Арнау (Сәкен Сейфуллин)
Сәкен Сейфуллин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Сәкен Сейфуллин – жаңа кезеңді жырлаған жаңашыл ақын. Ол қазақ әдебиетін тың мазмұнмен байытып, әдеби-мәдени тарихына ерекше із қалдырды. 1914 жылы «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын жариялайды. Сәкен Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер ақын ретінде танылды. Оның «Асау тұл...
ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ
АРНАУ
Жүген-құрық тимеген,
Жасынан ноқта кимеген,
Алты жасар асауды
Ұстап міндім далада.
Ақырды асау —
Жаңғырды дала.
Тулады, орғыды асау —
Дүбірлеп күңіренді дала,
Қиырсыз дала...
Орғыды асау айнала —
Дүбірледі айдала.
Алысып асау осқырды —
Жал-құйрығы желмен ысқырды,
Жүйткіп, зымырап құлашын керді асау.
Танаулары шелектей,
Ырсылдап демі көріктей,
Көздері оттай, өріктей.
Өрге қарай орғыса,
Өр не қылмақ асауға?
Желге қарай орғыса,
Жел не қылмақ асауға?
Орғытып, ұшыртып жүріп
Көкіректі кернеп
Кең даланы күңірентіп
Қатты айқайлап ән салдым.
Әнім кетті дыңылдап,
Жаңғыртып кең даланы.
Салдым күшті дауыспен ән!
Әніме қосылды кең дала,
Аққулы-қазды шал қар көл,
Қамысты-құрақты көк өзен
Қосылды бәрі шуласып,
Қосылды бәрі шаттанып.
Сендерге, қарындастар»
Сендерге, інілер,
Сендерге арналды бұл әндер!
Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,
Әділдік, теңдік іздеген,
Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,
Еркіндік, кеңдік іздеген,
Көкректері жанып бақыт іздеген, жастар,
Сендерге арналды бұл әндер!
Үнемдеп өлшеп күн өткеру үшін тумай, дүниенің, сасық байлығына жетуді мақсұт қылмай, қырандай жер - көкке қанат жайып, қырандай дүние шетіне көз жіберген, асау тұлпардай қиырсыз жерге құлаш керіп, бақыт, махаббат іздеген, жастар, сендерге арналды бұл әндер!
- Шығыңдар далаға, жолға —
- Бұрынғы ерлер салған жолға!
- Жүріңдер, бақыт—еркіндік бақыты алдарыңда таяу.
Жолдарың жүрер бетпақ дала, шөл, тау, тас — меңіреу жерлер. Жолдарың көрінер қиын. Талай ерлер қасірет, жапа шегіп, жалпы әлемге бақыт іздеп, құрбан болған бұл жолда. Күрес үшін, еркін, шатты еңбек үшін туған — сендер.
Шақырыңдар арттағы ұйықтаған, именшек, бақыт жолын білмейтін бауырларыңды!
Шақырыңдар, арттағы құлдықта жүрген бауырларыңды!
Сендерге — ерік, махаббат жолыңа бастаған ер қарындастар, інілер—сендерге арналды бұл әндер!
Қосыңдар дауыстарыңды!
Күшті дауыстар мен қызу ән жаңғыртсын дүниені!
Жаңғыртыңдар, жаңартыңдар ескі дүниені, қайратты, ер жастар.
Сендерге арналды бұл әндер — асауменен алысып жүріп салған әндер!
І. ТӘУЕКЕЛ ДАРИЯҒА САЛСАҢ ҚАЙЫҚ
АҚЫН
Ғибратті сөздер айтып болдың ақын.
Мүсәнләфләр1 сөзіне сөзің жақын.
Үлгі қып кейінгіге жаздың нұсқа,
Қиыннан қиыстырып сөздің нақын.
Сөзіңнің қарап тұрсам мағнасы мол,
Бастаушы адасқанды болғандай жол.
Өзге сөздің, патшасы — сенің сөзің,
Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол.
Өлсең де мың жыл бұрын сенің өзің,
Тозбайтын алтын үлгі қалған сөзің.
Сыңар жақ, пікір қисық тон мойынды
Түзеуге үміт етіп құрған тезің.
Сөзіңді үлгі қылды білген адам.
Түсінбес оқыса да бітеу надан.
Наданға құр қу ағаш құрған тезің,
Көткеншек, алға қарай баспас қадам.
Сөзіңнің жылдан-жылға қадыры асты,
Оқуға құмар қылды талай жасты.
Құмар болған кеудесі — сәулелі ар,
Айтпаймын ауылдағы шыбай масты.
Саналы көзі ашыққа сөзің алтын,
Санасызға — жел, сөз — соққан салқын,
Ойында санасыздың еш нәрсе жоқ,
Ілгері бассын деген қазақ халқын.
Мұң
(Нұрмақұлы досым Нығметке арнадым)
Қалғанда тар лахатта жалғыз өзім,
Жан кетіп жұмылғанда екі көзім.
Айрылған тән мен жандай қаларсың сен,
Жалындай жүрек жарған мұңлы сөзім!
Қайғылы — қысқа өмір күнім өтіп,
Жан мен тән айырылысар уақыт жетіп,
Не сырмен, қандай күймен айтқанымды
Кім білер қалғанда сен, өзім кетіп?
Шаттансам, қасірет тартсам жүдеп арып,
Еріксіз шығушы едің көкірек жарып.
Табиғат өзгелерден өзгеше боп,
Жат туған бұл дүниеге мен бір ғарып.
Біреудің мал мен басы, дәулеті көп,
Біреудің тұрмысына көңлі тоқ.
Ал менің іздегенім:мұң айтысар
Жан жолдас, бұл уақытта ол менде жоқ.
Дүниенің әуресіне налыққанда,
Шыбын жан қайғы-деіртке жолыққанда,
Жан жолдас болар ма еді ашыр жаны,
Тәніңнен қуат кетіп таңыққанда?!
Жігіттің болмаса егер жан жолдасы
Емес пе мұңды ғарып ғазіз басы?
Қайғысы, қасіреті кімге батар,
Сел болып ақса дағы көзден жасы.
Ешкім жоқ шер тарқатып, көңіл ашар,
Жүректің күйіп, жанған дертін басар.
Мұнымды жұртқа айтпаған саған шақтым,
Жүрек — от, көңіл — дария, халім нашар!
1915жыл, Омбы.
ТҰЛПАРЫМ
(Тұтқын)
Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты, тағы тұлпарым
Арқырап келші кермеден.
Тұмарлап баптап, айдарын,
Құйрығын сүзіп ерлеген,
Құтқаршы мені қамаудан
Шынжырлап ерік бермеген;
Мініп ап «шу!» деп кетейін,
Жарысып соққан желменен,
Көбігін, шықсын күмістей
Шомылып аққан терменен.
Аймақты жарып дүбірің
Жаңғырсын таулар, жерменен,
Сыпыра шауып қырымды,
Амандасып көлменен.
Бұралған өзен, орманмен,
Зеңгір таумен, белменен.
Өңкей сорлы езілген
Көрісейін елменен.
1918 жыл.
САҒЫНДЫМ
(Қамауда)
Туғалы қапас көрмеген,
Көкіректе кектер кернеген,
Талпынып құлаш сермеген
Айтайын ішкі сырымды:
Қайрымды қалың елі бар,
Сарыарқа сары белі-бар,
Өрісті шалқар көлі бар
Сағындым мен қырымды.
Өзенді, көлді жайлаған,
Кермеге тұлпар байлаған,
Хабарсыз арам ойлардан
Сағындым мен аулымды.
Жібектей шашы оралған,
Қыпша белі қыналған,
Еркесі қырдың бұралған
Сағындым мен сәулемді.
Айналып-толғап өсірген,
Ақ сүтін беріп кешірген,
Тастамайтын есінен
Сағындым ғаріп анамды.
Мал бағып, шауып ойнаған,
Үйреткен асау бойлаған...
Көк жасыл шөбі жайнаған
Сағындым еркін даламды.
Қымызы бал шараптай
Жігіті бағлан манаптай,
Тұлпарың тарпаң қанатты.
Сағындым бейбіт елімді.
Таулары биік қиялы,
Орманы шалғын миялы,
Жылқы, қой, сиыр, түйелі
Сағындым Арқа — жерімді.
1918 жыл.
ҚАМАУДАН
Тас үйдегі тұтқынды
Аяған адам жоқ болды.
Аяды бірақ табиғат,
Көңлім соған тоқ болды.
Терезенің алдына
Торғайлар кеп ән салды.
Ызғарлы қамау тас үйге
Күйлендіріп жан салды.
Далада көгал жас исін,
Жіберді маған желменен.
Терезеде отырып,
Сөйлесті көңлім елменен.
Болса да алыс қызыл күн,
Шұғыласын шашты алтындап.
Ғашығым менің бостандық
Келді алдыма жарқылдап.
Терезеден өлшеусіз
Көрсетті қыр, кеңдігін,
Табиғатына дүниенің
Патша мен тұтқын теңдігін.
Демін салып майда жел
Құшақтап сүйіп тәнімді:
Сүйгенімдей тербетіп
Жұбатты менің жанымды.
Отырмын күзет — қамауда
Дұспаннан тәңім жеңілді.
Жеке алмас бірақ еш пәнде
Асау еркін көңілді.
1918жыл, июнь, Ақмола.
АДАСҚАНДАРҒА
(Тұтқынның сөзі)
Нашарларға болысып,
Күзетшілер бетін қайыру,
Тырнағынан олардың
Езілгендерді аңыру —
Жолында жүрген бауырыңа
Тас аттыңдар бәрің де,
Мырзаларға қосыппын,
Жастарың да, кәрің де,
Адамдықтың ұшқыны —
Сендерде егер ар болса,
Бердім соның сотына,
Халық — тәңір бар болса!
1918 жыл, июль, Ақмола.
ШАҺИТ БОЛFAH ДОСТАРЫМА
Дүниеде ер жігіттің өлгені арман.
Қадірсіз айдалада көмгені арман.
Михнатты, қайғы, хасірет, былғанышты
Бәрінен сұм дүниеге келгені арман.
Ер жігіт ақ өліммен өлгенінде,
Сыз төсек қара жерге көмгенінде,
Жалғыз-ақ сорлы ананы аяймын мен
Ойға алып жақындарым тергенімде.
Тыншығар біраз жылап сүйген жары.
Ұмығар жақын деген достың бәрі.
Дүниеде ұмытпайтын жалғыз-ақ сол,
Сорлы ана, көкірек жарған қайғы, зары!
Аяныш емес ердің қара басы,
Аяныш емес және жан жолдасы,
Дүниеде ең аяныш естен кетпес —
Тамшылап сорлы ананың аққан жасы!
1919 жыл.
АЗАП ВАГОНЫ – ДОЗАҚ
Теңдігі үшін нашардың
Жауызға көнбей туладық.
Залымдардың жасаған
Аранына уладық.
Қараңғы, суық зынданды
Жатақ қылды тәніміз.
Қылыштың жүзі, мылтықтың
Аузыңда болды жанымыз.
Шеңгелінде жауыздың
Кетіп адам сәніміз,
Арыстандай шынжырлы
Өртеніп, қайнап қанымыз.
Бір шұңқыр су, түйір нан
Үйреншікті ас болды.
Күл, көмір, қиқым, тоң — төсек
Жастығымыз тас болды.
Тас көмірдің топырағы
Денені басып қаралап.
Тас көмірдің түтіні
Өкпені қауып аралап.
Қол-аяқта көк шынжыр,
Жыланша жалап, жаралап.
Жауыздардың дозағын
Көрдік қорлық азабын.
1919 жыл
ТҮРМЕДЕН ҚАШЫП ШЫҚҚАНДА
Шыдамадым қапаста,
Кеңшілікке қаштым.
Көндікпедім матауға,
Асау атша бастым.
Уф! Шырқап, зымырап,
Сұңқардай заулап ұшайын!
Ұшайын! Көкті, жерді қапсырып
Әй бір құшайын!
Біріктіріп құшайын!
Қолға түскен бүркіттей
Ішім қатты пысып ең.
Еңсемді баспа қу қамау,
Кеудемді қатты қысып ең.
Уа, кең дала, кең дала!
Еркін байтақ ең дала.
Құшағыңды аш, төсіңді аш!
Төсіңе мені қысып бас.
Мен ер, ер,
Мен бала, Жас.
Уф, шіркін-ай, бұл не шаттық?!
Мен күшті енді!
Мен... Мен... Mac...
Тағдырдың көзі жете ме бермесіне?
Дәуреннің; неше айналып келмесіне?
Қамауға жігіт адам көнсін неге,
Жігері жоқ болмаса зердесінде.
Міне аспан-міне халық, міне дала,
Әне орман, әне кең әм еркін дала.
Жүгірген, жүрген, шапқан ерсіл-қарсыл,
Міне үлкен, міне жастар, міне бала!
Уф! Жүрейін, жүрейін,
Осы жерден кетейін.
Бостандық, кеңдік, байтаққа
Күн-түн қатып жетейін.
Тіршілік, тұрмыс менікі! Әуп!
Ауаны жұтайын!
Жұтайын! Кеудемді керіп жұтайын.
Бар ауаны құртайын!
1919 жыл.
БОРАНДА
Ызғарлы түтек боран соқты қатты,
Жүз қадам жер көрінбей... кеш те батты...
Екпіндеп дүлей боран гулей соғып,
Еңіретіп төңіректі ызыңдатты.
Бекітіп қораларын, малын қамап,
Масайрап үйлерінде ішіп тамақ,
Малдылар отырғанда күліп-ойнап,
Боранда келе жатты сорлы шал-ақ.
Сорлы шал бұл адасып келе жатқан,
Қу бейнет жарлылықтың дәмін татқан.
Қойын, қоныш, мойнына ызғар өтіп
Үлбіреп қарлар толып, еріп қатқан.
Иінінде дорбасы бар нәрсе салған,
Жинаған ескі-құсқы жұрттан алған.
Жаны ашып асыраған адам болмай,
Қаңсырып қайыр сұрап арып-талған.
Омбылап жүре-жүре әлі кетті.
«Уһ... ажал, тыншықтыр» деп бұрды бетті.
Қу кедей қыста қатқан, жазда кеуіп,
Өмірде серік қылған қу бейнетті.
Ысқырды дүлей боран екпіндеткен,
Сорлыны қалтыратты ызғар өткен.
Уу, у, у!.. Алла... өлгенім-ау, ә-әу адастым.
Сорлыны жықты қарға әлі кеткен.
Сорлы шал жан таласып біраз жатты.
Денесі әлі кетіл мұз боп қатты.
Уу... гу-гу... дүлей боран, ей!..Ей... жан жоқ.
Сорлыны қармен көміп бетін жапты.
Рақымсыз дүлей боран! Гуле, соқ-соқ!
Барлық бай үйлерің тамағы тоқ.
Қаңғырған сорлыларға әлің келсін,
Аяйтын арттарында ешкімі жоқ.
1919 жыл.
ҚАМЫҚҚАН КӨҢІЛГЕ
Көндім-ау, жанған оттай шалқушы едің,
Қырандай жоғары өрлеп қалқушы едің,
Зұлматқа қаһар тігіп, лағнат айтып,
Балша еріп махаббатқа балқушы едің.
Еркіңді қу қайғыға берме, көндім!
Күйленіп бұрынғыдай керне, көңлім!
Қамығып жабырқадың неге мұндай,
Талпынып көкке құлаш серме, көндім!
Бір уақыт біздің талай асқаны рас.
Көп дұшпан сырттан күндеп, кастаны рас.
Жарқырап жерге түскен қызыл күнді
Бұл күнде қара зұлмат басқаны рас.
Бұл күнде көп дұшпанның жеңгені рас
Қара түн қапылыста келгені рас.
Жүрекке жара салып тиген оқтай,
Қайғы-дерт көкірек жарып енгені рас.
Бұл күнде жау жағадан алғаны рас.
Көп дұшпан аяқтан кеп шалғаны рас.
Шала өнген қара жылан ақ даусыңда
Өкпеден көк найзасын салғаны рас.
Қажыма, ер көңлім, бәрі де әсер.
Сан азап бір күнгідей болмай кетер.
Қара түн басып тұрса алды-артыңды,
Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер.
1919жыл, март
БАБАЛАРЫМА
(Шағым)
Қу заман басқа салды мұндай шақты,
Қайтейін, медеу қылдым жалғыз хақты.
Ұрпағың өсіп-өнген ұрулы ел боп,
Деуші еді бабам Тоқа аруақты.
Ескене, Байбек, Жәнібек — бергі атам.
Қайырлы деуші еді ғой берген батаң.
Михнат, қиыншылық басқа түсті,
Жоқ еді істерімде еш бір хатам,
Ор, Аба, Есен, Нұра жерім еді,
Қуандық — Қаратоқа елім еді.
Қолдар деп қысылғанда бабаларым,
Сендерге асау балаң сеніп еді.
Бар жазам күштілермен жарысқаным,
Жыртқаным сорлы жұрттың намыстарын.
Теңдікке нашар жұртты жеткізуге
Көп жауыз ұлықтармен қарысқаным.
Жазғаным елді біраз билегенім.
Паңдарды ұлықсыған илегенім.
Әйел мен кедейлерге теңелдің деп
Оларды өрге қарап сүйрегенім.
Ел жеген жауыздарға қарсы тұрдым,
Нашармен қол ұстасып бірге жүрдім.
Би, болыс, бай, төренің малдарына
Сатылмай әділшілік жолын құрдым.
Жат жерде жауыз заман жаяулатты,
Бұрынғы ұмыттырды мінген атты.
Бір күнде бай мен паңды илеткізіп,
Артынан басқа салды михнатты.
Күлдіреп табандары, баяулаған,
Қамығып ер көңілі қаяуланған.
Ұрпағың жүйрік мінген, бабаларым,
Жоқ шығар мендей балаң жаяулаған.
Жаяулап дәмін таттым талай елдің.
Аралап суын іштім талай жердің.
Еш жерде ат-жөнімді, сырымды айтпай,
Біреуі болып сорлы жұмыскердің.
Табиғат өзгеше боп туған едім,
Белімді жастан бекем буған едім.
Халықтың қорлық көрген туын ұстап,
Әділдік жолын іздеп қуған едім.
Болса да жолым қиын михнатты,
Сол жолда басшы қылдым жалғыз хақты.
Дарияға қайық салған өр балаңды
Қолда енді, бабаларым, аруақты!
1919жыл, май, «Баян ауылы»
ШӨЛДЕ
І
Домбыраға
Көкіректе қайнаған" кек оңдыра ма?
Көңілді бір орынға қондыра ма?
Түнерген қара қабақ жадырасын,
Ән салып, күй күйлейтін домбыраға.
Аршадан кертіп жонып тиек салдым,
ЬІзаны тарқатуға домбыра алдым.
Күдіреніп, көтеріліп, қанат сермеп,
Домбырам, айтшы бәрін біздің халдің!?
Домбыра-ай, күйлер қоссын пернелерің!
Тарқатшы көкіректегі кектің шерін.
Қабақты қарсы жауып тұнжырады,
Түнеріп, түгі шығып қайратты ерің.
Домбыра күйлегенде шыққан сарын,
Көкіректен ән салғанда шыққан жалын,
Күйдіріп әм мұздатып жан мен тәнді,
Әлемге біздің халдің айтшы бәрін!
ІІ
Аққуға
Келеді мұңды дауыс құлағыма,
Япырым-ай, бір сорлы әйел жылады ма?
Сағынып әлде қымбат бір адамың,
Көл қылып көздің, жасын бұлады ма?
Уа, әне, сыңқылдаған аққу екен,
Біреуге сәлем айтсам, айтар ма екен?
Әй аққу, әй, сәлем айт жолыққанда,
Сарыарқа сынсыз сұлу біздің мекен.
Сол жақта естен кетпес бір адам бар —
Сорлы ана, ол сағынып өкірген зар.
Көкірегі қарс айрылған «уһ» дегенде,
Емес ол опасы жоқ сұм сүйген жар.
Уа, дүние-ай, қанат бітіп құс боп ұшсам,
Сағынған сол байғұсты барып құшсам.
Шипа боп жарақатты жүрегіне,
Құшақтап көкрегіме басып қыссам!
ІІІ
Күрең атқа
Күрең ат, күрсінесің, зорықтың, ба?
Арқадан күдер үзіп торықтың ба?
Мендей-ақ тыныштық таппай елді тастап,
Сен дағы сергелдеңге жолықтың ба?
Күрең ат, жабырқайсың, қамықтың ба?
Сағынып Сарыарқаны тарықтың ба?
Тыныштықтан безіп жүрген бір адаммен
Жолдас боп, арып-ашып талықтың ба?
Күрең ат, жабырқама, арқаң босар,
Үйірдің бөлген тағдыр қайта қосар.
Ескекті мықтап ұста кетпей ауып.
Той қылып, алдымыздан бізді тосар.
1919жыл, октябрь, «Шөл»
ЖЕЛ ҚАЙЫҚТА
Тәуекел дарияға салсаң қайық.
Талмай дүз, тұтқан жолдан кетпей тайып.
Дарияда бірде тыныш, бірде дауыл,
Қаңбақша кезер кемең қанат жайып.
Айықота қалқыр кемең тыныш тауып,
Сұрапыл дауыл соқса қатер-қауіп.
Тілсіз жау — қара дауыл үні құрыр,
Ел-жұртқа есен қайтсақ, тілектестер
Тымықта құлаш керсең әнге салып,
Кулеп сал толқында да қаһарланып.
Сыр берме жел қайыққа мінгеннен соң,
Рақатты, михнатты да мойынға алып.
Толқында, тымықта да өлеңдетіп,
Дариядан қорықпай дүзіп аман өтіп,
Ғаділдік, махаббаттың патшалығын
Көрерсің мақсұтыңа барып жетіп.
1920жыл, октябрь, Орынбор.
ЕРКЕМ
(Көңілге)
Асау, тағы тұлпардай
Жұлынып жерді тарписың.
Жалындай жанып лапылдап,
Екпіндеп қаулап шалқисың.
Балдай еріп шаттанып,
Жібектей жұмсап балқисың.
Аспаңды, жерді құшуға
Сұңқардай көкте қалқисың.
Бал іздедің болмастан,
Қане, еркем, таптың ба?
Бал дегенің не екен,
Удың дәмін таттың ба?
Бал іздеме, еркежан,
Қой, мазасыз, қой енді!
Улап бақтың бал іздеп,
Ал өзіңді, той енді!
1921 жыл; 28январь, Орынбор. Бір. С. А,
БІР АҚЫННЫҢ САНДЫРАҒЫ
Ауру ақын
Ыңқылдайды төсекте
Қыстығып.
Доктор жақын,
Қасында отыр есептеп
ЬІстығын.
Блок, Бальмонт
Жастығының астында —
Иманшарты,
Әлі де әл көп,
Ақ орамал басында.
Сөйледі шалқып:
«Мен — отпын, жанамын!
Мен — отпын.
Мен — нажағай — жарамын!
Мен — оқпын. Мен — құдаймын!
Мен — күн, аймын!
Мен маймын!
Мен баймын!
«Далалай»мын!
Жаймын!
Мен!
Мен үңгірде арыстанмын!
Мен — жүйрікпін, жарысқанмын!
Отпен от боп жанысқанмын!
Алысқанмын!
Шалысқанмын!
Жанмын!
Мен!»
Блок, Бальмонт жастығының астында.
Ақ орамал күңгірттенді басында.
«Дай компресс, сал, компресс!»
Састы доктор қасында.
1921 жыл
ҰЛТШЫЛДЫҢ САВДЫРАҒЫ
Ұлтшыл ауру
Ойбайлайды құс төсектің үстінде:
«Бауырым, бауырым! Ойбай, ауылым!
Елім-жұртым, дауысымды есіттің бе?
Қарны жуан
Отағасы күбірлейді қасында
Молда, қу-ау,
«Өл...» деп тұр-ау,
Қисаңдайды ақ сәлдесі басында
1921 жыл
ДОМБЫРА
Алқа-қотан әлеумет
Отырды кең ордада.
Өткен-кеткен әңгіме
Сөйленіп өтті ортада.
Домбырамды қолға алып,
Шертіп, толғап күйлеттім.
Түрлі сарын, түрлі күй
Пернелерін сөйлеттім.
Біресе сөйлеп рухтанып,
Домбырам менің зарлады.
Біресе жылап күңреніп,
Біресе тағы аңырады.
Біресе шалқып шаттанды,
Сөйледі, күлді сыңқылдап.
Біресе қызып күйінді,
Күрсініп, уһлеп, ыңқылдап.
Құмарланып біресе,
Елжіреп мас боп былқылдап,
Жалындай жанып, созылып,
Үзіліп, толғап қыңқылдап.
Домбыраға қосыппын
Көкірегім де сарнады.
Кернеді, толды, тасыды,
Көзімнен жас парлады.
Біресе толып күш келіп,
Құлаштап бипыл шалқыды.
Біресе еріп балдай боп,
Үлбіреп және балқыды.
Тыңдаушы үйде әлеумет
Көңілденді, ойнады.
Тұнжырасып біресе
Тереңге сүңгіп ойлады.
Домбыраның күйлері:
Жас жүректің сыры еді,
Көңілдей, зары, мұңы еді,
Көкірек сарын-үн еді.
Кеулеген рухтың иманы,
Шалқыған екпін күші еді.
Үлбірек, нәзік әм сезгіш,
Қайнаған жанның ісі еді.
1922 жыл, Ташкент, Дурман
КІМДЕ-КІМНІҢ ТАСҚАН СУДАЙ ҚАЙРАТЫ
Кімде кімнің, тасқын судай қайраты,
Күркіреген бұлтты аспандай айбаты.
Екпін-күші асау тағы тұлпардай,
Серпіндісі тас түлекті сұңқардай.
Бауырларым, екпін күшті кернейік,
Ескілердің есебіне ермейік.
Ескі жоба, ескі өлшеу тар қапас,
Күшті жұмсап, ірікпей құлаш сермейік.
Қиырсыздың қиырына жетейік,
Өлшеуі жоқ көк мұхиттан өтейік.
Аспандағы алыс қызыл жұлдызды
Жерге әкеліп жердің көркі етейік.
Шешілмеген ескі жұмбақ шешейік,
Жерді, аспанды тынбай сүзіп кешейік.
Сансыз қиын бөгеттерді жолдағы
Қиратайық, уатайық, кесейік.
Қара жерден аспан асып ұшайық,
Жерді, аспанды біріктіріп құшайық.
Аспан, жерді қуыршақтай қапсырып,
Алып қолға ырғап, шайқап қысайық.
Асуы жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған тас қақпаны ашайық.
Болмағанды болдырайық дүниеге,
Жаңа тұрмыс қара жерге жасайық.
Кімде кімнің тасқын судай қайраты,
Күркіреген бұлтты аспандай айбаты,
Екпін-күші асау тағы тұлпардай,
Серпіндісі тас түлекті сұңқардай
Бұл сөзіме түсер жалғыз осылар,
Жар салысып, тізе қосып қарсы алар.
Дүбірімен дүниені жаңғыртып,
Ұран салып екпінді ерлер қосылар.
1922 жыл, 10 июль, Орынбор.
АСПАНҒА ҰШ
Мініп ап үш аспанға аэроплан,
Тау басынан қызықсын ұшқан қыран.
Таба алмасын жауларың, жерде қалсын
Жорғалаған сені аңдып қу-сұм жылан.
Орынбордан таңертең шықсаң ұшып,
Ақмолада дем алып түсте түсіп,
Семей барып қонаға съезде боп,
Ертеңіне қайтарсың қымыз ішіп.
Түнде ұшсаң адасып кетпей лағып,
Жұлдыздай ғып тұтатып фонарь жағып.
Және шылым тұтатып я қызықсаң,
Жарқыратып қоярсын төске тағып,
Керек болса бұлттарды қойша бағып,
Пұшпағынан жинарсың арқан тағып.
Жауын керек жерлерге жаудырарсың
Дүрсілдетіп сабаумен төмен қағып.
Ұшқың келсе мініп ап аэроплан,
Жұртты шақыр алуға, салып ұран
Даласынан қазақтың кұс болып ұш,
Құлашты жай, жас түлек батыр ұлан!
1923 жыл, ЗО июль, Орынбор.
ҚАЙҒЫЛЫ ХАБАР
Ойпырай! Жайша соққан бұл не хабар?!2
Дүниеден Ленин кетті... қайтпас сапар.
Селк етіп еңбекші тап күңреніп,
Моншақтап ыстық жасы бір-бір тамар.
Аспаннан жай соққандай тән мен жанды,
Егіліп көздің, жасы бір-бір тамды.
Жүрекке дәл қадалып суық найза,
Кек қайнап көкіректі жалын шалды.
Жыламас бұған адам тастығынан.
Қамықпас қара жылан қастығынан.
Ұран сап зор майданда ту ұстаған,
Айрылды еңбекші тап бастығынан.
Қуанба, қара жылан, сырттан шолған!
Ленинге ұзақ жолда серік болған
Қадырмен жол бастайғын азамат көп,
Құлатпай қызыл туды күшті қолдан.
Еңбекші ел жер-дүниемен жалпы күйген —
Болды ма ер, айтшы тарих, мұндай сүйген?
Қолымен жүрегінің отын басып,
Тағзым қып өлігіне басын иген.
Уа, дүние! Болмап еді мұндай ерің,
Мезгілсіз жұтты мұны қара жерің.
Қол созған жалпы адамзат бақытына
Жылады жетім қалып, еңбекші елің!
Кек-қайрат көкірекке қайнап толған,
Тайдырмас үлкен аға салған жолдан
Леншінің тігіп кеткен қызыл туың
Ешбір жау құлата алмас біздің қолдан..
1924 жыл, 22 январь, Москва.
КҮЗДІГҮНІ ДАЛАДА
Сарнайды бүгін жел неге,
Күңреніп бүгін көл неге,
Жапырақтар сыңсып тулайды?
Соқтығып мұнша тулайды?
Күлмеймін бүгін мен неге,
Түнерген қабақ ызғарлы?
Домбыра күйі пернеде,
Дәл бүгін неге тым зарлы?
Түнеріп қабақ күнімен,
Түйіліп нені ойлайды!
Домбыра зарлы үнімен
Нені айтып бүгін қоймайды?..
Домбыра, кәне, жырлай гөр,
Түнерген қабақ ашылсын!
Он саусақ билеп зырлай гөр,
Көкіректің лебі басылсын!
Қарашы, міне, айнала,
Сұр кетіп жерден сарғайды.
Қоңылтақ, сырда айдала,
Жалаңдап жел де сарнайды!
Қуарған дала сұры жоқ,
Көркінен сұлу айрылды.
Әдемі түрдің бірі жоқ,
Сарғайып міне қайғырды.
1925 жыл, октябрь.
ТАРТУ
Бұл «Экспресс» деген өлең жинағым Жамалекеме тартуым
Сенің жасың маған шер боп,
Болдырып-ақ күйгемін.
«Теңдік алсам, өсіп, ер боп!»—
Жүрекке ант қып түйгемін.
Сол ой бұлт боп бастан кетпей,
Ойдан тымақ кигемін.
Өзімді артық ардақ етпей,
Апа-ау, сені сүйгемін!
Шын сүюді сенен көріп,
Сенен ғана білгемін.
Күлсең мен де саған еріп,
Қуанғаннан күлгемін.
1926 жыл
АНАНЫҢ ХАТЫ
Байғұс ана хат жазыпты,
Депті «балам сағындым».
Ұмыттың ғой бізді тіпті,
Бір келмедің неғылдым?
Оқу іздеп кеткеніңнен,
Ауылға бір қайтпадың.
Біз не көрдік жеткеніңнен.
Елге кеп уәз айтпадың.
Балам едің емшек берген,
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Анаң едім жапа көрген,
Сені өсіру дерт болып.
Жас күніңде кеп ойлаушы ем,
Сені әлдилеп тербетіп.
«Арманым жоқ» деп ойлаушы ем,
Қалқам өссе ер жетіп.
Болмай шықты ойлағаным,
Сен жігіт боп жеткен соң,
Қалжырадым, ойла жаным.
Сен алысқа кеткен соң.
Талай жылап жүруші едім,
Неге екенің білуші едің,
Сенің бала кезіңде.
Қалқатайым, өзің де.
Алданышым қалқам еді,
Сонда менің қуатым.
Сен тұңғышым — марқам едің,
Бар қайғымды жуатын.
Көрмеп едім жар қызығып,
Бір сен едің тілегім.
Бір сен едің бар қызығым,
Шыбын жаным, жүрегім!
Қарай-қарай көрінгенге,
Екі көзім төрт болды.
Іш қайғым жоқ сенен өзге,
Аш өзегім өрт болды.
Ойла, енді кім мені күтті,
Қартайдым, кем саулығым,
Үсті-басым тозып бітті,
Тозды баста жаулығым.
Кетсең «балам» өз алдыңа,
Мен не болам, біл өзің.
Елестейді көз алдыма,
Бала күнгі мінезің.
Бала едің сен жыламайтын,
Еркелікті білмеуші ең.
Жоқты бер деп сұрамайтын,
Және орынсыз күлмеуші ең..
Отырғанда от басында,
Ертек айт деп қоймаушы ең.
Тұрымтайдай боп қасымда,
Тыңдауға бір тоймаушы ең.
Ертек айтсам нанушы едің,
Құмарланып, құлыным.
Көзінде от жанушы еді,
Салбырап қос тұлымың.
Қызық еді ойындарың,
Бәйге тігіп жарысқан,
Ұзын шыбық сойылдарың,
Жаумен ел боп алысқан.
Өңкей бала екі ұдай боп,
Намыс үшін дауласқан.
Кек алуға тегіс сай боп,
Жасақ құрып жауласқан.
Жауға жасақ сайлаушы едің.
Үлкен болып саптанып.
Сен түсіріп байлаушы едің,
Келген жауды аттанып.
Сөйтіп кейде зорлық көрсе
Я, Жылап үйге қайтпаушы ең.
Іште сақтап қорлық көрсең,
Жанға шағып айтпаушы ең.
Пәлен жерде сені сырттан,
Ұлық болды деседі,
Ағайының естіп жұрттан,
Гулеп желдей еседі.
Арманым зор, неғылайын,
Елге келіп тұрмадың,
Маған салып сары уайым,
Артқа мойын бұрмадың,
Сен де «халық биі», болмас па ең,
Болмас па едің комитет,
Елге сен де сын болмас па ең?
Тілімді алсаң нең кетед!
Сені дағы ел қадірлеп,
Түсер еді түрлі сый,
Мал жинар ең, сен де түрлеп,
Оюлы отау, тігіп үй.
Енді қалған өмірімді,
Келінім боп күтер ең.
Әлдилесем немеремді,
Бар арманым бітер ед.
Ойла, енді кім мені күтті,
Қартайдым, кем саулығым.
Үй іші де тозып бітті,
Тозды баста жаулығым.
Қалжырадым, сағындым мен.
Бір кеп көрін көзіме.
Ұмытқандай неғылдым мен?
Жауап қайыр сөзіме!
1925 жыл, 25 декабрь.
АНАҒА ЖАУАП
Амансың ба, байғұс апа?
Денің сау ма, әп-еке!
Қартайдың ба, болып қапа?
Әжемдей боп Тәп-екең?
Қалжырадым, сағындым деп,
Елге қайт деп жылайсың!
Ұмытқандай неғылдым деп,
Тез хат сал, деп сұрайсың.
Апа-ау, бұл не қайғың тағы?
Неге сонша, қапасың!
Балаң қайда жүрсе дағы,
Неге ұмытсын апасын!
Әлі есімде мені талай,
Аш бауырыңа басқаның.
Ұмытылады, айтшы қалай,
Талай тамған жастарың.
Мені басып аш бауырыңа.
Ыңыранушы ең, ырғаушы ең.
Домалаушы ең жас бауырыда,
Қасірет мұңын жырлаушы ең.
Жадымда әлі мені тербеп,
Талай айтқан жырларың,
Жүрегіме қатқан шер боп,
Қасретіңнің сырлары.
Сонда-ақ білгем талай сырды,
Сол заманның жалғанын.
Қасірет көріп жас өмірді,
Көңілің сөніп қалғанын.
Сол уақытта-ақ әр сөзіңе,
Имандай-ақ нанғанмын,
Мағаң шаққан зар сөзіңе,
Мен де күйіп, жанғанмын.
Шыңдап сүйген жанның сыйын
Сенен ғана алғанмын,
Кемшіліктің зарлы күйін,
Сенен естіп қанғанмың.
Шын сүюді сенен көріп,
Сенен ғана білгенмін.
Күлсең, мен де саған еріп,
Қуанғаннан күлгенмін.
Ауыр еді бұрып күйін,
Бәрін айтып тергенде,
Ырза болушы ед, әжем үйі,
Қымаран, шалап бергенде
Кейде болмай шалап,
Үлкен үйде, әжеде!
Отырушы ед отқа қарап,
Болмай бидай көже де.
Кемшілікке ызаланып,
Кейде отырып жылаушы ең.
Жоқшылыққа назаланып,
Көктен жауап сұраушы ең.
Сен білетін біз емессің,
Көк пен жердің меңіреуін!
Жансыз мылқау қалай сезсін,
Сорлы жанның еңіреуін!
Сенің жасың маған шер боп,
Балдырымда-ақ күйгенмін.
Теңдік алсам, өсіп ер боп,
Жүрекке ант қып түйгенмін.
Сол ой бұлт боп бастан кетпей,
Ойдан тымақ кигенмін.
Өзімді артық, ардақ етпей,
Апа-ау, сені сүйгенмін.
Көктен күтпей сол жауапты,
Жерден іздеп кеткенмін.
Әзірге оның жолын таптым,
Өтіп ұлы өткелің!
Тапқан жолым қазіргі осы,
Жат-ау саған тілдерім.
Біздің үкім әзірге осы,
Жалпы теңдік ілгері.
Ұмытқандай неғылдым деп,
Ұмытты деп ойлайсың,
Қалжырадым, сағындым деп,
Елге қайт деп қоймайсың.
Ердің ерін сынайтұғын,
Ұлы өткелден өткенмін,
Апа-ау, не бар, жылайтұғын,
Жолдан қайтсам, неткенім?
Жалшы үкімі тапқан жолым,
Ұлы өзгеріс өткелім.
Өткел дәмін татқан болып,
Жолдан қайтсам, бетке өлім!
Жоқ емессің бұрынғыдай,
Отыратын дағдарып,
Кәзір бопсың тәп-тәуір бай,
Әже, айтпақшы, бағдарып.
Сиырың бар аш қылмайтын,
Жүк артатын түйең бар.
Шаруада қас қыпмайтын,
Көз боларлық жиен бар.
Қайт деп, апа, жылай берме,
Жүремін ғой жазып хат.
Жазғытұрым барам елге,
Партком берсе рұқсат!
1926жыл, 6 январь.
СЫР САНДЫҚ
(Досқа жазған хаттан)
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолында,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса, жалт береді,
Сенерлік дос санама.
Нағыз достар, бір-ақ қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түкпірді,
Іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды,
Сырлас жанын шақырып.
Тыныс керек кейде жанға,
Кейде жанға ән керек.
Күй шертуге анда-санда,
Сырласарлық жан керек.
Ішкі сырды мысал етіп,
Біраз ғана жырлайын.
Суреттеуге тауға кетіп,
Суретті ептеп сырлайын.
Сарыарқаның бір тауы бар —
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
Қалың зеңгер, құзды шаттар,
Құзды шаттар қалың ну,
Сарқырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ.
Tіп-тік сұңғақ бір биік.
Шың суретті бейне жұмбақ,
Тұрғандай көп сыр жиып.
Шыңды айналған құзды шаттар,
Құзды шаттар аққан су,
Сылдырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Сөзім мысал, достым, тыңда,
Тыңда, достым, ойлап ал.
Түрлі сыр бар сол бір шыңда,
Сол бір шыңда қойма бар.
Қойма шыңның нақ басында,
Нақ басында қақпасы.
Алтын жазу қақ басында,
Қақпаның тас тақтасы.
Сол қоймада қымбат жасау,
Қымбат жасау сақталған.
Текшелеген сымдап жасап,
Сымдап жасап қақталған.
Бір сандық бар емес түрде,
Емес түрде көрнекті.
Бір түкпірде беті перде,
Беті перде өрнекті.
Бір сандық бар, ол сандықта,
Ол сандықта бір сандық.
Сырдың кілті қолсандықта,
Қолсандықта сыр сандық.
Сандық іші қызыл-жасыл,
Жасыл жібек перделі.
Толған қымбат сақтаулы асыл.
Асыл сым бар пернелі.
Сұлу жанды сұлу сүйген,
Сұлу сүйген сыршылым.
Жібек талдап түйін түйген,
Түйін түйген, түршілім.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын!
Сұлу сымда перне әуені,
Перне әуені жыр айтар.
Көдің ашар тербеу әні,
Тербеу әні сыр айтар.
Шыққанбыз дос, шыңға талай,
Талай сырды ойланып,
Ақтаралық алтын сарай,
Алтын сарай қойманы.
1926 жыл, 26 февраль.
ТОЛҒАУ
Ал, домбыра, қағайын,
Пернеде күй құйылсын.
Жалшы әлеумет айнала
Тыңдауға бір жиылсын.
Домбыраға қосылып,
Көкіректі кернейін.
Емін-еркін жараудай
Бүгіліп құлаш сермейін.
Жалшы халін айтайын
Күйге қосып сыр қылып.
Еңбек шарт пен Сәрсеннің
Хал-жайын өлең-жыр қылып.
Арылмас еді азаптан
Жалшы байғұс өмірі,
Қорғаушы ұйым болмаса,
Жүрмесе совет әмірі.
Толғанып шертіп қағайын,
Домбыра шіркін, жырлап бақ.
Әр пернеден күй шықсын,
Саусақ шіркін, зырлап бақ.
Ай, домбыра, домбыра!
Сарна және саңғыра.
Он саусағым болдырма,
Домбыраны оң бұра.
Домбыра, шіркін домбыра!
Қаққан сайын қызасың.
Сәрсен халін жырласаң,
Көңлімді бұзасың.
Бәйбіше, байдың зекуі
Жүректі бізбен сызасың.
Қаттырақ жырла, домбыра,
Сәрсеннің көрген ызасын!
Домбыра шіркін, домбыра,
Сарнай түс әлі, сарнай түс!
Құлақ құрышын қандыра,
Жүрек отын жандыра!
Эй, домбыра, домбыра!
Жайыла көрме болдыра.
Сарнап бақ, әлі сарнап бақ,
Сарнап бақ миға қондыра!
Толғағымен сарынның
Алдымен өзім ертейін.
Құлақ салған жиынды
Өзіммен бірге ертейін.
Домбыраның ырғағы —
Сарынның бүлкіл бұлғағы.
Тыңдаған жұртты ерітсін,
Он саусақ биле зыр қағып.
* * *
Домбыра шіркін, құйқылжып,
Екпіндеп шығар күйіңді!
Күлдіріп ойнат тыңдаушы
Жалшы әлеумет жиылды.
Күйің нәзік сымында,
Дыдылда ойнап, дыдылда!
Күйлерің күлсін сыңқылдап,
Ойнасын билеп былқылдап!
Шегің менен пернеңде
Талай күйлі сырың бар.
Шертілмеген әлі де
Талай-талай жырың бар.
Ұстанын, тартқан сымындай,
Түлкінің жортқан жымыңдай,
Жазғы жібек ескендей,
Ескектей бер, ескектей!
Домбыраның күйлері,
Еріткен ырғақ билері,
Түлкідей жортқан бұлаңдап,
Бәйгі атындай сылаңдап.
Аққу құстың тағы да,
Көлдегі ойын-сәніндей,
Сыңқылдап күліп билесіп,
Қосылып айтқан әніндей.
Домбыра шіркін, құйқылжып,
Екпіндеп шығар күйіңді.
Көңілдендір тыңдаушы
Жалшы әлеумет жиынды...
1926.
АДАМ
Еңбекші адам, сен тек бізде бағалы,
Сен тек бізде құрыш болат тағалы,
Бізде ғана сен, адам, шын бақытты,
Қызықты өмір жасай білген ағалы.
Бізден басқа сенің отан елің жоқ,
Бізден басқа сенің қорған белің жоқ.
Бізде ғана сен ардақты ұлансын,
Бізден басқа сенің туған жерің жоқ.
Айтсын бәрі — достың да әм қастың да,
Айтсын бәрі — кәрінің де, жастың да,—
СССР-дай еңбек ерін көтерген
Қандай ел бар бұл аспанның астында?
Біз білмейтін бұл дүниеде ел бар ма?
Біз білмейтін күн астында жер бар ма?
Еткен қызмет еңбекші елге дәл бізден,
Бағалаған күллі әлемде ер бар ма?
Біз білмейтін бұл дүниеде ел де жоқ.
Біз білмейтін ай астында жер де жоқ.
«Сіздегідей бізде де ардақты еңбекші»
Деп айта алар шебір елде беңде жоқ.
Өйткені олар ерікті емес, қамауда,
Жалмауыздар оларды езіп қанауда.
Еңбекші ерді жұмыскер ат, өгіздей
Екі аяқты малға ғана санауда.
Бізден басқа еңбекшінің елі жоқ,
Бізден басқа отаны жоқ, жері жоқ,
Еңбекшінің ұлы бар ма басқа елде,
Көкірегінде кек пен ыза шері жоқ
18 февраль, 1936
ІІ. ТУҒАН ЖЕРІМ — ӨЗ ЕЛІМ
ТУҒАН ЖЕРІМ - ӨЗ EЛІМ
(Шетте жүргенде)
Қайғы ойлаттың естен кетпей туған жер,
Қаны қашты, әм сарғайтты ет пен тер.
Сені ойласам ішім күйер қапа боп,
Жүрегімде түйіншіктей қайғы шер.
Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,
Тең құрбыммен қағысып, ойнап жүргенім.
Жап-жалаңаш жайдақ атпен жүздіртіп,
Бәсеке қып, жұмыртқа алған ну көлім.
Өлкелерге ауыл қонған мезгілдер
Бәйшешектер құлпырынған мезгілдер.
Майысып бір, кек талдардың басында,
Құстар сайрап, көңіл бұрған мезгілдер.
Сені ойлап күні-түні туған жер,
Қаны қашты, әм сарғайды ет пен тер.
Сені ойласам ішім күйер қапа боп,
Жүрегімде түйіншектей қайғы-шер.
Ұйықтасам да еш шықпайсың түсімнен,
Тұрсам-дағы сен кетпейсің есімнен.
Көзден таса қылсам деген жоқ едім,
Шыға алмадым азалдағы кесімнен.
1414 жыл, («Айқап» журналы, 11-сан.)
НҰРА
Сағынып, Нұра, мен келдім,
Бұрынғы иең — байғұстың.
Айрылған сенен көп елдің
Жатырсың көрмей қайғысын.
Мекен болдың бір уақыт
Көшіп жүрген қазаққа.
Айырылып сенен бей бақыт
Сорлылар қалды мазаққа...
Сырыңды айтшы сен маған,
Атамыздың жайлауы!
Мың-мыңнан жылқы жасаған
Биелердің байлауы.
Айтпасаң да білем мен
Ішіңдегі сырыңды.
Қайғыдасың бүгін сен,
Айтпайсың бірақ шыныңды.
Хош, Нұра, тағы көргенше
Есендік берсін бір құдай.
Енді қайтып келгенше,
Ескі иең, жүрер құр жылай.
Бұрынғыдан қайғылы
Құстарың да сайрайды:
Қолдан келер еш не жоқ,
Жүрек от боп қайнайды.
1914
ЖАЙЛАУҒА КӨШУ
Ел көшкенде кең жайлауға таласып,
Жүк артысар аяқтарын тез басып,
Таң белгісі білінгенде сарғайып,
Ақырындап дүниеге нұр шашып.
Кәрі-жастар жүген алып жүгірер,
Жылқы келіп, ат ұстауға шуласып.
Аттарын ерттеп жүк артқанша ел арты,
Алды кетер шұбатылып бел асып.
Өз-өзімен әлек болар кеп жастар,
Көшке мінген асаулары туласып.
Көш артында қыз-келіншек іркіліп,
Бір жүруге біріне бірі қарасып.
Қатарласып жорғаларын салысар,
Желектері, үкілері жарасып.
Өзіне-өзі риза бола ыржаңдап,
Қастарында жүрген жігіт жанасып.
Тайға мініп балалар жылқы айдасар,
Ақсақалдар ілгері қоныс сайласар.
Өртеңді өpіc, суы тұнық көлге кеп,
Ауыл қонып, үй тігісіп жайласар.
Көлге жауып жылқыларды суарып,
Желі қағып, шалғынға бие байласар.
Атпен барып тұнық жерден су әкеп,
Самауырлар үй алдында қайнасар.
Бұрынғы елден ерулік жеп соңғы ел,
Сары қазы, бағлан етін шайнасар.
1914.
ТҮС
Түсімде жапан түзде кезіп жүріп,
Қорғансыз бір бақшаға келдім кіріп.
Аяныш түсті ойыма сол арада,
Қуарған ағаштардың түрін көріп.
Семіпті сұры кетіп ағаштары,
Көгерген жапырақ жоқ—бәрі сары.
Жаздыгүні қурапты сорлы бақша,
Болмаса жаратушы хақтың жары.
Жайқалып кекпеңкөк боп тұрған толып,
Көк шалғын сұлап жатыр құшып болып.
Қызылды-жасылды боп желкілдеген
Гүл шешек түрі кеткен қурап-солып.
Ағаштың көзім түсіп жастарына,
Мен бардым жем сұрауға қастарына.
Салбырап ой ойлап түр көк шыбықтар,
Бір қайғы түскендей-ақ бастарына.
«Көк шыбықтар көбейсе тал боп жетіп,
Көркейер сонда бақша, қайғы кетіп.
Я, алла! Жеткіз сорлы жастарды!»—деп
Тіледім, шыбықтардан үміт етіп.
1914.
АЙТ КҮНІ
Тоқшылық бүгінгі күн берекелі,
Көңілді, ойын-күлкі мерекелі.
Әр адам өз әлінше айт қылып жүр,
Дүниенің сезілгендей кең екені.
Талғамай жақсы-жаман, кәрі-жасын,
Бай-кедей, бөтен-жақын, ауылдасын.
Әр мүһмин күтетін күн келгендерді
Құрметпен алдарына жайып асын.
Жігіттер қатар түзеп, сәндік құрып,
Айттайтын күн жиналып бірге жүріп.
Аралап әр ауылдан көкпар алып,
Аттары екіленіп аласұрып.
Аттарын секеңдетіп кейбір жастар,
Жұлынып кейбір аттар алып қашар.
Елеңдеп кейбір аттар сау аяңдап,
Кей аттар алды-артынан ақсап басар.
Болған соң айт асымен аузын - ашып,
Жиылып қыз-келіншек хабарласып,
Олар да айттайтын күн әр ауылды
Тізіліп, қайтқан қаздай дуылдасып.
Бұлтақтап үкілері бастарында,
Сылдырлап шолпылары шаштарында,
Судырлап шөпті сипап етектері,
Шүбірлеп уақ қыздар қастарында.
Жүгірер қуынысып балалар да,
Ойнаған лақ-қозыдай биік жарда.
Асыр сап құлындары сүтке тойған
Тайлардай енелерін емген арда.
1914.
МАЙ АЙЫНДА
І
Май айында керемет
Бұлттанды аспан күркіреп,
Рахман жаңбыр құйып бір
Басыла қалды сіриіреп.
Жерге түсіп қызыл күн,
Жайнады дүние рух кіріп.
Жас балалар шуласып,
Ойнады орғып дүркіреп.
Сап ауадан дем алып,
Керілді кең көкірек.
Құс әніне ән қосып,
Шаттанды соғып жас жүрек.
Май айында тамаша
Тау, тас, орман жаңғырды.
Қаһарлы қыста pyx кеткен
Жер жүзіне жан кірді.
Жапырақ гүлге оранып,
Ағашқа көрік — сән кірді.
Сансыз құс жырлап ерте-кеш,
Орманға шаттық ән кірді.
Жапырақ, балау қызғалдақ
Құлпырды жұтып жаңбырды.
Көбелек, ара бал іздеп,
Гүлден гүлге қаңғырды.
ІІІ
Май айында ғажайып,
Жаннеттей дүние жайнады.
Бәйшешек гүлдің исі аңқып.
Әншіл құстар сайрады.
Жас жүректе алғашқы
Махаббат лебі қайнады.
Жолығуға бірінші
Ғашықтар уағда байлады.
1916 жыл, май.
НАУРЫЗ
Үйден шығып балалар
«Жаз болды, міне!» десіп тұр.
Сағындырған жаз желі
Оңтүстіктен есіп тұр.
Жылы ескектің, лебімен
Дүиие балқып иіп тұр.
Сағындырған жаз желі
Құшақтап беттен сүніп тұр.
Жүгіріп су асытып
Қар еріп жатыр сылқылдап.
Жазбен келген құстар жүр
Шаттанып жырлап сұңқылдап.
Сумаңдап су сай-сайдан
Ағып жатыр сылдырлап,
Жас баладай алғашқы
Сөйлеген күліп былдырлап.
Адам да, мал да өзінше
Жүр жадырап далада.
Жаңа жылды қарсы aп тұр.
Кәрі де, жас та, бала да.
Сағындырған сұлуым,
Сүйгенім менің келдің жаз.
Құшағын жайып қарсыда
Жас жүрек, міне, болды мәз!
1917жыл. март, С. А ауылы.
КҮЗ
Сұлудай толып бұралған,
Жібекке жасыл оранған,
Жас өрім талдың жапырағы
Сарғайып түсті үзіліп.
Ұялшақ көркем келіндей,
Сүюге тосқан еріндей,
Албырап тұрған қызыл гүл
Солды қурап бұзылып.
Таңмен бірге жырлаған,
Шырқап ұшып зырлаған,
Қойылды қазір бұлбұлдың
Құбылған әні сызыпын.
Жылдың көркі кеткенін,
Жастығы жылдың өткенін
Білдіріп қайтты тырна да,
Қоштасып шырқап тізіліп.
Көк пен жерден сүр кетті,
Кемпір-шалдай түр кетті,
Жастығы жылдың — жаз өтті,
Қарасаң да сүзіліп.
1917 жыл, Ақмола.
ҚЫРДА
Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп,
Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп.
Аузымнан өлеңімді қағып алып,
Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп.
Асау жел саулап жаттап кетті сарнап,
Аралап Сарыарқаны кезіп —шарлап.
Ән салдым қырда отырып көкірек кернеп,
Кім білсе, желдің тілін соған арнап.
1917 жыл.
АҚШАҚАР
Ақша қар үлпілдеген қалқып ұштың,
Жер үшін шатты жайдан — көктен түстің.
Қайғысыз мәңгі сәби періштелер,
Мәңгілік жайын тастап жерді құштың.
Тастадың сансыз сәуле күн мен айды,
Еркін кең, нұрлы, таза, шатлы жайды,
Өкінбей қара жерге түскеніде
Жүзің шат, мың құбылып жалтылдайды.
Қиялдай қанатыңа ерік бердің:
Қалықтап ала бұлттың соңына ердің.
Көктегі сансыз сәуле жұлдыздардың
Қосылған әнін естіп, биін көрдің.
Ұшқындап сәні кеткен ағаштарға
Ақ күміс шашақ болып көрік бердің.
Құлпырып жұлдыздай боп күлімдейсің,
Не көркін көрдің айтшы қара жердің?
Михнатты, былғанышты түсіп жерге,
Кіршіксіз аппақ таза болдың перде.
Ақша кар, уайымсыз жалғыз-ақ сен,
Мәңгілік шаттығыңды жанға берме!
1917 жыл, 18 октябрь, Ақмола.
ЖАЗҒЫТҰРЫ
Кеш. Ымырт. Таудың іші... жазғытұры,
Құлпырды шыққа оранып ойы, қыры.
Тәніне құлпырған ақ перде жапқан
Сұлудай тау менен тас жердің түрі.
Ақ торғын, жеңіл мұнар тауды басқан
Ай менен жұлдыздардың шашқан нұры.
Биік шың, биік таулар айбат шегіп,
Түнеріп күзеткендей бірін-бірі.
Жаңғырып әр дыбысты қайта айтады.
Керемет, тауда жан бар, тау, тас тірі.
Бұталар, көлеңкеде тұрған шыңдар
Тасада тұрған төніп бейне ұры.
Ағаштың жапырақтары сыбырласқан,
Жасырын майда ескектің айтқан сыры.
Іздеген ғашықтарын бұлбұлдардың
Етілген көкірек жарып айтқан жыры.
Жан салып, тау ішіне көрік берген
Келген жаз — махаббаттың көркем пірі.
1919 жыл
АҚҚУ ҚҰС
Аққу құс ұшты,
Желдей есіп күшті,
Ән салып күлді айнала.
Келді кеп құшты...
Керіліп құшты,
Ақ төсін төсеп айнаға.
Құлаштап желді,
Аққу құс келді...
Көлеңдеп, дүзіп сыланып.
Көркейтті белді,
Көркейтті көлді,
Ақ күміс суға бұланып.
Аққу құс көркем!
Ақ төсін керген,
Көлеңде, сәулем, сыңқылда.
Көлдегі, еркем,
Ғашығым, еркем,
Сылаңда, биле, былқылда.
Аққу құс жүзді,
Ақ көбік тізді,
Айнадай тұнық көл суық
Қақжарып сызды...
Күміс жол сызды —
Сұлуым, сәулем, аққуым!
Аққу құс кербез!
Биіңді көргіз,
Көрсет, сәулем, сәніңді,
Таяншы тез... тез...
Сұлуым кел тез,
Құбылтып салшы әніңді.
Аққу құс сөйлеп,
Сыңқылдап күйлеп,
Сыбырлап сүйіп жалынды.
Айналып билеп...
Ойнады билеп,
Балқытты менің жанымды.
Аққу құс сәндім,
Күйіп мен жандым,
Туғаннан саған ғашықпын.
Көлде мен көрдім,
Соңыңнан ердім,
Көруге тағы асықпын.
1921 жыл, 5 июнь Көкшетау.
СҰЛУ ТЕРЕК
Кербезсің маңызданған, сұлу терек!
Орандың желбіреген жасыл желек.
Тұрасың ырғатылып токаббарсың,
Басқа ағаш көрінбейді саған серік.
Сымбатты, оқтай түзу бойың мінсіз,
Бұл жақта сенде-ақ көрдім мұндай көрік.
Аспанға бой созасың үндемейсің,
Такаббар, жалғыз өскен дәтің берік!
Маңыңнан өтіп жатыр кедей, бай да,
Жас, кәрі, зорсынған да кішкентай да.
Біріне иілмейсің, қарамайсың,
Аспанда-ау, сенің көңлің Күн мен Айда.
Сұлуым! Айтшы маған сен сырыңды,
Такаббар болсаң дағы сен бір мұңды.
Ұстап тұр қу қара жер тамырыңды.
Көкке бой қанша созсаң жібермейді,
Сұлуым! Келші маған басыңды иіп,
Енгізші құшағыңа беттен сүйіп.
Оралып мойныма жапырақтарың
Желбіреп жібектей боп тұрсын тиіп.
Есіттім Сарыарқадан, сұлу терек,
Әдемі жапырақтарың жасыл жібек.
Арқаның, еркесіне иілмесең,
Босқа өткен сұлулығың неге керек?!
1922 жыл, 16 апрель Ташкент.
БҰЛШЫҚ ЕТ
Боянған түрлі шырайлы
Сұлу емес, сырлы бет;
Ширатылған түйіндей
Шын сұлу — күшті бұлшық ет.
Балғын білек, балтыр да
Ширатылған түйіндей,
Бұлтылдаса бұлшық ет —
Кім тұрады сүйінбей...
Айғырдың тоқпақ жалындай,
Бөкеннің серке санындай,
Қайынның қырған безіндей,
Шортанның жұмыр беліндей.
Ширатылып түйілген,
Болаттай күшпен иілген,—
Бұлшық етті білек пен
Балтырдан күшті дене жоқ!
1923 жыл, 8 апрель
АҚСАҚ КИІК
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ,— шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар...
Кей қазақ әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қалып, шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым.
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік,
Сандалып қаңғырақтап басын иіп
Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,
Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі кетіп жығылғалы ..
Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...
Ақбөкен сахараның ботакөзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып?
Келеді қаңғырақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі.
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.
Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,
Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.
Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,
Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!..
Ботакөз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегіде атқан мерген!..
1924 жыл
ОРМАН
Орман міні,
Мұның да үні
Кейде жұмсақ, кейде шу.
Кейде тынық,
Кейде сұлық,
Кейде дауыл гу де гу.
Калың орман,
Ойға толған,
Тұнжырайсың иіліп,
Еңбек сырлас,
Сәулем құрдас,
Әр рудан жиылып.
Жоқ бір қалып,
Кейде ырғалып,
Сен де көлше шулайсың.
Басты шайқап,
Желді жайпап,
Аласұрып тулайсың.
Аппақ қайың,
Қарағайың
Қосылыпты табысып.
Сұлу терек,
Жасыл желек
Құшақтасып қабысып.
Кейде қыбыр,
Кейде жыбыр,
Кейде жұмсақ желбіреп.
1925
ДАЛАДА
Балалар
Міне дала...
Бір топ бала,
Жүгіреді айнала.
Мінген таяқ,
Жалаң аяқ,
Табандарын көк бояп.
Жұлып сасыр,
Салады асыр,
Аунап жерге көк жасыл.
Жас тұлымшақ,
Тап құлыншақ,
Өңкей асау ұрыншақ.
Суы сасыр,
Салады асыр,
Ұлы ананың төсінде.
Совет — атаң,
Дүние — Отан,
Болсын інішек есінде.
Келер кезек,
Қылыш безеп,
Шығарсыңдар бой тежеп.
Туың қызыл,
Көлемі ұзын,
Інішектерім, тез тізіл!
1925жыл.
АҚҚУ
Сәулем аққу,
Сыңсып сұлу,
Суды сызып сылдыр су!
Сәулем сылан,
Аппақ қылаң,
Ақ көбікке шомылған!
1925 жыл.
ЖАЗҒЫ ДАЛАДА
Жібек кілем кестелі
Көрпе үстінде жаттым мен.
Қаладан алыс елді ойлап,
Қалың ойға баттым мен.
Тасыған сендей жойқылып,
Қозғалды жүйткіп қалың ой,
Мінеки келді алдыма
Өрісте жусап қалың қой...
Айдалада кішкене от,
Жалғыз қойшы... тас қорық...
Ұшып тұрдым жата алмай,
Көзіме келіп жас толып.
Ұмыт қалған бауырым,
Меңіреу жапан далада.
Көрер ме екем-сеніде,
Жарық, думан қалада?
«Кетпе» деп тағы көк шалғын,
Аяғыма оралды.
Жібермей бөгеп алдымды,
Майысып гүлдер бұралды.
Сұлу жібек гүл шашақ,
Етегімнен ұстама!
Бірге өскен сәулем қымбатты,
Енді мені қыстама!
1923 жыл, июнь, Орынбор.
ҚАРЛЫ АЯЗДА
Жерді басқан аппақ қар...
Соғад аяз, ызғырып —
Қызыл шұнақ, жалмаңдап,
Билеп күлед сызғырып.
Ұшан теңіз қалың қар
Жерді басып жабады.
Шұнақ аяз жалаңаш
Екі санын сабады.
Мұздай демі бет қарып
Аяз аузын ашады.
Құлақтанып қызыл күй
Жасыл ұшқын шашады.
Қызыл аяз демімен
Бет қарылып күйеді.
Қанын беттің шығарып
Аяз тістеп сүйеді.
Күйдіргені — үсітіп
Демі бетке тигені.
Қанын сорып аппақ қып
Тістегені — сүйгені.
Шұнақ аяз аямас,
Тоңып үсіп қатсаң да.
Сызғырады, күледі,
Үсіп өліп жатсаң да..
1926 жыл
ЫЗҒЫРЫҚ АЯЗДА КЕДЕЙ АУЫЛЫ
Қар үстінен шаңытып
Құйқылжиды борасын,
Даладағы ауылдың
Басып көмед қорасын.
Далада ауыл... бүрісіп
Қар астына көмілген.
Қармен әбден алысып
Әлі құрып жеңілген.
Асы — көже қатықсыз,
Бұл ауыл бір жарлы еді.
Тәуір қыстау жері жоқ,
Даладағы зарлы еді.
Мойындары пештердің
Қараяды қылтиып.
Қар астынан аршылған
Терезелер жылтиып.
Кей қылтиғаи мойыннан
Түтін будақ шығады.
Үскірікке беттемей
Ыққа заулап ығады.
1926 жыл.
ҚЫЗЫЛ ШҰНАҚ
Шатнанды, тыстта аяз,
Қызыл шұнақ үскірік,
Қылшылданды жалаңдап,
Зәрлі деммен ысқырып.
Ұшан теңіз қалың кар —
Жерді басып жабады,
Шұнақ аяз жалаңдап
Екі санын сабады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашада.
Құлақтанып қызыл Күн
Жасыл ұшқын шашады.
Қар үстінен шыңғытып
Бұрқырайды борасын.
Көрінбейді далада
Жанның қимыл қапасы.
Бейне мола,— адырайды,
Лыпасы жоқ жарлы үйі.
Қысқы аязда төтенше
Жарлы тартаң зар күйін.
Пештің мойны сыңсиды
Үйін қосып желменен.
Кедейлікті шаққандай
Жыр қып айтып шерменен
Пештің мойны желменен
Ызыңдайды сарнайды,
Балақанын тербетіп
Жас келіншек зарлайды.
Тыста түтеп, шатнап
Қызыл шұнақ үскірік,
Қылшылдайды, жалаңдап,
Зәрлі демін ысқырып.
Ұшан теңіз аппақ қар
Жерді басып, жабады.
Шұнақ аяз жалаңаш
Екі санын сабады.
1925жыл, 17 декабрь.
ЖЫЛ БАСЫ – қарлығаш
Өліп жатқан жер жүзіне
Жаз келген соң жан кірді.
Ойда, қырда жап-жасыл боп,
Жасарып жер жаңғырды.
Жасыл жерге гүлден өрнек
Неше түрлі сән кірді
Торғып көктен көк ала бұлт
Төкті гауһар жаңбырды.
Сұлап жатқан үнсіз жерге
Тіршілік, «шу» даң кірді.
Тау мен орман, шалқар көлге
Шаттық күй мен ән кірді...
Күн күлімдеп жылы деммен
Ұлы ананы бұлайды.
Жұпар бүркіп, жібек желмен
Кең денесін сылайды.
Жан-жануар ұлы анасы —
Төсі сүтті қара жер,
Жас босанып бұланады
Төсін ашып ағып тер.
Жер — ұлы ана, буы — демі.
Жадырайды көсіле.
Еңбекші жан уыз еміп
Өрмелейді төсіне.
Жан иесі тірілісті
Шат боп еңбек тұрмысқа.
Жандандырды қылған істі
Қалың істі құмырысқа.
Міне, шат боп сымпылдасып
Қарлығаштар зырлайды.
Ойды кезіп, қырдан асып,
Жаздың, жырын жырлайды:
Көркем тұрмыс жылдың құсы
Ер, екпінді қарлығаш,
Болсын күйлі қылған ісі,
Жырла жазды жарлыға!
1927 жыл.
КӨКШЕ ҚАСИЕТТЕРІ
(Толғау)
Адам бар өнеріне бас иетін,
Құрметіне ескерткіш қып тас үйетін.
«Өнерлі кей ұлдарын» еске салып,
Енді айтам Көкшетаудың қаспетін.
Көз салсаң Көкшетаудың қай жағына,
Айнала құлашын кең жаймағына:
Қара орман, су мен өзен, айдын көлдер,
Сай өлке кіреді оның аймағына.
Сылдырлап жасыл өзен аққан көлбеп,
Күміс су, маржан құмды шалқар көл боп
Өзенге күркіреп кеп өзен құйып
Шымырлап, көк үйірім кеткен сел боп.
Жаз жасыл, күзде сары бетегелі,
Қиырсыз, құлашты кең жайған бел кеп
Бітік, ну — өсімдігі, шөбі — шүйін
Жатады қара жерге майлы шөл боп.
Жайылған Көкшетаудың аймағында,
Мал бағып, егін салған кәсіпті ел көп.
Төбенің басына да егін шығып.
Төрт түлік мал өседі бұла-тел боп.
Ертіс пен opaп аққан Есіл, Нұра
Бұларға сансыз өзен құйған жыра.
Әр таудан өзен атқып, тулай гүрлеп,
Тастарды домалатқан құмын сыра.
Созылып көк жібектей Нұра пред деп,
Құяды Қорғалжынға болып мұра.
Ертіс пен Есіл орап кетеді өтіп,
Құдиып мұз теңізге бетін бұра...
Сансыз көл айдын-шалқар жатқан шалқып,
Түрлі құс мөлдір суда жүрген қалқып.
Қаз-үйрек, шағала, аққу мың түрлі әнмен
Күй қосат көлдің басын думан, даңғып.
Құмы — інжі, айна көлдің күйін тыңдап,
Адамның жадырайды көңілі балқып.
Көкорай, көл айнада белуардан
Көкмайса гүл иістері шығады аңқып...
Түрлі құс жасырынып ну құраққа
Теңселген сылдыр қағып ту құраққа —
Секілді ойын қылған қыз-келіншек
Тығылған пай шымылдық судыраққа.
Көлінде, өзенінде толған балық,
Еңбекші ел кенеледі балық алып.
Балығын құстарымен кәсіп қылып
Сонымен пайдаланған талай халық.
Барсаң да қай өлкеге белден шалғын,
Оралған белуардан балдыр-балғын.
Мас болып шұбар ала гүл исіне
Келеді сансыз гүлді құшып алғың.
Толқыған алқара көк теңіз-сынды
Келеді көк майсаға шалғы салғың.
Тыныс ап, жұпар иісті құшағында
Келеді төсіңді ашып жатып қалғың.
Жайқалған қара орманда қарағайы,
Тораңғы, қызыл, аппақ, ала қайың.
Ағаштан түрлі керек сайман жасап,
Алады еңбекшіл ел қарамайын.
Ән салып гүлден гүлге қонақ болып,
Жинайды аралар да дала майын.
Молдалар қызықтырған ұжмағынан,
Бірде кем ормандарын санамаймын.
Әуесі дертке дауа Көкшетауды,
Молда айтқан мың ұжмаққа баламаймын.
«Ұжмағын» Көкшетаумен қатар қойса,
«Ұжмақты» ақы берсе қаламаймын...
Жатқандай қара жері майға шылқып,
Қап-қара семіз қыртыс, борси былқып,
Астыққа қарқ болад, бірі жүз боп,
Еңбекші ел жерді жыртты салып егін.
Көрінген мал құлағы,— жері құтты,
Құнарлы, берекелі, майлы, сүтті.
Қап-қара топырағы түбіт түкті,
Көкшетау елемеген талай жұтты.
Уә, шіркін! Мұндай жерлер көпке-ақ ұнар!
Қара жер, жібек түкті, құтты құнар...
Екеуін «ұжмақ» пенен таңдататын.
«Құда» екең болар ма еді, мені сынар!..
ОҚЖЕТПЕС, БУРАБАЙ, ЖҰМБАҚТАС
Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан,
Кербез тау, көкке бойлап бұлттан асқан.
«Оқжетпес» етегінде бейне найза
Адамзат жасағандай құйған тастан.
Тау бүркіт көк қаршыға көкте қалқып,
Шарықтап, шыңында ойнап шаңқылдасқан.
Қызықты Көкшетаудың ертегісі,
Сілекей ағызады сырлы дастан.
«Оқжетпес» Бурабайдың, жағасында,
Күн батыс тауға кірген сағасында.
Басында кептер кебін қыз жырлаған,
Аңғал құз, көлдің жиек тағасында.
«Бурабай» таудың шұңғыл шарасында,
Әлгі құз «Оқжетпес» пен арасында.
Ұлылы-кішілі боп көлге төнген,
Өңкей құз күміс көлге жарасымда!
«Окжетпес» кербез сұлу боянбаған,
Керіліп, кернеу тартып оянбаған.
Айнаға алдындағы мәңгі қарап.
Өзінің көркіне өзі тоя алмаған.
Аңғал құз «Оқжетпестің» етегінде,
Ботадай бойшаң нардың жетегінде,
Бұл күнде көлдің суы құзды ораған,
Сол құз ғой көлдің шеті, ерте күнде.
Әлгі құз «Жұмбақтас» деп аталыпты,
Солайша қалмақ қыздан бата алыпты.
Суретті «Жұмбақтастың» шежіресін,
Үлкеннен кейінгілер жат алыпты.
Мінеки, жұмбақ таста болған ертек,—
Жыр қылған, от басында әйел, еркек.
Қақтаған отқа бұтын балалар да,
Ши борбай, құс табанды, қарны шертек.
Осылай жыр қылады «Жұмбақтас» деп,
Дуалы адам пішін сымбат тас деп.
Куәсі ертедегі болған істің,
Белгісі шежіренің қымбат тас... деп,
Барғанда анда-санда «Оқжетпеске»,
Болмайды «Жұмбақтасты» елемеске.
Елестеп көз алдыңа суреттері,
Ертегі әлгі әңгіме түседі еске.
«Жұмбақтас»,— бейне арыстан, шегіп жатқан;
Айбатты жалбыр жалын төгіп жатқан.
Маңқиып «Оқжетпеске» қырын қарап,
Суына «Бурабайдың» бөгіп жатқан.
Жақын кеп, қараған жан аңғал тасқа,
Сүңгіген тұңғиыққа, саңғал тасқа.
Қызықты жаратылыс суретіне,
Болмайды қайран қалып, таң қалмасқа.
Сүңгіген аңғал қия, мылқау-керең
Үңілген көлге төніп, түпсіз терең.
Қарасаң етегіне келіп тұрып,
Шымырлап түршігеді барлық денең!
Анығын ертегінің сұрасаң да,
Айқайлап етегінде айтып өлең,
Қақылдап өз сөзіңді қайта айтады,
Жалынған сұрауыңды қылмайды елең...
Бурабай желді күні толқынады,
Ысқырып, дауыл соқса, бұлқынады.
Жайындай найза тиген ойран болып,
Соқтықып қырға шапшып жұлқынады.
Кескекті арыстандай арсылдайды,
Шынжырлы ақ бураша қаршылдайды.
Гүрсілдеп, кебік шапшып тасқа соғып,
Қамаған тау мен тасты қалшылдайды.
Үнемі бір қалып жоқ «Бурабайда»,
Маужырап тыныштанад тынық жайда.
Көңілді балқытады жұмсақ тербеп,
Сипайды еркелетіп жанды майда.
Аспаннан алтын күннің, сәулесі ойнап,
Құйынып, күміс суға терең бойлап,
Құбылып ойнайды көл исінгендей,
Құлпырып сансыз түрге гауһар жайнап.
Жағалай тау мен орман анталасып,
Ортада жатқан жасыл мөлдір айна,—
Ойнайды айнадан өз жүзін көріп,
Кеш болса сансыз жұлдыз алтын ай да...
Долданып, дауыл соқса, тулап айдын,
Гүрсілдеп, аласұрды, шулап айдын,
Жұлқынған шынжырынан ақ бураша,
Көпіріп соқтығады зулап айдын.
Күрсілдеп, аласұрып көбік шашқан,
Тулаған көл бейнелі — бурада айбын.
Кей күні тулаған көл, кей құн жым-жырт,
«Бурабай» тыншытады шуақ жәй күн.
Шілдеде көркем айна, торғын тұтқан.
Аждаһа — қара дауыл құралай күн.
Тағы да бір құз тас бар жағасында,
Тағы сол күміс сулы «Бурабайдың».
КЕНЕСАРЫ ҮҢГІРІ
Орта жүз «Ақ патшаға» бағынғанда,
Патшаға хан ұрпағы жағынғанда,
Қасым хан бармай қалған, туыстары
Патшадан «байғазы» алып тағынғанда.
Кене хан Қасым ұлы қырға көшкен,
Үстінен туыстары шағынғанда.
Патшаға қарадың деп елді шапқан,
Хандығын Абылайдың сағынғанда.
Үркітіп, дүнім елді бүлдіргенге,
Шулатып жабықтарын тілдіргенге,
Мәз болған хандарыңыз — ел шапқызып
Торсықты керегеге ілдіргенге.
«Қасым хан, туғанда қан уыстаған»,
Мәз болып, «Кенесары ту ұстаған».
Кене мен ағалары жауласыпты,—
Сияқты Абылайдан туыспаған.
Бұл сөзім емес онша көне сарын,—
Әңгіме, сексен жылдан емес ары.
Шауыпты қырдан келіп ағаларын,
Абылай немересі — Кенесары.
Тасқанда келдің өсіп кенересі,
Су қайтса биіктейді кемері өсіп.
Түстік жақ Бурабайдың бір құзына
Қоныпты Абылайдың немересі...
Кемерде қалың орман, құз тас шошақ.
Кененің қолы келіп құрған ошақ...
Қарауыл таудан аса баршы салып,
Сол құзда Кепесары жатқан мошап.
Сол құзда жатқан мошап үйілісіп,
«Жат болған» Көкшетауға күйінісіп.
Шаппақ боп, дуан менен таудағы елін,
Күштерін жиып, тастай түйінісіп.
Содан соң мәңгі тастап бекінісін,
Қолымен Кене кеткен шегінісіп.
Мүлде енді шәлге кеткен аулын шауып:
Қасымның екі ағасын, екі інісін.
Үйшік бар, әлгі құзда үңгірлеген,
Ішіне кірсең үйден күңгірлеген,
Аталған «Кенесары үңгірі» деп:
Көрсеңіз тәрізді іші дым кірмеген.
Дүниеде әрбір бөлек жердің аты,—
Себеппен қойған бәрі елдің аты,
Әлгідей себептермен атаныпты,
Шыңдар мен тау ішінде келдің аты.
Солайша құздар мен кел атаныпты,
Зерек жұрт хикаясын жат алыпты.
Қате айтсам, әңгімені қағыс естіп,—
Кешірер тарихшылар қаталықты...
«Бұл іске «Бурабайдың» тасы куә,
«Оқжетпес», «Жұмбақтастың» басы куә.
«Сыбырлап, сыр ұрлаған қара орманның
Бүкір бел кәрісі мен жасы куә».
Кені бар Көкшетаудың қызыл алтын,
Өлшеуіш дүниенің еңбек нарқын.
Түлкіше қасақана қашқан жортып,
Құмар ғып жер үстінің барлық халқын.
Жеріне Көкшетаудың сіңген қашып,
Кәпір тас, жылтыраған қызыл жалқын...
Жер үңгіп, тасты қашап, алтынды алған,
Жұмыскер қиын істің қылған парқын.
Дүниеге тегіс совет орнағанша,
Шіркінге қарар ма екен бенде салқын.
Табынбас алтынға адам сонда ғана —
Комун боп өзгерткенде сана-салтын.
Елдерін араласаң өскен, өнген,
Суретті көркем түрлі көп ескі өлең.
Кең көкірек, керней дауыс, ақын, әнші —
Келеді жігіттері боп ескелең.
Іс қылған адамының денесі ірік,
Жігерлі, ер көңілді, еті тірік,
Ақын да, палуан да, әнші де көп,—
Дей алмас көрген адам мұңы өтірік.
Ерлер бар, бітістері жасыл, құрыш,
Ерлер бар,— айтса қайтпас, алмас қылыш;
Ақын бар,— алмас садақ, тілдерінен
Кейде бал ағызады, кейде бұрыш.
ӘНШІ, АҚЫНДАРЫ БІРЖАН
Қазақта даңқы шыққан Біржан ақын.
Келтірген сұлу өлең сөздің нарқын.
Сан топта, саң жүйрікпен жарысқанда,
Келмеген қапталына ешкім жақын.
Біржан мен Ақан туралы өлеңін
Сәкен кейін жазған.
Өлеңмен ән шырқаса, дерсің — бұлбұл,
Жандыға шалдырмаған бейне дүлдүл.
Жарысқа ұлы дүбір мүдірмеген,
Құлашын үдей сілтеп жайнап гүл-гүл.
Ән салса арыстандай ақыратын,
Әуені қалтыратып жапыратын.
Саңқылдап даусы кетіп алты белге,
Көркем ән маңдағы елді шақыратын.
Көтеріп көкіректі ырғағанда,
Даусын шарықтатып, шырқағанда,
Даусы алты белден естілетін
Құлаштап домбыраны бұлғағанда.
Жарыста нар кескенмен жауды ұрғандай,
Өтті тіл от жапырақ қауды ұрғандай.
Қақтаған нәзік күміс дағараға
Аспаннан гәуһәр бұршақ жаудырғандай.
Қазақта кім білмейді Біржан салды?..
Ағызған қызыл тілден шекер, балды.
Сан ақын жарысқанда талай топта
Үздік боп бәйгіні ақын Біржан алды.
Қазаққа даңқы шыққан ақын
Сара, Бәйгіден келген талай жеке дара.
Біржанмен шаршы топта айтысқанда,
«О дағы қыла алмаған ешбір шара».
Біржандай болмайды, ақын тау ұлында,
Сол кезде еш қазақтың ауылында.
Ақынның моласы тас жол аузында,
Тауының туып өскен бауырында.
АҚАН СЕРІ
...Тағы да үздік шыққан одан бері
Зарланған «сырлы мінез» Ақан сері,
Зарлы әнмен, көркем күймен, сырлы өлеңмен
Шарықтап өрлеп көкке шыққан шері.
Әнінен исініп жұрт таң болатын.
«Түскен деп әнші тыңдап көктен пері»
Жатқа алып қыз бозбала құмарланып,
Жайылған Сарыарқаға «Құлагері».
Құбылған әні көркем гауһар түрлі,
Күйлеген нәзік сезім «жұмбақ» жырлы,
Махаббат, қасіретін күй ғып шерткен,
Әндері, өлеңдері нәзік сырлы.
Ырғалтып шырқағанда көркем әнін,
Келтіріп нәзік нақыс әннің сәнін.
Әлдері Сырымбетпен «Үш тоты құс»
Елтіткен тыңдаушының жан мен тәнін.
Шырқайды Ақан әнін ой мен қырда,
Жайылған қазақ түгіл, қыр-мен сырға.
Ақанның Сырымбетің башқұрт қызы
Ырғалтқан Мәскеуде үлкен театрда.
Мәскеуге көрнекке жұрт барысқанда,
Әр жақтың бар өнері жарысқанда.
Әр елдің әншілері театрда
Әндерін көп алдында салысқанда.
Көпшілік талай әнге онша бақпай,
Отырған талай әннің бірі жақпай.
Салғанда Ақан әнін башқұрт қызы,—
Әлеумет тыңдай қалған кірпік қақпай.
Сол сында Ақан әні пар іздеді...
Көлдегі аққу әні тәрізді еді.
Ақанның «Үш тоты» мен «Сырымбеті»,
Таң қалған естігенде Парижде де.
ЫБЫРАЙ
Әнші бар Көкшетауда талай ірі,
Ыбырай топ жарғанның о да бірі.
Қаңбақша қыз-бозбала қағып алып,
Жайылған талай әсем ән мен жыры.
Кең алқым, кен, кемейлі, даусы керней,
Ақырмай ән салмайды, көкірек кермей.
Астына алты қырдың естіледі
Шырқаса екіленіп құлаш серпей.
Ән салса, алқымы ісіп құйқылжиды,
Бәйгі атша, алып қашқан ырық бермей,
Айнала айдын көлге естіледі
Жаңғырып керней даусы аспанға өрлей.
Қапсағай, қыр мұрынды, арыстандай
Жаратқан, дүлдүлмен де жарысқандай.
Әуелі қалтыратқан күркір дауыс,
Тіресіп дауылменен қарысқандай.
Әні бар «гәкку» деген аңқылдаған
Аққудай айдын көлде қаңқылдаған.
«Гідігай», «Қалдырған» мен «Маңмаңкерін»
Ырғалтса, керней дауысы саңқылдаған.
Мазақтап байдың қашқан «керекесін»3
Советтің еңбекші елге сыйын көріп,
Советтің губерналық жиынында
Ән шырқап құттықтаған мерекесін.
Советтің еңбекші елге сыйып көріп,
Отарба, машиненің биін көріп,
Екеуін өлең қылды отарба әнмен
Гулеген Көкшетаудың күйін көріп.
Туса егер, өнерлі елде бақтарына
Білім апжүрсе бәрі баптарында:
Біржан сал, Ақан сері, Ыбырайлар,
Алмас ед Шаляпинді4 қапталына.
БАЛУАН ШОЛАҚ
Тағы да бір ғажап ер Балуан Шолақ,
Бір қолы отқа күйіп болған молақ.
Цирктің Корень деген балуанының
«Қиратқан қабырғасын жалғыз қолы-ақ»5
Жиналған бес дуан ел сәтукеде,
Көтерген елу бір пұт бір-ақ жол-ақ
Қызықты ән шығарғыш, ақын балуан,—
Шебері сырлы өлеңнің, емес олақ.
Кеспелтек, алшаң төстек,— емес иір,
Денесі болат құрыш, жігер шиыр.
Жалаңаш денесіне тіс батпайды,
Көк темір — бұлшық етті түйір-түйір.
Жайдары жарқылдаған ер көңілді,
Ел кезіп ән сап жұртпен болған үйір,
Шолақтың өлеңі мен балуандығын
Сөз қылған: «бәлі!» десіп талай қиыр.
Қап-қара күшгі дене — құйған шойын,
Топшылы, тау бүркіттей, бұғы мойын.
Қайраты, күшіменен таң қаларлық—
Цирктің жыққан бүктеп талай дейін.
Ән шырқап, құйқылжытып өлең, айтып,
Қазақтың думан қылған талай тойын.
Көрсеткен еліктіріп бозбалаға
Құйғытқан ат үстінде сан түрлі ойын.
Жайдары, жігіт гүлі, жарқын-жайсаң,
Жауына жалынбаған, тастай қайсар.
«Пасықсың мысық құйрық» дейтін еді,
Билерге жағамын деп сөзден тайсаң.
Шығарған талай әсем ән мен сарын,
Жүрекпен ыстық қанның айтып хәлін.
Әсерлі өлеңдері әнмен айтқан
Толғанып суреттеген ашық жарын.
Күрілдеп, сыймай қоңыр лашығына
Шығарған ән мен өлең, ғашығына
Шығарып «Ғалияны» жұртқа жайған
Күйініп ғашығының қашығына.
Әлі ынтық «Ғалияға» жұрттың бәрі,
Тыңдаса мәз болады жас пен кәрі.
Білмейтін «Ғалияны» қазақ бар ма?—.
Күлісіп, тыңдаған жұрт дейді: «бәлі!».
Николай қазақ елін жерден қуған,
Айдаған орманды жер, шалқар судан.
Жерінен мал құлағы тұтам шыққан,
Айрылған талай момын қалың нудан.
Жерсіз қап, әсіресе, кедейлері
Еңіреп қош айтысқан жермен туған.
Тепкі жеп Николайдан бір жыласа,
Жылаған бай мен биден, болыс қудан.
Нашар жұрт едірескен айрылған соң
Мекеннен кіндік кесіп, кірін жуған.
Надан ер «иісі орыстың, бәрі бір» деп,
Сол кезде кек алмаққа белін буған.
Жазасыз мұжықты кеп Шолақтапқан,—
Малдарын жүздеп қуып, жауша шапқан.
Мұжық пен надан ерді атыстырып,
Шолақты ұстап ұлық құлыпқа жапқан
Суық тас, темір құлыпты қамау үйі,
Шолаққа темір кісен — қылған «сыйы»
Тас үйде, есік құлыпты, қолда бұғау,—
Тордағы торғай құстай, тұтқын күйі.
Шынжырын қолындағы жіптей үзіп,
Жұлқынып арыстанша күші қызып,
Түрменің бөлмесінде жалғыз құлжа,
Шегініп құлыпты есікті соққан сүзіп.
Рақымсыз ақ патшаның тас түрмесін
Қиратып, аңғал батыр шыққан бұзып.
Тұтылып, құтылғанын өлең қылып,
Әндетіп елге Шолақ кеткен сызып.
ҚАЖЫМҰҚАН
Көсілген Көкшетаудың даласынан,
Көк майса сансыз өлке саласынан,
Шолақпен тете шыққан Қажымұқан
Оралға көк Есілдің жағасынан.
Дүңкілдеп жұртқа даңқы Мұқан шыққан,
Жасынан тең құрбысы түгел ыққан.
Нан піскен кеудесіне балуандар
Түксиіп Мұқан келсе жым боп бұққан.
Аралап талай жерді, сан қаланы,
Күресіп талап алып дәуді жыққан.
Ел кезіп елден асқан балуанның
Талайын қол ұшымен ойнап сыққан.
Сан балуан көрген байқап оның күшін,
Қалтырап, ол тигізсе қолдың ұшын.
Мұқанды ойда, қырда білмеген жоқ,—
Күшіне сүйсінгендей үлкен, кіші.
Күресте, СССР да жеке қара —
Талай дәу қыла алмаған ешбір шара.
Европа, Азиядан асқандар да:
Поддубный, Ганс — Гауан, Қазбек Гара..
Ожар бет, қара мойын — бейні құлжа,
Қылар ед бір салса егер мылжа-мылжа.
Шалқиған жауырынды, бұжыр қара,
Еңгезер, үйелмен, дәу, тартқан — құжға.
Қалың бет, бура түсті қара нардай,
Жұп-жұмыр, жуан діңгек, бойшаң дардай,
Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,
Айбынды, жолбарысқа бұлар пардай.
Топшысы кере құлаш, бітіп шалқақ.
Шалқиып малпаң басад, талтақ-талтақ
Ұзақ жол керуеннің көшіндегі
Сияқты жампоз атан, басқан малтақ.
Жасында Қажымұқан байда жүрген,
Жалшы боп, бірталай жыл өмір сүрген.
Халыққа алыптығы әшкере боп
Циркке балуан боп сонсоң кірген.
Атқарып жүргенде де малайлықты,
Күресте тең құрбысын талай жықты.
Бір байдың ат тартпаған жүгін тартқан
Көрген жұрт деген шулап: «Қалай мықты!»
Бурадай шонжар, жампоз, жараған дом,
Өрдеш төс, білеу дене, шойындай сом.
Алпамса, алқа-салқа, бұлшық етті,
Қобы жон, алды артына біткендей қом.
Құлжадай топтан оғаш көз тартады —
Мысалы, даладағы бейіні бір дөң.
Алыбы бұл заманның Қажымұқан
Адамның осы күнгі шонжары шоң.
ЗАМАН АҒЫМЫ
Өткен күн, ертедегі бейне сағым.
Замана құбылады, жоқтай бағын.
Үдере, бұлдыр қағып, тынбай аққан
Зырлаған, заман шіркін сияқты ағын.
Баяндап Көкшетаудың ертектерін,
Жыр қылып, күйге салдым біраз шағын,—
Байлығын, жаратылыс қасиетін,
Сарын қып, күміс сымды шерттім сағын.
Адамзат бейіні керуен көше бермек.
Қиырсыз, өмірі жол,— кеше бермек.
Жолшыбай жас қосылып, сағат сайын,
Ескі өшіп, жаңа ер жетіп, өсе бермек.
Керуеннен тынбай алға бара бермек,
Жаңа адам жолдан қосып ала бермек.
Бүгінгі жада адамдар баршын тартып
Жолшыбай шұбатылып қада бермек.
Ежелден тіршіліктің заңы — солай:
Тынымсыз өзгереді керуен жолай.
Болмысын көркейтуге алас ұрып,
Ұтылап іздеп онды, құрап қолай.
Бұл күнде тұрмыс күші емес баяу.
Қаласың лезде артта болсаң жаяу
Керуен жынша жүйткіп шабады алға,
Жоқ онда жай аяңдап, күшін аяу. .
Жүрісі көштің бұрын — аяң, ырғақ.
Ырғалып жылжушы еді керуен сырғақ
Бұл күнде экспресс отарбаша
Құтыртып құйғытады алға зырлап.
ҚАЗІР КӨКШЕТАУДА
Талай су бүгүнгіше өткен ағып,
Бір жөнмен тынбай зырлап кеткен лағып.
Өткеннен кеп шерткен соң жаңаның да
Шертейік күміс сағын біраз қағып:
Біраз жыр тағы тізіл көгендейін.
Желілеп тізбегімді шегендейін.
Өзгерді Көкшетаудың тіршілігі
«Ел жаңа — елу жылда» дегендейін.
Ешкімге Көкшетауды қиыспаған,
Ешкіммен кең байтаққа сыйыспаған.
Ешкіммен көршілес боп күнелтуге
Ол күнде сөзге қазақ ұйыспаған.
Қазақты патша еріксіз бағындырған,
Өзіне хан төресін жағындырған.
Ақымақ төрелерді итаршы ғып
Иығына оқа, тана тағындырған.
Езгілеп, есек қыл деп еңбекші елді,
Төре мен приставты қағындырған.
Күңірентіп, бытыраған еңбекші елді,
Бұрынғы тіршілігін сағындырған.
Қазақтың қалған сонсоң асаулығы
Бетімен көшіп қонған бас аулығы.
Көшуін жел билеген, қонуын сай,
Зиян боп, кең жайылған шашаулығы.
Еріксіз, басқа елдермен отандасқан,
Жаншылып, жәбірленіп қотандасқан.
Бұрынғы ұмытылған: жат елдермен
Қиырсыз жерге сыймай қоқандасқан.
Патшаның еңбекші елді торлағанын,
Итше-ұстап, нашарларын қорлағанын.
Жойды енді Ұлы Октябрь өзгерісі,
Әлсізді әлді таптап, зорлағанын.
Еңбекші ел теңдік көріп, көзі ашылып,
Еске алад, бұрын қандай сорлағанын.
Көреді алтын күндей нұрын шашқан
Советтің қызыл туы орнағанын
Бұл күнде басқа елдермен қораласып
Ынтымақ, татулықпен жораласып;
Төскейде мал қосылды, төсекте бас,
Кеттік бір көк толқындай араласып.
Хандардың, патшалардың салған лады,
Құл қылған еңбекші елді шірік заңы.
Сағымдай ертегі боп қалды ұзақ жыр,
Атқан соң бостандықтың алтын таңы.
Білімнің құшағына кірді кәзір,
Өзімен Көкшетаудың тұтас маңы.
Жаңғырды тау, қара орман, қиыр дала, —
Нұр шашып, еңбекші елге білім шамы.
ЖЕР БӨЛІСІ МЕН КОНФИСКЕ ӘСЕРІ –
Өзгерді совет келіп, ел шырайы
Өзгерді бұрынғы «жау» көрші райы.
Түсті кеп жарлылардың бөлісіне
Ірі ну, бай малы мен жер шұрайы.
Байлардың қалды бүгін еркелігі,
Шолжандық, көки, есер, «серкелігі».
Мастанып бет келгенге қамшы үйіріп,
Беретін момындарға «желкелігі».
Жегенін құсты бүгін біраз обыр,
Күшпенен жуасыды талай шобыр,
Үлесіп ірі байдың мал мен жерін
Салтына кірді өзгеріс қалың тобыр,
Өзгерді бұрынғыдан байдың күні,
Қулар мен саудагердің құрыды үні.
«Байлықтан көңілі қайтты» уақ байдың,
Жұлынып «ірі байдың біраз жүні».
Болмады кәзір енді байлар ардақ,
Базары түсті кәзір семіз бордақ.
«Болса да аузы "әдемі байдың-ұлы»
Қоштасты мінезімен «әңгі дардақ».
Әр көлдің жайынсыған мекіресі,
Сыздаған әр ауылдың шікіресі.
К..басын тығып бұқты кәзір —
Мысалы: егіннің бүр — кекіресі.
Құтылу қажет енді кедейліктен;
Надандық, мешеу, жабы кеңейліктен.
Тегістік дәуіріне жылдам жетіп,
Құтылып тұрмыс ала мерей жіктен.
Әйтпесе қусымақтар біраз бұзбақ;
Жарлының еңбегі оған тағы «жұнбақ».
Аңызды тазарттым деп мәз боп қойсаң,
Арам шөп ептеп қозып тағы шықпақ.
Ұқыпсыз болса арамза күзелуі,
Нашардың тұрмысы әбден түзелуі.
Екпіндеп тез болмаса,— айтшы жолдас,
Елуге қанша қашық жүз елуің? .
-Тағы бір тілек,— елде белсенділер,—
Болса екен түгелімен ел6 сендірер.
Пәлендер пәленмін деп, пәлен қылды,—
Дейтін жұрт болмаса екен келсед күлер.
Еңбекші ел жаңа түрмен алға басар:
Сан қиын асулардан жеңіп асар.
Шірік заң, шірік салтты жолдан теуіп,
Әлемге тегіс жайлы тұрмыс жасар.
Барша әлем тең тұрмысты ол дәуірде:
Ешкім бай, ешкім кедей — болмас нашар.
Әлемге тең тұрмыстың алтын күні
Шұғыласын жер тобына бірдей шашар.
БУРАБАЙ КУРОРТЫ
Қала бар «Бурабайдың» жағасында,
Күркіреп суы атқыған сағасында.
Ақ балтыр, сұлу қайың, сүмбіл шырша,
Аңқытқан жұпар майын ағашында.
Салдырған бұл қаланы бұрын байлар,—
Істелген қарағайдан көркем жайлар.
Табиғат рақатына бөленуге
Бұрындар көркем жайды байлар сайлар.
Тұрмыстың бар рақатын иемденіп
Жаны тыныш, жағасы бос, қарны майлар;
Ішіп, жеп, бордақыша мамыр, шау боп,
Іркілдеп шіркін байлар шайнар-шайлар.
Курортқа сол үйлерді қойған жай қып,
Саулыққа керек затты түгел сай қып.
Әлпештеп, науқастарды бағу үшін,
Дайындап сүйген асыл бал мен май қып.
Әр жазда жиналады еңбекшілер,
Жәбірлі ескілікті жеңбекшілер.
Бейнеттің салдарынан кесел шалған
Келеді Бурабайға еңбекшіл ер.
Қиырдан жиналған жұрт тынығуға,
Жұпар май әуесіне шынығуға.
Жалаңаш маржан құмда күнге шыжып,
Шомылад ертелі-кеш тұнық суға.
«Бурабай» ден саулықтың көркем кені,—
Күміс су, жұпар әуе, бір түрлі емі.
Жалаңаш денеңізге, ыстағандай
Күп-күрең май боп сіңед жұпар демі.
Бал-қаймақ, бағлан еті, уыз, қымыз,—
Тынығып жатқандардың жейтін жемі.
Болған соң суы күміс, әуе жұпар,—
Сауықпай қайтпек енді адам дені!..
Алтын күн леппен булап күйдіреді.
Лебіне жердің бетін сүйдіреді.
Қайың мен қарағайдан жұпар иісі,
Пыснап, мас қып жанды идіреді.
Сусыны,— исі аңқыған сары қымыз,
Шалдыққан тәнге шипа дәрі қымыз.
Күшеиед, біраз ішсе қаны толад,
Імиген қан жоқ, сөл жоқ, арығыңыз.
Келген жан көктей солып арып, талып
Жабығып, қажып қайрат кесел шалып,—
Жадырап, күйленеді жан мен тәні.
Оңалып, шипа тауып, қуат алып.
Ақ сұлу, әдемі үнді шаңқан қылад,
Дүзетін күміс көлде аққу сылаң —
Бұл күнде ақ қанатты жел қайықтар,
Қалқиды, дөңгеленіп, жел мен бұлаң.
Айнадай көлдің жүзін сызып кескен
Гауһардай сылдырлатып, суын ескен.
Бұл күнде «Бурабайды» баурап құшып
Аққудай, ақ шатырлы қайық кешкен.
Курортты әдемілеп безеттірген,
Адамды бар байлыққа тел еттірген.
Көл басын, курорт тұрған қара орманды,
Жұлдыздай шұбарлаған электрмен
Курорттың бір төмпеш бар ортасында,
Ерте-кеш сол төмпештің жартасында.
Оркестр топты керней күй тартады,
Жартастың шөгіп жатқан жал тасында.
Ерте-кеш сыңқылдайды топты керней
Тау ішін, көл-орманды күймен тербей.
Тербетіп, керней күйі жұбатады,
Жабыққан болса үлбіреп жаның шерлей.
Тыңдаған күміс көлде аққу күйін,
Тыңдаған Ыбырайдың «Гакку» күйін.
Кербез тау керней күйін тыңдайды енді,
Тыңдаған Ақанның да «Тақту» күйін.
Қойса да «Бурабайды» байдан алып,
Кейде кей арам тамақ пайдаланып.
Жатады еңбекшінің орнын алып,
Күтулі, орынды оңдап, жайлап алып.
Шалдыққан еңбекшілер арасында
Ұялмай жүреді о да «майдаланып».
Көргенде көзіңмен тек оқ атасың,
Келген деп, ұлықсатты қайдан алып?!
Әрине, жоқ емес қой ондай кеп те,
Уа, жалған не болмайды,— ну мен кеп те!
Аңызда қалың бидай арасында,
Ұрланып, өмір сүред,арам шөп те.
Кекіре, мысық құйрық, арам кермек,—
Еңбекші аңызынан жұлып термек,
Өршітпей арам шөпті жұла берсе
Арам шөп бірте-бірте құри бермек.
ПИОНЕРЛЕР
«Құзынан Көкшетаудың» емес жырақ
Сарқырап «Бурабайға» құйған бұлақ.
Тау тесіп, салдыр-түлдір, ылды-құлдыр,
Сумаңдап орман кезіп еткен бұрақ.
Сол жерге жас пионер отряді,
Әр жазда шатыр тігіп, етіп тұрақ,
Жалаңаш күнге күйіп күндіз ойнап,
Кепшенен от жағады, бейне шырақ.
Сол жерді пионерлер алған сайлап,
Қаз-қатар шатыр тігіп, жаздай жайлап.
Тәндерін шынықтырып, түрлі ойынмен,
Ортаға желбіреткен туын байлап.
Шынығып, өспек оқып, нығап саулық,
Жаңартқан жағаларын жаңа баулық,
Жолында жаңа тұрмыс жан беруге
Ол баулық — серт белгісі, қызыл жаулық.
Іс істеп, маздатады кепже от жағып,
Әскерше Көкшетауды жатқан бағып.
Ертемен тіршілікке тұтынады,
Жаңғыртып, кернейлетіп, дабыл қағып.
Шомылып «Бурабайға» күміс жалтыр,
Ерте-кеш дүзіп ойнап құсша малтыр.
Тотыққан денелері қара күрең.
Шынықпақ тәрбиемен білек, балтыр.
Адақтан құрыш, сымбат пішін алмақ,
Шолақ пен Мұқандардан күшін алмақ;
Маркс пен Ленин жолын бағыт қылып,
Үйрейіп, бар білімін, ісін алмақ.
Біржан мен Ыбырайдың үнін алмақ,
Тұрмыстың әділдікпен шынын алмақ.
Зарлатқан нашар елді, озбырлардан
Мәңгілік: жабырының құнын алмақ.
Өз-өзін болашаққа дайындамақ,
Тұрмыстың бар тетігін байымдамақ.
Жер менен көктің заңын түгел біліп,
Мұқиттың түбіндегі «жайынды» алмақ.
Жеткіншек пионерлер, біздің қарақ,
Зиянды, ескілікті қылмақ талап,
Құшақтап, кей «мырзалар» айырылмайтын
Олардан аулақ шылым, қарт пен арақ!..
Білімді дария қылып көзін оймақ,
Затымен надандықтың түбін жоймақ.
Жаңғыртты пионерлер Бурабайды
Ел шапқыш ханның жұртын қылып ойнақ.
ОТАРБА
Отарба, ерге өрлеген, тамаша өнер,—
Надандық өнер — күшке лажсыз көнер.
Кім де кім оның жолын кес-кестесе
Езіліп, құмырысқадан оңай өлер.
Тас жүрек, отарба деп, шапқан сайын,
Надандық өзін-өзі жерге көмер.
Қаласың отарбаға міне алмасаң,
Мінгенде отарбаға алға жөнер.
Отарба-талай өлке — талай қырды
Аттады, басып өтті, кесті, жырды.
Cap белін Сарыарқаның оятуға
Күрсілдеп Көкшетауға келіп кірді.
Ентігіп, ақырғаны қара айғырдың,
Есітілді қиырына талай қырдың.
Ақырды, момындарға: «Тез жаңарт!» деп,
«Не қылдың, тұрмысыңды, қалай құрдың?..»
Қиырды айғыздады тілім-тілім,
Басылды тас төсекпен талай жылым.
Көк темір қоспақ жолмен гүрсілдетті,
Тізіп ап, сан арбаны алмай тыным.
Жол тапқан меңіреу түнде, көзі қызыл
Екпін, күй ұшқынды үнді, сөзі қызыл.
Советтің нысанасы, Жолы темір.
Отарба қызыл отты, өзі қызыл.
Жалшы тап үкімінің нышанасы
Жүк тартқан мың-мың батпан күш анасы.
Бет алған темір жолмен түп мақсұты,
Тегістік, коммуншылдық нысанасы.
Отарба жүгіреді асып, сасып,
Гауһардай, қып-қызыл от ұшқын шашып
Жер жарған дүбірі мен ақырғаны.
Ұйқысын еңбекші елдің шайдай ашып.
Жолына отарбаның жұмылды жұрт,
Жалқаулық, надандықпен аулақ қашып.
Ағылтты, тиеп жүкті, тиеп жұртты.
Жүйткіді төрт торапқа тынбай тасып.
Ерте өрлеп, жасыл орман тауды аралап,
Отарба Көкшетаудан өтті басып.
Жаңғыртып, тауды, орманды, сары белді.
Арқырап, Сарыарқадан өтпек асып.
Отарба қалың надан елге жетті.
Тың жатқан талай қиыр жерге жетті.
Құйғытып, тізбектеліп, қоспақ жолмен,
Тас жүрек титықтатты көр көжекті.
Түрліше әркім кәсіп етіп жатыр,
Әркімге түрлі кәсіп жетіп жатыр.
Тұтынып біреу балға, біреу күрек,
Біреулер әлденені — нетіп жатыр.
Біреулер керектерін алып жатыр
Біреулер ілгері асып кетіп жатыр.
Біреулер «Ноян» боп кеп үйретпек боп,
Біреулер білім іздеп кетіп жатыр.
Қалың ну, жасыл орман тұнжырасып,
Бетімен өскен, өнген мың жыл ғасыр.
Баржыдан жұмыс күткен тобырдай боп,
Тұрушы ед, түскендей боп ұнжұрғасы.
Жаңғыртты, қара орманмен Көкшетауды
Жиілеу айғыздатты қалың қауды
Құтқарып ұзақ жолдан ат, түйені
Мойнына алды отарба алыс лауды.
Отарба тиеп әкеп бергеннен соң,
Халықтың мәшинеге дені-ақ ауды.
Айырбас, мәшинеге астық беріп,
Еңбекші ел қара жерді жебе сауды.
Еңбекші ел отырыққа жиындасты,
Жұмыскер, еңбекші тап ұйымдасты.
Шаруа кәсіп үрпін жебе сауып,
Базарды шаруалық бұйым басты
Отарба, шапқылай бер, алмай тыным,
Көп келтір жаңа құрал, өнер-білім.
Келмесін, «өнерлі» елдің қағылғаны
Сәудегер, жәллап, суайт, арақ-шылым.
Таси бер, еңбекші елге керек-жарақ,
Машине, мата, сайман, сабын, тарақ.
Сүйрей бер, шебер, ғалым дәрі-дәрмек —
Құрысын қуылған сұм, қарт пен арақ!..
АВТОБУС – АВТОМОБИЛЬ
Сыдыртты автобустар қара жолды
Гуілдеп, құйындатып — capа жолды.
Жүк тиеп, адам тиеп, ерсі-қарсы,
Шаңдатты бұрқыратып, дала жонды.
Өзі ұшқыр, өзі күшті қатта ана піл
Жүргізіп, аттан оңай, аттана біл.
Кәзір, жұрт «шайтан арба» деуін қойды,—
Үйреніп, дейтін болды: «Автомобиль».
«Авталар» Көкшетаудан асты зырлап,
Дамылсыз, әрі-бері қырлап, тырлап,
Бет алып, Сарыарқаның түкпіріне
Әндетті, өнер күйін гулей жырлап.
Арымас, жүйрік алып, мықты көлік,—
«Шу!» десең, тұлпардан да жүрісі өнік.
Советке енер мініп, өрге шапқан,
Сүйінед, еңбекші елдің бәрі көріп.
Сияқты жылмаң арба желге жеккен
Ілезде көз ұшында жерге жеткен.
Күйпетіп Көкшетаудан өн далаға,
«Авто-біл» басып-озды кер көжектен!
Автобус болдырмайтын күшгі көлік
Тербейді, жұмсақ жайлы, үсті берік.
Құйғыту, жорғалату, аяңдату,
Жалтару,— өз еркіңде, өзіңде ерік.
Көкшетау шабар қылды автобусты
Машина,— тұлпар, құмай аттан озды.
Жарысқан жол аузында бәсекемен
Па, шіркін!— тыраңдатты атты бізді!..
ҚАЗАҚ ҚАЛАСЫҢДА
Қара орман, Көкшетаудың қалың нуы...
Жаңғырды басымырақ тұрмыс суы.
Салынып ылдиына-қазақ дала,
Теңдіктің орнатылды қызыл туы.
Қоршатып, қалың орман қасына ала,
Кестедей қара жерде жасыл ала,
Өнердің ошағы боп қала түсті,
Кек ала күміс көлдің басын ала.
Қаланың орман, көлдер аумағында
Шұп-шұбар, айнала кең аулағында.
Біржанның моласының қазақ қала,—
Аз ғана қиысырақ тау жағында.
Сыңсыған, орман іші дөңес алап,
Қала үшін, сол араны алған қалап.
Радио, аурухана, мектеп, кеңсе
Орнатқан ұйтқылыққа етіп талап.
Бұл қала ұлт; алатын болмақ көрнек,
Ортада еңбекші елге болып өрнек.
Қапарат, аурухана, кеңселерге
Келген жан өнер ісін көзбен көрмек.
Өрнек жай,— оқу, өнер — жаңа тұрмыс
Сабағын еңбекші елге күнде бермек
Еңбекші ел қиындықтың тауып қашап,
Білімнің асыл тасын тынбай термек.
Қаланың ісі өзінше қайнап жатыр,
Үй салып, керек іске сайлап жатыр.
Инженер, шебер, ұста, жұмыскерлер
Істерін түзеп, жөндеп жайлап жатыр.
Әркім-ақ ерінбесе, табар кәсіп,
Біреулер отарбаға табар тасып
Біреулер үй, қоралар істесіп жүр,
Біреулер айналаға шабар тасып
КООПЕРАТИВ
Ат, арба — алды топыр кооператив
Дүкеннен әркім бұйым апаратыр.
Шай, сабын, көресін, жіп, ине, мата,
Тырнауыш, шалғы, соқа, сепоратор.
Шаруа әлі малын төгіп жатыр.
«Капарат» үлгіре алмай бүгіп жатыр.
Жүн-жұрқа, тері-терсек тең-тең болып,
Жүндеусіз түйелерше шөгіп жатыр.,
Әкелген біреу бидай, біреу малын,
Біреу шек, қарын, қаймақ, біреу балын.
Біреулер аңның терісін, біреу әкеп,
Күзеген байталының біреу жалын.
Бұйымын беріп жатыр әркім өлшеп,
Үйі жен ұлы, кіші бөлшек-бөлшек.
Анталап бірін-бірі итермелеп,
Жапырлап алып жатыр көйлек-көншек.
Ұйытқы боп кооператив еңбекші елге,
Ескілік, теңсіздікті жеңбекші елге.
Тегістік, содиалдық дәуіріне,
Жұмыла ұйымдасып еңбекші елге
Ұстаған қазан аузын семірмесін
Қақ сүйек нашар момын кемірмесін.
Ұйымға ұйытқы болмақ дүкеніңді
Қу басшып, қу ауыздар жемірмесін.
Жыртығын еңбекшінің жауып тұрсаң,
Бабымен күйлендіріп, «сауып» тұрсаң.
Шаруа құнартып, ие бермек,
Түгелдеп бар керегін тауып тұрсаң.
Төңкеріс артқан міндет саған бүгін, —
Тегістеу әлеуметтің тұрмыс жігін;
Сүрінбей, жықпай апар нысанаға,
Лениннің қасиетті артқан жүгін!..
РАДИО
Еңбекші ел өнерге гүрт бұрды бетті;
Тілші тып радионы іске жекті,
Дүниенің төрт бұрышынан хабар алды,
Жақын тыл от басындай, қиыр шетті.
Радио — өнердің бір, ілгері алды,
Ешбір сөз жатсынбайтын тілге орамды.
Орнатты, өрнек қазақ қаласына
Радио,— сымсыз тілді телеграмды.
Радио, қабар сөйлеп, саңқылдайды,
Жаңғырып ағаш үйлер қаңқылдайды.
Естіртіп сүйген жердің әңгімесін
Сол жердің өз тілімен аңқылдайды.
Кәрі, жас, қатын-қалаш, жігіт-желең,
Тыңдайды басқа еш затты қылмай елең.
Еңбекшіл ел өнерге енді анталады
Бұрынғы селқос жүргей аңқау-керең.
Радио елге білім, нұрын шашар
Білімнен шайтан, ишан, надан қашар.
Біліммен саясаттан хабар беріп,
Әр жұрттың ән күйімен көңіл ашар.
Анталап радионың сөзін тыңдап,
Тот басқан топас ойын шанып, шыңдап,
Тыңдады сан қиырдан айтқан сөзді
Болса да шақырымы неше мыңдап.
Кәрі, жас радионы тыңдап қатқан
Білімнің шашқан жеміс дәмін татқан.
Тыңданды жер жүзінде әр қаланың
Сөздерін жұртқа әдейі шашып жатқан.
Бір жерден тәртіп, нұсқа, заң тыңдайды
Бір жерден білім, пәннен мән тыңдайды.
Бір жерден көркем әуен күй кернеймен
Тербетіп, жан біткен ән тыңдайды.
Радио жер дүниеге құлақ салмақ,
Бұлжытпай әр дыбысты есітіп шалмақ.
Жұмыскер қазақ та оны құрал қылыш,
Түп-түгел жер тобынан хабар алмақ.
Үн шашқан жер дүниеге биік тұран,—
Жаса, деп жаңа тұрмыс салған ұран.
Үн шашқан коминтерн радиомен
Қалсын, деп шірік таурат, інжіл, құран.
Еңбектің жемісі бұл,— емес тылсым —
Мәнісін оқып көріп әркім білсін.
Ауысып, өнерінің жемісінен
Бір-бірін тыңдап адам ойнап күлсін.
Білімнің сан-сабаздар құмын терген.
Мұра қып, бірден-бірге тізіп өрген.
Ерлерге бас иелік, еңбегімен,
Дүниеге мұндай құрал тауып берген...
Бір күні қазақ қала болып жиын
Ташкеннің тыңдамаққа ән мен күйін.
Тігініп отырыпты құлақ түріп,
Толтырып радионың үлкен үйін.
Радио — Ташкен басқан әртүрлі әнге
Әр жұрттың кезектеткен әнін сәнге.
Түрлі әуен бір-біріне ұқсаспаған
Әртүрлі әсер еткен — жан мен тәнге.
Бір кезде ән кезегін біреу алған,
Шырқап бір «үш тотыны» ырғап салған.
Таныс үн, таныс әнді тыңдасып жұрт
Қайран боп, өнер іске мәз боп қалған.
Тыңдасып таныс үнді қанысады,
«Ән» салған Сабырды да танысады.
«Мынау үн — Сабырдікі — тәубе-ау!..» десіп,
Өнерге кемпір, шал да танысады.
АЭРОПЛАН
Еңбек тап жер мен көкті түгел тектеп,
Бұйырмақ табиғатқа: «Жүгін!.. шөк!..» деп.
Өнерді кек қанатты самырық қып,
Мініп ап, жұлдыздарға ұшбақ өктеп.
Жер тобы, зырылдай бер, диірменше!..
Ұршық қып, адам сені иіргенше.
Тұтқаңа еңбек табы ие болып,
Әмір ғып «былай жүр!» деп үйіргенше.
Көкке ұшты, жасап мініп самырықты,
Аспан-көк екпінімен жаңғырықты.
Керемет, сиқыр тілсім жалған шығып,
Даусынан жын мен пері таңырықты.
Әндетіп, аспан, көкке өнер жырын,
Тектемек, көкті кезіп сансыз сырын.
Әуелеп аспанға өрлеп, бірте-бірте,
Білуге—білмегенді бұдан бұрын.
Жырлады аспанды өнер жеңгендігін.
Қойнына алтын бұлттың енгендігін.
Ай мен күн, сансыз сәуле жұлдыздардың,
Жетуге, құшағына сенгендігін.
Гауһар нұр жұлдыздарға аттанғанын,
Жаранып, қиын жолға саптанғанын.
Көктегі сәуле жерге жетемін деп,
Ән күйге салды шырқап шаттанғанын.
Күйімен жұлдыздарды күйлетпекке.
Сұлу нұр сәулелерді билетпекке.
Мақсұтын еңбекші тап: еркін тұрмыс,
Тегістік, махаббатқа үйретпекке.
Аспанға қара жерден ұшқан баршы,
Жіберген еңбекші тап ұшқыр жаршы.
Жаңғырды аэроплан әніменен,
Пайғамбар қиялымен барған ғаршы.
Самырық көк қанатты аэроплан.
Жұлдызға жетуге енді аэроплан.
Жасап ап,еңбек табы ерлер биік,
Лек-лек қып тәрбиелеп сайлап ұлан.
Келтірді аэроплан көктің сәнін
Әндетті көкті кезіп білім, әнін.
Асусыз аспан көкті еңбек табы
Шарықтап білмек енді барлық мәнін.
Әуелеп, өрлеп көкке салды сайрам,
Әуені жеңгендігін қылды мейрам.
Жұлдызға құлаш ұрған самырыққа
Таң болып, тау бүркіттер болды қайран...
БОЛАШАҚТАҒЫ КӨКШЕТАУ
Адамзат аласұрып жем іздейді.
Жем тапса: «Енді керек семіз!» дейді.
Тұрмысын жеңілдеуге дамыл көрмей
Түрліше қиындыққа ем іздейді.
Жеңуге әр қиынды құрал жасап,
Тістесіп, қиындықтың тауын қашап,
Тап-тап боп жұлысады және өзді-өзі
Тұрмыстың тәтті дәмін жеңгені асап.
Тарихы адамзаттың бастан солай,
Тартысқан тамақ үшін өмір жолай.
Тырмысып, үстемдікке құрал жасап,
Іздейді тағы одан да ықшам қолай,
Тың жерде жылын ақса, жыра болмақ,
Жылымдап, аққан жыра ұра болмақ,
Сондай-ақ еңбек ісі бұрынғының
Қазына кейінгіге мұра болмақ.
Тұрмысқа адам тәсіл іздей бермек,
Құрал ғып, тәсілдерін тіздей бермек.
Мұрасын бұрынғының кейішілер
Сұрыптап, тоқи бермек,— үзбей өрмек.
Аз ауыл өсіп, өнсе — ел болады.
Ұра су дами берсе,— көл болады.
Жылымнан жыра болып, өзен көл боп
Кең арна — аққан дария сел болады.
Ілгері адам керуен — көше бермек.
Табиғат жұмбақтарын шеше бермек.
Құралын өнер, білім молықтырып
Бірлесіп еңбек табы өсе бермек.
Адамзат «өшін бастап, өнерді ат қып,
Тас ноқта обырлыққа есе бермек.
Обырға тұмылдырық кигізген соң,
Тап, тап боп жұлмаласу өше бермек.
Адамзат тынбай зерттеп жер мен көкті
Сансыз көп қиындықтай ыза шекті.
Біртіндеп жеңіп сансыз қиындықты
Күштерін табиғаттың іске жекті.
Адамзат істей бермек үзбей еңбек,
Біртіндеп, табиғатты түгел жеңбек
Еңбекті гүлдендіріп тұрмыс жүгін,
Өнерге түгелімен артпақ теңдеп.
Әлемнің еңбек табы күшін» бастап,
Апармақ тегістікке тура қастап.
Шырмаған надандық пен жауыздықты
Аяқпен жолдан қағып артқа тастап.
Тебілер арсыздарда мысық құйрық.
Сұрқия, жылмаңдарда пысық құйрық.
Өзінен кейіндерге көкиленген
Өзінен зор әңгіме қысық құрық.
Жұмсамақ еңбек табы жігер күшін,
Жасамақ, жер дүниеге жаңа пішін.
Жоқ қылып қайғы-қасірет жарлылықты,
Жер тобын ұжмақ қылмақ адам үшін!..
Ол едәуір,— Көкшетауы тегістіктің,
Дүниеде бітпей кезі тегістіктің.
Серт қылып, мойнына артқан еңбек-табы,
Мойнына түсер жері тегіс жүктің.
Болашақ Көкшетауы күмбез — зеңгер.
Көлденең орта жолда талай дөңдер.
Әлемді еңбек табы бастап соған,
Жеткізіп, зеңгер тауға тұрмысты өңдер.
Зеңгер тау — бейні күмбез қиырдағы,
Тегістік, әділдіктің биік тағы.
Көздеген еңбек табы жету үшін,
Әлемге тегіс жайлы бағыт— бағы.
Зеңгер тау көз алдымнан кетпес елес,—
Қағады қол сермесем кес-кес белес.
Көңілсіз сұлу сәулет ғашық қалды,
Ұмтылып тез жетпесек,— өзі келмес!
Өнерді еңбек табы құрал етпек,
Кедергі талай асу белден өтпек.
Бар әлем кемшіліксіз, тең тұрмысты,
Көздеген зеңгер тауға ақыра жетпек.
Жер мен көк жұмбақтарын түгел тектеп,
Бұйырмақ табиғатқа: «жүгін!.. шөк!..» деп.
Өнерді көк қанатты самырық қып,
Мініп ап, зеңгер тауға ұшпақ өктеп.
Жер түбі! Зырылдай бер диірменше,
Ұршық қып адам сені иіргенше.
Тұтқаңа еңбек табы ие болып,
Әмір ғып: «былай жүр!..» деп, үйіргенше.
Асусыз, асқар ақбас тауды кесті,
Жол ашып, кесбесе,— үңгіп астын тесті.
Жер тобын орап жатқан мұқиттардың,
Жайынша астын, үстін түгел кешті.
Мінді істеп, ұшқыр алып, дүлдүл — пырақ,
Электр түнді қуып жақты шырақ.
Бұл күнде от басындай болды жақын,
Бұрынғы алты ай жүрсе жетпес жырақ.
Бақсыдай аласұрған жын шақырып,
Машине бір күн жүрсе мың шақырым,
Соны да місе қылмай қазіргі адам,
Деді енді неге жүрді мұнша ақырын?..»
Еңбекші іске жекпек соққан желді,
Тілесе бақша қылмақ, батпақ көлді.
Жер үстін тілегенше қайта жасап,
Көк майса гүлдендірмек бетпақ шөлді.
Тілесе ойпандарға тау тұрғызар.
Сортаңға ұжмақ-сынды бау тұрғызар.
Деңіздей бұйра құм мен тақырларға,
Көк орай жасыл ала қау тұрғызар.
Түрлерін табиғаттың қолмен қояр.
Асусыз асқар тауды бордай ояр.
Орнатып жер үстіне көркем тұрмыс.
Арамдық, жәбірлікті тегіс жояр.
Тілесе ең дарияның бетін бұрар.
Қиырсыз дөңді іншіктен оңай жырар.
Суларын мұқит деңіз, дарияның,
Қақбалап, тілегінше айдап сырар.
Өнерді іске жегіп еңбек табы,
Әлемге тегіс, жайлы тұрмыс құрар.
Барша әлем бір-бірімен туысқан боп,
Тегістік, көркем тұрмыс мәңгі тұрар.
Ертек боп қараңғылық зымырт қалар,
Жарлылық, байлықпенен үміт қалар.
Махаббат, жер үстіне коммун орнап,
Боз торғай қой үстіне жұмыртқалар ..
Бастаған еңбек табы әлем — дүрмек,
Сол тауға жетіп бақыт дәуір сүрмек.
Жетісер надан ел ол дәуірге
Күрішпен су ішкендей бірге күрмек.
Жер тобы!. зырылдай бер, диірменше,
Ұршық қып адам сені иіргенше.
Тұтқаңа ие болып коммун ел,
Әмір"ғыр: «былай дүз!..» деп үйіргенше.
1928 жыл, Қызылорда, Ташкент
ГҮЛ МЕН БҰЛБҰЛ
(Май сарыны)
Жайнаған жасыл ала гүлдің бағы.
Үлбірек жібек кесте гүл шашағы.
Аңқиды мас қып жанды жұпар исі,
Шаттанып күй күйлейді көңіл сағы.
Мың түрлі ала жібек, көркем десте,
Мың, түрлі сұлу өрнек ойған кесте.
Әдемі гүл иісіне балқып көңіл,
Шаттықтан басқа сөзің қалмайды есте.
Әр гүлдің исі нәзік, сұлу сыры,
Әр - гүлдің сұлу нәзік түс пен түрі.
Біреуі ал, біреуі әсіре, біреуі шикіл,
Жалқын өрт бірі күлгін, аппақ бірі.
Жұпарлы көркем түсті гүлдің сәні,
Жарасқан-сұлу гүлге бұлбұл әні,
Ал қызыл, әсіре, солғын, жалқын, сары,
Әр түстің айрықша бар ғой мәні.
Мысалы: кей түс нышан кей бір затқа,
Қайғыға қара нышан, қызыл-шатқа.
Сондай-ақ, ал түсті гүл нышан болған,
Үлбірек нәзік жанды махаббатқа.
Әсіре гүл құмарлыққа нышан болған,
Қайнаған бейні ыстық қан бойға толған,
Солғын гүл сағынғанның нышанасы,
Мұңайып қасіретпен өңі солған.
Сүймейтін сұм жүрекке емес, жарқын,
Өзгерген махаббатқа сеуіп салқын.
Такаббар суық, қатты көңілге де,—
Бәріне нышан қылған гүлді жалқын.
Тазалық нышан қылған ақ шашақты,
Шарт қылып күнәсіздік, кірсіз ақты,
Аппақ гүл жұпар иісті үлбіреген,
Зәредей көтермейді тиген дақты.
Жұпарлы гүлдің исі аңқымай ма?
Ол иіске қош болып жан балқымай ма?
Көзіңді сұлу түрі сүйсіндіріп,
Көңілің құлаш жайып шалқымай ма?
Әркім-ақ гүлге көзін салады ғой...
Әркім әр түрлі әсер алады ғой.
Біреулер лас қолымен үзіп тастап,
Біреулер сүйіп мәңгі қалады ғой.
Әркім-ақ гүл бақшасын саялайды,
Ласпын деп гүлді пасық аямайды.
Былғаса гүлді пасық лас аяқты —
Сұлу жан піскен гүлді аялайды.
Жалғыз-ақ бұлбұл гүлге мәңгі құмар,
Мас болып гүлді құшса көзін жұмар.
Төсіне гүлді басып жыр жырлайды,
Қалғандай гүл шашағын мәңгі тымар.
Бұлбұл құс сұлу гүлге басын иед,
Гүл үшін жырлар шертіп жанып күйед.
Өзгеден айрықша нәрін алар.
Мың түсті гүлден таңдап соны сүйед,
Қызыл гүл кей бұлбұлға төтенше ұнар,
Жырласа соны құшып көңлі тынар.
Кей бұлбұл өмірінше ал гүл іздейд,
Кей бұлбұл әсіре гүлге мәңгі құмар.
Бұлбұлша сұлу гүлді сүйеді ақын,
Жұпарлы гүлге жасын иеді ақын,
Көтеріп махаббаттың күйін көкке
Жыр шерткен бұлбұл құсқа жаны жақын,
Ал шашақ менің гүлім іздеп тапқан,
Қиялым іздеп оны көкке шапқан,
Суреттеп жер мен көктің арасынан
Бар көрік жинап әкеп соған жапқан.
Бұлбұл құс жұпар иісті гүлге құмар,
Көк жібек жазғытұрғы түнге құмар.
Жыр шертем мен де майда бұлбұл құсша
Жұпар гүл, сұлу күйлі үнге құмар.
Май, 1935 жыл
ҚЫРҒЫЗ АЛАТАУЫ
Алатау — айбатты әсем сұлу тұлға,
Шомылған күміс су мен гәуһар нұрға,
Аққан су күміс төстен төмен құлап,
Сумаңдап ән қосады жылға-жылға.
Алтын күн зеңгер аспан көктем шарық
Төккенде Алатауға нұрлы жарық,
Тілдесіп аспанменен сәулеттенед
Қарлы шың шомып алтын нұрға қарық.
Қарлы шың көкте алтынмен жарқырайды,
Құз-құздан сулар құлап сарқырайды.
Қияда ай мүйізді құлжа адырып,
Шатта аю, етекте айғыр арқырайды.
Тау күйі қозғап жанды тербетеді,
Серпілтіп шыңға құлаш серметеді.
Шырқатып алтын шыңға өрмелетіп,
Шарқ ұрып ұшқыр ойды өрлетеді.
Ноябрь, 1936 жыл
ЖҮРЕК – ОТ, КӨҢІЛ - ДАРИЯ
КІМ БАСШЫ-АҒА ХАЛЫҚҚА
Халық ағасы жұрт қорғайтын панадай,
Адасқанды жөнге салар данадай.
Қара халық жөн білмейтін, адасқан,
Соңынан еріп қалықтаған баладай.
Біздерде аз халыққа аға болған ер —
Шын көңлімен өз жұртының қамын жер,
От басында ынтымақсыз өздері,
Солар аға, солар басшы дегендер.
Бірікпесе басшылардың сөздері,
Бірін-бірі кекетсе олар өздері,
Қыңыр-қисық қазақ халқын түзеуге
Қане олардың құрған үйтіп тездері?!
Олар өйтсе, кім басшы-аға халыққа?
Қисайғанды кім салады қалыпқа?
Басшысы жоқ адасқан қара халықты
Кім бастайды қараңғыдан жарыққа?
«Аға» дейміз бізді жөнге бастаса,
«Кір қатарға, ілгері адым бас» десе,
Өздерінің ынтымағы бірігіп,
Алғы бақан кер тартысты тастаса.
Кейінгіге жақсы өнеге көрсетіп,
Надандықты табанымен таптаса,
Шыбын жанын халқы үшін пида қып.
Ата күші, ана сүтін ақтаса.
Сонда сіздер басшы бізге, ағалар,
Жоғарыдан жанашыр жоқ көз салар.
Қызметі деп басшылардың халыққа,
Кейінгі жас аға асын бағалар.
1914
ҚАЗАҚ САБАҒЫ
Иесі болса дағы алтын тақтың,
Көнеді бенде ісіне жалғыз хақтың.
Тағдырға мойын сұнып, елден безіп,
Мен жүрмін ортасында бөтен-жаттын,
Сары қазы, сары қымыз тамағы боп,
Жүргенінде жастары біздің жақтың.
Өлшеулі ет, қара шайды тамақ қылып,
Өткізіп жүрмін уақытын жастық шақтың.
Ас-тойда мендей жастар салтанатпен
Қызығын көргенінде мінген аттын,
Шаң жұтып, көше кезіп, таңдай кеуіп,
Мұршасын алып жүрмін екі аяқтың.
Бихам боп ата-ананың қастарында
Талайы жүргенінде меңдей заттың.
Сағынып әке-шеше, құрбыларды,
Мен жүрмін ортасында қасіреттің.
Қыз ойнақ, жиын-тойда мендей жастар
Жүргенде істеп дуасын көңіл шаттың.
Сағынып ойын-күлкі, мерекені,
Бетіне мен отырмын қарап хақтың.
Мені ешкім зорлаған жоқ шетте жүр деп,
Не «хасірет» болса дағы өзім таптым.
Шалқамнан жатар едім мен де үйде,
Мен дағы ұрпағы деп аруақтың.
«Өнер тап, жолдастығы жоқ»,—дейді ойым.
«Атадан қалған артта мал мен бақтың».
Я, алла! Жеткізе көр мұратыма,
Рақаты бар деуші еді михнаттың.
1914
НАДАН БАЙ
Мың жылқы, мың қойым бар бір басымда,
Қызықты көріп бақтым бұл жасымда.
Бір аяқ саумал үшін малай болған
Қараша үй қоңсым бар кеп қасымда.
Орысша оқыр кей ақмақ теріс жазып
Тымақ кимей, қалпақ киіп жөннен азып,
Оқымаған адамдарды надан дейді,
Орысша оқып, діннен азып, хаққа жазып.
Малайларға ақы берем жылдап, айлап,
Қотыр-қатпа, арық-тұрақ, тайынша-тайлап
Балаларым оқымай-ақ адам боп жүр.
Мал шашпай-ақ оқу үшін молда сайлап.
Мал бақтырмай балаларын оқытқаннын,
Еш пайдасын таппадым ойлап-ойлап.
Кісі жақсы малын өзі бағатұғын,
Ақсақ-тоқсақ, ауруларын қағатұғын.
— Оқу оқып әм орысша киінеді,
«Пиғылы» жоқ бір құдайға жағатұғың!
1914
ОҚЫМАҒАН ҚАЗАҚ
Сендерден қайыршы артық, надан байлар!
Құландай тұрағы жоқ біткен тайлар,
Ұдайы екі-үш боран соқса егер,
Жемтік боп сасып қалар терең сайлар.
Ілім, өнер ойыңа кірмес сенің,
Көрінер саған қисық сөзім менің,
Орнына біткен малды жұмсамайсың,
Білесін соқыр кеуде жайын ненің?
Өнерліге не керек — бәрі дайын.
Білеміз надан байдың тұрмыс жайын:
Жарлыларға, жетімге қараспайды,
Ұйқы көз, жуан қарын надан байың.
Ешкімге жәрдем қылмас көп болса да,
Басы бос, құр қарны тоқ"болса да.
Ол байдан өнер білген мың есе артық,
Атаулы бір қарасы жоқ болса да.
Жұтамас өлмей өзі оның малы,
Наданнан мың есе артық кіші сәні.
Жалынбас өлгенінше надан байға,
Сәлемет тұрса егер шыбын жаны.
Жақсыны жаманменен біле алмайсың,
Қисайып еш уақытта тіл алмайсың,
Емшекте ұйықтап-тойып, бұғып, жатып,
Адамдық хисабына кіре алмайсың!
ІНІШЕГІМЕ
1
Ойыңды қой, оқы, інішегім, алға бас!
Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш.
Балалыққа жас миыңды алдатпа,
Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас.
Бұл заманда ғылым білу — өнер алды.
Аталарың оны білмей артта қалды.
Шырға қылып қызартқанға алданып,
Әр харамға ысырап қылып біткен малды.
Қамсыз қатып, артта қалып бұ күнде,
Я шырақсыз, я сәулесіз қараңғы үйде.
Сырттан қарап жаны ашитын адам жоқ,
Ағаларың жатыр, қалқам, бұл күйде.
Біз қараңғы үйде отырмыз, қарағым!
Басқа жұрттар жап-жарық қып шырағын,
Солардай боп біз де жарық көрейік,
Сендер де кеп шырақ жақшы, шырағым!
ЖЕТІМГЕ
Жастай жетім қалдың жалғыз,
Қоясың қайда басыңды?
Туғаныңнан айрылып,
Ағыздың көзден жасыңды.
Таяныш жоқ, медеуің —
Сиын хақтың өзіне,
Ата-анадан айрылған соң,
Жан көрінбес көзіңе.
Жетім деп аяп жаны ашып,
Көзінің, қырын кім салар?
Жас төгіп сен отырсың,
Ойнап-жүр өзге балалар.
Шешелері олардың
Еркелетіп сүйгенде,
Шеттен қарап жылайсын,
Жүрегің от боп күйгенде.
«Мені де соңдай сүйсе деп
Әке-шешем тірі болып»,—
Мөлдіреп ағар жасың кезден,
Қайғы-қасірет ішке толып.
Балалар оқуға барғанда
Қолдарына кітап ап,
Бүрісіп сорлы сен жүрсің,
Оқи ал май жетім қап.
Сені де оқуға берер еді,
Әке-шешең, тірі болса.
Дәл осындай болмас едің,
Тым болмаса бірі болса.
Сен де оқу оқыр едің,
Балалармен бірге барып.
Босағасында әркімнің
Жүрмес едің жүдеп-арып.
Ата-анаңның сен дағы
Әлпештеген баласы ең.
Ата-анаңның көзінің
Ағы менен қарасы ең.
Есіркеп сипар маңдайдан
Мұсылман жоқ қайрылған,
Жәрдемші жоқ ғаріпке
Туғанынан айырылған... .
1914.
СӨЗ ЗАЙЫҒЫ НАДАНҒА
Тыңдаушың болса байымды
Ұғар айтқан сөзіңді.
Санасыз болса дайын-ды
«Ақмақ!» деуге өзіңді.
Ұқбас сөзді ақпа надан,
Су тоқтай ма елекке?
Ұғар сөзді байымды адам:
Тұрмай ма су шелекке?
1915 жыл, Омбы.
БІР... ЯШ
(Келеке)
Қазаққа, татарға
«Таң» болып атарға,
«Трр» ұштым, «тырыстым»
Кіруге қатарға.
Жақанды жақтадым,
Ақаңды мақтадым.
Жұсыптан жасырып,
Сөз алдым асырып.
Абайдан абайлап,
Тоқайдан тоқайлап,
Сөз алдым білдіртпей,
Көгі ойлап, «шоң» ойлап.
Онымды ақтадым:
Өздерін мақтадым.
Жай қарап жатпадым,
Сөзімді сатпадым.
Кітапша бастырдым,
Жан-жаққа шаштырдым,
«Алашқа»— алысқа,
Таяуда — танысқа.
Біреуді мақтасам,
Біреуді жақтасам,
Мені де мақтамақ,
Жанасып жақтамақ.
1916 жыл, январь, Омбы
КЕЛЕКЕ ҚЫЛУШЫДАН
Мұндайды жазбаушы ем,
Күлкіге азбаушы ем,
Біреудің айыбын
Бүйтіп көп қазбаушы ем.
«Шағирі ғасырдың»,
Мініңді жасырдың,
Жұлдыздан жоғары
Өзіңді асырдың.
Өзіме күлер деп,
Мінімді білер деп
Келеді ойыңа —
Сендің ғой «бойыңа».
Өкпе айтпа сөзіме
Әм көрген көзіме,
Бәрін де білемін —
Ха-ха-ха,— күлемін!
1916 жыл. январь, Омбы
КҮЗЕТШІ ИТТЕР
Біздің ауыл жиналды
Қой сойып, ет жеп тоюға.
Жиналған соң кеңесті
Қотанға күзет қоюға.
Бірнеше ит әкеп қойысты
Қотанды аман сақтар деп.
«Бөріден көрі игі ғой
Тамағын жеген ақтар» деп.
Түнделетіп Айтжа-екең
Қотанды жүрсе аралап,
Күзетші иттер қойыпты
Талай қойды жаралап!
Айқай салды Айтжа-екең
Оятуға ауылды.
Еркелейтін кешегі
Арсылдап иттер жабылды.
«Кет!» деп еді иттерге,
Иттерге ие табылды.
Жиналған жұрт Айтжанға
«Алмашы дейді мазамды!»
«Не қылдың, бәлем, деп иттер,
Берерміз дейді сазаңды!».
1917 жыл
ЖЕТКІНШЕГІМ, ТАРТЫНБА
Жүдеген інім — жеткіншек,
Тән мен жаны шөлдеген.
Қаладағы көп інішек,
Қалың саяқ елдегі!
Надандық меңіреу тұманның,
Ауыры қалды артыңда.
Ентедей бас ілгері,
Жеткіншегім, тартынба!
Жас пен қанға боялған
Қиырсыз алыс артың бар.
Оны саған баяндар
Шежіре-тарих қартың бар.
Туысқандық, бостандық —
Міне, енді жаңа-салтың бар.
Жолың түзу нұсқалды,
Күшті түзу тартыңдар!...
Аспанға ұшар көк құрыш —
Аэроплан қанатың.
Автомобиль, машина —
Күшті көлік бар атың.
Бұрынғыдай бөгеттер,
Қиын емес жолыңда.
Аспан да, жер де сенікі,
Бар дүние қолыңда.
Надандық меңіреу тұманның
Аулы қалды артыңда.
Ентелей бас ілгері,
Жеткіншегім, тартынба!
1923 жыл, август, Орынбор
ОҚУ
Оқу — білім қазығы,
Адамның азығы.
Оқу — өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы.
Сауатсыз надан —
Қор болған адам.
1925 жыл
КЕЛІНШЕКТІҢ БЕСІК ЖЫРЫ
...Өңкей біздей зарлыға
Кемдіктегі жарлыға,
Жаным менің ер жетіп
Көсем болар ма екенсің?
Тақылдаған таңдайы,
Кере қарыс маңдайы.
Алмас тілді немесе,
Шешен болар ма екенсің?
Бұлбұлдай боп тілінен
Тәтті айтқанда бал тамған,
Ащы айтқанда қан тамған
Ақын болар ма екенсің?
Не болмаса жүректі,
Күш, қайратты, білекті,
Кемшілікке көнбейтін
Батыр болар ма екенсің?
Омырауы есіктей,
Ақ балтыры бесіктей,
Егінші боп, өзгеге
Нұсқа болар ма екенсің?
Отқа темір қайнатқан,
Бұт балғаны ойнатқан,
Нанша илейтін темірді
Ұста болар ма екенсің?...
Әлди-әлди, балашым!
Ұйқтатайын тербетіп...
Тілегім сен, құлыным,
Үміт ақта ер жетіп!..
1926 жыл
ІІІ. АЗАМАТ, ЖҮНЖІМЕ, ЖҮРМЕ БОС
АНТ
Өлеңім менің еңбегім,
Еңбегім менің ермегім.
Тағы да жазам, тағы да.
Өледім жарым — бар малым,
Бар малымды арнадым,
Адамзаттың тазасы,
Жада дүние қожасы
Пролетариат табына.
1923 жыл
КӨҢІЛ
Тұлпар мініп жүйткіп,
Құйындай ұшып ұйтқып,
Бір жерде көңлім тұрмайды
Мұратын іздеп;
«Дүниені кез» деп
Басқаға мойын бұрмайды.
— Іздейсің не? —деп сұрадым,
«Көп,— дейді,— тілек, мұрадым»..
Тауларды кезген,
Қонудан безген,
Түлкі іздеп қашқан бұраңдай.
Шарыққа шыққан,
Желменен ыққан,
Шырқайды көңлім қырандай.
Аспандап серпіп қалқисың,
Көңлім-ау, босқа шалқисың!
Күйттеніп жарап,
Қырымға қарап,
Еш аңға қыран тоймайды.
«Мұратқа жетсем,
Теп-тегіс етсем»—
Көңлім тілеп қоймайды.
Алысқа түлеп қарайсың,
Мұратқа жетсең жарайсың!
Бабына келген,
Лeпіpіп желген
Жүйріктей жүйткіп шабуға.
Ұшады көңіл,
Ұшпадан жеңіл,
Мұратын іздеп табуға.
Еліктей жүйткіп еліктің;
Көңлім-ау, босқа желіктің!
Елестеп көзге,
Еш келмес сөзге,
Лыпылдап көңлім сағымдай.
Бой бермей тасып,
Кемерден асып,
Жайқалған жазғы ағындай.
Келсейші, көңіл, ақылға,
Лепіру босқа мақұл ма?
Теңіздей толқып,
Шайқалып бұлқып,
Өмірі тыныштық етпейді.
Тұңғиық терең,
Өлшеусіз ерен;
Шетіне көз жетпейді.
Жоқты іздеп, көңлім, жоқтайсың,
Тыншығып қашан тоқтайсың?!
Жел, құйын, ағын, бәйгі көк,
Ұшқыр құс, құмай, атқан оқ —
Бәрі де жүйрік өзінше,
Көңілден бірақ жүйрік жоқ.
1915 жыл, 6 июнь
ТОЛҚЫН
Сұрапыл соққан күңреніп,
Көл толқыны басылар;
Тітіреп дүмпіп жарылған
Жер толқыны басылар;
Күйінші, қайғы іс түскен
Ел толқыны басылар;
Ел-жұртынан айрылған
Ер толқыны басылар;
Махаббат, қасірет толқыны
Басылмас ыстық жүректің.
Басылмас қайғы толқыны
Кернеген шерлі көкіректің.
1916 жыл, июль
Ереймен. Ащылы көл
АСЫҒЫП ТЕЗ АТТАНДЫҚ
(Бостандықты қарсы алу)
Басып жатты тәтті ұйқы
Сарыарқаның даласын.
Құлғып жатты қара түн
Қалың қазақ баласын,
Таң таяуын сездік те
Ояндық біз қыбырлап,
Тіршілік қылдық оянып,
Түннен қорқып сыбырлап.
Еріктің таңы келерін
Зұлматты жеңіп хақтың біз,
Қуаныстық сезініп,
Өтерін құлдық шақтың біз.
Таңды қарсы алмаққа,
Тұлпарларды таптық біз.
Айдарына қызыл шоқ
Үкілеп сүзіп тақтық біз.
Қызыл шашақ — оқа ұстап,
Жібек жабу жаптық біз.
Күміс ермен ерлесіп
Жаратып, байлап бақтық біз.
Күншығысты қаптаған
Бір зеңгер тау бар еді.
Сол зеңгерге баратын
Жол хатерлі, тар еді.
Тәуекел қылып аттанып,
Атқа қамшы бастық біз.
Неше хатер жерлерден
Аман-есен астық біз.
Зеңгер тауға кеп жетіп,
Биігіне өрледік.
Тұлпарларды орғытып,
Көкке құлаш сермедік.
Шың басына кеп шықтық,
Көк аспанмен тілдескен.
Биіктікке таласып,
Бұлттармен күндескен.
Күтіп таңды атырдық,
Күншығысқа қарасып.
Шапақ шығып төменнен,
Жайылды көкке бері асып.
Жер мен көкке нұр шашып,
Көрінді таң жалтырап;
Шаттық тасып лүпілдеп
Соқты жүрек қалтырап.
Кешікпей-ақ қызыл күн
Шыға келді жарқырап,
Тұлпарлар да шаттанып
Тұралмады арқырап.
Түнерген зұлмат аспанда
Бұлтты қуды рахман күн.
Сарыарқаға қарасақ,
Мұнартқан әлі түн.
Күнге жайып құшақты,
Шақырып бері шаттандық.
Қуантуға ел-жұртты
Асығып тез аттандық.
1917жыл, 9март
ДАЛАДА
Далада жазғытұры тостым желді,
Кезгек жел саулап есіп жетіп келді.
Гүл шешек, көгал шөптің басын сипап,
Көркейткен киірдіріп қара жерді.
Есіп кеп, майда желдер таудан асып,
Құшақтап аймалады амандасып,
Естіген, көрген-білген сырын маған
Айтысты қуанысып — сыбырласып:
«Теңдікке, бостандыққа көптен ғашық
Нашарлар, ұран салып жолын ашып,
Құлдықтан бақыттарын жеңіп алып,
Ту тігіп шытыпты ерлер қол ұстасып...»
Күйленді көкірек сонда шаттық тасып.
Қырандай төніп алға көзімді ашып,
Айқайлап кең даланы күңірентіп,
Бой жаздым аятымды нығап басып.
Күлімдеп гүл шашақтар басын иді.
Құшақтап майда ескек жел беттен сүйді.
Қуаныш сырын айтқан ғашығымдай
Ескектің көкірегіме лебі тиді.
КЕЛ, ЖІГІТТЕР
Көшкен елдей,
Соққан желдей,
Жастық шағы өтер тез.
Шіркін жастық —
Көшкен мастық
Аңдаусызда кетер тез.
Кел, жігіттер,
Болындар ер,
Жүйткіт,
Орғыт тұлпарды!
Жаз қанатты,
Сілте қатты,
Ұйтқыт, өрлет сұңқарды!
Екпін үнді,
Қызыл сымды
Домбыраны алайық.
Кезіп қырды,
Қосып жырды,
Күнірентіп ән салайық.
Залымдық пен Әділдіктің
Алысқанын айтайық.
Жер жүзінде
Бай мен кедей
Шабысқанын айтайық.
Кедей сүйер,
Байлар күйер,
Ауыздан от шашайық.
Салып ұран,
«Кедей, құрал»
Кедейден топ жасайық.
Кектер қайнап,
Гу айқайлап,
Көкіректі кернеген,
Қанат сермеп,
Күйлер кернеп,
Шықсын әрбір пернеден.
ЖАС ҚАЗАҚ МАРСЕЛЬЕЗАСЫ
Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Ту ұстап дұспанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан
Күн туды — біз теңдік алайық.
Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос
Ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос.
Қызыл ту — шыпауың, қорғаның,
Тізе қос, тізе қос, тізе қос.
Патшадан әділдік жоқ еді,
Ұлықтар парақор тоқ еді.
Бұқара халықты кем тұтқан,
Жек көрген, итімен тең тұтқан.
Қоспаған санына адамдық,
Айламен ұстаған надан ғып.
Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос
Ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос,
Қызыл ту — шыпауың, қорғаның
Тізе қос, тізе қос, тізе қос!
Өзінен өңгеден кем халық,
Алдаушы қуларға жем халық
Қор едің көп әкім қорыстан:
Парақор би менен болыстан.
Момын мен нашарға зорлық қып,
Залым мен байларға болысқан.
- Азамат сестеніп...
(ақырына шейін қайырылады)
Қайырсыз байларың көп еді,
Жауыздың мейірімі жоқ еді.
Жауыздық тамырын қияйық,
Қулардың аранын тияйық,
Ақ ниет азамат ерлерді
Бір тудың астына жияйық.
Азамат сестеніп... (ақырына шейін).
Ескілік, надандық жоғалсын,
Сорлы жұрт сестеніп оңалсын,
Бақытқа жол ашық сезілсін,
Әділдік, жаңа заң түзілсін.
Патшалар, ұлықтар жасаған
Бұрынғы қу тәртіп бұзылсын.
Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос,
Ұран сал... (ақырына шейін).
Жойылсын құлшылық, кемшілік,
Жасасын әділдік, теңшілік.
Бұрынғы қу қыспақ жол қалсын,
Өз еркін бұқара қолға алсын.
Жер үстін шат қылып көркейтіп,
Қызыл ту желбіреп орналсын.
Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос,
Ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос.
Қызыл ту — шылауың, қорғаның,
Тізе қос, тізе қос, тізе қос!
1918 жыл, апрель
БІЗДІҢ ЖАҚТА
(Сүргінде жүргенде шет елде айтылған өлең)
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын
Меймандос, берекелі елдері бар.
Думанды шалқар көлдері-ай,
Еркін дала белдер-ай.
Қаздай қатар мыңғырып,
Тізіліп көшкен елдер-ай.
А-ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Жеріне біздің жақтың лайық ері.
Ер палуан, аңшы-мерген, әншіл сері.
Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,
Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.
Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,
Жазушы ек қанат сұңқардай,
Асауменен алысып,
Қашағанды құтқармай.
А-ай, Сарыарқа, Еліл алыс, Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Қыздары біздің жақтың қара қасты,
Тісіне ұқсатарсың меруерт тасты.
Сымбатты, көркем бойлы тал шыбықтай,
Мамық төс, сұңғақ мойын, сүмбіл шашты.
Еркін бейбіт ауылым-ай.
Жас өрім талдай сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым-ай.
А-ай, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыққан лебің шекер балдай.
Қыздары біздің жақтың қара көзді,
Сырнайдай дауыстары, тәтті сөзді.
Қызыл гүл албыраған еріндері,
Шырайлы, ашық көңіл, бал мінезді.
Еркін бейбіт аулым-ай,
Жас өрім, талдай сәулем-ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, баурым-ай.
Әй-әй, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыққан лебің шекер, балдай.
1919 жыл, апрель «Баян ауылы».
ҚАШҚЫННЫҢ АУЫЛЫ
Қараңғы түн.
Түн суық.
Ызғырық жел дауылы.
Таудың іші түнерген,
Қашқынның жалғыз ауылы.
Қашқынның аулы үш-ақ үй
Бұққан таудың ішіне.
Жаудың беті, ел шеті,
Сенген ерлік күшіне
Бір-ақ үйде от жылт-жылт. .
Ауыл жым-жырт шоқтай боп.
Белдеуде түр бір-бір ат,
Жараған қатып оқтай боп.
Үйде сапы, карабин,
Белдеуде найза шашақты.
Мен де қашқын —
Дос таптым
Қалың елден қашақты.
Қара түнді жамылып
ЬІсқырады суық жел.
Түнереді елсіз тау,
Айнала бетпақ сусыз шөл.
Еркектің көбі қайтқан жоқ
Жолдан, кешу, жорықтан.
Елден безген ер үшін
Ауыл емес қорыққан.
От жаққан үй... қараша үй.
Отырдым оттың басында.
Әйел қотан күзеткен
Отырды жалғыз қасымда.
Дамылсыз шытып қарайды
Төңіректі, қораны,
Тыңдап, бұғып, ақырын
Байқайды әрбір қараны.
Отқа жаққан отыны,—
Тырбиған тікен баялыш
Көзіңнің шырымын алсайшы,
«Жантайып» дейді, аяныш.
— Уу! Жеңгетай, ұйықтармын,
Түн ұзақ қой, түн ұзақ.
Түн қараңғы, жау қалың,
Мызғырмын ертең күндіз-ақ.
Елдің шеті, жау беті,
Ішіндеміз елсіз тау.
Күзет болсын, жеңгетай,
Өткен-кеткен көп қой жау.
Қантарулы ақ бесті ат
Үй артында белдеуде
Тықыршиды,— байғұсты
Керек еді жемдеуге.
Сенделіп, өксіп қиналды,
Басқан жоқ шығар терін де.
Шідерлеп, байлап, қаңтарып,
Алмап едім ерін де.
Өзім де қатты жаурадым,
Тонымнан суық жел өтті.
Атым қатты сабылды,
Тоқымнан ащы тер етті.
— Е-е-е, шырағым, бәрі де
Ұмытылар, түк етпес.
Ер жігіттің басына
Нелер келіп, не кетпес!
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
Сергелдең де, сейіл де,—
Сейіл деген бұрынғы.
Кемітпес сені, шырағым,
Білген адам сырыңды.
Тары жесе атыңа
Беріп қазір көрейін.
Өзің дағы ішсейсі,
Істеп көже берейін!
— Рас қой, жеңгей, ештеңе
Қылмаймын уайым, өз басым...
Атымды жемдеп, жауып бер —
Ағым ғой серік жолдасым.
Өзім енді ас ішпеймін,
Жүрекке ас бүгін батпайды.
Келмек еді бір хабар...
Не ғып таң әлі атпайды?..
— Қандай хабар, шырағым,
Келмек еді, қай жақтан?..
Большойбектер келетін
Хабар ма әлде аржақтан?
— Қандай хабар болса да
Таң атқан соң аларсың.
Тауға шығып таңертең
Қарауылдап қарарсың...
Басылмай тұр түннің де
Қара дауыл бораны.
Отырам мен күзетіп
Таң атқанша қораны.
— Шаршадың ғой, шырағым,
Тынықсайшы қисайып.
Текеметті астыңа
Салайыншы мен жайып...
— Рахмет, жеңгей, білмеймін
Бүгін менде ұйқы жоқ,
Алып ұшып жүрегім
Лүпілдейді — жүрек топ...
Ысқырады, түн, дауыл.
Түн қараңғы. Түн ұзақ.
Күзет болсын қарап қой,
Мызғырмыз ертең күндіз-ақ...
Қашқынның аулы үш-ақ үй
Бұққан таудың ішіне.
Жаудың беті — ел шеті,
Сенген ерлік — күшіне.
Бір-ақ үйде от жылт-жылт...
Аулым жым-жырт, шоқтай боп,
Белдеуде түр бір-бір ат
Жараған қатып, оқтай боп.
Үйде сапы, карабин,
Белдеуде найза шашақты.
Мен де қашқын,—
Дос таптым
Қалың елден қашақты.
Еркектің көбі қайтқан жоқ
Жолдан кешу, жорықтан.
Елден безген ер үшін,
Ауыл емес қорыққан.
1919 жыл, ноябрь, «Шөл»
ЖОЛДАСТАР
(А. Досовқа, М. Саматовқа)
Намысы бар нашардың балалары!
Неше мың жыл құл болған бабаларың,
Жолдастар!
Сансыз нашар дүниеден салды ұран,
Сол нашардың жалғыз біз паналары,
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал...
Біз көргенбіз қорлықты, жылағанды,
Көздің, жасын көл қылып бұлағанды,
Жолдастар!
Балғын білек күшімен аламыз біз
Неше мың жыл құдайдан сұрағанды,
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып дал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал.
Ту тігетін, мінекей, замандарың,
Нық басатын темірдей табандарың,
Жолдастар!
Теңдік, бақыт, әділдік орнаталық,
Бұзып кіріп дұшпанның қамалдарын,
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал.
Үлкен сынды, бәйгілі бұл бір майдан.
Нашар ұлы жігерлі жатпа, сайлан,
Қорғалайтын күн өтті, бауырларым!
Арам құлқың, арам қан, патша, байдан,
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып дал.
1920 жыл
ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ
сск, Қарағанды заводтарының жұмыскерлеріне арнадым).
Түсің суық, тәнің шойын, жалаңаш.
Өлшеген нан, қара суды қылып ас.
Тұрмыс лажын жер астынан іздеген,
Күндіз-түні алысқаның көмір тас.
Өң жоқ, түс жоқ, тепкен, солған, арыған,
Тәндеріңді жастан темір қарыған.
Жанды жанмен асыраған қаһарман,
Қарның тойған күн болмаған — жарыған.
Ауыр балға, ауыр қайла, күрегің
Күшті қолда; болат жұмыр білегің.
Балшық басқан, күйе басқан жалаңаш,
Бауырларым, теңелуің тілегім.
Михнатқа салып бақтың тәніңді.
Халық үшін тек бәйгі қып жаныңды.
Жер үңгіген жұмыскерлер, төгіп ең
Михнаттың майданында қаныңды.
Жүректің де әлі-ақ бітер жарасы,
Орнар бақыт бітіп дүние аласы.
Қажымаңдар, михнатта — рахат бар,
Бауырларым, қалың нашар баласы.
1921 жыл, 25 июль, Қарағанды
ЖАС ҚАЗАҚ
Жаңа батыр жас қазақ,
Еңбекші тап ұланы.
Бай, мырзаға қас қазақ,
Жалпы теңдік ұраны.
Жеткіншегім жас батыр,
Маркс, Ленин құраның.
Ұмтылып алға бас батыр,
Барлық өнер құралың.
1923 жыл
СОВЕТСТАН
(Советтің сегіз жылдығына)
Отарбада
Міне заулап, отарбада келеміз,
Кейде жүйткіп, кейде бүлк-бүлк желеміз,
Жолы құрыш,
Жолы epіc,
Аумай бұрыс,
Қарақшыға апарады, сенеміз.
Тұлпарым
Бұрын атым — тұлпар еді, бәйгі көк,
Енді міне, поезд болды, тұлпар жоқ.
Ұзақ жолға
Тұлпар кол ма?
Мейлі жорға!
Тұлпар міну,
Сарыарқада жүрсең тек.
Бәйгі көгім, асау еді тұлпарым,
Әшекейлеп, кестелеген тұмарын.
Енді қайда?
Егін-жайда,
Жүр ғой айдап,
Бір уақытта міну еді құмарым.
Қиял ой
Отарбамен жүрсем қиял басады,
Көңіл тасып, қиял алып қашады.
Шам жандыра,
Көз алдыма, Тез алдыма,
Тіршіліктің перделерін ашады.
Ұйықтатпады, поезд шапқан ойлатты,
Түпсіз мұхит — ой түбіне бойлатты.
Босқан елдей,
Тасқан селдей,
Ойым керней,
Мыс қазандай баста миды қайнатты.
Қабақ төніп бір ноқатқа қатқандай,
Жерді тесіп, шыңрауға батқандай.
Терең ойға,
Ерен бойлай,
Ішіп тоймай,
Ой түбінің дәмін қиял татқандай.
Алып қайда қашасың, сен ой-қиял?
Мұнша ұшқырлық неге, керек, қой, қиял,
Тойым қалды,
Бойымды алдың,
Қайнап жандың,
Біраз тыныштық беріп шіркін, қой ұял!
Сәулесіндей қолға ұстаған айнаның,
Қас қаққанша шыр көбелек айналып,
Жарқ-жұрқ еттің,
Шарыққа еттің,
Мұхит кеттің,
Дүние кезіп, сан құбылып ойнадың.
Біздің тұрмыс — отарба
Бар адамзат тынбай жортқан құмырсқа,
Көрінсе де шіркін өмір тым қысқа.
Түсі керең,
Ісі ерен,
Ұқсас көрем,
Отарбаны біздің осы тұрмысқа.
Айда, отарба, аямай күш айдап бақ,
Дөңгелегің зырылдасын тақ-тақ-тақ.
Шанқан жарық,
Шамға қарық,
Болсын халық,
Электр жақ, тынбай айда, жол ұзақ!
Жол ұзақ,
Отты жақ,
Заулап бақ!
Қатты шап,
Трат-тат-тат!
Трат-тат-тат!
Трат-тат!
Советстан — отарба
Поезд іші дауам қайнап құбылмақ,
Әлсіз сорлы сәкі астына тығылмақ.
Біреу жетпек,
Біреу кетпек,
Мінгендер тік,
Біртін-біртін ырғытылып жығылмақ.
Мінгендерді паровоз ғой сүйрейтін,
Үйтсе дағы біреу оны билейтін.
Мініп текке,
Мұрын көкте,
Бұрын көпке,
Мен әкеңмін, басты маған и дейтін!
Шын адамзат қылығы жоқ сүйетін,
Ыза қайнап жұрттың іші күйетін.
Амалы жоқ,
Заманы жоқ,
Толған жұрт көп,
Отарба да оған басын иетін.
Поезд биін бір күні жұрт құлатқан,
Атып жерге доңыздай ғып сұлатқан.
Әкім өзі,
Закон сөзі,
Келіп кезі,
Көпшілік— би, әкім кеше жылатқан.
Сол жауызың патша еді ғой құлаған,
Отарбадан лақтырылып сұлаған,
Өзі би ед,
Сөзі сый ед,
Жалғыз ие ед,
Қорлығында қалың нашар жылаған.
Көпшіліктің қойғаны енді кондуктор,
Оған әкім — көптің өзі,
Совет түр.
Жаңартылды,
Заңы артылды,
Тазартылды,
Поезд енді, қараңғы емес, электр
Жауыз бидің заманында жауыздар,
Толған еді арамтамақ ауыздар.
Қуды бәрін,
Жуды нарын,
Бұққандарын,
Бірте-бірте кондукторлар, қауыздар.
Кондуктор,
Жатпа, түр!
Электр,
Тағы жақ,
Сақ бол, сақ!
Жақсы бақ,
Жол ұзақ,
Тақ-тақ, тақ,
Тақ-тақ, тақ,
Рудзутак!7
Отарбаның оты май, тас көмірден,
Маркс — Ленин,
Жолы қоспақ темірден.
Жолы дұрыс,
Толық құрыш.
Аумай бұрыс,
Кім көлденең тұрса, соғып жемірген.
Темір жолдан отарба мүлт аумасын,
Отты көп жақ, қызыл жалын қауласын.
Буды қайнат,
Туды байлат,
Жылдам айдат,
Дүние айналып, қызыл арба зауласын.
Кондуктор,
Байқап тұр!
Уклон бар,
Терең жар,
Электр,
Көп қып жақ!
Айдап бақ!
Рудзутак!
Рудзутак!
Трат-тат-тат!
Советстан — сегіз жасар арыстан
Советстан — сегіз жасар арыстан,
Сансыз жауын қалтыратқан алыстан,
Әлемді алған,
Шынжыр салған,
Ескі жалған,
Жеті басты жалмауызбен алысқан.
Советстан аждаһадай айбары,
Әділдік пен жауыздықтың майданы,
Жауыздықты
Ауыздықтап,
Езіп мықтап,
Борсылдатып, ит келмеске айдады!
Адамзатқа гулеп ұран тараттың,
Дүниені таңырқатып қараттың.
Оғып атқан,
Бұғып жатқан,
Тілмен шатқан,
Мырзаларға табаныңды жалаттың.
Жас арыстан, күшейесің айына,
Қылыш қайрап дүниенің байына,
Шешен мырза,
Көсем құлжа,
Енді ырза,
Сасық деген табаныңның майына.
Талай қарын дірілдейді мал үшін,
Талай жауың доспын дейді жан үшін.
Біреуі «ұл» боп,
Бірі құл боп,
Советшіл боп,
«Сасық...» деген қолыңдағы нан үшін.
Талай мырза боқтап еді пасық деп,
«Доңыз Иван, тоқтат жынды басып» деп,
Тәубе деді,
Сауға деді,
Нан тіледі,
Арамыңнан май қолыңнан «сасық!» деп.
Экспресс
Советстан — экспресс айдынды,
Сансыз жауың алыстан-ақ айбынды,
Еркін елім,
Беркін белім,
Шалқар көлім,
Дүниедегі санын кедей, бай білді,
Отарбада сан румыз — тілек бір.
Зор иманды, махаббатты жүрек бір.
Қаулат отты,
Заулат қатты,
Жай қанатты,
Күш жұмсайтын бір майданда білек бір.
Советстан, біздің Стан — совстан!
Экспресс талма екпінді шабыстан.
Гуле жүріп,
Үні құрып,
Қалсын ұлып,
Ескі жалған арттан қалмай жабысқан.
Кондуктор,
Қатты бас,
Жүрек бір,
Жалын шаш,
Тілек бір,
Жылдам жет,
Білек бір,
(Дөңгелет,
Трат-тат-тат!
Трат-тат-тат!
Тақ-тақ, тақ
Рудзутак!
Советстан көлемі
Уа, Руссия, көлемің зор көлбеген,
Бұл күн кеше өлшеуге бір көнбеген.
Совет келді,
Енді өлшеді,
Демде өлшеді,
Жерлеріңді тұлпар барып келмеген.
Атпен жүрсе алты айлық жол жерің бар,
Советстан сан рулы елің бар.
Сан рулы,
Заң құрулы,
Бір-ақ түрлі,
Бір-біріне туысқандық сенім бар.
Он екі айы шілдедей де жерің бар,
Жан иесі салқындыққа өте зар,
Емес азды,
Жерің жазды,
Самал сазды,
Кей жеріңнің он екі айы бірдей қар.
Кек кілемдей түрлі шөпті белід кеп,
Қалың шайыр көкорайлы көгін, көп,
Жері алтын,
Желі барқын,
Самал салқын,
Таусылмайтын сансыз байлық кенің көп.
Қиырсыз кең теңіздерің шалқыған,
Жұмсақ демін, жұтқан дене балқыған,
Суды кеш сең,
Сүдгіп тескен,
Аспанда ескен,
Түрлі кеме аққу құстай қалқыған.
Сел боп аққан өзенің көп бұралып,
Бір шеті мен бір шетіңе оралып.
Таудан құлап,
Қауда сұлап,
Кейде құрақ,
Судыраған шымылдыққа оранып.
Ұзын аққан міне Еділ мен Жайығың!
Талай ерлер өрлей салған қайығың!
Шайқап суын,
Жайқап туын,
Салған шуын,
Стенка мен ер
Пугачевтай ұлың.
Анау жатқан қиырсыз құм Жеріңде,
Көшпелі құм тіршіліксіз сенің де,
Сусыз деңіз,
Бусыз демі,
Меңреу кеңіс,
Қанат күйген ана Бетпақ шөліңде,
Қалың құзды таулар анау асқарың,
Жасыл болат, алтын, күміс тастары,
Асқар тауың,
Аспан қауып,
Күнде жауын,
Күндіз-түні бұлттар қоршап бастарын.
Зәңгір таулар нұрлы шыңды жерің ғой,
Бастарына жанаса алмас өрің ғой,
Байлық толған,
Қап-қара орман,
Қақпа құрған,
Орал тауың — темір белдік төрің ғой!
Қос босағаң — Кавказ бенен Алтайың,
Қырау баста ағарғандай қартайып,
Бұлттан асқан,
Айбат шашқан,
Жындар қашқан,
Сауыт киген батырлардай шалқайып.
Жұртты отарба тынбай сүйреп шайқайды,
Кондукторлар алдын, артын байқайды.
Қара жауын,
Қара дауыл,
Соқса да ауыр,
Быт-быт қылып қақ жарады, жайпайды,
Тақ, тақ, тақ,
Тақ, тақ, тақ,
Рудзутак!
Дөңгелет,
Трет-трет-трет!
Кондуктор,
Кондуктор,
Электр!
Көп қып жақ,
Айдап бақ!
Трат-тат-тат!
Советстан — ер ұланның бесігі
Советстан адал еңбек кесібі,
Адамзатқа теңдік — бақыт есігі,
Жауын қуған,
Ерден туған,
Белді буған,
Еркін есер ер-ұланның бесігі!
Ер-ұланым — комсомолдар балапан,
Пионерлер отрядтары баланан.
Күшті білек,
Батыр жүрек,
Бір-ақ тілек,
Қазірден-ақ көк құрыштай алақан.
Әне, лек-лек келе жатыр комсомол!
Ту ұстаған алдарында күшті қол.
Кеудесі ашық,
Кеулеп асып,
Аттап басып,
Өлеңдетіп жер жаңғыртқан екпін мол.
Кейін қара, былай өтсін комсомол!
Анау жұп-жұп адымдаған оң да сол,
Пионерлер!
Күйін кернер!
«Дайынбыз!» дер,
(Жеткіншекке деші айғайлап «дайын бол!»)
Қызыл жаулық серт белгісі мойнында,
Еркіндікпен тегіс бақыт ойында.
Жалт-жұлт нық бас,
Жарқ-жұрқ от шаш!
Сарт-сұрт, марш-марш!
Күш пен қайрат,көркем қимыл ойнында,
Тынбай үйрен, әуейі боп мастанба,
Алға адымда ешнәрседен жасқанба!
Лек-лек қапта,
Жұп-жұп атта!
Нық-нық тапта!
Ескілікті құлғып ұшыр аспанға.
Бар адамзат тынбай жортқан құмырсқа,
Болса дағы шіркін өмір тым қысқа.
Түсі керең,
Ісі ерен!
Ұқсас көрем
Отарбаны біздің осы тұрмысқа.
Айда, отарба, күш аямай айдап бақ,
Дөңгелегің зырылдасын тақ-тақ-тақ!
Шанқан жарық,
Шамға қарық,
Болсын халық,
Электр жақ, тынбай айда!
Жол ұзақ.
Кондуктор,
Қарап тұр!
Жол ұзақ,
Айдап бақ.
Уклон бар,
Терең жар,
Сақ бол, сақ!
Тақ, тақ, тақ,!
Айдап бақ
Рудзутак!
Трат-тат-тат!
Трат-тат-тат!
Трат-тат-тат!
1925 жыл
ПОЛЬША ЖҰМЫСКЕР ТАБЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ
Мейлі, есірсін,
Жау бізге оғын сайласын!
Қан майданда
Малын, басын байласын!
Өткен майдан
Сабақ болған әркімге,
Біз көрерміз
Жаудың түрлі айласын...
Теңдік жауы
Күшін тағы байқасын,
Аянбасын,
Қан қанжарын жайқассын.
Құлатам деп
Құрыш темір ордасын!—
Жұмысшы тап
Отанымен шайқассын...
Жер жүзінің
Капиталы ұласып,
Мейлі, тағы
Тиіп көрсін, байқасын,
Бұл болашақ,
Сертті майдан ақырғы,—
Ер болса жау
Екі қылыш айқассын!..
Жындандырды
Капиталды қан басып,
Өлерінде
Жағаласпақ жармасып,
Енді айқасса
Есірік жын капитал,—
Біз тынбаймыз
Күл-күл қылмай жанбасын!..
Бұл майданда
Еңбек табы дүниенің
Біз білеміз
Бізден бөлек қалмасын,
Капиталмен
Белдескенде еңбек тап,
Біз білеміз —
Тап жолынан танбасын.
Жұмысшы тап
Өкілдері Польшаның!
Ер көңілді
Ешбір күдік шалмасын.
Қиындықпен
Сансыз жаумен алыссақ,—
Білдіремін
Біздің білек талмасын...
Совет елі
Тынбай істер құртқанша
Капиталдың
Салып кеткен танбасын.
Тиген жауға
Октябрьдің солдаты
Сап көрсетер
Қылшылдаған алмасын.
Білдіремін
Құрығанша тап дұшпан
Ол алмасты
Қынға мүлде салмасын.
Қолдан алмас
Тасталады мәңгілік
Тап дұшпанның,
Домалатып қан басын!..
1929 жыл
КҮЙ
Біздің дәуір
Шабуыл біздің дәуір емес аяң,
Отарба алып ұшты, қалып маяң.
Жүйткіген тұрмыс кәзір экспресс,—
Айтқандай менің досым ақын Аян...
Ескілік жаналықпен қылған тірес,
Ескіні көміп жерге қоймақ крес.
Тұрмыстың машинасы-қыж қайнайды
Жүйткиді социалдық экспресс.
Жырласам — әуелекше ырғиым ғой,
Төтелеп көк садақша сырғиым ғой.
Кәзіргі ат әуелек пен экспресс,—
«Гүл қылан» дегенім, тек бір киім ғой.
Зырласа тұрмыс өзің илер ме едің?
Асықпай ырғалаштап игермедің?
Зырлаған экспресс тұрмыс түрін
Жазуға асықсам да үлгірмедім!
Қарақшы шамшырақтай жанған биік
Әлемге жөн сілтеген көкке тиіп.
Октябрь туған күнге еңбекші әлем
Шаттық пен сәлем қылаң басын иіп.
Суреттеп тіл жетпейтін істер анау,
Болар ед санасаң, тек қызыл танау.
Октябрь жемістерін таңырқарлық
Қажатпа, тұра салып тілмен санау.
Күлетін ойын керек көңіл шатқа
Әсемді тұрман керек сылаң атқа,
Күй шертіп мерекеде билеу керек
Келемеж, сықақ айтып жау мен жатқа.
Мереке майданында
Той болса, той қылған жұрт тойламай ма?
Сауық қып мерекеде ойнамай ма?
Жұмылып жайшылықта қоңыр түспен,
Алдағы, арттағы істі ойламай ма?
Шаттықта садқылдап тек үнің шықсын.
Үнің мен екпініңнен дұшпан ықсын,
Дабыл қақ, керней ойнат, шық майданға
Қорғалап пасық жауың жынша бұқсын!
Майданда еңбек ұлы түгел дабыл!
Іс келсе, құмырсқаша қаптай жабыл.
Октябрь жер мен көкті солқылдатсын
Лек-лек бас, соқтыр керней, соқтыр дабыл!
7 ноябрь, 1934жыл
ҚЫРҒЫЗ АУЫЛЫНДА
Несіне ақын сырын жасырады?
Несіне жан сүймеске ол бас ұрады?...
Мінекей сүйген елін құрметпен ол,
Көтеріп төбесіне асырады!
Жаңарған қырғыз аулы шат тұрмысты,—
Шаттанып көңіл соған тасынады.
Ардақты анасындай көрген елді.
Жыр қылмай қайтып мауқың басылады!..
Советті ел! Маған бәрің бауырлассың!
Бәрің де бір мақсұтты қауымдассың.
Барсам да қай жеріде,— сағынғандай
Қуаныш құшақ жайған ауылдассың!
Сияқты туған аулым, туған жерім,
Құшақтап аунап өскен, тамған терім.
Бұл ауыл, мына жерде туғанымдай,—
Тамаша таң боларлық ғажап керім!..
Қуанып үлкен-кіші дардақтасып,
Қарсы алып, қасиеттеп ардақтасып,
Боз үйге кілем төсеп, ішін безеп,
Мінекей,—«қош келдің!»,— дейді есік ашып.
Емес бұл ұлықтарға жағынғандай,
Немесе, мақтан үшін ағылғандай.
Бәрі де туысқанша толғанады,
Талайдан күтіп сені сағынғандай...
Сөз емес, алдыма әкеп бал салғаны,
Сөз емес алдыма айдап мал салғаны,—
Өлшеусіз қасиетті жаңа сипат,
Ер елдің шын ұлыңдай қарсы алғаны!..
Ноябрь, 1936 жыл,
«Кенеш» колхозы, Кант ауданы, Қырғызстан.
ІV. КЕТПЕЙТІН ЕСТЕН ҒАШЫҚ ЖАР
Кетпейтін естен ғашық жар!
Айталмай жүрген сөзім бар,
Талай жерде оқталып,
Айтуға көріп ұят-ар.
Көкірек жанып жүргенде
Жанасуға болып зар,
Жүректің сырын айтуға
Реті келді бүгін дәл.
Құр өлең деп ойлама,
Ынталы сөзге құлақ сал:
Күйдім, жандым жалындай,
Қиын, қалқаш, біздің хал!
1914 жыл
ҚОШТАСҚАН ЖЕР
Жан жолдас! Ұмытылмас, қоштасқан жер.
Сөздерің емес тіпті естен кетер,
Көзіңе жас кеп толған сұрың қашып,
Мен келіп, хош дегенде қолыңды бер.
Әрең деп тұрдым соңда менің де өзім,
Тұрғанда жасқа толып екі көзің,
Қоштасып көп тұруға шыдай алмай
Қол ұстастым жоқтай-ақ айтар сөзім.
Есен, сау бол, жаным деп ұстасып қол
Дегенде: Алла жазсын амандық жол,
Елжіреп жүрек-баурым, есім шығып,
Сол жерде: деймін хош бол! Хош бол!
Дегенде: «мені ұмытпа, жан жолдасым»
Сызылып махабатты қара қасың,
Сүюге ерінге ерін тиген шақта
Бетіме тамып аққан ыстық жасың.
Білмеймін сол уақытта тұрдым нағып,
Толғанда жүрекке қан лүпіл қағып,
«Есендік жазсын алла дегеніңде»
Меруеттей екі көзден жасың ағып.
Хош, қалқам, деп құшақтап қайғырғаның,
Мөлдіреп жасың төгіп айрылғаның,
Өлгенше естен кетпес көзің сүртіп,
Майысып, маған қарап қайрылғаның!
1914 жыл.
САҒЫНУ
Сарғайдым сағынғаннан, қалқаш, сені,
Қиял мен ойдың саған ауыр дені.
Қайғыда, қасіретте мен жүргенде,
Ойға алмай жүр ме екенсің әлде мені?
Сен де мені сағынып жүр ме екенсің?
Я тіпті қасіреттен құр ма екенсің?
Сағынып мен тұнжырап отырғанда,
Әлде ойнап біреуменен жүр ме екенсің?
Сенен жақын дүниеде маған жан жоқ.
Жырақта жүрсем дағы көңліме тоқ,
Жүрегім күйді, жанды, сені ойлай,
Ішіме түскендей-ақ қып-қызыл шоқ.
Мәлімсіз тағдырымыз жалғыз хақта.
Бөліндік ойда жоқта жастық шақта.
Өлгенше менің көңлім жалғыз сенде,
Жүрсең де сен ол жақта, мен бұл жақта.
1914 жыл
ҒАЗАЛ
(.. ге, Абай үлгісімен)
Сөйлей көр, тіл мен жақ,
Сөзіңнің бәрі хақ.
Парыздай міндетің —
Қалқаны мақтамақ...
Мамық төс, ақ тамақ,
Бұраң - бел, құшсақ нақ.
Үлбірек екі ерін,
Бейне гүл қызғалдақ.
Қараймын қасыңа,
Жібектей шашыңа.
Тістерің ұқсайды
Ақ меруерт тасына.
Кел, жаным, қасыма,
Нансаң бұл расыма;
Бар дүние тең келмес
Жалғыз бір басыңа.
Бал тамған сөзіңнен,
От жанған жүзіңнен.
Мөлдіреп қараған,
Айналдым көзіңнен.
Бал беріп сөзіңнен,
Өшірші жүзіңнен.
Ұжмақтай хор қызы
Артылмас өзіңнен.
Жүректің дертің бас,
Кел, жаным, көңлімді аш!
Ақырын жымиып,
Күліп бір нұрын шаш.
Ғашықтық болсын паш,
Білсін де өзге жас.
Жалындай жандырып,
Лебіңмен қысшы мас!
Лебізің шекер бал,
Сымбатың өрім тал.
Шырайың саяда
Алмадай қызыл ал.
Сен бір шоқ қызыл гүл.
Қонған кеп мен бұлбұл.
Тарқамас құмарым,
Сені иіскеп бес мың жыл.
Сайра да біздің тіл,
Жырла да мың құбыл.
Бұлбұлдың ғашығы гүл,
Сүйгенім, өзің біл!
1915жыл, июнь Біздің ауыл «Есен».
ЖАЗҒЫ ТҮНДЕ
..Сансыз жұлдыз сайрасып,
Гауһардай болып жайнасып,
Шұбарлап көк аспанды,
Қосыпысып алтын айымен,
Сайрасын көкте жайымен,
Мәз-майрам боп жымыңдар
Дүниеге нұрын шашқанда.
Сұлудай айна ап қараған,
Жібектей шашын тараған,
Өзенге біткен қалың тал
Суға төніп телмірер,
Жапырақтары желбірер,
Көлеңкесі суда ойнап
Өзеннің шетін жапқанда.
Күндізгі сылдыр су да жоқ,
Қатты сөз, дауыс, шу да жоқ,
Төңірек тып-тың... ауа саф,
Ләззәттің дәмін татысар,
Рақатқа бар жан батысар,
Ауыл жым-жырт қаперсіз
Маужырап ұйықтап жатқанда...
Өлкенің бойын жағалап,
Паналап талын сағалап,
Тұсына келер ауылдың,
Өзенге қонған тақалып,
Жан-жаққа қарап, көз салып,
Көкірек толқыр дамыл ғып,
Жолықпақ жерді тапқанда.
Уағдалы жерде отырып,
Бір отырып, бір тұрып,
Кешіккен соң ғашығың:
«Не болды бұған, япырым-ау?
Келмес деп әлде жатырма-ау?»
Тыңдайсың әрбір сыбырды
Ауылды сырттан баққанда.
Келуге әлде ерініп,
Маужырап, балқып керіліп,
Жатыр ма екен төсекте?
Үміт үзбей келер деп,
Тықыршисың елеңдеп,
Ауылға қарап телміріп,
Көзіңнен ұйқы қашқанда.
Жарың келмей зарығып,
Телміріп, дарап сарылып,
Отырғанда көрініп
Қысқа уақыт ұзақтай,
Жарыңның ісі мазақтай,
Ғашығың шығар боз үйден
Елегізіп аяқ басқанда.
Көріп, шыққан жарыңды,
Уағдалы жерде барыңды
Білдіресің көрініп.
Сұқсыр көрген қырандай,
Лепіріп жанып, тұра алмай,
Ыстық қан тасыр денеде
Жүрегің лүпіл қаққанда.
Бүркеніп шапаң басына,
Тез басып келіп қасыңа,
Дамылдай қарар бетіңе,
Көзімен жүрек күйдірер,
Еріксіз өзін сүйдірер,
Көкірегі толқыр қалтырап,
Қайрып бетін ашқанда...
«Кешіктің» деп өкпе айтып,
«Келмеспін енді мен қайтып»
Дегеніңде, ғашығың
«Өкпелеп әлде қалды ма?
Көңліне ренжу алды ма?»
Деп құбылар өң-жүзі
Сөз таба алмай сасқанда.
«Шыға алмай үйден кешіктім,
Таба алмай кілтін есіктің...»
Деп қолтыққа тығылар,
Мұңайып айтқан сөзіңе,
Мөлдірер жас көзіне...
Мас болар жаның еріп тән,
Айқасып құшақтасқанда.
Ерінге ерін тиісіп,
Бал алып тілден сүйісіп,
Жандырар жарың лебімен.
Төсіне қысып төсіңді.
Махаббат жеңер есіңді,
Дүниеде өзге ләззәттен
Сүюдің күші асқанда.
Ақылға болар кім ие?
Кірер ме еске дүние?
Толғанда шаттық жүрекке?
Қандай бәнде жалғанда,
Жетпедім дер арманға,
Қазақтың жазғы түнінің
Ләззәтін өстіп татқанда.
1915 жыл, Ноябрь.
ТӘТТІ ДАУЫС
Жүрегімнің соққаны
Тәтті дауыс — әнмен тең.
Шыққан лебім көкіректен
Ұжмақта шарап, балмен тең.
Жастықтан бақыт тілесең,
Құшағыма кір менің.
Дүниенің шаттық рахаты —
Махаббатым бір менің. -
Бауырыңа бас, күш мені,
Тәніміз бірге жан қоссын.
Төсімді қыс төсіңе
Жүрегіміз ән қоссын.
Лебіңді қос лебіме,
Жанымыз балқып болсын мас.
Бетіңді қос бетіңе,
Айқассын бірге екі бас.
1916 жыл, май
...FA
Құшақтап басып бауырыңа
Төсіме төсің тигенде;
Ерніңнен ыстық ернімді
Айырмай ұзақ сүйгенде;
Жас махаббат отымен
Жүрегің жанып күйгенде;
Былқылдап ең мас болып,
Еріп тәнің игенде!
1916 жыл, 12 июль, Нұра
ҚҰМАРЫМ
Қанатты, тағы тұлпарды
Күміс ермен ерлесем;
Ғашығымды алып алдыма
Далаға құлаш сермесем,
Кең далаға көз жетпес
Тұлпарымды ұшыртсам,
Қалқашыма мойнымнан
Айрылмастай құштыртсам.
Еркін ұшып далада
Көкіректі кернесем,
Нәрестедей ғашығымды
Ат үстінде тербесем.
Салған әнім күңіреніп
Дүниенің кетсе шетіне,
«Жаным, сен...» десе ғашығым
Қабысып беті бетіме!
Тынбай шапсам күндіз-түн,
Тұлпарым менің талар ма?
Тынбай сүйсем ғашығымды
Құмарым менің қанар ма?
1916 жыл, июль, Ауыл
АРҚҰ СҰЛУЫНА
(Терме)
Шайбай Айманулына
Уа, шіркін, сүйдің ұзақ сусын қанбай,
Мойнымнан ақ білекті қойдың алмай;
Mac болып былқылдадың күйіп тәнің,
Керіліп маужыраған ақ маралдай.
Оралған шашың жібек, қасың барқыт,
Сымбатың шашақ жарған өрім талдай.
Көмірдей оты жанған екі көзің,
Бұраң бел, қырша мұрын, жазық, маңдай.
Меруерттей тістеріңді жарқыратып,
Күлгенің нұрын шашып атқан таңдай.
Ерінің қызыл гүлдей албыраған,
Аузыңнан шыққан лебің шекер-балдай.
Мамық төс, үлбір тамақ, қызыл жүзің
Алмадай, албыраған кіршік шалмай.
Сұлуы Сарыарқаның ерке сәулем,
Беліңнен тал шыбықтай қыссам талмай!
1916 жыл. Ауыл, Есен.
СӘУЛЕМ
Ауылда михнаттан кетіп аулақ,
Отырсам жүрегімде жалын қаулап,
Ауырған жаныма кеп демін салып,
Жалғыз-ақ сәулем келді көңлімді аулап.
Алдауың көп достардан күдер үзіп,
"Отырсам төңірекке көзім сүзіп:
Сұлуым, ерке сәулем қасыма кеп
Жанымды жаңыратты рух кіргізіп.
Дер едің еріген бал бар мінезі,
Жылы жел ескен жазғы — тәтті сөзі.
Қақ жарып қара түнді нұр жайнаған
Жұлдыздай аспандағы екі көзі.
Екі бет саядағы қызыл шие
Дауысы сызылған күй гармоние.
Кең маңдай, екі қасы иген садақ,
Сөйлессең шығар естен сұм дүние.
Махаббат екі ернінде лебі жанған,
Ұқсайды қабысқан гүл шешек жарған.
Құйылған қара шашы екі иініне,—
Қара бұлт аспандағы жел аударған.
Ақ төсі ақ көбіктей толқындағы,
Аққудың ақ мамығы — ақ тамағы.
Арқада тағы өскен, сұлу сәулем,
Көңлімді жадыратшы келіп тағы!
1916 жыл, 17 декабрь, С А аулы
ТЕРГЕГЕН БОЛСАҢ, АЙТАЙЫН
Маржандай тізген жырымды
Айтайын болсаң тергеген:
Домбырадай күйленіп,
Ән тасып көкірек кернеген.
Махаббат толып жалындай,
Лүпілдеп жүрек тербеген.
Шаттанып күйлер қауласып,
Қосылған әрбір пернеден.
Дүниеде жайып құшақты,
Күштерім құлаш сермеген
Шаттанған тасып өлеңді,
Айтпауға ерік бермеген.
Кейде толып көкірекке
Кектер толып кернеген.
Жігер қайнап зұлматқа,
Дүниеден шындық көрмеген.
Көз жасын көріп сорлының,
Екпінді қызу өлеңді
Көкірегім жылап еңіреген
Айтпауға ерік бермеген.
1917 жыл, Ақмола
ТАУ ІШІНДЕ
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп,
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
Ақ боз ат менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын:
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқындай мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.
Ақ боз атым қояндай,
Еркелеп басар аяңдай
Тербеді дауысым ауаны
Дыңылдап қалқып баяулай.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Ұйқыға әнімді естіп берілмессің,
Маужырап төсегіңде керілмессің.
Ақырын үйден шығып уәделі
Жеріңе келуге сен ерінбессің.
Ақ боз ат қарар елеңдеп,
Үйіңнен шығып көлеңдеп,
Асығып келсең мөлдіреп,
Бүркенген шапан желеңдеп.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Торғындай перде болар түнгі мұнар
Ерініңнен ішкен балға қанбас құмар
Құшақтап қанша сүйсең келген сайын,
Шалқыған шіркін көңіл емес тынар.
Ақ боз ат қарар елеңдеп,
Үйіңнен шығып көлеңдеп,
Асығып келсең мөлдіреп,
Бүркенген шапан желеңдеп.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
1919 жыл
ӨМІРСІЗ ҒАШЫҚ
Құмар боп қоймай..
Сүюге тыймай,
Бал шарап десем сөзіңде,
Қапаста тоты...
Махаббат оты
Жанады десем көзіңде;
Жайнаған көзі шоқ екен,
Жүрекке атқан оқ екен.
Көрінді өзі,
Лебізі, сөзі
Ұжмақтың шарап суындай.
Сүйген соң тілдің
Дәмін мен білдім:
Жыланның зәһәр уындай.
Ернінен маған сүйдірді,
Уына бірақ күйдірді.
Ғашыққа нандың,
Өрт болып жандың,
Сұм жүрек, енді қойсайшы!
Сұңқар боп ұштың,
Аққуды құштың,—
Қу көңіл, енді тойсайшы!
Өмірсіз жарды сынарсың,
Енді, бәлем, тынарсың.
1919 жыл, октябрь «Арқа», «Сары су».
МАРЖАН
Маржан, Маржан, қарағым!
Күлімдейді қабағың.
Түріліпті балағың,
Жалаңаш балғын балтырың
Неткен сұлу, жарқыным?
Маржан, Маржан, жүрегім!
Қолыңда сенің күрегің.
Жұмыста жүрсің білемін,
Жалаңаш жұмыр білегің,
Мойнымнан құшшы — тілегім.
Маржан, Маржан, мініскер!
Сымбатты, күшті жұмыскер.
Шын сұлу, таза, біліскер,
Піскен алма қойныңда,
Білегіңді артшы мойныма!
Маржан, көзің көмірдей,
Арам ет бітіп семірмей,
Денең күшті темірдей.
Бай қызындай керілмей,
Іс істе, жаным ерінбей!
1921 жыл, 10 май,
Жол. Омбы-Қызылжар, вагон.
НАДЕЖДА, ҮМІТ, ҮМИЛА...
(H. К)
Надежда, Үміт, Үмила,
Қарындасым, дәуренсің.
Шырағым Үміт, Үмила,
Аққуымсың, сәулемсің...
Түйін салып жас балғын
Алма ержетіп өседі.
Албырап биік саяда
Уыздай болып піседі.
Не шіриді, не құрт жеп,
Не бір кезде үзеді.
Сабағы қурап немесе
Үзіліп жерге түседі.
Сен алмасың биікте,
Сен әлі жас баласың.
Түскеніңді үзіліп
Білмей, қалқам, қаласың.
1922 жыл, 28 май, Ташкент/Айт Дұрман
МАРИЯҒА
Өмірімде іздегенім,
Талмай іздеп көздегенім —
Сен едің, жаным, сен едің!
«Бақытым менің жалғыз сеңде...
Барлық дүние саған тең бе?»—
Деп едім, жаным, деп едім!
Қапияда ұшырастым,
Хоқты жүрек, жандым... састым,
Ерік кетті — қарадым.
Көзден өткір оқ аттық...
Жолығыстық... сөз қаттық —
Періштеге баладым.
Ауыл бардық.
Жүрдік.
Қондық.
Ойнап киіз үйде болдық,
Жаттың маған тақалып,
Ақырын жұмсақ қол ұстастың:
Жүрегіңе қысып бастың,
Қолымды ұстап апарып.
Құшақтадым, қыстым сені,
Сен де сүйіп құштың мені,
Бал ерніңнен сүйдірдің.
Сені сүйді, сені, жаным —
Асау жаным, ыстық қаным.
Уыңа мені күйдірдің.
1922жыл, Орынбор.
БІЗДІҢ СӘУЛЕ
Біздің Сәуле еркін ойлы.
Ер көңілді, ер мінез,
Қылымсыған, жылымсыған
Сұмпай емес кер мінез.
Біздің Сәуле бір мінезді,
Сайқал емес алдауыш.
Серттен қайтпас тура сөзді,
Жылан емес арбауыш.
Көңілі биік, сылқым маңғаз,
Секек емес ұрыншақ.
Сұмдық баққан, бояу жаққан
Емес жанды қуыршақ...
Біздің, Сәуле іске шебер,
Ауыр іске тым ұста.
Таудай істі демде жеңбір,
Қолы тисе жұмысқа,
Жұмыс қылса оттай жайнап,
Түріп жұмыр білекті,
Ойнатады қурайдай-ақ
Дуыр кетпен, күректі.
Декабрь, 1922, Орынбор.
АҚҚУДЫҢ АЙЫРЫЛУЫ
(дастан)
Арқада бір жер бар еді,
Жібек самал саясы:
Саяда бір кел бар ең
Сырлы кесе аясы.
Маржан құмы, күміс суы
Кел еді кең айнадай:
Мұнарытқан торғын буы,
Көк кестелі айнала.
Қалың топ-топ, алшық-сирек
Жасыл қамыс дестесі:
Бейне қолмен салған ирек
Көлдің жасыл кестесі.
Әдемі еді мөлдіреген
Айна көлдің карнегі;
Су бетінде елбіреген
Ақ шашақтар өрнегі.
Пай шымылдық, жасыл құрақ
Қалың біткен ту құрақ.
Кейде аққулар жасырынад,
Шымылдыққа судырап,
Айна келді мекен еткен,
Бір-екі аққу бар еді.
Мақсұтына бірге жеткен,
Екі ғашық жар еді.
Айна келдің суы күміс,
Жұбай аққу көркі еді,
Көрсе көзің алар тыныс,
Екі сәулем ерке еді.
Көлдің басы ертелі-кеш,
Мың құбылған ән еді.
Екі ғашық ертегідей,
Көлдің көркі — сәні еді.
Жүргенімде елге келіп,
Ешкімді ертпей қасыма,
Кетуші едім көлге келіп,
Біраз жатып басында.
Көз жіберіп айна көлге,
Жағасында жатушы ем;
Төсімді ашып жібек желге,
Рахатына батушы ем.
Келуші едім анда-санда
Саясатсыз тұрмысқа;
Біраз тыныштық беріп жанға,
Дем алуға — тынысқа.
Бір күн ерте айна көлдің
Күйін тыңдап, жағалап
Бір ғажабын және көрдім,
Қарап жатып жағада.
Кең айнадан өзін көріп,
Құстар билеп, ойнайды:
Су түбінен маржан теріп,
Сүңгіп терең бойлайды.
Көлді қорып, байғұс қызғыш
Қыңқылдайды жағалап:
Қанатымен жерді сызғыш,
Төңкеріліп сабалап.
Тауқұдірет қалықтайды.
Қақсап, жырлап, зарлайды;
Сорлы жыршы жалықпайды,
Көл сағасын барлайды.
Көктен көлге төңкеріліп,
Шаңқылдайды шағала;
Бірде жылап, бірде күліп,
Жарқылдайды жағалап,
Қоқыр күйін қаз күйлейді;
Сұқсыр менен қасқалдақ.
Әнге салып, би билейді
Кегер, үйрек, баспалдақ.
Міне осындай көлдің сәнін
Олқысынды жүрегім;
Іздедім мен аққу әнін —
Жүрегімнің тілегін.
Көлдің бетін көзбен аңдып
Жұбай аққу көрінбей;
Сәулемді іздеп жаттым қаңғып
Көл басында ерінбей.
Аққу күйі бір мезгілде
Сыңқылдады алыстан;
Және бірі шыға келді
Жақындағы қамыстан.
Жақындағы кек қамыстан
Шыққан аққу жырлады.
Аққу салған ән алыстан
Бері жүзіп зырлады.
Жалғыз аққу жырақтағы
Әнге салды «келем» деп.
Сыдар аққу құрақтағы
Тұрды күтіп, көлеңдеп.
Сыңқылдатып, жарып көлді,
Жұпар майын жағынып;
Жұбайына аққу келді
Алыс жерден сағынып.
Белек екен екі ғашық,
Жайқынға кеп түйісті;
Сыпайы ойнап, сыңқылдасып,
Тәтті айқасып, сүйісті
Күміс суды жұмсақ сызып,
Екі сұлу сыланды;
Сылдырлатып моншақ тізіп,
Ақ көбікке бұланды.
Дөңгеленіп, сәнін түзеп,
Айна көлге қаранды;
Екі сұлу әнін түзеп,
Жуынды да таранды.
Екі кербез қатар түзеп,
Көлдің, келді шетіне:
Көлдегі әппақ шашақты үзіп,
Иіскей басты бетіне.
Иіскеп нәзік исін жұтып?
Көлбеңдеді айнала;
Ақ шашақты талдап түтіп.
Шашты мөлдір айнаға.
Талдап түтіп ақ шашақты,
Алып әппақ жұпарын;
Ақ тәніне сылап жақты
Қандыруға құмарын.
Екі сұлу еркелесті,
Бір-біріне жарасып;
Тағы нәзік «не-не?» десті,
Бір-біріне қарасып.
Бөліп әсем ойындарын,
Екі ғашық сүйісті;
Сүйісіп боп, мойындарын
Мұңайысып иісті.
Екі маңғаз ғашық жұбай,
Шын сүйіскен жар еді;
Мұңайысты неге бұлай,
Не қасіреті бар еді?
Екі маңғаз еркін өскен,
Қосылысқан жар еді;
Ертегідей ер кел ескен,
Тағы неге зар еді?
Екі сұлу мөлдіресіп,
Неге бүгін мұңайды?
Бірін-бірі елжіресіп,
Неге ақырын сылайды?
Дауыстары қалтырасып,
Неге нәзік жылайды?
Қосылысқан екі ғашық.
Тағы нені сұрайды?,
Көл ортасы кең жайқыннан
Келген аққу бұрылып,
Қасіреті іште тынған,
Жөнеп берді сырылып.
Қыңқылдады қалар ғашық
Көздің жасын тия алмай.
Көлбеңдеді о да жасып,
Кетер ғашық қия алмай.
Қимаса да бірін-бірі,
Қайта-қайта қайрылып;
Екі ғашық әрең тірі,
Тағы кетті айрылып.
Екі ашықтың міне сыры,
Қанбаса да құмары.
Көл шетінде қалды бірі,
Тағы кетіп сыңары.
Бір шоқ қамыс жиекте өскен
Бір мезгілде қалт етті:
Қалт етті де үні өшкір,
Үндемеске ант етті!
Шоқ қамысты жыбыр еткен
Аққу кербез елер ме?
Құрттан қорықса қыбыр еткен,
Көл шетіне келер ме?
Кешікпеді, шоқ қамыстан
Жасыл ұшқын жарқ етті:
Ақ түтінмен-оқ қамыстан
Бұрқ атылды,-шаңқ етті!
Кім бүйтті екен көлді жарып?
Суық жүрек шіркін-ай!
Айна көлді оқпен қарып,
Соққандай ғып көктен жай!
Аһ!.. деді де көл селк етті,
Аһ!.. деді аққу: «жаным-ай!»
Қыларын оқ қылып кетті;
Неге бүйттің, зәлім-ай?!
Дәл "көздеді сұрша мерген
Шын сұлудың нақ төсін;
Селк етті аққу, мұрша келмей,
... Басып қалды ақтөсін.
Төсін басып бір ұмтылды,
Жатты жайып құшағын;
Шоқ қамыстан тұра ұмтылды
Мерген алып пышағын.
Ойда жоқта бұлаң етіп,
Тағдыр-минут кеп жетті.
Уыздай ақ төстен өтіп,
Келді сызып оқ кетті.
Күңіренді көл қарғыс шашып,
Шулады көл гүрілдеп.
Аққу жатты төсін басып,
Ағып қаны, дірілдеп.
Айна көлге жылап ақты
Әппақ төстен қызыл қан;
«Хош, жаным!» деп,қанат қақты,—
Үзілді тез шыбын жан.
Суды сабап, шапшаң мерген
Ақ қанатты қайырды:
Еш күнәсіз шашақ терген
Екі ғашықты айырды!
Көздегенін атып жығып,
Ұры шіркін келген бұғып,
Сұрша мерген кенелді;
Енді алшаңдап жөнелді.
Сол мезгілде аққу ұшты.
Жалғыз қалған жырақта;
Суды сабап келіп түсті
Түтін шыққан құраққа,
Аққу көрді ойда жоқта
Бір пәленің келгенін;
Ғашығының ұшып оққа,
Жау қолында өлгенін!
Аққу тағы зарлап ұшып,
Жалғыз қалған жарына;
Жығылды кеп суды құшып,
Сұр мергеннің жанына.
Қалған ғашық болмай ие ;
Моншақтаған жасына;
Шықты даусы іші күйе,
Мергеннің кеп қасына.
Сыңсып аққу суды шашып,
Шырқ айналды зәлімді,
Сұр мергенге төсін ашып,
«Мені де ат!» деп жалынды.
Қып-қызыл қып қолын қандай
Ақ сұлудың қанына;
Мерген кетті шыдай алмай,
Күйіктінің зарына.
Аққу бетін жаспен жуды,
Көкке шықты күйініп;
Сұр мергенді қоймай қуды
Көктен жерге түйіліп.
Сұр мергеннің алдына кеп,
Тағы келіп құлады;
«Азшы жылдам мені де!»— деп,
Баурын басып жылады.
Мұны дағы батыр мерген
Енді атуға батпады;
«Мені де ат!» деп жылап келген
Сорлы жарды атпады.
Сұр мергенді шырқ айналып,
Жылап аққу қалмады;
Өзегі өрттей күйіп-жанып,
Қаққан қанат талмады.
Мерген кетіп бара жатыр,
Алды-артына қарамай;
Аққуды аңдып атқан батыр
Тағы атуға жарамай.
Біресе аққу шырқап биік,
Көкке жылап зарлады;
Біресе кеп жерге тиіп,
Көзден жасы парлады
Біресе кеп жерді сабап,
Жер бауырлап ыңқылдап;
Біресе ұшып желді сабап,
Назаланды сұңқылдап.
Шіркін ғашық жан жолдасын
Тастауға - енді қимады;
Мөлдіреген көздің жасын
Моншақтатты, тимады.
Жылама енді, күйікті жар!
Неге керек еңіреу?
Кімге мұнша қыласын зар?
Жер менен көк меңіреу!
Талай сорлы жер мен көкке
Сен тәрізді жылаған;
Көздің жасын төгіп текке,
«Мені де ал!» деп сұраған.
Аққу білді батыр мерген
Енді мұны атпасын;
Қанға бояп төсін керген
Жұбайымен жатпасын.
Жер мен көкке зар еңіреп,
Шыдамады күйікке;
«Жұбайымнан қалмаймын» деп,
Шықты шырқап биікке.
Сорлы ғашық бел байлады
Жұбайынан қалмасқа;
Серт қылғандай, айқайлады
Көлге қайтып бармасқа.
Көкке қарай қанат қағып,
Аққу кетті бұлдырап;
Бір мезгілде төмен ағып,
Төңкерілді судырап.
Төмен ағып қадалды да
Найзадай боп шаншылып,
Сұр мергеннің қақ алдына
Жығылды аққу жаншылып.
Күйікті жар құлап өлді,
Ақ төсінен қан ақты;
Жұбайына «ырза бол!» деп
Бір-ақ серіпті қанатты.
Өлімді де шіркін ғашық
Сүйгенімен бір көрді;
Жан күйігін мәңгі басып,
Жұбайымен бірге елді!
1925жыл
СОВПАРТТАҒЫ ҚАРЫНДАСЫМА
(Гулбаһрамға)
Елден келдің қалаға -
Оқу іздеп, шырағым!
Жүрмегейсің ұмытып
Ауылдың алыс — жырағын.
Надандықпен шіріген
Қалды алыста ауылың
Сенен дерек күтеді
Елдегі көп бауырың.
«Тасын кемір білімнің»
Болып жүрме әуейі,
Білім үйрен ерінбе!
Ойынға артық берілме!
Ел қызының келеді
Сенен дерек білгісі.
Елге білім апарып,
Солардың бол үлгісі.
Алыстағы ұмытпа,
Нашар, надан, жұртыңды.
Бояу қуған қыздарға
Еліктетпе сыртыңды. __
Қаланың сылқым қызының.
Құр сыртына еліктеп,
Шылым тістеп аузыңа
Оқымай жатып желікпе.
Кеуде ыстаған сән емес,
Әуес қылма шыпымды.
Үйренбесті үйреніп,
Шылым деме — білімді.
Кейбіреулер санасыз,
Сыртын ғана түзейді.
Өнер кебі солдай-ақ,
Құр, тек шашын күзейді.
Білім емес мақсаты,—
Сондайлар көп емес пе?
Сөйтіп жүрсең сен-дағы
«Мәнсіз адам» демес пе?
Ішкі қалпың өзгермей
Сыртың ғана өзгерсе,
Үйткеніңді ауылда
Өңкей сыншы көз көрсе,
«Не оқыған өзі?»— деп,
Таба қылып күлмес пе?
«Сыртын ғана бояпты»
Деп өсекке ілмес пе?
«Ішкі қалпы мәнсіз» деп
Мазақ қылып жүрмес пе?
Өзгерген тек формыңа
Иттер шулап үрмес пе?
Жаңармасын демеймін
Сыртқы көрнек түріңді.
Жаңарт, бірақ бірдей қыл
Сырт пен ішкі сырыңды.
Өзің бисің, әрине,
Өз басыңның еркіне.
Ішің лайық болсын тек
Сырты өзгерген көркіңе.
Сырты сырлы адамның
Болса ішінің мәні жоқ,
Ұқсамай ма жеміске,
Сырты әдемі, дәні жоқ?
Хат жазбасқа болмады
Ойыма осы сөз келіп.
Жүрмесін деп айтамын
Сыртың ғана өзгеріп.
Жаздым ірікпей ойымды,
Жат емеспін іркетін.
Үлгі күткен аулыңды
Қылма өзіңнен үркетін.
Сен де қырықсаң, мәселен,
Ұзын өрген шашыңды.
Шаш оқуға бөгет пе,
Күтіп жүрсең басыңды?
Ақ құтанның кәдірі
Сапарының көрнегі.
Қырғауылы көркейткен
Батсайы жүн өрнегі.
Көркейтпей ме сені де
Жібек шашың оралған
Түскен асып тоқпақтай,
Аш беліңнен бұралған.
Шаш биттерлік күн туса,
Шашты сонда аларсың.
Ауырсаң — түтін ем десе,
Аузыда шылым саларсың.
«Бұл не деген сөзі» деп,
Ренжіме ауырлап.
Сақтандырып айтамын.
Ағалықпен, бауырлас.
Тез даярлан совқарттан,
Білім жинап қайтуға.
Елдегі кеп сіңліңе
Ақыл, нұсқа айтуға.
Елден келдің білімге,
Маржан алқа теруге.
Міндеттісің оныңнан
Елге апарып беруге.
Тоқып үйрен, жалықпа,
Өнер-білім өрмегін.
Шеберлей бер жібекпен
Сол өрмектің, өрнегін.
Тіге берсең жібекпен,
Көркем өрмек кестесін,
Көрсетерсің ауылға,
Кесте өрнектің дестесін.
Апам ақыл берер ед,
Қасыңда емес,— елде алыс.
Ақылдасып жүруге
Жырақ кеттім мен де алыс.
Сүйгенімнен айтамын
Бұл ақылды, шырағым!
Есіңнен бір тастама
Елдің алыс — жырағын!
1926 жыл
ЛАШЫН ӘҢГІМЕСІ
(Түс)
Бір түсімді айтайын,
Әлеуметке жыр қылып.
Осыған ұқсас бір істі
Айтып ед бір дос сыр,қылып.
- Ой жіберіп қарасаң
Менің осы түсіме.
Лашынның ісі ұқсайды,
Адамзаттың ісіне.
Жете жори білгенге
Бұл түсімнің мәні бар.
Жүрек тербеп қозғайтын.
Сырлы қасірет әні бар.
Ұйқтап жатып түсімде
Сарыарқа сары бел көрдім.
Белден белге жағалап
Бір үлкен шалқар көл көрдім.
Сол үлкен көл шалқыған
Түпсіз терең су екен.
Тағы жыртқыш құсы көп
Тәртібі жоқ шу екен.
Ортасында шалқардың
Бар екен үлкен аралы.
Сол аралға кеп қонды
Бір лашын құс жаралы.
Бұл лашын құс жер, көкті
Серік"іздеп кезіпті.
Бөтен текті құстарды
Қыла алмай серік безіпті.
Көп болғанмен дүниеде
Лашындай талай асыл құс.
Іздегені лашынның
Өзімен текті лашын құс.
Лашын қонды аралдың
Бір қиындау шыңына.
Дауа іздеді сүзіліп,
Жүректегі мұңына.
Көрді лашын бір ұя,
Шыңдағы жақпар қияда.
Көзі түсті бір құсқа,
Жақпардағы ұяда.
Қадалды лашын сол құсқа
Екі көзін айырмай.
Қалды қатып қадалып,
Артына мойын қайырмай.
Ұядағы жалғыз құс
Лашынның екен баласы.
Әлі ұшпаған жас екен
Қасында жоқ анасы.
Балапан құс ұяда
Қанатын сылап тарайды.
Мөлдіреп о да қадалып,
Тектесіне қарайды.
Мөлдіресіп әуелі
Лашынға лашын көз салды.
Құстың нәзік тілімен,
Үлкен лашын сөз салды.
Көкке сермеп құлашты
Аралдан алып кетпекке,
Серік қылып тектесін
Мұратына жетпекке.
Бала құс әбден таныды
Анасының тектесін.
Жүрегі сезді лүпілдеп,
Тектесі тастап кетпесін.
Сырнайдан сұлу дауыспен,
Бала көңілін білдірді.
Тектесінің жүрегін
Балша ерітіп күлдірді.
Екі лашын сонымен
Сол ұяда түйісті.
Сұлу сынды сыпайы,
Айқасып тәтті сүйісті.
Тектесінің жүрегін,
Бала лашын өрт қылды.
Айрылмасқа тірідей,
Үлкен лашын серт қылды.
Шаңқылдап даусын кернеді,
Аралға келген бұл лашын.
Тектесін ертіп кетуге
Лашын құс жайды құлашын.
Лашын құстың даусынан
Көлдегі кұстар шошынды.
Аралдағы түрлі құс
Біріне-бірі қосылды.
Аралдың құсы шуылдап,
Ұяның келді қасына.
Үймеледі у-шу боп,
Қос лашынның басына.
Қос лашынды қоршады
Шулаған құстар-қамалап,
Тиіп-қашып жабылды.
Қанатпен қағып сабалап.
Қарға менен бөктергі,
Шағала, қызғыш, қарақұс,
Неше түрлі тағы көп,
Белгілі түссіз ала құс.
Лашынға шашты бәрі де,
Неше түрлі батпақты.
Екі жарды қоспауға
Жасады талай шатпақты.
Лашынды былғап батпақпен
Балапанды шошытпақ.
Жібермеуге аралдан
Лепірген көңілін жасытпақ.
Лашынға қастық қылмаған
Құстың саны тіптен аз;
Бір-екі ғана қаршыға
Аққумен, бірер қоңыр қаз.
Лашын ұшты, сымпылдап,
Шалғысы жасыл жарқылдап,
Жас лашынға «жүр» деді.
Шыңды айналып шаңқылдап.
Бала лашын ұшуға,
Оңтайлады қанатын.
Тектесінен сүйіскен,
Болмады тіпті қалатын.
Шулаған жыртқыш жабылып,
Балапанды жылатты.
Ұшуға қанат жазғанда,
Топшыға қағып құлатты.
Қанатын қағып қамалап,
Ұшуға ерік бермеді.
Анасыз жетім жас байғұс,
Ешбір жәрдем көрмеді.
Қамалады қалың құс
Қастығы жоқ лашынды.
Тиіп-қашып шуласып,
Жалғыз ерді басынды.
Шығады сорлы жалғыз ер
Мұндай ауыр күйікке,
Шарыққа атты тік заулап,
Күйікпен кетті биікке.
Қайта айналып лашын құс,
Ашуын жиып айқаспақ,
Екіншіде тиіскен,
Қанша жаумен шайқаспақ?
Шарықтап кетті алысқа,
Күштерін әбден жимаққа,
Екіншіде жауласса
Топшысын жаудың қимаққа.
Лашын байғұс күйініп,
Зор уайым қылады.
Ұяда қалған жетімді
Ап кетпегей құладың.
Бір құладың ап кетсе
Қайта айналып келгенше.
Жауларымен шайқаспақ
Топшысы қирап өлгенше.
Лашынның жаны күйініп,
Жүрегі өрт боп жанады.
Уайым қып тектесін
Көзінен жасы тамады.
Лашын сермеп құлашын,
Бұлттан асып зарлады.
Күйік кернеп көкірегін,
Көзінен жасы парлады.
Өлім десем түс екен,
Есікті біреу қағыпты.
Ояна кетіп қарасам
Жастыққа жасым ағыпты.
Жалғыздық көрген лашынды,
Аяп мен де жылаппын.
Көзден тамған жаспенен,
Жастығымды бұлаппын.
Тұра салып жолдастан
Түс жоруын сұраппын.
Домбырамды ап жабырқап,
Құлағын күйге бұраппын.
Бұл түсімнің жоруын
Әбіке сенен сұрадым.
Шын жүрекпен тілейік.
Екі жардың мұрадын.
Бір жыртқышқа бөбекті
Тағы құстар бермес пе?
Жетім лашын еріксіз,
Құладынға ермес пе?
Бала лашын бұл істі,
Тағдырдан ғана көрмес пе?
Құладынға алданып,
Жаттықпен байғұс көнбес пе?
Қамалап жалғыз жетімді,
Құрбандық қып шалмас па?
Бір жыртқышты баулысып,
Жас лашынға салмас па?
Арам жыртқыш қодаңдап,
Балапанды алмас па?
Бала лашын сонымен
Бір қор құс боп қалмас па?
1927жыл
АҚҚУ ҚҰС КҮЙІ
Аян деген ақынның біраз өлеңдері «Ақ сұлуға» арналып жазылған махаббат жырлары.Өзінің сүйген сұлуын аққу құсқа теңейді Мынандай өлең жырлары бар -
І жыр
Ей, сәулем, сен,— аққу құс, көлден ұшқан,
Сұқтанған сәулетіңе дос пен дұшпан
Айдында тұнжыраған мен тұңғиық,
Аққудың тоймай күнде төсін құшқан.
Ақ сұлу,— сен көлдегі аққу сынды.
Ақ күміс, сыңқылдаған сұлу үнді.
Әлемге бірдей қызыл нұрын шашқан,
Қош алған ертелі-кеш алтын күнді...
Аққу құс тұңғиыққа жауһар шашып,
Сыңқылдап, құшақ жайып төсін ашып,
Ойнайды, ақ төсіне иіскеп басып.
Аймалап тұңғиықтың ақ шашағын,
Аққу құс ақ шашағын иіскеп, жұлып,
Ойнатад тұңғиықты жатқан тұнып;
Тұңғиық ақ сұлудың төсін құшып,
Сүйеді шөп-шөп етіп, сылқ-сылқ күліп.
Аққу құс айдын көлде сыңқылдаған,
Айналса құладынға шыңқылдаған,
Тұңғиық, аққу құстың төсін құшқан,
Күрсініп күйге түсед ыңқылдаған
2 жыр
Айдын көлде аққу жүзед,
Ақ сәулесі шаңқиып.
Сұлу үнмен саңқылдайды,
Көлді сүзіп мадқиып.
Көлдің күміс суын сызып,
Аппақ төсін кереді.
Су бетінен ақ шашақты
Әлдекімге тереді.
Көлдің мөлдір айнасынан
Өзін сұлу көреді.
Бұрынғы өткен шайыр көрсе,
«Ақ періште» дер еді...
Тұнжырайды тұңғиық
Терең шіркін өмір тілейді
Буып ашу мың қиық
Күрсінеді, уһлейді.
3 жыр
Сәулетті аққу сыңқ-сыңқ жырлап
Тұңғиықта дүзеді.
Тұңғиықтың төсінде ойнап,
Ақ шашағын үзеді.
Ақ сұлуға тұңғиық кең.
Керіп құшақ ашады.
Аққу үзіп ақ шашағын,
Иіскеп, түтін шашады.
Тұңғиықтың төсіне аққу
Аппақ төсін төсейді.
Айпақ сүйрік білегімен
Су күмісің көсейді.
Тұңғиық мас ессіз құмар
Ақ сұлудың көркіне,
Төсін мәңгі құшар еді,
Аққу тисе еркіңе.
Сұлу үнді ақ мамықты
Аққу лайық тереңге,
Көрінген құс дүзе ала ма
Тұңғиықтай еренге?
Шіркін ерен, сонша құмар
Ақ сұлудың үнінен.
Іш құмары тарқамас ед,
Мың сүйіссе де күніне...
Аққу кетсе қамысқа еніп,
Мұз қабағын түйеді.
Жүрек бауыры мұздай болып,
Тағы өртеніп күйеді.
Толқын кернеп дөңбекшиді,
Ашу кебін киеді.
Долыланған арыстанша
Айналаға тиеді...
Сонда ақ сұлу шыға келсе,
Дүзіп, әсем сыланып,
Ашулы ерен сұлық тынады,
Дөңбекшіген бұланып,
Сонда аққудың лебі тиіп,
Күліп терең иеді.
Ақ сұлудың мамық төсін
Шөп-шөп етіп сүйеді...
4 жыр
Қасірет күймен тебіренеді,
Күйіп-жанып жан жүрек.
Бірде удай, бірде балдай,
Махаббат гүл үлбірек
Бірде удай бұл махаббат,
Бірде жұпар мас қылад.
Бірде жанды бақытты қып,
Бірде көзді жас қылад...
Ақ мамытым, ақ үлдірім,
Неге мұнша сүйдірдің?
Неге маған кез болдың сен,
Неге ынтық қып күйдірдің?..
1932 жыл.
АЯН МЕН АИЛАҚ ХИКАЯСЫНАН
І
Құшақ жайған қиялды жан
Көктегі алтын сәулеге.
Аққу сынды сұлу іздеп
Түскен қасірет, әуреге...
Бұл әурені «Кім» десеңіз,
Жоқ іздеген бұл бір жан.
Бұл «бір ақын»— бірде ақ болат,
Бірде жібек үлбір жан.
Кез келгенді көпшілікше
Бұл тәкаппар сүймейтін.
Көңілі шын сүймегенге.
Менмен басты имейтін...
Көкте жұлдыз, жерде құндыз
Бұл әуренің сүйері.
Аққу сынды ақ періште
Сүйіп басты иері.
Сүйтіп жүріп, сұлу іздеп,
Өзін әуре алдады:
«Міне аққу» деп көп ішінен
Бір боз құсты таңдады...
Бір моншақты жерден тауып,
«Осы деді жұлдызым».
«Міне деді іздегенім,
Осы — деді құндызым».
Амал нешік, қиялшыл жан
Жұрттың сөзін алмады.
«Мұның жұлдыз емес» деген
Сөзге құлақ салмады.
«Мұнымен тек ойна да ғой»
Дегендерге қоймады:
Аққу құс деп құшты әлгіні,
Қиялшыл жан тоймады.
Әлгі құс та әуре ақынға,
Жан — тәнімен берілді.
Құшақ жайып еркеледі,
Манаурады, керілді.
«Бұл кім?»— десең, бұл — бір әйел,
Болмай жүрген байы нақ.
Әуре ақынның, оны сүйіп,
Қойған аты «Айлақ»...
Құшқан сайын «жаным сен» деп,
Ақынды бұл сендірді.
Қиялшылды диуана ғып,
Бір мұнарға ендірді.
Тәтті өмірді қосты екеуі
Жазғы орманның сәніне.
Мас махаббат маужырады,
Бұлбұлдың шатты әніне.
Сүйісудің лебін қосты
Жаздың сиқыр сырына.
Махаббаттың күйін қосты
Бұлбұлдың шат жырына.
Неше түрлі сыр айтысты.
Жаздың жібек түніне.
Бақытты үнді, сыбыр қосты
Судың сылдыр үніне.
Сүйтіп қызықты айлар өтті,
Жылжып тәтті жыл өтті.
Бір күні бұл екеуіне
«Қасақы сұм тіл өтті».
Бір күндерде Айлақтын,
Суық сөзі білінді.
Әуре жанның жүрегі енді
Уланды да тілінді.
Сүйтіп енді бұл оқиға
Міні осындай сөз болды.
Әуре басқа іздеп алған
Ауыр күйік кез келді...
Сүйгенінен бір күн ақын
Мұздай суық сөз алды.
Маңдайына мұз тигендей
Отқа толды көз алды.
«Бақытсыз жан» «алтын сәуле»
«Ғашығынан» айрылды.
Астам тілек «қос қанаты»
Морт үзілді, қайырылды.
Барлық тілек, бар махаббат
Жүрекке кеп тығылды.
Қолынан хат түсіп жерге,
Сылқ етті ақын, жығылды...
«Сәулетайым, сені ақ үлдір
Ақ құралай нақ деуші ем.
Кіршіксіз жан, сұлу мінез,
Періштеден ақ деуші ем . .
Ақ мамығым, аққуым деп,
Сүймеуші мен ем, қалқашым!
Ақ үлдірім, жәнікейім деп.
Құшпаушы ма ем, қалқашым!...»
Жүрек шіркін бекер сонша
Ойран болып туладың,
Көңіл шіркін ұрынбасқа
Текке ұрынып уладың!
Шіркін жүрек болмап едің
Достың айтқан сөзіне.
Тек бір құсты аққу деген
Өз обалың өзіңе.
Қиялшыл жан, неге салдың
Текке әуреге басыңды?
Кірсіз сұлу таба алмадың,
Мейлің, ағыз жасыңды.
Ақын шіркін, сен диуана,
Не көрінген көзіңе?
Боз моншақты жұлдыз деген
Өз обалың өзіңе!...
«...Шын махаббат іздеу сұм дерт,
Жар жүректің жарасы.
Қиын қасірет табылуы
Дерттің біту шарасы...»
Бұл дүниеде шын махаббат
Іздеудей дерт бар ма екен?
Сол дертті тез бітіруге
Дәрмен іздеу ар ма екен?
Ондай дертті жазатын жан
Жер түбінде болса да,
Аян соны іздеп еді,
Жолы —«жауға» жолса да.
Соған барып жалынар ең,
Мазақ, қылып күлсе де.
Жазам десе шыдар еді,
Көкірек бауырын тілсе де.
Дер еді Аян: «Тез сөндірсең,
Жүректегі өртімді.
Не бол десең, сол болайын —
Тек ұмыттыр дертімді!..
«Келемін» деп келмей кеттің
Өзің сүйген Аяңды...
Талай сертті ыстық сөзің
Болмады ма баянды...
ІІІ
Сүйгенімді таңдатса.
«Тілегіңді ал дүниеден» деп,
Бір-ақ қана сүйгеніңді
Береміз деп аңдатса.
Көк «ұжмаған» талақ қылып,
Бір-ақ тілек қылар ем.
Еш нәрсеге мойын бұрмай,
«Аққуымды» алар ем.
1932 жыл 19 июнь. Лагерь
«А..
30/VІ—32-жыл. Лагерь.
І— Хат жаздым қалам алып,жаным саған
Хат жазбақ парыз болды енді маған.
Парыздан құтылуға жаза салғаным жоқ,
Жазамын сағынғаннан, амалым жоқ.
ІІ— Ақкөлмектің соқтым алмен
Мен сені тең көрмеймін ешбір жанға.
ІІІ— Жарасқан күміс білезік білегіме,
Қашан мен жетемін ойлаған тілегіме.
Жазған Айлақ.
V
«Не қылдым, есті осынша алдырғандай
Өкінтіп ақырында налдырғандай?
«Жұлдызың іздеп жүрген нақ осы?»деп
Тұрақсыз ұшқынға кез салдырғандай
Не кегің бар жолдан мені тайдырғаны
Мені арзан ұшқынға қол жайдырғаның.
Алдантып былғанышқа былғандырып,
Шындықпен иман нұрын шайдырғанын?..—
АЙНАЗАР МЕН АИСҰЛУ ХИКАЯСЫНАН
«М. к - ге»
Сансыз юлдыз аспан көкте
Нұрлары ойнап ялтыри,
Янған отлы өз юлдызын
Юрек ізлеп қалтри.
Көк мұхитта от юлдызлар
Ялт —тюлт билеп ойнилар.
Түрлі матүр отлар шаша,
Ойнаудан һиш тоймилар.
Мүмкин алар янған гәуһәр,
Мүмкин көкнің нұрлары.
Сақ-сак күліп иырлар ай тұр,
Интілми тик иырлары.
Иырақ дүр, бит, алар бізге,
Тик ялтыри нұрлары.
Аларны біз юлдыз дейміз
Мағлұм түгіл сырлары...
Юлдыз санап мин киләмін,
Урманлардан ұзамын.
Алтын юлдыз гәуһәр отлы,
Сида қолым созамын!..
Сині ойласам көкірегімнен
Иырлар шыға үзіліп.
Алтын юлдыз, сиңә көзім
Талми қарим сүзіліп!..
ІІ
Аспанда сансыз қалың жұлдыз бардай,
Жалтылдап нұр шашады сиқыр сырдай.
Құбылтып бір-біріне күй қосады,
Өмірі таусылмайтын сұлу жырдай.
Сан сәуле көк теңізін алтындайды,
Құлпырып нұрлары ойнап қалтылдайды.
Ән қосып түрлі гауһар от боп күліп,
Би билеп көкте қалқып жалтылдайды.
Ойнаған сан сәуленің сиқыр сыры,
Жалтылдап қызықтырад сұлу жыры.
Гауһардай алтын жұлдыз көп болса да,
Тек қана қызықтырмақ жалғыз бірі...
ІІІ
...Көктегі сан сәулені санадым мен,
Әрқайсың сыпатына баладым мен.
От шашқал маңдайыма гауһарсың деп,
Біреуін таңдап көктен қаладым мен.
Сол жұлдыз көкке өрлесе, қуанамын,
Кейісем, жадырап жан, қуанамын.
Кейде егер бетін оның тозаң шалса,
Күрсініп қапаланам, диуанамын.
Ол жарық жанса, көңілім тасынады.
Шаттанып қас-қабағым ашылады.
Ішінен сансыз жұлдыз бір сол ғана
Көзіме оттан ыстық басылады...
АЯН ҚАЛЖЫҢЫ
...һәркімнің, қымбат көрген құндызы бар,
һәркімнің, өліп өшкен «хор қызы» бар.
һәркімнің маңдайына ылайықты
Кез болған көп ішінен «жұлдызы» бар...
Ұялам өліп-өшіп «сүйгеніңе».
Орынсыз менмен басты игеніңе.
Көк темір, жаңа құрылыс заманында.
Күшіңді текке шашып күйгеніде...
Құрады жұмыскер тап жада дәуір,
Күйретед мың-мың батпан болса да ауыр.
Сүюің іске кесел боп жүрмесін.
Демеймін: «Тас жүрек бол, мұзды бауыр!...»
ЖАЯ ӘНШЕЙІН
(Аянға)
І
Ұят-ау»..
Кәне енді, біздің күлкі ойқастасын,
Бұлғаңдап оңды-солды бой тастасын.
Алдыңа көкпар әкеп тастағандай,
«Достарға» әзіл жұмбақ ой тастасын.
Жұмбақты біреу шешер, біреу шешпес,
Әзілді біреу кешер, біреу кешпес.
Айтқан сөз, істеген іс ұмытылса,
Қағазға жазылған сөз өмірі өшпес.
Емес қой, көңіл шіркін дауам шойын:
Қалжыңғас бұрылсын да кейде мойын.
Аянды бастық қылып үйірімен
Айтайын кей достарға әзіл-ойын.
Қызық қой кей мінезің, ақын Аян.
Оныңды етпесем де жұртқа баян.
Түсінсе әзіліме «сырластарың»,
Демесін: «әзілі — улы, тілі — шаян!..»
Белгілі кімдерді сен «сүйгендігің»,
Кімдерге менмен басты игендігің.
Көз жұмып сүйгеніңді көкке апарып,
Бар көркем сипатты оған үйгендігің.
Бүйтуің, досым, тіпті емес ерлік!
Жабыны тұлпар десең соқыр-көрлік.
Дер едім: уақасы жоқ, сүйгеннен соң,
Сүйгенің болса екен-ау, жұлдыз дерлік!..
Білген жұрт «құндызыңды»— пыс дейді ғой,
Алтын деп жүргеніңді мыс дейді ғой.
«Жұлдыз» деп, «аққу құс» деп жүргеніңді—
Әшейін жай бір ғана құс дейді ғой.
Ұялам оңдай құсты сүйгеніңе,
Орынсыз менмен басты игеніде.
Көк темір, жаңа құрылыс заманында
Кеміске өз-өзіңнен «күйгеніде».
ІІ
Саған не болды?
Әуресің бір құспенен екі жаздай,
Әлі де алаң қылар онысы аздай.
Алдыңа, шіркін достар, сөз тастайын.
Үндемей бас шайқаған әзіл наздай.
Дер біреу: «Ақынның өзі әні қайда?»
Жер — көкті суреттеген сәні қайда?..
Әңгіме ертегі қып айтарлықтай,
Жыр қылған ғашықтықтың жаны қайда?,.
Ақынның ішкі сезім сыры қайда?
Сырының сегіз тілді қыры қайда?
Тұрмыстың ащы-тұщы құбылысын
Жалыңды күй ғып шерткен жыры қайда?. »
«Істі әркім тап көзімен сынайды...» ғой,
Әркімге әр түрлі зат ұнайды ғой.
Ұнаған затына әркім қолын созып,
«Маған тек соны бер...» деп сұрайды ғой.
Мысалы: біреуге ұнайд терең білім,
Біреуге ұнайды тек менің тілім.
Біреуге жылтыраған сыры ұнайды,
Ондайға ақымақ сөздің бәрі ғылым.
Әр жәндік өз жеміне тойына шақ.
Әркімге сөз ұнайды өзіне шақ.
Дегендей: «әркім ылайық өз сорына»,
Әр-пенде тон киеді бойына шақ.-.
Білер ғой ақылды адам сөз бағасын,
Көп жұрттан қандай затты сүюмен-ақ
Білер той алтын менен жез бағасын.
Әркім-ақ сездірмек қой өз бағасын.
Мұныңды кей достарың байқады ғой,
«Ол ма?..» деп жұрттың көңілі қайтады ғой.
«Жұлдыз!».. деп жүргеніңді жұрт білсе егер,
«Бағасы сол екен!..» деп айтады ғой.
ІІІ
Кейін жазамыз ғой
Кейде ақын жыр жазады досына арнап,
Немесе жан жолдасы — қосына арнап.
Үнімді дос пен дұшпан бірдей тыңдар
Демейін: «Айттым саған осыны арнап!..»
Кейде ақын арнайды жыр дұшпанына,
Кейде арнайды «өліп-өшіп құшқанына».
Біресе «ақ жұлдыз» боп маңдайына,
Біресе «аққу құс» боп ұшқанына,..
«Ардақты әркімнің бір құндызы» бар,
Әркімнің «өліп-өшкен хор қызы» бар.
Әркімнің маңдайына ылайықты
Кез болған көп ішінен «жұлдызы бар».
Арнармыз басқа жырды «аққу құсқа»,
Жыр көп қой жатқан толып шықпай тысқа.
Жүректің түрлі күйін жыр ғып шертсем,
Адамның сан сырынан болар нұсқа.
ІV
Масқара ғой
Күлкі көп кей достардың мінезінде:
Ерлік те, ездік те бар бір өзінде.
Сөздерім тек ишарат, әзіл-наз ғой,
Жақпаса, достым,
Аян, кінә өзіңде!
Әр нәрсе лайық баға — құн алар ғой,
Әрбір іс көп алдында сыналар ғой.
Дегенге «мұның қалай?..» себеп қылып
Дәлелдеп айтар сөзің мыналар ғой:
«...Құбылған тұрмыс шіркін әлі шұбар,
Жалындай жүрек кейде гүлге құмар.
Кейде егер махаббатқа көңіл бөлсем,
Іс келсе, алданам ба білек сыбар?
Махаббат дауам тәтті бал бере ме?
Кейде егер махаббатқа көңіл бөлсем,
Жүректің зарлы лебі улатқанда
Мойынан іс істеуге жар бере ме?
Мұңайса, көңіл кейде жасымай ма?
Тынбай ма кейде атқан бір насыбайға?
Кейде бір аққу құстың еркелеген
Үніне күш-қуатың тасымай ма?
Сол кезде қолыңа алсаң қиын істі,
Жапырып көрсетесің қайрат күшті.
Жұмысты бітпей жатқан бітіресің
Болаттай айқастырып алмас тісті.
Құбылған шіркін көңіл бейне сағым,
Сағымда болмайды ғой ешбір бағым.
Көңілдің әуенімен күй шертемін,
Сал менің қос қанатты арғымағым...»
Aл оған менің айтарым
Сөз жоқ қой, құмар затың жұлдыз болса,
Мейлі ғой, сондай жұлдыз мың жүз болса.
Іші лас, мағынасыз тұлып болмай,
Дұрыс қой, шынында оның құндыз болса.
Бойыңа дұрыс емес шақтағаның,
Жен болар текке адасып лақпағаның.
Жай бір құс жалпылдаған болмаса екен
«Ақ гүл» деп, «аққу құс» деп мақтағаның!
Жүрекке: «мұз боп қат!. » деу сыймайды ғой,
Сүюді саған ешкім тыймайды ғой.
«Аққу деп жай бір құсты біліпті Аян!..»
Дегенге сені әшейін қимайды ғой!
Қызықты, кереметті біздің дәуір,
Кең ұйым, кең құрылыста кешегі ауыл.
Былығу ондай затпен ұят тіпті,
Күштірек құрылысқа кірген тәуір!
Кей сөзім — әзіл-наз ғой, жәй әншейін!..
Үндемей әзіл-назды мен не дейін?..
Өз досың Әбдірахман айтқанындай,
Қош әзір!..
Сөйлесерміз тағы кейін!..
Июнь, 1932 жыл
МҰЗДЫ ТАУ
Мұзды тау мұнарлы ойға шошып батқан,
Зәрлі алған көкірегінде мұз боп жатқан.
Кеудең мен жүрегіңді сұп-суық қып,
Суық мұз жібіместей мәңгі қатқан.
Қарлы биік,
Мұзды тұйық.
Көкіректе суыр ма екен жанған күйік!..
Маңқиып тұнжырайсың, көкке бойлап.
Түсінді жылытпайсың, айналаңда
Қатқандай таусылмайтын бір ой ойлап.
Қарлы биік,
Мұзды тұйық.
Іш неге жібімейді, бетің суық.
Тек қана мұнар мен бұлт саған жуық,
Қиырға қалша қарап, тебіренбейсің.
Сұм қиял қатырғандай мәңгі буып...
Қарлы биік,
Мұзды тұйық.
Мұз жүрек, суық көкірек, кеудең биік,
Өмірге тебіренбейсің басыңды иіп,
Өмірге жібіместей мұз боп қатқан,
Бар ма әлде көкірегіңде арман, күйік?..
Талақ қып тіршілігін қара жердің,
Ұсынып суық мұзға бойың бердің.
Жердегі тіршіліктен дашарлықтай,
Айтшы, тау, жерден қандай жәбір көрдің?
Мұзды шың, білесің бе жердің сырын?
Білемісің жердің гүлді ой мен қырын?
Беріліп махаббатқа дуана боп,
Жырлаған үзіліп-үзіп бұлбұл жырын?
Мұз биік, көріп пе едің аппақ гүлді,
Құшақтап жыр жырлаған жас бұлбұлды?
Ақ уылдыр, аппақ гүлге ғашық болып,
Жылаған үзіліп жырлап бұлбұл жынды.
Ғашық боп аппақ гүлге бұлбұл жынды,
Тербеткен жырмен талай торғын түнді.
Торғай да жапыраққа жасырынып,
Гүл құшқан түрлі күй мен көркем үнді.
Мұзды тау, мен де сендей болсам биік,
Алтын ай шақырса да көктен сүйіп.
«Жерді қой, ақын бұлбұл, кел!» десе де,—
Жердегі сүйгенімді кетпен қиып...
6 июнь 1932 жыл.
V. БІР ҮМІТ, БІР КҮДІК
ҚАРА АЙҒЫР
(Паровоз)
Қозғалды алып қара айғыр
Қаһарлы күшпен ақырып.
Жай, салмақпен аяңдап,
Күштерін жинап шақырып.
Жөнелді біртін екпіндеп,
Үдере сызып, арқырап.
Ырсылдап, қатты дем алып,
Көздері жайнап жарқырап.
Салдыр-күлдір ентелеп,
Демдері шығып бу, бу, бу!
Алыпқа мініп біз тұрмыз.
Шу, жануар, шу, шу, шу!
Жерді жарып дүбірі,
Орғыды алып зырқырап.
Будақтап бу, тозаңдар
Қылып жатты бұрқырап.
Басқан жерін жеміріп,
Ұшып алға басады.
Ұшқын, жалын, буларын
Жан-жағына шашады.
...Орман, дала, таулардан
Сыдырып, жарып асады.
Бетінен қорқып жолында
Тұралмай әр кім қашады.
Талмай орғып күрсілдеп,
Желді жарып кеседі.
Екпіндеп алып қара айғыр
Құстай ұшып еседі.
Ұмтылып алға ентелеп,
Демдері шығып бу, бу, бу!
Көкірек керіп біз тұрмыз:
Шу, жануар, шу, шу, шу!
Алып дара бұл тұлпар —
Ерлер үшін жасалған,
Жер-дүниеге құлашты
Сермер үшін жасалған.
Алып қара, бұл айғыр —
Ерлер күшпен жаратқан.
Патшаларды құлатып,
Екпін күшке қаратқан
Дүниені орап жаңғыртып,
Күңірентіп ұран таратқан.
Керемет, күштер жасаушы
Жалшылар, енді азаттан!
1921 жыл, январь, Орынбор
БІЗ
(Ғабдолла Асылбекұлы, саған арнадым, жолдасым)
Асау өсіп арқада
Жүген, құрық тимеген,
Матау көрмей ер жетіп,
Жасынан ноқта кимеген,
Бостандық, кеңдік, еркіндік —
Басқаны жаны сүймеген,
Бұғалық салса ұстауға
Ақырып тулап сүйреген,
Арқаның болды құланы,
Еркін, өскен бұланы.
Теңдік іздеп кедейге,
Жауызға көнбей туладық.
Залымдардың жасаған
Аранына уладық.
Қараңғы, суық, зынданды
Жатақ қылды тәніміз.
Қылыштың жүзі, мылтықтың
Аузында болды жанымыз.
Әмірінде жауыздың
Кетіп адам сәніміз,
Арыстандай жаралы
Өртенді қайнап қанымыз.
Бір шұңқыр су, түйір нан
Үйреншікті ас болды.
Күл, көмір, қиқым, тон төсек,
Жастығымыз тас болды.
Тас көмірдің топырағы
Денені басып қаралап,
Тас көмірдің түтіні!
Өкпені қауып аралап,
Қырлы темір шынжырлар
Қол-аяқты жаралап,
Жауыздардың дұзағын
Көрдік, қорлық, азабын!
Мінекей, енді тілеген
Қызыл күнге жеттік біз!
Тұрмысқа патша еттік біз.
Әділдік — адал еңбекті
Бұржуаның, пандардың
Іштеріне тептік біз.
Оларды тақтан құлатып,
Ит шанаға жектік біз.
Арам қанды құзғындар,
Тартсын, тартсын жазасын!
Жәбіршіл жауыз залымдар,
Тартсын енді сазасын!
1921 жыл, 27февраль, Орынбор
АСПАНДА
(Аэропланда)
(Ақылбекұлы Ғабдоллаға арнадым)
Астан-кестен гулеген,
Сыдырлап дауыл улеген,
Жер дүниені толқытқан,
Талай тақты төңкеріп,
Иелерін дордытқан
Дауыл күні ұштық біз..
Аэроплан сықырлап
Көк болат темір қанатты,
Таудан ұшқан қырандай
Қызықтырып қаратты.
Талай ұшқан ақ иық
Төменде қалды мазақ боп,
Бейбітте ұшқыр байғұстар
Дауылда не етсін азап боп?
Құйқылжып мотор дауылмен
Нажағай ойнап зырлады.
Ән қосып сарнап бізбенен
Екпіндей бірге жырлады.
Аударылып, құйқылжып
Аспанда жүріп ән салдық.
Дауыл күні көкке ұшып,
Аспанға барып жан салдық.
Біздің екігін ерлікті
Айтып мотор күйледі.
Сансыз сәуле аспанда
Шаттанып бізбен биледі.
Аспан-көкті жаңғыртып,
Жарқылдатып оқ аттық.
Қалтыратып дұшпанды,
Бұқтырып көзін жоғалттық.
Жарқылдап, шырқап жоғары
Долдана жырлап ұштық біз.
Жердің көкті, ғаршыны
Құлаштап еркін құштық біз.
Жерді, көкті, ғаршыны
Қапсырып құшып сүйдік біз.
Көктегі сансыз сәулені
Қара жерге идік біз.
Дауылда ұшып жарқылдап,
Ән мен күйді жараттық.
Күркіретіп аспанды
Жаңадан ұран тараттық.
1921 жыл, 14май, Омбы, вокзал.
АЗИЯ
(Европаға)
Сұм Европа! Арам, залым тас болдың,
Бүліншілік, жауыздыққа бас болдың.
Адамзатқа жол көрсеткен ерлерге
Неге мұнша, уа, Европа, қас болдың?!
Зина, сату, арамдыққа шіріген
Жан тәніңді, мерез болып іріген.
Орап көркем перделермен жасырдың
Сұмдығыңды дүниеден асырдың!
Өзі әдепті һәм сыпайы сөзіңе,
Сырты көркем маңызданған өзіңе,
Сыртқы жұрттар шыны осы деп нанғандай,
Көңілі толып, көзі тойып далғандай.
Балаларың бірін-бірі шабысты,
Сұм жылаңдар ысылдасты, шағысты.
Өлтірісіп қарындасын, қандасын
Күліп-ойнап іле артынан табысты.
Мұны неге, уа, Европа! Көрмейсің?
Мұнша неге, дұрыстыққа көнбейсің?
Қара пәле тұншықтырды әлемді —
Қарындасқа қолың ұшын бермейсің?
Мен жібердім Семит пенен Мұсаны,
Ыбрайымды, Дәуіт пенен Исаны.
Жіберіп һәм көп пайғамбар мен саған,
Ақырында Мұхаметті жұмсағам.
Адамзаттың шыңырауға батқанын,
Былғанышта үйлесіп жатқанын.
Әуелден-ақ құтқарушы сен бол деп
Семитімнің ұрпағына артқанмын.
Хақылық жолды дін деп атап ашты олар,
Бар әлемге жарықтарын шашты олар.
Адамзатты құтқаруға пәледен,
Михнат шекті, төкті талай жасты олар,
Ылғи қарсы ақиқатқа тұрдың сен,
Ақырында мұндай сұмдық құрдың сен:
Айтса жолын алған болып сен залым,
Өтірікке ақиқатты бұрдың сен.
Өзіңменен тұрмай залым азғырдың,
Көп баламды тура жолдан жаздырдың.
Сұмдығыңа қулығыда үйреттің,
Бұлғадың сен, араластың, сиреттің.
Талай сені адамдыққа шақырдым,
Көбін саған мен жұмсадым ақылдың.
Көнбеген соң туысқандық сөзіме,
Талай саған қылыш алып ақырдым.
Мен жібергем, қару-сайман, жарақпен,
Гун, мадияр, бұлғар, мавр, араб пен
Түрік, татар, монғолымды көргенсің,
Олар сені ұшықтаған садақпен.
Күндер өтті. Сен жөніңмен тұрмадың,
Дүниені жауыздықпен шырмадың.
Қара пәле тұншықтырды әлемді,
Адамзатқа адамшылық қылмадың!
Тазартуға, дүниенің ластығын,
Жібітуге жүрегінің тастығын —
Семитімнің, көп ұрпағын тағы да
Жұмсадым мен Маркс қылып бастығын.
Семитімнің балалары жылайды,
Тозған жалпы сорлыларды құрайды.
Жан иманын бәйгі қылды көп үшін,
Дәтің қайтып енді шіркін шыдайды.
Сұм Европа! Енді жібі тас болма!
Кәрі жәлләп! Енді өтірік жас болма!
Семитімнің балалары қиналды
Кел, бауырым! Енді оларға қас болма!
Тыңдамасаң бұл жалынған сезімді,
Теңсінбесең, паң ғып ұстап өзіңді,
«Күшпен үйрет мынаны!»—деп жұмсармын
Монғолымды — қиғаш садақ кезімді.
Монғол талай асауларды үйреткен,
Талай көрдің омыртқасын күйреткен.
Арқан салып мойныңа талайдың,
Тақымында ойға-қырға сүйреткен.
Орныменен құртқан талай қаланы,
Өрт жүргендей қылған талай даланы.
Шикі ет жеген, алақандап қан ішкен,
Найза ұшына ілген талай баланы!
Монғолымның адам қорқар ісі бар,
Найзасының қайтпас болат ұшы бар.
Тағы арыстан ашуменен ақырса,
Жер менен көк қалтырайтын күші бар.
Қой, бауырым әлде болса тас болма!
Бүліншілік, жауыздыққа бас болма!
Семитімнің балалары бастады
Ер соларға, енді оларға қас болма!
1922 жыл, 10 июнь
ҚАРА БҮРКІТ
(Арыстан Дәуітұлы Троцкийге арнаймын)
Пенде еді қара бүркіт тұтқындағы,
Шынжырлы байлаулы еді қол-аяғы.
Қапаста томағалы күндіз, түні,
Қайғыдан ашылмаған оның бағы.
Күштінің айласына лажсыз көніп,
Сарғайып ол отырды пенде болып.
Отырды бар арманы еркіндік боп,
Көңіліне шерлі қасірет жалын толып.
Отырды мойнын салып күндіз-түні,
Түнімен тек қараңғылық көрген күні.
Тұншығып жарық көрмей сорлы тұтқын,
Отырды қапаланып шықпай үні.
Солайша талай жылдар, күндер өткен,
Кетпекке бүркіт талай талап еткен.
Талпынып дамыл алмай бостандыққа,
Еш болып сан еңбегі босқа кеткен.
Қоймады бостандықтан үміт үзіп,
Мұраты қу қапасты кету бұзып.
Бір күні я өлмек боп, я кетпек боп,
Жұлқынып аяқ бауын кетті үзіп.
Үзген соң көкке шығып аяқ бауын,
Сағынған ол кеп тапты асқар тауын.
Ысқырып, шырқ айналып тауға келіп,
Қарады көз жіберіп қалың жауын.
Тауға кеп шырқады ол аспанға өрлеп,
Жарқылдап көкке шықты қанат сермеп.
Жиналған көкіректегі шерлі сағын
Шығарды ол саңқылдап даусын кернеп.
Құрышын тарқатуға бүркіт енді
Қанатын жазып еркін, есті жиды.
Жауларын қарауылдап көкті кезіп,
Міне, енді дара бүркіт тауға келді.
Қалың ну, шын, — құз, асқар, зеңгір биік,
Шыңдарды айбат шеккен көкке тиіп.
Жиналып ертелі — кеш бұлттар келіп
Еріксіз мойынсұнған басын иіп.
Тілдесіп тау аспанмен құшақтасқан.
Бұл таудан жалғыз биік жоғарғы аспан.
ЬІсқырып көкке шытып жерді байқап,
Жалғыз-ақ сол таулардан бүркіт асқан.
Сол кезде таң атқан ед таудан асып,
Шұғыламен тұншықтырып нұрын шашып.
Бүркіт пен күннен қорқып барлық жыртқыш
Тығылды іннен інге бетін басып.
Біресе жырқылдады бұлттан асып,
Біресе желмен ойнап арындасып.
Біресе оқтай заулап жерге келді,
Жыртқыштар шыдасын ба кетпей қашып?
Бір хайуан тау ішінде қорғалаған,
Ақырын бұғып бәрі жорғалаған.
Екпіні қандай жауын шығар қандай,
Ысқырып көктен төмен сорғалаған.
Тау кезігі қалықтайды қара бүркіт,
Таудағы қасқыр, борсық кеткен үркіп.
Ұқсайды жау күзеткен аэроплан
Салмақпен шайқалады күшін іркіп.
Аспанда дара бүркіт қалықтады,
Тау кезіп бақылауға жалықпады.
Құйқылжып желмен ойнап төңкеріліп,
Қанатын болат құрыш далықпады.
Інінде дара жылан жатыр бұғып,
«Шақсам» деп аңдып сені көзі жайнап.
Қыраным! Топшыңды жи, данат домда!
Ұраңды қаттырақ сал оңды, солға.
Жауың көп алыста да, жақында да,
Ұшсаң да, отырсаң да қамсыз болма!
1922 жыл
АШ ҚАЗАҚ
(Қазақтың азаматтарына, қазақтың байларына mapmy)
Ыстық күні, оттай құмы
Ми қайнатқан елсіз Бетпақ даласы
Жолда жаяу, жүрісі баяу
Келе жатты қазақтың бір баласы.
Ол бір ерке, бағлан серке,
Елде жүрген көк өрімдей жас еді.
Енді ғаріп, болған арып,
Бұл даңғырған қалтылдайды — аш еді.
Әрең басқан... өңін ашқан...
Тәлтіректеп аш-әруаң қуарған.
Шыққан жерден, тұрған көрден
Өліктей боп ұрттары суалған.
Біраз жүрді, біраз тұрды...
Аш-әруақ жол аузына құлады!
Біраз жатты ышқынып қатты.
Әлін жинап көтерілді, сұлады.
Тіреп жерді, бас көтерді,
Сорлы аш қазақ қалған күшін жинады.
Тәңір ісі, міне аш!
Жазасыздың шыбын жанын қинады.
Төңірекке көзін сүзіп,
Қазақ жұртың — бауырларын іздеді!
Өлгенінше жәрдем күтіп,
Тіршіліктен әлі күдер үзбеді!
«Тәңірім алла-ай!...
Адам жоқ қой?.
Жаратқан-ау, қинадың ғой жанымды!..
Көзіме жан көрінбейді...
Құрттың, алла, бүйтіп қинап әлімді!
Әділ едің, жасаған-ау!
Не жаздым мен, бір өзіңе мәлім-ді?
Жылаттың ғой жазасызды,
Масайратып өңкей жауыз залымды.
Итке, құсқа жем қылдың ба,
Үнсіз, нахақ азап тартқан тәнімді?
Бетпақ дала жолдың ауызы...
Көрсін қазақ аққан құмға қанымды!
Жомарт едің, мейірімді едің,
Бауырларым, бабам, қазақ қайдасын.?
Бар еді ғой сансыз малың,
Ол мал қайда?
Кім көрді оның пайдасың?
Жәрдем күте жалғыз сенен...
Жайып қолды, жылап-еңіреп, сұранып...
Өлдім, міне, бауырларым!..
Айдалада, қаңғырып... аш... бұралып. »
Ыстық күні, оттай құмы.
Күйдіреді.
Елсіз Бетпақ даласы!
Бетпақ меңіреу... жылап, еңіреп.
Жалғыз қалды сорлы қазақ баласы.
Қалды жылап!
Жатыр сұлап...
Кімге міндет оның болу панасы?
Қалмас текке!..
Келешекке
Кім жауапкер, ойлап соны қарашы?
22 апрель, 1922 жыл Ташкент.
ИВАН МЕН МЫРЗАБЕККЕ
Иван менен Мырзабек,
Екеуің мені көрме жек.
Екеуіңе бұл сөзім,
Қарақтарым, қылма кек!
Туған жерім Сарыарқа —
Қиырсыз еркін кең алқа.
Арқаның тентек еркесі,
Тарқан-бұлаң серкесі,
Кемшілікгі сүймейтін,
Қорқып басын имейтін,
Асау өскен тағымын,
Бостандықтың жағымын.
Жолдасым сирек, Иваным,
Болса түзік иманың,
Тілесең егер теңдікті,
Жойылсын десең кемдікті,
Сен бауырсың туысқан,
Бір мақсұтты қуысқан...
Ал Мырзабек, ашынам,
(Біледі мені жасынан)
Аулыңда ішіп қымызды,
Екпіндеп судай тасынам.
Күшгіге қарсы тұрамын,
Нашарларға бұрамын.
Керек болған кезінде
Тыңдамаса сөзімді,
«Мырза-екеммен» соғысып,
Әлсіздерге болысып,
Қамшы, шоқпар ұрамын.
Қамшым менің білектей,
Айдары темір күректей,
Талай керді үйреткем,
Омыртқасын күйреткем.
Иван менен Мырзабек,
Екеуің мені көрме жек!
Қайтейін, тентек, тағымың,
Бостандықтың жағымын.
1922жыл, 3июнь. Ақтөбе жолы.
БІЗДІҢ ТҰРМЫС ЭКСПРЕСС
Тұрмыстың дара ісіне,
Әлемді құл ғып күшіне,
Еріксіз жұтып ішіне,
Экспресс жөнейді.
Ғашықты жардан бөлсе де,
Талай жан жолда өлсе де,
Жасты, қанды көрсе де,
«Обал болды» демейді.
Жарым артта қаларын,
Меруерттей жасы тамарын,
Білсем де маған қарарын,
Поезға міндім таласып.
Талай жан жаннан айрылды,
Талай жар жардан айрылды,
Сұңқардай талай қайрылды,
Телміріп қалды адасып.
Экспресс зырлайды,
Ешқайда мойын бұрмайды,
Ешкімге қарап тұрмайды,
Аямай жанды баратыр.
Жарымды артта қалдырды,
Кеудені өртеп жандырды,
Алысқа көзді салдырды.
Ұшырып алға қаратып,
Аждаһдай иреңдеп.
Жорғалап кейде күйрендеп,
Сумаңдап, кейде сүйреңдеп,
Экспресс зырлайды.
Ентігіп жылдам сыбырлап,
Аяқтары қыбырлап,
Адымы жиі жыбырлап,
Тұра тұр десем тұрмайды
Зырла, экспресс, ұш, зырла!
Жұлдыздай ақ, құлдырла.
Құйындай құтыр бұлдырла
Аямай жүгір бәрің де!
Ерлер мінсе, шыдасын!
Қорқақтар мейлі жыласын,
Шыдамаса құласын!
Аямай сілте барыңды!
1922 жыл, 23 август
АЛТАЙ
Айбатты Алтай тауы бұлттан асқан,
Басың қар қысы-жазы қырау басқан.
Айдынды Азияның дарауылы
— Шудалы ақбас бура көбік шашқан.
Өр Алтай ызғарланған көкке тиіп,
Өр кеуде ақ мамықтай төсің биік!
Үймелеп көктен бұлттар қоршап төніп
Аймалап ақ төсіңді құшқан сүйіп.
Бүркіттей отырсам мен келіп қонып,
Айнала дүниені көздеп шолып,
Саңқылдап Азияға салсам ұран,
Жиналса қызыл ерлер лек-лек болып.
Темен тап Европада майдан ашса,
Серт қылып белін байлап, туын жазса,
Алтайдан жәрдем күтіп, жаудан қайтпай,
Не өлмек, не жеңбек боп ұрандасса.
Алысқан бауырларта көзді салсақ,
Ерлерін Азияның жинап алсақ,
Жаңғыртып жер-дүниені, «жау қайда»—
Лек-лек боп зор майданға біз де барсақ.
1
Қара жер қайыстырып қанат жазсақ,
Алтайдан Европаға қаптап ассақ,
Борсықтай қанға семіз мырзалардың,
Құтырған семіздіктен жынып бассақ.
Жауды езіп Европадан өтсек аттап,
Дүниені ұрандатып алсақ қаптап;
Орнатып жер-дүниеге тегіс теңдік,
Жоқ қылсақ жуандарды өзің-талғап.
...Өр Алтай ақбас бура көбік-шашқан,
Төмен тап жер күңірентіп майдан ашқан.
Алтайдан жәрдем күтсек қайтер едің
Бәйгіге басын тігіп ұрандасқан?!
1923 жыл, январь.
БІЗДІҢ ҰЛAH
(Еңбекші табының шын қорғаушысы Әбілхайыр Досулына арнадым)
Жан елемес қотыр тайлақ
Бұзау баққан, мініп жайдақ
Қара бала.
Атанып ең «Сұмырай, пері».
Шоқпыт-шоқпыт киімдері,
Пара-пара.
Әкесі оның күндіз-түні,
Ауыр бейнет көрген күні —
Жылқы баққан.
Сорлы анасы тезек теріп,
Барлық күшін байға беріп,
Оғын жаққан.
Босағада иттей қорлық,
Неше түрлі арсыз зорлық
Көрді ол.
Байдың қылған қорлықтарын
Жіпке тізіп, жинап бәрін ..
Терді ол...
Күңдер өтті, ол ержетті,
Бостандық күн келіп жетті —
Қызыл күн.
Жарлы табы ерік алып,
Жер күңірентіп ұран салып —
Шықты үн...
Қатар тізіп оғын сайлап,
Наған, мылтық белге, байлап
Асыңды
Ол оқ атты жалпы байға,
Ол оқ атты бай — құдайға,
Тасынды.
Ол күресті қу ұлтшылмен,
Ол күресті отаршылмен,
Ол күресті тақ құмармен,
Тіресті.
Көттекі сұм бақ құмармен
Күресті...
Жалпы сұмдар бұған дұшпан,
У шашады әрбір тұстан
Өңшең ду
Байшыл, ұлтшыл, алдаушылар,
Жоқ қылмақшы жалмаушылар
Беріп у.
Ылғи сұмға қарсы тұрған,
Батты оларға бетке ұрған
Ызғары.
Күндіз-түні тынбай істе,
Қара фуфайка, бешпент үсте
Былғары.
Сөз сөйлейді судай тасып,
Төсін керіп, алшаң басып
«Құдайша».
Солай өсіп біздің батыр,
Аттап басып келе жатыр
Солайша.
Міне! Осындай біздің ұлан,
Мейлі аяқтан шақсын жылан.
Сұм жылан!
Алшаң басып ол «құдайша»,
Бармақ алға ол солайша —
Ер ұлан.
Орынбор, 1923 жыл, Бірінші май
САМҰРЫҚ
(әуе кемесіне жәрдем жинаушы бірінші
қазақ әйелдері комитетінің бастығы Нәзжаға тартам)
Қиссада ұшқыр қиял айтылмыштан:
Ертеде самұрықпен Қасен ұшқан
Жеті дат от пен судан көктей өтіп,
Перінің патшасының қызын құшқан.
Бұл қиял ертедегі еді жалған:
Перінің отанына Қасен барған,
Мінгізіп самұрыққа алып қашып —
Сұлуды Бадиғұлжамал өстіп алған
Қазіргі шын самұрық — аэроплан,
Күдрентіп жер мен көкке салып ұран,
Оған мінген еркіндік азаматы —
Большевик ер жүректі батыр ұлан.
Сән емес, аэроплан күшті көлік,
Арымас өзі жүйрік, мінсең берік.
Адамзат көркем тұрмыс бақытына
Жеткізетін сенімді ол бір берік.
Ғылымның аэроплан кәрәмәті,
Еңбекшіл оған мінген азаматы,
Жеті қат самұрықтай көктен асқан,
Адамның темір топшы көк қанаты.
Жоғары ол самұрықтан бұлтты тескен,
Қалықтап көкті сүзіп талмай ескен.
Көк құрыш қанат-құйрық — бар денесі,
Төсімен сырылдатып көкті кескен,
Самұрық— аэроплан көктен асқан.
Аладан оған мінсең жер мен аспан.
Мінгізіп қанатына алып өтер
Асусыз мұхит, теңіз,- тау мен тастан.
1923 жыл, 8 октябрь.
АВТОМОБИЛЬ
(Революцияга әм кедей баласына арнадым)
Ойыншықпен жазғам жоқ ешбір өлең,
Жеңіл қарап жүрмесін, қылмай елең.
Қараңғы мен жарықты өлең қылдым —
Махаббат пен қасірет түбі терең.
1
Сарыарқа сорлы сары бел
Үйрене ме өнерге?
Сорлы, кедей, надан ел
Қатарға жылдам енер ме?
Автомобиль далаға
Қаттырақ шығар шуыңды!
Өнерге шақыр — қалаға
Кейінгі жас буынды.
Үйренсін саған жанасып
Кедей ұлы қырдағы.
Мінсін соған таласып,
Жүрмей аңша боп тағы.
Оят қырды жаңғыртып,
Надандықтан сескендір.
Өнерге қойма таң қылтып,
Зеңгіген елді сестендір!
1923жыл, 14октябрь. Орал-Теке
ОТАРБА
Отарба шу,
Түтін мен бу,
Шап, ырсылдап гу де гу!
Қайнат терді,
Айнал жерді,
Алып жүйткі қызыл ту.
Дүние тегіс,
Жалпы кеңес, -
Қызып туға бағынсын.
Жалпы талам-,
Қызыл әлем,
Қызыл шашақ тағынсын.
Жердің көркін,
Емін, еркін,
Бұдаң да артық көрейін.
Жаздың әнін,
Жердің сәнін,-
Жыр ғып тағы берейін.
1925 жыл, май Москва, Орынбор жолы.
ОТАРБАНЫҢ ЖҰМСАҚ ВАГОНЫҢДА
Советстан — біздің стан, Совстан,
Экспресс, аума түзу шабыстан. Гуле жүріп,
Үнітқұрып,
Қалсын ұлып,
Ескі жалған, қалмай әлі жабысқан..
(«Экспресстен»)
Ескерту
Естимін кей мырзалар күледі деп:
—Қай қазақ от арбаны біледі?— деп. -
—Қалайша ауыл мінбек поезға —деп
Күлгенге мен де күлем: «Мінеді!»— деп.
Хат білген қазақ құлақ түрмес пе екен,
Бұл сөзді құлағына ілмес пе екен?
Айтайын от арбадан бір әңгіме,
Мәнісін сендер құрлы білмес пе екен?
От арба бұралақтап келе жатты...
Кейде жай жортақтайды, кейде қатты.
Бір кезде бір бекетке келіп тоқтап,
Сол жерде от арбаға билет сатты. _
Кеш еді... Электр шам жанған кезі.
Мінуге от арбаға ел барған кезі.
Таласып, халық сеңдей соқтығысып,
Билетті қолы жеткен алған кезі.
Бір жігіт қара сақал, шолақ аяқ,
Екі жақ қолтығында балдақ-таяқ.
Билетті ақша жинап ала алмады,
Біреуге не береді біреу аяп...
Руссия екі жар боп ұрысқанда,
Екі тап бірін-бірі қырысқанда,
Бұл жігіт сонда қызыл әскерде еді,
Ақтармен майдандасып ұрысқанда.
Сол шақта талай «ділмар» ыққан еді.
Талай «ер» жанын қорғап бұққан еді.
Сол сынды майданда бұл қанын төгіп,
Айрылып бір аяқтан шыққан еді...
Бұл талай зор майданда болған солдат.
Куә оған шолақ аяқ, қу қос балдақ.
Мүгедек, мұқтаждықтан ыза шеккен,
Әлі жоқ мал табуға күшін жалдап.
Бекеттің поезд тұрған алды жарық.
Қыбырлап күңкілдесіп жүрген халық.
Айтайын не қылды сол шолақ аяқ,
Көп сөйлеп әңгімені ұзатпалық.
Мінді жұрт от арбаға жапырласып,
Шұбырып жүгірісіп, тасырласып
Самбырлап қыбырлаған әртүрлі жан,
Қимылдап біреу марғау, біреу сасып.
Мінді жұрт от арбаға дүрмектеніп...
От арба пысылдап тұр жүрмек болып.
Балдақты шолақ аяқ жағалады,
Қайтсе де от арбаға мінбек болып.
Ақсақты билеті жоқ мінгізбеді,
Кимелеп, қағып әркім жүргізбеді.
Бір вагон өте көркем бос тұр екен,
Билетсіз оған тіпті кіргізбеді.
Бұл вагон іші әдемі«жұмсақ» атты,
Вагонның өзгелері ластау, қатты.
Қаттыдан мұның өзі үздік қымбат,
Сондықтан бұған үш-ақ билет сатты.
Отырған бұл вагонде сал үш кісі,
Оңаша бөлмелерде әр бірісі.
Ызбарлы екеуі ұлың ірісінен,
Ташкендік саудагер ең үшіншісі.
Шойнаңдап қос балдақпен сыртып ақсақ,
Жалынып орын сұрап жыр ғып қақсап,
Жанына жұмсақ вагон таяу келді,
Тықырлап, сүйретіліп, ыртып ақсап.
Вагонның безеп ішін тым сырлапты.
Әдемі бөлмелері тым-ақ бапты.
Сырлы айна әр бөлмеде, электр шам,
Былқылдақ жұмсақ төсек барқыт қапты.
Жанады электр шам шаңдан жарық,
Вагонды жарығымен қылған қарық.
Өзгесі вагондердің лас, қараңғы,
Мысалы, жер мен көктей болған парық.
Бұйырып: «Үстіме жан енбесін!»— деп
Қойылғандай ешкім мұнда келмесін деп,
Көрініп терезеден тысқы жұртқа,
Саудагер отыр еді бөлмесінде.
Ақсақтың терезеге көзі түсті,
Қадалды... шықырлатты қайрап тісті.
Отырған байды көріп көркем жайда,
Қалшылдап тас түйілді қолы күсті.
Саудагер құнан қойдай семіз-бордақ.
Қарыны кебежедей, беті дордақ.
Симайды ала жібек шапанына,
Солқылдақ барқыт қапты диванға орнап
Саудагер Ташкендегі ақшалы бай,
Егетін мейіз, алма, бақшалы бай.
Малы көп дүкенінде сата тұғын:
Ишак, хал, тіләм, фадмал, шабталы, шай
Жүзінде саудагердің уайымы жоқ.
Шалқайған барқыт жайда, мәйегі тоқ
Телмірген терезеден балдақтының
У сеуіп жүрегіне, түскендей шоқ...
Екінші терезеге қарап еді,
Қалшылдап таяуырақ жанап еді,
Ұлықты бөлмедегі тани қалды,
Руссия екі жар боп тұрысқанда,
Әуелі бір ерге оны санап еді.
Бір-бірін ақ пен қызыл қырысқанда,
Бұл ұлық сонда ақтардың, кісісі еді,
Олармен қызыл әскер ұрысқанда.
Ақтардың сан тойында жүруші еді,
Сан тойда қанден итше үруші еді.
Советті, большевики қарағаттап,
Тілімен түгел жайпап «қырушы» еді.
Енді «ерің» советке де «ұл» болыпты.
Сұғанақ «әл» болғанда кім болыпты.
Мүше боп белгілі бір мекемеге,
Советті алдай біліп, «бүл» болыпты.
Городтегі әр әкімге майдаланып,
Жағынып кең қазаннан пайдаланып,
Поездың барқыт вагон бөлмесінде,
Енді отыр жұмсақ орын сайлап алып.
Жап-жарық вагон іші жайлы, жұмсақ.
Бұл дағы саудагердей жуан құрсақ.
Ұлың боп семіріпті тысырайып,
Советтің ақ нанымен майлы, жұмсақ.
Вагонның жарқырайды іші жайнап,
Қалшылдап ақсақ енді тісін қайрап,
Шақырмақ болғанында милицияны,
Поезд да жүріп берді демін жайлап.
Гүрсілдеп кете барды поезд жүріп,
«Милиция! » деді айқайлап ақсақ тұрып,
Ұмтылып милиция жетіп келді,
Құлады ақсақ жерге әлі құрып...
Шалғылап ақсақ жатты естен танып,
Тістерін шықырлатып айқай салып.
Жапырлап екі-үш кісі милициямен
Ақсақты емдік жайға жөнелді алып...
Поезды сан ақ ит бар жанап жүрген,
Айнала тіміскілеп қарап жүрген.
Тастанды астық түйір қиқымдарын
Қағып ап, қансап, нәр ғып жалап жүрген.
Ақ иттің бір парасы жүнін бояп,
Бұрынғы поезға үрген үнін бояп,
Сұғынып жылы орынға кіре білген,
Жылмаңдап ішіндегі шынып бояп.
Сұғанақ, үйтіп дәурен сүре алмассың!
Қайтсең де бұрынғыдай үре алмассың!
Әзірше от арбада солай шығар,
Үйткенмен мәңгі бүйтіп жүре алмассың!
Өлшеу бар тәтті нанды татарыда,
Асықпа, саған да op бар жатарыңа.
Күйелі көсеуменен... ұрыппын,
Шығарсын бір құлықтас қатарыңа.
Жауыз бидің заманында жауыздар —
Толған еді арам тамақ ауыздар.
Қуды бәрін,
Жуды нәрін.
Бұққандарын
Біріте-бірте кондукторлар қауыздан.
13 ноябрь, 1927жыл.
КЫЗЫЛ AT
(дастан)
Досыма арнадым
Нұсқалап бұл күйді өстіп жоспарладым,
Қызыл ат сынды сұлу досқа арнадым.
Жібек сырт, алма қызыл, наз сұлуым
Дегізбе, «шіркін күйді босда арнадым...»
«Құрғақтау жазылыпты кеңесің»...— деп,
Кейбіреу білгішсіп «дам жемесін» деп,
Сұлуым, толғап сені суреттедім,
Күйімді «жалаң үгіт» демесін деп...
Жан шіркін сүйеді әрбір сұлу затты,
Сүйгенде беріледі күймен қатты.
Гүл, бұлбұл,аққу, айдың, көк сәулесі,—
Бірақ та, жақын көред қызыл атты.
Ақынға
І
Кәні, ақын даламынды қолға аласың,
Күй шертіп біраз енді толғанасың!
Күйімен қызыл аттың құрыш қалам
Сумаңдап ақ қағазға жорғаласын!
Көңіл күй кешкі әуемен желіктесіп,
Көктегі сәуле отымен еліктесіп,
Әуелеп талай кеште шалқып еді,
Жүргенде қызыл атпен серіктесіп.
Әрине, көкке әуелеу айып емес,
Адамға құлаш созбау лайық емес,
Адамзат сан сәуленің сырын білмек,—
Көктегі алтын сәуле ғайып емес...
ІІ
Аспанда алтын сәуле жұлдыз көп қой,
Дүниеде асыл гауһар құндыз көп қой.
Құралай, бұлбұл, аққу, ал қызыл гүл,—
Жан шіркін қызығатын қырмыз көп қой.
Көктегі сәулелерді санадың сен,
Әрқайсын әрбір затқа баладың сен.
Құралай, бұлбұл, гауһар —жұлдызсың деп
Ішінен таңдағаның қаладың сен.
Сүйген ең нәзік бұлбұл сұлу жырын.
Гәуһардың от ойнаған көркем сырын.
Сәулеге аспандағы күй қосушы ен,
Бірінен артық керіп таңдап бірін.
ІІІ
Қиял күй, енді «қара жерді» шарла!
Бұл күйді Қызыл аттай досыңа арна!
«Егіске тегіс жұмыл! Жақсы ек!» деген
Ұранын партияның жұртқа жарла!
Білсең сен, нағыз сұлу мүсін қайда?
Күйі, ме бұлбұл құстың жасыл майды?
Немесе таудан аққан күміс су ма,
Бұраңдап сылдыр қаққан самал сайда?
Немесе түпсіз аспан көк мұхитта
Жалтырап қалқып жүзген алтын Ай ма?
Бар жәндік сұлу жазды қарсы алады,
Табиғат мың түрлі үнмен ән салады.
Ұшқан құс, жердегі жан тасқын күшпен
«Еңбекке жұмып шат» деп жар салады.
Түрлі күй жер мен көкте саңқылдайды,
Сұңқылдап аққу, қаздар қаңқылдайды.
Сыпылдап әуеде ойнап, төңкеріліп,
Көк мойын сұқсыр үйрек жарқылдайды.
Егісте бәйгі аласың,
Қызыл атым,
Күн мынау күшті дене қызынатын.
Тілініп жер қыртысы көк соқамен,
Тунған жер талқандалып бұзылатын?
Жарыспен өткізуге егіс айын
Құралды күнде шыңдап жағып майын,
Еңбекші ел — қалың ұйым күтінуде
Қалдырмай түгел жұмып тағал тайын.
Трактор, кек соқаны қатар айдап,
Күш салмақ өткізбеуге күннің райын.
Барлық күш, барлық құрал жаранады,
Жақсы ма,
Қызыл атым, сенің жайың?
ІІ. Сұлуым
Сұлуым, неге маған салқындаусың?
Назданып шықпайды ойнап жардың даусың?
Еркешім, қайда кеткен, сөз қатқанда,
Аңдуша еркелейтін алтын даусың?
Мөлдір кез, алтын айдар, жібек жалым,
Бүгілген құмырсқа бел, ерке жаным!
Досыңа неге жарқын қарамайсың,
Көк шыбық, алма қызыл, серке саным?
Қарайсың неге сұлық, бота көзім?
Не болды мұң шалғандай нәзік сезім?
Айналып-толғанып мен келгенімде
Жарқылдап ойнаушы едің етпей тезім?
Сүйріктей аққу мойын алма сабақ
Безенген шыбын дене, кербез сағақ.
Немесе айдындағы аққу құс па ең;
Сағымша елден қашқан құралай ма?
Қоя тұр, жер тағысын, ақын қиял,—
Сәуледен аспандағы қанша пайда?..
Сұлу күй — социалистік өндірісте,
Сұлу зат — ортақ еңбек егіс жайда!..
Егісте — колхозданған ел сұлуы.
Егісте — еңбек қылған ер сұлуы.
Дегенмен алтын сәуле, көкте ғой ол,—
Кызыл ат — қолдағы алтын, жер сұлуы!.
V
Құр жалаң айқайлама желше жосып,
Атыңды өктеме тек борбайға осып.
Баппенен егіске айда, марғау болма,
Айналып жем бер сылат, қант қосып!..
Алдауыш белсенділер жайлаған бір колхозда
І. Егіске күйің қалай, қызыл атым?
Егіске күйің қалай, қызыл атым?
Күн мынау күшті дене қызынатын.
Жасарып төсін ашқан қара жердің
Қыртысы қатар-катар сызылатын?..
Мінекей, ескен жібек жаздың демі,—
Ақ киіп қатқан жерге қылған емі.
Кезіңде күшті шіреп еңбек қылсаң
12 ай тіршіліктің еңбек жемі!..
Қалың қар жерді басып жатқан бүріп,
Ыстық леп жаз демімен балдай іріп.
Бусанып бойын жазар жер — ұлы анаң,
Талқандап ақ көрпесін үстен түріп.
Сай-сайдан сулар құлап гүрілдейді,
Жарасып ылди диып дүрілдейді.
Лебі мас — жаздың демі сиқырлы ауа
Мың түрлі шатты күймен дірілдейді.
Наз сұлу, наз қимылды құралайым,
Садақтай ұзын кірпік, гәуһар қабақ.
Қасыңа мен келгенде сылаңдаушы ең,
Жарқылдап оттай ойнап тұралмаушы ең.
Тал жібек айдарыңды сылағанда
Назданып еркелеуші ең, бұраңдаушы ең.
Құшақтап тал мойныңды аймалайын!
Жаяңды сылап-сипап жаймалайын.
Досыңа мұнша неге салқындадың,
Айтшы енді, сәулетайым, айналайын?..
Қызыл аттың сөзі
І. Амансың ба, достым?
Денің сау, амансың ба, ақын досым?
Бір кезде айрылмастай жақын досым.
Қарамай кетіп едің көптен бері,
Енді кеп қайрылғаның мақұл, досым!
Досым ең сырлы сұлу сөзге маман,
Сұрамай бір қайрылып, есен-аман.
«Еркем!..» деп, енді елжіреп сөз қатасық,
Еске алмай жүріп мені талай заман!
ІІ. Қандай едік?..
Екеуміз дос болғанда қандай едік?
Естіген, көрген жұртқа таңдай едік.
Көктегі жұлдызымыз құшақтасқан,
Жаны бір, жүрегі бір жандай едік.
Сан қиын істе мені сынаған ең,
Жан қияр серігің боп ұнаған ем.
Жаныңа ап кейбір түнде «қанатым!» деп.
Құшақтап талай мені сылаған ең.
«Жаныммен бағасы бір досым!» деушең,
«Мәңгілік жан қосысқан қосым!..» деушең,
Сен үшін қиналған түн құшып мені:
«Ұмыт боп қалар ма екен осың!» деушең.
Сен үшін талай жерде құс боп ұштым,
Мойнымды «аққуым!» деп талай құштың.
Соны да ұмыттың ба,— көктегі ұшқан,
Әніне ән қосушек аққу құстың?!
Бар сезім, бар күйімді саған бердім,
«Жібек!» деп айдарымды талай өрдің.
Көк майса жаратылыс құшағында
Сен үшін құлашымды талай кердім.
Сен үшін ақтым талай жұлдыз болып,
Сыландым, құлпырдым да құндыз болып.
Жаныңа қанат болып, мойныңа да,
Оралдым бейне жібек қырмыз болып.
Не керек, жанмен талай сырласушек,
Күй қосып достық жырын жырласушек.
Орманда бұлбұл құстың күйін тыңдап,
Көктегі жұлдыздан сыр ұрласушек.
ІІІ. Ұмыттың-ау!
Менімен талай банды-жауға шықтың,
Соғуға талай жауды ауға шықтың.
Қуалап ақ бандыны дүрілдетіп
Көтеріп қызыл туды тауға шықтың.
Кекілді шоқтап талай түйген едің,
Қыналып қорғасын оқ киген едің.
Көк найза ақ алмасты жарқылдатып,
Ысқыртып жауға талай тиген едің.
Ақ банды қуған күндер түсе ме еске?..
Сонда мен көк шыбық ем шыққан беске...
Жарқылдап найзағайша тиюші ек қой,
Ант етіп жауға тыныс дес бермеске! .
Сонда мен бетімді оқтан бұрып па едім?
Жалтақтап от пен судан тұрып па едім?
Қорғаған Октябрьді сан шабыста,
Маған бір кейіп қамшы ұрып па едің?
Жан аяп жауға еш жерде алдырмадым,
Шабыста жанға жуың шалдырмадым.
Бас тіккен тыныс алмас қан майданда
Мен сені жау қолында қалдырмадым.
Осыны ойлаушымен кесілер деп
Ұмытып сырлас досым есіркер деп?..
Сен күліп басқалармен жүр дегенде,
Тек дана бас шайдадым: «есіл ер!» деп...
Шіркін дос, өз сертіңді өзің неттің?
Ұмтып жолдасыңды тастап кеттің!..
«Досым!» деп, енді келіп толғанасын
Бес төгіп есіл арын шіркін беттің!
ІV. Халімді білмедің, зиянкестер бүлдірді ғой
Әуелі сұрамадың есен-аман,
Демедің: «ескі досым, қалай шамаң?»—
Деп жүріп, «жан жолдасым», бүйтіп кеттің,
Бола ма опасыздың бұдан жаман?
Тұрсың ба өзін көрмей біздің жайды,
Мен қалай өткіземін «егіс айды?»
Мынау ғой біздің колхоз титықтаған —
Қойды ма зиянкестер тағал тайды?
Шор болды қамшыменен екі сауыр.
Мінекей менің мынау,— арқам жауыр,
Алдауыш белсенділер жау боп тиіп,
Мойнымда жал қалмады өкпе, бауыр.
Алдауыш белсенділер бізді құртты,
«Бұл қалай?» десең боқтап шайнады ұртты.
Оларды бай құлақтар айдап салып,
Ақыры күйзелтті иттер талай жұртты.
Колхозға тиді қулар жау сияқты,
Қарады бізге тек бір «лау»8 сияқты.
Науқанмен анда-санда, уәкіл келсе,
Көрінді қол жетпейтін тау сияқты.
Басқарма қу белсенді тайтаңдады,
Қауіпсіз, дені басы cay сияқты.
Олардан кедей шаруа қорқып әбден
Қарсы айтпай жүре берді «мау»9 сияқты.
Колхоздың құртты қулар ет пен майын,
Қоймады ұрламаған тағал тайын.
Белгілі ат, айғырлар не болмады,—
Жеп құртқан уақ малды не қылайын!..
Білемсің жүйрік сұлу қара айғырды?
Білемсің, әлгі жалбыр сары айғырды?
Сұр жорға ат, сүтті мама боз биені,—
Соларды зиянкестер қалай қылды?..
Солардың бірі жауыр, бірі қатпа,
Сұр жорға ат қазір - тулақ, ол енді ат па?
Мұнымыз күш көлік қой десе шаруа,
Зиянкес деді зекіп: «әкел! . шатпа!»
V. Сен қайда жүрдің
Сонда, сен ақын досым, қайда жүрдің?
Көктегі алтын сәуле — айда жүрдің.
Тербеліп, өлеңдетіп, автомобиль —
Қызықты жұмсақ орын жайда жүрдің.
Міндің де, аэроплан ұшып жүрдің,
Аспанда алтын сәуле құшып жүрдің.
Қиналып су іше алмай мен жүргенде,
Сен... шырын... миуа... балын ішіп жүрдің.
Әрине, алтын сәуле сұлу зат қой,
Сәулені құшқан жанның көлі шат қой,
1 Ұмытпай қайтесің сен, жердегіні,—
Сәуленің сиқырлы оты шіркін,— жат қой!..
-Ауылдық шаруадан сен, аулақ жүрдің,—
Советтің «жалпы жауын» жаулап жүрдің.
Ішкі жау ішімізден жеп жатқанда,
«...Комбайн... трактор!..»—деп заулап жүрдің
VІ. Мен машинаға қарсы емеспін
Әрине, машинаға дарсы емеспін,
Орынсыз өкпе айтатын заршы емеспін.
«Машина бізге жау» деп қата пікір,
Зиянды үгіт айтар жаршы емеспін.
Машина — жан жоқ жүйрік ерен көлік.
Біз оған болмас па едік істе серік?
Көбейсе машиналар әр түкпірде,
Алмас па ек, арда босап біраз ерік?
Естиміз, талай елдер егін еккен,
Шалағай жай көліктен ыза шеккен,
Трактор, комбайнды егінге сап,
Отарба, автомобильді ат қып жеккен.
VІІ Соның адамшылық па?
Бірак сен сертті ұмыттың жолдан азып,
Өткенді не пайда енді текке қазып?
Кетіп ең мені тастап, автомобиль,
«Әуелек, отарба.»— деп жырлар жазып.
Мені де тым болмаса есіңе алып,
Күш беріп кеп жүрмедің кезін, салып.
«Жолдасым, ұмытқам жоқ», демедің сен,
Қиналып жүртенде мен өліп-талып.
Артыңа дайрылмастай мені тастап,
Жазбадың бір жылы сөз маған қастап.
Адамдың бағанды бұл білдірмей ме,
Кеткенің ескі досты айырбастап?..
VІІІ. Әлде үкімет солай деді ме?
Бұл қалай?
Үкімет әлде бізді «көрме» деп пе ең?
Саған —«тек, көкке заула, өрле» деп пе ең!?
Алдауыш белсендіге ерік беріп:
«Малды құрт, тез титыңтат, жерле...»
деп пе' ең?
Қуларға, совет бізді: «жалма!» деп пе ең?
«Аузыңа қызыл атты алма!..— деп пе ең?
Саған «тек тракторды, айт, көкте заула,
Ат шіркін ауызға алар мал ма!..» деп бе ең?
Әрине, олай болса сенде не бар?
Өкпе айтқан «дос едік!» деп, менде не бар?
«Ат енді керек емес!» десе совет,
Титықтап қалмай қаңғып енді не бар?
Ендеше, неге айғайлап: «Егіс» дейсің?
«Егіске жұмыл қатты тегіс» дейсің?
«Күйі жоқ күш көліктің!» десе біреу,
Неге енді жұрт алдында сөгіс дейсің?
Қызыл атқа
І. Мойныма алам
Жолдасым, көріп тұрмын жай-күйіңді,
Досыңмын, көрген — құлын-тай күйіңді.
Қызықпен өткізген ек ор киікше.
Жүріске талай сертті сай күйіңді.
Өзім де колхозыңды көріп келдім,
Кішілік етіп сәлем беріп келдім.
Сұмдардың не қылғанын біліп әбден,
Бәрін де жіпке тізіп, теріп келдім.
Сұлуым, күйің мұндай болған екен,
Өкпе-наз көкірегіңе толған екен.
Алдауыш арам қулар мұнша қорлап,
Езілген гүлдей жүзің солған екен.
Бәрі жен айтқаныңның мойныма алам,
Жоқ саған кінә қылып жабар жалам.
Жыр қылып жай күйіңді жаза алмадым,
Салынып басқа күйге қызу қалам
Жан елемес қотыр тайлақ
Бұзау баққан, мініп жайдақ
Қара бала.
Атанып ең «Сұмырай, пері».
Шоқпыт-шоқпыт киімдері,
Пара-пара.
Әкесі оның күндіз-түні,
Ауыр бейнет көрген күні —
Жылқы баққан.
Сорлы анасы тезек теріп,
Барлық күшін байға беріп,
Оғын жаққан.
Босағада иттей қорлық,
Неше түрлі арсыз зорлық
Көрді ол.
Байдың қылған қорлықтарын
Жіпке тізіп, жинап бәрін ..
Терді ол...
Күңдер өтті, ол ержетті,
Бостандық күн келіп жетті —
Қызыл күн.
Жарлы табы ерік алып,
Жер күңірентіп ұран салып —
Шықты үн...
Қатар тізіп оғын сайлап,
Наған, мылтық белге, байлап
Асыңды
Ол оқ атты жалпы байға,
Ол оқ атты бай — құдайға,
Тасынды.
Ол күресті қу ұлтшылмен,
Ол күресті отаршылмен,
Ол күресті тақ құмармен,
Тіресті.
Көттекі сұм бақ құмармен
Күресті...
Жалпы сұмдар бұған дұшпан,
У шашады әрбір тұстан
Өңшең ду
Байшыл, ұлтшыл, алдаушылар,
Жоқ қылмақшы жалмаушылар
Беріп у.
Ылғи сұмға қарсы тұрған,
Батты оларға бетке ұрған
Ызғары.
Күндіз-түні тынбай істе,
Қара фуфайка, бешпент үсте
Былғары.
Сөз сөйлейді судай тасып,
Төсін керіп, алшаң басып
«Құдайша».
Солай өсіп біздің батыр,
Аттап басып келе жатыр
Солайша.
Міне! Осындай біздің ұлан,
Мейлі аяқтан шақсын жылан.
Сұм жылан!
Алшаң басып ол «құдайша»,
Бармақ алға ол солайша —
Ер ұлан.
Орынбор, 1923 жыл, Бірінші май
Қиссада ұшқыр қиял айтылмыштан:
Ертеде самұрықпен Қасен ұшқан
Жеті дат от пен судан көктей өтіп,
Перінің патшасының қызын құшқан.
Бұл қиял ертедегі еді жалған:
Перінің отанына Қасен барған,
Мінгізіп самұрыққа алып қашып —
Сұлуды Бадиғұлжамал өстіп алған
Қазіргі шын самұрық — аэроплан,
Күдрентіп жер мен көкке салып ұран,
Оған мінген еркіндік азаматы —
Большевик ер жүректі батыр ұлан.
Сән емес, аэроплан күшті көлік,
Арымас өзі жүйрік, мінсең берік.
Адамзат көркем тұрмыс бақытына
Жеткізетін сенімді ол бір берік.
Ғылымның аэроплан кәрәмәті,
Еңбекшіл оған мінген азаматы,
Жеті қат самұрықтай көктен асқан,
Адамның темір топшы көк қанаты.
Жоғары ол самұрықтан бұлтты тескен,
Қалықтап көкті сүзіп талмай ескен.
Көк құрыш қанат-құйрық — бар денесі,
Төсімен сырылдатып көкті кескен,
Самұрық— аэроплан көктен асқан.
Аладан оған мінсең жер мен аспан.
Мінгізіп қанатына алып өтер
Асусыз мұхит, теңіз,- тау мен тастан.
1923 жыл, 8 октябрь.
Ойыншықпен жазғам жоқ ешбір өлең,
Жеңіл қарап жүрмесін, қылмай елең.
Қараңғы мен жарықты өлең қылдым —
Махаббат пен қасірет түбі терең.
Сарыарқа сорлы сары бел
Үйрене ме өнерге?
Сорлы, кедей, надан ел
Қатарға жылдам енер ме?
Автомобиль далаға
Қаттырақ шығар шуыңды!
Өнерге шақыр — қалаға
Кейінгі жас буынды.
Үйренсін саған жанасып
Кедей ұлы қырдағы.
Мінсін соған таласып,
Жүрмей аңша боп тағы.
Оят қырды жаңғыртып,
Надандықтан сескендір.
Өнерге қойма таң қылтып,
Зеңгіген елді сестеңдір!
1923жыл, 14октябрь. Орал-Теке
Отарба шу,
Түтін мен бу,
Шап, ырсылдап гу де гу!
Қайнат терді,
Айнал жерді,
Алып жүйткі қызыл ту.
Дүние тегіс,
Жалпы кеңес, -
Қызып туға бағынсын.
Жалпы талам-,
Қызыл әлем,
Қызыл шашақ тағынсын.
Жердің көркін,
Емін, еркін,
Бұдаң да артық көрейін.
Жаздың әнін,
Жердің сәнін,-
Жыр ғып тағы берейін.
1925 жыл, май Москва, Орынбор жолы.
Естимін кей мырзалар күледі деп:
—Қай қазақ от арбаны біледі?— деп. -
—Қалайша ауыл мінбек поезға —деп
Күлгенге мен де күлем: «Мінеді!»— деп.
Хат білген қазақ құлақ түрмес пе екен,
Бұл сөзді құлағына ілмес пе екен?
Айтайын от арбадан бір әңгіме,
Мәнісін сендер құрлы білмес пе екен?
От арба бұралақтап келе жатты...
Кейде жай жортақтайды, кейде қатты.
Бір кезде бір бекетке келіп тоқтап,
Сол жерде от арбаға билет сатты. _
Кеш еді... Электр шам жанған кезі.
Мінуге от арбаға ел барған кезі.
Таласып, халық сеңдей соқтығысып,
Билетті қолы жеткен алған кезі.
Бір жігіт қара сақал, шолақ аяқ,
Екі жақ қолтығында балдақ-таяқ.
Билетті ақша жинап ала алмады,
Біреуге не береді біреу аяп...
Руссия екі жар боп ұрысқанда,
Екі тап бірін-бірі қырысқанда,
Бұл жігіт сонда қызыл әскерде еді,
Ақтармен майдандасып ұрысқанда.
Сол шақта талай «ділмар» ыққан еді.
Талай «ер» жанын қорғап бұққан еді.
Сол сынды майданда бұл қанын төгіп,
Айрылып бір аяқтан шыққан еді...
Бұл талай зор майданда болған солдат.
Куә оған шолақ аяқ, қу қос балдақ.
Мүгедек, мұқтаждықтан ыза шеккен,
Әлі жоқ мал табуға күшін жалдап.
Бекеттің поезд тұрған алды жарық.
Қыбырлап күңкілдесіп жүрген халық.
Айтайын не қылды сол шолақ аяқ,
Көп сөйлеп әңгімені ұзатпалық.
Мінді жұрт от арбаға жапырласып,
Шұбырып жүгірісіп, тасырласып
Самбырлап қыбырлаған әртүрлі жан,
Қимылдап біреу марғау, біреу сасып.
Мінді жұрт от арбаға дүрмектеніп...
От арба пысылдап тұр жүрмек болып.
Балдақты шолақ аяқ жағалады,
Қайтсе де от арбаға мінбек болып.
Ақсаұты билеті жоқ мінгізбеді,
Кимелеп, қағып әркім жүргізбеді.
Бір вагон өте көркем бос тұр екен,
Билетсіз оған тіпті кіргізбеді.
Бұл вагон іші әдемі«жұмсақ» атты,
Вагонның өзгелері ластау, қатты.
Қаттыдан мұның өзі үздік қымбат,
Сондықтан бұған үш-ақ билет сатты.
Отырған бұл вагонде сал үш кісі,
Оңаша бөлмелерде әр бірісі.
Ызбарлы екеуі ұлың ірісінен,
Ташкендік саудагер ең үшіншісі.
Шойнаңдап қос балдақпен сыртып ақсақ,
Жалынып орын сұрап жыр ғып қақсап,
Жанына жұмсақ вагон таяу келді,
Тықырлап, сүйретіліп, ыртып ақсап.
Вагонның безеп ішін тым сырлапты.
Әдемі бөлмелері тым-ақ бапты.
Сырлы айна әр бөлмеде, электр шам,
Былқылдақ жұмсақ төсек барқыт қапты.
Жанады электр шам шаңдан жарық,
Вагонды жарығымен қылған қарық.
Өзгесі вагондердің лас, қараңғы,
Мысалы, жер мен көктей болған парық.
Бұйырып: «Үстіме жан енбесін!»— деп
Қойылғандай ешкім мұнда келмесін деп,
Көрініп терезеден тысқы жұртқа,
Саудагер отыр еді бөлмесінде.
Ақсақтың терезеге көзі түсті,
Қадалды... шықырлатты қайрап тісті.
Отырған байды көріп көркем жайда,
Қалшылдап тас түйілді қолы күсті.
Саудагер құнан қойдай семіз-бордақ.
Қарыны кебежедей, беті дордақ.
Симайды ала жібек шапанына,
Солқылдақ барқыт қапты диванға орнап
Саудагер Ташкендегі ақшалы бай,
Егетін мейіз, алма, бақшалы бай.
Малы көп дүкенінде сата тұғын:
Ишак, хал, тіләм, фадмал, шабталы, шай
Жүзінде саудагердің уайымы жоқ.
Шалқайған барқыт жайда, мәйегі тоқ
Телмірген терезеден балдақтыныд
У сеуіп жүрегіне, түскендей шоқ...
Екінші терезеге қарап еді,
Қалшылдап таяуырақ жанап еді,
Ұлықты бөлмедегі тани қалды,
Руссия екі жар боп тұрысқанда,
Әуелі бір ерге оны санап еді.
Бір-бірін ақ пен қызыл қырысқанда,
Бұл ұлық сонда ақтардың, кісісі еді,
Олармен қызыл әскер ұрысқанда.
Ақтардың сан тойында жүруші еді,
Сан тойда қанден итше үруші еді.
Советті, большевики қарағаттап,
Тілімен түгел жайпап «қырушы» еді.
Енді «ерің» советке де «ұл» болыпты.
Сұғанақ «әл» болғанда кім болыпты.
Мүше боп белгілі бір мекемеге,
Советті алдай біліп, «бүл» болыпты.
Городтегі әр әкімге майдаланып,
Жағынып кең қазаннан пайдаланып,
Поездың барқыт вагон бөлмесінде,
Енді отыр жұмсақ орын сайлап алып.
Жап-жарық вагон іші жайлы, жұмсақ.
Бұл дағы саудагердей жуан құрсақ.
Ұлың боп семіріпті тысырайып,
Советтің ақ нанымен майлы, жұмсақ.
Вагонның жарқырайды іші жайнап,
Қалшылдап ақсақ енді тісін дайрап,
Шақырмақ болғанында милицияны,
Поезд да жүріп берді демін жайлап.
Гүрсілдеп кете барды поезд жүріп,
«Милиция! » деді айқайлап ақсақ тұрып,
Ұмтылып милиция жетіп келді,
Құлады ақсақ жерге әлі құрып...
Шалғылап ақсақ жатты естен танып,
Тістерін шықырлатып айқай салып.
Жапырлап екі-үш кісі милициямен
Ақсақты емдік жайға жөнелді алып...
Поезды сан ақ ит бар жанап жүрген,
Айнала тіміскілеп қарап жүрген.
Тастанды астық түйір қиқымдарын
Қағып ап, қансап, нәр ғып жалап жүрген.
Ақ иттің бір парасы жүнін бояп,
Бұрынғы поезға үрген үнін бояп,
Сұғынып жылы орынға кіре білген,
Жылмаңдап ішіндегі шынып бояп.
Сұғанақ, үйтіп дәурен сүре алмассың!
Қайтсең де бұрынғыдай үре алмассың!
Әзірше от арбада солай шығар,
Үйткенмен мәңгі бүйтіп жүре алмассың!
Өлшеу бар тәтті нанды татарыда,
Асықпа, саған да op бар жатарыңа.
Күйелі көсеуменен... ұрыпын,
Шығарсын бір құлықтас қатарыңа.
Жауыз бидің заманында жауыздар —
Толған еді арам тамақ ауыздар.
Қуды бәрін,
Жуды нәрін.
Бұққандарын
Біріте-бірте кондукторлар қауыздан.
13 ноябрь, 1927жыл.
Нұсқалап бұл күйді өстіп жоспардадым,
Қызыл ат сынды сұлу досқа арнадым.
Жібек сырт, алма қызыл, наз сұлуым
Дегізбе, «шіркін күйді босда арнадым...»
«Құрғақтау жазылыпты кеңесің»...— деп,
Кейбіреу білгішсіп «дам жемесін» деп,
Сұлуым, толғап сені суреттедім,
Күйімді «жалаң үгіт» демесін деп...
Жан шіркін сүйеді әрбір сұлу затты,
Сүйгенде беріледі күймен қатты.
Гүл, бұлбұл,аққу, айдың, көк сәулесі,—
Бірақ та, жақын көред қызыл атты.
Кәні, ақын даламынды қолға аласың,
Күй шертіп біраз енді толғанасың!
Күйімен қызыл аттың құрыш қалам
Сумаңдап ақ қағазға жорғаласын!
Көңіл күй кешкі әуемен желіктесіп,
Көктегі сәуле отымен еліктесіп,
Әуелеп талай кеште шалқып еді,
Жүргенде қызыл атпен серіктесіп.
Әрине, көкке әуелеу айып емес,
Адамға құлаш созбау лайық емес,
Адамзат сан сәуленің сырын білмек,—
Көктегі алтын сәуле ғайып емес...
Аспанда алтын сәуле жұлдыз көп қой,
Дүниеде асыл гауһар құндыз көп қой.
Құралай, бұлбұл, аққу, ал қызыл гүл,—
Жан шіркін қызығатын қырмыз көп қой.
Көктегі сәулелерді санадың сен,
Әрқайсын әрбір затқа баладың сен.
Құралай, бұлбұл, гауһар —жұлдызсың деп
Ішінен таңдағаның қаладың сен.
Сүйген ең нәзік бұлбұл сұлу жырын.
Гәуһардың от ойнаған көркем сырын.
Сәулеге аспандағы күй қосушы ен,
Бірінен артық керіп таңдап бірін.
Қиял күй, енді «қара жерді» шарла!
Бұл күйді Қызыл аттай досыңа арна!
«Егіске тегіс жұмыл! Жақсы ек!» деген
Ұранын партияның жұртқа жарла!
Білсең сен, нағыз сұлу мүсін қайда?
Күйі, ме бұлбұл құстың жасыл майды?
Немесе таудан аққан күміс су ма,
Бұраңдап сылдыр қаққан самал сайда?
Немесе түпсіз аспан көк мұхитта
Жалтырап қалқып жүзген алтын Ай ма?
Бар жәндік сұлу жазды қарсы алады,
Табиғат мың түрлі үнмен ән салады.
Ұшқан құс, жердегі жан тасқын күшпен
«Еңбекке жұмып шат» деп жар салады.
Түрлі күй жер мен көкте саңқылдайды,
Сұңқылдап аққу, қаздар қаңқылдайды.
Сыпылдап әуеде ойнап, төңкеріліп,
Көк мойын сұқсыр үйрек жарқылдайды.
Егісте бәйгі аласың,
Қызыл атым,
Күн мынау күшті дене қызынатын.
Тілініп жер қыртысы көк соқамен,
Тунған жер талқандалып бұзылатын?
Жарыспен өткізуге егіс айын
Құралды күнде шыңдап жағып майын,
Еңбекші ел — қалың ұйым күтінуде
Қалдырмай түгел жұмып тағал тайын.
Трактор, кек соқаны қатар айдап,
Күш салмақ өткізбеуге күннің райын.
Барлық күш, барлық құрал жаранады,
Жақсы ма,
Қызыл атым, сенің жайың?
Сұлуым, неге маған салқындаусың?
Назданып шықпайды ойнап жардың даусың?
Еркешім, қайда кеткен, сөз қатқанда,
Аңдуша еркелейтін алтын даусың?
Мөлдір кез, алтын айдар, жібек жалым,
Бүгілген құмырсқа бел, ерке жаным!
Досыңа неге жарқын қарамайсың,
Көк шыбық, алма қызыл, серке саным?
Қарайсың неге сұлық, бота көзім?
Не болды мұң шалғандай нәзік сезім?
Айналып-толғанып мен келгенімде
Жарқылдап ойнаушы едің етпей тезім?
Сүйріктей аққу мойын алма сабақ
Безенген шыбын дене, кербез сағақ.
Немесе айдындағы аққу құс па ең;
Сағымша елден қашқан құралай ма?
Қоя тұр, жер тағысын, ақын қиял,—
Сәуледен аспандағы қанша пайда?..
Сұлу күй — социалистік өндірісте,
Сұлу зат — ортақ еңбек егіс жайда!..
Егісте — колхозданған ел сұлуы.
Егісте — еңбек қылған ер сұлуы.
Дегенмен алтын сәуле, көкте ғой ол,—
Кызыл ат — қолдағы алтын, жер сұлуы!.
Құр жалаң айқайлама желше жосып,
Атыңды өктеме тек борбайға осып.
Баппенен егіске айда, марғау болма,
Айналып жем бер сылат, қант қосып!..
І. Егіске күйің қалай, қызыл атым?
Егіске күйің қалай, қызыл атым?
Күн мынау күшті дене қызынатын.
Жасарып төсін ашқан қара жердің
Қыртысы қатар-катар сызылатын?..
Мінекей, ескен жібек жаздың демі,—
Ақ киіп қатқан жерге қылған емі.
Кезіңде күшті шіреп еңбек қылсаң
12 ай тіршіліктің еңбек жемі!..
Қалың қар жерді басып жатқан бүріп,
Ыстық леп жаз демімен балдай іріп.
Бусанып бойын жазар жер — ұлы анаң,
Талқандап ақ көрпесін үстен түріп.
Сай-сайдан сулар дүлап гүрілдейді,
Жарасып ылди диып дүрілдейді.
Лебі мас — жаздың демі сиқырлы ауа
Мың түрлі шатты күймен дірілдейді.
Наз сұлу, наз қимылды құралайым,
Садақтай ұзын кірпік, гәуһар қабақ.
Қасыңа мен келгенде сылаңдаушы ең,
Жарқылдап оттай ойнап тұралмаушы ең.
Тал жібек айдарыңды сылағанда
Назданып еркелеуші ең, бұраңдаушы ең.
Құшақтап тал мойныңды аймалайын!
Жаяңды сылап-сипап жаймалайын.
Досыңа мұнша неге салқындадың,
Айтшы енді, сәулетайым, айналайын?..
Денің сау, амансың ба, ақын досым?
Бір кезде айрылмастай жақын досым.
Қарамай кетіп едің көптен бері,
Енді кеп қайрылғаның мақұл, досым!
Досым ең сырлы сұлу сөзге маман,
Сұрамай бір қайрылып, есен-аман.
«Еркем!..» деп, енді елжіреп сөз қатасық,
Еске алмай жүріп мені талай заман!
Екеуміз дос болғанда қандай едік?
Естіген, көрген жұртқа таңдай едік.
Көктегі жұлдызымыз құшақтасқан,
Жаны бір, жүрегі бір жандай едік.
Сан қиын істе мені сынаған ең,
Жан қияр серігің боп ұнаған ем.
Жаныңа ап кейбір түнде «қанатым!» деп.
Құшақтап талай мені сылаған ең.
«Жаныммен бағасы бір досым!» деушең,
«Мәңгілік жан қосысқан қосым!..» деушең,
Сен үшін қиналған түн құшып мені:
«Ұмыт боп қалар ма екен осың!» деушең.
Сен үшін талай жерде құс боп ұштым,
Мойнымды «аққуым!» деп талай құштың.
Соны да ұмыттың ба,— көктегі ұшқан,
Әніне ән қосушек аққу құстың?!
Бар сезім, бар күйімді саған бердім,
«Жібек!» деп айдарымды талай өрдің.
Көк майса жаратылыс құшағында
Сен үшін құлашымды талай кердім.
Сен үшін ақтым талай жұлдыз болып,
Сыландым, құлпырдым да құндыз болып.
Жаныңа қанат болып, мойныңа да,
Оралдым бейне жібек қырмыз болып.
Не керек, жанмен талай сырласушек,
Күй қосып достық жырын жырласушек.
Орманда бұлбұл құстың күйін тыңдап,
Көктегі жұлдыздан сыр ұрласушек.
Менімен талай банды-жауға шықтың,
Соғуға талай жауды ауға шықтың.
Қуалап ақ бандыны дүрілдетіп
Көтеріп қызыл туды тауға шықтың.
Кекілді шоқтап талай түйген едің,
Қыналып қорғасын оқ киген едің.
Көк найза ақ алмасты жарқылдатып,
Ысқыртып жауға талай тиген едің.
Ақ банды қуған күндер түсе ме еске?..
Сонда мен көк шыбық ем шыққан беске...
Жарқылдап найзағайша тиюші ек қой,
Ант етіп жауға тыныс дес бермеске! .
Сонда мен бетімді оқтан бұрып па едім?
Жалтақтап от пен судан тұрып па едім?
Қорғаған Октябрьді сан шабыста,
Маған бір кейіп қамшы ұрып па едің?
Жан аяп жауға еш жерде алдырмадым,
Шабыста жанға жуың шалдырмадым.
Бас тіккен тыныс алмас қан майданда
Мен сені жау қолында қалдырмадым.
Осыны ойпаушымем кесілер деп
Ұмытып сырлас досым есіркер деп?..
Сен күліп басқалармен жүр дегенде,
Тек дана бас шайдадым: «есіл ер!» деп...
Шіркін дос, өз сертіңді өзің неттің?
Ұмтып жолдасыңды тастап кеттің!..
«Досым!» деп, енді келіп толғанасың
Бес төгіп есіл арын шіркін беттің,!
Әуелі сұрамадың есен-аман,
Демедің: «ескі досым, қалай шамаң?»—
Деп жүріп, «жан жолдасым», бүйтіп кеттің,
Бола ма опасыздың бұдан жаман?
Тұрсың ба өзін көрмей біздің жайды,
Мен қалай өткіземін «егіс айды?»
Мынау ғой біздің колхоз титықтаған —
Қойды ма зиянкестер тағал тайды?
Шор болды қамшыменен екі сауыр.
Мінекей менің мынау,— арқам жауыр,
Алдауыш белсенділер жау боп тиіп,
Мойнымда жал қалмады өкпе, бауыр.
Алдауыш белсенділер бізді құртты,
«Бұл қалай?» десең боқтап шайнады ұртты.
Оларды бай құлақтар айдап салып,
Ақыры күйзелтті иттер талай жұртты.
Колхозға тиді қулар жау сияқты,
Қарады бізге тек бір «лау»10 сияқты.
Науқанмен анда-санда, уәкіл келсе,
Көрінді қол жетпейтін тау сияқты.
Басқарма қу белсенді тайтаңдады,
Қауіпсіз, дені басы cay сияқты.
Олардан кедей шаруа қорқып әбден
Қарсы айтпай жүре берді «мау»11 сияқты.
Колхоздың құртты қулар ет пен майын,
Қоймады ұрламаған тағал тайын.
Белгілі ат, айғырлар не болмады,—
Жеп құртқан уақ малды не қылайын!..
Білемсің жүйрік сұлу қара айғырды?
Білемсің, әлгі жалбыр сары айғырды?
Сұр жорға ат, сүтті мама боз биені,—
Соларды зиянкестер қалай қылды?..
Солардың бірі жауыр, бірі қатпа,
Сұр жорға ат қазір - тулақ, ол енді ат па?
Мұнымыз күш көлік қой десе шаруа,
Зиянкес деді зекіп: «әкел! . шатпа!»
Сонда, сен ақын досым, қайда жүрдің?
Көктегі алтын сәуле — айда жүрдің.
Тербеліп, өлеңдетіп, автомобиль —
Қызықты жұмсақ орын жайда жүрдің.
Міндің де, аэроплан ұшып жүрдің,
Аспанда алтын сәуле құшып жүрдің.
Қиналып су іше алмай мен жүргенде,
Сен... шырын... миуа... балын ішіп жүрдің.
Әрине, алтын сәуле сұлу зат қой,
Сәулені құшқан жанның көлі шат қой,
1 Ұмытпай қайтесің сен, жердегіні,—
Сәуленің сиқырлы оты шіркін,— жат қой!..
-Ауылдық шаруадан сен, аулақ жүрдің,—
Советтің «жалпы жауын» жаулап жүрдің.
Ішкі жау ішімізден жеп жатқанда,
«...Комбайн... трактор!..»—деп заулап жүрдің
Әрине, машинаға қарсы емеспін,
Орынсыз өкпе айтатын заршы емеспін.
«Машина бізге жау» деп қата пікір,
Зиянды үгіт айтар жаршы емеспін.
Машина — жан жоқ жүйрік ерен көлік.
Біз оған болмас па едік істе серік?
Көбейсе машиналар әр түкпірде,
Алмас па ек, арда босап біраз ерік?
Естиміз, талай елдер егін еккен,
Шалағай жай көліктен ыза шеккен,
Трактор, комбайнды егінге сап,
Отарба, автомобильді ат қып жеккен.
Бірақ сен сертті ұмыттың жолдан азып,
Өткенді не пайда енді текке қазып?
Кетіп ең мені тастап, автомобиль,
«Әуелек, отарба.»— деп жырлар жазып.
Мені де тым болмаса есіңе алып,
Күш беріп кеп жүрмедің кезін, салып.
«Жолдасым, ұмытқам жоқ», демедің сен,
Қиналып жүртенде мен өліп-талып.
Артыңа қайрылмастай мені тастап,
Жазбадың бір жылы сөз маған қастап.
Адамдың бағанды бұл білдірмей ме,
Кеткенің ескі досты айырбастап?..
Бұл қалай?
Үкімет әлде бізді «көрме» деп пе ең?
Саған —«тек, көкке заула, өрле» деп пе ең!?
Алдауыш белсендіге ерік беріп:
«Малды құрт, тез титыңтат, жерле...»
деп пе' ең?
Қуларға, совет бізді: «жалма!» деп пе ең?
«Аузыңа қызыл атты алма!..— деп пе ең?
Саған «тек тракторды, айт, көкте заула,
Ат шіркін ауызға алар мал ма!..» деп бе ең?
Әрине, олай болса сенде не бар?
Өкпе айтқан «дос едік!» деп, менде не бар?
«Ат енді керек емес!» десе совет,
Титықтап қалмай қаңғып енді не бар?
Ендеше, неге айғайлап: «Егіс» дейсің?
«Егіске жұмыл қатты тегіс» дейсің?
«Күйі жоқ күш көліктің!» десе біреу,
Неге енді жұрт алдында сөгіс дейсің?
Жолдасым, көріп тұрмын жай-күйіңді,
Досыңмын, көрген — құлын-тай күйіңді.
Қызықпен өткізген ек ор киікше.
Жүріске талай сертті сай күйіңді.
Өзім де колхозыңды көріп келдім,
Кішілік етіп сәлем беріп келдім.
Сұмдардың не қылғанын біліп әбден,
Бәрін де жіпке тізіп, теріп келдім.
Сұлуым, күйің мұндай болған екен,
Өкпе-наз көкірегіңе толған екен.
Алдауыш арам қулар мұнша қорлап,
Езілген гүлдей жүзің солған екен.
Бәрі жен айтқаныңның мойныма алам,
Жоқ саған кінә қылып жабар жалам.
Жыр қылып жай күйіңді жаза алмадым,
Салынып басқа күйге қызу қалам
ІІ. Жағдай солай болды ғой
Кешегі Ленин бастап майдан ашқан,
Жығуға езгіш тапты ұран шашқан,
Дүниені қалтыратқан сертті күнде,.
Ес білген жас бала да қару асқан.
Күңіреніп езілген тап іздеп теңдік,
Асынып жау жарақты майданға ендік.
Құлданып еңбекші елді езген таппен,
Шайнасын қан майданда ит қып жендік!
Дүниенің қарарсыз ғой бек пен байы,
«Біздікі,— дейді,— көктің Күн мен Айы..»
Айтпай-ақ қояйын ол күннің жырын,—
Мәлім ғой барша әлемге істің жайы...
Еңбекші ел жауды жеңіп ұрғаннан соң,
Өзінің әкімдігін құрғаннан соң,
Түрлі ауыр машиналар қажет болды,
Социализмге бет бұрғаннан соң.
Сондықтан өнерлі елге жетпек керек,
Болды ғой басып озып етпек керек.
Сан қиын завод жасап күшті салды:
Оған күш төкпей енді нетпек керек?
Жасады неше түрлі машинені,
Талқан боп қопарылды жердің кені,
Салынды бетпақ шөлге темір жолдар,—
Жеңілді қиыры жоқ жердің шені.
Отарба аэроплан, тракторды,
Жыр қылдым, ұялтсаң да, кекеп мені.
Бірақ та кешілмейтін ауыр күнәм,—
Бақылап жүре алмадым, досым, сені!..
ІІІ. Қиын жол да
Көкке ұшпай асқар таудан өту қиын,
Құралсыз алға жылдам кету қиын.
Отарба, автомобиль, тракторсыз
Мұратқа алыстағы жету қиын.
Сондықтан, құрал керек қиын жолға,
Әйтпесе біте ме ұлы іс алған қолға?..
Сан қиын асулардан аса алар ма ек,
Ығысып бұрақтамай оң мен солға?..
Бұл жолда ас та керек, ат та керек,
Тағы да неше түрлі зат та керек,
Өндіре егін салу әсіресе,—
Бұл тіпті зор мәселе тұрған ерек.
Бұл жолға, сұлу досым, сен де керек,
Әрине, ат пен ерге жем де керек.
Советке қастық қылған жау біткенше,
Ататын .. Менің әлгі... «Нем» де керек.
ІV. Үкімет малды ешкімге құрт демеді
Үкімет малды ешкімге құрт демеді,
Күйзелсін еңбек қылған жұрт демеді,
Сендерді — колхоз малын жау боп құртқан,
Сұмдарға өтірік айтып қырт демеді.
Советтің мақсаты — істі жемісті ету,
Еңбекті еңбекші елге тең істету.
Колхозды, өндірісті өркендетіп,
Қызықты комуншылық күнге жету.
Қызықты талай жердің колхозды елі,
Аттары ор текедей ескен телі.
Гүлденген шаруасы іс жүзінде,
Жылтылдап малдарының майлы шелі.
Істесе, қу жалқаулық, ресім болмай
Қоя ма өндірісте өсім болмай?
Өндіріс бастықтары іс басқарса,
Не пасық, не ақмақ, не сұм болмай!
V. Аттарды дер бес тапсырған
Аттарды сырттан бағып шолып жүр, деп,
Жаулардан, ұры, қары қорып жүр, деп,
Үкімет Ворошилов, Буденныйға
Тапсырған: бас, көз, қамқор болып жүр, деп.
Бұл екі ер талай ұлы сияздарда,
Жер-жерден келген кейбір миы аздарға,
Әйгілеп зор дауыспен ұрысқан талай,
Жерінде аттарының күйі аздарға.
«Ісшіл ат, едбекші тап, досын!» деген..
«Көп пайда көреді аттан қосың!» деген,
«Октябрь майданында серік болған,
Ұмытпа, бұл есіңде босын!..» деген
«Ісінде отан қорғау жау мен жаттан,
Көреміз талай достық әлі де аттан.
Кешегі қан майданда,—деген олар,—
Ат байғұс біз үшін сан қанға батқан!..»
VІ. Сендерді зиянкестер бүлдірген ғой
Сендерді пасық сұмдар бүлдірген ғой,
Бір-бірін дұшпан кез боп күлдірген ғой,
Өтірік мәліметтер жазып ылғи,
Советке мүлде теріс білдірген ғой.
Советтен сұмдықтарын жасырған ғой,
Өтірік сипырларды асырған ғой.
«Баюда біздің колхоз, өркендеуде!»
Деп сұмдар үкіметке тас ұрған ғой.
Арамдар әбден алдап ұрған екен,
Пәлесін неше түрлі құрған екен.
Жем қылып ит пенен құс, ұры, қары,
Қуалап дем алдырмай қырған екен.
Пасықтар ұрлап, сатып сойған екен,
Жем қылып ұры, қары тойған екен,
Бағусыз қуалап тек, жынша қинап,
Аз күнде колхозыңды жойған екен.
VІІ. Алдауыш белсенді — жаудың күшігі
Алдауыш белсендіні жау демейсің
Арқасы ешбір аттың сау демейсің,
Ол сені жау болмаса бүйтпес еді,—
Сайдағым, доста күйлі,
Жауда — өгейсің!
Олар байдың күшігі жүні күйген.
Бұлаңдап кеше байға басын иген.
«Жау сияқты!»
Демеші оқаудың"итін"
Астау жалап жылмаңдап сүтке тиген..
Аулақта сендерге әкім ие болып,
Семірген өз сөздері жүйе болып!
Советке сұмның ісі білінген соң,
Сотталды арам беті күйе болып.
Емес пе ол сұмырайлар жаудың бірі?
Қайтеді ондай болмай жаудың түрі...
Тон жамылып қой жеген сұғанақша,—
Құлқынның көрінді ғой барлық кірі.
Көк бояп колхозыңды жайлап қулар,
Титықтап таусылса да тәннің шыры.
Сандалтып дамыл бермей сонша қинап,
Әйтеуір, достым, сені қойған тірі!..
VІІІ. Үкімет сұмдарды жазалайды
Құртыпты кей жерде де өстіп малды,
Бір кәлік қалдырмаған жөнді, жалды
Сұмдарға қатты жаза қылып жатыр,
Үкімет білген жерде мұндай халді.
Осындай зиянкесті көре алмаған,
Ауданның басшыларын істен алды.
Сұмдарға, зиянкеске берілгенді,
Әшкере қара бет қып соттап салды.
Алдауыш белсенділер енді татты...
Ит болып ұсталғаны түрме жатты.
ГПУ, төңкерістің күзетшісі
Біразын зиянкестің ұстап атты.
ІX Жолдас Мирзоянның үнімен
Советке шын хабарлар енді жетті,
Сондықтан кей райкомдар ұшып кетті
Партия:
«Ісін түзе, тез...» деп бізге,
Мирзоян — қырағы ерді бастық етті.
Мирзоян істі қолға алып жатыр,
Өзі де, сөзі де елге барып жатыр.
Төктіріп азық, тұқым мұқтаж елге,
Егіске күшті ұранын салып жатыр.
Мирзоян іс басында күндіз-түні,
Қозғады еңбекші елді салған үні...
Сұлуым, өкпеңді қой, көтеріл, деп,
Бас иіп келіп тұрмын мен де міні!..
Аққуша сылаң мойнын созған досым,
Күйленсе ұшқан құстан озған досым,
«Егіске жұмыл!»-деді, үндеп басшы,
Кәні енді, күшіңді ірікпей қозғал досым
Қозға енді бота көзім,
Қызыл атым,
Сертті істе өнеріңді қызынатын!
Көк бояқ ен далада құлаш керіп,
Жұлдыздай көктегі ағып сызылатын.
Қызыл аттың сөзі
І. Енді мен аянбаспын
Жанымды қозғадың сен, ақыл достым,
—Талайдан осындай бір сөзді тостым.
Жұбатты бірсыпыра сөзін, мені.
Шалдыққан тәніме сен қуат қостың.
Шындыққа біраз, міне, қанып тұрмын,
Арыған денем қызып жанып тұрмын.
«Советті алдап бүлдірген сұмдар» деген,
Әлгі айтдан шын сөзіңе нанып тұрмын.
Демеймін: «Егіске мен жарамаспын»,
Өзімді мүгедек — деп санамаспын,
Егіске жан аямай жегілермін,
Енді мен арықтыққа қарамаспын.
Қайтейін, міне, белім, арқам жауыр,
Шор болған қамшыменен екі сауыр.
Егіске бар қайратты жиямыз ғой,
Шырлы жал болмаса да өкпе, бауыр.
Уәкілдер анда-санда келіп кеткен,
Советке білдірмесе бұл хәлді ауыр.
Сен-дағы үкіметті алдайсың ғой:
«Қызыл ат күйлі екен, деп, тым-ақ тәуір!..»
2. Анық білгің келсе
Өзің де біздің жайды көрдім дейсің,
Колхозға кіріп сәлем бердім дейсің,
Сұмдардың не қылғанын біліп әбден,
Бәрін де жіпке тізіп тердім дейсің.
Сұмдарды түгел білу керек десең,
Саған бұл, материал — дерек десең,
Колхоздың бәріне де еске аларлық,
Бұл жұмыс үлкен сабақ — ерек десең.
Шын білгің келсе жайды, ақын досым!
Бәрін түгел білгенің мақұлдасым!
Сабаздарды толықтау суреттейтін —
Жай-күймен әбден таныс жақын, досым!
Шертуге көпті түгел толғанып ем,
Найза қып өкпе айтуға оңдалып ем,
Бірақта жасқаншақ боп қалған басым,
Айтуға мана толық қорғанып ем.
3. Солай еді ғой
Алдауыш белсенділер қолы еді ғой,
Оларға не қылсам да жол еді ғой,
Көңілдерін таппасаң құрдай жортып,
Жұмсайтын арам — лас қолы еді ғой,
Арам ісін олардың айтар болсаң,
Істейтұғын бәлесі мол еді ғой,
Нағыз жау деп айтуға қауып қылып,
«Жау сияқты!-..» дегенім сол еді ғой!..
4. Аулақта неғып жатты
Ортадан біздің колхоз қашық жатты,
Сұмдарға басқарма алды ашық жатты.
Отырып залым, сұмдар басқармада
Мал шаруа, құрал-сайман шашық жатты.
Тек қана білді олар ішіп жеумен
Сабылтып күндіз-түні мінген атты,
Бүлдіріп колхоз малын өңкей құзғын,
Тағы да пайдасына ұрлап сатты.
Уәкіл кеп орталықтан сөз болғанда,
Өтірік, қып-қызыл боп оттап шатты.
«...Алдынғы қатарда, деп, біздің колхоз»
Тілменен тап жауына тас боратты.
Сөздерін азеуретіп нағыз ер боп,
«.. Жасасын... жасасынға» баспалатты
Зиянкес сол кездерде қанды шеңгел
-Бар малға салып жатты қатты-қатты.
Сандалып әлім құрып, дал болып жан,
Аяусыз қамшы арқама қатты батты.
Ортадан қашық жатты қулар билеп,—
Мінекей досың соның дәмін татты!..
5. Біздің колхозды жайлаған сұмдардың ниеті
Айтып тауыса алмаспын былықтарын,
Басқарманың жеркеніш шылықтарын.
Ойран болмай жүрегім айта алмаймын,
Ұждансыз сұм зиянкес қылықтарын.
Біздің колхоз ортадан тым жырақ қой,
Темір жолдан қиыр шет бір бұрақ қой,
Шын коммунист бізге кеп басқармаған
Кездерде басқаратын — бай-құлақ қой .
Арам сұм боянып кеп алып орын,
Біртіндеп өрмекшіше құрып торын,
Совет үшін қызмет қылған болып,
Құртуға қылды әрекет колхоз қорын.
Біртіндеп селдіреді қолдағы мал,
Пәлеге ұшырады қордағы мал,
Күш көлік ат сандалып қалды әр жерде
Секілді болды қорлық сордағы мал.
Колхоздан еңбекші елді бездірмекке,
Улатып ескі заңмен ездірмекке,
Бірлескен күш еңбектен жеріттіріп,
«Көрсін!» деп, қаңғыртып ел кездірмекке.
Ірітіп колхозды әбден тоздырмаққа,
Жаулық, жаттық сезімді қоздырмаққа,
Тентіретіп мойнына дорба ілдіріп,
Әркімге тіленіп қол создырмаққа.
Құрытып колхоз қорын аш қылмаққа,
Қатын — бала көздерін жас қылмаққа,..
Колхоздан түңілдіріп еңбекшіні,
Суытып көңілін оған тас қылмаққа.
«Колхоз болсаң, мынадай боласыда» деп,
Қаралап дүниеге паш қылмаққа,
Советке, партияға жала жауып,
Социализмге елді қас қылмаққа.
Бейнебір дауыпты ауыр түс көрсетті,
Жаз ішінде қырланған қыс көрсетті,
Досым, сен нанбассың да, зиянкес сұм,
Естімеген, көрмеген іс көрсетті!..
6. Алдаушы сұмдарды партияның
Білгені жақсы болды
Міне, енді көтеріліп қуанамын,
Қалдырып, күйзелуді уанамын,
Партияның достығын көргеннен соң,
Озық колхоз аттарын қуаламын.
Қуанам партия көз салғанына,
Сұмдарды қыран көзі шалғанына.
Біздегі зиянкес — би құлақты айдап,
Бізді де мықты қолына алғанына... 7. Сұмдардың тұрпат, құлықтары
Тексерсең біздің арыз — дауымызды,
Көрер ең талай арам жауымызды,
Сұмдардың не қылғанын түгел біліп,
Аз табар ең бас арда сауымызды...
Іште жүрген жау сұмдар неше түрлі,
Болса-дағы бір тілек, бірақ сырлы.
Әдіс, мінез тұрпаты алуан-алуан,
Адамшылық, ұждансыз жаны кірлі!.
8. Колхоздағы зиянкестің бірі
Кейбірінің тұрпады салмақты ызбар,
Артық сынып тұнжырап кейде сыздар,
Төңкеріске мәңгілік жібіместей,
Көкірегінде қатқан қан тастай мұз бар.
Нығыз дене, айуан жендет сынды,
Қанды лөкет қонышында ұзын қынды,
Күтулі бір колхоздың малын көрсе,
Тісін қайрап ішінен көзі тұнды.
Мінген атын өксітіп тыным бермей,
Делбедей қып қинады бейне жынды,
Бүлдірсе, құртса, сойса күнде малды,
Сонда ғана көңілі біраз тынды...
Ондай сұм колхоз малын бақтырмайды,
Ұқыптап мал күткенді жақтырмайды,
Өзінің күшігіне қаймақ құйып,
Өзгеге шырлы керек таттырмайды...
9. Екінші біреу
Кейбірінің тұрпаты баяу ғана,
Кеп отырып сөйлейді таяу ғана,
«Не үшін, сорлы-ау жел танау боласын!» деп
Сөздері секілді ылғи аяу ғана ..
10. Үшінші өтірік белсенділер
Үшінші сұм, өтірік белсенділер —
Ат, айғырды сабылтып теңселдірер,
Бірі ызбарлы сыздаған, бірі әңгүдік,
Бермесең қар жаудырар, берсең күлер.
О да «қамқор» болады көңілін тапсаң,
Қонса күтіп, жатқанда жылы жапсаң,
Түнде көңілі «сабаздың» табылмаса,
Үй иесі бір «контр» болды шапшаң.
11. Сұмның басқармадағы бірі
Кейбіреуі уәкілге жағынады,
Мың түрлі еппен жорғалап ағылады,
Үкіметтің оң көзі өзі болып,
«Ол қыдыр, бұл қисық» деп шағынады.
Тетегіш боп кейде ол сұм тайтақтайды,
Кейде көлгір қамқор боп жайтақтайды.
Алдауыш белсендіні итше үйретіп
Дамыл алмай еппенен айтақтайды...
Колхозға сұм иттерін сүйтіп жапты,
«Ал, белекең» дүрдиіп тынбай шапты,
Колхозшыны есінен адастырып,
Өшіккенір құтырған итше қапты...
Ол дағы колхоз малый жеміреді,
Қан ішкен қандес итше семіреді,
Өтірік малды жаудан күзетпек боп,
Ыржақтап майлы сүйек кеміреді.
Қауып қылғанды ықтырақ шетке қағып,
«Бұл қалай?» .. дегенді ұрад бетке қағып,
Басқаның сұлуына мін айтады,
Ардақтап өз мәстегін... қағып.
12. Бар ма әлі кәрі райком
Білмеске «ауком», «райком», бәрі райком,
Бар ма әлі сендердегі кәрі райком?..
Сен де оған жалған цифр бересің ғой,
Болса егер ол сендерде әлі райком!..
Ол әлі райкомдіктен кеткен жоқ па?
Кетуге жоғары арыз еткен жоқ па?
Көрсетіп болды ғой бар қасиетін,
Кететін мезгілі енді жеткен жоқ па?
Аралап колхоздарды көре ме өзі?
Көрсе егер дұрыс баға бере ме өзі?
Бізді кеп неше жылда бір көрмеді,
Әңгүдік ұлықсыған төріме өзі?
Емес пе жауапкері бір ауданның
Көлемді біз тәрізді қыр ауданның,
Керек қой өте-мөте дұрыс болу
Басшысы жырақ жатқан ірі ауданның?
Әрине, мұндай сөздер оған жақпас,
Мойныма, жақсы айттың, деп, тұмар тақпас,
Ырза болып, бұл сөзге қоштанып кеп,
Көтермелеп арқаға мені қақпас.
Шын басшы адам қырағы болар еді,—
Қойын да жақсы қойшы теріс бақпас.
Қойшы да қойын жұтқа шалдырмаса,
Ешкім оған орынсыз жала жаппас.
Ол қырағы болса — жау бүйте алмас ед,
— Сақ қойшының қойына қасқыр шаппас.
Сорымызға біздің ол тап болды ғой,
«Сортаң қойшы қойлары егіз таппас!».
Басшы болсаң бір аудан келемінде —
Іс ақсаса,— «өзімнен көремін!»... де,
Алданба көз бояған сұмдарменен
Әйтпесе —«басшы емеспін, төремін!..» де.
13. Сен де өтірік мағлұмат бердің бе?
Дариға, кәрі райком бар болса әлі,
Қатесін айтуға алды тар болса әлі.
Секілді салтақ бұта көкке қарап,
Білімі мінезі мен пар болса әлі.
Алдына барып сен де жүгінемісің,
Лас жанды, подхалимше — бүгілемісің?
Үйренген табақ жалап жұрт көзінше,
Жағынып, майдаланып үгінемісің?
Қайпақтап, кішірейіп бас ұрамысың,
Көрсең де, кемістікті жасырамысың?
Колхоздың жайы, күйі қандай десе,—
Өтірік мал цифырын асырамысың?
Егер, ол кеткен болса, боқтаймысың?
Қопарып қателерін «тоқтаймысың»?
Кінәнің барлығын тек соған жауып,
Дұп-дұрыс, өзің түзу оқтаймысың?
Кетсе ол, қорқып оны, сілеймісің?
Барда мақтап, кеткен соң мінеймісің?
Жаңа келген райкомды тағы мақтап,
Кеткенге сырттан шоқпар білеймісің?
Дариға, не болғаның, үйтсең сен де?
Ниетің азғаны ма, болып шенде?
Кешегі ер бүгін азса жалынғыш боп,
Кейде бұл не болғаны, шіркін пенде?!
Сен азсаң, дос күйзелер:
«Есіл ер»! деп Жау күлер:
«Жүрген соны несін ер» деп!?
Сөйлесең сен өтірік жағынам деп,—
Өмірі ойламаймын,— кешірем деп! 14. Білмейтін бәнде көп қой ар дегенді
Білмейтін бәнде көп қой ар дегенді,
Білмейтін, «адамшылық бар» дегенді.
Әйтеуір ондай пиғыл біздерде жоқ,
Жәбірлеп, қорласа да мал дегенді..
Сондай бір пиғылдар бар адамзатта,
Кірленген, адамдығы арам датқа.
Жәбірлеп бізді қанша мал десе де,
Ондай сыр жоқ еді ғой Қызыл атта.
15. Тайма, досым, октябрь жолынан
Көңіліңе ауыр алма ақын «сері»!..
Тарқайды түгел айтса жүрек шері,
Кешегі сертті майдан — Октябрьде,
Түскен ең тура жолға ердің ері.
Сол жолдың асуында талай ердің,
Табаннан қан, маңдайдан тамған тері,
Нелер қиын кезеңді, тас аранды,
Сол жолдың артта емес пе еді ауыр жері
-Досыңның, достым, енді көңілін шайма!
Ешкімге жасып енді қолың жайма!
Өткеміз октябрьдің қиын жолын
Сол жолдан, мазақ болып, енді тайма!
16. Әркімнің шын бағасын беру керек
Әрине, мен бассыздық іздемеймін,
Мен саған, «теріс жөнге жүр!» демеймін
Қырағы жол басшыға қарсы болып,
Тәртібін партияның бұз демеймін.
Әрине, тәртіпті нық сақтау керек,
Қырағы болса басшы — мақтау керек,
Ер ұқы төңкерістің болған адам,
Өлсе де сол қасиетін ақтау керек.
Әуелден партия айтқан ашық жолды,
Шындықты қипақтамай жақтау керек,
Қырағы бола алмады кәрі райком,—
Сондықтан, бағаны оған шақтау керек!.. 12
Қызыл атқа 1. Әлі де өкпелеймісің?
Көлігім! Наз қимылды нар сияқты.
Айдарың алтын жібек тал сияқты.
Саған мен шындық сырын ағытсам да
Үніңді әлі де өкпе бар сияқты.
Әлгі айтқан сөздерің тым аз сияқты,
Кей сөзің әлі де өкпе наз сияқты.
Егіске неге қайрат тасытпайсың,
Қоздырған қуат күші жаз сияқты?
Сөйлейсің маған әбден нанбағандай,
Қалытқысыз шын сөзіме қанбағандай,
Жолдасым неге мені кекетесің,
Шындықты айттым ғой мен аңдағандай
Банадан айтқан сырды тек көремісің?
Енді өзің өз пайдаңды жек көремісің.
Қастығын тап жауының кеш білдің деп
Енді ылғы кекеп, маған өкпелермісің.
2. Тағы айтайын
-Мана айтқан уақиғаны тағы айтайын,
Өкпелі көңіліңді әбден ағартайын.
Бағана өзіңде айттың: зиянкестер
Құртты деп, колхозыңның тағалтайын.
Көп колхоз тап жауына берілмеген,
Жұмыла іс істеуден ерінбеген.
Сендердей кей колхозды басқарғандар,
Зиянкес — тап дұшпаннан жерінбеген.
Көп колхоз дұшпанға әсер еткізбеген
Малының маңдайына шерткізбеген
Тап жауы кей колхозда, колхозшыға
Сөздерін партияның жеткізбеген.
Сөйтіп ап өз істерін істей берген,
Қастықты неше түрлі үстей берген,
Партия іс тапсырған адамдарды
Алдап тек, өтірікке күштей берген.
Өзгерткен боямалап дұшпан түсін,
Өзгерткен әдіс пенен күрес ісін.
«Жау қайда? .» деген үнге үн қосқан боп,
Қасқырша салған малға қанды тісін...
3. Сендерге партиямның нұсқауын жеткізбеген
Білсе де не боларын істің артын
Колхоздың алдаған жау жас пен қартын.
Қастығын істей берген колхозшыға,
Жеткізбей партияның алты шартын.
Ақыға, бір шарты оның — саты қою:
Ісіне қарай еңбек ақы қою.
«Сен саларда, мен салар» деп, қараған
Іске шын жауапсыздық атын жою.
«Кадрлар әр сайманды тұтсын!» деген,
«Бірдейлік, жауапсыздық бітсін!» деген,
«Көлігін міндетке алған, я сайманын,
Колхозшы қарағындай күтсін!».. деген.
Мысалы: «Не бір малды, не бір затты,
Егісте не бір аңыз, не бір атты.
Міндетіне алғандар күтпей қойса,—
Ондайлар жаза тартсын, деген қатты!..»
14. Партияның ұранымен
Кей жерде жаудың сөйтіп қылығы асты,
Сөйтсе де, жау сұмдығын партия ашты:
«Өзгерткен түсін, ісін жауды қу!..» деп
Хатшысы партияның ұран шашты.
Партия қазір тегіс аттануда.
Алдымға тап дұшпанын қатты алуда.
Колхозды өркендету ісіңде шын,
Сөздері партияның жатталуда.
Партия колхоздарды тазалауда,
Қаттырақ тап дұспанын «мазалауда».
Өтірік цифр беріп көз бояған
Ұждансыз пасықтарды жазалауда...
15. Біздің райком дұрыс.
Қимылда енді!..
Жана адам біздің райком — біздің бастық:
«Мәлімет болсын,— дейді,— ылғи растық»...
Кекетпе:
«Жалған цифр бересің!..» деп,
Мен де үйтсем жау болам ғой қылған қастық.
Парт бастық қыран көзін қадап отыр,
Бетке ұрад қылғандарды ондай ластық
Құнағым, шын қимылда егіске енді,
Ортаңда шат боларсың мол боп астық!..
6. Жаңа райком
Жолдасым, тиді маған сөзің ащы,
Әліде өкпе айтасың, бейне назшы...
Тынымсыз колхоздарды аралауда,
Келгелі жаңа райком — біздің басшы.
Ол барды көп түкпірге қашық демей,
Аралап колхоздарды, шашық демей.
Жағалап үйлеріне кіріп көред
Мейлі оңды, мейлі нашар лашық демей.
Дамыл жоқ келгелі онда, ерінбейді
Ұлықсып көкиіп ол керілмейді.
Бұрынғы кәрі райком сияқты емес,
Кіруге лашыққа да жерінбейді.
Сөйтіп, ол колхоздармен танысуда,
Сан жәрдем колхозшылар алысуда.
Сөйлесіп өзіменен ауызба-ауыз,
Мүддесін айтып халық данысуда.
Бұрынғы кәрі райкомды алып тастап,
Жіберген «жөндесін!».. деп, мұны қастап.
Міне, бұл партияның дұрыс жолын
Қисайтпай апаратыр тура бастап!
7. Көргенде өзің де танырсың
Көргенде оны өзің де көңілің толып,
Сөзімді дұрыстарсың ырза болып.
Сәл ғана қиянатын суреттейін,
Көруге сендерді де келер шолып.
Жас кісі, зор денелі, қара торы,
Терең ой — қара кер көз қайрат шоры,
Бұрынғы, соңғы келген райкомдардың
Ішінен көзге түсер ең бір зоры.
Қайратты шомбал дене темір-шойын,
Ұстайды жасырыңқы ұзын бойын.
Түзу бас, ашық жүзді, айқын шырай,
Кең жауырын, сұңғақ күшті берік мойын.
8. Кәрі райком қандай еді?
Білемісің, кәрі райком не етуші еді?
Қағазбен, «жарлықты нық» етуші еді.
Кей кейде отарбамен қалаларға
Келіп теубұйрық беріп кетуші еді.
Аралап түкпірлерге бармаушы еді,
Тексеріп күйіне көз салмаушы еді.
Отырып қалада, тек қойқаң басып,
Шеттерден дұрыс дерек алмаушы еді.
Ол кейде қарт бураша басушы еді,
Күркілдеп долы қаһар шашушы еді.
Қайраңдап, отырғандар ыға сөйлеп,
Немесе ауыздарын басушы еді.
Мен ешкімнен ештеңе тілеуші ме едім?
Жаныма кей сөздерің жаман батты,
Қадалған көк найзадан тиді қатты.
«Жаңаға» жағынасың, ескіні ұрып,
Дегендей, жақтың маған арам қатты.
Кекедің, назда қылдың және сөктің,
Кегіңді ұлы сөзбен оқша төктің.
Жалпаңдап жалған айтып «ақын» болсам,
Астында жүрмес едім аспан көктің!
Келгенді мақтап, достым, жағынбаймын!
Кеткенді текке сөгіп шағынбаймын.
Не айтсам,—
Көпшіліктің сырын айттым,
Ешкімнен тана көз ап тағынбаймын!
Мен, сірә, жанға жалған айтушы ма ем?
Кеткенге сырттан шоқпар білеуші ме ем?
«Жақсы деп білмесем де,
«Жақсысың» деп,
Біреуден мен бірдеңе тілеуші ме ем?
10. Мен өтірік айта алам ба?
Демеймін сен орынсыз текке лақтың,
Демеймін еш жазасыз «жала» жаптың.
«Опасыз, адамшылық арың жоқ» деп,
Жанымды у тікенді тілімен шақтың.
Дос боп жүріп, ұмытып алдадың деп,
Бойымнан тастан ауыр күнә таптың.
«Советті сен де алдарсың цифрмен!» деп
Тіліңнің қайта-қайта уын жақтың.
Пасықтық — өз өзінің сөзін жұтқан,
Арзандық — кез келгенге бетін тұтқан.
Жанымды зіл күнәмен айыпты қып
Қорладың, «жалғаншы!» деп, досты ұмытқан.
Мойныма жүктедің зіл ауыр жүкті...
Қай жерде досың шыңдық сырын бүкті?
Істедім не істесем де арды алдамай,
Қай жерде жолдас қылдым өтірікті?
Мен сірә, жанға жалған айтушы ма ем?
Мойныма ондай кірді артушы ма ем?
Ұжмағын дүниенің шарт қылса да,
Пасық боп шындықтан мен қайтушы ма ем?
Не сүйсем — шын беріліп сүймеуші ме ем?
Бас исем — шын құрметтеп имеуші ме ем?
Суынып көңілім қайтса, жасыра алмай,
Айласыз, от пен уға күймеуші ме ем?
Мен сірә итше — зорға жағынғам ба?
Бағынсам,— құлша жымып бағынғам ба?
Өтірік сүймейтінді «сұлуым!» деп
Күрсініп, күйіп, жанып, сағынғам ба?
Мен сірә, шын шаттанбай билеуші ме ем?
Жыр шертіп шын күйленбей күйлеуші ме ем?
Көргенде жан қайысар қиындықты
Қабақты қара бұлттай түймеуші ме ем?..
Енді мен ол мінезден қайта алам ба?
Арымды зорлап былғап жай табам ба?
Алдауыш белсенділер қыртты екен деп,
Советке мен өтірік айта алам ба?
11. Міне жаз!..
Күлігім, керіп тұрсын, сұлу жазды,
Күш беріп шаттандырған қуаты азды.
Күй қосып әсем жазбен асқар асып,
Зеңгір, көк; айна көлді тербетеді.
Қаңқылдап келген ұшып аққу, қазды.
Сыңқылдап аққу әні сұлу назды.
Жұпар иіс, торғын әуе күйге толған,—
Шерткендей алтын-күміс сымды сазды13.
Мінекей көріп тұрсың жасыл белді,
Жұпар иіс жұмсақ торғын жібек желді.
Әндетіп қаз бен үйрек, аққу келіп,
Шаттанып күйге толғада айдын көлді...
Жарқылдап көкте әндетіп сұңсыр үйрек,
Ойнайды найзағайша салып ирек.
Сусылдап жасыл ала жібек қанат,
Шырқайды жазғы өмірдің күйін күйлеп.
Көк ала сұқсыр үйрек жасыл мойын,
Аспанда жарысады салып ойын.
Найзағай көктен төніп айна көлге
Қонады күміс суға шомып бойын...
Қара жер иігендей тесін ашып,
Шаттанып жаратылыс күймен тасып,
Жер жүзі тіршілікке тұтынуда,
Көк гүлдеп, құрт жыбырлап тұқым шашып.
12. Сайдағым
Сайдағым, ор киігім, құралайым!
Құшақтап сұқсыр мойныңа оралайын!
Жарқырап бәйгі алам деп өткізейік,
«Егіске күш тек!» деген көктем айын.
Жел жетпес, құйын қаңбақ, сәйгүлігім;
Жүйрігім, маған аян, бәйгілігің!
Серт майдан биылғы егіс өте мөте,
Есіңе ал оның жұртқа әйгілігін!
13. Күлігім
Сұлуым, мінсіз денең бейне сүлік,
Шыбықтай көк сым құрыш сылақ күлік;
Бұл жазғы сертті егісте басқалардың
Ішінде көңілім сенген сен бір түлік!
Қалмаушы ең сертті жерде, шу, дегенде,
Өзгелер қалушы ед, сен үдегенде.
Осындай майданда тез күйленуші ең,
Шалдығып, арып кейде жүдегенде!
Кәні енді, егіске күш саласың ба?
Мерт қылмай, ерлеп бәйгі аласың ба?
Жауда да, жарыста да озған, досым,
Ұялғыш бұл егісте даласың ба?..
Қызыл аттың сөзі
Жолдасым сөзіңе енді көңілім толды,
Достықпен егіске серт — әкел қолды!
Қоздырып сөзің қуат, бар денеме,
«Атшабар!..» деген үндей желік болды.
Сөздерің көңілімді шын желіктірді,
Жарысқа егістегі еліктірді
Ұранын үкіметтің күйге қосып,
Жүгірттің тал бойыма электрді.
Әрине, сөзіңе енді түгел нанам!
Жарқырап күнше ашылды көңіл санам.
Тек, көрсем күйлі аттарын көрші ауылдың,
Намыс қып, ішім күйіп назаланам!
Солардай біз де күйлі болмас па едік,—
Жауға жол бермесе деп, ызаланам.
Тезірек жау қастығын көрмеді, деп
Ыза боп кейде әшейін, күйіп жанам!
Мен сені сан майданда ұялтпадым,—
Егісте сол шабыстан қалай танам?
Бәйгі алмай күш қарыштап, ар емес пе,—
Ашқанда сүтті тесін Жер —ұлы анам!..
Менімен шын екпінді серік болсын,
Серіктік шын сүйіскен берік болсын.
Өзің де айтып тұрсын, демедік, деп:
«Қызыл ат кәдірсіз, тек, керік болсын»
Нағыз дос жолдасынан, кем кермесін.
Істемей күш іріксем мен,— жем бермесін.
Жолдасын — іске көлік, жауда серік.
Аяусыз жау малымен тең көрмесін!
Енді, тек, шын екпінді қолымды алсын!
Баппенен жемдеп күту толымдалсын!
Әлгі айтқан Сталиннің жақсы шарты
Үздіксіз іс жүзінде орындалсын.
Егістен кейін
1 Қызыл ат бәйге алды
Қызыл ат бәйгі ап қайтты егіс жайдан,
Бірнеше күн етті де eгіc айдан...
Оратын ол егінді күн де жетер,—
Тағы да кезектегі қызыл майдан...
Қызыл ат серт майданда март қылмады,
Шабысқа жалқылықты шарт қылмады.
Бәйгі алды күйсіз жүйрік құлаш созып,
Колхозын бұл жарыста арт қылмады.
Күліктің бұл шабысы,— ерлегені,
Нұр болып жаусын жерге терлегені.,
Егерде бұл шабыста бел аспаса,—
Жолдасын болар еді жерлегені...
Қызыл атқа келейік
1. Біреулер қызыл атты түйе дейді...
- Кәні, ақын,қызыл атқа келейік те!
Жүгіртіп, бұлаңдатып желейік те.
Жолына қызыл аттың кім не шашты,—
Тезекше найза үшімен терейік те!
Қандай жұрт қызыл атты не деседі?
Не десіп, неге жорып, «кеңеседі»?
Не десіп, кеңескенде, қылқыңдасып,
Ұзақша мойындарын теңеседі?..,
Біреулер қызыл атты түйе дейді,
Біреулер шабар байтал-бие дейді,
Біреулер қызыл атты дұрыс танып,
Ақынның жазған сөзі жүйе дейді.
Біреулер, қызыл атты «белсенділік»
«Әдет» пен құрту үшін күйелейді.
Және олар: «сұм белсенді бізбіз-ау» деп
Оқыса қызыл атты үйелейді!..
Білімді сыншы мен тыраң сыншы
Талдауы білімдінің сынға салып,
Шын жәрдем түзетуге сымға салып,
Білімді сын тура жөн сілтегенде
Әуелейсің құлашты шынға салып.
«Сыншымын!» деп, кей мақау тағады тек,
Шатасқандай нақ ізді жымға салып.
Білімге бай болғансып күлкі болад,
Әлін білмей есепті мыңға салып.
Мешел мәстек секілді тырбаңдайды,
Тарталмайтын соқаны тыңға салып.
Көкше қоян секілді тыраңдайды,
Аяғын ала алмаған құмға салып.
Дариға, тыраң сыншы тыраңдаған!..
Сын шіркін қиын жол ғой бұраңдаған...
Оп-одай өнер-білім ұстата ма,
Секілді жортқан түлкі бұлаңдаған!
Құралайым 1. Қандай жан қызыл атқа мін тағады?
Қандай жан Қызыл атқа мін тағады?
Таққанда, не деп оған сын тағады?
«Мін тапқысы келген жан табады ғой,
Бірақ та, ол «сынды» оған кім тағады?
Ол «сыншы» сұм «белсенді» пасықтар ма?
Ары жоқ адамшылық, — жасықтар ма?
Шолақ атақ, жылы орын алсам-ау,— деп,
Жорғалап қол жалаған сасықтар ма?
Көз бояп, «рапорт берген,— зәлімдер ме?
Подхалим,— екі жүзді тәлімдер ме?
Өтірік цифр беріп өкіметке,—
Колхоздың малын құртқан «мәлімдер» ме?
Бұлардың «сындарының» мәндері бар,
Өзінше әрқайсының,— әндері бар.
Қулардың сын-сымағы,— бір пошым сын,
— Болса да ішінде ұсақ, «нәндері»— бар.
Кей жерде, «белсекеңнің»— ағасы бар,
Бишара,—«сын» жамылған тағысы бар.
«Сынына» бұлардың да құлақ қойдым:
Өзінше сұрқылтайдың бағасы бар.
Тек еңбекші тап сыны түзетпек
Еңбекші тап сынаса, қызыл атты,
Өзінікі қып сынар, жақпай датты.
Жолына басын тіккен достарынан,
— Сенемін, айырады, жау мен жатты.
Ақынға 1. Айна алдында кім?
Ақын, «ер» сені дос қып қалаған кім?
Күйінді алтын сазға балаған кім?
Сазыңның күміс күйін сынға салып,—
Тереңдеп көзін саған қадаған кім?
Жабырқап бір нәрсеге қапалансаң,
Күйзеліп жүрек-бауыры қанаған кім?
Кейде жан, нәзік күйді тілегенде,
Майда ескен жібек желше жалаған кім?
Жақпаса алтын саздың күміс күйі,—
Шәуілдеп, итше сені «талаған» кім?
Иттерді, өзің елеп «кет» демеген,—
Қуалап тастауға шын жараған кім?
Сүйсініп жақсы ісіде, күнше күлін,
Сені аңдып, қимылыңды санаған кім?
Айнаға көзің салшы алдыңдағы,—
Көрмектеу езу тартып қараған кім?
Күйерлік, түрлі мінез бенде де бар,
Ақын «ер»— күлкі мінез сенде де бар.
Десейші: «кейде» айнаға төніп тура,—
Кермектеу қарайтын жәйт меңде де бар».
Ақыннан, ақын жай-күй, сұраспай ма?
Жыр шертіп, күй құлағын бұраспай ма?
Естіген, көрген-білген, жырды теріп,—
Оюдай кестелеген құраспай ма?..
Алтын сазым... жан күйім...
Алтын саз, енді күймен еркіндейік,
Шарықтап сұлу күйге «желпіні» дейік.
«Толғанып, күміс сымды әсем күйлеп,
Сыңқылдап нәзік үнмен серпіл!» дейік.
Сырлы әнін күміс сымға салдырайық,
Қос сымды бес саусаққа шалдырайық.
Сызылтып әңгімені күймен сөйлеп,
Жан мейрін сұлу күйге қандырайық.
Келе ме жердің сәні саз болмаса?—
Әндеткен аққу менен қаз болмаса?
Сұлудың сыны әдемі айтыла ма,
Күміс сым, алтын күйлі наз болмаса?
Жан күйім, шерттің жыр ғып қызыл атты,
Сызылтып нәзік сезім махаббатты!
Жібектей күймен толғап аяладың,
Көк шыбық, құралай көз сұлу затты!
Жан күйім, қайнаған күй сыйыменен,
Үнге сап алтын саздың күйіменен.
Күлікті сұқсыр мойын сылаңдаттың,
Жаз жібек желдің ырғақ биіменен...
Күміс күй шертпей қайтып тұралайын,
Күй шертпей қайтып дастан құралайын?
Шарықтап тау тұйғынша көкте кезіп,
Қиғаштап қанатымды бұралайын.
Қызыл ат, сүйген достым, егісте оздың,
Айна көз, сұлу үнді құралайым!
Оралып қаз мойныңды құшып сенің,
Айналып сылап-сипап бұлалайын!..
Еріксіз-оянған күй шарлап кетіп,
Лашындай шарықтады шектен өтіп.
Ойнатып алтын сазды уақыт бөлдің,
Кеше гөр үйткенімді ғапу етіп!..
Жан бар ма қанатсызда сенен жүйрік?
Шапқанда бұлдырайсың оқтай сүйрік.
Жарқылдап тұяғыңнан от шашырап,
Желменен ысқырысып жал мен құйрық!
Үкімет «құралды құт, майла» деген,
Айрықша атты дүтіп байла деген,
Отанды жаудан қорғау қызметіне,
Артынша жүйріктерін сайла деген.
Күлірім, енді міне, бұланасың,
Бұлаңдап еркеленіп сыланасың.
Күйленіп күші тасып, шапшып ойнап,
Біленіп, ширатылып қыналасың!..
1932—1933 жылдар.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру