Әкесін іздеген ұл
Маркиза Базарбайқызы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл кітапта бала кейіпкерлердің басынан өткен қызықты оқиғаларын әңгімеге арқау еткен. Отбасындағы әке орны, сәбидің сезімі, арман-мұңы, ізденісі оқырман жанының нәзік пернесін дың еткізері сөзсіз. Кітап балаларға және оның ата-аналарына арналған. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол.
Маркиза Базарбайқызы
Әкесін іздеген ұл
«Фирма Орнак»
Алматы
ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) Б 16 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) ІSBN 978-601-7807-00-9 ІSBN 978-601-7807-00-9 © Базарбайқызы М., 2015 © «Фирма Орнак», 2015 Әкесін іздеген ұл/Базарбайқызы Маркиза. Балаларға арналған әңгімелер жинағы. – Алматы: «Фирма Орнак», 2015. – 176 бет. Базарбайқызы М. Б 16 Бұл кітапта бала кейіпкерлердің басынан өткен қызықты оқиғаларын әңгімеге арқау еткен. Отбасындағы әке орны, сәбидің сезімі, арман-мұңы, ізденісі оқырман жанының нәзік пернесін дың еткізері сөзсіз. Кітап балаларға және оның ата-аналарына арналған. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді.
МАЗМҰНЫ Алғы сөз..................................................................................................5 Әңгімелер Әкесін іздеген ұл.....................................................................................7 «Шаштан» тарту....................................................................................18 «Окрабат»..............................................................................................20 Айтылмаған өтірік.................................................................................22 Атын ұмыту.............................................................................................23 Бауырмал..............................................................................................24 Су – тазалық..........................................................................................26 Ауысқан әріптер....................................................................................28 Жастық...................................................................................................29 Машинаға сыймайсыз..........................................................................30 Ақтөс...................................................................................................... 31 Асхат......................................................................................................32 Бәйге күрең...........................................................................................35 Мерген...................................................................................................40 Әке мейірімін аңсау..............................................................................44 Қызыл топлай........................................................................................47 Көсеу.....................................................................................................49 Мұрын....................................................................................................52 Ұрлық.....................................................................................................55 Матнияз.................................................................................................59 Іңірбайдың күнделігі.............................................................................62 Өзіңді алғаш көргенімде......................................................................69 Көршінің қызы........................................................................................83 Ертегі Нәзікеннің ертегісі................................................................................92 Жаудың аты – Уран есерсоқ.................................................................94 Сиқырлы таяқша...................................................................................97
Көбелек...............................................................................................103 Құмыра................................................................................................107 Алып айдаһар.......................................................................................111 Сәулетті сарай.................................................................................... 116 Әлжуаз әскерлер................................................................................120 Алып ер тұлғалы Сақ батырдың тұлпары...........................................122 Кір патша.............................................................................................126 Ержүрек Шырақ...................................................................................129 Адал достар........................................................................................ 131 Бір түп жусан.......................................................................................133 Пітнә (вундеркинд).............................................................................. 137 Өмір, мен сені сүйемін........................................................................ 147
Алғы сөз Өмірдің өзіндей тартымды Шуақ пен мұңға тұнған әңгімелерімен көпшілікке танылып үлгерген Маркиза Базарбайқызының «Әкесін іздеген ұл» атты кітабын оқырман қауымның қызығып оқитынына сенемін. Өмірдің өзіндей табиғи қолтаңбасынан күнде көріп жүрген жандармен әлдеқайда жақынырақ қауышқандаймыз. Былайғы шақта көбіміз назар аудара қоймайтын жәйттерге кәдімгідей мән-маңыз беріп, терең ойға жетелей алатыны байқалады. Шап-шағын «Қызыл топлайды» алайықшы, бір ғана деталь тұтастай тағдыр өзегін атқарып тұр. Бес жасар қыздың «елжіреген сағынышы қатып, берішке айналғанымен», құдай қолдап, «ақаршақар отбасына айналғаны» қандай сәттілік. «Үлкендер неге өтірік айтады осы!» деп қынжылады Асхат,- «Мен үлкейіп,папа болсам бар ғой ұлымды қасымнан бір сәт те қалдырмас едім! Қалдырмаймын!!!». Ал, әзірге «Қараң өшкірдің баласы ... таңертең көзін ашқан бойда әкесін іздейді... мамасына сұрақ қойып мазаламайды...». Күлай да аңсайды әке мейірімін. «...Ерболдың әжесі кетіп қалыпты! «Балаларыңды өзің бақ. Жерге қарап отырған жоқсың. Қатын ал!» депті. Сонда «қатын» дегені Ерболға мама бола ма?». Күлай Ерболмен бірге ойнағанын, анасына оның да апа дегенін елестетеді... Күйбің тірліктің таусылмайтын түйткілін шешуге талпынған ана, әже, апа, аға, әке бейнелері балақайлардың бірде тәтті, бірде қатты ісәрекеті арқылы айқынырақ ашылады. Автордың тілі жатық, ұзақсонар баяндаусыз-ақ діттегенін дөп басады. Қысқа-нұсқа оқиға желістері оқырманын жалықтырмайды. Айналасына сергектікпен қарайтын
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл жасөспірімдердің қылығы өмірге деген құштарлықпен, білсем, оқысам деген ынта, жігермен астасып жатады. «Іңірбайдың күнделігіндегі» он төрт жасар ұлдың күн сайын бойы ның ғана емес, санасының да жетіліп өскеніне куә боламыз. Танымдық әсері зор бұл әңгіменің. Жыңғылдан садақ істеп, балдырдың түбінде үйездеп тұрған дәу шортанды атып алғандағы қуанышы,екі шортанды бір-бірімен төбелестіреміз деп жараланғандары, суда өскен қоғадан ау тоқуға болмайтынына шейін жас оқырманның көкейінде мықтап сақталатынына сенесің. Шидің қалай өсетінін білесіз бе? Оны ормайды екен, қарулы жігіттер беліне орап тартып, жұлынған шиді реттейді, ең ұзындарын текемет басуға арналған ши етіп тоқиды. Кішілеулерінен жасалынатын «орама шидің» қыз жасауына қосылатынына назар аударыппыз ба? Оның орындалу тәсілі тіпті ғажап көрінеді. Ең ұсақ шилерден құрт жаятын шыпта, су сорғытатын сүзекі дайындайды екен. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасына бойлаған сайын небір тосын сәттерге кезігесің. Бір бұл емес, қандай дүниесін алсақ та ұлттық ізгі ұғыммен өзектестігі аңғарылады. Көзден де, көңілден де таса боп, ұмытыла бастаған әдет-ғұрыптарымызды балалардың қимыл-қозғалысымен, сан алуан әрекетімен жеңіл де ұғымды жеткізеді. Кітаптың негізгі құндылығы да осында, өнбойынан халқымыздың өткен шақтың еншісінде қалып бара жатқан гуманистік келбеті жылы лептей есіп, қиын да қилы тағдырлар аясынан күн сәулесіндей жылт-жылт белгі беріп, көкейге қуаныш ұялатады. Сөзімізді шуақ пен мұңға тұнған деп бастағанымыз да сондықтан. Сюжетті шынайы көрініске құрып, идеялық негізін кейіпкерлерінің іс-әрекетімен жымдастырып жібереді. Ерекшелігі де осында:сөйлем дері дайын сурет. Бұған көз жеткізгіңіз келсе, кітапты оқыңыз, талай қызыққа батып, ой өрісіңіздің кеңейетіні, талғамыңыздың биіктейтіні анық. Мағира Қожахметов Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Балбұлақ», «Дертке дауа» басылымдарының бас редакторы, жазушы, журналист 15 шілде 2013 жыл
Әкесін іздеген ұл
Әділ мен Санат аула ішіндегі құмда ойнап отыр.
– Білесің бе, мені көкем елтең зоопалке апалам деді.
– Мені көкем өткен сенбіде циркке апарды.
– Ал мені көкем зоопалкке апалады! Көл де тұл, шын айтам!
– Мені, мені... – Санат не айтарын білмей кідірді. Себебі
мұның көкесі ешқашан алдын ала уәде бермейді. Тек «Меруерт,
балаларды киіндір, кеттік» деп, ілестіріп алып сол күні қыдыртып
келеді. Санат біраз ойланып отырып:
– Жүр, одан да менің көкемнің жұмысына барайық. Ол бізге
балмұздақ әпереді, – деді.
Бірі бесте, екіншісі алтыдан енді асқан екі ұл қол ұстасып үлкен
шаһардың кең даңғылына шықты. Әрлі – берілі сапырлысқан
жұрттың қалың нөпіріне араласты да кете берді.
– Көп жұлдік қой, өзің көкеңді таба аласың ба? Жолын
білесің бе?
– Неге білмеймін? Осы көшемен жүре бересің, жүре
бересің. Сен өзі Сәкен Сейфуллиннің кім екенін білуші ме едің?
Әй, жарайды... Әлі кішкентайсың ғой, – мұның сұрағына ба-
сын шайқаған Әділге үлкенсіп қолын сілтей сөйлеген Санат: –
ақын ғой. Өскенде мен құсап өлеңдерін жаттайсың. Ал көкеме
бару үшін осы кісінің атындағы көшемен жүре берем, жүре бе-
рем. Көше біткен жерде оңға бұрыламын. Сол жерде Қаныш
Сәтпаев атамның үлкен (қолын құлаштай сермеп ауаны сыз-
ды) ескерткіші шығады. Сол жерден тралейбусы бар көшемен
әңгімелер
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
жоғары қарай жүре берем, жүре берем. Ол көше де таусылады.
Таусылған жерден тағы оңға бұрыламын. – Санат демін терең
алып, көкесінің ауылдан келген Балаусаға түсіндіргендерін
түгел есіне түсірді: – Содан кейін көкем істейтін балабақшаға
жетемін. Оп-оңай емес пе?
– Өй, қойшы. Жүле белем, жүле белем! Өзің кете бел! Менің
жүлгім келмей қалды. Үйге қайтам. Табаныма тас батты, – Әділ
аяғын көтеріп, сандалының тесілген табанын көрсетті.
– Жылаңқы! Өйтетіңіңді білгенімде сені ертпейтін едім!
– Өзім де елгім келмей қалды. Үйге қайтайықшы, үйге...
– Тоқтай тұр. Мен сені біреуге тапсырайын. Ағай-ағай, мына
баланы Райымбек даңғылынан өткізіп жібересіз бе, үйі арғы бет-
те еді.
* * *
Санат біраз қарап тұрып, өзі жалғыз кетті. Көшені бойлап біраз
жүрген соң шарылдап қоңырау соғылды. Мектеп ғимаратының
тұсына келіп қалған екен. Бар шәкірт көшеге лап қойды. Қолын
шортының қалтасына салған күйі Санат балаларға қарап қалған.
Басқа мектеп қой демесең, тура өз мектебіндегідей ұл-қыздыр.
Тек үстіндегі киімдері ала-құла. Сірә, апайлары «форма ки» деп
ұрыспайтын шығар деп ойлады Санат.
– Жігітім, сен Айнұрды танисың ба?
– Жоқ! Санат өзін жігіт атандырған бозбалаға қоқилана
қарады.
– Әне, анау. Үстінде аспан түстес көк кофтасы бар. Әне, теле-
фонмен сөйлескелі жатыр.
– Иә, көрдім.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Мә, мына балмұздақты сол қызға апарып берші. Ақысына
саған да дәл осындай «бомба» әперемін.
Санат сөзге келместен басын шұлғып-шұлғып жіберді.
Өзін «жігіт» деп тұрса, әрі ақысына балмұздақ әперсе.
Осы бір мұп-мұздай әдемі әрі өзі соншалық жегісі келіп трған
балмұздағын әперем десе, неге апарып бермеске?
Жетіп барып:
– Айнұр тәте, мұны сізге ана аға беріп жіберді, – деді.
– Кім? – Қыздың танадай көзі жарық ете түскенде сасып
қалды. Дүңгіршекті нұсқады. Бірақ ол жерден ешкім көрінбеді.
Қыз бұған тесіле қарап:
– Маған бүгін балмұздақ жеуге болмайды. Тамағым ауырып
жүр. Мұны сен жей сал, – деді.
– Атын сұрап келейін бе? – деп елпілдеген Санаттың есіне
алақанына қыстырған қағаз түсті. Соны қызға берді. Айнұр де-
реу қалта телефонын алып номер тере бастады.
– Азат, бұл сен бе?
Санат қыз қолындағы қағаздан садақ кірген жүректің суретін
көрді. Сәл қарап тұрды. «Біреудің сөзін тыңдау – ұят іс» де-
ген апасының сөзін есіне алды. Бұрылып жүріп кетті. Мына
балмұздақты қазір жеп алса ғой, шіркін! Қой, ұят болар.
Дүңгіршекті тасаланған бозбала мұны көрсімен құшақтай
алып бетінен сүйді. Санат қолын созып, қыз алмаған балмұздақты
берді. Ол түсінбей аңырып тұр. Сосын күліп жіберді. «Сен жей
ғой» деді. Мұны тағы құшақтай алып шыр көбелек айналдырды.
– Жоқ, бұл саған Айнұрдың берген балмұздағы болсын. Мен
уәде бойынша тағы біреуін әперейін. – сәл ойланды – бірақ сен
екеуін бірдей жеме, тамағың ауырып қалар. Жоқ, біраздан кейін
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
өзің сатып алып жерсің, – деп, Санаттың қалтасына темір теңге
салды да өзі жүгіре жөнелді. Бір аяғын сүйретіп солтақтап барады.
«Бұл ақшаға үйге қайтарда Жеңіске балмұздақ сатып алар-
мын» деді, қалтасын сыртынан сипаған Санат. Балмұздағын
асықпай жеп тауысқан соң, Көгіл атындағы көшені жер асты
жолымен кесіп өтті. Жаман иіс бар екен. Апасы құсап мұрынын
тыржитты. «Осы адамдар өздері неге тазалық сақтамайды
екен?» – тура апасы құсап күңкілдеді.
Біраз жүрген соң Санат алдында кетіп бара жатқан кемпірді
көрді. Таяғы бар екен. Сөмкесі ауыр сияқты. Таяқ ұстаған жағына
қарай көп қисаяды.
– Әже, сөмкеңізді көтерісейін.
– Көтерісе ғой, айналайын.
Санат мықшыңдап біраз жер көтерісті.
– Рахмет, балам. Үйге кір, кәмпит берем. Қай көршінің
баласысың?
– Жоқ, әжей. Асығыспын. Көкеме бара жатырмын. Апам
«үлкенге көмектесіп, батасын ал» дейтін.
Кемпір алақанымен маңдайын шарт еткізіп:
– Ойй бу, мен қақпас соны да ұмытып... Ал, балам, алақа
ныңды жай.
Билер киер зер қалпақ
Маңдайыңа жарассын.
Күн келбетті жігіт бол
Даңқың елден әрі ассын!
Қамшы ұстар шешен бол,
Қылыш тілді көсем бол.
Шамшырағың жарқырап,
Қайда жүрсең есен бол!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Енді «аумин» деп бетіңді сипа. Сонда берген бата қабыл
болады.
– Бұл өлең ғой.
– Бұл – өлеңмен берілген бата.
– Ә, онда жарайды. Аумин, – деп, Санат титімдей алақанымен
бетін сипады.
– Жолың болсын, балақай!
Томпаңдап жүгіріп ұзап үлгерген Санат артына қайырылып
әжейге «мен бала емеспін» дегісі келген. Апасының « Бұл – қала.
Ауыл емес. Көшеде айқайлауға ұят болады» дейтіні есіне түсті.
Жай ғана қолын бұлғады. Әжей қызық кісі екен. «Как бас» деп, өз
басын өзі ұрғаны несі? Кешке апамнан сұрайыншы. «Зер қалпақ.
Зер» – ол не болды екен? Өлеңді жаттап та үлгерді.
Санат дәу ескерткіштің алдына шықты. Қаныш атасы бұған
тура қарап тұр. Сәл ұзап барып қайта қарады. Мүсін бұдан көзін
алмайтын сияқты. Қызық. Атам маған не айтқысы келді екен?
Неге көзін алмайды? «Ата, мен өскенде сіздей боламын. Тау-
тасты кезіп, бүкіл қазақ жерін аралаймыын. Жер қойнауындағы
асыл кендерді табам. Иә, ата, мен Сіздей боламын!»
Санат артына тағы бір қарады. Ескерткіш мүсін мұны көзімен
ұзатып салып тұр екен. Санатпен іштей сөйлескеніне разы
сияқты. Күлімсііреп, «жолың болсын, балам» дейтіндей.
* * *
Аялдамадағы дүңгіршекке ып-ыстық буы бұрқыраған, иісі
аңқыған самса түсіріп жатыр екен. Санат қызығып кетті. Шегі де
шұрылдап қоя берді. Мейлі, Жеңіске балмұздақ алатын ақшаны
көкесінен сұрап алар. Мына ақшаға Санат самса жеп алсын. Со-
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
сын да көкесіне жетер. Самса сатып алған Санат аяқтарын бұлғаң
дата сермеп қойып, самсасын жеуге отырды. Дәл жанындағы
қара ағашқа шығып алған мысық жалынышты мияулайды. Оны
алуға қолы жетпеген апай, Санатты көмекке шақырды.
– Әй, балақай, мен сені көтерейін. Ана мысықты әперші.
– Ол неге ағашқа шығып алған?
– Иттен қорқып кетті.
Ұзын бойлы апа Санатты ағашқа жабыстыра ұстап біраз
әуреленді. Екеуінің де бойы жетер емес. Қорқақ мысық шақыр
ғанға келер емес.
– Апа, ана полиция ағаны шақырайық. Ол бойшаң екен.
– Әй, жігіт, мысығымды әперші.
Оның да қолы жетпеді.
– Аға, мені мойыныңызға отырғызыңыз. Сонда екеуміздің
бойымыз жетіп қалар.
– Кел, отыр.
– Мысығым, қорықпа. Аға жақсы адам. Саған тимейді. Міш-
міш. Келе ғой... Әже, ана менің самсамды әперші. Тамақтың
иісіне келер. Тырнағы ағашқа кіріп кетіпті.
– Өй, құлыным сол! Әже деген үніңнен айналдым! Мә,
мысығыңа бере ғой, жүйкесі босасын. Бере ғой.
* * *
Үшеулеп жүріп жұдырықтай мысықтың баласын ағаш басы-
нан зорға түсіріп алды. Санат оны арқасынан сипап жұбатып
отыр. Полиция кемпір мен балаға кезек – кезек қарады.
– Сіздің өз немереңіз бе?
– Иә! Не, татар кемпірдің қазақ күйеу баласы жоқ дейсің бе?
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Ә, кешіріңіз. Осы құрпылас бір бала үйінен қашып кетіпті.
Соны іздеп жүрміз.
Скамейкада құшақтасқан үшеуге қарап – қарап қойып, по-
лиция сержанты ұзай берді.
– Әжей, неге өтірік айттыңыз? – деп сұрады Санат мысықты
сипап қойып, өзін бауырына басып, төбесінен иіскеп отырған
кемпірге.
– Менің дәл сендей немерем бар. Соны сағынып кеттім. Әлгі
қызы түскір бір кәпірдің етегінен ұстады да өздері Мәскеу асты.
Сонда тұрады. Дағарадай үш бөлмелі үйге мысығым екеумізді
қаңғыртып тастап кетті. Жоқ-ау, мен мұны ес болсын деп осы
жақында асырап алдым.
– А,ааа, – деді Санат, кемпірді аяп кетті.
– Өзің маған немере болсайшы.
– Болар едім. Ауылда екі әжем бар. Сосын көрші әжем
тағы бар. Ол менің кіндігімді кескен әже. – Санат ойланып
тұр. Мына әжені де қимай тұр. Кенет есіне әлдене түскендей
қуанып кетті:
– Менің Жеңіс деген інім бар, сіз соған әже болыңыз.
* * *
Санат өз тапқырлығына өзі мәз. Бұл апа да қуанып қалсын. Өз
әжелері де ренжімесін. Баланың тілін қызықтап, біраз иіскеген
соң татар кемпір:
– Жүр, мен сені үйіңе апарып тастайын. Балаға көшеде
жалғыз жүруге болмайды. Ана полиция ұстап алады.
– Ой, сіздің кәрі аяқтарыңыз ауырады ғой. Жете алмайсыз.
Біздің үй алыста.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Осы маңайда тұрмайсың ба?
– Жоқ. Мен көкемнің жұмысына келе жатырмын. Біздің үй –
қолын құлаштай сермеді – сонау Райымбек даңғылында...
– Не дейт?! Сонша жерге қалай жалғыз келіп жүрсің? Жалғыз,
құп – құрттай болып?
– Мен құрттай емеспін! Мен бірінші сыныпты бітірем.
Үлкенмін. Міне, осы көшемен жүріп – жүріп оңға бұрыламын.
Сосын тағы біраз жүрген соң көкемнің жұмысына келемін. Мен
бәрін білемін.
Кемпірдің сенбегенінен, шұқшия тергегенінен көңілін басқа
жаққа аударғысы келді ме екен Санат:
– Ана полиция іздеген баласын тапты ма екен? Ол бала
үйінен неге қашып кетті екен? Біздің Иван көршінің баласы емес
пе екен? Мамасы жоқ. Папасы «арақ әкел» деп қуады. Ол жылап
қашып жүреді. Сол бала шығар. Сол шығар...
Татар кемпір «құлыным-ау, құлыным-ау» дегеннен басқа
ештеңе айтпай Санатты құшағына қыса берді. Әлден уақытта
барып «көкеңнің телефонын білесің бе?» деді.
– Білем. Бірақ көкем жұмысқа соқпаңдар дейді, бастық
ұрсады дейді. Аяғымның шаршағаны басылды. Қазір өзім де
жетемін. Енді аз қалды.
– Мен соқсам маған ұрыспайды. Айта ғой құлыным, ана
дүңгіршектегі қыздарда телефон бар шығар, айта ғой.
* * *
Кемпір телефонмен сөйлесіп болған соң Санатты құшақтап,
тілін қызықтап баланы біраз сөйлетті. Соның арасынша алқын-
жұлқын жүгіріп жеткен Санаттың папасы келе баланы сабады.
Кемпір арашалап жатыр.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Ұрма, бала жасық болады!
Санат болса әкесінің қара санынан тас қылып құшақтап
алған, таяқтан қашып екі бұтының арасында бұлтың қағады.
– Әй, неге үйден қаштың деймін! Апаң «үш сағат болды.
Іздемеген жерім жоқ» деп жылап жатыр.
– Кө-кө-ке, мен апам жұмыстан келгенше үйге қайтып орала-
мын ғой деп ойладым...
– Әй, неге жалғыз кетесің?
– Әділ өзі ғой, аяғым ауырды деп қалып қойған...
– Жоқ –ау, жолда адасып, не машина басып кетсе қайтесің?!
Сонша жауапсыз басың ауған жаққа кете бергенді көрсетейін
мен саған!
– Кө-кө-ке, мен сізді сағындым. Сізді көрмегеніме үш күн
болдды.
Енді әкесі аз-кем саябырлап, жүрелей отырып, ұлын жұбатуға
кірісті. Басынан сипап, бауырына қысты.
– Иә, мен екі түн қатар күзетте болдым. Ал кеше үйге қондым.
Мен жұмыстан келгенде сендер ұйықтап қалған екенсіңдер.
Таңертең жеңешемді ауылына шығарып салуға үйден өте ерте
кеттім. Сен әлі оянбаған едің. Сол жерден жұмысқа келдім.
– Ық-ық-ық, көке, ана кинодағы Арнельдің папасы құсап
жоғалып кетсең қайтемін?
– Болды, жылама! Мен сендерді ешқашан тастамаймын.
Оны қайдан шығардың? Мен жұмыс істемесем тамаққа ақшаны
қайдан аламыз? Сен үлкен емессің бе? Өзің бүйтіп қаңғи берсең
Жеңіс бөпеңе кім қарайды?
– Ық-ық-ық, кешір, көке! Ендігәрі бүйтпеймін.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Сен де мені кешір, ұлым. Сен жоғалып кетті дегенге қатты
қорқып кеттім. Болды енді, өкси берме! Бет-ауызың айғыз –
айғыз. Жүр, бетіңді жуайық.
Қайрат аяғын салақтатып ұлын қолына көтеріп алды.
Сонау Райымбектен мына Темірязға келуің келу –ақ! Құдай бір
сақтаған екен... Кенет есіне бірдеңе түсіп кеткендей скамейкаға
бұрылды:
– Сіз бе, біздің бастыққа телефон шалған? Сізге үлкен рах-
мет! Бала –шағаңыздың қызығын көріңіз!
Манадан бері әке мен баланың махаббатын дәл бір кино
көргендей тамашалап отырған татар кемпір дереу бойын жи-
нап алды, «ие – ие» деп, басын шұлғи берді. «Бала-шағаның
қызығы...»
Санат құсап бәрі де іздегендерін тапса игі...
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
«Шаштан» тарту
Тәжікүл бүгін тіпті ерте тұрды. Таң жаңа ағарып келеді екен.
Көзін сипай сала далаға ұмтылды. Түнімен ойлап шыққан ісін
ешкімге көрсетпей, сездірмей бітіріп қоймақшы.
Биыл да жылдағыдай үй артындағы бақшаға әкесі картоп,
сәбіз еккен. Оны ересек үш баласына бөліп меншіктеген. Әрім
өзіне бекітілген жердегі егінді мезгілімен суарып, арам шөбін
жұлып тұруға міндетті.
Кеше әкесі Әбіл мен Алшынның егісін мақтады да:
– Тәжім, сен егісіңді суаруды ұмытып кеткенсің бе, сәбізіңнің
бойы тырбиып өспей қалыпты ғой? – деп сұрады.
Ағасы мен інісі жамырып:
– Ол мәк тепті!
– Ол қыз ғой! –деп шуласты.
* * *
Міне, таңмен бірге, тек қана сайраған құспен бірге оянған
Тәжікүл жүлгедегі сәбіздің шашағынан еппен тартып бойын
биіктетіп жатыр. Екі жағындағы екі ұлдың егінінен де биік бол-
сын, әкесі бүгін көргенде өзін мақтасын деген ойы. Жүрелей
отырып бар ынтасымен еппен ғана тартады. Бітірді. Өзіне өзі
риза көңілмен егісін бір шолып өтті. Топырақ жұққан алақанын
бір біріне үйкеп тазартты. Орынына келіп қайтадан ұйқыға бас
қойды.
Күн қыза оянған Тәжікүл құлап жатқан сәбіздерін көргенде
жылап жіберді. Әкесі мұның топырақ жұққан тырнақтарының
көбесіне көзі түскеннен-ақ бар сырды сезе қойды. Екі ұл кешегі
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
табалағанын ұмытып кетіп Тәжікүлді аяп, екеуі екі жақтан мұны
жұбатуға кірісті. Әкесі қызын бауырына басты да:
– Айналайын, не істесең де ақылмен ойланып істе. Сені
шашыңнан тартқанмен сен тез өспейсің ғой. Солай емес пе?
Енді тамыры жұлынған сәбіз өспейді. Бәрін тазалап, орынына
басқасын егу керек, – деді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл «Окрабат» Сәуленің басы үлкен. Бес жаста болса да басы үлкен Сәуленің. Ақылды бас қой. Апасы айтады «ақылды қызым» деп. Қоңыр шашын екі шекелігінен тастай етіп өріп, екі ұшынан бантик тағып, оны айқастыра байлап қойған. Аппақ бантигі әне-міне ұшқалы тұрған көбелек тәрізді. Сәуленің өзі де көбелек тәрізді, алқызыл көйлегі өзіне сондай жарасады. Оны да апасы қалаға барғанда базарлыққа әкелген. Сол көйлекті киіп алған Сәуле өзі де көбелектей жепжеңіл құлдыраңдап жүгіреді де жүреді. Арқасынан бантиктеп байланған ал қызыл көйлектің етегі аппақ жібек матамен көмкерілген. Үлпілдеп тұр. Ақ тақырға аппақ бормен класс сызып, мәк тепкен қыздардан жырылып шыққан Сәуле ұшқан көбелекті қуалай аспанға қарап қалған. Түу биікке ілінген аппақ жіпке көзі түсті. Ауладағы кәдімгі кір жаятын арқан. Түу биікте, аппақ бұлттарды тербетіп тұрған сияқты. Апасының өзі кір жайғанда өкшесін көтеріп, қолдарын созып жатып зорға жететін. Сәуле дәл осы жіптен секіруді армандағалы көп болды. Көптен армандап жүр. Анада кинода көрген тәтей сияқты осы жіптен секірсе бар ғой... Аспанда қалықтаған құстай секірген сол тәтеге елдің бәрі шаттанып қол соқты. Біздің елдің туы желбіреп, тәтенің мойнына алтын алқа тақты. Шіркін, сол тәте сияқты аспанда қалықтап секірсе! Бүгін сәті түсейін деп тұрған сияқты. Атасы қысқа дайындаған отында дәл осы жерге үйіпті. Сол ағаштарға өрмелеп шығып, секіруге болады емес пе? Басы үлкен Сәуленің, көрдің бе, не
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
ойлап тапқанын. Сәуле дереу жинаған отынға өрмелей жөнелді.
Міне, ұшар басына шықты. Жіп төменде. Өзінің белінен ғана
келеді. Енді ауп деп секіріп келіп кетсе болғаны ана кинодағы
тәтей сияқта құсша қалықтай жөнелмекші. Мүмкін өскенде
атақты спортшы болатын шығар.
Анадай жерде көкесі жұмыстан қайтып келе жатыр. Биіктен
ап-анық көрінеді бәрі. Көкесі екі қолын ербеңдетіп бірдеңелерді
айтып келеді. «Ағашқа неге шығасың» деп ұрсып келе ме? «Жи-
нап қойған отын ағаштарды құлатасың» дей ме? Ба, ағашы
түскірдің біреу шыныменен сырғи жөнелді. Сәуле қорыққаннан
көзін жұмды. Енді бәрі сырғи берсе, азар алла деп шыққан биігі
аласарып, жіптен секіре алмай қалады-ау! Онда арман болған,
көрген сайын секіргісі келетін жіпке жете алмай, арманы орын-
далмай...
Сәуле екі қолын сермей жазды да жіптен асып секіріп келіп
кетті. Төменде құрбылары таңырқап қарап тұр. Олардың көзі
не өзі аппақ бұлтпен араласып қалықтап бара жатқанқандай
елестейтін шығар? Қандай тамаша! Басы үлкен Сәуленің, ақылды
бас қой...
Ал сен секірер ме едің? Ақ тақырға. Тастай жерге? Аяғың
сынса не басың жарылса қайтесің? Онда көпке дейін ойнай ал-
май қалмайсың ба? Жүр, одан да сондай жаттығу жасайтын жер-
ге барайық, жарай ма?
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Айтылмаған өтірік
Нұрай елгезек бала. Кім үй тазалайды, кім төсек жинайды
десең, кім ыдыс-аяқ жуады десең «мен» деп көмекке бірінші
келетін. Бүгін де нағашы әжесі: «кім ыдыс жуады» дегенде, «мен»
деп қасынан табыла кеткен. Әжесі асығыс киініп, мектебіне
кетті. Нұрай ыдыстарды жуып, орын-орнына қойып тұрған.
Бір шәшкенің қара бояуы кетпей қалыпты. Шүберекпен сүрте
салмақшы болды. Қатты ұстады ма, әлде құлағынан қатты тарт-
ты ма, шәшке екіге бөлінді де қалды. Нұрай сасып қалды. Қорқып
та кетті. Әжесі кім сындырғанын сұраса не дейді? Ауылдағыдай
«Жаңай сындырды» деп, інісіне жаба салайын десе, бұл үйде
өзінен басқа ешкім жоқ. Қоқыс салатын шелекке лақтырса, әжесі
көріп қояды ғой. Мүмкін бұл әжесінің жақсы көретін шәшкесі
шығар? Іздесе, сұраса – не деу керек? Әжесі қабағы қалың, көзі
өткір, сұсты кісі. Кеше мектебіне Нұрайды ертіп барды. Сонда
балаларға ұрысқанда бұл әжесіне риза болып қараған. Әжесі
қандай батыр деп ойлаған. Міне, өзі де келіп қалды. Қара кос
тюм-юбка киген. Тақ-тақ басып үйге кіріп келеді.
– Нұрай қайда екен?
Әншейінде «мен мұнда, әже» деп, алдынан жүгіре шығатын
Нұрай үнсіз тұр. Әжесіне екі алақанындағы шәшке сынығын
ұсына берді.
– Кім сындырды? Нұрайдың дауысы дірілдеп «мен» деді де,
жылап жіберді. Әжесі:
– Міне, ақылды бала! Ақылды балалар еш уақытта өтірік айт-
пайды, – деді де, Нұрайды бауырына қысты. Шашынан сипап
тұрып, – Өтірік айтқан балаға достары сенбейді. Сондықтан еш
уақытта өтірік айтпа! – деді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Атын ұмыту
Нұрлан ала жаздай емін-еркін ойнады. Бірінші қыркүйекте
мектепке барып келсімен сөмкесін лақтырып тастап: «Ух, шар-
шадым!» – деді.
Оның шашылған кітаптарын жинастырған тәтесі:
– Шаршайтын жөнің бар екен. «Бектен» «балаққа» бір-ақ
түсіпсің, – деді.
Нұрлан атасы құсап сөзін сығырайтып, шекесінен қарады.
– Міне, қара. Сенің фамилияң Балабек пе? – мұнда сен оны
Балак деп жазып қойыпсың! «Бе» қайда? Алаңғасар болма!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Бауырмал
Алма Арманның артынан жүгіріп келеді. Арман жеткізер емес.
Түу, не деген жүйрік бала. Бір рет қуып жетіп қолынан ұстаған.
Сілкіп тастап, құтылды да, тағы құлдыраңдап жүгіре жөнелді.
Көз ұшында кетіп бара жатқан дәу қара қоңыз сияқты машинаға
жетіп қалды. Ол машинеде Арманның апа-көкесі кетіп барады.
Кеше ауылға келгенде олар Алмаға көп ойыншық берді. Арқаға
асынатын, кітап салатын әдемі сөмке әкеп берген әйей тәте де
бар оның ішінде.
Өткелге жете бере машина тоқтады. Арманның көкесі түсті.
Алыстан көріп келеді, көкесі Арманның өңменінен қатты итеріп
қалды. Арман тәлтіректеп кетті. Алма қуып жеткенде жерде
домаланған Арман қатты бақырып жылап жатыр екен. Алма не
дерін, не істерін білмесе де немере інісінің қасына келіп отыр-
ды. Бұған қараған Арман жоқ. Құмға әбден аунап жылай берді.
Алма топырақты үйіп ойнауға кірісті. Қашанға жыласын, Арман
да ойнаға араласты.
Алма өзінен алты ай ғана кіші Арманды қолынан жетектеп
үйіне алып қайтты. Балалар жаз бойы бірге ойнады.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Су – тазалық – Әже десе, Аянды күнде-күнде неге шомылдыра бересің,а? Мені ғой аптасына бір рет шомылдырасың? – Аян әлі кішкентай. Сені де құйттай кезіңде күнде шомыл дырдық, – деген әжесі, Аянды құндақтап, анасына емізуге берді де, Аяжанды қасына отырғызып ертегі айтуға кірісті. Ертеде Әйіп деген пайғамбар өмір сүріпті. Оның үстін жара басып, жараға құрт түсіп, денесі іріңдеп кетіпті. Ол сонда да үлкен төзімділік көрсетіп, өмірден күдер үзбепті. Жаман сөз айтпапты. Алла Тағала осы шыдамдылығы үшін оған жәрдем жіберіпті. «Пәлен жерде Әбілхаят бұлағы бар. Соның суына барып қырық күн түссең, жараларың жазылады» депті. Сол жерге әзер жеткен Әйіп пайғамбар суға шомылғанда барлық құрттар денесінен сыпырылып түсіп қалады. Еті ширай бастайды. Жаралары біртіндеп түгел жазылады. Содан бері қарай адамзат баласы өмір есігін ашқанда, яғни жоқтан пайда болған шақта суға қырық күн түседі. Аян бөпең өлі мен тірінің ортасында. Күні кеше ғана дүниеге келді. Еті ширауы керек. Денесіне жара түссе, тез жазылатын болсын деп күнде тұзды суға түсіріп, етін маймен сылаймыз. – Түсіндім, әже. Мен де даладан келгенде қолымды жуамын. Таза жүрсем – мен де ауырмаймын! – Ақылдым менің! – деген әжесі Аяжанның томпақ маңда йынан емірене иіскеді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Ауысқан әріптер
Қайрат бұл сыныпқа жақында келді. Ерні томпиып, ұрты
бұлтиған сүйкімді бала. Елгезек. Міне, тағы да «мен айтам, мен
айтам» деп, көтерілген қолымен бірге ұшып кете жаздап отыр.
Орнынан тұрар-тұрмастан:
– Тырық! – деп саңқ еткізді. Бір-екі жеңілтек бала қосыла тырқ
етті. Тіпті жап-жас мұғалима қыз да езуін әзер ұстады.
– Дұрыстап айт. Қанша?
Қайрат костюмінің етегін төмен тартып түзеді. Өзіне сенімді
түрде:
– Бес жердегі сегізім тырық! – деді.
Енді бүкіл сынып күлді.
– Апай, апай, ол ылғи «Қ»-ның орнына «Т» дейді. Нанбасаңыз,
атын сұраңыз. Алма тықылдап болар емес.
– Атыңды айтшы.
– Тайрат. Бала көзі жыпылықтап жасып қалды.
Мұғалима ойланды.
– Қайрат, бүгін сабақтан соң екеуміз қалып, әріптерді дұрыс
айтуды үйренейік, жарай ма?
Қайраттың көзі жайнап, қайтадан құлшына бастады.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Жастық
Ая мен Дос бірін-бірі жастықпен ұрып ойнап жүр. Жаңа ғана
теликтен көрсеткен ойын шынында да қызық екен. Төсектің әп
тер-тәптері шықты. Кішкентай бөпесі Аян да бір жастыққа шы
ғып алып өз-өзінен секіріп, қышқырып ол да мәз. Абайсызда гүл
салған ваза құлап, сынып қалды. Әжелері кіргенде екеуі тұрған
орындарында қалшиып қатты да қалды. Тым-тырыс тыныштықта
тек ауада қалықтаған мамық қана дыбыссыз құлап келеді. Әжесі
екі шалдуарды екі жағына отырғызып, баяу үнмен жастықтар ту-
ралы ертегі айтты. Оның ішінде түрлі-түсті ертегілер болатынын,
мынандай аласапыран төбелестен кейін бәрі араласып түсініксіз
болып кетерін айтқанда Аяжан мен Досжан шыныменен қорқып
қалды. Әжесі жастықты әдемілеп жинап қою керектігін көрсетті.
– Ал, олай етпесе ше, апам құсап жәй тастай салса, түс
көрмей қаламыз ба?
– Жиналмай жатқан жастық «кел, жата ғой» деп, адамды өзіне
шақырып тұрады. Жата берген кісі ауру болады. жата берген
бала жалқау болады. Сондықтан жастықты тікейтіп жинап қояды.
Бас киім мен жастықты табанға салып таптауға болмайды. Бас
киім киелі. Жерде жатқанын көрсең, көтеріп қой.
Мен сендерді көрші аулада жақында ашылған спорт клубына
жаздырып келдім. Ертеңнен бастап сонда апарамын.
Мұны естіген Ая мен Дос қуанып алақайлай жөнелді. Екі жа-
сар Аянға шейін дыбысы шықпайтын алақанын бір-біріне ұрып
мәз.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Машинаға сыймайсыз
Санат балабақшадан келгелі «машина» болып ойнап жүр.
Қол жуып тұрған әкесіне:
– Машинама отырыңыз. Үйге апарып салайын, – деді.
Қайрат келіп машинаның есігін ашып, ішіне отырғандай түр
көрсетті. Оны байқап сол аулада жүрген Балауса әпкесі мен
Бейбіт көкесі де машинаға «мінбекші» болды. Бәрін қасына
отырғызып алғанда Меруерт келді. Оған Санат қабағын түйе
қарады:
– Сіз сыймайсыз. МАИ ұстап алады.
– Неге, машинада әлі бір орын бар емес пе?
– Менің жанымда Гауһар отыр ғой.
– Ол кім?
– Біздің балабақшаға бүгін келген қыз.
– Е, онда жөн. Шынымен сыймайды екенмін.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Ақтөс
Ақтөс – Дәуреннің күшігі. Атын апасы қойды. Сүп-сүйкімді
күшіктің тек төсі ғана ақ та, басқа жері қоңыр. Өзі тез-ақ өсіп
кетті. Күнде алдынан жүгіріп шығатын. Бүгін көрінбейді. Ашық
есікке жақындағанда үйден көрші апаның дауысы естіліп жатты.
– Ай, Ақтөс, екеуміз дос едік қой. Сен біздің аулаға келген-
де мен сені қудым ба? Мен саған үрген жоқпын. Сен неге маған
үресің? Сен неге мені жібергің келмейді? –деп қояды. Иттің ды-
бысы жоқ. Дәуренді көрісімен балағына сүйкеніп еркеледі.
Көрші апа мұны көріп қуанып қалды.
– Мына күшігің үйге ұры жібермейтіннің өзі екен. Жоқ-ау,
кіргенде дым да демеді. Апаңның үйде жоқ екенін көрген соң
шығып кетейін десем ырылдайды. Күшім-күшім деп, күнде көріп
жүрген ит болған соң не қылар дейсің деп, есікке жақындасам,–
үріп қоя берді. Заты ит қой. Қорықтым. Қамалып он сағат тұрған
шығармын. (апаның онысы өтірік енді. Дәуреннің өзі мектепте
үш-төрт сағат қана болды) Тіпті екі қолымды жайып көрсетемін.
Міне, қара, ештеңе де алған жоқпын деймін. Бәрібір есікке
жақындасам ырылдап қоя береді. Енді, содан жіпсіз байланып
тұрғаным...
Дәурен көрші апа естімейтіндей етіп итін құлағына мақтап
қойды. Ақылды күшік өзі!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Асхат
Жас әйел зырылдаған машина үніне ілесіп нәзік дауысымен
сызылта ән салып отыр. Жалғыз ұлы даладан жүгіріп кірді де,
шешесінің мойынына асыла кетті:
– Мам, а, мам! Мен қашан мектепке барамын?
– Барасың, құлыным! Сен де мектепке барасың. Дәу жігіт бо-
лып өсерсің. Құлыншағым сол, құлдыраңдаған!
– Әсет, Маржан, Абылай – бәрі мектепке кетті. Мен қашан
барам?
– Кейін, балапаным.
– Папам келген соң ба?
Тігін машинасы зырылдауын кілт тоқтатты. Құлаққа ұрған та-
надай тылсым тыныштық баланың тынысын тарылтып жіберді.
«Папам» дей беріп еді...
– Қақылдап қалдың ғой, қараң өшкірдің баласы! Қарасы бат-
сын оның!!!
Әп-сәтте дауысы бұзылып, мінезі өзгеріп шыға келген
шешесінен қорыққан бес жасар Асхат дереу ас үстелінің астына
кіріп кетті. Мамасы мұндайда қолында не тұрса, соны мұның ба-
сына жібере салудан тайынбайды.
Қапелімде не істеп кінәлі болғанын ұқпай қалған Асхат
көздері жыпылықтап жылап жіберді. «Мектепке барам» деу жа-
ман ба? Мамасы бүйтіп ашуланатын болса мектепке бармай-ақ
қояр. Не боп кетті өзі?
Әсеттің сөмкесі көк. Ішінде кітабы көп. «Әкем әкеліп берді»
деп мақтанып кеше үйдің сыртында бәрін бір-бірлеп алып Ас
хатқа көрсеткен. Сонда Асхаттың да мектепке барғысы келіп
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл кеткен. Тек «Бұл – құпия. Апам біліп қойса ұрсады. Кірлетесің» – деп ұрсады. Ешкімге менің көрсеткенімді айтпа!» деген соң ғана үндемеген. Шіркін, өзіне де сондай әдемі кітаптар, пеналь, дәптер әперсе ғой... Ал бүгін Маржан Әсет пен Абылайдың қолынан ұстап алып мектепке кетіп барады. Бұған шекесінен қарайды. Кеше ғана бұған: «бақшаны бірге суарайықшы, шелектің құлағынан ұсташы, арамшөпті сен де жұлсайшы» демегендей-ақ... Мамасы неге «қарасы өшсін» дейді екен? «Қарасы батсын!» әкесін суға кетсін дегені ме екен? Биыл жазда өзі де суға кете жаздады. Оның қандай қорқынышты екенін бұл білмей кім біледі? Әкесі суға кетсе Асхат сағынбай ма? Неге үйтіп айтады екен? Онсыз да көп-көөөп болды ғой Асхаттың әкесін көрмегеніне. Күнде таңертең көзін ашқан бойда әкесін іздейді. Тек қазір мамасына сұрақ қойып мазаламайды. Көзімен іздейді. Іздейді де не киімі, не өзі көрінбеген соң үлкен кісіше бір күрсініп алып, үндемей киімдерін кие бастайды. Енді, міне, апасының ашуынан қорқып жылағанына әкесін сағынғаны қосылып, үлкен кісіше еңіреп отыр. Балапаным-ай, қайтейін... * * * Көрші тәте келіп, шешесіне қосылып ол да жылап алды. Енді, міне, екеуі әлденеге күліп жатыр. Үстелдің астындағы мұны бері шығуға шақырғанмен Асхат әзір шығуға қорқып отыр. Балмұздақ әперемін десе де шықпайды Асхат. Жемейді Асхат. Енді бар ғой әкесі келгенше осы арадан шықпай отыра береді Асхат. Отырады.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
«Онда ма, онда өзіңе сақал-мұрт шығады» дейді көрші тәте.
Мейлі. Шықсын. Бәрібір отыра береді Асхат. Отырады.
– Әне, шыға бастады! – дейді көрші тәте.
Асхат еріксіз бет-ауызын сипады. Өтірік! Өздері мәз. Үлкен
дер неге өтірік айтады осы! Мен үлкейіп, папа болсам бар ғой
ұлымды қасымнан бір сәт те қалдырмас едім! Қалдырмаймын!!!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Бәйге күрең
Сол жылдары жасым тоғыздар шамасында болуы керек.
Әкем мені жанынан тастамайды. «Ақжолтайым» деп еркелетеді.
Атқа мінсе, артына «жарбия» кетемін. Талай айтыста қасында
болдым. Менен екі жас үлкен Әбділда әжемнің «жекеменшік» ба-
ласы да, мен әкемнің еншісіндемін. Солай! Міне, мамырда өтетін
жеңіс күні құрметіне өткізілетін ат бәйгесіне мені қалады. Әжем
«ер бала тұрғанда»... деп келе жатыр еді, «Санашымның тақымы
мықты!» деп сақ еткізді. Ой, сонда мақтаныштан төбем көкке
жетті. Мына мен ғой, жылқы өрістен қайтқанда жатаған қораның
төбесінен күтіп тұрып өтіп бара жатқан атқа дәл түсемін. Ал
Әбділда болса қорқақтап секірмей қалады. Мен жайдақ мінген
қалпы шыңырау құдыққа дейін шауып барамын. Небір асау
тай-құлын маған кекілін сипатады. Ол бәлкім, мен өзіме тиесілі
қантты жемей, құлыншақайыма бергендігімнен шығар. Әйтеуір
ат маған, мен атқа үйірмін.
Әкем мені бәйге күреңге отырғызып, алпыс шақырым жарыс
өтетін жолды екі-үш күн зерттедік. Жарыс басталарда басыма
қызыл шыт байлады. Белімді жалпақ матамен орай қабаттап
таңды. Шешем жылтырақ тана тақты.
«Бәйге күрең шаң жұтпасын. Аттардың жел жағынан орын
ал. Белгі берілісімен қозғал. Шыға шап. Оқ бойы озып кет» деп,
қайта-қайта пысықтайды. Бәйге күрең де бас шұлғиды, мен де
бас шұлғимын.
Межелі жерге жеткен соң жол бастаушы Мұхит ата біздің
бәрімізге аттан түсіп, аттардың да, бәйгеге шабатын балалар
дың да іш босатып алуын тапсырды. Мен ұялып ши айналып
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
кеттім. Ұлдар тұрған-тұрған жерлерінде... шалбарланып ша-
уып жүрген соң ешкім менің қыз екенімді ескермейтін сияқты.
Әкем : «Санашым өскенде өзім таңдап жүріп сұлу қыз айтты-
рып беремін» деп отыратын. Мен өзімнің өскенде әйел ала-
тыныма сенетінмін. Ауылға қыдырып келген қонақ балаға өзім
тиісіп, алып ұратынмын. Үй іші де мені тек ұлдарға тиесілі қатты-
қайырым жұмысқа салатын. Әй, солар да менің кім екенімді жиі-
жиі ұмытып кетеді-ау деймін.
Мұхит ата жерге межелей керген жіпті қамшысымен тағы
бір меңзеп бізді сапқа тізді. Сақадай саймыз. Иә, сәт! Белгі
берілсімен-ақ көп тұяқ тастақ жерді сатырлата жөнелдік. Әп
дегеннен оқ бойы озып шықтым. Еркін келемін. Менің бәйге
күреңіме ат жетпейтініне сенімдімін. Жер ала. Міне, жыңғыл
өскен алаңқайдан өтіп келеміз. Алда құрғақ арналы сай. Одан
шықсақ тағы тақтайдай жазық. Құлақ түбінен суылдаған жел жа-
ныма қанат байлағандай көркем сезімге бөлейді. Ұшып келе
жатқандаймын. Тамаша! Кенет атым пысқырды. Мойынымды оң
жағыма әнтек бұрсам, торы ала аяқ жетіп қалыпты. Үстіндегісі –
Шоқан. Он төрттердегі балаң жігіт. Қағілез. Жұқалтақ. Жеңіл.
Бірақ ол он төртте ғой. Ересек. Озып кетіп жүрсе... Дереу аттың
тізгінін ердің қасынан тарқатып қолыма алдым. Тақымымды
қысып кеп қалдым. Шапшаңдықты тез ауыстырғанда не болушы
еді машинада! Атымның артқы тұяғы ашамайға келіп соқты. Ат
мұрттай ұшты. Сіңірліктен тиген соққы не оңдырсын! Көзім түк
көрмей кетті. Ащы өкініш өзегімді өртеп кетті. Еңіреп қоя бердім.
Қыз екенімді осыдан біле беріңіз! Шоқан шоқытып қайтып келді.
Атты демеп, астында қалған менің аяғымды босатты. Күрең ау-
ызын ашады. Жан ұшыра кісінеген де шығар. Мен түк естімеймін.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Соған қарағанда екі құлағым да тарс біткен болулы. Жануардың
баданадай көзінен баданадай жас домалайды. Кейін әкем ай-
тады: «Атыңның басын құшақтап тарс жабысқан қолдарыңды
әзер жаздым» дейді.
Үйге келген соң әжем таңдайымды көтерді.
– Әй, Көлбай, – деді: – құдай көпсінбесін, ұлдарың жетерлік!
Енді Санашты өз үйіріне қос. Шөре-шөре қылма. Қыз екенін
сезініп өссін. Жетеді енді!
Көп ұзамай кіішігірім той жасап маған қыз көйлегін кигізді. Өз
етегімнен өзім үркіп жүріп көйлекке де үйрендім –ау, әйтеуір.
* * *
Он үштен асқан кезім. Аудандық спартакиядан бірінші орын
алып, қуанып жетсем, әкем үйде жоқ. Көрші ауданда айтыс өтеді
деп, соған шақыртып кетіпті. Есік алдындағы кермеде бір бай-
тал кегжеңдейді. Қасына жетіп бардым. Байтал шекелей қарап
оқыранды. Сағалдырығынан ұстап, кекіліне қол тигіздім. Әкемнің
алдыңғы айтыста ұтып алған сыйлық жылқысы екен. «Өзім кел-
генше қарай тұрыңдар, келген соң үйірге қосамын» деп, тапсы-
рып кетіпті.
Апам маған зекіңкіреп:
– Қашанға айтам атқа жолама деп! Болды, үйге кір. Ана Шара
артыңнан қалмай «жаңа үлгідегі көйлегімді көр» деп қыңқылдып
жүр. Ат – еркек баланың жұмысы. Бар, кет!
Мен інілеріме байлаған жіптерің жіңішкелеу екен, үзіліп
кетпесін деп ескертіп үйге бұрылдым.
Көп өтпей-ақ Асан жетті ентігіп:
– Ат қашып кетті!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Былай қарай кетті! – дейді Жұман даурығып. Қолыма ілін
ген жіпті ұстай-мұстай жүгірдім. Із кесіп келеміз. Алыстан саяқ
жылқы көрсек солай қарай бұрыламыз. Сол шығар дейміз.
– Әне, бір ат қосаяқтап секіріп бері қарай келеді, – деп
қуанады Алшын.
– Өрелеулі ат қой.
– Иә, саған өреленген ат қос аяқтап секіре алмайды.
Қыбырлап қоззғалады. Ол тұсалған ат.
– Біздікінде өре де жоқ, тұсау да жоқ.
– Әне тағы жалғыз жылқы! Анау көрінген үйірге қарай безіп
барады, әне-әне!
– Егер оны қуып жіберсе – біздікі.
– Неге? – дейді мені тыңдап отырған Жұман: қууға қандай
қақысы бар?
– Себебі бөтен малды өз үйіріне қоспайтын әр үйірдің өз
айғыры болады. Заңы солай.
– Дәл айттың, әпке! Әне, қара, қуып жатыр. Ура, біздікі, біздікі!
– деп мәз болады.
Мен қыз көйлек кигелі ұлдар тілдерін бұрап «әпке» десіп жүр.
Ауылдан шығарда шеткері тұратын Ғалиәкпар ағайға жалын
ғанмын. «Аға, машинаңызбен қумасақ, ат ұзап кетер болды.
Әкем келгенде «қоралы жан отырып, бір атқа ие болмадыңдар»
деп ренжиді ғой. Көмектесе көріңіз» дегенмін. Ағай да дереу
машинасын от алғызды. Енді міне, бәріміз машинаның үстінде
бөрідей шулап келеміз.
Ақыры көп жылқының ішінде жарға қамап ұстадық-ау.
Ұстағанымыз бар болсын, не жүген жоқ, не ноқта жоқ. Ер-тоқым
сірә жоқ. «Жем әкел» деп шырылдаймын. Екі аттың ортасында
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
кегжеңдеген байталға қолым жетпей. Жем жеп көрмеген мал
екен. Қасындағы екі ат жемге бас қойғанда ол үрке қарап ба-
сын көтеріп алды. Аңдып тұрып тұзақтаған жібімді мойыны-
на салып кеп жібердім. Бірақ әлім келмесін біліп Ғали ағайға
жаутаңдаймын.
Ұстадық-ау, әйтеуір. Қан сорпамыз шығып атты үйге
әкелгенде шешем үндемеді. Енді мені аттың қасынан қумады.
Әкем келгенше атқа мен ие болдым.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Мерген
Мен әкемнің сүйікті қызымын. Ер балаша киіндіріп алып,
қасынан бір елі тастамайтын. Сол жылдары мұғалімнің ақшасы
аз болды ма, әлде шиеттей бала-шағаның нанына сеп бол-
сын дей ме, әйтеуір әкем саятқұмар. Сабақтан қолы қалт етсе
баланың ересектеуі – Әбіл мен екеумізді ілестіріп балық ау-
лайтын. Менің төрт-бестердегі кезім болса керек, ағам екеуміз
әкем ұстаған балықты жерге түсірмей қағып алып шелекке
сала қоямыз. Айлы түн. Балық үйездеп қашан қасына келгенше
қозғалмай тұрады. Аппақ сазанның қарыны айға шағылысып
жарқ еткенде екеуміз жарыса ұмтыламыз. Әргерек тұр деген
ескертуді жиі ұмытамыз. Шалбардың балағын шиыршықтап қара
санға дейін түріп алғанбыз. Су-сумыз. Біздің ауыл екі өзеннің
тоғысқан жерінде. Таудан аққан Ақсу өзені тастай суық, мөлдір,
тәтті. Балығы да ақшыл әрі еті дәмді. Ал Қарасудың балығы
кішірек, салыстырғанда дәмі де нелеу... бәрібір асқан балықты
да, қуырған балықты да тек қылтанын қалдырып таласа-тармаса
жеп аламыз. Кейде сол аулаған балықтарымызды әкемнің темір
қалбырдағы етке айырбастап әкелетіні бар. Ол күні біздің үйде
кішігірім той.
Балық қағып алудың қызығымен бойы өзіммен бірдей
жыланға тұра ұмтылыппын. Ыс-ыс еткенде ғана оның балық
емесін ұққан менің бақырған дауысымнан балық біткеннің құлағы
тұнған шығар. Әкем жүгіріп келіп құшақтап, қолына көтеріп алса
да жұбанбайды екенмін. Неден қорыққанымды түсіндірер тіл
жоқ, құр бақыра беремін. Әбіл неден қорыққанымды әкеме
түсіндірген соң, балық аулау жайына қалып, түнгі оттары
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
көрінген геологтардың қосына көтеріп апарды. Жылан байғұс
өз үйін қорғап, тыныштығын бұзған бізге айбат шеккен дағы.
Геологтардың ішінде дәрігері бар екен. Маған екпе салды. Неге
қарсы екпе екенін біліп жатқам жоқ, әйтеуір етіме ине тыққанда
одан да жаңағы жылан шағып өлтіргені дұрыс болар еді десем
керек. Таң атқанша сол жерде болып, олар маған жұдырықтай
қант берсе де алданбай көп жылаппын.
Әжем таңдайымды көтеріп, әкеме ұрсып, мені түнгі балық
аулауға жібермей қойды. Оқиға ескіргенше әжемнің іргесінде
жатып ертегі тыңдадым. Ол кісі ұйқыға кеткенде сытылып шығып
қашып кететінмін.
* * *
Ал енді аппақ қардың үстінде қоян-түлкі аулау тіпті де қызық
болатын. Әуелі оқ дайындаймыз. Қамысты кесіп, сазға баты-
рамыз. Ішіне балқыған қорғасынды құйып әкем оқ жасайды. Ең
үлкен жауапкершілік – оқтың түбін тегістеу. Қамыстан босатқан
құйманың түбі тегіс болмаса атқанда оқ өзіңді жаралауы кәдік.
Немесе қиғаш кетіп, аңға тимей олжадан құр қаласың. Әкем
менің жасаған оғымды ылғи мақтайды. Ол мақтаған сайын
ерінімді бүрістіріп алып, мұрынымның үсті тершіп одан сайын
ынталана егеймін келіп.
Биылдан қалған оқты келесі қысқа қалдырмайды. Келесі қысқа
оқ сақталмауы шарт. Көктем шыға атылмаған оқтарды бәрімізге
теңдей үлестіріп береді. Аулаққа апарып, шыны бөтелкелерді тізіп
қойып соларды көздеп атамыз. Әрі шеберлігімізді шыңдаймыз.
Бұл сайыста да мен озамын. Рас айтам. Менің көздегенімнің
бір де біреуі далаға кеткен емес. Риза болған әкем аяғымды
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
салақтатып желкесіне мінгізіп алады. Әкеме атша мініп, ұлдарға
төбесінен қарап мақтанғанымды көрсеңіз ғой!
Ылғи мақтаса екен деген тілектен бе, әлде шыныменен да-
рындымын ба, мектепті өте жақсы оқыдым. Оллаһи, әкем мұғалім
болғандықтан емес.
Жетіншіні бітірген жылы облыс бойынша жақсы оқитын
балаларға жолдама берді. Біздің ауданнан жалғыз қыз мен
ғанамын. Облыстан тағы екі қыз бар екен. Қалғаны кілең ұлдар.
Енді-енді көйлекке үйренген кезім. Қоңыр штапелден тіккен,
қызыл гүлді, етегі дөңгеленген көйлек. Бойым кішкене ғана. Ал-
маты айналасы биік тау қоршаған сұлу қала. Маған бәрі таңсық.
Ең артында томпаңдап келе жатамын. Ең алғаш балмұздақ же-
генде қолым тоңып, денем жаурап арыққа лақтырып жібердім.
Әр нәрсені қызықтап топтан жырылып қалып қоя беретін бол-
сам керек. Ұстазым «әлгі қоңыр қозы қалып қоймасын» деп жиі
ескертіп отырады екен. Әйтпесе адасып кетуім де ғажап емес
екен.
Көрген қызық аз емес. Бірақ сізге тек тирге кіргенімізді
айтайын.
Тир дегені жақын жерде қадап қойған нысананы ату екен. Фи!
Со да сөз бе? Бірақ ұлдар біздерді кіргізбеді. Өздері түк тигізе
алмайды. Есіктен қарап тұрған менің жыным келді.
Біздің лагерьде бірге демалып жатқан Лаура деген қыз тыр-
титып шалбар киіп алыпты. Өскеменненмін деген. Мұны көрсе
әжем бетін шымшыр еді. Шашын желбіретіп жайып жіберген.
Әжем маған «шашты тек жақыны өлген әйел ғана жайып жоқтау
айтады» деуші еді. Лаура шашын кейін қарай бір сілкіп тастап,
өңмендей келіп мылтыққа жармасты. Шалбары болған соң ба,
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
ұлдар қарсыласпаған сияқты көрінді. Мені ғой «бұл қыздың ісі
емес!» кіргізбей қойған. Он оқтың екеуін тигізді. Менің арқам
қозып кетті ғой деймін, Лаураның қолынан мылтықты жұлып
алып тарсылдатып ата жөнелдім. Көздегенімді мүлт жібермедім.
Ұлдар шулап енді анасын ат, сосын мынаны ат деуге көшті. Мен
үшін атшы деп өздері бытыра сатып әперді. Дөп тигізсең беретін
«приз» дегені боады екен. Әй, бір айызым қанғаны-ай.
Жоқ жерден дәрежем көтеріліп, біздің мергеніміз деген
құрметті атаққа ие болып шыға келдім. Мен солай мерген
атандым!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Әке мейірімін аңсау
Тәрбиеші келіншек етегінен тартып қыңқылдаған балаға:
– Тұра тұршы, Ербол! Өзің түймелей сал, – деп, бұрылып
әңгімесін жалғай берді.
– Тәтей, мен салайын ба? – Күлай жүгіріп келіп үш жасар
баланың шалбарын түймеленуіне көмектесті.
– Мынау кімнің қызы? Бұрын жоқ еді ғой?
– Е, ол анау көшіп келген жалғыз басты әйелдің қызы.
– Ә, анау жесір келіншектің бе? Пысығын қара! Ол әлгі
байынан...
– Тсс, тыңдап тұр. Жайырақ... пыш-пыш...
Жалғыз бас? Неге менің апамды жалғыз бас дейді? Өздерінің
де бастары біреу-ақ қой. Менің де. Жесір деген не екен? Үйге
барған соң сұрап алайыншы.
– Жүр, Ербол, ойнайық.
– Сенің машинаң бар ма?
– Қуыршағым бар.
– Ал менің ағам бар. Ол оқиды. Енді мұнша жылдан кейін мен
де оқимын.
– Кел онда «мама-папа» болып ойнайық.
– Ың, ойнамаймын, ...Мама! Мама! – Ербол бақырып жылап
қоя берді.
* * *
– Апа, мынау – Ербол! Менің досым.
– Қай көршінің баласы?
– Үйі ана-у жақта. Балабақшадан шыққан соң мен ертіп
кеттім.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Өй, қызым-ау ол не қылғаның? Үйі іздейді ғой!
– Не сонда , досыма үйімді көрсетпеймін бе? Әрі бүгін оны
әкетуге ешкім келген жоқ.
– Ерболжан, үйіңді таба аласың ба?
– Қорқам, ол жақта ит бар.
– Қорықпа, біз Күлай екеуміз ертіп апарамыз.
– Апа, Ерболға тәрбиеші тәте «көйлегің кір» деп ұрысты.
Жуып берші,ә?
– Ап-па, өйтіп қарамашы! Жушы, иә?
– Өй, сен қыз да бір!
– Апа, кепкенше мына көйлекті кие тұрсын,ә?
– Ы-ың, кимеймін! Қыздікі!
– Қарай гөр намысшылын. Қой, болмас, Ерболжан, көйлегіңді
шеше ғой. Қазір сендерге ыстық бауырсақ пісіріп берем. Мұнда
отыр. Со-сын Күлай екеуміз сені үйіңе апарамыз.
– Ой, аппақ апам менің!
– Жә,жә, болды. Сілекейлеп біттің. Ерболмен ойнай тұр.
– Апа десе, Ерболдың мамасы түу алысқа ойыншық машина
әкелуге кетіпті.
– Апа, айтпақшы осы сен жесір бассың ба? Жоқ, қалай деп
еді, қап, ұмытып қалыппын.
– Апа, жыламашы енді. Ол не сөз? Жаман сөз бе?
– Апа, апатайым, жыламашы... тіпті бассыз жесір болсаң да
сен өте жақсысың! Апа, онда мен де жылаймын...н...н.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
* * *
– Апа, Ерболдың папасы басымнан бүйтіп сипады. Маған
конфет берді. Алғаным дұрыс болды ма?
– Апа, Ерболдың папасы машина айдайды екен.
– Апа, Ерболдың әжесі келіпті. Біздің әжеміз неге жоқ?
– Апа, Ерболдың әжесі бар ғой... Ербол айтады: «сенің апаң
жақсы ғой, ұрмайды, ұрыспайды» дейді. Апа, десе... Ерболды біз
алайық-шы. Мен өзім бағам.
– Апа, Ербол бүгін үйге бармаймын деп жаман жылады. Ағасы
сүйреді.
– Апа, Ерболдың үйі үллкенн екен. Біздікі кішкентай ғой...
– Апа, біреу терезе қағып тұр. Қорқам. Шам жақшы.
– Апа-ау, папам енді келмей ме? Неге тек түсімде келеді?
Көзі неге қызыл? Мас па?
* * *
– Ура! Ерболдың әжесі кетіп қалыпты! «Балаларыңды өзің
бақ. Жер-ге қарап отырған жоқсың. Қатын ал!» депті. Сонда
«қатын» дегені Ерболға мама бола ма?
– Апа-ау, осы сен «қатын» болсайшы,ә? Мен Ерболмен ойнар
едім. Ол да саған «апа» дер еді. Апа, «қатын» болшы!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Қызыл топлай
Жеңешемнің мұншалық ашуланғанын бірінші көруім.
Әуелі келген қонақпен екеуі жайбарақат сөйлесіп отырған.
Неге келіспей қалғандарын қайдам? Кенет жеңешем менің
аяғымдағы қып-қызыл әдемі топлайды жұлқи шешіп алды.
Шешіп алды да ана кісінің алдына соншалықты ызақорлықпен
атып ұрды.
Мен жасым бестердегі кіп-кішкентай қызбын. Есік ал
дындағы құмда «сыйлық» деп берген қып-қызыл әдемі топ
лайды киіп-шешіп, ішіне құм толтырып ойнап, өзімнен өзім
мәз болып отырғанмын. Ауланың есігін тарс жауып, жұлқына
шыққан кісімен бірге қып-қызыл есіл топлайым кетіп барады.
Әуелі қорыққанымнан жылап қоя берген мен енді топлайсыз
қалғанымды ұққанда одан бетер еңіреймін келіп...
Жеңешемнің көзін ала беріп үйден сытылып шықтым. Жола-
ушы ұзап кетіпті. Аяғым аяғыма жұқпай артынан жүгіріп келемін.
– Топлайды тастап кетіңізші, – деп, өтініп келемін.
– Ағатай, топлайды тастап кетіңізші. Тәртіпті, ақылды қыз
боламын!
– Көкетай, топлайды өзіме беріңізші. Аяғымды үнемі жуып
киіп жүремін, – деймін сондай жалынышты үнмен.
Өкпем өшіп, жүрегім жанып, артына бір қайырылып қара
маған атты кісіні қашанғы қуайын? Бір сайда жылап қала
бардым... Ал кешке, қас қарая сүйретіліп табалдырықтан
аттағанымда шешем:
– Өй, намыссыз неме, соңыннан неге жүгірдің!? – деп,
шапалақпен жағымнан бір ұрды. Қыз деген қу келеді. Жасым
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
бесте болса да сол келіп кеткен кісінің әкем екенін ешкім айт-
паса да білдім. Білдім. «Ойнаймын» деп қыр астына түсіп ұзақ
уақыт сол кісінің жолын тостым. Екі көзім жолда болатын. Күттім.
Сарылып күттім. Келмеді. Күнде күттім. Келмеді ғой... ал қызыл
топлайды әкеп бермеді. Елжіреген сағынышым қатып, берішке
айналды. Тас жүрек осындайдан пайда болатын болуы керек.
Тезірек бойжетуге тырыстым. Тезірек күйеуге тидім. Жүрегім
тастай қатып кетпей тұрғанда тездетіп бөпелер туып алғым
келді. Бес бала таптым. Біреуі – әкем, біреуі – шешем, біреуі –
нағашым, біреуі – ағам, енді біреуі – інім болар: әйтеуір қара
ормандай қасымда самсап бірге жүр. Жалғыз өссем де, енді
міне, ақар-шақар отбасына айналдым. Алла осы балаларымның
бақытын баянды қыла көргей...
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Көсеу
Бірінші сыныпта оқып жүрмін. Пеш артында, жозыда титімдей
алақандарыммен илеген қамырды жайып отырмын. Ашыған
қамыр оқтауға көнбейді. Мен бауырсақты кесіп үлгермей жа-
тырмын. Апам сондай ашулы. Қазандағы май күйіп, үйдің ішін
көңірсі иіс алып барады. Пыс-пыс етіп тырысып-ақ жатырмын.
Апам жаққа үрейлене қарап қоямын.
– Елдің қатыны! Бол шапшаң!
Қарғап-сілеп жатыр. Әлдебір түсініксіз дыбысқа жалт қа
расам, апамның от көсеп отырған көсеуі ауада шыр көбелек ай-
налып ұшып келеді. Бұға қалдым. Шекеме сарт етті. Тұра қаштым.
Төрге қарай жүгіріппін. Ол жақта есік жоқ. Қолындағы май-май
кепсерімен ұрғалы келе жатқан апамнан қайда тығылсам екен?
А, қайда? Ұстап алса оңдырмайды. Енді қайттім? Әйтеуір,
әупіріммен қашып шықтым-ау. Қарасам; жалаң аяқ ақ қардың
үстінде тұр екенмін. Уф... Құтылдым-ау. Бетім жып-жылы болып
кетті. Сипасам – қан. Қораның сыртындағы сүр қардан уыстап
алып көзімнің үстіне бастым. Қан тиылмады. Баса бердім, баса
бердім. Айналам толған жентектелген қанды қар. Дала қызыл
ала болды.
Арада төрт-бес күн өткенде әкем келді.
– Балаға не істедің?
Енді екеуі әдеттегідей айқайласатынын сезіп төргі бөлмеге
тығылдым. Бекжан бөпемді арқалап ойнатып жүрмін. Апам кірді.
Жұлқынып, жұлқылап жүріп киіндірді.
– Осыдан біреуге мен ұрды деп айтсаң, басыңды кесіп ала-
мын! Осыдан айтып көр, басыңды кесемін!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Шекеме нұқып жібергенде басым зеңіп жүре берді. Қорқып
кеттім. Басым жоқ болса қалай өмір сүремін?
Дәрігерге не деу керек? Не сылтау айтамын?
Жолшыбай әкемнің не дегенін естімедім. Өз ойыммен өзім.
Есіл дертім дәрігерге не айтсам екен деп келемін. Ойыма түк
түсер емес. Апам басымды кесіп алса қайтемін? Басымды кесіп
алса...
Медпункттің есігін аша бергенде бір ой сап ете қалды.
«Таңертеңмен көмір алуға үйден шыққанмын. Есіктің ал-
дына Айжан сіңлім су шашып қойыпты. Соған тайып жығылып,
қолымдағы темір шелектің баулығына ұрып алдым.» Осы сөздерді
ойлап тапқаныма өзіме өзім мәзбін. Ух, апам ұрыспайтын бол-
ды. Бұл тұңғыш өтірігіме өзім қақалып-шашалып, әзер айтып
бітірдім.
Дәрігер тәтей әкеме ұрсып жатыр:
– Баланың бет-ауызы күп болып ісіп кетіпті. Микроб түскен.
Міне, қалай қисайып тұр. Көресіз бе?! Миға шапса қайтесіз?
Көзі көрмей қалса қайтесіз? Бірден әкелмейсіздер ме? Баға
алмасаңыз...
Мен үшін ұрыс естіген әкемді аяп күс-күс қолынан сипап
қоямын. Бәсе, басымның бір жағы ап-ауыр болып жүр еді соңғы
күндері. Көзім де сығырайып ашылмай қойған. Сірә, қораның
артындағы қар лас болғаны-ау?...
Әкем күнде жетектеп осында әкеліп екпе жасатып жүрді.
Бір күні:
– Кеттік, қызым. Мен сені үлкен қаладағы мектеп-интернат
қа оқуға апарамын. Білім алып үлкен азамат болғаныңда Ай-
жан мен Бекжан бөпелеріңді өзің оқытасың, – деді. Қуанып
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
кеттім. Алақай! Үлкен қалаға барамын! Оқу оқимын! Алақай!
Тек беске оқуым керек. Сосын әкем қуанады. Әкем мені
мақтайды. Апам...
* * *
Гүлжан бұл кезде туған анасының жоқ екендігін, бөпелерін
енді арқалап ойнатпайтынын, әкесін енді қайтып көрмейтінін
білген жоқ. Білмеді. Білмейтін, өзінің апасы үшін өгей екенін
білмеген...
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Мұрын
Алақай! Біз әжеммен бірге тұратын болдық!
Әкем, ағам, інім, мен – бәріміз жүк түсіріп жүрміз. Апам тамақ
қамына кірісіп кеткен. «Арай, ананы әпер; Арай, мұны әкел» деп,
мені де зыр жүгіртеді. Бұл ауыл үлкен екен. Мектебі қандай үлкен!
Жаңа достар табатын болдым. Шіркін, сабақ тез басталса екен.
Біз жоғарғы қабатта оқысақ қой! Тамаша болар еді.
Бірақ алғашқы сабақтан соң-ақ менің көңілім түсіп қалды.
Қасымда отыратын қыздың аты – Мәнсия. Менің есеп шығарған
дәптерімді сұрады. Мақтанып-ақ ұсындым. Ол бір шолып
өтті де мұғалімге көрсетті. Оған мақтап-мақтап «бес» қойып
берді. Сабақ соңында мұғалім менің дәптерімді көрді де, «сен
көршіңнен көшіріп алғансың» деді де, «үш» қойды. Ой, мұндай
жыным келмес. Ол сізге менің дәптерімді көрсеткен деп қалай
дәлелдей аламын. Қоңырауға шыққанда жылпос қызды аулаға
алып шықтым да танаудан бір пердім!
Біздің азғантай ауылдың «атаманы» менің ағатайым.
Төбелескен барлық баланы бір қатарға тізіп қоятын да, «күш
көрсеткен олай емес бұлай болады» деп алып тұмсықтан перетін.
Негізі аң болсын, адам болсын, ең осал жері –тұмсық. Адамдікі,
әрине, мұрын деп аталады.
Мәнсияның да мұрынынан қан сау ете түсті. Фартугіме қан
тимесін деп еңкейген оған мен шалқайып тұрып өз қол орама-
лымды ұсындым. Негізі мен апам ұрысса ұрысқандай бар, қол
орамалды ылғи ұмытып жүрем. «Бүгін жаңа мектепке, жаңа
сыныпқа барасың, жаңа достарыңның алдында ұятқа қалып
жүрме деп, сен қыз баласың» апам бәрін тәптіштеп тұрып са-
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
лып берген. Әжем жетектеп келіп директормен сөйлесіп, терезе
жақтағы үшінші партаға отырғызып кеткен.
Орамалды беріп жатып, зілді дауыспен:
– Ендігәрі өтірік айтушы болма! – дедім.
Мұғалім көріп жүгіріп келіп еді, Мәнсиям жылпостығы әшкере
болудан қорықты ма «мен өзім, өзім» деп міңгірлей берді.
Бірақ содан кейін маған ондайын істемейтін болды. Басқа
біреуге қиянат істегенін байқай қойсам да жанына жетіп барып,
жұдырығымды мұрынына тақай қоямын. Көзі жыпылықтаған ол
сол жерден дереу тайып тұрады. Әрі өзі өсекші болып шықты.
«Анау сен туралы былай деді» дейді де жүреді. Мұрат екеумізді
солай шағыстырмақ болыпты. Бастабында Мұрат «ол қыз ғой,
айта берсін» дегенімен ылғи сары масадай ызылдап айта бер-
ген соң бір күні үйге келе жатсам, мені тосыпты.
– Ал, қане, мұрынымды бұза ғой! – деп, талтайып тұра қалды.
– Неге мен сенің мұрыныңды бұзуым керек? – деймін ұқпай.
– Мәнсияға өзің сүй депсің ғой.
Ішімді ұстап әйда күл. Күлкім келмесе де өтірік күліп жатыр-
мын, күліп жатырмын. Мұраттың жыны келе бастады.
– Доғар! Дереу түсіндір!
– Сен еркек баласың. Қазақтың қызы еркекке себепсізден
себепсіз қол көтермейді. Тек жауы кездескенде болмаса. Әлде
сен өзіңдң қазаққа жау санаймысың?
Мұрат шошып кетті.
– Ол не дегенің? Ағалар теледидардан сөйлеген сайын:
«Біріңді қазақ бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос» деп, Абай атамның сөзін айтады да
жатады. Не, сен теледидар көрмейсің бе?
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Онда жүр, Мәнсияға барайық. Менің қай жерде, қай кез-
де дәл солай дегенімді дәлелдеп берсін! Мұрат аз-кем ойланып
тұрды да:
– Кел, одан да екеуміз дос болайық. Сен ақылды қыз екен
сің, – деді.
Қуанып қалдым. Себебі Мұрат біздің алтыншы сыныпта ең
ақылды, ең ұзын, ең білгіш бала! Сондай досым болса маған жа-
ман ба?
– Дос бола алмаймын. Тағы біреу мен жайында бірдеңе десе,
менімен төбелесем деп жол тосып тұрсаң қайтемін?
Мұрат созған алақанын қайда жіберерін білмей бетіме
бақырайып қалыпты.
– Қапа болма. Мүмкін достасып та кетерміз, – деп, алақанын
шарт еткізе соқтым да бұрылып жүре бердім.
* * *
Бүгінгі күніме дән ризамын. Жаңа мектеп, жаңа достары-
ма үйренісіп қалдым. Кешке апам жұмыстан келгенде бәрін
айтып беремін. Апам сөзсіз қуанатын болды. Апам жақсы ғой.
«тырнағың өсіп кетіпті» деп ұрысатыны болмаса. Жек көрем өзін!
Жоқ, апамды емес. Өсе бергіш тырнақты айтам да. Астына со-
сын кір жиналады. Қап-қара боып шыға келеді сосын. Тырнақтың
мені қалай ұятқа қалдырғанын келесіде айтып берермін.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Ұрлық
Тәжікүл биыл мектепке осы көшеге жақында көшіп келген
Санагүл деген қызбен бірге баратын болды. Санагүл – шебер
қыз. Қолынан жылт-жылт етіп бес инесі түспейді. Қолғап, ұйық
тоқиды. Енді бір инемен шілтер тоқуға көшіпті. Әдемі ал қызыл
жіптен тоқып жүр. Тәжікүл соған өлердей қызығады. Мен де
тоқып көрейінші деп жалынса, Санагүл ұстатпайды. Бүлдіріп
қоясың дейді. Мақтаншақ! Қызғаншақ!
Тәжікүл өкпелеп, үйіне кетіп қалды. Ол келіп анасына
шағынды. Анасы күледі, қызының ауаға толып томпиған ұртын екі
саусағымен басып қалып бып дегізді де:
– Оның сенімен ойнауға уақыты қайда? Өзінен кейінгі іні-
сіңлілеріне көмектесем деп-ақ қолы тимейді ғой, – дейді.
«Осы менің анам қызық, өзі емес пе, үй маңын шаңдатып құр
мәк тебе бергенше, Санагүлге барып тоқыма үйрен деген өзі
емес пе?» деп ойлады Тәжікүл енді анасына бұртиып.
Қой, одан да әжеме айтып, «сен қара қатынның» сазайыңды
бергізбесем бе?
Бірақ анасының үстінен әжесіне арыз айтуды ұмытып кетті.
Ойынға айналып жүріп әжесінің келгенін байқамай қалыпты.
Ауылдың табиғаты тамаша. Мектеп пен екі ортада өзен
ағып жатыр. Былайынша суы онша көп те емес. Бірнеше
машинаның ескі доңғалақтарын тастаған. Секіріп-секіріп
өте шығады. Осының өзі қызық. Кейбір қыздар секіре алмай,
аяқтары доңғалаққа дәл келмей құлап жатады. Басқалары
мазақтап мәз болып қалады. Көпір саламыз дегелі неше
жыл.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Тәжікүлге әкесі «мектепке Санагүлмен бірге бар, ол ересек-
теу, қасына ілесіп жүр» деп тапсырған. Судан өтіп, жарлауытқа
көтерілгенде жарқ етіп аппақ мектеп үйі көрінеді. Балалар жүгіріп
ала жөнеледі.
Жазда сайды қуалап бүлдірген теруге болады. Ұйысып өскен
көк балдырғандар аяғыңа мамықтай тиеді. Ұшқат, қарақат. Бәрі
дәмді. «Жаз жақсы ғой, жаз бола берсе, осы оқу дегенді кім ой-
лап шығарды екен» деп, қиялдап қояды Тәжікүл.
Бірақ мектепке барған да қызық. Биыл мектепке жаңа апай
келді. Өзі аздап Санагүлге ұқсайды. Түу, сол апайдан оқысам
ғой!
Қайдан ғана Санагүл есіме түсті екен. Фи, сол мақтаншақты
қойшы! Неге есіме ала беремін.
* * *
Кеше сайдан шығып, жарлауытқа өрмелеп бара жатқанда
Санагүлдің ескі портфелінің ауызы ашылып кетті. Ойында түк
жоқ Тәжікүл, ұмтылып келіп портфелдің ауызын жауып жіберді.
Ауызын жабайын дегенде дәл алдынан өзі өлердей қызығып,
ал Санагүл ұстатпай жүрген тоқыма көзіне оттай басылды.
Қызығып кетіп, лып еткізіп алып, фартугіне жасырды. Үйге
келген соң тоқып, рахатқа батпақ. Ойнап болған соң өзіне
берермін деп ойлады.
Сабақ біткенше зорға шыдап, үйіне жетсімен шөптің таса-
сына отыра қалып, тоқыманы қолына алды. Осы Санагүл қалай
істейді. Жып-жып еткізіп, әп-әдемі өрнектерді шығара қояды.
Жібі түскір шатасып, Тәжікүлдің нәзік саусақтарын мүлдем
тыңдамайды!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Анасы «тамақ іш, қайда құрып кеттің» деп, айқайлап жатқан
соң, жіпті сонда тастай салып үйге кірді. Сол күйі жіп туралы
ұмытты.
Келесі күні Санагүл әжесіне ілесіп, үйге кіріп келе жатқанда
жүрегі зу ете түсті. Әжесі: «Менің Тәжім ұры емес! Басқа жер-
ден ізеңдер! Ө, несі-ай, менің немеремді ұры атандырғысы
келе ме?» – деп бұрқылдағанда кешегі тоқыманы сұраусыз
алғаны – «ұрлық» деп аталатын түсінді. Мына әжесінің соншалық
шамданғанына қарағанда «ұрлық» деген өте жаман нәрсе екен!
Мойындауға қорқып тұр. «Мен оны тек ойнай тұруға алдым
ғой»? Әжесі мұны ірге жағына тығып, басын бауырына басып
алған, көршілерге бой бермейді. Оны көрген соң Тәжікүл де
оллә-біллә танды. «Алғаным жоқ, көргенім жоқ». Алдым десе –
бітті, «ұры» атанайын деп тұр.
Кенет кішкене қызға тыққан жерімнен, шөптің арасынан біреу
тауып алса қайтемін деген уайым кірді. Шөп қораға ешкім кірмесе
екен, алқызыл болып сол тоқыма ешкімнің көзіне түспесе екен!
Қорқынышы үдегені сондай денесі түгел дірілдеп қоя берді.
Кешкілік, анасы сүт пісіруге кіріскенде, даладағы жер ошақта
жанған отқа келіп тоқыманы салып жіберді. Лап ете түсті де, жоқ
болды. Уф! Тек ағаш сабы бар пілтекеш ұзақ жанды.
Анасы байқап қалыпты.
Ұрсып, ақыры мойындатты.
Ұялтты.
Бәрінен жаманы әжесіне айтты.
Әжесі түк деместен немересіне тесіле ұзақ қарады.
Қатты күрсінді. «Мен саған сеніп жүрсем» деді. Тәжікүл не
дерін білмеді. Ендігәрі біреудің нәрсесін ешуақытта алмайды!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Алмайды! Әжесі камзолының ішкі қалтасынан ақша алып берді. Анасы екеуі дүкенге барып кешегі жіпке ұқсас жіп сатып алды. Анасы екі есе көп жіп алды. Үйге келген соң екі пілтекешті әкесіне жасаттырды. Дүкенде ондай зат жоқ екен. Ертеңінде бір қозы сойып, Санагүлді әжесімен қонаққа шақырды. Адуын әжемнің орнына өте жуас әже отырды. Әкесі орталыққа барғанда Санагүлге ауыз ашылып кетпейтін су жаңа портфель сатып әкелді. Былайынша, Санагүл екеуі дос. Жыны келгенде «сен ұрысың» дейтіні бар. Біреулер ұрлық туралы сөз етсе, сол баяғы алқызыл жіп есіне түседі. Алқызыл жіпті тоқыма. Сол алқызыл жіптей беті өртеніп шыға келеді Тәжікүлдің.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Мәтнияз
Мәтнияз биыл жетіншіге көшті. Бойы сырықтай. Әкесімен
теңесіп тұр. Тек әкесіндей иықты емес. Әлі етейеді ғой. Анасы:
«өскенде әкеңнен де ірі болатын түрің бар» дейді. Болса екен.
Күнде ертемен тұрып турникке тартылады. Таэквондаға барып
жүр. Неше жыл, бір, екі, ау, биыл төрт жыл болыпты ғой! Жеңісінің
жасыл белбеуі де бар, ауданды қойып, облыстық жарыстарға
барып жүр!
Жасыл белбеу... Ол –алғашқы бапкері Меңдіқара ұстазының
еңбегі. Ол өзін таэквонданың дүние жүзіне танылған шебері
Мұстафа Өзтүріктің тікелей шәкіртімін деп мақтан тұтады. Сон-
дай қазақ барына қуанатын. Қызық-қызық әңгімелер айтатын
ағайының сөзін тыңдап отырып, Мәтняз, Мәтнияздың достары
сондай арқаланып, ойша әлемді кезіп кететін.
Ағай кеткелі мәніс кетті. Оның орнына келген екі физрук
тың екеуі де көп тұрақтамады. Бәрі аз істеген соң кетіп қала
береді.
Мәтнияз әсіресе, өткен жазда облыс орталығында өткізген
жарысты есінен шығара алар емес. Сол жарыс кезінде танысқан
Алматыдан келген Асхат досына дән риза. Ол сыйлаған
таэквондоның әдістері жазылған дискіні күнде көреді. Сый деп
соны айт! Шіркін, Астанаға немесе Алматыға барып, спорт
мектебінде оқыса ғой!
Жарыстарға баруға жол кірені бірде тауып, бірде таба алмай
қалатын ата-анасына не сын. Өзі кетіп қалса мұндағы бөпелеріне
кім болысады? Қыста сиырға кім жем-шөп береді, астын кім та-
залайды. Бөпелері өссін, сосын...
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Осы жаз жұмыс істеп ақша тапқысы келсе де, ата-анасы
бұғанаң қатқан жоқ деп рұхсат бермей отыр.
Сосын әкесіне көмегім тисе де қайда жатыр деп, науқандық
жұмысқа ілескен-ді. Науқандық дегені аз уақытта тез бітіруі ке-
рек осындай қой қырқу, қой тоғыт, сақман сияқты жұмысты ай-
тады екен.
Күн шыжып тұр. Жүн жетілді, көтерілді деседі. Қырқып алмаса
қой пысынайды екен. Мазасыз қой қоң жинамайды екен. Ондай
қой қыста көтерем, арық болады екен. Іш тастайды екен. Яғни,
қозысы өліп қалады. Пәлі, бәрі біріне бірі тәуелді екен. Міне,
Мәтнияз қандай жауапты жұмыста жүр. Мәтнияз көп нәрсені
көңіліне түйді. Жаңа сөздер, ұғымдар үйренді.
Мәтнияздың әкесін бәрі мақтайды. Тез қырқады, таза
қырқады, қойдың денесіне түк жарақат түсірмейді деп
қауқылдасады. Мәтнияз кеудесін кере қоқиланып жан-жағына
қарады. Кілең ересек кісілер, мұнда достары жоқ. Мәтнияз
аздап ұялыс тапты. Ұялған тек тұрмас деген. Тез қой ұстауға
жүгірді.
Әкесі ұялы телефонмен сөйлесіп қолы тимей жатқанда
сөреде аяғы байлаулы қойды қырқып көрді. Қызық екен. Көзі
алайып адырайған қойдың басынан сипап: «сен қорықпа, қойым.
Мен қанатпай қырқамын, тек сен қозғалмай тыныш жат, жарай
ма? Сенің жүн дейтін тоныңды шешіп алмасақ, сен терлейсің
ғой,» – деп сөйлеп қояды.
Қой бірдеңе түсінгендей көзін жұмып, мойнын созды. Мәтнияз
электр қырықтықпен зырылдатып қырқа жөнелді.
Жаңағы:
– Ербимей былай тұр!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Өңкиіп алып не тұрыс, мә, қырықтық. Бол, шапшаң, іске
кіріс! деген үлкендер, әкесінің:
– Ол – оқушы бала. Әлі жас. Маған қой әкеліп тұрса да жете
ді, – деп ара түскені, енді қара, міне өзі қырқып жатыр!
Әкесі сөйлесіп болып:
– Балам, жинал. Шешең ауруханаға түсіп қалыпты. Үйге қай
тамыз. – деді. Мәтнияз:
– Әке, сіз өзіңіз барып бір жайлы қылып келіңіз. Мен осында
қалып, істей тұрайын. Әйтпесе, бізге ақша төлемейді ғой! – деп
қиылды.
– Жарайды, орныңа балаң істей тұрсын. Икемі бар екен.
Кісі қолы жетпей жатыр. Сені жібермеймін десем, бәрібір ала
көңіл болып ештеңе тындырмассың. Барып, біліп кел. Біз мұнда
балаңа бас-көз болармыз – деп, бастығы да рұхсат етті.
Мәтнияз болса әкесін ұятқа қалдырмайын деп, күніне он
бес-жиырма қой қырқып тырысып-ақ жатыр. Әкесі қайта ора-
лып, үйдегі жай туралы түсіндіргенде, жігіттер баланың қоймен
сөйлесетін әдетін, қойдың Мәтниязды тыңдайтынын жамырасып
айтып мәз болысты.
Міне, әкесінің қолғанаты болды деген осы деп арқасынан
қағып қояды. Бастық та өзіңе еңбеккүніңді бөлек төлеймін деп
қуантып қояды. Алақай! Өзіне жеке спорт киімін алатын болды!
Қуанған Мәтнияздың қолы-қолына жұқпайды.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Іңірбайдың күнделігі
Мен қазір он төрт жастамын. Есейдім. Үлкен қалада, Сағыз
деп аталатын дәу бекетте, орта мектепте оқып жатырмын. Мұнда
кейбір балалар күнделік жазады екен. Мен де соларға еліктеп
күнделік жазғым келді. Әрі туып-өскен ауылымды сағынып
кеттім. Мүмкін күнделігімде соларды еске алсам сағынышыма
ем болар. Иә, сөйтейін.
Шіркін, Еркебайдағы күндер-ай! Ауасы қандай! Көк жасыл
жайлауы қандай?! Апамды сағындым. Бірге ойнаған достарымды
сағындым. Сағындым. Бұл бір өзі қызық сезім екен. Міне, мына
жерім біртүрлі сыздап ауырады. Көңілім байыз таппай, не істерімді
білмей кетемін. Мұның не екенін әуелде түсінбей жүрдім. Тек апай
«неге мұңайып отырсың? Үйіңді сағындың ба?» дегенде осы
сезім сағыныш аталатынын ұқтым. Сағыныш. Бұл махаббаттың
бастауы екенін есейгенде ұқтым. Сағынатын адамың, сағынатын
ел-жұртың болғанына не жетсін? Ал қазір ер жетудің алғашқы
баспалдағында тұрып, титімдей жүрегімдегі бұлқынысты сара-
лап, күнделігіме сағынған жандарымның бейнесін түсіргім келді.
Менің Шилібай деген досым болды. Менің атым – Іңірбай.
Іңірде, ел малын жайғап, енді орынға отыра бергенде өмірге
келіппін. Ал Шилібайды шешесі ши оруға барғанда туып қалыпты.
Ол кезде шеше жап-жас келіншек екен. Үлкендер «саған баруға
болмайды» десе де болмай, жасырынып қашып барып орған
ғой. Қызық көрген шығар, әрі үлкенді тыңдамайтын жынымыз
бар емес пе?
Ши өте ұзын болып өседі. Оны ормайды. Жас, қарулы жігіттер
беліне орап алып, қара күшке салып тартады. Жұлынған шиді
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
сорттап, реттеп, ең ұзындарын екі метрдей болатындарын
текемет басуға арналған ши етіп тоқиды. Одан кішілеулерін
орама ши жасайды. Оны үйді айналдыра тұтып, сәндік үшін,
шыбын-масадан қорғану үшін ұстайды. Әдетте, орама шиді
қыз жасауына қосады. Енді кішілеу шиді де тастамай құрт
жаятын шыпта ретінде пайдаланса, тіпті кішкенелерін тары
қайнатқанда суын сорғытатын сүзекі жасап алады. Ал енді
«орама ши» дегенің қазақ ауылда кәдімгі өнер туындысы. Оған
аппақ қойдың жүні керек. Жүнді жуып, түтіп дайындап алған соң
неше түрлі жосаға салып бояйды. Дайын болғанда көздің жау-
ын алатын кемпірқосақ тәрізді тамаша болады. Соның бәрінде
біздер өз шешелерімізге болысып, көмектесіп қастарында
жүреміз. Тек есейе бастағанда «ер бала өзіне лайық күш-қуат
талап ететін ірі жұмыстармен айналыссын. Әйтпесе, нәуетек
болып кетеді» деп шеттете бастайды. Мен қолөнерге қызығып,
қуса да кетпей, айналсоқтай берсем керек, Шилібай досым
«қызтеке болып кетесің» деп қорқытты. Үлкеннің қорқытқанынан
гөрі қатарыңның сөзі өтімді бола ма деймін. Мен қайтып жола-
майтын болдым.
Екеуміз сондай тату едік. Ол кәдімгі қазақтың күнқақты қара
баласы. Мен шикі сарымын. Ұйқыдан тұра салсымен бір-бірімізді
іздейміз. Нағыз бірінсіз-бірі тамақ ішпейтіндердің өзіненбіз.
Айтақырда асық иіріп, тайға мініп, суға бір-бірімізді батырып –
әй, қызығымыз бір таусылмайды-ау, тауылмайды. Ол кезде ауыл
маңы айналдыра кішкене-кішкене көлдерге тола болатын. Күні
бойғы ермегіміз сол суға шомылу болатұғын. Әсіресе сиыр
сауған аналарымызға көмектескен соң, жон арқамыз түгел тер-
ге баттасып, есіміз шыға ыстықтаған кезімізде жүгіріп келіп суға
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
шомп-шомп ететініміз, сол кездегі жанымыздың рахат табаты-
нын айтсайшы!
Бір жолы бәстесеміз деп суда ұзақ отырдық. Үсті басымыз
көгеріп кетті. Көлбақа құсап көгерген біздерді үлкендер желке-
леп үйді-үйімізге әкетті. Ойын десе есіміз кететін кездер-ай!
Шіркін, Еркебай ауылым-ай! Көкірегіңе өзі кіріп, өкпе-
қолқаңды аралай жөнелетін саф ауасы қандай! Оймақтай-
оймақтай көлдері қандай! Жаз болса судан шықпаймыз.
Бізден ересектеу жігіттер ау құрып ұстаған балықтары жөнінде
әңгімелегенінде,
білектей-білектей
балықтарын
көрсетіп
мақтанғанында біздің де балық ұстағымыз келіп делебеміз
қозатын. Үлкендер рұхсат ете қоймағанына қарамай су ішінде
өсіп тұрған қоғадан өзіміз ау тоқып алмақшы болдық. Су
кешіп тұрып қоға жұламыз деп араға да талай рет таландық.
Еңбектеніп тоқыған ауымызды суға салған бойда қоғаның
суда ылжырап, қамаған балығымыз ауды бұзып кете беретінін
қайдан білейік.
Сосын жыңғылдан садақ істедік. Баяғының батырларындай
садақпен қаруланып көлге төнбейміз бе? Балдырдың түбінде
бір дәу шортан үйездеп тұр. Тартып кеп жібердім. Жыңғыл оқ
шортанның ортан белінен сарт етіп кірді де, оны көл түбіне
бір-ақ қадады! Ой, сондағы қуанғаным-ай! Шортанымды
құшақтап дөңгеленіп жүрмін! Ой, рахат-ай! Өзімнің әбжілдігіме,
шапшаңдығыма осы жолғыдай қуанбаған шығармын. Мен жарты
құлаштай шортан ұстадым! Мына мен! Мен өзім!
Үйге қайтар жолда Қайрат деген баланың шортанымен менің
шортанымды төбелестірдік. Бала бәстеспей жүре ме? Кімнің
шортаны күшті екен демейміз бе баяғы. Қайраттың шортаны
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
менің шынашағымды тістеп алды. Қарай гөр бәлесін! Мен шор-
тан қырқып алған шынашығымды аяп жылап жібердім. Қолымнан
аққан қанды Шилібай түйе жапырақпен орап әуре. Оны табан
астында қайдан тапқаны мен үшін әлі жұмбақ. Балалар менің
жылағанымды мазақ етіп күліп жатыр. Мен ызақорланып өз шор-
танымды Қайратқа қарай лақтырдым. Жарайсың, шортаным!
Ол да Қайраттың қолын қанатып кетті. Есем қайтқанына жаным
тынышталып, өксігенімді қойып, шортанымды құшақтап үйге
қайттым.
Жасым ондардың шамасы болуы керек, көрші ауылдағы
тойға бардық. Шилібай, мен және інім Серікбай үшеуміз қайтар
жолда үлкендерден жырылып бөлек кеттік. Ауылға жақындағанда
оймақтай бір көл кездесе кетті. Аумағы үй орнындай ғана. Жетіп
келіп ішіне үңілсек – іші тола құртша қайнаған балық! Жыпырлап
толып жүр. Мына ақ шабақтар біздің аңшылық құмарлығымызды
оятты. Көзің қызығады. Дәл өзіміз сияқты шап-шағын, дәл өзіміз
сияқты қутың-қутың етеді. Дереу шалбарымыздың балағын түйіп
тастап балық «аулауға» кірісіп келіп кеттік. Алақандай судағы ақ
шабағы түскір ұстатпайды. Біздің балтырымызды түртіп ойнап
қашатынын қайтерсің! Сөйтіп, әуреленіп жүргенімізде екі салт
аттының төніп келгенін де байқамаппыз. Не деп ұрсып жатқанын
ұқпадым. Естімедім десем де болады. Мүмкін сол көлдің балығы
уланған деп ескерткені шығар. Қазір ойлап отырсам сол «Азғыр
полигонынның» істей бастаған кезі екен. Шилібай мен Серікбай
зытып барады. Судан шыға қоймаған менің арқама қамшының
ащы ұшы тиген кезде қалай ыршып шыққанымды өзім де
байқамадым. Әлде жаңа ғана тойда жыраулар жырлаған дәу
атанды қамшысымен екіге бөліп тастап жүре беретін баяғының
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
қамшыгер батырларының тұлғасы көз алдыма елестеп кетті ме
екен? «Ағатай, тұра тұршы. Мен жалаңашпын ғой!» деп шырыл-
даймын. Уәжге қарайтын салт атты ма, қамшысын білей ұстап
төніп келеді. «Батырға да жан керек», ұятты ұмытып, ауылға
қарай безе жөнелдім. Олардың маған қамшы сілтегенін көрген
Шилібай мені құтқармақ болды ма, салт аттылардың наза-
рын өзіне аударғысы келді ме, кейін қарай жүгірді. Мен сол тыр
жалаңаш күйімде ызғып отырып үйге қойып кеттім. Төбемен
бірдей етіп жиналған жүктің тасасына келіп тығылдым. Жеңешем
үйге қуа кіріп: «масқара, тез дамбалыңды ки! Әйтпесе, көкең сені
де, мені де өлтіреді!» деп, маған ұрсып жүр. Оны тыңдауға уақыт
қайда, басымды сауғалап, құрттай қуысымда тығылып тұрып,
әй, сол дамбалды тура бір сағат киген шығармын. Су түйіншек
шешіліп бола қоя ма?
* * *
Ағатайымның екі қаз ұстап әкелгені де есімде. Ой, өзі сон-
дай дәу болатын. Оны көргенде Шилібай досым қызығып кетіп,
біреуін өздеріне беруін сұрады. Бірақ ағам бергісі келмеді. Тіпті
Шилібайдың әкесі Сапа да, шешесі Ақшабақ та қызыға қарасты.
Ағам, бірақ, міз бағар емес. Менде де үн жоқ. Қызғандым-
ау деймін. Болыспадым. Үндемедім. Кейін Шилібай қайтыс
болғанда осыларым есіме түскенде жаным жаман қиналды.
Сол кезде сұрап тұрғанда бір қазды бере салу керек еді. Енді
өкінгеннен не пайда?
Күздің лебі әжептәуір білініп қалған кез. Сонда да суға
түскенді қоймаймыз. Себебі су жып-жылы. Судан шықсаң-ақ
дірдектей жөнелесің. Одан да іші жылы суда отырған жақсы.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Қазақтың «ойының осылсын» дейтіні бар еді. Әке-шешені
тыңдамаған біздің де ойынымыз осыла жаздады. Көп ойнап
жаурап қалдық па, болмаса микроп жұқтырдық па – бәріміз
қырқай ауырдық. Безгек тигендей қалшылдатып әкетіп ба-
рады. Біз ғой екі-үш күн жатып, сосын жазылып кеттік. Тек
Шилібай досым төсектен басын көтере алмай бір апта жат-
ты. Ел өледі десті. Ал менің оған түк сенгім келмейді. Ойын
қалды жайына. Екі көзім Шилібай үйі жақта. Апасы мазасын
аласыңдар деп жолатпайды. Шіркін, досым осыдан басын
көтерсе ешқашан ренжітпес едім деп қоямын. Бұл менің
алғаш рет үлкен кісіше ой ойлап, досым арқылы өмір мәнін
ұғуға талпынғаным екен.
Шилібай басын көтерген күні барлық бала жиналып,
қасымызға досымды ертіп алып сондай тату күйде ауыл маңайын
араладық. Тіпті ешқашан дауласпаған, бәстеспеген балалар-
дай татумыз. Қайғы, қорқыныш адамдарды біріктіре ме дедім.
Көлдің бәріне бардық. Мизам шуақ кезі тұғын. Әйтсе де суға
түспедік. Құр серуендедік. Ойнамадық. Бәріміз досымыздың
әлсіреп тұрғанын сездік. Сосын...
Екі күннен кейін досым өлді. Қайтыс болды. Енді Шилібай жоқ.
Сене алмаймын. Сенгім келмейді. Сенбеймін. Енді ешқашан
Шилібай досымды, мен десе жанын қиюға бар досымды көре
алмаймын. Онымен бірге ойнай алмаймын.
Өлікті жуып далаға шығарды. Барлық бала топтасып жанына
бардық. Үн жоқ. Тырс етіп дыбыс шығара алар емеспіз. Кенет бір
бала «көзіңді жұм. Әйтпесе сен де өлесің» деді. Мен көзімді тарс
жұмдым. Өлім не деген үрейлі әрі жұмбақ еді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
* * *
Досымды еске алу үшін, ұмытпау үшін осы күнделікті жазуды
бастадым. Досым үшін осы сөздерді жазғым келді.
Анда-санда
басымыз
қосыла
қалғанда
достарыммен
Шилібай былай деуші еді деп еске алып қоямыз. Есейдім ғой.
Он төрттемін. Жігіт болдым. Үлкен жерде оқып жатырмын. Жаңа
мектепте жаңа достар таптым. Дегенмен бала күнгі досыма кім
жетеді? Бақұл бол, досым Шилібай.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Өзіңді алғаш көргенімде
Жер тоңазып қалыпты. Жапырақтар сарғайған. Қаңбақтар
да домалаңдай бүрсеңдеп әлдеқайда зытып барады. Балзия
табиғатты тамашалап келе жатып өзін алыстан қоршай қаума
лаған «Сағыздың шпаналарын» аңғармай қалыпты. Әншейінде
осы арадан сақ өтетін. Енді не де болса қашуға кеш. Қорықпауға,
жыламауға бекініп, кітаптарын салған кішкене сары валеткасын
(әкесі қаладан әкеліп берген кішкене чемодан) кеудесіне қыса
ұстап, келсең-келге тас түйін бекінді. Олар да бақырып қаша
жөнелмей сұстанған титімдей қызға таңырқағандай он-он бесі
түнере топтанып үнсіз келе жатыр. Шеңбер біртіндеп тарыла
бастады. Қыз өзіне қол созым қалғанда ауыр кітаптар салынған
валеткасын көтере ұстап шыр айналды. Денесіне қол тигізбеудің
тәсілі. Осы кезде мына топтанған балалардан сескеніп, алыстан
орағыта айналып өтуге тырысқан Халықбек кенет орталарында
құлап қалған қыздың Балзия екенін көзі шалды. Айқайлап тұра
жүгірді. Бұл кезде күн жап-жарық болып жерге мол мейрімін төге
көтеріліп қалған. Бірен-саран жүргіншілердің сұлбасы көрінеді.
Бәрі айқайды ести сала осылай қарай жүгірісті. Бұзақылар жылы-
стай бастады. Үстінің топырағын қаққанға белі ауырсынған қыз
Халықбектің қолынан сүйреуіне үнсіз көніп, үйіне қайтты. Үйге
кірсімен ағыл-тегіл жылады. Манағы шпаналардан қорыққанына
бүгінгі сабақтан қалып қойған ызасы қосылды. Түскі асқа келген
әкесі:
– Ал, «партизаным», не болды, сөйле! – деді қатал үнмен.
Бұлардың отбасы осы Сағыз селосына көшіп келгелі әкелері
қасында. Бұрынғыдай сағынып анда-санда көріспейді. Тек кел-
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
ген жылдары тұрған төрт бөлмелі қам кірпіштен салынған үйден
мына қамыспен буған матыдан жасалған, сылағы түсуден көз
ашпайтын әрі бөлмелері «құрқылтайдың ұясындай» екі үйлік
пәтерге басы анасы болып көндіге алмай жүрген. Балзия да
екі жыл оқып үйреніскен мектебін қимай жүр. Алғашқы сабақ
та ирек үш алып үйіне еңіреп келгенімен, кейін мектеп дирек
торына дейін мына Балзияның беске оқитынына көзі жеткен.
Тіпті биылғы оқу жылында жоғары жақтан комиссия шақыртып,
емтихан алып екі сыныпты бір аттатамыз деп мұғалімі уәде
беріп қойған. Енді соның бәрі адыра қалмақшы. Қалай ғана
жаңа мектепке ауыссын? Осы әке-шешесі де қызық. Біздің
үйдің қасында мектеп тұрғанда үш шақырым жерге неге
барасың деп...
Базекең, қыз әкесі, дереу совхоз активтерін жинап кезектен
тыс бюро өткізді.
– Жолдастар, қаралатын мәселе біреу. Ол мына техникалық
білім беретін оқу орнының тәрбиеленушілерінің жайы. Олар
жататын жатақхананың екі пеші де жарамай қалды. Сондықтан
онда оқитын балаларды бір-екіден әр отбасына таратып алуы-
мыз керек.
– Пеші бүп-бүтін сияқты...
– Жоқ, түтін тартпайды. Оларға иіс тиіп қырылып қалса өкімет
алдында осы отырған азаматтар, біздер жауап береміз.
– Шүлдірлетіп, тілін түсінбей...
– Ештеңе жоқ! Олар қазақша үйренсін! Қазақтың нанын жеп,
жылы киім киіп, үш мезгіл тамақ ішкен соң есіріп...
– Не десеңдер де олар кешегі Отан соғысында ата-анасы-
нан жетім қалған, қан сасыған Беларусь, Украин, Латыштан кел-
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
ген жетімектер. Не тәрбие алды дейсің? Олардың азамат болып
қатарға қосылып кетуі енді мына сіздерге байланысты.
– Иә, тентекті тентек десең бөркі қоқырайар деген. Дұрыс
айтасың, Базеке. Тамағы тоқ, иіні бүтінделген соң ішіне арыстан
ойнай бастайды ғой.
– Маған солардың ішіндегі ең бұзақысын бер. Сосын, ком-
мунист жолдастар. Олар бала. Жас шыбық қалай исең солай
бұрылады. Бірақ оларды жетім екен, қонақ екен деп қалағанын
істеуге ерік бермеңдер. Өз балаңмен тең ұста.
– Сонда қалай?
– Жұмса. Адамды адам еткен еңбек. Еңбексіз құры отырма-
сын. Әрі өмір сүруге бейімделеді. Қазір бейсеует жүргіншілер
«Сағыздың шпанасынан» қорқатын болды. Аулымыздың жаман
атын шығармау осы отырған бізге байланысты.
Иә, олар бәленшекеңді қорқытып ақшасын тонап алыпты.
Түгеншекеңді өлімші етіп сабапты. Қыз зорлапты деген гу-гу
әңгіме бір тиылмайтын болып кетті-ау...
* * *
Арада жыл өткенде Базекең «асыранды баласы» Сашаның
қолына қомақты ақша ұстатып:
– Сен енді азамат болдың. Он алтыға келіп, төлқұжатыңды
қолыңа алдың. Оқуың бітті. Мен Гурьев деген қаладан жаңа
ашылған зауыттағы бастықпен келісіп қойдым. Ол қала
Қазақстанның облыс орталығы. Ар жағында Ресей тиіп тұр.
Қаласаң сені сол жерге апарып орналастырамын. Онда саған
жатақхана береді. Өзің сияқты жастар болады. Бәлкім үлкен
қалада өз ұлтыңның қызын жолықтырып қаларсың. Сөйтіп отау
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
да көтерерсің. Жаңадан ашылған батаға. Жұмыс күші көп керек
болып қалар. Осындағы достарыңның саған ілесем дейтіні бол-
са, айт. Бірге жүремін десе, ертіп әкетейін, – деді. Қалған отыз
төрт жас жеткіншек те жасы он алтыға келгенде осы сүрлеуге
түсті. Ал олар үшін ашқан ФЗО типтес оқу орнында кейін алыс
ауылдардағы қойшы балалары және Сағыз бекетіндегі жастар
оқып механизатор мамандығын алды.
* * *
Халықбек ойланып кеткен екен. Мұғалімнің не дегенін естімей
қалыпты. Апыл-ғұпыл жауап берген соң сабақта отырғанын
тағы ұмытып тағы қиялға шомды. Тістене ерінін жымқырып ды-
бысын шығармай төзген Балзияға таң қалады. Осыдан бір
жыл бұрын Кенбай мектебінің ұлдары қамаған. Сонда өзі де
ішінде бар. Балзия онда да түк дыбыс шығармаған. Сол жолы
мектептің ішіне сүйреп кіргізіп, бұрышқа қысып: «ана 490-ский
қайыршыларыңа айта бар! Біздерді «Кенбайский кең көтен»
дегендерін қоймаса таяқ жейді!» деп ескерткен. Аядай селодағы
екі мектептің оқушылары сиыспай, Кенбайлықтар «төрт жүз
тоқсанский қайыршы, бір сомымымды айыршы» деп әндететін.
Онысы орысша сыныптары бар мектепте, олардың ата-анасы
мектеп буфетінен тамақ алып жеуге балаларының қолына ақша
ұстататыны. Оны ана балалар артықшылық көретін. Бұларға
мақтанып көрсететін. Бала неме бұлардың қойшы ауылдан келіп,
форма дегенді енді ғана көріп-біліп жатқан, өздері белін резен-
кемен буған шалбар киетінін мазақ ететін.
Онда осы сары қызға Дина деген қара қыз ара түскен.
«Бұл қыз мен бірінші сынып оқып жүрген көктемде суға кете
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
жаздағанымда мұзды ағын бұрқырап жатқан өзенге менімен
бірге түсіп, мені құтқармақшы болған. Балзия менің шашымнан
ұстап, Махамбетов Жадыра ағай Балзияны ұстап судан әрең
алып шыққан. Ағай үрсып жүр «өзің жүзу білмейсің! Неге түсе
сің. Мен сонда біреуіңді ғана құтқаратын едім. Су жұтып мұнша
төсек тартып ауырмас едім» десе, Балзия «өзіңіз суға кеткенді
құтқар» дегенсіз депті ғой.
«Жіберіңдер. Ол жақсы қыз» деп, сол Дина ара түсті. Со-
дан аты Халықбектің есінде жатталып қалыпты. Халықбектің
өзі осы Кенбай мектебінде оқығанына дән риза. Кенбай деген
баяғы өткен заманда, Бекет атаның атқосшысы болған кере-
мет кісі дейді. Белдескенді жеңеді екен. Қасқыр екеш қасқыр
да алдынан кездессе бүгежектеп зытып тұратын бір қасиетті
жан болса керек. Артынан ерген елге пана болып, жақсы жер-
лерден қоныс сайлайды екен. Малы күйлі, елі ауқатты болып-
ты. Бұрын осы оқып жүрген Кенбай мектебі бала оқытуды сол
кісінің мекенінде, сол кісінің ұрпақтары тұрған тастан салынған
үйде бастапты. Сондай аруақты кісінің атымен аталған мектеп
жаман болушы ма еді? Балзия да қасарыспай үйінің қасындағы
осы мектепке ауысып оқыса ғой... Онда сол қызды өзі күнде
көріп жүрер еді.
Қиялшыл Халықбек келесі күні өз көзіне өзі сенбеді. Бал-
зия! Кітаптарын көтеріп келіп тұр. Әкесі көндіргенін естіп
қуанып қалды. Үш шақырым жердегі мектепке барғаннан үйінің
қасындағы мектеп қолайлы емес пе? Әрі жолда бұзақы балалар
да жоқ.
Балзия қыстық киімінің қалтасынан бір парақ хаттты тауып
алғанда оқымастан жырта салды. Ашып көрмесе де Халықбектің
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
жазғанын жүрегі сезді. Соның өзін көзімен ішіп-жеп қарағанын
мүлдем ұнатпайды. Оның үстіне мектептің алдында тұра қалып
«паровоз» ойнағанда ылғи мұны сүйреп шығатыны ұнамайды.
Осындай қызық ойын бар екен мұнда. Балалар бір қыз, бір ұлдан
қолдарын ұстасып, басынан асыра көтере тізбектеле тұрады.
Ал сол ән салып тұрған балалардың бірі қасындағы баланы
қолынан жетектеп жаңағы күрке сияқты балалардан құралған
«паравоз» ішінен алып шығып тізбектің соңына барып тұрады.
Қоңырау соғылғанша ермек етуге жарап жатыр. Әрі балалар
орынсыз жүгіріп шуламайды. Бірақ бұл ойын Балзияға түк те
ұнамайды. Мүмкін ұнар еді. Сол күні формасынын қолтығы сөгіліп
кеткенін аңғармапты. Ал өзін қалап топтан жетектеп шыққан ұл,
мына Халықбек дәл сол мұның жыртық қолтығынан көз алмауын
қарасайшы? Салақ екен деді-ау. Жалпы Балзияға бұл мектеп түк
те ұнамайды. Ұп-ұзын барак сияқты етіп салынған үйде кейбір
бөлменің едені әлі төселмеген. Демалыс күндері ересек ба-
лалар қабырғаны сылап, әктеп осында жүреді. Мектеп деп ана
490- мектепті айт! Биік. Еңселі. Бөлмелері кең-кең. Неше түрлі
карта қабырғада ілулі. Сол картадан неше түрлі қаланың атын
жасырып кешке дейін ойнасаң да қызығы бір таусылмайды. Гло-
бус. Тіпті адамның қаңқасы...
Иә, иә, бірінші рет көргенде содан өзі өлердей қорыққан. Таң
атпай ерте келіп сурет салып жүрген. Сонда Хамит деген өзінен
жоғары сыныпта оқитын бала қорқытқан. Бөлмеде жалғыз өзі.
Сабақ басталғанша дәу плакатқа аяз атаның суретін үлкен етіп
салып үлгеруі керек. Бөлме іші қара көлеңке. Бүгін қырсыққанда
свет сөніп қалды. Қап, үлгермейтін болдым-ау, ағайға не деймін?
Сылтау айтқанды жек көретін қыз мазасызданып тұрғанда есік
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
ашылып, саудырлаған қаңқа кіріп келеді. Қорыққанннан үні
шықпай қалды. Кейін жарықты әдейі сөндірген осы тентектің
ісі екенін білген мұғалімі өшін алып берді ғой. Содан кейін оқу
құралы болған өтірік қаңқадан қорықпайтын болды. Әй, бірақ
сондағы қорыққаны есінен қалар емес. Балзия бөтен мектепте,
бөтен балалардың ортасында ақ білегіне иегін сүйеп өзімен өзі
партада отырады да қояды.
Бұл тоң-торыс хәлден ана мектепте өзін оқытқан мұғалімі
Аққайыр Молдашев осында ауысып келген соң сейілді. Ол келе
Балзияны көп жұмысқа жекті. Қабырға газетін шығар деді. Пио
нер вожатый етіп тағайындады. Ең бірінші шәкірттерді жіктеп,
жақсы оқиды деген балаға бір-бір үлгерімі нашар баланы
қосақтады. Дина Балзияны өзі қалап алды. Үй арасы жақын,
әуелден таниды.
Балзия тура өз үйлері сияқты пәтерге келгенде бірден
мұғалім құсап кітаптарын шығарып сабақ оқуға кірісерміз деп
ойлаған. Пышылдап нан илеп жатқан титімдей Динаны аяп кетті.
Жүгіріп бұзауына жылы су берген қыздың шашылып жатқан үйін
жинауға көмектесуге қалай кірісіп кеткенін өзі де аңғармады.
Екеулеп істеген іс тез бітіп, уһ, енді апам ұрыспайтын болды деп
қуанды Дина. Қорадағы малдың саңылтырын алу, шөп салу, сиыр
сауу, үй тірлігінің бәрі осы титтей қыздың мойнында екен. Апасы
совхоз жұмысында, ерте кетіп, кеш келеді. Ағасы үлкен қалада
оқуда. Тіпті сабақ қарауға уақыты қалмайтын сияқты. Қайдағы
үлгерім? Балзия Динаның тоқпақтай бұрымына қызығатын. Одан
битті көргенде жиіркеніп қалды. Динаның үп-ұзын бұрымдары
аттың жалындай қатты. Балзия үйінен бит тарақ әкеліп қыздың
шашын тарады. Төгіліп-ақ түсті. Бірақ келесі күні тағы жүр. Оны
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
шаш түбіндегі аппақ сіркеден көрді. Сол аппақ сірке аз күнде
ересек битке айналып шыға келеді екен. Бұл биттер баста мый
қалдыра ма? Балзия апасынан сұрап алып, шаштың түбіне май
жағып, келесі күні тарау керегін білді. Торсықтай торсиған ақ
сіркені бит тарақпен сүзді. Досының көмегімен сыныпта үндемей
бұғып отыратын қорғаншақ Дина да өжеттене бастады. Сабақ
үлгерімі де кәдімгідей көтерілді. Екі қыз достасып кетті.
Бұл мектептің бар баласының киімі сыртқы кіре берісте ілулі
тұрады. Ана мектепте сыныптың ішінде ілінетін. Есікті ашып-
жапқан сайын суық ауа бұрқ-бұрқ кіреді. Польтолары да тоңазып
тұрады. Міне, тағы да хат. «икс қосу игрек тең махаббат» деп
тұр. Махаббатшылын мұның! Біреудің мінін қарап...Тағы жыртық
қолтығы көзіне елестеген Балзия өзін кешіре алмай өкпелеп
тұрғанда Дина досы қасына келді.
«Мә, мұны саған Халықбек берді». Дина абыржып хатты
қалтасына тыға салды. Кейін үйіне барған соң «мен не деуім
керек? Ол бала сияқты математиканы жақсы білмеймін» деп
ақылдасты. Оған Балзия отыра қалып өзі жауап жазып берді.
Жетіншіде оқиды дейді-ау сені!
Сабақ бітуге таяу. Ұзамай жазғы каникулға шығады. Арқасын
кеңге салыр кез де алыс емес. Дина бүгін Балзияға қиыла қарап:
«апамнан мені сұрап алшы. Сен сұрасаң жібереді. Бүгін сағат
үште ауыл балалары жиналып қол доп ойнаймыз,» – деді.
Алқа-қотан тұра қалып допты жерге түсірмей қақпақылдау
керек екен. Түсіріп алған бала айыпты болып ортаға жүрелей
отырады. Оны сыртта тұрған бала доппен ұрып «құтқарып» алуы
керек. Ойыннан шаршап, шаң-шаң болып қайтты. Динаның ау-
ызы бір жабылмайды. «Ана Шапи бар ғой, былай ұрғанда уда-
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
ры керемет енді! Шапи маған былай қарағанда бар ғой! Шапи
маған не дегенін естідің бе? Шапи...»
Оның Шапи да Шапи деп аузынан тастамайтыны шешен ба-
ласы. Олар күн жылына осы елге келіп шарт жасасып құрылыс
салады. Қар бір түскенде еңбек ақысын алып елдеріне қайтады.
Оған мұндағы елдің көзі үйренген. «Шешендер келіпті ғой. күн
жылынатын шығар» деп отырады. Басында тек еркек қос болып
келетін. Күрке сияқтандырып бір-екі шәйла көтеріп алып, күні-түні
жұмыс істейтін. Тіпті ай жарығымен де істей беретін. Кейін-кейін
әйелдері ілесіп келіп, асты солар пісіретінге көшті. Сосын ересек
балаларын әкелетінді шығарды. Балалары үй қасынан ұзамай
әке-шешелеріне көмектесуші еді. Соңғы кездерде жастаулары
осылай жергілікті халықпен араласып ойнауға шығатын болды.
– Фи, қойшы! Одан да өзіміздің Шапайды айт. Қалай-қалай
әзіл айтып күлдіреді. Ахметсапар ше?
– Сап-сары ұзын тұра ма? Жоқ, сен өзің қарашы. Шапидің
жүгіргені де қызық, иә?
– Несі қызық! Екі қолын жанына қапсыра ұстап, қыз құсап
шипаңдап жүгіреді!
– Оның қолдары үлкен. Қасы қандай қап-қара. Көзі мөп-
мөлдір.
– Не, соны жақсы көріп қалдың ба? Кетші әрі. Ойнамаймын.
– Доппен ұрғанға ауырсынып қалдың ба? Өкпелемеші. Апа-
ма айтпашы. Ертең тағы барайықшы,ә? Балзия, дос едік қой.
Мектепке келгенде Балзия Халықбекке тиісті:
– Сен неге хат жазбай жүрсің?!
Қыз үнінде ашу ма, кіналау ма – бірдеңе бар. Халықбек кекілін
сипады. «Түсініп көр бұл қыздарды! Жазса да ұрсады, жазбаса
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
тағы ұрсады. Кеше тақтаға Орынбек екі сөз жазды. Өз атын және
Балзияның атын. Және жақша ішіне екеуінің туған жылдары мен
өлген, жо, өлетін жылдарын. Апай кіріп қалып:
– Пәлі, өздері жүз жыл өмір сүрмекші? – деп күлген. Сосын
қатуланып:
– Кезекші кім? Тақта неге дайын емес! Келесі сабаққа дайын,
тап-таза болып тұрсын дегенім қайда? – деп, ұрсып ала жөнелді.
Дина атып шығып Орынбектің атын және цифрларды өшірді де,
Балзияның атын сүртпеді. Халықбек болса сол тақтаның сол
жақ бұрышында математика сабағының есебін аяғына дейін
шығарғанына мәз болып тұрған. Еңбегінің еленбегеніне ме,
әлде Балзияның Орынбекке риза көзбен қараған мәз-майрам
түріне ме – ызасы келсін. Қолындағы су шүберегін нығырлай
бүктеді де қызға қарай атып ұрды. Балзия ауыр тиген соққыдан
дем ала алмай қалды. Әлде кеудесіне енді түйін сала бастаған,
әлі уызы кете қоймаған түймесі қатты ауырды ма? Дәл сол соққы
ұзақ жылдардан кейін ісікке айналатынын сол жердегі пенденің
ешбірі білмеген де шығар. Әйтеуір, Балзия да жігітшікке өшпенді
көзбен тесіле қарады. Бірақ үндемеді. Апайы:
– Әй, Дина, Балзия сенің досың екенінде дау жоқ. Оның аты
тарихта қалса тек өзі тындырған жақсы істерімен қалады. Ал
мына жерде сен сүртпей тастап кеткен есімі тек сабақ түсіндіруге
кедергі келтіргеннен басқа түк те роль атқармайды! –деді.
Халықбектің құлағы сөздің бәрін естігенмен еш ой қорытуға
шамасы жоқ. Анада көктемде ғой, Балзия ауырып төсек тартып
жатып қалғанда мына жұлмыр Орынбек: «ағай-ағай, Балзияға
мен барып сабақ-тапсырманы айтып тұрайыншы» деп сұранды.
Сөйтіп, ай бойы қыздың үйіне емін-еркін кіріп жүрді. Бір рет жа-
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
лынып қасына зорға ілесіп еді, есік ашқан қыз шешесіне аман-
даса салсымен бұған бұрылып:
– Сен асығыс едің ғой, бара бер, мен аздан соң барамын. –
дегені. Балзияның шешесі «ә, балам, келдің бе, кір-кір» деп, тек
Орынбекті кіргізіп алды. Мұны көзіне де ілмеді. Қап, бәлем. Қазір
апай кеткен соң бар ғой!
Осы Балзияны түсінбей-ақ қойды. Кешегісі анау. «Мына тал
Дина, мынау Халықбек» деп мазақтағандай қылып... расында өзі
отырғызған тал кіп-кішкене. Ал Дина үлкен көшетке жармасқан.
Сондықтан да оның еккен ағашы биік болады дағы. Қап, жазғы
каникулда тек турникпен айналысып бойын өсірмесе ме! Әкесі
айтады, ер бала булығып өседі. Жиырма беске дейін өседі дейді.
Жоқ, Халықбекке қазір өскені керек. Әйтпесе, мына Балзиясы
түскір тәштек екенін сәт сайын есіне түсірмес еді.
Балалар ала жаздай әуелете лақтыратын допты ойна-
ды. Мұнда волейболдың аз ғана элементі бар болатын. Де-
генмен ермек қылуға жарап тұр. Тек бір күні, дәл сол күні
қыздар ойынға шыға алмай қалған. Үлкен төбелес болып-
ты. Он бестегі Шапидың он үштегі інісін қазақ баласының
біреуі итеріп қалыпты. Ол сүрініп тасқа құлапты. Ол жерде
қазақ баласы болса ары кеткенде бір боқтап алып ойынды
жалғастыра берер еді. Тасқа құлап мұрыны қанаған інісіне
болысқан Шапи үйіне тұра жүгіріп, шайласынан селебе пышақ
алып шығыпты. Ұзын да жалпақ пышақпен «қаруланған» сұсты
Шапи өз тілінде әлденелерді бұрқырай айтып алаңсыз ой-
нап жүрген балаларға жақындағанда зәрелері ұшқан қазақ
балалары тым-тырақай қаша жөнеліпті. Онысын батырлыққа
балаған болуы керек. Шапи енді інісі екеуі қолдарына балта
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
алып, итеріп қалған баланың үйіне келіпті. Есігін ішінен ілген
балалар қорқып шулағанда қазақ қатындар арашаға жүгірген.
Сол екі ортада есікті балталап, терезені сындырып үлгерген
шешеннің шешектерінен жұрт жағасын ұстап шынымен қорқып
қалды. Үлкендері көре тұра қой демеген. Өзінше, олардың өз
заңдары бойынша "қанға қан, жанға жан" дейді бәтшағарлар.
Әдетте қазақ кіналы баласына ұрсып, әрі кетсе ата-аналары
бір мал сойып татуласып, аяғы үлан-асыр тойға ұласып жату-
шы еді мұндайда. Қолына қару алу деген не сұмдық! Тіпті бар
ғой «қарумен шекарадан өткізбейді. Әйтпесе өзін өзі сыйлай-
тын әр шешеннің төрінде қанжары мен мылтығы ілулі тұрады»
деп мақтанғандары не масқара. Мынандай қан шыққаннның
бәрі... Ал жазатайым анау селебе пышақ қан шығарам деп
жүріп баланың тамағын орып түссе...
– Ой, бұлардың серті сол: қанға –қан! Жанға –жан! Қанқұйлы
халық қой!
– Аз қалық өжет болады. Өжет болмаса тағдырға жұтылып
кетеді. Сенбесең Сәрсеннің қатыны Мүсілимадан сұра. Мына
қырғыз да сол. Айыр қалпақты, бетіміз де ұқсас. Төскейде малы-
мыз, төсекте басымыз дегенмен, ашуланса: «аузыңа ғана, маңқа
қазақ!»деп өре түре келеді.
– Қойшы соларыңды. Атының өзі айтып тұр ғой: қырғыз деп...
Қырылып қана қалғырлар!
– Әй, қатындар. Сабыр. Сабыр. Саясатқа барыспайық. Аза-
маттар бар ғой.
Ел қатындары айқайға сүрен қосып, ақсақалдардың бәтуәлі
сөзіне, басу айтқанына тоқтар болмады. Сол жаздан кейін ше-
шендер де келмейтін болды. Ал ауылдың бас көтерер азамат-
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
тары мәселені қабырғасынан қойып, жастарды құрылыстың
оқуына жіберетін болып шешті. Балзия да Дина құрбысының
«бұлар келінді он беске толмай жатып үйіне кіргізіп алады екен»
деген сөзінен қорқуды қойды.
Әсіресе, Халықбекке: «қарашы өзің, Динаның нағыз үнді
киносындағы әртістен қай жері кем. Маңдайынның ортасына
бояу жағып қойса аумайды,ә?» деп, күн ара мазасын алғанды
қойды. Шынында да Дина нағыз сұлу! Шашы қандай. Қайратты.
Қап-қара, төгіліп тұр. Қасы қап-қара. Көзін айтсайшы. Мөп-
мөлдір. Қоңырқай терісі барқыттай-ау, барқыттай. Балзия өзінің
сап-сары секпіл бетін ойланбастан Динамен ауыстыра салар
еді. Япырай, сондай сиқырлы таяқша қолында болса ғой!
Арада тағы бір жыл өтті. Бұлар тоғызыншы сыныпқа баруы
керек. Ертең сабақ басталады.
Халықбек ауылынан совхоз орталығына, оқуына екі-үш күн
ертерек келсе де, сыныптастарынан әлі ешкімді көре алған жоқ.
Салып ұрып қыз үйіне жетіп баруға жүрексінеді. Бүгін де көшеде
қаңғуырлап жүрген. Биыл интернатқа қағаздарын туралап қой
ды. Әкесіне «сабақ қиын. Білмегенімді сондағы тәрбиешілер-
ден, қасымдағы балалардан сұрап аламын ғой» деп қойды.
Әкесі де ұлының осы сөзімен келісті.
Кенет анадай жерде кетіп бара жатқан Балзияны көрді.
Жүрегі атқақтап ауызына келді. Сол! Дәл өзі. Қалай өсіп кеткен.
Белі қыналып, бұрымы бұлғаңдап еркелей басып кетіп барады.
– Балзия!
Қыз артына бұрылды. Жан-жағын шола бір қарады да жүрісін
үдете түспесе, бәсеңдеткен жоқ.
– Балзияяя!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Қап, Дина десем ғой, бар екпінді дауысты а-ға түсіріп, үнімді
баяғыда естір еді.
Елеңдегенмен, Балзия тоқтар емес.
– Уһ, әзер қуыып жеттім-ау, неге тоқтамайсың?
Балзияның көзі бақырайып кеткен. Үнсіз тесірейеді. Аппақ
мақтадай қолын ұстаған Халықбек жуық арада босата қояр ойы
жоқ. Қыз бетіне таңдана үңіледі.
– Танымай қалдым ғой! Шын айтам. Бұл қайдан шыққан негр
десем...
Сылқ-сылқ күлген қызға ілесе қарқылдады. Негр десе де-
гендей. Күнге қақталып терісі қап-қара болған. Шалқая бетіне
қараған Балзия аппақ тістерге ерекше сүйсінеді.
– Ұп-ұзын болған бұл кім деймін ғой.
Жігіт өзінің қызды таңғалдырғанына мәз. Бойы бір ғана жазда
серейіп шыға келгеніне өзі де риза. Жаздай әкесіне көмектесіп,
қой соңында жүріп әбден қап-қара болды. Міне, Балзияның аппақ
қолын қыса ұстаған күректей қолдары тура негрдің алақаны
дерсің. Тек негрлердің алақаны қып-қызыл болады. Халықбектің
қолы түгел күнге күйген біртегіс қара.
– Сабақ бітерде Қарағандыға көшеміз деп бір қорқытып едің.
– Шын қорықтың ба? – жігіт жүрегі елжіреп сала берді. Яғни,
мені сүйеді...
– Иә, енді қайтып көрмей қала ма екенбіз деп шын қорықтым.
Қайдан білейін. Мен көмірлі өндірісті анау алыстағы Қарағанды
екен демеймін бе? Иек астында Қарағанды деп аталатын жай-
лау барын естімеппін.
Әлі алақандары жазылмаған күйінде екеуі бірге аяңдады.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Көршінің қызы
Менің бес жасымнан папамдармен көрші тұрдық.
Көзімді тырнап аша салсымен сол үй жаққа қарайтынмын.
Өзипа әжем самаурынға жаңқа салып жатқанын көрсем
бітті,бетімді де жумастан солай тартам. Ол кезде қазіргі сияқты
етіп аппақ қаңылтырдан дуал тұрғызу ешкімнің ойына кіріп-
шыққан емес. Бәрі алаң-ашық. Тіпті есік құлыпталмайды. Есіктің
кілтіне кез-келген бұтаны қыстыра салып, әжем «аллаға аманат»
деп күбірлейді де, дүкеніне кете береді. Жалпы, сол үйге құлып
салынғанын көрмеппін. Жаз болса қаладағы ұлы мен қызының
қатарлас немере-жиендері шұбырып осы үйде жүреді. Ал қыста
әлен туыстың, бәлен жұрағаттың балалары осы үйде жатып
оқиды.
Әжем өте жуас болатын. Балым (өз мамамды айтам. Неге
екенін білмеймін, біздің үйдің балалары түгел өз әке-шешемізді
өз атымен атап, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын көрші шал-
ды – папа, кемпірін – әже дейтінбіз) ұрсып та, кейде қағып та
жіберетін.
Бала кезде не болса соған әуессің. Біздің ауылдың бой
жеткендері төбесін қоқитып шаш түйеді. Өз шашым қысқа. Ба-
лым алғашқыда шашын түйіп беремін дегенде келіскенімен,
тарағанда ауыртып алдым ба, қағып жіберіп мені ұшырып
түсірді. Бақырып жылап әжеме тарттым. Әжем алақанымен көз
жасымды сүртті де, «кел, күнім, менің шашымды түйе ғой» деді.
Өкіргенімді дереу тия салып шашқа жармастым. Аппақ селдір
шаш. Түбін будым. Томпайту үшін не салсам екен? Ә, міне, мына
орамал жарап қалар. Шыны аяқ сүртетін орамалды жұмарлап
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл әжемнің төбесіне қойдым. Оны шашпен жауып, жан-жағынан темір түйреуіштермен піскілеймін келіп. Әжем үндемейді. Шыдап отыр. Әйтеуір, бірдеңе қылып қоқиттым. Өз жұмысымды тамашалауға сәл алыстасам болды, әлгім құлап түседі. Қайта жармасамын... Әжем қанша әурелеп жатсам да, қыңқ демейді. Қазір ғой сол кісінің жасына жете қоймасақ та тарақ қатты тисе басымыз қан қақсап қоя береді. Төзімділігін айтам да... Ал папам ыссы кісі болатын. Көзәйнектің үстінен сүзеген бұқаша бір алайып қараса бітті, қара қарғаша шуылдап отырған көп бала бірден жым боламыз. Әй, әжем тамаша кісі ғой! Әжем айтады: «баяғыда қалада мұғалімдік оқып жүргенде шашым ұзын болды деп. Әсіресе, жуғанда ұзарып кететін еді деп. Шәй сандықтың үстіне шығып тарамасам ұшы жерге тиеді деп. Шатасын жазу үшін мойыныма екі-үш ораушы едім» деп. ...Ертегі сияқты, иықтан сәл асатын селеу шаш сондай болды дегенге қалай сенерсің? Бүгін әжем жүн түтіп отыр екен. Мен де қасына қонжия кеттім. Аппақ қардай жүнге қызыққаным сондай, мен де дәл солай үлбіреткім келеді. Жүні түскір менің нәзік саусақтарыма бағынар емес. Іртік-іртік түйінделіп қала береді. Әжем баяу әндетіп, болар болмас теңселіп, ұбақ-шұбақ жырды төгілтіп отыр. Мен де әуенге қосылып ыңылдаған боламын. Бірсыдырғы әуезбен жүректі жыпжылы әлдилеген сөздерден қазір есіме түсіп отырғаны: Былтырғы құлын тай шықты. Күмістен белбеу айшықты. Бақұлдаспай, қоштаспай Құлынымнан жан шықты-ау...
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Ойлап қарасам жоқтау екен. Әжемнің былтыр көктемде өлген
ұлына арнап шығарған жоқтауы. Өзін-өзі әнмен жұбатуы екен.
Ол кезде не біліппін...
Тық-тық еткен биік өкше туфлидің дыбысы естіліп, артынша
Балзия апамның өзі де көрінді. Мөлт қара юбка, аппақ кофта.
Шаш деген биік етіп түйілген! Оһ, мен қашан өсер екенмін?
– Жай шақырып па?
– Біздің совхоздың атынан айтысқа түс дейді. Балзияның та-
науы делдиіңкі, жүзі алабұрта қызарып тұр. Қабағы шытыңқы.
Өзі кесімді үнмен «бармаймын!» деді. Әжем сұраулы жүзбен
аңтарыла қарады.
– Ағамның қайтыс болғанына жыл толған жоқ қой!
– Ә...ә... – деді әжем, басын білінер -білінбес изеп: – шәй
қойшы. Мына Рыскүл «мұрынымнан маржан түскенше жүн
түтемін» деп шаршаған шығар. Өзің де шөлдеген шығарсың.
Балым мамамның шығарып жүргені ғой. «Түткен жүн көп бо-
лып мұрыныңа жеткенде екі аппақ маржан түседі» дейтін. Қанша
жүн түттім десейші, сол маржандарды алғым келіп... бірақ әлі
бір де бір маржан көрмедім. Ағын да, көгін де –ешқайсысын
да! Әншейін, үлкендер жүн түтсін деп бізді алдайды екен. Ал,
шынымен шөлдеп кеттім, әжем айтқан соң тіпті тағатсыздана
Балзияның жасаған шәйін тостым.
Иісі танауды қытықтаған әжемнің таба наны келді. Көлеңкеге
жайылған дастарханға лап қойдық. Қаймақпен бір-бір жапырақ
нан жеп, бір-бір кесе шәй ішкен балалар ойынға тұра жүгірді.
Мен де соларға ілесіп кете жаздап, кете жаздап, дастархан ба-
сында қалып қойдым. Әжемнің мен үшін, мен шөлдеді деп да-
стархан жайғызғаны үшін сабыр сақтап отырмын. Он жастан
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
асып барамын. Бала емеспін ғой! Әрі түскі ас пен кешкі астың
аралығында жайылған дастархан «бойдақ шәй» аталып, тәтті-
дәмді бірдеңелер қойылды. Әжеме қарап қоямын, қалтасынан
қант шаққыш кішкене қышқашын қашан шығарар екен деймін.
Дүкенннің қантына сүт қосып күйдіретін мұндай тәтті тек біздің
Сағызда ғана бар. Басқа еш жерде дәл мұндай етіп ешкім істей
алмайды. Не шыңылтыр болып тістеуге келмейді, не болма-
са былжырап тісіңе жабысып жегізбейді. Ал осы біздің ауылда
қайнатқан сары секер тілді үйіріп, ауызыңда еріп тұрады ғой,
шіркін!
Жоқ, әжем бұл жолы қызыл ірімшік шығарды. Ой, шәй үшін
бұдан дәмді не тістеуіш болсын! Қазір Алматыда бір килосы екі
мың теңге тұратын бұл ірімшіктің ем болмайтын ауруы жоқ қой,
жоқ! Ақ әжем менің! Соны тістеп шәй ішкен болып сызылып отыр-
мын. Әжем тамағын кенеп қойып сөз бастады:
– Ал, қызым, әңгімеңді естиік.
– Шақыртты деген соң барсам совхоз директорының бөл
месінде Жасан ағай, парторг ағай және отдел кадр ағай отыр
екен. Мен жұмыс істейтін мектеп директорынан ұрықсат алып,
тіпті районодан күн сұратып қойыпты. Мен бармаймын деген
соң тіпті папамды да сол жерге шақырды. Бәрібір келіспедім.
– Неге барғың келмеді, әлде бірдеңеден сескенесің бе?
– Жоқ! – деді Балзия кіділеу үнмен. Өз талантыма шек келті
ріп отырғаным жоқ. – Сосын бәсеңдеу дауыспен сөзін жалғай
түсті: – Ағамның қайтыс болғанына жыл толған жоқ, ел не дейді...
– Салт-дәстүрді ескергенің дұрыс қой, қызым.
Бірақ азаматының артын өз жары күтуі керек. Анасы жоқтаса
жарасар. Ал сен қарындасысың. Оның үстіне ойын-той іздеп
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл ерігіп бара жатқан жоқсың. Саған «ауылыңның намысын қорға» деп ел ағалары қолқа салып отыр. «Халық қаласа, хан түйесін сояр» деген мәтел бар. Өнер – халыктікі. Барғаның жөн болар. Балзия жүзі алабұртып, алма мойыны іиіліп, басы төмен салбырады. «Әбестік істеп алдым ба?» деп күбірледі. – Жоқ, балам. Мінез болмаса – өнер жоқ. Бәрі де дұрыс. Енді іске кірісейік. Сен айтысқа киетін қос етек көйлегіңді жөнде. Әкеңе мен өзім айтамын. * * * Осының бәрін естіп отырған мен биыл ерте көктемде Наурызбай ағамның қайтыс болған кезін есіме алдым. Үйдің ішісырты тола қара-құрым адам. Біз, балалар, жақындауға батпай сыртынан қарап жүрміз. Бір кезде осы Балзия апамның жоқтау айтқан дауысы әуелеп кетті. Ел жым-жырт. Өлеңмен әңгіме айтып жатқандай сезіледі. Бір сөзін қайталамайды. Жаттанды жоқтау емес. Ұзақ айтты. Ағасының өліміне сенбегенін, жолдастарынан қалай сұрағанын, Гурьевке товарнякпен қалай жеткенін, мәйітханаға қалай кіргенін... Әдетте, мұндай кезде молдалар мақамдай дауысын көтеріп құран бастап кетуші еді. Мына жоқтаудың түрі бөлек, айшығы өзгеше. Сондықтан ешкім үзгісі келмеді ме, әлде сөзбен салынған суретті үркітіп алудан сескенді ме, әйтеуір бәрі тымтырыс. Бір кезде Бурабай көршінің жетім ботасы зарлы дауысын соза боздап қоя бергені. Балзия да сәл тыныстап алды да, өзіне-өзі басу айтқан мағынада дауысын баяулатып бәсеңдете берді. Бәсеңдете берді. Біраздан кейін есіктен Балзия апайдың өзі
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл көрінді. Екі жағынан екі кісі сүйемелдеп келеді. Түрі аппақ қудай. Сол демеген күйі мырыш табыт салынған астаулы машинаның кабинасына апарып отырғызды. Әдетте, біздің ауыл кісіні жерлегенде бейіт басына әйел адамды ілестірмейді. Бірақ ақын қызды «ағасына өз қолымен топырақ салсын, көңілі суынсын» деп әдейілеп апарыпты. Менің Балзиямен жасты Рахиля деген апам сол түндерде қасында болып еді, сол кісі айтады: «байғыс қыз түнімен ұйықтай алмапты. Үстіне көрпе жауып, Оңбоғаш пен Халдекен деген екі құрбысы екі жағынан басып жатса да, Балзия апамның қол-аяғы шошып селкілдегенде көрпе ұшып-ұшып кетеді дейді. Екі тәулік бойы ұйықтамапты. Әуелгіде мәйітханадан ағасының денесін көріп келген соң қаладағы қонған үйіндегі туысқан апайы өзі ұйықтатпапты. «Ағаңның келіншегі аяғы ауыр. Әне-міне босанады. Өлер ағаң өлді. Енді мына шарана ұл болса ұрпағы жалғасар. Ұйықтама. Ояу отырғаныңның өзінде үргелектеніп шыңғырып отырсың. Ұйықтасаң, ұйқысырап сөйлеп қоярсың. Онда жеңгең біліп қалса баладан да айырылып қалармыз» депті. Онсыз да жүрегіне үрей ұялаған, уайым меңдеген Балзия бойжеткен ұйықтай қоймас еді. Туған жездесін «фамилияң басқа» деп жолатпай қойған соң Балзия апам табыт дайындауға, машина жалдауға өзі кіріседі ғой. Әй, қаланың әріп кемірген шенеушіктері-ай! Мен туған қарындасымын. Міне паспортым деп мәйітханаға да өзі кірген. Талай өлікті аралап, он бір күн су астында жатып қалғандықтан борсып шіри бастаған денені табу оңай деймісің қыз балаға. Дәл сол кезде қаладағы мәйітхана істен шығып, бір аурухананың шаруашылық бөлмесіне әншейін тақтайларға қатарлай салынған
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
өліктер, жұмыс күні аяқталғанын сылтау қылып шіренген
шенеушіктер, ақшаға ұрланып кірген кішкене қыз, жанында ешкім
жоқ... өзіңіз елестетіп көріңіз... быр... Ағасының беті жаялықтай
болып ісініп кеткен. Денесі көкбеңбек. Теңбіл-теңбіл. Соның ал-
дында ата-анасына сәлем бере келген ағасының өзі өтектеп
кигізген жейдесінен басқаның бәрі жат. Оның үстіне жеңгесін
қорғаштап, соған сездірмеудің неше түрлі айла шарғысы және
бар. Жас қызға осының бәрі аз салмақ емес-ау.
Наурызбай ағам тергеуші болатын. Қаланың өз басында
тұрды. Ол кісі көбінеше формасын кимей, оқиға болған жерге
тез жетіп, әншейін көп қызықтаушының біріндей елеусіз тұра
қалады екен. Тұра қалады екен де, жұрттың айтқан репликасы-
нан өзіне қажетті фактілерді тез қорытып, қылмыскерді шапшаң
таба қояды екен. Ол кісі жүргізген іс жатып қалмай, тез шешімін
тауып, мақтаулы маман болған деседі.
Көзімен көргендерінің бәрі жас қыздың, ақын жүректі нәзік
жанның жанына қатты батса керек. Жанға батқан сезім ауызы-
нан өлең болып төгілсе керек.
Оның өлең шығаратынын ел-жұрты солайша білген. Білген
де сенім артқан. Әне, менің Балзия апам сондай! Мен Балзия
апаммен көрші тұрғаныма мақтанамын!
* * *
Айтпақшы ол біздің үйдің де қызы. Қалай дейсіз бе?
Қыстың бір қызыл шұнақ аязды түні мен шыны аяқтың шыл-
дырынан ояндым. Балым мен Лекер бір қызды орталарына алып
шәй ішіп отыр. Түнгі сағат төртте! Дастарханда сапар кесенің
үлкендігіндей дәу алмалар. Үйдің ішін жаздың жайдары жұпар
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
иісі жайлап алған. Тұра алмаға бас салдым. Балым мамам «одан
да барып, көршілерге Алматыда оқитын қыздары келгенін айтып
сүйінші сұра. Озипа әжең саған бұдан да күштісін береді» дейді.
Сөйтсе, осы Балзияның үй-іші бізге көрші болып көшіп
келгелі студент қыздарының алғашқы келуі екен. Хатта сурет-
телген үй екен деп Балзия біздің есікті жаңылып қақпай ма?
Поезд таңғы үште келеді. Вокзал үш шақырым жерде. Түн орта-
сында сағынышы алып ұшып келген қызға ешкім есік ашпайды.
Балаларының бәрі өз қасындағы менің ата-анамның алаңы жоқ,
ұйқысы қатты да. Азар оянған ағам есік ашса: «не, сендерге қыз
керек емес пе?» деп, Балзия жыларман боп тұр дейді, өзі әбден
жаураған. Ағам бас салып үйге кіргізіп, шәй беріп жылытып
отырғандары екен. Қанша сағынып келсе де, қазақы салт бой-
ынша жайылған дастарханнан аттап кете алмай иба сақтаған
қыз Балымның қолынан шәй ішіп отыр. Міне, солай! Сөйтіп менің
Балзия апам бірнеше сағатқа болса да біздің үйдің қызы атанды!
Ертегі Нәзікеннің ертегісі (Бүлдіршіндерге арналған. Он екі бөлім) Нәзікен шынжау, аурушаң қыз болып өсіп келеді. Қызылшадан өле жаздап әке-шешесін бір қорқытты. Ирелеңдеп баяу ғана ағатын, суы сирақтан асар-аспас өзенге кетіп қала жаздап екі қорқытты. Терісінен күн көрініп тұратын әлжуаз денесіне сәл суық тисе, түршігіп, құс еттеніп, көгілжім тартып талып қалады. Өне бойы былқ-сылқ ете салатын қызына уайымдап ата-анасы өбектеген сайын інісі бір, ағасы екі нұқып өтеді. Сірә, тетелестер ана махаббатын Нәзікеннен қызғанғанын осылайша сыртқа шығаратын болулары керек. Нәзікен жылауық болып алды. Шар ете түскен қызын құшақтап жұбатып анасы әлек. Ауруы жанына батып жылағанымен Нәзікен бауырларының қолы батып кеткенін айтып шағынған емес. Әлде ұлдардың өз құқысын қорғағысы келгенін сәби жүрегімен сезіне ме? Әйтеуір, арыз айтқан емес. Енді, міне, денесі күйіп-жанып қатты аурғанда ағасы әдемі алмасын беріп, інісі жаңа машинасын тықпалап әлек. Көгіс тартқан шекесі әжім-әжім болып зорға күлімсіреген (тіпті қарауға аянышты) Нәзікен сыйлықтарын кеудесіне әлсіз қолымен қысқан болды. Нәзік әлжуаз саусақтардан сытылып қашқан алмасы түскір төсектің астына жоғалды. Апасы бұл суретті қарап тұруға дәті шыдамай есіктің сыртына шығып алып ерінін тістеп дыбыссыз еңірейді. Деміне сырыл араласқан титтей қыз:
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл – Апамды шақыршы, – деді ентігіп: – босқа жыламасын. Мен өлмеймін. Тек ертегі айтып берсінші, – деді үзіп-үзіп сөйлеп. Өзін өзі зорға ұстаған шеше байғұс түк сезбеген кісідей қызын құшақтап алып ертегі айтуға кірісті. Ертегісі ертегі емес, бірінің басын, екіншісінің аяғын шалып, кейіпкерлерін шатастырып, әйтеуір неше ертек айтса да, тек «қызы жазылып, бақ-дәулет қонып, барша мұратына жетіпті» деп аяқтаудан жаңылмайды. Көктемге салым Нәзікеннің беті бері қарады. Сондай әлсіз. Ине салар еті қалмаған көтерем бала ерінін жалап қойып енді өзі ертегі айтуға кірісті. Нәзікен айтқан қиял-ғажайып ертегілер көркем болатын. Бір бірімен сұлу қиюласқан оқиғалар, қылышы жарқ-жұрқ еткен батырлар, от шашқан айдаһар, биік мұнаралы аспан елі – бәрі тамаша болатын. Інітай Нәзікеннің білегін жастанып жатып ұйықтайтын әдет тапты. Үйдің бар шаруасын өз мойнына алған Ағатай болса аратұра мектеп кітапханасынан ертегі кітаптар әкеліп беретін. Ондайда Нәзікен ағасына алғыс тола көзімен жаудырай қарап: – Кішкене шыдай тұр, аға. Үйді өзім-ақ сыпырып, тамақты пісіруге өзім-ақ көмектесемін. Енді аз ғана шыда, – дейтін. Інітай да сөзге жармаса кетіп: – Нәзікен, екеуміз дүкенге барамыз ғой, бұрынғыдай, иә? Сонда сен сатып алған заттың бәрін мен көтеремін. Міне, қара, мен өстім! Кеудесін көтеріп, өкшесіне тұрып бойын созады. * * * Сол Нәзікеннің Інітайға айтқан бір ертегісін сендерге сыбырлағым келіп отыр. Тыңдайсыңдар ма?
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Жаудың аты – Уран есерсоқ
«Ерте, ерте, ертеде бір сұлу қыз өмір сүріпті. Ол бір күні
сұлу жүзін көрмекші болып айнасына қараса айнасының сол
жақ бұрышынан қара түтін сияқты бір пәле көрініп, ол бірте-
бірте ұлғайып бүкіл айнасын жауып кетіпті. Қап-қара тұманнан
жүзін көре алмай қалған қыз шошып кетіпті. Айнасының бетінде
отты жазулар пайда болыпты. Оқып көрсе: «Еліңнің батыс жақ
бетінде Уран деген жау шықты. Оны дереу құртпасаң әскері қара
құмырысқадай өте көп. Олардың әрқайсысында үш батырдың
күшіндей күш бар. Дереу құртпасаң еліңді жайпап кету қаупі
бар» деген жазу екен.
Сұлу қыз дереу ағасының сауытын киіп көрсе үлкен екен.
Інісінің сауытын киіп көрсе шақ екен. Тек ұзын шашы дулығаға си-
мапты. Болмаған соң қыз шашын бір бұрым етіп өріпті де, түбінен
шорт кесіпті. Бұрым қап-қара жылан сияқты төсектің үстінде со-
зылып жатыпты.
Сұлу қыз дулығаны баса киіп, ағасының сегіз қырлы найза-
сын алып, қорамсағының қабына айнасын салып, қайда кетке
нін айтып хат жазып қалдырады. Сосын дереу жолға шығады.
Кер құла атты тебініп шаба жөнелген дыбысынан оянған ұлдар
жау келіп қалған екен деп қару-жарағына жармасса, мәссаған
Інітайдың сауыт-сайманы жоқ! Хатты оқыған Ағатай сауытын
киіп көмекке асығыпты. Ал Інітай болса ақ қағазды ала салып
әлденелерді есептеуге шұғыл кірісіп кетіпті. Сөйтсе ол Уран
батырды ұстау үшін темір тордың қалыңдығы қандай болуы ке-
рек, шығыршығы қалай жасалғанда үзілмейді – соны есептеп
санап жатыр екен.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Әлқисса, енді қызға келейік. Шыға шапқан Сұлу қыз сол
екпінмен тынбастан үш күн, үш түн шабады. Жер танабын қуырып
шапқаннан шауып отырып Шалқар көлге жетеді. Осы арада аял-
дап атын суарып, өзі де су ішеді. Қыздың сегіз қырлы найзасы-
нан сыпырылып түскен жылан сөйлейді:
«Мен сенің кескен шашыңмын. Уран батыр жер астын-
да тұрады. Оған сенің жалғыз әлің келмейді. Барған соң мені
тарқат. Сонда менің әр талым бір-бір улы жыланға айналып Уран
батырдың денесін байқатпай орап алармын. Сен сауытыңды
шешіп, қыз киіміңді ки. Уран батыр саған қарап тұрғанда мен
мың-миллион жерінен шағармын. Ол әлсіреген кезде темір тор-
мен ұстап алу керек», – дейді.
Сұлу қыз Бұрым-жыланның айтқанын бұлжытпай істеді. Осы
кезде көмекке келіп жеткен Інітай өзі жасаған темір торын Уранға
жаба салды. Ал Ағатай аяқ-қолын тырп еткізбей ұстап, Уран ба-
тырды өздеріне қызмет ететін құлға айналдырып алды. Уран ба-
тыр елді жөнсіз қыратын есер соқтығын қойып халыққа қызмет
ететін ақылды батырға айналды. Сұлу қыз енді айнасын алып
қараса, оның бетінен өз бейнесі мөлдірей қарап күліп тұр екен.
* * *
Қалай, балалар, ертек ұнады ма? Нәзікеннің ойлап тапқан
ертегісі өте көп. Және бірін айтайын.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Сиқырлы таяқша
Баяғыда ханның бір сұлу қызы болыпты. Биік тау басындағы
зәулім сарайдың бір бөлмесі түгел өзінікі екен. Терезесі биік,
бірақ жіңішке болыпты. Жіңішкелігі сондай оған қыздың басы
сыймайды екен. Ақбас Алатаудан сыңғырлай аққан бұлақ қана
қыз көңілін аулайды екен. Неше түрлі үнмен сайраған бұлбұл
ғана қыз көңілін көтереді екен.
Сұлу бір күні сиқырлы айнасын сиқырлы орамалымен сүртсе
онда отты жазулар пайда болыпты. Отты жазулар ел шетіне
жау келгенін, ол жаулар құмырсқадай сансыз көп, әрі өте ұсақ
екенін. Осы бастан қам жасамаса елі бүлінетінін ескертіпті.
Егер ол жауыздар кітаптың бетімен бір жүріп өтсе, ондағы
жазулар бүлініп оқуға келмей қалады екен. Ал оқылса мәні
өзгеріп мүлдем басқа сөздерге айналады екен. Ал ол жауыз-
дар радиоға кіріп кетсе ондағы дыбыстар бөтен, жат сөздерге
айналып адамның мыйын соққылай бастайды екен. Соққылап-
соққылап су мыйға айналдырады екен. Су мыйлы адамдар өз
әрекетіне жауап бере алмай қалады екен. Теледидардың ішіне
кіріп кетсе адамдардың көзіне бөтен әлемді көрсетіп, қараған
адам мәңгіріп өзінің қай жерде отырғанын білмей қалады
екен.
Одан әрі отты жазуларды оқып отыруға Сұлу қыздың төзімі
жетпеді. Дереу аяғына дәу темір етігін киді, қолына дәу темір
таяғын алды. Сұлу қыз жауды темір етігімен жаншып елге
кіргізбеймін деп сапарға аттанып кетті.
Хан әкесі қайғыдан қан жұтып, жоғалып кеткен қызын кім
тауып әкелсе мың динар алтын беремін деп жарлық шығарды.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Қарындасын, хан қызын іздеуге аттанған көп батырдың ішінде
қыз ағасы да кетіпті. Соларға ілесемін деген қыз інісін хан әке
«жассың» деп жібермей қойыпты. Інітай болса қол қусырып қарап
отыра алмай, ақ қағаз бен қара қаламды алып келе жатқан жау-
ды қалай жоюды жоспарлауға кірісіпті.
Әлқисса, Сұлу болса жауға қарсы сол жүргеннен жүріп оты-
рып бір дәу-дәу ала қарбыздар өскен алқапқа келіп тіреліпті.
Шөлдегенін енді сезген Сұлу қарбызбен шөлін басуды ойлап
қынынан пышағын шығарады. Қарбызға сала бергенде кісесі
босап тұр екен, пышағының жүзі қарбызға кіріп жоғалады. Сұлу
етігін шешіп тастап пышағының ізімен өзі түседі. Жүріп келеді,
жүріп келеді, жүріп келеді. Әлі табылар емес. Алдынан бір ақ
сақалды, ақ сәлделі ата жолығады.
– Қызым, не іздеп жүрсің? – деп сұрайды.
– Келе жатқан жауды дәу етігіммен езіп, елге жібермейін деп
шығып едім. Қарбыз тілем деп пышағымның жүзін жоғалттым.
Хан әкемнің пышағы еді. Қалдырып кетпейін деп іздеп жүрмін, –
дейді.
– Сендердің жоғалтқандарың бір ол емес, өте көп. Босқа
жау іздеп қаңғыма. Үйіңе қайт. Інітай жауды жоятын формула
тауып қойды. Оны Хан әкеңе өзі түсіндіріп бере алмай отыр.
Сен айтып түсіндіруің керек. Сенің тілің пышақтан да өткір. Сен
Інітайға көмектессең жаудың бетін тойтарасыңдар. Бір жолата
құтыласыңдар!
Соны айтып ақ сақалды ата ғайып болды. Сонымен темір етігі
тозып теңгедей болғанда, темір таяғы тозып тебендей болғанда
Сұлу Хан әкесінің сарайына оралады. Баяғыда қызды іздеуге
кеткен батырлар да мойыны ырғайдай, биті торғайдай болып,
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
азып-тозып елге орала бастаған екен. Енді бәрі жабылып Інітай
дайындаған формуламен қара құрттай қаптап кеткен жауды
жоюға кіріседі. Інітай дайындаған сиқырлы таяқшаны сілтеп қалса
керемет сиқырлы сөздер пайда бола кетеді де, жауды талдырып
түседі екен. Сол сиқырлы таяқшаның аты не, білесің бе? Міне,
тамаша, өзің тапқышбексің ғой! Иә, сиқырлы таяқшаға Інітайдың
қойған аты – «білім». Оны сілтегенде керемет сөздер саулап
түседі дейді. Ол қандай сөз екенін сен білесің бе? Інітай біледі.
Ол деген солға қарай оқысаң да, оңға қарай оқысаң да бірдей
дыбысталатын және бірдей жазылатын сө... міне, жарайсың! Ие,
дұрыс. Қазақ деген сөз! Кім осындай сиқырлы сөзді көп білсе,
соның таяқшасының сиқыры күшті болады! Иә, иә «ата», «ана»,
«нан»...
Ал сиқырлы таяқшаны екінші рет сілтегенде құлағандар есін
жинап, үшінші сілтегенде «ә, қатты ұйықтап кетіппін ғой» деп,
«мен қазақпын!» деп ұшып түре келеді екен. Сосын олар да жа-
умен күреске кірісіп кетеді екен. Көп жұмылған соң қойсын ба,
жеңіп шығыпты.
Иә, Сұлу ізденбесе жеңіп шыға алар ма еді?
Хан әке қолдамаса жеңу қиын болар ма еді? Ағатай әрекет
етпесе жеңу қиын болар ма еді? Інітай формула ойлап таппа-
са, жеңу қиын болар ма еді? Бәріміз бір жұдырықтай жұмылып
күреспесек жеңу қиын болар ма еді? Біз көппіз. Біз жеңдік!
Жеңуге тиістіміз!
Жер біздікі!
Ел біздікі!
Біз бәріміз батырмыз!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
* * *
Нәзікеннің екінші ертегісі осылай аяқталды. Ал енді үшінші
ертегі...
Тоқтай тұр. Сен тамағыңды іштің бе? Ішпесең ертең өскенде
қалай батыр боласың? Жүріңдер, бәріміз тамақ ішейік. Батыр
бабаларымыз сияқты қымыз ішіп, қазы-қарта жейік. Әлқисса,
Нәзікеннің келесі ертегісі ер қанаты ат, тұлпарлар туралы.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Көбелек
Баяғыда бір ханның Сұлу қызы болыпты. Ол көбелектерді өте
жақсы көреді екен. Бір күні зәулім сарайының терезесінің алдына
бір ғажайып көбелек келіп қоныпты. Қанатының ұштары алтын-
дай жарқырайды. Шеті күмістей құбылады. Қанатының ортасын-
да жасыл гауһардай мөлт-мөлт еткен, қызыл лағыл моншақтай
өрнегі көздің жауын ала құлпырады. Сұлу көбелектің артынан
қалай ілескенін өзі де байқамайды. Әне-міне ұстап алардай
соңынан жүгіре беріпті, жүгіре беріпті. Бір кезде қуып жетіп,
басындағы сәукелесімен баса қойды. Алақай, көбелек қолға
түсті. Көбелегін қызықтап мәз болған Сұлу өзінің сыртынан темір
тор түскенін байқамай қалыпты. Сөйтсе, Сұлу жүгіре-жүгіре тау
шатқалына еніп кеткенін байқамаған да екен. Осы тауда тұратын
Дәу оны ұстап алыпты. Дәу гүр-гүр етіп өзіне дәл осы көбелектің
көйлегіндей әдемі көйлек жасап беруді бұйырады. Сұлу басын-
да қорықса да, бірте-бірте батылданып, ол үшін мата керек,
мата жасау үшін жүн керек екенін айтады. Дәу өзінің қойларынан
жүн әкеледі. Сұлу ол жүнді бұлақтың суына жуып, тасқа жай-
ып кептіреді. Дәу бәрін бақылап, енді көйлегім бола ма дейді.
Сұлу оны боямаса әдемі болмайтынын айтады. Дәу таудан түрлі
шөп теріп әкеліп жүнді бояйды. Енді көйлегім болды ма деп Дәу
дегбірсізденеді. Сұлу жүнді иірсе болады дейді. Дәуге ұршық
жаса дейді. Дәу қарағайды жұлып алып бұтақтарын сындырып та-
залайды. Оған диірменнің тасын кигізеді. Себебі ортасы тесік та-
стан тапқаны сол ғана болды. Оны Сұлу көтере ала ма? Ата-ана-
сын сағынған Сұлу «мені үйіме жібер. Ұршығымды алып келейін»
деп жалынады. Дәу сенбейді. Үйін сағынып аспанға қараған Сұлу
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
төбесінде ұшып жүрген көбелекті көреді. Сұлу көбелекке жалы-
нады, «менің үйіме барып, Хан әкеме айт. Мені тұтқынан босатып
алсын» дейді. Көбелек шыр айналып ұша береді. Сұлу зер салып
қараса, көбелек жай ұшпай ауада әлдене жазу жазып жүрген
сияқты. Оқып көрсе, «мені сен жібергенін қалай білдіремін» деген
сөз екен. Сұлу дереу өзінің алтын сақинасын шешіп береді. Бірақ
оны көбелек көтеріп ұша ала ма? Сосын Сұлу ойланып тұрып,
өзінің бір тал алтын шашын шиыршықтап көбелектің мойнына
іледі. Дәу сенің қолыңнан ештеңе келмейді екен. Одан да сені
отқа қақтап жеп аламын деп ұрсады, ал сұлу Дәуге «Дәу ата, мені
темір торыңнан шығар. Өзіме лайық ұршықты өзім жасап алайын»
дейді. Дәу темір тордан шығарған соң үйеңкінің бұтасынан өзіне
ұршық жасауға кіріседі. Бұл солай жұмыс құралын істей тұрсын,
біз Хан әке не істеп жатқанын көрейік.
Әлқисса, Хан қызын кім әкеткенін білмей, түрлі бақсы-
балгер, жұлдызшыларын жинап, жарлық шашыпты. Кімде-кім
менің жоғалған қызымды тауып әкелсе, соған ат басындай ал-
тын беремін! Қыз темір тордың ішінде болғанда болжағыштар
ештеңе көре алмай бастары қатып отыр екен. Сонда бір жа-
уырыншы мен таптым деп айқайлап жіберіпті. Қызыңызды биік
таудағы Дәу тұтқында ұстап отыр.
Осы кезде қыз ұшырған көбелек те Хан қолына қонады. Хан
қызының шашын танып, қуанғаннан талып түседі. Дереу әскер
жинап, қызын құтқаруға сан мың сарбаздарын аттандырады.
– Дат, тақсыр, – дейді жаңағы жауырыншы.
– Датың болса шапшаң айт! – деп ақырады Хан. Өзі қызын
қатты сағынып, төзімі таусылып зорға шыдап отыр. Сонда жауы-
рыншы айтқан екен.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Хан ием, Дәу жалғыз. Жалғыз болса да күші көп. Барған
әскеріңізді босқа қырып аласыз. Одан да мені жіберіңіз. Маған
көп-көп әдемі мата, тігіншілер қосыңыз. Көбелек Дәуге әдемі
көйлек керек деген хабар айтып тұр. Соны апарып берсеңіз,
Дәуден қызыңызды мен-ақ босатып әкелемін, – депті.
Хан ойланып, келіседі. Көп мата тиеген керуенді сырнай
латып, кернейлетіп тау шатқалына аттандырады.
Жауырыншы кемпір көбелектің артынан еріп отырып, Дәу мен
хан қызы тұрып жатқан әсем табиғатты шатқалды тауып алады.
Сөйтіп алаңғасар Сұлу көбелектің көмегімен әкесінің сара
йына қайтып келіп бақытты ғұмыр кешкен екен дейді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Құмыра
Баяғы өткен заманда кең байтақ даланы, айдын шалқар көл
ді, асқар-асқар тауларды мекендеген батыр да ержүрек халықты
бір айбынды патша билеп тұрады екен. Патшаның күнде кешке
қарай қарапайым шаруа құсап киініп алып өзінің қол астында
ғы елді аралайтын әдеті болыпты. Осылайша патша халықтың
көңіл-күйін бақылап, және тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көретін
болыпты.
Патша өз еліндегі жас балалардың ішінде кім қандай іске
бейім екендігін бала кезінен бақылайтын болса керек. Соғысып
ойнайтын балалардан әскер жасақтаса, көзі қырағы бала-
ны қарауыл, іске икемдісін бақауыл, сөзге шешенін жасауыл
қойыпты.
Сол балалардың ішінде бір Құман деген бала білімге өте
құмар болыпты. Айтқан сөзіңді бірден қағып алатын зерек екен.
Сол елдегі білімді кісілерді жинап оқытса, әлгі бала олардың
білімін тез ұғып ала қойыпты. Ол ғалымдар «Енді біздің бұл
балаға үйретеріміз қалмады» деген соң патша Құманға алыс
елдерге шығып білім жинап келуді бұйырыпты. Ақсарбас қой со
йып, елін жинап Құман атын Құмыраға айналдырып, еліңе көп-
көп білім жинап кел, көкірегіңе құйып кел деп алыс сапарға ат-
тандырыпты. Жол бастайтын басшы беріпті. Қызметін істейтін
қосшы ілестіріпті.
Құмыра жолға шығыпты. Қап тауынан әрі асып, Шам шәрінен
білім нұрына шомылыпты. Одан әрі сапар шегіп, Шын-машын
еліне жетіпті. Сөйтіп, жер әлемнің ғұламаларынан көп білім
үйреніп еліне оралыпты.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Патша елге оралған Құмыраны бүкіл сән-салтанатымен
тіккен он алты қанат ағаш үйде қабылдапты. Патшаның қасында
толып отырған оқымыстылары баланың білімін сынамақшы бо-
лып жиналыпты. Патша есіктен кіріп келген балаға «Өз орыңды
өзің тап» депті. Сонда Құмыра көп ойланып тұрмастан патшаға
тіке келіп «менің орнымда Сіз отырсыз!» депті. Патша жас жігіттің
батылдығына, өз құнын дәл тапқанына риза болыпты. Түсіп, тағын
беріпті. Бірақ Құмыра «Сіз мені елді білімімен көркейтсін деп
жұмсадыңыз. Аса қадірлі патшам, мен сол қызметіме кірісейін»
деген екен.
Сайын далада оның айтқанын естімеген жан қалмапты.
Ақ селеулі дала Құмыраның айтқанын мақұлдап басын изеп
тұрыпты. Таудан аққан мөлдір бұлақ Құмыраның айтқанына
риза болып шапқылап теңізге құйыпты. Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалап, ел мәре-сәре, ішкені алдында, ішпегені артында
керемет замандар өтіпті.
Күндердің бір күні данышпан патша уақыты жетіп өліпті. Ор
нына ақылы кемдеу бір патша болыпты. Ақылы кемдеу патша
өзінің уәзірлерін өзі сияқты топастау жандардан жинапты. Енді
халық басына түскен мәселесі бойынша ақылдасуға патшаны
емес, оның ғұлама ғалымы Құмыраны іздейтін болыпты. Мұны
көрген топас уәзірлер патшаға «ұлы мәртебелім, халық сізді емес,
сіздің құлыңыз Құмыраны тыңдайтын болды» деп, шағыстыра
беріпті. Ақылы кемдеу патша топас уәзірлерінің ақылы бойынша
Құмыраны терең зынданға салып тастауды бұйырыпты.
Ақылы кемдеу патшадан әкесінің даңқына мәз ақымақ ұлы
ел басқарыпты. Ол патшадан кейін одан да сорақы даңғой пат-
ша ел билепті. Ел азыпты. Жер тозыпты. Осылайша жеті патша
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл ауысқанда халық өлермен халге жетіпті. Жұрт қырылар болған соң баяғы данышпан Құмыраны есіне алыпты. Есіне алыпты да іздей бастапты. Елінің данагөй қарттары «Баяғы замандағыдай патшаның қыран бүркітін ұшырайық. Сол кімнің басына барып қонса сол патша болсын» деп бәтуаласыпты. Халық жиналып құсты ұшырған екен. Бүркіт ұшып барып далада қой бағып жүрген бір баланың басына қоныпты. Қырық уәзір шауып барып, баланы менсінбей ертең қайта ұшырамыз деп шешіпті. Балаға «Сен ертең қойыңды басқа жаққа жай!» – деп бұйырыпты. Ертеңінде тағы ұшырса, құс барыпты да қаланың екінші жағында қой жайып жүрген балаға түсіпті. Уәзірлер ұстамақшы болып қуса, бүркіт баланың жаман тымағын бүріп алып елдің ортасына ұшып келіпті. Халық сонда бүркіттің патша болуға лайықты адамды тапқанын біліпті. Келесі үшінші күні бәрі шұбырып бүркіттің соңына ілесіпті. Жауыз уәзірлер бүркіттің тұяғын түнде қиып тастаған екен. Енді бүркіт баланың басқа бағытта қой жайып жүргенін аспанға күндегідей самғап шығып көреді де, солай қарай заулайды. Халық шулап келіп жетсе, қайран бүркіт тұяғы жоқ қона алмайды. Аспаннан заулап келген күйі баланың қасына кеудесімен жер соғып құлап, мерт болады. Халық бала бүркітті қолына алып сипап отырған жерінен көреді. Халық сол баланы хан көтеріп ақ киізге отырғызып шаһарға әкеледі. Бала патша өзін тәрбиелеген қарт атасы мен әжесін қасына алдырады. Елді әділ билеп, халық тоғайып, жағдайлары жақсара бастайды. Бірақ ашаршылық-жоқшылық сананы буып, анталаған жаудың бетін тойтару жас патшаға оңайға түспейді. Патша сасқанда ел ішіндегі ақылман қарттар, ақсақалдар ақыл қосады.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Бір күні атасы айтады. Осы елде баяғы өткен замандарда бір Құмыра деген ғұлама болды. Мына уәзірлеріңнің бірі болмаса бірі оны көмген жерді көрсете алар, сұрап көр, – дейді. Бала патша қыспаққа алған екен, бір уәзірдің жұрағаты (тоғызыншы ұрпағы) «мен көрсетейін» деп мойындапты. Оның атасы немересіне, немересі шөбересіне, шөбересі шөпшегіне, шөпшегі неменесіне, неменесі туажатына, туажаты жүрежатына, жүрежаты жұрағатына сол жерді көрсетіп: «сенің атаң ақылы артық болып кетпесін деп осы жерге өзінен асып туған адамды көмгізіп қойған. Сен де өзіңнен артық болып кеткеннің көзін жойып отыр» деп үйретеді екен. Жұрағаты оныншы ұрпағы жекжатына соны айтып жатыр екен. Астағыпыралла! Талай заман өтіп, жеті патша ауысқаннан кейін ол Құмыра тірі болмауы да мүмкін деп қорқады ел. Бірақ жер-әлемнің тілін білген ғұлама ұзақ өмір сүрудің де жолын білер деген дәмемен, бәрінен бұрын оның ілімі елге мұқтаж нәрсе болғандықтан жаңағы уәзірдің жұрағаты көрсеткен жерді қазады. Бір күндері қазып жатқан жер астынан күңгірлеген үн келеді. Иненің жасуын дай сәуле түсіріп ғұламаның көзін біртіндеп жарыққа үйретеді. Түтікпен су береді. Түндіктен күн көреді. Сөйтіп қырық күн біртінбіртін тамақ беріп, Құмыра абызды бері алып шығады. Енді жас патша барлық нәрсені Құмыра ғұламаның айтуымен істейді. Құмыра бала патшаның қасында отырып, ел билеудің бар қыры мен сырын айтады. Содан кейін мал малданып, жан жанданып ел бақыт пен байлыққа қол жеткізген екен дейді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Алып айдаһар
Баяғыда бір ханның өте сұлу бір қызы болыпты. Хан қызын
өте жақсы көріпті. Сосын оған сәнді сарай соқтырып беріпті.
Бір күні хан қызы өзінің сәнді сарайының терезесінен қарап
тұрса түу алыста бір нәрсе көздің жауын алып мың құбылады
дейді. Қыз анықтап көрмекші болып мұнараға шығады. Толқын-
толқын болып ирелеңдеген нәрсеге көзі жетпепті. Жақын барып
көрмекші болған хан қызы қасына күн астынан келген Күнікей
сұлуды, ай астынан келген Тінікей сұлуды ертіп алып, өзінің
ақбақай атты тұлпарына мінгесіп ешкімге айтпай жолға шығады.
Жай ғана толқынданбай қырық құбылып сан түрлі сәуле шашқан
жұмбаққа құмарлық қыздарды үйде отырғызбады.
Жарық сәуле шашқан не екен деп жақындаса – алып
Айдаһар болып шығыпты. Аттан түсіп, керемет сиқырлы суға
шомылмақшы болып келе жатқан аруларды алып Айдаһар
күншілік жерден лебімен тарта жөнеліпті. Оған шыдас бере ал-
май дедектеген қыздар лезде-ақ Айдаһардың ауызына жетіп
келіпті. Айуан да болса жер шарындағы ең сұлу қыздарды
көргенде оларды жұтпай, иретіле оралып денесімен қоршап
шеңбер жасап алыпты.
Қызық құмар қыздар сөйтіп тұтқынға түсіп, еліне қайту мұң
болыпты. Үшеуі қорыққаннан, елін сағынғаннан еңіреп жылапты.
Көз жастарының көл болғаны сонша, өзен болып ағыпты. Сол
өзен аққаннан ағып отырып Хан әкенің сарайына жетіпті. Бұл
қайдан келіп жатқан су деп ішіп көрсе су кермек татиды дейді.
Бұл судың дәмін бұзып, бүлдіріп жатқан көргенсізді тәртіпке салу
үшін Хан өзінің сарбаздарын аттандырыпты.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Алып айдаһар болса келген әскерді келген күйінше жұта
беріпті, жұта беріпті. Түйені түгімен, биені бүгінен жұтса да
жұмырына жұқ болмайды дейді. Мұны көріп хан қызы қатты
қайғырыпты. Бірақ алып Айдаһар қарыны тойған соң қамсыз
ұйқыға кетіпті.
Айдаһар ұйқыға кеткен соң үш қыз аяқтарының ұшынан ба-
сып одан алыстай береді. Иесінің құрсаудан құтылғанын көрген
Ақбақай тұлпар шылбырын сүйретіп қасына жетіп келеді. Үш қыз
бір атқа мінгесіп алып, шапқаннан шауып отырып Хан әкенің са-
райына жетеді. Хан қуанып ұлан асыр той жасайды.
Ал алып Айдаһар ұйқысынан он күн дегенде оянып қараса
қыздар жоқ! Қаһарына мінген алып Айдаһар өзі шомылып ойнай-
тын алтын бастауға келіп, жер астынан бұрқырап шығып жатқан
су көзін өзінің алып денесімен жауып бекітіп тастайды.
Су келмеген соң халық қиналады. Балалар жылайды бір там-
шы су таппай шөлдері қанбай; аналар жылайды сәбиін емізе
алмай; батырлар құлайды қандары қоюланып ілгері аттап ба-
сып жүре алмай; Сұлу қыз сұрайды әкесіне барып: «Хан әке,
мені жібер. Айдаһар мені жұтпайды. Мен барып оны көндірейін.
Мөлдір су ішкен соң жауынгерлерің күшейіп әл жинар. Сол кезде
мені Айдаһардан батырлар құтқарып алар» дейді. Халқының тең
жартысы бармасын, деп қызды аяп жіберме десе, тең жарымы
«бізді құтқара гөр, осы ақыл дұрыс» деп зарлайды.
Хан әкенің басқа амалы болмаған соң қызына ұрықсатын
береді.
Әлқисса, хан қызына күн астынан келген Күнікей мен ай асты-
нан келген Тінікей ереді. Үш қыз малына киініп, қолына сырнай,
кернейлерін алып енді жалмауыз Айдаһарға өздері келеді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Айдаһар сұлуларды көргенде қырық құбылып биіне басады.
Сұлу қыз сиқырлы сыбызғысын ойнай жөнеледі. Өмір бұлағының
басы той-думанға айналады. Ойнап жүріп қараса Айдаһар
сиқырлы сыбызғы ойнаған сайын кішірейе береді екен, кішірейе
береді екен. Сосын Сұлу сыбызғысын үзбей ойнай береді, ой-
най береді. Демі таусылғанша, әлі біткенше, қуаты сарқылғанша
ойнай береді. Ақырында әлі әбден құрыған қыз құлап түседі. Бұл
кезде алып Айдаһар кіп-кішкентай жіңішке жыландай-ақ болып
қалыпты. Күнікей мен Тінікей дереу оны шыны ыдысқа салып
бекіте қойыпты.
Айдаһар ашуланса қаһарланып ісініп өсе бастайды екен.
Осыны ұққан хан қызы айдаһарға жылы-жылы сөйлеп, сыбызғы
тартып береді екен. Келген қонақтарға көрсетіп тамашалап әлі
бағып жүрген көрнеді.
Сол елдің адамдары шынашақтай сұлу қыздың алып Айда
һарға қорықпай қалай қарсы шыққанын әлі жыр қылып айтып
жүреді дейді. Мөлдір суға қанған балалар ер жеткенде алып
батырларға айналады екен дейді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Сәулетті сарай
Баяғыда бір керемет бай Хан өмір сүрген екен. Сол Ханның
мың-миллион әскері бар екен. Ол күнде әскерін ілестіріп алып
бір күні күннің батысына қарай сапар шегіп, батыс шекарасын
тексерсе; екінші күні әскерлерін ертіп алып елінің шығысына
қарай жүріп шығыс шекарасын тексеретін әдеті бар екен. Сондай
сапарларының бірінде қол астындағы жерінің бетегесі белден
келген, жоңышқасы жайқалған, мың сан көбелектері ұшып-қонған
әсем алқапқа кезігеді. Ханның жан дегенде сұлу жалғыз қызы,
ержүрек екі ұлы бар екен. Хан жалғыз қызына осындай әдемі жер-
ден сарай салдыруды ойлайды. Ел-елден, жер-жерден ең мықты
деген небір шеберлерді жинайды. Көркіне көз тоймайтын зәулім
сарай салынып біткенде сарайын одан әрі көркемдеуді ойлап Хан
ие Күн асты елінен Күнікей сұлуды, Ай асты елінен Тінікей сұлуды
алдырады. Сол заманда ол екеуінен асқан сәулетші, әрлеуші жоқ
екен. Хан енді адам баласы осы сарайдың сәулетіне таң қалардай
етіп жасаңдар деп бұйырады. Әдейі алдырған шеберлер де бар
өнерін салады. Бәрі өз кезегімен бітіп келе жатқан. Бірақ бір
күні күн астындағы Күнікей сарайдың мұнарасына көтеріліп келе
жатса жолында дәу сары ала жылан жатыр дейді. Ол қорқып ай
астындағы Тінікейді шақырады. Екеулеп те жыланнан өте алмай-
ды. Хан иеге хабаршы жібереді. Хан ие жыланның басына ақ құюды
бұйырады. Сонда жылан ысылдап бүй дейді.
Осы сарайдың иесін маған ілестіресің. Әйтпесе еліңді жұтамын
дейді. Мұның бәрін көріп тұрған Сұлу әкесінен ұрықсат алып
жыланға ілеседі. Хан ие күн астындағы Күнікейге, ай астындағы
Тінікейге қызына ілесуді бұйырады. Сонымен үш сұлу сары ала
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл жыланға ілесіп тау шатқалындағы үңгірге кіреді. Үңгірге кірісімен сары шұбар жылан басында әдемі шалмасы бар, маңдайында үлкен жасыл гауһары бар сұлу жігітке айналады. – Мен жыландар патшасы Жалан Бапының ұлы едім. Әкем сені әкелуді бұйырды. Маған ілесіп жүр. Мына зәулім сарай орнатып жатқан шатқал біздің жер бетіндегі иелігіміз. Сен әкеме ұнауға тырыс. Сонда ол саған бата беріп қайтарар. Ондай болмаса сені де, әкеңді де жұтады. Әкең менімен тіл табысуға тырысып, басыма ақ құймағанда саудасы бітіп еді, – дейді. Мұны естіген қыздар үнсіз жылан жігітке еріп отырып жер астындағы бір жап-жасыл көлге келеді. Жігіт суға сүңгіп кетеді. Артынан суға түскен Сұлу жыланға айналып кетеді. Оны көрген күн астындағы Күнікей де, ай астындағы Тінікей де қорқып суға беттемей қояды. Сұлу оларды қанша шақырса да еруге қорқады. Сөйтіп жүргенде көлден жалмауыз жайын шыға келіп жылан жігітті жұтып жібереді. Сұлу ирелеңдей қашып жағаға шығып үлгереді. Жағаға шықса қайтадан қыз қалпына келеді. Адам болған соң үшеулеп жалмауыз жайынды үстаудың әрекетіне кіріседі. Күн астындағы Күнікейдің сиқырлы айнасы бар екен. Қақпағын ашып қараса жылан жігіт жалмауыз жайынның соқыр шегінің ішінде ұйықтап жатыр екен. Енді олар жалмауыз жайынды үстаудың әрекетіне кіріседі. Үш қыз шаштарынан ау тоқып, ай астынан келген Тінікейдің сиқырлы тарағымен көлдің суын толқындатып жайынды шақырады. Оны ұстаған соң «дереу жаныңның барында жігітті шығар» дейді. Құрғақта өлерін білген жайын жігітті құсып тастап, жалынады. «Мен сендерге Жылан Бапы патшаға тура апаратын сиқырлы есікті көрсетейін. Мені босатып жіберіңдер» дейді. Ол босана салсымен дәу құйрығымен суды бір салып қалған екен,
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл су екіге айырылып, ортасынан құрғақ жер көрініпті. Бәрі бірдей түсе қалса темір есікке тап келіпті. Есікті ашса – арғы жағында Жылан Бапы патшаның сарайы шыға келіпті. Патша өз ұлымен құшақтасып көрісіп, оны құтқаруға көмектескен Сұлуға риза болып батасын берген екен дейді. Әлқисса, бұлар жер асты патшалығын қызықтап, өнер үйреніп жүре тұрсын, енді біз қыз әкесіне келейік. Хан қызын ай күтеді, жыл күтеді. Шығатын қыз көрінбейді. Ханның екі ұлы әкелеріне өкпелейді. Қырындасымызды сағын дық. Неге жібердіңіз. Бізге бата беріңіз. Өзіміз барып құтқарып алап келейік дейді. Не сан қол жинап, кернейлетіп, сарнайлатып баяғы қыз кірген үңгірге келсе, ешкім де симайды екен. Көп әскер қойсын ба, мұздай құрсанған қол тауды жаңғырықтырып, тасты қопарып жол аша бастайды. Осы кезде жер астынан үш қыз бен бір көркем патшазада шыға келеді. Маңдайында жасыл гауһары жарқыраған Жылан Бапы патша ның ұлынан көз айыра алмаған көп әскер сиқырланып қозғала алмай қалады. Сұлу болса сақалы беліне түскен шалдан қорқып сиқырлы сыбызғысын ойнай жөнеледі. Оны тоқтатқан жылан жігіт бұл өз әкесі, Хан ие екенін түсіндіреді. Жер асты патшалығындағы бір күн жер бетіндегі бір жылға тең екен. Сондықтан әкесі қартайып кеткенін түсіндіреді. Сұлу өзінің сиқырлы сыбызғысымен әкесін, бауырларын жасартады. Жаңағы тасқа айналған әскерге қайта жан бітіреді. Балалар, сендер тауға барғанда байқаңдаршы, сол әскердің ішінде біреулері тас болып әлі тұрған шығар. Әсіресе, балбал тастар біздің ержүрек жауынгер аталарымызға қойылған ескерткіштер ғой. Сондақтан оларды бүлдірмей, көргенде құрметпен қарап, өзімізден кішілерге үнемі айтып жүруіміз керек.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Әлжуаз әскеРлер
Әлқисса, баяғыда бір Ханның Сұлу қызы болыпты. Оны бір
жылан жігіт ұрлап әкетіп, қыз біраз уақыт жер асты патшалығында
өмір сүріпті. Күндердің күнінде жер бетіне оралған соң Сұлу қыз
Хан әкенің әскерлерінің бір түрлі өзгеріп кеткенін байқайды.
Сұлудың анасы өліп, хан басқа әйелге үйленген екен. Жауынгер-
лер әйел беттеніп кеткен екен. Қыз әрі қарап, бері қарап бұл ара-
да не сыр бар екенін түсінбейді. Осы кезде кіші шешесі сәндене
сызылып, иіліп-бүгіліп қыз алдынан шығып, әдемі тағамдарын
ұсынады. Тәтті-дәмді тағамдарды қанша жесең тоймайсың.
Бірақ қазы-қарта жегендей қуатың тасып, әлдене ерлік істегің
келіп құлшынбайсың. Тек манаурап, саз тыңдап ұйықтағың келе
береді екен. Сәнмен құбылып жылтыраған мата денеңді жауып
жасырғанымен міне, мына жерді керемет құпия бар, міне мұнда
қара деп еліктіріп тұрғандай болады екен. Ә, таптым-таптым.
Әскер сәнденген соң әйел беттеніп көрінеді екен.
Сонда Сұлу тұрып айтады:
– Хан әке, мен күйеуге тигім келеді. Мен тау шатқалындағы
биік сарайымда терезеден қарап тұрамын. Әскерлерге бір-
бірлеп алдымнан өтуді бұйырыңыз. Өзім ұнатқан жігітке алма
тастаймын. Қолына алма алғанын бөлек жина, – деп, әкесімен
уағдаласады.
Хан жарлығы бойынша көп әскер қыз алдынан біртіндеп өте
береді, өте береді.
Хан қызының екі құрбысы күн астынан келген Күнікей мен ай
астынан келген Тінікей екеуі екі жақтан тұрып алып, бірі сиқырлы
айнасына қарап, бірі жауынгердің басын тарап – олар да іріктеуге
кіріседі. Сиқырлы тарақ бастарына тисе болды қарсы зарядтар
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл сытыр-сытыр етіп бит құсап ұшып-ұшып кетеді дейді. Сөйтіп, он күн бойы қыз алынан өткен әскердің ішінен тек он шақтысы жарамды деп танылыпты. Күнікей сиқырлы айнаның көрсетуімен бір жігітті нұсқапты. Және ең сұлу деген бір сарбазды да хан әкенің алдына әкеліпті. Ендігі шарт қырық құлаш құдыққа екі жігітті арқан байлап түсіру. Кім ең ұзақ уақыт төзіп отырса соған тимекші болыпты. Егер суық суға шыдай алмаса батырлар беліне байлаған арқанды сілкіп белгі беруі керек. Бірінші болып түскен жігіт он күн құдықта отырыпты. Белгі бермеген соң өліп қалған жоқ па деп тартып алып, жаураған жігітке қазы-қарта, жал-жая жегізіп әлдендіріп, үстіне қамқа тон жауып жылытып алыпты. Батыр тез тұрып, жау қайдалап қолына найзасын ұстап тез қалпына келіпті. Ал екінші сәнқой «батыр» болса бір тәулікке де шыдай алмай «шығар да шығар» деп шырылдап кетіпті. Құдықтан алған соң өз қалауы бойынша шыңыраудан шыққан сәнқой су татыған күріш пен шөпшаламын жеп, сусылдаған жібек шапанның жүзін қабаттап жапса да бір жылынбай әлі дірдектеп жүр деседі. «Тоғыз қабат торқаңнан тоқтышағам терісі артық» деген осындайдан қалса керек. – Хан әке, – депті сонда қызы: – кіші шешемнің сөзін тыңдай берсеңіз әскеріңіз әлжуаз болып, елімізді жаудан қорғай алмайды. Сізге әлжуаз жігітсымақтар емес, елін қорғай алатын ержүрек жауынгерлер керек. Хан жарлық шашыпты: бұдан былай сарбаздарым тек теріден илеп тігілген тон, жарғақ шалбар киетін болсын. Жылқы етін жеп, қымыз ішетін болсын! Сөйтіп, содан былай ханның әскерлері ешқандай жауға есе жібермейтін кілең алып жігіттерге айналыпты.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Алып Ер Тұлғалы Сақ батырдың тұлпары
Баяғы бір бағзы эамандарда кең даланы мекендеген сақ де-
ген бір халық өмір сүріпті. Олар осы біздің қазақ аталарымыздың
арғы бабалары екен.
Олардың алып ер тұлғалы Сақ деген ержүрек батыры бо-
лыпты. Оның жауырынының жалпақтығы сондай, арқасына
бүкіл елі сыйып кетеді дейді. Оның тұяғы тасқа тисе ұшқын
ататын тұлпары болған дейді. Ол алып қылышын суырып алса,
қылышының жарқылына ай нұры таласа алмай күңгірт тартады
екен. Сағағын шашақтаған ақ найзасын аспанға көтерсе, күн
ұялып жымыңдайды екен. Өзі сондай теңдесі жоқ батыр болса
да ешкімге соқтықпайды екен. Ал келіп соқтыққан жауынан өшін
алмай тынбайды екен. Артынан түре қуып барып қақпасының
алдын шаң қылады екен. Халқын күшіне таң қалдырады екен.
Өштескен жауының қабырғасын қақыратып, омыртқасын опы-
рып, ерлерін құл қылады екен.
Сол кезде жер шарының батыс жағында бір биік шошақ
мұнаралы елдің патшасы Алып ер тұлғалы Сақ батырдың
тұяғынан от ұшатын тұлпарына қызығып, оны ұрлатып алуды ой-
лайды. Тұлпарын тегін беретін Сақ батыр ма? Еліне келген жауды
түре қуып береді. Енді биік шошақ мұнаралы елдің патшасы са-
сады. Өзінің барлық батырларын жинайды. Балгер, болжауыш-
тарын жинайды. Көп ішінен біреуі тұрып айтады дейді: «тақсыр,
бір амалын тапса мың жасаған мыстан кемпір табады» дейді.
Патша мың жасаған мыстан кемпірді алдырып: «шешеке, ат ба-
сындай алтын беремін. Мына келе жатқан Алып ер тұлғалы Сақ
батырдың кәрінен бізді құтқара гөр» депті.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Мың жасаған мыстан кемпір Алып ер тұлғалы Сақ батырдың
алдынан шығып: «балам, алыс жолдан шаршаған шығарсың,
мына жасаулы үйге түс. Сусын іш» депті. Сақ батыр үлкенді сый-
лап, тынығуға келіскенімен тек қымызбен шөл басатынын ай-
тып, кемпір берген сусынды ішпепті. Оның не сиқыры бар екенін
білмекші болған мыстан кемпір батырдың үзеңгісінен ұстап,
қасынан қалмапты. Сөйтіп бар сырға қаныға беріпті. Бар сырды
ұққан соң өз патшасына жансызын жұмсап: «бұл батырдың жаны
өзінде емес, астындағы атында екен. Сондықтан атын өлтірсең
ғана өзін жеңе аласың» деп сәлем айтыпты.
Патша атты құрту үшін келе жатқан жауының алдынан бірнеше
шақырым жердің шөбін улатады.
Жылқы деген жануар өте сезімтал емес пе, түсі өзгерген
шөпті жемей қояды.
Патша енді жолдағы құдықтардың суын улайды. Жылқылар
тағы ол суды ішпей өте шығады.
Сонда мыстан кемпір айтады дейді: «Шырағым, жылқы су
ішпеді, от жемеді. Жау жақын. Мына түрімен сенің атың сені
жаудың қолына тастар. Одан да мен алдырған пілге мін. Ол алып.
Саған дәл сондай көлік лайық. Және шыдамды. Жауыңды тапта-
са да саған болысар» депті.
«Батыр – аңқау» деген емес пе, Алып ер тұлғалы Сақ талай
күннен бері үзеңгісінен ұстап келе жатқан шешекем ғой деп
оның айтқан тілін алып, атынан түсіп, пілге отырады.
Биік шошақ мұнаралы елдің адамдары батырды табақ
көтеріп қарсы алады. Сөйтсе, ол табақты толтырып тышқан алып
шығыпты. Тышқанды көрген піл нақұрыс қорықпайтын нәрседен
зәресі қалмай шошып, ал кеп туласын, ал кеп туласын. Сөйтіп,
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
аңқаулығынан қолға түсіп қалған батыр арттағы елге дұғай-
дұғай сәлем айтыпты. «Еті мен сүті дәру, өзі дос, жылқы деген
жануардан айырылмасын» депті.
Мың жасаған мыстан көлеңкедей еріп жүріп бар біліп алған
құпиясын өз патшасына сайрап отыр дейді.
Жылқы деген жануардың сүтін ішсе адам ауырмайды екен.
Олар жорыққа шыққанда өздерімен бірге жылқының етін азық
қылу үшіп қосарға қос-қос аттан алып жүреді екен. Кейде етті
тоқымның астына салып алып шабады екен де, қонған жерінде
сол бабына келіп тұрған етті отқа қақтаса керемет дәмді болады
екен.
Бұл сырға қаныққан патша Сақ елінің аттарын қайтсе де қолға
түсіруді күні-түні ойлайды. Ол сөйтіп қолға түскен зындандағы
батырды қайтетінін ойлап, жылқыға қалай қол жеткізуді ойдап
қиялдай тұрсын.
Әлқисса, Алып ер тұлғалы Сақ батырдың тұлпары шапқаннан
шауып отырып, есті жануар дөңгелек мұнаралы өз еліне келіп
жетіпті. Ол кездегі кісілер жылқы деген жануардың кісінегенінен
түсінетін адамдар екен.
Елінде Алып ер тұлғалы Сақ батырдың Қарасай және Қази
деген егіз ұлы ержетіп қалыпты. Олар өздері сияқты ержүрек
жасөспірімдерді жинап алып әкелерін құтқаруға атқа мініпті.
Тұлпардың келген ізімен шапқаннан шауып отырып биік шошақ
мұнаралы елге жетіп келіпті. Күндізгі шаңнан күн көзі көрінбей
қалатын ұрыс салыпты. Түндегі ұрыста ай тұтылғандай шаңнан
перде болыпты. Жас перілер жаудың жанын қоймапты. Екі батыр
бала бастаған қалың қол зынданда жатқан Алып ер тұлғалы Сақ
батырды сөйтіп құтқарған екен.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Кір патша
Баяғыда-а-а бір ханның жалғыз қызы болыпты. Ұлдары бол
ған-ды, бірақ жаугершілік заманда жау қолынан мерт болыпты. Бұл
кезде батыр қартайып, буын-буынынан әл тайып, егер алай-бұлай
болып кетсем елімді, жерімді жаудан кім қорғайды деп қамығып
жүрген тұсы екен. Мұны байқаған жалғыз қызы Тұмар жігіттерше
киініп алып, жауынгерлермен қылыштасып, найзаласып, ер
жігіттердің істегенін істеп, шыныға беріпті. Әкесінің қасынан
қалмай ілесіп жүріп оның соғыс өнерін қалт жібермей қағып алып
меңгере беріпті. Солайша Тұмар қыз өжет те өр, тапқыр да ба-
тыл болып бой жетіпті. Ұзатылып барған елінде де әскермен бірге
жорықтан қалмайтын нағыз жаужүректің өзі болыпты.
Сол Тұмар ханшайымның бір жорықта жары қаза тауып, елін
басқару өз қолына қарап қалыпты. Бұл жағдайды білген алыста
тұратын Кір патша иесіз қалған елді жаулап ала қоймақшы бо-
лып атқа қоныпты. Қаптаған қалың әскер жинап жетіп келгенімен
ол патшаның барлаушылары бұл қазақ елінің өте жауын-
гер ел екенін, кілең жүрек жұтқан батырдың ұрпақтары жауға
оңайшылықпен беріспейтінін ескертіпті. Патша айла ойлай-
ды. Сөйтіп өтірік жаушы жібереді. «Тұмар ханшайымға өлердей
ғашық боып, талай таулардан асып, талай белдерді басып, талай
шөлдерден өтіп келгендігін, өзіне әйел етіп алмақшы» екендігін
айтып кісі жібереді.
Тұмар ханшайым оның «ғашықтығы» шылғи өтірік, пиғылы
Тұмардың елін қалайда өзіне құл ету екендігін түсінеді де, былай
жауап береді: «Ей, Кір патша, жәдігөйсіме, есің барда еліңді тап!
Мен саған күйеуге тиіп, елімді саған құл ете алмаймын!»
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Кір патша өзінің қулығы ашылып қалғанына ұялмайды. Қа
һарланып бар әскерін соғысқа салады. Қара құмырсқадай
қаптаған жау табиғи шекара сияқты қазақ жерін қорғап жатқан
мол сулы жалпақ сары өзеннің жағасына үлкен көпір тұрғызуға
кіріседі. Мұны көрген Тұмар ханшайым болашақта бұл көпір жау-
ларын тез өткізіп тұратын қауіпті жер боларын ойлап Кір патшаға
кісі салады.
– Ей, қанқұмар байғұс, көпір салып әуре болма! Сен әскеріңді
үш күншілік жерге шегіндір. Мен сен жақ бетке шығып соғысайын.
Не мен үш күншілік жерге әскеріммен шегінейін. Сенің әскерің
өзеннен өтіп болғанша тиіспеуге уәде етемін,- дейді. Бірақ
патшаның жандайшаптары: ол қатынды неге тыңдайсыз, оларды
өз жерінде қырып салайық! – деседі.
Сонымен, Тұмар ханшайым өз әскерін өзеннен аулақ әкетіп,
жаудың өтіп болуын күтеді.
Тұмар ханшайымның жап-жас ұлы осы соғысқа алғаш рет
шығуға жасы жеткен екен. Сол жас арыстанды қолға түсірудің
жоспарын жасаған жау әскері өзінің жаралы жауынгерлерінен
құрылған жасағын мол азық-түлігімен қалдырады. Кілең жас
жаунгерлерден құралған Тұмар ханшайымның жалғыз ұлы
басқарған жасақ жауды оңай жеңеді. Шаршаған сарбаздар кеш
түскен соң, олжа азық-түлігін ортаға алып, ішімдігін ішіп, түнде
алғашқы жеңісін тойлап, аз ғана күзет қойып ұйқыға кетеді. Осы
сәтті тасада бақылап тұрған жау ұйқыдағы жасақты дереу басып
алады. Мұны естіген Тұмар ханшайым Кір патшаға тағы хабар-
шы жібереді: «Жас жігітті алдап түсіргеніңе мақтанба, қанішер!
Жалғыз ұлымды өзіме қайтар! Еркек болсаң ашық майданға
шық!»
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Ұйқыдан оянған жас жауынгер өз елі мен анасын қандай қыспақта қалдырғанын қапысыз ұғады. Өз қателігінің қаншалықты қымбатқа түсетінін, өзін құтқару үшін анасының қандай құрбандыққа барарын ойлағанда қаны басына тепті. Арыстандай атылып барып жау беліндегі қанжарды ала салып өз жүрегіне бойлата сұқты. Кір патшаның бұл сасық қулығы іске аспай қалды. Кейін өз елінің еркіндігі үшін өз өмірін құрбан еткен жас жауынгерді елі ардақтап, алтын сауыт кигізіп жер қойнына тапсырды. Ал Тұмар ханшайым болса жалғыз ұлынан айырылып, ашынған арыстандай өршелене ұмтылып, қаптаған қалың жауын тас-талқан етіп жеңді. Неше күн соғысып жеңіске жетті. Қанға тоймайтын, өзге елдің алтынына қызыққыш Кір патшаның басын кесіп алды да, оны қан толтырылған местің ішіне батырып тұрып: – Қанға тоймайтын қанішер, арманыңа жет! Енді осы қанды қалағаныңша іш! – деді. Қазақтың батыр қызының осы бір қанатты сөзі арада сан ғасырлар өтсе де ұрпағының жадынан өшпей, жүректерге жігер құйып осы біздің заманымызға жетіп отыр. Міне, балалар, сендердің Тұмар әжелерің сондай батыр болған.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Ержүрек Шырақ
Ерте, ерте, ертеде, сағым ойнаған сайын далада жел-
ден жүйрік қиял елі өмір сүріпті. Алтынмен апталған, күміспен
күптелген ер-тұрмандарын желден жүйрік арғымақтарына ерт-
теп мініпті. Үйір-үйір малын алдына салып, жердің шұрайлы,
қоныстың жайлысын таңдан көшетін елдің ханзадасын алтынға
орап көметінін естіген, алыс аймақта тұрғанмен өзгенің ал-
тынына қызыққыш даңғой бір патша сол алтындарын тартып
алмақшы болыпты. Өз айналасын қан қақсатып басып алған
дар-дар еткен даңғой патша мен дүние жүзін билеймін деп, мың
сан әскерін жинап соғысқа аттаныпты. Тез-ақ жеңіп алмақшы
болып келіп, екі рет құр қайтыпты. Сосын үшінші ретінде көп
әскерінің темір етігі бір жүріп өткен жерінен көп жылдар көк шөп
шықпайтын неше сан әскері жер қайыстырып жетіпті. Осы жолы
қалай да жеңемін деп, сары сулы жалпақ өзенге көпір салатын
шеберлерін, ағаштарын сүйреп жетіпті. Олар солай көпір сала
тұрсын біз ханның әскерінен хабар алайық.
Әлқисса, хан құмырысқадай қаптаған көп жаудың жүрген
ізінен шаң борап, күн көзі көрінбей қалатын осы жаудан ақи-тақи
қалай құтылып, ендігәрі келтірмейтін амалын ойластырып, өз
адамдарымен ақылдасыпты.
Ал Алып Ер тұлғалы ерлердің елі аз жауынгері мен бала-
шағасын аман алып қалуы үшін қаша ұрыс салыпты. Шағын
жасақпен қуыспақ ойнаған баладай қаша ұрыс салып
дарылдаған даңғой патшаның әскерін әлсіретуге тырысыпты.
Қызыл қарын жас бала мен қарттары бар ел көшін елдің ішкі
жағына аттандырып, кілең сайдың тасындай жауынгерлері мен
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
жаужүрек қыздардан құрылған жасақ ел шетінде қалыпты. Бірақ
көп соғыста жаттыққан жалдамалы әскерлер де бой бермепті.
Сонда жауынгерлердің ішінен бір өжет жігіт былай депті:
– Мен оларды Бетпақтың шөліне қамап адастырайын. Су-
сыз қалып әлсіреген кезде сендер соғыс ашып, енді қайтып
беттемейтіндей етіңдер!
Сөйтеді де өзі өз денесіне өз қанжарымен жара салып, Дар
патшаның алдынан шығады. «Мен сендер көп, берілейік деп едім,
мені осылай жазалады. Сендер менің кегімді алып беріңдер!»
дейді. Өзін «мақтағанға» мәз болған дарылдақ даңғой патша Дар
дереу оларды маған тез көрсет деп бұйырады. Шыраққа керегі де
осы сөз ғой. Олар әне кетті, міне кетті деп, мына жолмен тез қуып
жетеміз деп, көп шиырға салып адастыра береді. Сағым қуып сар
далада шыр айналдырып әбден діңкелетеді. Азығы таусылып,
шөл қысып, ауру тарап Дар патшаның әскері тоз-тоз болады. Сол
кездерде жер қыртысын шөбінен танитын Шырақ былай дейді:
– Ей, дар-дар еткен даңғой дарылдақ Дар! Осы тұрған
жерің Бетпақ даланың дәл ортасы. Он күн батысқа жүрсең де
су таппайсың! Он күн шығысқа жүрсең де су таппайсың! Он күн
оңтүстікке жүрсең де, он күн солтүстікке қарай жүрсең де саған
су жоқ! Сен әлемді жеңдім деп мақтансаң, мен сені жалғыз
өзім жеңдім! Менің елім сенімен соғыспай-ақ құрыдың! Сендей
даңғойды жеңген Шырақ батыр мен боламын!
Ақымақ болғанын енді сезген жау қаһарланып ортада тұрған
қарусыз Шыраққа тап береді. Қырық жапырақ етіп турап салады.
Сөйтіп елін сүйген жүрегін ғана қару еткен батыр елі үшін шейіт
болды. Шырақ батырдың есімі сан ғасырларға жетіп, елін сүйген
ерді ұрпақтары еске алып, әлі күнге сол ерлікке басын иеді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Адал достар Баяғы өткен заманда бір Еңселі деген хан ұлы Жаһанша он үшке келгенде алыс елге қыз айттыруға барыпты. Сол ханның Аласа деген інісі бар екен. Сол інісі хан ағасына қастық ойлап, бара жатқанда етігінің өкшесіне у тығып алып жүреді. Хан қымыз ішкенде байқатпай жаңағы уды зеренге салып жібереді. Еңселі еліне жетпей өледі. Орнына інісі Аласа хан сайланады. Ел жайлауға көшкенде Еңселінің қатын-баласын бес жылқымен жұртқа тастап кетеді. «Жеңешем маған өкпелеп көшпей қалды» деп өсек таратады. Анасы мен бес бауырын енді үлкен ұл Жаһанша бағуына тура келеді. Былай шыққан соң Аласа «бөрінің бөлтірігі өсіп алса қастық қылар. Аштан өлсін» деп, өзінің бес жандайшабын жіберіп, өтірік көз қылып тастап кеткен бес жылқыны айдап кел деп бұйырады. Олар Жаһаншаның інісін тобығынан ұрып құлатып, алдындағы малын қуып әкетеді. Інісін арқалап үйге апарып тастаған Жиһанша малының артынан қуады. Олар бесеу, бұл жалғыз. Не де болса түнді күтіп, қараңғыда өз жылқыларын әкетпекші болып жарқабақтың астында бұғып отырса қасына бір бала келеді. Екеуі құрдас екен. Ол қақпан құрып, қоян алыпты. Екеуі бір қоянды қақтап жеп, түнді күтеді. Аты Айбарлы екен. Айбарлы айтады: «Сен білдірмей жылқыларыңды айдап кет. Мен сол кезде қиқулап басқа малды әрі қарай қуайын. Олар соны ұстай алмай жүргенде құтылып кетерміз» дейді. Жарық түскен соң Аласаның жандайшаптары қараса, тек кешегі тартып алған жылқылары жоқ! Әлқисса, олар солай жас баладан ақымақ болып бара тұрсын, енді Жаһанша мен Айбарлыға келейік. Екеуі шынашақтарын қанжармен кесіп қан шығарады да, оны сүтке тамызып, қан тамызған сүтті бөліп ішіп алады. Бұл екеуінің мәңгілік дос болдық
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
деп серттескендері еді. Айбарлы Жаһаншаға қоян аулауды,
балық ұстауды үйретеді. Сөйтіп Жаһаншаның отбасы онша қатты
аштық көрмей, әлдене бастайды. Жаңағы Аласа жұмсаған бес
жігіт «Жаһанша бұрынғы ханымыз Еңселінің ұлы еді. Отының ба-
сын қорғауға жарап қалыпты. Аласа ханнан босқа дүре жей бер-
генше соның қасында болайық» деп көшіп келеді. Мұны көрген
Жаһанша досымен ақылдасады.
Айбарлы әкесіне барып айтады: «Әке, мен жігіт болдым.
Жау шауып ерлік істейін. Қасыма он батыр қосып бер» дейді.
Айбарлының әкесі қуанып, «Міне, осының дұрыс. Аң қуалағанша
ертең менің орныма отырғанда еліңді қорғап, билік жүргізетін
жолға ертерек түскенің жақсы» деп, баласының сұрағанын беріпті.
Айбарлы оңаша шыққан соң батырларына: «Бұл –жаттығу. Сен-
дерге олжаны өзім беремін. Ешкімді жараламайсыңдар. Өтірік
жеңілген боласыңдар» деп тапсырады.
Қоянды жонға келіп Жаһаншаның батырларымен сайысады.
Сосын он батыры он елге барып: «Япырай, Жаһанша керемет
жаужүрек екен. Сайланып барған бізді тауға қуып тықты» деп ха-
бар таратады. Енді өзгелердің тізесі батып, қорлық көріп жүрген
елі Жаһаншаға қарай шұбырады. Келіп панасынан орын тебеді.
Он үйі жүз қаралы елге айналады.
Айбарлы тағы әкесіне келеді. Енді бұл жолы жүз жігітпен
жорыққа аттанады. Арқарлы төбеде тағы «жеңіліске» ұшырайды.
Жаһаншаның қасына бұл кезде ел жүздеп жиналады.
Келесі жылы мың әскермен аттанған Айбарлы аюлы сай-
да тағы «жеңіледі». Жаһаншаның даңқы алысқа кетеді. Айбарлы
әкесіне келіп: «мен енді онымен жауласқанды қояйын. Дос бо-
лайын» дейді. Солайша, сырт көзге жау, жан жүрегімен досының
даңқын асырған Айбарлы деген батыр өткен екен дүниеден. Жер
жаһанның падишасы атанатын Жаһаншахтың досы сол батыр екен.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Бір түп жусан
Баяғыда бір ханның үш ұлы болыпты. Хан күндердің бір
күнінде үш ұлын шақырып алып, үшеуін кезек-кезек өзінің тағына
отырғызыпты. Тұңғыш ұлынан таққа отырғанда не сездің десе,
ол «мен таққа отырғанымда өзім арыстан сияқты, өзге жұрт қой
сияқты сезілді» деп жауап беріпті. Ортаншы ұлы «мен қыран
екенмін, өзгелер қарға, құзғын сияқты сезілді» депті. Ал кенжесі
бір күн таққа отырып көрген соң: «мен ағаларым сияқты ештеңе
сезбедім. Тек алдыма келген елге әділ болуға тырыстым. Ешкімді
ренжітпеуге тырыстым» деп жауап беріпті. Хан әке кенжесінің
жауабына риза болып, тағына соны отырғызыпты. Оған екі үлкені
өкпелеп, өш алуға ойлапты. Сөйтіп, тақта отырған Жамақаның
ұлын өздерімен аң аулауға алып кетеді. Жас баланы алдап,
«Ана жатқан біз өлтірген барыс, барып терісін ал. Сонда сенің
ерлігіңе әкең риза болар» дейді. Бала ұйықтап жатқан барысқа
таянғанда жыртқыш өзін мазалаған балаға тұра ұмтылады. Бала
қолындағы қанжарын дәл жүрекке бойлата сұғады.
Мұны көрген екі ағасы «бұл жеті жасында барысты өлтірді.
Өскен соң бізге күн бермес» деп, өз ойларынан өздері шо-
шып, баланы алысқа кетіп бара жатқан керуенге сатып жібереді.
Әуелгі ойлаған айласы бойынша хан тағында отырған інісіне
келіп: «сенің балаң барыспен алысып жатыр» дейді. Інісі бала-
сын құтқаруға жүгіргенде, екінші ағасы тасада тұрып садақпен
атпақшы болады. Бірақ ханның уәзірлері баланы құтқармаққа
бәрі бірдей жүгіреді де, олардың жоспары іске аспай қалады.
Әлқисса, бала сол кеткеннен мол кетіп, тілін түсінбейтін
бөтен елде, бір саудагердің үйінде жадап-жүдеп жүріп жа-
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
тады. Оны Аюби деген бекзада көріп: «сен осы қолбалаңды
маған сат. Мен саған көп ақша беремін. Ол сен берген жуын-
дыны ішпейді екен. Бәрібір біраздан соң арықтап өліп қалады»
дейді.
Сатып алған соң бала Барысты жуындырып, киіндіріп, өзіне
өкіл ұл етеді. Саудагердің әйелі берген тамақты намыстанып
жемей қойған Барыстың тегін бала еместігін түсінген Аюби бек-
зат оны солай бауырына басып, әскерлер дайындайтын оқуға
береді. Сол заманда падишаны қорғауға үйретілген жалдамалы
әскердің (мамлюк) құны жоғары екен.
Бала Барыс алғыр болып шықты. Әскер өнерін шапшаң
меңгерді. Бірнеше жорықтарға қатысып әскери шені тез өсті.
Сөйтіп, алғыр да өжет жігіт аз уақытта Египет падишасының
бас қолбасшысы болып шыға келді. Досына адал, ісіне мығым,
айналасына әділ бас қолбасшыны бәрі құрметтеді. Сол кезде
елдің патшасы өліп, Барысқа патша бол деді. Бей аты қосылып,
Бейбарыс атанып таққа отырды. Жан жақтан жау анталаған сол
шақта дәл осындай ержүрек те ақылды патша керек еді ол елге.
Бейбарыс тақта отырған он сегіз жылда анталап келген крест
жорығының шабуылынан құтқарып, оларды шекарадан асы-
рып қуып тастады. Екінші бүйірден қадалған манғолдың шабу-
ылын шебер тойтарды. Осындай алып жаудың тырнағынан сау
қалғаны үшін елі оны өте жақсы көрді. Ол ұсақ халифаттарды бір
заңға бағынатын етіп бір тудың астына біріктірді. Сөйтіп, елін
қуатты елге айналдырды. Әр қаласына мешіт салдырды. Әр
өзеніне көпір орнаттырды. Кедейлерге тұратын үйлер салғызды,
кітапханалар, медіресселер ашқызды. Жауынгерлеріне қымыз
ішуді бұйырды.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Өзі таққа отырысымен Бейбарыс хат жазып, туған жеріне
елші аттандырды. Арада талай уақыт өткенде киімі бөлек бөгде
елдің адамдары Бейбарыстың сарайына келді. Бейбарыс
түсініксіз тілде олармен сөйлесе кетті. Олар ұсынған бір түп жу-
санды қолына алды. Жусаннан аңқыған қошқыл иісі кеңсірігін
жарып жібере жаздады. Сұлтанның жылап жібергенін көрген
уәзірлері «Сізді жылататын жаман хабар әкелген елшілерді ша
уып тастайық!» деп қылыштарын суырыпты.
Сонда Бейбарыс сұлтан бұл келгендер өзінің туған жерінен
жеткенін, әкесі Жамақа шахтың қаза болғанын естірткенін, сол
өз ана тілінде сөйлесіп отырғанын, анасы Әйектің бір түп жусан
беріп жібергенін айтады.
Сұлтан Бейбарыс сол өзі билеген елде сондай сыйлы, аса
қадірлі адамы болды, оны уәзірлері қатты құрметтейтін. Елі
істеген ерліктерін жырға қосып айтып жүріпті.
Ал Бейбарыс сұлтан болса «өзге елде сұлтан болғанша, өз
жеріңде ұлтан бол» деген екен. Өзін жібергісі келмеген елден
жай киім киіп, елеусіз қашып шығып, жусан иісі аңқыған туған
жеріне бет алыпты.
ПІТНӘ (вундеркинд)
пьеса
1-көрініс
Мектеп. Оқушылар сабақта отыр. Плакатта Абайдың «Үш-ақ нәрсе
адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген сөзі
жазулы тұр. Мұғалима жауап беруші шәкірттің сөзін салғырт тыңдап,
қаламымен журналдың бетін баяу ұрғылап қояды. Көзі кітапта. Оқушы
айтып болып үнсіз қалды.
Мұғалима. Кім айтады, қандай сөйлемді тастап кетті? (Үн
сіздік.)
Мұғалима. Қане кім? Не, бәрің оқымай келдіңдер ме?
Рауфия. (Жан-жағына көзінің астымен қарап, жүрексіне
қолын шошайтып) Ландшафтың өзгеріске ұшырау себептерін
айтпай кетті. (Жауап бере бастайды.)
Мұғалима. Әйтеуір біреуің мұқият тыңдаған екенсің. «5»
күнделігіңді әкел. Фамилия кім еді?
Рауфия. Міртемірова.
Мұғалима. Міртемірова? Мір... Мір... Ә, міне, Міртеміров Асхат.
Асхат. Апай, мен бүгін оқымай келдім.
Мұғалима. Как так? Оқымай келесің? Мектеп директорының
баласы болғаның үшін бе? Ол, шырағым, коррупция бола-
ды. Отыр «2». Мектеп директорының баласы болсаң қайтейін?
Мектеп директ (дауысы құмығып, бәсеңдей береді) Айтса да
біздің әңгімеміз басқа Міртемірованы іздеу еді ғой. Әй, сенің
фамилмяң журналда жоқ. Қайдан келдің өзі?
Рауфия. Тасым Жанұзақов атындағы мектептің бастауыш
сыныбын бітіріп келдім.
1-оқушы. Апай, ол қыз екі ай ауырып, сабаққа бүгін келді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Мұғалима. Не дейді? Сонда сен тақырыпты қайдан білесің? Рауфия. Сынып жетекшісі Аққайыр ағай аптасына бір рет үйіме келіп барлық сабақтың тапсырмасын айтып тұрды. Мұғалима. Қарай гөр! Молодец! (Оқушыларға қарап) Ағай ларыңа айтыңдар. Міне жерге фамилиясын жазсын. Шымылдық жабылып, ашылады Екпіндей басып сымбатты, қара костюм-шалбарлы ұстаз кіреді. Жур- налды столға тастай беріп; Ұстаз: Міртемірова тақтаға шық. № 521 есеп ті шығар. Оқушылар жым-жырт. Тек тақтадағы есеп шығарып тұрған Рауфияның күбірі ғана естіледі. Шымылдық жабылып, ашылады 2-Мұғалима. (сәнді киінген) Кеше қазақ тілі апайларың декретке кетті. Соның сабағының орнына биология өтеміз. Тынышталыңдар. Шуламаңдар дедім ғой. Кітаптарыңды ашып 215-беттен 219 бетке дейін іштеріңнен оқыңдар. Осыдан сұрағанда жауап бере алмасаңдар, аямаймын. «2» қоям. Оқыңдар. Әсима, мамаң Алматыдан келді ме? Осы жолы жылы куртка әкелем деп еді. Кешке барам. Ешкімге сатып жібермесін. Әуелі мен көріп алайын. Қалғанын сатар. Айтып бар мамаңа. Түу, күндіз бір қолың тимейді. Жалғыз окошка бар еді, ол да сендерге бұйырды. Әй, жыбырлама дейім! (қалта телефонынан сағат қарап) енді бес минуттан кейін жауап бере бастайсыңдар. Сен қыз неге оқымай отырсың? А, ия, Міртемірова биологиядан да дайындалғансың ба, тексерейік. Кешегі өткен сабақты айта қойшы. Рауфия. Жауап береді. (мәтін)
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
2-Мұғалима. (Күнделікті қарап) Мынаң қара – барлық
пәннен «бес». Жарайсың! Бес сабақтан «5» алдың! Көрдіңдер
ме, міне осылай оқыңдар! Сен қыздың тағы қандай өнерің бар?
Рауфия иығын көтеріп, басын шайқайды.
2-Мұғалима. Жоқ па? Өкінішті. Мен саған вундеркинд де-
ген атақ берейін десем. Тіпті ән сала алмайсың ба?
Рауфия. Аяғым жүрмей қалғанда әжем екеуміз қосылып ән
салатынымыз бар.
2-Мұғалима. Соны айта ғой.
Рауфия. Домбыра жоқ қой.
2-Мұғалима. Не?! (қуана таңданып) Сен домбыра тар-
тасың ба?
Рауфия. Енді оны әр қазақ баласы білуі керек емес пе?
Әжем айтады: «Домбыраға қосылып «әу» демейтін қазақ жоқ»,
– деп. Мен қазақпын ғой (әнші, домбырашы болу қанында бар,
бар қазаққа міндет сияқты айтады).
2-Мұғалима. (қолын шапалақтап) Міне, тамаша! Динара,
жүгір. Өнер бөлмесіндегі домбыраны әкел.
2-оқушы. Апай, Рауфия сурет те салады. (бір парақ қағазды
желпілдетіп әкеп, мұғалімге ұстатады).
2-Мұғалима. (қарап-қарап) Өзіңе ұқсайтын сияқты. Бірақ
бірдеңесі дәл емес.
2-оқушы. Апай-ау, суреттегі қыз бүкір емес. (Рауфия көзі
жасаурап төмен қарайды).
2-Мұғалима. А... Иә, солай екен. Өзің тіпті өнерлі екенсің.
Міне, енді вундеркинд дей беруге болады. Отыр. «5». Міне, бала-
лар, сыныптарыңа өңкей беспен оқитын тағы бір бала қосылды.
1-оқушы. Өй, Асхаттікі өтірік бес қой.
2-оқушы. Рауфиянікі таза бес.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Мұғалима. Шуламаңдар. (осы кезде әкелген домбыраны Рауфияға ұстатып) қандай ән айтасың? Рауфия. Бәріміз қосылып айтайықшы. (Бәрі қосылып) «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» 2-Мұғалима. (Жүздері бал-бұл жанған оқушыларына) Сабақты ұмытып кеттік қой. Ал, енді бүгінгі тақырып: Адамның маймылдан пайда болуы. 3-оқушы. Менің молда атам айтады. Ол өтірік, бос былшыл. Адамды Алла жаратқан. 2-Мұғалима. Солайы солай ғой. Бірақ Дүние жүзі Дарвин ілімін қостап отыр. Біз де амалсыз солай оқытамыз. Дарвиннің айтуы бойынша... Шымылдық түсіріледі. 2-көрініс Мектеп ауласы. Үзіліс кезі. Сахнаның оң жақ бұрышында екі ұл бала асық ойнап жатыр. Сол жақта екі қыз қолтұзақ ойнап отыр. Асхат Рауфияға жақындап, құлағын қалқайтып, тілін шығарып мазақтайды. Асхат. Оренгутанг! Ол да сен сияқты қолы ұзын. Аяғы ұзын. Маймылсың! Рауфия. Не дедің? Асхат. Оренгутанг. Сен Оренгутангсың! Рауфия. Асхаттың екі құлағын шап беріп ұстап алып, өз тізесін көтеріп қалып иегіне сарт еткізеді. Асхат қанап кеткен аузын қолымен сипап қапелінде не істерін білмей абдырап қалды. 1-оқушы. Ойбай, жаңадан келген бүкір қыз мектеп дирек торының баласын сабап жатыр.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
2-оқушы. Қан жалаған төбеттей етті.
3-оқушы. Бет-аузын быт-шыт қылды.
1-оқушы. Масқара! Енді ол қызды бұл мектептен қуып
шығады.
Екпіндей басып мектептегі жалғыз ер мұғалім Аққайыр шал кір
генде балалар жым-жырт бола қалады. Ұстаз Рауфияның дірілдеген
саусақтарын қыса ұстап, жүрелей отырып көздеріне үңіледі. Асхатқа
сабырлы үнмен – бар, беті-қолыңды жу, – дейді.
Ұстаз. Сенің атыңды неге Рауфия қойғанын білесің бе?
Рауфия. (үні дірілдеп) Анам әжеме: бір әрпін өзгертпей ата.
Молда құран кітаптан қойды депті.
Ұстаз. Дұрыс. Өйткені сенің атың сабырлы, кемеңгер, ақылды
деген сөз. (Асхат келеді. Ұстаз Асхатқа көзін қадап тұрып) Ба-
лалар, сөз жарасы бәрінен ауыр жара. Денеге түскен жара, ерте
ме, кеш пе әйтеуір жазылады. Ал жаман сөз тікен сияқты жүрекке
қадалып қалады. Оны тек Рауфия сияқты ақылды, өжет, батыл жан-
дар ғана жүректен суырып алып тастайды. Сендер бір ауылдың
баласысыңдар. Бір мектепте оқисыңдар. Тату өсіңдер. Ертең
ержетіп алысқа кеткендеріңде бір-біріңді сағынып көрісесіңдер.
(Асхатқа қалтасынан бір құты шығарып) Мұны сепсең тілің тез
жазылады. (балаларды шолып өтіп) Біздің ауылдың жігіттері мәрт
келеді. Солай ма, жігіттер? (Асхатқа) Әкел қолыңды. Рауфия сені
баяғыда кешірді. Солай ма, Рауфия? Сонда да сен кешірім өтініп,
екінші мазақтамайтыныңа, өз сыныптасыңды өзгенің мазағынан
қорғап жүретініңе уәде бер. (Екеуінің қолын ұстастырады)
Асхат (Рауфияның қолынан ұстап) Уәде етем.
Ұстаз. Міне, енді дұрыс болды. Келіңдер. Ертеңгі өтетін
Адамгершілік туралы диспутымызға дайындықты бастайық.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл (Плакатқа қолын шошайтады). Балалар хормен Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Осы кезде екі апай сахнаға жүгіре кіріп, бірін-бірі қарынан ұстап тоқтатады. 1-апай. Мәссаған, қалай тез татуластырды. 2-апай. Үлгермегенім жақсы болды. Мен Рауфияны жазалап, мәселені ушықтырады екем. 1-апай. Ер адам басқаша ойлай ма дейім. Ойбай, ағай пенсияға кетсе, түймедейді түйедей қылып берекеміз кетер ме екен? Осы күні жігіттер мұғалімдікке келмейді. 2-апай. Қайдан келсін. Отбасын мұғалімнің аз ақшасымен асырай ала ма? Азамат атына сын емес пе? Шымылдық 3-көрініс Сахнада көшеде болатын арқалы ұзын орындық. Екі кемпір бір-біріне иек қағып өте береді. Біреуі тізеден сәл төмен балағы оюлы шалбар, аяғында үлкен доғалы итальян туфли. Жалаң басын қауқитып бұйралап қойған. Екіншісі қазақша оюлы камзол, биік ак жаулықты. Ағайша. Япырау, сен осы Биғайша емессің бе? Биғайша. Көтек! Ағайшасың ба? Не боп кеткенсің? Ағайша. Кластас-ау, сені де көретін күн бар екен-ау. Осын дасыңдар ма? Биғайша. Балалық бал дәуренімді еске түсірдің-ау! Баяғы жігіт біткен ынтық болып ән шырқайтын аппақ Ақ-айша-ау! Қой шыға тиіп кетіпті дегенде жағамызды ұстағанбыз. Есіңде ме, сен үшінші ұлыңды туғанда біз құттықтап қаладан аққызыл раушан гүлін бір құшақ етіп, алқызыл жигулимен баратынымыз?
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Ағайша. Е, есімде болмай (күліп) Гүлі несі 3-4 күнде қурап қалатын, одан да ползунки әкелмей ме деп өкпелегенім есімде. Биғайша. (қолын көкке шошайтып) Романтика! Иә, десе де ол бір тауардың қат кезі еді-ау. Біз қайдан білейік. Өзіміз әлі күйеуге тимегенбіз. Топырлатып туып не қылады дейтінбіз. Ағайша. Арасында шетінегені бар, он құрсақ көтеріппін. Өзің ше? Биғайша. Біздікі стандарт. Бір ұл. Бір қыз. Тек әттеген-айы былтыр қызым бала үстінде қайтыс болды. Ағайша. Иманы жолдас болсын. Япырмай жас өлім көбейіп кетті-ау. Биғайша. Ұлдан екі немере. Онікі де стандарт. Өзіңде немере қанша? Ағайша. Тіл-аузым тасқа. Он бес болып қалды. Жиенімді оқытқалы осында пәтер жалдап отырмын. Өзі туғалы дімкәс. Үлкен қалада оқып жүрген қызым қарап бер деп әкеліп тастап еді. Хат жазыпты. «Академигім» депті. Хатын бойтұмардай сақтап жүрмін. Алла қосса академик етіп шығарамын. Өзі де ұғымтал. Арманда кеткен жарығымның аманаты ғой. Ал, өзің дедеңдеп қайда асықтың? Биғайша. Мектепке. Сен білесің бе, менің ұлым мектептің директоры ғой. Солай! Бір шөпжелке немеремді ұрыпты дейді. Қаншықтың шашын жұлып қолына бергелі барамын. Ағайша. Сәл сабыр етші. Қыздың ұлды ұрғаны несі? Намысына тиетін сөз айтқан шығар? Биғайша. Онда шаруам қанша? Қазір гендерлік саясат деп қатын құтырған заман болды ғой. Қыз тәрбиелей алмайтын атаанасын соттату керек!
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Ағайша. Баяғы тарпаңдығың әлі қалмапты. Биғайша-ау,
аз-кем әңгімелесейік. Халық қамын ойлайтын ұл өсіргеніңе мың
алғыс. Шалың қалай?
Биғайша. Е, шалдың иті жоқ ауылды мекендегеніне бес жыл.
Өзіңдікі ше?
Ағайша. Иманды болсын. Біздің шал қойдағы балаларға
қолғабыс жасаймын деп қойлы ауылда. Мүнда немере қызым
екеуміз-ақ.
Биғайша. Денсаулығы мықты шал болды онда. Мына жие
ніңнің шешесі өлді дедің бе?
Ағайша. Иә, баланы бізге әкелген жылы қар қалың. Итқұс
малға тыным бермейді. Бұл қасқыр деген жарықтық бір қойға
тояр еді-ау, бірақ қораға түсті дегенше қырғидай тиіп бәрінің
шабын тартып, тамақтамай тынбайды ғой. Тайлы таяғымызбен
тұс-тұстан жүгіріп әбігерміз. Енем жарықтық та шыдамай қолына
баланы ұстай шығып, айқайға сүрен қосып жүрген. Кенет бала
төбесінен шаншыла құлады. Өлді-ау дедім. Шырылдаған дауы-
сы шыққан соң уһ дедім. Жылаған балаға қарайтын уақыт қайда?
Жаны шықпаған қойды адал бауыздап үлгеру керек. Содан не
басыңды ауыртайын: омыртқасы тайып кетіпті. Жылап-жылап
бала ойнап кетті. Ақыры осы – аурушаң. Қой, бұл баладан қойшы
шықпас. Өзі кітапқұмар. Шешесі марқұм «академигім» деуші еді.
Оқытайын деп қала жағалаған түрім ғой.
Биғайша. Хат жазыпты дедің бе? Не жазыпты.
Ағайша. (қойнынан ақ шүберекке оралған қағаз алады. Сахна
күңгірттеніп арғы бұрышқа сәуле түседі. Хат жазып отырған қыз.)
Дауыс: Апа, кешір қызыңды. Сенің аборт жасат деп бер-
ген ақшаңды оқуға түсуге жұмсадым. Ашумен осылай еттім.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Болашақ ата-енем: «қойшының қызы баламызға тең емес дегенде, қап, бәлем! Осыдан қызыл диплом алмасам ба!» деп, өзіме өзім серт бергем. Жігітім мені тастаған жоқ. Ата-анасы зорлап әскерге жіберіпті. Келген соң үйленеміз. Хат жазысып, сөйлесіп тұрамыз. Ал мынау жиенің көрдемше емес. Молдаға некемізді қидыртқанбыз. Әзірше бөпеме қарай тұр, апа. Мені де бағып едің ғой. Балалар үйіне тапсыруға қорықтым. Запчастіге кетіп қалады дейді ғой білгіштер. Менің «академигімді» өзім ауруханадан шыққанша баға тұр. «Оқу деп, жұмыс деп, сәбидің күтімі деп жүріп ауруым асқынып кетіпті. Жалдаған пәтерім де жайсыз. Төменгі жағы қара суық. Зәктенеді де тұрады. Ауруым өршіп тұр. Дәрігер жатырды алмаса болмайды деді. Апатай, менде басқа бөпе болмайды. Рауфиям өзіңе аманат. Ауруханадан емделіп шығысымен аламын. Атасы мен әжесі де қызыл дипломды келіндерін (мені) көргенде жібір. Ашумен айтқан сөзін қайтып алар. Жақсы күндер әлі алда. Рауфиям, менің академигім өзіңе аманат. Сахна қайта жарықтанады Екі кемпір үнсіз. Өз ойларымен. Сахнаға қол ұстасып екі бала шығады. Келе екеуі бірдей «әже!» деп екі кемпірді құшақтайды. Екі әже бір мезгілде: Ағайша. Келе ғой, академигім. Биғайша. Келе ғой, жүгірмегім. Асхат. (аптығып) Әже десе, Рауфия айтады. Екеуміздің фамилиямыз бірдей. Әрі мен сенен екі жас үлкенмін. Бір үйдің баласындай тату болайық дейді. Биғайша. Дұрыс екен, құлыным. (Екі көзі Рауфияда)
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Асхат. Әже десе, Рауфия айтады. Біреуді мазақтамай тұрып
әуелі өзің тіліңді бір тістеп ал, сосын айт дейді.
Биғайша. Жөн екен. Құлыным. (Ағайшаға) Сенің жиенің
осы ма? (Бетіне зер сала үңіледі. Құлаққа: осыдан қойшының
қызына үйленсең ақ сүтімді көкке саудым! деп зіркілдеген өз
үні келеді.)
Асхат. Ал, әже, біз кеттік. Әне қоңырау соғылып жатыр. Екеуі
қол ұстасқан күйі жүгіре жөнеледі.
Екі әже. Хормен: Бақытты болыңдар, құлындарым!
Сөздері бірдей шыққанға таңырқап екі кемпір бір-біріне
қарап қалған. Әуелі алақандар баяу жылжып айқасады. Қол
ұстасқан күйі үнсіз түрегеледі. Әлі бір-бірінен көз алмай:
Биғайша. Ай, Ағайша-ай! – дейді, бар өкінішін бір ауыз сөзге
сыйғызып.
Ағайша. Ие, Биғайша! – дейді, бар үмітін бір ауыз сөзге
сыйғызып.
Шымылдық баяу түсе береді.
Екі әже бірін-бірі құшақтаған күйі үнсіз.
Шымылдық
ӨМІР, МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН
БӘКІ
Тай терісінінен жұп-жұқа етіп иленіп, жиегін жібек жіптен
оюлаған дастарханды жағалай жыпырлай кешкі тамаққа жай
ғасқан балалардың үніне құлағын төсеп отырған қарт әже:
– Менің Балкенім жоқ қой? – деп сұрады. Балалардың әкесі
шешесіне сұраулы жүзбен қарады. Кішкентай Қауысбай әжесі
нің тізесіне өрмелеп:
– Әже, әже. Көзім көрмейді дейсің, қайдан білдің, а? – деп,
көзін түртті.
– Иісінен білем. Дыбысынан білем. – Әжесі кекілінен сипап
немересін емірене иіскеп қойды.
– Арттарыңнан ілескен жалғыз қарындастарыңа ие бол
май, – шешесі кінәлай Есбергенге қарады.
– Сағат төртте «бүгін қабырға газеті шығатын күн» деп мек-
тепке кеткен. – Есболған есіне түсірді.
– Ол Наурызбайдан екі елі қалмайды ғой, – деп, ақталды
үлкен ұл.
– Мен Атшыбайдың ауласының сыртында ләңгі тептім. – Көзі
нің астымен шешесіне қарап міңгірледі ол. – Балзия шалбарын
тастап мектепке барғалы бізге көп қосылмайды, – деп, ақталып
әуре. Шешесі алақандай теріге қорғасынды сым темірмен
бекітіп, өкшемен теуіп ойнайтын ойынды бәтеңкенің жауы деп
жақтырмайтын. Ақталам деп сырын ашып қойып енді қорқып тұр.
Әкесі қараңғы түскенше келмеген жеті жасар қызды іздетуге
ұлдың үлкенін қашықтағы мектепке, ортаншыларын көршілерге
жұмсады. Осы кезде үйге үсті-басы қан-қан Балзияны көлденең
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
ұстап Теңізбай көрші кіре берді. Шеше дауыс салып балаға
ұмтылды.
– Жеңеше, жеңеше, жаман ырым бастап балаларды қор
қытпаңыз. Балзия тірі. Талып жатқан болуы керек.
Бейуақытта дабылдай шырқау көкке самғаған дауысқа
көршілер лезде жиналды. Сөйтсе Теңізбай өрістен келмей
қалған ақсақ тоқтысын іздеп жүргенде жолыққаны: ай тақырда
қарауытып жатқан кішкене қыз бала екен. Айналасы үй орнын-
дай жер қызыл ала қан. Бала тұрамын деп саусақтарымен тас
тай жерді тырналай берсе керек. Аяқта жан жоқ.
Үлкендер бұл оқиғаның шешуін таппай айран-асыр болып
тұрғанда апасының етегін тасаланған Рахима:
– Мана, мектептен шыққанда біздерді ұлдар қуды. Қашып ке
ле жатып Балзия сеялканың тісіне (жерге көміліп қалған ескі тех-
ника) аяғынан ілініп ұшып түсті. Біз ұмар-жұмар үстіне құладық.
– Неге қашып жүрсіңдер?
– Алламжардың қолында пышағы бар екен. Қорықтық.
– Ол әлгі Кішкентайдың мектеп-интернаттан қашып келетін
ұлы ма?
– Қаланың тәртібіне көндіге алмаған ғой.
– Сол оқып жарытпас.
– Өзімізде жеті жылдық мектеп болса, балаларымыз Дос
сорға тентіремес еді.
– Оған бала саны жетпей тұр дейді ғой.
– Мұғалім де жетіспейді.
Көршілердің дебаты фельдшер Фая келіп қалып еріксіз үзілді.
Ауыл дәрігері Балзияның әрі-бері қарап, Доссордың аурухана-
сына жолдама жазып беретін болды.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Арада бір жеті өтті. Балзияның әкесі қара жорғасын сы-
дырта аяңдатып кеңсесіне бара жатқан. Күңгірлеген үннің
қайдан шығатынын түсінбей жан-жағын барлап тұр. Былтыр
экспедицияның (мұнай іздеушілер) жиырма үйлік ауылы қоңсы
қонып, малын суарғанда суалып қалған құдықтан шығатын
сияқты. Жақын келіп ішіне үңілсе кісі бойы қол ұсыным құрғақ
құдықтың түбінде малдас құрып, екі тізесін алақанымен соққылап
боғауыз өлеңді боратып отырған баланы көрді.
Жігіттер темекі тарт, насыбай ат,
Бар болса жалғыз атың араққа сат.
– Әй, не оттап отырсың! – Бала айылын жияр емес.
– Не, Клавдия Шулженко барылдақ даусымен күнде радио-
дан «Давай, закурим товарищ мой» десе дұрыс та, мен айтсам
теріс бола ма? Әуелі соны қойғызып ал.
– Тәйт, тәрбиелі қазақ баласы олай демес болар.
Бала басын көтеріп құдыққа төніп тұрған Балзияның әкесін
танып қипақтап қалды.
– Ассалаумаға-лейкум.
– Бәсе, сөйтіп жөніңе көш. Мұнда неғып отырсың?
– М-м... Мен Алламжармын ғой... Әкем аттың бауырын алып
қамшымен сойып салды. Содан қашып жүргенде құлап кеттім.
– Еш жерің мертіккен жоқ па? Кел, шығарып алайын. Бойыңның
титейін қарашы. Арқан әкелмесем болмас.
– Шығарма. Әкем өлтіреді. Ақылың кіргенше осында отыр
деген. Ал ақылың кірмесе паспорт алғанша отырасың деген.
– Не бүлдіріп едің?
– Сенің кесіріңнен Балзия белін үзіп алды деп ұрған.
Базекеңнің ойына қызының жағдайы түсті.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл – Не?! Кішкентай қыздарды пышақпен қорқытып қууға ұялмайсың ба? Дардай жігітсің! – Арғы түбін қазсаң мен емес мұғалім Махамбетов кінәлі. – Не? Не? – Сол Жадыра ағай келгелі мектепте қабырға газеті мазақ тамасыз шықпайды. Мысалы: Күрең қалам алып басын қасид Орысшаға түсінбей миым ашид. Әуелі қазақшасын жазып алып, Содан соң аударармын, значить. Орысша білмейді деп алады да, ауызына «значить» деп орыс сөзін салып қояды. Ауылдағы жалғыз орыс Николай қазақша ағып тұр. Ол қызға орыс тілі не керек? Маған орыс тілі не керек? Бәрібір үлкен қалада оқып ғалым болмаймын. Ал бала біткен мұғалімге еліктеп мазақтамасыз сөйлемейді. Сол күні қыздар: «Менің бұйрығымша, шортанның құйрығынша» деп әндетпесе, разведка ауылдың баласы Шортанбаев Сәрсенбай намыстанып тура қумас еді. Вот, солай. Сосын «бөріктінің намысы бір деген» бәріміз бірге қуыстық. Қайдан білем Балзияның құлап белін ауыртатынын. Ол тіпті мазақтама айтқан жоқ еді. Қосақ арасында босқа кетті. – Мұғалімді кінәлама. Сөз білген жақсы қасиет. Қайта сол ағайларың келгелі ауданда біздің мектепті мақтап жүр. Ал өзіңнің кішкене қарындастарыңды пышақпен қорқытқаның дұрыс болмаған. – Оны мойындаймын. Көкем қаладан әкеп берген. Міне, қандай тамаша бәкі. Көр. Мына тетігін бассаң ұшы лып етіп шыға келеді. Тақылдаған сөйлеуік баладан көзін алмай тұрған қыз әкесі:
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Жазым ғой. Болған іс болды. Сені құдыққа қамағаннан
Балзияның белі орнына келмес. Әкеңе өзім ертіп апарайын. Ор-
нысыз жазалама дейін. Қазір арқан әкелем.
Арқан алып Алламжарды құдықтан шығарып алғалы келген Ба-
зарбай құмдақта щалқасынан түсіп, екі білегін жастанып, қорасан
дағы шұбарлаған бетін күнге төсеп, көзін шарт жұмып әндетіп
жатқан баланың құдықтан қалай өзі шыққанын түсінбей қалды.
– Құдықтан қалай шықтың?
Орнынан ұшып тұрған Алламжар желкесін сипады:
– Мына бәкіммен құдық қабырғасын қуыстап аяқ қоятын
баспалдақ жасадым. Әні. Үш тәулік бойы құдық ішін қалай
бүлдірем? – Сосын қайта батылдана қиялдады: – Шіркін, ерте-
рек туғанымда ғой. Ұлы Отан соғысына қатысып батыр атанар
едім. Тіпті одан ертерек тусам Махамбет-Исатайдың сарбазы
болар едім-ау!
Жеткіншектің арманын тыңдап, ойланып тұрған Базекең
– Қол-аяғың балғадай мығым жігіт болып өсіп келеді екенсің.
Шөпшілер бригадасында жұмыс қолы жетіспейді. Күзде еңбек
ақыңа ақша аласың. Қалай, келісесің бе? – деп сұрады.
– Ура! Біздің үйге дейін жорғаңа мінгізесің бе?
– Үлкенге сіз деу керек қой.
– Не, мен «сіз» деп сызылатын қызбын ба? Міне бәкім. Осын-
дай он жорғаға айырбастамаймын. Ал саған ұстай тұруға берем.
Шуу, жануар!
Ноқтаға басы сыймайтын, бір ізбен үнсіз жүруді қаламайтын
тұлпар тектес тентектер ел ішінде әлі көп еді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
ҚАҺАР
– Балзия, ауруханада жатам деп сүт пісіруді ұмытқан
шығарсың?
– Жоқ, апа. Қазан қайнағанда тасып төгілмейтіндей асты күй
мейтіндей отын қағыстырып, тезекті мөлшерлеп жақ дегенсің.
– Ұмытпаған екенсің! Жарайсың! Пісіріп алған соң салқын
жерге қой. Сосын бізге кел. Киіз басқанды көрем деп едің ғой.
Түр салатын текемет басамыз. Байқа, қаспақ жеймін деп отырып
алма.
–Қаспақ жеген жаман ба?
– Тойыңда жаңбыр жауады. Жұрт су болады. Сосын сені
қаспақты көп жеген екен деп жамандайды.
– Мен қыста шығатын болсам ше?
– Онда қар жауады.
Балзия бәрібір шешесінің айтқанына құлақ аспай қаспақты
қырып алып сүйсіне жеді. Ойланып тұрып тағы бір ожау сүтті
күйдіріп жеді. Сосын... Жоқ, болар. Нән табақ сүтті көтеріп,
дікілдетіп апарып шоланға қойды. Белі ауырсынып кетті. Әже
қасына жантая кетіп, сарысуын сұрады. Әжесі қанттың орнына
тістейтін дәмдісінен бір-екі шақпақ беріп жатып:
– Бұны қалай жасайтынын білесің бе? – деді.
– Білем. Іріген сүттің шыққан сарысуынан қайнатады.
– Кез келген іріген сүт емес, әдейі мәйек салып іріткен сүттің
сарысуынан. Шешең мәйегім бұзылып тастап қойдым деп жүр.
Маған үнемдеп же деген ескертуі болса керек. Келесі көктемге
дейін әлі қанша?
Саған орыстың сәбізі жақсы болар еді балапаным. –
Немересінің басынан сипап отырып: – сүйек қатайтады деуші
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
еді. Әттең қол қысқа. Үйшік алыс. Теке бір қиырда. Құтымның қу
шоқысына келдік те ағайын тумадан қол үздік. Әкең жеті атадан
жалғыз еді. Алыс ағайын қашықта тұрған соң жат болып кетеді
де. – Терең күрсініп салды: – Өкімет те қызық. Дипломың бар
деп құйрығын жер иіскетпейді. Әкеңді қызметке қуалайды да
жүреді. Бір ауылға 2-3 жыл тұрып бауыр басып қалсаң, – тағы
бұйрығы дайын. Е, балапаным-ай, бұйырып жұмсар қайныдан,
шиырып жұмсар келіннен айырылып менің де айбыным басы-
лып шүйкедей кемпір атанып отырысым мынау. Сәбізді саған кім
әкеліп берсін?
Әжесінің манологі аяқталысымен:
– Әже, белім ауырғаны азайған сияқты. Апам Бекен ағайдікі
киіз басады деген. Барайын ба? – деп өтінді.
– Бара ғой, балапаным. Бәрін білгің келген ниетіңнен айнал-
дым. Тек ауыр көтерме.
Қайдағы. Бала емес пе, киізді білектеуге де, қарпуға да
қатысты. Тіпті Мәрзия бөпесін өзі арқалап әкелді. Әкелді де сүре
құлады. Тағы қызуы көтерілді. Шегін сүйретіп ойнайтын балалық
кез ай, келесі күні тағы тұрып кетті. Әрі хабаршының сөзі себепші
болған. Кеше Бекен үйінде бармағы майысып талдырманың
оюын өзі ойған. Соны көрген Ұмсындық әжей «текеметімнің түрін
тек Балзияға ойдырам» деп сәлем айтыпты. Өзіне көрсетілген
сенімге масаттанған Балзия шақырушыға қуана ілесті. Жал-
пы, шебер қыз атанып жүр. Ауырып жатып кестелеген орамал,
жастық тысын атан түйедей қалап алушы көп. Құрбы қыздары
мулинесін көтеріп үйретші деп келіп тұрады.
Тек осы жаз әжесі аурушаң болып алды. 98 жас оңай емес-ау.
Көзі алаңсыз су қараңғы. Әйтсе де есіктің тұтқасына байланған
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
арқанды жағалап түзге өзі шығып келеді. Алжудан аман, соған
да шүкіршілік деп отырады апасы.
Міне, әжесі Балзияға қуырдақ қуыруға тиісті кеңес беріп
жатыр.
– Әже десе, қуырдаққа су құя ма? (онда асқан ет сияқты бо-
лып кетпей ме деп ойлап тұр өзі)
– Шешең қайда?
– Апам қонақтарға арақ іздеп кетті.
– Бұл соғыстан келген солдаттардың жаңалығы. Ел арақ
ішкенді ерлікке балап таңсық көріп жатқан кез. Қазақы мента
литеттің бұзылуына әлі біраз бар.
– Қуырдағың ненің еті? Жас ет пе? Өкпе – бауыр ма?
– Жоқ. Кепкен ет. Қойдікі.
– Онда бұқтырар алды аздап су қос. Тұз – бұрышын мөлшер
леп сала аласың ба?
Апасы Балзия қонақтардың қолына су құйып, дастархан
жайғанда бір-ақ келді.
– Озипаның қуырдағы дәмді, – деді тамсанған қонақтың бірі.
– Бұл жолғы рахметті Балзияға айтыңдар, – деп сыңғырлайды
апасы: – пісірген сол.
Самаурынды тасалай шай табаққа қол жалғап отырған
Балзия қып-қызыл болып ұялып қалды. Қонақтардың тесіле
қарағанынан қысылып отыр. Бәрінен төрдегі сақалдінікі қызық
болды.
– Баяғы заман болса атастырып қоятын, қолдан шығармай
тын бала екен, – деп салды. Әкесіне рахмет. Әңгімені биылғы
жаздың жаңбырлы, найзағайдың көптігіне бұрды. Бәрі жамы-
рай егіннің бой сала алмай шіріп бара жатқанын, жаңбырдың
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
көптігінен сордың суы көтеріліп, мал ұйыққа батып жатқанын
әңгімелеп кетті. Кенет әкесі:
– Найзағайдың ерекше бір түрі дөңгелек қой. Соны Балзия
көріпті.Қызым өзің айтып берші ағаларыңа, – дегені.
– Бұл баланы әжесіне тартқан әңгімеші деп естуші едік.
– Иә,иә.Айтсын, – деп, қостай кетті қияқ мұрт.
Балзия қатты састы. Сөз бастаудың қиыны-ай. Мектепте
мұғалімге сабақ айтқанда мүдірмеуші еді. Мынау қиын екен.
Абыржыған қызының қолынан ұстаған апасы :
– Сен сәкінің үстіндегі көрпелерді жинап жатқаныңнан бас
та, – деп кеңеc берді. Балзия батылданып сөйлей бастады.
Таңертең аспан түнеріп, жаңбыр жауғалы тұрғанда найзағай
дың шартылдаған дыбысынан ояндық. Түнде бес бала ауладағы
ағаш сәкіде ұйықтағанбыз. Жыпырлаған сансыз жұлдыздарға
қарап жатып ертегі тыңдап ұйықтау қызық қой.
Балалар ояна салысымен жамылғы көрпелерін құшақтап
үйге қашты. Мен төсеніш көрпелер су болып қалар деп жинап
алғалы кідірдім. Жер ошақтағы қазанда таңертеңгі сүт қайнауда.
Кенет аула есігінен Наурызбай ағамның добындай дөңгелек шар
ұшып кірді. Өзі ақ сары. Сәулелі. Сондай әдемі. Қолыңа ұстағың
келеді. Жерден менің бойымның биіктігіндей қалқып тұр. Өте
баяу қозғалады. Шардың сұлулығына қызыққаным сондай
кірпігімді де қақпастан қараймын. Қозғалмай қатып қалғанмын.
Үнім шықпайды. Тіпті дем алмайтын сияқтымын. Ал ол ұшып жүр.
Сондай керемет.
Кенет ошақтағы жанып жатқан бұтақ сырт етті. Жаңағы
моп-момақан шар жалт бұрылып ошақты гүрс ұрды. Қатты
дыбысқа апам жүгіріп шықты. «Не істедің?!» деп, маған ұрысты.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Қазандықтың кірпіші шашылып кеткен. Тұрба құлаған. Сүт
ақтарылған. Қазан майысқан. Сынбаған. Балқыған. Ошақтың
маңы тура кинодағыдай – бомба түскендей.
Мен кекештеніп: «шар жа-жа-рыл-ды» деймін. Әлден уақытта
тілім икемге келіп дөңгелек найзағай дедім-ау.
Апам басымнан құшақтап, таңдайымды көтерді. Менің де
қатты қорыққанымды сонда ғана білді.
Балзияның әңгімесін тыңдағандар дәл қазір өздері сол
доңғаланған шар найзағайды көріп отырғандай әсерде болды.
Сілтідей тұнған тыныштықты төрде отырған сақалды бұзды:
– Япырай, Базеке, қызың бір ажалдан қалған екен. Бір
ақсарбас атап, той-садақа беріп жіберген жөн.
Бәрі осы сөзді мақұлдап қауқылдасып кетті.
– Өй, саппастар – деп, зілсіз күлді әкесі: – сендерге сыл-
тау керек. Мақұл. Қызымның алғашқы әңгіме айтқанын жуып
берейін. Келесі жексенбіде осы тобыңмен біздің үйге келіңдер.
Қой сойғызам. Ой, бәрекелділесіп көңілденген топ әңгімелерін
жалғай берді.
Дөңгелек шар тәріздей найзағай өте сирек құбылыс; оны
көрген жан бақытты; жоқ, ол бір жай ырым; өзі өте қызулы. Қызуы
әлемет шойын қазанды әп-сәтте балқытады; шар найзағай
тек қозғалған нәрсеге соғылады. Ойбай, пәленшекеңнің үйіне
кірген осындай найзағай бір үйлі жанды опат еткен. Табиғаттың
бұлай оғаш мінез көрсетуі адамзаттың өзіне байланысты. Атом
бомбасын сынап жатқан Ресейдің Красный Ярдағы полигоны-
нан ұшқан зымыранның осы ауыл маңына жетіп жарылатыны,
жарылыстан қалған қазан шұңқырда ойнаған баланың басына
жара қаптап кететіні, фельшер Фаяның қалай емдеуді білмей
басы қатып жүргені әңгімеленді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Бұл – сонау 1958 жыл еді. Совет Одағы құрамындағы далиған
қазақ даласында сексен полигон ашылғанын жергілікті халық
әлі білмейтін. Білетіні: қазіргі жас бала біткен аурушаң. Ұрпағы
үшін алаңдауы ғана. Мынау шар найзағайдың көбеюі құдайдың
қаһары емес пе деген үрей ғана.
КІНДІК ШЕШЕ
Балзияның әжесі соңғы күндері төсектен басын көтере ал-
май қалды.
Жасы тоқсанның тоғызына келіп, екі ғасырдың тақсірет –
тауқыметін түгел көрген кәрі дененің тозғаны шығар. Уақ бала-
лар үрпиісіп, қатты дауыстап ойнауды қойды. Балзия әжесінің
апасына тапсырма айтып жатқанын естіп қойды. «Мен өлгенде
жоқтау айтып жылама. Ішіңдегі нәрестеңе обал болады. Мен жа-
сарымды жасадым. Асарымды асадым». Бұл сөзден ырыш ете
түскен көз жасын көрсетпеу үшін Балзия далаға жүгіріп шықты.
Иман үйіргелі келген молдекең де шешесін оңашалап :
– Сән жеңешемнің қолы шебер еді, өз қолынан жасалған
бұйымын сындырып жастығының астына тастау керек. Жарық
дүниені қимай жатыр. Қиналып жатыр. Бұлай жанын қинай беру
енді артық болар, – дегенін де естіді.
Анасы жылап жүріп жылқының қылын араластырып ескен
тростан берік қыл арқанды әкелді. Осындай арқанға ауылдаста-
ры тапсырыс беріп естіріп, малға айырбастап әкетіп жататын –
ды. Берігін шіркіннің ! Текеметтің түрін оятын болат қайшыға бол-
мады. Селебе пышаққа көнбеді. Ақыры болмаған соң балтамен
шабуға тура келді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Ертеңіне әжесі жас баланың білегіндей жуан, бірақ енді
ештеңеге жарамайтын қып – қысқа арқан үзіктерін жастығының
астынан алып, сипалап отырып : «е-е-е» дегеннен өзге ештеңе
айтпай бетін құбылаға қаратып қисая берді.
Арада біраз күн өтті. Балзия әжесінің иесіз қалған жер
төсегінде бүк түсіп жатқан. Кешкі бейуақыт. Есік сықырлай ашы-
лып жүдеубас тарамыс кемпір қырылдақ зор дауысымен әндете
сөйлеп кіріп келеді :
– Құйрық – жалсыз келте өскен,
Ағайыннан шетте өскен,
Он төрттен қалған жалғызым
Базарбайым, бармысың?
Сөзді нақпа-нақ анық айтады екен. Өзге дауыс салып жоқтау
айтқандардың зарлы әуені басым, сөзі жаттанды келуші еді.
Балзия қалқан құлағын тіге қалды.
Ән менен жырдың сәні еді
Жігіттердің жаны еді
Жиын-тойдың мәні еді
Озипажан, бармысың?
Ұрлап көмбей шешемді
Хабар салсаң қайтеді?
Кінәлі болса бурыл бас
Алдыңа келді, кес енді –
деп, бір тоқтады. Ала көлеңке үй ішінде кім барын барлап, көз
үйреткісі келгендей кідірді. Кемзалынан сығалаған көйлегінің кір
жағасын жымыра түсіп, жамау түскен жеңімен көзіне күнқағар
жасады. Орнынан сиыршылап сүйретіле көтерілген Балзияның
апасын құшақтап, дауысын одан әрі көтере түсіп, кең тыныспен
шырқай жөнелді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл Ақ үйге жаптым дөдеге Кеткен бір кісі келе ме? – дей беріп, дауысын кілт үзді. Әй, келін, ілгері тілеудің үстінде отыр екенсің ғой. Озипаны итеріңкірей бөлінді де, адымдап төрге озды. Балзия ауызын ашып қарап қалыпты. Өзгелер ұзақ жоқтап басу айтқанда әзер тоқтаған түр көрсетуші еді. Төрге жайылған құрақ көрпеге еркекшелеп молдас құра отырды. Кең етегін түзеп, өр дауыспен. – Озипа, енді енеңе жоқтауды өзім айтамын. Ал сен қазан ошағыңмен бол. Әй, Базарбай, неге ежірейесің? Танымадың ба? Е, е, шырағым. Жөн. Жөн. Сен түгілі өзім де өзімді танымайтын халдемін. Шалдың барында, баяғы түгін тартсаң майы шығатын Тай сойғанның жайлауының төрінде, қасқабұлақтың басында көрші отырған Жазима бәйбіше едім. Шалды трудармия әкетті, – білесіңдер. Үш ұлды Гитлер алды, – білесіңдер. Қыз жастай өлді, – естідіңдер. Қолдан қуат кетті. Үйден ұстын, белден тіреу кеткен соң Жәзима – жылауық атанып, ел ақтап жұрт үстінен күн көріп жүрмін. Сенің анаңның Сән марқұмның о дүниелік болғанын қазір, осы ел шетіне келгенде естідім. Есіңде ме, баяғыда Есболғаның туғанда кіндік шешесіне тай бердің, Есбергенге құнан, Наурызбайға жорға мінгіздің де, қызың Балзияның кіндігін кескен маған сиыр бердің. Сонда: Балам олқы болды ма? Табағым олқы болды ма? Өзім олқы болдым ба? – деп, зарлап елге сараң атыңды жайған зарлауық шешеңмін.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Кім келгенін енді ұққан Балзия ұшып тұрып апасына кө
мектесті. Бөлмеге қайта кіргенде елуге келіп, ел билеп қалған
үп-үлкен әкесінің басын тізесіне салып еркелетіп отырған кем
пірді жатсынбады. Таңырқағаны әкесінің өз әжесіне бұлай ерке
легені есінде жоқ. Әкесі сәл діріл аралас баяу қоңыр үнмен:
– Тіпті таңға жуық келсем де, басын көтеріп : Базарым-ау,
балапаным-ау, келдің бе? – дейтін еді. – Күтетін. Үнін сағындым.
Қамқор көңілін сағындым. Сол сөзді енді маған кім айтар?
Балзияның ет жүрегі езіліп кетті. Өзі де әжесін қатты сағынып
жүрген қыз әкесін құшақтай кетіп : «Мен айтам. Мен айтайыншы,
әкешім,» – деп өксіп – өксіп жылады.
Шәй үстінде айтылған әңгімеден әйелге жесірлігінен гөрі
жетімдігі жанына батқаны көрініп тұр.
Бір жылы қатты ауырдым. Басымды көтере алмай қалған
соң жамағайыным үйіне кіргізіп алды. Со-о-одан бар малым
таусылғанша (менде не көп мал : бір – ер сиыр танасымен, он
шақты ұсақ жандық) сатып – сойып бітіргенше сонда жүрдім.
Со-о-сын қайным дүңк – дүңк ұрсатынды, келінім күңк – күңк
сөйлейтінді шығарды. Қыл аяғы жүн түтсем «ыбырсытқан»,
түтпесем – «арамтамақ» атандым. Жай жүрсем «малмаяқ»,
қаттылау жүрсем – «шаңдаяқ» болдым.. Отырсам – «опақ» деді,
тұрсам – «сопақ» деді. Қой, бұлай жүре беру баяғы айдынды
бәйбіше Жәзима атыма жараспас деп ойладым да Ойылдағы
жиеншарды жағаладым. Сауынға сиыр берсе өз бетімше бөлек
тұрайын дегенім еді. Ол шіркін.
Бір сиырым бар көк – саған беруге көп.
Бір сиырым бар алабас – саған беруге жарамас.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Бір сиырым бар алааяқ – шығатын сүті бір аяқ.
Бір сиырым бар мөшке – өзі келеді кешке.
Бір сиырым бар қара – үсті басы толған жара.
Нанбасаң, шық та қара.
Айран аяулы; қымыз қытулы; ірімшік қатты; құрт ащы, –
деп, қырық сылтау айтып шығарып салды. Со-о-дан, тамырдан
бір көтерілген соң қаңбақ құсап таныс қуалап, құдайы қонақ бо-
лып, кей үйге бір түнеп, оң қабақ бергеніне он түнеп ел жағалап
кете бардым.
Енді ел ақтауды қой. Осы үйде отыр. – Әкесінің кесімді үні
Балзияны елең еткізді. Әрі тақпақтап сөйлеуі ұнап қалған өзінің
кіндігін кескен апаның осы үйде қалатынын сезгенде қуанып та
кетті. – Он үш жасымда Текеге тұз тартқан керуенге ілестім. Со-
дан бері өз нанымды өзім тауып келем. Ырысымызды ішпессің.
Не көрсек те бірге көрейік. Бізбен бірдей көрерсің. Қал осын-
да. Мені осы күнге жеткізген айналайын адамдардың ықылас
мейрімі еді ғой. Әй, Озипа, шешемнің киімінен қалғаны бол-
са бер. Айлық алғанда өзіңе арнап киім алғанша кие тұр, – ал
мыналарыңды өртеп жібер, жаманшылық осымен кетсін, – деп
сөз аяғын осымен түйіп тастады.
Сол күннен бастап кішкене қыз әжесінің төсегін меншіктеген
кіндік апасының әңгімесін тыңдап, қойнында ұйықтайтын болды.
Ол өз әжесі құсап ертегі айтпаса да елдің әңгімесін тақпақтап
шебер жеткізетін.
Ата–бала–немере сабақтастығы үзілмеген отбасының тама-
ша тәрбиесінің тәлімін алған жеткіншек ұлтының намысы болып
қалыптасары қақ.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
КӨРІНГЕН СОНАДАЙДАН ГУРЬЕВІМ
Балзия оқыс дауыстан көзін қинала ашты. Машина тоқтап
тұр. Әкесіне қарай қисая ұйықтаған екен. Бойын тіктей берген-
де мойын омыртқадан құйымшаққа дейін ыстық сүмбіні сұғып
алғандай ауырып кетті.
Түрі демесең тілі қазақша сайрап тұрған Николай:
– Кипить твое молоко! Осы бейітке үшінші рет айналып келдік.
Әй, қазақ, түс те қолыңды жай. Аят дейсің бе, дұға дедің бе – ақы
соныңды!
Әкесі мұны жөндеп отырғызып жатып әлдене деді.
– Кипить твое молоко! Мені біреуге айтар дейсің бе?
– Сөзді қой. Мен жалғыз жүрсем бүйтіп адаспаймын.
Білдің бе?
– Әй, осы сендердің бейітті жолдың бойына салатындарың не?
Атам заманғы? Онда неге жолды сол жерден өткізесіңдер? Әйда
түс, білгеніңді айт. Кипить твое молоко! Таң атқанша осы даланы
шиырлайтын жайым жоқ. Өзіңді аямасаң да ауру қызыңды ая!
Екеуі сөйлеп жүріп кабинадан түсті. Әулие Атаның бейіті ай
жарығында зорая көрінеді. Балзия әлсіз алақанын түйістіріп ал-
дына жайып ұстады. Оһ, осы бір қарапайым әрекеттің өзі қандай
күшке түсті десеңші?!
Ұзамай таң атты. Машина төбеден төмен қарай құлдилаған
да кабинаның терезесінен қаланың ақ шаңқаң үйлері сондай
әдемі көрінеді. Әнебір жоғары-төмен тербетіліп тұрғандарды
мұнай насосы дейді екен. Қып-қызыл кірпіштен қаланған ғима
раттар да Балзияға таңсық. Ертең аяғы жазылған соң бәрін
аралап көреді ғой.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Көрінген сонадайдан Гурьевім,
Көрмедім Гурьевтей жер биігін, –
деп, ақындар әнге қосатын керемет қала осы екен ғой. Тезірек
аяққа мінсе...
Аңсап жеткен Үйшіктің ауруханасы ұзыннан ұзақ дәлізден
ғана тұра ма деп қалды. Дәрі иісі тұншықтырып жібере жазда-
ды. Аппақ-аппақ төсектер. Аппақ-аппақ гипстегі қол-аяқтар.
Кейбірінде жас баланың басындай ауыр темір байлаулы. Сәбилік
әуестікпен үңіле қарағанда аяғында темірі бар кісінің көзіне көзі
түсті де дір етті. Ол көздің иесі әйел ме әлде еркек пе? Көзі көк
пе, қара ма? Ештеңесі есінде жоқ. Тек сол жанардағы тұңғиық
түпсіз мұң мәңгі есінде қалды. Түпсіз тұңғиық мұң. Дәрменсіздік
пен құштарлық. Үміт пен шарасыздық.
Балзия көзін тарс жұмып алып, әкесінің мойнынан нәзік
білегін жазбай үнсіз келеді. Тек дәрігердің бөлмесіне кіргенде
ғана көзін ашты.
Әкесі көп сөйледі. Шақырту қағазын алғанымен шаруашылық
босатпағаны, колхоздағы жалғыз машинаның кем кетігі көп бо-
лып алыс жолға тәуекел ете алмағанын...
Дәрігер болса қазір ала алмайтынын. Аурулардың сыймай
дәлізге дейін жатқандығын, дәрі де, санитар да жетіспейтінін.
Өзін осы жерге тастап кеткелі отырғаны санасына енді ғана
жеткен Балзия шыр етіп әкесінің мойнын тарс құшақтап алып
жібермей қойды. Сол күйі ауруханадан онша қашық емес бір
туысының үйіне жеткенше қолын жазбады. Көшеден үйге енген-
де еден 20-30 сантиметрдей төмен екен. Әкесі екпінмен аттап
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
кіргенде белі зірк ете түсті. Содан ауырғаны әлі басылар емес.
Әлде үйді салғанда қазып салған. Әлде есік алды құрғақ болсын
деп топырақ төге берген.
Атырау қаласының өзі теңіз деңгейінен 3 метр төмен. Ескідегі
теңіз табаны. Осы тұран ойпатындағы облыстың көп жері қысы-
жазы соры сыртына шыққан желім балшық. «Ой-бауырымдап»
аяққа жабысып жүргізбейді. Үйдің іші ыза екен. Биік қабақ ақ
сұр келіншек айналасына қылау қоймайтын ширақ екен. Бәрібір
қабырғаның төменгі 40-50 см-дей жері көкаязданады да тұрады.
Қанша әктесе де болар емес. Жол соғып талықсыған Балзия
төсеке жатысымен бірден ұйықтап кетті.
Әкесі ауылға кетерінде Балзияға 3-4 кітап әкеп берді.
Ертегілердің жылтыр мұқабасын сипап, кішкене қыз үлкен
байлыққа ие болғандай шын жүрегімен қуанды. Оқығанша
асықты. Түрлі түсті суреттері қандай! Әлі ешкім парақтамаған
кітаптан әдемі иіс шығады. Әсіресе қалың кітаптың сыртындағы
Қобыланды батырдың қала қорғанының үстінен атпен қарғып
бара жатқан сәті қиялын ұштап, дулығасы жарқырап, шашақты
найзасы күнге шағылысқан батырмен бірге айқасқа қосылып өзі
де аттай шауып арман теңізіне сүңги жөнелді.
Балзия әкесінің кеткеніне аса қиналған жоқ. Бөтен үйді де
жатырқамады. Былтыр да Доссор деген жерде жарты уақыты ау-
руханада 6-7 ай емделген. Ол нағашы атасының үйі еді. Өз үйін,
әрине, сағынады. Бауырларын сағынады. Неге сағынбасын?
Тіпті осылай жүрерде босағаға құйрығымен жылжып жетіп, ау-
лада ойнап жүрген сіңлісі Мәрзияны өлердей шақырды. Ерке
қыз ойынға айналып келе қоймады. Бірер рет жақын келген-
мен ұстатпай кетті. Апасы құсап қолынан сүйіп, маңдайынан
иіскемекші еді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Күні кеше, белі шықпай тұрғанда арқасына атша мініп ала-
тынын ұмытқаны-ау. Тіпті бөпем арқамнан аунап кетер деп
сайдан өтіп бара жатқанда құлағына кірген дәу көк шыбынды
жасқай да алмады. Ол көк соққан жай кіріп шықса бір сірә, ты-
шып кетіпті. Түнімен құлағы жыбырламасы бар ма? Ертеңінде
медпункттегі Фая қыз шырпы талындай болып өсіп кеткен
аппақ жыбырлауық құрттарды алып жатыр, алып жатыр. Өзі таң
қалып ұрсып жүр.
– Қалай ғана шыдап осынша өскенше келмедіңдер?
– Түнде бәрі ұйықтап жатты. Аядым – дейді Балзия.
– Миына кіріп кетсе қайтесің? Бүйтіп ана болғаныңыз құрысын!
– Ой, сіңлім-ай. Балзия сондай сабырлы. Не жыламаса, не
айтпаса оның құлағының ішінде не барын мен қайдан білейін
деп, – шешесі аяқталып әуре.
– Сөйткен Мәрзия бетін де иіскетпей қалды. Сол босағада
отырып-ақ жалбыр шаш сары қызды өлердей сағынып еді.
Үйдегі жол аяққа жиналған үлкендер дастарханнан тұрған бетте
өзін көтеріп әкеліп машинаға отырғызғанда сіңлісіне қол бұлғай
алмай көзімен ғана іздеп кете барды. Қыз баланың табиғаты
сол ма, бірге ойнап қасынан тастамайтын ағаларын емес, көңілі
сіңлісін іздей береді.
Әкесі ауылға қайтқан соң туысқан тәтесі Балзияны терезесі
жоқ ауызғы бөлмеге шығарып тастады. Кітабын оқи алмай-
тын болғанға ренжігенмен, есесіне үйге кіріп-шыққандардың
мүсіркеушілігінен құтылды. Көбі қаракөлеңке жерде мұның
жатқанын байқамай өтіп кетеді. Ұзамай бір қулық ойлап тап-
ты. Түнде қорқамын деген сылтаумен жарықты сөндірмеуді
сұрады. Электр лампасы түу биікте әрі әлсіз. Жер төсектегі
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл бұған жарығы жетіп-жетпестей. Әйтеуір сол жарықпен ұзақ таңға кітабын оқып шыққанға мәз. Күніне бір-екі мәрте гаршогына барып келеді. Алғашында жарды жағалап барып жүрді. Қазір екі шынтағымен жорғалап сал болып қалған аяғын жыланша сүйреп жетеді. Мұнда күздің басында келіп еді, міне қыс та аяқталуға таяу. Әкесінің сәлемдемесін жеткізушілер ет, құрт-май, ақша әкелгенде ауылдың хабарын естіп мәз болып қалады. ХАТ Бүгін таңға жуық гаршогіне шынтағымен жылжып жетіп, сырт қы есіктің қиюласпай қалған жерінен босағаға қалың боп тұр ған қырауды көрді. Шыдамай жалап-жалап алды. Таза ауамен тынысы кеңіп, соншалық жеп-жеңіл, жүрекпен ғана сезердей әлдебір мөлдір әуен ішкі сарайын кеңейтіп кетті. Денесі суықтан қалтырап кетсе де саф таза қыраудың құдіретін ұққанына мәз. Енді төсегіне жету мұң. Шынтағы ауырып тіреуге келмей қалды. Бүгін түнімен сурет салған. Шынтағы талған болуы керек. Сосын осындайда істейтін әдетіне – аунап жылжуға көшті. Екі төңкерілді. Үшіншісінде бел омыртқасынан ыстық қылышпен қарулы қол бір соққандай болды. Есін танды. Ертеңгілік денесі күйіп-жанып қатты ауырды. Тәтесі үнемі шала бурыл мас болып жүретін көкесіне «есікті дұрыс жаппай, балаға суық тигіздің!, – деп ұрсып жатты. Өзін алғашқы келгендегі бөлмеге көшірді. Төсегіне ақ жайма салды. Дәрігерлер тағы да келгіштеді. Сөздерінен ұққаны: Қырым деген қалаға жіберетіні, онда өзіндей балалар көп екені, оқу оқитыны, тез жүгіріп кететіні.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Балзия тағы қиял теңізіне шоми жөнелді. Шіркін, аяғы жүрсе
қаңбақпен жарысып шаба жөнелер еді. Бірінші сыныпта оқып
жүргенде қаңбақпен жарысам деп бір топ бала ығып кеткені
бар. Жадыра мұғалім қуып жетіп, дедекпен тоқтай алмай бара
жатқан балаларды бір-бірлеп жерге жығып әзер тоқтатқан. Енді
ауылға қайтайын десе қатты соққан желге қарсы жүре алмай
тәлтіректеген сәбилерді кезек-кезек арқалап қас қарая мек-
тепке зорға жеткендері. Қаңбақтан озамын деп желден озып
жүйткіген шақ неге тұрады?!
Төрт ұлдан кейін туған балдан тәтті Балзия ағаларына ілесіп
алып күні бойы үй көрмеуші еді. Атқа жайдақ мініп жарысқанда
ешкімнен кейін қалмайтын. Жатаған қораның төбесінен өтіп
бара жатқан аттың үстіне секіріп мінуден өзге ұлдарға есе
жібермейтін. Әсіресе төбенің басында қаз-қатар тұра қалып
еңіске қарай жүгіргенде аяғына құлық жаққан ұлдардан үнемі
озатын. Өзі құмнан құлық теріп, табанына езгендерге:
– Аямайсың ба, ол құрт та өмір сүргісі келеді ғой, – деп,
қолдарына жармасса, олар:
– Пәлі. Қыз екенің көрініп қалды. Аяншақ! Аяншақ! – деп,
мұны мазақ ететін. Соған намыстанып жүгіргенде елдің алдын-
да болуға тырысатын. Және болды да. Мектептегі ең желаяқ қыз
атағын алған. Шіркін, жаздағы жусан аңқыған боз далам-ай!
Желмен жалаң аяқ жарысатын шақ-ай!
Жер төсек, зәк бөлмеден келген Балзияға мына жер
жұмақтай еді. Терезеден көкпеңбек зеңгір аспан көрініп тұр.
Жеп-жеңіл ақша бұлттар асығыс жөңкіліп барады. Балзия үйіне
хат жазды. Қиялына қанат байлаған қыз хатын өлеңмен жазғысы
келіп кетті.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Хатымды жаздым анама
Балаң жатыр далада.
Жүргізбекші қызыңды
Қырым деген қалаға, –
деп бір тоқтады. Алысқа кетсе, көпке дейін өздерін көре алмай-
тынын, Марзияның қанша өскенін, не істеп жүргенін, қандай
тақпақ жаттағанын сұрады. Хатын:
Сағыныш толды санама
Келіп кет, апа, балаңа
Енді қайтып келгенше
Сендерден жаным садаға, –
деп аяқтады. Садаға деген сөзді өзі толық түсінбесе де, өте
қиналғанда айтуы керек сөз сияқтанды. Өзі алғаш төсек тар-
тып тұра алмай қалғанда апасы төсегін айналып осы сөзді көп
айтқан. Он үш шумақ өлең хатын тағы бір тексеріп оқып шығып,
өзін-өзі аяп жылап жіберді.
Қазір Балзия үнсіз егілуді үйренді. Көз жасы домалай береді,
сорғалай береді. Дыбысы шықпайды. Өстіп жатқанда мед-
бике келіп укол салды. Балзия көз жасын бөгде біреудің көріп
қойғанына ұялып бетін алақанымен басты. Бірақ опасыз жасы
құрғыр саулай берді, саулай берді. Медбике әлденелерді ай-
тып жатыр, жұбатып жатыр. Жұп-жұмсақ саусақтарымен шашып
сипады, көзін сүртті. Орысшасын еркін түсінбесе де мамаңа
барасың, папаңа барасың, әлі-ақ құлдыраңдап шауып кетесің
дегенін сәби жүрегімен ұқты, қабылдады. Сосын жастығының
астынан хатын салған конвертті алып берді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
АНА МЕЙІРІМІ
Озипа қызының хатын оқығанда шыбын жанын қоярға жер тап-
пай ыдырынып кетті. Бұған дейін де алты баласын жер қойнына
берген ана ғой. Әсіресе мал түлігі болып қалған Есболғаны мен
Есбергенін ұмыта алмай жүрген.
Есболған он үште еді. Үстіне бармақтай-бармақтай жара
қаптап кетті. Жуындырып жатқанда басындағы жараның аузы
алынып қалды. Орны оймақ орнындай үңірейіп тұр. Қанды
ірің ағып қоя берді. Озипа шошып медбикеге жүгірді. Барлық
жараның асты осындай болса баласы шұрық тесік екен-ау! Ал
медбике болса дәл осындай жарадан алынған анализдерді ғана
Доссорға жіберуге бұйрық алғаны болмаса не емдік май, не
дәрі әкеліп бергендігін, тек басынан шашы түсе бастағандарға
жолдама жазып беруге құқы барын түсіндірді. Көп ұзамай оң
жақтағы көршісі Теңізбайдың Мизамбегі өлді, іле-шала сол
жақтағы Малайдың Уағы қайтыс болды. Ол үйлерге қолғабыс
жасай жүріп те екі көзі ұлында болды. Келесі таңда Есболғаннан
айырылды. Енесі балиғатқа толған бала деп құран шығартты.
Жетісін берген соң Есбергенді ілестіріп, солар ойнаған қазан
шұңқырларды көруге кетті.
Киіз үйдің орнындай жер екен. Түбінде әлдене жылтырайды.
Түсіп топырағын иіскеп көрді. Дәмін байқамақшы болып ауызына
апара беріп, ұлының үстінде, басында қаптаған жаралар көзіне
елестеп кеткені. Күлгін түсті құрғақ топырақты уысынан төге са-
лып қолын етегіне сүртті.
Сауын сиырларды осылай қарай айдап келе жатқан бақ
ташыға:
– Ата, сиырларды бұл жерге жаймаңызшы, – деп өтінді.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
– Неге, бұл жақтың шөбі шүйгін, сиырдың сүті мол болады.
– Ата, алақандай ауылдың алты бірдей ұланы осы жерде ой-
наймын деп өліп отыр.
Әй, келін-ай, құдайдың жіберген кеселі дағы.
– Жоқ, ата. Күллі пәле осы жарылыстан қалған қазан шұңқыр
ларда. Тегіннен тегін жарылыс жасар алдында: суларыңның бетін
жап, жас балаларды үйден шығарма деп бұйырмайды ғой.
– Түу, шырағым «Қорықпас келін қой басынан шошыпты» де-
гендей зонаның атқаны бір биыл емес қой. Әй, жарайды. Күзге
дейін бұл жаққа жаймай-ақ қояйын.
Озипа үйге келген бойы түшкіре берді. Енесі шала жансар
жанарымен тесіле қарады.
– Соры қайнаған сорлы-ай тағы не пәлеге ұшырап қалдың!
Мынау жегі ғой! Әй, Есберген, жүгір. Ұмсындық әжеңнің сан
дығынан сыр дәрі көріп едім. Тез берсін де. Ұш! – дей салды
да, өзі шоқ аяққа адыраспан түтетіп, сандығынан ашудас алып,
еміне кірісе берді. Озипаны басын тұмшалап шоқ аяқтағы түтін
ге төндірді. Тұншықтым дегеніне қарамады. Сосын көзін ғана
қалдырып орамалмен бетін таңып тастады. Жас әйелдің жаны
тыныш тауып, енесінің емін бос әурешілік көріп жимиып қояды.
Таң атса дәрігерге барады ғой. Әйтсе де мұрны жыбырлағанын
қойды. Әлдене аққаны басылды. Орамалдың астынан қолын
тығып ұстап көрсе, ой сұмдық-ай, мұрынының бел ағашы жоқ!
Үйдегі жалғыз айнаны әзер тауып қарады. Үңірейіп екі танаудың
тесігі ғана қалыпты. Ал кеп жыла, ал кеп жыла. Жиын-тойда
жуандығы білектей қос бұрымын кербез қимылмен жауырын
ға серпе салып сызылтып ән бастайтыны, қатар-құрбысы «қыр
мұрын, оймақ ауыз, тобылғы көз» деп өлеңге қосатыны, қыза
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл келе өз жанынан шығаратын шумақтарын қолқалап айтқыза тыны – көкірегін удай ашытып көз алдынан көлеңдеп өтті. Құдайым-ау, енді ән түгілі сөзін ешкім түсінбей жүрсе, қай теді?! Жұрт мұның бетіне қарауға да қорқатын шығар? Енесі ұрсып жүр: жаныңның қалғанына тәубе де. Мұрынсыз да өлмейсің. Жегі сүйекті жарты сағатқа жеткізбей жеп қойыпты. Қайт дейсің маған? Онда неге бардың? Сол шұңқырға неге ғана бардым? Өз көңіліммен көргенде Есболғаным тірілер дедім бе? Жалғыз бармай Есбергенге жол көрсет деп неге апара қойып едім? Сақтай гөр. Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырады деген. Баланы жерлеген күні бойынан алты айлық түсік түсті. Содан бері енесі өзінің ірге жағына жатқызып күтімдеп жүр. Көзім-көзім деп көп айтып кетті. «Он төрт құрсақтан жалғыз сенің байың тірі қалып, бақытқа қолым енді жетті ме дегенде, немерелерімді сүйіп, құлшылығымды қылып әже атанып отырғанымды көп көрме, құдай. Жапырақтарымды жалмама, құдай. Қалған жерде осылардың жамандығын көргенше көзімді ал, құдай өзімді ал, құдай» деп зарланатын болды. Кеше түнде Есберген: «тоңдым, апа, қасыңа жатайыншы!» – деп келген. Әжеңнің мазасын аларсың деп рұқсат бермей қойып еді. Таңертең пеш түбінен баласының суық денесін құшақтап аңырап қалды. Неден ауырғанын да, қалай ауырғанын да басымен қайғы болып жүріп сезбей де қалды. Е, құдайым, өткенге салауат, мына Балзияшымды тірі қалдыра гөр. Көрер жарығы таусылмасын. Жаратқан ием-ай, бала бермесеңші, бердің екен – азабын көрмесемші! Озипа осы тілекпен атқа мініп разъезге келді. Осы бір ғана тілекпен поезға мініп Атырауға жетті.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
БАҚСЫ
Балзияның жылтырап көзі ғана қалыпты. Алты ай кезіктен
тұрғандай әлсіз баласының қасық ұстағанда дір-дір еткен дәр
менсіз қолынан сүйіп-сүйіп Озипа естен танды. Өзі қайраттанба
са болмасын сезген соң белін шарт буып дәрігерге жүгірді.
Қырым санаторийі қиял болып қалды. Бас дәрігер «осыме-
нен үшінші жолдамадан бас тарттыңыздар. Енді берілмейді.
Жолдаманың ақшасын төлеп қойған Кравченко кетеді!» Ол бол-
са менің де емделуге құқым бар деп аяққа отырғызбады.
Шарасы тауысылып, көзінен аққан жасы алты тарам болып ай
наласын қап-қара түнек басқандай аңырап келе жатқан Озипаны:
– Құрбым, күлгенді сұрама, жылағанды сұра деген дана
халқымыз. Жөніңді сұрайын, айып етпе. Мүмкін бір жәрдемім
тиер, – деді көшеде бір жүргінші тоқтаттып. Сол әйелдің айтуы
бойынша баласын түбіт шәлімен арқасына таңып алып бақсыға
апарды.
Ол бөлменің қақ ортасына жатқан Балзияға келініне сүйеніп
әзер жүріп жетті. Кішкене қыздың қорыққаны сондай көзін тарс
жұмып алды. Бәлкім, аяғы сау болса тұра қашар еді.
Бір де бір ақ тіс қалмаған ауызы опырайып ішіне түскен,
қырым еті жоқ орақ мұрыны имиіп, жиегі жоқ ерінге төнген бей
несі Балзияға өзі көп оқыған ертегілердегі жалмауыз кемпір
төніп келе жатқандай әсер етті.
Біраз уақыт өткенде не істеп жатқанын көргісі келген сәбилік
әуестік жеңіп көзін сығырайтты. Бұл жолы бақсының көзіне көзі
түсті. Іннің түбінде тұнған қара судай көзде әркімнің тек өз ана-
сынан ғана табатын аялы мейірімді көрді. Көрді де сол көздердің
түбіне сүңгіп жоқ болғысы келді. Енді өмір тек қана мейірімнен,
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
аялаудан, іңкәрлықтан тұратындай сезілді. Міне, осы әженің
қасында мәңгі бақи қалса ғой...
– Келін, Алла саған тамаша перзент сыйлаған екен, обалына
қалыпсың, – деді қатқыл үнмен Балзияны аунатып түгел көріп шы
ғып: – Мынау алты ай жөндеп тамақ ішпеген, күтімі болмаған бала.
Жас жанын сонша қинағанша Алласына тапсырғаны дұрыс еді!
Қарсы сөз қатуға дәрмені жоқ Озипа егіле берді.
– Балаңды қараймын. Жазылады. Жасым жеті мүшелге
толғалы кісі қарамай кетіп едім. Кешеден бері арқам құрыстап
жатқызбаған. Осы баланың қамшысы болды. Бұл мен емдейтін
соңғы ауруым шығар. Дауысы жұмсарып, күңгірлеп, аяқ жағы
сиқырлы сыбырға ұласты.
– Келін шырақ, енді бордай босама. Сен істейтін жұмыс көп
әлі. – Озипа қатал командирінен бұйрық күткен солдаттай дереу
есін жиып бекіне қалды.
Айтқанын түгел алды. Тек алтын зердің бір-ақ қарысын тап-
ты. Базарды үш айналды. Өзгесі жоқ. Бақсы баланың бойын-
дай жеті есе болуын тапсырған. Ем істемей қоярдай өнжорғасы
түсіп, зерін бақсыға әзер ұсынды. Ол болса ләм деместен
жалпақ зерді шашақтап тарқатып жіберіп, жіңішке бір тал ал-
тын талшықты Балзияның бойына өлшеді де жеті еселеді.
Әлденелерді күбірлеп емін бастап та кетті. Бір жарты сағат өткен
шамада сұрау белгідей бүгілген белін әзер тіктеп:
– Енді ай жаңарғанда балаң шошып оянар. Омыртқасы ор-
нына түсер. Сол кезде маған әкеліңдер. Тағы бір оқимын. Келін
шырағым, балаң жазылады. Көзінде оты бар. Түбінде ауыл-
аймағыңа жақсы атыңды осы балаң шығарады. Жақсылап күт.
Алдыңнан жарылқасын, – деп, шығарып салды.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Балзия жаңа ғана шомылдырып бесігіне бөлеген жас сәби
дей манаурап, кел-қайт бар-жоқтың арасында жаймашуақ бей
біт тыныстайды. Жер бетіндегі жұмақтың айқын формуласы
бәлкім осы сәт шығар.
Шешесі қасында 4-5 күн қонған соң ауылға жиналды.
Емшектен осылай жүрерде ғана шығарған сәбиін, биыл екін
ші рет боталағалы отырған өзінен басқаға сауғызбайтын асау
інгенін, өзі істеген тамақтан басқаны іше алмайтын қарт шешесін,
шаруаға бас-көз болу міндетін мойнына алып қалған ойын ба-
ласын, колхоздың қызметімен үйге түнеуге мұршасы болмай
қалатын балаларының әкесін – бәрін ойлап уайымдап кетті.
Балзияны қимай айналып-толғанып, бара салысымен әкеңді
жіберемін деп уәдесін беріп кетті. Әрине, Балзия үлкен болды
ғой. Иә, бәрін түсінеді. Тіпті анасы аттанарда күліп, жайдары
«жолың болсын, менен бәріне сәлем айт», – деді. Апасы артына
қарайлап, мұны уайымдамасын деп күлімсіреп жатты.
Шешесі кеткен соң Балзия бұрынғы бөлмеге сұранды. Екі
есікті ашып, екі биік табалдырықтан жорғалап өтіп гаршогіне
жету қиынның қиыны еді.
Ай жаңарғанда түс көрді.
Кісі бойындай етіп тастан қаланған иір-иір лабиринттің ішін
де үлкендігі аттай көк шулан арлан қасқырдан қашып жүр екен
дейді. Көзі қып-қызыл бәлекет әне жетеді, міне жетеді деп ыш
қына жүгіріп келеді екен дейді. Ес кетті, жан шықты дегенде
табылған есікті теуіп ашып, биік табалдырықтан тап осы бөлмеге
жетіп құлаған екен дейді. Қасқыр да қуып жетіп өкшесін тістей
берді. Балзия шыңғырып оянды. Түсі екендігіне сене алмай,
қанап кетті-ау деп өкшесіне үңілді. Қасқырдың тісі тиген жер
солқылдап ауырып барады.
Маркиза Базарбайқызы. Әкесін іздеген ұл
Балзия аяғының ауруды сезгенін, яғни сал болып қалған аяқ
қа жан кіргенін ұқты. Енді жүрегі түсінен шошып емес, қуаныштан
алқына соқты.
Таң атып, үйдегілер оянған соң тәтесіне екі-үш рет қыңқыл
дап бақсыға апаруы керектігін ескертті. Ескертті де... қойды.
Көктем келіп жер бусанды. Күніне 4 рет егілетін пеницилин
(жаңадан шығып, бүкіл ел енді ауру болмайды, сондай тамаша
дәрі ойлап таптық деп сенсация жасап жатқан кез еді) әсері ме,
бақсының себі ме, жоқ әлде жас дененің күресу қабілеті басым
түсті ме – әйтеуір Балзия қолымен тізесін тіреп жүруге жарады.
Басын көтерісімен тәтесі жүн түткізіп қойды.
– Тәте, далаға шығаршы. Далада отырып түтсем медбике
ұрыспайды, – дейді қу қыз. Аулада отырса көшенің шуын естиді.
Көк аспанды көреді. Иығына көбелек келіп қонады. Құстардың
сайрағанын естиді. Көрші балалар келеді. Өзіне ертегі айт дейді.
Айтады Балзия айтады. Және қалай айтады дейсің. Ол балалар
шешелері шақырып жатса да бармай, мұның ертегіні аяқтауын
күтеді. Сол үшін, осы сәт үшін белі қанша ауырса да, қанша мик
роб жұтса да төзуге бар.
Иә, ата-анасынан жырақта өткізген тоғыз айдың ішінде Бал-
зия тағдырға тілсіз төзуді үйренді. Пендеге кешіріммен қарауды,
қиындыққа шыдамдылықпен жауап беруді үйренді. Алдағы күнді
үмітпен күтуді үйренді.Кейбір адамдардың жасы алпысқа жетсе
де ұқпайтын өмір мектебін он бір жасында меңгергені өкінішті,
әрине.
Қайтесің, тағдыр ғой.
Базарбайқызы Маркиза
Әкесін іздеген ұл
Редакторы Б. Байғұл
Суретшісі М. Балабекова
Техникалық редакторы А. Тлеукеева
Компьютерде беттеген Б. Мұстафа
Басуға 01.04.2015 ж. қол қойылды.
Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсетті басылым.
Пішімі 70х90/16. Шартты баспа табағы 12,9.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Фирма Орнак» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Гагарин даңғылы, 83.
Тел.: +7 (727) 274 37 33
E-maіl: ornak77@maіl.ru
Тапсырыс берушінің файлдарынан
«Курсив» ЖШС баспаханасында басылды.
Алматы қаласы, «Бағанашыл» ықшам ауданы, Восточная көшесі, 2-үй.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру