Мазмұнға өту
Home

Қызылтөбе

Имашхан Байбатырұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қызылтөбе

Авторы: Имашхан Байбатырұлы

─ 1 ─ ─ 2 ─ УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Б17 «Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды». Байбатырұлы Имашхан. «Қызылтөбе». Өлеңдер жинағы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2011. - 288 бет. ISBN 978-601-7023-34-8 Өткен ғасырда Моңғолияда өмір сүрген ақын, жазушыдраматург Имашхан Байбатырұлының кір жуып, кіндік кескен туған жері – «Қызылтөбе» атауымен аталатын бұл жинаққа автордың бұрын жарияланбаған үздік өлеңдері, аңыз-дастандары мен түрлі балладалары топтастырылған.

УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 ISBN 978-601-7023-34-8 © Имашахан Байбатырұлы, 2011 © Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2011 Б17

─ 3 ─ ҚАЗАҚТЫҢ ДҮЛДҮЛ АҚЫНЫ Замана ағымын барлап отырсаң əр ел, əр ұлттың өмір сүрген дəуірін жарып шығып отыратын «дəуір перзенттері» болады. Біреу ерен еңбегімен, біреу ер жүрек батырлығымен, бəз біреу саясаткерлігімен танылады. Ал Имашхан Байбатырұлы қандай ақын болды? деп сұрай қалсаңыз, Моңғолия қазақтарының ішінен ХХ ғасырда туып шыққан шоқтығы биік, жарық жұлдыздарының біріншісі еді деп айта аламыз. Өйткені ол сыршыл, суреткер ақын, өлеңдері еркіндігімен, жүрекке жол тапқыштығымен, зарлы, мұңлы сөйте тұра ойнақы, шаттығы, ажуа күлкілігімен күшті. Ахмет Байтұрсынов Абайды қазақтың «бас» ақыны деп бағаласа біз Имашханды Моңғолия қазақтарының соңғы ғасырдағы «бас» ақыны еді десек артық кетпеген болар едік. Ақын тума талант еді. Поэзияға жан-тəнімен берілген, оны меңгере білді. Өз сөзімен айтқанда: «Ерімесе шын ақын ішіменен, тумайды өлең, білектің күшіменен». Ақын өлеңінің басты тақырыбы жер ана, туған жер туралы көп жазды. Кіндік қаны тамған «Қызыл төбесін» жұтап тұрса да жер ұйығына балады. Сенің нұрың жанымда аққан ағын Сенде жанған туған жер, бақ талабым. Сеніменен баймын да, бақыттымын, Сеніменен өзгеге мақтанамын – деп туған жерін сүйіп өтті. Ақын шығармаларының ендігі бір негізгі тақырыбы отан сүйгіш, бейбіт өмір, береке, бірлік, татулық немесе екінші отаны Моңғолия өкіметі, оның саясатын қолдау, оған үн қосу болады. Моңғол – қазақ достығы бірлікте, еңбекте, татулықта, бөлінбес еншісі бір шəйнек шайын бөліп ішуде екенін жырға қосты. Пайғамбар жасына жетер-жетпес өмір сүрген ақын ар-

─ 4 ─ тына өшпес мол мұра қалдырды. Нақ əншілер асқақ əнімен, күйшілер күмбірлеткен күйімен, бишілер мың бұралған биімен, жазушылар том-том роман, повесть, əңгімелерімен мол мұра қалдырса, Имашхан Байбатырұлы сан-сырлы өлең, толғау, поэмасы, драмасы, əңгіме, очеркін жазып қалдырды. Барлық өмірінде өлең-жырдың дүлдүлін ерттеп мініп, еркін өсті, халқына еркелеп кетті. Өйткені оның шығармаларын оқыған сайын шын жүрегінен еркін төгілгенін сезінесің. Бойға ғажайып бір шымырлап тарайтыны сондай, қиыннан қиыстырған, əр шумағы көз алдыңа бір-бір сурет келтіреді. Айтылмаған жан сырыңды ашып береді. Көкіректегі қаяуыңды серпілтетін дүлдүл аттың жүрісіндей еркін əуенге оқыған сайын сусындай түскің келеді. Көптеген бағзы бір ақындардай сөзі тұтқыр, ұйқасын күшпен қондыратын ол емес. Еркін де еңселі, шарықтай түседі. Көз алдыңа өмірдің түрлі елесі, суреті елестейді. Таза таланттан шыққан асыл сөз əрқашан көңілге жылы, майда жатық тиеді. Ақынның соңғы он-он бес жыл ішінде жазған өлеңдері оның өлең сөзді меңгергені сонша, өлеңді басынан оқыса да, аяғынан басына қарай оқысаң да өлеңдік құрылысы бұзылмайды, əрі мағынасы өзгермейді. Имашхан міне осындай суреткер ақын болды. Ақынның бұл талантына Қазақтың көптеген ірі ақындары Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиевтар бас игенін жазды. Моңғолияда мекендейтін аз қазақтар ақын жазушыларының ішінде Имашханның орны бөлек. Ол ең əуелі жаңа əдебиетті қалыптастырушы, оның іргетасын қалаушы, ескі ауыз əдебиетінен жазба əдебиетке көшірген, жаңа заман жас ақын жазушыларының ұстаздарының бірі болған ірі талант иесі. Ол көп жыл Моңғолия жазушылар одағының Баян-Өлгий аймақтық бөлімшесін басқарып, оның органы «Шұғыла» əдеби, мəдени журналының бас редакторы қызметін атқарған. Ақынның тарихтағы орны да осы тұрғыдан бағалануға тиіс. Ақынның қандай ақын болғанын толық түсіну үшін оның туып-өскен ортасы, ата-тегі, ғұмырнамасынан да аз сыр шертуге тура келеді. Ақын Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының Улаан-

─ 5 ─ хус сұмындағы өзі мəңгі өлеңге қосып өткен «Қызыл төбенің» бауырында ел жайлаудан күзекке көшіп келген мамыражай қоңыр күзде 1938 жылы дүниеге келген екен. Ақын бірінші сыныптан бастап оныншы сыныпқа дейін Өлгий қаласының №1 қазақ орта мектебін үздік оқып бітірді. Сол жылы Моңғолия білім министрлігінің жолдамасымен Алматыға Абай атындағы педагогика институтына түседі. Ақын бұнда теориялық білімін жетілдірумен қатар қазақтың көрнекті ақын, жазушыларының тəрбиесін көрді. Қазақ əдебиетінің болашақ көрнекті өкілдері М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов, С.Жиенбаев, Ж.Нəжімеденовтермен аудиторияда таласып өлең оқып, əдебиет, əсіресе поэзия мəселесінде таласқа түсіп талай талқы көруі оның өмір мектебі бола алды. Ақындық жолы ашылып, айқындала түсті. Сыннан өткен өлеңдері баспада жарық көре бастайды. Осылай бес жылда ол көрнекті ақын танылып, мектебін бітіріп 1964 жылы еліне оралды. 1964 жылы туған елі Баян-Өлгий аймағының орталығына келіп бірден қазақ жазушылары бөлімшесінің меңгерушісі, əдебимəдени «Шұғыла» журналының бас редакторы болып қабылданды. Осы істе тапжылмай 26 жыл жемісті жұмыс атқарады. Имашхан Байбатырұлының еңбек жолына келер болсақ өмірінің соңына дейін əдебиет саласында, ұстаздық жолынан ажырамады. Түбі тегін өнбейді асыл мұра, Жігіт едім жібіткен асылды да. Қой да бағам, қойдай ғып ой да бағам, Үгітемін, ұндай ғып тасыңды да – деген ақын өлең сөзді де үгітіп көркем мұра қалдырды. Имашхан Байбатырұлы Моңғолия қазақтарының қара өлең үлгісін жаңа жолға салған, жаңашыл суреткер ақын. Қай тақырыпта жазса да өз құдіреті арқылы зерделей айшықтай білді. Айтайын деген ойын соңғы шумағымен түйе салатын ақылды, шебер ақын. Ол сонау 1960 жылдардағы өлеңдерінің бірінде:

─ 6 ─ Көл – жердің көзі десек, өткір қандай, Толқындар жерді əдейі бетке ұрғандай. Меніңше, жер деген де тірі нəрсе, Таулары «əликісалам» деп тұрғандай – деген суреткерлік жолдарымен-ақ бұрынғы қазақ өлеңінің стилін бұза алды. Ол осылай өлеңнің өрнек-өнімдерін төгілтіп, мазмұнын да үнемі жаңа сонар соқпақпен жетілдіріп келді. Өйткені ол үнемі ізденумен, үйренуден бір де жалықпады. Ұстаздары да осал емес, қазақ əдебиеті классиктерінің шəкірті ғой. Өзі айтқандай: «Мен Ұлы Мұқтар Əуезовтың дəрістерін тыңдап, алдында сын тапсырдым. Мəлік Ғабдуллин, Қажым Жұмалиев, Серік Қирабаев, Хасен Əдібаевтардан лекция тыңдай жүріп 1960 жылдардағы Алматыда қазақтың жастар одағы ұйымдастырған жас ақын жазушылардың əдеби серіктестігінде үш жыл сабақтан тыс қатысқаным мені əдебеиет есігін ашқызғандай болды» дейтін-ді. Сөйтіп ол Алматыдан əдебиет ғылымымен қаруланды, сан ондаған ақын жазушы дос тауып Сағидың салмақтылығын, Қадырдың қуақы ойлылығын, Тұманбайдың сыршылдығын ойына тоқып, ауылына арқалап қайтты. Осылай еңбек ете жүріп, ол таза 44 жыл шығармашылық жолдан қол үзбеген екен. Артында өте мол мұра қалды. Барлығы отыздан аса көлемді поэма, толғау, бір өлең роман жазыпты. Тек қысқа өлеңдерінің өзі үш мыңнан асса, 20 пьеса, либеротта, көрініс, жүзден астам əңгіме, очерк, эссе, публицистика жазған қаламгер. Мұндай қарымды, мол мұра қалдырған қаламгер Моңғолия қазақтарында сирек. Толық басылса он бес томдық еңбек. Моңғолия, Қазақстан баспаларынан 14 кітабы ғана жарық көрген болса, əлі де баспа бетін көрмеген шығармалары қаншама. «Тайталас» өлеңроманы, «Өсиет намам», «Ұмытпаңдар, мені де» атты жыр кітаптары жақын күндері жарық көрер деген үміттеміз. Саян Қажыбайұлы, ақын жазушы

─ 7 ─ Менің ауылым Аулым қырды қыстап, бөктер жайлап, Салты еді көшіп-қону малын айдап, Өмірге келіп алғаш осы ауылда, Ерке өстім құшағында алақайлап. Есейтті шайқап мені ұясында Сол үйді, сол ауылды қиясың ба? Қаншама тартынсам да аттандырды “Білімнің шығып кел”– деп қиясына. ...Сағынып өзім өскен кең алабын Аулыма жыл өткізбей ораламын. Еркелеймін қой жайып, тайын мініп, Аңсай ашқан құшаққа оранамын. Жүрсем де ауылымнан алыс-шалғай, Тағы оралдым арманға табысқандай. Байқамаппын ауылым ержетіпті, Бірге оқып он жылдықты тауысқандай.

─ 8 ─ Ұстазыма Əлдилеген анам қалып қашықта, Құшақ жайып сапар шектім алысқа. Парта үстіне алғаш келіп отырдым, Елеңдеймін мейірленген дауысқа. Маған деген мейірімділік жүзінен, Көрінгендей қимылынан, көзінен. Қабылдады жарқын мінез бір адам Сөзі бірдей анашымның сөзімен. Анам түсіп отырдым мен есіме Қарай бердім қимылына тесіле. Өзге тұр ғой өзімнен де жасқанам Сөйлемеймін үйдегімше шешіле. Түсінеді айтпай менің сырымды Үйреткен бе ағайларым бұрынғы. - Былай ұста қаламыңды, былай жаз, - деді, маған шорқағымды ұғынды. Əлдилеген анашымдай білінді, Түсінеді менің шүлдір тілімді. Ойын бөліп, зерін сала жас маған, Үйретуге ынтығады білімді. Ойым толқып, қолым да тез жатықты, Аз-ақ күнде жазып алдым атымды, Жаңа достар жаңа туыс болды ма, Болып алдым бұрынғымнан батымды. Жас шағымды осы орнымда өткіздім, Жүрек гүлін ұстазыма еккіздім, Өсе бердім ұстазымның алдында, Сəби ойды жігіттікке жеткіздім.

─ 9 ─ Сонда күткен зор сенімді ақтаймын, Мінезіңді өз бойыма жаттаймын. Анашымнан артық болған ұстазым, Өзіңізді жүрегімде сақтаймын.

─ 10 ─ Ана қабірінің басында Қаласа да ақ жүрегің биікті, Қабір ғана үлесіңе тиіпті. Қайран болып таңданамын ойласам, Қазған жерге алып жүрек сиыпты. Қабіріңе бұлт та басын иіпті, Қабіріңді күн көзі де сүйіпті! Қымбатты анам соған ғана қуандым, Қабіріңді шебер қолдар жиыпты. Қабіріңе мейірімің сиыпты, Қарағанда жүрегімді ұйытты. Қимылдамай қасыңа мен келгенде, Қалай жаттың анажаным сүйікті. Бірақ ұлың жетім емес, аналы, Бөтен жерден іздемейді ананы. Бір ғана ана – туған– Отан, Партия! Берік оның мейірімі, қамалы.

─ 11 ─ Танымай қалыпты Жыладым, жыладым, Сол еді қулығым, Ақыры мен алдым, Ағамның құлынын. Маңдайы қасқа еді, Бойы да кішкене: Жықпайтын жақсы еді, Мінсем де үстіне. Оқуға кеткен ем, Ол қалып жылқыда. Қайтадан келдім мен Жайлы жаз шықты да. Енді мен құлынға, Таясам қашады. Ойыны ма, шыны ма? Аузын да ашады. Қыс бойы шөпті жеп, Тай болып алыпты. Мені де өсті деп, Танымай қалыпты. ─ 12 ─ Жел Ашуланып жүргенің, Көңіліңе қонбайды, Балдызымдай бір менің Қалпағыммен ойнайды. Еркін өсіп далада, Ерке болып кеткен бе! Əлде есіріп ала ма Күзбенен қыс, көктемде. Деймін: саған жел ерке Бетімнен сүй, аймала Балдыз болу тым ерте, Қалпағыммен ойнама!

─ 13 ─ Қайда кеттің? Жасымыздан ойнап-күліп бірге өсіп, Жүрмеп пе едік балалықты бір кешіп, Ортаға сап ойынды да, ойды да, Оқымап па ек сабақты да бірлесіп. Жоқ болдың сен қайда кетіп? Сағындым ғой жанарыңды. Жүрейін де үміт етіп Білдірсеңші хабарыңды! Жүрмесем де құрбыжаным жаныңда, Жаттаулы жүр ерке бейнең жадымда. Жүрек отын өшіре алмай келемін, Жалыныңның ұшқынына жандым да. Жоқ болдың ғой сен қайда кетіп Сағындым ғой жанарыңды? Жүрейін де үміт етіп Білдірсеңші хабарыңды! ─ 14 ─ Кім кінəлі? Тапсырды да Төкенге Осы биыл көктемде

Сабақтан Əлім кешікті. «Ауру» – деді Төкен де ...Біраз минут өткенде Қақты біреу есікті. «Да!» – деп қалды мұғалім Ақырын басып кірді Əлім – Қайда жүріп кешіктің? Бола кетті сыр мəлім: – Келгенім осы– дед Əлім. Төкен де, мен де есіттім – Ауырдың ба балақай? – Ауырғам жоқ ағатай. Қарады ағай Төкенге. Кеше үйге бір қайтқам «Ауырам» – деп өзі айтқан. деді тұрып Төкен де. Осындай бір жала бар, Айтысып олар жүр əлі. Айтыңдаршы балалар, Осыған кім кінəлі?

─ 15 ─ Сөз басы Ақ жаңбыр болып құйылар, Жанымның жалын күйі бар. Асылым болса, туған ел, Өзіңе ғана бұйырар. Жүрекпен ғана оқылар, Жанымда жырдың оты бар. Қойнында сенің, туған ел, Шабытым қалай тоқырар. Шаттанып өлең – сөз десе, Шаттықсыз көңіл төзбесе. Түсінгей өзің туған ел, Мінезім менің өзгеше. Мұңайып бір сəт жасимын, Тыңайып бір сəт тасимын, Түсінгей өзің, туған ел, Құдіретіңе бас идім!!!

─ 16 ─ Партияға І Жоғалтып жалшылықта бала кезді, Жыртық тон киіп бабам дала кезді. Жұлым ас жұтқызғанын қымбат көріп, Жəбірлеп бай оқтады ала көзді. Қайғы – мұң көкіректен бір кетпеді, Қой бақты қаршадайдан дірдектеді. Қайығы – арманы боп жүзсе дағы, Қалаған жауқазыны гүлдеп пе еді?! Қара түн қара бұлттан айшық іліп, Қамауда жатты күн мен ай шынығып. Қайратын турап, турап қайғы жиған, Қиялын қасіретті майшы қылып. ІІ Жаз келген арман – құсым күзде түлеп, Жапанды кезбедім мен түзге түнеп. Жасымнан жабырқауды білмей өстім, Жақсы өмір жайлы күнін бізге тілеп. Ауыт жол аяғымнан бір шалмаған. Арымды тот баспаған, кір шалмаған, Аялап Партия – ана өсірген соң, Ақ шашты басын иді жыр – шалмаған. Арманым о, Партиям, сенде менің! Аяулы ана – не десем, сен дегенім! Асады асқарлардан туыңды ұстап! Ақыл – ой, қуатыңа сенген елім. Күн сайын батыл қадам басады елім, Күн сайын сан жаңалық жасады елім!

─ 17 ─ Күлімдеп сен тұрғанда Партия – ана, Келеді күніне бір «жаса» – дегім. Тұлпардан артында асыл тұяқ қалып, Толқытса, мен деп ойла күй ақтарып. Тулаған ақ жүрегім өзіңнен бір, Тұрады Партбилетім сияқтанып... Қойшы құрбыма Жабықсам жүрегіме оранармын, Өзіңнің хатқа салған орамалың, Есімде. Ұмытқам жоқ, ауыл барын, Қой барын құрбы барын, қора барын. Өзіңнің қойларыңдай ақ, қаралы, Ақ қағаз, көк сиялы хат барады. Еске алып балалықты бəз-баяғы, Сырларын жас жүректің ақтарады. ...Жығылып талай рет шағыр аттан, Қозылар есіңде ме жамыратқан? Түсті деп қазандары жүгіруші ек, Көрші үйге, от шыққанда шаңырақтан. Құрт жайып жалпақ тасқа «өре» десіп. Қияқтан отырушы ек көген есіп. Қой етіп жинап алған тастарға да, Кей кейде қалушы едік төбелесіп. Кешкілік қоя беріп алыс қырдан, Қозылар есіңде ме жарыстырған? Ұмыттың ба балдан тəтті балалықты, Қыс бойы ақ қарменен алыстырған? Жан едің бар алысқа болған асық, Кешіргей, кетсем кейде шалыс басып?!

─ 18 ─ Жаңылып қалатыным бар еді ғой, Жүргенде көлеңкені қарыстасып. Көрдік қой екеумізде бала болып. Ойға алсақ кетер көңіл дала болып, Енді біз азаматша сырласайық, Осы хат барып қалар ара қонып. О, Құрбым, сені арман жетеледі. Қалдырып, қойға кеттің жеке мені. Сарқылмас саған Отан бақыт беріп, Еңбегің сені көптен жекеледі. Жайыма бала кезден серік құрбым. Өзіңе баяғыдай сеніп тұрмын, Қойда екен байлық деген, бақыт деген. Бақыттың қойда екенін сен ұқтырдың. Бірге өскен жан болсаңда бала кезден, Ғалымсың бейне сен бір дала кезген. Қорлық деп қойшылықты айтқандарға, Есімде қарайтының ала көзбен. Көп екен өмірде ылди, өр дегенің. Көп екен көргенімнен көрмегенім. Көп екен ұққанымнан ұқпағаным, Көп екен алғанымнан бермегенім. Бірімін деп жүрсем де байыптының, Көрмейді көңіл – көлде қайық тыным. Амал не кеш ұғыппын, кешігіппін, Алдыңда соным үшін айыптымын!! Білемін, туған жердің басып қарын, Келесің кезеңдердің асып бəрін. Əкелші, құрбыжаным, бір ойнайық, Бар болса баяғы бір асықтарың...

─ 19 ─ Əжелер Мылтық оқтап, найза да саптамаған, Ат жаратып, қыран да баптамаған. Жалған айтып, пəремен күн кешпеген, Адалдық пен антынан аттамаған. Кесім айтып көрмеген билікпенен. Жесірдің де дауына килікпеген, Балуан боп жарыста белдеспеген. Күні кеткен үйдегі күйбіңменен. Əділетті қақ тіліп қара қылдан. Қайғысына ғашықтың жаны ауырған. Қасіретті құлыптап кеудесіне, Баласын ап өзгенің, бала қылған. Бас имеген тағдырға жəбірлеген. Іс қылмаған жан болып əмірменен, Қазекемнің танытқан дарқандығын, Бəйек болып қонағын кəдірлеген. Мал табам деп малдыға жалданбаған, Дүниеге көз сатып алданбаған. Осынау бір киелі шаңырақты, Тоздырмасам екен деп армандаған. ...Орындалып бұл күнде ақ тілегі. Ақ жаулықты басына бақ түйеді. Немереге табыс қып шаңырағын, Сəби болып жүрегі шат күледі.

─ 20 ─ Мектеп – сенің мерекең! Бозторғай көкте əндеткен, Дүние нұрмен тұнғандай. Алаулы еді таң неткен! Шуақты еді күн қандай! Сентябрь туды арайлап, Думанға бөлеп өңірді. Көңілді қандай бар аймақ, Бөбектер қандай көңілді! Айнала неткен нұрлы едің, Алқызыл шапақ боянған. Балбөбек тозбас жырма едің? Алаулы таңмен оянған! Таң сенің, бөбек, пəктігің, Жүрегің əлде жиі ұрған. Сентябрь сенің шаттығың, Мерекең болып бұйырған. Асулар жатыр əрі де: Күтеді қызық не түрлі. Кеудеңде сенің бəрі де, Арман боп тұнған секілді. Құшағы тола даналық, Ортасы толы думанды. Сен үшін мектеп жаралып, Сен үшін ұстаз туған-ды. Арманым шыңдап əн, күймен, Жаныңа жастық гүл еккен. Мектебің – əне, əлдимен, Қойнынан қыран түлеткен. Осынау сыйлы үйге енсең, Білімнің бағы мəуелі.

─ 21 ─ «А» деген əріп үйренсең, «Адалдық» деп жаз əуелі!

Мектептен өмір бас алған, Ғылымның жолы мұндалап. Мектептен гүлдеп жас арман, Шығады биік шыңға нақ, Сан қилы жол бар тым алыс, Қайсысын қалап таңдайсың. Қойныңа толып қуаныш, Бақытқа қарай самғайсың. Ғылымның шыңы əрі де, Қаларсың бірін ұнаған. Үлесің сенің бəрі де, Бəрі де сенің сыбағаң. Жанында тыным болмаған, Жақсылық тілеп жүрегі. Адамның жанын қорғаған, Дəрігер де мектеп түлегі. Қолынан сан үй қалаған, Құлашы – құрыш көсілген. Ерлерді көрсең қаладан, Оны да мектеп өсірген. Күн болып күлсе жаңа адам, Жасампаз еңбек сапында. Осынау үйден тараған, Əнші мен биші, ақын да. Нұрынан күннің нəр алып, Еліңе шуақ төгерсің. Бойыңа қонып даналық, Жүрегің болсын көгершін!!!

─ 22 ─ “Бір күндік” менің ойымша Байлығы қандай жеріңнің, Қуаты қандай еліңнің. Күншуақ барма күлкіңде, Өзгеріс қанша бір күнде. Кəнеки, айтшы?– десе кім, Береміз анық есебін. Тіршілік атты топтағы, Қаншама жүрек тоқтады. Қаншама жүрек өксіді, Қаншама жүрек жоқтады. Кəнеки, айтшы?– десе кім, Береміз соған есебін. Қаншама көмір қазылды, Қаншама дастан жазылды. Қаншалап көріп қуандық. Ай қабақ қызды, жаз– ұлды: Кəнеки, айтшы?– десе кім, Береміз соған есебін. Қаншама жерді қала қып, Қаншама кірпіш қаладық. Қаншалап қазып құдықты, Қаншама қора санадық. Кəнеки, айтшы?– десе кім, Береміз соған есебін. Қаншама асты жұтым қып, Қаншама затты тұтындық. Қаншама егін жинадық, Қаншасын қойдық тұқым қып.

─ 23 ─ Кəнеки, айтшы?– десе кім, Береміз соған есебін. Қай жаққа адым аттадық, Қаншама өлең жаттадық. Қатыгез, қатал ажалдан, Қаншама өмір сақтадық. Кəнеки, айтшы?– десе кім, Береміз соған есебін. Байлығы қандай жеріңнің. Қуаты қандай еліңнің. Күншуақ бар ма күлкіңде, Өзгеріс қандай бір күнде. Кəнеки, айтшы?– десе кім, Береміз соған есебін. Бөбегіміз сырқатты... Күндегідей жүр ғой деме бəлсініп, Əбігерміз тағатымыз таусылып. Бүгін біздің бөбегіміз сырқатты. Бүгін біздің көңіліміз сəл сынық. Күндер қайда əзіл айтып алданбақ, Отбасының отын-суын армандап. Тыныштықтың кəдірін де таныдық, Ұзақ түнді ұйқы көрмей алғанда-ақ. Сəл босасақ күдік келіп торлайды, Сəл бекінсек үміт келіп қолдайды. Сəл тыныстап көздің алса шырымын. Үй ішіне үндеместік орнайды.

─ 24 ─ Енді оянса көзін ілмей өтердей, Қынжыламыз сəл дыбырды көтермей. Біздің үйде бөбегіміз сырқатты, Жөтелсеңіз, ақырындау жөтелгей?!

Жар сөзі Өмірдің алып сыйлығын, Өлеңді жүрсем бақ танып. Өзіңнің əрбір қимылың, Жадымда жатыр жатталып. Жадырап бір сəт толғасам, Жаныма көктем, жаз да сен. Өмірде өзің болмасаң, Жақсы өлең мəңгі жазбас ем. Мен де бір тірі көктеммін, Тағдырым қайғы жазбаған. Сенімен бірге өткен күн. Қыс болсын, мейлі, жаз маған. Алыста жүріп, сені іздеп, Сағына күтсем ай, күнді. Ұқ мені – кіші теңіз деп; Сағыныш деп ұқ айдынды. Жанымды менің гүл десең. Гүл үшін шуақ көп керек. Шуақты бере білмесең, Қаламын, жаным, өкпелеп. Жейміз ғой мəңгі бір опық, Махаббат сырын жай ұқсақ. Отырмыз кəзір жыр оқып, Жүректі алға жайып сап.

─ 25 ─ Екеуміз – жүрек қақ бөлген, Тағдырдың өзі тең етіп. Махаббат – сəби пəк келген, Асырап жүрміз телі етіп. Махаббат – жүрек жиі ұрған. Махаббат өшпес мəңгі өмір. Біздерге солай бұйырған, Қосайық сəулем əнге бір. Көңілім менің – күй, дастан. Көңілім менің – домбыра. Көңілім – досың сыйласқан, Тыңдаймын десең оң бұра; Көңілім – бөбек тəй басқан. Айта біл жаным əлдиді. Көңілім – кейде айлы аспан. Тілейді ол да əн, күйді. Көңілім менің – айлы аспан. Айлы аспан – бейне шар айна. Онда да бұлт бар жайғасқан Жаумасын, жаным, абайла. Көктемнің гүлін көтермек. Көңілім менің – дала ғой. Күрсінбей мəңгі өтер деп. Өзіңе бердім ала ғой. Көтеріп үйдің аспанын, Таңым боп атып жүрсің сен. Жабығар менің жас жаным, Найзағай болып күрсінсең. Таң атып, міне, қалды ғой, Нұр таңнан нұрлы ой алшы. Жұлдызым болып жандың ғой. Күндізім болып ояншы...

─ 26 ─ Семейге «Ар жағы Аякөздің Семей ме екен? Сөйлеткен тіл мен жақты көмей ме екен»... Бір өлең өзі жайлы жазбай кетсем, Жаман ұл, жөн білмес ұл демей ме екен. ...Ұйқылы сары даланы жондап өтіп, Келемін өлеңімді жолдама етіп. Жанымды жүйрік поезд тербетеді, Тайпалған шабыт қызды жорғалы етіп. Жанымды тербей – тербей ырғаламын, Қолымда ерттеулі аттай тұр қаламым. Бармасам шабыт – қызбен қызқуарға, Жітіттік намысымнан құр қаламын. Шу, кеттім ой жүйрігін қамшыланып. Артымда шаң аралас тамшы қалып, Көсілген ен даланы көктеп өтіп, Тоқтармын жон терімнен қан шығарып. Білмеймін төбелердің аты қандай? Келеді қойлар кезіп оты қанбай. Жылқылар жазықтарда қар тебеді, Селеудің селдір басы татығандай. Қалғиды таулар жолдан аулақ тұрып, Қашады құйын қарға аунап тұрып. Бір шумақ өлең жазсам алғандаймын, Түлкісін осы қырдың аулап, қырып. Талаптың тасқа ұрсам да ұстарасын, Өмірдің тегін жемен мысқыл асын. Сол үшін толғанамын, толғатамын, Болсын деп жазда үлесім, қыста аласым.

─ 27 ─ ...Сырыңа қанық ұлың, аян ұлың, Алдымда мақтап отыр бай ауылын. – Анау – деп тағы сілтеп қойды, міне, – Моласы Қозыкөрпеш – Баяныңның, Түссе де жалғыздықпен жан бүлікке, Жартасың жаңғырықсыз əн біліп пе. Өзіңде Абай туып, арман қуып, Өзіңде көзін жұмды мəңгілікке. О, Семей саған келер таң өртенді, Көре алмай талай ғашық жаны өртенді. Абайдың Тоғжанынан айнымаған, Көрдің бе өзің менің жанеркемді?! Туған жерге Туған жер! Жайлы мекен, дарқан далам, Өзіңде тағдырым бар арқандаған, Қиянды қиялымен бөктерлеп бір, Жүзіңді аймалайтын қартаңдаған.

Қара бұлт почташым боп хат тасыған. Алтайдың аймаласын ақ басынан. Қиялым Жалаңашқа қонақтасын, Өткізсең Өрмегейті қақпасынан. Өсірген еркелетіп əлем – бесік Самалың музыканттай əн өңдесіп, Таулардың төресіндей Бесбоғдаға. Қиялым барып қайтсын сəлемдесіп, Аралап туған жердің дөң, белесін. Шабытым тоқтамастан дөңгелесін, Құшағын жайып жатса жайсаң елім. Өмірдің тілемекпін өңге несін?!

─ 28 ─ Алатау ақ сақалды, қасқа маңдай. Алматы гүлге бөлеп тастағандай. Сүйікті Қазақстан – екінші Отан. Алматы – Улаанбаатар астанамдай. Өлеңнің жолы қиын, əлегі көп, Кешіргей! Соға алмасам əдемілеп. Туған жер! Қабылдап ал өлеңімді, Алатау, Алматының сəлемі деп. ІІ Даламды араласам жорта қойып, Тұра алмас дарқан көңіл орта болып Төсінен бұл даланың Нацаагдорж, Тілдесер топырағы торқа болып. Алдына аталардың бас иетін. Елімнің білем жақсы қасиетін. Қиялымен Сэнгээге де сəлем беріп, Бас ию, құрметтеу жас ниетім, Жаныма жыр сарайы салынғанда, Қиялым жүйрік болып сағымнан да. Жатамын құшақтасып орманымен, Сэнгээсін Сэлээнгесі сағынғанда. Секілді құм кептеген қара тұлып, Тау жатса мылқаулықтан жаратылып. Сэлээнгэ сұлулыққа ана болып, Нəзіктік жатыр содан таратылып. Мұнда пəк көңілдердің қошы басым. Біледі мына кеудем, осы басым. Аунатсам арманымды шалғынына. Аққуың мені көріп шошымасын.

─ 29 ─ Жүрсемде бал тілімнен бал ұсынбай, Ұл едім, еркін өскен сағы сынбай. Кешіргей! Сэлээнгэнің ормандары, Мінезім Қобда өзеннің ағысындай. ІІІ Төсінде туған жердің гүл өседі, Тіршілік жер уызын үлеседі. Бір қаңбақ сонау қырда көктесе де, Меншігім. Иесі мен түбеселі. Сонау бір араласам Налайханды, Толғанбай өткізермін қалай таңды. Жер – Ана! Өзің туған тіршіліктен, Адал тер сусыныңа талай тамды. Бұлт көшсе аспанынан тізбектеліп, Кеудеңе құс қонбай ма іздеп келіп. Жатпай ма Тұлба көлім, Дайын көлім, Күніне жарқабаққа жүз кептеліп. Жүрсе де қабағыма қырау қатып, Көрмегем жамбасыма бұрау батып. Туған жер! Алайыншы сілкіндіріп, Қиялды топыраққа бір аунатып. Бір ғана қамын ойлап қара бастың, Оу, өмір тегін бақыт қаламаспын. Сенің дəу дауылыңды алмақ үшін. Келеді құйынға да араласқым. Қыс келсе аспан бұлты үгітіліп, Ағаштың бұтағына түбіт іліп. Керенау бұл даланың тыныштығын, Жатады тіршіліктің үні тіліп.

─ 30 ─ Говьда баспаса да күн аптығын, Көрмейді басқа жерде бұлақ тыным. Даламда бұлбұл да əнін айта алады. Қандырып құрыштарын құлақтының. Еске алып тал – ат мінген ермегімді, Еске алып қой соңына ергенімді. Оу, далам, көкірегім көтерілер, Иіскесем күздегі бір ерменіңді. Ақша бұлт Бесбоғданың көркі ме екен, Ақша қар шашы ма екен, бөркі ме екен. Қарыңды ыстық көрсем О, туған жер! Өзіме бұлтыңды да төркін етем. Жүгірсем қияларға ояна сап, Қарақат, бүлдіргенге тоям асап. Байлық қой туған жердің шатқалы да, Қайтейін өлеңіме бояма сап. Туған жер, Бір бөлшегім уыс талын, Сен – Ана, топырағың туысқаным. Көрсем кіл сезінемін өз денемдей, Денесін құмдарыңның су ысқанын.

IV Қолына кей құрбымның оймақ батып, Жүрсе егер өнер дəмін бойлап татып. Кей құрбым қозыларын ойнақтатып, Күнгейде жүр емес пе қой қаптатып. Баяғы қара досым «қомыт балақ» Үй сап жүр қара тасты жанып қалап. Кей досым ақын болып шыға кепті, Туған жер кеудесінен қонып талап.

─ 31 ─ Туған жер! өзіңнің бір ақ тамағың, Əн салса мен екі есе бақ табамын. Жүргем жоқ «ала қойды бөле қырқып» Өзімше өзің болып мақтанамын. Шын бар ма биігіне өрлетпеген, Сонда да ерлігімді көр деп келем. Тисін тек тілім тасқа таңданамын, Досыма дала төсін өрнектеген. Кешегі өзің туған бала-шағаң, Болыпты-ау бəрі бірдей тамаша адам, Жекпе жек өмір – өлім белдескенде. Таныдым көп қызыңды арашадан. Депсің де: «Еңбегіңмен жанып шындық», Біреуін өсіріпсің балықшы қып. Кейбірі өз қойнына қолын салып, Жиып тұрып тыққаныңды алып шығып. Бағынып табиғаттың тағысы да, Кей ұлың дейді: «мені, танысынба». Алтайдан сыйға алған көп ағашын. Тіркеп жүр Қобда өзеннің ағысына. Өзі боп мұңдасым да, сырласым да, Бір қызың сенше күліп тұр қасымда. Қызық-ау, «вожатый» деп аталыпты, Бір туған қоян жылғы құрдасым да. Болсам деп мен де сенің ақын ұлың, Өмірге жасап келем батыл ұғым. Туған жер! Мені өзің туғандықтан, Сенімен мақтануға қақылымын. V Боранын бастан кешкен талай күздің. Жарықтық жақсы адам ғой ағай біздің.

─ 32 ─ Быт-шыт қып келгенімде қайыс арқанын, Деп те бір сұрамайтын: «Қалай үздің»? Бірі еді ағайымның өр кейпінің, Дейтіні: «Өмірді өзің көркейт, інім» Еске алам сол кездерді, еске аламын. Анамның алабота өртейтінін. Борышы көп те шығар ағалықтың, Ақылдан жылы сезім самал ұқтым. Отырып кешке қарай əлі есімде, Соғатын ертегісін сан алыптың. Дəл бүгін түсінерім, анықтарым, Туған жер! Сен екенсің алып қарын. Күн сайын, апта сайын өзің тудың, Сондағы ертегінің алыптарын. VI Жанымда күй көптен бе, жыр көптен бе? Осынау жастық атты дүрмектен бе. Ойларым тау басына қонақ болып, Ұқсайды толқын жаным нұр көктемге. Жанымда жыр көптен бе, күй көптен бе, Көлдегі сырласамын үйрекпен де. Əніме жартас қосса «музыкасын». Қуандым өмір өзі үйреткенге. Білерім күй ғана ма, жыр ғана ма, Аң қудым құмдарыңнан сырғанама. Жаз бойы «Дайын» көлден балық аулап, Тілдестім «Қолағашта» тырнаға да. Кеудеме адамдықтың үйі қыстап, Арымды арманымнан биік ұстап.

─ 33 ─ Туған жер! Сен – бар жерде шалқып басып, Келемін жыр құшақтап, күй уыстап. Шопанның төрт мезгілі Даланың дара туған алыбындай, Қаланың қасқа маңдай ғалымындай. Осы бір қасиетті қойшылардың, Қадірін жүр екенбіз əлі ұғынбай. Қаңтарда қаймықпаған, жасымаған, Шопандар асып туған, асыл адам. Өзінің қойларындай ащылаған, Қаланың серілерін асыраған. Болмаған жанын күтіп, басына алаң, Шопандар асып туған, асыл адам. Көңілі шуағындай көктеменің, Жүрегі жақсылыққа ғашық адам. Шілденің ыстығына тайқамастан, Кеудесін ақпанда да айқара ашқан. Байлықтың бағып күтіп қайнар көзін, Даланың бөрісімен тайталасқан. Кең пейіл, ақ ниетті кісі қандай, Шопанның күзі қандай, қысы қандай. Жайдары жазы менен көктемесін, Ұят-ау жүргеніміз түсіне алмай.

─ 34 ─ Қыс Ақ боран əкесінің құны бардай, Ақ бұрқақ басылмайды ұлып алмай. Алды қар, арты үскірік дүлейменен, Шопандар алысады тыным алмай. Қыспенен буынғанда белді бекем, Шопанның қойны толған ерлік екен. Кəрлі қыс жалмауыздай жалмаса да, Қайратын шопандардың жеңді ме екен? Қыс деген – қиындықтың жүз батпаны, Қара жер қаймығады мұздап тағы. Қыс деген – ауыр азап, қатерлі сын, Шопанның кірпігіне мұз қатқаны. Қыс деген – емен таяқ иілгені, Даланың ақ тонымен киінгені. Қыс деген – ерте тұрып, кеш жантаю, Табиғат қабағының түйілгені. Қыс деген – ажал аузы аяры жоқ, Қамсызға қайран малдың баяны жоқ. Қыс деген – қызыл көзді пəле нағыз, Қамдыға жайлы қора маялы шөп. Қыс деген – қоралы қой дірдектеген, Шопанның көз алдынан бір кетпеген. Қыс деген – ақ теріскей, қара күнгей, Қыс деген – қысқа жіптей күрметпеген.

─ 35 ─ Көктем Нұр көктем, шопандарға сыйлы көктем, Гүлі мен қошақанын сыйлық еткен. Бұл көктем азан-қазан қой дауысы, Нұр көктем қуаныш боп сүйді беттен. Бұл көктем – азайған кез қыстың əлі, Нұр көктем көбейген кез құстың əні. Бұл көктем тоң сирақты суық мезгіл, Нұр көктем жер бусантқан ыстық əрі. Аққан сең ағын судың бетіменен, Ақша қар тау басында сетінеген. Бұл көктем – қалт-құлт еткен арық саулық, Буыны қатаймаған, бекімеген. Бұл көктем – шопандарға толы қыспақ, Жүргені кере қабын қолына ұстап. Тоймаған қозыларын жайғызады. Арығын мый батбақтан қорығыштап. Бұл көктем – мол өнімге батыл байлам, Қыстағы арпалысқан ақыл – айлаң. Шопанның еңбегінің жанар кезі, Нұр көктем – тəтті ұйыған қатық айран.

─ 36 ─ Жаз Жаз ерке қырға тағып қызғалдақты, Шопанның қуанышын жүз барлатты. Жаз басы – қырықтық кез, тасқын өнім, Ырысын аямапты, қызғанбапты. Жаз деген – бұлақ сұлу, бұратылған, Жазбенен – жүректерден жыр атылған. Шопанның самал төсте шалқыр шағы, Сапырып бал қымызды шұбатылған. Жаз деген – толқын атқан күй ырғағы, Ырыс боп ақ жаңбырдың құйылғаны. Жаз деген – шаттық-думан мерекелі, Шопанға жайлы төсек бұйырғаны. Сейіліп ауыр салмақ иығынан, Тасқындап кеудесіне құйылып əн. Төлі аман, өнімі мол, қойы семіз, Шопандар күліп тұрар миығынан. Күз Күз – еңбек қызу қимыл басталғаны, Күз – аққу қош айтысқан аспандағы. Күз – деген қабыршық мұз, қара суық, Күз бейне қыс алдының баспалдағы. Күз – деген күшті білек сыбанылған, Шопанға қайрақ, тартпа мұра қылған. Күз – деген күзем айы, күйік айы, Күз деген – шалқар шабыт жыр ағылған. Күз бейне, өткір орақ тот алмаған, Тойған қой, ыңыранып жата алмаған. Күз деген – молшылықтың дариясы, Бекерге күз жомарт боп аталмаған.

─ 37 ─ Араша (Алғашқы хирург Уатқан Жарқынбайұлына) Отаным, ұлың едім күрсінбеген, Кəнекей, не сый күтіп жүрсің менен. Болмассың риза – қош ұсынбасам, Жырларын жүрегімнің кір сіңбеген. Көрмегем бас қатырып бақсы лаңын, Келмейді бал ашқасын бақ сынағым. Көрінсе өлеңімнен болды маған, Көк аспан жасыл дала, жақсы ұланың. Өмірдің жыры барын, күйі барын, Ұмытсам, аласарар биік арым. Біл, Отан! Поэзия – теңізіне, Өлеңім – өзен болып құйыларын. Күн батып, өмірге ымырт – шебер еніп, Көк аспан көп жұлдызбен шегеленіп. Қалғанда дала мүлгіп, жел желігіп, Қағады терезені шебеленіп. Өзгенің ұйқы болып аулағаны, Түн жарты. Төсектерде аунағалы. Жалғыз жан. Жаюлы стол. Ашық кітап, Бұл үшін жылы төсек аулақ əлі. Қорада əкесінің құны қалып, Кезсе де тауда қасқыр ұлып алып. Əсерсіз бұған бəрі, ой соңында, Екі көз деп тұрса да «тынығалық». Арманы ертеңімен қолтықтасып, Кетеді кезеңдері жортып басып. «Өлімді жеңу керек» дейді ішінен. Ыстық қан күдік – жардан толқып тасып.

─ 38 ─ Дейді ол сəл ойланып басын ұстап: «Кезекті, амал нешік, асығыста-ақ. Өлімге сатпау керек, сақтау керек!» Толқиды (жастың жайын жас ұғыспақ). Төс əкеп төр алдына төсе кілем, Онсыз да елдің аулақ өсегінен. Осы сəт екінші бір жамбасына, Машасы аунап түсті төсегінен.

ІІ Жүректей үлкендігі томағалық, Ұшады сансыз үміт қона қалып. Басылып жатыр жиі көрік – кеуде, Ажарынан айна – көздің тонап алып, Кірпіктер кірігісіп, шалынысып, Гүл – дене сұлық жатса жанып ысып. Тұрады-ау «өлім» сөзі келіп кетіп, Тіршілік... өмір... ойдан сан ығысып. Көп асу көп кезеңді аттамай-ақ, Сүйкімді нұрлы реңін аққа бояп. Төсекте жатыр біреу арпалысып Ана тұр, бəйек болып жақтап аяп. Тұрмады дерт дегеннің жыны ұстамай, Келер таң көзден атты тыныстамай. Көгеріп ерін кеуіп, қабақ түсіп, ...Тілеп жүр жанын мұның туыс талай. Үмітті арманыңның нарқы басып, Кез қайда жүретұғын жарқырасып. Жарымы құлағына құйылады, Аузына су тамызсаң жарты қасық.

─ 39 ─ Сандырақ...шашын жұлып уыстайды. Сөйлеуге ерінге ерін жуыспайды. Тілейсің бір туысың жатса осылай, Жаныма болмасын деп туыс – қайғы. Білемін заңдылық көп айдан анық, Келемін мен де солай пайдаланып. Ауру – ажал емес, қауіп қана. Деп жүрме: «ақын мұның қай даналық?»

Мейілі, болмаса да бауырласым. Тілегім: өмірде адам ауырмасын! Демеймін: Əлде кімді ажал алып, Мұң-нала жүректерді жауырласын. Бір апта. Жүргеніне сырқаттанып, Екі күн. Қалғанына сырқап талып. Дəл қазір жүрек қана жыбырлайды, Шіркін-ай, кетпесе екен «сыртқа» аттанып... «Қармақта кетер ме екен бала шабақ, Əлде кім алар ма екен арашалап». Осы ойда тұрғанында кіріп келген, Адамға қарады ана тамашалап. Бұған дерт тұр кешеден мұндаланып. Ойланды жүректі бір тыңдап алып: «Ой сағат ендігі өмір... Оянбайды.» Онан соң жоғалады құмда қалып. Асығыс, өте асығыс. Шара нешік, Кешіксе бір жас өмір қалады өшіп. «Тəуекел – түбі қайық– мініп алса, Кете ме бір теңізді дара кешіп. «Тəуекел», «жоқ» екеуі кезектесіп, Қорқыныш тұрып алды өзек тесіп.

─ 40 ─ Ананың толқынымен бірге толқып, Қояды сестраға: – тез ек! – десіп. –Досың ғой бір жүгірген балақ түріп– Деді ана оқ кірпігін қадап тұрып. Бер, балам, дертіне бір шипа тауып. Кетпесін кəрі көзден қан ақтырып. – Шеше, сіз, дем алыңыз, қорықпаңыз! Бəлен деп айта алмаймыз жорып та біз. Берсеңіз ұрықсатты жарып көрем, Əтеуір, кісі өлтірмеу жорықтамыз. Демеңдер өзгереді оның түсі неге, Жат сөзді ана жаны түсіне ме: – Барма еді, қарағым–ай, өзің білші, Емдеуің пышақ салып кісіге де. Ей, Алла! Қуатың бер қарағыма, Тілеген тілегімді жар ағына– Деді де жаулығымен сүртті көзін, Жас толып көз – бұлақтың тарамына.

ІІІ Тұрғандай күлімсіреп сырласқалы, Төбеден төнді елімнің сырыл аспаны. Жыр болса жақсы ағайым, жақсы ағайын, Ала кеп шабытыңды жырлас кəні. Адамға беріп өмір батырлықты, Аспанды төбесіне шатыр ғыпты. Астында сол шатырдың, бір бөлмеде, Столда ауру жан жатыр «мықты»... Ақ құба, сұңғақ бойлы, қалың қасты, Төнеді алмақ болып «алынбасты».

─ 41 ─ Қорқыныш бет қуартып, тер ағызып, Толқыған жүрегіне жалын басты. Қолына өткір, жеңіл пышақты алып, Кірісті тəуекелге үш оқталып. Ымымен көмекшіге əмір етіп, ...Саусақтар кете барды іш ақтарып. Жатыр тек аурудың құр сүлдері. Ышқынып шипалы қол жүрсе ілгері. Қолдары дəрігердің де діріл қағып, Жүрегі абыржудан дүрсілдеді. Өмірі батылдыққа үйретті ізгі, Батыл қол дерт жиналған бүйректі үзді. ...Жүзіне əмірші мен көмекшінің, Нұр қонады қарын етке түйреп бізді. Сəбидей жатқан жанды «бесіктегі», Мəпелеп оғаш үндер есітпеді. Аздан соң көмекшінің бірі шығып: – Шүйінші! – деді анаға есіктегі. Күнгірт ой үміт қуып айықты ма, Қу құлақ басқаша бір жай ұқты ма. Қарт ана табан асты құлап түсті, Кім білсін, тозған дене айыпты ма. Үміт – от жүректерде жанайын деп. Бөлісіп шүйіншіні ағайын–бек. Жатқанда, жабық есік кең ашылып, Ананы құшақтады ағайым кеп... ІV Түн келді. Екінші түн кезектегі. Уақыт зымырайды тез өткелі.

─ 42 ─ Жалғыз жан. Жаюлы стол. Ашық кітап, Күдікті ой шықпай отыр өзектегі. Кітапты саусақтарға парақтатып, Көз ілмей отыр тағы қарап қатып. Заңы ғой қиыры мол, қиын істің, Адамды шегеретін тар аттатып. Мен де əлі өткемін жоқ қиындықтан, Жан да жоқ сырды біліп, сыйымды ұққан. Кім білсін, өзім туған өлеңде де, Бар шығар асаулығым үйімді «ұтқан». Ертеңнің құлан иек құла таңын, Қарсы алып, құздан өлең құлатамын. Асығам Ертеңіме асығамын, Өмірдің құз–шатқалын ұнатамын. ...Асылы, қазынасы жер үстінің, Асыл ой... Азапты күн... жеңісті күн. Бəрі де кітапта ғой, кітапта ғой. Тапты екен ағай қандай жеміс бүгін. Мен мейлі айтпасам да мақтап атын, Елімнің ақ үміті ақталатын. Орнынан кенет тұрып шықты үйінен, Үстіне іле салып ақ халатын. Жым–жырт түн. Мүлгіп қалған дала тағы, Кешікпей шолпан туып, таң атады. Санаспай оныменен халатымыз, Аралап кете барды палатаны.

...Сырқатты кəрі қандай, бала қандай, Тексеріп шықты қолымен санағандай. Екі көзі жасауырап есінетті, Шамасы, жылы төсек қалағандай.

─ 43 ─ Тұрғанда күн батысқа түн ыққалы, Құлады төсегіне тыныққалы. Өмірге тегін келіп, текке кетер, Жан емес рахатқа құнықпалы. Кетсең бір шым-шытырық ойды қуып, Өшпей ме тұрған ұйқы бойды буып. Ойына əлде нелер кіріп шығып, Ұйқыны көзіндегі жойды қуып. Төсектен жамбасының жымы қашып, Аунады екі көзін жұмып ашып, Кеудесін кере үрлетіп ауа жұтты, Ежелден етпесе де мұны машық. Елімнің тамашалап бай даласын, Үңіліп терезеден ай қарасын. Ісі жоқ оныменен, адал ойы. Кезеді күндізгі істің айналасын. Өмірден аларында енші бүгін, «Əлде бір болды ма– деп– кемшілігім». Жастықтан жатқан басын алыстатты, Ұмытқандай дүниенің кеңшілігін. Бір өзің сақтайтындай байтақ елді, Осының не – деп жеңгей айта берді, – Кешіргей – деді де бір жайлап күліп, Киініп палатаға қайта келді... V Арада күндер өтті тоқтамастан, Жылайды тырналарын жоқтап аспан. Тік басты аяғынан жігітіміз, Алынып қатерлі, сұм «ноқта» бастан.

─ 44 ─ Əн айтқан жаз бойына бұлақ тынып. Жел-жеңге, өсегінен құлақ тұнып. Жасыл жон сары киер күндер жақын, Беретін тауларға бұлт тымақ тігіп. ...Шалқар түс. Күн шекеден қарады аунап. Жел қуып, бұлттар қашып, барады аулақ. Күз келіп гүл реңін алып жатыр, Есесін жазда кеткен жаңа даулап. Өтуге асықса да айларымыз, Болса да қарлы қысқа айбарымыз. Көңіл шат... Айғағындай əнеу үшеу, Күлім көз, күлкілі ауыз, жайдары жүз. О, Анау таныс жігіт, таныс ана. (Жүректер осылайша табысама) Əңгіме... Ортасында жақсы ағайым, Білетін ажалменен алыса да. Күдік ой он айырылып, бес табысып, Қорқытып өткен күнді еске алысып. – Əр қашан қиындықты жеңеміз! – деп, Екі жас қол алысты төс қағысып. Дəрігерді ана жүрек биік көріп, Маңдайдан сүйді алғысын үйіп беріп. Үшеуі құшақтасып ұзай берді, Жатпадым мен де өзгесін жиып-теріп. Қосылып ақ анамен далам мықты: «Көрме-деп-жағың түспей жамандықты». Алқады. Мен де ішімнен күбірледім: – Өмірде адам мықты, адам мықты!!!...

─ 45 ─ * Отаным! Ұлың едім ақ тілекті, Басыма соным үшін бақ түнепті. Ойымның салдым міне, бір өрнегін, Еске алып сен өсірген нақ түлекті. Өлең – аң болса, мен бір аңшы бала, Қаруым: қалам – атты қамшы ғана. Көп əлі алатыным, беретінім, Тұрмайды бұл еңбегім тамшыға да. 1960 – 1965 жылдар аралығында жазылған өлеңдер Телқоңыр (Аңыз дастан) Замана шыға келіп дəл кешегі, Босқындап домбырада ел көшеді. Бір кезек жас арудай сылқым басып, Бір кезек батыр болып белдеседі. Айырылып ел биліктен, гүл реңінен, Кездер бар бозіңгендей күңіренген. Кездер бар айырылған қарындастан, Сол үшін домбыраға жүгінем мен. Қондырып көңілдерге шуақ аспан, Қанатты қиялдарды жұла қашқан. Бұл күйдің ұшан теңіз аңызы бар, Ұғады бастан-аяқ құлақ асқан. Ел ақтап, бақыт тауып домбырадан, Құлақтар қаз-қалпында ол бұраған. Күй қалып көкіректі жарып шыққан, Бимəлім ұмытылыпты сол бір адам.

─ 46 ─ Тəтті күй мұра қылған бізге сені, Күйші кім? Іздеп көңіл із кеседі. ...Ақынның қиялынан қайта туып, Оқушым, сеніменен жүздеседі... * Қанша жыл керей – найман қақ бөлінген, Ала көз. Күрең қабақ, жат көрінген. Барымта. Жесір дауы. Би кесімі, Айырған абзал достық, ақ көңілден. Түйе артып, жылқы қусын, қой ұрласын, Соғылып жатты дүре, сойыл басым. Рулы ел шалғай көшкен, шет қоныстап, Білген де жанжал–ылаң қойылмасын. Қуғындап жайлы қоныс мекен-елден, Ескі заң, бақталастық жеке бөлген. Сол бойда Сарыарқада Найман қалып, Алысқа Керей көшіп кете берген. Іші тар, пейілі кең пендесімен, Сарыарқа ұлан қайыр кең көсілген. Біржандар жүрген талай салдық құрып, Сұлудың ұшырасып жеңгесімен. Сыйысып домбыраға жарты жалған, Сұлуда ер жігіттің анты қалған. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, Қазақтың ықыласын тартып алған. Жалғасқан қарашаға маусымдағы əн, Ел екен көкірегін қаусырмаған. Ат күтіп, салдық құрып, əн баптаған, Найманнан жыршы, күйші таусылмаған.

─ 47 ─ Шортандай еркін өсіп қайрандағы, Арылған биден билік, байдан бағы. Сай болған құбыласы тірлігінде, Сал екен ер Құлыбай наймандағы. Жан екен салдық құрып желіп өткен. Пір тұтып, сыйлайды екен елі көптен. Жақсы атқа жанын үзген саңлақ екен, Шешен тіл, домбыраны серік еткен. Қыран құс, күміс тұрман құймалаған, Жігіттің дəулеті деп жиған адам. Ер екен екі айтпаған, ант қайтпаған, Жарлыға жəбір–жапа сыйламаған. Жан екен рулы елде асқан бағы, Тағдырдан соның үшін жасқанбады! Қалмаған жүйрік, жорға ол мінбеген, Қыран құс құтылмаған аспандағы. * Елгезек көңілдерді анық бөліп, Жүретін қайдағыны танып көріп. Қазақта ұзын құлақ дейтұғын бар, Тұратын жаңа хабар алып келіп. Ас болып алақызса жан дүбірге, Құмарлық жанды үмітпен жанды бірге. «Керейде Сүйеніштің қоңыр аты, Бар»– деген хабар жетіп қалды бірде. Жеткізіп көңілдерге анық ғашық, Сан ауыз əкетті оны алып қашып. Құлыбай елден бұрын естісе де, Айтпады құпиясын халыққа ашып.

─ 48 ─ Ойлады іштей айла бір-бір бастай. Аптыққан сал көңілді сындырмастай, Таңдады ел ішінің ептілерін, Жат жерде қауіп, күдік тудырмастай. Кім бар деп жанып туған дара бағы, Жігіттің өнерлісін саралады. Деген ғой: «Мыңнан жорға, жүзден жүйрік», Көңілдің Үміт болды қалағаны. Серпілтіп торыққанда сал ағаны, Көңілдің үміт болды қалағаны. Күйші еді ол рулы елді таңқалдырған, Күй еді бақытына балағаны. Мал бітіп, жылынбаған малдан іші, Болмаған жарлы болып жалған ісі. Біреудің адал туған жалғызы еді, Қарт əке, кəрі ананың алданышы. Жеңсе де мұңды жігер, сорды қайрат, Жоқшылық жүретін-ді қолды байлап. Бұл күнде Құлыбайдың ісі түсті, Аз өнер бойға біткен болды да айғақ. – Күн сайын көтерілген беделі үдеп, Жанының жігері мол, өнері көп. Сенемін бұл найманда саған ғана, Əкеліп қоңыр атты береді деп.

Үмітжан, айналайын, үміттімін!... Құлыбай деді оған күліп бүгін, Ойланып сəл уақыт тұрды Үміт, Не шара қалап тұрса жігіттігің... ...Таңдайды тамсанудан тандырмаған, Қазақта талай ақын сан жырлаған.

─ 49 ─ Су жорға, нақ сəйгүлік қоңыр еді, Ұшқан құс, жорытқан аңға шалдырмаған. Қоңырды көрмегендер сұрап танып. Көргендер ол туралы сыр ақтарып, Жақында жан қалмаса қаламаған, Алыстан келмеген аз құлақтанып. Қоңыр ат Сүйеніштің сүйеніші. Баласы оны жатқа күйеді іші. Қимаған аш адамға қаттылық қып, Келсе де руы елге ие кісі. Екі көз, бір көңілді алдау үшін, Қанша жұрт ат иесін арбауы шын. Қоңырға күндіз – түні күзет қойды, Қапелім санды соғып қалмау үшін. Көршісі Сүйеніштің Тақыр деген, Тоқтатқан дүйім елді ақылменен. Бұл да бір көргені көп затты кісі, Алмаған жалғыз бұрау жат іргеден. Тағы да тамсандарған жамағатты, Қызы бар асқан сұлу Жанар атты. Жүреді ол ауылдасқа жəрдем етіп, Бір ауық күзетісіп жаңағы атты. Қыздарды қырық байтал мал алған деп, Мұның да шылбырына оралған көп. Жүреді ол ауылдасқа жəрдем етіп, Бір ауық күзетісіп жаңағы атты. Зерек қыз, көзі ашық, жаны жарық. Ержетіп, оң мен солын танып анық. Арланы домбырада толғайтын-ды, Күйдерді құлақ шалған қағып алып.

─ 50 ─ ...Күн батып, ымырт еніп, көз байланып, Айнала қалғып кетті түнге айналып. Тілгілеп тыныштықты, сылап–сыйпап, Сүкең жүр қоңыр атты жындай бағып. Көзінде шала ұйқының ылайы бар, Шамасы, деп тұрғандай тыңайып ал! – Жанаржан, мықты болғай, ай қорғалап, Аспанды бұлт торлаған сыңайы бар. Дүние бар жарығын қорып апты. Деді ол аманат қып қоңыр атты. Жанар қыз айналаны шолып еді, Төңірек мылқаулыққа толып апты. * Күміс түн. Жазғы самал жел де тынық. Төгілген ай сəулесі көлде тұнып. «Ақсүйек» ауыл маңда қызатын-ды. Аулақта «Алтыбақан» тербетіліп. Қыз-жігіт шырқағанда бастап əнді, Сөгіліп кетуші еді аспан алды. Бүгін жоқ «Ақсүйек» пен «Алтыбақан», Шойын түн жатып алған тас қараңғы. Ескекке əн қоспаған тауда қурай, Момын түн, өлқая түн қайда мұндай?! Мамырлап көрші ауылдан əн келеді, Үш күндік шілдехана айғағындай. ...Бұлт іріп, жұлдыз шығып санамалы, Тілгілеп аспан бетін сан ағады. Мақпал түн қылаң түнге айналса да, Тұңғиық тыныштықта Жанар əлі.

─ 51 ─ Белгісіз келер күннің түс – реңі, Бақытын жорып қана түсінеді. Қиялдап қыз жүрегі отыр еді, Елеңдеп, қоңыр кенет кісінеді. Көз тастап, құлақ тосса айналаға, Сылқым күй толқындайды айдалада. «Жүр ме екен қуанышын сыйғыза алмай, Əлдебір шерлі ме екен қайран аға?! Кеудесін текпілеген кекті ме екен? Көз жасын күй болдырып төкті ме екен? Зар жылап сүйгеніне қосыла алмай, Қаңғырып айдалаға кетті ме екен?! Бақытың шақырмаса хабар беріп, Сұм көңіл дүниеде қалар жеріп. Жүрегі күйге қарай алып ұшты, Осы ойға тірелді де Жанар келіп. ...Түбі жоқ тұңғиыққа батып арман. Қонғандай ұшқыр шабыт, ақын арман. Сарнатып домбыраны жатыр жігіт, Көгалға шалқасынан жатып алған. Құлақ сап, зейін қойып бара сала-ақ, Ұғам деп Жанар тұрды жанасалап. Əн қызған шілдехана иен қалып, Жиын топ күйге ағылды тамашалап. Құс шіркін, тəтті күйді қаламай ма, «Əупілдек» əупілдейді анадайда. Кеткендей өзге тірлік күйге айналып, Аспанда бұлт қалмаған танадай да. Дүние күймен ғана жаралғандай, Тіршілік күй сазынан нəр алғандай.

─ 52 ─ Жан беріп, қу ағашқа тіл бітірген, Мықты едің жүрек неткен, адам қандай! Бақыттың жолын сілтеп, жөнге салған, Туындап өшпес үміт, сөнбес арман. Айдын көл жолыққандай Аққуымен, Ер жігіт ат арытып, шөлдесе алдан. Бір кезек алыс самғап, талса қанат, Жатқандай бірде толқын жар сабалап. Кетердей сезім біткен от боп жанып, Қара көз қиыла бір қалса қарап. – Тірлікте талай өмір өтеді алдан, Күйменен кім бар дейсің мекке барған, – Деген де əлгі жігіт, таң біліне, Аттанып өз бетімен кете барған. Біреулер: – Ақбоз мінген ғайып– деді. – Е, қойшы, жақсы күйді жайып тегі, Жөн шығар, – деді өзгелер. Не десе де, Бұл түні Жанар ғана айыпты еді... Жанар қыз қайтса қиял ізін қуып, Ауылы азан-қазан. Ызың-шуыт. – Қоңырым, қанатым! – деп еңіреген, Сүйеніш сыртына сап жүзін суық. Дейді ол: – Ақылымды берем ем көп, Кетпеген шығар бəлкім «серуендеп». Тақымға басып жатыр əйелі де: – Бейбаққа қайдан ғана сеніп ең» – деп. Күйеуімнен ауылға үлкен бүлік кепті, Сол бүлік бар үмітті үгіп кетті.

─ 53 ─ – Ақботам!.. Ойбай құдай!... Сорлаттың! – деп, Анасы боздап қапты жұлып көкті. – Қаншама тарылсақ та, сабылсақ та, Іс өтті. Ақылға кел, сабыр сақта! – Тəкең қарт жұбатып жүр тоқтау айтып, – Қой, кемпір, тірлікті құрып жаның сақта!? – Е, сорлы! – Қызға кесел амырақ– деп, Жанарды қоршады жұрт жамырап кеп. – Тəңірім! Көз жасымды көрдің бе шын! – Анасы құшаққа алды аңырап кеп. Куə қыз баян етіп болған істі, Жұртшылық өздерінше толғанысты. – Қуамыз! – Із кесеміз! – десті жиын, Төтеден тигізбек боп қолғабысты. – Наныңыз! Ғажап істің болуы анық, – Деп Жанар домбыраны қолына алып, Түндегі сылқым күйді толғағанда, Жым болды су сепкендей долы халық. Сұңғыла, ел сыртына көптен қанық, Сүйеніш отырады да көп толғанып: – Оу, жұртым! Таусылмайық! – деді бірде, Серпілді күйге ынтасын төккен халық. – Қоңыр ат қолды болды қапелімде, Түспесін жігіт сорға, ат өлімге. Найманда Құлыбай ер алған болар, Өптеген ондай сері жат елінде. Ағайын бүгін таңда алқынбалық, Келер жыл күзден кейін тартынбалық. Бір хабар соған дейін болар тағы, Тосайық «Əліптің де артын бағып»...

─ 54 ─ Қызбалар: – Кетсе дағы Балқан аса, – Қоймаймыз! Қуамыз! – деп анталаса: Сетінеп ақылды жұрт жатты тарап, Бұл іске болды дағы таң-тамаша. Бойына қонды ма екен шын даналық, Төзімін жатты ма екен шыңдап анық. Азық қып тəтті күйді жатты Сүкең, Күніңе үш қайтара тыңдап алып. * Жаз шығып, жайлауына ел кетіскен Шілде кеп, əуе айналып жерге түскен. Аң да мəз, адам да мəз, жайлы уақыт Қыз– жігіт көңілдерді тербетіскен. Күн қызған тастөбеден қараптағы. Көк сағым. Басталған кез дала аптабы, «Шақырған қонағымыз келеді!» – деп. Бай ауыл абыр-сабыр таң атқалы. Кеткендей ұзақ күтіп жан шыдамы: – Кеп қалды! – Таяп қалды! – Шаң шығады! Деседі үлкен-кіші, бала-шаға, Əбігер малшы-құсшы, жалшы– бəрі. ...Сағыныш атқа деген іштен еріп, Сүйеніш түсіп жатты түсте келіп. Құлыбай өзі шығып күтіп алды, Қонағын сертке мықты, іске берік. Кірген жоқ сал үйіне қонақ əлі, Мүмкін ол құтты қонақ бола алады.

─ 55 ─ Осы сəт бапты қоңыр оқыранып, Көздерден күміс моншақ домалады. * Бай үйдің сыйлы сырмақ, төсегінде, Созылды қонақ болу неше күнге. Қаншама əн айтылып, күй тартылды, Білген жоқ қош көңілдер есебінде. Қонақтар жасап бір күн жол қамдығын, Думанмен көңілдері толғандығын. Білдірді Құлыбайға қайту жайын, Сыйына риза-қош болғандығын. Құлыбай деді: – Сүке, кешіріңіз?! Қашан да ашық көңіл есігіміз. Қызығын қоңыраттың бір жыл көрдім, Не болмақ қалауыңыз, шешіміңіз? Алыңыз болса сізге жарайтыным... – Жоқ– деді Сүкең–ешбір қалайтыным... Адалын, ақ көңілін айтты ашып, Қоңырды бақытына балайтынын. Деді сал сөз аяғын тосып келіп: – Болыңыз жанымызда көшіп келіп. ...Қонағын риза етіп аттандырды, Қоңырға қоңыр жорға қосып беріп. Көп заман... Ұрпақ алғыр. Ата мықты. Болыпты тілеу қабыл, бата құтты, Айдала, айсыз түнде қалықтаған, Сылқым күй «ТЕЛҚОҢЫР» боп аталыпты...

─ 56 ─ Ұстаз жолы

Тірліктен алып аз сабақ, Өмірді жүрдім жас санап. Өзгертем дедім бəрін де, Маңдайға тағдыр жазса бақ. Оқыған оқу жан салып, Жадыма сіңді қаншалық. Ортаға салсам ағайын, Қалар-ау дедім тамсанып. Алдымның бəрі соқпақтай, Албырттық жүрді тоқтатпай. Күн өтер дедім күлкімен, Студент кезді жоқтатпай. * Үйретіп сабақ жеті күн, Отызын қойдым екінің. Кешірілмес күнə болып бұл, Қоймауға мүлдем бекідім. Күрессіз қалай жай табам, Класқа кірдім қайтадан. Сұрадым өткен сабақты, Сұрауды бастап «тайпадан». Сұрадым таптар тартысын, Оқушы айтты жартысын. Еңбегі бар деп «бес» қойдым, Мұның да болды арты сын.

  • * Көңілім шіркін, – ақ торғын, Дегенде бұл кез тапты орнын.

─ 57 ─ Сəтсіздік шығып жолымнан, Бір іске тағы тап болдым: Дəптерін жыртқан бір беттен, Кітабын тұтас кірлеткен. Алдымда отыр бір «батыр» Айтсам да: «таза жүр» деп мен. «Мұғалім» – десе ізетпен, Гүл өсті – деуші ем біз еккен. Көңілді бүгін мұздатып, Журналдан баға түзеткен. Тең көріп мені есекпен, «екіні» түзеп «бес» еткен. Иесін тауып сол сəтте, Ұрғым да келді кесекпен. Көңілдің құлап аспаны, Кірпігім жаңбыр бастады. Кластан шықтым бұлттанып, Білмедім бұдан басқаны.... ...Ұстамай баста тізгіндеп. Ақыры жарды сүздім кеп, Шақырып завуч тағы ұрысты. – Бір сағат сабақ үздің деп, Қайта кеп ұрыстым балаға. Ақылым кетті далаға, Үйіне жылап ол кетіп. Тап болдым енді жалаға, Шешесі баспай ентігін, Ұлының жұлып дең түбін. -Киімін жыртып сабапсың, Же,– деді – мұның жемтігін...

─ 58 ─ Қалақай тілді, шоқ – таңдай, Əйелдер деген топ қандай. Арымды таптап күл етіп, Ұшырды құйын соққандай, Төгем деп жасты моншақтап, Алдымда жатыр жол– шатпақ. Класта қырық шəкірттің, Үлгеру саны он шақты-ақ. Бұларға нендей мін тағам. Бұлармен нендей тіл табам? Жауабым – үрей тұңғиық. Шалады келіп қылтадан. Мен мендік тағы шалыс кеп, Көрсетті көпті алыс деп, Өзгеден сұрап, білуді, Ойладым бойға намыс деп. ...Класқа кіріп барсам-ақ. Толқынды жаным жар сабап. Көк теңіз болып тулайды, Кеудемді жүрек тар санап. Жатаққа барсам бір кезек. Бір тағдыр оғын тұр кезеп Төсекпен дене тұтасып, «Аллалап» қалған тіл безеп. Денесі жанған от болып, Аяғы қалған топ болып. Көрдім де тағы өртендім, Кеудеме жалын, шоқ толып.

─ 59 ─ Жолықпай дерттің кəріне, Табыну керек дəріге. Жансыздап келген қырсықтық, Тап болдым, міне, бəріне. Жатағын көріп күтпеппін, Мұнымды қалай бүкпекпін. Жазылмақ менің мойныма, Тексере кетсе түптеп кім. Сөз болу деген қиын ба, Терледім бір күн жиында. Талай ой түсіп итжығыс, Талай ой тұрды миымда. Біреуі: «қаңқу сөз» – дейді. Біреуі: «шыда, төз» – дейді. Біреуі: іштен сыбырлап: – Бұл істен мүлдем без!– дейді. Көңілді тұман, қар басып, Ұятқа сан ой жармасып. Сан ойлар түсіп итжығыс, Сан ойлар жатты арбасып. Төбеме құлап аспан көк, Біржола бұғып жасқан деп, Итжығыс түскен сан ойлар, Ұрғылап жатыр бастан кеп. Дүние шетсіз кең деп ем. Тарылтып алдым демде мен. Басылып кеудем көріктей, Шығады толқып дем деген.

─ 60 ─ Маңдайдан сансыз сай тасып, Кірпігім кеткен айқасып. Ойлардан құлап, сырқатпен, Жатырмын енді айқасып, * Ісімді менің қостаған, Көп екен мұнда дос маған. Алдыма жайды көңілін, Мен екем санға қоспаған. Жайымды менің есіткен. Директор кірді есіктен. Жандарға мұндай жүректі, Берсем де аз ғой кесіп мен. Қамқоршы достың молы шын. Бəрі де бермек қол ұшын. Алдыңа жаймақ көңіл бар, Түрегел– деді– сол үшін. Ұстаздың қиын жолы шын. Қажымау – сенің борышың, Күтеді сені көп шəкірт. Түрегел – деді– сол үшін. Тірліктің дəйім жолы-шың, Өрмелеу – сенің борышың. Əкелік сенде жүрек бар, Түрегел – деді– сол үшін. Үміттің басып белесін, Ақылдың мініп кемесін. Қайратпен қайта бекіттім, Ұстаздық істің «шегесін».

─ 61 ─ Еске алу Қабылдап табиғаттың шуақты айын, Наздана сырласқанда бұлақ, қайың. Құзынан көкіректің о, сəулешім! Мен қалай өлең тасын құлатпайын: Мен емес сиынатын құдайға сан, Жер төсін аяғыммен нығай басам. Алдында бірақ сенің кішірейем, Кеш жаным тұнығыңды ылайласам!? Кезсең де ақыл-ойдың қай қаласын, Көп шығар күннен күтер, айда аласың. Бір ұшы арманымның өзіңде еді, Өлеңім өзім болып аймаласын. Есіңе ал аяулы бір кісім десең. Не шара жан сырыма түсінбесең, Кешірме! Жалған айтып, жабықтырып Өлеңді артық сырлап мүсіндесем. Мен тудым маусымда ма, ақпанда ма. Түсте ме, түнде ме, таң атқанда ма.. – Жалғасы өмірімнің жалын ұрпақ, Келді– деп қуанды əке, мақтанды ана! ...Өмірім өксітпеді, жасытпады Ойнадым «Соқыртеке», асық тағы, «Мысық пен тышқан» болу, «жасырынбақ» Деймісің көңілімді тасытады. Өмірім шерлі етпеді, кекті етпеді. Нұр септі бір бүршігін көктеткелі. Қысқасы – ұзын сөздің: еркін өстім, ...Бірге өтті жылдарымыз мектептегі.

─ 62 ─ Шіркін-ай қызық еді-ау балалық кез Жатпайтын бейтанысқа қадалып көз. Қуатын күні бойы көбелекті, Бұл басқа қалай келді «жаңалық» тез. Қыз едің бадырақ көз, қысқа тұлым, Көрмейтін жазда тыным, қыста тыным. Топ бала доп ойнасақ өктем үнмен: Дейтінің есіңде ме: «қысқарт інім». Арада жылдар өтті байқалды ма? Табиғат балалығын қайта алды да. Біз кеттік құшақтасып есіңде ме, Қызықты махаббатпен қайтарды да. Мінгенде жалын тартып қарагердің, Еңбекке жолдама алып қала бердім. Сен кеттің онжылдықты бітірдің де, Жол таптың оқу іздеп, қала көрдің. Білесің сері емеспін бұлғақтаған, Жүзім бар жел аймалап, күн қақтаған. Ойылып алақаным, терім ақты, Сол үшін өмір шіркін қымбат маған. Өмірдің бар ғой жаным жүз өткелі, Киіндім түнде жылқы күзеткелі. Атайға өткен қыста қой бағысып, Істеймін қалаушы боп күз өткелі. Қиялға құм күретіп, тас қалатып Тауларға шеке соғып, бас қанатып. Жүрсемде тұр алдымда «Сарықобым», Маңдайын жол– жыланмен қасқалатып. Қойнына құс паналап, аң ықтасын, Өзгелер жерұйық деп анықтасын...

─ 63 ─ Қалсаң бір тай үстінен сыпырылып, Танисың қына түкті мамық тасын. О, Шіркін! Дала қандай, ауыл қандай, Жай толқып жата алмадым дауылданбай, Жүрмедім қабағыма қырау қатып Беймаза жан жүрегім ауырғандай.

  • * Бурыл түн. Көк жиекке айшықпаған Жұлдыз жүр аспан– көлді айшықтаған. Төсекте мен жатырмын сені еске алып, Түйіліп жаз– қабағым ай шытпаған. Қайыңды шешіндіріп жалаңаштап. Жел– ерке жапырақты ала қашпақ. Болғанда, жанарыңа жат үңіліп, Құшағың қусырылды маған ашпақ. Əзірлеп көңіліме мол азықты, «Сүйіктім!» деп жазатын қол азыпты, Күрсіну жүрегімді тоңазытты. Кешкілік аралға өттім құс атқалы, Аққуын қалқалады ұсақ талы. Есіме егіз аққу сені салды, Менің дəу қайратымды ұсатқалы. Өзіңнен алыс жүріп, алыс тұрып, Ымыртта қозыларды табыстырып. Шырқадым «Сырымбетті» сені еске алып, Ойымды бөлді қойшы шал ысқырып. «Таулардың мен баспаған құзы қапты» Дедім де таңмен ерттеп қызыл атты.

─ 64 ─ Жондарды жоталадым сені еске алып, Арнасын ой– бұлағым бұзып ақты. Сəскеде жылқыларын еңістетіп, Əн салды жылқышы қыз келісті етіп. Сол сəтте тағы сені есіме алдым... Баяғы арманымды желісті етіп. Қайғыны санамасын саусақ əлі Мұндайда шытырман ой ау салады. Тірелдім тұңғиыққа, кешір жаным, Қызықты айтып кімдер тауса алады... Білмеймін жабықтым ба, мұңайдым ба, Құлағы шулап жатыр құдайдың да. Өзіңді еске аламын, кеш қарағым, Төсекке қайта-қайта құлаймын да. Біз баста екеу едік, бүтін едік; Əманда, болашақ бір түтін едік. Өмірге Махаббат пен Арман келер. Күндерді қиялменен күтіп едік. Біз баста тату едік құшақтасқан, Тұрса да сенің үйің үш-ақ бастан. Өмірді білуші едік, күлуші едік, Елдерге төбелескен, пышақтасқан. Біз баста сертімізге берік едік, Біріміз-бірімізге серік едік, О баста сен Қайраттан мен Айгүлден, Дəл мына бүгінгідей жерімедік. Біз баста жұбымызбен көрікті едік, Ой жібін он қайтара өріп те едік. Сонда біз сен жұптасып, мен жалқы боп, Жүретін күндер барын көріп пе едік?!

─ 65 ─ Жаныма мұң көрмеген, бастықпаған, Білсін деп берген шығар жастық маған. Өткендер оралмайды. Алда мақсат: Болмақшы не жазса да бастық– қалам. * Басыма адамдықты міндет көріп, Жүрмекпін толғанумен күнді өткеріп. Көтеріп адалдықтың ақ отауын, Қоймақпын жүрегімнен діңгек беріп. Арқамды алты таспа қамшы тырнап, Азуым айқаспаған сан шытырлап. Кешір сен! Бет қағусыз өскен жанмын. Асығым шіге түссе алшы тұрмақ. Егер мен албырттықпен атойласам, Кешір сен! ренжимін жат ойласаң. Естісең жайсыз хабар мен жайында, Баяғы Айгүл болып бат ойға сан. Демеймін бақытымнан кеш қалайын, Өмірімді жатырқасам кешпе ағайын?! Көшір сен! жабықсам да, қуансам да, Бір мезгіл сен барыңды еске алайын. Сөз осы, келіселік, тоқтасалық. (Өсекшіл ауыздарға от басалық) Айгүлжан, ұрықсат ет, аялайын, Сенен де асау қызға ноқта салып. Алматы, 1962 жыл

─ 66 ─ Таңғажайып тағдыр (Баллада) Көктемнің көңілді айы болатын-ды, Азырақ аспан жылап, дала тынды. Сəулеммен сайрандауға көлге бардым, Шыңдап мен асыл арман – қанатымды. Көл беті жел үрлесе дір етеді Жағада құстар мақтап жыр етеді Аспанның кемпірқосақ – белбеуіне. Бұлттың да тұрды ілулі бір етегі. Отырып мен қайықтың ескегіне, Жаясын мылқау көлдің еспедім бе... Шіркін-ай, малтар едім, – деді-ау сəулем, Жасымнан теңізде ойнап өскенімде. Əжімі су бетінің сирек дедім. Сондықтан мағынасыз иректедім. Ішімнен қойдым менде бір өкініп: Қалайша саған малтау үйретпедім. Жайшылық қара көзі тік қарайтын, Сырын да түкпіріне тықпалайтын. Сол күні от жанары назға толып, Мен үшін бақыт алып шыққаны айқын. Жайшылық ақ жанымды қинайтын-ды, Ұстауға саусағын да қимайтын-ды. Ұрсатын: – тəртіпсіз! – деп құшақтасам, Беймаза жан жүрегім тулайтын-ды. Сол күні келді күткен жақсы күнім, Сыйлады сəулем маған жақсылығын. Жарым деп шуақ күндей құшақтадым, Өмірдің жасап мен де жақсы ырымын.

─ 67 ─ Бұл қайық махаббатқа бесік дедім, Өзге үнді, өзге сөзді есітпедім. Айқасқан сəулеменен от құшағым, Алмаса айрылмайды кесіп дедім... Кенеттен дауыл тұрды, көл тулады, Мұндайды көрмеп едім мен туғалы. Қайықтан екеумізді лақтырып, Жіберді асау толқын өр тұлғалы. Көк толқын дауыл қуған соқты бізді, Құшақты мəңгілікке жоқ қып үзді. Сол жерде бақытымнан мен айрылып, Қасірет тіршіліктен шоқ қып үзді. Сол жерде айырылдым мен ай, күнімнен. Сол жерде айырылдым мен Айгүлімнен. Сол жерде жалғыздықпен жарты өмірім, Басталды өтетіндей қайғы мұңмен. Дауылға бар табиғат бас ұрғандай, Кең аспан құлап тауға асылғандай Дүние лез демде қаңбақ болып, Сезіндім көз жасыма қосылғандай. – Айгүл! – деп көкіректен құлап ағын, Естіліп таудан қосты бұлақ əнін. Жел естіп жер əлемге жария етті, Айгүлдің су ішіне құлағанын. ...Тартқанда өмір атты көш ілгері, Өлең– гүл жүрегімнің өсіргені. Көз жасым көл боп ақса жанарымнан, Тіршілік, кешір мені, кешір мені? Кезінде жайма шуақ көктеменің, Көрермін, қызыл гүлдер көктегенін,

─ 68 ─ Сəулеме өз қолымен сыйлатпаған, Тағдырға мен екі есе кектенемін. Алдымен бақыт шамы жанса дəйім, Сəулетай, өзіңе арнап əн салайын. Табиғат қайта берсе нұр көктемін, Мен қалай өткен күнді аңсамаймын. Туса да сендей етіп айды да аспан, Күлсе де шуақ сенше айнымастан. Сенсіз мен жалғыз қайың шөлге біткен, Қара түн мен сияқты қайғы басқан. Шырқаса бұлбұл сенше бір қашықтан, Қызғалдақ сенбе деймін қырға шыққан. Күніне көтеремін мың үмітті, Сенімен келе ме деп сырласып таң. Кезіксе сенше күліп аққан бұлақ, Түсемін сағынышпен аттан құлап. Сен бе деп елеңдейді қаз даусына, Ежелден жақсы хабар баққан құлақ. Сен жоқсың, гүл айырылды көл бетінен, Сен жоқсың, тау құлады жер бетінен. Сен жоқсың, сен бар болса жер үстінде, Жеткіз деп сағынышты желге өтінем. Сен жоқсың жүрегіме көл боп тұнған, Мен бармын бір өзіңе шөлдеп туған. Сен жоқсың, махаббаттың шолпаны жоқ, Сені іздеп жұлдыз болып сөнбек тұлғам. Сағынып сол күндерді, сені аңсадым, – Сынды – деп сөкпе, жаным, – неден сағын, Болды тек тарыққанда, жабыққанда, Серігім – қолымдағы қаламсабым.

─ 69 ─ Жоқ болдың сен жанымнан мəңгі кетіп, Мен жүрмін өткелдерді аңдып өтіп. Кезіккен таңғажайып тағдырымды, Келемін достарыма əңгіме етіп. Сені іздеп кезіп ауыл, дала, құмды, Арқалап жүргенімде нала-мұңды. Шіркін-ай тəтті ұйқыдан ояндым-ау, Қапелім күшік қауып балағымды. Алматы, 17 сəуір 1961 жыл

─ 70 ─ Өлгейім Хобда өзен ойлы бұлқынған, Толқыны сəтке тынбайды. Өлгейім əсем нұр тұнған, Ешкімнен сағым сынбайды. Гүлімен орап жер бетін, Қоршаған таулар не түрлі. Қаламның мақтап келбетін, Хор айтып тұрған секілді. Қайырмасы Еңбекпен өсіп толысқан, Алқызыл нұрға батқандай. Достардың үні тоғысқан, Өлгейім менің шат қандай. Сап түзеп өссе сан үйлер, Еңбек пен ерлік саптамын. Сарқыла күлген сəбидей, Өлгейім, өзің мақтаным. Адымың аппақ ниетің, Танытқан абзал жүрегін. Жаныма тола күй еккен, Өзіңді жырлап жүремін. Қайырмасы

─ 71 ─ Өлгий жастарының маршы (Əні бар) Жаралғандай жалыннан, Тұлғасымен танылған. Жырға толы жас жанымыз, Дос еткен еңбекті, Біз Бай – Өлгий жастарымыз, Таң нұрлы келбетті. Қайырмасы Баулыған гүл еліміз, Ер боп туған. Ерлік қуған, Түлегіміз. Жүзі жаз, жаны жарқын, Шын сүйген туған халқын, Жүректі қайтпас жастармыз. Дəнге бөлеп даласын, Əнге бөлеп қаласын. Мал толтырып өлкесіне, Сан үйлер қалаған, Біз отанның еркесіміз, Жасампаз жаңа адам. Қайырмасы

─ 72 ─ Жаңа жыл Жылменен жер төсіне нұр тұнғандай, Жырменен бүкіл əлем бұлқынғандай. Жаңа жыл – мол қуаныш, бақыт, арман, Жаңа жыл жомарт қандай, сылқым қандай. Қайырмасы Жаңа жыл – ақ тілек, Махаббат шуағы. Жүрекке бақ түнеп, Сыр болып туады. Күнімен, түнімен, Достықтың үнімен, Шат күлкі, ақ арман. Тасиды жанардан Жыл келді заман жүгін арқалаған, Жылдармен ғасырларды тартады адам. Жаңа жыл – бейбітшілік айнымаған, Жылдарың құтты болсын дарқан адам. Қайырмасы

─ 73 ─ Əлем тілегі (Əні бар) Адамзат құдіретті, асқар мықты, Өмірге қаламайды қастандықты, Тілейді бүкіл əлем тыныштықты, Достықты, махаббатты, бостандықты. Жер – ана жарақатты тілемейді, Қасырет жүректерге түнемейді. Тілейді бүкіл əлем тыныштықты, Арманын адамзаттың түбегейлі. Сəбилер жетімдікті қаламайды, Аналар əділетті бағалайды. Тілейді жердің үсті тыныштықты, Мəңгіге жасасын деп таң арайлы.

─ 74 ─ Бұлғыным Құт мекен жастық шақтың жайлауындай, Жерұйық жер əсемі қайда мұндай. Елі бай, жері көркем, Бұлғын өлкем, Мəңгілік бақытымның айғағындай. Қайырмасы Тауларың ақпас, ақ маңдай, Жыр болып шөгіп жатқандай. Қойнауың аңыз, ертегі, Ғажайып сырлар шертеді. Бұлғыным менің Бұлғыным. Жүректің əні болып тербетілген, Сендей жер табамын ба жер бетінен. Еңбеккер адамы бар ақ көңілді, Бұлғыным, айналайын келбетіңнен. Қайырмасы

─ 75 ─ Бұлғын жастарының вальсі (Əні бар) Елінде дəулет тасыған, Кетпеген бақыт басынан Ағаның биік мұратын, Үлгіге тұтқан жасынан. Нұрынан таңның нəр алған, Жырменен егіз жаралған, Бұлғынның дарқан төсіне, Шуақпыз күннен таралған. Қайырмасы Дауылға басын имеген, Жүрегін қайғы сүймеген. Құт мекен тола мал баққан, Жастармыз əнмен билеген. Даласын əнмен тербеген, Қаласын сəнмен зерлеген. Жаны жаз, жарқын жастармыз, Қияға құлаш сермеген.

─ 76 ─ Сымбатты Бесбоғда (Əні бар) Бесбоғда құтты мекен дара туған, Қойнынан бақыт, дəулет таратылған. Бесбоғда шоқтығындай жеріміздің, Бесбоғда сұлулықтан жаратылған. Қайырмасы Паң болып жаралған, Таңменен таралған. Аймалап нұрлы аспан, Айменен сырласқан, Сымбатты, сұлу Бесбоғда. Мал толған, ырыс қонған атырабы, Көркімен мен мұндалап шақырады. Қойныңда еркін өскен еңбекші ауыл, Таңды да думан тоймен атырады. Қайырмасы Паң болып жаралған, Таңменен таралған. Аймалап нұрлы аспан, Айменен сырласқан, Сымбатты, сұлу Бесбоғда.

─ 77 ─ Сағындың ба? (Əні бар) Көңілімнің көктемі едің, Көктемі едің жанымның да. Қимасым боп көптен менің, Көптен мені сағындың ба? Гүлге сені кеп теңеп ем, Толмасын деп жаның мұңға. Мені іздеп көктемеден, Көктемеде сағындың ба? Таусылмасын тағат қанша, Тəтті ойларға салындың ба? Мені ойлап таң атқанша, Таңым болып сағындың ба?

─ 78 ─ Ерке қалқам (Əні бар) Қыс келсе қарға бөлеп айналаны, Көктемде гүл орайды бай даланы. Көңілдің көктеміндей, ерке қалқам, Мекендеп кетпекшісің қай қаланы? Түн басса дала жым-жырт тұншығады, Таң атса күлімсіреп күн шығады. Таңындай өмірімнің, ерке қалқам, Өзіңсің көңілімнің күн шуағы. Ұқсамай не дауылға, не теңізге, Бөгеліп тоқтау судай өтеміз бе. Толғанып ойласаңшы, ерке қалқам, Мына жұрт не таңып жүр екеуімізге. Көзің сенің көңілдің түндігі еді, Жанарыңнан таң атып, күн келеді. Соған мəз боп мен сорлы бақытымды, Басқа теуіп жүрмін бе, кім біледі?! Келтіре алмай торқалы той мəнісін, Қорғай алмай жігіт боп бой намысын. Жүргенімде тентіреп, маған біреу, Жеткізе алмай жүрсе ғой ойдағысын.

─ 79 ─ Улаанхус – кəдірлі сый ана (Əні бар) Ұрпағын ұшырған қияға, Улаанхус кəдірлі сый ана. Заманмен бірге сен гүлдесең, Құшаққа қуаныш сия ма. Қайырмасы Жүзіне қонып нұр сағым, Өзіңде көктем гүл өскен. Жасампаз туған ұрпағың, Қойныңнан бақыт үлескен, Ыстық-ау сенің құшағың. Анамдай аңсап құшамын. Көгіңнен атқанда таң күліп, Бұлбұлың болайын əн біліп. Туған жер, өзіңнен айналдым, Жайна сен жырым боп мəңгілік. Қайырмасы

Ана сағынышы Көтеріп ақ тілекті ана атымен, Сен күлсең көкке жетіп қалатын ем. Құлыным, саған деген сəлемімді, Ұшырдым қарлығаштың қанатымен. Бақ гүлдеп, бұлбұл қонса əн сап тынбай, Қу құлақ елеңдейді жаңсақ тыңдай. Анаң жүр ақ жаулыққа жасын түйіп, Құлыным, оралсаңшы аңсаттырмай.

─ 80 ─ Арманым ақ аспандай еңселеді. Сені іздеп ақ қайыңдай теңселеді. Жабыққан көңілімді жарық еткізіп, Құлыным, күнше күліп келсең еді. Ақ маралым (Əні бар) Айнымайды реңің, Қыр гүлінің түсінен. Жақсы гүлдің біреуін, Сенсің ғой деп түсінем. Қайырмасы Ақ маралым ақ маңдай, Көзіңнен таң атқандай. Қабақ түрсең, ақ еркем, Сезінем күн батқандай. Сенің еңбек əніңмен, Оянады таң далам. Бақытым деп, Қарсы алам да таңданам. Қайырмасы Келбетіне нұр тұнған, Кең пейілді арайлым. Жүрегіңде бұлқынған, Өзім ғой деп санаймын.

─ 81 ─ Ақын сыры Қабылдай сап əр күніңнің ақ таңын, Арқалаймын сансыз ойдың батпанын. Туған тілді қайта-қайта сараптап, Қу қағазды кеміріп кеп жатқаның. Тұрғанда да гүл жайқалып, күн ысып, Отырғаның денең мұздап, құрысып. Жалыққанда ауық-ауық бой жазып, Серпілесің əзілдесіп күлісіп. Төрт қабырға – төрт экран секілді, Қарап-қарап жыр құрайсың не түрлі. Одан да бір мезі болған кезіңде, Кең далаға бұрғың келер бетіңді. Арман деген тым-тым биік ұшпай ма?! Елігесің балалығың ұстай ма? Қажығаннан қой баққың да келеді, Бірақ, оған дəрмен қайда, күш қайда! Шіркін, сонда кезіп-кезіп қайтсаң-ау, Шаттық, жырды шалқып тұрып айтсаң-ау. Еңбек жайлы жазбады деу орнына, Ерлер жайлы көп жазды деп айтса дау! Кесімсіз-ақ жығылар ең сол дауға, Тани алса тап болар ең қолдауға. Амалың аз қабырғаға қарап ап, Түңілесің айналады-ау – деп болмауға. Түк шықпас деп, жүргеніңде осымнан, Жыр келеді көкейіңе тосыннан. Сол бір сəтте оңашаға қашасың, Аттай болып арқанынан шошынған.

─ 82 ─ ... ойлы шумақ – ұлы асуды асқандай. Тапқыр теңеу – төстен түлкі қашқандай. Қуанасың əдемі жыр жазсаң да, өзіңше бір америка ашқандай. Кей кездері сөзге сөзің қосылмай, Кейітеді ренжіткен досыңдай. Ақын деген əулие деп жүрсің-ау, Біздің өмір, біздің бақыт осындай... *** Көктем таңы атарда, Еңбексіз ас батар ма? Қалмайын деп тұғырдан, Шығам күнде сапарға. Жаздың таңы атарда, Ақын үйде жатар ма? Гүл орнына жыр теріп, Шығам күнде сапарға. Күздің таңы атарда, Көңіл мұздай қатар ма? Сағынышты сыпырып, Шығам күнде сапарға. Қыстың таңы атарда, Ақынды аяз, матар ма? Қардай аппақ жүрекпен, Шығам тағы сапарға. Жоқ іздеген күнменен, Жалғасады түн деген. Жақсы жырдың жолында, Жолаушымын күнде мен.

─ 83 ─ *** Қайдан білсін жазбағандар, Өлең ойын деседі-ау... Жүрек оты маздағандар, Əрең-əрең еседі-ау! Сыртың бұлтты, ішің алау, Бал жинаған арадай. Жүрсең, Олар түсінеді-ау. Он жастағы баладай. Көктен өзі келеді дейді-ау, Бір өлеңді түстесек. Басы құрғыр сергімейді-ау, Фирамидон ішпесек. *** Шалқақтап кеткен шағыңда, Ұқтырып елдің кəдірін. «Тұлпарың» келмей шалымға, Білдіріп достың əділін. Оқушың келіп салса дау, Жан ашыр болып сүйемей. Сорбақты болып қаласың-ау, Оқыра қуған сиырдай.

─ 84 ─ Ақын достарға Биік атақ – шындарға қатынасақ Өрмелейік өлеңнен саты жасап. Лақтырып тарих тастар өзі, Тары ғұрлы таңдайға татымасақ. Қоян бұлтақ тірлікке көнбегейсің, Шығып алып шырқауға, көр дегейсің. Сатың қанша орнықты, биік болса, Соншалықты биікке өрмелейсің. Қиындықпен, күреспен қашай барып, Өмірге өзі тұлғаңды жасайды анық. Биіктерге сатысыз өрлегендер, Құсады да құлайды басы айналып. Өлең тастап қазына – мұрамызға, Үлгі болып кетейік жыр-аңызға. Саты жасап өлеңнен өрмелейік, Мəнсап деген немені ұрамыз ба?! *** Сыйладың өзің ақылды ой, Қалайша ақын болмайын. Өзіңді жырлап жатыр ғой, Мен түгіл, құйттай торғайың. Сыйладын өзің ақылды ой, Бар шығар зейін басымда. Еміреніп еріп жатыр ғой, Мен түгіл таймас тасың да. Атыңды жайып ғаламға, Туған ел, сен деп толғайын. Мынандай абзал заманда, Қалайша ақын болмайын.

─ 85 ─ Күлкімен күнді батырсам, Шаттықпен таңым атады. Байлықты судай сапырсам, Тарамай тойым жатады. Қырыма шықсам шауып бір, Үкілі далам тербейді. Ауылым сəнқой, сауықшыл, Əнімен мұрса бермейді. Адамы кілең нар көңіл, Көрмейсің кезін налыған. Бəйек боп сыйлап бар көңіл, Жарылар əппақ ағынан. Жанымды жырмен шайқаған, Оралсам ойға қайтадан. Қалалар тағы айтады əн, Жырламай қалай жай табам?! Атыңды жайып ғаламға, Туған ел, сен деп толғайын. Мынандай абзал заманда, Қалайша ақын болмайын. *** Атым шығып алашты жыққамын жоқ, Айыл тартып алысқа шыққаным жоқ. Сонан болар, тулақтай туған жерім, Сенен ыстық жер бар деп ұққамын жоқ. Алласымен бірге айтар қысылғанда, «Алтын бесік – туған жер» мұсылманға. Сонан болар, қадірлі туған жерім, Сен артықсың мен үшін Мысырдан да!

─ 86 ─ Қалай ғана ұрпағың келмей шыдар, Алыс кетсе көз жасы селдей шығар. Қара теңіз – курорт деп жүргендері, Мақтанғанда, туған жер, сендей шығар! *** О, туған ел! Ертерек, Жан ем бақыт аңсаған. Өстім ұдайы еркелеп, Арқа сүйеп мен саған. Қаспен я доспенен, Тереземді теңгердің. Байлық сыйлап өскелең, Бақытты да сен бердің. Менен келіп ұқпай ма, Бақыт іздеп жүргендер. Байлық қайда, құт қайда – Ұқтырмай ма туған жер. Жерұйықтай нақ бүгін, Жерің дархан емес пе. Менің күлкі, шаттығым, Сенің арқаң емес пе! *** Тобан аяқ торыларды дүлдүл деп, Қанаты бар торғайларды бұлбұл деп. Есе бермей мың ағайын, жүз досқа, Біреулерді мақтап жүрміз біз босқа. Бəрі де арзан, өлшер болсақ құн жасап, Бəрі өткінші көтермелеу шындасақ. Зейін қойып анығырақ тыңдасақ, Бұлбұл болып құзғындар жүр мың жасап.

─ 87 ─ «Салса бізге төрелігін» əманда, Дұрыс! – дейміз көзді жұмып табанда. Жапалақты ақиыққа теңейміз, Бірақ ертең ұрпақтарға не дейміз. *** Біреу мені шамдайды күлесің деп, Ұшып қонып жарқылдап жүресің деп. Қабағымды қалайша бұлт бүркемек, Күлкім менің қалайша түгесілмек. Біреу мені шамдайды тайқамастан, Сөйлейсің деп алдыңды байқамастан. Əрбір басқан ізімді шотқа қағып, Тебермін бе құшақты айқара ашқан. Күртілдетіп тісімен тал кесетін, Нардың күші бойында бар десетін. Кезіміз ғой қолменен жалын ұстап, Жалаң аяқ ақпанда қар кешетін. Қанаты бар сұңқардың талмайтұғын, Тұғырында таппайтын жанбай тыным. Жастық деген жалын ғой, Плитка емес, Қалауыңша өшіріп – жалғайтұғын. *** Аңсай күткен арманың мен мұратың, Қалай болса, солай қарай бұратын. Тірлік деген механизм секілді, Кілең ғана рульдерден тұратын. Өмір деген жолы тайғақ құба шың, Бірде солға, бірде оңға бұрасың.

─ 88 ─ Бір қыратқа шыға келсең сорпа боп, Келесісін тағы көздеп тұрасың. Таусылмайды мұндай бəйге мұндай сын, Өмешектеп ұмтыласың тынбайсың. Жоғарыға қарай берме, жасисың, Артқа қара сонда өзіңді шыңдайсың. Шығады оған қажымаған нар ғана, Жолығасың жыраға да, жарға да. Тізгінші өзің, барлық кінə өзіңде Шыға алмасаң, тағдырыңды қарғама. *** Қанатым болмаған соң, Ұшуды ұқпадым ғой. Тағатым қолдаған соң, Құшуды құптадым ғой. Ағынды болмаған соң, Мешеу боп қала бердім. Арымды қорлаған соң, Шешен боп сала бердім. Даланы шолмаған соң, Асқарды қаламадым. Даналық толғаған соң, Бастарды бағаладым. *** Қуаныш пен шаттығың сабақталар, Жомарттығың сол күні сарапталар. Дүниеге нəрестең келген күні, Төбең көкке тиюге сəл-ақ қалар.

─ 89 ─ Ер жігіттің жанбайды қайда бағы, Жайнатады маңдай тер бай даланы. Еңбегіңе лайық сый көресің, Топтан озып жүйрігің бəйге алады. «Жаны қалап», жарың кеп үйге енеді Түтініңе думанды күй келеді, Қуанышпен қуаныш ұласады, Құрығанда жиенің үйленеді. Сəбиіңнің өмірін қоса тілеп, Ақ тілегін дос жаран қосады кеп. Қазмойындар əйгілеп шаттығыңды Ақ дастарқан ақ дəмін тосады кеп. Сырласың жықпас деп сені орға, Сүріндірмей сүйрейді сенім алға. Достардың да думанын бөлісесің, Шат заманда шаттықтың шегі бар ма?! Ол да сендей мүшелін белгілейді, Ол да сендей келінім келді дейді. Оныңдағы бөбегі жасқа толып, Ол да сендей жанымен елжірейді. Жуса досың жүлде алған поэмасын Қалай ғана көтермей қоя аласың. Ақсақалдың алпысқа толған күні, Алдармысың томсарып той ағасын. Күйеу болып бой жеткен құдашаны, Жарасады құда мен құда сəні. Орден алып құдаңның құдағиы, Дастарханға дастархан ұласады. Бəрі қызық, бəрі той мəлімдесең, Махаббатың айтасың əнін де сен. Шалқып күліп шарапты көтересің. Базар етіп жүресің бəрін де сен.

─ 90 ─ Əзілменен, əдепті ісіменен, Тіл табысып сый, туыс кісіңменен. Ойнап-күліп бір жасап қаласың-ау, Не демейді осыны түсінбеген. Достарым Құлынмен тайдай тебіскен, Əзіл мен назы келіскен. Жан болып сағы сынбаған, Сындардан өткен жеңіспен. Бақыт пен шаттық қуғаны, Шалқыған күнде думаны. Шырқалған əнім туғалы, Достарым, өзің туралы. Жүрсең де қиыр – шалғайда, Сендердей ыстық жан қайда! Көңілден толқын əн ескен, Кетерме жас шақ əлі естен. Орнымды менің басты ма, Жарың мен жалын нəрестең. Еліме еңбек етем деп, Əр жерде қалдың – мекендеп. Достарым, күнде тілеймін, Аман-сау жүрсең екен деп. Жүрсең де қиыр – шалғайда, Сендердей ыстық жан қайда! * Сұрар болсаң ат-жөнімді, нарқымды, Шежіредей тарихым бар тартымды.

─ 91 ─ Тастай берік, таудай алып мен болам, Қазақ дейді менің туған халқымды. Антыменен адалдықта нық тұрған, Айбынымен жауын жолдан ықтырған. Менің халқым – тілсізді де сөйлеткен, Домбыраға қазақ күйін ұқтырған. Жыламаған тағдыр бастан тепсе де, Мұқалмаған мың жыл азап шексе де. Нар көңілмен нардың жүгін көтерген, Құламаған белі үзіліп кетсе де. Тап болса да қилы-қилы заманға, Танысы көп, тамыры көп ғаламда. Тар күнде де талайлармен достасқан, Досы үшін өлуге бар табанда. Тамыр болып, сыйласам деп тəп-тəуір, Бер қолыңды, адалыңнан ақтарыл! Сен де нағыз дос қадірін ұғарсың, Не шалқыған, не қысылған шақта бір. Нелер өнер туындаған қос қолдан, Дəм татқанның көңілдері қош болған. Кең пейілді, ер көңілді қазекем, Қыранмен де қиыспастай дос болған.

  • * Асаулармен жастығын күрестіріп, Ат жолында ойнайтын күні ескіріп. Тоқсаныңды тойтарып отыр атам, Ақ батасын біздерге үлестіріп. Бəйгені де мол шауып мол шаптырған Еске алады жүргенін жол сап қырдан

─ 92 ─ Бəйтерегім секілді ол құламайтын. Асқар тауым секілді ол қоршап тұрған. Қаламаған жан сая бас тынымын, Қыран дерсің аңсаған тас тұғырын. Тілсіз мылқау, тұнжырап отырады, Еске алды-ау кештерін жастығының Билесе де бар сабыр нұр мүсінін, Мінезінде байып жоқ бұл кісінің. Жымияды ілезде шырайланып, Еске алады-ау əзілін құрбысының. Барып-барып ақылға аялайды, Ақтарылса ағынан аянбайды. Күміс түйме көзінен құлап кетіп, Сағынышын тағы да баяндайды. Кимелесең қиялын ұнатпайды, Барып-барып өзі бір тұрақтайды. Көңіліне жаққанын қалайды өзі, Жан көңілің жалғанда құлатпайды. – Қайран жастық! Көңілдің хошы екен-ау, Деп налиды – дүние бос екен-ау. «Қартайғанда бір бала» деген тəмсіл Осындайдан қалған-ау! Осы екен-ау!

─ 93 ─ Түйіндер Кіріп келсең мақтайды, Шығып кетсең даттайды. Күңкілдейді сыртыңнан, Бетпе-бетке батпайды. Сақ болғайсың жұртым-ау, Бұл да үлкен бір тұмау.

  • Кішіден ізет көрем деп, Кекжиіп қалған бастар бар. Үлкенге қарап елеңдеп, Бүгжиіп қалған жастар бар. Мастана беру – шен бе екен? Жасқана беру жөн бе екен? Білегіңді түрінсең, Күшіңе бақ. Білімдіден сүрінсең, Ісіңе бақ. Кеуде қақсаң мықтыға кісімсініп, Кісілікті көрерсің тісің сынып... * Биіктікті ұғынарға, Тау болған соң шыңы бар да. Кілең шаттық бұйырар ма, Жан болған соң мұңы бар да. Соның бəрін ұғынар, Қолда бардың құны бар ма?!
  • * Ізет деп, зарлайды, Аспанды барлайды.

─ 94 ─ Шекшиіп шелтиіп, Амандық алмайды. Сыйлассаң тату боп, Аманда сату жоқ.

  • * Тұғыр атты томарға, Қыран аңсап қонар ма? Қыран қарға болса да, Қарға қыран болар ма!
  • * Ісіңде дəн жоқ, Сөзіңде мəн жоқ. Күпініп жүрегі, Күпиіп жүреді. Үрленген қарынға, Ұқсау да дарын ба?!
  • * Асқарсыз еңіс болмас, Аяңсыз желіс болмас. Алымсыз беріс болмас, Жалынсыз жеңіс болмас. Білгенің теріс болмас, Осыған келіс, жолдас!
  • * Ауызда тығын жоқ, Ақылда шығын жоқ. Тумасаң мығым боп. Жаныңда тыным жоқ. Қимылдап қалмасаң, Көк тиын құның жоқ.

─ 95 ─ Жалғыз киік (Аңыз дастан) Бірде ашық, бірде түнекпен, Талайлар жасын түгеткен. Басына сан күй түнеткен, Тірліктен не бір күн өткен. Өмірді сүйіп жүрекпен, Жайнатып жерді гүл еткен Арманды қолда түлеткен. Бейуаз, қимас күн өткен. Байлығын тапап тұл еткен. Базарын өртеп күл еткен. Əлсіз əлді құл еткен, Тағы бір қилы күн өткен. Сондай бір күннің тарында, Байдың да, бидің барында. Шалқып бір тұрған шағында, Қалыпты аңыз қауымға. Құлағым соны шалды да, Көңілім құйып алды да. Зердеме ұйып қалды да, Өлең ғып тарттым алдыңа. Алтын дəн бейне сары уыз, Даланы алған теңіз қып. Шалқыған, шалқар сары күз Толықсып тұрған семіздік. Ақ пейіл жердің өзі иіп, Өзен боп ырыс аққандай. Шық бермес таудың төзімі, Əреңге шыдап жатқандай.

─ 96 ─ «Жомарт күз – дейді кəрілер Қарап-ақ көңіл тоярдай». Азғана қауым əбігер. Егіннің мұртын оя алмай. Тұрады таңмен таласа, Шығады күнмен жарыса. Түрегеп ұйықтар қаласа, Түк өнбес жаны қалғыса. Бір мезет қалғыр болса да, Буынған белін шешпейді. Күн бойы бірге орса да, Тіс жарып лəм деспейді. Сонда да ісі өнбейді, Сонда да жұмыс бітпейді. Үміттің оты сөнбейді, Бір арман алдан күт дейді. Орғаны байдың егіні, Жиғаны байдың байлығы. Жанынан тыным кеміді. Жайланар дейсің қай күні. Деуменен «бəлкім шыдалық» Тұралау деген осы да! Жұлдызды көкке шығарып Қайтады əрең қосына. Тербейді егін даланы, Самал жел басын шайқаған. Сыбызғы болып сабағы, Сұңқылдап тұрып айтады əн. Бидайық оттай шалқиды. Егінмен өскен салалас.

─ 97 ─ Егіннің иісі аңқиды, Ерменнің исі аралас. Егіннің жаны сары жұрт. Тусып бір жатқан жер еді. Ымыртты бетке жамылып, Күнде бір киік келеді. Сұқтанған сұмның талайы, Жапанның жалқы киігі. Өрісі егін маңайы, Мекені таудың биігі. Мекендеп мəңгі қалардай, Өзіңе, бəлкім, берсе ерік. Сол жұрттан көзін ала алмай, Қайтатын түнді еңсеріп. Басына жан боп қонбаған, Астатөк заман, мол дəуір. Ниетін тəңір оңдаған, Жалқы еді жүрген ол да бір. Байлықтан, бақтан түңіліп, Тұратын барша үйменен. Жүретін іштей үгіліп. Уатып жанын күйменен. Күтетін адал тілеумен, Ататын əрбір таңды да. Өң шайып. Сірə, біреумен. Болмаған қасы жандыға. Жан емес сəл мін тапса да, Сайланып жетіп баратын. Алдымда жылан жатса да, Айланып кетіп қалатын.

─ 98 ─ Бидайы бір-бір бадана, Ырыстың тірек, тиегі. Осынау дархан далаға, Барлыбай ғана ие еді. Алты ата бойы сарқылып, Кетпеген дəулет мəйегі. Байлықты судай сапырып, Салтанат құрған бай еді. Күздің бір күміс таңында, Көк жиек нұрға малынды. Сейілге шыққан шағында, Көзіне киік шалынды. Көрді де сұғын қадады, Жалшылар түгел жиылды. – Кезсең де жаһан даланы, Киікті тап! – деп бұйырды. Аңшылар қару асынып, Ойға да қырға ағылды. Жатыр деп қойны жасырып, Тінтумен болды шағылды. Еріккен байдың əлегі, Қаншама жерді таптатты. Болды да есек дəмелі, Орманға өрт те қаптатты. Жердегі қуыс інге де, Үмітпен тесе үңілді. Топан су алған күнде де, Таптырмас десіп түңілді. Тек қана бағбан қалпында. Егіннің маңын барлады.

─ 99 ─ Жүрсе де киік алдында, Ешкімге тісін жармады. Егінші қауым іздесіп, Өтесем деді жарлықты. Шаңыттау жерден із кесіп, Олар да шаршап шалдықты. Көңілін байдың қалдырмай, Табам деп талға жармасты. Уақыт – жүйрік шалдырмай, Аптамен апта алмасты. Біреуден біреу сұрап ап, Іздеуге шыққан қамданып. Қаншасы жолда тұралап, Қаншасы жүрді сандалап. Жарлықты екі еткізбей, Табам деп жерді түгетті. Уақыт – тұлпар жеткізбей, Күндерді қуып күн өтті. Сырына қанық бір пенде, Киіктің жөнін нұсқады. Егінге келіп жүргенде, Егінші қауым ұстады. Азамат азып, ат арып, Əмірі байдың қинады. Киікті байға апарып, Егінші қауым сыйлады. Тəлкек қып тағдыр сор қамап, Жүдеді түздің тарланы. Емшектен сүті сорғалап, Тіл бітіп бір кез зарлады:

─ 100 ─ Киіктің зары «Өтті де кетті қайран шақ (Сыр қылып бəрін шертемін,) Жарысып желмен сайран сап, Еркелеп өскен ерке едім. Тағдыры бақыт бермеген, Анадан жалқы тудым да. Шырынын шөптің терген ем, Тұнығын жұтып судың да. Үлесім еді масайрау, Жоқ еді əнім айтпаған. Есіртіп тағдыр жасайды–ау, Жан едім бетім қайтпаған. Бітпеген кезде тауысып, Жастықтың əнін, əсерін. Теңіммен тең боп табысып, Бақытқа күнде мас едім. Ол да бір жанған күн еді, Гүлдеген күнде арманы. Адалдық толы жүрегі, Аршындап ұзақ бармады. Басымды қайғы торлады, Екі жыл толық өткенде. Есілім оқтан сорлады, Осы бір маңда көктемде. Жүргенде шалқып асылым, Балаңыз еді оқ атқан. Жылай да жылай жасыдым, Берікпін деуші ем болаттан.

─ 101 ─ Сонау бір жатқан сары жұрт, Аяулым өлген жер еді. Сүйегін іздеп сарылып, Болар деп келем дерегі. Шықпаймын шауып белге де, Үмітке бұлдыр сеніп құр. Есілім өлген жерге де, Бас ием күнде келіп бір. Қайтушы ем таңды атырып, Билетіп ащы сезімге. Қолға да түстім ақыры, Сол жерге келген кезімде. Тағдырың мықтап қорласа, Жүрегің жанған шоқ екен. Мəңгілік қайғы болмаса, Мəңгілік бақыт жоқ екен. Тағдырың мықтап ойнаса,– Айналаң бейнет – тор екен. Шаттыққа көңіл тоймаса, Тойдырар күйік сор екен. Ауыртпай естен тандырған, Күйікпен өртеп жандырған. Аңыратып жалғыз қалдырған, Жоқ екен күшті тағдырдан. Жартасы жетпіс ұялы, Тау еді мəңгі тұрағым. Тұлпардың сынық тұяғы, Сонда еді егіз лағым. Сора боп кəзір жыласам – Соларды ойлап жыладым.

─ 102 ─ Бір күндік тірлік сұрасам – Сол үшін ғана сұрадым. Сөзімді тақсыр қабыл ал, Жəрдем ет?! Басқа не дейін. Күтумен мəңгі сарылар, Соларға қош деп келейін. ...Дүние сəтте өзгермек, Жүйесі байдың босапты. – Қоштасып қайта тез кел,– деп Бір күнге ғана босатты. Қара түн – қара соқырды, Қуды да күзгі таң атты. Киікті күтіп отырды, Таусылып қауым тағаты. – Келеді! – Келмейт! – дегенмен. Екіге халық бөлінді. Лағын ертіп белеңнен, Сəскеде киік көрінді. Ажалға мойнын бұрды ма, Биледі бойын бір ағын. Ауылға қарап тұрды ма, Емізді екі лағын. Көзінен күміс мөлтілдеп, Қиылып тұрып алдады. – Өзіңмен бірге өлтір! – деп, Шырқырап олар қалмады. Жекіріп киік тулады, Кетер деп лаң асқынып. Ауылға қарай зулады, Жұмды да көзін тас қылып.

─ 103 ─ Безектеп лақ қалмады, Көзінен моншақ парлады, Жеткізбей ана алдағы. Шырқырап тұрып зарлады. Лақтардың зары «Жем қылып бізді басқаға, Қаңғыртып тауға тастама! Болса да қандай масқара, Бізді сал жолды баста да! Қомсынбай шикі бала деп. Ала кет, ана, ала кет?! Болдырмай жетім, қара бет. Өзіңмен бірге ала кет?! Зорлықты бірдей көрейік, Қорлыққа бірге көнейік, Өзіңді құшып, өбейік, Сен өлген жерде өлейік. Ала кет бізді панаңа, Тастама дүлей далаға. Қайрылшы қайран жан, Кетейік сенен садаға. Қомсынбай шикі бала деп, Ала кет, ана, ала кет! Болдырмай жетім, қара бет, Өзіңмен бірге ала кет!? Өртке сал шоқ боп жанайық, Жауыңа ат, оқ боп ағайық. Жүруің үшін қарайып, Садағаң болып қалайық!»

─ 104 ─ Лоблыға соғып жүрегі, Қарады қауым қайран қап... «Тағдыр-ай, кеше жүр еді Даланы кезіп сайрандап. Басыңа бақыт қонар ма, Киіктің сорлы баласы. Жалғыз-ақ түндік болар ма, Шаттық пен қайғы арасы». Осыны ойлап көргенде, Еңіреп тұрды біреуі. Кеудесі кекті шерменде, Құлағын ерте тіреуі. Құлағын басты біреуі, Қайғы мен зардан қажыған. Жүдеген əбден жүрегі, Байлық пен бақтың азынан. Көкірек шерге толды да, Жөнелді біреу кемсеңдеп. –Бола көр жəрдем сорлыға, Тілекті, Алла, берсең?! – деп. Жылады өксіп, өкіріп Егіліп бəрі босапты. Қауым боп байдан өтініп, Киікті ақыр босатты. ...Жылқының өрт боп өзегі, Егінге күй қып қайтады. Жалғыз-ақ ауыз сөз еді. Сондағы күйдің айтары: «Жоғалтып асыл жолдасын, Ананың гүлі солмасын!

─ 105 ─ Нəресте өксіп, еңіреп, Жылайтын заман болмасын.!!!» Құмалақшы Əнмен, күймен алынбас қорғапты алып, Қазекеме бақ дəулет қонған дарып, Алып ұшқан білімі болмаса да Азын – аулақ өнері болған халық. Талайларды өнермен жүгіндірген, Тапқырлықпен талайды сүріндірген. Алтын, күміс дегенді ұндай илеп, Құмалақты сөйлеткен, тілін білген. Құмалақ сап жоғалтқан жоғын тапқан, Жолаушының келетін жолын тапқан. Қасын біліп, ертеңін қоса болжап, Досын танып, оңы мен солын тапқан. Адал тапқан тарысын таудай көрген, Адалдықпен дəулеті қаулай берген. Қаулан деген бір білгір болған екен, Құмалағы айтқаны аумай келген. Қаулан бір күн кетіпті жолға шығып, Құмалағын жан ашыр жолдасы ғып. Тарығыпты нар жүгін көтерген ер, Мың күн сынбас шөлмегі жолда сынып. Базар барып сол күні қайтқан екен, Жолығыпты далада жайтқа бөтен, Жол үстінде тартқан бір құмалағы Мынадай бір сұмдықты айтқан екен: – Тұла бойың адалдық сезім еді, Төрт құбылаң сай тұрған кезің еді.

─ 106 ─ Соның бір де бірінің себі тимей, Бүгін түнде бір пəле кезігеді. Сенің үшін қатерлі таң келеді, Таң емес-ау, қаралы əн келеді. Егер бүгін үйіңе барар болсаң, Түннен қалмай əйелің жан береді. Жолға қонсаң жолдас жоқ маңайыңда, Тіл қата алмай кетесің ағайынға. Арманда боп далада өлесің ғой, Шалқып өлмей болмаса сарайыңда. Саған қылған бұл – менің ерлік ісім, Шынын ғана айтуға келді күшім. Екі жолдың біреуін таңдап алып, Ақылменен шешерсің ендігісін. Осы ма еді тағдырдан сұрағаны, Бетін қалай өлімге бұра алады. Қайта-қайта, сене алмай, тартса дағы, Бір айтқаннан танбапты құмалағы. «Жан тең келмес өмірлік жарым еді, Маңдайына бақ-дəулет дарып еді. Ол бар жерде бай едім, бақытты едім, Жанып тұрған өзі де жалын еді. Адам еді аяулым қолы құтты, Оны қалай қиям деп» торығыпты. Ол өлгенше өзім-ақ өлейін деп, Тұрғанында бір адам жолығыпты. Болған істің мəн жайын айтып келіп, Құмалақты тағы да тартып беріп. Тұрғандығын айтыпты жапан түзде, Өзінің-ақ өлгенін артық көріп.

─ 107 ─ Жолаушы екен ол да бір сапардағы, Патшалыққа алыс бір шаһардағы. Рулы елді билеген ұлығынан, Барады екен тіл хабар апарғалы. Сабаз екен тар жерде талықбастан, Ақыл тауып, аяғын анық басқан. Адалдықпен адамға көмек ету – Мінезі екен жасынан қалыптасқан. Құмалақшы жан екен ол да мықты, Құмалақты тартпақ боп қолға алыпты. Жапан түзде біреуге жаны ауырып, Тоғыз тартып, он қайта толғаныпты. Сан жұмбақты басынан кешкен екен, Тоғыз өлшеп бір рет кескен екен. Талайларды тамсантқан даналықпен, Ойлап-ойлап ақыры шешкен екен: Ақылым бұл адал дос хақындағы, Дұшпан екен дұшпаның жақындағы. Қалу үшін жарың да, жаның да аман, Қақ тіл! – депті – қоржынды атыңдағы. Жақындағы жан біткен жат көрініп, Қаулан шошып жылапты қатты егіліп. Қақ бөлінген қоржынның ортасынан, Шұбар жылан шығыпты қақ бөлініп. Жеңбеген соң дұшпанды майдан қылып, Тапқандығын айтпапты қайдан біліп, Кетерінде жолаушы былай депті, Жолдасының көңілін жайландырып: Түзде қонсаң өзіңді шағар еді, Өлімтігің далада қалар еді.

─ 108 ─ Құмалақты сөйлетпей үйге барсаң, Улы бізін жарыңа қадар еді. Енді міне құтылдың бəрінен де, Аман қалдың қатердің кəрінен де. Əлің барда адамға жақсылық ет, Кіші болсын тарының дəнінен де. Депті-дағы сөзін ол тауысыпты, Айдалада дос болып табысыпты. Үйге жүріп қонақ боп қайтыңыз!? – деп Қаулан тұрып қиыла жабысыпты. – Сірəда жау алмайды досы көпті, Дос болдық қой, үлкен сый, – осы – депті. Сонан бастап екеуі дос болыпты, Достықпенен көңілдің қошы кепті. Құмалақты білмесе, келер күннен, Үлес алмай, өлімге көнер мүлдем. Құмалақ та үлкен бір өнер екен, Озады екен түбінде өнер білген.

─ 109 ─ Ақыл туралы аңыз (Баллада) Мал жимай өнер сайлаған, Маңдайдан бағы таймаған. Ербұлан деген ер бопты, Ертістің бойын жайлаған. Аузына жұртты қаратып, Асқынған дауды таратып. Алтайды билеп ақылмен, Арғымақ мінген жаратып. Бөгелмей өтіп сындардан, Болаттай бекіп шыңдалған. Əйгілі еді аты да, Қажыға жандай мың барған. Оған да арнап азабын, Тонамақ бопты наз əнін. Екі адым озған боздақты, Етектен тартқан қазағым, Қамамақ бопты төраға да, Құлатпақ бопты орға да. Қалайда сағын сындырып, «Сыйламақ» бопты сор ғана. Өзгенің күңдеп базарын, Күйттеген ошақ-қазанын. Оны да өртке салыпты, Өзім деп өлген қазағым, Ұлыққа барып кей қатты, «Бүлдіргіш мынау» деп қапты. Жаламен тұтқын етіпті, Бейуаз жүрген бейбақты.

─ 110 ─ Сүрінбес тарлан талапты, Жұтыпты жылан абақты. Қазылған көрмен пара-пар, Қараңғы үйге қамапты. Армандаумен бақытты, Арнаулы дəмін татыпты. Адалдық бір жеңер деп, Ақылға сүйеп жатыпты. Салмақтап дұшпан алыпты, Қажымас құлқын таныпты. Даңқына қалған ұлығы, Былай деп кісі салыпты: – Өзегі ердің талмасын, Арманда болып қалмасын, Тағамның жалғыз түрінен, Бір жылдық асын таңдасын! Жымиып сабаз күліпті, Сынамақ ойын біліпті. Таңдаумен асқа қой басын, Тағы да құлақ түріпті. Көмейден күлкі төккізіп. Көрмейтіні үшін көп қызық. Былай деп тағы сұрапты, Арада апта өткізіп: –Жабығып жалқы қалмасын, Ойыңмен күнін жалғасын. Бір жылдың жүзін көргенше, Жалықбас ермек таңдасын! Ақылда өлшеу болмаған, Сабаз ғой сан ой толғаған.

─ 111 ─ – Сауыққа бала бер, – депті, Алтыға еркін толмаған. Берген соң ас пен сауықты, Тағы бір айла тауыпты. Келесі апта келгенде, Былай деп кісі салыпты: – Қапалап жазда жанбасын, Тоңбасын қыста аңдасын. Киімнің жалғыз түрінен. Бір жылдық киім таңдасын, Қаңтарда түтеп қасарған, Батыр да киген жасанған. Киім деп тонды таңдапты, Теріден ғана жасалған. Халық та сырға қанды анық, Ұлық та жүрді таңданып. Қоңылтық қана күйменен, Ербұлан жатты жан бағып. Жан емес жаудан тайсанған, Кеудесін ашып қарсы алған. Екі ауыз хабар сұрайды. Елінен келген жайсаңнан. – Балалар үйде тұрама. Ойынға бетін бұрама? Ақсақал, ақ бас бас қосып, Əңгіме дүкен құра ма?... Күйінші сол бір қапалы, Тастүйін болып жатады. Келгендер келте қайырылып, Былай деп жауап қатады:

─ 112 ─ – Болса да қара борбайлы, Ойынсыз бала болмайды. Кəрілер кешке жиналып, Бірігіп ақыл толғайды. Мұны естіп жаны жай таба, Ұйықтайды тонын айқара. Алады осы жауапты, Ай бойы неше қайтара. Өзгеге тісін жармайды, Бұған да ешкім бармайды. Екі ауыз келте хабардан, Елінің жайын барлайды. Дұшпанға мынау елдегі, Қамшының ұшын бермеді. Адалдық үкім–арманы, Жас бала ғана ермегі. Қамауда сорлап қалардай, Ісі жоқ кінə тағардай. Сынамақ болған ұлығы, Сандалды сырға қана алмай. Апталар, айлар ауысып, Аққулар көлмен қауышып Шілденің кезі болғанда, Бір жылды бітті тауысып. Қалғанда күні ақырғы, – Келсін! – деп ұлық шақырды. Қымызға мұртын малтатып, Саусағын майға батырды. Қанса да сырттай құлағы, Ат-жөнін əбден сұрады,

─ 113 ─ Сымбатын ердің таныды, Сырына сұлай құлады. Шертпеген сырлар қалмады, Күндізді түнге жалғады. Ұлықтың сесі жұмсады, Танылды ердің талғамы. – Қой басын неге қаладың, Мəнісін айтшы, қарағым. Таңдадың тоңды неліктен, Себебі не сəби баланың? Сұрады ұлық солай деп, Кеңеспен алдын орай кеп. Ербұлан сөзін бастады, – Ойлыға сыры оңай деп. Кемітпей жəне асырмай, Айтайын шынын жасырмай. Құйқа да, ет те, май да бар, Ас қайда қойдың басындай! Ойменен тоқсан түйінген, Дана да жеген, сүйінген. Миы бар балдай татыған, Тілі бар тілді үйірген. Жалықпай тамақ етерге, Басқасы басқа жетер ме. Бес түрлі тағам бір өзі, Таңдағам жоқпын бекерге. Сорлауым үшін болды ма? Азғана ақыл қонды да. Қанатсыз қалған қырандай, Тарығып таптым тонды да.

─ 114 ─ Тағдырың берген тиесің, Тор болса тонды сүйесің. Ақпанда жүнін жамылып, Шілдеде сыртын киесің. Суықта денең тоңбайды, Ыстыққа күйіп оңбайды. Мысырдан іздеп барсаң да, Таппайсың, сірə, ондайды. Сəбиді таңдап қаршадай, Ойнадым бір жыл шаршамай. Қайғы – мұң болмас балғында, Қайғылы келер қар самай. Шаттыққа толы жүрегі, Күлсе де шындап күледі. Жаныңды нұрмен бөлейді, Асылдың абзал түлегі. Тұрмайсың тіркіс тартынып, Күлесің сенде сарқылып. Көңілді көкке самғатып, Қаласың жырғап, шарқ ұрып. Арманың билеп денеңді, Аңсайсың шың мен тереңді. Жаныңнан қуып тастайды, Қасірет, қайғы дегенді. Ер жігіт сында шынығар. Басына түскен шын ұғар. Киімінің, астың, сауықтың, Осындай ғана сыры бар... Ұлықтың қанып құлағы, Ақылға сұлай құлады.

─ 115 ─ Еліңнен алған хабардың, Мəнісін тағы сұрады. Талқандар темір торды да, Тапқырға тоқтау болды ма? Оны да кетті баяндап, Үй ішін жайлап шолды да: – Алдымен алған орданы, Кəрілер елдің қорғаны. Күн сайын олар бас қосса – Береке елде болғаны!... Осылай бітті айтары, Ойлы жұрт басын шайқады. Тəнті ғып жүйрік тапқырлық, Бетінен ұлық тайқалды. Сынына əбден толды ма, Босатты бұғау торды да. Ат-шапан беріп сыйлады, Ат-шапан айып орнына. Қаһарын төгіп, бас алған, Қатыгез жау да жасанған. Жүйесін тапқан ақылға, Табынған екен қашаннан! Тірлігің, бағың, сорың да. Даналық ойдың жолында. Əлемнің бүгін тағдыры, Ақылды мидың қолында!

─ 116 ─ Жоғалған құдық

– О заманда бұ заман, Қора тыныш, қыз аман. Торғай қой үстіне қонардай, Мына кезде жер жоғалмай. Төрт құбыла сай тұрғанда. Күндіз күн, түнде ай тұрғанда, Ел шалқып, бай тұрғанда. Төрт көз түгел, төрт кереге бүтін, Төрт құбыла сай тұрғанда. Желмен кететін топырақ, шаң емес, Үзіліп қалатын моншақ, тана емес. Тышқақтан өліп қара құзғын шұқитын, Бит басқан лақ, қозы емес. Құдық жоғалды дегенге кісі сенер ме? Түсіңе еніп, есіңе келер ме?! Мүмкін. Жоғалса жоғалғанда, Адам іші тар ғой. Үй-мүлкімен тоналған да, Із-тозсыз кетіп оралған да. Тұралап барып оңалған да, Бар ғой. Тайлақ байдың таңбалы түйесі де, Айранбайдың ақ айыл биесі де. Қайрақбайдың қара ала күшігі де, Қаймақбайдың ақ бұйра ішігі де, Жоғалған еді ғой. Е, кімнің аман дейсің отбасы?! Қиқымбайдың ноқтасы,

─ 117 ─ Əлгі тон басы – Сылқымбайдың, Қоймадағы тұзы, Қолындағы қызы, Бəрі де соңынан табылып, Əреңдеп оңалған еді ғой. Иə. Бұл да соларша табылар, Не бар сонша таусылып тарығар. Сұрай-сұрай Мекені де таппай ма! Бұл күнде не көп – тау көп, Соның бірінде жасырынып жатпай ма? Жоқ-жоқ! Сол тауды да қарадық, Тасты да санадық. Сайды да сағаладық, Өзенді де жағаладық. Бүкіл ауыл жиналып, Əрі ұялып, əрі қиналып. Шұқанақты да түгендедік, Бейнеттен басқа түк өнбеді, Тіпті інге де үңілдік, Ақыры титықтап түңілдік... Бірақ: – Біз түңілсек те аймақ түңілмеді, «Таба алмасаң, ақпарға жүгін» деді. Қағазда бар жерде жоқ, Сабылмаған пенде жоқ. Үйден безіп те біттік, Тау-тасты да кезіп те біттік! Сөйтсек... Былтырғы жазда, Ұйқы көп уайым азда, Құдыққа жоспар беріліп, Əркім ыңырана керіліп.

─ 118 ─ Бес жер ошақ қазылыпты, Ол жеті құдық болып жазылыпты. Сонымен... Жоғалған құдық, Таудың қойнында емес, Адамның мойнында екен! Ала тайынша Өткен қыстың өксіп басталып, Өкіріп біткенінде, Талайды састырып, Белбеуге бастырып, Құтын қаштырып, Қайратын үккенімде. Аз ғана малға қас қылып, Ауылды жемтікке бастырып, Ауызбен егін егетіндердің, Тамағына тас тұрып, Ағаш белдерді бүккенінде, Білесіздер ғой. Қамсызбайдың қап арқалап, Тауға қашқанын. Ептібайдың жылым жүріске басқанын, Қанағат қып көп шыдағанын, Ақыры тамақ сұрамай, шөп сұрағанын. Сүмеңдеп көк тезек тергенін, Сүрлемдеп түйеге бергенін. Тарыққаннан жын жинаған, Сөйтіп қыстың бек қинаған. Естісеңіздер, күлесіздер ғой.

─ 119 ─ Сол қытымыр қыста, Қысылшаң тұста. Бригадир Қасқақбай, Жүрегіне ас батпай. Əбден тауысып тағатты Күтімін табасың, деп. Арық-тұрақты, Ауыл-үйге таратты. Сол бөліс басында, Өзіміздің «өжет» Қасымға, Қабырға тарам-тарам болған, Тамыры таралып, еттері солған, Ортақтың ала тайыншасы тапсырылды, Сонымен міндетке міндет жапсырылды. Ала тайыншаның арқасында, Асырып сақтаудың қалқасында. Қасымның қолы да ұзарды, «Алым-берімнің» жолы да ұзарды. Қоймадағының қандайын əкеп, Ала тайыншаның таңдайына деп. Бастыққа жүгініп, Есепшіге жүгіріп. Шөп дегенді түйелеп алды, Қинала құлап. Қиыла сұрап, Кебек дегенімізді жүйелеп алды. Бірақ, Қаптағы қатындікі боп, Қораға келген соң, Қасымдікі боп, Бəрін де жеңешем биледі, Ысылған ыспар жеңешем – Жаткөзге шалдырмастан, Бір түйірін де қалдырмастан.

─ 120 ─ Көк сиырының ішін иледі. Түнімен мөңіреп тұрса да, Күні бойы еңіреп тұрса да, Ала тайынша ауыз да тимеді. Қора-қораны тықырлатып, Сирақтарын сытырлатып, Бұрынғыдан бетер тозып, Қашадан қашаға өмешегін созып, Тімтініп жүретін болды. Ауыл-ауылды кезіп, Тамақтың иісін сезіп. Үйге де кіретін болды, Аттың шөбіне түседі деп, Ашық қалғанды ішеді деп. Анау бір қуып, Мынау бір қуып, Ауыл түгел білетін болды. Сорлы тайынша адамын да танымады, Асқа да жарымады. Мұз жалап, тезек кеміріп, Тым тұралап арымады. Биыл естісек: Көк сиыр көктемде көтеремнен өліпті, Ал, ала тайынша ойнақтап өліпті.

─ 121 ─ Сыңаржақ басшының монологы Сұмын басшы Смайылбек, Морт үзіліп сынайын деп. Жауар бұлттай түйіліп отыр, Жоғарғы жаққа күйініп отыр. Сүтін сауып бердік, Шөбін шауып бердік, Жетпеген етті елден сұрап, Жоғын тауып бердік. Қашан жетісіп күн көрдік, Жаз бойы жүн тердік, Солардың дегені жөн болып, Қолымыз көң болып. Қаша саламыз деп, Аң атып аламыз деп, Бір айдай тауда жүрдік, Жұрттан өлгенде санаймыз деп, Жоғалып кеткенді қараймыз деп. Бір айдай дауда жүрдік. Жоспарды толтырамыз деп, Тұралап болдырамыз кеп, Бұдан артық өл дей ме, Көзі бар болса көрмей ме?! «Айтқан сөз–атқан оқ, Майыспас мақта боп, Бəрін де хош ал» – дейді. Тағы да ... Мəдениетін осал дейді, Сонда, Мəдениетің төмендеп, Кімді сабаймыз көгендеп,

─ 122 ─ Жалаңаш жүрген ешкім жоқ, Абұйырымды төгем деп. Кімнің сыбағасын ішіп, Кімнің табағына түсіп, Қашан несібесін алыппыз, Қоймен өріп, қоймен жусаған, Қышқылға ғана сусаған, Моп-момақан халықпыз, Оның үстіне құрылыс салмадың дейді, Құрылыс салмаған соң, Орнығып алмаған соң. Дамымай қалғаның дейді, Қай ата-бабамыз сарай салыпты, Төрт керегесінен басқа, Бір-бір бөлме үйіміз бар, Тыраңдаған күйіміз бар. Бұйырса осы да болмай ма, Үй үстіне үй салатын қор қайда! Оған қоса, Алдыңды тоса, Баспаны көптен алмайсың деп, Онсыз алысқа бармайсың деп, Тағы да кінəлайды, Бұл да маған ұнамайды. Қара танымай, қараңғы қалып. Хатқа жарымай өзегі талып, Кім көзін сатыпты, Қай қазақ кітап жастанып жатыпты. Кітап түгел құранды да елемеген, Малдан басқаны бақытқа елемеген. Орынсыз талаптың керегі не? Салмай ма ақылдың елегіне, Төлін алып берсек,

─ 123 ─ Қашасын салып берсек, Жүнін жұлып берсек. Қасқырын ұрып берсек. Жоспарын асырып берсек, Жоғын жасырып берсек, Болды емес пе. ... Осындай сыңаржақ басшыны, Көрмегеніміз оңды емес пе. Тұрлыбектің өңі мен түсі

Тұнықтан ішіп, Тұлпармен ұшып, Шайқап жүретін, Қияны қияғымен байқап жүретін. Ашық қолдыны арқаға қағып, Арамза қулығын қалтада бағып, Тұрлыбай мығым тұғырдан түсіп, Қайран дəурен басынан ұшып, Киіп отырып қалғып кетіпті... Тəңірі болысып, Тағы да толысып, Кешегі жылы-жұмсаққа, Қолы қайтадан жетіпті. Аштық пен тоқтықты, Барлық пен жоқтықты, Бірге көріскен. Сырт көзден қашып жүріп, Бармақты басып жүріп, Іннен–інге тасып жүріп, Жартының жартысында, Қылдай бөліскен, Күлкі назы келіскен, Құлын – тайдай тебіскен,

─ 124 ─ Қайран табақтас тарландар! Тұс-тұстан келіп жатты. Еңіреп көрісіп, Елжіреп өбісіп, Бет аузынан еміп жатты, Біреудің көзін алайтқанын, Біреудің сен деп қанын қарайтқанын, Айтып шағынып жатты. Біреудің жұдырық тигенін, Кеше құт орында, Жұт кісінің отырғанын көріп, Үміті сөніп, Арманы өліп, Ішінің күйгені, Жіпке тізіп шағынып жатты. Ал, Тұлекең баяғысынша, Жарқылдай жүріп, Қарқылдай күліп, Қоғамдағыға қол салды, Қоймаға түсер жол салды, Бұрынғы думанды қайта бастады, Ежелгі əуенін айта бастады. Ашқарақ көзі тоймады, Сұғанақтығын қоймады, Байлық не істетпесін, Тумаған ұлының, Туатын күнін де тойлады. Сондай бір тойдың түсі екен, Тоғыз үй тола кісі екен, Біреудің бетін біреу жалаған, Шулаған мастың іші екен. Арақ айғайсыз болған ба, Не бір момақан молда да,

─ 125 ─ Қит етсең желікпей ме, Мұндайда. Біреуге біреу елікпей ме. «Маған қарап жөтелдің» деп, «Танауыңды көтердің» деп, Масаңбай Жасаңбайға шүйлікті, Оған Асаубай килікті. Масекең қарап тұра ма, Жығыла сүрініп, Етек жеңін түрініп, Асаубайды танаудан кеміп кетті. Ол сорлы тырп етпей өліп кетті. Тағы біреуі атылып қалды. Шу шығып Тұрлы-екең бақырып қалды. ...Ояна келсе үйде өзі жалғыз екен. Шақырып кеп тұрған Заңда істейтін балдызы екен... Күшік пен кептер Көк күшік дос етіп кептерді, Жанына рахат көп көрді. Тауықтан да бір тары татса-да, Даладан бір бидай тап са да. Əкелді. Өзі дым жемеді. Ал, күшік: – Мұның не? – демеді. Қылғыды, тоймады. Кептер жұмысын қоймады. Тапқанын тасыса досына, Күшік риза болмай, – Барлығы осы ма? Көп-көп əкел! – дей берді. Əкелгенін жей берді. Кептер қоймады тапқанын тасуды, Күшік тоймады, шақырды ашуды.

─ 126 ─ Арс-ұрс етті көк күшік, Кептер кетті көкке ұшып. Тапсаң достың алтынын, Қадірлей біл, жарқыным! Жалғыз қалған үйрек Жайлы жазда жақсы үміт, Туғанына бір ішті. Екі өлеңі басылып, Жуғанына бір ішті. Мұныменен қоймады, Туған күнін тойлады, Бүркіт ағам күшті деп, Балапаным ұшты деп... Қаз туысы қонақ болды, (Стаканы он-ақ толды). Əйелінің келіні босанды Ол үшін қоса алды. Бұлбұлдың əні үшін деп, Аққудың сəні үшін деп, Жүріп те ішті, жатып та ішті, Сұрап та ішті, сатып та ішті. Жеттім деген ой болды, Күн сайын той болды. Бір күні сергісе: Құс кетіпті, құс келіпті. Басына жалғызшылық іс келіпті, ...Елдің тисе қарғысы, Белгілі ғой арғысы.

─ 127 ─ *** Шалқып тұрған от-бұлағы, Шабыт бар-ау елімде бір. Өлеңдеткім кеп тұрады, Өршеленіп менің де бір. Тауға шабар биік-биік, Тасқын бар-ау есімде бір. Ақ жаңбыр боп құйып-құйып, Өткім келер менің де бір. Жауын соққан қылқындырып, Дауыл бар-ау елімде бір. Меңзығырды сілкіндіріп, Өткім келер менің де бір. Ел бақытын ермен сынар, Жалын бар-ау елімде бір. Жанар шағым келген шығар. Жай отындай менің де бір. Тұманды күні жүрем мен, Тұнжырай түсіп қабағым. Тұп-тұнық шуақ реңнен, Айрылды деме, қарағым. Түк емес мендей сабазға, Түтсең де ол кез батыл кеп. Түсін тек – аппақ қағазға, Өлең боп жауып жатыр деп. *** Оу, достарым таласпаңдар бекерге, Сусыз жерде балық тірлік етер ме. Басқа жерде қайырылған балықпын, Туған жер, туған жерім сені еске.

─ 128 ─ Сусыз балық не тірілікті сезінесің, Көксіз қыран қалай ғана көз ілесің. Айналайын, қасиетті, туған жер, Менің көлім, менің көгім– өзіңсің! Бола тұра өзіңе айдан анық, –Иə Имаш, демалдың қайда барып. Қанша қостың? Өңейіп қалыпсың ғой– Деп сұрайсың Досым, бұл қай балалық. – Қара теңіз дегенді білесің ғой, Сонда болдым. Иə, өзің күлесің ғой. Ой, шіркіннің ауасы-ай майда қоңыр, Ол да болса бұйырған үлесім ғой. Балғын майса аумаған мамық шығар, Бағлан еті – бал деген анық шығар. Сəйгүлікті жіберсең көсілтіп бір, Құмарыңнан беу, шіркін, алып шығар. Шумағымен денемді бұлауласам, Бал қымызын сіміріп тұмау басам. Айығамын бəрінен құлан таза, Шалғынына шалқамнан бір аунасам. Тұрақ тапқан қашаннан сорлы бабам, Қызыл төбе бақыт боп қонды маған. Менің қара теңізім – Қызыл төбем, Қызыл төбем бар болса болды маған.

─ 129 ─ Ғажайып көл (Баллада) Сарқынды судан тумаған, Жауын боп көктен жаумаған. Жердің де тəнін жумаған, Дəмі де балдан аумаған. Таңменен таңша оянған, Сəбидей аппақ, ақ мамық. Күнменен күнше боянған, Арудай ерке баптанып. Қалыптан мəңгі аспаған, Көрмеген əсте азайып. Елеусіз жерге тастаған, Бар еді бір көл ғажайып. Жастықтың жырын жаттатып, Қайтушы ем барып күнде мен. Алқызыл нұрға аптатып, Көл еді күнде гүлдеген, Алқызыл гүлдер шалқитын, Алқызыл түсті алауша. Балбырап қана балқитын, Тотяиын өңді балауса. Думан – той оның жағасы, Ұласып жатқан күн-түні. Шалқып бір сен де қаласың, Тыңдайсың тұнық күлкіні. Құстың да мұнда базары, Аңның да мұнда ойнағы. Асқақтай шалқып жаз əні, Бірігіп жазды тойлады.

─ 130 ─ Барыстың тентек баласы, Қоянның момын көжегі. Біріне – бірі жанашыр, Туыс боп кеткен кезі еді. Сұңқар мен үйрек, қырғи да, Бірге ұшып бірге қонатын. Жағасы көлдің ылғи да, Шалқыған думан болатын. Аспаннан тамшы түссе де, Ғажайып көлмен егесті. Аң мен құс түгел ішсе де. Азайып көрген емес-ті. Қалам деп ертең суалып, Көрмеді өксіп жылап та. Көппен бірге қуанып, Көл-көсір болды. Бірақ та. Құймады ешбір өзен кеп, Бөлініп бұлақ ақпады. Тағдырға мəңгі төзем деп, Қыс бойы бұ да қатпады. Танытып жігер, күшін де, Аспанның өзін булады, Қақаған қаңтар ішінде, Тарқамай қойды думаны. Ақ көңіл таза салмақты, Бейуаз, əрі береген. Өмірін көппен жалғапты, Ғажайып деші не деген. Жүрер-ау салып əнге де, Жырға да күнде қосылып ел. Амал не достар, əлде де, Көңілімде жүр ғой осы көл.

─ 131 ─ Ағаларға (Қазақстандық қонақтарға арнап) Алатаудай биік еңсе, нар мүсін, Замананың арқалаған алғысын. Үлкен үйдің, Алматының ардағы, Батыр туған, ағаларым, армысың! Жүрегіне білім нəрін түнеткен, Өнерімен елін жайсаң гүл еткен. Сəлем, аға, Отаудағы ініден, Сүттей аппақ, күндей ыстық жүректен! Ерлігің бар бүкіл ғалам бағалар, Жалғыз өзің жарты əлемге бара-бар. Төрім əзір, дос құшағым ашулы, Төрлеңіздер, айналайын ағалар! О бастан-ақ мен өзіңді сүйгенмін, Сол сезіммен шат-шадыман күйге ендім. Қалам ұстап əріпті де ең тұңғыш, Өзің жазған оқулықтан үйрендім. Күнім нұрлы нұр төгетін төбемнен, Жаным жарқын қуанышқа бөленген. Əр қашанда арқа тұтам өзіңді, Сусындаймын аға жазған өлеңнен. Өзіңменен бірге соғып жүрегім, Қамқорыңмен қанаттанып түледім. Сен қуансаң төбем көкке жетеді, Сен шаттансаң мен де бірге күлемін. Бірге атырып бақытымның ақ таңын, Өзіңменен берік достық саптамын. Сенің даңқың – маған мерей қашаннан, Сенің биік абыройың – мақтаным!

─ 132 ─ Құт ұяда жүрек отын жандырып, Бар əлемді құдіретімен таң ғылып. (Аға көріп іні өседі емес пе,) Аға даңқы арта берсін мəңгілік!

Халқыма айтар сөз Менің халқым айнымаған ерліктен, Қаймықпаған қиындықтан бел бүккен. Еңбегімен қызыл тулы орден ап, Зор сенімді ақтап келген ел күткен. Менің халқым гүлге бөлеп тұрағын, Əйгілеген салтыменен жыр, əнін. Менің халқым, айналайын, ер халқым, Бағындырған көктің де асау қыранын. Менің халқым ежелден ер қайтпаған, Бір айтқанын екі қайта айтпаған. Менің халқым, айналайын өзіңе, Туып отыр бір сөз айтар жайт маған. Сеніп айтам, кесіп айтам өзім деп, Төл – майданда шыңдалсыншы төзім деп. Менің халқым, айналайын, ер халқым, Тұр ғой сенің шарықтайтын кезің кеп. Сенім артып еліміздің көсемі, – Табыс пенен таныл – деді еселі. Сенемін мен еңбек құмар өзіңе. Болары шын табыстардың нөсері. Шығайықшы ел шықпаған белеске, Шығайықшы төл-майданда егеске. Бізге сеніп аймағымыз басшысы, Үкіметтен міндет алды емес пе.

─ 133 ─ Менің халқым, басшы саған сенді ғой, Бізге деген адал сенім жеңді ғой. Шығайықшы ел шықпаған белеске, Серпілетін кезіміз бір келді ғой. Кəне, халқым межемізді атайық, Еңбекпенен игілікке батайық. Бəйгелі боп, ұлан асыр той жасап, Шаттықпенен құттықтасып жатайық. * Келдік міне, қырықтың кезеңіне, Бізге түсті ақылдың кезегі де. Нардай болып салмағын көтермесек, Асыр салған сəбилер кезеді не. Берер ме енді қырықтың жиырмасын, Кім біледі бұйырар, бұйырмасын. Отың болса бір жанар кезің осы, Мəпелемей көңілдің күйін басым. Жантайғанда жарық күн – жанар сөніп, Ісімізге ұрпақтар қарар сөгіп. Қырқасында қырықтың бір жанбаған, Елуінде езіліп қалар сөніп. Өте шығар бұл дəурен аттай желіп, Құтылармыз бəйгесін шаппай беріп. Барың болса кезінде ақтарып қал, Не қыласың ішіңе сақтай беріп. Жетпесек те жер орта жасымызға, Кəрілік деген жүріпті-ау қасымызда. Келіншекке қырындар шағымызда, Ақ түсіпті, құдай-ау, басымызға.

─ 134 ─ Жастық гүлін енді-енді үземіз бе, Деп жүргенде айдында жүземіз бе. Сытырлайды сиырдың бақайындай, Құдай атқыр не болған тіземізге. Түп құйрықтай сақалдан жасқанбай-ақ. Жүрер едік жаңа отыз асқандай-ақ. Əудем жерге кеудеміз алқынады. Бетімізге өрмекші тор құрғандай. Шағындалып келе ме күшіміз де, Таяқ жейміз əйелден түсімізде. Жігіт те емес, шал да емес, алжып жүріп, Нəтижені жоқ қылмайық ісімізде. Жетпесек те жер орта жасымызға, Кəрілік деген жүріпті-ау қасымызда. Ойланбасақ жігіттер, болмайды екен, Ақ түсіпті, құдай-ау басымызға. Қандай қызық десеңші ат байлаған, Ондай қымбат шақтарды таппайды адам. Атам қазақ жаратқан жалғыз атын, Жалғыз атты мендағы баптай бағам. Ол тұрады ширығып, сағындырып, Ащы терін аламын сабын қылып. Бабыңменен бағымды сынамасам, Қалмаймын ба өкініп, санымды ұрып. Күн аттатып саламын қара жарыс, Көмбеміз де ұзарып барады алыс. Төбем көкке жетуге сəл қалады, Озып келсе ат мойны бала қарыс. Қалып қойса сойында, қайран болып, Көңілімде жатады майдан болып.

─ 135 ─ Тілерсегі қалтырап, қалғып келіп, Жалғыз атым тұрады айран болып. Құлын даусын шығармай сыңғырлатып, Бей-жай күйде қоймалжың түнді ұрлатып. Төрт аяғын тең тіреп сілкінеді, Ауыздығын шайнайды ол сылдырлатып. Аш көңілдің құмарын қандырамын, Сөніп кеткен үмітті жандырамын. Сал–сал болып таң асқан жүйрігімді, Құла таңда оянып, шалдырамын. Қайта əкеліп байлаймын кермесіне, Жатып алып ұйықтайды ол кең өсіле. Ертеңінде тұрады шыр айналып, Төселгендей тыныштық бермесіме. Ащы тердің жоғалмай анық табы, Қара жарыс саламын барып тағы. Озып келсе бəйгеден мəртебе ғой, Атымды атым ел – жұртқа танытқаны. Бірақ, бірақ тиген жоқ нақ сыбағам, Əлі күнге кезім жоқ бап сынаған! Жүйрік қосып, қоңылтақ бəйге алғаннан, Үзілмейтін үмітім жақсы маған.

─ 136 ─ Есіл достарым Ой хой, менің қайран, есіл достарым, Өздеріңсің сазды жырға қосқаным. Сағынышпен апта сайын алаңдап, Өздеріңсің қасқа жолмен тосқаным. Сағынышты арқалаумен батпандай, Бір жалғыздық жүрегіме батқандай. Көз көрімнен бір қарайған көрсем де, Көп қараймын сендер келе жатқындай. Жүрек деген толған арман, толы үміт, Жетелейді сəл мұңайсам торығып. Көп қараймын көше толы адамға, Абайсызда қалам ба деп жолығып. Қайран көңіл сағынышпен сынар ма, Қасарысып қара емендей шыдар ма. Достарымның мəртебесі болар деп, Көп қараймын мəуелеген шынарға. Арманыңда алға сүйреп қамшылар, Мен көрмеген достарыңда бар шығар. Бір-ақ, менің сағынышым сел болып, Кірпігімнен үзіліп жүр тамшылар. Сағынамын жерді ақ ұлпа басқанда, Сағынамын гүл шоқтарын ашқанда. Жүрсе екен деп достар нұрға бөленіп, Көп қараймын сендер жаққа аспанға. Тіс жармасам көңіл жуық кісіге, Сияр емес сағынышым ішіме. Ой хой, менің, қайран есіл достарым, Ең болмаса көрінсеңдерші түсіме.

─ 137 ─ Жігіттердің көңілі, тұрған бір-бір нар еді-ау, Іш жимайтын өмірі, талай абзал бар еді-ау! Əзіл-назы, күлкісі, көкейімде тұнады-ау. От–жанары, нұр–түсі, көз алды ма тұрады-ау. Бір ұядан ұшып ап, Шартарапты шарлады-ау. Соларды ойлап үш уақ, Менде төзім қалмады-ау.

─ 138 ─ Ақындарға Ау, ақындар, алып бүгін сені еске, Түсейінші, адалдықпен егеске. Сөйлейінші ақтарылып мен де бір, Жанар тау да жарылады емес пе. Ау, ақындар, жерім болмас алдаған, Айтайыншы мен ойымды барлаған. Көктемеде ағыл-тегіл бұлақ та, Тасиды ғой, асады ғой арнадан. Оу, ақындар, інілі де ағалы, Айтайыншы өзімше бір бағаны. Өз кемдігін, өзімше бір бағаны. Көл де толқып құшады ғой жағаны. Оу, ақындар, ашық күндей сағымдап, Кетейінші тасқын судай ағындап. Қыс бойына мұз жатқанын ойламай, Өзендер, де кетеді ғой арындап. Оу, ақындар, қызды гүлге теңеген, Жомарт туған жан едіңдер не деген. Түсініңдер, жүрек отын лаулатып, Өрт жіберген мен едім ғой лаулатып. Оу, ақындар, жерді гүлмен терлеген, Көңіл, аппақ гүлдей болып гүлдеген. Мен едім ғой гүлге ораған өзіңді, Мен едім ғой өзін қайта күндеген. Оу, ақындар, ғашық болған ақ қарға. Құмарсың ғой ала шабар аттарға. Елпек аттай ақындығың шын болса, Не теңесер шабыт келген шақтарға.

─ 139 ─ Оу, ақындар, жоқты барға балаған. Қаламына қыран құсты қалаған. Қарамашы бір-біріңе айбарлап, Иттей болып бірін-бірі талаған. Оу, ақындар, сен де жырды өрдің ғой, Сарапқа сап мен де қайта көрдім ғой. Көп талдауы темір талқы емес пе, Шыға сала ойды онға бөлдің ғой. Оу, ақындар, шындап сыннан өттіңдер, Шын ақындар ақын болып кеттіңдер. Ақын емес əрі-сəрі біреулер, Əлі дағы ақынмын деп екпіндер. Оу, ақындар, өзіңді өзің бағала, Күшке сенсең сонда жырды жағала. Күлкі болып қалмайықшы бəріміз. Ертеңгі күн келетұғын балаға. Оу, ақындар, ақындықты бұлдамай, Тауды тау деп, көлді көл деп жырламай. Жырлайықшы келбетімен, кейпімен, Көрік беріп көңілдерге тұр қалай. Оу, ақындар, қайтпасыншы месел де, Жырлайықшы, малмандай боп нөсерге, Шабытпенен сырлайықшы бəрін де, Біледі ғой, тасты тас деп есер де. Оу, ақындар, сұлу сөздің қыраны, Қарасаңшы айналаңа қырағы. Сен аспанға көз жіберсең ерлікпен, Замандасың дəл жаныңда тұрады. Оу, ақындар, барласаңшы анықтап, Жүр ғой талай замандасың шарықтап.

─ 140 ─ Рас болса ақын болып туғаның, Осындайда сексеуілдей жанып бақ. *** Оу, дүние-ай, Əлемді де алдың-ау, Иен үйдей күңіреніп қалдым-ау. Қоя тұрсаң бақытты боп кетер ме ем, Аямастан салмағыңды салдың-ау. Оу, дүние-ай, көңіл қалай түңілер, Ойламасам көзім қалай ілінер. Асқарымның, асылымның жоқтығы, Маған батып, маған ғана білінер. Қайдан білсін өз əкесі тірілер, Масайраған бақытының бірі дер. Адырдағы ақ сандыққа жалтақтап, Өтінем ғой, заман қайда бірігер?! Онсыз менің берік белім бүгілер, Онсыз менің тас қайратым үгілер. Бастарыңа біздің күнді бермесін, Əкелерің аман болсын, інілер! Айырылып сенен, кетіріп суға салымды, Сұм екен тағдыр, соқтым да қалдым санымды. Көре алмай кеттің көп еді көрер қызығың, Көре алмай кеттің шалқып бір жүрер шағымды. Салпы аяқ ұл боп, сындырмап едім сағыңды, Айырылып қалып жүрегім дертке шалынды. Аңырап қалдық бір ауыз сөзің алтын боп, Біз түгіл, Əлде, Айнұрың қатты сағынды.

─ 141 ─ Мұңдасу – Қызылтөбем, аяуым, жарықтығым Қайда менің сендегі жарық күнім? Қайда менің сендегі асқар шыңым Қайда сенің кешегі алыптығың? Кеткенің бе, асқарым, аласарып Жүрегіне ұлыңның жара салып. Жасқа толған көзімді мөлтеңдетіп Келбетіңе қараймын тамаша ғып. Қайда менің, асылым, асқар тауым? Мен болдым ба аямас қастас жауың. Неге бүгін тұңжырап үндемейді Кеше ғана тілектес, достас қауым. Қатыгез боп сен бүгін барамысың Көңіліме қаяу сап қаламысың. Сыртым бүтін, сыр бермей жүргеніммен Жалын болып өртеніп барады ішім. Қайда менің жайсаңым, жайраңдаған Алшаң басып төсіңді сайраңдаған. Айтшы деймін, тас мылқау! Əлдем қайда Оттан ыстық құшағын жайған маған. – Е, қарағым сабыр ет! Тоқта балам. Тағдыр ғой бұл бəрін де ноқталаған. Тағдыр солай болған соң көнесің ғой Кім бар дейсің əкесін жоқтамаған. Егілерсің, есілім, үгілерсің Жылап-жылап ақыры түңілерсің. Ертең өзің ес болып алған соң Бұл да салған тағдырдың жүгі дерсің.

─ 142 ─ Екі аяқ жер басқан адамдардан Кім бар дейсің ажалдан аман қалған. Жастайынан əлдеңді еңіретіп, Ойлар болсаң, аямай бабаңды алған. Бола жаздап жылаудан соқыр адам Күдер үзіп олар да тоқыраған. Сен де тоқта. Жас бала емессің ғой Ес жимаған ақыл да тоқымаған. – Солай деші, бұл қолқаң болар ма екен, Көңіліме ақылың қонар ма екен Мың бақытты болсам да бұдан кейін, Асылымның орыны толар ма екен. Қайғыменен жанымды жаралаған Сыйқың құрысын панаға жарамаған. Табармын ба іздесем алтынымды, Өмір бойы бетіме қарамаған. Үміт шіркін жарқырап жанатындай Арман күтіп алдымнан алатындай. Асылымды іздеймін жан-жағымнан Капелімде кездесіп қалатындай. Тағдыр жібіп, тілекті беретіндей Қалауына жүректің еретіндей. Елеңдеймін үйде де есік жаққа Үйге кіріп жан– əкем келетіндей. Қу көңілім қурайдай сынар ма екен. Қу үмітім қайғымен тынар ма екен. Бей-жай болып жүргенде асқар тауым Бір жалт етіп алдымнан шығар-ма екен. – Сабыр керек, қайғының қандайына Түсін балам, менің де хал-жайыма.

─ 143 ─ Жарық жұлдыз секілді екеу еді Екеуі де сыймады маңдайыма. Ақ алғыстан басқадай бата алмаған Абзал еді еңбексіз жата алмаған. Ағайынға береке, қамқор еді Оның жоғы сенен де батар маған. Асыл еді еңсемді биіктеткен Екеуі де елжірей сүйіп кеткен. Тастай қатқан тағдырға амал бар ма Қайғылы еткен біздерді күйікті еткен. Қалдым мен де құлазып, дала болып Аңыраймын ақ басты ана болып. Қос есілім бұл күнде тірі болса Айшылықтан келмес пе ара қонып. Қатып қалған тағдырға шара бар ма Жібір болса жүректі жаралар ма. Шыдау керек, қарағым, түсінемін Жүк болардай қайғың бар қара нарға. Адамбыз ғой таусылмас, арманы көп Ең болмаса жетпіске бармады деп. Өкінемін бұл күнде асылымның, Болмағанда шөлі бір қанбады деп. Таусылмайды-ау арманы тірі адамның, Бір ғасырын берсеші дін аманның. Тарыққан соң айтқан ғой тағдыр қайдан, Бере-берсін барлығын сұрағанның. Ыржиямын бұл күнде күлген болып, Шаттық қуып, мəз-майрам жүрген болып. Сыртым жарқын болғанмен ішім жалын, Кеудем жүр ғой қайғыға мүлдем толып.

─ 144 ─ Қайдан білсін жұрт менің іштегімді, Таудан бірақ саудырап түскенімді. Қайдан білсін жұрт менің мəңгі-бақи. Жазылмайтын бір уды ішкенімді. Алдап кетер тірлікке алданам да, Күйбеңдеймін онымды аңғарам ба. Ішім толып бір сəтке кетер ме еді, Ауық–ауық күрсініп алмағанда. Осы екен ғой баянсыз жалған деген, Осы екен ғой аңырап қалған деген. Осы екен ғой бір сəтке кетер ме еді, Таусылар ма іштегі арман деген. Онсыз шала бықсыған шоқтаймын ғой, Жаным бөлек болған соң тоқтаймын ғой. Əр күн сайын білініп жоқ екені. Əр күн сайын егіліп жоқтаймын ғой. Қызыл төбем тіліңе көнейінші, Тоқта десең – тоқтап бір көрейінші. Тоқтау айтар жанға да зар болармын. Қалғандарға қамқорлық бөлейінші. Ақ бұлақтай шапқылап қарлы құздан, Ақ толқындай екпіндеп жарды бұзған. Сағынышпен сабылып біз келгенде, Əлдемдей боп қабыл ал алдымыздан. Айналайын, айналдым ақылыңнан, Құрақ ұшып жүйеге жапырылған. Аңыраған ауылға тоқтау болған, Айналмасқа бола ма ақын ұлдан. Мен де саған иланып баласынбай, Əлпештейін көзімнің қарасындай. Мың жасатып Əлдемің ұрпақтарын. Өсіріңдер саусақтың саласындай.

─ 145 ─ Ауыл көктемі Байлық пен бақыт тұрағы, Жадырап, жайнап тұрады. Даласы балқып маужырап, Аспаны нұрмен тұнады. Асығып алға бұлағы, Шақырып ауыл тұрады. Өрекпіп тұрған көңілді, Өзіне тартып бұрады. Күлкісіз күні батпайды, Сауықсыз таңы атпайды. Жазықта қойы маңырап, Төскейде жылқы қаптайды. Сиыры өріп ой жаққа, Түйесі шығып мойнаққа. Қораға барсаң құлпырып, Қозысы жүрер ойнақтап. Төлдеген қойын құп алып, Шөлдеген қойын суарып. Бойжеткен жүрер бұралып, Төлдерге қарап қуанып. Базар ғып байтақ даланы, Думанмен шамы жанады. Ауылға барсаң жолың боп, Əнімен қабыл алады. Салтынан ауыт баспасаң, Əдептен ары аспасаң. Кетеді соңы той болып, Бір ауыз өлең бастасаң.

─ 146 ─ Егер мен... Малшы болсам егер мен... Түске дейін жатпас ем, Малды үйден бақпас ем. Жоғалды деп еңіреп, Семіздерін сатпас ем. Бірдей таңба салмас ем, Арамдыққа бармас ем. Жақсы малын қоғамның, Ауыстырып алмас ем. Сірə тыным таппас ем, Немқұрайлы бақпас ем. Өз малымның шығынын, Қоғамдыққа жаппас ем. Адалдықтан танбас ем, Жаманатқа қалмас ем. Бірлестіктің шөбінен, Өз атыма салмас ем. Бір мінезден аумас ем, Дау сап күнде жаумас ем. Ұзіп-жұлып өнімін. Ұрлап-жырлап саумас ем. Жаздай сауық құрмас ем, Істен мойын бұрмас ем. Бірлестікке міндет қып, Қол қусырып тұрмас ем. Бір де малды ұрмас ем, Жүнінен де жұлмас ем. Жауыр етіп арқасын, Мұрындарын жырмас ем.

─ 147 ─ Отарлатып бағар ем, Ел жұртыма жағар ем. Еңбегіме лайық, Кеудеме орден тағар ем. Таңмен бірге өрер ем, Күнді өрісте көрер ем. Отын, шөлін қандырып, Жұлдыз шыға келер ем. Еркінсітіп соныға, Таудың бағып жонына. Қанымды ғып ащысын, Дайындар ем оны да. Түшкірсе де емдер ем, Түртінсе де жемдер ем. Ыңыранып жатса да, Бір асауы кем дер ем. Қораны ерте ояр ем, Жердің сызын жояр ем. Қоңыр көңін кептіріп, Жұтындырып қояр ем. Тыныштықты қияр ем, Сол ұйқыны тияр ем. Ертеңді-кеш қашаның, Құлағынан жияр ем. Қыстау маңын ояр ем, Қаңтарда əрең таяр ем. Суық күні малымды, Күнгейлерге жаяр ем. Осылайша бағар ем, Ел-жұртыма жағар ем. Еңбегіме лайық, Кеудеме орден тағар ем.

─ 148 ─ Бастық болсам егер мен... Тартсамдағы жартпас ем, Туысыма тартпас ем, Жағдайына таныспай, Ешкімге айып жаппас ем. Жоғарыға жалпақтап, Төменгіге жалтақтап. Қайтсем ұзақ тұрам деп, Жүрмес едім қалтақтап. Арзан сөзге ермес ем, Күнде кінə термес ем. Кемістікті жасырып, Жалған ақпар бермес ем. Арамдыққа бармас ем, Жарты тиын алмас ем. Мең-зең күйде отырып, Күнде ертеңге салмас ем. Сынға жүнжіп сынбас ем, Ылайланып тұнбас ем. Халқым айтқан арызды, Тындырмастан тынбас ем. Белгі болып қалмас ем, Байбалам сап бармас ем. Заң-законмен қорқытып, Зəрелерін алмас ем. Күлген болып келмес ем, Күңіреніп бүрмес ем. Құс жоғалтқан аңшыдай, Көкке қарап жүрмес ем.

─ 149 ─ Көпке көңіл бөлер ем, Əділдікке көнер ем. Қамын ойлап халқымның, Қажымай тер төгер ем. Ақылын да алар ем, Хал-жайына қарар ем. Өрем жетпес билікті, Өздеріне салар ем. Өзіме-өзім сенер ем, Білімменен жеңер ем. Тіл табысып көппенен, Ашық жауап берер ем. Мақсаты бар көздеген, Ісі бардай сөбенен. Мінсіз бастық болсам деп, Үйренер ем өзгеден. Дəрігер болсам мен егер... Қанжілік боп жүргенсін, (Болатындай тіл мен сұқ). Диагноз де қоймас ем, Білмей тұра білгенсіп. Шаршасам да азбас ем, Тимес дəрі жазбас ем. Сырқат жанға ұрысып, Ата-тегін қазбас ем. Қарамастан жайыңа, Бір көрініп айына. Көріп, емін жаздым деп, Кетпес едім жайыма.

─ 150 ─ Ұйқымды да бөлер ем, Қайта-қайта көрер ем. Дерт шипасын тапқанша, Неге болсын көнер ем. Аз болса да берерім, Сырқат қамын жер едім. Сауықпасын білсем де, Сақаясың дер едім. Сұрамай еш кісіден, Халін біліп түсінен. Жүрер едім əр қашан, Аяғымның ұшымен. Бір тоқтамға жетпесем, Болницадан кетпес ем. Той-думанда жүргендей, Даңғыр-даңғыр етпес ем. Жанмен көзін ілмеген, Ауырар ем бірге мен. Сұрар едім басқадан, Ісім болса білмеген. Қосылатын жылында, Жаңалық көп ғаламда. Соларды оқып үйренбей, Көрмес едім тыным да.

─ 151 ─ Саудагер болсам егер мен... Алушыны қас ұғып, Зат бағасын асырып. Үзіп-жұлып жемес ем, Бала келсе басынып. Үйге күнде тасынып, Туыстықтың басы ғып. Тəуір, өңді заттарды, Таратпас ем жасырып. Тəкапарсып ант ұрып, Көңілдерін қалдырып. Тығып қойып қуысқа, Жоқ демес ем бар тұрып. Бергенімді жоба ғып. Ешкімді дос-жора ғып. «Жүк алуға кеттім» деп, Кетпес едім жоғалып. Көз таныссыз болар ма, Оған тартқан оңар ма. Кімдер тұрса кезекте, Сатар едім соларға. Бəрін бірдей санар ем, Сөйтіп көпке жағар ем. Сағатымен жұмыс қып, Сағатымен жабар ем.

─ 152 ─ Шофер болсам егер мен... Жаттық жолда болам деп, Күнде үйімде қонам деп. Бас пайдамды көп ойлап, Ұмтылмас ем соған тек. «Өзің біл» деп елесең, Өз қамымды жемес ем. Пайдасыз жол келсе де, Бұзылып тұр демес ем. Бастыққа ептеп жағынып, Кей шоферше қағынып. Аспандамай, тəртіппен, Жүрер едім бағынып. Механикті міндемей, Өзгелерді күндемей. Машинамды меңгеріп, Жүрер едім үндемей. Слесарь бар деп сеніп, Əкелмес ем бөксеріп. Əр тетікті күн сайын, Көрер едім тексеріп. Ақау жерін табар ем, Мүлтіксіз ғып бағар ем. Өзім егер білмесем, Сұрап, біліп алар ем. Қара майдың қаспағы, Басқан қара баспағы. Болмас едім, оқыр ем, Жіберместен баспаны.

─ 153 ─ Бəріне де шыдар ем, Күнде жолға шығар ем, Борышымды қоғамдық, Осылайша ұғар ем.

─ 154 ─ Туған жер дидары Шаттығыма тең келер, Шабытыма дем берер. Туған жермен пара-пар, Бақыт болса менде егер. Аспанменен теңескен, Жұлдыздармен кеңескен. Бесбоғдам бар ақ сүңгі, Тянь–шаньменен егескен. Санар болсам шыңдарды, Алтайым бар сындарлы. Бауырында байтақ ел, Көрмей өскен мұң-зарды. Ну орманы тайпалған, Сырғалым бар жайқалған. Сұғанағын көздердің, Сұлулықпен қайтарған. Мекен етіп қиясын, Қыран салған ұясын. Бүркітімнің сұсынан, Бойға қуат жиясың. Сыңғырлаған бұлағы, Балдай татып тұрады. Балық толы көлдері, Байлық болып тұнады. Тұңғиыққа байлаған, Құс базарын тойлаған. Дайын, Тұлба көлім бар. Ақ қайраны ойнаған.

─ 155 ─ Қайнарына қарасам, Дертке шипа арасан. Шегіртай мен Ақсуды, Болар құтқа баласам. Қобда өзенім ашулы, Білмес, сірə, жасуды. Міндеттеніп алғандай, Мыңдап ағаш тасуды. Аққол, соғақ саласы, Жасыл майса жағасы. Бұлғын, сагсай өзенім, Тіршіліктің анасы. Шаттығыма тең келер, Шабытыма дем берер, Туған жермен пара-пар, Бақытым болса менде егер. Нар тауларым мұнарлы, Шөбі шүйгін құнарлы. Ұшырасын төсінен, Үйірімен ұларды. Қоңыр аю барбаңдап, Қара суыр тарбаңдап. Ор түлкісі жортады, Бөктеріне барғанда-ақ . Бөрі берік бекініп, Сұр қояны секіріп. Еркінсиді бұғысы, Еркін өсіп жетіліп. Арқар өріп адырдан, Таудан– тауға ағылған.

─ 156 ─ Сілеусін мен мəліні, Ақ жусанын жамылған. Тоқтыбадақ, дуадақ, Жер сонысын қуалап. Мекен болған құсқа да Тусып тұрған ту алап. Кекілігі кердеңдеп, Байғұз, көкек желпеңдеп. Сайраңдайды аққу, қаз, Алты айшылық жерден кеп. Шаттығыма тең келер, Шабытыма дем берер. Туған жермен пара– пар, Бақыт боса менде егер. Ағаш өсіп не түрлі, Орман болып жетілді. Жер төсінен шеңбектеп, Ұстап тұрған секілді. Қорғанымдай сақ тұрған, Қарағайлар сап құрған. Мəңгі жасыл шыршалар, Жастық сынды шат–думан. Менің құтты даламнан, Куат алып таралған. Самырсын бар сыланған, Ақ қайың бар таранған. Желкілдеген талы бар, Нар терегі тағы бар. Туған жердің қойнынан, Қалағаның табылар.

─ 157 ─ Қалмасын деп түсінбей, Тағы айтайын мүсіндей. Бəйшешегі жерімнің, Түсті кілем түсіндей, Жеріме жер жетпейді, Құнарлы онан өтпейді. Кесте дерсің таңдайлы, Бетегелі беткейді. Жапырағы күректей, Жалбызы бар білектей. Шалқып тұрған, шалғыны, Сусып тұрған жібектей. Тіл үйірер балаудай, Тарлауы бар сабаудай. Қарақұйрық, селеулі, Тоқындайды алаудай. Сарымсағы сазандай, Қаңбағы бар қазандай. Туған жердің көркіне, Көп қараймын көз алмай. Шаттығыма тең келер, Шабытыма дем берер, Туған жермен пара-пар, Бақыт боса менде егер. Малға жайлы қонысым, Сайран салып сол үшін. Бес түлігім өседі, Жерімнің жеп сонысын. Күзеп өзен бойларын, Қыстап таудың қойнауын.

─ 158 ─ Көтере алмай құйрығын. Теңселеді қойларым. Жалқауланып жалықпай, Көз салсаңыз анықтай. Жылқыларым жондағы, Жылтылдайды балықтай. Туған жердің құнары, Байлық болып тұнады. Қорадағы сиырым, Ыңыранып шығады. Ұғып бақыт не екенін, Мұратыма жетемін. Қасиетті осындай, Туып, өскен мекенім.

─ 159 ─ Өлең туарда Сыншыларым мүйіздеп жүрмесін деп, Сырластарым мысқылдап күлмесін деп. Өзімді-өзім құлыптап иен үйге, Отырамын өлеңнің түрмесінде. Ондай кезде ұқпаймын не десең де, Қыңқ етпеймін есекке теңесең де. Тілсіз мылқау, құлақсыз керең болып, Отырамын ойыммен егесем де. Қалмайын деп шаладай бықсық болып, Көргемін жоқ шыр бітіп, шықшыт толып. Шабыт деген үркек қой байқа, жаным, Кекіліктей кетпесін быт-шыт болып. Ерімесе шын ақын ішіменен, Тумайды өлең білектің күшіменен. Ондай шақта жаныма жақындасаң – Қозғала гөр аяқтың ұшыменен. Дабыра ғып ақын деп таудай етіп, Жүрген елден жүрмейтін шалғай кетіп. Шабыт деген өткінші бұлт секілді, Байқамасаң кетеді жаумай өтіп. Оқшауланып дос–жора туысымнан, Бошалаған інгендей тұрысымнан. Түңілме тек, бұл өлең құм секілді, Сусып түсіп кетпесін уысымнан. Шоқтай балқып сөнбеген қызуы əлі, Жанды ерітіп, сұлудай сызылады. Өлең деген кінəмшіл, шамкөс нəрсе, Жақындама– Сабындай бұзылады.

─ 160 ─ Бəріңе бақыт тілеймін Нар-ағам, бозтарланым, ақайылым, Ай – əжем, алтын – анам, арай – інім. Жан досым, жарқын құрбым, бал-бөбегім, Армысың, асыл туған ағайыным! Əжелер – ақ самайын қырау шалған, Қорғаған арын таза тұман, шаңнан. Жақтаған адалдықты жан едіңдер, Өзгенің жоғына да сұрау салған.

Кемдік жоқ бұл күндері қыз-ұлыңда, Жастықтың жалындап жүр қызуында. Жүзіңді жүзге дейін мұң шалмасын, Көріп өт немереңнің қызығын да! Нар аға, өмірді өткен астаң-кестең, Аш – тоқты, бар мен жоқты бастан кешкен. Сен дағы күлімдеп өт, ертегі етіп, Кешегі ауылыңды қашқан – көшкен. Қырандай қия шыңды таңдадыңдар, Бел шешіп, баптанып дем алмадыңдар. Бүгінгі əр ағашта, əр кірпіште, Сендердің терлерің бар, қандарың бар! Ақ ана, нар ағаның қанатындай, Жолың бар ғасырларға баратындай. Жар күтіп, бала бақтың тар күнде де, Жөнің бар бақытты еркін табатындай. Мал бақтың түзде егін дестеледің, От жақтың, үйде бұйым кестеледің. Ал, бүгін «ардақты ана» атаныпсың, Кеп-кеше жайсыз өмір кешкен едің.

─ 161 ─ Жаныңа шаттық қана тұрақтанып, Күлумен көңіліңнен күй ақтарып. Балаңнан бала сүйіп отыра бер, Өзің бір ясли сияқтанып. Жан досым, жалын құрбым өнер қуған, Сендермен өткен еді нелер думан. Аялап өздеріңді жүремін мен, Ортаңнан ойлы шыққан,шебер туған. Қарасаң кешегіні салғастырып, Ағаның асыл ісін жалғастырып. Бүгінді жасап жатқан сендерсіңдер, Ескіні жаңаменен алмастырып. Телегей еңбектегі табысыңнан, Бұл күнде дұшпаныңның сағы сынған. Жан – досым, жалын құрбым, сілтей бергін, Танбастан экспресс шабысыңнан. Ерке інім, ибағатты қарындасым! Жанатын жай отындай шағыңдасың. Қылыштай қиып түсер жастығыңмен, Еңбегің елге деген жалындасын! Бал – бөбек, гүл шоғындай бапталынған, Кетпесін əнші бұлбұл бақтарыңнан. Күншуақ күлкілерің тасқындасын, Ананың алғысындай ақтарылған! Мен де бір құт ұяның түлегі едім, Өздерің өмірімнің тірегі едің. Əрқашан шаттықпенен жолығайық, Бəріңе бақыт болсын тілегенім!

─ 162 ─ Ағайын атынан – Төңкерісшіл жауынгер дəстүрі бар, Ежелден -ақ қажырлы жастығы бар. Біз білеміз қазақты еңбек сүйгіш, Еңбегінің еселі тасқыны бар. Алған беттен, сертінен шегінбейтін, Мақсатынан басқаға телінбейтін. Біз білеміз қазақты жаны жайсаң, Дегенінен басқаға берілмейтін. Ер қазақ –деп–жасаған жаңа қадам, Еліміздің басшысы бағалаған. Əлденеше бесжылдық бəйгеңізді, Менің халқым еңбекпен ағалаған. Мақтау емес бұл баға жүйесі жоқ, Талай сыйлық өзіңе тиесі боп. Менің халқым танылған елімізге, Қызыл тулы орденнің иесі боп. Қиын қыстау күнде де қаймықпаған, Еш нəрседен көңілі шайлықпаған. Жетіп келген қашан да дегеніне, Еш құдірет сертінен айнытпаған. Шыққан болсақ жылдардың өріне біз, Əлі сондай биіктен көрінеміз. Биылғы жыл болған соң малым семіз, Келер жылы туады төлім егіз. Қыстың қамын көктемнен қолға аламыз, Жемшөп жайын көп болып толғанамыз. Отарында отардың қона түнеп, Өнегесін Ақанның қолданамыз.

─ 163 ─ Бізге тиіп еңбектің төрі мүлде, Болат балқып ұстаның көрігінде. Күшімізбен, ұқыпты ісімізбен, Еселейміз өндіріс өнімін де. Арын жылдар ағындап жөнелгенде, Жақсы салты халқымның көнерген бе! Мұрамызды жаңартып гүлдендіріп, Көрінеміз мұңдалап өнерден де. Күшімізді ширатып, вахтаға сап, өзімізді өзіміз баптамасақ. Ұят болар, ағайын, аялаған, Партияның сенімін ақтамасақ.

─ 164 ─ Қобда өзенінің мұңы Анасы тіршіліктің – ұлық едім, Айнадай мөлдіреген тұнық едім. Алтайдан Қара көлге сапар шегіп, Талай жыл сол сымбатпен тұрып едім. Ол кезде сынапта-ақ асыл едім, Талайдың сарықтарын басып едім. Ойласаң болмас па еді ақылды адам! Саған да талай ағаш тасып едім. Тауыңның тамырын да балқытқан ем, Жайқалтып шалғыныңды шалқытқан ем. Қырым – мал, қойным – балық, өзім –сусын, Молайтып ырысыңды артылтқан ем. Сусындап нелер сұңқар, небір елік, Еміп ед шарбатымды еміреніп, Өзіңе сенгендіктен, ақылды адам, Мен дағы иіп едім тебіреніп. Ол кезде мен де еркін көсіліп ем, Жағама қалың тоғай өсіріп ем. Бұл күнде шыға келдім жалаңаш боп, Сен,адам!Өршелене өшігіп ең. Арың жоқ кешегідей шалған шыңды, Барлығы бұл күндері арман сынды. Арнама қоқыс толып, көзім бітіп, Қаңқиған қаңқам ғана қалған сынды. Ешкім жоқ мені күтіп əсемдеген, Сондықтан ағыным да бəсеңдеген. Ылайлап тұнығымды мəз боп жүрсің, Ей,адам!Маған сонша қас ең неден?!

─ 165 ─ Үңілші жақындап бір жағалауға, Айналдым керегіңе жарамауға. Өзегім өрім-өрім, тілім-тілім, Бола ма мені осылай жаралауға?! Өкпем не кінə тағып жазаласаң, Жөн шығар мəпелеумен мазаласаң. Ойласаң ақылға сап құтыңмын ғой, Бірауық нең кетеді тазаласаң! Қаланың тұрғыны деп аталғандар, Не деген мейірімі жоқ қатал жандар! Көрсетер құрметің осы болса, Бəріңе рахмет,«қаһармандар!» Бұл күнде таусылардай шағымдамын, Анаңдай əркез сенің жағыңдамын. Арғысын өзің ойлан, ақылды адам, Бұл менің ең соңғы рет шағынғаным!!!

─ 166 ─ Айтыңдар Көңілім бар тірліктен безінбеген, Сырларым бар ұқпаған, сезінбеген. Əбігермін жүректі жырлатам деп, Осынау бір тұп-тұнық кезімде мен. Қайратыма қайралған төзімменен, Түйгенімнің айнытпай өзін берем. Бере алмасам айтыңдар, көре алмадым, Өз бетімді өзімнің көзімменен. Біреулер бар өмірден елтіп өткен, Біреулер бар біреуді жемтік еткен. Осыларды өзінің көзіне айтпай, Жағымпаз боп жүрмін бе тентіреп мен. Ыңыршақ ер арқасын алған аттай, Жер тағандап қалған бар жанға батпай. Осылардың көңілін күндіз көрмей, Түнде жортып жүрмін бе жарқанаттай. Көз қиығын құрбыға қадап атпай, Күйік тиіп уланған махаббаттай. Жанбай сөнген жастықты жани алмай, Бұғып жүрсем айтыңдар жапалақтай. Тапшы көрген тағдырдың жұлым асын, Адамдар бар күлкіден мұңы басым. Осылардың жүрегін жұбатпасам, Қойыңыздар Байбатырұлына сын.

─ 167 ─ ҚЫЗЫЛТӨБЕ (Тəмен Байбатырұлына арнаймын) Қызылтөбе – сөнбейтін қызыл жалын, Қуанғаным, күлгенім, қызғанғаным. Қызылтөбе – мендегі қыршын жастық, Қызылтөбе – жүректе қызыл қаным... Аласарса мендегі биік талап, Тұрғаныңды көрермін түйіп қабақ. Қиындықты егер мен қиып өтсем, Тұрасың сен сүйсіне сүйіп қарап. Биіктердің биігін таңдамасам, Ездігіммен арыңа таңба басам. Шөгіп бара жатасың ұялып сен, Адамдарға мастанып паң қарасам. Асылымды аямай үйіп төксем, Көтеріліп қаласың биіктеп сен. Сол емес пе ұласқан мұратымыз, Сүйсіндіре өзіңді сүйіп кетсем. Тастарыңнан табысып асыл арман, Бұлақ едім кеудеңнен басын алған. Өтсем деймін тірлікте тынбай ағып, Жан сырымды өзіңнен жасыра алмаған. Жалыны мол, жаны пəк жүрегіммен, Шуақ шашқан өзіңде күн едім мен. Адамдардың көңілін сəл сындырсам, Қарай алмай бетіңе жүремін мен. Сенен қонып жаныма талап, талғам, Қыран едім қияңда қанаттаған. Сен едің ғой самғасам сəт тілеген, Сен едің ғой қия алмай қарап қалған.

─ 168 ─ Өзен болсам түпсізбін сарқылмаған, Сұңқар болсам көгім жоқ шарқ ұрмаған. Тұлпар болсам – сенің бір тұяғыңмын. Өлең болсам – өзіңмін жарқылдаған. Сыр Түсінсең кеудем – көрік, от қой демім, Сырларым айтылмаған көп қой менің. Жатыр ғой сонау қырда есіл əкем, Жамылып жер үстінің көк көйлегін. Бұл жырдың кімнен қонды басы маған, Мені кім сыршыл етіп асыраған? Ол мəңгі мұқалмаған, жасымаған, Бір өзі бір өмірді еркелеткен, Бір өзі бар əлемді ертек еткен. Ол – менің анау жатқан асыл анам, Ол – менің есіл əкем ерте кеткен. Қалтырып мені сан мың жерлесіммен, Дəм-тұзы бітіп олар жерге сіңген. Бұл күнде Отан – анам, Отан – əкем, Тағдырдың тартып алдым бермесін мен.

─ 169 ─ Менің атым көп Таң боп тудым бұрын – соңды атпаған, Күн боп тудым мəңгі бақи батпаған. – Бала туды – деп қуанды ата-анам, «Бала» деген сонда қойған ат маған. Өткізбей-ақ бүтіндеп бір аптаны, Талай адам табалдырық аттады. Сол жандардың тілеуінің аузымен, «Имашхан» деп қойды маған ат тағы. Оралғанда жылдардың бір көктемі. Біздің үйге өмір гүлі көктеді. Інім туды «аға» деген ат қосты, Айта берсем атым менің көп тегі. Оң мен солды танығанда ес біліп, «Бала» деген атым қалды ескіріп. Арман қосып «жігіт» деген ат беріп, Жүрегімде түледі бір есті үміт. Алғыс алып ақ ниетті атамнан, Тағы да мен «күйеу бала» аталған. Тағы да мен ұялшақтау бір қыздың, Аузыменен «қайны аға» деп атанғам. Сырлар айтсам əн жүрегі жақын кеп, Мына халық тағы айтады «ақын» деп. «Əке» деген бір атым бар тағы да, Айта берсем тіпті менің атым көп. Бір атым бар өмірімде тосатын, Бір атым бар мəңгі əнге қосатын. Тіршіліктің өзі қойған «адам» деп, Тозбас атым, ардақты атым – осы атым.

─ 170 ─ Қайтпайсың, бірақ, үйге, сен – анашым Қайыңның қарға малып толарсағын, Қыс келіп, дірілдеген қонар сағым. Қайтпайсың бірақ үйге, сен – анашым, Жатасың көбейтумен томар санын. Қыстан соң өмірге гүл– көктем енер, Құлпырар ақ төбелер, көк төбелер. Қайтпайсың бірақ үйге, сен анашым, Қол жайып тілесем де көктен егер. Кешікпей жаз келеді қаз қыдыртып, Толқырмыз қадалғанда назды кірпік. Қайтпайсың бірақ үйге, сен анашым. Жүрермін мен көзімнен моншақ теріп... Шабыттан өлең алсам ойға сатып, Арманым шатқалдарды бойласа тік. Сонда да қайтпайсың ба үйге, анашым, Мүмкін мен үйленермін той жасатып.

─ 171 ─ Жүрегімде... Киінді неге асығыс дала тынбай, Тойынан құрбысының қалатындай. Жүгірді бұлақ неге қырдан ойға, Алдынан ана күтіп алатындай. Қашатын тымақ алып атқа мықты, Жел қайда, кім жинады ақ мамықты? Түсіндім гүл көтерген көктем келіп, Алысқа қыс жолаушы аттаныпты. Көктемде гүл өседі, жыр туады, Кешегі жамау өлең жыртылады. Өмірге жаңа келген бала-бидай, Ширатар жігіт болып мұртын əлі. Нұр көктем неткен жомарт сылқым еді, Бақтарда құшақ-құшақ сыр түнеді. Тіршілік жер астынан шыға келіп, Жапырақ талға қонып сілкінеді. Табиғат қаз даусына құлақ түрді, Терезе қысты ұзатып жылап тұрды. Өзендер мұз көрпесін сілкіп ашып, Жағаға жұлып-жұлып лақтырады.

─ 172 ─ Махаббатқа бас идім Арқасына ақпанның мұзы қатқан, Өзен едім арнасын бұзып аққан. Махаббаттың алдына бас идім де, Жігіт болдым қыз сүйіп, қыз ұнатқан. Теңіз едім толқыннан аспанға атқан, Дауыл едім ашуын аспандатқан. Махаббаттың адына бас иген соң, Қимасы боп жүрейін қимасымның... Ізде мені (Романс) Күннен ізде нұр сəулесін құлатқан, Қырдан ізде қызғалдағы гүл атқан. Ізде мені гүл үстіне шық тамса, Ізде мені алға асыққан бұлақтан. Сұра мені көлде жүзген аққудан, Сұра мені жылқышыдан ат қуған. Ізде мені күлкісінен сəбидің, Мен сондамын қайда болса шат думан. Бақша гүлдеп, бұлбұл қонып əн салып, Бар табиғат тыңдай салса тамсанып. Сұра мені сұрай-сұрай табарсың, Бақыт шамы маңдайыңа жанса анық. Сұра мені шықса таудан жаңғырақ, Ізде мені атқанында таң күліп. Мен де сені іздеп келем мəңгілік, Таба алмасаң кетті деп біл қаңғырып...

─ 173 ─ Қайдасың, қара көзім Өзіңсіз қалай жаным баптанамын, Іздейді көкіректен аққан ағын. Іздейді сағынышқа толған жүрек, Қайдасың, қара көзім, ақ тамағым? Өз атың жаттағаным, жаттамағым, Өз гүлің баптағаным, баптамағым. Өз жаның аяларым, армандарым, Қайдасың қара көзім, ақ тамағым? Өзіңсің бірге жүрсем жан самалым. Өзіңсің алыс кетсем аңсағаным. Өзіңсің бақытым да, өмірім де, Өзіңді аңсай-аңсай əн саламын. Малтатып ақ ұлпаға ат балағын, Өзіңді аңсап іздеп аттанамын. Өзгенің белдеуіне ат байласам, Кешірме, қара көзім, ақ тамағым!

─ 174 ─ Жолаушы сыры Өмірі қызық-ой ғой жолаушының, Қалады қолын бұлғап сонау шыңың. Аспаның ақша бұлтын қауырсындай, Көтеріп төбесіне ауырсынбай, Қалады қолын бұлғап сонау шыңың. Жататын сағымданып анадайда, Көсілген көк теңіздей дала қайда? Беліне бір өзенді орап алып, Қойыпты артымызда ода қалып, Қалмаса көк теңіздей дала қайда... Келемін жолаушылап жан аманда, Күніне кезігемін сан адамға. Біріне арман болып қиялдайтын, Біріне жолдас болып қия алмайтын, Күніне кезігемін сан адамға. Жол қанша жердің бетін өрнектеген? Бір жолмен мен де жылжып өрлеп келем. Болсын деп арым биік қарағайдан, Кеудемде күнде болып дара майдан, Бір жолмен мен де жылжып өрлеп келем.

─ 175 ─ Ауылым Адалдық болып сарқылар, Ақ көңіл, абзал қарты бар. Жақсылық істеу арманы, Жайы жоқ одан тартынар. Қиялы самғап жоғары, Тұңғиық ойға шомады. Тереңді ғана көздейді, Биікті ғана шолады. Еңбекке құштар жүрегі, Ерлікке құлақ түреді. Аңқылдап тұрып ұлын да, Танымай қалып жүреді. Жүрегім солай асығар. Жастығым соған бас ұрар. Саясын көрмей ауылдың, Сағыныш қалай басылар. Болсын деп бақыт нышаны, Торғайың болып ұшады... Аңсамай, аппақ əжелер, Аңырап келіп құшады. -Оңынан таңым атты деп, Арнаумен саған ақ тілек. Əбігер болып жүреді, «Құлыным келіп қапты» деп. Жүрегім солай асығар, Жастығым соған бас ұрар. Саясын көрмей ауылдың, Сағыныш қалай басылар.

─ 176 ─ Еншісін сенен бөлмеген, Іні де аңсап шөлдеген. Бетіңе қарап алдыңнан, Өтпеген кесе-көлденең. Көрінсең ғана болғаны, Шаттыққа жаны толғаны. Итінен қорып ат байлап, Əбігер– сарсаң ол дағы. Ауылдың болған баяны, Тұлымды еркең баяғы. Есігін ашып кіргізіп, Төріне сырмақ жаяды. Жүрегім солай асығар, Жастығым соған бас ұрар. Саясын көрмей ауылдың, Сағыныш қалай басылар. Жаныңды əнмен, асырар, Жарқылдап күліп басылар. Мойныңа келіп асылар, Момақан ғана жасы бар. Бал қымыз алға қояры, Бағлан қозы сояры. Көргенді өскен келіндер, Жантайсаң жастық қояды. Жүрегім солай асығар, Жастығым соған бас ұрар. Саясын көрмей ауылдың, Сағыныш қалай басылар.

─ 177 ─ Қалқам-ау, қандай адам аңсағаның? Қызықсам мен бұлақтың күлкісіне, Қызықтың сен таудағы гүл түсіне. Жалт етіп алдымыздан тұра қашқан, Бұлт арман қырдың қызыл түлкісі ме? Ай батып бір күлместен, жылынбастан, Аспанда жұлдыз қалып жымыңдасқан. Екеуміз түн бойына сырлассақ та. Қызыл гүл орнында тұр жұлынбастан. Соқтырып өзіңнен бір таң самалын, Ерніңнің балы ма еді тамсағаның. Жаныңда мен жүрсем де арман етіп, Қалқам-ау қандай адам аңсағаның?

─ 178 ─ Туған ел, туған жерге Сенің нұрың – жанымда аққан ағын, Сенде жанған, туған жер, бақ талабым! Сеніменен баймын да бақыттымын, Сеніменен өзгеге мақтанамын. Сенің əнің жасымнан жаттағаным, Сенің жырың жүректе баптағаным, Сенің күйің кеудемде күмбірлеген. Дəл өзіңдей шалқимын шаттанамын. Сағыныш боп сарымайдай сақтағаным, Алыстасам тозуға шақ қаламын. Боз інгеннің боздаған ботасындай, Ақ төсіңді аймалап сап табамын. Сен тұрасың алдымда қорғандай боп, Болмасаң да əйгілі, болғандай боп. Тауыңменен тайсалмас тасыңменен, Көрінесің сыңсыған ормандай боп.

─ 179 ─ Бөкентауға Көңіліндей халқымның, Жарқырайды ақ басың. Кім біліпті алтынның, Сенде бұғып жатпасын. Тереземнен қарасам, Сені көрем еңселі. Таптырмайтын арасан, Болар ма деп мен сені. Ойлы көзбен шоламын, Қиялымды бөлмелеп. Шықпақшы да боламын, Биігіңе өрмелеп. Жүрсемдағы қасыңда, Көрмеппін-ау сені елеп. Сенде жүрген арланды. Алтайда деп ойлаппын. Қуып шаттық күлкіні, Қызығына тоймаппын. Сенде жүрген түлкіні, Мұзтауда деп ойлаппын. Басыңдағы мұнарды, Айықпайтын күз деппін. Қойныңдағы ұларды. Бесбогдадан іздеппін. Суырыңды құт қой деп, Көзіме де ілмеппін. Балаусаңды сүт қой деп. Бағалай да білмеппін.

─ 180 ─ Саған шығып қайтатын, Тыңдай қалсам ұлымды. Ертегі ғып айтады, Кекілік пен шылыңды. Жан болсам да ой буған, Бəрін іштей сеземін. Əкепті ұстап қойныңнан, Қоянның жас көжегін. Қарасындай көзіңнің, Мəпелейді ол қоянды. Саған деген сезімім, Сонан барып оянды. Кешіре гөр, сен мені, Биігіңді шолармын. Қасиетті сендегі, Кеш түсінген болармын. Алыстатсаң басыңды, Шын бағаңды ұғармыз. Сендей талай асылды, Көрмей жүрген шығармыз.

─ 181 ─ Ол да мұратына жетер еді Тауымның қойны толған шынар болса, Орманға ойлы жүрек құмар болса. Шыдар ма төбе құйқаң шымырламай, Бір талын сумақы қол жұлар болса. Тауымның қойны толған ұлар болса, Ұлар да бұл өмірге құмар болса. Ағайын ауырмай ма ет жүрегің, Айырылып сыңарынан жылар болса. Суымның түбі толған балық болса, Балыққа көзің əбден қанық болса. Ағайын ауырмасаң жаның қалай, Мұның да таусылар анық болса. Қойнауда суыр қойдай өрер болса, Ойлы бас, оны құт деп көрер болса. Қалайша кейімессің кім көрінген, Атқылап ажал отын төгер болса. Гүл тірлік күнге жайып алақанын, Күткенде тəтті үмітпен дала таңын. Елжіреп аялаймын шыдармысың, Аққудың аппақ қардай балапанын. Анадай аяласақ нетер еді, Аң өсіп, орман тусып кетер еді. Адамнан адамдықты көргеннен соң, Олар да мұратына жетер еді.

─ 182 ─ 1965 – 1970 жылдар аралығында жазылған өлеңдер. Жүрек толқындары Тебінгендей бола қап теңге құлақ, Салындыдай сандалып сеңге құлап. Нелер сыпсың сөздерді естісең де, Мен айтты дегенге сенбе бірақ. Досқа досты табынтып, табыстырып, Кім бар дейсің жүретін қабыстырып. Біздер егер бір табан жақындасақ, Дұшпан айтар бір көш жер алыс қылып. Біреуменен біреуді қағыстырып, Жүргендігін бойына намыс қылып. Ойламайтын жандарға ой түсіріп, Біз ойлайық, достарым, шабыстырып. Мен айтсам ғой – достықтың сөзін айтам, Кімге айтсам да бетпе-бет көзіне айтам. Мені алатын алдашы болсаң да сен, Жақпай қалсаң жамандап өзіңе айтам. Түңілме, сен, өмір сырын мол ұқсаң, Өзіме кел, өзгелерден торықсаң. Амалым не, түңілерсің менен сен, Қапелімде қастарыма жолықсаң. Олар мені салпаңдатар сан-саққа, Саскеңірдек болып жүр деп мəнсапқа. Олар мені сілкіп алар оңдырмай, «Иттің аузы қашандағы қан соқта». Илан досым, ақиқатқа мен десең, Мені даттап, айтқан сөзге сенбе сен.

─ 183 ─ Сұра менен сына мені өзің кеп, Мен шендессем – көлгірлермен шендесем. Өліп-талып біреулер мал жияды, Малыменен шалықтап шалжияды. Ал, біреулер жан терін төгіп жүріп, Адам үшін мысқылдап бал жияды. Кейбіреулер дүние-мүлік теріп, Маңайына қарайды күдіктеніп. Өмір бойы өз қамын ойлап олар, «Дүние» деп өледі бүліктеніп. Жүреді енді біреулер мəнсап күтіп, «Бастық»-деген атауды аңсап-күтіп, Ондайлардың апандай ауызына, Жақсы сөздер жүреді жаңсақ бітіп. Ал, біреудің тілінен бал тамады, Көпірме сөз – көк теңіз малтағаны. Ондай жандар екеуді қағыстырып, Арасынан өзіндік мал табады. Ал, мені ғой əділет жақтай келсін, Аз болса да берерін ақтай берсін. Өмірдегі қызыл су, қылқұрттардан, Əр уақыт «құдайым» сақтай көрсін! Секілді едің ауылдың арыстаны, Дүниені жүрмісің тауысқалы. Айдаһардай ақырып тұрғаныңмен, Бəрі өткінші, бəрі де ауыспалы. Мейілі сен дауласып күн– түн егес, Мұным шындық, əзілді күлкім емес. Күні ертең айырылып байлығыңнан, Тақыр кедей болуың мүмкін емес.

─ 184 ─ Өмір ғой, бұл өте тез пісуі де, Суық шалып шіруі, үсуі де. Тақымыңда тайпалған машинаңның, Мүмкін ертең жалт ете түсуі де. Күні ертең салқындар қызуың да, Түгесілер думаның, қызығың да. Саф алтындай салмақты мінезіңді, Қажай-қажай мүмкін ғой бұзуың да. Шағындалып бақытың, байлығың да, Мүмкін дəмін татасың қайғының да. Бүгін аздап таршылық көрген болсаң, Мүмкін ертең жүзесің айдынында. Он сегіз ойнақтатып гүл атқанда, Ағынды емес пе едік бұлақтан да. Сол бумен қаңтарда да күтінбестен, Айырылдық тізеден де, құлақтан да. Жан едік кеше əркім қызығарлық, Сол бумен шарапқа да қызып алдық. Аш ішіп, Мұздай ішіп, Мұрттай ұшып. Бұл күнде денсаулықты бұзып алдық. Он жастан асар-аспай түтіндетіп, Өкпеге будақ-будақ түтін кетіп. Шал болдық əудем жерге алқынатын, Дал болып ауыздан да күтім кетіп. Он жастан асар-аспай түтіндетіп, Өкпеге будақ-будақ түтін кетіп. Шал болдық əудем жерге алқынатын, Дал болып ауыздан да күтім кетіп.

─ 185 ─ Отызда нұрымыз да солған екен, Əжім де бетімізге толған екен. «Қой» десе, кетуші едік өршеленіп, Бəрі де өзімізден болған екен. Егілсем мен еске түсіп өткендер, Еңіреген ез болар деп сөкпеңдер. Қол бұлғаса кейін қалған көктемдер, Гүл шоғымен киінгенде көк белдер. Арман болып аспанымнан өт деңдер. Сонда ғой, мен аққу болып ұшайын, Самал болып гүл төсіңді құшайын. Шəрбат болып шалқарыңа толайын, Шаттық болып жүрегіңе қонайын. Сəуле болып дидарыңа тұнайын, Бақыт болып маңдайыңда тұрайын. Тамыр болып өн – бойыңа тарайын, Өзім де бір каусарыңнан қанайын. Тек осыған жеткізсін деп лəйім, Армандастар, тілейікші ұдайы! Ересейіп кеткендер, Еске алсын деп жастығын. Көзге ілмеген көктемдер, Жинасын деп мастығын. Жүрегімді жырлатып, жылуына жылынып, Көпе-көрнеу соларға істеп тұрған қастығым. Жас болмаған сияқты, Тумысынан өздері. Таптағандай ұятты, Бақырайып көздері. Жазбады деп еңбекті, сөгер мені біреулер, Естен шығып албырттық, есалаңдау кездері. Риза еткен Отанды,

─ 186 ─ Еңбегімен, қойымен. Жазайын деп шопанды, Дайындалып қойып ем. Жүрегіне жақындап басып көрсем пернесін. Қызжібектің ол – дағы ойлайды екен ойымен. Сынап келген білегін, Ерлерімді қолдағы. Жазайын деп жүр едім, Жетті ғой деп толғағы. Қиындықты, сындырып, жүрсе де істі тындырып, Ойлайды екен ішінен өз Баянын ол дағы. Өлең – жырдан түңіліп, Түк өнбеген қорлықтан. Махаббатқа жүгініп. Бəрімізді болдыртқан, Түк білмеген сияқты жүргендерге қастық қып, Мен де іздедім айғайлап Баянымды сондықтан.

─ 187 ─ Он бесі еді майдың да... Алау шашып тұрған шағы еді айдың да, Сен де он бесте ең, он бесі майдың да. Қобда өзеннің жағасында, жасаңда, Отырған ек қатар қарап айдынға. Құшағымда бір қуанып, бір сынып, Қоюшы едің сен ақырын күрсініп. Екі ұяға қонармыз деп ойласам, Ет жүрегім кетуші еді түршігіп. Ерік беріп жастық деген күштіге, Жеңіл шапан киюші едің үстіңе. Беліңде де сары белбеуің бар еді-ау. Ерке қалқам, енді есіңе түсті ме? Басымызға бақыт келіп қонса да, Балдыр бөбек бөлмемізге толса да. Сенің балғын кездеріңді еске алам, Сонан бері жиырма жыл болса да. Жан болып па махаббаттан шаршаған, Тос ерніңді, сүйіп тұрып жар салам: – Маздасын,– деп махаббаттар мəңгілік, Майдың таңын баяғыдай қарсы алам! Тамағың қардан аппақ, балдан жұмсақ, Аққудай айдындағы қалған жусап. Жанарың көлден тұнық– жатқан тұнып, Батамын тұңғиыққа арман қусақ. Келбетің күннің шуақ алауындай, Кірпігің мəңгі қойған қарауылдай. Жылы сəт дүниеде болар ма екен, Жалт етіп сенің оқыс қарауыңдай.

─ 188 ─ Қыр мұрын– ойлы жердің қыратындай, Жұқа ерін жүдеп жетер мұратымдай. Жүрегің болар-болмас дір-дір етіп, Қос анар əрең-əрең тұр атылмай. Көңілді сабасынан толқымаған, Теңізге теңесем де олқы маған. Құлатып қос бұрымды мықыныңа, Япырай, қандай шебер шолпылаған? Арылтып арманымды үзіктерден, Жалғаған үмітімді үзіп келген. Тағдырға мың қайтара ризамын, Тісіңді меруерттен тізіп берген. Көз жаулап құлын мүсін ары айналсаң, Лап етіп өртенемін қарай қалсаң. Шарпыған болар сенің шарапатың, Жаныңа жақын тартып талай барсам. Сабыры сарқылмайтын тəліміңді ап, Жолдармын өзіңе арнап əлі мың хат. Кім білсін сүйгендіктің əлегі ме, Мен үшін сендегінің бəрі қымбат. Ақ күміс ағындарын шапқылатқан, Су алып самал кеште ақ бұлақтан. Алаулап ақша бетің тұрма екенсің, Өріктің ағашындай ақ гүл атқан. Келетін бақытыңды күле күтіп, Жаныңа сабырлық жүре бітіп. Жігітке жауап қатпай тұрма екенсің, Алманың реңіндей күреңітіп. Жүрегін бір жігіттің жатқа біліп, Ісіңе дос сүйсініп, жат табынып. Жалт етіп жанар отың тұрма екенсің, Шаттықтан назды күлкің ақтарылып.

─ 189 ─ Тілейін басыңа бақ қонса екен деп, Лəйім солай ғана болса екен деп! Жалын атқан жас едік оттығынан, Алып келген асаудың шоқтығынан. Іні ержетіп, ибалы келін түсіп, Жуасыдық амалдың жоқтығынан. Далақтамай самайы ағарғанша, Қойса ғой деп оқты көз қадалғанша. Қояйық деп тізгінсіз жындылықты, Тоқырадық өйтпесек, амал қанша. Жардың қамын тағыда жеген болдық, Қартайдық қой-тоқтайық деген болдық. Ортасында он жастық кішілердің, Селт етпейтін салмақты керең болдық. Ажыратып балауса бала жастан, Албырттықтың бірі жоқ ала қашқан. Көлеңкені жамылып екеу тұрса, Қашар болдық бетіне қарамастан. Былқ етпестен ауылдас қатар қондық, Шарапты да «бұлданып» татар болдық. Кешке қарай шығудан жүрексініп, Бір кітапты бетке ұстап жатар болдық. Жүрек те бəс, сонау түн жанып шыққан, Көңіл де мас бейжайлық талықсытқан. Күндерде жоқ барыңды киіндіріп, Безектетіп көшеге алып шыққан. Дірдектетіп талаймен таныстырған, Асау сезім бəсеңсіп, алыстырған. Бабалардың сөзіне көнгендейміз, Қайық пенен кемені салыстырған.

─ 190 ─ Достарымды аңсау Алматым, асылым-ай, мұратым-ай! Аңсарым саған ауып тұратыны-ай. Жүрегім өзің жаққа алас ұрып, Бүйрегім саған қарай бұратыны-ай! Алматым, алтыным-ай қымбатым-ай, Жүректі жаулап алар сымбатың-ай. Өзіңді көрген адам жүре алар ма, Алыста сағынышқа, шырматылмай. Асқынған саған деген сағыныштан. Мен едім бесті жырдың жалын құшқан. Хатымнан жүрегімді түсінерсің, Өзіңе аласатып, алып ұшқан. Қонғандай сезілетін қолға абырой, Бұл да бір ақындықтың толғағы ғой. Алматым, өзіңде өткен бес жыл деген, Болмаса бес күндей де болмады ғой. Бір мезгіл жантайсам да көз ілгелі, Елестеп есіл достар өзіңдегі. Қол бұлғап жалын дəурен, жан құрбылар, Қашады қайран ұйқы көзімдегі. Жүдеген түсі қашып солып қана, Солдаттай сарпалдаң бір жорықтағы. Түйініп сол достарды іздеп келем, Болмаса қиялымда жолыққалы. Сан жылдар сабырымды езіп келген, Ұғар ма сағынышты сезіктенген. Алаңдап Алматыда болдым десе, Сұраймын жол– жөнекей кезіккеннен.

─ 191 ─ Сол достар операға бармас па екен, Сəтімен сонан тауып алмас па екем. «Қайраттың» ойынына бара жатып, Жол бойы жолығысып қалмас па екен. Сабылып іздемей-ақ қия, тыңнан, Концерттен əн төгіліп, күй атылған. Кездесіп қалмас па екен қапелімде, Мұхаңның атындағы театрдан. Таңғалып көз сап, құлақ түруіме, Мүмкін-ау, ағайынның күлуі де. Сағынып іздеп жүрсем сол достардың, Мүмкін ғой «Көкбазарда» жүруі де. Өздері нақ осында қонар ма екен, Айналып КазПИ-ге бір соғар ма екен. Əлде олар бір-бір серік ертіп алып, Ауылға тартып тұрған болар ма екен. Онда ғой жолығармын көп сарылып, Іздермін талай жерден көп сабылып, Отызын табу үшін отыз жақтан, Жетелеу керек шығар тоқсан үміт. Шағын да бақ, салымын мүлдем сынар, Тауып ап үлбіреген гүлден сыңар. Сəкеннің сымбатындай Көкшетауда, Кім білсін салдық құрып жүрген шығар. Жасынан іздемейтін жалған кəсіп, Жан еді жан достарым арманға асық. Мүмкін ол жүрген шығар терін төгіп, Теміртау, Маңғыстауда маң-маң басып. Еңбектін қонып алтын тұғырына, Мүмкін ғой, тың өлкеде тұруы да.

─ 192 ─ Жыл сайын миллиардқа үлес қосып, Шаттықтың қанған болар тұнығына. Мүмкін-ау, жанына жыр қонуы да, Еңбекпен кеудеге орден толуы да. Мүмкін ғой, барлығы да ұстаз еді, Аякөз, Ақсуатта болуы да. Құт болып Алматыдай сəнді мекен, Кім білсін ғалым атақ алды ма екен. Болмаса Алматыға жақын ғой деп, Талғар мен Қаскелеңде қалды ма екен. Болсамда таңға асығып, кешке алаңдар, Айналам ақ пейілді есті адамдар. Үйдегі тұрмысым да төмен емес, Ақ жарқын жарым менен бес балам бар. Сонда да достар деген ыстық екен, Секілді жүрегіңе қысқы мекен. Соларды аңсатады, сабылтады, Сағыныш иеленіп, ішті бекем. Жат болсақ осыншама сағынар ма ек, Жатпаспа – ек жанымыздың бабы бар деп. Бір үміт жүрегімнен жылт етеді, Ең қымбат алтының да табылар деп. Он бес жаз сонан бері өткен екен, Он бес күз жапырағын төккен екен. Ойласам гүлін беріп, жырын беріп, Оралған онбес түрлі көктем екен. Қамқоры бола отырып бес баланың, Сөйлесем артық-ауыз кеш, қарағым. Сен де кеш, сыр – Алматым баяғы бір, Күндерді бүгінгідей еске аламын.

─ 193 ─ ЖенПИ-де болмаса да шаруам бар, Болатын жүрегіме дару əн бар. Кешкілік өзі шығып жолығатын, Жігітке Қадиша мен Фарундар. Беу шіркін, кеш еді ғой тамылжыған, Жастыққа еріп мен де сабыр жығам. Еркесі қалап барған шықпай қойып, Жігіттер тұрушы еді-ау абыржыған. Бейуақ үміттінің матап атын, Іздейтін жан таласып махаббатын. Кезінде, қыз жағынан ҚазПИ – ің де, Екінші ЖенПИ болып аталатын. Бұл да бір əңгіме ғой өз алдына, Жастық шақ алып ұшпай төзе алды ма. Солардан қызғанатын қайран құрбым, Келеді баяғыдай көз алдыма. Басыма қалың ойдың түнегі кеп, Жүрсем мен кейбіреулер күледі кеп. Сұрайды менен кейбір ала құстар, – Ұстазың тəлім алған кім еді? – деп. Тұрады сонда менің жыным келіп, Қалғандай өңім түсіп, сыным кеміп. Аңсаумен Алматыны еске аламын, Ұшырған білім сыйлап, жырын беріп. Сөйлеймін екіленіп есе бермей, «Өскен ғой Алматыда» десе– дердей. Болғызып, əңгімемен кетем ағып, Боз тарлан жорғасына төселердей. Кітаптың беттеріне төніп қарап, Жанымда өлең жазар өніп талап.

─ 194 ─ Үлес алған Мəкең менен Қажекеңнен, ҚазПИ-дің түлегімін көбік қанат. Тұратын ағын жырмен жұптасып əн, Қайда да бұл орданы ұмытпас ұлан. ҚазПИ–дің қасиетті есігінің, Ұстаған сəнді Сəкен тұтқасынан. Осында қонып шабыт, талап-талғам, Талайдың өнерлері сабақталған. Əбділдə, Тайыр, Ғали, Сайын, Ғафу, Бəрі де осы ордада қанаттанған. Жанымда жақсы ниет талғам болса, Шынымен ақыл маған қонған болса. Мəкеңнің мінезінен жұққан шығар, Əзілім еркіндігім болған болса. Жүрегім əсте де ұмыта алды ма, Үлгі алып талант сонан тұтанды ма. КазГУ-де дəріс беріп жүргенімде, Көзбенен көрген едік Мұқаңды да. Ақыл ап ақын Сəбең ағамыздан, Саф тауып көңіліміз алағызған. Тəкеңше өлең оқып, шалқушы едік. Бұл күнде бəрі кеткен арамыздан. Қабағы сияқтанып қара түнек, Жиынға Мұқағали баратын ед. Жыр десе жазғы күндей алабұртып, Нөсерін төгіп-төгіп алатын ед, Жиынға біз де жиі баратын ек, Ортаға Төлегенді алатын ек. Ақұштап «жігіттерге назын» оқып, ЖенПИ – де бір желпініп қалатын ек.

─ 195 ─ Жақсы жыр жастық шақтың қанаты деп, Алаулап жыр отымен жанатын ек. Тұманбай, Сағиларды шақырып кеп, Кəні боп тəтті жырға қанатын ек. Солармен ортам болса толған шығар, Солардың бір əсері болған шығар. Бойымда жарты мысқал жырым болса, Солардың шапағаты қонған шығар. – Деймін мен – одағы бір заман еді-ау, Бəрі де ағалардың аман еді-ау. Қайсысы қандай өлең жазады деп, Көңілім ертелі-кеш алаң еді-ау. Шығардай көруші едім алдан бəрі, Қазақтың өлеңінің тарландары. Бұл күнде алыс жатып тілер болдым, Есен-сау жүрсе екен деп қалғандары. Жасынан арқалаған қайғы азапты, Бұл əлем білген еді қай қазақты. Жыл сайын миллиардтан пұт астық алған, Бұл күнде таныр болды бай қазақты. Тартқызған «қу дала» ғып жерге азапты, Бұл əлем білген бе еді кері қазақты. Фашиске соққы беріп, ту тігіскен, Бұл күнде таныр болды ер қазақты. Басынан кешкен талай зар, мазақты, Бұл əлем білген бе еді мал қазақты. Жері бар Байқоңырдай берекелі, Бұл күнде таныр болды сал қазақты. Байқасаң бұл халықты бір ғажабы , Тірілтіп шежірені жыр жазады.

─ 196 ─ Бұл күнде бірі – дана, бірі ғалым, Кешегі жылы тымақ қыр қазағы. Көмірдің сан миллион тоннасы да, Шығады осы елден жолға асыға. Айналған бұл күндері қазақ жері, Ұлттардың достығының ордасына. Бұл жұрттың ісі мықты, сөзі берік, Жетеді қайрат– жігер, төзім-ерік. Бастаған боз даланы түлетуде, Леонид Ильичіңнің өзі келіп. Түлетіп қу даланы, паң даланы, Орнатқан салтанатпен сан қаланы. Туында Отанының төрт орден бар, Қазаққа бүкіл əлем таңданады. Аш жүріп малдан басқа малданбаған, Ас ішіп жүрегі бір жалғанбаған. Қазақтың жерұйығы осы шығар, Сан ғасыр таба алмаған, армандаған. Мəкем мен Қажекемнің мұрагері, Қазіргі ҚазПИ-імнің құлагері. Серік пен Хасен аға есен бе деп, Жүрегім жолыққаннан сұрар еді. Кезінде аға ақылын бағалар кім, Бұл күнде ұғынғанға бара бармын. Аңсайды екенсің-ау күлкісін де, Тахауи, Қалтай сынды ағалардың. Достары жолықпаса, жақындары, Сергір ме, желпінер ме ақыны жаны. Паркті бір қыдырып шығар ма еді, Əйгілі, Максим Горький атындағы.

─ 197 ─ Маужырап жамылғанда көктем көк нұр, Ер елдің ерке ұлындай өктемдеп бір. Ең соңғы автобустан қалып қойып, Шалдығып, қара сан боп қайтар ма еді. Жаңарып ескі мұра, көне өрнегі, Биікке қолы жеткен өнердегі. Жасарып, ғажайыпта жасап жатқан, Қазақты қайта барып көрер ме еді?!

Ауылыма жаз келді Сиырып бұлтын тастады Сұңқарлар ұшқан аспаны. Сұлу бір биді бастады, Сұңғыла туған жастары. Құлпырып шығар айына, Құба бел, құла сайы да. Құт мекен жағып жайына, Құлындап тұрар тайы да. Əн менен күйдің сазы да – əңгіме, əзіл, базына. Əндетіп келіп қазы да, Əлдилеп тұрар жазы да. Жері де мама-құнарлы, Жетілткен сұлу шынарды. Жанымның сағы сынарды, Жырламай өтсем бұларды. Жан ғой деп бөгде, шошынбай, Жатың да күтер тосыңдай. Жадырап жаздай жасарған, Жайсаң ғой ауылым осындай.

─ 198 ─ Биік еді Көкшенің аты қандай! Биік еді Көкшенің аты қандай! Жыр арнасам деп едім қапы қалмай. Болмады оным, Жақсы жыр жаза алмадым, Аты менен затына татығандай. «Жеке батыр» жеткендей жеңіс күнге, Дамылдапты бел шешіп бел үстінде. Таранды «үш ару» қатарласып, Жоқ-ау, шіркін, көркінде кеміс мүлде. Алмадым ба мəселеп, барды баптай, Менменсиді Оқжетпес жанды ұнатпай. Жұмбақтас тұр белшеден көлді кешіп, Шөліркеп кеп су ішкен арғымақтай. Ақ қайыңдар жағаға төніп келіп, Жүзін көріп жүз есе көріктеніп. Қаранады айдынға, Таранады. Сексен көлге көркінен бөліп беріп. Жусап жатқан құлындай желідегі, Ақ көйлекті аққулар керіледі. Бурабайдың жүрегі бүлк-бүлк соғып, Сəл дірілдеп самалмен демігеді. Уыз дəні толқындап егістің де, Қымыз дəмі шығады жемістің де. Көк мұнарлы Көкшедей болар бəлкім, Бар болса егер жерұйық жер үстінде. Көлінде де мінез жоқ көлмін деген, Асқақтық бар бəрінде өрге үндеген. Мақтаныш бар менің де жүрегімде, Толқып тұрған Көкшені көрдім деген.

─ 199 ─ *** Шынарың да көгілдір, Мұнарың да көгілдір. Жалының да көгілдір, Сағымың да көгілдір, Шуақ болып төгілгір, Аспаның да көгілдір. Тастарың да көксерек, Болғаннан соң Көкше деп, Қазақ атам атапты-ау! *** Оу, Көкшетау! Жер-жаһанға мəлімдім, Жер əлегін жеңсеңші. Ақаныңа біткен асқақ əніңнің, Бір əуенін берсеңші?! Қойныңдағы шежіре мен жұмбақтың, Миға салшы түйінін. Сəкеніңе біткен сұлу сымбаттың, Сыйласаңшы түйірін?! Жүрегімді шұғылаңа батырдым, Жыр тұнығын құйсаңшы. Шоқаныңа біткен асыл ақылдың, Бір сынығын қисаңшы?! *** Менен алсаң паңдық пен салдың басын, Сан жылдарға шабытың шалдықпасын. Деп тұрғандай Оқжетпес күлімдейді, «Қыз жүгіндей» құбылтып сандық тасын. Бір кеміс жоқ сом біткен тұлғасында, өзі сынды сырласым, мұңдасым да,

─ 200 ─ Сол жағымда – Оқжетпес, Оң жағымда – Жұбан аға-жыр шыңы тұр қасымда. Екеуіне ойменен шолып қарап, Тояттайды көңілім қонып тағат. Мен де самғап жүргендей сезінемін, Шарапаты ағаның болып қанат. Тұғырымды биіктей түстетін деп, Толғанып ем ой бөліп, күш бейімдеп. Қыран шабыт қолыма қонбай қойды, Оқжетпестің басынан түспеймін деп. Арасында тұрып ап қос биіктің, Жыр жазам деп Масқара-ай! Бос күйіппін. *** Көкшетаудың көркі мен нұры сынды, Бір қарындас алқызыл гүл ұсынды. Жүрегімнің соғысын жиілетіп, Баяулата қойғандай тынысымды. Өзі де гүл албырап тұрған балқып, Гүл бар деуге сенбестей бұдан да артық. Елік сымбат еркенің өзі дерсің, Сұсты көзін жастықтың бұрған тартып. Сыйыңа сый жасасам жарар еді, Жүрек оты жалт етіп жанар еді. Ағамыз да көргенді кісі екен деп, Ибалықпен иіліп қалар еді. Деген бір ой атойлап жарып шықты, Сары алтындай сабырлы талықсытты. Значок бар еді оң қалтамда,

─ 201 ─ Қолым «сорлы» лып етіп алып шықты. Құрметім – деп ағалық жолыңдағы, Қадамақ боп белгіні қолымдағы. Таяп едім, Саусағым дір-дір етіп, Бұлқынып тұр жүрегі оныңдағы. Қимастықпен сыйлауға бекіп үзген, Гүл реңі көрініп бетімізден. Тіл қатыспай сол қалпы кете бардық, Жасықпыз-ау, жігіттер, шетімізден. Сол сəт үшін əлі де қысыламын, Бір арманды кеудемнен ұшырамын. Аты таңсық аяулы қарындасқа, Осы жырды ізетпен ұсынамын. *** Қолын қойған жырдағы мандатыма, Тұман деген аға бар Алматыда. Менің үшін өлеңнің ханы сынды, Саналғанмен бейуаз солдатыңа. Іздейтұғын өмірден бар асылы, Жастықпенен жүректің жарасымы. Жалғызбын деп жылайды айыбы сол, Көп болса да əлемде жанашыры. Тұман деген аға бар Алатауда, Өлең деген жиһаз бар ақ отауда. Жастық жырын жырлаған сол ағаны Өмірбақи болмайды шал атауға. Қызық, нəзік сырларға тола бағы, Көктем болып, Таң болып қол алады. Алматының періште арулары, Қорғап-қоршап жүріңдер сол ағаны.

─ 202 ─ Тағдырыңа бас иген бағыныштан, Қимастықтың əліне салып ұшқан. Тырналарға көз алмай қараймын деп, Тек сарғайып кетпесін сағыныштан. ҚЫЗЫЛТӨБЕ Таңдайына судың тосып тұнығын, Күн аймалап жел сыйпаған тұлымын. Буы шалған мейірімді жүректің, Қызылтөбе деген жердің ұлымын. Өспесе де төбесіне топ шынар, Ондай қымбат менің үшін жоқ шығар. Жүрсемдағы Алтай менен Хангайда, Сол төбені аңсап жүрек жоқсынар. Балаусасы басталатын іргеден, Жер ұйығым уыз ағар сірнеден. Ол жоқ жерде бабым, күйім кем түсіп, Жүрем ылғи ұмыт қалып бірдеңем. Ақылым шақ, тар болса да тұлыбым, Жырмен басқан аш көңілдің құнығын. Көп тыңдаған шежіредей қарттарды, Қызылтөбе деген жердің ұлымын. Өзіме шақ шаттығымның тұрағы, Болғаннан соң жүрек солай бұрады. Менің үшін сол төбенің еңсесі, Гималайдан биік шығып тұрады. *** «Жеке батыр» жел жағында сыбанып, «Үш аруың» ық жағында сыланып. Шіркін Көкше! Төрт құбылаң сай тұр-ау, Оқжетпесің космосқа сұранып.

─ 203 ─ Болсамдағы екі-үш-ақ күн, аз-ақ күн, Сенде көрген кербездікке ғажаппын. Қас батырға жібермеген есесін, Қас сұлуға есі кеткен қазақпын. Оу, Көкшетау! Қас сұлуым, кербезім, Сына мені, жыр-шабытты бер де өзің. өлең болып құшақтассын өзіңмен, менің дағы шалқар шағым, дер кезім. Сұлулық пен даңқ деген мінбелес, Соның үшін күнде майдан күнде егес. Мені ептеп күндесе де біреулер, Сені сірə, күндемес те, үндемес. Жер бетінде саған теңдес тұрарлық, – Тау жоқ! – дейді, мендегі тау құмарлық. Оу, Көкшетау! Келбеттім-ау өзіңе, Жүрегімді тағып кеттім тұмар ғып. *** Ат қоюға данамыз, Кейде тіптен шатақпыз. Бурабайды (қараңыз), «Боровое» деп атаппыз. Тұспалдасам ұят-ау, Енді киер «кепкесін». Бара-бара бұл атау, Борбай болып кетпесін.

─ 204 ─ Ауылымның ақ қанат арулары Атқан таңмен сыланып тайталасып, Əн-пернесін еңбектің қайта басып. Шығып келе жатады күнмен бірге, Ақ Отаудың есігін айқара ашып. Елеңдеген жүрегі ел ісіне, Елік мүсін, ауылдың перісіне. Күн сұқтанып қараса, ару көзі, Ең алдымен түседі желісіне. Балаусалы шалғынды қосып асап, Қос бүйірі томпиып, көсіле сап. Ыңырана күйсеген бұзауларын, Түгендейді жанарын тесіле сап. Елестетіп, аққудың ақ қанатын, Киініп ап үстіне ақ қалатын. Еңбек тойын бастайды, күн сайынғы, Шабыттана, шаттана атқаратын. Мөшкелері ай мүйіз, ояң маңдай, Ұйқысынан түс көріп оянғандай. Керіледі жер сызып желіндері, Жалт-жұлт етіп нұрменен боянғандай. Табын баптап өсіріп сүттісінен, Тəмсіл болып танылған құтты ісімен. Аққу қанат, ақ тамақ арулардың. Айнымайды өңі де сүт түсінен. Алтын сəуле қолдағы жүзігіндей, Мама емшектер Кавказдың жүзігіндей. Ақ моншақтар шелекке сауылдайды, Ақша бұлттың үлпілдек үзігіндей.

─ 205 ─ Сүт сабаның тұрғандай иі қанбай, Тыншымайды саусақтар құйып алмай. Байқасаңыз шелекке ақ сүт емес, Көшпелі алтын көлкілдеп ұйығандай. Мекен салып ақ желкен, күміс тауға, Ауасымен саумалдай тыныстауда. Ақ қанатты осынау арулардың, Жеткізсе екен қолынан бір ұстауға. .

─ 206 ─ Қызыл тымақ Білдірмекші болды ма, қызылға ауған көңілін, Ауылымның шалдары қызыл тымақ киетін. Ат жаратып, құс баптап, əнмен таңын атырып, Толқындаған күйменен домбыраны сүйетін. Қолдағысын бөлісіп, қызық думан құратын, Көріспесе бір апта, сағынысып тұратын. Бір-бірінен тартпастан атан түйе, құр атын, Бірлікте деп ұғатын – тірліктегі мұратын. Бірін-бірі аялап, Бірін-бірі жебейтін. Қиын қыстау күнде де сен қалайсың демейтін, Балаларын ауысып, қойнына сап асырап, Бірін-бірі көтеріп, қыран құсқа теңейтін. Өту үшін шығармай, жаман атын, жалқы атын, Бар дəулетін туыстың мүддесіне сарқатын. Қарамастан ешқашан руына, ұлтына, Туыс болам дегенді бауырына тартатын. Сол есілдер жоқ бүгін, қыран құстай таранған, Қызыл тымақ сонда да шығар емес санамнан. Енді қалған төрт-бес шал қызыл тымақ кимейді, Əйгілеуге қайғысын киеді олар бараннан. Ұлымның да ойынан сол бір тымақ тозбайды, Тымақ көрсе дəл сондай – сағынышы боздайды. – Атамыздың тымағын біреу киіп апты – деп, Жүректегі жарамды жандандырып қозғайды. Бұл күндері көзіме қызыл тымақ шалынса, өртенеді өзегім өртенеді жалынша. Болды деймін ақыры – символы боп солардың, Көкжиегім мəңгілік қызыл нұрға малынса.

─ 207 ─ Қожа шөп Арасан басы. Сан-түрлі сырқат жиылған, Келген бар, тіпті, жол шегіп қия-қиырдан. Жатырмыз жайлы Шегіртай деген мекенде, Бөлісіп татып азғана дəмді бұйырған. Жазылам деген күдерін əркім үзбейді, Ынтығып тұрып дертіне шипа іздейді. Қиылып тұрып қайталап сұрап алады, Шипалық жайлы қалжыңдасаңыз да сіз мейлі. «Қожа шөп» деген дəрі бар дейді тамсанып, Шипаның сонда бəрі бар дейді жар салып. Кептіріп алып, қайнатып ішсе болғаны, Сырқатты жойып, береді-дейді– жан салып. ... Түс көрдік түгел тапсақ деп соны армандап, Аптыққан көңіл түрі жоқ тіпті алданбақ. «Қожа шөп» деген дəріні қолға түсірсек, Тосатын сынды шаттығын сыйлап алдан бақ. Аттылы-жаяу арасан басын кездік те, Аттандық ерте бар жерін ептеп сездік те. Шипасын тауып сырқаттан əбден айығып, Қоялық дедік соңына соның тез нүкте. Шипалық үшін шағындап алмай, мол алып, Арасан басын айнадай етіп тонадық. Ойласақ достар, «зұлымдық» екен мұнымыз, Қалғаны болса бірігіп бас-көз болалық. Тиді ме, жоқ па кім білсін оның көмегі, Сауықса əркім, болды деп содан көреді. Меніңше бұлай тозғанша мүлде тоналып, Арман боп сол шөп табылмай қойса жөн еді.

─ 208 ─ Құдалар айтысар сыр – Қарға тамыр халықпыз, Ел салтына қанықпыз. Қыз алысып, қыз беріп, Құдаласып қалыппыз. Бүгін тауып таныппыз, Сырымызға қаныппыз. Арқасында жастардың, Құда болып қалыппыз. Құдай дескен құдамыз, Бірге сауық құрамыз. Жақсы болса арамыз, Араласып тұрамыз. Тату болса арамыз, Жоқтың бəрін табамыз. «Құда-деген мың жылдық» – Деп кетіпті бабамыз. Қатем болса, қойма айып? Шындап күліп ойнайық. Ең əуелі көңілді, Кір шалмауын ойлайық. Біте қайнап өзіміз, Балдай болып сөзіміз. Кəдірлесіп өтейік, Жұмылғанша көзіміз. Бер жағымыз сіз болып, Аржағымыз сыз болып. Жүре келе тіліміз, Қадалмасын біз болып.

─ 209 ─ Мас тиынды есептеп Жоқтаспайық кесектеп, Іш жимайық, тұрса да, Дұшпанымыз өсектеп. Сатулы боп сəлем де, Селбеспейік əреңге. Бізден тату өтпесін, Мынау жайсаң əлемде. Қызыққа да батайық, Мəз-майрам боп жатайық. Жарты мейіз болса да, Тең бөлісіп татайық. Осы айтқанды ұғыңыз, Бақыт болып жұғыңыз. Жарығымыз сөнгенше, Жазылмасын жұбымыз. ІІ – Мұныменен қоймайық, Той жасайық, тойлайық. Екінші де жастардың, Үй болуын ойлайық. Биік еді зердеңіз, Ұсақ салтты термеңіз. Үй басына бөлшектеп, Қоржын салып келмеңіз. Ол – дүние болмайды, Оған көңіл толмайды. Мықты құда болсаңыз, Көрсетпеңіз ондайды. Тұман басып санасын, Достың көріп табасын.

─ 210 ─ Бұрынғылар емеспіз, Малға сатар баласын. Алтын артып жет, мейлі, Маған əсер етпейді. Ақтотымның бір ғана, Тырнағына жетпейді. Аз сөзіме дес бере, Еске алыңыз ескере. Ешқашанда мен сізден, Дəметпеймін ештеңе. Сіздің ауыл «тоналса», Біздің ауыл оны алса – Масқара ғой! Бір отау, Көтерейік онанша. Осыған ой бөлейік, Думанды бір көрейік. Қоржын салар қаржыны, Балаларға берейік. Қыз бердік деп күшейіп, Жатпай, біз кеп түсейік. Бір шəйнек шай болсада, Бөліп-жарып ішейік. Жақсы айттыңыз өзіңіз, Алтын болсын сөзіңіз. «Кəдірлесіп өтейік, Жұмылғанша көзіміз»... Оу, құдағи – қадірлі, Туысым бол кəдімгі. Бұл əлемнен таппайын, Сізден асқан əділді.

─ 211 ─ Ала көрсем адамды, Халық берер бағамды. Қолыңызға тапсырдық, Ел мақтаған баламды. Ұстасаңыз жүдетпей, Мінезі бар жібектей. Алғырлығы тағы бар, Қайтарылған түлектей. Үйір емес кеңеске, Жанымен қас егеске. Байқасаңыз үкідей, Үлпілдеп тұр емес пе! Жүрер көптің соңында, Емес өлі момын да. Ілмесі жоқ тілінде, өнері бар қолында. Жоғыңа да барыңа, Тең келеді бабы да... Алқам салқам жүретін, Салақ емес тағы да. Болмас ашу – шоқпары, Ақылында тоқтамы. Екі айтқызып ұқпайтын, Мұтшақтығы жоқ тағы. Ашық-жарық жүреді, Күлсе-шындап күледі. Қай-қашанда, кімнен де, Ұялмасын біледі. Таңдайдағы балымыз, Маңдайдағы бағымыз.

─ 212 ─ Жанып тұрған бағым деп, Құшақ жайып алыңыз. Атқан жарық таңымыз, Таңымызды таныңыз. Күлімдеген күнім деп, Алақанға салыңыз. Көсеми болып шықса да, Көсеу болып шықса да. Байланысты сізбенен, Қабылдаңыз құт санап. ІІІ Кезек берген кеңеске, Ақылдылық емес пе. Ақылы бар құданы, Айналайын демес пе? Айналайын құда – екем, Айналаңыз нұр екен. Құт – береке дегенім, Аузыңызда тұр екен. Айналайын құда – екем, Алдыңызда «құл» екем. Əрбір айтқан сөзіңіз, Атқа бермес – пұл екен. Тасып отыр мерейім, Сөзіңізге ерейін. Қолымдағы барымды, Балаларға берейін. Отау құтты болсын деп, Ішіне əн-күй толсын деп,

─ 213 ─ Балалардың басына, Мəңгі бақыт қонсын деп. Тойдың басын бастайық, Думандатып тастайық. Құтты отаудың төрінде, Отырайық қасқайып. ... Ескі салтқа қосылмай, Сыйласатын досымдай. Айналайын ағайын, Менің құдам осындай!!!

*** Ағайын-ау, мұнша қалай сезбеген, Жаңбыр сынды хал сұраған сөз деген. Бүкіл айыл сағынышын ақтарып, Айтып жатыр көңілменен, көзбенен. Қарағым-ау. Мұнша қалай шыдағам, Бетімнен кеп сүйіп жатыр бір ағам. Бір-ақ жылда бүкіл ауыл сағынып, Астатөк боп жиылыпты-ау сыбағам. Төркін деген неткен ыстық ел еді! Мəртебемді бүгін көкпен теңеді. Балбөбектер «ағам» келе жатыр деп, Сонадайда құйындатып келеді. Жете алмастай оған жүйрік құлан да! Сағындырсам қайтер еді бұдан да?! Бүкіл адам сыртқа шығып қарсы алып, Мəз болып жүр құдағи мен құдам да. Келіп жатыр үйге сыймай үйіліп, Келіндерім сəлем берді иіліп.

─ 214 ─ Бір «тентегін» жетелеген кемпірлер, Күміс моншақ жанарында түйіліп. Аурудан аздап бейнет шексем де, Сауығамын жайсаң ауылым, тек сенде! Туыстарым, сендер есен болсын деп, Көтерейін, бүгін өліп кетсем де!

─ 215 ─ Ауруханада Аурухана – екінші үйім, Дəрігер менің туысым де. Дейтін сынды ол: Бекін, түйін. Сезеді оны қу ішім де. Дəрі – менің балым сынды, Құмарланып тататұғын. Екпе деген жалын сынды, Бойымды алау ататұғын. Кетпесін деп көрге түсіп, Күтуші қыз – қарындасым, Кеуде қысып, Кермек ішіп, Барады өтіп жарым жасым. Қыз қолында болат ине, Тамырымда салады ойын. Дегендейін оңа, түйре, Балбырайды тұла бойым. Жасағандай мал-басқа есеп, Өзімді – өзім баптай қонып. Ығыстаймын, жамбас төсеп, Тебетұғын аттай болып. Қыз қолында болат ине, Бұлшық етте салады ойын. Түскендейін жайлы күйге, Балбырайды тұла бойым. Бір күн күліп, бір күн қорқып, Өлмейін деп əбігермін. Қуатымен жүрмін жортып, Көзтанадай дəрілердің.

─ 216 ─ Арасан сай Арасан сай! Аттап ем босағаңды, Көңілім шалқып, көсегем қоса ағарды. Теріп күнде бөбегім, мəз мəйраммын, Қызылқат пен қарақат, тошалаңды. Бұлағыңды құлдасам балық қуып Балағымнан тартады шабыт буып. Қыр қазағын сипаттап жыр жазамын Өлең деген жұлдызым жанып туып. Бедерлесем беткейін құм– шағылдың, Жұпар исі аңқиды жусаныңның. Бəрі шипа төсіңнің, бəрі дəрі, Жүргендеймін ішінде нұр-сағымның. Арасанын балқытып бұлаудайын, Ойнақ салған сырқатты бұғаулаймын. Арасан сай құт– мекен айналайын, Бар қажетім өзіңде тұр-ау дайын. Қымыз деген бал барын, сүт тағамда, Не жетеді түсіне құптағанға! Өкінемін бұл өлке ұқпағанға, Құмарлана, құныға жұтпағанға. Қой қаптатып таулардың қатпарына, Қамшы басып сəйгүлік аттарына. Қырандайын қияға өрмелейді, Алпыс асқан ақсамай қарттары да. Көз салсаңыз алқапты сайға мына, Жолығасыз малшылар жайлауына. Жусан иісі жұпардай сезіледі, Бал татиды ұйыған айраны да.

─ 217 ─ Мұнда жақын аспанмен арақашық, Бұлт түнейді таулармен араласып. Мөлдір моншақ құлайды кірпігінен, Қарамайды қатайса, қабақ ашып. Түндікпенен желіде жағаласып, Тақияңмен ойнайды ала қашып. Бірақ таулар беп-бейғам көсіледі, Жайып салып кеудесін алаң– ашық. Қоңыраудай сыңғырлап бұлағы үнді, Еліктіріп тұрады құлағыңды. Тау басына қарасаң етегінен, Жерден тауып аласың тымағыңды.

─ 218 ─ Өмірге келгенде... Онда мен жаңа жанған шырақпын ғой, Шыр етіп жер төсіне құлаппын ғой. Жатырқап мынау жайсаң дүниені, Еңіреп ағыл-тегіл жылаппын ғой. Білсемші, бұл тірліктің мəн, аңғарын, Əлпештер əкем менен анам барын. Білсемші жайсаң жанды адамдарын, Бақ тілеп менің үшін алаңдарын. Ұқсамшы аялайтын елім барын, Өсірген алақанда сенім барын. Ұқсамшы адам деген атқа ие боп, Арнайтын сол еліме терім барын. Білмеппін өмірдің жол, жосындарын, Адал жар, ақ жүректі досым барын. Білмеппін аппақ шаңқан қосым барын, Сыйларын замананың қосып дарын. Ұқпаппын сəуле шашып жанарымды, Жігіт боп бір кəдеге жарарымды. Ұқпаппын бақыт, шаттық табарымды, Бөбекке əке болып қаларымды. Ал, бүгін, отымды маздап жанған сайын, Ататын ұзағынан таңды аңсайым. Кешегі жат көрінген өмір тірлік, Ыстық боп бара жатыр барған сайын. Боларын кім біледі жайттың нендей, Тұрады өлім сөзін айтқым келмей. Кеп-кеше ағыл-тегіл жылап келсем, Жүр бүгін бұл өмірден қайтқым келмей.

─ 219 ─ Автопортрет Авторлық шын – портреттен үзінді, Берейін деп емешегім үзілді. Берсем деймін өңбетімді өрнектеп, Таниды жұрт онсыз дағы жүзімді. Бір байқасаң – қайыспайтын батырмын, Бір қарасаң – морт сынатын пақырмын, Көп алдына бет-бейнені, қалқан ғып, Нағыз өзім жасырынып жатырмын. Мына бетім – көпті көрген көн-бетім, Іште жатыр нағыз ақын, өң бетім. Бармақ бүкпей адалыңнан жарылсаң – Морт сынамын, Тез көшемін, жөнге тым. Момындықпен қоңыр болса қой қалай, Мен де сол ем, Еш жамандық ойламай, Өскен едім. Күдіктеніп біреулер, Танымай жүр тереңіме бойламай. Өмір – түлкі бармақты да тістетті, Келе-келе қулықты да істетті. Сондықтан да, байқасаңыз анықтап, Бет – əлпетім барометр іспетті. Кірпігіме қонса күздің шықтары – Шындық мені мықтап тұрып жыққаны. Бір қызарып, бір сұрланса бет-перде, Ашуымның атой салып шыққаны. Жымың етсем жылы қабыл алғаным, Үнсіз қалсам – сізге салмақ салғаным,

─ 220 ─ Ертең десем бүгінгі істі шегеріп, Көңіл жықпай, Екі ойлы боп қалғаным. Талпынамын жақсылықты ұқсам деп, Ұмтылмаймын жасықтарды ұтсам деп. Кім болсаң да иықтасқым келеді. Ойламаймын именшектеп, бұқсаң деп. Тастай сараң. Емеспін тым береген, Мені ұтады – есіне алып елеген. Бетім шұбар болғанымен ішім ақ, Жұмбақ деші бұл адамың не деген?! Əй, өлең сені қалай қояр екем, Қайткенде қызығыңа тояр екем, Басымда жыбырлап жүр сан мың ұйқас, Қайсысын қай жеріне қояр екем?! Бірінің буыны артық біреуі кем, Бірінің бірі тұрар тіреуімен. Сирағын буынсыздан буындасам, Сыншының көз ашпаспын іреуінен. Оңбайды омыртқадан бөлшектесем, Сондықтан жалғауынан өлшеп кесем, Кей ұйқас тіл ұшында дөңбекшиді, Болмайды оған жарық көрсетпесем. Тастамай шылау дейтін сынасын да, Қалаймын анасын да, мынасын да. Бəрінің орнын тауып жымдастырып, Қалжырап жолығамын шын асылға. Кей кезде апыр-топыр түйдектеліп, Ұйқастар сап құраса билеп келіп. Кей шақта қара тер боп қосақтаймын, Сөздерді қоймадағы сүйреп келіп.

─ 221 ─ Сөздің де біреуі үлкен, бірі кіші, Оны да салмақтайды тірі кісі. Ірісін бас табаққа бөлмесеңіз, Кетеді өлеңнің де іріп іші. Өзімен өзі ғана айланысып, Жүретін «маскүнемдей» айлап ішіп. Сөздің де талай шатақ, тентегі бар, Қалады байқамасам байланысып. Əй, өлең сені қалай бояр екем, Қайткенде қызығына тояр екем. Өмірден тату – тəтті өту үшін, Қай сөзді қай жеріңе қояр екем?!

─ 222 ─ Менің тілім Менің тілім емес, сірə, азған тіл, Болса – болар тұқияңды қазған тіл. Менің тілім – əрқашанда ұлы тіл, Ұлы Абай мен ұлы Мұхтар жазған тіл. «Бойыңды алып, əн боп кіріп құлақтан, Дұшпанды да қырқай шалып құлатқан. Жылағанды Абыз болып жұбатып, Екі көзді ажыратқан бұлақтан. Менің тілім тозбас мүсін қашаған, Қобылан мен Ертарғынды жасаған. Хан-сарайға бірге кіріп тазшамен, Хандарыңды алып ұрған ашадан. Фарабимен құдіреті білінген, Ұлы тілмен сойлеп тұрмын бүгін мен, Космодром – Байқоңырдың өзі де, Аталған ғой менің ұлттық тіліммен!

─ 223 ─ Жылдар-ай... Айтылар боп тоқсан ойдың толғамы, Сайрайтын боп бұлбұл біткен сондағы. Бір əбігер өтіп жатқан кез еді, Ата – аналар жиналысы болғалы. Жайғасып ем сол қолдағы шетке мен, Болмаса да ешкім мені шеттеген. Сол жиыннан үмітті едім мен дағы, Бар сынды еді пікірлерім ептеген. Жел жетпеген дүлдүл ме, əлде мықты ма? Бір келіншек менен бұрын шықты да. Жүре берді жастығымды еске сап, Ойларымды ойран етіп жықты да. Асау еді ол, маңайласаң тулайтын, Бала біткен «қағанақ» деп шулайтын, Шатынаған шу асау ғой деуші едік, Арқанға да, шідерге де тұрмайтын. Қандай мықты екен бұған зер салған, Бұғалықтап, жуасытқан, ер салған?! Жауырыны жерге тиген сияқты, Балуандай аңғал ұстап, кем шалған. Тайпалады су жорғадай көсіліп, «Отырмын деп алты бөбек өсіріп» Əлде кімді шымшып сынап қояды, Пиғылы бар мақтанғандай төс ұрып. Ұстаздар да білімдерін бұлдамай, Таңданады: «Сөйлейді – деп – бұл қалай?!» Мен отырмын еске түсіп қайдағы, Шу асауды жуасытқан жылдар – ай!

─ 224 ─ Алты күн «əйел» болғанда Табылған соң дəмді асың, дару асың, Кім елеген əйелдің шаруасын. Сөйтсек, достар, бейнеттің бейнеті екен, Бастарыңа ондай күн дарымасын!... От иесі кенеттен жараланып, Байқап едім үй күтіп, бала бағып. Көресіні көрдім-ау көргендей ғып; Сөндім əрең жалынға шала жанып. Қараңызшы құдай – ау, қашқан бақты, Бұл тірлігін «қатын» ғып ас қамдатты. Балаларға қуырдақ тураймын деп, Турап салдым алдымен басбармақты. Бұрынғыдай шайға да қанып анық, Маздап тұрар отқа да жарымадық. Жалғыз күнде мүгедек болып шықтым, Қос саусақты қышқашқа қарып алып.

Кетер ме деп қағынып тұлай болып, Саусақ қамын тіледім жылай қонып, Бірге қайнап жүрсем де шəйнекпенен, Шай дегенім шығады лай болып. Қиындықтан келді де іспен асқым, Мойындамай, мойымай күшке бастым. Сондадағы бабын бір таба алмадым, Дəм-татуы келмеді ішкен астың. Балалармен табанда жамандасып, Ілезімге бəсеңсіп, қалам жасып. Ас қамына қарасам – бала жылап, Ал, балаға қарасам, қазан тасып.

─ 225 ─ Болсаң-дағы қаншама алғыр, білгір, Əйел болып, отыңды жандыр шын бір, Дегендей-ақ бəрі де қасарысып, Аяқ бассам болады салдыр-күлдір Қас қылғандай икемсіз иесіне, Бор боп босай қалады жүйесі де, Маған қарай саудырап, құлап түсіп, Мені таба қояды күйесі де. Сөлекеттеу осы бір бетімменен, Ұқсатуға бəрін де бекінген ем, Жоқ-ақ шығар бір ыдыс біздің үйде, Сызат түсіп, ернеуі кетілмеген. Үйді аптап күтем деп баламды епті Алты күнде алты айлық бағам кетті. Сендім əбден көндіре алмасыма, Күйкі тірлік дейтұғын табанбетті. Сыйлап келген дəмді асын, дару асын Аруларға еш сырқат дарымасын. Бағалайық жеңімпаз əйелдерді, Əйелдердің машақат шаруасын.

─ 226 ─ Сəбеңмен дидарласу Озбаса да жүйрігім өрде менің, Ағаларға ойымды бөлген едім. Сəбемнен мен үш рет көрген едім. Азды– көпті нар алып білім жақтан, Кез еді ол күніміз күлім қаққан. Алматыда Сəкеннің жетпіс жасын, Белгілеген салтанат жүріп жатқан. Алпысыншы жылдардың басы еді онда, Толықсыған Сəбең де жас еді онда. Біздің дағы балапан сəттеріміз, Ойымызда ол кезде басады оңға. Сəкең жайлы əркім ой толғап еді, Толғамды оймен газеттер толған еді. Сəкен ақын кезінде дəріс берген, КазПИ-де де бір жиын болған еді. Бұл жиынға жақсының бəрі келген, Гүлбахрам – ақынның жары келген. Сəбең келген – қазақтың шаңырағын, Салып жүрген желмая нары келген. – Сонда Сəбең сөз алып былай деген: – Сəкен бірге жасайды күн-айменен. Парасаты, ақылы, ақындығы, Теңесетін жан еді құдайменен. Ондай қазақ– қазақта сирек еді, Тап жауына найзасын түйреп еді. «Тар жол, тайғақ кешуден» аман өтіп, Тап жауынан ақыры күйреп еді. Ондай қазақ– қазақта сирек еді, Сан дұшпанды тулақтай илеп еді.

─ 227 ─ Сан айқаста жағасын жыртып жүріп, Нұрлы таңға біздерді сүйреп еді. Ондай қазақ– қазақта біреу еді, Батырақтың бақандай тіреуі еді. Өзі басын ойламай өртке кірген, Тілегені өзгенің тілеуі еді. Ондай қазақ– қазақта сирек еді, Өлеңдіде ерекше билеп еді. Ақынбыз деп жүргендер кеуде қағып, Мақтанғанда Сəкеннің ширегі еді. Жаңа таңға риза ақын, Жаңаша бір ырғақпен толғанатын. Келбеті де келіскен сырбаз ақын. Таяғына сəл ғана қорланатын. Ондай қазақ– қазақта жалғыз еді, Бар болса да арасы андыз еді. «Көкшетау» мен «Қызылат», «Қызылсұңқар», Ағып өткен ақынның таңғы ізі еді. Бүгінгі той – мағанда ой бөлгені, Ұмытпайды Көкшетау көрген елі. Бұдан да асқан думанды тойы барын, Өкінішті-ау ақынның көрмегені?! Болсақ тірек, өзіңе болсақ тұрақ, Сəкенжаным! Бұданда бол шаттырақ. Ұрпақпенен мəңгілік жасайсың сен! Деген Сəбең көзінен моншақ құлап. Гүлін жайған алма ағаш, көк терегі, Алматының тағы бір көктемі еді. Апрельде– ақ киініп гүл түсімен, Аспаны да аппақ нұр төккен еді.

─ 228 ─ Көктемеде көркем жыр туады екен, Көңілдерге тəтті ой тұнады екен. Жазушылар үйінде сол жылдары, Жастарға ақыл беріліп тұрады екен. Көңіл бөлсе жастарға арнап анық, Сол ақылдан алуға қарман анық. Деген оймен біздерді Хасен аға, Жазушылар үйіне барған алып. Жас едік біз, бірақта, жалын едік, Ауыздықпен алысқан арын едік. Сəбеңдердің аяғын басып қалған, Шығармыз деп күпініп барып едік. Газет-журнал қадамын бағалаған, Үміт пенен тұлпарын тағалаған. Таланттар да бар еді ішімізде, Жазушылар Одағын жағалаған. Келіп біздер сыралғы дүлдүлдерше, Залға кіріп жайғасып үлгергенше. Болмай жатып ағалар келді жетіп, Келдік деген хабарды білдіргенше. Көрінетін шоқтығы көп ісінде, Сəбең де бар осынау топ ішінде. Ғали аға, Мұзафар, Сағи да бар, Хамит пенен Əбекең жоқ ішінде. «Сыншыларға жолығып топ алдында, Додаланып «ит жемі» болармын ба?!» Деген оймен абыржып отыр едік, Ақын екен ауданы олардың да. Қасен-аға біздерді таныстырып, Коя беріп өлеңмен жарыстырып.

─ 229 ─ Жырымызды соларға таратып жүр, Ағалар мен жастарды табыстырып. Ең бірінші– дегендей өз кезегім. Сəбең алды əуелі сөз кезегін. Қайда құяр екен деп біз отырмыз, Балғын жырдың ағызып кезбе өзенін. Ақылға бай, ағалық іске бекем, Тарландардың мерейі үстем екен. «Жүрегімді...», «Дайынға» деп аталған, Менің жырым қолына түскен екен. – Жастарға ортақ кемшілік-мынау-деді, Жылтыр сөзбен жырларын құрау-дені. Белі шықпай бесіктен жылап тұрып, Жыр жазатын бар бізде тұмау– деді. Аңсай күткен əлемнің бар адамы, Жырламай ма бейуаз замананы. Оққа түсіп кеудесін, отқа кірген, Жырламай ма ер əке, нар ағаны». Бізге деген пікірін нақтап қойды, -Сыйғызу жөн қалайда тақпаққа ойды! Жып жинақы өлеңі, ділмар ақын, Болады екен! – деп мені мақтап қойды. – Келген бала – бұл өзі ту алыстан, Өлең десе елпілдеп құрақ ұшқан Деп бір жақтан қостады Қасен аға, Төбем көкке жеткендей қуаныштан. Сөйледі өзге ағалар кезек алып, Өлең– жырға айтылды сөз ағалық. Былай – деді Мұзафар – аға маған, Өлеңімнен бір кеміс сезе калып:

─ 230 ─ «Жұлдыз ғып жүрегімді қада аспанға» Сəулешім қарап жүрсең адасқанда. Белгі етсін түнделеткен жолаушылар, Жылқышы құрық алып жал асқанда.» -Деген екен жас ақын өлеңінде, Басқа мін жоқ өлеңнің көлемінде. «Жал асқанда» дегені– келіспейді, Қалады осы сыншының елегінде. Кейбір ақын жырлайды. «Осы ұран» деп. Шала сыншы бас изер қосылам деп. Мұндай сөздер жағымсыз естіледі, Келіспеймін мен осынша осыған көп. Тыңдаса жұрт эфирден не дер еді, Бұл ақынның жаным-ау не дегені?» Деп аң-таң боп, бара алмай байыбына, Саған деген алғысын шегереді. Сақ бол жаным, ұйқасқа бағынғаннан, Сылдыр сөзден сылдырмақ тағынғаннан. Түк шықпайды балалар, жоқ болса отың, Ақындарға еліктеп табынғаннан. Шалалықтың молдығын сезіп ішім, Қабылдадым бас иіп өзім үшін. «Ой ойланып күніне мың толғандым», Азабына ақынның төзу үшін. Сəтті болып сондағы сыналғаным, Өсті бүгін мəуелеп шынарларым, Ағалардың алтындай ақылдарын, Күні бүгін естідім шығармадым. Гүлін ашқан балапан көк тірегі, Өлгийдің бір шуақты көктемі еді.

─ 231 ─ Көктемі де сол жылдың жайлы болып. Көңілдерде қуаныш көктеп еді. Айналдырған күміске қола түнді, Көктем түні сырласып қонатын-ды. Жиырманшы ғасырдың санындағы, Алпыс жеті дейтін жыл болатын-ды. Аймағымның алыстан қонағы кеп, Інілікпен, ізетпен қол алып ек. Əзірленіп, асыға күткен едік, Бейбітшілік кеңесі болады деп. Ұлы тойға түсердей кезендіріп, Қойған едік Өлийді безендіріп. Қонақтардың көңлін табарлықтай, Ойын жаттап жатыр ек, сөз өндіріп. Байырғы жер– «Бай бесік» тұрағында, Үлес қосты халқымыз ұлы ағынға. Бір қуаныш – бұл жолы аймағыма, Сəбең келді өкілдің құрамында. Сол баяғы ақ көңіл Сəбең келді, Сəбең келді – шежіре əлем келді. Өзі – тарих, өзі – жыр қазағына, Бүкіл Өлгий иіліп сəлем берді. Өлең жырдан бұйырған төл несібе, Жандар ғой деп, жатсын деп кең көсіле. Ақаңменен екеуін жайғастырдық, Қонақ үйдің бір үлкен бөлмесіне. Ауылды да асықпай аралаттық, Жай болған жоқ онда да дара баптық. Ақсарбасын қазекең айтып сойып, Əн мен күйге айналып бара жаттық.

─ 232 ─ Қонағының қабылдап ақ батасын, Сыйға тарттым ауылым ақ ботасын. Көзбен көріп қуанды балғындар да, «Кəдімгі Сəбит Мұқанов» атты атасын. Ауылымның келбетін мақтаны ғып, Жүрді Сəбең ағынан ақтарылып. Əңгімесі, ағаның шат бейнесі, Қалды біздің жүректе жатталынып. Айтты Сəбең кеңесін ақтарылып, Қалды бəрі жүректе жатталынып. Суретке де жайраңдап түскен еді, Қазақтығын əйгілеп атқа мініп. Балапандай жаңадан қанаттанған, Өлең– жырға құрық сап талаптанған. Жастар едік онда біз – балғын едік, Қойылатын қаталдау талап, талғам. Шеберліктің қазаны қайнатқалы, Жиналатын апталап, айлап тағы. «Үйірме» деп ол кезде аталатын, Жазушылар ұйымы аймақтағы. Қалайық деп ағадан ақыл алып, Жүрген шақта айта алмай батып анық. Деді Арғыш: – Жиналып барлығымыз, Ортамызға Сəбеңді шақыралық. Осы– ақылды күп көріп, қабыл алып, Айтпасақ та ел-жұртқа дабыра ғып. Құлақтанып қойыпты халық тегіс, Бір ауыздан бір құлақ қағып алып. Белгіленген уақыт болғанында, Театрға адам лық толғанында.

─ 233 ─ Сəбең келді, соғылып алақандар, Ізетпенен бас иді зор дарынға. Сəлем алып қос аға келе қалып, Ақаң төрге отырды ере барып. Сəбең бірден бастады əңгімесін, Қайта – қайта тамағын кенеп алып. – Кең дүние осынау əлемдегі, Құрылымы əр түрлі, əр елдегі, Бауырлардың аралап бір қаншасын, Тұрмысымен танысып келем– деді. Моңғол – деген туыстас қандасымыз, Ту ертеден қосылған мал-басымыз. Төркіні екен Бөрте атты шешеміздің, Үзілмепті əрқашан жалғасымыз. «Қой аузынан шөп алмас» момын халық, Қазақтың еш көрмегін қолын қағып. Бақыт қонған халықты көрдім мен де, Аңсай күткен арманым орындалып. Төтеп берген сан өрттің толқынына, Түскен ел ғой тарихтың мол сынына. Сендердағы бақытты екенсіңдер, Кіріп алған туыстың қолтығына. Ауылдарың сақтапты салтын мықты, Қонақжайлы, думанды, жарқындықты. Іргең тыныш, шаттықта екенсіздер, Ұрпақтарың өнерлі, қартың құтты. Таза ұстап, қадірлеп тілдеріңді, Ұнаттым мен дамыта білгеніңді. Момын бола біліңдер өздерің де, Болсын ылғи істерің ілгерінді!!!

─ 234 ─ Көне тарих ескі нарқымен, Деді Сəбең байсалды қалпыменен. Айтты одан соң Адайдың тентектігін, Қонысы бір Түркімен халқыменен. Əңгіме мен кеңеске қысылған ба, Тұрақ болған ежелгі мұсылманға. Меккеде де болғанын жасырмастан, Біраз кеңес қозғалды Мысырдан да. Көпті көрген дананың тұрғысында, Əңгімесін бір кезек бұрды сынға. Түрікте қазақтың сорлы екенін, Қалмағанын қазақтық тұрмысында. Мал боп жүрген шығыстың даласында, Пакистан мен Ауғанның арасында. Біраз ғана қазаққа жолыққанын, Бейшаралар естіп те сезінбеген. Осыменен кеңесін тауысты да, Сөз кезегі сұраққа ауысты да. Əдебиет жайына біраз тоқтап, Атап өтті қол жеткен табысты да. Үш сағаттық мерзімге таяп барып, Жиынымыз көңілді аяқталып. Қолтаңбасын ағаның алғаннан соң, Көңіліміз сап тауып, тояттадық. Өтелмеген парыздар мойында бар, Алда күткен мүшелді тойым да бар. Танытатын қазақты, тарататын Шежіре де жазбақшы ойым да бар. «Аққан жұлдыз» дегеннің соңын бағар, Ойымда бар. Көп нəрсе қолымда бар.

─ 235 ─ Келер болсам Тəтемнің жасына егер, Деп ойлаймын бəрі де орындалар. Сараң болма Ақтан, сен хат-хабарға, Дəм тат бізден, қолайлы шақта бар да. Мен де қарап қалмаспын бір очерк, Жазармын-ау – деп еді аттанарда. Сонан бері сан жылдар салды соқпақ, (Несібесін тірілер алды жоқтап) Келтірмеді сұм ажал мүмкіндігін, Абзал жүрек мəңгіге қалды тоқтап. Ауылымды мадақтап, мақтаны ғып, Шалқып күліп, ағынан ақтарылып. Жүрген шағы ағаның, шат бейнесі, Қалды мəңгі жүректе жатталынып.

─ 236 ─ Таумен жалғас тамырым Үйме таулар елімнің кені шығар, Тұнық көлі түймедей меңі шығар. Заманымның салмағын көтерем деп, Өзендері ақ айран тері шығар. Бара жатса нар – тауым босайын деп, Маңдайына алақан тосайын деп. Əбігермін, сол жүкті бірге арқалап, Өзеніне тамшымды қосайын деп. Бүркіт тау Таулардың бұл – болса керек үлкені, Жартастары жалы сынды күлтелі. Далдасына жасырынып ойнайды, Кең аспанның айы менен үркері. Дулығасы аспан төсін түртеді, Бұлт қалжыңдап бетіне су бүркеді. Шың басында қыран бүркіт сілкініп, Етегінде тауешкілер үркеді. Жазда тұман, қыста қырау – қонағы, Үйір жылқы өрістейді жоғары. Қыратында жусап жатқан түйенің, Өркешіне ұлар келіп қонады. Жел кеп ықтап, басып асау толқынын, Қар құшақтап алған шақта мол тыңым, Кетпесін деп маужыраған тау қалғып, Шопан аулы қытықтайды қолтығын.

─ 237 ─ Сырғалы суреті Ескі шөп мысық жүндей ұйпаланып, Кеткендей бетегенің мұрты ағарып, Сынаптан айнымаған тұнық бастау, Балығын балаусаңның сипап ағып. Көмкерсе күміс жиек ұстағандай, Жұтады қорғасын көл тостағандай, Жап-жасыл қырат біткен, жазық біткен. Бүліспен бірақ қаптап тастағандай. Қоң етіп үңгісек те мойымастан, Қойыныңда құс пен аңның тойы ұласқан. Ішіне ну орманның сүңгіп кетсең. Төбеңнен төнеді тек ойық аспан. Бұтақтар мүйіздесіп шыдамайды, Арасын жас балапан сыналайды, Орманның жабығынан сығалайды. Шыршалар сыланбай-ақ сал қайыңдай, Құбылып қалы кілем таңдайындай. Алыстан жарқырайды Сырғалы көл. Даланың маңғал қасқа маңдайындай.

─ 238 ─ Бесбогда келбеті Жазда көрсең, тап-тату абысындай, Қарсы алады жайраңдап танысындай. Көрінеді бүлдірген бұталары – Шабдар аттың көктеңбіл қалысындай. Күзде көрсең, толықсып паңданады, Тоғыз көлге үңіліп таңданады. Тақиясы баурына тиіп кетсе, Қарынсау бұлт шатынай шамданады. Қыста көрсең, түздің бір тағысындай, Қасқаяды аязға сағы сынбай. Етегінде жайылған ақтылы қой, Шаша салған тауықтың тарысындай. Ал, көктемде сұлудай таранады, Айна-аспанға ақ жүзін қаранады, Малшы ауылдан өрбіген қасқа жолдар – , Білемденіп тамырдай таралады. Келбеті мен тұлғасы келісімді, Мынау жайсаң заманның ері сынды. Ауылымның көкшулан түтіндері, Танауынан атылған демі сынды.

─ 239 ─ Бесқарағай Қысын тұтып, сенімен жазын тауып, Тəтті өмірдің жүрсе де назын таңып. Мың емес бұл, болмаса, бесеу– ақ деп, Жомарт бабам атапты азырқанып. Бесеу-ақ деп əуелі көзге ілмепті, Мың ағаштың жайында сөз қүрмепті. Сонда дағы қомағай лəпсі құрғыр, Қол тигізбей жүруге төздірмепті. Түніменен балтасын қайратыпты, (Айналаны күзеткен Ай батыпты) Қараңғыны жамылып таң біліне, Қарағайдың біреуін жайратыпты. Демін алып сол жерде түстеніпті, Қалғып кетіп ғажайып түс көріпті. Қарағайдың барлығы қару ұстап, Қамап алып, ақыры тістеніпті. Бірі тұрып: Қолыңды шабам! – депті, Сүйегіңді быт-шыт қып шағам! – депті. Жіберейік табанда күл ғып үрлеп. Депті бірі: – Қайырымсыз табан бетті. Ояныпты: Қоям – деп – пенделікті! Ауылын да таба алмай сенделіпті, Ақуалын сұраған ағайынға, Қарағайға тимеңдер! – дей беріпті. Тиым болып осылай тоңмойынға, Сол қарағай қалыпты сол бойында. Алтау болып көбейіп өсе алмапты, Құрымапты тұрса да жол бойында.

─ 240 ─ Рұқсатсыз тиіссе иесінен, Тірі бейнет тартады киесінен. Деп əжеміз айтатын аңыз қылып, Ұйытатын сөзінің жүйесімен. Бесқарағай! Қолдың бес саласындай, Сезінемін көзімнің қарасындай. Жоқ – ақ шығар өзіне жеткен кезім, Сағынышты сабыртып таң асырмай. Араласып көктемгі арайменен, Таңмен бірге өзіне талай келем. Жасырынып тұрғандай балалығым, Қарай берем, қия алмай қарай берем. Сағынамын ауылды Қырда тудың, Бір қызығың кем дей ме, Əлде менің сырқатымды емдей ме. Түсімде де ауыл мені шақырып, Қатық айран сағынамын мен кейде. Атақ алып «ақын» деген, «дөй» деген, Жүрсем дағы қалалық пен бейнемен. Күмбездейін əсем үйде жатып-ақ, Қидың исін сағынамын кейде мен. Көрінсе де сенсіз өмір шырынсыз, Жете алмай жүр жаман ұлың жырынсыз, Аңсап жүрмін асыл ордам – ауылым, Айналайын тірлігіңнен тынымсыз. *** Қаланың дырдуынан қажыған шақ, Үстімнен сыпырылып тəжі-мəнсап.

─ 241 ─ Қанат қып сағынышты құстай ұшып, Келемін туған жердің жазын аңсап. Жат – жұртқа жан емес ем таба қылған, Таниды ол көңілді – күйді қабағымнан. Тілазар болады-ау деп қауіптенбей, Сүйеді мұртты ауызымен табанымнан. *** Əкетсе де сиқырлап арман – құсым, Шықпайды естен жалын болып жанған тұсым. Қызылтөбе-ау, егделеп қалғанбысың? Көп болса да əкемнің немересі, Неге тау деп қозбайды делебесі. Жастық жалын сияқты жасыл өңің Қуқыл тартып қалғаны неменесі? Қыстау қайда? Құт қонған қора қайда? Саған ешкім жан тартып жоламай ма? Өз көзіме тұрамын мен өзім сенбей, Бағаласа гүлменен орамай ма! Шықпасам да қомқор боп қалауыңнан, Үзіп-жұлып берейін алауымнан. Шыға келші алдымнан балалық боп, Иіскейін кеп тарбиған танауыңнан. Ауыл концерті Іздемей ағаш сырнай, шойын аспан, Паш етіп шаттығы мен ойын асқақ, Қосылып мың дауысты хорға бəрі, Кетіпті шопан аулы тойын бастап.

─ 242 ─ Ширығып əн жарысы, күй таласы, Бұл тойдың көпке мəлім ұйықтамасы. Су толы бөшкелері – бас қобызы, Ащылы науалары – гитарасы. Асқақтап сары інгеннің тосын əні, Аш бөрі қыр астында шошынады. Қызыл қой баритонға басқанында, Бөрте ешкі альт болып қосылады. Ешкім жоқ бүгін осал соғатындай, Бəріне тұлпар талант қонатындай. «мə-мə» деп жас қозы да үн қосады, Түбінде мықты солист болатындай. Бəрі бар композитор, асқақ ақын, Түрі жоқ, именетін, жасқанатын. Ал шопан – бас дирижер, жетекшісі. Барлығын билеп – төстеп басқаратын. Шопан аулында Жырымдап түн ұйқысын сегіз бөлек, Белсеніп геологтай кен іздемек, Қолына шырақ алып, əр саулықтың Қарайды қозысына егіз бе деп. Шопанның орындалып бір тілегі, Ұшады көгершін боп күлкілері, Жас қозы тəй-тəй басып, аяқтанып, Маңайын шыр айнала түртінеді. Көз тастап қора жайға тоқырасақ, Шөп-нанын, кебек-жентке қосып асап, Саулықтар тойып алып қалжасына, Төрінде шіренеді көсіле сап.

─ 243 ─ Алтын жүн, əппақ сүт боп қызыл қойлар, Көктемде тұрып шопан күзін ойлар. – Ел білер Еңбек Ері болсам – деген, Арманға жетелейді қызу ойлар. *** Алаулап жаңа сала таң шырағы, Ауылдың оянады «аңшылары». Қанатын қалт– қалт еткен қомдай салып, Шағала тұмсығымен шаншылады. Ілікпей уысына жем-тілегі, Күйкентай тасқа түсіп мертігеді, Кіріп кеп шаңырақтан бала-торғай, Қона қап шымылдыққа ентігеді. Жалақтап көздің жасын ірке, жылап, Қияқты қоян жатыр бүркеніп ап. Кардиограммасын отпен жазып, Найзағай өте шықты бір төніп ап. Ауылдың жастарын да билеп сауық, Қойғандай биені де сирек сауып Желіден ағытылған қасқа құлын, Барады ноқта – жібін сүйреп шауып. Қымызға қанып алған кəрілер де, Шалқыса əңгімені əрі дер ме?! Айналсоқ, қылжақ тайын жүргізе алмай, Бір тентек үй сыртында əбігерде. Көңілі бір айығып, бір мұнартып, Үй жаққа бір қызығып, бір құмартып, Шығып ап тау басына күннен бұрын Қияда шопан отыр дүрбі тартып.

─ 244 ─ *** Төсеген еденіне қалы-кілем, Кең дала – малшылардың залы, білем. Туыс ол алыс-беріс ағайындай Əлемнің тау дейтұғын алыбымен. Сол залда бестүліктің басын қосып, Алдына алуан түрлі асын тосып. Жүреді сел жамылып селт етпестен Үстінен өтсе дағы жасын жосып. Жазғы таң оянғанда шырым алып, Отары соны өрісте шынылып, Қаз-қатар төбелерді отырғызып, Сөйлейді ол шың – мінберге шығып алып.

*** Тұрса да аспан төсі алаң – ашық, Құяды бұршақ жаңбыр араласып. Өкінішті өте бере төбесінен. Өресін бүкіл ауыл салады ашып. Келіңдер кезқұйрықпен «жағаласып», Оның да тоқтатпайды араны ашып, Қойса да айбар етіп тымақ байлап, Жас құртты барады, əне ала қашып. Қойшы Көзін сүзіп, көк аспанға қол жайып. Жүрмеген ол кілең ғана қой жайып. Ұғу үшін қойшыларды жаңаша, Жаңа өмірін, жаз көңілін болжайық. Көз салсаңыз қойшы деген кісіге Мүлде бөлек арманы да, ісі де,

─ 245 ─ Ірімшік пен қаймақ келмей ойына, Зəулім-зəулім үй кіреді түсіне. Қызыл, жасыл дала гүлін көп теріп, Киетіні қырым тон мен көк бөрік Кереғап пен кенеп қана бөктермей, Жүреді енді радио бөктеріп. Ауа райын үйінен-ақ бақылап, Керек десе астанаға қатынап Шыға келер институт бітіріп, Кең далада кең көсіліп жатып-ақ! Қоныс таңдап тарлан тауды жондаған, Ақ бурадай ақпанда да тоңбаған. Ат орнына мотоцикл қаңтарып Түйе орнына машинаны қомдаған. Бара қалсақ төрінде біз – төреміз! Ораламыз көкке жетіп төбеміз. Алтын – жүн мен əппақ сүті тасқындап, Көктем сайын ойнақтайды төлі егіз. Жаз жебеген, көктем шыңдап талабын, Осыларға қандай атау табамын? Қойшы демей кілең ғана қой баққан. Деген-ақ жөн министрі даланың! Диқан Саламын жандай болып тойда сынар, Тұрса да күн өртеніп ойға асығар. Диқандар иелері мол байлықтың, Жер деген жеті қабат қоймасы бар. Бетіне тақта-тақта шимай қонып, Егіндік қатпар-қатпар мидай болып.

─ 246 ─ Үзілсе маңдайынан мөлдір моншақ, Шығады үкі тағып, бидай болып. Жер қамын жатып тілеп, тұрып қалап, Демейді қолтығынан тұнық талап. Көктемде картоп сепкен алаңына, Кеткендей жүз мың аққу жұмыртқалап. Таппайсың күзде жомарт, салды мұндай, Алғыстар жауады жаз жаңбырындай. Ақ нанмен тұрады ол даңқын жазып, Жер оның алтын тыққан сандығындай. Бие байлау Аш мойнаққа шауып шыққан қояндай, Шықты да күн, дала жатты оянбай. Біздің ауыл түрегелді түгелдей, Сəл кешіксе, тойдан қалып қоярдай. Бөгде болса пейілдерін қоса ма? Жиналысып туыс-бауыр, дос, аға, Балбұлақтың жағасына тоқтады, Биебауға жарайды деп осы ара. Жүздерінде шаттық тауып келісім, Таңдап алып жердің жаттық-тегісін Домбыраның ішегіндей шерттіріп, Үш қазыққа тартты құлын желісін. Күнмен бірдей көңілдер де жайдары, Жылқыны да солай қарай айдады. Ең əуелгі ұстап алып айғырды, Желінің дəл басына əкеп байлады. Сал жігіттер жүректері игі, ізгі, Асаулықтың басын күшке игізді.

─ 247 ─ Жас құлынның шалма салып мойнына, Паң басына қайыс ноқта кигізді. Бəрі, бəрі жан-жағынан қаптады, Бірі ителеп, бірі сүйрей шаптады. Балғын құлын шығып кетсе қолыңнан, Тұрды атылып, жұлдыздайын аққалы. Қара тартып, құлынынан айналып, Биелер де қалды жіпсіз байланып. «Бие байлау» деген сөздің төркінін, Енді ғана тапқандаймын ойланып. Осылайша ауыл бие байлады, Қыз-келіншек дастарханын сайлады. Бабамыздың жоралғысы осы деп, Айғырдың да жал-құйрығын майлады. Шаттық билеп кəрісін де, жасын да, Ішті сонда желі-шашу асын да, Əңгіме де, ойын-сауық бəрі де Өтті бүгін биебаудың басында.

*** Ауылға кеп, демалыстан жүргенде, Тентек ұлдай шолжаңдаймын мүлдемге. Ерсілігі жоқ болса да өзі ме, Қолайсыздау бопты, ақыл білгенге. «Көп берсеңдер қона – түней жатамын» Аз берсеңдер азын берем батаның Бағыланның етін ғана ас етіп, Сусыныма «асау судан» татамын. Ағайыннан шыққан асыл тектім ғой, Десеңіздер-күтерсіздер! – деппін ғой.

─ 248 ─ Туыстардан сый-құрмет көрсем деп, Қайтып үйге есалаңдау кеппін ғой. Асқарбастан бұйырмасын еш енші Сары қаймақ ақ ірімшік жесемші! Қымызды емес, ашты арақты сұраған, Мен не деген ақымақпын десеңші? *** Қою жасыл тарауды өшіге асап, Қаптаған қой келе алмай төсіне шақ, Зоопаркте қажыған арыстандай, «Ақжал» жатыр аяғын көсіле сап. Қырды қаптап жап – жасыл бүліс – қаңбақ, Өрлемейді өңшең нар күйіс қамдап, Мен келемін ауылға айыр жолмен, Бір жол жатыр Ақжалды құйысқандап. Қырағы көз пайымдап қырандарша, Көкірегім менің шын сыр аңғарса – Көк түтіндер барады көкке атылып, Иреңдеген судағы жыландарша. *** Жаныңа ауыл – жұмбақ балдай жағып, Бағың да ілгеріпті шамдай жанып. Сонан боп ұмыта қапсың өткен күнді, Жүретін шеке ісіріп, маңдай жарып. Бұл күнде кеудең шалқақ, қойның мығым, Айнымай өзі бопсың толымдының Кешегі қан сөл жоқ іреңің де, Өзіне ұқсай қапты тобылғының.

─ 249 ─ Болар ма байлық-мыстан мыс тырнақты, Орныңда тəтті əзілдің мысқыл қапты, Ой түсіп алаң – ашық алақаның Мінезің қымыздықтай қышқылдапты Алтын күн табыспенен терлеп батып, Таңменен оянса екен еңбек – бақыт! Өзіңдей өзімшілдік кеселінен, Ауылым кетпесе екен кермек татып. Табиғат – алтын сарайым Сал табиғат! – менің алтын сарайым! Ақ қарыңды жағып алсын самайым, Көз жасыңды жүрегіме құйып бер, Өзенің боп өршеленіп шабайын. У-ға толып кетпесін деп маңдайың, Жыланныңның тақ тілінен шағайын, Бұлбұлың боп бұтағыңа қона қап, Тамылжытып мақтап əнге салайын. Қатпар таулар! – таусылмайтын қазынам, Саған өктем өтуші еді базынам, Сен түрегел! Мен жантая тұрайын, Төзе – төзе боларсың-ау қажыған. Сыр түйіндеп үкілі орман назынан, Қуат алып сыбызғының сазынан, Жаз боп күліп, мəз боп келе жатайын, Жыр құшақтап қайтқан жандай қажыдан.

─ 250 ─ Суретші табиғат Жүрсең дағы талай жыл жанасалап, Осындайда сырымды ал ашалап, Дегендей боп табиғат сыланады, Тұрмын жаңа көргендей тамашалап. Табиғат-ай! Шығатын долыланып, Тұра қапты-ау момақан болып анық. Бояй берген секілді даламызды, Бояудың ең жасылын қолына алып. Жасыл бүліс өзенінің атырабы Ағаштың да жап-жасыл жапырағы, Мүлгіп тұрған бұтақты дір еткізіп, Қона қалып көкегі шақырады. Ақ бояумен тауларға арқа сапты, Қызыл, сары гүлдерден алқа сапты, Көк бояудан өзенге жағыпты да, Тамыр – жолды сарымен тарта сапты. Қараменен жолақтап қыраттарды. Бұлақ етіп құйыпты сынаптарды Ықтиярсыз еркімді тартып алып, Сұлулықтың жайында сыр ақтарды. Түйсігімді есейткен балаң ойдан, Сұлу мүсін өмірі қала ма ойдан. Бұл табиғат недеген суретші еді! Репиннен айнытпай сала қойған!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙