Мақалалар (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы өте күрделі құбылысқа толы. Оның өлеңдері қоғамның түрлі саласын қамти алуымен, философиялық мәнімен, көркемдігімен құнды. Ақынның туындыларында азаматтық сарын да айқын байқалады. «Қазағым», «Қазақ», «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты»...
МАҚАЛАЛАР
БІЛІМДІЛЕРГЕ БЕC САУАЛ
Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, бacқa жұрт болсын — бәрібір, бірақ жауап қазақ тілінде жазылсын, яки қазақша тәржіме етілсін. Бірлі-жарым араб, фарсы яки орысша сөз кірсе, қазақша тәржімесі жазылса екен. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен һәм не «Айқап» арқылы, не тура өзіме төмендегі адрес бойынша хатпен жіберілсе екен. Екеуінің қайсысымен жазылса да, қол қойылған болып, адресі көрсетілуі тиіс, себебі, Құдай жеткізсе, бұл туралы жиналған сөздердің бәрін жинап, кітап қылып бастырмақ талабым бар. Бұл сұраған сөздерімді халың пайдасы деп ойлаймын; ол ойымды дұрыс көрсеңіз, жауапқа жеті тиын аямассыз деп үміт етемін.
Бес сауал мынау: 1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не? 2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң, мейлі, не жөнмен болсын, рахат - бейнет, сауап - азап бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?
Қай түрлі жауап берсеңіз де, дәлеліңіз не?
Адрес:
Ст. Аркат, Семипалатинская обл.
Чингизской волости, Шахкариму Худайбердину
«Айқап». 1912. №5. 96-6.
Білімсіз ел жас бала сықылды: бір жаңа нәрсе көрінсе, бұрынғыны тастап, соған ұмтылмақшы. Біздің қазақ «Қазақ» газетасы шыққан соң «Айқап» журналын тастап кете ме деп кәдік көремін. Тамам қырғыз һәм қазаққа бір журнал, бір газет көптік қылмас — екеуін де алу керек! Газетке сөз жазушы мырзалардан өтінемін: «Қазаққа» да, «Айқапқа» да жазып тұрсаңыздар екен! Себебі «мынада пәленшенің сөзі жоқ» деп, жұрт не сылтау қылып, не ындынсыз болмасын! Тағы бір сөзім: «осы бір газет, бір журналымызды үлкейтеміз, көбейтеміз» демей, қолдағы бар екеуін көп кісі алып оқуға тырыссаң болады. Осыдан артықты көтерер шамамыз жоқ қой әзір деп ойлаймын. Оқушымыз бен байлығымыз белгілі ғой.
«Қазақ». 1913. 16 июнь. № 18.
ӨТІНІШ
47-нөмір «Қазақтағы» Досмұхамед Нілшібай қажы баласының «Аш, жұтаған, ауған қазақ» деп бастаған сөзінен мағұлым болды: Жизақ уезі Қызылқұм болысында біздің арғын тобықты нәсілінен ел бар екендігі. Және Сырдария бойында Ақмешіт уезі Скобловский волосында арғындар бар екендігі. Сол ағайынымыздың арғын һәм тобықтының қай атасының нәсілінен екенін анықтап білуге мұқтаж болғандықтан төменшілікпен өтінемін: ол жақта «Қазақ» газетасын алып оқушы арғын, тобықты болсын, басқа ағайын болсын, сол арғын, тобықтылардың ата жөнін анықтап һәм басшы адамдарының өз аты, әкесінің аты мен толың адресін жазып, не «Қазақ» газетасы арқылы, не почта арқылы хатпен білдірсе, үлкен мархамат жәрдем қылған болар еді. Егер осы хабарды алсақ біз де өзімізді ол ағайындарға білдіруге барша қазақ, түрік нәсілін жазған шежіре кітап жіберер едік. Мұндағы тобықты жеті болыс елміз — екі волость Дадан Қарқаралы уезінде, бес волость ел Семей уезінде. Ілтифат қылып хат жазушы болса, адресім мынау: Ст. Аркат, Семип. обл. киргизу Чингизской волости Шах-Кариму Худайбердиеву.
«Қазақ». 1914. 4 апрель. № 57.
БИ ҺӘМ БИЛІК ТУРАЛЫ
Қазақтың дауын орыс судьясы бітіргенінің қолайсыздығын біз айтпасақ та, тамам қазақ біледі. Мысалы, қазақ көтере алмастай шығын, оның үстіне әдет - рәсімге теріс болып, көп қиыншылық, залал болмақ. Билік туралы қазақтың ескі жолы жоқ емес, қазылған қара жолдай жолы бар. Бірақ, ол жолы ұмытылған. Себебі көбінесе орыс законына қарағандықтан болған. Мысалы, сайлау туралы закон пара, жақындық пен би болуға ыңғайлы болып, кім болса сол би болып, аузына не келсе соны айтқан. Және бір себебі жазылмай қалғандықтан. Ол ескі жолдың көбі осы күнгі өмірге қолайлы. Бұрынғы ережелер де көбінесе сол жолға сүйеніп айтылған. Соларды тексеріп, қолайлысын алып, осы күнгі өмірге келісімсізін түзетіп, бір жоба жол қылып жазса, қазаққа сонан қолайлы жол болмас еді. Оны жазу қазақтың ескі құлақты кемеңгерлері мен оқымысты жастарының ақылдасуымен табылады. Өзге жұрт қазақ жайын қанша білемін десе де, анық жете білмейді. Қазақтың ескі жолының бірталайы шариғатқа да жанасады. Шариғат ешқашан тастай қатып қалмайды. Әр заманның ыңғайына қарай іс қылуға лайықтайды. Оны тастай қатыратын — шала молдалар. Шариғаттың тастай қатқан жері әр заманға бірдей істерде тастай қатпайтұғынының мысалын көрсетуге болады. Мысалы, ғұзыр (яғни «қиын болса, қылмай-ақ қой, өзгерт» деп кеңшілік қылады). Қазақтың ескі жолы мақалменен айтылып, мағыналырақ келеді. Мысалы: «Ат ұстатқан азабынан құтылар» — бұл жоғалтқан малды қолы адал біреуден танығанда, танытқан кісіге ерік бергені. Яғни «егер осы танылған атты иесіне беріп, сатып алған кісіңнен өзін, қуып алуға ырза болсаң, иесі қалған малын өз бетімен қусын. Егер атты бермей, алған кісіңді ұстатсаң, атты иесі сатып алмаса — бермей-aқ қой» дегені. Және «Аза — арулы, сый — сатулы». Бұл екі тамыр, жақын кісі араздасып, бергенін қайта алысқанда, тамырлыққа бергенін қайтып алысады да, азаға салғаны қайтпайды. Себебі аза—жылу есепті. Және «Олжа — олжадан қайтар, сауға — сауғадан». Бұл ондайларды «олжа - сауғадан бермей кеткенде ғана даулап алады» дегені. Ақыры қазақтың әр билігінің мақалы бар. Мысалы 1) «Би екеу болса, дау төртеу болады»; 2) «Дау құтырса, биін табар, ит құтырса, иесін қабар»; 3) «Куәлі істі куә табар, куәсізді күмән табар»; 4) «Айғақтың тазасы күмәнмен мойынға салар»; 5) «Бір дауда екі күмән жоқ, бір істе екі жаза жоқ»; 6) «Барымта қайтыс болмай, дау айтыс болмас»; 7) «Тапқан қуанса да, таныған алады»; 8) «Құдалық белгісі — сый - сиапат, қоныс белгісі — бейіт»; 9) «Кесімді малға есім бар»; 10) «Барымта алған мал болмас, қуып алған жүн болмас»; 11) «Ала арқан кеспей арылмас»; 12) «Ер құны — алты жақсы, жүз жылқы, қатын құны — жартысы» (ер құны елу түйе, демек, шариғаттың ұлылы - кішілі жүз түйесінен алынған); 13) «Өзі жығылған өкінбес»; 14) «Тағыны жеткен алады, жарлыны кеміткен алады»; 15) «Тұлпар түп иесін табады» (бір малдың жүйрік екенін білмей тұрып жас күнінде біреуге берсе, сол жүйрік шығып, зор бағаға кесіліп, әркім алуға таласса, түп иесі — ерікті. Ол «алмаймын» демей, өзгелер ала алмайды); 16) «Жортуыл жолдасына, ұры серігіне күйеді». Міне, осындай мақалдар көп. Менің ойымша, билерді азайту керек. Оларды қауым шармен сайлау керек. Жаза кесілмейтұғын дауда третейский сотқа беру керек. Екі жағы да книгеге жауабын өзі жазсын. Посредникке келіспесе, сайлаулы бидің жеребіге шыққанына еріксіз салынсын. Жалғыз биге сал демек қалсын. Ақы сұрай келген елдің биіне «салма» деген қалсын. Себебі дау бітпей созылып, қазақ барымталасуға себеп осы болады. Билердің үстінен бір би керек. Олардың бір-біріне қарсы айтқанда сынайтұғын орыс ұлығы, яки жоғарғы би сынаса да, жазулы жолға терісін тауып бұзсын. Бұл туралы тағы да жазамын.
«Қазақ». 1914. 8 июнь. № 65.
ҚАЗАҚША АЙ АТЫ ЖОҚ
Біздің ай аты деп жүргеніміз — жұлдыз аты. Жұлдызға қойған атты сол кездегі туған айға қоя саламыз да, ай аты деп ұғынамыз. Сол себепті кейде «бұл бәлен ай» деп таласамыз. Мысалы, декабрь жұлдызының он бесінде туған айды жартымыз «қаңтар», жартымыз «ақпан» дейміз. Менің ойымша, біздің ескі тұқымда (ескі түрікте) ай аты болса керек. Бірақ ол ескі аттар не біржола ұмытылды, не жұлдыз аттарына араласып кетті-ау деймін. Осы айтылған ескі айлар туралы білетіндерін ескі құлақты қариялар, оқымыстылар «Сарыарқаға» жазса екен. Ескі түріктерде ай аты болмай қоймаса керек дегеніміз: олар он екі жұлдызға ат қойып — бір жыл жасап, он екі жылға ат қойып — бір мүшел жасап, бес мүшелге ат қойып — алпыс жылдық бір айналыс жасап отырған түрік, «жаңа ай», «ескі ай», «толған ай» деп отырған түрік не қылып ескерусіз қалдырсын. Енді жұлдыз атына келейік. Біздің әр жерде жұлдыз аты әр түрлі. Мысалы, 1916 жылғы 173-номір «Қазақ» газетінде ардақты Хасенғалидың Байеке молдадан жазып алған ай (жұлдыз) атын қараңыз: әз, март, отжақпас, көкек, шілде, сарша, қыркүйек, мизан, қараша, қазан, қаңтар һәм ақпан, енді біреуінің атын білмейді. Ал біздің жақта: көкек (март), мамыр, маусым, шілде, тамыз, мизам, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан һәм бірдің айы. Көрдіңіз бе, атында қанша шатақ! Және бұл екеуін естіген 6acga түрлі ат қоюшы қазақтар мұны қандай таңырқар екен! Онан соң жоғарғы жұлдыз аттары арабшадан алынғаны көрініп түр. Мысалы, мизан, мамыр (мағмур), маусым (маусим) — үшеуі де арабша. Мақалдағы «Қараша-қауыс, кәрі-құртаңды тауыс» дегендегі «қауыс», «Сәуір болмай тәуір болмас» дегендегі «сәуір» арабша, тағы сондайлар толып жатыр. Мақсұт: қазақша ай атын ескі түрікшесін іздеп таппақ. Ол табылмаса, амалсыз арабша ай атына халықты жаттықтыру керек деп білемін. Һәм жұлдыз атын тамам бір атпен ретін бұзбай атау керек деп ұғамын.
«Сарыарқа». 1918. 22 март. № 25.
АШЫҚ ХАТ
Биыл 24 мартта шыққан «Үш жүз» газетінің 9-нөмірінде өзіне-өзі «Қайғылы» деп өтірік ат қойған біреу «Ырғызбай, Топай жылап жатыр» деп бастап бір сөз жазыпты. Соның ішінде менің ар-намысыма тиіп, жалған - жала сөзі болған соң, алыстан естіген ағайындар «әлде рас шығар» деп ойлар деп төменгі сөзді жаздым. Әйтпесе, газет бетін дау қағазы қылғанды ұнатпаушы едім. Жазатын сөзім мынау: Біләл қатын алғанда мен Семейдегі бір облыс кеңсесіндемін. Үйге барған соң, ешбір топай адамы маған келген жоқ. Оны өздері де айтар. Ар-иманнан ұялар. Топайлар Кәкітай марқұмның жесір қатынын еріксіз алып барған соң, өздері жақын көретін бір інімізді жібергенім рас, сондағы сөзім мынау — «Кәкітайдың қатыны ризалығымен барған болса, ауыз естіп кел, болмаса, еріксіз адамды байламай қайырғаны жөн ғой» дедім. Ол туралы «Біләлдағы қатынды қайтарамын» дегенім жоқ. Оны айтпайтұғыным — қатын да, Біләл да Семейге кетіп қалған; оны өздері де анық біледі. Және мен «қайтарамын» дегенмен шариғатта да, низам бойынша да байсыз жесір қатынның өз еркі өзінде болатынын білмейтұғын соқыр болмасам керек қой. Оның соңында топайлар Тұрағұл мырзаға ара ағайыннан кісі жіберіп, ара ағайындар ортаға жүріп бітім айтқан. Ешкім еріксіз біткенін көргенім жоқ һәм өзім бір тиын пайдаланғаным да жоқ — оны барша халық біледі. Онан кейін күні бүгінге дейін бір топай адамы наразылық көрсетіп, ешбірі маған келген емес. Ар-иманын, бір Алласын ойласа — өздері де танбас. Бұл іс туралы «Қайғылы» атты мырза менен басқа да талай адамға жала жауып қаралайды. Әркім өзін-өзі біледі, олар үшін мен сөз айтар орным жоқ. Егер «Қайғылы» мырза «осы сөзің рас» десе, не сот алдында, не халық алдында шын атымен жауаптасса екен. Әйтпесе «адамның арын ойыншық қылып, көрінгенге күйе жағамын» дегенмен, ақты қара қыла алмас.
«Сарыарқа». 1918. 15 апрель. № 38.
СЕМЕЙ ОБЛЫСЫНА ҚАРАҒАН БАРША ҚАЗАҚ АҒАЙЫНДАРҒА АШЫҚ ХАТ
Осы күнгі ұлың біздің қазақ сотын бекітті. Екінші қазақ арасында қандай үлкен-кіші дау болса да, қазақ соты қарамақ. Бұрын орыс солай тексерген, әзір де билік айтылмаған істің бәрін де қазақ соты қарайды. Сол себептен төменгі сөздерді біздің Семей облысындағы барша қазақ қатты ескеруі керек. 1. Арыз берген қазақ өзінің, жауапкердің һәм куәлардың тұрған жерін, қай болысқа қарайтұғынын анықтап жазу керек. Олай болмағанда шақыру қағаз қайда жіберетұғыны білінбей, арыз қараусыз қалады. 2. Арызында мал-мүлік, ақы дауласа, бәрінің, бағасын сомалап, анықтап баға қойып жазу керек. Өйтпегенде ондай арыз да қаралмайды. 3. Бұрынғы орыс сотына жауап бергендей өтірік - жала, жалған куәліктерді қалдыру керек. Неге десеңіз — қазақ соты орыс сотындай жалған куә, өтірік жаланы жазасыз қалдырмайды. Өтірікке қатты жаза салады. Әнеукүнгі март басындағы билікте өтірік куәлік айтқан бір жігіт осы күнде сот кесімімен абақты да жатыр. «Енді қайтып өтірік айтпаймын, жаманшылық қылмаймын» деп жалынып, «кеш» деп берген арызын сот қабыл алмады. Мұнан былай «қазақ сотының жайын білмедім, қапы болдым» дегенмен, ол сөз алынбайды. Осы айтылғандарды газеттен оқығандар өздері де ұғып, басқаға да ұғындыру керек. Қанша қуланғанмен қазақ өтірігін қазақ соты таппай қоймайтын көрінеді.
Семей областной сотының бір мүшесі Шаһкәрім.
«Сарыарқа». 1918. 21 апрель. № 39
СЫН ҺӘМ СЫНАУДЫ СЫНАУ
Біздің қазақ арасына газет-журнал шыға бастағаннан бері үзбей оқымасам да, анда-санда газет-журнал оқушы едім. Сонда бірінің сөзін бірі сынаған қазақ оқымысты азаматтарының сөзіне кез келуші едім. Бұл «Айқап», «Қазақ», «Қазақ тілі», «Шолпан», «Темірқазық» — оқушыларға белгілі. Әрине, әркімнің ойы, ындыны әр түрлі болғандықтан, біреудікі біреуге жақпайды. Үйткенмен, әркім ойындағысын айтпай тұра алмайды. Айтқаны да жөн, себебі не іс болса да сыннан өтпей тұрып, толық болуы қиын. Сондықтан сынды тоқтату — түзеліске кемдік келтіру болады. Және сын — жаратылыстың берік жолы, оны ешкім тоқтата алмайды. Бірақ сын немесе ол қалай болуы керек? Сыншы, сыналушы, жақтаушылар не қылу керек? Істің қатты керектісі де, қиыны да — осы. Менің ойымша, сын кекеу - мысқыл, күндеу - өзімшілдік, айла - қиянаттан аулақ болса екен деймін. Мұндай іс-әрекетке кіріскен сыннан сын иесі түгіл, халыққа көп зиян шығады. Себебі кекетіп мазақталушының неше мыңнан бірі болмаса, кек қумай, ыза болмай қалмайды. Сондықтан сыншылар аталған жаман мінездерден аулақ отырып, таза жүрекпен сынау жөн. «Менің ойымша, кемшілігі — мынау, оған дәлелім — мынау!» деген жөн. Сыналушылар да өз ісіне сын салынғанды көргенде ыза, өзімшіл, мақтанды әбден жоғалтып, салқын қан, таза көңілмен сын айнасына бұзылмай қарау керек. Егерде сын дұрыс болса, бас иіп, мойындау керек. Міне, адамның ең толығы — осындайлар. Олар ондай жерде кек, өзімшілдік деген антұрғанға құл болмақ түгілі, мінін тапқандарға мың рахмет айтады. Сыншы, сыналушының бірін жақтаушылары да осы жолды қолдануы керек. Өзге достың өз алдына, бұл сын деген —жаратылыс ағымының әділ таразысы, таза елегі. Оны қиянатпен аудару, не електің көзін бітеймін деу — сау ақыл алдында зор жазалы! Менің ойымша, ондай ұлы сынау жалпы жұрттың көбірегі істеп жүрген жаман әдеттерден жирендіріп, жігерлендіру үшін ғана керек, я болмаса әдейі көпке зиян келтіру үшін сөздер жазып, іс қылғандар туралы жөн. Әйтпесе, бір кісінің ғана қатесі, я сенің көңіліңе жақпаған бір қылығы үшін кекеп нұқудың пайдасы жоқ, зияны көп. Және бір сөз: менің ойымша, атақ алу үшін қылған іс, айтылған сөзде нағыз тазалық болмайды. Не тіршілікте, не артқыларға ат қалдыру дегенді тіпті миыма қондыра алмаймын. Себебі сіз мақтау, жоқтау керек қылмасаңыз да, қылған іс, айтылған сөзіңіз жаратылыс ағымының талқысына салынбақшы. Ол сіздің ісіңіздің бағасын, салмағын ашпай қоймайды. Сондықтан не іс қылсаңыз да, атақ үшін қылмай, көпке пайда қылу, я көпті зияннан құтқару үшін істеу жөн. «Сынаушы кім болу керек» деген сөзге айтатыным: айтуға әркім ерікті болғаны сияқты, сынауға да әркім ерікті. Бірақ нағыз таза сыншы, жоғарыда айтылғандай, жаман мінез, теріс қылықтар науқасынан таза, сау ақыл! Ондай ақылдың сынын бүгінгілер алмаса да, кейінгі әбден ақыл көзі ашылғандар алатынына дау жоқ. Сөз қорытындысы: сыншы да, сыналушы да, жақтаушы да тапса да, таппаса да — таза жүрекпен істеу жөн. Егер олай болмай, біздің қазақтың сыншы, сыналушы, жақтаушылары бүйтіп кекеу - мысқыл мақтау - өзімшіл, айла - күншілдікпен жүре берсе, қазақ сорлыға «Топырағың жеңіл болып, алдыңнан жарылқасын!» деп күдер үзіп отырамыздағы!..
«Қазақ тілі». 1924. 4 март. № 26.
СӨЗ ТАЛАСЫ
Бұрынғы құр сөз болып қалған желбуаз сөз бен былтыр жаз туған мұсылман съезі туралы «Айқап» пен «Қазақтағы» жазған талас сөздерді көріп өттік. Басқа желбуаз тұсындағы таласқа біз бір азғана насихат (өсиет) өлең жазып едік, уақыт өтіп, басылмай қалды. Енді бұл мұсылман съезі туралы сөз басталғаннан-ақ алдыңғының аяғын құшарын білсек те, аяқталмай тұрып сөз жазбадың. Міне, енді жазамыз — тым болмаса келер іске пайдасы болар ма екен деп. «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы-ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс — тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп - зекіріп тыю зиян шығармай ма? Екі кісі сөз таластырғанда аң жүрекпен емес, әншейін жақындық, жақсы көргендіктен сөзін қостап, қосшы - қосшыламақ та жаман емес пе? Ондай екіталайда, кім де болса, аяқты аңдап басу керек қой. Мінеки, қауым, мен осы сөзімді көптің сынына бердім. Сөзім қата болса — айтыңыздар, қатасыз — бір Алла. Бүгін менің бар ынтам — кекеу - сөгісті жамандамақ болса да, не қауымның бірі, не таласушының бірі «құр ғана сөгісті сөйлеп, қатасын көрсетпей, екі жаққа да бұлаңдағаны несі» демесін деп бір мысал айтайын: Молда, олардың таласы, неке мен ойнас туралы таласқанда, бас-аяғын ойламай, ортасынан таласқандықтан екі жағы да қата қылған себебі: «Шариғат некені не үшін керек қылған?», «Неке екі жастың қосылуына бөгет бола ма?», «Қай себептен дүре бұйырылған?» деп, «Ол жаза қандайына лайық?» деп ойламай, бірі «шариғат айтты — болды» деп, «бізге ол қолайсыз» дегенде дауласқан. Егер де адамдар хайуан сықылды көрінген жерде жақындық қылып жүре берсе, «мынау — менің балам, мынау — менің қатыным» деп ешкімді ешкім асырап қамалатқа (толықтыққа) жеткізер ме еді? Сондықтан «екі әділ куәнің алдында өмірлік жолдас болғандығыңды анықта» деген сөз емес пе? Шығарсаң да, анықтап шығарып айырыл. Онан соң буаздығы білінгенше байға тимей тұра тұрсын. «Бала кімдікі екені анықталсын» деген емес пе? Дін бояулаған шала молда менен өз баласын шырқыратып мал мен шалға сатқандардың сөзін шариғат деп таласып отырып, сөгісіп кектесетұғын не жөн бар? «Ауыздан шыққан сөз — атқан оң». Оны «пәленше жеңіліп қалды деп айтады» деп қайтып ала алмайсыздар, онан басқасы бар ма? Кекеу кек шақырып, кек партия шақырып, партия елдің елдігін жоғалтады. Менің білгенім — сол-aқ. Бұл сөзімнен «бар елдің мінін көрсең де, айтпа» дейді деп ұқпаңыз. Мінелмеген түзелмейді. Бірақ улап, найзалап мінеме деймін.
«Айқап». 1915. № 16.
ҚАЗАҚТЫҢ ЕСКІ ЖОЛЫНЫҢ БІРІ – ЕНШІ
Енші беру, енші алысу — ертеден келе жатқан бір жол. Әдетте бір адамның бірнеше ұлы болса, ол балаларының үйленгеніне әкесі енші бөліп береді. Айталық, бір адамның екі баласы болып, соның үлкен ұлы үйленген болса, әкесі сол үлкен ұлына енші бөледі. Қазақ жолында еншіні балаларына әкесі бөледі, егер балалары наразы болса, басқа биге салып бөліседі. Көбінесе әкесі кіші баласының қолында қалып, басқа балаларына енші беріп шығарады. Малдан енші берерде әкенің екі баласы болса, оның үлкені үйленсе, әкесі барлық малды жеті бөлікке бөледі. Бұлай бөлуінің себебі — осы жеті бөліктің бір бөлігін балалардың шешесіне қалдырып, қалған малды үшке бірдей бөлісіп, бір бөлігін үлкен ұлына береді. Ол әкенің ұлдарынан басқа қыз балалары болса, ол қыз балаларына енші бөлінбейді. Әкесі балаларына енші бергенде мал бір түлік болмайды — түйе, жылқы, сиыр, қой болып, әр түлікті болады. Сондықтан барлық малды тоқтыға шағады. Қазақта «қақ», «тоқ» деген қара малдың аттары болады. «Қақ» деп бесті ат, қысыр байтал, қысыр сиырды айтады. Ал, «тоң» деп буаз дөнежін байтал, буаз сиырды айтады. «Қақ» қараның бағасы — бес тоқты, «тоқ» қараның бағасы — он тоқты болады. Жақсы атан түйенің бағасы жиырма тоқтыдан болады. Еркек қой, саулық қой, торпақ — екі тоқтыдан, жабағы — үш тоқтыдан саналады. Қазақтың қызға енші бөлмейтін себебі — қыздан қалыңмал алады, егер шын жолға келсе, сол қыздан алған қалыңмалдың мөлшерін әкесі қызын ұзатарда түгел қызға жаратуы керек. Ал, жер еншісіне келгенде, әкесі қарамағындағы жерді бөледі. Ол үшін жерді арқанмен, не көз мөлшермен өзіне бір жарым есе, қалған балаларын» бір-бір есе етіп бөледі. Егер балалардың, шешесі өліп, әкесі тоқал алған болса, не тоқалды бәйбішесі өлмей алған болса да, тоқалға мал - жер еншісі бөлінбейді. Әкенің бәйбішесінен де, тоқалынан да баласы болып, олар енші алысқанда малға да, жерге де бәйбіше баласы екі есе болады. Мұнда ж«р еншісін бөлгенде өзгешелігі болады. Барлық әке қарамағындағы жерді үшке бірдей етіп бәйбіше баласы бөледі де, таңдап бір бөлігін тоқал баласы алады. Не тоқал баласы барлық жерді тең үшке бөледі де, таңдап екі бөлігін бәйбіше баласы алады. Бұлай бөлісу — ескіден келе жатқан жол. Осылай бөлісу мынадан шыққан: егер барлық жердің өзі таңдаған екі есесін бәйбіше баласы алатын болса, ол шұрайлы жерді өзі алып, тоқал баласына тақыр, мал жайылымы аз, пәйегі жоқ жерді тастаған болар еді. Ал, тоқал баласы өзі таңдаған бір есесін алатын болса, онда тоқал баласы барлың шұрайлы жерді алып, бәйбіше баласына шұрайсыз жерлер қалған болар еді. Егер бәйбіше мен тоқал баласы өзді-өзі келісе алмаса, ол кезде жоғарыда айтылған жобамен басқа билер жердің жағдайын бірдей етіп бөліп таңдатқызады. Ешкімге тартпай айтатын әділ билердің бөлігі заңды болып қала береді. 1931 жылы 3 февральда елсіздегі Саятқорада жазылды.
АРДАҚТЫ СӘБИТ БАУЫРЫМ!
XІІ. 11 жазған хатыңызды жаңада ғана алдым. Бүгінгі Аягөзге жүрмек адамнан осы хатты асығыс жаздым. Қолымда барынан біраз ғана жазбамды жібердім. Олар: «Бәйшешек бақшасы», «Нартайлақ әңгімесі», «Қазақтың түп атасы», 25 жасымда жазған «Бозбала мен кәрілік», 32 жасымда жазған «Баламен айтысып жеңілгенім». Қолымда қаражаттың ақша жоқтығынан бұларды өзіңіз почта қаражатын төлеп алар деп доплатной қылдым. Бұрын басылған «Қазақ айнасы», «Еңлік — Кебек», «Қалқаман—Мамыр» деген өлеңдерімді әрбірінен өз қаражатыммен 1000 (экземпляр) дана бастырып, елге таратып едім. «Қазақ-қырғыз, хандар, түрік» шежіресін де бір мың бастырып таратып едім. Соларды балаларға іздетіп, шежіренің бір жыртылып қалғаны табылып, бұрынғы басылғанында қате бар һәм қосылмаған сөздер бар болғандықтан, көшіріп жатырмын түзетіп. «Әділ — Мария»деген романымның көшірмесі Алматыдағы осыдан барып қызметке тұрған Бақдәулет Құдайбердіұлында бар шығар. Оның тұрағы Алматыда, Лепсинский көшеде, № 63. Сол балада Американың Бичер-Стоу деген әйелі жазған құлдар тұрмысы жайынан «Том ағайдың балаганы» деген қазақшаға аударғаным бар шығар. Бірақ оларды бастырам деп рұқсат алып еді. Бұл екеуін бір баламыз өлең де қылып еді. Табылса, менің сөзше жазғанымды бастырғаныңыз мақұл. Өлеңшесін өзіңіз білесіз. Қолымда «Шын бақ әңгімесі» деген пьесеге аударуға лайықты бір романым бар болса да, басқа кісі оқи алмастың черновой болғандықтан көшірмей жіберуге болмайды. Және Пушкиннің «Дубровский» деген романын қазақша өлеңге аударып, ана бір жылы Семейде бастырылып еді. Ол үйде бар еді, мына адамнан жіберуге болмайды. Бұлардан басқа да аудармаларым, өлең сөздерім бар еді. Бірінші, уақыт тығыз болып, екінші, 45 жасымнан бергі өлең сөздерім философия жағына салынып, «об отвлеченного вопроса объективное рассуждение» болмағандықтан, «өкімет басуға рұқсат қылмас және бұл кезде халыққа тарату да лайықсыз ба» деп жібермей қалдым. Себебі — жан сыры, жаратылыс сыры, дүниедегі тамам шатақ діндер туралы жазылған. Қырықтан аса бергенімде «Жан не? Дін не? Барша адам қалай жаралған? Адамға жаратушы жағынан не өзінің ар, ынсабы жағынан салынған міндет бар ма? Болса ол не? Адамда толық ерік бар ма? Жан өлгеннен соң жоғалатын зат па? Адам бұл өмірде не қылған жөн?» деген сияқты ылғи дене сезімімен сезілмей, іш жаққа, әдетіне, дініне, нанғанына, құмарына бұрылмай ойлайтын — ноқтасы таза ақылмен ғана білетін істер туралы: дін ғалымы, ғылым ғалымы, ойшыл философтардың бұл туралы жазған кітап, айтқан сөздерін өзімше сынға алып, дұрысын алып, терісін тастап шығарған қорытындыларым еді. Мен «пәлен пайғамбар, түгілен философ, профессор айтты» дегенге тоқтап қалмайын. Өз ақылым қабыл алмағанды кім айтса да теріс көрем. Бірақ ақыл қабыл аларлық дәлел айтса, ол кім болса да бас ұрам. Мақтанып кеттім. Мақтан емес, іздегенім тамам адам пайдасы болғандықтан, ақылым айтқан ақиқатты айтпай тұра алмаймын. Еріксізбін. Міне, осыны айтып отырғанымда адамшылық арым «барша адам баласына пайдалы деп отыз жыл инемен құдық қазып тапқан хақиқатты неге жіберіп, алдымен осыны басуын неге тіленбейсің?» деп еркімді билеп, «Жан сыры, жаратылыс сыры» деген қысқаша қорытындымды тағы жібердім. Әттең, дүние, осыны құры қазақша ғана басып қоймай, орысшаға жақсы переводпен (смыслын) переводтап, ғылымды азаматтың бірі еңбек етіп, переводын өзіме көрсетер ме еді? Қазақшасы тез басылып шығар ма еді? Тірі күнімде не қарсы айтылған дәлелді сындарын, не білімді ойшылдардың қабыл алғанын біліп өлсем, армансыз болар едім. Бұл «Жан сыры, жаратылыс сыры» басылмайтын болса, тез қайтарғаныңызды өтінем. Лажы болса, қолжазбаларымның бәрін қайтарып отырарсыз. Тағы бір тілегім — менің қай жазбам болса да, басылысымен баспахана қаражатымен маған әрқайсысынан елу данасын жіберсеңіз екен. Балаларыма, достарыма мирас деп беру үшін. Қайсысы басылса да, «Мұтылған» деген атыммен басылғаны жөн болар еді. Бір сөзім, менің кейбір өлеңдерім қазақты бұрынғы өлең, жырларының әнімен айтылмайды. Әрқайсысының өзім шығарған әні (мотиві) бар. Әнді хатпен ұғындыруға болмайды. Өзім барып ұғындыруға, жергілікті өкімет басындағы кейбіреулердің қараңғылығынан қолда қаражат, баста бостандық қалмай тұр.
Қош! Бақытты болыңыз!
Мұтылған
(Шәкәрім Құдайбердіұлы).
1931 жыл.
АБЫЛАЙ ХАН МЕН ХАЛДАН ХАННЫҢ СӨЙЛЕСКЕНІ
Алғаш Әбілмансұр ханның қалмақ пен қазақ соғысындағы жекпе-жекте «Абылайлап» шауып, қалмақтың Чарыш деген батырын өлтіріп, Абылай атанып, хан болғаны халыққа мәлім шығар. Чарыш — қалмақтың Халдан ханына күйеу екен. Халдан «Чарышты Абылай өлтіріп, хан болыпты» дегенді естіп, қаһарланып, «Абылайды ұстап әкел» деп жиырма мың ғаскер аттандырыпты. Абылай ел шетіне қарауыл қарап, Ұлытауда ұйықтап жатқан жерінде қалмақтың қолы ұстап алыпты. Абылай қолдан жөн сұраса, бір ғана өзі үшін аттанған қол екенін білген соң, күтінбеген елді шаптыртып қайтемін деп: «Мен — іздеген Абылайың», — депті. Қалмақтың қолы Халданның тапсырған Абылайын тапқан соң елге тимей қайтыпты. Бұл мәнді ел естіп, Әбілхайыр ханға хабар жеткізген соң, Әбілхайыр жәрдем сұрай Орынбордағы Неплюев деген генералға: «Біз орысқа қарағалы жүр едік, менің інім Абылайды Халдан ұстап әкетті, осыған жәрдем қылып, босатып бер» депті. Халданнан сұрата Миллер дегенді жіберіпті. Қазақтан тоқсан кісі сұрай барса, Абылайды арық атқа жайдақ мінгізіп, сауыт-сайман кигізіп [...] айналтып, жетектетіп қойған екен. Сұраушылар жиылған соң, Халдан Абылайды алдына шақыртып алып: «Мен сені Чарыш сықылды батырдың орнына өлтіргелі отырмын, не арманың бар?» — депті.. Абылай айтыпты: «Үш арманым бар: бірінші, мен ақ сықылды жосып жүрген қазақ деген халыққа хан болып едім; бір жерге қала салып, ірге тепкізе алмай жосыған күйінде қалдырам-ау деп арман қыламын». Халдан «жөн» депті. «Екінші, мен Чарышты қан майданда жекпе-жекте өлтіріп едім, сен аты қалмаққа сауын айтып әскер жібергенде, мен дін мұсылманға хабар айтып, Чарышша майданда өлмей, қапыда ұйықтап, ұстатып өлдім-ау деп арман қыламын». Халдан «жөн» депті. «Үшінші, мен төрт атадан жалғыз едім, балам жоқ еді, мен өлсем, тұқымым құрып кетеді-ау деп арман қыламын» дегенде, Халданның басы төмен түсіп кетіп, қалмақша «Мен үш атадан жалғыз едім, бұдағы менің Көбегенім сықылды екен ғой», — деп баласын көрсеткенде, Абылай: «Алдияр!» — депті. Халдан: «Неге қуандың?» десе, Абылай: «Мені балаңа теңедің, балаңды өлтіресің бе?» — депті. Халдан: «Жарайды, отыр!» — дегенде, олай-бұлай жан-жағына жалтақтап тұрса, босағада қол-аяғы құлыптаулы, аң аулап жүрген уақ Өтегенді ұстап алып, байлап қойған екен. Өтеген еңбектеп келіп жауырынын тосқанда, Абылай көтін қойып отырыпты. Халдан Өтегенге: «Мұның қалай?» десе: «Мынау тұғырсыз жерге қонбаған ақ сұңқар еді, мен алтын тұғыр болсам, аз ба!» — депті. Халдан киіз, көрпе салғызып Абылайды отырғызып: «Еліңде қой көп пе?» — десе, Абылай: «Көп», — деп жауап береді. Халдан: «Қойшы — өтірікші, қой — ұры» деген, ауыл үйдің арасынан ұсақ жанжал, берекесіздік қалмайды десеңші», — депті. Халдан: «Сиыр көп пе?» — десе, Абылай: «Көп», — депті. Халдан: «Қазақтың баласы айранға сүйеніп, еңбекке еріншек, ақымақ болады десеңші», — депті. «Қазақ егін сала ма?» — десе, Абылай: «Жоқ, егін салмайды», — депті. Халдан: «Адам егін салып, жер емшегін ембей, жерге бауыр баспайды, әлі де неше төңкерілерсің», — депті. Абылайдың алғашқы арманын, Халданның долбарын естімеген ел жоқ, бірақ іске асырған да адам көрінбейді. Әрине іс бастаушыдан бір болса, қостаушыдан екі деп білуге болады-ау. Қазаққа Абылайдан өкіметті хан болды ма? Алғашқы хан болғандағы арманы — қала салғызбаққа 70-ке келгенше жетпіс үйдің басын бір жерге қоса алды ма? Елі білмей, өзі білген ер — дарияның жүзіндегі жаңқадай ағынға амалсыз айдалып жоғалды-дағы.
«Сарыарқа». 1917. 5 қазан. № 12.
ЖАЗУ МӘСЕЛЕСІ
Қазақ дыбысына қарай харіф түзету турасындағы ойым: бұл харіф түзету деген бүгін басталған сөз емес. Шаһ Тахтинский уәу орнына цифрлар да салып қараған. Бірақ оны қауым қабыл алмаған соң қалған. Және біздің харфіміз араб харфі; оны өзгертуді жұрт ұнатпайтындығы белгілі болған. Қауым қабылдамаған харіф қала бергенде, жолы болған г, ң, у сықылдылар ретке кіріп кеткен. А. Б. мырзаның һәмзесі (£•) мен қос ноқтасын (••) жұрт қабылдағанын-ақ ұнатамын. Бірақ һәмзе алиф орнына жүруші еді. Оны басқа харіфке қоямыз деп әуре қылар-ау деп шошимын. Сірә, солай қыла қалса, менің ойыма келетұғыны, баспа машинасына реті келсе, кейде үтір орнына үлкен уәу салсаң, жазуымыз недәуір түзелер еді деп ойлаймын. Біздің тілде екі үст бар: бірі — ( ) ) бірі — (І), яғни бірі хәреке, бірі алиф. Мұның әуелгісі жіңішке, соңғысы жуан айтылған харіфтерге хәреке болады. Мысалы: бірі — һамасы, бәрі болғаны дегендей. Бізде үш түрлі аст бар: бірі болар-болмас білінетұғын — орысша «ы» сықылдырақ. Менің ойымша, мұндайға түк салмасқа керек. Бірақ састы — сасыды, асты — ысыды деген сықылдыларда не аст, не сәкінмен ғана білдірсін. Егерде мұндай «ы» сықылды аст сөздің аяғына келсе, «и» қойылсын, себебі ондайда біз «ы» қылып оқимыз, ноғай һәм басқа түркілерде [у] «и» қылып оқиды; екеуіне де бөгет жоқ. Екінші аст «е» сықылды, оған «и» қою керек. Егерде сөз аяғында келсе «е», яғни ресми қою керек. Үшінші «и» сықылды, оған екі, яғни «ии» салу керек. Мысалы: сиыр, қисық дегендей. Барша алаштың көзі ашық азаматтары! Мына алдарыңыздағы земство сайлауында һәр округтен (бірнеше болыс қосылып сайлау қылатын ауданнан) уездный, областной земствоға 5-6 гласный, яғни бір уезд, яки бір облыс елдің барлық шаруасын басқарып Бізде үтір екі түрлі. Мысалы: бүр (ағаштың бүрі) — бор (ақ топырақ). Сіздер «у» бар дерсіз, жоқ! «У» «уға» сәкін болады. Мысалы: бұ бала — бура (түйе) дегендей. Бірақ бұл үтір «уәу»-лар жуан - жіңішкеге бірдей харіфтерге айтылғанда һәр қайсысы екі түрлі болып, төрт түрлі дыбыс шығады. Мысалы: бүр (ағаш бүрі), бүр (айналдыр), бор (ақ топырақ), бөрі (қасқыр). Міні, байқасаңыз, жуанына уәу, жіңішкесіне ( j ) үтір салдым.
«Қазақ». 1913. қыркүйек. № 22.
Басқарушы мырза!
Төменгі сөзім «Қазаққа» басылса екен. Таза жүрек — дұрыстың құлы. 22-ші нөмір «Қазақтағы» менің жазу туралы сөзіме А. Б. мырзаның қайырған жауабы дұрыс. Мен баспахана ісімен таныс еместігіммен жұмысты көбейтіп жіберіппін. Қарпы қанша көп болса да, ілгері басуына бөгет болмайтұғын япон еместігіміз есімде болмапты.
«Қазақ». 1913. 21 қыркүйек. № 31.
ЗЕМСТВО ТУРАЛЫ
тұрушылар сайланбақ. Бұлардың атқаратын қызметімен қысқаша таныстырып, сол қызмет қолынан келерлік һәм қолы тиіп тұрарлық адамдарды сайлауларыңызды мақұл көреміз. Жоғарғы айтылған бірнеше аудандардан 5-6-дан сайланған гласныйлар жиылып, бір уезд елден ылғи іс басында тұратын 6-7 кісіні орталарынан, яки сырттан управа қып сайлайды. Гласныйлардың, қалған қауымы айында 4-5 рет уездный земство махкамасына жиылып тұрады; кейбір жұмыстардың орайы келіп қалғанда 7-8 рет те жиылады. Бұл гласныйлардың жалпы жиылысында управаға сайланған адамдардың істеген ісін тексеріп, істерінің қолайсызын тапса, түзетіп, тіпті жамандығы шықса, яки басқаруға қарамайтындай болса, орнынан түсіріледі. Екінші, алдындағы істемек істеріне жоба салады. Бұл гласныйлар бір уезд елдің һәм таптың жан хисабына қарай болады. Семей облысындағы уездердің қай - қайсысында болса да, қазақ көп болған соң, қазақтың гласныйлары да һәм управаға кіргізетін адамдары да көп болмақ. Яғни Семейден 48 гласный сайланғанда — 12 гласный орыстан, 36 гласный қазақтан болмақ. Басқа уездердегі гласныйлар да осылай, халқының шамасына қарай болмақ. Жоғарыда айттық гласный сайларда әуелі біліміне қарай, екінші, жиылып тұрарлық қолайлы тұрмысына қарай сайлау керек деп. Себебі: бұл болашақ земствоның гласныйлары — бұрынғы өткен болыс, немесе мына болып тұрған комитет сықылды кісі аузына қарай отыратын жалтақкөздер емес, халықтың тұрмысына қарай шаруасын өзі басқарып, ел еркін қолына түгел алып, елді ел қолына алатын орынның алды. Осы управаға кірген қазақ қазақты білсе де, істі білмесе, орыстан кіргендер қазақ жайын білмейді. Сөйтіп, өңкей «білместен» еліңе берекелі не шықпақ? Екінші, гласныйлардың жалпы жиылысына закон бойынша үштің екісі жиналмақ; егер алғашқы шақырғанда қырдан сайланған гласныйлар келмесе, екінші тағы шақырылмақ онда да келмесе, қаланың жиылған аз гласныйлары-ақ істі жүргізе бермек. Бұлай болған соң алыстағы адамның шаруасын тастап, айына неше мәрте жиылып тұра алмайтындығы белгілі. Сондықтан қай ел болса да оқыған, адал, халыққа пайдалы, іс басқаруға жарайтын адамын сайласын. Егер мұндай адамы жоқ елдер Алаштың ұлын жатсынбай, қаласында басқа ата, басқа дуанның оқығаны болса, соны сайласын. Өйтпесе «Келінді күте білмеген күң етеді, жібекті түте білмеген жүн етеді» деген мақалға ұшырап, тілеген тілек, еткен үміт далаға кетер.
«Сарыарқа». 1918. 14 қыркүйек. № 13.
ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ СЪЕЗІ
Өткен июль жұлдызының 21-інде басталып, Орынборда барша он облыс қазақтың съезі болып, 26-сында тарқады. Бұл съезд барша қазақ боп бас қосқан Алаш ұлына зарын өткізген, сағынтып, көз етін сарғайтқан кеңес еді. Біз Алаш болып, ақыл біріктіріп, іс қылмақ түгіл, азып-тозып, бір ауыл ақылымызды бір жерге қосудан да қалған ел едік һәм ескі хүкімет кезінде бас қосу еркімізден де шығып кетіп еді. Биыл жалпы жұрт оянып, ар-ұяты үшін қанша жанды құрбан етіп талпынғанда, біздің де тым болмаса «өзіме жоқ көтенді не қыламын» деп, барша Алаш берекесін бұзбай, сұм нәпсімізді құрбан қылуымыз жөн. Алаштың алғашқы күнәсіз сәби тобындағы бар ыстық махаббатымен кеңесіп байлаған қаулысын бұзсаң, біз қайтып Алаш атын атауымыз да ұят. Алғашқы істен адамның жолы болса — талабы өспек; жолы болмай қалса — өшпек. Алаш тобы ауыл тобы сықылды күнде қосылып, күнде тарқай бермейді. Келісілген сөз кезең аспай бұзыла берсе, Алаштың ұлы қайтып бас қосқанмен мәнісі, маңызы болмас. Қазақ боп бас қосқандағы мақсат — бет пен ниетті қазақ боп біріктірсек, саны бар, сапасы жоқ болмай, күшейіп көркейерміз дегендік. Ал, Алаштың баласы! Сағынған топ қосылып, қорсаған сөз қорылып, тарқады. Әлдеқалай біреуге жақпай бұзылса, талпынған талап, күткен үміт далаға кетіп, таз қалпымызда қалып, Алаш ұлының өркенінің обалына қалғаны да. Енді айтылмаған сөз болмайды, сөздің іске айналуы мақсат. Айту, шешу бір адамға, яки бір топқа міндет болғанда, көрсеткен жобаны жүргізу — елге міндет. Енді қазақ облыстарындағы комитеттер бастап, елі қостап, осы қазақ тобы байлаған қаулылар тез іске айналуға тиіс. Біздің қазақ халқында сүйекке сіңген еріншек, салақтық мінез бар, ойлаңыздар, ойланыңыздар! Бізден басқа мемлекеттегі еншілестеріңіз күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жүр; елге еңбек қыламын деген ерлері қала басы қыдырып, халқын оятып, ұқтырып жүр. Біз баяғы әдетті тастамай, сен салар, мен саларға айланып, ерініп, тал түсте тұратын мінезден шықпасаң, аты бәйгеге ілінбеген асшыдай ерніміз кезеріп, салпиып қалып жүрерміз.
«Сарыарқа». 1917. 15 ақпан. № 9.
ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНЫҢ ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ҚОЙЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРГЕ ҚАШУЫ НЕЛІКТЕН?
Әр ұлттың мәдениет жүзінде алға кете бастағанының бір белгісі — сол ұлттың өз тілінде мектептерінде оқылатын кітаптары, адабиаты һәм басқа баспа сөздері болу. Ол уақытқа шейін қазақ халқында өз тілінде шығып отырған мектептерге керек оқу құралдардың, адабиаттың баспа сөздердің керегі (жоқтың қасы десе де болады) қазақ халқының әлі мәдениет жүзінде артта жатқанын көрсетеді. 1920-1921 жылдардан бастап Қазақстан оқу комиссариатының «қазақ мектептерінде (бірінші басқыш) оқу ана тілінде жүріп, орыс тілі екінші бөлімнен жоғары жеке сабақ ретінде кірсін» деген жарлықтарын қолданып, орындар осы тәртіппен қазақ мектептерінде оқу жүргізіп келген. Мектептерде оқуды ана тілінде қойғанда соларда оқыларлық һәм қолданарлық түрлі құралдар сол тілде басылып шығып, жетерлік болу шарт. Қазіргі күнге шейін қазақ тілінде басылып, мектептерде қолданып отырған оқу құралдары бірінші һәм екінші бөлімдерге, сықағанда үшінші бөлімге жартылап қана жетеді. Одан жоғарғы бөлімдерге керек кітаптар қазақ тілінде жоқ. Үшінші бөлімнен жоғары қарай түрлі дәрістерді орысша кітаптардан қазақ тіліне аударып оқытуға тура келеді. Былай болғанда, орыс тілінен қазақшаға аудара алатын, орысша жақсы оқып шыққан қазақ оқытушылары ғана бере алады. Бұған жетік қазақтан оқытушылардың сонша кемдігі алғашқы 2-3 бастауыш жылдарда ана тілінде оқытып келген мұғалімдердің көбінесе білімдерінің саяздығынан һәм орысша білмейтіндіктерінен, үшіншіден жоғары оқуды шын мағынасында алып кете алмайтындығы. Бастауыш 3 жылдарда оқу ыңғай қазақ тілінде болып, орыс тіліне үйрене қоймағандықтан, қазақ балаларына үшіншіден жоғары оқуды орыс тілінде жүргізіп кетуі шамасынан келмейтіні — осылардың бәрі қосылғанда қазақ мектептерінің құрылысына, қазақ балаларының оқуына үлкен кемшілік туғызады. Өзге екінші басқыш мектепке табылмай отырған құралдар екінші басқышты мектепте болады деп ойлауға мүмкін емес. Екінші басқыш мектептерде оқу орыс тілінде жүрмекші. Бірінші басқышты бітіріп шыққан қазақ балалары орыс тіліне нашар болғандықтан жаңада орыс тілінен аударылып оқытылған дәрістерді шала-шарпы өткендігінен, екінші басқышқа көшкенде бастарына қиып ауыр күндер туады. Қазақ балалары орыс балаларымен алысып отыра алмайды. Орыс тілі көп кемшіліктер келтіреді. Ауқаты бар балалар мектеппен қоймай, екінші жағынан кісі жалдап, орысшадан даярланады. Нашар балалардың оған шамасы келмейді. Сондықтан қазақ мектептерінде оқудың шала болатындығын сезіп һәм екінші басқышқа көшкенде орыс тілінен ақсайтынын ойына кәміл тұтып, қазақ балаларының ең әуелде оқуға түсе бастағанда-ақ орыс тіліндегі мектептерге түсіп, бәлки, өзгеден қазақ мектептерінде оқып келгендердің де кетіп қалуларының себептері жоғарғы айтылған реттерден деп білу керек. Семей гурбернасінің кейбір уездерінің балаларына қазақ мектептерінде оқу орыс тілінде қойылып, қазақ тілі жеке сабақ ретінде ғана кірген жері де бар. Бұлардың бәрі де әлгідей шарасыздықтан туып отырса керек. Бұл қалып болғанда, мектептерді ана тіліне аударудың қажеті жоқ сықылды көрініп отыр. Бірақ бұл көзбен қарау үлкен қате. Қазірде бірінші басқыш мектепке жетерлік оқу құралдары қазақ тілінде Орынборда басылып жатыр. Келесі жылға қазақ мектептерінде болуы анық. Екінші мәселе, екінші басқыштық мектептерде бірінші басқышты қазақша жақсы бітіріп келгенмен, екінші басқышта ыңғай орыс тілінде болғандықтан, қазақ балалары баяғы қаз - қалпына түспекші. Бұл туралы Орынбордың уезд басына бірден қазақ тілінде екінші басқыштық мектеп болсын деген жобасы да бар. Бірақ қазір де оны аша қою қиын да болар. Ана тілінде екінші басқыш мектептер аша алмаған жерлер қандай шара қолдану керек? Меніңше, ондай орындар бірінші һәм екінші басқыштық мектептер арасынан қосымша білімін толықтырып, орыс тіліне тәуір үйретіп, екінші басқышқа түскен уақытта ауырлатпайтындай бір жылдық даярлаушы бөлімше қосу керек. Бұл бөлім екінші басқыштың басынан ба, жоқ бірінші басқыштың аяғынан қосыла ма, оны тиісті ағарту орындар (отд. нар. обр.) шешуінде. Осылай болғанда ғана қазақ балаларының бұл күндегі қиыншылықтары басынан түсуге мүмкін. Мұны екінші басқыш мектептердің ана тіліне аударылмай тұрған уақытта ғана қолданатын уақытша шара деп қарау керек. Түбінде екі сатылы мектептің екеуінің де ана тілінде болатынына сөз жоқ. Басқарма: Бұл мақала айтыс ретінде басылды. Пікір иелері толық шараларын көрсету қажет.
«Қазақ тілі». 1923. 18 қазан. № 99.
ҰЛТШЫЛДЫҚ ТУРАЛЫ
«Абай» журналының екінші нөмірінде ардақты Мәнен бауырымыздың «Ұлтшылдық» деген мақаласына бір ауыз сөз айтқымыз келеді. Менің ұғымымша, ол кісі: «Ұлтшылдықтан мәдениет, мәдениеттен адамшылық туады», — дейді. Бұған дәлел керек қой! Көріп отырмыз, ұлтшылдық бен мәдениеттің ең жоғарғы басқышындағы — Европа, олар адамшылық қылып отыр ма? Менің ойымша, әлі күнге шейін асса ұлт, қалса өзімшілдіктен оза алған жоқ. Себеп не? Ұлтшылдық мәдениетті туғызса да, ақ жүрек туғыза алмайды; ақ жүрек дегеніміз — ұждан (һәмме жанға махаббат, шапағат, ғаділет), қазақша — тамам адам баласын бауырындай көріп, жаны ашып, әділет қылу. Осы айтылғандай ақ жүрек көбеймей тұрып, адамшылық жеңе алмайды. Ұлтының кемшілігін толтыру, артықты өзгелерге зиянсыз жолмен табу — аң жүрек (ұждан) ісі. Оны істеп отырған кім бар? Және Мәнен бауырымыз: «Партиялардың бәрінін, көздеген мақсаты дұрыс», — дейді. Қате қылса да ындыны дұрыс демесе, хақиқат біреу-ақ емес пе? Менің ойымша, осы XX ғасырдың өнерлілерінің — білімі қылған ісінен — біле тұра нәпсісіне құлдығы зор сықылды. Қорытқанда, ақ жүрек қайтсең табылады? Қайткенде соны көбейте аламыз? Бар мақсат, бар ындын сонда болу керек қой. Ғайса ғалайһисәләмнің «Пәлендей істі қылмасаң, пәлендей істен тыйылмасаң, аспан патшалығына жете алмайсың» дегені — һәммеге бірдей ақ жүрек қой!
«Абай». 1918. № 3.15-16-66.
ҚАЗАҚ ҚАЛЫПТАРЫ
«Заманына қарай амалы» деген қазақта мақал бар һәм «Ата - анаң бермеген тағылымды заманың берер» деген тағы бар. Адам заманның бұйыруынша ғұмыр кешірмек; қыс там үйге, жаз киіз үйге кірмекті жылдың жылы, суық мезгілі үйреткен. Адам баласы тіршілік ғұмыр кешіріп жүрген жер үстінің кәсіпке қолайлылығы әр түрлі: қай халық қай жерде ғұмыр кешірсе, сол жердің қолайына қарай кәсіп қып келген. Бір жер бар — жер тырнап еңбек саууға қолайлы; бір жер бар — мал саууға қолайлы. Еңбек сауған елді ғұмырдың жарлығы жамбасынан жатып, еріншектік әуейілігіне салынтпай қысқан соң, қайтсе кәсібі гүлденіп, еңбек жанарын іздеп, санап, болмыстық түрлі өнер шығарып кеткен. Біздің қазақтың өткен тарихының терең түбіне қарасақ, неше толқып, ақша жосып, онда-мұнда кетсе де, қайта айналып ұшқан ұясы Сарыарқаны таба берген. Бұл Сарыарқа еңбектің жері емес, мал кіндігі жер екенін жер сынаушылар айтып отыр, сондықтан біздің ата кәсібіміз — мал. Біздің ата-бабамыз малға жайлы ғана жағын қарастырып өткен. Ол заманда жер кең, шөп мол, қысылмаған соң, мал шаруасы жөнінде өнер шығара алмаған. Жұттан көшкен, жаудан қашқан; қысылайын десе басқа бір кен жерге көшіп жүре берген. Мал баққаннан басқа кәсібі — әлі жеткен біреуді шауып, талап алу болған һәм өзінің қорқатыны да шабынды болған. Бұрынғы бір байы өлген қатынның жоқтауы: «Ат үстінен ұйқы алған, аттанып барып жылқы алған». Мұндай сөз елді емірентерлік болған соң айтылады. Енді кәсібі мен қаупінің жөні әлгідей болған соң тууына жазғаны неше түрлі қылып айтылса да, бір ғана «Ала болмай, бір бол, берекелі бол» деген сөздер. Бұл «Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса — төбедегі келеді», «Адасқан қазды топтанған қарға жейді», «Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың» деген мақалдардан көрінеді. Осы айтқандарынша бірлік қып, «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой» деп, бір тап елдің ақсақалдары жиылып, бір қолайлы жасына екі тізгін, бір шылбырды бердік деп бата қылған соң, қайтып оны сынау жоқ, сол елдің кіммен жат, кіммен жақын, кіммен ел, кіммен жау боларын, аяғы көші-қонына дейін сол білген. Сол берекелі елдің де, билеген бидің де көздеген мақсаты жалғыз-ақ — жауға, дауға алғызбау. Басқа көптің көгеріп, ғылым, өнер үйренуіне деген бір жабдыққа не бастаған ер, не қостаған ел естілмейді. Ең зор адамы екі түрлі: біреуі ту ұстап, тұлпар мінген; біреуі топтан торай бермейтін шешен, не қылса елінен ақы бермей құтқарған; бұлардан басқа ғалым еді, хакім еді деген сөз болмайды. Қазақ заманы қалып, орысқа қараған соң, бір тағылымды ел, білімді жұртқа еріп, ілгері баспақ түгіл, бұрынғыдан жаман кейін кеттік. Әуелі, өзіміздің бағынған патшамыздың да жаулағаны бұрынғы тіршілігімізге қорған, елдігімізге ұйтқы боп келген бірлігіміз болды. Бұрынғылардың қауым елдің игілігі үшін өнер жолына іс қылу есіне келмесе де, қайғы-мұңы, тілеуі ортаң бір ел еді, жұрт еді. Орысқа қараған соң елдің жұрттың түгіл, Шортанбайдың «Елубасы, онбасы, Ол — шайтанның жолдасы. Шайдан басқа асы жоқ, Жақыннан басқа қасы жоқ, Ендігінің мырзасы» дегеніндей, үй ішінен жау тауып, бір туысқан кісі бірін - бірі билеп немесе адал тілеу тілеуден қалды — бұл һәммеге жарық. Менің бұларды жазбақтағы мақсатым — «бұрынғыны айтпай, соңғы еске түспейді» деген мақалға қарай, бұрынғы өткендердің өткізген өкініші қайсы һәм көксерлік ісі қайсы екенін қарамақ. Енді біздің көксерлік ісіміз — тастаған сүйекке таласқан Мойнақша орыстың знагіне таласып, ата-бабамыздың елдік, жұрттың сақтап келген бірлік-берекесін жыртып алғанымыз. Бұл бірліктің қасиетін ойласаң, әуел Алла адам баласының аузына сөз сөйлерлік салахият бергенде, бірінің қолынан келместей жұмысты біріне айтып, күйттесіп істесін деп бергені көрінеді. Екінші, бес уақыт намаздың парызын біреу имам болып бастап, басқасы ұйып өткізуінде ақыл көзімен ойлап ғибраттанар адамға көп сыр бар: парызда — имамға ұю, екінші — тәртібін орындау һәм салақсымай ықтият болу.
Адам жазулықты іс шығармақ болса, дүние ісінде осы үш қылық парыз. Бір білерлік адам бастаса, қалған ел қостаса, тәртіппен, ретімен орнына келтірсе, салақсымай ықтият болса, жақсы боп орнына келмек; осы үш мүшенің бірі жоғалса, һеш бір іс боп шықпайды. Ау, қазақтың баласы! Кеше ерік қолға тимей тұрғанда, жоқтың жомартсынғаны сықылды «Әттең, дүние-ай! Бас қосуға ерік тисе, басқаша қазына жиюға жол болса» деп, бармағын шайнап, халықтың көгермегіне қоң етінде мейірім жоқсып жүретінім қайда?! Ел есебінде бола алмай, езіліп қараңғы шұқырда қамалып, қас пен досты айыра алмай қалғаныңа жігерленіп, мына алдымыздағы земствоға елге пайдасы тиерлік білімді адамдарыңды кіргізіп, елге қайтсе ғылым сіңірерлік ел болуды ойлайсыңдар ма? Жоқ, әлде болса «Ой, тәңір-ай! һәркім өзінде барын теке қояды» деп, ешкің қысыр қалса да, бір-бір шартық лағыңды ала жүгіресіңдер ме? Екінші өкінерлік жұмыс — сол берекесі бұзылмай тұрғанда неге ғана ел боп, ұйым жасап, жастарын оқытуға қам қылмады деген. Бұл бұрынғыдан қапы қалған — ғылым-білім. Осы сөздер жалпы жұртқа, қой жүні қоңыр шекпенге бола айтылған сөз емес, атқа мінген көзі ашық адамдарға бола айтылған сөз, себебі ел екі түрлі — біреуі бастаушы, біреуі қостаушы. Барша ел аузымен жамандап жаттап отырып, бірақ жолына жанын пида қылатын аты шулы «партияны» шығаратын — сол басшылар; қосшылар амалсыз жылап еріп жүреді. Партия — ел ішінде осылай байланған бір сығыр. Егер сол басшылар халықтың өз пайдасына, яғни өз баласының оқуына бола қам қыла бастаса, әлгі ел қалайша тартынып қала алады. Басшылар партиядан жамандап жүріп қалмай жүргенін ерлігім деп ойлайды, анығы — ез, қайратсыздығы. Партияның жамандығын біле тұрып, адасқан беттен атының басын тартып ала алмаған өнерсіз ез емей немене? Партия — малға қас, арға қас, дінге қас, келесі күнге қас. Жә, дос жері қайсы?! Партиядан қалмайтын адамда екі түрлі ой бар: біреуі — «мен партиядан тоқтасам, досым қасыма қосылып, жалғыздық көрем бе» дегендік, бұл — қорқақтық. Дүниеде тәуекелсіз іс бола ма? Тәуекелсіздік қорқақтық емей немене? Аты қазақтың қастығы мен достығының өрісі мәлім емес пе? Ұзаса малыңды ұрламақ, жеріңді зорламақ. Біздің атамыз Құнанбай қажы айтқан екен: «Арымнан жаным садаға, жанымнан малым садаға» деп. Партия арға, иманға қас; «арым, иманым кетсе де, малым, жерім аман болсын» деген жігіттің аты кім? Екінші, «үй, мен қойғанмен ел қоя ма» деп, бүтін ел боп жарысқан балаша қол ұстасып, «ау» деген де болсын» деп жүр, бұл да қате. Ел деген бір жақта жатқан нәрсе емес, о да біз сықылды бір-бір адамнан құралған жандар. Әуелі бір адам өзінің түзелмегін шарт білу керек. Қай елде қандай жақсылық болса да, басында бір адамнан басталған. Ердің ері, адамның адамы — әдетін жеңіп, адасқан бетінен қайтуға қайрат ете алған адам. Ислам діні басында бір ғана пайғамбар ғалайһисаламнан басталып, Әбубәкір, Сыдықпен екеу боп, Ғалимен үшеу болып, жамандықты жеңіп тарағаны естеріңізде жоқ па?
«Сарыарқа». 1917. 22 тамыз. № 10.
ЕСТЕ БОЛСЫН!
Газет бетіне бірнеше жылдан бері көзі ашық көргіш, тілі өткір шешен адамдарымыз елдің ел болып, жұрт қатарына кірмегіне талай сөз жазды да, жазып та жатыр. Бірақ сол еңбек оқушыға я тыңдаушыға бола айтылмай, басқа біреуге бола жазылған сөзше, «Иә, жөн-ау!» дегеннен артық бәйге алып, татымды жеміс беріп, елге жақсылық жарығын жая алмай тұр. Татымсыз болыстыққа бола таласып, қарындасқа қас сағындыратын, жақынын жат ететін, мал-басына зиян келтіретін, болмаса иманына кір жұққызатын партияның елі мұртын қисайтқан жоқ. Бұл партия — барша ұрлық, өтірік, өсек сықылды жамандықтардың, анасы. Біздің қазақта «Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса —төбедегі келеді» деген мақал әркімге-ақ белгілі. Бұрынғы халықтардың тарихына, бүгінгі жұрттардың тұрмысына, я бір үйдің ішінің ғұмырына қарасақ бәрінің көгеріп - көркеймегенің зор таянышы — береке, бірлік. Бірліксіз өз-өзінен көгеріп, көркіне көз қуанарлық қызықты іс еш жерде болған емес. Міне, мемлекет негізін құратын кеңеске (учредительное собрание) екі жүз мыңнан бір кісі сайлансын деген зор бәйгенің сауыны айтылып та қалды. Бұл той — мемлекеттегі неше түрлі халықтың бағы бәйгеге тігілген той. Сол сан халықтың ішінде біздің Алаш ұранды қазақ та бар. Ал, Алаштың баласы! Сайларында ел сыналатын, сайланған соң ер сыналатын зор жұмысты қалай өткізер екенсіздер? Қай облыс, ел болса да оқымаған адам сайламайды, оқығанды сайлайды — бұған иланамын. Бірақ бүркіттің бөрі түлкі алмайды, сол сықылды оқығандардың, да айырмасы бар. Талай оқығандарымыздың бұрын кімнен туғанын білдірмей де, білмей де жүріп, дәл Николай тақтан түскен күні Алаштан туа қап жүргендері де бар; яки басына келер абырой мен пайданы көздеп, құйрықты жұлдыздың сәулесін тақ екен деп талпынып қап, қанат, құйрығын отқа шалдырған соң, артынан «елім бар еді-ау» деп ескеріп, пайдасын тигізбек түгіл, елдің қалтасын тінтуге салынып кеткендер де бар; жалындаған жас талаппен, кір шалмаған ақ жүрекпен жанның бәрін бауырына балап, еш жаннан көңілі қайтпаған, қабығынан жаңа аршылған жас талапкерлер де бар; бастай алмайтын немесе басшыға еріп қостай алмайтын күншілдер де бар; жасынан жұртым дегенде жанын пида қып, еңбекке еті ауырмай, достығын қастыққа балап қарсы айтып, бетке ұрған елден беті ауырмай, жарың күннің туары жан біткенге жасырын күнде маңдай теріне табылған жарты нанды ауқат қып, мал, мансапқа қызықпай, қараңғыда қайрат қылған ерлер де бар. Бұл сапарда алар олжа да, шығар зиян да бір елге, я бір тапқа тимейді. Барша алаштың тілеуі ортаң сапар болған соң, «қарыс — алыс, сүйем — жуықты» қойып, адал кірісуіміз жөн. Ел ешкімнің алды-артына қарамай, баяғы «алаштың аты озғанша, ауылдастың тайы озсынға» салса, бүгінгі барша жанға түскен жарың сәуледен Құр қалып, жұрт қатарына кіре алмай, құлдықта қалып һәм кейінгі үрім-бұтағымыздың көз жасына қаламыз.
«Сарыарқа». 1918. 4 шілде. № 14.
АР ҚАРЫЗЫ
Қызметтен қайтқан Жетісудың 719 жігіті Ғалихан атына медресе я стипендия ашылсын деп 2 мың сом «Қазақ» басқармасына тапсырғаны «Қазақ» газетінің 232-нөмірінде басылды. Міне, адамның көзіне жас, көңіліне махаббат келтіретін зор жұмыс. Абай марқұм «Тоқ татуды сыйламай, аштарға берген ас артық; үйінде босқа бұлдамай, қатерге түскен бас артық» деуші еді. «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес» деген — қазақтың ескі мақалы. «Кеңшілікте дос та дос, таршылықта табылған дос өзгеше...» деген — ескі өлең. Мына аштықты, жалаңаштықты көріп, майданнан қайтқан жігіттердің бұрын қазақ қылмаған қылықты бастап отырғаны жоғары мақал мен өлеңді айтушыларды әулие екен дегізгендей. Әйтпесе Ғалиханның қазақ бауырына алғашқы қылған қызметі бұл ғана емес. Ғалихан адам боп ат жалын тартып мінгелі «Қайтсем қазақтың ұшы ұзап, жаны жайылып жатқа жем болмай, ел қатарына ерер екен» деп, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей, шыбын жанын пида қылғаны жұртқа мәлім. Выборгский воззванияға қол қойғанын қате деушілерге айтқанын құлағым естіп еді: «Мына хүкімет боп тұрғанда қазақты: не қылса да жолы болмайды; осы воззванияға қол қоюшы халықтың жолы болғанда, сонда көзі ашылады. Мен Выборгтан қашсам, бір ғана мен қашқан болмай, қазақ халқы қашқан боп, ел бетіне қара таңба болатын еді. Ертең жолы болған күнде ұялмай қазақтың есе сұрауына жақсы. Қол қойғандықтан абақтыға бір ғана мен жатамын», — деп. Адам баласы әкесі мен шешесінің кім екенін де үйреніп, біледі ғой. Сол сықылды қай халық болмаса да бірінен-бірі өнеге алып, ілгері басып келе жатқаны да халыққа мәлім. Бізден ілгері, үлгілі елдің Ғалихан сықылды адамының атына неше түрлі игілік іс шығарып, игілігін ел көріп, атағы ана жақсының атына қойылып келе жатқаны бірталай жандарға тағы мәлім. «Қазақ» газетінде айтып отыр: «Жігіттер айтқан медресе я стипендия бұл екі мың сомға ашылмайды. Бұл бір ғана басшылық», — деп. Енді кеткені келіп, кемтігі толған Алаштың сәулелі азаматтары! «Достыққа достық — қарыз іс, дұспаныңа әділ бол» деп марқұм Абай айтқандай, бізге достың қарыз емес пе? Бұл істен екі түрлі игілік күтуге болады: бірі — жоғарыдағы екі жұмыстың қайсысы істелсе де, игілігін ел көру; екінші — еңбек қылған ердің қарызын білетін ел боп көрінген соң, халыққа қызмет етейін деген жастардың талабы ашылады. Қане, жұрт! Мына жігіттердің тұңғыш бастаған жолына аз - көп демей, һәркім шамасына қарай түселік.
«Сарыарқа». 1917. 4 шілде. № 4.
БАРША ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ БІЛІМДІЛЕРІНЕ АШЫҚ ХАТ
Кем-кетік болса да «Қазақ шежіресін» жазып, бір мың кітап бастырып едім. Ол таралып бітті. Өмір болса, тағы бастырмақ едім. Сол себепті соны оқып көргендеріңізден өтінемін: алыстан есіткендіктен бергі аталарда қатесі болса, шын анығын тауып, не хат арқылы өзіме, не «Қазақ» газетасы арқылы білдірсеңіздер еді. Егерде арғы жердегі сөздердің қатесі бар деушілер болса, оны дәлелмен, білімді жұрттың шежіресімен анықтау керек. Олай болмағанда, құр ғана «менікі дұрыс» деген сөз толық бола алмайды. Әрине, әркім өз атасын өзі анық біледі. Әр таптың талапкерлері бір-бір шежіре жазып бастырғаны-ақ жақсы. Мысалы, Қуандықты, Сүйіндікті яки Атығай-Қарауыл дегендей; Наймандар Қаракерейді, Садырды дегендей — әрқайсысын бір-бір кітапша қылса жарар еді. Әйтеуір, басын біз бастадың. Ендігісін — өзі жазса да, яки бізге кешіктірмей анық хабар қылса да — толтырмақ әр таптың талаптыларына міндет деп білемін.
«Қазақ». 1915. 15 қазан. № 15.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ГАЗЕТІНІҢ БАСҚАРМАСЫНА ӨТІНІШ
Төмендегі сөзіме газетіңізден орын берсеңіз екен.
Баяғы түріктің атақты ақыны (поэт) Физули өлеңінің басында айтқан: «А, Құдай! Менің өлеңімді үш түрлі антұрғаннан сақта. Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден сақта, себебі ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман көрініп, байыбына бара алмайды. Екінші, күншілден сақта, оның себебі жақсы өлеңімді жамандап, теріс мағыналап, халықтың жүрегіне азғыру салады. Үшінші, қате жазушыдан сақта, оның себебі менің «көз» деп жазғанымды «көр» деп жазып, ашық көзімді соқыр көрсетеді», — деген. Сол айтқандайын, Ташкенттегі «Шолпан» журналы менің өлең қылған «Ләйлә — Мәжнүн» әңгімесін соншалық көп қате қылып басыпты. Оны түзету қайтадан бір кітап жазғаннан қиын. Кей өлең мүлде жоқ, кейінің жартысы жоқ әріп қатесі есепсіз көп. Өлеңімді соқыр, ақсақ, шолақ қол қылыпты. Өлеңнен хабары бар кісі оқыса, ол менің кемшілігім емесін білер.
«Қазақ тілі». 1924. № 13.
ҮШ АНЫҚ
Мен жан жоқ өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу — ақыл ісі ме?
СӨЗ БАСЫ
Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс — ұждан. Ұждан дегеніміз — ынсап, әділет, мейірім.
Кетті, келді,
Толды, семді,
Өзгеленді бұл ғалам.
Туды, өлді,
Жанды, сөнді,
Өршіп өнді қайтадан.
Дөңгеленткен,
Өңгеленткен,
Түк білімсіз күш пе екен?
Тіпті мінсіз,
Кемшіліксіз,
Есті қылған іс пе екен?
Жан деген не,
Мүлде еле ме,
Шын жоғалып сөне ме?
Дене жөн деп,
Жоғары өрлеп,
Жаның мен деп келе ме?
Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі өзі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып өсіп-өнуіне қам қылады. Мұны — «барлық таласы» дейді. Бұл — жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қайбірі өзі үшін, қайбірі барша адам үшін жақсылық, бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады. Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де, жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақирет — өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу аңылы сау адамға к,атты міндет. Неге десең, адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсаң, біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей, жалғыз ғана осы дүние қамын қылу үшін, олай болса, бұл екеуін қалай тексереміз? Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әр түрлі ғылым жайынан, әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен хабары болуы керек. Және қатты керек бір шарты — өзінің тұтқан діні, оқыған - ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қал май, ақылын әбден шын босатып, сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек. Әйтпесе, адам әдет, құмар нанымынан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады. Және өзінің мынау жөн дегенін халық алдына салғаны жөн. Неге десең, қайсысы болса да әбден сыналып, тазарған соң шын болмақ.
ЕКІ ЖОЛДЫҢ ТҮБІ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН
Бұл екі жолдың түбі қайдан шыққанын тексерсе, адамдардың біз һәм әлемдегі барша нәрселер қайдан бар болған, мұны кім жаратқан деген ойынан шыққан. Неге десең, адамның ақылы оны ойламай тұра алмайды және адам жаңа бір нәрсені көрсе, мұны кім жасаған, бұл неге керек демей қоймайды? Сондықтан жаратушыны іздеп әркім әр түрлі ой жүргізген. Тіпті, ескі замандағылар жаратушы осы деп немесе осында жаратушының қасиеті бар деп күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған. Немесе әр нәрсенің бір тәңірісі бар деп сурет жасап табынған. Онымен де тұрмай, адам қолынан келмейтін істерді істеген алдамшы жәдігөй, бақсы, дуана сияқтыларды да тәңірінің, орнын басады деп, сондайларға да табынған. Сөйтіп, соқыр кісіше сандалып жүргенде пайғамбар дегендер шығып, барлықтың бәрін жаратқан ие бар, өлген соң бір түрлі тіршілік бар, осы өмірде қылған ісіңе қарай ол өмірде де өлшеусіз бақ қиын азап бар, мұны бізге сол жаратушы ие білдіреді дейді. Сіздерге ұқтыруға бұйырды деген. Ол кездегі адамның бірқатары бұған нанып ерсе де, бірқатары нана алмай, бұрынғы қалып алып қалған әдетінен шыға алмаған. Енді біліп жаратқан ие де жоқ өлген соң өмір де жоқ деген ойдың түбінде осы барлық әлем неден бар болды деген ойдан шыққаны төменгі сөзден мәлім болды.
ОТ. СУ. ТОПЫРАҚ. АУА
Ескі заманның білімділері әр нәрсенің түпкі негізі неден жаралғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі төрт нәрсе деп (имен. Онысы — от, су, топырақ, ауа. Олардан кейінгі білімділер төрт нәрсенің әрбіреуі әлденеше негізден жаралғанын таба-таба, жақынырақ кезде түп негізі сексен шамалы екенін тапты. Әр дененің, көзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ұсақтаса да, ақырында, тіпті, бөлуге келмейтін болады.
ATOM
Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің атын европаша атом деп атап, арабша мадда немесе әсер деп атады. Қазақша аты жоқ болған соң бұл кітапта біз оны атом, мадда деп атаймыз. Сөйтіп, барша нәрсе сол сексен шамалы атомдардың бір-біріне қосылғанынан дене жасап, әлденеше түрге түсіп, бір-бірінен өршіп, жаралып жатқанын тапқан. Мұны алғашқы тапқан ион-грек жұртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сөзіне қарағанда, Пифагор оны Финикия жұртынан үйренді дейді. Олай болса, алғашқы тапқан Финкияның Садда деген қаласынан шыққан Моско деген адамы болады. Кім бұрын тапса да, бұл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да, гректің Эпикур және Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық, әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды. Араб жұртының патшалығы зорайып, әр елдерді қол астына қаратқан Аббас тұқымы патша болған кезде, ион-гректің білімділерінің жазған кітаптарын араб тіліне көшіргенде, осы атом туралы сөздерді араб тіліне көшіріп, мұсылман молдаларының ортасына: барлық әлем басынан бар ма еді, соңынан жаралды ма деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Соңғы кезде Еуропаның Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур, Демокриттерден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Еуропа арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Және атомдар бір-бірін тартып қосылуына бір күшті дәлел табылды. Ол — әр нәрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мұны алғашқы тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы. XVІІ ғасырда Ньютон алманың үзіліп жерге түскенінен көріп қалған. Бұл біліп жаратқан ие жоқ, дегенді ұғымдырақ айтсақ, әлемдегі бар нәрсенің негізі сексен түрлі атом, солар бірін-бірі тартатын притяжение заңымен қосылып, дене жасап, бірінен-бірі өсіп, өзгеріп жатыр, оны былай қылайын деп әрқайсысын әр бөлек жаратып жатқан ие жоқ және жан деген өз алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы өзгерістерінен шыққан сипат. Адам өлген соң дененің барша құраулары шіріп, шашылып, бытырап, әрқайсысы өз атомдарына қосылып кетеді де, жан дегенің біржола жоғалады. Сондықтан өлген соң тірілу жоқ дейді. Жақын кезде шыққан бір кітапта Еуропаның осы кездегі білімділері атомды электрия қуатымен әлденеше бөліп, ол ұсақтың атын электрон қойды дейді. Мұның арабша аты жоқ болса керек еді. Жақында бір оқыған кітапта «Хихату хахараба аиие» депті. Мағынасы электрия талқаны деген-ау деймін. Бұлай болғанда, атомдар да бөлінгені ғой. Осы кезде білімділер жоғарыда айтқан сексен шамалы негіздің бәрінің негізі бір нұр екен деп жүр дейді. Олай болса, барлың әлемнің түп негізі нұр болғаны дейді.
HҰP
Нұр — жарық. Нұр күннен не оттан шықса да, жан-жағының бәріне күлтеленіп шығады. Нұр бір секундта үш жүз мың шақырым жүреді. Күннің нұры жерге 8 минут, 17 секундта келіп жетеді. Күннен де алыс кейбір планета, жұлдыздың нұры жерге үш жүз жылда жететіні бар. Тіпті, алыстарының нұры жерге мың жылда азар жететіні бар. Нұрдың жүрісін білімділер орысша Юпитер, мұсылманша Муштари деген. планетаның Пик деген төрт жолдасы Юпитерді айналғанда, көлеңке жағынан шыққаннан өлшеп тапқан. Ол Юпитер Күнді он екі жылға жақын мезгілде бір айналып шығады. Бұл нұрдың жайын жазғандағы мақсұтым мынау: нұр да өздігінен бар болмай, бір нәрседен шығатыны, о да қозғалып жүретіні ойда болсын. Және барлық әлемнің ұшы-қиыры жоқ зор екені белгілі. Осы үлкен білінген әлемге қарағанда, білінбегендердің есебін өлшеуге келмейтіндігі оқушының ойында болсын дедім. Жоғарғы айтылған барлықтың бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп біліп жаратқан ие жоқ деген болжам әлдеқашаннан айтылып келе жатса да, әсіресе 17-18-19 ғасырларда Еуропа ішіне көбірек жайылды. Олардың дәлелдерінің күштірек дегендерін айталық.
ҚАЙТА АЙНАЛЫС ЖОЛЫ
(1-дәлел) Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар қуатты дене (сила вещества) — атом. Әр нәрсені өсіп - өндіретін сол, дүниеде еш нәрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді. Әр планета, Жер, Күн, Ай болсын басында газ, түтін, жалын сияқты болып, көп заманнан соң салқындап қатты дене болып, осы бір қалыбында қалмайды. Бірталайдан соң біріне-бірі соқтығу сияқты бір себептермен қайта газ болып, онан сұйық, онан тағы қатты дене болып, сол үш түрге түседі де жүреді. Қайта қатты дене болған кезде бұрынғысынан Жер де, басқалар да не үлкен, не кіші дегендей басқа түрде болуы мүмкін. Және ол қайта жаратылыста жер де, адам, хайуан, өсімдіктер де болады. Бірақ өлген соң бізден сезім кетіп, ол өзгерістен еш нәрсе сезбейміз. Ол қайта жаратылыста біздің білім, шаруа, байлық, дене сияқтыларымыз мұнан, тіпті, басқа түрде болады. Және барлық әлем біржола газ болмай, бір жағы газ болып жатқанда, бір жақтағылары қатайып, қайта жаралып жатса керек.
Мұның бәрін өзгертіп, өзінен не шығып, не болып жатқанын сезбейді дейді.
ЖАРАТЫЛЫС ЖОЛЫ
(2-дәлел) Мұқым барлықтың бәрін бар қылып тұрған — жаратылыс жолы. Сондықтан біліп жаратушы ие деген бекер сөз, жаратылыс жолы осы жаралғандардың өзінен бөлек нәрсе емес, осыдан бөлінбейтін заң. Барлықтың бәрі сол заңнан еріксіз жаралып жатыр. Ол заң өсіп-өнуге, жоғарылауға ұмтылып, ең жақсыны сайлап алады. Сондықтан бүтін әлемдегі планета, жұлдыздардың жаралысы, жүрісі, адам, хайуан, өсімдіктердегі һәм басқа нәрселердің дене бітімі, жаралысы, реттері толың жарасымды мақсұтты жолмен жаратылған дейді. Бұл — философ Литерие сөзі.
ТҰҚЫМДАСТЫҚ ЖОЛЫ
(3-дәлел) Жоғарыда айтылғандай, бар нәрсе өздігінен жаралып жатқан соң, жаратушы деген жоқ. Құрғақтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктер, құстар — бәрі теңізден туған. Теңіз жерді орап алғандықтан, су хайуандары, өсімдіктері, құрғаққа шыққан. Жер жүзінде өсетіндердің жандылардың бәрі басында су хайуаны болған. Неге десең, қырда не түрлі жандылар болса, теңізде де соған ұқсастар бар. Теңізде жылан, ит сияқтылар болғанымен тұрмай, құс сияқтылар да болған. Сондықтан бұларды бөлек - бөлек жаратқан ие жоқ дейді. Бұл — Маиеннің сөзі.
ДЕНЕ СЕЗІМІ
(4-дәлел) Біз әр нәрсені денедегі сезімімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаралыс жолымен еріксіз бар болып жатқанын көріп-біліп тұрмыз. Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет бар болғаннан соң бұл себептердің керегі не? Сондықтан біліп жаратушы жоқ дейді. Бұл — Бюхнер сөзі.
ӘР ТҮРЛІЛІК
(5-дәлел) Барлық дүниеге қарасаң, тасы, ағашы, басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті, біріне-бірі ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бұл әр нәрсе қалай болса солай кезі келгендіктен себебіне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мәлім дейді. Бұл — Ғайсадан үш жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі.
МЕТАФИЗИКА
Жоғарыда айтып едік, бұл біліп жаратушы ие жоқ деген жол XІX ғасырдың аяқ шеніне шейін Еуропа ішінде көбірек жайылды. Онан кейін бұл жол нашарлаңқырады. Оның себебі магнитизм, спиритизм, телепатия дегендер шыққандығы болды. Оның мәнісі мынау: магнитизм бір адамның жанына жанның қуатымен әсер беріп, еріксіз ұйықтатып, сонан өткен бір істі немесе келесіде болатын бір істі сұрап, ғайыптан хабар айтқызады, һәм басқа істерді істетеді. Спиритизм өлгендердің жанын шақырып келтіріп, ғайыптан хабар айтқызады. Кейде қағазға да жазғызады. Телепатия, тіпті, алыстағы тірі адамның жанымен өз жанын хабарластырып, соған ұнағанын істете алады. Осындай адам таңқаларлық бұрын сыры білінбеген метафизика жаралысы жолымен жоғары қуат барлығы анықталған соң, бұрынғы дене сезіміне ғана нанып, онымен білінбеген нәрсені ғана жоқ деп жүргендердің ойын шатастырып, басқа ойға түсіреді.
ЖАН ЖӘНЕ РУХ
Жан жоқ деушілердің сөзі жоғарыда айтылып еді. Сөйтсе де біраз ұғымдырақ қылып айтарлық сөзі мынау: дененің арасы — сезімнің орта тұрағы, центрі мида, ол тоқтаса, бәрі де тоқтайды. Сол мидағы орта тұрақпен мұқым денелер арасындағы сезетін, қимылдататын тамыр - сіңірлерге тұтастыратын бір жалғастың (проволкі) бар. Сондықтан жан деген бөлек нәрсе жоқ. Егер жан болса, ми жан болар еді. Оның жан емес екендігін көріп-біліп тұрмыз. Дене әрқашан өзгеріп тұратын болғандықтан, жылдар, уақыттар өту себепті біржола өзге дене болып ауысады. Адамның әр түрлі сезімі, әр істі істеуі — сол мидың өзіне ғана біткен сезу, ескерулер. Ол денеше әрқашан өзгеріп тұрмайды. Адам өлген соң дененің құраулары шашылып - бытырап, басқа бір өсімдік, хайуандарға кіріп араласады. Сөйтіп, әркім өзіне арнаулы жаны болмай, біреуден біреуге көшіп жүретін болған соң, не дене, не жан қайта тірілу жоқ. Адамның сезімім, өмірім деп жүргені сол миға біткен сезу, әсерленудің жаңаруы, әрбір жаңаны сезуі ғана. Өзге бөлек еш нәрсе емес. Ол өзгеріп тұрған дене бұрынғы дененің өзі емес, құры ұқсаған болады. Сондықтан адам оны өзім деп біледі дейді. Енді жан туралы ой жүргізген білімділердің сөзін айталық. Герман Шефлер деген білімді айтады: жан атом қуатынан құралған бір қуат дейді. Уиршо: тіршілік механика дене машиналарының 10 түрінен бір түр дейді. Доиуареман: әр тамырда электрия бар; ой денедегі атомдардың қозғалысының әсері дейді. Стуармель: адамның тіршілігі бізге сондай киын бір сырлармен байқалады. Дүние тіршілігі жаратылыстың өзге көп қиын сырларына қарағанда түпсіз, өлшеусіз; бостықтағы кішкентай арал сияқты дейді. Ж. Дольн: жан — атом, дене емес, жаннан шыққан әсерлерде дене қасиеті, жөні, ой, оймен суреттеу, ойға түсіру сияқты жан қасиеттерінің түбі де жоқ және жан қасиеттері заман, уақыт санатына кірмейді. Бұл — ақылдың өзінен шығатын қасиеттерді дене жаралысының еш сипатымен сипаттауға, өлшеп ұйқастыруға келмейді. Бұлайша болып жан жаралысынан денеден шыққан соң, денедегісінің қуатты болып, тіпті, жоғалмайтындығы білінеді. Шын анықтап қарағанда, жан дене сияқты емес. Дене өледі, өзгереді. Жан олай емес, екеуі бірігіп тұрған кезде бірі - біріне қатты әсер береді. Ашу, жек көру, сүю сияқтыларда әсері бетке шығады. Жан қатты әсерленсе, денені қиыншылыққа түсіреді. Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды өлтіріп те жібереді. Жан мен дене біріне-бірі жат, бөлек жаралған болса да, бірігіп тұрғанда үстіп біріне-бірі әсер береді. Докторлардың айтуынша, бір нәрсені ойлап сүрендеген ой денеге эсер береді дейді (Дольн, Декарт). Жан мен дене бір-біріне, тіпті, басқа түрмен болса да, жаратушы ол екеуін бірі – біріне әсер беретін қозғалыстан болғызған жанға денесімен әсер беріп, денені жан әсерімен қозғалыс қылғызған дейді Олер. Жан мен дененің бір-бірімен эсер беруі қайтарыс жолымен дейді, мәселен, тасқа соққан дауыс қайта естілген сияқты (Коддрс). Жан мен дене арасында орта себеп болатын бір нәрсе бар, екеуінің де қасиетіне ортақ болатындықтан екеуін қосып жарастырып тұрған сол дейді (Ж. Дольн). Бұл туралы былай айтады: жан бөлінуді қабыл алмайды. Және денемен біржола бірігіп те қалмайды. Ол екі араға тағы бір нәрсе қосып, оның міндетін анықтауға ақылымыз жетпейді. Бірақ ондай нәрсе бар болса, өлшеу, сипаттауға келмейтін бір мысал, яки қиял, сәуле сияқты болып, сол тамыр – сіңірлер арқылы әсер беретін шығар дейді (Ж. Дольн). Ж. Дольн және айтады: бұл ортақ дене дегенді айтатын себептері Францияның военный академиясының (соғыс мектебінің) үстінен қарайтын Доруцатстың магнетизм жолымен бір адамды ұйықтатып, соның денесі өлімге ұқсар бір халге түскенде, жаны бұрынғы денеден шығып, сол адам қасында бір түрде болып отырғанын көргендіктен анықтап білдік дейді. Сондықтан, жанның түпкі негізі білінбегенмен, сол сәуле сияқты дене өлген соң да, сол жанның өз алдына біреу болып жүруіне жәрдемші екенін білдік дейді. Және бір дәлелдері: 19 жүз жылдар (XІX ғасыр) ішінде болған Франция адамы Аланкардың айтуы солай дейді. Бұл жан шақырып алатын спирит еді. Оның айтуынша, жандар өз дүниелерінде біз сияқты барлар, әрқайсымыз тірі күнімізде адам атанып, өлген соң жан боламыз. Бұл дене — ортақ дене, екеуі де жансыз еш нәрсе бөлінбейді. Ортақ дене тірі күнде денеде болса, өлгенде жанмен бірігіп кетіп, біржола бар болады дейді. Жаратылыс жолы физика жолымен табылмайтын, сыры білінбеген (метафизика) нәрселер туралы Еуропа білімділерінің сөздері мынау: атақты философ Жостшбатия шын білгіш білімдар жаралыс ғылымының әр тарауында білімінің, тіпті, аз ғана екенін, білінбеген, сыры шешілмегендерге қарағанда, білгендері ноль есебінде жоққа есеп боп қалатынын еріксіз мойындайды деген. Био деген білімді айтқан: барлық жаралыстың миларын ойласам, ұғындыруға шамам келмей таңғаламын. Кейбір жазушылар бізді қанағаттандырмақ боп, терең ойларды білгізбек боп көп кемшілікті, дәлелдерді жазады. Менің ойымша, олардың атаған себептері, мейлі қойған атаулары ұғымсыз жаратылыс жұмбағына қарағанда, бос сөз болып қалатынын шын батылдықпен айтамын дейді. Герберт Спенсер күн сайын білінуі қиындаған сырлар туралы қанша дау айтысып, ой жүргізсең, соншалық анық (форма) нұсқада адамнан үстін бір нәрсені барлыққа келтіруші, бұрыннан бар, тіпті, жоғалмайтын бір қуаттың барлығы аңғарылады дейді. Проф. Фонтель «Білім айналасында» деген кітабында айтады: жаралыс физика бізге ең керектігі біздің тоймаған ақылымызды тойғызатындай емес, ең зор керегі барлықтың бәрін жаратушы иені тануға қарай жетелеуінде һәм соның құдіретінің өлшеусіз зорлығымен біздің ақыл сезімімізді таң қалдыруда деген. Руссо деген атақты ақын айтқан: басында адам тәңірінің барлығына нанбаса да, толықтыққа жетеді деп ойлаушы едім. Аяғында онымның бекер ой екендігін білдім. Тәңірінің барлығына ақылымен әбден нанбай тұрып, адам толықтыққа жете алмайды деген. Зор философ Биренжие: дін мәселесі шешілу үміті таялды деген. Жан Жак Руссо, Ламетри, Лемке, Мишель, Кеттле сияқты неше жүз білімділер адамның ішкі ындынын тексеріп, дүниені жаңа бір дін қаптаса керек деген. Жоғарыда аталған Фонтель айтқан: адамдар жаратылыстың негізгі сырын білуге соншалық нашар. Білмегеніне қарағанда, білгені жоққа есеп. Сөйтіп тұрып себебін, мәнісін таба алмай, нәрсені біржола жоқ деп таласады. Мұның себебі: дене сезіміне ғана нанып, басқаға нанбай, терең ойламағандықтан. Жалғыз дене сезіміне ғана нанып тұрса, көп шатақ ойлар, даулар болмас еді деп, жаралыс жолымен қуып, сыры табылмайтын (метафизика) істі ойлауға бөгет болуды да ойласқан. Мәселен, 1797 жылы туып, 1857 жылы өлген Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз керіп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайың деген. Бірақ адамда жаралыс жолынан жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды. Осы кезде Еуропада әлде жүз ғалымдар магнетизм, спиритизм, телепатия сияқты ғылымдарды құрал қылып, күні-түні жан мәселесін тексеруде. Сыры жасырын нәрселер мен жан туралы, тіпті, қымбатты кітап жазған Камиль Фламмарион айтқандайын, біз жалғыз ғана дене сезіміне тоқтап қалсақ қатты алданамыз. Иондың-гректің Пифагор деген білімдісі былай дейді: тіпті, кішкентай Жердің айналасында өзге зор планеталар айналғаннан гөрі Жер һәм өзге планеталар Күннің айналасында айналғаны ақылға сыйымды. Аспанның механика заңын да жөн дегенде, сол заманның зор ойшылдары Платон, Архимед, аспан ғылымына жүйрік Птоломей, Гиппарх күлкі қылмас еді. Сократ жаратушы не бар деймін деп не көрмеді. Галилей өзге планеталар жерден үлкен дегені үшін не көргенін білесіздер. Ауаның (воздух) кислород -азот деген екі газдардан қосылғанын тапқан Лавузьеге онысын теріс көріп, химия ғылымына жүйрік, академия мүшесі Боуме протес қылғанына көп уақыт өткен де жоқ. Архимед Ғайсадан 287 жыл бұрын ашып, жол салған Юнанда (гректе) осы күнде сыры табылған физика жаралыс жолынан жоғары қуаттың барлығы мәлім. Сондай жаңа сыры ашылған нәрсенің бәрі басында күлкі болып, аяғында шын болған дейді Фонтель.
МЕСМЕР
1738 жылы туып, 1815 жылы өлген Месмер деген Германияның докторы хайуан магниті деген нәрсені тауып, ауруларды емдеген. Оны бүкіл Еуропа білімділері тексеріп, бір қуаттың барлығын мойындаған. Месмер өзі доктор, көп ғылымды адам, бірақ емдеуді ғылым жолымен емес, бір шелек суды өзінің бір түрлі жолымен магниттейді де, сол суға кейі қолын, кейі аяғын сұғып, кейі құйынып жазылады. Суды магниттеген де сиқыршы жәдігөйлер сияқты ақылға қонымсыз, Алатау жақтағы қарақұрт шаққанды емдейтін тарамшы дейтіндер сияқты-ау деймін. Францияда оны тексеруші комиссия шығып, хайуан магниті түбі білімсіз болса да, әсер беретіні рас екен деп жар салған. Бұл хайуан магнитінің түбі білімсіз болғаны сияқты, электрияның да түбі білімсіз. Бірақ электрияның не нәрседен шығатыны менен неғылып іске жарайтыны табылғандықтан, ғылым еріксіз қабыл алып отыр. Сымсыз телеграмм шықпай тұрғанда жаралыс жолымен іс қуғандар оны мүмкін дер ме еді? Соған қарағанда, магнетизм, спиритизм, телепатиялар да бүгін түп себебі табылмай тұрған қуат екенін мойындау керек дейді. Білімділер: бұл гипнотизм, спиритизм, телепатиялармен ауыр нәрсе жеңілденеді, жеңіл нәрсе ауырланады, тірі адамды ұйықтатып, жанын әлденеше жүз шақырымдарға жіберіп, ғайыптан хабар алады. Өткенді, келесіні сөйлетеді. Өлген адамның жанын шақырып алып сөйлеседі, жазғызады. Сондықтан олар жанның барлығы, тіпті, жоғалмайтындығы анықталды дейді. Мұның бірқатар шартын тапса, әркім өзі сынап білуге мүмкін. Жоғарыда аталған Месмер мен Калиостро деген адам Еуропа білімділерін таңғалдырған.
КАЛИОСТРО
Калиостроның қылған ісі 18 жүз жылдар Францняның наследнигі (орынбасары) болып, онан кейін король патша болған, аяғында еліне зұлымдық қылғандықтан өлтірілген XVІ Людовик дегенмен байланысты болған. Соның наследник күнінде соған тиіп, неке қиғызамын деп Францияның патшасы тұратын Париж деген қалаға бара жатқан Мари Антуанетта деген қыз жолда Францияның бір ақсүйегінің үйіне түскен. Сол үйде Калиостроға кез келген, оның ғайыптан айтатының естіген соң, Мари Антуанетта Калиостроға бал ашып беріңіз, менің осы некемнің арты не болар екен деген. Калиостро бал ашпаймын десе де, қыз болмаған соң, бір шелек судың айналасында әр түрлі істер істеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, қызға осы судың түбіне қара, өміріңді сонда көресің деген. Қыз суға біраз қарады да, «ойбай» деп талып қалды. Есін жиған соң қыз да, Калиостро да еш нәрсе демей, жөндеріне кете береді. Қыздың талған себебі: сол судың түбінде көп адам жиналған. Ортасында өзі. Өмірінде көрмеген бас кесетін машинаға жазалы адамдарды әкеліп, бастарын кесіп жатқандарын көрген. Аяғында Маридың өзін де сол машинаға әкеліп, бір тесігіне басын сұққанда, машинаның жоғары жағынан бір балта сияқты нәрсе Маридың басын қиып, бір шылапшында домаланғанын көріп, сонан шошып қалған. Мұның бір таңырқарлық жері — ол кезде бас кесетін гильотина деген машина жер жүзінде жасалған жоқ тұғын. Онан соң Мари наследникпен некеленген. Бірталай уақыттан соң король болған. Онан да бірталайдан соң үкімет басты қинамай тез кесетін айла іздеп жүргенде, профессор Гийотек деген бір адам бас кесетін машина тауып, соның суретін салып, қалай жұмыс істейтін жайын жазып, абақты бастығына берген. Ол апарып корольға көрсеткенде, Мари корольдың қасында болғандықтан, әлгі машина суреті баяғы суда көрген машинаның дәл өзі болғандықтан, Мари «ойбай» деп талып түскен. Есін жиған соң король неге талдың дегенде, баяғы көргенін айтқан. Онан бірталайдан соң аяғында Маридың да, корольдің де басы сол гильотинада кесілген. Калиостроның шын аты — Джузеппа Бальзамо. Жандардың насихатымен атын Калиостро деп өзгерткен, заты — итальян. Жоғарыда жан туралы аты аталған Аланкардың шын аты Рауэль. Ұждан насихатымен өзгертілген, заты — француз. Осы француз спириттерінің жолы — сол Аланкардың жазып қалдырған кітабының жолы. Бірақ оны француздар ғана ұстайды. Англия спириттері оны теріс дейді. Брахман дініне ұқсас, мәселен, өлген соң жаны бір хайуанға кіріп, сонан және біреуге кіре-кіре әбден тазарады. Мұны жандар солай айтты дейді. Англия спириттері жан басқа хайуанға кірмейді, кей жандардың сөзі материализма (жаралыс жолы — дене жолына) ұқсайды. Кейінгі басқа жолға ыңғай болады. Мұндай бір-біріне шатаң жан сөздеріне Аланкар себеп көрсетеді. Мәселен, адамдармен хабарласатын көбінесе төмен дәрежелі жандар болады. Сондықтан олардан шатақ сөз шыға береді. Кейбір сөздер надандар сөзі сияқты болатыны сонан. Бұл Аланкардың «Лажаз» деген кітабында спирит жайын, әсіресе жан жайын әңгіме сияқтандырып мысалдап, әдемі суреттейді. Мұның қылған істері көп. Оның бәрін жазбай-ақ, спириттердің сырын табамыз деп ізіне түскен білімділердің бір сөзін айтайын. Мире Лошатый деген «Білім лұғат» деген кітабында айтады: сперт туралы ойлаған ойлар бұрынғы ойлаған ойды өзгертіп, жоғарырақ ойлағандарды таңғалдырар. Бұл спиритизмнің таман ғылымды жұрттың арасына кіріп кетуі кешікпей-ақ мұны анықтап жарыққа шығарушы Аланкарды 19 жүз (XІX ғасыр) жылдықтың ең зор ғылым, өнер шығарушысы дегізер дейді.
СПИРИТИЗМ
Магнетизмді, спиритизмді жәдігөйлік, мұның сырын ашып Інім масқара қылайын деп Еуропа білімділері ізіне түссе де, көздері жеткен соң, бір қуаттың барлығын еріксіз мойындады. Кейбіреуі өзі істеп көріп анықтайды. Бірақ түп себебін тапқан әзір ешкім жоқ. Сол ізерлеген білімділердің сөзін айтайын. Ожен Ноппер айтады: мен басында спиритизмге күліп едім, енді оным .ынтымақтық екенін білдім дейді. «Равель» газетінің ғылым туралы жазушысы Виктор Моние айтқан: бұл спиритизм физиктердің, (дене) жаралыс жолын қуғандардың қуалаған ойларының үстіне балта көрмеген орман ағашындай өсіп жоғарылауда деген. Сол газеттің бас жазушысы Август Багери айтқан: алғашында Америкада таяқ жеп, аяғында анықтығына он төрт мың адам нанып қол қойған спиритизмге өзім тәжірибе қылып, қынап, еріксіз нандым деген. Оның «Миед Дели Стуар» деген кітабы бар. Сонда белгілі сперт Дожерден деген әйелдің істері туралы сөйлейді. 1896 жылы Нансы дәрігерлік факультетінің профессоры Брангейер магнетизм жолымен ұйықтатып емдеуге бола ма екен деп, бір адамды ұйықтатып сынағанын айтады. С ... ұйықтап оянғанда (оған) артындағы столдағы күміс қасықты қалтаңа тық, мені көрмедім де дейді. Ол оянғанда күміс қасықты алып, жоқ, бұл ұрлық болады, бұл жарамайды деп қайта қойды дейді. Ұғындыруым нашар болғанын біліп, бір күні тағы артындағы күміс қасықты ұрламасқа лажық жоқ, қалтаңа тың, мені көрмедім де дейді. Ол оянғанда артындағы столға қарап, асықты алды да, не болса да лажым жоқ деп, қасықты қалтасына тықты. Мені көрмедім деді. 1843 жылы Парижде шыққан «Клуб» газетінің 14 июньде шыққан номерінде Гарте Догасиен қол қойған «Ұйқыда кезу» деген мақалада айтады: Валери Обал көшесінде 243-нөмірлі үйде доктор Коканның ауру қарайтын бөлмесінде гипнотизм жолымен қатты ұйықтатқанды көрдік дейді. Лапонтин деген гипнотезер 22 жасында бір әйелдің шіріген тісін докторға алдыру үшін ұйықтатып, денең түк нәрсені сезе ме деп сұрағанда, сезбейді деп жауап берген соң, әйелдердің қалпақ шәлі бекітетін инелерін әлгі әйелдің бетіне, білегіне, тіліне сұқса да, түк сезбейді. Доктор әдейі ауыртпақ болып, тісінің етін қандауырмен тіліп, тісін суырғанда қапы бұрқыраса да, әйел түк білмей, оянған соң да түк ауырмағанын айтты. Сонда жиырма шақты кісі көріп тұрдық дейді. Мұнан отыз жылдай бұрын Үндіқытай теңізіндегі Францияның пароходындағылар спиритизм туралы сынау үшін, жан шақырып сөйлесіп отырғанда, бұрын өлген жолдастарының жаны келіп: «мен өлмей тұрып кеме бастығы капитаннан бес франк жиырма бес цент ақша қарыз алып, соны төлеп алмай өліп едім. Сол маған қиын болып жүр. Сіздер мархабат қылып, капитанға сол ақшаны төлеңіздер» деген. Капитаннан сұраса, ұмытып қалыппын деген. Аналар жалынып, сол жылғы книгасын қараса, дәл болып шыққан. Марсельде осындай бір сынау жасап отырғанда, бір жан кеп, көршілеріңізді, қант саудагерін шақырыңыз, соған айтатын бір сөзім бар десе, саудагер мұндайға нанбай, жәдігөйлік дейтіндігінен келмейді. Жан: «Келсін. Қызыл теңізге жіберген кемесі жайында айтамын», — деген соң, саудагерді жалынып-жалпайып алып келгенде: «Қане, жәдігөй, маған не айтасың?» — дейді. Жан айтыпты: «Мені қаралағанда не табасың, сорлы, сен сәрсенбі күні Қызыл теңізге бір кеме жібердің, сонша қант, сонша қызметші, сондай жолаушы бар, капитаның пәленше, кеме он екі сағаттан соң толқынға ұшырап, жағаға тоқтап, оны - мұнысын түзетіп және жүрді. Ион жиегіне шейін жақсы барса да, Метабан тұмсығында қатты толқын болып, компасы (қыбыламасы) сынып, жолдан адасты. Таңға жақын бір нәрсеге қатты соқтығып, бір адам тірі қалмай суға кетті. Мен — солардың бірінің жанымын. Саған хабар бергелі келдім. Өкімет есітіп, тексеріп жатыр. Бұрнағы күні пристаньға хабар келеді. Сонда менің жәдігөй еместігімді білерсің», — дейді. Айтқандай хабар келіп, бәрі дәл шықты. Спиритизм жайын тексеруші Озен Носи жазады: 1759 жылы Англияның әскері Американың тұрғын халқымен соғысқанда коменданты Цицерь Уильяме, Джонсон Сосет Мэрдағы Американ адамдарына елші жіберіп, Нигера қаласына келсін, сол жерде бітім шартын жасайық дейді. Алдындағы соғыста американдықтарға қолға түскен Александр Калмри деген офицері, елші барғанда, Американың қолында екен. Сол айтады: «Елші келген соң, американдықтар «Зор тасбақа» деген жанды шақырып, соған ақылдаспақшы болып, бір үлкен шатыр тігіп, жан шақырушысы шатырдың жанында әлденелер істеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, шатырдың алдына етпетінен жатты. Сонда шатыр солқылдап, біресе олай, біресе былай қисайып, ішінен әлдене түрлі қорқынышты дауыстар шыққан соң, халқы «Зор тасбақа» не айтты деп анталады. Сонда жан шақырушы: «Барғанымызды ұнатады, комендант бізге беріп қайырады, ішінде сондай - сондай сауыттар, бәлендер бар дейді. Аяғында соның бәрі дәл шықты», — дейді. Париждегі спиритизм мектебінен оқып шыққан түріктің Хасан Марзух деген спириті спиритизм, магнетизм туралы Стамбулда бастырған кітабында айтады: «Біз Парижде бірталай спирит жан шығарғанымызда көбінесе Жасаза деген жанды шақырушы едік. Онымыздың себебі — оның айтқаны дұрыс шыға беруші еді. Бір шақырғанымда түрік сұлтаны Ғабдулхамиттің зұлымдығын халқына уақытқа дейін тартады деп сұрағанымда: «Патшалығының отыз үшінші жылының тоғызыншы айында тақтан түседі», — деді. Өлімі қашан дегенімізде, Австрия-Венгриядағы Франс Иосифтың ілімінен кейін болар, алты айдан кейін бе, қалай деді». Ғабдулхамиттің түсуі айтқанындай шықты. Ғабдулхамит Сламекте өлді деген хабар өтірік болады. Енді өлім туралы айтқаны қалай болар екен? Соны ескеру керек дейді Хасан. Ол кітабын Ғабдулхамит түскен соң, 1909 жылы бастырған. Сниритизмнің Америка, Еуропада алғаш анықталуы. 1847 жылы Германияның Нос фамилиялы бір үйлі жаны Америкаға келіп, Гизонль қышлағында тұрды. Бұл Гизонль Нью-Иорк қаласында, Аркадие ішіндегі Ден-Котлада болады. Фамилиясы америкаша Фокус болды. Бұл бір үйлі жан: бір әке, бір шеше, екі қыз. Қыздың үлкені Маргарет 15-те. Кішісі Кейт 12-де. Бір қатардан соң тұрған үйлерінің төбесі, едені, қабырғасынан неше түрлі дыбыстар шығатын болып, аулақ қалған үйдегі көрпе - жастық сияқты нәрселері ауысып - шашылып қалатын болады. Басында көпке шейін қорықca да, Кейт үйрене келе: «Aқсақ шайтан, менің істегенімді істеші», — деп, қолын о да шығаратын болды. Сөйте -сөйте жан екенін біліп, Кейт спирит болды. Онан кейін Аери дариясының жағасындағы Ошестр қаласына көшіп келіп, неше түрлі спиритизм ісін көрсете бастаған соң, халық неше рет комиссия шығарып тексерсе де, шығарған комиссияның бәрі алдаусыз, айласыз бір қуаттың барлығын растады. Қара халық оған да болмай, бұл жәдігөй, мұны тірідей кескілейміз деп, Кейтті и өлтірмекші болғанда, өздері қасиеттейтін бір Джорж Обленс деген сопысы: «Мені өлтіріп, денемнің үстінен өтпей, Кейтті өлтіре алмайсыңдар», — деп, Кейтті авар алып қалған. Онан соң Американың Однос Мефс, Руберт Кeep һәм Аондондағы профессор Крокс сияқты данышпандар тексеріп, алдау, айласын бір қуат барлығын анықтадық деп жариялады. Жоғарыда аталған «Ревель» газетінің бас жазушысы Август Багеридің Америкада таяқ жеп, аяғында шындығына он төрт мың кісі қол қойған спиритизм дегені — осы Кейттің ісі. Англияның атақты білімдісі Цормент Крокс айтады: «Ешбір ғылым білмейтін бір сперт жан шақырып келтіргенде, ғылымды философтардың сөздерімен сөйлесіп дұрыс шығады деген соң соны өзім сынап айтқан сөзімнің бәріне де ғылым жолымен жауап берді. Әншейінде ғылым түгіл, жай сөзге жауап бере алмайтын надан», — дейді. Францияда атақты спирит Жанна д'Арк деген қыз жaнның даусын естіп, соны қағазға жазып отыратын болған. Колбен Штобе деген спирит ақ қағазды столға не сандыққа салып қойca, жан соған жазып кетеді дейді. Громоотвод (жай тартатынды) шығарған Бенжамин Фpaнклиннің жаны спириттерге келіп, спиритизм жайын үйретеді дейді. Кейбір жандар артымнан дұға қылып, күнәмді кеш деп сұрайтын кісім жоқ, сондықтан жоғарылай алмай жүрмін дейді. Кейбіреуі мойнымда қарыз кетіп, сол бөгет болып жүр деп айтады дейді. Тіпті бір таңырқарлық іс: спириттерге орысша Марс, мұсылманша Марных деген планетадағылардың жаны келіп хабар алысады дейді. Олардың бір түрлі тілі бар. Соның бір-екі ауыз сөзі мынау: «Кеуи қашан бример ем һа еб», ол — тағы қашан келеді деген сөзі. Атақты бәйіт ақын - жазушылардың бірқатары спиритизм туралы ойларын өлеңдеріне қосқан. Бұл сөзіме Тиопель Коньенің «Спирит» деген кітабы мен Мышланың «Хаққақабат» деген кітабы куә. Францияның атақты ақыны Виктор Гюгоның спиритизм туралы айтқан жырының мағынасы мынау. Сөз сөйлеп қозғалатын столды бірталай жандар ермек қылып, көңіл жұбатады. Ашық ұғысайық мұндайды жeңіл есептеу орынсыз. Ісі ғылыми ең зор ғалымдар енді бірі Германия тілінде «Спенс» газетасы, оны да өңкей білімділер шығарған фахризм деген болады. Ол — Үндістан дуалыларының ісі. Оларды фахр дейтіндіктен, фахризм атанған. Олар оқымай, ешкімнен үйренбей-ақ өзін-өзі жөндеп тазартпай-ақ адам істей алмайтын істер істейді. Мәселен, бір үйде отырған бірқатар кісіге менің рұқсатымсыз ешқайсың қозғала алмайсыңдар десе, ешбірі қозғала алмай қалады. Бұл бақсылардың жолы болса керек. Жас күнімізде бақсылардың асау атты жүгенсіз мініп үйге кіргізгенін, алты қанат үйдің шаңырағынан секіріп шыққанын көріп едік. Әншейінде оның бірін істей алмайтындығы анық. Жоғарыда аты жазылған түрік сперт Хасан Марзух кітабында айтады. Бір адам көз тигізуші деген соң, соған анау қақпадан алғаш кім кірсе, соған көз тигізші дедік. Біраздан coң қашырға мінген бір топ молда кіріп еді. Әлгі адам тұра келіп қадала қарады. Екі жүз адымдай жерде келе жатқан сопының қашыры тайып жығылып, анадай барып құлады дейді. Қасына барсаң, еш жері ауырған да жоқ қашырын мінді де жөнелді. Көшедегілер қашыр таймаушы еді деп аң-таң. Біз көз тигізгенге аң-таң болдық дейді. Кейде тірі адамның жаны дене сезімінсіз-ақ ғайыпты біледі, адам істей алмайтын іс істейді. Орысша лунатизм, европаша сомнамбулизм дегенді ғылым оқығандар біледі. Ол біздің қазақша айтқанда, кейбір адам ұйқысырап жүріп кетіп, әлде не түрлі істерді істеп, шыға келіп жатып қалады да, оянғанда онысын білмейді. Оны біздің тілде ұйқыда кезу дейді. Мұндайлардың кейбіреулері биік үйдің шатырына шығып, таймастан дәл шеткі қырымен айнала жүріп келіп, сатыдан түсіп, төсегіне жатқан. Ол жүргенде дымды мүлде сезбейді, ұйқыдан оянған соң онысынан өзі түк білмейді. Мұндайлар көп болады. Ондайды өзіміз өз көзімізбен де көрдік. Кейбір адамдардың пәлен жерім тартты, онда солай болушы еді дегені де дәл шығады. Кейде көрген түс бұлжымай дәл келеді. Ол да, тінті, көп. Италияда дүние аралап жүрген бір қатын айнаға қарап, киімін түзеп тұрғанда, Парижде қалған 13 жасар жиені айнада көрініп, «көрдің бе, шеше, мен өлдім» деген. Ол баланың, шешесі әлгі қатынның сіңлісі еді. Жақында жазған хатында ондай аманат жоқ еді. Келесі хатта жазбаса да, қатын шыдай алмай Парижге келсе, дәл айнадан көрген күні жиені өлген екен. Сіңлісі апам қайғырар деп хат салмайды. Америкада бір адам өзінің жақын қарындасын қиянатпен алдап, жақындық қылып, ол буаз болып қалған coң, халықтан жасырып, елеусіз орынға қойса да білінетін болған соң, қызды өлтіріп көмген. Біраздан соң бір диірменшіге түнде әлгі қыздың үрейі аруағы келіп: «Мені ломмен өлтіріп, бәлен жерге киімімді, бәлен жерге денемді тықты. Соны судьяға айтпасақ, өзіңді жазым қыламын», — деген. Сонда қыздың миы бырқырап, қан ағып, миынан дене суреті түгенделген. Жас баланың сәулесі көрініп тұрыпты. Диірменші судьяға айтпаған соң, үш күнге шейін тыныштатпайды. Аяғында айтып тексеріп, айтқанындай шыққан соң, сперттерге сол қыздың жанын шақыртып алып, үйдің төрт қабырғасына сегіз жерден сурет тартатын аппарат қойғанда, соған қыздың жаралы пішіні иығынан көрінген, баланың сәулесі түскен, сол сурет күні бүгін ғылым жиналысы үйінде тұр дейді. Спиритизмді алғаш ашқан Кетти Кипакак деген Америка әйелі де спириттерге келгенде фотография сурет тартатын аппаратпен алған сурет бар дейді. Бір ғылымды қатын түнде қорасындағы иттер үрген соң, тысқа шықса, еш нәрсе жоқ болған соң, қайта келіп шамын өшіргелі жатқанда, күнде жеміс сатып жүрген бір кедей қатын көрінеді де, мен бұрынғымнан да сорлы болдым дейді де, жоғалады. Қайдан келгенін білмей, есікке қараса, ілулі түр. Ертең ерте әлгі бейшара қатынның үйі өртенеді. Бұған көрінген кезде жемісті қатын үйінде ұйқыда екен. Адамдар жаралыс жұмбағын шеше алмағандықтан, әлдеқайда сандалып ойлағандарын «идеалист» дегендердің сөздерін оқыса байқар еді. Олар дүниеде нағыз шын нәрсе жоқ дейді. Осы бар деп жүргеніміз құры ғана қиял, айнадағы көлеңке, не сағым сияқты нәрсе. Нағыз шыны бұл емес дейді. Дәлелдері: сезімдеріміздің бәрі бізді алдайды. Мәселен, көз алыстағыны, сағымданғанды әлдене қылып көрсетеді. Құлағымыз да бір дауысты әлдененің дауысы сияқтандыра, ойымыз да бір нәрсені шын деп байлап, онысы қате болып шығады. Тіпті бізде дәлін табарлық сезім жоқ. Және ұйқымыз бен оянуымыз бірдей. Ұйқыда түс көргенде әлденені көрмейміз. Оянуымыз да сондай. Түстің бекер екенін, ояудағымыз анық екенін айыратын қаруымыз жоқ. Бір сенген дене, сезіміміздің бәрін алдайды. Сондықтан ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей. Баяғы Платон деген білгіш өзінің, «Республика» деген кітабында Троглодит деген адамдар болыпты деп мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып, тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, шын дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі өмірінде ондайды көрген жоқ. Не барып олар да тексеріп көрген жоқ. Өйтіп сынап қараса, ана байғұсты сөкпес те еді. Сондықтан біз өмірімізде көргеніміз жоқ, ондайды білмейміз, біз білмеген соң ол айтқаның жоқ нәрсе дейді де қояды. Оған лажық не? Бұл кітаптағы сөздің түп мақсұты — барлықты басқа Жаратушыда білім бар ма, жан өлген соң жоғала ма деген еді. Бұл екеуін бар, жоқ деушілердің сөзін білгенімше жаздым. Және жан жоқ деушілерге қарсы дәлел қылынып тұрған магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, түс сияқтыны көбірек жаздым. Оны көп жазғаным — қызықты ертегі айту емес, әр түрінен біреуін көрсетпекпін. Жоғарғы Тәңірі бар ма деген екі сұрауға баяғыдан бері талай жауап айтылып, талай ой жүргізілген. Сол жауап пен ойлардың кейбірі үстін болып, кейде анасы үстін бола келген. Бұл туралы қайсымыз қандай дәлел айтып, қандай ой жүргізсек те, сол ескі замандағы бір ойшылдың әніне басатынымызға дау жоқ. Менің ойымша, ескі замандарда ойламаған ой, айтылмаған сөз, істелмеген іс қалған жоқ. Бәрінің басын олар бастап кеткен. Бірақ көп заман оқу, қазаға ұшырау сияқты себептермен жоғалған, ұмытылған. Өйтсе де, қаншадан кейін екенін өзі білсін, келген уақытының киімін киіп, жаңарып шыға келеді. 17, 18, 19 жүз жылдарға (17, 18, 19 ғасырлар) Еуропа білімділері баяғы грек-ионның Эпикур, Демокриттерінің ойларын жаңғыртып отырған жоқ па? 19 жүз жылда болған Дарвин әлдеқашан сүйегі қурап қалған Маиеннің таяғына кез келіп, соны үкілеп отырған жоқ па? 16 жүз жылдағы Коперник сүйегінің күлі де қалмаған грек-ионның Пифагорының бөркін тыстап киіп отырған жоқ па? Жақын арада таптық деп жүрген электрия қуатын грек -ионның әлдеқашанғы табысы тапқан жоқ па еді?
«Әнші, күйші кетсе-дағы,
Ән менен күй баяғы.
Олар өзі өтсе-дағы,
Қалды бөркі, таяғы».
Сол сияқты біз де жоғарғы ескі сұрауға өткен білімділердің сөзінен қорытып, оның, үстіне тұңғыш ой деп өз ойымыздан жамау салып, бәрік жасамақпыз. Бірақ тұңғыш дегеніміз әлдеқашанғы кімнің ойы болып шығарын білмеймін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Басқы Жаратушыда білім бар ма?
Барлықтың түп есебі Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бұл барлықтың еш нәрсесі өздігінен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Ол бар болайыншы, қозғалайыншы дей алмайды. Бұған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің түбі жоқ болады делінсе, ең түбі себепсіз, бар себеп болмаса болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп жаратушы болады. Егер сол себепсіз бар болған атом, нұр сияқтылар делінсе, олар себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім — оларда қозғалыс бар, қозғалуда, жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес. Егер қозғалыс притяжение, отрицание — өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек. Ол заңды салушы керек. Және атом сияқты түп негізде ерлі-қатындылық сипат бар. Мәселен, сила вещества (қуатты дене), ол екеуі бір-біріне мұқтаж, олай болған соң ондай нәрсе өздігінен бар болды деуге қисынбайды. Сондықтан олардың түп себебі — себепсіз бар себеп, түп Жаратушы. Ол түп себептің білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығы мынадан анықталады. Барлықтың не нәрсесіне қарасаңыз да мақсұтсыз, керексіз жаралған емес. Бәрін айтпай-ақ, өз көзіңізді ойлаңыз: құлақ, мұрын, ауыз сияқты мүшеңіз мақсұтпен жаралғанын көресіз. Ғылым жолымен өсімдік, ағаштардың тамыры, өзегі, қабығы, жапырағы, гүлі сияқтылардың бірде-бірін бұл мақсұтсыз деп айта алмайсыз. Бұлар нені көрсетеді? Түп себептің бүйтіп салған жолына қарағанда, оның білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығын анықтайды. Егер осының бәрін істеп шығарып тұрған түк сезбейтін соқыр табиғат болса, онан мұндай мақсұт, білім, ерік, гармония тартып, жарасым таңдау жоғарылау шыға алмайды. Өйтіп кез келгендіктен еріксіз жаралып жатыр дегендерді жан ғылымына жүйрік психолог, өлермен философ Вольтер ақылдары шатасқан деп сөккен. Себебі толымды нәрсенің, толымды болатын себебі, толымсыздық ісі де толымсыз болатынын ғалымдар түгіл, жабайы кісі де білсе керек. Біз естінің ақылын, күштінің қуатын, ұстаның шеберлігін ісінен танимыз. Менің ойымша, бүгін барлықтың бәрі — біздің осындай болмақ жолды салған түп Жаратушының білім, құдірет шеберлігінде. Өлшеу жоқ деп бізге секунд сайын саңқылдап тұр:
«Бізге дүние түпкі сырын
Көрсетіп те, айтты ғой,
Елемеді оны біздің
Тіпті өзімшіл мисыз ой».
Әлде түп жаратушы туралы біреу былай да айтар: түпкі жаратушы сіз айтқан себепсіз, бар себеп-aқ болсын, бірақ соның бар қылған атом сияқты негізден шығып жатқан сансыз нәрселердің бәрінде сол түп жаратушы жатыр ма дер? Бұған жауабым мынау: мәселен, мен асқан білімді, өнерлі болып, керек нәрсенің бәрін жасап шығаратын зор машина жасасам, соның істеп шығарған нәрселерін мен жасады дейсіз бе, машина жасады дейсіз бе? Бер жағынан қарағанда, дәл сол кезде жасап шығарған машина ғой. Ал, ол машинаға соншалық қуат, шеберлік берген мен ғой. Маған сондайлық білім, шеберлік һәм машинаға керекті нәрселерді шығарып тұрған Жаратылыстың негізгі табиғаты ғой. Ол негізге соншалық қасиетті берген ең түпкі жаратушы ғой. Енді бәрінің түп иесі кім болады? Әрине, басқы жаратушы. Мінеки, осылар әр нәрсенің бәрін тәңірі жаратады деген сөзді қалай түсіну керек, байқау жөн. Ескі дін молдалары қай дінде болса сол Жаратылыс жолының сырына шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра алмаған.
ЖАН НЕМЕНЕ?
Мен жанды былай түсінемін: біз дененің түп негізін тексергендей жанның да түбін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Дене негізін тексерушілердің сила вещества (қуатты дене) дегендегі қуат осы жан. Сол жан денеден шито өсіп - өршиді. Ғылым жолында әлденеше түрленіп өзгерсе де . дененің, еш нәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның да еш нәрсесі жоғалмайды. Бірақ дененің толықтығы, нашарлығының кезегіне қарай жанның да толық нашар уақыты болады. Мәселен, жаңа біткен баланың, жұмыртқаның, сентябрьде ұрық көміп өлген шегірткенің ұрығының жандарын ойлаңыз. Хайуандардан еркі аздығы болмаса, өсімдіктердің де жаны осылар сияқты. Мәселен, бидай, тары, шөптің тамыры, жемістің ұрығын ойласаңыз, бұл 20 жүз жылдың адамдары, білгіштері адамның ақылы таңданарлық қасиеттерді тауып пайдаланып отыр. Қайдан алып? Осы соқыр, ессіз деп жүрген жаратылыстан шыққан қасиеттерден алып. Әйтпесе сол соқыр, ессіз деген жаратылыстың бір шыбынын, не бір тозаңын адам жарата алмайды. Әрине, соның жаратқан, өршіткен нәрселерінен жұмыртқа да жасар, ет те істер, бірақ соның бірі құс болып ұшып, бірі хайуан болып жүгіріп кете алмас. Тіпті былай да айталық: мұнан былай ғылым зорайып, әлгі айтқан жұмыртқа мен етке табиғат шығарған жаннан жан да алып салар, бірақ соңында түп жаратушысы сол кісі деп сау ақыл айта алмас. Дене жаннан қалайша әсер алады? Денелердің жаннан тез әсер алатыны да бар, жайырақ әсер алатыны да бар. Мәселен, тас, қу сүйек хайуандар мен түйе, піл сияқтылардың буаздылығын ойлаңыз. Піл 20 ай бойы бала көтереді, қол қояны бір-ақ ай игереді. Және дене жаннан әсер алмастай болып өліп қалғандай Он лады. Мәселен, тас, қу сүйек, құм, күл сияқтылар, олар не жанып, не шіріп қалғандар. Бірақ менің, ойымша, тіпті заманынан тип олар да жанмен қосылып, сезімденуге жараса керек. Дәлелім: тас пен құм сүйектерге біткен қынаны алып қарасаңыз, қынаның астында тас пен сүйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсемен жабыстырылған болады. Сол топырақ сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр? Мен ойлаймын, су мен топырақ жылылықтан өсімдік шығарғандай, тасқа ауа, су жылылығы сияқты себептер қосылып, қына шығарып отыр. Бұл былай тұрсын, ғылым жолына барлық планета нәрселерінің бәрі қайтадан газ болғанда, тас қалпында қалмайтыны анық. Менің бұл ойым дұрыс болса, қына мен газ отқа жаққанмен, шіріген денелер де көп уақыттан кейін жанмен бірігіп, сезіп өршуге жарайды екен. Сөз кезегі келген соң жану, шіру туралы біраз айталық. Ғылым жолында жану мен шірудің түбі бір. Екеуі де әр нәрсенің құрауларын шешіп таратуға себеп болады. Бірақ от жылдам шешеді. Бұл екеуінің де жалынынан шыққан угольная кислота деген улы газ ауаға араласып кетіп, аяғында хайуан, өсімдіктерге пайдалы азық болып шығады. Сөйтіп, жанған, шіріген денелерден шыққан иіс, жалындар да біржола жоғалмай, қайта айналып осы барлықтың ішінде бар болып жүреді. Енді жанға қайта келейік. Жан, менің айтқанымдай, баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса, бір түрге түсіп, барлығын ішінде бар болып жүреді. Мен бұл араға шейін жанның бірінен-бірі артылатын қасиеттерін анықтап бөліп айтпай, бәрін де жан деп келдім. Жан әр түрге түседі. Мәселен, инстинкт — сезімді жан, сознание — аңғарлық жан, мысль — ойлайтын жан, ум — ақылды жан дегендей әр түрлі қасиеттері болады. Бұлай әр түрлі болуы, менің ойымша, дене бітіміне, себептеріне қарай туындайды. Дене әр түрге түскен сияқты, жан да өсіп, өніп, жоғарылайды. Өсімдіктегі жандар сезімді ғана. Мәселен, жылылықты сезіп — өніп, үсіп, суықтықты сезіп — тамырына қашқаны сияқты. Бірақ оның ішінде бір-бірінен сезімдірегі бар сияқты. Өсімдік жайын жазған кітапта бір шөп бар. Ол ортасындағы балына қонған шыбынды тарауларының ұшындағы ине-тікендерімен шаншып, дәнін сорып, құр қабығын қалдырады дейді. Бұл былай болғанда, бұл өзгерістерінен гөрі аңғарарлық болғаны емес пе? Аңғару, ойлау ерікті хайуанның бәрінде бар. Бірақ олардың да бірінен-бірі есті, бірінен-бірі шебер, оны теріп жазбасаң та әркімге белгілі. Адамның күйі сол хайуандардан есті болмаса да, толық, терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес. Жан туралы тағы бір ой бар. Ол су — суға, топырақ топыраққа қосылып кеткендей, жан -жандарға қосылып, араласып, әбден былжыр сияқтанған соң ол жан өзге жандардан қайтып айырылып шыға алады. Мен мұны саяз ойлағандық деймін. Себебі жанның бар екеніне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне ешбір дәлелім жоқ. Ол денеге қосылмаса керек. Және қосылады десек бөлінуі оңай. Мәселен, жаратушысы соқыр сезімсіз табиғат болсын мейлі біліп жаратушы тәңірі болсын, қайсысы жаратса да, жаралыс жолында денелерді бір-біріне қосып, неше түрге түсіріп, ол құрауларды қайта шешіп, негіздерді бөліп, онан неше түрлі қасиеттерді шығарып отырған жоқ па? ІІІақпақ темір мен шақпақ тастан шыққан оттан бастап, электрия, радио құралына шейін ойлаңыз. Және су әншейін қарағанда бір-aқ нәрсе. Оның қаншасы водород, қаншасы кислород екенін біліп, соны айырып алып, керегіне жаратып, керек болса қайта қосып, су қылып отырған кім? Соқыр табиғат жаратқан адам. Басында газ қылып, онан coң сұйық, онан coң қатты дене қылып, ол денеден өлшеу, сипаттауға келмейтін нәрселср, қасиеттер шығарып отырған соқыр, саңырау табиғат не біліп жаратушы тәңірі болсын, ол мынаны былай қылмайды деп қандай ақыл айта алады? Менің ойымша, жанның жоғарыда айтылған қасиеттерінің бірде-бірі дене істеріне, дене қасиеттеріне тіпті ұқсамайтынына қарағанда, денеше бір бұзылып, бір түзелмей, бірте-бірте жоғарылауына қарағанда, келесі айналыста мұнан да жоғарылап, зор қасиетке ие болуы байқалады. Жоғарғы Дольн, Камил Фламмарион, Герберт Спенсер, Стуармель, профессор Фонтель сөзіндей сөзді тесе тексермей өте шығу жеңілдік болар.
ҰЖДАН – СОВЕСТЬ
Адамдағы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосын айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар. Бұл не? Бұны істеп тұрған кім? Бұған жауап берушілер «адамшылық ары соны істеуді ұнатады» дейді. Менше, бұл жауап сол ұжданың солай қылғанды ұнатады деген болып шығады. Мен сол ұждан, совесть қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть — жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған шын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, таза, толық мінез ой істерін керек қылады. Соның қатты бір керегі совесть — ұждан. Оны осы өмір үшін де керек қылады, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі егер бұл өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан үшін болады. Мәселен, атым қалсын, пәленше сондай кісі деп халың мені жақсы көрсін деген болады. Онан басқа жоруы жоқ. Себебі ол совестің иесі жан жоқ, артқы өмір жоқ деп отырса, соқыр табиғаттың жансыз жаратқан бір машинасы совесімен іс қылды не, қылмады не? Тәңір жарылқасын, алайын деудің де қисыны жоқ. Себебі ол тәңірі бар деп отырған жоқ. Соқыр, саңырау табиғат тәңір жарылқасынды естімейді, көрмейді. Менің таңырқайтыным — сол тәңірі жоқ деп отырғандар жасасын пәленше, жасасын пәлендей іс дейді. Бұл бұйрық па? тілек пе? Бұйрық болса кімге? Тілек болса кімнен? Менің ойымша, қанша айтып тәңіріні жоқ қыламын дегенімен, жанның сау ақылы тәңіріні мойнына салмай қоймайды. Бірақ дағдысынан оза алмай оны сезбейді. Жоғарыда жан жоқ деушілер жан миға біткен бір сипат, онан бөлінетін нәрсе емес дейді. Бұл сөз жанды таба алмай, орнын сипалаған сияқты. Себебі ми, жұлын электрия қуаттарын жинайтын лаео бөтелкесі, батарея сауыттары сияқты жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия кеткен сияқты жан да кетеді. Жан адам өлген соң бір хайуанға кіріп, ол өлсе, тағы бір хайуанға кіріп жүреді деген сөздің дәлелі не екен? Олай болғанда шыққан жан тағы бір денеге кіре ме? Жансыз денеге кіре ме? Егер жанды денеге кіреді десе, өз жанының бар-жоғын біле алмай жүргенде, оған тағы бір жанның не керегі бар? Егер жансызға жан болады десе, өлген адамның жаны тіпті жоғалмай, әр түрлі хайуан болып құбылып жүрген жоқ па? Қандай хайуанға жан болса да, ол жан өзін-өзі мен деп біліп жүрмей ме? Аяғында жан әр түрге түсіп, дүние тіршілігіндегі ісіне қарай не рахат, не бейнетте болады деген брахман дінінің сөзі болған жоқ па? Жан жоқ деушілердің және бір дәлелі — қайта айналыс жолы. Онысы бұл әлем қайта газ болып, онан сұйық болып, онан және салқындап, қатайып планета болады. Өйтіп қайта жаралғанда да жерде адам, хайуан, өсімдіктер болады. Ол кездегі әр нәрсеміз бұл өмірдегіге тіпті ұқсамайды. Бірақ ол өзгерістерде бізден сезім жоғалғандықтан, біз түк сезбейміз дейді. Бұл дәл діншілдердің күтіп жүрген қияметі. Және бір дәлелі: жаратылыс жолы, онысы бәрі жаратылыс себебімен жаралып жатқан соң, басқа бір жаратушы не керегі бар дегені ғой. Ол соқыр, білімсіз табиғатты біресе білімсіз ессіз қылып, біресе таңдаушы, жоғарылаушы қылып отырғанын көрдіңіз бе? Түзелуші мақсұтсыз, талапсыз түзеле ала ма? Сезімсізден ерік, мақсұт шыға ала ма? Олардың және бір дәлелі — тұқымдастық жолы еді. Мұны жаратушы мен жан жоқ деген туралы дәлел қылудан гөрі, жаралыстың сыры туралы айту керек еді. Ондағы барша адам, хайуан, өсімдіктер басында су хайуаны болған. Ол заманда теңіз жерді орап алғандықтан, су хайуаны жерге шығып, сонан өзгерген және бір-біріне ұқсас. Хайуандар, адамдар бірі -бірінен туып, өзгерген дейді. Мұның тәңірі мен жан туралы керегі аз болса да, бұл туралы ойымды айтайын. Ең түпкі жаратушы туралы болмаса, барша өсіп-өнгендерді түрлентіп шығарып жатқан жаралыс жолы екеніне еш cay ақыл таласпайды. Бірақ біріне-бірі ұқсағандардың бәрі мынау мынадан туып өзгерді дей беруді менің ақылым қабыл алмайды. Бұл жер, өсімдік, хайуандар шығаруға жарарлық болғанға шейін мұның топырағы, суы барша заттарға әбден былжырақ болып араласқан, сөйткен жерден өскен есімдік, хайуандар себептеріне, топырақ суы, ауасының өлшеуіне қарай біріне-бірі ұқсас, ұқсаңқыраған, тіпті ұқсамаған болып өнген. Менің бұл сөзімді сынау үшін даладағы сортаңдау жердің балаусасын, сайдағы, өзен бойындағы өсімдік, шөп бұтаның бір арадағысының, ғана бірі - біріне ұқсағанын, ұқсаңқырағанын, тіпті, ұқсамағандарын көріп, солардың топырақ, су, ауа сияқты себептерін тексеріп қараңыз. Егер Дарвин мен Маиеннің сөзі дұрыс болса, ол өсімдіктер де бірінен бірі туып, өзгерген болып табылады. Меніңше, жылқы мен есектен қашыр туса да, екі жылқыдан қашыр тумайды. Бұл сөзімнің қорытындысы: тәмам барлықтың ата-анасы бір екені рас. Сонан туып, өзгеріп жатқаны да рас. Бірақ ұқсастық бәрі бірінен-бірі туып, өзгергені жоқ. Жаралған себептерінің ыңғайына қарай біріне - біpі ұқсас не ұқсаңқырап, не тіпті ұқсамай жаралып жатыр. Бұл сөзді маймылдан туғанға арланып айтып отырғаным жоқ, қайтa жаманнан жақсы туғанға қуанатын орным бар. Бұл кезде бүкіл Куропа мойындап отырған сияқты, Дарвин сөзіне қарсы дау айтқаныма орысша ғылым оқыған жастар тексермей, үстірт қарап, мені сөгуі мүмкін. Оларға айтатыным: Дарвиннің нәсіл туралы, сайлап жоғарылау туралы айтқан сөздеріне сын жазған Германия туралы. Дидвар Дортманның дарвинизм туралы жазған кітабын оқып, Дарвин мен Дидварды салыстырып салмақтап, сонан coң мені сөгулерің, қашпас деймін. Осы кітаптың аяқ жағында менің қай қорытындым болса да көбіне Еуропа ғалымдарының таласты сөздсрі болады. Оның, ішіндегі өз ойым қабылдағанын алып отырмын. Өз білімімше, сыңар езу болғаным жоқ деп өзіме өзім сенемін. Және өз ақылым ұнағанын жаңалап, қосқаным да бар. Мен пәленше-екем айтқаны дұрыс, онан асып ойлап не табамыз дегенді терең ойын құмға көміп, өз көзін өзі шұқып шығарғандық деймін. Жоғарыда магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, түс көру сияқтылардың бәрі бір қуаттан шығады деп әр түрлі жору айтқан Еуропа білімділерінің сөзі туралы менің ойым мынау, мен жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің, жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны.
Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фахризм, жындылық Ұйқыда кезу, лунатизм, магнетизммен біреудің, еркін билеу, түсі дәл келу — бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық. Оның бәрін бір-ақ қуаттан іздеу қате деймін. Мен жан жоқ өлген coң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген coң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатаң діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу — ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген coң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса және бір адам жан өлген coң біржолата жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі? Әрине, жанның өлген coң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау деп өлсе керек. Және ұждан-совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай нана алмай, яғни ұждан — совесть құры ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек. Оған (мұндай кісіге) ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны. Себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай, өстіп ұждан-совесть, жанның екі өміріне бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, зaң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін мен жалғандық. Әйтпесе Жаратушыда білім бар, өлген coң да бір түрлі жан тіршілігі бар! Жанның екі өмірде де азығы: ұждан-совесть деумен ешкім де еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың eң зор жәрдемі.
Үш анық дегенім міне осы.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру