасыл:
– Мама, Айман тәте сәкіні шірітетін болды, – деді
кәдімгідей қынжылып.
СЫНҒАН РЕЛЬС
Сарша тамыз...
Әуе айналып жерге түсердей жер-әлемді қуырған ап-
тап... Тіпті ит екеш иттер де, тілдерін салаңдатып үйшігі
нен шықпай, көлеңке іздеп бас сауғалайды. Қаңғажақтай
қара баланың үйде жата-жата іші әбден пысты.
Бұлар мекендейтін шағын разьездегі он бес отбасы
ның балалары ғой, қазір Көз өзенінде суға шомылып, я
болмаса ыстық құмда қыздырынып жатыр. Ертеңгілік
анасы: –Өзен, өзен деп өзеурейсің де тұрасың, түске
дейін үйде болып маған қолқабыс жаса, одан соң кітап
оқы!–деп жібермей қойған. Бастапқыда қашып кетейін
деп тұрды да, ол ойынан тез айныды.
Үйдегі алты баланың кенжесі болған соң Ернардың
орны бөлек. Разьезде жол бригадирі боп істейтін әкесі
басынан құс ұшырмайды. Темір жолшылардың өмірін өз
көзімен көрсін дей ме, кей кездері бригадасымен бірге
жол бойына ала кетеді. Қазір сегіз жастағы Ернар шпал,
кастиль, стрелка, станция, дистанция, вагон депосы, де-
фектоскоп, дрезина деген атауларды жатқа біледі.
Елегізіп, елеңдеп отырған Ернар орнынан тұрды да,
бас бағып далаға шықты. Маңайда мамасы көрінбейді.
Сірә, көршілерінікіне кеткен болар. «Е-ее... ендеше ол
әңгіме айтып, шай ішіп ұзақ отырады...»
Күн шыжып тұр. Қара бала жан-жағына қарап тұрды
да, тура өзенге тартты. Артына жалтақтап, темір жол
бойлап зытып келе жатқан. Бір кезде тоқтай қалды. Екі
қоспадағы рельс сынып, аулаққа ұшып кетіпті. Сынған
жері кере қарыс. «Қайтсе болады?» Ернар көп бөгелген
жоқ. Үйге ұшыртып келді де, әкесінен көргенін істеп,
ауызғы бөлмедегі қара телефонның тұғырын көтерді.
Арғы жақтан қарлығыңқы дауыс естілді.
– Көз станциясының аға диспетчері тыңдап тұр.
– Аға, – деді қара бала жалма-жан. – Мен Ер-
нармын. № 22 разьездегі... Мен бар ғой, сынған рельс
көрдім... Соны, сіздерге хабарлайын деп...
–Түсіндім Ернар. Сен № 22 разьездегі Жеңістің
ұлысың ғой. Хабарыңа көп рахмет! Шара қолданамыз.
Көп ұзамай Көз станциясынан рельстің ақауын
тексеретін жеңіл дрезина пойызы келді. Іп-ілезде тым-
тырыс қалған темір жол бекеті үстімен арлы-берлі пой-
ыздар ағыла бастады.
Ернардың бұл қырағылығын бүкіл разьезд тұрғын
дары көпке дейін әңгімелеп жүрді.
ҚОЛҚАНАТ
Күн сенбі. Бес жасар Жанар үйде. Бүгін балабақшаға
бармайды. Рақат! Шайын асықпай ішіп, есік алдын-
да ойнап келуге жиналды. Шешесі ауызғы бөлмеде
кір жуғалы жатыр. Бұрыштағы телефон шылдыр етті.
Қысқа-қысқа тіл қатысқан анасы, алжапқышын жүре
шешіп, төргі бөлмеге сөйлей кірді.
– Жұмысқа шақырып жатыр. Түсте бір-ақ келем.
Үйден көп ұзама, құлыным. Жарай ма?
Үйде жалғыз қалған Жанар, көрші қыздармен
ойнамақшы болған райынан тез қайтты. Ауызғы бөл
меде екінші сыныпта оқитын ағасы Жанасылдың,
өзінің, серіктестікте мәшине жүргізуші болып істейтін
көкесінің, кір киімдері үйіліп жатыр. Кішігірім төбедей.
Жанар анасын аяды. Жаңа жүгіріп кеңсеге кетті. Келе
салысымен түскі ас әзірлейді. Қолдағы сиыр мен қойға
да қарайтын сол. Дүкенге де барады. Көкесінде кінә
жоқ. Ақ таңнан қара кешке дейін мәшинеден түспейді.
Жұмысы бастан асады. Әсіресе, жазды күндері.
Жанар басына келген жақсы ойға қуанды. Гүлді
қызыл көйлегінің екі жеңін білегіне дейін түрді де,
шылапшындағы кірді сабындап жуа бастады. Нәзік,
жіңішке саусақтары жуып жатқан жейделерді уыстап,
мыжып, уқалап-уқалап қояды. Кешікпей қайта оралған
анасы Жанардың жасап жатқан әрекетіне анадайдан
қарап біраз тұрды. Жанар үйіліп жатқан кірдің тең
жартысына жуығын жуып, суын сорғалатып, орындық
арқалығына іліп қойыпты. Маңдайынан шып-шып тер
білінеді.
– Құлыным сол! Қолқанатым менің! – Шешесі
жүгіріп келіп кішкентай Жанардың бетінен шөпілдетіп
сүйе бастады...
Табылған доп
– Айгүл, әй, Айгүл! Сіңлің қайда, сіңлің! Әлгі қала
дан келген? – Шапшаң сөйлеп, жылдам қимылдайтын
көрші үйдің қызы Гауһар үйге екпіндеп, ентелей енді.
– Аптығыңды бас, айналайын? Не болды сонша!..,
-деді Ырыстының шешесі сұраулы жүзбен.
– Әлгі, қаладан келген қызыңызды айтам да! Әлгін
де біздің аулада жүр еді, секеңдеп... Ерденнің добын
қағып кетіпті.
– Айгүлді іздеп келдің бе, допты ма?
– Допты да, Айгүлді де...
– Айналайын, мен осы жасыма дейін, ойын бала
ларының арасына түсіп, арашашы болған жан емеспін.
Әрі іргеде отырған көршілер арасында ауыс-күйіс бол-
май тұра ма? Және Ырыстының жымқырып кететін
жаман дағдысы жоқ еді.
– Білмеймін... Ерденнің добын тауып берсін! – Есік
тарс жабылды...
Көрші үйдің ауласында жалғыз ойнап жүрген үш
жастағы ұлды көзі шалған Ырысты, әуестік билеп
қасына барған.
Алты айдан соң көруі, Ерденді. Өсіп қалыпты. Тілі
тәп-тәтті. Анық. Ырыстыны көріп, жылы ұшырап таяу
келді. «Доп-доп» деп томпаңдап жүгіріп кетті де, сәлден
соң қайыра көрінді. Қолында кішкентай резеңке доп.
Аяғымен теуіп қалып, қуалай жөнелді. Сақ-сақ күледі.
Қайыра тебеді. Қайыра жүгіреді. Бір кезде қаттырақ
тебілген доп көтеріліп, ұшып барып, шөп арасына до-
малап жоғалды.
Ырысты тауып берейін деп оқталды да, есіне апасы
тапсырған бір шаруа түсіп, үйге қарай аяңдады.
Тұлданып, адымдап келе жатқан көрші үйдің қызы
ауладан енгенде, кішкентай Ерден бақ ішіндегі қалың
шөп арасынан шығып келе жатқан. Қолында кішкентай
доп.
– Тәте, таптым!– дейді танауы желпілдеп. — Шөп
тің арасынан...
Жуылған балапандар
Әнуар кішкентайынан ұқыпты болып өсті. Үйдің
ішінде киетін киімдерін, әсте ойынға киіп шықпайтын.
Ал аяқ киімдерін қатар-қатар тізіп, реттеп қоятын.
Бөлме ішін астан-кестең етіп, шашып ойнағанымен,
соңынан орын-орнына қойып, жинайтын. Үлкейе келе,
бұл жинақылығы дағдыға айналды.
Қазір бесте. Соның өзінде жүзге дейін жаңылмай са-
нап, көкесінен тыңдаған ертегілерін қолма-қол қайыра
айтып береді. Енді әріптерді жаттап, үйреніп жүр.
Әнуардың анасы тауық фермасында жұмыс істейді.
Әкесі сонда жүргізуші. Жақында шешесі жұмыстан
отыз балапан сатып әкелді. Ал әкесі әдемілеп темір тор-
дан қоршау шарбақ жасады. Аумағы әжептуәір. Енді
отыз балапанға отыз қосса да, емін-еркін сиятындай.
Балапандар жемді қоршау ішінде жейді. Суды да соның
ішінде ішеді. Өздері шиқ– шиқ етіп, күні бойы маза
таппайды. Сондай тынымсыз. Кішкентай аяқтарымен
топырақты қопсытып, қазып тастады.
Әнуар кейде аз уақытқа балапандарды далаға
шығарады да, қайыра қамап тастайды. Өйтпесе
жолғалтып алуы мүмкін. Ұзақтау бағуға, қарауға да бо-
лар еді-ау. Бірақ Әнуар үшін ойынды кім ойнайды.
Әнуар қай күні таңертең кеткеннен, түс ауа бір-
ақ оралған. Қараса балапандары адам танымастай
өзгеріпті. Үсті-бастары кір-қожалақ. Не істесе екен?
Енді шешесі қарамадың деп ұрсатын болды-ау.
Ол көп ойланбастан үлкен шылапшынға толты-
рып су құйды. Қоршауға кірді. Балапандар шиқылдап
жан-жаққа қашып әлек. Қуып жүріп біреуін ұстады да,
шылапшындағы суға салып асықпай шомылдырды. Суы
құрғасын деп күші жеткенше бұрап сықты. Күн көзіне
апарып жайды. Осылайша отыз балапанды да тазалап
жуды. Сонсоң үлкен іс бітіргендей мұрнын бір тартып,
иығын қомдады. Атқарған жұмысына риза кейіпте үйге
беттеді.
Кешқұрым жұмыстан оралған Әнуардың анасы ты-
райып, өліп жатқан отыз балапанды көріп, қатты ашу-
ланды. Әнуарды іздей бастады. Ал Әнуар бұл кезде
ойын қызығына беріліп, өзге дүниені ұмытқан болатын.
Адымдай түсіп, жылдам келе жатқан анасына ана-
дайдан таңырқай қарап қалыпты.
– Ақымақ неме, сені ме?– болды анасының алғаш
қы сөзі. Бір нәрсені бүлдіргенін сезген Әнуардың жүрегі
зу ете түсті.
ДОҢҒАЛАҚ ҚАЛАЙ ЖАРЫЛДЫ
Көкесі Жандосқа велосипед сатып әкелді. Бес
жастағы ұлдың қуанышында шек жоқ. Темірлері жыл-
тыр, жап-жаңа қаракөк «арғымағына» қайта-қайта
қарағыштайды. Қасынан кетер емес. Рулінен ұстайды.
Қоңырауын шылдырлатады.
– Үйретесің ғой, – дейді көкесіне келіп.
– Әрине, балам! Тепсін, ойнасын деп әкелдім емес пе?
Екі аптадай күнде кешкілік әуреленіп жүріп, өздігінен
тебуге жаттығып алды, Жандос. Балабақшадан келе
сала «тұлпарына» жүгіреді. Бірақ бесінші қабаттан
түсіріп, шығаруға бір өзінің әлі келмейді. Дәйім көкесі
мен мамасына жалынып жүргені.
Ауладағы балалардың көбінің велосипеді жоқ. Бұның
тұлпарына қызығады. «Тепкізші» деп өтінеді. Қасынан
қалмайды. Жандос көңілі түссе береді, көңілі түспесе
ешкімді жолатпайды.
Екі жастай үлкендігі бар сотқарлау, мазасыз Рай
деген ұл сұраншақ еді. Бірде аяқ асты қырсығып,
велосипедін тепкізбей қойған Жандосқа:
– Қане, батыр болсаң, бір доңғалақты жаршы,– деді
намысына тиіп.
– Неге?
– Қызық болсын...
– Көкем ұрсады.
– Қане, көкең? – деді жан-жағына қараған Рай.
– Көріп тұрған жоқ қой...
– Одан соң не істеймін?
– Көкең қайыра қалпына келтіреді...
– Ойланайын...
– Қорықпа! Жар, тамаша болсын...
Жандос шынымен ойланды. «Пыш етіп жел шыққан
қызық болуы керек. Көрсем көрейін...»
– Қалай жарамын? – деді Жандос.
– Ол дегенің сөз емес. Міне, – деді қалтасынан ба
сы үп-үшкір жіңішке шеге шығарған Рай.
– Онымен не істеймін? – деді әлі де дәнеңе түсінбеген
Жандос.
– Қатты сермеп сұғып ал.
Қызғаншақ Райдың алдауына түскен Жандос желі
шығып жапырайып қалған доңғалағына қарады да,
велосипедін Қайсар деген балаға тапсырып үйге келген.
Болған оқиғаны көкесіне айтты.
– Сенің ашық ауыздығыңды біліп, әдейі істеген ғой.
Бұл достық емес. Арандату! Кіп-кішкентай боп қуын
қарашы,-деді көкесі.
Жандос кінәсін мойындады. Ұялғанынан жауап
қатпады.
Біраздан соң көкесі:
– Қолмен істегенді мойынмен көтер. Өзің бүлдірдің,
өзің жөнде, – деді.
Жандоста үн жоқ...
Кішкентай қыздың көмегі
– Украинаның Қалач қаласына жақындау бір де-
ревнясында біздің әскерлер кезекті шабуылға дайын-
далып жатқан,– деп бастады майдангер Ақан ақсақал
әңгімесін. Таңертеңмен есік алдына шыққанымда,
он-он бір жастағы кішкентай қыз баланың мені көріп
бұрылғанын байқадым.
– Солдат аға,-деді әлгі қыз жақындап. – Жаңа
ғана ауылдың ана шетіне төбесі жабық машинамен
бір топ адамдар келіп түсті. Өздері біздің әскерлерге
ұқсамайтын секілді. Машиналары бұзылды ғой деймін,
әйтеуір барлығы түсе-түсе қалды да үйге кіріп кетісті.
Мен бұл хабарды дереу жігіттерге жеткіздім. Олар
жылдам жиналды да, автоматтарын алып кішкентай
қыз нұсқаған жаққа бет алдық.
Деревняда бау-бақша мен талдар көп өсетін. Жабық
машина келіп тоқтаған үй ауылдың ең шетінде еді. Ал
дәл үй іргесінен қалың орман басталатын.
Үй маңы тым-тырыс. Машинаның астында әлдебір
тетікті бұрап біреу жатыр. Мен машинаға жақындамай:
– Ей кімсің? Бері шық,– деп дыбыс бердім. Анау істеп
жатқан ісін қоя қойды да, машинаның астынан шығып,
үйге сүңгіп кетті. Мен жігіттерге, «сақтаныңдар»
дедім де, дереу алтауымыз жеке-жеке бөлініп, үйдің
алдындағы қораның, ағаштардың тасасына тығыла-
тығыла қалдық. Дәл осы кезде үйден әуелде бас бағып,
жан-жақтарына жалтақтап, шыққан он бес шақты
әскер орманға қарай лап қойсын. Алты жігіт авто-
маттан оқ-ажалды себелеп кеп жібердік. Бірнешеуі
жүгіріп бара жатып жалп-жалп құлады да, қалғандары
қолдарын көтеріп жуаси қалды. Жігіттер аналардың
өз еріктерімен берілгендерін байқаған соң, оқ атуларын
тоқтатып, әлі де аңысын аңдып жақындадық. Бірақ,
олар бөтен әрекетке көшпей, қолдарын жоғары көтерген
бойда тұра-тұра қалған. Жақындап, қалталарын тегіс
тінтіп шықтық. Пистолеттерінен өзге қарулары жоқ
екен. Ұзын саны он бес.
Соңынан белгілі болды, бұлар біздің әскерлердің
киімін киген өңкей неміс офицерлері екен. Әуелде жи-
ырма екі болған жендеттердің жетеуі ілкідегі атыста
оққа ұшты да, он бесі штабқа жеткізілді.
Осы ерлігіміз үшін маған және майдандас достарым
Петр Денисенко мен Степан Попов бастаған алты жігіт
«Қызыл жұлдыз» орденімен наградталды, – деді Ақан
ата әңгімесін аяқтап.
«Құпия» бекініс
– 1945 жыл. Сәуір айы. Біздің 8–гвардия
жауынгерлері Германия жеріне, Берлинге келіп кірді,
– деп бастады бұрынғы барлаушы-гвардияшы Бекең
ақсақал әңгімесін. Әйтсе де фашистер берілгісі келмей,
жанталасып, әуеден де жерден де қарсылық көрсетіп,
жаралы жыртықыштай арпалысуда.
Қалада әр көше, әрбір үй үшін қиян-кескі шайқас
жүріп жатты. Ары-бері ысқырып ұшқан снарядтар
маңайдың асты-үстін шығарып, күндіз-түні бір то-
лас таппады. Оқ-дәрі иісі қолқанды атады. Ертеңмен
барлаушы қомандирі Александар Вербен бізді өзіне
шақырып алып:
– Жігіттер, көріп тұрсыңдар, міне, біздің мұнда
келгенімізге бірнеше күн болды. Әлі қаланы ала ал-
май жатырмыз. Байқайсыңдар ма, ана тұрған шіркеудің
төбесінде бір құпия бар. Мен білсем, сол шіркеуде жа-
удын мықты бір бекінісі орналасқан. Және ол жер-
де әскери қолбасшылар болуы мүмкін. Осы шіркеуді
қалай болғанда да алуымыз керек. Жорыққа бүгін
шығамыз. Әзірше дем алыңдар, қару-жарақтарыңды
дайындаңдар. Түнгі екіде аттанамыз, – деді.
Байлам осы болды. Жігіттермен бірге мен де қару-
жарағымды ыңғайлап, дем алуға жантайдым. Бірақ
көзім ілінер емес. Алдағы жорықты ойлап жатырмын.
Олар көп болса ше? Біз небары он екіміз. Және сонау
биік шіркеу басына шығу үшін де көп әрекет керек.
Вербен штабтан шығарда тапсырманы тағы
пысықтап алды.
– Ал, дайынсыңдар ғой. Бекіністегі оңай жау емес.
сақ қимылдаған жөн. Қызбалыққа, асығыстыққа жол
беріп алмаңдар.
Түн қараңғы. Ерсілі-қарсылы ұшқан снаряд оқта
рынан кейде маңдай жарқырап кетеді. Ондайда бұға
қоямыз. Кейде еңбектеп, кейде жүгіріп шіркеуге де
келіп жеттік-ау. Сырын ішке бүккен шіркеу үйі жым-
жырт. Баспалап кеп ашық қалған есіктен ішке кірдік.
Баспалдақ бұрғы секілді айналып тік жоғары көтеріледі
екен. Вербен алда, сақтықпен жан-жағымызға, сосын
төбемізге қараймыз. Бірақ, неміс жендеттері Кеңес
армиясы солдаттарын мұнда келеді деп ойламаған бо-
луы керек. Еш сыбыс білінбейді. Сол сәтте жоғары
қабаттардың бірінен пулемет үні сарнап қоя берді.
Біз қабырғаға жабыса қалдық. Жоғары қабатқа
көтерілгенімізде, пулемет даусы тіпті дәл түбімізден
шығып жатты. Ортада есік қана бөліп тұр.
– Жауыздар!-деді шыдамаған Евгений Митрофанов
беліндегі гранатасын жұлып алып.
– Қой, Женя, асықпа,– деді қомандир. – Бұлар
енді бізден құтылмайды. Ақылдасып алайық.
Сонымен жауынгерлердің бірі шіркеудің жақтауымен
жағалап барып, оқ құсып жатқан терезенің көмейіне гра-
нат лақтыратын болды. Сол кезде қалғанымыз есіктен
лап қоймақпыз.
Бәрі де біз ойлағандай шықты. Жиырма шақты фа-
шист жер жастанып, он төрті қолға түсті.
Адасқан Айбек
Айбек соңғы сабаққа дейін азар шыдады. Таңертең
кештеу тұрып, шайды шала-пұла, асығыс ішкен бола-
тын. Енді, міне қарны ашып отыр. Қыраулы терезеден
тысқа көз жіберді. Қар ұшқындап тұр. Жел тұрған ба?
Осындай кезде уақыттың жылжымай қоятыны несі?
Бәрекелді, қоңырау да соғылды-ау.
Сөмкесін арқалап алтыншы сыныпта оқитын Айдос
ағасына келген. Ол болса асығар емес. Жағасы жай-
лауда. Үстелге аппақ қағазды жайып тастап, қабырға
газетіне сурет салуда.
– Қайтпаймыз ба? — деді Айбек аптығып.
– Сәл шыдай тұр.
– Неге?
– Жаңа жыл келіп қалды. Көрмейсің бе, Аяз Атаның
суретін салып жатқанымды.
– Сала бер, салсаң.
– Е-е, сөйтіп жөніңе келсеңші.
– Қанша тосам?
– Жарты сағат.
– Көп қой.
– Сабыр қыл. Ішің пысса, кітап оқы.
– Қарным ашты.
Айдос үндемей суретін салуды жалғастыра берді. Ал
Айбек сыныпқа бір кірді, бір шықты. Кітап оқымақ еді,
мойны жар бермеді. Әлгінде ғана сабақ бітті емес пе?
Әр нәрсенің орны бар. Басты да тынықтыру керек. Екі
қолы алдына сиятын емес. Тықыршып қайыра ағасына
жетті.
– Қайтайық.
– Айбек-ау, небары он минөт өтті ғой. Сәл сабыр
қыл. Шыдамсыз ба едің, сонша?
Айбек сөзге келмеді. «Жалынбай-ақ қойдым...
Сенсіз де жалғыз қайтамын», деді бұрқ етіп. Жүгіріп
есік алдына шыққан. Боран ұйтқып тұр. «Адаса
қоймаспын, тәуекел» деп түйді. Сөйтті де, ауыл шетін
дегі үйіне тартты. Жолды оппа қар алып қалыпты. Ом-
былап жүріп келеді, Жел де екіленіп, қатты-қатты соға
ма, қалай? Мектеп пен үйлерінің арасы мұндай қашық
деп кім ойлаған. Жайшылықта жылдам жетіп баратын.
Ал, бүгін... Айбек адасқанын білді. Қорқа бастады. Ке-
нет арсылдап ит үрді. Бір үйдің қоршау шарбағының
қасынан өтіп барады екен. Ит екінші мәрте үрген. Одан
сайын зәресі ұшты. Жүгірем деп аяғы тайып құлап
қалды. Тұра бере қайыра құлады. Қойны-қонышын
суық аралады. Жаурай бастады. Сәті болмағанға ебіл-
дебіл жылады-ай...
– Бұл кім? – деді балаға тақау келген бір кісі.
– М– мен-н,– деді жылауын қойып.
– Не болды? Неге жыладың?
– Аға, мен үйімді таба алмай адастым.
– Соған да жылай ма, жігіт деген! Ойбүй, ботақа
ным, әбден жаурапсың. Жүр, үйге!
Бейтаныс аға жетектеп үйіне алып келді. Айбек сырт
киімдеріп шешіп, ыстық пешке тақау келді. Домбыққан
қолдарын уқалап жылытты. Біраздан соң отағасының
әйелі дастарханға шақырды.
– Асықпа, балам, ұялмай ыстықтай ішіп-ішіп ал,
шайдан...
– Рахмет, апа, рахмет! — деді риза болған бала.
– Шай ішіп болған соң, ағаң үйіңе жеткізіп салады,-
деді қара торы әйел.
Айбек Айдостың сөзін тындамай кеткеніне өкінді.
ТЕНТЕК ҚОРАЗ
Биылғы тауық балапандарының ішінде қоразы
көп. Кемінде жеті-сегіз. Есейе келе қызыл айда-
ры тікірейіп, өзге шібилерге өктемдік жасайтынды
шығарды. Әсіресе, ана біреуі айрықша тентек. Шама-
сы келсін-келмесін айбат шегіп, адамға шабатын әдет
тапты. Өзге жер жетпегендей, әжетхананың маңайын
қызғыштай қориды. Бұл қылығы үшін үлкендерден та-
лай рет таяқ жеді. Әйтсе де әдетін қояр емес. Бәрінен
бұрын балаларға өш.
Бір қызығы – сегіз жасар Санжарға тимейді. Екеуі
дос. Тату. Бала қораз бұны жақсы біледі. Керек десеңіз,
Санжарды кәдімгідей пана тұтады.
Бірде қаладан меймандар келді. Бес жастағы Ай-
дос есімді ұлдары бар. Өзі ерке-тотай. Қыңыр-қисық.
Ауылға алғаш шығуы екен. Бәрі таңсық, бәрі кызық
оған. Кешқұрым қораға келген қой мен ешкіні көріп
бақырып қоя берді. Әкесі төрт түлік мал туралы қызық
ты әңгіме айтқан соң ғана, жылауын тыйды. Дегенмен
онша жақындамай, алыстан үркектей қарап қояды.
Таңертеңгілік. Аулаға шыққан Айдос қапелімде шар
ете қалды. Сөйтсе, бала қораз әжетхана қасында қонақ
балаға айбат шегіп тұр. Оған қырсық ұл көне ме?! Жер-
ден шыбық алып жасқайды. Тентек қоразға керегі сол.
Айдостың арқасына ұшып шығып, қанатын далбыр-
латып шоқи жөнелді. Үйден жүгіре шыққан үлкендер
әрең ажыратты.
– Әй, Санжар! Ұста анау қоразды! – деді ашулы
көкесі.
Санжардың іші-бауыры елжіреп аяп кетті. «Тентегім-
ай, пышаққа ілінетін болдың-ау...»
Көп қораздың арасынан адамға шабатын «тентекті»
Санжар ғана дөп басып танитын. Ол қуанды. Ызадан
түтігіп түрған көкесіне, анау деп өзге біреуін нұсқай сал-
ды. Көкесі әлгі қоразды қораға қамап, шап беріп ұстады
да, бісміллә айтып бауыздап тастады.
Үйренген әдет қала ма?! Ертеңіне тентек қораз тағы
да майдан ашты. Көкесі бұл жолы қатты кейіді. Енді
өзім ұстап көзін жоямын деді. Санжар да ашуланды.
Сотқар немені қашанғы қориды? «Әлін білмейтін әлек.
Пышаққа ілігеді ғой, бұл қылығын қоймаса...»
Есік алдына шығып қоразды іздей бастады. Қыт-
қыттап аула ішінде жүрген тауықтардың арасында
көрінбейді. Қайда қаңғып кетгі деп бақшаға беттеген.
Сол жақта жүр. «Әп, бәлем! Тарт сазайыңды, мә!..»
Жерден бармақ басындай жұмыр тас алып жіберіп
қалды. Әдейі көздесең, бұлай болар ма? Шекесіне дәл
тиген тастан сылқ ете құлап түсті, тентек қораз! Көзі
бақырайып зәресі ұшқан Санжар қатты састы. Бала
қоразды олай-былай жұлқылап орнынан тұрғыза алса-
шы. Көз жасына ерік беріп солқылдап жылады. Көкесі
мен шешесі, кішкентай қарындасы Анар да уата алма-
ды. Бірақ қанша жыласын. Аздан соң өксуін қойып,
көз жасын сүртіп орнынан түрегелді. Шай ішті. Теле-
дидардан мультфильм тамашалады.
Екі-үш сағаттан соң есік алдына ойнауға шықты.
Мәссаған! Өлдіге санаған тентек қоразы тауықтардың
арасында жүр. Сол. Нақ өзі! Тірі... Қуанғаннан есі
шықты, Санжардың...
Шекесіне тас тиіп талып қалған бала қораз дәнеңе
болмағандай, уайым-қайғысыз жаһанды "жалпағынан"
басып, мәз-мейрам.
КӨК КӨЙЛЕК
Ардақ – көзі мөлдіреген әдемі қыз. Қашан бол-
масын терең ой құшағында жүреді. Ертегі кітаптары
мен көркем шығарманы көп оқиды. «Ұлан» газетін,
«Балдырған» мен «Ақ желкен» жүрналдарын үшінші
сыныптан бері жаздырып алады. Үндемей жүргенімен,
сөйлеп кетсе, керемет әңгімешіл. Кейде оқиғаны ойдан
құрастырып, қисынын келтіріп, қосып та жіберетіні бар.
Былайша айтқанда қиялшыл. Өзен мен көлдер, теңіз
бен мұхит қалай пайда болған? Жер неге дөңгелек?
Жұлдыздар құлап кетпей ме? Неге түн болады? Адам
неге ұйықтайды?
Бесінші сыныптағы ең кеп сауал қоятын да Ардақ.
Мұғалім де еш жалықпайды. Ардақтың сұрағына жау-
ап беріп тұрғанда, сабақтың жылдам өте шыққанын
білмей қалады.
Апасы үйге сөйлей кірді.
– Дүкенге әйбат көйлек түсіпті. Киіп көріп едім,
құдды маған ылайықтап тіккендей екен. Әттең, ақшам
ның жетпей қалғаны.
– Жаздырып алмадыңыз ба?
– Балам-ай... Тәңірі жарылқағыр бұрынғы дүкенші
Сәния жақсы келіншек еді. Жетпей қалған бес-он
теңгемізді түрте салатын дәптеріне. Қазіргі дүкенші
қатты. Қыста қар сұрай барсаң да бермес!
– Көйлек әлі тұр ғой...
– Жоға-а... Тәттігүлдің шешесі сатып алды.
Түн. Бөлме іші тым-тырыс. Ай әлі тумаған. Қап-
қараңғы. Тек қабырға сағатының тырсылы ғана естіледі.
Жатын бөлменің желкөзі ашық, терезеден ауыл иттері
нің анда-санда еріне, марғау әупілдей үрген даусы тал
ып жетеді. Үйде Ардақ пен апасы. Атасы қалаға кеткен.
Ардақ қиялға берілді. «Шіркін-ай, Тәттігүлдің
шешесіне көйлек сыймай қалса...» Көз алдына Қалима
әженің толық денесі елестеді. Әне, мана дүкеннен са-
тып алған көк көйлекті кие алмай көп әуреленді. Ақыры
көйлек етжеңді денеге сыймады. Не істесе екен? Олай
қарайды, былай қарайды. Тар екенін біле тұрса да,
көңілі құрғыр қимады. Бір кезде қолында көк көйлегі
бар Тәттігүлдің шешесі бұлардың үйіне қарай үкідей
ұшып келеді. Апасына әкеліп беріп жатыр. Ой, қандай
тамаша!... Қиял – арманға беріліп, елітіп жатқан Ардақ
ұйықтап кетті.
Таңертең әлдекімнің дауысынан оянған.
– Шәрбан, мынау кешегі көйлек. Маған сыймады.
Саған әкелдім.
– Рақмет... Бірақ ала алмаймын...
– Неге?
– Ақшам жоқ...
– Аңдысқан ауыл, есептескен дос бола ма? Қолыңа
тиын тигенде бір қайтарарсың, ақшасын.
Ардақ жылдам киініп, ауыз үйге шыққан. Сол
кісі... Тәтігүлдің шешесі... Апасының көңілі хош. Бет-
әлпетінен ризалық сезім білінеді. Қолында матасы жұп-
жұқа, әп-әдемі көк көйлек.
Үлкен кісімен сәлемдесудің орнына ауызы ашылып,
түндегі қиялы мен өңіндегі оқиғаның сәйкестігіне не
сенерін, не сенбесін білмей тұрып қалды, Ардақ.
Наурыз
Балабақтағы тәрбиеші апайлары Наурыз мерекесі
туралы қызықты әңгіме айтты.
– Наурыз – қазақша жыл басы. Қыс бойы ақ
көрпеге оранған орман-тоғай, жер-ана бусанып, сай-
саладан жылға-жылғаларды қуалап су ағады. Мейірін
төгеді, алтын күн. Жыл құстары жетеді, қиқулап.
Түлейді, табиғат. Тіршілік атаулы жасарып, жаңарады.
Қунайды. Алда жаз. Қандай тамаша! Білесіңдер ме,
балалар? Еліміз тәуелсіздік алғалы, Наурыз мейра-
мы жыл сайын тойлана бастады. Сендер бақандай бір
жасқа есейесіңдер.
Дала жылынып, күн шуағына елжірегендей әсерге
бөленді, балалар.
– Апай, апай! Ақеркенің туған күні 22 наурыз! –
деді аяқ асты олжа тапқандай қуанған Шыңғыс.
– Сонда Ақерке де, біз де тура бір жасқа үлкейеміз
бе? – деді Гүлайым.
– Иә...
Наурыз мерекесі жақындап келеді. Ауа салқын. Да-
лада қар жатыр. Түстен кейін ғана аз – аздан ериді.
«Бұл қалай?».
Ойлап-ойлап жауап таппады, Ақерке. Төргі бөлмеде
кітап оқып отырған әкесіне келді.
– Біреу ренжітті ме? – деді әкесі.
– Жоқ...
– Ендеше неге көңілсізсің?
– Жәй... – Ақерке бұртиды. – Сұрағым бар.
– Сұрай ғой.
– Туған күнім таяды...
– Құлыным, ол есімізде. Беске толасың... – Әкесі
кішкентай қызын еркелетіп кекілінен сипады.
– Бірақ... бірақ бойым өскен жоқ! – Ақерке мұңайды
– Сол қалпы. Былтырғы киімдерім де шақ. Және, және
апайымыз 22 наурызда қар кетеді деген.
– Ақылыңнан айналдым! Бойым өспеді деп уайым
жеме. Есесіне ойың өсті. Миың толысты.
– Өтірік айтасың.
– Сені қашан алдап едім?
– Ойым өссе, қане, көрсетші?
– Ойдың өскендігі көзге көрінетін зат емес. Сенің
осы сөздерді тауып айтқандығың, ақылыңның толы-
суы, ер жеткендік. Туған күніңмен тұспа-тұс келетін
жыл басы – Наурызда көктем бірден шыға қалып,
күн жылынып кетпейді. Кейін мектепке барғаныңда
география сабағында оқисың. Картадан көресің.
Қазақстанның жер көлемі үлкен. Кең байтақ. Мәселен,
республикамыздың оңтүстігі саналатын – Қызылорда,
Шымкент, Жамбыл, Алматы, Талдықорған өңірлерінде
қазір күн майтоңғысыз жылы. Төрт түлік мал өрісте.
Бау-бақша мен егістік алқаптарында қайнаған еңбек.
Еліміздің бас қаласы – Астана Арқада орналасқан.
Демек солтүстіктің ауа райына бейімдеу. Бұл жақта
көктем сәл кешігіп шығады. Қалай болғанда да бүгінгі
күндері қалың қардың көбесі сөгілді. Мұндай мезгілді
атамыз қазақ «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» деп
атаған. Әлі-ақ жыл құстарының қиқулап ұшып жеткенін
көресің.
Хакім Абай атамыз Наурыз айы жөнінде:
... Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар, – деп өлең-жыр
жазған.
– Охо, қандай жақсы! Осы шумағын жаттап алып
Наурыз мерекесінде айтсам бола ма?
– Әбден болады...
Әкелі-балалы екеудің әңгімесін естіп қалғандай,
ашық тұрған балкон есігінен жыл құстарының әсем-
сазды дауысы естілген. Әсершіл, сезімтал кішкентай
қыз балконға жүгіре шықты. Шынында алқаракөк
аспанда тыраулап тырналар ұшып бара жатқан.
Ақерке қуанды: «Күн де жылынып кеткен бе?!.»
БАСҚА ПӘЛЕ – ТІЛДЕН
Үшінші сыныптағы бүгінгі «Ана тілі» сабағы жыл-
дам өте шықты. Мұғалім әдеттегідей үй тапсырмаларын
сұрады да, іле жаңа сабақты бастады.
– Балалар,–деді ағай.– Тіл сөзіне байланысты
сөйлем құраңдаршы!
Оқушылар ойланып қалды. Жөпелдемеде қайдан
табыла кетсін? Жоқ олай емес. Табылды. Дәйім тап-
тұйнақтай жинақы жүретін ұздік оқушы Күлтай қол
көтерді. Одан кейін Сәуле, Мейрам, Жақсыбай, Ма-
нар, Болатбек, Мақпал...
– Ал, балалар, асықпай, кезек-кезек айтындар.
– Қос тіл– қос қанатың.
– Дұрыс.
– Тіл– қатынас құралы.
– Жөн.
– Тілі байдың– ойы бай.
– Бұл да жөн.
– Тіл ауыздың ішінде... – Аңқау Жақсыбайдың
сөзіне балалар ду күлді. Жақсыбай болса айылын жияр
емес.
– Ағай, неменеге күледі балалар? Мен тапқан сөйлем
ішінде «тіл» деген сөз бар емес пе?
– Оның рас. Жарайды, отыра ғой.
– Болды ма? Енді қосатындарың жоқ па? Оқушылар
үнсіз. Осы кезде артқы партада отыратын мінезі біртоға
Ақылбек қолын көтерді.
– Айта ғой, Қасымбеков.
– Басқа пәле– тілден...
– Өте жақсы айттың! Бұл мақал ғой, – деді мұғалім.
Оқушылар әлі үнсіз. — Ал, Ақылбек, айта қойшы.
Осы сөздің мағынасын қалай түсіндіресің?
– Менің атам 81-де,– деді Ақылбек. – Нағыз
мұсылман... Бес уақыт намаз оқиды. Әлі тың. Сергек.
Осы күнге дейін атқа ешкімнің көмегінсіз өзі мінеді.
Шөп шалғымен шөп шабады. Өзі жинайды, өзі тиейді
арбаға. Әрине мен де қол ұшын берем... Атам бес
уақыт азан шақырады. Мен ұйып тыңдап отырамын.
Өйткені азан дауысына және намаз оқығанда көңіл
қойып тыңдаудың – өзі үлкен сауап, дейді атам. Азан
шақырылған шаңыраққа Алланың нұры түсіп тұрады
дейді. Үйге құт-береке кіреді. Ырыс пен бақ молаяды.
– Ағай, Ақылбек негізгі тақырыптан ауытқып кетті, –
деді қашанда бүйректен, сирақ шығарып жүретін Күнес.
– Қызық екен.
– Естімеген әңгімеміз.
– Қайдан біледі? – деп сыбыр– күбір етті, балалар.
– Айтсын, айтсын,– деді енді бір оқушылар.
– Әлгі сөзіңнің мағынасын түсіндіре ғой,– деді мұ
ғалім. – Түсіндіріп көрейін.. – Ақылбек әңгімесін са
бақтады.
– Атам, тақуа адам. Арабша аздап біледі. Құран
кәрімді ылғи оқып отырады. Құран деген сөз араб тілін
де оқу дегенді білдіреді екен. Және атам кімде-кімнің
үйінде қасиетті Құран кітабы болса, оны оқып отырған
ләзім дейді. Немерелері – бізге дәйім шариғаттан
әңгімелер айтып береді. Мұсылмандық қағидалары ту-
ралы түрлі-түрлі кітаптарды оқытады. Жақында мен
атама «Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері» де-
ген кітаптан, «Адам бәлені тілінен табады», «Басқа
пәле – тілден» деген хадистерді оқыдым. Ол жөнінде
атам бізге былай деп түсіндірді.
Адам тіліне абай болу керек. Ойнап сөйлесең де, ой-
лап сөйлеген жөн. Әлгінде Күнес оқыстан байбалам
салды. Қисынсыз әңгіме айтты. Сөйтіп, менің көңіліме
кірбің түсірді. Мұндай ерсі қылық өзге балалардың
бойында да кездеседі. Сол үшін тіл сүйексіз екен деп,
орынды– орынсыз сөйлей беруге болмайды. «Басқа
пәле – тілден» деген – осы.
Мұғалім де, оқушылар да үнсіз.
Күнестің ашуы келді. Алғаш рет сыныптасы
Ақылбектің сөзіне жауап қайтара алмады.
Кіндік шеше
Бұл жолы Ерден аға-жеңгесі Нығмет пен Күләндәмға
еріп келді. Жақында үйленген жастардың әлі балала-
ры жоқ. Жатақхананың бір бөлмесінде тұрады. Екеуі
де күні бойы жұмыста. Ерден үйде жалғыз. Теледи-
дар көре-көре жалықты. Суреті көп кітапшаны қолына
алып еді, көңілі соқпады. Іші пысты. Далаға шығып,
ойнағысы келді. Бірақ ағасы: «Көшеге барма, есік ал-
дына да шықпа», – деген.
Балконға шығып аулаға көз жіберді. Өзі құралпы ба-
лалар ойнап жүр. Күн ыстық. Аспан ашық. Қызығып
кетті. Жылдам жиналды да, есікті бекітіп, далаға жүгіре
шықты. Ентігіп жеткені құрысын, араласуға жүрегі да-
уаламай состиып тұрып қалды. Бәрі бөтен балалар. Не
деп сөйлеп жүргенін де түсінбейді. Шетінен көк көз,
сары шашты ұлдар бұны ойынға шақыра қоймады.
Аз-кем тұрды да, дүкен аралап балмұздақ жегісі келіп
көшеге тартты...
– Апыр-ай, өлтірді-ау! – Орталық көшедегі ары-
бері жүріп жатқан әр түрлі автомашиналар бірінен соң
бірі тоқтап жатыр.
Шетелдік қара «Мерседестен» шыққан ұзын бойлы,
сары жігіт машинаға соғылып құлап жатқан жеті-сегіз
жастағы ұл баланың қасына жетіп барды да, еңкейіп
үңілген.
– Бейшара бала-ай...
– Аман ба өзі?!
– Жүгіріп несі бар екен!
Аяныш білдіріп, алқа қотан иіріліп тұра қалған
жұртқа бұрылып қараған жүргізуші:
– Тірі екен!– деді қуанып кетіп. Боп-боз жүзіне қан
жүгірді.
– Қарағым, бұл не тұрыс? Ауруханаға тарт! Бол-бол,
жылдам! – Көзілдірікті, егде адам қара «Мерседестің»
иесін асықтырды.
Ерденнің сол қолы мен оң аяғы сыныпты. Есін емха-
нада жиды. Операция жасаған дәрігерлер қол– аяғын
гипске салып қойыпты. Көзін ашып еді, басы айналды.
– Қан көп ақты, құю керек,–деген сөздерді еміс-
еміс естігендей.
Кешқұрым жұмыстан оралған Ерденнің аға-жеңгесі
кішкентай қонақтарын айнала іздеп, таба алмай шарқ
ұрды. Үй маңайын түгел қарады. Ауладағы балалар-
дан сұрады. Бірі білмейді. Тек көрші подъездегі Игорь
деген бала Ерденнің көше жаққа кеткенін айтты. Енді
милицияның көмегі қажет еді...
– Әбенов Ерден бе? — деді кезекші дәрігер
таксилетіп, асығыс жеткен екеуге қарап.
– Иә.
– Балаларың ба?
– Жоқ. Ауылдан келген ініміз еді.
– Бақытты жан екенсіндер. Тірі қалған қайта. Опе-
рация сәтті жасалды.
– Рақмет!
– Алғысты маған айтпандар. Ерденнің өміріне араша
түскен-медбике Мария Ивановна. Ол кісі өзінің қанын
берді. Демек, інілеріңнің екінші кіндік шешесі. Кімді
айтсаң, сол келеді деген. Әне, апайдың өзі де.
Кіршіксіз аппақ халат киген, етжеңді, жылы
жүзді, мейірімді жанары кісіге байыппен қарайтын
орыс әйел Ерденнің аға-жеңгесіне сол сәтте ежелті
таныстырғандай, ыстық болып көрінді.
Асхат қалай түзелді
Асхаттың ойыншығы мол. Қонструкторы сан-
сыз. Ақ, сары, қызыл түсті кубик– пластмассаларға
бала түгілі, үлкен адам қызығады. Жұмыртқа киндер-
сюрпризден шыққан кішкентай ойыншықтар өзгеше бір
әлем. Черепашка-ниндзя, адам-паук, бэтман, томогучи,
тетрис дейсіз бе, толып жатыр. Өзі дәйім теледидар-
дан мультфильмдер мен ертегілерді қадағалап отырады.
Сонан соң ертеңінде-ақ, кинодағы кейіпкер бейнесіне
«еніп», ойнап кететіні бар.
Швед жазушысы Астрид Линдрегеннің «Үй ша-
тырын мекендейтін Карлсон және балақай» ертегісін
көкесіне оқытып, өзі де Карлсонға ұқсап, арқасына мо-
тор байлап «ұшып» жүреді, кейде.
– Қараңызшы көке, арқамдағы моторға!– деді
Асхат бірде қиялдап.
– Міне, ғажап! Көріп тұрмын балам!– деді әкесі.
– Ұштым ендеше!
– Тұра-тұр. Балконның есігін жабайын. Далаға
шығып кетіп жүрерсің.
Асхат моторын іске қосты да, шифонер үстіне барып
«қонды».
– Абайла! Құлап қалма!
Ас үйде тамақ әзірлеп жүрген мамасы, отағасының
жалынышты дауысын естіп жүгіріп залға енсе, әкелі-
балалы екеу мәз-мейрам. Қолдарында ертегі кітабы...
Бес жасқа толғанда тағы бір өнер тапты, Асхат.
Бақшадағы достарын өз есімдерімен атамай, басы үлкен
Еркінге – қазан бас, танауын тарта беретін Тұрғазыға
– су тұмсық, көзі үлкен Қапанға – жапалақ деген жа-
нама ат қойып алды.
Гүлия есімді қыз ерке-тотай. Әкесі бақшаға күнде
көтеріп әкеледі. Кешке де мойнына асылып жатқаны.
Құрбыларына қосылмай саяқ жүреді. Жалғыз ойнайды.
Шыбық тимес, шыңқ етер. Қит етсе көзі боталап қоя
береді. Асхат оны жылауық атайды. Ал сөзшең аспаз-
шы Тәттігүл тәтені – радио апай деп айтып қалып,
бұрышқа тұрғаны бар.
Асхат аулада ойнап жүрген. Көршінің баласы
Вадимнің тасбақасы мұрнына тиіп қан бұрқ етті. Темір
ойыншық оңдырсын ба! Асхат жылаған жоқ. Мамасы-
на жұқалап май жаққызып алды. Көп ұзамай ойыншық
тиген жері қотырға айналды да, кейіннен жазылып
кетті. Бірақ тыртық қалып қойды.
Асхатпен ілінісіп қалған бір тұста тентек Дәулет:
– Тыртық мұрын! – деді мазақтап.
– Не айттың? – Асхат Дәулетке жетіп келді.
– Не естісең сол.
– Қайтала?
– Тыртық мұрын!
– Сол-ақ екен, екі ұл айқаса кетті. Асхат Дәулетті
іштен шалып шалқасынан түсірді. Анау да шақар. Жы
ғылып жатса да іштен, беттен ұрып жатыр. Тәрбиеші
Алтын апайлары келмегенде төбелес соңы немен тына-
ры белгісіз еді.
Асхат содан бері ешкімді мазақтамайтын болды.
Калининградтан келген бала
Сүйкімді сары ұлды сол күні кешкісін-ақ ауыл біліп
қалды.
– Бөтен бала келген бе? – деді еліккіш Есен до-
старына қарап.
– Иә,– деді Қоңқай.
– Қай үйдің қонағы? –деді «Қара палуан» атанған
Жанғали әуесқойлық танытып.
– Әмірғазы ағаның туыстары,– деді Қоңқай өзінің
қонақ баланы біртабан жақын білетінін аңғартып.
– Көкем айтты. Мейман баланың шешесі латыш
болғанымен қазақшаға судай,– деп келе жатыр еді...
– Судай дейді. Өй, ол өзі қазақ емес пе?– деді Есен
тағы да кесе-көлденеңдеп.
Ауыл балаларының айтысын естіп тұрғандай,
Әмірғазы ағаның үйінен шыққан қағілез, ақ сары бала
тура осылай беттеді. Үстінде «Адидас» деген жазуы
бар спорттық шалбар мен кеудеше. Аяғында аппақ
крассовка. Адымдай нық басып таяды. Өжет. Өткір.
Келе сала қол беріп танысып жатыр.
– Есімім – Едіге. Достарым Едик деп атайды,–
деді тақылдап.
Ауыл балалары де Едіге құсап аттарын атады.
– Қоңқай.
– Есен.
– Жанғали.
– Барлықан.
– Асан.
– Жанат.
– Қайдан келдің? – Қоңқай сөз бастады.
– Калининград қаласын білетін шығарсыңдар.
Бұрынғы Кенисберг. Балтық теңізі жағалауында.
– Білмегенде.
– Білеміз,–деді балалар дөп баспағанымен намы-
старына тырысып.
– Біз сонда тұрамыз. Ал Ақтас – әкемнің туған жері.
– Әкең не жұмыс істейді?
– Әскери офицер. Әуелі Германияда тұрғанбыз.
Әрине, ол кезде мен жоқпын. Калининградқа қоныс
аударғанымызғы он сегіз жыл. Мен осы қалада дүниеге
келдім.
– Қазақтар тұра ма?
– Тұрады.
– Қанша адам?
– Облыс бойынша бес жүзден асады.
– Өзің үлкен кісідей сөйлейсің. Нешіншіде оқисың?
– деді балалардың ересектеуі Асан.
– Төртіншіге көштім.
– Оһо, азамат екенсің,– деді Барлықан.
– Орыс сыныбында оқисың ба?
– Иә, Калининградта қазақ сыныптары жоқ. Қазақ
тілінде газет-журнал оқымаймыз. Радио тыңдамаймыз.
Теледидар көрмейміз.
– Қиын екен,– деді Асан аяныш білдіріп.
– Оңай емес. Қазақстанды сағынамыз. «Туған жер-
ден шалғайда жүріп, жас күнімізде аңғармаппыз. Орта
жастан асқан соң азаматқа елі керек екен,» – деп әкем
ылғи айтып отырады.
– Мұнда жылда келіп тұрасыңдар ма?
– Әрқалай. Кейде екі жылда бір рет. Кейде үш жылда
– Неге көшіп келмейсіңдер?
– Төрт жылдан кейін әкем демалысқа шығады.
Міндетті тұрде туған жерге ораламыз.
– Едіге, ау Едіге! – деген дауыс ауыл балаларын
жалт қаратты.– Анадайдан айқайлап келе жатқан көк
көзді, әдеміше әйелді көрген балалар, аң-таң күйде бір-
біріне қарап тұрып қалыпты.
– Балалар, амансыңдар ма? Едігеге рұқсат бересің
дер ме? Әне, өрістен мал келе жатыр. Алдынан шық.
Онан соң құдықтан су тасиық. Жүр.
Ауыл балалары алыстағы Калининград қаласында
тұратын сары шашты, анасы қазақша сөйлейтін Едігеге
қимастықпен ұзақ қарап тұрды.
Ал Едіге "Төрт жыл тезірек өтсе екен. Елге көшіп
келген қандай жақсы» деп ойлады артына қарай-қарай
мамасына еріп бара жатып.
Бір түрлі іші елжіреп кеткендей...
Ала жіпті аттама
Тәй-тәй басқан сәбидей, таяғына сүйеніп бір қария
келеді. Өңі өрт сөндіргендей. Бетіндегі айқыш-ұйқыш
әжімдері тереңдей түскен бе, қалай? Уһілеуі жиілеп,
әлсін-әлсін күрсініп қояды.
Таңертең дүкенге сүт алуға барғанында, ақша салған
әмиянын қапелімде таба алмай, әуреге түсті. Қолындағы
тозығы жеткен сөмкесін олай ақтарды, былай ақтарды
Жоқ. Үйде қалдырған шығармын деп пәтеріне де сүріне
қабына әрең жетіп, қарамаған жері қалмады. Міне, енді
қалалық милицияға келе жатыр.
– Қанша ақшаңыз бар еді?– Кезекші милиционер
қағаз – қалам алып, жаза бастады.
– Үш мың теңге.
– Қай тұста жоғалттыңыз?
– Балам-ау, қайда түсіргенімді білсем, келем бе
саған?
– Әмияныңыздың түрі?
– Қоңыр.
– Неден тігілген?
– Былғарыдан... Шырт етіп жабылады. Ескі. Көне
төз. Қолямның көзі ғой.
– Ол кім?
– Жалғыз балам еді. Новосібір қаласында тұратын.
Алдыңғы жылы қайтты. Келінім сол жақтың қызы.
Қолыма көшіріп алайын деп ылғи хат жазады. Кәрі
сүйегімді сүйретіп қайда барам. Әрі, Қазақстан-екінші
Отаным. Тың көтерген жылы келгенбіз. Табаны
күректей қырық бір жыл өтіпті, Новосибир бейтаныс
қала. Шалғай жер. – Анна Васильевна көзіне жас
алды.
– Жалғызілікті қариясыз. Зейнетақыңыздан сүт,
нан алуға сақтаған соңғы теңгелеріңіз.
– Жөн айтасың, балам. Сол ақшамен әлі жеті күн
өмір сүруім керек.
– Уайым жемеңіз. Табылар.
Үшінші сыныптың оқушылары Сәуле мен Назгүл
мектептен көңілді шықты. Екеуі де бестік баға алып еді.
Жүздері жарқын. Қуанышты. Мамыр айының майда са-
малы есіп, күміс күннің жылы шуағы шекелерін қыздыра
түскен. Шапшаң сөйлеп, жылдам қимылдайтын қағылез
Сәуле бір кезде жол жиегіне жүгіріп барды да, еңкейіп
бір нәрсе алды.
– Оһо, әмиян! Ақшасы бар. Назгүл қасына жет
кенше, Сәуленің оң қолы бес жүз теңгеліктерді алып
та шықты. – Олжа! Балмұздаққа тоятын болдық.
– Қой, оның не?! Ұят қой.
– Кімнен?
– Иесінен.
– Иесі кім?
Назгүл ойланып қалды. «Рас, иесі кім? »
Кім болса да, обал. Мүмкін, соңғы тиындарын санап
отырған адам шығар. Негізінде мынадай әмиянды ата-
әжелер ғана ұстайды.
– Білгішін, өзің көрдің. Мен әмиянды ұрлағаным
жоқ. Тауып алдым. Демек, ақша менікі. Не істесем де
өз еркім. Ал балмұздақ жемесең, зорлық жоқ. – Сәуле
кері бұрылып, дүкенге тартты. Өз дегенінен қайтпайтын
құрбысына қандай амал табады? Айтатын уәжі қайсы?
Назгүл кішкентайынан ауылда, ата-әжесінің қо
лында өсті. Бірінші сыныпқа барарда, қалаға, көкесі
мен мамасының қолына келді. Атасының ауылда беделі
күшті. Алып бара жатқан оқу-тоқуы болмағанымен,
кезінде бригадир, ферма меңгерушісі қызметтерін
атқарған. Көпті көрген адам. Басынан кешкен небір
қиын-қыстау хикаяларды майын тамыза әңгімелегенде,
әжесі екеуі ұйып тыңдайтын.
«Аса байлық мұрат емес. Азамат болу – парыз. Ұлы
Абай айтқандай, «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек
бекер мал шашпақ» сияқты теріс қылықтан сақ бол.
Адам баласының ала жібін аттама» дегенге түсінбейтін.
Сөйтсе ұрлық жасама дегені екен ғой.
Рас, ұрлық жасау мысқалдай нәрседен бастау алып,
бара-бара әдетке айналады. Соңы өкініш. Ол үшін
адамгершілік пен ақыл керек. Жаман әдетті тастау оңай
емес.
Назгүл атасының сөздерін есіне алды. Жүгіріп
құрбысын қуып жетті. Сәуле Назгүлдің әңгімесін құлақ
қойып тыңдады. Аз-кем ойланып, райынан қайтты.
Қалалық ішкі істер басқармасы орналасқан ме
кен-жай алдында, Назгүл мен Сәулеге орыс кемпірі
ұшырасты. Қос құрбы қариямен сәлемдесіп өте шықты.
Кезекші милиция қапитаны балалардың әмиянды
әкелгендеріне алғыс айтып, аты-жөндерін, оқитын
мектептерін жазып алды.
Әже, келдің бе?
Әсемнің өкпесі қара қазандай. Ауылда тұратын
әжесіне көкесі, «әне апарам, міне апарам» дегелі та-
лай болды Неге айтқанын орындамайды? Уәде бер-
мегенде, бүйтіп мазасызданбас еді. Әлгінде далаға
шақырған құрбылары Диана мен Динаға да ерген жоқ.
Жайшылықта ойнаудан әсте жалықпайтын қызының
бұл тосын қылығына шешесі де аң– таң.
Ол төргі бөлмедегі терезеден көшеге көз жіберді.
Үшінші қабаттағы бұлардың пәтерінен аула іші тегіс
көрінеді. Аулада қазір қайнаған тіршілік. Балалар
әткеншекке отырып, жүгіріп, секіріп, бірін-бірі қуып
мәз. Белесебет үйреніп жүр-ау шамасы, анау бір қыз
қалт– құлт етіп теуіп барды да, құлап қалды.
Әсемге бұл көрініс те әсер етпеді. Әжесін қатты
сағынғаны соншалық, қазір ауылға жүріп кеткісі бар.
Бірақ қалай? Тәтті қиялын аяқ тықыры бөліп жіберді.
Шешесі екен.
– Қызым-ау, бір жерің ауырып тұрған жоқ па?
Далаға шықпадың ба?
– Шыққым келмейді.
– Ішің пыспай ма?
– Жоқ...
– Қабағың келіспей тұр.
– Жай...
– Мен дүкенге барып келе қояйын. Алда-жалда
далаға шыққың келсе, білесің ғой есікті қалай жабуды...
Көп айналмаспын.
Әсем үйде қалды. Көкесі жұмыста. Қас қарайып,
қараңғылық түскенде бірақ келеді. Ал өзінен үлкен
ағасы Еркін лагерьде демалуда. Шешесінң «дүкенге
барып келе қояйын» дегені жәй сөз.
Біледі ғой, мамасын. Көрші Майра тәтенің сөзімен
айтқанда, шешесі «қыдырымпаз». Ендеше екі-үш
сағатсыз орала қоймас үйге.
Әсем есікті жауып, тысқа шықты. Ешқайда мойын
бұрмастан тұп– тура үй іргесіндегі аялдамаға келді.
Мандайшасында «5» деген жазуы бар троллейбус те
келе қалғаны. Отырып автокзалға жетті.
Автовокзал. Ары-бері қайшыласқан жұрт. Сабылған
жолаушылар. Сөмке көтеріп, қол арба сүйреген адамдар.
Арасында бірен-саран балалар да бар. Әсем ес білгелі,
әке-шешесіне еріп талай рет ауылға сапар шеккен.
Сонда Қарағашқа жүретін автобустың анау шеткі
платформадан аттанатынын көрген. Діттеген жерді
жаңылмай тапты. Үлкен қызыл «Икарус» автобус
жүргелі тұр. Жолаушылар түгелімен отырып болған
сыңайлы.
Қолында қағаз– қаламы бар алдыңғы есіктен түскен
бір тәте:
– Қайда барасың, балақай?– деді жылы ұшырап,
– Ауылға, әжеме...
– Әжең қайда тұрады?
– Алыста.
– Алыста болғанда, ауылдың аты бар ма?
– Қарағаш.
– Ә! Жүре ғой, қызым... Ол жаққа бір сағаттан кей
ін автобус қатынайды.
Бейтаныс тәте Әсемді автовокзалдағы бөлмесіне алып
келді. Аты-жөнін, неше жаста екендігін сұрады. Әсем
қайда, қай қабатта, тіпті қай подъезде тұратынын
да тақылдап айтып берді. Содан соң бейтаныс тәте бір
жерге телефон шалып сөйлесті. Көп ұзамай бөлмеге екі
милиционер кірді. Әсем тіксініп қалды. Себебі, тура осы
формадағы қызыл жағалы кісілер, ылғи арақ ішіп, мас
болып жүретін, көрші подъездегі бір ағайдың қолын ар-
тына қайырып, машинаға отырғызып әкеткенін көрген
болатын.
– Кішкентай жолаушы қайда?– деді милиционердің
біреуі.
Әсемнің құлағы елең етті.
– Е, мында отыр екен ғой...
– Мен сіздерді танымаймын,– деді Әсем қорқың
қырап. – Әжеме бара жатырмын.
– Әсем, ақылды баласың ғой. Бара ғой, ағаларыңмен.
Сені әжеңе жеткізіп салады,– деді бейтаныс тәте.
Сенбейін десе өтініп тұр. «Алдай қоймас.»
Бұл кезде ауылдан келген Әсемнің әжесі немересін
үй-ішіне түгелімен іздеттіріп, жан біткенді қуырып
жатқан. Екі милиционерге еріп келген Әсем аңырып
тұр. Үрей мен сағыныш қабаттасқан баланың көзінен
мөлдір моншақтар үзіліп-үзіліп түсті.
Сыйлық
Сынып жетекшісі Нұржамал апай сабақ соңында 3
«Б»– ның ұлдарын жиып алды.
– Балалар, неге алып қалғанымды білесіңдер ме?
– Білмейміз.
– 8 Наурыз жақындап қалды емес пе?
– Иә, әйелдердің, сіздердің мерекелеріңіз... – деді
Нұртас елден бұрын.
– Дұрыс айтады, Нұртас... Ендеше, не істеуіміз керек?
– Сыйлық дайындауымыз жөн!– Тағы да Нұртас.
– Демек, ақша жинаймыз. Қыздарға сыйлыққа,–
деді мұғалім.
– Қаншадан, апай?
– Екі жүз теңгеден көп емес пе?
– Көп емес.
– Болады,– деген дауыстар жамырай шықты.
– Апай,– деді тағы да Нұртас тақылдап.– Ұсыныс
айтуға бола ма?
– Айта ғой.
– Біз сыныпта он екі ұл, он екі қыз екенбіз. Әрбір
ұл, әр қызға сыйлық жасаса қайтеді.-
– Мынауың жақсы идея. Қалай қарайсыңдар, бала
лар?
– Келісеміз.
– Болады.
Апай сол жерде ұлдардың өз келісімдерімен кімнің
кімге сыйлық әзірлейтінін жазып алды. Ерлан бірден
Назгүлді таңдады.
Назгүл көркем қыз, сабақты жақсы оқиды. Ұқыпты.
Тәртіпті. Мінезі біртоға.
Ерланның мазасы кетті. Жол бойы Назгүлге қандай
сыйлық сыйласам деп ойлады. Қалай болғанда да жақсы
сыйлық болуы тиіс, Апайлары айтты ғой, «мәселе
бағасында емес...»
– Не алса болады?– деді мамасы.
– Сізбен ақылдасайын деп...
– Сонда да, ойларың бар шығар.
– Гүл алсақ.
– Өте жөн. Бірақ аздау бола ма?
– Барби қуыршағы табылар ма екен?
– Табылар. Үшінші сыныптың оқушысына қуыршақ
әперген ыңғайсыз емес пе?
– Кітап.
– Кітабың жөн. Ал гүлді сыйлық апаратын күні таң
ертең алайық. Күні бұрын алсақ, солып қалады, әрі хош
иісі де жоғалып кетеді.
8 наурыз мерекесіне бір күн қалғанда, ұлдар
сыйлықтарын сыныпқа алып келді. Келісім бойын-
ша үлкен үзіліс кезінде, сынып жетекші апайларының
қатысуымен салтанатты түрде табыс етпекші.
Ерлан Назгүлді іздей бастаған. Екінші қатардағы
алдыңғы партада отыратын ақсары қыз көрінбейді.
Жоқ, әлде кешігіп жатыр ма? Назгүл бірінші сабақ
біткен соң да келмеді. Не болды екен?
Бұл кезде Назгүлдің ыстығы көтеріліп, төсекте
жатқан. Кеше ғана сап-сау, жүгіріп жүрген бала аяқ
асты ауырып қалды. Кешкілік ойнауға жеңіл киіммен
шыққан болатын.
– Түске дейін байқай тұрайық. Ыстығың қайта
қоймаса, дәрігер шақыртамыз,– деді мамасы, – Қазір
ыстық сүтке сары май қосып іш те, қозғалмай жат.
Назгүл үйде қалды. Әке-шешесі жұмысқа кетті.
Есікті іштен іліп алса да, қорқынышты сияқты. Ауырған
қандай жаман. Сыныптас құрбылары бұны іздеді ме
екен? Қазір қай сабақ өзі? Ана тілі екен ғой...
Қапелімде Назгүлдің ойын Алыпсоқтың өршелене
үрген дауысы бөліп жіберді. Тегін үрмейтін. Аулаға
бөтен адам енсе өстуші еді.
Басын жастықтан көтеріп, сыртқы есік жаққа көз
жіберіп еді, біреу көрінді. Иттің үруі үдеп барады.
Тұрмаса болмас. Киініп, терезеге келді. Мына қызықты
қараңыз. Ерлан! Неғып келді, мұнда?
Ақсары қыз есік алдына шықты. Ерлан жақсы киініп
алған. Қолтығында ораулы заты бар. Ал оң қолында үш
тал раушан гүлі.
– Мерекеңмен! – деді жымиып.
Назгүл таң-тамаша. Сыныптасы ұсынған гүл мен
ораулы затты алып жатып, қайта-қайта алғыс айтты.
Ақ тауықтың әлегі
Тауықтарды қамай алмай жүрген әпкесі Айгүл мен
шешесін көрген Таңат, көмек беруге ұмтылды. Өздері
ерен жүйрік. Бірін қайырса, екіншісі айдалаға қашады.
Күнде қонақтайтын қораға енбегенде қайда бармақ?
Әйтеуір не заматта үшеулеп жүріп азар кіргізді. Тек ақ
тауық қана сытылып, қашып жоғалды. Қапелімде қай
жаққа кеткенінен көз жазып қалған.
Бір кезде аяғы-аяғына тимей, сумаң қағып шөп жақ
тан шыққан ақ тауық, бақшаға қарай зып ете түсті.
Тұра жүгірген Таңат көлденең жатқан ағашқа сүрініп,
құлап қала жаздады. Сол екі арада тауық тағы да жер
жұтқандай, зым-зия көрінбей кетті. Қап-ай, ә! Ызасы
өтті-ау! Нендей амал бар? Ашуланайын десе, мақұлық.
Таспен ұрып жықса, обал. Екі ортада қата тимесе бата
тиіп, тырапай асуы мүмкін.
Таңат қораның алдына молдау етіп жем шашты.
«Көрермін енді келмегеніңді?». Сәл өтпей қыт-қыттап
жүгіріп жетті, ақ тауық. Біреу қуып келе жатқандай
бидайды шапшаңдата шоқып жеп, бөтегесі бұлтиғанша
тойып алды. Енді қораға кіре ме деп еді. Қайдан?
Маңайлар емес. Ойқастап олай-былай жүрді де,
кілеттің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетті. Кіре
берісте терең ұра болатын. Аузы ағаш қақпақ. Топса-
сы жоқ. Көтеріліп ашылады. Жаз айларында ауа кіріп
тұруы үшін, жартылай жабылатын.
Кілетке енген ақ тауық тұтылғанын сезгендей,
жылт-жылт еткен түймедей көздерін ойнақшытып,
жан– жаққа сақтана қарап тұрды-тұрды да, Таңатты
көріп айнала қашты-ай. Бала шегініп, есік арты-
на жасырынды. Қорқыныш жоғын сезді ме, бір кез-
де ақ тауық жартылай ашық қақпақтың дәл шетіне
келіп жайғасты. Аңдып тұрған Таңат атылып барып
қанатына жармасқан. Оңан әрі не болғаны түсініксіз.
Далбырлаған қанатпен қоса қараңғы ұраға ұмар-жұмар
құлап бара жатқанын ғана біледі.
Кілеттегі салдыр-гүлдір дыбысты естіп, жүгіріп жет-
кен Айгүл мен Қалима тәте де ес қалмаған. Зәрелері
ұшып қараңғы ұраға үңілген. Дыбыс жоқ. Тым– тырыс.
Ұра ішінде сатыағаш, бос шелек, тегенелер, тағы сол
сияқты заттар болатын. Темір ыдыстардың біреуіне
басы тисе бітті емес пе? Бірақ білгеніндей кеше ғана
Таңат ұрадағы заттарды сыртқа шығарып, ішін тазалап
астына құм төсеген. Ыдыстарды соңынан кірігізермін
деп ойлаған.
– Балам-ау, барсың ба? Еш жерің ауырған жоқ па?
– деді көздері бақырайған анасы демін әрең алып.
– Құдды кинодағыдай... Не болғанын түсінбей де
қалдық,– дейді әпкесі де ентігіп.
– Аман сияқтымын. Жамбасым әнтек ауырып тұр.
Жоғарыдағы екеу мұндай қуанбас.
Тыпырлағанына қарамай әлекке салған ақ тауықты
әпкесіне әперді, Таңат.
Жақсыда жаттық жоқ
Шекер кейбір құрбылары сияқты қоңырау соғы
лысымен кітап– қағаздарын асығыс-үсігіс жинап,
дәлізге ата жөнелмейді. Асып-саспай сөмкесіне салып,
сабаққа қажет кітап-дәптерлерін алады. Содан соң ғана
орнынан тұрады. Дәлізге шыкқаннан, далада демалған
жөн деп ойлайды.
Шамалы болса да таза ауа жұтасың. Денең сергиді.
Тыныс аласың. Әсіресе қыста жақсы. Тысқа атып
шығасың. Ища-ай! Сықырлаған суық қар, ащы
аяз бірден жауратып, аз уақыт бөгелсең бүрсең
қақтырады-ай...
Аппақ көрпе жамылған кәрі құдаң-қыс қашан түсер
екен?
Аязды, боранды күндері жақсы көреді, Шекер...
Ол бүгін сабақтан көңілсіз шықты. Енді ше? Үш
жылдан бері үзбей оқып келе жатқан сүйікті газеті
“Ұланға” жазылайын десе, үйде ақша жоқ. Құрылыс
мекемесінде жұмыс істейтін әкесінің жалақы алмағаны
алты ай. Балабақшада тәрбиеші мамасының ақшасы
жеті мың. Үйелменде үш бала. Бір інісі бірінші сынып-
та. Кенже сіңлісі Манар балабақшада. Мамасының
тілімен айтқанда, «балалар үлкейген сайын бейнеті де
көбейеді» екен.
Үйге жақындай берген Шекер кілт тоқтады. Ә-ә,
тапты! «Қаникул кезінде шемішке сатсам қайтеді? Ма-
мам қарсы бола қоймас?»
Шекер дүкен алдында қатар-қатар тізіліп шемішке,
өзге де ұсақ-түйек сатып отырған тәтелердің қасына
келді.
– Апай, бірдеңе сұрауға бола ма?– деді сәлемдескен
соң.
– Сұрай ғой.
– Шемішкені қайдан аласыздар?
– Орталық базардан. Оны не қылайын деп едің?
– Жәй... Бір шелегі қанша тұрады?
– 250 теңге.
– Онан соң үйге әкеліп қуырасыздар...
– Иә.
– Бір шелектен қанша стакан шығады?
– Ол, енді құпия. Айтуға болмайды. Қуын қарашы,
өзінің. Бәсе, тықақтап сұрағаныңа қарағанда шешеңді
шемішке сатуға үгіттемексің ғой. Кедергі болады, бізге.
Бар, сабағыңды оқы, одан да!
– Шекер ұялды. «Айтпасаңыз, айтпай-ақ қойы
ңыз»,–деді намыстанып.
Оның есіне дүңгіршектің қасында шемішке сататын
орыс кемпірі түсті. Үлкен кісі. Иман жүзді адам... Ше-
кер олай-былай өткенде, ылғи амандасып жүреді.
– Ә, қызым асығыссың ғой,– деді әжей бұның
сәлемін алған соң.
– Сізде жұмысым бар.
– Айта ғой.
– Бір шелек шемішкеден қанша стакан шығады?
– Санаған кім бар дейсің... Сатайын деп пе едің?
– Иә...
– Оның жөн. Сауда жасап, күні бойы сарғайып
отыру оңай емес. Ол қиын еңбек, әрі өнер балам. Ше
мішке сатып, ата-анаңа қолқабыс жасамақ ниетіңді
құптаймын. Бір сөзден бір сөзге көшіп, алжыған басым
ұмытып барамын. Қандай ес қалды бізде? Кім санаған
шелектегі шемішкені. Бері қара, мына стакан он бес
теңге тұрады. Сонда бір стақаннан бес теңге пайда.
Арғы жағын өзің есептей бер.
– Рахмет әже!..
Алғашқы күні Шекердің саудасы онша жүре қойған
жоқ. Бес стакан сатты. Тентек бір ұлдар ұрынып еді,
Валентина әжей айқайлап қуып жіберді.
Бірінші күнгі ақшасы жетпіс бес теңге шықты. Демек
жиырма бес теңге пайда. Ертеңінде саудасы біршама
жүрді. Түскі екіден кешкі алтыға дейін он стакан өтті.
Екі күнгі таза табысы жетпіс бес теңге...
Мамасы базардан әкеліп берген бір шелек шеміш
кені, алты күнде сатып бітірді, Шекер. Жинап жүрген
ақшасын санап еді, төрт жүз қырық теңге екен. Енді
«Ұлан» газетіне жарты жылға жазылуға болады. Ар
жағында жүз теңге қалады.
– Сізге рахмет!– деді мамасына ақшаны ұсынып
жатып.
– Алмай-ақ қояйын,– деді анасы. –Қалам қағазда
рыңның біріне жаратарсың! «Ұланға» кетті ғой.
– Жетеді мама, бірақ алты айға. Тіршілік жазса,
екінші жартыжылдыққа да жазыларсың.
Бүйтіп қуанбас! Меселін қайтармай орталық базар-
дан шемішке әкеліп, қуырып, тазалап берген мамасы-
на, саудасының жүріп кетуіне көмек еткен Валентина
әжейге шексіз риза еді... Жақсы адамдар көп-ау, өмірде!
Алтын алма, алғыс ал
Зулап келе жатқан үлкен автобус біртін-біртін
жылдамдығын азайтқан. «Аялдама сайын тоқтай
беретіні жаман»,– деп ойлады Нағашыбай. – «Шіркін-
ай, зулай берсе-зулай берсе, бөгелместен...»
Нағашыбай қиялдап, армандап отыра берер ме еді,
ернін қызыл ала шиедей бояп, бетін опадалаған бір тәте:
«Ары қарай жылжы, қанатыңды жаймай» демеген-
де. Тілі қандай ащы. Дауысын көтермесе қайтеді?» –
Нағашыбай ысырылып терезеге жақындады.
Келесі аялдамада дәу қара сөмке көтерген бір қария
отырды. Қолында таяқ. Белі бүгіңкі. Әжім айғыздаған
ажары айқыш-ұйқыш. Кірген бетте терең тыныстап
жан-жағына бажайлай қарады. Қарсы алдындағы орын
бос болатын. Соған жайғасты. Сөмкесін жақындатып
қойды.
Автобус зымырап «Орбита» дүкені аялдамасына
жеткенде, қара сөмке көтерген әже: – Оу, халайық
көмектесіп жіберіңдерші түсуіме! – деді. Ешкім үн
қатқан жоқ. Нағашыбай шыдап отыра алмады. – Әже,
мен қазір,– деп иін тірескен елдің арасынан өтіп, есік
көзіне тақап қалған қарияға жетті.
Қара сөмке мұндай ауыр болар ма! Әрі ақ қарда аяғы
тайғанақтап келеді.
– Алда қарағым-ай, белің қайысты-ау! Өзі де зіл
қара тас шығар, – деп қояды қария.
– Жоға әже, ауыр болғанымен дамыл-дамыл дема-
ламын ғой.
– Арқаңдағы сөмкеге қарағанда сабаққа бара
жатырсың-ау?
– Иә.
– Қалып қойма!
– Үлгіремін әже!
– Ой, айналайын, Алланың нұры жаусын! Тең құр
быңның алды бол! Келіп қалдық, үйге. Жазға салым
Көкшетау облыс орталығы болғанда, жалғыз ұлым
жұмыс бабымен сол жаққа көшкен. Аш отыр дей ме, бір
жолдас жігітінен оны-мұны, сәлем-сауқат беріп жібе
ріпті. Ана сөмкедегі сол базарлық қой, балам...
– Сізге арқалатпай– ақ, неге өзі жеткізіп тастамаған?
– Уақыты жоқ шығар... Сөмке жеткізіп берген бала
туралы сұрап келесің бе?
– Иә, әже...
– Е, ол ұлға рахмет! Үйге жеткізіп бер деп қалай ай-
тамын. Жұмыстағы кісі. Мазалап қайтейін. Автобусқа
отырғаныңа қарағанда қатынап оқисың ба? Қай жақта
тұрасың?
– Темір жол вокзалы маңайында, Ақжайық көше
сінде, қазақ гимназиясы биыл ашылды. Мамам осында
ауыстырған.
Қария екі бөлмелі пәтерде бір өзі тұрады екен. Үй
іші жып– жинақы. Басы артық дүние көзге түспейді.
Зал кішігірім ғибадатхана сияқты. Нағашыбай биылғы
жазда ауылдан келген нағашы атасына еріп, қала орта
сындағы мешітке барған болатын. Дәл сондағыдай
қарияның бөлмесінде Мекке-Мәдинаның суреті, үй
тұмары, тасбиқ ілулі тұр. Құбыла тұсқа бағытталып,
жаюлы жайнамаз жатыр.
– Күніне бес мәрте сәждеге жығыламын. Жара-
тушы Аллаға тәубе айтамын. Жақын қалды. Қанша
жүреміз,– деді әженің даусы бір түрлі дірілдей шығып.
Қария Нағашыбайға алғысын жаудырып бата берді.
... Сабақ басталыпты. Математика пәні өтіп жа-
тыр. Кәмила мұғалім қатал болғанымен жақсы кісі.
Нағашыбайдың кешігу себебін білген соң, үндеген жоқ.
Қайта риза болған сыңайлы.
– Балалар, Қалдыбаевтың жасағаны қайы
рымдылық! Үлкен кісіні сыйлап, қол ұшын беру
мұсылманшылықта сауапты іске жатады. «Сұлулық
өмірді сақтайды» деген орыстың ұлы жазушысы
Достоевскийдің де сөзі бар. Осыны естен шығармаңдар!
Апайларының әңгімесін тыңдаған оқушылар тым-
тырыс. Нағашыбайдың көз алдына ажарын айқыш–
ұйқыш әжім торлаған жүзі жылы қария келе қалғаны.
«Қалайда уақыт тауып, барып тұрамын» деп ойлады.
Мектепке асыққан Мейраш
Мейраш үйдің жалғызы. Содан да шығар ерке-тотай.
Өз дегені болмаса, ешкімге көнбейді. Қыңыр-қырсық.
Қисайған жағынан тұруы қиын. Көрсе қызарлығы
да жетеді. Қай кезде де құрбы қыздарынан, болма-
са аулада ойнап жүрген өзге баладан әйбат, өзгеше
бір ойыншық көрсе болды, қашан әке-шешесі сатып
әпергенше, тыным көрмейді. Қайта-қайта ызыңдап,
мазаны бек алады.
Жақында ауылдан келген әжесі кішкентай немересінің
бұл мінезін ұнатып, қолпаштап қойды. И-й, құлыным,
деген әжесі елжірей қарап. — Тұп-тура атасына
тартқан. Марқұм ол да көзі түскен затына тастай жабы-
сып, қадалған жерінен қан алар еді... И-й, құлыным–
ай! Әй, не зат мынаның манадан бері ызыңдап сұрап
жүргені. Әперіңдер түге! Әйтпесе, келесі пенсиямның
ақшасына өзім-ақ сатып алам...
Әжесі сөйтіп өбектеген соң, Мейраш арқаланбағанда
қайтсін? Мейраштың құрбы қыздарының көбі өзінен
үлкен. Мәселен көрші үйдегі Жанар екеуі жақсы дос.
Ол қыз үшінші сыныпты бітірген. Сегіз жасында мек-
тепке барған соң ба, ересек көрінеді. Бойы да сырықтай
ұзын. Жанардың Мейрашпен жасты алты жастағы
Еркінбек деген бауыры бар. Жанар сол інісімен көп
ойнамайды. Қай кезде де қолы қалт етсе, Мейрашқа
келіп, шүйіркелесіп жатқанқандары.
Жаз айы болатын. Бірде Жанар мен Мейраш ойнап,
әңгімелесіп отырды да, тақырыптарын мектеп жайына
әкеп тіреді.
– Жанар, сен биыл қай сыныпқа барасың?– деді
Мейраш сұраулы жүзбен,
– Төртіншіге.
– Оны неге сұрадың?
– Айтшы, мектепте оқыған қызық па?
– Әрине.
– Онда маған мектеп туралы әңгімелеші?
– Мектеп дегеніміз үлкен кеме.
– Қайдағы кеме?
– Мейраш, сөзімді бөлмей тыңда, жарай ма?
– Өзің кеме деген соң.
– Кеме дегенде, мен теңеумен айтып отырмын.
– Оны кім айтты?
– Сынып жетекшіміз Тұрар апайдан естігем.
– Түсіндім, енді сөзіңді бөлмеймін. – Бұртия қалған
Мейраш зейін қойды.
– Мектеп дегеніміз үлкен кеме. Білім теңіз, тіпті түбі
терең шалқар мұхит деуге болады. Ал біз-оқушы бала-
лар сол білім-теңізден оқып үйренеміз. Ақыл маржан-
дарын тереміз. Ана тілі, Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу,
Табиғат тану, Математика, Тарих деген пәндер болады.
Ол кітаптардан жан-жақты білім аламыз. Сусындай-
мыз. – Мәселен,–деді сол-пәл ойланған Жанар. – Жер
планетасы неге шар секілді? Адам қайдан жаралған?
Күн мен түн қалайша алма-кезек ауысып тұрады? Қар
мен жаңбыр неге жауады? Жұлдыздар неге түнде ғана
көрінеді? О-ой, толып жатыр, оқығандарымыз.
– Қандай жақсы, – деді әуестік билеген Мейраштың
көздері ұшқын атып.
– Асықпа, сен де жетесің.
– Соның бәрін өзіңнен естіп, біліп алсам қайтеді?!
– Онда еш қызық болмайды. Ең дұрысы мектепке
бару. Еңбектеніп, өзің оқығанға жетпейді. Айтқандай,
сенің жасың қаншада?
– Мамам айтқан, биылғы күзде қыркүйек айының
соңында алтыға толасың деп.
– Алтыға дейсің бе?– Жанар ойланды. – Жалпы,
алты жаста бірінші сыныпқа баруға болатын шығар. Ол
енді ең әуелі өзіңе, бойыңдағы құштарлығыңа, ынта-
ықыласыңа байланысты.
Кешкілік Мейраш тағы бір өнер шығарды.
– Көке,– деді теледидар қарап отырған әкесіне
келіп. – Менің мектепке барғым келеді.
– Алла қаласа, келесі жылы барасың.
– Оны білемін. Барайыншы...
– Талапты жетер мұратқа. Ақылыңнан айналдым!
Әй, мамасы! Мына қызыңның сөзін естідің бе? Мек-
тепке барамын дейді. Сөйлес, өзімен. Мектеп басшы-
лары кішісінбесе, мен қарсы емеспін.
Әке-шешесі мен Мейраш үшеуі ұзақ кеңесті. Ақыры
келесі жылы оқиды деп жүрген қыздары бірінші
сыныпқа баратын болды.
Мамасы жексенбі күні қызын ертіп дүкеннен жаңа
киімдер, кітап-қағаз, фломастер, қаламсап, әп-әдем
қызыл сөмке, тағы басқа қажет заттар сатып әперді.
Мейраштың қуанышы қойнына сыймайды. Бірінші
сыныпқа баратыны үшін, ең әуелі көрші Жанарға, одан
соң мектеп директорына, бұның өтінішін жерге таста-
май түсініп, қабыл алған көкесі мен мамасына дән риза.
Міне, Мейраш құрбы қыздарымен бірге сабақтан қайтып келеді. Қатарластарынан бір жас кіші болғанымен оқуға зерек. Үлгерімі жақсы. Бұрынғыдай күн ұзақ ойнай бермейді. Көп уақытын сабақ оқуға, білім алуға жұмсап жүр. Білім теңізінде жүзіп, бойындағы қабілет дарыныңды ұштап, ақыл көкжиегін кеңейткен қандай жақсы, балалар! Өрт Жаз айы. Күн ұясына қонақтаған. Достарымен аулада ұзақ ойнаған Дәурен әлгінде үйге енді. Анасы қызмет бабымен іссапарда, әкесі екінші ауысымда жұмыста. Нанға май жағып, термостағы шайдан ішті де, күндегі дағдысымен залдағы теледидарды іске қосты. Атыс-шабысқа толы сериал жүріп жатыр. Оған керегі осы еді. Басына жастық жастап, диванға жайғасты. Қатты шаршаған ол, киноның қызығына да қарамастан, көп ұзамай қалғып кетті. Бір кезде түс көріп жатыр екен дейді. Орман ішінде жүр. Айналасы өрт-жалын. Қашпақ болып жанталасады. Аяқтары ап-ауыр. Құдды тас байлап алғандай. Қозғала алмайды. Ұшар басы аспанмен таласқан биік, сәмбі талдар гүрс-гүрс опырылып құлайды. Шытыр-шытыр жанады. Бірақ өзі жайбарақат. Үсті-басы өрттен аман сау сияқты. Бір қараса, анасы жанұшыра жүгіріп келе жатыр. Жоқ... Япыр-ау, ұшып келе ме? Қанаты бар сияқты. Әкесі де елес бергендей. Келесі сәтте баланың қолқа тұсын ащы түтін бе, күйік пе бірдеңе ашытқандай болды. Бастырылып айқайлап оянды. Үй іші қара түтін. Басы ауырып көтертпейді. Санасы сайрап жатыр. Тұру керек деп
түйді. Әкесі: «Балам алда-жалда қиын жағдайға тап
болсаң сабыр сақта, сасып-салбырама» дейтін құлағына
құйып...
Дәурен, өзіне-өзі келіп, жігерін жанып шығар есікке
беттеді. Есіл-дерті көршілерге жету.
Безілдеп қоя берген телефонды көтерген қалалык өрт
сөндіру бөлімінің кезекшісі алдындағы дәптерге жаза
бастады.
– Өрт дейсіз бе?
– Ие, жанып жатыр...
– Қашаннан бері?
– Оншасын біле қоймадым,– дейді ар жақтағы адам
дызақтап.
– Үйдің адамдары аман ба?
– Аман.
– Мекен-жайларыңыз?
– Жеңіс даңғылы, 23 үй...
Айналасы он бес-жиырма минөттің ішінде асығыс
жеткен өрт сөндіруші қызыл машина мен атпалдай бес
азамат лапылдап жанған от жалынмен айқаса кетті.
Ұйқыларынан шошып оянған көрші-көлемнің де естері
шығып, жиналып қапты. Үлгергендері далаға жүгіріп,
үлгермегендері үйлерінде қамалып отыр. Өртенген үй
бірінші қабатта болғандықтан ба, әп-сәтте жылдам
өшті. Бірақ бықсып маңайды, подъезді түтін иісі алып
кетті.
– Өрт неден шықты екен?– деді бір орыс шалы тек
тұрмай.
– Телевизор жаныпты...
– О тоба!.. Сірә, сөндірмей ұйықтап кеткен ғой.
– Солай сияқты.
– Кім екен?
– Әлгі астыңғы қабаттағы өрт сөндіруші қазақ
жігітінің тоғыз жастағы ұлы.
– Жалғыз ба?
– Мәселе сонда...
– Ей, мұндарлар, кішкентай баланы бір өзін қал
дыруға бола ма?
– Папа! – Өрт сөндірушілердің жан беріп, жан
алған қарбалас жұмыстары саябырлаған тұста, екінші
қабаттағы балконынан естілген дауыс жиналғандарды
жалт қаратты.
– Құлыным-ау, амансың ба?
Жүгіріп төменге түскен ақсары ұл мен өрт сөндіруші
формасындағы ұзын бойлы жігіттің құшақтары айқаса
кетті.
Хисмет ата
Бұрынғы аудан орталығы Еленовка селосына
жазғытұрым қоныс аударғанбыз. Негізінен немістер
мен орыстар мекен еткен бұл жерден, екі-үш жыл
ішінде көп отбасы көшіп кетіпті. Соған қарамастан әлі
де іргелі ел. Орын тепкен жері қандай әдемі! Ауылдың
бір шеті қалың тоғайға сұғына еніп жатыр. Ар жағы
өркеш-өркеш таулар сілемі. Онда да небір жабайы
жеміс-жидек, алма ағаштары мол. Тек уылжып піскен
кезде, ерінбей теріп алсаң болғаны. Ауылда бау-бақша
өсірмейтін отбасы жоқтың қасы. Кең ауладағы жайқала
өскен көкпеңбек картоп сабағы мен түрлі-түрлі жеміс
көшеттерін көрсеңіз.
– Еркін, бір қызық кісімен таныстырайын ба?– деді
Есен деген көрші бала.
– Қызығы қалай?
– Ол кісінің ауласында не жоқ дейсің? Құдды био-
логия бағы. Жә, алдын ала айтпай-ақ қояйын. Өзің
көресің.
– Рұқсат ете ме?
– Сұрағың орынды. Бөгде адамдарды бау-бағына
кіргізе бермейді. Өзі бұрын райисполкомда істеген,
мектеп басқарған. Былайша кісі киіктеу, біртүрлі кісі.
Әсіресе бөтен балаларды жолатпайды. Саған қолқа са-
лып тұрған себебім, көкеңмен таныс сияқты. Екеуінің
әңгімелесіп тұрғанын бірнеше рет көзім шалды.
– Жарайды, көкеммен сөйлесейін...
Хисмет ата Есен айтқандай кісі киік кісіге ұқсамайды.
Көшімнің ұлы екенімді білген соң, бірден әжік-күжік
шүйіркелесіп кеттік. Қарағайдан салынған алты бөлмелі
үйде кемпірі екеуі ғана. Балалары үйлі-баранды, жеке-
жеке отау иесі. Алыста үлкен қалаларда тұрады екен.
Өздері туған жерлерін қимай, көшпей отырған көрінеді.
– Қартайған шақта қайда барамыз,-дейді қария.
Балаларымның кішкентай қара домалақтары жаз шыға
осында ағылады. Әйтеуір үлкен-кішісі бар, үпір- шүпір.
Күзге дейін балабақшаға айналады. Қысқы, көктемгі
каникул кезінде де сол. Бергеніне тәубе, Алланың!
Әлима әжейдің тәтті дәмділері көз жауын алған да-
стархан басынан азар тұрдым. Неше түрлі жеміс пен
көкөністі қимайсың. Қызығып біраз қарбытсам керек,
қарным сыздап барады.
Хисмет ата үй артындағы бақ ішін аралатты. Менің
көзім ағаш қадалардың басында ілінген әртүрлі бейне-
мүсіндерге бірден түсті. Таңырқап, ұзақтау аял жасасам
керек. Ата қасыма келді.
– Бұл табиғат туындылары. Мына бір ағаш мүсінге
назар салшы. Аумаған аю. Ал мынау түйе. Шөгіп
жатқан сәті бейнеленген. Мынау жылқы. Мынау қара
қарға.
Есен айтқандай кішігірім зоология бағы. Ал Хисмет
ата сол бақтың бағбаны.
– Бұларды қайдан таптыңыз? – деймін әлі де тан-
данып
– Мен өзі аңшы, саятшы адаммын. Қолым қалт етсе
тау-тасты, өзен-көлді, орман-тоғайды аралап кетемін.
Бұлардың бәрі даладан, ағаш арасынан тапқан зат-
тарым. Әрине, бәрі ұқсай бермейді. Кейбір келмейтін
жерлері аз-аздап өңдеп, қол тигізетінім бар. Болғаны
осы.
– Бұл табиғат тамашаларын мектеп оқушыларына
көрсететін екен,– дедім әсерленіп.
– Ол ұсынысты мектеп директоры да айтып еді.
Ойланатын мәселе. Меніңше табиғат аясына жиі-жі
шығып демалған, асықпай аралаған жақсы. Және әр
маусымның өзіне тән қызық-қуаныштары көп. Әсері
бөлек, – деді ата шабыттанып. Содан кейін маған бұ
рылып сөзін жалғастырды:
– Балам, мен ертең ертемен құс атуға жиналып
отыр едім. Қазір аң-құс аулау маусымы ғой. Менімен
ересің бе?
– Әрине, ата!– дедім мен қуанып.
Таң атып келеді. Күз аспаны ашық. Ауада салқын сыз
бар. Біз жаяулап біраз жүрдік. Бетіміз Шалқар көлі. Құс
атпақпыз. Хисмет атаның әңгімесіне қарағанда, кейінгі
жылдары құстар азайып кетіпті. Сонда да бір шолып
қайтпақпыз. Атаның иығында қосауыз мылтық. Мен
оқшантайды беліме байлап алғам. Ата алда, мен артта
келемін. Көлге таядық. “Бұқ” деп белгі берді, ата. Өзі де
екейіңікіреп, аяғын санап басып, сақ келеді. Кенет дүр
етіп бір топ дала үйректері үша жөнелді. Дымқыл шөпті
бауырымызыға төсеп жата-жата қалыстық. Ата сәлден
соң басын көтерді де, іле бұға қалды. Әуесқойлық би-
леп, мен де үңілдім. Жағаға жақындау жалғыз үйрек
жүзіп жүр. Ата еңбектеп барып мылтығын оңтайлап
атып жіберді. Құс қозғалар емес. Әлі жүзіп жүр. Екінші
мәрте атылды, мылтық. Үшінші рет. Тып-тыныш көл
маңайы жаңғырықты. Апыр– ау, оқ тисе құлап, ти-
месе ұшпаушы ма еді? Ата жалма-жан дүрбіні алып
қарады. Мәссаған! Мынау кәдімгі ағаш үйрек қой!
Тізеден келетін суды резеңке етігімен жалдап барып
алып шықты.
– Ғажап!–деді ата таң қалып,– Қарашы... Аумай-
ды ғой!
– Рас, – дедім мен ары-бері аударып қарап.
– Ағаш мүсіндердің қатарына қосылатын болды,–
деді ата да қуанып. – Көрдің ғой. Осылайша жинай-
мын мен ауладағы заттарды... Бірақ тірі болса атып
алмақшы едім. Оқасы жоқ. Бұл да олжа!
Біз сол күні ешқандай аңды да, құсты да кездестірген
жоқпыз. Есесіне Хисмет атаның зоология бағына тағы
бір қызық мүсін– ағаш үйрек әкеп қостық.
Момын дала құсы, өзге де ағаш-мүсіндермен бірге
әлі де Хисмет атаның ауласында тұр.
МӨЛДІР БҰЛАҚ
– Балам, анау шоқыны көрдің бе?
Қаракерге мінген қара шал, іркес-тіркес шөгіп жат
қан төбелерді, тобылғы сапты қамшысымен нұсқады.
Қалада туып өскен Темірланға бәрі таңсық, бәрі
жұмбақ.
– Дәнеңе көріп тұрғаным жоқ. Үйлері қайда? Бұ
зылып қалған ба? – деді ақсары бала таңырқап.
– Бұл ескі жұрт, балам...
– Әлгі көп айтатын Отияр ма?
– Дәл өзі, менің туған жерім.
– Ата, неге Отияр?
– Отты жер сөзінің баламасы болса керек. Бізбен
аталас Ақымбет Сапарғали ақынның:
Ақшәуліден жарысқан екі Нарын,
Иіп кеп Аягөзге құяр барын.
Қаңтарбай, Сұлушоқы, Отияр тұр,
Көрдің деп маған шықсаң жердің шарын,–
деген жыр жолдарындағы жер жаннаты – Отияр осы.
Ат қоюға шебер қазекем, осылай атаған екен. Әне,
байқаған боларсың. Биіктігі біршама. Басына шықсаң
көз жететін айнала-төңірек, тіпті анау алпыс шақырым
жердегі Аягөз де анық көрінеді.
– Ата, шығайықшы, Отияр тауына.
– Алла қаласа, шығамыз. Жазғы каникулың енді
басталды емес пе?
– Тағы да әңгіме айтыңызшы, ата!
– Е-ей, балам-ай! Бұл қазақ не көрмеген? Со-
нау «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»–жоңғар
шапқыншылығы кезінде Қаракерей Қабанбай баба-
мыз қалың қолымен келіп, осы араны жайлап, күзге
салым жауларына аттанған ғой. Әлгі үш жүздің бала-
сы жиылып, жау бетін кайтаратын уақыт ше? Тарихтан
оқытқан шығар мектепте?
– Оқыдық, ата!
– Бәсе, қазіргі балалар бәрін біледі. Көздері ашық,
көкіректері ояу. Айналайын, монтиған түріңнен сол...
Өтіп бара жатқан өмір-ай. Біздің бала күнімізде шөп
ырғын шығатын Отиярға. Аягөз өзенінің де арнасы кең,
суы мол еді. Мынау тоғай арасында мойыл, қарақат,
таңқурай, қой бүлдірген, долана сыңсып тұратын. Ой,
Алла-ай, қазір жер де тақыр, шөп те бәкене. Табиғат-
анаға жанымыз ашымайды. Атқылап, қазып, шұрқ-
шұрқ тесіп, ойымызға келгенді жасаймыз...
Қой, балам. Қосқа аяңдайық. Күн ысып келеді.
Әділбекжанның алдынан шығайық. Құлқын сәріден
отарын өргізіп кетіп еді.
Салт атты екеу тау бөктеріндегі жалғыз аяқ жолмен
төмен құлады. Өзен жағасы салқындау болғанымен
маса мен бүрге калың екен. Шақшиған күн. Төбеде
құйқылжыта ән салған бозторғай. Ақ қайыңдар мен
сыңсыған қарағай арасы жайқалып тұр. Қызыл, сары,
ақ қанатты көбелектер гүл қауызы мен шөп бастарына
ұшып-қонады, дамылсыз. Шегірткелер шырыл қағады
жарыса. Өз атын өзі шақырған көкектің дауысы нет
кен әуезді. Тұнық ауаны – дала ауасын қомағайлана
жұтты, ақсары бала.
Бұрын атқа мініп дағдыланбаған Темірланның әрі-
беріден соң екі саны салдырап қалды. Жирен тай
үркектеп, атылып кеткенде ерден ауып қала жаздай-
ды. Атасы қаққан қазықтай тіп-тік отыр. Құдды ерге
қондыра салғандай. Қаракер ат ерен аяңшыл. Лыпып
тартып бергенде, жирен тай ілесе алмай желе жөнеледі.
Қара шал не заматта көк шалғынды қүйқалы өңірге
ат басын бұрған. Төбе баурындағы шоқ жидеге жетіп
аттан түскен. Шөбі қалыңдау тұсқа еңкейе үңілген.
– Обал-ай, бітеліп қапты, – деді басын шайқап.
– Ата, ол не?
– Тұма ғой, балам. Көзін аршиық. Ақсын сылды-
рап. Адамдардан аялы алақан күтіп жатыр-ау...
– Тұма деген не ата?
– Балам, тұма – судың көзі. Бұлақ пен өзеннің басы.
Кәдімгі арналы өзендер, үлкен-үлкен дариялар осын-
дай тұма-бұлақтардан бастау алады. "Бұлақ көрсең,
көзін аш" деген сөз бар қазақта. Бес-алты жылдай бұл
жаққа ат ізін салмап едім, көрдің бе, шөп-шалам ба-
сып қалғанын. Сусырап отырған жоқпыз. Бірақ тұщы,
мөлдір бұлақ суына жете ме? Даланың аң-құстары да
ішіп, рахаттансын.
Бесін ауғанда Қажыбай қарт немересін ертіп тұма
басына келді. Білек сыбанып іске кірісті. Бастау ба-
сын арам шөптен, қиқым-қоқыстан тазалады. Тізеге
дейін тереңдікті қазып-аршыды. Сосын белін жазып,
маңдайдан моншақтаған терін бет орамалмен сүртті.
Атасының қимылын бағып үнсіз отырған немересі:
– Ой, қандай жақсы! Шайға суды өзім әкеп тұрам,
– деді қуанып.
– Әрине, балам.
– Ата, су неге кір?
– Кір емес, лай. Тұнады, қазір.
Аздан соң жер астынан шымырлап шығып жатқан
қайнар бұлақтың суы мөлдірленіп, түбіндегі қиыршық
тастарға дейін айқындалды. Қария бісіміллә айтып бас
тау суынан бір кесе көсіп алды да, басына бірақ көтерді.
Темірлан да ішті. Қандай дәмді, тұщы еді, бұлақ суы!
Әрі мұздай...
Күн көкжиекке құлады. Аптап ыстық беті қайтып,
желпіп салқын самал есті.
– Екінді намазын өткізіп алмайын, үйге қайтайық,
– деп атасы жинала бастады.
Баланың бұлақ басынан кеткісі жоқ. Бір түрлі бау-
ыр басып қалғандай. Суы сылдырап аққан мөлдір бұлақ
моп-момақан қалыпта жұртта қалып бара жатты.
КҮРЕҢ БИЕ
– Әке, әке!.. Күрең бие тағы қайтып кепті!
Шөп қорада шалғы шыңдап отырған Сембі қарияға
тоғыз жасар Сәдібек жүгіріп жеткен. Жерден жеті қоян
тапқандай мәз. Мұрны делдиіп тұр.
– Отағасы шалғысын жанына ысырды да:
– Рас айтып тұрсың ба? – деді тұруға ыңғайланып.
– Шын...
Қара шал сасқалақтап дегбірсізденгендей. Орны-
нан тұра алмай жатқан әкесін, Сәдібек қолтығынан
сүйемелдеді.
Қабырғалары ырсиған арқасы жауыр кәрі бие басын
бұрды. Үйренген дағдысымен иесіне еркелеп тұмсығын
созды.
– Қуарған! Қайтейін! – Анау-мынауға қайыспайтын
қара шал күрең биенің жалынан сипап, мойнынан
құшақтады. Ләм-мим демей ұзақ тұрған.
– Кешір, – деді бір кезде. – Бір білместік өтті.
Ақымақ басым... Обал-сауапты ойламайтын оңбаған
дар, түгіңді қалдырмапты-ау! Қолтумам едің... Кешір,
кәрі ақсақалды! Ешқайда жібермеймін енді. Ақшасын
қайтарып беремін.
Сәдібек аң-таң. Әкесінің көзінде жас. Баланың
құйтақандай жүрегі дүрсілдей соқты.
Ақпанның ақ бораны түтеп тұр. Оппа қарды
омбылаған күрең бие болдыра бастаған ба? Арагідік,
дамыл-дамыл тоқтайды. Иесінің делбе қаққанын
күтпестен алға ұмтылады. Жылай-жылай шаршаған
сәби қалғып кеткен. Танауы пыс-пыс етеді. Өн бойы
ысып-жанып, қатты ауырған ұлды алдына алып, қалың
тұлыпқа оранған әйел де әбден титықтаған. Ұйқы–
дұшпанға ерік берсе, сол жерде қисая кетпек.
– Бәтима, ояусың ба?
Еңсеріле артына бұрылған еркек, не заматтан соң:
«Ие, ояумын» – деген жауап естіді.
– Жаңылмасам, Егізқызыл тауының етегінде ке
леміз. Алла қаласа, көп ұзамай Аягөзге де ат басын
тірерміз. Үні шықпайды ғой, Әлібекжанның. Тыныш
талған ба?
– Ұйықтады.
Боран түтеп тұр.
Айнала алағай да бұлағай...
Отағасы күрең биеге қамшы үйірмейді. Делбені бос
тастап еркіне жібереді. Бұл жолы да сөйтті.
Бағыт-бағдарды
жақсы
білетін
есті
жануар,
қысылтаяң кезде әсте жолда қалдырған емес. «Өкпесіне
суық тиген Әлібек ағаңды, емханасы, дәрігері жоқ, со-
нау шалғайдағы шопан қыстауынан, қалаға аман-есен
жеткізген осы күрең бие”–дейді анасы әркез боранды
қысты есіне түсіріп.
Сол Әлібек ағасы қазір үйлі-баранды. Семейде
тұрады.
Шынында күрең бие, оң аяғын соғысқа «сыйлаған»
жарымжан шалдың қанаты, сенімді серігі еді. Өзі
жуас, өзі міңгі, қолтума бие қара күш иесі де. Нығыз
тиеліп, бастырықпен бастырылған бір арба шөпке қыңқ
демейді-ау. Қолдағы малдың шөбін шөп машинаға
жегіліп шабатын да, сонау Көкжайдақтан таситын да
бір өзі. Жиырма шақырым жердегі кеңшар орталығы
Қарағашқа да, алыс қалаға да апарып, әкелетін осы
жасаған бие. Әкесінің әңгімесіне қарағанда, қытымыр
қыстағы алай-түлей боран мен қоңыр күздің қалың
жаңбырында адастырмай, діттеген жеріне жеткізетін
де осы жануар.
Қателесу оңай көрінеді...
Үйелмендегі сегіз балаға да, өзіне де бауыр басқан
ширек ғасырдан серігі – күрең биені, жазғытұрым етке
өткізіп жіберген әкесі.
Қара шал өзін-өзі жек көрді...
– Қу жалған! – деді өкініп...
Бұл күрең биенің үшінші келуі.
Онда қазіргідей арқасы жауыр емес-тұғын. Қазы
наның малына қалай болса, солай қарайтын, тепеңдеп
үстінен түспейтін шопанның жаны аши ма? Өлмесе,
өміре қапсын дер. Шағым айтуға тілі жоқ жануар,
арқасы ерден босаған сәтте қара шалға тартқан-ау.
Отағасы биені күндіз қораға байлап, мол етіп көк
шөп салды, жем берді. Жетелеп өзеннің тұщы суына
апарады. Түнде шөбі шүйгін жерге арқандайды. Алай-
да оңалатын түрі байқалмады. Ширап, қоң ала ма десе,
одан сайын жүдеп, арып бара жатты. Бір күні таңертең
арқандаған жерінде жоқ болып шықты. Қарамаған
жерлері қалмады. Бесін ауған шақта Мықтының тауы
етегіндегі қалың ағаштың арасынан тапты. Керіскедей
ұзын мойнын соза түсіп, жан тапсырыпты, жануар.
Жер қазып, сүйегін көмді.
– Міністен емес, кәріліктен, қайғы-құсадан өлді,–
деді әкесі мұңайып.
Сәдібектің де жан-дүниесі алай-түлей.
Қара шалдың жанарынан тарам-тарам жас ақты.
ертегілер мен
мысалдар
ҮШІНШІ БӨЛІМ
МҰЖЫҒЫН
Ақсары бала әдеттегісінен кештеу оянған.
Сағат тілі он бірге тақапты. «Күндегідей
жетіде тұрып, ертеңгілік шайымды асығыс
іше сала, мектепке жүгіре жөнелуден
құтылдым, – деп ойлады есінеп. – Жазғы
каникулдың басталғаны кеше. Алда үш ай
демалыс бар. Қандай тамаша!»
Нұржан төсек-орнын жинап, беті-қол
дарын суық суға жуып еді, ұйқысы шайдай
ашылды. Дене шынықтыру қимылдарын жа-
сап жатқанда, бұрыштағы сары телефон сай-
рап қоя бергені. Анасы екен.
– Ботақаным, оразаңды ашқан соң, келіскеніміздей
күнделік-кестеңді қағазға түсір. Каникулда не істей
тініңді рет-ретімен жаз, жарай ма? Компьютер-
ге телміріп отырып алма! Көз жанарыңды құртасың.
Түскі асқа келіп қалармын...
Анасының нұсқауын іске асырмаса, миын шұқып
қақсай береді. Әкесі ондай емес. Ешқашан дауыс көтеріп,
айқайлағаны есінде жоқ. Нені болсын сабырмен, ба
йыппен жеткізеді. Соның өзінде мысы басып тұратын
сияқты. Ашуланғандағы әдеті, қабағын қарс жауып
алады. Ондайда баланың берекесі қашып, әкесінің тап-
сырмасын бұлжытпай орындауға тырысады-ақ.
Әбігер шешесінің мазасыздығы баланы ығыр
қылады. Бірақ амал не? Адам туғанда әке-шешесін
таңдай алмайды ғой. Әжесінің сөзімен айтар болсақ,
ол – Алланың ісі. Бала біткен ата-анасының ақылын
сөзсіз орындауы тиіс.
* * *
Ертеңгілік шайын ішіп болған бала ыдыс-аяқтарды
жуып, жинады да, жазғы демалыс айларында не істеу
керектігін рет-ретімен жаза бастаған. Негізгілерінің
астын сызды, «оқитын кітаптарым» деген тұсқа жетіп,
ойланыңқырап қалды. Қандай шығарма таңдайды?
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқысам деп
оқталды да, іле қазақ ертегілеріне көңілі ауған. Бұл иде-
ясы ұнағаны сондай, кітап сөрелеріндегі «Қазақ халық
әдебиеті», «Ертегілер, Үшінші том» деген жинақты
алып, парақтай бастады. «Ағаш ат туралы» ертегінің
бас жағына көз жүгіртіп еді, жетелеп барады.
«Баяғы заманда атақты бір патша болыпты. Оның
күндей сұлу үш қызы, айдан аппақ бір ұлы болыпты...»
«Тоқтай қал, Нұржан... Күндей сұлу дегені жөн,
айдан аппақ ұл бола ма?!. Айдан аппақ. Айдан аппақ.
Айдың аппақ болғаны ма? Олдағы жерге ұқсаған өзге
планета ғой? Геогафия пәнінің мұғалімі Қалдыбек ағай
солай айтқан. Иә, картадан қарасаңыз, Жер де, Ай да
дөңгелек...»
Көз қаласындағы қазақ орта мектебінің 7 сынып
оқушысы Нұржан өз қатарластарынан озық, оқу
үздігі болатын. Физика-математика және әдебиет
пәндерін жақсы көреді. Кейде сыныптастарының ара-
сында әлдебір тақырыпқа байланысты талас туғанда,
өз көзқарас-пайымын жүйелеп, нақты мысалдар-
мен әңгімелегенде, достары ұйып тыңдайтын. Кейде
қызды-қыздымен қиял пырағына мініп, аздап әсірелеп,
әдемілеп, төндіріп, қиыстырып жіберетін. «Мен неге
елден ерек сыншымын осы? Мынау неге былай, анау
неге олай, деген сауалға миымды қатыра бергенім дұрыс
емес шығар, әсілі», – деп ойға кетті ол, ертегі кітабынан
көзін алып. «Ертегі болған соң, ертегі де... Соңына
жетейін...»
«... Күндердің күнінде патшаға өнерпаз үш жігіт
келіпті, оның біреуі қолына тауыс (көркем түкті құс),
біреуі мыстан істелген қоңырау, біреуі ағаштан жасалған
ат ұстап кіріпті ...»
«Қызық? Тауыс, мыстан жасалған қоңырау, ағаш ат,
Һім-м... Қазақ тіліндегі осындай ертегілерді оқымаймыз
да, таңдай қағамыз... Біздің сыныптағы оқушылардың
есі кетіп, көріп жүрген Гарри Поттерден қай жері кем,
бұл ертегінің? Ары қарай не болады?» – Кітап сөресінің
қасында тұрған Нұржан, өз бөлмесіне келіп, үстелге
жайғасты да оқуын жалғастырды.
Оларға патша:
– Бұл көтеріп жүргендерің немене? – деп сауал
қойыпты.
Тауыс ұстаған жігіт:
– Тақсыр, сіз өз қатарыңыздағы патшалардан асқан
ұлы патша болдыңыз. Біз сіздің заманыңызда оқып
өнер тапқан кісілер едік. Сізге өнерімізбен істеген та-
бысымызды әкеліп отырмыз. Мына менің қолымдағы
тауыс жанды сағат. Ол әр сағат сайын шақырып, өткен
мезгілді білдіріп отырады».
«Ғажап», – деді бала. – «Қоңырау шеттен кел-
ген жауды біледі. Қақпаға іліп қойса, қастық оймен
қамданған дұшпандарды сезіп қалып, күміс үні сыңғыр
лап дыбыс шығарады. Мемлекеттің қауіпсіздігі үшін
арнайы соғылыпты. Ал ағаш атпен ұшып, діттеген жер-
ге қас-қағым сәтте жетуге болады екен...»
Ағаш аттың кереметін көруге көпшілік қауым жи-
ылды. Әркім атқа мініп, аяқтарын тебініп, тақымдап
көрді. Ағаш ат міз бақпады. Орнынан қозғалмады.
Патшаның баласы келіп атқа отырғанда, ағаш атты
жасаған шебер бір тетікті қозғап жіберді. Ат біртін-
біртін көкке көтерілді. Шаһардың сұлбасы бұлдырап,
көзден тасаланған шақта, патшаның баласы: «бұл
мені жойғалы жасалған зат болар» деп қорықты.
Ағаш аттың бүйірін сипап жүріп, оң жағынан бір, сол
жағынан бір шағын тетік тапты. Оң жағын басқанда
жоғары өрлеп, сол жағын қозғағанда төмен түсетінін
білді. Сөйтіп ағаш атты игеріп, қалаған жағына ұшты.
Жердегілер шаһзаданы қашан қайтып оралар екен деп
күтіп қала берді.
Патшаның баласы көкті сайрандап, талай қаланың
төбесінен өтті. Бір мезетте көк ағашты, ағын сулы, бау-
бақшалы қалаға көзі түсті. «Бұл қандай қала болды
екен?.. Қай мемлекетке қарайтын жер екен?» деп ойла-
ды. Қалаға қызыққаннан сонда түспекші болды. Қайда,
бұлттың үстінде үш күншілік биікке ұшып жүрген ат,
жайлап жерге түскенше күн батып, қараңғы болып
қалды. Шаһзада атын жайлап әкеліп, бір керемет үйдің
төбесіне түсірді...»
* * *
Балаға ертегі ерекше әсер етті. Қым-қиғаш қызықты
оқиғалар көз алдына елестеді. Құдды кино көргендей.
Кино демекші, бұның кішкентай кезінде, әжесі айықпас
ауруға шалдыққан анасына шипа іздеген бала жайлы
ертегі айтып еді.
* * *
Ертеде бір байдың жалғыз баласы болыпты. Ол
ақылдылығымен жұрт көзіне ерте түседі. Әкесі ауы-
рып, көп ұзамай көз жұмады. Анасы екеуі қалады.
Отағасыдан қалған мұра мол. Үйір-үйір жылқы, қора-
қора қойдың санында есеп жоқ. Үлкен сандық толы
гауһар мен алтын, күміс.
Баланың қолы ашық, жомарт екен. Кембағал кедей
мен жоқ-жітік адамдарға сұрағанын береді. Анасы да
ұлының ізгі ниетін түсініп, жақ ашпайды.
Бір күні анасы қатты ауырып, жатып қалады. Бала
уайымдап, анасының жазылуына ем іздеп, алыс-жақын
жерлерден атақты дәрігерлерді алдырады. Жеті күн де-
генде иман жүзді бір қария келіп, сырқат ананың тамы-
рын ұстайды.
– Жаман дерт екен, – дейді басын шайқап.
– Не істеуім керек? Шипасы бар ма? – дейді бала
қадалып.
– Таба алмайсың, бәрібір...
– Анам үшін жаным садаға!
– Ауруды жіберген Алла, шипасын да жіберер!
– Тәуекел!
– Анаңа жаның ашиды екен. Ниетің түзу... – Аз-
кем үнсіз отырған қария сөз бастады:
– Жазық және аласа таулы жерлерде, арық
жағаларында, сайлардың дымқыл жерлерінде өсетін
Мұжығын деген шөп болады.
Бұл – тік өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Биіктігі екі қарыстай. Түп жағының жапырағы үлкен,
ұзын сағақты, жоғарғы бөлігінің жапырағы кішкене,
қысқа сағақты немесе сағақсыздау, кең қандауыр
тәрізді, бүтін жиекті немесе болымсыз ара тісті келеді.
Шоқ бас гүлі шашагүл шоғырын құрайды. Гүлі сары
түсті, ернеуі тіл тәрізді.
Осы шөпті тауып әкелсең, анаң ауруынан жазылады.
* * *
Бала жолға шығады. Алғашқы ет қызуымен
тоқтамастан үш күн, үш түн жүреді. Мезгіл көктем
болғанымен жер саз, жол ауыр. Ертеңінде ақшам
уақытында арналы үлкен өзенге тап болып, белін жа-
зып демалады. Төңірекке қарап отырса, анадай жер-
де қарайған бір мақұлық тыпырлап жатыр. Бұл не деп
тақау келсе, аяқтары аспанға қарап сазға батқан кәдімгі
тасбақа. Баланың жаны ашып, жағаға алып шықты.
– Тұншығып өліп барады екенмін. Алғысым шексіз
саған, – дейді тасбақа.
– Көріп тұрып құтқармасам, кім болғаным, – дейді
бала шынын айтып.
– Осылай тыпырлап жатқаныма біраз болды. Ке-
шеден бері қаншама адам өтті бұл жерден, ешкім назар
аударған жоқ.
Тасбақаның көңілі босап, көзіне жас келді.
– Байқамаған шығар...
– Неге байқамасын? Өзіңдей мейірімді жанмен
жолықтырған Алла! Көрер жарығым бар екен.
– Қайда бет түзедің?
– Анам сырқаттанып, ұзақ сапарға шығып едім.
– Бір қажетіңе жарармын. Басыңа бір іс түссе,
көзіңді тарс жұмып, мені есіңе ал, – дейді тасбақа.
– Жарайды, – деп бала жүріп кетеді.
Жүріп келеді, жүріп келеді. Бірде қырға, бірде тауға
өрмелеген иір-қиыр дала жолы таусылар емес.
Күндердің бір күнінде, екінді ауған мезгілде, ну
орманға енер тұста тізе бүгіп, демалып отырады да, көзі
ілініп кетеді. Құдды өңіндегідей анасымен қауышады,
түсінде. Жүзі жайнаған анасы жайдары. Үстіндегі
киімдері шыттай жаңа. «Балам-ай, шалдығып-шар
шадың-ау!.. Бір өтінішім бар. Қашан да жәрдем
сұраған тіршілік иелеріне қамқор бол! Қолыңнан келсе,
жақсылық жаса! Үйткені, мейірім иесін Тәңірі жақсы
көреді. Жебеп-желейді.»
Аққу кейпіндегі анасы қанаттарын қағып-қағып,
аспан әлеміне әуелей көтеріліп көрінбей кетті.
Бала оянып кетті. Бойы сергек, тың, өн бойына
қуат кіргендей қунап қалыпты. Жүрмек ниетпен тұра
бергенде, шырылдап олай бір, былай бір ұшқан ана-
қарлығашқа көзі түсті. Аса мазасыз, абыржулы. «Бұл
жай емес» деп бала қарлығаштың соңынан ілесті. Діңі
жуан ақ қайыңның түбіне келсе, айыр тілін сумаңдатып,
алашұбар жылан сәмбі талдың ұшар басындағы
қарлығаштың ұясына жетіп қалыпты. Қолындағы
өткір қылышпен тартып қалды. Сол мезетте ана-
қарлығаштың қызыл шақа балапандары ұлардай шулап
қоя берді.
– Алғысым шексіз саған, ей адам! – деді ана-
қарлығаш.
– Көріп тұрып құтқармасам, кім болғаным, – деді
бала.
– Әлгінде ғана салт атпен бір кісі өтті. Сол сәтте
алашұбар жылан енді-енді өрмелеп бара жатқан. Ара-
ша сұрадым, шырылдап. Қайырылып қараған да жоқ.
– Жанары жасқа толы ана-қарлығаш мұңын шақты.
– Байқамаған шығар... Сөкпе ешкімді!
– Қайда кетіп барасың?
– Анам қауіпті дертке ұшырап, жолға шығып едім.
– Қажет кезде мені есіңе ал, – деді ана қарлығаш
қош айтып.
Күн соңынан күн өтті.
Ай соңынан ай өтті.
* * *
Тоқымдай құрақ көрпесін жерге жайып, азық-түлік
салған қоржынын басына жастанып жата қалған. Көзі
ілініп кетіпті. Ақ сақалды, ақ сәлделі, қолында ақ таяғы
бар қария тақау келдіде:
– Анаңның сырқатына шипа іздегенің сауапты іс.
Әмсе, Тәңірі жарылқасын! Алған бетіңнен қайтпа! Көп
ұзамай табарсың,– деді.
Бала көзін ашты. Апыр-ай, өңі ме, түсі ме? Ақсақал
қайда?!.
– Көзіңді жұм!
Кірпіктері қамасып, беймәлім дүниеге енген. Ақ
сәлделі ақсақал жымиып нұсқау берді:
– Аса қамқор, ерекше рақымды Алланың атымен
бастаймын де!
– Аса қамқор, ерекше рақымды Алланың атымен
бастаймын!
Қалықтап бара жатқанын сезді. Қандай ғажап,
қандай қызық, мына көрініс! Іп-ілезде іркес-тіркес,
жылжып, жүзіп бара жатқан ақ бұлттардың арасынан
табылды. Бұлттар сондай жұп-жұмсақ. Бет-жүзін ая-
лай сыйпайды. Ығысып жол ашады.
– Анасын ардақтаған перзент сендей-ақ болсын!
Қатарласа қалықтап аппақ бұлт еріп келеді.
– Рахмет! – деді бала жымиып.
– Жолың болсын, жолаушым! – Аппақ бұлт біраз
жерге дейін ұшып келді де, қоштасып қалып қойды.
Ғажап! Ақша бұлттар сонау-сонау төменде, бұл әлі
ұшып келеді. Төңірегіне хош иіс шашқан гүлдердің иісін-
ай... Сылдыраған кәусар бұлақ дыбысы қандай әуезді.
Ұшар басын мұз басқан асқар таулар. Етегі сыңсыған
орман. Құйқылжыта ән салған әнші құстар.
Алтынмен апталып, күміспен күптелген үйдің алды-
на келіп, ішке енді. Тоқымдай құрақ көрпесі кіре беріс
бөлмеде қалды.
– Бұл сенің үйің, – деді ақсақал. – Қаласаң тұруыңа
болады.
– Неге? –Түсінбей, таң қалды.
– Ол сауалыңа жауапты естірсің. Әзірше арала, көр.
Өзінің жалаң аяқ, жалаң бас екендігін сезді.
– Қорықпа! – деді ақсақал жымиып.
Тәй-тәй басқан сәбидей үркектей қарап алға аттаған.
Қызылды-жасылды гүлдерді басуға аяншақтады. Жа-
пырылып, тырбиған бақайларымның іздері қалып
қояды-ау деп қорықты.
– Қысылма, жүре бер,– деді қария.
Біреу қуып келе жатқандай, алға озған адымдап.
– Артыңа бұрыл енді!
Жапырылып қалады-ау деген гүлдері бұрынғыдан
да құлпыра түскен. Таңғажайып мекенді армансыз
аралады.
– Шаршасаң, үйге кір, – деді қария.
Не деген көп бөлмелер! Бірімен бірі жалғас, салы-
на берген, салына берген. Әр бөлменің қабырғасы,
шаңырағы, тіпті босағасына дейін өсімдік. Әдемі
сарайдың сыртқы қабырғасы толы жаңғақтар. Ар-
шып, желімдеп қойған сияқты. Үй деп жүргені, кәдімгі
киіз үй!
– Ата, жесем бола ма?
– Жей ғой, – деді қария.
Оң қолын созып еді, қабырғадағы жаңғақ дәні уысына
толып кетті. Асады, армансыз. Қарны сыздағанымен,
көзі тоймайды.
– Кекірік атып, тым-тым ашқарақтанған жаман
ғадет. – Жаңғақ дәнін аузына апара бергенде, ми
қабыршығына ұқсас кішкентай түйір тіл қатты.
Бала қолын тартып алды.
– Ашқарақтықтың екінші аты не екенін білесің бе?
Алақандағы түйірдей дәннің төтесінен қойған сауа-
лынан ұялды, бала.
– Нәпсі дейді,
– Нәпсі?
– Неге таңқаласың?
– Алғаш естіп тұрмын.
– Білмесең, тыңда!
– Айтыңыз.
– Әр нәрсенің орны бар. Ұйқының да, күлкінің де,
тамақтың да...Нәпсі жәйлі мағлұмат білгің келсе, мен
саған асықпай әңгімелейін.
– Тыңдайын, – деді бала.
Түйірдей дән сөзін сабақтады.
– Адамда екі рух бар. Біреуін рух-хайуани дейді.
Бұл Алла тағаланың құдірет сипатының араласуы-
мен жаратылған. Екіншісі, рух-сұлтани. Ол да Алла
тағаланың көркем сипатымен жаратылған. Денеде осы
екі патшаның бір-бір уәзірі және адамның рухани бас-
шысы бар.
– Қызық...
– Дене табиғатын осылар арқылы басқарады. Рух
хайуанидың ақыл кеңесшісі – шайтан. Ол шайтандар-
мен кеңеседі. Рух сұлтанидің уәзірі ақыл және періште.
Ол солармен ақылдасады. Рух-хайуанидің зауқы –
ішіп-жеу, киінуге ғана соғады. Яғни, сырттай адамға
ләззат беретін не болса, солардың барлығынан күш тау-
ып, рухи сұлтаниды жеңіп отырады. Рух – сұлтанидің
қалайтыны – зікір, пікір, ғибадат және Алланың әміріне
бағыну, жақсылық жасау, кісілікті болу, отаныңды сүю.
Әрі Алланың тыйымдарынан қашу. Рух – сұлтани,
міне, осыларды жасау арқылы рухи-хайуаниден басым
түседі.
Бұлар денеде билік құрады. Біреуінің сипаты
екіншісіне қайшы келгендіктен, бір-бірімен үнемі қарсы
келіп жатады. Рух-хайуанидің негізі, ерекше күшпен
жамандықты әмір етеді. Оны – н ә п с і дейді. Әлгінде,
сен қызығып жаңғақ дәнін тойғанша жедің. Қарның
сыздаса да, көзің тоймады. Нәпсінің жетегіне ердің...
– Өзім де ұялып тұрмын...
– Бұдан былай нәпсіңді ауыздықта! Сабыр сақта!
– Қолымнан келе ме?
– Келеді, – деді түймедей дән баланың көздеріне
тура қарап. – Оған мысал, қиын сапарға анаң үшін
жалғыз шығуың үлкен адамгершілік! Үлкен ерлік! Он-
дай қажырлы адам өз нәпсісін де тежей алады.
– Бұл сөздерің жігерімді шыңдады,– деді бала.
– Әңгімем аяқталған жоқ...
– Жалғастыр, – деді бала.
– Рух – сұлтанидің негізігі сипаты – сәфиә. Оны
адамшылықтың сипаты деп те атайды. Мұндай сипатқа
ие болған кісі нағыз адам. Бұл – Алла тағаланың жақсы
сипаты. Сондықтан осы екі сипат бір-біріне қарама-
қарсы, адам ағзасында шайқасып жатады.
Яғни, рух-сұлтани рух-хайуаниді қараусыз қалдыр
май, онымен ылғи күресіп отырса, онда қарсыласын
өзіне тәуелді етеді. Әрбір бұйрығына бағындырып,
илаһи әмірді орындаған болады. Түсіндің бе?!
– Түсінгендеймін...
– Мынау дөңгеленген дүниедегі алуан түрлі
соғыстар, қырқыстар, қиянаттар, қызғаныштар, көре
алмаушылықтар, тағы басқа толып жатқан тойым
сыздықтар,
әлгі
рух-хайуанидің
амал-әрекеттері.
Адамзаттың жол бастаушы серігі рух-сұлтани бол-
са, жайлы тіршілік орнайды жер бетінде. Сонау-
сонау ықылым заманнан айтылып келе жатқан,
ата-бабаларымыз аңсаған, қой үстіне бозторғай жұ
мыртқалайтын өмір дегеніміз сол.
– Ғажап, – деді бейіс нұрына шомылғандай сезімдегі
бала – Ғажап...
* * *
– Жә, балам, асқазаныңа ел қонды ма? Жайланды
ма, көңілің?
Қарсы алдында қария тұр.
– Гүл жайнаған мекенді тамашалап жақсы дем ал-
дым...
– Бәрекелді! – деді қария.
– Еліме қайтсам бола ма?
– Тоқымдай құрақ көрпеңді тапсаң, рұқсат беремін,
таба алмасаң, осы жерде қаласың.
– Іздеп көрейін...
Бала бір-біріне ұқсас бөлмелерді ұзақ арала-
ды. Бәрінің іші қызылды-жасылды шөп, түрлі-түрлі
өсімдіктер. Басқан ізі байқалмайды. Аралап-аралап
келіп, екінші есіктен далаға шықты. Бұл жерде құрма
ағаштары жайқала өсіп тұр. Екеуін алды. Біреуі өзіне,
екіншісі анасына. Екі-үш құрманы жеп көріп еді, ғажап,
орнына құрмалар қайтадан өсіп шыға келді. Баланың
басына тамаша ой келді. Бұрылып үйге енді де:
– Аса қамқор, ерекше рахымды Алланың атымен
бастаймын!,– деді.
Көздерін тарс жұмып, қолдарын алға созды: « Та-
была көр, мен іздеген құрақ көрпе!» Алға аттап еді, бір
бөлменің есігі ашылды. Көзін ашса, тоқымдай құрақ
көрпесі жатыр алдында.
– Ата, ата, таптым!– деді қуанғаннан.
– Қайта ғой еліңе, рұқсат...
Ақ сәлделі ақсақал қолын бұлғап, қоштасу рәсімін
жасады.
Бала тоқымдай құрақ көрпеге отыруы мұң екен,
көзді ашып-жұмғанша, өзі келіп тоқтаған тау бөктеріне
дік ете түсті.
Күн көкжиекке тақапты. «Қараңғылық түскенше
біраз жерді өндіртіп тастайын», деп орнынан тұрды.
* * *
Бала қалжырап шаршағанына қарамастан көз ұшында
көрінген шаһарға жүріп кетті. Аяқтарына тас бай-
лап қойғандай, отыра кетсе тұруы неғайбыл. Діңкелеп
шаршаған шақта, аз уақыт аялады. Көкжиекке таяған
шартабақ күнге қолын көлегейлеп ұзақ қарады.
О, тоба! Шаһар үйлері шашыраңқы һәм жұпыны.
Көшелері қисық, бұралаң. Қала халқы ауа көшкендей,
өлі тыныштық үрей шақырады. Батыс жақта арналы
өзен ағып жатыр. Су беті қап-қара. Тағы таң қалғаны,
арналы өзеннің арғы жағы да қала. Қала болғанда
қандай! Аршыған жұмыртқадай ақ шаңқан үйлер!
Оқтай түзу көшелер! Аспанмен таласқан биік-биік
сәмбі талдар. Көк желекке малынған гүлзарлар.
Осындайда кереғарлық болады екен-ау... Арна-
лы дарияның екі жағындағы екі қала – екі әлем. Бірі,
сүреңсіз-сұрқай, екіншісі – жәннатты жасыл баққа
оранған. «Өңім емес, түсім шығар», деп ойлады бала.
Мына қызықты қараңыз. Сәнді қаланың тұрғында
ры да ажарлы бірөңкей. Иман жүзді, ибалы адамдар
жымия күліп, бірі-бірімен есендесіп өтіп жатыр. Не де-
ген ізет-ілтипат! Бергі жағалаудағы шаһарда жан бала-
сы көрінбейді. Іркес-тіркес, қалай болса солай салынған
тоқал тамдардың тозығы жетіп, құлауға жақындапты.
Бала орнынан тұрды. Сұрқай шаһардың шетіндегі
темір қақпадан ене бергенде, бет-жүздері аңға ұқсаған,
екі аяқты, мүйізді құбыжық алдын кес-кестеді.
– Қайда барасың?
– Жолаушымын...
Көзін шүберекпен таңып, қолына кісен салып айдап
жөнелді. Дәліз бе, қора ма, әйтеуір тарс-тұрс, тарс-тұрс
ашылған көп есіктерден өткенін біледі.
– Шеш көзін!
Төрдің төбесінде бет әлпеті бұжыр-бұжыр, қос
мүйізді өңкиген дәу отыр.
– Мен осы елдің патшасымын.
Бойын үрей биледі. Қорыққанын сездірмеуі керек.
Сабырлы кейіпке түсті де:
– Құзырыңызға құлдық, тақсыр! – деді барынша
салмақтануға тырысып.
– Сөйле!
– Жолаушымын. Төсек тартып жатқан аяулы анама
емдік шөп іздеп шыққан едім...
– Жүрек жұтқан жанға ұқсайсың. Өміріңе қауіп
төнгенін сезбейсің бе? Біздің елге келген адам тірі
қалмайды, тегінде. Жоқ, әлде бәрін біліп, жорта аңқау
сып тұрғаннан саумысың?
– Өтірік айтып өлетін жайым жоқ. Жол сіздің елге
алып келді. – Жауабың ұтықты! Жөн-жобаны аңғарып
тұрсың!.. Жә, еліңде қандай жаңалық? Айта отыр.
– Елдің жаңалығын асықпай айтармын. Бірер сауал
қоюға рұқсат па?
– Сұра!
– Сіздің шаһарда халық тұра ма?
– Тұрмағанда ше?
– Неге көрінбейді?
– Жұртшылық күндіз ұйықтайды.
– Сонда түнде не істейді?
– Түнде тіршілік басталады.
– Ғажап!
– Оған неге таңқаласың?
– Жұмыс істемей ме, жүріп тұрмай ма?
– Біздің елде тіршілік әуені мүлде бөлек! Адамдар
күндіз ұйықтап, түнде тіршілік жасайды.
– Түсіндім, тақсыр!
– Тағы сауалың бар ма?
– Қала неге көңілсіз... Өзеннің арғы бетіндегі ша
һарға қараңызшы. Таң-тамаша қалдым. Онда бәрі-бәрі
сұлу, көркем!
– Доғар сөзді! Ақыл айтуға келдің бе?
Қаһарлы патша қолындағы аспабын сылдыр еткізген.
Еңгезердей екі әскер жетіп келді.
– Мына пендені зынданға тастаңдар! Өлсін, іріп-
шіріп!
Аң бейнесіндегі құбыжықтар баланы дедектетіп
ұзын дәлізбен жүріп-жүріп келді де, зілмауыр есіктегі
қара құлыпты ашып, қараңғы бөлмеге итеріп жіберді.
Қанша жатқаны жадында жоқ. Тас қабырғаға басы
соғылған ба, солқылдап барады. Көзін аша бергенде
ышқына айқайлап жіберді. Жүзін әжім торлаған, шашы
алба-жұлба кемпір төніп тұр.
– Қорықпа, балам, – деді кейуана. Үні жұмсақ.
Зәресі ұшып, жүрегі тоқтап қала жаздаған бала көзін
ашқанда, бет аузы мыж-мыж кемпір сөздерін жалғады.
– Бағы жанбаған бейбақпын. Осынау зынданды
тұрақ еткеніме қанша болғанын да білмеймін... Көрер
жарығым бар екен! Жүрегім соғып тұрғанмен, тірі
аруақпын. Сөйлесерге қара таппай, зарығып жатқанда
келгеніңді қарашы. Тас зынданда жолықтырған Аллаға
сансыз шүкіршілік айтамын! Кешегі түсім шуақты
күндерден белгі бергендей еді...
* * *
Таң алдында басын көтерді. Тыңайып қалғандай.
Шекесіндегі ісігі де басылған. Жан-жағына сақтана
қарады. Сығырайған шамның жарығы жөнді көр
сетпейді. Алаң-құлаң сұлба шалынғандай. Қараңғы
бұрышта бір уыстай бүгіліп, қос қолын жайып кемпір
отыр. Соңғы сөздерін еміс-еміс құлағы шалған:
– Раббым Алла! Тілегімді қабылдап, бір пендеңді
жібергеніңе рахмет! Енді осы баланың тезірек жазы-
луын нәсіп ет. Екеулеп әрекет жасап, жарық дүниеге
шығуымызды жақын ет.
– Әмин! – деді бала жүрегі жарылардай қуанып.
– Сауықтың ба, балам? Беті-қолыңды шай. Әйтеуір
суға тапшы емеспіз. Шүкір! Одан соң оразаңды ашып
алғын.
Белі бүгілген кейуана қолындағы барын жұпыны
дастарханға қойды. Қатқан қара нан. Суып қалған көже.
Қарны ашқан екен. Бірін қалдырмай жеп алды.
– Өлер-өлмес ауқат қой. Қанағат қарын тойғызады
демекші, бұған да көндіктім... Көндікпегенде не
істеймін? Сенің осында келетініңді, көп ұзамай жарық
дүниеге шығарымды, Тәңірім сездірген.
– Қайтіп?
– Оның мәнісін түсіне қоймассың...
– Ықтиярыңыз білсін, апа. Күпті көңілдің білмегі де
мол. Шаһардағы адамдар аңға неғып айналған? Менімен
тілдесіп, осы зынданға жіберген патша да құбыжық
бейнесінде. Сөзі түзу сияқты, кәдімгі адам тілінде сай-
рап тұр. Мұндай халге неге ұшыраған? Айтыңызшы
білсеңіз? Әлде, мен түс көріп жатырмын ба?
– Түс емес, өңің балам...
Өрекпіген жүрегін басып, қарияның әңгімесіне құлақ
түрді бала.
– Бұл шаһар Жақұт аталатын мемлекеттің астанасы
болатын, – деп бастады хикаясын кейуана. – Үлкен
елдің тасы өрге домалап, жылдан-жылға дәулеті та-
сыды. Қарын қамынан басқаны аңсамаған халықтан
береке-бірлік кете бастады. Былайша айтқанда, басқа
қонған бақты тепті. Болмашы себепті сылтауратып, той
тойлады. Арақ-шарапты суша сімірді. Қулық-сұмдық,
мақтаншақтық, кісі ақысын жеу, аярлық асқынды. Қара
халық сондай болған соң, хан да ұзап қайда барсын, Ын-
сап кетті одан да... Патша сарайының қызметшілерін
жағымпаздық, көлгірсу, тәкаппарлық, қызғаныш,
қызылды-жасылды дүниеге деген ашкөздік жайлады.
Әділетсіз басшылар орынтақтары үшін өзді-өзі қырық
пышақ қырқысып жатты. Қысқасы, мейманасы тасып
шалқыған елді тәубесіне келтіру үшін Жаратушы жер
сілкінтті. Оған да қыңбады, қыңыр ел.
– Сұмдық қой! – Бала жағасын ұстады.
– Ақыр аяғы немен тынды дейсің ғой?
– Ия...
– Жаратушысын ұмытқан ел оңушы ма еді?
Тәңірінің назасына ұшырап, құбыжыққа айналды.
– Бірде-бір кісі қалмады ма?
– Онда мен он үш жаста едім... Апаттың бәрі
Алланың жазасы деп білдім... Сол үшін де, жатсам-
тұрсам тілімді кәлимаға келтірдім, Мінәжат еттім
Жаратушыға! Адам кейпінде қалғаным, бәлкім содан...
– Хикмет екен....
– Құбыжыққа айналғанын, әуелі патшаның өзі біле
ді. Айна алдына келіп үңілсе, қос мүйізді біреу бағжиып,
бақырайып тұр дейді. Қақ маңдайында кере қарыс
мүйіз. Бет-жүзін жүн басқан. Қорқып, қоңыраулатып
уәзір-жандайшаптарын шақырмай ма? Уәзірлері де
бірөңкей мүйізді құбыжықтар. Тіпті, бұрынғыдан да
елгезек.
– Дереу қала халқын жиыңдар! – дейді қаһарлы
патша дауыс көтеріп.
Сағатқа жетпей хабар жетті:
– Тақсыр, ел-жұрттың төрт көзі түгел. Сарай ал-
дына алаңға жинадық. Сіздің ғазиз жүзіңізді көруге
ынтық. Тағатсызданып тұр. – Қос мүйізді бас уәзір
иіліп-бүгіліп, жік-жаппар.
Есік алдына шыға бере басы айналып, құлап түсе
жаздады, патша ағзам. О, тоба! Қақ шекелерінде
біздиген-біздиген кере қарыс мүйіздер. Көздері қы
зарған, жүздері бозарған адамдар бұқа көзденіп, тұра
шабатындай, айбат шеге, мүйіздерін сұғып-сұғып ала-
тындай.
– Тарасын, кетсін үйлеріне! – Қалшылдап-дірілде
ген патша ұлы денесін әзер игерді.
– Бір ауыз лебіз айтпадыңыз ба? – Бас уәзір
қиылып, патшаға тілек етті.
– Жоқ, айтарым!
Қаһарлы патшадан қаймыққан уәзірлер қысқа-қысқа
бұйрық беріп, халықты қуып жүргенде, өзі жас, өзі сұлу
бойжеткенді көрді, бас уәзір.
– Япыр-ай! Қайдан келген перизат?!
Аң-таң, бас уәзір. Сөзге келместен патшаның алды-
на жеткізілді, жас қыз.
– Кімсің?
– Көріп тұрсыз, екі аяқты пендемін.
– Қала халқының бәрі аңға, мүйізді құбыжыққа
айналғанда, қалайша адам бейнесіндесің?
Қыз қасқая қарап тұр.
– Оның мәнісі жалғыз Жаратушыға ғана аян!
– Не дейді мына пенде? Қалай-қалай құйқылжиды?
– Тәңірі ерекше мейірімді болғанымен, қаһары да
қатты. Сіздің еліңіз қаһарға ұшырады!
– Мен ше!
– Сіз де, сіздің еліңіз де...
Емен есіктен енген жендеттер жетіп келді, қыздың
қасына.
Патша айқай салды:
– Зынданға апарыңдар, мына албастыны! Қалсын,
сонда!
* * *
– Сол қыз, мына мен едім. – деді кейуана. – Содан
бері осында жатырмын. Ол енді өткен өмір. Жә, балам,
жарық дүниеге шығудың амалын қарастырайық.
– Айтыңызшы, апатай! Ана өзеннің ар жағындағы
сәнді қаланың адамдары неліктен ажарлы? Көшелері
неге түп-түзу? Сұлу шаһарға тамсанып, қарай бергің
келеді.
– Оның мәнісі Жаратушы Аллаға сенім және
имандылықта жатыр. Өзің айтып отырған елдің халқы
қайырымды, кішіпейіл, мәдениетті һәм білімді. Әсілі,
иманды елді жау алмайды. Аспаны ашық, әманда. Іргесі
шайқалмайды, білдің бе?.
– Түсіндім...
– Түсінсең сол! Жә, мына қамақтан құтылатын
қандай амал бар?
Бала жол-жөнекей жолыққан тасбақа мен ана-
қарлығашты есіне түсіруі мұң екен, екеуі де көп ұзамай
зынданға жетті.
– Мін, арқама, – деді тасбақа.
Кейуана мен бала кезектесіп зынданнан шықты. Ана
қарлығаш шықылықтап жол бастады. Еш қиындықсыз
арналы өзеннен де өтісті. Әсем шаһарға жеткен олардың
алдарынан иман жүзді, сәнді киінген екі әскер жасағы
шықты. Кейуана мен баланы салтанатты сарайдың
қасындағы бір бөлмеге алып келіп, үстеріндегі шоқпыт-
шоқпыт, ескі киімдерін шешіндіріп, моншаға түсірді.
Жуынып, тазаланған соң, жақсылап тамақтандырды.
Үш күн алаңсыз демалған қария мен бала патша
ағзамның сарайына жеткізілді.
Төрдегі тағында отырған патша меймандарын орны-
нан тұрып, құшақ жая қарсы алды.
– Жағдайларыңды біліп отырмын, – деді патша
мейірімін төге сөйлеп. – Әйтсе де өз ауыздарыңнан
естиін.
Бала басынан өткен жағдайды баян етті.
Ертеңінде патша жұмсаған адам Мұжығын шөбін
алып келді. Тас зынданда кездескен қарияны бала өзіне
өкіл әже етіп қабылдады. Содан соң екеуін патшаның
сенімді адамдары еліне жеткізді. Ал баланың анасы
дертінен құлан таза айығыпты.
МАҚТАНШАҚ САРЫ САҒАТ
Үйде екі сағат бар еді...
Бірі – осы шаңырақтың он жылдан бергі тұрақты
мүлігіне айналған қабырғадағы қоңыр сағат, екіншісі –
жаңадан сатып алынған қоңырауы бар сары сағат.
Алмас пен Алмат мектепте, төрт жастағы Самат бала
баққа, үйдің иелері жұмысқа кеткен.
Бөлме іші тым-тырыс. Терезеден күзгі күннің жылы
шуағы төгіледі. Мамыражай шақ. Тек қос сағаттың
тық-тық еткен дыбыстары ғана естіліп тұр.
– Әй, қоңыр!
Үстел үстіндегі дөңгелек жүзді, тығыршықтай тапал
сары сағат әріптесіне шекелей қарады. – Бері бұрылып,
тыңда мені!
– Әй-үй демей, атымды атасаң етті.
– Келмейді атағым... Не істейсің маған? Сен одан
да зейін қойып, мынаған құлақ сал! – Маңызды мәселе
айтатын кісідей маңғаз, сөздері ірі тапал сарының.
– Сенің осы үйге келгеніңе он жыл ма?
– Иә, тұп-тура он жыл. – Ешкіммен қақ-соғы жоқ,
мінезі орнықты қабырғадағы қоңыр сағат, әріптес
бауырының не айтпақ ниетте екенін аңғарғандай.
– Дұрыс. Он жыл ішінде не бітірдің? Айтшы? Қан
дай еңбегің сіңді?
– Түсінбедім.
– Бәсе-е... Дәл осылай жауап қайтаратыныңды біл
гем... Әлде, жорта аңқаусып, айтпай тұрсың ба?
– Не деп жұмбақтап кеттің, бауырым-ау!
– Түсінбейтін түгі жоқ. Тура биде туған бола ма?
Әділетін айтсам, сен барып тұрған кержалқау және
арамтамақсың.
– Асылық бұның, бауырым...
– Асылық емес, ешқандай. Қонақ бер, уәжіме! Ақи
қатты ақтарсам, мына сен қабырғада құр босқа тұрсың.
Бітіргенің, мардымсыз. Осы отбасындағы адамдар
дың баршасын, мына мен, әуезді күміс қоңырауым
сыңғырлай таң ертемен оятамын тербетіп. Менің әдемі
үнімнің арқасында олар «ұйықтап қаламыз-ау» деп еш
уайым жемейді. Жұмыстарынан да, сабақтарынан да
қалған емес, кешігіп. Осы айтқанымның өтірігі бар ма?
Сен жалпы артықсың!.. Керегің жоқ, бұл үйге!
– Мұның енді жөн емес. Күміс үнді қоңырауыңның
бары шындық. Саматтың көкесі сені әуезді үнің үшін
сатып алған болар, бәлкім?
– Олай емес, олай емес! – Ашушаң сары сағат арсы-
гүрсі шытыр ете түсті.
– Енді қалай?
– Мен сұлумын. Бойым да сұңғақ, қасы-көзім
де қиылған. Сен сияқты сиықсыз, дәу емеспін. Кез-
келген жерге тұрсам да, жараса қалам. Үстелдің, терезе
жақтауының, телевизордың, кітап сөресінің бе, бәрібір.
– Қоңыр сағатты мұқаттым, енді жауап қайыра ал-
мас деп масаттанған сары сағат қолдарын шапалақтап,
секіріп мәз-мейрам.
– Дауласпаймын, оған да. Бірақ, мына бір жәйтті
ескерсең етті. Тіршілікте бәрі мүмкін. Күні ертең
ауырып-сырқап жатып қалсаң қайтесің!
– Ауырмаймын! Осылай жүре берем...
Оны да уақыт көрсетер. Өтінем айналайын.Мақ
танбашы тек. Мәңгілік емес, ешкім...
Бір күні биік шифонердің үстінен құлап, мертігіп
қалды сары сағат. Үйдің иесі сағат жөндеуші шебер-
ге апарып еді, «әу баста зауыттан шыққанда ақауы бар
екен, іске қосылуы аса күрделі, әрі қымбатқа түседі.
Онан да жаңа сағат сатып алыңыз», – деп қайтарды.
Сөйтіп, мақтаншақ сары сағат төрт жастағы
Саматтың көп ойыншықтарының біріне айналды.
Бесін ауған. Бөлме іші тым-тырыс. Үйде ешкім жоқ.
Қабырғадағы қоңыр сағат қана жүрісінен жаңылмай
жайымен қызметін атқарып тұр. Кенет диванның асты-
нан, түкпірден құмығып әлсіз дыбыс естілді. Сары сағат
екен.
– Қоңыр сағат-ау, қоңыр сағат! Көмегің керек,
сенің... Сілікпем шықты, әбден. Бұзатер Саматтың
істемегені жоқ. Тұла бойымда сау тамтық жер қалмады.
Қол-аяғым, өкпе-бауыр, жүрегім, бәрі-бәрі ауырады.
Белім-ай! Ойбай-ай!.. Сырқырап-қақсап әкетіп бара
жатқанын қарашы. Түпкі тегіміз бір, туыс едік қой...
– Не қыл дейсің маған?
– Мен диванның астында, түкпірде, қараңғы қа
пастамын. Самат таңертең осылай қарай лақтырып
жіберген. Үрейден үнім шықпай, қорқып жатқанымда
сенің бар екендігің есіме түсіп қуандым. Тым құрығанда
былайырақ шығаршы жарық дүниеге. Өтінем.
– Маған орнымнан қозғалуға болмайды. Қозғалсам,
тіршілік ауаным тоқтап қалады. Сондықтан, буынсыз
жерге пышақ ұра көрме, айналайын. Ренжіме!..
–Қоңыр сағат. Бауырым! Жалынам саған. Қатыгез
болмашы. Құтқаршы мынау қапастан. Жақсылығыңды
ұмытпаспын өл-өлгенше!..
Жағы сембей жалынып, дауысы әбден қарлыққанша
сарнай берді, сарнай берді, сары сағат.
Мінезі сабырлы, ақылды, қарапайым қоңыр сағат
өзіне тиесілі қызметін адал атқарып тұра берді.
ТӘКАППАР ПІЛ
Піл мен Тоқылдақ көрші тұрды. Еңбекқор Тоқылдақ
ертелі-кеш тыным таппай, алып бәйтеректің түбіне то-
машадай ұя салып, көп ұзамай балапандарын шығарды.
Шиеттей немелер енесінің тапқан-таянғанын талғажау
етеді. Қалған уақытта жеті балапан ұйлығысып, бірі-
біріне жанасып көздерін жұмып қалғиды. Осылайша
күн санап қара қанаттана бастаған.
Күнде, түс әлетінде дәу Піл Тоқылдақ тұрғызған
ұяның қасынан өтеді. Маң-маң басып, суатқа жетіп
асықпай су ішеді. Бір күні Піл Тоқылдақтың ұясын ақ
үрпек балапандарымен қоса басып-жаншып, таптап
өтті. Ұяның быт-шыты шығып, балапандар өліп қалды.
Не істерін білмей шыр-пыры шыққан Тоқылдақ,
олай бір ұшады, былай бір ұшады. Бауыр еті балапанда-
ры енді жоқ. Анасын тосып, тауып әкелген ырыздық-
несібелерін жемейді. Шықылықтап өзара сөйлесіп,
ризалықтарын білдіре алмайды. Күні ертең ержетіп,
топшыларын бекітіп, аппақ әлемге құштарлықпен тал-
пынбайды.
– Жанарлары жәудіреген, қайран балапандарым!
Тоқылдақтың көкірегі қарс айрылды. Аспан аудары-
лып түскендей, маңайды қараңғылық басқандай. Еңіреп
жылағаннан етегі жасқа толды. Бұл не тұрыс? Қатыгез
Пілге барып зұлымдығын айтайын.
Тоқылдақ арналы өзеннің мөлдір суын сіміре ішіп,
шөлін басып маймаңдап келе жатқан Пілді тоқтатты.
– Ей, Піл! Қай қылығың бұл? Әлсіз, әлжуаз
Тоқылдақ маған не істейді дедің бе? Неге өлтірдің,
қорғансыз балаларымды? Неге қираттың томашадай
ұямды? Қандай аяусыз жансың?
Алып Піл Тоқылдаққа менсінбей қарады. Жауап
қайтаруға да ерінетіндей.
Тоқылдақтың ашуы келді.
– Тәкаппарлығың ұстап тұр ма? Зады жуас тұқым
нан едің ғой? Неге олай еттің? Жаратушы Раббымыз-
дан қорықпайсың ба? Обал-сауап қайда?
Қол тоқпақтай ғана Тоқылдақтың бастырмала-
та сөйлегені намысына тиген Піл мойын бұрды.
«Көздерінен жас мөлтілдейді ғой, мына байғұстың? Бір
ауыз тіл қатайын...»
Қитыға қалды Піл.
– Қасақана жасадым! Болды бір іс...
– Сен алыпсың. Күштісің. Бірақ көрші хақысы
қайда? Адамшылық қайда?
Тәкаппар Піл Тоқылдақтың жалынышты сөздерін
тыңдаған жоқ...
Тоқылдақтан маза кетті. Пілді қайтсе мұқатады?
Оған күші жете ме?
Жан ұшырып, ағайындарына жетті. Олар Тоқылдақ
тың әңгімесін естіген соң:
– Қызық екенсің. Жойқын Пілге біз не істей ала-
мыз? – деді бір-бірімен келісіп алғандай.
Тоқылдақ шырылдай ұшып ала қанат Сауысқан
мен қара Қарғаға келді. Олар да бұның өтініш-зарын
орындауға ықылас таныта қоймады.
– Үрейлерің ұшпасын, қорқақ немелер. Дүние – ке-
зек. – деп Тоқылдақ кете бергенде:
– Сабырға кел, Тоқылдақ, – деді ала қанат Сауыс
қан ұялып. – Кейіме!.. Нендей септігіміз тиеді. Қолы
мыздан келсе, аянбаспыз!..
– Пілдің көзін шұқып беріңдер!..
– Мақұл. Орындайық, бұл тілегіңді.
Сауысқан мен Қарға Тоқылдақтың өтінішіне жедел
кірісті. Дәу Пілдің басына жайғасып алып, кезек-кезек
шұқып көзін ағызып жіберді. Кеудемсоқ Піл аяқасты
мүсәпірге айналды. Өздігінен жол тауып, өзенге барып
күндегідей рахаттана шөлін басып су ішу, шүйгін шөпке
емін-еркін жайылу мұң болды. Тоқылдақ бұнымен де
тоқтаған жоқ. Арналы өзен жағасындағы Құрбақаларға
келіп жолықты.
– Зағип Пілді өзенге келетін жолынан адастырып,
аулаққа алып кетіңдер, – деді жалынып.
– Қалайша? – деді Құрбақалар.
– Сендер құрылдаған жерде өзендер мен көлдер бо-
латыны белгілі.
– Оның рас.
– Көзі көрмегенмен, Пілдің құлағы сау. Сендердің
дауыстарыңды тұспалдап өзенге өзі келеді.
– Содан кейін?
– Сендер өзеннен аулақ шығып, терең сайға барып
әндетіңдер. Көріп алдық, сонда кеудемсоқ неменің
батырлығын!
– Қатыгез екенсің, сен де! – Жүрегі жұмсақ, нәзік
жанды бір Құрбақа Тоқылдақтың бұл ісін қостаған жоқ.
– Жазықсыз жеті балапаным! – Тоқылдақтың көзі
нен жас парлады.
– Мақұл! Айтқаныңды істейміз, – деді өзге Құр
бақалар Тоқылдақты аяп.
Оншақты Құрбақа сусыз терең сайға жетіп әуелете
әндетіп құрылдауларын үдетті. Тамағы құрғап қатты
шөлдеген Піл Құрбақалардың әсем сазды дауысын
естіп, терең сайды тұспалдап тартып кетті де, аяқтары
шалынып омақаса құлады. Қайыра тұруға дәрмені
жетпеді. Ақыры сол жерде жарық дүниемен қоштасты.
Ақ қайыңның ақылы
Қыс бойына ақ көрпесін қымтанып, кең дала-
ны қаусыра орап жатқан қалың қар, жылымық тарта
бастағаннан сай-сала мен жылға-жылғаны қуалай сыл-
дырап су боп ақты. Көп ұзамай көктем хабаршысы –
жыл құстары да жетті, қиқулап. Адамдар, жан-жануар,
тіршілік көзі – өсімдік атаулының арқасы кеңіп, қунап
қалды.
Алқап атырабына талай жылдан Арпа, Бидай, Сұлы
егілетін. Жауын жақсы жауған жылдары егін мол
шығып, қуанышқа кенелетін адамдар. Биыл да сол үрдіс
бойынша үш дақылдың тұқымы Жер-анаға сіңірілді.
– Алла қаласа, биыл ылғал мол, – деді Арпа әдет
тегідей серіктеріне мақтана көз тастап.
– Оны қайдан білдің?
– Е, білмей не болыпты? Осы қара жермен өміріміз
бірге жасап келеді емес пе?!
– Оның рас, – деді қашан да салмақты Бидай.
– Рас, – деп қостады Сұлы.
– Біріншіден биыл қар қалың түсті, екіншіден біздің
бас иеміз адамдар, әне көрдіңдер ме, тағы да қосымша
жер жыртыпты, – деді өзінің қырағылығын сездірген
Арпа.
– Біз қалай байқамағанбыз...
– Шынында жыртылған жер жатыр, – деп Бидай
мен Сұлы Арпаның байқампаздығына таң қалысты.
– Ендеше дәл сол жерге тағы да мына мені – Арпа-
ны егеді.
Бидай мен Сұлының үндері шықпай қалды. «Арпа
алқабының көлемі арта берсе, бізді де тықсыруы мүмкін-
ау» деп ойлағандары рас еді.
Бірақ ол жерге Адамдар жүгері екпек болды. Осы-
ны білген Арпа Адамға дүрсе қоя берсін.
– Қожайын, бұның қалай? Жүгері деген бәлекетті
қайдан ойлап таптың?
– Ареке, о не дегенің? Жүгері де сендердің ағайын
дарың....
– Қайдағы ағайын? Ол бұл жерге сыймайды,– деді
Арпа өзге дәлелді жауап таба алмай.
– Айналайын, Ареке, құдайға шүкір, Жер-Ананың
құшағы кең. Бәріңе де жетеді.
– Сонда да бізден алыстау, әрмен қарай ексеңіз...
– Бөлінгенді бөрі жейді. Ондай қызғаншақтығыңды
қоя ғой, – деді Адам осымен сөзім тамам дегендей
Арпаға жымия қарап.
Арпа үндеген жоқ. Қарсыласатын дәлелді дәйек тап-
пады.
Бидай, Арпа, Сұлы жер бетіне енді-енді шыққан кез-
де, Жүгері олардан әлдеқайда биіктеп кеткен болатын.
Арпаның ішін қызғаныштың қызыл мысығы тырма-
лады.
Не істесе екен? Күннен-күнге гүл-гүл жайнап
құлпырған жүгері шынында көркем еді. Сыпа бойынан
биязылық пен тектілік аңғарылады. Әйтсе де кішіпейіл,
қарапайым, ұяң. Төңірекке жасқана жанарын тіктейді.
Мәуелеп тезірек өссем, ержетіп ел игілігіне үлесімді
қоссам деген игі ниет қана ойында. Жұмыр жердің
иесі адамдарға, қысқа ғұмырда қуаныш сыйлағаннан
өзге не қызық бар дейсіз? Үйткені Тәңірінің таңбалаған
тағдыры осы емес пе?!.
Қатарға жаңадан қосылған Жүгеріге көп назар ауда-
рады адамдар. Және үш дақылдың ырыздығы жауған
жаңбырдан болса, жүгеріні арнайы суарады. Күні бойы
арықпен аққан мөлдір суды, түнге қарай сол қалпында
қалдырды қожайын. Арпаға керегі осы еді. Ол жүгері
алқабына жіберілген арықтағы судың бағытын бұзып
айдалаға ағызып жіберді.
Қожайын таңертең судың текке ағып жатқанын
көрді.
«Бұған не болған?»– деп ойлады.
Бидай мен Сұлы да таң қалды. Арпаның арам пікірі
бүгулі қалды. Қожайын барлық мұраптармен бірге
арықтарды қайтадан қалпына келтірді.
Түнде Арпа кешегі ісін тағы жалғастырмақшы еді.
–Әй, оның не? – деген оқыс шыққан дауыстан селк етті.
Қараса, бойы аспанмен таласқан сұлу-сымбатты
Ақ қайың тұр алдында. Өзі ашулы. Қабағынан қар
жауғандай.
Арпаның денесі қалтырап, сасып-пысты.
– Жәй. Арықтарды аршып жатыр едім,– деді
мүләйімсіп.
– Өтіріктің өзіне сенбесең де, қисынына сен дейді.
Бұл қылығың жөн емес, жарқыным!
– Өтірік айтқанымды қайдан білесіз?
– Жүгері алқапқа алғаш егілгеннен мазаң кетті.
Қарсылык білдіріп қожайынмен сөз жарыстырдың. Ал
ол бой түзеп өрлей бастағаннан ішің тіптен тарылды.
Ендігі ісің мынау. Мен сенің түндегі қылығыңды ба-
стан аяқ бақылап тұрдым. Таңертең қожайын ренжіген
соң, өкініп қоятын шығар деген болатынмын.
Арпаның мойнына су кеткендей басы салбырады.
Ұнжырғасы түсті. Бойындағы ар-ұяты оянды.
Ақ қайың әңгімесін әрі қарай сабақтады.
– Мына пәле қайдан келді деп ойларсың. Алла нәсіп
етіп, осы жерді мекендегеніме қанша жыл. Бәлкім,
Адам мені әділетсіздікке қарауыл болсын деп осы жер-
ге отырғызған болар. Сенің бұл ісің теріс. Райыңнан
қайт. Іштарлық жасама! Кең болсаң, кем болмайсың.
Ақ қайыңның айтқаны ақиқат еді. Арпа опынды...
Сол жылы егіс бітік шықты. Әсіресе майлы,
жұғымды, сіңімді Жүгеріні жеген сиырлар бұрынғыға
қарағанда, сүт бұлағын мол ағызды. Алқап төңірегіндегі
шаруашылықтардың тасы өрге домалады. Малдар
тез қоң ала бастады. Ал адамдар еткен еңбектерінің
зейнетіне бөленді.
Алданған бай
Ертеректе Ерқара есімді бай өмір сүріпті. Қора-
қора қойы мен табын-табын сиырының, үйір-үйір
жылқысының көптігі сондай, жер қайысатын көрінеді.
Бір қасіреті, кіндігінен тараған балалары жас кезінде
шетіней беріпті. Әйелінің бармаған бақсы, қаралмаған
тәуіп, балгері қалмайды. Ешқайсысы пешенеге жазылған
тағдырға тұра алмапты. Ал айрықша бір қасиеті ән
мен күй десе, ішкен асын жерге қойып, өнер атаулы-
ны ынтыға сүйген екен. Перзентсіз өтіп бара жатқан
ғұмырына нали ма, көңілін шер толқытып, қартайған
шағында өзі де күй шығаратын блыпты.
Бір күні Ерқара бай:
– Оу, жамағат! Құлақ салыңдар. Егер кімде-кім мені
жақсылап алдаса, сол кісіге жарты дәулетімді берем! –
деп жар салады.
– Еріккеннің ермегі ғой...
– Істейтін ісі жоқ, қайтсін...
– Алданса аянып қалады деген...
– Сараңдығына бағып сақалын жұлар.
– Алжыған шығар, – деп ел-жұрт өсекке таңады.
– Атақты байды алдау түгіл, жақындауға батпайды.
Арада бір ай өтеді. Байды алдауға ешкім келмейді.
Сонда бай тұрып: «Е-ей... Бұл дүниедегі ең бай, ең
ақылды, ең қу мен болдым», деп ойға кетеді. Күпиіп,
мақтанып алады.
Күндердің күнінде астындағы жалғыз атынан ай-
рылып қалған кедей жігіт Сәлімгерей байға келеді.
Бұйымтайын айтады. «Жаяу қалдым, бір аяқ артар
беріңіз» – дейді.
– Қандай өнерің бар? – дейді бай.
– Күйшімін, – дейді кедей.
– Е мен іздеген адам, сен болдың, – дейді Ерқара бай.
Кедей жігіт: «Менің нендей керегім болды екен?» –
деп таң қалады.
– Өнерлі болсаң, бір ат емес, үйірлі жылқы берем.
Әуелі қоятын шартым бар.
– Айтыңыз, байеке.
– Ерекше бір күй тартшы. Сосын мені жақсылап
алда!
– Ой, байеке. Буынсыз жерге пышақ ұрдыңыз.
Біріншіден, менің күйшілігім сіздің қасыңызда түк емес.
Екіншіден, сізді алдап өлетін жайым жоқ, – деп бас
тартады.
– Орындамасаң, опық жейсің! Жақсылық күтпе! –
дейді бай ашу шақырып.
Күйші қорыққанынан еріксіз келіседі. Бебеулетіп
бір күй орындайды. Ерқара байдың құлазыған көңіліне
бұлақтай мөлдіреп қуат толады. Толқып, шабыттанады.
Күй біткен кезде арқаланып, елітіп аз уақыт үнсіз оты-
рып қалады.
– Байеке, сіз осы домбыраны көзбен тартасыз ба,
көңілмен тартасыз ба? – дейді кедей жігіт.
– Көңілмен, әрине, көңілмен, – дейді әлі де толқуын
баса алмаған бай.
– Домбыра шертесіз бе, көзіңізді байласам?!
– Енді шертпегенде. Байла!
Кедей жігіт Ерқара байдың көзін орамалмен таңып,
байлап тастайды. Қолына домбыра береді. Бай еліріп,
қоқиланып өзі шығарған бір күйді ойнай жөнеледі.
Кедей жігіт байдың жан қалтасынан бір уыс кілтті
білдірмей алады да, түпкі бөлменің қақ төріндегі дәу
көк сандықты ашып, гауһар, ділдә, алтын, күмістің тең
жартысын алып, тартып отырады.
Не заматта Ерқара бай күйін шертіп болып:
– Әй, тыңдап отырсың ба? – деп дыбыстайды.
Мейман тым-тырыс. Үні естілмейді. Қорқып кетіп,
көзін байлаған орамалды шешсе, қонағы зым-зия.
Көрінбейді. Жүгіріп есік алдына шығады. Жоқ. Үй ішін
тегіс тінтеді. Көк сандықтың ашық жатқанын көріп, са-
нын бір-ақ соғады. Алданғанын біледі. Кедей жігіттің
соңынан қуғыншы жібермейді.
Кітап мұңы
Кіші бесін. Сынып іші тым-тырыс. Қос Әліппе
кездесіп қалды. Бірі – мұнтаздай таза, әдемі киінген,
өзі жас. Екіншісі – бетіне айқыш-ұйқыш әжім түскен,
жүдеу. Белі бүкірейіп, қартайған.
– Сені де көретін күн болады екен. Амансың ба?
Дені-қарның сау ма?
– Шүкір, Алла!
– Жүзің неге жабырқау?
– «Жазмыштан озмыш жоқ». Титықтаған тіршілік
те баяғы...
– Алаңсыз сұхбаттасайық. Жә, өзің қайдан жүрсің?
– Қожайыным Асқар деген бала жаңғалақ, алаң
ғасарлау еді. Сабақ соңында асығып-үсігіп, мені ұмыт
қалдырыпты.
– Болмаған екен...
– Ойбу, жылы бөлмеде қалғаныма тәубе. Асекең
талай рет далаға да тастап кетті емес пе. Өзіңе не
жорық?
– Менің қожайыным Жұмабек ұқыпты, тәртіпті
бала еді. Бағана сабақ үстінде мазасы қашып, қатты
ауырып, үйіне сұранып кетті.
– Сонда бірінші рет пе қалуың?
– Иә, алғаш рет. Жалғызбын деп қорқып едім. Оңды
болды, ұшырасқанымыз.
– Бір баспадан бір күні шыққанымыз кеше емес пе?
Екі жыл өтсе де өзгермепсің.
– Расында шашың ағарып, белің бүгіліп, кімге ұқсап
кеткенсің?
– Айтпа... Көрмеген қорлық, шекпеген мехнатым
жетерлік. Әуелгі қожайыным Айбол есімді бала еді. Өте
сотқар, тентек. Ерке. Оқып болған соң мені шиырып
лақтырып жіберетін. Керек кезінде іздейді. Ата-анасы
айтудайын айтады. Тыңдайтын Айбол ма. Ақпа құлақ
деп сондай баланы айтар.Табанда ұмытады, бәрін...
Асқар – екінші қожайыным. Бұл Айболдан өткен
бұзық. Сабаққа да ынта-ықыласы шамалы. Кітап
бетін анда-санда бір ашады. Оқып отырады да, қолы
қышып кете ме, өзге қағаз жоқтай бетімді олай-пылай
шимайлап сурет салады. Парақтың бір шетін жыртып,
шайнап-шайнап түкіріп тастайды. Қар алғаш жауған
күні алысып-жұлысып жүргенде, сөмкесінің аузы ашы-
лып, кітаптар шашылып қалды. Әрине, арасында мен
де бармын. Бір заматта бүйірімнен оңдырмай бір тепті.
Жаным көзіме көрінді. Қабырғам сынған шығар дегем.
Абырой болғанда аман. Сау-тамтық қалмады, үсті-
басымнан. Киімдерім жыртылды. Парақтарымның
бірнешеуі жұлынып, түсіп қалды.
Қысқасы, қыс басталғаннан сырғанақ деген сырқатқа
тап болды. Өзге балалар етікпен немесе сөмкесінің
үстіне отырып сырғанаушы еді. Асқардың істеген ісінің
бәрі кереғар. Маған жайғасып алып, шана орнына пай-
даланатынды шығарды.
– Байғұс-ай, көрмеген қорлығың жоқ екен...
– Осындай өмір кешіп жатқанда қалайша қартай
майсың.
– О не дегенің...
– Басымды арашалайын, қашып құтылайын деп те
толғандым. Бірақ қыс ішінде қайда барып паналаймын?
– Жә, енді өз жайыңнан хабар білдір?
– Менің алғашқы қожайыным, Жұмабектің ағасы
Жұмажан үлгілі оқушы. Қолына тиген күні-ақ қызыл
матамен тастып қойған. Өзге кітап-қағаздарына да сон-
дай ұқыпты. Жұмабек екеуі тете. Аралары бір жас. Енді
міне, Жұмабектің інісімен біргемін. Барлық парағым
орнында. Шимайлаған жоқ.
Жұмабек пен Жұмажан кітап қадірін жақсы түсінеді.
Бағалайды. Себебі, кітап – білім бұлағы!
– Уәжің орынды. Алайда, Асқар сияқты балалар
түсіне ме? Біле ме?
– Миына құю керек!
– Асқармен сөйлесіп көрсеңші!
– Сөйлесейін...
– Қос әліппе қол алысты.
Шөптің қателігі
Ақпанның ақшұнақ аязы бет қаратар емес. Үскірік
соғып тұр.Табиғаттың осынау адуынды, ашулы мінезіне
қарасаңыз, тіпті күн жылынбастай.
Әйтсе де, дала суық болғанымен қасат қардың
астындағы шөптің қағанағы қарқ. Жып-жылы қалпында
бұйығып, рақатқа батып жатыр.
Сонау қоңыр күзден бері ұйықтап-ұйықтап ұйқысы
қанды білем. Керіліп-созылып орнынан жалқау
түрегелді де:
– Ей, қар! – деді дыбыстап – Сен қашан кетесің?
Түу, баяғыда қарашада орнығып едің. Неге сонша ұзақ
жатып алдың а?
– Немене, ішің пысып бара ма? Көктем де шығар.
Әлі-ақ. Асықпа, – деп жауап қайтарды нығыз,
салмақты қар.
– Әлі-ақ, әлі-ақ дейді... Қанша күн қалды. Айтшы?
– «Сәуір болмай, тәуір болмас» дейді ғой...
– Мақалдап қатырмашы, басымды. Қанша күн
қалды деймін?
– Алда наурыз, одан соң сәуір. Демек, алпыс-жетпіс
күндей бар.
Жер әлем жасарып, жаңарып көгілдір көктем де
келіп жетті.
Қар еріп, сай-сала көлшікке толды. Күн жылынып,
жер қарайды. Қыстай ақ көрпені айқара жамылған
шөптер де, «уф» деп демін алып жарық дүниеге шықты.
Ұзамай күн күркіреп, алғашқы жаңбыр жауып өтті.
Шөп лезде қаулап өсіп, жап-жасыл түске енді. Қар
ескі досы шөппен қысқа дейін қоштасты.
Ал шөп жаңбырмен достасып алды. Жаңбыр қар
секілді қыс бойы бірге болмағанымен, күн ара бірер
сағатқа нөсерлетіп-селдетіп соғып тұрады.
Тоңып, мойнынан су сорғалап тұрған соң, жаңбырмен
жөндеп тілдесіп, әңгіме-дүкен де құра алмай қалады.
Өстіп күндер өтіп жатты.
Жиі-жиі жауған жаңбырдан әбден запыс болып,
сілікпесі шыққан көк шөп, бір күні тас-талқан ашуланды.
Бұл кезде қалың нөсердің соңы саябырлап, сілбелеп
ақ жауын жауып тұрған еді.
– Ей, жаңбыр! – деді өктем дауыспен.
– Қыстан көтерем боп, жұқарып жүдеп шыққан
шөптің бүйірі бұлтиып, мейлінше сіміріп алған болатын.
– Жаңбыр-ау бұның не сенің?
– Түсінбей тұрғаным, – деді мейірім тұнған көздері
жәутеңдеген ақкөңіл, иман жүзді ақ жауын мойын
бұрып. – Анықтап айтшы?
– Бояушы, бояушы десе, сақалын бояпты ғой, біреу.
Сол айтпақшы, не ойлаған ойың бар, осы? Көктем
шыққаннан көзіміз ашылған емес. Күнде жауасың
селдетіп. Дамылдап, тоқтайтын кезің бола ма? Бүйте
берсең, шірітіп жіберерсің бәрін.
– Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі... Артықтау
кеттің-ау, достым ә?
– Түк те артық емес. Тоқтат жауыныңды!
– Тоқтату оңай-ау, достым. Көктемгі жаңбыр нұр
емес пе? Қарашы, айналаға. Сайын даладағы күллі
орман-тоғай мен өсімдік атаулының жасыл кілемдей
құлпырып кеткені, Алла тағаланың мейірінің, яғни күн
мен судың арқасында ғой.
– Су – тіршілік көзі қашаннан...
– Жә, жаңбыр-тақсыр. Сенің құрғақ пәлсапаңнан
құлағым сарсыды. Келмейді, тыңдағым. Қажет болса,
мен жер астындағы тамырымнан-ақ нәр аламын. Өсем,
өнем, көктеймін. Тіршілік етемін, сенсіз-ақ.
Ақкөңіл жаңбыр өкпелегіш еді. Бұртиып, ренжіп
қалды.
Маусым айы басталып, күн ысып берді. Аспаннан
жаңбыр тамбай қойды. Қыстағы қардың мол суы мен
көктемгі көп жаңбырдан жасыл реңге бөленген Жер-
Ананың күн өткен сайын кенезесі кеуіп, шөліркей бас
тады. Шілде айында-ақ сарғыш тарта бастады.
Шөп өзінің қателік жібергенін білсе де, мойындағысы
келмей, сусырағанына қарамай шыдап бақты. Адам-
дар алаңдап, тасаттық беріп, аса қайырымды Алладан
рақым тіледі.
Шөп пен жаңбыр арасындағы әңгімені аспан жақсы
білетін.
–«Шөптің бір білместігін кеш! Райыңнан қайт!» –
деп жаңбырдың бетін әзер дегенде бері қаратты.
Ертеңіне бозала таңнан селдетіп-нөсерлетіп жаңбыр
жауды. Жан-жануар, орман-тоғай, өсімдік атаулы
меймілдете су ішіп, қутыңдап жасап қалды.
Шөп ойланды. Табиғат – ана аясындағы аспан, ай,
күн, жер, өсімдік, қар, жаңбыр, тағы өзге он сегіз мың
ғаламдағы жаратылыстың, бірінің-бірінсіз өмір сүре
алмайтындығына қапысыз көзі жетті. Қателігін түсініп,
жаңбырдан кешірім сұрады.
ЖАҚСЫЛЫҚҚА – ЖАҚСЫЛЫҚ
Жортып келе жатқан қасқыр аңдаусызда апанға
түсіп кетті.
– Ои-й!
Көзі қарауытып басы айналды. Бар салмағымен
құлағандықтан, жамбас сүйегі сырқырап барады. Қолы
нан келер қайран жоқ, тістеніп шыдап бақты. Сүйегі
аман сияқты. Оған да шүкір. Жоғары қарап еді, жүрегі
зу ете қалды. «Өлген жерім осы екен, терең шұңқырдан
қайтіп шығам» деп уайымға берілді.
Қоңыр қозы апан қасынан өтіп бара жатқан.
Ыңырсыған дыбысты естіп құлақтарын тігіп тың
тыңдады.
– Ыр-р!...
Зәресі ұшқан қозы, кенет қайраттанып шұңқырға
үңілді.
– Мәссаған! Қасқыр ғой...
Қорыққанын сездіргісі келмей сабыр сақтап, сәл-пәл
ойланды. «Жыртқыш екені рас. Бірақ қазір мүсәпір.
Дәрменсіз... Үрейім ұшпасын... Қой тілдесейін.»
– Қасеке, сәлеметпісіз?
– Сәлем!
– Мұнда қалай түстіңіз?
– Жарқыным-ау, кеудесінде жаны бар тіршілік иесі
текке жата ма?! Тамақ іздеп желе-жортып келе жат
қанмын. Алдым жылмағайдай теп-тегіс сияқты еді.
Айла асқан ба адамнан? Шұңқыр қазып, жас шілікпен
бетін жауып қойыпты. Қайдан білейін. Омақаса құлап
түскенім. Несін сұрайсың?
– Қиын болған екен. – Қоңыр қозының жаны
ашыды.
– Мені қойшы. Бәрінен де кеше ғана дүниеге келген
бөлтіріктеріме обал. – Қасқыр мұңайып, шарасыздық
танытты.
Қоңыр қозының жүрегі жылып қол ұшын бергісі
келді. Қайтсе екен? «Ә-ә, таптым...»
Қалың орманды бетке алып жүгіріп бара жатып, отар
жаққа көз қырын тастап қойды.
– Тәуекел!
Аяғы-аяғына тимей діттеген жеріне жетіп, сыңсыған
ағаш арасынан қураған қайыңды тез тапты. Қайыра
келген ізімен жан ұшырып апанға жетті. Амалдап
төмен түсірді. Қасқыр қатты қуанды. Қоңыр қозыдан
мұндай батылдық күтпеп еді. Бәлесін қара! Оңаша
жолықса жәукемдеп тастайтын қошақан, ата жауын
ажалдан арашаламақ.
Қураған қайыңның бұтақтарымен өрмелеп апаннан
атып шықты, қасқыр. Жан-жағын жылдам шолып өтті.
Қоңыр қозыға бастан аяқ зер сала қарады. Айрықша
белгілері болса жадына тұтпақ. «Ә, оң құлағында
үшбүрышты ойық бар екен...»
Арада бір жыл өтті. Қоңыр қозы есейіп марқа болды.
Бір күні аңдамай артқы аяғын сындырып, отарға ілесе
алмай қалды. Қанаған аяққа шыбын-шіркей үймелеп,
келе-келе құрттады. Жайылуынан жатуы көп.
Өліара. Мамыр айы туғанымен, түн салқын...
Үйірлі қасқыр суыт келеді. Алда жалы күдірейген
көк шулан. Одан кейін қасқыр. Қалғаны бөлтіріктер.
Нәр татпағандарына үшінші күн. Көздері қанталап,
айналаға сұсты-суық қарайды. Бір кезде көк-шулан иіс
тартып тұра қалды.
– Ананы қара! – Жиырма қадамдай жерде жас
марқа жатыр. Көзі тұманданып, сілекейі шұбырды.
Ақсақ қой басын көтеріп, алға ұмтылғанымен, ор-
нынан тұрып кете алмады.
– О! Тоятын болдық. – Жас бөлтіріктер шаттанды.
– Іздегенге сұраған!
– Тісім қышып еді...
– Жете ме, бәрімізге?
– Жетпегенде..
– Өле жегенше, бөле жейміз.
Ана қасқыр ұлардай шулаған ұяластарын тоқтатты.
– Сабыр сақтаңдар!
Қоңыр марқаның көздері жәудіреп, денесі қалты
рады. Қасқыр өткен оқиғаны есіне түсірді. “Сол!” деп
ойлап өтті.
– Қоңыр қозы таныдым сені...
– Мен де шырамытып тұрмын.
Терең апан... Қураған қайың... Ажалдан алып қал
ғансын. Жақсылыққа, жақсылық. Қорықпа! Тимейміз
саған!
Қасқыр ұяластарын ертіп кетіп калды. Көз ұшынан
салт атты көрінді. Бұл марқаны іздеген қойшы бола-
тын.
АДАЛ САУДА
Индонезия елінің Горонтало шаһарында пайда
болған бес саудагер жайындағы әңгімені, ең әуелі қала
базарындағы сатушылар естіп білді. Әр тұтынушыны
түстеп танитын сатушылардың аңдыған-баққандары
сол емес пе?
Сөредегі дүниесін асыра мақтап, қайтсе де жылдам
өткізіп жіберуге әбден дағдыланған, адамдарды алдап-
сулап баюдың жолына шырақ алып түскен олардың
бойын іштарлық, қызғаныш сынды қызылкөз нәпсі
жайлағалы қашан?!
Байқауынша, жаңадан келген саудагерлердің азық-
түліктері мен жеміс-жидектері табан астында өтіп
кетеді. Қалалықтардың тіпті үйме-жүйме болып, кезек-
ке тұрып жатқандарын көрмейсіз бе?
«Бұл нендей сиқыр, япыр-ау?! Бөтен елдің бөгде жан-
дары жұрттың басын айналдырып, дуалап қойғаннан
сау ма, өзі?...»
– Затымыз өтпейтін болды.
– Аналарға тиым салу керек.
– Басынуларын...
– Үндемеген сайын үдетіп барады.
– Тегін кісілер емес, сірә!–деп шуылдасты жергілікті
сатушы-саудагерлер. Қолдары жүрмеді. Заттары
өтпеді. Бұл қырсықтың келімсек саудагерлерден кел
генін сезген сайын, ашу-ызалары бұрқ етті. Нәпсі-
қызғаныштары шыдатпай бас көтеріп, әрекет жасауға
шұғыл кірісті.
– Тайып тұрыңдар!
– Қайдан келсеңдер, сонда кетіңдер!
– Оңдырмаймыз!– деп қоқан-лоқы көрсетті, қала
саудагерлері.
– Неге кетулері тиіс?
– Саудалары адал.
– Сендерге ұқсап таразыдан жемейді.
– Момын жандар, – деп қала жұртшылығы шыр-
пыры шыға адал қарапайым, кішіпейіл, жуас жат
жұрттықтарды қорғады.
Дау-дамай ұрыс-жанжал соңы жұдырықтасуға
жетіп, төбелеске ұласты да, жергілікті саудагерлер жат
жұрттықтарды соққыға жықты.
Арашаға келген қазы бес саудагердің басшысы
Бахриддинді сұраққа тартты.
– Қайдан жүрген жансыңдар? Кімсіңдер?
– Біз мұсылманбыз. Алланың нәсібімен келіп қалған
жайымыз бар.
– Мүләйімсуін қараңыз. Қуланғылары келеді...
Арам,– деді қала саудагерлері айқайлап.
Қазы қолын көтеріп, шуылдақ жерлестерін тоқтатты.
– Тыныш жүртты неге сонша дүрліктірдіңіздер?
– Біз емес шырқ бұзған, – деді бөгде жандар бір ау-
ыздан. – Жазығымыз жоқ. Неге бізді соққыға жықты?
– Менің де білмегім осы, – деді қазы сабыр сақ
тап. – Бахриддин әпендім, шыныңызды айтыңыз?
Естуімше, сіздердің саудаларыңыз жүріп кетіпті. Қала
жүртшылығы өз сатушыларынан зат алуды азайтыпты.
Осы рас па?
– Өтірігі жоқ.
– Ендеше бәр-бәрін жасырмай жайып салыңыз.
Жұртшылықты қалай каратып алдыңыздыр? Нендей
сыр бар?
– Онда ешқандай сыр да, сиқыр да жоқ. Біз хақ
мұсылманбыз. Әуелі жаратушы Алланьң құлы, ха-
зырет Мұхаммед ғалейһи уәссаламнын үмбетіміз.
Саудамыз адал. Таразыдан әсте жемейміз. Сатқан
затымыздың бүлінгені, жарамсызы болса жасыр-
май айтамыз. Ұнатпай кері қайтарса, қайтып аламыз.
Кішіпейіл, қарапайым, елгезек болуға тырысамыз.
Ылпылдатып-жылпылдатып, шапшаң өткізіп жіберуді
мақсат етпейміз. Содан болар, біздің заттарымыз өтімді.
Ал мұсылман үшін адал сауда жасау сауапқа жатады.
Бахриддиннің уәжді сөзіне тоқтаған қазы бөгде
бес саудагерді қалада қалдыруға шешім қабылдайды.
Кейіннен сол бес саудагер арқылы Горонтало шаһарында
мұсылмандық кең тараған екен.
ИНЕ МЕН ЖІП
Ине мен жіп ежелден дос еді. Олар әдемі қобдиша
ішінде түйме, түйреуіш, оймақ, бәрі жұптары жазыл-
май, тату-тәтті тұратын.
Бір күні екеуі сөзге келіп қалды.
– Әй, ине! – деді жіп ашуланып. – Босат мені, еркіме
жібер! Сенімен қосақталып жүре беремін бе? Шарша-
дым. Еркіндік алып, жеке-дара өмір сүрейін. Ойлап от-
ырсам, дос болып бірге жүретіндей жан емессің. Денең
сыпа, бойың бір қарыс, аштан қатқандай әлжуазсың.
Мына маған карашы. Зат біткеннің сұлуымын. Өмір
бойы адамға қызмет жасап келемін. Үзілген түймелерді
қадап, жыртылған киімдерді тігемін. Шалбар, жейде
атаулыньң сөгілген тігісін бәз-баяғы қалпына ұқсатып,
ымы-жымын білдірмей қалпына келтіремін. Басым
жетпейтін бір нәрсе, неге адам бізді қосақтап қойған.
Осыған қайран қаламын. Еңбегім еш, тұзым сор. Сен
болсаң, менін арқамда күн кешіп жүрсің. Айтшы, әйтпе
се кімге, не үшін қажетсің? Алда-жалда адам қолына
кіріп кетсең, зар қақсатасың... Қорқыныштысың. Ке-
рек болса, жексұрынсың.
Ине жіптің сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдады да,
былайша жауап қайтарды:
– Досым, сен өйтіп тәкаппарлық жасама. Шынын
айтқанда түймені қадайтын да, жыртықты жамайтын
да, сөгілген тігісті байырғы қалпына келтіретін де мына
мен болам. Менсіз не істер едің? Еш кәдеге жарамай
шұбатылып, құр босқа жатар едің. Ал адамдар саусағына
шаншып алмауы үшін абайласын. Сақ болсын. Қажет
десе оймақ кисін. Өзім барып ешкімге ұрынбаймын.
Қойған жерінен табылам. Қақ-соқпен ісім жоқ.
– Айтқан уәжің орынды. Расында екеуміздің
бірімізсіз, біріміздің күніміз жоқ екен. Кешірім өтінем.
Қателігімді түсіндім. – Жіп ұялып төмен қарады.
– Бұдан былай достығымызға сызат түспесін.
Кел, төс кағыстырайық!
Жіп инені орап, тас қылып құшақтады.
ДӘПТЕР МЕН ӘЛІППЕ
Дәптер мен Әліппе қызыл сөмке ішінде кездесті.
Әліппе аздап ұсталған. Ал дәптер судай жаңа.
– Әй, былай ысырыл. Орын бер маған! – деді көк
дәптер бұйрық раймен өктем сөйлеп.
– Келгенің әлгінде ғана. Неге сонша қоқаңдайсың?
Әліппе кішіпейіл әрі қарапайым болатын. Дауыс
көтеру, айқайлап сөйлеу жат оған.
– Пәлі... Қайтеді ей, мынау... Мен саған «былай
ысырыл» деп, мәдениетті сөйлеп тұрсам... Мәссаған!
Әнең қара! Ой-бай, ішегім-ай!. Ых... ых-х...
– Күлме досқа, келер басқа деген...
– Күлмегенде, жылаймын ба? Хи-хи! Ха-ха!
– Неге соншама ішек-сілең қатты? – Әліппе таң-
тамаша.
– Жылаймын ба, енді...
– Алғашқы күннен таныстықты кикілжіңмен бас
тасақ, жетіседі екенбіз?!
– Пәлі... Маған бірден ақыл үйреттің бе?
– Ақыл емес, реті солай бауырым.
– Солай-молайыңды білмеймін.
– Түзел, үйрен, ендеше! Кеше ғана өмірге келдің.
Баратын жерің, білім ошағы мектеп. Ал онда тәртіп
сақтаған ләзім!
– Оны уақытында көре жатармыз.
Көк дәптер өзінің артық кеткенін, жеңілгенін біле
тұрса да, қыңырайған жағынан түзелгісі жоқ.
– Әңгіме ауанын ауыстырсақ қайтеді?
– А, иә-ә! Айтқандай, сенің мұнда мекен еткеніңе
қанша болды?
– Сөмкеде ме?
– Жоқ, мынау жарық дүниеде.
– Төрт жылдан асты.
– Өзім де солай топшылап едім... Картайған екенсің...
– Картайғаны қалай?
– Алжуға аз-ақ қалыпсың.
– Дәл осы сөзің мазақ. – Әліппенің ашуы бұрқ етті.
Сонда да өзін-өзі тежеп,ақылға жүгінді.
– Жарайды. Ал осы ғұмырыңда өмірден не түйдің?
– Менің беттерімде қырық екі әріп бар. Не бір ғұла
ма ғалым да, ақын да, ел басшысы да мені оқып-үйреніп
сауатын ашады. Білім бұлағынан сусындайды. Ілгері
жылжиды. Сондықтан менің сыртқы ұсқыныма қарап
баға берме. Ішіме үңіл.
– Маған да жазулар түседі. Ол білім нәрі емес деп
кім айтты?
– Дауым жоқ оған. Бірақ, айналып келгенде, екеуміз
де адам игілігіне қызмет етеміз. Әрқайсмыздың өз ор-
нымыз бар.
– Жоқ, мен келіспеймін, – деді дәптерді долылық
қысып, қалшылдап. – Мен жаңамын. Жаспын.
– Мақтанба! Даурығып, жөнсіз дауыс көтеру саған
лайық па? Есіңе мықтап сақта! Бұл өмірде ешкім
мәңгілік емес!
... Бір күні сіркіреп жаңбыр жауды. Қатты жел соқты.
Жүгіріп келе жатқан оқушының қолындағы сөмкенің
ауызы ашылып, көк дәптер жерге түсіп қалды. Жел
парақтарын жұлмалады. Жаңбыр суы жазуларын шай-
ып, беті айғыз-айғыз. Иесі олай-былай төңкеріп қарады
да, қоқыс жәшігіне тастай салды.
Жалқаулыққа кім үйір?
Жалқаулықтың қай кезде де ауырдың үстімен,
жеңілдің астымен жүруге дағдыланған жандарды
сағалайтыны белгілі. Содан да болар, еш жерде жұмыс
істемейді, масылдық пиғылын өзгерткісі келмейді. Бірде ол
сахарадан сая таппай, шаршап-шалдығып, жайлы-жұмсақ
орын іздеп келе жатады да, ауыл шетіндегі үйге енеді.
Рахат-ай! Тоңған, қарны аш, оған керегі осы болатын.
Бастапқыда байқамапты. Үй іші қоңыр салқындау ма,
қалай? Қыс айы болғанымен, терезе желдеткіші ашық.
Ұйықтап жатқан Ерден есімді баланың жамылған
көрпесі де жұқалау.
– Ищ-ша-ай!
Жалқаулық тоңа бастады. «Әліптің артын бағайын,
болмаса өзге мекен табармын» деп ойлады.
Үйде ешкім көрінбейді. Ерденнің әке-шешесі ерте
тұрып, жұмыстарына кеткен. Жалқаулық ары жат-
ты, бері жатты. Жылы-жұмсақ орын таба алмағанына
көңілі қоңылтақсып, көзі ілінсейші.
Бір кезде Ерден тұрып, төсек-орнын жинады.
Беті-қолын суық сумен жуды. Дене шынықтыру
жаттығуларын жасады. Оразасын ашты да, киініп
далаға шықты. Қорадағы малдарды әкеліп байлады. Үй
төңірегінің қарын күреді. Тазалап сыпырды. Аяғына
шаңғы байлап, шамалы ойнады. Енді сабағын оқуға
столға кеп жайғасты. Тапжылмастан ұзақ отырды.
Жалқаулық бәрін байқады. Ерден пысық бала екен.
Істеген ісі жинақы. Киімдері тап-таза. Кітап-қағаздары
орын-орнында. Шашылып жатқан ештеңе көрінбейді.
Үйде бір өзі. Қадағалап, тексеріп жатқан ешкім жоқ.
Жатса да, тұрса да өз еркі. Бірақ ол өйткен жоқ. Түске
таман шайын ішіп, мектепке жинала бастады. «Қой,
уақытымды құр өткізбейін,–деп мұңайды жалқаулық.
– Бұл үй маған қол емес. Жөнімді табайын.»
Жылыстап көрші үйге жетті. Есік ілінбепті. Төрде
Берден деген бала ұйқыны соғып жатыр. Пештегі
көмірдің қызуы бет шалады. Үй ыстық. Терезелер тарс
жабылған. Жалқаулықтың іздегені осы.
– Рахатын-ай! – деп қолын шапалақтады. Екі езуі
құлағында.
Қуанғаннан көрпе ішіне сүңгіп кетті. Бойы жылы-
нып, жаны жадырады. Берденмен қосылып алаңсыз
ұйықтады.
Берден бесін ауа азар тұрды. Сағат екіден асыпты.
Сабақ әлдеқашан басталып кеткен.
– Оқасы жоқ. Ертең барамын,– деді есінеп.
Айылын жияр емес. Осылай болуы тиісті сияқты.
Төсек үстінде маужырап біраз отырды. Көп ұйық
тағаннан көзі қып-қызыл... Басы ауыра ма? Беті-қолын
жылы сумен шала-шарпы шайды да, анасы әзірлеп
кеткен асқа отырды. Асықпай ішіп болған соң, жылы
киініп, шанасын сүйреп тысқа шықты. Төбе басында
уылдап-шуылдап балалар жүр. Кешке дейін шана тепті.
Қас қарая маңызды іс атқарғандай, ұшып-жығылып
үйіне әрең жетті. Тамағын ішті де, жылы бүркеніп жата
қалды.
Ертеңіне тағы ұйықтап қалып, мектепке кешігіп
жетті. Сұраған сабаққа жауап бермеді. Мойнына су
кеткендей, басы салбырап тұрды.
– Мұның қалай, Айтуғанов? – деді мұғалім.
Берден безерді. Ләм-мим тіл қатпады. Күнде со-
лай. Күнделік дәптерінде екілік бағалар бықып жүр.
Оқимын деген ниет жоқ. Сынып жетекшісі жиналысқа
салды. Әке-шешесін шақырып, сөйлесті. Құрбылары
дәу екілікті құшақтатып, қабырға газетіне шығарды.
Жалқаулық Берденнің мойнына мініп алды. Екеуі
достасып кетті.
Ұйқысы қанар емес.
Ойыны таусылар емес.
Сабақ қарайын десе кежегесі кейін тартады.
Жақсы киініп, тәтті-дәмді тамақты ұнатып тұрады.
Бұлай жалғаса берсе, екінші сыныпта қалатын түрі бар.
Көрдіңдер ме, балалар! Жалқаулық кімге үйір екен?
Тарғыл мысық
Қатты тоңып оянды. Қалшылдап барады. Түнде
қамыс арасын паналаған. Таң ата жел соғып, күн суыт-
ты. Оның үстіне қанша күннен аш. Қарны қабысып, ас
тілеп жатыр.
Тарғыл мысық терең ой үстінде.
Мынау жарық дүниеге зерделей қарап, ес білгеннен
көргені, жиһазы мол сән-салтанатты үй, далиған
бөлмелер. Содан кейінгі бауыр басқан серігі,бес жаста
ғы Мәлік.
Шынында оның ермегі болды, бала мысық. Тамақты
өз қолымен береді. Бетіне, бетін тақап құшақтайды.
Еркелетеді. Қызғыштай қорып, құс ұшырмайды басынан.
Бала мысық ержетіп тарғыл мысық атанды. Бұрын
ғыдай Мәліктің умаждағанына көнбейді. Үйлері ескі
еді. Кейінгі кезде бұрыш-бұрышты, қуыс-қуысты
тышқандар тықырлата бастаған.
Бір күні Мәлік:
– Тарғыл, сен қазір дәу жігіт болдың. Енді теңселіп
текке жүрмей, қолқабыс жаса. Әке-шешем құлақ етімді
жеді. Байқаған шығарсың, тышқан көбейіп барады.
Тұқымын тұздай құрт. Қыр. Жой. Келістік пе?
– Мақұл,– деді тарғыл мысық.
Сөйтіп, тышқан аулауға жедел кірісті. Тышқанды
аңдып отырып, бас салады да, апаш-құпаш бұтарлап
жеп қояды. Келе-келе тышқан етінен запыс болды ма,
мойнын жұлып лақтырып тастайтын әдет шығарды.
Айналасы айға жетпей, тышқан атаулыны жоқ қылды.
Зымырап уақыт өтіп жатты. Отбасында өзге айна-
лысатын шаруаның жоқтығынан зеріге бастады. Іші
пысты. Далаға бір шығады, бір кіреді. Бос сенделіп
жүрген ешкім жоқ. Сыймайтын бұл ғана. Біртіндеп жан
тыныштыққа үйренді. Бітіретін жұмысы – ұзақты күн
пыр-пыр ұйықтау. Әбден семірді.
– Тағы да тышқан пайда болған ба?– деді Мәліктің
әкесі кешкі шай үстінде.
– Солай-ау шамасы. Әлгінде ас үйдің бұрышанан
көзім шалды, біреуін,–деді шешесі.
– Балам, естідің ғой. Мысығыңа тапсырма бер.
Кіріссін бүгінен,–деді әкесі.
– Соны да сөз деп... Тарғылға тышқан аулау түк
емес,– Мәлік мақтанды.
Бала ойлағандай мысық бұрынғыдай елп етпеді.
Мәліктің айтқанын естісе де, бірден кірісіп кете қойған
жоқ. Жаңадан құйылған жылы-жұмсақ асқа тойып
алды да, диванға секіріп шықты. Көзін жұмып, ұйқыны
соқты-ай. Үш-төрт сағаттан кейін оянды. Керіліп,
созылды. Бөлме ішінде ойқастап, ары-бері жүрді.
Мәліктің тапсырмасын есінен мүлдем шығарған. «Жа-
райды... Асығатын не бар... Әкетіп бара жатқан дәнеңе
жоқ. Қажет болса есіме салар тағы...»
– Балам, мысығың сені тыңдамайтын болған ба?-
деді Мәліктің әкесі ертеңіне.
«Қоймайды екен тықақтап...– Отағасына жақтыр
май қарады. Атарға оғы жоқ.
– Кеше айтып едім... Ұмытып кеткен бе?–деді
Мәлік екі ұштылау жауап қайтарып.
Аушланған мысық далаға шығып кетті.
– Айтпады деме. Өз обалы өзіне. Осыдан бар ғой
оңдырмаймын...– деген дауыс естілді.
«Көп болса қуып жіберер. Менсіз күндері жоқ,
бәрібір»,– деп ойлады мысық дандайсып.
Шамалы уақыттан соң үйге ене бере, қалт тұра қалды.
– Әке! Тиіспеңізші. Өзім сөйлесем.
– Сен мәмілеге келгенше, тышқан қаптап кетер. Ба
лам-ау неге қызғыштай қорисың, арамтамақ немені...
Семіздікті қой ғана көтереді. Әне, көрдің бе, тыңдамай
кеткенін. Тойынды мүлдем. Нан пісті кеудесіне!
– Әке!. Қойыңызшы өтінем.
– Жә, жетер! Екі-үш күн тамақтан қағайын.
– Тарғыл мысықты ашу қысты. «Көрсетейін жекір
генді. Білмей жүр екенсіңдер. Қарамды батырайын...»
– Тарғыл мысық алды-артына қарамастан зы-
тып берді. Дүкеннің алдында жүк мәшинесі тұрған.
Секіріп қорабына шықты. Үсті бос. Алдыңғы жағына
шөп төселіпті. Жайғасып алды. Неде болса, өзге жаққа
апарса етті. Мәлікті де, әкесін де осыдан көрсем бе?
Біраздан соң мәшине қозғалды. Ойқы-шоқы ауыл
көшесімен жүріп-жүріп келді де, тас жолға түсіп, батыс
жаққа бет түзеді.
Көзі кілегейленіп, кірпіктері қамаса қалыпты. Ояна
кетсе, келіп тоқтап тұр. Бөтен ел. Бөгде ауыл. Жерге
секіріп түсті. «Қайда барса екен? Баз ба, иен қора ма,
сол тұсты жағалайын». Қанша дегенмен бейтаныс жер-
де қорқақтап келеді.
Кенет арс еткен дауыстан селк етті. Зәресі ұшып зы-
тып берді. Бұрылып артына қараса, тайыншадай көк
төбет өкшелей қуып келеді. Жалма-жан ағаш басы-
на қалай өрмелеп шыққанын білмейді. Солқылдақ бір
бұтағына алдыңғы аяғы іліккенде, ес жиған. Ары аттаса,
құлап кетері хақ. Төбет төменде. Жер тарпып, жоғары
қарай үреді-ай. «Сүргін басталды дей бер. Мына ит ар-
сылдай үріп, бар баланы шақыратын болды. Жеткен
жері осы шығар».
Көк төбеттің иі жұмсақ па, әлде үйіне асықты ма, біраз
тұрды да кетіп қалды. Тарғыл мысық аса сақтықпен
жан-жағына қарап, жерге түсті. Төңіректі шола үңілген.
Аспанда ала бұлттар жөңкіді. Соңы жаңбыр екенін
тарғыл мысық жақсы біледі. Паналайтын орын іздеу
керек. Қарны аш.
Дайын асқа дағдыланған мысық тұйыққа тірелді.
Тоқта, тоқта! Әне бір көк қақпалы үйдің алды қара-
құрым кісі. Қайшыласқан мәшине. Дәу де болса той.
Тәуекел етіп солай қарай тартты. Әдейі жылға-
жылға арасымен жүрді. Елдің көзіне түспейін дегені.
Кең аулаға бақша жақтан енді. Иттің ағаш үйшігі сол
тұста екен. Өзі көрінбейді. Темір шынжыр бос жатыр.
Ағытып жіберген бе? Тамақ иісі тәбетін ашып, танау-
ын қытықтай бастады. Жұтқыншағы бүлкілдеді. Мына
қызықты қара! Аузының салымы бар екен... Мұндай
қуанбас! Итаяқ толы көже. Арасында ет бар. Біреу
қуғандай апыл-ғұпыл іше бастады. «Сүт болса енді!..»
Қалай байқамаған дәл қасында су құйылған итаяқ тұр.
Бас қойды бірден. Қатты шөлдепті.
Тарғыл мысық бұл күні ауыл шетіндегі иен үйге түнеп
шықты.
Білмейтін жердің ой-шұңқыры көп деген. Таңертең
желе-жортып келе жатқан. Терең апанға құлап түсті.
Аяқ астынан мүсәпір хал кешті.
Мияулап зар иледі. Бебеу қақты. Олай-бұлай
ырғып секірді. Тұяқ тірейтін тиянақ жоқ. Тек сырғыған
топырақ ілінді тырнағына.
– Мияу, мияу!
Терең апан қасынан екі адам өтіп бара жатқан.
Мияулаған дыбысты естіп тоқтай қалысты.
– Бері қара!–деді біреуі шұңқырға үңіліп.
– Не ол?
– Мысық...
– Қап, құлап кеткен ғой.
– Жүр, пәлесінен аулақ.
– Обал емес пе?
Біреуі ұраға түсті де, мысықты шығарды...
Қатты жаурап оянған ол уайымдай бастады. «Қыс
таяды. Күн суытып барады. Осылай өмірім жалғаса
берсе, ұзамаспын...»
Не көрмеді бір айда. Иттер де талады. Бірде тентек
ұлдар ұстап алып әбден әуреледі. Құйрығына қалбыр
байлап мазақ қылды. Тегін концертке мәз.
– Ха-ха!
– Хи-хи!
– Ішегім-ай...
– Күле-күле әлсіреп қалдым,–дейді бұзықтар.
– Береке таппағыр, жүгірмектер! Бұларың не? Обал-
сауабы қайда?–деген дауыс естілген. Таяққа сүйенген
қарияның даусы екен. Балалар тым-тырақай безіп
жоғалған. Қария мысықты босатып жіберді.
Қарны ашып, бұратылып жатқан мысық терең ойға
шомды. «Ажал жетсе, өлермін. Үйіме қайтпасам бол-
мас!»–деп тастүйін шешімге келді. Орнынан созалаң
дап тұрып, күншығысқа бет түзеді. Бір күн, бір түн
жортты. Шаршаса да тоқтаған жоқ. Әйтеуір өлдім-
талдым дегенде ауылға да жетті-ау. Қызыл қақпалы,
еңселі үй көзіне оттай басылды.
Мәлік есік алдында жүрген. Үсті-басы кірлеген, аш-
арық тарғыл мысықты көріп аң-таң. Аңырып аз-кем
тұрды да:
– Мама! Алақай! Тарғыл оралды!–деді қуана айқайлап.
БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?
Ертеде бір байдын жалғыз баласы болыпты.
Еркетотай, тік бақай өскен ұл жалқаудын нақ өзі
екен. Әкесінің байлығына масаттанып, не ішем, не кием
демейді. Сайранды ғұмыр кешеді.
Күндердін күнінде әке-шешесі өледі. Малға қарай
тын кісі жоқ. Бұрынғы әдетінен жаңылмай, жатып ішіп,
шайқап төгіп, қолдағы бар малды тауысады. Тұрмыс-
тіршілігі жұқарады. Өз бетінше еңбек етейін десе, ебін
білмейді. Басы қатады. Содан отырып қиялдайды:
«Апырай, енді қалай күн көрем? Не істеймін? Қандай,
амал бар?.. Жоқ, бүйтіп іс-әрекетсіз жатпайын. Бақыт
іздейін, бақ табайын. Тәуекел!»–деп тастүйін бекінеді
де, жолға шығады.
Жүріп келеді, жүріп келеді. Әбден шаршап шөлдей
ді. Бір жартастын түбіне келіп, тізе бүгіп, дем алып
отырады. Жартастын үстінде бір жылан жатыр екен.
Баладан жөн сұрайды.
– Ей, жігітім, қайда барасың?
– Бақыт іздеп барамын.
– Бақты іздеп бара жатсаң, менің мына дертіме қан
дай дауа бар екен? Соны білші.
– Айтыңыз, сұрап көрейін.
– Жиырма жылдан бері осы жартастың үстінде жа-
тырмын. Сал болып қалған күйім бар. Белімнен баса ал-
маймын. Осынын жәй-жапсарын білші.
– Е, жарайды, білейін бұйымтайыңызды,– дейді
жігіт.
Алға қарай жүріп кетеді.
Жүріп келеді, жүріп келеді. Алдынан бір ел көрінеді.
Ауылға келіп аяқ суытады. Дем алады. Бір үйден сусын
сұрап ішеді. Жағдайларын сұрайды.
– Иә, жігітім, жол болсын, не қылған жансын?–
дейді үй иесі.
– Бақыт іздеп барамын.
– Бақты іздеп табатын болсаң, біздің де тілегімізді
құлақ қағыс қылғайсың.
– Айтыңыз, жеткізейін.
– Біздің еліміз ежелден егін егіп, күн көрген халық.
Қатарынан бірнеше жыл болды, өзеніміз тарты-
лып, бұлағымыз суалып, сусыз қалған жайымыз бар.
Жерімізді қуаңшылық жайлады. Осынын нендей себебі
бар? Қайтсек жағдайымыз түзеледі? Қайтсек жерімізді
суландырамыз? Соны сұрашы?
– Жарайды, сұрайын,– дейді жігіт.
Тағы да ілгері жүріп кетеді. Жүріп келеді, жүріп
келеді. Алыстан қарауытып үлкен қала көрінеді.
Қуанып, аяғын шапшаң басады. Қалаға кіре беріс тұста
биік, зәулім қақпа кезігеді.
– Не қылған жансың, қайдан жүрсің?–деп, жөн
сұрайды күзетшілер.
Жігіт жағдайын айтады.
– Ендеше, жүр, сені ханға апарамыз. Хан не айтар
екен?— деп алып келеді. Хан жас адам екен.
– Сен не қылған жансың?– деп сұрайды.
– Бақыт іздеп барамын.
– Сен онда менің сәлемімді жеткіз.
– Жеткізейін, айтыңыз.
– Мынау ел жылдан жылға қиындап барады. Ұры-
қары көбейді. Тәртіпсіздік белең алды. Қайтсем осы
елді дұрыс басқарам. Осының мәнісін сұрап білші.
– Білейін,– дейді жігіт.
Тағы да ілгері жүріп кетеді.
Жүріп келеді, жүріп келеді. Әлі бақыт көрінбейді.
Табылар емес. Үсті-басы кірледі. Өзі қажып-шаршады.
«Қайтып кетсем, еліме жете алмай айдалада өлем ғой»
деп ойлады. Не болса да алға қарай ілби берейін деген
шешімге келеді.
Әлі жүріп келеді, жүріп келеді.
Тағы да алдан ағараңдап үлкен бір қаланың сұлбасы
көрінеді. Аяңдап қаланың шетіне ілінеді. Кіре берісте
ұстахана бар екен. Су сұрап ішейін деп ішке кіреді.
Қалың қабағы көзін жапқан бір адам көрік қыздырып,
жұмыс жасап жатыр. Бала сәлем береді. Қарияның
қолын алады. Қараса, ақсақалдың оң қолының бас
бармағы жоқ. «Бақтың бармағы жоқ деуші еді,– деп ой-
лайды. Мен іздеген Қыдыр осы болмаса игі еді»,–деп,
қуанып кетеді. Су сұрап ішіп, демін басады. Үн-түнсіз
тіл қатпай біраз отырады. Сөзді неден бастарын білмей
дағдарады. Өстіп әрі-сәрі күй кешіп отырғанында,
қария жөн сұрайды.
– Балам, қайдан жүрсің?
– Ата, мен бақыт іздеп шығып едім...
– Е-е... бақыт іздеп шықсаң, келген ізіңмен кері
еліңе қайт. Бағың тосып тұр...
– Шын ба, ата?
– Шын, балам.'
– Жарайды, қайтсам қайтайын. Бірақ осылай келе
жатқанда, бір кісілер бұйымтайларыы айтып еді...
Сұрауға бола ма?
– Сұра.
– Елден шыққан бетте бірінші кезіккенім жылан
болды. Белінен баса алмай, қаріп болып жатқанына жи-
ырма жыл. «Қайтсем жазылам? Дауасын біле келші»,
деп еді.
– Ол жылан дүниедегі ең ақымақ адамның миын
жесін. Сонда тәуір болады.
– Екінші сауалым. Егіншілікпен айналысқан бір
елдің күйі төмендепті. Соңғы бірнеше жыл қатарынан
жерді құрғақшылық жайлапты. Өзен-көлдер суа-
лып, бұлақ көзі бітеліпті. Қайтсек су шығарамыз деп
қайғырып, дағдарып отыр.
– Ол елдің дәл іргесінде бір бұлақ бар. Көзінде тас
жатыр. Ол жәй тас емес. Ат басындай алтын. Соны
қопарып алса, бұлақтан су шығады.
– Үшінші сауалым. Ел басқарған бір хан: «Кейінгі
кезде халықты басқару қиындап кетті. Қандай амал жа-
саймын? Лажы не? Басым қатты»,– деп еді.
– Ол хан ер адам емес. Тұрмысқа шықпаған қыз.
Сондықтан ерге шықсын. Бір бас жақсы. Екі бас одан
да жақсы. Күйеуімен бірге мәмілеге келіп, ақылдаса
отырып ел басқарса, бәрі де дұрыс болады. Қалпына
қеледі. Жауабым осы.
Жігіт қуанып, қарияға алғысын жаудырып, қоштасып
кері қайтады. Тура өзі жүрген ізге түседі. Ханға жетеді.
– Менің тілегімді жеткіздің бе?–дейді хан.
– Иә, жеткіздім.
Жігіт қариядан естіген әңгімесін айтады.
– Айтқаны дұрыс. Олай болса, сен осында қал.
Екеуміз қосылайық. Сөйтіп, ел басқарайық. Мынау
жүгенсіз кеткен елді жөнге салайық,– дейді қыз патша.
– Жоқ, мен қалмаймын.
– Неге?
– Кетемін. Еліме барамын. Мені елде бақ күтіп
тұр,– дейді жігіт.
– Ендеше, жолың болсын. Маған да біреу кезде-
сер,– деп қыз патша қала береді.
Жігіт жүріп кетеді.
Баяғы қуаңшылық жайлаған елге келеді. Ел адам-
дары алдынан шығып қарсы алады. Бұйымтайларын
сұрайды.
– Тілегімізді жеткіздің бе?–дейді.
– Жеткіздім.
– Айт, ендеше.
– Елге жақын жерде бір бұлақ бар екен. Соның көзін
ашыңдар,–дейді жігіт.
Жұрт жиналып барып, әлгі жерді қазса, расында, ат
басындай алтын шығады. Көтеріп алғандары сол екен,
атқылап, лақылдап су шығады.
– Ал, жігітім, Тәңір бізді жарылқады. Қуанышқа
кенелдік. Сенің де еңбегің үлкен. Мына ат басындай ал-
тынды саған бердік, ал,– дейді.
– Алмаймын,– дейді жігіт.
– Неге алмайсың. Біз саған шын риза болғаннан,
адал көңілімізден ұсынып тұрмыз,– дейді жұрт.
– Бұл алтынды ап-ауыр қылып қайтемін. Өздерің
алыңдар. Мені үйде бақ тосып тұр. Соған жетуім ке-
рек,– дейді жігіт.
Бағытын елге қарай түзеп жүріп кетеді. Баяғы жар-
тастын түбіне келеді. Дем алады. Дәу жылан аяғын баса
алмай, кирелеңдеп сол орнында жатыр.
– Ау, жігітім бақты таптың ба?–дейді жылан.
– Таптым.
– Менің тілегімді білдің бе?
– Білдім.
– Ойбай-ау, айтсаңшы ендеше?
– Дүниедегі ең ақымақ адамның миын жесе, тәуір
болады,–деді,
Титықтап, шаршап келе жатқан жігіт сол жерге
қисайып ұйықтап кетеді. Жылан әрі ойланады, бері ой-
ланады: «Апыр-ай, ақымақ адамды қайдан іздеп таба-
мын. Өзім болсам жүре алмаймын. Жатысым мынау...
Осы жігіттен асқан ақымақ болмас. Өйткені анау қыз
патша бұған тақ берді. Мені ал деп жалынды. Бақ де-
ген сол емес пе? Бұл одан бас тартты. Ана ауылға келіп
бұлақтың көзін ашып, ат басындай алтын тауып алды.
Оны да алмады. Тастап кетті. Байлық деген, бақ де-
ген сол емес пе? Тап осыдан артық ақымақ адам болмас.
Және ондай адамды мен іздеп таба алмаймын...»
Сөйтеді де, бір тасты кұйрығымен сырғытып,
жігіттің дәл басына түсіреді. Жігіттің басы мылжа-
мылжа болады.
Сонымен өзіне кездескен бақты басқа тепкен жігіт
ақыры жыланнан ажал тапқан екен.
Сабыр түбі, сары алтын
Сағым қуған сары далада жаяу-жалпы шаршап келе
жатқан жігіт, күн көкжиекке құлап, ақшам жамыраған
шақта шағын ауыл шетіндегі оқшау тігілген қазақ үйге
келіп кіреді. Жасы жетпістер шамасындағы отағасы
жігіттің сәлемін алған соң, қымыз алдырып, сусын
ұсынды. Жігіт демін басып, жан шақырған соң, қария:
– Ал, балам, жөніңді айта отыр. Кімсің?–дейді.
– Құдайы қонақпын. Алыс шаһарда алты жыл оқу
оқыдым. Енді еліме қайтып барамын,–дейді жігіт.
– Елің қай жақта?
– Осы арадан тура он күндік жер. Іргедегі дариядай
үш үлкен теңізді айналып өтуім керек.
– Ілім іздеу инемен құдық қазғандай. Әрі мұсылман
ның қырық парызының біреуі ғой. Алла алдыңнан
жарылқасын!
– Рақмет, ата! Өзіңізбен де таныса отырайын.
– Атым Рахым. Кемпірім көктемде дүние салып,
жайлауға көшкен елге қосылмай, жұртта қалдым. Үй-
орманым осы. Жалғыз қызым, малға қарайтын бес-
алты қойшым ғана отырмыз.
Ұйқысы қанып, жақсы тыныққан жігіт, ертеңгілік
оразасын ашқан соң, жүруге қам жасайды.
– Жолың болсын балам, сөзім бар сұрайтын?–дейді
қария.
– Сұраңыз.
– Айтшы, сөздің атасын не, анасы не?
– Жігіт жөпелдемеде жауап таба алмай, абдырап
қалды. Олай ойланды, былай ойланды. Ақыры:
– Білмеймін,–дейді шынын айтып.
– Е-е, балам, жөн-жөн. Байқауымша, сенің оқуың
әлі бір жылға кем көрінеді. Сол үшін менің қолымда қой
бағасың. Сөздің атасы мен анасының не екенін білесің.
– Жігіт амалсыз келісімін береді. Қария қызын
шақыртып алды да:
– Жүз саулық санап бер. Он екі ай бағады.
Қойларынан бірыңғай қара қозы туса, біздікі, ақ қозы
туса өзінікі,– дейді.
Жігіт ақсақалдың қолында қалады. Баққаны– жүз
саулық. Жаздың ұзақ күні өтіп болмайды. Келе-келе
бұл тірлігіне де үйренеді. Қария ақкөңіл, балажан екен.
Қызы да бауырмал, көзі жәудіреп, жігітті ағасындай
жақсы көреді. Жігіт көне көз қариядан қилы-қилы
шежіре тыңдайды. Жаны жадырап, ойы тереңдей
түседі. Әйткенмен, әлі күнге дейін сөздің атасы мен
анасының не екенін ести алмайды.
Келесі жылы көктемде саулықтары төлдеп елу қара,
елу ақ қозы туады.
Он бір ай, он үш күн дегенде дарияның жағасына
үлкен кеме келіп тоқтайды. Жүрегі алып ұшып жан
ұшыра жетсе, балықшылар екен. Бүгін жағада қонып,
ертең қайыра аттанбақшы екен. Баратын бағыттары–
бұның елі. Мұндай қуанбас! Жігіт қарияға келеді.
– Мерзімім аяқталып қалды. Қойларым болса аман.
Тегіс төлдеді. Анау кеме ертең біздің ел жаққа бет ала-
ды екен. Рұқсат берсеңіз, ілесіп кетсем.
– Уақытың толық біткен жоқ емес пе?
– Он жеті күн..
– Асықпағын...
Жігіт мұңайып қалады.
Қария үш күн өткен соң жігітті шақырады.
– Жинал жолға! Құдай бұйырса ертең аттанасың.
Уәде бойынша, елу ақ қозы сенің еншің.
– Сізге өте ризамын! Жолға жарамды бір ат берсеңіз
болғаны.
– Қос ат берейін. Біреуіне мінесің, екіншісіне жол
азықтарың мен киім-кешектеріңді артасың.
Ертеңінде жігітті қозыкөш жерге шығарып салады
қария.
– Ата, сөздің атасы мен анасы не?,– дейді жігіт.
– Жадыңа тұт! Есіңе сақта! Сөздің атасы-ақыл, ана-
сы сабырлылық. Демек, сабыр мен шыдам– Алладан,
ас асығыстық, күйгелектік шайтаннан. Жолың болсын!
Ел жұртыңа сәлем айт!
Жігіт қоштасып жүріп кетеді. Күн жүреді, түн жүреді.
Шаршаған кезде тоқтап аттарын оттатады. Бір күні
торсықтағы ауыз суы таусылады. Жетектегі атын тұсап
қалдырады да, сонау көз ұшында көрінген тас-бұлақтан
су әкелуге жөнеледі. Қайтіп келсе, бір атын қасқыр жа-
рып кеткен. Бірақ жаны шыға қоймапты. Дереу бауыз-
дап сойып алады. От жағып ет пісіреді.
Түс ауа тас түйін бекініп, тәуекел деп жолын жал
ғастырады. Алдан қарауытып биік тау көрінеді. Жақ
пар-жақпар қой тастар мен сыңсыған қалың ағаш атта
ған сайын бөгесін. Жүруі қиындайды. «Иә, Раббым,
жар бол!» деп қайрат шақырады.
Асқар таудан аман-есен ары асса, туған елі қол со-
зым жер. Өрге қиғаштай тартады. Ілбіп азар жылжи-
ды. «Қауіп-қатерден сақтасын, өстіп ақырындап асар-
мын» деп ойлауы сол екен, аяқ астындағы қой тастар
қозғалып, сең көшкендей гүрілдей жөнелсін. Астан-
кестеңі шығып, шыр айналған дүние. «Астапыралла!»
дейді зәресі ұшқан жігіт. Қойтастар төмен сырғиды.
Ал жігіт жалма –жан жуан қарағайдың бұтағына жар-
масып аман қалады. Қорқып зәресі ұшқаны соншалық,
малшынып қара терге түседі. Қанша уақыт өткені
беймәлім, тастар көшкіні саябырлаған сәтте тырмы-
сып, еңбектеп төбеге жылжиды...
Өлдім-талдым дегенде, ертеңіне түске тақау, зорға
асады асудан. Қалжырап, қатты шаршайды. Қарны
аш. Тас пен ағаш бұтақтары жыртып кеткен үсті-
басы жұлым-жұлым. Етекке түсіп, ет пісірім отыра-
ды. Өлмегенге өлі балық. Қалта түбінде қатқан қара
малта қалыпты. Сорып шөл басады. «Тірі қалғаныма
тәуба»,–деп шүкіршілік етеді. Кәрі анасын, әйелі мен
баласын ойлап, бойына қуат жинайды. Ілгері жылжиды.
Жігіт елге түннің әлден уағында жетеді. Үй іші
әлдеқашан жатып қалыпты. Сол қараша там. Сол
жұпыны жүдеу тіршілік. Әдеттегідей есік ілінбеген.
Сыбдырсыз ашып, ішке енеді. Кіреберісте, оң жақтағы
құс төсекте шүйкедей боп кәрі анасы, одан әрірек
шымылдық тұтылған кереуетте әйелімен бөгде біреу жа-
тыр екен. Сілесі қата шаршаған, әлсіз аш-арық жігіттің
қаны басына теуіп, ашу-ызасы келеді, қынаптан қанжар
суырады. Ұмтыла бергенде: «Сабыр жігітім, сабыр!»
деген қарияның сөзі есіне түсіп, іркіліп қалады. Ақылға
келіп, өзін-өзі тежейді де, төрдегі көрпеге киімшең
күйде қисая кетеді. Қатты ұйықтап қалса керек.
– Апа, сүйінші! Балаң келді!–деген дауыстан оянса,
келіншегі қуанғаннан абдырап, сасып-пысып жүр екен.
Жанарында-жас.
– Әкең келді,–деп кереуеттегі ұлды да тұрғызады.
Әп-сәтте үй іші мәре-сәре қуанышқа кенеледі. Бір
жақтан кәрі анасы келіп бас салып, екінші жақтан он бір-
он екі жастардағы ұлы келіп құшақтайды. Шұрқыраса
амандасып, сағыныштарын басады.
Жігіт басынан өткен оқиғаны баян етеді. Ашу-
дұшпанның жетегіне еріп, келіншегі мен ұлын жазым
ете жаздағаны, сабырлылық сақтап, ақыл-тоқтамға
келгенін айтады.
Сөйтіп Рахым қарияның дана сөзін терең түсініп,
жадына тұтқан жігіт үбірлі-шүбірлі үлкен шаңырақ бо-
лып, мұратына жеткен екен.
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
әңгіМелер
Шіліңгір шілденің бесінге таяған күні,
жер-әлемді қуырардай шыжып тұр. Аспан
әлемі қылаусыз ашық. Әлгінде толқын-
толқын ақша бұлттар, құдды жарысқа
түскендей бірінің соңынан бірі шұбап көрінді
де, іп-ілезде әлдеқайда, алысқа асығыс
аттанғандай ізім-қайым жоғалған. Онысы,
таңертең күлімдеп көрінген, одан соң зеңгір
көкке шығандап шығып алып, тәкаппарлана
нұр сәулесін шашқан, шақырайған күнге
орын бергендері ме екен? Бірақ, бірақ мы-
нау дөңгеленген дүниеге, жан-жануар, өсімдік, ор-
ман, тіпті тау-тастарға да жаймашуақ жаздың шуағы
керек-ау. Онсыз, бірі ызғар, бірі салқын, бірі шекеңді
шыжғыратын ыстық аптабы, алмасып келіп жататын
жыл мезгілдерінің мән-мағынасы, қызық-шыжығы
болған ба? Алла тағала жаратқан он сегіз мың ғаламның
бір мысқал артық-тыртығы болсашы. Раббымыз ұлан-
ғайыр жерді жаратты, оның бетіне таулар тұрғызып,
өзендер ағызды. Түнді күнмен жалғастырды. Ой
жіберер қауым үшін осының бәрінде белгілер, дәлелдер
бар. Бәрі де өз орнында, бәрі де өз қалпында жымда-
сып жарасып, қабысып, табысып жататындығы, жұмыр
басты пендеге айдай аян. Қыраулы қыстың өз қызығы
бар десек те, ойын қуған балалар үшін жадыраңқы
жаздың орны бөлек екендігіне талас жоқ.
Аягөз өзенінің бойында, бірнеше бала бағанадан бері
тереңдігі кеңірдектен аспайтын су ішінде, бірде малтып,
бірде сүңгіп, бірде біріне-бірі су шашып ойнап, мәз-
мейрам. Ара-арасында судан жүгіре шығып, жағадағы
ыстық құмға етбеттерінен жата-жата кетеді де, ары бері
аунап, үсті-бастары құм-құм күйінде қайыра өзенге
жүгіреді.
– Алақай, мен бүгін суда малтуды үйрендім, – деді
Ақалақ деген таңқы танау қара бала.
– Мен де...
– Мен де, – деп Ақалақтың қасындағы Нұржан,
Тәуекел деген қара сирақтар да жамырай дауыстады.
Дауыс мақамдарында қуаныш лебі еседі.
– Ой, сендер мына кіндіктен аспайтын таяз суға
түсіп, қалай-қалай мақтанасыңдар, ә?
Қашан да біреудің артықшылығын көре алмай, елді
сайқымазақтап жүретін тапал сары Самат, достарының
қуаныштарын онша елей қоймады. Мына сөзден соң
ешкім ләм-мим үндеген жоқ. Оған тапал сарының мей-
манасы тасығандай, мұрнын бір тартып, қоқиланып
қалды. Іле:
– Саматтікі дұрыс. Сендер малтығыш болсаңдар,
анау Қаражартастың түбіндегі үлкендер түсіп жүрген
иірімге барып жүзіңдерші, сонда көрейік әуселеріңді,
– деді жағымпазданған Жанасыл да, әйтеуір бір сөз
қосқысы келгендей.
– Бұларды да дос деп, сөзімізді шығындап...
Ақалақ, жүр тамақтанайық. Біз Тәуекел екеуміз үйден
ашыған күріш көже мен бауырсақ, сары май әкелгенбіз,
– деді Нұржан үсті-басына жұққан құмды қаққыштап.
Суды жағалап барып, қолын жуды. Өзгелері де соны
қайталады.
Үш-төрт сағат суға түскен балалардың қарындары
ашқан екен. Бәрі де қоржын сөмкелеріне салып ала
келген тамақтарын, газет жазып рет-ретімен шығара
бастады.
– Күн ыстық болса да, далада, өзен жағасында ішкен
тамаққа ештеме тең келмейді,– деді Тәуекел тәбетінің
ашылғанын сездіргендей жұтқыншақтары бүлкілдеп.
– Ол рас. Оған менің көзім баяғыда жеткен. – Қай
әңгімені болсын, аузын дәмдеп, тамсанып асықпай ай-
татын Нұржан сөзге араласты.
– Нұржан суайтты тыңдай беріңдер. Бірақ ауыз
дарың дәмде болсын, – деді, тағы да бүйректен сирақ
шығарған Самат.
Саматтың атқосшысы Жанасыл да қарап қалған жоқ:
– Нұржанды тыңдаймыз деп, кеш батпасын... –
деді тұздай көздері жылтың-жылтың ете.
– Айт Нұржан! Айта бер! – деді өзге балалар та
қымдап.
– Онда кішкентаймын, – деп бастады Нұрекең
әңгімесін. – Әкем мен үлкен ағама еріп, шөп шабуға
Көкжайдаққа барғанмын. Шіркін, Көкжайдақ десе
Көк жайдақ-ау! Ауасы қандай! Теңіздей толқыған
көкпеңбек пәйек, аттың белуарынан келеді. Ал біздей
балалар арасына кірсе, зым-зия көрінбей кетеді. Пай-
пай шүйгін деп соны айтыңдар. Шөп те сол жылы
ырғын шығып еді...
– Негізгі әңгімеге көшсеңші...
– Ия, сағызша созбай, – деді тағы да Самат пен
Жанасыл жарыса.
– Әкем маған лайықтап қысқа сапты аша жасап
берген. Сонымен шөп жинаймын. Күннің ыстығынан
шабылған жас шөп лезде кеуіп, құрғап, қаңбақтай болып
қалады,– деп Нұржан әңгімесін асықпай жалғастыра
берді. – Тағы бір жұмысым, күрең биені алысырақ апа-
рып арқандаймын, күніне үш мезгіл тұмаға жетелеп ба-
рып суғарамын...
– Өй, болсаңшы енді, – деп қалды Саматтың шы-
дамы таусылып.
– Асықтырма! Біреу қуып келе жатыр ма? – деді
араларындағы ересектеу Сәдібек.
– Айтсын...
– Нұржан әңгімесін одан әрі сабақтады:
– Айтайын дегенім, шынында далада ішкен тамаққа
адам тоймайды екен. Қайда кететінін бір Құдай білсін,
сіңе береді, сіңе береді. Шайды де қызыл күрең етіп
шығарып сіміре береміз, сіміре береміз. Сендер ойлап
қалмаңдар, Көкжайдақта бәрі курорт екен деп. Қызы
ғымен қоса шыжығы да бар, ол жердің...
– соныңды айт!
– Керегі сол...
– Бәсе-бәсе, әр әңгіменің бір түйіні, қызық тұстары
болады ғой, – деп балалар шулай жөнелді.
Нұрекең сөзін жалғастыра берді:
– Күн жарықтық қызарып көкжиекке құлайды.
Осы кезде Самат ішек-сілесі қатып, екі бүктетіліп
тыпырлады да қалды. Әсерлі әңгімеге елітіп, ынтыға
тыңдап отырған балалар таң-тамаша. Күлетіндей
не айтты, Нұржан? Табиғат тамашалары... Өзінің
көргендері... Аздап өлең құрастырып, көркем әдебиетті
көп оқитын ақынжанды Нұржанның әдебиеттен тек
беске оқитынын, әңгімені майын тамыза айтатынын,
сыныптастарының бәрі біледі...
– Не болды-ей, Самат?
– Әсерлі әңгімені үзіп... – деді достары кейіп.
– Күлгенімнің мәнісін айтайын,– деді Самат
аяқасты салмақтанып. – Қасымыздағы бірге жүрген
досымызды жыға танымайды екенбіз. Бұл бір ме?
Екіншіден, Нұржан артист екен. Атасының аузынан
түсіп қалғандай құдды. Шежіреші шал ғой, тура! Соны
байқамадыңдар ма?
– Шал болса, несі бар? – деді Сәдібек. – өз
ана тілін білмей, шүлдір-шүлдір етіп жүрген кейбір
балаларға қарағанда, Нұржанды мақтан етуіміз керек.
«Болмасаң да ұқсап бақ» деген Абай бабамыз. Менің
өз басым Нұржанның шешен, жатық тіліне қызығамын.
Одан үйренуіміз керек.
– Жә, Нұржан әңгімеңді аяқта. Содан соң тұрайық,
суға түсейік. Ата-аналарымыз да бізді жоғалтып жатқан
болар.
– Күн жарықтық қызарып көкжиекке құлайды.
Тым-тырыс. Төбемізде құйқылжыта ән салған боз
торғай. Құлағыңды тіксең, сайын дала – қазағымның
дархан даласы да жырлап жатқандай. Бірақ, бірақ сон-
дай мамыражай шақты ызыңдаған маса бөліп жібереді.
Қолыңмен періп қаласың. Тағы көтеріледі, қолдарың.
Басың, қас-қабағың, беті-қолың, желкең ду-ду. Олар
ашық жерлер ғой. Жон арқаңнан, көйлек сырты-
нан біздей тістерін сұғып алғанда, жаныңды қайда
қоярыңды білмейсің-ау. Қайта-қайта сабаланғаннан түк
өнбесін білген соң, маған әкем тезек жинатып, түтін са-
ламыз. Сонда құтыламыз, пәлекет қан сорғыштардан.
Нұржан әңгімесіне нүкте қойды.
– Осы ма? – деді азар шыдап отырған Самат орны-
нан тұра беріп.
Сайқымазақ Жанасылдан сөз қалған ба:
– Енді болмағанда. Нұржанның әңгімелері осы ғой,
дәйім... Басы бар, аяғы жоқ.
Ұлдардың алдына шыққан Самат қолдарын көтерді.
Тың ұсыныс айтарда ылғи осылай істейтін.
–Менің басыма бір идея келіп тұрғаны!.. – деді
Сәкеңнің көздері шоқтай жайнап. – Тамақтан босаған
бидон, бәнкілерімізге нанның қиқымдарын салып,
жұдырық сиятындай тесіп, дәкемен аузын байлап
балық аулайық!
– Охо!
– Нағыз ұсыныс осы.
– Қане, бастаңдар! Балалар балық аулау қызығына
жедел кірісіп кетті.
– Жанасыл, сен мына үш литрлік бәнкіні жуа берші,
– деді Тәуекел.
– Жуғаны несі, қайта ішіндегі қалған тамаққа кел-
мей ме, балықтар, – деді Нұржан.
Нұржан мен Тәуекел ашыған көшеден босаған
бидондарының ішіне, наннан қалған ұсақ қиқымдарды
салып, мойнынан жіппен байлап өзенге қарай жүгіре
жөнелді. Саматтың қолында да бидон, ал Жанасылдың
қолында екі үш литрлік шыны бәнкілер.
– Балалар, араларың тым жақын болмасын, алшақ-
алшақ тұрыңдар, – деді Сәдібек топтанып тұра бастаған
ұлдарға.
Он-он бес минуттан соң, балалардың алды бәнкіле
ріне май шабақ – ұсақ балықтардың түсе бастағаның
хабарлады.
– Қармақ емес қой, аузына ілінсе ешқайда кете ал-
майтын. Сондықтан бәнкілеріңді судан шығарып, түскен
балықтарыңды жинап отырыңдар, – деп қояды Самат.
Өзі де бірер май шабақтарды ұстаған сияқты. Қасы
нан қалмайтын Жанасылдың қолындағы ыдысына са-
лып жатыр.
Осылайша балық аулаудың қызығына беріліп, бірі
мен-бірі құдды жарысқа түскендей, ара-арасында түс
кен балықтарын санап жүрген балалар, кенеттен ауыр
тас түскендей дыбысты естіп, жалт қарасқан. Сөйтсе,
манадан бері іші пысып тұрған Жанасыл, ыстықтаған
соң ба, әлде достарының мына тірліктеріне кедергі
келтіргісі келген содырлығы ма, бар пәрменімен тасыр-
тұсыр екі қол, екі аяғымен суды шалпылдатсын.
– Өй-өй, жынды ма, мынау?
– Балықтарды үркітті-ау! – деп балалар ұлардай
шуласын.
Айлын жиятын Жанасыл емес.
– Тух, қандай рахат, – деп сүңгіп-сүңгіп алды, суға.
– Бұның не? – деді тақау тұрған Сәдібек Жанасыл
дың қасына жетіп барып, – Шомылатын жер жетпеді
ме, саған? Жоғал әрмен!
Жасы үлкен, палуан денелі Сәдібек ұрып жібере ме
деп зәре құты қашқан Жанасыл, кінәсін мойындап,
жылыстап жағаға шықты.
Біраздан соң жан-жаққа пышырап қашқан майда
балықтар, балалардың бәнкілеріне біртіндеп түсе баста-
ды. Осы кезде:
– Әй, Ақалақ, Нұржан қараңдар! Менің бәнкіме бір
үлкендеу балық кіріп кетіп, шыға алмай жатыр, – деді
Тәуекел айқайлап.
– Тс-с, айқайлама! Үркітесің. Ақырындап бәнкіңнің
аузын жоғары қаратып, судан суырып ал, – деді Самат.
Тәуекел солай жасады. Қараса – алабұға!
– Алақай! Жарадың, Тәуекел! Балық жейміз!– деді
алақайлаған Жанасыл елден алабөтен қуанып.
Ия, қашанда ағысқа қарсы жүзетін балықтардың
біреуі, үш литрлік шыны бәнкіге, ашыған көженің
қалдығы күрішті жеймін деп қақпанға түсіп, кіруін кірсе
де, тұйыққа тіреліп шегінуді білмей, өзін-өзі нәпсі-
құлқыны үшін құрбандыққа шалғанын білді ме, білмеді
ме, ол жағында балалардың шаруасы қанша, әйтеуір
балық жейтіндеріне мәз.
Өзге ұлдар да құр алақан емес. Отыз шақты май
шабақтары мен жалғыз алабұғалары бар қара сирақтар,
үйлеріне олжалы қайтты.
Дабырлай сөйлеп, бірі-біріне сөз берер емес. Бұл кез-
де ұясына құлаған күміс күн, біртін-біртін көкжиекке
сіңіп бара жатқан.
ОЙЫННАН ШЫҚҚАН ОТ
Аудан орталығындағы мектеп-интернатта оқитын
Айбол мен Нұрболдың екі үйдің меншігіндегі елу
шақты қойды баға шыққандарына біраз уақыт өткен.
Бағана түс әлетінде қоржындарынан тамақтарын
шығарып ауқаттанып алды. Термостағы шәйларын ішті.
Әлі ыстық екен.
– Тойып кеттім! – Секпіл бет, қара ұл Айбол қарнын
сипады. – Енді, жата қалып ұйқыны соқса ғой!..
– Поу, арманшылым... Біз тырайып ұйықтап жат
қанда қойды кім қарайды!
Ұзын бойлы, ақсары Нұрбол қай-қашан Айболдың
сөздерін қостаған емес.
– Сен-ақ жау шаптылап, келіп қалды, төніп қалды
деп жүреді екенсің...
– Енді ше?! Әке-шешемізге қолқабыс тигіземіз деп
келдік емес пе, бір күнге болса да...
– Әзілдеуге болмай ма?! Оны білгенде қызық кітап
ала шығып, оқып жатар едім... Қыркүйек айы демесең,
күн де май тоңғысыз жылы. Міне жел тұрып келеді.
Атам айтып отыратын ебінің желі...
– Ия, бір соқса ұза-а-қ соғады...
– Оның рас, ызғарлы желі, суығы болмаса несі күз.
– Жайма шуақ жазға не жетсін. Қарақол өзеніне
шомылып, балық аулап, әй, бір жырғадық-ау, биыл...
– Сен бұ жақта жаз қызығына батып жүрсең, мен
нағашы ағама еріп Астанаға барып қайттым.
– Е, айтқандай... сен Ақмолаға барып келген екенсің
ғой! Соны әңгімелеші әуелім...
– Ақмола бұрынғы аты, қазір ел ордасы Астана
қаласы ол...
– Тағы да ақыл үйрете бастадың ба?
– Жоға, не нәрсені өз атымен айту керек те... Жа-
райды, тәжікелесіп қайтеміз!..
– Әне-е, қойлар да жабыса жайылып жатыр. Түске
дейін алысқа ұзатып жайғанымыз дұрыс болды...
– Оның рас, енді екі айдан соң қар да жауып са-
лады. Мал біткен қолға қарайды... Қысқы каникулда
ауылға келгенімізде, қазіргі отырған жеріміз ақ көрпеге
оранып жатады-ау.
– Оу, ананы қара! – деді Айбол орнынан атып
тұрып. – Ананы қара!
– Не ол?
– Түлкі, кәдімгі түлкі!.. Әне, көрдің бе, зытып ба-
рады!..
– Көріп тұрғаным жоқ...
– Айбол қолды-аяққа тұрар емес. Жүгіріп жөнелді.
Нұрбол қашқан түлкіні көрмесе де, досының соңынан
ілесті.
Сәл кешігіп жеткен Нұрбол, досының түлкінің інін
қалың қараған арасынан тауып, қарап тұрғанын көріп
сенбеуге амалы қалмады.
– Міне, осы інге кірді, – деді Айбол қызуланып. –
Қалай шығарамыз?!.
– Атамнан естігем, түлкі інінде екі ауыз болады. Да-
вай, екіншісін тауып алайық.
– Жүр, іздейік.
Екі бала қараған мен тобылғы басқан төбе бөктерін
көп қарады.
– Түлкіден қу аң жоқ шығар, қарашы бір інге екі
ауыз жасағанын, – деді Айбол таң қалып.
– Және екінші ауызын қайдағы бір қиын жерден
шығаратынын қайтерсің.
– Өйтпесе түлкі қу атана ма?
– Әй, бірақ адамнан айласы аса қоймас...
Таласып, өз жорамалдарын айтып келе жатқан бала-
лар тұра қалды. Таяқ тастам жерде түлкі інінің екінші
аузы көрінді.
Екі дос қуанды.
– Іннің бұл аузы жоғарыда екен, – деді Айбол
ойланыңқырап. – Шөппен аузын бітейік те, төмендегі
екінші аузына от қояйық. Сонда өзінен-өзі атып шы
ғады.
– Табылған ақыл! – деді шаттанған Нұрбол досының
тапқырлығына риза болып.
Олар төңіректен қолдарымен шөп жұлып, түлкі інінің
қараған арасындағы екінші аузын бекітті. Содан соң
төмендегі екінші ауызға қураған ағаш, кепкен тезектерді
теріп әкеліп, сіріңке жағып от қойды. Құрғақ ағаш пен
тезекке тиген от бірте-бірте шалқып, лапылдап жана
бастады.
– Әуселесін көрейік...
– Бәлем, түтінге тұншығып қазір-ақ сопаң етіп шыға
келер.
Олар өздерінше айламызды асырдық деп тұрғанда,
қу түлкі шөппен бітеген екінші ауыздан зып беріп
шықты да, бүлкектеп желе жөнелді.
– Кетті, кетті... Әне! – деді айқай салған Айбол.
– Қане? – деп Нұрбол да тағат табар емес.
Қу түлкіні қуып, төбеден-төбеге асқан балалар жай-
ылып жүрген қойларынан ұзап кетті.
* * *
Түлкі іні жасырынған маңайдағы қалың өскен қау
мен қурап сарғайған шөпке тиген от, жел екпінімен үдеп
кетті. Әп-сәтте жалаңдаған жалын көлемі ұлғая түскен.
Төрт жүз метрдей жерде «Таң» шаруа қожалығының
қарамағындағы малға жаз бойы дайындаған бір мая
шөбі болатын. Қасақана жасасаң өйтпес еді, сумаңдаған
қызыл жалын тұп-тура маяға тақап қалды.
– Ойбай, анаң қараңдар! Шөп, шөп. мая өртенді!
Көп сөйлегеннен заржақ атанған Майша кемпірді
Темірбек құрдасы «патефон» атаған. Сол патефон-
кемпір айқайды салып, ауылды басына көтергенін
естіген жұртшылық үйлерінен шығып, енді ғана маяға
тиген тілсіз жаудың өрт құшағына оранғанын көріп
жағаларын ұстады.
– Ойбай-ау, не тұрыс!.. Шабыңдар!
Шөп қорадағы қолына түскен ашаны ала сала кең
көйлегінің етегі далп-далп далбаңдап жүгірген кемпірдің
соңынан бірі күрек, енді бірі жәй ағаш ұстаған адамдар
да еріп барады.
Құрғақ шөпке тиген от қойсын ба! Шалқып, ша-
тырлай жанып, жан адамды маңайлатар емес. Отыз
шақты түтіні бар Ақтүбек ауылының тайлы-таяғы
қалмай жиналғанымен гуілдеп, жел екпінімен екілене
түскен өртке жасайтын амалдары болмай, өкінгеннен,
кіжінгеннен өзге ештеңе бітіре алмады. Айналасы бір
сағат ішінде мая орнында тап-тақыр жер қалды.
* * *
Балаларды баласынып жорға бұлғаққа салып айла-
сын асырған қу түлкіні қуа-қуа діңкелері құрыған Ай-
бол мен Нұрбол отыра кетті.
– Қай тұстамыз? – деді Нұрбол ентігін баса алмай.
– Қайдам... Бушыққан емес пе?!
– Болса болар... Пәлі, анаң қара, ан-оу көз ұшындағы
Егізқызыл тауы ғой... Қой қайда, ауыл қайда?
– Расында не істедік, а?
– Әй, бізді ұрып алатын біреу жоқ-ау..
– Ақымақпыз...
– Жаяу кісі жүйрік аңды қуушы ма еді?
– Соны айтам да...
– Өзі түлкіні қуалауды шығарған кім?
– Қайдан білейін?
– Сен айқайлап жүгіре жөнелген соң, мен де ілестім,
– деді Нұрбол Айболды кінәлап.
– Ақылды болсаң неге тоқтатпадың?
– Жарайды, бірімізді-біріміз кінәлап қайтеміз. Одан
да ауылға қайтып қойларымызды тауып алайық. Екі
үйдің алпыс қойы жоғалып кетсе сонда болар...
Екі дос ауыл шетіне іліккенде ымырт үйіріліп, қараңғы
түскен еді. Күнде кешкілік жем жеп, қолға үйренген
қойларды қораға қамаған Айбол мен Нұрболдың әке-
шешесі, енді балаларын іздей бастаған.
Көздері шарасынан шығып қорқып келе жатқан екі
ұлға, ауыл шетінде достары Тоқтар жолыға кетті.
– Ей, екеулерің қайдан жүрсіңдер? – деді секпіл
бет, шикіл сары Тоқтар салған жерден.
– Қайдасы қалай? Қой бағып,– деді Айбол сенім
сіздеу міңгірлеп.
– Өтіріктеріңе болайын! Бір мая шөпті өртеп, кеш
батқанша тығылып жатқандарыңды бүкіл ел біліп отыр.
– Өртенгені несі?
– Уже, аудандағы ішкі істер бөлімі де құлақтанды.
Соттайды, сендерді! Өздеріңше оқу екпіндісімін деп
ойларсыңдар. «Ата мекен» ұйымына да қабылдандыңдар
емес пе, жақында? Сонда шыншыл боламыз, өтірік айт-
паймыз, отанымызды сүйеміз деп ант бердіңдер. Ал
жасап отырғандарың мынау!..
– Ей! Сары самауыр. Не деп тұрсың? Мұрныңды бет
қылайын ба, осы? – Қызба мінезді Айбол Тоқтардың
жағасынан ала кетсін. Анау да қарап тұрсын ба, аяғын
сермеп Айболды іштен бір тепті. Шыр-пыры шыққан
Нұрбол екеуін азар ажыратты.
– Шындықты айтқанға шыдамайсың, ә? – де-
ген Тоқтар жағасын түзеп, үсті-басын қақты да тайып
тұрды.
Екі дос дағдарды. Аз үнсіздіктен соң Айбол:
– Мен үйге бармаймын, – деді Нұрболға қарап. Дауы
сында діріл бар. – Әкемнің мінезін білесің. Өлтіреді.
– Мен де қорқып тұрмын...
– Онда былай істейік. – Айбол алтын тапқандай
қуанды. – Ауыл шетіндегі Нұрқанның үйі бар емес пе,
сонда түнеп шығайық...
– Иесіз үйге ме? – Енді қайда барамыз? – Сөйтсек сөйтейік. Аудан орталығына жазда көшіп кеткен сыныптастары Нұрқанның үйлері бос болатын. Есіктегі құлыпты біреу жұлып алған ба, жоқ. Екі ұл қап-қараңғы үйге кірулерін кірсе де, қорқа-қорқа жан-жақтарына қара ғыштап төрге озды. Қаңыраған үй ішін жел кеулеп сұпсуық. Балалар тоңа бастады. Әрі түстен бері екеуі де аш. – Тақалып, сығылысып отырайық, – деді Айбол пеш жанындағы қуысқа отырып жатып. – Отырсақ отырайық... Үндерін шығармай тым-тырыс қалған. Кенет ауызғы бөлме жақтан, ағаш еденнің астынан бірдеңе сықырлағандай. Үркектеп құлақтарын тосты. Сықырсықыр, тықыр-тықыр... – Бұл не? – деді қорқақ Нұрболдың зәресі ұшып. – Тышқан шығар? – Әне, тағы да тықырлатып жатыр. Қаптап келіп, бізге шабуыл жасап жүрмесін. – Су жүрек екенсің. Жұдырықтай тышқан не істеу ші еді? – Тоңдым, қарным ашты, – деді Нұрбол. – Шыдамсыз ба ең? – Кешір. Мен үйге барамын, – деді Нұрбол. – Мен ше, мен жалғыз қаламын ба, сонда? – Сен де бар, үйіңе. – Әкемнен қорқамын. – Менің басымнан да сыйпай қоймас көкем. Не болса да көріп алдық. Екі бала далаға шығып, өз үйлеріне беттеді.
* * *
Ертеңінде түске тақау аудан орталығынан келген
учаскелік инспектор, милиция аға лейтенанты ауылдың
шағын кеңсесіне Айбол мен Нұрболдың әкелерімен
бірге екі ұлды да шақырды.
– Түсіндіңдер ғой, – деді Айболдың әкесі шалғы
мұртты, күжбан қара Тарғын екі балаға қарап. – Мая-
ны өртеген сендер емессіңдер, түсіндіңдер ме? Ұстап
алған біреу жоқ. Елдікі құр жорамал. Бәрібір қылмысқа
тарта алмайды. Ей, ұқтыңдар ма, кещелер!
– Ұқтық қой... – Екі дос естілер-естілмес міңгірледі.
– Біз де ештеңе білмейміз. Көрдім деген көп сөз,
білмеймін деген бір сөз. Келістік пе?
– Келістік.
Учаскелік инспектор талдырмаш қыр мұрынды жас
жігіт екен. Екі баланың әкелерінен ары сұрап, бері сұрап
білмейміз деген сөзден басқа жауап ала алмады. Ендігі
кезек Айбол мен Нұрболға жетті.
– Сіздер боссыздар, – деді аға лейтенант үлкен
кісілерге. – Үйлеріңізге қайта беріңіздер. Ұлдармен
оңаша әңгімелесем.
– Баланың ісі шала дегендей, бұлармен бекер
сөйлесесіз. Боқмұрындар не білуші еді, – деді Айбол
дың әкесі кеңседен шыққысы келмей.
– Кешіріңіз ағасы. Қызмет реті солай. Балалардың
кінәсі болмаса несіне алаңдайсыз?
– «Аш пәледен, қаш пәле» деген емес пе?! Жарайды-
жарайды, қайтайық үйімізге.
Үлкендер кеңседен шығып кеткен соң, учаскелік ин-
спектор сауалды төтесінен қойды.
– Ал Айбол, Нұрбол нешінші сыныпта оқисыңдар?
– Жетіншіде.
– Оқу үлгірімдерің қалай?
– Жақсы.
– Сонда, жастарың он үште ме?
– Ия.
– Екеуің шамасы құрдассыңдар-ау?
– Ия, доспыз, бір сыныпта оқимыз, әрі көрші тұра
мыз.
– Дұр-рес. Міне, мына жерге қол қойыңдар.
Екі дос аға лейтенанттың айтқан қағазына қол
қойды.
– Міне-міне, бәрі ретімен келе жатыр. Не үшін қол
қойғандарыңды білесіңдер ме?
– Білмейміз.
– Өтірік айтпайсыңдар. Жалтарып жауап берсеңдер,
заң алдында жауапқа тартыласыңдар.
– Сендерге дейін ауылдың он үш адамынан жазба-
ша түсінік алдым. Солардың сегізі екеулеріңнің маяны
өртегендеріңді растап отыр.
– Ағай. Біз емес өртеген.
– Тыңдаңдар аяғына дейін!
Екі достың ауыздарына құм құйылды.
– Екеулерің қой бағып шықтыңдар. Түс ауа іштерің
пысып отырғанда тұра қашқан түлкіні көрдіңдер.
Көрдіңдер де, қайыра ініне кірген түлкіні шығару үшін
аузына от қойдыңдар. Екінші ауыздан қашып шыққан
түлкіні қуып кете бардыңдар. Жел екпінімен лаулаған
от жанып-жанып барды да, қурап тұрған маяға тиді...
«Ғажа-ап!.. Бәрін қалай біліп алған? Көзбен көргендей
дәл айтып отыр...» деп ойлады екі бала да.
– Маядағы шөп осылайша өртеніп кетті. Келісесің
дер ғой?
– Біз әдейі істеген жоқпыз, – деді Нұрбол.
– Әрине қасақана жасаған жоқсыңдар. Алайда, жел
соқпаса шөптің басы қимылдай ма?
– Жоқ, қимылдамайды. Ендеше, өрттің шығуына сен-
дер себепші болдыңдар. Түлкінің ініне от қоймасаңдар,
іс насырға шаба ма? Сондықтан, болған оқиғаны бірін
қалдырмай жазып беріңдер! – деді қабағы қатуланған
аға лейтенант.
– Ағай, сонда бізді соттай ма? – деді иегі кемсеңдеп,
жыламсыраған Нұрбол.
– Баламысың деген. Соттамайды. Үйткені, жас
тарың кәмелетке толған жоқ. Менің міндетім, болған
жағдайды тексеріп, қағазға түсіріп, аудандық сотқа
өткізу. Арғы жағын сот шешеді.
Ұлдардың мұрындары пысылдап, болған жәйтті рет-
тетімен жазып берді.
... Он күн өткен соң Айбол мен Нұрболдың әкелері
аудан орталығында өтетін сот мәжілісіне шақырылды
да, кешке таман қайтып оралды. Соттың шешімімен
екі отбасы үш-үштен алты сиыр айыппұл төлейтін бо-
лыпты...
БІР ТАЛ ГҮЛ
Қараңғылық түскелі қашан.
Үлкен қала күні бойғы қым-қуыт тіршілік ырғағынан
сәл де болса байыз тапқандай, арлы-берлі ағылған
көліктер де, адамдар да дамылдап, саябырлаған.
Оқта-текте терезе тұсынан бірлі-жарым машиналар
өтеді. Одан соң біршама уақыт тыныштық жайлайды,
бұл маңды. Қараңғы түн мен жалғыздықты суқаны
сүймейді, баланың. Алайда, тағдыр жазуына не шара?
«Жалыққаным-ай, ішқұсса күндерден».
Кішкентай қыздың шерлі жүрегі жиі-жиі соғып,
бойын қорқыныш биледі. Қорғансыз, шарасыз тірлігіне
налығаннан өксіп-өксіп жылады. Бірақ қанша жыла-
сын, ертеңгі сабаққа әзірлену керектігі есіне түсті де,
жігерленіп жинап алды, өз-өзін.
Қыздың әкесі екі жасында қайтыс болған. Су-
рет альбомдағы түріне қарағанда, көркем адам болған
сияқты. Көмірдей қара шашын оң шекесіне жатқыза та-
рап қойыпты. Қыр мұрыны ашаңдау, ақ құба жүзін аша
түскен. Жылылық ұялаған қой көздерінде мейірім тұнып
қалғандай. «Қандай жақсы кісі, деп ойға берілетін қыз.
Әттең, әкем тірі тұрғанда көрінгенге көз түрткі бол-
май, өзге балалардай арқа-жарқа, шат-шадыман жүрер
ме едім? Анам да ойына келгенін істеп, қалай болса со-
лай тірлік етпес еді-ау...»
Анасы жайлы толғанса, қаршадай қыздың жүрегі
шаншып ауырады. Азық-түлік сататын дүкенде, ел
қатарлы сатушы боп жүргенде, мойнына ақша мініп,
сотталудан аман қалған соң, тиіп-қашып әр жерде істеп
жүрді де, келе-келе одан да шеттеп қалған. Кейінгі кезде
араққа үйір болғаннан үйдің берекесі кетті. Бір абыройы,
нағашы әпкесі ішіп-жемнен тарықтырған емес. Тәубе,
оған да. Бірақ судың да сұрауы болмай ма? Шешесінің
мәнсіз-мағынасыз тірлігі жалғаса берсе, соңы немен
тынар екен? Жолдан тайса ақыл-кеңес айтып ұрсып-
жекіруге, жазғыруға жақын тұратын үлкендер неге бәрін
керісінше жасайды. Осы арасын түсінбейді, бала.
Саиданың өзіндей балаларға ұқсап теледидар та-
машалап, компьютерде ойнап, я болмаса қызықты
кітап оқып шаттанған кездері сирек. Қайбір күндері
шешесін күте-күте шаршап, қарны аш күйінде ұйықтап
та қалатын. Пәтерлері бірінші қабатта болғандықтан,
подьездегі қаңғыбас мысықтардың мияулап, ұмар-жұ
мар төбелескен ащы даусынан төбе шашы тік тұратын.
Иесіз мысықтар ескі үйдің іргесін үңгіп-тесіп, көздері
қанталап, қазір-қазір кіріп келердей елестейтін. Он күн
бұрын екі тәте келіп, мезгілінде ақша төлемегендері үшін
электр жарығын қиып кеткен. Үй іші тастай қараңғы.
– Ища-ай, жаурағаным-ай!
Саиданың даусы шығып кетті. Ескі шифонер-
ден күздік пальтосын алып киді де, темір кереует-
ке қисайғаны сол еді, қапелімде жүрегі тас төбесіне
шықты. Ауызғы бөлмеде қараң-құраң әлдекім жүр
гендей ме? Батылданып, үстел суырмасындағы май-
шамды іздеді. Тапты. Жалғыз талы қалыпты. Тұта
тайын деп тұрды да, райынан жылдам қайтты. Ана-
сы үйге оралмаса, соңыра жағып шәй ішіп, ертеңгі
сабағына әзірленуі керек.
Кенет сыртқы есік қатты-қатты қағылды. Сасып-
пысып дәлізге жүгірген. Кім екендігін сұрамастан ілгекті
ашып жіберді. Анасының қасында бет-аузы жара шегір
көзді еркек бар.
– Ұйықтап қалғансың ба?!
– Жо-оқ...
– Неге ашпайсың?
Бөлме ішін шараптың жағымсыз, сасық иісі алып
кетті.
– Шам жақ, – деді анасы.
– Ой, үй қандай жылы,– деді еркек.
Сығырайған майшамның әлсіз жарығы жан-жаққа
шашырай бастады.
Еркек үстел қасына жайғасып, ескі шүберек дорба-
дан бір бөлке нан, балық консервісін, екі шөлмек шарап
шығарды. Сәлден соң екеудің сөздері қиыспай, тілдері
күрмелді. Сабағын қарап, бүрісіп бұрышта отырған
Саиданың басына дәнеңе кіретін емес. Оқыған сөйлемін
қайта-қайта ежіктейді. Еркек бір кезде ән айтпақшы ни-
етпен: «Алтайдың ар жағынан келген ару...» дей берді
де, қақалып-шашалып жөтелді-ай...
Анасының арақ ішіп, мас болуы жиілеп барады.
Бұрындары қанша ішсе де, үйге жалғыз оралатын.
Біраздан бері мына кісіні тауып алыпты.
Саида анасын алғаш көргендей тесіліп, ұзақ на-
зар тіктеді. Бет-аузын айқыш-ұйқыш әжім басып,
қартайып, кеткендей. Қара шай мен қара нанды қар
быта жеп өліп барады. «И-й, бейшара анашым-ай,
– деді көзіне құйылған жасты тежей алмай. – Атаңа
нәлет арақты кім шығарды екен? Құриды ғой, бұлай
жүре берсе...»
Сол сәтте анасын жек көрді, және аяды Саида.
Еркектің екі көзі қызда. Ішіп-жеп, қайта-қайта
қарағыштай береді.
«Кетсе екен... Көздері қандай жаман!..»
Тұрып далаға шықпақ еді, мас еркек тәлтіректеп
тақау келді де, қолынан ұстай алды. Саида шыңғырып
жіберді. Басы бұлғақтап қалғып-шұлғып отырған анасы
көзін ашып:
– Оның не, Коля? – деді немқұрайды үнмен.
– Сұлу екен, қызың...
– Саида тысқа атып шықты да, қыстығып жылап
қоя берді. Сол күні үйлеріне тақау жердегі сыныптас
құрбысының үйіне түнеп шықты.
... Таңертемен жүрегі алып-ұшып үйге келсе, ана-
сы түк болмағандай, қатқан қара нанмен қара шәй
ішіп отыр. Қайда болдың деп сұраған да жоқ. Құдды
бөтен адам секілді. О, тоба! Көздері қып-қызыл. Ісіңкі.
Еріндері тілім-тілім. Киімдері тозған. Үстіндегі көйлегі
де кір.
– Мама, бұл жүрісің не? Қарашы өзіңе, – деді Саи-
да анасына жаны ашып.
– Иә, қызым, дұрыс айтасың.
– Ұқыпты едің ғой. Жиналшы, серпілші!
– Өзім де мүжіліп отырмын. Түнде сені іздеп ма
ңайдың бәрін қарадым. Әне бір Ақжайық көшесі бар
емес пе, сонда қаңғыған бір иттер талап тастай жазда-
ды. У-уф, жаным-ай! Қашып, жүгіре бергенімде аяғым
шалынып құлап түстім. Міне, қарашы, күп боп ісіп кетті
балтырым. Азар жеттім сүйретіліп.
– Осының бәрі әкемнің жоқтығынан...
Анасын, өздерінің жұпыны тірліктерін ойлап
мұңайып отырған Саиданың көзінен жас парлап қоя
берді.
– Мама, өтінем! ішпеші, атың өшкір, арақты!
– Татып алмайын деп талай талпындым...
– Ішпе! Біреу қыстай ма?
– Жоға, балам...
– Онда неге ішесің?
– Ерік-күшім жетер емес.
– Емдел, дәрігерге бар!
– Айтқаның жөн.
– Ол үшін ана бір жаман адамдардан алыстауың керек!
Біржолата!
– Сөйтем, жаным...
– Сөзіңде тұршы, м а м а!
– Жарайды...
Анасымен арқа-жарқа көптен тілдеспегелі кішкен
тай қыз да бір түрлі жат, суық кейіпте алыстап бара
жатқандай еді. Мына әңгіме жүректегі сызды жы
лытқандай, қуат-күш берді. Шешесі беті-қолын жуып,
үстіне бір қабат таза киімдерін киіп еді, салиқалы-
салмақты әйелдерге ұқсап, табанда өзгеріп шыға келді.
– Қарашы айнаға! Әп-әдемісің! Айтшы, кімнен
кемсің?
Саида анасын қолынан жетелеп ауызғы бөлмедегі
шарайнаның алдына алып келді.
– Шынында өзіме қарамағаныма қанша болды?!.
Балам-ай, не істер едім, сен болмасаң? жанымның жа
пырағы сол... – Әйел мұңайды.
– Жақсылап тынық! Есікті іштен іліп ал! – деді
қызы мектепке кетіп бара жатып. – Бізде бүгін төрт
сабақ. Көп бөгелмеймін мама!
Екі пәннен бес алып, көңілі көтеріліп үйіне жеткен
баланың мойнына біреу суық су құйып жібергендей,
еріндерін жымқыра тістеп тұрып қалды. Бөлме іші
көк түтін. Стол үсті астаң-кестең. Қалай болса, со-
лай шашылған. Шараптан босаған шөлмектер. Балық
консервісінің қалайы қалбырлары. Кіреукеленген көз
дерін ашып-жұмып, темір кереуетте анасы қалғып-
шұлғып отыр...
Мектеп директоры – отыз бес шамасындағы қара
торы әйел, Саиданы сырттай бақылап жүреді.
Қолынан келген көмегін беруге, асық. Саида қабылетті
қыз. Мектептегі хорға да қатысады, жеке дауы-
ста ән де айтады. Тең құрбыларымен салыстырғанда
әлдеқайда ересек, байсалды. Кейбір қыздарға ұқсап
елтең-селтеңге ерген емес. Мұғалім жаңа сабақты
түсіндіріп тұрғанда, бар зейінімен тыңдап, жақсы
ұғып алады. Сол жерде жауап беруге бар. Үйде сабақ
оқуға жағдайы бола бермейтіндіктен, үзіліс кезінде
үнемі кітапқа үңіліп отырғаны. Өзге балалар сияқты
жүгіріп, секіріп ойнамайды. Ана жүрегінің жылуын
сезінбей өсіп келе жатқандықтан ба, балалығын біреу
ұрлап алғандай. Өзі қатарлы құрбылары үлкен үзілісте
мектеп дәмханасынан тәтті шоколад, балмұздақ алып
жеп жүргенін көргенде қызығып кететін. Мөлиіп бос
қарағаннан дәнеңе шықпасын білген соң, назар салуды
қойған. Кедейшілік баланың намысын, табандылығын
жани түскендей.
Жоқ-жітік және көп балалы шаңыраққа көмек бе-
руге шетелдегі бір фирмадан киім-кешек жеткізілді.
Мектеп директоры сабақ соңында Саиданы кабинетіне
шақырып, өзі таңдап қызға дәл келетін бірсыпыра киім
берді. Мұндай жақсылық көрмеген Саиданың төбесі
көкке жеткендей шаттанды. Қыстық пальтосы да шап-
шақ. Көйлектері қандай көркем! Шарайна алдына кел-
генде өзін-өзі танымай қалды. Сүйкімді дөңгелек жүзді,
қыз тұр алдында.
Сол күні Саида түс көрді. Теңіздей толқыған
қызылды-жасылды әлем ішінде жүр. Айнала-төңірегі
жайқалған гүл. Анадай жерде анасы тұр, үн-түнсіз...
Саиданың өмірге құштарлығы артып, сабаққа ынта-
ықыласы арта түсті.
Мамыр айы. Ағаш біткен жапырақ жайып, көк
қаулай шыққан. Күн жылынған. Адамдар да шат-
шадыман. Жайдары. Саидалардың үйінің алдында
шағын бақшалық болатын. Ештеме егілмегендіктен
арам шөп басқан. Бір күні қараса, жалғыз тал гүл шығып
тұр. Қыз қызықты. Жүрелей отыра қалып иіскеп еді,
хош иіс өн бойын шымырлатып жіберді. Еңкейіңкіреп
қайыра иіскеді. Баяу тербелген гүл «мен саған қуаныш
сыйлау үшін өстім» дегендей сыбдыр қағады.
Еркешора
– Ойпыр-ай, өлтірді-ау!
Дағарадай боз көйлегіннің етегіне сүріне-қабына жан
ұшырып келеді, Дәу апа. Қолында шыбық. Үпілмәлік
тей үптеп отырған немересінің кеудесіне, қарақұсша
қонақтап, басқа-көзге қарамай, төмпештеп жатқан
сыптығыр қараны түтіп жемек, тырнағы іліксе.
Есік алдында пешке нан жауып жатқан көрші кемпір
Несіпбала да, ойын қызығына ендеген қара сирақтар
да ауыздары ашылып, аңтарылып қалған. Өйткені
Дәу апа десе, жылаған бала уанады. Арсы-гүрсі
қимылдайтын қара кемпірден үлкендер де тайсақтайды.
Азан шақырып қойған есімін ешкім білмейді. «Дәу апа»
дейді жұрт. Соғыс жылдары колхозда басқарма болған.
Жоғарғы жақтың нұсқау-бұйрығын аюдай ақырып
бұлжытпай орындаған. Шаш ал десе, бас алған. Қайта
қазір қартайып бастыққан кезі ғой...
Дәу апаның жалғыз баласы былтыр қайтыс болған.
Тошан содан қалған тұяқ. Біреуге сүйкеніп, ұрынбаса
жүре алмайтын нағыз қызыл көздің өзі. Дәу апаның
шайпау мінезін білетін балалар, көп жоламайды Тошанға.
Әлгі әзірде Тошан мен Жанат ойнап жүрген. Бір кез-
де екеуара жалғыз допқа таласып қалды. Бастапқыда
бірі-бірінің жағаларынан тас қып ұстап, ілгерінді-
кейінді ырғасқан. Жұдырықтассын кеп. Шақарлығын
көрсетті, Тошан. Қапелімде Жанаттың бетін тырнап
алғаны. Сояудай тырнақ осып өткен бет тыз етті. Қан
білінді. Әлгіндегі әлгі ме, тісін қайрап, білегін сыба-
на, майдан ашты Жанат. Екеуі де еңкейіңкіреп, кәдімгі
айдары тікірейген қоразға ұқсап аңысын аңдып жүр,
Кенет Жанат шап бере ұстап, оң жамбасқа ыңғайлап
алып ұрды Тошанды.
Дәу апа айқайды сала таяй берген.
«Әттең, әжең келмегенде!...» Сыптығыр қара есесі
кеткендей ежірейе қарап, құйын-перен безіп жөнелді.
Жер тепкілей бақырып жатыр, Тошан. Басын әнтек
көтеріп еді, әжесін көре қалып, үдете түсті жылауын.
Немересін жетелеген Дәу апа Ыбырай атаның үйіне
тартып келеді.
– Ойпыр-ай, жетпегір-ай! Қолыма түспеді-ау! Жел
кесін қиятын ем. Қарашы, бет-аузын көнектей ісіріп
көк ала қойдай сабағанын! Әй, Ыбырай, тый ана ерке-
шора немеңді! Бір емес, екі емес. Басынуын.Серіксіз
ер, серпінсіз тегеурін деп... Менің қосақсыз, ұлдың
әкесіз қалғанын табалай ма?
Шоқша сақалы дөңгелек жүзіне жарасатын, иман
жүзді Ыбырай ата Дәу апаның алдынан шығып, жік –
жаппар.
– Бір ашуыңызды қиыңыз, бәйбіше. Бала да бір, ит
те бір. Төбелеседі, татуласады.
– Өйдөйт деген! Төбелеседі, қояды деп. Кім көрін
геннен таяқ жеп жүрмекші екен ғой. Мәймөңкелеме,
сен өйтіп. Білдің бе? Осыдан тіке ушаскебей мелисаға
барам!
* * *
– Қылығын қоймайды екен, таспа тілем жонынан!
Көкесінің дауысы. Төргі үйде, кәннің түбінде демін
ішінен алып, тығылып отырған Жанат құлағын түре
түсті. Бұлайша таусыла сөйлемейтін көкесі.
– Жұп-жуас бала еді. Сіз ғой, еліртіп қойған! –
Мәссаған! Анасы ма? Көкесі іліп әкетті.
– Өбектеп... Бетінен қақпай... Жеткізер ұшпаққа...
Дәу апаның сүрей жындысында несі бар. Аты шулы
емес пе ол. Бақсылығын естуші ем... Өштесіп, қастық
жасап жүрмесе де... Қайда өзі?
Төргі үйге оза берген көкесін атасы кідіртті.
– Отыр, шошаңдамай! Келісіп алғансың ба, екеуің?
Тайдың жүрісі, баланың жұмысы біліне ме? Үйдегі көп
шаруаға қолқабыс жасайтын, осы қарғам. Сәулеге де
қарайды. Көзім тірі тұрғанда маңдайынан шерткізбей
мін, ешкімге! Ажал айтып келе ме? Қисая кетсем, амал
жоқ. Одан кейін түтіп жесеңдер де мейілдерің... Дәу
апаның баласы таяқ жесе, кінәлі өзі. Төбелесті. Жы-
лады. Уанды. Онда не тұр? Жанатайым, қайта есті.
Айтқаныма құлақ асып, кешірім сұрады барып. Айт-
шы, қане? Қай шығының шықты, сендердің? Келін
шырақ... Тілің шығайын деген бе? Жоқ, болмаса Жа-
натты ала-бөле тасқа желіндеп, мұзға тауып па едің?
Бұл қай сасқаның. Бөліп, жарма. Тең көр, төртеуін де!
Екеуі жым болды.
«Ә, бәлем-м... Солай ма екен?! Кім деп жүрсіңдер
Жанатты?.»
Сыптығыр қара батылданып, орнынан тұрды.
* * *
... Отбасында төрт қыз бар. Күләш жетіде, Жанат
алтыда, Үміт үште, Сәуле әлі кішкентай. Жасқа да
толған жоқ. Күләш әжесінің, Жанат атасының баласы.
Үміт пен Сәуле ғана көкесі мен мамасының еркелері.
Жанат тарамыс, сіріңке қара. Жүріс-тұрысы мен
іс-қимылы, мінез-құлығы тура ұл. Күләш болса
кішкентайынан аурушаң. Шала туған. Содан болар, аса
нәзік. Әлсіз. Қит етсе, ауырып қалады. Әжесі сан түрлі
киім әперіп, киіндіріп қояды. Аумаған жанды қуыршақ.
Өзі оқтау жұтқандай қаздиып жүреді. Иіліп, еңкей
мейді.
– Күләшқа тиіспеңдер!
– Күләштай кінәз ғой.
– Күләштайыма алдым.
– Күләштайым кисін.
– Күләштайым жесін.
«Күләш, Күләш!» Құлағы әбден сарсыды. Еркеле
тетін – әжесі. Үйдің үлкені болған соң, бауырларына
бүйрегі бұрмас па? Ойнатпай ма? Олай етпейді Күләш.
Өзімшіл. Өр кеуде. Сондай әпкесін қалайша жақсы
көрмек, Жанат. Суқаны сүймейді. Атарға оғы жоқ.
Көкесі де кейде:
– Жанат, ақылың бар емес пе. Күләш сенен үлкен
ғой, – дейді.
Сонда қалай? Үлкен екен деп, орынды-орынсыз сый-
лай бере ме? Күләштің көйлегі мен ойыншығында сан
жоқ. Бантиктері де көп. Қызыл. Сары. Көк. Жасыл.
Ұқыпты өзі. Бәрін де қаттап, жинап қояды. Қызғыштай
қорып, жан баласына ұстатпайды. Сұрап, мазасын ала
берсең, бақырып басына көтереді, үйді. Бәлеге қалдым
дей бер. Әжесі жетеді, аттандап. Ең абзалы – жола-
мау. Су жүрек қорқақтығына дауа жоқ. Әсіресе солдат
пен орыстан зәресі ұшады. Ойнағаны да қызық. Есік
алдынан ұзамайды. Аула ішінде жүреді.
Бірде Күләш қоршау-шарбақтың сыртқы есігінен ба-
сын қылтитып, мойнын созып, жан-жаққа тамашалай
қарап тұрған. Жанат байқап қалды.
«Қазір, көкеңді көрсетейін!»
Аяғын санап басып, дыбысын шығармай таяу келді
де, сыртқа итеріп қалып, қақпаны қайыра жаба қойды.
– Әне солдат келеді!
– Әне, орыс келеді!– деп қояды.
Күләш жалма-жан ішке кіруге әрекет жасады. Есік
былқ етпейді. Тарс жабық. Жанат енді өліп кетсең де
ашар ма! Не істеу керек? Күләш бақырып, ойбайды
сала бастады.
– Әп, бәлем! Шоқ-шоқ! Сол керек, саған! – Жанат
жерден жеті қоян тапқандай мәз.
– Ойыншықтарыңды бересің бе?
– Берем.
– Бауырларыңды ойнатасың ба?
– Ойнатамын.
– Уәде ғой.
– Уәде... – Жаңағы, жаңағы ма, Күләш бақыруын
одан сайын күшейтті. Сөйтсе, үйден жүгіре шыққан
әжесін көзі шалған екен.
– Ұмытпа, уәдеңді! – Жанат қолын шапалақтап,
тілін шығарып, үкідей ұшып жоғалды.
– Кешке келерсің! Сені ме! – Көз жасын көлдеткен
ерке-тотай немересін еміреніп, айналып толғанған
әжесі аяғын салаңдатып, арқалап жатты Күләшті.
– Құлыным, қайдасың?
Төргі үйде Сәулеге қарап отырған Жанаттың құлағы
елең етті. Әлгінде ғана атасы тас-түйін киініп, бір жаққа
жиналып жүрген. «Барып келген бе?»
– Жанат-жан!
Жүгіріп жетейін десе, кішкентай бауырын қараусыз
қалдыруға болмайды. Кешеден бері аяғын әлтек – тәлтек
басып жүр. Жығылып қалуы мүмкін. Мамасының
сөзімен айтқанда «әлі мақұлық». Жерде не жатса да
алып аузына апарады. Аузы-құдды қойма. Қыл-қыбыр
ма, қағаз ба, түйме ме, бәрібір... Былайша айтқанда,
үйдің шаңсорғышы.
– Ата, мен мұндамын.
– Бәсе... Таң атпай қайда кете қалды деп. Тай әкелдім,
саған. Кеше дүкенге тауар түсті дегенге ентігіп, ерте-
лете жетсем. Әжең екеуіміздің мәсіміз ескіріп... Барсам
түк жоқ. Тып-типыл. Құртты ғой... Бұрынғы кездері
дүкен дегеніңіз дүниеге толып тұрушы еді...
«Тайы несі» деп ойлады Жанат. Құлынды биелері
жайлауда. Көкесі соноу қыс айы басталғанда, қар бір
жауғанда алып келетін.
– Соңыра бөпеңді ұйықтатқан соң, шығып ойна.
Тебе алушы ма едің? – «Е-е, велосипед әкепті ғой!»
Қалт-құлт әзер келе жатқан Жанат құлап түсті. Шаң
бұрқ етті. Қара сирақтар қыран-топан ду күлді.
– Не таптың-ей?
– Жартысы менікі.
– Несіне әлек болады, тебе алмаса.
Балалар тілін безеп, мазақтап мәз-мереке. «Тыныш
тұрса қайтеді...» Ашуы келді. Ернін қымқыра тістеп,
шыдап бақты. «Қайтсем үйренем...» Тағы мінді. Бірақ
“тайы” мөңкіп– мөңкіп аунатып кетеді.
Кешке дейін әуреленді. Неше мәрте құлады. Ауыр
маған, сырылмаған жері қалмады. Шынтағы. Тізесі.
Аяғы. Қолы. Бәрінен де шуылдақтардың тіл безеуі өтіп
барады. Көмектесіп, үйретіп жіберуді де білмейді. «Өй,
өңкей қызғаншақтар. Сендерді де дос деп...»
Қызыл жалқын шапағын жер бетіне бір аунатып, күн
ұясына қонақтады. Мал өрістен қайтатын уақыт тая-
ды. Кешкі апақ-сапақ кез. Үйдің алдында ақ жаулықты
әйелдер самаурын оттығын тұтатып жатыр. Сәт өтпей
тымық ауаға тік көтерілген көк түтін көріне бастады.
Ит үріп, қолдарындағы шыбықтарын шошаңдатқан
қара сирақтар екіден-үштен топтасып ауыл шетіне
кетіп барады. Жаз бойғы бұлжымайтын міндеттері. Қой
қораланып, сиыр байланғанша жалғасатын тіршілік.
Жанат та сиыр алдынан шығуы керек. Күндегі жұмысы.
Үйде бұдан өзге баратын бала жоқ. Күләштің түрі анау.
Шыбық тимес шыңқ етер. Әйеншек. Өткендегі қылығы
үшін көкесінен оңбай таяқ жеді. Арашаға түскен ата-
сы. Әжесі ашуланса, қиын. Бірақ сайраған тілі болмаса,
қауқары шамалы. Атасы күшті.
Жанат велосипедін әкеп, үйдің іргесіне сүйей салды.
Ертеңінде қараса, қора үстінде жатыр. Алып тепсем бе
деп аз уақыт қарап тұрды. Құлқы соға қоймады «Жа-
райды, кейінірек, бәрібір үйренем» – деп ойлады.
* * *
Ертең жаңа оқу жылы. Бірінші қыркүйек. Күләш
мектепке жиналуда. Киімдерін үтіктеп, реттеп қойған.
Таңертең әжесі Күләшті жетектеп мектепке бет алды.
Күләштің үстінде ине-жіптен шыққандай жаңа киімдер.
Қара көйлек. Ақ фартук. Шашында ақ бантик. Сөмкесі
де әдемі. Түсі қоңыр. Көздері жайнап, күлім-күлім
етеді.
Жанат та қалмай еріп келеді. «Жүре берсін деп ой-
лады әжесі, қызық қой бұған да...»
Мектеп алды мереке. Оқушылардың жүздері
бал-бұл жанады. Бірінші сыныптың балаларын сапқа
тұрғызып, бір-бірден мектепке енгізді. Сынып бөл
месіне енген оқушылар партаға барып отырып жатыр.
Шетінен тәртіпті, ибалы. Жанат қана дәл ортада сос
тиып әлі тұр. Оқушылар тегіс жайғасты. Артық орын
қалмады. Бір күн бұрын алғашқы қоңырау болғанын,
кімнің кіммен отыратыны анықталғанын қайдан білсін,
Жанат. Парталарды көзімен шолып, тегіс қарап шықты.
Бос орын жоқ. Көрші үйдегі Күлән. Моп-момақан.
Томпия қалыпты. «Бәлесін... Кешке үй жаққа ойнауға
келерсің... Сонда сөйлесерміз...»
Мұғалім апай сынып бөлмесінен шығып кетті.
Балалар сыбыр – күбір.
– Біріншіге келдің бе?
– Сөмкесі неге жоқ?
– Киінбепті де...
– Кім өзі?
– Күләштің сіңлісі гой...
– Сіңлісі дейді...
– Ұл емес пе?
– Қайдағы ұл?
– Қыз ол,.. қыз.
Намыстан өртеніп барады. Көзіне боталап жас
келсін. Жүгіріп сыныптан шықты. Әжесі мен мұғалім
апай сөйлесіп тұр.
– Балам, не болды? Кім тиді?
Әжесі абдырап артынан ұмтылған,
Жанат үйге келе сала жанжал шығарсын. Жер
тепкілеп, бақырып жылады. «Неге жасырасыңдар?
Мен қыз екенмін ғой! Енді ұлша киінбеймін! Көйлегім
нің бәрін өртеймін...»
Тағы да арашаға түскен атасы.
– Мен ғой, құлыным, мен... – дейді иегі кемсеңдеп...
– Тұрарымның соңынан еркек бала ермеген соң...
ырымдап.. ұлша киіндіріп едік сені. Қайтейін!.. Кешір,
алтыным алжыған атаңды! Кешір!..
Атасы шынымен жылап отыр. Бір түрлі іші елжіреп
аяп кетті...
Сол күннен бастап Жанат қызша киінетін болды.
Күләш секілді қызыл, сары, көк ақ бантиктер жинады.
Шашын тез өсірем деп әлектеніп, күніне неше мәрте
жуады.
Келесі жылы Жанат бірінші сыныпқа барды. Бірақ
өзінің қыз екенін оқта-текте ұмытып, ұл балалармен ой-
нап кетіп, кейде төбелесіп қалатыны да бар. Бұл әдетін
ол көпке дейін қоя алмай жүрді.
МАЗМҰНЫ Бірінші бөлім Хикаят Тұнжыр..................................................................................................................... 5 Екінші бөлім Әңгімелер Жоғалған сөмке....................................................................................................... 49 Тарқаған өкпе .......................................................................................................... 52 Таңат – менің ағам ................................................................................................. 54 Лифт неге тоқтады? ................................................................................................ 56 Сынықшы ............................................................................................................... 57 Әбестік ................................................................................................................... 59 Реніш ...................................................................................................................... 60 Қызыл бет ................................................................................................................ 63 Қисық шегелер....................................................................................................... 65 «Бағың нұрлансын, балам!».................................................................................... 67 Екі жүз теңге .......................................................................................................... 69 Бір үзім нан............................................................................................................... 71 Өтірік өрге баса ма? ................................................................................................72 Пештен шыққан Пернебай ..................................................................................... 74 Балапан баққан Батыр ............................................................................................ 76 Мейірім ...................................................................................................................77 Қайыңның көз жасы ..............................................................................................78 Ақ жауын ...............................................................................................................79 Әкеммолла ..............................................................................................................80 Қасықтағы май ......................................................................................................83 Қолым тимейді.........................................................................................................86 Аққоянның үйшігі....................................................................................................87 Адалдық .................................................................................................................89 Тапқыр бала ...........................................................................................................92 Төгілген су ............................................................................................................. 94 Екі достың ерлігі.....................................................................................................96 Үпілмәлік ................................................................................................................98 Боранды күні .........................................................................................................99 Кемел неге көңілсіз? ..............................................................................................100 Ерасыл (Бір шоқ мөлтек әңгіме) ............................................................................101 Сынған рельс .........................................................................................................104 Қолқанат ................................................................................................................106 Табылған доп ..........................................................................................................107 Жуылған балапандар ............................................................................................108 Доңғалақ қалай жарылды? ...................................................................................109
Кішкентай қыздың көмегі .....................................................................................111 «Құпия» бекініс .....................................................................................................112 Адасқан Айбек ......................................................................................................114 Тентек қораз ............................................................................................................116 Көк көйлек ............................................................................................................118 Наурыз ..................................................................................................................120 Басқа пәле – тілден ..............................................................................................122 Кіндік шеше ..........................................................................................................124 Асхат қалай түзелді? ..............................................................................................126 Калининградтан келген бала ................................................................................128 Ала жіпті аттама ....................................................................................................130 Әже, келдің бе? .......................................................................................................133 Сыйлық ................................................................................................................ 135 Ақтауықтың әлегі ..................................................................................................137 Жақсыда жаттық жоқ ...........................................................................................139 Алтын алма, алғыс ал .............................................................................................142 Мектепке асыққан Мейраш .................................................................................144 Өрт ........................................................................................................................147 Хисмет ата ..............................................................................................................149 Мөлдір бұлақ ...........................................................................................................152 Күрең бие ................................................................................................................155 Үшінші бөлім Ертегілер мен мысалдар Мұжығын ...............................................................................................................161 Мақтаншақ сары сағат ...........................................................................................180 Тәкапар Піл ...........................................................................................................183 Ақ қайыңның ақылы ...........................................................................................186 Алданған бай .........................................................................................................189 Кітап мұңы ...........................................................................................................192 Шөптің қателігі ....................................................................................................194 Жақсылыққа – жақсылық ...................................................................................197 Адал сауда ...............................................................................................................199 Ине мен жіп ...........................................................................................................202 Дәптер мен Әліппе ..................................................................................................203 Жалқаулыққа кім үйір? ........................................................................................ 205 Тарғыл мысық .......................................................................................................207 Бақыт деген не? ....................................................................................................212 Сабыр түбі – сары алтын .......................................................................................217 Төртінші бөлім Әңгімелер Алабұға аулаған күн...............................................................................................223 Ойыннан шыққан от ............................................................................................230 Бір тал гүл ............................................................................................................239 Еркешора ...............................................................................................................245
Балалар көркем әдебиеті Толымбек ӘБДІРАЙЫМ алабұға аулаған күн Көркемдік жобаның авторы Ш. Байкенова Редактор Ш. Күмісбайұлы Көркемдеуші редактор В. Логинов Компьютерде беттеген Д. Кадырбаева Суретің салған В. Логинов ИБ № 6 (164) Теруге 03.08.2012 ж. жіберілді. Басуға 22.10.2012 ж. қол қойылды. Пішімі 60х90 1/16 . Қағаз офсеттік. Басылымы офсеттік. Көлемі 16 ш.б.т. Таралымы 2000 дана.+100 дана Тапсырыс № 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143, тел/факс: 8 (727) 395-51-80 Отпечатано с фаилов заказчика в ТОО «Полиграфкомбинат» Республика Казахстан, 050002, г. Алматы, ул. Макатаева,41
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру