Жанартау: Жас жазушылардың шығармалары Проза
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Сәндібек Жұбаниязов
д д ЖАНАРТАУ Жас жазушылардың шығармалары Алматы “Жазушы” д д Жанартау д д
Жанартау: Жас жазушылардың шығармалары. Құраст. Сәндібек Жұбаниязов.– Алматы: «Жазушы», 2012.– 224 бет. – “Жаңа заман әдебиеті. Проза” сериясы. ISBN 978-601-200-385-7 Аталмыш жинаққа кейінгі жылдардың бедерінде респуб ликалық басылымдарда жарық көрген шымыр да шынайы туындыларымен оқырман қауымның көңілінен шығып, аға буынды ізгі талабымен сүйсіндірген, қазіргі уақытта қаламдары қатайып, болашақ бағыт-бағдарын айқындаған бір топ жас қаламгерлердің шығармалары еніп отыр. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7–4 Ж 26 Ж 26 ISBN 978-601-200-385-7 © «Жазушы» баспасы, 2012 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7–4 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды
Қ. Әбілқайыр д д Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР Алматы облысы, Райымбек ауданы, Тоғызбұлақ ауы лында туған. 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. “Қазақстан-Заман” халықаралық газетінде, “Қазақстан”, КТК”, «Алматы» телеарналарында түрлі әдеби қызметтер атқарған. Қазір «Қазақстан» ұлттық арнасында бөлім редакторы. «Қағаз қала» атты кітаптың авторы. МЕНЕН ҚҰТЫЛУЫҢЫЗБЕН... Күзетшінің монологы Жұмыстан өз еркіммен кеткеніме қатты қуанып жүрген шығарсыз. Еш зияным тимей, сіздерді түртпектемей, бірақ күнде ізімді суытқаным мүмкін сізді таңдандырған да болар. Еңбекақымды артығымен ұстатқаныңыз қай сасқаныңыз? Қорыққаныңыз ба, сыйлағаныңыз ба? Оның бәрін өзіңіз ғана білесіз. Сонымен, мен неге кеттім? Білсеңіз де, білмесеңіз де айтайын. Басшысына көңілі толмаған адамның жұмысына деген жауапкершілігі төмендейді. Мен үшін тәулік бойы ұйықтамау да, түнгі күзеттегі кейде қорқынышты, кейде қызықты жалғыздық та, адам емес, үрей төңіректеген ай налам да үйреншікті жәйға айналған, өмір бәріне үйреткен. Талай рет аш та қалғам. Есімді білмей мас та болғам. Осын да жүріп таяқтың дәмі мен тамақтың дәмін ажыратқам. Сырттағы бейқам өмір мен іштегі арпалысқа толы тірліктің айырмасын ұққам. Кісіліктің қадірін, опасыздықтың өлшемін, адамшылықтың бағасын шамалағам. Бәріне де шыдаған басым сізден шаршады... Дәл қазіргі қоғамдай мың құбылған жасандылығыңыз бен жағымпаздығыңыз мені сілелете шаршатты.
Жанартау д д Әңгімені басынан бастайын. Көзіңізге шұқып отырып айтып бермесе сіз оңай ұқпассыз. Өйткені, мен сіздің бастығыңыз емеспін ғой, әр сөзін Құран сүресіндей жаттап алатын. Ал, өзіңізге билігі жүрмейтін жанға артық бас изеу де сіз үшін көп жұмыс емес пе? Әлде, шағын бастықтың бәрі сондай бола ма? Әйтеуір, маған сіз иесінің табанын жалауға да арланбайтын, ол жұмсаса кез-келгеннің бал тырын қанатудан тайынбайтын тексіз итке ұқсайсыз. Бірақ, ол байғұс сізге қарағанда адал ғой. Итті айтамын. Нені жаласа да қ орыққанынан жаламайды – еркелегені. Басқаға азуын ақситса – бөтенсінгені, сақтанғаны. «Бас тықтардың бәрі бірдей» дейді осында бірге істеген серігім. Мүмкін. Кім бастық болып көрді дейсіз. Әйтеуір, өзіңізден жоғары отырғандарға өте кішік басыңыз, біздерге, яғни қарауыңыздағыларға келгенде тым-тым асқақ еді-ау. Дүние есігін ашқалы бері бәрімізді де өмір мектебі оқытып жатыр ғой. Айналамыздағы әрбір адам – ұлы ұстаз. Біреусінен алдауды, келесісінен адал болуды, үлкенінен арамдықты, кішісінен жалпақшешейлікті, тағысынан-тағы тәлім аласың. Сенен де басқалар бірдеңе үйренеді. Осылай шұбатылып кете береді. Мен сізден атын атауға ұят бол са да айтайын, сайқалдықтың ең соңғы, қатты жетілген түрлерін үйрендім. Құр жүрмей, үйреттіңіз. Бала күнімде екіжүзді қанжарларды қатты ұнататынмын. Басқа пышақ атаулыдан ерекше, өз сәні, айбыны бар болатын. Сондықтан болар, үлкендер біреуді сыртынан “Екіжүзді ит екен” десе, екіжүзді болғанның несі жаман екен деп ойлайтынмын. Ол ойымды теріске шығарғаныңыз үшін сізге шын ниетіммен рахмет айтам. Сөйтсем, екіжүзділік тек қанжарға ғана жарасады екен ғой. Сізден жаным түршіге жиренгенім де содан болар... Нақақтан күйдірме десеңіз, сөзді босқа соза бермей біраз дәлел-дәйектерге жүгініп көрейін. Күндегідей жұмыста болатынбыз. Ары-бері біраз жүрген соң еріктік. Ішіміз пы сып, зеріккен соң арақ іштік. Өзі де тасып-төгілгелі тұрған көңілге ішімдік араласқан соң, ішімізде арыстан ойнап, төңірегімізден жау іздедік. Өзіңіз жақсы білесіз, қашанда
Қ. Әбілқайыр д д қазақтың жауы – қазақ қой. Аймақты бірге күзететін, бірақ бізге көп қосылмайтын екеумен ілінісе кеттік. Біз үшеу едік. «Жау» оңбай жеңілді, шегініп бара жатып, біреуі пышақ шығарды. Олар да бір кісідей мас болатын. Дәл осы кезде аңдып тұрғандай сіз келіп қалдыңыз. Болған жағдайды сізге жақсылап тұрып түсіндіріп бердік. Нақтылап айтқанда оқиғаны түсіндірген – бас бұғалтірдің інісі еді. Қылмыс үстінде қолға түсірген соң ба, қатты қаһарланып-ақ келіп едіңіз, аяқасты керемет түсініктің иесі болып шыға келдіңіз. Ертесі пышақ шығарған бала жұмыстан қуылды. Басты айыбы – жұмыс уақытында ішкені. Панасы жоқ еді. Ары-бері зыр қағып жүгіргенімен ақтала алмады. Төбелескеніміз, қалғанымыздың да ішкеніміз жайында еш сөз болмады. Бәрі түсінікті ғой. Алда-жалда сөз бола қалса, сойыл сізге де тиеді. Ұжымды басқара алмағаныңыз үшін сөгіс алуыңыз да ғажап емес. Ең бастысы, қосақ ішінде бұғалтірдің інісі де кетіп қалса, оңбайсыз. Басқаны қайдам, соны әбден ойладыңыз. Мұны азсынсаңыз, тағы бір мысал айтайын. Өзіңізге онша ұнамай жүрген біреуді бір күн жұмысқа кешігіп келгенін сылтау қылып шығарып жібердіңіз. Ешкім қолыңыздан алған жоқ. Неткен «талап шыл, қатал жансыз». Ал, осыдан бір-екі апта бұрын ғана біз, сізден үлкен бастықтың баласы екеуміз, қыдырып кетіп бүкіл жұмыс уақытын қалада өткізіп, таң ата зорға оралғанбыз. Оны мүлде байқамағансыдыңыз. Орнымыз ды сипап қалғаныңызды, түні бойы біздің бөлімшелерді өзіңіз аралап зыр қаққаныңызды жасырып қалдыңыз, біз оны жігіттерден естідік. Міне, реті келгенде сіз сондай «кеңпейіл» де бола алатынсыз. Басқа жұрт, «Бәрін жіпке тізіп сайрап отыр ғой тегі. Мұның өзіне неге тиіспеген, әлде, бұл да бір мықтының көлеңкесінде жүрген біреу болды ма?» деп ойлар. Маған деген «кеңшілігіңізді» де айта кетейін. Бірде тағы бір күтпеген «той» болып қалды. Негізі, бізде ондай-ондай жиі болып тұрады. Ештеңеге көңіл аудармастан, біраз сілтеп жіберіптік. Сізге сездіріп алдық. Қырсыққанда, дәл осы жолы қасымда ешқандай «ақсүйектің тұқымы» жоқ болып шықты. Тісіңізді қайрап,
Жанартау д д осындай оңтайлы сәтті күтіп-ақ жүрген екенсіз, көп ойлан бастан тарпа бас салдыңыз. «Тәрбие жоқ» дедіңіз. «Жұмыс уақытында адамда жауапкершілік болуы керек қой» дедіңіз. Айтып отырғандарыңыздың бәрі орынды. «Тәртіптерің болмай кетті. Айлықтарың көп, асып кеттіңдер. Сендер ден де зор талай адамдар нан таба алмай жүр» дедіңіз. Бұл да рас. Дәл қазір талай менмін деген ер жұмыссыз үйінде отыр еді. Базарда арба сүйреп немесе үйде бала қарап, қатынының қолына телміріп қалғанына намыстанған кейбір отағасылар арақ ішіп кеткен кездер еді ғой бұл. «Осы уақытқа дейін үндемегенім жетер. Заттарыңды тап сыр да, арызыңды жаз» дедіңіз. “Енді қайталамаймын” деп шын ниетіммен кешірім сұрадым. Қайырылмасқа кетіпсіз. Осындай ұтымды сәтті, ұрымтал тұсты көптен күткен түріңіз бар. Бұлай тұра берсем, ұтылатынымды сездім. Тіпті болмаса жұмыстан кетермін, аянатын не қалды дедім де, қарсы шабуылға шықтым. Анау-мынауға тізгін тартар болмадыңыз. Оңдырмасқа бекіпсіз. Амал жоқ, кіндіктен төмен ұруға тура келді. Жұмыстағы бар кемшіліктерді, өзім куә болған шалағайлықты, жоғарыда айтылған мысалдарды түр-түрімен жіпке тізгендей баяндап бердім. Көзіміз көрген, алайда аяқсыз қалған, уақыт өте келе жабылып қалған талай қылмыстар терілді. Әрине, өзіңіздің тікелей қатысыңыз барлары ғана айтылып жатыр. Болмаса, маңайлатасыз ба? «Деректерім анық. Дәлелдерім бар. Іздесем, куәлар да табы лады. Керек десеңіз, үлкен бастықтың алдына барайық» деп бір-ақ тоқтадым. Аузыңызға бірден құм құйылды. Өңіңіз көгерген нан кейіптенді. Бетіңіз үтіктелмеген жейдеге ұқсап мыж-тыж болып кетті де, күлгенге ұқсас бірдеңенің нобайын жасадыңыз. «Ұялған тек тұрмас» деген емес пе, бірден сылқ түскенді ар санадыңыз ба, есіңізді тез жиып алдыңыз. Біраз ұрысқан болдыңыз, бірақ бағанағы сес, бағанағы бұрқ-сарқ еткен ашу-ыза жоқ. Көз алдымда желі шығып кеткен доп сияқты былқ-сылқ еттіңіз де қалдыңыз. «Жұмыстың аты жұмыс қой. Әр нәрсенің орны болу керек. Тіпті, алдын-ала бір ауыз айт. Адамбыз. Түсінеміз» дедіңіз. Ақылыңыз енді кірейін деді. Осы бағытпен жүріп отырып
Қ. Әбілқайыр д д бірте-бірте жұмсара бастадыңыз. Талай қиыншылықты көргеніңізді, тегіс жерде сүрінгеніңізді, адасқаныңызды, біреулердің өзіңізге сыртыңыздан ор қазғанын, бұдан да үлкен орындарда, үлкен-үлкен адамдармен бірге қызмет еткеніңізді, мендей балаңыз барын, біздің әлі ештеңені білмейтінімізді айттыңыз. Бұлай отыра беруден жалығып кеттім. Бірақ, амал қайсы? Екі стақан арақ ішіп, екі сағат мылжың тыңдауға тура келді. “Сап-сау отырып осынша сөйлейді, ішіп алса қандай екен? Әй, бұлар бірақ ішпейді ғой. Жоқ, ішеді. Тек біз сияқты қарапайым пендемен емес, ертең бір керегі болып қалар деген жандармен, сосын, жоғарыдағылармен ішеді” деп ойлап қоям. Үйіндегі әйеліне жаным ашыды. Сонша жыл бойы қалай бірге тұрып келе жатыр екен. Өзімді де біраз боқтап алдым. Ұдайы бетіңізге қарап отыра беруден зерігіп, терезеден сыртқа қарадым. Радионы қостым. Сәлден соң даусын көтердім. Ештеңені сезбедіңіз. Әбден титықтап, өлесі болғанда, (мен емес, өзіңіз) кәсібіміздің өте ауыр екенін, оған кір келтірмеу па рыз екенін, бұл жұмысқа мендей жігіттердің керек екенін, сол үшін ғана бір жолға кешіргеніңізді жеткіздіңіз. «Рах мет» дедім шын көңіліммен. «Кісілігіңізге де рахмет» деп ішімнен бір күліп қойдым. Татуласқан болдық. Ойды оқуға болса, іштегіні сезе алсақ, арғы жағыңызда мені шағуға қай-қайсысы да дайын ордалы жылан жатқанын аңғаруға болатын еді. Расымен де талайды көрген бергі жағыңыз түк те сездірмеді. Сол күннен бастап қатты ұсақтап кеттіңіз. Әлде, бұрыннан сондай ма едіңіз?.. Әйтеуір, сізді сыйлау дан қалдым. Біреуді кезекті демалысына босатпадыңыз. Біреуге, бір күнге сұранып еді, рұқсат бермедіңіз. Кейін екеуін де көрдім, өз ауыздарынан тыңдадым, кілтіңізді оңай тауыпты. Алдыңғысы айлығының төрттен бірін, кейінгісі сол күнге есептелетін еңбек ақысын қолыңызға қыстырыпты да жөндеріне кетіпті... Енді “аңқаулығыңызға” келейік. Күзететін аумағы мыздың шетінде қос бөлмелі үйсымағымыз бар еді. Ол қақпаны ашып-жабатын, кірген-шыққандарды қадағалап отыратын адамның мекені. Ондағы адам ішкен былай
Жанартау д д тұрсын, наша шегуші еді. Сол жерге бір күні сіз екеуміз қатар кіріп қалдық. Достары кетіп үлгерген бе, ол жалғыз жатыр екен. Алайда, дастархан бетіндегі стақандар, қасық, табақтар жалғыз емес еді. Балықтың шашылған қалдығы, босаған бөтелке. Шошқаның майы, төгілген, орталанған сыра шөлмектері. Нан қиқымын аралап, стол бетінде жүгіріп жүрген тарақан. Бір-бірімен сеңдей соғылысқан шыбындар қаншама... Жарайды, мұны «көрмеуге» болар. Танауды жарып тұрған арақ пен темекінің жағымсыз иісін «сезбедіңіз». Төсекке арам өлген қойға ұқсап, епетейсіз жығылған жігіттің құсықтан бас көтере алмай жатып әлдекімді балағаттағанын «естімедіңіз». Тек, менен тағы ұтылғаныңызды бар болмысыңызбен мойындадыңыз ба, сылқ етіп орындыққа отыра кеттіңіз. Дәл осы қылығым дұрыс болмаса да, сіздің жасыңыздың үлкен екенін де ескермей, біржола сүмірейткім келіп, салтанатпен бардым да, оны ояттым. Ол аз да болса есін жиған болды. Шегінуге жол жоқ. Оған бірдеңе деп тіл қатуыңызға тура келді. «Ішкеміз жоқ» деді ол. «Балалар келіп қалып, жәй ғана әңгімелесіп отырдық. Аздап сыра ғана ұрттадық» деді ол. “Арақтың исі шыға ма, қалай?” деп қойдым мен екеуіңізге де естіртіп. «Иісті айтасыз ба, ол шашлыққа мана уксус құйып едік, сонікі ғой» деді ол. Әңгіме сонымен бітті. Жаңа кері айналып шығып кетудің қисынын таба алмап едіңіз, енді мына жауапқа күліп кеттіңіз. Неге деймісіз? Өйткені, бұл жігітіміздің көкесі сізді адам қылған. Осы асы сарқылмайтын қазанның басына өз қолымен отырғызған. Ендеше, ондай жақсылық неге ұмытылсын. Осындай орайы келіп тұрғанда қайтарылады ғой. Көзге шыққан сүйелге ұқсап мен тұрмағанда, бұл гәп өте әдемі түсіндірілер еді. Амал қанша, емеурінмен ғана ұқтырдыңыз да, сыртқа шықтыңыз, мен сізге ілесіп алғам. Есік тарс жабылды да, әлдене гүрс ете қалды. Не де болса әлгі төсекке ме, жерге ме, оңбай-ақ құлады. Екеуміз де күлдік. Сіздің қаншалықты шын күлгеніңізді білмеймін, өзім бір рахаттанып тұрып қарқылдадым. Оның құлағанына емес. Өзіміздің осы тірлігімізге күлкім келді. Ал сіз оның болашағы зор екені,
Қ. Әбілқайыр д д әке-шешесі жоғары білімді, мәдениетті жандар екені, балаларының бәрі сызылып тұрғаны жайлы жаңа жыры ңызды бастадыңыз. Кенет құлағыма тосын бір үн жетті. Әлдекім үздіге ыңқылдай ма, ыңырси ма, ештеңені де түсініп болмайсың. «Үндемеңіз» дедім. «Ақырын ілесіңіз, байқайық» дедім. Сіз де бірдеңені сездіңіз бе, “Қой, не қыласың” деп, тартыншақтай бердіңіз. Өз аймағымыздағы әр нәрсені біліп отыруымыз міндет екенін көлденең тарт тым. Өзіңіздің еккен егініңіздің жемісімін ғой. Қулығы асып тұр-ау деп ренжімеңіз. Бұл күнде сізді әбден басынып алғам. Артық сөзден, басы артық қимылдан қалғаныңызға талай болған. Сонымен, бармасқа жолыңыз қалмады. Мені өлердей жек көріп тұрсыз. Әттең, әттең мысыңыз құрып жүр-ау... Дыбыс бірде айқындалып, бірде қыстыға шығып, үдеп барады. Олар бізді байқамады. Кедергі келтірмейік, шару аларын аяқтап алсын деп, жақын барсақ та үн шығармай қарап тұрдық. Табанымыздың астындағы арпалыс сәт сайын шарықтау шегіне көтеріліп барады. Тал арасынан сығалаған шам жарықтары бәрін де анық болжатып тұр. Біздікі мың жерден ақталсақ та дұрыс емес еді. Мүмкін, ұятсыздық болар. Бірақ олардікі де жөн емес қой. Кетейік деп мен айтпадым. Ертіп сіз кете алмадыңыз. Осы уақытқа дейін жер-жебірлеріне жетпей неге үнсіз тұрғаныңызға таңданып едім, оның да жауабы табылды. Сіз оны танып тұр екенсіз. Шаруа бітті. Олар сонда ғана аңғарыпты, біреуі шар етіп шыңғырды. Біреуі қаңғалақтап орнынан қарғып тұрды. Қатты-ақ сасып қалыпты, абыржып тұр. Жөн сұрап едіңіз, ол кеш қалып қалғанын, үйге үлгермейтін болған соң осын да келе салғанын, ағасы сізге өзім айтам, алаңдамаңдар де ген соң «бақ аралап» жүргенін айтты. Сөйтсем, бұл жаңағы құлағанның інісі болып шықты. Танымайды екем, бұрын көрмеген адамым. Сірә, сызылған, тәрбиелі балалардың бірі осы болса керек. Жүріп кеттім. Бірдеңеге ұрынып қалмау керегі жайлы сіздің кезекті лекцияңыз ұзаған сайын ызыңдап артымда қалып бара жатты... Ертесі жұмыстан өз еркіммен кеттім. Сіздің «сүйкімді де тәтті қылықтарыңызға, өмір жайлы толғаныстарыңызға»
Жанартау д д әбден тойған едім. Бұдан ары шыдау, сіз жұтқан ауаны бірге жұту мүмкін емес еді. Кететінімді айтқанымда көзіңізде кейінгі кезде пайда болған жалынышты көзқарасты – таңданыс, үрейді – үміт, абыржуды – алғыс, маған деген шексіз алғыс жаулап алды. Міне осылай мен сізді өзімнен құтқарған едім... ШРЕКТІҢ ҚАЙЫНЖҰРТЫ Шректің тағдыры тым ауыр болды, табиғат оған түркелбет те бермеді. Ол талай жерлерде көзге шыққан сүйелге ұқсап, ешкіммен араласа алмай сопайып оңаша отырды, басқаларға жұғыса алмай көп ішінде қиналып, жап-жасыл болып, өзімен-өзі саяқ жүрді. Оны жақсы түсінген, қайғы мен қуанышта қасында болған жалғыз ғана жан бар еді. Ол күл түстес кәдімгі ақымақ есек болатын... Күндердің күнінде сол ақымақ есек бір патшаның қызы құзар шыңның басындағы айдаһардың қолына түскенін, кімде-кім сол сұлуды құтқарса, арудың жары сол бо латынын естіп қалды. Патшаның шексіз байлығы мен бұрымдының көз тартар ажары есекті де қатты-ақ елітті. Бірақ, бойжеткенді құтқару қолынан келе қалса да, мәңгілік қосағы бола қою тым қиын екені біз ақымақ десек те есектің басына келді. Сонымен, ол көп ойланып жатпай-ақ өзіне қимаған асылды Шрекке сыйламақ болып, жалғыз аяқ жолдың шаңын бұрқыратып досына қарай шаба жөнелді... Қазір қоғам Шрек күлсе жалаңаш отырғанына қарамай қарқылдап тұрып күледі, алда-жалда ашулана қалса кез келген тесікке кіріп кетуге арланбас көңілмен құты қашып қалтырай жөнеледі. Шрек қалаған күні – той, қабағын шытқан күні елдің бәрінің жүрісі – мысық аяң. Ол жүз отыз басты айдаһарға күніне бір рет жергілікті жанды апарып беретін болып, айдаһар құрбандығына не істесе де өзі білетін болып екіжақты келісімшартқа отырған. “Олар өлсе сұраусыз, құл қылса да, күң етсе де бәрібір. Бұдан әрі-беріден соң патша ағзамның елі саяси астар іздеп сандалмасын” деді Шрек. Сонымен, оғлан күйеу қызды
Қ. Әбілқайыр д д құтқарып, тым-тым алыстағы қайынжұртына қонаққа келіп жатқалы талай жылдар өтті. Үйіме қайтайын немесе атаенемнен ұят-ау сәл аяғымды тарта жүрейін дейтін Шәкең жоқ. Алшаң-алшаң басады, күндіз демей, түн демей ойына келгенін қылады. Бұл өңірде Шрек тек есекке ғана қарыздар, есекке ғана ықыласты. Есек айтқан тілек пен арыздың аяғына жетпей қалғаны жоқ. Мәселен, ол “Гүлмайсаны таптадың!” деп жылқы мені теуіп жіберді. Бұған не дейсіз?” дейді. Шрек жылқыларды шырылдатып жүріп, жал-құйрығы төгілген ең таңдаулы сәйгүліктерді ұстап алады да айдың-күннің аманында ішек-қарнын жарқыратып тұрып, сойғызып тастайды. Тағы бірде “Туған інім жұмыссыз жүргелі талай бол ды” дейді оған күл түстес есек. “Есекжан, осындай ұсақтүйек үшін мені мазаламай-ақ қалаған орныңа өзің отыр ғызсаңшы” дейді жасыл денесіне арасанның қара батпағын жағып ерігіп отырған Шрек. “Құр жүргенше деп, білім саласын басқартып қойдым. Ол жерде басқаратын да не қалды дейсіз” деп есек келіп тұрады. Болмаса “Жиенім оқуды бітіріп еді” дейді кәдімгі есек. Шректің “Туу, сен де...” дегенінше болмай, “Не айтпағыңызды түсіндім. Өзімақ қатырам” дейді де есек тепеңдеп ұзай береді. “Үкімет басшысы еттім, кім отырмаған жер” деп есек көп ұзамай қайтып келе жатады. Шрек патшаға күйеу бала болғалы бері есек Шрекке неше мәрте кіргенін ешкім білмейді. Санап жүргендердің өзі жаңылып қалды немесе бостан босқа атылып кетті. Өйткені, кейінгі кезде есек тым кінәмшіл болып алды. Қит етсе “Ата салайын ба осы?” деп шыға келеді. Қысқасы, “Күйеу балаға жиі кіргенім қалай болады өзі?” деп есек ойламады. “Қойсаңшы енді” деп Шрек айтпады. “Ойыңа келгеннің бәрін істе, бірақ билікке араласпа” деп Шректің жары да, қайын атасы да тіл қатпады. Қазір Шректің төрт дүниесі түгел. Қайран қазақтар баяғыда барып-қайтқан жерін әспеттегісі келсе “құстың сүтінен басқаның бәрі бар екен” деп қоюшы еді ғой. Еш
Жанартау д д жерде кездесе қоймайтын сол құс сүтінің өзі Шәкеңде түр-түрімен тұр. Ол қазір аптасына бір рет осындай сүтпен шайынып тұруды әдетке айналдырған. Қысқасы Шректе, менмін деген ерлерден алған үлкен базарлар, сауда орын дары, әсем ғимараттар, патшаның қызынан да әдемі арулар, түрлі басшылық қызметтегі есектер дейсіз бе, бәрі бар. Ең қызығы, кәдімгі күлге аунап жататын, сиыр мен жылқыдан қалған шөпті талғажу ететін, ауыл-үйдің арасында онымұны шаруа атқарып, арқасының жауыры кетпей, көшедегі кез келген тентек баланың тақымында жүрген дәл осы есектер қазіргі күні құлағына қол апартпайтын болған. Қалаған жерінен тістейді, қаламаса басыңнан төмен қарай шаптыра салады. Сені бұл маңнан көргеніне жыны ұстап қалса жынысыңа қарап жатпастан артыла кетеді. Кімнен, неден қорқады? Қос құлағына тізілтіп бес жүзге тарта сырға таққан, ми қонбаған қазандай басына алыстан алдырған қымбат бөрік қондырған, тұяғына алтын жалатқан, есек біткеннің төресі – күл түстес сұр есек Шрек мырзаны үкі таққан құйрығымен желпіп отырғанда олар кімнен ықсын. Күндердің бір күнінде Шрек пен есек тағы жолықты. Бұл өзі алдын ала жоспарланған кездесу ме, жоқ әлде, күтпеген жерден ұйымдастырылған басқосу ма, ол енді біз сияқты қарапайым жұрт үшін аса маңызды емес қой. Бірақ осы отырыста есек сөзге көп араласпай, өзін өзі тежеп ұстағысы келсе де еркінен тыс миығына күлкі үйіріліп, жүзінен нұры төгіліп, тым жайнап отырды. Бұған дейінгі кездесулерде дауысын бәсеңдете сөйлейтінін, айтылуға тиіс сөздерінің басым бөлігі өтініштен тұратынын, есіктен кіргеннен еңсесі еңкіш тартып шыға келетінін дәл бүгін ұмытқандай... “Бауырларың қалай?” дейді оған Шрек. “Бәрі жақсы, Шәке” деп мұртынан күледі есек. “Таусылуға айналды-ау деймін. Кейінгі кезде көп келе бермейтін болдың ғой” дейді Шрек. “Бауыр таусылушы ма еді? Орын таусылып барады. Көлденең көз өтпесін деп айтайын. Қазір бізде басшылықта отырған есектер жетеді” деп қояды ол. “О, тоба! Орын таусылуға айналды ма?” дейді Шрек жеті қат көкке шығып кеткен қиялын қайта алдырарын, болмаса, тиіспей еркіне
Қ. Әбілқайыр д д қоя берерін білмей. “Бұл елдегі барлық тиісті орындарға ең сенімді деген есектерімнің бәрін отырғызып болдым” дейді өзіне-өзінің көңілі тоқ есек шырт түкіріп қойып. “Сонда бос орын жоқ па?” дейді әлі де бұл іске онша көп араласқысы келмей отырған Шрек марғау ғана қимылдап. “Патша ағзамның орнынан басқа жердің бәрі біздікі” дейді есек тағы да тәтті жымиып. “Оны әзірше қоя тұр. Уақыты келгенде өзім айтам” дейді Шрек дәл осы тұста амал жоқ ұзай жайылып кеткен қиялдарын жинап алып. “Е, оны өзім де білем ғой. Дегенмен оны жылы орнынан қозғамасақ та болады” дейді есек ештеңеге алаңдамастан. “Е, неге?” дейді Шрек үлкен таңданыспен. “Өйткені, ол маған ұнайды. Оның үстіне ол да дәл өзіміздей күл түстес” дейді есек. ӨГІЗГЕ ТУҒАН КҮН... Естеріңізде бар ма, жоқ па, бала күнімізде бір орасан дәу өгіз жайлы ертегіні жиі айтушы едік қой. “Баяғыда бір өгіз әбден өсіп, жетіліп, үлкен болған кезінде кеудесіне нан пісіп, өзінің табынын менсінбей, жылқылардың үйіріне барып қосылады. Қамбар атаның ұрпағындай оттағысы, дәл солардай су ішіп, солардай пысқырынғысы келеді. Күндердің күнінде ол арманына да жетіп, “менің теңім қылқұйрықтылар ғой” деп паңдана басып жүргенде үйірге қасқыр шабады. Жылқы біткен желмен жарысып құйғыта жөнеледі де, құйрығын қадап алып біраз жерге дейін қалмай жүгірген өгіз байқұс көп ұзамай-ақ кеудесі сырылдап қалың абалақтың ортасында жападан-жалғыз қала береді. Оның жан дауысы сәйгүліктерді селт еткізбегенімен, келесі қырдың астында жатқан табындастары өре түрегеліп, біріге қайрат көрсетіп, әупірімдеп жүріп өгізекеңді құтқарып алады. Ол солай тәубесіне келеді”. Ұмытпасам, әңгіменің ұзын-ырғасы осылай. Е, одан бері қанша мезгіл өтсе де мінез шіркін тұқым қуаламай тұрмайды екен? Сол өгіздің төртінші, әлде, бесінші, мүмкін, алтыншы ма екен, әйтеуір, бір ұрпағы – ақ бұзау дүниеге келді. Оның тым аппақтығы себеп бол
Жанартау д д ды ма, әлде өзінің бір ерекше сүйкімділігі бар ма, сол бұзауды табындағы бар ірі қара қатты-ақ жақсы көрді. Мүйіздемеді, теппеді, оған қарап жөні жоқ алакөзденбеді. Тіпті, бұзауын емізіп тұрған сиыр ол келіп қабаттаса кетсе де жүріп кетпеді. Бар ынты-шынтысымен емізді, құйрығынан иіскеп, сауырынан жалап, еміреніп қоюды да ұмытпады. Қазақ мұндайды “семіздікті қой ғана көтереді” деп қояды. Жүрген өрісі бір, жатқан қорасы қатар, кейде бір көңілі түспеген кездерде қағып-соғып өте беретін сол бір қойларды неге екені белгісіз ақ бұзау көп жақтыра бермейтін. Бірақ ол сол қойлар құрлы болмады. Күллі табынның әлпештеуі көңілін көтеріп, мас қылды ма, тым ерте бұзыла бастады. Бұзаудан баспақ шыққанда менмін деген бұқалардың бүйірінен балғын басымен түйгіштеп қоятын болды. Сабырлы бұқалар оған да мыңқ демеді. Баспақтан тана болдым-ау дегенде ұлттық маңызы бар шаруамен жүрген бұқаларға ілесіп, тіпті кедергі келтіріп десе де болады, келсін-келмесін сиырларға артыла кететінді шығарды. Бұған да маңғаз бұқалар мен сылқым сиырлар “баламысың деген, қайда әлі саған” деп жымиды да қойды. Күндер өте келе аппақ тана-бұқа тағы бір өнер шығарды. Айдың-күннің аманында өздерін бағып-қағып отырған кәдімгі бақташыларға өзінен-өзі тап беретінді шығарды. Аузынан сілекейі ағып, жүн басқан көзін әрең ашып, алар тып, қазандай басын оңды-солды шайқап-шайқап қояды да, алдыңғы тұяқтарымен қара топырақты шымымен қоса қарпып алып арқаға қарай шашып кеп жібереді де ыңырана мөңіреп, оны да толық орындап шықпай, тамағына өксік тығылғандай, болмаса, демі жетпегендей үзік-үзік қылып, мөңіреудің де мәнісін кетіріп, ішін тартып тұрып алады. Шынымен-ақ, күні бүгінге дейін еміп жүрген ақ бұзау өте зор болып өсіп келе жатыр еді. Осы қарқынды өсуінен сескенді ме, әлде әл-әзір бізге бұқаның керегі жоқ деп шешті ме, бір күні оны бақташылар жиналып келіп алып ұрды да піштіріп тастады. Пішті екен деп тоқталып қалатын ол ма, құнан өгіз күнінде-ақ алты жасар бұқаны ықтыратындай болып өсіп, жетілді. “Әй, осы бақташыларды-ай” дейсіз ғой,
Қ. Әбілқайыр д д кейде. Істеріне көңіліңіз толмағасын, кейімеске амалыңыз қайсы? “Ойбай, не болып қалды?” дейтіндеріңізді ішім сезеді. Қаншалықты нән болса да өгіз болып қалғаннан кейін маңқиып, өзімен-өзі тиесе жүгін тартып, болмаса күйісін қайырып қойып жүре беретін бе еді, кім білген?.. Қисыны қашып тұр емес пе, бақташылар оны шала пішіпті. Бойында сәл де болса еркектік сезім мен сол сезім сыйлай тын алапат бір күш қалған аппақ өгіз, мүмкін аппақ бұқа дегеніміз дұрыс шығар, бала күнінде “ақ бұзау” атанып еді, енді олай деуге ешкімнің дәті бармай бұл күнде “ағеке” болды. Ағекем қызық болғанда ұрғашы біткенді маңынан шығармайтын бір қырсық мінез тапты, еркек біткенді жаскәрісіне қарамай табынға жолатпайтын болды. Дәл осы ара да айта кетейік, өзінің туған енесі “ағекем” емуін қойды-ау деген кезде әупірімдеп жүріп ауыраяқ болып, тағы бір бұзау тауып ала қойып еді, “бұл тұқымнан шыққан тұңғыш бұқа да, соңғы бұқа да мен боламын. Тарих менен басталуы, ол тарихтың бетінде менен басқа ешкім болмауы керек” деп шуынан енді арылып, “осы мен қайда тап болдым” деп төрт аяғын зорға басып тұрған тағы бір ақ бұзауды күллі сиырдың көзінше тапап-ақ тастағаны... Осындай бір адуын көңіл-күймен жүрген ақ бұқағаағекеге қарсы келер табын біткенде ешкім болмады. Бұқакөңіл өсе-өсе тау болуға айналды, көз ештеңені көрмейтін, құлақ естімейтін дертке ұшырады. Бұл өмір шіркінді қойсаңшы, қисынын табам десе оп-оңай-ау, сондай бір паң қадаммен жүрген оның көзі жанары мөлдіреген бір байталға түсті. “Құдай-ау, осындай да сұлулық бола береді екен-ау” деп ойлады ол көптен ештеңе ойламаған шойын дай ауыр басымен. Сосын оған тәуекелі жетіп, жақындап барып көрмек болды. Бірақ тәкаппар да көркем жылқы үшін мың жерден аппақ болса да Зеңгібабамен тұмсық түйістіру тұрмақ маңына жақындату жуса кетпейтін күнә емес пе, ол жел ғана тарап, күн ғана сүйіп жүрген құйрығын бір бұлғаң еткізді де, осқырынып қойып, үйіріне қарай самғай жөнелді. Бұған дейін бір рет болса да кеудесі пәсейіп көрмеген ақ бұқа да мұны бір сәт болса да көңіліне алмастан мүсіндей
Жанартау д д байталдың артынан тұра жүгірді. Кезінде арғымақтарға арғы ата-бабасы ілесе алмағанын бәріңіз жақсы білесіз, күллі денесін май басып, өрескел семірген “ағеке” қайдан жетсін. Алқынып, алаөкпе болып, шаты ақ көбіктеніп тұр ған бұқаның өзіне-өзі қатты жыны келді. Дәл осы жолы ғана, тұңғыш рет ақ бұқа үшін бұл үлкен қорлық болып көрінді. Байталдың ең болмаса назар да аудармағанына қатты қапаланды. Сосын, “мүмкін ол асығыс болған шығар” деген ойды өзіне азық етіп, ол өзімен-өзі жусап жатқан үйірге келді. Басын шұлғып, оқшау ғана шыбындап тұрған сұлу байтал көзіне анадайдан-ақ шалынды. Ешкімді көзге ілмей, жолымды біреу кеседі-ау деген ойды қаперіне де алмай бірден солай тартқан өгіздің ірілігі жылқылардың біразына кәдімгідей-ақ әсер етті. Тай-құнандар ығысып жол беріп, биелер құлақтарын жымырысып, жақтырмаған кейіп танытып, сәуріктер оқыранып айбат көрсеткенімен жақын баруға бата алмай алыстан ғана қожаңдасып қалды. Өздері сасыған ірі қара деп есептейтін ашатұяқтыдан мұндай батылдықты күтпеген көркем байтал кәдімгідейақ таңданды. Сосын, бұқаны тым жақындатпай тағы да ойнақтап алыс кетті. Осы шаруаны мықтап қолға алған “ағеке де” мұрны пысылдап, оның соңынан қалатын емес. Бұлай жүре берсе көзге түсіп, сөзге қалатынын бірден сезген ерке байтал талай үйірді түрлі қиындықтан алып шыққан, талай үйірді тырп еткізбей ұстап жүрген алаяқ қарақасқа айғырдың қасына барып паналады. Айғыр байталдың бұл батыл мінезін қызық көріп, әлденеден оқыс дәметіп, иіскелесіп тұр еді, өздеріне төніп келіп қалған менмен бұқаның пысылы селк еткізді. Енді болмаса жа рып тастайтындай болып, ентелеп келіп қалған өгіздің ай мүйізінен ол тікке шаншыла қарғып аман құтылды да, жа лын күжірейткен қалпы, құлағын жымырып, көлденеңдеп біраз жерге дейін билеп барып, төрт аяғын тең басып тұра қалды. Осы ғұмырына дейін сиыр тұқымынан мұндай ақкөзді кездестірмепті, оны айтасыз, ол жаққа “барсыңдар ма?” деп назарын да салмапты. Енді мына қызыққа қараңыз. Қателесіп қалған болар, немесе, ойыны шығар дейін десе,
Қ. Әбілқайыр д д басын шайқап қойып ол тағы төніп келеді. Байтал болса осыны пана тұтып, шыр айналып қасынан шығатын емес. Қарақасқа бұған қатты-ақ шамданды. Бұл оқиғаны ол заманның бұзылуы деп бағалады. Есікте жүрген, бізден қалғанды жейтін, жаман қарасан басынған соң азбаған неміз қалды деп терең күрсінді. Сосын, жерді тарпып-тарпып жіберді де құйғытқан күйі бұқаның ту сыртына шықты. Бұқа бұрыламын дегенше көкжелкеден қарбыта тістеп, бар пәрменімен сілкіп-сілкіп жіберді. Бұған дейін бірдебір тегеурінді қарсылықты көрмей, еркімен кеткен өгіз бұл оқыс қимылға дайын емес еді, өз денесін өзі ауырлап, он екі мүшесін меңгере алмай желкеден басқан салмаққа шыдас бермей ол тізерлеп қалды. Бұл уақытта желкені қоя беріп, айналып қайта алдыға шыққан қарақасқа қайта орнынан көтерілгенімен енді қандай әрекетке барарын әлі болжап болмаған ақ бұқаның қара тұмысығын ала бере көсіліп тұрып тепті. Бұл егер бір-біріне ескертіп айтар болса, бұқаның күллі тұқымына сабақ болар соққы еді. Таудай болып тұрған өгіз үн шығаруға шамасы келмей, сол тұрған жеріне гүрс етіп құлады. Алаяқ қарақасқа үйірін соңына ертті де бір кезде тастап кеткеніндей тағы да зеңгібабаны жалғыз қалдырып ұзап кетті. Күн жатты, түн жатты, екі күн, екі түн дегенде өгізге жан бітті. Өзін шыр айналып, азанқазан болып, өкіріп-бақырып жүрген табынды көрді. Басын қозғай алмайды, аузын ашуы тіпті мұң, үні де шықпайды, пұшайман болған бұқа табынға қарар беті жоқ, айтайын десе жібі түзу уәжі жоқ, мелшиді де қалды. Бірақ, көз ал дынан сол бір байталдың бейнесі әлі де кетер емес... Күндердің күнінде өзіне-өзі келген бұқа айды аспанға бір-ақ шығарды. Енді біздің бұзаулардан бастап барлық сиыр атаулы жылқы тілін де үйренетін болсын, одан қалса күнде таң ертең бәріміз он шақырымнан жүгіретін болайық. Бұл біздің болашағымыз үшін, басқа малдармен тіл табысуымыз үшін, солардан кем болмауымыз үшін аса қажет деді. Бұл күнде бұқаның ұсынысы талқыланбайды, орындалады деп айтып па едім, айтпасам міне енді айтып отырмын. Зеңгі баба тұқымы елде жоқ есірік мінезді,
Жанартау д д өздеріне тумысынан жат қылықты бастады да жіберді. Таң атпай азан-қазан болып, буындары сыртылдап, сүйектері сықырлап буаз екеніне, кәрі екеніне қарамай, бұзау, тана демей бәрі алашапқын болып жүгіретін болды. Арада ай өтпей-ақ сауын сиырдың бәрінің желіні суалып, кексе сиырдың бәрі көксауға айналып, жаңа туған бұзаудың бәрі сүт жетпей іші өтіп, көздері алайды да қалды. Іріқара біткен көкмайса маусымда-ақ көтеремге айналды. Бұған енді өмірін мөңіреумен өткізіп келе жатқан мүскіндердің кісі ней бастағанын қосыңыз. Ақ бұқаға жақын жүрген жағым паздау сиырлар кәдімгідей-ақ кісінейтін болды. Олардың даусынан жылқы үнінің сәл де болса ұқсастықтары табы ла қалса көзі жасаурап, тебіреніп, ақ бұқа кәдімгідей-ақ шалықтайтын болды. “Бұл ұлттық менталитетке қарсы, біз сиыр болып қалуымыз керек” деп күңкілдеп жүрген басқа бұқа-өгіздерді ағеке бір-ақ күнде тентіретіп жіберген. Бірақ соңғы кездерде оның өзі де табынынан оңашаланып, көркем байтал көрінетіндей жерге барып жататынды шығарды. Оның бұл қылығын табындағылар теріс көргенімен маза ларын алмай солай аулақ жүргеніне кетары емес. Әл-әзір үйір де, табын да қасқырдан аман... Алда-жалда аты жаман абалақ үйірге не табынға шаба қалғандай болса дәл осы жолы “ағеке” жалғыз қалады-ау... ҚҰТИПАШ ПЕН САҚЫШ Осындайда әңгiме болсын, құр отырғанша айта оты райын, жүрiп-жүрiп жасым отыздан асқанда барып от басын құрдым. Онда да алпысқа қараған апам қайта-қайта сөйлей берген соң амал жоқ, он бiріншінi аяқтағанына бiр-ақ жыл болған Құтипашты қағып түстiм. Қалаға оқуға барғанымен түсе алмай, ауылдағы мектепте тәрбиешi болып жүрген тәмпiш қыз ендiгi уақытын оқушылармен бiрге менi де тәрбиелеуге жұмсайтын болды. Қазір осы үйде отыздан асқан адам мен емес, Құтипаш сияқты. Бір-ақ күнде өзімнен-өзім он бірді жаңа бітіріп, танымай тын алыс туыстарымның қолында тұрып жатқан балаға
Қ. Әбілқайыр д д ұқсадым да қалдым. Жалғыз жатып әбден жаман үйренген басым бір төсекте екі адамның жатқанына да бiраз уақытқа дейін үйрене алмай, оны кәдімгідей жатырқап-ақ жүрдiм. Мәселен, кейде түннің бір уағында оянып кетсем айдың жарығында, жүзі бозарып, қара шашы төгiлiп қасымда бiреу жатады. Ал айсыз түндерде қарайған сұлбасы ғана көрініп әлдекім дәл жанымда пыс-пыс дем алады. Ә деген де осының өзі денемді билей алмай дірілдеп-қалшылдап, бәріне іштей мойынұсынып, сұлқ жатып қалуыма еркін жетіп жүрді. Уақыт өте келе бұл үрейден арылып, бойыма бір батылдық бітіп, ол қай-қайдағымды қозғап, Құтипашты құшақтап жататын дәрежеге жеттім. Түнде бір мейірімім оянып, сергек кезімде қамқорсып бауырыма басқаным, оның да қылық шығарып, қолы мойныма тұншықтырардай оратыла кеткені немесе алқымымнан ала түсердей болып кеудемде жатқаны ұйқымнан оқыс оянған сәттерде тарс есімнен шығып кетеді де өз қосағымнан өзім үркіп, көзіме шәйтан ба, жын ба, түсініксіз бірдеңелер елестеп, баж етiп секiрiп тұрамын. Мұндайда шамаң келсе жарықты жағып төңірегіңе бажайлап бiр қарайсың, өзіңе-өзің келесің, есіңді дер кезінде жисаң, біреу-міреу көріп қойып масқара болмайын деп, айналаңа ұрлана қарап аласың да төсегіңе қарай баяу жылжисың. Оған шыдамың жетпесе шапқылаған күйi апаңның бөлмесiнен бiр-ақ шығасың. Е, апам байқұс ненi көрмеген дейсiң... «Балам-ау, пыссымылда дешi, пыссымылда» – деп, таңдайыңды көтерiп, түннің бір уағында не үшін жүргеніңді айтқызбай-ақ біліп, «Өзiңнiң Құтипашың ғой» – деп бар өткен-кеткенді есiңе салып, орныңа дейiн қайта жетелеп әкеп тастайды. «Құтипашы кiм едi? Қозғалып кетпесе екен» деп ұйқылы-ояу мәңгiрiп бiраз отырасың да отағасы болғаның ойыңа түскенде ба рып “Е-е” дейсің де еріксіз жымиып қайта қисаясың. Сол Құтипаш, он сегiзден жаңа асқан Құдай қосқан Құтипаш, менi қатты-ақ қолға алды. Жұмысым жоқ болса да таң атпай өзiмен бiрге оятып алады. Қуыршақпен ойнағандай асықпай отырып киіндіреді, жуындырады, iшпесiңе қоймай тамақтандырады. Кiр жуса сығысып жiбер, самауыр қойса
Жанартау д д отын жаңқала, сиыр сауса бұзауды ұстап тұр, аула сыпырса қасында жүрiп су сеп, әйтеуiр жанынан бiр елi тастамайды. Шынын айту керек, мен Құтипашқа тәп-тәуiр-ақ ермек болдым. Iштерiңiзде қалсын, мұнысы маған да ұнап жүр. Ес бiлгелi түк бітірмей апамның қасында сораңдап босқа жүре бергеннен басқа мен сорлы ненi көрдi дейсiздер. Сонымен қойшы, Құтипашқа күндердiң күнi мен аздық еттiм-ау деймiн, есiктiң алдында өзiмен-өзi жатқан Ақтөстi айналдыра бастады. Өмiрi шынжырдан босамаған басына азаттық бердi, алдындағы табағын жаңартты, иттiң өзiн де жақсылап жуындырып, маған айтақыр болып жатқан астын тазалатып, су шашқызды. Сосын отырып-отырып, «Ақтөстi бұдан былай Құтжол деп атайықшы. Үйге мол құт әкелсін» дегенi. Маңқиып жатқан төбетке дәл қазір Құтжол деп ат қойсақ, ол тұра салып үйге бір жақтан құт тасумен айналысатындай өзімнен-өзім алабұртып, қатты елегіздім. Өзімнің де «Қайтсем осыған жақсылық жасаймын» деп Құтипашқа бiр ерекше елжiреп отырған шағым едi. «Өзің біл, жаным. Құтжол болса, болсын» деп апама бiр ауыз да айтпастан бекiттiк те жiбердiк. Көп ұзамай кезек қара сиырға келдi. Ел кинодан көргендерiн iстеп, сиырларына «Мурка» немесе «Марта» деп ат қойып жүргенде мен олар ға ерегiсiп, «аз да болса мемлекеттiк тiлiмiз дами берсiнші» деген жарқын тiлекті ұстанып қара сиырды «Қамажай» деп атаушы едiм. Құтипаш оны «Қамажай да жаман ат емес, дегенмен Құтайсын деп қойса тiптi қатып кетер едi» деген соң бiр-ақ сәтте, тағы да апама ескертпестен өзгерттiк те жiбердiк. Қо-ош. Сонымен, ит – Құтжол, сиыр – Құтайсын, құнажын – Құтшыл, бұзау – Құткелдi, осы үйдегi жалғыз аяқ артар қасқа атымыз Құтқасқа болып шыға келдi. Мен ғой, Құтжолмен бірге алғашқылардың бірі болып, атымды өзгертіп алғам. Ұзын сөздің қысқасы, үй iшiне аз күннiң iшiнде осыншама өзгерiс әкелген төңкерiсшiл әйелiме риза болып мен жүрмiн. Тек апам ғана, «Айналайындар, құт деген жақсы ғой, ниеттерiңе жетiңдер. Тек басқа ат құрып қалғандай құттан алыстамай қойғандарың қызық екен» дедi де қойды. Осы байлықтың бәрiне, инеден бастап түймеге
Қ. Әбілқайыр д д дейiн құттан ат қоям десе, сәл ойланбастан қос қолымды көтерiп шауып жүргенде апамның азғантай ғана сөзi менi ойланта алсын ба?.. «Несi бар екен?» деп кiржiң ете қалдым. «Отырмай ма тыныш? Кiрi жуулы, тамағы пiсулi, келiнi анау «құтты апам менiң» деп құрдай жорғалап жүрген. О несi екен тегi»... Құтипаштың тапсырмасымен шауып жүргенде күн батты, Құтипаштың ойыны қанғанша таң атты, алмакезек аунап түсіп сiзбен-бiзге бiлiнбей арада бiраз жыл өттi. Тек екеуміз қосылғалы апам тiлеген бiр шарана дүниеге келмей-ақ қойғаны. Бұл ендi әңгiмемiздiң онша қызық емес жерi. Көңiлсiз әңгiменi созып, сіздердің алтын уақыт тарыңызды алып, немесе өзімнің көңіліме қаяу түсіріп қайтейін, күндердiң күнi Құтипаш өз-өзiнен жоқ болды да кеттi. Құрбы боп жүрген бiр қыздар: «Құтипаш сонша жыл ақша жинап жүрдi. Ендi қалаға оқуға кеттi», – дедi. Кейбiр көршiлер: «Құтипаш кейде бiр қаракөлеңкеде бөтен бiреумен тұрушы едi», – деп қалды. Тек апам ғана: «Қайран қыз саған бiр алданыш тауып бере алмаған соң амал жоқ кеткен ғой», – едi. Мен ғой ешкiмге ештеңе дей алмадым... Арада тағы бiраз мезгіл өттi. Уақыт өте келе жалғыз жатуға қайтадан үйрене бастадым. Тек сексенге қараған апам “балам-ау, менің көзімнің тірісінде...” деп тағы да қыңқылдай бастады. Содан не керек, «ендi бiзге он бiрiн шiнi ендi аяқтаған қыз ауыздық салдыра қоймас» дедiм де, көрші ауылдан қырықты алқымдап қалған Сақышты алып келдiм. Мен сияқты Сақыш та бiр майданды көрген тәжiрибелi жан емес пе, бар өнерi iшiнде жүр екен. Оқыс оқиғаларды Құтипаш сияқты бірте-бірте жасамай, өзгерістерді көпке созбай, келін болып түскен күннiң ертеңiнде-ақ іске асыра бастады. Ол «Ендiгі күніміз не болар екен?» деп, есiктiң алдында отырған менiң мойны ма асыла кеттi де: «Қара божбаным менiң! Мына Құтжол қартайды. Не қораға үрмейдi, не берген тамақты iшпейдi. Бiр жаққа апарып тасташы. Мен саған керемет бiр күшiк та уып қойдым. Атын не деп қойғанымды бiлесiң бе? Атының өзi керемет», – дедi де, жүгiрiп барып қораның аузын ашып, «Саққұлақ, Саққұлақ, кә – кә» деп айғай салды...
Жанартау д д ҚАЙРАН ЗЕРДА... Соңғы кездерi Махмұд Қаражахан мен Зерданың арасы қатты салқындап кеттi. Махмұд Қаражахан Зерданы: «Менсіз күн көре алмайсың. Саған менің сүрінгенім де, тым қатты жүгіргенім де әңгіме. Басқан ізімнен кемшiлiк көресiң де отырасың», – деп жазғырады. Зерда Махмұд Қаражаханды: «Не үйге, не малға дұрыс басшылық жасай алмайсың, жағдайымызды мүлде мүшкiл қылып жiбер дiң», – деп кiнәлайды. Бұл келiспеушiлiк «тамыздың орта сында сайлау өтедi екен» деген қауесет расқа айналғанда тiптi үдеп кеттi. Үйге ие болғаны мен ұстанған шағын ғана саясатында қазiргi басшылықтан көп айырмасы жоқ Махмұд Қаражахан қыза-қыза келе жоғарғы биліктің «ШуақтыҚора» деген тобына өттi де кеттi. «Туған күйеуiм ғой, өз даусымды отағасы қалаған жерге берейiн де шәйімді қайнатып үйде отырайын» дейтiн елгезек қатын Зерда ма, ол да сол күнi тымырайып барды да, «оппозициямыз» деп одырайып отырғандарға қосылды да келдi. Үйдегi бар тiршiлiктi тастап, екеуi де «сайлау науқанына» қызу кiрiсiп кеткенi сонша, мал бағусыз, үй қараусыз қалды. Тамақ уақтылы пiспейтiн болды, Махмұд Қаражаханды қойшы, Зерданың өзi аттан түспейтiн болды. Үйдің іргесінде айна ланы шолып, мал-жанды көздеп, ауылдан келетін қасқа жолға анда-санда бір қарап қоятын жалғыз төбешік бар еді. Қаласа Махмұд Қаражахан, ол ерінген күні іші пысып отырған Зерда осы төбешіктің басына желіп шығып төңірекке көз жіберетін, кейде бір қатты зеріксе беталбат ты айғайлап та қоятын. Ең қызығы, осы төбешіктен кейінгі кезде Махаң түспейтін болып алды. “Өзімен өзі жатқан төбені қызғанасың ба, түспесе сол жерге қонып қалсын” деуіңізге де болар еді. Бірақ Зерданың не кінәсі бар, оның да төбеге шығып, тербеліп бір тұрғысы келіп жүргелі біраз болды ғой. Әттең тек Қаражаханымыз туған қатынын ол жаққа қарай аттап бастырар емес... “Көзге түссе күш алып кетер” деп қорқа ма, әйтеуір қатаң тиым салды. Сонымен қойшы, айдалада жалғыз үй отырған қойшыға кiм келiп
Қ. Әбілқайыр д д дауыс берсiн, Махмұд Қаражахан мен Зерданың электора ты – алты баласы, бес ит, жетi жылқы, тоғыз сиыр, жүз отыз қой мен он бiр ешкi және жалғыз есек едi. «Халық» мұндай болғанда сайлауалды бағдарламалар мен берiлмек уәделер қандай болмақ? Махмұд Қаражахан ә дегеннен «Өрiстi кеңейтемiн, жердің астындағыны да, үстіндегіні де мен барда жеп алыңдар» дедi. «Бұдан былай қыста ғана емес, жаз ортасында да жем жейсiңдер. Айтпақшы, енді қысты ұмытыңдар. Өйткені, ауа-райы мәселесін де қайта қараймын. Алдағы уақытта аязды күндері де дала жылы болады. Жауын жауып тұрса да күн бұлт артына жасырын байды. Есек демей, ешкі демей, тату-тәтті жып-жылы қорада бірге жатасыңдар. “Есектің ұлттық менталитеті жылы қораға сай келмейді немесе сиырлар қойды таптап кетуі мүмкін” деген сыңарезу пікір айтқандардың мүйізін қағам. Мүйізі жоқ болса, ең болмаса миы емес мүйізі де жоқ басын алам. Балалар мен иттерге үш уақ тамақ, мал бiткенге күнi-түнi үзiлмейтiн жем-шөп сайлау 18-і өтсе тамыздың 19-ынан бастап күнде берiлiп тұрады» дедi Махмұд Қаражахан. «Балалар кешкi жиын-тойға рұқсатсыз кете беретiн болады. Түнiмен қора күзетiп дiңкесi қатқан иттер ертесi мал бағуға шықпайды. Бұдан былай қой-ешкiнi қақпайлап қана бағу тоқтатылады. Қайда барып, қалай жайылам десе де өз еркi өзiнде. Қымыз бен сүт үшiн жылқы мен сиырды төлiнен айыру – Махмұд Қаражаханның ең үлкен зорлығы. Мен осының бәрiне өзгерiс әкелем. Құлын биені еме ме, жоқ, бие құлынның өзін емем дей ме, бәрін төрт түлік өздері шешеді» дедi Зерда. Бұған ерегiскен Махмұд Қаражахан, Зердаға қарағанда қолы ұзын емес пе, ауылдағы кәсiпкер досына жалынып жүрiп, шiлденiң ыстығында бiр мәшине жем әкелдi. Балаларға бiр қатар киiм, иттерге досының әйелi берген тамақтың қалдығын үлестiрдi. «Халық» кешегi көргенiнiң бәрiн ұмытып, Махмұд Қаражаханға қарай аунап-ақ түскендей болды. Қаны басына шауып, сол күнi-ақ ауылға тартып кеткен Зерда да құр қол келмедi. Әкiмге аз-кем ажарын бұлдап, көзiн ойнатқан Зерданың базарлығы Махмұд Қаражахан
Жанартау д д дiкiнен олқы түспедi. Бұған кәдiмгiдей шамданып қалған Махмұд Қаражахан ендi қолдағы билiктi пайдаланып, тiзеге баса бастады. «Егер менi жақтамасаңдар, бұл үйден бәрiң дi шешелерiңе қосып қуып жiберемiн» деп балаларға шүйлiктi. «Осы күндерiңе зар болып, даладан тышқан аулап кетесiңдер» деп иттерге сестендi. «Жеп отырған жемшөптерiңнен айырам» деп мал бiткенге тепсiндi. Астыртын жүргiзiлген шара көп ұзамай-ақ өз нәтижесiн бере бастады. Қойлар кәдiмгi әкiмшiлiк қызметкерлерi мен мұғалiмдер, немесе, тағы да басқа билiкке ғана күнi қарап отырған жандарға ұқсайды ғой. Ә дегеннен-ақ жуасып қалды. Өрісте жүріп өзара күңк-күңк еткенімен дауыстарын шығарып бәрі бірге бір маңырай алмады. Ешкiлер ғой, қойлар сияқты емес, жартас-жартастың үстi мен тау басындағы шөптiң жақсысы мен судың тұнығын татып қалған, өздерiн кәдiмгi зиялы қауымның санатына қосатын топ. Оларға Зерданың бағдарламасындағы «қой-ешкiнi ешкiм де қақпайламайды» деген демократиялық лебiз ұнап-ақ тұр. Бiрақ «шәйт» десең болды, бастарын қайқайтып алып билігі бардың айтқанына жүріп беретін, керек десеңіз, қой бiткендi ажалға да бастап бара беруге үйреніп алған жалтақ, табансыз зиялы қауым, ой, кешiрiңiздер, ешкiлер бұл жолы да даусы жуан Махмұд Қаражаханның ығына жығыла бастады. Ал бес ит жайында сөз мүлде бөлек. Олар өз иесiне өте адал екенiн осы жолы да көрсеттi. «Мына малдарды қазiр қырып тастаңдар» десе, иесiнен «не үшiн?» деп сұрамайтын бұл иттердi тiсiн жалаңдатып тұрғанда – кәдімгі сақшыларға, ал қожасына қарап құйрығын бұлғаңдатып тұрғанда табанының бүрі жоқ жалпақшешей әкiм-қараларға ұқсатпасқа шараң жоқ. Бұл үйдегi жетi жылқының үстiнен ер-тоқым түсiп көрген жоқ, олардың арқасы жауыр болмай жүрген кез тек құлын күнiнде ғана болған шығар. Тағасыз талай тас басқан, ауыздығы екi езуiн жыра-жыра басы екіге бөлініп түсіп қалуға айналған, жылқы болып бiр кiсiней алмаған осы бiр «пырақтарды» басқа малдарға қарағанда тектi қылып-ақ көрсеткiң келедi, бiрақ амалың қанша, жүгенiн алғанда екiншi ұстатпайтындай болып кететiн қайран ғана жылқылар жемдорбаны көргенде бәрi есінен шығып, кешегі
Қ. Әбілқайыр д д көрген азабына қайта шауып келушi едi ғой, дәл осы жерi оңашада ақиқаттың айбалтасы болып көрiнетiн, жоқ-жітік пен кем-кетікті жіпке тізіп айтатын, бірақ, (Чехов ақсақал айтпақшы, осы бірақ та бір пәле болды-ау) жеме-жемге келгенде шындықтың бәрiн әдемi бүркемелеп, бас изеп қана келе жатқан бiздiң ақын, жазушы, тiлшi бiткеннен аумайдыау, аумайды. Хо-ош, кезек жалғыз есекке келдi ме? Бұл байқұс осы үйдiң суын тасып, тезегiн сүйреп, күнi-түнi тепеңдеп жүрiп, әуелi өзiнiң жынысын айырудан қалғанына бiраз болды. Қазiр есекте не ес бар дейсiз? «Менiң даусым бiрдеңенi өзгерте ме?» дегендi ойлай қалса немесе «бәрi сенiң даусыңа тiрелiп тұр» дегендi естiсе ол өзi де ақылсыз басын жерге ұрып, iшегi түйiлгенше күлiп алады да, күл үстiнде бiреу тұрғызып жiбергенше жата бередi. Мұның ендi кiмге ұқсағанын өздерiңiз шамалай берiңiздер... Қан көрсе болды, өкiрiп-бақырып шыға келетiн сиырларды да ұсақ кемшіліктің өзіне шыдап тұра алмайтын қоғамның белсендi мүшелерi етiп бейнелегенге не жетсiн? Бiрақ қу құлқын мен байлауда тұрған бұзаулары үшiн бәрiне де баруға даяр сиырларды «Бiрiншi не айтса сол болады ғой» деп бас шұлғып отыра беретiн халық қалаулыларына – депутаттарға амалсыз ұқсатасың. Депутаттардың арасында сайлаған елi үшiн отқа да түсiп кетуге дайын тұрған жандар қалай азайып кетсе, сиырлардың iшiнде де бұзауын жасы рып, тауда туып келiп, ұрланып барып емiзiп қайтатын, ұрпағы үшiн құрбандыққа бара алатын Зеңгi баба тұқымы дәл солай азайып кеткен кез едi. Сайлаушылар арасында аты аталмай қалған алты бала ғана ғой деймiн. Ендеше, олар жайында да көп созбайық. Әке дауыс көтерсе – шеше жақсы, шеше ескерту жасаса әке – тәуiр деп, бiрде олай, бiрде былай секiрiп кетiп үйренген балаларға аналарының «балалар жиын-тойға рұқсат сұрамайды» дегенi қатты-ақ ұнады. Ал әкелерiнiң ауылдан алып келген киiмi ғой – тiптi керемет. Шiркiн, оларда екi дауыстан болса ғой, бiрiн – әкесiне, бiрiн шешесiне берiп, екеуiн де разы қылатын едi де, өздерi әкелерi әкелген киiмдi киiп, рұқсатсыз-ақ жиынтойға кете беретiн едi. Алты бала дәл осы жолы да қатты-ақ қиналды...
Жанартау д д Махмұд Қаражахан ғой, уәдеден шөмеле үйiп, жұмақты бiр табан болса да бері жақындатып, даусыңды бермесiңе қоймай, алдап-арбап, қорқытып, төбеңнен төнiп келе жа тыр. Зерда ғой, сайлау жақындаған сайын берекесi қашып, өзi айтқан «демократиялық құндылықтарға» өзi сенуден қалып, әйел екенi есiне түсiп кеткенде «дауыс бермесеңдер, қойыңдаршы» деп балаларына өкпелеп, «сен-ақ түсшi сол сайлауға, қарық қылғаныңды көрейiн» деп күйеуiне күңкiлдеп, байкот жариялап, үй iргесiне барып терiс қарап жатып алды. Одан жалыққан кезде: «Сенiң не iстеп жүргенiңнiң бәрiн ауылға айтам. Қарабет қылам», – деп Махмұд Қаражаханға қолын шошаңдатып сес көрсеттi. Әйтеуiр, сайлауға ол да өзiнше қам жасап жатыр. Қаны қызу Махмұд Қаражахан Зерданы атып тастағысы келiп бiр отырды да, «қой, балаларым шулап, сайлауға кесiрi тиiп кетер» деп өзiн сабырға шақырды. Ал сайлау ғой күн санап жақындап келедi... МӘДЕНИЕТ ПЕН МОНША Ауылдағы жалғыз монша жұмысын тоқтатқанымен төрт дүниесі түгел қалпы, өзімен-өзі оңаша ғана тұрған бола тын. “Дүкенді бұзып әкеткен бастықтың баласы қаладан қатырып тұрып үй салып алыпты” деп жұрт шулап жатқан да ол “артық-ауыс” тақтайлары мен қоршауынан айырылып қалды. Клубта соңғы рет кино мен концерт қашан болғанын ешкім есіне түсіре алмай өзара дауласып жүргенде монша шатыры мен тіреулерінен де көз жазып қалды. Ауылдағы үйлердің алды тозып, біразы қаңырап бос қалып, кейбірі дүкеннің ізімен қалаға аттанып кеткенде, шөп басып қалған тас жолмен “биыл мәдениетті қолдау жылы екен” деген оқыс бір хабар жетті. Халық бұл жаңалықты қалай қабылдарын білмей, “Құдай-ау, мәдениет әлі тірі ме еді? Азаматым-ай, ол да біз жаққа мойын бұрған екен-ау” деп, абыр-сабыр болып тұрғанда қолға ілігер ештеңесі қалмаған моншаның жалаңаш қабырғалары гүрс етіп құлап түсті...
Қ. Әбілқайыр д д АУЫЛ КӨРГЕН АЛТЫ ҚАЗА Шамамен өткен ғасырдың 90-жылдары Ауылдың денсаулығы қатты сыр берді. Тынысы тарылып, бір орны нан қозғала алмай жатып қалатынды шығарды. Ешқайда бара алмайтын, ешкіммен қатыспайтын мүскінге айналды. “Жығылған үстіне жұдырық” болып, кейде бір қинала қалғанда бас сұғып, дамылдап қайтатын Аурухана мен Дәріхана деген егіз қызы көз жұмды. Онсыз да денсаулығы болмай жүрген қарт осыдан кейін қатты теңселіп кетті. Көп ұзамай Мәдениет үйі қайтыс болды. Ол кейде бір осы үйде отырып, ақжарқын ұлының әндерін тыңдайтын, әртүрлі киноларды қарайтын, кәдімгідей көңілі көтеріліп, желпініп, кеңк-кеңк күліп қайтатын. Енді міне, екі иығы салбырап, сақалынан тарам-тарам жас тамып, оны ешкімге көрсеткісі келмей, шал тағы бір ұлын о дүниеге шығарып салып тұр. Мәдениет үйімен тете өскен Кітапхана да аға-әкпелерінің ізімен аттанып барады. Әкей мүлде тұралап қалды. “Жұт жеті ағайынды” деген емес пе, осы үйдің еркесі хәм кенжесі Балабақша да бір-ақ күнде шетінеп кетті. Дәл осы қаза қабырғасына қатты батты ма, бұған дейін сыр беріп, үн шығармаған ақсақал “Кенже де кетті. Менде енді болашақ бар ма, жоқ па?” деп кемсеңдеп тұрып жылады... Ауыл қазір сүзектен тұрғандай құп-қу. Ол, жүрген жері мереке мен берекеге толы Дүкен деген қызынан да айы рылды. Ең бастысы, Дүкеннен бір-екі бала қалды. Олар дәл анасындай ас та, төк жомарт болмаса да, аталарының азды-көпті қыжалатын айырып беріп отыр. Оның ендігі жалғыз тірегі, осы күнге дейін талай рет қалталақтап кетсе де құламай келе жатқан бірден-бір үміті – Мектеп. Ауыл енді бәрінен күдерін үзіп, бар көзқуанышы Мектеп болып, соны ғана алданыш тұтып, тұрып жатыр. Күндердің күнінде ғайыптан тайып, Қаладан “Ауылды қолдау жылы” деген бір сәлем келіп жетті. Қала ертеректе алысқа кетіп қалған тұңғышы еді. Кеше өзінің құшағынан шыққан, бұл күнде тасбауыр болып кеткен Қаладан қанша қол үзіп қалса да, шал кәдімгідей-ақ елеңдеді. Амал
Жанартау д д нешік, Қала алаулатып-жалаулатып келгенімен ел еңсесін көтеретіндей ештеңе де жасаған жоқ. Бірақ “қарап жатыр мын” деп елді тура үш жыл дүрліктірді. “Біреу-міреу көрсе өзіме кесірі тиер. Сөз болып жүрмесін” деп ойлаған Қала қарияның ел көреді-ау деген жерлерін өйтіп-бүйтіп түзеген болды да, сосын, бар байлығын өзіне заңдастырып алып, басқа да, өзі де жалыққан кезде Ауылды тағы да назардан тыс қалдырып, жайына кетті... ЖҮЗ ОТЫЗЫНШЫ АТАМАН – Құлболған мырза, алдағы күндерде қазақ тілін дамыту үшін нақты қандай қадамдар жасамақсыз? – Осы сендер қызықсыңдар! Жалпы, қазақ халқына мен қатты таң қаламын. Бірде тілдеріңді бұлдайсыңдар, біресе өздеріңді саудалайсыңдар. Сонда қазақтан басқа ел тоқалдан туды ма? Туса да теңдік алатын кезі жетті емес пе? Мәселен, дәл қазір мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ресми тіл орыс тілі деп бекітіп қойдық. Мұны аз күнде сауда тілі – ұйғыр, дөңайбат тілі – шешен, құрылыс тілі – түрік, мыстың тілі – кәріс деп немесе 365 күнді екі күн татарша, екі күн немісше, екі күн дүнгенше сөйлейтін етемін. Бұл ортақ үйіміздегі, айтпақшы, осы сөзді де өзгерту керек, бұдан былай жатақханамыздағы татулық үшін де, 130 ұлттың на мысы тапталмауы үшін де өте орынды болмақ. Айтпақшы, осы 130-ға шүйлігіп жүргендер де бар. “Қазақ қана ұлт, қалғаны ұлыс”, “Ресейді ғана көпұлтты мемлекет деп айтуға болады” деген сыңарезу пікірлер жиі кездесіп жүр. Бізге ұлтшылдықты қоятын уақыт жетті емес пе? Ұлтшыл болам деген Тұрар не болды? Әлихан мен Мағжан қайда қалды? Одан да жылы үйіңде, бала-шағаңның ортасында отырып, өзің бас болып, мүмкіндігіңнің барында қалған тілдерді үйреніп алмайсың ба? Бар-жоғы 129-ақ тіл ғой... – Талай жылдан бері жоғары қызметте жүрсіз. Осы уақыт ішінде қиналып жүрген көптеген адамдарға көмегіңіз тиген болар?
Қ. Әбілқайыр д д – О, әрине. Мәселен, жақында маған бір еврей жігіті жолықты. Алдыңа келіп жағдайын айтып тұрған соң жүрегің тас болмаса көмектесесің ғой. Өзім қолдап, көп болып қолғабысымызды тигізіп, дүниежүзінің ең алдыңғы қатарлы миллиардерлерінің қатарына қостық та жібердік. Тәуба, әлі күнге сол жерде отыр. Еліміздің мақтанышы, айбыны, абыройы. Басқаларда ғана емес, бізде де сол бір ерекше жаратылған ұлттың барына нақты дәлел. Өз ағамыз ғой, бір өзбекті де сол биікке шығардық. Кімнен кем? Отыр сын! Негізі, қазір бізде байлар өте көп. – Сонда біздің елде 130 ұлт бар дегенге сіз расымен сенесіз бе? – Сен не, мені мазақтап отырсың ба? Әуелі, керек десең біз қазір жүз отыз емеспіз. Жақында мен Чукотияда бо лып қайттым. Кәдімгі тірі чукчамен көзбе-көз кездестім. Жаным-ау, мұздағаны сонша, иттің терісін етік, иттің терісін малақай, иттің терісін тон қылып, байқұстарда жалпы иттен басқа не бар дейсің, дірдек қағып зорға жүр. Ұзын сөздің қысқасы, әлгіні отбасымен Көктөбенің төріне көшіртіп әкелдім. Шағын ғана үш қабатты үй ұсындым, балаларының әрқайсысына бір-екіден таңдаған көліктерін бергіздім. Сосын, тағы бірде шетелдіктер қуалап жүріп қойдай қырған, бұл күнде қызыл кітапқа енген үндістердің біреуін қоймай жүріп Африканың бір түкпірінен тапқызып алдым. Ақшам кетті дегем жоқ, уақытым шығын болды деп тағы міндетсіп жатқан жоқпын. Сол үндіске қазақтың бір таңғажайып аруын алып бердім де, Астананың қақ ортасынан бес бөлмелі үй сыйладым. Сондықтан қазірдің өзінде біз, шүкір деп айтайық, жүз отыз беске жетіп қалдық. Алдағы күндерде, көзім тірі болса елдегі ұлт санын екі жүзге жеткізбек ойым бар. Сен де, сен сияқтылар да қазақ, қазақ деп қақсай бермей, осындай жанкештіліктерді де бір уақыт насихаттап тұрсаңдаршы. – Қалай дегенмен де... – Қоя тұр, ең бастысын айтпаппын ғой, біз тәуелсіздік алған он бес жылда елімізге келіп, күйеу бала болып үйренген және үлгерген қытай, шүршіт, ағылшын, үнді
Жанартау д д сияқты таңсық ұлттарды да өз санатымызға қосып, алдағы уақытта араларынан президенттік сайлауға үміткерлер табуымыз керек. Әрине, олардың көбі қазір құрылыста, ме дицина саласында немесе оқу орындарында жүр. Дегенмен, әділдік үшін бізге осындай қадамдарға да бару керек. Олар неге өз елдерінен басқа жерде ел басқаруға, жақсы тұруға немесе өз тілінде сөйлеуге құқылы емес. – Енді алға қойған жоспарларыңыз жайында айтсаңыз? – Жоспардан бұрын айта кетер бір нәрсе бар. “Біздің ұлан-байтақ жерімізде 130 ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатыр” дегенімізбен әлі де теңдік жоқ екен. Бізде бір ғана ұйғыр ауданы бар. Сонда орыс ауданы, кәріс ауданы, неміс, ше шен аудандары қайда? Жалпы әділдік қайда? Парламент пен Сенаттан әр ұлтқа бір орын беру мәселесі де енді-енді ғана сөз болып жатыр. Сол жерде отырған қазақтарыңды да көріп жүрміз ғой. Мұрындарының астынан міңгір-міңгір еткеннен басқа сен айтқан қазақ үшін солар не істепті? Олардан көрі менің 129 ұлтымның марғасқалары артық. Енді жоспарға оралайын. Мен қазір бір киім тіккізіп жатырмын. Қалпағы жүз отыз қырлы, әр қырға жүз отыз ұлттың ою-өрнегі салынған. Жейдесі мен шалбары да осын дай. Ал қыздардың көйлегі – өздерің айта беретін қазақтың қос етек көйлегі болушы еді ғой – дәл сол көйлектей жүз отыз етекті, жүз отыз өрнекті, жүз отыз бояулы болмақ. Мемлекеттік туымызды да дәл осылай өзгертпек ойым бар. Бұл біздегі ұлттардың саны өскен сайын өзгеріп отыратын болады. Яғни, көйлекке етек, қалпаққа қыр қосыла береді. Ал әнұранды мүлде қайта жазғызам. Әнұран кез келген шағын салтанаттың өзінде жүз отыз тілде айтылатын бола ды және жүз отыз ұлттың арғы-бергі тарихынан толықтай сыр шертетін зарға, мұңға, қуаныш пен толғанысқа толы болмақ. – Сонда қазақтар тағы да шетқақпай қалмақ па? – Тоқта, тоқтай тұр енді. Сөзді бөлме. Қазақтарың жайлы көп әңгіме жоқ. Немене, кішкене күндеріңде ата-аналарың сендерге “қонақ кеткен соң жейсің”, “қонақ кеткенше ойнай тұр” деп ескертпеп пе еді? Әлде қонақтың аяғына оралғы
Қ. Әбілқайыр д д болма деп қабағын суытып, жаз болса далаға, қыс болса бір бөлмеге тырқыратып қуып тықпап па еді? Сонда қонақтар аста-төк дастарханнан қарбыта асап жатқанда есіктің саңылауынан сығалап, жұтынып қана тұрмап па едіңдер? Аспаннан енді түскендей бола қалатындарың не осы? Бізде ата көргенбіз, бізде бір кезде қазақ болғанбыз. Дәстүр сабақтастығы дегенде менің ойыма бабаларымыздың осы бір қасиеті орала кетеді және өте қатты ұнайды. Қазір де дәл осылай болуы керек. Өз жеріңде отырсың, сендерге ешкім бір жаққа көш деп жатқан жоқ. Не болды сонша сұғанақтанып? Не болды басқа ұлттардың көзінше қайтақайта күбір-күбір етіп? Басқа ұлттар тойынсын, ішсін-же сін, қалағандарынша алсын, апарсын алғандарының бәрін апаратын жақтарына. Қалады ғой, бәрін көтеріп кетеді ғой дейсіңдер ме? Сол қалғаны да жетеді. Тәуба десеңдерші осы күндеріңе. Тәуба! Баяғыдай қалаға кіргізбей қойса, қалаға кіре қалсаңдар баққа маңайлатпай қуса қайтер едіңдер? Қызық, ей, осы қазақтар... – Қазір құлақ кесу, қуалап жүріп адам ату, көзі қарай ған келімсектердің ұл мен қызды айыра алмай қалуы, Қошқарбай айлыққа он екі мың теңге алып жүрген кезде Шынароғлының айлыққа он екі мың доллар алуы көбейіп барады... – Осы жерден қоя сал. Ей, айналайын, бір құлағыңды кессе екінші құлағың, бір көзіңді ойса екінші көзің бар. Құлағың мен көзің түгел болғанда не қиратып едің? Алдыңды көресің бе, дыбысты естисің бе, болды емес пе? Ал, екеуін бірдей кесіп алса қайтер едің? Бәріңді бір-ақ қырып тастады ма? Кетсе, бір-екі адам о дүниеге кеткен шығар, яғни, ажалы жетіп тұр, соған бола ұлтаралық татулыққа сына қағамыз ба? Басқалардан қазақ ақшаны аз алса, ол өз елінде отыр. Шынароғлы біздің жерде қай жетіскенінен жүр дейсің? Нан тапсақ, бала-шаға бақсақ деп қаңғуда. Қарайық та жағдайларына. Жалпы, осын дай сөздерді қоймасаңдар, дәл осылай күңкілдей беретін болсаңдар өз обалдарың өздеріңе! Ұқтыңдар ма?!
Жанартау д д ШОЛАҚ МЫЛТЫҚ Маған, біздің қазіргі қоғам – көзі суқараңғы соқыр, құлағы тас бітелген керең, мұрыны мүлде иісалмас, тек үңірейген өте қорқынышты қап-қара өңеші ғана бар үлкен мылтық болып елестейді. Арғы ата-бабаларымыз осы жарақты көрмей-ақ өмірден өтті. Бергілері өлген-тірілгеніне қарамай қарсы шауып, мылтығыңыз не зеңбірегіңіздің өзін турап тастады. Біраз жұрт тарс еткен даусы естілсе, екі құлағын жауып жата қалатын әдет тапты. Тәуелсіздік деген жақсы екен, бұл күнде бәріміз иығы мызға бір-бір мылтықтан асып алатын болдық. “Сахнада ілулі тұрған мылтық қойылым аяқталғанша бір атылуы керек” дейді ғой білетіндер. Сахнадағы мылтық өз-өзінен атылып жатқан кезде иықта жүрген мылтық қарап жата ма? Бір-ақ күнде белгілі, белгісіз себептермен тарс-тұрс атыс басталды да кетті... Күндердің бір күнінде шолақ мылтық соқыр көзін тырнап ашты. Ғайыптан тайып жанары шырақтай жанған мылтекең өзінің мүлде ел назарынан тыс қалғанын, жападан-жалғыз көліктің артында жатқанын көрді. Ал дыңғы орындықтағылар мәре-сәре болып, өзді-өзі гу-гу етеді. Мылтық бұған қатты арланды, тіпті, намыстан күйіп кете жаздады, мұны бастарына көтеріп қастер тұт пай бос әңгімемен келе жатқан жандарды тап қазір жер жастандырғысы келді. Жазушылар біреудің біреуге кек тенген тұсын “атарға оғы болмады” деп суреттеуші еді ғой. Мылтықта, Құдайға шүкір, оқ дегенің жеткілікті еді. Оқ болғанда да атан түйенің тұяқ серпуге шамасын келтірмейтін адуын оқтары бар болатын. Соған сенген Мылтекең “бұлардың қайсысын атам?” деп ұзақ ойланып тұрмады. Араларындағы серкесі, өз ісінің білгірі, біреулер үшін көзге шыққан сүйел болған жас банкир, жас та болса бас банкир, осы арадағы ең бір аяулы жанды ол шүйде тұстан көздеп тұрып, шүріппені басып кеп қалды. Одан арғысы саңырау мылтықтың да, кімнің қолынан опат
Қ. Әбілқайыр д д болғанын өзі ғана білетін, мүмкін білмейтін жанның ұзын сапарға бірге шыққан сенімді достарының да есінде жоқ. Бәрі келісіп алғандай не болғанын, кім атқанын ұмытты. Тек көз алдарында көліктің алдыңғы терезесіне шашылған қыпқызыл қан мен мидың суреті ғана мәңгілікке қалып қойды... Күнді қуып түн өтті, түннен қашып талай күн өтті, бұл оқиға да ақырын-ақырын көптің көңілінен өше бастады. Бұл жағдай ылғи назарда жүргісі келетін мылтыққа мүлде ұнаған жоқ. Ол енді қайтадан нысанасына ілуге лайық алып адам іздей бастады. Талай жерді тынымсыз кезді, талай есіктерден рұқсатсыз өтті, талай терезелерден зымян оймен сығалап тұрды, менмін деген ерлердің ту сыртынан тың тыңдады. Ұлтшыл болғансып, елдің қамын жегенсіп, өзі де сенбейтін бір сөздерге көпті ұйытпақ болып жүрген біреулерге ол оқты шығын қылғысы келмеді. Үкіметке жақпай, ұлтшылдарды жақтырмай, үлкен билікке келе алмай, біржолата қол сілтеп тағы кете алмай, не адамға не заманға күйлерін білмей, байына ренжісе төркініне барып жатып алатын, төркіні көңілін қалдырған күні сығырайып қайта келіп тұратын әтуерсіз әйелге ұқсап, бірде қосылып, бірде қайта ажырасып, бастары әңкі-тәңкі болып жүрген оппозициядан атуға лайық адам табылмады. Біз елдің қаймағымыз дейін десе қаймақ түсетін сүті маңызынан ай ырылып, су болып кеткен, айтса сөзі өтпеген, үйге де, елге де қадірі қалмаған, ұлтына жанын садағалай алмаса да, сөзі Толағайды тауымен бірге көтеріп алардай ірі, бірақ жемежемге келгенде іріп ала жөнелер тым жайдақ, бірін-бірі әспеттеп “зиялы қауым” деп қоятын топтан лайығыңыз не, көз тоқтатып қарайтын біреуді кездестіре алмай ол қатты қиналды. “Жаман иттің атын бөрібасар қояды дегендей, зиялысын бұлардың” деп тісін шықырлатып қойды. Сөйтіп жүргенде, кенеттен, ақпанның аппақ түнінде, мүмкін, көңілсіз бір күнінде оның көзіне еңгезердей бір қазақ түсе қалды. Қазақ болғанда қандай?! Нағыз марқасқаның өзі. Айтсаң ауызың толатын, атсаң оғыма обал болды-ау демейтін мықтының мықтысы, халыққа жасаған сансыз жақсылықтары мен көпке ұнаған батыл қадамдары үшін бұл
Жанартау д д кісіден қанша оқ болса да аямаған жөн. Сонымен, мылтық терезеден ұрлана басып кірді де ақырын барып ол кісінің жұп-жұмсақ орындығының үстіне жата кетті. Батыр аңғал деген емес пе, “Бұл не қылған мылтық? Оны мұнда кім қойды? Жалпы, бұл мұнда не қылып жүр?” деген сауалдарға маңқиған ерің жауап іздеп жатпады. Жас баладай алаңсыз көңілмен, саятшылыққа деген асқан құмарпаздықпен ол мылтықты қызықтап, аударып-төңкеріп ұзақ қарады. “Осы мен мені атып қалса, өлер ме екенмін?” деп те ойлады. “Е, өлсем өлермін, өлмесем тағы көрермін. Соны да сөз деп... Осы мен қартаяйын дегенмін-ау өзі” деп, өзін-өзі бір жазғырып алған қазақ көп ойланып жатпастан мылтықты бүйіріне тақап тұрды. Сосын, “Қой қатын-бала естіп қойса, қанды көріп жылап есті шығарар” деді де мылтықтың ұңғысына дауысты естіртпейтін шұлық кигізді. Кигізді де “ұрыста тұрыс жоқ” деген емес пе, осы жер лайық-ау деген жерден ақырын ғана тырс дегізді. Алыптың аты – алып. Бір оқ оған маса шаққандай да әсер еткен жоқ. Мылтық болса намыстан жарылып кете жаздады. “Мұны қара” деп аң-таң болған батырымыз жанын қинап, өз қолын өзі қайырып апарды да арқа тұсынан тағы бірді басып қалды. Еріңе бұл да сөз емес екен. “Бұл күнгінің қаруын қойшы, билігінде де қауқар жоқ. Алпысты алқымдаған мені ала алмаған сендер де ұзаққа бармассыңдар” деп кеңк-кеңк күліп, ойынның қызығына біржола кіріп алған алаңғасар ұл енді мылтықты дәл басына кезеді. Ызадан жыларман болып, қалш-қалш етіп тұрған мылтық осы сәтті құр жібермеуге қатты-ақ бекінді. Дегенмен, бұл қоғамның былығы мен шылығы қат-қат болып жатқан басқа оқ түк те істей алмады. Амалы таусылған мылтық ұнжырғасы түсіп сілейді де қалды, ал арда қазақ “таң атқанша қансырап өлсем, өлдім. Болмаса мына мылтықты алып барып ел-жұртты бір күлкіге қарық қылайын” деді де көрпесіне оранып жатып қалды... Тағы да талай күн өтті, түн өтті. Ол өзіне лайық адамды іздеуден шаршаған жоқ. Осы дұрыс-ау деген талайлардың тізімі жасалды. Қайта сызылды, қайта қаралды. Кейбіреуі нің тұсына сұрақ белгісі қойылды. Ұзын сөздің қысқасы,
Қ. Әбілқайыр д д ол асықтың ішінен нағыз құлжаның алтын сақасын көрді. Мылтық оны жәй ата салғысы келмеді. Асықпай сөйлесіп, есептеспек болды. Иліктірсе, аяғына жықса, ең болмаса, өзімен санасатындай, айтқанына көнетіндей етсе, ол өзін жердегі “Құдаймын” деп ұялмай мәлімдейтін еді. Мойнына қарғыстан алқа таққан мықтының бар арманы орында ла берсін бе? Ойлағаны іске аспады. Сонша күн торып, оңашада олжалап, адам құқын қорғаушыларға адам құқын қорлатып алып келген жаны қасқайды да тұрды. Оның көзіне тура қарауға мылтық екеш мылтықтың да жүзі шыда мады. Сарғыш өңі күнәдан қап-қара болып, кісі қарағысыз күйге түскен бетін жасырған қалпы есіл ердің ту сыртына шықты да, оқ жұмсады. Мылтық өзіне қарсы тұрады-ау деген шоқтығы биік ұлдың бәрін атып тауыстым деп ойлады. “Енді мені ешкім де тоқтата алмайды, мен теңдесі жоқ билік иесімін” деп масайраған ол айдың-күннің аманында тыныштығын күзетіп тұрған біреуді тарсылдатып тұрып атты. Сосын, көпшілікке қарады да “Маған не істеп аласыңдар. Сендерді ұрғаным бар ма?” деп доқ көрсетіп, жырқ-жырқ күлді... Мылтекеңнің әрбір қадамы біраз жұртты расымен-ақ құлағын жауып жата қалуға үйретті... Басым бөлігін тым қатты ашындыра бастады. Қ-НЫҢ ҚАСІРЕТІ Біз білгенде Қ-ның Ө, Ң, Ғ, Ұ деген қолдың саласын дай туған інілері мен Ү, І атты көздің жауын алатын қа рындастары бар еді. Осы бір отбасы өзі-өз болғалы еш жақсылық көрмеді, бағы жанбады. Өз үйінің төрінде оты рып қыспаққа түсті, теперіш көрді. Бұлар да бір ел екен-ау деп оларды елеп-ескерген, санасқан ешкім болмады. Өзінің аяқ асты болған көңіліне Қ-ның кейде бір көнгендей де райы байқалатын, тек бәріне мойынұсынған, құл екенін бар болмысымен мойындаған сананың бір түкпірінде қалған жасудай ғана жарықтан болар-болмас намыстың қозда қалған шоқтай боп, бір сынық сәулесі
Жанартау д д көрінеді. Көрінеді дегеніміз әрине көбейтіп айтқанымыз. Ол сәулені Қ-ның қалған бағын көп көрген кез-келген көлденең біреу үп еткізіп үрлеп немесе шырт еткізіп бір түкіріп, ерінбесе «сарылған сенікі, сарыған менікі» деп, асықпай отырып дәрет сындырса да шыж етуге шамасын келтірмей өшіре алады. Оған талап қылып, бізге бұлардың енді не керегі бар деп, дөңайбат көрсетушілерді кешегі та рихтан да бүгінгі қоғамнан да көптеп кездестіруге болады. Ақиқатын айту керек, негізі, Қ-ның көңіліндей көңіл, Қ-ның даласындай дала ешкімде жоқ. Оның дархандығы мен даласының кеңдігі, байлығы, бір-бірімен астасып жатыр, мынау Қ, ал мынау оның жері деп ол екеуін айыра алмайсыз. Керек десеңіз екеуін жекедара көре қалсаңыз қайсысы Қ, қайсысы жер деп аң-таң боласыз. Өйткені, екеуі де етек-жеңі кең, жоқ деуді білмейтін патшакөңіл, ақ-адал, қойны-қоншынан қазынасы төгілген, ол төгіліп қалды-ау, одан кедей-кепшікті қойшы – несібесі ғой, ұрықары да аузы-мұрнынан шыққанша алып жатыр-ау демейтін ақпейілдер. Сонымен, сол Қ-ның, Қ-ның ғана емес бірге туған ініқарындастарының басына күн туғалы біраз ғасыр алмасып үлгерді. Қ-ны ешбір ғасыр аямады, өкшесіне темірден нәл қаққан етігімен де, нәжіс мыжып кеткен табанымен де жаншып өтті. Ғасырмен бірге келген зауалдардың бәрі осының көрген зәбірі аз емес қой, ең болмаса біз ма засын алмайықшы деп, Қ-ны айналып өтпеді. Дәл қазір құр сүлдері ғана қалған, жанын шүберекке түйіп жүріп жинаған абыройынан күн өткен сайын айырыла бастаған Қ-ның жүрегін езген қайғыдай қайғы, жанын азапқа салған мұң мен шердей қасірет жер бетіндегі бір тіршілік иесінің басында жоқ екеніне мен бәс тігемін. Қ, Қ болғалы талай азапқа да, қорлыққа да, келемежмазаққа да қалды. Оған күлмеген, оны әжуаламаған, оны бір сәтке болса да жәйына қалдырған ешкім болмады. Тіпті кейде, кейде ғана емес-ау, осы бір тірі қуыршаққа айналғанына өзі қашан көніп кеткенін ұмытқан күннен бастап Қ-ның өзі де айнаға қарап отырып, әне жерін бір,
Қ. Әбілқайыр д д мына жерін бір шұқып, өзін-өзі күлкі қылатын болды. Он екі мүшесінің біреуі артық сияқты көріне ме, әні ән емес иесінен адасып қалған аш иттің ұлығаны сияқты ма, ұлттық киімі үстіге қона кетпей өрескел ербиіп тұра ма, қалай өзі, әйтеуір бәрінің де әтуері кетіп тұр. Осының кез-келгенін күлкі қылам десе басқалардың құқы бар және мазағы өте орынды сияқты көрінеді де тұрады. Ол бірдеңені айтсам дұрыс болмай қалып, бәрі ду ете қалады-ау деумен, әлде нені қолға алсам бүлдіріп алып, бәрі жағамнан алады-ау де умен, ел өткен замандарға тастап кеткен жаман әдеттердің, күл-қоқыстың, ескі, керексіз нәрселердің ішінде жарбиып әлі отыр. Ал оны сол жерден шығарып алайын-ау, осы біз кезінде қаңғып келгенде бәрімізді кең етегінің астына сый дырып еді-ау дейтін тірі пенде жоқ. Қайта Қ-ны біражола сол күл-қоқыспен бастырып тастауға бар күш-жігерлерін жұмсап жатыр. Сен басқа, мен басқа демей, дәл осы істе бәрі де, жүз отыз ба өздері, әлде жүз жиырма тоғыз ба еді, қойшы әйтеуір олардың көп екені даусыз, қолдарында жүз отыз тас, мүмкін жүз отыз мылтық бар, тарсылдатып атқалы жүр. Атқалы жүр деппін-ау, жан-жақтан тарсылдатып атып жатыр. Айтпақшы, жылады деген осы екен деп, еңіреп, езіле беріппіз ғой. Жақсылықты да айтайық. Жақында Қ-ның бағы ешкім күтпеген тұстан лау етіп жана жөнелді. Бұл деген бұған дейін еш жерде болмаған, әй бұдан кейін де бола қоймайтын ерен қуаныш еді. Қызық болғанда, бұл шаттық Қ-ның ағайын-тумаларын да, қарсыластарын да қатты қайран қалдырды, тіпті, есеңгіретіп кетті десе де бо лады. Қ-ның еңсесі езіліп бітті, жұлыны әне-міне дегенше үзіліп кетеді деп, енді оның өлексесін сасып кетпей тұрып тез арада жеп алайық деп жаланып, тырнақтарын қайрап, тұмсықтарын тазалап отырған қарға-құзғын да, айналама күлкі болып, еріккенде ермекке айналып, солардың аз да болса көңілін көтеріп, әлі де біраз күн жүре тұрсам ба екен, әлде үндістерден қай жерім кем, бір-ақ күнде жер бетінен жоғалып кетсем бе екен, қайтсем екен деп екіойлы болып, әрі-сәрі күй кешіп жүрген Қ-да елең етіп, көңілінің түбінде
Жанартау д д қалған тамшыдай ғана үмітпен, жердегі басын көтеріп алды. Жақсылық пен жамандық Жаңа жыл сияқты емес, дабыраны онша жақсы көре бермейді. Сондықтан болар, екеуі де үй иесін сынағысы келген қадірлі қонақтай апақсапақта сап ете түскенді жаны сүйеді. Бұл жақсылық та дәл солай болды. Қ-ның ойламаған жерінен, Қ-ны мүлде керек етпейтін ортадан бір арда азамат келді де ең қымбат жердің, екінің бірінің қолы жете бермейтін қазыналы орынның кілтін ұстады. Ұстап қана қойған жоқ, өзі кел генге дейін шығып қойған құнды қағаздың – теңгенің бәрін сапырып отырып қарап шықты. Құдая тауба, сол теңгелердің біреуінде не өзінің, не өзі танитын қадірлі жандардың, дос-құрбыларының суреті жоқ екен. Қайдағы бір молда ма, құшнаш па, мүмкін сопы шығар оны кім біледі, басына сәлде ораған бір шалдың – ең болмаса тура қарап түскен 3/4 суреті болса бір жөн ғой – жақтырмағандай бір қырындап түскен суреті тұр. Әлгі ыза мен намыстан жарылып кете жаздады, сонда бұл келмесе бәрі осылай тұра бермек пе? АҚШ-тың долларына суреттерін салғызам десе қолдарынан келіп тұрған мына заманда бұл дегенің сұмдық масқара ғой. Жоқ, бұл тірі тұрғанда оған жол жоқ. Ол бірден іске кірісті. Алдымен ең жоғарыда отырған ағайға барлық жағдайды түсіндіріп хат жазды. Сосын, осылардың ішінен өзіңіз біреуін ұсыныңыз деп ол кісінің жеке түскен суретін, бірнеше кісімен топтаса түскен суретін және өзі бойтұмардай сақтап жүрген ағай екеуінің оңаша түскен суретін салып жіберді. Біраз уақытын жүген-ноқтасыз кет кен қиялына беріп қойған ол жаңа теңгенің бетінен ағайы екеуінің тәтті жымиып отырғанын көрген кезде өзінен-өзі шалықтап, денесіне діріл жүгіріп, жүрегі толқып-басылып қатты балқып кетті. Ол осы бір ойдың таңғажайып елесінен айыға алмай жүрген күндердің бірінде ағайдан “Қазірше оны қоя тұр” деген үшбу сәлем жетті. «Ақыры менің немесе оның, ойбай, қатты кетіп қа лыппын ғой, ол кісінің суреті тұрмайды екен, атамзаманда ана жаққа кетіп қалған айдаладағы бір шалдың да теңгенің бетіне барып шалжиып жатып алар жөні жоқ». Дәл осы
Қ. Әбілқайыр д д тұста айта кету керек, бұл теңгенің бетінен бұған дейін де біраз шал кетіп үлгерген. Біреуі домбырасын, біреуі кітабын құшақтап, енді бірі мұң мен «умға» толы сақалын тарамдап бір-ақ күнде жоқ болды да кетті. Олар аяқтарының ұшынан басып ақырын-ақырын шығып кеткені сонша, байқамай да қалдық па, әлде бір елге бір шал да жетеді ғой деп сабыр шақырдық па, (сабыр етпегенде не қиратар едің десеңізші) тіпті болмаса, басқа шалдардан гөрі осы дұрыс, қай жүз екені онша белгісіз деп ойладық па, көп шамырқана қоймап едік. Осы бір шал да аяқасты жоқ боп кеткелі, бейтаныс үйге тастап кеткен жас баладай қатты жаутаңдап, біртүрлі құлазыдық та қалдық. Қап, мен тағы бірді айтып бірге кетіп, ескі әніме салып, жоқтау айта бастаппын-ау. Барды айтайық та, барды. Сонымен, әлгі тосыннан келді де Қ-ны жарылқады дедік пе? Е, әңгімеміз сол арада үзілген екен ғой. Ол келе салы сымен бар жағдаймен жақсылап тұрып танысты. Әсіресе Қ-ның ағайын-туғанының қасіретін бар ынты-шынтысымен тыңдағаны сонша, олардың маңдайына жазылған күллі қайғыны өз бойына сіңіріп алды. Ұзын сөздің қысқасы, Қ-ны дәл осылай түсінген, оның азасын, талай ғасырларға азық болатын зарын ұққан бұрынғы-соңғыда ешкім болмаған еді. Сөйтіп ол тым ерте тұрды да, игі іске кіріспек болды. Бірақ бір жапырақ қана қағаздың бетіне не жазасың, не сыйдыра аласың. Оның үстіне, алдын-ала жоспарлап, өлшеп-пішіп қойған қағаз бетін түнде бір көзі ілініп кеткен де бала-шаға қойсын ба, армансыз-ақ шимайлап тастапты. Біреуі қолының суретін бастырыпты, біреуі өлген өгіздің ит тартқан терісіндей умаждалған қартаның суретін, ес біліп қалғандары өздері тұратын жердегі құрылыс нысандарын салып үлгеріпті. Енді не істеу керек? Қайта жасауға уақыт тығыз. Бұл енді сылтау, расына келсек, мойын жар бермей тұр. Екіншіден, еңбектерін ескермесең бала-шаға да жылапеңіреп мазаны алады. Ол, осы ақшасы құрғырға кім қарап жатыр, осылай тұра берсінші деп шешті. Ал, қалам тимей таза қалған аз ғана жерге «Ұлттық банқы» деп ойып отырып жазып қойды. Бұл оның Қ-ға жасаған ең үлкен жақсылығы
Жанартау д д еді. Ақыры сені ел елеп-ескермейді екен, ендеше амал сыздан болса да ақшаны алғанда көздері бір түссін. Міне керек болса! Енді ең қызығын айтайын, ол алдында Қ-ның барлық тумаларына қарасқысы келді. Қағазға «Ұлттәқ бөңқі» деп жазып көрді. Сосын, ойланып ұзақ отырды. Қой, бұным ұлтаралық татулыққа сына болып қағылар. Алды мен, Қ-ны көрнекі жерге әкеліп алайын, сөйтіп бірте-бірте басқаларын да көтеремін ғой деді. Ол айтқанында тұрып, көп ұзамай-ақ жаңа теңгені жарқ еткізді. Мұны көрген Қ-ның өлімін тілеушілер қатты тіксініп қалды, мыналарың не, түсі адам танығысыз бірдеңе ғой, бұны бір-бірінен қалай ажыратамыз, ең бастысы, алақандай екі-ақ беттен ертең о дүниелік болатын Қ-ға неге орын бердіңдер деп шу ете қалды. Бұлардың шуы түк емес екен, шудың атасы Қ-ның өз арасынан бұрқ етті. Саяси сауатсыз, арғы тегі надан болған соң осы ғой. Әлгінің астыртын жасаған оң қадамын түсіне алмады, аяқ астынан намысы қозып, бізді қорлады, бұл ұлы қателік деп шуды шуға қосты. Қағынан жерісе де су ішіп жүрген құдығым ғой деп қарасқысы келген ардақтыны бағалай алмады. Шаш-етектен жақсылық жасадым деп жа нары жасаурап, өзінің ісіне өзі сүйсініп отырған есіл ер амал жоқ, бұны істеген мен емес, бала-шаға мен жоқта жазып жіберіпті деп жалтарды. Осындай ұсақ-түйек үшін айдың күннің аманында сыбағаластарын жарға жыға ма, аттарын атауға болмайтын, құрығы ұзын, ұлтаралық татулықты, тыныштықты жаны сүйетін, сол тыныштық үшін Қ-ны құрбан етуге бар, Қ-ның бірге туған қандас ағайыны, бірақ ағайын екенін өлтірсең де мойындағысы келмейтін бір шоғыр ғана қожайын Қ қасқайып тұрған теңгені бір-ақ күнде жоқ қылып жіберді. Ал, құнды қағазға қорықпай қадам басқан Қ-ның тағдыры не болды дейсіз бе?.. Қ-ның ендігі күні не боларын бір Құдай ғана біледі...
Қ. Әбілқайыр д д ДӘРІС ҮСТІНДЕГІ ТҮС (Әзиз Несиннің ізімен) Шаршап-шалдығып, түнделетіп жол жүріп, таң ата әрең дегенде ауылдан келіп жеттім. Әйтеуір, ең бастысы, сабаққа үлгердім-ау. Мен де кірдім, лекция да басталып кетті. Қоңыр дауысты дәріскердің құлаққа жағымды баяу үнмен оқыған дәрісі ұзын жолдан қиналып келген көңілге бір жайлылық сыйлап, тұлабойға толық дамыл беретіндей. Көзім ілініп бара жатып, бір көзімді бір көзім жетелей жө нелмесін деп, партаға соғылуға аз ғана қалған басымды жұ лып алам да, бетімді уқалаймын. Бойымда оған көне қояр, еңсемді тіктеуге атсалысар күш-қуат жоқ сияқты. Қысқасы, іштей ұйықтап қалмайын деп өзімді-өзім қыстап қоямын, бірақ қалғып бара жатқанымды анық сезіп отырмын. …Үлкен бір салтанат сарайы ма, әлде әдемі бір үйдің кең бөлмесінде ме, бұрын өмірі болып көрмеген бір еңселі ғимаратта, мен мүлде танымайтын, жүріс-тұрыстары сондай маңғаз, киім киістері өте келісті, тым маңызды адамдардың арасында жүрмін. Қолыма қызыл шарап құйылған мойыны ұзын тостақ ұстап, бір шетке көл денеңдете жайып қойған ауқымды дастарханнан киви мен бананды шұқып қана жеп айналама тамсана қарап қоямын. Сәлден кейін бір жез қоңырау сыңғыр-сыңғыр ете қалып еді, көпшілік ортадағы үлкен дөңгелек стөлге қарай аяң дады. Маған ешкім қал демеген соң, мен де ел қатарлы орындыққа жайғастым. Мұнда қайдан жүрмін, не үшін отырмын және қай жердемін?.. Оның бірін де біліп болмай мын. Жанымдағылардан жөн сұрай қояйын десем, “Сонша жерден келіп, осындай үлкен мәселені шешуге жиналып отырсақ, не үшін келгеніңді де білмейсің бе?” деп, өзімді сөге ме деп қысыламын. Не болса да мәжілістің аяғына дейін шыдайын, сөз саптастарынан аужайды байқармын, қайда отырғаным да белгілі болып қалар. Жаңылмасам, өте қатты дамыған елдердің біріндемін... – Елімізге қош келдіңіз,– деді төрде отырған біреуі маған суық қарап. О тоба, осыншама адам отырған жерден мені тауып алғанын қарасаңшы.
Жанартау д д – Рахмет,– дедім мен де салмақтанып. Бір сыр беріп қойсам, одан кейін бұлар мені адам дей ме? – Ауыл-елге барып қайттыңыз, не көріп, не білдіңіз, айта отырыңыз. Жайлары қалай екен? Бұған не десем екен? Көрген-білгенімнің бәрін ақтарып берсем, бірдеңені бүлдіріп алмаймын ба? Жоқ, дегенмен, әліптің артын бағайын. Бөтен ел, бейтаныс жерде оты рып, ауылдың қайғы-қасіретін жырламай-ақ қояйыншы. Айтпақшы, бұлар менің ауылға барып келгенімді қайдан біліп алған? Иә, дамыған елдің аты дамыған ел ғой. – Сіздердің ауылдарыңыз мүлде тозып бітуге айналған, ешқандай жағдайы жасалмаған мүшкіл халде дейді ғой. Сол сөз рас па? Қап, шынымды айтып қойсам, кілең ығай мен сығайдың ортасында отырып елімнің беделін түсіремін-ау, ә? Оның үстіне мына тесіле қарап отырған қыз-келіншектердің көзінше зар жылап, мұң шағып отырғаным жараспас. Одан да бөсе берейін де, кім біліп жатыр... – Олай деп сіздерге кім айтты?– деп даусымды ызғар ландырып, түсімді сөз бастаған кісінің кейпіне көшірдім де, сұстана қалдым. – Біз солай деп естідік, – деді әлгі кісі. – Бұл ақпарды сіздерге кім айтса да, қатты қателескен. Меніңше, ол көре алмаушылықпен айтқан. Бізде ауыл дағылар қаладағылардан да жақсы өмір сүріп жатыр. Олар жоқшылықтың не екенін ұмытып қалғалы қаншама уақыт өтті. – Біз сіздердің кез келген ауылдарыңыздан, әрбір үйден жұмыссыз отырған жандарды көруге болады деп естіп едік. – Жала, бұл жала! Таңғы тамақтарын ішер-ішпестен, әр бір үйдің алдынан жұмысшыларды бастықтардың өздері жинап алады. Керек болса, мен сіздерге нағыз шындықты айтайын, олар астарын жұмыс орындарынан ішіп, кешкі алты болмай әндетіп ауылға қайтады. – Ал мәдениет үйлеріңіз бен дүкендеріңіз көшедегі жылқы, сиырдың ыстық пен суықта паналайтын қорасына айналды деп еді, оған не дейсіз?
Қ. Әбілқайыр д д – Не? Сол өзі рас сөз бе?– деп қалды жаңағы әдемі келіншектің бірі маған көк көзін төңкере қарап. Ойбай, тұлабойым шымырлап, қара тырнағымнан бір сезім күллі денемді қыттықтай жүгіріп, басыма бір-ақ шықты. Ер болсаң осындай сұлулықтың алдында “Сиыр мен жылқыға қора болса жақсы ғой. Оның бәрін қолы жеткендер бұзып қалаға алып кетті” деп айтып көрші. – Әрине... жоқ... Шылғи өтірік. Бұл біздің дамуымызға іштарлықпен қараушылардың шығарып алған өсегі. Мәдениет үйі ауыл адамдарынан босамайды. “Айналай ындар жұмыстарыңа барыңдар. Ең болмаса бір уақыт үйлеріңе бас сұғып шықсаңдаршы” деп есіктен итеріп шығарып жіберсең, сынған терезеден немесе құлаған қабырғадан... жоқ, қосалқы есіктен қайта кіріп алып ішулерін жалғастыра береді ғой... Жо-жоқ, ішкені несі, дайындықтарын тоқтатпайды. Бір қараңғы, бір жарықта әуелеген әнмен басталатын үйірме жұмыстары күні бойы бір дамыл таппайды. Иә, иә, онда әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді, сауық кештері өткізіледі, түсте балалар фильмі көрсетіледі, кешкісін үлкендер жиналады. Апта сайын ауыл елі ұйымдастыратын концерттер қаншама. Ал енді дүкендерге келетін болсақ, сөреден не аларыңызды өзіңіз білмейсіз. Сіресіп тұр ғой, сіресіп тұр. Бірін тартсаң соны мен бірге бәрі де сау ете қалайын деп тұрған соң бірдеңені бүлдіріп алып, ұят бола ма деп ешқайсысына тиіспейміз. Ұзын сөздің қысқасы, ауылда қу жаныңа керектің бәрі де бар... – Ауыл-ауылдың арасына қатынайтын бірде-бір қоғам дық көлік жоқ, ел ары-бері жаяу сабылады. Жолдың бәрі шұрық-тесік. Жасалмағанына он шақты жылдан асып кетті деп естіп едік. Кейбір ауыл, аудандарда жарық пен ауыз су да, телефон да жоқ деп еді? Шынымды айтайын, дәл осы кезде оң жағымда отырған бейтаныс біреу мырс ете түскендей болды. Мәдениеттің бәрін бір жаққа ысырып қойып, әлгіге тым өрескел болса да бұрылып тұрып қарап едім, өзіммен қатар оқитын ұлты күмәнді қалалық студентке ұқсайтын біреу маған мүсіркей қарап отыр екен. “Қап, мыналардың қорлығын-ай, ә”
Жанартау д д – Сіздер мұндай жалған ақпарды кімнен алып жүрсіздер? Әлде мені мазақ қылғыларыңыз келе ме? – деп жұлқыныпжұлқынып қойдым. Келіншектің қарағаны тым кербез екен, оны қойшы, маған мынаның қарағаны өтіп кетті. Сол шамданған көңіл-күй қатты әсер етті ме, осы өтірікау, біліп қойса ұят болады-ау деген ой жайына қалды да, әбден арқаланып алған намысшыл басым жалған сөйлеуге намыстанбай-ақ сайрай жөнелді. – Жо-жоқ, біз мүлде ондай ойда емеспіз. Сіз бізді дұрыс түсініңіз,– дейді олар кезек-кезек. – Ендеше, тыңдаңыздар. Менің ауылдан келгенім жаңа ғана. Көрші ауылға қарай трамвайдың жолын жасап жатыр екен де, қанша қаламасам да метромен келуіме тура келді. Ал, ұшақты мен о бастан ұнатпаймын. Кеме дегеніңіз тым баяу жүре ме, поезд екеуі тербетіліп адамды тез шаршатып жібереді. Күніне бес уақыт жүретін автобус та, тролейбус та трамвайдың жолы жасалып біткенше іске қосылмайды. Айтпақшы, сіздердің сөз тасығыштарыңыз соны айтып жүрген болар. Оны өздеріңіз білесіздер. Ал әр үйдің алдын да – жүрмесе де елге айбар болып тұрсын деп, соңғы малын саудалап алып қойған Кеңес одағынан қалған су жаңа жеке көліктер тұр. Баласы есігінің алдындағы мектебіне атпен сүйресе де сол көлікпен барып келеді. Әр ауылдың арасын да бос сабылып жүрген автокөлік қаншама? Кез келгеніне отыр да, кете бер. Бір тиын да алмайды. Ал жарыққа келетін болсақ, оны айтып жатудың өзі ұят. Күні-түні қаңқылда ған радио мен теледидардан құлағың сарсиды. Электр шамының жарығынан көзің қарығады. Сондайда, өздеріңіз айтқандай, шынымен-ақ ата-бабаларымыз сияқты бір уақыт шамды өшіріп, қараңғыда тыныш отырғымыз келеді. – Ке-ре-мет! Мынау ел естімеген жаңалық қой. Біз мүлде қате пікірде болған екенбіз. Сіз кешіріңіз, сонда да біз тағы бір естігенімізді айта кетсек... Мына отырыстан, сансыз сауалдан және үзіліссіз өтірік айтудан жалығайын дедім. Қиялым да таусылуға айнал ды. Осындай үлкен адамдар мынандай алқалы жиынға біздің елдің жағдайын білу үшін ғана жиналған ба? Сонда бұлардың басқа жұмыстары жоқ па? Мен бұлардың орнын
Қ. Әбілқайыр д д да болсам, осы қызметті пайдаланып сауда орындарын, мей рамхана, сауықханалар ашып, болмаса, туыстарымды жақ сы орындарға отырғызып, біраз жерлерді жекешелендіріп алар едім. Ал бұлар “Ондай екен ғой, мұндай екен ғой” деп ұсақ-түйекке бас ауыртып отыр. – Сіздер қарсы болмасаңыздар, мен қайтайын. Асығыс едім... – Сіз ең алдымен жауап беріңіз. Елдеріңізде жергілікті жұмысшылардың жалақысы ештеңеге жетпейді. Зейнеткер лер күнін әрең көріп жүр дейді. Бұған не дейсіз? Осыдан кейін жер басқа жұлдыздарға соғылып қалар болса да шынымды айтсам ба екен? Мүмкін, бұлар бәрін біліп келіп, мені сынайын деп отырған шығар?.. Жоқ, басы қалай басталды, соңы да солай аяқталсын. Қазір қыздықыздымен ағымнан жарылып, бәрін айтып берер болсам, бұлар бірден біздің басшыларға “ауылдарыңыздың жағ дайы өте төмен екен, ел тозып бітуге айналыпты. Міне, бәрін мынау тізіп отырып айтып берді” десе, қолы ұзын билік бір жерге апарып қылдырықтай мойнымды екі бұрап жұла салмай ма? Басқалардан кемсің бе деп, ата салса не месе бір жерге көміп кетсе жоғымды кім жоқтайды. Менен он есе зор, әне-міне ел басқарады деп отырған ірілер қолды болып кетіп жатқанда “Жарайсың, шындықты айтыпсың!” деп менің басымнан кім сыйпай қойсын. Кем дегенде қолым әрең жеткен оқуымнан шығарып жіберсе, қайда барып күн көрмекпін! Қой, “пәледен машайық қашыпты” деген. – Қателесесіздер! Біз жайында мүлде басқа пікірде екен сіздер ғой. Жаңағыдай жағдайы бар ауылдарда ақша көр меді деген не сұмдық! Мұндай дәлелсіз дәйекті қайдан алып жүрсіздер? Ауыл халқы деген ақша ұстаудан жалыққан. Оны айтасыз, ауылымыздағы жыпырлаған валюта айыр бастау орындары ұсақ долларларды алмай, ит қылмай ма? – Сұмдық! Мынау не деген керемет! – Тамаша, нағыз бай мемлекет... – Не деген мықты ел! – деп, айналамда отырғандар дуылдатып тұрып қол соқты. Аяқ астынан үлкен қошеметқұрметтің астында қалдым. Айтқанымның бәрі өтірік болса да мына жағдай маған қатты-ақ ұнады. Кәдімгідей еңсем
Жанартау д д көтеріліп, жан-жағыма қоқилана қарап қоямын. Кенет, мұның бәрі түсім екені есіме түсті. Көңілімнің арғы бір түкпірінен арым әлде мені ылғи түртпектеп жүретін ақ сайтаным: “Ең болмаса түсіңде шындықты айтсаңшы, ел жайын ең болмаса түсіңде ойласаңшы. Ауылдың қайғықасіретін ұмытып кететіндей бастық та емессің ғой”, – деп тынымсыз түртпектеп жатыр. – Демек, ауылдарыңыз өзін-өзі толық қамтамасыз ете алады ғой. Ештеңеге де мұқтаж емес қой? Солай ма? – Әрине, солай! – Олай болса, сау болыңыз. Біз – дамыған мемлекеттер дің ең ірі өкілдері жиналып, сіздерге инвестиция бөліп, ең төменгі пайызбен несие беруді және еш қайтарымсыз материалдық көмек көрсетуді қолға алмақ едік... – Не-ме-не? Қалай дедіңіз? Сіздер мұны неге ертерек айтпадыңыздар. Мен кішкене басқарақ... – Көріскенше! Ауылдарыңызға сәлем айтыңыз. Мен бойымды буған ыза мен өкініштен жылап жібердім. Зәулім ғимаратты да, зиялы адамдарды да есімнен шы ғарып, бар даусыммен зарлана айғай салдым. Осы дауыстан оянып, осы дауыстан есімді жыйсам дәріс аяқталыпты. Мені ары-бері жұлқылап оята алмаған студенттер есікке қарай беттепті. Ал, мен расымен-ақ жылап отыр екенмін… “ДЕДІМ-АЙ-АУ” Атақ пен даңқты кім жақсы көрмейді дейсіз. Кейбі реулерге ұқсап, “мен мақтанғанды сүймеймін” деп көлгірси алмаймын. Кәдімгідей абыройға ие болып, ел көзіне түсіп, ән-жырым халық арасына кең тарай бастаған кез болатын. Өнерімнің арқасында өрісім ұзарып, алыс-жақынға барып келетін, кейде реті келіп жатса шекара асатын дәрежеге қолым жеткен. Бір топ қадірлі жанмен бірге шет елдерді аралап, кездесулер өткізіп, елге келгенім сол еді, қайдан естіп қойғанын кім білсін, кезек-кезек бұқаралық ақпарат құралдары шақыра бастады. Оларды өтірікті тым көп ай татын өсекші деп менсінбегенсіп жүргенімізбен, көздеріне түсе қалсақ немесе олар елеп-ескере қалса бірдеңеден
Қ. Әбілқайыр д д дәметіп, тәп-тәуір-ақ елеңдеп қаламыз ғой. Сондықтан, осы мүмкіндікті жіберіп алмайын деп, сәті келіп тұрғанда оларды бір аралап шыққым келді. Сонымен, алғашқы кездесуді баспасөзден бастадым. Ол жерде мені шашы шұбатыла төгіліп, құлағына дейін жетіп жығылған бір бойжеткен қарсы алды. Әр нені бір сұрап, үстімдегі киімкешекке дейін ұстап көріп, жанымды суырып алғалы тұр. Сонымен қойшы, әңгімемізді бастадық та жібердік. Оның ұзын ырғасы былай болды: – Аты-жөніңіз? А-а, ол белгілі ғой. Туып-өскен жеріңіз және қысқаша өмір тарихыңыз? Жоқ, ол да қызықсыз. Қазіргі оқырманды бұл сауалдар қызықтырмайды. Сүйікті әндеріңіз қандай десем тағы болмайды, ә. Бірден оған кетіп қалсақ тағы пәле. Не десем екен? Е, жаңа есіме түсті ғой. Осы уақытқа дейін неше ән жаздыңыз және неге жаздыңыз? – Алты, жеті әнім бар. Алдағы күнде... – Алдағы күнді қоя тұрыңыз. Сосын, алты, жетіңіз не сіз дің? Республикалық газетке шыққалы отырсыз, күллі елге насихатталудың мүмкіндігі туып тұр. Ал сіз?.. Мұныңыз тым аздау ғой. Кішкене ойлансаңызшы, қосаңызшы. Ең болмаса, он алты, он жеті деңіз. Келістік пе? – Келіскенде енді... Көпшілікке өтірік айтып, газет деген киелі... – Ой, қойыңызшы. Өмір бойы өтірік айтпай келе жат қандай. Отырыңыз онда бес-алты деп... – Енді... – Ендіні қоя тұрыңыз. Одан да әнді неге жазасыз, соған келейік. – Неге жазасыз емес, ән қалай дүниеге келді, не түрткі болды деп сұрасаңыз жөн болар еді. – Қызықсыз. Мені түзеткенше, берген сұраққа жау ап қайтарып тыныш отырмайсыз ба? Әндеріңіздің көбі ғашықтық жайында екен ғой. Соның ішінде басым бөлігі бір қызға ғана арналыпты. Немене, ғашықсыз ба? – Енді ғашық болғанда, тірлік болған соң... – Тоқ етеріне көшіңізші. – Сүйгенім тұрмыс құрып кетті. Соған деген сағыныш, үміт, аңсау көңілден ән болып...
Жанартау д д – Тоқтаңыз. Сүйгенім тұрмыс құрды дегеннен гөрі, өліп қалып еді дегеніңіз жөн болар еді. Кімнің қызы тұрмысқа шықпай жатыр. Жалпы, қыз болған соң күйеуге шықпаған да қайда шығады. Бұл сөзіңіз оқырманды селт еткізе ал майды екен. Ал өлді десеңіз халық сізді аяйды, сізді ойлап, мүсіркей бастайды, ұмытпайды. Әңгімемізді де жақсы қабылдап, тағы кімі өліп қалды екен деп соңына дейін оқып шығады. Болмаса олардың санасына қозғау салу оңай емес. – Шындықтан тым ауытқып кеткен жоқпыз ба? – Ол жағын маған қоя беріңіз. Сонымен, келесі сұрақ. Әнді қай уақытта жазасыз және ән жазар алдында қандай сезімде боласыз? – Ән өзінен-өзі жазылмайды ғой. Кейде бір толқып, бірдеңеден әсер алғанда... – Ой, сіз де. Өйтіп бір сарынға түсіп алып шұбалта жөнелсеңіз, сіздің басқалардан еш айырмаңыз болмай қалады ғой. Кішкене құбылтсаңызшы. Тіпті, жазғым кел генде кез келген жерге отырамын да жаза салам десеңіз, қандай тамаша болар еді. Бұл сіздің өзгеге ұқсамайтын бір ерекшелігіңіз болар еді. – Шындық керек қой, шырағым-ау. – Оны кім тексеріп жатыр дейсіз. Сізге ұқсап “толқып, балқып” деп отырсақ елді жалықтырып алмаймыз ба? Бір селт еткізетін әңгіме айта алмайсыз ба? Мәселен, құлағыма белгісіз бір әлемнен керемет бір әуендер келеді де тұрады. Кейде сол әндерді біреулердің аузынан естимін. Мәселен, Шәмшінің әнін бұрын тусам мен шығарар едім ғой деген сияқты бірдеңе айтсаңызшы. – Қарындасым-ау, бұл сөзің ақылға сыймайды ғой. – Не деген сексеуіл сияқты тырбиып, илікпей қалған адамсыз. Жарайды, құрысын. Келесі сұрақ, ән жазар алдындағы әсеріңіз? – Енді ол әркімде әр қалай ғой. Мысалы мен жалғыз қалғанды, кейде таң ата бақта оңаша жүргенді ұнатам. – Сәл өзгеріс енгізейік. Кішкене қызықтырақ болсын. Ән жазар алдында кейде бір өлгім келеді десеңіз... – Не-ме-не? Сіз біресе қызымды, біресе...
Қ. Әбілқайыр д д – Шошымаңыз. Бұлай десеңіз қайта халықты өзіңізге тартасыз ғой. Елдің назары сізге ауады, сізді сүйіп тың дайтын болады. Таң ата, кейде түн қараңғысында тауға қаңғып кетем де бірнеше әнмен бір-ақ ораламын десеңіз, тіпті қатып кетер еді. Біз осы салада жүрген адамбыз, білеміз ғой, жаным ашып қолғабысымды тигізейін десем, ертоқымыңызды бауырыңызға алып тулайсыз. Өзіңіз біліңіз, маған бәрібір. Дегенмен, әңгіменің тым бірсарынды болып кеткенін өзім қаламаймын. Жарайды, енді соңғы сұрағыма көшейін, осыған келістім деңізші. Е, келіскеніңіз жөн ғой. Сонымен, сүйікті тамағыңыз? – Айналайын, оны да бірдеңе қылып өзің жаза салшы. – Не? Өзің жаза салғаны несі? Сіз бізді кім деп ойлап отырсыз? Мен қайдан білем сіздің нені жақсы көретініңізді. Қойыңыз, біз өйтіп әлдекім үшін жауап бере алмаймыз, біреу айтты екен деп өтірік жаза салып, ертең басымызға бәле тілеп алар жайымыз жоқ. – Жаным-ау, бағанадан бері мың бұрмаланған шындық енді тамаққа келгенде неге керек болып қалды? – Сіз өйтіп бізге жала жаппаңыз. Мен сізге тек түзетулер ғана енгіздім. Айтыңыз, нені жақсы көресіз? Ет, кеспе, күріш, ботқа. Атасаңызшы біреуін. – Бәрін жаза бер, шырағым. Не деп жазсаң да өзің біл. Тіпті жуынды ішеді десең де еркіңде. Тек мені босатшы... Тағы не сұрағаны, одан кейін не болғаны толық есімде жоқ. Баста жатталып қалған жоспар бойынша, теңселіп радиотілшіге барғанымды ғана білем. Ең бастысы, ол жердегі қара баланың жүзі шындық іздеген әлгі қызға қарағанда жылылау көрінді. Қазіргі балалар білімді ғой. Бәрін де өзі біліп отыр. Мені де көп сөйлетпейді. Радио жарықтық та жақсы емес пе, елге әлемтапырақ болған түрім де көрінбейді. Алдымдағы столға жантайып алып, басы артық сөз де айтпастан басымды шұлғып қана отырдым. Сонымен, әне-міне дегенше екеуміз радио толқынында тікелей эфирге шықтық та кеттік. – Бүгін біздің студиямызға қонаққа жас әнші, сазгер Әншырқар Таусылмасұлы ағамыз келіп отыр. Көптеген әндері ел аузында екені бәрімізге белгілі. Оның бәрін сана
Жанартау д д малап жатпай, біз ағамыздың қазіргі шұғылданып жүрген жұмыстарына тоқталалық. Сонымен, аға, жақын арада ғана шет елдерде болып қайттыңыз. Шығармашылығыңызға оның әсері болды ма? – Әрине, басқа ел, басқа жұрт... – Иә, ел көріп, жер көріп, бір шабыттанып қайттым дейсіз ғой. Мына заманда ел аралаудың өзі қиын болып кетті дегендей. – Солай десе де болады. Тіпті... – Онда келесі сұрағымызды қоялық. Елімізге танымал болғаныңызбен, шет елдің аты шет ел ғой. Олар сізді қалай қабылдады? – Мен жалғыз емес едім. Оның үстіне... – А-а, сіздің бір топ белгілі өнер қайраткерлерімен бірге кеткеніңізді, жақсы абыроймен оралғаныңызды, тіпті, бір ән жазып қайтқаныңызды естідік. Енді алдағы жоспарыңыз қалай? Қандай ән жазғалы жүрсіз? – Еліміздегі жүз отыз ұлттың бауырмалдығын негізге ала отырып... – Иә, әрине. Не дегенмен ол жақта да дәл біздікіндей болмаса да халықтар достығын көріп қайттыңыз. Бір ән шығару парызыңыз ғой. Өйтіп шет елге баратын болсақ, біз де ештеңеден аянбас едік. Айтпақшы, тағы бір сұрақ. Мәселен, қазір ауыл өмірі қиындап кетті. Ел талай нәрседен хабарсыз қалып отыр. Міне, өзіңіз де басыңызды шұлғып растап отырсыз. Қиын ғой, қиын. Сонда сізді де қазіргі тірлік алаңдата ма? – Сұрағыңыз қызық екен... Мен сол... – Ауыл өмірі алаңдатып отыр дейсіз ғой. Ол рас. Ауыл өмірі бәрімізді де алаңдатады. Бірақ амал қайсы, бүгін біздің тақырыбымыз ауыл жайлы емес. Ал қазіргі өзіңіздей сазгерлерге көзқарасыңыз қандай? – Енді өнер адамы болған соң... – А-а, түсінемін. Өнер адамы болған соң бәсеке, талас, тіпті, көре алмаушылық деген болады ғой. Несіне жасыра сыз. Сосын, өзіңіздің біреуден ән ұрлаған кезіңіз болды ма? – Жо-жоқ. Ол не дегенің? – Неге қызарып кеттіңіз. Қысылмаңыз. Халық бәрін де аңғарады. Сүйікті ұл-қыздарының әр қадамы ел көзінде. Ал,
Қ. Әбілқайыр д д әңгімеңізге рахмет. Алдағы күндерде табыс тілейміз. Қазір сіздің құрметіңізге... Кешіріңіздер, бізге хабарласушылар бар екен. – Алло, біз сізді тыңдап тұрмыз. – Сәлемет... – Сәлеметсіз. Бірден сұрағыңызға көшсеңіз. – Мен Әншырқарды бала күнінен танушы едім... – Сұрағыңыз. Сұрағыңыз бар ма? – Сұрақ болғанда енді... Әншырқар қай шетелге барды дедіңдер? – Батысты аралап қайтты, батысты... – Ой, тоба. Оның әкесі мына тұрған Алматыны көрмейақ ана жаққа кетіп қалып еді. Бұл қалай батысқа барып жүр? – Талантының арқасында... – Талант, қайдағы талант. Ондай бір-екі ән осы ауылдағы бәрімізде бар ғой. Айтпақшы, менің де бір... – Кешіріңіздер, байланыс үзіліп кетті. Енді құрметті қонағымыздың құрметіне... Тағы да кешіріңіздер, бізге тағы біреу хабарласып жатыр. Алло, біз сізді тыңдап тұрмыз. – Мен бірден өз ойымды айтайын. Сіздер Әншырқар деген сазгерді студияға шақырғандарыңызбен біз оның бірде-бір рет дауысын естіп те жарытпадық. Теледидар болса ғой ең болмаса түрінің қандай екенін көретін едік, радиода отырып... – Сауалыңызды түсіндім. Сіз Әншырқармен оңаша сөйлескіңіз келсе хабар аяқталғаннан кейін ол өз телефонын берер. Ал, қазір сіздің ең танымал әндеріңіздің бірі “Дедімай-ауды” берсек пе деп едік, әттең бізге берілген уақыт аяқталып қалыпты. Әуе толқынында келесі кездескенше хош-сау болыңыздар. АҚЫШ ПЕН ТӘТІШ Түнгі он екілер шамасы еді. Ұйқым келе қоймаған соң ермек болатын ештеңе таба алмай есіктің алдында ерігіп отырғанмын. Көрші ауладан шыққан айғай-шу орным нан жұлып алды да екі аяғыма ерік берместен дедектет кен күйі шарбаққа әкеліп бір-ақ тіреді. Қашаның түбіне
Жанартау д д жүрелеп отыра қалдым да саңылаудан қоңсымның үйіне көз жібердім. Егер Тәтіш Ақыштың арқасына шығып алып секіріп жүрсе бұл біздің ауыл үшін үлкен жаңалық болар еді. Өкініштісі, тағы да Ақыш Тәтіштің өзі де түсіп бітуге айналған шашынан ұстап алып ары-бері сүйреп жүр екен... Енді аздаған “лирикалық шегініс” жасайық. Әрине, бұл оқиғаны лирика деуге сіздер келіссеңіздер... Алдымен көршілерімді таныстырып алайын. Ақыш осы ауылдың әкімі. Ал, Тәтіш мектеп директоры және Ақыштың әйелі болып екі жерде жұмыс істейді. Ақышты әкім қылған мол дәулет пен тамыры тереңге кеткен таныстық. Тәтішті ди ректор еткен Ақыштың пәрмені. Осы ауылдағы ең үлкен екі орындықта отырған Ақыш пен Тәтішке сонда не жетпейді дейсіздер ғой. Бар гәп осы жерде болып тұр. Яғни, Тәтіштің директор болғысы келмейді. Директор болатын жөні де жоқ. Мектепті жақсы бітіргенімен жоғары білім алмаған Тәтіштің расымен де білім саласын басқаруға құқы бар ма? “Мен ғана емес, сенің де әкім болуға қақың жоқ. Елжұрттан ұялсаңшы. Сен келгелі күллі ауыл қайыршы болып кетті ғой” дейді де Тәтіш байқұс Ақыштан таяқ жейді. Осы қылығы үшін ол талай рет қораға да түнеп шықты. Саяси баспана сұрап біздікіне де келді. Қысты күндері жалаң аяқ қар үстінде сағаттап тұрды. Менің ең қатты таң қалғаным, Тәтіш сонда да тілін тимады. Ал, ең қызығы, маған Ақыш Тәтіштің ғана байы емес сияқты көрінеді де тұрады. Әңгіме міне осында! Өйткені, әкімнің орынбасары – өзінің немере інісі. Ауылдағы жалғыз дүкеннің меңгерушісі – қарындасы. Аурухананың бас дәрігері – жеңгесі. Клубтың бастығы – нағашысы. Моншаның бастығы – бөлесі. Ең аяғы, осы мекемелердің қарауылы жетпісті желкелеп қалған әкесі екенін бәріміз де білеміз. Бірақ мұны жария түрде мәлімдейтін де, сол үшін оңдырмай сыбағасын ала тын да жалғыз Тәтіш. Тәтіштің аудандық газетке жазған мақаласын тексеріп келген комиссия Ақыштың мал дәрігері болып жүрген туған інісі Бұтыштың үйінде үш күн аялдап қалды. Екі аяғымен жерді нық басып, денелерін тым тік ұстап кірген тексерушілер “Ақыштың өзіне адырайып отыр екен, өзгелеріне көз тоқтатып та қарамапты” деген лақапты
Қ. Әбілқайыр д д теріске шығарып, түс ауа табалдырықтан төрт аяқтап түсіп жатты. Бұтыш оларды қолтықтап тұрғызуға да ерініп, еңбектеп жүрген жерлерінен ұстап алып ауыздарына арақшарапты армансыз-ақ құйды. Тағы бір лирикалық шегініс... Дәл осы Бұтыш кеше ғана менімен бірге жүрген жалаң аяқ бала еді. “Ойбай, бізде бәрі әділетті өтеді. Келіңдер, қатысыңдар. Мал дәрігері болатын маман керек” деген соң, осы ауылдағы үш-төрт бала құжатымызды көтеріп жетіп барғанбыз. “Оған несіне әуре болдың, балам. Ондай майлы жілікті басқаға беретіндей Ақыштарды жын соқты дейсің ба?” деген әкемнің сөзі жөн ғой деп алдында бір тартынғандай да болғанмын. Оған есікпе-есік отырған Ақыш әкімнің өзі де ерік бермеді. Әшейінде қарсы келе жатып қолыңды алуға ерінетін қоңсым дәл осы жолы ерінбей-жалықпай қашаға дейін келіп, артылып тұрды да “көрші бала, бір көмегіңді бер. Облыстан арнайы келіп жатқан бақылаушылар бар. Орынға үміткерлер мол болды деген сөз бәрімізге де абырой. Сөйте ғой” деп қиылып тұрып алды. Бұған да иліге қоймас па едім, алып-ұшып Тәтіш келді. “Елдің бәрі жемқор болып кетті дейсің ба? Осы бақылаушылардан бір үміт күтіп отырмын. Бағың жанып өтіп кетсең, сәл де болса қатарымыз толығады ғой” деді ол. Сонымен, қайдан шықса онан шықсын дедім де сынақ қабылдаушылардың алдынан бір-ақ шықтым. Өзіміз алты үміткерміз, алтаумыз да орта мектептен кейін мұғалімнің алдын көрген жан емеспіз. Бақылаушыдан көрі құдалықтан шыққан меймандарға көбірек ұқсайтын төртеу кекірігі азып, көздерін ашып-жұмып қана манаурап отырды. Әрқайсысымыз өз кезегімізбен төрт түліктің төңірегінде біраз әңгіме өрбіттік. Дәл осы отырыста Бұтыш сиырдың желіні үлкен бе, биенің желіні үлкен бе деген сауалға қатты тосылды. Маңдайынан тер домалап, асып-сасып тұрып, “бұл сұраққа дайындалмай келіп едім” деді... Әй, Бұтышай, оның оқитын несі бар? Алдында жүрген малына ең болмаса бір рет еңкейіп қарамаған оған не дерсің? Ұзын сөздің қысқасы, Тәтіш тағы да шырылдап қала берді, біз ғой құжатымызды қолтықтап үйге қайттық, Бұтыш мал дәрігері болып шыға келді.
Жанартау д д Қ-о-ш, сонымен, қай жерге келдік. Айтпақшы, бағана бір лирикалық шегініс жасаған жерде басталған оқиға аяқталмай қалып қойған екен ғой. Шегіне-шегіне тым артқа кетіп қалыппын, енді шамам келгенше лирикалық ілгерілеу жасап көрейін. Ақыш Тәтіштің өзі де түсіп бітуге айналған шашынан сүйреп жүргенін талай мәрте көрсем де дәл осы жолы шыдай алмай шарбақтан қарғып өттім де араға түстім. Ақыш мені итжеккенге айдатуға уәде берді. Уәде орындалып жатса өкінбей кетейін деп ойладым да мен оны ешкім ұрмаған тек жағымпаз еркектер жауынды күні де, желді күні де сүйіп-сүйіп жарып жіберген күрең бетінен салып кеп қалдым. Сосын Тәтіш екеуміз бораған боқтық сөздердің ара-арасымен жүгіріп отырып, осы ауылға сыйлы деген ең үлкен ақсақалдың алдына келдік. Ол ақсақалдар алқасын жинап, жиын өткіземін деп осы ауылдағы алпыстан асқандардың бәріне кісі жіберді. Біз бір санағанда олардың саны үш жүзден еркін асатын, бірақ дәл осы отырысқа олардың бірі де келмеді. Бірі төсек тартып жатыр екен, бірі малға кетіпті, бірі ауылда жоқ екен, бірі “ерлі-зайыптының” арасына түскісі келмепті. Ұзын сөздің қысқасы, абыройлы ақсақал өзінің абыройы үшін амал жоқ бірінші болып қол қойып берді, үй-үйді аралап жүріп, молданы тозақпен қорқытып, ұяты барын сөзбен шымшылап 130 шалға қол қойғыздық та Ақыштың үстінен алты бет арыз жазып, Тәтіш екеуміз жоғары қарай жолдап жібердік. Бұл жоғарыға жолданған алғашқы арыз емес. Қазір арыздардың өзі “Бармай-ақ қояйықшы. Бізді бәрібір барсыңдар ма, не мәселемен жүрсіңдер деп көзге іліп жатқан ешкім жоқ” деп азар да безер болады. Е, ау даннан көңіліміз қалған оны білесіздер, облыстан да бір кісілер келіп-кеткенін айтып өткенбіз, ендігі бар үмітіміз – республикалық тексеріс. Оны да Ақыштың пәрмені басып кетсе, қайтеміз енді, ана дүниеге барғанда бірдеңесі болар...
М. Омарова д д Мәдина ОМАРОВА Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауы лында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Ал маты мемлекеттік университетінің қазақ филология факультетін қызыл дипломмен тәмамдаған. Туындылары мерзімді басылымдарда және топтама жинақтарда жарияланып жүр. Қазір «Хабар» агенттігінің Алматы филиалында редактор болып қызмет істейді. ТҮЙСІК Ащы қоңырау қысқа зың ете қалды. Жеңіл басып келіп кілтке қолын созған ол сәл кідіріп, “Кім бұл?” деп сұрады да жауап күтпестен есікті аша салды. Он алты-он жеті шамасындағы ұзын бойлы сары бозбала. – Сәлеметсіз бе, – дейді. – Сәлем. Кел, кір. Түпкі бөлмеге өткен келіншек орамал, қайшы, тарақ алып келді. – Мында отыр. Қалай кесеміз? – Қысқа. Арт жағынан келіп айнаға ойлана қадалған ол ернін тістеді. – Жейдеңді шеш. Орнынан тұрып көнбіс кейіппен шешіне бастаған боз балаға қарап, “егер мен еркек ол кішкентай қыз болса, шешінбес еді” деп ойлады. “Қыз бала он жастан кейін әйел, ал бұлар жиырмаға келсе де сәби”. Мойнын орамалмен жауып, сирек қоңыр шашын кесуге кірісті. Едендегі беймәлім нүктеге қадалған бала үнсіз. – Мамаң қалай? – Жақсы. – Жұмыста ма? – Иә.
Жанартау д д Тағы үнсіз қалды. Тек қалқиған құлақтары ғана қыпқызыл. – Болды ғой деймін. Қалай? – Жақсы. Рақмет. – Бір жері дұрыс болмаса қазір айт. Кейін кеш болады. – Жоқ. Бәрі дұрыс. Мойнына жабысқан майда шаштарды қағып, ванна жақты нұсқады. Ол жылы суды қосып басын жуа бастаған. – Жақсылап шай. Әсіресе мойныңды. Сыртынан баланың ебдейсіз қимылдарын бағып аз тұр ды да, шыдай алмай жанына барып мойнына су құя бастады. “Арқаң да шаш”. Арық, қушиған иықтарына жабысқан шаштарды кетірді. – Болды. Қолына сүлгі ұстатқан ол дәлізге өтіп, қайшы-тарағын тазалады. Айна алдында қалған орындықты қайта ас үйге апарып қойды. – Киініп те үлгердің бе? – Иә, мен қайтайын, – деді ол. Тік қарамай көздерін ала қашады. – Шашынды тарамайсың ба? – Жоқ, кепсін. Әйел жымиды. – Мейлі онда. Өзің біл. – Сау болыңыз. – Сау бол. Мамаңа сәлем айт. Ой, тоқта, конфет берейін. – Жоқ, рақмет. Менде бар. Бала неге екені түсініксіз қалтасынан конфет шығарып көрсетті. Содан соң жерде шашылып қалған шаштарға көзі түсіп қызарып кетті. – Еш нәрсе етпейді. Қазір өзім жинап аламын. Сау бол. Әйел тағы жымиды. – Сау болыңыз. Текпешектермен тез секіріп түсіп бара жатып бозбала жүрегін алабұртқан түйсікке ызаланды. Далаға шыққан соң бар күшін салып жүгіре жөнелген.
М. Омарова д д АУЫЗҒЫ ҮЙДЕ Хатшы отыратын ауызүйге кіріп, шеттегі жұмсақ крес лоға жайғастым. Бір сағат отырдым. Басында тіпті кіре беріс бөлменің мысы басатынына таң қалдым. Еңселі, аппақ терезесінен күннің өзі именіп сығалайды. Перделері салтанатты, қою жасыл түске малынып, ғаламат тылсым нұр шашатындай. Хатшы қыздың ары-бері сабылғаны, оның бағалы кәмпит толтырып, әдемі табаға екі кесе шайды қондырып, бастық отыратын бөлмеге өтіп, емінеркін жүрісі, тырнақтарының ұзындығы мен көйлегенің қысқалығы, бейнесінде дәулетті кісілерге құпия қызмет ұсынатын аруларға тән сырбаздықтың есіп тұрғаны – керемет. Осылайша, оның қимыл-қозғалысына тасадан, жасырын көз тастап мәңгі отыра беруге бармын. Жарты сағат өтті. Мені бастық қабылдамайтын болды. Хатшы қыз айтты. Алдын ала жазылу керек, тәртіп солай. Түскі асқа шықпай ма, бір-ақ ауыз сөз еді айтпағым. Шықпауы да мүмкін. Бойжеткен маған ілтипатпен жауап береді. Шама сы менің оған деген, ар жағында оның әйелдік әлсіздігіне, әлжуаздығына құрметім, бас июім – әлдебір сымсыз арна лар арқылы жүрегіне бойлаған болу керек. Бәлкім, шығып қалар отыра тұрсам бола ма? Өзіңіз біліңіз. Мен отырмын. Қай уақыт екенін білмеймін бір кезде мына ауызғы бөлме де, тікірейіп, кербез қозғалған әлгі қыз да жыныма тие ба стады. Бюрократия. Адам-машина. Жәлап. Кетіп қалдым. АҚЫН Көшеде көңілсіз келе жатқанмын. Алматыға бір-ақ сәтте күз келді. Кешегі шілденің аптап ыстығы бір-ақ түнде ғайып болып, тау жақтан салқын ауа шым-шымдап қойнауына батырып алды ару қаланы. Шаһарды көңілсіздік басты. Ол кісіні алыстан көріп келемін. Алдымен мен байқадым. Бір-бірімізге қасқайып қарсы келе жатырмыз. Кенет ол кісінің көзі маған түсті де қадалып қалды. Со дан соң жымиды. Жүрісін жеделдетті. Мен де жымиып, жақындаған кезде қолын алдым. Ол мені бауырына тар
Жанартау д д тып, қысып, бетімнен сүйді. Қартайып кетіпті. Шал бопты деуден аулақпын, бірақ қартамыс тартқаны анық. Жақын арадағы кафеге барып, тамақтанып алуды ұсынды. Ерігіп жүрген мен лезде келістім. Ол кісі өзіне шай ғана алды, мен лағман, 50 грамм коньяк сұрадым. Және, әрине, нан. «Әрине, нан міндетті түрде». «Шаршап жүрмін» деді ол кісі. «Жалғызбын». «Әйеліңіз қайда?» «Әйел бар ғой, сөйлесетін адам жоқ». «М-м-м...». «Бірге жұмыс істеп жүргенде мен саған қырындап па едім осы?». «Жоқ, ешқашан». «Қызық екен». «Менің қасымдағы қыздардың барлығына қырындап шықтыңыз, бірақ маған бірде-бір рет қырындап көрмепсіз». «Қызық екен». «Бәлкім, сіздің талғамыңызға келмейтін шығармын». «Жоқ, келіп тұрсың ғой, міне». Шылым шек кім келді. «Сіз осы шекпейсіз, ия?». «Шекпеймін... Одаққа күнде барамын... Босқа сенделіп жүріп-жүріп қайтам. Еш кім жоқ». «Неге жоқ?». «Менің достарымның барлығы өліп қалған, о дүниеде барлығы». «Түсінікті...». «Екеуміз жүрсек қалай болады екен, ә?». «Білмеймін, түк қызық болмайтын сияқты». «Сен менімен жүріп көрген жоқсың ғой. Жүріп көрсең, кете алмай қалатын едің...». «Мүмкін». «Тағы ко ньяк алдыртайын ба?». «Жоқ, ағатай, жұмысқа баруым ке рек»... «Шаршап жүрмін» деді ол. «Мағына қалмады мына тірлікте. Шаршадым. Барлығы далбаса». Қолымды қысты. ... Алматыға күз осылайша бір-ақ түнде келеді. ЕМШІ АПА Ауыл кеші. Өрістен қайтқан мал тынышталып, адам аяғы саябырсыған кез. Әлдеқайдан жарғанаттар пайда болды. Ертең кетемін. Тағы қала. Тас үйлер, тас көшелер, ма шина гүрілі, бірін-бірі танымайтын адамдар әлемі... Қала. – Жиналып жатырсың ба? – Иә. Ертең жұмыс. – Бір күн қала тұрсаңшы. Мамама таң қалып қарадым. – Ертең жұмыс қой! – Жұмысың ешқайда қашпас. Сені Емші апаға көрсетіп алайын деп едім.
М. Омарова д д – Қойшы, мама. Аты-жөні жоқ неменеге барамын. Бұдан әрі сөйлескім келмей далаға шықтым. Қараңғылық қоюлана бастапты. Суық. Ойда жоқта пайда болған Ақтабан аяғыма оратыла кетті. Жүрегім су ете қалған. – Есің дұрыс па, Ақтабан? Кет! – Қызым, бір күн қалсаң еш нәрсе етпес. Енді қашан келем ғой дейсің... Күрсіндім. Бастығымның тіс арасынан сыздықтап шығатын зәрлі дауысы келді құлағыма. Денем тітіркеніп кеткен. Тіпті ертеңіне ауылдың екінші шетіндегі Емші апаның үйіне бара жатып та осы жағымсыз күйден арыла алмай қойдым. Ауыл сыртындағы жалғыз аяқ жол. Мамам алдыма түсіп алған. Еңкіш тартқан жотасына, орамалдан қобырап шығып кеткен ақ шашына қарап, көзімді төмен саламын. Мені ертіп келе жатқанына қуанған ол аяғын ширақ басып, алға қарай ұмсынып қояды. – Қазір көресің ғой. Жақсы кісі. Ылғи сендерге құмалақ аштырып тұрамын. Сені баяғыдан көрсеткім келіп жүр еді. Жақсы болды. Үйіне жақындаған кезде еңкейіп жерден шыбық іліп алды. – Иттері бар. Қақпасының алдына келгенде айқайлай бастады. – Апа, Апа! Ыстық күннің астында осынша жүргендіктен болар, даусы қарлығып шығады. – Апа! Мен де айқайлауға кірістім. Сәлден кейін қақпа ашылып, ақ орамал салған кішкентай кемпір көрінді. Үп еткен жел соқса ұшып кететін қауыр сындай бір шөкім кемпір. – Амансыз ба? – Амансыңдар ма? Әжім көмкерген көздерін сығырайтып бізге зер сала қарайды. Содан соң жақындап келіп бетімнен сүйді: – Қаладағы қызым ғой. Демалысқа келіпті. Сізге көрсетіп алайын деп... – Келіңдер, келіңдер.
Жанартау д д Қоңырқай ғана шағын бөлмеге кірдік. Емші апа тым жай қозғалатын, тым жай сөйлейтін кісі екен. Дауысы естілерестілмес қана. Үйге кіріп отырғаннан кейін: – Біртүрлі ауырып тұрмын. Ұстап көрші,– деп қолын мамама созды. – Иә, дірілдеп тұрсыз ғой, тегі.. – Суық тигізіп алдым ба, білмеймін. Маған қарады. – Енді қайтейін, жаным? Енді не істейін? – Ауырып тұрсаңыз әуре болмаңыз. – Сөйтейін бе. Ертең келіңдерші, ренжімесеңдер. Ертең келіңдерші.. Орнымыздан тұрып есікке беттедік. Ол шығып кет кенімізше ертең келуімізді өтініп сұрай берді.. – Ертең келіңдерші... – Жақсы, жақсы. Жолда ертең келе алмайтынымды ойладым. – Жақсы кісі екен. – Тағы бір күн қаласың ба?, – деді мамам. – Жоқ, қала алмаймын. – Қала салсаңшы. – Бастығым ше? – ... Ертең күтетін болды ғой, балам-ай! Емші апаның сәбише жаутаңдаған жанары оралды ой ыма. Бірақ қала алмадым. Қалада да жұп-жұқа әженің қиылған келбеті есіме жиі түсе берген. Ондайда өзімді әлденеге кінәлі, жауапты сезінемін. Жағымсыз күй. Сондықтан ойламауға тырыса тынмын. Ауылға келесі келгенімде ең алдымен Емші апаны сұрадым. – Ол кісі қайтыс болып кеткен, – деді мамам. Сөйтті де жүзін теріс бұрып әкетті.
М. Омарова д д ЖАҚСЫ КӨРУ Ол телевизорды сөндіріп, менің қасыма келді. – Кітап оқып отырсың ба? – Иә. – Үндемей отыра тұрайыншы. – Тек бөгет жасама. – Жасамаймын. Столдың екінші шетіндегі орындыққа жайғасып, жағын таянды. – Бүгін түнде қар аралас жаңбыр немесе жаңбыр аралас қар жауады. Күліп жібердім. Ол да күліп, алдыға қарай ұмсынып қойды. – Өзің кітап оқи береді екенсің. – Иә. – Далаға шықпайсың ба? – Жоқ. – Ішің пыспай ма? – Жаңа біреу бөгет жасамай тыныш отырамын деген сияқты еді. Үндемей қалды. Содан соң сөредегі ең үлкен кітапты таңдап алып, парақтай бастады. – Сен мені түк жақсы көрмейсің. Бетіне қарадым. Қабағы түйіліп, сарғыш өңі қызарып кетіпті. Ашуланып отыр. – Жақсы көремін. Басын үзілді-кесілді шайқады. – Жақсы көрсең, кітап оқымай, менімен сейлесер едің. – Сен де кітап оқысаңшы. – Менің сөйлескім келеді. Кітабымды кері ысырып, жүзіне зейін қоя қарадым. – Ал, сөйлесейік, не айтасың? – Сен мені жақсы көрмейсің. – Қандай қызықсың. Жақсы көретінімді дәлелдеу үшін не істеуім керек, сеніңше? – Сөйлесуің керек. – Сөйлесіп отырмыз ғой.
Жанартау д д Қабағын шытты. Содан кейін үлкен кітаптың бетін сарт еткізіп жауып, орнынан тұрды. – Бұлай сөйлескенің маған керек емес. – Керек болмаса, басымды ауыртпай, бар. Өз жұмыс тарыңды істе. – Бармаймын. Орнына қайта жайғасты. Кітабымды қайта қолыма ал дым. Біршама уақыт өтті. Ол сөйлер емес. Тіпті болмаған соң, қасына барып тізерлеп отырдым да: – Моншағымды шешіп берші, – дедім. Ол күткенімдей-ақ қасарыспай жылдам, лып еткізіп ағыта қойды. – Пысықсың ғой өзің. – Сен жоқта Нәзиранікін жүз рет ағытып бергенмін. Қызғандырмақ болған түрі. – Жарайды. Енді үндемей отыр. Қайтадан кітабыма қарадым. – Шашыңды тарап берейін бе? – Керегі жоқ. – Тарап берейінші. – Өзіңдікін тара. – Сенікін тарайыншы. – Не деген адамсың! Тыныштық бересің бе, жоқ па?! Кітабымды алдым да, келесі бөлмеге өтіп, төсекке қисайдым. – Тұрсын, бар, далаға шығып, таза ауа жұтып келші... – Дала суық. – Онда сөйлемей тыныш отыр. – Телевизор қосамын. – Кітап оқы. Үлкен кітапты сартылдатып парақтауға кірісті. Сәлден соң ауыр күрсініп жапты да, үн-түнсіз қалды. Үйдің ішін өлі тыныштық кернеген. Көзімді жұмып қалғи бастадым. – Мен сенімен өмір сүре алмайды екенмін. Дауысы алыстан талып жетеді.. – Мінезің нашар. Адам сияқты сөйлесе де алмайсың. Сенен Нәзира мың есе жақсы. Нәзирамен карта, шахмат ойнауға болады. Нәзира сенен мың есе сұлу...
М. Омарова д д – Аузыңды жап. – Жаппаймын. Шалқамнан аударылып төбеге қарадым. “Нәзира, әри не, сұлу”. Кірпіктерім жұмылып, денемді ұйқының тәтті салмағы басып бара жатыр. Ол тағы үндемей қалды. Алыс тан иттердің жарыса үргені, машина гүрілі естіледі. Кіта бымды ашып, мағынасыз үңілдім. Төсек салу керек шығар. – Тұрсын, сағат қанша болды? Үндемейді. – Тұрсын... Дауысым еркімнен тыс ақырын шықты. Орнымнан тұрып, сағатқа қарадым. Он бір жарым. Тұрсын басын столға қойып ұйықтап қалыпты. Қабағы түюлі. Ақырын барып шашынан сүйдім. Ол бар болғаны тоғызда еді. ТАҢ АЛДЫНДА Дала қараңғы. Бірақ алыстан елеусіз ата бастаған таңның демі сезіледі. Сыртқа құлақ түрдім. Тыныш. Сәлден кейін қораз шақырады, содан соң ит үреді, торғайлар шырыл дайды. Дәлізде әлдекімнің ары-бері жүргені естілді. Әжем. Аяғын неғұрлым ақырын басуға тырысқан сайын ескі еден соғұрлым қатты сықырлайды. Тұрып далаға шыққым келді. Салқын шығар. Әжемді ойладым. Неге ұйықтамайды. Неге дем алмайды. Өліп қалса қайтеді? Әжем өлсе не істейтінімді ойладым. Денемді суық толқын шайып өтті. Ұйқым ашылып кеткен. Ерте ме кеш пе бәрі өледі ғой. Сығымдалған жүрегім аузыма тығылды. Әжем өлмесе екен. Көргім келмейді сол күнді. Көзіме жас келді. – Әже! Әже деймін ! – Не көрінді таң атпай? – Неге ұйықтамай жүрсің? – Әлі ерте. Жат. “Ал сен өліп қалмайсың ба?” деп сұрағым келді. Қайта дан өксік тығылды тамағыма. Неге адамдар өледі? Әжемнің өлгенін көрсете көрме, Жаратқан ием. Жалынамын. Әжем
Жанартау д д өлсе қайда барамын, Жаратқан ием, мына үйде кім қалады, кім мені қарсы алады, кім шығарып салады, Жаратқан ием. Кім? Бетімді жуған жас жастыққа тырсылдап тама бастады. «Одан да мен өлейін”... ....Түсіме үлкен үй кірген. Ішінде таныс емес адамдар жүр. Ал мен неге екені белгісіз шарап ішіп отырмын. Өте жақсы шарап. ҚҰДАЙЫ ТАМАҚ Қазан баппен қайнап жатыр. Өз орнын өз ісін білетін сабырлы адам тәрізді. Аз ғана бу шығарып, бірқалыпты бүлкілдейді.. – Қалың қалай?, – деп сұрадым әжемнен, – Не істеп жүрсің, ақшаң бар ма? – Жақсы, жақсы. Басын қайта-қайта изеген ол ошақ астына тағы екі-үш ағаш тастады. – Ақшаң жетіп жүр ме? – Ақшаны не қылады дейсің. Ұн болса болды ғой. Бар, қонақтарға барсаңшы. Аулада әзірленген дастарқан басына келдім. Сақалмұрты аппақ шал соғыста көргенін әңгімелеп отыр. Тістері жоқ болғандықтан ба дауысы даңғырлап сөздері түсініксіз шығады. Ара-тұра бір-біріне тіл қатқаны болмаса, қалған жұрт үнсіз. Дастархан шетіне отырдым. Ақ орамал салған кішкентай қара кемпір жалтақтап қарап, көзіміз кездескен де күлімсірейді. Касындағы көк көз, сары бала болса, есі шығып үрке қадалып қалған. Жымидым. Еш өзгеріс жоқ. Ернімді тістеп, төмен қарадым. Ақ сақалды атаның бірде баяу, бірде қатты шығатын үні, қазан-ошақ басындағы әйелдер дауысы, үдей бастаған жел. Көзімді жұмғым келді де қарсы алдымдағы кемпірден кысылып басымды көтердім. Қарап отыр. – Қазір тамақ әкеледі. Басын изеп күлімсіреді. – Қашан келдің?
М. Омарова д д – Бағана. – Оқуың қашан бітеді? – Келесі жылы. Үнсіз қалды. Содан соң: – Әкеңді білемін ғой, титтайынан білетінмін. Сен тура аузынан түскендейсің. – М-м-м... Орнымнан тұрып әжеме бардым. – Әже, ана кемпір әкемді білемін дейді. – Қайсы? Бибі ме? Білмегенде енді осы ауылдың адамы ғой. – Тамақ қашан дайын болады? Көмектесейін бе? – Қыздар бар ғой. Сен қонақтардың қасына барсаңшы. Әкең тірі болса, сол отырар еді ғой арасында. Қайтейін енді. Стол басына қайта келдім. Ақ орамал салған әже жалтақтайды. Қонақтар соғыс көрген атаның әңгімесін тыңдайды. Ал мен басымды төмен саламын. Аздан соң жаңбыр жауады. АҚША ІЗДЕГЕН БАЛА Ол дүкеннің алдына қайта келді. Ішінен шетел әуені естіледі. Сатушы қыз дүниеден түңілген кейіппен далаға қарап отыр. Кенет көзі балаға түсті де, жұдырығын түйіп қабағын шытты. Бір сағаттан астам уақыт дүкен маңын төңіректеп жүрген ол сезікті көрінсе керек. Бала бұрылып көп қабатты үй жаққа беттеді. Жанары жасаурап, дүние тұманданып кеткен. Ақырын байқатпай маңдайын сүрткен болып көзін сипап алды. Есіл-дерті аяғының астында. Ақша іздеп келе жатыр. Егер жиырма теңге тауып алса, әпкесіне телефон шалатынын, егер жүз теңге тапса, ешкімнің көмегінсіз ауылға жететінін білетін. Сондықтан жеңгесінің көзін ала бере көшеге шығып ақша іздейді. Әрине, ақша бар дүниеде оны жоғалтатын адамдар да болады. Ал әлдекімнің жоғалтқан нәрсесін біреу тауып алып жатпай ма. Баланы ақша іздеуге шығарған осы ой. Бірақ арнайы іздеген зат табыла қоюшы ма еді. Ол екінші қабатқа көтеріліп, қоңырауды баспастан
Жанартау д д бұрын тың тыңдады. Тыныш тәрізді. Маржанның да, жеңгесінің де дауысы шықпайды. Ұйықтап жатыр ма екен. Ол қызыл түймені басуға оқталған саусағын тарта қойды. “Ұйықтап жатса шатақ болады” деп ойлады ол. Қалқиған кұлағын есікке жапсырып тағы тың тыңдады. Ұрысқанда жер-жебіріңе жететін жеңгесінен қатты қорқатын. Аға сына ауылға апарып тасташы деуге де батылы бармай ды. Бөтендігін, әкесінің басқалығын көрсетіп жатыр деп өкпелейтіндей көрінеді. Ол ауылды қатты сағынған, шомылғаннан кейін бірнеше күн балық сасытатын көлін де, жартастан секіруге батпайтын досы Серікті де, әсіресе көмбеге нан пісіріп, бір шөкім болып отыратын мамасын сағынған. “Өзім кінәлімін, – деп күбірледі ол, – Қайдан ғана Алматыдағы ағама барамын деп байбалам шығардым десеңші”. Күнде құлақ етін жей берген соң мамасы автобусқа салып әкеліп тастады. Байқұс мамасын жеңгесі бір күн де қондырмай, келген күні қайтарған. “Орын жоқ. Онсыз да ауа тар. Маржанға зиян” деді жеңгесі. Ал ағасы “Онда кешкі автобусқа үлгеріп кет” деген. Мамасы қайтып кетті. Жол бойы армандаған суына да түскен жоқ, туған кезінде бір көріп жете алмай жүрген Маржанды да мауқын басып көтермеді. Баланың көзіне жас үйірілген. Ауылға жетсем енді қайтіп ешқайда кетпеймін деп шешті ол. Бар ар маны ағасының қасында жүріп машина жөндегенді үйрену еді. Келгелі жұмысына бір барған жоқ. Ал мамасы “есілдерті темір, реті келсе қасыңа алып жүріп көрсетерсің” деген кетерінде. Ағасы ыржиып, басын изеген. Содан кейін ұмытып кетті ме, үнсіз. Есіне салуға тағы ыңғайсызданады, “Әкеміз бөлек болған соң менің қызымды баққысы жоқ” деп өкпелей ме деп қорқады. Ал ол Маржанды жанындай жақсы көреді. Ағасын, жоқ, алдымен әпкесін, содан соң Маржанды жақсы көреді. Ал мамам ше деп ойлайды ол. Мамасы есіне түскенде көзі қайта жасаурап, иегі кемсеңдеген. Біреу-міреу көріп қалмасын деп алақанымен жасын сүртіп, мұрнын тартты. Бағаналы бері сүйеніп тұрған тас қабырғадан денесі тітіркеніп кетті. Бірақ әдейілеп жабыса түсті де сырғып барып отырды. Үйдің ішінен дыбыс шықпайды. Бір жаққа
М. Омарова д д кетіп қалды ма екен? “Маржан жыласын” деп ойлады ол. Содан соң кіремін. Әлде тағы ақша іздеп келсем бе екен деп бір ойлады. Оқтала беріп қайта отырды. Қарны шұрқырап ашып бара ды. Оның үстіне көзі де қызарып кеткен шығар. Ол демін ішіне тартып тың тындады. Тым-тырыс. Үлкен үйдің ішінен қыбыр еткен дыбыс шықпайды. Көзіне қайта жас тығылды. Манағы дүкенші қыз түсті есіне. – Телефоныңызбен әпкеме звондап алсам бола ма, қатты керек болып тұр еді, – десе ше. Көз алдына қабағын қарс түйген сары қыз елестеді. – Жиырма теңгең бар ма, бала? Ол орнынан сүйретіліп тұрып далаға беттеген. Ақша іздеу керек. Жиырма теңгесіз ешкім телефонмен сөй лестірмейді. Ал далада шілденің аптап ыстығы болатын. СҰЛУЛЫҚ Ол әдемі болатын. Ол айнаға қарап тұрып, өзінің бұл өмірге келу себебі туралы ойлайтын. Егер Жаратушы бұған осыншама сұлулық берген болса, оның жөн-жосықсыз, мақсатсыз болуы мүмкін бе? Мүмкін емес тәрізді. Бұл қазынаның әлдебір, дәретке отырып, жуынбаса кірлеп, на станып кететін еркекке, мейлі, ол әлемдегі ең көркем, ең ақылды еркек болсын, кәдімгі пенде еркектің несібесіне берілуі мүмкін емес. Ол айнаға қарап осылай ойлайтын. “Мақұл, – дейтін содан кейін, – тіпті солай-ақ болсын. Бірақ, қалай?” Мүмкін емес тәрізді. Ол сондай-ақ өзінің, осы мінсіз, сұлу денесінің ажалды екендігін білетін. Сондықтан барынша абайлап жүруге тырысатын. Көшеден өткенде, көлікке мінгенде, жаны мұрнының ұшына келетін. Ешқашан, еш жерде түнге қалып көрген емес. Ол адамдардың түрлі хайуандыққа баратынын, аяусыз екендігін білетін. Ол осылайша ұзақ өмір сүрді. Әдемі қартайды. Содан кейін күндердің бір күнінде әдемі өлді. Оның табиғат шебердің қолынан шыққан мүлтіксіз денесіне сызат түскен жоқ.
Жанартау д д ГҮЛЖАМАЛ Гүлжамал көзін ашқанда, үй қараңғы болатын. Қабыр ғада ілулі тұрған электронды сағатқа көз салды. Он бір болып қалыпты. Ол терезені ешкімнің ашпағанын түсінген. Көп әрі қатты ұйқыдан солқылдаған басын қолымен қысып, сыртқа беттеді. Далада жаңбыр жауып тұр екен. Су-су Ақтөс әлденеге мәз болып, арсалаңдайды. Ол итті аяғымен теуіп жіберді. – Кет! Үйдің маңында да ешкім жоқ тәрізді. Тым-тырыс. Кенет ол бақша жақтан әлдебір дыбыс естігендей болды. Жақындай келе Майраның дауысын таныған. Балабақшадан тағы қалып қалған болу керек. Жылап отыр. Ол адуыңды адымдап, дауыс шыққан жаққа беттеді. Тұла бойын кернеген күшті дәл қазір әсіресе айқын сезін ген. Жасы он төртке толмаған одан мектепте өзінен екі-үш жас үлкен ұлдар да жасқанатын. Түсініксіз мінезінен бе, әлде кескен томардай кесек жартылысынан ба ешқашан жақын құрбысы да болған емес. Шындап келгенде ол қыздарды ұнатпайды. Әлжуаз, не болса соған көз жастарын көл қылып отырғандары. Сонысына қарамай олардың өзі туралы «еркекшора» деп сыпсыңдайтындарын қайтесің. Ақымақтар. Қазір де мына қыздың ботасынан айырылған інгенше боздаған дауысы ызасын келтірген. – Не болды? Жылап-жылап қарлыққан үнмен әлденені былдырлай бастаған Майраның бірде-бір сөзін түсінген жоқ. – Не болды деймін саған? – Есі-ікті аша алмай отырмын... – Саған дәретханаға отыруға болмайды деп айтылды ғой. Неге кірдің?! Майраның жылаған дауысы зарлы шықты. – Енді отыр осылай. Ашпаймын. Әке-шешең көрсін мына түріңді. Гүлжамал жаңбырдың суық тамшыларынан қорғанатын жер іздеп жан-жағына қарады. Көзіне еш нәрсе іліне қоймаған соң, назарын қайта дәретханаға аударған:
М. Омарова д д – Ауызынды жап! – Гүлжамал, аш-ш-шы... – Саған айтылды ғой дәретханаға кірме, ішіне түсіп кетесің деп, неге тыңдамайсың? – Мен і-іші-іне түспеймі-ін... – Сен бе? Түскенде қалай түсесің! – Түспеймі-ін!.. Ол есікті жұлқып тартып қалғанда, ескі ағаш дәретхана солқ ете түскен. Бүрісіп бұрышқа тығылған Майраны қолынан тартып орнынан тұрғызды. – Міне, мына тесікке түсіп кетесің. Алдымен былай аяғың кіреді. Содан кейін белің кіреді. Жанұшыра тырмысқан кішкентай қыздың қобыраған ұзын шашы аузына кірді. Әсіресе шырқыраған ащы үні ашуын қоздырған. Басын оңай тықты. Содан кейін былш еткен жағымсыз дыбыс, Майраның әлсіз құмыққан үні естілді. Ол кеудесінің ауыр жүк түскендей жеңілдегенін сезінген. Үйге кіріп, теледидарды қосты. Мультфильм көрсетіп жатыр екен. Ол төсегіне қайта құлады. СУРЕТШІ Ғұмырын өнерге арнаған суретшінің әр сәті қимылдан тұратын. Ол тоқтаған емес. Кеудесі салқын әуенге толы, ал жүрегін жалын орап жатыр. Ессіз саусақтары шапшаң қимылдап, бояудан ертегі құрайды. Мұңға оранған сұлу күздің ақтық демі, түн құпиясын шашқан шегіртке шыры лы, алыстан шақырған әтеш, күн құрғатып үлгермеген ба лаң шық – бәрі суретші меншігі, суретші әлемі... Бірде кеудесін кернеген тәтті қайғыдан қажыған ол ұйықтап кеткен. Түс көрді. Аптап дала, құм. Шексіз бе лестер. Тыныштық. Өзін-өзі жұтып, үнсіз ыңыранған өлі тыныштық. Мұнда еш нәрсе жоқ еді. Айналасына есі кете жалтақтап, тобығынан құм кешіп келе жатқан суретші төбесінен өткен ыстықтан басының айналғанын сезді. Құрғақ тілі аузына сыймай сыртқа шықты. Тыр жалаңаш әлем аспанмен арбасады. Меңіреу құм патшалығы. Суретші оянған жоқ. Оның ендігі мекені осы болатын.
Жанартау д д ҚАРИЯ Үлкен қаладағы сәулетті сарайлардың тасасындағы ескі үйде қалтылдап әрең қозғалатын, аппақ жұқа шашы жел кесін жапқан қария тұрады. Оның жалғыз сары ала мысығы болатын. Жұмсақ жүнінің мыж-мыжы шығып қашан көрсең де ұйықтап жататын жалқау, семіз мысық. Мияулағанын немесе әлдебір шалт қимыл жасағанын ешкім көрген емес. Еріншек. Олар елеусіз, ескі үйлерінде екеуден-екеу ұзақ тұрды. Таңертең қолына баянын алып кететін қарт түс ауа нан, сүт, кейде тіпті қаймақ алып оралады. Ал, бір күні күтпеген жерден Қария үйге әлдекімді алып келді. – Міне, мынау біздің үй, сен де еңді осыңда тұрасың. Қорықпа, қорықпа. Таң қалған Мысық екі көзін бірдей ашып құлақтарын тікірейтіп алды. – Міне, мынау Мысық. Түкке түсінбей қарияға қараған ол оның қолындағы кішкентай жап-жасыл тотықұсты енді байқады. Жанжағына мұқият зер салып қарап алған құс кенет шиқ ете қалған. Содан соң тағы бір рет, содан соң тағы. Өзі әбден сөзшең екен. Нәзік, бейкүнә үнмен үздіксіз шиқылдайды. Әлденеге қайран қалады. Әлденені жақтырмайды. Ұрсады, күледі ішек-сілесі қатып. Әйтеуір күн демей, түн демей сөйлей береді, сөйлей береді... Мысық алдымен бұл қай мазағың дегендей Қарияға ұзақ қараған. Оның қалбалақтап біресе жем, біресе су қойып әбігерге түскен кейпін көрген соң мойнын терезеге бұрды. Содан кейін басын бауырына тығып көзін жұмған. “Білге нін істесін”. Ал Қария бақытты еді. Түсінен шықпайтын құс бұл. Сөйлейді! Қарияны басқан ізінен қалмай ұшып иығына, төбесіне қонады. Бақытты еді қария. Осылайша біршама уақыт өтті. Бір күні әдеттегідей түс ауа сүт, нан, жем алып келген Қарияны Үнсіздік қарсы алды. Жүрегі аузына тығылған. – Тотықұс?! Тотықұс, қайдасың? Мышым, Тотықұс қайда? Мысық басын да көтерген жоқ.
М. Омарова д д Ас үй, жуынатын бөлме, дәретхана... Еш жерде жоқ. Кенет қарияның көзі бұрышта шашылып жатқан жасыл қауырсындарға түсті. – Мысық? Қалтыраған денесіне ие бола алмаған Қария жерге отыра кеткен. – Оның не, Мышым? Неге? Әжім басқан жүзіндегі салаларды қуалап жас ақты көзінен. – Мышым, оның не?! Оның не? – дей берді қайта-қайта. Содан соң кенет орнынан тұрды да қатайған дауыспен: – Сенімен бірге енді тұра алмаймын Шық, үйден! Бар! – деді. Мысық еппен көтеріліп төсектен секіріп түскен. – Кет! Ол ашық жатқан есіктен шыға жөнелді. Артына бұрылған жоқ. Осылайша Қария ескі де елеусіз үйде мүлде жалғыз қалды. ТОЛҒАҚ Денесінде бір түйір тамшы күйінде пайда болып, күн сайын салмақ қосып, қыбырлап, бұлқынып өзінен хабар берген бұл тіршілік иесін алғаш сезген күннен бастап, осы сәтті мың сан мәрте бүге-шігесіне дейін елестеткен шығар. Ал қазір бір-ақ мезетте найзағай оғындай санасын тіліп түсіп, жон арқасына мұздай тер құйған бұл суық ойға мүлде дайын емесін түсінді. Бірақ уақыт сен дайын емес екенсің деп кідіріп, ырғағынан жаңылмайды ғой, толғақ тоқтамайды. Бебеу қақтырып, бірде сыздап, бірде күйдіріп жанын алқымына әкеліп әкетіп бара жатқан дерт көзін тұмандандырып, екі құлағын шыңылдатып, есін кіресілі-шығасылы бұлдыр сағымға айналдырды, өзінің бар өнерін көрсетуге себеп табылғанына қуанғандай кәріне енді. Ол айқайлап жібермес үшін астыңғы ернін тістеген. Жылымшы бір нәрсенің жылжып басталып, иегінен төмен қарай құйылғанын сезсе де, оған мән беріп пайымдауға
Жанартау д д шамасы жоқ еді. Орнынан тұрды да, үй-ішіне тықырын білдірмеуге тырысып есікке беттеді. “Бастысы – сыртқа шығу, бастысы – сыртқа шығу”. Іштей дұғаша күбірлеген осы сөздердің құдіретінен тіреу, көмек келетіндей қайталай береді. “Құдай-ау, ауыз үй неге бітер емес”. Белін тас қып таңып, осы уақытқа дейін сыр білдірмеген еңбегі зая кет песе жарар еді. Ол ішкі ағзаларын үйіріп, ет турағыштан өткізіп жатқан азап салмағына шыдай алмай теңселіп кетті де ақырын ыңырсыды. “Жоқ, сыртқа шығу керек. Міне, есік... дала”. Ол бақша жақты бетке алып жүріп кетті. Ара-тұра азап әуенімен “құдайым-ау” дейді қайталап. Күз ызғары, өңменнен өтердей суық ауа бойына қуат бергендей жүрісі жылдамдай түсті. Міне, қазір. Күбірлеп, өзін-өзі алдау сыратып адымдай берді де, манадан бері жаңағы азаптың тірлігіне миығынан күліп, тасадан бақылап жатқан, сайсүйегін сырқыратып, белін уатып күлпаршасын шығарған Тажалдың ауыр соққысына шыдай алмай ет бетінен түсті. Айқайлап жіберді. Сол жан дауыстан шошығандай бір сәтке саябырси қалған дүлейдің сәл жұмсарғанын пайдаланған ол тоғыз ай қойнынан тастамай, ел көзінен тасалана бере қайта-қайта оқып, бұл күнде жаттап алған әлгі кітаптағы кеңестер бойынша дайындала бастаған. “Бәрі дұрыс. Қазір бітеді. Қазір”. Бұл сөздерді кімнің айтып жатқанын ұққан жоқ. Өзі ме, әлде қасында біреу сөйлеп тұр ма? “Өлетін шығармын” деді сол дауыс дәл құлағының түбінен. “Өлетін”. Ол қыстығып ернін тістеген қалпы тағы айқайлады да, талықсып барып, қым-қиғаш құбыжықтар әлеміне сіңіп жоғалып бара жатты. Бірақ бар болмысын умаждап сығымдап, кескілеп, әйтеуір есеңгіремесіне қой дырмайтын Тажал шеңгелі сол сағым әлемге де жетіп, талықсыған санасын жарқ еткізіп кетеді. Ол пайда болған сәтінен бастап бұл дүниеге қажетсізді гін түйсініп, бірақ табиғаттың әлдебір есерсоқ мазағымен өз ықтиярынан тыс күннен-күнге өсіп, жетіліп отырған ішіндегі бейбақтың көрсетіп жатқан қарсылығын енді сезді. Тіршіліктің өзіне қарсы тұрып, жарық сәулеге ұмтылудың
М. Омарова д д орнына қараңғы жатыр түбіне серпіледі. Әлде өмір есігін ашардағы құдіретті тылсымның мұнша арзандап кеткеніне назалана ма. Әйтеуір анасын суық далаға айдап, жаңбырдан кейінгі суық қара жерде жанталастырған адамдар әлеміне базынасын осылай жеткізбек сияқты. Өмірден бас тарту арқылы. Қоректендіріп, амалсыз денесінен орын берген ана бойындағы өзіне деген жиіркенішті, уытты ызғарды сезініп, содан нәр алып дамыған титтай жүрегі, қызыл шақа жұдырығы түйіліп бар күшімен қарсыласады. Іңгәлап жа ратқанға жалбарынады. Ақыры сәби тілегі қабыл болды... Таңертең оянған қоңырқай үйдің иесі қызын іздеп сыртқа шыққанда, оны бақша мен аула аралығында жатқан жерінен тауып алды. Астыңғы ернін қыршып тастапты. Ендігі серейіп қатып қалған оның жүзінде жайбарақат жан тыныштығы бар еді. КҮЗГІ БІР КЕШТЕ Күн жауатын сияқты болып тұр. Аспан сұстанып алған. Былтыр сынған қолым қақсай бастады. Жағымсыз күй. Жағымсыздығы соншама құсқың келеді. Таза ауа жұтқым келген. Үстіме жемпірімді жамылып аулаға шықтым. Кішкентай әлдилерін бесікке салып, Нәзира мен Мәрияш отыр екен. Қастарына жақындадым. – Темекі тартсам ренжімейсіңдер ме? – Тарта бер, – деді Мәрияш, – бәрібір машинаның түтінін жұтып жатырмыз ғой! Мен қалтамнан темекі алып тұтатып, түтінін әрі қарай үрледім. Біздің аулада бала көп. У-шу. Азан-қазан. Егер ұзақ отырып, сырттарынан бақсаң, езу тартқызар, тіпті ішексілеңді қатырар жайттарға куә боласың. Ал кейде көзіңмен көріп, санаңа жеткен нәрселерден төбе шашың тік тұрады. – Бүгін Жанна келді ме? – Жоқ, көрінбеді, – деді Мәрияш, – Кейінгі кездері сол қыздан кәдімгідей қорқатын болдым. Келе жатса, дірілдеп, қол-аяғым суий бастайды. – Қойшы, бес жасар бала емес пе. – Жарайды, біз үйге кірейік, – деп Нәзира орнына тұрды.
Жанартау д д – Иә, жақсы, – дедім оған жауырынан тесіліп. Ол менен күйеуін қызғанатын. Алпамысадай жігіттің сұлтаны бұл секілді көтеремнің тұзағына қалай іліккен? Құпия. – Титімтайы титімдай ғой. Кеше Асқат екеуі бұталардың арасына кіріп кеткен. Тіпті жоқ болып кеткеннен кейін акы рын арттарынан барсам, құшақтасып жатыр. Не істерімді білмей қалдым. – Жатқаны қалай? – Кәдімгідей жерде жатыр. Құшақтасып. Біздің бала – сәби ғой. Жанна тура жерге басып алыпты. Иіскеп қояды. – Содан кейін не істедің? – Астарыңнан суық өтеді деп тұрғызып алдым. Мәрияштың жүзі боп-боз. Менің де есім шығып кетті. – Енді не істемексің? – Жаннаның ата-әжесімен сөйлесу керек болды. – Әке-шешесі жоқ па ол қыздың? – Шешесі бар. Бірақ өзін ата-әжесі бағып отыр ғой. – Қызық, – дедім мен, – қызық. Ары-бері жүріп қайт паймыз ба? – Жоқ, Асқатты қарап отырмын. Ол әудем жердегі құмның ортасына жайғасып, үй тұрғызып отырған ұлын меңзеді. Топ-томпақ, еріндерін шүйіріп, өз-өзімен сөйлесіп қояды. Алаңсыз. Орнымнан тұрдым. Жаңбыр жауатын сияқты. Үйдің алдындағы саябақты айналып көшеге шықтым. Аттап басқан сайын жазғы кафе. Толған адам. Мен бір бөлмелі үйде жалғыз тұрамын. Үлкен қалада, миллионнан астам халық тұратын қалада жалғыз болған қандай үрейлі, адамға адам пана бола алмайтын болып тұр ғой сонда. Аулаға қайта оралғанымда ешкім қалмапты. Жаңбыр себелей бастаған. Тезірек үйге жетуге асықтым. Мысықтың жүрек айнытар нәжісі қолқа қабатын подъезге кіргенімде, көлеңке боп карайған сұлбаны байқап, селк ете түстім. – Жанна, сен бе? Өзім де білмеймін қалай айтқанымды. «Қайдағы Жанна, мисыз» деп ойлап та үлгермедім: – Мен,– деген жіңішке нәзік дауыс шықты. Қасынан өтіп бара жатып:
М. Омарова д д – Жайша тұрсың ба? Әжең іздеп жатқан шығар, – дедім түк болмағандай. Өзім әлденеден жанұшыра үрейленіп барамын. Оны бір-екі рет сыртынан көргенім болмаса, тілдескен емеспіз. Бес жасар баламен не жайында сөйлесесің? Бес жасар балаға қалайша мән бересің? Мәрияштың жаңағы әңгімесі болмаса... – Іздемейді. Олар қонаққа кеткен. Енді үйіңе бара бермейсің бе? Кілтімді жоғалтып алдым. Сіздікіне отыра тұрсам бола ма? Мейлің. Жүр. Тағы да қалай ауызымнан шығып кеткенін білмеймін. Ерік-жігерсіз, жіпке тартылған қуыршақ секілдімін. Ол елес сияқты жеңіл, дыбыссыз артымнан ерді. Су болған жоқсың ба? Далада жаңбыр жауып жатыр ғой. Жоқ. Ал мен малмандаймын. Қазір шай ішеміз. Шай қойып, сүлгімен шашымды сүрте бастадым. Бұ рыштағы креслоға жайғасқан Жанна үнсіз. Алдына барып тізерлеп отырдым да, қолдарын қолыма алдым. Жәудіреп сұраулы кейіппен қадала қалған жана рын тез тайдырып әкетті. Бір өрім қылып жинап қойған шашынан сипап, бұрымынан ұстадым. Жуан бұрым. Ал өзі тым арық. Арықтығы сонша жанының қалай үзіліп кетпей тұрғанына таң қаласың. Денесінің жанында бұрымы шы мыр, мығым көрінеді. – Шыныңды айтшы, не істеп жүрсің? Басы тіпті төмен түсіп кетті. Құп-қу жүзіне қан жүгірген. Аздан кейін жылай бастайтынын түсіндім. Мейлі, жыласын. Мен Асқатты сүйемін, – деді ол кенет. Содан кейін көзінен жас аға бастады. Балапан-ау, ол бес жасар әлди емес пе. Ал сенің жасың нешеде? Алтыда. Дауысы әрең шықты. Кішкентайсыңдар ғой. Шайдың қайнағанын естіп орнымнан тұрдым.
Жанартау д д – Жүр, шай ішеміз. Қазір мен киімімді ауыстырып алай ын. Шкафтан құрғақ киімдерімді алып, тез киіне бастадым. Әрбір қимылымды бағып отырған оның көзқарасын сезсем де, мән бермегенсідім. Сені ата-әжең іздейді ғой. Іздемейді. Олар қонақта. Екеуіміз ас үйде шам жақпай отырғанбыз. Беті ғана ағараңдайды. Шарап ішесің бе дегім келіп, өз-өзімді әрең тежедім. Конфет неге жемейсің? Маған болмайды. Онда нан мен май же. Ол басын шайқады. Мен Асхатқа хат жаздым. Иә, білемін. Мамасы айтқан... Сіз оның мамасымен доссыз ба? Дос емеспін, бірақ сөйлесіп тұрамыз. – Ол кісі мен туралы не айтады? – Білмеймін. Екеуі әлі кішкентай ғой, өскеннен кейін жүргендері жақсы болар еді дейді. Ол күрсінді. Үйлеріңде телефон бар ма? Сағат он болып қалды. Атаәжең іздейді. Иә, – деді ол, – мен қайтайын. Жүр, сені шығарып салайын. Ол басын шайқады. – Өзім... Мен бой берген жоқпын. Екеуіміз сыртқа шықтық. Оның үйі көшенің арғы бетінде екен. Ап-арық, сүйріктей саусақтары менің қолымды сәл қысыңқырап ұстайды. Титімтай тіршілік иесі. Қолын қыстым. Бірақ ол жауап берген жоқ. Сұлық келе жатыр. – Қай подъезд? Ол ортаңғысын нұсқады. Өзім барамын. Жүр, кіргізіп жіберейін. Керек емес, тәте.
М. Омарова д д Дауысының жалынышты шыққаны сонша қолын шалт босатып жібердім. Ол қараңғы үйге сып беріп кіріп кеткен. Оны қайтып кездестірген емеспін. Бұл үйде ешқандай Жанна есімді қыздың тұрмайтынын кейін білдім. Жанна есімді кішкентай қыздың өмірде мүлде жоқ екенін білдім содан кейін. Үлкен қаланың қай жерін мекен етуде ол қазір? Әлі Асқатты жақсы көре ме? Неге келді, қайда кетті? Жал ғыздықты серік еткен кіп-кішкентай елес қыз. ӘЖЕ – Қайда барасың? Әжесінің дауысы зілді шықты. Ешқашан дауыс көтер мейтін ол айқайды ауыр зілмен ауыстыра білетін. Ұрлана басып шығып бара жатқан бойжеткен кідіруге мәжбүр болды. – Кітапханаға. – Андағы дорбадағы не? – Кітап. – Бері әкел. Немересі қарсылықсыз ақ сөмкесін иығынан сырғытып, кемпірдің алдына тастады. Икемге әрең кенген белін иіп, ол сөмкенің аузын ашты. Шынымен кітаптан өзге еш нәрсе жоқ екен. – Алтыдан кешікпей кел, – деді ол тарамыс саусақ тарымен дорбаны қыздың иығына қайта іліп жатып. – Бар. Бойжеткен үнсіз шығып кетті. “Бойы сыриып өсіп қалыпты, – деп ойлады кемпір терезенің алдына келіп, – қол-аяғы ұзын, бірақ арық бейшара”. Газда тұрған шәугімді қолымен ұстап көрді. Жылы. Столда тұрған кесеге орталап су құйып алды да, шетте жатқан шүберекті шәугімнің үстіне жаба салды. – Кебе берсін. Терезеге қайта бұрылды. Жел соға бастапты. Жаңа ғана ашық аспан кенет күңгірттенген. Дүние әп-сәтте алай-дүлей болып, сол арада жауын сабалай жөнелді.
Жанартау д д – Мәссаған, – деді кемпір дауыстап, – әлгі қыз жалаңаш кетті-ау. Аялдамаға да жетіп үлгермеген шығар бейшара. Сормаңдай. Терезеге қарап тағы кішкене тұрды да, өз бөлмесіне беттеген. Адымдаған сайын жалаңаш табаны еденді сырып өтеді. Үш-төрт аттам дәлізді ұзақ кесті. Бір қолында кесесі, екінші қолымен қабырғаны қармайды. Бөлмесіне жетіп, қолындағы ыдысты столға қойды да, төсекке шықты. – Жаратқан ием, сақтай көр, – деді есінеп. Содан кейін қалың ұйқыға кетті. ЖОЛ ҮСТІНДЕ Түн болатын. Ауадан бөлек иіс сезіледі. Қараңғылықтың иісі. Суық. Екеуміз келе жатырмыз. Алдымыздағы жылан ша ирелеңдеген қара жолдың шегі көрінер емес. Көзімді жұмдым да, жолдан шығып кетем бе деген қауіпке шыдай алмай қайта аштым. Бәрібір түнек. Оған жақындап иығына сүйенгім келген. Батпадым. Кенет: – Неге жалғыз келе жатылсың? – деді ол, жердің астынан шыққандай күңгірт дауыспен. Өзіммен өзім болып келе жатқан мен қапелімде жауап бере алмай қалдым. Үнсіздік және күшіне ене бастады. “Мен жалғыз емеспін ғой” деп ойладым. Содан соң неге дереу осылай жауап бермедім деп өкіндім. Сол кезде ол бір нәрсе дер еді, содан кейін мен... Жаурап кеттім. Оған жақындап, ақырын денемді тигізгенмін. Бойымды жылы толқын шайып өтті. Тағы ұмсына бердім де, бұл әрекетімнің әбестігін ұғып, тартынып қалдым. Төмен қадалып қолын сермеп тез келе жатқан ол еш нәрсені сезбеген сыңайлы. Кеудемді реніш буды. Жүріп келеміз. Аспан мен жерді қатар қаптаған қа раңғылық айдалада келе жатқан екі адамды жаншып тастағысы келгендей түйіліп, кеудеме үрей болып енді. Мен оған қарадым. Қарайған сұлбасы ғана ажыратуға келеді.. “Тезірек ауылға жетсек екен, – деп күбірледім, – бұл не сұмдық әйтпесе”. – Біл нәлсе деп келесің бе?
М. Омарова д д “О, Құдай, сақтай көр”. – Жоқ, әшейін. Суық деймін. Тағы үндемей қалды. Ойыма “Өзің де жігіт қызықсың, сырыңды қайдан қыз ұқсын” деген мағынасыз сөздер ора тыла берген соң, жанұшыра: – Біздің ауылдан емес сияқтысыз ғой, – деп әңгіме ба стадым. – Неге? Көкқайналданмын. – Танымайтын сияқтымын. – Неге? Ол есіне әлдене оралғандай жүрісін жеделдете түсті. – Ауыл кішкентай ғой, бәрін білемін деп жүрсем... Түрін көргім келіп бетіне қанша үңілсем де, қараңғылық құрған шымылдық көлегейлеп жібермеді. – Мен сізді танымаймын. – Сен етікші шалдың қызы емессің бе? Контолда есепші болып істейсің. – Иә. Әкем былтыр қайтыс болған. – Білемін. – Ал сіз ше? – Мен Алмабектің баласымын. – Қай Алмабек? Ит асырайтын ба? – Иә. Мырс ете қалды. “Оның баласы бар ма еді” деп ойладым. Алмабектің өзін ауыл тұрмақ бүкіл аудан біледі. Қайда барса да қасына артық-кемсіз он ит ертіп, дүниені азанқазан етіп жүргені. Жалғызілік адам тәрізді еді, соқталдай баласы барын кім білген. – Орталыққа жай барып па едіңіз? – Мен бе? Таңданғаны сонша суыт жүрісінен жаңылып, бетіме үңілген. Содан кейін сабасына түсті білем, баяғы жыл дамдығын қайта тапты. “Есі дұрыс емес пе” деген ойдың басыма жаңа келгеніне қайран қалдым. Өзі сақау, өзі жын ды. Құдай, саған не жаздым? – Келісінше, олталықтан келемін. Ауылда тығыз ша луа болып. Түкке тұлмайтын шалуа, білақ өзім келмесем бітпейтін болды.
Жанартау д д – М-м-м.. Түсінікті. Қатып қалдым. Түннің өз суығы аз болғандай, тура желкемізден ызғар төгіп жел тұра бастады. Мен оған амал сыз тығылдым. Ең болмаса, қолымды қалтасына салсам ғой. Бірақ алдымен әйелі бар ма, жоқ па соны біліп алса болар еді. Дегенмен, есінің дұрыс еместігі рас болса, бойдақ шығар. Күлкім келді. Бұл кезде ауылдың шамы көрініп, иті үре бастаған. Ол ай-шай жоқ бірден көше сыртындағы өз үйіне беттеді. Шығарып сала ма деген әлсіз үміт өз-өзінен өшті. Есі шығып қарсы алған апама қайғылы пішінмен: – Жаяу келдім, – дедім. – Ойбай-ау, жалғыз ба? Қасқыр жеп кетсе қайтер едің. – Қайтушы ем. Қызықсыз... Бетіме бағжиып қараған апама мән бермеген күйі көрпенің астына кіріп кеттім. Апам көзін алар болмаған соң: – Жалғыз келген жоқпын. Алмабек шалдың баласы екеуміз келдік, – деп шынымды айттым. – Қай Алмабек? – Иттері бар ше. Апам ернін сылп еткізді. – Оның баласы өліп қалмап па еді. – Өлмей-ақ тірі. Бірге келдік деп тұрмын ғой. Апам сандықтың үстіне отыра кетті. – Оның жалғыз сақау баласы авариядан кеткен. Он жыл болды, міне. – Сақау деймісің? Мен жүн көрпенің салмағын елемей көтеріліп алдым. – Сақау болатын... Ертеңінде ұлыған иттердің дауысы астында қалған ауыл Алмабек қарттың қазасын естіді. МЫСЫҚ Ертең ауылға барамын. Ауылда тіршілік тоқтап қалған. Күнделікті күйбеңнен өзге ауылдағы адамдарды еш нәрсе толғандырмайды. Ол жердегі махаббаттың өзі жайбарақат. Ешкімнің есі кетіп, дүниені талақ етпейді. Барлығы бірқалыпты, өзінің шарықтау шегіне енжар жетіп, сырғып
М. Омарова д д түседі де тәмамдалады. Не тоймен, не болмаса бастапқы қалпына қайта оралады. Қаладағы арпалыс, ағылған маши налар қаныңды қыздырып, жүрегіңнің соғысын жылдам датады. Сондықтан тезірек ауылға кету керек. Бір нәрсе бүлінбей тұрғанда, өзіңнен де, өмірден де жиіркеніп безіп кетпей тұрғанда ауылға жетіп алу керек. Оның мысығы бар. Ересек тарта бастаған, ұйпа-тұйпа ұрғашы мысық. Балалығы қалмағандықтан, ара-тұра жү гіріп ойнап алады. Бірақ көбінесе маңғазданып, сен жаққа менсінбей көз тастап жатады. Ол маған басында ұнайтын. Төсекке қисая қалсаң, қасыңа жетіп келіп ыңғайланып жайғаса бастайды. Содан кейін тұрып кету мүмкін емес. Көңілін қимай жатасың. Ол мысығын жақсы көреді.. Күз аяқтала бастаған кезде, мысық түлеуге кірісті. Жер дүниенің барлығы жүн, талшық. Шай ішіп отырып, тамағыңа кептеліп қалғанын сезесің. Жүрегің айниды. Бөлмеге күн түскен кезде шаңмен араласып, қалқып жүрген аппақ талшықтарды көресің. Мен “мысықты апарып таста” дедім. Ол басында қарсы болған. Бірақ менің шынымен де қиналып жүргенімді көргеннен кейін келісті. Оның үстіне оған біртүрлі, жаман қарай бастадым. Жануардың кінәсі жоқ екенін біліп тұрсам да, кеудемде орнығып алған жиіркеніш жан-дүниемді жегідей жеп бітті. Содан кейін Оның мысыққа деген ерекше мейірімі де жынымды келтіре бастады. Бірде жұмысынан телефон шалып, мысықтың хал-жағдайын сұраған. Қазір ғана оқтаумен басынан бір ұрдым, – дедім мен қалжыңдап. Неге? Дауысы өзгеріп кетті.. Дастарханға шыққан соң... Уайымдамай-ақ қой. Кішкене қимылсыз жатты да, тұрып кетті. Тек басын сілки береді. Мен сені өлтіремін. Немене? Өлтіремін. Өлтіремін, – деді ол қайталап. Дауысында ызғар бар. Денем тітіркеніп кеткен.
д д Жанартау д д Шыдамым таусылып бітті. Үйде тамақ ішуден қалдым, Ақыры ол мысығын алып кетті. Досының үйіне. Содан кейін үйге кеш келетінді шығарды. Бара-бара бұнысы тіпті жиілеп кетті. Бар айтатын уәжі “Мысықты барып көріп жүрмін”. Шынымен де ол да бір тіршілік иесі емес пе. Атыжөні жоқ далаға лақтырып тастауға болмайды. – Қайта алып келемін десең, алып кел,– дедім мен оған бір күні,– түлеп біткен шығар. Ол мысықтың әрі-бері жүргеннен қатты қорқатынын, сондықтан жануарды бұлай қинай бергеннің обал екенін айтты. Сонымен, барлығы орнына келген сияқты еді. Бірақ бүгін төртінші күн ол жоқ. Досының үйіне хабарласқанымда олар оның мысықты алып кеткенін айтты. Қайда екенін білмейміз деді. Еш жерде жоқ.. Мен ауылға кетемін деп шешім қабылдадым. Бірақ ешқайда барған жоқпын. Оны күтіп жүрмін. Біреулер оның мысық жетектеп жүргенін саябақтан көріпті. Сол жерге бардым. Бір күні кездестірдім де. Ол ұзын бойлы, денелі жігіт ағасы. Түрі де салиқалы, салмақты. Қарбығау тағып, жіппен мысық жетектеп жүргені алыстан күлкілі көрінеді екен. Қастарына жақындап, мысықты қолыма алдым. Қайда жүрсің? Осында пәтер жаддап тұрып жатырмын. Үйге жүрмейсіңдер ме? Ол маған сынай қарады. Сен мысықпен бірге тұра алмайсың ғой. Тұра аламын. Ол басын шайқады. Мен үйге жалғыз оралдым. Мысық көп дегенде жиырма жыл өмір сүреді. Содан кейін оның жағдайы не болады? Білмеймін.
Л. Қоныс д д д д Лира ҚОНЫС Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни верситетінің шығыстану факультетін бітірген. «Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Ізгілікті іздеу те ориясы» атты кітаптары жарық көрген. Филология ғылымдарының кандидаты. «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы, «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. ҚҰЛПЫНАЙ ҚОСЫЛҒАН БАЛМҰЗДАҚ Құлпынай қосылған балмұздақ жегім келді. Ал, Алма тының ақ жауыны төпеп, терезені тамшы сабалап тұрды. Мұндай күңгірт те дымқыл, сызды күні ешкімнің балмұздақ аңсамасын білетіндіктен өз қалауымды жарияламастан көшеге шықтым. ...Ақ түсті «Москвич» көлігі. Әлдеқашан тозығы жеткен, бірақ, күтімі мен бабының арқасында тамаша жүйткитін. Оң жақ сауырында «Балмұздақ келе жатыр» деп қызыл түсті бояумен жазылған, соншалықты сүйкімді және қуанышты көрінетін хабарламасы болатын. Ал, сол жақ есігі тұсында Линдгрен ертегісінің кейіпкері, тәттіге той майтын Карлсонның қомағайлана балмұздақ жеп, ұшып жүрген суретті бейнеленіп еді. Рөлді алпысты бағындырып қалған жасы бар орыс еркегі иеленетін. Басынан қамыстан тоқылған күнқағары түспейтін оның міндеті көлікті жүргізу мен тоқтату. Өзімен-өзі, көзін жолға қадап, маңғаз отыра тын. Оның жанындағы, сатушы тәтейдің аты – Венера. Ол өзін аса жақсы көрмеген секілді, өйткені, бәдені бет-бетімен кетіп, мүшелері семіздіктен бөлек, салақ көрінетін. Шашын күтуді де үлкен тірлік санайды-ау, үнемі қып-қысқа етіп алдыратын. Ол сөйтса-дағы балаларды жақсы көруші еді. Ақ мәшиненің иесіне бәлкім жар, бәлкім көңілдес. Әйтеуір көңілді, айқайлап сөйлеп, ауылдың әр көшесін базарға ай налырып жіберетін мінезі бар. Тіпті, хабарландыруының
Жанартау д д өзінен жұрт балмұздаққа тойып қалмаса да, бірер жалап алғандай болушы еді. – Балалар, қанекей, жиналыңдар! Сонау Шымқаладан сендерді сағынып балмұздақ келді. Қаймақ қосылған, құлпынай қосылған, бал қосылған балмұздақ! Бір шаңырақта бес-алты бала бар. Оның біреуі ғана атасының еншесіндегі немере, біреуі ғана әжесінің кенжесі. Өзгелерінің езуіне балмұздақ тимей қалатын кезі де мол. Сондықтан Вера тәтейдің жарнамасы дәйім қуанышқа кенелтеді дей алмаймын, Карлсон бейнеленген ақ көліктің себебінен балалардың бетін талай мөлдір тамшы жуып еді. Қатты қағазға оралған, сыртында бір түйір құлпынайдың суреті бар уылжыған балмұздақ жылатпасыңа қоя ма? Семіз тәтей өзін жақсы көрмесе де балаларды сүйеді деп бекер айтпаймын, шілденің ми қайнататын ыстығы күшіне мініп, шаңқай түс таянғанда мейірленеді, шаңы бұрқылдаған май топырақ көше мен демді тарылтқан қапырықтан қалаға қашқысы келе ме, әлде өзін айналсоқтап кетпей жүрген балаларға іші жыли ма ери бастаған, жіпси бастаған соңғы бес-алты балмұздақты таратып кетеді. ...Ақ түсті «Москвич» көлігі ауылға жаз айларында ғана келетін. Олардың бақталасы болмады, сондықтан дүйім ауыл баласы Вера тәтей мен мойынсерігін сағына күтті. Олар да күймесін толтыра әрдайым келіп тұрды. Уақыт өте берді, қыс кетіп, жаз шыға берді, мен он алтыға шыққан жазда күре жолдың бойынан ақ түсті көлікті қарайлай-қарайлай көзіміз талды. Саратан, зауза келді, бірақ балмұздақ келмеді. Сүмбіледе бір хабар жетті. – Енді балмұздақ болмайды,-екен деді біреу. – Е, неге?– деп ентелесті жұрт. – Жаман мәшинесімен кеп сауда жасайтын қатынды байлы екі орыс Ресейге көшіп кетіпті! – ..? – ..! Неге қоныс аударасың, тіпті бізге енді балмұздақ әкелмейтініңді ескертпестен үнсіз кетіп қалғаның не деген өкпе іште қалды. Содан бері талай балмұздақтың дәмін таттым, бірақ, Вера тәтейдікіне жетпеді. Балалықтың бал
Л. Қоныс д д дәміне не жетуші еді деп тамсандым. Құлағыма әлдебір таныс дауыс естілді: – Сендерді сағынып бал татыған балмұздақ келді. Қаймақ қосылған, құлпынай қосылған, бал қосылған балмұздақ! Көшенің оң жақ бетінен ақ түсті «Москвич» көлігін көрдім. Сауырына таңбаланған тәттіқұмар Карлсонның бейнесі де сол күйі сақталыпты. Рөлде басына қамыс қалпағын ілген иесі қалғып отырды. Әлі жүдемеген, жоны жылтыраған қалпынан айнымаған Вера тәтей аппақ қағаздарға оралған балмұздақ сатып тұрды. Олар қайтып келген екен, сүйікті кәсібіне оралған екен дедім. Бағдаршамның белгісін елемеген күйі жүйткіген көліктің арасынан ентелеп өтіп жетіп барғанымда көзім алдамапты. – Сіз мені танисыз ба?– дедім. – Сен өсіп кетіпсің,– деді Вера тәтей. – Менің әжем қайтыс болды,– дедім. – Біз ол кісінің айран, сүтін талай ішіп ек,– деді ол. – Мен сіздің балмұздағыңызды сағынып жүрмін,– дедім. – Білемін,– деп күлімсіреді. Қорапқа үңіліп, екі бал мұздақ ұсынды. – Саған тегін беремін,– деді. – Рахмет! Екеуміз бір бірімізге қарап бір сәт күлімсіредік. Үйге кеп балмұздақты тауысқан соң ғана Вера тәтей жайлы есіме алдым, олар кеткен соң да бүкіл бала әлі де болса кеп қалар деп қара жолға жиі-жиі қарағанымызды неге айтпадым дедім. Осы күні жинала қалсақ сіз жайлы әңгіме айтпай қалмайтын кезіміз жоқ демегенім не, сіз балмұздақ таратқан балалардың өздері баласына балмұздақ әперіп жүр десемші деп ойландым. Олар шымқаланы та стап, Алматыға неге келді екен деген сауал санамда тұрған. Шүйіркелескім кеп, қайта сыртқа шықтым. Жауынға мал шынып әлгі орынға жеткенімде Линдгреннің кейіпкері бейнеленген ақ мәшинені көре алмадым. – Балмұздақ сатушылар кетіп қалды ма?– дедім сол маңдағы дүнгіршекке жайғасып газет сатқан орыс кемпірге. – Кімді айтасын?– деді ол.
Жанартау д д – Жаңа сіздің қасыңызда балмұздақ сатып бір ақ түсті көлік тұрып еді, балмұздақ алғанмын, етжеңді сатушы әйелден... – Қарашада қайдағы балмұздақ? Мұнда ешкім болған емес...– деп таңырқады кемпір. – Кешіріңіз,– дедім. Сөйттім-дағы, әлгінде ғана құлпы най қосылған балмұздақ сатқан маңайға жаутаңдап қарай бердім. ҚОШ, КҮНЕКЕЙ! ...Қоңыраулы сағат бебеу қақты. Сенбінің таңы атқанын безілдеп жеткізді. Ұйқымды қимадым-дағы, күшік бей несінде жасалған сағаттың желке тұсындағы қара түймесін баса қап үнін өшіріп, көрпені жылдам бүркендім. Соқыр шалдың соңынан қайта еремін бе деген дәмем іске аспа ды. Күн терезеден шақырайып, құлағымда әлгі уақыт көрсеткішінің шарылдаған үні жаңғырып тұрса кірпік қайдан айқассын, тұрмаққа жөн дедім. Оянғанымды күтіп отырғандай сымы шұбатылып жатқан қара телефон ойбай салды. Тұтқаны көтергенімде сымтетіктің арғы бетінде әртіс болуды армандаған, тіпті соның оқуын тамамдап, табақтай диплом иеленсе де бола алмай қалған құрбым отырған. Көп сөйлеспеуіме оның ренжігені себеп, өкпесі бүгін ешқайда барғым келмейтінім туралы ашық мәлімдегенімнен туындады ма деймін. Сөзін тым қысқа тұжырды: Жақсы,– деді бар болғаны. Мен қоштасу сөзі секілді әлденені айтып та үлгермедім. Бүгін қызмет мекемелерінің есігінде қара құлып мелшиіп тұратын күн, яки, демалыс дейміз мұны. Қаланың танымсыз шуы лы мен көлігі тудырған көк түтіннен тауға қарай қашуға тамаша мүмкіндік еді, бірақ, мезгіл қарашаның ортасы, ертеңгісін шайдай ашық аспан, ұлы сәскенің кезінде алатай дай айнып, әп-сәтте көкті бұлт қаптап нөсерлететіні бар. Ал, әуені жаңғырған түнгі клуб пен кафелерді әсте демалыс деп тұжырған емеспін, қызылды-жасылды жарық, парықсыздау жастар ортасы, мағынасыз шулы әуен жүйкенің әр тал шығымен ойнайды. Одан да үй ішін ретке келтірейін деп
Л. Қоныс д д түйдім. Расында мына пәтердің ішінде шаңсорғыштың жағымсыздау үні барқырамағанына көп болып еді. Ең жақсы көретін заттарым ретінде ең бірінші кітап тарымды атаймын. Бұл ақшаны кітаптан артық көруімнен емес, бірақ, кітап сатып алуға ақша шығарғанды қаламай мын. Өзімде жоқ кітапты кітапханадан немесе достарымнан сұрап оқысам не қылыпты деп өзімді жұбататыным бар. Сондықтан да мендегі кітаптар әкемнің кітапханасынан келген, қолтаңбасын қойып авторлар сыйлаған, қартайғаны мен көп оқығаны қосыла келе ұмытшақтық ауруы ден деген ғылыми жетекшім маған беріп, соңынан есінен шығарып алған және кешіріңіз... әлдекімнің көзін ала беріп жымқырған көркем дүниелер болып келетін. Сөрені шаң ба сыпты, кітаптарым да оңды-солды шашылып, бей-берекет ке түсіпті. Бұл тұсқа тазалық салтанат құрған соң ғашығыма асқан махабатпен қарағандай көз салғанымда кітап сөрелерінен сұмдық сұлулықты байқадым. Кітаптарым маған парасатпен, ақылдылықпен және асқан нәзіктікпен назар салып тұр екен. Басы артық жихазды жаратпаймын, оны жинау, сүрту... ұсақ тірлікпен уақытымды шығындағым келмеуі себепті мен мекен ететін жалғыз бөлмелі пәтер тым жұпыны. Бұл үйдегі екінші жақсы көретін дүнием – шыныдан, ағаштан жасалған ертегі кейіпкерлері. Аптадағы жеті күн атын ие ленген жеті гномды шаң басыпты, Андерсен туындысының кейіпкері, қолына сиқырлы таяқша ұстаған, әсем қанаты бар періштені еденнен таптым, ұшатын кілемге малдас құрып отырған Алладин мен француз жұртының мэтрі Перроның кітабынан ауысқан етік киген мысық терезе тиегінің үстінде жатты. Бұларды кірден арылтып, орын-орынына қойғанымда көзім Күнекейге түсті. Ол да қалың шаңға шомып тұр екен. Бұл бала кезімнің куәгері. Өңі жасыл, ұзын көйлекті, басында шибарқыт қалпағы бар бойжеткен бейнесіндегі қуыршақ. Мектепке баратын жылы ма, оған дейін бе, есімнен шығып қалыпты, әжем сыйлап еді. Жал пы, қуыршақ атаулыны суқаным сүймейді, мен иеленген қуыршақтар ең бақытсыз ойыншықтар, әлдекімге қайта сыйланып кетіп немесе ойыншық салатын қорапта жатып
Жанартау д д ескіретін, бірақ, Күнекейге деген ықыласым алабөтен болды. Балаға ойыншық сыйлау әдетінде жоқ әжем мұны Қара теңіздің жағасына демалуға барғанда сатып әкелді, ауылға жеткенше зеңгір көкпен әуелеп ұшты. Бұл мен ойнаған жалғыз қуыршақ. Күнекей кәдімгі қуыршақтардан бөлек, әдеттегі шикізаттардан емес, түрлі шөптердің сығындысынан жасалды. Бұл денсаулыққа пайдалы дейтін әжем. Сенің денсаулығың үшін бір сиырдың құнына сатып алдым, жұрттың қыздарына ұстатпай, көшеге көп шығара бермей, күтіп ойна! Бұл қуыршақтың сондай тарихы бар. Ал, есімі... «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегісінің кейіпкеріне алынды. Еденді жуып болғанымда есік қағылды. Өзінің де, өзгенің де уақытын аямас шақырылмаған қонақты жарат паймын. Есік ашқанымда кеудесінде жаңғақ мүжіп отырған қызыл тиын кестеленген көңілдір түсті көйлегі бар кішкене қыз күлімсіреп тұрды. – Не керек?– дедім. – Сәлеметсіз бе? – Сәлем... Қыз рұхсатымды күтпестен ішке өтті. Аяқ киімін босағаға тастады. Төргі бөлменің қақ ортасында үнсіз тұрды. – Сен кімсің?– дедім. Оның көгілдір көйлегі маған таныс секілді. Өзін бір жерден көргенім анық, бірақ, есіме түсіре алмадым. – Менің атым – Лаура. – Менің де атым Лаура,– дедім: – Сен қайдан келдің? Қыз иығын көтерді: – Білмеймін. Ұмытып қалдым. Мен Күнекейді алып кетуге келдім,– деді. Сөйтті де бөлме ішіне көз жүгіртіп, өзінің бойымен бірдей Күнекейді бас салды. – Мұны ешкімге бере алмаймын,– дедім: – Барлық ойыншықтарымды таратып жібергем, бірақ, мұны өзіме қалдырдым. Бір сиырдың құнына... иә, әжем сыйлаған...– дедім сасқалақтап. – Жоқ!– деді қыз. Көк көзі шатынап қадалып тұрды. Мына көздер маған таныс, қайдан көргенім есіме түспеді.
Л. Қоныс д д – Мұны маған әжем сыйлаған. Өткен жылы атам екеуі Қара теңізге демалуға барғанда әкелген. Күнекей шөптен жасалған. Денеме бөріткен, қызамық көп шығады, ем бол сын деп әкелді. – Немене...? Қыз ойлануға мұрша бермей, тақылдап, тықсырып ба рады. – Құдай-ау, сен кімсің? Өзің қайдан кеп қалдың? Сылқ етіп кілемге отыра кеттім. Тілімді кәлимаға келтірдім, күткенімдей болмады, қуыршақты құшақтаған, көгілдір көйлекті қыз көз алдымда әлі тұрды. – Кешіріңіз, маған әжем ұрсады, қуыршағымды әкетуім керек, менің әжем жақсы адам. Мені жақсы көреді, бірақ, түсініңіз, Күнекейді бір сиырдың құнына сатып әкелген. Ол өте көп ақша. Біздің ауылда құны бір сиырдың құнына сәйкес келетін қуыршақпен ойнаған қыз жоқ. Тіпті, ұстап та көрмеген. Қуыршағым жоғалса әжем маған ренжиді, беріңіз,– деді осын жалынышпен. ...Менің де әжем сөйткен... Маған да әжем Қара теңіздің жағалауынан... ...бір сиырдың құны... ауылда ешбір қызда жоқ, мұны жоғалтпа... маған да кішкене күнімде қызамық, бөріткен үйір еді... маған да, маған да... – Сенің әжеңнің аты кім?– дедім жұлып алғандай. Дау сым тым қатты шықты. – Маржан. – Иттеріңнің аты кім? – Лесси. – Мысықтарыңның аты... Сүтқұмар ма? – Иә. – Төрттөбеде тұрасыңдар, атаң, әжең, сен... тоқал тамда... – Иә. Қыз не қорыққаны, не абдырағаны белгісіз күмілжіп жауап беріп отырды. Ал, мен ше... Менің де әжемнің аты Маржан тұғын. Менің де әлгі бір шетелдік сериалдағы иттің құрметіне қойылған Лесси деген итім болатын. Сүт ұрлап ішетін болған соң Сүтқұмар деп атаған мысығымыз бар еді, Төрттөбедегі тоқал тамда тұратынбыз. Мен... Мен де...
Жанартау д д Жылағым келді. Шынашақтай қыздың алдында жылауға намыстанбадым. Оның кім екенін білемін бе деймін. – Жыламаңыз,– деді қыз: – Мен Күнекейді аламын да кетемін. Жоғалтып алдым десем әжем түсінеді. Бірақ, ренжіп қалады. Ренжігенін қаламаймын. Сол үшін беріңіз. Беріңізші... Мен де Күнекейді әжемнің көңілі үшін жақсы көрдім, көңілі үшін күтіп ұстадым... Жылап отырдым. Қыз иығымнан тартқылады. – Не? Не керек саған? – Жыламаңыз, құрт жейсіз бе?– деді: – Мұны әжем жасаған. Көйлегінің қалтасынан бармақтай құрт шығарды. Сықпа құрт. Әжем ылғи осылай жасайтын. Мұны елес деп түйдім. Мұны балалық шағымды, әжемді сағынып жүргендіктен ба стан кешудемін деп пайымдадым. Қуып шыққаным дұрыс дедім де, сыртқы есікті айқара ашып қойдым. Көгілдір көйлекті қызға асқан жеккөрініштілікпен қарадым. – Кәне, көзіме көрінбей, табаныңды жалтырат! – Қайда барамын? – Қайдан келсең, сонда бар! Қабырғалас көршім үшін әлдекімдердің ұрысы, тіпті жұлысып, төбелескені аса қызықты саналады. Мұндайды қалт жібермес ол есіктен бой көрсетті. – Не болды? Бұл кім? Тыныштық па?– деп сұрады орта жастағы орыс әйелі бет-бейнесін жасанды жаны ашыған кейіпке түсіріп. – Жәй, әншейін!-әдетте жасын сыйлап сыпайылық та нытарым жайына қап, жекіп бердім. Ол мұныма ренжитін сыңай танытпады. – Мынау қыз кім? Өзі сенен аумайды екен!– деді сосын. Жауап берместен есікті іштен жаптым. Мұның кім еке нін сезетін сыяқтымын. – Сен қайдан келдің?– дедім қуыршақты әлі де тас тамаған қызға қарап. – Білмеймін. Ұмытып қалдым,– деді ол. Жыламсырап тұрды. Жаным ашыды ма деймін, ас үйге өтіп бір шыны суық су ұсындым.
Л. Қоныс д д – Менің бала кезіме тап сенікіндей көйлегім болған, атам әперген– дедім. – Мұны атам маған өткен жазда сатып әкелді,– қыз. – Алдына құлпынай тосабын төгіп былғап алып, әжем нен ұрыс естігенмін,– дедім. – Мен де құлпынай тосабын төгіп ап, әжемнен сөз естідім,– деді қыз:– Қараңыз, әжем қанша жуса да дағы қалып қойды. Көйлектің өңірінде қызғылт дақ сақталыпты. – Ойнап жүріп етегін жыртып алғанымда әжем тігіп берген,– дедім. – Өткен аптада құлап көйлегімнің етегін жырттым. Әжем тез тігіп берді,– деді қыз. Күдігім расқа айнала бастады. Қыздың үстін тінте қарадым. Мойынында ноқаттай мең болды. Менде де. Оң жақ тобығының үстінде үлкен тыртық жаңадан түсіпті. Бұл менде адасқан оқтың сүйкеп өткенінен қалған. – Тобығыңдағы не тыртық? – Үш ай бұрын адасқан оқ тиді. Жанап өтіп аман қалдың, Құдай қақты дейді әжем. Әжем мұны маған да айтқан. Балалық шағымды, әжемді, Күнекейді қызғанып тұрып, көк көзді, көгілдір көйлекті мынау қыздың кім екенін мойындамасқа амалым қалмады. – Сен менің алты жасар кезімсің,– дедім оны да, өзімді де таң-ташама қалдырып. Әжем туралы сұрауға батылым жетпеді. Жүрегімнің түкпірінде әжем екеуміз әйтеуір бір күні кездесеміз деген үмітім бар. – Сарытостақ, қуыршағыңды іздеп қайдан келдің, менен ізде деп оны саған кім айтты?– дедім. – Қалай келгенімді ұмытып қалдым,– деді қыз: – Ал, сіз мені достарымның сарытостақ деп мазақтайтынын қайдан білдіңіз? – Білем, өйткені, өзім соған ренжіп талай жылағам. – Күнекейді ала беруіме бола ма?– деді. – Иә... Ал, сен әжеңді жақсы көресің бе?– дедім. – Иә, әжем әлемдегі ең жақсы адам,– деп жауап берді ол. Оған әжемнің мен он беске толғанда көз жұмғанын айтқым келмеді.
Жанартау д д – Мен саған Күнекейді беремін,– дедім. – Сау болыңыз,– деді ол. – Сау бол,– дедім. Оның әжеме баратынын, әжемнің қасында жүргенін қызғандым ба..? ...Сағаттың шар еткен үні барлық тәтті елестерімді үркітіп жіберді. Көзімді ашқанда әлі төсекте жатқанымды көргем. Тозыңқы кілем, бояуы оңған перделер, ретсіз үйме-жүйме боп шашылып жатқан кітаптарым мен жетеуі жеті жақта жатқан, әрбірі аптаның бір күнінің атын ие ленген гном бейнесіндегі ағаш мүсіндер әдеттегісінше мүлгіп тұрды. Жылдам көз салғанымда бала кезімнің тәтті елестерін есіме сағынышпен салып тұратын Күнекейдің орынында жоқ екенін көрдім. Ал, жастығымның үстінде әжем жасаған екі түйір сықпа құрт тұр екен. УАҚЫТ «Esperanza» түнгі клубының табалдырығынан аттап, ішіне енгенімде мұндағы топ бидің көрігін қыздырғанын көрдім. Қызылды-жасылды киімдер, қазылды-жасылды шамдарға қарап біздің ғалам тұтастай әлем-жәлем күйден тұрады екен деп тұжыруға болар. We go the refugees up in here No fighting, no fighting Shakira, Shakira,– деген әннің ырғағы төпелеп жатқан. Жер шарын жаулаймын деп жанталасқан Шакира бойжет кен мен оны қостаушы зәңгінің еңбегі еш кетпеген, колум биядан жеткен үнге алыстағы Алматы аласұрып билеген. Әннің даңғазасымен жарысып, түрлі аяқ киім өкшелерінің де тарсылып естіліп тұрды. Маңайға көз жүгірткенімде мұндағы шуылдың ішінен өзім іздеген адамды таба алар ма екенмін деп бас қатырмадым, алуан түсті матадан тігілген шалбарлар мен қысқа, жырық, кейбірі еденнің шаңын сүртуге жарарлық сәусілдей тігілген етектердің арасынан тек ақ түстен тұратын киім киген қызды іздедім. Жарық аз түсетін, тіпті мүлдем күңгірт деуге саятын бұрыштағы үстел басында ақ көйлекті бір бойжеткен отырды. Бұл сол болар дедім.
Л. Қоныс д д Таяп келгенімде өмір бойы тек ақ түсті көйлек киіп келе жатқан танысым көзін бір нүктеге қадап, темекі шегіп отырған. Есіріктене билеп жатқан топ пен ақ көйлекті бойжеткеннің арасы бірнеше қадам болса да, екеуі екі әлем тұғырынан көрінеді. Ақ көйлекті қызды адам емес, мынау шулы әлемді мүсіркей бақылып отырған періште десе кез-келген адам сенетіндей еді. Оны көрмегеніме жеті жыл болса да қобалжымадым. Университеттің алғашқы курсында бірге оқып, одан соң жазылмайтын жүйке ау руына байланысты оқудан шығып кеткен көп таныстың бірі. Тек қана ақ түсті киім киетін, баяндауы шұбалаңқы болғанымен, пәлсапалық ойы тәп-тәуір әңгіме жазатын, көзіме жын-жыбыр елестеді деп жатақханадағы қыздарды ара-тұра қорқытып қоятын, бұған қоса айкезбелік ауруы тағы бар, менің новеллаларыма кейіпкер болуға сұранып тұрған қыз еді. Оның досы жоқ еді, ақ көйлегінің етегі желбіреп үнемі жалғыз жүретін. Кітапханадан, асханадан, аялдамадан үнемі жалғыз қайтып келе жатты. Жүйке ауруы оның қасына құрбы тұрақтатпады. Таныс-тамырлығым кітап алмасу дәрежесінде ғана болса да, оның мені өзіне жақын тұтатынын көзінен аңғарсам да байқамаған болдым. Өзімді одан мейлінше қашық ұстадым, сол уақытта санам да өзімшілдік ауруы тым басым еді, жалқы өскен балалық қалыптастырған өзімшілдік оған оқи тұруға кітаптарымды қимады, жылы сөзімді қимады, кейде оған кекесінмен жауап беруге жеткізді, әдеби білімім тақұл-тұқыл болса да, оны әдеби әңгіме шертісуге тұрмайды деп шештім. Нәтижесінде өзімді қара тұтқан, көп адамдар арасында өзінің тосындығымен ерекшеленетін, сол тосындығынан да азап шегетін бәйкүнә жанды жоғалтып алдым. – Сенен кітап алуға келетін ақ көйлегі бар қыз ше... сол оқудан шығып, бүгін ауылына қайтыпты,– деді бөлмелес бойжеткен. – Сенен алған кітаптарын тастап кетті,– деді сосын. – Түнде ұстамасы қысып құлаған екен... жатақханадағы жұртты шошытқаны мен қайта-қайта дәрігер шақыртқа нына намыстанып жүр еді, бүгін деканатқа барыпты та,
Жанартау д д оқудан шығам деп арыз беріпті, жаңа ғана жүгін арқалап кетіп қалды,– деді аздан соң. Студенттік шақтағы көп таныстың қайсысы есте сақталады дейсіз, бұл қыздың есімде қалғаны – оның мұңды, жалғыздықты жанына серік еткен қызықсыздау әлемі жайлы бірдеме шимақтағаныма байланысты еді. Бұл шығарма ол біздің ортамыздан алыстаған соң туды. Мұны новелла деп атап, есейген уақытта қайта қарап, көлемі шағын кітабымның біріне қостым. Бұл дүние жарыққа шығып, жұрттан жақсы пікір естідім-дағы, бірақ, ондағы кейіпкер турасында еш ойланбаппын. Өмірде болмаған, бейне қиялдан алынған персонаж секілді танып, қояншық ауруынан азап шегіп, армандарының барлығын жерлеп, оқудан шығып, жүгін арқалап, ауылына қайтқан ақ көйлекті бойжеткенді мүлдем естен шығарыппын. Таңертең қалта телефоным безек қақты. Тұтқаның арғы бетінде ақ көйлекті қыз тұрды. Өзінің кім екенін қайтақайта айтты. Мен танымайтынымды қайта-қайта айттым. Санам өткен уақытқа сапарлап қайтқан соң ғана мен ақ көйлекті қыз деп күбірледім. Ол болса иә, ұмытпапсың деді. «Esperanza» түнгі клубының босағасынан аттағанымда осы ақ көйлекті қыздың аты кім еді дедім. – Сәлем,– дедім жақындап кеп. – Сәлем,– деді ол. Жеті жыл көріспеген таныстардай емес, бүгін екінтіде осында кездесуге уағдаласқан құрбыларша салқын есендестік. Ол өзінің стилінен таймапты: Биік өкшелі ақ туфли, бауы жасанды інжуден жасалған ақ түсті шүберек сөмке және кең етекті ақ көйлегі болды. Көйлегінің етегінде немесе кеудесіне гүл кестеленгенде оны неке сарайына бара жатқан қалыңдық деп тұжыруға жарайтын. – Сен жақсы сақталыпсың.– дедім. Бұл әйтеуір сөз болсын емес, оның он сегіздегі қалпынан өзгермегеніне деген таңданысым еді. – Мен оқуды бітіре алмадым,– деді ол. Жауап қатпадым. Бірақ, ол мені таң-тамаша етіп: – Бірақ бұл менің емес, сенің кемшілігің,– деп салды. – ..?
Л. Қоныс д д Көзіне қарағанымда қой көздерінің ызадан шатынап тұрғанын көрдім. Осылай қарай келе жатқанда қызыққа мол студенттік шақ туралы сағынышқа толы әңгіме айтармыз деп ойладым, әңгіме шертуге шулы түнгі клуб емес, ты ныштау күңгірт кафенің бірін таңдамағанына қынжылыпақ едім, ақ көйлекті қыздың сөзі тәтті қиялымды күйретіп түсірді. – Маған шарап алып бер,– деді қыз. – Жарайды,– дедім. Мұны ішпейтінімді, тіпті, талай жыл сақталған француз шарабы мен бахустың сасық сұйықтығының дәмін ажы рата алмайтынымды айтпадым. Бұл кезде испандық мащо Енрикенің әдеттегі тақырыбы – баянсыз махаббат туралы жылаңқы әндерінің бірі түнгі клубтың ішін кернеп тұрды. – Қазір сен не жазып жүрсің?– деді. Шынтуайтында қолжазбамның бүйірі шығып қалған, әйтсе де мұны уақыт шығындап түсіндіруді қажетсіз деп тауып: – Соншалықты дәнеңе де жоқ,– дедім. – Жасырасың,– деді ол: – Нан ұстап тұрып ант етемін, сол баяғы өзімшіл және қызғаншақ мінезің! Оның өмірімнің әйтеуір бір күні алдымнан шығып, осылай деп айтарын біліппін, өзім сезбесем де санам бұл ұрысқа дайын екен, кәдуілгіше, қал-жағдай сұрасқандай қабылдап, күлімсіреп отырдым. – Сен мен туралы дұрыс жазбадың,– деді. – ..? – Менің анда-санда қысатын қояншық ауруымды жын ды деп жаздың. Анда-санда шарап ішетінімді маскүнем деп жаздың. Ал, ең сұмдығы, сен мені сүт түсті киімді таңдайды депсің, бұл менің өмірлік көзқарасымды жоққа шығару, мұнымен мүлдем келіспеймін, мен тек ақ түсті киім киемін емес пе?! Жауап беруді артық деп тауып, үнсіз таңдап отырдым. – Сен менің орынымды иеленіп кеттің! Сені жақсы көргенімді пайдаланып, мені оқудан шығуға мәжбүрледің,– деді сосын. Сабырлы қалпымды сақтадым.
Жанартау д д – Менің білімімді, менің үйімді, мен жазған кітаптарды қайтар!– деді сосын. Ендігісін ашуланудың орынына таңданайын дедім. Мен кездесуге келген қыз басқа жақта болар, бөтен адаммен шатастырып алдым ба деп абдырадым. Сасқалақтағанымды пайдаланып, ол үстін-үстін сөйлеп отырды: – Мен сенен осыларды алуға келдім! – Мені біреумен шатастырып отырсың,– дедім сосын. – Жоқ,– деді ол: – Сені жақсы білемін, басқаны таны масам да сені шатастырған емеспін, сен үшін Алматыға келдім. Сенен өзімдікін қайтару үшін келдім! Білімім, жұмысым, баспанам... қайтар бәрін! – Қалай?– дедім тілім күрмеліп. – Сенің туылған жылың мен күнің қашан? Күннің қай уақытында дүниеге келдің?– деді ақ көйлекті қыз. Тауық жылы, шілденің бірінші жұлдызында таңғы сағат бес жарымда дүниеге келдің дейтін әжем. Мұны баяндағанымда ақ көйлекті қыз алақанын соқты: – Дұрыс! Білемін! Он жыл бұрын, екеуміз танысқан уақытта айтқансың. Менікі де сол. Тауық жылы, шілденің бірінде, таңғы сағат бес жарымда. Енді менен не тартып алғаныңды түсінген шығарсың?– деді көзі шатынап. Бізді сыртымыздан бақылаған жан күйеуге таласқан әйелі мен нақсүйер деп пайымдар еді. – ... – Көрдің бе? Екеумізді бір жұлдыз байланыстырады. Бір уақытта дүниеге келдік, екеуміз де бір мамандықты, бір университетті, бір жатақхананы таңдадық, екеуміз де бір жанрдағы романдарды жақсы көрдік, екеуміз де тарақаннан өлердей қорықтық, екеуміз де ретро әндерді сүйіп тыңдадық, екеуміз де ұялы телефонды ұнатпай одан мүлдем бас тарттық, екеуміз де сарымсақ, жуа жемейтін едік, есесіне екеуміз бірдей құлпынай қосылған балмұздақты жақсы көрдік. Ақ көйлекті қыз жылап отырды. – Бұл ұқсастық екеуміз бір-бірімізді тапқанға дейін болды. Содан кейін тағдырымыз бөлініп, сен өз дегеніңе
Л. Қоныс д д жеттің, мен... орындалмай қалған арман, ауру, тағы да ауру, сосын жалғыз қалдым. Оны не деп жұбату керегін білмедім. Өмірімде қайғы да, қуаныш та, сан түрлі келеңсіздіктерге де орын барын сезем, бұларға біршама дайынмын, бірақ, мынадай оқиға болады-ау деген оймен әсте толғанбаппын. – Менің бағымды сен иеленіп кеттің,– деді ақ көйлекті қыз: – Көп кітап оқыдым, бір жұлдыздың аясында туғандар бір-бірінің бағын иеленіп кетеді дегенді көп оқыдым, ғалымдармен сөйлестім. Біз де сөйтіппіз, ауылдан Алма тыға сол үшін келдім, сен үшін келдім, бағымды сұрауға келдім, олар әу баста менікі еді ғой, маған қайтарып берші. Ол жүзіме жалбарынып қарап отырды. – Тым болмаса жартысын берші. Бұл науқас адам деп түйдім. Қайтқаным жөн дедім. Түсіндірмекке әуреленгенімнен түк шықпас дедім. Оры нымнан тұрып, сөмкемді иығыма астым. – Сау бол,– дедім сап-салқын. Ақ көйлекті қыз еңкілдеп жылаған. Құдайдың өзіме бер ген бағын да, қайғысын да онымен бөлісерлік құдыретімнің жоқтығын түсіндіре алмадым. Жаратылыстың ағысына қарсы жүзе алмасымызды ол да ұғатын хәлде емес еді. Жұлқына билеген топты жарып есікке қарай беттедім. Делебесі қозған жұрт манағы әуенді қайта сұратқан-ау, буынсыз мықынды сұлудың әні клуб ішін жаулап алыпты: – Cаmo se llama, bonita, mi casa, su casa Shakira, Shakira..,– дейтін зәңгі мен өз бақытына мас бойжеткеннің жыры соңымнан жаңғырып жатты. МАХАББАТ ТУРАЛЫ РОМАН Кітапхананың құрылысы екі қабатты, қызыл кірпіштен өрілген, еңселі де, сәулетті. Бұрыңғысы тозып, құлап қалды ма, әлде өртеніп кетті ме, мүмкін кітап молайған соң үлке ніне көшкен шығар, ол жағы маған беймәлім. Білерім, кір піші кепкеніне бірер жыл ғана, оған дейін бұл маңай жазық дала болған. Өзімді студент кезімде кітапқұмарлардың қатарына қосқан емеспін, бірақ бөгде жұрт мені солай
Жанартау д д таныды, білім үшін емес, қызмет үшін аспирантураның қабырғасында қалғандарды қойшы, ғылым кандидатта ры әдебиет туралы тәжіркелесуден қашқақтайтын, тіпті, профессорлармен тайталасуға да бар едім, бірақ олар бұл талпынысыма ерте деп қарады ма, әлде менсінбеді ме екен, бірде-бірі менімен сөз жарастырмады. Сөйтсе-дағы, мен өзімді кітап атты таңсықпен ауыратындардың санатында жоқпын деп білдім, шын мәнінде кітап менің жеңсігім болған жоқ, көз майымды тауысып парақтаған дүниелер менің ішкі әлемім үшін емес, сырт жамылғым сипатындағы көзбояушылық қызмет атқарды. Сол уақытта өзімді тым сұрықсыз санадым ба, мүмкін, айналамның барлығы кілең әдемі бикештер болды ма, әйтеуір олардан қалайда озық тұруды ойлағаным анық. Атын әлем білетін авторлар мен үшін құдіретті болған жоқ, шын мәнінде олардың жан тебірентер шығармашылық әлеміне түкіргенім бар еді, тек олардың томдықтарын әлдекімдерді сүріндіру үшін парақтадым ба деймін, білімімнің көптігімен әлдекімдердің төбесінен қарау үшін оқи бердім бе деймін, нәтижесінде көзі қарақаттай арулар жерге қарап, сол мөлдір жанардан мөлдір тамшылар үзіліп түскенде айызымның қанатынын түсіндім. Лексия аяқтала салысымен келіп кіремін, күн ауа береді, маңайды күңгірт тартады, кей уақытта қараңғылық тұтас бүркейді. Сол уақытта бір кісі келіп иығымнан түртеді. Бұл есіктің жабылатынын ескертетін соңғы қызметші не қарауыл. Бірталай тұсын парақтап, таусылуға жақындатқан кітабымды қынжыла өткізіп, жатақханаға қарай бет аламын. Төрт жылым осылайша, беті жылтыраған құрбыларыммен өштесіп өте берер еді, өмір тосыннан пайда болған бір қыз арқылы өзімен ерегісудің мүлде қажет емесін ескертті. Аптаның жұма күні болатын, тағы да күн ұясына қонып, терезелер қараға боялғанда әлдекім жеңімнен түртті. Бұл маған шығуым керектігін жеткізуші ғой дедім. – Иә, қазір қайтамын,– дедім оған бұрылып қарамастан. Ол және түртті. Саусағының ұшы қолыма тигенде әлдебір суық сезіндім, бойым тоңазып, діріл қақтым. Еріксіз көз
Л. Қоныс д д салғанымда кітапхана қызметшісі емес, ақ көйлекті қара торы қыз күлімсіреп тұрды. – Сәлем,– деді ол. Сыбырлап сөйлейді екен. Неге сас қалақтағаным өзіме беймәлім, оған абдырап қарай бердім. – Сен не оқып отырсың?– деді қыз. – Бұл Дэн Браун ғой, Винчидің құпиясы... Атшаптырым залда екеуміз өзге тірі жан жоқ. Ол кітап туралы сұрамаса да сөйлеп кеттім. – Бейшара шалды бүгінде еуропа аңызға айналды рып алды, асып бара жатқан түгі де жоқ, өз діндерін насихаттаушылардың еңбегі,– дедім. Бұл пікір менікі емес, жапондық бір әдебиеттанушының зерттеуінен ауысқан. – ... – Ал, Павич жасы жүзге келсе де жазуын тоқтатар емес,– дедім күйінішпен. Бұл сөйлем арқылы мен өтірік айттым, Милорадтың жасы небәрі жетпіс төртте еді және оның шығармашылық қарымын өлердей қызғанатынымды әйгілеп қойдым. – ... Ақ көйлекті қараторы қыз бетіме тесірейіп үнсіз тұра берді. – Fleur-de-lis... Мона Лизаның гүлі,– деп күбірледім сосын. – Менің кітап оқығым келді,– деді төмен қарап. – Күзетші қуып жібереді,– дедім. – Махаббат туралы романдар қай сөреде?– деді қыз. – Бовари ханымды оқы,– дедім: Каренинаның сезімі соншалықты шынайы емес еді, соны білген Толстой ақиқаттан қашып, оны қатыгездікпен отарбаның астына итеріп жіберді деп ойлайтындарға Флоберді сынап көр деп кеңес беремін. Күзетшінің жөкірінгені естілді, іле қарасы көрінді. – Сіз қайтпайсыз ба?– деді. – Қайтамын,– дедім. Кері бұрылғанымда жанымда отырған қызды таппай қалдым. Ақ көйлекті бойжеткен ертесіне де, одан кейінгі күндері де кітапханадан ұшаспады. Сондай-ақ, бұл мекемеде Бова
Жанартау д д ри ханымның жалғыз данасы болушы еді, ол-дағы жоғалды. Апта аға берді, аяңдап жұма келіп жетті. Ымырт үйіріліп, жинала бастағанымда ұшыраттым, жаныма кеп тізе бүкті. – Махаббат туралы роман оқуға келіп едім, қандай кітапқа кеңес бересің?– деді ол. – Мен махаббаттан шаршағанмын, жасанды сезімдерді оқуға кеткен уақытымды аяймын,– дедім. Өзім бір апта бойы іштей іздеген қызға сонша шүйліккенім не дедім со сын. Сірә, сәлемсіз келіп, состиып тұрғаны ұнамады: – Махаббат туралы романдардан жүрегім айниды, мен тек пәлсапалық романдар оқимын!– деп айқайладым. Өткен жолғыдай хан сарайындай залда екеуміз ғана едік. – Пәлсапа жиырма бірінші ғасырға ілесе алмады, ол қағазға қаламмен жазатын күнмен бірге өткенде қалды, пәлсапа мен технологияның дамуы еш үйлеспейді,– деді қыз. Бұл жауап аспандаған көңілімді жерге ұрды, қарамды тез батырғым келіп хоррор, аккултизмдік еңбектер жинақтал ған сөреге саусағымды шошайтып: – Әнеу жерде, күллі әлемнің сүйіктісіне айналған бір автор бар. Кинг! «Ай жартысынан ауғанда» деген романын тауып ал!– дедім. Жұлқынып шығып бара жатып, күзетшіге іште біреу барын ескерттім. – Ешкім жоқ,– деді әскерден жаңа оралған сымбатты жігіт. – Жаңа ғана маған бір қыз келіп, махаббат туралы роман тауып бер деді,– деген жауабымнан соң реңді жігіт маған аянышпен сүзіле қарады да: – Сен кітап оқуды азайтсайшы, есіңнен адасарсың,– деді. Ақ көйлекті, қара торы қызды кітапханадан бірнеше күн бойы кезіктірмедім, айтпақшы, сұмдық жазғыш Стивеннің әлгі романы да таптырмады. Көзді ашып жұмғанша жұма табалдырықтан аттады, ақшам айналаны жапқанда ақ көйлегі сүметілген оны қарсы алдымнан көрдім. Саулық сұрасу мен есімін айтып танысу оның салтында жоқ көрінеді. – Сен мені шошыттың,– деді қыз.
Л. Қоныс д д – Кинг пе? Ол солай жазады,– дедім қырсығып, өзге тақырыпқа сілтегеніме бетім қызармады: – Оған мұндай машықты өмірдің өзі сыйлады. Байқұс баланың бес жасын да әкесі жоғалып кетті. Құбыжыққа жем болды ма, көктен періште түсіп қанатымен іліп әкетті ме, әлде уақыттың ағынына ілесіп, тас дәуірінен бір-ақ шыққан шығар, оны ешкімде білмейді! Есесіне, әкесін өлердей сағынған сәбиді қиялы шексіз мистикке айналдырды,– дедім. Ол үнсіз ба сын изеді. Кинг туралы ақпараттың түкке керегі жоқ еді деп күбірледім. – Мұнда махаббат туралы қандай романдар бар?– деді тағы. Оның байсалды қалпын сақтағаны мамыражайлыққа жетеледі. – Сен менімен біре жүрсейші,– дедім: Үйде біраз кітаптарым бар және өзім де махаббат туралы әлденелерді шимайлаймын. – Менің уақытым жоқ,– деп қынжылды қыз: – Маған рұқсат етпейді, тек жұма күні ғана кітап оқуға келемін. Қыздың жарқылы жоқ жанары мен мөлиіп тұрысы мені шаршатты. Қайтуға жиналдым-дағы, кетіп бара жатып: – Сен Мағауиннің «Көкмұнарын» оқып көрші, махаббат сезімі шарпып, есалаға айналдырған кейіпкерлерді әлі күнге жамандыққа қимаймын,-деген сөз қыстырдым. – Жарайды,– деді қыз. Күзетшінің алабажақ киімі сымбатын жасыратын жігіт менімен қатарласып шығып, үлкен залдың есігін кілттеді. – Іште бір қыз бар,– дедім абдырап. – Ешкім жоқ,– деді жігіт. – Ойбай, жаңа ғана менің қасымда отырған қызды көрмедің бе?– дедім бетіне бағжиып: – Әлде таң атқанша қамап қоймақсың ба? Жігіт есікті қайта ашып, бірге көз жүгірткенімізде әлгі ақ көйлегі бар қыздың көлеңкесін де көре алмадық. Ал, ертесі күні мен зиратқа бардым. Мәдениеттануға қатысты көп пәннің бірінен дәріс оқитын кәрі профессор тоқсан төртке толған туылған күнін тойлапты да, төсегіне
Жанартау д д жатып, қайта оянбапты. Жаназада кісі мол болғанын қалай ма, әлде дәрісінен үнемі қашып кететін шәкірттері ұстазы үшін қайғырды деп ойлады ма екен, табытта жатқан қарт профессорды деканаттың тапсырмасы бойынша көп сту дент үнсіз қоршап тұрды. Мен жаттанды көріністен шарша дым дедім. Әріптестері жылы лебізбен өкініш білдіргенсіді, қария жасына жеткен ұлы, орда бұзардан асқан немересі, қызға қырындауға жараған шөбересінің жүзінен қайғының ізін байқамадым, жалпы, мына тұрған жұрттың ішінен белі бүгіліп қайғырған бір ғана адам болды, оның кемпірі шын көңілмен жоқтау айтты. Желкемнен әлдекімнің көз салғанын сездім, жотама бұрылғанда тірі пендені көрмедім, кісі белуарынан келетін құлпытас сезімсіз, көңілсіз күйде шошайып тұрды. Құлпытастың бетіне ойып салған кісі бейнесі санамды тепкенде, бәрін тастай салып, сонадайдағы қабірге жүгірдім. Одан әр жұма сайын кітапханаға келетін қыздың жүзін шырамыттым. – Қараңдар! Мынау қызды танимын!– деп айқай салдым. Бірақ, әріректегі қайғылы топқа үнім жетпеді, бірі де назар аудармады. – Сенің үйің осы жерде ме еді? – Атыңды да, жасыңды да айтпап едің, енді өзім-ақ оқып алдым. – Мен сенен қорықпаймын, тағдырдың мені қалай тәлкектейтінін сен білмейсің, бұл-дағы соның бірі,– дедім. Ақ көйлекті, қараторы қызы тіл қатпады, жер бесігінде тербеліп ұйықтай берді. Қара жерді томпайтқанына бірнеше жыл болған қабірге қарап тұрдым-да: – «Көкмұнар» расын да тамаша дүние,– деп күбірледім. Мұнан кейін жұма күні кітапханаға баруды доғардым, тіпті солай қарай жолым сирек түсетін болу керек, ол мекеменің есігін күзететін реңді жігіт келмей кеттің деп өкпесін айтты. Құрбыларыма қосылып, кафелер мен мейрамханалар дың табалдырығын тоздырдым. Жұлдызды түндерде аспанға қарап тұрып, әруаққа ма хаббат не үшін керек деп бас қатырдым.
Л. Қоныс д д Жаңбырлы кештерде нөсерге малынып келе жатып көрдегі жандар да махаббат туралы ойлай ма деген сұрақтың жауабын іздедім. Махаббат сұлулықтан да жоғары тұратын құдірет шығар-ау деген пайымды санама жүктедім. Жұма сайын кітапханаға келіп, махаббат туралы роман оқитын әруақ қыздың елесінен кейін мен «Бовари ханым ды» да, «Ай жартысынан ауғанданы» да талай рет қайтара парақтағаныммен, «Көкмұнарды» қолға ала алмадым, өзімнің сезім жайлы шимайларыма көңілім толмағанда өзі туындымды өзім соттап, шығарма деген тізімнен сызып тастап, салым суға кеткенде «Көкмұнар» расында тамаша дүние» күбірлеуді әдетіме айналдырдым. МАМЫР АЙЫНЫҢ ТОҒЫЗЫ Сары қыз бүгін мамыр айының тоғызы деп күбірледі. Бұл күні атам соғыста жеңіске жеткен және Жеңісбектің туылған тәулігі еді деп күрсінді. Бұл күнді ең соңғы қалай тойлағанын есіне алды, жұқана дастарханмен, жұпыны сыйлықтармен он бес жасында соңғы рет думандатып ты, одан кейін әжесі өліп атасынан күй қашты, әжесінің аяғын ала Жеңісбек те әнеу бір бұлдыр әлемге аттанды. Сол шаттыққа толы соңғы күні, көктем көркін арттырған кезеңдегі қуанышты күні екінші дүниежүзілік соғыстан Берлинді азат етіп болған соң ғана елге оралған атасы мен Жеңісбекке деп сыйлық іздеумен аяғы талған. Бұл бір ауылдан күй қашқан кезең еді, ауыл ғана емес, аудан орталығынан да кісіге ұсынарлық заттың қарасы шалынба ды. Әжесі іздейтін шәй мен қант келмеске кеткен дүкенде тіпті ер адамдар иығына ілетін жейде жоқ, атшаптырым сауда үйінде небәрі екі-ақ зат болды. Біріншісі, үш литрлік банкіде бұқтырылған тұздалған қияр да, екіншісі қырық бесінші нөмерлі керзі етік. Шымқалаға кеткен ағасы да құр қол оралған: Кітап дүкені жұмыс істеуін біржола тоқтатқан көрінеді. Мамыр айынының тоғызыншы таңы көкжиектен күліп атқанда әжесі сандығын ақтарды, қырық жыл бұрын
Жанартау д д от кешіп қайтқан атасы ештеме дәметпес, ал, Жеңісбек туылған күнінде сыйлық алғанды жақсы көретін. Қара кемпірдің үлкен сандығының қомпайған сырты ғана екен. Оның ішінде гүлдері көз жауын алатын бірнеше жаулық ғана жатқан. Бірақ, шашағы сәусілдеген орамалды дап дардай жігітке қалай ұсынарсың? – Әй, мынау ше?! Әжесі сандыққа қайта үңіле берді де, жалтыраған парша матадан тігілген қошқар мүйіз оюлары бар, қара масаты шапанды шығарды: – Осы жарап қалады-ау, Жеңісбектің туылған күніне осыны кигізіңдер. Бұл шапанның мынау қынамен боялған сандыққа тап болу себебін сары қыз жақсы біледі. Былтырғы жеңіс мерекесі қарсаңында мектеп ұжымы атасына сыйламап па еді..? Мұндай дағдарыстың талайынан әжесі алып шыққан. Сандығын ұзақ қопарыстырып отырып, шыт мата тауып алды. Ол ақ түсті екен және онда үлкендігі ноқаттай жасыл гүлдер болды. Аңғаруынша қара кемпір мұны Жеңісбекке арнап жейде тігіп беруге жарайды деп тапқан. – Құдайға шүкір, гүлінің түсі қызыл болмағаны қандай жақсы!– деп қуанды сары қыз. Үй шаруасы қашан түгесіліп еді, әжесі сиыр сауды, сүт пісірді. Бұл әрекеттер Жеңісбекке сыйлық болар жейдені тігер уақытты түгесіп жатты. Шыдамы таусылып ескерт пекке барғанда қара кемпірдің бір табақ сүзбені алдына алып, құрт жаймаққа жайланып отырғанын көрді. Мұнан соң мерекенің жанды куәсі ретінде мектептегі кешке соғыстың сұрапылы турасында әңгіме шертпекке кеткен атасы құшағын гүлге толтырып оралды. Сары қыз бұл гүлдердің солған соң ала бұзаудың жемі боларын жақсы білетін. Әжесі шалын қарсы алған соң екі иінінен дем алып бұрқылдап тұрған ақ самаурынды ортаға ап шәй ішті. Да стархан үстінде екінші дүние жүзілік соғыстың жеңімпазы үнсіз-ақ отырған. – Көке, бүгін жеңіс күні ғой, соғыстағы кейбір есте қал ған нәрселерді әңгімелеп берсеңіз қайтеді,– деген көрші үйдегі келіннің бәрін бүлдірді. Жолын кескестемес келіннің
Л. Қоныс д д сөзін жерге тастағысы келмеді ме, әншейінде соғыстағы күндері жайлы сараң сөйлейтін от кешіп қайтқан жауынгер көсіліп ала жөнелген. Бұл Жеңісбекке арналған жейденің тігілуін кешуілдеткен. Өйткені, әжесі отағасы әңгіме айтқанда әсте жерге тастамайды. Бұл хикаяны сары қыз жүзінші, бәлкім жүз елуінші рет тыңдаған шығар, ал, қара кемпір бірінші рет есітіп отырғандай назар салған. – Әскери мектептен шыққан соң бірден майданға алып барды. Көктем жылып қалған уақыт, қалың қар еріп жатыр. Қысты күні соғыс болған дала екен, немістің әскері де, біздің әскер де аппақ болып киініпті. Өлмегені қайтқан, өлгені жатқан жерінде қалған. Үстін қар басқан. Біздің көргеніміз сол қардың ерігені екен. Ауылда жүріп не көрдік, сондағы пырдай боп шашылып қалған өлікті көргенде тұңғыш рет шошындым,– деді атам. – Сұмдық,– деді көрші келін. Қара кемпір жағасын ұстады. Бір жақсысы, атасы одан арғы әңгімелерді қысқа тамамдады да, бетіне газет жауып ұйқтамаққа оқталды. Бұл шаңқай түс әлеті еді, әжесі манағы ноқаттай жасыл гүлі бар матаны сонда ғана қолына алды. Жеңісбектің күн аралатпай үйге келетіні мұндай жақсы болар ма, кейуана оның дене бітімін жақсы біледі екен. Кесіп, пішкенде де бірталай уақыт шығын болды. Құмырсқа тірлікке салса, бұл жейденің жыры өрістен мал келгенше бітпейтіні анық. Сондықтан мата бөлшектерін алып, тігін машинаға сары қыздың өзі иек артты. Асығыс болсадағы оған арналған сыйлық ымырт түс кенге дейін дайын болған. Бір жеңі бір жеңінен аздап ұзындығы болмаса өзге киімдерден еш міні жоқ сол бір ноқаттай жасыл гүлдері бар ақ көйлекті Жеңісбек ала жаз дай үстінен тастамады. Бүгін оның туған күні еді деп күбірледі сары қыз. Ол бар болғаны жиырма рет қана туылған күнін тойлап еді деп мұңайды. Алматыда жыл мезгілдері өз міндетін мүлтіксіз атқа рады: қысы – аязды, қарлы, көкемі – жауынды, күзі – күрең ызбарлы, жазы – аптапты. Көшеде тынысты тарылтып алқыммен ойнаған ыстық, тас үйдің іші де жетісіп тұрған
Жанартау д д жоқ, мұндайда әлдебір іске де зауық та шамалы, ендеше кітап оқысам ба деді. Қай кітапты парақтауды ойланып үлгергенінше болмады, келіп тоқтаған көліктің бірінен барқырай шыққан радионың үні ауланы жаңғыра жөнелді. Онда әкесінің жастық шағын ылғи есіне салып тұратын топ ән айтып жатқан. «Жан досым, үстем болсын мерейің» Ретро әндерді жаны қалайды. Бірақ, құлақ түріп үл гергенше болмады, саз түгесіліп, арнаның жүргізушісі сайрай жөнелді. – Иә, достар, бүгін мен сендерді құттықтаймын, бейрес ми болсадағы дүниежүзілік достық күнімен. Достық үшін бокал көтерейік! Дос деген жақсы, қуанышта да, қайғыда да жаныңда болады, сондықтан да достар достықты, до старымызды аялай білейік! Қазақ тілінің көркем сөйлеу арнасынан мүлдем басқа жылғамен аққан жүргізуші өзінің жүгенсіз сөз саптасы үшін еш қысылып, қымтырылар емес, емін-еркін көсіліп отырған, ендігісін Ливерпульдық төртеудің жазатайым көз жұмған боздағы турасында сөйлеп жатты: – Сонымен, жас достар, оның әйелі, иә, әлемдік жұлдыз Джон Леннонның әйелі, жан жары, күйеуінің туылған күнін дүниежүзілік достастық күні етіп тағайындалуын өтініп, жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымына хат жолдау да. Бірақ, өтініші қабыл бола ма, болмай ма, бұл жағы әлі белгісіз. Иә, әйелінің бұл тілегіне әншінің жер шарындағы мың-мыңдаған табынушылары да қосылады. Иә, достар, сендер қуанышта да, қиындықта да достықты құрметтең дер. Ендеше достық күші мәңгі болсын дейік те, керемет бір ән тыңдайық! Бірақ, жүргізушінің сөзінен кейін ешқандай да керемет саз әуелемеді. Өткен ғасырдың орта шенінде америкалық бейбіт қауымды шулатқан Елу тиын дейтін лақап атқа ие қарақшының есімін иеленген топтың дікс, дікс деген ырғаққа құрылған латынамерикандық стильдегі жойдасыз музыкасы төпелей бастады. Іле радионың иесі тапа-тал түсте ауланы азан-қазан қылғанына қысылды ма, әлде көлігін әлдебір жаққа айдап әкетті ме, әуен сап тиылды.
Л. Қоныс д д Сары қыздың есіне өмірінің әр қилы кезеңінде достық шеңберінде болған сан түрлі таныстары түсті. Бұл оларды жақсы көргенімен (мүмкін жақсы көргені жалған шығар), олар мұны жақсы көрмеді ме (мүмкін олардың ниетін өзі бағаламады ма екен), әйтеуір байланысты үзіп алған сан түрлі бейнелер көз алдын көлбеді. Достық деген әдемі атаумен өзін алдайтындарды аяды ма, алданғанына өзі де қорланды ма: – Бейшара Джон Леннонның әруағын босқа мазаламаң дар, өмірде достық деген нәрсе жоқ!– деді айқайлап. Ұйықтаймын деді. Дұрысы ұйқы. Сары қыздың жүй кесімен ойнау әлдекімге ләззат сыйласа керек, көз ілгенін күтіп тұрғандай есік қоңырауы безек қақты. Атып тұрып есікке жетті. Ашпас бұрын түймедей ұры әйнектен көз салғанында арғы бетте Жеңісбек тұрған. Есікті айқара ашқанда ол үнсіз болды. Бұл келісі таңдандырмай қоймады. – Жеңісбек, сен қайдан жүрсің?– деді абдырап: – Ойбайау, Алматыға адасып қалмай қалай жеттің? Ауылдағылар бір өзіңді қалай жіберді? Мені қайдан таптың?– деп көзін төмен салып тұрған оны құшақтамаққа ұмтыла берді де, оның бұдан он жыл бұрын көз жұмғаны есіне түсіп сілейіп қалды. – Мен қорқып кеттім,– деді Жеңісбек: – Мені ұмытпайды деп ем, мені ұмытып кеткенбісің? Мен сенен осыны сұрамаққа келдім. Тілі байланды ма, көзі қарауытты ма... жанарын кең ашқанда мұның түсі екенін бажайлады. Босағадан Жеңісбектің сұлбасы көрінбеді. Түсім болсадағы бұл жүрісі тегін бе деді. Бұл келісінің мәнін ұғамын деді. – Жеңісбек!– деді айқайлап: – Жеңісбек, сен мені естіп тұрсың ба, мен сені ұмытқан жоқпын. Мен сені ұмытпаймын!– деді. Терезеге жақындап келгенінде әйнектің арғы тиегінде бір әппақ көгершіннің отырғанын көрді. Оның моншақтай көздері сары қызға бағытталыпты. Жеңісбекті адам санатында ескерген емеспін, ол маған ғарыштан келген әлдебір жаратылыс секілді танылатын және оны өлді дегенге де сенбегем,
Жанартау д д жер бетінен жалыққанда ұшып кетті ме деп ойлаймын деп күбірледі. – Ақ көгершін, мен Жеңісбекті ешқашан ұмтытпаймын,– деді. Ол үнсіз тыңдады. – Оны жаннат бақшасында мені күтіп жүр деп білемін,– деді. Көгершін құр-құрлап, қанатымен қомдап-қомдап алды да, самғап кетті. Сары қыздың жазғысы келді. Жеңісбек туралы жазғысы келді. Жазайын деп түйді-дағы жазу үстеліне жайғасып, ақ қағазға: «ДОС» деп жазды. Сары қыздың отбасы мен Жеңісбек үйінің арасында ешбір туыстық байланыс болмады, сөйтсе-дағы бір ауыл дың ауасын жұтты, бір ауылдың қисық, бұралаңды кө шелерінде жүріп ер жетті, тыныштық, ымыра орнаған ауыл да бір-бірін дос, бауырдай көрді. Көкірегі арманға толы он бес жасар қыз бен есі кіресілі-шығасылы жиырмадан асқан жігіттің арасында достық болуы мүмкін бе дер бір оқырман. Мүмкін дейміз біз, жанының әппақ қардай тазалығы, әлемді жарымжан болмысымен-ақ сүйе алатын пейілі, қуаныштан дүрсілдеп тұратын жүрегі бар Жеңісбекпен дос болмау, дос болмаймын деу мүмкін бе? Осы ауылдың ұсақ малына иелік етеді. Күн көкжиекке көтеріле бір отарға жуық қой, ешкіні айдап жөнеледі. Өріске. Қолында сабын қайыңнан жонып, үш өрім кендірден ескен салақұлаш қамшысы бо лады. Қайсыбір жүгермектер секілді малды теппейді, кесек, таспен ұрмайды. Құлаштан астам қамшысын әуелетіп әкеп жерге сарт еткізеді. Малды үркітуге, жөнге салуға сол да жеткілікті. Басына милықтан түсіре кигені – өрнегі әлдеқашан жоғалып, киізінің өзі жұқара бастаған қырғыз ағайынның айыр қалпағы, иығына артары – қысы-жазы бір жамылғы: көнетоз қара жадағай, жалаң денесіне киген бұл шоқпыттың белін ала жіппен қынай буады. Бұтында қара шибарқыт шалбар, аяғында керзі етік. Шалбардың тізе тұсынан сан алуан жамауды кезіктіруге болады. Иесінде түстер мен маталардың үйлесімі, жымдасуы деген түсінік жоқ болуы керек, сондықтан қара шалбардың тізе тұсынан қызыл қиықты барқытты да, дөңгелек ақ түсті шытты да, тіпті
Л. Қоныс д д кейде жалтыр паршаның алақандай бөлшегін де кезіктіруге болады. Бойы ортадан жоғары, екі иығына екі жігіт мінгендей әлеуетті. Қараторы өңін өрістің шақырайған күні одан әрмен тотықтырып, қою қара түске малған. Шаш қойғанды жаны сүйе ме, әлде оны қысқартуға еріне ме екен, ұйысқан қара шашы желкесін жауып тұрады. Мұнысы бақташының жасын анықтауда кедергі тудырады. Жас шамасын өзін танымайтын, алғаш көрген екі адамның бірі жиырма бесте десе, екіншісі оған қой, қайдағы жиырма бес, бұл тұп-тура елуге деген адам деп дау айтуы мүмкін. Бұл елуде де, жи ырма бесте де емес, өзінің айтуына құлақ салсақ: Құдай қаласа, мамыр айының тоғызыншы жұлдызында жиырма бірге келемін немесе Құдай оңдап, өткен мамыр айының тоғызыншы жұлдызында жиырмаға толдым. Қазір марқұм боп кеткен, ол күнде таяққа сүйеніп жүрген бабасы жеңіс күні туған немересіне қандай ат қойып, азан шақырсам деп көп ойланбаған. Осы ауылдың алма бағына бастар шеткері көшесінде тұрады. Әке-шешесі, бауырларымен бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешуде. Бірақ, Жеңісбек әке-шешесінен де, бауырларынан да өзгеше. Барлық адам дардан өзгеше. Киімі өзгеше, Сөзі өзгеше, кейіпі өзгеше. Бастапқыда, атап айтсақ, он жасына дейін өзгешеліктен ада, кәдуілгі адамдарша өсіп келе жатқан. Бұл ауылдың сыртында қылаң қара өспейтін айтақыр бар. Нендей себебі барын кім білген, соңына түсіп зерттеген біреу болса жаңалығын аша жатар, атшаптырым жерге қылтанақ шөп өспесіне қарап ауыл тұрғындары әр түрлі аңыз қалдырған. Шыңғысханның әскері Отырарды жаулауға бара жатқанда түнепті, бір түнде көк атаулы солып қалып, содан айтақырға айналыпты деп соғады. Бұрын да, қазір де ауыл балалары осы айтақырға есек жарыстырып ойнайды. Кәдімгі ұзын құлақты, тері адал, өзі харам сұр есектер бәйгесі. Мәшкі мінген, қодық мінген, тайқар мінген топ бала тақырдың шаңын аспанға әуелетіп жарысады. Сондай жарыстың бірінде он жасар Жеңісбек те бір сұрдың үстіне мініп, жөнеп келе жатқанда... аңдаусызда құлап қалыпты-мыс. Ата-анасының көрсетпеген дәрігері жоқ, содан бері өзгеше. Кәдуілгі адамдардан сөзі өзгеше, пайымы өзгеше.
Жанартау д д Сары қыздың үйінің төрт-бес аша тұяқтысы да Же ңісбектің алдында. Күн мойынын созғанда көше бойынан шаң көтеріледі. Бұл ауыл малының өріске аттанғанының белгісі. Күн төмен иіліп, сам жамырағанда ертеңгілік орын алған шаң тағы ауыл үстін басады. Маңыраған қой, бақылдаған теке, сыртылдаған тұяқ үнімен кішігірім ба зар орнап басылады. Малдың қоңы оңды, күйлі. Бұл-дағы көгалды жерге жайып, шопан ата мен сексек ата баласының бабын келтіре білер Жеңісбектің арқасы. Бірақ, мұндай мамыражай, біріне-бірі ұқсайтын тәу ліктердің арасында ауыл жұрты үшін қиын, малы үшін азапты күндер де боп тұрады. Наурыз айының сәуірмен жалғасар оншақты жұлдызы мен қазанның бастапқы екі ап тасында ауыл малы өріске өрмей, қорада қамаулы қалады. Құстың келуі мен кетуі әлдекімдер үшін романтикалы, өткен-кеткен тәтті елестерін сағынышпен еске түсірер әдемі шақ болса, көктен моншақтай тізіліп тырналардың тізбегі көрінуі немесе жылы жаққа сыңсып ұшуы қорасында қой, ешкісі бар ауыл жұрты үшін түк те қуаныш емес. Кезекпен мал бағуды ұйымдастырғанымен, бала-шаға бағып қарық қылмайды, ұры алады, ит-құсқа жем болады, әйтеуір от ардан күй кетеді. Ал, бұл уақыт Жеңісбектің өзгешелігі тым басым күш алып, алдындағы малын ұмытып көшеде жүретін кезі. Ол мұндай кезде үй бетін көрмейді, жуынып, шайынуды өмірлік әдетінен сызып тастайды. Таныс-тамырмен аманда суды да есінен шығарып алады. Қалай аталатынын, қандай материядан тұратынын, көлемінің қаншалықты екенін, онда тағы да кімдердің өмір сүретінін ешкім білмейтін өзінің дара әлемінде болады. Сол ауылдың тұрғындарымен тілдеседі, сөйлеседі, билейді... – О, леди, амансыз ба?-дейді Жеңісбек. Сөйтеді-дағы екінші дауыспен өзі жауап береді. – Рахмет, мырза, мархаббат етіңіз. – Аса қымбатты леди, мен сізді осы аптаның бейсенбі сінде театрға шақырмақпын! Онда біздің сүйікті Калдерон де Ла Барканың трагедиялық пьесасы қойылмақ!-дейді.
Л. Қоныс д д Сірә, ханым келіспей тұрса керек, Жеңісбек ендігісін екінші дауыспен сөйлейді: – Мырза, мен одан гөрі өз заманымызға жақын Пристли, О’ Кейсилардың туындысын тамашалағанды ұнатамын! Сары қыз жер шарының екінші бір қиырында сондай драматургтардың өткенін жиырмадан асқан соң ғана білді ғой, ал, сол күндері бұлардың кім екенін мектеп директорының өзі де түсінбейтін. Жеңісбектің өзгешелігі аяқталмай, ауылдан маза кеткен күндердің бірінде шыдамсыз қарияның бірі үйінің есігін қағады: – Әй, Жеңісбек, күллі малдың шулап тұрғаны анау, қорада бірінің жүнін бірі жұлып жеп! Сенің жатысың мы нау! – О, мырза! Сіз дұрыс айтасыз, ағылшын лорттары оты ратын орындық қой жүнімен толтырылған!-дейді Жеңісбек. – Көп сөйлей бермей, анау малға ие бол, бет, бетімен кетіп барады! – Иә, бұл тақырыпты біз кеше ғана талқылаған бо латынбыз,– дейді Жеңісбек. – Мен кеттім! Ертең қалайда өріске мал айдайтын бол, ертең Жеңісбек малға өзі шығады деп қорасында қой бар үйге айтып қоямын! – Қызметші, біздің құрметті сэр қайтқалы жатыр, пәуескені әкеліңіз!– деп айқайлап Жеңісбек қалады. Қария үйіне қайтқан соң Жеңісбек ойланады-ау, жұрттың жағдайын, күтімсіз қалған ауыл малының аухалы үшін есін жияды-ау, бақташылығы үшін табатын азынаулақ пұлдың қалтасын теспесін біле ме, ертеңгісін таң атып, қияға күн ілінген мезгілде қайың сапты қамшысын алып көшеге шығады. Сары қыз сол бір мөлдірлігі жоғалмаған бала кезінде Жеңісбекті жел сөзден қалай қорғаса қазір де тап солай қорғайды: Барлық адамға тән ұғымнан алшақ өмір сүру ақылдың аздығын білдіре ме? Адамның өзі қалаған нәрсесі бойынша ғұмыр кешуін күлкіге айналдыру қиянат емес пе? Сары қыздың бұл пікірін атасы да қуаттайтын.
Жанартау д д – Жеңісбектің кісіге қиянаты жоқ, еңбекқор, кішіпейіл, кітап оқып өзін дамытып жүретіні де бар, мен оны шалықтаған дегенге тіпті де сенбеймін,-дейтін қара шал. – Жеңісбектің бір ғана кемшілігі – көктем мен құс қайтқанда аздап ауырып қалатыны. Немесе, бұл ауылда одан иманды адам жоқ! Бұл әжесінің сөзі. Ауырса несі бар дейді сары қыз: жұрттың бәрі де ауырады емес пе? Өзгелер секілді ауыр дым деп дәрігерді әурелеп, дәріге ақша шығындамайды, Жеңісбек ауырса бар болғаны бірер жеті өзімен-өзі сөйлесіп жүреді де айығады. Тіпті, өкімет оның ауырғаны үшін ақша да төлейді! Жеңісбек жаратылыс атаулыны бақытты деп танитын. Үйінен шыққанда қып-қызыл алтын табақтың бір шеті Қаратаудың ең биік шыңына ілінеді, маңайға қызғылт рай себезгілейді. Көшедегі тал-дарақ сыбдыр қағады. Қайыңның жапырағы оған сыбырлап «сәлем» дейді екен. – Қалың қалай, жапырақ сұлу!-дейді оған қолын бұлғап. Алма ағаш теңселіп есендеседі. – Армысың, алма апай!-дейді бар дауысымен. Ал, қаратал болса... үнсіз тұра береді. Назар салмағаны қалай деп өкпелеуші Жеңісбек пе, мұның өсіп тұрғанына жүз жыл, бәлкім жүз елу жыл болған шығар, өзі менен үлкен шығар деп түйеді, сондықтан бірінші амандасады: – Қайырлы күн, қара тал атай! Ол сонда ғана жымиғандай болады, басын изегендей болады, әйтеуір бір ілтипатын жасағанын іші сезіп алға қарай жүре береді. Бұралаңды көшедегі жасыл атаулы бақытты екен деп пайымдайды. Ойнақ салып жүрген иттер арсалаңдап жетіп, сүйек дәмете қарағанда құр қол екенін айтуға арланбайды. Иттер де бақытты деп ойлай ды. Кішкене базарды жанай жүреді үлкен сабадағы сүт тәкаббарсып тұрады, орташа тегенедегі қаймақ маңайға тоқмейілсіп қарайды. Біз бақыттымыз дейді олар. Картоп сататын тәтейді көреді, реңсіз, сұрықсыз болса да оның алдындағы картоптар өзін бақыттты сезінетінін аңғарады, бақыттымыз, бақыттымыз деп айтып жатқандай болып тұрады.
Л. Қоныс д д Сары қыз жұрттың бәрі есалаң көрген Жеңісбекті ешқашан жарымжан қатарына қосқан емес. Ол сол кезде өзгелерге ұқсамайтындығымен ерекшеленді, өзін жалпыға ортақ әдет пен дәстүрлерден тыс ұстай білгені үшін жынды саналды. Қаратаудан азынай соққан арыстандының өкпегіндегі қоңыртөбел ауылын Іле Алатауының баурайындағы паң қалада отырып есіне алған сары қыз Жеңісбекті әлі де өлімге қимаймын деп күбірледі. Жеңісбекпен ең соңғы рет кездескен кеш ойына оралғанда көктем көзінен мөлдір тамшы ыршып түсті. Тап сол сағатта Жеңісбекті соңғы рет көріп тұрмын деп ойламаған, осы кездесуден кейін оны өмір бойы сағынатыны да білмеген, ауылға қайта оралғанында өзі жақсы көретін жандарының бірі алды нан күліп шықпайтынын сезбеген. Мектепті бітіріп, әкесі өскен қарашаңырақтан біржола аттанып бара жатқан күні еді. Кешқұрым уақытта Жеңісбек келді. Олар жазғы сәкіге тізе бүкті. – Мен ертең оқуға кетемін,– сары қыз. – Жақсы,– деді Жеңісбек: – Сен мен үшін де оқы! – Мақұл,– деді бұл. Сосын екеуі де төмен қарап үнсіз тұрды. – Бүгін ешкілер мені қатты шаршатты. – Егінге түсті ме? – Иә, сендердің ақ ешкілерің бірде егінге түсіп, бірде ауылға қарай қашып әбден тұралатты. – Кебенек келгірді ұрмадың ба?– деді сары қыз: Ол таяқтан қатты қорқады. – Мен малға қол көтермеймін. Малдың киесі болады,– деді Жеңісбек. – ... – Онда мен кетейін. – Жақсы. Сол кезде сары қыз қазір Жеңісбек екеуміз жылап ай рылысармыз деп түйген, күткендей болмады, сап-салқын қоштасты. Сол кеткеннен ауылға бір жылдан соң ғана ат ізін салған. Әжесі қайтыс болғалы бұл ауылда сары қыз сағынарлық
д д Жанартау д д адамның саны тым азайып кетіп еді. Ауыл туралы ойласа тек Жеңісбек ойына оралып жүрген. Анда-санда телефон шалғанында оны сұрап тұрды: – Жүр ғой,-дейтін немере ағатайы. Бар болғаны бір ғана сөз. Әжесінен қалған түтінге ертеңгілік уақытта кеп жет кен. Жеңісбек кешкісін келер, қазір малдан шыға алмас деп түйді. Көлеңке басы ұзара берді, жөпелдеме жөнелді, ақшам әбден орнықты. Жеңісбектің қарасы шалынбады. Тым-тырыс. Ендігісін үйдегілерге шүйлікті: Жеңісбекке не болған? Көңіліне келер бірдеме айтып па едіңдер?– деді: – Өрістегі мал бағана жетті ғой. Осы уақытқа дейін менімен көрісуге неге келмей отыр? Жеңешесі төмен қарады. Ағасы жөкірінді: – Жеңісбек жазған... үш ай бұрын суға кетіп... Көктемгі қара су тасыған уақта шомылмақ боп... Қайта сүйегі бір күнде табыла кетті. Табылмай қала ма деп қорқып ек, ағайын, туыс арулап қойды,-деген. Сары қыз сол түні түс көрді. Түсінде Жеңісбекті көрді. Ол қара жадағай мен құрым шалбарды әппақ шапанға ай ырбастапты. Сабағың жақсы ма?– деді ол. – Иә, бірақ, мен маған айтпай кетіп қапсың,– деп өкпесін айтты сары қыз. – Мен жұмақтамын,– деді ол. – Бұл жер маған ұнайды,– деді сосын. – Мен мынау жерді таңдап алдым,– деп үлкен ақ қақпаны көрсетті. – Бұл не?– деді сары қыз. – Бұл жаннатқа кірер қақпа,– деді: Осы жерде отырып, сені күту үшін рұхсат алдым,– деді. – Сен қалайда кел, мен оған дейін тапжылмай күтемін,– деді. Сосын шапанының етектері әлдебір аппақ гүлдер үстінде жайылып, сары қыз өмір сүретін әлем жаққа күлімсіреп ұза-а-ақ қараған.
Д. Бейсенбекұлы д д д д Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Нағарашы ауы лында дүниеге келген. Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеттің «Машина жасаудың техно логиясы» бөлімін үздік дипломға бітірген. «Жас толқын», «Кәусәр бұлақ», «Қарақат тере барғанда» жинақтарына әңгімелері енген. Әңгімелері орыс тіліне аударылған. 2008 жылғы «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері, 2009 жылғы «Шабыт» фестивалінің лауреаты (3 орын). ҚАРАҚАТ ТЕРЕ БАРҒАНДА (әңгіме) Қарақат тере барғанда, Қиылып маған қарадың. Балалық таза арман ба, Сәулетай қимай барамын. Қара домбыраның қоңыр үнімен қабыса шыққан ән шінің әсем дауысы төгіліп тұр. Үкілі сәукелесі, етек-жеңі бүрмеленіп, кеңінен пішілген көйлегі, белін қынай буынған көк түсті камзолы − бәрі өзіне құйып қойғандай, мінсіз бой ына жараса кеткен. Қарақаттай мөлдір қара көздері де сол баяғыдай нұрланып, лағыл тастай от шашып, жалындап тұр. Тек қос ішекті қағып тұрған оң қолының шылдыр шүмек саусағына көзім түскен кезде ғана көңілім су сепкендей ба сылып, пәс тартып қалды. Әрине, үйленетін жастан баяғы да-ақ асты емес пе. Оның несіне ренжимін, қайта қуануым керек шығар. Жанарымның мәңгілік жадында сақталып қалған Жадыраның балаң бейнесін дәл алдымдағы сахнада тұрған әнші келіншекпен салыстырдым. Өзгере қоймапты. Күлген кезде екі езуінде пайда болатын әдемі қос шұңқыр, тамсана сөйлегенде жарасымды ырғақпен қастарын көтеріп қоятындығы, ренжіп қалса ұрты томпайтып, астыңғы
Жанартау д д ерінін салпайтып шығаратыны... ары қарай есіме түсіргім келмеді. Жанымда отырған ұлымды қолынан тартып, жүр шығамыз деп ымдадым. Ол қозғала қоймады. Концертті көргісі келіп, көңілі құлап тұр. Ұлымның қолынан тартып, сүйрей жөнелдім. − Сені директор шақырып жатыр, − деген хабарды естігенде төбе шашым тік тұрды. Сыныптағы жиырма төрт баланың қырық сегіз көзі маған аяныш сезімімен қарағандығын сезінгенде тіптен үрейім ұша түссін. Көзім алақтап, әркімге бейне бір құтқарып қалатындай жалыныш пен жалтақтап қараймын. Үйге қашып кетсем бе екен деген де ой келді басыма. Деректір үйге дейін іздеп барса ше? Онда анық масқара болам ғой! Одан бір, шапалағы қатты әкемнен бір таяқ жесем... Қырық сайтаным сан-саққа жүгіріп қанша сабылғаны мен мандырымды, көңілге қонымды сылтау таппағасын амалымның жоқтығына соңғы мәрте көз жеткіздім де директордың бөлмесіне бет алдым. Сыныптастарым есіктен мені сол аяныш сезімін ұялатқан жанарларымен ұзатып салды. Өзара күбірлесіп қояды. Мектеп басшысы – физика пәнінің мұғалімі, ауылдың үлкендері жақсы боксер болған деседі. Оның жақсы боксер екендігіне сабақ беріп келе жатқан соңғы бір жылдан бері біздің сыныптың ұлдары талай мәрте «көз жеткізгенбіз». Жұдырығынан «дәм татып, су ішкесін» қаймығып тұрасың. Ал, ол кісі өзінің жеке кабинетіне шақырса... Есікті имене аштым. Хатшы қыз отыр екен. − А-а-а, Думан сенсің бе? Қазір мен ағайдан сұрап шығайын, − деді де деректірдің кабинетіне кіріп кетті. Асығыстау шықты. − Кіре ғой. Тозақтың есігінен енгендей үсті-басымды тер жуып кетті. − Сә... әлеметсіз бе? − Саламат па Думанжан! Келе ғой, мұнда отыршы.
Д. Бейсенбекұлы д д Дәл өзінің алдындағы орындықты нұсқаған. «Үһ» дедім ақырын ғана тыныстап. Ұрыспайтындығы белгілі болды. − Сабағың қалай? − Жақсы, аға. − І-і, сені шақырған себебім, − ол кісі көзінің қиығымен маған қарап қойды. Мен дереу жанарымды төменге салдым. Ұялғаннан, ия болмаса қорыққаннан емес.., түсіндіре ал маймын, әйтеуір, түсініксіз бір себеппен. − Мына бір хатты оқып шықтым. Селк ете түстім. Отырған орындығыммен опырылып мұзды көлге түсіп кеткендей денем салқындап сала берді. Менің өткенде Жадыраға хат жазғанымды оның өзінен басқа ешкім білмейтін еді. Қалай ғана бұл кісінің қолына тиген? − Өлеңің маған ұнады. Рас, хатты өлеңмен жазғам. − Сенің бойыңда ақындық талантың бар екен. Маған бір ой келіп отыр, егер де сен қарсы болмасаң осы өлеңді аудандық газетке берейік. Ол жердегілердің де ұнататы нына күмәнім жоқ. Осыны өзіңмен ақылдасайын дегем, қалай қарайсың? Қалай қарайтын несі бар? Тура солай қараймын. Әрине, қуанышпен. Бірақ айта алмадым. Жанарымда ойнап шыға келген ұшқынды аңғарған болуы керек, директор: − Жақсы, онда, сабағыңа бара ғой. Хатты мен өзім салып жіберермін. Басқа да жазған өлеңдерің болса маған көрсет, тәуірлерін өзіміздің «Жетісуға» да салып жіберерміз. Келістік пе? − Рахмет, рахмет, аға. Иә... сөйтем... − Ал, бара ғой. Директордың бөлмесінен қуанышым қойныма, қойным түгілі тұла-бойыма симай, біреуге тезірек айтқанша асық болып, сыныпқа қарай құстай ұштым. Соңғы кездері өзімнен-өзім қуыстанып жүрмін. Сы ныптастарымнан ұялып екі күн бойына сабаққа да келген жоқпын. Сыныпқа кіріп келгенде сайқымазақ Нұрбол мен
Жанартау д д Сармат мені мазақтай жөнелетін сияқты. Әйтеуір, біртүрлі. Біздің сыныптың ұлдары өздері жақсы көретін қыздарға де ген сезімін баяғыда-ақ жариялап үлгерген. Барлығы дерлік өздерінен кішкене қыздарға. Ал, мен болсам әлі ұялам. Рас, Жадыраның менен төрт сынып жоғары оқитындығы − төрт жасқа үлкендігі бар. Мүмкін содан, әлде ұяң мінезімнен шығар. Білмейім. Көбіне үндемейтінмін. Жадыра хас сұлу болғандықтан біздің ауылдың жігіттерінің оны ұнатындығы анық. Әсіресе менің ағамның досы Еркебұланның Жады раны құшақтап кетіп бара жатқанын жақтырмай қалам. Кәдімгідей қызғанам. Өткен күні шыдамымның ішегі үзіліп, өз-өзімді шарыққа салғандай намысымды қайрап, түпкі бөлмеге кіріп алып Жадыраға хат жаздым. Бар болғаны алты-ақ ауыз сөз. «Жадыра, сен маған ұнайсың. МСС. Думан». Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхатын» оқыған бо ларсыздар. Сонда «мен сені сүйемін» деген сөзді осылай қысқартып жазушы еді ғой. Мен де солай істегенді жөн көрдім. Ертесі хатымды он бес минуттық үзіліс кезінде ешкімнің жоқтығын пайдаланып Жадыраның бар болғаны төртінші сыныпта оқитын сіңілісіне тапсырып, өзіне беруін өтіндім. Кішкентай болса да қыздарың қу емес пе, маған қарап ыржиып қойды да хатымды қалтасына сүңгітіп жіберді. Сезіп тұр ғой. «Ашып оқушы болма» деп ескертуді де ұмытпадым. Келесі сабақ дене шынықтыру болатын, басымның ауырып тұрғандығын айтып Әнуар ағадан сұранып кеттім. Дене шынықтырудан нәтижем өте жақсы. Сөзге келмей жіберді. Арада үш күн өткен, сабаққа бүгін ғана келіп отыр мын. Сынып табалдырығынан аттай бере тосырқап қалдым, бір шетінен жатырқап тұрғандаймын. Біреулер менен сезіктенетін сықылды. Қазір келіп Жадыраға хат жазғанымды айтып, келеке ететіндей. Біздің сабақ оқитын бөлмеміз «11 б» сыныбынының жанында болғасын солар дың есігінен күн сайын қарап өтетінбіз. Мен енді оң жақта ғы баспалдақпен жүрмей, сол жақтағы басқышақпен көте ріліп жүрмін. Жадыраның көзіне түсуге ыңғайсызданам. Бір шетінен көргім келеді, бірақ көзіне түспеуге тыры сам. Сол күні мен Жадыраны мектептен кезіктіре алмадым.
Д. Бейсенбекұлы д д Түстен кейін Қарасудың диірменіне ұн тартуға кеткен әкеме жәрдемдесу үшін қара құнаныма жәй ғана тоқым салып, бір тартпамен бос қана тартып жайдақ мінген күйі тоғайға тарттым. «Жарқабақ» ауылының ішімен жүрсем бұзық ба лаларымен байланысарым анық. Сыртымен жүрейін деген тоқтамға келдім. Кенет, астыңда атың бар, несіне қорқасың, тиісе қалса қамшының астына алып сабап кетпейсің бе деген тосын ой келді. Рас-ау, ешкім тиіспесе де, ешкімді сабамасам да көшелерінің ортасымен құнанымның жол жорға жүрісіне салып қойып ағызып өте шыққанымның өзі неге тұрады? Мақтан тілеген мәртаза көңіл аттың ба сын ауылдың ортасына бұрғызған. Ағызып өте шықтым. Орталық көшелерімен. Балалары тыныш. Тек шәуілдек иттері ғана шаңқылдап жүгірген, бір-екі рет қамшымен жасқап тастағасын олар да аптығын басты. Орыс шалдың диірменіне келсем әкем ұн тартып болып қалыпты. Екеулеп жүріп он бір мөшек ұн мен екі қап кебекті кезінде таудан қарағай тасып шыныққан, баратын жеріне тоқтамаған, ентікпеген күйі шауып барып, шауып қайтатын, бойы тайға тақаулас, күші мығым көк есек жегілген жеңіл арбаға арттық та, жолға шықтық. Көк шалғыны тізеден келетін тоғай ішіндегі қара жолмен ақырын ғана аяңдап келе жатқасын мен тізгінді бос жібере салғам. Жәй жүріс құнанның ішін пыстырған сыңайлы, жүріп келе жатып тұмсығын қалың шөптің арасына тығып жіберіп, бір уысын күрт етіп үзіп алады. Мен көп сөйлемеймін, әкем менен өткен үндемес. Мен ендігі кезекте Жадыраны ойлай бастадым. Шіркін, қазір жанымда болса ғой. Оған сосын «Жарқабақтың» бала лары тиіссе, мен оларды атпен қуып жүріп сабасам, сөйтіп Жадыраны бұзық балалардан қорғап қалсам, оның маған деген сенімі артып, мойыныма асылып, бетімнен «шөп» еткізіп сүйіп алса... «Балам-ау...» деген сөз құлағыма еміс естілді. Мен оны мойыныма асылып алған Жадыраның «Бағланым-ау...» деп айтып жатқаны деп түсіндім. «Әй, Думанжан...». Жадыра тағы да «Ой, Думан жаным...» деген дей болды. «Әй, балам, Құдайберді нағашыларыңа тартып керең болайын дегенсің бе? Тез жүрсеңші». Дереу бойымды
Жанартау д д жинап алдым. Бойымды емес, ойымды. Әкем арбасымен алдыға түсіп кетіпті де, менің құнаным жиде түбіндегі қалың өскен қызыл мияға бас қойыпты. Тебініп қалдым. Қарагер тұмсығын пыр еткізді де басын көтерген бойында жол жорғасына салып тарта жөнелді. Бір жамбасыма аунай отырдым. Айнала қалың жиде мен қарақат. Сіз осы сәйкестік дегенге сенбейтін боларсыз. Мен де сенбейтінмін. Бірақ не тілесең сол тілегіңнің аяқ асты нан қалауың бойынша орындала қалса алдымен есіңе ең бірінші Жаратқан оралады екен. Әкем екеуміз “Жарқабақ” ауылына кіре беріс бауыздау алқымына қалың өскен қарақат арасымен өтіп бара жатқамыз. Кенет сіңілісі мен Жадыраның шоқ қарақат ағашының басына қол созып тұрғанын көзім шалды. Қызық сезім. Қуанып тұрғанымды, ия болмаса абыржып тұрғанымды өзім айырып болмаймын. Сәл жүрістен соң әкеме қарақат арасында шөптің қалың өскендігін, құнанды осында біраз жайып алатындығымды айттым. Әкем артына бір бұрылып қарады да: − Көп кешікпе, шешең алаңдап жүрер, − деді. Қарагерді кері бұрғам. Жадыраның жанына таяғанда қарғып түстім де жүгендегі сағақбаудың орынында жүретін тұсауды шешіп алып, атты тұсап қоя бердім. Енді қалай барам? Әйтеуір сүйретіле жақындадым. Амандасқам. Ол мені көрді де: − Ой, Думан, сәлем! Қайдан жүрсің?, − деді. Оның жүзінен маған байланысты бір жылылықты, қуанышты сезгесін батылдана бастаған сыңайлымын. − Сенің осы жаққа кеткеніңді естіп, іздеп келдім. Мені шешем осы ұяттан ада қылып туған сияқты. Ші мірікпедім. − Қойшы, − деді ол, − расыменен бе? − Әрине, рас. Әлде сенбейсің бе? − Жоқ, сенем. − Ол қарақат салып жатқан себетіне қараған. − Рахмет, − деді сосын, − рахмет іздеп келгеніңе. Сіңілісі екеумізге қулана қараған. Өткенде менің хатым ды жеткізген “пәштәлөн” қыз осы. Өзі де сезді-ау: − Жадыра әпке, мен көкемдермен тере берем. Сендер өздерің.., − деді де бұрылып жүгіре жөнелді.
Д. Бейсенбекұлы д д − Нәзөк, − деді Жадыра сіңілісіне, − көкеме де, апама да айтпа, иә? Басын изеді. Нәзира. Жадыра өзіне жарасымды сүй кімділікпен маған басын қисайта қарады да: − Өткендегі хатыңды алдым, − деді. Тағы да күлген. Со сын келді де әбжілдікпен менің бетімнен “шөп” еткізді. Қыз еріні тиген бетімнің оймақтай аумағы дызылдай жөнелген. “Ех, бақыт деген қыздың ерінінде жатыр екен ғой...” − Маған қарақат терісесің бе? − Терісейін, егер де сен қаласаң, − дедім. − Жақсы болды, мә, ұста. − Ол маған Нәзира қалдырып кеткен шиден тоқылған себетті ұсынды. Екеуміз де ендігі кезекте үнсіз ғана қарақат тере бас тағанбыз. “Жадырамен үнемі оңаша қала бермейсің ғой, осындай мүмкіндікті пайдаланып сөйлесіп қалсаңшы” де ген ой бірнеше мәрте тілімнің ұшында тұрған сөзді сыртқа итерген. Өзімді тежей бердім. Неден бастаймын? − Қарақатты қар бір жауып өткесін тереді деуші еді, сен дер неге ерте бастап кеткенсіңдер? − Сөз саптаған сиқым. − Апам қант бар кезде теріп, варенье қайнатып алайық деген соң келгенбіз, − деді Жадыра іле жауап қатып. Тағыда не сұрауға болады? Ойланып тұрғанымда Жа дыра өзі сөйледі. − Думан, бері келші, мына жерде қарақат қалың екен. Шаппасам да тұра жүгірдім. Расыменен қалың түсіпті. Жіңішке ағаштың басын жерге жеткізе идім де қарақатын уыстап жұлып себетке сала бердім. Мен алған кезде жар тылай болып тұрған себет толыңқырап қалды. Жадыра менен әудем жерде жүр. Мен ыдысты жерге қойдым да қарақаттан моншақ тоқи бастадым. Сабақтарын ақырын тесіп, келесі қарақатты сабағымен қоса өткізіп. Қазір біткесін Жадыраның мойынына тақпақпын. Күн біршама жантайып қалыпты. Күздің қоңыр салқын лебі бетке ұрады. Сырт-сырт еткен дыбыс ойымды бөліп жіберген, бұрылып қарадым. Жадыра екен. Себеті толы, маған күлімдей қарап тұр. − Мені апамдар шақырып жатыр. Қайтамыз дейді. − Сен.. мен... не... мен.. саған моншақ тоқыдым. − Оры нымнан көтерілдім. − Мойыныңа тақсам бола ма?
Жанартау д д − О, маған ба? − Дауысы көтеріңкі. − Әрине болады. Оның иілген аппақ мойынына мен қарақаттан тоқылған моншақты кигізе қойдым. Қара жұмыстан жарылып кеткен саусағымды нәзік біткен мойынына “абайсыз” тигізіп алуды да ұмытпадым. Ол сезебеген сыңай танытты. − Рахмет, моншағыңа. − Оқасы жоқ. Сендер мәшинемен жүрсіңдер ме? − Аха, көкемнің. − Менімен бірге қайтшы. Атқа мінгізем. Екі себетті көтерген ол апасынан сұрануға жүгіріп кет кен. Мен алғашқы кезіккен қарақат түбіне тастай салған жүген мен құрғақ тоқымды алып құнанымды ұстауға беттедім. Міне, қырсық. Әншейінде жанына барғанда үндемей ғана тұра беретін қарагерімнің айдарынан жел есіп, маңайындағыларға пысқырына қарап қалыпты. Көзі шатынап тұр. Мен жақындағанда үркіп қаша жөнелмесі бар ма. Ал қу! Шоқырақтаған ол да жақындатпайды. Көзіме жас келіп қалған. Әй, боқтадым. Атымды. Айналшықтап ұстатпайды. Өткенде жүгері жинауға барғанда да өстіп бір ұстатпай үркіп қашқаны бар. Сонда ғой, ауылға дейінгі он екі шақырым бойына құнанымды ұстай алмай жаяу келгенім. Есіме сол түскенде сұрануға кеткен Жадырадан ұялдым. Боқтау былай қалды, мен енді атыма жалына ба стадым. Сонда да көнбейді, неме. Есімімді атаған дауыс жаққа жалт қарасам Жадыра тұр. Безгелдек, енді қайттім! Қос аяқтай секіріп анау да жақындатпайды. Жадыра қасыма таяп келген. − Ұстатпай жүр ме? − Ұстатпағанда не ғой, бағана мына жерден өтіп бара жатқандар үркітіп жібергенге ұқсайды. Содан жолатпай жатыр. − Қане, мен көрейін. − Жадыра алақанын жыбырлата “мох, мох” деп атқа жақындады. Құнан жиырыла қарап, Жадыраға қырындау келіп алақанын иіскеді. Ол аттың маңдайынан сипалап, мойынын құшақтап маған ымдады. Кигізіп үлгердім әйтеуір. Жүгенді. Жыным қайнағандықтан жазаңды жолда берермін деген ойға бекідім.
Д. Бейсенбекұлы д д Жадыраны артыма міңгестіріп алдым да “Жарқабақтың” ішімен тура тарттым. Ол болса менің белімнен құшақтай қысып алған. Қандай жақсы! − Думан сені өлең жазады дейді ғой. Рас па? − Елдер айта береді ғой. − Сырғақтай жауап бердім. − Мен сенің кітапты көп оқитыныңды білем ғой, жазса жазатын шығар деп ойлап едім. − Енді анау айтқандай мықты жазбайтын шығармын. Шамамның жеткенінше шимайлайтыным бар. − Бәсе. − Ол біраз тосылып қалған. − Маған арнап өлең жазасың ба? − Қулана күлді. − Саған арнап па? Жазам. Бүгінгі қарақат терген күніміздің өзі қандай әдемі, осы туралы жазам. − Ендеше ертең үлкен үзіліс кезінде үшінші қабаттағы шеткі терезе алдында күтем. Жадыра екеуміз түрлі күлдірмелер айтып, қызықты уақиғаларды әңгімелеп ауылға жеттік. Ауыл шетіндегі бейітке жақындаған кезде Жадыра көрген елден ұят болар деп аттан түсіп қалды. Жылы қоштасқанбыз. “Қарақат тере барғанда” деген алғашқы жолын тақырып орынына қойдым да ертесінде мен оған өлеңімді апарып бердім. Уәделі уақытта, айтылған жерде... Сол жылғы қысты есіме алғым келмейді. Жүрегім жылап қоя береді. Ойда жоқта Жадыра мектептің соңғы жылын бітірмей жатып ағамның досы Еркебұланға үйленді де кетті. Қораға кіріп алып әй жыладым-ай келіп. Қимастық сезім, балаң махаббат. Көктемді де көз көрді. Қамкөңіл кейіпте. Жетінші сыныпта оқып жүргем. Көктемді көргесін жылда асыға күтетін жазға да іліндім. Асықпай-ақ, сағынбай-ақ. Бір қайғым екеу болды: жазға салым Жадыра мен Еркебұ лан айырылысып кетті. Қарыны қампайып үйінде жүрген Жадыраны көргенде жанарыма жиналған жасты ешкімге көрсетпей теріс бұрылып сылып түсемін. Ақыры шыдама дым. Шөп шабуға барғанда әкеме:
Жанартау д д − Маған Жадыраны алып беріңізші, − дедім. Әкем таңырқай қараған. − Қай Жадыраны? Біздің ауылда бір ғана Жадыра бар. Советқалидың қызы. Әкем түсінді. Шет жағасын естіген де тәрізді. Бірақ сенбеген. Енді өз ауызымнан естіді. Үндемеді. Тоғызыншы шалғыны толғай тартып, бедені жапыра шауып менен ұзап кетті. Түскі шайды сораптап ішіп отырған кезде әкем менің көзіме тіктеп қарады да мырс етіп күлді. − Сен өзі әйел алуға жарап қалдың ба? − Тікенектей қатты қолымен басымнан сипаған, − алдымен мектебіңді бітіріп ал, сосын қалаған қызыңды әперем. Жүрегім қалаған қыздың менің мектеп бітіргенімді күтіп жүре алмайтынын әкем қайдан сезсін. Сол жылғы күз тү пейақ Советқалидың үйі алыс аудан орталығына көшіп кеткен... * Концерттен көңілсіз шығып кеткем. Сол қолымның кішкентай бөбегінен қыса ұстаған ұлым ыңылдап ән айтып келеді екен... «Қарақат тере барғанда-а-а...» ҮМБЕТ (әңгіме) «Кеңсай» саяжайына келіп тоқтаған алпысыншы нөмірлі автобустың ішінен бір топ адам түсті. Күн кешкіріп қалған. Қанша жаз мезгілі дегенмен де бойды шымырлатар сәл салқындық бар. Көкке оранған Іле Алатауының жондана біткен белестерінен танауды қытықтаған түрлі жұпар иістер аңқиды. Автобустан адамдардың соңы болып шыққан Арман аялдамадағы дүкеннен бір бөлке нан мен қалбырға салын ған балық алды. Сосын өзі жарық дүниеге келмей тұрып салынған, бұл күндері асфальт деген аты ғана болмаса, затының жұқанағы да қалмаған қара жолға түсті. Жұмыстан
Д. Бейсенбекұлы д д шаршап шыққандықтан өрге қарай әрең басып келеді. Аялдамадағы адамдар асыға басып жан-жаққа бытырай жөнелген екен. Арман айналасына қарап келеді; бағанағы адамдардың бір де бірі көрінбейді. Тек бұның алдында ғана сұлбасы қараңдап бір адам кетіп барады. Жоғары қарай әлі бірталай жүретін болғандықтан Арман әлгі адамды қуып жетіп, тілдеспекші болды. Жол қысқарсын деген ниетпен. Екі аяққа бар күшті сала, жылдамдата түсті. Жақындай бере байқады, қыз бала екен. Екі қолында да заттар салынған қызыл целлофан қапшық. Салмақты болса керек. Қыз әлсін-әлсін тоқтап демалады. Арман да таяп қалған. Қыз қапшықтарын қолына алып енді қозғала бергенде: − Сізге көмек керек пе? − деді Арман ақырын ғана тіл қатып. − Жоқ, рахмет. Өзім-ақ көтерем ғой, − деді қара торы өңінен бір ерекше жылулық сезіліп тұрған қыз. − Қысылмай-ақ қойыңыз, қарындасымсыз ғой. − Жо-жоқ, болды. Өзім-ақ... − Әлде қорқып тұрсыз ба? − Бұл – Арманның аузы нан абайсызда шығып кеткен абыройсыз сөз еді. Өзі де ыңғайсызданып қалды. − Кешіріңіз, − деді сосын, алдыңғы сөзін жуып-шайғандай болып. − Ужас киноларда ойнайтын актерларға ұқсамайсыз, − деген қыз жағымды күлкісімен жымия түсіп. Артынан: − Әуре болмай-ақ қойыңыз, − деді. «Сізден қорқып не бопты, тәйірі. Просто, сіз сияқты жігіттердің талайын көргем. Сондықтан сырларыңызға қанықпын десем де болады. Сізге қазір көмектесіңіз десем, сәлден соң сіз менің атымды сұрайсыз, сосын қоштастарда телефон нөміріңді бер деп жабысасыз. Зачем мне лишные проблемы?» − деген қыздың ішкі ойы қолындағы қап шығын қайтадан жерге қоя бергенде. − Ке-шіріңіз, онда, − деді тағы да аузына сөз түспеген Арман. Қыздың қолындағы заттардың ауыр екені белгілі. Арман не кете берерін, не көмектесерін білмей бірер секунд тұрып қалды. Қарақат жігітке көз тастаған. Қасынан өтіп бара жатып. Тұлғалы екен. Көздері шоқтай жайнап тұр. Жақ сүйектерін
Жанартау д д де қырып алар ет жоқ. Сөзі де жасанды емес секілді. Тым жұмсақ. Бірден жүрегіңе тиетін әуезді. Жағымды. Қарақат тілін тістей қойды. «Қап, мына сөзді бекер айттым-ау». Өкініп қалды. Енді ол жігіттің «көмектесейін» деп екінші мәрте өтінбесі анық. Арман басын шайқап қойды. Бірақ көңілінде кейістік жоқ еді. Ауыр қапшықтарынан бір жағына майыса кетіп бара жатқан қызға жазықсыз жанарымен қараған. Сүйсіне, тамсана. Мүмкін, құмарта. Арман өзі де түсінбеді. Бірақ әйтеуір бір тылсым сезімнің тұла бойын шымырлатып өткені анық. Қарақат қалайда жігіттің екінші рет өтінуін бар жантәнімен қалап келе жатыр. «Енді тағы да көмектесуге ниет білдірсе қолына өзім-ақ ұстата салар едім». Қолындағы қапшығының ауырлығынан емес. Айырылып қалғысы келмегендіктен. Артына қайырыла салып танысып ала йын десе қыз балаға тән ибасы жібермейді. «Ағаш бұтақ тарындай тармақталып кеткен көп жолдың біріне түсіп, басқа бағытқа бұрылып кетсе қайтем? Қап, менде де ес жоқ. Жиырмадан асқанша жігіт баласына қолымды ұстатып көрмеген жабайылығымнан шығар осының бәрі. «Түсі игіден түңілме» деп демалысқа барған сайын әжем айтып отырушы еді. Көргені көп сияқты мына жігіттің. Бір қызды аялап отыруға шамасы жететіндігі де сезіліп тұр емес пе. Түу, ал саған Қарақат, енді тағы да керіл. Тағы да адасып қал, бақытқа жетелейтін бағдарыңнан. Енді ол жігіт өліп кетсе де саған көмек қолын ұсынбайды. Әй, баламысың деген-ау, осыншама шала болармысың. Жап-жақсы жігіт тен қарадан-қарап айырылдым». Қолы талған Қарақат қызыл пакетті жерге қойды. Біраз белін жазып алмақшы ниетпен. Жоқ, негізі олай емес, арты на бір бұрылып қарағысы келген. Аңсары ауған. Жігіт жүзім мен шырмауық жайлаған беткейге қарап келе жатқанда Қарақат ұрлана көз тастап үлгерген. «Аңғал секілді. Шіркінай, енді бір ғана рет «қарындас көмек керек пе?» деп сұраса ғой. Жанымды қайғыға салар арманым болмасаң екен. «Арман». Ия, сіз маған армансыз...» Қарақат тәтті қиял жайлаған санасындағы шиыртпақ ойлардан арыла алмады.
Д. Бейсенбекұлы д д «Мына қиқар қыздың мінезі қызық екен өзі. Оңайшы лықпен илікпейтін сияқты. Бірақ қылығы жағымды екен. Биязы. Бәрінен де көздерін айтсаңшы, көздерін. Егер де осы қыз менің мәңгілік жарым болса, онда атын атамай «Ботагөз» деп еркелетіп өтер едім. «Ботагөз», «Ботагөзім менің», «Боташым». Жоқ, бұл ат оған сай келмейді. Көздері онша үлкен емес қой. Есесіне мойылдай қара. Не десем бо лар екен?.. О, таптым, таптым. Мен бұл қызды «Қарақат» деп атар едім. Жан дүниесі әндетіп сала берген. «Қарақат көзді қарағым, Аймалап ескен самалым, Шарлатқан шаттық аралын, Маралымсың». Міне, енді өзіне жарасып-ақ кетті. Құдай-ау, аршыған жұмыртқадай болған түріңнен айна лайын, қарғам. Сөмкеңізді жерге қоюыңызға қарағанда қолыңыз талды-ау деймін. Көмектесейін десем тағы тоқымыңызды бауырыңызға алып тулайтын шығарсыз. Не істесем екен? Жанынан үндемей өтіп кетсем, ыңғайсыз болар. Түу, әбден есім шықты ғой. Әй, не де болса көрейін, бәрібір жоғарыға шығатын болса жалғыз өзі қорқады». − Тағы да кешірім өтінемін, сіз әлі де жоғары көтерілесіз бе? − деді Арман екі қапшығын жерге қойып, тыныстап тұрған қыздың жанынан өтіп бара жатып. − Ә, иә, әлі де біраз жоғарыға көтерілем, − деді қыз жа нарын бұдан алып қашып. − Бір өзіңіз қорықпайсыз ба? − Қасымда сіз сияқты атпал азамат тұрғанда неден қор қамын? − деді қыз төмен қараған күйі езуіне күлкі үйіріп. Қулығы жоқ қыздың өзі әккі жігітті тақырға отырғызуға жетіп жатыр емес пе. Нысанаға дөп тиді. − Ендеше көмектесейін. Қыз бұл жолы тулаған жоқ. − Мейліңіз, − деді ақырын ғана естілер-естілмес. Екеуі аяңдап келеді. Қыз целлофан қапшықтан талған қолын сілкілеп-сілкілеп қояды. Арман ретін тауып сөйлейін деген, бірақ не айтарын білмеді. Үндемеген қалыптарында біраз жүрді. Рас, екі-үш мәрте жанарлары түйісіп қалған. Бірақ, ұялшақ көздер тез тайқып кетті. Әлден уақытта қыз қасындағы жігітке бір-екі рет қарап алды да:
Жанартау д д − Аға, − деді. Дауысы дірілдеп шықты. − Әу. − Сан-сақта сайрандап жүрген ойларын бір шыбықпен айдап әкеліп санасының қорасына қамады. − Ә-ә-ә, жәй әншейін. «Махаббаттың барына жүрек сенбесе емі не?» деп сұрасам қалай жауап қатар еді...» Қапелімде не дерін білмей қалған Арман: − Махаббат деген Алланың мейір-шапағатын адамға жеткізуге жерге түскен көрінбейтін пайғамбар ғой, − деді.− Бәріміз де сол пайғамбардың үмбеті боламыз. Тағы да үнсіздік. Қыз тоқтады. Межелі жерге жет кен болуы керек. Қыз қарақат көзін төңкере қарап, сол қолымен алма ағашының арасында сұлбасы қарауытқан үйді нұсқады. − Анау менің үйім. − А-а, алқаш Андрейдің үйін сатып алған сендер екенсіңдер ғой?.. − Ал, сау болыңыз! − Сау бола ғой. Жылы қоштасты. Ол өрге қарай жылжыған. Арада үш минуттық уақыт өтпеді. Таныс дауыс. − Ағай! Арман артына бұрылған. Қиыла қарап Қарақат тұр. − Телефон нөміріңізді бере алмайсыз ба? ... ҚАРА ПЫШАҚ (әңгіме) Ақырын ғана есікті аштым. Үй іші айқай-шуға толы. Шаңқылдаған дауыстар. Төргі бөлмеге өткенде байқадым, кереуетте шалқалап жатқан күйеуі мен терезе алдында жыламсырап тұрған әйелінің дәл ортасындағы кішкене ғана үстелге жайғасқан Түлен оларды азғырып отыр екен. Ақырын жақындадым. − Мына дүниенің барлығын менің әкем әперді. Сен де түк те жоқ, бей-ша-ра, − деген сөзді әйелінің ауызына салып берген Түлен екі санын шапаттап қойды. Масаттанып отыр.
Д. Бейсенбекұлы д д Енді күйеуінің құлағына сыбырлай бастады. − Көк тиынға керек еді сенің жылтырақ дүниең! Сен сияқты семіз сорлыны менен басқа ешкім де алмайтын еді. «Ухухуу!» деді Түлен екі жұдырығының ішкі қырымен кеудесін ұра. Соңынан: − Шоқ, бәлем, мен сендерге махаббатарыңның құнын анықтап берейін қазір, − деді. Мен жөткіріндім. Ол жалт қараған. Адам кейіптегі мені көріп состиып тұрып қалды. − Сен... − Ия, мен сендерге қызмет етем. − Алда, байқұс-ай, − деді ол басын шайқап, − тозақтың азабына шыдамаған екенсің ғой. Хе-хе-хе-хе... Кекеткен түрі. Үндемедім. Бәрібір оның айтқаны шын дық. Дәм-тұзым таусылып, өмірмен қош айтысқасын, о дүниенің мейманы болып шыға келдім. Расында мен мей ман шығармын десем, әлгі айта беретін тозақ пен пейіш жайлы о өмірдегі ертегінің шындыққа ұласқаны... Тірі жүргенінде пенде баласына жақсылық жасап көрмеген, Жаратқан туралы ойлап бас ауыртпаған, жаратылғандарға қарап пікір жібермеген, қылған күнәсі үшін кешірім сұрамаған, адам жанын қинауды қылмыс деп түйсінбеген, адамгершілік деген ұғым барын елемеген жанның қайда барары да сізге де белгілі ғой. ...Тозақтың тоғыз отына шыжғырылып шығып, қазан дағы қайнаған қара суда жан дауысым шыға шыңғырып жатқанымда қолында үш ашалы айыры бар мүйізді шайтан жақындап келсін. Оның қызметі қазандағы қайнап жатқан пенделердің жиекке жабысқандарын қайта суға құлату еді. Етім сүйегімнен сылынып түсіп, құр қаңқаммен қазан жиегіне ұмтылғанымда ол алдыма талтайып тұра қалды. Әлсіз ғана басымды көтеріп, ойылып түскен көзімнің орынындағы үлкен екі ойықты оған қададым. − Қиналдың ба?! «Әкеңнің!.. О өмірде кездессең басыңнан шарап ішетін тостаған жасар едім...» Амалсыздан басымды изедім. − Шайтандар әлеміне қызмет қылсаң бұл азаптан уақытша ғана, қиямет-қайым орнағанға дейін азат боласың.
Жанартау д д Мен тағы да келіскендігімді білдірдім. − Ұста мынадан! − Ол маған айырын тақау алып келген. Шап беріп ұстадым да сыртқа қарай атылдым. − Сен енді адамдарды азғырасың. Ең бастысы жаңадан қосылған жастарды айыру біздің үлкен ышықпен атқаратын шаруамыз. Қазір Түлен мына мекен-жайда екі жасты азғырып отыр. Сен соған көмекке бар. Оның тәжірибесі аздау. Шамасы жетпес. Екеуің біржақты қылыңдар. Қалған тапсырманы келгесін берем! − Жақсы, − дедім мен көрген азабымнан тұла-бойым қалшылдап тұрып. − Жақсы. − Ал, заула! Есіңде болсын, егер тапсырмаларды дұ рыстап атқармасаң мына жерге қайтып келесің. − Ол айы рымен қайнап жатқан қазанды нұсқаған. Қарағым келмеді. Денем дірілдеп сала береді. Міне, айтылған мекен-жай бойынша келіп отырмын. − Ібіліс атам маған көмекке жіберді ме?! − Өзіне тәуелдендіргісі келген өктем үн. − Иә, − дедім самарқау ғана, − қалай болып жатыр? − Ібілістің шексіз құдіреті бұйыртса кешке дейін екеуін ажыратып тынамын. − Ісіңе береке берсін ендеше. − Шайтандарға берекенің керегі шамалы. − Солай-ау, расында, − дедім. − Түш-ш-ш, − деді ол сұқ саусағын ауызына тақап. − Ақырын сөйле! − Менен не көмек керек? − Сыбырлап сөйледім. − Сенен бе? − Ол сұқ саусағын ауызына басқан күйінде ойланып қалды. Әлден соң: − Сен босқа отырғанша үйді бір ақтарып шықсаңшы, − деді. − Оның не керегі бар? − Жылтырақ-мылтырақ дүниесі болса көріп ал. − Сосын?.. − Сосын-сосын, қулықтан құр қалған бәлесің бе немене? Кім сені таңдап жүрген, а? − Маған бедірейіп қарап қалған.− Әй, қойшы, − деді біраздан соң қолын сермей, − Қысқасы, қанша ақшасы бар, қандай құнды заттары бар, түгелін көріп ал. Сосын маған айтып бересің. Мен оны басқа біреудің санасына құйып, қылмыс жасауға итермелеймін.
Д. Бейсенбекұлы д д − А-а, енді түсінікті болды. − Түсінсең, бар енді. Мен мыналармен біраз ойнай тұрайын. − Ол ерлі-зайыптыларға бұрылған. Мен бөлмелерді аралауға көштім. Асханаға кіре сала қайтып шығып кеттім. Ыдыс-аяқ, ұсақ-түйек заттар. Таңсық емес. Тірлігімде талай көріп, пайдаланған дүниелерім. Қонақ бөлмесінің есігін аштым. Жарығы жанып тұр екен. Шамасы дәулетті отбасы. Төбемдегі сан түске ша ғылысқан шынылы люстраға, еденде төселген қалың кілемге, қабырғадағы ілулі тұрған түсініксіз суреттерге, ортадағы мәжіліс үстеліне, оны жағалай орналастырылған сәнді орындықтарға қарап тұрып осындай ой үстінде болдым. О өмірде жыртығымды жамай алмай өткесін бе, байларға деген көкейімде бір кек бар сияқты. Ақыры ажы рататын болғасын, біржолата тақырға отырғызып кетейін деген сайқал ой санамда берік қамалын соға бастаған. Кенет, бұрыштағы кітап тола шкафтың әйнекті есігінің артында тұрған суретті көзім шалды. Бағанағы зайып тылар. Бақытты, шадыман. Жыным ұстай қалды. Маған бұйыруға тиісті бақтың керуенін орта жолдан тонап алған қарақшылар осылар сияқтанды. Ортасында екі бала. Ұл бала үлкендеу, қызы бір-екі жасқа кіші көрінеді. Ұзақ қарадым. «Жетім қаласыңдар-ау, жақында». Залға шыққам. Көз алдымнан бұртиып тұрған екі бала ның бейнесі кетер емес. Келесі есікке беттеп, жұлқи аштым. Балалардың жатын бөлмесі екен. Жарықты жағып қарасам, бағанағы балалар... Менің балам болған емес. Әйелім де. Бірақ құрғыр жүрек ұйқыда жатқан бейкүнә сәбилерді көріп мейірленіп барады. Бала иісіне шөліркеп тұрғандаймын. Ақырын екеуін кезектесіп иіскедім. Жәннәттің иісі. Жұпар. Танауымды қытықтап, әкелік махаббатымды оята бастады. Тағы да тұра берсем өкіріп жыларым анық. Тез кеткенім жөн. Есікті ақырын жаптым. Қимастық сезіммен. Адами санам арамдықтан сейіліп келеді. Тіпті бұрынсоңды болмаған пәк болмысымның тынысы жаңа ашыл ғандай. Қара ниетті шайтандарға Алла жаратқан адам басыңмен қызмет қылудың қандай қорлық екенін енді ұқтым. Ұқтым жа жылдам адымдай ас үйге беттедім. Бағана
Жанартау д д сол жерден пышақ көріп қалғаным бар. Адам – адам сияқты өмір сүруі керек! Періште пәк екі сәбиі бар мына жандар өткелі көп өмірде бірге болуы тиіс! Бұларды айыруға Түленнің ылаңы себеп болмағаны жөн! Ақырын ғана үстел үстінде жатқан қара пышақты алдым да Түлен отырған бөлмеге келдім. Сүйек сапты пышақтың кезінде металлургиялық институтта оқығасын болат темірден соғылғандығын бірден-ақ салмағынан айырғам. Аяғымды ұшынан басып артына тақадым. Байқұс ештеңені сезер емес. Отқа тамызық салған адамдай жас жұбайларды шағыстырып қойып отыр. Ауық-ауық екі қолын, санын шапалақтап, ішін басып жата қалып күліп алады. Адамдар арасына алауыздық отын жағып отырғанына мәз. Содан қуат алатындай. Мен соңғы мәрте терең тыныстап дем алдым да жас жұбайлар ынтымағы үшін оның дәл қара құсының тұсынан қара пышақты сермеп қалдым. Аппақ қан бұрқ ете қалды. Ұстараның жүзіндей ылпылдап тұрған болат қанжардың ұзына бойын оның ақ қаны жуып кеткен. Түлен маған әлсіз ғана мойынын бұрды. Байқұстың жалғыз көзі алайып кетіпті. Мен пышақты суырып алып екінші мәрте оның жүрек тұсына салдым. Ерлі-зайыптылар ұйқыдан тұрғандай бір-біріне таңдана қарасты. − Жаным, не боп кетті өзі? Түлен түртті ме бізді? − Білмедім, ботам, кешірші. − Қойшы құрысын, жас болғасын ыдыс-аяқ сылдыр ламай тұрмайды деген. Алла арамыздағы сыйластықты алмасын. − Екеуі құшақтаса кетті. Жансыз жатқан Ібіліс ұрпағының денесіне қара пышақты тағы да төрт-бес мәрте ұрдым да орнымнан көтеріле бере жүзін оның ұйысқан жүніне сүртіп-сүртіп алдым. Алғашқы құрбаным жерде мылжа-мылжасы шығып жайрап жатыр. «Өлді, − дедім. − Өлді! Әумин!». Адам баласы жаратылғалы бері тұңғыш болып шайтанға қол жұмсаған Пенде өзім екенімді түйсінген сәтте кеудемді қуаныш кернеп кетті. Тіпті тозақта көрген азабым да ұмыт болғандай. Денем жеп-жеңіл. Құшақтасып отыр. Зайыптылар.
Д. Бейсенбекұлы д д Қиямет-қайым басталғанша шайтандармен күресемін деген нық сеніммен есікке беттедім. Дәмін татып алғасын, өлтіргің келіп тұрады екен. Құмартып барам. Есіктің сыр тында мені көптеген құрбандарым күтіп тұрған еді... ...Қолымда қара пышағым... БІЗГЕ БАҚЫТ СЫЙЛАМАДЫ БАҒДАРШАМ (новелла) Екеуміз оқыста бағдаршам түбінде жолықтық. Жұрт аяғы басылып қалған сәт еді. «Аға...» деп менен бір көшені сұрадың. Сауалыңның соңын естімеген едім, сенің Айдың өзі қызғаныш туғызып, Күн көзін алмай қарайтын нұрлы жүзіңе байланып қалғанмым. Сен мендегі бір түрлі сезімді аңғардың да, бірден бағдаршам көрсеткен жасыл түске өте бердің. Бағытым басқа еді. Бірақ соңыңнан бірге ердім. Біздің бақытты күндер сол сәттен-ақ басталған болатын. Жаның таза екен, жүрегің жараланыпты. Мұңая отырып әңгімеледің. Мен салқын сыраны сыздықтата сорып, сенің әлеміңе саяхаттадым. Темекі түтіні қалықтаған кабакта өзімнің де өмірім өкініштен құрылғанын тізбеледім. Бір сәтке екеуміз де үнсіз қалдық. Сен өткеніңді ойладың ба, жанарыңнан домалап түскен бір тамшы жасты маған байқатпай сылып түстің. Сосын ақырын ғана жымидың. – Қандай мұңлы ән еді, – дедің мені әңгімеге тартқандай. Бірақ мен мұныңды өз-өзін ақтап алу әдісі әлде көмейге келген өксікті тежеу деп түсіндім. Неге ерте жолықпадық біз?! Қайда жүргенсің ботам? – Сені кінәлай сөйледім. Сізден қашып жүрдім, – дедің де, сыңғырлай күлдің. Біздің әңгімеміз содан таң атқанша жалғасты. Жаздың жылымық түні. Көп қабатты үйлер арасындағы аласа ғана ағаш сәкіде отырдық. «Шаршадым аға, – дедің. – Бәрінен жалықтым». Не айтарымды білмей, шашыңнан сипай бер дім. «Ешкімде жан жылуы қалмаған ба сонда?» Жауап таба алмай, тіптен қысылдым. «Қалжыңдай қалсаң, құмартып тұрады бәрі де. Әлде оларда ана, қарындас жоқ па?»
Жанартау д д «Ботам, барлығымыз да ес білгелі бақытты шам алып іздеп жүрміз. Тапқан да болармыз. Жоғалтқан да шығармыз. Махаббат – бұл Құдайдың сипаты. Біз ғашық болмасақ, жүрек өзіне жақын жанды іздеп аласұрмаса, сезім қалай ұшталмақ?! Ұшталмаған сезім ұшқын атпайды. Жалын дап жанбайды. Жан баласын жақсы көрмей, Жаратқанды қалай сүймекпіз?! Махаббат – бұл Жаратқанға жетудің баспалдағы ғой». Өз пәлсапам өзімде қалды... Сен жаурап, бауырыма тығыла түстің. Бір болайықшы күнім. Бағдаршам бізге бақыт жо лын көрсеткендей, – дедім. Сөзім салмақсыз, мағынасыз естілгендей болды. – Аға, сіздің ұлыңызды жылатып екеуміз де бақытты бола алмаспыз, –дедің. Үнсіз қалдым... «Сүймеген жанға байлану, сүйген жанға жете алмау... Өмірдің өзі өкініш екен». Екеуміз құшақтасқан күйі ұза-а-а-қ жыладық. Енді, міне, біз тағы да бағдаршам түбінде тұрмыз. Таң рауанданып атып келеді. Қала көшесінде қыбырлаған тірлік белгісі байқала бастады. Сен «қош, аға..» дедің де, бетімнен шөп еткізіп сүйіп алып, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүгіріп өте шықтың. Мен артыңнан жүгіруге оқталып барып тоқтадым. Бағытым басқа еді... Өмірлік бағытым... Арғы бетте тұрып сен: «Аға, бағдаршам бізге бақыт сыйламады», – деп айқайладың. Мен тағы да естімеген едім. Бейнең көз алдымда бұлдырап бара жатты... Атыңды да сұрамаппын ғой, айнам-ау... ЖАЛЫҒУ ҺӘМ ӨЛІМ МУЗЫКАСЫ (новелла) Санамды өлім торлап алды. Қалай өлем? Асылып па, әлде жүрегіме пышақ сұғып алсам ба екен? Жоқ, бәлкім машинаммен құйындай құйғытып келіп бір ғимаратқа соғармын а? Білмеймін, білетінім әйтеуір өлуім керек. Үйдегі ұрыс-керіс, жанжал, таусылмайтын дау мені әбден мезі етті. Қазір тек өлім туралы ойлайтын болдым. Өлім. О, Құдірет. Бұл жалғанда жер басып жүргім келмейді жаным.
Д. Бейсенбекұлы д д Ешкімді көргім де келмейді. Жалықтым, бәрінен шарша дым. Жерініп біттім. Көрпесін басына тартсаң, арты аймандай болған қоғам. Сүйкене кетсең сүйісініп тынатын опасыз сезім. Дін десе даурыға кететін дүмшелер. Өздерінің өмірге келгендегі негізгі мақсатының не екенін әлі ажыратып болмаған көксақалдар. Жамбасын сыйпасаң жалақы дәметкен жәлеп өмір... Бәрін іштей сыбап келем. Жеккөрінішім кекке ұла сып бара жатқандай. Ендігіде қолыма қару ұстатса аяусызақ қырып салатын секілдімін. Бәрін, бәрін. Тіпті қылтанақ шөп те қалдырғым келмейді жер бетінде. Қол-аяғым дірілдей бастады. Жеңіл автокөліктің тежегіші де ырқыма көнбей, әжептәуір күшті қажетсініп келе жатқандай. ӘлФараби даңғылымен жүйтки түскен көліктің жылдамдығы 120 шақырым/сағатқа көтерілді. Жатырдан шыға салып бақыт іздеуді өзіне мақсат тұтатыны несі екен адамдардың? Бақыт жайлы мен де көп толғанушы едім. Тіпті, өзімнің бақытты болатыныма бек сенімді едім. Сәл өссем, өз қолым өз аузыма жетсе деп ойлайтынмын. Көрсетем сонда бәріне, қалай бақытты болу керектігін. Ия, осы ой мені етегіне орап өсірді. Адамдардың барлығы да бір-біріне тілек айта қалса «Бақытты болдан» бастайтын. Мысқылдап күлуші едім, осылар бақыттың не екенін түсінбей, білмей жатып неге тілекке қосады екен деп. Неге осы мектепте бақытты жеке пән ретінде оқытпайды екен, расында, а. Тым құрығанда соның не нәрсе екенін біліп жүретін еді ғой жалпақ жұрт. Бақытты болып кете қоймаса да. Жылдамдық тілін 140 шақырым/ сағатқа жеткіздім. Жоғарғы оқу орынын бітірдім. Қолымда қып-қызыл ди плом. Жебірейлердің өзі әрең оқып шығатын техникалық оқу орынан түледім. Қазақ баласы бәрінен жоғары тұрды. Мерейім үстем. Артынша үйлендім. Ата-анам қатты қуанды. Сәбилі болғанда кеудемде әкелік сезім оянды. Ауылдағы шал-кемпірдің қуанышын айтсайшы. Айналыптолғанып немерелерінің жанынан шықпайды. Шаруа жайына қалды. Бірақ сонда да мен өзімді бақыттымын деп айта алмадым. Газды басқан сайын машина ышқына түсті.
Жанартау д д Құлағыма тек ызылдаған дыбыс келеді. Көзім жасаурап, көзілдірігім бұлдырай бастады. 160 шақырым/сағатқа жет кен жеңіл көлік салмақсыз қоңыздай қаңғалақтай бастады. Бітті, бәрі де бітті. Жар құшағы, сәби былдыры, алақан жылыуы – ештеңенің енді мен үшін маңызы жоқ. Жыл дамдық 170-ке жеткенде өлім музыкасы ойнай бастады. Ғажап, тәтті, мұңды музыка. Жер бетіндегі ең ғаламат әуен осы болар. Қол-аяғым жансызданып, денем суы на бастағандай. Бәрін қоя бердім. Ақырын ғана көзімді жұмдым. Елес, жер бетінде жөңкілген хайуандар, олардың алдында қашып бара жатқан адамдар. Жанұшыра, алып пілдер мен мамонттардың аяғының астында тапталып, жаншылып жатқан екі аяқтылар... Жоқ, қазандай басым ды оң жақ иығыма тастай салдым. Жаймашуақ табиғат. Қыздардың күлкісі, бұлақ сыңғыры. Алыстан мұнартқан қарлы тау. Ж-о-о-о-қ. Маңдайымды рөлге тақ еткіздім. Шыңғырған дауыстар. Күңіренген, аһ ұрған, жалынған, мәңгілік қорқыныштың үні. Ия, осы ғой, осы. Таптым. Ысқырып келіп тоқтаған машинамен соқтығысуға сәл-ақ қалыппын. Ол тоқтап үлгеріпті қайта. Мен бағадрмшамның қызыл көзіне өте шықтым. Жылдамдықты бәсеңдетіп, жолдың шетіне тоқтадым. Әрі-сәрі күйден арыла алар емеспін. О, Құдай, елдер осы қалай ғана тез өледі екен. Ойымның ойран ботқасын шығарған бұл мәнсіз әрекет мені мезі ете бастады. Қалай арылсам екен бұл күйден. О, менің өмір сүргім келетін сияқты. Өлім туралы ойдан арылғым келді. Дереу машинама отырдым да, қара жолға ытқып шықтым. Көкшіл түсті «Тойота» сигналын басып, жаным нан қолын шошайтып өте шықты. Соңынан тұра қудым. Әл-Фараби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы көпір астына түсе бер «Тойотаның» артқы жағынан түртіп қалдым. Ол төрт доңғалағынан түтін шығара ысқыртып кілт тоқтады. Жылдамдықты бәсеңдетпеген күйінде тағы да келіп ұрдым. Маңдайымнан жып-жылы бірдеңе жылжып барады. Тәтті түс көріп жатқанда жыбырлатып, жыныңды ойна
Д. Бейсенбекұлы д д тар көк шыбын тәрізді. Ақырын ғана қол сермедім. Қайта жылжып келеді. «Бауырым» иығымнан біреу жұлқылап жатқандай. «Әй, осы адамдар да, неге бір-бірінің ұйқысын бұзады екен». Мұрыныма ауылда әкемнің қой сойып, соның басын үйітіп отыратын кездегі қарақошқыл қою күйіктің иісі келді. «О-о-о, балам мен немерем келді деп қой сойған екен ғой әкем. Неткен мейірімді жандар еді. Табағын көтеріп анам жүр. Ішек-қарын жуайын деп жүр-ау. Бәсе. Жұбайым отыр, балам жәутеңдеп тұр. Бұларға не болды екен... Ұлымның маңдайынан сыйпадым. Сезер емес. Селт етпеді. «Ассалаумағалейкум!». Менің дауысыма не болған. Салқын сыра алып қойды ма тамағымды әлде. Әкеме қол берсем қарамайды. Шошып кеттім, белімнен төмен мені аппақ бұлт қоршап алыпты. Төмен жақ көрінбейді. Көкке көтеріліп барам. Самғай жөнелдім. Соңғы рет көз тастадым. Ұлым қолына аппақ көгершін ұстап алыпты. Маған қолын бұлғай бергенде көгерші ұшып кетті. Әкемнің қолындағы пышақтың бойымен сорғалай құлаған қып-қызыл қан тырс етіп жерге тамды. Әкем де, анам да, жұбайым да бәрі соған қарап қалыпты. Тамшы болып түскен қан жер бетін қызыл реңге бояды. Болды, жер бетінде енді мен аялдайтын, мен сағынатын ешкім қалмады...» КҮЗ КӨҢІЛІ. САРЫ ҚЫЗҒА САҒЫНЫШ... (новелла) Сап-сары. Жалқын сары. Әлем алтынға оранғандай. Күн шапағына шомылғандай. Сарытап әлем көңілдегі сағынышқа қозғау салатындай. Күз болса сағыныш дертінің қозатыны несі екен... Есімде ғой. Күні кешегідей бәрі жадымда жаңғырып жатыр. Өткен күннің елесі неге тәтті болады, а? Сана сер піліп, көңіл қатайған сайын сағынышқа ұласып, жадыңда өрнектелген сол аяулы сезімге деген құштарлығын да арта түсетіндей. Жүректен талып жететін нәзік үнге құлақ тосып көрдің бе, Сары қыз? Аққудың сымпылына үн
д д Жанартау д д қосады, бұлбұлдың үніне әр береді. Жаныңды құштарлыққа ұмтылдырып, рухыңды әдемі аура баурайды. Сен сол сәтте өзіңнің ғаламдағы теңдессіз жаратылыс екеніңді есіңе аласың. Алматының ауасы өкпемді қысып, тамаша табиғаттың сұлулығына құмартып терезеден тауға қарап мен отыр мын. Қазақтың қара шаңырағын қасиетім деп ұққан бір отбасының ар-ұятын арқалап сен жүрген боларсың. Сен қуансаң менің рухым әрдайым берік болатынын айтқан едім. Жадыңнан шығармашы осыны, Сары қыз. «Мен сізді мәңгі сүйем. Амалым не, жаныңызда бо лып, жанқуанышыңыды бөліссем деп ем. Тағдыр шіркін менің дегеніме көнбейді екен. Сіздің абыройыңызды алыстан естіп жатсам, соның өзі мен үшін үлкен күш бо лады. Еңсеңіз түспесін. Барлық жақсылығыңызға қуанып, қайғыңызға ортақ болып, жүрегіңіздегі қуаныш-мұңның ішінде менің нәзік сезімім жатыр деп ұғыңыз. Сізді сүйе алғаным үшін өзімді бақытты санаймын. Созақтық Сары қарындасыңыз». Ең соңғы SMS хатың жүрегімді осып өтті. Жаныма ыстық осы хатың әлі сақтаулы. Жан жарым да біледі. Өзіне дейінгі менің асыл сезімім болған соң түсіністікпен қараған болар. Сөз қозғамады. Сол үшін де оған деген көңілім асқақтай түсті. Өзіне адал болып, өткен өмірімдегі сезім симфониясының ноталарын әлі сақтап жүргенімді жазу жанрындағы жанкештілігіме теліген болар. Екеумізге ортақ жан бар еді. Танысуымызға себеп болған. Табысуымызға да қарсы болмап еді. Сары күзде ер темен жұмысқа жеткенімде агентім жанып-өшіп, сарғайып жеткен ақпарды ала қой деп белгі беріп тұр. Ортақ жаннан. Оқыдым. Орнымнан тұра алмадым. «Сары қыз тұрмысқа кетті. Бақытын тіле». Бақытыңды тілеумен келем, арманға айналған Сары күз, Сары қыз... Сап-сары жапырақ бетіне өрнектеп сәлем жолдадым...
М. Алжанбай д д д д Мәди АЛЖАНБАЙ Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. «Үш Қиян» баспасында, «Жас Алаш» газетінде, Қазақ Радиосында, «31 канал», «КТК» телеарналарын да әдеби қызметтер атқарған. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшы. ОЙЫН... (әңгіме) Бәрі де ойыннан басталған. Алғашқыда кәдімгі ағаш орындықтарды ат қылып мінуден жалықпайтынбыз... Үлкендерден көргенімді саған тәптіштей үйрететінмін. Жүйріктерімізге жүген, ноқта салып, тартпа шандыр лап, кәдімгі ауыл шалдарының көкеме келгендегі қызық қылықтарын айнытпай, өзімізше мінсіз қайталап жүрдік. Ең ұзақ жолымыз есік алдындағы қораны бірнеше ай налудан тұратын. Шоқалақ тастары бетегенің арасында білінбей жататын тұстарда «терлетіп алмайық» дегендей аттарымызды жетекке алатынбыз. Үзеңгіден аяқ босатқан соң тағы да үлкендігіме басып ат оттату керегін ескертем. Бетіңнен «есейгеніңді» көрсеткің келсе де, әдемі жымиюың кетпейтін. Бәрі де жарасар еді. Кітап толы қоңыр сөмкемнің ауырлығын сезе бастағанда көтерісуге талпынған саған қарап, атыңды неге Алмас қойды екен деген ойдың жетегіне ілесе беріп қалып қоятынмын. Неге екенін өзімде білмеймін. Одан соң ойы нымыз шанжамен қоршалған қорада өтіп жүрді. Жалдана салынған үймектің күнгей жағы қап-қара болып дегдіп, құрғай бастағанда шеңбер сызатынбыз. «Круг» деп ата латын ойынның қызығымен сыртымыздан қарап тұрған әкемізді байқамайтынбыз. Біраз тұрған соң мені атап шақырып, «Құлажиренді суғарып келші» дей-тін. Жалы
Жанартау д д жоққа тән жиренге ілдәлдалап мінген соң үзеңгі бауға жармасатын маған қарап, әкемнің құшағында бірдемелерді айтып былдырлап тұрушы едің... Содан, содан соң шешемді ауруханаға алып кетті. Екіүш тәулік бойы ойынның ешқандай түрі қызықтырмады. Күздің күнінің салқынында, пештің қызуын қызықтай отырып асықтарыңды санайтынсың. Біраз күннен соң ердің алдыңғы қасына сені алып, мені мінгестіріп ағам Молдаш Үш Меркіні жалдай өтті. Шиі, селеуі, жусаны аралас Аралдың қабағына дейін ағам кө-ө-өп сөйледі. Біз үнсізбіз. Дәу-дәу таулар жақындай түседі. Гүрілдеген өзенді көргенде бір сергігендей болдық. Сол жылы қыс ортасы ауа Ащыбұлақтан үй алдық. Жаңадан келгендерге «секіретін» ауыл балаларымен кездесуден кейін ернім дүрдиген мені көрген сен: – Күшті ме екен? – ?! – Мен кейін өскенде милиция болам! – дедің. Сөйттің де, анық емес бір толқынысты сезіммен кері бұрылып кеттің. Арада тынымсыз зырлап жылдар өтті. Бесінші сыныпқа оқып жүріп, ауданаралық жарыстан жүлделі оралған сенің ойының бокс төңірегіне ауысты. Сол ойынға мені де тарттың. Осы ойының арқылы «бәрінен Брюс Ли күшті» деген ойымды тоқырауға түсірдің. Жылқы қылымен тол тырылған былғары қолғаптың ақжем тұстарын иіскеген сайын, жаттығуы мықты спортшының жеңетініне көзім анық жетті. Кей кезде артық соққы алып құтырынған менің селдір сілтеулерімнен сен сытылып шыққан сайын, ішімде мақтаныш сезімі туындайтын. Сыртымнан білдірмей жорта ашуланатынмын. Бұрқылдай жөнелген маған қарап: – Құламай ұрсаңшы. Өте күштеудің қажеті жоқ. Теңдікті түзу ұста. Екі аяққа сүйен. Күшті иыққа жина. Саған тіке соққыны үйрену керек, – деп тұжырасың. «Сенсіз де білемін» дегім келеді. Соным өтірік шыға ма деп, үнсіздікке беттеймін. Бұл ойынға қарағанда бұрынғы ойынымыз жақсы ма, тәтті ме деп қалдым. Шыншыл ойын еді. Мынадан жы луы жоғары сезімдерді суытып аламыз ба деген суық ой
М. Алжанбай д д сумаңдайды. Әзірше байқалмағанымен екеуміздің арамыз ды осындай ойындар алшақтата ма деп қорқам. Өмірдің өзі ойын екен. Иіріміне түсіп кеткенімізді, бәрінің өл–тіріл қайтып келмейтіндігін ет жүрегіммен езіле отырып сездім. Амал қайсы?!... АВТОБУСТАҒЫ ӘҢГІМЕ (әңгіме) Шілденің күн шықпаса да таң атып кететін мезгілі. Ауылдың орталық көшесіндегі бір жақ қабырғасы ойы лып қалған аялдаманың алдында қызыл түсті «Икарус» тұр. Қалаға ерте жүретін жалғыз көлік болғандықтан жалғызілікті немесе екі–екіден келген жолаушылар табалдырығына асығыс аяқ артуда. Сағат алтыдан 10 минут өткенде соңғы жолаушысын кіргізген автобус ор нынан қозғалды. Отыра салып темекі тұтатқан жүргізуші жанама айнаға бір қарап алды да жылдамдықты ұлғайтты. Бос орындарға орныққан жолаушылар ұйқыашар әңгімеге кіріскен. – Ой, Әлеке, қайда шықтың? – Тәшкенсазға, құдамыздың әйелі қайтыс болып, соған барып қайтайық деп... Өзің ше? – Қалаға, кенже қызым оқуға тапсырып жатыр еді. Соның бір шаруаларымен, – деп күбірлескен дауыстарға арт жақтағы орындарға жайғасқан жастардың жарқын күлкісі араласып кетеді. Сақал-мұртын жақсылап бастырған кеспелтек денелі адаммен қатар отырған тақиялы қара кісі: – Өтеген аға, ана көршіңіз Нұрғали жүр ма? Ой, бір оңбаған бала екен, – деп төтесінен қайырды. – Е, не боп қалды?... – Ана үйімде жүрген жетім баланы мотоциклмен қағып өтпек болып қорқытыпты да қолындағы бишік-қамшыны жұлып әкетіпті. Шәймерденге алты өрім қылып өргізіп едім. Сабы ұзын. Өткенде сізге барып амандасқанда үйіне іздеп барғанмын. Жоқ екен. Оның алдында «Әкеліп бер»
Жанартау д д деп адам сияқты айттым. «Тауда қалыпты, анда қалды, мында қалды» деп жынды қылды әкеңнің... Әкесі де оңып тұрған жоқ. Былтыр қасында Жұмабек бар, үйге келіп бала ны шапалақпен бір тартыпты. Мен жоқ болғанмын. Әйтпесе аузын күншығыстан келтіріп жіберер едім. – Неге ұрып жүр? – Ой, бір тоқтысы жоғалса керек. Соны жаңағы балаға «сен жеп қойдың» дейтін көрінеді. Өзі аурушаң жетім бала біреудің тоқтысын қалай жеп қояды? Өзіңізші ой лаңызшы!... Оған қарағанда әйелі Құдайға қараған екен. Өткенде көшеде кездесіп «Ренжіме, айналайын, тоқтыны өздері біреуге берген. Соны ұмытып қалыпты. Ренжи көр ме, көшенің екі басында тұрсақ та көршіміз ғой» деді. Риза болып қалдым. Баласының көптігіне мақтана ма, әйтеуір Әубәкірдің кеудесі зор. – Е, балаларының ішінде Мұхамеджан мен Бекетай ғой адамы. Қалғаны алақұйын бірдеме... Сонда жаңағы бала аздап ауырады-ау, а? Сіздің үйдегі баланы айтамын. – Иә! Жиен қарындасымның ұлы ғой. Алдында тұрған жерлерінде басынан суық өткен бе, әйтеуір, сондай бір бәлесі бар. Кейде төсегіне зәр сындырып қояды. Өзіменөзі сөйлесіп жүреді. Сондай баланы басынғандай болғаны жынымды келтіреді. Әйтпесе, қамшыда тұрған ештеме жоқ қой. Бірақ бір сиырдың терісін Таңжарыққа әбден илетіп, Шәймерденге өргізген қамшым еді. Әсіресе, сиыр баққанға ыңғайлы болатын. Сабы да ұзын, өрімі де қысқа емес. Сіздің көршіңіз ғой, бір ауыз айтып қойыңызшы! Әкеліп тастасын! Өткенде есік алдында көргенде сізге ештеме айтпадым. Енді болмаса мілітсиаға берем. Көрсін әкең... тайраңдағанды. Әлгі оралманның баласын ұрғаны бар, тағы да бәлелері бар шығар, мілітсиаға да керегі осындайлар ғой. Ана аудандық РОВД-ның бастығының орынбасары құдамның баласы. Ақырын айтып қойсам, та уда жүре ме, ойда жүре ме қолын қайырып әкетеді. «Көрші ақысы, тәңір ақысы» дегенді өзіңіз жақсы білесіз. Сіздің Құдай қосқан есіктес көршіңіз болған соң айтып отырмын. Жанжалдасқаннан сақтасын. Бір ауыз айтып қойыңыз. – Жарайды, айтам оны. Әлгі балаң жел болған шығар, маған әкеліп көрсетсеңші. Жақсылап ұшықтап берейін. Со
М. Алжанбай д д сын, Таңжарық терінің иін қандыра илейді дедің бе? Үйде екі жасар бұқаның терісі бар еді. Туысқаның ғой, айтып илетіп берсеңші. Жартысын алсын. Өзімнің айтуыма да болады. Дегенмен, өзі кісікиіктеу ме, қалай? – Е, ондайы бар. Тұйық... Бірақ, ашылып сөйлеспегені мен жақсы жігіт. Қолы ұсынықты. Ұстаған нәрсесін жай натып жібереді. Әсіресе, былғарыға шебер. Былтыр соның арқасында соғымға сойған өгізшемнің терісімен үйдегі ер-тұрманның бәрін жаңалатып алдым. Жарықтық былғары тозбайды екен ғой. Үйде әкемнің көзіндей болып, сүндет бәсіресіне жасатқан ағаш ері тұр. Соның жүген, өмілдірік, тартпа, таралғы, құйысқаны әлі сол күйінде ғой. Тек ау ылдан көшіп келген соң алты айдай қараусыз қалған айыл тартпасын тышқан кеміріп кетіпті. Енді соны жаңалату керек. – Рас айтасың, әбден иі қанған былғары тозбайды екен. Менің атамнан қалған қамшы бар. Аруақты дойыр. Міне жасалғанына сексен жылдан асып барады. Соның дәл екін ші сыңарын жасатайын десем, «қырғыз өрімді» өре алатын адам жоқ. Кәдімгі өзегіне бұтін қайыс салып тарамыспен көркемдеген. Енді Ақшидегі Дәркембайға апарсам ба деп отырмын. Бір өрсе соның қолынан келетін шығар. Бұл, қырғыздарың да бәле көрінеді ғой. Тіптен болмаған соң өзім көрейінші деп түйінін тарқатып едім, қайтадан әрең жинадым. Сосын «артық қылам деп тыртық қылмайын» дедім де қойып қойдым. – Ойпырым-ай, жарықтық!... Осы кезде автобус бар дауысымен дабыл соқты. Қалғып отырғандар селт етіп терезеге қараған. Жолды біреу кесіп өтпек болыпты. «Көзіне қарамай ма!», «Сонша қайда асығады? Қағып кете жаздады...», «Өстіп жүріп өліп қа лады ғой, байқұс» деген күбірлерді жолдан көз алмаған жүргізушінің дүңк еткізген боқтық сөзі тыйды. – Адамның ажалы әртүрлі екен ғой. Былтыр ана суға кеткен қызды білесіз ғой. Сүйегін БАК-тан мүлде басқа жақтан тауыпты. Ісініп кеткен дейме-ау, Құдай! – деп күрсінді тақиялы қара кісі. – Иә. Баяғыда... баяғыда деймін, осы сен көшіп келмей тұрып, ана Алжанбайдың Ғалымжан деген баласы суға ке
Жанартау д д тіп өлді. Соның сүйегін үш күн, әлде төрт күн іздеп әрең тапты. Онда да қаладан шақыртумен келген сүңгірушілер таба алмаған мәйітті, екінші баласы «менде өлем» деп арақ ішіп, інісі сүңгіген жерден бойлап барса, аяғы бірнәрсеге тиіп шошып кетеді. Сосын жағада жылап тұрған басқа ба уырларын шақырып, інілерінің сүйегін қайраңға қадалып тұрған жерінен суырып алыпты. Сөйтсе марқұм шомылған жер бұрылмаға жақын болғандықтан ағыспен келген топырақ жиналып батпаққа айналған көрінеді. – Ойпырым-ай-а?! Құданың құдіреті... – Ана Үшқозыдағы құмалақшының «суға сүңгіген жерінен тқмен қарай жүз метр жерден табасыңдар» дегені өтірік болып шықты ғой. Содан бері оған адам баласы сенбейтін болған. Ал, Алжекең қаладан сүңгуір шақыртып қанша шығынданды?! Бәрібір, ажал шіркін анау, мынауыңа қарамайды екен. Содан кейін ауылда, «сол бала өлерінің алдында үлкен ағасының әйелінен «суға кеткендер жұ маққа бара ма?» деп сұрапты» деген сөз шықты. Соның қаншалықты шындық екенін кім біледі, әйтеуір аузымен жүретін желауыздар көп қой?! Солардың шығарғаны болар деп қоя салдық... – Ой, аға, «бір жоқты бір жоқ табады» дегендей мына әңгімеңіз бір оқиғаны еске түсірді. Былтыр, мен сөз қылған Нұрғали біздің үйдегі баланы БАК-тың суынан құтқарып алыпты. – Е, қалай? – Жаздың күні ауылдың бар баласы сонда ғой, білесіз. Киікбай жақта қой бағып жүрген біздің бала да соларға қызығып суға түседі. Онда да беліне байланған шылбырдың ұшын жағадағы бір темірге қазық бау шалып түйеді де, тереңге бойламай шалпылдатып жүреді. Ауылдың суда өскен балалары қойсын ба, ары жүзіп, бері өтіп қызық тырса керек, суда тұрып беліндегі байлауды шешіп жі берген көрінеді, ағыс алып кетіпті. Содан суға бір-екі батып шыққанын көпірде жатқан Нұрғали көріп қалып, шашынан суырып жағаға жеткізген. Оны кешкісін көршім Сүлейменнің кіші баласы айтып берді. – Құдай қаққан екен...
М. Алжанбай д д – Содан не болды дейсіз ғой? – Ыһы?!... – Қойды айдап келген соң ана баланы оңдырмай саба дым. Содан бері суға жоламайтын болды. – Неге ұрып жүрсің? Өзі қамкөңіл баланың жүрегіне қаяу түсіргенсің ғой. – Ой, аға, суға кетіп өлсе ел-жұрттан ұят емес пе?! Одан да көз алдымда тірі жүргені жақсы. Қой кезекті бағысатын адам да керек. Оның үстіне өмірі су көрмеген бала ғой. «Су тілсіз жау» деген... – Иә, оның рас! Дегенмен жөні жоқ ұра бермегенің де дұрыс. Қой, мен мына Новоалексеевкадан түсем... Жақсы. – Жақсы, аға, мұнда жәй келдіңіз бе? – Қайдан жәй болсын. Талғардың саяжайында менен ем алып жүрген кісі бар еді. Сол төсек тартып жатып қалыпты. Кеше телефонмен хабарлаған соң келе жатырмын. Ал, жақсы онда. Ей, шопыр, алдыңдағы бағдаршамға тоқтатшы, мен түсіп қалайын. – Ана Таңжарыққа тері туралы айтайын ба? – Е, ұмытып барады екем ғой. Айт, жартысын беремін! Тақиялы қараның қолын алып, жармалы есіктен сылбыр түскен сақалды кеспелтек кісіні қалдырған қызыл түсті «Икарус» орнынан күжілдей қозғалды. Ал, арт жақтағы жастардың жарқын әңгімелері әлі таусылмаған. «ЖЕТІМ БҰРЫШТАҒЫ» ӘҢГІМЕ (әңгіме) – Сен сөзді бөлме! Одан да дұрыстап тыңда! Бұл жерде мен сөйлеймін! Менің кім екенімді білесің бе? Иә, дәл өзі... маклермін! Түу, айналайыным-ау, осындай қазақбайский қылықтарыңды қашан қоясыңдар, түге?! Алдымен асықпай тыңдап алыңдар, сосын өздерің «быбор» жасайсыңдар. Бағасын да көресіңдер. Өте қымбат та емес, енді... Шастный үй ме, әлде благастройка ма? Ә, иә-иә, түсіндім! Көкем-ау, ондай еркіндікті бүкіл Алматыны шарлап таба алмассың... Жоқ ондай, жоқ дедім ғой! Әй, мынауың кім-ей, әрі тұршы, мешайт етпей!
Жанартау д д Иә-ә, сендер сөйтіп ол пәтерді жақтырмай тұрсыңдар. Неге өйттіңдер? Әлде қымбат па? Меніңше түк қымбаттығы жоқ сияқты?! Осы жөнсіз мұрын шүйіре қалатындарыңай, тегі... Е-е-ей, жастықпен айтасыңдар ғой, әншейін... Үйленгендеріңе көп болып па еді? Екі ай? Осы қазіргінің жастары қызық өзі... Жағдайларын жасап алмастан «сы разу» үйленугі дайын тұрады. Біз де жас болғанбыз, Құдайға шүкір... Бірақ сендер құсап желікпеппіз. Жол дасым зауыттың атынан үй алғанда барып бір-ақ келісім бергенмін. Ой-хой, ол кезде мен үлбіреген қызғалдақтай едім ғой, қызғалдақтай! Баспана жайы шешілген соң-ақ ше шем марқұмның: «Қызым енді қапы қалма!» деген бір ауыз сөзін қанттай қылып орындадым ғой. Оның үстіне отағасы да жігіттің сырттаны еді-ау, ол кезде. Кейін ғой босаңсып, білегі айырдың сабындай жіңішкеріп кеткені. Өзім де ол байғұсты тыным таптырмай жұмсай берем. Негізі еркекке сәл жұмсақтық танытсаң, ерттеп мініп алғаннан басқаның бәрін істейді. Сондықтан әйел адамға еркекті мытып ұстау керек. Сен, қызым... өзің, сәл жуастаусың ба, қалай, өзі?! Жуастық жақсы емес! Кейін, күйеуіңнің айтқанынан шыға алмай қаласың. Қазірден бастап, сіңлім икемдей бер. Өзіміз билікті бірден-ақ алғанбыз. Құдайға шүкір, одан жаман болғанымыз жоқ. Қайта еркекке қарағанда әйелдің қабілеті озық болады. Барлық жағынан да. Шын айтам! Сенбеймісің? Е, өзің біл айналайын. Бізді үлкен ит дейді, үрсек бірдеңені біліп үреміз, вот так! Күлсең күл, бірақ алдыңнан шыққан кезде өкініп жүрме! О-ой, бірді айтып бірге кетіп қаппын ғой. Енді, жасы мыз ұлғайды, сөйлемесек басымыз ауырады. Неге күлесің? Басыңа келсін! Маған ұқсап алпыс жасыңда қақшаңдап жүргеннің несі жаман?! Денсаулықтың арқасы – өстіп жүргеніміз. Талай құрбының жасына жетпей кемпір боп, үкіметті қарғап отырғанын көрді мына көз. Ондайдан Құдайым сақтасын! Несі жақсы дейсің, алпыс жыл есек құсап тырбыңдағанда еңбегің адал, өзің арам боп қал ғанның?! Құдайға тәубе, қазір жалғыз ұлдан туған екі не мерем бар. Құлындарымның күлкісін естісем болды, сегіз бөлмелі кең коттедждің ішін жайнатып жіберемін. Сосын
М. Алжанбай д д екеуі әрі-бері шапқылайды-ай кеп. Келінім де бір қырсық, «екі баладан артық таппаймын, фигурам бұзылады» деп отыр. Не? Өзіңіз ше, дейсің бе? Енді... біздің кезімізде жағдай солай болды ғой. Қызмет, тәрбие, партия дегендей. Түу-у, тағы да лағып кеттім-ау... Сонымен, қандай пәтер керек еді сендерге? Жеке есігі болса деймісіңдер? Қазір, қазір... Тәк, міне мынау сендер ге лайық-ау шамасы. Өйткені қожәйкасы жалғыз басты орыс кемпір. Өзі де осындай жас отбасы болса деп отыр. Балаларың болмаса тіпті жақсы. Айтпақшы балаларың жоқ па? Үлгермедік? Е-е, дұрыс екен онда. Тәк, әдрісін бергенім 500 теңге, ал,бірге барып келістіріп бер десеңдер 10 дол лар төлейсіңдер. Такси ұстасаңдар зыр ете қаламыз, бітті. Сендер де тыныш, мен де тыныш. Келістік пе? Дабайте, тездетіңдер... Уақыт – ақша! О-оу, айналайын! Қайда кетіп барасыңдар?! Сонда мен не күні бойы бекерге қақсап тұрмын ба, мына жерде?! Сендерді алдап кетейін деген ой жоқ менде. Сенбесеңдер өздерің басқа маклерге барыңдаршы, қалай сындырғанын білмей қаларсыңдар. Тура бар ғой, іші-бауырыңа кіріп ап тұрып арбағанда менімен жылап көрісесіңдер. Ондай апери стер жете бұл жерде... Әне, әні біреуді көріп тұрсыңдар ма? Қалай-қалай жылпылдатады, ә?! Сондықтан бірауық айтқан ақылға кеп, тыңдасаңдаршы кекіректемей, Әй, не басыңды шайқайсың? Тыңдағым келмейді дейсің бе? Тыңдамасаң атамнан әрі! О несі-ей?! Тақ бір нәрсесін өткізіп қойғандай кісімсінуін... Бағанадан бері қор болған есіл сөзім-ай. Сендерге айтқанша, далаға айтқаным жақсы еді-ау. Оды раңдайды ғой, еще... Үйің жоқ па, пәтер іздеп келдің бе, тыңдап алғын алдымен, өңкеңдеп сөзді бөле бермей. Әй, айналайын... сен кімсің маған ақыл айтатын?! Кетші әрі былжырамай, а?! Есіл сөзімді қор қылып, жап-жақсы адам шығар десем, бір көк езу сараң екен ғой... Кәкөй-тө, несшәсній 10 долларды ауырсынғаны несі?! Жоғалып та қалады ғой... Ой, өйтіп еркек болғаныңды... Қарынбайсың! ...Кімге пәтер керек, арзан әрі жақсы ауданда?! Тәк-с, келіңіздер, бермен қарай жақындаңыздар... мында-мында келіңіз!
Жанартау д д * Маклер апамыз бізді біраз жерге апарып тастады да, айқайға басып жұмысына кірісіп кетті. Несін айтасыз, әңгімені де жақсы айтады екен де. Келіншегім екеуміз кеше ғана «екі жарты – бір бүтін» болғандай едік... Пәтерлерінің қымбаттығы болмаса апам әңгімешіл-ақ кісі. Сөзшеңдігі сондай, тыңдап-тыңдап әбден шаршадық та. Әуелі не үшін келгенімізді де ұмытып қала жаздадық. Ішіңіз пысып, сіз дің де әңгіме тыңдағыңыз келе ме? Онда келіңіз «Жетім бұрышқа»... Тек келіншегіңізбен сәл нетіп қалам-ау демесеңіз... КҮПІРЛІК (әңгіме) Күздің жаймар-шуақ күндерінің бірі. Айқыш-ұйқыш аспалы темірлері ретсіз тартылғандай көрінетін жүзімдікте жұмыс қызу жүріп жатыр. Көкжиектегі шарбы бұлттар легі шығысқа шұбап барады. Балапан ұшырған қараторғай үйірі жүзімдіктің әр тұсына бір қонады. Қарақұрым құс тобына айғайлаған күзетшінің қалбырдан жасаған сылдырлағы анда-санда бір шыңқылдайды. Әр жеріне қызылмия мен ер мен араласа өскен жүзім қатарларындағы жұмыскерлердің бір-бірімен сөйлескен күбір-күбір әңгімелері кейде анық естіледі. Қасқабас бригадирдің күрмеп сөйлегені бұйрықтан гөрі жалынышқа ұқсайды. – Ай, Жуман таза терсенши-эй, тюгел калыпты гой. Артыннан тексерип шыгу керек па? Ұлты өзге бастықтың сөзіне мұртты қара басын изей салды да, адам бойынан асатын ркацителидің тарам жапы рақты қатарына кіріп кетті. Қолындағы шелек толы жемісті темір жәшікке төгіп жатқан Мүсәпір өз ойымен арпалыса берді. «Адамдар қызық, ә! Жер бетіндегі уақыттың нақты қанша болғанын ажырата алмай жатып техника, прогресс деген бәлелермен бастарын қатырады. Оданда жер бетіндегі барлық адам таза қол еңбегімен айналысса болады ғой.
М. Алжанбай д д Сонда жасыл ғаламшардағы ауаның ластануы мен озон қабатының жұқаруы болмас еді. Онда тіпті ұлтқа, жерге бөліну деген болмайтын шығар. Адам Атаның ұрпағы жер бетіне алғаш келгендей тіршілік кешер ме еді?! Қайтер еді? Шынымен-ақ. Жер бетіндегі барлық адамдарда ақыл жетеді. Сол ақылдарын бір іске жұмылдырса жер бетінде жерұйық деген нәрсе орнайтын шығар. Мына ой маған қайдан келді өзі?! Шындығында осын дай болуы мүмкін ғой. Онда жер бетіндегі барлық адамдар бірігіп арамыздағы ең ақылды, көпті көрген, адал азамат ты патша сайлап, соның айтқанын орындасақ. Оның ісін бақылап қате немесе артық кетіп бара жатқанын ескертіп отыратын арнайы топ ұйымдастырсақ. Адал басшы жер бетіндегі шөлді жерлерге су жолдарын тартып, жеміс отырғызуға адамдарды жұмылдырса. Осыны қалың көп шілік қос қолдап қолдайтын еді. Мысалы, мен інім екеуміз күніне бір тонна жүзім жинап мың теңге табады екенбіз. Сонда Бейсал бригадир бізге келісіне бір теңгеден бергені ғой. Жалғыз біз ғана емес осы алқапта таңның атысынан кештің батысына дейін жыбырлап жүргендердің барлығына сондай сома төлейді. Кешкісін інім екеуміз тапқан ақшаны екіге бөліп аламыз. Мен шешеме беріп қоямын. Өйткені со лай етпесем жиғанымды сол күйінде құртып жіберем. Ал, бауырым ондай емес қажетіне ғана жұмсай алады. Иә, адамдар әртүрлі! Бет пішінімен де, мінез-құлқымен де. Жұмысты да әрқалай істейді. Ақшаны да солай... Біреу көп, енді біреу мүлде аз. Тіпті бас бармақтарының таңбасы да бір-бірінікіне мүлде ұқсамайды. Біз інім екеуміз бір қаптан, бір саптан шықсақ та бір-бірімізге аса ұқсамаймыз. Сымбатты, әдеміше келген ол, ұялу дегенді білмейді, әрі жұдырығы жуан бұзық. Ал, мен кішкене бойлы, ұяң, тіпті жасықтаумын. Әлгі қасиетті кітаптардағы Абыл мен Қабыл секілдіміз. Жалпы бүкіл әлемді, табиғатты, адамзатты жаратушы Құдай-Тәңірі-Алла адамдарды бір ниетті болуға шақырған ғой. Әуелі қасиетті кітаптың біреуін түсірді. Одан кейін қалғандарын рет-ретімен кезегімен жерді паналаған Адам атаның ұрпағына тылсым күштің әсерімен түсінсін деп
Жанартау д д жіберді. Бірақ оны түсіне қоятын пенде бар ма?.. Өздерінің принциптерін дінге қатыстырып, билікке айналдырып алған. Соғыс арқылы әдемілікті, байлықты игергісі келетін пенде шіркін кейде паң, әредік бейшара күйді басынан кешірді. Сонша уақыттан бері бәрін түсінген, сезген пай ғамбарлардың ұрпақтары әлі күнге бір бітімге келе алмай келеді...» Тәтті шырын толы жемістің бір талын аузына салған ол, шырыш жұққан алақанын сауыс-сауыс шалбарына бір сүйкей салып інісіне қарады. Араларын жасыл жапырақты жүзімнің салалы бұтақтары ілінген төрт қатарлы сым ғана бөлген. Сұқ саусағының түйілер тұсы сынықтан шор болып біткен інісі жемісті самдағайлана жұлады. Тіпті жүзімнің суын ағызып жібереді. – Ей, не болды, ей?! Сонша тесіліп қалыпсың ғой. Көзіңе жын көрінді ме, ей, Муся?! – жуан дауыс селк еткізді.– Жылдамдат. Бүйтіп жыбырлап отырсаң бүгін бес жүз таппайсың. Бол, қозғал. Інісі көлеңкеге жасырылған суық шәйді бір ұрттап, там санды да бөтелкенің тығынын нығарлай бұрады. Сосын қос себет толы жемісті төгуге кетті. «Сонда деймін, осының бәрін білетін, түсінетін жер бетіндегі барлық адамдар техникалық құралдарды арала стырмай таза қол еңбегімен жұмыс істесе қандай нәтиже шығар еді? Онда жеміс-жидектердің өнімі де ерекше мол болып, табиғаттың ластануы деген мүлде болмас еді. Адамдардың барлығы жұмыссыз болмай, әркім өзінше еңбек етіп, ұрпақ өсіретін еді. Онда, жер бетінде Асанқайғы іздеген Жерұйық орнайтын шығар?! Мүмкін қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болар. Кеңес одағы кезінде адамдар коммунизмге жетеміз деп жанталасты. Бірақ ол да жай арман болатын. Әйтпесе бір көзқарасты ұстанған адам дар көздеген мақсатқа қол жеткізер еді ғой. Мүмкін мына ойда сондай қияли нәрсе шығар. Бірақ ақыл-ойы толысқан адамзат ойланатын уақытқа келді емес пе?! Сондықтан да бұл ой маған көктен түскен белгі болып отыр. Мүмкін жаратушының таңдауы маған түскен шығар. Осыны адамдарға жеткізуім керек. Ең бірінші сөзімді тыңдайтын
М. Алжанбай д д Ноянға айтып көрейін. Аздаған мыжымалығы болмаса жақсы жігіт. Пікірге құлақ қоя алады. Оған түсіндіріп жеткізе алсам ары қарай өзі–ақ іліп әкетеді. Сосын екеулеп ауылдың жігіттеріне жеткізсек. Оларда жөні жоқ ауыз дарын былжыратып арақ ішкенше осы ойға тоқталатын шығар. Оның үстіне ауылдағы жігіттердің көпшілігінің жасы отыздан асып кетсе де, өздерін әлі жас сезінеді. Тіпті әлі үйленбегендері де бар. Ақшаны табуын табады. Бірақ көпшілігі той тойлауға кетіп, құмға сіңген судай жоғалады. Бір-бірін мұқатып кекеткенде алдарына жан салмайды-ау, жан салмайды. Өткен қыста мені ауылдағы ұрлықты азайту үшін түнгі күзетке шақырды. Күндіз көрінбейтіндердің көпшілігі жиналыпты. Отырып алып бірнеше сағат бойы карта соқтық. Сосын түнгі бір кезінде ғой деймін, көшені ара лауға шықтық. Бір-бірімен қалжыңдасып, дабырласқан топтың аузынан түрлі сөз шығады. Пошта үйінің дәл ал дына жеткенде топты басқарып жүрген ұзынтұра, «Әй өңкей ұры осында жиналыпты ғой кімді ұстаймыз? А?» деп қарқылдай күлді. Оны қостай күлген дауыстар ши қылдап-қиқылдап көшені бастарына көтерді. Менде қо сыла күлдім. Енді күлмегенде жылаймын ба? Шынында сонда жиналғандардың көпшілігі жаз болса жүзім, алма жұмыстарын істей жүріп кешкісін молынан қарпып қала тын қулар. Қыста отындық ағашты ұрланып кеседі. Басқа нәрсе қолдан келмейді. Күні бойы теледидардан шетелдік сериал көрудің шеберлерінің әңгімесі де сол төңіректен. Сосын отырып қалған қыздарға бару. Оларда да ұят жоқ. Бүгін біреумен, ертең басқасымен қолтықтасып кетіп бара жатқаны. Бұрын жақсы еді, жатаған келген клубтың айнала сы кешкісін биден, кинодан шыққан адамдардан топырлап жататын. Ұйғырдың әйелдері бала-шағасымен келіп үнді фильмдерін көретін. Жаны нәзіктері жағымды кейіпкер қорлық көргенде өксіп-өксіп жылайтын...» – Ей, болыңдар, ей! Жаңбыр жауып келеді. – Бригадир дің көмекшісі ат үстінен айғайлай өтті. – Қайдағы жаңбыр? Таңертең радио күн ашық болады деп еді ғой...
Жанартау д д – Өй, олар не демейді. Жаңбыр аяқ астынан жауып кететінін білмеймісің. Тұр, жылдамдатайық, – деген інісі әрқайсысы 250 келі тартатын төрт темір жәшіктің соңғысын толтыруға кірісті. * Шынымен кешкісін сіркіреп жаңбыр жауды. Інісі екеуі үйге келе сала тамақтанып жатып қалмақшы еді. Жаздық тапшанға салынған төсекте жатқан Мүсәпір жаңа шалбарын киіп күндіз ойлаған ойын досына жеткізуге кетпек болған. Бірақ інісі мұның алдын орап кетіпті. Шибарқыт шалбарды сықиып киген ол, дарбазадан бірақ аттады. Оның артынан айғайлай шыққан бұл қуып жетіп төбелесе кетті. Сондағы таласқан нәрселері шибарқыт шалбар болатын... САУЫСҚАН (әңгіме) Осы бір алабажақ құстың шықылықтаған даусын андасанда Алматы көшелеріндегі қарағаш, терек, самырсын, шыршалардан естіп қаламын. Естіген сайын ескі аңыз есіме орала береді. Аяз би! Иә, кәдімгі құс жаманын, шөп жама нын, адам жаманын тапқан әділ би. Қара қылды қақ жарған әділдіктің жоқтаушысы бұрынғы құс жаманы қырғауыл деген пікірді жоққа шығарып, өзінің көпті көргендігімен сауысқанды басы бірікпейтін бәтшағар қанатты қылып шығарады. Өмір бойы қой соңында тепеңдеп, жақсы мен жаманның айырмасын өз көзқарасымен өлшеген «тексіз» бидің әділдігі бізді сауысқанды жақамауға үйретті. Шамасы Аяз бидің сауысқан жайлы айтқан пікірлері дұрыс шығар. Бірақ мен сауысқанды аяймын. Себебі, ұйыған айрандай қалың ормандағы тыныштықты бұзылғанын қаламайтын жануарлардың сүйіктісі сауысқан, жалғыз сауысқан ғана... Мысалы қалың тұман басқан қарағайлы орманға қарай бет алыңызшы. Сізді бірінші шықылықтаған дауыс қарсы алады. Ол сіздің келе жатқаныңызды орман тұрғындарына жария етуде. Қандай ниетпен қалың нуға қадам басқаныңыз
М. Алжанбай д д сауысқанның жіті назарынан тыс қалмайды. Тіпті, аяқ киіміңіздің қатпарлы табаны сырт етіп сындырған ды быстың өзі саққұлақ ала құс үшін жеткілікті. Бірден орман ның бейбіт тіршілікті сүйер қауымын құлағдар етеді. Егер оқшантайыңыз бытыра мен кесек оққа толы болса, ты нымсыз құстың көзіне түспей өтемін деуіңіз бекер. Зәулім бәйтеректің басынан естілген жарықшақ дауысты қағып алған қырғауыл мен кекілік қорыс ішіне қарай жорғалап жоғалса, елік пен бұғы жайылып жүрген жерлерінен із суы тады. Дымқыл жердің топырағын түрткілеген борсық, суыр, қабан бір–бірін жетелей жылысады. Ал, қараңғыны қалқан қылып, жарықта бой тасалайтын қасқыр, түлкі, қарсақ ұйысқан сарыағаш пен қой қарақаттың, зәулім қарағайдың қалтарыстарындағы індерінен алыстай қашады. Осындай сақшылары бар орман тұрғындары сауысқанға қанша рет тағзым етті екен? Кім біледі?! Мүмкін оны қанқұмар жыртқыштар да адам секілді аса жақтыртпайтын шығар. Өйткені әлсіздіктің жақтаушысын кім жақсы көрсін?! Шаһардың түзу де бұралаңды көшелеріндегі ағаштардан сауысқанның даусын естіген сайын, есіме Қазақ халқы үшін шырылдаған АЛАШ азаматтары түседі. Олардың барлығының кейпі сауысқанға ұқсап кетеді. Неге? Білсем сұрар ма едім...
ТҮС (әңгіме) Қыр басына таяу жерде отыр. Төменде жүріп өткен жолы көз алдында анық көрінеді. Тура үш ай бұрын шыққан-ды. Әкесі аттандырып тұрып аманатты аман-есен жеткізетін көне даңғылға сілтеген. Бірақ киіз үйдің табалдырығын аттаған соң талайлар жүрген жалғыз аяқ соқпақты өзі таңдады. Енді міне асқаралы алып таудың бөктеріндегі қолат-қолат жоталардың қырында отырып шыйырланған ізін алақандағыдай көруде. Тағы біраз қимылдаса етегі қарақат, сарыағаш, долана, ақмамық, қайың, тал-терекпен басталатын қалың ағаштың ішіне кіреді. Күннің көзі арса-
Жанартау д д арса кәрі қарағайлардың қалқасынан түбіне әрең түсетін тұстарда шөп атаулы тықыр келетінін көрмесе де, басын жел шайқаған ағаш іші уілдеп жататынын жолда кездескен елден естіген болатын. Аз күн дәмдес болғандар: – Жылдар бойы маңайындағы балашықтарға тарамыс тамырларымен топырақ қопсытып беретін жасамыс самырсындардың кейкейде соққан бұрқасынның жасынынан жайрап түсетінін қарағайлар азалағандықтан сырлы шу шығады, – деген-ді. Әйткенмен елден естігеннен гөрі өз көзімен көргенге не жетсін. Сол уілді жан дүниесімен қаншалықты сезе алаты нын уақыт көрсетер, қазір қызықтырып отырғаны шөп жаңа тебіндеп жатқан көкөзек көктемнен мамыражай мамырға жаяу-жалпылап қалай жеткені. Жолда көрмеген нәрсесі жоқ. Адамдардың бір-біріне деген шынайы сыйластығында, достардың сырт айнала бере даладағы сағымдай кілт өзгеретінінде көрген. Тіпті жүре келе көзі жетті демесе, көзқарастардың да құбылып тұратынын түсініпті. Бұл әуелі ел арасында қанатты сөзге айнала бастаған «адамға адам қасқыр» деген сөзді де естіді. Оның бәрін қойшы, «айтылған сөз – атылған оқ». Басында нақты біреуге бағытталғанымен кейіннен айдалада қаңғып қалады. Ал, уақыт шіркіннің мүлде тоқтамайтынын, ша руасын түгендеген пенде байғұсты күтпейтінін сезгенде жүрегі атқақтап кеткен кездер де болды. Ондайда өзін-өзі жек көретіні соншалық, айналасы күңгірт тартатын. Содан біразға дейін томаға-тұйық күй кешетін. Жүріс өнбейді. Күн батқанша құр ілбиді. Тек ертеңінде бәрін ұмытып кете баратын. Қазір соның бәрін ойлап отырып кейбір қылықтарына күлкісі келді. Бірде өзінің пысық еместігіне налып, ренжіген-ді. Оған итерген жолдың қиындығы, жаяулығы, бұтартары бар адамдардың мал басының өске нін қалайтындығы еді. Сөйтсе байлық, молдықтың бәрі өтпелі екен. Оны да кейін түйсінді. Тіпті мыңғырған малы бар байлардың өзі қатал қыстың бірінде-ақ таяқ ұстап қалатынын естіді. Сосын түйсігінде құт-береке дегеннің оңай келмейтінін растайтын сенім оянған. Содан бері өзінің ештеңеге алаңдамайтынына қуанғандай болатын. Бірақ осылай жүре беретіні, мүлде тоқтай алмайтыны санасында
М. Алжанбай д д қылаң бергенде жылағысы келді. Өйткені бір-біріне ұқсас күндер бірінің артынан бірі зулап өтсе, жұтқан ауамен ілескен қас–қағым сәттер тез ұмытылып бара жатқан-ды... Жыл мезгілдерінің ішінде көктемнің көрінісі, иісі, тіп ті атқан таңы мен батқан күнінің өзінде көңілге қуаныш беретін керемет барын көрді. Жыбырлап жауған жаңбы рының мұңға батырар қызығы, бұлттан шығып жарқ еткен күнiнің ащылығы, тебіндеп шыққан шөбі мен қақ жары лып ашылған гүлінің аңқыған жұпары – барша қиындық атаулыны ұмыттырып жіберердей қасиетті екен. Әуелі желпіген самал желі мен бұлқынған боранының өзінде бір шынайылық бардай. Наурызда топырақтын тоңына жылу жүгіріп, өсімдік атаулының бойына құнар ене бастайды. Қылтиған көктің жүзіне түскен күннің нұры бірден тарамдалған тамырларға жетіп көкжасыл өзекке қуат береді. Шуағы шашыраған таң мен жұлдызы жымыңдаған түнді қиқуымен оятқан жыл құстары қияннан қанаты талып туған жеріне орала ды. Сай-сала мен аңғар-жырада сірі қардан сөгітілген су сарқырайды. Жықпыл-жықпылда жүгірген аң мен төлін ерткен малдың өлі жүні түсіп, көкшулан түстен алқаракөк кейіпке енеді. Күн мен түн теңелген кезді халық «жаңарған шақ» деп атаған. Бұдан кейін туатын сәуір айында күннің қызуы күшейе бастайды. Тікелей түскен нұрлы сәуледен қалтарыстарға тұнған дымқыл сыз буланып көкке сіңеді. Қанатымен қысқы лепті желпіген құстар келе сала көктемгі суық жаңбыр сіркіреп, бүршік атқан ағаштардың көпшілігін үсік буады. Бірақ бұл да өтпелі, арада тәулік өтпей жатып жарқырай түскен сәуледен қылтиған бүршік атаулы, демде ашық жасыл түсті жапыраққа айнала салады. Жеті түрден тараған түстің молдығы көзді қарықтырып, көлеңкелі тұстарда қарашық бір сәт көрмеуге айналар. Алайда ол да ұмытылады... Осы шаққа дейін тоқтаусыз жүрген жолында адамдар дың да түрлі болатын көрді. Жуас – батырды, қатігез – қор қақты, зымиян – аңғалды, шыншыл – жауызды кездестірді.
Жанартау д д Барлығы да өз ісінің адал, өтірігінің ақиқат екендігіне сенімді. Тіпті сөзшең – жалқауды, үндемес – еңбекқорды жолықтырды. Олардың да өз әділдігі бар. Бұл өмірде жақсылықпен бірге жамандық та жарыса жүреді екен. Бірақ әділетсіздікке қарағанда адалдық тез ұмытылатын сияқты. Өйткені қаталдықтан үрей алатын пенде атаулы жадынан жамандықты өшіре алмайтын көрінеді. Мүмкін содан да шығар қатты, қатал көрінетіндер қиындықтан күйреуік, момын әрі әлсіз кісі қара тастай берік... Алдында шығатын, жүріп өтетін бірталай белес жа тыр. Оның қайсысына қаншалықты қуат жұмсайтынын да білмейді. Ол туралы ойлаудың өзі қиын. Себебі кездесетін жарты демдік уақыттың қалай аяқталатынын болжау мүлде мүмкін емес. Бірақ өз ісінің адал екеніне сенімді пенде ата улы жақсылықтан үмітті. Өйткені жоспарланған жұмыстың қызығынан адам қашанда ұмтылғыш. Ол тіпті уақыттың зырлай өткенін де байқамайды. Тынымсыз жүріп өткен кезінде, тоқайласып қиылысқан бірталай жолды кездестірді. Олардың бірі жалғыз аяқ соқпақ болса, екіншісі бетеге мен өлең шөп өскен көне соқпақтың білінер-білінбес сұлбасы ғана еді. Әуелі кең даңғыл жолға да ұшырасқан. Шоқалақтары шодырайып шыққан тастақпен талайлы тағдырлар тынбай жүріп өткен шығар. Қалай болса да барлығы адам ізінің табы қалғанын айғақтай түседі. Рауғаштың алқызыл гүлі жарылып, өзегі қата бастаған шақтан кейін жадырап жаз айлары тізбектеле келер. Осы кездің кейпін ашуға «жаздың бір күні қыстың үш күніне тең» деген мәтел дөп келетін секілді. Өйткені тыр банған шаруақор пенде үшін «түстік өмірі болса, кештік мал жинау» керек. Біреу шөп шауып малының жайын қамдаса, біреу жеміс теріп қазанның қара суығы мен қаңтардың шыңылтырында талғажау қылар ас даярлайды. Бірақ табиғаттың тамсандырар сұлулығы кімнің болса да жабыққан жанын жадыратып, тынымсыз еңбектен шаршаған тәнін тынықтырады. Жаз айлары табысты, түсімді, пайданы мол түсіретін кез. Бұл шақта аң-құс атаулы да қоң жинайды. Індеріне дән
М. Алжанбай д д тасыған кеміргіштер көктен қарашық қадаған жыртқыш құс пен бұқпантайлаған түлкі мен қарсақтың көзіне түспеуге тырысады. Жыл құстары балапандарының қанатын қа тайтып, түрлі-түрлі самғауларға жұмсайды. Жыртқыштар ұрпағын қалтарыстан атылып жемтігінің алқымын мытып жіберудің әдіс–тәсілін алуға машықтаса, сүтқоректілер төліне тырс еткен сыбдырдың өзінен қалай сыр аулауға болатынын көрсетеді. Жәндіктер алда болатын күзгі да уылда дымқылданбайтын, қысқы аязда үсікке шалдыр майтын қуыстарға жұмыртқа жасырады. Келесі көктемнің жініктірер шырғалаңында ұрпағы ашқұрсақ болмауын ойластырып, ағаш жапырақтары мен діңдерін үңгіп қамба жасайды. Қысқасы келешектен үмітті тіріжанның барлығы тырбана еңбектенеді. Дегенмен сондай бейнеттің қиын дығы ойға алған зейнетке дөп келгенде тез ұмытылып қалмақ. Бірақ оны да ескерер ешкім жоқ... «Өзгелер сондай болғанда өзім қандай күйге түсем» деген жалғыз ойдың жетегіне ілесіп көңілі бірталай жерге кетпекші. Енді болмаса ұзақ ойға жалғасар тұсқа жетерде бәрін кілт үзіп орнынан тұрды. Етегіне жабысқан шөпшаламды бір сілкіп қақты. Алда қырат-қырат асу жатыр. Қол созым жерде секілді болғанмен, жақындаған сайын жеткізбейтіндей. Бірақ тоқтауға болмайды... * ...Ши-ши-шиқ, ши-ши-шиқ, ши-ши-шиқ. Қара пластмассалы қытай сағаттың қоңырауы тұрғызбай қоймады. Жылы көрпеден тұрған соң қолдарын ашық қалдыратын баласын қымтаған ол, тоңазытқыштың үстін дегі шырылдауықты тетігін басып өшірді. Қызыл тілі тырмыса секунд санаған сағат 6-дан 30 минут кеткенін көрсетіпті. Сыртқа шыққан соң, жасының бүгін отызға толатыны есіне түсті. Бұл мамырдың 31-не ауысқан күн болатын...
Жанартау д д БӘРІ ДЕ ЖАҚСЫ... (әңгіме) Наз университетті жақсы бітірді. Білім қуған төрт жа рым жылдың ішінде алдыңғы қатарлы студенттің бірі болды. Тәжірибе жұмыстарында пайдаланған ғалымдардың еңбектеріндегі кейбір пікірлермен келіспеймін деп, ұстаз дарынан талай ұрыс та естіген. Өзі оқыған университетте қалуды да ойластырып жүрген. Бірақ өмір өзгеше жол сілтеді. Диплом алуға аз қалғанда тұрмысқа шықты да, біраз уақыт ауылда тұрды. Сосын қалаға күзге салым бір-ақ келген. Бұл кезде универсиетте өзі білім алған факультет жабылып қалыпты. Неге жабылды екен? «Тәлімгерлердің аздығынан» деп түсіндірді кейбіреулер. Өз ойынша, бұ лардың мамандығы уақыт талабына сай келмейді. Яғни, бұл мамандықты қажет ететін мекемелер жоқ. Содан бері Наз өзін басқа жұмыс істей алмайтындай сезініп жүрді. Бірақ, қатал шаһар әрекетсіз жатқызбады. Жұмыс іздеп қайда барса да, мамандығын сұрайды. Кейбір бірге оқыған курстастары сияқты өзінің не күйеуінің жо ғары қызмет істейтін туыстары жоқ екен. Күйеуі Аграрлық универсиетті бітірген. Мал дәрігері. «Мал тұрмақ, адам дәрігері жұмыссыз жүр. Одан да мен күзетші болайын» деп, достарының көмегімен күзетшілік жұмысқа тұрған. Соның тапқанын нәпақа қылып жүр. Алғашқы бір айда жұмыссыз жатқан бұл жанын қоярға жер таппады. Үйдің шаруасын бітіріп тастаған соң, екі қолы алдына сыймайды. Ақыры базарға, күйеуінің таны сы арқылы сатушы болып кірген. Қазір, Құдайға шүкір, үйреніп қалды. Күніне 200-250 теңге табады. Кей күндері 500-ге дейін түседі. Оның барлығы тауардың өтуіне бай ланысты. Қожайынымен солай келіскен. Саудаға шыққан алғашқы күндері үндемей тұрушы еді. Айналасындағы өзі секілді келіншектер бұған сауданың қыр-сырын тәптіштей үйретті. Алушы келгенде тауарды өткізуге тырысу керек екенін түсінді. Қанша тырысқанымен, бәрібір күнделікті түсімнен артық өспейді. Неге олай екеніне бас қатырып отырып бір затын ұрлатып та алды. Қорыққанынан жылап
М. Алжанбай д д жіберді. Кешкісін түсімді санауға келген қожайынына жеткізіп еді, бір-екі күн еңбекақысыз қалатынын айтты. Ол күндер де өтті. Содан бері бәріне сергек қарайтын болды. Кім нағыз алу шы, кім жәй жүрген адам, бәрін бірден ажыратады. Оның күнделікті табысына күйеуі де мәз. «Жалақыға дейін көмек болды» деп қуанып жүр. Ол да бос күндерінде бұған келіп көмектесіп тұрады. Кешкісін тауар жинауға кәдімгідей күш керек. Әзірше бәрі жақсы. Тек, өмір бойы біреуге жалданып жұмыс істей бермейтінін ойлағанда, жында нып кете жаздайды. Мұндайда күйеуі жақында өздері сауда бастайтынын айтып жұбатады. Бірақ сене алмайды. Өйткені сауда жасау үшін ірі мөлшерде ақша керек екенін сезіп жүр. Ал, күйеуінің жалақысы сол соманың ширегіне де жетпейді. Оның жартысы пәтерақыға кетеді. Қалғаны – екеуінің жолақысы. Әрең-әрең бір-екі мың теңге артылады. Соны жиғансып жүр. Әйтеуір, ертеңгі күннен бір жақсылық келетіндей үміттеніп ұйықтап, селкі етіп оянатын күндер өтіп жатыр. Әзірше осы базарда жүре тұрады да. Басқа не істейді? Диплом сандыққа түскелі алты айдан асты. Қашан шығары белгісіз... ҚАРҒЫС (әңгіме) ...Құдайдың құдіреті-ай! Сол күні жұмысқа неге ғана бардым екен?! Жарай ды бардым-ақ дейін. Алайда өзіме қарасты ауданның аумағынан тыс шараларға қатысудан бас тартуыма да болатын еді ғой. Бірақ, бұйрық талқыланбайтыны бар. Сол тапсырманың жетегімен жүріппіз ғой бүгін ойлап қарасам. Қалай болғанда да барлығы тағдырдың жазуынан екен. Енді міне тұла-бойым күйікке шалынып жатысым мынау. Тірі қалуым неғайбыл. Өле қалсам бәрінен бұрын анама қиын тиетін болды-ау... Менен көп үміт күтетін. Оқуға түскенімде, оны бітіргенімде, жұмысқа тұрғанымда шынайы қуанған анам еді. Тіпті жақында келін түсіріп бермек болғанымда, «Құлыным үйіңді ретке келтіріп ал.
Жанартау д д Сосын да үлгересің ғой» деп сабырға шақырып, келер құда-құдағиларының алдында да абыройды ойлаған екен... Ай, жанымның қиналғаны-ай! Қасымда қарашығы мөлдіреп жүрген Қаракөз сені қай тем? Саған да оңай тимес. Ер-зайыптылықтың дәмін де та тып үлгермедік. Екеумізде тек құштар көңілді алға ұстаған ынтықтық ғана қалып барады... Дәрігерлер көңіліме қарайма, әйтеуір ештеңені ашып айтпайды. Бетімді таңған ақ дәкенің әдейі қалдырған тесігінен сығалап жатып мен бәрін көрем, естимін. Бірақ сөйлеуге қауқарым жоқ. Ішімде қып-қызыл шоқ жатқандай. Жүрегімнің дүрсілін бүкіл денеммен сезердеймін. Тіпті дүңкілдеген лүпіл құлағымды жарып жіберердей... Бәрі қалай болды өзі?!... Ең бірінші қалың қолды бастаған ұлты өзге сот орын даушысы таң қылаң бергенде барлығымызды еңістегі ауылға қарай бастады. Мектептің оюлы темір қашасына жақындағанда алдымыздан алапат дауысты уіл естілді. Мен алғашқылардың бірі едім. Құйылған бетон қоршаудан өткенімізде кең сайды тіліп түскен тасжолдың бойы толы қарақұрым халық екен. Арасында бала көтерген, таяқ ұстаған ақжаулықтысы бар, ақсақалдық жасқа жеткен жігіт ағасынан бастап түбіт иек бозбалаға дейінгі еркек атаулының неге болса да дайын екендігі анық көрініп тұрды. Біздің басшылық ескерту жасап еді, үйлерінің бұзылуына қарсылық танытқандардың даусы басым түсіп кетті. Бұдан кейін тасырлай жауған жұдырықтайжұдырықтай тастарға қарсы біздің тарап газды оқ атты. Бірақ одан тобырдың тайсалатын түрі көрінбеді. Қайта өршелене ұмтылғандардың айбынынан сақадай сай әскер кері шегінді. Артқа бұрылғанымша болмады шалынып жығылдым. Екпінмен келгендердің аяқ астында қалған мені атойлағандар текпілей жөнелгені есімде. Одан кейін дабырлай шуласқан қара халықтың бұлқынысы, тілсіз жау – өрттің жалынын басар автокөлікті отқа орады. Қалың соққының астында жатып менің алғашқы ойлағаным, өртке қарсы тұрар техниканың да халықтың ашуына суғарылған жалынға қарсы тұра алмайтындығы болды. Бұдан кейін
М. Алжанбай д д мені қаумалаған көпшілік сүйрете көтерген күйі құжы ра тамға жеткізіп сыртымнан құлпы салды. Сөйтіп қыл мыскерлерді тергеуге алатын менің құзырым құм болып үгітілді. Алыс-жұлыс кезінде ентіккенім соншалық тілім аузыма сыймай, езуім уыстап құм асаған жандай ырсиып кеткен. Есік алдындағы кейуанадан су сұрап едім «Алда қарағым-ай!» деп терең күрсінді де, ашымал айран ұсынды. Маңдайымнан бұрқ еткен терді сүрткен соң көңілімдегі үрей, қорқыныш атаулы сейіліп жүре берді. Ашынған тобырға айран берген әжей араша түсердей көрінген. Шы нында да солай ойладым. Бірақ біреулер келіп қазақтығыма сын болардай ащы-ащы сөздер айтып жатты. Оларға ақталар сөз айтпақ түгілі, жалынсаң да тыңдар еместей. Осыны дірілдеген саусақтарыма қарап отырып түйсіндім де, тіл қатпадым. Егер бірдеме десем таяқтың астында қаларымды сезгендік те үнімді шығартпады. Содан кейін өзара дабырласқан қалың жұрт «бірі қайтарайық» десе, енді біреулері «кепілге алсақ билік жеңіледі» деп өзеуреп жатты. Ақыры тасжолдың бойындағы электр бағанына салаңдата сүйреп әкеліп байлап тастады. Сонда ойлағандары дөң жақта жүрген тәртіп сақшыларына талап қою болатын. Бірақ бұйрықпен жүрген бейбақтар қатар түзеп топқа бет алмақ болғанда, бензин иісі мүңк ете қалды. Денем жы лымшы тартып, майланып бара жатты. Лап етер жанар майды кімнің құйғанын бағамдап үлгергенімше болмады, «Өртеңдер!» деген ащы дауыс шырпы тұтатты. Шашым мен қасымның шыжғырыла шыжылдағанын білем, ары қарай қолымды қиған арқанды жұлып тастамақ боп жұлқындым. Терім жиырыла бастады. Күйген еттің иісі шыққанда біреу шапан әлде көрпемен жалынды қымтап өшірді. Қиқулай жеткен жедел жәрдем көлігіне көтермелей тықпалағандар, менен құтылғысы келетіндей көрінді. Бәрі кеш еді... Ендігі жатысым мынау. Таңның атысынан кештің ба тысына дейінгі ауылдың қоңыр салқынында белтемірден түспейтін қолдарым, серіппелі темірді құшырлана соза тын йықтарым, гантел мен кірдің тасын серпитін денем енді міне күйікке шалынып, бұлтыңдаған бұлшықтарым бырысып қалды. Мұндай тәнмен тірі қалған күннің өзінде мүгедектіктің ащы зарын тартармын...
Жанартау д д Құдай-ай, берген жасыңды таусылта көрме! Мен әлі жаспын ғой. Жұрт айтатын жиырма бестің дәмін татпай кету деген қандай өкінішті. Кейде достарыммен болған отырыстарда... Ай–й! Достарым-ай, сендер өздерің бір әлемсіңдер ғой. Қабағыңа түскен кірбіңнен сыр аулайтын жан до сыңның барлығы қандай жақсы. Бөліскен сырыңның сол айтылған жерінде қалғаны мені қатты қуантатын. Ішкі тол қыныстарымның жария болмағанын ойлаушы едім. Сон дықтан да досты талғап таңдаппын. Жалғыз досым Ноян еді. Байқұс бала мен секілді бір үйдің жалғызы болғанымен бір өзі үш адамға татитын. Қай жағынан алсаңда оның өнеріне, алғырлығына, тапқырлығына кім болса да қызы ғатын. Екеуміздің мектептен басталған достығымызға кей біреулер тіпті қызғана қарайтын. Сыныптас балалардың бізге себепсізден-себепсіз соқтығып шетінен таяқ жегені әлі есімде. Біздің толқында жігіттің жүректілігін жұдырық шешетін кездер де болды. Бірақ әр қақтығысты бастаған жігіттің әділетті әлде әділетсіз болуына баса назар аударылатын. Мұндай тілмен шарпысатын сәттерде біздің туымыз биік болып шығатын. Өйткені біз орынсыз ұрынғанды шық пыртып тастаушы едік. Сөйткен Ноянның өмірі ұзақ бол мады. Марқұм аяқ астынан көлік апатынан көз жұмды. Әттең, ажал! Біздің жарасқан достығымызды да қиып жібердің-ау. Алғаш естігенде миым шаншып кетті. Тіптен сене алмадым. Әбден денесін алып келгенде ғана көзім жетті. Содан іштей әбден құлдырадым. Әкесінің еңкілдеп жылағаны әркімнің де көңілін құлазытты. Кім-кімді де жас өлгеннің қазасы бей-жай қалдырмайтынын түсіндім. Бұған дейін өлім, ажал дегенді мүлде байқамаппын, сезінбеппін. Тіршілікте ажал туралы, о дүние жайында да достарыммен көп әңгімелесуші едік. Сонда діни кітаптарды оқыған, құран мен намаздан хабары жігіттер бұл өмірдің сынақ екенін көп айтатын. Әуелі бірде, істеген ісіңнің сауабы мен жасаған қылмысыңның күнәсі о дүниеге кетпейтіні сөз болды. Он дайға таң қалғаным соншалық, сұрақты қарша боратып, олай болса адамзатқа жұмақ пен тозақтың не керегі бар
М. Алжанбай д д дегенге саятын сұрақты да қойдым. Сөйтсем, отырыстағы таныстарым маған жақсылықтың да, жамандықтың да өз қайтарымы болатынын тәптіштеп түсіндірген еді. Енді, міне дәрі-дәрмектің иісі қолқаны қапқан аппақ бөлмеде соны ойлап жатқан маған, өзімнің нендей әрекетім үшін осындай күйге түскенімді анықтау ғана қалған секілді?! Шынымен-ақ, сонда қай қылығым, қай қылмысым үшін жалынға шарпылдым? Әлде халықтың қарғысына қалдым ба? Мүмкін тергеушілік жұмыста біреуге тізем батты ма екен?! Өзім қойған сауалдарға лайықты жауаптарды көкі регімнен таба алмадым. Мүлде жауап жоқ! Тіпті өзімді қаралайын десем де, нақты дәлел таптырмады. Тек жоғарғы басшылықтың бұйрығын орындаймын деп қазақы ауылдың құжыра тамдарына жақын барғанымнан өзге, күнәға тең болатын дәлелді нәрсені ұстай алмадым. ...Тоқта! Сонда қазақы ауылдың киесі ұрғаны ма? Онда киенің қасиеті жалғыз маған ғана жалын боп тимес еді ғой?! Таң алагеуімнен сайдағы үйлерді қиратпақ болып аттанған қалың әскердің жартысынан артығы қирап қалмас па еді?! Тіпті мұздай жасанған жасақты бастаған ұлты өзге сот орындаушысы бірден тіл тартпай, мүрдем кетер еді, ондай болса. Бірақ неге мен?... Әлде, Аллаһ тағаланың маған берген зор сынағы осы ма екен?! Негізі діндәрлардың айтуынша, бізді мектепте дінтану пәніне оқытты ғой, сондағы ұстаздардың біразы, көгілдір ғаламшарға жұмақтан қуылған Адам атаның ұрпақтары сынақтан өтуде деген қисынды алдыға тартады. Сынақтың түрлі болғаны соншалық, адамзат баласы барлығында да ібілістің жетегінде кетіпті. Әуелі Жер бетінде кешкен тіршілігінде сан мәрте әзәзілге арбалды десе болады. Бірақ осы өмірдің тәттілігі, тіршіліктің дүниеуи ләззаты адамды әр кезде де алдыға ұмтылдырды. Соқыр күйге түсіріп, шы найы өмір мен өтпелі шақты айыруға мүмкіндік бермеді. Бірақ өмірдің осындай сынағы адамды ширатады, жетелей түседі. Құлшыныс береді. Осының өзін кей діндарлар дұрыс
д д Жанартау д д емес дейді. Мүмкін олардың пікірі мың мәрте рас шығар. Дегенмен мен Жаратушының адамзатқа берген осындай жер бетіндегі сынағын сүйем. Бір ғасырлық ғұмырым болса да, өсімдікке жан берген ауа мен суды, топырақты, күн мен айды қия алмаймын. Сөйтіп, он сегіз мың ғаламды жаратқан Алланың құзырын шын танып, мойынсұнған пенделердің арасында жан күйзелтер сынақтың өзінен бас тартпағандығыммен ерекшеленгім келеді... Не ойлап кеттім, өзі? Ақылым ауыса бастаған саумын ба, осы? Жаңа дәрігер салған инеден кейін денем мүлде әлсіреп кеткендей ме, қалай?! Білмеймін не болғанын. Әйтеуір ауырлап... жоқ, денем жеңілдеген секілді. Тұла бойым шымырлап барады. Қандай керемет! Е, Алла! Бергеніңе шүкір! Көрсеткеніңе тәубе! Тек, біліп әлде білмей жасаған күнәларым болса кешірім ет... «Халық Құдайдан бір жас кіші» деген сөз рас болса, сай жағалай жиналған ел-жұрттың алдынан қатулана шыққаным үшін кешіре гөр... Еріксіз алдына салып бұйрықпен апарған пенделеріңді өзің жазала, Аллам! ...Ләй иллаҺа ил АллаҺ, Мұхаммадун расул, АллаҺ! * Кілкіген сағымдай бұлдыраған сананың иесі жер бетіндегі ғұмырын жиырма екі жылдан асырып үзді. Бұл ғаламшарлар шеруінің реттелуіне де куә болған уақыт Тақсыр үшін қас-қағым сәт қана. Дегенмен оқиғаның өткеніне де Жер бетілік есеппен бір жыл өтіпті. Осы уақыт аралығында талай су ақты, біреулер бақилық болды, енді біреулер бас бостандығынан айырылды... Осындайда пен де шіркін, әсіресе адам баласының тәубешілі «барлығына уақыт емші» деп өткен жылға шүкіршілік қылады. Алайда Жаратушының ғаламды тарының қауызына сидырарын әлде сиғызбасын өзекті пенде болжай алмайды... Шүкір!
А. Мантаева д д д д Аягүл МАНТАЕВА Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. «Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты. 2010 жылғы Әдебиет номинациясы бойынша Прези дент стипендиясының иегері. ДЕПРЕССИЯ Қап-қара түнекті сейілткісі келген сәуле көз шағылыс тырады. Біздің ауылдың аспанында Ай жасырынғанымен, жасанды сәуле жарық шашады. Жарық жылдамдығына ілесе алмайтын жынды көбелектер мен шіркейлер бағананы айналып, шарқ ұрады. – Біріміздің тағдырымыз жынды көбелекке, біріміздің тағдырымыз кішкентай шіркейге ұқсайды. Менің көбелек ке ұқсағым келмейді, – деп күрсінді ол. – Шіркейге кімнің ұқсағысы келеді дейсің? Мұңлы жымиып: – Сен құмыраға отырғызылған жабайы гүлге ұқсайсың, – деді. – Аппақ құсқа айналып, аспанға ұшып кеткім келеді, – деп қиялыма ерік бердім. – Аппақ көгершін жабайы гүлді сабағынан аялай үзіп, гүлді тұмсығымен тістеп, аспанда ұшып жүреді, – деп қиялыма қанат бітірді. – Әттең, көбелектің құс ұшатын биікке көтеріле алмай, қанаты талады. – Көбелекті аяймын. Қызыл-ала қанатты көбелекті ұстай алмағаныма ызаланып, шалқан гүліне қонатын ақ, сары көбелектерді сыпыртқымен ұрып, табиғаттанудың парақтарын толтырдым. Ол мұңлы жымиып: – Еркек пен әйелдің қарым-қаты насы гүл мен көбелектің қарым-қатынасын қайталайды. Сен биік үйлердің терезесінен көрінетін қызыл гүлге кө белек қонғанын көрдің бе? – деп бетіме сұраулы жүзбен қарады.
Жанартау д д – Даланың жабайы әрі табиғи сұлулығын жасандылық пен салыстыру – ақымақтық. – Өз тәнін құмар ойынына тіккен жезөкше мен көбе лектің ортақ ұқсастығы: олар өмірмен емес, ажалмен ойнайды, – деген ол әңгімесін кілт үзіп: – Қара мысықты көрдің бе? – деп үрке қарады. – Қара мысық? – Алдымызды кесіп өткен үлкен қара мысықты шыны мен көрмедің бе? Даусында таңдану мен сенімсіздік бар. – Көрмедім. – Көзімді жұмуға жүрексінем. Түсімде қара мысық пен балалары етіме таласып, сүйегімді кеміріп жатады. Ұйық тасам, көзімді ашып, жарық әлемге қарауға қорқам. Қара мысық туған сайын ескі шелекті суға толтырып, көзін аш паған мәулендерді кезек-кезек суға батырып, өлтіре бердім. Көктемде мәулендерін өлтіріп жатқан кезімде қара мысық жолбарысша атылып, беті-қолымды тырналап тастады. Жауыз адамның үкімімен бір күннен артық өмір сүрмеген балаларын біртіндеп ескі тамның үстіне тасыды. Қара мысықтың аузында денесі салаңдап тұрған құйтақандай мышым әлі күнге дейін көз алдымда. Мәулендерінің өлі денесін тілімен сипап жатқан қара мысықты күрекпен ұрып, өлтірдім. Қатыгездігімді балалық тентектікке ба лап, ақтаудың өзі – қылмыс. Бесеумізді бес еркектен туған анама деген жеккөрушілік сезімім жылына екі-үш рет ба лалайтын қара мысыққа деген өшпенділігімді оятты. Сол күні жабайы аң секілді бізді әр кездескен еркегінен туған анамды қара мысық секілді өлтіруге ант еттім. Жезөкшенің ұрпақ өрбітуіне құқы жоқ, түсінесің бе, құқы жоқ! Жез өкшеден жезөкше туылады. Оныншы сыныпта оқып жүрген кезімде екі рет түсік жасатқанымды білесің бе? Бұрымыңнан бозбала тартып ойнаса, ағаңа шағым айтып, ұрғызатын ақымақ, менің баламды өз қолыммен өлтірге німді білесің бе? – деп көк көйлегімнің жағасынан тартып, қылқындыра бастағанда, қорқыныштан: – Құтқарыңдар! Өлтірді, құтқарыңдар! – деп айқай салдым. Бірақ өз дау сымды өзім ести алмадым. Жандүниемнің айқайын мылқау түн де естімеді.
А. Мантаева д д – Кешір, – деді аспан жаққа көз тастап. – Кешірші. Сені жақсы көре тұрып, жек көретінім үшін кешірші. Ғасыр... Ол менің сезімімді қорлады. Ғасырға өлім тілейтінім үшін кешірші. Аппақ әлемді, айналамды қоршаған адамдарды жек көретінім үшін кешірші. Сен жазмышқа сенесің бе? – деді ол темекісін тұтатып. Сүйрік саусақтары дір-дір етеді. Иығынан қиылған қара шашын жел тербеп, аппақ бетін жас жуып жатты. Оның сөзін анық естісем де қорқыныштан ойымды жинақтай алмадым. – Білмеймін... – Менен қорқасың ба? – деп мырс етті. – Өзім де өзімнен қорқам. Денем дірілдеп, тоңа бастадым. – Қош бол! Біз әлі кездесеміз, – деп көңілсіз қоштастым. Таң атқанда ғана көз ілдім. Ұйқыдан оянғанда денем дел-сал болып, басымды көтере алмадым. Қалаға екі күн кешігіп оралдым. * Ол екеуміз бір сыныпта оқыдық. Бастауыш сыныпта бір партада отырдық. Балалардың сөмкесінен нан ұрлап, сабақтан да бірге қаштық. Үлкен үзілісте соңғы партаға (біз соңғы партада отыратынбыз) дастарқан жазып, мен үйден әкелген мантыны, Айкөркем асханадан сатып алған тәтті сусынды, ұлдардан ұрлаған пәтір нан мен сарымай жағылған тандыр нанды қойып, кішігірім «той» жасай тынбыз. «Тойға» кейде қыздарды шақырып қоямыз, бірақ ұлдарға ауыз тиюге де рұқсат жоқ. – Менің пәтір нанымды тағы да ұрлап алғансыңдар ма? – дейді Құрбақа-Диас. – Сенің апаңнан басқа ешкімнің апасы пәтір нан пісірмей ме? – деген әдеттегі жауабымызды қайталаймыз. – Кеше апам тандырда нанын ұмытып кетіп, күйдіріп алған. Тандыр нанымды танып тұрмын. Нанымды беріңдер, ұрылар – деп кіжінеді Маймыл-Құрмаш. – Біздің апамда ұмытшақ, ол да кеше нанды күйдіріп алған, – деймін мен.
Жанартау д д Жетінші сыныпта ұлдардан нан ұрламайтын болдық, тіпті үйден әкелген нанды олардан жасырып жейтінбіз. Нан ұрлап жеуді қойғаннан бастап, Айкөркем менен алыстай бастады. Бір күні достығымызға сызат түсетінін сезсем де, оны жоғалтудан қорқатын едім. Бәлкім, ол емес, мен одан алыстай бастаған шығармын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы дағдарыс ке зеңінде де Айкөркем мектепке қызыл-жасылды қымбат сәнді киім киіп, сәнденіп келетін. Күнде шешемнің құрбысы тігіп берген қара юбка мен ақ кофтаны киюден жалыққан мен оған қызыға да, қызғана қарайтынмын. Ауыстырып киетін кофтам болса да, юбкам болмағаны есімде. Юбкам жексенбі күні жуылып, кеппесе, таңертең көмекке үтік келеді. Бір күні юбкамды күйдіріп алдым. Анам әкемнің қара шалбарының балағын ойып алып, жамап берді. Со дан күзде мақта теріп, ақша тауып, киім алғанша, жамау түскен киiмнен құтылмадым. Менің жамау түскен киімім Айкөркемді менен алыстатса, оның мінезіндегі өзгеріс мені одан алшақтатты. Айкөркем сабақтан жиі қалатын, оқу үлгерімі де нашарлап кетті. Бір күні сабаққа кешігіп келсем, Айкөркем мен Әсима екі жерде жылап отыр. – Айкөркем шешесінің қателігі үшін ешкімнің алдында жазықты емес, – деді сынып жетекшіміз. – Әсима, сен одан кешірім сұрауға тиіссің. – Анасы біздің отбасымызды ойрандағаны үшін кешірім сұрауға тиіспін бе? Ол, бәлкім, менің әпкем шығар? Менен екі ай үлкен ғой, оны «әпке» дейін. Әпкетай! Әпке, – деп Әсима оны келеке ете бастады. – Анам әкемнен ұрсып жатқан кезде «Айкөркем, бәлкім, сенің қызың шығар» дегенін естіп қалғанмын. Ол менің қарындасым болуы мүмкін, – деді аңқау Қуаныш. Үнсіз жылап отырған Айкөркем: – Малғұн! Өшір үніңді, малғұн!– деп айқай салды. – Жексұрын! «Әпке» деме мені, жексұрын, – деп Әсиманың жағынан тартып-тартып жіберді. – Малғұн, мен сенің қарындасың емеспін, – деп парта үстіндегі кітапты Қуаныштың бетіне лақтырды. Мен оны жұбатпадым. Жұбата да алмайтын едім. Анасы
А. Мантаева д д жезөкше болғаны үшін оның жазықты емесін біз түсіне алмадық. Ерте бой түзегені үшін емес, жезөкшенің қызы болғаны үшін одан алыстаппын. Әйтпесе, ерте бой түзеген қыз аз ба?! Екі бұрымымды тарқатқаннан бастап, шешемнің онымен достығыма қарсылығы да оған деген жандүниемнің қарсылығын оятыпты. Сол күннен бастап біздің әрқайсымыздың санамызда «ол біздің әкеміздің қызы шығар, болмаса, атамыздың не ағамыздың қызы ма?» – деген күдікті ой қылаң берген еді. Оны бір-бірімізге ашып айтпасақ та, ол жоқ кезде бәріміз оның әкесін бірге «іздейтінбіз». Біздің ауылдың момын тракторисіне төрт қызымен тұрмысқа шыққан әйелдің сұлулығы еркектерді тәнті етіпті. Әйелдің есімі Жұпар. Ауылдың шетіндегі жалғыз үйді ерлер жағы «Жұпар исі» дейтін. «Жұпар исі» үйін біздің ауылдың әйелдері жек көретін. «Тәйірі «Сасық үйді» «Жұпар исі» деп атағаны несі, ей», – деп күйіп-пісетін дәу апам. Біздің ауылдың қартақұмарлары картадағы жалаңаш әйелдің бейнесін де сол әйелдің атымен атайтын. Біз мәдениет үйінің кітапханасынан ертегі кітап жазды рып алып, оқып жүрген кезде күйеуі сөмке-сөмке кітап әкететін. Кітапқұмар еді. Біздің бала қиялымыз кітапты көп оқитын адамды «данышпан» деп пайымдайтын. Есімді білген кезде оның әйелінің жеңіл жүрісті екенін естігенде алғашында сенбедім. Қалайша «данышпан адамның» әйелі жезөкше болады? «Әйелі дуалап тастаған. Сондықтан әйелі не істесе де, оған қарсы тұра алмайды», – деп түсіндіретін үлкендер. Жұпарды алғаш көрген кезде біз көріп жүрген әйелдің бірде-біріне ұқсамайтынын түйсігіммен сезіндім. Сол сезіну мен түйсіну – қорқынышты еді. Әйелді көрген сайын бойымда түсініксіз қорқыныш сезімі оянатын. Әйел қаладан ауылға жыл құсындай сирек келетін. Біз жетінші сыныпты бітірген жазда күйеуі жынданып кетті. Қолына шыбық ұстап, «атын ерттеп», көшеде шауып жүретін. «Данышпан адам» қорқынышымды емес, аяушылық пен жеккөрушілік сезімімді оятатын. Айкөркемнің төрт әпкесі де тұрмыс құрмады. Есесіне біздің ауылда некесіз сәби көбейді. Айкөркем... Сұлулығына біздің ауылдың бүкіл
Жанартау д д жігіті сұқтанған Көркем... Біздің ауыл сұлулықты бағалай алмады. Сұлу әйелге еркек біткен аш қасқырдай өш екен. Достығымыз сыналатын қыл өткелден мен оның қолынан жетектеп өте алмағаным үшін, қап-қара көзіндегі мұңын түсіне алмағаным үшін жазықтымын. * Сол қоштасудан кейін Айкөркем екеуміз арада сегіз жыл өткен соң кездестік. Толысып, көз алдына ұсақ әжім түсіп, көзіндегі мұң да тереңдепті. – Әдемі ерніңнен жігіт сүйді ме? – деп қулана сұрады. Шамданып қалдым. – Мен балабақша тәрбиеленушісіне ұқсаймын ба? – Жоқ, сен құмырада өскен жабайы гүлге ұқсайсың. – Ұмытпапсың. Тек әлі аппақ көгершін аспанға алып ұшқан жоқ. – Ғасыр әлі үйленбепті. Екеуміз де бір мезгілде бір адамға ғашық болдық. – Мен Ғасырды ұмытып кеттім, – десем де өзім алғаш рет ғашық болған бозбаланы анда-санда есіме алатынымды, тіпті кейде сағынатынымды жасырып қалдым. – Мен саған жиырма хат жазып, бірде-біріне жауап ала алмадым,– дедім. – Ғасырды мен ұмыта алмаймын. Себебі, ол менің сезіміме жауап қатпаған жалғыз еркек. Ол мені емес, сені сүйді. Мен секілді сұлу қызға көз қиығын салмауы күлкілі ғой. – Кей сұлулар еркектің мазағына ғана лайық, – дедім қырсығып. Ол түк те ашуланған жоқ. – Сен ерекше сүйкімдісің, – деп еркелете бетімнен сүйді. – Білем ғой, сен менің болмысымнан қорқасың, сүйе тұрып, сезімін тұншықтырып тастайтын сенен мен де қорқам. Бір-бірімізге мүлдем ұқсамасақ та неге сені іздеймін? Менімен бір дастарқан басында отырғаныңа намыстанбайсың ба? – Түсінбедім? – Мүләйімсімеші, тәкаппар ақымақ, – деді ызғарлы үнмен. – Тәнімді бір түнге саудалаған еркектер менің
А. Мантаева д д есімде қалмаса да, олар менің тәнімді ұмытпайды. Еркек өзін өмір бойы аялаған әйелдің жақсылығын естен шығарса да, ақшаға сатып алған ләззатын ұмытпайды. Менің жаным сезімді іздемейді, тәнім болса, ақшаны сүйеді. Тәнім арұятым мен намысымнан да қымбат. Сезімім мен үмітім, қиялым мен арманым алдап кетті. Қарызға құрбым бер меген ақшаны тәнім тауып берді. – Сенің өмірің – сенің ғана шындығың, – дегеннен басқа аузыма сөз түспеді. – Кеше ұйқымнан тағы да шошып ояндым. Түсімде қара мысық бейітімнің басына балалапты. Қабіріме бара қалсаң, бейітімнің топырағын шашып, тырналап жатқан мысықты қуа көрмеші, – деді жалынышты үнмен. – Қабірі ме гүл қоймай-ақ қой, мысыққа сүт әкелші. Қайда барсам да, қара мысық көлеңкем секілді еріп жүреді. Терезеден қарап тұрған мысықты көрдің бе? – деп көзін бағжитып, үнсіз қалды. – Сандырақ. Қалада кедейдің мысығы да еркін емес. Елес, – деп терезеге мойнымды бұрғанымда бізден көз алмай қарап отырған дәу қара мысықты көріп, қорқы ныштан жүрегім тоқтап қала жаздады. Оның құдды адам секілді жек көре қараған жап-жасыл көзіне ұзақ қарауға дәтім бармады. Көз алдым қарауытып, басым айналды. Ертесіне көзімді ашсам, аурухана төсегінде жатыр екем. Жас дәрігер: – Сіз қара мысық та, көк мысық та көргеніңіз жоқ. Депрессияға түскен құрбыңыздың қорқынышы сізге де әсер етіп, қара мысықтың бейнесін қиялыңызбен көз алдыңызға елестетесіз. Құрбыңызбен ұзақ уақыт кездесуіңізге тыйым саламын. Әйтпесе, сіз де құрбыңыз секілді жүйке ауруына шалдығасыз, – деді. – Қара мысықтың көзіндегі өшпенділікті сезінсеңіз, сіз де аурухана төсегінде жатар едіңіз. – Сіздің жүйкеңіз шаршаған. – Жүйкемнің шаршағаны рас. Бірақ үнемі депрессияда жүретін адамдардың «қара мысық елестеді» дегенін ес тісем, құлағым керең болсын. Дәрігер жауап қатпай, күлімсіреді.
Жанартау д д Жас дәрігердің сүйкімді жүзі, тұңғиық жанары Ғасырды есіме түсірді. Сол сәтте Ғасырға деген сезімімді онымен бірге ауылда қалдырып кеткенімді сезіндім. Қала Ғасырға деген сезімімді суытып, сағынышымды ғана сақтап қалыпты. – Шынайы сезім де ұмытылады, – деп күбірледім. – Не дейсіз? – деп дәрігер бетіме сұраулы жүзбен қарады. – Сіз бала кезіңізде қырдан қызғалдақ тердіңіз бе? Ол жымиып, басын шайқады: – Біздің ауылда туысымыз болған емес. Ата-анам балалар үйінде тәрбиеленген. Қырдан қызғалдақ тере алмадым. Саяжайда көшет отыр ғызып, бау-бақшаны суғарып, алма жинадым. Ертесіне оянғанымда үстел үстінде құмырада тұрған бес тал қызғалдақ пен қасымда ұйқымды күзетіп отырған сүйкімді дәрігерді көрдім. – Қызғалдақты қырдан арнайы сізге арнап тердім, – деп ұяла жымиған дәрігер аяғын жеңіл басып, бөлмеден шығып кетті. Даланың исі шықпайтын қызғалдақты кеудеме басып, аяғымды қорқа басып, терезеге жақындадым. Далада көктемнің исі шығады. Су тамшылаған өріктің жапырағы дір-дір етеді. Өріктің бұтағына қонақтаған торғай суықтан тоңып, бүрсеңдейді. Ағашқа өрмелеген мысықтан қорқып, көзімді жұмдым. Көзімді ашқанда ұры жүріспен, тор ғайға жақындап қалған шұбар мысықты көрдім. Екі тал қызғалдақты лақтырып, құсты үркітіп жібердім. – Қорықпаңыз, аурухана ауласынан бұл жабайы мы сықты мен күн сайын көрем, – деген дауысты естіп, артыма жалт қарадым. Жас дәрігер жұмбақ жымиып: – Сезімнің иесі – қызғалдақ емес, жүрек, – деді. Бірі ағаштың бұтағына ілініп, бірі жерге түскен қыз ғалдаққа кезек-кезек қарап, ұялғанымнан көзімді алып қаштым. – Сіз мейрімділігіңіз үшін ұялуға тиісті емессіз, – деді ол. – Сіз гүлді лақтырып тастаған жоқсыз, торғайды ажал дан арашалағыңыз келді. Жауап қатпастан құмыраға қолымдағы үш тал гүлді салып, дәрігерге көзімнің қиығымен қарағанымда, ол
А. Мантаева д д күлімсіреп тұр еді. Даланың исі шықпаған қызғалдақтан сезімнің исін сезіндім... ЖАУҺАР Біз ол кезде құрбым Жауһар екеуміз қаланың шетінде пәтер жалдап тұратынбыз. Түнгі клубқа, таныс жігіттер шақырған кештерге бармай, үйде кітапқа көміліп жа тып, болашақ ханзадамыз туралы қиялдаймыз. Кафеде танысқысы келген жігіттерге мойын бұрмай екеуден екеу отырамыз. – Өмір өтіп барады. Ал біз түк те тындырған жоқпыз. Сонда өмірге не үшін келдік? – дейді ол бетіме сұраулы жүзбен қарап. – Өлу үшін. – Жоқ, мен өмірге өмір сүру үшін келдім. Бірақ... білесің бе, мен ылғи да өзімнің бейітімнің басында жы лап отырамын. Әлден соң үйде отырғанымды сезінем де қорқыныштан селк етемін. – ?.. – Неге үндемейсің? – Мен өзімді ұйықтап жатып, ояу жатқандай, ояу жа тып, ұйықтап жатқандай сезінем. Күн суық күні ыстықтап жүремін, ал ыстық күні тоңып жүремін, – дедім . Жауһар: – Кеше көпке дейін ұйықтай алмай жат тым. Әкем туралы ойладым. Ол өзін өзі жоғалтып алған адам. Бір уақытта көз алдыма аппақ кебінге оранып жатқан әкем келді. Өксігімді баса алмай ұзақ жыладым. Жарықты жағып, айнаға көз салдым. Айнадан сыртқы кескін-келбетімді көрдім, ал көзімнің қарашығынан ішкі жандүниемді байқадым. Сол сәтте тірі әкемді өлімге қимай ұзақ жыладым. Бала кезімде әкемді жек көруші едім. Бірде анам аурухананың ауласын сыпырып тапқан жалақысын «сұрағанда бересің» деп қолыма ұстатты. Әкем анамның әлгі ақшасын мен жасырған жерден ұрлап, ішіп қойды. Бала кезімде анамнан қатты қорқатынмын. Жүйкесі шаршаған, ашуланшақ жан. Анамды, өзімді, бауырларымды аяп жыла дым. Бір қызығы, анам күс-күс қолымен маңдайымнан си
Жанартау д д пап, тіл қатпай ұзақ отырды. Әлден соң: «Шаршадым. Құр сүлдерім жүр. Сендер үшін өмір сүріп жүрмін. Әйтпесе, мен өлген адаммын ғой» деді бар болғаны, – деп үнсіз қалды. Жауһардың көзінен бір тамшы жас үзіліп түсті. – Сен мені түсінесің ғой, – деді. – Адамды адам түсінбейді, түсінуге ғана ұмтылады. – Менің шарап ішкім келеді. – Қызық. – Әкем ішімдікке үйір болған соң ба, бұл пәлені ұнат паушы едім. Ал бүгін ішем. Ол даяшыға шарап алдыртты. Шарапты тыжырынып ұрттап отыр. – Мен кеше жыладым. Себепсіз... – деп күрсінді. – Себепсіз жылай алмайсың. Бәлкім, көз жасыңды төгуіңе себепкер болған оқиға осыдан біраз жыл бұрын өтуі мүмкін. Бәлкім, күндердің күнінде өлетініңді ойлап, жалған өмірді қимауың мүмкін. Қуану мен жылаудың се бебі болмай қоймайды. – Мүмкін... Ол мұңдана күліп: – Мен оны жақсы да көрмеймін, жек те көрмеймін, – деді. – Кімді? – ... – Ә-ә... Ол жігітті менің суқаным сүймейді. Жасанды күлкісінен жиіркенемін. Көздері де өтірік күліп тұрады. – Менің шынайы өмір сүргім келмейді. Біздің қоғамда шынайылық күлкі шақырады. Жасанды да өмір сүргім келмейді, жасандылық жиіркеніш туғызады. Оның жа сандылығы менің және сенің шынайылығыңнан әлдеқайда әдемі. Ол сені жақсы көреді, – деп мұңлы жымиды. Жауһарға жаратпай қарадым. – Кетейік. – Естисің бе, ол саған ғашық. Ол қолымен басын сүйеп, жанарын төмен салды. – Мен оны сүйіп қалған секілдімін. – Мен ондай адамды сүймек түгілі, жай адам ретінде ұната да алмаймын. – Адам адамды түсінбейді, бірақ түсінуге ұмтылады деген сен емессің бе? – деп көңілсіз езу тартты.
А. Мантаева д д * Жауһар күннен күнге менен алыстап барады. Ол маған, мен оған бөтен адам секілдімін. Сол күндері әлемде жалғыз қалғандай бойымды зілдей мұң басқан. Ол сенбі, жексенбі үйге келмеді. Себебін сұрап едім, жауапсыз қалдырды. Әлден соң жастыққа бетін басып, өксіп-өксіп жылады. Жұбатпадым. – Кешір. Мен өзімді өзім қазір шынымен жоқтап жылап отырмын. Үндемедім. Одан кейін оның көз жасын көргенім жоқ. Жауһардың көз жасын маған көрсетпей жылайтынын сезем. Ол махаббаттың емес, жалған сезімнің құрбаны болғанын білмеді. Айнадағы өз бейнесінен көз алмай қарап тұрған Жауһар: – Өмірге ешқандай ұрпақ әкелгім келмейді. Қайғы, мұң арқалап, ол да өмірден өтеді. Бір бақытсыз жанды өмірге әкелмей, сауап іс жасағым келеді, – деп бет-алды күле берді. Шошыдым. Екі жұдырығымен қабырғаны ұрғылап, басын соқты. Ернін тістелеп, жыламады. – Неге қорқып тұрсың? Қорықпай-ақ қой, есім әлі ауысқан жоқ – деді маған мағынасыз көзқараспен қарап.– Сен адам таниды екенсің. Ол – өте қорқынышты адам.
Шашын артына жылмита қайырып жүретін, шегір көз, төртпақ сары жігіт пәтерін жалға беріп, басқа жаққа кетіп қалған болатын. Шегір көз жігіт бізбен көрші тұрғанда да оны тым сирек көретінмін. Көре қалсам, бойымды үрей ме, әлде жиіркену ме, әйтеуір әлдеқандай бір түсініксіз сезім билейтін. Ол мені көргенде баяғыдай жалған жыми май, басын изеп өте шығатын. Шегір көз жігіттен жүкті болып қалған Жауһар ауылына кетіп, қалаға қайтып орал мады. * Арада бес жыл өткен. Пәтер іздеп жүріп баяғы Жауһар екеуміз тұрған үйге бардым. Күннің шуағына шомылып отырған, мүгедектер арбасына таңылған жас жігіт менен
Жанартау д д көзін алмай қарады. Таныс бейне. Баяғы шашын артқа жыл митып тарап алатын шегір көз, төртпақ сары жігіт. Менің қадала қарағанымды жаратпады білем. – Бүгін менімен би кешіне бармайсыз ба? – деді кеке сінді үнмен. – Уақытым жоқ. Пәтер іздеуім керек. – Онда менің жарым болыңыз. Пәтер мәселеңіз бір сәтте шешіледі. «Не деген парықсыз жан еді». – «Мүгедектің әйелі болам ба?» деп қорықпаңыз. Дәрігерлерге сенсем, көп ұзамай жүріп кетемін. Сосын екеуміз үйлену тойымызда басымыз айналғанша шыр ай налып вальс билейміз. Бал айымызды Еуропада өткіземіз. – Мен сізді жек көрем. Мысқылдап күлді. – Мен де сізді жек көрем. Менің қандай адам екенімді біле тұрып, құрбыңызды қорғамағаныңыз үшін жек көрем. Оның өліміне мен ғана емес, сіз де кінәлісіз. Соқыр сезімнің құлы болған құрбыңызды сүйген емеспін. Ол шырпы тиген қу шөптің тез жанып кететінін білмеді. Бірақ сіз құрбыңызға қарағанда ақылды екенсіз. – Сіз оның өлгенін біледі екенсіз ғой? Даусым сыбырлай шықты. Сөзімді естімегендей аспанға үмітсіз көз тікті. – Кейде ойға батып отырып, не ойлағанымды ұмытып қаламын. Себебі, мен ештеңе де ойламаған едім. Кейде күліп тұрып, жылағым келеді, мұңайып тұрып, күлкім келеді. Себебі, мен өмірдің қарапайым екенін, тек оны өзіміз күрделендіретінімізді түсінем. Өмірді түсінуге ұмтылған сайын өмірім күрделене түседі. Бойымда бір үрей бар. Бетпе-бет келуден қорқатын сауалдар жанымды жегі құрттай жейді, – деді ол қамығыңқы үнмен. Үшінші қабаттағы бұрынғы пәтеріміздің терезесін көзіммен іздедім. Бұл үйде Жауһар екеуміз ешқашан тұрмаған секілдіміз. Жауһар көрінетіндей терезеге соңғы рет көз тастадым. – Мені тастап кетпеңізші. Мен сізді сүйем ғой, – деген жалынышты дауыс құлағыма талып естілді.
А. Мантаева д д – Мен де сізді сүйемін. Шындығымды өзге түгілі, күні бүгінге дейін өзімнен жасырып келіппін. Әрине, ол менің даусымды естіген жоқ. Мен ол кезде ұзап кеткенмін. БӨРТЕ «Апа, Болатбек неге көзін ашпайды?». Жалғыздық мұңы кеп қамағанда өндірдей қыздың жалынышты даусын естимін. Көкпеңбек болып ісіп-кеуіп кеткен кішкентай інісін «Тұр! Неге көзіңді ашпайсың? Жүр ойнаймыз» деп жұлқылап жатқан жалбыр шашты қызды аяймын. Күнде бірге ойнап жүрген тентек інісін оята алмай, жұдырықтай жүрегі әлдебір жаманшылықты сезіп, анасы мен әкесіне жаутаңдап қарайды. Әкесі бетін терезеге бұрып, үнсіз тұр. Шешесінің көзінен аққан жас тырс-тырс етіп омырауына тамып жатыр. Жан-жағына жалтақ-жалтақ қараған қыз жылап жіберді. Менің де көзіме жас үйірілді. Балалық шағыммен қосылып жылап отырып, көңілімді тәтті мұң тербейді. Болатбек інімнің өлімінен кейін әке-шешем «бұл бала қорқып қалды» деген сөзді жиі айта бастады. Олардың бұл баласы – менмін. Баяғыдай үлкен інім Өмірмен алысып-жұлыспаймын. Көршінің еріккен ересек балалары «төбелесіңдер, қайсысың жеңсең, сыртында қоянның суреті бар, үрлесең үлкен шар болатын сағыз аласың» деп қанша көзімді қызықтырса да алданбаймын. Байқаймын, баяғыдай інім де менімен күреске түсуге құштарлық танытпайды. Шешемнің көзінің айналасындағы әжім қалыңдап, самай ына ақ қырау түсіпті. Бұдан үш жыл бұрын бірінен соң бірі екі ағам дүние салған. Шешемнің қарсы алдында отырып, ақ шаштарын санай бастап едім, шатасып кеттім. Одан соң төрде отырған шүйкедей қара кемпір мен шешемнің әжімін салыстырдым. «Отыз екідегі шешемнің кескіні алпыс төрттегі нағашы әжемнің жасына жеткенде қандай болады екен» деген ой басымнан шықпай қойды. Үйіне қайтуға жиналған әжемді шешем жібергісі кел меді. – Неге асығасыз? – деген жабырқаулы шешем.
Жанартау д д – Қызым, тірі адам тіршілігін жасайды. Ит тіршілікпен арпалысып жүріп, бір күні өмірдің қалай өтіп кеткенін білмей де қаламыз, – деп әжем терең күрсінді. – Құдай немерелерімнің алдында алсын. Үйде шал екеумізден басқа малға қарайтын адам жоқ. Үйге барайын, қызым. Айкош тың көзі кіртиіп, жүнжіп кетіпті. Бұл жаманды менімен бірге жіберсең қайтеді? Біздің үйдің шөпжелкелерімен ойнап, ағарған ішіп, сергіп қайтсын. Шешем: – Суға түсуге жібермеңіз. Үсті-басын жара басып, әзер жазылды, – деп сөйлеп жүріп, киімдерімді сөмкеге сала бастады. Нағашымның үйінде күн ұясына батып бара жатқан да бойымда бір қорқыныш пайда болатын. Бұл уақытта нағашы ағамның ескі тракторының гүрілдеген дауысы естілетін. Сол гүрілді нағашымның екі қызы да жарат пайтын. Нағашым қатал кісі. Обалы не керек, маған да уыс көтеріп ұрыспайтын, оның жауар бұлттай қабарған қабағынан сескенсем керек. Дастархан басында нағашым отырғанда балалар асымызды үнсіз ішеміз. Біріміз кесемізге салынған сүйекке көңіліміз толмай, басқалардың сүйегімен салыстыра бастасақ, нағашым көзін алартады. Содан кейін кесеңе не түссе де, соған қанағат етуге тура келеді. Кешке қарай нағашымның тракторының дауысы «мен келе жатырмын» деп берілген дабыл секілді. Бөрте: – Әкем келе жатыр. Тауық қора тазаланған жоқ. Қыт-қыттарға жем шашылмады. Қарабасып су да бермеп піз, – деп әжемнің мақамына салып, сөйлей бастайды. Бөрте тауық қора сыпыратын ескі сыпырғышты лақты рып тастап, қолына ауланы сыпыратын өзінің бойымен бірдей сыпырғышты алады. Көркем есік алдында тұрған құманды алып, тауық қораға қарай жүгіреді. Құманның ішіндегі су суық па, жылы ма, әлде ыстық па, оған қарайтын Көркем жоқ. Менің жұмысым – жем шашу. Әжем: – Бір жеті беретін жемді бір-ақ күнде шашып, рәсуа етіп жатырсың, – деп күнде ескерту жасайды. Кейде әжемнің тауықтарға тары шашып жатқанын көрем ғой, тіпті мен беретін жемнен екі есе көп. Бұл туралы өзіне
А. Мантаева д д айтсам: – Менің қолым сенің қолыңнан үлкен. Үлкен қолда береке болады, – деп әжімді бетін жиырып күледі. Егер әжем актриса болғанда ол кісіге режиссерлер комедиялық рөлдерді беруші еді. Бізді әжемнің ертегісі тәрбиеледі. Әжемнің ертегілерінің кем дегенде төрт-бес нұсқасы болатын. Кеше ғана айтып берген «Жалғыз көзді батыр» туралы ертегісі бүгін баяндайтын «Жалғыз көзді батырға» мүлдем ұқсамайтын. – Әже, кеше айтқаныңда жалғыз көзді батыр өлмеуші еді ғой, – дейді ренжіп Бөрте. – Әже, жалғыз көзді батырдың қарлығаштың балапан дарын құтқаратын жерін тастап кеттіңіз ғой, – деймін мен. – Әже, жалғыз көзді батырдың жалғыз өзінің үш өгіздің етін жейтінін неге айтпай кеттің? – деп аузын бұртитады Көркем. – Әже, Көлкем өтілік айтады, ол өгіжді емес, түйені жейтін, – дейді Ботабай. – Қазанбас, мен емес, сен өтірік айтып отырсың, – деген Көркемнің сөзінен кейін екеуінің арасында кезекті ұрыс ба сталып кетеді. Қазанбас Ботабай Көркемнің қалқанқұлағын тартып, «Маймыл» деп жылатады. Әжемнің ертегісінен басталған екеуінің ұрысы төбелеспен аяқталады. Бөрте екеуміз «Жалғыз көзді батыр» ертегісінің әжем айтқан әртүрлі нұсқаларын талқылағанмен, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін біле алмай дал боламыз. Әлден соң: – Әже, «Патшаның үш қызын» айтып берші, – дейміз жан-жақтан қолқа сап. Бұл ертегі бізді әдемі армандарға жетелейтін. Мызғып кеткен әжем: – Мазамды алмай жеңешелеріңе барыңдар. Алпыстан асқан менде қандай ми бар дейсіңдер? Жалғыз көзді батыр кеше қарлығаштың балаларын жы ланнан құтқарса, құтқарған шығар, үш өгіздің етін жесе, жеген шығар. Әй, сендер мені тегі тергеп қоймадыңдар ғой. Бүгін батырдың қарны тоқ, тамақ жейтін жері жоқ, – дейді ашуланып. Бөрте: – Ой, біздің жеңешем ертегі білмейді, сенің мамаң біле ме? – деп сұрайды. Әжелерінің бауырында өскен олар аналарын жеңеше дейтін.
Жанартау д д – Біледі, – деймін даусымнан мақтаныш лебі есіп. Менің шешемнің білетін екі ертегісі бар: «Мақта қыз» және «Жеті лақ». Екі ертегіні қайта-қайта ести берген соң жадымда жатталып қалған. Бөртелерге айтып берер едім, әжелерінің таңғажайып ертегісін тыңдап өскен олар «мектеп оқулығынан оқығанбыз» деп тыңдамай қоя ма деп ұяламын. – Әже, ертегі айтып берші, – деп әжемізді қайта маза лаймыз. Әжем де қу ғой: – Басым ауырып жатыр. Оған қоса аяқ-қолым қақсап, тіпті сөйлеуге шамам жоқ, – деп ора малын шекесіне түсіре тартады. Біріміз әжемнің ауырған басын, біріміз аяқ-қолын уқалай бастағанда: «Ертеде бір патшаның үш қызы болыпты. Ай десе – аузы, күн десе – көзі бар кіші қызының шашы алтын екен» деп ертегісін бастайды. Бұл жолы ешкім «Әже, өте сұлу сіңлілерін көре алмайтын әпкелері кіші қыздың алтын шашын қырқып та стаушы еді ғой», «әже, кіші қызды аю орманға алып қашып кетпейтін бе еді» деп түзету енгізбейді. Біз де қумыз ғой, әжем ашуланса, ертегісін жалғастырмай қоятынын білеміз. Ертегіні тыңдап жатып ұйықтап кететінбіз. Түсімде мен де патшаның қызы екенмін. Әсем шаһарда қыздармен серуен деп жүргенде аспаннан ақ құс келіп, алып кетіпті. Әжем: – Басыңа бақ қонады. Түсінде ақ құстың қанатына мініп, аспанда ұшып жүрген адамның арманы орындала ды,– деп жорып берді. Ертеңіне Бөрте де, Көркем де өздерін ақ құстың аспанға көтеріп алып кеткенін айтқан. Әжем: – Бәріңнің де армандарың орындалып, байлыққа кенеліп, бақытты өмір сүресіңдер. Өздерің бірдей түс көреді екенсіңдер, – деп жымиған. * Таңертең шай үстінде нағашы ағам: – Ертеңнен бастап сиырларды өріске апарып бағасыңдар, – деп өткір көзімен Бөрте, Көркем үшеумізге жағалай қарап шықты. Бізде үн жоқ. Келіскен түріміз ғой.
А. Мантаева д д Әжем құдды біз әскерге кетіп бара жатқандай күйбеңдеп жүріп: – Балалар өрісте қарындары ашқанда жейді, – деп шоққа таба нан пісірді. – Апа-ау, неге сонша әуреленесіз. Үйде нан бар ғой. Жұрттың осы сияқты қыздары қысы-жазы малдың соңында жүреді. Үшеуіне төрт сиырды бағу қиын дейсіз бе?! Өздері секілді балалармен ойнап, қайта бойлары сергіп келеді, – деп жеңешем күйіп-пісті. Әжемнің жұмыртқаға илеп, шұжықтың майын қосып пісірген нанын сол кеште-ақ «пирог» деп соғып алдық. Бөрте: – Печенье болса, күнде өріске «торт» апарар едік, – деп жымың етті. Оның аузының суы құрып айтып отырған «торты» – екі печеньенің арасына тосап жағылып, дайындалатын «торт». Үлкендер біздің бұл ұсынысымызды бір ауыздан қабылдады. «Үкімет» біздерді алдады ма, әлде сол кезде дүкенде печенье болмады ма, «торт» жеу кейінге шегеріле берді. Әжемнің айтатыны шындық: біздің «қарасан келгір сиырлар» жұрттың сиырларындай жуас емес қой. Өріске жеткенше, өрістен қайтқанша, көше бойындағы үйлердің шарбағын бұзып-жарып, шөптеріне ауыз салады. Бөрте, Көркем үшеуміз үш жақтан қуып шаршаймыз. Сиыр бағудың қиыншылығымен қоса қызығы да жоқ емес. Доп тебеміз, «Ақ серек, көк серек» ойнаймыз, одан қалса, әртүрлі ойындар ұйымдастырамыз. Бізбен бірге сиыр бағатын Аман есімді таңқы мұрын қара бала түсте үйіне туған күніне шақырды. Үйде атам да, нағашым да, жеңешем де жоқ болатын. – Әже, бір сом берші, – деп қиылды Бөрте. – Әже, маған да бір сом берші, – дедім мен де қосарла нып. Көркем де әжемнен бір сом сұрады. Бөрте екеуміз екі жақтан: – Сен бармайсың, әлі саған туған күнге баруға ерте, – деп көз аларттық. – Мені де шақырған, – деді ол жыламсырап. Әжем: – Ақшасы құрғырды қай көрпенің астына тығып едім, – деп ұзақ іздеді. Киіздің астын қарады, таппады.
Жанартау д д – Жер жұтып кеткен бе, таба алмадым. Менде қайбір ес қалды дейсіңдер, қартайдық қой. Жарқынай әпкелерің маған сыйға тартқан ақ шашақты орамалды апарыңдар, – деді «ақшасы құрғырды» іздеп шаршаған әжем. – Әже, ол қыз емес, ұл ғой. Аманның туған күніне ора малды қалай апарамыз? – дедік мына ұсыныстан шошып кеткен Бөрте екеуміз. – Сендер орамалды Таңқымұрынға емес, сол неменің шешесі – Қатыш келінге апарасыңдар. Ол Таңқымұрын Қатыш келін болмаса, дүниеге келер ме еді?! – деді әжем. Бөрте: – Әже, сен ақ шашақты орамалыңды Бүбіш әжемнің үйіндегі шілдеханаға тартып барып, үйге келгесін басыңнан бір жеті шешпегенсің, – деді. Әжем: – Әй, жүгермек, ол орамалды екі-ақ тойға тар тып бардым, – деп зілі жоқ дауыспен күңк етті. – Апаруға қомсынсаңдар өздерің біліңдер. – Әже, сандықта жаңа орамалдарың көп қой, – дейміз біріміз. – Әже, сандықтағы неге жаңа камзолдарыңды кимейсің? Әдемі болып киініп жүрсеңші, – дейміз екіншіміз әжемізге ақыл үйретіп. – Әй, боқмұрындар, сендер маған не кию керектігін үйрете бастадыңдар ма? – дейді жорта ашуланған әжем. – Ондағы жаңа камзолдарды көзім тіріде кимеймін. Сүйегіме жинап жатырмын. – Әже, сүйек деген не? – дейміз құлағымызға тосын естілген сөзді қызық көріп. – Әй, сендер өзі туған күнге барасыңдар ма, жоқ па? Тіпті ол орамалды да бермей қойсам, қайтесіңдер? – деп әжем шындап ашулана бастаған соң орамалды жуып, күн көзіне кептірдік. Қатыш апай жаңа орамал деп ойласын деп нағашымның иіс суын септік. Әжем: – Үйде қант таусылыпты. Барған жерлеріңнен қалталарыңа бір уыс кәмпит сала келіңдер. Тәттісіз шай ішсем, басым ауырады, – деп бізге тапсырма берді. – Әже, мен де балайыншы, төлт қалтамды толтылып саған кәмпит әкелем, – деді Ботабай.
А. Мантаева д д – Құлыным, бара ғой. Көркемжан, сен де бар. Ботабай мен Көркемді ертпесеңдер, екеуің де бармайсыңдар, – деп бізді қорқытып қойды әжем: – Тек онша сұғанақтық жасамаңдар, бір уыс қана кәмпит әкелсеңдер жетеді, – деп ескерту айтуды да ұмытпады. Біздерді туған күн иесі Аман көшеден күтіп алды. Жолда газетке оралған орамалды Бөрте екеуміз бір-бірімізге «мен бермеймін, сен бер» деп біраз айтысқанбыз. Бөрте қу: – Менде торғайдың үш жұмыртқасы бар. Өткенде торғайдың жұмыртқасын жағып едім, бетімдегі секпілдерім кете бастады, сен де жағып көрсеңші, – деп мені өзіне тәуелді етіп қойды. Оның бетінен секпілінің азайғанын байқай алмадым. Кім біледі, жағып көрсем, бетімнің секпілі кететін шығар. Орамалды ұяла-ұяла Аманға мен бердім. – Әй, мыналарың орамал ғой, – деді ол таңданып. – Әжем апаңа беріп жіберді. Даусым естілер-естілмес шықты. – Бүгін апамның емес, менің туған күнім емес пе? Әжелерің маған ештеңе беріп жіберген жоқ па? – деді ол жыларман болып. Үндемедік. Аманның соңынан шұбап, үйге кірдік. Да старханда шөкімдей ғана сары май, бір тәрелке шақпақ қант қалыпты. Сарымайды нанға жағып жеп, бір бұрышта Керім отыр. – Төрт кесе айран іштім, – деп кір-қожалақ қолымен қарнын сипалап төрде Сапар жатыр. Самат кәмпиттің жылтырақ қағаздарымен машина жа сап, дастархан шетіне тізіп тастапты. – Кәмпит таушылып қалған ба? Әжеме кәмпит апал машақ, оның башы ауырады, – деп Ботабай жылап жіберді. – Жылама, әжеме мына қанттардың бәрін апарамыз, – деп тәрелкедегі қантты қалтама салып алдым. Самат пен Сапар алысып ойнай бастады. Бір уақытта Саматтың «ой бай, аяғым» деген жан даусы шықты. Ескі еден сынып, оң аяғы екі тақтайдың арасына қыстырылып қалыпты. Сырт тан жүгіріп кірген Қатыш апай Саматтың аяғын тақтайдың арасынан босатып жатып, біраз шерін шығарды.
Жанартау д д – Бұл ескі үйдің барлық бөлмесінің едені сықыр-сықыр етіп ән салады. Үйге қонақ келсе, бетімнің оты шығады. Біздің әлгі маскүнемге бәрібір. Үйінің ескілігіне, шешесінің бізбен сыр бөліскеніне намыстанған Аманның жүзі лезде мұңдана қалды. Біз ол кезде біреуді аяу не мүсіркеу дегенді білмейтінбіз. Аман бізге «енді үйлеріңе қайтыңдар» деп бұйыра сөйледі де, бүк түсіп жатып қалды. * Бір күні сиыр бағып жүргенде мұрным қанап, үйге қайттым. Әжем: – Біздің үйдің қыздары секілді емес, әлжуаз, – деп мені ертесіне сиыр бағуға жібермеді. Жеңешем: – Басынан күн өткен ғой, – деді. Әжемнің мені «әлжуаз» дегенін ұнатпадым. Бір күн үйде болып, сиыр бағуға қайта шықтым. Мұрным тағы қанады. Әжем мен жеңешем сиыр бағуға жібермей қойды. Екіүш күннен кейін Бөртенің де мұрны қанап, сиыр бағудан құтылдық. Түсте үйдегілер ұйқыға жатқанда Бөрте екеуміз ба сымызға газеттен қалпақ жасап киіп, көрші ауылдағы Нұрдан нағашымның үйіне қарай құстай ұшамыз. Нұрдан нағашым дүкенші болатын. Өзі де, әйелі де ысырапшыл еді. Ауладағы бөшке-бөшке пісте май, қап-қап ұн, күріш, қантты түгендеп жатқан жан жоқ. Көршілері көзді ала бере шелектеп үйлеріне таситын. Ит пен құсқа жем боп жатқан дүниелерін біз барғанда нағашымның әйелі қызғыштай қори қалатын. Көршісінің жетіншіде оқитын ұзын сирақ баласы «неге келдіңдер?» деп бізді тергей жөнелетін. Біз Нұрдан нағашымның қалтасынан ақша ұрлап жүретін оның қалайша бұл үйге күзетші бола қалғанын түсінбей, тісімізді қайраймыз. Күзетшілікте ұзын сирақ бала жоқ күндері ебін тауып, қалтамызға толтырып вазелин салып аламыз. Үйге келген соң бетімізге, аяқ-қолымызға, сосын шашымызға гель орнына жағамыз.
А. Мантаева д д Жеңешем: – Көрпе-жастықтың барлығын май қылдың дар, – деп ұрсады. Әшейінде үнемшіл әжем неге екені үндемейді. Бір күні әжем төркін жұртына баратын болып, бізді «көп вазелин, айна-тарақ әкеліңдер» деп Нұрдан нағашымның үйіне жұмсады. Жұмсады дегенім, жұмсартып айтқаным ғой. Әрине, ұрлап алмасаң, бізге көп вазелин мен айнатарақты ешкім бермейді. Бөрте: – Әжемнің төркінінің алдындағы аптортетін кө терейік, – деп құлшынды. Мен де әжеммен бірге шешемнің нағашы жұртына баруға іштей дайындалдым. Бірақ ойымды Бөртеге айтпа дым. Оның да бір ойлағаны барын сезіп жүрмін. – Тағы не ұрлауға келдіңдер? – деп ұзын сирақ бала Нұрдан нағашымның үйіне барғаннан алқымымыздан алды. Амал қанша, үйге құр қол қайттық. – Әже, енді сенің төркініңнің алдында аптортетің түсетін болды, – деді қапаланып Бөрте. – Әй, сол жаман айна-тарақтарың болмаса, мені інілерім үйіне кіргізбейді дейсіңдер ме? – деп әжем қабағын түйді.– Әптөт деген не өзі? – Әже, әптөт емес, аптортет, – деп Бөрте әжемнің қатесін түзеді. – Әй, сен жаман неме маған кәпірдің тілін үйретейін дедің бе? – деп әжем жүре күңкілдеді. – Дұрысы авторитет, – дедім мен. Қатесін түзегеніме Бөрте ренжіп қалды. * Нұрдан нағашымның үлкен ұлы үйленіп, ұлан-асыр той жасады. Жеңгеміз аққұба, өңі жылы, мінезі ашық-жарқын сүйкімді жан екен. – Үйде ертелі-кеш жалғыз боламын. Дастан ертелі-кеш жұмыста. Қатты зерігемін. Үйге жиі келіңдерші, – дейді жас жеңгеміз. Ұрқия апамыз алакөзденіп қарамаса, күзетші ұзынсирақ бала болмаса, жиі келіп тұрамыз ғой. Бір күні баяғы кеткен
Жанартау д д есемізді қайтарып, Бөрте екеуміз қалтамызға толтырып қызыл-жасыл тоқыма жіптерді салып алдық. Үйде ешкім тоқыма тоқымайтын. Алтын жеңешем әдеттегідей сабырлы қалпымен: – Сендер үйге келіп-кеткен сайын енем «олар ұрлық жасайды, үйге көп жолата берме!» дейді. Ол кісінің көп сөзіне сене бермеймін. Сонда да қалталарыңды қарап көрейінші, – деді күлімсіреп. Ұрлығымыз ашылатын болды. Ұяттан қызарып, аяқ тарым дірілдей бастады. – Ренжімеші, айналайын, – деп Бөртенің қалтасына қолын салды да: – Қалтаңда ештеңе жоқ. Енем де қызық қой, – деп маған қарап көзін қысты. Уф, менің қалтамды тексермеді. Кеткенше тексеріп қала ма деп зәрем ұшты. Осы оқиғадан кейін Нұрдан нағашымның үйіне баруға ар-ұятымыз жібермеді. – Жас келін жұқпа нанға жерік екен. Жұқпа дайын бол ған соң апарып беріп келіңдер, – деп әжем жеңешемнің жерік асын дайындауға кірісті. Бөрте маған, мен оған қарадым. – Бармаймын, – деді селқос қана Бөрте. – Сабаққа дай ындалуым керек. – Жазғы демалыста қандай сабақты айтасың? Оқу кезін де сабаққа дайындалам деген сөзіңді естімеуші едім? – деді әжем. – Әже, менің басқа сабағым бар. – Ол тағы қандай сабақ? Прәпестрдің оқуын оқиын деп пе едің? Әлде міністірдің оқуын оқиын деп пе едің? – Әже, қазір айтқаныммен сен оның қандай сабақ екенін түсінбейсің? Ашуланған әжем: – Әй, сенің маған бір нәрсені тү сіндіретін ойың бар ма әлі, жүгермек. Әй, біз де молданың алдын көргенбіз, – деп Бөртенің емес, менің көзімді шұқып ала жаздады. Бармауға тағы басқа сылтау тауып, көнбесе екен деп Бөртенің тілеуін тілеп мен тұрмын. Бөрте: – Әже, менің басым ауырып тұр, – деп басқа
А. Мантаева д д қулыққа көше бастады. – Жас адамның басы ауыра ма? – деді әжем. – Әже, жас адам да адам ғой. Неге оның басы ауырмауы керек? – деп Бөртеге жақтаса бастадым. Осы кезде қазан басына келген жеңешем: – Көп сөзді қойыңдар. Жұқпаны келінге апарып бересіңдер! – деп бұйыра сөйледі. – Бөртежанның басы ауырып тұр, – деп әжем әп-сәтте өзгере қалды. – Жай сылтауы ғой, – деді жеңешем қабағын түйіп. Амал жоқ, басымыз салбырап өзімізге жақсы таныс жолға түстік. Жеңешем: – Сағындырдыңдар ғой, келмей кеттіңдер, – деп бетімізден сүйіп, наз білдірді. Жеңешем Бөрте екеумізге бірдей етіп шарф тоқып бе руге уәде берді. Сол күзде Алтын жеңешем Дастан нағашыммен рен жісіп, төркініне кетті. Содан кейін Алтын жеңешемді көрмедім. Шіркін, өзі де Алтын десе алтын еді ғой. Ұлын төркін жұртында босанды. Қалада менің анаммен кездесіп қалғанда: – Екінші рет тұрмысқа шықтым, ұлым өзіммен бірге. Күйеуім өзімді сүйетін, баламды жат көрмейтін адам. Өткен өкініш болып қалды ғой. Дастанды көп күттім, келмеді. Оның үйленіп кеткенін естігенде ол мен ойлағаннан әлдеқайда басқа адам екенін түсіндім, – деп мұң шағыпты. Дастан нағашым Алтын жеңешем төркініне кеткен соң көп ұзамай екінші рет үйленді. Ол жарымен де ұзақ отандаса алмады. Жұмыс іздеп Ақтауға кетті. Үшінші рет өзінен он жас үлкен үш баласы бар әйелмен көңіл қосып, сол қалада тұрақтап қалды. * Алтын жеңешем төркініне кетіп қалған соң Нұрдан нағашымның үйіне мүлдем барғымыз келмей қалды. Бір күні түсте каналға шомылуға барсақ, су лайланып ағып жатыр екен. Енді не істеу керек? Бөрте де, мен де түсте
Жанартау д д ұйықтау дегенді білмейміз. Екеуміз каналдың жағасында жүрген екі есекті ұстап міндік. Бір-бірімізге қарап: – Жарысайық, – дедік. Жарыстық. Мен мінген көк есек тоңқып-тоңқып үстінен лақтырып тастады. Үлкен тастың үстіне құладым. Өзім жаныммен қайғы болып жатсам, Бөрте: – Аттан да, түйеден де құламай, есектен құлағаның ұят болды. Әл гінде сен құлаған кезде шатырдың үстінде жүрген Жылан ысқырып жіберді. Ол өсекші енді балалардың бәріне жаяды. Балалардың алдында аптортетің түсетін болды, – деп менің беделімді ойлап уайым жеді. – Жыланның сағыз деп алдап, тікенек шөптің тамырын бақандай үш сомға сатып, өзіңді өлтіріп қоя жаздағаны есіңнен шықты ма? – дедім ызаланып. Бөрте мұрнын тыржитты. Бау-бақшаға қаулап шығып, атам отап тауыса алмайтын тікенек шөптің тамырын ақшаға сатып алып, оны сағыз орнына шайнап, үш күн ауырғанын бәлемнің есіне түсірдім. Сол күні кешкісін Бөртенің сыныптасы Қызтумас вело сипед айдап біздің көшеден қайта-қайта өте берді. – Мақтаншақты қарашы. Шамасы, есектен құлаған сені мазақтап жүр-ау деймін. Шошаңдаған бәленің (бұл енді әжемнің сөзі) сазайын беру керек. Ол бөшке мазақтағанның не екенін сонда түсінеді, – деп Бөрте от тастап, мені қайрай бастады. Аңқаулық қой, бір қатты ағашты алдым да Қызтумастың велосипедінің дөңгелегіне тығып қалдым. Қызтумастың жандаусы шыққанда барып, қателігімді түсіндім. Балалық арандатудың құрбаны болған жазған басым шифонердің ішіне барып тығылдым. Біреу қонақ бөлмеге кіріп, жарықты жағып, шифонердің есігін ашқанда қоянның көжегі секілді бүрсіп, дір-дір етіп, басымды көтере алмадым. Біреу мой нымды қылқындыра бастады. Мойынсұна бердім. Көзім қолына түскенде бір қуанып, бір қорландым. Кір-кір Бөртенің қолы. Ызаланып қолын артқа қайырдым. – Мен жай ойнағанмын, кешірші, – деп қанша жалын са да қасарысып жібермедім. Айқайлап көмекке әжемді шақырды.
А. Мантаева д д – Әй-әй, сенен бе, сенен көп нәрсе шығады. Біреудің қызының аяғын сындырып, енді Бөртежанның қолын сын дырайын деп пе едің, – деп менің тыриған арық, бірақ қатты қолдарымнан сүйікті немересін арашалап алды. Шошып кеттім. «Қызтумастың аяғы үзіліп, түсіп қалған екен» деген ой санамда жарқ етті. Жылап жібердім. Әжем: – Мені ештеңе білмейді дейсің бе, осының бәрін ба стап жүрген – сен. Сенің бе, сенің жүрген жеріңе шөп шықпайды,– деп енді Бөртеге ұрса бастады. Содан қойшы, әжем: – Басың жарылып, көзің шықпай тұрғанда әке-шешеңнің қолына тапсырайын, – деп мені үйіме әкеліп тастады. * Өз үйіме келгеннен кейін бір қымбат затымды жоғалтып алып, соны іздеген адамдай аласұра бастадым. Алғаш рет таңға дейін ұйықтай алмай жатқаным әлі күнге дейін есімде. Жұлдыздар біртіндеп сөніп бара жатқан кезде жоғалтқанымды енді ешқашан таппайтынымды сезіп, жана рыма жас іркілген. Таң арайы жер әлемге нұрын шашқанда Таңшолпанды көрдім. Көңілімді түсініксіз қуаныш би леген. Жоғалтқаныңды таппай, іздегеніңе жетпей өмірде адасуың мүмкін, бірақ оның орнын күндердің күнінде қуаныш пен ізгілік толықтыратынын білмесемде тым-тым қиялшыл едім. Таңшолпанды тамашалап жатып ұйықтап кетіппін. Түсімде Ай мен Жұлдыз көрдім. Апамның: «Түс болды, бұл қыз ертең таңертең тұра ма?» деген айқайын да естімегендей, көзімді жұмып жата бердім...
Жанартау д д Қанат ӘБІЛҚАЙЫР Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атын дағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. «Қазақстан ZAMAN», «Ана тілі», «Болашақ» газеттерінде, «Алаш» журналында және «Ел-шежіре» ҚҚ-да қызмет атқарған. Қазір «Жас қазақ» ұлттық апталығында бөлім редакторы. 2011 жылы «Жалын» баспасынан «Текес теріс ағады» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. ЖЫНДЫ (хикаят) Нұрлан түнімен мазасызданып шықты. Ұйықтады ма, ұйықтамады ма белгісіз… Әйтеуір бір сықыр маза бермеді. Әлдебір елес бөлмені аралап, кезіп жүрген секілді. Көрпені қымтанып алып, көз шырымын алмақшы еді. Онысынан да түк өнбеді. Керісінше байғұс баланы бағанағы елес алқымынан алып, тынысын тарылта, қылғындыра түсетін сияқты. Дем жетпей барады. Қымтанған көрпесін аяғымен теуіп кеп жіберді. Балаң жігіттің болаттай денесін салқын леп желпіп өтті. Тұла бойын үрей билеп алған екен. Көзін тарс жұмып алды. Ту сыртында біреу тыныс алып тұрған дай. Қолымен құлағын бітей қойып еді, бүйірінен түртіп жіберді. Денесі дір ете түсті. Бүйрегі шаншу қадалғандай шым ете қалды. Құлақтағы қолын бүйіріне апарды. Пыспыс. Пыс-пыс. Демалып жатыр. Дәл қасында. Анық естіді. Төрт қабырғасы қарауытқан тар бөлмеде өзінен басқа біреу бар. Қазір көзін ашса, жүрегі жарылып кететін сияқты. Дүрс-дүрс. Құлын жүрегінің тұяғы кеудесін тепкілеп жатыр. Осы сәтте әлдебір аялы алақан шашынан сипады. Нәзік саусақтардан жылылық сезілетіндей. Ыстық. Үрейі де сейілген сияқты. Шыдамады. Көзін ашып кеп жіберді. Өзі жатқан төсектен біреу апыл-ғұпыл түрегелді. Дыбыс
Қ. Әбілқайыр д д шыққан бетке көз қиығын тастап үлгергені сол еді, көмескі бейне ұялғандай кейіп танытты. Шашын кескен, аласа бойлы қарақат көзді сұлу қыз жылап тұр. Әппақ көйлегі өзіне құйып қойғандай екен. Аяғында ұзын өкшелі туфли. Артқа шегіншектей беріп еді, шалынып барып түзелді. Терезеден түскен айдың сәулесі қыздың өңін шырайлан дыра түсті. Ғайыптан келген періштеге құмарта қарады. Қорқынышы ұмыт. Осы әсерді бұрын да басынан кешкен сияқты. Қапелімде қай кезде екенін есіне түсіре алмады. Тайсақтаған жанарына ие болып, тіке қарады. Елес қыздың көзіне-көзі түйісе қалып еді, щыдатпады. Тек көзқарастар бір-бірін сағынғандай аймалап, бірі-бірін сүйіп өткендей күй кешірді. Жанарлардың сүйісі. Нұрлан есін жия бастады. Мынау қорқынышты елес екенін ойлап еді, біреу үстінен суық су құйып жібергендей болды. Дереу көрпені бүркеп, бүк түсіп жата кетті. Арқасынан бағанағы нәзік саусақтар сипалап жатыр. Қарақат көз. Таныс. Иә, бір кездері көрген. Өңменіңді тесіп өтер күнәсіз көзқарас санасының бір түкпірінде сақталыпты. Кім еді, ол? Қандай пенде? Қандай періште? Есіне түсіре алмады. Қыз баяу ғана қозғалып, көрпенің шетін ысырды. Үн шығармастан, қасына келіп жатты. Нұрлан шыңғырып жіберер еді. Даусы шықпады. Көмейіне қара тасты тығындап, кептеп тастағандай. Беймаза күйде жатып, ұйықтап кеткен секілді еді. Жоқ, мынандай сәтте ұйықтау қайда? Көзі ілінбепті. Ұзақ үнсіз жатты да қойды. Бөлмеден тұра қашуға дәрмен жоқ. Қазір ғана көңілге періштедей іңкәрлік сезімін оятқан елес қыз алқымнан алып, буындырып өлтіре салатын секілді. Өлім. Не деген қорқынышты еді? Мынау жатқан жері көрге ұқсап кетті. Қараңғы түнек қабір. Барса келмейтін – тұңғиық әлем. Қайта шығар жол жоқ. Ажалмен жетектесіп кете барасың, мәңгілікке. Біт-ті. Теңізге батқан қара тастай жоқ боласың. Жоқ. Мынау ғаламат ғаламнан бірде-бір белгі қалмаған. Кешегі Нұрлан атты бала ертең жоқ. Қанша қорықса да, жонарқасында жатқан қызға қарап көргісі келді. Ақтық рет. Қыздың ойына ештеңе кіріп шықпайтын секілді. Жеті атасының үйінде жатқандай пыс-пыс етіп, ұйықтап жатыр. «Не де болса, анықтап көрейінші» деп ойлады. Бар күшін
Жанартау д д жинап, аунап түсті. Таң да қылаң берген екен. Әлсіз сәуле бөлменің қабырғаларына жарықтың дәнегін себе бастапты. Жоқ. Ештеңе көрінбейді. Айналасына көз жіберді. Жымжылас. Ақырын көрпесін өзіне қарай тартты. Жүрегі және дір етті. Көрпесі ауырлап кеткендей. Жамылғысын сілкіп қалған еді, «мияу» деп қара мысық еденге төрт аяқтап түсті. Түнімен қорыққаны өздерінің қара мысығы екен. *** Қарақат көзді қыздың ұйқысы қанып-ақ қалыпты. Күндегісінен ұзақ ұйықтаса керек. Нұрлан көрпені серпіп қалғанда, жүзін ыстық леп есіп өтіп, ұйпа-тұйпа болған шашын одан әрмен қобыратып жіберді. Сонда да жата түскісі келіп еді, терезенің арғы жағынан мектепке асыққан балалардың даусын естіді. «Ішінде інім мен сіңлім жоқ па екен?» деген оймен атып тұрып, терезенің ернеуіне жабы сты. Жоқ. Ауыр күрсінді. Бүгін тағы көре алмас па екенмін? Ақырын басып, айнаның алдына барды. Күндегі әдетімен тұңғиық, мұңды жанарына ұзақ қарап тұрды. Түпсіз терең көзқарасынан өткен күннің елестерін көргендей болды. Тамылжыта ән салғысы келді. Өзгелер дуылдап қол шапалақтаса деп ойлады. Бұрынғыдай. Мұңды емес, қуанышты бір әнді бастады. Бірақ, ән айтуға бабы жоғын түсінді. Өзгелерге әлі өлмегенін, тірі екенін айғайлап тұрып айтқысы келді. Шекараны бойлап ағып жатқан Сүмбе өзеніне барып шомылғысы келді. Сыныптас қыздармен сырласқысы, сыр ақтарысқысы келді. Амал не? Қарғыс атқыр аядай бес бөлмелі үйден ұзап шыға алмасын сезді. Сезді де ауыр күрсінді. Күрсінісінен кеудесін от шарпып өткендей болды. Айналасына күмәндана көз жіберді. Ешкім жоқ екен. Үй иелері мұның күрсінгенін естісе, тағы да үрейленер еді. Қыз ешкімді қорқытқысы келмейді. Жана рына айнадан тағы да көз жіберді. Домбығып ісіп кетіпті. Түнде неге сонша егілдім екен деп ойлады. Неге жылай мын? Неге? Өз сұлулығына өзі сұқтанды. Өзгелер көре алмайтын, көрсе де бағалай алмайтын сұлулығына болай ын… Осыдан дәл екі апта бұрын бұлай күйзелмейтін еді. Бұлай өзін-өзі мүжімейтін. Неге күйзелсін? Әкесін күнде көретін. Шешесі ұйықтағанда байқатпай барып, жанына
Қ. Әбілқайыр д д жататын. Анасы оянбай тұрып, таңсәріде өз бөлмесіне кетіп қалатын. Інісі мен сіңлісі де бес бөлмелі үйде ұлан-асыр той қылғандай, әптер-тәптерін шығаратын. Асыр салған екеуіне сырттай қызықтағанның өзі неге тұрады? Мұның бөлмесіне жайшылықта ешкім бас сұға бермеуші еді. Мазасын да алмайды. Өзімен-өзі ой жетегіне еретін. Балғын балалық шағына саяхаттайды. Үйдің дәл қасындағы мектепті, сол мектепте сабақ берген ұстаздарды, бірге оқыған сыныпта старды ойлайды. Әлдене есіне түсіп, күліп жібереді. Кейде мұңданып қалады. Есік сықыр етті. Қыз демін ішіне тартып тұра қалды. Осы үйдің жаңа егесі, яғни Нұрланның анасы екен. Соқтығысып қалмайын деген оймен ақырын ғана бұрыш жаққа жылы стап кетті. Баласы жатқан төсекті тез-тез жинастыра баста ды. Ыңылдап ән айтып жүр. «Жол жаққа қараймын, Сен жоқсың арайлым»… Қыз «несіне жетісіп ән айтады екен?» деп ойлады. «Тым құрыса менікіндей де дауысы жоқ». Төсек-орынды реттестіргеннен кейін қайтуға ыңғайланды. Әлдебіреуді күткендей біраз тұрды. Бірдемені ұмытқан секілді. Сосын терезеге барып мектеп жаққа қарады. Әннің қайырмасына келді. «Кешікпей келем деп ең, Мен тұрмын елеңдеумен»… Қыз анасындай мына кісінің қылығына күліп жібере жаздады. Қызық. Бір қарағанда аумаған өзінің анасы. Құдды құйып қойғандай. Қимылы да, Нұрланға деген көзқарасы да өз анасын есіне түсіреді. Тек, екі-үш күн болды, Нұрлан мектепке кетісімен, «Тарих ағай» (та рих пәнінің мұғалімі Әленді оқушылар осылай атайтын) бірдеңеден құр қалғандай екі өкпесін қолына алып жетеді, осында. Апайдың бұлтарғанына қарамай, түрткілеп ойнаған болады. Апай он сегіздегі қыз, Тарих ағай жиырма бестегі жігіттей кейіпке енеді. Тарих ағай мысық, апай тышқан сияқты. Тарих ағай тығылған болып, апайды бас салады. Құшақтап ернінен сүймек болады. Апай алғашында әйелге тән ұяңдықпен қарсыласады. Бірақ, қарсылық ұзаққа со зылмайды. Тарих ағайдың дегені болады. Сосын… Қыз одан әрі қарауға шыдамай өзге бөлмеге өтіп кетеді. Тас қабырға қыз үшін бөгет емес. Ар жақтағы дауыс ап-анық естіліп тұрады.
Жанартау д д – Мен осы сәтті он алты жыл күттім, – дейді Тарих ағай… Апай ернін тістелеп, жылай береді. Сол жыласпен қоса, рахаттанған бір дауыс та үздіге шығады. Елес қыз да өзөзіне ие бола алмай, өзімен-өзі арпалысады. Өмірінде бір рет, иә, өмірінде бір жігіттің құшағында… Ауыр күрсінді. Әйелге тән қызғаныш сезімі оянғандай. Бір от тұла бойын күйдіріп бара жатыр. Дереу құлағын бітей қойды. Бәрібір естіледі. Өмірінде алғаш рет еркек кіндіктіге, өзіне бес жыл ұстаз болған ұстазына қызыға қарады. Апай түлкі бұлтаңға салып жатыр. Тарих ағай бүркіттей шүйлігеді. Жемтігін жәукемдеп жатыр. Ештеңеден хабары жоқ Нұрлан есіне түсті. Ол алаңсыз сабақта отырған шығар. Осыны ойлап еді, Тарих ағайды да, Нұрланның анасын да жек көріп кетті. Бәрібір. Жек көргенімен, ештеңе өзгермейді. Мына өмір қандай пәк болса, сондай лас екенін аңдады. Аңдады да ұзақ жылады. * Нұрлан сабақта ұйықтап қала жаздады. Қор ете түскен екен, қасында отыратын бала түртіп жіберді. Селк етті. Қайда отырғанын ойлап үлгермеді. Ду күлкі. Дәл қар сысында қазақ тілі мұғалімі тұр. – Әлімов, неге ұйықтап отырсың? – Ұйықтап отырған жоқпын. Сыныптастары тағы да күлді. Ту сыртынан біреуі: – Ол ұйықтап емес, қорылдап отыр, – деді. Дауыс шыққан жаққа қарап еді, кім екенін аңғарып үлгермеді. Ыңғайы әлі ұйқысын аша алмаған сияқты. – Ұйықтап отырмасаң, мен не айтып жатырмын, қайталашы… Нұрлан жерге кірердей ұялып, басын сипалап тұрып қалды. Бұған ренжіген мұғалім: – Түнімен шошқа тағалағансың ба? – деді. Сынып тағы да күлкіге кенеліп қалды. Бұл өмірде елдің күлкісіне, келемежіне қалудан артық қорлық жоқ. Тісін қанша қайрағанымен, амал қайсы? Қолдан келер қайран
Қ. Әбілқайыр д д жоқ. Басы салбырап қашанғы тұрсын. Мұғалім зілді дау ыспен «отыр» деді. Отырып еді, түндегі жайсыздық ойына орала кетті. Жа рымжан көңілі құлазып сала берді. Үрейлі ойдан қашып, терезенің ар жағындағы әлемге көз жіберді. Мектептің алдында терең ойға батқан Һәкім Абайдың ескерткіші тұр. Мыңмен жалғыз алысқан ғұлама шынашақтай баланың мұңын түсенер ме екен? Әй қайдам! Осы ауылдың бала лары бір әзіл айтушы еді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Абай ескерткішіне қарама-қарсы қасқайып, қолын созған Лениннің бейнесі тұратын. Ол ескерткіш Абайдың тас мүсінінен де еңселі еді. Кішкене кезінде нағашыларына келіп жүріп, талай рет көрген. Айналасы гүлмен көмкеріліп, құлпырып тұратын. Иегін таянып отырған Абай айтыпты: – Ленин көке, бас ауырып кетті, бірдеме бар ма? Сөйтсе қолын созған Ленин: – Кеңесбектің дүкені әне тұр, – депті. Осыған бәрі риза болып күліп еді-ау. Әзілге Кеңесбек пен оның дүкенінің кіргеніне мәз болысқан. Бұл әзілді осы қазақ тілі апайы естіп: – Баяғыда қирап қалған ескерткішті қайдан білесіңдер,– деп ұрысқан еді. Өзін қанша қинап осындай жалаң ойлар ойлағанмен, ештеңе шықпады. Керісінше, кенеттен тас мүсінге жан бітіп, сөйлеп кететіндей әсер қалдырды. Тіпті, жансыз ескерткішке қарауға қаймықты. Әзілдегідей Нұрланмен тілдесіп, түндегінің мысық емес, беймәлім бір күш екенін айтатын сияқты. Бүгін түнде сол күш баланы буындырып өлтіретінін, сол үшін бүгін ол бөлмеде түнемеу қажеттігін ескертетін сияқты. Тас мүсіннің артында қарақат көзді, ақ көйлекті қыз тығылып тұрған сияқты. Әйтеуір, сияқты… сияқты… сияқты… Басқа бірдеңемен алданғысы келді. Тағы да терезе жаққа көңіл аударды. Құлпырған сирень гүліне ұзақ қарап қалыпты. Ар жақта гүлден-гүлге ұшып-қонып жүрген араның дауысы анық естіліп тұр. Бұл да болса, кешегі түнді ұмыттыруға медет бола алатын шығар. Кішкентай ғана тіршілік иесі тынымсыз еңбектеніп жүр. Иә, бұл да алданыш бола алмады. Түндегі беймаза шақ қайтадан есіне түсті. Сұлу қыз. Шашы қандай еді, шашы?
Жанартау д д Қысқа ғана. Өзіне жарасады екен. Қарақат көз. Қайдан көрдім? Қайдан? Жоқ, әлде мүлдем көрмедім бе? Көрмесем, мұндай күйге түсер ме едім? Көрсем… Өз өміріне көз жүгіртті. Өз ауылына. Сыныптастары… Жоқ, бірде-бі реуінің жанары кешегі қыздың көзіне ұқсамайды. Жылап тұрған. Дәл сол қыздай шынайы егіле жылаған бірде-бір жанды көрмепті. Түнде сол қыздың жанарымен жанары түйісіп қалды ғой. Қара мысықтың көзі… Жоқ, мүмкін емес. Сондай пәк, сондай әдемі… Одан ары ойлаудың өзі үрейлі. Дір етті. Қасындағы досы бүйірінен түртіп қалған екен. Кеше дәл осылай түртпеп пе еді?.. Қоңырау соғылған екен… * Қыз терезеден сыртқа қарап тұр. Алақандай ғана ауыл. Қилы тағдырлар. Бәрінің өмірінің бір ұшын осы бір ауылға күрмеп байлап қойғандай. Алысқа кетеді. Қайтып келіп жатады. Келмейтіндері де бар. Ой, оларды қойшы. Аядай ауылдың бәрі бір-бірін таниды. Бүгін болған жайды, ертең елдің бәрі естиді. Әлдебір сырды бүгіп қалу мүмкін емес. Әне, көрші үйдің қызыл сиыры туған сияқты. Кеше мына бір тұста, желіндеп жардай болып жүр еді. Бүгін қораға қарап мөңірейді. Ыңғайы бұзауы да енесін іздейтін шығар. Өзі сияқты. Анасын ойлады. Мұны өлдіге санап, денесін жерлеуге әкеткенде қалай боздап еді. Қасына келіп, «ана жыламашы, мен тірімін ғой» демек еді. Үш әйел денесін шо мылдырды да, ақ кебінге орады. Анау бір көрші апа ренішті кейіппен: «Қап-ай, ә! Қыздың омырауы мен ұятты жерін жабатын қолаң шашы жоқ екен-ау, мұндай болады деп кім ойлаған? Тіпті, құлағының тесігі де бітеліп қалыпты. Балалық жасап, өзіне-өзі қол жұмсады-ау! Енді жаназасы да шықпайтын болды. Алла алдынан жарылқағай», – деді. Сол ақ екен, кілем көтеріп, бес-алты ер адам кірді. Бәрін таниды. Осы ауылдың ақсақалдары. Мұның денесін әлгі кілемге орады да, көтеріп ала жөнелді. Құр денені көтерген ағалары мен аталарының аяғына жабысып, жылап келеді. «Әкетпеңдерші, денемді… Мен тірімін ғой… Тірімін…» Осы сәтте бір топ адам дауыс салып жоқтау айта бастады да, мұның жалынышты үні сол жоқтауларға жұтылып кетті.
Қ. Әбілқайыр д д Елмен ілесе табалдырықты аттап еді, ар жақ қап-қараңғы әлем екен. Дереу кері қайтты. Өз үйі. Табалдырықтан тағы аттады. Үрейлі дыбыстар. Шыңғырып жатыр. Жылап жа тыр. Біреулердің денесін құрт-құмырсқалар кеміріп жатыр. Біреулерінің мойнына абжыландар оралып алыпты. Кері қарай бір қадам басты. Өз үйі. Анасының шашы жайы лып кетіпті. Тура өзіне қарай еңіреп жылап келеді екен. Құшақтай алды. Дәл осы сәтте анасы талықсып құлап бара жатты… Көзіне жас келіп қалып еді. Көшеде жүгіріп ойнап жүрген Дидар мен Тұрысбектің дауысы (көршілердің балалары) көңілін бөліп жіберді. Сарытөбе жаққа көз жі берді. Ех, інім мен сіңлім қайда жүр екен? Сағыныпты. Олар көшпегенде осы үйді қан базарға айналдырып жатар еді. Ойынның түбін түсірер еді. Сөйтіп жүріп, бір-біріне ренжіп, жылап қалар еді. Төбелесті бастайтын да, бітіретін де, күлдіретін де, бүлдіретін де, қуантатын да, жылататын да сотқар інісі. Бұл шекісу ұзаққа бармайтын. Сіңлісі тез ренжігенімен, тез уанатын, тез жібитін. Бір қарасаң, соғысып, енді бірде түк болмағандай ойнап кете баратын. Әпкелері сыртынан ғана қарап, бақылап тұрушы еді. Сол бір күндер бақытты шақтар екен ғой… Енді ол күндер де қайтып келмейді, мәңгілікке. «Есік алдына шығар ма еді?», – деп ойлады. Табалдырықтан ары аттаса, көрге түскендей күй кешетінін біледі. Десе де, есіктің арғы жағы қайнаған өмір. Тек саңылау тауып, сығалаудан өзге қайран жоқ. Моп-момақан ауыл. Қаймағы бұзылмаған қазақы орта. Ма засыз масасы да, «ыз» еткен шыбыны да жоқ. Тек шекара бойындағы өзеннің гүрілі ғана тыныштықтың көйлегін дар-дар жыртады. Ерменнің иісі танауыңды қытықтайды. «Бір түп жусан болса ғой» деп армандайды. Сол жусан нан әкесінің иісін иіскер еді. Есік алдында қаулап өскен алаботаға қарады. Бір түбін жұлып алып, танауға тығар ма еді?! Ермен иісі. Үп еткен самал сол иісті одан әрмен құлпыртып жіберетін. Сирень гүлдеген кезде бұл да гүлдеп шыға келуші еді. Осы үйді талай жігіт төңіректеп жүретін. Інісі мен сіңлісі кәдімгідей қызғанып, әпкесін қоритын. Ол дәурен де анау Сарытөбеден асып кетіпті-ау…
Жанартау д д Көрші үйдің қызыл сиыры қораға қарап тағы да бір мөңіреп қойды… * Нұрлан сабақтан шыққанда күн тасбақадай тырмысып жүріп, тас төбеге көтеріліп қалған еді. Түндегі қорқынышты ойдан арылайын деді. Арылмағанда ше? Қорыққанға қос көрінеді. Жігіт емеспін бе? «Он үште отау иесі» дейді ғой. Он үшің не, бақандай он бестемін. Енді әкем де жоқ. Анама қорған болуым керек. Ол үшін… Оны қойшы. Бір қара мысыққа бола елге күлкі болармын. Өткенде ауыл балаларымен… Иә, жотадағы қабірлерді аралағаны есіне түсті. Езуіне күлкі үйірілді. Жаны мұрнының ұшына келіп, далбалақтап жүгіріп еді-ау… Бұл да сол секілді оқиға ғой. Ауылдың бас жағында Белтоған атты канал бар. Ал Сүмбе өзені шекараның ішінде. Ниязбек қажы қаздырған дейтін Белтоған каналы сол Сүмбеден бөлініп шығады. Ауылдың оң қапталы – темір қоршау. Тек шекарашылардың рұқсатымен ғана өтуге болады. Ауылдың төмен жағында үлкен қақпа бар. Шекараның ішіне өтетін ауыл адамдары сол қақпадан кіріп, сол қақпадан шығады. Ішке тек құ жатпен ғана кіргізеді. Естияр адам болмаса, балалар өз беттерімен ол жаққа бара алмас еді. Ойнайтын жер де тар. Тынысыңды тарылтады. Ауылдың солтүстік батысы – жа быр-жабыр жоталар. Сол жоталар көңілге медет. Амал сыздан балалар Белтоғанды жағалап кететін. Нұрландар да сол Белтоған жақта жүрген еді. Әли жүгіріп келді. Бұл өзі – қулау бала. Не әзілін, не шынын аңғару қиын. Екі беті нарттай болып, қызарып жүргені. Шығармайтын бәлесі жоқ. – Балалар, бейітке барып қайтайық. Балалар төбеден түскендей ұсынысқа аңтарылып қа лысқан. – Өй, сен немене, нағашыңдікіне баратындай айттың ғой, – деген Нұрлан.
Қ. Әбілқайыр д д – Барса несі бар. Қорқасыңдар ма, не? Мен қорықпай мын. Кім су жүрек қоян болса, сол бармай-ақ қойсын, – деді Әли Нұрланға қарап. – Мен қорықпаймын! – Қорқасың… Қорықпасаң, нан ұрсын деші. – Демеймін. – Демесең су жүрек қоянсың… – Ал, дедім. Нан ұрсын. – Сен нан ұрсын деген жоқсың. «Мнан» ұрсын дедің. – Нан ұрсын дедім. Нұрлан шақылдаған мына пәлекетті алқымнан алып сыбағасын берер еді. Амал не? Өзі өзге ауылдан келген. Мына балалардың бәрі Нұрланға батпай жүр. Бір ши шықса, жабыла кетуі мүмкін. Сақтықта қорлық болмақ емес. Амал сыздан бәрі қабірстанды бетке алған. Бәрінің де жүрегі лүпілдеп келеді. Әли ерекше мәз. – Анау тұрған, иә, үлкен күмбез – осы бейіттердің «бастығынікі». Соған барып топырақ салуымыз керек, – деп қояды. Сосын не керек, мазарларды аралап жүріп үлкен күм безге де жеткен. Жете берген кезде Әли тағы бір пәлені шығарды. – Осы күмбезге бәріміз амандасып кіруіміз керек, – деді. Енді шегінуге жол жоқ еді. Кірмейді екенсің, мазаққа қаласың. Бір керегесі қақырап қалған қабірдің ішінен пыр етіп торғай ұшып шықса да, жалпаңнан түсуің мүмкін. Ба лалар «пісмілләсін» мың қайтара айтып бір-бірден мазарға кіре бастады. Нұрлан шеткерірек тұр еді. Жабыр-жабыр жоталардың көрпесі салақ әйелдің жиналмаған төсегіндей ұйпа-тұйпа болып шашылып жатыр екен. Тауға қарай көк есегімен Елеусіз шал томпаңдап барады. «Мына балалар не істеп жүр» дегендей анда-санда қарап қояды. Жанары балалар кезектесе амандасып кіріп жатқан еңселі күмбездің құлаған қабырғасындағы саңылауға ұмсынып еді, тас төбеге көтеріліп қалған күнге қарықты. Құлағының түбінен Сүмбенің сұлу ағысы қытықтағандай болды. Салқын жел мазарлардан әлдебір күңіренген дыбыс шығарып, құлындай жүрегін дірілдетіп, әлдебір жын-шайтанның симфония
Жанартау д д сын әуелетіп жатқан секілді. Мазардың қабырғасындағы ескерткіш тастағы жазуды да ежіктеп оқыды. «Қа-л-мырза-ұлы Не-сіп-бек, 1931-1988 жыл, Дос-тар-ы м-ен ба-лалар-ын-ан»… «Құдайға шүкір» деді іштей. Әліпті таяқ деп біледі. Әйтпесе мына моланың кімдікі екенін де білмес еді. Осы сәтте танауының сырылдап, пыш-пыш еткенін аңдады. Еркінен тыс ала қашқан мұрынының суын жеңімен көлденеңдете сүртіп қойды. Бұ қабірдің егесі – Несіпбек шал. Өзінің топшылауынша ол кісі Нұрланның екі жасын да дүние салған. Бұл ауылда кімнің әкесі, я кімнің туысы екенін бір Құдай біледі. Кіру кезегі Нұрланға да келіпті. Өзгелер секілді: – Ассаламағалейкүм, ата, – дегені сол еді, ар жақтан: – Уәліксалам, – деген үрейлі дыбыс шықты. У-шу. Азанқазан. Біреу құлап жатыр. Бірі тұрып үлгерді. Төрт-бес бала бірден мазардың есігіне кептелген. Бәріне жан керек екен. Мазар мазардың үстінен секіріп, сүрініп-қабынып ауылға қарай дедектеген. Нұрлан да өзгелерден қалыспады. Соңғы кіргендіктен есік жақта тұр еді. Есіктен де бірінші шықты. Тек қашып келе жатып, шеті түсіп кеткен бір қабірге ша лынып құлады. Жүрегінің жарылып кетпегеніне қайран қалды. Ол не болғанын аңғарып үлгергенше, үстінен үш төрт бала өтіп үлгерді. Бұл оқиға бүкіл ауылға жыр болды. Бәрін ұйымдастыр ған – Әли. Алдын ала ауылдың үлкен жігіттерімен келісіп алыпты. Бір жүрек жұтқаны күмбездің ішіне барып жатқан. «Уәліксалам» деген ешқандай әруақ емес, осы ауылдағы Ғазиз екен. «Қорыққанға қос көрінген» деген осы. Сол кезде де аман қалып едік. Енді неге үрейленіп жүрмін», – деп ойлады Нұрлан. Үйіне келді де дереу киімін ауыстырды. Асықпай оты рып түстенді. Балалармен бірге Белтоғанға барып, суға түсетін уақыт болып қалыпты. Кеш батқанша, сол жақта жүретін. Футбол, аударыспақ ойнайды. Кеш бата діңкелеп кеп құлайды. Бүгін Белтоғанға барғысы келмеді. Түндегі қанбаған ұйқының сазайын бермек. Төсегін салды да, жатып қалды. Көрпені қымтап алған балаң жігіттің мына
Қ. Әбілқайыр д д қылығына қыздың күлкісі келді. Қазір асықпай ұйықтап алсын. Мазаламай-ақ қояйын деп ойлады. * Бәрі неден басталып еді? Апасының келгенінен. Жо-жоқ. Анасы әппақ көйлек әкелген күні. Иә, сол бір күні жаны бір керемет күйге еніп еді ғой. Шалықтап жүрді. Мына ауылда, ауылды қойып мынау ғаламда өзінен әдемі, өзінен сұлу ешкім жоқ. Тек. Рас. Үстіне құйып қойғандай еді, көйлегі. Айнаның алдына жүгіріп барған. Өзін емес, періштені көргендей болды. Көйлектің етегі қандай еді?! Жүрген кезде гүлге ұқсап кететін. Түп-түзу аяғын айқастыра басып, бөлмеге сыймай біраз жүрді. Осы сұлулығымды көрсе ғой деп ойлаған. Оның атын атамақ түгілі, ойлауға қаймығатынды. Ішіндегі бұлқынған сезімін біліп қоятындай қысылатын. Біліп қойса, нәркес сезімінің күл-талқаны шығатындай… Оның үстіне қыз баланың… Иә, оның кейбір қылықтары Нұрланға ұқсаушы еді. Дәл Нұрлан секілді ұяң болатын. Өзімен-өзі ғана жүретін қақта-соқ мінезі жоқ жігітті елдің бәрі ұнататын. Оның алдында кейбір жас мұғалималар да өздерінің орнын ұмытып, қылымси қалатын. Нұрландікі секілді балаң мұрты тебіндеп қалып еді-ау, сол кезде… Мұны өлдіге санап, елдің бәрі осы үйге көңіл айта келген де… Өз ойымен өзі арпалысып, мына бір бұрышта ұзақ ойланып тұрып еді-ау… Қасына барып еді-ау… Дәл сол кезде ол да сезгендей тіке қарап еді-ау… Көзінен бір тамшы ыстық жас… Қыз өзінің ойынан шошып кеткендей болды. Қайтадан кіршіксіз аппақ қардай көйлекті ойлады. Сол көйлекті кие салып, шыр көбелек айналған-ды. Адам көркі шүберек. Мұндай әдемі киімді қолы жеткендер ғана киеді. Мектепке асықты. Сыныптастарына ақ көйлегін көрсет кісі келді. Сонымен, сонымен алып ұшып мектепке барған. Бәрі де көрген түстей. Тұлпар уақыт та зымырап бара жатқандай. Сабаққа да тиянақты дайындалған. Қыздағы өзгеріске бүкіл сыныптастары таңдана қарады. Сол күні жігіттер де әрнені сылтауратып, қасынан шықпай қойды. Тек қасында отыратын құрбысы сабаққа келмей қалыпты.
Жанартау д д Әуелгіде орны бос сияқты еді. Бір қараса, сол бос орынға кимешек киген әже отырып алыпты. Бұл әже менің қасымда неге отыр деп ойлады?! Үзіліс кезінде құрбыларынан сұрап еді, бәрі қызға үрке қарап, аң-таң қалысты. Келесі сабақта да әлгі кемпір үн-түнсіз қасында отырды да қойды. Мұнан өзге ешкім ол кісіге назар аударып жатқан жоқ. Тіпті, сыныпқа өзге кемпірдің кіріп кеткенін де елемейтін сияқты. Қыз қорқа бастады. Сабақ бітіп, үйге қайтқанда да, кемпір артынан бір елі қалмады. Үйге келе сала түстенді. Кемпір қарама қарсысына келіп отырып алды. Далаға беттеп еді, ере шықты. Есі ауысқан жандай ауылды кезіп кетті. Кемпір бір елі де қалар емес. Көлеңкесіндей ілбіп ере берді. Ақыры шыдамай: – Сіз кімсіз? – деген. – Әжеңмін, Күлия әжеңмін, – деді кемпір тілге келіп… Әкесінің осыдан отыз жыл бұрын о дүниелік болған шешесі. Өзінің әжесі. Қыз бақырып жылап жіберді. Ағылтегіл… Қорыққаны соншалық, не көргенін айтып, көзіне ерік берген. Дәл сол сәттен бастап өмірі өзгеріп сала берді. Содан кейін әкесі мен шешесі қызды қаратпаған бақсы-балгер, тәуіп-құшнаш қалмады. Емшінің бәрі бар бәлені әппақ көйлекке жапты. Оқытып тастаған дейді. Соны шешесі тауып алып, қызына кигізген. Қыз елестен құтыла алмасын сезді. Үш күннен кейін көрге де үйренесің. Бірте-бірте үйренісе бастады. Осылай болуы керек секілді. Еш жері ауырмайды. Ақыл есі түзік. Керісінше, санасы бұрынғыдан да тазалана түскендей. Естігенін қағып ала ды. Білмейтіні жоқ. Тек. Иә, тек әжей екеуі үйге қамалды. Дұрысы қызды ешқайда қия бастырмайды. Қыз ешқайда бармаған соң, әжей де кетпейді. Бес бөлмелі үйдің бір бөлмесінде отырады да қояды. Оған қыз өкпелемеді де. Зерікпейді. Анығы зеріктірмейді. Қарап отырмай өлең жазатын болды. Күмбірлетіп күй шертеді. Өлең жазбай ды, жазғызады. Күй шертпейді, шерткізеді. Қоңыр үн қалықтап шығып, ұзаққа самғайды. Күллі ғаламды үн бесігіне салып тербетеді. Күйге қанат бітіп, Сүмбенің қос қырқасына қарай алып ұшады. Күйдің қос қанатына әжесі екеуі мініп алған. Қос қырқаның ар жағынан да, осындай
Қ. Әбілқайыр д д әсерлі музыка естіліп, жаңғырып жатады. Шартас жақтағы ескі қорымдардағы әруақтар «аллаһу акбарлап» жатқандай болады. Үш ай уақыттың ішінде қыздың нақышына келтіріп шертетін күйлерінің саны төрт жүз жиырма жетіге жетті. Әжесі жазғызған өлеңдермен үш қалың дәптерді толтырды. Ал, әжесінен үйренген әндердің санын есептеген жан жоқ. Үш ай шырқасаң да, тауыса алмайсың. Өзі бұрыннан білетін Қапез бен Шалтабайды былай қойғанда, қазақта әнші мен сал-серіден қисап жоқ екен. Олардың рухтары келіп, қызға бар өнерлерін үйретеді. Әжесі қызықты қисаларды айтады. Кешегі дәстүрлі ән деп жүргендеріміз… Иә, авторлары бар екен. Осының бәрін елге айтқысы келетін болды. Бірақ, мына бөлмеден шығуға рұқсат жоқ. Бар білгені мен бар үйренгені осы бөлменің ішінен ұзай алмайды. Бір күні оңтайлы сәтті пайдаланып, далаға шығып кетті. Өз үйлерінің қоршауларына жапсарластыра малдың тезегін үйіп тастаушы еді. Соның үстіне шықты да, концерт қойды. Мұны тыңдауға келгендердің санын бір ғана Құдай біледі. Айнала елестерге толып кетті. Сол елестердің арасында көршілер де жүр. Қыз азғантай көршілердің өздерінен әлдеқандай рухты елестерді көре алмайтынына өкінді. – Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Серікқызы… Қыз іштей бір күліп алды. Маған мұндай атақтың қажеті не? Сонда да, телеарнада әншілерді осылай таныстырып жатады ғой. Бір ән айтты… Екі ән… Үш… Бүкіл ауылдың аспаны жырға бөленді. Үш ән – үш өлкенікі. Арқа, Сыр, Жетісу… Дәл осы сәтте қыздың сыртқа шығып кеткенін байқамай қалған әкесі жетіп келді. Әп-әдемі концерттің быт-шыты шықты. Әй шайға қарамай, дедектетіп жетелей жөнелді. Қыз ән тыңдауға келген елестерден кешірім де сұрап үлгермеді. Үйге кірген соң, әкесі «сыртқа шықпа» деп қатты ұрысты. Өстіп күндер алға оза берді. Қыз үшін бәрі бұрынғыдай. Тек сабаққа бармайды. Елдер «жынданды» дейді. Жын данған өздері. Туыстары күн аралата жағдай сұрап келіп жатқаны болмаса, дені сау. Киімі бүтін. Көңілі тоқ. Ақыл есі
Жанартау д д де орнында. Соңғы үш айда бойындағы көмескі талантының көзі ашылды. Тап-таза бұлақ секілді. Ол бұлақтан күллі адамзат сусындаса да болады. Шөлі қанады. Өшкені жанып, өлгені тіріледі. Ол талант күннен-күнге шыңдалып жатыр. «Өстіп адамды қамап тастап, өнерді өрістетуге болады екен ғой» деп ойлайды. Осы қазір әжей қайда? Күн батып барады екен. Қыз Нұрланды оятпақшы болды. Бейуақыт болып қалыпты. * ** Нұрлан оянғанда көз байлана бастаған. Тағы да жата тұрғысы келді. Бірақ, қайдам… Қазір өрістен қой келеді. Оларды бөліп алып, қораға қамау керек. Үйдің іші де қаракөлеңкеленіп қалыпты. Көзін уқалап біраз отырды. Сосын тұра беріп еді, қақ алдынан бір елес жүгіріп өтті. Жүрегі атқақтап кетті. Қайтадан сылқ етіп отыра кетті. Маған не көрініп жүр? Маған не болды? Бәлкім кешегі ойдан арылмағандықтан болар деп ойлады. Елемегенсіді. Сәл отырды да, далаға беттеді. Ауыл адамдары кезекпен қой бағады. Әнеукүні бұлар жаңа үйге көшкенде «туыстары қораларың малға толсын» деген ниетпен оншақты тұсақ атаған еді. Мал ұзап жа йылған күні балалардың тілегі орындалады. Жота жаққа ба рып, ойынның қызығына кіреді-ай дейсің… Ауыл балалары ойынның көрігін қыздырып жүріп кей кездері қойдың келіп қалғанын да аңдамай қалатын. Аяқ асты у-шу басталады да кетеді. «Ай, әлгі оң құлағы шолақ ақ саулық қайда?», «Ана қазақы қойдың қозысы адасып қалыпты, бар тауып кел», «Әй, анау қошқарың бүгін біздің қорада түнеп шықсын?»… Осындай сөздермен бірге қосамжарласып, қой маңырап, сиыр мөңіреп азан-қазан болады да қалады. Осының өзі қызық. Нұрлан бүгін де қойдың кеш келуін іштей тілеп келе жатыр. Бүгін ойынға бармады. Тым құрыса, бір-бір жарым сағат құмардан шығатын. Нұрландар осы ауылға көшіп келгелі, міне он үшінші күн. Ертең екі апта болады. Бірақ, бұрын да нағашыларын ікіне кеп тұратын. Сондықтан, ауылды жарым жартылай
Қ. Әбілқайыр д д біледі. Түпкілікті көшіп келген осы екі аптаға жуық уақыт ішінде ауыл балаларымен үйренісіп кетті. Балалар жақсы ғой. Соғысады. Ертесі татуласып, ары қарай ойнап кете береді. Кек сақтау деген жоқ. Ал, үлкендер… Иә, мысалға әкесі мен шешесін алыңызшы. Екеуіне не жетпейтін еді?. Күнде ұрыс, күнде керіс. Соңғы екі жылда әкесі адам таны мастай өзгерді. Бұрынғы бақытты күндері ұмыт. Мұны мой нына мінгізіп алып, арсалаңдап жүретін зіңгіттей жігіттің құр сүлдері ғана қалды. Күнде ауылдың алқаштарының басын қосады. Солармен бірге жүреді, солармен бірге ішеді. Ауылдастары «алқаш» десе де, намыстанбайды. Сосын үйге келеді де, шешесін тепкінің астына алады. Нұрлан осы уақытқа дейін шыдап келді. Тек, ажырасардың алдында… Үйге кірсе, тағы да анасын ұрып жатыр екен. Жетіп барып, қолына жармасты. Масаң әкесінде не күш бар дейсіз, жұлып алды да, қалбалақтатып итеріп жіберді. Сол-ақ екен әкесі: – Ей, шата, сен менің балам емессің, білесің бе? Менің балам емессің? Менің… Әкесі етпеттей құлады. Екі иығы солқ-солқ етіп, егіліп жылап жатыр. Нұрлан түк те түсінбеді. Мас адам не де мейді? Үйден шыға жөнелген. Біраз көшеде жүріп, үйге қайтты. Келсе, шешесі буынып-түйініп отыр екен. Сол күні нағашысының үйіне көшіп келді. Қатты шаршапты. Үлкендер ауызғы бөлмеде әңгімелесіп отырған-ды. Ұйық тап кетті. Қанша уақыт болғанын білмейді. Біреудің жы лаған даусынан оянып еді. Шешесі екен… – Ол кімге тартқанын қайдам? Ынжық емес, әйтеуір. Мінезі – дүт. Бір күні бәрін біліп, өлтіріп қойса, қайтем? Сорлаймын ғой, сорлаймын… Онсыз да он алты жыл сорлағаным да жетеді… «Не жайында айтып жатыр екен? Кім жайында. А, өт кенде көршілері Бақарқұл әкесін өлгенше сабап еді ғой. Шешем кетерін кетіп алып, енді әкемді уайымдап отырғаны несі екен?», – деп ойлады. Ар жақтан Тарих ағай: – Болды жылай бермеші. Бәрі артта қалды, – деген. Осындай ойлармен арпалысқан Нұрлан Белтоғанға қалай жеткенін аңдамай қалды. Бүгін күнде асыр салатындардың
Жанартау д д бәрі тым-тырыс. Дөңестеу жерде әңгіменің отын тұтатып отыр екен. Нұрлан да еріксіз қызды-қызды әңгімеге құлақ түрді. * Бес ешкі. Шайтан адамдардың көзіне ешкі болып кө рінеді екен. Алғашқы әңгіме осылай басталды. «Қазір қой келеді-ау, сол қойдың арасында Сәметтің елу ешкісі барау… Сол ешкінің бесеуі шайтан болып, мына балаларды қуа жөнеледі-ау… Жо-жоқ… Иә, сөйтеді. Айтушы да, тыңдаушылар да біреу «тәйт» десе қаша жөнелер еді. Бірақ, «тәйт» деп айғай салуға осындағы бірде-біреуінің жүрегі дауаламайды. Керісінше, бір-біріне анағұрлым жақындай түскісі келеді. Лүпілдеген жүректер, бір-бірінен пана тілейді. Бір-біріне қамал. Алғашқы хикая аяқталды. Бірақ, екінші бір бала ешкі тұяқты сұлу қыз туралы әңгімені ба стап кеп жіберді. Кішкентай жүректер лүпілдеп, кеудені жарып шығардай ұрғылайды. Оқиға қызықты, әрі үрейлі. Анау қорымдардан ешкі тұяқты қыз келе жатқан сияқты… Ол қыз осы әңгімені естіп, қастарында тұрған сияқты… Қазір оны әңгімелеп тұрған бала сол қызға айналып кететін сияқты… Бұл әңгіме де түгесілді. Қойды ұзата жайған күні отардың бас-аяғын жинау қиынға түседі. Шамасы бүгін де сөйткенау… Қой тезірек келсе болатын еді. Мына қарғыс атқыр әңгімелерді тыңдамай-ақ қоятын. Балалардың бәрі осындай ойлармен үрпиісіп тұр еді. Кезекті әңгімені Әли бастады. Әсілінде, балалар мұндай оқиғаларды бастағанда алғашқы әңгімешілдерден асып түскенді қалайды. – Нұрландар көшіп келген үйді білесіңдер ғой, – деп айналасына қоқилана бір қарап қойды. Артынша жарылған ернін бір жалап алып: – Ол үйден Нұрәлі ағалардың неге көшіп кеткенін естідіңдер ме? – деді. – Бәрі жым-жырт. Жаңа бір хикая еститіндерін біліп, құлақ түре қалысыпты. Нұрлан да әлденені қалыс естімейін дегендей ентелеп, Әлидің қасына жақындады.
Қ. Әбілқайыр д д – Біз Қуат екеуміз дос болдық қой… – Қуат дегенің кім, – деді Нұрлан сөзге килігіп… – Сен құйысқанға қыстырылмашы, – деді жақтырмай… – Қуат деген – менің досым… Сендердің үйлеріңде тұрған. Нұрәлі ағаның баласы. Бір ай бұрын көшіп кетті. Өткен жылдары, біз алтыншы, жоқ бесінші, уже төрт жыл өтіп кетіпті ғой… Бесінші сынып оқып жүргенде Қуаттың әпкесі асылып өлді. – Айгүл тәте, – деп еске салды шеткерілеу тұрған қара бала. Мұнысы Әлидің сөзін растағаны. – Біз Айгүл тәтенің көршісіміз ғой. Ол кісі жынданардың алдында мынандай оқиға болған. Әжем ерте тұрып далаға шықса, біздің есік алдында әдемі әппақ көйлек пен туфли жатыр екен. Жап-жаңа, киілмеген. Әжем әлгі киімдерді көріпті де, оқытып тастаған шығар деп лақтырып жіберіпті. Анау ауылдың шетіндегі қара кемпірдің қызы жынсоқты болып, ауырып еді ғой. Сол – қара кемпірдің ісі. Егер сол көйлекті менің әпкем кигенде, ол да жынды болып кетер еді, – деді сары бала мұрнын жеңімен сүртіп қойып. Әли әңгімесін жалғады. – Сол кезде Айгүл тәтенің асылып қалғанын алғаш бо лып Қуат екеуміз көрдік. Қуаттардың, қазіргі Нұрландар дың үйінде тығылмақ ойнап жатқанбыз. Көз жұматын кезек Қуатта еді. Айгүл тәте ауырған соң, ешқайда шықпаушы еді ғой. Сол бөлменің есігін ашып жаптым да, шай ішетін ас үйлеріне кіріп кеттім. Қуат көзін ашқан соң, алдымен дыбыс шыққан жақтан іздейді деп ойладым. Ойлағаным дай-ақ Қуат бірден Айгүл тәтенің бөлмесіне кіріп кетті. Мені іздей бастады. Шифонердің ішінде шығар деп ойлап, ашып қалса… Шыңғырған дауыс шықты. Қорқып кетіп, әлгі бөлмеге мен де кіріп бардым. Бетінде айнасы бар кіп-кішкене шифонердің ішінде Айгүл тәте асылып тұр. Мойнында анасының белдігі. – Шын айтшы, сен соны көрдің бе? – деп шуласты ба лалар. – Менің айтайын дегенім бұл емес, – деді Әли. Балалар демдерін іштеріне тартып, тыныштала қалысты.
Жанартау д д – Атам айтты. Осыдан үш апта бұрын Қуат Айгүл тәте асылып өлген бөлмеге кірсе, төрде суреттерді шашып тастап әпкесі отыр екен. Қатты шошынса керек. Талып қалыпты. Оқыс шыққан дауыстан секемденіп, әке-шешесі жүгіріп барса, Қуат сұлап жатыр дейді. Ал, Айгүл тәте ештеңе болмағандай ар жағында күлімсіреп отыр екен. Бұл көрініске шыдамаған әке-шешесі Қуатты алып, сыртқа шығады. Дереу молдаға кісі жүгіртеді. Қуат әзер дегенде есін жинайды. Молда келіп, әлгі бөлмеге кірсе, Айгүл тәте кетіп қалыпты. Тек суреттер шашылып қалған екен. Нұрлан өзіне не болғанын аңдай алмады. Денесінде жан жоқ. Жүрегі атқақтап тұр. Аяқтары дірілдеп, буындарынан әл кете бастады. Кешегі ақ көйлекті, қарақат көзді сұлу Айгүл деген қыз екен ғой. Ол қызды мен түнде көрдім деп айтуға батпады. Тек сұлқ түсіп, отыра кетті. Қанша отырғанын өзі де білмейді. Әйтеуір тұла бойын бір үрей билеп алғанын сезді. * Тағы да түн. Өлі тыныштық. Меңіреу бөлме. Көзге артық ештеңе түспегенімен, бір елестің барлығы анық. Бір елес. Нұрлан бүгін шешесінің қасына жатпақ болды. Бірақ… Шешесі тұрмақ өзгенің қойнына еніп кетсе де, үрейден құтылмасын білді. Қап-қараңғы бөлмеде Айгүл жүрген секілді. Мұны шап беріп ұстап алатын секілді. Тағы да дөңбекшіп жатыр. Санасы тап-таза. Ояу. Манағы әңгімеден кейін ұйықтап көріңіз. Кеше ғана емес, бүгін де алдынан жүгіріп өтпеді ме? Елес. Қазір бәрін шешесіне айтар ма еді? «Қой өзі жарымжан адамды қинамайын», – деп ойлады. Қинамайын. Не де болса, тағдырдың жазғанын көрерміз. Дөңбекшіген сайын темір төсек шиқылдап ды быс шығарады. Бұл да үрейге үрей қосып, мазаны алады. Нұрлан өзінің бір тығырыққа тірелгенін аңдады. Тығырық емей немене? «Мына үйден көшейік» дер еді. Оған қауқары жете ме? Жетпейді. Қазір күй талғайтын кез емес? Әкесін ойлады. Ол неге менен суынды? Неге мені жек көріп кетті? Неге? Жатын бөлменің есігі ашылғандай болды. Нұрлан
Қ. Әбілқайыр д д жастықтан басын жұлып алды. Әппақ көйлекті періште қыз күліп жіберді. – Қорықпа, Нұрлан… Нұрлан тілін жұтып қойғанын аңдады. Шыңғырып жіберер еді. Шама да қалмаған. Тұла бойын діріл басқан. Суық суға түсіп, күнге қыздырынғанда, жағы жағына тимей осылай қалшылдаушы еді. – Мен де сен сияқты пендемін. Екі аяқты. Тек елдер өлді екен деп ойлайды. Мен өлген жоқпын… Сенбеді. Жайшылықта көзге көрінбейтін елес қыздың дауысы да тартымды екен. Бөлмеден қашып кеткісі келді. Бірақ, аяғында әл жоқ. Еркіне бағынар емес. Қыздың сөзін естімейін деген оймен қолын құлағына апармақ еді. Еркіне көнбеді. Нұрланға енді бәрібір еді. Әли айтқан Қуат секілді талып-ақ қалар еді. Талмады. Қызыл көйлекті қыз қасына келіп отырды. Үрей де сейіле бастағандай. Кәдімгі сынып тасы қасына келіп отырғандай әсерге бөленді. Әлдене деп тіл қатқысы келіп еді. Бірақ, тілі де ырыққа көнбеді. – Нұрлан сен қорықпа! Мен саған тиіспеймін. Тек жү регің жарылып кетпесін. Қорықпа… Несіне қорқады, енді. Болары болды, бояуы сіңді. Енді бәрін де біледі. Мына қыз буындырып өлтірсе де, мақұл. Қыз Нұрланның қолынан шап беріп ұстай алды. Тартып алмақ еді, шамасы келмеді. Нәзік саусақтар шырмауықтай шырмала қалыпты. «Мұның қандай ойы бар екен?» деп ойлады. Қандай ойы бар… Онан кейінгі жайды есіне түсірсе, сенгісіз. Ойлаудың өзі ыңғайсыз. Түнімен Нұрлан елестің дегеніне көнді. Елес деген аты. Әйтпесе, күн астындағы Күнекей қыздың нақсүйері болды, сол түні. Неткен үрейлі, неткен ләззатты түн… Ыстық құшақ… Бал ерін… Уақыт шіркінің де диірменнің тасындай шыр айналса керек. Өтті де, кетті. Иә. Қолынан шап беріп ұстаған кезде бекер-ақ қорыққан екен. Қыз ел ойлағандай қорқынышты елес емес екен. Ел ойлағандай жын да, шайтан да емес. Тап-таза періште. Періште болғанда да… Иә, періштелердің періштесіндей… Өмірі жар құшағын көрмеген балаң жігіт пен бойжеткеннің
Жанартау д д балдәурені осылай тез зуылдап өте шығады деп кім ойлаған… Нұрланның беті қызарып кетті. Өзінің ойынан өзі ұялғандай. Құшағына түнде Елес-қыз енген еді. Оянғанда Елес-әйел жылап жатты. Жұбатар еді. Тілі әлі күрмеулі екен. * Елес-әйел оянғанда сәске түс болып қалыпты. Кеше қыз еді. Гүлі ашылмаған. Бүгін танымы мен көзқарасы өзгерген. Өмірге басқаша қарайды. Айнаның алдына барды. Беті нарттай қызарып кетіпті. Айнадағы өз сұлулығына өзі сұқтанды. Жалаңаш денесінде бір мін жоқ. Қараса көзі тоймайды. Кеше ғана ешкімге керексіздей сезілетін еді. Енді оны құшатын құшақ бар. Оның заңды егесі бар. Тұла бойын балқытқан жас жігіттің тегеуріні де осал емес екен. Тарих ағай мен Нұрланның шешесінің арасындағы ахуал өз басына бұйырғанына сене алар емес. «Әйел бақыты деген осы екен-ау» деп ойлады. Кеше Нұрлан үрейден арылып, деміге іске кіріскенде, көрші бөлмеде жатқан енесі естімесін дегендей көрпені тістелей берген. Сонда да, әлсіз ыңыранған үн бойын балқытып, денесіне қан жүгірткендей болып еді. Бұл құшақта мәңгі жатуға да «кет әрі» емесін сезінді. Қандай бақытты. Көзіне бір тамшы жас келді. Бір тамшы жас. Ойы бұзылып кетті. Ойын бұзған көрші бөлмедегі жай еді. Тарих ағай тағы келген бе? Апыр-топыр. Түндегі жай, күндіз қайталанып жатыр. «Не деген кісілер?» деп жазғыра алмады. Бұл деген бақыт қой. Әркімнің-ақ бақытты болуға хақы бар. Қыз жүгіре басып, төсегінің жанына барды. Аппақ көйлегі мен туфлиін киіп алды. Дәл осы сәтте үйге Нұрланның кіріп келе жатқанын аңдады. Дереу алдынан шығып, үйге кіргізбей қоймақ болды. Тарих ағай мен анасының арасындағы жағдайды Нұрлан көрмеу керек. Далаға шығар сыртқы есіктің табалдырығын аттап еді. Қап-қараңғы әлем. Қабір азабын тартып жатқан әруақтарды көріп, шошып кетті. Шыңғырған дауыстар санаға үрей ұялатады екен. Дереу кері қайтты. Қазір ғана көрген қорқынышты әлемнің есігі айқара ашылып, ар
Қ. Әбілқайыр д д жақтан Нұрлан кіріп келді. Есіктің көзіндегі Елес-әйелін көріп, жүрегі дір ете түсті. Елес-әйел: «Нұрлан сыртқа шыға тұр», – дегенше болмады, Нұрлан іште әлдене болып жатқанын түсінді. Аяқ киімін шешпек еді. Аяқ астында үлкен ер адамның туфлиі амандық сұрасқандай телміре қалыпты. Ойлануға мұрша жоқ. Дереу анасының бөлмесіне жүгіріп барды. Әуелі «анасы асылып қалған шығар» деп ойлап еді. Бұл ой қайдан сап ете қалды. Белгісіз. Төрге озды. Шешесінің бөлмесінде әлдекімнің дауысы жарқын-жарқын естіледі. Есікті шалқалата ашып кеп қалды. Үш ұйықтаса, түсіне кірмейтін жай. Тарих ағай мен анасы бір төсекте жатыр. Өмірде мұнан асқан қорлық болар ма? Дереу кері бұрылды. Сыртқа қарай тұра жүгірді. Қақ алдынан Елесәйелі шықты. Қайдан алғаны белгісіз. Қолында жіп. Қарақат көзінен мөлт-мөлт етіп, тамшылар тамып жатыр. Дереу әлгі жіпті алып асылып өлмек болды. Тарих ағай мен шешесі киініп, далаға шыққанша, қорадағы діңгекке буынып та үлгеріп еді. Елес-әйелі мұны ажалдан арашалап алғысы келгендей мойнындағы жіппен алысады. «Райыңнан қайт» дегендей жалынышты көзбен қарап қойып, буынған жіпті шешіп әуре. Дәл осы сәтте Тарих ағай да жетіп үлгерді. Асылып тұрған жіпті пышақпен кесті де, дереу көз алдында бір тауықты буындырып, өлтіріп жіберді. Осының бәрін әпсәтте орындады. Байғұс тауық ажалмен қанша арпалысса да, жеңе алмады. Нұрлан өзін ұмытып, тауықты аяп кетті. Бұл сәтте ұйқы да қысқан екен. Ұйықтап барады. Жоқ әлде, ояу ма еді?… * Таңғажайып бір әлем. Ертегілер елінде жүр. Шексіздік. Құрсаулы жаны бостандыққа шыққан. Еркін. Қайғысыз. Мұңсыз. Ғаламат. Керемет. Ғажап. Құс секілді. Ұшып жүр. Қонғысы келмейді. Қонғысы. Айналасы түгел кемпірқосақ. Жап-жасыл әлем. Жайнап тұр. Айналадан жылылық сезіледі. Елес-әйелі екеуі қол ұстасып алып, бұлттардың үстінде ұшып жүр. Ұшып. Өлім деген біз ойлағандай қорқынышты емес екен. Төменге қарады. Шешесі. Тарих
Жанартау д д ағай. Анасы зар еңірейді. Тарих ағай өлі денесіне су бүркіп жатыр. Қорқынышты. Өрт сөндіргендей жүзі тотығып кеткен. Бәріне өзі кінәлі екенін сезеді. Секемденеді. Анасын жұбатуға да әлі келер емес. Ал мына жақта шатшадыман. Күлкі. Мәңгілік тыныштық. Жандары рахаттана қалықтайды. Бір әлеммен екінші әлемнің арасы мұндай жақын болар ма? Тым жақын. Бірақ, алыс. Көктен құйылған нұр өзіне магнитше тартады. Сол тартылыстың құшағына қарай самғап келеді. Самғап. Көздің ұшында бейкүнә ауыл, шешесі, Тарих ағай, сыныптастары, көршілері қалып ба рады. Қош деуге де шамалары жоқ. Тағдырдың дегеніне көне салатын сияқты. Дәл осылай болуын бұрыннан-ақ күтіп жүргендей. Кенет нұрлы жол қақ айрылды. Бірі жер ге, нақтырақ айтқанда өлі денесіне бағыт түзеп, бірі көкке жол тартты. Қос қарлығаштай екеуінің жолы екіге бөлінді. Қас қылғандай Нұрланды жерге, қызды аспанға қарай алып ұшты. «Кетпеші» деп айғайлады. Жылады. «Кетпе. Мені де ала кет. Мен сені…» Онан арғысын айта алмады. Жылап жатып оянып кетті. Әппақ бөлмеде жатыр екен. Қасында шешесі. Ақ халатты дәрігер шығып бара жатыр. Күбір-күбір, гүмбір-гүмбір. Шешесі сөйлеп жатыр. Түсініп болмайды. Дауыс та бірте-бірте тұнықтала бастады. …Балам-ау… Ол сенің әкең ғой. Әкең. Мен саған он бес жыл бойы айта алмаған сырым еді ғой. Әлен – сенің әкең. Сенің әкең… Мен бейбақ… Онан арғысы тағы да естілмей кетті… * Елес-әйел тағы да айнаға қарады. Көзі күлбілтеленіп кетіпті. Нұрлан асылып қалған кезде далаға қалай атып шыққанын ойлады. Сенгісіз. Шыңғырған дауысқа да, беліне оратылған жыланға да қарамады. Лапылдаған отты белуар дан кешіп, Нұрланның қасына жеткен. Мойнындағы жіпке жармасқан. Маңдайының соры бес елі екен. Жар құшағын бір-ақ күн көремін деп кім ойлаған? Егер Нұрланды ажал дан арашалап алмағанда, қазір қасында жүрер ме еді? Нұрлан жоқ. Бес бөлмелі үрейлі үйде үрейлі елес қана
Қ. Әбілқайыр д д бар. Мынау әдемілігің кімге дәрі? Бұрын тек інілерін, әкешешесін ғана сағынар еді. Бұларға Құдай қосқан жары да қосылды. Нұрлан, Нұрланым! Сағыныш дегеннің не екенін, сағынған жан ғана түсінеді. Сал-серілердің шер тарқатар бір әнін айтпақ еді. Көңіл-қошы келмеді. «Қарғыс атқыр үйден көшемін» деп Нұрланның анасы жүктерін жинасты ра бастаған. Нұрлан емханада. Қанша жатарын бір Құдай біледі. Елес-әйелін іздей ме, жоқ па? Ол арасы белгісіз. Әжесін ойлады. Ол кісі қайда жүр екен? Осы бөлмедегі шифонерге асылып қалған кезде қасында еді. Содан кейін жоқ болды. Ол кісі болса, зерікпес еді. Қазір ән үйреніп отырар еді. Күй тартқызар еді. А, айтпақшы өнер үйренуден мән қалды ма? Елес-әйел өз үйренгенін өзгеге үйретпесе, не қажеттілігі бар, оның. Онсыз да осы бес бөлмелі үйде біраз жақұт тоттанып жатқан жоқ па? «Өткенде суреттерді шашып, көзге көрініп нем бар еді», – деп ойлады. Менің осы үйде екенімді білдірмесем, ешкім де көшпес еді ғой. Інілерімді күнде көріп жүрер едім. Ауыр күрсінді. Иесіз қалған даңғарадай үй де ауыр бір дем алғандай болды. * Сүмбе өзені тынымсыз ағады. Тынымсыз. Уақыт та сондай. Замананың теңізіне ағысындағының барын құ йып жатыр. О шіркініңіз кемеріне толып, асып-таспай ды. Сіміре береді, сіміре береді. Болған оқиға. Қазіргі көзқараспен қарасаңыз, болмаған, болуы да мүмкін емес. Нұрлан ешкімге тіс жармайды. Жаруға да құлықты емес. Емханадан тәуір болып шыққаннан кейін, анасы біраз бақсы-балгердің, емші-құшнаштың алдын көрсетті. Бәрінің айтатыны бір сөз. «Қасиетті жерді басып кетіпті». Ол қай жер екені де есінде. Әлидің шатағының арқасында молаға амандасып кіргеннен кейін, жан ұшыра қашпап па еді? Дәл сол сәтте шеті қақыраған қабірге аяғын сұғып алмап па еді? Өз есебінде сол сәт… Содан кейінгі үрейлі күндерге де себепкер сол жер. Қазір құлан-таза айыққан. Оқуын да бітірді. Алматыда жоғары оқу орнын тәмамдады. Шешесі мен әкесі қосылған. Енді ол Тарих ағай емес. Әке. Бірақ,
Жанартау д д Нұрланның мойындағысы жоқ. Тек өзінен аумай қалған інісі іштей мойын ұсындырады. Жарайды. Уақыт шіркінде тоқтау бар ма? Бес бөлмелі үй де, үрейлі елес те ұмыт. Ех, бірақ ұмытылмайтын жайлар да бола береді. Кей кезде өз-өзіне сыймай кетеді. Үрейлі үйге кіріп бармаққа бел байлайды. Елес-әйелмен тілдеспек болады. Оған жігер қайда? Онсыз да әрең сауыққанда, сау басына сақина тілеп не керек? Үрейлі үйден көшкендеріне тоғыз ай болған кезде Елеусіз шал әлгі үйдің есігінің алдынан сәби тауып алыпты. Ол кезде Нұрлан он бірінші сыныпқа көшкен. Шырылдап жылап жатыр екен. «Пұшпағы қанамаған әйелі бауыры на басыпты», – деседі жұрт. Енді біреулер: «Ол баланы Алматыға апарып, жетімдер үйіне өткізіп жіберіпті. Ал, үйіндегі кішкентай Елеусіз шалдың немересі екен. Алматы жақта тұратын інісі алғашқы немересін «бауырына бассын» деп, ағасына беріпті», – дейді. Нұрлан мектепті бітірген күні баланы барып көрмек болды. Бірақ, секемденді. Осы мен ел қоя салса болады ғой. Бес-алты жыл өтпей жатып, жұрт тағы бір әңгіменің шетін шығарған. «Елеусіз шалдың баласы нышаналы екен. Арқасында қанат бар. Оны киіммен жасырып қояды-мыс. Түбінде бір жерден шығайын деп тұрған бала. Аса зерек. Білмейтіні жоқ». Мұны естігеннен кейін, Нұрлан біржола райынан қайтты. Лажы болса, көрмей-ақ қоюға бекінді. Ауылда да қызық қалмады. Өзі бес жыл оқыған қалаға кетті. Өз есебінше мәңгіге. Бірақ, мәңгілік дегеннің өзі шектеулі ұғым ғой. Қалалық Нұрлан кейде ауыр күрсінеді. Көктем келгенде басқаша бір көңіл күймен жүруші еді, шалықтап. Жер жіпси бастағалы жаны жараланып, өзін қоярға жер таппай жүр. «Бір рет ауылға барып қайтсам қалай болады екен» деп ой лады. Келді. Ауылмен қауышты. Әкесі… Шешесі… Бәрі бір сыдырғы өмір сүріп жатыр екен. Інісі бір топ достарымен үйге кірді. Бәрі жапатармағай қол беріп амандасып жатыр. Әне бір бала інісінен аумайды екен-ау. Жүрегі алқымына тығылды. Қарақат көз. Қайдан көрдім? Иә, үрейлі үйдегі аппақ көйлекті періште кейіпті арудың көзі. Балақайдан «кімнің баласысың» деп сұрай алмады. Онсыз да белгілі еді. Ауылдың бас жағындағы бұрынғы үрейлі бес бөлмелі үй жаққа жүріп кетті. Барса… Үй жоқ. Орны ғана тұр. Бұзып
Қ. Әбілқайыр д д тастапты. Мұндай жақсы болар ма? Нұрланның мойнына мінген ауыр жүк сырғып түскендей болды. Бірақ, жан дүниесі өртеніп бара жатыр еді. Әппақ көйлек, әппақ қыз, әппақ арман қайда екен? Белтоған жаққа қарап еді, бір топ бала жүгіріп барады. Ол балалардың ішінде інісі мен өзінің тұңғышы кетіп бара жатқанын аңдады. Аңдады да, арттарынан тұра жүгірді. Әппақ көйлек көрінбейді, бірақ қарақат көз бар, сол сәбилердің ішінде! * Биыл демалысым көктем мезгілімен орайлас келді. Ауылға бардым. Бір топ балалармен Нұрлан ойнап жүр екен. Мұнысы маған ерсі көрінді. «Ау, Нұрлан қалайсың?»– деп айғай салдым. Ол мені бірден есіне түсіре алмады, білем. Мұны қайдан көрдім дегендей ұзақ қарады. «Нұрлан танымадың ба? Мен Әлимін ғой» деймін ыржалақтап. Қа лай танымайды? Қандыкөйлек жолдасым ғой, ол. Әзер есіне түсірсе керек. Біраз ойланып тұрды да: – Әли, осы сен аппақ көйлекті періште көрдің бе? – деді. – Көрмегенде ше? Алматыда солардың ортасында жүрмін ғой, – дедім өзімше мақтанып… – Оны айтпаймын. Әлгі ауылдың жоғарғы жағындағы бұзылған үйдегі ше? Бір кездері біз көшіп баратын. Сенің Қуат деген досың көшіп кететін… – Ол үйде періште бар ма еді? – деппін мен. Нұрлан қолын бір сілтеді де ойынның қызығына түскен топ бала ның ішіне кірді де кетті. Олар Нұрланды жатырқамайтын сияқты. Көрші үйде тұратын Елеусіз шалдың баласына қарап: – Достарың маған өкпелеп қалды-ау деймін, – дедім. – Жынды ғой ол, – деді тақ-тұқ етіп… «Жын-ды» деді тағы да даусы дірілдеп. «Маған ылғи сен ақ көйлекті періштенің тудың, сенің анаңның аты Айгүл дей береді» деді бұртиып. Жүрегім төңкеріліп бара жатқандай болды. …Қой күтіп тұрғандағы Айгүл тәте жайлы үрейлі әң гімені ойдан шығарып айтып едім…
Жанартау д д ҒАЙБАТ (публицистикалық әңгіме) – «Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді», – деп күлді сақалды сүннит. – Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан. Тойып алалық, – деді мүрит. Шолақ шалбарлы бір «...ит» сөйлей беріп еді: – Басын өзіңіз мүжіңіз, – деген үлкендердің сөзі естілді. Көзі үңірейген адамның басы табаққа әзер сиып тұр. Буы бұрқыраған еттің исі танауыңды қыттықтайды. – Бұ жалғанда адамның етінен тәтті не бар екен? – деді Салафи бастың майлы құйқасын жапырақтап турап отырып. – Дұрыс айтасыз, – деді Дағуат етке қолын созып. – Дұрыс айтасыз, – деді тағы да естімеді ме деген оймен.– Анау майлы омыртқаны маған бере салыңызшы. – Майлы омыртқа қайда қашады?. Бастан ауыз тиіңіз,– деді Салафи. Дағуат біреу санына ине сұғып алғандай шоршып түсті. – Адамның басы ғой... – Мүжи беріңіз. Сопылардың еті жұмсақ, тіл үйіреді. – Ер азығы жолда деген. Ауыз тиейін. – Негізінде адамның етін шикі жеген жақсы, – деді әңгімеге араласпай отырған Уахаб. Кеше осы олжамыздың тамағынан орып жіберіп, қанын суша сімірдім. – Иә, оны өз көзіммен көрдім, – деді әңгіменің тізгінін ұстап отырған Салафи. – Тәубә, бұл олжа қалай қолға түсті десеңізші. Қанжығамызды майлап берген «Ошар» арнасы на Аллаһ разы болсын... Ақидамызды артырып, тауфиық ұғымын кеңейте түсті ғой, мың жасағыр... – Мұның бәрі кімнің арқасы десеңізші, – деді уахаб шыдамсызданып. – Иә, кімнің арқасы. «Ошар» арнасындағы адам жегіш тердің... – Олай демеңіз. «Ошар» арнасы «ләббай тақсыршыл» ғой. Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып қытқыттайды. Әңгіменің ауанын Дағуат бұзып жіберді.
Қ. Әбілқайыр д д – Не де болса, болары болды. Мына халықты қараңыз шы. Бәрі де ауыз тиіп жатыр. Сауабы тиетін шығар, сіздер ге. – Аллаһу акбар. Ақи, айтқаның келсін. Мұсылман бауырларымыздың көзі енді ашылған шығар. Ұлт, ұлт дейді кейбіреулер. Сөйтіп ширкке барады. Ата бабаларының ма зарларын кезіп кетті, әуейілер. Онан да, ақылға келмейді ме? Мына Сопының етін жеп болайықшы. Сосын жабылып, ата-бабаларымыздың сүйегіне ауыз саламыз. Мазарларын қиратамыз. – Аллаһ сол күнге жеткізсін! Айтпақшы, Сопыны оңай дан олжалаған батыр кім? – «Тіс», – деді Уахаб сұқ саусағын аузына апарып. – Тіс, өзіміздің ана жақтағы көкеміз ғой. – Қай көке ол? – Адамды сыртынан сөз етуге болмайды. Ол кісі Ал лаһтың сүйікті құлы. Сырттан әңгіме етіп қайтеміз. Ғайбат болып кетер. Пайғамбарымыз бізді ғайбаттан сақтандырмай ма? – Ғайбат деген «адамның етін жегеннен де ауыр күнә екен ғой». – Астапыралла, рас па? Адам жегіштердің әңгімесі сап тиылды. Бәрі де ойланып қалған секілді. Мына табақтағы Сопының басы да ойлы пішінмен қарап қалғандай. Дастарханнан тұрған халық: «Сопылардың етті тәтті екен» десіп жатты. Енді кімнің етін жейді екенбіз? КӨБЕЛЕК – Маңдайыңызға сор іліп алыпсыз... – Жалықтым... – Неден? – Өмірден... Екеуі де бір сәтке үнсіз қалды. Ақ ұлпа қар жапалақтап тұр. – Періштелердің қауырсындары сияқты-ә?! – Әлі бала секілдісің, Әлкен...
Жанартау д д Келіншек Әлкеннің алақанынан ұстады. Жігіт қолын жұлып алды. – Біреу-міреу көрсе ұят болар... Әлкен айналасына ұрлана қарады. Қасындағы келіншек баяғы өзгермеген қалпы. Тек, маңдайында көлденеңнен екі сызат пайда болыпты. – Ұят болады... Күліп жіберген Мира баяғы Әлкенін есіне алды. Бақытты күнін... Алып қашқан кезін... Сәбилі болған сәтін... – Сен мені әлі жақсы көресің бе? – Үйленгенмін. Бір ұл, бір қызым бар... – Жақсы көрмеймін дегенің бе? – ... – Шыныңды айтшы әйеліңді сүйесің бе? (Мираның жүзінде мысқыл бар) – Айтпақшы мына жерде жұмыс істегеніңе қанша бол ды? – Екі жыл. Мира айналасына жалтақ-жалтақ қарап қояды. Екі жы лым осылай алаңдаумен өтті дегенді көрсеткісі келетіндей. – Сен ЖенПИ-де оқып жүрген кезіңде жиі баратын едім ғой-ә?! Шықпай зар қылатынсың. Есіңде ме, қасыңдағы қыздарға айтып, балконнан жуындыны басыма төккізіп жібергенің... – Кешірші... – Мен сол кезде-ақ кешіргенмін... – Мына жағдайымды да кешіре аласың ба? – ... Әлкен ойланып қалды. Жоқ, кешіре алмайтын шығар мын. Айта алған жоқ. – Менттер келе жатыр... – Мира кетпеші... – Онда былай істейміз... Келіншек Әлкенді құшақтай алды да сүйе бастады. Сүйе жүріп ақырын қара ағаштың саясына кірді. Бозбала кезінде сүйе алмай кеткен еріні.
Қ. Әбілқайыр д д – Мен сені әлі де сүйеді екенмін, – деді менттер кеткен соң, Әлкенді келемеждеп... – Мен де... – Қой жұмыс уақытысында сезімге беріліп тұрар жайым жоқ.. Әлкен, сау бол... Өң мен түс секілді. Ояна алмай тұрған Әлкен көлігіне барып мінді. Бірінші вокзал жақта такси ұстайтындар көп болушы еді деген оймен төмен қарай жүріп кетті. Ақ ұлпа қар. Аппақ ар. Аппақ арының бетіне қылаудай ғана дақ түсіріп алды. Ожданы Мираның осы бір жерде кездесе ріне сенбеген. Қолын созған келіншекке тоқтай салған-ды. Қайтар жолда қысқа көйлек пен биік өкше киген Мираны қуып бара жатқан тәртіп сақшыларын көрді. «Ол мені шы нымен де сүйе ме екен» деп ойлады. Аппақ қар секілді ары бар періште Мира мен бүгінгі Мираның парқы жоқ секілді. Біраз уақыт бірер адамды үйіне апарып салды. Үйіне келе сала әйелінің қасына киіммен құлады. Көз сүріндірер мүшелері ашық қалыпты. Ұзақ қарап жатып ұйықтап кетіпті. Оянса, әйелі әлі пырылдап жатыр екен. – Мира, кеш боп кетті. Жұмысыңа барсаңшы. Төсегінің басына қойған қалта телефонының сағатына қарады. Түнгі үш. Атып тұрып киіне бастады. Ақылы ауысқан күйеуіне мүсіркей қарады. Әйтеуір, «жынды» деген қағазы жоқ. Көлік жүргізеді. Ішіп-жемін өзі табады. – Әлкен... Үн жоқ. Қалғып кетіпті. Мира, қысқа көйлегі мен биік өкшесін киіп алып Сейфуллин көшесіне шықты. Үйде екі баласы мен жарымес күйеуі қалды. Бүгін менттер жоқ шығар. Қар қалың түсіпті... ІБІЛІСТІҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ – Бұл әңгімені маған әжем айтып берген еді. «Ерте, ерте, ертеде…» Иә, бағзы заманда бір ер жігіт болыпты. Оның алған әйелі Ібілістің қызы екен. Сұлулығы соншалық бір қараған еркектің аңсары ауады-мыс. Сол Ібілістің қызы жайлы хикая әлі есімде. Айтып берейін бе? – …
Жанартау д д – А, айтпақшы шайтандар дейтініміз жоқ екен ғой-ә? Адамдардың ойлап тауып алғаны болмаса… Олар бірін-бірі азғырып алып, «шайтан істеткізді» дейтін көрінеді. – … – Дінде Ібілісті төрт періштенің ұстазы болған деседі. Ол Алла адамды топырақтан жаратқан соң қызғаныш туғызыпты. Солай Жаратушының құзырынан кетіпті. – … Ұзақ үнсіздік. Кенет шопыр жігіт көлікті кілт тоқтатты. – Түсіңіз… Шашы иығына төгілген әдемі қыз қарсылықсыз түсіп қалды. Біраз жүріп барып машина тағы іркілді. Айдалаға жалғыз қызды тастап кеткісі келмеді-ау деймін… – Мініңіз… Қарсылықсыз мінді. Бұл қыздың қайда баратынын да сұрамаған екен-ау… – Қайда барасыз? – … – Мылқаусыз ба, жоқ әлде құлағыңыз естімейді ме? – … Бұл қыздың тілі жоқ мылқау болды. «Құлағыңыз естімейді ме?» деппін ғой. Мана түсіп қалыңыз дегенді қалт жібермеп еді… Жігіт күліп жіберді. Радио қойды. Нәпсіні жеңу тақырыбында орталық мешіттің имамы сұхбат беріп жатыр екен. – Шайтан, Ібіліс ұғымын біз жәй ғана тілмен түсінді рейік. Олар тек адамға ой салады. Ал, адамдар сол ойды саралай алмай шайтанның жетегінде кетеді. Мысалы, сізді досыңыз түнгі клубқа шақырды. Сіз келісім бердіңіз. Шай тан бұл жерде сізге адам бейнесінде келіп отыр… – Өшіріп тастаңызшы… Жігіттің жүрегі дір ете түсті. Радионың құлағын бұрап, жым қылды. – Тоқтаңыз… Тоқтады. Бейуақыт болып қалған кез. Далиып дала жатыр.
Қ. Әбілқайыр д д Күн ұясына қонғанымен қызыл-қоңыр бояу өше қоймапты. Екеуі де тысқа шықты. Қыз жігітке қолын созды. – Ұялмаңыз… Үйде қалған жарын ойлады. Бала-шағасын еске алды. Қыз қымсынбастан келіп, жігіттің құшағына еніп кетті. Сүйе бастады. Жігітті өзі шешіндірді. Өңі ме, түсі ме белгісіз, әйтеуір қыздың ырқынан шыға алмады. Бұрынсоңды көрмеген ғажайып бір әлемге еніп кеткендей болды. Жер жар төсегі болуға жарайды екен. Жігіт тұрып кетуге асықпады. Кеудесін сұлу жастанып жатыр. – Әжеңіздің әңгімесін айтып берейін бе? – деді сұлу. – … – Бір күні сол хикаядағы жігіт молдаға кездесіп қалады. Молда оған әйелінің Ібілістің қызы екенін айта ды. «Сенбесең, әйеліңнің кіндігі жоқ» – дейді. Жігіт үйіне келе салып, әйелінің кіндігіне қараса, шындығында да жоқ болып шығыпты. – … Қыз жігіттің қолын өз кіндігіне апарды. Жігіт шо шып кетті. Қыздың кіндігі жоқ екен. Атып тұрайын деп талпынғанымен құшақтан босай алмады. – Жігіт молданың сөзіне сенбеді. Молданың ай туы бойынша шөл далаға барып қонды. Әйелі түн ауа шөлге шыдамай денесінің жартысын күйеуінің жанына қалдырып, өзі ұзақ бір мекендегі өзенге кетіп қалыпты. Жігіт шыңғырып жібергісі келген. Дауысы шықпады. Қасында жатқан қыз тұрып, әудем жерге барды да, көкке қолын созды. Сол-ақ екен, беймәлім күш оны алып ұшты. Түс көргендей мең-зең ұзақ тұрып қалған жігіт: – Мен Ібілістің күйеу баласымын, – деді. Осы сөзді ол жиі айтатын болып алды. Ел оны кейіннен жындандыға да балап жүрді. Тек кешірілмес күнә істегені болмаса, оның есі дұрыс еді…
Жанартау д д МАЗМҰНЫ Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР Менен құтылуыңызбен................................................3 Шректің қайынжұрты..................................................10 Өгізге туған күн............................................................13 Құтипаш пен Сақыш....................................................18 Қайран Зерда.................................................................22 Мәдениет пен монша...................................................26 Ауыл көрген алты қаза.................................................27 Жүз отызыншы атаман................................................28 Шолақ мылтық..............................................................32 Қ-ның қасіреті...............................................................35 Дәріс үстіндегі түс........................................................41 “Дедім-ай-ау”................................................................46 Ақыш пен Тәтіш...........................................................51 Мәдина ОМАРОВА Түйсік............................................................................55 Ауызғы үйде.................................................................57 Ақын..............................................................................57 Емші апа........................................................................58 Жақсы көру...................................................................61 Таң алдында..................................................................63 Құдайы тамақ................................................................64 Ақша іздеген бала.........................................................65 Сұлулық........................................................................67 Гүлжамал.......................................................................68 Суретші.........................................................................69 Қария.............................................................................70 Толғақ............................................................................71 Күзгі бір кеште.............................................................73 Әже................................................................................77 Жол үстінде...................................................................78 Мысық...........................................................................80
д д Лира ҚОНЫС Құлпынай қосылған балмұздақ ..................................83 Қош, Күнекей!..............................................................86 Уақыт ............................................................................92 Махаббат туралы роман...............................................97 Мамыр айының тоғызы................................................103 Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ Қарақат тере барғанда..................................................115 Үмбет.............................................................................124 Қара пышақ...................................................................128 Бізге бақыт сыйламады бағдаршам............................133 Жалығу һәм өлім музыкасы........................................134 Күз көңілі. Сары қызға сағыныш................................137 Мәди АЛЖАНБАЙ Ойын..............................................................................139 Автобустағы әңгіме......................................................141 «Жетім бұрыштағы» әңгіме.........................................145 Күпірлік.........................................................................148 Сауысқан.......................................................................152 Түс.................................................................................153 Бәрі де жақсы................................................................158 Қарғыс...........................................................................159 Аягүл МАНТАЕВА Депрессия .....................................................................165 Жауһар...........................................................................173 Бөрте..............................................................................177 Қанат ӘБІЛҚАЙЫР Жынды...........................................................................190 Ғайбат............................................................................216 Көбелек..........................................................................217 Ібілістің күйеу баласы..................................................219
Жанартау д д Редакторы Сәндібек Жұбаниязов Техникалық редакторы 3айра Бошанова Көркемдеушi редакторы Нұрлан Тазабеков Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова ИБ № 7247 Теруге 27.06.2012 жiберiлдi. Басуға 28.08.2012. қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Тип-таймс». Баспа табағы 14,0. Шартты баспа табағы 12,0. Таралымы 2000+500 дана. Тапсырыс № Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй. ЖАНАРТАУ Жас жазушылардың шығармалары “ЖАҢА ЗАМАН ӘДЕБИЕТІ. ПРОЗА” сериясы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру