TELEGEI

Home

Қоғамдық шарт туралы немесе саяси құқық принциптері

Жан Жак Руссо

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қоғамдық шарт туралы немесе саяси құқық принциптері

МЕМЛЕКЕТТІК "МӘДЕНИ МҰРА" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Бас редакциясының алқасы: Тасмағамбетов И. Н., бас редактор, Тәжин М. М., бас редактор...

ҚОҒАМДЫҚ ШАРТ ТУРАЛЫ, НЕМЕСЕ САЯСИ ҚҰҚЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
І кітап

(1712-1778) - француз Ағартушылығының қайраткері, философ, ұлы француз революциясының идеологы. Женева қаласында, сағат шеберінің отбасында дүниеге келген. Аса сауатты, саяси білімге құштар Женева қолөнершілерінің арасында өскен. Болашақ саяси ойшылдың "бостан да, республикашыл рухы" осы ортада қалыптаса бастаған. 1728 жылы ол Женевадан кетеді. Біраз уақыт Аннесиде, Туринде, Лионда дәулетті кісілердің үйлерінде қызмет етеді. Бұдан кейін оның өмірінің Париждік кезеңі (1742-1756) басталады. Бұл уақыт Руссоның идеялық жағынан өсе түскені кезеңі болды. Ол кезде Феодалдық-абсолюттік құрылыстың ауыр дағдарысына ұшырап, үшінші қоғамдық сословиенің революциялық белсенді.тігінін күшейе түскен дәуірін бастан кешіріп жапқан еді.Жас философ Вольтер, Монтескье, Тюрго, Кондорсе, Гольбах және басқалар қатысатын әйгілі Париж салондарына барып жүрді. Руссоның идеялық жағынан шыңдала түсуіне әйгілі "Энциклопедияшылар" Дени Дидро мен Д'Аламбер үлкен ықпал етті. Руссо олармен достық қатынаста болды.Руссоның саяси көзқарастары оның басты еңбегі – "Қоғамдық шарт туралы немесе саяси құқық принциптері" деп аталатын трактатында баяндалған.Руссоның ілімі француз Ағартушылығы идеяларының дамуына елеулі ықпал етті; ол ілім бүкіл Еуропаға және одан тыс жерлерге де таран, кеңінен мәлім болды. Мен азаматтық ахуалда заңдарға негізделген, егер адамдарды олардың қандай екендігі күйінде, заңдарды олардың қандай болуы мүмкін күйінде алсақ, сенімді болатын әлдеқандай басқару принципі мүмкін бе деген мәселені зерттемекпін. Бұл зерттеуде мен құқық рұқсат беретін нәрсені пайда табу міндеттейтін нәрсемен, әділет пен пайда арасында ешқандай алшақтық болмайтын етіп ұштастырып отыруға ұдайы ұмтылатын боламын. Осынау іске тақырыбымның маңыздылығын дәлелдемей-ақ кіріспекпін. Менен: саясат туралы жазатындай сен тақсыр не заң шығарушы ма едің деп сұрауы мүмкін. Мен тақсыр не заң шығарушы болсам, не істеу керек деген әңгімеге уақытымды сарп етпей, не соны істер едім, не жақ ашпас едім. Мен бостан мемлекеттің азаматы әрі егемен мүшесі болып туғандықтан, қоғамдық істерде менің даусым қаншама әлжуаз болса да, сол істерді талқылау кезінде үн қату құқығым ол істердің мәнісін ұғып алуды міндеттеуге жеткілікті деп есептеймін, және Басқару пошымдары жөнінде толғанған әрбір жолы, ізденістерімнен өз елімнің Басқару тұрпатын жақсы көрудің әрдайым жаңа себептерін табатыныма бақыттымын.

ОСЫНАУ АЛҒАШҚЫ КІТАПТЫҢ НЫСАНАСЫ

І тарау Адам дүниеге бостан болып келеді, бірақ қайда қарасаң да ол бұғауда. Біреу-міреу өзін өзгелердің әміршісіндей көреді, бұл оның басқалардан бетер құл болуына бөгет жасамайды. Осынау өзгеріс қалай болған? Білмедім. Оған не нәрсе заңдылық бере алады? Осы сұраққа жауап бере аламын-ау деп ойлаймын. Егер мен тек күш пен оның қарекетінің нәтижелерін ғана қарастырсам, былай дер едім: халық бағынуға мәжбүр болып, әзірше бағынып отырса, ол дұрыс істейді; бірақ халық мойнындағы қамыттан құтылу мүмкіндігін алып, оны лақтырып тастаса, ол одан да жақсы істейді, өйткені ол біреулер тартып алған бостандығын дәл сол құқық бойынша қайтарып алса, онда не оны қайтарып алудың бар негізі болғандығы, не оны одан алып қоюдың негізі болмағандығы. Бірақ қоғамдық ахуал дегеніңіз барлық басқа құқықтардың негізі болатын қасиетті құқық. Алайда бұл құқық жаратылыстық құқық емес; демек, ол келісімдерге негізделген. Сол келісімдердің қандай екендігін анықтап алау керек. Буған кіріспес бұрын өзім жаңа ғана алға тартқан қағидаларды негіздеуге тиіспін.

АЛҒАШҚЫ ҚОҒАМДАР ТУРАЛЫ

ІІ тарау Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгісі және бірден-бір жаратылыстығы – отбасы. Бірақ сол отбасының өзінде де балалар әкесімен оған мұқтаж кезінде ғана байланысты. Ол мұқтаждық жойылған бойда жаратылыстық байланыс үзіледі, Әкесіне бағыну қажеттігінен құтылған балалар және балалар қамын жеу міндетінен құтылған әке енді бірдей тәуелді болып шығады. Егер олар бірге тұра берсе де, олардың екендігі қатынастары жаратылыстық қажеттілік емес, ерікті қатынас; ал отбасының өзі тек келісіммен маталады. Осынау ортақ бостандық адам табиғатының салдары. Оның бірінші заңы – өзін-өзі қорғау, оның бірінші қамы – адам өзіне-өзі қарыздар нәрселер, және кәмелетке жеткен бойда, ол енді өзін сақтау үшін қандай құралдар жарайтынын өзі шыдауға тиіс, осылай ол өз билігі өзіндегі қожайын болып шығады. Сонымен, отбасы – қажет десеңіз, саяси қоғамдардың алғашқы бейнесі, әмірші – әке секілді, халық – балалар секілді, және тең де бостан болып туған барша, өз бостандығын басқаға берген күнде де, тек өз пайдасы үшін береді. Барлық айырмашылық мынада ғана: отбасында әкенің балаларға сүйіспеншілігі олардың әке қамқорлығына қайтаратын парызымен өтеледі; ал Мемлекетте әміршінің қолындағы биліктен алатын ләззаты халыққа сүйіспеншілікті алмастырады. Гроций адамдарда кез-келген өкімет халық мүддесі үшін құрылады деген ойды теріске шығарып, құлдық қоғамды мысал ретінде келтіреді1. Өзінің толғамдарында ол көбінесе құқықтың негізі тиісті факттың болуы деп біледі. Неғұрлым дәйекті, бірақ тирандар үшін қайткенде қолайлы бола алмайтын әдістерді қолдануға болар еді. Гроцийдің пікірі бойынша, демек, мына нәрсе анық емес: адамзат баласы әлдеқандай жүз адамның уысында ма, әлде керісінше, сол жүз адам адамзат баласының уысында ма, және өз кітабының өн бойында ол осы екі пікірдің алғашқысына ойысатын тәрізді. Гоббс та солай деп ойлайды. Осылайша, адамзат баласы мал табындарына бөлінген болып шығады, олардың әрқайсысында өз жетекшісі болады да; ол өз табынын қорек ету үшін ғана қорғайды. Бақташының оз табынымен салыстырғанда, асқақ табиғаттың туындысы екендігі секілді, адамдар бақташысы да, яғни олардың басшысы да қоластындағы халқы жөнінде сондай асқақ табиғат туындысы. Филонның ақпары бойынша, император Калигула осылай ойлап, осындай салыстырудан әбден-ақ табиғи қорытынды жасаған: корольдер дегеніміз құдайлар, яки оның бодандары – мал. Ондай Калигуланың толғамы бізді Гоббс пен Гроцийдің толғамдарына қайта оралтады. Олардың бәрінен бұрын Аристотель де адамдар табиғатынан тіпті де тең емес, біреулер құл болу үшін, біреулер қожайын болу үшін туады деген. Аристотельдікі жөн, бірақ ол салдарды себеп деп қабылдаған. Құлдықта туған кез-келген адам құл болу үшін туады; бұдан артық ештеңе де дұрыс бола алмайды. Бұғаудағы құл бәрінен де, тіпті құлдықтан құтылу тілегінен де айырылады, өздерінің мал тәрізді ахуалын жақсы көріп кеткен Улисстің жолдастары секілді олар құлдықты ұната бастайды2. Сонымен, егер табиғаты жағынан құлдар болса, оның себебі табиғатқа жат құлдар болғандықтан ғана. Күш алғашқы құлдарды жасаған, олардың қорқақтығы оларды мәңгілік құлға айналдырған. Мен король Адам туралы да, Сатурнның балалары секілді бүкіл дүниені өзара бөлісіп алған үш ұлы монархтың әкесі император Нұх туралы да ештеңе айтқан жоқпын; Сатурнның ұлдарын кейде сол монархтар деп те білген. Менің соншалық қарапайымдылығыма алғыс та айтылар деп үміттенемін; өйткені, мен сол тақсырлардың бірінің, (тіпті үлкенінің де болуы мүмкін) тікелей ұрпағы болғандықтан, кім білсін, куәліктер тексерілгеннен кейін, мен адамзат баласының заңды королі де болып шыға келермін? Қалай болған күнде де, Робинзонның жападан-жалғыз жүргендіктен аралдың бірден-бір иесі болғаны секілді, Адамның дүниенің жалғыз әміршісі болғанын ешкім де теріске шығара алмайды, және де осынау ешкіммен бөліспей билеп-төстеудегі ыңғайлы нәрсе – өз тағында мықтап отырған монарх бүліктерден де, сол метан да, қаскүнемдерден де қорықпайтын.

КҮШТІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ

ІІІ тарау Ең күштінің өзі, егер ол өз күшін құқыққа, өзіне бағыныштылықты міндетке айналдырмаса, тұрақты билеп-төстеуші болып қала беретіндей күшті бола алмайды. Күштінің құқығы – міне осыдан; ол құқық деп кекесін мағынасында аталатын-ақ секілді, ал шын мәнінде ол принципке айналдырылады. Бірақ осынау сөздердің мағынасын бізге ешқашан түсіндірмей ме? Күш дегеніңіз – тән қуаты; оның қарекетінің нәтижесі қандай мораль екенін мен тіпті де біле алмадым. Күшке бас ию – ырықтың емес, қажеттіліктің актысы; әрі кеткенде – естілік актысы. Бүл қай мағынада міндет болмақ? Бір сәтке болса да күштінің құқығы деген нәрсе бар деп саналық. Мұндай ұйғарымның нәтижесінде шытырман қойыртпақ қана пайда болады деп кесіп айта аламын; өйткені сол күш құқық жасайтын болса, нәтиже себеппен алмастырылады, яғни біріншісінен асып түсетін кез-келген күш біріншісінің құқығына да не болады. Егер тек билікке жазасыз бағынбауға болса, онда мұны заңды негізде де жасауға болады, ал ең күштінікі қашанда дұрыс болып шығатындықтан, демек, тек ең күшті болып шығатындай қимылдау керек. Бірақ күш ықпалы тоқталған бойда жым-жылас болатын ол қандай құқық? Егер күшке мойынсұнып қана бағыну қажет болса, онда парызды мойындап бағынудың қажеті жоқ; және егер адам енді бағынуға мәжбүр етілмейтін болса, онда ол мұны істеуге міндетті емес. Бұдан құқық сөзі күшке ештеңе қоса алмайтыны көрініп тұр. Бұл арада оның ешқандай мәні жоқ. Өкіметке бағыныңдар. Егер бұл – күшке қарсы тұрма деген мағынада айтылса, өсиет дұрыс, бірақ орынсыз; ол ешқашан бұзылмайтындығына кепіл бола аламын. Қандай іл бір өкімет – Құдайдан, мұны мен мойындаймын; бірақ кез-келген сырқат та Құдайдан ғой: сонда дәрігер шақыруға тиым салынғаны ма? Егер маған орманда бір қарақшы шабуыл жасаса, демек, мен, күшке қарсы тұрмай, оған әмиянымды бергенім аз болғаны ғой; бірақ, мен оны жасыра алатындай болсам да, ұждан бойынша мен оған әмиянымды беруге міндетті емеспін бе? Өйткені, оның қолында тұрған тапанша да сайып келгенде – өкімет қой. Күш құқық жасай алмайтындығына, адамдар тек заңды өкіметке бағынуға міндетті екендігіне келісейік. [...]

ӘРҚАШАН АЛҒАШҚЫ КЕЛІСІМГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕКТІГІ ТУРАЛЫ
V тарау

Тобырды өзіңе бағындыру мен қоғамды басқарудың арасында қашанда зор айырмашылық болады. Егер жекелеген адамдар бірінен соң бірі біртіндеп бір адамның құлына айнала берсе, онда олардың саны қанша болса да, мен бұл арада тіпті де халық пен оның басшысы емес, тек қожайын мен құлдарды ғана көремін. Керек десеңіз, бұл – ассоциация емес, адамдардың топылып жиылуы ғана; бұл жерде ортақ игілік те, Саяси ұйымда да жоқ. Ондай адам, тіпті жарты дүниені құл етсе де, әрқашан жеке кісі ғана; басқа адамдардың мүддесінен оқшау тұрған оның мүддесі тек жеке басының мүддесі ғана. Егер сол адам ғайыптан тайып өле қалса, оның державасы, өрт шалған еменнің күліндей, тоз-тозы шығып, ыдырап кетеді. Халық өзіне король тағайындап ала алады, дейді Гроций. Гроцийдің пікірі бойынша, демек, халық өзін корольге бағынышты еткенге дейін де сондай болып келгені ғой. Бірақ мұндай қарекет – азаматтық акт; ол халық қабылдаған шешімнің болуын қажет етеді. Осылайша, халық король сайлап алған актыны қарастырудан бұрын халық соның пәрменімен халық бола алатын актыны қарастырған шет болмас еді, өйткені алғашқы актының сөзсіз алдында жүретін бұл акт қоғамның шын құрылуының тұғыры. Шынында да, осындай ізашар келісім болмаса, - егер тек сайлау бірауызды жасалмаса -көпшіліктің таңдауына азшылықтың бағыну міндеттемесі қайдан шығар еді? Қожайын қажеттігін қалайтын жүз адам, мұны мүлдем қаламайтын он адам үшін дауыс беруге қайдан хақылы? Дауыс көпшілігі заңы өздігінен-ақ келісім нәтижесінде орнатылады және бері салғанда бір рет бірауыздылықты қажет етеді.

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ

VІ тарау Менің жобалауымша, адамдар, олардың жаратылыстық ахуалда қала беруіне кедергі жасайтын күштер өзінің қарсы қимылында сол ахуалда қала беру үшін әрбір индивидуум іске қоса алатын күштерден асып түсетін шекке жеткен. Сонда әу бастағы ахуал одан әрі жалғаса бере алмайды да, ол адамзат баласы өзінің өмір салтын өзгертпесе, құрып кетер еді. Алайда, адамдар жаңа күш жасай алмайтындықтан, тек қолда бар күштерді біріктіре, бағдарлай алатындықтан, олардың өздерін өздері сақтап қалудың бірден-бір амалы басқа адамдармен бірлесе отырып, қарсы қимылды еңсере алатын , үлкен күш жинау, сосын оны бір басшыға бағындырып, бірлесе қарекет жасауға мәжбүр ету. ()сынау күш жиыны көптеген адамдардың тек біріге қимылдауының арқасында пайда болады; бірақ әрбір адамның қайрат-күші мен бостандығы оның өзін-өзі сақтап қалуының құралы болғандықтан, ол өзіне зиян тигізбестен, оның өзі жөніндегі парызы болып табылатын шаруаны елеместен, оларды қалай бере алмақ? Егер зерттеуіміздің тақырыбына қайта оралсақ, ол қиындықтар мынадай қағидалармен білдіріле алады: "Ассоциацияның бүкіл ортақ күшпен оның әрбір мүшесінің. өзін және мүлкін қорғай алатын пошымын табу керек,соның арқасында әрбір адам баршамен біріге отырып, алайда тек өзіне ғана бағынатын және бұрынғысынша бостан күйінде қала беретін болсын". Қоғамдық келісім шешетін негізгі міндет осындай. Бұл Шарттың баптары актының табиғатының өзімен сол баптарды болар-болмас өзгертудің өзі оның пәрменділігі мен пайдалылығын жойып жіберетіндей етіп айқындалған; сондықтан, олар, тегінде, ешқашан дәл тұжырымдалмаса да, барлық жерде бірдей, барлық жерде үн-түнсіз қабылданып, мойындалады, бүл жағдай қоғамдық келісімнің бұзылуы салдарынан әркім жаратылыстық бостандығынан бас тартып, келісім бойынша алған бостандығынан айрылып, өзінің бастапқы құқықтары мен өзінің жаратылыстық бостандығын қайтарып алғанға дейін жалғаса береді. Бүл баптар, егер оларды дұрыс түсінсек, бір-ақ нәрсеге, атап айтқанда мынаған саяды: ассоциацияның әрбір мүшесін барлық құқықтарымен қоса бүкіл қауым пайдасына толық беру; біріншіден, егер әркім өзін түгелімен берсе, баршасына бірдей шарт жасалады; ал барша үшін шарт бірдей екен, оларды басқалар үшін ауыр етуді қаламай, ешкім де мүдделі болмайды. Одан әрі, құқықтар түп-түгелімен берілетіндіктен бірлесуде қаншалық мүмкін болса, соншалық толық болып, ассоциацияның бірде-бір мүшесі басқа ештеңе талап ете алмайды. Өйткені, егер жеке адамдарда әлдеқандай құқық қалып қойса, олардың және бүкіл халықтың арасындағы дау-дамайды шешуге хақылы үлкен біреу енді болмайтындықтан, кей мәселелерде әркім өзіне-өзі би бола алатындықтан, көп ұзамай барлық мәселеде би болғысы келер еді; жаратылыстық ахуал жалғаса берер еді де, ассоциация, сөз жоқ, тирандық немесе түкке керегі жоқ бірлестікке айналар еді. Ақыр соңында, әркім өзін баршаға бағындыра отырып, жеке алғанда ешкімге бағындырмайды. Сонымен, өзіңнен жырып берген құқығыңды одан жырып алу мүмкін емес бірде-бір ассоциация мүшесі болмайтындықтан, әркім өзі жоғалтқанының баламасын алады және қолында барын сақтай алу үшін көбірек күшке ие болады. Сонымен, қоғамдық келісімнен біз оның мәнін құрамайтын нәрселерді алып тастасақ, ол мына қағидаға саяды: Біздің әрқайсымыз ортақ игілікке өзімізді және өзіміздің барлық күш-қуатымызды береміз және ортақ ырықтың жоғары басшылығына бағындырамыз, нәтижесінде біздің бәріміз үшін әрбір мүше бүтіннің бөлінбес бөлшегіне айналады. Ассоциацияның осынау актысы шарттық қатынасқа түсетін жеке адамның орнына бірден шартты түрдегі ұжымдық Бүтінді құрады, ол жалпы жиналыста қанша дауыс болса, сонша мүшеден құралады. Бұл Бүтін сондай актының нәтижесінде өзінің бірлігіне, өзінің ортақ Меніне, өзінің тіршілік ету мен ырқына ие болады. Баршаны біріктіру нәтижесінде құрылатын бұл заңдық тұлға бір кездері Азаматтық қауым3 деп аталды, қазір ол Республика, немесе Саяси организм деп аталады: оның мүшелері бұл Саяси организмді, ол енжар кезде Мемлекет деп, ол белсенді кезде Егемен деп оны соған ұқсастармен салыстырғанда Держава деп атайды. Ал ассоциация мүшелеріне келсек, олардың жиынтығы халық ал жекелеп алғанда жоғарғы билікке қатысатындар ретінде, азаматтар, және Мемлекет заңдарына бағынатындар ретінде бодандар атына ие болады. Бірақ бұл терминдер көбіне-көп бытыстырылып, бірімен бірі шатастырыла береді; олар бүкіл дәл мағынасында қолданылғанда айыра білу жеткілікті.

ЕГЕМЕН ТУРАЛЫ

VІІ тарау Бұл формуладан ассоциация актысында бүкіл халық пен жеке адамдардың өзара міндеттемелері бар екендігі және, былайша айтқанда, өзімен өзі шартқа отырған әрбір индивидуум екі жақты міндеттеме, атап айтқанда: жеке адамдар жөнінде егеменнің мүшесі ретінде және егемен жөнінде – Мемлекет мүшесі ретінде міндеттеме қабылдайтындығы көрінеді. Бірақ бұл жерде азаматтық құқықтың ешкім де өзіне-өзі қабылдаған міндеттемені орындауға міндетті емес деген қағидасын қолдануға болмайды, өйткені өзіңе-өзің қабылдаған міндеттеме мен өзің бөлшегі болып табылатын Бүтін жөнінде қабылдаған міндеттеме арасындағы айырмашылық зор. Мынаны да ескерту керек: әркім екі түрлі сипатта бой көрсететіндіктен, бүкіл халық қабылдаған шешімнің барлық бодандардың егеменге қатынасы саласында міндетті күші бола алады, бірақ қарама-қарсы себептен, егеменге өзіне-өзі жөнінде міндеттеме қабылдауды жүктей алмайды, демек, егемен өзіне арнап, өзі өзін босата алмайтын сондай заңды міндетті етсе, бұл Саяси организмнің табиғатының өзіне кереғар болар еді. Егемен өзін тек бір жағынан ғана қарастыра алатындықтан, ол өзімен өзі келісім жасайтын жеке адам жағдайына тап болады; олай болса, тұтас алғанда Халыққа міндетті ешқандай негізгі заң жоқ және болуы да мүмкін емес, оған тіпті Қоғамдық шарт та міндетті емес. Бұл, алайда, бүтін ретінде Халық осынау Шарттың қағидаларын бұзбайтын өзгелер жөнінде ондай міндеттемелер қабылдай алмайды деген сөз емес, өйткені ол жатжұрттық жөнінде кәдімгі тіршілік иесі, индивидуум ретінде бой көрсетеді. Бірақ өзінің тіршілігі үшін тек Шарттың қасиеттілігіне қарыздар Саяси организм яки егемен ешқандай жағдайда да, тіпті басқаға қатысты болса да, сол бастапқы актыға титімдей де қайшы келетін, мысалы, өзінің әйтеуір бір бөлшегін шығарып тастау немесе өзін басқа егеменге бағындыру секілді міндеттеме қабылдай алмайды. Өзінің тіршілігі соның арқасында мүмкін болған актыны бұзу өзін өзі құрту болып шығар еді, ал жоқтан бар ешқашан пайда болмайды. Осындай жолмен осынау адамдар бұқарасы бір бүтінге біріккен бойда, сол бүтінге қиғаш келмей оның бірде-бір мүшесіне зиян тигізу мүмкін емес, мұның үстіне оның мүшелері сезбейтіндей етіп бүтінге зиян тигізе алмайсың. Демек, парыз да, пайда да шарттасушы екі жақты бір-біріне өзара көмектесіп отыруға міндеттейді; ендеше бір ғана адамдар мау екі жақты қатынаста бірігу өздеріне беретін барлық артықшылықтарын пайдалануға ұмтылуы тиіс. Сонымен, егемен, тек жеке адамдардан құралатындықтан. оның осынау адамдардың мүддесіне кереғар келетін мүддесі жоқ және болуы да мүмкін емес, демек егеменнің жоғарғы билігі бодандар алдында ешқандай кепілге мұқтаж өйткені организмнің өзінің барлық мүшесіне зиян келтірмегі мүмкін емес; және біз алда сол организмнің жекелеп і и анда олардың бірде-біреуіне зиян тигізе алмайтынын көреміз. Егемен өзінің тіршілік етуінің пәрменімен әрқашан өзі болуға тиісті нәрсе бола береді. Бірақ бодандардың егеменге қатысына келгенде гәп басқаша; ортақ мүддеге қарамастан, егемен үшін, ол бодандарының өзіне адалдығын қамтамасыз ету құралдарын таба алмаса, олардың өз міндеттемелерін орындауына ештеңе көңіл бола алмас еді. Шынында да, әрбір индивидуумда адам ретінде ерекше ырық бола алады, бұл ырық, ол азамат ретінде не болатын ортақ ырыққа кереғар немесе ұқсас болуы мүмкін. Оның жеке мүддесі ортақ мүдде талап ететіннен өзгеге итермелеуі мүмкін. Оның жаратылыстық тәуелсіз тіршілігінің өзі оны ол ортақ іске қосуға тиіс нәрсені қайтарымсыз тарту, оның жасалмауы басқаларға байқалмайды да, ал мен үшін ол тарту қымбатқа түседі деп ойлауға мәжбүр ете алады, және егер ол мемлекет түріндегі заңды тұлғаны, ол адам болмағандықтан, керексіз нәрсе деп қарастырса, боданның міндеттерін орындағысы келмей, ол азаматтың құқықтарын пайдаланар еді; және осынау әділетсіздік ушыға келе, Саяси организмнің түбіне жетер еді. Сонымен, қоғамдық келісім бос сөз болып қалмас үшін, ол өзіне барлық басқа міндеттемелерге күш-қуат бере алатын бір міндеттемені жымын білдірмей кіргізеді: егер әлдекім ортақ ырыққа бағынудан бас тартатын болса, мұндай бағынуға ол бүкіл Организммен мәжбүр етіледі, ал мұның мәнісі оны бостан болуға күшпен көндіреді деген сөз. Өйткені өрбір азаматты Отанға бағындыра отырып, осы арқылы бір мезгілде оны кез-келген жеке тәуелсіздіктен сақтандыратын шарт сондай. Бұл шарт саяси машинаның құпиясы әрі қозғаушы күші, және азаматтық қоғамдағы міндеттемелерді тек сол ғана заңды етеді, онсыз міндеттемелер мәнсіз, тирандық болып, тым сұмдық қиянаттарға жол ашып берер еді.

АЗАМАТТЫҚ АХУАЛ ТУРАЛЫ

VІІІ тарау Жаратылыстық ахуалдан азаматтық ахуалға осынау көшу адам бойында едәуір өзгеріс жасайды, оның құлқындағы инстинктті әділетпен алмастырады және оның қарекеттеріне бұрын болмаған инсанияттық сипат береді. Парыз үні нәпсі құмарлығын, ал құқық пиғылды алмастырғанда ғана осыған дейін тек өзімен ғана санасқан адам, басқа принциптерге сәйкес қарекет жасауға, өзінің бейіміне ере кетуден бұрын парасатымен кеңесуге мәжбүр болады. Бұл ахуалда ол өзіне табиғат берген көптеген артықшылықтардан айырылса да, есесіне едәуір елеулі басқа артықшылықтар алады; оның қабілеттері шыңдалып, жетіле түседі, оның түсініктері кеңейеді, оның сезімдері ізгіленеді және оның жан дүниесінің шарықтай түсетіні сонша, егер осы жаңа ахуалдағы адасулар адамды жиі-жиі өзі шыққан бұрынғы ахуалдан да төмен ахуалға ұшыратпаса, ол өзін содан біржола алып шыққан және топас та өрісі тар хайуаннан жоғары парасатты тіршілік иесі – адам жасаған сол бір бақытты сәтіне әрдайым шүкірлік жасап отыруға тиіс болар еді. Енді бүкіл осынау нәтижені бір-бірімен оңай салыстырылатын жағдайларға саялық. Қоғамдық шарт бойынша адам өзінің жаратылыстық бостандығынан және өзін қызықтыратын, өзі не бола алатын нәрсеге шектеусіз құқығынан айрылады; есесіне ол азаматтық бостандық және қолында бардың бәріне меншік құқығын алады. Осынау есені анықтаудан қателеспес үшін шекарасы тек индивндуумның дене күші ғана болатын жаратылыстық бостандық пен ортақ ырықпен шектелетін азаматтық бостандық арасын дәл ажырату, сондай-ақ тек күш қолдану нәтижесі немесе бірінші болып келген адамның құқығы болып табылатын иелік пен тек заңды құжатқа негізделе алатын меншік арасын ажырату керек. Адам азаматтық ахуалда не болатын нәрселер туралы айтқанымызға, моральдық бостандықты да қосуға болар еді, адамды өзіне-өзін қожайын ететін тек сол ғана; өйткені тек пиғылыңның ықпалымен ғана қимылдау дегеніміз құлдық, ал өзіңе өзің орнатқан заңға бағыну дегеніміз бостандық. Бірақ мен бұл мәселе жөнінде жеткілікті деңгейден әлдеқайда көбірек айттым, ал бостандық сөзінің философиялық мағынасын анықтау бұл арада менің міндетіме жатпайды.

МҮЛІК ИЕЛЕНУ ТУРАЛЫ

ІX тарау Қауымның әрбір мүшесі өзін оған ол құрылған сәттен бастап, өзі сол кезде қалай болса, солай бағындырады, оған өзін де, барлық күшін де, оның құрамдас бөлігі болып табылатын дүние-мүлкін де бағындырады. Бұл сондай акт салдарынан мүлік қолдан қолға өтіп, өзінің табиғатын өзгертеді, сөйтіп егеменнің меншігіне айналады деген сөз емес. Бірақ азаматтық қауымның күші жеке адамның күшінен әлдеқайда көп болғандықтан, оның иелігі де іс жүзінде неғұрлым берік те даусыз болады, дегенмен ол, бері салғанда жатжұрттықтар түсінігінде, неғұрлым заңды бола алмайды. Өйткені Мемлекетте барлық құқықтардың қызметін атқаратын Қоғамдық шарт пәрменіне сәйкес мемлекет өз мүшелері жөнінде олардың барлық мүлкінің иесі болып табылады; бірақ басқа Державалар үшін Мемлекет жеке адамдардан өзіне көшкен мүлікті алғаш алушы ретінде ғана солай болып табылады. Бірінші болып алу құқығы, ол күштінің құқығына қарағанда, көбірек дәрежеде солай болғанымен, тек меншік құқығы бекітілгеннен кейін ғана шын құқыққа айналады. Әрбір адамның табиғаттан-ақ өзіне қажет нәрсенің бәріне ие болуға құқығы бар; бірақ оны қандай да бір мүлік иесі ететін оң құқық актысы, сол арқылы оны барлық басқа нәрсеге құқықтан айырады. Өзінің үлесін алғаннан кейін ол сонымен шектелуге тиіс және қауымға тиесілі нәрсеге оның ешқандай басқа құқығы болмайды. Жаратылыстық ахуалда соншалық тұрақсыз бірінші болып алу құқығын азаматтық қоғамға жататын әрбір адамның даусыз сыйлайтыны міне сондықтан. Бұл құқықты түсінуде құрметтелетін нәрсе басқаның мүлкінен гөрі өзіңе тиесілі емес мүлік. [...]

ЕГЕМЕНДІКТІҢ ОҚШАУЛАТЫЛМАЙТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ

ІІ кітап
І тарау

Жоғарыда анықталған принциптердің ең бірінші және ең басты салдары мынау: тек ортақ ырық қана Мемлекет күштерін оның құрылғандағы мақсатына сәйкес басқара алады, ол мақсат – ортақ игілік. Өйткені жеке мүдделердің қарама-қайшылығы қоғамдар құруды қажет етсе, оны мүмкін еткен нақ сол мүдделердің сәйкестендірілуі ғана. Қоғамдық байланысты құрайтын нәрсе осынау әртүрлі мүдделердегі ортақ нәрсе; барлық мүдделер түйісетін осындай нүкте болмаса, ешқандай қоғам өмір сүре алмас еді. Сонымен, қоғам бір ғана осы ортақ мүддені басшылыққа ала отырып, басқарылуға тиіс. Демек, ортақ ырықтың жүзеге асырылуы ғана болып табылатын егемендік ешқашан оқшаулатыла алмайды және ұжымдық тіршілік етуден басқа ештеңе де емес егемен өз тұрпатымен ғана көрсетіле алады деп кесіп айта аламын. Билік біреуден біреуге беріле алады, бірақ ырық берілмейді. Шынында да, жеке адамның ырқы әлдебір нүктеде ортақ ырықпен үйлесетіндігі мүмкін болса, осынау үйлесімнің ұзақ әрі тұрақты болуы ешбір мүмкін емес, өйткені жеке адамның ырқы табиғатында артықшылыққа, ал ортақ ырық – тендікке ұмтылады. Мұндай үйлесімге біреу-міреудің кепілдік беру мүмкіндігі тіптен аз, дегенмен сондай кепілдің әрқашан болғаны қажет-ақ; бұл өнердің емес, кездейсоқтықтың ісі болар еді. Егемен әбден-ақ былай деп мәлімдей алады: "Бүгін мен пәленше дегеннің қалаған немесе, бері салғанда, қалаймын дейтін нәрсесін қалаймын". Бірақ ол: "Сол адам ертең нені қалағысы келсе, мен де соны қалайтын боламын" дей алмайды – өйткені ырықтың өзін болашақ уақытқа байлап беруі оғаш нәрсе және өйткені ырқы бар тіршілік иесінің игілігіне жат бірдеңеге келісу ешқандай ырыққа тәуелді болмайды. Егер халық, осылай, бас иіп бағынуға уәде берсе, осы актысымен ол өзін өзі жояды; ол халық болудан қалады. Қожайын пайда болған сәттен-ақ – егемен жоқ; сол кезден бастап, Саяси организм жойылады. Бұл тіпті де, билеушілердің бұйрықтарына қарсы шығуға бостан бола тұрып, егемен оны істемеген жағдайда, билеушілердің бұйрықтары ортақ ырықтың білдірілуі деп санала алмайды деген сөз емес. Мұндай жағдайда жаппай үнсіздік халықтың келісуінің белгісі деп саналуы керек. Бұл төменде неғұрлым кеңірек түсіндіріледі4.

ЕГЕМЕНДІКТІҢ БӨЛІНБЕЙТІНДІГІ ТУРАЛЫ

ІІ тарау Егемендіктің оқшаулатылмайтындығы себебінің пәрменімен ол бөлінбейді де, өйткені ырық не ортақ болады, не ондай болмайды; ол бүтін ретінде халықтың, не оның бір бөлігінің ғана ырқын білдіреді. Бірінші жағдайда осынау жария ырық егемендік актысы және ол заң жасайды. Екінші жағдайда – бұл жекелеген ырық немесе магистратура актысы; бұл, әрі кеткенде, – декрет. Бірақ біздің саясаткерлеріміз егемендікті принципінде бұза алмайтындықтан, егемендікті көріністеріне қарай бөледі. Олар оны күш пен ырыққа, заң шығарушы өкімет пен атқарушы өкіметке; салық салу, қазылық жасау, соғыс жүргізу құқығына; ішкі істерді басқару мен сыртқы қатынастарды жүргізу өкілеттігіне бөледі; олар біресе осы бөліктердің бәрін бытыстырып жібереді, біресе бірінен бірін бөліп тастайды; олар егеменнен әр жерден алынып, әртүрлі бөлшектерден құралған фантастикалық мақұлық жасайды. Бұл біреудің көзін алып, біреудің қолын алып, біреудің аяғын алып, басқа ештеңесін алмай, қолдан құрастырған адам сияқты болып шығады. Жапон көз байлаушылары көрермендердің көз алдында баланы бұтарлап тастап, содан кейін оның барлық мүшелерін бірінен соң бірін аспанға лақтырады - бала жерге сап-сау, бүтін күйінде түседі дейді. Біздің саясаткерлеріміздің де тірлігі, шамамен, осындай: Қоғамдық организмді, жәрмеңкеге лайық фокустар көмегімен бұтарлап, олар бұдан кейін не істерін білмей, оны бөлшектерден қайта құрастырады. Бұл адасу олардың жоғарғы билік туралы дәл түсінігі жоқтығынан, тек оның көріністерін, соның өзі деп қабылдауынан туындайды. Осылай, мысалы, соғыс жариялау актысы мен бітімге келу актысын олар егемендік актылары деп қарастырады, бұл дұрыс емес, өйткені бұл актылардың әрқайсысы да заң емес, тек заңды қолдану ғана, заңды қолдау оқиғасын анықтайтын жеке сипаттағы акты ғана болып табылады, мұны біз заң сөзімен байланысты ұғым дәл анықтаған кезде айқын көреміз. Егемендікті бөліп-жарудың осындай мысалдарын ізерлей отырып, біз егемендіктің қалай бөлінгенін байқап отырған сияқты болғанымызда, біз қате жібереміз; біз егемендіктің бөлшегі деп қабылдайтын құқықтардың бәрі сол егемендікке бағынышты нәрселер екенін және олар жоғарғы ырықтың бар екенін, олар тек сол жоғарғы биліктің жүзеге асуына жол ашып беретінін көреміз. Жоғарғы билік жөніндегі соншалық жаңсақ түсініктерінің салдарынан саяси құқық туралы жазған авторлар өздері белгілеген принциптер негізінде корольдер мен бодандардың тиісті құқықтары жөнінде пікір айтпақ болғанда, олардың қорытындыларының қаншалықты қойыртпақ болып шыққанын сөзбен айтып жеткізу қиын. Гроцийдің алғашқы кітабының үшінші және төртінші тарауларынан осы ғалым мен оның аудармашысы Барбейрактың өздері бітістірмек болған мүдделер туралы толық немесе жеткіліксіз айтып, оларды қақтығыстырудан қорқып, өздерінің софизмдерінде қалай бытыстырып, шатысып кететінін әркім көре алады. Өз отанына разы болмай Францияға қашып келген Гроций, езінің кітабын арнаған XІІІ Людовикке жағынбақ болып халықтардан олардың құқықтарын алып қойып, ол құқықтармен корольдерді барынша шебер жарылқау үшін ештеңеден тайынбайды. Өз аудармасын Англия королі І Георгқа арнаған Барбейрак та анық соған ұмтылған. Бірақ, өкінішке қарай, ІІ Яковтың елден қуылуы (ол мұны тақтан бас тарту деп атайды) оны әртүрлі құйтұрқыларға барып, Вильгельмді билікті тартып алушы етіп көрсетуден бұлтаруға мәжбүр етеді. Егер осы екі автордың екеуі де нағыз ақиқат принциптерден айнымаса, барлық қиындықтар артта қалар еді, олар ылғи да дәйекті адамдар болып қала берер еді, бірақ онда олар не керек, шындықты айтып, сонысымен тек, халыққа ғана жағар еді. Бірақ ақиқат ешқашан байлыққа бастамайды, ал халық елші кызметін де, кафедра да, зейнетақы да бермейді.

ЕГЕМЕННІҢ ЖОҒАРҒЫ ӨКІМЕТІНІҢ ШЕГІ ТУРАЛЫ

ІV тарау Егер Мемлекет немесе Азаматтық қауым шартты тұлғадан басқа ештеңе емес десек, егер оның ғұмыры өз мүшелерінің одағына тәуелді десек, оның ең маңызды шаруасы өзін сақтап қалу жөніндегі қамқорлық десек, бүтін үшін ең ыңғайлы амалмен әрбір бөлікті ілгерілетіп басқару үшін оған баршаға ортақ және ынталандырушы күш керек. Табиғат әрбір адамға өз денесін игеруге шексіз билік беретіні сияқты, қоғамдық келісім де Саяси организмге езінің барлық мүшелері үстінен шексіз билік береді де, ортақ ырықпен бағытталатын сол билік, мен айтқандай, егемен атауына ие болады. Заңдық тұлға ретіндегі қоғамнан басқа, біз сол қоғамды құратын жеке адамдарды да қаперге алуға тиіспіз, олардың өмірі мен бостандығы, әрине, қоғамға тәуелді емес. Сонымен әңгіме азаматтар мен егеменнің5 құқықтарын; сондай-ақ бұлардың біріншілері бодандар ретінде мойнына артуға тиісті міндеттер мен олардың адамдар ретінде пайдалануға тиіс жаратылыстық құқықтарын анық ажырата білу жөнінде болып отыр. Қоғамдық келісім бойынша әрбір адамның өз күшінен, мүлкінен және бостандығынан бөлетін нәрсенің бәрі қауым үшін елеулі маңызы бар нәрселердің тек бір бөлігін ғана құрайтындығына бәрі келіседі. Мұнымен барша келіседі;бірақ сондай-ақ сол маңыздың қаншалық екендігін тек егемен ғана саралай алатынымен келісу керек. Азамат Мемлекетке қызмет ете алатын нәрсенің бәрін егемен соны талап еткен бойда беруге тиіс, бірақ егемен, өз тарапынан, бодандарына қауымға пайдасыз нәрсені жүктей алмайды; ол тіпті мұны қалай да алмайды, өйткені парасат заңының пәрменімен де, жаратылыстық заң пәрменімен де себепсіз ештеңе де жасалмайды. Бізді қоғамдық организммен байланыстырып тұратын міндеттемелердің мызғымастығы олардың өзара ықпалында және олардың табиғаты сондай, оларды орындай отырып, өзіңнің де пайдаңа қарекет етпей, басқаның пайдасына да қарекет ете алмайсың. Ортақ ырық әрқашан тікелей бір мақсатқа неліктен бағытталған және барлық адамдар олардың әрқайсысының бақытының тілеуін неліктен тілейді? Өйткені осынау әрқайсысы деген сөзді өзіне қатысты деп білмейтін және баршаның мүддесі үшін дауыс бере отырып, өзін ойламайтын ешкімнің жоқтығында емес пе? Бұл құқықтардың тең болуы және содан туындайтын әділет жөніндегі түсінік әркім өзін-өзі артық көретіндігінен, демек адамның өз табиғатынан өрбитіндігін; ортақ ырық, ол шын мәнінде солай болуы үшін, өзінің мақсаты бойынша да, мән-мағынасы бойынша да шын мәнісінде ортақ болуы тиіс екендігін; ол баршаға қатысты болуы үшін баршадан шығуы тиіс екендігін, егер ол қандай да бір жеке және қатаң шектелген мақсатқа ұмтылса, оған табиғаттан төл сара бағыттан айрылып қалатынын дәлелдейді, өйткені біз өзіміз үшін бөгде туралы шешім қабылдағанда, бізге ешқандай да теңдіктің ақиқат принципі басшылық жасамайды. Шынында да, ортақ және алдыңғы келісіммен көзделмеген қандай да бір факт яки бірдеңеге жеке құқық туралы әңгіме басталған бойда, іс даулы болып шыға келеді. Бұл -мүдделі адамдар бір жақ, бүкіл халық бір жақ болып шыға келетін процесс, бірақ бүл процестен мен ұстануға тиіс заңды да, белгілі бір шешім шығаруға тиісті әділ қазыны да көре алмаймын. Сонда осы мәселе жөнінде ортақ ырық қабылдаған шешімге сілтеме жасау күлкілі болар еді, ол шешім тараптардың бірі ғана қабылдаған, демек, басқа тарап үшін тек бөгде, жеке ретте әділетсіздікке дейін жеткізілген және адасуларға апарып соқтыратын ырық болып шығар еді. Сондықтан, жеке ырық ортақ ырықты көрсете алмайтыны секілді, өз кезегінде ортақ ырық та, егер ол жеке мақсатты көздесе, өз табиғатын өзгертеді де, ортақ ырық ретінде қандай да бір жеке адам жөнінде де, қандай да бір факт жөнінде шешім шығара алмайды. Афина халқы, мысалы, өзінің билеушілерін атағанда немесе алып тастағанда, біреуге құрмет көрсетіп, екінші біреуге жаза бұйырғанда; толып жатқан жеке декреттер көмегімен Үкіметтің барлық міндеттерін атқарғанда халық өзінің төл мағынасындағы ортақ ырық болған жоқ; ол егемен ретінде емес, магистрат ретінде қарекет екен. Бұл жалпы жұрт мойындаған түсінікке кереғар секілді көрінеді, бірақ менің өз түсінігімді баяндай алуыма мұрсат етіңіздер. Осыған сүйене отырып, мойындау керек: ырықты ортақ ететін дауыс саны емес, дауыс берушілерді біріктіретін ортақ мүдделер, өйткені құрылыс жүйесі солай болғанда әркім қажетіне қарай ол басқалар үшін де міндетті ететін шарттарға бағынады: бұл жерде пайда мен әділет тамаша үйлеседі баршаға қатысты істер жөніндегі шешімдерге теңдік сипатын береді, бұл теңдік кез-келген жеке істі қараған кезде, қазының ережелерін дауласқан жақтың ережелерімен біріктіретін және сәйкестендіретін ортақ мүдде болмағандықтан, жойылып кетеді. Бір негізгі принципке қай жағынан өрлесек те, әрқашан пір ғана байламға келеміз, атап айтқанда: қоғамдық келісім азаматтар арасында олардың бәріне бір ғана шарт бойынша міндеттеме қабылдауға және бәрі бірдей құқықпен пайдалануға тиіс болатындай теңдік орнатады. Осылайша, осы келісімнің табиғаты бойынша, егемендіктің әрбір актысы, яғни ортақ ырықтың кез-келген шынайы актысы барлық азаматтарға бірдей міндеттеме жүктейді, барлығына бірдей құқық береді; сондықтан егемен бүтін ретінде Ұлтты ғана біле оны құрайтындардың бірде-бірін ажыратпайды. Егемендік актысы дегеніміз шындап келгенде не? Бұл жоғары тұрғанның төмен тұрғанмен келісімі емес, Бүтіннің өзінің бір мүшесімен келісімі; бұл заңды келісім, өйткені оның – Қоғамдық келісім; ол әділ келісім, өйткені ол баршаға ортақ; ол пайдалы келісім деп есептеледі, өйткені онда ортақ игіліктен басқа болмайды; ол берік келісім, өйткені оның кепілі қоғамның бүкіл күші мен жоғарғы билік. Бодандар тек осындай келісімге ғана бағынатын кезде, олар өз ырқынан басқа ешкімге бағынбайды; және тиісінше егемен мен азаматтар құқықтарының шегі қандай дейтін сұрақ қою – олар өздеріне – әркім барша жөнінде, барша олардың әрқайсысы жөнінде қабылдай алатын міндеттеменің шегі қандай деген сұрақ қою. Бұдан шығатын қорытынды мынау: жоғарғы өкімет, ол қаншама шексіз, қасиетті, ұлық болса да, ортақ келісімнің шегінен шықпайды және шыға алмайды; әрбір адам осы келісім оның өзінің мүлкі мен бостандығынан бергенді қалауынша пайдалана алады; демек бодандардың біреуіне басқасынан артық міндеттеме жүктеуге егеменнің ешқандай хақысы жоқ. Өйткені олардың арасындағы талас жеке сипатқа ие болады, сондықтан егеменнің билігі бүл арада енді құзырсыз. Біз осындай айырмашылықтарға жол берген екенбіз, демек Қоғамдық шарт жеке адамдардан іс жүзінде әлденелерден бас тартуды талап етеді деп кесіп айту барынша бұрыс болар еді. Осынау шарттың күшіне кіруі нәтижесінде жеке адамдардың жағдайы іс жүзінде бұрын өздері болған күйінен біршама жақсы болады, өйткені олар әлденені бөліп бермейді, қайта өздеріне пайдалысын істеп, белгісіздік пен кездейсоқтыққа толы өмір салтын басқа, жақсы да неғұрлым сенімді өмір салтына; жаратылыстық тәуелсіздігін -бостандыққа; басқаға зиян тигізу мүмкіндігін – өзінің қауіпсіздігіне; басқа біреудікі артық болып шығуы мүмкін өзінің күшін қоғамға бірігу еңсерілмес ететін құқыққа алмастырады. Олардың Мемлекетке сеніп тапсырған өмірінің өзін ол ұдайы қорғалап отырады, және олар оны қорғау үшін өз өмірін катерге тіксе, олар сонысымен мемлекеттен алғанын қайтарғаннан басқа бірдеңе істегені ме? Олар егер амалсыз шайқасқа кірісіп, өз өміріне төнген қатерге, оның сол өмірін сақтауға қызмет ететін мемлекетті қорғайтын болса, олар жаратылыстық ахуалда одан да көбірек және көбірек қатермен жасағаннан артық не жасапты? Рас, бәрі де өзі үшін шайқасуға тиіс. Және біз өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін нәрсе үшін күрескенде, біз сол қауіпсіздіктен айрылған бойда ұшырайтын қатердің бір бөлігін кемітіп, шықпаймыз ба?

ӨЛІМ МЕН ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ

V тарау Өз өміріне билік жүргізуге құқығы жоқ жеке адамдар нақ өзінде жоқ құқықты егеменге қалайша бере алады? – деген сұрақ қойылады. Бұл сұраққа жауап беру қиын болып көрінетіні, оның дұрыс қойылмағандығынан. Өз өмірін сақтап қалу үшін кез-келген адам қатерге бас тігуге хақылы. Өрттен аман қалу үшін терезеден секіріп кеткенде, ол өзін-өзі өлтіруге тырысқаны үшін жазықты деп қашан саналып еді? Теңізге шығар кезінде дауылдың жақындап қалғанын білсе де аттанып, сонда ажал құшқан адамды осындай қылмыс жасады деп айыптағанды қашан есітіп едіңіз? Қоғамдық шарт мақсаты – уағдаласушыларды аман-есен сақтау. Кімде-кім мақсатқа жеткісі келсе, соған жетудің амалдарын да қолданады, бірақ ол амалдарда қауіп-қатер де, тіпті кейбір шығын да болады. Өз өмірін басқалардың есебінен сақтағысы келетін адам, қажет кезінде өз өмірін басқалар үшін беруге де дайын болуы керек. Сонымен Заң азаматты қауіп-қатерге тігуге ұйғарса, онда сол қатер жөнінде ойла жатуға мұрсат жоқ және тақсыр оған: "Мемлекетке сенің өлуің қажет" десе, – ол өлуге тиісті, өйткені ол осындай шарт бойынша осы уақытқа дейін қауіпсіз өмір сүріп келді, өйткені өмірі табиғаттың шарапаты ғана емес, белгілі бір шартпен Мемлекеттен алынған сый да. Қылмыскерлерге қолданылатын өлім жазасы да, шамамен. осы тұрғыдан қарастырыла алады: кісі өлтірушінің құрбанына айналмау үшін адам өзі кісі өлтіруші бола алатын болса ғана, өлуге келіседі. Осы шартқа сәйкес, өзінің төл өмірін билеп-төстеу құқығы болмаса да, адамдар оны қауіпсіз етуге ұмтылады; уағдаласушылардың бірі өзін дарға асуға күнілгері ұйғарды деп санамауға тиіспіз. Айтпақшы, қоғамдық ахуал заңына қастық жасайтын әрбір қылмыскер, өзінің қылмыстарының себебінен бүлікшіге, отанына опасызға айналады; егер ол оның заңдарын бұзса, оның қоғам мүшесі болудан қалады; тіпті ол оған қарсы соғыс жүргізіп жатқан күнде де. Сонда Мемлекетті сақтап қалу оның өмірін сақтап қалумен сыйыспайды; екеудің бірі ажал құшуы керек, ал жазықтыны өлтірген кезде, оны азамат ретінде емес, жау ретінде өлтіреді. Сот процедурасы, үкім – оның қоғамдық шартты бұзғандығының айғағы және солай деп танылғаны, демек, ол енді Мемлекеттің мүшесі емес. Бірақ ол өзін соның мүшесімін деп танығандықтан, бері салғанда, сондай мүше болғандығымен танығандықтан ол не келісімді бұзушы ретінде аластау, не қоғамның жауы ретінде өлім жазасы жолымен мемлекеттен шығарып тасталуға тиіс. Өйткені мұндай жау – шартты кісі емес, ол – адам болғандықтан соғыс құқығы бойынша жеңілгенді өлтіруге болады. Бірақ, дейді маған, қылмыскерді сот арқылы жазалау жеке сипаттағы акт. Келісемін: өйткені соттау құқығы тіпті де егеменнің қолында емес; бұл – өзі жүзеге асыратын ахуалда болғандықтан, басқаға бере алатын құқық. Менің барлық ойларым бір-бірімен байланыста, бірақ мен олардың бәрін бірден баяндап бере алмаймын. Мұның үстіне, жиі өлтіру – қашан да Үкіметтің әлсіздігінің немесе берекесіздігінің белгісі. Әйтеуір бірдеңеге жарайтын етуге болмайтын жауыз жоқ. Біз тек тірі қалдыру қауіпті болатын адамды ғана, өзгелерге сабақ болуы үшін, өлтіруге хақылымыз. Ал кешіру немесе жазықтыны Заң бойынша тиесілі және қазы белгілеген жазадан босату құқығына келсек, ол қазыдан да, Заңнан да жоғары тұрғанның, яғни егеменнің ғана қолында; бірақ оның бұл құқығы әлі жеткілікті анық емес, оны қолдану жағдайлары да тым сирек. Жақсы басқарылатын Мемлекетте өлім жазасының аз болатыны, жиі кешірім жасалатындығынан емес, онда қылмыскерлердің аздығынан; құлдырай бастаған Мемлекетте қылмыстың көптігі оларды жазасыз етеді. Рим Республикасында Сенат та, консулдар да кешірім жасау құқықтарын ешқашан пайдалануға тырыспаған. Мұны халық, кейде өз шешімдерін өзгертіп отырса да, істемеген. Жиі-жиі кешірім жасалу көп ұзамай қылмыскерлер оған мұқтаж болмайтынын, алдын ала аңғартады, ал мұның арты неге апарып соғары кім көрінгенге белгілі. Бірақ мен жүрегім атқақтап, қаламымды тежеп отырғанын сеземін; бұл мәселелерді талқылауды ешқашан қиыс баспай, өзі ешқашан кешірімге мұқтаж болмаған әділ адамға і алдырайық.

ЗАҢ ТУРАЛЫ

VІ тарау Қоғамдық келісіммен біз Саяси организмге тіршілік пен өмір бердік; ендігі әңгіме заңдар көмегімен оны қозғалысқа келтіріп, ырық беру жөнінде. Өйткені осынау организмді құрып, біртұтас организмге айналдыратын бастапқы акт оның өзін сақтау үшін ол істеуге тиіс нәрсенің ешқайсысын әлі анықтап бермейді. Игілік деген не, реттілікке не сәйкес дегенге келсек, олар табиғаты жағынан солай және адамдар арасындағы келісімге тәуелді емес. Әділет атаулы – Құдайдан, Ол – соның бірден-бір қайнар көзі; бірақ біз әділетті Жаратқанның тікелей өзінен ала білетін болсақ, онда біз үкіметке де, заңдарға да мұқтаж болмас едік. Сөз жоқ, тек парасаттан туындайтын жалпыға бірдей әділет деген бар, бірақ біз оны қабылдау үшін ол әділет өзара болуға тиіс. Егер мәселеге адами көзбен қарайтын болсақ, жаратылыстық рұқсат болмағандықтан әділет заңдары адамдар арасында дәрменсіз; олар тек арамға игілік, адалға қасірет әкеледі, егер сол адал адам сол әділетті жұрттың бәрімен қатынаста сақтаған күнде де, онымен қатынаста оны ешкім сақтамайды. Демек, құқықтар мен міндеттерді біріктіріп, әділетті оның өз тақырыбына оралту үшін келісімдер мен заңдар қажет. Бәрі де ортақ жаратылыстық ахуалда мен ешқандай уәде бермеген адамға, ештеңе қарыз емеспін; өзіме керек емес нәрсені ғана өзгенікі деп білемін. Барлық құқықтар Заңмен белгіленген азаматтық ахуалда мүлдем басқаша. Бірақ, сайып келгенде, заң дегеніміз не? Адамдар бұл сөзге метафизикалық ұғым беруді тоқтатпайынша, біз өзіміздің талғамдарымызда бұрынғысынша бір-бірімізді түсінбейтін боламыз; тіпті бізге табиғат заңы дегеннің не екенін түсіндіріп бергеннің өзінде, біз соның арқасында Мемлекет заңы дегеннің не екенін жақсырақ түсіне қоймаймыз. Ортақ ырық жеке нәрсе туралы пікір білдіре алмайтынын мен айтқанмын. Шынына келгенде, ол жеке нәрсе Мемлекеттің өз ішінде, не одан тысқары тұрады. Егер ол Мемлекеттен тысқары болса, онда оған өгей ырық ол үшін тіпті де ортақ бола алмайды; ал егер сол нәрсе Мемлекеттің ішінде болса, ол Мемлекеттің бір бөлігін құрайды: сонда бүтін мен бөлшектің арасында екеуін дара екі нәрсе етіп жіберетін қатынас орнайды; біреуі - бөлшек, екіншісі – бөлшексіз бүгін. Бірақ бүтіннен бөлшекті алып тастасақ, ол тіпті де бүтін емес; осындай қатынас орын алып тұрғанда, бүтін жоқ, тең емес екі бөлік қана бар; осыдан келіп, олардың бірінің ырқы екіншісі үшін тіпті де міндетті бола алмайды. Бірақ бүкіл халық бүкіл халыққа қатысты шешім шығарғанда, ол өзін ғана қарастырады, және егер сонда қатынас пайда болса, онда бұл – бір көзқарас тұрғысынан қаралатын бүтін нәрсенің, екінші бір көзқарас тұрғысынан қаралатын бүтін нәрсеге қатынас, мұндайда осынау бүтін ешқандай бөлініссіз қарастырылады. Міне сонда өзі турасында шешім қабылданған нәрсенің мәнісі де, сол шешімді шығарған ырық та ортақ сипатта болады. Нақ осы актты мен заң деп атаймын. Мен заңдар тақырыбы әрқашан ортақ сипатта дегенде, Заң бодандарды бүтін ретінде, қарекетті – оқшау нәрсе ретінде қарастыратындығын, бірақ адамды ешқашан индивидуум немесе жеке қылық ретінде қарастырмайтындықтан айтамын. Осылайша Заң артықшылықтар болады деп әбден белгілей алады, бірақ ол сол артықшылықтарды ешқандай нақты адамға бере алмайды; Заң азаматтардың бірнеше табын жасай алады, тіпті, сол таптардың әрқайсысына жату құқығын беретін белгілерін де белгілей алады; бірақ ол мынадай-мынадай адамдар мынадай-мынадай тапқа жатады деп көрсетіп бере алмайды; ол Корольдік басқару енгізіп, тәжді мұрагерлік ете алады; бірақ ол корольді сайлай да алмайды, қандай да бір отбасын патшалық етуші отбасы деп жариялай да алмайды – қысқасы, объектісі жеке сипаттағы кез-келген қарекет зың шығарушы өкіметке қатысты болмайды. Осыны анықтап алғаннан кейін, заңдарды кім жасауы керек, өйткені олар ортақ ырық актылары ғой; тақсыр заңдардан жоғары тұра ма, өйткені ол Мемлекет мүшесі ғой; Заң әділетсіз бола ала ма, өйткені ешкім өзіне өзі әділетсіз бола алмайды ғой: бостан бола тұрып, қалайша заңдарға бағынуға болады, өйткені олар шындап келгенде біздің ырқымызды білдірудің жазбаша түрі ғана ғой – деген сұрақтарды қоюдың өзі орынсыз екендігін бірден түсінеміз. Бұлардан көрінетін тағы бір нәрсе мынау: Заңда ырықтың және оның тақырыбының жалпыға бірдей сипаты ұштасуға тиіс болғандықтан, әлдеқандай жеке тұлғаның, мейлі ол кім болса да, өз бетімен шығаратын өкімдері қандай түрде де заң бола алмайды. Тіпті егемен жеке мәселе жөнінде бұйыратыны да заң емес, декрет қана; және егемендік актысы емес, магистратура актысы ғана. Осылайша, мен Республика деп, оны басқару тұрпаты қандай болса да, заңмен басқарылатын кез-келген Мемлекетті атаймын; өйткені сонда ғана Мемлекетті ортақ мүдде басқарады да, ортақ игілік деген сөзде мән болады. Заң арқылы кез-келген басқару1 республикалық басқару6 ал Басқару дегеннің не екенін мен кейінірек түсіндіремін. Заңдар, сайып келгенде, азаматтық ассоциацияның шарттары ғана. Заңдарға бағынатын халық сол заңдарды жасаушы да болуға тиіс: ассоциацияға кіргендер ғана бірлесіп өмір сүру шарттарын белгілей алады. Бірақ олар мұны қалай белгілейді? Кенеттен келген шабытқа еріп, ортақ келісіммен бе? Саяси организмде оның ырқын білдіретін орган бар ма? Оның ырқының көріністері актыларға айналып, олардың күн ілгері жариялануы үшін қажет алды-артын шола білуді оған кім береді? Олай болмаса, оларды ол дер сәтінде қалай жариялай алады? Өзіне не керек екенін көбіне біле Пермейтін, өзіне не пайдалы екенін білмейтін көрсоқыр тобыр заңдар жүйесін жасау секілді соншалық ұлы да қиын істі қалай атқармақ? Өздігінен халық қашан да игілікті қалайды, бірақ оның неден тұратынын ол әман біле бермейді. Ортақ ырық әманда дұрыс та тура бағытталады, бірақ оған жетекшілік ететін шешімі әманда ойдағыдай бола бермейді. Оған болмысты бұрмаламай көрсету кейде оған қалай елестесе, солай көрсету керек; өзі іздеп жүрген сара жолды көрсету керек; оны осы жолдан тайдырып жіберетін жеке адамдар ырқынан қорғау керек; оған елдер мен дәуірлер арасындағы байланысты ашып көрсету керек; таяу да анық сезілетін пайданың ұнамдылығы мен қашық және жасырын қасіреттердің қауіптілігін теңдестіре алу керек. Жеке адамдар игілікті көреді, бірақ бас тартады, халық игілікті қалайды, бірақ оның неде екенінен бейхабар. Баршаға бірдей жетекші керек. Жеке адамдарды өз ырқын, өз парасатын үйлестіруге міндеттеу керек, халықты өздеріне керегін білуге үйрету керек. Сонда халықтың көзін ашудың нәтижесі парасат пен ырықтың Қоғамдық организмдегі одағы болады; бөлшектердің дәл өзара ықпалдастығы, бәрінің түйіні ретінде бүтіннің қордаланған күші осыдан шығады. Заң шығарушыға мұқтаждықты туындататын міне осы.

ЗАҢ ШЫҒАРУШЫЛАР ТАҒДЫРЫ ТУРАЛЫ

VІІ тарау Бірлесіп өмір сүрудің халықтарға лайық ең жақсы ережелерін ашу үшін адамдардың барлық нәпсіқұмарлығын көре білетін, өзі олардың бірде-біріне қызықпайтын; біздің табиғатымызбен ортақ ештеңесі жоқ, бірақ оны мінсіз білетін; өз бақыты бізден тәуелсіз, бірақ бәрібір біздің бақытымызбен айналысуға келіскен; ақыр соңында өз даңқының салтанат құруын алыс болашаққа қалдырып, бір ғасырда аянбай еңбек етіп, оның жемісін басқа ғасырда-ақ көруге дайын асқар ақыл керек. Адамдарға заңдар беру үшін Құдайлар керек болар еді... Критте жақсы заңдар және жаман адамдар болғаны сондықтан, Минос міне сол көп халықтың арасында тәртіп орнатуға кірісті ғой. Жер бетінде ешқандай жақсы заңға төзе алмайтын мыңдаған халықтар дәурен сүрген; ал оған ыңғай беретін халықтар өзінің бүкіл тарихында бұған аз ғана кезеңді қия алған. Халықтардың көпшілігі, адамдар секілді, тек жастық шағында ғана қабылдағыш, қартая келе олар түзелмейтін болады. Салттар орнығып, соқыр сенімдер тамыр жайып алған кезде оларды өзгертуге тырысу қауіпті де бос әурешілік болар еді; халық тіпті өзінің сырқатына жанап кетуге де төзбей, оларды дәрігерден зәресі ұшып кететін ақылсыз да қорқақ адамдар секілді бірдеңе қылып, өздері жазылып кетпек болады. Бірақ бұл, адамның басын мәңгіртіп, өткеннің бәрін ұмыттырып жіберетін ауру тәрізді, кейбір дағдарыстар индивидуумдарға қалай әсер етсе, Мемлекеттер тарихында да төңкерістер халықтарға солай эсер ететін дүрбелеңдер болмайды; ұмытып қалудың орнына өткеннің сұмдықтары еске түскен кезде және азамат соғыстарының өртіне шарпылған Мемлекет, былайша айтқанда күл-қоқыстан дүр сілкіне көтеріліп, ажал құшағынан құтылып, қайтадан жасарып, құлпырып кетпейді деген сөз емес. Ликург тұсындағы Спартада, Тарквинийлерден кейінгі Римде солай болған, біздің кезіміздегі заманымызда тирандар қуып жіберілгеннен кейін Голландия мен Швейцарияда солай болған. Бірақ мұндай оқиғалар сирек: себебі сондай Мемлекеттің табиғатында жататын ерекше жағдайлар. Олар бір халықтың өмірінде екі рет қайталанбас та еді; өйткені ол тек тағылық ахуалында болғанда ғана бостан болып шыға алады, бірақ азаматтық құлшыныс әлсіреген кезде, оның бұған дәрмені кетпейтін болады. Ондай жағдайда бұлғақтар ондай халықты жойып жіберуі мүмкін, енді оны төңкеріспен қалпына келтіре алмайсың; оның бұғауы тас-талқан етілген бойда, ол өзінен өзі ыдырап, халық ретінде өмір сүруден қалады. Осыдан бастап оған азаткер емес, билеп-төстеуші керек. Бостан халықтар, естеріңде болсын: "Бостандықты жеңіп алуға болады, бірақ оған жаңадан ие бола алмайсың". Жастық шақ – балалық шақ емес. Адамдар сияқты, халықтарда да жастық шақ, қажет десеңіз, кәмелеттік шақ болады, оларды заңдарға бағындырудан бұрын сол шақтың келуін күту керек. Бірақ халықтың кәмелетке толғанын әрқашан ажырата қою оңай емес; егер заңдарды уақтысынан бұрын енгізсең, барлық еңбегіңнің зая кеткені. Бір халық тумысынан зирек, енді біреуі он ғасыр өтсе де ондай бола алмайды. Орыстар ешқашан шын өркениятты бола алмайды, өйткені олар өркениятқа тым ерте тартылды. Петрде еліктеушінің таланты болды, онда шынайы кемеңгерлік, жоқтан бар жасайтын кемеңгерлік болған жоқ. Ол істегеннің кейбірі оларға тәп-тәуір-ақ болды, бірақ көп бөлігі орынсыз еді. Ол өз халқының жабайы екендігін түсінді, бірақ ол оның азаматтық қоғам жарғысын қабылдауға пісіп-жетілмегенін мүлдем ұқпады. Ол өзінің халқын бірден оятып, мәдениетті етпек болды, ал дұрысында мұның қиындығына оны әлі үйретіп алуы керек еді. Ол әуелі неміс, ағылшын жасағысы келді, оның орнына орыс жасаудан бастау керек еді. Ол өз бодандарының әлі болмағанын болды деп сендіріп, әйтеуір бір кездерде бола алатыны болуына кедергі жасады. Мәселен ұстаз-француз өзінің шәкіртін бала шағында жарқырап көрініп, кейін түкке татымайтын біреу болып шығуына тәрбиелейді. Ресей империясы Еуропаны бағындырып алғысы келеді – болашақта өзі бағынышты болып қалады. Оның боданы немесе көршісі болып отырған татарлар оның да, біздің де билеушілерімізге айналады. Бұл төңкеріс маған сөзсіз болатын сияқты көрінеді. Еуропаның барлық корольдері ауыз жаласып, сол уақыттың жақындауына жәрдемдесуде.

ЖАЛҒАСЫ

VІІІ тарау Дене бітімі жақсы жаратылған адамның бойы өсуіне табиғат белгілі бір шек қоятыны, ол шектен тыс тек ұзынтұралар немесе мыртықтар жасайтыны секілді, Мемлекеттің жақсылап құрылуы үшін оның көсілуінің де ол ие бола алатын шектері бар, ол жақсы басқарылуы үшін тым далиып та кетпеуі, өз тіршілігін өз күштерімен қорғай алатын ахуалда болуы үшін тым кішкентай да болмауы керек. Әрбір Саяси организм үшін өз күш-қуатының максимумы болады, ол сол шектен асып кете алмайды, ал асып кетсе, көбіне алшақтай түседі. Қоғамдық байланыс неғұрлым өзара түссе, соғұрлым әлсірей береді; жалпы шағын Мемлекет үлкен мемлекеттен салыстырмалы түрде күштірек. Бұл ереженің дұрыстығын мыңдаған дәлелдер қуаттайды. Біріншіден, ұзын сырықтың басындағы зат неғұрлым ауыр болатыны секілді ара қашықтық ұзақ болса, басқару қиындай түседі; Басқару сатылары көбейген сайын ол сондай ақ неғұрлым қымбатқа түседі. Өйткені әрбір қалада өз басқару органдары бар, олар халықтың мойнында; әрбір округта оз басқаруы бар – олар да халықтың мойнында; әрбір провинцияда да солай; одан әрі ірі губерниялар, уәлаяттар, вице-корольдіктер келеді, оларды асырап-ұстау біз жоғарылаған сайын қымбаттай береді, оны да сол бақытсыз халық көтереді; ақыр соңында ең жоғары басқарудың кезегі келеді, ол бәрін опыра береді. Мұндай обыр жылу бодандарды ұдайы тұралата түседі: олар осынау әрқилы басқару органдарымен басқарылу былай тұрсын, қайта оның бір ғана органы болғаннан нашар басқарылады. Сөйтіп төтенше жағдайлар үшін қажет қаржы да болар-болмас қана қалады; сол қаржы қажет болып қалған жағдайда, Мемлекет ылғи да жұтау шегіне тап болады. Тек бұл ғана емес: Үкіметтің заңдарды сақтауға мәжбүрлеуге, қысымға жол бермеуге, қиянатты жазалауға, қиыр шеттерде бұрқ ете қалуы мүмкін бүліктердің алдын алу үшін күші де, қарекет жылдамдығы да жетпей қалады; халық та өзі ешқашан көрмейтін басшыларына, оның көзіне бүкіл әлем тәріздес көрінетін ұшы-қиырсыз отанына да, көпшілігі өзіне жат отандастарына да жақындығын азайтады. Айна-қатесіз бірдей заңдар әдет-ғұрпы әрқилы, климаттық жағдайы мүлдем кереғар, сондықтан да бірдей басқару түрлеріне жол бермейтін әрқилы провинцияларға жарамайды. Әрқилы заңдар бодандар арасында тек бұлғақ пен берекесіздік туғызады: бір ғана басшыларының құзырында өмір сүретін, ылғи да бір-бірімен араласып тұратын олар, бір жерден екінші жерге көшеді немесе басқа салттарға бағынатын адамдармен некелеседі, нәтижесінде бодандар өздерінің игіліктері шынымен өздерінікі ме, жоқ па, соны біле бермейді. Ең жоғары басқарудың тұрған орны бір жерге шоғырландыратын, бір-бірімен таныс емес, толып жатқан адамдар ішінде таланттар көміледі, жақсылық ұмытылады, жамандық жазаланбайды. шаруасы шаш-етектен билеушілер өз көзімен ештеңе көрмейді – Мемлекетті шенеуніктер басқарады. Сөйтіп енді орталық өкіметтің беделін сақтап қалу үшін айрықша шараларды жүзеге асыру қажет болады, өйткені алыс аймақтардағы оның толып жатқан өкілдері де оған бағынудан бас тартуға, оны алдауға тырысады; бұл шаралар қоғамның бар шаруасын жайына қалдырады; халықтың қамын ойлауға күш жетпейді; ол ділгірлік туа қалса оны қорғауға әрең жетеді; сөйтіп кереметтей ұлғайып кеткен организм өзінен-өзі іріп-шіріп, өз салмағынан өзі жаншылып өлуге айналады. Екінші жағынан, Мемлекет нық тұруы үшін, тап болуы мүмкін ауыр дүрбелеңдерге ойдағыдай төтеп бере алуы үшін, өзінің тіршілігін қамтамасыз етуге сөзсіз қажет күш-жігер салмағына төзе алуы үшін өзіне сенімді негіз жасап алуы керек... Ең алдымен ұмтылатын нәрсе – кінәратсыз, берік құрылыс; үлкен аумақ беретін қаржыдан гөрі, жақсы басқару тұрпатынан күшке көбірек үміт артылуға тиіс. [...]

ЖАЛҒАСЫ

Х тарау Саяси организмді екі тәсілмен, атап айтқанда: жер көлемімен және халық санымен өлшеуге болады; осы екі өлшемнің арасында Мемлекетке қажет жер көлемін анықтауға мүмкіндік беретін ара қатынас жатады. Мемлекетті құрайтын – халық, ал халықты асырайтын - жер. Енді осы екеуінің ара қатынасына келетін болсақ, жер көлемі Мемлекет халқын асырауға мүмкіндік беретіндей, ал халық саны елдегі жер көлемінің оларды азық-түлікпен қоректендіре алатындай болуы керек. Міне осындай арақатынас халықтың қысылмай-қымтырылмай өмір сүруіне қажетті максимум жасайды. Өйткені жер тым көп болса – оны күзету қиын, өңдеу жеткіліксіз, азық-түлік қажеттен артық болады; болашақ қорғаныстық соғыстардың себебі осында. Егер жер жеткіліксіз болса, оның есесін толтыру үшін Мемлекет көршілеріне бүтіндей тәуелді болып қалады; болашақ басып алу соғыстарының себебі осында. Өз жағдайына сәйкес сауда мен соғыстың біреуін таңдап алуға тиіс халық – әлсіз халық; өйткені ол көршілерге тәуелді, жағдайларға тәуелді болып қалады; оның тіршілігі қамтамасыз етілмеген әрі қысқа. Ол біреуді бағындыра алса – жағдайын өзгертеді, бағынса – түкке тұрғысыз болып қалады. Ол бостандығын өзінің елеусіздігімен немесе ұлылығымен ғана сақтай алады. [...]

ОРТАҚ ҮКІМЕТ ТУРАЛЫ

ІІІ кітап
І тарау

Басқарудың әрқилы пошымдары туралы айтпас бұрын осыған дейін жеткілікті түсіндірілмеген осы сөздің дәл мағынасын анықтауға тырысып көрейік. Мен оқырманға мынаны ескертемін: бұл тарау асықпай, зейін қоя оқылуға тиіс, өйткені менде зейін қойғысы келмейтініне оз ойымды анық жеткізу өнері жоқ. Әрбір бостан қарекеттің оны қосыла келіп туындататын екі себебі болады: оның бірі моральдық себеп, атап айтқанда: актыны айқындайтын ырық, екіншісі тәндік себеп, атап айтқанда: соны орындаушы күш. Мен бір объектіге қарай бет алсам, біріншіден, менің солай қарай жүргім келуі керек; екіншіден, менің аяғым мені сол жерге жеткізуі керек. Сал болып қалған адам жүгіргісі келсін, шапшаң адам оны істегісі келмесін – екеуі де орнында қалады. Саяси организмнің қозғаушылары да – дәл сондай; онда да күш пен ырық ажыратылады: соңғысы – заң шығарушы өкімет, біріншісі – атқарушы өкімет деген атаумен ажыратылады. Онда олардың қатысуынсыз ештеңе де істелмейді немесе істелмеуге тиіс. Біз заң шығарушы өкімет халыққа тиесілі екендігін және оның тек соған тиесілі бола алатынын көрдік. Жоғарыда анықталған принциптерді басшылыққа алсақ, атқарушы өкіметтің, керісінше, заң шығарушы ретінде бүкіл халыққа немесе егеменге тиесілі бола алмайтынын көру оп-оңай, өйткені бүл өкімет тек жеке сипаттағы актыларда ғана білдіріледі, ондай акт Заң саласына да, демек барлық актылары тек заңдар бола алатын егемен құзырына да жатпайды. Халық күші, демек сол күшті жиыстырып, оны ортақ ырықтың нұсқауларына сәйкес іске қосатын, Мемлекет пен егемен арасын байланыстыруға қызмет ететін, бір тұрғыдан жымдық тұлға ретінде қоғамда адамның бойында жан мен тәннің бірігуі туындататын нәрсені жүзеге асыратын сенімді адамды қажет етеді. Мемлекеттегі Үкіметтің мән-мағынасы міне осындай, кейбіреулер оны егеменмен шатыстырып жатады, ал дұрысында ол тек егеменнің қызметшісі ғана. Сонымен Үкімет дегеніміз не? Бодан мен егемен арасын байланыстыру үшін құрылған, заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге және азаматтық бостандықты да, саяси бостандықты да қолдап отыруға өкілеттік алған делдалдық организм. Осынау организмнің мүшелері магистраттар немесе корольдер, яғни әміршілер деп аталады; ал бүкіл организм тақсыр деп аталады. Осылайша халық өзін әміршіге бағындыратын акт тіпті де шарт емес дейтіндер өте дұрыс айтады. Бұл сөз жоқ, тапсырмадан, мансаптан артық ештеңе емес; сол тапсырманы орындай отырып, олар, егеменнің қарапайым шенеуніктері, өздерін сақтап отырушы етіп қойған билікті соның атымен, егемен шектей алатын, түрін өзгерте алатын, қажет деп тапса алып та қоятын билікті жүзеге асырады; өйткені мұндай құқықтан айыру Қоғамдық организмнің табиғатымен сиыспайды және ассоциация мақсатына кереғар. Сонымен мен Үкімет немесе жоғарғы басқару деп заңдарға сәйкес атқарушы билікті жүзеге асыратын, ал тақсыр немесе магистрат деп осынау басқару жүктелген адамды немесе корпусты атаймын. Ара қатынасы бүтіннің бүтінге, немесе егеменнің Мемлекетке қатынасын белгілейтін делдалдық күш нақ сол Үкіметте жатыр. Мемлекетті үздіксіз пропорцияның шеткі екі мүшесінің қатынасы ретінде елестетуге болады, солардың аралық пропорциясы - Үкімет. Үкімет егеменнен бұйрық алып, оны халыққа жеткізеді; және Мемлекет орнықты тепе-теңдікте түру үшін, іске қосқанда бір туынды яки Үкімет билігі мен екінші туынды яки бір жағынан егеменді, екінші жағынан бодан болып табылатын азаматтар билігі арасында теңдік пайда болуы керек. Ол-ол ма пропорцияны бірден бұзбай, үш мүшенің бірде-бірін өзгерту мүмкін емес. Егер егемен басқарғысы келсе немесе магистрат заң шығарғысы келсе, яки бодандар барудан бас тартса, онда тәртіптің орнына берекесіздік қонжияды, күш пен ырық үйлесе қарекет етуін доғарады, сөйтіп бытыраған Мемлекет деспотизмнің немесе анархияның олжасына айналады. Ақыр соңында, әрбір қатынаста тек бір ғана орта пропорция көрсеткіші болатыны секілді, Мемлекетте де ол үшін ең жақсы бір ғана басқару тегі бола алады. Бірақ толып жатқан оқиғалар халық бой көрсететін қатынастарды өзгертіп жіберуі мүмкін болғандықтан, ондай жағдайда Басқарудың әрқилы түрлері әртүрлі халық үшін ғана емес, әртүрлі кезеңдегі бір халық үшін де жақсы болып шығады алады. Ең шеткі екеудің арасында үстемдік құруы мүмкін әртүрлі қатынастар туралы түсінік беру үшін мен мысал ретінде оңайырақ білдіруге көмектесетін қатынас ретінде халық санын аламын. Айталық, Мемлекет он мың азаматтан тұрады делік. Егемен тек ұйыстырушы ұғым және әлдене бүтін ретінде қарастырыла алады; бірақ әрбір жеке адам бодан ретінде индивидуум секілді ғана қарастырылады. Осылайша, егемен он мыңның бір санына қатынасы ретінде бой көрсетеді, яғни Мемлекеттің әрбір мүшесі жоғарғы өкіметке толық бағынатын болғанымен, егеменнің жоғарғы билігінің он мыңнан бір бөлігіне ғана ие. Мейлі, халық жүз мың адамнан құралсын; бодандардың жағдайы өзгермейді, және олардың әрқайсысы заңның бүкіл күшін бірдей шамада сезінеді, ал жүз мыңнан бірге ғана оның дауысының сол заңның жасалуына ықпалы алдыңғылардан он есе кем болады. Мұндай жағдайда, бодан ылғи да бір санына ие болғанымен, егеменнің әрбір азаматқа қатынасы адам санының ұлғаюына пропорционал ұлғаяды. Бұдан шығатын қорытынды: мемлекет қаншалық көп өскен сайын бостандық соншалық кеми түседі. Мен қатынас ұлғаяды дегенде, мұнымен оның теңдіктен алыстай беретінін айтамын. Міне осылайша, геометрлердің түсінігіндегі қатынас көбейген сайын, кәдуілгі түсінікте қатынас кеми береді; бірінші жағдайда – сан тұрғысынан қарастырылатын қатынас оның бөлшегімен өлшенеді; екінші қандай да сәйкестік тұрғысынан қарастырылатын жағдайда қатынас ұқсастықпен бағаланады. Сонымен, жекелеген адамдардың ырқын білдіруі мен ортақ ырық арасындағы яғни құлық пен заңдар арасындағы ұқсастық кем болған сайын, оларды тежеуші күш те өсе беруге тиіс. Демек, халық саны неғұрлым көп болған сайын өзінің міндетіне сай болу үшін Үкімет салыстырмалы түрде күштірек болуға тиіс. Екінші жағынан, Мемлекеттің ұлғаюы жұртшылық өкіметін сақтаушыларға өз билігіне қиянат жасау пиғылы мен амалдарын көбірек беретіндіктен, халықты тежеп отыру үшін Үкімет көбірек күшке ие болуға тиіс, Үкіметті тежеп отыру үшін өз кезегінде егемен де күштірек болуға тиіс. Мен бұл арада абсолютті күш жөнінде емес, Мемлекеттің әртүрлі бөліктерінің салыстырмалы күші жөнінде айтып отырмын. Осынау екі жақты қатынастан туындайтын қорытынды: егемен, Үкімет және халық арасындағы үздіксіз пропорция жауапсыз өкілдік емес, Саяси организмнің табиғатының өзінен туындайтын салдар. Бұдан шығатын тағы бір қорытынды: ең шеткі мүшелердің бірі, яғни халық бодан ретінде өзгеріссіз қалып, бір санатында өкілдік ететіндіктен, екі еселенген қатынас дәл сол секілді ұлғайып немесе кеміп отыратындықтан, демек, ортаңғы мүше де өзгереді. Бұл мынаны көрсетеді: бірден-бір ғана болып қалатын және салыстырмасыз жақсы деп саналатын құрылыс болуы мүмкін емес, есесіне үлкен-кішілігі жағынан әртүрлі Мемлекет қанша болса, Басқарудың да өздерінің табиғаты жағынан әрқилы сонша түрі болады. Міне осы жүйені әжуаға айналдыру үшін тегінде, меніңше, осынау орташа пропорционалды табу және үкімет организмін құру үшін халық санынан түбірдің квадратын шығару ғана жетіп жатыр дейтін шығар; мен бұған осы жерде бұл санды тек мысал үшін ғана алып отырмын деп жауап беремін; мен айтып отырған қатынастар тек адамдар санымен ғана емес, жалпы көптеген себептерден қалыптасатын қарекет санымен де өлшенеді; қайткен күнде де, өз ойымды қысқаша жеткізу үшін, мен уақытша геометриялық ұғымдарды да пайдалансам да, мен, әрине, геометрияға тән дәлдік адамдар арасындағы қатынастарға келгенде тіпті де дәл өлшем бола алмайтынын жақсы түсінемін. Үкімет дегеніміз өзін қамтитын Саяси организм үлкен істерде не болса, шағын істерде соның тап өзі. Ол – белгілі бір қабілеттерді бойына жиған, егемен секілді белсенді, Мемлекет секілді енжар шартты тұлға; Үкіметте кейбір басқа ұқсас қатынастарды да бөліп көрсетуге болады, содан, демек, жаңа пропорция көрсетеді; ол пропорцияда билік баспалдақтарының ретіне сәйкес тағы бір пропорция пайда болады, содан бөлінбейтін орташа мүшеге, яғни бірден-бір басшыға немесе ең жоғары магистратқа жеткенге дейін жалғаса береді, оны осынау прогрессия ортасындағы бөлшектер қатары мен бүтіндер қатары арасындағы бірлік сияқты елестетуге болады. Осынау толып жатқан мүшелер арасында шатасып кетпес үшін Үкіметті халықтан да, егеменнен де өзгеше, сол екеуінің арасында делдалдық рөл атқаратын Мемлекеттегі жаңа организм ретінде қарастыратынымызбен қанағаттана тұралық. Бұл екі организм арасында мынадай елеулі айырмашылық бар: Мемлекет – өзінше, Үкімет – тек егеменнің арасында тіршілік етеді. Осылайша тақсырдың үстем билігі ортақ ырық немесе заң болып табылады немесе солай болуға тиіс; оның күші – бүкіл халықтың соның қолына шоғырланған күші. Ол өз ырқымен, өз бетімен қандай да бір актыны жүзеге асырғысы келген бойда, бүкіл Бүтіннің байланысы қожырай бастайды. Егер, ақыр соңында, тақсыр өзінің жеке ырқына егеменнің ырқынан неғұрлым жігерлі ырыққа ие болса және сол ырыққа еріп, өзінің қолындағы жұртшылық күшін пайдаланар болса, сөйтіп мемлекетте, былайша айтқанда екі егемен – біреуі құқық бойынша, екіншісі іс жүзіндегі – егемен пайда бола қалса, онда бірден қоғамның бірлігі ғайып болып, Саяси организм ыдырап кетер еді. Үкіметтік организм өз бетінше тіршілік ету мүмкіндігін имам, оны Мемлекеттік организмнен өзгешелейтін шын болмыспен өмір сүруі үшін, оның барлық мүшелері бірауызды емес ол арнап құрылған мақсатқа сай қарекет жасауы үшін, оның дара мені, оны сақтауға бағытталған, оның мүшелеріне ортақ сезгіштігі, күші, ырқы болуға тиіс. Осынау бөлек тіршілік ету Ассамблеяның, Кеңестердің, істі талқылап, шешім қабылдау құқығының болуын, тек қана тақсырға тиесілі магистраттың жағдайын ауырлаған сайын, құрметті ете түсетін әр текті құқықтардың, атақтардың, жеңілдіктердің болуын көздейді. Қиындық жалпы алғанда осынау бағынышты бүтінге ол өз құрылысын нығайта отырып, ортақ құрылысқа зиянын тигізбейтіндей; ол өзін сақтауға арналған өзінің ерекше күшін Мемлекетті сақтауға арналған жұртшылық күшінен әрқашан ажырата алатындай құрылыс беру амалында; қысқасы ол Үкімет үшін халықты емес, халық үшін Үкіметті қиюға әрқашан дайын болуға тиіс. Айтпақшы, Үкіметтің жасанды организмі басқа бір жасанды организмнің туындысы болғанымен, ол басқадан алған, бағынышты өмірге ие болғанымен, бұл оның көбірек не азырақ күшпен немесе жылдамдықпен қарекет етуіне, былайша айтқанда көбірек немесе азырақ денсаулықты пайдалануына бөгет жасамайды. Ақыр соңында, ол құрылғанда өзінің алдына қойылған мақсаттан тікелей алыстамай-ақ, өзі құрылған тәсілге байланысты одан азды-көпті ауытқи алады. Міне барлық осынау айырмашылықтардан Үкімет пен Мемлекет арасында болуға тиісті, Мемлекеттің өзін де өзгертетін кездейсоқ және жеке қатынастарға сай келетін арақатынастар қалыптасады. Өйткені ол қатынастар Саяси организмнің өзінің кемшіліктеріне сәйкес өзгеріп отырмаса, ең жақсы деген Үкіметтің өзі ең сырқаулы үкімет болып шыға келеді.

БАСҚАРУДЫҢ ӘРҚИЛЫ ПОШЫМДАРЫН АНЫҚТАЙТЫН ПРИНЦИП ТУРАЛЫ
ІІ тарау

Осынау айырмашылықтардың жалпы себебін анықтау үшін, мен жоғарыда Мемлекет пен егемен арасының жігін ажыратқанымдай, тақсыр мен Үкімет арасын анықтап алу керек. Магистрат мүшелерінің саны аз болуы да, коп болуы да мүмкін. Біз егемен мен халықтың қатынастары халық көп болған сайын көбейе түсетінін айтқанбыз: осынау айқын ұқсастық бойынша біз Үкімет пен магистраттар арасындағы қатынас туралы да соны айта аламыз. Алайда әрқашан Мемлекеттің күші болып табылатын Үкімет күші ешқашан өзгермейді; осыдан мынадай қорытынды шығады: ол өзінің тол мүшелеріне ықпал етуге қаншалықты коп күш жұмсаса, онда халыққа ықпал етер күш соншалықты азая береді. Сонымен, магистраттар саны неғұрлым көп болса, Үкімет те соғұрлым әлсіз бола түседі. Бұл қағида – негізгі қағида болғандықтан, оны жақсырақ түсіндіруге тырысып көреміз. Біз магистраттан ырықтың әрқилы елеулі үш түрін көре аламыз. Біріншіден тек қара басының қамын ойлайтын индивидуум ырқы; екіншіден – тақсырдың пайдасымен бірден-бір сәйкес келетін және корпоративтік ырық деуге болатын магистраттардың ортақ ырқы; ол Үкіметке қатысты алғанда ортақ, Үкімет құрамына кіретін Мемлекетке қатысты алғанда жеке ырық болып табылады; үшіншіден, халық ырқы немесе жоғарғы ырық, ол бүтін ретінде қарастырылатын Мемлекет жөнінде де, бүтіннің бөлшегі ретінде қарастырылатын Үкімет жөнінде де ортақ ырық болып табылады. Мінсіз заңдар тұсында жеке немесе индивидуалдық ырықтың үлесі іске алғысыз болуға тиіс; Үкіметке тон корпоративтік ырық едәуір бағынышты сипатта болуға тиіс; демек, ортақ ырық яки жоғарғы ырық әрқашан басым ырық болуға, қалған барлық басқа ырық көріністері үшін біртүтас ереже болуға тиіс. Керісінше, жаратылыстық реттілік пәрменімен ырықтың осынау әрқилы түрлері, олар қаншалық коп шоғырланған болса, соншалық белсенді бола түседі. Осылайша, ортақ ырық әрқашан ең әлсіз ырық, екінші орында корпоративтік ырық тұрады, бәрінің біріншісі – әрбір жеке адамның ырқы; осылайша Үкіметте әрбір мүше, әуелі өзі, сосын магистрат, содан кейін – азамат; бүл реттілік қоғамдық ахуал талап ететін кезектілікке мүлдем кері. Осылай екені рас болса, барлық билік бір адамның қолына тигенде, жеке ырық пен корпоративтік ырықтың толығымен біріккені, демек, ол қолы жете алатын ең мықты күшке ие болады. Бірақ күш қолдану да ырық күшінің дәрежесіне байланысты болатындықтан, ал Үкіметтің абсолютті күші мүлдем өзгермейтіндіктен одан мынадай қорытынды шығады: Үкіметтердің ішіндегі ең белсендісі жеке-дара Басқару түрі болып табылады. Керісінше, Басқару мен заң шығарушы билікті біріктірейік; егеменнен тақсыр жасайық, ал әрбір азаматты магистрат етейік; сонда ортақ ырыққа біріккен корпоративтік ырық соңғысынан белсендірек бола алмайды да, жеке ырыққа оның барлық күшін қалдырады. Мұндайда бәз-баяғы абсолюттік күшке сөзсіз ие бола отырып, Үкімет бұл жағдайда салыстырмалы күштің, немесе белсенділіктің минимумына ғана ие болады. Бұл қатынастар даусыз және басқа да ойлармен қуаттала алады. Мысалы, өз корпорациясында әрбір магистрат оз корпорациясындағы әрбір азаматтан белсендірек екендігі, демек жеке ырық егеменнің қарекеттерінен гөрі Үкіметтің қарекеттеріне әлдеқайда коп ықпал ететіндігі анық; өйткені әрбір магистрат әрқашан дерлік Басқарудың қандай да бір қызметіне ие болады, ал әрбір азамат, жекелеп алғанда, егемендіктің ешқандай қызметін атқармайды. Айтпақшы, Мемлекет неғұрлым ұлғайған сайын, оның күші де іс жүзінде солғұрлым өсе түседі, дегенмен Мемлекет сол күйінде қала беріп, магистраттар саны қаншалықты ұлғайса да, Үкімет бұдан іс жүзінде көбірек күшке ие бола қоймайды, өйткені оның күші – шамасы әрқашан бір деңгейде қала беретін Мемлекет күші. Олай болса, Үкіметтің салыстырмалы күші немесе пәрменділігі оның абсолютті немесе іс жүзіндегі күш ұлғайғанына қарамастан-ақ кеми береді. Тағы бір анық нәрсе мынау: істерді тындыру, онымен неғұрлым көбірек адамдар айналысқан сайын, баяулай түседі; естілікке тым көп үміт артқанда тағдырдың оң көзімен қарауына жеткілікті үміт арта қоймайды; қолайлы жағдайдан айрылып қалады және тым көп талқылайтындығы соншалық, талқылаудың жемістерін жиі жоғалтып алады. Мен қазір ғана Үкімет магистраттар саны көбейген сайын әлсірей түсетінін дәлелдеп бердім; ал одан бұрын халық саны неғұрлым көп болған сайын, тежеп отыратын күштің де ұлғая түсуге тиістігін дәлелдеген болатынмын. Бұдан мынадай қорытынды шығады: магистраттар саны мен Үкіметтің арасындағы қатынас бодандар саны мен егемен арасындағы қатынасқа керісінше болуы керек; яғни Мемлекет неғұрлым ұлғайған сайын Үкімет өзінің саны жағынан соғұрлым қысқара түсуге тиіс; халық саны қандай шамада көбейгеніне қарап, басқарушылар саны да сол шамада азая түсуге тиіс. Айтпақшы мен Үкімет қарекеттерінің дұрыстығы жөнінде емес, оның салыстырмалы күші жөнінде ғана айтып отырмын. Өйткені, керісінше, магистраттар неғұрлым көп болған сайын, корпоративтік ырық көпшілік ырқына соғұрлым жақындай түседі; ал жалғыз магистрат жағдайында дәл сол корпоративтік ырық, жоғарыда айтқанымыздай, тек жеке адамның ырқы ғана. Міне осылайша, бір қатынаста ұтып шығуға болатын нәрсе екінші қатынаста ұтылысқа жатады, сондықтан Заң шығарушының өнері де Үкіметтің күші мен ырқы,ылғи да кері пропорцияда қалып отырып, Мемлекет үшін ең пайдалы қатынаста ұштасатын нүктені анықтаудан тұрады.

БАСҚАРУДЫ БӨЛУ

ІІІ тарау Алдыңғы тарауда біз Үкіметтің әрқилы түрлерін немесе пошымдарын оларды құрайтын мүшелер санына қарай неліктен бөлетінін көрдік; бұл тарауда сол бөлініс қалай жасалатынын көрсету ғана қалды. Егемен, біріншіден, Басқарманы бүкіл халыққа немесе оның басым көпшілігіне тапсыра алады, мұны жай ғана азаматтардан гөрі магистрат-азаматтар көбірек болу үшін істейді. Басқарманың бұл пошымына демократиялық деген атау беріледі. Немесе ол Басқарманы аз топтың қолына шоғырландыра алады, мұны ол жай азаматтар магистраттардан көбірек болу үшін істейді және мұндай пошым аристократиялық деген атауға ие болады. Ақыр соңында ол бүкіл басқарманы бір ғана магистраттың қолына шоғырландыра алады, басқалардың бәрі билікті тек соның қолынан алады. Бұл пошым ең әдеттегі нәрсе және монархия немесе корольдік Басқарма деп аталады. Айта кету керек, барлық осы пошымдар, немесе, бері салғанда, алғашқы екеуінің кеңдігі көбірек не азырақ болуы мүмкін; және де тиісті айырмашылықтар едәуір айтарлықтай болады; өйткені демократия бүкіл халықты қамти алады, оның жартысынан артығын қамти алмауы мүмкін. Аристократия өз кезегінде халықтың жартысынан азаматтардың белгіленбеген аз мөлшерін ғана қамти алады. Тіпті корольдік өкімет өзі де белгілі дәрежеде бөлінуі мүмкін. Спартада, оның конституциясы бойынша ұдайы екі патша болған; ал Рим империясында бір мезгілде, императорлар саны сегізге дейін жеткен жағдайлар болған, және де империя бөлінген деуге болмайтын еді. Міне осылайша, Басқарманың әрбір пошымы келесісімен астасып кететін нүктесі болады, және біз тек үш атауы ғана болғанымен Басқарма іс жүзінде, Мемлекетте азаматтар қанша болса, сонша пошымдарға ие болуға қабілетті екенін көреміз. Ол-ол ма, Басқарманың бір ғана тегі кейбір жағдайларда әлі басқа да бөліктерге бөліне алатындықтан, олардың бірінде басқару бір тәсілмен, екіншісінде екінші тәсілмен жүзеге асырылатындықтан, осынау үш пошымның ұштасуынан көптеген аралас пошымдар туындауы мүмкін, олардың әрқайсысы қарапайым пошымдармен ұштасып, жаңа пошымдар бере алады. Барлық замандарда да Басқарма пошымдарының қайсысы ең жақсысы деген талас коп болған - солардың қай-қайсысы да бір жағдайда ең жақсысы, басқа жағдайда ең жаманы екендігі ескерілмеген. Егер әрқилы Мемлекеттерде ең жоғары магистраттар саны азаматтар санына кері қатынаста болуға тиіс десек, онда бұдан мынадай қорытынды шығады: жалпы алғанда демократиялық Басқарма шағын мемлекеттерге, аристократиялық Басқарма – орташа мемлекеттерге, ал монархиялық Басқарма - үлкен мемлекеттерге бәрінен жарамды. Бұл ереже тікелей ортақ принциптен туындайды. Бірақ шетін жағдайлар туындатуы мүмкін толып жатқан жағдайлардың бәрін қалай ескеру керек?

ДЕМОКРАТИЯ ТУРАЛЫ

ІV тарау Заңды жасаушы бұл Заңның қалай орындалуы және қалай түсіндірілуі керек екендігін басқалардың бәрінен жақсы біледі. Сонымен, атқарушы өкімет заң шығарушы өкіметпен ұштастырылған мемлекеттік құрылыстан артық құрылыс жоқ секілді ғой. Бірақ нақ осыныңыз мұндай Басқарманы кейбір жағдайларда жарамсыз етеді, өйткені бұл орайда бөлінуге тиісті нәрселер бөлінбей қалады, және тақсыр да, егемен де бір ғана адам болып кететіндіктен, Үкіметсіз Басқарма құрады. Заң шығарушының оны атқаруы, немесе бүтін ретінде халықтың өз назарын жеке заттарға аударып, ортақ мақсаттан басқаға бұруы дұрыс емес. Жеке мүдделердің қоғамдық істерге ықпал етуінен асқан қауіпті ештеңе жоқ және заңдарды қолдану барысында Үкімет жасайтын қиянат заң шығарушыны сатып алудан кем қасірет, өйткені бүл қара басының қамының сөзсіз болатын зардабы. Ондайда, Мемлекеттің мәнісінің өзі бұрмаланғандықтан, ешқандай өзгеріс мүмкін болмайды. Басқармадағы өз билігін ешқашан жамандыққа пайдаланбайтын халық мұны өз дербестігі жөнінде де істемейді; ылғи да жақсы басқаратын халық, өзін әлдекімдердің басқаруына мұқтаж болмас еді. Егер демократия терминін дәл өз мағынасында алар болсақ, нағыз демократия ешқашан болған емес және ондай болмайды да. Көп сан басқарып, аз санның басқарылуы табиғатқа жат. Халық қоғамдық істермен ғана айналысып, уақытының бәрін жиналыстарда өткізуін елестете де алмайды. Және ол бұл үшін, басқару пошымы да өзгермейтіндей етіп, қандай да бір комиссиялар құра алмайтындығын көру де оп-оңай. Шынында да, мен мынаны ереже ете аламын ғой деп ойлаймын: Басқарма қызметтері бірнеше коллегия арасында бөлінген кезде, оның ішінде мүшелері ең аз коллегия, ерте ме, кеш пе, ең үлкен бедел мен маңызға ие болады, өйткені оның іс тындыруы, әрине, жеңілдей түсетіндігі себебінен. Айтпақшы, Басқарманың осы пошымы басы біріге қоймайтын қаншама нәрсені көздейді деңіз! Біріншіден, бұл үшін халықты оп-оңай жинап алуға болатын, және әрбір азамат бір-бірін біле кететін өте шағын мемлекет талап етіледі; екіншіден – істердің жатып қалуының және шешуі қиын даулардың туындауының алдын алатын аса қарапайым құқық қажет, содан кейін – қоғамдық және мүліктік қатынастардағы мейлінше теңдік қажет, онсыз құқықтағы және билікке ие болудағы тендік ұзаққа сақтала алмайды; ақыр соңында сән-салтанат өте аз немесе мүлдем болмауы қажет. Өйткені сән-салтанат не байлықпен жасалады, не оны қажетті нәрсе етеді; ол бір мезгілде байды да, кедейді де, бірін – ие болумен, екіншісін – соны аңсаумен азғындатады; ол отанды нәуетектікке және пендешілік атаққұмарлыққа сатып жібереді; ол біреулерді екінші біреулердің құлына айналдыру, ал барлығын – жалған сенімнің құлына айналдыру үшін Мемлекеттен барлық азаматтарды тартып алады. Міне сондықтан да аса көрнекті бір жазушы Республиканың ең басты принципі – жақсылық деп білген, өйткені, онсыз осынау барлық шарттардың болуы да мүмкін емес. Бірақ сол асқар ой иесі қажетті айырмашылықтарды көрсетпегендіктен, оның пікірлерінде көбіне-көп дұрыстық, кейде – анықтық жоқ; және ол жоғарғы өкімет барлық жерде бірдей болғандықтан – бір ғана принцип қандай да дұрыс құрылған Мемлекеттің негізіне, әрине, Басқарма пошымына сәйкес көбірек немесе азырақ шамада, алынуға тиіс. Қоса кетелік, демократиялық, яки халықтық басқарудан азамат соғыстарына және ішкі толқуларға соншалық бейім Басқарма пошымы жоқ, өйткені пошымды өзгертуге соншалық күшті және ұдайы ұмтылатын өз пошымын сақтап қалу үшін неғұрлым көп қырағылық пен ержүректік талап ететін ешқандай өзге Басқарма жоқ. Мұндай мемлекеттік құрылыс тұсында азамат барлық басқа құрылыстағыдан көп күшпен және бекемдікпен қаруланып, ғұмыр бойы күн сайын жан түкпірінде бір ержүрек Дуанбасының7 Польша Сеймінде айтқан: "Malo perіculosam Lіbertatem quam quіetum servіtіum"8 деген сөзін күн сайын қайталап отыруы керек. Егер тек құдайлардан тұратын халық болса, ол өзін демократиялық жолмен басқарар еді. Бірақ соншалық мінсіз Басқарма адамдарға жарамайды9.

АРИСТОКРАТИЯ ТУРАЛЫ

V тарау Бұл арада бізде бір-бірінен айырмашылығы елеулі екі шартты тұлға бар, атап айтқанда: Үкімет және егемен; демек, біреуі барлық азаматтарға қатысты, екіншісі – тек басқару мүшелеріне қатысты екі ортақ ырық бар. Осыдан келіп Үкімет ішкі тәртіпті өз қалауы бойынша енгізе алатын болғанымен, ол халыққа тек егемен атынан, яғни халықтың өз жағынан сөз арнай алады; мұны ешқашан ұмытпау керек. Алғашқы қоғамдар аристократиялық пошыммен басқарылды. Отағасылар жиналып алып, өз ортасында қоғамдық мәселелерді талқылаған. Жастар тәжірибе беделіне ізетпен бас иген. Абыздар, ақсақалдар, сенат, геронттар деген атаулар содан шыққан. Солтүстік Американың жабайылары өздерін осы күнге дейін осылайша басқарады және өте жақсы басқарады. Бірақ бастапқы құрылыспен жасалған теңсіздік жаратылыстық теңсіздіктен басым бола түскен сайын, байлық немесе күш-құдірет жасы үлкеннен көбірек құрметтеле бастады да, аристократия сайланып қойылатын болды. Ақыр соңында билік байлықпен бірге әкеден балаларға қалдырыла бастап, отбасын патрицийлік ете бастаған соң, Басқарма да мұрагерлікке айналды, сондықтан жиырма жасар сенаторларды көруге болатын еді. Сонымен, аристократияның үш тегі: табиғи, сайланбалы жөне мұрагерлік тегі бар. Бұлардың біріншісі өз дамуының алғашқы кезеңінде тұрған халықтарға ғана жарамды; үшіншісі Басқармалардың ең нашары; екіншісі – бәрінен жақсысы; бұл – сөздің төл мағынасындағы аристократия. Бұл орайда өкіметтің екі түрі де бір-бірінен бөліп көрсетілетінін былай қойғанда, аристократияның мұндай тегінің оның мүшелерінің сайланатыны секілді де артықшылығы бар. Өйткені халықтық Басқармада барлық азаматтар магистрат болып туады; сайланбалы аристократия мансап иелерінің санын аз мөлшермен шектейді, және олар тек сайлану жолымен ғана мансап иесі бола алады10: мұндай тәртіпте адалдық, білімділік, тәжірибелілік және артық көрініп, қоғамдық құрметке ие болу үшін қажет барлық басқа қасиеттер шындап келгенде басқарудың кемеңгер болатындығының жаңа кепілі. Мұның үстіне, жиналыстар неғұрлым сабырлы өтеді, істер жақсырақ талқыланады, неғұрлым тәртіппен әрі жедел атқарылады; Мемлекеттің сыртқа ықпалын белгісіз немесе көзге ілінбейтін тобырдан сыйлы сенаторлар жақсы жүргізеді. Қысқасы, ең кемеңгерлер көпшілікті басқаратын, олар өздерінің пайдасы үшін емес, солардың пайдасына басқаратыны мүлдем анық құрылыс қана ең жақсы және ең жаратылыстық құрылыс болады. Механизмді босқа қиындатып, таңдаулы жүз адам әлдеқайда жақсы атқара алатын нәрсені жиырма мың адамның көмегімен атқарудың түкке де қажеті жоқ. Алайда мынаны ескерте кету керек: бұл арада бүтіннің мүддесі жұртшылық күшін ортақ ырық ережелерін сақтауға кемірек жұмылдыра бастайды, және басқа бір сөзсіз болатын ауытқу заңдарды атқарушылық күштің бір бөлігінен айырады. Ал айрықша шарттарға келсек, аристократиялық Басқарма тұсында жақсы демократия тұсындағыдай, халық ырқынан кейін заңдардың іле-шала орындалуы үшін Мемлекеттің тіпті де соншама шағын, адамдардың соншама қарабайыр да анайы болуы тіпті де шарт емес. Сондай-ақ халық саны да тым коп болмауы керек, бұл оны басқару үшін әр жерде шашырап орналасқан әкімдер өз округтерінде өздерін егемен секілді көрсетпес үшін әуелі тәуелсіз болып алып, сосын сайып келгенде билеп-төстеуші болуға ұмтылмауы үшін қажет. Бірақ егер аристократия халықтық Басқармаға қарағанда жақсылықтарды біршама азырақ талап еткенімен, есесіне оның өзіне ғана тән басқа жақсылықтарды – ол байлар тарапынан ынсапшылдықты, ал кедейлер тарапынан өз жағдайына қанағаттана білуді талап етеді, өйткені бұл жерде қатаң теңдік, тегінде, орынды бола қоймайды. Ондай теңдік тіпті Спартада да сақталмаған. Айтпақшы, осынау пошым жалпы біршама мүліктік теңсіздіктің болуын көздесе, қоғамдық істерді басқару бұл іске басқалардан көбірек уақыт арнай алатын адамдарға тапсыру үшін істейді; бірақ, Аристотель айтқандай, бай адамдарды ұдайы артық көргендіктен емес. Керісінше, кедей адамды бағалау кейбір ретте халықты байлықтан гөрі адамдардың кеке басының артықшылығы оларды таңдаудың неғұрлым елеулі негізі екендігіне үйрететін болуы маңызды.

МОНАРХИЯ ТУРАЛЫ

VІ тарау Біз осы уақытқа дейін тақсырды заң күшімен бір бүтінге айналдырылған шартты жинақ тұлға Мемлекеттегі атқарушы өкіметті сақтап отырушы ретінде қарастырдық. Енді біз осынау өкімет бір ғана адамның, заңдарға сәйкес оны жұмсауға хақысы бар жалғыз адамның қолына шоғырланған жағдайды қарастыруға тиіспіз. Бұл – монарх немесе король дейтініміз. Бұл тур жинақ бейнені индивидуум көрсететін өзге басқару түрлерінен мүлдем кереғар, мұнда индивидуум жинақ өйткені көрсетеді, сондықтан тақсырды қурайтын рухани бірлік бұл арада бір мезгілде физикалық бірлік болып табылады, оның бойына, өзге Басқармада заң соншалық қиындықпен ұштастыратын барлық қабілет, мұнда өз-өзінен біріккен болып шыға келеді. Осылай халық ырқы мен тақсыр ырқы, және Мемлекеттің жария күші мен Үкіметтің жеке күші – бәрі-бәрі бір ғана қозғаушы күшке бағынады; машинаның тетіктері бір ғана қолда; барлығы бір ғана мақсатқа бет алады. Қарсы жаққа бағытталған, жойып жіберілетін ешқандай қозғалыс жоқ; азырақ күшпен көбірек қарекет жасай алатын ешқандай өзге мемлекеттік құрылысты елестету қиын. Жағаға жайбарақат жайғасып алып үлкен кемені суға оп-оңай түсіретін Архимед, өзінің кабинетінде отырып-ақ ұлан-ғайыр провинцияларын басқаратын, бәрін қозғалысқа түсіретін, өзі орнынан тапжылмағандай көрінетін шебер монархты есіме түсіреді. Бірақ егер одан күші көбірек ешқандай езге Басқарма түрі жоқ десек, онда өз тұсында жеке ырықта өкімет коп болатын және басқаларына үстемдікке оңайырақ жететін де басқару жоқ. Рас, мұнда барлығы бір ғана мақсатқа бет алады; бірақ ол мақсат тіпті де қоғамның дәулетті болуы емес; және басқару күшінің өзі ылғи да Мемлекетке зиянға шығып отырады. Корольдер шектеу болғысы келеді; және оларға ондай болудың ең жақсы құралы – халық сүйіспеншілігіне бөлену деген сөз баяғыдан айтылып келеді. Бұл тамаша және кейбір жағынан едәуір әділетті де ереже. Амал қанша, сарайларда ол тек мазақ шақырады. Халықтың сүйіспеншілігінен туындайтын билік, сөз жоқ, ең үлкен билік; бірақ ол баянсыз да шартты; тақсырлар онымен ешқашан қанағаттанбайды. Ең жақсы корольдер, өзіне қолайлы болса, тіпті қатал болуды қалайды, сонымен бірге әмірші болып қала бергісі келеді. Саясаттан нәпақасын айырып жүрген әлдебір ділмар халық күші біздің де күшіміз екен, ендеше оның гүлденіп, көбейе түсіп, айбынды болуы өзіміз үшін де пайдалы деп жағы семгенше сайрай алады; оның бұлай емес екендігін корольдер өте жақсы біледі. Олардың қара басының мүддесі ең алдымен халықтың дәрменсіз болуында, жапа шегуінде және оларға ешқашан қарсылық көрсете алмауында. Әрине, бодандар әманда көмпіс болып қала береді деп жорамалдаса, онда тақсыр халықтың құдіретті болуына мүдделі болар еді, өйткені осынау құдірет өзінің құдіреті болатындықтан тақсырды көршілері үшін қаһарлы етер еді. Бірақ халық мүддесінің мәні тек екінші дәрежелі және басыңқы болатындықтан, және екі жорамал үйлеспейтіндіктен, тақсырлар, әрине, өздеріне тікелей пайдалы ережені ұстануды мақұл көреді. Бұл баяғы Самуил ежелгі еврейлерге табандап түсіндірген нәрсенің тап өзі: атақты Макиавелли нақ соны айқын көрсетіп берді. Корольдерге сабақ берген бола отырып, ол халықтарға зор сабақ берді. Макиавеллидің "Тақсыры" республикашылдарға арналған кітап11. Біз жалпы сипаттағы ара қатынастарды басшылыққа ала отырып, монархия Үлкен мемлекеттерге жарасады дегенбіз, және монархияны жеке алып қарастырғанда бұған тағы да көз жеткіземіз. Басқару аппараты қызметкерлерінің саны неғұрлым коп болған сайын, тақсыр мен бодандар арасындағы қатынас азырақ және теңдікке жақынырақ бола түседі; демократия тұсында ол қатынас бірлік түрінде бой көрсетеді немесе теңдік құрайды. Дәл осы қатынас Басқарма шоғырлана түсуіне қарай ұлғая түседі; және Басқарма бір адамның соңына түскенде ол өзінің максимумына жетеді; Сонда тақсыр мен халық арасындағы қашықтық тым ұзарып кетеді де, Мемлекеттің ішкі байланысы әлсірейді. Сол байланыс орнатылу үшін, демек, делдалдық ахуал керек, кінәздер, байбатшалар, дворяндар қажет, олардың бос кеңістікті толтыруы керек. Бірақ бұлардың бірде біреуі шағын Мемлекетке жарамайды, осынау барлық аралық сатылар оны тұралатып кетеді. Бірақ егер Үлкен Мемлекеттің жақсы басқарылуын жолға қою қиын десек, оның жалғыз адаммен жақсы басқарылуы одан әлдеқайда қиынырақ; ал король орынбасарлар тағайындай бастағанда не болатынын әркім біледі. Барлық жағдайларда монархиялық Басқарманы республикалық басқарудан төмен қоятын елеулі де болмай қойылатын кемшілік мынада: республикалық басқару тұсында халық үні әрқашан дерлік бірінші орынға тек өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара алатын білімді де қабілетті адамдарды көтереді; ал монархия жағдайында жолы болатындар көбіне-көп ұсақ арандатқыштар, бейшара жылпостар, пасық өсекшілер, олардың шынашақтай дарыны сарай маңындағы жоғары мансаптарға жету мүмкіндігін береді, бірақ сол мансапқа әрең жетіп, халық алдында өздерінің түкке татымайтындығын көрсету үшін ғана. Осындай таңдаулар кезінде халық тақсырдан гөрі, әлдеқайда сирек қателеседі, және республика тұсында Үкімет басына ақымақ біреудің әлдеқалай келетіні қандай сирек болса, шын лайықты адамның монархия тұсында министр дәрежесіне көтерілуі де сондай сирек. Сондықтан, басқару үшін жаратылған сондай адамдардың бірі, соншалық атышулы топ жар басына таяған монархияда әлдеқандай сәтті себеппен басқару ісін қолға алса, оның елді тығырықтан алып шыққаны жұрттың бәрін тәнті етеді – және бұл ел өміріндегі тұтас бір дәуір болып қалады. Монархиялық Мемлекет жақсы басқарылуы үшін оның үлкендігі немесе ұзындығы оны билеп-төстейтін адамның қабілетіне сәйкес келуі керек. Жаулап алу оңай, басқару қиын. Тиісті тетіктің көмегімен бүкіл жер шарын бір саусақпен-ақ қозғауға болады; бірақ оны тіреп түру үшін Геркулестің иығы керек. Егер тек Мемлекет тым үлкен болса, тақсыр әрқашан дерлік оған тым қораш. Керісінше, ел басы үшін Мемлекет тым шағын болған кезде, бұл дегеніңіз өте сирек болады, ол сонда да нашар басқарылады, өйткені ел басы, ұлан-ғайыр ойларының жетегінде жүріп, бодандарының мүддесін ұмытып кетеді; және олардың соры өзінің талантының көптігінен қиянатқа баратын әміршінің тұсында, ондай таланты жоқтығынан шектелген әміршінің тұсындағыдан кем соқпайды. Егер корольдік әрбір патшалық тұсында тақсырдың қабілетіне қарай не үлкейіп, не кішірейіп отырса жақсы болар еді; әлдебір Сенаттың таланты неғұрлым тұрақты шамада болғанда, мұндай құрылыс тұсында Мемлекет өзгеріссіз шекараға не бола алады, ал басқару ісі бұдан еш ақсамайды. Бір адам Басқармасының ең көзге ұрып тұратын кемшілігі – мұнда Басқарудың өзге екі пошымында үздіксіз байланысты туғызатын сабақтастықтың болмайтындығы. Король өлген екен, басқасы керек болады, сайлау қауіпті үзілістер туғызады; ол талас-тартыспен өтеді; және егер азаматтар адал, таза, сатылмайтын болмаса (Басқарманың осынау пошымында мүмкін емес дерлік нәрсе), әртүрлі айла-шарғылар, сатып алу туындайды. Мемлекетті сатып алған адам, оны өз кезегінде сатып, құдіретті адамдар өзінен алып қойған ақшаны әлсіздер есебінен қайтаруға тырыспауы қиын іс. Мұндай басқару тұсында, ерте ме, кеш пе, бәрі де сатылатын болады, корольдер тұсындағы тыныштық патшалықтар арасындағы бұлғақтан жаман. Осынау қасіреттерге жол бермеу үшін не істелді дейсіз ғой? Кейбір әулеттерде тәж мирасқа берілетін болып, мұрагерлік тәртібі белгіленді, сол арқылы король өлгеннен кейінгі барлық талас-тартыстан құтылмақ болды. Басқаша айтқанда, сайлаудың ыңғайсыздықтарын регенттік ыңғайсыздықтарымен алмастырды, жан тыныштығын артық көріп, жақсы корольдерді қалай сайлаймыз деген даудан құлақ тыныш болу үшін билеушілер ретінде балаларды, құбыжықтарды, жарыместерді тағайындағанды артық көрді. Осындай жолмен өзіңді таңдау қатеріне ұрындырсаң, бәрін өзіңе қарсы қоятыныңды ескермеді. Баласы әлдеқандай ұятқа қалдырарлық қылық жасап қойғанда, әкесі жас Дионисийге: "Мен саған қай уақытта осындай теріс үлгі көрсетіп едім?" - н и жазғырса , "Ах! Сіздің әкеңіз король болмаған!" – депті баласы. Әбден парасатты жауап. Басқаларға әмірін жүргізуге тәрбиеленіп жатқан адамды әділет пен парасаттан айыру үшін бәрі істеледі. Патшалық құру өнері дейтінді ханзадаларға үйрету үшін көп күш жұмсалады: алайда, ондай тәрбиенің оларға пайда бергені байқалмайды. Ең дұрысы оларды көмпістік өнерін үйретуден бастаған жақсырақ болар еді. Тарихта даңққа бөленген ең ұлы корольдер, тіпті де патшалық құруға үйретілмеген; бұл – тым ұзақ оқытудан үйренгеннен нашар үйренуге болмайтын к.ше бұйырып үйренгеннен, көмпіс болып үйренген жақсы болатын ғылым. Nam utіlіssіmus іdem ас brevіssіmus bonarum nіalarumque rerum delectus, cogіtare quіd aut noluerіs sub alіo pі іncіpe, aut voluerіs12. Сабақтастықтың осынау жоқтығы корольдік Басқармада тұрақсыздық туындатады. Патшалық етуші тақсырдың не¬месе соның орнына патшалық құрып отырған адамдардың мінез-құлқына байланысты бірде ана, бірде мына жоспарға бейімделе берсе, ондай Үкіметте не белгілі бір мақсат, не дәйекті қарекет салты болмайды; бұл тұрақсыздық Мемлекетті ойға келген бір жоба мен екіншісінің арасында сенделтіп қояды, ал тақсыр біреу ғана болатын өзге Басқармалар тұсында мұндай нәрсе болмайды. Сондықтан да сарай төңірегінде қулық-сұмдық көбірек, Сенатта кемеңгерлік көбірек болатыны, Республикалар неғұрлым тұрақты да дәйекті жоспарларды басшылыққа ала отырып, өз мақсатына ілгерілей беретіні айқын; ал Министрлер кабинетінің құрамындағы әрбір төңкеріс Мемлекетте төңкеріс жасайды, өйткені барлық министрлер және барлық дерлік корольдерге ортақ ереже: кез-келген істе өзінің ізашарларына кереғар қимылдауға саяды. Сабақтастықтың осынау болмауынан монархиялық саясаткерлер үшін әбден үйреншікті Қоғамды басқару отбасын басқарумен, ал тақсыр – отағасымен салыстыруда ғана емес (бұл қателік қазірдің өзінде мойындалады), осы магистратқа қажет болып қалуы мүмкін барлық жақсылықтарды оның басына сақилықпен үйіп-төгуде, және тақсыр дегеніңіз өзі көрсетуге тиіс нәрсе деген өзгермейтін жорамалда орын алатын жалған байламның терістелуінде табуға болады, осынау жорамалдың салдарынан корольдік Басқарма, әрине, кез-келген басқа басқарудан артық болып шыға келеді, өйткені оның ең күшті басқару екендігіне дау жоқ, тек ең жақсы да болу үшін оған үкіметтік корпустың ортақ ырыққа неғұрлым сәйкес келетін ырқы болуы ғана жетіспейді. Бірақ егер, Платонның айтуынша, табиғаттың өзі король болуға жазған адам соншалық сирек кездесетін тіршілік иесі болса, онда табиғат пен жағдайдың оған тәж кигізуінің сәті қаншалық түседі? Және егер король болу маңдайына жазылған адамды тәрбиелеу оны міндетті түрде бұзатын болса, онда тек патшалық құру үшін өсірілген адамдар ұрпағынан не күтуге болады? Демек, корольдік Басқарманы жақсы корольдің Басқармасымен бытыстыру – өзіңді өзің алдау деген сөз. Бұл Басқарманың өздігінен неге татитынын байқау үшін оның тайыз немесе жауыз тақсыр тұсында қандай екендігін қарастыру керек; өйткені олар дәл сондай күйінде таққа отырады, не тақ оларды сондай етеді. Бұл қиындықтар біздің авторларымыздың назарынан тыс қалған жоқ, бірақ олар бұған тіпті де шіміріккен емес. Жан сақтау жолы, дейді олар қыңқ етпестен және беру. Құдай жаман патшаны халыққа ашу үстінде береді, сондықтан оған көктің жазасы деп төзе беру керек. Не десек те бүл толғам әбден-ақ тағлымды; бірақ ол саясат жөніндегі кітаптағыдан гөрі кафедрадан айтылар сөзде орындырақ секілді. Кереметті үйіп-төгетін, ал бар өнері науқасты төзе беруге шақыру ғана болатын дәрігер туралы не деуге болады? Басқарма пошымы солай болған соң жаман Үкіметке төзу керектігі жақсы белгілі; онда гәп жақсы Басқарма табуда болғаны ғой.

АРАЛАС БАСҚАРМАЛАР ТУРАЛЫ

VІІ тарау Басқарманың таза түріндегі жекелеген түрлері жоқ. Дара билеушіге оған бағынышты магистраттар керек; халықтық басқарманың басшысы болуға тиіс. Міне осылайша, атқарушы билікті бөлген кезде көп саннан кем санға қарай біртіндеп өту қашанда болады; айырмашылық тек мынада: көп сан кем санға немесе кем сан көп санға тәуелді болуы мүмкін. Кейде билік тепе-тең бөлінеді; не құрамдас бөліктер өзара тәуелді күйде болады, бұл Англия Үкіметінде байқалады; яки әрбір бөліктің билігі тәуелсіз, бірақ жартыкеш, мәселен Польшада солай. Биліктің бұл соңғы пошымы нашар, өйткені мұндай Басқармада ауызбірлік жоқ, Мемлекетте ішкі байланыс та жоқ. Басқарманың қай түрі жақсы: тазасы ма, әлде араласы ма? Бұл сұрақ саясаткерлерге маза бермейді; және оған мен әлгінде Басқарманың әрқилы пошымдары жөнінде айтқандарым секілді жауап беруіміз керек. Қарапайым Басқарма – қарапайым болғандығының өзімен-ақ жақсы. Егер атқарушы өкімет заң шығарушы өкіметке жеткілікті тәуелді болмаса, яғни халық пен егемен арасындағы қатынастан гөрі, тақсыр мен егемен арасындағы қатынас көбірек болса, онда Үкіметті бөлу арқылы мұндай үйлесімсіздікті түзету керек. Өйткені мұндайда оның барлық бөліктерінің бодандарға билігі кемімейді, ал бөлу олардың бәрін бірге алғанда егемен жөнінде едәуір әлсіз етеді. Бұл қиындықты кейде делдалдық магистраттар көмегімен жояды, ол Үкіметті тұтас күйінде қалдыра отырып, тек екі өкіметті теңестіруге және олардың өзара құқықтарын қолдауға қызмет етеді. Бірақ ондай Басқарма аралас болмайды, ол қанағатшыл болады. Осындай жолмен бұған кереғар қиындықты да реттеуге болады және егер Басқарма тым әлсіз болса, оны жұмылдыру үшін коллегиялар енгізу керек, бұл барлық демократияларда қолданылады. Бірінші жағдайда Басқарма оны әлсірету үшін, екінші жағдайда оны күшейту үшін бөлінеді. Өйткені күштілік пен әлсіздіктің максимумы Басқарудың қарапайым түрлері тұсында кездеседі, ал аралас пошымдар орташа күш береді. [...]

ДЕПУТАТТАР ЯКИ ӨКІЛДЕР ТУРАЛЫ

XV тарау Қоғамға қызмет ету азаматтардың басты ісі болудан қалып, олар оған тікелей өзімен емес, тек әмиянымен қызмет етуді жөн көрген бойда – Мемлекет қирауға жақын қалады. Ұрысқа бару қажет пе? – олар әскер жалдайды да, үйінде жата береді. Кеңеске беру керек пе? – олар Депутаттар сайлап алады да, үйінде жата береді. Ақыр соңында, азаматтарды жалқаулық жеңген кезде және оларда ақша жетіп артылатын кезде, сайып келгенде, Отанға қызмет ететін солдаттар, оны сату үшін өкілдер пайда болады. Сауда-саттықпен және кәсіптермен байланысты әуре-сарсаң, пайда қуған ашқарақтық, нәуетектік және ыңғайлылыққа құштарлық – міне осының бәрі жеке қызметті ақшалай жарнамен алмастыруға жетелейді. Таза пайданың бір бөлігін береді, есесіне оны ұлғайта түсу оңайырақ болады. Ақшаңызды берсеңіз – ұзамай қамыт киесіз. Қаржы-қаражат деген сөз – құлдардың сөзі, ол азаматтық қауымда болмаған. Шын бостан елде азаматтар бәрін өз қолымен істейді, ақшаның көмегімен ештеңе істемейді; олар өз міндетінен азат болу үшін ештеңе төлемейтіні былай тұрсын, ол міндетті өздері атқару үшін ақша төлеуге дайын. Мен жалпы жұрт мойындаған теріс түсініктерден аулақпын; мен бостандыққа ақшалай садақадан қолмен атқарылатын борыш жақсы деп санаймын. Мемлекет неғұрлым жақсы құрылса, азаматтардың санасында қоғамдық шару а жеке шаруадан коп басым болады. Ондай жеке шаруа тіпті әлдеқайда кем, өйткені, ортақ игілік жиынтығы әрбір индивидуум игілігінің неғұрлым елеулі бөлігін құрайтындықтан, индивидуум оған өз күш-жігерін азырақ жұмсайды. Жақсы басқарылатын Азаматтық қауымда әркім жиналысқа асығады; жаман басқармада оған баруға ешкімнің аттап басқысы келмейді, себебі онда не істелетіні ешкімді қызықтырмайды, өйткені онда ортақ ырық басым түспейтіні бесенеден белгілі, және бір себеп, сайып келгенде, үй шаруасы да бастан асып жатады. Жақсы заңдар одан да жақсы заңдар жасауға итермелейді, жаман заңдар – одан да жаман заңдарды туғызады. Кімде-кім Мемлекет істері туралы: онда менің шаруам қанша? деген бойда, Мемлекетті өлді деп санау керек. Отанға сүйіспеншіліктің бәсеңдеуі, жеке мүдденің үздіксіз ықпалы, Мемлекет көлемінің тым үлкендігі, жаулап алу, үкіметті теріс пайдалану ұлт жиналысындағы Депутаттар яки халық Өкілдері туралы ойға жетеледі. Бұл кейбір елдерде Үшінші сословие деп арсыз аталатын нәрсе. Сөйтіп екі сословиенің жеке мүдделері бірінші және екінші орынға, бүкіл қоғамның мүддесі тек үшінші орынға қойылған. Егемендіктің ажыратылмайтындығы секілді себеппен ол басқаға да берілмейді. Ол, шын мәнісінде ортақ ырықта жатады; ал ырық ешқалай ешкімді өкіл етпейді; не бұл ырық, не басқа бірдеңе, араға ешкім жүре алмайды. Демек, халық Депутаттары да оның өкілі емес және бола да алмайды; олар тек оның уәкілдері ғана; олар ештеңені түбегейлі шеше алмайды. Халықтың өзі тікелей бекітпеген заңның ешқандай күші болмайды; ол тіпті де заң емес. Ағылшын халқы өзін бостанбыз деп санайды: олар сұмдық қателеседі. Ол тек парламент мүшелерін сайлау кезінде ғана бостан: олар сайланған бойда ол тек құл, ол тук те емес. Ол өз бостандығына ие болатын қысқа мерзімде оны қалай пайдаланатынын бажайласақ, бұл бостандықтан біржола айырылып қалуға ол әбден лайық. Өкілдер туралы ұғым жаңа заманға тиесілі; ол бізге феодалдық Басқармадан, осынау адамзат баласы азып-тозып, адам деген аттың өзі масқараға айналған әділетсіз де жосықсыз Басқарма түрінен қалған мұра. Республикаларда, тіпті монархияларда халықта ешқашан Өкілдер болған емес; тіпті ондай сөздің өзі болмаған. Трибундар ерекше құрметтелген Римде, олар халық құқығын иемденіп кетеді дегенді ешкімнің елестетіп те көрмегені, халықтың соншалық коп қарамастан, Олар өз билігімен бір де бір плебисцит ұйымдастыруға тырыспағаны тым түсініксіз. Алайда соншалық халық бұқарасы бар жерде кейде туындайтын қиындықтар туралы Гракхтар тұсында азаматтардың бір бөлігі үй төбесінде тұрып-ақ дауыс бергеніне қарап төрелік айтсын. Құқық пен бостандықтан асқан ештеңе жоқ жерде қиындық дегенің тук емес. Осынау дана халықта бәрі орын-орнында болатын; ол өз ликторларына Трибундар атқаруға батылы бармайтын істерді тапсырып қойды; ол ликторлар өзінің өкілі болғысы келер деп те қауіптенген жоқ. Дегенмен кей-кейде Трибундар қалайша халық өкілі болғанын түсіндіру үшін Үкіметтің қалайша егемен өкілі болатындығын аңғару жеткілікті. Заң дегеніміз – ортақ ырықты жариялау болатындықтан, заң шығарушы өкіметте халық өкілдері бола алмайтыны анық, бірақ ол өкілдер Заңға қосымша күш болып табылатын атқарушы өкіметте бола алады және болуға да тиіс. Міне осыдан мынаны байқаймыз: не нәрсені де мұқият қарастырсақ, тек аздаған халықтарда ғана заңдар болғанын байқаймыз. Қалай болғанда да, Трибундар атқарушы биліктің бірде-бір бөлігіне ие болмағандықтан, өз мансабының құқығы бойынша ешқашан Рим халқының өкілі бола алмайтын; ол үшін тек Сенат құқығын тартып алу керек болатын. Ал гректерде, халық істеуге тиіс нәрсенің бәрін оның өзі істеді; оның жиналыстары алаңда үздіксіз өтіп жатты. Ол жұмсақ ауа райында өмір сүрді; халық тіпті де дүниеқоңыз болған жоқ: құлдар оның жұмысын істеп жатты, оның басты шаруасы өзінің бостандығы болатын. Сол артықшылықтар жоқ жерде, бәз-баяғы құқықтарды қалай сақтап қалуға болады? Сіздің неғұрлым қатал климат сізде көбірек қажеттілік туындатады13: жылдың алты айы бойы қоғамдық аланды пайдалана алмайсыз; сіздің күңгір үніңіз ашық аспан астында естілмейді; сіз өзіңіздің бостандығыңыздан гөрі пайдаңызға пайда қосумен көбірек айналысасыз, құлдықтан гөрі қайыршылықтан әлдеқайда қатты қорқасыз. Қалай? Бостандық құлдықтың көмегімен ғана күн көре ме? Мүмкін. Бүл екі шетін нәрсе жанасады. Табиғатта жоқ нәрсенің бәрі қиындықтармен байланысты, ал азаматтық қоғам қиындықтармен бәрінен көп байланысты. Бостандығыңды басқа адамның бостандығы есебінен ғана сақтап қалуға болатын және құл нағыз құл болғанда ғана азамат мүлдем бостан бола алатын қысталаң жағдайлар ұшырайды. Спаргада жағдай солай болды. Ал сіздер, жаңа заман халықтарысыздар, сіздерде жалпы құл атаулы жоқ, бірақ сіздердің өздеріңіз құлсыздар; сіздер солардың бостандығы үшін өз бостандықтарыңызбен төлейсіздер. Сіздер бұл артықшылықтарыңызбен бекер мақтанасыздар, бұдан мен адамшылықтан гөрі қорқақтықты көбірек көремін. Осының бәрін айтқанда мен құл ұстау керек және құл иелену құқығы заңды дейін деп отырғаным жоқ, менің бұған қарсы екендігімді дәлелдеп бергенмін. Мен тек өздерін бостанбыз деп санайтын жаңа заман халықтарының неліктен өкілдер сайлап алатындығының, ал ежелгі халықтарда олардың неліктен болмағандығының себептерін ғана көрсеттім. Қайткен күнде де, халық өзіне Өкілдер сайлап алған сәттен бастап, ол енді бостан емес, ол халық енді жоқ. Барлығын мұқият қарастыра келіп, мен бұдан былай егемен біздің арқамызда өз құқығын Азаматтық қауым өте шағын болғанда ғана жүзеге асыра алады деймін. Егер ол өте шағын болса, біреулер бағындырып ала ма? Жоқ. Төменде мен көп санды халықтың сыртқы құдіретін шағын Мемлекеттің оңай жүзеге асатын басқарылуымен, абзал тәртібімен қалай үйлестіруге болатынын көрсетпекпін14.

ҮКІМЕТ ҚҰРУ ТІПТІ ДЕ ШАРТ ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ

XVІ тарау Заң шығарушы өкімет мықтап орнатылған кезде, атқарушы өкіметті де дәл солай орнату талап етіледі, өйткені жеке сипаттағы актылар арқылы ғана қарекет жасайтын бұл өкімет, өзінің түпкі мәнісі жағынан заң шығарушы өкіметтен өзгешеленеді және одан бөлінеді. Егер өз мағынасында қарастырылатын егемен өкіметке ие болатыны мүмкін болса, онда құқық пен қарекеттер мидай араласып, Заңның не екені, ненің ол еместігі белгісіз болар еді де, азғындаған Саяси организм ұзамай өзі қарсы тұру үшін құрылған зорлық-зомбылықтың олжасына айналар еді. Қоғамдық шарт бойынша азаматтардың бәрі тең болатындықтан, олардың бәрі барлығы істеуге тиіс нәрсені міндеттей алады, бірақ ешкім де өзі істемейтін нәрсені басқа біреуден істе деп талап ете алмайды. Саяси организмдерге жан бітіріп, оны қозғалысқа түсіретін нақ осы құқықты егемен Үкіметті құра отырып, тақсырға береді. Коп адамдар бүл актыны халық пен сол халықтың өзі тапқан билеушілер арасындағы шарт болып табылады: онда шарттар белгіленіп, олар бойынша тараптардың билеп төстеуге, екіншісі бағынуға міндеттенеді дегенді кесіп айтады. Мұның шарт жасасудың әнтек тәсілі екендігіне менімен келісер деп үміттенемін. Бірақ алдымен осы пікірді қорғауға бола ма, соны қарап көрейік. Біріншіден, жоғарғы билік өзгертілсе де, ажыратыла да алмайды; оны шектеу – оны жою деген сөз. Егеменнің өзінің үстінен бастық қоюы қисынсыз да қайшылықты нәрсе; қожайынға бағынуға міндеттену толық бостандық ахуалына оралу болып шығар еді. Мұның үстіне халықтың әлдебіреулермен шарты жекелік сипаты бар акты болар еді, бұдан ол актының заң да, егемендік актысы да бола алмайтыны шығады, яғни ол заңсыз болар еді. Сондай-ақ уағдаласушы тараптар өздерінің өзара қарым-қатынасында міндеттемелеріне ешқандай кепілсіз-ақ жаратылыстық заңға бағынатыны түсінікті, бұл қай жағынан алсаң да азаматтық ахуалға қайшы. Қолында күші бар адам әрқашан істің атқарылуын да басқарады; демек, бір адам екіншісіне: "Мен сізге бүкіл мал-мүлкімді мынадай шартпен берем, сіз одан маған қалағаныңызды қайтарып тұрасыз" десе, ондай адамның бүл қарекетіне де, ешбір қиналмай-ақ шарт атауын беруге болатыны той. Мемлекетте бір ғана шарт болады, ол – ассоциация шарты, және соның жалғыз өзі бұл арада барлық басқасын жоққа шығарады. Бірінші шартты бұзбайтын кез-келген басқа жұртшылық шартын елестетуге болмайды.

ҮКІМЕТ ҚҰРУ ТУРАЛЫ

XVІІ тарау Үкімет құру туралы актыны қай мағынада түсіну қажет? Ең алдымен ескерте кетейін, бұл актының күрделі акт немесе басқа екі актыдан, атап айтқанда: заңды күшіне енгізу және оны орындау актыларынан құралатын акт. Осылардың біріншісімен егемен белгілі бір пошымда құрылған Үкіметтік корпус болатынын жариялайды, - және бұл акт заң екені айқын. Екіншісімен – халық құрылатын Басқару жүктелетін бастықтарды атайды. Бірақ, оларды атай отырып, халық жеке сипаттағы актыны ғана, басқа заң емес, жалғасын ғана және үкіметтік Қарекетті ғана туындатады. Қиындық әлі Үкімет жоқ кезде, үкіметтік қарекет қалай мүмкін болатынын және тек егемен немесе бодан бола алатын халықтың белгілі бір жағдайда қалайша тақсыр немесе магистрат бола алатынын түсінуде. Саяси организм сырт көзге кереғар болып көрінетін қарекеттерді бітістіретін қасиеттерінің қайран қалдыратын тағы бірі осында ашылады. Бұл қасиет жоғарғы биліктің табан астында демократияға айналуынан бой көрсетеді, бұл ешқандай елеулі өзгеріссіз және тек баршаның баршаға жаңа қатынасының пәрменімен азаматтар магистраттар болып алып, ортақ актылардан жеке актыларға, Заңнан оны атқаруға көшетінінен болатын нәрсе. Қатынастардың осынау өзгеруі әлдеқандай таза ой жүзінде болатын күрмеу емес, ағылшын Парламентінде қолданылып келе жатқан тәжірибе; мәселен, Төменгі палата белгілі бір жағдайларда мәселені дұрыстап талқылау үшін үлкен бір комитетке айнала кетеді; демек, әлгінде ғана өзі болған Жоғарғы жиналыстан әдеттегі комиссияға айналады; сосын ол өзін-өзі Қауымдар Палатасы ретінде жаңа ғана өздері үлкен комитет ретінде айқындаған мәселені баяндама ретінде тыңдайды да, сөйтіп бір сапада шешіп қойған мәселесін басқа сапада талқылай бастайды. Демократия жағдайында Үкіметке тән артықшылық осындай: ол ортақ ырықтың қарапайым актысы бойынша орнатыла алады. Осыдан кейін осынау уақытша Үкімет, егер қабылданған пошым сондай болса, өкімет басында қала береді, немесе егемен атымен Заңда міндеттелген Басқарма пошымын орнатады; осылайша, бәрі де ереже бойынша жасалады. Үкіметті қандай да бір өзге заңды тәсілмен, және жоғарыда белгіленген принциптерден бас тартпай құру мүмкін емес.

ӨКІМЕТТІ БАСЫП АЛУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ

XVІІІ тарау Бұл түсініктемелерден туындайтын, XVІ тарауды қуаттайтын қорытынды мынадай: Үкіметті құратын акт тіпті де шарт емес, заң; атқарушы өкіметті қоритындар халықтың қожайындары емес, соның шенеуніктері; халық қалаған кезінде тағайындап, орнынан босата алады; әңгіме олардың халықпен шарт жасасуы жөнінде емес, оған қалтқысыз бағынуы жөнінде; олар өздеріне Мемлекет жүктеген мансаптық міндеттерді атқара отырып, тек өздерінің азаматтық парызын орындайды, олардың ешқандай шарт қоюға құқығы жоқ. Халық мұрагерлікке негізделген Үкімет құрған кезде, - мейлі ол бір әулетке жататын монархиялық билік болсын, немесе азаматтардың бір сословиесіне жататын аристократиялық билік болсын, бәрібір, - ол өзіне міндеттеме қабылдайды деген сөз емес: бұл - басқаруды өз қалауынша қайта қарағанға дейін болатын уақытша басқару пошымы. Рас, мұндай өзгерістер әрқашанда қауіпті, және орнатылған Үкіметті, ол ортақ игілікпен сиыспайтын кезде болмаса, қозғай бермеген жөн. Бірақ мұндай сақтық – құқық принципі емес, саясат ережесі және Мемлекет азаматтық билікті өзінің ең жоғары мансап иелеріне өзінің генералдарына беретін әскери биліктен асып кететіндей етіп беруге міндетті емес. Мынау да рас, мұндай жағдайда, дұрыс та заңды актыны бүлікшіл толқудан, бүкіл халық ырқын саяси фракцияның күңкілінен ажырата білу үшін талап етілетін барлық формальдықты барынша мұқият сақтау мүмкін емес. Бұл арада, әсіресе қолайсыз жағдайда құқықтың қатаң талаптарына сай сақталуға тиісті нәрсе ғана міндетті түрде сақталуға тиіс. Нақ осы міндеттемеден тақсыр халық ырқына кереғар өз билігін сақтап қалу үшін көп артықшылық алады және де ол билікті басып алды деуге де болмайды. Өйткені тек өз құқықтарын ғана пайдаланған сыңаймен, оларды оп-оңай кеңейтіп, қоғамдық тыныштықты сақтаймын деген желеумен жақсы тәртіпті қалпына келтіруге арналған жиналыстарға кедергі жасай алады; осылайша ол бұзылуына өзі кедергі бола алатын үнсіздікті, және, қорқыныш жақ ашпауға мәжбүр ететін адамдардың пікірін өз пайдасына жарату, сондай-ақ жақ ашуға батылы барғандарды жазалау үшін өзі туғызатын тәртіпсіздіктерді пайдаланады. Әуелі бір жылға, содан кейін тағы сайланған Децемвирлер Комицийлердің қайтадан жиналуына жол бермей, билікті өз қолында біржола сақтап қалуға нақ осындай амалмен тырысты; әлемнің барлық Үкіметтері бір рет жұртшылық күшіне ие болған соң, нақ осындай оңай жолмен ерте ме, кеш пе, жоғарғы өкіметті өзіне иеленіп алады. Мен жоғарыда айтқан мерзімді жиналыстар, әсіресе оларды шақыруға әлдеқандай формальдылықтар талап етілмейтін кезде, мұндай қасіреттің алдын алуға немесе кейінге қалдыруға қабілетті; өйткені тақсыр өзін ашықтан-ашық заңды бұзушы және Мемлекет жауы ретінде көрсетпей, оларға кедергі жасай алмайды. Тек қоғамдық келісімді қолдауды мақсат еткен мұндай жиналыстардың ашылуы әрқашан әрқайсысы жеке-жеке дауысқа қойылатын екі ұсыныс арқылы жүзеге асырылуы керек.

Оның біріншісі: егемен Басқарманың қазіргі пошымын сақтап қалуды қалай ма? Екіншісі: Халық басқарудың ол қазіргі кезде жүктелген адамдардың қолында қалуын қалай ма? Мен бұл арада өзім дәлелдеп бердім ғой деп ойлайтын нәрсені жорамалдаймын: Мемлекетте күші жойылмайтын ешқандай негізгі заң жоқ, тіпті қоғамдық келісім туралы да осыны айтуға болады. Өйткені егер барлық азаматтар бұл келісімді ортақ келісім бойынша бұзу үшін жиналса, ол әбден заңды түрде жойыла алар еді. Гроций тіпті: әркім өзі мүшесі болып табылатын Мемлекеттен бас тарта және егер елден кетсе жаратылыстық бостандығы мен өзінің мүлкін қайтара алады деп санайды15. Бірақ азаматтардың бәрі бірге жиналып, олардың әрқайсысы жеке-жеке істей алатынды істей алмаса, жосықсыз болар еді.

ДАУЫС БЕРУ ТУРАЛЫ

Төртінші кітап
ІІ тарау

Ортақ істердің жүргізілу тәсілі қазіргі кездегі Саяси организмнің құлқы мен саулығы ахуалының сенімді көрсеткіші қызметін атқара алатындығы алдыңғы тараудан көрінеді. Жиналыстарда келісім неғұрлым көбірек болса, яғни пікірлер толық ауызбіршілікке неғұрлым жақын болса, ортақ ырық соғұрлым анық, ал ұзақ дау-дамай, алауыздық, айқай-шу жеке мүдделердің үстем екендігін және Мемлекеттің құлдырай бастағандығын көрсетеді. Оның құрамына екі немесе бірнеше сословие кіргенде ол оншалық ашық көрінбейді, мысалы Римде патрицийлер мен плебейлер кіріп, олардың арасындағы тартыс-талас тіпті Рим республикасының дәуірлеп тұрған кезінің өзінде Комицийлардың талай мазасын алған. Бірақ бүл нақты шындықтан гөрі солай болып көрінетін сирек құбылыс, өйткені ондай Саяси организмге іштей тән міндердің салдарынан бір Мемлекеттің ішінде екі мемлекет бар сияқты болып көрінеді: екеуіне бірдей жақпайтын нәрсе, олардың әрқайсысын жеке алғанда дұрыс болады. Шынында да, өте беймаза уақыттың өзінде, Сенат араласпаған жағдайда, халық арасындағы плебисциттер әрқашан сабырлы өтіп, олардың шешімі айтарлықтай көпшілік дауыспен белгіленетін, өйткені барлық азаматтарда бір ғана мүдде, халықта – бір ғана ырық болатын. Ал шеңберді қосатын қарама-қарсы нүктеде ауызбіршілік қайтып оралады: бұл құлдыққа түскен азаматтарда енді бостандық та, ырық та жоқ кезде болады. Ондайда үрей мен жарамсақтық дауыс беруді айқай-шумен алмастырады; енді талқылау деген жоқ: не көкке көтереді, не қарғыс жаудырады. Императорлар тұсында Сенатта пікір білдірудің басқа да тәсілі осындай болатын. Кейде бүл күлкі шақыратын сақтықпен жүргізілетін. Тацит былай деп айтып кеткен еді: Отон тұсында сенаторлар Вителлийге қарғыс жаудырған, бірақ ол әлдеқалай әмірші бола қалса, олардың әрқайсысы не айтқанын біліп қалмас үшін, сұмдық айқай-шу көтеріп отырған. Осынау әрқилы пиғылдардан тиісті принциптер туындайды да, ортақ ырық қаншалықты оңай анықталатындығына және Мемлекеттің құлдырауға қаншалықты бой ұрғандығына сәйкес дауыстарды есептеу және пікірлерді салыстыру тәсілі сол принциптер бойынша белгіленетін болған. Өзінің табиғаты бойынша ауызбіршілікті талап ететін бірақ заң бар, ол – қоғамдық келісім. Өйткені азаматтардың ассоциацияға кіруі дүниедегі ең ерікті акт; әрбір адам бостан әрі өзіне өзі қожайын болып туатындықтан, ешкім де оны ешқандай себеппен өз еркінен тыс бағындыра алмайды. Күңнің баласы құл болып туады деп бекіту, ол адам болып тумайды дегенді бекіту деген сөз. Демек, егер қоғамдық келісім жасалғаннан кейін оған қарсы бола тындар табылғанның өзінде олардың қарсылығы шарттың күшін жоя алмайды, ол тек оларды оған қатысушылар санатына енгізуге кедергі жасайды: олар – азаматтар арасындағы жатжұрттықтар. Мемлекет құрылғаннан кейін шартпен келісетіндік азаматтың тұрғылықты жерін таңдап алуының өзінен көрінеді. Сол территорияда тұрып жату – өзіңді егемендікке бағындыру деген сөз . Осы бастапқы Шарттан басқаларында көпшілік пікірі өзгелер үшін әрқашан міндетті: бұл – Шарттың өзінің салдары. Бірақ мынадай сұрақ туындайды: адам бостан бола тұрып, шындап келгенде өзінің қалауы емес, басқалардың қалауымен келісуге қалай мәжбүр етіле алады? Көпшілікпен келіспейтін адамдар қалайша бостан болмақ және бір мезгілде өздері келіспеген заңдарға бағынбақ? Менің жауабым, сұрақ дұрыс қойылмаған. Азамат барлық заңдарға, егер ол солардың біреуін бұзған болса, тіпті өзін жазалайтын заңдарға да келісімін береді. Мемлекеттің барлық мүшелерінің сөзсіз ырқы – ортақ ырық; соның арқасында ғана олар азаматтар және бостан16. Халықтың жиналысында заң ұсынылғанда, жиналыс мүшелерінен, шындап келгенде солардың өз ырқы болып табылатын ортақ ырыққа ол сәйкес пе, жоқ па деп сұрамайды. Дауыс бере отырып, әркім сол мәселе жөніндегі өз пікірін білдіреді де, дауыстарды санау арқылы ортақ ырықтың білдірілгені анықталады. Егер менің пікіріме қарсы пікір үстем болса, онда бұл менің пікірімнің қате екендігін, мен ортақ ырық деп білген нәрсе, ол болып шықпағанын дәлелдейді. Егер менің жеке пікірім басым түссе, қалағанымды емес, басқаны жасар едім де, сонда бостан бола алмас едім. Бұл, рас, тағы да, ортақ ырықтың барлық ерекшеліктері дауыс көпшілігінде бейнеленетінін көрсетеді. Сол көпшілік дауыс болмаса, қандай шешім қабылданса да -енді бостандық дегенің жоқ. Бүкіл қоғам болып қабылдайтын шешімдерде ортақ ырықтың жеке адамдардың ырқымен қалай ауыстырылатындығын жоғарыда көрсете келіп, мен ондай теріс әрекеттердің алдын алудың құралдарын да жеткілікті анықтап бердім; бұл жөнінде кейінірек мен әлі де айтамын. Бұл арада ортақ ырықтың жариялағанын көру үшін қандай салыстырмалы көпшілік қажеттігіне келетін болсақ, мұны да анықтауға болатын принциптерді баяндап бердім. Бір ғана дауыс айырмашылығы тепе-тең бөлінуді бұзып жібереді: жападан жалғыз тура тартқан адам ауызбірлікті жояды. Бірақ ауызбірлік пен дауыстардың тең бөлінуі арасында белгілі бір жағдайлар болады, онда дауыстар тең бөлінбейді, бірақ олардың әрқайсысында Саяси организмнің ахуалы мен мұқтажына сәйкес ортақ ырықтың жарияланғанын көруге болатын санды белгілеуге болады. Осы қатынастарды анықтау үшін ортақ екі принцип қызмет ете алады: оның бірі -қабылданатын шешімдер неғұрлым маңызды әрі байыпты болған сайын, әсіресе басым түсетін пікір ауызбірлікке соғұрлым жақындай түсуге тиіс; екіншісі – қаралып отырған мәселені неғұрлым тезірек шешу қажет болса, соны қабылдау кезіндегі дауыстар айырмашылығы соғұрлым аз болуы керек: еш іркіліссіз тез қабылдануға тиісті шешімдерді қабылдар кезде жалғыз ғана дауыстың артық болуы жеткілікті деп мойындалуы керек. Осы екі қағиданың біріншісі заңдарды қабылдау кезінде қолайлы да, екіншісі істерді қараған кезде қолайлы болып келеді. Қайткен күнде де шешімдерді қабылданды деп есептеу үшін осы қағидаларды ұштастыра отырып, көпшілік дауыс пен азшылық дауыстың ең дұрыс арақатынасы анықталады.

САЙЛАУ ТУРАЛЫ

ІІІ тарау Мен ілгеріде айтқандай, күрделі актылар болып табылатын тақсыр мен магистраттарды сайлау мәселесіне келетін болсақ, бүл арада екі жол бар: сайлау өткізу және жеребе тарту. Мұның екеуі де әртүрлі Республикада қолданылған, қазір де Венеция дожын сайлау кезінде осы екі тәсіл едәуір күрделі түрде араластырып қолданылады. Жеребе тарту бойынша сайлау демократия табиғатына сай келеді, - дейді Монтескье. Мен мұнымен келісемін, бірақ бұл неге бұлай? Жеребе тарту – деп сабақтайды ол, - ешкімді ренжітпейтін сайлау әдісі; ол әрбір азаматқа отанға қызмет ету үмітін жеткілікті қалдырады. Бірақ себеп мұнда емес. Егер бастықтарды сайлау егеменнің емес, Үкіметтің шаруасы екендігіне назар аударар болсақ, онда біз жеребе тарту арқылы сайлау әртүрлі актылары неғұрлым аз болған сайын басқару соғұрлым жақсы болатын демократияға көбірек тон екендігін көреміз. Әрбір шынайы демократияда магистратура ешқандай да артықшылық емес, қайта ол, әділін айтсақ, бір адамның орнына екінші адамның мойнына артып қоюға болмайтын өте ауыр міндет. Тек Заң ғана бұл ауыр жүкті жеребе түскен адамға жүктей алады. [...] Аристократиялық құрылыста тақсырды тақсыр таңдайды, Үкімет өздігінен сақталып қала береді; міне нақ осы жерде дауысқа қою орынды. Венеция дожын сайлау үлгісі осы айырмашылықты теріске шығармайды, қайта қуаттай түседі; осынау аралас пошым Басқарудың аралас тегіне сай келеді. Өйткені Венециядағы басқару пошымын шынайы аристократиялық басқару деп тану – қате түсінік. Онда халық Басқару ісіне ешқалай қатыспайды, ал ондағы халық тек игі жақсылар. Толып жатқан кедей варнавиттер ешқашан қандай да бір магистраттарға жолатылған емес, олардың дворяндар санатына жатуы оларға мәртебелі деген түкке тұрмайтын атақ пен Үлкен Кеңесте мәжіліс құру құқығын ғана береді. Сол Кеңес мүшелерінің біздің Женевадағы Бас Кеңес мүшелері сияқты көптігі соншалық, оның игі жақсы мүшелерінің біздің кәдуілгі азаматтардан артықшылықтары коп емес, олардың ешқандай артықшылығы жоқ. Жалпы алғанда екі Республиканың бір-біріне тіпті де ұқсамайтындығын былай қойсақ, Женеваның қалалықтары Венеция патрициатына; бізде Туғандар мен Тұрғындар Венеция қалалықтары мен халқына, біздің шаруаларымыз Венецияның материктегі бодандарына дәл сәйкес келеді; ақыр соңында, бұл Республиканы, оның жер көлемін былай қойып, қай жағынан алып қарасаң да, ондағы Басқарманың аристократиялығы біздегіден еш артық емес. Барлық айырмашылық тек мынада ғана: бізде ғұмыр бойына белгіленіп қойған басшы болмайтындықтан, бізге ешқандай жеребе тартудың қажеті жоқ. Жеребе бойынша сайлау шынайы демократияда коп қиындық туғыза қоймайды, өйткені баршасы өздерінің құлқы жағынан да, дарыны жағынан да, өздерінің принциптері жағынан да, дәулеті жағынан да бірдей болғандықтан, кім сайланып жатса да, оларға бәрібір дерлік. Бірақ мен айтқанмын, шынайы демократия деген ешқашан болған емес. Сайлау мен жеребені біріктіріп жіберген кезде, бірінші амалмен белгілі бір дарынды талап ететін орындарға, айталық әскери мансапқа сайлау керек; ал екінші жол естілік, әділет, адалдық талап етілетін сот қызметі саласына қолайлырақ; өйткені дұрыс құрылған Мемлекетте бұл қасиеттер барлық азаматтарға тән. Ал монархиялық Басқармада жеребе тартуға да, сайлау өткізуге де орын жоқ. Монарх құқығы бойынша жалғыз өзі әрі тақсыр, әрі бірден-бір магистрат болғандықтан, өзінің уәлилерін таңдау соның өзінің құзырында. Аббат де Сен-Пьер Франция королі жанындағы Кеңестер санын ұлғайтып, оларды дауыс беру арқылы сайлап қоюды ұсынған кезде, ол Басқару пошымын өзгертуді ұсынып отырғанын түсінген жоқ.

ДИКТАТУРА ТУРАЛЫ

VІ тарау Заңдардың оқиғалар кезінде қолданылуына кедергі жасайтын икемсіздігі оларды кейбір жағдайларда зиянды етіп, сол арқылы Мемлекет дағдарысқа ұшырап отырған кезде оның құлауына апарып соқтыруы мүмкін. Тәртіп пен пошымды сақтау белгілі бір уақытты қажет етеді, ал жағдай кейде оған төзбейді. Заң шығарушы, тіпті де алдын-ала көздемеген көптеген оқиғалар болуы мүмкін, және бұл, бәрін де алдын-ала көріп-білу мүмкін еместігін түсіну өте қажет естілік. Сондықтан саяси ұстанымдарды, қажет болған кезде олардың күшін тоқтату мүмкіндігінен өзіңді айырып, өзгерместей етіп нығайта берудің қажеті жоқ. Тіпті Спартаның өзі де заңдарды уақытша іркіп, тежей тұрған. Тек ең зор қауіп қана қоғамдық құрылысты өзгертуге апарып соғатын күштерді теңестіре алады; отанды құтқарып қалу қажеттігінен басқа кездерде заңдардың қасиетті күшін ешқашан тоқтатпау керек. Осынау өте сирек және анық жағдайларда қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі қамқорлық ерекше актымен білдіріліп, ол бұл міндетті ең лайық адамға жүктейді. Бұл тапсырма қатердің сипатына қарай мынадай екі тәсілмен берілуі мүмкін. Егер ол қауіптің бетін қайтару үшін Үкіметтің пәрменділігін арттыру жеткілікті болса, онда Басқару оның бір немесе екі мүшесінің қолына шоғырландырылады, сөйтіп заң билігін емес, оларды қолдану пошымын өзгертеді. Ал егер заң талаптарын сақтау қауіптің бетін қайтаруға кедергі жасайтын болса, онда заңдардың бәрінің аузын жабатын және біраз уақытқа дейін егеменнің билігін тоқтата тұратын жоғарғы билеушісі тағайындалады. Мұндай жағдайда ортақ ырық неде екеніне күмән тумайды, халық мұраты Мемлекетті аман сақтап қалу болатындығы да айқын. Олай болса, заң шығарушы өкімет қарекетінің тоқтатылуы тіпті де оны жою деген сөз емес. Бұл өкімет үндемеуге мәжбүр ететін магистрат, оны сөйлеуге де мәжбүр ете алмайды; оның өкілі де бола алмайтын магистрат оған толық үстемдік жүргізеді. Ол заңнан шығарудан басқаның бәрін істей алады. Бірінші амалды Рим Сенаты қолданып, ол арнау формуласымен Консулдарға Республиканы сақтап қалу шараларын қолдануға міндеттеді. Екінші жол – екі Консулдың бірі Диктаторды тағайындаған кезде қолданылды; бұл дәстүрді Рим Альбаның үлгісі бойынша қабылдады. Республиканың алғашқы кезінде Римдіктер диктатураны тым жиі пайдаланды, өйткені Мемлекет өзінің ішкі құрылысының күші есебінен өмір сүруге жете қойған жоқ еді. Ол кездегі құлық басқа бір заманда ауадай қажет көптеген сақтық шараларын қажет етпейтіндіктен, олар Диктатор билікті теріс пайдаланады-ау деп те, оны белгіленген мерзімнен әрі ұстап қалуға ұмтылады-ау деп те қауіптенбеді. Қайта, бұған керісінше, мойнына тым ауыр жүк түскен адам өзіне жүктелген мансаптан тезірек құтылуға тырысатындай, өйткені заңдарды алмастыру тым қиын және тым қауіпті іс болып көрінетін. Сол себептен де мені осынау ең жоғарғы магистратураның билікті теріс пайдалану қаупі емес, оның азғындап кету қаупі қатты сескендіреді, сондықтан да мен Республиканың алғашқы дәуірінде оны тым жиі пайдалану тәжірибесін айыптауға мәжбүрмін. Өйткені осынау мансапқа сайлау өткізу, храмдарды киелендіру, таза формалды шараларды атқаруға пайдалану үшін соншалық жиі тағайындап отырса, нағыз қорек кезінде олардың айбынын мұқалтып жібереді ме, егер диктатураны түкке тұрғысыз нәрселер үшін ғана пайдаланатын болса, бірте-бірте оны бос атақ деп есептеуге жұрттың үйреніп кетуі мүмкін деп қауіптенуге болатын еді. Республиканың соңғы кездерінде римдіктер сақтық жасап, диктатураны бұрын орынды-орынсыз қаншалықты коп пайдаланса, енді одан негізсіз сескенетін болды. Бірақ олардың қауіптенуінің негізі аз болғанына; астананың әлсіздігінің өзі оның төрінде отырған магистраттардың кез-келген қаскүнемдігі кезінде де қауіпсіздік кепілі болғанына белгілі бір жағдайларда қоғамдық бостандықты қорғай алатын, бірақ оған өзі ешқашан қаскүнемдік жасай алмайтын болғанына; Римнің қол-аяғына түскен бұғау оның өз ішінде емес, оның армияларында соғылғанына көз жеткізу қуанышты. Марий Суллаға, Помпей Цезарьға көрсеткен болымсыз қарсылық сыртқы күшке қарсы бағытталған ішкі күштерден нені күтуге болатынын анық көрсетіп берді. Міне осы қателік үлкен ағаттықтарға апарып ұрындырды: мысалы, Катилииа ісі кезінде диктатор тағайындалмады. Өйткені мәселе тек қаланың өзі туралы, әрі кеткенде әлдеқандай итальян провинциясы жөнінде болғандықтан, заң бойынша қолында шексіз билігі бар Диктатор астыртын қаскүнемдікті оп-оңай жойып жібере алатын еді; ол қастандық кездейсоқ қолайлы жағдайлардың тоғысуы нәтижесінде ғана басылып тасталды, ал адам естілігі ешқашан ондай кездейсоқтықтарға үміт артпауға тиіс. Оның орнына, Сенат өзінің бар билігін Консулдарға берумен шектелді. Осының салдарынан Цицерон ойдағыдай қимылдау үшін аса бір маңызды пунктте өзіне берілген билікті асыра пайдалануға мәжбүр болды; алғашқы шаттық кезінде оның әрекетіне толық қолдау көрсетілгенімен, кейінен азаматтардың заңға кереғар қаны төгілгені үшін одан есеп беру талап етілді, ал Диктаторға ондай жазғыру талабы қойылмас еді. Бірақ Консулдың ділмарлығы жұрттың бәрін тәнті етті; ол римдік болғанымен, отан мүддесінен гөрі өзінің атақ-даңқын асыруды көбірек ойлап, Мемлекетті құтқарудың неғұрлым заңды және неғұрлым дұрыс жолын іздестіргеннен гөрі бұл істе барлық еңбекті өзіне телу құралын көбірек іздестірді17. Сондықтан оған Римді құтқарушы ретінде орасан зор құрмет көрсетті, сонымен бірге оны заңды бұзушы ретінде әділетті жазалады. Ол айдаудан қайтып оралған кезде жұрт оны тамаша қарсы алғанымен, мұның жай ғана мүсіркеу болғандығы анық. Дегенмен, мұндай маңызды тапсырма қандай жолмен берілсе де, оны өте қысқа мерзіммен шектеу керек және оны ешқашанда ұзартуға болмайды. Диктатура орнатуға мәжбүр ететін белгілі бір дағдарыстар кезінде, әрине, Мемлекет көп ұзамай не жойылады, не құтқарылады; ал ондай қажеттілік өткен кезде, диктатура тиранияға айналады немесе пайдасыз болып шығады. [...]

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙