Дала, сенің ұлыңмын
Жарасқан Әбдірәш
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Белгілі қазақ ақыны Жарасқан Әбдірәштің туған жерге, ұлы далаға деген перзенттік махаббаты мен азаматтық пафосқа толы жыр жинағы.
Дала сенін ұлынмын
Туған дала достар түгіл қастарсың
Айта алмайтын құдіретті дастансың
Бір тарауын мына менен басталсын.
Басынғанның тартқызайын сазайын
Жабырқасаң , жаның болып күйзеліп,
Ашулансаң, жүйкең болып тозайын.
Тірлігім не тағдырымнан шет қалсам?
Қаның болып лапылдайын қуансаң,
Көзің болып күлімдейін шаттансаң
Мәнгі бақи жалықпасын бұл кеуден
Сақта сендік қасіретті сезбеуден
Сақта сендік қасиетті білмеуден
Ерте түлеп, еркін қанат сермедім
Құшайын деп қанша биік ұшсам да
Шетінді бір, шегінді бір көрмедім
Жетті мезгіл кемелденіп көп тойлар
Жетті мезгіл, сенімінді арқалап,
Алыс өлке, қазығына ат байлап
Сонда білдім, саған қарай ұмтылдым
Тулай тасып түкпірімнен кеудемнің
Түрегелдің теңіз болып бұлқындың
Аласарды асқақтатқан көк пен шың
О, кеңістік, жанарыма сыймаған
Жүрегіме қалай сыйып кеткенсің
Таңданғанмен достарың һәм жауларың
Тарихына, тағдырыңа келгенде
Сөз алады тауларын
Ауыр дертке шалдықпаған ел неше
Қайғырыпсың қара аспанның астында
Қара тау боп сен кеше
Мақтандырып қазақтығын елдігін
Күлімдейсің көк аспанның астында
Көкше тау боп сен бүгін
Көкпен бірге көсегенді көтертем
Асқақтайсың алыс аспан астында
Алатау боп сен ертең
Болсаң нәмәрт саған сенім неге артсын
Жақын түгіл жарылқайсың алысты
Шүленсің сен, Атымтайсың Жомартсың
Күн де нұрын тек өзіне құйғандай
Жайлауында күнде қонақ, күнде той
Дастарханың жатады ылғи жиналмай
Енді бірі келеді іздеп жыр кенін
Ат мінгізіп, шапан жауып әйтеуір
Бәрінен де бәйек болып жүргенің
Бітпейді әсте
Бас ілгері, бас алға
Мен білетін бір ақиқат-
Жомарттың қастарынан достары көп қашанда.
Сендік қуат болды сенін бұл тайпың
Мен өзіңсіз байтақ Отан бақытын,
Ешқашанда елестете алмаймын.
Сендік сенім болды қуат бұл тайпың,
Мен өзіңсіз туған дала тағдырын,
Ешқашанда елестете алмаймын.
Орман дала, арман дала, ой дала.
Саған деген сағынышым қайда да.
Жүрегімді шымырлатты қайғы, алаң
Ұрланғандай сезінемін думаннан,
Құр қалғандай сезінемін тойлардан
Жазам оңкей өкінішті өлеңді,
Арман жоқтай аялайтын еңді мен,
Орман жоқтай саялайтын мен енді.
Жай емесқой осыншалық жас болар,
Әлде, әлде саған деген махаббат,
Ауруым бар алыс кетсем асқынар,
Ұлдарыңды ұзақ жолға байқа-кіл,
Мен өзіңнен азамат боп аттанып
Ақын болып ораламын әйтеуір.
Қабағында шалмағандай тегі бұлт.
Кеткен жерің жоқ едіғой шегініп.
Жан- жағына жабылғанда қарғаша
Берген жерің жоқ едіғой намысты,
Кек сақтамас, кең мінезің болмаса.
Қиянатқа төздің екен сен неғып?
Көнген жерің жоқ едіғой қорлыққа,
Аңқаулықпен түспесен бір алданып.
Жетесіздер қалай ғана басынған,
Қалған жерің жоқ едіғой айтыста,
Жалғыз ауыз сөз асырып басыңнан.
Бір өзіннен жетерлік қой бар жыңын.
Ақ көнілді абзал достың қалжынын.
Өмір ұзақ өлең болып аттанам,
Ерте өлсем де, өртенсем де отыма,
Борышымды тірілерше атқарам.
Туғып бағам, қорғап бағам салтыңды,
Сақтарша жеңілмеймін төзімге,
Сөндірмеймін көзіндегі жарқылды.
Мақтан қылам, сақтандырам көп ордан,
Із баспаған дауылды шақ туғанда,
Жанымда сап, сілкілеймін жағаннан.
Құшағымды саған деген досқа ашам.
Намысынды қалғытпаймын ешқашан.
Мен өзінді ұқсатамын еменге,
Көне алмаймын сене алмаймын бір күні
Жел қозғап, не сел қопарар дегенге.
Өткергенсің, өткергенсін жасырман.
Күйрете алмас, сүйрете алмас шашыңнан
Тосын келген залалға да сынаққа
Үйренгенсің мәлім жұртқа, жыраққа
Құлата алмас, сұлата алмас бірақ та
Атады әлі, атады деп таң күліп
Күті менен арманыңды әң қылып
Қозғалмайды, қопара алмай мәңгілік
Туған дала теңдесі жоқ әлемсің
Осындайда тындашы бір менеңсің
Терең болсаң, теңізімен тереңсің
Бөліскелі қуанышын, қайғысын
Қайта оралып, келер еді қай қусың
Ойлы болсан, орманымен ойлысың
Теңтегінді кінәләма бұл үшін
Тоуғаудамын ақиқаттың дұрысың
Ұлы болсаң, ұлымен сен ұлысын
Сендік арда, сендік намыс, ұятты
Ардақ тұтып, жұлдыздарың жияқты
Эстафетта таяқшасы сияқты.
Жанарына жас тұнды
Қайран бабам, бірақ оны әкеме
Аман-есен өз қолымен тапсырды.
Алдап алмақ, тартып алмақ бұл додан
Қанын төгіп, қалды қорғап ақыры
Аман-есен табыс етті ол маған
Ғасыр жүгін арқалатып, жырыма айналдырдым
Сондықтан да мен оны салтанатпен
Ұсынармын ұлыма.
Өзбегін сайлап беріп,
Бір туыс әулетіне үй құр деп, аймақ беріп
Бір туыс әйлетіне кигізіп қара қалпақ
Атандынба ақ қазы болып, қазақ болып
Деймін іштей ойлап, ойлап келіп
Кім білсін
Әлемнің картасына көз жіберсең
Талайлар таспа тілген
Ана жердің ұқсайсың арқасына
Аласын ба, ақ құрып емдетіне
Кей уақытта талайлар жара салған
Ана жердің ұқсайсың кеудесіне
Солар түрлі түйеуді салды ойыма
Бүгінде сен жұлдызы жарқыраған
Жігіт жердің ұқсайсың мандайына
Төгілмейін, тірлігім болсың әнім
Талай рет білемін
Ту сыртынан, деген оқтан жығылды, тамсырадың
Жігіт болдың, есейдің, қалдың өсіп
Озбыр Шынғыс ол саған аз дегендей
Отырарды, басынды алды кесіп
Темір келіп тағы да сойды кермей
Айтылатын аңыз да дәу секілді
Өлмей қойдың бірақ сен, қойдың өлмей
Көңілдендің, күлде де көгінде күн
Қаһарынмен жауынды қаймықтырып
Өзін сосын өзгеге донор болдың
Жатқан кезде тістелеп бармақтың ұшын
Сондықтан да сыйлысын сен бүгінде
Достарына туыстай ардақтысың
Жақынмен алысынмен
Таныс болдың, тілдестін ғарышынмен
Жер бетінде тыныштық орнасада
Жүріп жатыр тоқтамай, толасымай
Зұлымдықты әділет аластамай
Аяқталмас
Тек қана жол ашпағай
Осы күдік көңілді мұз еткесін
Табанына қалайша сыз өтпесін
Жауынгерсін, саптағы, күзеттесін
Енуде ме түнекке қуатты нұр?
Жеңуде ме жаланы шуақты жыр?
Лакаторлар құлаған сияқты бір
Туған дала,
Қайнатып қасқыр қанын
Жомарттығы, кендігі көпке мәлім
Сенсің менің киелі дастарханым
Бір салтым бар, мәнгілік сақтап бағам
Қанша момын болғанмен атам Қазақ
Дастарханың ешкімге аттатпаған
Бір ғұрпым бар, мәңгілік өшпес олда
Қандай залал келмесін
Атам Қазақ,
Дастарханын сатпаған ешқашанда
Жақын досқа тойымды басқартамын
Туған дала,
Кендігі көпке мәлім
Туған дала,
Шықсам-ақ бес күн жырақ
Сен туралы сөздерге тостым құлақ
Айта алмайды тексіз деп ешкім бірақ
Мойынсынбай қойар ма мәніне шын
Талай жұртқа талайдан қанық есім
Әншілікке келгенде Әміресін
Болаттайын шыңдалған атқарыпсың
Болмысынды ұққанда жаттарлықсың
Батылдыққа келгенде Тоқтаровсың
Таласуға келгенде ауырдансың
Ал ашуға келгенде дауылдансың
Батырлыққа келгенде Бауыржаннын
Өткеніне келгенде ұлы аңызсынң
Жеткеніне келгенде мұрамыздың
Болашаққа келгенде міні абызсың
Туған дала, әлдилеп илемекпін
Бастан кештім ғажап жыл, керемет күн
Сен жарықтың, мен көзсіз көбелекпін
Бар арманым енсесі биік өлең
Сапар шегер ұрпаққа сыйыменен
Махаббатпен осынау күйіп өлем
Туған дала,
Асқарынмын, шыңыңмын, аспанынмын
Деуге хақым жоқ әзірге
Әйтседе көзіңмін, хан құлағынмын, тіліңмін
Ақиқаттан алшақ ұстап езінді
Сені соқыр ету үшін әуелі
Ою керек мына менің көзімді
Тисе біреу намысыңа
Қорғап тұрарын
Сен саңырау болу үшін әуелі
Біту керек мына менің құлағым
Деседе кім өшіре алмайды үнінді
Сені мылқау ету үшін әуелі
Кесу керек мына менің тілімді!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру