Бейнелеу өнері және көркемдік жобалау негіздері
С.Е. Беляева
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Оқулықта суреттің, көркем суреттің, композицияның, декоративті-қолданбалы өнер мен дизайннің теориялық негіздері қарастырылған, оқушыларға арналған бақылау сұрақтары мен тәжірибелік тапсырмалар берілген, негізгі терминдердің сөздігі құрылған. «Костюм бойынша суретші», «Маталарға өрнек салу суретш...
БЕЙНЕЛЕЙ ӨНЕРІ МЕН КӨРКЕМДІК ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
С. Е. БЕЛЯЕВА
БЕЙНЕЛЕЙ ӨНЕРІ МЕН КӨРКЕМДІК ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
КӘСІПТІК БІЛІМ
1
Кіріспе
І Т А Р А У СУРЕТ НЕГІЗДЕРІ
ІІ тарау көркем сурет негіздері
ІІІ Тарау
ІV ТАРАУ
ІV ТАРАУ
V ТАРАУ
V ТАРАУ
Терминдер
Әдебиет
Мазмұны
Оқу басылымы
КӘСІПТІК БІЛІМ
С. Е. БЕЛЯЕВА
БЕЙНЕЛЕЙ ӨНЕРІ МЕН КӨРКЕМДІК ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
оқулық «Федералды білім беруді дамыту институты» федералды мемлекеттік мекемесімен бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үдерісіне оқулық ретінде
ҰСЫНЫЛҒАН
Пікірдің тіркеу нөмірі 440 2009 ж. 2 шілдесінен «ФИРО» ФММ
8- басылым, стереотиптік
ACADEMA
Мәскеу
Издательский центр «Академия» баспа орталығы
ӘӨЖ 7.03(075.32)
КБЖ 85.1я722 Б447
П і к і р б е р у ш і л е р :
Мәскеу қаласы № 325 Кәсіптік тоқыма дизайны лицейінің оқытушысы
Е.А. Титова;
педагогика ғылымдарының кандидаты М. В. Андреева;
Федералдық білім беруді дамыту институты әдіскері Т.Н.Бутко
Беляева С. Е.
Б447Бейнелеу өнері мен көркемдік жобалау негіздері: орташа кәсіптік Білім беру мекемелері студенттеріне арналған оқулық / С. Е. Беляева. — 8- басылым, стер. — М. : «Академия» баспа орталығы, 2015. — 208 бет,
[16] түсті ил.: ил.
ІSBN 978-5-4468-2497-7
Оқулықта суреттің, көркем суреттің, композицияның, декоративті-қолданбалы өнер мен дизайннің теориялық негіздері қарастырылған, оқушыларға арналған бақылау сұрақтары мен тәжірибелік тапсырмалар берілген, негізгі терминдердің сөздігі құрылған. «Костюм бойынша суретші», «Маталарға өрнек салу суретшісі», «Раклист» мамандығы бойынша орташа кәсіптік білім беру мекеме оқушыларына арналған.
өЖ7.03(075.32) КБЖ 85.1я722
Осы басылымның түпнұсқа-макеті «Академия» баспа орталығының меншігі болып табылады, оны құқық иеленушінің келісімісіз кез-келген әдіспен көшіруге тыйым салынады
ІSBN 978-5-4468-2497-7
© Беляева С. Е., 2009
© «Академия» бәләм беру-баспа орталығы, 2009
© Рәсімдеу. «Академия» баспа орталығы, 2009
КІРІСПЕ
Өркениеттің мәдени құндылықтар жүйесінде өнер жетекші рөл атқарады және адамзаттың рухани өмірінің маңызды саласы болып табылады. Өнерді түсінуді үйрену үшін оның түрлерін ажырата білу керек. Барлық өнер түрлері адам болмысының әртүрлі жақтарын бейнелейді, сондықтан оларды келесі топтарға біріктіруге болады: уақыттық (әдебиет, музыка), кеңістіктік (сәулет, бейнелеу және декоративтік өнерлер) және уақыттық- кеңістіктік (театр, кино, би). Ерекше топты кеңістіктік, немесе пластикалық өнер құрайды. Бұл туындылары кеңістікте болатын, уақыт бойынша өзгермейтін және дамымайтын және біз оны көру арқылы қабылдайтын өнер түрлері. Барлық пластикалық өнерлер бейнелейтін және бейнелемейтін (тектоникалық) болып бөлінеді. Бейнелеу өнерлері – көркем сурет, мүсін, графика – суретші санасында өзгертіліп, бізді қоршаған дүниені жазықтықта немесе көлемде көшіреді. Бейнелемейтін(тектоникалық) өнерлер-сәулет,декоративті- қолданбалы өнер, дизайн - бізді қоршаған дүниені бейнелемейді, адамның материалдық-заттық ортасын құруғаарналған.Тектоникалық өнерлеррде эстетикалық қызметімен қатар, утилитарлық қызмет атқарады, яғни олар бифункционалды.
Пластикалық өнерлер бір-бірімен қосылуға және өзара әрекет етуге ұмтылады: сәулет монументалды өнермен, көркем сурет, мүсін және декоративті-қолданбалы өнермен (батик, қыш бедерлер және құмыралар). Пластикалық өнерлерді синтетикалық өнерлер (театр, кино) құрамына қосады, музыкамен (түсті музыка), сөзбен(плакат,каллиграфия, карикатура) біріктіреді, олар уақыттық өнерлер қасиетін иеленуі мүмкін (кинетикалық өнер, анимация). Бірақ пластикалық өнер туындыларындағы көркемдік бейне негізінен кеңістік, пішін, көлем, түс және т.б. арқылы туындайды. Барлық уақытта бізді қоршаған дүниенің әсемдігін тек кәсіпқой суретшілер ғана бейнелеуге ұмтылмаған. Мысалы, көптеген біздің әйгілі отандастарымыз өздері туралы естелікті өзінің негізгі әрекеті саласында ғана емес, сол сияқты өзіндік әуесқой суретші ретінде қалдырды: М. В. Ломоносов, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, К. А. Тими- рязев, Ф. И. Шаляпин есімдерін атаса да жеткілікті. Ал, өрнек салуда, кестелеуде, оюда ерекше қолданбалы өнер үлгілерін туындатқан белгісіз шеберлер кәсіпқой болған ба? Бейнелеу өнерін әркім түсіне алады, бірақ ол өзі жасайтындарға ерекше ашыла түседі. Ол кезде адам оны қоршаған дүниені жаңадан қабылдай бастайды, бұрын күнделікті болып көрінгеннен сұлулықты байқай бастайды. Өмір мен өнерде үйлесімдікті көре алу және түсіну, шығармашылық ойлау жеңіл өнеркәсібінде жұмыс істейтін мамандар үшін өте маңызды, себебі олардың әрқайсысы адам тіршілігінің заттық ортасын құруға қатысады. Бұл кітап кәсіптік-техникалық мектеп пен лицей оқушыларына арналған оқулық болып табылады. Бастауыш кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты костюм бойынша суретшілерді, матаға өрнек салу суретшісі мен раклисттерді дайындау мазмұны мен деңгейінің минимумына қойылатын талаптарды дәл негіздейді. Кәсіптік циклдің басқа да оқу пәндерінің ішінде бейнелеу өнері мен көркемдік жобалаудың негізгі түсініктерін меңгеру міндетті болып табылады. Оқулық суреттің, көркем суреттің, композицияның, декоративті өнердің және дизайннің теориялық және тәжірибелік негіздерін ашады. Оқулық материалы бейнелеу өнері тілін меңгеруге және оны өздігінен орындалатын шығармашылық әрекетте қолдана алуды қалыптастыруға көмектеседі. Сурет және көркем сурет негіздерін зерделеу реалисттік бейнелеу, жүйелілік және реттілік қағидаларына негізделеді. Оқулық мазмұны оқушы меңгеру барысында әр кезде оған белгілі материалға негізделіп, жаңа білім сатысына көтерілетіндей етіп құрылған. Сурет пен көркем суретке оқыту қарапайым заттарды талдаудан басталады, содан соң күрделірек және ақырында адам денесін салу ережелерін зержелеуге өтеді. Бейнелеу өнері тілін меңгеру үшін перспективаны, жарық-көлеңке теориясын, түстану мәселелерін, композицияны түсіну қажет. Оқулықтың ІІІ және ІV тарауларындағы материал қолданбалы өнер және дизайн негіздері білімдерін алуға мүмкіндік береді. Оқулық мәтіні түсіндірме суреттермен және иллюстрациялармен толықтырылған. Әр параграф бақылау сұрақтармен және тапсырмалармен аяқталады, оларды орындау арқылы алынған білімдерді жақсырақ меңгеруге, ептіліктер мен дағдыларды дамытуға көмектеседі. Оқулық соңында арнайы термидердің қысқаша сөздігі берілген. Бұл оқулық эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу, көркемсурет білімдерін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерді дамыту тұрғысынан бейнелеу өнері негіздерін оқытуды қарастырады.
І Т А Р А У СУРЕТ НЕГІЗДЕРІ
§ 1. Сурет, графикалық материалдар мен керек-жарақтар туралы негізгі мәліметтер
Сурет — графика түрі.Қолдан, көзбен, графикалық құралдарарқылы: сызық, штрих, дақ - орындалған бейне сурет деп аталады. Сурет өздігінен бейнелеу өнерінің түрі, сол сияқты кескіндеме, мүсін, гравюра, плакат, декоративті-қолданбалы және басқа өнерлер үшін негіз болып табылады. өнер туындыларында ғана емес, сонымен қатар әртүрлі адам әрекетінің түрлерінде сурет маңызды рөл атқарады, мысалға оқулықтардағы суреттерді, ғылыми еңбектерді рәсімдеудің әртүрлі элементтерін, техникалық бөлшектер суреттерін, костюмдер эскиздері мен киім бөлшектері, өнімдерді өңдеу түйіндері суреттерін және басқаларын келтіруге болады. Суретті қолдану саласы кең ауқымды, бірақ ол шынайылықты тану және зерттеу құралы ретінде ерекше мәнге ие. Адамның ауызша және жазбаша сөйлеуінде де, суреттерде де суретшінің әлеммен сөйлесу және ойлау үдерісі көрінеді. Кез-келген зат бейнелеу нысаны бола алады, бірақ адамдар оларды қоршаған заттыр дүниені әртүрлі қабылдайды. Әрқайсымызда көру арқылы заттардық қасиеттерінің алуан түрлілігін сезіну мүмкіндігі болса да, суретшінің көру арқылы қабылдауы аса өткір. Суретші сурет арқылы әлемді таниды, оны жазықтықта және көлемде бейнелеу құпиясын меңгереді. Бұл параграфта біз суретті графика түрінде және өздігінен өнер құбылысы ретінде қарастырамыз.
Графика (грек сөзінен. grapho — жазамын, сурет саламын) — суреттен жәнебасылғанкөркемсурет туындыларының өте кең және көпқырлы ауқымынан тұратын бейнелеу өнерінің түрі. Графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптардағы иллюстрация, журналдар мен газеттердегі суреттер, әртүрлі тауарлар қаптамасының рәсімделуі, пошталық және ақша белгілері, эмблемалар, плакаттар және көп басқа нәрселер – бұның барлығы суретші-графиктердің жұмысы.Кескіндемемен салыстырғанда графика шартты және қоршаған заттық дүниенің түсі мен пішінінің барлық байлығын бермейді, суретші тек негізгісін таңдап, бөліп алады.
Графика өздігінен сала ретінде сурет пен басылған көркемсурет бейнелерін; ағаштағы (ксилография), металдағы(офорт),тастағы (литография),линолеумдегі (линогравюра), картондағы гравюраны және сурет өнеріне негізделген, бірақ өз көркемдік айқындық құралдары бар басқа түрлерін біріктіреді. Көп экземплярмен-эстамппен тираждалатын баспа графикасы туындыларына қарағанда, сурет бірегей. Суреттер орындалу техникасы мен сипаты, тағайындалуы, жанры және тақырыбы бойынша ажыратылады. Станоктық суреттің өз мәні бар – бұл мольбертте (суретші станогында) , жеке бетте жасалған мұқият өңделген туынды. Бұл әртүрлі жанрдағы суреттер болуы мүмкін: пейзаж, портрет, натюрморт, тұрмыстық және тарихи тақырыптарға арналған суреттер және т.б. Орындау уақыты бойынша суреттер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. ұзақ мерзімді суреттерге қарағанда суретші нобайлар мен суреттемеде өзінің көргенінен алған әсерін тез белгілейді. Дайындық суреттер-эскиздердесуретшілер, мүсіншілер,дизайнерлерөз жобаларының алғашқы ойларын жүзеге асырады.
Графикада көркемдік айқындық құралдары
Бейнелеу өнерінің кез-келген түрі сияқты суреттің өзіндік бейнелі тілі бар. Сызық, штрих, дақ, тон, жарық пен көлеңке үйлесімі – суреттің көркемдік айқындық құралдары. Бұл құралдардың әртүрлі үйлесімі жарық пен көлеңке және реңктік әсер құруға мүмкіндік береді.
1.1-сурет. Сызықтардың эмоционалдық айқындығы Суреттің бастық айқындық құралы – сызық. Оның суреттегі рөлі күрделі және жауапты: ол суреттелетін нәрсенің мәнімен үздіксіз байланысқан және шынайылықты көркемдік ұғыну нәтижесі болып табылады. Суретшінің сызығы сызба сызығынан ерекшеленеді. Ол біресе жуандайды, біресе жіңішкере түседі, біресе күшееді, біресе әлсірейді, қатты, бұрыштық, сенімсіз әрі жасқаншақ бола түседі (1.1- сурет). Сызық бейнеленетін заттың сипатын ғана емес, сондай-ақ суретшінің эмоционалдық күйін жеткізеді. Сызықтың эмоционалдық палитрасы алуан түрлі. В Мухина нобайындағы сызықтар қандай иілімді әрі айқын (1.2-сурет) және Л. Спаццапан суретінде қаншалықты динамикалы (1.3-сурет). Штрих – қаламұштың немесе қарындаштың қысқа ізі, сурет салу техникасының қарапайым элементі.
1.2.-сурет. В.Мухина. Жалаңаш мүсін нобайы
1.3 - сурет. Л.Спаццапан. Шауып бара жатқан жылқы Штрихтар жүйесімен кеңістік бейнеленеді, заттардың көлемдік- иілімдік қасиеттері, олардың фактурасы айқындалады, динамиканың, жарықтың және көлеңкенің айқын әсері құрылады. Ж.Сера француз суретшісінің эстрада әншісін бейнелейтін суреті (1.4-сурет) кеңістік және жарық құдіреті мен таңқалдырады. Ол қарындаш пен орындалған, бірақ қарапайым қарындаш штрихімен емес, шайылған сияқты,айқын емес фигуралар мен заттар бейнесін құра отырып, жұмсақ, біртекті қарындашпен өңдеу арқылы салынған. Егер сызықтық сурет сұлбасының ішін біртекті түспен бояса силуэт – дақ жазықтықтық түстік бейне алынады.
1.4 - сурет. Ж.Сера. Сурет
1.5 - сурет. Е.Кругликова. А. А. Радаков портреті Дақ иілімсіз болып көрінгенмен шексіз алуан түрлі күйлер туындатуы мүмкін.Дақ көмегімен пішінді ғана емес, сонымен қатар үлгі спатын да, сюжеттік оқиғаны да көрсетуге болады (1.5-сурет). Дақтарды әрқашан жазықтыққа ұмтылатын тоқыма өнерінде де виртуозды қолданады. Дақпен жұмыс істей алу – матада сурет тудыратын шеберлер үшін маңызды қасиет (1.6-сурет).
1.6-сурет. Матадағы дақ өрнектер Дақпен салынатын сурет силуэтті болмауы да мүмкін. Оның көп бөлігі реңк градацияларын қолдануға, яғни қошқыл түстен ашық түске біртіндеп өтуге негізделген. Н.Куприянов суреті (1.7-сурет) қара акварельмен салынған, бірақ бұл нобайда қандай да бір поэзиялық және құпиялылық бар.
1.7-сурет. Н.Куприянов. Сатыда
Графикалық материалдар, керек- жарақтар және оларға қойылатын талаптар
Сурет салу үшін өте көп құрал- саймандар мен материалдар қолданады. Олардың ішінде кең тарағаны – графиттік қарындаштар. Ежелгі римдіктердің өзіне қарындаш белгілі болған, бірақ ол күміс немесе қорғасын болған. Орта ғасырларда оған қалайы немесе қорғасын мен қалайы құймасынан жасалған қарындаштар қосылды. Бірақ, бұндай қарындаштар кең тараған жоқ. Англияда XVІ ғ. екінші жартысында графиттің ашылуы төңкеріс жасады. Бірақ графиттік қарындаштардың кемшіліктері болды – айғыздалды және қағазда нашар сақталды. Тек XVІІІ ғ. соңында француз механигі Гонте графиттік ұнтақты балшықпен сәтті пропорцияда араластырып, біз қазірге дейін қолданып жүрген қарындашты айлап тапты. Графиттік қарындаштар әртүрлі қаттылық дәрежеде шығарылады. Отандық қарындаштардың 13 қаттылық дәрежесі бар, аса қаттылары Т әрпімен белгіленеді (1Т бастап 7 Т дейін), жұмсақ қарындаштар – М әрпімен белгіленеді (1М бастап 5 М дейін); импорттық қарындаштар – сәйкесінше Н және В әріптерімен белгіленеді. Сурет салу үшін ТМ, М, 2М – 5М маркілі салыстырмалы жұмсақ қарындаштар жарамды. Олар арқылы әртүрлі қалыңдықты сызықтар сығуға болады және реңк градациясының диапазоны өте ақшыл түстен қараға дейін жетуге болады, бұған шрихтау арқылы қол жеткізеді. Сурет салуда көмір де кең қолданылады, ол кең айқын мұмкіндіктермен ерекшеленеді. Ол терең барқыт қара түс және әртүрлі реңктерге ауысу мүмкіндігін береді. Онымен жылдам нобай салады және ұзақ мерзімді суреттер салады. Көмірмен жіңішке сызық сызуға және жылдам үлкен жазықтықты реңкпен жабуға болады. Көмірмен салынған суреттерді арнайы бекіткішпен бекіту қажет. Көмір басқа материалдармен – сангинамен, бормен, пастельмен, түсті қарындаштармен және «Ретушь» арнайы көмірлі қарындашпен жақсы үйлеседі. Қаламұшпен сурет салу қол мен көзді жақсы жаттықтырады. Қаламұштарды сұйық бояғыш заттармен: тушьпен,сиямен, морилкамен, акварельмен сурет салу үшін қолданады. Суретшінің құралы ретінде қаламұш бұрыннан белгілі. Ежелде қаз, аққу, қарға, тауыс, құрақ және сабан қауырсындарын қолданған. Қазіргі кезде сурет салу тәжірибеде әртүрлі пішінді және өлшемді металл қаламұштар кең тараған (1.8-сурет). Қаламұшпен жұмыс істеу байқағыштықты, зейін салуды, сенімділікті және дәлдікті талап етеді. Қаламұшпен жұмыс істеу ерекшелігі түзету мүлдем дерлік мүмкін еместігі. Қаламұшты басу күшін өзгертіп, әртүрлі қалыңдықты сызықтар алуға болады. Болат қаламұштар арқылы айқын және жіңішке сызықтар, ал қаз және құрақ қауырсынымен - айқын және тірі сызықтар алуға болады
1.8 - сурет. Тушьпен сурет салуға арналған керек-жарақтар
1.9 - сурет. Шөптер қопасы. Қағаз, тушь, қаламұш Әртүрлі графикалық әсерлерге түсті қарындаштар көмегімен қол жеткізугеболады. Акварель қарындаштарды сумен араластыру арқылы көркем кескіндеме әсерін алуға болады. Графикалық жұмыстар негізінен қағазда орындалады, оларды таңдауда мұқият болу керек. Қағаздың әртүрлі сұрыптары болады. Қарындашпен немесе бояумен жылдам сурет салу үшін сәл бұдырлы бетті тығыз ақ қағаз-ватман немесе жартылай ватман жарайды. Жұмсақ графикалық материалдармен орындалатын (өте жұмсақ қарындаштар, көмір, сангина және т.б.) қысқа мерзімді суреттер мен нобайлар салу үшін сапасы бойынша әртүрлі қағаздарды қолданады: жапсырма қағаз, орама қағаз, газеталық және т.б. Қаламұшпен жұмыс істеу үшін тегіс, бұдырсыз, тығыз ақ қағаз жарайды. Оқулық суреттері үшін сызба қағазының ½ немесе ¼ форматты стандартты бетін қолданады. Сурет салуға арналған қағаздарды орамай, арнайы папкада сақтаған жөн, себебі оралған қағазды мольбертке немесе сурет салу тақтасына орнату қиын болады. Сурет салуға арналған керек- жарақтар құрамына сонымен қатар бүктемелі пышақ немесе скальпель және жұмсақ өшіргіш кіреді, өшіргіш диагональ бойымен кесілген болу керек, себебі үшкір ұшымен қажет емес сызықтарды өшіру оңай болады. Көркем сурет материалдарын және олармен жұмыс істеу техникасын білу шығармашылық ойларды жүзеге асыруға және суреттерді айқынырақ жасауға көмектеседі.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1.10 - сурет. Сызықтардың әртүрлі сипатын беруге арналған жаттығулар мысалы
§ 2. Үш өлшемділік. Пішін. Көлем
Бізді қоршаған орта алуан түрлі пішіндерге толы. Айналамызда біз көргеннің бәрінің пішіні бар, ол кез- келген затты ең жақсы түрде сипаттайды. (1.11-сурет, а және б). Қандай да бір затты жазықтықта графикалық түрде бейнелеу қажет болғанда, біз пішінге ерекше көңіл бөлеміз. Біздің көру сезімімізден өткен кез-келген пішін санамызда басқа ұқсас пішіндермен ассоциациялануы мүмкін, онымен біздің қиялда белгілі бір ара қатынастар мен байланыстар құрылады. Мысалы, бояу дағы бетпен ассоциация тудыру мүмкін, ал бұлттар бейнесінен жатқан итті, шауып келе жатқан жылқыны және көптеген басқаларды көруге болады.
1.11 - сурет. Табиғи пішіндер:
а — қабыршақ; б — гүл Бейнеленетін заттың айқындылығы суретші үшін аса маңызды, себебі ол суретші құратын үлгілерді анықтайды. Жазық бетте суретші бейне салады, ал көрермендер одан көлем мен кеңістік көреді. Сурет салушыға бұған қол жеткізу үшін ол көзге көрінетін кеңістікті көлемді қабылдауды үйрену керек: затты бір жағынан сала отырып, оны жан жағынан көруі қажет. Суретші затты ұғынбай сұлбасын, ақшыл және қошқыл түсті дақтарын «суреттей сала салмай», санасында оның құрылымын, оның құрылу заңдылықтарын елестету керек. Табиғатпен немесе адаммен құрылған кез-келген пішін негізінде геометриялық дене жатыр, оларды зерделеуден сурет салуды үйрену басталады. Заттың көлемі үш параметрмен сипатталады: ұзындығы, ені, биіктігі. Олардың ара қатынасына заттың сыртқы түрі және оның пішінінің сұлбасы байланысты. Суретте көлемді пішінді бейнелеу үшін, қиял және логика ақылы оның ішкі құрылымын елестету керек, яғни заттың құрылымын ұғыну керек. Құрылым – пішіннің құрылымдың негізі, кеңістікте өзара орналасқан жеке элементтерін бірыңғай иілімді көлемге байланыстыратын каркасы болып табылады. Пішін құрылысының ерекшеліктерін, оның құрылымын түсіну үшін суретте өтпелі айқындап салу әдісі қолданылады (1.12-сурет). Пішіні бойынша заттарды қарапайым және күрделі деп бөлуге болады.
1.12 - сурет. Тұрмыстық заттарды өтпелі айқындап салу Күрделі пішіндер әртүрлі жазықтықтардың (жазық, дөңес және ойық) үйлесімі болып табылады. Мысалға автомобиль пішінін келтіруге болады. Заттардың қарапайым пішіндерін қырлы және дөңгелек деп бөлуге болады. Қырлы геометриялық денелердің беттері жазық қырлардан түзілген – бұл кубтар, призмалар, пирамидалар. Дөңгелек геометриялық денелер беттері жазық контурдың өз өсі бойымен айналуы кезінде түзілген - бұл шар, цилиндр, конус. Оларға қисық беттер тән-сфералық және цилиндрлік. Сурет салар алдында бейнелейтін затты жан жағынан мұқият қарап, оның көлемі туралы анық түсінің құру қажет. Одан кейін заттың құрылымын нақтылау үшін өтпелі айқындап салу әдісін қолданып, бірнеше нобай жасау керек, онда өстер мен оған тән қима сызықтарын белгілеу қажет.
Оптикалық иллюзиялар. Нысандардың пішінін дұрыс сипаттау үшін оны қабылдаудың бірқатар ерекшеліктерімен танысу қажет. Суретшілер оптикалық иллюзиялар деп атайтын бірқатар құбылыстармен кездеседі. Оларды зерттеу және ескеру арқылызаттардыкөргенде бұрмалануын болдырмауға ықпал етеді. Психологтар біздің санамыз заттарды қарапайым бірліктерге топтастыруға ұмтылатынына назар аударды. Бір бірінен бірдей қашықтықта орналасқан және өзара байланыспаған нысандар болып табылатын нүктелер біздің санамызда қатарға және бағанаға жинақталады (1.13-сурет). 1.14, а- суретте кесінділер ұзындықтарын салыстыру кезінде туындалатын иллюзиялар. Оптикалық иллюзиялар геометриялық фигураларды салыстыру кезінде де туындауы мүмкін (1.14,б- сурет). Бір заттар майда заттар айналасында ірірек және ірі заттар айналасында майда болып көрінуі мүмкін. Егер тіктөртбұрыштың қабырғасын орталықтан басталатын көп сәулелер мен қиятын болсақ, геометриялық сипаттаманы қабылдау бұрмалануы мүмкін (1.14, в-сурет). Бұл сәулелер тіктөртбұрыш қабырғаларының параллель түзу сызықтарын бүгілген сияқты көрсетеді. Бірдей болса да, қара фондағы ақ шаршы ақ фондағы қара шаршыға қарағанда үлкенірек болып көрінеді (1.14,г-сурет). оптикалық иллюзиялар біздің ақыл-ойымыздың әрекетінің нәтижесі. Мысалы, екі ойлы суреттер көрнекті түрде бір нысанды айнымалы бейнеде қабылдауды көрсетеді және біресе фигура ретінде оқылады, біресе фон ретінде қабылданады: біресе ақ фонда екі қара профиль көреміз, біресе қошқыл фонда ақ құмыра көреміз (1.14,д-сурет).
Пішінді қабылдау ерекшеліктерін білу арқылы дәл және айқын суреттер, қызықты композициялар салуға болады. Заманауи киімдердің көркемдік жобалау кезінде көзбен шолып қабылдау және оптикалық иллюзиялардың туындалу заңдылықтарын білу костюм бойынша суретшіге ойын толық және қызықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал киім пішуші – тапсырыс беруші денесінің кейбір кемшіліктерін түзете алады.
1.13 - сурет.Бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер
1.14. Оптикалық иллюзиялар
1.15 - сурет. Геометриялық денелер бетінде жарық-көлеңкенің таралуы
Жарық-көлеңкежәнеоның заңдылықтары. Көлемді пішінді суретте тек құрылымдық құру арқылы ғана емес, сонымен қатар жарық- көлеңке арқылы да беріледі. Кез-келген көлемдік зат қисықтармен немесе жазық беттер арқылы шектеледі, олар жарық
1.16 - сурет. Геометриялық денелер тобы
1.17 - сурет. Конус және пирамида
түскен кезде әртүрлі жарық жағдайларына түседі. Жарық бетінің сипатына байланысты пішін бойынша таралып, әртүрлі реңдерге иеленеді – ең ақшылдан ең қошқылға дейін. Беттің жарықтану деңгейі жарық көзіне дейінгі қашықтыққа тәуелді: жарық көзі беттен қашық орналасқан сайын, ол әлсіз жарықтанады, және керісінше. Зат бетінің көзге көрінетін жарық жері зат пен көрермен арасындағы қашықтыққа байланысты, Алыстаған сайын жарық беттер қараяды, ал қарайған жерлері жарықтана түседі. Жарықтану дәрежесінде бетке жарық сәулелерінің түсу бұрышы да біршама рөл атқарады. Жарық сәулесі тік бұрышпен, яғни перпендикуляр түсетін жері аса қатты жарықтанады. Жарық сәулелерінің бетке түсу көлбеулігі бұрышы аз болған сайын, соғұрлым азырақ жарықтанады. Заттың жарықтығы оның бетінің түсіне және фактурасына тәуелді: күңгірт және бұдырлы бетке қарағанда, жылтыр бет жарықты көбірек шағылыстырады. Қараңғы беттер жарық сәулелерін көбірек жұтады, бірақ азырақ шағылыстырады. өте қараңғы немесе өте жарық беттерде жарық градациялары нашар ажыратылады, ебебі біздің көзіміз өте әлсіз немесе өте қатты жарық қоздырғышын ажырата алмайды. Түсу бұрышына байланысты әртүрлі беттерде жарық-көлеңкенің таралудың мысалы ретіндеқарапайым геометриялық денелердің жарық- көлеңкесін қарастырайық. Әртүрлі заттар пішінінің негізінде қарапайым геометриялық денелер жатыр. Шар, цилиндр және жазық беттерде жарық-көлеңкенің таралу заңдылықтарын біле отырып, кез-келген күрделі пішінді заттың жарық- көлеңкесін ұғынуға болады. Геометриялық денелердің бетінде жарық-көлеңкенің таралу сипатын жақсырақ елестету үшін оларға бүйір жағынан қатты жарық түсетінін, ал көлеңке жақтары жанында орналасқан ақ вертикаль жазықтықтан шағылысқан сәулелермен жарықтанады деп елестетейік (1.15-сурет). Жарық көзі түспейтін және көлеңкеде орналасқан дене бетінің бөлігі өзінің көлеңкесі, ал бетінің жарық түскен бқлігі – жарық деп аталады. Қисық беттің жарықтану дәрежесі жарық сәулелерінің түсу бұрышының шамасымен анықталады: сәулелер тік бұрышпен түсетін жері ең жарықтанған жері болады. Сәулелер тек беті бойы жанасатын жерлерде жартылай көлеңке түзіледі. Көлеңке сызығына жақындаған сайын жарық сәулелерінің түсу бұрышы азаяды. Тегіс жылтыр беттерде жарық көзі шағылысады да, ең жарық жер – ақ дақ пайда болады. Жанында орналасқан жарық түскен жазықтықтан шағылысқан сәулелермен көлеңкенің жарықтануы рефлекс деп аталады. Заттан пайда болатын көлеңке түсетін көлеңке деп аталады. Көпқырлы денелерде жарық сәулелері үлкен бұрышпен түсетін қырлы ең жарықтанған болады, ал жарық сәулесі мен қыр арасындағы бұрыш азайған сайын, оның жарықтану дәрежесі азаяды. Көпқырлы дененің әрбір қыры көзбен шолғанда әрбір нүктесінде бірдей жарықтанбаған болып қабылданады. Қараңғы бетімен шектелген жарық беті ақшылдау, ал қараңғы жағы қошқылдау болып көрінеді. Цилиндрлі, конусты және сфералық беттерде жарықтан көлеңкеге өту біртіндеп жүреді, жарық-көлеңке қатынасы күрт ауытқымайды. Бұндай беттер үшін ең жарық дақтан ең қошқыл даққа бір сарынды, жартылай тондармен қаныққан ауысу тән.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 3. Пропорциялар
Пропорция деп пішін бөліктерінің өзара және әртүрлі пішіндер арасында өлшемдік қатынасын айтады.
Пропорцияны сезіну сурет салу барысында ең негізгісі болып табылады. Пропорциялардықадағалау суреттелетінзаттыңбарлық бөліктерінің өлшемдерін бір-біріне және бір бүтінге қатысты үйлестіре алу дегенді білдіреді.
1.18-сурет. Ежелгі Египетте адам денесінің пропорциялары Мысалы, бірнеше тұрмыстық заттардан тұратын натюрмортты салу салу үшін олар өзара өлшемі: биіктігі, ені, көлемі, массасы бойынша қалай ара қатынасатынын анықтау қажет. Заттар арасындағы пропорционалдық қатынастарды орнатқан соң, жеке алынған затпішіні бөліктерінің өзара өлшемділігін айқындауға көшеді. Яғни, зттар арасында және жеке зат пішінінің бөліктері арасында өлшемдестілікті орната отырып, біз олардың пропорционалдық сипаттамаларын айқындаймыз. Демек, пропорция негізінде салыстыру әдісі жатыр. Пішін бөліктерінің өлшемдестілігі оның әдемілігін тудырады. Біз өткен уақыт шеберлерінің туындыларын тамашалаған кезде, бізді олардың керемет үйлесімділігі таң қалдырады, ол көбіне бүтіннің және бөлшектердің пропорционалдылығы сияқты эстетикалық қасиетпен анықталады. Әртүрлі дәуір суретшілері қоршаған әлем нысандарының, әсіресе адам денесінің пропорционалдық заңдылықтарын түсінуге ұмтылған. Ежелгі Египетте адам денесін суреттеу үшін арнайы канон құрылған, оған сәйкес адам денесінің бөліктері математикалық дәлдікпен өлшенген. Денені бөлу негізіне мысырлықтар 21 бөлікті салған (1.18-сурет), оның ішінде дененің өзіне 19 тең бөлік және 2 бөлігі - бас киімге (фараон тәжі) сай келген. Тұрған, жүріп келе жатқан, отырған, тізерлеп иілген және т.б. адамды суреттеу үшін ережелер орнатылған. Сонымен қатар лотос гүлін, киелі жануарлар мен құстарды бейнелеу үшін ережелер құрылған. Бұдырлар мен жазбалар құру кезінде мысырлықтар арнайы тор-кестелерді қолданған, оны қабырға және тас плиталар үстіне қойып салған. Суретші канонмен орнатылған ережелерді білу қажет болды, тор-кестені қолданып, оларды қадағалауы қажет болған. Ежелгі гректер бейнелеу өнері негізіне ең сұлу адам бейнесін жатқызды. Олар әлемде қатаң заңдылық орнаған деп есептеген, және сұлулық мәні бөлшектер мен бүтіннің дұрыс тәртібінде, симметрияда, үйлесімді бірлігікте деп санаған. Бұл ережелер гректер құрған канондарнегізіне жатты. б. э. дейінгі 432 ж. мүсінші Поликлет "Канон" деп аталатын адам денесінің пропорциясы туралы шығармажазған. өз теориясын суреттеп көрсету үшін ол "Дорифор" мүсінін жасаған, ол найзалы сарбаз дегенді білдіреді. Бұл жігіт-атлет мүсіні суретшілерүшінүлгі болып саналды. Ежелгі Грекия суретшілері пропорцияларжүйесінашты,ол кейіннен «алтын қима»деп аталды.Бұл пропорцияның мәні екі шаманың қосындысы үлкенірек шамаға жататынына, ал үлкен шама кіші шамаға жататынына негізделген. «Алтын қима» қағидасы бойынша АВ кесіндісін бөлу мысалы 1.19-суретте келтірілген (АВ : АС = АС : СВ). «Алтын қима» шамамен бүтін сан түрінде 5:3; 8:5; 13:8; 21:13 және т. б. ретінде өрнектеледі. «Алтын қима» заңын білу антика сәулет өнерінде, көркем суретте және мүсінде біршама рөл атқарды. Егер ежелгі суретшілер үйлесімге жету үшін «алтын қима» қағидасын интуицияға сеніп ұстанған, ал теориялық түрде ол Қайта өрлеу дәуірінде сипатталған. Леонардао да Винчи ежелгілердің тәжірибесіне сүйене отырып, адам денесінің пропорциялар жүйесін жасады. Адам фигурасын кескіндеу ережелерін құра отырып, ол сурет- сұлбаны жасады, ол көрнекті түрде адам денесі бөліктерінің пропорционалдық заңдылықтарын көрсетеді (1.20-сурет). Қайта өрлеу дәуірінде суреттің теориялық негіздерімен айналысқан шеберлердің ішінде көрнекті орын
неміс суретшісі Альбрехт Дюрерге тиесілі.
1.19 - сурет. «Алтын қима» әдісімен кесіндіні бөлу
Адам пропорциялары туралы бірнеше кітаптарды жазып, ол мәтіндерге көп мөлшерде суреттерді, сұлбаларды және сызбаларды қоса отырып, тақырыпты ғылыми негіздеуге ұмтылған. Идеалды пропорция мәселелері келесі дәуірлерде де суретшілерді мазалады. 1947 ж. француз сәулеткері Ш. Э. Ле Корбюзье модулор — «алтын қима» қағидасына сәйкес адам фигурасын бөлу жүйесін жасады. Бұның негізінде сәулеттік жобалау мен дизайнге арналған үлгілер мектебі құрылды. Бұл жүйеде адам фигурасыөкшеден белге дейін, белден желкеге дейін, желкеден созылған қол саусақтарыныңұшынадейін кесінділерге бөлінген (1.21-сурет).
1.20 - сурет. Леонардо да Винчи.Адам фигурасының пропорциялары
1.21 - сурет. Ш.Э.ЛеКорбюзье. Модулор.
Пропорция сезімінің дамуы сурет салуда жетістікке жетуді негіздейді. Тәжірибе көрсеткендей: пропорциялар дәл табылған сайын, сурет жарқыныруқ жәнеайқынырақболады. Пропорциялық қатынастарды дұрыс таңдау костюмді жобалау кезінде аса маңызды. Костюм бөліктерінің өлшемдестілігі менжақсы ұйымдастырылуы адам фигурасына тартымдылық береді және кейбір кемшіліктерді жасыруға көмектеседі. Тек киім дизайны саласында ғана емес, сонымен қатар кез-келген көркемсурет- жобалау әрекетінде пропорциялау маңызды рөл атқарады. Бейнелеу өнері әрекетінде, натурадан сурет салу кезінде заттардың пропорциясын көздеу әдісімен тексеруге болады (1.22-сурет). Ол былай жүргізіледі: қарындашты алақанға аты жоқ саусақ пен ортаңғы саусақпен қысамыз, ал бас бармақ қарындаш бойымен жылжып, оның бойында қажетті өлшемдерді белгілеу үшін қажет. Қарындашты горизонталь созылған қолда натура мен көз арасында ұстайды. Ол өлшенетін заттың күйіне байланысты оңға және солға қисаюы мүмкін, бірақ қарындаш көздің бас сәулесіне қатаң перпендикуляр орналасу керек. Бұл шарттарды қадағаламаса, өлшемдер қате болады.
1.22 - сурет. Көздеу әдістері
Көздеу әдісімен заттың ені қаншалықты оның биіктігіне сиятынын анықтауға, пішін өсінің көлбейлену дәрежесін нақтылау,а және т.б. болады. Бірақ көздеу әдісін көп қолдануға болмайды, себебі ол көзөлшегіштің дамуын тежейді, ол жүйелі түрде жаттығулар арқылы жаттықтырылады. Пропорция сезімі дамыған болса, көзбен өлшеу көздеу арқылы өлшеуге қарағанда дәлірек болады.
Бақылау сұрақтары
§ 4. Перспектива негіздері
Натурадан, сонымен қатар ес бойынша және елестету бойынша сурет салуды үйренген кезде шынайы бейнелерді құрудың теориялық негіздерін білу керек. Қоршаған ортаны бақылай отырып, адам заттар алыстай бергене, өлшемі кішіреетініне назар аударған. Бұны біздің көру қасиеттерімен түсндіруге болады. Бізге көрінетін заттардың барлығы на міндетті түрде жарық түскен, әтпесе біз оларды көре алмайтын дік. Жарық түскен заттардан шағылысқан сәулелерді біздің көздер қабылдайды және оның қарашығының жүйке түйсіктері қозады. Бұл қозу біздің санамызда көрінетін бейнеге айналады. .23-суретте көзбен қабылдау сұлбасы келтірілген, онда көздің оптикалық қасиеттерінің салдарынан бірдей өлшемді екі заттың жақын орналасқаны үлкенірек, ал алыс орналасқаны кішірек болып көрінетіні көрсетілген. Өлшемдердің перспективті қысқаруына классикалық мысал – ұзына бойы бағаналар орнатылған алысқа созылған жол. Алыстай берек, жол тарыла түседі, албағаналар кішірейе береді, еңс оңында көкжиекте бір нүктеге айналады (1.24-сурет). Көкжиекті әрқашан да көре алмайсыз – қалада, орманда ол көрінбейді. Бұл жағдайда оны елестету керек. Көкжиек сызығының басты ерекшелігі ол бақылаушының көзі деңгейінде өтуі болып табылады. Көкжиексызығынанжоғары орналасқанныі барлығына сіз төменнен жоғары қарайсыз, ал төмен орналасқанның барлығынан – жоғарыдан қарайсыз. Көкжиек сызығынан жоғары орналасқан нысандардыңгоризонталь сызықтарының барлығы төмен қарай қисаяды, ал көкжиек сызығынан төмен орналасқан нысандардың осыған ұқсас сызықтары осы сызыққа жоғары ұмтылады. Бұл өзгерістердің барлығы белгілі бір заңдылықтар бойынша
1.23 - сурет. Әртүрлі қашықтықта бірдей өлшемді заттарды көзбен қабылдау сұлбасы
1.24 - сурет. Перспективті қысқарудың классикалық
Біздің көруіміздің оптикалық ерекшеліктері мен физиологиялық қасиеттеріне сәйкес көзге көрінетін әлемнің жазықтықта бейнелену заңдылықтарын зерттеумен перспектива (лат.тілінен . perspіcіo — айқын көремін) деп аталатын ғылым айналысады. Осығылымның ережелеріне сәйкес орындалған бейненің өзі де перспектива деп аталады. Перспективті бейнелеу әдісі Қайта өрлеу дәуірінде жасалған. Перспективаның ғылыми теориясын құрушылардың бірі математик Паоло Тосканеллимен бірге ерте Ренессанс сәулетшісі Филиппо Брунеллески болды. Содан кейін италия және неміс суретшілері Пьеро делла Франческа, Паоло Уччелло, Леонардо да Винчи, Альбрехт Дюрер және басқалары өздерінің ғылыми теңбектерінде және өнер туындыларында ертеректе ашылған заңдылықтарды дамытты.
Бейнелеу өнерінде перспективаның үш түрін ажыратуға болады: байқау, сызықтық және әуе. Бейнелеу өнерінде перспективаның үш түрін ажыратуға болады: байқау, сызықтық және әуе. Байқау перспективасы – тікелей бақылау тәжірибесінен туындаған ережелер қатары. Бұл жағдайда суретші натура бейнесін суреттеуде дәл геометриялық есептеулерге емес, өзінің көргеніне және талдауға негізделеді. Бақылау перспективасына қарағанда сызықтық перспектива жазықтықта перспективті бейнелерді геометриялық құрудың әртүрлі әдістерінің жүйесі болып табылады. Әуе перспективасы бақылау перспективасының бір бөлігі болып табылады және көрерменнен алыстаған кезде атмосфераның әсерінен зат түсініңжәнеконтурының айқындылығының өзгеруі туралы сипаттайды. Ол негізінен көркем суретте қолданылады. Перспектива негіздерін меңгеру алдында кейбір түсініктермен танысып алу қажет. Адам қозғалмай және көзін айналдырмай, бір қарағанда қамти алатынның барлығы көру аймағы деп аталады. Ол 60° жақын көру бұрышы шегінде орналасады., бірақ ең айқын қаылдау шамамен 30° көру бұрышы шегінде орналасқан. Егер біз бір затқа біресе оңға өозғалып, біресе солға қозғалып, біресе отырып, біресе тұрып қарайтын болсақ, ор әр кезде басқаша көрінетін болады. Бақыланатын нысанға қатысты бақылаушының көзінің күйі көру нүктесі деп аталады. Бөлмеден терезеге қарағанда, біз үйлермен, ағаштармен және әртүрлі қашықтықта орналасқан басқа нысандармен кең кеңістікті көреміз. Егер әйнекте бояумен олардың кескінін жиектесе, біз кеңістікте орналасқан заттардың контурлық бейнесін аламыз. Бұл жағдайда әйнек суреттік жазықтық болады. Натура тапсырмасына қарай отырып, суретші өз алдына суреттік жазықтықты елестетеді де, онда заттар қағазда суреттелуі қажет түрде көрініп тұрады. Бейнеленетін нысандар орналасқан жер, еден немесе үстелдің горизонталь жазықтығы заттық жазықтық деп атау қабылданған. Көзбен шолғанда параллель сызықтарға бірігіп, сурет тереңіне кететін көкжиектегі нүктелерді бірігу нүктесі деп атайды. Суреттің қай жерінде орналаспаса да, қай затқа қатысты болса да әрбір параллель сызықтар тобы үшін бір ғана бірігу нүктесі болады. Көкжиекке тік бұрышпен орналасқан параллель сызықтар біздің көзімізге қарама қарсы орналасқан бір нүктеге бағытталады және бас нүкте деп аталады.
1.25 - сурет. Перспективті бейнені құрудың кеңістіктегі үлгісі
1.26 - сурет. Квадрат перспективасы
Сызықтар перспективасы. Натурада суреттің жазықтыққа параллель орналасқан сызықтар фронтальді деп аталады. Қаншалықты алыс орналасуына тәуелсізнатурада қандай бағытта болса, суретте олар сол бағытта орналасады. Қай күйде орналасса да, фронтальды сызықтардың
Сурет тереңдігіне бағытталған сызықтар суреттік жазықтыққа перпендикуляр болуы мүмкін және оған әртүрлі бұрышпен түсуі мүмкін. Көзден алыстаған сайын зат бізге кішірейген сияқты болып көрінеді, ал тереңге бағытталған парраллель сызықтар бірігу нүктесіне жақындаған сияқты болып көрінеді. Квадратнемесешеңбер перспективасы. Перспективада квадрат егер екіқабырғасы суреттік жазықтыққа параллель болса трапеция түрінде, немесе егер, квадрат жазықтығы кездейсоқ бұрышпен орналасса, дұрыс емес тіктөртбұрыш түрінде болады. Бірінші жағдайда квадраттың екі қабырғасы көкжиек сызығына параллель болады, ал тереңге бағытталатын қабырғалары орталық бірігу нүктесінде Р түйіседі (1.26, а- сурет). Екінші жағдайда квадраттың қабырғалары орталық бірігу нүктесінің сол және оң жағыда орналасқан F1жәнеF 2бірігу нүктесіне бағытталады (1.26, б-сурет).
1.27 - сурет. Шеңбер перспективасы
Песпективада шеңбер эллипс түрінде болады (1.27-сурет. Көкжиек сызығына жақын болған сайын, элипс сығыла түседі, ал көкжиек нүктесімен сәйке келгенде ол түзу сызыққа айналады. Шеңбер перспективасын құру кезінде шеңбердің алдыңғы жартысы үлкенірек, ал артқысы- кішірек болатынына назар аудару қажет.
Куб перспективасы. Перспективада пішіннің өзгеру қаидаларын куб сияқты қарапайым геометриялық фигура мысалында түсінуге болады. Суреттік жазықтыққа қатысты кубтың екі бассты, өзіндік күйі болуы мүмкін: фронтальді (суретке параллель орналасқан жазықтықтар) және бұрышпен орналасқан. Бірінші жағдайда перспектива фронтальді, екінші жағдайда – бұрыштық.
Кубтық фронтальді орналасуында оның екі қабырғасы сурет жазықтығына параллель, ал қалғандары оған перпендикуляр болады. Тереңге кететін қырларды түзетін горизонталь сызықтар бір, орталық бірігу нүктесінде Р түйіседі (1.28-сурет). Бұрыштықжағдайдакуб перспективасын құру кезінде көкжиек сызығында орталық бірігу нүктесінің оң және сол жағында орналасқан F1жәнеF2екі бірігу нүктесі болады (1.29- сурет).
1.28 - сурет. Фронталь орналасқан куб перспективасы
Оның бірі немесе кейде екеуі суреттен тыс орналасуы мүмкін.
Сызықтық перспектива заңдарын біле отырып, суретшіге шынайы және сенімді бейнелеу үшін, пішіннің ішкі құрылымын түсінуге көмектеседі. Бірақ перспективалыққұрылымдарды қолдану суреттерді құрғақ сұлбаларға айналдырмау қажет.
1.29 - сурет. Бұрыштық жағдайда куб перспективасы
Перспектива заңдылықтарын білу натурадан, есте қалуы бойынша, елестету бойынша сурет салуға көмектеседі.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 5. Жеке заттардың суретін салу
Геометриялық денелердің суретін салу
Сурет салуды үйрену басқа кез- келген ғылымдарды меңгеру сияқты біртіндеп күрделенетін тапсырмалар қатары болып табылады. Күрделі пішіндердің суретін салуды үйрену қарапайым пішіндерді салудан басталады. Кез-келген заттың құрылымы негізінде жатқан ең қарапайым пішіндер геометриялық денелер: куб, шар, цилиндр, конус, призма, пирамида болып табылады. Ең күрделі заттардың құрылымының өзі геометриялық денелердің жиынтығымен көрсетілуі мүмкін. Жануарлар фигурасы, белгісіз болып көрінетін күрделі өсімдіктер пішінін де қарапайым пішіндерге бөлуге болады.
1.30 - сурет. Кубтың суретін салу кезеңдері
Яғни, геометриялық денелер мысалында перспективті құру заңдылықтарым меңгеріп, кез-келген күрделі заттардың суретін мүлтіксіз салуға болады.
Кубтың суретін салу. Кубты көкжиек сызығынан төмен және сызықтық жазықтыққа қатысты бұрыштық күйге орналастырайық. Оның ішінде бір бүйірлік қыры бізге көбірек, ал екіншісі азырақ көрінетін болады.
Кубты қарастырып, оның өлшемі мен негізгі пропорцияларын анықтайық. Кубты құрайтын жазықтықтардың перспективасын құру үшін жақын жағынан, яғни жақын орналасқан вертикаль қабырғадан бастап салу керек. Қабырға биіктігі барлық басқа өлшемдерді табу үшін масштаб болып табылады. Вертикаль қабырғасының жоғарғы және төменгі нүктелерінен натурала қабырғалардың көлбеулену бұрышын алдын ала анықтап, бүйір қырларының жоғарғыжәнетөменші қабырғаларының бағытын жүргіземіз (1.30, а-сурет). Куб көкжиек сызығынан төмен орналасқандығын ескерсек, төменгі горизонталь қабырғалардың көлбеуленубұрышыжоғары қабырғаларының бұрышына қарағанда көбірек болады, тереңге кететін қабырғалардың ең үлкен көзге көрінетін вертикаль қырының көлбеулену бұрышы кішірек болады. Ал кіші қабырғада – үлкенірек болады. Вертикаль қырларының көзге көрінетін шамасын белгілейміз. Ол үшінқырларөлшемінің пропорционалдық қатынасына сәйкес екі шеткі вертикаль қабырғасын жүргіземіз (1.30, б –сурет). Содан соң кубтың үстіңгі және астыңғы негізін құрамыз,бұл кезде үстіңгі негізінің ені тар, ал төменгі негізі кең болады (1.30,в-сурет). Көзге көрінетін және көрінбейтін контурының сызықтары қалыңдығы бойынша ерекшеленеді. Жақын планды қарындашты қатты басып белгілеу керек. Кубтың суретін салудың қорытынды кезеңі пішінің жарық- көлеңкелік модельдеу арқылы көлемін айқындау болып табылады. Көлеңкеде орналасқан куб қабырғасы бірдей қарайланбайтынына көңіл аудару керек. Кубтың өзінің көлеңкесі рефлекспен жарықтанады (1.30. г-сурет).
Шардың суретін салу. өзара перпендикуляр екі өстік сызық жүргіземіз. Онда шар шеңберінің
диаметрі шамасын белгілейміз (1.31,а- сурет). Шеңбер саламыз. Жарық пен көлеңке, жартылай тон, өз көлеңкесі мен рефлекс шекарасын анықтаймыз (1.31, б-сурет). Шар пішіні бойынша өтетін штрихтармен көлемін береміз (шеңбер бойымен). Сфералық бетте тональды ауысу бір сарынды болады (1.31, в-сурет).
1.31 - сурет. Шардың суретін салу кезеңдері
Цилиндрдің суретін салу. Цилиндрді көкжиек сызығынан төмен вертикаль орналастырамыз. Цилиндрдің өлшемдері мен негізгі пропорцияларын анықтаймыз (биіктігі мен ені). Вертикаль өстік сызықты жүргіземіз де, онда цилиндр биіктігін, жоғарғы және төменгі негізінің диаметрлерін белгілейміз (1.32, а-сурет). Содан ейін перспективті қысқаруды ескеріп, жоғарғы және төменгі овалдарды саламыз. Овалдарды вертикаль сызықтармен біріктіреміз (1.32, б- сурет). Пішінді тондық моделдеу көлемін анықтаймыз. Штрихтар бағыты цилиндр пішінін айқындау қажет (1.32.в-сурет).
1.32 - сурет. Цилиндрдің суретін салу кезеңдері Цилиндрдің суретін горизонталь және көлбеу күйде салған кезде (1.33- сурет) эллипстің үлкен өстері әрқашан орталық өстік сызыққа перпендикуляр бағытталатынын ескеру қажет. Ең алдымен қағаз бетінде цилиндр өсінің перспективті бағытының бұрышын белгілеу керек, содан кейін негіздерінің эллипстерін және бүйір жақтарын тұрғызу қажет. Егер цилиндрдің бүйірлік жақтары бірігу нүктесінне бағытталса және жақын негізі алыс орналасқан негізіне азырақ ашылған болса, онда негіздерінің эллипстері биіктігі бойынша да, ені бойынша да әртүрлі болады
Қарапайым тұрмыстық заттардың суретін салу
Тұрмыстық заттардың құрылымдық суретін салу принципі оның пішінін түзетін элементтерді (зат бөліктерінің қарапайым геометриялық денелермен – цилиндрмен, шармен, конупен және т.б. қатынасы) талдауға негізделген. үлгі ретінде қыш кіреңкені алайық. Кіреңкені натурадан суреттеп салуға кірісер бұрын, оның пішінін талдау қажет, яғни, ол қандай геометриялық фигуралардан тұратынын айқындау қажет. Б і р і н ш і к е з е ң. Суретті қағаз бетінекомпозициялықтүрде орналастыру. Орталық сызықты жүргізіп, онда крынка аузыныі, денесінің және негізінің биіктігін белгілеу.Белгіленгенбиіктік кесінділері арқылы горизонталь сызықтар жүргізу, онда орталық сызыққа қатысты симметриялы түрде аузының, негізінің және денесінің ең кең бөлігінің енін белгілеу керек. Тірек нүктелер арқылы жалпы контурын белгілеу керек (1.34,а-сурет). Е к і н ш і к е з е ң. Сызықтық перспектива заңдарына сәйкес кіреңке негізінің, денесінің ең кең бөлігінің, аузының жоғарғы және төменгі аузының овалдарын саламыз. Жарық және көлеңке шектерін белгілейміз (1.34,б-сурет). Үш і н ш і к е з е ң. Жарық-көлеңке арқылы кіреңке көлемін бейнелеуге көшеміз. Штрихтарды кіреңке пішіні бойынша салу керек. Ең жарық жерін (ақ дақ), жарықтан көлеңкеге біртіндеп өтуінн, көлеңке мен рефлексті көрсету керек. Крынканың үлкен пішініндегі көлеңкені тонмен жауып, жарықтың бөліну сызықтарын айқын көрсету керек. Сурет салған кезде суретті натурамен үнемі салыстырып отыру қажет (1.34,в-сурет). Сызықтықперспектива заңдылықтары туралы білімдерді бекіту жәнеәртүрлінысандардың құрылымдық негізін түсіну үшін қарапайым тұрмыстық заттардың суретін әртүрлі бұрылыста және көлбеу салу қажет.
1.34 - сурет. Кіреңкенің суретін салу реті
Гипстік өрнектің суретін салу
Белгілі бір пішін бетінде жіңішке иілімді ауысу мәнін түсіну үшін ажырата алу, салыстыра алу және ұсақ- түйегінің барлығын және сонымен қатар бір бүтінді көре алуды үйрену қажет. Бұл қатынаста гипстік өрнектердің суретін салу аса пайдалы. Гипстік өрнектердің иілімді пішіндері табиғи пішіндерден алынған және иілімді элементтердің алуан-түрлілігі, олардың үйлесімі, бір пішіннің екіншісіне ауысуы болып табылады (1.35-сурет). Гипстік өрнектердің суретін салу жұмыстары көркемсурет талғамды дамытады, тональді қатынастарды қабылдау шеберлігін дамытады, декоративті сипаттағы элементтерді бейнелеуге үйретеді, бұның барлығы кейінгі кәсіби қызметте аса маңызды. Сурет салу үшін аса күрделі емес өрнекті таңдаймыз және өрнекті салудың көбірек оңайлығы үшін аны фронтальді күйге орнатамыз. Әдеттегідей, суретті салу жалпыдан жекеге, үлкен массадан кіші бөлшектерге қалай жүргізіледі. Сурет салар алдында гипстік түпнұсқаны жан жағынан мұқият қарап шығып, оның бедерлерін айқындап алу қажет.
Гипстік үшқұлақтың суретін салу ретін қарастырайық.
Б і р і н ш і к е з е ң (1.36, а-сурет). Суретті қағаз бетіне композициялық түрде орналастыру. Ең алдымен өрнек элементтері үшін негіз болып табылатын гипс тақтасының (плинт) өлшемі мен орналасуын анықтау қажет.
1.37-сурет. Гипстік өрнектің суреті
1.36 - сурет. Гипстік үшқұлақтың суретін салу кезеңдері
Ары қарай тақтаның шеттерінен қандай қашықтықта өрнек орналасқанын белгілеу қажет. өрнек симметриялы болғандықтан, симметрия өсін саламыз да, оған қатысты өрнектің жалпы массасын және оның негізгі элементтерін анықтаймыз. өрнектің жалпы пішіні үшбұрышқа сыяды. Құра отырып, барлық уақытта өлшемдерді салыстыру қажет, олардың дұрыс қатынасын, дұрыс пропорциясын іздеу қажет. Үлгінің жалпы сипатынн алған соң, бөлшектерді – ірісінен майдасына дейін белгілейміз. Е к і н ш і к е з е ң (1.36,б-сурет). үшқұлақ пішінінің сипатын, әсіресе бетінің бұрылуы түзілетін жерлерді нақтылаймыз. өрнектің иілімділігін жақсырақ түсіну үшін бұдыр тереңдігінің қосымша сызықтарын жүргізу қажет. Ары қарай майда өлшектердің суретін саламыз. өрнекті сызықтық-құрылымдықсалуды аяқтаған соң, бір мезгілде үшқұлақтың пішінін нақтылай отырып, үлкен тональді қатынастарды белгілейміз. Ү ш і н ш і к е з е ң (1.36,в-сурет). Пішінді жарық-көлеңке салу арқылы жалғастырамыз: жартылай тондарды, рефлекстерді, өз және түсетін көлеңкенң айқындаймыз. Жарықтанған бетте өрнектің пішініні анықтаймыз. Жұмысты аяқтай отырып, үлкен тональдік қатынастарды үйлесімге келтіріп, алалық пен бөлшектелуді болдырмау үшін суретті жалпылаймыз.
1.37 - сурет. Рим розеткасыныңсуретін салу кезеңдері
1.37 - суретте рим розеткасын салу реті көрсетілген. Рим розеткасы – антика өрнектерінде жиі қолданылған акант жапырақтары бедерінің комбинациясы. үшқұлаққа қарағанда бұл күрделі өрнекті мотив. Оның суретін салу реті жоғарыда сипатталған ретке ұқсас. Бірақ розетка басқа кеңістіктікте орналасқанын ескеру керек (ішіне қарай сәл бұрылған), сондықтан розетканың жалпы пішінін құруда перспективті қысқаруды ескеру қажет.
Бүрменің суретін салу
Бүрме – зат үстіне жабылған немесе жазықтықта бір немесе бірнеше жерінен бекітіліп, төмен қарай төгіліп, әр жері қыртыс түзетін мата. Бүрмемен біздің тұрмыстың барлығы байланысқан. Бұл шымылдық, жамылғы, дастарқан, киім және т.б. Олар натуралық қойылымдардың құрам бөлігі болып табылады және тек фон ғана емес, сонымен қатар қойылымға органикалы түрде енеді. Матаның нақты тұрақты пішіні жоқ, ол жабылған заттың пішінін қабылдайды. Егер мата заттан немесе тіреу нүктесінен төмен салбыраса, ол әртүрлі қыртыс түзеді- бүрмеленеді. Бейнелеуөнеріндематаның қыртыстарын дұрыс салу туындалатын бейненің шынайылығына ықпал етеді. Қыртыстарды сауатты суреттеу үшін оның иілімділігін дұрыс анықтау қажет, сондықтан пішін түзу негіздерін білу қажет. Қыртыстардың келесі түрлерін бөліп айтуға болады (1.38-сурет): вертикаль «тура» (а), диагональ (қиғаш) (б), радиальды (сәулелік) (в), доға тәрізді (г). Бұл қыртыстар түрлері әртүрлі үйлесімдерді құрайды. Қыртыстардың құрылымы мен пішіні матаның иілімдік қасиеттеріне байланысты. Аса айқын бүрмелер мата жіптерінің қиғаш бағыты бойынша төмен түскенде алынады. Төмен салбырағанда, тығыз жіне қатты маталар ірі, монолитті, бұдырлы қыртыстарбереді,алзаманауи борпылдақ жүн және жартылай жүн маталаркішіөлшемдіжұмсақ қыртыстар түзеді. Табиғи жібек маталар жұмсақ, жеңіл, майда қыртыстар түзеді. Осындай майда бүрмелер жұқа тоқыма матадан алынады, ал жұқа тоқылған капрон маталар бүрменің тікірейген пішінін береді. Бүрмелер жұмсақ ақшыл біртүсті маталарда әдемі көрінеді, онда іріқыртыс терең жарық-көлеңке береді. Бүрмесуретінсалуғакірісерде материалдың қыртыс сипатын айқын анықтауқажет.Кез-келгенқыртыс пішінінде аса шығып тұрған жерін және ең терең жерін бөлуге болады, ойша пішінді оны құрайтын жазықтықтарға бөлукерек,осылайшапішінді құрылымдық талдау қажет Вертикаль жазықтықта екі тірек нүктесіне бекітілген матаның суретін салған кезде ең алдымен қыртыстар қалай түзілетінін айқындау қажет. Бас қыртыстар тірек нүктесінен вертикаль төмен қарай жүреді және конус пішінді болады, ал олардың арасында доға тәрізді қыртыстар пайда болады. Бүрменің суретін салған кезде алдыңғы оқу суреттеріндегі реттілік сақталады: қағаз бетінде жалпы орналастырудан кейін, қыртыс бағытын белгілейміз (1.39, а-сурет), шығыңқы және ішіне енген мата бөліктерінен тұратын пішінді құрамыз (1.39,б-сурет); содан соң жарық-көлеңке арқылы қыртыс пішінін айқындауға кірісеміз (1.39,в-сурет). Тональдік өңдеу кезінде штрихтарды қыртыстардың қозғалу пішіні бойынша, ал терең жерлерінде – мата бетінің тартылуы бойымен салған жөн. Бүрмелердің суретін салған кезде қыртыстар иілімділігінде болатын декоративті мүмкіндіктерді сезінген жөн. Әртүрлі тығыздықты және фактуралы маталарды суреттеу, қыртыстардыңкөркемділігін, олардың қозғалысының алуан түрлілігін және пропорцияларынсуреттеудің техникалық тәсілдерін меңгере отырып, тәлімгер адам фигурасында бүрмелерді бейнелеуге дайындайды.
1.38 - сурет. Қыртыстар түрлері
1.39- сурет. Бүрменің суретін салу реті
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
§ 6. Натюрморт суретін салу
Натюрморт термині (франц.тілінен naturemorte—өлі табиғат) шынайы тұрмыстық ортада жәнебірыңғакомпозицияға жинақталған әртүрлі заттардың бейнесі дегенді білдіреді. Бейнелеу өнерінің жеке жанры ретінде натюрморт XVІІ ғасырда Голландияда және онымен көршілес орналасқан Фландрияда (қазіргі кезде бұл Бельгияның бір бөлігі) кең тараған. Суретшімен туындалған натюрморттың контектінде тұрмыстық, еңбек, шығармашылық заттары, сонымен қатар гүлдер, жемістер, жабайы құстар, балықтар және т.б. көрсетілуі мүмкін.
Натюрморт поэзияны және күнделіктізаттарәлемінің көркемділігін бекітеді. Натюрморт суретін салу жеке заттардың суретін салуға қарағанда күрделілер оқу мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. Әрбір натюрморт өзара тақырып бойынша байланысқан, сонымен қатар пішіні, өлшемі, пропорциясы, фактурасы және түс қатынастыра бойынша ерекшеленетін заттардан құралуы қажет. Егер натурадан бір заттың суретін бейнелеу кезінде суретшінің алдында аналитикалық мәселелердің аз мөлшері тұрса, ал натюрморт суретін салған кезде олар одан да көбірек болады. Бұл жағдайда бір ғана заттың пішінін ғана емес, бірнеше заттың пішінін бейнелеу керек, оларды өзара байланыстыру қажет және барлық ансамбльдің тональдік сипаттамасын ұстану қажет. Натюрмор тсуретін салуды қойылымды алдын ала талдаудан бастау керек. Натюрмортты әртүрлі тұрғыдан қарап, ең қызықтысын таңдау керек, жарықтандыру әсеріне көңіл бөлу қажет. Бұйірлік жарықтандыру кезінде заттар аса айқын болыр көрінеді. Натюрмортты қағаз бетінде қалай жақсырақ орналастырса болатынын ойлау қажет –вертикаль күйде немесе горизонталь күйде.Бейнені әртүрлі форматтаорналастырып, композициялық шешімнің бірнеше нұсқасын жасаған жөн. Ең айқын композициялық шешімді негізгі қағаз бетіне ауыстырып салады. Натюрморттың суретін салған кезде оның композициялық орталығын, яғни мағыналық қатынаста басты затты бөліп алу қажет. Қойылымның қалған заттары қосалқы болып табылады және композициялық орталыққа бағынышты болады. Қағаз беті біртекті толтырылған болатындай етіп, барлық заттар тобын жинақтау өте маңызды. Сурет бет шетіне тіреліп тұрмау керек, сонымен қатар оның ішінде «жүзіп жүрмеу» қажет. Бейне қағазбетінде бүтіндейорналасып, суретті бір жағына немесе басқа жағына ығыстыру тілегі туындамау қажет (1.40-сурет). Натюрморт суретін салу академиялық мектеп қағидасына негізделген: жалпыдан жекеге және қайтадан жалпыға.
Сурет салу үдерісі бірнеше мақсаттардан тұрады:
Біз натураға қарағанда, біз бейнелеу қажеттінің барлығын бірден көреміз. Оны лезде фотоаппарат сияқты жасау мүмкін емес. Сурет салушы көргенін белгілі-бір уақыт бойы салады, сондықтан сурет салу ережелерінде қатаң реттілік бар. Б і р і н ш і к е з е ң. Бетте суретті композициялық орналастыру (1.41, а- сурет). Жалпы пішінін анықтау, оған барлық натюрморттың силуеті енгізіледі,заттардыңжалпы массасының қатынасы, олардың пропорциялары нақтылау.
а-бейне тым үлкен; б-бейне аса кішкентай; в- суреттің орынды орналасуы; г-бейне бір бұрышқа ығысқан Е к і н ш і к е з е ң. Заттардың перспективті қысқаруын ескеріп, олардың пішінін сызықтық - құрылымдық құру (1.4,б-сурет). Заттардың кеңістікте және бір-біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет. Натюрморттың көзге көрінетін және көзге көрінбейтін бөліктері бейнеленген соң, негізгі үлкен жарық жазықтықтарын,жартылай көлеңкелерді және көлеңкелерді оңай белгілеп, жарық-көлеңкені салады. Ү ш і н ш і к е з е ң. Тон арқылы натюрморттағы заттар пішінін ары қарай жабыстыру (1.4, в-сурет). Бұл жұмыс барысында заттардың тек көлемін ғана емес, сонымен қатар фактуралардыңайырмашылығын айқындаймыз. Заттардың иілімділігін жақсырақ сиапаттап бейнелеу үшін штрихты пішін бойынша салу керек. Алдыңғы пландағы заттарды мұқият суреттеп бейнелеу керетігін ескеру қажет, ал алыс жағында заттар жалпылама бейнеленеді. Фон қосалқы рөл атқаратынын есте сақтау қажет және ол қойылымдағы заттардың сипатын айқындауға ықпал етеді. Натюрмортпен жұмыс істеу барысында үнемі заттарды бір-бірімен салыстыру керек, заттар және фон арасындағы тональдық қатынасты қадағалау қажет. Т ө р т і н ш і к е з е ң. Суреттің барлық бөліктерін жалпылау (1.41,г- сурет). Суретті натурамен салыстыра отырып оның бүтіндігін және айқындылығын қамтамасыз етуге тырысамыз. Пішіннің шекараларын айқындап және жұмсарта отырып, натюрмортты жалпылаймыз: бастысын айқын көрсетеміз, қосалқы заттарды бәсеңдетеміз. Натюрмортпен жұмыс істеу суреттің элементарлы сауаттылығын жақсы меңгеруге мүмкіндік береді: заттардың перспективтік және құрылымдық құру ережелерін, көлемдік пішіндіжарық-көлеңкелік жабыстыруды, тондық бүтіндік пен композициялық бірлік күйін қадағалау.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1.41 - сурет. Натюрморт суретін салу реті
§ 7. Жануарлардың суретін салу
Алуан-түрлі жануарлар әлемі – бізді қоршаған ортаның маңызды бөлігі. өнердежануарлардыңсуреті анималистік жанр (лат.тілінен anіmal – жануарлар) деп аталды. Жануарлар әлемі – өнердегі ең ежелгі тақырыптардың бірі. Алғашқы адамдардың жарға салған суреттері бізді өздерінің мүлтіксіздігімен әлі күнге дейін таң қалдырады. Ежелгі адамдарды аңдардың суретін есте қалған бейнесі бойынша салған. Олар олжасын үзағынан бақылап және аңдып, натураны зерттеп, есте сақтаған. Жануарлардың суреті антикалық мүсіндерде, құмыра бетіне өрнек салуда, мозайкада жиі кездесетін. Жалпы анималистік жанр және алғашқы суретші-анималисттер Қытайда VІІІ ғ. пайда болды. Олар туындаған жануарлардың бейнесіне талғамдық, сырға толы, ерекше көркем сызықтар мен пішіндер тән. Еуропалық орта ғасыр өнерінде ертегілік құстар мен аңдардың аллегориялық бейнелері кең тараған. Қайта өрлеу дәуірінде жануарлардың шынайы бейнесі кездеседі. Кейінгі анималисттің жанр өз дамуын XVІІ ғ. Нидерландыда алды. Орыс суретші-анималисттердің ішінде В. А. Ватагин, И. С. Ефимов, Е.И. Чарушин, А.М. Лаптев есімдері аса танымал. Біз балалық шағымыздан Р.Киплингтің ғажайып «Маугли» кітабын білеміз,онда иллюстрациялрын В. А. Ватагин, әсерлі жануарлар менқұстардың бейнесін Е. И. Чарушин орындаған. Кітап графикасында ертегілер мен мысалдарды жануарлар мейірімді мысқалмен бейнеленетін біршама иллюстрациялар құрылған. Декоративті-қолданбалы өнер сюжеттерінде ертегілік жануарлар мен құстар жиі кездеседі. Жануарлар фигуралары балшықтан, фарфордан, шыныдан, ағаштан, металдан жасалады. Зооморфтық (түрлендірілген жануарлар пішінін көрсететін) өрнектермен маталар безендірілуі мүмкін, ал аңдар мен құстардың бейнесі – костюмдерге трансформациялануы мүмкін. Жануарлардың суретін бейнелеу өнерін меңгеру үшін табиғат тіршілігін бақылауды, түсінуді және есте сақтауды үйрену қажет. Жануарлардың көбінде сырқы қорғаныш қабаты бар, оған жалпы пішіні, бетінің фактурасы сыртқы түрі тікелей байланысты. Сүтқоректілердің жүнтерісінің,құстардың қауырсындарының,бауырымен жорғалаушылардың және балықтардың қабыршақтарының орасан алуан түрлі түрлері бар.
Құс суретін салу
Тірі натураның суретін салу ең алдымен құстардың суретін салудан бастаған жөн. Құс денесі құрылымының ерекшеліктері оның ұша алу қабілетіне негізделген. Құстардың қаңқасы жеңіл, әрі берік. Құстардың кейбір сүйектері эволюция барысында біршама түрі өзгерген.Мысалы,алдыңғы аяқтарыныңсүйектеріұшу аппаратының, қанаттарының тірегіне айналған (1.42-сурет).
1.42-сурет. Құс қаңқасы және дене кескіні
Сүтқоректілердің табаны сияқты құс табаны үш бөліктен тұрады (1.43- сурет): сан – а, сирақ – б және саусақтарымен бірге табан –в. Құстардың көбісінде әрбір аяғында төрт саусақ бар, кейбіреулерінде – екеу, түйеқұстарда – екеу. Әртүрлі тіршілік ету жағдайлары аяғының құрылымы мен пішінінің ерекшелігін негіздейді. Мысалы, суда жүзетінқұстарда саусақтары жарғақтармен жалғасқан, аяқтары қысқа; саз батпақта тіршілік ететін құстардың аяғы әдетте ұзын болады.
1.43-сурет. М.Кукунов.Қарға табаны
Құс денесінің пішіні ұшу үшін бейімделген, сүйір болады. Қанат жамылғысыныі ерекше орналасуына байланысты денесінің сүйірлігі одан да арта түседі. Құстардың қауырсындары – күрделі және заңды кешен. Құс денесіндегі қауырсындар белгілі бір қатармен орналасады, және де бұл реттілік өте әдемі және ырғақты.Сурет салушыға қауырсындардың әртүрлі тобынан ең алдымен ұзын сермегіш қауырсындарға көңіл аудару қажет, олар басқа, одан кішірек қауырсындарменқатар қанат жамылғысын құрайды, сонымен қатар ұзық құйрық немесе басқарушы қауырсындарына көңіл аудару қажет. Барлық аталған қауырсындар құстыі сыртқы түрін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады (1.44-сурет).
1.44-сурет. Кондор суреті
Құстыңсуретінсалуды қозғалмайтыннатурадан:құс тұлыбынан бастаған жөн. Бұл оның пішінін толығырақ зерделеуге мүмкіндік береді. Құс тұлыбын әртүрлі ракурстар сала бастаған жөн. Тұлып суретін орындау жалпыдан жекеге және керісінше қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Қағаз бетінде суретті орналастырудың композициялық шешімін анықтаған соң, құс денесінің жалпы күйін және оның бөліктерініңпропорционалдық қатынастарын белгілеу қажет (1.45, а- сурет). Ары қарай басының, денесінің, мойнының пішінін анықтаймыз, оның әрқайсы бөлшегінің негізінде қарапайым геометриялық фигура жатқанын есте сақтаймыз (1.45, б- сурет). Содан кейін оның ерекшеліктеріне сәйкес құстың пішінің нақтылаймыз (1.45, в-сурет).
1.45 - сурет. Құс тұлыбының суретін салу реті
Тірі натурадан сурет салуды таныстыру нобай салудан бастау ұсынылады. Нобайда бөлшектерге тоқталмай, сызықтар жалпы пішінді қамтиды. Бірнеше ракурстық күйлерді белгілеген жөн. Жалпыны қамтып, сондай-ақ жекені дәл бейнелеу үшін натураны жылдам белгілеуді үйрену керек, сонымен қатар– есте сқталған бойынша, елестету бойынша сурет салуды үйрену керек (1.46-сурет).
1.46 - сурет. Қаздар нобайлары (оқыту суреті)
Жануарлардың суретін салу
Жануарлардың суретін салу құстардың суретін салуға қарағанда қиынырақ. Сыртқы пішіні мен анатомиялық құрылымы бойынша жануар фигурасы біршама қиынду. Төрт аяқты жануарлардың суретін салуға кірісерде олардың анатомиялыққұрылысымен, дене пропорциясымен танысу керек, оның қозғалуына байланысты жануардың дене пішінінің қалай өзгеретінін бақылау қажет. Қаңқаның негізгі бөліктері – бассүйек, төсімен бірге қаңқасы, аяқтарының алдыңғы және артқы белдеуі және аяқтарының өзі барлық жануарларды, сонымен қатар адамдарда қайталанады. Бір жануар түрінің екіншісінен айырмашылығы – тек жеке сүйектерінің қатынасы мен олардың пропорцияларында (1.47-сурет). Бассүйектің, мойынның, денесінің және аяқтарының пропорциясы мен пішінінің әртүрлілігіне байланысты жануарлардың бейнесі әртүрлі болады.
1.47 - сурет. В.Ватагин. Аю, ит, ешкі қаңқалары
1.48 - сурет. Мысықтың суретін салу реті Қозғалыстағы жануардың суретін салған кезде оның жамбас белдеуі денегеқатыстықозғалыссыз болатынына назар аудару қажет, ал омыртқа иілімділігі басындағы бөктеріншегінен ұлғаяды, яғни, омыртқа мойын, белдеме және құрығы жерлерінде қозғалмалы. Жануарлардың суретін орындаған кезде ең алдымен натура ретінде тыныштық күйдегі жануарды таңдаған жөн. Содан соң тәжірие жинаған соң белсенді қозғалыстағы аңдардың суретін салуға кірісуге болады. Төрт аяқтылардың суреті әдістемелік түрде құстар суреті сияқты орындалады (1.48-сурет).
1.49 - сурет. В.Ватагин. Таутайлақтың нобайы Аңдардың нобайын орындаған кезде суреттің сызықтық манерасын және минималды тональдік дақтарды қолданған жөн, сонымен қатар қаңаз бетінде әртүрлі қозғалыстағы және бұрылыстағы бір жануардың суретін салу керек. Жылдам нобайлар салу натураны бүтіндей көру қабілетін дамытады (1.49-сурет). Жануарлар мен құстарды есте сақталған бойынша және оларды табиғатта бақылау кезде алынған әсерлерді елестету бойынша салу өте пайдалы. Бұл, мәселен, жануарлардың шынайы пішіндері декоративті пішіндерге трансформацияланатын декоративті композициялармен жұмыс істеу кезінде өте қажет.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 8. Адамның суретін салу
Орталық және аса күрделі оқыту суретінің түрі адам суреті болып табылады. Адам фигурасының суретіне ерекше талаптар қойылады. Мысалға, егер, жапырағы бар тал нобайын жасаған кезде біз бір жапырақтың суретін салмай кетсек немесе балықтың суретінде қанатшасындағы сүйектердің санын дәл көрсетпесек, бұл онша байқалмайды. Бірақ егер біз адам фигурасыныңпропорционалдық қатынасындұрыс бейнелемесек, бұл көрермендердеұқсастықпен қанағатсыздану, ал кейде кемтарлық сезімін тудырады. Адам денесінің анатомия заңдылықтарын қадағаламай, киім киген адамның бейнесі бос және қуысты болып көрінуі мүмкін. Киім киген адамның суретін мүлтіксіз салуды үйрену үшін жалаңаш фигураның суретін салу бойынша бірнеше сабақтар өту керек.
Пластикалық анотомия негіздері
Пластикалық анатомия адам денесінің сыртқы пішінін және оны негіздейтін ішкі құрылысының ерекшеліктерін зерттейді. Пластикалық анатомия саласына сүйектер. Олардың буындары мен бұлшықтар кіреді. Адам денесінің қатты тірегі оның қаңқасы болып табылады, ол бас сүйегінен, дене қаңқасынан және аяқ- қолқаңқаларынан тұрады (1.50-сурет). Дененің негізгі құрылымдық өзегі – омыртқа бағанасы (1) болып табылады. Ол омыртқааралық шеміршектермен және сіңірлермен жалғанған жеке омыртқалардан тұрады (1.51-сурет). Жеті мойын (1), он екі төс (2), бес белдеме (3), бес жамбас (4) және үш немесе төрт құйымшақ (5) омыртқаларын ажыратады. Мойын, белдеме және құйымшақ бөлімдері алға қарай доға тәрізді иілген, ал төс және жамбас омыртқалары артқа қарай иілген. Омыртқа бағанасы барлық дененің тірегі болып табылады және омыртқалардың белгілі бір құрылысына байланысты дененің қозғалғыштығын қамтамасыз етеді . Омыртқа астынғы жағында жамбас (2) сүйектерімен қатты байланысқан (1.50-суретті қараңыз). Жамбас сүйектері омыртқаның берік жалғасуын қамтамасыз етеді, яғни барлық дененің сол дененің ауырлығын көтеретін аяқтарменжалғасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жамбаспен тостаған сияқты ішкі мүшелер ұсталып тұрады. Омыртқаның жоғарғы бөлігі – бұл төс бөлігі, онда он екі жұп иілген сүйектер-қабырғалар жалғанып тұрады, олар «төменгі екі жұп қабырғалардан басқа) алдында орналасқан төс сүйекпен (4) бірге төс қуысын (3) түзеді. Омыртқа бағанасы бас сүйекпен жалғанады.
Аяқ сүйектері. Аяқ сүйектерінің қаңқасы сан сүйегінен, сирақ және табан сүйектерінен тұрады. Сан сүйектері (5) -қаңқаның ең ұзын сүйегі. Ол жамбас сүйегінің терең ойығымен жалғасып, шар тәрізді пішінді жамбас- сан буынын құрайды. Ол аяққа белгілі шектерде айналдыра қозғалыс жасауға мүмкіндік береді. Сан сүйегі өзінің вертикль өсіне қатысты аздап алға шығыңқы болады.
Сан сүйегі тізе буыны (6) көмегімен сирақтың екі сүйегімен жіліншікпен (7) және үлкен жілік сүйекпен (8) байланысады. Табан қаңқасын тілерсек сүйектері (9), табан сүйектері (10) және саусақ сүйектері (11) құрайды. Сираұта екі сүйектің болуы сирақтың ұзына өсі бойымен айналуын (шектеулі болса да) қамтамасыз етеді, біз оны жүру барысында жол бағытын өзгерту кезінде қолданамыз.
1.50 - сурет. Адам сүйектері мен бұлшықтары
Қол сүйектері. Қол – адам денесінің ең қозғалмалы аппараты болып табылады, ол әртүрлі күрделі қозғалыстарды орындай алады. Қол бұғана (12) арқылы төс қуысымен жалғанады, бұғанаға жауырын (12), ал оған иық сүйегі (14) жалғанған. Бұғана көтеріледі және төмен түседі, алға және артқа қозғалады, ал жауырын төмен, жоғары, сыртқа және ішке қарай сырғып, бірге қозғалады. Бұл қозғалыстарды төс қуысындағы және жауырындағы иық белдеуінің иілімді бұлшықтары қамтамасыз етеді.
Білек буыны аймағында иық сүйегіне екі иық алды сүйектер – шынтақ (15) және білек (16) сүйектері жалғанған, олар қол буынының айналуын қамтамасыз етеді. Қол буыны үш бөліктен тұрады – білезік (17), алақан (18) және саусақ сүйектері (19).
Дене бұлшықеттері. Дене бұлшықеттері аяқ-қолдың созылған бұлшықеттеріне қарағанда кең және жалпақ болып келеді. Кейбір дене бұлшықеттері аяқ-қолға жалғасып кетеді де, олардың қозғалысына қатысады. Біз дене бітіміне ең көп әсер ететін түрлерін қарастырамыз (1.50- суретті қараңыз).
Төс қуысының сыртқы бетінде келесі бұлшықеттер орналасқан:
- үлкен төс бұлшықеті (20) қолды денеге жалғастрады дәне оны ішке қарай бұрады. Ол негізінен кеудені қалыптастырады;
- алдыңғы тісті бұлшықет (21) төс қуысының алдыңғы және артқы бетінің бүйір жағында орналасқан. Бұл бұлшықет жауырынды алға қарай және төмен қарай қозғалтады;
- іштің түзу бұлшықеті (22) дененің алдыңғы бетінде орналасқан жыне оның алға қарай бүктелуіне ықпал етеді;
- іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті (23), қысқарып, денені алға қарай иеді, сонымен қатар екі жаққа еңкеюді қамтамасыз етеді.
Арқада келесі бұлшықеттер орналасқан:
- трапеция тәрізді бұлшықет (24) жауырынды жақындастырады және төмен түсіреді, басты артқа шалқайтуды қамтамасыз етеді және иық белдеуін көтереді;
- арқаның жалпақ бұлшығы (25) қолды денеге жалғайды, оны ішке қарай айналдыруға және артқа қозғалтуға мүмкіндік береді;
- денені жалпы иілткіш (26);
- өс асты бұлшықеті (27) иықты жауырынға жалғастырады.
Қол келесі бұлшық еттерден тұрады: дельта тәрізді бұлшықет (28) иық бөлігінде ең үлкен қалып түзетін рөл атқарады. Ол қолды бүйірге, алға және
артқа қозғалтады;
иықтың қосбасты бұлшықеті (29) қолды бүгеді, ал оның артында үшбастыбұлшықет (30)орналасқан,ол қолды жазуға мүмкіндік береді. Кеуде алды бұлшықеттердің екі тобы бар-саусақтарды бүгетін және жазатын бұлшықеттер (31). Қолдың жалпы пішініне тән сипат – оның иықтың көп бөлігінде және бұлшықеттердің көп бөлігі болатын кеуде алды жағының жоғарғы жағында кеңеюі және білезік пен шынтақ бөлігінде тарылуы болып табылады. Енді аяқ туралы сипаттайық. Санның барлық дерлік алдыңғы бетін үш бұлшықет алады – түзу(32), ішкі жалпақ (33) жәнесыртқы жалпақ (34) бұлшықеттер. Шап бұлшықеті(35) үлкен иілімдік мәнге ие, ол ішкі жалпақ бұлшық етті жоғарыдан төмен қарай қамтып тұрады. Санның артқы жағының пішінін ортаңғы бөксе бұлшықеті(36), домалақ пішінді үлкен бөксе бұлшықеті (37), санның қосбасты бұлшық еті (38) анықтайды. Санның ішкі жағында нәзік бұлшықет(39) аса маңызды. Сан бұлшықеттерінің тағайындалуы – аяқты бүгу және жазу, санды ішке және сырта қарай бұру. Сирақ бұлшықеттері ішінде бастысы, ең иілімді айқын бұлшық – балтыр бұлшықеті (40) мен камбала тәрізбі бұлшықет (41). Олар сирақты бүгуге, табанның қозғалуына қатысады.
Бас анатомиясы
Бас пішіні ең алдымен бас сүйегі құрылысына, ал екіншіден, оның аймағындағы жұмсақ ұлпалардың ерекшеліктеріне негізделеді. Бас сүйек екі бөлімге бөлінеді: ми және бет. Ми бөлігі сегіз сүйектен тұрады (1.52-сурет). Бұл маңдай сүйегі (1), төбе сүйегі (2) (жұп), желке сүйегі (3), самай сүйегі (4) (жұп), шыбық сүйек (5), торлы сүйек (6). Осы жерде кеңірсік үсті (7) және қабақ үсті сүйектері(8) орналасқан. Маңдай сүйетерінде маңдайдөңестерін(14)бөліп қарастырады. Бас сүйегінің бет бөліміндеүстіңгі жақ сүйегін (9), бет сүйегін (10), астыңғы жақ сүйегін (11) ажыратады, ондаиек дөңестері (12), мұрын (немесе алмұрт тәрізді) саңылаулар (13) орналасқан. Астыңғы жақ сүйегінің екі өскіні бар: буындық (15) және тәждік (16). Бас сүйектің ми бөлігі шеміршекті шлеммен – бас терісімен және жұқа, қозғалмайтындерлікжазық бұлшықеттермен маңдайды, төбені және желкені тікелей сүйектер құрайтындай етіп жабылған.Бет пішіні қозғалады, оны шеміршектерден, бұлшықеттерден және майдан тұратын күрделі құрам негіздейді. Барлық бет бұлшықеттері шайнайтын және мимикалық болып ажыратылады.Шайнайтын бұлшықеттерастыңғыжақ сүйектерінің қозғалысына қатысады. Олардың ішінде бетінде орналасқан және жақсы сезілетіндерін бөліп қарастырайық.Мимикалық бұлшықеттер бет терісіне жабысқан және оны қозғалысқа келтіретін қысқа бұлшықет шоқтары нан тұратын жіңішке жайақ түзілімдер болып табылады. Олар эмоцияларды білдіруге ықпал етеді.
Басбұлшықеттері(1.53-сурет): самай бұлшықеті (1), шайнау бұлшықеті (2), маңдай бұлшықеті (3), көкірек бұлшықеті (4), көз айналасындағы бұлшықет (5), мұрын бұлшықеті 6), ауыз айналасындағы бұлшықет (7), ауыз бұрышын түсіретін бұлшықет (8), төменгі ерінді түсіретін бұлшықет (9), үстіңгі ерінді көтеретін бұлшықет (10), үлкен бет бұлшықеті (11), ұрт бұлшықеттері (12), күлкі бұлшықеті (13).
Адам фигурасының пропорциясы
Көптеген суретшілер буындары адам денесінің пропорциясын зерттеген. Бөлшектей келгенде олардың қорытындыларыбір-бірінен ерекшеленеді, бірақ негізінен олар жақын. Заманауи киім модельерлері пропорционалды құрылған еркек және әйел фигураларын негізге алады. Киім құру саласында жұмыс істейтін мамандар үшін стандарттық үлгі ретінде қабылданған фигураның пропорционалдыұ ұатынастарының заңдылықтарын білуі өте маңызды. Адам денесінің пропорциялары деп оның барлық өлшемдік шамаларының келісілген жүйесін айтады. Жеке ерекшеліктердің алуан түрлілігіне қарамастан адам фигурасының құрылысында белгілі бір типтік белгілерді айқындауға болады.
1.52 - сурет. Бас сүйегінің сүйектері
1.53 - сурет. Бас бұлшықеттері
Сурет салу кезінде адам фигурасының дұрыс пропорцияларын орнат үшін оның қандай да бір бөлігін өлшем бірлігі – модуль ретінде есептеу қабылданған, ол фигураның және жеке бөліктерінің барлық биіктігі бойынша белгілі бір сан есе салынады. Мысалы, Қайта өрлеу дәуірінің суретшісі Микеланджело модуль ретінле бас биіктігін қабылдаған, ол барлық фигура бойынша сегіз және ширек рет салынған. Бұдан қарапайым бөлу де бар: «антикалық канон» (1.54-сурет) бойынша барлық фигура биіктігі (Н) бойынша сегіз бірдей өлшемді бөлікке бөлінеді: 1- бас (модуль-М); 2 - иектен емшек сызығына дейін; 3 - емшек сызығынан белге дейін; 4 – белден шатқа дейін;5 – шаттан сан ортасына дейін; 6-сан ортасынан тізе буынына дейін, 7- тізе буынынан балтыр бұлшықетінің аяғына дейін; 8- балтыр бұлшықетінің аяғынан табанға дейін.
1.54 - сурет. Адам фигурасының пропорциясы
Келесідей жалпы заңдылықтар да белгілі: иық және сан сүйектері сәйкесінше кеуде алды және сирақ сүйектеінен ұзынырақ, ал құймшақ ұзындығы төс сүйегі ұзындығына тең. Еркек және әйел фигураларының құрылысын салыстыра отырып, әйелдерде төс қуысы мен иықтары тарлау, жамбас кеңдеу, ал белі жіңішке болатынын байқауға болады. «Идеалды» адам фигурасының жалпы негізге алынатын мәліметтері оларды нақты адам фигурасының пропорцияларымен салыстырған кезде, оның жеке ерекшеліктерін дәл табу үшін қажет.
1.55 - сурет. Адам басының пропорциялары
Бас құрылысына ерекше көңіл бөлейік. өзінің пішіні мен пропорциялары бойынша әрбір адамның басы әрқашан ерекше. Бұл ерекшеліктерді суретте көрсетуге адам басының орташа пропорцияларының сұлбасымен танысу көмектеседі (1.55- сурет). Суреттен горизонталь сызық – көздер өсі –бастың жалпы биіктігінің дәл ортасынан өтетінін көруге болады. Егер бастың барлық биіктігін бірге тең деп қабылдасақ, онда төбе бұл шаманың 1/7 бөлігін алады (а). Шаш негізінен қасқа (маңдай) дейін, қастан мұрынның төменгі негізіне дейін және мұрынның төменгі негізінен иектің төменгі нүктесіне дейін теі және әрқайсысы бас биіктігінің 2/7 бөлігін құрайды. Ауыз сызығы шамамен мұрыннан иекке дейінгі қашықтықтың үстіңгі үштен бір бөлігінде орналасады. Бұл шама – бас биіктігінің /7 бөлігі – оның ені үшін д модуль болып табылады. Ол ені бойынша 5 рет салынады. Көздер арасы, мұрын қанаттарының шеткі нүктелерінің арасы, көз ұзындығы, көздің шеткі бұрышынан самайдың шеткі нүктесіне дейін қашықтық – бас биіктігінің 1/7 бөлігі. Барлық келтірілген өлшемдер әрине шамамен өлшемдер болып табылады, бәрақ бұл сұлба бастың суретін салған кезде және оның жеке ерекшеліктерін суреттеген кезде жақсы бағдар болады.
Адам фигурасының суретін салу
Адам суретін салған кезде фигураның сегізмодульді сұлбасын қолданған ыңғайлы. Әйел фигурасын салуды қарастырайық. өлшем бірлігі - модуль (М) – ретінде бас алынады (1.56,а-сурет). Вертикаль сызық жүргіземіз, оны бірдей сегіз бөлікке бөлеміз де,, алынған нүктелер бойынша горизонталь сызықтар жүргіземіз: иек, иық, кеуде, бел, жамбас, сан ортасы, тізе буыны, балтыр ортасы, табан. Иық сызығы иектен кеудеге дейінгі қашықтықтың жоғарғы үштен бір бөлігі арқылы өтеді, ал тобық сызығы балтыр ортасынантабанғадейінгі қашықтықтың төменгі үштен бр бөлігінен өтеді.
Горизонтальс ызықтарда фигура енінің шамасы белгіленеді:
- иық ұзындығы — 3/4 М; бел ені — М;
- жамбас ені — 1,5 М;
- мойын ені — 1/2 иық ұзындығы;
- жақындастырылған тізе ені иық ұзындығына тең;
- жақындастырылған тобық енімойын еніне тең.
- табан ені тізе еніне тең.
Қол пропорцияларын салу кезінде шынтақ бел сызығы деңгейінде орналасқанын, білезік сан ортасына дейін жететінін, ал қол білезігінің ұзындығы 3/4 М тең болатынын ескеру қажет. Әрбір иық ортасынан кеуде сызығына түсірілген перпендикулярлар емшек бездері ұштарын анықтайды. Мойын биіктігінің ортаңғы нүктесін иықтың шеткі нүктесімен қосып, иықтың көлбеулігін аламыз (1.56, б- сурет). Қол енін анықтау кезде ол мойын енінен аспау керек. Ары қарай иілімді сызықтармен фигураны сызамыз. Аяқтардың ішкі бетін суреттеген кезде шат, тізе және тобық жерінде бос қуыс болатынын ескеру қажет (1.56,в- сурет). Еркек фигурасының сұлбасы осыған ұқсас салынады, тек иық ұзындығы модульге М тең, ал жамбас ені құрылған сұлба бойынша анықталады (1.57-сурет). Қозғалыстағы адам фигурасының суретін салған кездетұрақтылық заңдылықтарын ескеру керек. Адам денесінің барлық материалды заттар сияқты ауырлық орталығы бар, ол адам бойының ортасынан сәл жоғары орналасқан. Денені тұрақты күйде сақтау үшін шартты түрде ауырлық орталығынан жүргізілген ауырлық сызығы тірек ауданы шегінде жерге құлау керек.Тірек ауданы (тұрып тұрған күйде) депаяқ табандары және арасындағы аралық алған жер аталады.
1.56 - сурет. Әйел фигурасы сұлбасын құру
1.57 - сурет. Еркек фигурасы сұлбасын құру
1.58 - сурет. Адамның әртүрлі қозғалысында ауырлылық орталығының ығысуы Адам қозғалған кезде ауырлық орталығы қандай да бір жаққа ығысады. Ол қалай ығысса да, одан түсірілген шартты ауырлық сызығы тірек ауданы шегінде қалу керек, әйтпесе дене өз тепе-теңдігін жоғалтады (1.58-сурет). Фигураның суретін салған кезде ауырлық орталығы мен модельдің қозғалу сипатын анықтау қажет.
1.59 - сурет. Қозғалыстағы фигураның суретін салу реті
1.60 - сурет. Адам басының әртүрлі бұрылғанда және еңкейгенде орталық өстік сызығы бағыты
1.61 - сурет. Адамның әртүрлі қозғалысының сұлбалары Қағаз бетінде суреттің орналасу жері мен өлшемін анықтаудан бастау керек. Ол үшін вертикаль жүргізу қажет, оның төменгі шекарасы натурашының тірек аяғының тобығы болады және осы вертикальда бас, мойын, жамбас, қол, аяқ күйін анықтау керек; содан кейін жеңіл штрихтармен фигураны салу керек; ары қарай барлық фигурамен өлшемін салыстыра отырып, басын белгілеу керек және қол мен аяқ пішінін беру керек (1.59-сурет). Адам суретіндегі маңызды сәт бас және мойын қозғалысын және олардың иық белдеуімен байланысын дұрыс бейнелеу болып табылады. Адам басын тік ұстауы, бүйір жаққа, алға, артқа еңкейтуі, солға не оңға бұруы мүмкін. Сәйкесінше натураның бас қозғалысын бақылаушы бастапқы басты пішінін құруы қажет.
1.62 - сурет. Әртүрлі бұрылған адам басының суретін салу Белгіленген орталық сызық (маңдай, мұрын негізі және иек ортасынан өтетін, ойша елестелетін сызық) бастың бұрылуын анықтап қана қоймай, сонымен қатар бет бөліктерін: мұрынды, ауызды, иекті дұрыс орналастыруға көмектеседі. Бас қозғалысын сонымен қатар көздің ойығы деңгейінде өтетін көлденең сызық анықтауға мүмкіндік береді (1.60-сурет). Сурет салушы дененің негізгі бөліктері бір біріне қатысты қалай орналасқанын, адам қай аяғына көбірек тірелетінін, аяққа қатысты кеуде қандай күйде орналасқан және қалай еңкейген. Қолдры мен басы қай күйде және бұрылыста орналасқанын айқындау керек. 1.61-суретте әртүрлі қозғалыстағы адам фигурасы сызба түрінде келтірілген, ал 1.62-суретте әртүрлі бұрылған адам басының уреттері көрсетілген. Костюм киген адамның суретін орындау кезінде фигура сұлба бойынша немесе елестету арқылы құрылады. Бейнелер сауатты болу үшін натурадан және есте сақталған боййынша жылдам суреттер салу аса маңызды. Олар көз өткірлігін және қағазда адам фигурасы иілімдігіндегі ең бастысын айқындауды және белгілей алуды дамытады.
Нобайда фигура бөліктерінің немесе бастың өлшемдерін жылдам салыстыра алу өте маңызды. Нобайдағы сызықтар сенімді болу керек. үлгіде аз құралдар мен адамның индивидуалдылығын айқындауға көмектесетін нәрселерді көрсету керек. Әрбір жағдайда жалпылау және бөлшекту дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Ол алға қойылған мақсатқа, нобайды салуға берілген уақытқа тәуелді. Әйел фигурасының қозғалу сипаты мен пішінін жинақы және жылдам суреттеу мысалы В.А.Серов нобайы (1.63-сурет) бола алады. Натурадан адам фигурасының суретін салған кезде пассивт түрде фигура контурларын көшіріп қоймай, түрде дене құрылымын түсініп пішінді логикалы құра бастау керек. Нобайда анатомия, пропорция, перспектива және т.б білімдері көрінеді. үстірт, бекітілмеген білімдермен жасалған нобайлар ешқандай пайда алып келмейді.
Киім қыртыстарын бейнелеу
Киім иілімді түрде адам фигурасымен байланысқан. Киім киген адамның суретін салған кезде матада қыртыстардың түзілу заңдылықтарын білу керек. Бұл айқын динамикалық бейне құруға мүмкіндік береді. Материалдыңфизикалық мәліметтері: талшықты құрамы, маталардың тоқылу сипаты, қалыңдығы және т.б. негізінде оның қыртыс түзгенде қалай көрінетіні туралы айтуға болады. Материалдар кедергісі теориясында серпімділік модулі (Е) деген түсінік бар, ол біздің жағдайда бүктелу кезінде материалдардың кедеогісі дәрежесін өрнектейді. Қыртыстар түзуде сонымен қатар материяның ұзындығы және ең ақырғысы, ең маңыздысы – жұмсалған күштің шамасы мен бағыты үлкен рөл атқарады. Қалың шұға, тері, кенеп және т.б. сияқты серпімділік модулі жоғары материя бүктелу кезінде үлкен, жайпақ қыртыс түзеді. Серпімділік модулі аз материалдар: жұқа жібек, тоқыма, жұқа шұға – майда, жиі қыртыстар түзеді. Қыртыстардыңтүзілуі жоспарлануы мүмкін, жасанды құрылуы мүмкін, фасонмен белгіленген неммесе матаны жай тартудан түзілуі мүмкін (1.64-сурет).
1.64 - сурет. Жанама қысу кезінде түзілген қыртыстар Мата құрылымына, яғни оның негізіне немесе арқауына қатысты жұмсалған күштің бағытына байланысты бір матаның серпімділік модулі әртүрлі болуын байқауға болады. Бұның себебі негіз бен арқау жіптерінің әртүрлі қалыңдығы болуы мүмкін. Мысалы, репс материя жуан жіптер бағытында жеңіл бүктеледі және перпендикуляр бағытта қиын бүктеледі. Көптеген мата раплы негізге қатысты 45° бұрышпен бүктеген кезде қыртыс аймағында жіптердің өзара перпендикулярлығының бұзылуы жүреді: квадрат ұяшықтардың құрылымы қыртыс төбесіне сәйкес келетін диагональ бойынша созылады да, ромб қыртыстар жүйесіне айналады, олар үлкен диагональдар бағыты бойынша серпімділік модулінің ұлғаюы есебінен ромбтардың кіші диагональдарының бағыты бойынша кізі серпімділік модулін иеленеді.
Матаның түргенде түзу қыртыстар түзіледі.
Бұл қасиетін киім бөлшектерін пішу кезінде қолданады («қиғаш» жең, «қиғаш» белдемше және т.б.). Бұл құбылыс қиғаш қыртыстар түзуде ерекше мәнге ие. Кез-келген тігіс жүргізілген жерінде матаның серпімділік модулін арттыратынын, ал перпендикуляр бағытта сынудың критикалық шекарасын құратынын ескеру қажет. Қыртыстар түзу, домалақ, диагональ, радиальды және доға тәрізді болып ажыратылады. Қыртыстардың бұл типтерінің барлығы мата орналасатын бет пішініне байланысты өзара әртүрлі үйлесімдерді беруі мүмкін.
1.65 - сурет. Адамның әртүрлі қозғалысы кезінде түзілген киімдегі қыртыстар Адамның әртүрлі қозғалысы кезінде киімде түзілетін қыртыстарды қарастырайық. Мысалы, жеңді бірақ жең құбыр тәрізді, сондықтан түзу қыртыстар қол айналасында көпбұрыштар түзеді, олардың қабырғалары біреуден кейін өз орталықтарымен қол бетімен жанасады (1.65, а-сурет). Бұндай мата тоқыма және жіптері перпендикуляр тоқылған жағдайда болады. Бірақ, мата жұмсақ, мысалы жібек немесе тоқыма мата болса, онда ол өзінің тегіс бетінде шығыңқы беттер түзеді де, бұл эластикалық домалақ қыртыстардың түзілуіне ықпал етеді (1.65,б-сурет). Егер біз қолымызды бүксек, шынтақ жеңнің созылған жағында радиальді қыртыстардың орталығы болып табылады, ал бүгілген жағында түзу
қыртыстар қатары түзіледі.
Иықпен бұрылған кезде, алға қозғалған иық арқада белдемеден бағытталған диагональ қыртыстар қатарын түзеді (1.65,в-сурет). Алға және аздап жоғары созылған қол арқада қолтық жағында горизонталь түзу қыртыстар түзеді (1.65, г-сурет). Отырған фигураның белдемшесінде бір немесе бірнеше доға тәрізді қыртыс түзіледі, ал тізедег радиальді қыртыстар түседі (1.65, д-сурет). Отырған адамның шалбарында тізе жағында радиальді қыртыстар түзіледі де, олар санда және балтырда диагональ қыртыстарға жалғасады (1.65, е-сурет). Сонымен қатар киімнің пішілуін ескеру қажет. Біз жасанды құрылған қыртыстарды кездестіруіміз мүмкін: бір жағына қарай салынған қыртыс немесе қарама –қарсы салынған қыртыстар, бүктемелер, воландар, бүрмелер және т.б. (1.66-сурет).
1.66 - сурет. Киімде жасанды жасалған қыртыстар Әртүрлі пішілген жеңдер бірдей қозғалыс жасағанда қыртыс түзуі мүмкін немесе түзбеуі мүмкін. Егер бұл орыс жейдесінің горизонтальді тігілген жеңі болса, бір жаққа созылған қолда қыртыстар түзілмеуі мүмкін, керісінше, қол төмен түсіріліп тұрған кездегі иықтанқолтыққақарай түскентүскен қыртыстар жазылады (1.67, а-сурет). Егер жең –реглан болса, онда қол түсіріліп тұрғанда қолтық астында бірнеше қыртыстар болады; қолды жоғарысозғанда,қыртыстар пиджактағы жеңнің қыртыстары сияқты болады, тек жеңнің сыртқы жағындағы түзу қыртыстар жоғары қарай, жағаға қарай бағытталады (1.67,б-сурет). Киімді бейнелеу кезінде матамен жүретін динамикалық құбылыстар туралы анық түсініктер адам фигурасын бейнелеу кезінде қозғалу анатомиясын білуге қарағанда азырақ мәнге ие. Қыртыстардың түзілу заңдарын меңгеру сонымен қатар натурасыз, елестету бойынша әртүрлі киімдегі адам фиграсының суретін салуға мүмкіндік береді, ал натурадан сурет салуда – меңгерген бақылауды жетекшілікке алуға және қызықты бейне құруға мүмкіндік береді.
1.67 - сурет. Әртүрлі пішілген жеңде қыртыстардың түзілуі
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
ІІ ТАРАУ
КӨРКЕМ СУРЕТ НЕГІЗДЕРІ
§ 1. Көркем сурет — бейнелеу өнерінің жарқын тілі
Көркем сурет — туындылар ббелгілі бір бетке жағылатын бояу көмегімен туындалатын кең тараған бейнелеу өнерінің түрі.
Көркем сурет – бұл ең алдымен бейнені түс арқылв бейнелеу. Көркем суретте түс пішінді, көлемді, жарықты, материал фактурасын, кеңістікті және т.б. бейнелейді де, суреттің басты айқындаушы элементі болып табылады.
Көркем сурет түрлері
Көркем сурет станоктық және монументалдық болып ажыратылады. Монументалдық көркем сурет — бұл панно, өрнек салу, сәулетпен байланыстыфрескалар. Монументалдық көркем суреттің екі басты түрін ажыратады – фреска және мозайка. Фреска (итал. тіліненfresco — балғын, шикі) — шикі (кейбір техникаларда құрғақ) сылақтың үстінен сулы бояулармен салынған көркем сурет. Мозаика (итал. тіліненmosaіco, лат. Тілінен musіvum — тікелей — музаларға арналған) — топырақ қабаты - әк немесе цемент бетіне бекітілетін материал бойынша біртекті немесе әртүрлі тастардан, смальтадан, қыш плитадан және т.б. орындалған сурет. Монументалдық көркем суретке панно және витраждар жатады, олар құрылыстарды безендіреді. Станоктық көркем сурет (сурет) өзінің дербес мінң мен сипаты бар. Станоктық көркем суретте алуан түрлі жанрлар бар: натюрморт, пейзаж, порт- рет, тұрмыстық, тарихи, соғыс жанрлары және басқалары. Монументалдық көркем суретке қарағанда станоктық көркем сурет қабырға жазықтығмен байланысты емес. Суретші суреттерді мольбертке (станокқа) орнатылған кергішке керілген кенепке салады, осындан «станоктықкөркемсурет» атауы шыққан. Монументалдық және станоктық көркем суреттен басқа декоративтік өрнек салу және театралды-декоративті көркем сурет, икона жазу, миниатюра бар. Көркем суретте өнердің басқа түрлері сияқты өзінің ерекше көркемдік тілі бар, ол арқылы суретші өз ойын, сезімдерін, идеяларын жеткізеді. Көркем суретте қоршаған ора бейнелері көркемдік бейне, сызық және түс арқылы беріледі. Шынайылықты суреттей отырып, суретші оның көшірмесін жасауға ұмтылмайды, ол жеке бөлшектерді нақтылайды, аса тән, бастысын басым көрсетеді.
Көркем сурет жанрлары
Натюрморт — көркем суреттің дербес жанрлараның бірі. Натюрмортта суретші өлі заттарды, сол сияқты табиғи нысандарды бейнелейді, бірақ олардыәдеттегі контекстен бөліп алады, соған байланысты оған басқа мән беріледі.
Оқулықтың І тарауында наюрморт жанры Голландияда пайда болғаны айтылған.Голландия суретшісі шынайы дүниенің көптеген құбылыстарынан әсемдік көрген. Голандия көркемдік суретшілері бірнеше заттар үйлесімінде осы заттардың адам өмірімен байланысын көрсете білген. Бұл жанрда өздерін П. Клас, В. Калф, В. Хеда суретшілері ерекше көрсеткен. Олардың сүйікті тақырыбы таңғы ас – үстел бетіндеыдыстар, әртүрлі таңсық тағамдар, тұрмыстық заттар, әртүрлі бүрмеленген маталар орналасқан дастарқан суреті болды. Барлық заттаршынайы ретсіздік әсері құрылатындай, сонымен қтар композициялықбүтіндікте орналастырыылған. (2.1-сурет). Заттардың материалдық мәні арқылы суретші бейнелі түрде талғамдарды, әдет-ғұрыпты, тарихи оқиғаларды, ал кейде бүкіл дәуірді бейнелеген. Натюрмортта суретші өз сезімін, көңіл күйін бере алған.
2.1 - сурет. В.Хеда. Омарлармен таңғы ас
2.2 - сурет. И.Левитан. Мәңгілік тыныштық астында
Пейзаж — шынайы немесе адаммен өзгертілген табиғатты суреттейтін бейнелеу өнерінің жанры. Пейзаж жанры ішінде басты бейнеленетін заты мен табиғат сипатына байланысты ауыл, қала, индустриалдық пейзаж, сонымен қатар су стихиясы суреттері – мұхит (марина) және өзен пейзажы ажыратылады.
Пейзаж тарихи, фантастикалық, эпикалық, лирикалық сипатқа ие болуы мүмкін. Табиғат бейнелерібарлық адамдарды толқындатады, көбіне соған ұқсас уайымдарды тудырады. Ізге орыс көркемдік суретшілердің: Ф. А. Ва- сильев, И. И. Шишкин А. К. Саврасов, А. И.Куиндж, И. И. Левитан пейзаждары жақын. И. И. Левитанның «Мәңгілік тыныштық астында» суретіндегі табиғатында қаншалықты айбындылық және бір уақытта поэзиялық жұмсақтық бар (2.2-сурет). Пейзаж жанры тек табиғаттың әсемдігі мен шексіз алуан түрлілігін көрсетіп қана қоймайды, пейзажды тамашалай отырып, суретшінің ішкі күйін сезінуге болады.
Портрет – бір адамды немесе адамдар тобын суреттейтін бейнелеу өнерінің жанры.
Портрет кеудеге дейін, белге дейін, фигура бойымен, топтық, интерьердегі портрет және пейзаж фонындағы портрет болуы мүмкін. Суреттеу сипаты бойынша мерекелік және камералық портреттер болады. Сонымен қатар автопортретті – суретшінің өзін бейнелеуін бөліп айтуға болады. Портреттік көркем өнерде сыртқы ұқсастықты бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар портреттелетін адамның ішкі дүниесін ашу өте маңызды. Суретші сонымен қатар кейіпкердің әлеуметтік жағдайын бөліп көрсете алды, суретке кейіпкер өмір сүретін дәуірдік қандай да бір атрибуттарын қоса алады. Портрет өнері көнез аманнан белгілі, бірақ бұл жанр әсіресе Қайта өрлеу дәуірінде, адам өнердің орталық тақырыбына айналған кезде гүлденді. Бұл жанрдың ең жақсы шеберлері Леонардо да Винчи, Рафаэль, Тициан, А.Дюрер керемет үйлесімді және поэзиялық бейнелерді туындатқан (2.3-сурет). XVІІ ғ. еуропалық көркем суретте мерекелік портретпен қатар камералық портрет ерекше мәнге иеленеді (Ф.Хальс, Рембрандт, Д.Веласкес, А. Ван Дейк).
2.3 - сурет. А.Дюрер. Автопортрет Орыс өнерінде портреттік жанр XVІІІ ғ. басынан дами бастады. Тамаша портреттер сериясын Д. Г. Левицкий, Ф. С. Рокотов, В. А. Боровиковский туындатты. XІX ғ. көркем суреті ойлау жәәне сезіну күшімен таң қалдыратын, әсірессе дәуірдік қоғамдық өмірге берілген тұлғалар бейнесіне бай (ФранциядаТ.Жерико,Д Э н г р , Э.Мане, В. Ван Гог; Ресейде О.А.Кипренский, И. Н. Крамской, И. Е. Репин). XX ғ. көркемдік ортада жаңа айқындық құралдарын іздеу жүргізілген кезде, портрет қарама-қайшы түрде, бір жағынан, тұлғаға өткір назар аударуды, екінші жағынан, портреттік мәселені субъективтік әлемге және автордың көркемдік қиялына бағындыруды үйлестіреді (Францияда П.Пикассо, А. Модильяни; Ресейде В. А. Серов, М. А. Врубель, М. В. Нестеров, П. Д. Корин) (2.4-сурет).
Тұрмыстық жанр — станоктық суреттің ең кең тараған түрі, онда суретшілер адамның күнделікті жеке және қоғамдық өмірінен алынған сюжеттерді («жанрлық» көрініс) көрсетумен айналысады.
Орыс нерінде тұрмыстық жанр XІXғ. Алдыңғы қатарлы орынды алды. Шаруа тұрмысы және әртүрлі текті қалалық адамдардың өмірі В. К. Перов, А. Г. Веницианов, П. А. Федотов, К. А. Савицкий, В. Е. Маковский, И. Е. Репин туындыларында бейнеленген. XX ғ. Тұрмыстық жанр туындылары дәуірді толқынды мазмұндау арқылы орындалған (А. А. Дейнека, А. А. Пластов, Т.Н. Яблонская, С. А. Чуйков, Ю. И. Пименов) (2.5-сурет). Тарихи жанр – тарихи қайраткерлергежәнеадамзат тарихындағы қоғамдық маңызды құбылыстарға арналған, бейнелеу өнерінің жанры. Негізінен өткен шаққа бет бұрған тарихи жанр сонымен қатар тарихимәнізамандастармен меңгерілген оқиғаларды бейнелеуден тұрады. XVІІ — XVІІІғғ. Классицизм мен көркемдік академиялар «жоғары жанр» ретінде тарихи жанрды алдыңғы қатарға шығарды, ол діни, мифологиялық, аллергориялық және тікелей тарихи сюжеттерден тұрды (Н. Пуссен, Д. Веласкес, П. Рубенс, Ремб- рандт). XVІІ — XІX ғғ. Антика және ұлттық тарих бейнелері орыс өнерінде орын алды (А. П. Лосенко, А. А. Иванов, К. П. Брюллов және т.б.). Орыс тарихи көркем сурет шебері В. И. Суриков болды, ол өз суреттерінде жарқын тарихи оқиғаларды және ұлттық мінездерді туындатты. Тарихи жанр тұрмыстық жанрмен, портретпен, пейзажбен және әсіресе соғыс жанрымен жиі қиылысады.
2.4 - сурет. В.Серов. О. К. Орлова портреті
2.5 - сурет. А.Пластов. Егін ору
2.6 - сурет. А.Дейнека. Севастопольді қорғау Соғыс жанры (франц. тілінен bataіlle- шайқас) тарихи жанрдың бір түрі ретінде қарастырылады және шайқас, соғыс тақырыбына, соғыс кезіндегі өмір эпизодтарына арналады. Суретші-баталисттер жауынгерлік айбындылықты, қаһармандықты, жеңіс салтанатын мадақтайды (2.6-сурет), сонымен қатар олар соғыстың антиадамдың мәнін ашуға ұмтылады (В. В. Верещагин, А.А.Дейнека, М.Б.Греков, Е. Е. Моисеенко және басқалары).
Көркем сурет материалдары, керек- жарақтар және оларға қойылатын талаптар
Көркем сурет шығармалары жазықтықта туындалады, ол қағаз, картон, кенеп, ағаш, шыны, металл, алдын ала дайындалған қабырға болуы мүмкін. Көркем суретте әр түрлі бояулар пайдаланады: гуашь, темпера, акварель, майлы және т. б. Бояулардынегізге әртүрлі қалыңдықты дөңгелек немесе жалпаққылқаламмен жағады. Бояулар байланыстырушы және бояйтын заттардан тұрады. Бояу пигменттері деп бояуларды еріту үшін қолданылатынбайланыстырушы заттарда, суда және органикалық еріткіштерде ерімейтін бояғыш заттардыайтады.Пигменттер минералдық және органикалық текті; табиғи және синтетикалық болуы мүмкін. Сыртқы түрі бойынша пигменттер түрлі-түсті дисперсті (өте майдаұнтақталған) ұнтақтар болып табылады. Байланыстырғыш заттар сипаты бойынша бояулар су бояулар (акварель, гуашь, темпера) және су емес бояулар (майлы, эмальды және т. б.) болып бөлінеді. Көркем суретте XV ғ. пайдаланыла бастаған майлы бояулардың көптеген оң қасиеттері бар: олар оңай араласады, қалың, мөлдір емес (корпустық), сол сияқты жеңіл, мөлдір, мөлдірлетіп жағылады. Олар салыстырмалы ақырын кебеді және бұл өзінің түс реңін өзгертпейді. Майлы бояуларды пигменттерді кенеп майымен араластыру жолымен дайындайды. Бұл кездесонымен қатар кейбір басқа майларды да пайдалануға болады: жаңғақ, көкнәр, күнбағыс. Дәл осы майлар ауада кеуіп қатты қабат құрайды. Майлы бояумен, не ешнәрсемен оларды сұйылтпай, не арнайы ерітінділер (уайт-спирт, пинен және т. б.)пайдалана отырып сурет салады. Аяқталған жұмыс көбірек сақталуы үшін арнайы лакпен жабады, ол кеуіп бояуқарқындылығын арттыратын берік мөлдір қабат түзеді. Майлы бояумен жұмыс істеу үшін қылқаламдар, негізінен әр түрлі өлшемді - №2-ден № 12 дейін қылшықты жалпақ қылқаламдар қолданылады. Майлы бояумен жұмыс істеу кезінде суретшілер бір мезгілде бірнеше қылқаламдар қолданады — ақшыл түсті, сары, көк және басқа да түстер үшін. ұсақ бөлшектердің суретін салу үшін, жіңішке жұмсақ қылқалам, ең жақсысы сары күзен қылқаламдарды пайдаланады. Майлы бояуларды суретші палитраға салады, ол ағаштан немесе фанераданжасалады.Сондай-ақ, көркемдік суретші жұмысында үнемі мастихин — ерекше түрлі эластикалық болат пышақ қажет. Оныменқажетсіз немесе сәтсіз бояу қоспаларын палитрадан, сондай-ақ кенеп бетінен алып тастайды. Кейде суретшілер онықылқаламорнынапайдаланады, оның көмегімен бояуларды кенепбетке жағады. Гуашь — корпустық көмкерлеуші мөлдір емес бояу, күңгірт-барқыт реңкті, тез кебеді және ақшылданады. Гуашь өте майдаланған пигмент пен байланыстырғыш заттантұрады. Бояу қабатының көбірек тығыздығы үшін көптегенгуашьбояуларының құрамындаақ бояу, бұл кепкен кезде оларды біршама ағарыңқы етеді. Гуашьпен негізінен плакатисттер және графиктер, сирек - кейбір суретшілер-станокшылар жұмыс істейді. Ол декорациялық көркем суретте, әртүрлі эскиздер жасаған кезде кеңінен қолданылады. Гуашьпен жұмыс істеу ыңғайлы және, ең маңыздысы, жұмыс барысында түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Гуашь көмкерлеуш, мөлдір емес бояу болғандықтан, ешқандай сақтандырусыз,басқа қағазданауыстырып жақпай, тікелей болашақ көркем сурет өрісінде өңдеуге болады. Жұмыс істеу үшін гуашьті өте сұйық қаймақ консистенциясына дейін сұйылту керек, бұл кезде ол мөлдір емес күйінде қалуы тиіс. Тым сұйық жағылған бояу кепкен кездешеттері бойынша қошқыл түсті жиектер түзеді. Гуашьті аса қою да жағуға немесе бір жерді бірнеше рет бояуға болмайды – ол нашар бекітіледі және кепкен соң үгітіледі.
Темпера. Темпералық көркем сурет өте ежелден белгілі, оны Ежелгі Египеттің өзінде-ақ білген. Темпера гуашь сияқты көмкерлеуші мөлдір емес бояу, сулы эмульсиямен сұйытылады, тез кебеді және күңгірт барқыт бет түзеді. Аталуы «temperare» латын сөзінен пайда болған, «араластыру» дегенді білдіреді.
Темпера қағазға және картонға, сол сияқты тегістелген және тегістелмеген кенепке, ағаш-талшықты плитаға да, металға да жақсы жағылады. Ол майлы бояу астына өзіндің тегістегіш қабат бола алады: жұмысты темперамен бастап, ешқандай өтпелі кезеңсіз оны майлы бояумен аяқтауға болады. Темперамен жазылған туындылар сыртқы әсерлерге өте тұрақты және бастапқы күйін ұзақ сақтайды. Темперамен жұмыс істеген кезде бұл бояулар тез кебетінін, ал кепкен соң ерімейтінін ескеру қажет, сондықтан оны палитраға артық салмай, есептеп салу керек. Ағаш палитра емес, металл немесе пластмасса палитра алған жөн. Темперамен үлкен жазықтықты тегіс жабу қиын. Әрқашан дерлік жеке жақпа іздері қалады. Бұны ескеріп, жақпаларды бейнеленетін заттар пішіні бойынша жағу керек, ал бояуды үлкен жазықтыққа жаққан кезде, керісінше, барлық майда жақпаларды бір бағытта орындау керек. Темперада байланыстырушы зат эмульсия болып табылады. Оның құрамына байланысты темпера өзінің атауын алады: казеинді-майлы, жұмыртқалы және т.б. Жұмыртқалы темпера Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде, ал Русьта — XV — XVІ ғғ. ерекше тараған. Жұмыртқалы темпераның бірнеше түрі бар: бүтін жұмыртқадан, ақуызды, ал ең кең тарағаны сарыуыздан жасалған темпера.
Акварель (лат. тіліненaqua — су). Акварельдің негізгі ерекшелігі — сурет салу кезінде бояуларының мөлдір болуы. Акварельді бояулар желімді мөлдірлеткіш бояулар тобына жатады. Акварельдібояулардың байланыстырушы заттары сцда жеңіл еритін өсімдік текті мөлдір желімдер болып табылады.
Акварельді бояулар ежелгі египет көркемдік суретшілерге белгілі болған. Папируста жазылған өрнектер бізге дейін жеткен. Акварельді көркемдік суреттің дамуы XІІ ғ, туындаған және көптеген Шығыс елдерінде тараған парсы кітап миниатюрасын уақытына жатады. XV ғ. бастап бояулар мөлдірлігімен ерекшеленетін таза акварель (ақ бояу қосылмаған) қолданыла бастаған. Акварельді көркем суреттің жаңа техникалық мүмкіндіктері А. Дюрермен (1471 —1528) оның пейзаждарында кең ашылған. XVІІ ғ. басында акварель дербес көркем сурет түріне айналады да, XVІІІғ.өзінің гүлденуіне жетеді. Акварельмен көркем суреттегі ең үлкен жетістіктер XІXғ. ағылшын суретшілерінің арқасында пайда болады. Акварельмен жұмыс істеу техникасының екі түрі бар: «ағылшын», бұл кезде көркем суретті ылғалданған қағазға сурет бөлшектерін жалпы тонмен құйып және шаю арқылы жазылады және «италиандық», бұл кезде құрғақ қағазға тығыз көп қабатты жазумен жазады. Ресейде акварель техникасы XІX ғ. қарқынды дами бастады. Сол уақыттың елеулі орыс акварелисттің бірі П. Ф. Соколов болды, ол портретист және Н. В. Гоголь және И. С. Тургенев туындыларының иллюстраторы. Акварельді көркем сурет күрделі көркемдік техникалардың бірі болып табылады. Майлы бояу мен темпераға қарағанда оларды мүлдем дерлік түзетуге болмайды- бояумен үстінен жағу арқылы қошқылдауға болады, ал қошқыл түсті ақшылдатуға болмайды. Сондықтан қағазға дүрыс емес алынған реңкті жаққан кезде, бұл бояу қабатын сорғышпен немесе үлкен қылқаламмен мұқият шаю керек. Акварельді техниканың ерекшелігі – оның ылғалды жазылуы. Қылқалам бояуды көп сіңіру қажет, бояу қағаз бетінде өзі ағу керек, ал қылқалам тек оның дұрыс таралуына көмектесу керек. Сұйық бояу қағаз бетінде еркін таралуы үшін, қылқалам беттің горизонталь жазықтығына 30- 45° көлбеулену қажет. Акварельмен салынатын сурет жеңіл, контурлы болу керек. Егер суретті мұқият өңдеу қажет болса, онда оны толық басқа бетте жасайды да, содан соң басты бетке тек негізгі контурларды ауыстырады. Акварельде негізінен кейбір жануарлардың жұмсақ құйрық қылдарынан жасалған қылқаламдар қолданылады. Ең алдымен бұл сары күзен және тиін қылқаламдары. Сонымен қатар сусар, борсық, бұлғын, күзен және т.б. түрлері болады. Қылшықты қылқаламдар өте сирек қолданылады. Жаңадан бастап жүрген акварелисттерде № 10-12 және 18 – 20 екі тиін қылқаламдары болу керек, сонымен қатаререкше таңдаулы бөлшектуге арналған № 2 жіңіше сары күзен қылқаламы болу керек. Акварельдің көркем сурет үшін қағаз сапасы да аса маңызды. Қағаз бетіне бірнеше рет бояу жағылса да, жарық өткізетіндей сапасы болу керек. Мөлдірлік – акварельдің басты ерекшелігі, қағаз ақтығы бұл жағдайда идеалды болу керек. Қағаз ақтығы – сурет ішінен өтетін сияқты шағылысқан жарықтың көзі, яғни, қағаз өзіндіңк жарық экраны болып табылады, онымен бірге ақ қағаз акварельді бояуларды оптикалық сұйылтқыш болып табылады. Акварель үшін ең жақсы, әсіресе ұзақ мерзімді жұмыстарға арналған қағаз – ірі түйірлі қағаз. Қғаздың ірі фактурасы көркем сурет бетінің түс сапасын байыта түседі. Майда түйірлі қағаз өлшемі кішігірім заттардың суретін салу үшін, пейзаж, интерьер көркем суреттерін салу үшін қолданылады. Акварель үшін сонай-ақ тығыз ватман да жарайды. Жұмыс істеу алдында оны сорғыш көмегімен жылы сумен сулау керек, ол жабысқақтығын азайту үшін жүргізіледі. Қағаздың жылтыр, тегіс сұрыптары жарамайды – бояу оның бетіне сіңіп кетеді. Акварель үшін ең жақсы палитра – бояуды сұйылтуға арналған ұяшықтары бар пластмасса палитра. Палитра ретінде сондай-ақ тіктөртбұрышты немесе овал пішінде оргшыны қолданылады. Акварельге арналған ең қарапайым палитра фаянс тәрелке де бола алады. Палитра ақтығы қағаз ақтығы сияқты бояуды ол суретте қандай болып тұратындай етіп көруге мүмкіндік береді. Палитраны пайдаланған кезде қажетті түс реңкін табу үшін, бояуларды спектр ретінде орналастыру керек. Бояуларды палитра ортасында араластырады. Акварельмен жұмыс істеу алдында бояуларды аздап сумен сулау керек, сонда қылқаламмен оңай алынады. Акварельді көркем сурет үшін акварель бояуларды таңдау да аса маңызды. Ең жжақсы отандық бояулар пластмассадан жасалған көветадағы «Ленинград»бояулары саналады. «Ленинград» бояуларының екі жинағы бар: 24 түстен тұратын «Ленинград № 1» және 16 түстен тұратын «Ленинград № 2». Бұл жинақтардан басқа Санкт-Петербургте тюбиктегі «Нева» акварель бояуларын шығарады. Мәскеу фабрикасы да «Москва» атауымен белгілі жоғары сапалы акварель бояуларды өндіреді.
Акварель бояуларының маңызды айырмашылықтары бар.
Барлық көркем сурет техникаларда бір бояу пигменттерін пайдаланады. Акварель тек оны дайындау үшін үлкен мөлдірлігі бар бояуларды қолданумен ерекшеленеді. Мысалы, ал қызыл кармин, көгілдір, зүбаржат жасыл сияқты бояулар мөлдірлеу, олар толық ериді, яғни оның салдарынан қағазға тегіс және терең сіңеді. Басқалары- сары кадмий немесе жасыл перманент - тығыз, түйірлі, бояу жасыру қабілеті бар. Олар беттік қабат түзіп, қағазға нашар сіңеді. Бояулардың бұл қасиеттері мен айырмашылықтарын өз жұмысыңызда мақсатты қолдану үшін білу керек. Мөлдір бояуларды араластыру кезінде мөлдір емес бояулар алынады. Мөлдір және мөлдір емес бояуларды араластыру кезінде алынған түс кепкен соң күңгірттенеді. Мөлдір бояуларды араластырғанда алынған түске қарағанда мөлдір емес бояуларды аралстыру кезінде алынған түс қанықтығы бойынша төмен. Тюбиктердегі акварель бояулар қатып қалмау үшін бояуларды қажетті мөлшерде палитраға салып алған соң, қақпағын жабу керек. Кюветалар мен плиткадағы бояулармен жұмыс істеп болған соң, қоспа түзу кезінде тұзілетін, бояу бетіндегі басқа бояулар қосындыларын абайлап жұмсақ шүберекпен сүртіп алу керек.
Көркем сурет керек-жарақтарын пайдалану бойынша тағы да бірнеше кеңестер. Жұмысаяқталғаноң қылқаламдарды жуып, сүрту керек. Жұмыс істеу барысында Қылқаламда артық бояу мен су болса, оны сілкуге болмайды:бұлқылқалам қылшықтарын бұзады және жұмыс орнын ластайды. Қылқаламды жұмсақ шүберекпен сүрткен жөн. Сондай-ақ қылқаламдарды ұшын төмен қаратып стақандақалдырмағанжөн: қылшықтары сынып, ол жұмыс істеуге жарамсыз болады. Жұмысты түзету үшін этюд бөлігін шаю үшін сорғыш қажет. Сонымен қатар ақ дақтарды қыру үшін өткір пышақ қажет.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 2. Түстану негіздері
Түс туралы ғылым – түстану (немесе колористика) – суретшілерге түс ерекшеліктерін және түс үйлесімі заңдылықтарын жақсы түсінуге көмектеседі. Түске қызығушылық өте ертеректе туындаған. б.д.д. ІV ғ. өзінде ежелгі грек ғалымы Аристотель түсті және әртүрлі түс құбылыстарының пайда болуын түсіндіруге тырысқан. Жаратылыстануғалымдарына негізделетін ғылым ретінде түстану негізі ағылшын физигі Исаак Ньютонмен қаланған. Ол алғаш рет түс жолақтарының күн сәулесінің ыдырауымен түсіндірді. И.В Гѐте «Түс туралы ілім» атты еңбек жазған, онда ол түстерді жылы және суық түстерге ажыратып, толық сипаттама берген. Түс туралы ғылымға орыс ғалымы М. В. Ломоносов үлкен үлес қосты. Ол түстердің араласуын зерттеп, табиғатта тек үш негізгі түс болатынын орнатты: қызыл, сары және көк (көгілдір). XІX ғасырда, әсіресе XX ғ түссаласында маңызды жаңалықтар жасалды. Олардың негізінде лазер, голография, компьютерлік графика құрылады. Қазіргі уақытта түсті зерттеумен бірқатар ғылымдар айналысады: физика, физиология, психология, биология, математика және т. б. Бірақ та түсті жаратылыстану- ғылыми көзқараспен зерделеуге мен оның көркемдік, эстетикалық игеру арасындағы айырмашылық бар. Ғалым-физик түс толқыны ұзындығын сандық және сапалық өлшеуі мүмкін. Шығармашылық түрде суретшінің санасы үйлесімділікті анықтауда түс құрылысы заңдылықтарын анықтайды.
Түстің физикалық негіздері
Табиғат бізге күрделі сезім мүшелері жүйесін берді. Осыжүйенің ең дамыған және басым бөлігі көру болып табылады. Адамкөру мүшесі арқылы сыртқы әлемнен алынатын барлық ақпараттың 90% - ға дейін қабылдайтыны анықталған. Адамның көру ерекшелігі оның түсті жақсы ажырата алу қабілеті болып табылады. Түс — материалды әлемнің бір қасиеттерінің бірі, саналы көрнекі сезім. Түстік сезім көзбен жарық ағыны ретіндеқабылданатын, электромагниттік сәулелер ағынының көзге әсер ету нәтижесінде туындаладыү Яғни, түс – бүл жарық қасиеті. Затқа шағылысқан түс, әртүрлі ұзындықты толқындарға ажыратылады, олар бізде әртүрлі түс тік сезімдерді қоздырады. Бір денелер мен заттар өздері жарық бөледі, бақалары шағылысқан жарықпен жарқылдайды. Жарқырауық денелер мөлдір және мөлдір емес болып бөлінеді. Мөлдір денелер жарық сәулелерін өткізеді, ішінара сіңіреді және шағылыстырады. Шағылысқан сәуле әрқашан таза, спектрлік түске айналады. Суретте жарқыраған көптүсті құбылған шыны құмыралар, бокалдар, бағалы тастар және т.б. мөлдірлігін бейнелеу үшін үлкен шеберлік қажет. Мөлдір емес денелер жарық сәулелерін шағылыстырады және ішінара сіңіреді. Мөлдір емес дене түсі ол шағылыстыратын жарық ағынының құрамымен анықталады. Мысалы, жарық сары матаға түскен кезде, ол барлық сәулелерді сіңіреді, бірақ спектрдің сары бөлігі толқындарын бөліп, оларды шағылыстырады, осыған байланысты біз сары түс көреміз. Күннен немесе жасанды жарық көзінен түсетін жарық – табиғаттағы күрделі құбылыс. Күн көзі шоғы жаңбыр тамшысында немесе үш өлшемді призма арқылы өтіп, кемпірқосақ, басқаша айтқанда – спектр түзеді. Адамның қалыпты көзі спектрде 130 дейін әртүрлі түстерді ажырата алады. И.Ньютон олардың ішінен жеті негізгісін бөліп алды: қызыл, қызыл-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін және оларды араластыру арқылы табиғи бояулар байлығы құрылатынын түсіндірді. Спектр түстері әрқашан да біріне бірі біртіндеу ауысып, белгілі бір ретпен орналасады.
Ахроматикалық және хроматикалық түстер
Түстердің барлық алуан түрлілігін екі үлкен топтарға бөлуге болады. Бірінші топқа ахроматикалық, түссіз (грек тілінен chromus — түс) –ақ, қара және оларды араластыру нәтижесі – сұрдың шексіз реңдері жатады. Бұл түстер бір бірінен тек ақшылдығы бойынша ерекшеленеді (түрлі-түсті қосымшада 1-суретті қараңыз). Адам көзі ақшылдық дәрежесі бойынша шамамен 30 ахроматикалық реңк ажырата алады. Екінші топқа қызыл, қызыл-сары, сары, көк және т.б., яғни күн спектрінің барлық түстері және оның туындылары жатады. Бұл түстерді хроматикалық (түрлі түсті) деп атайды. Хроматикалық түстер бірінен бірі түс реңкімен, ақшылдығымен және қанықтығымен ерекшеленеді. Түс реңкі — түстер бірінен бірі ажыратылатын хроматикалық түстің белгісі. Бір түсті біз жасыл, екіншісін – қызыл, үшіншісін –көк деп атаймыз. Көптеген түстердің аталуы бояуы өте айқын болатын нысандардан туындалған (таңқурай, шие, бұршақ, зүмірет, және т.б.). Түс атауларына қарағанда түс реңктеріорасанкөбірек. Жаттықтырылған адам көзі жарық күндізгі жарықта 180 дейін реңктерді ажыратады, ал жалпы адам көзі шамамен 360 түс реңін ажырата алады. Ақшылдығы — түстің ақтан немесе қарадан айырмашылық дәрежесі, яғни, түстің құрамында қандай да бір мөлшерде қара немесе ақ түстің болуы. Кез-келген хроматикалық түстің ақшылдығы бойынша тең болатын ахроматикалық түс жұбын табуға болады. (түрлі-түсті қосымшада 2- суретті қараңыз). Қанықтығы — хроматикалық түстің оған ақшылдығы бойынша теғ ахроматикалық түстен айырмашылық деңгейі. Яғни, түс қанықтығы – құрамында ахроматикалық түстің болу дәрежесі. Егер кез-келген түске ахроматикалық түс қосса, ол күңгірттеніп, оның қанықтығы азаяды. Ахроматикалық түстер нөлдік қанықтыққа ие, ал ең көп қанықтық спектрліктүстерді. Спектрліңк түстердің ішінде ең қанығы күлгін, ал ең аз қанық түс – сары. Күн жарығы спектрін қарастыра отырып, біз оның бір ұшында күлгін түс, ал екінші ұшында қызыл түс көреміз. Спектрді шеңбер ретінде көрсету үшін, қызыл түстен күлгін түске біртіндеп ауысуын келтіру керек. Бұл түстерді араластырып, біз спектрде жоқ, бірақ табиғатта кездесетін пурпур түстерді аламыз. Түрлі-түстердөңгелегінде құрамында қоспалары жоқ үш түсті бөлуге болады. Бұл түстер – сары, қызыл, көк – негізгі түстер деп аталады. Негізгі түстерді араластырып алуға болатын түстер құрама немесе туынды түстер деп аталады: қызыл-сары, жасыл, күлгін (түрлі-түсті қосымшада 3-суретті қараңыз). Түрлі-түсті шеңберді екі бөлікке бөлуге болады. Бір бөлігіне қызыл, қызыл-сары, сары, сары-жасыл түстер кіреді, оларды шартты түрде жылы түстер деп атайды, себебі олар от, күн түсімен ассоциацияланады. Екінші бөлігіне көгілдір-жасыл, көгілдір, көк, күлгін түстер кіреді және суық түстер деп аталады, себебі олар су, мұз, металл түсін елестетеді. Бір топтағы түстерді қабылдау салыстырмалы жүзеге асады. Сары-жасыл түстің қасында орналасқан көк-жасыл түс суық болып көрінеді, ал көк түстің қасында жылы болып сезіледі. Бірдей жағдайда жылы және суық түстер қарама-қарсы оптикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Күндізгі жарықтандыруда біз жылы түстерді – жақындататын сияқты, ал суық түстерді – алыстататын сияқты қабылдаймыз. Мысалы, сары және қызыл затты қарғанда ұлғайтады, ал көгілдір- кішірейтеді. Ымырт уақытында керісінше: қызыл түс тереңдік әсерін тудырады, яғни алыстай түседі, ал көгілдір түс алдыңғы қатарға жылжиды. Көк және күлгін түстер күндізгі жарықтазаттардыңкөлемін кішірейтетін сияқты болып көрінеді. Түрлі-түсті шеңберде түстердің орныдиаметрдің қарама-қарсы жағында орналасқан контрасттық немес қосымша түстердіанықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, қызыл түстен диаметр жүргізсек, оның қарама-қарсы түсі жасыл екенін көруге болады. Қосымша түстерді араластырған кезде ахроматикалық түстер түзіледі. Жарық сәулелерінің екі қосымша түсінің араласуынан ақ түс түзіледі. Қатар орналасқан қосымша түстер бір-бірінің қанықтығын ұлғайтып көрсетеді (түрлі- түсті қосымшада 4-суретті қараңыз). Түрлі-түсті шеңберде үш түстің үйлесімді үйлесімділігін (триада) анықтауға болады. Триада түстері түрлі- түсті шеңберде бірдей интервал аралығында орналасқан: қызыл — көк—сары, қызыл-сары—көк —сары- жасыл және т.б. (түрлі-түсті қосымшада 5-суретті қараңыз). Түрлі-түсті шеңбер реңк бойынша жақын түс реңдері туралы түсініктер мен ерекшеліктерін түсіндіреді: ашық- сары және қызыл-сары, қызыл-сары және қызыл және т.б.
Колорит
Табиғаттағы сияқты бейнелеу өнері туындыларында түстер белілі бір өзара қатынаста болады. Бұл жағдайда түстердің кездейсоқ механикалық жиынтығыколориттегітүсте үйлесімінен ерекшеленеді. Колорит –белгілі бір бірлік түзетін түстердің ара қатынасының жүйесі және әлемнің бояулы алуан түрлілігінің эстетикалық нәтижесі болып табылады. Колорит – туындының көркемдік бейнесінің маңызды құрам бөлігі, көркем сурет өнерінде, түрлі-түсті графикада, декоративті өнерде көркемдік айқындылық құралдарының бірі. Колорит өнер туындысының мазмұнымен және жалпы мағынасымен, дәуірмен, стильмен, сонымен қатар суретшінің даралығымен байланысты. Колоритте түстер бір біріне бағыну қағидасы бойынша бірігеді, өзара әрекетте болады. Туындының жалпы колористикалыққұрылымын анықтайтын басты түстер және түс байлығына жетуге көмектесетін және басты түстердің белсенді үндесуіне көмектесетін қосалқы түстерді бөліп айтуға болады. Басым түс үйлесімінің сипаты бойынша колорит жайлы немесе кедергілі; суық немесе жылы; қуанышты немес түңілгенжәне т.б болуы мүмкін.
Түстердің психофизиологиялық әсері
Түс — бұл кеңістікті ұйымдастыратын, көрерменде белсенді эмоционалдық реакция тудыра алатын, жетекші бастама. Түсті қабылдау – оны жай көру дегенді білдірмейді. Түс біздің көңіл-күйімізге, хал-жағдайға әсер етеді. Физиологиялық реакцияларды тудыра отырып, ол ағзаға жалпы және жеке мүшелердің тіршілігіне әсер етеді. Мысалы, қызыл адам ағзасының барлық функцияларын іске қосады, энергияны арттырады, жылытқыш әсері бар. Бірақ, бұл жұмыс қабілетінің артуы ұзақ созылмайды, себебі біраз уақыттан кейін қызыл түс шаршағандық және қоздырғыштық тудырады. Көк түс жүйке жүйесіне тежегіш әсер етеді. Ол тыныс алу мен пульстің баяулауын тудырады және ауыру сезімін азайтады. Әрине, әртүрлі адамдарға түстің әсер ету күші әртүрлі. Сонымен қатар адамның темпераменті мен рухани күйі де үлкен мәнге ие. Адам түсті тек көзбен ғана емес, сонымен қатар терімен де қабылдайды. Бұндай қорытындыны отандық психологияның негізін салушы А.Н.Леонтьев жасаған және заманауи зерттеушілермен расталған. Бұны болашақ жеңіл өнеркәсібі мамандарына білу қажет.
Біздің ағзаға түстердің тигізетін әсерін толығырақ қарастырайық. Ақ түс бейтарап әсер етеді, тыныштандырады, жүйке жүйесін тепе- теңдікке келтіреді. Қара – бір нәрсеге назар аударуға көмектеседі, бірақ қан қысымын төмендетеді, артық мөлшерде рухани күйді нашарлатуы мүмкін. Ынталандырушы (жылы) түстер қоздырғыштар ретінде әсер етеді, қозуға ықпал етеді: сары ойлау қабілетін арттырады, қысымды арттырады, өз- өзіне сенімділікті, өмірге деген құштарлықты туындатады; қызыл-сары тигізетін әсері бойынша қызыл түске құсас, сөйлесуге ынталандырады, эмоционалдықты тудырады, сергітеді. Жасыл қолайлы физиологиялық және жалпы тыныштандыратын әсер етеді, тыныс алу қарқынының, ауыру сезімінің төмендеуіне алып келеді, ерікті шоғырландыруға көмектеседі.
Сары-жасыл—сергітеді, босаңсытады.
Көгілдір — жүйке кедергісін, депрессиялықты азайтады, ауыру сезімін төмендетеді, антисептикалық әсер етеді. Күлгін физикалық және рухани энергияны теңгеруге көмектеседі, ынта туындалуын, аса сезімталдық күйлерді реттейді, көп мөлшерде – жүйке жүйесін тоздырады.
Ақшыл көк — тыныштандырады, медитацилық күйге түсуге ықпал етеді.
Охра —қозғыштықтың өсуін азайтады, бір сарынды реттейді.
Қоңыр — аса қозғыштықты азайтады, басқаша айтқанда сабасына түсіреді, дұрыс ойлауға көмектеседі. Яғни, келтірілген мәліметтерден қызыл-сары гамма түстері сергітеді және ағзаның өміршеңдігін ынталандырады, ал суық түстер – тыныштандырады және босаңсытады.
Түс символикасы
Біз түстердің адам ағзасына тигізетін психовизиологиялық әсерін қарастырдық. Бұл жағынан түстер көптеген адамдарда олардың мәдениетіне, жасына, өмір салтына, темпераментіне тәуелсіз бірдей дерлік реакция тудырады. Түс сонымен қатар эмоционалдық әсер етуі мүмкін,ол мәдени дәстүрлерге, этникалық қатыстылығына және т.б. тәуелді. Бұл жағдайда бір түс әртүрлі эмоционалдық ассоциация тудыруы мүмкін. Мысалы, ақ түс еуропалықтарда қуанышты, тазалықты, жақсылықты (келіншектің той көйлегінің түсі), ашықтықты, ақ жарқындылықты (ақ киген адам, ешнәрсені жасырмайды) білдіреді, ал Жапонияда ол қаралы күн түсі болып, қайғыны білдіреді. Түс пен түс үйлесімділігін психологиялыққабылдау ерекшеліктерін заттық ортаны құратын суретшіге білу қажет, себебі ол ыңғайлы болу керек. Түс символикасы – оны қабылдаудың маңызды аспектісі және ұлттық-тарихи және мәдени негіздемесі бар. Христиан мәдениетінде түстердің мәні Аспан иерархиясы трактатында (әсіресе икона жазбаларында ерекше көрсетілген) (VІ ғ.) келесідей сипатталады: «Ақ түс жарқындықты, қызыл – жалындықты, сары – алтындықты, жасыл – жастық шақ пен сергектікті бейнелейді;басқаша айтқанда, символдық бейнелердің әрбір түрінде сен құпиялы түсіндіруді табасың». Христиан символикасында басты түстер Христтің тазалық символы, оның Құдайлық беделі ретінде ақ және Құтқарушының төккен қаны белгісі ретінде қызыл болып табылады. Ерте Орта ғасырда Еуропада киім түсіне ерекше көңіл бөлген: ақ неке көйлек түсі болған, қара киімді жесір әйелдер киген. Сары түсті ешкім жақсы көрмеген, себебі ол опасыздық белгісі болып саналған, ал толық қызыл түсті киімді (қан және тозақ оты түсі) баскесерлер киген. Ежелгі Қытайда сары түс билікті білдірген және сары түсті киімді тек императорларкиген. Қытай костюмдерінің түсі қатаң бекітілген: қоңыр костюмді төрелер киген; қызыл түсті киімді қаһармандар, батырлар киген; жас батырлар көгілдір киім киген; қара киімдерді кедейлер киген. Қытайларда қызыл түс адамгершілік пен ерлікті, қара – адалдықты, ал ақ- жалғандық дегенді білдірген. Түс символикасы қазіргі уақытта да көрінеді. Мысалы киімде: қара мен ақ түстерінің үйлесімі, әдетте ресми және салтанатты жағдайлларға арналған; қызғылт және көгілдір - жаңа туылған сәйкесінше қыз бала мен ұл балға арналған; көк түс- аспан мен теңіз түсі, ол ұшқыштар мен теңізшілердің формалық киімінде қолданылады.
Бақылаусұрақтарымен тапсырмалар
§ 3. Акварельдік көркем сурет техникасы
Осы тараудың § 1 сіздер көркем суретке арналған материалдармен таныстыңыз,бірақ көркем суретті салуды үйрену акварельді меңгеруден басталады. Акварель техникасын басқа көркем суреттік техникалармен салыстыра отырып, біз оның негізгі қасиеттерін белгілегенбіз: мөлдірлігі, жеңілдігі, тазалығы және бояулардың қарқындығы. Аталған қасиеттер ең алдымен қағазға жағылатын бояудың әрқашан жұқа қабатпен жағылатындығына негізделген, сондықтан олар арқылы өтетін күн сәулелері үшін мөлдір болып табылады. Осыған байланысты ақ қағаздан шағылысқан жарық, бояудың таза реңкімен жарықтанып, оның барлық тазалығы мен күшінде қабылданады. Жаңадан сала бастаған акварелист бұл ерекшеліктерді ескеріп, бояу қабаты әрқашан мөлдір болуына ұмтылу керек. Қалың жағылған бояу қабаты ылғалды күйде жарқын болып көрінеді, ал кепкен кезде күңгірт болады, өзінің түс қанықтығын жоғалтады. Акварельдік көркем суретте мөлдірлету әдісімен, сондай-ақ алла прима әдісімен қолданады. Мөлдірлету әдісі (неміс тілінен Las- serung —бояудың жұқа мөлдір қабатын жағу) акварелисттермен XІX ғ. мен XX ғ. басында көп қабатты көркем сурет әдісі ретінде кең қолданылды. Олар жеңілдігі,бүтіндіктіңжалпы тональділігімен және түстер үйлесімі бойынша керемет туындылар жасаған. Мөлдірлету әдісі бояудың мөлдірлігін қолдануға, бір мөлдір қабатты екінші қабаттың үстіне жағу кезінде түстің өзгеру қабілетіне негізделген. Төменгі қабат шайылып кетпеу үшін, үстінен басқа қабат жағар алдында толық кептіріп алады. Бояу түсінің өзгеруін бір түс реңкінің дамуымен – әлсіз қаныққан түстен одан да қанығырақ түске қол жеткізілу мүмкін, сонымен қатар құрамы бойынша күрделі реңктер түзу арқылы жүзеге асады. Мысалы, сары түс үстіне мөлдір көк түс жақса, жасыл реңді түс пайда болады. Сары жағылған қызыл түс қызыл-сары реңді түс береді және т.б. Механикалық араластыруға қарағанда бір мөлдір қабатты екінші қабат үстіне жағу арқылы түстің өзгеруі түстердің оптикалық қосылуына негізделген. Демек, мөлдірлету әдісінде түс реңкінің тереңдігі мен қанығуы толық кепкен мқлдір қабат үстіне ретімен бояудың екінші мөлдір қабатымен арқылы қол жеткізіледі. Алдыңғы кезеңде ақшыл реңктер жағылады, олардың үстіне күші бойынша келесі түстер жағылады және аяқталғанға дейін т.с.с. Оқушыларға мөлдірлету техникасында дағдыларды алу өте маңызды, себебі бұл техника шыдамдылықты тәрбиелейді, алдын ала болжауды және есептеуді үйретеді; оқушылар көрнекті түрде көп қабатты көркем сурет ерекшеліктерін меңгереді, бояу палитрасын зерделейді. Екінші жағынан бір түстің үстіне екінші түс жағу кезінде мөлдірлету әдісі әрбір қайтадан жағылатын қабат үшін ділшекаралардыорнатуды қарастырады. Бұл оқушыларды түс пен пішінді табиғи байланыстыруға үйретеді.
Енді мөлдірлеті әдісінің негізгі ережелерін анықтайық.
Бояу қабаты барлық оның көп қабаттылығында шағылысқан жарықты өткізу үшін, әрқашан жеткілікті жұқа және мөлдір болу керек.
Әрбір жаңа бояу қабаты кепкен қабат үстіне жағылады.
Алғашқы жазбаларды мөлдірірек бояулармен, мүмкіндігінше қасиеттер бойынша ұқсас бояулармен орындалады. Жазбаларды түс қарқындылығы жоғары бояулардан бастайды, ол келесі әлсіз ерітінділерде түс анемиялы болмас үшін жүргізіледі. Корпустық, жақпаланған бояуларды этюдтің жеке бөліктерінің материалдық мағынасын күшейту үшін жұмыстың қорытындылау кезеңінде жүргізілген жөн. Мөлдірлету әдісі ұзақ мерзімді көркем суреттерді орындау кезінде, аяқталған композицияларды, кітап иллюстрацияларын жасауда, өрнек салуда, костюм эскиздерін жасауда қолданылады.
Алла прима әдісі (итал. сөзінен alla prіma –бірінші сәтте) – «шикі үстінен» орындалған, бір ретте, бір сеанста жазылған көркем сурет.
Бұл техника кейін капиталдық өзгертулер енгізілмейтін лезде жазылған дегенді білдіреді. Суреттің әрбір бөлшектері бір ретте басталып және аяқталатын көркем сурет, содан соң суретші жұмыс бүтін болуын ұмытпай, келесі бөлшекке көшеді және т.б. Барлық түстер бірден қажетті күшпен алынады. Алла прима әдісі пейзаж этюдтарын орындағанда, табиғаттың өзгермелі күйлері жылдам орындау техникасын қажет ететін жағдайда қолданылған өн. Осыған орай XІX екінші жартысы мен көркем суретте ХХ басында көркем суретте алла прима техникасының гүлденуі түсіндірілуі мүмкін, ол кезде пленэрде (ашық ауада) көркем сурет орындау ерекше кең тараған. Тез орындалатын нобайда бұл әдіс өте пайдалы, себебі бояу үндестігінің максималды балғындылығы мен шырындылығын, пәктілікжәне еркін бейнелеуді сақтауға мүмкіндік береді. Қай әдіс қиынырақ екенін айту қиын – алла прима ма әлде мөлдірлеті әдісі ме. Әрқайсысы түсті сезінуге, пішінді түсінуге, жалпыны көруге және соңғы мақсатты елестету көмектеседі. Көркем суретте алла прима әдісімен түс қажетті күште бірден алынатындықтан, бұнда механикалық қоспалар – бірнеше бояулардан құрылған қоспалар жиі қолданылады. Көп бояуды араластырмаған жөн. Екі, көп дегенде, үш бояуды араластыруға ұсынылады. Артық бояу, әдеттебалғындылықтың, жарқындылықтың және түс анықтығын жоғалтуға алып келеді. Мөлдірлетудегі сияқты бұл жерде қасиеті бойынша біртекті бояуларды араластырған жөн, яғни мөлдір бояуларды мөлдір бояумен, тығыз бояуды тығыз бояумен араластыру керек. Көркем суреттік этюдті орындаған кезде бейненің жетекші контрасттарын бірден орнатып алған жөн: реңкі бойынша тереі және түс бойынша аса қанық жерлерді. Кепкен кезде акварель бояулар аздап түс күшін жоғалтатынын ескеру керек, сондықтар қажетті түстті канығырақ алу керек.
Акварельмен жұмыс істеуге арналған жаттығулар
Натурадан тікелей сурет салуға кірісерден бұрын, бояулардың қасиеттері мен мүмкіндіктерін зерттеу, акварельдің көркем сурет тәсілдерімен үйрену үшін бірқатар тапсырмаларды орындау қажет. Бірқарағандақарапайым жаттығулар көркем сурет материалдары мен құрал-саймандарды сеңгеруге, акварельмен жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді, олар ары қарай өрнекті композицияларды, костюмдер, декоративті маталар эскиздерін жасауда және т.б. қажет болады. Бұлжаттығудыңмақсаты жазықтыққа бояуды тегіс жаю техникасымен танысу және мөлдірлету әдісін меңгеру болып табылады. Қағаз бетінде қарындашпен 5 х 10 немесе 7 х 15 см өлшемді үш тіктөртбұрыш салыңыз (жазықтық өте кішкентай болмағаны жөн). Бояудың мөлдір ерітіндіін дайындаңыз, мысалы, сы. Бұл ерітіндіні үстінен бастап әртір тіктөртбұрышқа қылқаламды солдан оңға қарай жүрізіп, жағыңыз. Бояу жолағының соңында аздаған тамшы қалу керек. Әрбір келесі жолақты жоғарғы жолақтың төменгі жағын аздап жауып, осылайшы солдан оңға қарай жүргізіп жағу керек. Бұл жағдайда бояу бір жолақтан екінші жолаққа бір сарынды ауысады. Тіктөртбұрыштың төменгі шетіне жеткен соң қылқаламдағы артық бояуды алып тастап қысып тастағыз да, оың бояу қабатын салыстырыңыз, бояу тіктөртбұрыштың шекарасынан ағып кетпеу керек. Бояу кепкен соң, барлық тіктөртбұрыштарда қайтадан осы құраммен екінші және үшінші тіктөртбұрышты бояңыз. Тағы да кепкен соң, тек үшінші тіктөртбұрышты осылай бояңыз. Осылайша,сіз ақшылдығы және қанықтығы әртүрлі болатын бір түсті үш тіктөртбұрыш алаыз (түрлі-түсті қосымшада 6 суретті қараңыз).
Осылайша көк және қызыл түсті қолданып, бояңыз.
2 жаттығу. Мөлдірлету. Бір түсті екінші түстің үстіне жағу арқылы құрама түстер алу.
Бояуларды келесідей ретімен жүргізіп, ені 1 см кем емес алты горизонталь жолақтарды қылқаламмен бояңыз: қызыл, қызыл-сары, сары, жасыл, көк, күлгін. Бұл түрлі-түсті жолақтар кепкен соң, осы ретте олардың вертикаль жолақтармен жабыңыз, Жолақтардың қиылысуында жаңа түс реңдері түзіледі (өзара- қосымша түстердің араласқа жерінен басқа). Бұл жаттығу негізгі және туынды түстердің қасиеттерімен көрнекті түрде таныстырады (түрлі- түсті қосымшада 7-суретті қараңыз).
3 жаттығу. Түстің көбірек қанық түстен азырақ қанық түске ауысуы. Бір түстің екінші түске ауысуы.
Бұл жаттығуларда бір қабат бояу үстіне екінші бояу қабатын жағу керек. Жаттығу бірден, ешқандай келесі түзетулерсіз орындалады. Тіктөртбұрыш салыңыз. Қандай да бір бояудың қанық ерітіндісін алыңыз, оғанқылқаламдыбатырып, қанықтырыңыз.Қылқаламды жоғарыдан төмен қарай жүргізіп, тіктөртбұрышты бояй бастаңыз. Біртіндеп бояуды сумен сұйылтып, сол рқылы түс қанықтығын азайта отырып, қошқыл реңктің ақшыл реңкке бір сарынды өтуіне қол жеткізіңіз. Бұл жаттығудың екінші нұсқасын тіктөртбұрышты төменнен жоғары қарай бояп орындаңыз (түрлі-түсті қосымшада 8-суретті қараңыз). Бір түсті екінші түске енгізу үшін екі әртүрлі бояулар ерітіндісін дайындаңыз. Тіктөртбұрышты бір бояумен бояй бастаңыз, түс қанықтығы тіктөртбұрыштың ортасына қарай жеткенше азаю қажет. Содан соң бояу толық кеппегенше, тіктөртбұрыштың төменгі жартысын басқа түсті бояумен әлсіз реңктен қанық реңкке дейін бояңыз. Сумен суланған қағазды қолдана отырып, бір түстің екінші түке қызықты ауысуын алуға болады (түрлі-түсті қосымшада 9-суретті қараңыз). Бұндай жаттығулардың маңызы сулы бояулардың ағуын басқаруға үйрену, акварельдік көркем сурет техникасын меңгеру қажеттілігіне негізделген.
Өрнек мотивін акварельмен салу
Түс қасиеттері мен акварельдің көркем сурет қасиеттері туралы әңгімені жалғастыра отырып, өрнек мотивінің көркем суреттік шешімін қарастырайық. Жазық өрнектерді бояу бойынша тапсырмалар қылқаламмен жұмыс істеу тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар алдыңғы жаттығуларды орындау кезінде алынған дағдылрды қолдануға мүмкіндік береді.
Әзәрбайжан өрнегінің жиегі фрагментін салу (түрлі түсті қосымшада 10-суретті қараңыз)
Бұл өрнек құрамына кіретін түстерді қарастырайық. Бұл жерде қанықтығы әртүрлі екі қызыл түс, бір көк түс, аздап ақ түс, әртүрлі реңкті екі охра түсі (бірі фон, екіншісі элементтердің бірі). Түс қанықтығы бойынша екі қызыл түс ең айқын, содан кейін көк және охра және ең соңында мүлдем аұшылданған сарғыш фон түсі. Жылу-суық белгісі бойынша біздің тапсырмада жылы түстерге қызыл және охра түстері, ал суық түске көк түс жатады. Акварель менс уретс алуға дайындалған кезде өрнектің жалпы өлшемдерін анықтау керек, бөлшектерін белгілеу керек, бөлшектерде шамалардың өзара өлшемділігін анықтау керек және өрнек мотивінің пішінін нақтылау керек. Өрнек элементтерінің бетін тегіс бояумен жабу керек. Қара контурды ең соңында жүргізген ыңғайлы.
Самарқандта Гур-Эмир мешітіне бас кіретін жеріндегі әрлеу бөлшегінің
суретін салу (түрлі-түсті қосымшада 11- суретті қараңыз)
Бірінші өрнектегі сияқты ең алдымен оның түс құрылысына немесесе басқаша айқтқанда, туынды тональділігіне назар аударамыз, ол басым түстердің реңдерімен анықталады. Бұл өрнекте көгілдір аспан, салқындық, үйлесімділік сезімін өрнектің көп бөлігін толтыратын бюриза және ультрамарин түстерінің үйлесімі анықтайды. Охра түстері көк аспан үндестігін, оның тереідігін күшейтеді. Ақ контур өрнекті нақты жасайды және өрнек мотивінің иілімділіг мәнін байытады. Дайындалған сурет жоғарыдағы өрнек суретін салу сияқты басталады. Элементтердің суретін салған кезде гүл жапырақтарыныңмасштабтылығын сақтау керек. Бір палметтаның контур сызығы бір мезгілде оған қатарлас суреттіанықтайды,сондықтан шамалардың өзара өлшемділігі мен сызықтардың иіліуіне мұқият болу керек. Түстердің қолданып жұмыс істеуге кірісерде, ең алдымен ультрамаринмен бояған жөн. Сол кезде өрнек сипаты нақты орнатылады және бирюзаның түс күшін орнатуға оңайырақ болады. Қошқыл түстен ақшыл түске көшуге назараударыңыз.Бұлтүс айырмашылықтары жандылық енгізеді, жылтырлық жалтырауы сезімін тудырады.
Бақылаусұрақтарымен тапсырмалар
§ 4. Натюрморт көркем суреттік этюдін орындау реті
Натюрморт көркемдік сауаттылық негіздерін меңгеру үшін аса ыңғайлы нысан болып табылады. Натюрмортпен жұмыс істеу перспектива (сызықтық жән ауалы) арқылы пропорциялардың түстік қатынасын, көлемін, сипатын, заттардың материалдылығы мен кеңістікте орналасуын бейнелеп көрсетуге үйретеді. Натюрмортта сурет пен көркем сурет тығыз байланысты. Шынайылық көркем суретте дәл сурет маңызды рөл атқарады. Перспектива мен жарық- көлеңкенің заңдылықтарын білмей, пропорция сезімі дамымаса заттардың көлемі мен материалдылығын түс арқылы беру қиынға түседі. өздігінен түс жақпалары сцретсіз шынайы пішіннің құрылу заңдылығын көрсете алмайды. Натюрмортты салу алдында жеке заттардың этюдтарын орындаған жөн: фонсфз, бейтарап фонда және түрлі- түсті фонда. Осы этюдтары орындау барысында алынған білімдер мен тәжірибелік дағдылар натуралық қойылымға ұйымластырылған бейнелер тобын ауысуға мүмкіндік береді. Оқыту натюрмоты мен суретші орындаған шығармашылық натюрморт арасында бірқатар айырмашылықтар болатынын айта кеткен жөн. Оқытатын қойылымның нақты әдістемелік мақсттары бар және білімдерді меңгеруге көмектеседі. Суретші- кәсіпқойда бұл білімдер бар және өз туындыларында белгілі бір көңіл күйін, өмірді түсінуін көрсетеді.
Натюрморт композициясын заттарды таңдау мен орналастырудан басталады. Натюрморт үшін заттарды таңдау және орналастыру кездейсоқ жүргізілмейді. Барлық заттардың мәндік байланысы болу керек. Натюрморт үшін заттарды таңдау қағидасыоныңтақырыбына байланысты. Фарфор және шыны ыдыстары бар түскі ас натюрмортында жемістер, көкөністер, балық және т.б жақсы үйлеседі. Аңшылық натюрморта заттарды аса ерекше таңдау қажет. Тақырыбыбойыншаәртүрлі натюрморттар мысалы В.Стожаров «Зығыр»жәнеЖ.Б.Шарден«өнер атрибуттары» жұмыстары бола алады (түрлі-түсті қосымшада 12 және 13 суретті қараңыз). Жаңадан бастап жүрген суретші үшін көркем сурет қойылымдары күрделі болмау керек: екі-үш заттан тұру қажет. Содан соң заттар санын біршама көбейтуге болады. Натюрморт үшін таңдалатын заттар пішіні, түсі, материалы және өлшемі бойынша әртүрлі болу керек. Брақ пішіні мен түсі күрделі заттармен әуестенбеу керек, себебі біз оқыту мақсаттарын қойғанбыз. Заттарды таңдау сонымен қатар олардың түс қатары да анықтайды, ол ашық, көп бояулы, тыныш, жылы немесе суық болуы мүмкін. Қойылымға бүрмелерді таңдай отырып, олар жалпы ойға сай болу керек және диссонанс тудырмауы қажет екенін есте сақтау керек. Натюрморт заттарын орналастыру кезінде оларға табиғи, тән күйлерді таңдау керек. Заттар арасындағы бос орындарға да көңіл бөлу керек. Оған жинақылық пен шағындылық әсері тәуелді. Заттар бірін-бірі жабуы мүмкін, әртүрлі қашықтықта орналасуы мүмкін. Оларды орналастыру кезінде заттар шамасын, пішінін және түсін жетекшілікке алу керек. Сонымен қатар оқыту мақсатын шешуге аса ыңғайлы жарықтандыруды алу керек: бүйірлік немесе тура. Ең маңыздысы жұмыс істеу үшін ыңғайлф шарттарды құру болып табылады. Жұмыс орнында: бояулар, палитра, қылқаламдар, қағаз, су құйылған банка, сүзгіш және қылқаламды сүртуге арналған шүберек болу керек. Қылқаламды дұрыс таңдау да аса маңызды. үлкен жазықтықтарды бояу кезінде ірі өлшемді қылқаламдарды қолдану керек, ал кіші жазықтықтар мен бөлшектерді өңдеу үшін кіші өлшемді қылқаламдар алу керек.
Қол көлеңкесі қағазға түспеу үшін қағаз бетіне жарық сол жақтан түсу керек. Сурет салушыдан натюрмортқа дейінгі қашықтық өте жақын болмау керек. Натура биіктігінен екі есе көп қашықтықта орналасқан жөн. Натюрмортты салу кезінде ең ыңғайлы қашықтық натурадан бір-екі метр саналады. Натюрморттың суретін салу бірнеше кезеңде жүргізіледі. Алдымен қағаз бетінде натюрморт композициясын анықтайды. Ол үшін алғашқы қағазда кішігірім өлшемді бернеше нұсқалар салу керек. Бұл суреттерде заттардың кеңістікте орналасуын анықтайды: қайсысы жақын, қайсысы алыс, қандай заттар алғашқы жоспарды құрайды, қай заттар композициялық орталық болып табылады. Осы жерде заттар мен жалпы натюрмортта жарық пен көлеңкенің таралуын анықтайды, ең қошқыл зат пен ең ақшыл затты белгілейді. Ең табысты композиция табылған кезде қойылым суретін негізгі қағазда орындайды. Акварельдік көркем сурет жеңіл болу керек. Онда жалпы пішінін, заттар пропорциясын айқындайды, көлемдік пішіннің жарық пен көлеңкесінің шекараларын белгілейді, ақ дақ жерін белгілейді (түрлі-түсті қосымшада 14,а-суретті қараңыз). Суретті қағаз бетін зақымдамай, әлсіреті оңай болу үшін қарындашпен немесе көмірмен жүргізіледі, бұл акварельдік көркем суретте аса маңызды. Сурет салынып болған соң, қағазды сулау керек, оны қағаз бетіне бояу қабаттары жақсы жағылу үшін жүргізіледі. Ары қарай түспен натюрмортты орындайды. Натюрмортта негізгі түс қатынастарын анықтайдан бастайды (түрлі-түсті қосымшада 14,б-суретті қараңыз). Фон түсі, заттар көлемі мен түсін жалпылама көрсетеді. Палитрада табылған бояуларды ірі дақ түрінде сәреттің сәйкесжерлеріне жағады, үнемі оларды өзара салыстырып отырады. Заттардағы ақшыл жерлерден бастайды, содан соң қошқылдау жерлеріне көшеді, қажет болса, үстінен қайта жағып, түсін күшейтеді. Көлеңкені көрсеткенде рефлексті бөліп көрсетеді, ал жарықтанған бөлігінде – ақ дақты белгілейді. Қойылымның негізгі түстік қатынастарын анықтай отырып, көлемдік пішіндерді бөлшектеп өңдеуге көшеді (түрлі-түсті қосымшада 14,в- суретті қараңыз). Мөлдірлету әдісімен заттардыңжәнебүрменің материалдылығынбейнелейді. Көлемділікті құру үшін әрбір заттың ақшыл және қошқыл жағында түс ақшылдығы мен қанықтығын салыстырып отыру қажет. Кеңістіктің көркем суреттік шешімін түсті перспективтік өзгерту арқылы бейнелейді. Көрерменге жақын орналасқан заттарды айқынырақ көрсетеді, оның пішінінің барлық бөлшектері, көлемде түстердің ауысуыанық көрінеді. Көрерменнен зат алысырақ орналасқан сайын, оның ақшылдығы мен қынықтығы жоғалады, жарық және көлеңке контрасты азаяды. Сондықтаннатюрморт планын айқындаған кезде, алдыңғы плндағы және артқы пландағы заттардың түсін салыстырып отыру керек. Кеңістіктер еңдігін анықтауда фонды көрсету маңызды рөл атқарады. Фон натюрмортта басым болмау керек, керісінше, заттардың пішіні мен түсінің айқындалуына ықпал ету керек, барлық натюрморттың көркемдік шешімін байыту керек. Натюрмортты жеке түс реңдерін жалпылап, оларды жалпы колоритке бағындырып аяқтау керек. Көркем суреттік натюрмортты орындау кезінде «жалпыдан жекеге» және «жекеден жалпыға» қағидаларын ұстану керек. Этюдтарды орындау кезінде көркем суреттің акварельдік техникасыныі әртүрлі тәсілдерін енгізуге болады: «құрғақ бойынша», «шикі бойынша», мөлдірлеті, алла прима. Натюрмортпен жұмыс істеу кезінде оқушылар адам фигурасын бейнелеу, өрнек композицияларын орындау, маталар мен костюмдер эскиздерін орындау сияқты күрделірек жұмыстарды орындауға қажетті білімдер мен көркем сурет дағдыларын меңгереді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 5. Киімдегі адам фигурасы этюдін орындау реті
Адамды бейнелеу — бұл натурадан сурет салуды қорытындылайтын кезең. Адам фигурасының көркемдік шешімі пластикалық анатомия, перспектива негіздері мен түстану заңдары білімдеріне сүйенеді. Киім киген адам фигурасының этюдтерінің мақсаты—қылқаламмен бояуларарқылы натурадан, оның сипатынан, пропорция мен қозғалыстан жалпы әсер әсерді бейнелеу. Киім мен адамның фигурасынсуреттей отырып,ең алдымен фигураның өзін, содан кейін ондағы киімді салатынымызды есте сақтау керек, дене пішінін қыртыстар мен мата бүрмелері арқылы айқындаймыз. Адамныңпластикалық анатомиясынбілу киімде түзілетін қыртыстарды мағынасыз көшіруге мүмкіндік бермейді, керісінше, дене пішінін және дам қозғалысы кезін ескеріп, оларды салуға және бейнелеуге көмектеседі.
2.7 - сурет. Киімдегі фигура этюдін салу реті
Оқыту қойылым үшін кең және пішінсіз киімді таңдамаған жөн. Киім астында дене пішіні, пропорциясы және қозғалысы біліну керек. Фигура пластикасы әртүрлі жарық- көлеңке тербелістер болып табылады. Көркем суретте бұл түс реңдерінің алуан түрлілігімен анықталады. Алғашқы жұмыстарда ала және ашық түс үйлесімдерін таңдамаған жөн. Киім түсі адам денесінің пішінін жақсы айқындайтындай таңдалу керек. Көркемдік этюдте фон маңызды рөл атқарады. Фон фигурамен және киіммен үйлесу керек және фигура айқындылығына ықпал ету керек. Жұмысты қойылымнан бастау керек. Содан соң натураға дұрыс көзқарас нүктесін таңдау керек, этюдтің қағаз бетінде композициялық орналасуын ойлау керек. Содан кейін дайындық суретін жасап, қойылымның көркем суреттік шешіміне кірісу керек. Дайындық суретінде киімдегі фигураға, оның қозғалысына және және негізгі пропорцияға көңіл бөлінеді. Алдымен киім қыртыстарының бағыттарын белгілейміз. Сурет өте бөлшектелген болмау керек: түспен жұмыс істегенде оларды боялуына алып келеді (2.7, а-сурет). Арықарай басты түс қойылымдарын анықтаймыз, дененің, шаштардың, киімнің, фонның түстерін келтіреміз. Жұмысты этюдтің барлық бетінен бастап, түсі айқын бөліктерден бастаған жөн. Кеңістікте фигура бейнесі сызықтық және ауалы перспектива заңдарына негізделу керек. Фигура көлемі фонға қарағанда мұқият жақпалармен орындалады. (2.7.б-сурет). Этюдтің қорытынды кезеңінде фигураның және бүрменің көлеңке беттері, жартылай тондар және жарық өңделеді, бөлшектер толық келтіріледі. Дене, шаш, киім және фон түсі арасында қатынасты беруде қате кетпеу үшін үлкен түс массаларын ұдайы салыстырукерек. Жұмыс соңында этюдті жалпылаймыз: контрастты әлсіретеміз,бастысын айқын көрсетеміз, түс шешімінің бүтіндігіне жетеміз (2.7,в-сурет). Адам фигурасы этюді ұзақ мерзімді және тез болуы мүмкін. Тез этюдтер тірілікпен, палитра балғындылығымен ерекшеленеді (түрлі-түсті қосымшада 15-суретті қараңыз). Ұзақ мерзімді этюдтер – бұл толық құнды көркемдік бейнелер. ұзақ мерзімді этюдтарда құрғақтық пен сурет салу енжарлығын болдырмау үшін, ұзақ мерзімді және тез этюдтарды кезектестірген жөн.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
ДЕКОРАТИВТІК ӨНЕР
§ 1. Декоративтік және декоративтік-қолданбалы өнер – көркемдік мәдениетінің бөлігі
Декоративтік өнер – әсем өнер салаларының бірі. Декоративтік өнер сәулет өнерімен бірге адамды қоршаған материалдық,заттық-кеңістіктік ортасын қалыптастырып, оған эстетикалық, бейелік бастама енгізеді. Декоративтік өнер тікелей сәулет өнерімен байланысты монументалдық- декоративтік өнерге (сәулет декоры, өрнек салу, мозаика, витраждар, фасадтар мен интерьердегі декоративтік бұдырлар, саябақ мүсіндері, фонтан және т.б.), декоративті-қолданбалы өнерге (тұрмыстық көркемдік өнімдер) және безендіру өнеріне (салтанаттарды, көрмелерменмузейде экспозицияларды,витриналарды көркемдік безендіру және т.б.) бөлінеді. Декоративтік өнер көбіне көркемдің өнеркәсіппен байланысты және дизайнмен ортақ мақсаты бар, одан дәстүрлі қондырғыларға, шебер индивидуалдылығына және оның тіындыларыныңбірегейлігіне негізделетін әдістемемен ерекшеленеді. Декоративтік-қолданбалы өнер – декоративтік өнер саласы. Оның өзіндік көркемдік мағынасы және өзіндік бейнелігі бар және сонымен қатар адамға оның тұрмысында қызмет етуге арналған. Екеуінің бірлігінде – оның мәні мен ерекшелігі. Декоративтік-қолданбалы өнер туындылары әртүрлі материалдан жасалуы мүмкін: ағаш, балшық, тас,мата, шыны, металл және т.б. Ежелден бастап адам тұрмыстық заттарды жасай отырып, өзінің күнделікті утилитарлық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар өзінің этетикалық қасиеттерін қанағаттандырады, өз тұрмысын безендіреді. Ең ежелгі әшекей түрі өрнек – өнімге ырғақты қайталанып басылатынжәнеоның ұйымдастырушылық негізі болып табылатын ою болып табылады. Келесі тарауларда өрнек өнері толығырақ қарастырылатын болады. Көркемдік шығармашылық түрі ретінде декоративтік-қолданбалы өнер қолөнерді өндірістің жеке саласына бөлу кезінде қалыптасады. өнеркәсіптік төңкеріске дейін барлық өнімдер шеберлермен және оның шәкірттерімен қолмен жасалған. Еңбекті мануфактура кезеңдеріне қоғамдық бөлу өнімдерді жасаумен және безендірумен әртүрлі мамандар айналыса бастады. Мысалы, өндірістік өнеркәсіптің дамуымен көркемдік өнеркәсіп туындайды, онда қолданбалы өнер шеберлері өз орнын табады, бояу және функционалдық бірлікке жете отырып өнімдерді өңдеумен, әрлеумен, өрнек салумен, инкрустациямен және т.б. айналысады. Декоративтік-қолданбалы өнер туындыларында шебердің талғамы мен қиялы ғана емес, сонымен қатар онда адамдардың материалдық және рухани мүдделері, ұлттық ерекшеліктері, тарихи дәуірлердің стильдік бірлігі белгілері көрінеді. Кәсіби қолданбалы суретшілер өнерімен өз заңдылықтары бойынша дамитын халық өнері өзара қатынасады. Халық өнері рухани мәдениет бөлігі ретінде кәсіби суретшілердің шабыт алу өзі болуы мүмкін. Кең мағынада халық өнері – коллективтік шығармашылық тәжірибе мен ұлттық дәстүрлер негізінде негізге алынатын халықтың көркемдік шығармашылық әрекеті. Бұл халық поэзиясы, музыка, театр, би, сәулет, бейнелеу өнері және декоративтік- қолданбалы өнер. Халық шеберлерімен жасалған көркемдік туындылар өзінің туған аймағына сүйіспеншілікті, қоршаған ортаны көре алуды және түсіне алуды бейнелейді Халық өнері заттық ортаны жасайды және безендіреді, еңбек үдерістеріне, тұрмыстық жағдайға, күнтізбелік және отбасылық дәстүрлерге эстетика береді. Халық өнерінде көркемдік стильдердің ауысуы жоқ, бірақ та оның эволюциясы барысында жаңа мотивтер пайда болады, ескі мотивтердің стилі өзгереді. Халық өнері ғасырлар бойы өмір сүреді; оның әдістері шеберлер қолы мен санасында бекітіліп, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Халық өнерінде екі бағытты ажыратады: қалалық көркемдік қолөнер және халық көркемдік кәсіптер. Ресейде дәстүрлі халық көркемдік кәсіптерге: фарфорға өрнек салу (мысалы Гжель шеберлері өнімдері), ағаш ою (көркемдік орталықтар - Городец, Хохлома, Северная Двина), металға өрнек салу (жост подностары), қыш және ойылған ағаш ойыншықтар (Дымково, Филимоново, Каргополь, Богородское, Сергиев Посад), лак миниатюрасы (негізгі орталықтары — Федоскино, Мстѐра, Палех, Холуй), орамалдар (Павловский Посад) және т.б жатады. Халық шеберлері және декоративтік-қолданбалыөнер кәіпқойлары туындылары көбіне ұқсас, бірақ айырмашылықтары да бар өз туындысын халық суретшісі, негізінен, қолмен орындайды. Шебер жалғыз өзі, сондай-ақ ұжымдаеңбек жасай алады. Халық қолөнерінің бұйымдарыжаппайтаралымда шығарылмайды. Тіптіхалық суретшілері бұйымдардың партиясын дайындаса да, әрбір зат дербес. Декоративтік-қолданбалыөнер кәсіпқойларының туындылары көркем өнеркәсіп кәсіпорындарында немесе шеберханаларда жасалады және, әдетте, жаппай таралыммен өндіріледі. Алайда, кәсіби суретшілер бір экземплярда болатын авторлық үлгілер жасайды Қазіргі уақытта халық өнері мен кәсіби декоративтік-қолданбалы өнер арасындағы ортақтығы көп. Мысалы, бұрын халық шеберінде болған жоқ, ал қазір Жос - тово, Федоскино, Гжель, Павловский Посад және т. б.сияқты көркем орталықтарына мамандар даярлайтын арнайы арнайы оқу орындары бар.
Бақылау сұрақтары
§ 2. Дәстүрлі орыс халық көркемдік кәсіптері
Халық өнері — халықтың рухани тәжірибесінің үлкен әлемі, оның негізі адам өмірі мен тұрмысы, олардыңәлемнің пайда болуы туралы түсініктері, еңбек қызметі, дәстүрлер мен мерекелер болып табылады. Халық көркем кәсіпқойлары туындыларына жарқын ұлттық пішінінің, орнаментацияның, түс пен композицияның ерекшелігі тән. Халықкәсіпқойларының туындылары алуан түрлі, олар белгілі бір көркем дәстүрлерімен, шеберлік тәсілдері мен және технологиялармен тығыз байланыста. Бұл параграфта біз текке бір халықтық көркем кәсіпшілігімен, танысамыз,өйткені оқулық көлемі барлығын қарауға мүмкіндік бермейді. Біз дәстүрлі материалдарға байланысты халық көркем кәсіптері ерекшеліктерін қарастыратын боламыз.
Ағаштан жасалатын көркемдік бұйымдар
Ағаш — халық шеберлерінің шығармашылығындағы кең тараған материалдардың бірі. Ағашты көркемдеп өңдеу ІX — X ғ. ғ. белгілі болған. Орманға бай Ресейде ағашты әрқашан жақсы көретін. Халық шеберлері оның сұлулығын анықтай алды, иілімдік қасиеттерінпайдалана алды. Ағашпен Архангельск, Вологда, Вяткалық, Тверь, Нижегород, Владимир губерниялардыңорман аудандарында тұрған ауылдық кәсіпқой шеберлер жұмыс істеді.
Абрамцево-кудринск ағаш ою.
Абрамцево-кудринск ағаш ою кәсібі ХІХ ғасырдың соңында пайда болды. 1882 ж. Мәскеу губерниясының Сергиев Посад қаласының (1930 — 1991 жж. — Загорск қаласы) жанында Абрамцевомекенінде ұйымдастырылған ағаш шеберханасы көршілес ауылы ағаш ою шеберлерінің басын қосты. Абрамцев шеберлері бұйымдардыүш қырлы-ойма және жазық бұдырлы ою техникасында ойған. Шеберханада жиһаз, қобдишалар, сөрелер, пеналдар, декоративтік тәрелкелер жасалған, олар ағаш бетін реңк жабу сұлулығымен ерекшеленді: алтыннан қою қоңыр түскедейін, сондай-ақ керемет жылтыратылған. Бұйымдар көптеген Ресей қалаларында үлкен сұранысқа ие болды (3.1-сурет). Абрамцево-кудринск ою ерекшелігі— иілмелі талшықтар мен өскіндерден қою өрнек салу. Кейінірек өсімдік өрнектерінен басқа шеберлер аңдар, құстар, балықтар фигураларын бейнелей бастады. 1960 ж. Хотьков ойылған көркемдік бұйымдар фабрикасы (Мәскеу облысы Загорск айданы Хотьково қаласы) құрылған, онда қазіргі күні шеберлер мен суретшілер абрамцев-кудрин стилін жалғастыруда және шығармашылық дамуды. Матрешкалар (Сергиев Посад, Се- менов, Полхов-Майдан). Керемет орыс ойыншығы – матрешканы кім білмейді? Бірақ бірінің ішіне бірі салынатын ағаш қуыршақ идеясы бізге Жапониядан келген. Орыс матрешкасының түп бейнесі қашанда басқа құдайлар фигуралары болған, Фукуруму жапонның бақыт құдайын бейнелейтін жұмыртқа тәрізді жиналмалы қуыршақ болды. Алғашқы орыс матрешкасы XІX ғ. аяғында С.Малюткин суретшісімен токарь ісі шебері В. Звездочкин бірігіп құрылған. Ол шыт сарафандағы ак алжапқышта, басына гүлді орамал таққан және қолында қара әтеші бар Матрена шаруа қызын бейнелеген. Бұл көркем әсемделген және салтанатты өрнек салынған, ішінде тағы да бірінің-ішіне бірі салынған және әртүрлі әшекейленген фигуркалары салынған ағаш қуыршақ бірден ресейліктерге ұнады.
3.1 - сурет. Сауыт.. Қобди. Абрамцево-кудрин ағаш оюы
Ең танымал орыс матрешкалары Нижегородский губерниясында Семенов уездінде Сергиев Посадта және Полхов-Майданда жасалған. Сергиев(загорские) матрешкалары пішіні бойынша алуан түрлі болған, мысалы – «шар ішінде шар». Олар орамал таққан, гүл шоғымен немесе жартылай тон мен шашақты шәлімен орыс қыздарын бейнелеген. Матрешкалар орыс ұлттық ертегілерінің кейіпкері де болды. Түс гаммасында сергиев матрешкалары – қызыл, көк, жасыл, сарыреңді. Олардың сарафандарымен орамалдарында майда және ірі гүлдер, асбұршақ қындары,таңқурай жидектері,шие суреттерімен безендірілген,матрешка қолында жидектер салынған себет болған. Сергиев шеберлері жіңішке қара контурмен қуыршақ беттерінің белгілерімен киім бөлшектері сызылған (түрлі-түсті қосымшада 16,а- суреттің қараңыз). Семеновматрешкаларының оюларындағы негізгі түс – қызыл, ал қара контур тек орамал, алжапқы, жең шетін белгілеген. Ол загор матрешкасына қарағанда сәнді. Матрешка басында – оюланған жиекті орамал, ал алжапқышында – ашық әрә гүл шоқтары (түрлі-түсті қосымшада 16,б-суреттің қараңыз) Полхов-майдан матрешкалары ұзынша силуэтімен және өзіне тән суретімен ерекшеленеді: дәстүрлі таңқурай түсінің қасында жасылғ көк және сары түстерінің үндестігі.Полхов- Майдан шеберлері де қара контур қолданған және гүл суретін салғанда өздерінің ерекше стилін ұстанған. өрнектер фигураның алдыңғы бетін толық жапқан, ал қызықты бұйра шаштар бетін айнала жапқан (түрлі- түсті қосымшада 16,в-суреттің қараңыз).
Ағашқа өрнек салу
Хохлома өрнектері. Хохлома өрнегінің отаны – Нижегород губерниясы. Кәсіп атауы Хохлома сауда ауылымен байланысты, онда әр ауылдан алтындатқан өрнек салынған ағаш ыдыстар әкелінген, содан соң сатуға әртүрлі жәрмеңкелерге бағытталған. Ал оны Керженец және Узол өзендері жағалауында тұратын шеберлер жасаған.
Ағашты алтындату технологиясын хохлоа шеберлері икона жазушылардан алған, олан аңашты қымбат жалған алтынды қолданбай алтын түске бояу әдісін тапқан. Хохломаөрнектеріндеөсімдік мотивтері басым, бірақ құстар суреттеріде кездеседі. Иілген шөптер, таңқурай мен бүлдірген жидектері, жапырағы барбұтақтар ауыл ыдысы пішінімен сәтті үйлеседі. Хохломаның негізгі түс гаммасы— алтын қосылған қызыл және қара. Өрнек салуда сондай-ақ жасыл, сары, қоңыр түстеркездеседі, олар оған тағы үлкен салтанаттылық береді. Хохлома ыдыс-аяқ бұйымдарыалуан түрлі: қасық, братина, табақтар, шөміш, тостаған, құмыралар, сапты аяқтар, туесктер. Бірақ шеберлер тек қана жеке заттар ғана емес, сонымен қатар тұтас ыдыс-аяқ жиынтығын жасаған (түрлі- түсті қосымшада 17-суреттің қараңыз). Қазіргі хохломские суретшілер, дәстүрді ұмытпай, бұйымдардың жаңа түрлерін және өрнектің композициялық шешімдеріне іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі заманғы хохлома өрнектері орталықтары Семеново қаласы "Хохлома өрнегі» бірлестігі және Нижегород облысы Семино ауылындағы "Хохлома суретшісі" фабрикасы болып табылады.
Городец өрнегі. Городец өрнегі Узол өзенінде нижегород ауылдары тұрғындарын біріктірген ескі кәсіпшілік негізінде туындады. Бастапқыда шеберлер бұйымдарды ойып безендірген. өрнек салу бұл жерде ХІХ ғ. 60-шы жылдары пайда болып, жаңа қалалық стилі—жарқын түстер мен ағашқа өрнек салудың бастамасын салды.
Шеберлер жүн иіруі тарақшасының түпқоймасын, ойыншықтар, жиһаз, асүй ыдысын, қобди, сандықтар жасаған және өрнек салған. Курцево ауылының, Косково ауылының және т. б. шеберлерініңәдемі бұйымдары, бүкіл елге таратған және ХІХ ғ. аяғы —ХІХ ғ. басында ерекше танымал болды. Городец өрнегіне тән ерекшеліктері - суретті түрлі-түсті фонда орындау: сары, қызыл, жасыл, көк, көгілдір; сондай-ақ жарқын бояулар және композиция элементтерін ірі бояулы дақтар арқылы орналастыру. Типтік сюжеттері жылқы, құстар, гүлдер (розан және купавка), тұрмыстық көрініс (шай ішу, жегілген үш атта серуендеу, мерекелік қыдыру) суреттер болып табылады. (түрлі-түсті қосымшада 18-суреттің қараңыз). Сюжетті суреттердің жиегі розан, купавка және жапырақтардың көлемді өрнегімен безендірілген. Городец өрнектеріүшін сюжеттердің қабаттап орналасуы тән. Ақ және қара "түсті қалпына келтіру" городец өрнектеріне ерекше мәнерлілік береді. Қызыл және қара жіңішке аяқты аттар, таңғажайып құстар мен ертегі гүлдер сиқырлық және мереке әсерін тудырады. Городец туындылары өзінің ерекше декоративтілігіне орай қазір де танымал. Қазіргі уақытта өрнектелген көркемөнер бұйымдарын шығарумен Нижегород облысы Городец ауданында орналасқан«Городец өрнегі» фабрикасы айналысады.
Лакты көркем сурет салынған көркемдік бұйымдар
Лакты көркемдік бұйымдар – бұл папье-машеден, кейде ағаштан немесе металдан жасалған, бетіне лак жағылған және миниатюралық көркем суретпен немесе өрнекпен безендірілген, декоративтік және утилитарлық- тұрмыстық тағайындалғн заттар. Ресейде лакты көркем суретпен бұйымдар XVІІ ғ. Соңында жасала бастады. Бастапқыда лакты миниатюра бұйымдарын өндіруді Мәскеу маңында Данилково ауылында айналысты, содан кейін ол көршілес Федоскино аулына ауыстырылды. XІX ғ. басында Федоскино маңында
Жостово ауылында темір өрнектелген лакталған подностар пайда болды. ХІХ ғ. бұрынғы икона жазу орталықтарында - Палехте, Холуйде (Иванов облысы), Мстерде (Владимир облысы) миниатюралық лактыкөркем сурет салу кәсіпшілік пайда болды.
Орыс лактары біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлердебелгілі.
Федоскино. Лакты көркем сурет XVІІІ ғ. соңында мәскеу түбінде, П.Коробов саудагері сол уақытта Еуропада танымал болған брауншвейг темекі сауыттарына ұқсатып, папье- машеден өрнектелнен қобдишаларды өндіруді Данилково аулында (кейіннен Федоскино аулының бір бөлігіне айналған)негіздеген кезде пайда болды. Кейінірек П.Коробов ізбасары П. Лукутин шеберханаларды Федоскиноға көшіріп, папье-машеден лакты декоративтік бұйымдар өндірісін кеңейтті.
Лукутин темекі сауыттары өте биязы, суреті және колориті бойынша күрделі декоративті өрнектермен безендірілді, және еуропалық, парсы және жапон бұйымдармен сәтті бәсеке құрды. Аты жоқ суретшілер өз стилін, өз декоративтік тәсілдерін құрып, ерекше тақырыптар тапты. Миниатюра тақырыптарында шаруа тұрмысынан алынған жанрлық қойылымдар — үш жегілген аттар, шай ішу, хормен жүру және т. б. басым болды (3.2-сурет). Федоскин шеберлері майлы бояулармен жазғанжәнесурет салу үшін ерекше тоқылған сары күзен қылдарынан жасалған қылқаламдар қолданған: қылқыш қылқыққа сай таңдалып жасалған. Алдымен негізгі шоғырланған түсті жағады — бояйды. Кепкен соң және ашық лак кабатын жаққан соң одан да жұқа бояулармен тстер мен пішіндерді нақтылайды, содан соң тағы да лак жағады. Келесі кезеңдерде мөлдірлету әдісімен пішінін модельдейді және бөлшектерін нақтылайды. Қорытындылай келе ашық бояулармен ақ дақтарды белгілеп бояйды. Содан кейін бұйым бетін бірнеше рет лакпен жабады да, қолмен айнадай етіп жылтырлатады. Федоскин шеберлерінің бұйымдары көркемдік мәнерлікпен және жарық- көлеңке жұмсақтығымен ерекшеленді. Үздік миниатюралар сұр-жасыл немесе қоңыр реңдерде жазылған. Федоскин шеберлері үшін өзіндік декоративті ресімдеу тәсілдері тән: "шотландка" (қиылысқан сызықтардан тұратын геометриялық сурет), "таспақа" сияқтыөрнек (тасбақалар сауытынеске салады), "скань" (шикі лак үстенен орындалатын жеке метал элементтері суреттерінің жиынтығы). Одан әрі федоскин көркем суретінің салт-дәстүрлерін дамыта отырып, суретшілерертегілер,әдеби шығармалар, әндер тақырыптарына жаңа композициялар жасайды, тарихи тақырыптарға да шығармалары пайда болады, жанрлық тақырып түрлене түседі.
Палех, Мстѐра, Холуй. Папье- машеден бұйымдар жасауды және миниатюралық көркем сурет дәстүрін үш кәсіптер шеберлері жалғастырды - Палех, Мстѐра және Холуй, олар XX ғ. 20-30 жылдары туындады.
Бұл тәсілдер осы жерлерде тараған икона жазу негізінде туындады. Федоскин шеберлеріне қарағанда Палех, Холуй және Мстѐра шеберлері темпералық бояуларды қолданған және икона жазуға тән бейнелерді шартты ұғындырған.
3.2 - сурет. Жегілген үш ат. Федоскино
Палех миниатюрасының ерекшелік белгісі: қара фон үстіне көркем сурет салу,күрделі көп фигуралы динамикалықкомпозиция, сюжеттітүбегейлі ашу (орталық миниатюра сюжетіқобдишалар бүйір қабырғаларында және декоративтік тәрелке шеттерінде жалғасады). Мстера миниатюралық көркем суретке тән ерекшелігі — бұл кілем сәндігі (3.3-сурет), колористикалық реңдерәртүрлілігі және талғампаздығы. Мстер суретшілерінің түс гаммасы — көкшіл-күміс немесе охра-сары және қызыл. Композиция жиі жіңішке алтын өрнекпен жиектеледі. Мстера композицияларында табиғат көрінісі бейнелері, ертегі, әдеби және тарихи тақырыптар табылған. Холуй лакты миниатюралық көркем суреттуындылары күшейтілген түс гамасымен, бөлшектерді ірілендірумен және неғұрлым күрделі жиектеме өрнегімен ерекшеленеді. Холуйкөркем суреттеріне жылы және суық түстердіңконтрастты үйлесімі тән (түрлі-түсті қосымшада 19-суретті қараңыз).
Жостов лакты көркем сурет. Лакталған беті мәртебелі жылтырлаған, еркін қылқаламмен айқын мәнерлі өрнек салынған металл подностар орыс- декоративті-қолданбалы өнерінің аса қызықты туындыларына жатады.
Лакталған метал подностар өндірісі XVІІІ ғ. ортасында Оралда, демидов темір жол зауыттары орналасқан жерлерде (Нижний Тагил, Невьянск, Верх-Нейвинск) пайда болды. Кейінірек подностарды XІX ғ. бірінші жартысында Мәскеу губернияларының ауылдарында - Жостовта, Троицкте, Новосильцевте және т.б. жасай бастады. Содан кейін тез арада мәскеу кәсібі жетекші орын алды. Қазіргі уақытта лакталған подностарды Жостов декоративтік өрнек салу фабрикасы өндіреді.
3.3 - сурет. Қобди «Салтан патша туралы ертегі» (фрагмент). Мстѐра. Жостов өрнектерінің дәстүрлі мотиві — қара фонда гүл шоғы. Гүл шоғыныңкомпозициясы мұқият және талғаммен таңдалған: ірі гүлдерді (раушан, пион, нарғызгүл, ақкекіре) ұсақ гүлдер (кекіре, түймедақ, қоңыраугүл) және жапырақтар толықтырады. Жиі композицияда жемістер мен құстар кездеседі (3.4- сурет). Поднос фоны тек қана қара емес, шебер көк, қызыл және қуқыл-сарғылт фонға да сурет салады. Таңғажайып гүл шақтары әр түрлі пішіндіжәне өлшемді подностарда гүлдене түседі, олар тұрмыстық мақсаттар үшін, сондай-ақ безендіру үшін де қолданылаған (түрлі- түсті қосымшада 20-суретті қараңыз). Жостов өрнегіқазірде де XІX ғ. басындағыорыскөркемдік мәдениетінің дәстүрлерін сақтайтын және дамытатын, және сонымен қатар суретшілердің бүгінгі күнгі дүниені сезінуіне, олардың шеберлігінің тірі сүйспеншілігіне толы бірыңғай стильді өнер болып табылады.
Қыштан жасалған көркемдік бұйымдар
Ресейде қыш өнерінің пайда болуыXІV — XV ғғ. жатады. XVІІІ ғ.ортасындаеуропалық қыштың үздік үлгілерінен кем түспейтін көркемқыш өндірісі кең дамыды. Біздің елімізде фарфор өндірісі Д. И. Виноградов және М. В. Ломоносов есімдерімен тығыз байланысты. 1744 жылы Петербургта Ресейдегі алғаш рет фарфор зауытының негізі қаланды. Онымен қатар XІX ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басында жеке коммерциялық өндірістер пайда болады. Ресейде қыштан бұйымдарды өндірумен танымал кәсіптер – Гжель, Скопин, Дымков, Петербургтағы Ломоносовский фарфор бірлестігі шеберлері, Делевский, Конаковский, Дмитриевский зауыттары шеберлері мен суретшілері айналысады.Әр кәсіптің өз техникасы, өз көркем тәсілдері, қалыптасқан ою-өрнектері және бұйымдардың ассортименті бар.
3.4 - сурет. Жостов подносафрагменті
Гжель қыш бұйымдары. Гжель - орыс халық қыш өнерінің ежелгі орталықтарыныңбірі. XVІ ғ. өзінде-ақ мұнда қыш ыдыс-аяқтар, ойыншықтар, изразцтар өндірілген. гжельских шеберлері өнерінің гүлденуі XVІІІ ғ.екінші жартысына тиесілі, ол кездеақ фон бетіне салтанатты өю-өрнек салынған көркемқыш ыдыстар жасала бастаған — түрлі құмыралар, табақтар, тәрелке, квасниктер мен сапты аяқтар.
Гжель шеберлерінің шығармашылық қиялы ірі өлшемді бұйымдарды толықтыратын қызықты сюжеттер, әртүрлі ою-өрнектер, мүсіндік әшекейлердің иілгіш байлығын, толықтырушы бұйымдар құрды. XІX ғ. бірінші жартысында Гжельде өткен уақыттағы көркемдік дәстүрлерді дамытатын ақ фонға көк өрнектер салынғанжартылай фаянс және фаянс ыдыс-аяқтарөндірілебастады(3.5- сурет). Содан бері гжель қыш бұйымдарының кереметтілігі – әсіресе көкө өрнектер мен ақ фонныі үйлесімін еркін қылқаламмен бояудың ерекше тәсілімен орындау және өрнек пен бұйым пішінінің органикалы бірлігі. Гжель өрнегінің композициясын танымао, иілімді тональді ауысатын гжель раушандары, жіңішке сабақтар, өсімдіктердің бұралған мұрттары, жапырақтар құрайды. Өрнектер кобальт бояуымен орындалады. Әрбір шеберде өзінің жақпасы, өзінің қайталанбас жазуы бар (түрлі-түсті қосымшада 21-суретті қараңыз). Бүгінде Гжель фарфоры - қылқаламмен өрнек салынған сінді ыдыс-аяқ, декоративтік ұсақ мүсіндер – өткеншеберлердәстүрін жалғастыратын және байытатын тірі заманауишығармашылықтың белгілерімен бізді қызықтырады.
Орыс қыш ойыншығы
Ұлттық қыш ойыншық – бұл орым мәдениетін өз бойына сіңірген орасан шығармашылық саласы. Бұл әрі ойыншық, әрі тұрмыстық мүсін. Онда орыс халқының эстетикалық және этикалық идеалдары бейнеленген. Қыш ойыншықтыңерекшеліктері жалпылама силуэттер мен пішіндер, жарқын түс контрасттары, алуан түрлі ырғақтар, декоративтілік және бейнелердің ерекше мәнерлігі болып табылады. Осы кәсіпшілік орталықтары— Дымково слобода (Вятки қ. маңында), Каргополь (Архангельская обл.), Филимоново ауылы (Тула обл.).
Дымково ойыншықтары көктемгі "свистунья" ежелгі жергілікті дәстүрлі мереке үшін жасалды, ол ХІХ ғ шоғырланңан салтанатты жәрмеңкеге айналды, онда оған шеберлер қыс бойы өз қарапайым, бірақ соншалықты тартымды фигураларды жасай отырып, дайындалды (3.6- сурет).
Дымково ойыншықтары үшін қарапайым геометриялық өрнек тән, ол жарқын дөңгелектер, зигзагтар мен сызықтардан тұрған. Қызыл, таңқурай, сары, көк, жасыл түстер үйлесімінен тұратын өрнектер ойыншықтың ақ фонына жазылады. Дәстүрлі жануарлар фигуралары пішінінде көне уақыттың пұққа табынушылық символдары, ойышық франт пен сәнқойлар киімінде - XІX ғ. талғамдары сақталған.
Каргополь қыш ойыншығы дымково технологиясы сияқты жасалады, бірақ бейнесі және өрнектері одан өзгеше. Каргополь ойыншықтары- ның тақырыптары әр түрлі: байбатшалар, аңдар, сақалдысырнайшы, батыр аттары, билеп тұрған жұп және каргополь ойыншықтарының символы ертегілік Полкан — кеудесінде күн бейнеленген батыр (жартылай ат- жартылай адам) (түрлі-түсті қосымшада 22-суретті қараңыз).
3.5 - сурет. Гжель майолика және фаянс Каргополь өрнегі – геометриялық өрнек, бірақ оның элементтері ежелгі өрнектер мен кестелеумен үндескен. Шеберлердің сүйікті түстері қызыл, алтын, сары, қоңыр, қызыл-сары, саз, таңқурай түстері болды. Түс гаммасынд каргополь ойыншықтарында орыс Сібірі колориті байқалады.
Филимон ойыншықтарына созылмалы пішіндер тән (ол жергілікті сазбалшықтыңқасиеттеріне негізделген). Оның өрнектері ежелгі символдармен – тұмарлармен байланысты. Сары фонға жарқын кезектесіп орналасқан сызықтар, шыршалар, күндер, дөңгелектер, ирек сызықтар, айқаршықтар салынады, олар жылтыр бетпен теңгеріліп үйлеседі (түрлі-түсті қосымшада 23-суретті қараңыз).
Қыш ойыншықтарының қазіргі заманғы шеберлері дәстүрлі пішіндерді, сюжеттерлі, түс гаммасын және өрнектерді сақтайды.
3.6 - сурет. Дымково ойыншығы
Орыс халық кестелеуі
Кесте тігу (тігу)1 — декоративті өнердің кең тараған түрлерінің бірі. Қолмен жіп өрнектерін құру арқылы матаны безендіру өнері Русьта ерте заманнан туындаған және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Шаруа ортасында да, қала ортасында да тоқыма тұрмыстық заттардың әдемілігіне ерекше көңіл бөлінген. Кесте XVІІІ—XX ғ. Басы орыс ұлттық костюміне салтанаттылық енгізген. Шаруа қыздар әйелдер және еркектер жейделерін, алжапқыштарды, белдемшелерді (етектер), кейде сарафандарды, ал оңтүстік облыстарда поневаларды (бел айналасына оралатын мата) және кеудешелерді кестелеп тіккен. Тұрмыстағы әйелдердің бас киімін: сорок (телпекке арналған мата қап), кокошник (қатты негіздегі тарақша түріндегі телпек), кика (кокошникке ұқсас бас киім) және қыздар бас киімдері (таспалар, байламдар, челка, косник), сонымен қатар үшкіл орамалдар мен орамалдар ерекше езендірілген. Кестелеу арқылы кенептен немесе қой терісінен тігілген сырт киімді де безендірген (сыртқа шығатын, мерекелік).Кейбіржерлерде қолғаптарды және аяқ киім тіккен (мат және тері). Шаруа үйін кестеленген сүлгілермен, дастарқандармен, майлықтармен безендірген. Төсек-орын заттары да әдемі көрінген (жиектері, жамылғы). Әсіресе үлкен сүлгі, басқаша айтқанда қабырғаға ілінетін сүлгі (үзындығы қабырғамен бірдей) аса бай кестелеп тігілген. Оны құда түсу кезінде күйеу жігіт мойнына ілген. Бұл сүлгімен үйлену тойы кезінде құдайға сыйынатын жерді (икона қойылған бұрыш) безендірген, ал шіркеуге барған кезде оны үйлену тойы күймесінің доғасына байлап қойған. Тігілген бұйымдардың алуан түрлі тұрмыстық қызметтері болды. Көбінесе шаруа қыздар мерекелік немесе дәстүрлі әдет-ғұрыптарға және нанымдарға байланысты заттарды, сыйлықтарға арналған бұйымдарды кестелеп тіккен. Олардың құрамында қолданыстық және сәндік мәні үйлескен. Тігу өнері Новгород, Мәскеу, Архангельск, Тверь, Нижегород және басқа да ресейлік губернияларда жоғары деңгейге көтерілді. икона жазу, фрескалық көркем сурет сияқты ежелгі орыс өнерінің саласы «инемен көркем сурет салу» ерекше дамыды.Осы өнердің ең көп сақталған үлгілері XVІ-XVІІ ғ. ғ. кезеңге тиесілі. Бұл уақытта жібекпен, алтынмен, меруертпен тігу өнер өз гүлденуіне жетті. Тігумен князьдік және боярлік бөлмелерде (кең парадтық бөлмелерде) айналысқан. Монастырьлар шеберханаларында ғибадатханаларды безендірген перделерді, жамылғыларды, діни адамдарға арналған киім- кешектерді, әскери жорықтар мен крест жорықтарынаарналған жалаулар мен туларды (Құдай және әулиелер бейнесі бар транспаранттар) тіккен. Шаруа кестелері аса тұрақты дәстүрлі техника тәсілдері мен өрнектеуді сақтаған. Кесте тігу деп жіп мата (немесе басқа материал) арқылы өткізіліп, қайтадан оның бетіне шығарылатын, матаға өрнек салу әдісін айтады. Кесте тігудің екі техникасы бар: негіз жіптерінің саны бойынша орындалатын, есептік (ежелгі түрі) және суреттің белгіленген контуры бойынша орындалатын, есептік емес.
Біріншісіне төмендегі кестелер жатады:
- бүтін мата бойымен — жинақ, екі жақты тігіс, қиғаш тігіс, айқаршық, мата жіптерінің есебі бойынша айқаршық, есептік тығыз кестелеу және басқалары;
- сиретілген мата бойымен — әртүрлі жол түрлері.
Екінші техникаға тамбур, есептік емес тығыз кестелеу, арқау бойынша айқаршық және т.б. жатады. Ресейдің әрбір жерлерінде кесте тігудің өз техникалық тәсілдері мен өрнек мотивтері бар (3.7-сурет).
3.7 - сурет. Кестелер Сібір аймақтары өрнектерінде кең тараған және сүйікті өрнек құс бейнесі: үйрек, аққу, тауыс болды. Сонымен қатар сүйікті зооморфты мотив жылқы немесе бұғы бейнесі болды. Ресейдің орта және оңтүстік облыстарының кестелеу өрнектерінде жылқылар, аюлар, арыстандар, қаздар, әтештер жиі кездеседі. Кең тараған өсімдік мотиві ағаш, құстармен бірге немесе әйел фигурасына жалғасқан ағаш бейнесі болды. Көбіне жемістер мен жидектерді кестелеп тіккен. Кейбір өрнектер солай аталады: «жидек», «алма», «жидек ағашы» «жемістері бар ағаш немес бұта). Сүлгілер мен киімдер кестелерінде өрнектер қабат бойынша орналасқан; өсімдік және зооморфты өрнектер геометриялық өрнектермен кезектесіп тігілген. Қаныққан қызыл түс басым болды, ол ейде көк немесе жасыл түспен толықтырылған. Разянь және Тамбов губернияларында қызыл түс орнына терракота түсімен алмастырылған, қара жіптер қосылған. Ресейдің шығыс облыстарында қара түсті қолдану күшее түскен. Воронеж кестелері ерекше түс гаммасымен, қызыл-сары рең жарқындылығымен, сонымен қатар қара жіптерді қолданумен ерекшеленеді. Кестелеудің көркемдік ерекшелік- тері тарихи орныққан кәсіптік орталық- тар (Владимир облысы Александров қ, Арзамас қ., Борек қ., Нижегород облысы Чкаловск қ., облысындағы области Крестец фабрикасы және т.б.) қазіргі күні ары қарай дамуда.
Оюлы тоқымашылық
Маталарды безендіру үшін ежелгідеқолстаноктарында тоқымашылыққолданылған.Оюлы тоқымашылық өнері Русьтекестелеумен бірге дамыды. Мамандар әлі күнге дейін халық шығармашылығы қай түрі бұрын пайда болғанына сенімді емес— кесте тігу немесе тоқу. Халықөнерінің зерттеушілері айтуынша, XVІІІ — XІX ғғ. орыс шару қыздарыекеуінде жетік меңгерген. Уақыт өте келе тоқымашылар әр түрлі тоқу тәсілдерінжасады. Барлық жерде ала мата кездеме, кестелі тоқымашылық, ремиздік тоқымашылық және т.б кең тарады. Таңдама, салмалы және кестелі үдір тоқымашылық сирек кездескен. XІX ғасырдың екінші жартысында қолдан тоқу негізгі рөл атқарды. Алайда, бұл уақытта тоқыма өндірісініңқарқындыөсуіқолдан жасалған тегіс маталардытез ығыстырады. Бірақ қолмен үлдірлі тоқымашылық, тіпті ХХ ғ. басына дейін әйелдер және ерлер киімдерінжәне шаруа үйі жасауларызаттарын безендіруде бұрынғыдай маңызды рөл атқарған. Оларға декоративтік және рәсімдік сүлгілер жатады, олар кестелеу арқылы да, тоқу арқылы да әсем безендірілген.
3.8. Оюлы тоқымашылық. Декоративті сүлгі жиегі Сүлгілердегі тоқылған оюлар көбінесе кестелеу техниксы бойынша орындалған: мата негізіне сурет бойынша тақтайша «бральница» көмегімен салынып, екі жақты маталар өндірілген. Яғни, беткі жағында сутер арқаудың төселуімен, ал артқы жағында негіздің төселуімен түзілді. Осындай тәсілі ақ және түрлі-түсті декор алу үшін кең мүмкіндіктер берген. Сәндісүлгілерде негізінен ақ фонда қызыл бұрырлы ою салынған. Көбінесе негізі әртүрлі кескінді ромб болатын геометриялық пішіндерден тұрды. Бірақ Новгород, Архангельск, Псков және Вологда губернияларда талантты тоқымашылар бейнелеу мотвтерінен тұратын оюды да тоқи алған - әйелдер мен ерлер фигуралары, салт атты адамдар, бұғылар, қарапайым және екі басты құстар. ХІХғасырда сюжеттік композициялармен, әсіресе Вологда губерниясының ұлы устюж тоқымашылары әйгілі болған. Басқа аудандарда әдетте шағын, шекті жалпыланған бейнелеу мотивтері, көбінесе, өрнектік геометриялық мотивке түрлендірілген мотивтер болды. Ұлы устюж тоқымашылары өздерінің сәнді сүлгілерін де аса шеберлікпен матаның барлық еніне симметриялы үш бөліктіс южеттік композицияны құрған. XІX ғ. соңы мен ХХ ғ. басындасюжеттік композициялы декоративтік сүлгілер Архангельск губерниясының тоқымашыларымен, әсіресе Черевково үлкен сауда аулында белсенді жасала бастады. Бұнда әртүрлі мотивтер, соның ішінде тармақты мүйізді бұғылар мен құстар- желпуіш сияқты көлемді құйрықтармен тауыстар және қасында кішкентай құстар кездеседі. Бейнелік құрылысы, композициясы және өлшемі бойынша бұл тоқылған оюлар тамбурмен кестелеуге және орыс Сібірінің ақ жолына жақын болды. Алайда сүлгіде тоқылған ою тігілген өрнектен монументалдылығымен, қатаң колоритімен ерекшеленеді, онда түрлі- түсті бейнесі күрт ақшыл фонда орналасады. Тура және сатылы сызықтардың ырғақты қайталануы ою- өрнектің өзіндік ерекше, музыкалық дерлік үйлесімін құрды. Архангельск мен Вологда губернияларында кестелер жиі дәстүрлі қызыл түсті қолдануды жойып, көк және басқа да бояуларды қосқан. Тоқымашылардың бұғы және құстарды-тауыстардыбейнелеуге ұмтылуы кездейсоқ болған жоқ: олар ежелден жалпыға танымал мейірімді символдарболып табылды, әсіресе, ертегілік құс - тауыс —махаббат пен отбасылық бақыт символы болды. Әрбір қыз, өзіне жасаудайындап, бұл мотивтісүлгілерде,жейделерде, алжапқыштарда және бас киімде көрсеткен. Кестелеуде тауысты бейнелеудің шексіз көп нұсқалары болды. Бұл жалынды қызыл ертегілік құстың бейнесінің білінбейтін тартымдылығы бар. Ол өзінің байсалды маңғаздығымен және салтанаттылығымен қуантады. Осыған орай, бұл мотивтің оюлы мереке күндері безендірген. Олар қабырғаларға арналған жіпке немесе ағаш істікке ілінген. Түрлі-түсті декоративтік сүлгілерде құрметті қонақтарға нан-тұз ұсынған. Кезінде крестин баланың анасы алғыс одаривала әдемі орамалдармен священник, дьякона және куму. Сәбиді шоқындырғанда анасы алғыс білдіру ретінде дін қызметкеріне, дьяконға және кіндік шешесіне осындай сүлгілер сыйлаған. "Крещение кукушки" жаздық мерекесінде сүлгілермен қайық бұтақтарын байлаған. Сүлгіні белгілі бір сыйақымен бірге биені, әсіресе құлыншақты сақтап қалған оташы да алған. Сүлгілер үйлену салттарында даүлкен мәнге ие болған —рәсімдік зат ретінде және туыстарға және барлық келген қонақтарғасыйлықтар ретінде. жаңа Міне, сондықтан бұрын Солтүстік қыздары үйлену күніне орай, өзіне жасау дайындаған кезде, әр түрлі жағдайға кемінде жүз орамалдары болған,және олардың барлығы тоқылған немесе тігілген өрнектермен әшекейленген.
Шілтер тоқу
Шілтер — жіптерді тоқу арқылы түзілетін, негізсіз еркін үлдірлі өрнек болып табылатын тоқыма бұйым, киімді әшекейлеу үшін қолданылады. Алғаш рет орыс шілтерітуралы 1252 ж Ипатьев жазбаларында айтылады, және онда олар алтынды деп аталды— олармен Даниил Галицкий князьінің былғары киімі2 қаптарып тігілген. Ресейде шілтерлер үшін алуан түрлі материалдар болған. Жібек, мақта-мата және жүн жіптерден басқа өрілген (жіпке ширатылған) және жібекпен иірілген алтын және күміс қолданылған,меруерт, қауырсын, жүн отырғызылған немесе кигізілген шілтер де болған. Қолмен шілтер тоқу ежелгіде «әйел ісі» деп аталған, ал шілтер тоқымашылар – «плетея» деп аталған. ХХ ғ. Дейін орыс шілтері кірме – ақсүйектерге арналған және өзіміздікі, халықтық болып ажыратылады.
Ресейде өрілген шілтердің үш негізгі типі болған:
- қос – қағаз негізге салынған және арнайы жастыққа бекітілген «нақыс», сурет бойынша жасалған.Сурет нүктесі бірнеше жұп коклюшка арқылы жіптермен өрілген. Бір мезгілде өрнек пен фон торы орындалған;
- тізбектік — олар да нақыс бойынша орындады, бірақ бөлек-бөлек жасалды: алдымен өрнек тоқылады, содан кейін тор тоқылады, сосын олар тамбурлық тігіспен біріктірілген;
- сандық- ешқандай суретсіз тоқылған, шілтер тоқымашы бірдей са ілмектерді санап алып, бір өрнекті, әдетте геометриялық өрнекті бірнеше рет қайталаған; Бұл шілтер сонымен қатар өлшемді деп аталған және олар бізде ең ежелгі болып саналады.
3.9-сурет. Вологда шілтері Орысшілтертоқуорталықтары, Вологда, Елец, Мценск, Рязанщиндегі Михайлов арналған және Вятская губерниясының Кукарка слободасы болды. Оларды Тула, Мәскеу, Петербург, Тверь губернияларында тоқыған, бірақ осындай үлкен ауқымда емес. Ресейде Вологда шілтерлер тоқу бойынша жетекші орын алды. XІX ғасырдың екінші жартысында шілтер тоқукәсібі жергілікті тұрғындардың негізгі өмір сүру көзі болады. Шілтерді зығырлы жіптерден тоқыған, кейінірек мақта-мата және тіпті жібек жіптер пайдалана бастады. Вологда шілтері фонға және суретке күр бөлумен, ірі айқын пішіндермен, иілімді контурлармен ерекшеленді. Шілтер бүйымдарының өрнектері көбіне геометриялық – толлассыз алтыбұрыштардан, дөңгелектерден, квадраттардан тұратын торлар. Суреттердің өзіндік халық атаулары бар: «ақшалар»,«өрмекші»,«түйме», «қайың». Сонымен қатар шеберлер өсімдік өрнектерін де қолданады (3.9- сурет).
Елец шілтері көбіне қос тәсілмен, сирек тізбекті әдіспен тоқылады. Олар майда пішіндермен, жеңілдігімен және нақты суретімен ерекшеленеді. Негізінен өсімдік өрнегі басым (3.10- сурет). Елец шілтері суреттерінің атаулары: «жұлдызша», «өзен», «қайықша», «меруерт», «дөңгелектер».
3.10 - Елец шілтері
Вят шілтерінде вологда және елец мотивтеріне жақын мотивтер кездеседі, бірақ бұнда олардың ерекше жергілікті колориті бар. Оларға тығыз тоқудың торламаға, өрмекшіге, үлдірлі суреті бар өрнекті жиектерге ауысуы тән. Вят шеберлерінің өрнектері жеңілдігімен ерекшеленеді және өсімдік сипатына ие, көбінесе гүлдер мен жапырақтар сүйір пішінді болады
3.11 - сурет. Вят шілтері
Михайлов (рязан) шілтеріалдыңғы шілтерлердентоқу техникасы және сурет сипаты бойынша ерекшеленеді. Олар сурет пен түстің ежелгі сипатын сақтап, есептік тоқу әдісімен орындалады. Күрделі емес михайлов шілтерінің бай түстеріне ақ пен сұрдан басқа қызыл, көк, сары және басқа түстер кіреді. Михайлов шілтері үшін сонымен қатар кестелеумен шілтердің үйлесімі тән (3.12-сурет).
3.12 - сурет. Михайлов шілтері
Маталарға көркемдік өрнек салу
Көне заманнан орыс әйелдері бастарына орамал таққан. Оларды әдетте бас киімнің үстінен ораған. Кейінірек орамалдарды алдымен жұмсақ волосник3 үстіне, кейін тікелей шаш үстінен ораған.
________________ 3Волосник — тұрмысқа шыққан әйелдердің шыттан, барқыттан, паршадан, қызыл матадан тігілген, тартып ілінетін телпектер түрінде бас киім. Орамалдарды қарапайым үй станоктарда тоқыған. Оларды өрнекті мата жолақтармен, кестемен, үстінен баспаланатын өрнектермен әшекейленген. Маталарға көркемдік сурет салудың ежелгі түрлерінің бірі — нақыш басу, ол әлемнің көптеген елдерінде белгілі. Орыс нақыш басылған орамалдар XVІ — XVІІ ғғ. терең шаруа кенеп матаға қара немесе қызыл майлы бояумен басылған және олардың монохромы, жазықтықтық өрнектері болған. XІX ғ. орамалдар мен шәлілер кеңінен тарады. Ауылда және қалада нақыш басылған шыт орамалдар, әсіресе жарқын, қызыл мата орамалдар аса танымалдықпен пайдаланды. ХІХ ғ. нақыш басылған орамалдар мен шәлілерді өндіретін аса ірі және танымал орталықтары Мәскеу және Павловский Пасад болды. 1812 ж. Павлово ауылында (ары қарай Павловский Посад) С.Лабзин шаруасымен маталарға өрнек алу фабрикасының негізі қаланды. 1880 ж. бұл жерде таза жүн және жартылай жүн орамалдар және шәлі өндірісі басталды. Орамалдар бетіне сурет соққылау тақтайшалар көмегімен басылды (3.13- сурет). Тақтаны бедерлі (ою-өрнек басып шығару үшін), тереңдетіп (фон үшін) ойылған. өрнек басатын тақта орамал өлшемінен кіші болғандықтан, өрнекті бірнеше тақталар көмегімен басылды. Неғұрлым күрделі өрнектер әр түрлі сурет элементтері бар төрт жүзге дейінгітақта баспаларын қажет етті. Павловопосад орамалдарының өрнектерін оюлы раушан, көкнәр, қызғалдақтар мен дала гүлдері гирляндалары құрайды. Аса тән сурет ірі пішінді қызыл жарқын раушан гүлдеріорамалбұрыштарына шоғырланған, ал ортасында ұсақ гүлдер және гүл толтырылған. өрнектерге көлемі және бұдырлықтыжарық- көлеңкені қолдану береді, ол өрнекті аса мәнерлі етеді. Орамалдардың түс гаммасы таза және нәзік қызыл, қызғылт, жасыл, көгілдір, көк, күлгін және сары түстер құрайды. өрнек бояулары қара, сондай- ақ басқа да түстер фонында: ақ, қызыл, көк, жасыл және т.б. бейнеленеді (түрлі-түсті қосымшада 24-суретті қараңыз). Павловопосад орамалдарыөрнек композицияларының аяқталуы, жарқын шырынды колорит, бөлшектерді мұқият өңдеу ерекшелендіреді. Қазіргі заманғы шеберлер өз шығармашылығында өздерінің декоративтілігі мен бейнелілігімен таң қалдыратын, орамалдардағы өрнектерді құра отырып, халық дәстүрлерін сақтайды. ұлттық сипат, түрлі-түсті орамалдар мен шәлілер пайдалана отырып,өз костюмдер топтамаларын жасайтынсуретшілер мен модельерлерді қызықтырады.
3.13 - сурет. Павловский Посад. Орамалды 0олмен басу цехында
Ұлттық киім
Қуаныш — барлық орыс халқы өнері үшін негізге алынатын түсініктердің бірі. ұлттық костюмде адамдардың әсемдік туралы арманы орындалған. Көптеген ғасырлар бойы Ресей халқының көбісі шаруалар болған. Орыс шаруасының шошала үйінде «кереметтің кереметі» - орыс ұлттық киімі туындаған. Орыс шаруа әйелі бас көтермей жұмыс істеген, ол отбасын, үйін, малды өз мойнында алып жүрген. Тек қысқы түндерде шырақ жарығында жіңішке жіп иірілген, мата тоқылған, киім тігіліп, әшекейленген. Барлық киімді шаруа әйел өзі жасаған, бұл жұмысқа жанын, дүниені түсінуін, талғамын және нағыз суретші талантын салған. Әйел костюмі сызықтардың иілімді ағуын сақтаған, ол аққу немесе тауыс қозғалысын елестеткен.«Аққу»,«тауыс», «үйрекше» - барлығы әйел костюмінде көрініс тапқан бейненің иілімді жағы. Ресейдің әр жерінде шаруа киімінің өз ерекшеліктері болғанына қарамастан, орыс костюмінің ортақ белгілері болған аз бөлшектелген, жинақы көлемі және жатық, ықшамды контуры бар. Ұлттық костюмнің түс құрылысы алуан түрлі және белгілі бір мәнібар. Мысалы, ашық қызыл түс мереке мен қуаныш дегенді білдірген, ал қара және өз реңі күңгірт қасірет дегенді білдірген. Жейде мен поневада орыс кестелерінің өрнектері қара және қызыл үйлесімі жыртылған барқытты жер мен күн шығуын бейнелегендей. Мерекелік киім аппликациялармен, кестелермен моншақпен, меруертпен, жібекпен және т. б. әшекейленген. Жейде —халық костюмінегізі. Ол тұтас зығыр матадан тігілген. Жейдедегі өрнектер жағасында, жеңдерінде, етегінде, мойынында орналасқан (3.14-сурет). Өрнектердің мұндай орналасуы кездейсоқ емес. Кестелеу түсі және өрнектерітұмардың рөлінойнады: адам денесінің өмірлік маңызды жерлерін зұлым күштерден қорғады.
3.14 - сурет. Әйел жейделері Орлов губерниясы Жейдені ерлер де, әйелдер де киген. Әйел жейде үстіне сарафан киген, ол етегі бойынша және алдынан бай безендірілген (3.15-сурет). Ал, жейде және сарафана үстінен— арты жағы бүрмеленген, парша немесе жібек кеудеше киген. Мұндай костюм Ресейдің солтүстік өңірлеріне тән. Ресейдің оңтүстік өңірлердеәйелдер жейде үстіне понева киген, оны да молынан кестемен, шілтермен, гаруспен, жылтырақтармен және т. б. әшекейлеген.Ресейдің оңтүстігі костюмдері үшін бояулардың ерекше жарқындығы, ою-өрнектілігі және сәнділігі тән. (3.16-сурет).
3.15 - сурет. Мерекелік әйел киімдері. Сарафандар мен кеудешелер
3.16 - сурет. Понѐва. Ресейдің оңтүстігіндегі костюмдер Орыс ұлттық костюмдерінің аяқталуы бас киім болып табылады. Әйел және қыз бала бас киімдері бір- бірінен ерекшеленген. Қыз бала бас киіміне қарағанда тұрмыстағы әйелдің бас киімі ежелгі дәстүр бойынша шашты толық жауып тұруы қажет. Әйел бас киімдерінің атауында ежелгі құс атауларының түбірі қалған - «сорока», «кика», «кокошник» және т.б. Көптеген облыстарда әйелдер өз бас киімдерін қаз немесе аққу жүнінен жасалған«үлпектермен» әшекейлеген,меруерт таққан, алтын не күміс жіппен тіккен, бағалы тастармен безендірген. Әйел бас киімі – біртұтас өнер туындысы және әрбір жергілікті жерде өзінің қайталанбас белгілері болған (3.17-сурет).
3.17 - сурет. Әйелдер және қыздар бас киімдері:
а — повойник; б — сорока; в — байлама; г — кокошник
Ұлттық костюм –біздің ата бабамыздан қалғн орасан мұра, сондықтан ұлттық мәдениеттің осы бөлігін болашақ ұрпаққа сақтау өте маңызды.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 3. Композиция негіздері
Кез келген өнер түрінде композициялықшеберлік шығармашылық үдерістің негізі болып табылады, онда көркем шығарма пішінінің бірлігі және тұтастығы оның мазмұнына негізделген. Тоқыма өрнектерін жасау, тоқыма бұйымдарын безендіру, қазіргі заманғы костюмдерді жобалау және модельдеу көркем шығармашылық саласына жатады, сондықтан бұл шығармашылықта композиция заңдарды білу өте маңызды. «Композиция» сөзі латының composіtіon-құрастыру, байланыстыру сөзінен шыққан. Алғашқы мағынада бұл термин кең мағынада болған: ежелгі рим құқығында ол соғыс кезінде жақтардың табысуы; цирк аренасында, күресшілер жарысында – олардың қарама қарсы тұруыдегенді білдірген. Бірақ бұл түсініктіәртүрлі түсіндірілуіне қарамастан, оларда бір ортақ нәрсе бар, себебі бұл жерде екі жақ, олардың қосылуы кезінде бір бүтін түзетін бөліктер туралы айтылған. Заманауи түсіндірілуде композиция – өнер түрінің ерекшелігіне, өнер түріне, мазмұнына, туындының тағайындалуына және суретшінің ойына байланысты көркем туындының құрылуы. Яғни, композиция – бөліктерінің өзара орналасуын, олардың бір-біріне өзара бағынуын ұйымдастыратын туындының маңызды құрылымдық қағидасы, ол туындыға бірлік, түтіндік және аяқталғандық береді.Композиция негізінде жатқан заңдылықтар өнердің жалпы заңдарымен, стиль нормалаымен анықталады. Композиция – стильдің басты белгілерінен тұратын, оның маңызды элементі. Композицияның күрделі құрылымы бар, ол әрбір өнер түрінде өзіне тән факторлармен анықталады. Мысалы, көркем суретте – бұл сюжет, кеңістіктің қатынастарды бейнелеу тәсілі, көзқарас және т.б.; дизайнде – функционалдық тағайындалуы, заттың құрылысы, құрылымы және т.б. Әр түрлі тарихи дәуірлерде болған, көркем шығармалары композициясына әр түрлі талаптар қойылған. өнеріндегі дінитенденциялардыңүстемдік дәуіріндешығармалардың композициясы икона жазудың канондықнормаларынабағынды (Ежелгі Шығыс, Орта ғасыр). Қайта өрлеу дәуірінде өнер және оны қабылдаудың жалпы заңдылықтары базасына белгіленген композициялар нормаларыжасалады. Классицизмөнерінде"мәңгілік" ережелер, композициялық шарттылық (бірыңғайкөзқарас,иілімді массалардың тепе-теңдігі, статикалық геометриялық тұрғызулар)бекітілген. Романтизмдәуіріненосы нормалардықайта қараубасталды. Шығармакомпозициясында объективтібастамашынайы шынайылыққа негізделген. Суретшінің қоғаммен, мәдениетпен байланысты оның өзіндің уайымдарына із қалдырады.Көркемдік шығармалар сонымен қатар табиғат заңдылықтарына бағынады. Табиғатта өте алуан түрлі пішіндер бар: геометриялық пішіндерге жақын қарапайымнан бастап (ай, күн, жемістер мен көкөністер пішіні және т.б.), жануар және өсімдік әлемінде, геологияда, минерологияда біз байқайтын күрделі пішіндерге дейін. Шынайы дүниенің сансыз нысандары суретшімен бейнеленіп қана қоймай, сонымен қатар, тек оның елестетуінде болатын пішіндерді тудыра отырып, оның қиялын дамытады.Міне осы шығармашылық әрекеттің негізін құрайды. Сонымен бірге композициялық ізденіс өзінің мазмұны бойынша субъективті, себебі, бұл нақты тұлға ретінде суретшінің шығармашылық ұмтылысының туындауы, ол өзінің ойларын, сезімін, белгілі бір материалдың ықтимал құрылымдылық ұйымдастырылуын көрсетеді. Көркем шығармалардықұрудың композициялық заңдылықтарын білу онсыз сауатты шығармашылық әрекет мүмкін болмайтын негіз береді.
Композиция түрлері
Шартты түрде композицияның үш түрін ажыратады: фронтальдік, көлемдік және тереңдік-кеңістіктік. Тәжірибелік әрекетте композицияның әрбір түрінің өзара іртүрлі толықтырылуы жүреді. Мысалы, кеңістіктік композициясының құрамына фронтальдің және көлемдік композиция кіреді, ал көлемдік композиция жиі кеңістік ортасының бір бөлігі болып табылатын тұйық фронтальдік беттерден тұрады Фронтальдік композиция ерекшелігі пішін элементтерін бір жазықтықта көрерменге қатысты екі бағытта орналастыруды қарастырады: вертикаль және горизонталь (мысалы, панно, стенд, сурет, мата және т.б.). Иілімдік жаңдары бойынша орындалатын ағаш ою, оғылған панно, мүсін бұдырлары сияқты бұдырлы бейнелер да фронтальдік композицияға жатады. Алыс қашықтықтан қабылдауға есептелгенжазықтықтық композицияларда соққылық түс дақтары, ырғақ, масштабтық (мозаика, фитраж, қабырғалық жазба, гобелен және т.б.). маңызды рөл атқарады. Көлемдік композиция жан-жағынан қабылданатын тұйық үшөлшемді пішін болып табылады (мүсін, декоративтік- қолданбалы өнер туындылары, костюм және т.б). Бұл жерде көлемдік- кеңістіктің құрылыс және тактоникалық заңдылықтар маңызды рөл атқарады (бөлшектердің және бүтіннің өзара өлшемділігі, салмақтылығы, материал және т.б). Көлемдің пішіннің айқындылығы да оның қоршаған ортамен өзара байланысуына тәуелді. Тереңдік-кеңістіктік композиция материалды элементтерлі, көлемді, бетті, кеңістікті біріктіреді. Ол интерьерде және экстерьерде кеңістік тереңдігіне қозғалу кезінде көрерменнің қабылдауына негізделген. Кеңістік кезектескен план қатарына бөлінген кезде тереңдікті сезіну күшее түседі. Мысалы, іртүрлң көрмелер, көшелерді, алаңдарды безендіру, және т .б.
Композицияның негізгі заңдары мен қасиеттері
Суретші туындысын құрғанкезде өз ойын жрқын және толық көрсетуі үшін, оған бүтіндік заңын – композицияның негізгі заңын білу керек. Бұл заң мәніг оның негізгі белгілері мен қасиеттерін ашып түсінуге болады Бүтіндік заңының басты белгісі – композицияның бөлінбеуі– композицияны бірнеше композициялардың қосындысы ретінде, аз дегенде жеке бөліктер ретінде қабылдау мүмкін емес дегенді білдіреді. Туынды композициясында бөлінбеу құрылымдық идеяны табу арқылы анықталады, ол оның барлық құрам бөліктерін бір бүтінге жинақтай алады. Яғни, композиция бөлшектерін құрастыру теконың негізгі бөліктерінің орналасуын анықтаған соң рұқсат етіледі. Бүтіндік заңының екінші қасиеті композиция элементтерінің байланысы және өзара келісушілігі. Құрылымдық идеядан қосалқыларды бағындыратын назар аудару орталығы бөлініп алынады. Композицияны құрайтын барлық элементтер жалпы идеяға жұмыс істеу керек. Келесі шарттар орындалса, элементтердің келісілу тұрғысынан композицияны сәтті деп санауға болады:
- бүтінге зиян келтірмей , бір бөлшекті алып тастауға немесе алмастыруға болмаса;
- барлық бөліктер өзара байланысқан және өзара бағынған, олардың орнын ауыстыруға болмайды;
- ешқандай элемент композицияның бүіндігін бұзбай қосылуы мүмкін болмаса.
Яғни, нағыз үйлесімді туындыны салу үшін басты мен қосалқы арасында, бүтін мен оның бөліктері арасында бірлікті табу керек. Композициялық бүтіндік заңының тағы да маңызды белгісі байланысуы болып табылады – бүтін бөліктерінің өлшемдері мен пропорциялары қатынасынескеретінбейне элементтерінің табиғи бірігуі, әртүрлі материалдардың үйлесімділігі және т.б. Шағындылықта бүтіндің қаңын қадағалаудың бір шарты, бұл кездекомпозиция бір мезгілде көрермен қабылдай алатын бөлшектердің оңтайлы мөлшерінен тұру керек. Бүтіндік заңымен қатар композзиция үшін контраст заңы да аса маңызды. Контрасттар көркем туындылардың айқындылығын анықтайды.
Контраст — бұл екі біртекті қасиеттер арасындағы айқын айырмашылық,қарама-қарсы бастамалардың күресі, қарама қарсы тұруы. Композицияда бұл пішіндерді, түстерді, көлемдік дәрежесін, фактураны және материалдар текстурасын, пропорцияларды жіне т.б. қарама қайшы тұруы болуы мүмкін.
Контрасттар мәнін суретшілер ежелден белгілеген. Леонардо да Винчи өзінің «Көркем сурет туралы трактатында» шамалар, сипаттар және т.б. контрасттарына көңіл бөлген. Көзбенқабылдаудақарама қайшылықтарды біріктіру ретінде контраст рөлі ерекше. Біз қоршаған заттарды олардың силуэттерінің қоршаған ортамен контрасты бойынша қабылдаймыз. Алыс қашықтықтан силуэт бойынша таныс фигураларды танимыз. Біз заттың пішінін жарық және көлеңке контрасты бойынша қабылдаймыз. Жарық-көлеңке қатынастары толығымен жоқ болса, зат жайпақ болып көрінеді.
3.18 - сурет. Ж.Л.Давид. Мадам Рекамьепортреті Портрет өнерінде суретшілер бейненің көбірек айқындату үшін тональдік контрасттар қолданады. Жак Луи Давидтің мадам Рекамье портретінде танымал салонның бикесінің ақшыл силуэті қошқыл фонда айқын кқрінеді, бұл бейнеге ерекше кербездік пен көріктілік береді (3.18-сурет). Теодор Жерико жұмысының Эжен Делакруа портретінде тональді контраст көмегімен басқа мән берілген (3.19- сурет). Портреттелетін адам тұлғасы терең көлеңкемен қоршалған. Шексіз қараңғылық әсері туындалады. Жарық сәулесі бетперде сияқты көрінісберіп, бетіне сәл қиғашынан және жоғарыдан түседі. Бозбала алдынан ашылған әлемге үңілгендей.
3.19 -сурет. Т . Ж е р и к о . Эжена Делакруапортреті
3.20 - сурет. Ю . Я к о в л е в . Египет туралы естеліктер Жылы және суық түстер контрастында көркем суреттік қатынастар орнатылады. Түс күші егер ол контрастты түспен салыстырылса күшее түседі – қызыл сары көкпен, лимон күлгінмен, қызыл жасылмен және т.б. Шамалар контрасты (үлкен және кіші) суретшілермен жиі қолданылады. Мысалы, Андрей Яковлевтің «Египт туралы естеліктер» суретінде орасан пирамида етегінде орналасқан әлсіз білінетін экскурсиялық автобустар мен автомобильдер оның маңызы мен монументальділігі әсерін тудырады (3.20-сурет). Шамаларконтрасты монументалдыөнерде қолданылады, онда үлкенді кішімен салыстыру орынды, себебі монументалды өнер туындылары алыс қашықтықтан қабылдауға есептелген. Контрасттық композиция белсендірек, кез келген екі астаманың күрт қарама-қайшылығы туындыға ерекше айқындық береді. Композицияның маңызды қасиеттерінің бірі оның бөліктерінің тепе-теңдігі болып табылады. Егер композиция элементтері өзара теңгерілгенболса, оның тұрақтылығы туралы нақты ақпарат берсе, онда бұл жерде композициялық тепе-теңдік орын алғн және оған ең алдымен пішін, түс, тонғ иілімділік, бағыт және бөлшектердің орналасуы арқылы қол жеткізіледі. Туындының негізгі идеясын көрсететін маңызды элемент композициялық орталық болып табылады. Композициялық орталық – қоршаған және оған бағынатын бөліктердің фонында айқын білінетін туынды бөлігі. Бұл туындының басты бөлігінің құрамында белгілі бір сызық не нүкте болады, оған қатысты тепе теңдік туындайды. Композициялық орталық композицияның мәндік акценті болып табылады және басқа элементтерден пішінімен, өлшемімен, түсімен,бөлшектердіөңдеу байлығымен және т.б. ерекшеленуі мүмкін. Ол әрқашан да туындының геометриялық орталығымен сәйкес келмейді, оңға немес солға, жоғары немесе төмен ығысуы мүмкін. Композициялық орталық қалай орналасса да, композицияныі тепе- теңдігі, толтырылуы және аяқталуы сезілу үшін басқа композициялық элементтермен логикалық байқалу керек.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 4. Декоративті композицияның айқындық құралдары
Декоративтік композицияны құру ережелерін, тәсілдерін және құралдарын қарастыруға толығырақ тоқталайық, себебі бұл ең жақсы түрде осы оқулық мақсаттарына жауап береді. Бейнелеу өнерінің жалпы заңдары өзінің ерекшеліктері бар декоративтік- қолданбалы өнерде де әрекет етеді. Декоративтік-қолданбалы өнер туындыларын қатаң шектеусіз екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тұрмыстық заттар жатады, онда әдемілік пен пайда органикалы байланыста болады (жиһаз, ыдыс, әртүрлі заттар, мата, киім). Екінші топқа негізінен декоративтік тағайындалған заттар жатады, олардың композициясында айқындық құралдарды еркін қолдану рұқсат етіледі: сувенир, панно, декоративтік құмыралар және т. б. Декоративтік-қолданбалы және станоктық түрлерінің арасында аралық орынды мозаика, панно, гобелендер, декоративтік ескерткіштер жатады, олар архитектралық ортаны безендіреді, бірақ сонымен қатар дербес көркемдік туындылары да бола алады. Декоративтік-қолданбалы сипаттағы шығарманың композициясына жиі бейнені қалыптастыруда маңызды роль атқаратын әртүрлі өрнектер және оюлар қосылады. Әртүрлітипті өрнектермен безендірілген (ірі немесе майда элементтермен немесе түсі бойынша жарқын немесе ұстамды) бір зат әр жағдайда жаңа үндестікке иеленеді. Бұл жағдайда өрнектің зат формасымен байланысы ескеріледі. Декоративтік композицияда пішіндерді шартты ұғындыру, силуэт, контурлар және сызықтар айқындығы қолданылады. Декоративтік композицияда шарттылық түстерді түсіндіргенде де туындалады. Түс декоративті бейненің маңызды құрам бөлігі болып табылады. Декоративтік өрнек салу жарқ- ңөлеңкесіз, ақ дақсыз, рефлексіз болуы мүмкін. Көптеген туындылары қанық түстер үйлесімімен сипатталады. Шынайы заттың түсі символдық түспен алмастырылуы мүмкін. Яғни, суретті ықшамдалғандығы және түс декоративтілігі композиция сипатына әсер етеді. Декоративтіккомпозицияда көркемдік айқындық құралдарының бірқатары қолданылады. Олардың әрқайсысына жеке тоқталайық.
Пропорция және пропорционалдық
Көркем туындыларындапропорциялар–бұл оның элементтері шамасының, сонымен қатар компоцицияның жеке элементтерінің барлық туындымен қатынасы. Пропорцияны қадағалау – композициялық құрудың маңызды ережелерінің бірі. Пропорциялардың дәлдігі композицияны теңгереді, бүтін мен оның бөлшектерінің қолайлы қатынасын құрады.
Пропорциялар арифметикалық (рационалды) және геометриялық (иррационалды) болып ажыратылады. Арифметикалық пропорциялар – бүтін сандармен өрнектелген шама қатынасына негізделген пропорциялар: 2:3; 3:4; 5:6. Рационалды қатынастар шамаға бүтін сан есе салынатын модульдің боуын қарастырады. Иррационалдық пропорциялар оларды құрудың геометриялық заңдылықтарына негізделген. Иррационалдық қатынасқа мысал «алтын қима» бола алады. Пропорциялық шамалар бір біріне тәуелді. Олардың бірі бірнеше есе рет ұлғайса, екіншісі де сонша есе ұлғаяды, әйтпесе пропорцияның бұзылуы жүреді. Пішін элементтерінің өлшемдік қатынасы – барлық композиция құрылатыннегіз. Пропорциялау- шығармашылық үдеріс. Кез-келген көлемдік құрылым, иілімді өнім немесе жазықтықтық бейне композицияның функционалдық және эстетикалықтағайындалуын анықтайтын өлшемдік қатынастардың біртұтас жүйесі болып табылады
Масштаб және масштабтылық
Пропорциялар масштабен тығыз байланысты. Масштабжәне масштабтылық түсінігін егер өзара өлшемділікке, бүтінге және оның жеке бөліктеріне сипаттама беру қажет болғанда қолданылады. Тікелей мағынада масштаб – суретте немесе сызбада суреттің өлшемінің оның натурадағы шынайы өлшеміне қатынасы. Масштабтылық – пішін мен оның элементтерінің адамға, қоршаған кеңістікке және басқа пішіндерге қатынасы бойынша өзара өлшемділігі. Әрбір заттың өзінің шамасы болады, бірақ олардың масштабтылығы, адамға қатысты өзара өлшемділігі туралы әрдайым айтылмайды. Масштабтылық әсіресе көлемдік және көлемдік- кеңістіктің композицияларда сапалық сипаттамаболыптабылады. Композиция құралы ретінде оны кқркемдік айқындық ойларын жетекшілікке алып, еркін қолдануға болады.
Ырғақ және метр
Алуан иүрлі пішіндер мен олардың элементтерін теңгерілген бірлікке келтіру және реттілікте орналастыру құралы ырғақ болып табылады. Ырғақтың басты белгісі – бұл қайталану,салыстырмалы элементтердің және арасындағы интервалдарды заңдылықпен кезектесуі. Ырғақ табиғаттарңы әртрлі құбылыстар мен пішініне тән: жыл мерзімінің, күн мен түннің ауысуы, ағаш бұтағында жапырақтардың орналасуы, жануар боялуының жолақтар мен дақтар және т.б. Ол барлық өнер туындыларында бар: музыкада (дыбыстар үндестігі), поэзияда (ырғақтыңң кезектесуі), сәулетте, бейнелеу және декоративтік- қолданбалы өнерде (жазықтықта немесе кеңістікте пішіндердің алуан түрлі қайталануы және кезектесуі). Ырғақты қайталанулар біртекті, азаятын немесе ұлғаятын болуы мүмкін. Осыған байланысты элементтердің қайталануы статиклық (метрлік) және динамикалық (қозғалмалы, дамитын) болуы мүмкін. Композицияда метрлік реттілік бірдейлік принципі бойынша жүзеге асады – бұл ырғақтың қарапайым туындалуы.
Метрлік қатарлар нұсқаларын қарастырайық.
Бір элемен бірдей интервалмен қайталанатын қатар жай қатар деп аталады (3.21сурет). Жай метрлік қатар мысалы бұршақ суретті немесе біртекті торлы мата суреті бола алады.
3.21 - сурет. Жай метрлік қатар
Күрделі метрлік қатарлар үш топқа ажыратылады:
3.22 - сурет. Күрделі метрлік қатар Элементтердің метрлік кезектесуі комкомпозицияға тұрақтылық пен тепе- теңдік береді. Бірнеше метрлік қатар болған жағдайда композиция айқын және жарқын болады. Композиция жарқындылығына сонымен қатар басты элементтерді қосылқы элементтермен толықтыру және қолдау, бір элементтер тобын басқасымен салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Егер метрлік қатарды перспективті қысқартуда қарастырсақ, онда о динамикалық болып қабылданды, себебі элементтер өлшемдері мен арасындағы қашықтық біртіндеп азая береді. Бірдейлілің принципі бойынша құрылатын метрлік қатарға қарағанда ырғақты (динамикалық) қатар алуан түрлілік принципі бойынша құрылады. Ырғақ – бұл метрдің өзгеруі, оның пульсі, ол күрделі біртексіз пропорционалдықөзгерістермен сипатталады. Динамиклыққатарлар интервалдармен және интервалсыз құрылуы мүмкін. Динамикалық қатар метрлік қайталанудың үлесімімен түзілуі мүмкін (3.23-сурет). Ырғақты қайталау мысалы готикалық шіркеу фасады бола алады, оның композициясына құрылымы мен декторының астынан үстіне қарай күрделілігінің өсуі тән (3.24-сурет).
3.23 - сурет. Метрлік қатарлар үйлесімімен туындаған динамикалық қатар
3.24 - сурет. Реймстегі шіркеу
Динамикалық қатарда ырғақ келесі түрде туындауы мүмкін (3.25-сурет):
а — арасындағы интервал сақталыр, кезектесетін элементтер шамасы өзгереді;
б — арасындағы интервал өзгерген кезде кезектесетін элементтер шамасы өзгермейді;
в — арасындағы интервалдар мен элементтер шамасы өзгереді.
3.25 - сурет. Ырғақты қатар түрлері Элементтерді ұйымдастыру әдісі бойынша ырғақ әртүрлі бағыттарға бағытталу мүмкін: вертикаль, горизонталь, диагональ, радиальді- сәулелік және т.б. Ырғақ композиция қасиеті ретінде көру арқылы қабылдау ерекшеліктерімен байланысты. Ырғақты қатарар үлкен элементтерден кіші элементтерге қарай, қошқыл түстен ақшыл түске қарай, кіші интервалдардан үлкен интервалдарға қарай бағытта қабылданады.
Тепе-теңдік, симметрия, асимметрия
Композициялық бүтіндік композицияда тепе-теңдік орнағанда, яғни барлық элементтер мен оның бөліктері өзара теңгерілген кездегі пішін күйі орнатылғанда қол жеткізіледі. Композициялық тепе-теңдік пішіннің негізгі массаларының таралуы оның орталығына тығыз байланысты және силуэт ішіндегі кеңістікті пропорция, түс, реңк шешімімен ұйымдастыруға байланысты. Теңгерілген композиция бүтіндік, сенімділік және тұрақтылық сезімін тудырады. Тепе-теңдіктің кез-келген бұзылуы дисгармонияға алып келеді. Тепе-теңдік қоршаған ортаның көптеген нысандарына тән. Статикалық және динамикалық композициның көркемдік тепе-теңдігіне жету үшін симметрия және ассиметрия сияқты айқындық құралдары ықпал етеді. «Симметрия( сөзі грек тілінен аударғанда өзара өлшемділік дегенді білдіреді. Көптеген табиғи пішіндердің құрылсы негізінде симметрия принципі жатыр (3.26-сурет). Табиғатта симметрияның екі түрі бар: орталық –өстік (көбелек, құс, адас және т.б.) және радиалдық-доғалық (өстік) — түймедақ гүлі, күнбағыс, саңырауқұлақ, ағаш. өсіп тұрған гүл, саңырауқұлақ, ағаштың симметрия жазықтығы әрдайым вертикаль бағытталған. Симметрия жазықтығы - пішінді екі бірдей айналық бөліктерге бөлетін жазықтық. Симметрияның өзіндік бір түрі бұрандалы симетрия болып табылады, өс бойымен нүктенің немесе сызықтыі айналуы және бір мезгілде бойымен қозғалуы нәтижесінде туындалады. Ассиметрия әдетт композициялық шешімнің динаикалығын айқындау үшін қолданылады. Ассиметриялық пішіннің басты бүтіндік шарты – бұл оның композициялық тепе-теңдігі. Симметрия және асимметрия — пішінді ұйымдастыратын екі бастама. Симметрия тыныштықтың орнауы, қатаң заңдылық, аздап бөгелу ретінде қабылданады. Асимметрия — қозғалыстың, еркіндіктің туындауы. Егер симметриялық фигура бірден қабылданса, ассиметрия бір сарынды, біртіндеп қабылданады.
3.26 - сурет. Табиғи пішіндер (а) және заттық ортада (б) симметрия Композицияда қандай да бір тепе- теңдікті таңдау суретшінің алға қойылған мақсатына тәуелді, онда қабылдау мазмұны, материал сипаты мен психологиялық ерекшеліктердің өзара қатынасы ерекше мәнге ие болады.
Контраст, нюанс, ұқсастық
Композиция элементтері өзара контраст, нюанс және ұқсастық принциптері бойынша келісілуі мүмкін. Контрасттары композициялық акценттерді аса көрнекті етеді, бүтінді қабылдауды күшетуге ықпал етеді. Композициялық құрал ретінде контрастты мажорлық композицияларды құру кезінде, элементтер мен формалардың айырмашылығын айқын көрсету, олардың бірлігін кернеулі, әсерлі жасау қажет болғанда қолданылады. Егер композицияда өлшемі, пішіні және басқа қасиеттері бойынша толық ұқсастық бола, бұл жағдайда ұқсастық туралы айтылады. Бұнда композиция элементтеріәртүрлінұсқада қайталанады. Нюанс – жарық-көлеңке, түс немесе иілімділік қатынастарында өте әлсіз байқалатын өтпелі күй. «Нюанс» сөзінің өзі ауытқу, әлсіз білінетін ауысу дегендібілдіреді.Нюанстық қатынастарда айырмашылықтар онша көп емес, айырмашылыққа қарағанда ұқсастық көбірек көрінген. Егер контраст – түрт ауысу болса, нюанс – өлшемдер, түстер, реңк және т.б. арасында білінбейтін қатынастардың жеңіл реңдерін беру болып табылады. Бір композицияда бір мезгілде контраст та, нюанс та болуы мүмкін. Мысалы, композициялық орталықты бөліп және оған композицияның басқа элементтерін бағындыру қажет болғанда. Басты элемент қосалқы элементтермен контрасттық қатынасқа түсу керек, ал олар өз алдына өзара нюанстық қатынаста болуы мүмкін.
Динамикалық және статикалық
Ырғақ туралы айтқанда, біз композицияның динамикалығы және статикалығы сияқты қасиеттерге тоқталғанбыз. Динамикалық – композиция – құрамында міндетті түрде даму, өзгері, қозғалу жүретін композиция. Бұл қозғалыс әрине физикалық емес, тек көзге көрінетін. Динамикалық композицияны қарай отырып, көрермен суретші орнатқан білгілі бір ретте элементтерді қабылдайды. Динамиканы құрайтынқұралдарарқылы композициядағыбастысы– композициялық орталық бөлініп көрсетіледі. Статикалық – динамикаға қарама қарсы сапа, бұл барлық композиция құрылымында айқын тыныштық, тепе- теңдік, тұрақтылық күйі. Статикалық композицияның өс сияқты айқын орталығы бар, оның айналасында басқа элементтер ұйымдастырылады.
Түс
Декоративтік композициядамаңызды композициялық және көркемдік айқындық құралдарын бірі түс болып табылады. Түс —бұл декоративтікбейненіңбастықұрам бөліктерінің бірі. Декоративтік жұмысында суретші түсті үйлесімдіқатынасына ұмтылады. Декоративтік композиция барлық элементтерініңколористикалық бірлігіне түс контрасттар мен нюанстар көмегімен қол жеткізуге болады. Алдыңғы тарауда біз түрлі-түсті шеңбердиаметрі бойынша қарама-қарсы ұшындаорналасқанөзара толықтыратынтүстердің контрастымен таныстық. Төрт бірдей бөліке бөлінген түрлі- түсті шеңберде (3.27-сурет), өзара перпендикуляр диаметр ұшында қарама-қарсы түстер орналасады: сары және көк, қызыл және жасыл. Сондай- ақ, туыстас және туыстас-контрастты түстерді ажыратады. Туыстас түстер түрлі-түсті шеңбер ширегінде орналасады және құрамында ең болмағанда бір жалпы (басты) түс болады: мысалы, сары, сары қызыл, сарғыш-қызыл. Бар төрт топ туыс түстербар: сары, қызыл, қызыл-көк, көк-жасыл және жасыл-сары. Туыстас-контрасттық түстер орналасады, түрлі-түсті шеңбердің екі көршілес ширегінде орналасады, олардың бір жалпы (басты) түсі бар жәнеқұрамы контрасттық түстерден тұрады.Туыстық-контрасттық түстердің төрт тобы бар: Түскомпозициясытүс қатынастарының шектеулі санында құрылған жағдйд түсінікті пішінді болады.Түсқатынастары колористикалық бүтіндік, түстер арасындағы өзара байланыс, түстік тепе-теңдікәсер тудыратын теңгерілген бірлік құруы қажет.
Түс үйлесімінің төрт тобын ажыратады:
3.27 - сурет. Туыстас, контрасттық және туыстас-контрасттық түстердің орналасу реті Бір реңкті түстер үйлесімі өз негізінде бір реңғтен тұрады, ол белгілі бір мөлшерде әрбір үйлесетін түс құрамында болады. Түстер өзара тек қанықтығы және ақшылдығы бойынша ажыратылады. Бұндай үйлесімде ахроматты түстерді де қолданады. Бір реңікті түстер үйлесімі тынық теңгерілген сипаттағы колорит құрайды. Оны нюанстық ретінде анықтауға болады, біра қошқыл және ақшыл түстерді қарама-қайшы қоюда контраст болуы да мүмкін. Туыстас түстердің үйлесімді үйлесімділігі құрамында бір басты түстердің болуына негізделеді. Туыстас түстер үйлесімі ұстамды, тынық колористік гамма болып табылады. Колорит біртекті болмас үшін ахроматты қоспаларды енгізу қолданылады, яғни кейбір түстерді қошқылдату немесе ақшылдату, оның нәтижесінде композицияға ақшылдық контраст беріледі және сол арқылы оның айқындығына әсер етеді. Мұқият таңдалған туыстас түстер қызықты композицияларды құру үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Түстік үйлесімнің колористік мүмкіндіктер қатынасында бай түрі – туыстас-контрасттық түстердің үйлесімі болып табылады. Бірақ барлық туыстас-контрасттық түстер үйлесімі бірдей сәтті түс композициясын құра алмайды. Туыстас-контрасттық түстер оларды біріктіретін басты түстер мөлшері мен құрамындағы басты түстермен қайшанатын түстер саны бірдей болғанда бір-біріме жақсы үйлеседі. Бұл принципте екі, үш және төрт туыстас- контрасттық түстер үйлесімі құрылады. 3.28 - суретте екі түсті және көп түсті туыстас-контрасттық түстер үйлесімі келтірілген. Бұл сұлбалардан егер түрлі- түсті шеңбердегі күйі қатаң вертикаль немесе горизонталь хордалары ұштарымен анықталған болса, екі туыстас-контрасттық түс сәтті үйлеседі (3.28, а-сурет).
Үш түс реңктері үйлескен кезде келесі нұсқалар болуы мүмкін: Түрлі-түсті шеңбер ішіне гипотенузасы шеңбер диаметрі болатын тікбұрышты үшбұрышты салған кезде, үшбұрыш төбелерінде орналасқан үш түс үйлесімді үйлеседі. (3.28 б-сурет). Түрлі-түсті шеңбер ішіне салынған тең бүйірлі үшбұрыштың төбелерінде орналасқан түстер үйлесімді триада құрайды, оныі бірі басты түс болып табылады (3.28, в-сурет). Сонымен қатар сүйір бұрышты үшбұрыш төбелерінле орналасқан түстер үйлесімі үйлесіе болады, сүйір бұрыш төбесіндегі түс басты түс болып табылады (3.28, г-сурет). Егер шеңбер ішіне тіктөртбұрыштар салсақ, олардың төбелері төрт туыстар- контрасттық түстер үйлесімін құрайды. Квадрат төбелері ең тұрақты түс үйлесімін көрсетеді, бәрақ артық түс белсенділігімен және контрастпен ерекшеленеді (3.28, д-сурет).
3.28 - сурет. Үйлесімді түстер үйлесімін құру сұлбасы Түрлі-түсті шеңбер диаметрінің ұштарында орналасқан түстер полярлық қасиетке ие. Олардың үйлесімі түс комбинациясына кернеулік және динамикалық береді. Контрасттық түстердің теңгерілген үйлесімділігі 3.28,е-суретте келтірілген. Барлықфизикалықжәне психологиялық түс сапалары, түс үйлесімін құру принуиптері міндетті түрде декоративтік композиция шешімінде ескеріледі.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 5. Өрнек — қоғамның материалдық мәдениетінің бөлігі
Ою-өрнек (лат. ornamentum — сәнді киім, әшекей) — әртүрлі тұрмыстық заттарды, сәулет құрылыстарын, декоративтік-қолданбалы сипаттағы бұйымдарды, кітап және өнеркәсіптік графиканы безендіру үшін композиция құрайтынырғақтыреттелген элементтерден тұратын өрнек. Ою- өрнек орындауға арналған техникалық құралдар әр түрлі болып табылады: әшекейлеу,ою,бедерлеу, тоқымашылық, кесте тігу және т. б. Ою- өрнекке тән ерекшелік — материалмен және орындалатын нысан бетімен, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңіндегі өнеріндегі жалпы тенденциялармен үздіксіз байланыс. Өрнектің пайда болуы ежелгі дәуірлерге қатысты. Ою-өрнеке ұқсас заттар палеолит кезеңінде де кездеседі, ал неолит дәуірінде ол түрлене түседіжәне әшекей элементі ретінде басым орын ала астайды. Әртүрлі элементтердің қайталану мысалдарын адам табиғатта байқаған; жануар бояуы, құстар қанаттары, өсімдіктерқұрылысы, теңіз толқындарының жүруі және т.б. Қоршаған ортадан алынған мотвтер өрнектік-айқын пішіндерді қабылдап, өзгерді. Өрнектегі мотив – оның басты түзуші элементі. Мотв бір элементтен тұратын қарапайым немесесе иілімді түрде бір бүтінге байланыстырылған бірнеше элементтерден тұратын күрделі болуы мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы өрнек тұмар мәнінде болған, қорғау сипатын иеленген. Ежелде адамдар тұрмыс заттарын, киімді, үйлерін өрнектермен безендіре отырып, ол кедейліктен қорғайды, береке мен бақыт алып келеді деп есептеген. Табиғат күштеріне сыйынып және құдайдай сеніп, адам оларға өрнекте символдық бейнелеуін тапты. Мысалы, күнмен дөңгелектер, розеткалар, ромбтар, квадраттар, кресттер және спиральдар көрген (3.29-сурет). Шеңбер ішіне салынған крест күннің аспанда айналуын білдірді. Күннің қозғалысы сонымен қатар свастиканы білдірді.
3.29 - сурет. Өрнектегі солярлық белгілер Оның ұштары белгілі бір жаққа бұрылуы мүмкін еді, ол күн жолымен немесе қарсы қозғалуды білдірді. Бұл белгі Крит, үндістан, Иран ежелгі өрнектерінде, еуропалық өрнектерде кездеседі (3.30-сурет).
3.30 - сурет. Свастика өрнек мотиві ретінде Жер символдары тура горизонталь сызықтар, ал су символдары ирек сызықтар болды. Вертикаль немесе көлбеу орналасқан ирек сызықтар жаңбырды бейнеледі; Балтық елдері оюларында жаңбыр символы сужылан бейнесі болды (3.31-сурет).
3.31 - сурет. «Жылан оюы»
Әйел фигурасының символ- бейнелері жер мен өнімділік белгісі болған.
Славян құдай пантеонында Макошь – өнімділік құдайы, әйел жұмыстарының қорғаушысы қадірленді. Кесте және мата тоқу өрнектеріндеол көбінесе жылқылар қоршауында – көбею символы бейнеленген (3.32-сурет). өнімділік символы ретінде әйел фигурасының бейнеленуі жер өңдейтін халықтарға тін. Мал өсіретін тайпаларда көбінесе үй жануарлары мен жыртқыш аңдар бейнеленеді. Мысалы, қазақ және қырғыз өрнектерінде қой мүйізінің трансформацияланған бйнесі кездеседі (3.33, а-сурет), ал Сібір елдерінде бұғы мүйзі кездеседі (3.3,б-сурет).
3.32. Макошь құдайы. Орыс кестесі Өрнектер халық шығармашылығымен тығыз байланысты. Онда адамдар өздерінің табиғатты, әлемді, өмірді, әдімілік пен бақытты түсінуін бейнелеуге тырысты. Уақыт өте өрнектердің магиялық мәні ұмытылды, бірақ өзінің декоративтілігіне байланысты ол әлі де бар. өрнектердің кейбір элементтері өнерде ғасырлар бойы сақталады.
3.33 - Қазақ оюы (а) және Солтүстік халқы оюы(б) Жоғарыда айтылғандай, өрнек тақырыбы оның мәдени фонымен тығыз байланысты,орнаментикадаөз уақытының көркемдік стилі жеткілікті толық бейнеленеді. Ежелгі Египетте өнердің бейнелік мазмұны ең алдымен дін мен фараонды құдай санаудың әсерімен анықталған. Осыдан пішіндердің қатаң канондығы, символдығы,монументалдығы, қатаңдығы және айбындылығы.
3.32 - сурет. Ежелгі Египет өрнектері Египет өрнегінің негізіне стиль берілген табиғи мотивтер енгізілген: лотос, папирус жапырақтары, доңгелек диск түрінде күн, сфинкс арыстан, жылан және т.б. өрнектерді қатаң графикалық тіл мен минимум түстер: қызыл, сары, көк ерекшелендіреді, олар кейіннен жасылға өзгереді (3.34-сурет). Ежелгі Греция өрнектері мүлдем басқа тенденцияларды сипаттайды, олардың өнері жасампаз күшке толы. Гректер әдеміліктің рационалды негіздерін табуға ұмтылды, оны қатаң реттілік пен өзара өлшемділіктің туындауы ретінде түсінген. Грек орнаментикасы өсімдік мотивтері – акант, пальма, алоэ жапырақтары бар горизонталь дәне вертикаль сызықтар комбинациясымен ерекшеленеді. Оған дұрыс және қатаң симметриялы пішіндер тән (3.35-сурет). Археологтар растағандай, гректер көп түстілікті жақсы көрген.
3.35 - сурет. Ежелгі Греция өрнектері Ежелгі Рим өнері көбінесе грек өнеріне әсіресе өрнектерде мұраға алған. Бірақ римдіктер сол мотивтерді басқаша интерпретациялайды. Акант, пальма жапырақтары көлемді гирлянда түрінде өріледі, адамдар мен жануар фигуралары әскери символикамен қатар жүреді. Рим өрнектері көлемділікпен, даңғазылық пен және кейбір қомақтылықпен ерекшеленеді. Орта ғасыр кезеңдерінде өрнектер фантастикалық, ертегілік суреттермен ерекшеленді, өсімдік және жануар мотивтеріне негізделген. Ортағасырлық өрнек символды. Табиғи мотвтер шартты және стильді түсіндіріледі. Қарапайым тура сызықты геометриялық пішіндер өрілген қисық сызықтарға ауысады (3.36-сурет). өңделген декоративтік- өрнектік құралдар арқылы Орта ғасырларда адамның ішкі дүниемі, күйі, қобалжуы берілген, бұл ежелгі өнерде болмаған.
3.36 - сурет. Орта ғасыр өрнегі Қайта өрлеу дәуірінде зайырлы гуманистік мәдениет қалыптасады, ол адамның тұлғалыққұндылығын растайды.Бұлкезеңдеөнер айқындылық пен үйлесімділікке ұмтылады. өрнектердеакант және емен, жүзім сабағы мотвтері, өсімдік шырмауықтары мен өрнектердің фонында орналасқан қызғалдақ кеңінен пайдаланылады (3.37-сурет). Сонымен қатар, адаммен бірге жануарлар мен құстарды жиі бейнелеген.
3.37 - сурет. Қайта өрлеу өрнектері Барокко стилі өрнектері жер мен аспанды, шынайылық пен фантастикалықты күрт қарама-қарсы қоя отырып, шиеленіскен контрастта құрылады, бірақ бұл барлық барокко өнерне тән. Барокко орнаментикасы алуан түрлілігі мен және пішінінің мәнерлілігімен, көлемділігімен, кереметтілігімен және салтанаттылығымен ерекшеленеді. Оған сондай-ақ, декоративтілік және динамикатән, қисық сызықты пішіндер мен асимметриябасым.
3.38 - сурет. Рококо өрнектері XVІІІ ғасырдың басында барокко стилі рококо стиліне өзгереді. өрнектер жеңіл, үлпілдек, қозғалмалы және көркемді болады. Оған ажурлы, иілген, қисық сызықты пішіндер, айқын құрастырушылықтың болмауы тән (сүйікті мотив — раковина) (3.38- сурет).
3.39 - сурет. Классикалық интерьердегі өрнек Классицизм кезеңінде XVІІІ ғ. соңында мәдениеттегі антикалық эстетика идеалдарын қайта қарау жүреді. Ою-өрнектерқайтадан тұрақтылық пен байсалдылыққа, бөлшектеу айқындылығы және нақтылығына иеленеді, ол негізінен, түзусызықтан, квадраттан, тіктөртбұрыштан, дөңгелек пен овалдан тұрады, колорит бойынша ұстамды болады (3.39-сурет). XІXғ.басында классицизсм үстемділігі ампир стилімен (франц. empіre — империя) аяқталады, ол өз көркемдік идеалдарын грек архаикасы мен императорлық Римнен алады. Ампир өрнектеулеріне қатаңдық, сұлбалық, суықтық, салтанаттылық және маңғаздық тән, ал мотивтер реніде батыр саймандары мен лавр гүлдестесі қолданылады. Тән түс үйлесімдері: алқызыл мен қара, жасыл мен қызыл, көк пен ашық сары, ақ пен алтын. Демек,әрбір кезең өрнектері қоғаммен, сәулетпен, декоративті өнер мен рухани байланысты айқындайды., дәуір эстетикасын көрсетеді. Өрнек өнерімен танысу өрнек мотивтерін құруды және өректерді құрудың композициялық сұлбаларын жасауды қарастырады. Қолданылатын мотивтер сипатына байланысты өрнектердің келесі түрлерін ажыратады: Геометриялық өрнек дұрыс геометриялық пішіндер болып табылады: түзу және иілген сызықтар, квадраттар,тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, дөңгелектер, овал және т.б. Геометриялық элементтерден алынған мотивтердің көбі әртүрл үйлесімде өз атаулары бар: жұлдызша, розетта, айқаршы, зигзаг, өрме, меандр және т.б. (3.40-сурет).
3.33 - сурет. Геометриялық өрнек мотивтері Өсімдік өрнегі — геометриялық өрнектерден кейін кең тараған өрнектертердің бірі. Оның мотивтері – өсімдіктердің стильді бейнелері: гүлдер, жапырақтар, жемістер, сабақтар және т.б. өсімдік өрнегінің табиғи пішіндерді бейнелеу тұрғысынан үлкен мүмкіндіктері бар, олар стильденіп қана қоймай, сонымен қатар шынайы, көлемді болып көрінуі мүмкін (3.41- сурет).
3.41 - сурет. Өсімдік өрнектері Зооморфтық өрнек шынайы және фантастикалықжануарлардың фигуралары немесе фигуралар бөлігі «басы, табаны және т.б.) (3.42-сурет).
3.42 - сурет. Зооморфты өрнек мотиві Орнитоморфтық өрнек — частный зооморфты өрнектің жеке түрі. Оның мотвтері құстар бейнесі және оның қанаттарының элементтері болып табылады. Бұл өрнек көптеген елдерде кең тараған және терең діни-символдық мәнге ие (3.43-сурет).
3.43 - сурет. Орнитоморфтық өрнек мысалы Антропоморфтық өрнек еркек және әйел фигуралаыны немесе жеке адам денесі элементтерінен құралған композиция болып табылады (3.44- сурет). Декоративтік өрнекте адам көбіне Бүкіл әлем символы түрінде бейнеленеді, ал дененің әрбір бөлігі сәйкес бөлігімен универсум бөлігі болып табылады: бас – аспан, іш – теңіз, аяқтар – жер және т.б.
3.44 - сурет. Антропоморфты өрнектер Терталогиялық өрнек – өрнектің ең құпиялы және қызықты жанры. Оның мотивтері адам қиялымен туындаған ойлап табылған кейіпкерлер болып табылады. Бұл фантастикалық тіршілік иелерінде бір мезгілд жануар және адам белгісі болуы мүмкін. Мысалы, су перісі – әйел-балық, кентавр – жартылай адам-жартылай ат, сирена – әйел басымен құс және т.б. Тератологиялық өрнектер мотивтері 3.45-суретте келтірілген.
3.45 -сурет. Тератологиялық мотивтер
3.46 - сурет. Каллиграфиялық өрнек Каллиграфиялық өрнек жеке иілімді суреті мен ырғағы бойынша айқын әріптерден немесе мәтін элементтерінен құралады. Калиграфия өнері Қытай, Жапония сияқты елдерде, бірқатар араб елдерінде аса толығырақ дамыған, белгілі бір мағынада бейнелеу өнерін өзгерткен. Каллиграфиялық мотивтер көбінесе геометриялықжәнеөсімдік элементтерімен күрделі үйлесімдде жүреді (3.46-сурет). Геральдиялық өрнек – мотивтер ретінде белгілер, эмблемалар, елтаңба, әскери қару-жарақ – қалқандар, қару, ту болатын өрнектер. Астральдық өрнек — негізгі мотивтер ретінде жұлдыздарды, бұлтты, күнді, айды қолданады. Пейзаждық өрнек — декоративті өңделген табиғи пейзаж бейнелері. Әсіресе Жапония мен Қытайда тоқыма бұйымдарында жиі қолданылады. Құрама өрнекжоғарыда сипатталған мотивтердің алуан түрлі үйлесімі болып табылады және өрнектік композицияның кең тараған түрі болып табылады . Өрнек композициялық құрылымның ең реттелген түрі болыр табылады. Ол үйлесімділікжәнепропорция заңдылықтарына бағынады, онда барлық симметрия түрлерін байқауға болады. Кез-келген өрнек композициясының бастамасы ырғақ болып табылады. Ол өспелі немесе азаятын болуы мүмкін. өрнекте мотивтердің, олардың көлбеуленуінің, кеңістіктік бұрылуынын, арасындағы бос орындар мен басқа да элементтерінің ырғақты қайталануыөрнектің маңызды сипаттамасы болып табылады. Өрнек суретінің қайталанатын мотиві раппорт (франц. rapport — қайтып келу) деп аталады. Вертикаль және горизонталь бойынша раппорттың қайталануы (мысалы матада) раппорттық тор құрайды. Композициялық сұлбалардың пішіні бойынша өрнектердің келесі типтерін ажыратуға болады: Таспалы өрнек – бұл бір бағытта дами отырып, раппорт көп рет қайталанатын өрнек. Таспалы өрнекте мотивтер түзу сызық бойымен орналасуы мүмкін, ондай өрнек жолақтық деп аталады. Кейбір жағдайларда раппорт қисық контур бойынша қайталанады, бұл кезде ол жиектеме деп аталады. Сәулетте, декоративтік-қолданбалыөнерде көбінесе горизонтальды күй кең тараған. Оның композициясының әртүрлі симметрия түрлері салынған. 3.47-суретте өрнектік жолақтардың құрылымы келтірілген (фриз, бордюр, жиектеме), симметрия заңдары бойынша ою түзілудің жеті әдістерін көрсетеді:
3.47 - сурет. Таспалы өрнектерді құру сұлбасы
І – элементтерді тасымалдау өсі4 бойынша тасымалдау, біртекті орналасу;
ІІ – жылжымалы бейнеде өстің екі жағынан элементтердің орналасуы;
ІІІ – тасымалдау өсінің басқа жағына бағытын өзгертіп, негізгі элементтердің тасымалдау өсі бойымен қозғалуы; ІV –тасымалдау –өсінің бір жағына орналасатынэлементтердің симметриялық негізі Бұндай композициялық құрылымдар элементтердің өзгеруіне байланысты көп болуы мүмкін. Тұйық өрнек – мотивтері шеңбер, квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш және т.б. ішінде орналасатын өрнек.
______________________________ 4Тасымалдау өсі — мотив элементтері соған қатысты орналасатын өрнекті жолақ бойымен өтетін шартты өс. Олар тікелей өсте немесе екі жағынан әртүрлі нұсқада орналасуы мүмкін, тасымалдау өсі жолақтың симметрия өсімен сәйкес келуі мүмкін.
_________________________________________ Орталық-өстік симметрия заңына негізделген өрнек, раппорт композицияның орталық өсі бойымен айналған кезде, орталық өрнек деп аталады. Бұндай өрнекте мотивтер шеңбермен шектелген барлық бетті толтырып, орталықтан сәулелер бойынша тарайды. Және өс айналғанда толық орын басады. Бұндай өрнекке тән мысал – розетта немесе розетка, ол готикалық өнерде кең тараған (3.48- сурет).
3.48 - сурет. Орталық өрнектер түрлері Торлы өрнек–раппорт барлық декоративтік бетте вертикаль және горизонталь бойымен дамып толтыратын өрнек. Бұндай раппорттық тор ұяшықтары әртүрлі пішінді болуы мүмкін: квадрат, тіктөртбұрыш, дұрыс үшбұрыш және т.б. Бұл өрнек түрі қабырғаларды, едендерді, төбелерді өрнектеу үшін сәулетте; кстюм мен мата өндірісінде қолданылады (3.49- сурет). Торлы өрнектерді көбіне раппорттық композициялар деп атайды.;
3.49 - сурет. Торлы өрнектер түрлері
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 6. Табиғи пішіндердің трансформациясы өсімдік пішіндерінің
Табиғатпен түйісуде адам сұлулықты,үйлесімдіжәне жетілгендікті таниды. өсімдік және жануар әлемі және өлі табиғат – ежелден бастап, әлі күнге дейін адам шығармашылығы үшін таусылмайтын шабыт көзі. Өрнек композициялары әдетте табиғи пішіндердің трансформациялануы негізінде құрылады. Трансформация – өзгеру, түрлену, бұл жағдайда табиғи пішіндерді декоративтік өңдеу, белгілі бір тәсіл көмегімен ныманның маңызды белгілерін айқындау және жалпылау. Декоративтік өңдеу тәсілдері келесідентұрады: нысандарды біртіндеп жинақтау, бөлшектерді қосу, абристі өзгерту, нысанды ою-өрнекпен қанықтыру, көлемдік түрінжазықтық түріне айналдыру, оның құрылымын жеңілдету немесе күрделендіру, оның өзгеше тұрғыда көрсету, силуэтті бөліп көрсету, шынайы түстерді өзгерті,бір мотивтің әр түрлі түстік шешімі және т. б. Табиғи пішіндерді трансформациялау алғы шарты натурадан алынған суреттемелер болу керек, өйткені шынайы бейнедекоративтік шешімдер таңдауға суретшінің шығармашылық қиялы итермелейді. Табиғимотивткр қалай ұғындырылса да, — шынайы немесе символды— суретші міндеті ешқашан қарапайым безендірумен шектелмейді. Әрбір композиция пішінді және безендірілетінзаттың тағайындалуынайқындап, оны бөліп көрсету керек және мүмкіндігінше суретшінің жеке күйзелістерін беру керек.
Өсімдік пішіндерінің трансформациясы
Өсімдік мотивтері ежелден өрнекте, әсіресе тоқыма өндірісінде басты орын алады. өсімдік әлемі өзінің пішіні мен түс үйлесімі бойынша соншалықты ауан түрлі болғандықтан, әрқашан адамның қызығушылығын тудырға, және оны декоративтік-қолданбалы өнер бұйымдарында бейнелеуге тырысқан. Шынайы пішінді өрнек мотивіне трансформациялау үшін алдымен көркемдік айқындық бойынша иілімді бейнесі бойынша табу керек. Нықтысында шынайылықты кез-келген түрлендіру жаңа эстетикалық критерийлерді айқындау мақсатында жүргізіледі. Қоршаған орта көбімен ырғақты, өрнекті. Бұны сабақтағы жапырақтардың орналасуын, жапырақ та өскіндердің орналасуын, көшіп бара жатқан бұлтты, ағаш діңін және т,б, бақылай отырып анықтауға болады. Бақыланатын мотивттің иілімді пішініндегі ең ерекшесін айқындап, элементтің табиғи өрнектегі заңдылықты байланысын орната алу керек. Мотивтердің, сонымен қатар әрбір мотив ішіндегі элементтердің әртүрлі ырғақты қозғалыстарына байланысты суретші бір мотивті екінші мотивтен ажырата алады. Мысалға 3.50-суретте өсімдіктер шынайы өсімдіктердің абсолютті көшірмесіболып табылмайды, сонда да дәл олардың бейнесін бейнелейді. Суретші ең бастысын, ең ерекшелігін айқындауға ұмтылып, өсімдік пішіндерін жалпылау жолымен жүреді. Бұл суреттерде жеке мотивтердің (сабақ, гүлдері) және оның элементтерінің (жапырақ, гүл жапырағы) ырғақты кезектесіп орналасуын және екеуінің арасындағы интервалдарды байқамауға болмайды.
3.50 - сурет. Натурадан салынған өсімдік суреттемелері Өрнектілігі туралы айтқанда, мотивтердің иілімді пішіні, осы пішінді беретін сызықтардың айқындығы мен сұлулығы туралы ұмытпаған жөн. Пішінді жалпылай отырып, әрқашан майда бөлшектерден бас тареуға болмайды, себебі олар силуэтке көбірек декоративтілік пен айқындық береді. Табиғаттың кез-келген мотивінде өрнекті көру, сезіну, мотив эоементтерінің ырғақты орналасуын аша алу және бейнелеу, олардың пішінін айқын ұғындыру – бұның барлығы жарқын өрнектік бейне құру үшін шарттар болып табылады. Өсімдік пішінін декоративтік өңдеу барысында сызық, дақ, нүкте және түс сияқты көркемдік айқындық құралдары үлкен рөл атқарады. Графикалық құралдар өсімдік мотивтерінің трансформациясын түсіндіру мүмкін, ал кей жағдайда сипатын алдын ала анықтау мүмкін. Декоративтік жұмыста сызықтық суретке ерекше рөл берілген, себебі сызық иілімді пішіннің барлық нюанстарын, бір элементтердің басқа элементтерге ауысу ерекшеліктерін, осы элементтердің ырғақты қозғалуын аса өткір бейнелейді. Бірақ сызықтық графикалық тілдің біршама ұстамдылығы суреттердің құрғақтығына және сұлбалануына алып келуі мүмкін. Сондықтан натураны зерттеу керек, пішіннің иілімді пішіндерін жақсырақ зерделеуге мүмкіндік беретін натурадан сурет салуды көбірек орындау керек. Бір нысаннан әртүрлі тұрғыдан және әртүрлі ракурста суреттеме сериясын жасау керек.
Модельді сызықтық бейнелеу кезінде үш шешім болады:
- Бірдей қалыңдықты жіңішке сызықтарды қолдану (кішігірім масштабтымотивтер орнаментикасында);
- Бірдей қалыңдықты жуан сызықтарды қолдану ( егер суретке белсенділік, кедергілік, монументалдық беру қажет болса);
- Әртүрлі қалыңдықты сызықтарды қолдану. Суреттің бұндай шешімі үлкен бейнелей және айқындық мүмкіндіктеріне ие, бірақ сонымен қатар біршама қиын болып табылады. Бүтіндікке жету үшін бірдей қалыңдықты сызықтар қосылу керек, суретте белгілі бір өрнек түзу керек, ол басқа қалыңдықты өрнекке қарама- қайшы тұру қажет.
Нақтырақ айтқанда бұл әртүрлі қалыңдықты сызықтардан жасалған композиция болу керек (3.51-сурет).
3.51 - сурет. Мотивтердің линеарлық шешімі
3.52 - сурет. Өсімдік өрнекті мата Мотивтердің дақ арқылы орындау пішіндерді максималды силуэтттің жалпылауға ықпал етеді. Бұл ақ фон үстіндегі қара силуэт жәәне қара фон үстіндегі ақ силуэт болуы мүмкін. Дақтың көркемдік тілі қатаң және жинақы. Бірақ дақ сонымен қатар шексіз алуан түрлі күйлерді айқындауы мүмкін. Жазықтыққа ұмтылатын матаны безендіру өнері мата суретінің дақ-графикалық шешіміне бірнеше мысалдар келтіреді ( 3.52-сурет). Өсімдік мотивтерін сызықтық- дақтық орындау кеңірек қолданылады (3.53-сурет). Бқл жағдайда дақ пен сызықтың қатарлы композициясын ұйымдастыру маңызды. Дақтарды өздігінен, ырғағы бойынша және силуэті бойынша қызықты бірыңғай өрнекке құрылымдау қажет. Сонымен қатар ырғақты орналасқан дақтарды логикалы және үйлесімді түде сызықтармен байланыстыру қажет, олар бірігіп бүтін графикалық бейне құру қажет. Дақ мотивтің сызықтық шешімінің астына төсеме ретінде болуы да мүмкін.
3.53 - сурет. Настурция. Сызықтық- дақтық орындау 3.54 - суретте ағаштардың әртүрлі графикалық интерпретациясы келтірілген. Бірінші нұсқада (3.54,а- сурет) ағаш діңгегі оған тән иілімдерімен шынайылыққа жақын орындалған. Төбесі, керісінше шарттырақ,декоративті интерпретацияланған. Екінші нұсқада (3.54, б-сурет) суретшінің қиялына байланысты ағаштың шынайы пішіні қызықтыөрнектікбейнеге түрлендіріледі.
3.54 - сурет. Ағаш. өрнектік-графикалық шешім 3.55 - суретте өсімдік мотивтерін трансформациялау мысалдары келтірілген: сызықтық, дақ және сызықтық-дақтық пішінді орындау.
3.55 - сурет. Өсімдік пішінінің трасформациясы. Оқушы жұмысы Өсімдік пішіндерінің өрнек мотивтеріне трансформациялану ерекшеліктерін қарастыра отырып, табиғи мотивтердің түсі мен колориті де көркемдік түрлендірілетінін, ал кейдетүбегейліқайта қарастырылатынын ескеру керек. Әрқашан да өсімдіктің табиғи түсі өрнек композициясында қолданылмауы мүмкін. өсімдік мотиві шартты түсте, алдын ала таңдалған колоритте, тектес немесе тектес-контрасттық түстер үйлесімігде орындалуы мүмкін.
Осы жағдайда ол декоративтік шарттылыққа иеленеді.
Жануар әлемі пішіндерінің өрнек мотивтеріне трансформациялануы
Натурадан қарап жануарлар суретін салу мен олардың пішінін трансформациялау үдерісінің өз ерекшеліктері бар. Осыоқулықтың І тарауында біз натурадан қарап жануарлар нобайынсалуды қарастырдық және бұл жағдайда маңызды жағдай есте сақтаған бойынша және елестету бойынша салу дағдыларынмеңгеруболып табылатынын анықтадық. Пішінін көшірмей, оны зерттеу керек, ерекше белгілерін есте сақтау керек, содан кейін жалпыллама оларды есте сақталғаны бойынша суретін салу керек. Мысалға 3.56-суреттегі сызықпен орындалған құстар суретін келтіруге алады.
3.56 - сурет Есте сақталған бойынша құс суретін салу Жануар мотивтерін иілімді қайта қарастыру заты тек жанур фигурасы ғана емес, сонымен қатар әртүрллі жамылғы фактурасы бола алады. Зерттелетін нысан бетінің өрнектік құрылымын айқындауға үйрену, он анық емес көрінген жерде де оны сезіну керек. Бейнелеу өнеріне қарағанда декоративтік-қолданбалы өнерде типтік белгісін айқындау басқаша жүреді. Нақты жеке бейне белгілері орнаментикада көбіне өз мағынасын жоғалтады, ол артық болады. Яғни, белгілі бір құс немесе аң жалпы құс немесе аң сияқты болып көрінеді. Декоративтік жұмыс барысында табиғи пішін шартты декоративтік мағынаға иеленеді; бұл көбіне пропорциялардыңбұзылуына байланысты (нақты тұрде бұл бұзылу рұқсат етілетінін түсіну керек).
3.57 - сурет. Тауыс. Декоративтік- графикалық шешім Табиғи пішіндерді түрендіруде бейнелік бастама маңызды орын алады. Оның нәтижесінде жануар әлемі мотиві кейде ертегілік, фантастикалық белгілерін иеленеді (3.57-сурет). Табиғи пішіндерді трансформациялау үдерісінде апликациялық әдіс (боялған немесе түрлі-түсті қағазды қолданып) кең тараған. Бұл әдіс өздігінен пішіндерді жалпылаумен геометризациялаудың үлкен дәрежесін қарастырады.
3.57 - сурет. Күркетауық. Нобай және апликациялық шешім Алдымен натурадан өте діл, сыртқы бейнесі, нысанның иілімділігі бар және оның табиғи өрнектелу элементтері беріліп, суреті салынады. Содан соң апликациялық әдіспен жалпылама және декоративтік бейнелеу орындалады, ол мотив элементтерінің геометриялық пішіндерге келтіріледі (3.58-сурет).
3.58 - сурет. Жануар пішіні трансформациясы (мысық пен леопард). Оқушы жұмысы Апликациялық әдіспен қатар, басқа, таза графикалық жалпылау әдісі қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда жалпы барлық пішіні, сонымен қатар жеке бөлшектері графикалық жазық орындалады. Пішінді кеңістіктік сипаттамасы ішінара немесе толық жазықтықтық сипаттамамен алмастырылады. Бұнда сонымен қатар сызық және дақ сияқты айқындау құралдары қолданылады (3.59-сурет).
Яғни,табиғи пішіндерді трансформациялау үдерісін екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде наттурадан сурет салуорындалады, онда дәл, ықшамды графикалық тілмен табиғи пішінніңөзіне тән ерекшеліктері мен оның фактуралық өрнектелуін кеөрсетеді. Екінші кезең – тікелей шығармашылық үдеріс. Суретші бастапқы көзі ретінде шынайы нысанды алады, қиялдап, оны өрнектеу өнерінің әдемілігі заңдылықтары бойынша бейнеге айналдырады. Жануарлардың пішінін трансформациялауөсімдіктердің пішінін трансформациялау сияқты. Бұл аса маңызды сипаттамаларды таңдау, жеке элементтерін гиперболизация және қосалқы элементтерден бас тарту, нысанның иілімді пішіні мен сыртқы және ішкі өрнектік құрылымын үйлесімгекелтіріпөрнектік құрылыстың бірлігіне жету. Осы параграфта қарастырылғвн табиғи пішіндерді трансформациялау қағидалары трансформация үдерісінде ең маңыздысы, кейде ең бастысы айқын бейнені құру болып табылады деп қорытындылауға болады. Тоқыма өрнегімен жұмыс істеу кезінде пішіннің кеңістіктілігінен бас тарту керек және оны артық бөлшектеумен айналыспау керек. Негізінен пішіннің жазықтықтық шешіміне, жалпылауға, стиль беруге және бейнелеу құралдарын қықартуға көңіл бөлу керек. Табиғи пішіндердің трансформациясыөрнек композицияларында ғана емес, сонымен қатар костим бейнесін (театрлік, маскарадтық және басқа) құруда қолданылуы мүмкін . Бұл жерде костюм пішінінің кеңістіктің дамуын ескеру ерек, себебі ол адам денесініңпішініменжәне пропорцияларыменорганикалы байланысқан.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Табиғи пішіндерді трансформациялау неге негізделген? 2. Табиғи мотивтерді графикалық орындау түрлері туралы айтыңыз. 3. Табиғимотивтерді трансформациялау кезінде түсті қалай түрлендіруге болады? 4. Өсімдік мотивтерімен жануарларды(құстар,аңдар, бунақденелер және т.б.) натурадан, сонымен қатар есте сақталған бойынша салынған суеттер негізінде өсімдік немесе жануар пішінін декоративті түрге трансформациялауды орындаңыз. Әрбір мотивті сызықтық, дақ-графикалық және сызықтық-дақтық орындауында орындаңыз.
§ 7. Декоративтік монокомпозицияны құру қағидалары
Өрнектіккомпозициялар қайталанатын раппорттардан тұрады, оларды бір немесе екі бағытта, сонымен өатарй орталық нүкте арқылы айналдыру арқылы дамытуға болады. Торлы және таспалы өрнектерде элементтердің кезектесіп орналасуы бір қағида бойынша қажетті рет, тек өрнек еті өлшемдерімен шектеліа жалғасуы мүмкін.
Монокомпозициядекоративтік өнерде басқаша салынады.
Монокомпозиция – мотивтердің қайталануы мен заңды метрлік кезектесуі болмайтын, бейнелеу қатарының ұйымдастырылуы. Оның өзінің заңдылықтары мен нақты қағидалары бар.
Монокомпозицияның басты ерекшеліктерін келесі түрде қалыптастыруға болады:
- монокомпозиция әрқшан нақты тұйықталған,белгіленген параметрлермен нақты шектелген жазықтықтақұрылады.
- элементтерменмотивтер тұйықталған композициялық құрылым шекаралары бұзылмайтындай етін ұйымдастырылуы қажет; бірақ сонымен қатар бұл шектеулік нақты айқын емес, тек көрерменмен табылатындай болу керек.
Монокомпозицияға мысал авторлық дара тоқыма өнімдері: гобелендер, кілемдер,панно,орамалдар, дастарқандар, майлықтар және т.б. болуы мүмкін, олардың әрқайсысы жеке суретті бейнелегендей болады. Костюмді де монокомпозиция ретінде қарастыруға болады. Күрделі көп элементті монокомпозициялар да мотивтерді басты (активті) және туынды (пассивті) деп бөлуге болады. Композицияның жалпы иілімдік құрылысын активті элементтердің орналасуы мен ырғақты ұйымдастырылуы анықтайды. Егер әсіресе активті өрнек мотивтерін жазықтық шекараларына жақынорналастырса,онда монокомпозицияны тұйық құрылым ретінде қабылдау бұзылуы мүмкін. Сондықтан активті элементтерлі орталығына қарай орналастырған жөн, ал шетіне қарай пассивті элементтерді орналастыру керек немесе бос қалдыру керек. Тұйық құрылымды ұйымдастыруда оның декоративтік элементтерінің силуэттер сипаты маңызды рөл атқарады. Силует көзбен жақсы қабылдануы үшін, оның пішінің қарапайым геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, үшбұрыш, овал және т.б.) немесе соған жақын фигура болу керек. Күрделі монокомпозицияны құру кезінде жазықтықты көзбен шолып қабылдау заңдылықтарын екеру қажет. Бұл заңдылықтарға сәйке жазықтықтың активті және пассивті бөліктері бар. Жазықтықтың орталық бөлігі активті болып саналады. Көз алдымен осы бөлікті және сәйкесінше сол жердегі суреттерді қабылдайды. Сондықтан, композициялық орталықты орталық бөлігінде немесе сол жерге салыстырмалыжақынжерге орналастыру қажет.
Монокомпозиция шешімдерінің негізгі кезеңдері мыналар болып саналады:
- берілген жазықтықта құрылымды жинақтау (барлық мотивтердің жалпы силуетін);
- бейнелеу жазықтығын бөліктерге бөлшектеу (активті және пассивті);
- жазықтықта элементтерді , ең алдымен активті элементтерді ырғақты орналастыру;
- композициялық орталықты – доминантаны құру.
Жазықтықта монокомпозицияның бөліктері мен элементтерін бөлу кезіндегі маңызды сәт оныі тұрақтылығын, көзбен шолған кездегі тепе-теңдігін қамтамаз ету болып табылады. Монокомпозицияның барлық элементтерін әрқайсысы трақты күйде болатындай орналастырылуы қажет. Элементтер пішіні, олардың қозғалу бғыты, түстердің жазықтықта ұйымдастырылуы мен орналасуы бір бірін өзара негіздеу керек, визуалдық теңгеру керек. Адам көзі жазықтықта фигураның шынайы орналасуын оның силуэті ғана емес, көзбен шолатын ауырлық орталығы бойынша анықтайтынын ескерген жөн. Бұл жағдада фактура мен түс аса маңызды. Активті және пассивті түстер мен фактуралар бар, активтілері ауыр қабылданады, ал тяжелые, а пассивные — как легкиеал пассивті жеңіл қабылданады. Фигураның «салмағы» фигура мен фон арасындағы контрастты, түс және реңкті күшейту кезінде жоғарылайды. Яғни, фигура мен фон арасындағы контраст жоғары болған сайын, фигура өлшемі кіші болу керек, сонда оның жазықтықта тұрақты орналасуына қол жеткізуге болады.
1. -сурет. Жазықтықты бөлшектеу нұсқалары Монокомпозицияда тепе-теңдіктің келесі нұсқаларын ажыратады: статикалық тепе-теңдік – жазықтықта вертикаль және горизонталь өстеріне қатысты фигураның симметриялы бағдарлануы және фигураның симметриялыпішінікезінде туындалады; динамикалық тепе-теңдік – жазықтықтафигуралардың ассиметриялы орналасуында, яғни, фигуралар оңға немесе солға, жоғары немесе төмен ығысқан кезде туындалады.
3.61 - сурет. Композицияның статикалық тепе-теңдігі
Композицияда статикалық тепе- теңдіктің үш нұсқасы бар (3.61-сурет):
- фигуралар композициялық жазықтық орталығына бағдарланған (а,б,в);
- фигуралар жазықтықтың жоғары жағына ығысқан (г,е);
- фигуралар жазықтықтың төменгі жағында орналасқан (5).
Жазықтықта фигураның тепе-теңдігі фигураның өзі мен ол орналасқан жазықтықтың өлшемдерінің ара қатынасына тәуелді. Динамикалық тепе-теңдік іртүрлі бағытталған күштердің өзара әрекеті ретінде сипатталған. Қозғалыстың ір бағыты қарама-қарсы бағытпенн теңеседі. Бір элементтердің ірі өлшемдері мысалы,басқалардың ашық, ұсақтау түсімен теңгерілуі мүмкін (3.62-сурет).
3.62 - сурет. Динамикалық тепе-теңдік мысалы Монокомпозиция шешімінде жазықтықты бөліктерге бөлуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл көбіне басқа айқын монокомпозиция құралдарымен бірге қолданылады,сонымен қатар тепе- теңдіктің белгілі бір түрін орнату үшін көмектеседі. Жазықтықты бөліктерге бөлшектеу осы бөліктер арасында әртүрлі қатынастар орнатуды қарастырады. Бір жағдайда бөліктер бірдей, Бұндай бөлшектеу статикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді (3.63, а- сурет). Екінші жағдайда бөлшектен негізінде теңсіздік, жазықтық бөліктерінің қарама қайшылығы жатады, бұл жағдайда динамиканың құрылуына ықпал етеді (3.63,в,г,д- сурет).
3.63 - суете. Жазықтықты бөлшектеу нұсқалары Композициялық жазықтық бөліктергесызықтар,түстер, фактураның әртүрлілігімен бөлінуі мүмкін. Бөлшектеу бір немесе бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін. Жазықтық бөліктерше түзу сызықтар арқылы (вертикаль, горизонталь, көлбеу;параллельнемессе қиылысатын) бөлінген кезде, бұл сызықтар мен олар арқылы шектелген аудандардың визуалдық тепе-теңдігіне жету салыстырмалы оңай. Егер жазықтықты бөлу қисық сызық арқылы жүргізілсе параболалық, спираль), онда шамасы бойынша әртүрлі, сондай-ақ сол қисықтардың шиеленістігі мен динамикасына байланысты біршама айқын бағыттық шиеленістігі бар жерлер түзіледі. Бұл жағдайда бөліктердің, бөлшектелген жазықтықтың, пропорционалдық қатынасы, сонымен қатар сызықтар пішінінің үйлесімінің мәні арта түседі. Сонымен қатар маңыздысы қисық сызықтарды өзара және жазықтықтың түзу сызықты шекараларымен табысты қосу болып табылады. Ендімотивтердіырғақты ұйымдастыруға тоқталайық. Бұл жарқын айқын монокомпозиция құралы пішін, өлшем, бұрылыс, арасындағы қашықтықсияқтымотивтер параметрлерін анықтайды. Егер мотивтер арасындағы қатынас бірдейлік пен симметрияға негізделсе – бұл статикалық композиция. Егер мотивтер арасындағы қатынас аз дегенде бір параметрлің контрастына негізделсе – бұл динамикалық композиция.
3.64 - сурет. Динамикалық композицияда мотивтерді ырғақты орналастыру Динамикалық композицияда мотивтердің өзара қатынасын ұйымдастырусұлбаларын қарастырайық:
- барлық мотивтердің бірдей пішіні, өлшемі және бұрылу бұрышы бар, динамика элементтер арасындағы әртүрлі қашықтық есебінен құрылады, яғни бір жерде олардың шоғырлануы, бір жерінде сиреуі жүзеге асырылады; бұл жағдайда осы топтар арасындағы тепе-теңдікке жету керек (3.64,а-сурет);
- мотивтерөлшемдерімен ерекшеленеді және бір бірінен әртүрлі қашықтықта орналасқан; бұл жағдайда элементтердің көзбен шолғанда теңестірілуіне қол жеткізу керек (3.64,б- сурет);
- динамика мотивтердің өлшемдері, бұрылу бұрышы, түсі (тональділігі) әртүрлі және әртүрлі қашықтықта орналасады; бұндай композицияда түс және тональдік қатынастарды теңгеру қажет (3.64,в-сурет).
Монокомпозицияны құру кезінде композициялық орталықты немесе доминантаныұйымдастыру маңызды орын алады. Композицияда мағынаны алып жүретін элементтер басты болуы керек. Доминанта бр немесе бірнеше мотивтермен, бір нүктемен немесе ауданы бойынша үлкен ауданмен көрсетілуі мүмкін; кейде бос кеңістік доминанта қызметін атқаруы мүмкін (композициялық іркіліс деп аталады).
3.65 - сурет. Монокомпозицияда доминантаны бөліп көрсету
Монокомпозицияда доминантаны ұйымдастыудың бірнеше мысалық қарастырайық:
- жазықтықтың бір жерінде жеткілікті тынық және басқа жерінде олардың салыстырмалы біртекті таралуы бойынша бірнеше элементтерді шоғырландыру, топтау арқылы бөліп көрсетіледі (3.65,а-сурет).
- пішіні мен өлшемі бірдей элементтер болғанда, түс арқылы көліп көрсетіледі (3.65, б-сурет);
- доминанта басқа элементтердің пішінінен ерекше пішінмен бөліп көрсетіледі (3.65,в-сурет);
- доминанта басқа элементтердің өлшемдеріменбелгіленетін ұлғайтылған өлшемі арқылы бөліп көрсетіледі (3.65, г-сурет).
Жазықты визуалды қабылдау заңдары бойынша доминанта жазықтықтың белсенді орталық бөлігінде орналасады. Сюжеттік мазмұны бар композицияларда композициялық орталық декоративтік үндесіумен қатар мәнге иеленеді, бұл оның қабылдануын күшейте түседі. Моно композициямен жұмыс істегенде суретшінің мақсаты әртүрлі қозғалыстардың өзара қатынасы үйлесіміне, оның бүтін қабылдануын қамтамасыз ететін бастық және қосалқы элементтері арасындағы тепе-теңдікке жету болып табылады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
ІV ТАРАУ
АҚ-ҚАРА ГРАФИКА
§ 1. Ақ-қара графиканың бейнелеу тілі
Алдыңғы бөлімдердің материалдары перспектива, жарық - көлеңке заңдарына мен анатомияға негізделіп, шынайы форманы бейнелеуді үйретеді. Бұл бөлім өзінің тапсырмасы ретінде ақ-қара графиканың тәсілдерімен шынайыпішіндердісәндікке түрлендірудің білімі мен тәжірибелік дағдыларын алуды алдыға қояды. Графикалық қағидалар суретші- шебер қызметінің барлық облысын қамтиды. Оның қызметінің саласы заманауи өнеркәсіптік өндірісте дизайн саласына жатады. Графика тілін білу суретшінің жұмысында мата бойынша және костюмдер бойынша жұмыста қажет. Тоқыма машиналарымен өндірілетін ою-өрнектер баспа графикасы шығармаларына жақын. Киім үлгілерінің эскиздері, сонымен бірге әдетте графикалық тәсілдермен орындалады. Сондықтан, жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтін суретші, бейнелеу мәнерін, техникасы мен жұмыс тәсілдерінің графикалық әдістерін жетік білуі керек. Ақ-қара графиканың арнайы ерекшеліктерінің бірі оның тілінің шарттылығы, бейнелердің дерексіздігі мен абстрактілігі болып табылады. Алайда графика қоршаған әлемнің шынайы бейнелерін жүзеге асырады. Ақ-қара бейнелер бізде, кескіндеме, мүсін шығармалары сияқты да әр түрлі эмоцияларды туғызуы мүмкін. Ақ-қара графиканың негіздерін үйрену сәндік- бейнелеу ойлауын дамыту үшін үлкен мәнге ие, бұл оқушыларға олардың шығармашылығында бір жаңа сатыға көтерілуге міндетті түрде көмектеседі.
Айқындық құралдар түрлері
Матаны безендіру үшін графикалық шығарма мен дайындық сызбасы бірдей мәнерлеу құралдарымен құрылады. Бұл, біріншіден, бейнелеу тілінің негізгі элементтері (сызық, штрих, нүкте, дақ); екіншіден, олардың тұтас композицияға айналдырудың тәсілі; үшіншіден, қосымша мәнерлеу эффектісін беретін, өзінің өзіндік құрылымына ие, фон бетінің қасиеттері. Графиканың бейнелеу тілінің негізгі элементтеріне бізге І бөлім бойынша таныс сызық, штрих, дақ пен нүкте жатады. Осы элементтермен сәйкес барлық графикалық бейнелерді төрт топқа бөлуге болады:
Сонымен бірге он бір аралас техниканы белгілейді:
Әрине, мұндай бөлінулер шартты, өйткені бейнелеу шығармасын қандай да бір қоршаулармен шектеу қиын. Әр графикалық шығарма өзінде әр түрлі пропорцияда бейнелеудің барлық элементтерін қамтыуы мүмкін. Жазықтықта графиканың элементтерін ұйымдастыру – бұл композицияның тапсырмасы. Графикалық композицияны құрудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:
- тұтастық,
- симметрия / асимметрия, ырғақ,
- пластика.
Осы қағидалар бойынша сонымен қатар қондырғылы және сәндік композициялар құрылады. Олардың үшеуімен біз ІІІ бөлімде таныстық. Енді пластикаға нақтырақ тоқталайық. Пластикатерминінөнер шығармаларында көлемді пішінді мүсіндеу мәнерлілігі ретінде талқылау жалпыға таныс. Алайда бүгін бұл терминайтарлықтайкеңінен талқыланады. Ою-өрнек композициясында пластика деп пішіннің бір элементтері басқасына бірқалыпты көшуі ретінде түсіну қалыптасқан. Пластиканың заңдары ырғақ заңдарына жақын, бірақ айырмашылықтары да бар. Ырғақ қозғалыстары үшін (тіксызықтық және қисықсызықтық) элементтерді бір бірінен кейбір қашықтықта табу тән болып табылады. Пластикалық қозғалыстарда (тіксызықтық және қисықсызықтық) форма элементтері біріккен. Бір формалардың екіншісіне өтуі бірқалыпты, баяулап, жылдамдатып, импульспен және т.б. болуы мүмкін, бірақ бұл үрдіс үздіксіз. Графикалық пластика барлық композицияда немесе қандай да бір бөлігінде графика элементтерінің үздіксіз ұзындығымен білдіріледі. Бір мотивтің пластикасы немесе ою-өрнек бетінің барлық композициясының пластикасы туралы айтуға болады. Кез-келген графикалық бейнелеуде ырғақтық негіз де, және пластикалық байланыс та бар. Графиканың мәнерлеу құралдары ретінде, графикалық әрекеттер жүзеге асырылатын беттің қасиеттері үлкен мәнге ие. Графикалық фонның материалы, оның фактурасы, қашанда сурет мәнерлілігінің сипатын анықтайды. Тіпті ең қарапайым қағаз бен маталар өте эстетикалық көрінуі мүмкін. Негіздеме фактурасы бейнені байытуы, оны анық немесе бұлдыр, қанық немесе қанықсыз, жеңіл немесе ауыр көрсетуі мүмкін. Ол бір сөзбен айтқанда бейнені «ұстап» тұра алады. Бірақ, фактура немқұрайлыболыпқалатын шығармалар да бар. Бұл, ереже бойынша, әлсіз фактуралы өңдеу мен материалдың орташа тығыздығы негізінде орындалған композициялар.
Графикалық бейнелердің негізгі топтары
Графиканың сызықтық, штрихтық, дақтық және нүктелік техникасын нақтырақ қарастырайық. Сызықтық графикалық бейнелеуде негізгі элемент сызық болып табылады. Сызықтың көмегімен пішіндер мен жазықтықтың шекаралары анықталады. Бірақ сызық суретшінің сезімін, толқуын да жеткізуге қабілетті. Бейнелеудің сызықтық тәсілі өнерде жұмыстың белсенді түрі болып табылады. Сызық эмоционалды қабылдауда «жеңіл», талғампаз, қарқынды, қатаң және т.б. болуы мүмкін. Көптеген суретшілер сызықтың тамаша сезіміне ие болды. Сызықты виртуозды ағылшын суретшісі Обри Бердслей меңгерді (4.1. сурет).
4.1. - сурет. О.Бердслей.Дафнаны іздеп жүрген Апполон Сызықтардың көңіл-күй палитрасы қаншалықты алуан екендігін, А. Матисс пен О.Гульбранссонның суреттерін салыстырып, байқауға болады. А.Матисстың «Қыз портретінде» (4.2 сурет) бейне тыныш және тегіс үйлесімді сызықтармен құрылған. О.Гульбранссонның суретінде (4.3. сурет) мұғалімнің портреті едәуір нақты және тығыз сызықтармен шешілген.
4.2 - сурет. А.Матисс.Қыз портреті
4.3 - сурет. О.Гульбранссон.Мұғалім портреті Сызықтық графика — өте күрделі бейнелеу техникасы. Сызықпен жұмыс істей алмау суреттердегі сызбалық пен монотондылыққа әкелуі мүмкін. Сызықтық графикада құралдар мен шарттылықты аз қолдану мәнерлеудің көптігінен бас тартуды білдірмейді. Бейнелеуде штрих қашанда сызықпен көршілес келеді және өздігінен сирек қолданылады. Негізгі мәнерлеу құралы штрих болып табылатын бейне, штрихтық деп аталады. Штрихтың тапсырмасы – пішіннің тонын, көлемін, фактурасын және «қозғалысын» көрсету (4.4 сурет).
4.4. - сурет. Г.Верейский. Пейзаж Штрих техникасында Рембрандт, А. Дюрер, А. Ватто, В. Ван Гог, Г.Дюре, М. А. Врубель және көптеген басқа суретшілер жұмыс істеді.
4.5-сурет. Әйел фигурасы Штрихтарды қолдану тәсілдері әр түрлі. Штрихтар жеңіл, бір немесе бірнеше жуандықты болуы мүмкін. Әр түрлі бұрыштарда қиылысып, штрихтар пішіннің жұмсақ үлгісін құрады (4.5 сурет). Ван Гогтың суреттерінде штрихтар ерекше ырғақтық құрылымға ие, олар динамикалық, дөңгеленген; олар жеке көлемді емес, кеңістік пен ортаны жинайды (4.6 сурет).
4.6 - сурет. В.Ван Гог. Сен-Мариде теңіздегі қайықтар Матада сурет салуда штрихтық бейнелер біртүсті және екітүсті толтыруда кездеседі және техникамен және қаламұшпен сурет салумен және сирек баспа графикасының мотивтері мен рухтандырылған. Костюмнің графикалық шешімі материал фактурасының қасиеттеріне құрылуы мүмкін және фасонның жеке бөлшектерін бөлуге көмектесе алады. Дақтық графиканың негізгі бейнелеу элементі ақ немесе қара дақ (жазықтық) болуы мүмкін. Дақтық графика силуэтке жақын — қара силуэтке ақ фонда немесе қарада аққа. Дақтық графика сызықтыққа қарағанда едәуір шартты. Ол екі өлшемді, тереңдігі жоқ және оған талпынбайды. Мәнерлеуге тек жазықтық, фон ғана көмектеседі. Бейнеқатар конфигурациясы бойынша дақтардың әр түрлі үйлесімі – жазықтығын көрсетеді (4.7 және 4.8 сурет).
4.7 - сурет. В.Ватагин. Пантера және ягуар. 4.8-сурет. Е.Кругликова. «Мир искусства» көрмесінде Аққара дақтық графиканың бейнелеу тілі басқа графикалық техникаларғақарағанда қатаңдау, ұстамды; ол едәуір күлгін. Алайда қара дақ жағдайдың шексіз алуандығын анықтай алады. Бұл силуэт өнерін жақсы суреттейді. Ол өзінің ерекшелігі мен заңдарына ие. Жазықтық қара фигураны бейнелеуде суретші ондағы білдірілетін пішіндерді ғана емес, сонымен бірге үлгінің сипатын, сюжеттік жағдайын білдіруі керек. Сондықтан осындай графикалық шешімдер силуэт пен оныі фонының өзара әрекеті ойластырылып ұйымдастырылған болуы керек, сол үшін табиғатты көрудің дамыған сезіміне ие болу маңызды (4.9 сурет).
4.9 - сурет. В.Фалилеев. Арбашы Нүктелік бейне әр түрлі шамадағы, бірақ біркелкі конфигурациядағы нүктелер көмегімен құрылады. Нүктелік бейне бейнелеу өнерінде жиі кездесе бермейді, ол жеткілікті еңбекті қажет етеді, бірақ ерекше, ештеңемен салыстыруға келмейтін нүктелік фактура графика шеберлерін қашанда өзіне тартты. Нүктелердің әр түрлі шамасы, орналасу тығыздығы және олардың пішініесебіненграфикалық бейнелеудің әр түрлі тонына қол жеткізуге болады. Нүктелік техника таза түрде де, бірақ жиі әр түрлі техникалардың қосылуы кезінде қолданылады (4.10 сурет).
4.10 - сурет. О.Бердслей.Оның түсі.4.11-сурет. В.Конашевич.Емен А. Поупа «Похищение локона» поэмасына иллюстрация Графика өнерінде оның мәнерлеу құралдарыныңәртүрлі комбинациялары едәуір танымал, ол қызықты бейнелерді құруға мүмкіндік береді (4.11 және 4.12 суреттер).
4.11-сурет. В.Конашевич.Емен
4.12 - сурет. О.Бердслей. «Библиотека Пьеро» сериясы нан қаптама эскизі
Бақылау сұрақтарымен тапсырмалары
§ 2. Натюрморттың графикалық шешімі
Натюрморт графикада, көркем суреттегідей – әр түрлі мәнерлеу құралдарын шығармашылық іздеу үшін таусылмас мүмкіндік. Натюрмортты графикалық шешімінің барысы графика қағидаларын түсіну үшін маңызды болып табылады. Жаңадан бастағандар үшін ең дұрысы натюрморт үшін қарапайым пішіндегі заттарды таңдау және оларды жеткізудің әр түрлі графикалық тәсілдерін меңгеру. Бұл тапсырмада оқушылар өздерінің теориялық білімдерін қолдана алады. Графикада натюрмортпен жұмыс істеудің ерекшелігі композицияны орналастыру үшін парақтың қатысты кішігірім мөлшері болып табылады. Графика — бұл кіші пішіндердің өнері. Оқушылар парақтың шектелген кеңістігімен жұмыс істей алуы және оларды мәнерлеудің негізгі графикалық құралдарымен ұйымдастыра алуы керек. Графикалық натюрморттар үшін кескіндемелік үшін сияқты да көлденең, тік немесе шаршы форматтар таңдалынады. Форматтың таңдауы оқу қойылымыныңкомпозициялық тұжырымдамасына байланысты. Натюрморттың оқу көлемдік суретке қарағанда оның графикалық шешімі табиғатын жазықтықта көруге мүмкіндік береді және қойылымның едәуір бейнелі немесе ою-өрнекті ойлауына мүмкіндік береді.
Бұл жерде қарапайым суретте қолданылмайтын, мәнерлеу құралдары қолданылады. ХХ ғ. Кескіндемеде жаңа мәнерлеу құралдарын іздеу оның кейбір графикалығына әкелді. Кескіндеме саласындағы бұл тәжірибелерді суретшілер графикаға ауыстырды. ХХғ.Натюрморттардағы заттар шынайы пішіндердің материалдығын көрсеткенге қарағанда, эмоционалдық бояу сипатына ие. Мысал ретінде «қара қылқаламмен»орындалған, А.Матисстың натюрмортын келтіруге болады (4.13 сурет). Композиция қара дақтардың және парақтың ақ негізінде сызықтар контрасында құрылады, сонымен қоса ақ түс заттық қатарды қалыптастыруда белсенді қолданылған. Графикалық түссіз натюрморттың композициялық орталығы жиі қара немесе ақ дақпен белгіленген зат болып табылады.Н.И.Куприяновтың натюрмортында(4.14сурет) композицилық орталық — шам — төменгі бөлікте үстелдің едәуір ақ фонында қара силуэтпен белгіленген, ал жоғарғы жарқырайтын бөлігін қара фондағы ақ силуэтті көрсетеді. Шам композициялық орталық ретінде пәндік байланыстарды ұйымдастырады.
4.13 -сурет. А.Матисс.Интерьердегі натюрморт
4.14 -сурет. И.Куприянов.Шаммен натюрморт Ақ-қара графикада натюрморттар табиғатта да, сонымен бірге көрініс бойынша да орындала алады. Табиғат қойылымының графикалық шешімінен бастаған дұрыс. Ол оқытушымен ендігі жинақталған, және графикалық бейнелеу тәсілдерін меңгеруге көп уақыт бөлуге болады.
4.15 - сурет. Натюрморттық сызықтық- дақтық шешімі. Оқушы жұмысы Натюрмортпен жұмысты бастардың алдында көзқарас нүктесін таңдау қажет және кішігірім көлемдегі сызбалардың бірнеше нұсқаларын салып көру керек. Нұсқалардың біреуі натюрморттың тондық шешімін көрсетуі керек барлық заттарда жарық пен көлеңкелердің бөлінуі), ал қалғандарын, дақ, сызықтар немесе дақ пен сызықтың үйлесуін қолданып шешуге болады. Осы кішігірім сызбаларда тұтастыққа ұмтылған дұрысырақ болады. Әжептәуір сәтті нұсқа парақта орындалады. Натюрморттарды 1/8 немесе ¼ сызба парақтарында орындаған дұрыс. 4.15 – 4.17 суреттерінде графикалық элементтердің әр түрлі үйлесімдерімен шешілген натюрморттар ұсынылған.
4.16 -сурет. Нҥкте мен сызық қолданылған натюрморт шешімі. Оқушы жұмысы
4.17 - сурет. Әртүрлі графика элементтері қолдану. Оқушы жұмысы Көрініс бойынша графикалық натюрмортты бейнелеу кезінде алдымен композиция ойластырылады. Ол үшін тематикалық байланысты бейнелеу заттарының саны, натюрморт форматы (тік, көлденең, шаршы және т.б.) анықталады, композициялық орталық белгіленеді, заттық байланыстар қалыптастырылады. Содан кейін натюрморттың графикалық бейнесініңң сипаты ойластырылады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
§ 3. Адам суретінің графикасы
өнердің бір де бір түрі адаммен оның күнделікті өмірінде сәндік- қолданбалы сияқты сондай жақын қиылыспайды. Маталар бойынша суретші, мата ою-өрнегінің эскиздерін құра отырып, міндетті түрде адам бітімінің ерекшеліктерін ескеруі керек. Костюмдер бойынша суретшіге де өзінің ойын эскиздерде білдіруге тура келеді. Эскиздік бейнелеуде адам бітімі мен киімінің шартты стильдендіріліген түсініктемесі жүреді. Эскизді суретті жазықтық-графикалық деп атауға болады, өйткені ол заттың айналасында кеңістікті бейнелеуді өз алдына тапсырма ретінде қоймайды. Мұндай сурет шартты және өзінің мәні бойынша ою-өрнекке жақын болуы мүмкін. Бұл жерде контур киім пішінінің сәндік бекіту әрекетін орындайды; суретші пішінді тегіс береді. Жазықтық суретте сызық басты орынды алады, бірақ жазықтықтың сәндік құюларымен жиі үйлесуі мүмкін.
Бастың графикалық шешімі
Бастың графикалық бейнеленуі ойластырылған бейнеге сәйкес құрылады.Бұлжағдайда композициялық тапсырма – тұтастың мәнерлеу-мағынасын құру. Тұтастыққа жетудің жолы басты (композициялық орталық) және бастыға бағынышты екіншідеңгейлі элементтерді белгілеу арқылы жатыр. Адамның басын бейнелеу кезінде композициялық орталық оның беті болып табылады. Қалған элементтер екіншідеңгейлі болып табылады және олар бастыны қабылдауға кедергі келтірмейтіндей бейнеленуі керек (4.18 сурет).
4.18 - сурет. О.Бердслей. Автопортрет Графикада композициялық тұтастыққа ұсақ бөлшектерді бірыңғай даққа біріктіріп, жарық немесе тонның көмегі арқылы шығарманың бөліктерін қорытындылаумен қол жеткізеді. Мысал ретінде В.В. Маяковскийдің портреттері,Ю.В.Могилевскийдің жұмыстары бола алады (4.19 сурет). Бас бейнелеу жазықтығының үлкен бөлігін алатын шығармаларда, композициялық орталық көбінде көз болып табылады. Бірақ адамның түрі бейнелеу жазықтығында қалай орналаспасын, көздер ешқашан композицияның геометриялық орталығымен сәйкес келмейді. Ереже бойынша, көз одан жоғары орналасады.
4.19 - сурет. Ю.Могилевский. В. Маяковский портреті Бастың графикалық шешімі кезінде салыстырмалытепе-теңдікте орналасқан, композицияны оң және сол бөлікке бөлетін, симметрияның бір осі қолданылады. Тепе-теңдікэлементтердің мөлшерімен, оң немесе сол жақтағы ақшыл немесе қара дақтардың санымен қол жеткізіледі. Бастың графикасында біз жоғарыда айтып өткендей, барлық графикалық элементтер мен композициялық тәсілдер қолданылады.
4.20 -сурет. И.Репин.
Автопортрет
Сызықтармен, дақтармен, штрихтармен құралған ырғақтық қатарлар күрделі динамиканың композициясын толтырады (4.20 сурет).
4.21 - сурет. А.Матисс. Әйел портреті Мысалы, «Әйелдер портретінде» А. Матисса (4.21сурет) сызық пішіннің пластикасын ғана емес, киімдегі ою- өрнектің ырғақтық қозғалысында береді. Бұл портрет сызықтардың еркіндігі мен анықтығымен тартымды. Киімдер үлгісінің эскиздерімен жұмыс істеген кезде композицияның басты элементі костюм болып табылады. Бас және одан әрі шаш үлгісі тек ойластырылған бейнені толықтырады.
4.22 - сурет. Бастың графикалық шешімі Сондықтан бастың құрылуы графикалық едәуір шартты шешіледі, әсіресе беті. Мысал ретінде, 4.22 суретте көрсетілген графикадағы бас шешімінің нұсқалары бола алады.
Фигура графикасы
Фигураны графикалық бейнелеудің шеберлігін меңгеру барысы – бұл негізгі және едәуір ұзақ сабақ. Киімде фигураны графикалық ақ-қара бейнелеу графиканың қағидалары мен тәсілдерін қолдану мүмкіндіктерін кеңейтеді, оқушылар дайындығының жалпы бейнелеу деңгейін арттырады. Киімде фигураның графикалық шешім тапсырмасын орындау үшін, басты орын костюмге берілуі тиіс қойылымның сипатын мұқият ойластыру қажет. Бұл қойылымдар костюмді, бүктемелерді, бедерлерді, ою-өрнекті пішуді және материал сипатын және т.б. зерттеу көзқарасынан қызықты. Киімдегі фигураның графикалық шешім тапсырмасы бейнелеу сауаттылығы негіздеріне үйрету барысының қорытындылау кезеңі болып табылады. Онда оқушылар оқу барысында алынған білімдерін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін де көрсетеді. Жаңадан бастағандар үшін әдетте алғашқы тапсырма кимідегі фигура силуэтінің графикалық шешімі болып табылады. Киім киілген фигураның силуэтін мәнерлі орындау қабілеті нәтижесінде толық бейнелеу бейнесін құру кезінде қажет болады. Осы тапсырманы орындай отырып, дақ сияқты графиканың осындай элементін қолдана отырып, киімде фигураның силуэтін бейнелеу қажет.
Ол үшін суреттің ішкі бөлігі контур бойынша қара бояумен құйылады.
4.23 - сурет.
Силуэттің мәнерлілігі суреттің мәнерлілігіне байланысты болады (4.23 сурет). Бұл тапсырманы басқа тәсілмен, фигура ашық және қараңғы бөліктерне тез шектелетін контрасты жарықтандыруды пайдалана отырып орындауға болады. Қараңғы орындарды бір тонмен құяды (4.24 сурет).
4.24 - сурет.
Келесі тапсырмада бейнелеу мәнерінің құралы ретінде сызық қолданылуы мүмкін. Сызықтың көмегі арқылы киімдегіфигураныңсилуэтін (контурын) ғана емес, фасонның ерекшеліктерін де беруге болады. Сызықтық сурет қылқаламмен, қаламұшпен,қарындашпен, фломастермен орындалуы мүмкін (4.25 сурет).
4.25 - сурет. Киімдегі адам фигурасының сызықтық-дақтық шешімі
Келесі тапсырма — біруақытта сызықпен және дақпен жұмыс.
Бұл жерде бірнеше фор-эскизді орындау қажет. Онда бір суреттің негізінде (табиғаттан) әр түрлі композициялық шешімдерден бірнеше ұсыныстар жасайды. Фор-эскиздермен жұмыс істеу кезінде әр нұсқада композициялық орталықты анықтау қажет. Ол немесе фигураның силуэті, немесе киімдегі оюлы өрнек немесе т.б. болады.Жәнеәдеттегідей, композициялық тұтастыққа талпыну қажет. Фор-эскиздерден композициялар бойынша ең жақсысы таңдалынады, соның негізінде таза қорытындылау жұмыс орындалады (4.26 сурет).
4.26 -сурет. Киімдегі адам фигурасының сызықтық-дақтық шешімі Одан ары тапсырма бір немесе екі хроматикалық түстерді енгізуді қосу болуы мүмкін. Киімде фигураның графикалық шешімі бойынша бірінші тапсырма заттың өзіне қарап суретін салу арқылы орындалады. Одан ары графикалық композициялар заттар қатарының негізінде көрініс бойынша орындалады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Графикадабастың композициялық шешімінің ерекшелігі неде? 2. Фигураныңграфикалық суретінде бейнелеу мәнерлілігінің қандай тәсілдері қолданылады? 3. Адам фигурасының графикалық шешімі үшін заттың өзіне қарап суретін салу қандай мәнге ие? 4. Адам фигурасының дақтық- графикалық шешімі кезінде неге назар аудару қажет? 5. Сызық,дақ,нүктенің үйлесімдерін қолданып, бастың графикалық бейнесін заттың өзіне қарап суретін салу негізінде орындаңдар. 6. Заттың өзіне қарап суретін салу негізінде киімдегі адам фигурасын шешіңдер:
- сызықтық-графикалық;
- дақтық-графикалық;
- аралас графиканы қолдану арқылы.
V ТАРАУ
ДИЗАЙН НЕГІЗДЕРІ
§ 1. Дизайн — ортаны ұйымдастыру өнері
Дизайн (ағылшын сөзінен desіgn – жобалау, сызу, ойлау) - негізгі мақсаты адамның зат ортасын қалыптастыруда қолдану үшін арналған өнімдерді жасау болып табылатын көркемдік – құрылымдық кәсіби әрекеттің түрі. Суретші – дизайнер эстетика және функционалдық заңдары бойынша индустриалды техника құралдары көмегімен жасайды. Бұл біршама жас өнер түрі, оның туындауы мен қалыптасуықоғамды индустрияландырумен (қол өндірісінен машиналықөндіріскекөшу) байланысты. Тұтыну заттарын өндіру тек қол еңбегімен жүргізілген кезде, қолөнерші әрі суретші, әрі техник, әрі өнертапқыш болған. Бұндай жағдай орта ғасырлардың аяғына дейін өзгеріссіз қалған. Көптеген жылдар бойы өнімнің әсемдігі мен оның утилитарлық қасиеттерімен үйлесу қағидасы кез – келген қолөнердің негізгі заңы болған. Қолөнер орнына машиналық өндіріс келгенде бұл қағида біршама өзгерді. Машина техникасының ерекшеліктері мен күрлелілігіне байланысты өнімдер біртіндеп өзінің эстетикалық қасиеттерін жоғалта бастады. Пайдалы затты безендіру машиналық өндірістің әрекетіне қайшы келеді деп санаған. Кез –келген заманауи өнеркәсіптік өнімнің өз тарихы бар, оған сыртқы пішінінің эволюциясы тән. Қандай факторлар пішінінің, құрылымның және басқа белгілерінің өзгеруіне әсер еткенін бақылауға болады. Мысалы, электр үтігі, кір жуғыш немесе тігін машинасы, автомобиль және т.б. сияқты заманауи өндірістік өнімдер техникалық жетілдіру барысында уақыт талабына жауап беретін қазіргі түрі мен дизайніне жеткенше біршама өзгеріске ұшырады. өнімнің сыртқы түрінің эволюциясына басқа да факторлар әсер етеді – тарихи, әлеуметтік –экономикалық, саяси, психологиялық. Әртүрлі өнімдердің пішіні эволюциясы әртүрлі өткен. Бірі қысқа мерзімде үлкен өзгерістерге ұшыраса, екіншісі ұзақ уақыт бойы мүлдем дерлік өзгермеген. Пішінінің аздап қана өзгеруін мысалы, адам қолымен тікелей байланысты құрал –саймандардан байқауға болады: балға, балта, қайшы және т.б. Дайындау әдісі жетілдірілді, материал өзгерді, бірақ атқаратын қызметі өзгеріссіз қалғадықтан пішіні аз өзгерген. Бірақ ерекше жағдайлар болуы мүмкін,болуы мүмкін: мысалы, қауіпті электр ұстараның пішінінде ортақ ешнәрсе жоқ, ал қызметі өзгеріссіз қалған.
Машина пішіндерінің эволюциясы
Белілі бір станок пішінінің тез әрі заңдылықты өзгеруі негізінен техникалық прогресс талаптарына бағынды. Сонымен қатар станок қана емес, онымен бірге цехтың барлық интерьері де өзгерді. Станок, машина және басқа техникалықаспаптардың архитектурасы (―шағын‖ архитектура деп аталады)
5.1-сурет. А.Нартов.
Токарьлік станок, XVІІІ ғ.
байланысты болды, ал сәулетшілердің өзі станоктар мен машиналарды жасауға ешқандай қатысы да болмаған. Бұл байланысты XVІІІ ғ. бастап байқауға болады. Ресейде бұған мысал А.Нартон жасаған станоктар бола алады, олардың құрамында Петров барокко сәулет белгілері байқалады: пішінінің тым астарлығы, ұсақ декордың көп болуы (5.1- сурет). Кейбір станоктар бір үлкен сәулет құрылымы болды, оның ішінде оның механикалық бөлігі әрең байқалатын. Әрекеттегі сәулет стилін қолдау сол кездері жақсы талғам белгісі болған, ал машиналар қолөнерші – суретшінің қолымен жасалған қасиеттерін жоғалтқан жоқ. Кейінірек XІX ғ. басына қарай сәулет пішіндерін машина жасау пішіндеріне көшіру жөнсіз саналды, өнімнің тағайындалуымен барлық байланыс жоғалтылды. XІX ғ. ортасында басым болған электизм стилі (әр түрлі стильдердің қосылуы) өз бейнесін техниканы рәсімдеуде де тапты. Әр түрлі машиналардың тұрығы алуан түрлі сәулет элементтерінің бөлшектерімен жасалды, бұл станокқа көрнекі түр береді деп есептелген (5.2- сурет). Пароходтар құбырлары капителі бар бағана түрінде жасалды, ал палуба үстіндегі құрылымдар барокко стилінде жасалды.Алғашқытеміржол вагондарының алаңдары балюстрадалы балкон түрінде жасалды.
5.2-сурет.өнеркәсіптік сорғы, ХІХ ғ.
Алғашқы телефондар бетінде металл оюлар көп мөлшерде ағаш футляр бетіне салынып жасалған. XІX ғ. екінші жартысында Еуропада машинаның мақсатына сай пішінінің болуы туралы мәселені машина жасау теоретигі Франц Рело (1829-1905) көтерді. Ол зауытта оқытушыдан бастап Берлин қолөнер академиясының директорына дейін жол өткен. Өз ойын пішін түзу ережелері мен жалпы заңдылықтарын айқындау ретінде көрген және машина әсем бола алады және болу керек деп көрсетуге тырысты. Рело техникаға ең алдымен инженер тұрғысынан, бірақ үлкен көркемдік қабілеттері бар, кең кәсіпті инженер тұрғысынан қарады. Ол қарқындылық пен пропорционалдыққа көп көңіл бөлді, оның ойынша олар табиғатта және адам натурасында негізге салынған және барлық адам шығармаларына – өнер туындыларынан бастап машиналық өндіріске дейін тән деп санаған. Қарқынды және пропорционалдық пішін түзу қағидаларына қайшы келе алмайды.
Дизайн өнерінің қалыптасу кезеңдері
ХІХ ғ. 50 жылдары Англияда алғашқы Еуропалық көркемдік өнеркәсіптің ірі ұйымы - құрастыру мектебі пайда болды, оны суретші, өнер теоретигі, қоғамдық қайраткері Уильям Моррис басқарды.Бұл мектептің басты мақсаты ыңғайлы және әдемі заттар көпшілік иілігіне айналуы және жақсы талғам тәрбиелеуболды.Моррис шеберханалар ұйымдастырған, онда сол уақыттың елеулі суретшілері жұмыс істеген. Олар керемет кілемдер, түсқағаздар, жиһаз, витраждар және т.б. жасаған. Бірақ алға қойылған мақсатқа қол жеткізілген жоқ. Жаппай өнер құру орнына тұрмыстық заттар өндірілді. Моррис әрекетіндегі ең құндысы жаппай тұтыну заттарын өндіру үшін қолданбалы өнердің қоғамдық маңызын растау болды. XІX ғ. соңғы үшінші бөлігінде еуропалық өнеркәсіптік өндіріс жетілуіне жетті. Дамыған техникалық негізіне байланысты ірі сериялы өндіріс пайда болды. Электр шамдары, телефондар, трамвай тұрмысқа енді және оны жаңа күйге енгізді. Бірақ бұл кезеңнің көркемдік көзқарас негізінде әлі де жаппай эстетикалық заттар өндіру мүмкіндігіне теріс қатынас қалған.
5.3 - сурет. Модерн стиліндегі майшам салғыш, XX ғ. басы ХХ ғ. басында қолданбалы өнер суретші - шеберлерінің іс –әрекеті жиһаз заттарын, тұрмыстық заттар және үй іші заттарын жасаумен шектелді. Сол уақыттың негізгі көркемдік стилі модерн болды. Модерн үшін құрылысы мен функционалдық тайғайындалуы ескерілмей, заттардыбеттік механикалық декорациялау тән (5.3 – сурет). Көркемдік пішінінің заттың утилитарлық тағайындалуымен байланысы принциптерін белгиялық модерн сәулетшісі Ван де Велде жасады. Ол дәстүрлі зат өрнегін жаңа, толық сызықтық өрнекпен алмастыруды ұсынды. өрнектік сызықта ол фабрикалықөнімді корнектік түрлендіруге қабілетті күшті көрді. Модерннің кейбір негізгі көркемдік концепцияларының барлық кемшіліктеріне қарамастан ол дизайн дамуында оң роль атқарды. Ол өнер мен техника, суретші шығармашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс арасындағы байланыс орнатуға алғашқы қадам болды. XX ғ. бірінші ширегінде өнеркәсіптің дамуы техникалық пішінді эстетикалық бағалауды түбегейлі қайта қарауды талап етті. Техникалық шығармашылық өнімі өз жетілуіне жетті. Суретшілер өнердің өнеркәсіппен байланысын түсіндіруге алып келген техникалық мәселелерге қатынасының түбегейлі өзгеруі жүзеге асты.
XX ғ. бастап дизайн өнерінің пайда болуы туралы айтуға болады. XX ғ. басында суретші – құрастырушы алдында жаппай өндіріс үшін әдемі және ыңғайлы станоктар, механизмдер, көлік құралдарын және тұрмыстық заттар жасау мәселесі тұрды. Бұл бағытта жаңа шешімдерді іздеу бір мезгілде басқа да елдерде жүргізілді. Еуропада екі ірі оқу орталығы пайда болады – Германияда ―Баухауз‖(1919ж.)жәнеКеңес Ресейінде (1920ж.) ―ВХУТЕМАС‖. ―Баухауз‖құрылыс және көркемдік құрастыру жоғары мектебінде дизайнерлік жобаларда кешенді пайдалану үшін сәулет өнерінде, көркем суретте, мүсіндеуде, декоративті – қолданбалы өнерде пішін түзу заңдарын іздеу жүргізілді. Бұл жерде функциялизм эстетикасы: пішінінің утилитарлық мәніне бағынуы жасалды. ―Баухауз‖ мектебі бір мезгілде оқу орны және шеберханалардан тұратын өндіріс болды, онда оқытушылар әйгілі суретшілер мен сәулетшілер болды. Яғни,мамандардыдайындау өнерәсіптік өндіріс тәжірибесімен тығыз байланыста жүргізілді. ―Баухауз‖ студенттері бейнелеу өнері сауаттылығы негіздерін, техникалық суретті, пішін түзу заңдылықтарын,қарқындылық, үйлесімділік, пропорцияны зерделеді. Техникалық дайындық станоктар мен механизмдерді зерртеуден, металдар мен басқа материалдарды өңдеуден тұрды. ―Баухауз‖студенттері жобалаған өнімдерде 1920 жылдардағы өнердің стильдік іздері қалған. Бұл уақытта конструктивизм деген бағыт туындады. Конструктивисттер технологиялық және функционалдық жасалған құрылымды жоғары көркемдік қасиеттері бар және барлық шынайылық құбылыстарына утилитарлық қарайтын заманауи адамның эстетикалық қажеттіліктерін толығымен қанағаттадыра салады деп дәлелдеуге тырысты.
5.4 - сурет. үстел шамы.
«Баухауз» студенттері жұмысы
Мектеп қабырғасында жасалған өнім үлгілері геометризммен ерекшелінеді (5.4 – сурет).Барлық жобаланатын өнімдердің пішіні индрустриалдық өндіріспішінімен,жаңа құрылымдармен және материалдармен тығыз байланысты болды. Мектептің іс – әрекеті әртүрлі заттардың: жиһаз, ыдыс, мата, түсқағаздар және т.б. әдемі, мақсатты үлгілердіөндіріскеенгізуге бағытталған. ―Баухауз‖ 1933 жылға дейін қызмет жасады және билік басына фашистер келуімен жабылды. Бірақ ол көп жоғары билікті көркемдік – өнеркәсіптік өнермен сәулет мамандарын дайындап үлгерді. Кеңес Ресейде 1920 жылдары дизайн өнерінің пайда болуының негізгі саласы мерекелерді, көрмелерді, үгіттеу плакатын, кітап өнімдерін, театрды және т.б. безендіру болды. Бұл уақытта еңбек, тұрмыс және мәдениет саласындағы жалпы үдерістерді ескеріп, заттық ортаны ұйымдастыру мақсаты қойылды. Кеңес дизайнының қалыптасуы В. Тетлин, К.Малевич, А.Додченко, Л. және В.Веснин ағайындылары Л.Попова, Л.Лисицкий және т.б. есімдерімен байланысты, олар заттық ортаның функционалдың ыңғайлылығы қағидалары бекітті. 1920 ж. Мәскеуде жоғары көркемдік – техникалық шеберханалар (ВХУТЕМАС) құрылды, ол 1926 ж. жоғары көркемдік – техникалық институтқа (ВХУТЕИН) қайта құрылып, 1930 ж. дейін қызмет етті. Бұл оқу орнын өнеркәсіптің әртүрлі салаларында жұмыс істеу үшін қолданбалы өнер суретші – шеберлерін дайындады. Арнайы бағдарламалар мен әдістемелерәзірлеген.Студенттер ғылыми және көркемдік дайындықтан өтті. Олар әртүрлі тұрмыстық заттардың (жиһаз, ыдыс, мата, киім және т.б) қызықты жобаларын жасаған, олардың эстетикалық негізі пішінінің қарапайымдылығы болды. ВХУТЕМАС идеялық– эстетикалық түрде ―Баухаузбен‖ тығыз байланысты болды және бірқатар кездері сол уақытты көркемдік жобалауында бірыңғай бағыт алды.
5.5 - сурет. В.Татлин. ІІІ Интернационалға ескерткіш үлгісі Алғашқы кездері өнеркәсіптік өнердежаңаэститикалық құндылықтарды жүзеге асыруға ұмтылу керемет, жетілген техникалық пішіндер туралы романтикалық арман сипатында болды. Мысалы, В.Таллиннің ІІІ интернационал ескерткішінің моделі (5.5 – сурет). Бұл болат арқалық құрылымнан тұратын мұнара, оның ішінде әртүрлі жылдамдықпен вертикаль ось бойынша айналуы қажет геометриялық пішінді бөлмелер орналасқан. 1930 жылдары көркемдік – жобалау бюролары құрылды, кейбір ірі кәсіпорындарда – көркемдік бөлімдер қалыптасты. Бірақ өнеркәсіптегі жұмыс – суретшінің жаңа әрекет саласы – елімізде жүйелі сипатқа бірден енген жоқ. Дизайнның қайта өрлеуінің жаңа кезеңі 1960 жылдары басталады. 1962 ж. Мәскеуде жаплыодақтық техникалық эстетика ғылыми – зерттеу институты (ВНИИТЭ) және Ленинградта, Киевте, Новосибирскте, Свердловскте, Ригада, Бакуде және басқа қалаларда филиалдары ашылды. Бұдан кейін жоғары көркемдік орындар көркемдік құрастыру факультеттерін ашты.
1925 ж. халықаралық индустриалдық дизайн ұйымдарының кеңесі (ИКСИД) ашылды. Оның мақсаты бүкіл әлемде көркемдік құрастырудың дамуына ықпал ету, дизайннің әлеуметтік мақсаттары мен міндеттерін келісіп түсіну , суретші – құрастырушылардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру болды. 1962 ж. ВНИИТЭ ретінде осы ұйым мүшесі біздің ел болды. 1969 ИСКИД бас ассамблеясында дизайн – адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін аса толығырақ қанағаттандыратын үйлесімді заттық орта қалыптастыру мақсаты бар шығармашылық әрекет. Яғни, тәжірибелік және көркемдік мәселелерді шеше отырып, дизайн бір мезгілде материалды және рухани құндылықтарды құрумен айналысады.
Дизайн түрлері
Дизайнды жеке кәсіби әрекет ретінде бөліп алудан кейін материалдық ортаны кешенді рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Дизайнерлер өз әрекетінің нысандарының ең кең амплитудасына қадам жасайды. Дизайннің келесі түрлері бар: өнеркәсіптік дизайн; графикалық дизайн, визаж, киім дизайны, экологиялық дизайн.
5.6 - сурет. Өнеркәсіптік дизайн нысандары Өнеркәсіптік дизайн станоктарды, тұрмыстық аспаптардың, көлік құралдарының, әртүрлі механизмдерін, жиһазды, ыдысты, ойыншықтарды және көптеген басқаларды құрастырумен айналысады (5.6 – сурет). Қандай да бір затты жасай отырып, дизайнер пішіні, беріктігі және көркемдігі бірлігіне ұмтылады. Пішіні әдемі болумен қатар, ыңғайлы адамға өлшемі сай болу керек. Суретші – дизайнерлер жобамен жұмыс істей отырып, адамның анатомиялық параметрлері мен физиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Шығырмашылық, бірақ өте күрделі жаңа затты жасау үдерісін дизайнерлермен қатар ғылымдар мен инженерлер қатысады. Дизайнер, өз алдына заманауи технологиялар мен заманауи өндірістің күрделі техникалық мәселелерін білу керек. Графикалық дизайн саласы – бұл өнеркәсіптік графика (тауарларға арналғанәртүрліқаптамалар, затбелгілер, ашық хаттар, тауарлық белгілер, конверттер және т.б.) рәсімдеу – суреттеу және шрифттік жұмыстар, өнімнің графикалық жарнамасы, ұжымның графикалық стилін дайындау және басқалары. Мысалы, фирмалық стильді жасау – белгілі бір фирманың қолданылатын, таныстыру мақсатында буклеттер, қаптамалар үшін белгілер, шрифттер және басқа рәсімдеу элементтерін құру (5.7 –сурет). Графикалық дизайнда кітап дизайнін жеке қарастырған жөн. Бұл кітаптың рәсімделуі мен құрылымын кешенді жасау. Суретші қабы мен түптеу шешімін, супер қаптамасын, форзаң және кітап ішін рәсімдеуді ойлайды. Ол кітап өлшемін, шрифтін, фотографияларды, иллюстрациялардыжәнет.б. орналастыруды анықтайды. Визаж (макияж өнері) – адамға жаңа эстетикалық түр беру мақсатында бетті әрлеу өнері. Заманауи косметикалық заттардың көптігі бет макияжының алуан түрлі нұсқаларын құруға мүмкіндік береді: күндізгі,кешкі,фантазиялық карнавалдық және т.б. Макияж өнерінде бейнелеу құралдары сурет пен көркем сурет құралдары сияқты: сызық, дақ, жарық, көлеңке, калорит, үйлесімділік және т.б. Олардың көмегімен визажист бет пішінін моделдейді және түзетеді. Көз түсі, шашы, костюмімен келісу арқылыбейнеқұрылады, индивидуалдылығын бөліп көрсетуге ұмтылады. (5.8 – сурет).
5.8 - сурет. Графикалық дизайн мысалы Киім дизайны – бұл киімді құрастыру және моделдеу. Костюм бейнесін жасап, пішіні, құрылымын, түр шешімін ойлап және материалды таңдап, шығармашылды дизайнер сән стандартына сәйкес келетін бейне құрумен қатар, өзінің стилистикасын жасайды. Сән – белгілі бір қоғамдық ортада белгілі бір талғамдардың тұрмыстың сыртқы түрінде, әсіресе костюмде қысқа мерзімде басымдығы (В.Даль бойынша). Бұрынырақ сән бағыттары ғасырлар бойысақталатын,бірақ технологиялардың дамуына қарай бұл уақыт аралықтары қысқаруда. Заманауи сән біздің өміріміз сияқты жылдам өзгеруде. Біз қазір жылдар туралы емес, сәннің маусымдық өзгеруі туралы айтамыз. Сәннің дамуы спираль бойынша жүреді, ол біртіндеп көне пішіндерге, бөлшектерге, сызықтарға және т.б. қайтып келеді, бірақ олар әрқашан жаңа мазмұнмен толықтырылады. Сән саласында дизайнерлермен қатар көптеген мамандар – модельер, құрастырушы, пішуші, технологтар, стилисттер және т.б. жұмыс істейді.
Шетел жетекші сән үлгілері: ―Шанель‖, ―Нина Ричи‖, ―Диор үйі‖ (онда қазір жетекші дизайнер Джон Гальино) ―Живанши‖ және басқалары болып табылады (5.9 - сурет).
5.9 - сурет. Визаж Француз кутурье Пако Раббан шығармашылығы өзінің ерекшелігімен ерекшеленеді. Ол алғаш рет киім жасау үшін дәстүрлі емес немесе альтернативтіматериалдарды қолданды, киімге құрастырушылық көзқарасты қайта қалыптастырды, оны сәулет пен мүсіннен алды. Ол металл мен пластикті біріктірді (5.10 - сурет), қағаздан киім топтамасын жасады, ―тоқылған жүн‖ ойлап тапты. Алғашқы болып топтама көрсетілімінде музыкалық сүйемелдеуді енгізді.
5.10 - сурет. Шетел дизайнерлер үлгілері: а —Нина Риччи ретро көйлегі; б — кешкі көйлек, Ив Сен-Лоран; в —Живанши костюмі; г —Валентино салтанатты киімі Орыс модельлері жоғары сән дәстүрлерін жалғастыруда және дамытуда. Орыс жанының жарқын бейнесін Вячеслав Зайцев ―Орыс сериясы‖, ―Русь мыңжылдығы‖, ―Париждегі Орыс маусымдары‖ топтамаларында құрды. Оның костюмдері сызықтар иілімдігі мен әсемдігімен ерекшеленеді. Жоғары сән көрсетілімінде Татьяна Парфенова топтамалары аса табысты болып табылады, оның үлгілері пішу шеберлігімен, қарапайымдылығымен, сызықтар мен силуэт айқындылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар дизайнер Ирина Крутикова жұмыстары танымал, ол тек терімен жұмыс істейді. Фотодизайн – бұл тері немесе кептірілген гүлдер мен өсімдіктерден жеке көлемдік немесе жайпақ композицияларды жасау өнері, сонымен қатар интерьерді өсімдіктерден, гүлдерден, ағаштардан, бұталардан және т.б. жасалған композициялармен безендіру. Бұндай композициялар ыңғайлылық тудырады және бөлме микроклиматын жақсартады. Фотодизайнніңзаманауи стильдерінқалыптастыруға өсімдіктерден композиция құратын жапондық өнер – икебана әсер етті. Фотодизайн саласында жұмыс істейтін суретші бөлме өлшемдерін, оның тағайындалуын, сонымен қатар ол қолданатын өсімдіктердің тіршілігі үшін қажетті шарттарды: ылғалдылық, температура, жарық және басқаларын ескеру қажет.
5.11 - сурет. Пако Раббан алюминий көйлегі Фотодизайн өнері біздің қошаған ортаны көңілді, үйлесімді, салтанатты етеді (5.11 - сурет). Орта дизайны – интерьерді және экстерьерді жобалауды, ландшафт дизайнінен тұрады. Интерьер – ғимараттың ішкі кеңістігі, адам өз уақытының белгілі бір бөлігін өткізетін материалдық орта. Интерьер функционалды құрылуымен қатар, рухани, эстетикалық атмосфера құру керек, адамға оң әсер ету керек. Дизайнер осы ортаны қалыптастыруда оңай емес мәселені шешу қажет. Ландшафттық дизайнер территорияларды:бақтарды, саябақтарды,усадьбаларды көгалдандырумен және ыңғайлылық құрумен айналысады. Оларды жолдармен,мүсіндермен, фонарьлармен, көпірлермен және басқа сәулет бөлшектерімен безендіреді (5.12
- сурет).
5.12 - сурет. Фитодизайнерлердің жобалық суреттемелері Экологиялық дизайн адамға қоршаған ортаның тигізетін оң әсері мәселесін шешеді. Бірдей вертикаль сызықтардың, шеңберлердің тік бұрыштардың және көптеген басқалардың көп мөлшері біздің көзімізбен ауыр қабылданады, жүйке жүйесіне нашар әсер етеді. Дизайнерлер оңтайлы визуалдық орта құруға ұмтылады, бұл жерде олар видеоэкология қағидалары негізінде сәулетшілермен бірге жұмыс істейді. Зат ортасының органикалық бөлігін құрып, дизайн туындылары адамның рухани күшіне, оның көңіл күйіне, қоршаған ортаға қатынасына әсер етеді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 2. Пішін түзу заңдылықтары мен қағидалары
Материалдық дүниенің барлық заттарының пішіні бар. Пішін – заттың құрылысы , абрисі және қоршаған кеңістікпен байланысы туралы ақпаратты алып жүретін ―сыртқы түрі‖. Пішін түзу мәселесі дизайнда негізгі болыптабылады.Нысанның эстетикалық түрі ретінде туындалатын пішін сипаты жобалау басталатын маңызды қасиет. Техника тарихи бойынша: барлық уақытта адамдар дайындаған заттардың пішініне ерекше көңіл бөлгенін көрсетті. Әрқашанда заттың жаңа қызметінін туындауы оның пішінінің өзгеруі дегенді білдірмейді. Адам жылқысыз арба жүріп келе жатыр: бұл қоршағандардың назарын аудартады. Жаңа қызмет өз туындалуына қуанышты. Бұл сәтте пішін туралы ешкім ойламайды – оған кезек біраздан кейін келеді. Кез–келген заттың пішіні өзіндік балалық шақтан өтеді. Пішінмен жұмыс істейтін шебер көбінесе оны қандай да бір белгілер бойынша ұқсас заттың аналогиясымен жасайды. Автомобильдің алғашқы пішіні күйме болды, электр шамдары канделябрға ұқсас болды, ал баспа машинасының аналогын өткен шақтан таппай, өнертапқыш оған клавесин пішінін береді. Пішіннің өзгеруіне көптеген факторлар әсер етеді: техниканың дамуы, жаңа материалдар мен технологияның дамуы, стиль, мода. Бұл факторлардың барлығы өзара күрделі байланыста болады. Мысалы, тарихтың жеке кезеңдерінде заттың пішінінің стильдың өзгеруі материалдарда өңдеудің жаңа әдістерінің туындауына сонымен қатар жаңа құрылымдық шешімдердің туындауына ықпал етті. Мысалы, готика жаңа пішіндерді, жаңасәулетқұрылысы композициясының әдістерін ғана емес, сонымен қатар күрделі композицияларды түрлендіруге қажетті жаңа құрылымдарды, құрылыс жұмыстарын жүргізу әдістерін туындатты. ұзын котталар (кең қысқа жеңді киімдер) орнын денемен жанасып тұратын қысқа пурпутиндермен (жакет) алды, оларды пішу және өңдеу күрделірек болды. Материалды әрекеттің әртүрлі салаларында стиль әсері әртүрлі көрінеді. Заттың пішіні оның құрылысы мен функционалдық сипаттамасына аз негізделген сайын, стиль әсері еркін туындалады. Мысалы, жиһаз, ыдыс, жарықтандыру аспаптары сияқты қолданыстағы заттар станоктары, машиналарға, өндірістік жабдықтарға қарағанда көбірек стиль әсеріне түскен. Көлік құралдарының сыртқы түрінің өзгеру мысалында пішіннің даму заңдылықтарынқарастырайық. Заманауы көліктің басқа материалдық орта нысандары сияқты онша ұзын емес тарихы бар. Бірінші дөңгелекті пароход 1788 ж. салынған, ал алғаш паровоздар тек XІX ғ. басында ғана пайда болды. Бірақ басқа өнеркәсіптік өнім пішініне қарағанда олардың сыртқы түрінің эстетикалық көп көңіл бөлінген. Бұған орасан қоғамдық мүдде ықпал етті. Әртүрлі кезеңдерде пішіннің жылдам өзгеруі және әртүрлі көлік құралдары үшін бірдей емес. Мысалы, автомобиль жасауда ыңғайлылық пішін эволюциясын тездетудің маңызды факторынабірденайналды. Автомобильге қарағанда поезд жаппай орын ауыстырудың арзан құралы болып, шартты түрде тез өзгерді. XІX ғ.бойы бұл негізінен пойыздың жалпы салмағын көбейтіп, локомотив қуатын арттыруға байланысты тек техникалық жетілу әсерінен жүрді. Бірақ пішіннің композициялық бүтіндігі тек XX ғ. басында ғана иеленді. Паровоздың қуаты мен оның жылдамдығы өсуіне қарай пойыздың барлық көлемдік – кеңістіктік құрылымының сипаты өзгере бастады. 5.13 – суретте уақыт өте локомотив пішінінің өзгеруі көрсетілген.
5.13 -сурет. Локомотив пішінінің тҥрлену кезеңдері Көркемдік жобалауда пішін түзілу дегенді түсіну үшін өнімнің мазмұны мен пішінін анықтайтын негізгі факторларды қарастыру керек. Суретші – дизайнерлер кез – келген бұйымды жобалай отырып, оның пішіні тағайындалуына сай, адам фигурасына өлшемі сай, үнемді, ыңғайлы және әдемі болуына ұмтылады. Сериялы өндіріске қосылатын әрбір зат мұқият көркемдік – құрылымдық өңдеуді қажет етеді. өнеркәсіптік бұйымдарды жобалауда әлеуметтік – экономикалық, агрономикалық, техника – экономикалық және эстетикалық талаптардың кең ауқымын ескеру қажет. Жобаланатын заттың қоғамдық пайдалылығы туралы мәселе аса маңызды, яғни олардың кешені каншалықты біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандыруы. Бірақ зат жақсы қызмет атқаруы және қоғамдық пайдалы болуы жеткілікті емес. Өнімдердіжобалаукезінде тағайындалумен қатар ыңғайлылығын, жеңілдігін және онымен тұтынушының қолдану қауіпсіздігін ескеру керек.
Ыңғайлылық – затты тұтыну немесе пайдалану кезінде адамның жұмсаған күші мен энергеясының көрсеткіші. Осыдан адам факторымен байланысты бірқатар мәселелер туындайды. Бұнымен эгрономика деген ғылым айналысады. Эргономика ең жақсы еңбек шарттарын құру мақсатында еңбек үдерістерін зерттейтін білім саласы. Эргономика мақсаты ―адам – машина – орта‖ жүйесіне оның тиімдірек қызмет етуін қамтамасыз ететін қасиеттер беру болып табылады.
Өнім пішіні мен қызметтеріне қойылатын эргономикалық талаптарды ескеруге көптеген мысалдар келтіруге болады: орындықтар, үстелдер пішіні, компьютерпернетақтасында батырмалардың орналасуы және т.б. Бұл талаптар жобалау кезінде, мысалы жұмыс киімін аса маңызды, олардың пішіні пайдалануды ыңғйлылық тудыру керек. Пішін түзуде қолданылатын материалда, оларды өңдеу әдістері, яғни технологиялар маңызды рөл атқарады. Өнімнің көркемдік құрылымдық шешімі экономикалық тиімді болу керек. Заманауи материалдар мен құрылымдар қаншалықты рационалды қолданылғанын ескеру керек: жаңасы қолданды ма, тиімдісі қолданды ма, өнім құрылымы мен пішінінің рационалды шешіміне байланысты материал үнемділігіне қол жеткізілді ме, жергілікті өндіріс ерекшеліктері ескерілді ме. Үнемділік түсінігі заттарды өндіруге және пайдалауға шығындалған еңбек үлесін бағалаумен байланысты. Мысалы, киім үлгісін жобалау кезінде жеке және жаппай өндіріске арналған өнімдердің пішіні мен құрылымына қарастырылатын жол әртүрлі болады. Жаппай өндірісте экономикалық фактор үлкен мәнге ие. Егер жобаланатын үгі заманауисәнніңэстетикалық талаптарына жауап берсе, бірақ оны жасау шикізаттар мен еңбек шығындарыныңүнемдеруін қамтамасыз етпесе, бұл үлгі қымбат болады, яғни кең тұтынушыларға қол жетімді болмайды. Жеке адамға өндіру кезінде үлгі пішіні мен құрылымы, сонымен қатар оны жасауға кететін шығындар нақты тапсырыс ерушінің мүмкіндіктері мен талаптарына тәуелді болады. Осылайша, жаңа, әдеміжәне пайдалы заттар өндіру — бұл күрделі процесс, онда көптеген мамандар қатысады және дизайнер рөлі айтарлықтай зор. Дизайнер бұйымдар нысанын әзірлеу кезінде пайдаланылатын материалдардың қасиеттері және фактурасын ескеріп қана қоймай, сонымен қатарүнемі жаңа тәсілдері, оларды өңдеу және үйлесімін іздейді. Қазіргі заманғы дизайнер жаңа пішіндерді іздеуде компьютерлік технологиялардыпайдаланады. компьютерлік графика мүмкіндіктері, мысалы, табиғаттан алынған пішіндерді оңай трансформациялауға мүмкіндік береді. XXғасырдың50-жылдардың соңында жаңа ғылыми бағыт қалыптасқан, оның негізін әр түрлі тірі жүйелерді модельдеу бойынша зерттеулер құрайды. Осығылымның пайда болуы кибернетика, биофизика, биохимия, ғарыш биология, инженерлік психология және т. б дамуы салдары болды. 1960 ж. Дайтонда (АҚШ) жүргізілген симпозиум ж. жаңа ғылым атауын—бионика қалыптастырды.Бионика — бұл техникада және құрылыста тірі табиғат пішіндерімен құрылымы, қағидалары мен технологиялық үдерісі туралы ғылым. Биониканың туындауы кездейсоқ емес. Бұл ғылым мен техниканың дамуының табиғи нәтижесі. Бионика инженерлік-техникалық мәселердің кең ауқымын біріктіреді, оарды шешу биология мәліметтеріне негізделген. Жануарлар немесе өсімдік пішіндеріндизайнердің трасформациясы әрдайым табиғат – алғашқы үйлесім және оның пішіні аса жетік деген түсінікке негізделген (5.14- сурет). Дүниеде барлығы өзара негізделген. Жасанды құрылатын жүйелертабиғи пішіндердің құрылуы және өзара әрекеттесу қағидаларына негізделген.
5.14 -сурет. Табиғи аналогтың техникалықпішінге трасформация мысалы Биониканың туындауы кездейсоқ емес. Бұл ғылым мен техниканың дамуының табиғи нәтижесі. Бионика инженерлік-техникалық мәселердің кең ауқымын біріктіреді, оарды шешу биология мәліметтеріне негізделген. Жануарлар немесе өсімдік пішіндеріндизайнердің трасформациясы әрдайым табиғат – алғашқы үйлесім және оның пішіні аса жетік деген түсінікке негізделген (5.14- сурет). Дүниеде барлығы өзара негізделген. Жасанды құрылатын жүйелертабиғи пішіндердің құрылуы және өзара әрекеттесу қағидаларына негізделген. Көркемдік құрастыру өнердің ерекше түрі ретінде тікелей материалды өндіріспен тығыз байланысты, оның алдында, бір жағынан материалдарды, күштерді және уақытты үнемдеу (әсіресе өнімдерді жаппай өндіру кезінде) мәселесі тұрса, екінші жағынан – өнімнің оңтайды ыңғайлылығы мен эстетикалық құндылықтарына жету тұр. Табиғи үдерістерде дизайне энергияны, құрылыс материалдарын және уақытты үнемді шығындау үлгілерін табады. Тірі табиғатта минимум заңы табиғи тіршілік ету маңыздылығына негізделген. Биодизайнер шаруашылығыныі негізгі тәсіді функционалдық анология тәсілі, басқаша айтқанда өнеркәсіптік өнімдер мен тірі табиғат пішін түзу қағидалары мен құралдарын салыстыру болып табылады. Суретші-дизайнердіңтабиғи аналогтармен жұмыс істеу қарапайым салыстыруға емес,биологиялық үдерістерді техникалық моделдеу әдістері мен тәсілдерін іздеу болып табылады. Табиғи пішіндерді зерттеу дизайнерлер қиялын қоректендіреді және оның туынды өнімдерінің функционалдық және эстетикалық береді. Суретші қасиеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді.
5.15 - сурет. Құрылыс жобаларда табиғи пішіндерді қолдану Суретшілер табиғи үлгілердің толық суретін салды, содан соң пішін түзетін, өстік сызықтар мен бөлшектеу сызықтары арқылы табиғи пішінді талдайдыжәне техникалық үлгі жасайды (5.15-сурет). Өнеркәсіптік өнімдер пішінінің эстетикасыолардықолданыс тағайындалуымен тығыз байланысты, ал табиғатта пішіні мен қызметтерінің өзаранегізделуіэстетикалық жетілгендік болып қабылданады. Табиғаттың пішін түзу жалпы заңдылықтары мен принциптерін білмей белгілі бір пішінді түсіну мүмкін емес. Сонымен қатар өнеркәсіптік өнімдердіқұрастырукезінде биологиялық пішіндерді негізге ала отырып, жаңа технологиялар мен жаңа материалдарды ескеру керек. Бионик заңдарын көркемдің құрастыру барысында қолдану қиялды дамытады, шығармашылық ойлауды оятады, ойлауға, ізденуге, табиғатты тануға итермелейді. Яғни, өнеркәсіптік өнімдер өзінің стильдік көрінісінде техниканың жалры деңгейімен, құрастыру тәсілдерімен, материалдармен,технологиялық мүмкіндіктер мен байланысты идеолоиялық және өндірістік шарттар әсерінен емес, сонымен қатар біршама биониказаңдарыныңәерінен қалыптасады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 3. Дизайндегі композиция
Дизайнермен композиция құру— бұл кез-келген кеңістіктік нысаны интерьер және экстерьерінде бірыңғай стильді құру процесі. Бұл үшін нысанның барлық сипаттамалары үілесімділікке келтіріледі: өлшемдері, пропорциясы, ырғақты құрылымы, фактурасы, түсі және т. б. Декоративтік композицияның барлық қағидалары, тәсілдері және құралдары және жекелеген дизайн нысандары үшін қолдануға қолайлы. Көркемдік жобалауда композициялық ізденісоныңфункционалдық тиімділігін қамтамасыз ететін пішін беруге арналған. Дизайндегі композиция үшін ашықтығы немесе тұйықтық, бүтіндік аса маңызды. Сондай-ақ, зат пішінінің оның ішкі құрылысы және сыртқы кеңістігімен эстетикалық шешілген өзара байланысымаңызды болып табылады, оны көлемдік- кеңістіктік құрылымы деп атайды. Дизайннің әр саласында бұған жетуге арналған арнайы құралдары бар. Алайда, жобаланып отырған: жиһаз, ыдыс-аяқ, киім, интерьергеқарамастан, дизайнер бөлшектер мен бүтіннің нысанның композициялық тұтастығына үйлесімді қатынасына ұмтылуы тиіс.
Өнім әсемділігін сонымен қатар материалдың тектоникалық айқындығы және құрылысы анықтайды. Тектоника (архитектоника) – композицияның маңызды құралы, зат пішінінің оның бөлшектерімен, оларды біріктіру тәсілдерімен, зат жасалған материал қасиеттерімен , оның құрылысымен көркемдік сипатталған өзара байланысты; және осы байланыстың заттың функционалдық тағайындалуына қаншалықты сәйкес келуі оның пайдалану ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Композицияның маңызды айқындық құралдары: көлем, құрылысы мен тектоника; масштаб, пропорция, ырғақ және метр; контраст және нюанс; симметрия және ассиметрия; түс (калорит) болып табылады. Олардың көбімен біз ІІІ тарауда таныстық. Композицияның заңдылықтарын қарастыра отырып, материалды заттардың кеңістіктік қасиеттерін талдауға тоқталу керек.
Пішін қасиеттері
Материалды заттардың кеңістіктік қасиеттері деп барлық көру арқылы қабылданатын белгілерді айтады: шама, геометриялық түрі (конфигурация), кеңістікте орналасуы, масса, фактура, текстура, түс, жарық-көлеңке.
5.16 - сурет. Пішіннің геометриялық түрі Геометриялық түрі – пішін бетінің сипатымен және пішіннің барлық даму бағыттарыбойыншаоның өлшемдерініңқатынасымен анықталатын қасиет. үш өлшемдердің бірінің басым болуына байланысты келесі түрлерін ажыратады:
- көлемдік пішін — барлық үш өлшемнің салыстырмалы тепе теңдігімен сипатталады. (5.16, а-сурет);
- жазықтықтық пішін — бір өлшемі басқаларынан біршама аз болатын пішін (5.16, б-сурет);
- сызықтық пішін — бұл пішінде қандай ді бір өлшемі басқалардан басым болады (5.16, в-сурет).
Пішіннің геометриялық түрінің басқа белгісі беттің тура сызықтығы мен қисық сызықтығы болып табылады. Бетінің сипаты бойынша пішін әртүрлі нұсқада болуы мүмкін: жазық, қисық сызықты, шығыңқы, ойық, сатылы және т.б. (5.17-сурет).
5.17 - сурет. Түзу сызықтық және қисық сызықтық беттер Пішін шамасы — салыстыру кезінде өлшемдерініңбасқапішін өлшемдерімен қатынасы. Шама пішіннің және элементтердің үш координата бойынша это созылуымен анықталады. Композицияны құра отырып, суретші шамасы әртүрлі пішіндерді салыстыру кезінде оның үлкені тым ұлғайтылып қабылдануы мүмкін (5.18- сурет).
5.19 - сурет. Пішінді бөліктерге бөлу арқылы кішірейтіп көрсету Егер екі бірдей пішінді әртүрлі мөлшерлі элементтерге бөлшектесе, ең аз элементтері бар пішін үлкенірек болып көрінеді. Пішіннің бұл қасиетін костюмді жобалау кезінде (5.19-сурет), сонымен қатар мата өрнегімен жұмыс істеуде ескереді. Пішіннің кеңістікте орналасуы — бұл пасқа пішіндер арасында, сонымен қатарбақылаушыға қатысты орналасуымен анықталатын қасиет. Пішіндер бір біріне қатысты жәнебақылаушығақатысты жақынырақ, алысырақ, жоғарырақ, төменірек, солға қарай, оңға қарай орналасуы мүмкін. Пішін кокжиек сызығына қатысты әртүрлі деңгейде орналасуы мүмкін: сол деңгейде, жоғары, төмен. Бұл қасиеттң көлемдік- кеңістіктің композицияларды құру кезінде ескеру маңызды. Көптеген композициялық мәселелерді шешуде массаны қабылдау да маңызды рөл атқарады. Пішін массивтіігі–көрерменмен қабылданатын оның толы тығыздығыү Массивтіліктің екі шекті күйі болады: максималды толған және бос, ал олардың арасында көптеген аралық нұсқалар бар.
Пішіннің массивтілігін қабылдауға оның геометриялық сипаты да әсер етеді.
5.20 -сурет. Пішін шамасын салыстырмалы қабылдау Ең үлкен болып «көрінетін масса» куб пен шарға, яғни, барлық үш өлшемдері өз өлшемдері бойынша жақын пішіндер ие. (5.20- сурет). Пішін массасының өзгеруі ол жасалған материал түсіне, фактурасына және текстурасына және оған көршілес заттардың немесе элементтердің шамасына тәуелді.
Фактура
Пішінді қабылдауда фактура – пішін бетінің сыртқы құрылымын сипаттайтын қасиет аса маңызды. Фактура айқын және зат туралы мұқият ақпарат көзі болып табылады. өл суық немесе жылы, ауыр немесе жеңіл және т.б. әсерін тудыруы мүмкін. Әрбір табиғи материалдың өзінің ерекше фактурасы бар: көмірге күңгірт барқыттылықтән, жүн — жұмсақ, жібек ерекше жылтыр, тері — иілімді жұмсақтық.
5.21 - сурет. Беттің микробұдырлануына фактураның тәуелділігі Материалдың фактуралығы бетінің микробұрмалауы тығыздығына және шамасына байланысты (5.21-сурет). Тегіс беттерде фактуралар элементтері аз болғандықтан, олар сырт қарағанда онша көрінбейді. Бұдырлы беттер элементтерінің фактурасы айтарлықтай ірі. Кейде фактура элементтері соншалықты үлкен болғандықтан, олар дербес пішін мәніне ие боладыжәне олардың бетінде саны жеткілікті аз. Фактура қабылдау көрерменге жақындық дәрежесіне байланысты болады. Бақылаушы және бет арасындағы қашықтық ұлғайған кезде оның бөлшектері (бөлшектелген бөліктері) тегістеледі де, беті фактурасы аз болып қабылданады. Көркемдік құрастырушылық жобаны әзірлеу кезінде фактура материалын таңдау материалдың өзін таңдаумен бірдей маңызды. Бір материал оның бетінәр түрлі өңдеуге байланысты әртүрлі көрінуі мүмкін. Фактураны құру тәсілдері қол және механикалық болуы мүмкін. Біріншісіне мыналар жатады: кестелеу, аппликация, тоқу, өру және т. б. екіншісі — тоқымалықөру,химиялық материалдарды өңдеу, басып шығару, өрнектеу, трафареттеу және т. б. Бет фактурасы — оның пропорционалдық қатынастарына елеулі ықпал көрсететін пішіннің дербес және белсенді элементі, ірі фактура беттің өлшемдерін азайтады, ұсақ — арттырады. Күрделі суретті бетті теңгерген жөн. Айқынбейнеленген фактураның шағын учаскесі ауданы бойынша үлкен тегіс фонды болуы Әртүрлі фактуралар пішінмен әртүрлі қатынасады. Ірі фактура элементтері бар материалдар пішіннің геометриялық түрін өзгертеді, оған көлемділік береді. Зат бетінен жарықты шағылыстыру әдісі бойынша барлық фактуралар келесідей бөлінеді:
- жылтыр — жарықты айнадай шағылыстырады,өтемайда элементтерден түрады және бетке түсетін барлық жарық сәуллері оған қай бұрышпен түссе, сол бұрышпен шағылысады;
- бұдырлы — ірі элементтер әсерінен бетте күрделі жарық-көлеңке ойны құрылады;
- күңгірт — бұл шамасы орташа элементтерден тұратын беттер және жарықтыәртүрлібұрышпен шағылыстырады.
Әртүрлі фактура бойынша көрерменге әр түрлі әсер етуі мүмкін, белгілі бір эмоциялық-бейнелік үндестігі болуы тиіс. Бұл жағдайда пассивті (біркелкі беті) және активті (күрделі бедерлі беті) бетті ажыратады. Пассивті беттінің қосымша безендіру керек, олар сондай-ақ активті беттерге жақсы фон болуы мүмкін.
5.22 - сурет. Дөрекі қашау арқылы безендірілген шай жинағы 5.22 - суретте шай жинағы көрсетілген, онда заттардың қарапайым геометриялық пішіндері сыртқы бетін дөрекі қашау арқылы безендірілген, ол жарық-көлеңке ойнын тудырады. Ішкі жағы мен жоғарғы беті тегіс және күңгірт болып қалады. Әртүрлі фактуралардың бұндай үйлесуі шай жина,ына ерекше әсемдік береді. Бір костюмде әртүрлі фактуралы маталар мен материалдарды қолдану оның сыртқы түріне қосымша көрнектілік береді. Егер түсі бойынша бір, бірақ фактурасы әртүрлі маталарды қолданғанда, ерекше әсер түзіледі, себебі бір түсті қабылдау бетінің сапасына қарай әртүрлі қабылданады. Мысалы, XVІ испандық костюмдерде қара түс басым болған. Қара киімдерге әсемділікті әртүрлі фактураларды қолдану арқылы берген: қара барқыт және қара муар, қара шұға мен қара атлас және т.б. Бұл тәсілді қазіргі күні де суретшілер ұстамдылық пен түс біртұтастығын және сонымен қатар әсемдігін қамтамасыз ету қажет болғанда қолданады. Бірақәртүрліфактуралы материалдаоды ойлап біріктіру керек, себебі сәтсіз үйлестіру арқылы бір-бірінің әсемдігін жоюға болады. Бұл әсіресе әртүрлі түсті және әртүрлі суретті активті фактураларға қатысты. Пішінді қабылдауда текстура – зат бетінде байқалатын, зат жасалған материал құрылымының сыртқы белгілері маңызды мәнге ие Көбінесе текстурамен ағаштан, матадан, шыныдан жасалған материалдар сипатталады. Әртүрлі текстуралар өнімді өңдеу кезінде декоративтік элемент ретінде қолданылады. Фактура мен текстура – дизайнде көркемдік айқындықтың активті құралдары. Беттердің фактурасы мен текстурасы өнім өлшеміне және олар қызмет ететін кеңістік шамасына байланысты таңдалу керек.
Түс
Активті композициялық құрал түс болып табылады. ІІ тарауда қарастырылған түстану негіздері — эстетикалық жетілген колористік орта құруға ұмтылған дизайнер үшін қажетті білім. Дизайнде, сол сияқты декоративтік-қолданбалы өнерде түс заттыңпішініменжәне тағайындалуымен байланысты. Бірақ дизайнде түстің адамға тигізетін әсері ескеріледі. Бізді қоршаған ортаның түс ортасы біздің көңіл күйімізге, сонымен қатар хал жағдайымызға әсер етеді. ІІ тарауда біз түстің біздің ағзаға тигізетін әсерін қарастырдық. Осы материалдаг біз түс шаршатуға, қоздыруға немесе сергектік сезімін құруға қабілетті. Яғни, интерьерді салтанатты безендіру үшін және жаздық киімдердің түс шешімі үшін қуанышты көңіл күй құратын жарқын түстер қолдану ұсынылады. Дизайн нысандарын түстік және иілімдік ұйымдастыру фактура мен текстураны ескермей шешілуі мүмкін емес. өнеркәсіптік өнімдердің түстік шешімі олардың массасын, шамасын қабылдауға әсер етеді. Көлемдік- кеңістіктік композицияны құру кезінде түстің кеңістіктік өзгеруі міндетті ескеріледі. Бөлме интерьері композициясындв дизайнерлер түс үйлесімі заңдарын қолданады. Тұстануды білу адам ыңғайлы сезінетін интерьердің үйлесімді түрін жобалауға көмектеседі. өнеркәсіптік өнімдердің түстік шешіміне мысалдар түрлі-түсті қосымшада 29-суретте келтірілген.
Костюм композициясында түс рөліне тоқталайық.
Түсте айқын костюм композициясын құру – күрделі мақсат. Суретшімен түс композициясын сәтті таңдау оның теориялық білімдеріне ғана емес, көбінесе оның түсті сезінуіне де байланысты. Түс басқа түстермен байланысында қабылданады. Костюм құру кезінде әрқашан бет, шаш, көз түсіне сәйкес келетін колорит таңдалады. Костюм колоритінен бетке қолайсыз реңктер беретін түстер алынып тасталады. Аққұба шашты адамдарды терісі ақшыл салқын реңді болады, олаға көз түсін қайталайтын және жылы шаш түсімен түйісетін суық реңдер жарасады. Қара торы шашты адамдарда терісі жылы реңді, оларға көбіне жылы реңдер жарасады. Үйлесімді киінгісі келетін адам оның терісі түсіне, көзіне, шашына үйлсетін түстерді таңдайды. Бірақ бұл заң емес. Костюмнің түс гаммасын таңдау кезінде көз түсі сәйкес түсті шағын дақпен айқындалуы да мүмкін: мысалы көк көзді қара торы адамға ашық көк шарф жарасады. Фигура пропорциялары да костюм түсін таңдауға әсер етеді. Жылы және ақшыл реңдер фигураны ұлғайтып көрсетеді, ал суық және қошқыл түстер – кішірейтеді. Жарқын түстер, әсіресе жылы түстер габариттерді ерекше көрсетеді. Мысалға алоэ көйлек толық фигураны ұлғайтып көрсетеді. Қошқыл түстер жарықты сіңіреді де, фигура арық болып көрінеді. Егер костюм бәсең, аз қанық түсті болса, оған шағын, бірақ жарқын акцент керек. Тоық фигуралы әйелге бұндай акцентті жағасы жағында, бетіне жақын жасаған жөн, басқа жерде ол дене өлшемдерін ұлғайтып көрсетуге ықпал етеді. Әртүрлі түс үйлесімін қолдана отырып фигураның кейбір кемшіліктерін жоюға, артықшылықтарын көрсетуге болады. Әртүрлі жас категориялары үшін белгілі бір түстер бар. Балалар киімі үшін нәзік, ақшыл және жарқын реңктертін.Жасөспірімдер контрасттық түстерді қалайды. Ересек адамдарға терең түс реңді киімдер тән. Ерлер киімі әйелдер киіміне қарағанда ұстамды түсті. Киім түсі ол орындайтын қызметіне де байланысты. Мысалы, көк түс зауыт жұмысшыларын дәстүрлі болып табыладыү Ашық сары және қызыл сары түсті киімдер алыстан айқын көрінеді, ол жол жұмыстарына жарайды. Ақ түсті костюм дәстүрлі кейбір спорт түрлеріде қабылданған (теннис, поло), сонымен қатар бұл неке көйлегінің түсі. Сыртқы түрдің үйлесімі үшін реңктің әртүрлі градацияларында бір түс басым болу керек. Мысалы ашық беж пальтоға қою қоңыр туфли және сқмке және крем түсті бас киім таңдалу мүмкін. Түс тепе-теңдігі егер киімнің көп жерлері тынық түсті, кішігірім жерлері контрасттық болса қол жеткізіледі. Контрастреңін,қанықтығын, қарқындылығын өзгерту арқылы құрылу мүмкін ( қошқыл және қшық, жарқын және күңгірт). Ең теңгерілген үйлесім үш түстен аспайды. Жеке, бірегей үлгіні жобалау кезінде түс гаммасы нақты адамның сыртқы түріен байланысты болу керек. өнеркәсіптік топтаманың түс гаммасы белгілі бір мөлшердегі тстерден тұрады. Бұл ансамбль құруға және белгілі бір өнім тобы бейнесін құруға мүмкіндік береді.
Демек, түс дизайнде активті композициялық құрал ретінде қолданылуы мүмкін. Пішіннің маңызды қасиеті жарық- көлеңке: пішін бетінде ақшыл жәнеқошқыл дақтардың таралуыболып табылады, ол нысанның сыртқы түріне, бет бұдырлығына және жарықтану дәрежесіне байланысты. Жарық-көлеңке көлем мен бұдырды қабылдауды жеңілдетеді, зат көлемі мен бетін жалпылайды не бөлшектейді. Қолайсыз жарықта (жарық бағыты) пішін бұзылу мүмкін: бақылаушы қошқыл және ақшыл дақтар жиынтығын көруі мүмкін. 45° бұрышпен бағытталған жарық пішінді ең жақсы айқындайды. Нысанды жобалауда, оның пішінін құрастыруда жасанды жарықты ғана емес, сонымен қатар нысан табиғи жарықта қалай қабылданатынын ескеру керек. Пішіннің алғашқы қасиеттерін композициялық бірлікке келтіру құралдары пропорция, масштабтылық, ырғақтылықғ контраст және нюанс болып табылады, оны ІІІ тарауда қарастырдық.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
§ 4. Көркемдік жобалау кезеңдері
Көркемдік жобалау – адам пайдалануға арналған өнеркәсіптік өнім құру үдерісі. Жобалау жобалық тапсырманы талдаудан, материалды жалпыаудан, эскиз, макет жасаудан, технологиялық үдерісті есептеуден, көркемдік құрастырудан, әлеуметтік және экономикалық талаптарды зерттеуден тұрады. Көркемдік құрастыру — бұл шығармашылық әдіс адамның қоршаған ортасын эстетикалық түрлендіруге бағытталған өнеркісіптік өнімдерді жобалау үдерісінің бір бөлігі. Көркемдік құрастыру үдерісі екі кезеңнен тұрады: зат пішінінің принципі мен сипатын анықтау (көлемдік немесе жазық, эскиз немесе макет) және техникалық әзірлеу, оның нәтижесі бөлшектер, түйіндер, және де тұтас өнім болып табылады. Көркемдік жобалау деңгейі еңбекті қоғамдық ұйымдастыр деңгейіне, өнеркәсіптің техникалық және экономикалық потенциалына тікелей байланысты. Көркемдік жобалау – бұл шығармашылық әрекет. Ыңғайлы өнім құру, оны бағасы бойынша жетімді ету, жоғары функционалдық қабілет беру жеткілікті емес, оған көркемдік жобалауда ерекше көңіл бөлінеді. өнімдерді көркемдік жобалау сәйкесэмоционалдық орта құра отырып, адам психикасына қолайлы әсер ететін терең гуманистік дәстүрлерге негізделу керек. Сапалы өнеркәсіптік заттар жасау үшін пішіндерді тұрақты іздену, адам қажеттіліктерін зерттеу, сонымен қатар техникалық шеберлік, материал мен технологияны меңгеру қажет. Өнеркәсіптік өнімдердіжобалаудың күрделі үдерісінде үлкен коллектив қатысады, ол суретші-жобалаушы (дизайнер),инженер-құрылысшы, технолог, экономист және т.б. Барлық мамандардың өзара түсінушілігі ие бір сарынды жұмыс ітеуіне өндірілетін өнім сапасы тәуелді. Жобамен жұмыс істегенде дизайнер рөлі ауысуы мүмкін: ол біресе белсенді туындыгер, біресе үлгіні енгізуді бақылаушы. Бірақ әр кезеіде дизайнер өнім жасау үдерісіне қатысушы және координатор. Ол алғашқы ойдың бұрмалануы болмауын бақылайды. Дизайнер көркемдік құрастырушы теориясыбілімдеріменқатар психология, социология, және өндіріс технологиясы білідеі, сонымен қатар талант пен интуиция қажет. Дизайнер жұмысында ғылыми жол мен шығармашылық үйлеседі. Инженер-құрастырушы технологияларды ескеріп,суретші идеясын жасайды, көркемдік бейнені материалды түрге айналдыра алатын құрастырушылық логикасы болу керек. Инженер-құрастырушы суретшімен бірге негізгі материалдарды, өңдеу әдістерін таңдайды, сызықтар конфигурациясын ойластырады, басқаша айтқанда өнімді рационалдыжәне логикалық құрастырады. Кез-келген өнімнің техникалық құрылымы оның ыңғайлылығын қамтамасыз ету керек. Пішін құрылымы оның өміршеңдігін анықтайды. Көркемдік және техникалық құрылым өзара тығыз байланысты. Жаңа пішін тек суретші-дизайнермен ғана құрылмайды. Жаңа пішінді құру үшін ғылым мен техникадағы жаңалықтар да түрткі болады. Өнім егер ол пайдалылық, үнемділік жағынан құрылымды, сонымен қатар өзінің көркемдік ойы бойынша қызықты және бірегей болса, жаңа болып саналады. Өнімді жобалау алдында суретші- дизайнер тапсырыс берушіден тапсырмалар тізімін алады, мысалы, заттың жаңа эстетикалық түрін алу; өнімнің тұтынушылық қасиеттерін жақсарту; әлемдік нарыққа түсетін, осыған ұқсас өнімдерді құру кезіндегі шығындармен салыстырғанда еңбек және материалды қорлар шығындарын азайту. Жобалау алдында дизайнер жұмыстың негізгі бағыттарын анықтайды. Жаңа түрлерді іздеу кезеңдері эскизде, нобайда, модель үлгісісұлбасында белгіленеді; одан ең жақсысы таңдалады, содан соң бөлшектеп құрастырылады. Жобалау басы жоба алдындағы зерттеу деп аталады. Бұл дайындық кезеңінде құрастырылатын өнімге қатысты барлық ақпараттар жинау және талдау жүргізіледі, оған қойылатын талаптар айқындалады. Ең алдымен отандық және шетел тәжірибесіндегі үлгі-аналогтар, сонымен қатар үлгінің қоғамдық қажеттілігі зерттеледі. Ақпараттарды зерттеу мәліметтерді механикалық тіркеу болып табылмайды, шығармашылық ойды қалыптастыру үшін негіз болады. Мәліметтер көзі отандық және шетел басылымындағы (кітап, журнал) басылымдар, өнеркісіптік фирмалар мен кқрмелер каталогтары, стандарттар мен салалық нормалар, патенттік материалдар болуы мүмкін. Талданатын материал графикалық түрде әрекеттегі өнім шешімдері нұсқалары мен оның жеке түйіндері мен бөлшектерінің суреттемесі түрінде белгіленеді. Жоғарыда айтылғандай, жоба алдындағы зерттеу болашақ өнімге қойылатын талаптарды талдаумен айналысады:функционалдық, эргономикалық,технологиялық, экономикалық, эстетикалық. Функционалдық талаптарды талдау кезінде өнімді пайдалану мақсаттары мен шарттары, адаммен және қоршаған ортамен байланысы ескеріледі. Эргономикалықталаптар өндірілетін өнімге қойылатын антропометриялық,физиолого- гигиеналық және психологиялық факторлардан тұрады. Технологиялық талаптарға сәйкес өнімнің беріктілігін, ұзақ мерзімділігін, қамтамасызететіннегізгі құрастырушылықпараметрлерін анықтайды, жобалау мақсатына сай технология, технологиялық үдеріске кететін шығындар анықталады. Экономикалық талаптарды талдау материалдар мен өндіріс технологиясын таңдау есебінен өзіндік құнын азайту мүмкіндіктерінайқындауға бағытталған. Эстетикалық талаптар өнімнің көркемдік сапасын анықтайды (пішін әдемілігі, пропорция, материалдарды,
түстерді, фактураны және т.б. орынды пайдалану).
Яғни,барлық ақпараттар жобаланатын өнімнің ыңғайлылығы, технологиялылығы,үнемділігі және әдемілігі тұрғысынан талданады. Бұл кезең көркемдік жобалау мәнінен шығады,оның барысында өнімнің функционалдық-техникалық ерекшеліктері, зат пен адам қатынасын ең жақсы көрсететін оның реттілігі ескеріліп,әшкі келісімі, кеңістіктік- бүтіндік жүйесі қамтамасыз етіледі. Жоба алдындағы зерттеу өнімге қойылатын ғылыми негізделген талаптар тізімін және оның осы талаптарға жауап беретін жобалық сипаттамалары тізімі құрылады. Келесі жұмыс кезеңі — көркемдік- құрастырушылық ізденіс.Ол алғашқы шығармашылық идеяларды эскиздік, графикалық түрде (форэскиз) және көлемде (макетах) өндіру мен жүзеге асырудан тұрады. Форэскиздерді жасау жоба алдындағы зерттеу мәліметтері негізінде шығармашылық ойды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Эскиздер жоба идеясын жасау, өлшемдерді және өнім, түйін бөлшек және жеке элементтердің пішіні конфигурациясын өңдеу сипатында болуы мүмкін. Көркемдік-құрастырушылық ізденіс эскиздік жоба дайындаумен аяқталады. Эскиздікжоба–өнімніңбарлық сипаттамаларынтолықанықтайтын суретші-құрастырушының шығармашылық ұсынысы. Эскиздік жоба негізінде техникалық жоба жасалады, ол сызба жасаудан, түйіндер мен бөлшектерді құрастыру мен есептеуден, материалдарға қойылатын талаптардан, оларды өңдеу әдістеріне және түб тұрады. Оның салдарынан жобалау барысында сынақ үлгісі жасалып, оған сынақ жүргізіледі.
5.23 - сурет. Жобалау үдерісі сұлбасы
Жобалау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады (5.23-сурет):
- техникалық тапсырманы құру;
- құрастырылатын өнім типіне қатысты ақпаратты жинау, техно құрылымдық және дизайнерлік шешімдер тұрғысынан өнім нарқының экономикалық конъюктурасын, сонымен қатар әлеуметтану және психология бойынша материалдар жинау, алынған мәліметтеді жалпылау;
- шығармашылық көзді талдау, осы өндіріс талаптары мен шарттарына сай, өз шешімін табу үшін өнімдер- аналогтар кешенін зерттеу:
- жалпы құрастыру ойын негіздеу; композициялық сұлба құру, яғни,
- бейнелік атмосфера, болашақ жоба орындалатын пішін мен түс таңдау; өнім құрылатын адам немесе адам тобы бейнесін зерттеу;
- пішін, түс және фактура қатынастары эскиздерін жасау; қабылданған шешімді мамандармен – технологармен және құрастырушылармен келісу;
- жаңа өнімге тұтынушылардыі алғашқы реакциясын талдау; үлгіні түзету; тәжірибелік үлгі бойынша сериялы өнім сәйкестігін бақылау.
өнеркәсіптік өнімдерді көркемдік жобалауда бүтіндік, өнім құрылымы сияқты түсініктер мысалға көркем сурет өнеріндегіге қарағанда басқа мазмұнға ие екенін ескеру керек, себебі олар өнеркәсіптік өнімнің сипаттамаларымен интегралды байланыста болады. Сыртқы түрі, композициясы, фактурасы, ырғағы, контрасттар мен акценттер қатынасы арқылы тигізілетін эмоционалдық әсер оның айқындығын негіздейді.Бірақ, пішіннің эстетикалық қасиеттері өнімнің тағайындалуына байланысты екенін ұмытпау керек. Жоғарыда қарастырылған көркемдік жобалау кезеңдері оқушылардың оқу жобасын орындауға негіз болады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚЫСҚАША СӨЗДІГІ
Абрис — фигураның cызықтық көрінісі, контуры.
Автопортрет — суретшінің өзін өзі бейнелейтін портрет.
Ағарту – ежелгі орыс көркем суретінде: пішінді модельдеуде бояу реңкінде бірнеше рет жағылатын біртіндеп ақ бояу мөлшерін ұлғайту, Ағарту (вохрение) — ежелгі орыс көркем суретінде: пбет және ашық дене бөліктерін біртіндеп ағарту үдерісі Академизм — XVІ — XІX ғғ. догмалық сыртқы пішіміне жалаң еліктеу негізінде құрылған классикалық өнер бағыты. Академизм «мәңгілік» канон жүйесіне айналатын, жүйелеу, көркемдік білім беру, классикалық дәстүрлерді жүйелеуге ықпал етті. Академизм заманауи шындықты «жоғары» өнермен салыстыруға лайықсыз деп есептеп, шындықтан алыс бейнелерді дәріптейді (Библиядағысюжеттер,антика мифологиясы, көне тарих). Акант — б.з.д. V ғ. ортасында антикалық өнерде пайда болған, кеңінен тараған пластикалық орнамент. Мүсіндік декорға үлгі болатын, нәзік және икемді жапырақтан тұратын гүл секілді аталған. А жапырақтары коринфттік және композиттік ордерлердің көркі болды. Аксессуар (французша accessoіre — жанама, қосымша) — жалпы ойды білдіруге көмектесетін және бейненің басты сипаттамасын толықтыратын қосымша зат. Мысалы, киімге әртүрлі толықтырулар: сөмке, қолғаптар, бижутериялар, шарф және т. б. Акцент — көрерменнің назарын аудару мақсатында түспен, жарықпен, сызықпен немесе кеңістіктегі фигуралар орналасуымен, заттың, суреттердің бөлшектерін бөліп көрсету тәсілі. Ақшылдық—қошқылдан ерекшеленетін салыстырмалы дәреже: қошқылдан алыс болған сайын, түс аұшылдығы жоғары болады. Ампир (франц. empіre — империя) — сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің XІX ғ.бірінші бөлігінде Европа елдеріндегі сәулет стилі, классицизм эволюциясының соңғы фазасы. Ампир үшін негізгі шабыт көздері: архаикалық Грек және императорлық Рим өнері. Арабеска (франц. arabesque — араб- ский) — мұсылман елдерінің орта ғасырлық өрнегінің еуропалық атауы. А. геометриялық тор принципіббойынша құрылған:қайталанатынөрнектік мотивтер тобының шексіз кеңістіктік таралуы. А. біртекті пішіндердің көп рет ырғақты қатпарлануымен ерекшеленеді, бұл шатасқаг ою әсерін тудырады. Байланыстырғыш зат – бояу құрамына кіретін және оның пигментке негізделген түсінен басқа барлық қасиеттеріннегіздейтінзат. Байланыстырғыш зат кепкен кезде пигментті өзара және сылақпен бекітеді, тұрақты бояулы қамтамасыз етеді. Барокко (итал. barocco — әлемдік) — XVІ ғ. соңында Италияда пайда болғн және Еропаның басқа елдеріне XVІІІ дейін танымал болған көркемдік стиль. Бароккоға контрасттылық, динамикалық, кернеулік, асқақтықтың, идеалдылықтық және төменгі материалдықтың бірігуі. Бұндай әдіспен дүниетаныс күрделілігі, оның өзгеруі сезілді. Б. көлемділікпен, байлықпен, көріністікпен ерекшеленеді. Бейне — өнер құралдары көмегімен шынайылық құбылыстардың сыртқы, сезімдік-нақты кейпін көрсеті. Бейнелеу өнерінде көркемдік бейне негізі болып табылады. Бейне — өнерде шынайылық құбылыстарды бейнелеу түрі, шынайылықты көркемдік түрлендіру. Бейнелеу өнерінде бейне сезімдік-нақты, идеяның көрнекті көрінісі. Бордюр — декоративті композиция (кілем, панно және т.б.) шетін айналдырған жиектеме, жолақша . Бөлшек – 1) кез-келген нәрсенің құрам элементі; 2) бейненің сипаттамасын нақтылайтын,туындыныңұсақ толықтығы, аз маңызды бөлігі; 3)фрагмент Бөлшектеу – бейне бөлшектерін мұқият өндеу. Суретші өз алдына қоятын мақсатына, оның шығармашылық әдетіне байланысты бөлшектеу дәрежесі әртүрлі болады Бүрме –әдемі қыртыстарға жиналған немесе еркін салбыраған мата. Бүрме көбіне суреттерде кездеседі: мысалы натюрмортта, портретте. Бүрме ежелдег кейіпкер сипаттамасын ашу үшін қолданылатын құрал болып табылған. Бүтіндік — әртүрлі бөліктердің бір біріне сәйкес келуінен, жекеніңжалпыға, қосалқының бастыға, бөліктердің бүтінге бағынуынан, сонымен қатар орындау тәсілдері бірлігінен тұратын көбірек көркемдік айқындауға ықпал ететін өнер туындысының қажетті маңызды сапасы. Валѐр (франц. valeur — құндылық) — көркем сурет пен графикада реңңк реңін білдіретін түсінік. Бұл жарық-көлеңкенің білінер білінбес ауысуы, ол нақты жарықтандыру шарттарымен және ауа ортасымен анықталады. Витраж – шыныда мөлдір бояулармен орындаған көркем сурет немесе түрлі түсті шынылар метар түптеу арқылы біріктірілген, өтпелі жарықтандыруға есептелген композиция (терезе, есік, мөлдр қалқан немесе панно). Глазурь — қыш бүйымдар бетіне жағылып күйдіріліп бекітілеттін шыны тәрізді зат. Глазурь қнім бетін күшейтеді, су өткізбейтін етеді, сонымен қатар түспен байытадыжіне бұйымға жаңа декоративтік сипат береді. Готика — XІІ ғ. ортасында Францияда туындаған және Еуропаға тараған көркемдік стиль. Готикаға мүсін мен көркем суреттің сіулет пен интерьермен үзілмейтін байланысы, созылған пропорцияар, композиция күрделілігі мен ырғақтыбайлығы, бейнелердің руханишылығы мен маңғаздығы тән. Гравюра — қатты материалда орындалған (ағаш, метал, линолеум және т.б.) графикалық материалдардың баспа көшірмеерін алуға мүмкіндік беретін графика түрі; Гравюраның келесі түрлері бар: станок және кітап гравюрасы, дайындау әдісі бойынша дөңес немесе ойық болуы мүмкін. Градация —барлығы бірге үйлесімді бүтін құрайтын ретті, біртіндеп кезектеп, түсінің, реңкінің, жарық-көлеңкенің өзгеруі, реңдердің келісілген реті Гризайль (франц. grіsaіlle, grіs — сұр) —бір түстің реңімен, негізінен сұр түспен, әдетте мүсін бұдырын имитациялайтынкөркемсурет. Гризайльде бейне тональдік қатынастар негізінде құрылады (әртүрлә ақшылдықты реңк) Грифон —арыстан денелі, арыстан мен бүркіт басты, бүркіт қанаттары бар фантастикалық тірі ағза. Декор (лат. decoro — безендіремін) — әшекейлейтін құрылымдар жиынтығы немесе өрнек немес бейнелеу элементтері бар зат Декоративтік көркем сурет — архитектураны немесе қандай да бір затты безендіретін бейнелеу қатары, көлемдік- кеңістіктік композициясымен қатар жүреді және оның айқындылығын күшейтеді Декорация —белгілі бір кеңістікті немесе пішінде безендіру. Декорацияны театр спектакальдерінде, кинофильдерде, сіулетқұрылымдарымен ансамбльдерінде, қолданбалы өнер заттарында қолданады. Декорация көлемдік-кеңістікті композициямен қатар қолданылады. Декорация – бір ансамбльгк жеке құрылымдардың немесе заттардың көру арқылы бірігу құралдарының бірі. Деформация—көркемдік интерпретацияда натуралық пішін сипаттамаларының өзгеруі, өнерде бейне айқындығын күшейтетін тәсіл етінде қолданыладыү Карикатурада кең қолданылады, бірақ станоктық көркем суретте, мүсіндеуде кездеседі. Дәстүр — трихи орныққан және ұрпақтан ұрпаққа берілетін салт, дағды, ережелер; өткен шақтың, заманауи өнерде меңгеріліп қолданылатын көркем сурет жетістіктері. Динамикалық- қозғалыс, өзгеріс, әрекет.Бейнелеуөнерінде композициялық шешім, пішінді ұғындыру және орындау түрі арқылы қамтамасыз етіледі. Жанр (франц. genre — тек, түр) — бейнелеу өнері теориясында: белгілі бір тақырыптармен, бенеленетін заттармен шектелген өнер саласы (тарихи жанр, тұрмыстық жанр, соғыс жанры, портрет, пейхаж, натюрморт), сонымен қатар затқа авторлық қатынас (карикатура, шарж). Жартылай көлеңке – жарық-көлеңке элементінің бірі, заттың жарқын бөлігінен көлеңке бөлігіне өтуге сәйкес орташа күшті жарық-көлеңке градациясы Жартылай тон екі, жақын орналасқан, көршілес тондары арасындағы аралық міндң жарық-көлеіке немесе түс реңкі Жарық — бейнелеу өнерінде: жарық- көлеңке эоементі. Натурада да, көркем туындыларда да бұл термин еттің жарқын жерін белгілеуге қолданылады. Жарық күші — көркем суретте: түстің жарықпен қанығу дәрежесі, көршілес түс реңктеріне қатысты түсті салыстырмалы ақшылдық дәрежесі. Графикадаү бір реңктің жанындағы екіншісіне қатысты ақшылдық дәрежесі Жарық-көлеңке — ақшыл мен қошқылдың градациясы, фигура мен зат көлемін және қоршаған жарық ортасын бейнелеуге мүмкіндік беретін фонда жарық пен көлеңке қатынасы. Жарық- көлеңке өнерде эмоционалдық айқындық құралы. Жергілікті түс — көркем суретте: заттың бояуын сипаттайтын негізгі жәнеөзгерейтін бояуы; Зат бояуы түс күші бойынша өзгеретін біртекті түс дақтарымен берілуі мүмкін, бірақ жарықтандыру, ауа ортасы, қоршаған орта рефлексі әсерінен түс реңдері жоқ. Жуу – 1) өте сұйық бояу немесе тушь қолданылатын акварель техникасы; 2) таза суда суланған қылқалам көмегімен бояуды алып тастау
«Жүзбелі толқын» — ежелгі грек текті өрнек, классикалық архитектурада және қолданбалы өнерде кең тараған. Иілімді контурменжалғасқанқатартолқын түріндегі стильдік профильдік бейне
Жылы түс — қызыл, қызыл сары және сары түстердің шартты атауы. Заттық орта — белгілі бір ретте ұйыдастырылған адас ортасы, сәулет құрылымы, жағдай, тұрмыстық заттар және т.б. Иделда – затты идеалды бейнеге жақындату мақсатында суретшінің әлейі немесе еріксіз аздап безендіруден тұратын көркемдік жалпылау әдісі
Идея – мазмұны мен бейнелік құрылысын анықтайтын туындының негізгі ойы. Иілімділік — өнерде: пішіннің, сызықтың және силуэттің ерекше сұлулығы мен айқындығы, тональдік ауысу байлығы Икебана — дәстүрлі жапон өнерінде: ерекше түрде рәсімделген гүл шоғыры. Икебана композициялары Аспан, Жер жіне Адам үштік бірлестікке негізделген. Икебна заманауи интерьерді безендіруде кең қолданылады. Импрессионизм (франц. іmpressіon — әссер) — ХІХ ғ соңғы үштен бірі мен ХХ ғ басындағы өнер бағыты, оның өкілдері табиғи және әсерлемей қоршаған орта мен күнделікті өмірді қозғалысы мен өзгеруінде суреттеуге ұмтылды, натурадан алынған сәттік әсерлерді бейнеледі. Интерьер — барлық элементтермен кез келген ғимараттың, бөлменің ішкі құрылымының ішкі түрі: әрлеумен, бүрмемен, жазбалармен, заттармен және т.б., сонымен қатар оны өнерде бейнелеу.
Каннелюра—бағананемесе пилястр өзегіндегі тік ойық Капитель — иілімді құралдармен бөлінген бағана немесе пилястр жоғарғы бөлігі. Карикатура — тән сипаттамаларды ұлғайту, күтпеген салыстыру, ұқсату, метафора, шынайы мен фантастикалықты қосу арқылы құрылатын комедиялық әсерлі сурет.
Каркас — кез келген ғимараттың не құрылымның өзегі (қаңқасы). Квасник — квас құяға арналған орыс сауыты; диск тәрізді денелі, ортасында саңылауы, кең аузы және сабы бар. Кеңістіктік план – 1) натураны бақылағанда: бақылаушыдан әртүрлі қашықтықта орналасқан шартты бөлінген кеңістік жерлері; 2) бейнеленген кеңістік тереңдігіне әртүрлі енген сурет бөлігі. Планның бірнеше түрі бар: бірінші, екінші, үшінші немесе алдыңғы, орташа, алыс. План мөлшері суретші ойына, мотв таңдауына және көзқарасқа тәуелді. Кестелеу – қолданбалы өнер түрі, матадан жасалған тұрмыстық заттарды немесе киімді әшекейлеу, қолмен «инемен, кейде ілмекпен) немесе машиналық әдіспен өрнек немесе бейнелің мотив тігіледі. Қолмен тігу өрнек мотиві мен орындаудың техникалықтәсілдерініңалуан түрлілігімен ерекшеленеді: айқаршық, тегіс, ілмекті, сабақтап, тамбурлық тігіс, баспалау, мережк және т.б. Ақ (бір түсті) және көп түсті кестелеуді ажыратады. Жібек, жүн, зығыр жіне мақта мата жіптермен қатар алтын жіне күміс жіптер, меруерт, бисер және т.б. кестелеуде қолданылуы мүмкін. Кестелі мата — екі жақты алдыңғы жағында өрнек үстінде, ал төменгі жағында - негіздің едені бойынша; өнімді «сызбалар» базасында орналастырылған «брандридтер» плакаттарының көмегімен жууға болады.Кеуде — адам денесі; мүсінде, көркем суретте адам денесінің бейнеленуі. Колер — бояу түсі, оның реңкі. Коллаж(франц.collage— жабыстыру) — бейнелеу өнеріндегі техникалық тәсіл — түсі мен фактурасы бойынша ерекшеленетін материалға, сонымен қатар осы тәсілмен орындалған суретке жабыстыру. Колорит — суретте, экспозицияда, интерьерде түстер үйлессімінің жалпы сипаты. Контраст — екі қатынасатын қасиетті қарама қарсы қою және өзара салыстыру. Контраст — пластикалық өнердегі маңызды айқындық құралдардың бірі. архитектоникада және ғимарат, құрылым композицияда, көркем туындыларда көлем, кеңістік, вертикальдар мен горизонтальдар контрасты маңызды рөл атқарады. Түс және түс көлеңке контрасттар көлемдік пішінді модельдеу немесе кеңістіктік қатынастарды өрнектеу құралы. Контур — зат пішінін сипаттайтын сызық. Контур — көркемдік айқындық құралының бірі. Корпустық көркем сурет — қою тығыз жақпалармен орындалған көркем сурет; оның бояу қабаттары мөлдір емес және бұдырлы фактуралы. Көзқарас—перспектива теориясында: көзге көрінетін немесе бейнеленген затқа қатысты бақылаушы көзінің қараған жері. Көлеңке — жарық-көлеңке элементі, натурада жіне көркем бейнеде аз жарық түскен жерлер. өзінің көлеңкесі және түсетін көлеңке болып ажыратылады. Көмір — бұақтарды немесе жаншылған ағаш таяқшаларды жағу арқылы алынған немесе арнайыкөмір массасына құлыптастырылған жіңішке өзек түріндегі сурет салуға арналған материал Көмірмен салынған сурет барқыт реңкті және міндетті түрде бекітуді талап етеді. Көркемдік жобалау — өнеркәсіптік өнімдерді жасау бойынша әрекет саласы, көркемдік құрастыруға қарағанда кең.
Көркемдік көру – натурада салынған эстетикалық қасиеттерді бағалай алу Көркемдік құралдар — туынды мазмұнын көрсету үшін суретші қолданатын барлық бейнелу және көркемдік құралдар (композиция, перспектива, пропорция, жарық-көлеңке, түс,штрих, фактуражәне т.б) Көркемдік құрастыру — адамды қоршаған зат ортасын жетілдіруге бағытталған шығармашылық жобалық әрекет; бұл жетілдіру бірыңғай жүйеге зат кешендерінің және жеке өнімдердің функционалдық және композициялық байланыстарын, олардың эстетикалық және пайдалану сипаттамаларын келтіру арқылы қамтамасыз етіледі. Көркемдік сапа — пішінінің элементтер өлшемін, пропорцияларын, ырғақты құрылысына, фатурасына, түсіне жәнебасқакомпозициялық сипаттамаларына қатысты үйлесіділігімен анықталатын өнімнің сыртқы түрі ерекшелігі. Крок (франц. croquіs — нобай) — натурадан жылдам сурет салу немесе сурет түрінде композициялық ойды жылдам бекіту. Қатынас – Туынды құру кезінде қолданылатын бейне элементтірінің байланысы. Мысалы, түс пен рең қатынасы (көркем суретте), әртүрлі ақшылдықты тондар қатынасы (суретте тональдік қатынастар), заттар өлшемі мен пішіні қатынасы (пропорция), кеңістіктік қатынас және т.б. өнер туындыларында берілетін қатынастар салыстыру әдісімен анықталады Қыш (греч. keramіke — қыш өнері) – барлық күйдірілген саздан жасалған өнімдер түрлері (майолика, терракота, фаянс, фарфор және т.б.). Мазмұн және пішін — өзара байланысты және өзара негізделген категориялар: өнерде мазмұн автондың туындыға салған мәні бар, ал пішін – осы ойды берілетін көркем құралдар жиынтығыү Майолика — мөлдір емес глазурь жабылған түрлі түсті саздан жасалған көркемдік қыш
Макет — берілген масштабта бір нәрсенің үлгісі.
Меандр (толқынды азиялық Меандр өзені аты) — орамдармен сынық немесе қисық сызықты өрнек. Миниатюра — пішін, фактура байлығымен және декоративтілігімен, өрнектілігімен, техникалық тәсіл шеберлігімен ерекшеленетін шағын өлшемді көркем туынды Миниатюралық көркем сурет – шағын өлшемімен және көркемдік тәсілдер шеберлігімен ерекшеленетін бейнелеуу өнері туындысы. Оған кітап және портрет миниатюралары жатады. Мозаика — қандай да бір материалдардың түрлі түсті кесектерінен орындалған бейне не сурет (шыны, тас, метал, эамль, ағаш және т.б.). Монументалдық көркем сурет түрі Монументалдық көркем сурет – сәулет құрылыстарымен байлнысты үлкен өлшемді көркем сурет туындылары: фреска, мозайика, панно. Онымен әдетте ғимарат қабырғалары мен тқбелерін безендіреді. Мотив — 1) суретші бейнелеуге таңдаған натура нысаны; 2) декоративті- қолданбалы өнерде — көп рет айталанатын өрнек композзициясының элементі. Муар — әртүрлі реңді толқын тәрізді құйылмалы суретті жібек не жжартылай жібек мата Набойка — бұдырлы ағаш тақтаймен немесе шегелі мыс пластинкамен ұрғыланған өрнекті мата
Набойка — ежелгі халық қолданбалы өнер түрі .
Натура (лат. natura — табиғат) — бейнелеу өнерінде — суретші бейнелеу кезінде бақылайтын шынайылық нысаны. Натурадан нобай, этюд, суреттеме, көбіне портрет, пейзаж, натюрморт жасалады. Натурализм — XІX соңғы үштен бір бөлігінде Еуропа мен АҚШ-та орныққан әдебиет пен өнердегі бағыт, шынайылықты, ең алдымен адам мінезін, олардың физиологиялық табиғатпен дәне ортамен негіздеуін ғылымы, объективті, айбынды көркемдік тануға ұмтылған. Натюрморт — адамды қоршшаған заттарлы, әдетте шынайы тұрмыстық ортала және бір топқа композициялық біріктірілген түрде бейнелеуге арналған бейнелеу өнері жанры Натюрмортта өлі заттармен қатар табиғи байланыстын оқшауланып алынған тірі табиған нысандары және сол арқылы затқа айналдырыған заттар (балық, гүл, жабайы құс және т.б.) суреттелу мүмкін. Негіз – көркем суретте және суретте: бояумен жазатын «сурет салатын) материал, бет (кенеп, қаңаз. Ағаш тақта, картон, қабырға беті, шыны фарфор және тғбғ). Кей жжағдайда көркем сурет пен сурет үшін арнайы дайындалған болу керек (мысалы сыланған). Нобай — шағын өлшемді жылдам орындалған сурет. Нобай натура туралы түсінік береді. Оның өзіндік мәні болуы мүмкін, көбіне болашақ сурет үшін дайындық жұмыс. Нұсқа — бір автордың бір тақырыпқа салған туындылармен ұқсас көркем туынды. Нұсқа жұмыстың негізгі ойын қайталайды, бірақ өны бейнелеу тәсілімен ерекшеленуі мүмкін.
Нюанс — өте нәзік рең немесе жарықтан көлеңкеге жеңіл өту және т.б. Оживка — лакты көркем суретте, ежелгі орыс көркем сурет техникасында: ағартқыш ақ дақтар, ағартуды аяқтайтын әрекет. Дақ, жақпа, сызық және т.б. түрінде орындалады. Олифа — қою бояуларды, сылақтарды сұйылту, боялған бетті тегістеу үшін қолданылатын үлдірлі, сұйық зат. Оп-арт — декоративтік мақсатта оптикалық сызықтық және түс әсерін қолданатын заманауи өнердегі бағыт. Ордер (лат. ordo — реттілік) — кейбір сәулет ғимараттарының (бағана, карниз және т.б.) құрылымы, үйлесім сипаты. Классикалық сәулетте көркемдік құрылыс сипаты бойынша ордер: дорикалық, ионикалық, коринфтік, тоскандық, композиттік (күрделі) болады. Ою — зат, құрылым бетін безендіру; оюдың декоративтілік әсері сызықтардың, дақтардың, жарық пен көлеңкенің, әртүрлі түстердің үйлесуімен қамтамасыз етіледі. Ырғақты ұйымдастырылғн ою өрнек деп аталады. Оюлы тоқымашылық — ежелде пайда болған орыс халық өнерінің түрі. Тұрмыста оюлы маталар кең қолданылған «сүлгілер, дастарқандар, жейделер, орамалдар, декоративті маталарв. Кестелік, кездемелік, таңдамалық (кестелеуге ұқсаст, бірақ оған қарағанда бір түсті емес арқау қолданылады) түрлері кең тараған. өнеркәсіптік өнімдердің пішін түзуі – көркемдікжобалаубарысында: техникалық эстетика талаптары егізінде өнім пішіні мен мазмұны бірлігін дизайнерлік іздеу. Өрнек – ырғақты реттелген элементтерден тұратын ою; әртүрлі заттарды және сәулетті безендіру үшін қолданылады. Өрнектеу –теріні, барқытты, картонды және т.б. көркемдік өңдеу техникасы, олардың бетінде бұдырлы суреттер мен ою басу. Палитра — 1) суретші бояу салып, араластыратын тақтай, көбінесе ағаш. 2) нақты суретшінің немесе көркем мектебінің туындыларына арналған жеке суретке тән түс үйлесімі.
Пальметта — стильдік желпуіш тәрізді өрнекті мотив.
Панно — жабыстырмамен, өрнекпен жиектелген және көркем уретпен немесе мүсіндік бейнемен безендірілген қабырға, төбе бөлігі; сурет, қабырға бөлігін алатын барельеф Папье-маше — майдаланған және суланған қағаздан, картоннан және басқа талшықты материалдардан толтырғыш қосып жасалатын иілгіш масса. Папье- маше тұрмыстық және көркемдік заттарды (сәулет бөлшектері, өрнек, муляж, маска, қобдиша және т.б) қалыптау (ағаш немесе гипс үлгісі арқылы) немесе сығымдау үшін қолданылады Пастель — 1) тегіс реңк беретін, бояудан, бордан және байланыстырғыш заттан жасалатын түсті қарындаш; 2) осындай қарындашпен салынған көркем туынды. Пигмент —кез келген бояудың құрам бөлігі, бояудың түсін анықтайды; пигментке қосылған байланыстырғаш затқа байланысты бояудың техникалық қасиеттеріайырмашылықтары туындалады Пайдалы идея – қоғам мен адам мүдделері тұрғысынан өндірісте және өнімді тұтынуда қажеттілік шара. Пда шарасы ол қаншалықты мүдделерге сай екендігімен, сонымен қатар қоғамдық қажеттіліктердіңобъективті тенденцияларымен анықталады. Пластика — 1) имүсінде, суретте және көркем суретте пішінді жабыстыру өнері; 2) мүсінде, графикалық және көркем суретте пішін айқындығы. Плафон — 1) бейнемен немесе өрнекпен безендірілген төбе немесе орталық бөлігі; 2) софит сияқты жарықтандыру аспабы.
Плис — бет жағы барқытқа ұқсас фактуралы мата.
Подиум, подий (лат. podіum, греч. podіon — аяқ, негіз) — бір жағы саты құрайтын биіктік. Подиумда анткалық храм тұрғызылған. Ежелгі рим циркінде арена айналасындағы қабырға аталған және ақсүйектер үшін орындары бар жер. Подмалевок — көп қабатты көркем сурет техникада орындалатын суретті орындаудыңдайындықкезеңі. Подмалевок барлық көркем сурет техникасы. Подмалевок суретші суреттің түс шешімін табатын жіне модельдейтін алғашқы жақпа. Полихромия (грек. polys — мкөп и chroma — түс) — сәулетте, мүсінде, декоративті өнерде: көп түсті бояу немесе материалдың көп түстілігі (құрылыс, мүссін, бюст, бұдыр, көркеп өнімдер және т.б.). Постамент — ескерткіш, мүсін негізі Пропорция (лат. proportіo — өзара қатынас, өзара өлшемділік) — заттың немесе композицияның бір біріне немесе бүтінше қатынасы. Бейнелеу өнерінеде заттар мен фигуралардың құрылысын анықтайды, сонымен қатар туындының композициялық шешімін береді. Пуантилизм (франц. poіntіller — нүктемен салу) — жеке нақты жақпалармен салынатын жазу манерасы. (нүкте немесе майда квадрат). Ракурс — бейнеде нерспективті қысқару. Ракурс наткраға көзқарасқа (үстінен, астынан қарғанда түрі, жақын қашықтықта және т.б), сонымен қатар кеңістікте натура күйіне негізделген . Раппорт (франц. rapport, rappor ter — кері әкелу): өрнекте: оюдың жүйелі қайталанатын мотиві. Реализм — өнерде: белгілі бір көркем шығармашылыққа тән шынайылықтың дұрыс, объективті бейнеленуі Рельеф — мүсін түрлерінің бірі: жазықтықтағы сурет.Бұдырда жазықтық негізгі бағдар болып табылады. Ал кеңістіктік қатынастар шартты түрде қысқартылып берілуі мүмкін, ал пішіндер тығыздалады Рең –аздаған, көбіне аз білінетін айырмашылық, жарық немесе жарық көлеңке реңкінің градациясы. Реңктер жүйесі колорит байлығын тудырады, көркем суретте және графикада жарық көлеңке модельдеудешеберлік, күрделілік енгізеді. Реңктік бейне — жарықтан көлеңкеге дейін тондық ауысуы бар, яғни реңк күші әртүрлі жерлері бар сурет Репс — майда тыртықты тығыз мата. Рефлекс—1)көркемсуретте: жарықтау заттың көршілес бетке түсетін түс реңі; 2) суретте: қандай да бір көлеңкелі бетке көлшілес,жарқындау заттан жарықтың шағылысуы
Розетка – стильдік дөңгелек гүл түріндегі декоративтік мотив Рококо — XVІІІғ. Екінши ширегін мен ортасындағы еуропалық өнердегі декоративтік стиль. Интерьерді, жиөазды және декоративтік өнімдерді безендіруде туындады, бароккоға тән өлшем монументалдығы, салтанаттылықппен дәстүрлі тұрмыспен байланысы жоқ. Рококко үшін ерекше таңғажайып өрнектер, пастель реңдері, адам ыңғайлығына ұмтылу тән Салмалы мата – мата тоқу арқылы алынған мата; өрнегі сурет жіртерінің саны бойынша түрлі түсті арқаулармен жүргізілген, олар негізді толық жапқан; түрлі түсті арқауды алмастырғанда вертикаль саңылаулар пайда болған. Салыстыру—пропорциялардың, реңктік және түс қатынастарын және т.б. өзара өлшемділігін анықтау әдісі. Бір заттың қасиеттері мен сапасыбіздің санада басқа затпен салыстыру арқылы танылады. Сангина — қаптаусыз таяқша қарындаш түріндегі минерал мурет салуға арналған құрал. Силуэт — көлеңке профилі, сұлба, зат абрисі, суреттелген немесе басқа материалдардан жасалғн немесе қағаздан кесілген заттың немесе адамның бір түсті жазықтықтық бейнеленуі, Символ (греч. symbolon — белгі) — бейне, басқаша айтқанда белгілі бір түсінікті немесе бөлінген идеяны бейнелейтін бейне. Симметрия — өзара өлшемділік, бүтіннің симметрия өсі деп аталатын ортаңғы сызыққа қатысты оң және сол жағының сәйкес келуі.
Статикалық — тыныштық күйі, қозғалмау.
Стилизация — көркемдік бейнені блгілі бір стильге, дәстүрге формальды бағындыру. Пластикалық өнерде: бейнеленген затты жалпылау, оның пішінін, түсін қарапайым ету. Декоративтік өнерде: бейнелеу затын көркемдік құралдармен өрнекке айналдыру Стиль — көркем образдық жүйесінің, өнердің айқындық құралдарының тұрақты бірлігі. Қазіргі ғылыми терминологияда қолданудың кең диапазоны— суретші жеке мәнерлік белгілеуден бастапбелгілі бір ескерткіштер тобы белгілері немесе тарихи бағыт ішінде көркемдік бағыт. Белгілі бір дәуірдің өнеріне тән бенелік ққрылымды сипаттайтын тұрақты белгілер жиынтығы Сурет — тағайындалуы бойынша өздігінен бола алатын көркем сурет туындысы. Этюдтен айырмашылығы суретте шынайылық тереңдукпен сипатталады және ақталған жұмысү Суреттер жанр бойынша ажыратылады Суреттеме – натурадан салынған сурет, негізінен шеберханадан тыс, маңызды жұмыс үшін материал жинау мақсатында немесе жаттығу ретінде орындалады. Техникалық құралдар бойынша жақын нобайға қарағанда суреттемені өте бөлшектеп салады.
Суық түс –көк, көгілдір және күлгін түстердің шартты атауы Сұңғаттық — бояу қою, бұдырлы жақпамен жағылатын көркем сурет тәсілі. Майлы және темпералық көркем суретте қолданылады.
Сюжет — бейнелеу өнерінде: туындыда суреттелген оқиға, жағдай. Тақырып – суретшімен таңдалғаан бейнелеуге және туынды идеясын ашуға алынған құбылыстар шеңбері Таңдама мата – құрылымы бойынша кестеленген матаға ұқсас, бірақ бұнда арқау бір түсті емес. Тауарлық белгі — фирмалық, фабрикалық, саудалы белгі; жарнамада: кез келген өз, атау, символ немесе сурет, сонымен қатар олардың үйлесімі, өндірушілер өз өнімімен таныстыру үшін және басқа кәсіпорындар тауарларынан ерекшелендіру үшін қолданылады. Тектоника (архитектоника) — зат құрылысының бейнесі немесе оларды көркемдік түрде бейнелеу. Техника - — өнерде: көркем туынды орындалатын арнайы дағдылар мен тәсілдер жиынтығы. Техникалық эстетика — өнеркәсіптік өнімдерді құрастырумен және шығарумен байланысты көркемдік шығармашылық өнері. Бұл шығармашылық үдерісте суретші-құрастырушылар (диззайнерлер) инженер-құрастырушыларменжіне технологтармен авторлас болады.
Тігу — декоративтік-қолданбалы өнер түрі, кесте тігу сияқты Тоқымашылық — жүннен-негіз және арқау жіптерінен мата тоқу үдерісі; жүнді дайындау және тоқыма станогында тоқу кезеңдерінен тұрады. Тональділік — көркемсуретте немесе графикада колориттің немесе жарық- көлеңкені жалпы құрылысы.
Түс — көркем суреттеші негізгі көркемдік құрал, жарық реңкі, бояу Түс гаммасы – білгілі бір өнер туындысында басым болатын және оның көркемдікшешімініңсипатын анықтайтын түстер үйлесім –сыртқы және әшкә негізделуін, оның өркемдік жетілуін негіздейтінкөркемтуындыдаңы келісімдік, өзара өлшемдік, бөлшектер мен бүтін бірлестігі. үлгі — 1) бейнелеу өнерінде: бейнеленетін нысан, зат, көбіне тірі натура, негізінен адам ; 2) белгілі бір өнім үлгісі; 3) белгілі бір заттың кішірейтілген макеті; 4) құрастырма типі.
Үлгі – көрсеткішті, үқсатуға арналған мысалды туынды Фактура — 1) натурада заттар бетіне, материалдарғ тән ерекшеліктер жіне өнер туындыларында олардың бейнесі; 2) туынды жасалған материалды өңдеу әдісі, сонымен қатар осы материалдың өзіне тән сапасы.
Фиксаж — жақсы сақталуы үшін арнайы құрамдармен суретті бекіту. Фирмалық стиль — жарнама мен дизайнде: фирманың, кәсіпорынның барлық әрекет деңгейінде туындалатын бірыңғай, айқын көрсетілген стиль (өнімдер, кеңсе интерьерә дизайнынан бастап кәсіпорынның тауарлық белгісіне дейін) Фон — бейнелеу немесе өрнек композициясының аз маңызды, терең бөлігі, олардың алдына негізгі, беткі пландық мотивтер шығады. Формат — бейне орындалатын жазықтық түрі (тіктөртбұрышты, овал, дөңгелек және т.б.) Фреска (итал. fresco — балғын) — шикі немесе құрғақ сылақ үстіне салынатын монументалдық көркемсурет түрі. Фриз — бөлмеде қабырғаның жоғарғы бөлігін, кілемді және т.б. безендіретін, негізіненөрнексипатындағы декоративтік, көркем суреттік және басқа бейнелердің тұтас жолағы Шарж — карикатура түрі: бейнеленетінтұлғаныңмінез сипаттамаларын, жақтарын, қасиеттерін ұлғайту сияқты айқындау құралдарын қолданып салынған сатиралық немесе юморлық сурет. Шаю — тушьпен акварельмен және т.б күрделі және бай көркем сурет әсерін алуға мүмкіндік беретін суды көп мөлшердеалыпқылқаламмен орындалатын техника. Штрихтау – кеңістікті, заттардың көлемді-пластикалық қасиеттері мен олардың фактура сын бейнелеуге мүмкіндік беретін, динамиканың, жарық - көлеңкенің айқын әсерлерін жасайтын штрихтар жүйесі. Ырғақ — бүтіннің өзара өлшемдес элементтерінің заңдылықты ретпен және жиілікпен кезектесуі; табиғатқа тән кеңістіктікжәнеуақыттық заңдылықтарды, өзара байланысты, қозғалысты ырғақты қатарда бейнелейтін пластикалық өнердің басты заңы. Экспрессия — өнер туындыларының жоғары айқындылық. Экспрессияны шығармаларың тұтастай немесе жекелеген тұлғалар, фигуралар немесе бөлшектерсипаттамаларының айқындығының әсер ету күшімен байланыстырады. Эмаль (франц. emaіl, франк. smeltan балқыту) — күйдіру арқылы бекітілетін берік шыны тәрізді жабынды; мөлдір эжәне мөлдір емес болады, қыш, шыны және металл бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданылады Энкаустика (грек. enkaustіke, enkaіo жағамын, күйдіреін) — балқытылған балауыз бояулармен орындалатын көркем сурет. Эргономика — адамның еңбек қызметіжағдайында психофизиологиялықжүктемелерді зерттейтін ғылыми-теориялық және ғылыми-эксперименттік пән. Эскиз — алдын ала нобай; әртүрлі техникада орындалатын көмекші сипаттағы көркемдік туынды. Этюд (франц. etude — зерттеу) — мұқият зерттеу үшін натурадан орындалған шағын сурет. Этюдтер үлкен туындылар салу үшін қосалқы және дайындау материалы болуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Алексеев С.С. Түс және түс туралы. - М., 1962 ж.
Базанова М.Д. Pleіn Aіr. Көркем мектепте жазғы практиканы үйрену. - М., 1994 ж.
БардинаР.А.Халық шығармашылығы мен қолөнер бұйымдары мен кәдесый өнімдері. - М., 1986.
Беде Г.В. кескіндеме. - М., 1986.
БедаГ.В.Графикалық сауаттылықтың негіздері. - М., 1989.
Суреттердің шедеврлері. - М., 2002.
Бесшастов Н.П. Қара және ақ графика. - М., 2002.
Brednіk TO Киімді модельдеу және безендіру. - Ростов к-сі, 2000.
Brednіk TO Костюм және эскриз графикасының көркемдік дизайны негіздері. - Ростов к-сі, 2001 жыл.
Ватагин В.А. Жануарлардың бейнесі. - М., 1957 ж.
Волков Н.Н. Суреттегі түс. - М., 1984 ж.
Волокотуб И.Т. Көркемдік дизайн негіздері - Киев, 1982 ж.
Герчук Е. Сәндік деген не? - М., 1998.
өнертапқыш өнердің тілі мен мәні. - М., 1994 ж.
Глазичев В.Л. Дизайн бойынша. - М., 1970.
Дж. Джонс. Инженерлік және көркем дизайн. - М., 1976 ж.
Жегалова С.К. Орыс халықтық кескіндеме. - М., 1975 ж.
Журкин А.А. Көркемдік- дизайнерлік қызмет. - Санкт- Петербург, 1995 ж.
Зайцев А.С. Магистрлер туралы кеңес. Кескіндеме және графика. - Л., 1979.
Кирчер, Ю.М. Сурет және кескіндеме. - 2-ші шығарылым. - М., 1998.
КозловВ.Н.Текстиль бұйымдарының көркемдік дизайны
негіздері. - М., 1981 ж.
Козлова Т.В. Теріден жасалған өнімдердің көркемдік дизайны негіздері. - 2-ші б., Перераб. және қосымша. - М., 1987 ж.
Кузин, В. Эскиздер және эскиздер.
- 2-ші шығарылым. - М., 1981 ж.
Кулебакин Г.И. Сурет және ауызша композициялар. - 3-ші қабат, Перераб. және қосымша. - М., 1988.
МерсаловаМ.Н.Халық костюмінің поэзиясы. - М., 1994 ж.
Нестеренко О.И. Қысқаша энциклопедия дизайн. - М., 1994 ж.
Одноралов Н.В. Көркемдік өнердегі материалдар, құралдар мен жабдықтар. - М., 1988.
Орехов Н.Н. өндіріс кестесі. - М., 1988.
Павлова М.Б. технология - мектептегі жаңа академиялық пән. - Санкт-Петербург,
1993 жыл.
Parmon F. M. Ғарыштың құрамы. - М., 1997.
Пластикалық өнер: қысқа терминологиялық сөздік. - М.,
1994 ж.
Рабинович М.Т. Адамның пластикалық анатомиясы, төрт аяқты жануарлар мен құстар. - М., 1971 ж.
Сурет / Ed. А.М. Серов. - М., 1975
ж.
Рогов А. Қуанышты пантри. - М., 1982 ж.
Рождественская SB қазіргі заманғы қоғамдағы орыс халық шығармашылығы дәстүрі. - М., 1981 ж.
Ростовцев Н.Н. Академиялық сурет. - 3-ші қабат, Перераб. және қосымша. - М., 1995 ж.
Ростовцев Н.Н. Сурет оқыту әдістемесі: Шетелдік сурет мектебі. - М., 1981 ж.
Ростовцев Н.Н. Сурет оқыту әдістемесі: орыс және кеңестік сурет салу мектептері. - М., 1982 ж.
Ростовцев Н.Н. Сыныпта сурет
салудағышығармашылық қабілеттерін дамыту. - М., 1987 ж.
Сакачева А.В., Чуйкина А.М., Пименова. Г сурет және кескіндеме. - М., 1983 ж.
Смирнов, Г. Б. кескіндеме. - М., 1975 ж.
Сокольникова Н.М. Бейнелеу өнері және бастауыш сыныптарда оның алдын-ала көрсетілу әдістері. - М., 1999.
Сомов Ю.С. Техникадағы құрамы.
- 2-ші б., Перераб. және қосымша. - М., 1977 ж.
Коробцова Н.А., Петрова Е.А. Әйелдер киімінің құпиялары мен құпиялары. - Ростов н / с, 1999 ж.
Степанов Н.С. Аттар очаровывает.
- Л., 1991.
Suprun L. Ya. Орвинг және ағаш кескіндеме. - М., 1983 ж.
Храповский М.Б. Бастапқы суретшіге хат. - М., 1960 ж.
Көркемдизайн/Ed.В.В. Нешумова, Е.Д.Шедрин. - М., 1979 ж.
Podmos-kovya / Ed көркем қолөнер бұйымдары. Т.Разина. - М., 1982 ж. Бейнелеу өнері мектебі: 10 том. - 3-ші шығарма, Rev. және қосымша. - М., 1986-1996 жж.
Шипанов А.С. Суретке - әуесқой. - М., 1970.
Шипанов А.С. Қылшық пен кескішті жас көрермендер. - 2-ші шығарылым, Ext. және perrabrab. - М., 1981 ж. ШороховЕ.В.Құрамы: Студенттердіңшығармашылық студиясы. факт. пед. іn-tov. - 2-ші шығарылым. - М., 1986.
КІРІСПЕ
І Т А Р А У
СУРЕТ НЕГІЗДЕРІ
§ 1. Сурет, графикалық материалдар мен керек-жарақтар туралы негізгі мәліметтер
Графикада көркемдік айқындық құралдар
Графикалық материалдар, керек-жарақтар және оларға қойылатын талаптыр
§ 2. Үш өлшемділік.Пішін.Көлем
§ 3. Пропорциялар
§ 4. Перспектива негіздері
§ 5. Жеке заттардың суретін салу
Геометриялық денелерді
Қарапайым тұрмыстық заттардың суретін салу
Гипстік өрнектің суретін салу
Бүрменің суретін салу
§ 6. Натюрморт суретін салу
§ 7. Жануарлардың суретін салу
Құс суретін салу
Жануарлардың суретін салу
§ 8. Адамның суретін салу
Пластикалық анотомия негіздер
Бас анатомиясы
Адам фигурасының пропорциясы
Адам фигурасының суретін салу
Киім қыртыстарын бейнелеу
ІІ ТАРАУ
КӨРКЕМ СУРЕТ НЕГІЗДЕРІ
§ 1. Көркем сурет — бейнелеу өнерінің жарқын тілі
Көркем сурет түрлері
Көркем сурет жанрлары
Көркем сурет материалдары, керек-жарақтар және оларға қойылатын талаптар.
§ 2. Түстану негіздері
Түстің физикалық негіздері
Ахроматикалық және хроматикалық түстер
Колорит
Түстердің психофизиологиялық әсері
Түс символикасы
§ 3. Акварельдік көркем сурет техникасы
Акварельмен жұмыс істеуге арналған жаттығулар
өрнек мотивін акварельмен салу
§ 4. Натюрморт көркем суреттік этюдін орындау реті
§ 5. Киімдегі адам фигурасы этюдін орындау реті
ІІІ ТАРАУ.
ДЕКОРАТИВТІК ӨНЕР
§ 1. Декоративтік және декоративтік-қолданбалы өнер – көркемдік мәдениетінің
бөлігі
§ 2. Дәстүрлі орыс халық көркемдік кәсіптер
Ағаштан жасалатын көркемдік бұйымдар
Ағашқа өрнек салу.
Лакты көркем сурет салынған көркемдік бұйымдар
Қыштан жасалған көркемдік бұйымдар
Орыс қыш ойыншығы
Орыс халық кестелеуі
Оюлы тоқымашылық
Шілтер тоқу
Маталарға көркемдік өрнек салу
ұлттық киім
§ 3. Композиция негіздері
Композиция түрлері
Композицияныңнегізгі заңдары мен қасиеттері
§ 4. Декоративті композицияның айқындық құралдар
Пропорция және пропорционалдық
Масштаб және масштабтылық
Ырғақ және метр
Тепе-теңдік, симметрия, асимметрия
Контраст, нюанс, ұқсастық
Динамикалық және статикалық
Түс
§ 5. өрнек — қоғамның материалдық мәдениетінің бөлігі
§ 6. Табиғи пішіндердің трансформациясы
Өсімдік пішіндерінің трансформацияс
Жануар әлемі пішіндерінің өрнек мотивтеріне трансформациялануы
§ 7. Декоративтік монокомпозицияны құру қағидалары
ІV ТАРАУ
АҚ-ҚАРА ГРАФИКА
§ 1. Ақ-қара графиканың бейнелеу тілі
Айқындық құралдар түрлері
Графикалық бейнелердің негізгі топтары
§ 2. Натюрморттың графикалық шешім
§ 3. Графика
Бастың графикалық шешімі
Фигура графикасы
V ТАРАУ
ДИЗАЙН НЕГІЗДЕРІ
§ 1. Дизайн — ортаны ұйымдастыру өнері
Машина пішіндерінің эволюциясы
Дизайн өнерінің қалыптасу кезеңдері
Дизайн түрлері
§ 2. Пішін түзу заңдылықтары мен қағидалары
§ 3. Дизайндегі композиция
Пішін қасиеттері
Фактура
Түс
§ 4. Көркемдік жобалау кезеңдері
АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚЫСҚАША СөЗДІГІ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
МАЗМҰНЫ
Оқу басылымы
Беляева Светлана Евгеньевна
Оқулық
Редактор Б. Д. Керімбекова
Жауапты редактор Т В. Козьмина Техникалық редактор Н. И. Горбачева Компьютерлік түптеу: Т. А. Клименко
ТүзетушіЕ. В. Кудряшова, О. Н. Тетерина
Баспа № 108106923. 08.07.2015 баспаға қол қойылды. Формат 70 х 100/16. Гарнитура «Таймс». Офсеттік баспа. Офсеттік қағаз № 1. Шартты б.т. 18,2 (соның ішінде түрлі түсті қосымша. 1,3) Тираж 500 экз. Тапсырыс № « «Академия» Баспа ортылығы.ААҚwww.academіa-moscow.ru129085, Москва, пр-т Мира, 101В,. 1 құр. Тел./факс: (495)648-0507, 616-0029. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. AE51. Н 16679 от 25.05.2015. Идел-Прес басылған.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру