Бақаның көшуі
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Қазақ қаламгері
Екі қаз және бір бақа бір көл жағасын мекендеп, ұзақ уақыт көрші отырыпты. Олар бір семья адамдарындай өте тату-тәтті өткен екен. Кейінгі кездерде, қатты қуаңшылық болып көл тартылып, суы кеуіп қалыпты. Қаздар суы бар жерге ұшып кетейік десе, бақаны тастап кетуге қимайды екен. – Енді қайтеміз? – деп қаздар мен бақа бас қосып, кеңес құрыпты. – Бір таяқ табайық, екеуің оның екі ұшынан тістеңдер, мен ортасынан тістейін, сөйтіп суы бар жерге кетейік, – депті ары-бері айналған бақа. Қаздар бұған мақұл болады әрі дереу іске кіріседі. Сөйтіп, бұлар аспан кеңістігіне шарықтай көтеріледі.
Алғаш бірнеше киіз үйдің төбесінен өткенде, бұларды кейбіреулердің көзі шалады. Олар: – Қаздар бақаны алып ұшып барады, әдісқойларын-ай, – деп дабырласады. «Менің тапқырлығым екенін білмеді-ау», – деп ойлайды бақа. Ұша-ұша бұлар тағы да көп киіз үйдің төбесінен өтеді, қалың адамдар сыртқа шығып бұларды тамашалайды. Олар да: – Қаздар бақаны алып ұшып барады, әдісін тапқан – ақ екен, – деп дуылдасады. Бақа: – «Бұл – менің тапқан әдісім», – деп айғайлап жібере жаздайды. Бұлар алға қарай ұшып отырады, сонан бағанағыдан да көп киіз үйлердің үстіне келеді, бағанағыдан да қалың адам бұларды тамашалайды.
– Қаздар бақаны алып ұшып барады, неткен әдісқой, – деп шулайды олар. Бақа шыдай алмай кетіп: – Бұл менің ойлап тапқан әдісім! – деп айғайлап жібереді. Осы тұста таяқ аузынан шығып кетіп, бақа жерге «былш» ете түсіп мылжа-мылжасы шығады. Қатысты тақырыптар Балаларға арналған ең мәнді әрі қызықты ертегілер Сайттағы барлық ертегі Қиял-ғажайып ертегілер Жануарлар туралы ертегілер
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру