TELEGEI

Home

Алаш Орда баспасөзі және Жүсіпбек Аймауытұлы

Нұржан Қуантайұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Алаш Орда баспасөзі және Жүсіпбек Аймауытұлы

Ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалым Нұржан Қуантайұлы қазақтың қазіргі жазба әдебиетінің негізін қалау-шылардың бірі, қазақ әдебиетінің классик жазушысы Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөз шығармашылығын арнайы қарастырады. Архивтерден қаламгердің бұрын белгісіз болып келген жүзден астам шығармасын, оның ішінде әңгімелері мен көркем очерктерін, фельетондары мен мақалаларын тапқан ғалым осы кітапта Жүсіпбек

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Алаш Орда баспасөзі және
жүсіпбек аймауытұлы
Өскемен

Аltay-Пресс
2013 жыл

УДК 821.512.122.О

ББК 83.3 (5Қаз.)

Қ-71

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және
мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша
шығарылып отыр

Нұржан Қуантайұлы.

Қ-71

«Алаш Орда баспасөзі және Жүсіпбек Аймауытұлы».

– Өскемен: «Аltay-Пресс», 2013. – 292 б.

ІSBN 978-601-7070-98-4 Ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалым Нұржан Қуантайұлы қазақтың қазіргі жазба әдебиетінің негізін қалау-шылардың бірі, қазақ әдебиетінің классик жазушысы Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөз шығармашылығын арнайы қарастырады. Архивтерден қаламгердің бұрын белгісіз болып келген жүзден астам шығармасын, оның ішінде әңгімелері мен көркем очерктерін, фельетондары мен мақалаларын тапқан ғалым осы кітапта Жүсіпбектің көсемсөз мұрасын тұтас шығармашылық жүйеде, бүгінгі көзқарас тұрғысында талдайды. Зерттеуде сондай-ақ жазушының бұрын белгісіз болып келген, баспасөздегі редакторлық қызметтері анықталып, архив құжаттары бойынша өмірбаянының ақтаңдақ тұстары қалыпқа келтірілген. Кітап филология, журналистика факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ жалпы көпшілік қауымға арналған. УДК 821.512.122.О ББК 83.3 (5Қаз.) Пікір жазғандар – Р. Тұрысбек, филология ғылымдарының докторы, А. Шәріп, филология ғылымдарының докторы ІSBN 978-601-7070-98-4 © «Аltay-Пресс», 2013

Сөз басы
XX ғасыр адамзат тарихының шеруінде біздің қазаққа
өте ауыр болғаны, әсіресе ғасыр басындағы алмағайып
кезеңдер, ашаршылық геноциді, екі бірдей жер-жаһан

соғысы, қызыл репрессиялар ұлтымыздың демография-
сын ойсыратып кеткені мәлім. ХІХ ғасырда-ақ толық от-
арланып болған қазақ халқы Ресей империясы құрамында
бірте-бірте

шетқақпай
болып,
жері
тарылып,

енді
отаршылықтың қамытын кигенін жан-тәнімен сезе ба-
стайды. Әйткенмен бірінші жер-жаһан соғысына дейін
қазақ қоғамының әлеуметтік сыпатында, рухани бол-

мысында жаңа серпілістер, соны өзгерістер бой көтере
бастаған. Империя езгісіндегі халық үшін, әсіресе ұлт
қамын, ел келешегін ойлауды мұрат тұтқан қазақ зи-
ялылары үшін мемлекеттегі саяси толқулар, отарлау

озбырлықтары, бірінші жер-жаһан соғысының басталуы,
өзге де қоғамдық-саяси өзгерістер бейтарап құбылыс бо-
лып қалмайды. Отаршылық ажырғысы мойнына киілген
ұлттар мен ұлыстардың көзі ашық азаматтары азаттық жо-

лын таңдауға ниет етеді. Ұлттық сана-сезім ояна бастап,
отаршы империяның өктемдігіне қарсы шығу керегін,
сол жолда қоғамдық-саяси күрестің жаңа сүрлеуіне түсу
қажеттілігін, ат төбеліндей болса да, қазақтың бірталай

оқыған азаматы түсіне бастаған.

Киіз туырлықты, алаш ұранды қазақтың ел мүддесін өз
басынан биік қойған, «қайткенде алаш көркейер деген ой-
дан басқа ойды өмірінде малданбаған» (Сұлтанмахмұт)
азаматтары – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,

Міржақып
Дулатов
секілді
қайраткерлердің

қадірі
ғасырдан ғасыр өткен сайын арта бермек. Бұлардың
қатарында Х.Досмұхамедовы, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов,
А.Бірімжанов, Ә.Ермеков, Р.Мәрсеков, Б.Сәрсенов сияқты

т.б. ұлт ерлерінің есімдері жартысы бүтінделіп, жоғы
түгенделген қазіргі тарихымызда, құдайға шүкір, лайықты
орнын алып жатыр. Ұлт тәуелсіздігін аңсаған бұл топтың
зор қызметі өз заманының тасқа түскен тарихы – ХХ ғасыр

басындағы іргелі басылым – «Қазақ» газетінде айқын
көрінгені рас. «Оянған ойдың бетін түзеп, жолға салып,
ілгерілеуіне қамшы болған «Қазақ» газетінің» /1/ үлгісін
көрген Жүсіпбек Аймауытұлы да ел болашағын ойлап,

алаштың рухани жүгін көтеріп, қазақ мәдениетінде мол
қазына қалдырған қаламгердің қатарынан орын алады.
Ұлт зиялыларының қоғамдық қайраткерлігін, ел
үшін еткен қызметін айтпағанда, соңында қалдырған

шығармалары, оның ішінде көсемсөз мұрасының өзі
алаш мәдениеті тарихында өзгеше тұрпаттағы, айрықша
сыпаттағы мирас екенін тәуелсіз ел болған кезімізде анық
таныдық. Бұл ретте әдебиетімізге қайтып оралған Жүсіпбек

Аймауытұлының енді баспасөздегі қызметін анықтау,
оның ішінде Алаш Орда қозғалысының ықпалымен жарық
көрген баспасөздегі еңбегін бағамдау, көсемсөз еңбектерін
тауып, ғылыми айналымға енгізу күн тәртібінде тұрған еді.

Көсемсөз шығармашылығы XX ғасырдың басын-
да қазақ ұлтының тыныс-тіршілігінен, қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өмірінің әр
қырынан хабар беретін, ұлттық сананың өркендеуіне

үлес қосқан біршама қаламгердің шығармашылығы мен

қазақ баспасөзіндегі қызметі арнайы зерттеле қойған
жоқ. Сол кезеңдегі қазақ жазушыларының ішіндегі
бірегейі, руханият саласындағы ірі тұлғалардың бірі
Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ демократиялық баспасөзінің

қалыптасуына көп үлес қосты. Заманында көркемсөз
бен көсемсөз қайраткерлерінің бірі болған оның мол
шығармашылық
мұрасы

коммунистік-тоталитарлық,
қызыл режимнің үкімімен совет кезінде (1930 – 1988
жылдар аралығы) зиянды деп табылды. Қоғамдық-саяси
көзқарасы, әдебиеттегі принциптері тұрғысынан айыпта-

лып, соңында қалған барлық шығармашылық дүниесі тас
қабырғаның ішінде жатқаны осы күні көпке мәлім. Соңғы
он жылдың мөлшерінде ғана Ж.Аймауытұлының есімі
мен шығармагерлік мол мұрасы, бай рухани қазынасы

ортамызға қайта оралып, қазақ ұлтының рухани игілігіне
айналғаны белгілі. Сол себептен де «көркемсөздің көкорай
көкмайсасы» (Д.Әбілов) болған дарынды қаламгердің
ұлттық баспасөзіміздің тарихындағы алатын орнын,

қазақ көсемсөзінің дамуына қосқан үлесін бүгінгі іргелі ел
болған шағымызда ғана ғылыми-методологиялық негізде
зерттеуге мүмкіндік тиді.
Қазақ әдебиеті мен баспасөзінің тарихын толықтыру

үшін Жүсіпбек Аймауытұлының мол шығармашылық
мұрасын түбегейлі зерттеу керек екені қаламгер саяси
тұрғыда ақталғаннан кейін ғана, ХХ ғасырдың соңғы он
жылында анық байқалды. Міне, бұл еңбек – сол талапқа

орай жазылған зерттеу еді.

І бөлім
Алаш Орда
баспасөзі және Жүсіпбек
Жүсіпбек қай жылы туған?

Бүгінде аты мәшһүр көрнекті қаламгер, қазақ әдебиетінің
классигі Жүсіпбек Аймауытұлының өмірбаянының жалпы
сұлбасы біршама белгілі. Әуелі оның туған жылы жөнінде
бірсыпыра деректер болды/12/.

Қазақстан
компартиясы
Орталық
комитетінің

қорытындысы мен Аймауытұлының туған қызы Музадан
алынған, жазушының қайтыс болғаны жөніндегі куәліктің
негізінде қаламгер 1889 жылы дүниеге келді/13/ деген
тұжырым қалыптасқан болатын.

Десе де, Қазақстан республикасы Орталық мемлекеттік
архивінде (503 қор, 22-3, 176-парақ) сақталған Семей
мұғалімдер семинариясы куәлігінің бір нұсқасында жазу-
шы «1892 жылдың 30-ноябрінде туған» деп көрсетілген.

Ал 1921 – 1922 жылдары Қазақ республикасы Орталық
атқару комитетінде (КирЦИК) қызмет істеген қаламгердің
Қазақстан республикасы Орталық мемлекеттік архивінде
сақталған жеке іс-парағында туған жылы жазылмайды.

Бірақ Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік
архивінде қаламгердің өз қолымен толтырылған жеке іс-
парақтары сақталған. Сол кездегі Сырдария губерниялық
қазпедтехникумының 1926 және 1927 жылдары жазылған

бұл құжаттарында Жүсіпбек өзінің туған жылын 1988
деп көрсетеді (147-қор, 33-іс, 17-парақ; 1-іс, 230-парақ), ал
кейбіреуінде «1888 жылдың 15-январы» (147-қор, 1-іс, 147
және 190-парақтар) деп күнін де атап береді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивіндегі мәлімет
сәл басқаша. 1929 жылдың 21-майында ГПУ тергеушісіне
берген жауабында жазушы 40 жастамын деп айтыпты
(011494-іс, 2-том, 115-парақ). Байқап отырғанымыздай,

Аймауытұлының туған жылы әр жерде әр түрлі жазылған.
Тіпті өзі де әрқалай көрсетіпті. Дұрысы қайсы?
Менімше, Жүсіпбектің 1928 жылдың январында Смағұл
Садуақасұлына арнап өз қолымен жазған өмірбаянындағы

мәлімет – нақты, дұрыс мәлімет. Осы хатында Жүсіпбек «мен
сиыр жылының аяғында (1890 жылдары) Қызылтаудың
баурындағы Қараның адыры деген жерде, Дәндебай ауы-
лында тусам керек» деп жазады.

Санай келсек, сиыр жылы 1889 болып шығады. Бірақ
қазақтың жыл санауы бойынша 1890 жылдың 22-марты-
на дейінгі, яғни Ұлыстың ұлы күні кіргенше алғашқы
үш ай да сиыр жылына жатады емес пе. Сиыр жылының

аяғы – 1990 жылдың январь, февраль, март айлары бо-
лып шығады. Ендеше Аймауытұлының 1928 жылы
Смағұлға жазған хатындағы көрсеткен мәліметін дұрыс
деп қабылдау керек.

Сонымен, Жүсіпбек Аймауытұлы 1890 жылдың 15-ян-
варында, сол кездегі әкімшілік-территориялық бөлініспен
айтатұғын болсақ, Семей губерниясының Кереку уезіндегі
Қызылтау болысының 1-інші ауылында, Қараның ады-

ры деген жерде (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
ауданындағы Жосалы ауылы) дүниеге келген.
Туған аулы Жүсіпбекті «Оймауыттың Түсіпбегі» деп
атаған екен, оны мен Жосалыға барғанда сондағы кісілердің

аузынан естідім. Әкесінің шын аты – Оймауыт, Жүсекең

құжаттары орысша толтырылғанда Аймауытов болып кет-
кен.
Жазушының
аталары

туралы
шежіре
деректері
бар. Оймауыттың әкесі – Дәндебай, оның әкесі – Қуан.

Жазушының жеті атадан қосылатын (күлік руынан) туы-
сы, әйгілі Мәшһүр-Жүсіп былай деп жазады: «...Танашбай-
дан Қуан бай жалғыз. Танашбай ел тауға қонып жатқанда
өлген екен. Сол күнде Қуанда үш жүз қой бар екен. Бір

жүзін сойып әкесіне ас беріпті. Қалған екі жүз қойдың бір
жүзі егіз тауып, Қуанның өз көзі тіршілігінде он екі мың
қой тұяғы болғанын көріпті делінген сөз бар. Қуан ба-
лалары - Дәндебай, Ордабай, Молдабай, Ноғай. Молда-

бай қотанынан бес мың тұяқ өрген күнін осы қалам ұстап
отырған - өз көзімен көзімен көрген кісі» (Мәшһүр-Жүсіп
Көпейұлы, «Қазақ шежіресі», Алматы, «Ғылым» баспасы,
1993).

Жүсіпбектің атасы Дәндебай Қуанұлы – Қызылтаудағы
Ақыл-Бейбіт ауылдарының старшыны болып қызмет ет-
кен, Қызылтау, Баян-Аула төңірегіне белгілі, дәулетті
болған кісі екен.

Хош, сонымен, жоғарыда көрсеткеніміздей, 1928 жылы
Смағұл Садуақасұлы берген жауабында жазушы өзінің
өмірі туралы былай деп жазады /13/: «5 жасынан 15-ке шейін
ескі молдадан оқып «Мұқтасарды» дендеп, «Нақу» оқып

барып қалдым. ...15 жасқа келгенімде мен мамандық құрып,
бала оқыта бастадым» деп жазады. Ескіше оқып қоймай,
өзінің бір туысынан орысша хат та таныпты. «Перевод
қарастыруға жарадым» деп жазады өзі. Он жеті жасында,

1907 жылы ауылынан алпыс шақырым жердегі Баянауылға
барып, орыс мектебінде оқиды. «Оспанның Серебрянни-
ков деген тілмашы мені тәуір көруші еді. Баянда соның
үйінде жаттым» деп жазылған анкеталық жауапта. «Баян-

да бір қыс оқып, екі бөлімін бітіріп, келер жылы Керекудегі

(Павлодар) қазыналық ауылшаруашылық (с-хоз) шкөліне
барып, емтихан ұстадым». Бірақ мұнда көп оқи алмайды,
екі айдан соң мектеп ережелерінің әділетсіздігіне қарсы
шыққан қазақ балаларымен бірге оқудан шығып қалады.

1909 жылы Баянауылдағы орыс мектебінің 3-бөлімін оқып
бітіріп, қазыналық оқу табыла қоймаған соң бала оқытуға
кіріседі. «1911 жылы ол ауылда оқытқан бір-екі баланы
алып, Керекуге тағы бардым. Со жылы Керекуде 2 класты

русско-киргизский школ ашылған екен, үшеуміз де соған
кірдік, – деп жазады Жүсекең. – Келесі жылы ол шкөлде
интернат ашылды. Интернатқа түстім. Осы шкөлде 4 жыл
оқып бітірдім» /14/.

Керекуде оқуда жүргенде Ж.Аймауытұлы «Қазақ»
газетін алып, оқып тұрған. Жазуға деген құмарлығы сол
кезден басталса керек. Оны өзі де растайды: «Ең алғаш
басылған сөзім 1913 жылы болса керек, бір ақымақ

алыпсатардың болыс болам деп, елге бір месте шай апа-
рып, елдің қулары болыс қоямыз деп, шайларын алып, бос
қайтқанын жазып едім, Бұл хабар «Қазақ» газетінде ба-
сылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен се-

беп болды»/14/.
Қаламгердің өзі айғақ берген бұл ақпарды «Қазақ»
газетінің тігінділерінен табу оңай болмады. Үйткені,
оның атынан берілген көсемсөз дүниелерін газет бетінен

ұшырастыра алмадық. Дегенмен географиялық ауқымды
және, ең бастысы, қаламгердің қалам ұстауына себеп ет-
кен, шағын ақпараттағы оқиға желісіне негіз болған, өзі
айтқан кішкене ғана жайтты еске сақтай отырып, 1913

жылы жарияланған материалдарды мұқият қарастырдық.
Соның нәтижесінде 16-октябрьдегі санында «Ішкі хабар-
лар» айдарымен берілген «Болысқұмарлық» деген ақпарат
Жүсіпбектікі деген тұжырымға келдік. Рас, мұның соңына

автор «И.А.» деп қол қойған екен. Біз бұл есімді «Иусф-

бек Аймауытұлы» деген аты-жөннің бастапқы әріптері
деп топшылаймыз, үйткені кейін, 1918 жылы «Абай» жур-
налында жарияланған дүниелеріне қаламгер «Иусфбек»
деп қол қойып отырған. Бұл – бір. Екінші, жоғарыда ай-

тып кеткеніміздей, географиялық ауқым мен оқиға бары-
сы басты дәлел бола алады. Шағын ғана ақпарды толық
келтірейік:
«Өткен жаз сайлауда Павлодар үйезі, Далба болы-

сында болыс боларлық орысша білетін бір кісі болмаған.
Мұны естіп, болыс боламын деп Павлодар жатағында
мелішпен кәсіп қылып жүретін Х.И. деген жігіт далақтап
еліне шауып барған. Болыстың ел аларлық пұлы 25 ша-

малы тақта шай, білімі қалада жүріп үйренген саудалық,
былдырақ, бес-алты ауыз орысша тіл еді. Шар салар-
да елубасылар болыс қоямыз деп байғұстың ноғайдан
вексельмен алған шайын алдап алып, қойындарына са-

лыпты. Шарға түсіп болыс болмақ түгіл, жұртқа күлкі
болып, шайынан айырылып, шертиген шенқұмар сор-
лы салы суға кетіп үйіне қайтты» /15/. Осы шағын
хабардың өзінен Жүсіпбектің қолтаңбасы, оның стиліне

тән юмор аңғарылады. Сонымен, қаламгердің жарыққа
шыққан, баспасөзде жарияланған ең әуелгі, тырнақалды
шығармасы табылды деп батыл айтуға болады.
1914 жылы, жиырма төрт жасқа аяқ басқан кезінде, ол

Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі. Бұған дейін
Биахмет Сәрсенов, Әбікей Сәтбаев тәмамдаған бұл оқу
орнында ол М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Қ.Нұрмұхаметұлымен
қатар оқиды. 1902 жылы іргесі қаланып, 1903 жылы

ашылған мұғалімдер семинариясы «өзіндік дәстүрі, үлгі-
өнегесі қалыптасқан, салиқалы білім ошағы болатын»/16/.
Ағайынды
Белослюдовтар,

Н.Коншин,
ерлі-зайыпты
Нәзипа
және

Нұрғали
Құлжановтар,
Н.Ильинский,
В.Морозов, Ә.Сәтбаев, Н.Сулима-Грузинский, В.Попов

сияқты білімділер, ғалымдар сабақ берген оқу орнында оқи
жүріп Жүсіпбек қоғамдық істерге, мәдени шараларға белсе-
не атсалысқан.
Сол жылы ұлы Абайдың қайтыс болғанының

он жылдығына арналған Семейде өткен еске түсіру
кешіне қатысады. Алғашқы оқып жүрген оқу жылын-
да – 1915 жылдың 13-ші февралі күні ерлі-зайыпты
Құлжановтардың басшылығымен приказчиктер (сауда-

герлер) клубында қазақ жастарының әдебиет кеші өтеді.
Бұл туралы сол жылы «Айқап» журналында «М.М.»
деп қол қойған тілшінің (Мұстақым Малдыбаев болуы
мүмкін) «Қазақша бастапқы ойын» /17/, «Қазақ» газетінде

«М» деп көрсетілген тілшінің «Қазақ әдебиеті кеші» /18/
мақалалары мен хабарлары жарық көреді. Екі хабардың
ішіндегі дәлірегі де, көркемдірегі де «тарихи күрделі,
көтерген мәселесі қомақты да салмақты әрі жан-жақты,

талай ғылым саласына, сондай-ақ, барша жұртымызға
рухани мол азық боларлық энциклопедиялық басылым»
/19/ – «Қазақ» газетіндегі «Қазақ әдебиеті кеші» хаба-
ры болғандықтан, содан үзінділер келтірейік, үйткені,

кештің әсерлі өтуіне жас Жүсіпбектің де көп ықпалы ти-
ген.
«Кеш басталарда сағат 8 жарымда Райымжан мырза
Мәрсеков шығып, қазақ әдебиеті туралы біраз сөз сөйледі,

– деп жазылған «Қазақта». – Біраздан соң перде ашыл-

ды... Перде ашылысымен-ақ алаңның оң жағынан басын-
да шоқпардай үкі таққан құндыз бөрік, үстінде жібек
шапан, белінде күдері белбеу, қолында үкілі домбыра,
қасында 4-5 бозбаласымен әсемденіп, ән салып, Біржан

сал шыға келді... Біржан болған семинарияда оқитын
шәкірт Жүсіпбек мырза Аймауытов Біржанның өлеңін
өзіндей болып-ақ айтты». Қойылымнан кейінгі концерт
бағдарламасына, әншілерге тоқтала келіп автордың:

«Әсіресе Жүсіпбектің «Ғалия» деген әнге салғанына
жұрт қатты сүйсінді» деп жазғаны да бар. «Айтыстың
сахналық жүйесін (инсценировка) түсіріп әрі оны
сахнаға қойған режиссер Ж.Аймауытовтың 1915 жылы

осылай европалық үлгіде спектакль қоюды қолға алып
әрі соның режиссері болуы қазақ топырағында бұрын-
соңды болмаған сахналық өнердің тууына ерекше ықпал
жасады» деп баға береді театртанушы Б.Құндақбаев /20/.

«Қазақтың» келесі санында Н.Құлжанова осы кештен
түскен ақшаның жартысы Петербордағы мұсылмандар
ашқан соғыс ауруханасына аударылғанын, жартысы әр
жерде оқитын 12 қазақ студентіне берілгенін, оның ішінде

10 сом Ж.Аймауытұлына тигенін жазады /21/.
Архив құжаттары семинарист Аймауытұлының земс-
тво стипендиясын алып оқығандығын растайды /22/.
«Қыс оқысам, жаз елге шығып, бала оқытып, қаражат жи-

надым» /14/ деп қаламгердің өзі еске алғанындай, жаздың
күндері ел ішінде бала оқытып, мұғалім де болған. «Қазақ»
газетіндегі шағын хабарландыру мұны растайды: «Семей
семинариясында жүрген Жүсіпбек Аймауыт баласы 15-

ші ауғысқа шейін қазақ ауылында қымыз ішіп, орысша
балаларын оқытпақшы. Керек қылған кісілер тез мынау
адреспен хабарлассын: Семей қаласы, мұғалімдер семи-
нариясы, Аймауытовқа» /23/. Кейінгі жылдары да семина-

рия шәкірті тұрмыс салмағын өзі көтерген. «Біз сияқты
қазақтың екі аяқты ағаш арбасын, киіз үйдің сүйегін
(уық, шаңырақ) жасайтын, ер шабатын, домбыра жасай-
тын, етік тігетін. Өзі домбыра тартып ән салатын. Ойы-

нан өлең шығаратын, ол өлеңді өзі шығарған әнге
қосатын» /24/ деп еске алады Зейтін Ақышев.

Қаламгердің бүркеншік есімдері
Мұғалімдер семинариясында оқып жүрген алғашқы
жылдарында-ақ Жүсіпбек Орынборда шығатын «Қазақ»
газетімен

байланыс
жасап
тұрған.
Жалпы

«қазақ
зиялыларының ұстанған жол, мақсат-мұраттары мен
атқарған қызметтерін анықтауға «Қазақ» материалдары
мүмкіншілік береді. Сонымен бірге олардың там-тұмдап

жинаған өмірлік, бай тәжірибелері мен тәлім-тәрбиесінен
өнеге алу үшін де басылым мұраларымен танысу ауа-
дай қажет»/19/. Бұл тарапта «Қазақ» газеті» жинағы /25/
және республикамыздың Ұлттық Ғылым академиясының

Орталық кітапханасы мен Ұлттық кітапхананың сирек
қолжазбалар қорларында сақталған, сол «Қазақ» газетінің
тігінділерін пайдаландық.
Алайда шындыққа мойынсұну керек-ақ: «Қазақ» газеті»

жинағындағы Жүсіпбек Аймауытұлынікі деп болжам
жасалған дүниелер терең зерттеуді, түбегейлі дәлелдеуді
қажет етеді. Ғасыр басындағы қазақ мәтбұғатын жүйелеп,
ретке келтіруде үлкен еңбек сіңірген белгілі библиограф-

ғалым Үшкөлтай апа Сұбханбердина «Қазақ» газетіндегі
«Желкек», «Желкең» бүркеншік есімдері Ж.Аймауытұлына
тиесілі деп болжам жасаған еді /26/. Дегенмен «Қазақ»
газетінің материалдарын аңдап қарап отырып, «Желкек»

деген бүркеншік есім Жүсіпбектікі емес деген қорытындыға
келдік.
Жалпы, «Желкек» атымен «Қазақ» газетінде
бес көсемсөз туындысы жарық көрген. Олар Ахмет Байтұр-

сынұлының атақты «Тіл – құрал» оқулығына жылы
пікір білдірген «Жазу мәселесі» /27/ деп аталатын рецен-
зия, Шәкерімнің өзінің «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хан-
лар шежіресі» атты тарихи-шежірелік кітабын толықтыру

мақсатында «Алыстан есіткендіктен бері аталарда қатесі

болса, шын анығын тауып, не хат арқылы өзіме, не «Қазақ»
газетасы арқылы білдірсеңіздер екен. ...Әрине, әркім өз
атасын өзі анық біледі. Әр таптың талапкерлері бір-бір
шежіре жазып бастырғаны-ақ жақсы» деген ашық хатына

жауап ретінде жазылған «Шәкерім ақсақалға» рецензиясы
/28/, бұлармен қатар «Ауру қалса да, әдет қалмайды» /29/,
«Азық-түлік жабдығы» /30/, «Жұрт алдында жауапкер» /31/
деп аталатын хабарлар.

«Желкек» – Ресей патшасы заманындағы әкімшілік-
территориялық бөлініспен айтар болсақ, Ырғыз уезінің
адамы болса керек. Үйткені соңғы үш хабарда да Ырғыз
уезіндегі жаңалықтар: уездегі елдің тұрмысы, хал-

ахуалы, партия таласы, сайлау, т.с.с. жағдаяттар сөз бо-
лады. Мысал келтіретұғын болсақ, «Ауру қалса да, әдет
қалмайды» деген ақпар былай басталады: «Біздің Ырғыз
үйезінің партия басы адамдары һәм бұлардың отағасы –

би-болыстар хәкімшілік дәмін жақсы біледі». Әрі қарай
Уақытша үкімет тұсындағы қазақ комитеттеріне төраға
сайлау мәселесі қалай өтетіні, бұрынғы би-болыстардың
қайта төраға болып сайланғысы келетіні, Шеңгел, Толағай,

Қарасай болыстарындағы сайлаудың қалай өткені әңгіме
болады. Ал «Жұрт алдында жауапкер» хабары «25-ші но-
ябрьден 2-ші декабрьге шейін Ырғыз үйезінде құрылтай
сайлауы болып өтті» деп белгісіз автордың сол уезден

екенін нақтылай түседі. Бұл уақытта Жүсіпбектің Семей
қаласындағы мұғалімдер семинариясында оқып жүргенін
жоғарыда айттық.
Сонымен, «Желкек» бүркеншік есімі географиялық

ауқыммен алғанда басқа тараптағы тілшінікі екені еш
күмән туғызбайды. «Желкектің» өзге біреу екенін Жүсіпбек
«Бұ да ұлт театры жайында» деген мақаласында өзі де
аңғартады. Бұнда «Бір жағынан елдегі күйлерді жинап,

екінші жақтан, Желкек айтқандайын, ән-күйге қолайы бар,

қалқаң құлақ балаларды кансербаторияға жібере беру ке-
рек» /32/ деген сөйлем бар. Көріп отырғанымыздай, «Жел-
кек» (немесе «Желкең») дейтін ат Ж.Аймауытұлыныкі емес
екені айдан анық.

Сондай-ақ «А.Ж.» деп қол қойып, «Қазақ» газетіне
жазып тұрған тілшіні де Ж.Аймауытұлы деп айта ал-
маймыз. Бұл жерде тағы да географиялық ауқым алға
шығады, автордың өзінің тұрып жатқан ауыл-аймағы жай-

ында, яғни Көкшетау уезінің хал-ахуалы, жай-жапсары,
елдің әл-ауқаты турасында сөз еткені күдік туғызбақ.
«А.Ж.» деген бүркеншік атпен берілген «Сайлау құртының
өршуі» және «Өтінішке жауап» мақалалары /33/ Көкшетау

уезіндегі молда сайлауында елдің жікшілдікке бөлініп,
жөнсіз шығынға ұшырайтыны, сайлау кезіндегі талас-
тартыстар суреттеледі және дін жайында әңгіме қозғалады.
Жүсіпбектің Көкшетау уезіне барып, молда сайлауына ара-

ласып, онысын баспасөзге жазған екен деп жорамал жасау
қисынға келмейді.
Бұл ретте қаламгердің баспасөздегі бүркеншік есімдерін
толықтай қарастырған жөн. Ғалым Бейсенбай Байғалиев

1989 жылы «Жүсіпбек Аймауытовтың бүркеншік есімдері»
деген арнаулы мақала жазып /34/, оның «Қызылтаулық»,
«ЖК», «Қызылбас», «Жанақ», «Келешек», «Таңашбай»,
«Екеу» деген бүркеншіктерін атаса, сол жылы жазылған

мақаласында /35/ ғалым Темірбек Қожакеев бұларға қоса
публицистің «Ермағамбет», «Қып-қызыл», «Шоғарақы» де-
ген тағы үш бүркеншік атын көрсетеді. Кейінгі зерттеушілер
де осы есімдерді атап жүр. «Қызылтаулық» деген ат жас

Жүсіпбектікі екені, осы атпен «Ескі тәртіппен бала оқыту»,
«Рәбиға» пьесаларын жариялағаны кезінде «Сарыарқада»
да жазылған /36/. Ал «Таңашбай» деген лақап ат өзінікі
болғанын, ол бесінші атасының есімі екенін жазушы 1927

жылы өзі ашық айтқан болатын /37/.

Оның
1917–1919
жылдар
аралығындағы

Алаш
Орда баспасөзінде, кейін совет өкіметі орнаған 20-шы
жылдардағы қазақ баспасөзінде жарық көрген дүниелерін
жиыстыра жүріп, біз осы аталған бүркеншік есімдерді ра-

сында да қаламгердің өзі пайдаланғанына көз жеткіздік.
Алайда олардың ішінде бір рет қана қолданылған ат-
тар бар екенін де айта кету керек. Олардың ішінде,
мәселен, «Келешек» («Елес» әңгімесінде), «Шоқарақы»

(«Көшпелі
Көжебай»
фельетонында),
«Қып-қызыл»

(«Әсемпаздық» фельетонында) сияқты бүркеншік есімдері
бар. «Қызылбас» – өзінің екі ғана әңгімесінде («Томарбай
мен қатыны» және «Жаңабайдың жанындагы трагедия»)
қолданған аты. «Жанақ» – тек «Ақбілек» романында ғана

пайдаланылған псевдоним («Әйел теңдігі» журналының
1927-1928 жылғы сандарында). Жанақтың Жүсіпбектің
екінші ұлы екені белгілі. Мұнымен бірге қаламгер «Ж»,
«Ж.А.» деп аты-жөнінің басқы әріптерін ғана көрсетіп қол

қойып отырған. Көбінесе «Жүсіпбек» немесе «Иусфбек»
деп өз есімін толық көрсеткен екен.
Жиі қолданған тағы бір бүркеншік аты – «Жік». Бұл жа-
зушы есімінің бастапқы және соңғы әріптерінің бірігуінен

жасалған сөз. «Жазушының жиі пайдаланған бүркеншік
есімі – «ЖК» («Жік» емес)» /34/ деп жазады Б.Байғалиев.
Дегенмен публицист алғашқыда «ЖК» деп қол қойды де-
сек те, кейінгі шығармаларында «Жік» деп анық көрсеткен

деп айта аламыз. Оған 1925 жылы «Ақ жол» газетіндегі /38/,
«Пионер» журналындағы /39/ кейбір шығармаларына «Жік»
деп қол қоюы дәлел бола алады. Үйткен себебі, олардың
бұл кезде А.Байтұрсынұлы енгізген, араб әліпбиіндегі

«төте жазу» үлгісінде тасқа басылғаны мәлім. Сондықтан
«і» әрпін еркін тану мүмкін екендігі түсінікті болса керек.
Сонымен «Ж», «Ж.А.» және «Жүсіпбек», «Иусфбек»
деп қол қойғанын есептемегенде, Ж.Аймауытұлының он

бүркеншік есімі бар екендігін аңдадық. Шығармаларын
түбегейлі жинастыруға ден қойған тұста біз классик
қаламгердің тағы екі бүркеншік атын таптық. «Алып ұйқы»
әңгімесін 1926 жылы «Қазақ тілі» газетіне «Қара адыр» де-

ген атпен бастырған екен /40/. Алты ай өткен соң бұл әңгіме
«Еңбекші қазақ» газетінде қайта жарияланған, сондағы
нұсқа бойынша жазушының бес томдық шығармалар
жинағына енген /41.Б.132–137/.

«Қазақ тіліндегі» нұсқаның жекелеген сөздерінде
біраз өзгерістер бар. Мәселен, жинақтағы үлгісінде әңгіме
«Тіршілікті айтсаңызшы, киімді әкел! деппін» деп аяқталса,
алғашқы нұсқада «Жасасын өмір! Киімді әкел! деппін» деп

бітеді. Бірінше үлгіде әңгіме «Қыстауға қонған кез» деп бас-
талса, жинақта «Қыстауға жаңа қонған кез» деген сөйлем
тақырып болып жүр. Осындай кейбір айырмашылықтар
ұшырасады. Ең басты өзгешелік: «Қазақ тіліндегі» нұсқада

әңгіме аяқталған соң қосымша «Әңгіменің ғылым негізі»
деп аталатын, түсіндірме сыпатындағы, ғылыми-танымдық
шығарма іспеттес мақала берілген. Мұнда летаргия
ұйқысының пайда болу себептеріне тоқталып, мысалдар

келтіріп, тұщымды түсініктер айтқан. Осыдан кейін «Қара
адыр» деп қол қойған. Бұл – жазушының туған жерінің
атауы. «...Қызылтаудың бауырындағы Қараның адыры де-
ген жерде, Дәндебай ауылында тусам керек» деп жазған

қаламгердің өзі /14/.
Сонымен бірге қаламгердің «Бажаның басы қышиды»
деген әңгіменің өзінікі екені туралы мәлімет қалдырғанын
еске түсіру керек /14/. Бұл әңгіме /42/ осыған дейін көзге

ілікпеген «Ақыл» бүркеншігімен шығыпты. Бұл атпен
«Үй қандай болу керек», «Неге неке бекем емес» және т.б.
мақалалары да жарық көрген. «Ақыл» – өмірінің соңына та-
ман қолданған бүркеншігі. Сонымен, Ж.Аймауытұлының

«Қара адыр» және «Ақыл» деген он бірінші және он екінші
бүркеншік есімі бар деп сеніммен айта аламыз.

Төңкерістер қарсаңында
Енді Жүсіпбектің есейген шағында өткен елдегі
қоғамдық-саяси өзгерістерге тоқтала кетейік, үйткені, бұған
аялдамай қаламгердің әлеуметтік-саяси көзқарасының

қалыптасуын, баспасөзге келу себебін білу тағы мүмкін
болмайды.
Бірінші жер-жаһан соғысының басталуы, осының зар-
даптарымен отарлық езгінің күшеюі, соғыс мұқтаждарына

жиналатын
алым-салықтың
қисапсыз
өсуі

«Қазақ»
газетінің төңірегіне топталған ұлт зиялыларын қатты
алаңдатқан /43.Б.57/. Ең әуелі ел тұрмысы ауырлап, мал
басы кеміді. Егіс көлемі азайып, шаруашылық күйзелді.

«Мәселен, ХХ ғасырдың басында ұнның бір пұты 94 тиын
болса, ол 1916 жылы 40 сомға дейін көтерілді» /43.Б.58/.
1916 жылғы патша үкіметінің қазақ даласы мен Орта Ази-
ядан майдандағы қара жұмысқа азаматтар алу жөніндегі

атақты июнь жарлығынан кейін ел ішінде үлкен дүрбелең
туғаны мәлім. Жарлық бойынша осы өлкелерден 400 мың
адам алынбақ болған /43.Б.61/. Қазақ зиялылары, міне,
дәл осы уақытта «1916 жылғы оқиғаға қатысып, ерекше

қызығушылық туғызды» /44/.
Бүгінгі
материалдармен
танысып,

салқын
ақыл,
салмақты оймен қарайтұғын болсақ, атап айту керек: 1916
жылғы жағдайда «Қазақ» газеті төңірегіндегі саяси сау-

аты жоғары, білімді азаматтар көп еңбек атқарып, дұрыс
жолды ұстанған. 1916 жыллың 11-ші июлі күні «Қазақта»
басылған, «Алаштың азаматына» деген ашық хатында
олар патша жарлығына көнуге тура келетінін, қарсылық

білдірсе, қан төгілетінін ескертіп, «Қазақ шын қарсылық
қылатын болса, ел-елге отряд шығып, бас пен малға әлегі
бірдей тиеді, елдің іргесі бұзылады» деп жазды /45.Б.225/.
Алаштың оқығандары ең алдымен елдің бостан-босқа

қырылып кетпеуін ойлаған. Кейінгі бір деректерде ай-

тылып жүргендей, сол заманда Ресей патшасы Антанта
әскери-соғыс блогынан шығу үшін, өзара келісімшартта
қарастырылғандай (қай мемлекетте өкіметке қарсы бүлік,
көтеріліс, дүрбелең басталса, сол ел Антанта құрамынан

шығуға ерікті), империя ішінде қантөгіске апаратын
дүрбелең ұйымдастыруға мүдделі болған. Менімше, патша
саясатының пиғылын Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ
зиялылары жақсы түсінген. Және құрбандыққа шалынуға

империядағы «бұратана» халықтар таңдап алынғанын,
дүрбелеңге еріп, бүлік жасап, аранға түскен надан, қарусыз
елді ауыр зеңбірекпен қаруланған, кәсіби әскердің оңай
талқан қылатынын да тез бағамдаған. Өкінішке қарай,

баламызды әскерге бермейміз деп бас көтерген қазақ
пен қырғыздағы қаншама болыс елдің 1916 жылы қалай
қырылғанын, қалай босқын тапқанын кейінгі тарих анық
көрсетіп отыр.

Айтса айтқандай, патша жарлығы шыққаннан кейін бес
ай өткен соң «Қазақ» газеті былай деп жазды: «...Түркстан
сарттары әуелгі кезде шошынып, бізді жұмысқа алмайды,
солдатқа алады деп көнбей қарсылық қылды. Бұл қарсылық

қылғандарды аз күннің ішінде әскер шығарып, қырғынға
ұшыратты. Жизақ деген шаһардың 20 мың халқы жоқ бол-
ды, тірі қалғандары босып кетті, мал-мүлік, шаруадан айы-
рылды. Жетім-жесір шулап қалды, жер-суы қазынаға кетті.

...Ақырында көнді, жігіттерін берді» /25.Б.349/.
Осы уақытқа шейін 1916 жылғы көтерілістердің
біржақты бағаланып келгені рас. «Патша өкіметіне қарсы,
феодалдық және отарлық езгіге қарсы көтеріліс» деп

бағаланудан бұрын ол шындығында арандатуға түскен,
асығыс іс-қимылдардың көрінісі деп топшылануы ке-
рек. Басқа түскен халге көнбеген қайран қазақтың қалай
қырғын тапқаны «Қазақ» газетінде де жазылған, осы күнгі

архив құжаттары да соны дәлелдейді /4б.Б.91,92/.

Өткір публицист Міржақып Дулатұлы «Тарихи жыл» мақаласында халықтың әбігерге түсуі жөн білетін басшыны, жол нұсқайтын азаматты тани білмеуінен екенін бекіте түседі: «Халықтың берекесін қашырған приом уақытында «алып қаламын, құтқарамын» деп қамқорсынғандар – қырда атқа мінгендер, қалада орысша оқығандар. Бұлардың олжасында есеп жоқ» /45.Б.236/ Қырдағы қалың алаштың көтеріліс жасап, қырғынға ұшырауының басты кесірінің бірін тура тауып, «қазақ халқының осынша бүліншілікке ұшырауының бас себебі – надандығы» деп дәл көрсеткен. «Төңкеріс жолында қазақ жұрты құрбан болып-ақ кетсін деуге дәтіміз шыдамады. Сондықтан біз екінші жолды қаладық – көну керек дедік» деп еске алады ол он жыл өткен соң «Он алтының ойраны» деген әйгілі мақаласында /45.Б.319/. 1916 жылы августың 7-сінде патша жарлығына байланысты Орынборда бүтін қазаққа сауын айтып, үлкен кеңес өткізуі /47/ – Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының ел қамын ойлағандығынан туған шара. Кейін олардың тыл жұмысында жүрген қазақ жігіттерінің басы-қасында болып, мұқтаж нәрселерін өкімет назарына ұсынып отырулары ұлтын сүйген азаматтығының белгісі екеніне ешкім шүбә келтіре алмас. Ал дәл сол тұста ел ішіне әреке салып, соңы не болатыны мәлімсіз көтерілістерге шақырып, бүлікті қолдаған Ә.Жанкелдин, Т.Бокин сияқты оқығандардың жауапсыз іс-қимылы түбегейлі қайта зерттеуді талап етеді. Бірінші жер-жаһан соғысы басталған жылы мұғалімдер семинариясына түскен Жүсіпбектің 1916 жылғы жаз айында осы оқу орнының екінші класын аяқтаған кезі еді. Оның демалыс уағында ала жаздай қырға бала оқытуға шығатынын еске алсақ /14/, бұл кезде семинарист Аймауытұлын елде – Баян-Аулада, Қызылтауда жүрген деп жорамалдауға болады.

1917 жылдың қарсаңында отар ел болған алаштың
әлеуметтік-тұрмыстық
жағдайы
біршама

нашарлай
бастаған. Бұл кезде қазақ жеріне 1,5 миллионға жуық орыс,
украин шаруалары көшіп келіп, қоныс теуіп қойған еді
/43.Б.72/. 1917 жылдың басында қоғамдық-саяси дүниеде

бір сілкініс болатыны айқын сезілген болатын, саяси хал
дауыл алдындағы теңіздей демін ішіне тартып жатқан
еді. Бұл жөнінде «Қазақ» газеті: «Россияда қазіргідей са-
ясат күйі бұрын болған емес. Осы күнде күн сайын ми-

нистрлер түсіп, алмасып жатыр... Саясат ісін бұрынғыдан
да мықтырақ ауру айналдырды. Күннен-күнге меңдеп,
күннен-күнге күшейіп, насырға шауып барады, немен ты-
нары белгісіз» деп жазады /25. Б.357/.

Немен тынғаны белгілі. Әбден асқынған қоғамдық-саяси
мазасыз жағдай патшаны тақтан құлатып тынды. Бұны
«Майданда жау мен әскер арасы қандай ашық болса, мемле-
кет ішінде өкімет пен халық арасы да сондай ашылып бол-

ды... Үкімет қанша сірескенімен айналдырған ауру алмай
қоймайтын шығар» /25.Б.358/ деп Ахаң - А.Байтұрсынұлы
сықылды зиялылар алдын-ала біліп те отыр еді.
Іргетасы соғыс кезінде шайқалып, ақыры 1917 жылғы

февраль төңкерісінен кейін құлаған патша өкіметі тарих
сахнасынан кеткен соң қазақ зиялыларында өз тізгінін өзі
ұстайтын әлеуетті ел болу үміті оянады. Алаштың ұлтшыл
азаматтары автономиялық республика құру арманын

жүзеге асыру ниетінде білек сыбана, бел шеше кірісіп, ұлы
мақсатқа күш-қайратын жұмсайды. Ұйымдасып қимылдау
үшін анық бағдарламасы бар ұлттық партия құру, мем-
лекет билігін қорғау үшін милиция, әскер жасақтау және

т.с.с. аса ірі міндеттер тұрды. Міне, осындай жаңа та-
лап, игі іске жол ашқан әйгілі февраль төңкерісін белгілі
тарихшы К.Нұрпейісов: «Ел үшін маңызды мәселені –
аграрлық, ұлттық, республика түріндегі жаңа саяси жүйені

қалыптастыру мәселелерін шешу үшін алғышарттар
жасады» /48/ деп бағалайды. Иә, бұл төңкеріс Ресей
империясының қоластындағы халықтарға саяси пар-
тиялар құру, автономия алу мүмкіндіктерін, баспасөз

бостандығын алып бергендігі шындық. Сол себепті отар
ұлттардың зиялылары мен әлеумет қайраткерлері оны
құптап, қуана қарсы алған.
Міне, осындай тарихи, ұлы өзгерістер өтіп жатқан тұста,

іргелі жұрт болып, қалайда автономия алу талабы оянған
уақытта, ұлт болашағы, ұлыс бүтіндігі үшін қолайлы та-
рихи кезең туып тұрғандай көрінгенде қазақ зиялылары,
қазақ қалам қайраткерлері үшін тарақият жолына түсудің,

дамыған ел қатарына қосылудың өткір мәселелері тұр еді.
Озбырлықтың өтінен, отар елдің кебінен құтылудың ама-
лын тауып, шырғасы шықпаған, іргесі бүтін мемлекеттік
жаңа сатыға көтерілу үшін не істеу керек деген саяси-

әлеуметтік сауалдың шешімін табу керек болды.
Бұл кезде біршама өмірлік тәжірибе көрген, тауаны
қайтпаған, танымы мол, семинария оқушысы Жүсіпбек
Аймауытұлы осы көкейкесті мәселе жөнінде өз ойын

білдіріп, Көлбай Төгісов Ташкентте шығарып тұрған
«Алаш» газетіне алғашқы көсемсөз туындыларының бірі
болып саналатын «Қазақтың өзгеше мінездері» /49/ деген
мақаласын бастырады (Мұхтар Әуезовпен бірігіп жазған).

Бұл дүниенің соңында «Семей семинариясында оқитын
Аймауытов пен Әуезов» деп авторлары анық көрсетілген.
«Алаш» газеті жайында біраз жазылып /50.Б.44–46/,
библиографиялық көрсеткіші ретке түсуі /51/ себепті, оған

тоқталу артық болар деп есептеп, қаламгердің мақаласының
өзіне көшуді жөн көреміз.
«Қазақтағы неше түрлі болып тұрған ауыр халдердің
түпкі негізі, тамыры қайдан тарап, бұл күйге ұшырағанын

ешкім қолға алып, мәтбұғат жүзінде қозғап көрген жоқ.

Соның үшін, – деп жазады Жүсіпбек, – бұл терең сауалды
жұрттың есіне салып, жүректерді қыздыруға сөз бастап от-
ырмыз».
Бұл жолдардан анық байқалатын нәрсе, ол – көсем-

сөзшінің өзіне-өзінің бек сенімділігі, қалам қуатының
күшіне,
сөзінің
жүрек

қыздыратынына
нанатыны.
Автордың орыс тіліндегі мерзімді баспасөзді жіті қадағалап
отыратыны аңдалады. Алаш елін аздыратын нәрсе – Ресей

патшасы өкіметінің отарлау саясаты, оның қазақ ұлтының
тұтастығын бұзатын әкімшілік құрылымы деген түйінге
келеді. Естуімше, дейді көсемсөзші, түзу жолға салушылар
болған. Әйтсе де, олардың іс-қимылының жалпы ұлттық

сыпат алмауының кесірі ислам дінін бұрмалаған схоласти-
када жатыр деген ой айтады: «...Ишандардың схоластик
ғылымын таратып, елдің ойын, рухын, қол-аяғын кісендеп,
бір кесімді тар жолға тығып, адамшылықты тағдырдың

қазығына қылқылдатып байлады да қойды». Айта
кетерлік жайт: бұл сөйлем өзінің стильдік-құрылымдық
ерекшелігімен Жүсіпбек қаламынан туғанын аңдатады.
«Қазақтың ұлттық қалпы өзгерілді, – деп сол заманның

танымдық деңгейімен өлшегенде алабөтен пікір айтады
автор, – тірлігі, мақсұты басқа, ниеті шалғай, суық бауыр
жаттың қолына тиді. Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ
шығарса деген халге ұшырады». Көсемсөзшінің қоғам сы-

патын, әлеумет өмірін терең ұғынған, саяси сауатты, көзі
ашық, көкірегі ояу ұлт азаматы деңгейінде көрінуі ұлы
Абайдың «өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» деген
пайымынан тамыр тартып жатса керек. Әлбетте, мұндай

ой айтуға жалпы ұлттық газет дәрежесіне көтерілген
«Қазақтың» да тәлім-тәрбиесі мен ықпалы болғанын есте
ұстаған жөн.
«...Ұлтым деп оқып шыққандар халық арасына келсе,

қарая бастайды» деп аңғарымпаздық байқатқан Жүсіпбек

бұл мақаласының аяқ жағында «үмітіміз, қаруымыз –
оқығандарда» деп зиялыларға үміт артады. Мақаласының
соңында зиялы қауым өз ұлтын «адамшылықтың жарық
жағына сүйреуге міндетті» деп өзінің айрықша пайымын,

жаңаша кесімін айтады.
«Сарыарқа» –
Алаш Орданың үні болған газет
Осы күнге шейін Алаш Орда турасында біршама жа-

зылды /52/. Біз енді қысқаша ғана байыптама жасайық.
1917 жылғы февраль төңкерісінен кейінгі алғашқы ай-
ларда Семей қаласында социал-революционер (эсэр),
социал-демократ (меньшевик), «халық бостандығы» пар-

тиясы (кадет) сияқты саяси партиялардың ықпалы күшті
болды /53/. Бұлардың саяси қызметі және талас-тартысы
жайында «Мемлекет күйі» деген бас мақаласында Ха-
лел Ғаббасұлы біршама деректер келтірген /54/. Бұл ретте

төңкеріске шейін кадет партиясының беделі зор болғанын
айта кеткен ләзім/55/.
1917 жылдың февраль айында патшаны тақтан құлатып,
монархияны жойып, үлкен өзгерістерге жол ашқан жаңа

заманда «бостандық» идеясы империя құрамындағы
халықтарды елең еткізеді. «Бұратана» ұлттардың көзі
ашық, көкірегі ояу зиялылары империя құрамында ұлттық
автономия алу, жергілікті билікті күшейту, ұлттың көзін

ашу жолында жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылады.
Оның алғышарты, әрине, баспасөз еді. Алты алашқа
тараған «Қазақ» газеті енді цензурадын құтылып, елдегі
саяси жағдайларды елге түсіндіріп, баспа бетінде бәрін

ашық жазып отырады.
Март айының алғашқы бес күні екінші Николайдың
тақтан тайғаны туралы хабар қазақ даласының барлық
аймағына белгілі болды /43. Б.76/. 8-ші мартта ұлт көсемі

Әлихан Бөкейханов майдан тылында, Минскіде жүріп, Пе-
терборда болған өзгерістерге баға беріп, қазақ жеріндегі
қалаларға жеделхат жолдайды /46. Б. 215, 216/.
Ұлт зиялылары алты алаштың ендігі тағдырын ше-

шуге ықпал жасайтын бүкілресейлік құрылтай жиыны-
на шейін «жер ыңғайы келсе, өкілдері үлгеріп жететіндей
болса, шама келгенше сиездерді ұсақтамай, ірілеп өткізу
үшін облыстық қазақ сиездерін шақыру керек» /56/» деп

шешкен. Жалпықазақ съезін шақыру туралы шешімнің
1917 жылдың апрель айының басында Орынборда өткен
Торғай облыстық тұңғыш қазақ съезінде қабылданған
/43.Б.93/. Сүйтіп, көктем, жазғытұрым айларында қазақтың

барлық жерінде облыстық съездер өте бастайды. Мұнда
қабылданған шешімнің көбісінде Уақытша үкіметке сенім
артып, соғыс саясатын қуаттаған.
«Біздің бостандық, теңдік, туысқандық соғыс қалай

бітуіне байлаулы. Бізді неміс жықса, бізге Николай
қайтпақ, бұл шексіз /57/» деп жазады Әлихан Бөкейханов
бұған түсініктеме ретінде. «Қабылданған шешімдердің
мазмұны жағынан ерекше қызығушылық туғызатын

27-апрель және 7-май аралығында болып өткен Се-
мей облыстық қазақ съезі, – деп бағалайды тарих-
шы М.Қойгелдиев, – бұл ретте оның жұмысына Жақып
Ақбаев, Биахмет Сәрсенов, Райымжан Мәрсеков, Шәкерім

Құдайбердиев, Ахметжан Қозыбағаров, Әлімхан Ермеков,
Нәзипа Құлжанова, Сатылған Сабатаев, Халел Ғаббасов,
Жүсіпбек Аймауытов, Мәнан Тұрғанбаев сияқты белсенді
қазақ интеллигенттерінің үлкен тобының қатысқаны

едәуір ықпал еткені сөзсіз» /46.Б.228, 229/.
Көріп отырғанымыздай, семинария оқушысы Жүсіпбек
бұл кезде ұлт зиялыларының бел ортасында жүріп, іргелі
істерге араласа бастаған. Ол қатысқан облыстық қазақ съезі

күн тәртібінде 16 үлкен мәселені қарап, 20 мүшеден және 10

мүшелікке кандидаттан тұратын облыстық ұлттық комитет
сайлайды. «Съезд автономияны қолдайды, оның түбегейлі
шешімін табуын жалпықазақ съезіне қалдырып отыр» /58/
деп жазылған қабылданған қаулылардың бірінде. «Семей

съезінің өзіне тән басты ерекшелігі, – дейді К.Нұрпейісов,

– онда мемлекеттік басқару мен қазақ халқының автоно-

миясы туралы мәселелер бойынша қабылданған шешімдер
болды» /43.Б.105/.
Міне, жер-жерде өткен осындай облыстық қазақ
съездері 1917 жылдың көктем айларындағы қоғамдық-

саяси өмір үшін аса елеулі оқиғалар еді. 1-майда облыстық
қазақ комитеті Уақытша үкіметтің Семей губерниялық
атқару комитетінің құрамына енеді. Бұл атқару комитеті
төрағасының орынбасарлығына қазақ комитетінің мүшелері

Халел Ғаббасов пен Әлімхан Ермеков, хатшылыққа Биах-
мет Сәрсенов, төралқа мүшелігіне Райымжан Мәрсеков
мен Ахметжан Қозыбағаров тағайындалған /59/.
Осы айлардағы саяси өзгерістер туралы және әкімшілік

басқаруы жайында Жүсіпбек сол кезде «Сарыарқа» газетіне
шыққан «Мемлекет құрылысы» деген мақаласында
бірқыдыру
жайттардан

мәлімет
береді.
«Патшаның
пәрменінен халық құтылды; қандай қолайлы тұрмыс жасаса

да, ерік өзінде. Бірақ ұлан-байтақ жерде шашылып жатқан
жүз миллион халық қалай жиылып, қалай кеңеспек? Міне,
соның үшін мынандай тәртіп болу керек: һәр гүбірниа, һәр
облыстан халық екі-үш кісі өкіл сайлау керек; бұл өкілдер

көпке сенімді, пікірі, ойы жұртпен үйлесетін һәм басқа
жұрттың өкілдерімен тізелесіп, халыққа жайлы, ұнамды
мемлекет негізін жасайтын кісілер болу керек. Сондай
өкілдердің бас қосып кеңесетін жиылысын «учредитель-

ное собрание» дейді».
Көсемсөзші мемлекеттік маңызы бар сайлау туралы,
саяси партиялар жөнінде, құрылтай жиылысы жайында

газет оқушыларын таныстыру үшін осылардың маңызы турасында бірқыдыру жағдайға тоқталады: «...Патша түскеннен кейін жаңа хүкімет халықтың тілегін орнына келтіру үшін учредительное собрание ашпақ болып, сонан бері даярлану жұмысы қандай қиын болса да, осы күз, сентябрь, октябрь айында учредительное собрание ашылады деп жұрт күтіп отыр. Сайланатын өкілдер саяси іс жүзінде қай партияның адамы екені білініп, халық һәр партияның программасына (тұтынған жолына) таныс болуы керек. Саяси партиялар: социал-революционерлер, социал-демократ һәм кадет партиясы. Кімнің программасы жәйлі, әділ болса, соған халық дауыс беру керек. Сайлау біткен соң өкілдер Петроградқа жиылып, учредительное собраниені ашып, халықтың қалауынша жаңадан мемлекеттің негізін құрмақ». Мұнымен қатар ол «заң шығаратын, заңды орнына келтіретін һәм билік құратын» үш түрлі билікті айтып, олардың ерекшелігін және қызметін айтып, мысалдар келтіреді. Бұл ретте Жүсіпбектің әкімшілік биліктің саяси, құқықтық жағын жақсы білетін саясатшы болғанына көз жеткізуге болады. Осы арада Жүсіпбек белсенді авторы болған, Алаш Орданың органы болып танылған «Сарыарқа» газеті туралы қысқаша айта кеткен жөн. Бостандық заманы туған соң әуелгі бастандық баспасөзге тиесілі екенін білетін қазақтың зиялы қайраткерлері әр жерде газет шығара бастайды. Кейін Алаш Орда қозғалысының үніне айналған «Сарыарқа», Алаш Орданың тікелей газеті мен журналы саналған «Бірлік туы», «Жас азамат», «Абай» сиқты басылымдар сол кездегі саяси жағдайларды толық жазып, оларға байыпты сараптама жасап отырды. Осылардың бірегейі 1917–1919 жылдары Семей

қаласында шығып тұрған «Сарыарқа» газеті еді. 1917
жылдың апрелінде Семей облыстық қазақтар съезі тездетіп
газет шығару қажеттігін айтып, оны күн тәртібіне қояды
(ҚР ОМА, 15-қор, 2-т, 422-іс, 47-п). Сүйтіп, «Сарыарқаны»

баспаханадын басып шығару міндетін, өзге де шығынын
«Теңдік» атты уақ қарыз серіктестігі өз мойнына алады.
Серіктестікке Жұмеке Оразалыұлы, Бекқожа Құлғараұлы
секілді ел қамын жеген азаматтар 500 сом жарнамен

қаржылай көмек берген (Сарыарқа, 1917, 15-июль, №5).
«Сарыарқа» газетінің алғашқы нөмірі 1917 жылдың
15-июнінде жарық көрді. Ол шыға салысымен «Сарыарқа»
газетінің редакциясына қырдағы ел ішінен құттықтаған,

тілеулестік білдірген хаттар келе бастаған. Соның
біреуінде «... Міне, Қазақстанымның әр жағынан күн
жарқырап, біздің Семейде «Сарыарқа» туды. Қазақ
халқы үшін қайырлы қолбасшы болғай» деп жазылған.

Үңіліп қарасаңыз, автономия алу туралы әңгіме енді ғана
көтеріліп жатқан, әлі Алаш Орда қозғалысы басталмаған
кезде белгісіз бір оқырман «Қазақстаным» деп жазады.
Ел болуды көксеген алаш баласының ұлы арманын осы

жолдардан-ақ ұғуға болар.
Газеттің екіншісі бір оқушысы:
Сәтімен құтты болсын «Сарыарқамыз»!
Артарлық өзімізде бар арқамыз.

Қысылып-қымтырылып ашып едік,
Иншалла, кеңір енді тар арқамыз... –
деп өлең жазып, жыр жолдарын арнайды (Сарыарқа,
1917, 19-июль, №2).

Редакциясы сонау Орынборда орналасқан «Қазақ» газеті
былай деп жазады: «Сарыарқа» газетінің 1-і нөмірі де келді.
Газет қазірге жұмасына бір рет шықпақ. Жылдық хақы – 6
сом, жарты жылдығы – 3 сом, 25 тиын. «Сарыарқаны» қазақ

емлесімен шығару мақсатымен «Қазақ» басқармасында

қызмет етіп тұрған Имам Әлімбековті Семейге шақырды. Имам жүріп кетті. «Сарыарқа» көңілдегідей жақсы. Жолдасымызға құтты болсын айтамыз» (Қазақ, 1917, 2-сентябрь, № 242). «Сарыарқаның» редакторын сайлау туралы мәселе көтеріледі, ол жайында газеттің 1917 жылдың 8-июніндегі №16 санында жазылған. Сайлауда алаштың белгілі адвокаты, қоғам қайраткері, кейін Алаш Орданың қабырғалы қайраткері болған Райымжан Мәрсековтің кандидатурасы өткен. Сөйтіп, «Сарыарқа» газетінің алғашқы редакторының қызметін Мәрсеков атқарады. Газеттің алғашқы сандарына (№ 2, 3, 5, 6, 9, 15) оның қолы қойылған. Екі жылдан аса шыққан «Сарыарқа» газетіне редактор болып, басшылық жасаған азаматтар – Райымжан Мәрсеков, Халел Ғаббасов, Имам Әлімбеков, Шынжы Керейбаев. 1917 жылдың ноябрінде газетті шығаруға шын пейілімен араласқан, қаржы табуға көмектескен, редакторлық еткен қайраткерлер туралы «Сарыарқа» өзі былай деп жазады: «Райымжан Мәрсеков – қазір Семей облысының қазақ комитетінде ағза һәм областной соттың председателі, біздің қазақ юристері арасында бұрыннан әлеумет ісіне кірісіп жүрген адвокат. Халел Ғаббасов жаңадан университет бітіріп шыққаннан кейін Семейде уақ қарыз инспекторы болған. Халел – студент күнінде-ақ жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған қазақтың үмітті адамы. Бұл күнде «Сарыарқа» газетін шығарушы һәм областной жер комитетінің һәм қазақ комитетінің ағзасы». Өз тарапымыздан үстемелесек, Халел Ғаббасов (1883 – 1931) – Алаш Орданың көрнекті қайраткері, 1918 жылдың

март айында Семейден телефон арқылы Мәскеудегі
Ленинмен және ұлттар істері жөніндегі комиссариат
басшысы Сталинмен келіссөздер жүргізіп, большевиктерді,
сөз жүзінде болса да, Алаш Орда автономиясын

мойындатуға, Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) сияқты қазаққа
автономия алып беруге большевиктердің уәдесін ала алған
үлкен қайраткердің бірі.
Халел Ғаббасов «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы № 11

– 14 және № 21, 22, 29 сандарына қол қойған.

Бұлардың ішінде Имам Әлімбековті көп жұрт біле
бермейді. Ол – Қарқаралыдағы орысша-қазақша оқытатын
мектепті бітірген соң Семейдегі мұғалімдер даярлайтын
семинарияда оқып, кейін гимназияда оқытушылық қызмет

атқарған қазақ азаматы. 1918 жылдың февраль айында
Семейдегі өкімет билігі советтердің қолына көшкен кезде
облыстық білім беру бөлімінің комиссары болған (ҚР ОМА,
1416-қор, 1-т, 4-іс, 3-п).

Арада төрт ай өткен соң, 1918 жылдың июнь айында
Семейде совет өкіметі құлайды. Осы кезден бастап қайта
шығарыла бастаған «Сарыарқа» газетінің редакторы Имам
Әлімбеков болды. «Сарыарқаға» ең ұзақ редакторлық

еткен – осы кісі. Әлімбеков газеттің № 16-20, 23, 24, 26-
28 сандарынан бастап, 1918 және 1919 жылдары (газеттің
75-нөміріне шейін) барлық санына өзінің қолын қойған.
Батыс Сібірді адмирал Колчак билеп тұрған кезде оның

өкіметі 1919 жылдың 29-мартында И.Әлімбековті тұтқынға
алады (Сарыарқа, 1919, 4-апрель, №75). Семейде шығып
тұрған «Новое слово газеті «И.Әлімбековті тұтқындау»
деген мақалада:

«Сарыарқа» газетінің редакторы И.Әлімбеков Семейде
совет өкіметі келген алғаш күннен бастап бірнеше
большевиктік ұйымдарға қызметке кіріп, совет өкіметінің
мүддесіне жұмыс істеген болатын. Совет өкіметін болыстар

мен уездерде ұйымдастыру жөніндегі декреттерді қазақ
тіліне аударумен айналысуға құлшына кіріскен еді» деп
айып тағады (Новое слово, 1919, 11-апреля, №35).
Ал «Сарыарқа» газетінің өзі болса, «Басқармадан» деген

бас мақаласында: «Имамды казақ комитеті большевиктің
ісіне кіргізгенде, сол уақыттағы большевикке қарсы
жасырын ұйымдар болатын, сол ұйымдармен ақылдасып
кіргізген. Осы күнгі өкімет басында отырғандардың

бірталайы сол ұйымның мүшелері болатын, олар мұны
жақсы біледі һәм Имамның сол жасырын ұйымға қандай
пайда келтіргені де оларға мәлім. Бұл турада следственная
комиссияның есіне салып, қағаз беріліп еді...». Ол құжатқа

большевик деп танылып тұтқындалған И.Әлімбековті
тергеу, тексеру істерін қайта қарау керегін атап айтып, 1919
жылдың 14-апрелінде Р.Мәрсеков, Х.Ғаббасов, Ә.Сәтбаев
қол қойған (Сарыарқа, 1919, 11-апрель, № 76).

1919 жылдың 4-апрелінен бастап «Сарыарқа» газетіне
Шынжы Керейбаев редактор болды. Ол басылымның
75-нөмірінен бастап соңғы 88-санына дейін қолын
қойған.

Ш.Керейбаевтың 1920 жылы 23-февральда өз қолымен
толтырған анкетасында Қарқаралы уезінде дүниеге
келгенін, 34 жаста екенін, 28 жастағы әйелі Ләтифа
Керейбаева, 9 жастағы ұлы Мұрат Керейбаев сол уақытта

Өскемен қаласында тұрып жатқандығын айтады. Үш
кластық фельдшерлік мектепте оқып, 1917 жылға дейін
дейін аудармашы болып, кейін банкіде қызметкер,
баспахана меңгерушісі болған.

Орынбордағы «Қазақ» газеті мен Семейдегі «Сарыарқа»
газеті 1917 жылдың июнь айынан бастап, арадағы біраз
ғана уақыттық үзілісті санамағанда, 1918 жылдың
июль-сентябрь айларында қатар шығып тұрды. Соның

арқасында Алаш Орда қозғалысының программасы мен

басты шешімдері ел арасына тез жетіп, алты алаштың
баласы сол жылдардағы саяси өзгерістер туралы дер
уағында құлақтанып отырды. 1918 жылдың февраль-май
айларында Алаш Орда қозғалысының негізгі органы болып

«Сарыарқа» газеті жалғыз өзі шығып жатты.
Әлімхан Ермеков пен Мәнен Тұрғанбаев «Сарыарқаның»
белді қызметкерлері болды. Әуелі (1917 жылы) Уақытша
үкіметтің Семей губерниясындағы комитетінің құрметті

төрағасы, кейін Алаш Орданың көсемі болған Әлихан
Бөкейханов, көрнекті қайраткерлер Міржақып Дулатов,
Биахмет
Сәрсенов,

Жақып
Ақбаев,
Сұлтанмахмұт
Торайғыров, Тұрағұл Құнанбаев, Мұстақым Малдыбаев

«Сарыарқаға»

мақалаларын
шығарып,
құрылтай
жиналысы, жер мәселесі, елдің шаруашылығы, мәдениеті,

оқу-ағарту ісі жайында іргелі проблемаларды көтеріп
отырды.
«Сарыарқада»
Мұхтар

Әуезовтің
алғашқы
мақалаларының бірі – «Адамдық негізі – әйел», «Оқудағы
құрбыларыма», «Қайсысын қолданамыз?» атты мақалалары

жарық көрді.
Ақын Сұлтанмахмұт Торайғырұлының «Сарыарқаның
жаңбыры», «Шәкірт ойы», «Алаштың әнұраны», «Е, дүние»,
«Жас жүрек» деген өлеңдері, «Ғалиханның Семейге келуі»

деген репортажы осы газетте басылған.
1918 жылы Семей қаласында совет өкіметі алғаш
орнағанда
«Сарыарқа»

газетін
контрреволюциялық
басылым деп өзінің арнайы шешімімен май айында
жаптырады. Осы айда газет пен «Абай» журналының

жабылып қалғаны туралы «Сарыарқа» кейін былай деп
жазды: «Нұрғали Құлжанов майдың 13-күні қасына
солдаттар алып, «Сарыарқа», «Абай» журналы басылып
тұрған қазақ баспаханасын тартып алды, басылғалы тұрған

«Сарыарқаның» 43-нөмірін шашып, мүлкін қолына алып,

есігіне құлып салдырды. Бір-екі күннен кейін баспахананы
бұздырып, хәріптерін әкетпекші болғанда бұл ісі жүзеге
аспай қалды» (Сарыарқа, 1919 жыл, 26-март, №74).
«Сарыарқаның» 1919 жылдың 25-авгусіндегі №87

санында жарық көрген мақаласында С.Жабаев деген
автор былай деп жазады: «Ардақты азаматтар! Құрбылар!
Көптен қалған жалғыз газетті бұлдап жүріп, жауып алсақ,
сүйектен қалмайтын зор таңба болады. Алдын ескеріп,

қолдан келгенше жанашырлығымызды көрсетелік, әр алып
ұраға жығылып өлетін бір қараны болмаса қасқыр жейтін
тоқтыны аямалық. Алты алаштан мен құралпы мың жігіт
30 сомнан берсе, 30000 сом болады. Тағы да көзі ашық аза-

маттар әр жерден жәрдем беремін десе, жәрдем жиюды мой-
ныма аламын. Бұл байлықпенен емес, ортамыздағы жалғыз
газетті жаптырып біреуге көз сүзуден ұялғандықтан».
Саяси

өзгерістердің
большевиктердің
пайдасы-
на шешілуі, азамат соғысы жылдарындағы қаржы

жетуіспеушілігі редакцияға ауыр тиіп, өкінішке қарай,
ақырында, барлығы 88 нөмірі шыққан «Сарыарқа» газеті
1919 жылдың сентябрінде жабылып қалады.
Алаш Орда және большевиктер

Хош, сонымен, бірінші жалпықазақ съезі 1917 жылғы
21-26-июльде Орынбор қаласында өткені белгілі. «...Учре-
дительное собраниеге тобымызды жазбай бару үшін
жалпықазақ съезі қажет болды» деп жазды Міржақып бұл

турасында сол кезде/60/. Бүтін қазақ қатысқан бұл басқосу
үлкен тарихи оқиға ретінде жан-жақты жазылған.
Біз ең басты екі шешімге қол жеткізгенін атап айтамыз:
а) қазақ жері бұрынғыдай қазынанікі емес, қазақ

ұлтының меншігі деп танылды;
б) «Алаш» деп аталатын ұлттық саяси партия құрылды
/61/.

Съездің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылғы «Қазақ» газетінде ноябрьдың 21-і күні жарияланған Алаш партиясы программасы жобасында өз бейнесін тапты /43.Б.129/. «Жалпықазақ съезінің қаулысын қабыл етіп, қазақ өз алдына саяси партия болуын қостайтындар сайлауда кандидат списогін Алаш партиясының списогы деп жүргізулері керек, – деп жазды «Қазақ» газеті, – ...түбінде орыстар бізбен біріксе, оны көрерміз, бірікпесе, оңаша Алаш партиясының списогін жүргізбек болдық» /62/. Сүйтіп, шын мәнінде ұлттық саяси партия жұмыс істей бастайды. Бұл жерде Алаш партиясы өтпелі саяси ұйым болды /43.Б.126/ деп қарау біржақтылық болар еді. Осы мәселе төңірегінде ғалымдар арасында әртүрлі пікір айтылып жүр /63/, /64/. Біздің айтарымыз: ұлт зиялылары саяси партияға керек деп ұғылатын кейбір шартты (жарғы, программа, мүшелік билеті, т.с.с.) білмей қалған жоқ /65/, ең әуелі аласапыран уақыттың аса тығыздығынан, бірқатар объективті жағдайлардың салдарынан бұл шарттарды толықтай іске асыра алмаған. Бірақ бұған қарап Алаш партиясын жай ұйым ретінде қарау қате болар еді. Дәл сол уақытта Ресейдегі көп партияның бірде-біреуі тура Алаш партиясындай жалпыұлттық сипат алмағанын еске түсірсек, партияны тану құр әншейін шартқа келіп тірелмейтініне көз жеткізуге болады. Алаш партиясының Семей облыстық комитетінің ашылуы 12–20 октябрь аралығында өткен /66/. Сібір автономшыларының Том қаласында өткен съезінен қайтып келе жатқан Ә.Бөкейханов Семей қаласына тоқтап, 1213 октябрь күндері елмен кездесу өткізіп, сөз сөйлейді. Сұлтанмахмұттың «Ғалиханның Семейге келуі» деген көлемді мақаласында мынандай жолдар бар: «...Жұрт

қадыр кісісін көргенде мұндай сүйсінбес. Ғалихан жұртқа
аман-сәлем қылып отырған соң қара халық атынан Шанжы
Мұсатаев келгеніне құтты болсын айтты. Онан соң
комитет атынан Ахметжан Қозыбағаров сөйледі. Онан соң

учительдер атынан Мәнен Тұрғанбаев айтты... Онан соң
оқушылар атынан Аймауытов сөйледі:
«Қараңғыда қан жылап қаңғыған күнде басыңды алаш
жолында құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз!

Сізді көргендегі жүректің қуанышын тіл айтып
жеткізерлік емес. Өміріңді жіберген жолың – біз, інілеріңе
жағып қойған шамшырақ. Жасасын сүйреген алашың!
Жаса, сабазым» /67/.

Міне, алаш баласының Әлихан Бөкейхановқа деген
сый-құрметі қандай болғаны Жүсіпбектің осы сөзінен-ақ
аңғарылмақ. Автордың көкейінде алаш еліне арнап ұлттық
автономиялық республика құру мәселесі тұрғаны анық

аңдалады.
Бұл оқиғадан кейін Алаш партиясының он бес кісіден
тұратын уақытша облыстық комитеті ашылған /66/.
Төрағасы болып Халел Ғаббасов сайланады.

Тап осы уақыт Бүкілресейлік құрылтай жиналысының
қарсаңы болғандықтан қоғамдық-саяси өмірде оған
қызу дайындық жүріп жатыр еді. «Құрылтай сайлауы
таянған себепті ел аңдаусыз қалмасын деп облосной

қазақ комитеті Павлодар, Семей һәм Өскемен уездеріне 7
кісі шығарды, – деп жазады «Сарыарқа» газеті, – Семей
уезіне шыққандар – Мұстақым Малдыбаев, Мұхтар
Әуезов, Шанжы Мұсатаев, Құрман Есенболов, Әшім

Мақатаев, Қазы Нұрмұхаметов; Өскеменге барып, ондағы
ақсақалдар, азаматтармен сөйлесіп, сайлау мәселесін
түсіндірушілер шығару үшін Сыдық Дүйсембин кетті;
Павлодарға да осы мақсатпен кеткендер – Юсуфбек

Аймауытов һәм Қаныш Сәтбаев» /68/, «Сарыарқадағы»

бұл хабарды архив құжаттары да растайды /69/. Бірақ
онда бұл кісілермен қатар Тайлыбай Есенбаев пен
Ахметбек Сейсенбаевтың да есімдері аталған.
Жүсіпбекке берілген мандаттың орыс тіліндегі негізгі

мәтіні мынадай:
«Павлодар уезінің комиссарына. Облыстық комис-
сариат Сізден қазақ тұрғындарын ұйымдастыру жұмысы
үшін уездерге іс-сапармен жіберілген қазақ комитетінің

делегаттары Аймауытов Жүсіпбек пен Сәтпаев Қанышқа
заң жүзінде әр түрлі жәрдем беруіңізді және Сізге сеніп
тапсырылған уездегі барлық болыстық комитеттерге де өз
тарапыңыздан осы туралы өкім шығаруыңызды сұрайды.

Облыстық комиссариат төрағасы үшін Троицкий, тұрақты
мүше міндетін атқарушы полковник Киниц» /70/.
Бұл мандаттан анық аңғарылатын нәрсе: Алаш
партиясының облыстық комитетінің тапсырмасымен жүр-

ген Жүсіпбектің сол партияның мүшесі болғаны, Алаш
партиясын қолдағаны, Павлодар уезінің қазақтары ара-
сында Алаш партиясының бағыт-бағдарымен таныстыру
жұмыстарын жүргізгені.

«Қазақтың өзгеше мінездері», «Тұр, бұқара! Жиыл,
кедей! Ұмтыл, жастар!», «Азық-түлік жайы», «Пар-
тия», «Жуан білектік», «Мемлекет құрылысы», «Газет-
журнал оқушыларға» деген алғашқы мақалалары жарияға

шыққан Жүсіпбек Аймауытұлының қайраткер-қаламгер
дәрежесінде өз ортасына біршама танылған мезгілі де – осы
тұс.
1917 жылы декабрьдің 5–13 күндерінде Орынбор-

да екінші жалпықазақ съезі өтеді. Оған бүтін қазақтың
сол кездегі барлық облысынан, Алтай және Самарқан
қазақтарынан делегаттар, Жетісу қырғызынан 2 деле-
гат қатысады. Бұл күндер қазақ тарихында алтын әріппен

таңбалануы керек: Алаш автономиясы және оның Алаш

Орда деп аталатын Ұлт кеңесі осы кезде құрылды /71/.
«..Декабрьдің 12-сі күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге Алаш
автономиясы келіп, азан шақырылып, ат қойылды, – деп
жазады Әлімхан Ермеков, – Алты алаштың баласының ба-

сына ақ орда тігіліп, алаш туы көтерілді. Қырғыз бен қазақ
жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт отанды бол-
ды» /72/.
Бірақ сол кездегі бірқатар саяси жағдайларға байланысты

және Түркстан қазақтарының Алаш Ордаға қосылуын күтіп
автономияны ресми жариялауды бір айға кейін шегерді
/73/. Оның тағы бір себебін тоғыз ай өткен соң алаштың
әйгілі қайраткері Міржақып Дулатов: «..Арамыздағы ана-

сы басқа жұрттармен келіселік, мелисиямызды жасап,
ұлт қазынасын жинап, қамданған соң жариялайық деп
қаулы қылдық. ...Үлкен себебі, жұртқа большевизм дерті
жайылып келе жатқанда сөйлеспей жариялап жіберсек,

көршілерімізбен арамыз қандай болып кететініне көзіміз
жетпеді. Бұл сақтықтың орынды екеніне жұрттың көзі енді
жетіп отыр», – деп жазған /74/.
Дегенмен кейінге ысырған, сол бір ай мезгіл өтпей жа-

тып, қазақ зиялылары үлкен үміт артқан Бүкілресейлік
құрылтайдың 1918 жылдың 5-январында большевиктер та-
рапынан қарумен, күшпен таратылуы көңілге алаң, көкейге
күмән туғызды. «5-январьда 500-ден аса депутат жиылған

еді, – деп жазады Әлихан Бөкейханов бұл жөнінде, – Нико-
лай түскеннен бері жұрттың сүйенгені, таянғаны, құдайдан
соңғы, құрылтай еді. Құрылтай басына бұтын көтеріп
большевик сарыды... Айғайлап алдымен шабатын больше-

вик еді. Соғысты тоқтатам, бітім қылам деп қараңғы сол-
датты ертіп алып, демогогияға сүйенетін іс жүргізген...»
/75/. Жүрген жерін ойран қылған большевиктер 18-январьда
Орынборды басып алады. Сүйтіп, автономияны жариялай-

тын күн әзірге белгісіз болып қалады.

Қазақ даласындағы үлкен шаһарларда гарнизон-
гарнизон болып тұрған, жалған уәде, жалаң ұранға алда-
нып, көкейін большевиктік дерт жайлаған қарулы орыс
әскері 1918 жылдың көктемінде күрт қимылға көшіп,

қаруымен ықтырып «совет» деп аталатын жаңа өкіметті
жаппай қолдайды. «Қай болыс, қай қала болсын, – деп жа-
зады сол кезде «Сарыарқа», – большевик өкіметі алмаған
жер жоқ. Советтен совет шығып жергілікті мекемелердің

бәрін төңкерді, иледі, биледі»/76/.
1918 жылдың март айында Алаш Орда көсемі Әлихан
Бөкейхановтың тапсырмасымен Халел және Жаһанша
Досмұхамедовтер Орал қаласынан шығып, Мәскеу бара-

ды. Онда совет өкіметінің көсемдері Владимир Ленин мен
Иосиф Сталинге жолығып, ІІ жалпықазақ және қырғыз
съезінің қаулысын табыс етеді. Ол қаулымен танысқан
Иосиф Сталин 19-март күні Әлихан Бөкейхановты те-

лефон арқылы келіссөзге шақырады. Қырға шығып кет-
кен Әлекеңнің орнына ертесінде, 20-март күні Семей
қаласында Халел Ғаббасов телефон арқылы Иосиф Ста-
линмен келіссөз жүргізеді. Ол келісімнің толық мәтіні

«Сарыарқа» газетінде бар. «...Ұлт мәселесі тақырыбын
совет өкіметінің негізгі қызмет жобасы етіп келеді.
Жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы
жобаға муафиқ келеді, – деп жазылған Сталиннің газет-

те берілген сөзінде, – бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер
сіздің съездің қаулысы өкілдеріңіздің совет өкіметін
тануға қарсы болмаса, болғаны» /77/. Ал шындығына кел-
генде, саясат мәселесіне қарулы әскер шыққан, Ресей им-

периясында азамат соғысы тұтанған, арты не боларын
ешкім болжап біле алмайтын, аласапыран уақытта со-
вет өкіметімен жақындасу тарихи, саяси шарасыздықтан
туған қадам еді /43.Б.168/.

Большевиктердің
ымыраға
келмейтіні,
айтқанға

көнбегенге тізе батыратыны, қару қолдануға даяр тұратыны
сол кездегі баспасөзде, Алаш Орда қозғалысының үні са-
налатын «Қазақ», «Сарыарқа» «Бірлік туы», «Жас аза-
мат» газеттерінде анық жазылған. Мысалы, «Сарыарқада»

басылған, большевиктердің озбырлығын әшкерелейтін
«Алаш құрбаны» деген мақалаға /78/ қысқаша тоқтала
кетейік.
«Соңғы жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы бой-

ынша Семейде атты-жаяу милиция құрылған еді. Мұны
соңғы кезде большевиктер ұнатпай, «ойыныңды тоқтат,
мылтықты бер» деп мінез көрсетіп жүрді, – деп жа-
зады «Сарыарқа», – 6-мартта таңертең сағат 9 ша-

масында Алаш қаласында мылтықсыз ойнап жатқан
атты қорғаушылардың жанына 10–15 солдат келіп, еш
себепсіз мылтықты бір-екі басып қалады». Орыс әскери
гарнизонының

мейманасы
тасыған,
шовинизммен
уланған озбыр солдаттары ақыры милиция бастығы бо-

лып жүрген, мұғалімдер семинариясының оқушысы Қазы
Нұрмұхаметұлын атып өлтіреді. Ертеңіне ел көп жиы-
лып, марқұмның жаназасын шығарып, арулап жерлейді.
Жаназада Шәкерім қажы сөз сөйлеп: «...Ұлтым» деңдер

деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, іспен көрсетті»
деп жазықсыз оққа ұшқан жас азаматқа үлкен құрмет
білдіріпті. Міржақып Дулатов «Тұңғыш құрбан» деген
белгілі өлеңін оқиды. Райымжан Мәрсеков, Мұстақым

Малдыбаев және т.б. да сөз сөйлейді. «Ақырында, – деп
жазылған газетте, – Қазының бірге оқып жүрген жолда-
сы Жүсіпбек еңіреп тұрып:

– Жан бауырым, жолдасым! Хош бол! Жасаған алдыңды

өзіңе, артыңды бізге қайырлы қылсын. Талаптандың,
талпындың, оқып қатарға кірдің. Бұл күнде мынадай
мезгілсіз қазаға душар болдың. Өкінбе! Ұлтың үшін туып
едің, ұлтың үшін өлдің. Кеудеңде бір-ақ арманың кетті,

ешкімге оқ атып, қылыш суыра алмай, жазықсыз оққа
ұштың. Тым болмаса ұлтыңның бақытының шетін көре ал-
май кеттің. Хош, бауырым, жолдасым. Хош! – деп көзінің
жасын тия алмай, сөзін әзер тоқтатты. Сүйтіп, 7-мартта,

бейсембі күні Алаштың тұңғыш құрбанын баянды сапары-
на жөнелтіп, жұрт тарқасты».
Жүсіпбектің осы сөзінен-ақ оның қай жолды таңдаған,
қандай мақсат ұстанған азамат екенін аңғару қиын емес.

«Ұлтың үшін туып едің, ұлтың үшін өлдің. Ұлтыңның
бақытының шетін көре алмай кеттің..». Осындай сөздер
елін сүйген, ұлтын ойлаған, өресі биік, өрісі кең адамның
ғана аузынан шықпақ.

Ал оның бірге оқыған жолдасы Қазы Нұрмұхаметұлының
кім екені де осы мақалада біршама айтылады. Ар-
хив құжаттары Қазының Сыбан-Еңірекей болысының
9-шы ауылында 1893 жылы туып, Семейдегі орыс-қазақ

училищесін бітіріп, 1914 жылы мұғалімдер семинариясына
оқуға түскенін, қаза тапқанын растайды /79/.
«Автономия болдық деген жұрттар да, біз де бұл
жолға тентектікпен түскеніміз жоқ, мемлекет күйі, са-

ясат ісі құбылып, еріксіз айдап түсіріп отыр. Март ба-
сында басталған өзгеріс алғашқы күндегісіндей болма-
ды. Жыртықты жамап, бүтіндікті бұзбай учредительное
собранияға тыныштықпен жетуге жібермеді. Барған сай-

ын ұлғайды, күшейді, неше қабат сұранып, сан қатерге
кездесіп, ақырында бастапқы түрінен, бастапқы күйінен
айырылды.
Мемлекет тізгіні большевиктерге ауысты, большевик-

тер қалай билік қолына тиіп күш алған соң Николайдың
таз кепесін жұртқа қайта кигізуге айналды, айтқанына
көнбеген, айдауына жұрмеген елді аттырды, талатты. Ке-
дей мен байды, оқыған мен қараны жауластырды...» – деп

жазады сол кездегі саяси ахуал жайында «Сарыарқа» газеті
(1918 жыл, 2-январь, №27).

Саяси жағдайдың қолайсыздығы, әскери күштің өте
кем болуы себепті 1918 жылдың март-апрель айларын-
да Алаш Орда басшылары совет өкіметінің Мәскеудегі
көсемдерімен еріксіз жақындасады /43. Б.168/. Әйткенмен

Алаш Орданы қолдаған көп жұрт жергілікті, зорлықшыл,
өктем большевик солдаттардың кесірінен совет өкіметінің
өкілдерімен тіл табыса алмайды. Сол кездегі саяси
жағдай жөнінде «Абай» журналындағы «Қазіргі сая-

си хал» мақаласында Жүсіпбек Аймауытұлы былай деп
жазады: «Ұрандасып, бас қосып, кеңесіп ұлт жұмысына
кірісе бастағанда қожасының артынан қолы келіп,
басымызға міне түсті; О қол – ойдан, қырдан жиылған

жітікке саяқ. Олжа тапқыш сығандар, социализмнің атын
сатқан большевиктер. Революцияның берген бостандық
теңдігі, большевиктің істеген жұмысы – ел шауып олжа
табу, аузын ашып қарсы келгендерді шабу, асу, ату бол-

ды. Большевиктің босякты қырғандығын көрген жұрт
жағасын ұстап, Николай бірсәрі екен ғой деген де бол-
ды. Большевиктің содыры тимеген ел, таланбаған дүние,
талқан болмаған қала қалмады... Большевик хүкіметі

тұра берсе, қазақ та аман құтылмас еді. ...Россияның һәр
жерінен ақ гвардия, қазақ-орыс, афесерлер қосылып, күш
жинап большевикті жоюға қам қылған. Соның аяғы – осы
майдың ішінде бүкіл Сібір қалаларындағы большевик-

тер қуыла бастады. Омбы, Том, Новониколайск, Красно-
яр, Ақмола, Қызылжар, Көкшетау, Павлодар, Қарқаралы,
Семей, Барнауыл, Өскемен, Зайсан - бәрі алынды. Боль-
шевик быт-шыт болып қашуда. Басқа қалаларда больше-

викпен ұрысып, шығын болып алынғаны да болса керек;
Семей шығынсыз, бір кісі өлмей құтылды. Оның себебі,
Семей большевигінің жан-жағындағы қалалары алынып,
сүйенері болмағандықтан Семей қоныс болмайтынын

біледі; Оның үстіне казак-орыспен қазақ қосылып, қырға

афисерлер алып шығып қазақ басшылары ғаскерін жасай
бастады, сондықтан 29-ыншы майда Семей большевигі,
үн жоқ, түн жоқ, бір күнде пойызбен сызған» /80/.
Көріп отырғанымыздай, бұл мақаласында көсемсөзші

Жүсіпбек сол кездегі саяси ахуал жайынан біршама
мағлұмат берген. Мысалы, «Семейден, Барнауылдан
қашқан большевиктер Рубцовка деген қала маңында жиы-
лып жатыр дегенді естіп, большевиктің тұқымын құртуға

афисер, казак-орыс, қазақ отрядтары жіберілді. Қазақ от-
ряды большевикпен төбелесіп, қуып, бірнеше кісілерін
тұтқын қылып қайтты.
Енді большевик қалған жер – Түркстан жағы. Барлы-

жоқты күші Ташкентте деген хабар бар. О жаққа тілігірам
жүрмегендіктен анық хабары алынбай тұр».
Мақаласының соңында қаламгер қалың елдің ішіндегі
қайратты азаматтарға атқа мініңдер деп алаш милиция-

сына жазылуға шақырады. Ел болу, мемлекет көтеру үшін
ең алдымен әскер керегін жазады, үйткені «шамамыздың
кемдігінен большевик хүкіметі автономия беремін деп
емексітіп, алдап кетіп отыр. Енді күш алдырмаймын,

ғаскер жасатпаймын дейтін большевик жоқ» дейді.
1918 жылдың 11-июнінде (жаңаша күн есебімен) Батыс
Сібірдің қалаларындағы және қазақ даласындағы өзге де
шаһарлардағы сияқты Семейде де совет өкіметі құлатылды

/43.Б.171/. Осынау тарихи оқиғалар жайында арада сегіз
күн өткен соң Аймауытұлы былай деп жазады: «Алаш
қаласында қазақ басшылары жиналып, Алаш Ордасын
көтеріп, қызметке кірісе бастады. Алаш Орданың қазіргі

мақсаты - қазақты жұрт қылып, автономия алу. Осы жолда
Алаш Орда милициясын жасап, қазынасын толықтыруға
кірісіп жатыр» /80/.
«11-июньде Алаш Орда іске кірісті, – деген мәлімет

аламыз Міржақып Дулатовтың мақаласынан, – һәм съез

қаулысы бойынша (ІІ жалпықазақ және қырғыз съезін жа-
зып отыр. - Н.Қ.) автономия жарияланғанша қазақ-қырғыз
мәдени ұлт жұмыстарын өзі билейді деп жарлық шығарды.
Мұның мәнісі автономияны жариялауды кейінге қалдыра

тұрып, мәдени-ұлт автономиясын жарыққа шығарған еді»
/81/.
Сол айда Ресейдің Самара қаласында Бүкілресейлік
құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті құрылады.

Алаш Орда осы Құрылтай комитеті Алаш автономиясын
танығаннан кейін ғана автономияны ресми жария етуді
қалап, кейінге қалдырған. Үміт Құрылтай комитетінде еді.
Бірақ Алаш Орда қол қусырып қарап отырмаған. ІІ

съезд қаулысын іске асырып, қазақ милициясын құру үшін
барлық мүмкіндік пайдаланылады. Мәселен, 1918 жылдың
25-июнінде Алаш Орда «Семей уезінің әрбір болысынан
милиция құрамына 30 адамнан алынуы керек» /82/ деп

қаулы қабылдаған.
Қазақ жігіттерін әскер ғылымына үйретуге подполков-
ник Ғали Самыратбеков сияқты азаматтар шақыртылып
/83/, Қостанайда 2-ші қазақ полкінің, Жаманқалада

(Орск) 3-ші, 4-ші, Оралда 5-ші, 6-шы қазақ полктерінің
құрылғанын, Өскеменде 1-ші полк пен офицер даярлап
шығаратын медресені қазақ офицері, штабс-капитан Ха-
мит Тоқтамышев ашқанын «Сарыарқадан» оқуға болады

/84/.
«Менің ойымша, қазір бар күшті жұмсап, қауырт
кірісетін екі нәрсе деп білемін. Бірі – милиция-ғаскер жа-
сау, екіншісі – оқу жағы, – деп Алаш Орда үкіметінің саяси

бағыт-бағдарын «Қазір екі нәрсе керек» деген мақаласында
Жүсіпбек барынша ашып көрсеткен, – Милицияның
керектігі: заман – күштінікі, қару-жарақтынікі, атты-
тондынікі. Ғаскер жасап алмасақ, осындай астан-кестең,

аударыспақ заманда елімізді, жерімізді, мал-басымызды

қорғап ала алмаймыз, көрінгеннің аузында кетеміз,
жұрттығымыздан айрыламыз, Бұл – бір; сыртқа елеулі ел
бола алмаймыз; сыбаға ала алмаймыз; осы күнде ұялғаннан
бермейді, қорыққанынан сыйлайтын заман – екі; Милици-

ямыз болмаса, елге айбарлы, әмірін тыңдатарлық, тәртіп,
тыныштық орнатарлық хүкімет бола алмаймыз. ...Ұлт на-
мысын ойына алып, қазақтың жігерленетін мезгілі жетті.
Сол себепті ең керек нәрсенің біріншісі – милиция, бар

күшті милиция жасауға салу керек». Осы жолдардан
алаштың көсемсөзшісі Аймауытұлының мемлекет са-
ясатын толғайтын, алаш мұратын ойлайтын ел азаматы
болғандығына тағы бір мәрте көз жеткізуге болады.

Алаш Орданың орыс-казактармен тізе қосып, больше-
визимге қарсы бірге шыққанына Әлихан Бөкейхановтың
Орынборға, Сейдазым Қадырбаевқа «қару-жарақ, әскер
шығынын үйрететін офицер туралы Дутовпен хабарлас»

деген жеделхаты /85/ және атаман Дутовтың Алаш Орда
үкіметін құттықтап Ә.Бөкейхановқа жолдаған жеделхаты
/86/ дәлел бола алады.
Дегенмен

қазақ
полктеріне
киім-кешек
жетпей,

әскер арасында әр түрлі аурулар жайылып, тәртіп аса
жоғары деңгейде болмаған /87/. Милиция құру ісі, байқап
отырғанымыздай, біршама жүзеге асқанымен, қазына жи-
нау ісі күрделі мәселе болған. Әйткенмен оның үшін де

жол тауып, «пұл жағынан істі тоқтатпастан жалғыз-ақ ша-
расы – ақшаны қазір қарызға алу, жұрттан ақша жиналған
соң орнына салу. Олай болса, Орданың өзі де, жергілікті
комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді

қарастыру» /88/ керек екені жазылып жатты.
Алаш Орда большевик қашқаннан кейін – 1918 жылдың
11 және 24 июнь күндері аралығында 8 пункттен тұратын
қаулы-қарарлар қабылдаған /89/. Әйтсе де, оған шейін

большевиктердің бас көтерткізбегені рас, әсіресе басқадан

гөрі Орал мен Семей губернияларында қазақтың өз ішінен шыққан большевиктер көп кесірін тигізген /90/. 1918 жылдың 8-июнінде осылар сияқты «большевик заманында Алашқа қастық ойлап, зияншылық қылғандарды тергеуге военно-полевой сот» ашу хақында /91/ 31-шілдеде төтенше сот пен тергеу комиссиясын құру туралы қаулы қабылдайды. Райымжан Мәрсеков пен Сыдық Дүйсембин оған мүше болған екен /92/. Міне, осындай шиеленіскен саяси жағдайдың түп себебі туралы: «Орынбордағы сиездің қаулысы жұртқа мәлім. Бірақ бұл қаулы орындалмады. Бұған екі түрлі себеп болды: 1) орыс һәм қазақтан шыққан большевиктердің кесірі; 2) елдің салақтығы» /93/ деп жазыпты сол кезде Міржақып Дулатов. Дәл осы кезеңде Ресей империясының түстікшығысында, Сібірде өкіметке таласқан саяси, әскери күштердің көбейгені белгілі. Бұлардың мақсатын, ықпалын, пайда-зиянын дәл ашып көрсетерлік тарихи байлам жасау – аса нәзік, күрделі мәселе. Сондай өкіметтің бірі – «Патша заманының қара күнін қайта туғызып, қазақтың басына әңгіртаяқ орнатқан Колчактың кер заманы» /94/ деп Жүсіпбектің өзі жазғандай, алғашында Сібір уақытша үкіметінің, кейін адмирал Колчактың қолына көшкен өкімет еді. Бұл өкімет Сібірде шығатын (оған, әрине, қазақ жерінің терістігі, терістік-шығысы да кірген) газеттер мен плакаттар, баспадан шыққан бүкіл қағазды ішкі істер бөлімінің қарауына өткізу керектігі туралы 1918 жылы 25-июньде жарлық шығарыпты /95/. Сібір уақытша үкіметінің баспасөз бостандығына тұсау салып, қырағылық танытуы оның диктаторлық сыпатын аңғартса керек. Осыған орай мына бір деректі келтіре кетелік: 1917–1918 жылдары Семей қаласында 4 баспахана болған. Біреуі облыстық

мемлекеттік, қалған үшеуі – Плещеев, Печекин дегендердің
және Жәрдем серіктігінің жекеменшік баспаханалары.
Бұларда жалпы саны 80-ге жуық адам жұмыс істеген екен
/96/.

Алаш Орда делегациясы мен Сібір өкіметінің комиссия-
сы арасындағы келісімге Уфа қаласында өткен мемлекеттік
мәжіліс қарсаңында қол жетті. Тарихта Уфа мемлекеттік
мәжілісі деген атпен қалған бұл басқосу 1918 жылы

сентябрьдің 8-інде ашылды /43.Б.182/. Міне, осы басқосуда,
сол кездегі қазақ басылымдарында жазылғандай, 11-сен-
тябрь күні Бүкілресейлік Құрылтай жиылысында Алаш
Орда үкіметі басқарған Алаш автономиясын Ұлттық ре-

спублика ретінде таниды. Бұл күн де – қазақ тарихында
алтын әріппен таңбалануға тиіс айрықша дата. Ол жөнінде
«Қазақ» газетінде де /97/, «Абай» журналында да /98/
жазылған. Біз «Абайда» шыққан, сол кезде Уфада жүрген

Әлихан Бөкейхановтың атынан Алаш Ордаға келген же-
делхат мәтінінен толығырақ үзінді келтірейік:
«Құрылтай уәкілдігінің комитеті Алашты автономи-
ялы жұрт деп таныды! ...Бар күшті ұлт ғаскерін жасауға

салыңдар. Алаш – Россиядағы одақтас мемлекеттердің бірі.
Сондықтан тіреудің бір ұшы – Алаш ғаскері. Алаш полкіне
не керегін тауып беріп, таратпаңдар. Керек нәрсені, қаншаға
болсын, қарыздануға қорғанбаңдар. Жетік, білікті қару ал-

сын. Алаш отрядының Орал, Торғай бөлімдерінде ғаскер
жасау жұмысы жалғассын. Оралда қазақ офицерлерін
шығармаңыз. Алаш Орда бастығы Бөкейханов».
ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихындағы ең айтулы,

ең қуанышты дата, қазақша айтқанда, ақ түйенің қарны
жарылған күн осы – 1918 жылдың 11-сентябрі болатын!
Бірақ, зор өкінішке қарай, арада бірнеше ай өтпей та-
рих жарықтық жүзін теріс бұрып, империя құрамындағы

қазақтың ұлттық автономиясы ұзақ жасай алмады...

Біздің автономия ғана емес, жаңа сайланған Бүкілресейлік
үкіметтің де ғұмыры шолақ болды. Надан, қараңғы
әскерді өз жағына шығарып алған большевиктер азамат
соғысында бірте-бірте жеңіске жетіп, империяның барлық

аймақтарында совет өкіметін қайта орната бастайды. Оның
себеп-салдары мен сол тұстағы саяси шиеленістер, азамат
соғысы мен өкіметке таласқан қақтығыстар жайында орыс
тарихында ғана емес, бізде де бірталай жазылған /43.Б.256/,

оған тоқталып жату – бұл жерде басы артық дүние.
Бір-ақ нәрсе анық: Алаш партиясы және ол басқарған
Алаш Орда үкіметінің қызметі қазақ тарихында өз ізін
қалдырды /99/.

Жүсіпбек және «Сарыарқа» газеті
Ұлттың мүддесін, елдің қамын жеген, Алаш Орда
өкіметінің «Қазақтан» кейінгі екінші тынысы болған,
шығып тұрған уағында қырдағы қалың ел арасына

кеңінен тараған басылымның бірі – «Сарыарқа» газеті.
«Сарыарқада» Алаш партиясының саяси бағдарламасы,
Алаш Орда өкіметінің қаулы-қарарлары, саяси мәні бар же-
делхаттары, т.с.с. қазақ тарихы үшін құнды дүниелер сана-

латын құжаттар жарық көрген.
Мұнда
Ә.Бөкейханов,
М.Дулатов,

Б.Сәрсенов,
Т.Құнанбаев,
М.Тұрғанбаев
сияқты

қайраткерлердің,
қалам-герлердің
қоғамдық-саяси
және

әлеуметтік
мәселелерді көтерген көптеген көсемсөз шығармалары
басылған. ІІІәкерім қажының, Сұлтанмахмұттың, Сәбит
Дөнентаевтың кейбір өлеңдері әуелі осы газетте шыққан.

Жалпы,
«Сарыарқаның»
библиографиясы
біршама

түгенделсе де /100/, оның толық, түбегейлі ақтаратын
зерттеушісін күтіп жатқанын естен шығармау керек.
Баста К.Үкібаев деген біреудің, кейін Семей облыстық
қазақ комитетінің, соңында Алаш Орданың Семей облыс-

тық кеңесінің баспаханаларында басылған, қаржы жағынан
«Теңдік» серіктігі жәрдем еткен бұл газетке ең әуелі Рай-
ымжан Мәрсеков, сонан кейін ұзақ уақыт Халел Ғаббасов,
жабылғанша Имам Әлімбекұлы редакторлық еткенін,

бірер санын Шанжы Керейбайұлы шығарушы болғанын
жоғарыда айттық.
Жүсіпбек Аймауытұлының «Сарыарқа» газетінде
жа-рыққа шыққан бірнеше мақаласы бар. Солардың

алғашқысы «Тұр, бұқара! Жиыл, кедей! Ұмтыл, жастар!»
деп аталады /101/. Империяда монархия құлап, келмеске
кеткен соң «бостандық» және «теңдік» ұраны көтеріліп,
ел арасына демократия, теңдік идеясы тарай бастайды.

Жүсіпбек бостандық ұғымының тарихи мәнін, саяси аста-
рын, қоғамдық маңызын қыр қазағына ашып жеткізіп
беруге ұмтылады. Ол «біздің қара халық бұ теңдік, бұ
бостандық кімге келген теңдік, бостандық, неменеге

болған бостандық екенін әлі білген жоқ сияқты» деп жаза
келіп, «әуелі сөзге бостандық беріледі» деген түйінін айта-
ды. Бостандық ұғымының негізгі принциптеріне кеңінен
тоқталған көсемсөзші оның қоғамдық-саяси маңызын

ашып көрсетуге тырысады.
Алаш жұрты еріксіз Ресей империясының теліміне
түскен соң 1822 және 1824 жылдары патша өкіметінің
көшпелі елге арнап низам шығарып, қазақтың сая-

си атқару билігін түп-тамырымен өзгертетін хұқықтық
ережені бекіткені белгілі. Осы жылдардан бастап
қазақтың басынан бақ тайып, мемлекеттік құрылысы
бұзылып, империяның отарлы бір аймағына айналғаны

белгілі. Мұнан былайғы уақытта алты алаштың баласы,
Ахаңша – Ахмет Байтұрсыновша айтқанда, «біліммен
би болып, жұрт билейтін заман өтіп, тасың (таспен) би
болатын заманға, ...білімі көптер жұрт билемей, малы

көптер жұрт билейтін заманға» /102/, Жүсіпбектің өз

сөзімен айтқанда, «кемеңгер билердің заманы құрып,
адамды мал мен пұлға сатып алатын заманға килікті»
/103/. Губернияға, уезге, болысқа бөлінген қайран қазақ
ғасырлар бойы келе жатқан ел билеу дәстүрінен айыры-

лып, империялық бюрократтық жүйеге бағындырылады.
Патша әкімдерін паралауға, олардың үлгісімен қиянатқа,
зорлыққа, өтірікке, шенқұмарлыққа үйренеді ел жуанда-
ры. Қазақтың Дулат, Мұрат, Шортанбай сынаған, ұлы

Абай жиренген жаңа бір дәуірі дүниеге келеді.
Жүсіпбек өз мақаласында төңкеріс бостандығы әуелі
қалың бұқараға керек деп байлам жасайды. Сөз бостандығы
келді, қара халық, сөзіңді тыңдайтын хакімдер бар деген

насихат айтады. Елдің игі жақсыларына да арнап: «Кел,
мырзалар! Заман ыңғайы шалғырт, шенқұмарлық көксеп,
бұзықтық шығара бермей, өткенге қанағат қылып, кешу
алып, келешекте түзеліп, жанды олжа көріп, тек жүрсек, тоқ

жүреміз» деп жазады. Жоқ-жітікті қанағанды қойып, мем-
лекет болу ұранын қолдайық, іргелі ел болуға жұмылайық
деген тілегін білдіреді.
«Екінші бостандық – бас қосып, қаулы қылып, ұйым жа-

сап, бірлесіп іс қылуға берілген бостандық» деп көрсетеді
осы мақаласында. Орыс елінің ісмерлері, мұжықтары
ұйым құрып әлеуметтік және құқықтық теңдік алып
жатқандығын баян етеді. «Жалғыз-ақ бостандық туғалы

көріп отырған жақсылығымыз мынау: Зайсан уезінің жас
жігіттері, қара бұқарасы (800-дей кісі) «Теңдік заманы» де-
ген ұйым жасап, теңдік ала бастады. Көзге көрінген бір
ісі: Зайсан уезіне хан сияқты әмірі жүрген, орыс, қазағын

бірдей билеген, атақты кемеңгері Ахметжан Шідерин де-
ген қара жүректі ел жұмысына кірістірмей ұстап, жапты-
рып отыр. Шідерин нөкерлерімен қазір Семейде» деп ел
ішіндегі алғашқы бастамаға қуанып, оны үлгі етеді. Алаш

мүддесі деп іске кіріскен ол бірігіңдер, ұйым құрып, қаулы

шығарыңдар деп жалаң ғана айтып қоймай, нақты жоспа-
рын да анықтап берген:
«Ұйым бітіретін жұмысын қысқаша көрсетейін:

1) Қара бұқара теңдік әперу жолында бас қосып,

түсіндіріп, партияны тоқтату; 2) Комитеттерге зәбірсіз, таза кісілерден сайлау; 3) Ел ішіндегі атақты зиянды кісілердің көзін жоғалту; 4) Комитеттің істеген жұмысын бақылап отырып,

жамандығы шыққандарды түсіру; 5) Билердің билігін байқап жүріп, қиянат қылған,

пара алғандарын түсірту; 6) Қолы жете алмай жүрген нашарлардың ақысын алып

беруге тырысу; 7) Халыққа алым-шығынды әділшілікпен салдыру: ке-

дейге – кедейше, байға – байша; 8) Елге пайда келтіру жолында мектеп, уақ қарыз

серіктігі, потребительский лавкалар ашу; 9) Ұрыны тыю; 10) Уездной һәм облосной комитеттермен өз тұсынан

хабарласып, не жұмыс болса, халыққа таратып һәм елдегі
жұмысты комитеттерге білдіріп тұру».
Бұл жерде тағы бір арнайы тоқтала келетін жайт –
мақаладағы облыстық комитеттер тұрғысында. Патша-

ны құлатып, жаңа билікті қолға алған, кадеттер басқарған,
рес-публикашыл бағыттағы Уақытша үкімет қазақ зиялы-
ларына сенім артып, өз комиссарларын тағайындайды. Ом-
быда, Алматыда, Ақмолада, Семейде алғашқы облыстық

қазақ комитеттері жұмыс істей бастаған. «Негізгі міндет
қазақ жұртының күшін біріктіріп жолға салу, жаңа биліктің
ел басқару ісін нығайту, болып жатқан өзгерістерді
халыққа уақытында жеткізіп, күнделікті саяси мәселені

шешуге жұмылдыру»/104/ болған бұл қазақ комитеттері
демократиялық бағытты ұстанған. Жүсіпбектің өзі мүшесі

болған қазақ комитеттерінің ел үшін игілікті қызмет
атқарғанын осы мақаладан-ақ аңғаруға болады.
«Сарыарқаның» 3-ші санына көсемсөзші осымен үндес
«Партия» деген мақаласын бастырады. Мұнда қазақ

ішіндегі партия туралы ежелгі мағынаның ескіргенін,
ол партияның бұдан былай керек еместігін баса айта-
ды. «Басқа жұрттың партиясының негізгі мақсұты – қай
жолмен болсын, тұрмысын оңдауға тырысу, ал біздің

қазақтың партиясы бұ партияға ұқсамайды, үйткені
қазақ тұрмысын түзетуге жұмысшы, кедейлер бірыңғай
одақтаса алмайды.
Бұл – екі. Партияшылар көптің қамын ойламайды, өз

басының билігін, атағы, мақтануы үшін таласады, бұл

– үш. Ендеше қазақтың партиясы – өзге жұрттан оғаш,

мақсұты, шегі, тілеуі қиғаш, теріс партия» деп қабырғалы
пікір айтады.
Расында да «болды да партия, ел іші жарылды»
(Абай) болған жікшіл, кертартпа, кеселді жүйе империя

саясатының сарқыншағы еді. Осыны түйсінген парасат-
ты қаламгер патша заманындағы партия бөлінісінің шын
пиғылын, арғы көмейін қырдағы елге былайша түсіндіреді:
«...Зәлім ұлықтарға құл керек болды: болысты сүйеді, бо-

лыс дәуірлі... Мұндай зор дәрежеге бектік, атақ көксеген
қазақ қызықпай тұрмады, малды төге берді... Партияға
көмек берген нәрсе – қазақтың тұрмысы, кәсіпсіз қолының
бостығы».

Бірінші жер-жаһан соғысына қазақтан солдат алу
дүрбелеңінен бастап жалғасқан екі жылдайғы алмағайып
мезгіл ішінде ел өндірістік заттарға, азық-түлікке, әсіресе
шай, қант, былғары, ұн, шыт сияқты өнімдерге зәру

болған екен. Осындай әлеуметтік өзекті мәселені «Азық-
түлік жайы»/105/ мақаласында Аймауытұлы назардан
тыс қалдырмайды. Облыстық азық-түлік комитетінің

құрылғанын,
оның
жер-жерде:
уездерде,

болыстар-
да жергілікті бөлімшелері ашылатынын, халықтың оны
қалай пайдалана алатынын жазып, қырдағы елге қажет
көп мәлімет береді. «Кездемеге, былғарыға, қант, шайға,

ұнға нақ баға кесіледі. Бұл кескен баға осы күні лавкеші
саудагерлердің сататын бағасынан екі-үш есе арзан» деп
империядағы Уақытша үкімет комитеттерінің пайдалы
тағы бір жұмысын жазады. Әр ауылдың ауылнайы тіпті

облыстық азық-түлік комитетіне келіп, керек-жарағын
тізім жасап алып, сатуға көмектесуіне де рұқсат етілгенін
хабарлайды. «Егер жауапты болмай, волосной комитетінің
қиянатын білген, жәбіршілік көрген адамдар тиісті орынға

білдіруі керек» деп тұтынушылар құқын да ескертеді.
«Сарыарқа»
газетінде
жарық

көрген
осындай
мақалаларынан Жүсіпбек Аймауытұлының ел келешегіне
қажет әлеумет істеріне араласқанын аңғарамыз, баспасөзде

заман ағымына сай қоғамдық жөне әлеуметтік мәні зор
мәселелерді қозғағанын көреміз.
Аймауытұлы –
«Абай» журналының бас редакторы

Ресей империясының отарлау саясаты өршіп тұрған
кезде түрк нәсілінің ұлы қайраткері Исмайыл Ғаспрәлі:
«Әдебиетте де, әкімшілікте де кез келген халықты
кеңселік шаралармен кейбір істе тыйым салып, кейбір

іске алдаусыратып құптап, қалаған үлгіде қайта жа-
сап шығаруға болар деп ойлайтын қызуқанды патриот-
тар бар» деп жазған екен. Заманында ұлы державалық
шовинизмнің асқынған сыпатын көзімен көрген, жан-

тәнімен сезініп өскен, түрки-ноғай ұлтынан шыққан
атақты ағартушы Исмайыл Ғаспрәлі дәл бағамдағандай,
Ресейдің озбыр отаршылығы, миссионерлік қимылы
XX ғасырдың басында асқынып тұрған еді. Қоғамдық-

саяси бағыттағы үстемдігін жыл санап күшейткен,
әлеуметтік-тұрмыстық саладағы ықпалын күн санап
арттырған орыс отаршылары алты алаштың болмы-
сы мен бейнесін әсіресе рухани кеңістікте өзгертуді

мақсат еткені белгілі. «Қазақ даласында православие
миссионерлері жұмыс істеуде... Қазақтар бұл тұрғыда
өздерінің сауатына және қасиетті кітабы – Құранға
қарсы әрекетті көріп, әкімшіліктен ауыл мектептерінде

исламды және қазақша сауаттылықты оқытуға рұқсат
сұрады. Бұл өтініш қабылданбады» деп жазыпты орыс
тіліндегі бір мақаласында Әлихан Бөкейханов. Ұлтының
азаттығын өмірлік мұрат тұтқан қайран Әлекең патша

өкіметінің қазақ балаларын оқытамыз деп шоқындырып,
миссионерлік мақсұт көздеп отырғанын сол заманда-ақ
әшкерелеп жазған.
1910 жылы орыс тілінде шыққан «Қазақтар» деген

ғылыми еңбегінде Бөкейханов: «Әзірге қазақ тілінде бірде-
бір газет жоқ; сонымен бірге қазақтардың өзінің баспахана-
сы болмай отыр» деп жазады күйінішпен /106/. Ұлт көсемі
кейін, 1913 жылы әйгілі «Қазақ» газетінің шығуына өзі

мұрындық болып, оған рұқсат алудың, баспахана алудың
бас-аяғында өзі жүреді. Әсілі, қазақ баспасөзінің дүниеге
келу, қалыптасу процесін тездету үшін XX ғасыр басында
қазақ зиялылары шама-шарқынша өз үлесін қосты. Сондай

жолды ұстаған Жүсіпбек Аймауытұлы алаштың алғашқы
журналдарының бірі – «Абайдың» негізін қалап, оның жа-
уапты шығарушысы болды.
«Абай» журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс

қазақ зиялыларының арасында 1914 жылдың өзінде-ақ
қабыл алынып, ұлы ақынның қазасының он жылдығына
байланысты Семей қаласында өткізілген үлкен жиы-
лыс үстінде бекітілген болатын. Алайда «бірінші

дүниежүзілік соғыстың басталуына және патшалық Ресей

тарапынан отарлау саясатының бұрынғыдан да күшейе
түсуіне орай журнал шығару міндеті орындалмай
қалғаны» /50.Б.46/ мәлім.
Семей қаласында 1918 жылдың февраль және октябрь

айлары аралығында, алғашқы кезде «Жанар» ұйымының,
кейін уақ қарыз серіктігінің қаржысымен шығып, облыстық
қазақ комитеті баспаханасында басылған «Абай» журналы
қазақ халқының әлеуметтік және мәдени өмірінің өзекті

мәселелерін қозғап, ұлтымыздың рухани тыныс-тіршілігіне
ықпал етуге атсалысқан басылымдардың қатарынан орын
алады.
Февраль айынан шыға бастаған басылым әуелде

бұдан гөрі бірер ай ертерек шығуды көздесе керек. Бұны
«Сарыарқа» газетінен оқимыз: «Алаш дуанында (Семей
қаласын айтып отыр – Н.Қ.) 15-ғинуардан шыға бастай-
тын «Абай» атты қазақша ғылыми, әдеби, шаруашылық

журналына жазылу дәптері ашылды. Журналдың жоба-
сы кең. Жазушыларға сай, нағыз қазақ тілінде ай сай-
ын екі рет шығады. Ылғый жазып тұрушылар: Мәнен
Тұрғанбаев, Юсуфбек Аймауытов, Сұлтан-Махмұт Тор-

Айғыров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Дөнентаев, Сеиітбаттал
Мұстафин. Адресі: Заречная слободка»/107/.
Қазақтың тұңғыш ғылыми-көпшілік, әдеби журналының
алғашқы санын бастыруға жәрдем еткен «Жанар» мәдени-

ағарту ұйымы туралы «Абайдың» 3-санында «Аш, жалаңаш
қазақ-қырғыз бауырлары жұрттан жеткілікті жылу жи-
нап, рулы елімізді өлімнен сақтап қалу мақсатымен Се-
мей облысының Алаш қаласында қазақ комитеті һәм

жастардың «Жанар» атты ұйымы басшылық етіп қауым жа-
сады. 5-мартта қауым ортасынан іс басқаратын бес кісілік
комитет сайлап шығарды. Қауымның бастығы – Әлихан
Бөкейханов, жәй бастығы – Мұқыш Поштайұлы болды.

Комитет председателі – Міржақып Дулатов. Орынбасары

– Жүсіпбек Аймауытов, хатшысы – Мұхтар Әуезов...»/108/ деп жазылған. «Жанар» ұйымының мақсаты жас азаматтардың басын қосып, ұлт мәдениетін ілгерілету, әлеумет жұмысын реттеу еді. Совет өкіметі орнағанға шейін қазақ қауымының бірқатар қоғамдық, тұрмыстық және әлеумет жұмыстарына уақ қарыз серіктіктері де қаржылай немесе материалдық көмек жасап отырған. «Абай» басылымына да 2-ші санынан бастап жабылғанға дейін демеу көрсеткен сол уақ қарыз серіктігінің мақсаты мен қызметіне біраз тоқталайық. Негізінен коммерциялық болып есептелетін бұл ұйымдар, қазіргі тілімізге көшірсек, шағын несие беру кооперативтері деп аталмақ /109/. Басты қызметі қаражат (сауда) беру, не болмаса үлестік қор (вклад) жасау болып табылады екен /109/. Бұндай ұйымдар жөнінде сол «Абай» журналындағы «Уақ қарыз серіктігі» деп аталатын мақаласында /110/ Аймауытұлының өзі де керек деректер қалдырған. «Түпкі мақсаты – халықтың ауқатсыз, кедей бұқарасының тұрмысын жеңілдету, мұқтаждықтан құтқару. Халықтың кедейі қоңайса, жалпы жұрттың да шаруасы оңалмақ. Халықтың көзі ашылып, өнерлі, білімді болуына да себепкер болмақшы» деп жазады ол осындай серіктіктердің басты екі мақсатына тоқтала келіп. Оның саудамен, егін салумен, мал тұқымын асылдандырумен, қолынан келсе, шамасы ұлғайса, зауыт-фабрик ашып, өндіріспен айналысатынын айтады. Газет-журнал шығаруға, кітап бастыруға, кітапхана, қырағатхана ашуға кірісіп, мұқтаж оқушыларға жәрдем беруге ақша бөліп, игілікті істерден тартынбайтынын баса айтып, одан әрі былай дейді: «Мақсаты земствоға жанаса жүреді. Айырмасы: земство жалпы жұрттың қамын ойлайтын, уақ қарыз – көбінесе өзінің серіктерінің қамын ойлай-

тын (жеке) частный мекеме». Бес сом мүше салығын беріп
тұрған серіктік мүшелері аз өсіммен қарызға ақша, арзанға
тұрмыс нәрселерін ала алатынына да арнайы тоқталады
Жүсіпбек.

Расында да, мұндай кооперативтер әсіресе қаладағы
жастарға аса қажет еді. Десе де, қазақ даласында XІX
ғасырдың
соңында

ашыла
бастаған,
жылдан
қаулап өскен осынау ұйымдар Столыпиннің аграрлық

реформасының дүмпуімен ең әуелі «қарашекпендерге»,
яғни біздің жерімізге қоныс аударған орыс шаруаларына не-
сие беру ісі өте қажет болғандықтан ғана алаш топырағында
қолға алынғаны қазір белгілі болып отыр /109/. Сол

кездегі Переселен басқармаларының басылымдарындағы
мәліметтердің көрсетуінше, 1913 жылдың 1-январында
қазақ даласы бойынша (Жетісу мен Сырдария губерния-
ларын қоспағанда) осындай 208 кооператив жұмыс істепті

/109/.
«Қазақ уақ қарыз серіктігін, потребитель дүкендерін
көбейтіп аша алмай, пайдасын көре алмай, сыбағасын
басқалар жеп кетіп отыр, – деп жазады Аймауытұлы

жоғарыда аталған мақаласында, – мысал үшін Семей
облысын алайық, осы бір облыстың ішінде мұжықта
уақ қарыз серіктігі 84, қазақта 3, санымызға қарағанда
мұжықта 84 болғанда, қазақта 400-500 болуы керек еді.»

Одан әрі көсемсөз иесі осы облыстағы қазақтың үш уақ
қарыз серіктігі Қарқаралы үйезінің Ақсары болысында, Се-
мей үйезінің Машанский серіктігі және Алаш қаласында
екендігін айтады. Сонда «Абай» журналының үзілмей

шығуына жәрдем қылып отырған Алаш қаласындағы
серіктік екені белгілі болып отыр.
Ал бұл серіктіктің 1916 жылдың 18-сентябрінде
ашылғанын «Қазақ» газетінен оқып білдім /111/. «Ішкі

хабарлар» айдарымен берілген хабардан шағын үзінді

келтірейік: «Инспектор Халел мырза Ғаббасов өзі келіп,
қазақтар жиналып кеңесті. Серіктіктің түп сомасы 3 мың
болмақ, мұны Г.Банк бермек. Кредит бір серікке 200 со-
мнан аздық қылмайды. Залог салғандарға 500-ге шейін

ашылады. Бұл күнгі мәжіліске председатель қылып
жиылған әлеумет Халел мырзаның өзін сайлады. Серіктік
жайын кеңесіп болғаннан кейін правление члендері сай-
ланды. Бұлар – Құрманбай Мұздыбайұғлы һәм Мұстақым

Малдыбайұғлы. Оларға орынбасар – Мәнен Тұрғанбайұғлы,
Ғұмар Малішкенұғлы» /111/.
Міне, сонымен журналға қазақтың белгілі қайраткері,
Алаш Орданың басты адамдарының бірі Халел Ғаббасов

басқарған уақ қарыз серіктігі көмек көрсетіп тұрғанына
көз жеткіземіз. «Осы журналды бастырып отырған уақ
қарыз серіктігі, – деп жазады қаламгер Аймауытұлы, –
журналдан пайда көрейін, ақша табайын деп шығарып

отырған жоқ. Халықтың көзі ашылсын, мағлұмат ал-
сын, ағарсын деп, игілік істің бірі деп, ел қамын ойлап
шығарып отыр»/110/.
Көсемсөзші мұнымен қабат серіктіктің шамасы келсе,

болыс басы уақ қарыз серіктігін, тұтынушы дүкендерін
ашпақ, шет жерлерге өз агенттерін жібермек екенінен
мәлімет береді. Ал «Абай» журналына шыққан дүниенің
бәрін асықпай оқып отырсаңыз, әлгі серіктіктің Лебедев

деген, шетелге шығып жүрген бір агентінің болғанына
көзіңіз жетеді.
Мәселен, 11-ші санда осы серіктік пен үйездік
земствоның жұмысымен Владивостокқа барған Лебедевтің

сол жақтан жіберген екі жеделхатының мәтіні берілген:
«Дүние жүзіне мәлім Американың бір үлкен компания-
сымен келісіп тұрмын, – деп жазады ол бір жеделхатын-
да, – ...Тауарымызға 30 процент (жүзден отызын) ақшадай,

қалғанын нәрседей береміз дейді. ...Іс аса зор, сондықтан

тіліграм һәм кісі жібергендеріңіз лайық. Уақ қарыз серіктігін тәртіптеп күшейтіңіздер. Лебедев» /112/. Осы жазғандарға қарап отырып Алаш (Семей) қаласындағы қазақтың уақ қарыз серіктігінің саудакооперация қызметін әжептәуір деңгейде игергенін аңдауға болады. «Абай» журналында қазақтың тағы бір публицисі және серіктіктің басқарма мүшесі, орынбасарының бірі Мәнен Тұрғанбаевтың сол заманның осы сыпаттағы кооперативтерінің мақсаты мен жұмысы жайында біршама зор мағлұмат беретін «Бірлік (кооператив)» /113/, «Уақ қарыз серіктігі» /114/, «Кооператив» /115/ деген мақалалары жарық көрген. Басылымның 10 және 11 сандарында уақ қарыз серіктіктерінің жалпы ережелері де жарияланған /116/. Бұл ретте журналды бастыруға жәрдем жасаған уақ қарыз серіктігінің экономикалық-шаруашылық саласының шежіресінде ғана емес, қазақ мәдениетінің тарихында да өзіндік орын ала алатыны күмән туғызбаса керек. Айына екі рет шығып тұрған журналдың тұрақты редакторы Жүсіпбек Аймауытұлы болған. Басылымның тек 2-ші және 3-ші сандарында ғана мұқабаның сыртында «шығарушы – Басқарма» деп көрсетілсе, қалған барлық нөмірлерінде «шығарушы – Жүсіпбек Аймауытов» екені тайға таңба басқандай етіп жазылған. Сондықтан, қазіргі үғыммен айтқанда, басылымның бас редакторы қызметін атқарған Жүсіпбектің журнал шығарудың бар ауыртпалығын өз мойнына алғанын аңдауға болады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивтік материалдарында сақталған Аймауытұлының 011494 (бұрынғы нөмірі-124) қылмыстық ісінен алынған өзінің жауабында да бұл фактіні растайтын мәліметтер бар. Жүгінейік: «...1918 жылы ортақ жолдастық қаржымен шығатын «Абай» журналына редактор болдым, – дейді қаламгер, – журнал-

ды шығаруға алғаш ынта көрсеткен – Семей қаласындағы
«Жанар» мәдени-ағарту қоғамы. Қоғамға мұғалімдер мен
оқушы қазақтар кірді. Қоғам әу баста «Абай» журналын
қолжазба күйінде шығарып тұруға келісті, бірақ кейін,

жоғарыда айтқанымдай, алаштың жолдастық ұйымы жур-
налды шығаруды өзінің қолына алды /117/.» Бұл тарапта
күмән ететін ештеңе жоқ екені өз-өзінен түсінікті болса ке-
рек.

«Абай» журналында Шәкерімнің «Ұлтшылдық ту-
ралы», «Шын бақтың айнасы» деген мақалалары, Хожа
Хафизден аударған бір өлеңі, Мағауия Абайұлының
«Медіғат – Қасым» поэмасы, Міржақыптың «Алашқа»

деп аталатын мақаласы, Мағжанның «Күзді күні» өлеңі,
Сұлтанмахмұттың «Социализм», «Ескі сөз», «Ақнайман
Ойсынбай» деген мақалалары мен очерктері, Мұхтар
Әуезовтің «Ғылым», «Будда», «Абайдың өнері һәм

қызметі», «Қазақ ішіндегі партия неден?», «Мәдениетке
қай кәсіп жуық?», «Философия жайынан», «Япония»,
«Абайдан соңғы ақындар», «Бірінші жалпы жастар съезі»,
«Жастар ұйымдарына ашық хат», «Ғылым тілі», «Қазақ

әйелі», «Қазіргі қазақ күйі», т.с.с. мақалалары, Мәнен
Түрғанбайдың «Шежіре», «Шаруашылық», «Денсаулық»,
«Ғашықлық», т.с.с. мақалалары, Сәбит Дөнентаевтың
«Абайға», «Алаштың алғашқы құрбанына», «Бозторғай»,

«Диуаның сандырағы» өлеңдері, «Қазақ әйелдері ту-
ралы» мақаласы және Сейітбаттал Мұстафин, Абдолла
Байтасұлы, Байымбет секілді тағы басқа да авторлардың
дүниелері жарық көрген.

Журнал, өзінің бағытын айқындап көрсеткеніндей,
ғылым мен әдебиетке қатысты мақалалар жариялап,
қазақ халқының елдігі мен ерлігі шежірелерін, өткені
мен келешегін туындыларына арқау етті. Адамдық пен

әділеттілік, оқу мен білім жайына қалам тартып отырған.

Сонымен бірге ұлы Абай жөнінде, оның шығармашылығы
мен ортасы, өмірі мен өнегесі туралы бірнеше әдеби-сын
еңбектер де жарық көріп отырды.
Басылым мақсаты жөнінде редактор Жүсіпбектің өзі

мынадай мәліметтер береді: «...Тіршілікке керекті тірек
мәселелерге орын бергелі журнал ғылыми, әдеби һәм
шаруашылық жолын тұтынды. Бұл жол керуен таңдамайтын
жол; терең өткелді, тасты, томарлы қиын жол; қажымас ер,

арымас көлік, таусылмас азық керек. Қылатын ұзақ ауыр
жол. Береке шыңда; журнал шығарушы бес-алты жігіт не
күшіне, не біліміне сеніп шығарып отырған жоқ. «Адамның
адамшылығы істі бастағаннан білінеді. Қалай бітіргенінен

емес» деп Абай айтқандайын, талабым – таяғым, жігерім

– азығым, маңдайыма ұстаған ақын Абай – қазығым деп

үмітпен шығарып отыр»/118/.
«Абай» журналының Алаш Орда қозғалысының басы-
лымы болғанын баспасөз зерттеушісі Бейсенбай Кенже-
баев та растайды: «Абай» журналы 1918 жылы февраль

айынан сол жылдың октябрь айына дейін Алаш (Се-
мей) қаласында шығып тұрды. Барлығы 11 саны шықты.
Алашордашылардың орталық журналы болды» /119/.
Баспасөз зерттеушісі Бауыржан Жақып кейіннен бұл

басылымның 12-ші нөмірі де табылғанын жазады /120.Б.З6/.
Мұны 1992 жылы қайта шыққан «Абай» журналы да рас-
тайды /121/. Ал енді соңғы уақытта журналдың тоғыз ай
ішінде жалпы 13 саны шыққаны белгілі болып отыр /122/.

Алайда осы ең соңғы нөмірі таралмай қалғанға ұқсайды.
«Журнал туралы» деген мақаласында Жүсіпбек
Аймауытұлы: «Халықтың өнерлі болып жетіліп кетуіне
де әлгідей көп себеп, көп шарттар бар. Көп шарттың

бірі – баспасөз: газет, журнал, кітаптардың көбеймегі,
баспасөздің қандай керек екені газеттерде талай жазы-
лып келеді. Осы уақытта газет те оқып, дүние жүзінен ха-

бар біліп, бірсыпыра көзі ашылып жүрген, ашық пікірлі
адамдарымыз бар. Олардың ендігі көксейтіні – ғылымның
қыр тарауынан берерлік мағлұмат. Адам баласы осындай
зор өнер, ғылымды қалай тауып, бұл басқышқа жеткен?

Міне, ол адамдар осыны білуге сусап отыр. Шөлдеген
қиялға сусын болатын қыр тараулы мағлұмат, қазіргі
қазақ тілінде шығып тұрған газеттер саяси хабарлар-
ды жазудан артық босанбайды, сондықтан хәр түрлі

мағлұмат жазылып отыратын бір журнал өте керек»
деп алдағы мақсаттарынан хабар берді /118/. Көсемсөз
иесінің осы жазғандарынан-ақ «Абай» журналының
өзінің алдындағы және өз заманындағы басылымдардан

айырмашылығын аңғаруға болады. Басылымның бағыт-
бағдарының ерекшелігіне назар аудара отырып, жарық
көрген шығармаларынан аңдағанымыздай, журнал қазақ
баспасөзін алға ілгерілететін үлкен қызмет атқарған.

Ал журналдың неліктен «Абай» деп аталғаны туралы
көрнекті қаламгер былай дейді: «...басқа жұрттар Абай-
дай адамның атына ескерткіш орнатады, ...журналдың
атын Абай қойғандық – Абайды құрметтеп, атын та-

рих жүзінде көрсетіп нығайтпақ»/118/. Өзге жұрттың
ғұламаларынан Абай кем емес, ондай білімдіні құрметтей
алмасақ, біздің құнтсыздығымыз деген бір түйінін ай-
тады. Бүтін қазақ Абайды құрметтеуге борышты дей

келіп, Еуропа халықтарының бұл сияқты борышын қалай
атқаратындығына мысал келтіреді. Бұдан мынаны аңғаруға
болады: Аймауытұлы сол кезде-ақ өзінің алдындағы
ағалары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов /123/

сияқты ұлы Абайдың алаш руханиятындағы еңбегін
жоғары бағалаған.
Бұл мақаласында Жүсіпбектің өзге де ойлары
ерекшеленіп тұрады: «Еуропаны еліктей бермей, өз

бетіміздің, жұрттығымыздың белгісін көрсеткеннен не

кемдік табылады? Таза тексере берсек, Еуропаның өнеге
қылуға жарамайтын жерлері де бар»/118/.
Мұғалімдер семинариясын түгесіп қалған қаламгердің
бұл уақытта жүйелі білім алып, көп нәрседен хабардар болып

қана қоймай, әр салаға, тіпті Еуропа өнегесіне сын көзімен
қарауы оның рухани негізде жан-жақты толысқанын, сыни
көзқарасы қалыптасқанын аңғартса керек.
Бұл шығармасы әдеби сын мақалаға жатпаса да,

Жүсіпбек қазақтың жеке хандық құрған кезеңіне тоқтала
отырып, өз сөзімен айтқанда, «көптен шыққан көсем,
үлгілі билер заманы өткен» соң, «тұс-тұсынан жау қысып,
мал мен басқа дау түсіп орысқа келіп бағынған» соң,

«сөз – сыбырға, іс – жыбырға айналғанда қара тұманды
қақ жарып Абай туды» деп суреттей келе, кәсіби сыншы
ретінде Абай шығармашылығына баға береді: «Қазақтың
әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін

түрлеген, өлеңінен өрнек шығарған Абай еді». Өзі де он
үш жасынан бастап өлең жаза бастаған және Абай өлеңін
естіп, оқып өскен Жүсіпбектің әдебиет тарихын қозғап,
мұндай баға бере алуы кездейсоқ емес.

«Журнал туралы» мақаласында автор өнер, ғылым,
мәдениет жайында дәйекті дәлелдер келтіре отырып,
қазақ жай ғана сауатты болып қана қоймай, тіршілік
үшін, өзге халықтармен терезесі тең, өз үйінде керегесі

кең отыруы үшін ғылымның төріне шығуы керек, өнердің
көгіне ұмтылу керек деген насихат айтады. «Өнер, ғылым
қаражатпен табылады, өнер, ғылым қаражат табады» деп
баяндай келе, «ғылымсыз байлық баянсыз болмақ» деген

түйінін айтады.
Кейінгі жылдарында «Психология», «Жан жүйесі
мен өнер таңдау», «Тәрбиеге жетекші» деген іргелі зерт-
теу еңбектерін жазған Аймауытұлы осы алғашқы

мақалаларының бірінде-ақ адам тәрбиесінің ғұмыр жо-

лында аса маңызды екендігін жете біліп, онысын айрықша
атап өтеді. «Білімді орнына жұмсататын не? Ол – тәрбие»
деп айқындай отырып, ары қарай былайша сабақтайды:
«Тәрбие көрмеген білімді жауыздың надан жауыздан зияны

жүз есе артық. Мұны өмір жүзінде көріп отырмыз... Тәрбие
туралы: «Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол; қызың өссе,
қылықтымен ауыл бол» деген атамыздың мақалы. «Адам
баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасы

жазықты» деп Абай айтқан»/118/.
«Абай» журналының №1 санының алғашқы беттерінде
басылған осы бас мақалада адам тәрбиесі жөніндегі өз
ойларының негізгі нышанын аңғартқан Жүсіпбек дәл осы

санда жарық көрген «Тәрбие» атты ғылыми-танымдық
көлемді мақаласында өрісті ойларын одан әрі тамаша
өрбіткен. Мұнда педагогикалық ұтымды әдісті пайдала-
нады: әр нәрседен мысал келтіріп, жалқыдан жалпыға

шығып, оқушыны жетелеп отырады. Кей тұста ұлы
Абайдың «Ғақлиясының» жетінші сөзіндегі /124/ жас
баланың тәрбиесі туралы, жақсы баланы жаман тәрбиемен
корлап бұзған надан үлкендер жайындағы ойлармен

аздаған сабақтастық та аңдалады.
Мақалада автор кісі тәрбиесінің қоғамда алатын ролінің
ерекше екендігіне баса назар аударады, тәрбиенің мән-
мағынасына зор баға береді. Адамзат тарихындағы, қан-

дай да болсын, ірі құбылыстардың барлығын тәрбиенің
маңыздылығымен байланыстырады. Оқушы қауымға
ең әуелі жан-жануар, құс-құмырсқа сияқты, хайуан мен
жәндік атаулының калай өсетіндігі, кейбіреуіне ширап,

жетілуі үшін қандай күтім керек екендігі, табиғат олардың
тез өсіп кетуі үшін бөлекше жаратқандығы айтылады.
«...Ал енді адам баласына қарасақ, хайуан баласынан
анағұрлым нашар, болбыр, нәзік болып туады» дейді пу-

блицист. «Денесі әлсіз, сезімдері жетілмеген адам бала-

сына күту-асырау, үйрету – бір сөзбен айтқанда, тәрбие
өте керек» деп тиянақтай отырып, «хайуан жаратылысы-
нан өзіне біткен бір сезімнің қуатымен өзіне лайық болған
қылмыстан артық ешнәрсе істемейді. Адам жүгенсіз,

бетімен кетсе, адамдыққа лайықсыз талай қылмысты
істейді» деген тұжырым жасайды. Адамның хайуан ата-
улыдан айырмашылығы жайында қалың оқырманға
әңгіме қозғай отырып, кісінің бойындағы ұнамсыз мінез-

құлықтардың барлығы тәрбиенің жетіспеушілігінен деп
байлам жасайды.
«Тәрбие екі түрлі: дене тәрбиесі, жан (рух) тәрбиесі, –
деп жазады публицист, – адам баласына дене тәрбиелеудің

үстіне жанын (рухын), ақылын, сезімдерін, жігерін-
мінезін тәрбие қылу керек». Жалпы, Жүсіпбектің педаго-
гика саласындағы жүйелі көзқарастарынан адамға, оны
тәрбиелей алу мүмкіндігіне деген зор сенім байқалады.

Оны кейінірек – 1924 жылы Орынборда шыққан, мек-
теп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының
студенттеріне арналған «Тәрбиеге жетекші» оқулығында
да барынша айқындай түскен. Ал «Тәрбие» мақаласында

ол болашақ зерттеу еңбегінің негізгі ұстынын жасайды:
«Тәрбиенің мақсаты болуға тиіс. Бірсыпыра білімділер
ол мақсатты анықтап айта бастады, нобайы мынаған
келеді: адам баласы еркін жүріп, еркін тұрып, бірінің

мұқтажын бірі жеткізіп, жүректері махаббатқа толып,
біріне-бірі қастық ойламай жүрсе, тәрбиенің мақсаты сол
болар еді».
Аймауытұлы сол жылдардың өзінде бұл тұрғыда аз

оқымағанға, жай ғана ізденбегенге ұқсайды. Ескі юнан
халқындағы спарталықтар тәрбиесі, афиналықтар өмірі,
Рим халқының тарихы, сонымен бірге тәрбие туралы
еңбектер жазған Солон, Сократ, Платон, Аристотель, Цице-

рон, Бэкон, Локк, Руссо, Ушинский, Толстой, Абай сияқты

көптеген философтар мен ойшылдардың сөздерінен мысал
келтіреді. Ертедегі тарихтан да сыр суыртпақтайды. Және
мұның бәрін қырдағы қалың қазаққа түсінікті етіп, жеңіл,
жатық жазады. «Тәрбие туралы әр заманда шыққан білімді

жандардың пікірі әр түрлі, біреулер тәрбиенің мақсаты
денені күшейтіп, адамды ұлтшыл қылу дейді, біреулер
адамды бақытты қылу дейді, біреулер мінезді түзетіп,
адамшылыққа қызмет қылдыру дейді» деп көсемсөзші

тәрбие жөніндегі үш негізгі мақсатты жеке бөліп алып
«осы сияқты әр түрлі мақсаттарды тексеріп көрелік» деген
тоқтамға келеді. Аталған басты мақсаттың әрқайсысына
жеке-жеке тоқталып, жан-жақты талдау жасап, мысал

келтіреді, терең ойларға барады. Өзі сұрақ қойып отыра,
қисынды жауап келтіреді. Бұдан қаламгердің, жас болса да
ғылыми талдаудағы ой еркіндігі мен тереңдігін байқаймыз.
Сонымен қатар күмәнділеу немесе түсініксіздеу деген

ұғымдар жайында өзінің тарапынан әлденеше сұрақ қойып,
оған екіұшты етпей, толық жауап беру сияқты кейбір
ерекшеліктерінен Абайдың «Қара сөздегі» ойлары мен
толғауларының жазылу стиліне ұқсастығын да аңғаруға

болады. Үш мақсатты тексере келіп, ұлтшыл, отаншыл
болу – міндет, әсіре ұлтшыл болған да кісілікке жатпайды,
тыныштық әкелмейді деген ойлар айтады. Тәрбие – адам-
ды бақытты қылу десе, ол бақыттың өзін әр түрлі мінез-

құлықты адам әр түрлі түсінеді дей келе, мінезді түзеу
қалай болмақ деген қызықты әңгімеге жетелейді.
Әсіресе Локк, Ушинский, Толстойдың өзара ұқсамайтын
үш пікірін келтіріп, өзі оған түсінік беріп, қорытынды

жасауға тырысады. Толстойдың тереңдігін сөз етеді.
Тәрбие мақсатын екшеп алғаннан кейін автор тәрбиенің
шарттарына арнайы тоқталып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілесің», «Сүтпен келген мінез сүйекпен кетеді» деген

қазақтың ежелгі мақалдарын да еске алады. Бала өміріндегі

ата-ананың тәрбиесінің, өнегесінің орны зор деп бағалаған.
Мұнымен қатар тәрбие беруде оқу орындарының маңызын
да атап көрсетеді.
«Бұл күнге шейін тәрбие ғылымы – күшейіп, етек

алып, кәмелетке жетпеген кейінгі басқышта жүрген
ғылым, мұның себебін бұл күнге шейін адам денесінің
саулығы мен қалтасының толық болуын көбірек ойлап,
мінезінің, жанның таза, сау болуын ескермегендіктен,

үрім-бұтағының ахлақты болғанынан ақшалы болғанын
артық көргендіктен» деген терең мағыналы пікірін
білдіре келе, қаламгер «адамдық көзбен терең тексер-
се, тәрбиешінің дәрігерден де көп болғаны артық» деп

адам өміріндегі тәрбиешінің ролін дәрігерден жоғары
қойғандығын аңдаймыз. «Тәрбие – зор ғылым» екендігін,
«Адамды бұзатын да, түзейтін де – тәрбие» деген пікірін
дәлелдеу үшін Жүсіпбек кісінің бұзық болуы, мінезі түзу,

жан-жақты өнегелі тәрбие алу сияқты ұғымдардың мән-
мағынасын, терең мазмұнын талдап ашады. Мінез, бақыт
деген ұғымдарға кеңінен тоқталады. Жай ғана баяндап
қоймай, жел сөзге түсіп кетпей, адам баласы дамуының

өзіндік ерекшелігін ашу, тәрбие арқылы соның көзін
табу, соған ықпал ету қажеттіліктерін мысал келтіре от-
ырып, алға тартады. Әсіресе «тәрбие әрбір адамның жеке
басына тән ерекшеліктерді ескеруге тиіс» деген өзіндік

ой топшылауы мақаласының өзегі іспеттес болған.
Сондай-ақ, Толстойдың «Баланы тәрбиелеу үшін
әрбір тәрбиеші өзін тәрбие қылуы керек» деген пікіріне
қосылатынын байқаймыз. Бұл ретте мына жолдарды да

келтіре кеткеніміз артық болмас: «Адам есейген сайын
өзгеріп отырмақ, өзгертуге себеп болатын нәрсе – адамның
жан сыпаттары. Жан сыпаттарының адамды өзгертіп, бір
толқымалы халге түсіретін уақыты да болады. Сол кезде

өнегелі, тәртібі күшті бір дүкен жолықса, тәрбиенің бетін

жақсы жаққа бұрып әкетуге мүмкін. Ондай үлгілі дүкен
медресе болуы керек». «Тәрбие» мақаласының соңында
көсемсөз иесі: «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын
болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын

сауықтырады. Ахлақты, ақылды адам көбейсе, Отанның
күзетшісі, қорғаны. Олай болса, тәрбиешіге Отанның келе-
шек өмірін тапсырған болады» деп түйін жасайды. Тәрбие
ісіне, тәрбиешіге Аймауытұлының қандай сенім артқанын

осы жолдардан аңғаруға болады.
Жалпы, Жүсіпбек ұлтын жан-тәнімен сүйген қайраткер
ретінде қазақ елінің өркендеуі, алаш баласының өсіп-
жетілуі үшін осындай іргелі мәселені ауқымды масштабта

карастыра отырып, тәрбие ісін мемлекеттік биік дәрежеге
көтеру қажеттігі жөнінде батыл ойлар білдіргенін атап ай-
туымыз керек. Осы үлкен мақаласының өзіне көп ойларын
сыйдыра алмағанға ұқсайды. Оны өзі де: «Тәрбиенің қандай

шарттары бар, не әсер қылады? Келесі нөмірде жазылмақ»
және «...Бірақ ол туралы кейін толық жазбақпыз» деп бір-
екі мәрте ескертіп отырады. Қаламгердің сол кездің өзінде
«Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі мен өнер

таңдау», «Комплекспен оқыту жолдары» сияқты кейінгі ірі
еңбектерін жазуға әзірленіп жүргені анық сезіледі.
«Байлық – кедейлік» мақаласында көсемсөзші ел
өміріндегі әлеуметтік теңсіздіктің түп себебін іздейді,

қоғамдағы
тұрмыстық
қайшылықтардың
проблема-

сын қозғайды. Бай болудағы, өлерменденіп мал, ақша
жиғандағы мән не деген сауалға жауап іздейді.
Мұқтаждың үстінен күн көрген, теспей тиын сорған
алыпсатарлардың имансыздығына, кәсіпсіз жүріп, еріксіз

жалға барған кедей-кепшіктің маңдай тер, еңбекақысын
жарытып бермей кеткен, қысылғанға өсім беріп, жа-
ман үйренген байлардың озбырлығына мысал келтіреді.
«Мұны айтқандағы мақсат: байдан кедейді бөліп алмақ

емес. Халықтың қамын ойлағандық, – деп жазады
Жүсіпбек, – Елдің қамы немен табылады? Қайтсе, тұрмыс
жеңілденеді? Міне, осыны шешу керек». Дегенмен келелі
мәселені қозғаған ол осы іспеттес сұрақтарға жауап бере

келіп, сан-салалы ой-пікірлер өрбітіп, оқырманына нақты,
дәл ұсыныстар көрсете алмайды. «Бұл туралы тағы жазы-
лады» деп алдағы күнге үміт артады.
Енді бір маңызды жайтқа үңілейік. Алғашқы санға

шыққан осы мақалаларының соңында, жалғасы 2-сандағы
«Тәрбие» мақаласының аяғында редактор Аймауытұлы
«Жүсіпбек» деп есімін атап көрсетеді. Ал 4-саннан бастап
журналдың тұрақты шығарушысы өзі болған соң бұдан

кейінгі ешбір мақаласының соңына өзінің аты-жөнін не-
месе бүркеншік есімін көрсетіп қол қоймаған. Оған қарап
көсемсөзші журналға ештеңе жазбай кеткен екен деп ой-
лау үлкен ағаттық болар еді. Басылымның соңғы саны-

на шейін авторы көрсетілмеген, бірсыпыра тұщымды, та-
тымды мақалаларды оқуға болады. Ол дүниелерді жазған

– Жүсіпбектің өзі ғана. Мәселен, авторы көрсетілмеген

«Бетім-ау, құдағи ғой!» деп аталатын сатиралық әңгіменің
иесі Аймауытұлы екені анық аңғарылады. Оқушы бастан-
аяқ зер салып оқып шығатын болса, оның қандай стильде
жазатынын білетін әдебиет зерттеушілері ғана емес, көркем

шығармашылығымен жақсы таныс, сауатты оқырманның
өзі күмәнданбайды деген ойдамын.
Сонымен бірге «Ұлтты сүю», «Қазір екі нәрсе ке-
рек», «Қазіргі саяси хал», т.с.с. мақалалар да Жүсіпбектің

қолтаңбасы екені сөз саптау, сөйлем өрнегінен, өзіндік
стиль, кестелі тілінен аңдалады.
«Қазіргі саяси хал» мақаласынан мысал келтірейік:
«Кешегі аузы апандай, азуы бақандай, арамза Николайдың

қолтығынан құтылғанда жұрт «әулиеге ат айтып, арасанға
қой айтып» дегендей, «әуе!» деп демалып, енді еркіндік бол-

ды ғой деп бір серпіліп, құдайға шүкірлік қылып, қуанып
қалып еді. Қысылған ел, қырылған жан, көгенделген аза-
мат, не түрлі бәле – бәрі де естен шығып, енді шынжыр
бұғаудан құтылдық деп жұрт болу үміті көңілге кіріп еді».

Бірыңғай сөйлем мүшелерін бір сөйлемге жарасымды
етіп енгізуге төселген, әуелі тақпақтап бастап («Ақбілек»
романының, «Күнікейдің жазығы» хикаятының басталуын
еске алыңыз) үйлесімі келіскен, бояуы жарасқан сөздерді

төгілдіре түсіруге құмар Жүсіпбек стилі осы бір үзіндіден-
ақ аңғарылып тұрса керек. Әуелгі пікір – әзірге осы,
қаламгер көсемсөзінің тілдік-стильдік ерекшелігіне келесі
тарауда кеңірек, арнайы тоқталмақпыз. Бұл – бір. Содан соң.

Шығарушысы өзі болғаннан кейін сол кездегі редактор-
лар мерзімді баспасөздегі шығармаларының соңына өзінің
аты-жөндерін қоя бермегені белгілі. Мәселен, ұлтымыздың
әйгілі «Қазақ» газетінің шығарушысы болған Ахаң ақсақал

– Ахмет Байтұрсынов сондағы өз мақалаларының соңына

өз есімін жазбаған.
Жүсіпбектің журналда шыққан «Әдебиет» деген зерт-
теу мақаласы /125/ әдебиет теориясын жетік білетін білгір
көсемсөзшінің еңбегі екені бірден байқалады. Екі бөлімнен

тұратын, көлемді дүниеде автордың таным-талғамы осы
күнгі филология ғылымына қойылатын талаптарға жауап
бере алатындай жоғары деңгейден көрінеді.
Алғашқы бөлімде «әдебиет» терминіне түсінік бере келіп,

әдебиетке дейінгі алғышарттарға үңіледі. «Тіл» мен «сөз»
ұғымдарының туу, қалыптасу кезеңдеріне шолу жасайды,
олардың адамзат тарихында шын мәнінде қандай қызмет
істегеніне ғылыми негізде түсінік береді. «Әдебиеттің түп

мағынасы,– деп баға береді ол, – ақындық шеберлік пен бір
нәрсені бұлжытпай суреттеу». Оқымыстылар өнерді бес-
ке жіктейтінін, соның ішінде ең артығы сөз өнері екенін
жазады, онысына мысалдар келтіреді. Жүсіпбектің мына

сөздері мәңгі тозбас, асыл пікір болмақ: «Тіл жанды нәрсе
секілді: тіріледі, өседі, жоғалады. Өнер-ғылымға аяқ басқан
жұрттың тілі өсіп, көбеймек, көркеймек; тілі жоғалған жұрт
ғұрып-ғадетінен, мінезінен айрылып, ақырында жұрттығы

да жойылмақ».
«Әдебиеттің дүкені – адамның өмірі», – дейді екінші
бөлімінде, – «Әдебиеттің көші – баспасөз-мәтбұғаттың
көбеюі». Мұнымен бірге әдебиеттің дамуына қойылар

басқа да шарттарға тоқталады. «Әдебиетіміздің нағыз
түрткі көріп, беті түзеле бастағаны Абайдан бері (хаты
Абайдан басталады дейтіндер де бар шығар)», – деп баға
береді ол зерттеу еңбегінің қорытындысында. Және

қазақтың әдебиеті өсуі үшін керекті шарттарды жеке атай-
ды: «Жас буын, балдыр қанат әдебиетіміздің келешек-
те буыны қатып, ілгерілеуі әдебиеттің әр тарауынан (ро-
ман, драма, комедия, поэма, әңгіме) жазатын ақындар,

қаламшыларымыздың көбеюі мен жалпы жұрттың өнер
білуге жұмыла бет қоюына байлаулы».
«Ұлтты сүю» мақаласы өзінің өзгеше ой-пікірімен,
гуманистік

көзқарасымен,
батылдығымен
және
патриоттық сезімге толы, азаматтық пафоста жазылған

терең сыршылдығымен ерекшеленеді. «Ұлты үшін
құрбан болуға шыдағандық – ұлтшылдықтың осы
күнде ең берік ережесі» деп түйін жасайды көсемсөзші.
Жүсіпбектің бұл пікірі Мағжанның «маған атақ –

жұртым үшін өлгенім» деген белгілі өлең жолымен
мағыналас екенін аңғаруға болады. Жалпы, Алаш Орда
қалам қайраткерлерінің өз басының қажетінен гөрі ең
әуелі алаш мұратын, ұлт мүддесін жоғары қоятыны

жазған дүниелерінен-ақ байқалып тұрады. «Ұлтын
шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт,
күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп,
басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін құрмет қылмай,

бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып
отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Япония, Англия,
Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі.
Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне

жүмсайды. Олардың һәр адамы – мемлекеттің керегі,
қызметкері» деп Аймауытұлы өзге ұлтты алаш баласы-
на үлгіге көрсетеді.
Бұлармен қатар орыс елінің өзгешелігін, Ресей импери-

ясында болып жатқан аумалы-төкпелі, аласапыран заман-
ды да сөз қылады. Оларға өз бағасын беріп, келелі пікір
айтып, саяси өзгерістердің астарын жақсы білетін саясат-
шы екенін де аңдатады. «Қорлыққа көніп, тепкіге шыдап

жүрген орыстың қара мұжығы үнсіз, тілсіз, көнбіс надан
емес. Қылжыр, өзімшіл, зор көкірек надан еді» деп жаза
келіп, көсемсөз иесі өзінің бір айрықша пікірін білдіреді:
«Мұжықтың мұндай болған себебі, орыстың жоғарғы табы-

нан шыққан талай атақты, білімді жазушылары мұжықты
мадақтап, кітаптар жазып, көтеріп, өзімшіл қылып,
тәңірсітіп жіберіп еді. Міне, осы халда жүрген орыстың бір
тәңірісі – Николай жоқ болып еді – не болды? Тәңірсіген,

өзін-өзі зор тұтқан қожа болып, мемлекеттің астын үстіне
келтірді. Неше түрлі бассыздық қылып Россияның күл-
талқанын шығарды».
Осыған ұқсас пікірлер мақаланың өн бойында аз

кездеспейді. Ресейдегі саяси толқындар қазақ елінің
тіршілігі мен тыныштығын бұзатынын, ел ішінде
аңтарылыс, қобалжу бар екенін аңдатады. Оның үшін
не істеу керегіне жауап іздеп қаламгер «бұл уақыт –

қазақтың мәдениетке аяқ басатын, шаруасы, тұрмысы,
билігі өзгеретін, ғаскер болатын, жалпы ұлт ісіне жол
ашатын уақыт» деп өз ойын ашық айтады.
Тағы бір ретте ол XX ғасыр басындағы империя

жұртының ояну процесіне тоқтала келіп, қазақ қоғамдық-

саяси ойының тарихы үшін де маңызды болып есептелетін,
алаш ортасында «ұлт», «ұлтшылдық» деген ұғымдардың
қалай пайда болғанына, оған кімдердің ықпал еткеніне
оқушының назарын аудартады. Оқиық: «Ұлтымыз бар

екенін, еліміз-жұртымыз бар екенін, жұртымыз қатарға
кірмей теңдік жоқ екенін, Николайдың қасқырлары қазақты
ішіп-жеп құртып бара жатқанын сезгелі, «ұлтқа құрмет
қылайық» дегелі 5–6-ақ жыл болды. Әрине, бұл оянуға

1905 жылғы толқын, тағы һәр түрлі түрткілер қамшы
болған шығар; көбінесе ес кіргізіп оятуға, ұлтты танытуға
себеп болған – «Қазақ» газетасы. Онан бұрын ұлт дегенді
кім білген: көбіміз кеше өзгеріс болған күні ұлтымызды та-

уып алдық».
Мақаланың үзын-ырғасында Жүсіпбек сол ұлтының
қамы үшін ең әуелі қазақ зиялылары жауапты екенін,
ол үшін еліміздің оқығандары бірауызды, бірлікте болу

керегін ашық білдіріп отырады. «Ақтығында айтпағым:
оқығандар өзін-өзі тәрбие қылуы керек; қара халықтан
жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұң-мұқтажымен та-
ныс болып, өз ұлтын сүюге, халыққа өзін сүйгізуге жиһат

қылуы керек».
Мына бір сөз Аймауытұлының қаламынан шыққан
құнды афоризм екенін байқатпақ: «Естеріңізде болсын:
қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің

қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп,
қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек» дейді. Содан
соң «орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмай-
ды» деп кесіп айтады. Ұлы жазушының бұл пікірі – қазіргі

қазақ қоғамы үшін де өзекті болып отырған, ескірмейтін
пікір.
Қазақ оқығандары шен, мәнсап үшін емес, жұрты үшін
қызмет етуі қажет деп, оларға «қазаққа аюдай ақырған

шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай,

шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды
қызметкер табылуы қиын» дейді. «Оқығандар! Бұл уақыт –
жан тыныштық іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет
қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойлаңыздар, халық біз

үшін емес, біз халық үшін туғамыз, олай болса, мойны-
мызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр». Енді
бір он жылдан астам уақыттан кейін ұлт үшін туған қазақ
зиялыларының басына келген алапат нәубетте мерт бола-

тын Аймауытұлы өзінің халық үшін туғанын сол кезде-ақ
сезгенін осы жолдар айғақтай алмақ.
«Абайдан соңғы ақындар» сын мақаласы «Екеу» де-
ген бүркеншік есіммен берілген /126/. Зерттеу мақаланың

өзіне бас бұрмас бұрын «Екеу» деген бүркеншік атқа
түсініктеме берген жөн, үйткені мұның айналасында
әртүрлі болжамдар, әр қилы көзқарастар бар. Әдебиет
зерттеушілерінің де бұл тұрғыда әлденеше күдік айтып,

күмән келтіретіні рас. Бір кезде Сәбит Мұқанов «Екеудің»
Абдолла Байтасұлы мен Даниял Ысқақұлы екенін айтқан
/127/, кейінірек профессор Бейсенбай Кенжебаев және
Керімбек Сыздықов «Екеу» Ж.Аймауытұлы мен М.Әуезов

екенін жазады/128/. «Екеу» бүркеншік атының екі бөлек
қолтаңба екенін, сондықтан абайлау керек екендігін акаде-
мик Серік Қирабаев та ескертеді /129/. Әдебиет зерттеушісі
Арап Еспембетов те «Екеудің» аталған қаламгерлердің

соңғы екеуі екенін Бейсенбай Кенжебаевтан естігенін,
Мұхтар Әуезовтің «өзі айтқан шындық» екенін жа-
зады /130/. 1989 жылы «Қазақ әдебиетінде» «Еңбекші
қазақ» газетінің 1927 жылғы 8-9 авгусінде жарияланған

«Көркем әдебиет туралы» деген көлемді сын мақала ки-
рилл қарпіне түсіріліп басылды /131/. Мақаланың авто-
ры – «Екеу». Бұл бүркеншік есім Ж.Аймауытұлы мен
М.Әуезовтікі болғандықтан аталған сын еңбегі де соларға

таңылып жүрді.

Алайда ҰҚК архивінен алынған, «Алқа» әдеби
бағдарламасына байланысты түрме тергеушісіне бер-
ген жауабында Аймауытұлы былай дейді: «Екеу» де-
ген бүркеншік атпен жазылған көркем әдебиет туралы

мақаланы оқыдым, оның иелері – Байтасов Абдолла мен
Ысқақов. Олар маған «Еңбекші қазақ» газетінде көркем
әдебиет туралы мақалалардың жариялануына байланы-
сты біз де мақала жазуды ойластырып жүрміз» деді. Бұл

1927 жылдың алғашқы жартысындағы қыс айларының
бірі болатын. Мақалаға аздаған өзгеріс енгізіп, мұны баспа
бетінде жариялауға болады деген тілекпен қайтара жолда-
дым» /132/.

1927 жылы жазылған «Көркем әдебиет туралы» атты
сын мақала Аймауытұлынікі емес екенін осы жауаптан-ақ
білуге болады (өкінішке қарай, Жүсіпбек Аймауытовтың
ХХ ғасырдың соңында Алматыдағы «Ғылым» баспасы-

нан жарық көрген бес томдығының ішінде осы мақала
да жүр...). Ал «Абайдан соңғы ақындар» атты мақала
Аймауытұлы мен Әуезовтікі екендігі даусыз. Бұл тарапта,
жоғарыда айтқанымыздай, Б.Кенжебаевтың естелігі /128/

және әдебиетші-ұстаз Ә.Мәметованың М.Әуезовтен естіген
әңгімесі /133/ де дәлел бола алады.
«Ғылымның мақсұты – нәрсені толық, кеңінен толғап,
терең қарастыру, зерттеу»/134/ деп өзі жазғанындай,

Жүсіпбек кез келген дүниесіне атүсті қарамай, терең
үңілуге ұмтылғаны байқалады. Оны осы «Абайдан соңғы
ақындар» мақаласынан да бағамдауға болады. Сонымен
бірге «мұнда айтылған кейбір ойлар кейін Әуезовтің «Шол-

пан» журналында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің қазіргі
дәуірі» деген тарихи-талдау очеркіндегі тұжырымдармен
іштей үйлесіп жатқанын аңғаруға болады /120. Б.47/.
«Әдебиетіміздің атасы болған Абай туралы өз

пікірімізді жазып едік, енді Абайдан соңғы ақындардың

өнері туралы пікірімізді жазбақпыз» дейді мақала авто-
ры. Қазақ поэзиясындағы сол замандағы үрдісті бағамдап,
оны кең тұрғыда алып талдауы, түбегейлі танып,
түйіндеп ой айтуы – автордың тиянақты білімін, таным-

ды білігін аңғартады. Оның пікірінше, өлең бір мақсатқа
жұмсалатын құрал болуы керек емес. Және «өлеңге еркін
ой, шарықтаған терең қиял, нәзік, өткір сезім, құйылған
сұлу сурет, кестелі, таза, қысқа, анық тіл қажет» деп

негізгі шарттарын атап көрсеткен.
«Сілтеген қалам, сермеген талабы көлемденіп, төгіліп,
түрленіп, жапырағы желкілдеп, қолмен қойғандай,
мейірің қанып тойғандай болып шығатын өлеңдер бұл

күнгі ақындарда аз» деген байлам жасайды Жүсіпбек
Аймауытұлы осы мақаласында. Сыншының бағалауынша,
өлеңдерін оқып отырғанда көңіл жоғарылап, қиял
шарықтап, басқа бір дүниеге кіріп кеткендей болатын қуат

аз екен. Осы төңіректегі ойларын салиқалы тұжырым,
салмақты пікірлерімен дәлелдей келіп, ол Абайдан кейінгі
ақындардың басты екі мініне тоқталады. Оның бірі –
сыршылдығы аз екендігі, екіншісі – тілдерінің шебер,

кестелі емес екендігі. Олардың сөздерінің сырты үйлесіп
келсе де, нәзік сипаттарды жетік суреттей алмай, жадағай,
үстірт кетіп, айтпақ сөздерін көңілге берік қондыра ал-
майтынын айтады, мәселен, мынандай мысал келтіреді:

«Жолда» деген өлеңде боранды сипаттағанда тілін жеткізе
алмай «жел ішін тартып осқырып» деген жерінде көңілге
байланып келе жатқан суреттің түрі бұзылыңқырап кетеді.
«Осқырып» деген сөз – желге жанаспайтын сипат» дейді.

Қаламгердің өз заманындағы ел аузына іліккен, баспасөз
бетін көрген ақындардың көбінің шығармашылығымен
біршама таныс екендігі байқалады. Және оларды жазу
ыңғайы тұрғысында жеке қарастырып, зерттеуге бет

бұрғандығы да өзгеше сыпатта: «Өлеңдердің сыртқы түрі

мен қалпына қарап қазіргі өлеңшілерді бірнеше жікке
бөлуге болады.

1. Сезімге әсер берерлік суретті өлеңдер көбінесе

Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмүт һәм Ахмет
Мәметовтікі. Бұлардың өлеңінде өзгеше бір сарын бар.
Жүрегінің сезімін суреттейтін, жалғастырып әкететін
артықша бір маңыз бар. Бұлар – сыршыл (лирик) ақындар.

2. Екінші жіктің өлеңшілері – Ахмет Байтұрсынов,

Сәбит Дөнентаев, Шәһкерім, Бекет Өтетілеуов. Бұлардың
өлеңінің сезім мен қиялға тәрбие әсері аз, ақылға азығы бар.
Бұлар – халықшыл (народник) ақындар. Ана ақындардан
бұлардың сөзінің халыққа бір атасы жақын тұрады.

Осы күнде сәні кетіп бара жатқан үшінші бір жік бар. Бұл
жіктің ақыны ескі өлең, жыр, тақпақтарға еліктеп, желе-
жортақтатып, құбажондатып кететін Ғұмар Қарашев».
Мақалада әрбір ақынның ой кеңістігіне, тақырып

ауқымына, тілдік ерекшелігіне, стильдік сыпатына
бірсыдырғы тоқталып, қысқаша болса да тұщымды тал-
дау жасалады.
Бұлардың ішінде ең жоғарғы баға Мағжанға берілген.

Сыршыл ақындардың ішінде оның өлеңінің ішкі суретіне
сөздің сыртқы кестесі үйлесіп, маңызды болып шығатын
туындылар екендігін баса айтады. Жүсіпбектің өз заман-
дасы Мағжанның дарынды ақын екеніне сол кезде-ақ

көзінің жеткені тәнті еткізбей қоймайды. Әрі мұны қазақ
поэзиясына жаңа түр, жосын сыпат әкелген Мағжанның
ақындығына арналған алғашқы пікір деп пайымдауға бо-
лады. «Әдебиетімізге жақсы өлең, шын ақынның сөзі көрік

беріп, күшейте алады. Әдебиет – бақалшының қоржыны
емес, қотанда жатқан қиқым-сиқымды балаларға алдап са-
тып тыға беретін» деген ойлары сыншының әдебиетке, сөз
өнеріне биік талғаммен қарайтынын аңғартса керек.

«Қазір бізде өлең жазушылар көбеюіне себеп бо-

лып отырған нәрсе – бір «оянудың» барлығы. Бұл оянуға бірінші – Абай, екінші – «Қазақ» газетасы, үшінші – жалпы жұрттың ғылымға бет алуы себеп болды» деп басталатын жолдарға тиянақты тұжырым жасалған соң осы мақалада кейінгі қазақ баспасөзіне тұғыр бекітіп, тың жол салып кеткен «Қазақ» газетінің де тұңғыш рет әділ бағасы айтылған: «Оянған ойдың бетін түзеп, жолға салып, ілгерілеуіне қамшы болған – «Қазақ» газеті. Бұл газет халықтың саяси көзі ашылуына, «жұрттық» деген ойдың кіруіне қандай себеп болса, әдебиеттің гүлденіп, өркендеуіне де сондай себеп болды. Егер келешекте қазақ әдебиеті буынын бекітіп, қатарға кіретін болса, «Қазақ» газетасына борышы үлкен. Бұл газеттің әдебиетке істеген аталық қызметі мәңгілікке атағын шығарып, қадірін күшейтеді». Ұлт ұранын көтерген, елдікті аңсаған «Қазақ» газетінің алаш баспасөзі мен мәдениеті тарихындағы орнын 1918 жылы айқындаған Жүсіпбектей қаламгердің кесімді пікір, кемел ойларына бас имеске әдді жоқ. Міне, осындай мақалалар жазып, Аймауытұлы өзі шығарып отырған басылымның абыройын арттыруға күш салған. Алайда «Абай» журналы октябрь айында қаржының жоқтығынан шықпай қалады. «Бүкіл Қазақстандағы жалғыз журналдың тоқталуы барша жұртты алаңдатты»/135/. Кейін, төрт ай өткен соң «Сарыарқа» газетінде Жүсіпбектің өзі былай деп жазды: «Қазақтың бір газет, бір журналы подписшігі (оқушылары) жоқтықтан жабылып қалды» деп Новониколайскіде шығатын орыс газетінде жазылды. Ол айтқаны – «Жас азамат» газетасы мен «Абай» журналы. Бұл хабар бекер: «Жас азамат» күні бүгінге шейін шығып отыр. Қаржы жағынан кемдік көріп тоқтай ма деген кірбің болып еді. Енді тоқтамасын дейміз. Үйткені Омбы жастары әдебиет кешінен мың сом, Семей жастары 5000 сом-

дай көмек жіберіп отыр. Тағы сондай көтермелеушілер та-
былатын көрінеді. «Абайда» 900-дей алушы бар. «Абай»
біржола жабылған жоқ. Жалғыз журналын жауып қойып
тыныш отыруға оқыған жастардың, талапты азаматтардың

намысы, өжданы жібермес, қайтсе де шығарар деген
үмітіміз күшті. Сондықтан оқушылар «Абайдың» аз
күн тоқтап қалғанына ренжімеуін, күдіктенбеуін, күдер
үзбеуін, шыдам жасауын өтінеміз /136/». Сүйтсе де, журнал

аумалы-төкпелі заманның кесірінен, ырықсыз саясаттың
өктемдігінен бұдан соң жалғасын тауып, шығып кете алған
жоқ...
Алаш Орда ұраншыларының бірі

Бұл кезде Жүсіпбек Аймауытұлы мұғалімдер семина-
риясының ІІІ класында оқып жүр еді /137.42-п/, деректер-
ге қарағанда ол облыстық земстводан жылына 350 сом сти-
пендия алып тұрған /137.2,13-пп/.

Сол, 1918 жылы Алаш қаласында 2 жылдық қазақ
педкурстері ашылады /137.9-п/. Ауылдық жерлерге деп
қазақ мұғалімдерін даярлайтын қысқа мерзімді бұл пед-
курстерге меңгеруші болып Мәнен Тұрғанбай сайланады

/137.16-п/.
Құжаттарға зер салсақ, М.Тұрғанбайдың атына 1919
жылы Жүсіпбек орыс тілінде мынадай мәтіндегі өтініш
жазған: «Жазғы қысқа мерзімді курстерге мұғалімдікке

1-майдағы шақыртуларыңызға орай өзімнің келісімімді
беремін. Юсупбек Аймауытов. 1919 ж., 6-май /137.22-
п/». Жүсіпбекті бекітуді сұрап, бұл өтінішке қосып,
М.Тұрғанбай Семей облыстық земство басқармасындағы

халық ағарту бөліміне өтініш түсірген /137.21-п/. 6-майда
осы бөлімнің меңгерушісі Жүсіпбекті жазғы педкурстерге
мұғалім етіп бекітеді /137.23-п/.
Айта кету керек, М.Тұрғанбайдың өтініші қазақ тілінде

жазылған, одан соң орыс тіліне аударылған /137.46-п/. Бұл
орыс тілін өте жақсы білсе де, қазақ зиялыларының ана
тіліне айрықша құрмет көрсеткендігін аңғартады.
Ж.Аймауытұлы төмендегі пәндерден сабақ беріпті:

«Екі курске орыс тілінде – 159 сағат; қайталау курстеріне
әдебиеттен – 24 сағат; саяси және экономикалық геогра-
фия - 42 сағат /137.74-п/». Алғашқы айларда ол бірнеше
педагогикалық кеңеске хатшы да болыпты /137.66 -п/.

7-июньде курс меңгерушісі М.Тұрғанбай оқу бөліміне
орыс тілінде өтініш түсіріпті: «4-июльдегі берген 289 /5302
хабарларыңызға орай мынаны мәлімдеймін: ән сабағынан
беруге оқытушы Юсупбек Аймауытов кандидат болып

отыр, курстегі І және ІІ кластарға ғана ән сабағынан бер-
мек, оқу барысында 10 сағат қана рұқсат етсеңіз, 15-нен
бастамақ» /137.113~п/. Сүйтіп, ән сабағынан Жүсіпбек
оқытушы болып тағайындалады /137.114-п./.

Әйткенмен оны ән сабағынан оқытушы етіп тағайындаған
облыстық басқарма кейін еңбекақысын мезгілінде берме-
ген сияқты. Осыған орай Қазақ комитеті облыстық земство
басқармасына төмендегі нұсқада қатынас қағаз жіберіпті:

«Семей облыстық земство басқармасына.
Ән-күй пәнінен берген он сабағына еңбекақысын сұраған
мұғалім Аймауытовтың арызын және қысқа мерзімді
педкурстардың меңгерушісі М.Тұрғанбаевтың осы жылдың

29-авгусінде жазылған 326-нөмірлі қатынас қағазын жібере
отырып, бөлімшеміз облыстық басқармадан әр сабағының
бір сағатына 20 сом есеп бойынша, ән пәнінен берген 10
сабағына Аймауытовқа бар-болғаны 200 сом еңбекақы

беруін сұрайды»/137.139-п/.
Осы орайда шынында да мұғалімдердің еңбекақысы
уақтылы төленбегенін білдік. Мәселен, сол жылғы
7-июньде Жүсіпбек бастаған С.Мұстафин, А.Күзембаев,

А.Иманбеков, Н.Күзембаев деген курс мұғалімдері зем-
ство басқармасына әр сағатқа 20 сомнан өздеріне тиесілі
еңбекақыларын беруді сұраған өтініш жазыпты /137.90-п/.
Сол жылғы 4-июньде мұғалімдер тізімі жасалғанда

Жүсіпбек Аймауытұлы өзінің отбасында 5 жан бар деп
көрсетіпті. Бұл анықтамаға Мәнен Тұрғанбай, іс жүргізуші
Ыдырыс Мұстамбаев қол қойған /138/.
Осы тұстағы «Сарыарқа» газетінде, «Абай» журналын-

да жарық көрген мақалаларын оқи келе, Аймауытұлының
қоғамдық-саяси көзқарасын, әлеуметтік дүниетанымын
аңдауға
болады.

Оның
мақалаларынан
әдебиетті,
ғылымды жан-тәнімен сүйетін, жоғары талғам иесін

көреміз. Бірқатар мақалаларынан алаштың бостандығын
аңсаған биік рухты сезе отырып, жас Жүсіпбектің ұлт
тәуелсіздігі, ел болашағы үшін басын бәйгеге тіккен
Ә.Бөкейханов,

А.Байтұрсынов,
М.Дулатов
сияқты
қайраткер ағаларының ісін ілгерілетуге атсалысқан.

Алаш Орда қозғалысы мен Алаш Орда үкіметінің ба-
сылымдарында журналистік қызмет атқарған Жүсіпбек
Аймауытұлы олардың мұратын жақтап, алты алашына
Алаш Орда идеологиясының жетуін көздеді, яғни импе-

рия құрамындағы біртұтас ұлт автономиясын құру идея-
сын жақтады.
Бұл тұрғыдан алғанда ол, біріншіден, Алаш Орда
қозғалысы ұраншыларының бірі болды, яки Алаш Орда

идеологиясының халыққа ықпал етуі үшін үлкен үлес
қосқан ірі публицист, қажырлы журналист болды;
екіншіден, ұлтты сүю тәрбиеден, оқудан болатынына
баса назар аударған педагогтік, гуманистік көзқарастағы

қаламгер болды;
үшіншіден, «Абай» ғылыми-танымдық, әдеби жур-
налына редактор болып, күш-қайратын соған жұмсай

жүріп, тапсыз ұлт әдебиеті мен тәуелсіз ұлт баспасөзін
қалыптастыруға үлесін қосты;
төртіншіден, Жүсіпбек Аймауытұлы алғаш рет қалың
елге әуелі көсемсөзші ретінде танылды, мұның өзінен оның

қайраткер-қаламгер дәрежесіне көтерілуіне белгілі бір сы-
патта Алаш Орда қозғалысының әсер еткенін аңғаруға бо-
лады.
Қазақ баспасөзінің тарихында Жүсіпбек Аймауытұлы

Алаш Орданың қызметін қалың елге таныстырған ірі
көсемсөзші болып қала бермек.

ІІ бөлім
совет өкіметі кезіндегі
көсемсөз шығармашылығы
Жүсіпбек және «Қазақ тілі» газеті

Ресей тарихында азамат соғысы жылдары деп аталатын
тұста (1918-1919 жылдар) Батыс Сібірді және қазақ жерінің
әуелі күнбатысын, кейін терістігін билеген Колчак үкіметі
де алаш жұртына аз ауыртпалық әкелген жоқ.

1919 жылдың 14-ноябрінде большевик әскері Колчактың
қолын талқандап, Омбыны, 29-ноябрде Павлодарды алды.
1-декабрь күні Семей қаласындағы жергілікті гарнизон
көтерілісінен соң өкімет билігі қызыл армияның қолына

көшті /139/. Сүйтіп, «совет өкіметі екінші рет орнады» /140/.
Қылышынан қан тамған Колчак та шетқақпай еткен
Алаш Орда Мәскеудегі совет өкіметімен жасалған жаңа
келісім бойынша өзінің туын түсіріп, Орда болса, тарап

кетуі тиіс болатын. Тарихтың басқа арнаға түсіп бара
жатқанын, мұрат асыл болса да, мүмкіндіктің жоғын
көрген, қару мен күштің ғана дегені жүретінін байқаған
Алаш Орда қайраткерлері Мәскеудің (бұл жердегі Мәскеу

– большевик көсемдері Ленин, Сталин, Троцкий) тала-

бына еріксіз көнеді. Көнуге тура келеді. Бүкілресейлік
құрылтай болмай қалды, оны болдырмай, өзге топтар мен
партиялардың қалың әскерін қирата жеңіп, жапырып келе
жатқан большевиктер армиясы Ресей империясына толық

үстемдік ететініне көздері жеткен соң совет өкіметімен
амалсыз ымыра жасалған. Империямен ендігі күрес со-
вет өкіметінің қол астында тек оқу-ағарту саласында ғана
жүргізілмек екенін жақсы түсінген.

Семей губревкомы мен советтік атқару комитетінің үні
болып 1919 жылдың 4-декабрінен Семей қаласында «Қазақ
тілі» газеті шыға бастады. Бұрынғы Сібір үкіметі сияқты
совет өкіметі де орнай салысымен ең әуелі баспасөзді уы-

сында ұстайды. Семей қаласында баспаханалар көбейіп,
оларға реттік сандар қойыла бастайды. Алаш Орданың
облыстық кеңесінің баспаханасы 1-нші, бұрынғы «Союз-
банк» баспаханасы 2-нші, бұрынғы «Труд» баспаханасы

3-нші реттік нөмірлерге ие болады. Енді бұлар тек совет
газеттерін шығара бастайды /141/.
жылы
мұғалімдер

семинариясын
бітірген
Жүсіпбектің облыстық комитеттің бекітуімен совет өкіметі
орнағанша қаладағы қысқа мерзімді педагогикалық кур-

старда сабақ беріп жүргенін жоғарыда айттық /142/.
Сол жылдың 18-декабрінде губревком құрамында Алаш
(Жаңа Семей) қаласының ревкомы құрылды /143/.
Жүсіпбек Аймауытұлы губаткомның 23-декабрьдегі

№4 бұйрығы бойынша қазақ нұсқаушылар бөлімшесінің
меңгерушісі
қызметіне
кіріседі

/144/,
25-декабрьден
губревкомға мүше болады /145/. Ал бұдан бір күн бұрын
жат жұрттықтар («бұратана») бөлімі бойынша жалпы

бөлімшенің меңгерушісі болып бірге оқыған замандас інісі
Мұхтар Әуезов тағайындалған еді /145/.
Бұл мәліметті «Колчак үкіметі Семейде құлағаннан
кейін

губерниялық
төңкеріс
комитетінің
қазақ

бөлімшесінің меңгерушісі болдым және «Кедей таңы»
газетінің редакторы болып тағайындалдым»/146/ деп өзі
де растайды Жүсіпбек Аймауытұлы ОГПУ тергеушісіне
берген жауабында. Өкінішке қарай, «Кедей таңы»

газетін Алматы, Семей, Ташкенттің ешбір архивінен не-

месе кітапханалардың сирек кітаптар мен қолжазбалар
бөлімінен ұшырастыра алмадық. Тегі, соған қарағанда,
бірнеше саны ғана шығып тоқтаса керек. Үйткені сол кез-
де губерния көлеміндегі бірден-бір газет «Қазақ тілі» еді.

Бұл белгілі басылым алғашында жетісіне бір, кейінірек
жетісіне 3 реттен 2500 тиражбен шығып тұрған/147/.
«Азамат соғысы аяқталғанымен қазақтарды соғыс ком-
мунизм саясатының қиыншылықтары күтіп тұр еді. 1920

жылдың көктемінде бүкіл өңірде астықты, малды, киім-
кешекті күштеп тәркілеу басталды. Жеңіске қолы жет-
кеннен соң большевиктер қазақтарға советтік үстемдіктің
«сабақтарын» үйрете бастады»/148/ деп жазады осы

кезең жөнінде тарихшы Марта Олкотт.
1920 жылдьщ 28-январында Ж.Аймауытұлы өз өтініші
бойынша А.Белослюдов басқарған губерниялық оқу
бөліміне іссапармен барыпты /149/. Бұл кезде ол коммунистік

партияға өткен болатын /150/.
Осы жерде тоқтала кету керек: Жүсіпбекке де, басқа
қазақ азаматтарына да «пролетариат диктатурасы» деп та-
лап қойған, не нәрсеге болсын, тап көзқарасымен қарайтын,

сыңарезу большевиктермен бірге жұмыс істеу қиын еді.
Үйткен себебі, орыс философы Н.Бердяев айтқандай,
«большевизм орыс отаршылығының үшінші көрінісі бо-
лып табылды» /151/. «Бұрын орыс шовинизмі жыртқыш

сипаттағы ұлтшылдық болатын. Қазір ол «төңкерісшіл шо-
винизм» түрінде көрінуде» /152/ деп кейінірек М.Шоқай да
тарихи тұрғыда әділ бағасын берген.
Солармен қызметтес болып, қоян-қолтық араласып

жүрген бұрынғы Алаш Орда мүшелері мүйіздеуді көп
көреді. Ақыры, архив құжаттары көрсетіп отырғандай,
1920 жылдың 13-мартында Сібір ревкомына қараған Се-
мей губерниясының қызметкері Жүсіпбек Аймауытұлы,

Әлімхан Ермеков, Мұхтар Әуезов Қазақстан ревкомы-

на (Кирревком), Сібір ревкомына және Қазақстан ревко-
мы Орталық атқару комитетінің (КирЦИК) мүшесі Ахмет
Байтұрсыновқа хат жолдайды /153/. Онда олар жергілікті
жерде (бұл жерде Семей қаласы) бұрынғы саяси қызметі

үшін қазақ оқығандарын қуғындауды қойдыруды талап ет-
кен.
Бұл факті Лениннің өзі қол қойған, «бұрынғы Алаш
Орда үкіметінің мүшелерін совет қызметіне жіберетін

уақыт жетті деп саналады және оларды бұрынғы саяси
істері үшін қудалауға мүлдем тыйым салынады» деген
ВЦИК-тің белгілі қаулысы /154/ шықса да, жергілікті орыс
совет басшылары оған мән бере қоймайтынын аңғартса ке-

рек.
Күн тәртібіндегі ушығып тұрған көптеген мәселелерге
байланысты 1920 жылдың сентябрь айында Қазақ
Автономиялық Республикасының астанасы Орынбор-

да жалпықазақ съезі өткізілмек болып шешіліп, қатысуға
Семей губревкомы да дайындалады. Губревком 26-июль-
де өткен мәжілісінде даярлық үшін әуелі уездік съездерді
өткізуді бекітіп, Жүсіпбек Аймауытұлына жатжұрттықтар

(инородцы) бөлімшесін бөлім етіп қайта құру ісі тапсыры-
лады /155/.
Сол жылы, яғни 1920 жылдың 26-авгусінде Ресей
Федерациясы құрамындағы Қазақ автономиялық ССР-і

қүрылады. «Бірақ Семей губерниясы, әлі де болса, Сібір
ревкомына қарап қалған еді. Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков
сияқты алаш зиялыларының бұл губернияны Қазақ ре-
спубликасына қосып алу мәселесі де оңай шешілмеген

болатын» /156/. Семей губерниясына ол кезде, қазіргі
территориялық
өлшеммен
алсақ,

Павлодар,
Шығыс
Қазақстан облыстарының жерлері кіретін.
Губревкомның 10-сентябрьдегі мәжілісінде М.Әуезовтің

білім алуын жалғастыру үшін қызметінен босатуын

сұраған өтініші қаралады. Оның орнына Қазақ бөлімін (ки-
ротдел) басқаруға губревком мүшесі Жүсіпбек уақытша
тағайындалады /157/. Осы айда өтетін жалпықазақ съезіне
сайлау өткізу үшін Семей губерниялық сайлау комиссиясы

құрылып, құрамына Б.Зорин, Л.Пиндрик дегендермен
бірге Ж.Аймауытұлы да кіреді /158/.
Сол кезде Семей қаласындағы Ленин көшесінің 4-інші
үйінде орналасқан 3-нші мемлекеттік (бұрынғы «Труд»)

баспаханадан басылып шығатын «Қазақ тілі» газетінің
тиражы 1920 жылы 3 мыңға жеткен /159/. Алғашқы санда-
рында «Шығарушы: Жазушылар ұйымы» деп көрсетілетін
осы басылымға 1920 жылдың жаз айларында Мәнен

Тұрғанбай редакторлық етеді. Қазан айында Жүсіпбек
Аймауытұлы редактор болады. Газет бір ғана парақ бо-
лып шыққан сол жылы. Азғана нөмірі сақталғандықтан
шығар, Аймауытұлының нақты өз атынан берілген

дүниелерін кездестіре алмадық.
Әйтсе де, Жүсіпбек редакторы болған нөмірлерден
оның жазу мәнеріне ұқсайтын, «Басқармадан» деп берілген
шағын мәтіндерді көруге болады. Мәселен, «Кедей сөзінің»

ілгешегіне жауап» деген дүниесінде «Басқарма» Омбы-
да шығатын «Кедей сөзі» газетінің әйел теңдігі мәселесін
көтерген «Қазақ тілінің» материалына тиіскен сөзіне, орын-
сыз сынына «Қазақ тілі» «қазақ әйелінің әлі жетілмегендігін

де, өз бетімен жол таба алмайтындығын да, кейде қыз бо-
лып ағасына не туысқаны жазатынын да біледі. Басы-
на бостандық алған қызды да, қорғалап қолтықта қалған
қызды да, өнеге алсын, не сақтансын деген мақсатпен баса-

ды»/160/ деп жауап қайтарады.
Редактор Аймауытұлы РОСТА-дан «Қызылдар май-
даны» айдарымен «Врангель бөліне бастады», «Күнбатыс
майданы» және т.с.с. тақырыпта хабарлар ұйымдастырған

/161/. Бұл ретте «жергілікті жағдайда газет материалдарын

ұйымдастырушы РОСТА мен газеттер біртұтас көрінеді
деуге болады» /162/.
1920 жылдың октябрь айында Жүсіпбек Қазақ Орталық
атқару комитетінің (КирЦИК) мүшесі және Халық ағарту

комиссарының
орынбасары
болып
сайланады

/16З/.

19-октябрь күні Қазақ өлкелік партбюросы мәжілісінде
Смағұл Сәдуақасовтың ұсынысымен қазақ тілінде газет
шығару мәселесі қаралып, оны шығару үшін редакцияның
алқа құрамына С.Сәдуақасов, С.Сейфуллинмен бірге

Жүсіпбек те сайланады /164/. Бұларға үш күннің ішінде
газетті шығару, пайдалану және тарату жоспарын жасап
әкелу тапсырылған екен. Смағұл Сәдуақасовтың ұсынысы
бойынша, расында да, біраз уақыттан соң «Еңбек туы»,

кейінірек «Өртең» газеттерінің алғашқы нөмірлері жарыққа
шыға бастайды.
Бұдан кейін он шақты күн өткен соң Жүсіпбек
Аймауытұлы Халық ағарту кеңесінің 1-ноябрьде болған

мәжілісіне қатысады. Онда Ахмет Байтұрсыновпен және
Акулов дегенмен бірге Халық ағарту комиссариатының
алқа мүшесі болып сайланады /165/. Бірақ бір ай толмай,
25-ноябрьде орнына Буянов деген тағайындалады да /166/,

Аймауытұлы Семейге қайта оралады. Жүсекеңнің Семей-
ге не үшін қайта қайтқанын қазір тап басып айту қиын.
Әйткенмен отбасының жағдайына орай қайтып оралуы
мүмкін-ау деп топшылауға болады. Үйткені бұл кез-

де кіші ұлы Жанақ дүниеге келген болатын, үлкен ұлы
Бектұр төрт жаста еді.
Жүсекеңнің үлкен ұлы Бектұр ақсақалды өзім көрдім,
әңгімесін тыңдадым. Біршама естеліктер айтып еді. Солар-

дан үзінді келтірейін:
«Семей қаласында әкеміздің бірінші әйелі Вера Вол-
ковадан 1916 жылы тудым. Шешем менің атымды Вик-
тор, ал 1920 жылы туған інімді Евгений деп атаған

екен, кейін ажырасып кетіпті, біз әкеміздің қолында
қалыппыз, – деп еске алады Бектұр ақсақал Аймауытов, –
1924 жылдың 21-январында әкемнің туған жиені Мәруа
Жаров мені Баян-Ауладан Орынборға әкеме алып келеді.

Әкем бұл кезде Евгения Сермұхамедовамен отасқан бола-
тын. ...Бірде Орынборда әкем екеуміз келе жатқанда мы-
надай жағдай болды. Көшеде бір ғимараттың жанында бір
топ қазақтың жап-жас қыздары жиналып қалған екен. Әкем

олардың жандарына барып, жағдайларын біліп қайтты.
Мәселенің одан әрі қалай болғанын білмеймін, әкем мені
ауланың ішіне қалдырып, өзі оқу орнының басшылары-
мен сөйлесуге кетіп қалды. Бір уақытта менің жаныма

бойшаң, етжеңді әйел келіп: «Сен Аймауытовсың ба?» деп
сұраудың астына алды. Бала көңілім не дейін, «иә, Айма-
уытовпын» дедім. Сол-ақ екен әлгі әйел жедел басып алға
кетіп қалды. Әкем келген соң болған жағдайды сол күйінде

айтып бердім. Әкем сәл ойланып тұрды да, «мен оның кім
екенін білемін» деп абдырап қалды. Сол күні түн орта-
сында әкем мені ұйқыдан оятты да, біз теміржол вокза-
лына жаяу тартып кеттік. Вокзалға екі жарым сағат жаяу

жүріппіз. Әкем екеумізге Ташкентке билет алды да, сол
күні жүріп кеттік. Осы күнге дейін оның себеп-салдарын
білмеймін, әсілі, әкем чекистерден (ГПУ-ден) қашса керек.
Ал әлгі әйел солардың жансызы болған сияқты.

Ташкент қаласында әкеме ауыл шаруашылығы техни-
кумы директорының келіп: «Жүсіпбек, Орынборда сен пси-
хологиядан сабақ бердің, маған психолог керек емес, сен
менің балаларыма ауыл тілшісінің қызметі жөнінде дәріс

оқысаң, дұрыс болар еді» дегені есімде қалыпты.
...1926-1928 жылдары Шымкент қаласында тұрдық.
1928 жылы Қызылорда қаласына көшіп келіп, Карл Маркс
көшесіндегі 45-үйде тұрдық. Әкем бірден газетке жұмысқа

орналасты. Осында Ахмет Байтұрсынов атамды, Мұхтар

Әуезовті, Иса Байзақовты көрдім. Ахмет атам өте балажан
болатын, мені тізесіне алып отыратын. Өте биік, көркем
кісі еді. Біздің үйдің іші Міржақып Дулатовтың үй-ішімен
жақсы араласатын. Әлі есімде, әкем 1925 жылы жазда мені

Міржақып ағайдың отбасымен бірге Торғай, Қостанай
өңірлеріне демалысқа жіберді. Торғайдың меңіреу, кең да-
ласында адасып кетіп, кешкісін өрістен қайтқан сиырларға
еріп ауылға келгенім де есімде. Міржақып ағайдың қызы

Гүлнәр Дулатова екеуміз Орынборда қазақ тәжірибе-үлгі
мектебінде қатар оқыдық. Мектепте орысша оқып, 70 жыл
сары орыстың арасында жүрсем де, қазақша жақсы білем.
...Қызылордадағы Карл Маркс көшесінің аяқ шенінде

Ахмет ағайдың үйі тұрды. Бір күні әкем екеуміз Ахмет
атамның үйіне қонаққа бардық. Үйде біршама кісілер бол-
ды. Бір кезде әбден қызып алған Ғаббас Тоғжанов менің
әкеме жазықсыздан-жазықсыз тиісіп, «контрреволюцио-

нер» деп отырғандардың шырқын бұзғаны есімде қалыпты.
Қорыққанымнан айқай салып, жылап жібергенім де есімде.
Ахмет атам қарулы, ірі кісі ғой, шыдамы таусылса керек,
бір кезде Ғаббас ағаны желкесінен алып, жұлқып түсіргені

– күні кешегідей көз алдымда тұр. Біз түн ішінде қонақтан

көңілсіз қайттық. Жолай Міржақып ағайдың үйіне соғып,
қорада тігулі тұрған киіз үйдің ішінде түнеп шықтық.
...Әкем 1929 жылы Қызылордада тұтқындалды. Мен ол
кезде 13 жастамын. Бала болсам да, есімде қалыпты, мек-

тептен үйге келсем, үй-іші абыр-сабыр, қағаз-кітаптар ша-
шылып жатыр. Бірдеңе іздеген сияқты, тінту жүргізіліп,
артынша әкемді алып кетіпті. Әкемді алдымен Алматыға,
содан соң Мәскеуге әкетіпті.

...Әкем жайшылықта қолына домбырасын алғанда:
«балам, не ойнап берейін?» деуші еді. Мен болсам:
«Торайғырды» деп жауап беретінмін. Ол жымиып күледі
де, «Торайғырды» тартып беретін. Әкем «Қызыл бидайды»

да, «Балқадишаны» да, «Қараторғайды» да, «Дударайды»
да тамаша ойнайтын, мен мәз болатынмын. «Қызыл бидай»
мен «Қара торғайды» ол өзі шығарған».
«Еңбек туы» газетін шығарған кез

Хош, сонымен, 1920 жылға қайтып оралайық. Жүсіпбек
30-ноябрьде Семей губревкомы мүшелігінен шығып /167/,
9-декабрьде қызметін Ыдырыс Мұстамбаевқа тапсырып
/168/, сол күні губатком төрағасы Жигарев қол қойған, жол

жүргенде ерекше құқық беретін «468. В 7413362» нөмірлі
мандатпен жол ақшасын алып /169/, Орынборға қарай қайта
шұғыл жүріп кетеді. Мандаттың түпнұсқасын келтіре
кетсек, артық болмайды:

«9/ХІІ. МАНДАТ 468. В 7413362

Предъявитель сего, тов. Аймаутов постановлением Се-
мисполкома откомандировывается в распоряжение КИР-
ЦИКа и направляется к месту нового служения в г.Оренбург.
При передвижении тов. Аймаутова все советские и об-

щественные учреждения и организации обязаны оказывать
ему всяческое содействие. Тов. Аймаутов имеет право про-
езда в штабных и международных вагонах. Изложенное
подписями приложением печати удостоверяется.

Тов. Аймаутов получил аванс в сумме десяти тысяч, ко-
торый по прибытии его на место, подлежит возвращению
губисполкома.
Предгубисполкома Жигарев,

Секретарь Матвеев»
Соңына Аймауытұлының қолы қойылған.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Орынборда «Еңбек
туы» газетінің (бүгінгі «Егемен Қазақстан») алғашқы

нөмірі КирЦИК пен РКП(б) облыстық бюросының үні
ретінде 1920 жылдың 13-ноябрінде шығады. Алғашқы
сандарында
С.Сәдуақасовтың,

М.Тұрғанбайдың,

С.Сейфуллиннің, Ғ.Айсариннің мақалалары жариялан-
ған. Газет алғашында жетісіне үш рет шығуға талпын-
ғанымен, арасына жиырма шақты күн аралатып, 1920
жылы бар-жоғы үш-ақ саны жарық көреді. Басты себеп

қаржы тапшылығы болса керек.
Үшінші санында Жүсіпбек Аймауытұлының «Жастар
кім?» деген мақаласы басылады /170/. Совет өкіметі алғашқы
кезде өзінің билік орындарында оқығандарға, зиялыларға

зәру болса да, кейінгі жастарға сеніп, оларды өз мүддесінде
тәрбиелеуге баса назар аударған. Осы себептен болса керек,
оқығандар ішінде «ескішіл», «жаңашыл» деп бөлінген екі
түрлі пікірдегі жастардың бар екені сезіле бастаған. Міне,

осы құбылысқа Аймауытұлы өзінің мақаласында кеңінен
тоқталып, оларды өзара мәмілеге келтіруге тырысады,
жікшілдіктің неден туатынын, тамыры қайда жатқанын
аңғартады, жаңа өкіметке керек жастардың бойынан ұлтын

сүйген асыл қасиет көргісі келетінін айтады.
«Бұрынғы оқығандарға жастар сын тағатын. Не деп?
«Ескішілсіңдер,
байшылсыңдар,

баққұмарсыңдар...
қазақты бойларыңа аса үйір қыламын деп жаман мінездерін
де бойларыңа сіңіріп алдыңдар; ылғи әдіспен жүремін деп
көзге көрінерлік берекелі іс шығара алмадыңдар» деп.

Бұрынғы оқығандарды халық іс жүзінде көрді. Жастардың
жоғарыдағы ісі өтірік пе, шын ба, өздері байқар. Жалғыз-
ақ бұ жерде айтқым келеді. Бұрынғы оқығандардың бой-
ында, ісінде міндері болса, ол үшін мүлде айыптауға бол-

майды» деп жаза отырып Жүсіпбек «жастың мақсұты

– әділдік» деп әділ болуға шақырады. «Жастардың

көбінесе ісіне кіріскені соңғы төңкерістен бері қарай.
Аз уақытта жастардың өндіріп істегені болмаса да, ке-
лешекте адал қызмет қылуына, көздеген мақсұтынан,
тұтынған жолынан таймай, халықты түзу бастауына үміт

туғызады» деп жазады одан әрі. Адал, өжет жастың үлгісі

ретінде Сұлтанмахмұт Торайғыровты атайды: «Кешегі
өткен Сұлтанмахмұт жас біткенге бас еді. Ақжүректік,
әділдік, турашылдық, ерлікте Махмұт сынды жігітті қай
дұшпаны кемітер?!». Жастарды ұлт ісіне, елді көркейту

қызметіне үндеген Жүсіпбектің бұл мақаласы – сол
тұстағы әлеуметтік өзекті мәселелердің бірін қозғаған,
мерзімінде жазылған дүние.
Қазақ автономиялы республикасы Орталық атқару

комитетінің 1920 жылдың 2-декабріндегі мәжілісінде Қазақ
мемлекеттік баспасы жанынан қазақ тілінде оқулықтар дай-
ындайтын, бес кісіден тұратын редакциялық алқа құрылып,
оған

Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов,
Х.Болғанбаев,
С.Сәдуақасовпен бірге Жүсіпбек те кіреді /171/.

Көп ұзамай, 1921 жылдың 31-январында Аймауытұлы
халық ағарту комиссариатының алқа мәжілісінде халық
ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың орынбаса-
ры болып екінші рет тағайындалады /172/. Партия-совет

қайраткері ретінде ол қазақ жастарын арнаулы курстар мен
мектептерге шақыру жұмыстарына араласады /173/.
Арада жиырма күн өткеннен кейін, 21-февральда Қазақ
коммунистік партиясы бюросының (Кирпартбюроның)

шешімімен ол Смағұл Сәдуақасовтың орнына «Еңбек
туы»
газетінің
редакторы

болып
бекітіледі
/174/.
Сүйтіп, әйгілі қаламгер, ұлт көсемсөзінің иесі Жүсіпбек

Аймауытұлы бүгінгі «Егемен Қазақстанның» ең алғашқы
редакторларының бірі болады. Бірақ орны толмас бір
өкініш: ол басқарған бес-алты айдағы «Еңбек туының»
тігінділері архивтерде, арнаулы қорларда сақталмапты.

Күндердің күнінде табылып қалар деген үміт жоқ емес.
Совет дәуіріндегі Қазақ республикасының алғашқы
газеттерін ғана емес, тұңғыш журналдарын шығаруға
да Жүсекеңнің атсалысқанын архив құжаттары дәлелдеп

отыр. Мәселен, Қазақ ғылыми комиссиясының (төрағасы

И.Тоқтыбаев) Оқу комиссариатына 1921 жылдың 1-мар-
тында жіберген №74 хабарламасында «Шолпан» деп атала-
тын саяси-экономикалық және ғылыми-әдеби журналдың
алғашқы саны 15-мартта шығатыны, оны шығармақ болған

қызметкерлердің
ішінде
А.Байтұрсынов,
Б.Сәрсенов,

Х.Болғанбаев,
А.Бірімжанов,
М.Саматов,
Е.Омаров,

С.Сәдуақасов, Б.Күлеев, С.Сейфуллинмен қатар Жүсіпбек
Аймауытұлының бар екені айтылады /175/. Бірақ бұл жур-
нал белгісіз себептермен шықпай қалыпты.
Сол жылы жазғытұрым, 24-мартта қаламгер «Еңбек

туының»
редакторы
міндетінен
босатуды

сұрап
Кирпартбюроға өтініш жазған /176/. Бірақ өтініштің
өзінің мәтіні сақталмаған, сондықтан оның не себепті
босатуды сұрағанын анықтау мүмкін болмады. Алайда

өтінішке қол қойылмайды: күнде шығуға тиіс «Еңбек
туын» техникалық мүмкіндіктері болмағандықтан
апталық етіп, «Беднота» газетіне ұқсатып шығаруға
және үгіт бөліміне газет техникасын тәртіпке келтіруді

тапсырып Кирпартбюро қаулы қабылдайды. «Еңбек
туының» жауапты редакторы болып жолдас Аймауы-
тов бекітілсін» деп ұйғарым жасайды /176/. Бұл жер-
де белгілі көсемсөзшіге компартия мүшесі ретінде

тәртіпке бағыну талап етілгенін де аңғаруға болады.
Дегенмен
Алаш
Орда

үкіметінің
бұрынғы
қызметкерлеріне ол жылдары жаңа өкімет тарапынан
ешқандай сенім артылмайтын. Оны Мәскеуге жөнелтілген

жеделхаттарында
«Алаш
Орда
үкіметі

мүшелерін
Қазревкомға жібермейтіндерін» растап, 1921 жылдың
8-июнінде Қазоблбюро төрағасы Пестковскийдің қолы
қойылып, қабылданған қаулы да /177/ дәлелдейді.

Большевиктер өкіметі әу бастан бәрін тек өз қалауынша
жасауға ұмтылған, үйткені «совет жаулаушылығының
алғашқы қадамдарынан бастап қазақ даласындағы саяси

өкіметтің барлық органдары Мәскеудің қарамағында бол-
ды» /178/.
1921 жылдың 8-июлінде халық ағарту комиссарының
орынбасары Жүсіпбек Аймауытұлы /179/ Қазобком төралқа

мәжілісі қаулысымен бір жарым ай еңбек демалысын алып
/180/ елге кетеді.
Сол кезде Семейде жүріп ол «Қазақ тілі» газетіне «Бияш»
деген мақаласын /181/ жариялайды (Мәнен Тұрғанбаймен

бірге). Бияш – Алаш Орданың көрнекті қайраткері Биахмет
Сәрсенов еді.
«Өткен
июльдің

17-інде
Орынбор
қаласында
Қазақстан Оқу комиссариатының басқарма мүшесі Би-

Ахмет Шегедекұлы Сәрсенов оба ауруынан қаза бол-
ды» деп басталған көлемді қазанама-мақалада ав-
тор Б.Сәрсеновтің өмірбаянына шолу жасап, оның
қазаққа сіңірген еңбегіне тоқталған. Төңкеріске дейінгі

әлеуметтік және оқытушылық қызметін айтып, «әлеумет
ісіне қатысқандықтан айыпталып, Калшак тұсында,
соңғы совет үкіметі тұсында абақтыға да жатып шықты»
деп жазады. «Бияш қиын-қыстау, қияға салатын, дәнекер

болатын, өзгеше жаралған жан еді. Ондай кісі қазақтан
кем шығады. Бияштың орны үңірейіп қалды» деп
айрықша баға береді Жүсіпбек. Сегіз қырлы, бір сыр-
лы Бияштың өжеттігіне, алғырлығына, ұлтшылдығына,

адалдығына, мейірімділігіне жеке-жеке аялдап, «оқу
комиссариатының қандай ісі болсын бір өзі басқарып
бара жатыр еді. Хәкімшілік жұмыста арқасы босағандай
болып, Ахаң (Ахмет) Бияшқа сеніп отырушы еді» дейді.

Архивтік деректер де растап отырғандай, халық ағарту
комиссариатында
/182/
басшылық

қызметте
жүрген
Биахметті өзі де сонда қызмет істейтін Жүсіпбек өте жақсы
білген. 1909 жылы мұғалімдер семинариясын бітірген, 1920

жылдың 12-майынан сол комиссариатта әлеуметтік тәрбие

секторын /183/ және қазақ мектептері бөлімін басқарған
/184/ Б.Сәрсенов шын мәнінде А.Байтұрсыновтың оң қолы
болған. Оның замандастары арасында қадірлі болғанының,
еліне еңбегі сіңген шын қайраткер екенінің мысалы ретінде

өлген соң көп ұзамай Орынбор қаласындағы балалар үйіне
Б.Сәрсеновтің есімі берілгенін /185/ де айтуға болады.
Жалпы, халық ағарту комиссариаты 20-жылдардың
басында

қазақ
зиялыларын
шоғырландырған,
Ахаң

(Байтұрсынов) басқарған үлкен орта еді. Мұнда А.Кенжеев,
Х.Болғанбаев, Е.Омаров, Б.Күлеев және тағы басқа ел
таныған азаматтар қызмет еткен.
Комиссар

А.Байтұрсыновтың
Б.Сәрсенов
сияқты
орынбасары болған Жүсіпбек алқа мүшесіне еніп /186/,

көркемөнер секторының төрағасы қызметін атқарған /187/.
Бұл сектордың құрамында кәсіпқой театр, фото-кино,
академиялық, музыкалық және т.с.с. тоғыз бөлім болған.
А.Затаевич академиялық бөлімшенің меңгерушісі бо-

лып қызмет етіпті. Халқымыздың ән-күйін тұңғыш рет
жинаған бұл кісі «Жиырма бес», «Угай-ай», «Әупілдек»
сияқты 28 ән мен «Азаматқожа» күйін тамаша әнші –
Жүсіпбектің аузынан сол кезде жазып алса керек. Негізі

«Қызыл бидай», «Қазағым, қақтықпа», «Арғы атам – ер
түрік» сықылды әндерді дүниеге әкелген Аймауытұлының
/188/ әншілік өнері – жеке зерттеуді талап ететін дүние.
Сол, халық ағарту комиссариатында қызметте жүріп

Жүсіпбектің ҚазЦИК-тің шаруашылық басқармасында іс
жүргізуші болып жұмыс істейтін /189/ болашақ, екінші
әйелі Евгения Сермұхамедовамен осы кезде танысқан бол-
са керек.

1921 жылдың 8-июлінде бір жарым айға еңбек демалы-
сын алған Жүсекең, бір қызығы, арада бір ай өткен соң, 10-ав-
густа Семей губерниялық оқу бөліміне меңгеруші болып
Әбікей Сәтбаевпен бірге бір күнде қызметке тұрған /190/.

Барлығы 13 адам жұмыс істеген ГубОНО-да қазақтардан бұлармен бірге Қ.Мұздыбаев жұмыс істепті. Ә.Сәтбаев кейінірек қазақ бөлімін басқарып /191/, губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болады /192/. 1929 жылғы тергеу мәліметтерінде Аймауытұлы мұны растай отырып, «Қазақ тілі» газетінің шығарушыларының бірі болғанын қадап айтады /193/. Жүсіпбектің Қазақстан Орталық атқару комитетінің (КирЦИК) іс қағаздарында сақталған 1921 жылдың 12-октябрінде ашылған жеке ісінде де керекті мәліметтер бар. Сол күні ол КирЦИК-тің қаулысымен (сырттай болса керек) оқу комиссариатында жаңа қызметке тағайындалады /194/. Ал 1922 жылдың 10-январында КирЦИК-тің 3-январьдағы №9 қатынас қағазына халық ағарту комиссариатының әкімшілік басқармасы Жүсіпбек Аймауытұлының 8-июль күні бір жарым айға демалыс алып елге кеткенін, содан әлі оралмағанын айтып жауап береді /194.2-п/. 24-январьда сол басқарма оның Семейде «Қазақ тілі» газетінің жауапты редакторы болып қызмет ететінін айтып КирЦИК-ке тағы бір жауап жіберіпті /194.4-п/. Орынборда Жүсіпбекті іздестіру мәселесі біразға созылса керек, КирЦИК-тің 1922 жылғы 21-мартындағы мына бір хаттамасы соны аңғартады. Толығырақ келтірейік: «Қазақ Орталық атқару комитеті мәжілісінің №44 хаттамасының көшірмесі. КЦИК-тің мүшесі Ж.Аймауытовтың іс-әрекетіне орай түскен арыз бойынша наркомюстің 8-марттағы №1008 қорытындысы тыңдалды. Баяндамашы – Әуезов. Қаулы етілді: Арызды Семей губерниясы аса маңызды істер жөніндегі тергеушіге беріп, осы арызға байланысты алдын-ала тергеу ісі жүргізілсін және барлық тергеу материалдары КЦИК-ке осы бойынша мәселені шешу үшін жеткізілсін»/194.5-п/.

Жүсіпбектің Орынбордағы жақсы қызметін тастап, Се-
мейде жаңа қызметке орналасуы – оның жеке өмірінің,
өз шаңырағының мәселелеріне орай шұғыл шешім
тапқан жағдай болуы мүмкін. Не болса да, бұл қаламгер

өмірбаянындағы әзірге белгісіз қалып отырған, қалтарыс
беттердің бірі.
Аштарға көмек және «Қазақ тілі»
Бұл кезде Ресей федерациясының құрамындағы Қазақ

республикасында үлкен саяси өзгерістер болып жатқан.
Алаш Орданың жүректі сыздатқан ұлы арманы
болған, енді советтік дәуірдің алғашқы жылдарын-
да, Ленин-Сталин диктатурасы толық орнықпай тұрған

алас-күлес кезеңде Романовтар заманындағы империя
теліміне түскен қазақ жерлерін қайтару, советтік Ресей
федерациясының құрамындағы Қазақ республикасының
шекарасын белгілеу секілді ұлы мәселелер күн тәртібінде

тұрды. Осындай ұлы істі атқаруды біраз уақыт Қазақ
Орталық атқару комитетінің (КирЦИК-тің) мүшесі
болған Ахаң - Ахмет Байтұрсынов өзі бастап, Алаш
Орда қайраткерлерінің тәрбиесін көрген С.Сәдуақасов,

Ж.Мыңбаев, С.Қожанов, Ғ.Бірімжанов, Ы.Мұстамбаев,
Д.Ысқақов секілді жастарға сеніп тапсырып отырды.
Бұл тарапта әсіресе, жас болса да, мемлекет ісіне ерте
араласқан, білімді әрі ұлтшыл, өжет әрі алғыр Смағұл

Сәдуақасовқа зор сенім артылған еді.
1920 жылдың 4–12 ноябрінде өткен 1-жалпықазақ
съезінің шешіміне орай Сібірревком Қазақ республикасына
Ақмола мен Семей губернияларын 1921 жылдың 1-январы-

на шейін қайтаруға тиіс еді, бірақ Сібірревкомның отаршы
пиғылдарын жасыра алмайтын, шовинизммен уланып мей-
манасы тасыған басшылары болса, бұл іске салғырттық та-
нытып, ыңғайға көне қоймайды.

1921 жылғы 2-февральде Қазақстан Орталық атқару
комитеті «Семей, Ақмола, Торғай (бұрынғы Орал)
губернелерінде келімсектер үшін алынған бос жерді
еңбекші қазақ халқына қайтарып беру тақырыпта Де-

крет» шығарады. Сол жылы көктемде КирЦИК төрағасы
Сейітқали Меңдешов бастаған ресми топ Омбыдағы
Сібірревкомына
барады.

Оның
орынбасары
Смағұл
Сәдуақасов «Семей губернесін баурап алып, Қазақстанға

қосу үшін бірнеше кісісімен 20-сыншы майда Семейге
келді» /195/.
Смағұл Сәдуақасов төтенше өкілеттігін орынды
қолданып, бара салып Семей губисполкомын таратып,

шұғыл түрде губревком (төңкеріс комитетін) құрады.
Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитеті мен
Орталық атқару комитетінің 27-майда өткен біріккен
төралқа мәжілісі өзінің №26 хаттамасында осынау саяси іс-

қимылды заңды деп табады /196/.
Сүйтіп, Семей губерниясы 1921 жылдың май айын-
да Қазақ республикасына түбегейлі өтеді. «1907 жылғы
майдың 31-інде патша бекіткен жарлық бойынша Сібірдің

қазақ-орысына беріліп еді, енді осы жер түгелімен еңбекші
қазақ халқына қайтарылады» деп жазылды КирЦИК-
тің төралқа мүшесі Ғабдалкәкім Бөкейхановтың қолы
қойылған Заңда/197/.

Мұнымен бірге «1-февраль төңкерісіне шейін еңбекшіл
қазақ халқының пайдасында болған егіндік, шабындық,
суат, көш жолы төңкеріс һәм ішкі ел соғысы кезінде кімде-
кімнің қолына законсыз түсіп кеткені болса, бұл жерлердің

бәрі де еңбекшіл қазақтың өзіне қайтарылады, деген Заң
жобасы да шыға бастайды/198/.
Міне, автономиялық болса да, жас республиканың
осындай

іргелі
іс-қимылдар
жүргізген
мемлекеттік

қайраткерлері осы 1920–1922 жылдар ішінде Алаш Орда

көтерген ұлт автономиясы бағытында жұмыс істеп еді, үйткені алты алаштың көсемі Әлихан Бөкейханов бағдар көрсетіп, Орынборда КирЦИК-тегі басшылық қызметте, кейін халық ағарту комиссариатында Ахмет Байтұрсынов отырып, қазақ даласында совет өкіметі орнаған алғашқы екі жылда «Алаш Орда үкіметінің қайраткерлері жауапты мемлекеттік қызметке қойылды, барлық губерниялар мен уездің басы-қасында болды» /199/. 1921 жылы күзге салым Семейдегі «Қазақ тілі» газетін шығаруға атсалысқан Жүсіпбек Аймауытұлы осы іспетті саяси өзгерістерге араласқан қайраткерлердің белортасында жүрді. Автономия, жер және тіл проблемалары көкейкесті дүниелер болғандықтан «Қазақ тілі» газеті бұл мәселелерге баса назар аударған. Мысалы, 1921 жылдың жазында Семей губерниясының бастығы болған Смағұл Сәдуақасов «Қазақстан халық комиссарлар кеңесі мемлекет мекемелерінде қазақ тілін қолдану туралы шығарған декретті өркендету үшін» губернияда барлық іс-қағазы орыс тілімен қатар қазақ тілінде жүргізілсін деп өкім шығарған болатын /200/. Міне, осындай маңызды мәселелер алқымнан алып тұрғанда алаш баласының басына тағы бір зор қайғы туады. Ол ашаршылық еді. Азамат соғысының кесірінен басты күнкөрісі – малдан айырылған, шаруасы күйзелген қазақ жерінде, әсіресе, бүгінгі территориялық өлшеммен алғанда, Батыс Қазақстанда, Атырауда, Ақтөбеде, Қостанайда өршіген, «1921-22 жылдардағы ашаршылық қоғамды біржола тұралатып кеткен еді» /201/. Егін шықпай, қурап кетіп, Ресейдің Еділ-Вятька ауданында пайда болған аштықты жаза келіп, «Қазақстанда Бөкей, Орал, Орынбор һәм бұрынғы Торғай гүбірналарының жартысы ашаршылыққа ұшырады... Шаруаны түзетейін деп

тұрғанда оба, ашаршылық деген екі үлкен жау келді» деп
жазады «Қазақ тілі» газеті сол кезде /202/.
«Советтік партия қызметкерлерінің Мәскеуден жасырған
қылмысын әшкерелеп, барлық қазақ қайраткерлерін

аштарға көмек комитетін құруға шақырды. Мұндай хабар-
ды алысымен Ташкентте С.Қожанов, Ғ.Бірімжанов, Семей-
де М.Дулатов пен Ж.Аймауытов бастаған зиялылар «Ақ
жол», «Қазақ тілі» газеттері арқылы бүкіл қазаққа сауын

жариялады. Содан кейін барып Орынбордағылар қозғалды»

/132.Б.125/.

Ақтөбе, Орал, Орынбор губернияларымен қатар Семей
губкомында 1921 жылдың 13-авгусында Аштарға көмек ко-
миссиясы құрылады /203/. Ашаршылық жайлаған аймаққа
қолұшын созып, үлкен жәрдем көрсеткендердің бірі Се-

мей губерниясы болады. «Осы октәбірдің ішінде Сібірге,
Қазақстанның Ақмола, Семей гүбірналарына ашаршылық
тартып жатқан гүбірналардан аш балалар ағылып келе ба-
стады. ... Әзірге Семейге келіп түскен мың бала, олардың

көбі (тіпті бәрі) – мұсылман балалары. Бұл балаларға үй,
тамақ, киім, төсек-орын һәм асыраушылар керек. Олардың
бәрін тауып ала қою оңай жұмыс емес. Семейдегі үкімет
кеңселердің ең үлкен жұмысы осы кішкентай, құрметті

қонақтарды күтіп алып, орналастыру болып тұр» деп жаза-
ды сол уақытта «Қазақ тілі» газеті/204/.
Бұл ретте губкомиссия жақсы көрсеткішке қол
жеткізіп, 2-3 ай өткен соң тағы 1000 адам қабылдай ала-

тынын мәлімдейді /205/. Оның 1921 жылдың 13-авгусы мен
1922 жылдың 1-январы аралығындағы жұмысы туралы
төрағасының баяндамасында жылқыны сегіз қойға, түйені
он екі қойға есептегенде, жүз қой ұстайтын әр үйден бір

қой аштарға деп алынатыны жазылған /206/.
Қазақстанның күнбатысы мен күнбатыс-терістігіндегі
бес губерниядағы он бес уезді қамтыған осынау алапат

жұт аз шығын әкелмеген. Архив деректерінің көрсетуінше,
мәселен, 1922 жылдьщ 1-мартына шейінгі мәлімет бойынша
Бөкей гүберниясында 100 мың, Қостанай гүберниясында
354 мың 350 адам аштыққа ұшыраған. Осы аймақтардағы

жалпы халықтың 75%-ы ашыққан /207/.
Бұл жылдары Жүсіпбек Аймауытұлы «Қазақ тілі»
газетінің шығарушысы еді. Осы мәліметті Қазақстан
Орталық атқару комитетінің сұрауына орай Оқу комис-

сариаты әкімшілік басқармасының 1922 жылы 24-январь-
да жазған жауабы айғақтай алады. Онда «жолдас Аймау-
ытов Семейде «Қазақ тілі» газетінің жауапты редакторы
қызметін атқарып жүр» /194.4 п. / деп жазылған.

Көп ұзамай Қазақстанның күнбатыс-терістігінен және
көбіне ішкі Ресейден келген 14 506 адамды Семей губкомис-
сиясы тағы қабылдайды /208/. Аймауытұлы редакторлық
еткен «Қазақ тілі» газеті осы кезде: «Жалғыз үкімет тара-

пынан көрсетілген жәрдемге ғана сүйеніп отырсақ, елдің
көбін қырып аламыз. Үкімет жәрдемін көрсете берсін, ол өз
алдына, біз өзіміз жұрттың қамын ойлауымыз керек... Елді
ел қылу үшін, қырғыннан құтқару үшін азамат тегіс атқа

мінуі керек»/209/ деп алашқа сауын айтты.
«Марттың тоғызы күні, – деп жазды төрт жыл өткен соң
«Еңбекшіл қазақ» газеті осы уақиға жөнінде, – Семейдегі
қазақ азаматтары жиылыс жасап, (мәжіліс бастығы

Аймауытұлы Жүсіпбек) ашыққан елдерге Семей губерни-
ясынан жылу жинау мәселесін тексеріп, бір қаулыға кел-
геннен кейін марттың 15-і күні Қазақстан кіндік атқару
комитетіне телеграмма берді» /210/. Мұны архив деректері

де растайды /211/.
1922 жылдың 1-июнінде Орынбордағы халық ағарту
комиссариаты жазушылар съезін шақырмақ болады.
Мұны ел ашығып жатқанда «құрбақа ойнайдының» керін

келтірген нәрсе деп Жүсіпбек «Топалаң уағындағы той» де-

ген мақала жазады /212/. «Жолдастар-ау! Ойласаңдаршы!
Қазақстанның басына қандай ауыртпалық түсіп отыр.
Осы күнде съез жасайтын, сейіл құратын, әңгіме соғатын
заман ба?.. – деп жазады қаламгер, – Қазақстанның

үштен екі есебі жоғалғалы тұрғанда не бетімізбен жа-
саймыз, әдебиетті гүлдендіреміз деп аузымыз барып
қалай сөйлейміз».
Ұлт қайраткері Аймауытұлы өзінің ашынғанын ғана

білдірмей, «өзгені тастап, мезгілсіз ажалмен алысуға атқа
міну керек» деп ұсыныс айтады. «Съез құрамыз деу – елдің
бір жағына топалаң келе жатқанда бір жағы той қылып
жатқанымен бір есеп» дейді.

Сүйтіп, 1922 жылы әуелгі кезекте жиналған 4–5 мың
малды айдап жаз ішінде шыққан, бетегелі Сары-Арқаның
күншығысынан күнбатысына, Торғай төңірегіне қара күзде
әрең жеткен мал жеткізуші топтың басшысы да қалам

қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлы болған.
«Басшы түгіл жай бақташының да табылуы оңай болған
жоқ... Қиын жұмысқа жансебілдік қылып, әлеумет алдын-
да азаматтық борышын өтеуге белсеніп шыққан Жүсіпбек

еді» деп замандастары да жоғары бағалаған /210/.
Бірақ қайраткер-қаламгердің бұл еңбегін күндеушілер
де табылмай қалған жоқ. Көре алмайтын замандастары
ұйымдастырып, «Еңбекшіл қазақ» газетінің №69 санында

Файзолла Ишанұлы деген біреу Жүсіпбекті мал жинаған
кезде арасынан айып алды деп айыптап, жала жабады.
Оған жауап ретінде қаламгер «Қазақ тілі» газетінің 1923
жылғы №42 санында «Жауап» деп тақырып қойып ар-

найы мақала жазған. Міне, осы мақаласында Жүсекең
көп дүниенің басын ашады:
«...Қазақстанның бес губернасы аштыққа ұшырағаны,
көп жанның мезгілсіз қырғын табуы, сан алуан, бар

азаматтың жүрегіне ауыр қайғы болды. «Қырылды»,

«жоғалды...», «жәрдем» деген сөздерді топ біткен, газет
біткен қақсады. Жәрдем берудің бір шарасы аман елден
мал жинап, төтесімен аш елге жеткізу керек делінді. Аза-
мат атқа мінді. Газет бетінде зарлаушы, мал жинаушының

бірі мен екенімді ел де, үкімет те біледі. Семей губернасы-
нан мал жиналды. Ол малды аш елге жеткізу оңай жұмыс
болмады, себебі: итөлген жер (мың шақырымнан артық),
жолдағы Ақмола губернасы қирай оба, арғы жерде банды,

оның үстіне ашыққан ел «барған кісіні жеп қояды» деген
лақап жайылды. Бұған көзі ашық кісі сенбесе де, қарапайым
кісі жүрегі тұрды. Мал айдауға кісі шығуы қиын болды.
Жалданып қойып, айнығандар да көбейді. Бұл міндетті

мойынға алып, малға басшы болып баратын азамат аз та-
былды. Қауіп-қатерді, бейнетті, ауыр міндетті білсек те,
бас тартуды лайық көрмедік. Алдымен баруға разылық
білдіргеннің бірі мен едім. Көп қиындықпен ай жарым

жүріп, малды аш елге жеткіздік. Таратып бердік.
Семейдің губерналық аштар комиссиясының айтуы
бойынша біздің малымызды Ақмола азаматтары алып
жеткізсе керек еді. Торғай, Қостанайдан алдымыздан кісі

шығып, малды қабыл алса керек еді. Мұның бірі болмады.
Аш ел хабарланбапты. Хабарланса да, қам кеш істеліпті.
Сондықтан Атбасар уйезіне кірген соң маған Торғай
қаласына бару, малдың алдынан кісі шығару қажет

болды. 3-4 жолдаспен 500 шақырымдай салт жүріп
Торғай (Таңқайма) қаласына келдім. Торғай халқы мал
келеді деп күтпеген екен. Біздің тұтқиылдан мал айдап
келуіміз аспаннан құймақ жауғандай қуандырды. Елдің

есі шықты.
«Ашыққан бауырға мал айдап әкеліп беру – тарихта
болмаған іс» деп шын жүрегімен елжіреп Семей халқына
алғысты берді. Жалдама өзенінде малды үлестірдік.

Тегін берілген көп мал (4 мың 250 қара) аз олжа көрінбеді.

Малды көрген соң, алған соң тіпті разы болды. Ту бие
сойып құрмалдык берді. Бізге де құрмет керсетті. Мал-
жанын ортаға салып, жерден мал әкеліп беріп отырған
кісіге қандай қазақ разылық білдірмесін?!

Бақташылардың мұқтажына көмек-сый ретінде киім,
азық жинап берді. Басшы деп бізге сондай құрмет істеді:
ішік, ат берді. Жалғыз біз емес, бізден кейін барған екінші
партия мал басшылары Ғайса Тоқтарбековке де ат, ішік

беріпті. Павлодар жігіттеріне де осындай көмек, құрмет кер-
сеткен. Бұл жігіттер өздері де жазады. Риза болғандығын
Торғай азаматтары газетке де жазып білдірді. Міне, ол
уақыттағы Торғай халқының рухы осындай еді».

Ал Файзолла Ишанов дегеннің жаптым жала, жақтым
күйе деп дәлелсіз айыптауына былай деп жауап береді:
«Мен Файзолланың газетке басқанымен қараланып,
әлеумет көзінде азаматтығым жойылады деп ойламаймын.

Кімнің кім екенін, бар болсақ, уақыт көрсетер. Жалғыз
қынжылататын нәрсе: ауыр қызмет, ақ ниет зая кеткен
сықылды, «еңбегің еш, тұзың сор» деген мақалдың тап бо-
луы. Не жақсылыққа жамандық қайту – табиғат заңы, бол-

маса өмір көрсетер. Тыныш жатып біреуді мінеуден, сөгуден
оңай қызмет жоқ. Іске келгенде байқалар «білгіштер!»
Торғай төңірегіне мал айдап апарған Баян-Аула
жылқышыларының Жүсіпбектің мал айдап апара жатқанда

қандай қайрат көрсетіп, қандай талапшыл басшы болғанын,
ашыққан елге малды шашау шығармай қалай аман-есен
жеткізгендерін айтып, әңгімелегенін еске алады 1990 жыл-
дары, сол кездегі жасөспірім, кейінгі белгілі ақын Д.Әбілев

«Есімдегілер» деген кітабында (Алматы, «Жазушы» баспа-
сы, 1993 жыл).
Кейін, төрт жыл өткен соң дарынды қаламгерді
күндейтін замандастарының тарапынан әлгі жала қайта

қозғалып, мәселе тағы көтеріліп, мал алды деген айып

тағылып, Аймауытұлының үстінен «Торғай ісі» деген қылмыстық іс қозғалып, сот процесі жүреді/213/. Білімді, зерделі, сөзге шешен Жүсіпбек Қызылорда қаласында өткен сол бір сот ісінде өзін-өзі толық ақтап шығады /213/. Әсілі, 1921 – 1922 жылдардағы ашаршылық ауыртпалығын жою жолында Аймауытұлының көрсеткен қайраткерлігі, кейін Филип Голощекин Қазақ республикасына басшы болып келгенде Аймауытұлының басына бұлт үйіріліп, 1926 жылы оның үстінен ашық сот процесінің өткізілуі, қаламгердің соттағы сөйлеген сөзі, сол кездегі қазақ қоғамының осы сот процесіне көзқарасы – жеке бір кітапқа жүк болатын тақырып. Ол тақырыпқа кейін арнайы тоқталармын деген үмітпен Жүсекеңнің бұл төңіректегі үлкен еңбегіне қысқа шолу жасап, осымен доғара тұрамын. Тек 1921–22 жылдардағы ашаршылык жайында эмиграциядағы Мұстафа Шоқайдың «ол – революция әкелген апат, большевиктік саясаттың кесірі, алтыатарды кезеніп тұрып халықтың малын тартып алудың салдары» /214/ деп шындықты жазған бір сөзін келтіре кеткен артық болмас. Осы кезеңдегі іс-қимылынан-ақ Жүсіпбектің жай ғана көсемсөзші емес, ұлтын жан-тәнімен сүйген асыл азамат, қоғам қайраткері екенін анық байқауға болады. 1922 жылдың ала жазынан қара күзіне шейін Семей губерниялық Аштарға көмек комиссиясының уәкілі болып қоғам қызметін атқарып жүрген Аймауытұлын сол кезде сыртынан Семей губаткомы өзінің мүшелігіне кандидат етіп тағайындапты/215/. Мұның өзі оның губатком мүшелері Х.Ғаббасов, Ә.Досов, Ғ.Бөкейханов, Ж.Шанин, М.Тұрғанбаев секілді азаматтармен бірге губерния басшылығы ішінде беделді болғанын аңғартады /215/. Бірақ сол жылдың октябрь айында Жүсіпбек Қарқаралыдағы І сатылы, №2 совет мектебіне меңгеруші

болып барыпты /216/. Бұл кезде танымал қаламгердің қырға
шығып кетуі, қиырдағы шағын мектепке директор болып
баруы себебін денсаулығы мен отбасы жағдайына байла-
нысты болса керек деп жорамалдаймын.

Осы қызметте жүріп ол губерния орталығы – Семейдегі
«Қазақ тілі» газеті редакциясының алқа мүшесі де болған
/216/. Оған хабар, корреспонденция, мақала, фельетонда-
рын жолдап, үзбей байланыс жасап тұрған.

«Қазақ тілі» газеті Семей губерниясының (сол кездегі
әкімшілік территориялық бөліністер бойынша оған Пав-
лодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Бұқтырма және Қарқаралы
уездері кірген, бүгінгі бөлініс бойынша үш облыстың

аумағы) атқару комитетінің органы ретінде 1919–1926 жыл-
дар аралығында шығып түрған.
1923 жылдан Шаймерден Тоқжігітов басшылық жасаған,
ара-тұра Әбілқайыр Досов та редакторлық еткен бұл ба-

сылымда Мәнен Тұрғанбаев, Сәбит Дөнентаев қызмет
атқарған. Шәкерімнің, Қошке Кемеңгерұлының, Жұмат
Шаниннің, Қаныш Сәтбаевтың, Әлкей Марғұланның
мақалалары жарық көрген. 1923 жылы газеттің таралым

данасы 1200 – 1500 аралығында болды.
Басылымның осал болмағанын сол жылы газеттің төрт
жылға толғаны құрметіне «Бесінші жылда бес мыңнан ас-
сын» деген тақырыппен жарияланған бас мақала да рас-

тайды (соңына автор «Қазақ тілінің» кәрі жолдасы» деп
қол қойған екен, өкінішке қарай, кім екенін анықтау
мүмкін болмады). «Дүниеге бұрын шыққанына қарап
алса, – деп жазады бас мақаланың авторы, – бұл газеттің

осы күндегі Қазақстан, Түркстан өлкелеріндегі шығып
тұрған қазақ баспасөзінің бәріне де аға есебінде санала-
ды. Аласапыранмен қазақ сақарасы қан астында жатқан
уақытта шықты» /217/. Бұл көрсетілген жолдар – газет

тарихы үшін керек мәлімет. Мұнымен бірге: «1922-інші

жылға шейін кеңес хүкіметінің өлкесінде шығып тұрған газеттердің бәрі де тегін таратылды. Тегін таратылғанда газет ылғи ұйымдарға ғана берілетін болды. Ұйымдардың, кеңселердің бірінде болмаған жай кісілер газета оқығысы келсе де, қалай алуды білмей сандалды. Бүтін Қазақстан һәм Түркстан өлкелерінің басқы бұрыштарында да «Қазақ тілі» газетасы өзіне әдәуір оқушы таба алады деп басқарма сенім көрсетеді /217/» деген мәлімет те қажет деуге болады. Келесі санында осы автор қазақ баспасөзінің қазіргі күнімен өте ұқсас, сол тұстағы мынадай әлеуметтік мәселені көтеріпті: «Ақшалы жарнамалар тауып жіберумен қаражат жиналады. Біздің «Қазақ тілі» газетіне жарнамалар, білдірулер өте аз түседі. Оның себебі орыстардың қазақша білмей отырғандығынан, қазақ азаматтарының салақтығынан. Мысал үшін айтайын, қауымұйымдарының, сауда кеңестерінің ішінде қызмет етіп отырған азаматтар бар. Өздерінің отырған кеңестері орыс тілінде шығатын газеталарға жарнамаларын, білдірулерін жіберіп бастырып, ақша төлеп отырады. «Қазақ тілі» газетасына жібермейді» /218/. Дәл бүгін қазақ басылымдарында осындай проблеманың бар екені жасырын емес.Газет өзінің бес жылға толғанын атап өткен санындағы бас мақалада (авторы көрсетілмеген): «...Қазақ тілін» жетектеп жүргізіп, ел қатарына қосқан азаматтардың бірі – Жүсіпбек» деп айрықша баға берген/219/. Басылым бетінде қаламгер өзінің ұлт баспасөзі жайындағы ойларын, қазақ газеттерінің жақсара түсуі үшін тілшілер қызметін дұрыс жолға қою керек екендігін, олардың не жайында, қалай жазғаны жөн болатынын айтып, ой-пікірін білдіріп отырған. Мысалы, «Тілшілерге» деген мақаласында Жүсіпбек газетке атсалысып отырған алыстағы кейбір тілшілердің жазған хабар-ошарларына

сын көзбен қарай отыра, баспасөздің абырой, беделінің
ел ішінде қандай екенін жазады. «Газеттің бетінде
«Ел хабарлары» деген бөлім бар. Ел хабары не болып
қалды? Көремін: үнемі біреуді жамандау, қаралау, жау-

ап беру, тайталас. Бұл қалай? Ел деп жазатын өзге ха-
бар жоқ па? Қазақтың қай елін алсаң, партия, ерегес яки
күндестіктен сау емес, өтірікті, өсекті, шағымды сабау...
Ел ішінде жүріп, елдің сырын алғандай болдым. Ел-

ден жіберген хабарлардың оннан бірі шын болса, қуанар
едік. Оның өзі шын болмайды. ЬІлғи өтірікті, өсекті ба-
сты деп, газетке бос сөз басатын өсекші көріп, халықтың
газет оқудан коңілі де қалады» дейді.

«Өткен қыс газетке тұрғанымда, – деп жазады ол,

– талай ел хабарларында қараланған кісілерді елге ба-

рып көрсем, бірі жаза тартып, яки дұрыс тергелгені жоқ.
Газетті қолына алып, тергеушіні, сотты жағалап, ажар са-
лып өзін ақтауға тырысатын көрінеді... Егер хәкімшілік сот
мекемелері жауыздық тыюға бет алған болса, газетке ба-

сылмаса да, өз бетімен тыяр еді. Газеттегі хабар тұрсын,
көзі көріп, көзі жетіп отырган қылмыстарды да тексеруі
екіталай /220/».
Бұл тұрғыда қаламгер, біріншіден, баспасөзде басыл-

ған қылмыс жайындағы өткір хабарларды әкімшілік сот
шыбын шаққан құрлы көрмейтінін, олардың тіпті өзі
айтқандай, «газеттегі хабар тұрсын, көзі көріп, көзі жетіп
отырған қылмыстарды да тексеруі екіталай» екенін жа-

зып, алаңдаушылық білдіреді. Екіншіден, газетке ха-
бар жазатын ел ішіндегі кейбір адамдардың бірін-бірі
сөгіп, қаралап жататынын айта келіп, олардан от басын-
да өсек қуғанды қойып, жөні түзу, елге пайда, жасқа өнеге

болатұғын нәрселерді жазуын сұрайды. Тілшілерге не ту-
ралы жазу керегін де (мысалы, елдің шаруасы, малдың күйі,
салық жұмысы, әкімшілік хәлі, кәсіпсіздік, жұмыссыздық

жайы, оқу жағдайы, жастар ұйымы, әйел теңдігі, т.с.с. аса көп әлеуметтік мәні бар мәселелерді) жүйелеп, тәптіштеп көрсетіп отырған. Бұл ыңғайда көсемсөзшінің ыждаһаттылығын, «көсемсөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болатындығын» (Ахмет Байтұрсынов) бір сәт те ұмытпағанын, баспасөзге жаны шын ашитынын аңдауға болады. «Қазақ тілі» газетінде Аймауытұлының «Театр кітабы туралы» сын-рецензиясы, «Тілшілерге», «Төңкеріс жемісі һәм әлеумет қызметкері», «Тәлкөшке шешендері», «Қазақ партиясы туралы», «Сауатсыздықты қалай жою?», «Мал бас садақасы ма, бас мал садақасы ма?» «Емлені өзгертуге жоба», «Ауылдарда». «Қызыл әскер жайынан» атты мақалалары және «Күдіріс», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім» деген шағын әңгімелері, «Кеп қолғашта» фельетоны жарық көрген. Қаламгердің қоғамдық-саяси, тұрмыстықәлеуметтік, шаруашылық және оқу-білім жайынан жазылған мақалалары сол кездегі қазақ өмірінің тыныстіршілігінен мол мағлұмат береді. Алдымен «Төртуыл» бүркеншік есімімен жарияланған «Театр кітабы туралы» сын-рецензиясына тоқталсақ /103.Б.140-144/. Өзі де бұл уақытта танымал драматург, 191617 жылдары-ақ «Рәбиға», «Жебір болыс» («Мансапқорлар»), «Қанапия – Шарбану» сияқты пьесалардың авторы болған, олардың бір-екеуін өзі сахнаға дайындаған, режиссерлікті де бір кісідей білетін/20.Б.16/ Жүсекең осы бір сын мақаласында драматургиялық шығармалардың және театрдың не екенін, драматургияның қандай түрлері болатынын, пьесаның басты шарттарын жаза отырып, театр қисынының білгірі ретінде оқушыға біршама жайттан хабар береді. Көлемдірек мақаланың келесі бір бөлігінде «іліп алуға

тұрмайтын пьесаларды жауып қойып», «...ойналып, жарам-
ды болып жүрген» «Алтын сақина» драмасының жетістігі
мен кемшілігіне тоқталады. Төрт перделі «Алтын сақина»
пьесасының авторы қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан

тағы бір дарынды әдебиетші, алаштың қалам қайраткері
Қошке Кемеңгерұлы екені мәлім /140/. Бірақ Жүсекең өзінің
мақаласында оның есімін атамайды. Бұған қоса айтары-
мыз, «Алтын сақина» пьесасы – 1923 жылы Орынборда бас-

па бетін көрген, 1926 жылдың 13-январында Қызылордада
Қазақ мемлекеттік театрының сахнасының шымылдығын
тұңғыш ашқан шығарма /253/.
Десе де, 1923 жылға дейін жеке кітап болып шыққанша

аталған пьеса, Аймауытұлының сын мақаласынан байқап
отырғанымыздай, сахнаға жарамды болып, қойылып
жүрген. Бұл рецензия 1922 жылдың 22-январында жарық
көрсе, онда «Алтын сақинаның» одан ілгеріректе-ақ сахна-

ларда қойылғанына көз жеткізуге болады. Ал пьесаның сол
уақытта баспасөз жүзін көргені (немесе көрмегені) туралы
қаламгер мәлімет бермейді. Аймауытұлы драматургияның
басты шарттарына жеке аялдап, шығарманың ішкі сы-

рын ашады: «Драма екі нәрсенің тартыс күресі: тағдыр
мен адамның, ар мен міндеттің, табиғат пен мәдениеттің,
жақсылық пен жамандықтың, тағы сол сықылды. Драма-
да бір уақиғадан екінші уақиға, бір себептен екінші бір

себеп туып отыратын, бірін-бірі күшейтетін белгілі бай-
ланыс болмақ, сондықтан байланыс, күшейіс, айырылыс
деген жікке бөлінбек». Бұл тұрғыда мақаланың ғылыми-
теориялық, зерттеу сыпатын да аңдауға болады.

«Театр кітабы туралы» рецензиясы XX ғасыр басындағы
драматургиялық шығармаларға арналып жазылған қазақ
әдебиеті мен театртануындағы алғашқы сындардың бірі
болғандығымен және толымды, ойлы көсемсөз шығармасы

екендігімен ерекшеленеді.

Аймауытұлының театртануға арналған мұнымен қатар
«Зұлхбире», «Тәшкентте сауық кеші», «Театр кітаптарын
қалай көбейтеміз», «Бардың жоғы болмайық» сияқты
әлденеше мақалалары болған. Оларға кейінірек аялдаймыз.

Орынборда өткен бір жыл
Қарқаралыда жылға жуық тұрған Жүсіпбек 1923 жылдың
жазында Орынборға келеді. Мұны оның кейінірек Сырда-
рия педтехникумында жүргенде өз қолымен толтырған

«Жалпы еңбек тізімі» деген іс парағынан көруге болады.
Онда қаламгердің 1923 жылдың август айынан бастап оқу
комиссариатының акционерінде ғылыми қызметкер болып
қабылданғаны, сондай-ақ комиссариаттың 13-августа бер-

ген куәлігінің нөмірі жазылған/216/.
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында
Қазақ республикасының астанасы Орынборда 7 жоғары
оқу орны болыпты /211/. Соның бірі Қазақ халық ағарту

институты (КИНО) еді. Мұнда сол тұстағы қазақтың көп
зиялысы қызмет істеген. Мәселен, Ахмет Байтұрсынов
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті тарихынан, Міржақып Ду-
латов қазақ халқының тарихынан, Елдес Омаров физи-

ка мен математикадан, Телжан Шонанов экономикалық
ғылымдардан дәріс оқыған, бұлармен бірге Сейдазым
Қадырбаев пен Молдағали Жолдыбаев та сабақ беріпт
і/222/. 1923 жылдың октябрь айынан бастап Жүсіпбек те

осы оқу орнына орналасады /223/.
Қазақ халық ағарту институтының (КИНО) директо-
ры алғашқыда Нұрсұлтан Бекетов болса /224/, кейін яки
1923 жылдың 20-сентябрінен азық-түлік комиссариаты-

нан шақыртылған Мұхтар Мурзин (Мырзаұлы) басшылық
етеді /225/.
Ол кезде еліміздегі оқу орындар оқу комиссариатындағы

Қазақтың білім беру бас профессурасына қараған екен
/226/. Сондықтан болса керек, осы профессурасының
төрағасы Шейнессон деген біреу М.Мырзаұлы КИНО-ға
директор боп тағайындалған соң, 6-ноябрь күні Бас сая-

си басқарманың (ОГПУ) Орынбор губерниялық бөліміне
оның Октябрь төңкерісіне дейінгі қызметі қандай болғаны,
не істегені жөнінде анықтама беруін өтініп, құпия қатынас
қағаз жіберіпті /227/. ОГПУ-дің губерниядағы басшысы

К.Полянский болса, М.Мырзаұлының үстінен ешқандай
материал табылмағанын жазып құпия жауап жолдаған /228/.
Мұны мысалға келтіріп отырған себебім, Алаш партиясы-
на мүше болған қазақ азаматтарына әу бастан күмәнмен

қарау большевиктердің үйреншікті әдеті еді, М.Мурзинді
осылай тексеріп жатса, Алаш Орда баспасөзінің белді
қаламгері болған Жүсіпбек Аймауытұлына лауазымды
қызмет берілуі тіпті де мүмкін емес екені түсінікті жайт

болса керек.
Шейнессон басқарған Қазақтың білім беру бас про-
фессурасы (Кирглавпрофобр) Қазақ халық ағарту инсти-
тутына басшылық ете алатын мекеме болғанымен, оған

қамқорлық жасағаны шамалы сияқты. Мәселен, оның
КИНО директоры М.Мурзинге (Мырзаұлына) жолдаған
мына бір хатын келтірелік: «Кирглавпрофобр предлагает
заняться директору КИНО подысканием помещения для

занятии студентов и не надеяться на Кирглавпрофобр как
на няньку» (әдейі түпнұсқада беріліп отыр) /229/.
Басшылықта отырған өзге ұлт қызметкерлерінің
қазақ жастары білім алып жүрген оқу орындарына мей-

манамен қарауының, тіпті көзге ілмеуінің мысалдары
аз емес. Шәкірттерге міндетті түрде 10 сомнан стипен-
дия берілуі керек болса, оқу комиссариаты 3 сомнан ғана
бөліп отырғанын, студенттердің тұрмыс жағдайы өте ауыр

екенін айтып жазған Мұхтар Мырзаұлының қызметтік
хаттары да осы айтқанға дәлел бола алады /230/.
Жалпы, осы Мұхтардың директор ретінде Қазақ
халық ағарту институтының аяғынан тік тұрып кетуіне

барынша күш салғанын архивтегі іс парақтарынан
байқауға болады. Оқу комиссариатына жазған баянда-
масында ол институттың сыпаты анықталмағанын, оқу
ғимаратының өте тарлығын, оқу жоспары жасалмағанын,

жатақхананың, техникалық жұмыскерлердің жоқтығын
айтып, осыларды ретке келтіруде өзінің уақытын жеткізе
алмауы
себепті

орынбасарлар
тағайындап
беруін
өтініпті /231/. Кейін біраз нәрсеге қол жеткізсе де керек,

мысалға Мырзаұлының Шейнессон декан болған раб-
фактан КИНО үшін оқу ғимаратын жалға алып, келісім-
шарт жасағанын айтуға болады /232/.
Институт басшысы игі бастамалар көтеріп отырган,

мәселен, оның төрағалық етуімен институт әкімшілігі іс
қағазын қазақ тілінде жүргізуге, ол үшін тәжірибелі хат-
шы мен есепшіні қызметке алуға қаулы қабылдайды /233/.
Орынборға жаздың соңын ала келген Жүсіпбектің /234/

ноябрь айында КИНО-ға оқытушы болып орналасуын
Мырзаұлының директор болып келуімен байланысты деп
жорамалдаймын. Мұхтардың Алаш Орда қозғалысында
бірге қызмет еткен замандасына қолұшын созуы әбден

мүмкін ғой.
Соның бір мысалы ретінде 1923 жылдың 11-декабріндегі
оның шығарған бір бұйрығын оқиық: «Педкеңестің
қаулысы бойынша Аймауытовтың «Мансапқорлар» пьеса-

сын даярлауға кірісіңіздер. Режиссері пьеса авторы ретінде
Аймауытов болады. Ректор М.Мурзин» /235/. Басшы ретінде
Мұхтар КИНО оқытушылары мен қызметкерлеріның
әлеуметтік жағдайын түзеу үшін аймақтық бюджеттен

қаржы алуға қол жеткізген көрінеді. Оқытушы Жүсіпбек
Аймауытұлына 1923 жылдың 28-октябріндегі 178-тізім
бойынша алтынмен 4 сом 25 тиын беріліпті /236/.
Жүсіпбек Орынборда жүріп, іссапармен Түркстан Ре-

спубликасына да, оның астанасы Ташкентке де барып келсе
керек, үйткені «Лениншіл жас» журналының 1923 жылғы
5-санында Жүсіпбектің «Мағжанның ақындығы туралы»
(Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама) атты

әйгілі әдеби-сын мақаласы шығады /237/. Бұл жөнінде
бірсыпыра ғылыми талдау жасалып, дәйекті пікірлер
жазылғандықтан /238/, оған арнайы тоқталып жатпайын.
Анығы, «Мағжанның ақындығы туралы» көлемді зерт-

теу еңбек – совет өкіметінің алғашқы жылдарында жарық
көрген Смағұл Сәдуақасовтың «Қазақ әдебиеті»/239/,
Мұхтар Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі»/240/
секілді тарихи-әдеби сын мақалаларының қатарынан орын

алатын, қазақ әдебиеті сынының тарихындағы сүбелі
шығарма екені.
1923 жылы сонымен бірге Аймауытұлының «Еңбекші
қазақ» газетінің 30-июньдегі санында «Орынборда халық

ағарту істері», «Қазақстандағы Күншығыстың оқытушылар
әзірлейтін орда», «Ақ жол» газетінің 22-ноябрь күнгі са-
нында «Әдет заңы» деген мақала, корреспонденцияла-
ры және «Қызыл Қазақстан» журналының 22-санында

«Нағима» әңгімесі жарық көреді. «Әдет заңы» мақаласы
сол жылы Ташкентте шыққан «Сана» журналының 1-са-
нында да басылған еді.
Тақырыбынан

байқалатындай,
«Әдет
заңы»
мақаласында адам бойындағы әдет, оның пайда болу

себебі туралы сөз қозғалады. Автордың көтерген
тақырыбын өте жақсы білетіндігіне көз жеткізуге болады.
Дарвин, Джеймс, Милл сияқты білімділердің де пікірін
келтірген. Өзінің бұл жайындағы ойлары да тұщымды:

«Адамгершілік жүзінде әдеттерде біріне-бірі қарсы екі
күш болады. Бірі жақсылық жаққа, бірі жамандыққа тар-
тады. Бір жаманы сол жаман әдет бір рет жеңсе де, жақсы
әдеттің талай жеңгеніне төтеп береді. Жақсы әдет ден-

деп, жаман әдетті бас көтерместей аяқтағанша бір жағы
демеп, екінші жағын әлсіретуден тоқталмай, тізгіннің
бір жағын қысып ұстай білу керек».
Жүсіпбек ұлы Абай нұсқаған жолдың бірі – еңбекке

үндейді: «Күнін босқа өткізбей, таза пайдаланған жас жігіт
тәрбиесі татымды жеміс беруіне күдіктенбесін. Еңбекпен
алған тәрбие, қай түрлі болса да, берік болмақ». Бұл ғылыми-
танымдық еңбегі Аймауытұлының «Абай» журналында

жарыққа шыққан «Тәрбие» мақаласының жалғасы, үлкен
бір тақырыптың аясындағы жеке тарау іспеттес. Расында
да, кейін «Психология» деген зор ғылыми еңбек жазған,
білімі терең, танымы мол Жүсекең оған деген дайындығын

осы кезеңде, тіпті сонау «Абай» журналында қызмет еткен
шағынан бастаған.
1924 жылы Аймауытұлының әңгімелері, фельетондары,
мақалалары баспасөзде көп жарияланады. Оның көсемсөз

туындыларын біз «Ақ жол», «Еңбекшіл қазақ», «Қазақ
тілі» газеттерінен, «Қызыл Қазақстан», «Жас қайрат»,
«Жас қазақ» журналдарынан көреміз.
Бұл жылы «Елес», «Жаңабайдың жанындағы трагедие»

әңгімелерімен, «Жарасымды сүгіреттер», «Күмәжнек»,
«Радио хабарлары», «Тінікейді не ойландырады?» атты фе-
льетондарымен, «Қойшы Тастамақ» очеркі және «Томар-
бай мен қатыны» сатиралық әңгімесімен қатар «Еңбекшіл

қазақ» газетінде «Жазу таңбаларымызды азайту туралы
жоба»/241/, «Жазу таңбаларымызды азайту туралы»/242/,
«Қазақ тілін жүргізу қазақша оқуда»/243/, «Ел газетке не
жазбақ?»/244/, «Жазу мәселесі туралы соңғы сөз»/245/

мақалалары, «Ақ жол» газетінде «Әйелді мектепке

алыңдар»/246/, «Емлені өзгертуге жоба»/247/, «Тәшкентте
сауық кеші»/248/, «Қазақта жезөкше бар ма?»/249/, «Үлгілі
мектеп»/250/ және «Жас қайрат» журналында «Жастардың
тәрбие-тәлімі»/251/ мақалалары жарыққа шығады.

Жүсіпбек Аймауытұлының ерекше еңбектерінің бірі

– осы жылдары баспасөз бетін көрген, қазақ тілінің

грамматикасына, фонетикасына және терминологиясы-
на арналып жазылған «Емлені өзгертуге жоба», «Жазу
таңбаларымызды азайту туралы жоба», «Жазу мәселесі
туралы соңғы сөз», «Пән сөздері қалай табылады?»,

«Емлені оңайлатудың жобасы» атты бірқатар ғылыми-
зерттеу мақалалары.
Автордың
грамматика

жөніндегі
ойлары
араб
графикасының негізіндегі алфавитке қатысты болғанымен,

өзге салалардағы пікірлерінің мәні жойылмайды деген ойда-
мын. Бұл дүниелер өз кезеңі үшін құнды зерттеу еңбектері
болғанын, сол себепті қазақтың тіл білімі тарихында ата-
усыз қалмауы керегін ұмытпағанымыз жөн. Сонымен

бірге бұл еңбектерде Жүсекеңнің фонетика саласындағы
байламдары (әсіресе оның дыбыстар өзгерісіне байла-
нысты айтылған кейбір ойлары), сондай-ақ бөтен тілден
сөз алуға, жаңа сөз тудыруға, түбірдің дамуына, түбірге

қосымшаның жалғану ерекшеліктеріне байланысты және
т.с.с. айтылған тұжырымдарына тілші-ғалымдар назар ау-
дарып, оларды ғылыми сарапқа салып, ой елегінен өткізсе
деген пікірдемін. Сондықтан тіл білімі саласындағы осы-

нау зерттеу мақалалары – ара-тұра ескірген тұжырымдары
болғанымен, жоғарғы деңгейдегі еңбектер.
Осыған
орай

мақалалардың
кейбір
талданған
мәселелеріне,

ұсыныс-пікірлеріне
тоқтала
кетейін.
«Тіліміз, емлеміз әбден жүйеленіп қалыптанды, орнықты,

бекінді деп айтуға болмайды. Емленің қолайсыз, кеміс
жерлері барлығын әркім айтады. Бұл қолайсыз әсіресе бала

оқытқанда, хат танытқанда айқын көрінеді» деп жазады
автор «Емлені өзгертуге жоба» деген мақаласында. Және
«менің негізім: көбінесе іске қолайлы (практика), жеңілдік»
деп өзі жазғанындай/252/, әлденеше жыл мектептерде сабақ

бере жүріп жинаған тәжірибесін ортаға салады.
Мұхтар Мырзаұлы, Елдес Омарұлы сияқты зиялылар-
мен баспасөз бетінде осы тарапта пікір алысады. Әлденеше
жобалар ұсынып, автор осы мақалаларының соңында бұл

жобаларды оқу комиссариатының қасындағы білім ко-
миссиясы қарап, көптің ақылымен шешуге байлағанын,
Қазақстан мен Түркстандағы қазақ тілінде шығатын
газет-журналдар бұл жобаны көшіріп басып, қазақ

оқығандарының, оқытушыларының сынына салу керек,
әркім өз пікірін газет-журналға жазу керек, емле мәселесі
әр жағынан жете қарап, қалтқысыз болып шешілуі ке-
рек деген қорытындыға келгенін айтады. «Баспасөз

жүзінде әбден арманнан шығысқаннан кейін айрықша сиез
шақырылып, артық түйінді сиез шешу лайық деп табыл-
ды» деп бір тұжырып тастап, Қазақстан мен Түркстандағы
газет-журнал басқармаларынан осы жобаларды көшіріп ба-

суды өтінеді.
Расында да, Жүсіпбектің мақаласын екі республиканың
бірқатар басылымдары көшіріп басқанға да ұқсайды.
Мәселен, «Еңбекшіл қазақтағы» осы мақаласы сол жылы

«Қазақ тілі» газетінің 15-санында да жарық көрген.
Әрине, қазіргі қазақ тілінің теориясы – жан-жақты
дамыған ғылым. Сол себепті Аймауытұлының осы
бір ғылыми мақалаларындағы мәселелердің кейбіреуі

ескірген, кейбіреуінде автор, бүгінгі күнмен топшыласақ,
жаңсақ пікірлер де айтады. Бірқатары бұрыннан-ақ белгілі
дүниелер болып көрінеді. Бірақ қазақтың тіл білімі енді
дамып келе жатқан сол кезеңде осынау еңбектері құнды

дүниелер болғанын жоққа шығаруға болмайды. Мысалы,

«...Кейбір бітеу буынды, мәселен... «қасық» дегенде «ы»
анықтау естілетін сықылды. Қай жерде анық, қай жерде
танық естілетінін айыруға аса нәзік еститін құлақ керек.
Оқушыларға мұны айыру қиын. Сондықтан бітеу буын,

ашық буын деген сөздер айтылмаса да, ереже болмаса да,
жарайды, сонымен бірге «у» дауыссыз дыбыс дегенге да-
уым бар; «ыу» дауысты болса, жалғыз өзі де буын бола-
ды деймін: «а-та», «о-бал» дегендегі «а», «о» дыбыстары

сықылды» деген ұсыныстары кейін қазақтың тіл білімінде
қабылданғанын аңдау қиын емес.
«Жазу таңбаларымызды азайту туралы жоба» мақа-
ласында араб графикасына негізделген қазақ әріптері,

оның ішінде Байтұрсынов реформалаған әліпби жөнінде
бырсыпыра ұсыныстар, бірқатар пікірлер айтылады.
Аймауытұлының әліпби турасында, оны өмірге жап-
пай енгізу проблемалары жайында айтқан ойлары ерек-

ше екендігіне назар аударалық: «Жазу машинкасына
лайықтап Ахмет ағайдың шығарған қаріптері бар. Онда
да дыбыс басына бір таңба алынған. Бұл қаріптер бас
таңбаларды алғаннан әлдеқайда қолайлы, – деп жазады

автор, – Ахмет ағайдың шығарған таңбалары осы күннен
бастап баспаханаларға арналып жасалса, жақсы-ақ болар
еді. Онда хат тану біржола жеңілденіп, орыс жазуының
қатарына келер еді. Бірақ қаріптер жақын арада іске аса-

ды деп үміт етуге болмайды; тыңнан қаріп жасатуға көп
қаржы керек. Қаріп көп керек, күллі Қазақстан, Түркстан
жерлеріне (баспаханаларына) түгел жеткендей қаріп қолға
оңай түспейді. Олай болса, қаріп азайту әңгімесі бірталай

заманға шейін созылуға мүмкін». Бұдан ары Жүсіпбек
түпкі мақсат – дыбыс басына бір таңба беру екенін қадап
айтады. Бұл жобалар жарық көрген соң көп уақыт өтпей
«Еңбекшіл қазақтың» 159, 161, 162, 164 және 195-санда-

рында Елдес Омарұлының осы мәселелер жөнінде дау-

лы пікір айтқан, өзінің жобаларын ортаға салған бірнеше
мақаласы шығады. Оған жауап ретінде, өзінің бұрынғы
ойларына тың пікірлер келтіріп Жүсіпбек Аймауытұлы
«Жазу мәселесі туралы соңғы сөз» мақаласын жари-

ялайды /245/. «Алдымыздағы шілденің 10-ында бола-
тын білімпаздар тобының қарсаңында мүддемізді ай-
тып қалайық» деп басталатын мақаласында ол жазу
мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп

– емлеге әркім әр жақтан әр түрлі қарайтындығын, біреу

тілдің тарихынан, біреу грамматика, біреу фонетика, енді
біреу іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап
шешпек болғандығынан деп түсінеді. Өзінің соңғылардың
тобында екенін, емле мәселесіне практикалық тұрғыдан

қарайтынын айтады. Омарұлының дыбыстарға дәл
келетін таңбаларды ғана жазу керек деген пікіріне дау
айтады. «Дыбыстарға нағыз дәл келетін жазу жоқ, он-
дай жазу жалпыға түсініксіз. Аз қаріп, көп дыбыс – міне,

жақсы хаттың шарты» деп жазады.
Мақаладан «Тіл – құрал» шықпастан бұрын «ды-
быс», «буын» дегенді жұрт білмеуші еді» деп Ахаңның –
Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің негізін қалаған еңбегін

арнайы бағалаған жолдарды да кездестіреміз.
Бұл орайда Жүсіпбектің өз біліміне сүйене отырып,
айрықша пікір айтуы да елең еткізбей қоймайды: «Шы-
нында грамматика екі түрлі болуы керек, бірі тілдің,

сөздің, істің ыңғайына жүретін құбылмалы, жанды эти-
мология; енді бірі тілдің негізгі, түп атасы, өзгеру жолын,
тарихын тексеретін ғылыми грамматика болмақ. Мектеп-
те жазу үйретуге, дұрыс сөйлеуге көмек ететін жанды эти-

мология мен ғылыми грамматиканы шатастырып жүрміз.
Соңғы грамматика орта медреселердің соңғы жылдарында,
жоғары медреселерде оқытылуы керек. Бастапқы – бастау-
ыш мектепте Ахаңның «Тіл – құралдары» – (әсіресе ІІ-інші)

екі түрлі этимологияның жолдарымен жазылған». Бұдан әрі автор өзінің пікірлеріне дәлел ретінде бірқыдыру мысал келтіреді. Баспасөзде жазылған осынау ойлардың барлығы шын мәнінде ортаға салынған пікірлер еді, пікірталастар еді. Автордың өзі де мақаласының басында ескертеді, сол жылы болатын білімпаздар басқосуына құлаққағыс ретінде осы еңбекті жазып отырмын деп. Орынборда 1924 жылдың 12–17 июні күндері аралығында Қазақстан оқу комиссариатының ұйтқысымен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған Қазақ білімпаздары тобы (сиезі) өтеді. Бұл сиез «арада жиырма жылдан соң өз алдына шаңырақ көтеретін Қазақ академиясына баспалдақ іспеттес болды. Бұл топ – дәуірі қойған міндеттерге жауап беруде мұнан кейін шақырылған сан съезден көш ілгері болды десек, қателеспеспіз /253/». Әліпби жөнінде А.Байтұрсынов, пән сөздері бойынша Е.Омаров, оқу-ағарту жүйесі туралы Т.Шонанов, ауыз әдебиеті туралы Х.Досмұхамедов, білім кітаптары жайында М.Мурзин, «Қазақстан мен Түркстаннан сыртқары қазақ халқын ағарту туралы» деген тақырыпта М.Дулатов баяндама жасаған. «Еңбекші қазақ» газеті білімпаздар съезіне: «Бұл топ – тарихи топ. Мұндай топ қазақ болғалы болған емес. Баспасөздің қасиеті қандай болса, білімпаздар тобының тарихи қасиеті сондай болады» деп тарихи тұрғыда үлкен, елеулі баға берген /254/. Ол жөнінде «Сана», «Қазақ тілі», «Ақ жол» басылымдарында да кеңінен жазылған /255/. Білімпаздар тобы қазақ әріптерінің дыбысталуы мен жазылуын талқыға салып, төте жазу үлгісін 24 қана қаріптен тұратын етіп жаңалық енгізеді. Білімпаздар съезі өткеннен кейін де Жүсіпбек Аймауытұлы осы мәселеге қатысты «Емлені оңайлатудың жобасы» деген мақаласын жариялайды/256/. Мұнда да оның өз пікірінде қалғанын көруге болады: «а) жазу деген

– сөздің шартты таңбасы, сөздегі болар-болмас барлық ды-

бысты жазу, таңбалау емес. Сондықтан болмашы күдікті
дыбыстар (әріптер) жазуға оралғы болмауы керек. б) тіл –
өсіп, өнетін зат... Тіл өзгерсе, өрлесе, сонымен қабат, артын
ала болса да, хат та өзгеріп отыру керек. в) ...жазу көптікі

болу үшін, тіл заңына сүйене бермей, оңай, жабайы болу
керек. Ереже неғұрлым аз болса, солғұрлым оңай болмақ.
д) сөздің тұлғасы тіл заңынша емес, естілуінше жазылу ке-
рек. е) жазуда артық буын, артық әріп болмауы керек... ж)

үндестік заңына (сингармонизм) тіл атаулыны бағындырам
деп жалпы көпке байырғы боп кеткен тілдерді бұзбауға ке-
рек. Жаңа, жат тілдерді Жауыропа (Европа) тілдерінен аса
алыстатпау керек».

Осы сияқты пікірлерін Жүсекең алдыңғы мақалаларында
да айтқан болатын.
«Ақ жол» газетінде шыққан «Пән сөздері қалай табыла-
ды?» мақаласында да /257/ Аймауытұлы терминология са-

ласына қатысты өзінің маңызды ойларын білдіреді. Қазақ
тілінде кітаптар көбейіп келе жатқандықтан пән сөздері
(терминдер) де молая бастағанын, олардың тәуірі де,
ұғымсызы, қолайсызы да бар екенін айта келіп: «Бұл әңгіме

былтыр Білімпаздар кеңесінде де сөз болып еді. Әлі де бол-
са, сөз болу керек көрінеді» деп жазады. Төңкерістен бері
халық ұғымына еріксіз кіріп кеткен жат сөздерді (олардың
қатарында аптономия, сәбет, бүджет, пүртокол, метеңгі,

милисия, ісполком, әгент, т.б. терминдерді атаған) жұрт
миына орнап қалғандықтан, «оларды қуып шығарамыз деп
талпынған» дұрыс емес екенін айтады. «Ауылдық кеңес де-
геннен «ауылнай сәбет» дегенді жеңіл көреді» деген мы-

салдарын алға тартады.
«Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау дұрыс емес,

– дейді автор, – ...білім кеңестерінің сөз табуы ғылымға

негізделген (академический) жол емес, бұтақ (кустарный)

жол. Ілім негізімен шешу үшін пән сөздерін жасаушылар
әр тілді (араб, парсы, түрік, еуропа тілдерін) білетін (фи-
лолог) адамдар болу керек». Осындай салиқалы, сарабдал
ой-пікірлерін қаламгер нақты дәлелдер келтіріп, қисынды

ретпен тұжырып отырады. «Тіл мамандары (филолог-
тар) болмағанымен, бізде пән мамандары болуы керек.
Белгілі пәннің соңғыға тізіп, іздеген, кітап қарастырған
адам азды-көпті сол пәнге маман болып алады. Бір адам

әр түрлі пәннен жазбақшы болса, оныкі терең болмайды»
деген ұтымды ұсыныстарынан кейін ол бұл күнде ақша
табуға қызығып, кім болса, сол кітап аударуға әуес болып
кеткенін, саясат қызметшісі де, молда да, шәкірт те кітап

жазатынын, мұндай әуестік кітаптың маңызын түсіретінін,
пән сөздерді шатастыратынын, қарапайым аудармашы пән
сөздерін таба алмайтынын, білім комиссиясына иек сүйеп,
табуға талаптанбайтынын баяндайды.

Мамандар термин сөздерді қалай табу керегі тура-
сында да Жүсіпбек керекті ұсыныс айтады: «Бірінші,
өзі ойлап шығармақ, екінші, сол пәнге керекті сөздерді
қазақ тілінде шыққан барлық кітаптардан қарастырып,

қолайлысын алмақ, үшіншіден, сол пән туралы тағы кім-
кім шұғылданып жүр, олар қандай сөз тауып қолданып
жүр, солармен хабарласып, кеңесіп отырмақ, төртінші, ел
адамдарынан, ауыз әдебиеттен де сөз қарастырмақ».

Бұдан шығатын түйін мынау – терминком құру және
олардың қызметі қандай болмақ деген мәселелерді сол за-
манда алғашқы болып Аймауытұлы көтерген.
Міне,

осындай
әлденеше
мақаласы
Жүсіпбек

Аймауытұлының қазақ тіл білімі, қазақ тілінің ор-
фографикасы, фонетикасы, терминологиясы және т.б.
салаларындағы іргелі проблемаларға бейжай қарай алмай-
тын зиялы болғанын аңғартады.

Көсемсөзшінің қазақ баспасөзі жайында, оның алдағы

қызметі, түр-сыпаты туралы жазған, жоғарыда айтылған
«Тілшілерге», «Ел газетке не жазбақ?» мақала, корреспон-
денцияларымен бірге «Газет тілі қалай түзеледі?»/258/ атты
проблемалық мақаласы да бар.

Алдымен «Ел газетке не жазбақ?» мақаласына /259/
тоқталайық. Жанрлық сыпаты мен ерекшелігіне қарай
бұл да проблемалық мақалаға жатады. Жүсіпбек мұны сол
жылдары 5-майда атала басталған баспасөз күніне арнап

жазған екен, мақала да сол күні жарық көріпті.
Қаламгер мақаласының әуелгі жолынан-ақ қисынды
тұжырыммен танысамыз: «Ағаш көркі – жапырақ»
дегендейін «газет көркі – ел хабары» деуге болады».

Бұдан көсемсөзшінің ел ішінен, меншікті тілшілерден
келетін хабарларға, заметкаларға ерекше көңіл бөлетінін
аңдаймыз. Газет елмен қоян-қолтық араласу үшін сол елдің
өз тұрмысын өзіне айнаға түсіргендей етіп ашық көрсету

керектігін айтады.
«Ішкі, сыртқы хабар, үкіметтің қаулысы, бұйрық-
жарлығы, сиездің протоколы елдің оқуына онша қызықты
көрінбейді, – деп жазады Аймауытұлы, – жоғарыдан

шыққан дерексіз, терең сөз, терең саясат, қарапайым
ел қазағына жат нәрседей көрініп, әрі ұғымсыз, әрі
жалықтырғыш болуында сөз жоқ. ...Елге арналып
шығатын газетті ел оқымаса, үйткені жанына жағымды,

тісі батарлық сөздер басылмаса, ондай газет бағасын
жоймақ». Бұл айтылған проблеманың қазіргі күні де
баспасөз үшін, жалпы, ақпарат құралдары үшін көкейкесті
мәселе екені белгілі.

Жүсіпбек журналист қауымы үшін маңызды санала-
тын дүниелердің бірсыпырасын жіліктеп көрсетеді: «Бірақ
газетшіге кінә қоятын да, қоймайтын да орын бар. Жұрт
жазбаса, ішіндегісін тауып жазатын газетші «тәуіп» те,

«пайғамбар» да емес». Сондықтан журналист пен қалың ел

арасында тығыз байланыс орнауы керек, ел ішіндегі хат та-
нитындар баспасөзге белсене атсалысуы керек деген лебіз
білдіреді автор. «Ел «жазбасам, маған серт, баспасаң, саған
серт!» деген жолға түссе, сонда газет елдікі болады. Сонда

жұрт газетті қызығып оқитын болады, газеттен пайдалана-
ды» дейді.
Автор: «...қысқаша айтқанда елдің газетке жазатын ха-
барлары мынау:

1. – шаруа жайы; 2. – әкімшілік, сот жайы; 3. – әйел теңдігі, жастар тұрмысы; 4. – оқу жайы; 5. - жұмысшылар тұрмысы», –

деп сол уақыттағы, баспасөз бетінде көрінуге тиіс негізгі
тақырыптарды бөліп атайды. Бұл талай айтылған әңгіме
екенін, баспасөз күнінде елдің есіне тағы салып отырғанын
ескертеді.

Газет шығару үшін қазақтың көркем, шешен тілін
жақсы білетін, ол сөздерді газетте орынды қолданатын,
бөтен сөз, жат ұғымдарды елдің ұғымына лайықтап, ба-
рынша түсінікті етіп қолдана алатын, қабілетті, талап-

ты жастар қажет деген ой айтады. Қолдан сөз жасап,
білімсініп, көкке шарықтап, түсініксіз жазудан аулақ бо-
луы керек деп тұжырады. Ондайға әуес болсақ, ел газет
оқымайтын болады дейді. «Әй, газетіңді қойшы, сөзін

адам ұқпайды» деп көңілі қайтады. Ендеше газет алмай-
ды. Ендеше газет гүлденбейді, көсегесі көгермейді» деп
жазады ол.
Жүсіпбек Аймауытұлы газет бетінің материалдарындағы

аударылған сөздердің мән-мағынасына жеке тоқталады:
«Алдымда «Еңбекші қазақтың» 396-саны жатыр. Әдеби
тілін бақылау үшін бастан аяғына шейін оқып, ұқпаған
сөздерінің астын сызып, дұрыс сөздерін қарастырып отыр-

мын. Міне, бірінші бет «білдіріс» деген сөз... «хабарланды-
ру», «құлақтандыру» тұрғанда, «білдіріс» қайдан шығып
қалды? «Прунзе жолдас қапыл жүрегі жарылып өлді» («жа-
затайым болып, жүрегі жарылып өлді» десе, қайтеді?), «Ре-

сей камунес партиясының орталық комитетіне телеграм
бойынша көңіл қош айтылсын», «Телеграммен көңіл ай-
тылсын» десе, ұғымдырақ болмас па еді?»
Бұл тарапта әсіресе Жүсіпбектің мынадай бір ашы-

на айтқан сөзі – қазақтың қазіргі бұқаралық ақпарат
құралдарындағы сөз қолдану аясында күні бүгінге шейін
аяққа оралғы болып келе жатқан мәселе:
«Әдейі бұйрық шығарылғанша спиртті ішімдіктер са-

тылмасын» - орыстың «спиртный напиток» деген сөзін
бұлжытпай аудара қойған. Мас қылатын сусынды қаланың
өзінде «ішімдік» демеуші ме еді? Болмаса, «арақ-шарап»
десе, не қылады?»

Өкінішке қарай, қазір «спиртті ішімдіктер» деген сөз
тіркесі, ауызекі тілімізде айтылмаса да, қазақтың қазіргі
баспасөзінен әлі де ұшырасады, әсіресе радио мен теле-
дидардан жиі айтылады, ресми құжаттардан түспейді...

Көсемсөзшінің орыс сөздерін тура аудармай, қазақтың өз
тілінен балама табу керек деген орынды пікірі осы күні де
маңызын жоймайды.
Мақала соңында Жүсекең «толып жатқан мекеме ат-

тары, қызмет аттары, кеңсе тілдері әлі бірізге салын-
бай келеді. Тіл шоқпытталып, қойыртпақ болып бара-
ды... Бұл туралы аударушыларды да жазалауға болмайды.
Бұған шара істеу керек, мен сондай шараны ұсынамын»

деп, өзінің жеті бөлікке топтастырылған ұсыныстарын
ортаға тастайды. Материалдың етегінде басқарманың
(редакцияның) қосымша мәтіні бар: «Орысшадан ау-
дарма сөздердің бірізге түсе алмай келе жатқаны – талассыз

мәселе. «Еңбекші қазақ» басқармасы – бұл іске кірісуші.

Жат сөздердің қазақша аудармасы бұдан былай газетке жа-
рияланып отырады». Көсемсөзші мақаласының ең әуелі ре-
дакция қызметкерлерінің көңілінен шыққанын аңғаруға
болады.

Әсілі, Аймауытұлының көсемсөз шығармаларынан
оның қаламы төселген, ойлы, шешен публицист екені
бірден танылады. Әсіресе проблемалық мақалаларында
оның өз ойларын қорытып, сөзін, пікірін пісіріп, ең соңында

түйінделген бірнеше жол-жоба, ұсыныстарын көп алдына
ұсынуы – үлгі етуге, үйренуге тұрарлық өнегелі мәнер.
«Ақ жол» газеті және Ташкент кезеңі
Орынборда бір жылдан астам тұрған Жүсіпбек

үйелменімен (әйелі Евгения Сермұхамедова, ұлдары
Бектұр, Жанақ) Ташкентке 1924 жылдың сентябрь айының
соңында көшіп келеді.
Әсілі, Ташкент – бір кезде Алаш Орда қозғалысына

ара-ласқан
қазақ
зиялыларының
Орынборда,

Орал-
да, Қостанайда, Қызылжарда, Семейде большевиктер-
ден шетқақпайды көп көріп, түстікке ауғанда паналатқан,
түрк миллеті Түркстан республикасы (1920 – 1925) болып

тұрғанында құшағын ашқан, алты алаштың ежелгі, ыры-
сты, берекелі кенті еді.
Хош, архив құжаттарына сүйенсек, сол жылдың
11-октябрінде шыққан, Ташкенттегі Қазақ институтының

директоры С.Айзуновтың қолы қойылған №49 бұйрықта
Жүсіпбек Аймауытұлының 1-октябрьден бастап қызметке
кіріскені көрсетіледі. Онда былай деп жазылған: «Оқу
халық

комиссариатының
жеделхатымен
Павлодар
уезінен, Баянауылдан шақыртылған Юсупбек Аймауы-

тов 1-октябрьден бастап Қазақ институтында ана тілінің
оқытушысы болып тағайындалады. Институт директоры
С.Айзунов (қолы қойылған)» /260/. Бұл жоғары оқу орнын-

да ол Х.Досмұхамедов, Б.Сүлеев, А.Байтасов сияқты қазақ
зиялыларымен бірге қызмет істейді /261/.
Жүсекең қызмет атқарған, дәріс оқыған Ташкенттегі
Қазақ институты туралы қысқаша айта кетсек, артық

болмас. Бұл оқу ордасы 1917 жылы құрылған Қазақ
педагогикалық училищесінің негізінде 1920 жылдың
1-октябрінде ашылған /262/. Кәрім Жәленұлының жазу-
ынша, институт 4 жыл мерзім ішінде мектепке дейінгі

мекемелердің және мектептің мұғалімдерін даярлап
шығаратын болған, төменгі, орта және жоғарғы деп ата-
латын үш топтан тұратын даярлық курстары ашылған,
алғашқы түлектері 1923-1924 оқу жылында шыққан екен

/263/.
Ташкенттің орталығында, Шәулі арығының жағасында
орналасқан, XІX ғасырдың 80-жылдарында салынған
бұрынғы ерлер гимназиясына келіп орныққан Қазақ

институтының ғимараты екі қабатты, ескі үй ғана еді /264/.
Баяғы ерлер гимназиясының Шәулінің бойынан орын теп-
кен бұдан басқа тағы екі шағын ғимараты болған: көше
жаққа қараған үлкенірегі «Ақ жол» газеті редакциясы-

на және оның қызметкерлеріне пәтерге, ал кішірегі қазақ
студенттеріне жатақхана ретінде беріліпті /264.П.2/.
1924 жылдың күзінен жаңағы үлкен ғимараты қазақ
жастарының орталық клубы және «Ақ жол» газеті

қызметкерлерінің пәтері болып, кішісі басқа оқу орны-
на көшеді /264.П.2/. Институт жанында үлгілі мектеп те
ашылған екен /265/.
Архив құжаттарының айғақтауынша алғашқы айлар-

да институт әлеуметтік-экономикалық жағынан үлкен
таршылық көріп, қаржы жоқтығынан киім-кешек, отын-
су, азық-түлік жетпей, ауыр жағдайда жұмыс істепті, тіпті
күйсіз тұрмысқа бой үйрете алмаған, басқа уездерден кел-

ген оқытушылар қызметтен бас тартқан да көрінеді /266/.

Іс жүзінде 1920 жылдың 1-ноябрінен ғана жұмыс істей
бастаған екен институт. Дегенмен қазақ мұғалімдерін
даярлаған алғашқы жоғары оқу ордасының бірі болып са-
налатын осынау институттың қызметкерлері оның аяқтан

тез тұрып кетуіне барынша күш салған сықылды.
Мұхаметжан
Тынышбаев,
Мырзағазы

Есполов,
Кәрім Жәленов сабақ берген оқу орнын оқытушылар
мен ұйымдастыру комитетінің 1920 жылы 9-ноябрьдегі
біріккен мәжілісінің №25 хаттамасына сүйенсек, 1921

жылы институт жанынан балалар клубын, ересектерге
және мүкіс балаларға арналған мектептерді, халық ауди-
ториясын, үлгілі ауыл шаруашылық фермасын ашу жо-
спары қабылданыпты және бір жылдық педкурстарға 100

адам алу көзделіпті /267/. Өкінішке қарай, бұл жоспардың
біразы қаржы мәселесіне байланысты орындалмай қалса
керек.
Әйткенмен институттың өзінің интернаты /268/ және

балалар бақшасы болғанын айтқан жөн /269/. Білікті пе-
дагог Жүсіпбек Аймауытұлын жұмысқа алуға бұйрық
шығарған, соған дейін 22 жыл ұстаздық еткен, өзі де
тәжірибелі маман Сегізбай Айзунов 1922 жылдан инсти-

тут директоры болып қызмет етіпті /270/. Жүсіпбек сияқты
мұғалімдер семинариясын бітірген, Шымкенттегі қазақ
педтехникумын ұйымдастырған, оның алғашқы басшысы
болған, төңкеріс тұсында педкурстарды ашуға мұрындық

болған, атақ-абыройы бар, жасы қырықтың жетеуіне кел-
ген С.Айзуновтың беделі Ташкентте де жаман болмаған
сияқты, оған 1924 жылдың 2-июлінде берілген Қазақ ин-
ституты комиссиясының мінездемесі дәлел бола алады

/270/.
Кейінгі замандарда қазақ тілі мен әдебиетінің маманда-
рын даярлайтын оқу орнына айналған бұл институт Таш-
кент қаласы Өзбекстанға кеткенде, ҚССР оқу комиссариаты

алқасының 1925 жылдың 8-октябріндегі қаулысы негізінде
және оқу комиссиариатының сол жылғы 2-декабрьдегі
№1989 бұйрығымен «Қазақтың педагогиалық институты»
деген атқа ие болады /271/.

1921 жылдың басынан Қазақ институтымен қоян-
қолтық Қазақ ғылым комиссиясы жұмыс істей бастайды.
Ұлт этнографиясын, қазақ халық әдебиеті мен тілін зертте-
умен, ғылыми терминологияны жасаумен, қазақ тіліндегі

оқулықтарды жазумен, сондай-ақ тарихи-этнографиялық
материалдарды жинаумен айналысатын бұл ғылым комис-
сиясы алғашқы екі жылда көп қиындық көріпті /272/.
НЭП (жаңа экономикалық саясат) жағдайына орай 1921

жылдың 1-декабрінде штат қысқартуға аяусыз ұшырап,
құрамында үш-ақ адам қалыпты. Біраздан соң екі адам ғана
(Х.Досмұхамедов пен Ә.Дибаев) жұмыс істеген. 1922 жылы
мемлекеттік баспамен тығыз байланысқаннан кейін ғана

Ғылым комиссиясының жұмысы жолға қойылған/273/.
1924 жылдың 1-октябрінен Қазақ институтында оқыту-
шы болып қызметке кіріскен Жүсіпбек Аймауытұлының,
мұрағаттардың көрсетуінше, оқу ордасының кәсіподақ

комитетінен берілген №4327 мүшелік билеті де болып-
ты/274/. Оқытушы екенін растайтын 1925 жылдың 25-май-
ында берілген №1036 куәлік те табылғанын айта кеткен
артық болмас /275/. Онда былай деп жазылған:

«Куәлік.
25.05.1925ж.
Мұның
иесі

Аймауытов
Жүсіпбектің Қазақ ағарту институтының оқытушысы
екеніне куәлік етіледі».
Ал реттік нөмірі бойынша бұдан кейінгі №1037 куәлік

қаламгердің үлкен ұлы Бектұрдың құжаттар негізінде тоғыз
жаста екенін, институттың жанындағы үлгілі мектептің
1-тобында оқитынын растау үшін беріліпті /275.138-п/.
Институтта дәріс оқи жүріп, Жүсіпбек Аймауытұлы

«Ақ жол» газетінде де қызмет етеді. «Мен әдебиет бөлімін

басқардым және «Ақ жолдың» қосымшасы – «Сәуле» жур-
налына толық редакторлық еттім» деп өз қолымен жазған
кейін (21.05.1929ж.) ОГПУ тергеушісіне берген жауабында
/193/.

Қаламгер сонымен бірге Ташкент қаласында «Шолпан»,
«Сана» журналдарын шығаруға да қолұшын берген/386/.
Қаламгер істеген «Ақ жол» газеті 1920 жылдың
1-декабрінде шықпақ болғанымен /387/, алғашқы саны бір

жетідей күткізіп барып 7-декабрьде дүниеге келеді. Оның
алғашқы редакторы С.Қожанов болғаны белгілі /388.Б.24/.
Сонымен қатар алты алашқа аты шыққан көсемсөз
иесі Міржақып Дулатовтың да осы басылымның қаз

тұрып кетуіне зор үлес қосқанын атап айту керек.
Алғашқы жылдары «Ақ жол» газетінің бас жазушысы –
Міржақып Дулат баласы» болғанын /276/ «Қазақ тілі»
газеті айғақтайды. Расында да, Жақаңның еңбегі бұл

газетке де көп сіңген. 1924 жылы баспасөз күнінде «Ақ
жолдың» оның фотосуретін басып, «Қазақ мәтбұғатына
ұлы еңбек сіңірген Міржақып Дулатұлы» /277/ деп баға
беруі көп жайды аңғартса керек.

Архив құжаттары да Міржақыптың «Ақ жолдағы»
қызметін толық көрсетуге көмектеседі. Мәселен, 1921
жылдың 3-февралінде ол ТурЦИК-тің Қазақ бөлімінде «Ақ
жол» туралы баяндама жасап, газет редакциясының ескі

ғимаратының төбесі құлап қалғанын айтып, жаңа ғимарат
беруін сұраған екен және соған орай арнаулы қаулы да
қабылданыпты /278/.
Түркстан Орталық атқару комитетінің төрағасы Айтақов

«Ақ жол» газеті отаршылықтың барлық көріністерімен
күресіп, қарсы шығып және сонымен бірге түземдік
шовинизмді әшкерелеп, қазақ кедейінің тіршілігі мен мұң-
мұқтажын жазып келді» /279/ деп баға беріпті басылымның

үш жасқа толған құрметіне жіберген құттықтау сөзінде.

«Шындығында да «Ақ жол» - жиырмасыншы жылдардағы
Түркстан аймағының тынысын толық танытатын бірден-
бір басылым» /388.Б.27/.
Түркстанда Орталық атқару комитетінің «Тур-

кестанская правда», «Туркестан» және «Ақ жол» деп ата-
латын басты үш газет бар екені, барлық ресми өкім,
бұйрық, хабарландырулар осы үшеуінде міндетті түрде
басылуы керегі ТурЦИК-тің 1924 жылғы 13-сентябрьдегі

қаулысында атап көрсетілген /280/.
Әйткенмен сол кезде ұлттық мәселелерді көп көтерген
басылым ретінде ерекше көрінген, қазақ баспасөзінде
өзгеше орны бар «Ақ жол» газетінің әу баста жарыққа

шығуы да оңай болмаған. Оған мысал ретінде 1922
жылдың январында редакция қызметкерлерінің ТурЦИК-
ке жолдаған хатынан үзінді келтірейік: «...Толықтай
өзімізді-өзіміз қаржыландыруға біз жаздырып алатын

оқырманымыз 10 мыңға жеткенде ғана қол жеткіземіз.
Қазір 3.500 ғана оқырман бар. Сондықтан әзірге редакция
барлық шығынның 2/3-сін ТурЦИК-тен күтеді. Айтпақтай,
ТурЦИК тұрақты қызметкерлерге жалақы беруден бас

тартты. Олардың бәрі бар-жоғы 500.000 сом жалақы ала-
ды. Бұл – шынтуайтында жалақы емес, мазақы нәрсе... Ре-
дакция қызметкерлері толық не жалақы, не киім-кешек, не
азық-түлікке қажет ақша алмағандықтан өздерін тұрақты

қызметкер емеспіз деп санайтындары дұрыс қой, енді га-
зет біртіндеп өзінің шығуын тоқтатуға еріксіз бет алды»
деп жазылған онда. Соңында басылым үшін толық несие
беруін сұрапты /281/.

Міне, осы жазылған және өзге де архивтік құжаттарға
қарап отырып, М.Дулатов, С.Қожанов, И.Тоқтыбаев,
Қ.Құлетұлы сияқты журналистермен бірге «Ақ жол» ре-
дакциясында жиі бас қосып отырған Жүсіпбектің тұрмыс

жағдайы сол жылдары жақсы болды-ау деп кесіп айту қиын.

Түркстандағы түрк миллетінің жаңғыз ресми газетінің жабылып қалмауын ойлап, кейде жалақысыз жұмыс істеген қазақ журналистерінің жанкешті еңбегі алаш баспасөзі тарихында өз бағасын алуы керек. Аймауытұлы Ташкентке келісімен-ақ «Ақ жол» газетінде «Жарасымды сүгіреттер» фельетонын бастырады. Өндірте жазып, жыл соңына шейін «Радио хабарлары», «Көшпелі Көжебай» фельетондарын, «Аю мұртынан күлді» аудармасын, «Тінікейді не ойландырды», «Қойшы Тастамақ» көркем очерктерін, «Қазақта «жезөкше» бар ма?», «Ташкенде сауық кеші», «Үлгілі мектеп», «Пара алу тоқтала ма?», «Қазаққа пайдалы жас талап» мақалаларын жариялайды «Пара алу тоқтала ма?» атты проблемалық мақаласында ол ел ішінде болып жатқан кейбір келеңсіз қылықтарға тағы да үңіледі. Көсемсөзші уездік қызметкерлердің кейбірінде пара алатын әдет қалмай келе жатқанын айтып дабыл қағады. «...Уезге, елге жақындай бастасаңыз, параның исі аңқып қоя береді» дейді. Сол кездегі совет қызметкерлерінің бет-бейнесін Жүсіпбектей толық, жанжақты суреттеп берген қаламгер, әй, жоқ шығар. Оның әңгіме, фельетондарында, кейінгі романдарында советтің төменгі, ортақол, қаратаяқ басшы қызметкерлерінің образдары өзінің нанымдылығымен ерекшеленеді. Бұл мақаласында да автор олардың неше түрлі мінездерін, қылықтарын айта келіп, әсіресе пара алғыштығын жасырмай жазады: «Уездік қызметкерлердің көбі – жергілікті елдің адамдары. Өз еліне, құда-тамырына, жақынына тартпайтын, ру намысынан арылған қызметкерді кем көресің. Іс басындағы азамат қай елдікі болса, сол ел – уез ішіндегі «құдайдың сүйікті құлы». Қызметке кісі керек болса, ол іс басындағы азамат әуелі өз жақынын, өз тұқымын кіргізеді». Көсемсөзші мұнымен бірге сырын жасырмайтын кейбір

ел қазағының уездік бір қызметкерге саудаласып пара
бергенін көзімен көргенін де жазады. Бермесе, жұмысқа ор-
наласа алмайтынын айтады.
Парақорлық

сияқты
ішмерез
әдетке,
жаман

қасиетке орай қаламгер көп мысал келтірген. Милиция
қызметкерлері, сайлауға шыққан белсенділер, «төңкеріс
қаскүнемдерін» іздеуге шыққан агенттер, ақша ин-
спекторлары және т.с.с. «сен тұр, мен атайын» дейтін

«өкімет адамдарының» парақорлығын, қулық-сұмдығын
әшкерелей отырып, қалың елдің олардан қорқатынын,
сондықтан пара бермеуге әдісі жоқ екенін жазады.
Оған мынандай себеп келтіреді: «Инспектор алмайды,

қасындағы пәленшенің баласы алған болады». Ол өзі алып
жүрмейді. «Пәлен ауылда пәленшеге ертеңнен қалмай
жеткізіп бересің, әйтпесе, малың көтеріледі» дейді... Та-
лай сондай сараңдық қылғандарды көрсетіп, бір қойды

қимаймын деп 10-15 қарасы қазынаға түскендер болған.
Оны көріп отырған қазақ қалай пара бермейді». Мақаланы
оқи отырып, «төңкеріс қызметкерлерінің» мінез-құлқын,
іс-әрекетін біршама тануға болады. Соңында автор

парақорлық сияқты жаппай белең алған әдетті жоюға,
оған айла-амал табуға шақырады.
«Қазаққа пайдалы жас талап» деген мақаласын
Жүсіпбек Ташкентте үш автор болып, Қ.Кемеңгеровпен,

А.Байтасовпен бірігіп жазған. Осы арада айта кетсем, артық
болмас, арада алты-жеті жыл өткен соң, 1929 жылдың
көктемінде ОГПУ тұтқындап, Мәскеудің Бутыркасында
тергеуге түскенде қайран Жүсекең Ташкент кезеңіне орай

сұрақтар қойылғанда алаштың аяулы ұлдарының көбін та-
нымаймын, араласпаймын деп бойын аулақ ұстап отырған
(«білмеймін» деген бір-ақ сөз дегендей, олар жайын-
да ешқандай айғақ бергісі келмегені түсінікті). Сол, Таш-

кент жылдарын сұрағанда тергеушіге «таныстарымнан тек

семейлік Даниял Ысқақұлы ғана болды» деп жауап бер-
ген өзі /193/. Әйткенмен дауыл алдындағы тыныштық бо-
лып тұрған сол бір жылдарда советтің диктатурасының
күн санап қатайып келе жатқанын сезіп отырған ұлт

зиялыларының Ташкент кезеңінде (1920-1925 жылдар) бір-
бірімен сыйласып, араласып тұрғаны айдан анық.
1925 жылдың январь айында қысқы каникул кезінде
қаламгер Орынборға Қазақ институтының жұмысымен

іссапармен жол жүріп келіпті /282/. Орынборда ол Мәскеуде
жүрген Мағжанның жазып жіберген, атақты «Алқа»
әдеби бағдарламасын Ж.Сәрсембиннен алып танысады,
Е.Алдоңғаровтың үйінде болып, осы тақырыпта пікірлер

алысады /193/.
Январь айында қаламгердің «Ақ жол» газетінде «Жаңа
өмірге аяқ басты» очеркі, «Күлкі журналы шығарылады»
деген мақаласы жарық көреді. Мақаласында автор «Ақ

жол» басқармасы газетке қосымша қылып айында екі рет
күлкі журналын шығармақ болып отыр. Журнал газет-
ке қосымша ретінде газет оқушыларға тегін таратылмақ»
/283/ деп хабарлайды. Бұл шығарылмақ болған журнал –

«Шаншар» еді.
Алайда Аймауытұлының өмірінде күтпеген тағы бір
оқиға болады. Қаламгердің жоғарыдағы мақалаларының
шыққанына екі күн өтпей жатып «Ақ жолдың» келесі са-

нында «Ел қыздары» деген бүркеншік атпен белгісіз біреу
«Жүсіпбектен үлгі алыңдар!» деген тақырыппен, мысқыл
мен қаралаудан тұратын, өсек пен өтірікке суарылған
дүниені жариялайды. Газеттің соңғы бетінде «Жастар

тіршілігі» айдарымен жарық көрген бұл мақала (мақала
деп айтуға келсе) Аймауытұлының әлеумет алдында жеке
басын барынша төмендетуге, тұқыртуға арналған еді.
Иса Тоқтыбайұлы редактор болып тұрған кезде шыққан

осынау дүниенің авторы Жүсіпбектің тек өмірінен ғана

өсек-аяң теріп қоймай, оның қоғамдағы және әдебиеттегі
орнын іске алғысыз етуге барынша тырысқан. Бірер
сөйлемін мысалға келтірсек, әлгі «шығарманың» қандай
ыңғайда

жазылғаны
бірден
аңғарылады.
Мәселен,

«Әдебиет жүзіндегі өміріне келсек», – деп жазады «Ел
қыздары», – «әлгі саяси жолымен байлаулы, қаңбақ
секілді: көшерін жел біледі, қонарын сай біледі. Жел
оңынан соқса, байлаудың шашбауын көтеріп, «арғы атам

– ер түрк, біз қазақ елімізді» көксейді, жел соңынан тұрса,

«жарылқаймыз жарлы қалғандыны» жазып, кедейдің ал-
дына түседі. Сөзі жоғарғы айтылғандай тым тәтті» /284/.
Міне, әлдебір күншіл замандастары осындай өктем райда
Жүсіпбектің жеке басындағы, отбасындағы өзі ғана шеш-

пек мәселелерді ақтарып, сол кезде қазақ арасына 4 300
данамен тарайтын «Ақ жол» газетінің бетіне шығарып
жіберген.
Бұл, әлбетте, шын мәнінде ағартушы-ұстаз, елге таны-

мал әдебиетші, жазушы Жүсіпбекке оңай тимеген. «Сөзде
қаңқу жаман» деп, ол Қазақ институтынан 1-февральдан
бастап өз еркімен кетуге мәжбүр болған екен. Оны архив
құжаттары көрсетіп отыр.

Әуелі 1925 жылдың 10-февралінде институт директоры
атынан ТурЦИК-тегі Қазақ өкілдігіне жазылған қатынас
қағаздан үзінді келтірейік. «Қазақ өкілдігінің қарауына Ай-
мауытов жолдастың өтінішінің көшірмесі ұсынылып отыр.

«Ақ жол» газетінде «Ел қызы» деп қол қойылып басылған
мақалада Аймауытовтың өзінің әйеліне деген қарым-
қатынасына байланысты осы мәселе туындаған. Бұдан соң
Қазақ институты студенттері ортасында Аймауытовтың

абырой-беделіне нұқсан келетін, теріс сыпаттағы атмос-
фера қалыптасқан» /285/. Осыдан-ақ тасқа басылып кет-
кен қаңқу сөздің қазақтың үлкен қаламгеріне ауыр тигенін
аңдауға болады.

«Ақ жол» газетінде шыққан жоғарыдағы мақалаға байланысты Жүсіпбекті білім ордасынан қызметтен кетіруге мүдделі болған кейбір адамдардың болғаны сезіледі. Мысалы, 14-февральда ТурЦИК-тегі Қазақ ССР-і уәкілетті өкілдігінің жауапты хатшысы Омаровтың Қазақ институтына Ж.Аймауытұлының қызметтен кетуіне қарсы еместігін білдірген, №168 болып тіркелген жауабы жазылыпты /286/. 16-февральда институт директоры С.Айзуновтың қолы қойылған №69 бұйрықпен 1-февральдан бастап жұмыстан босатылған /287/. Оның мәтіні төмендегідей: «Осы жылғы Қазақ өкілдігінің 14-февральдағы №168 қатынас қағазы мен өзінің өтініші бойынша жолдас Аймауытов биылғы 1-февральдан бастап ана тілінің оқытушысы міндетін атқарудан босатылады. Негіз: жолдас Аймауытовтың өтініші және өкілдіктің №168 және институттың №195 қатынас қағаздары. Директор С.Айзунов (қолы қойылған) /287/. Бір айдан астам қызметсіз, жұмыссыз жүрген Жүсіпбектің мәселесі осы уақыт ішінде оның сыртынан жоғарғы қызметтегі, іштей жанашыр азаматтар арасында да қаралған сықылды. Тағы мұрағатқа жүгініп, ҚазССР-нің Орта Азиядағы уәкілеттті өкілі Санжар Асфендияровтың Қазақ институты директорына 4-март күні жолдаған хатын келтірейік. Онда «ҚССР-дің Орта Азиядағы уәкілетті өкілдігі Аймауытов жолдасты қызметке қайта алуды ұсынады. Нәтижесін хабарлаңыздар» деп жазылған /288/. Нәтижесі көп күттірмейді. 10-мартта институт директоры атынан жазушының жеке өзіне №322 болып тіркелген хат жазылады. Оны оқушы назарына толық ұсынайық: «Қазақ институтындағы ана тілінің бұрынғы оқытушысы Жүсіпбек Аймауытовқа, – деп жазылған онда. – Сіз өзіңіздің өтінішіңіз бойынша биылғы 1-февральдан бастап Қазақ институты президиумымен оқытушы

қызметінен босатылсаңыз да, алайда, соған қарамай,
ҚССР өлкелік комитетінің жауапты хатшысы Қожанов
жолдастың жеделхаты негізінде және оның орындалуы
үшін және ҚССР-дің Орта Азиядағы уәкілетті өкілдігінің

осы айдың 4-індегі №375 ұйғарымы негізінде Сіз, жолдас,
маған сеніп тапсырылған Қазақ институтына жоғарғы
негізді сыныптардағы ана тілінің оқытушысы ретінде
бұрынғы өз қызметіңізге қайта шақырылып отырсыз. Сол

себепті Сізді институт штатына қайта тіркей отырып,
бұрынғы және қазіргі кесте бойынша Сізден осы март
айының 10-ынан бастап сабаққа келуіңізды сұраймын.
Қазақ институтының директоры» /289/.

Осы соңғы екі құжаттан сол тұстағы мемлекет
қайраткерлері Сұлтанбек Қожановтың, Санжар Аспан-
дияровтың Жүсіпбектей дарын иесіне қолғабыс еткені
көрініп-ақ тұр. Осы оқиғалардан кейін-ақ «Ақ жолдың»

530-шы санындағы, оны қаралаған «мақаланың» түбі шикі
екенін түсіну – қиын дүние емес.
Домалақ арыз секілді ұйымдастырылған осы бір
«мақала» оның институт ұжымы ішіндегі абыройы-

на аса бір нұқсан келтіре қоймаған. Мәселен, қайта
жұмысқа алынғаннан кейін, институттың 26-март-
та өткен педагогикалық мөжілісінде оны соңғы сы-
нып студенттерін ғылыми, педагогикалық экскурсияға

шығаратын комиссия құрамына бірауыздан сайлаған
/290/, бұның өзі Жүсіпбектің үлгілі, беделді педагог
болғанын аңғартса керек. Сондай-ақ оның әріптесі, жол-
дасы Абдолла Байтасовпен бірге Ташкенттегі «Никольск

еңбек мектебі» деп аталатын мектепке институт атынан
оқу ісінің құрылымымен танысу үшін іссапарға барғанын
да айта кеткен артық болмас /291/.
1924 жылдың күз айларында Ташкентте алты саны

шыққан «Сәуле» журналы Әлихан Бөкейханов мен Мағжан
ақын бастаған ұлт әдебиетшілерінің шығармаларын басып

отырған. Оның бас редакторы Жүсіпбектің өзінің «Елеусіз
ерлер»/292/, Ги де Мопассаннан тәржімалаған «Су жүзінде»
/293/ атты әңгімелері жарық көріпті.
2000 данамен тараған «Сәуле» журналы Ташкенттегі

«Советский Восток» баспаханасында басылып, «қазақ
тілінде айына бір рет шығатын білім әдебиет құрасыны» деп
жарық көріп тұрған. Жүсекең шығарған «Сәуле» журналы

– ХХ ғасырдың 20-жылдары идеологиядан тыс, қазақ ру-

ханиятын, қазақ әдебиетін дамытуға арналып шығарылған
«Шолпан», «Сана», «Таң» сықылды әдеби, мәдени басы-
лым болды.
1925 жылы да Аймауытұлы «Ақ жол» газетінің белді

қызметкері ретінде көрінеді. Осы жылдың 14-көкегінде
оған №0618 редакция куәлігі беріліпті /294/.
Бұл кезеңде білікті көсемсөзші қазақтың алғашқы
сатиралық басылымы – «Шаншар» журналын шығарады.

Оны «жарыққа келтіруде Жүсіпбек ащы тер төккен» деп
жазады Т.Қожакеев /295.Б.37/. Шынында да, «Шаншар»
сатиралық журналын шығару жалғыз адамға оңай тимеген.
Бұл журналдың әзірге бір ғана саны белгілі болып тұр.

Басқа сандары Алматы мен Ташкенттегі мұрағаттар мен
кітапханалардың арнаулы қорларынан табыла қоймады.
Соған орай, «Шаншардың» тек осы алғашкы нөмірі ғана
шығып, тоқтап қалған-ау деген жорамалым бар.

«Қазақты ел қыламыз, жұртшылық жасаймыз, кедейдің
сауатын ашып, саңылау жібереміз, өнерлі-ғылымды жұрт
санатына қосамыз, шаруасын берекелендіреміз деп жарғақ
құлағы жастыққа тимей, аяқтай басы шарадай болып жүрген

азаматтарды көзбен шоласыз. «Шаншардың» мақсұты: елді
араламақ, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны сараламақ,
тура жолдан аяғын қия басқанды біздеп жараламақ» деп
жазады редактор Аймауытұлы «Шаншар» кім?» деген бас

мақаласында /296/.

Журналда қаламгердің өз атынан немесе бүркеншік
есімімен берілген материалдар жоқ. Десе де, «Басқарма» деп
қол қойылған дүниелердің Жүсіпбек қолынан шыққанын
сөз саптауынан, жазу мәнерінен, стилінен білу қиын емес.

Мысалы, «Басқарма» деп қол қойылған «Шаншардың»
оқуларына қосылыңдар!» деген фельетонның оныкі екені
күмән туғызбайды. «Мінекей, қазақтың тұңғыш «Күлкісі,

– деп жазады редактор, – Тұңғыш» дегенге қазақ бұрын

ұрысқан кісіше езу тартпай жүреді деп ойламаңыздар. Еке-
уара бас қоссақ, қалжыңсыз болмайтынбыз».
Автор жеңіл әзілге сүйей отырып, замана келбетін
мысқылдай суреттейді, астарлы пікір білдіреді: «...Балша-

байлар келген кезде де талай қызықтар болып еді-ау! О кез-
де күлу қайда? «Ақты жақсы көресің бе? Қызылды жақсы
көресің бе?» деп жаналқымға алғанда «Сізді... сізді жақсы
көреміз» деп жанымыз қалушы еді. Кімі екенін қайдан

білейік! Разберске тұсында да нелер малағам болып еді-
ау! Пай-пай-пай, Розенберг дегендер қатындардың асты-
на тығылсаң да, қоймай, сүйреп алып сірестіруші еді?
Шіркіннің ызақоры-ай! Гіржондарды айтсай, 68 қазақты

бірақ жусатты ғой! Шіркіннің долысы-ай! Не керек, та-
лай қызық болып еді!.. Өтер күн өтті... Қымбат та болса,
жұрт бірсыдырғы борбайын жапты... Кедейлеріміз, жал-
шыларымыз сөзге, топқа кіріп, адам қатарына қосылып

келеді. Үйшігіне тығылғын аюдай жуандар да басын
қылтитып отыр. Әйелдер де сайрандап жүр... Бұл ду-
манда күлмейтін не бар? Шапыраш айнадан мырсыңдап
түрімізге бір қарайықшы! Бәрі бірдей жетісіп тұрған жоқ

шығар»/296.Б.І4, 15/.
Бұған дейінгі біршама сатиралық әңгіме, фельетондардың
авторы болған Аймауытұлының бұл шығармасынан да кер
заман, кесірлі қоғам сыпатын түйреп өткен астарлы күлкі,

уытты сарказмды байқауға болады.

Мұнымен қатар көсемсөз иесі «Басқармадан жау-
аптар» деген айдармен «Шаншардың» редакциялық
қоржынына келіп түскен хат-хабарларға, шығармалар ав-
торларына жеңіл әзілмен, жылы юмормен жауап беріп от-

ырыпты. Мәселен, «Ж-ұлы» тілшімізге», «Бекмұхаметке»,
«Ілиясқа», «Дөнентайдың Сәбитіне» деп редакция атынан
қысқаша жауаптар жазыпты.
Сондай-ақ «Жасқаншақ» деген бүркеншік атпен белгісіз

автордың «Ақ жолдың» алаңғасарлығы» мақаласы, ав-
торы көрсетілмеген «Біз де штатты қысқартайық», «Не
жазайын?», «Америкеде жаңа сағат» деген шығармалар
жарияланған.

Бұлардың
кейбіреуінде
Жүсіпбектің
қолтаңбасына тән бірқатар сөйлемдердің ұшырасатыны

рас, соған қарағанда журналда басылатын материалдардың
үстінен редактор өзі қарап, редакциялаған болуы керек.
Жалпы, «Шаншар» журналы қазақтың ең алғашқы әзіл-
сықақ басылымы болғандықтан оның бойынан ұсақ-түйек

кемшіліктер де ұшыраспай қалмайды. Ол жайында сол кез-
де Мұхтар Әуезов «Осы сияқты анкетаның да сұрағы мен
жауаптарының көбі – орынды, мезгілді сөздер. Бірақ ара-
сына: «Ағза не нәрсе? – Адамның бір мүшесі», «Көшпелі не

нәрсе? – Қазақ», «Магнит не нәрсе? – Сұлу әйел болса ке-
рек» деген сиякты сұраулары мен жауаптары маңыз, мағына
жағынан өзге сұраулардан төмен сияқты көрінеді»/297/ деп
«Шаншар» журналы» деген мақаласында бірсыпыра пікір

айтқан. Соңында «Қазақтың аз да болса, ілгері қарай басып
келе жатқан өнер-білімінің тұсында «Шаншар» – мезгілімен
шыққан журнал. Қазақ баспасөзіне жаңа қосылған түр,
жаңа өрнектің бұдан да артып, көп жасауына тілеулеспіз»

деп жолдастық ниетін білдіреді.
Бұнымен қатар «Шаншар» – қазақтың алғашқы түрлі-
түсті, иллюстрациялы, суретті басылымдарының бірі.
Юморға негізделген мұндағы түрлі-түсті суреттер, ка-

рикатуралар заманына лайықталып, ұлттық нақышта
салынғанын айтқан ләзім.
Міне, «Ақ жол» газетінің қосымшалары – «Сәуле»
әдеби журналына, «Шаншар» сатиралық журналына

редакторлық еткен Жүсіпбек Аймауытұлының Ташкент
кезеңіндегі негізгі журналистік қызметі осындай еді.
Қаламгердің өміріндегі осы бір қоңыржай шақта, яки
1925 жылдың апрель айының 11-і және 16-сы күндері

аралығында Ташкенттегі Қазақ жастарының клубында «Ақ
жол» газеті тілшілерінің І конференциясы өтеді. «Апрельдің
11-інші жаңасы күні, күндізгі сағат 2-де «Ақ жол» газетінің
уақытша шығарушысы жолдас Байғасқаұлы «Ақ жол»

газетінің ауыл тілшілерінің тұңғыш жиылысын ашты» деп
жариялады (Жиылыста елден келген тілшілер, Арқалық,
Сырлық – барлығы 36 кісі, Ташкенттегі оқушылар, ұйым-
қауымдар әм басқарма еңбектерінен 21 кісі, барлығы 57 бас

қосты)» /298.Б.2/ деп жазылған кейін осы конференциядағы
айтылған сөз, жасалған баяндама, қабылданған қарарлар
топтастырылған жеке жинақтың алғашқы беттерінде.
Конференция басталған әуелгі күндердің бірінде –

апрельдің 13-інде «Ақ жол» газеті редакторының атынан
Қазақ институтына ресми хат келіп түседі. Онда былай
делінген: «Ақ жол» редакциясы институт оқытушылары
Аймауытов, Байтасов және Ғалымжанов жолдастарды

көкектің 11-і мен 16-сы күндері ішінде өтетін «Ақ жол»
газеті тілшілерінің конференциясына баяндамашы ретінде
қатысулары үшін босатуларыңызды сұрайды» /299/.
Бірақ Жүсіпбек бұл ұлкен жиында баяндама жасамаған

сықылды, үйткені әлгі аталған жинақтан оның сөйлеген
сөзін ұшырастыра алмадық. «Жиылыстың үстел басы-
на (президиумына – Н.Қ.) 5 кісі: Жүргенұлы, Байғасқаұлы,
Жандосұлы, Жанеліұлы, Баймұратұлы белгіленді» деп

жазылған онда /298.Б.2/.

Конференцияның Түркстан республикасында өтуі
себепті оған Қазақстан аймақтық парткомының және
совнаркомының, «Еңбекші қазақ», «Бостандық туы»
газеттерінің құттықтау жеделхаттары келіп түсіпті. Негізгі

баяндамаларды Қ.Кемеңгерұлы («Тілшілердің міндеті
әм мәнісі туралы» және «Ел газеті қандай болу туралы»
деп аталатын екі баяндамасы бар), А.Байтасұлы («Қазақ
баспасөзінің тарихы туралы») жасайды /298.Б.6-13/. Жинақ

ішінде Т.Жүргенұлы мен С.Баймақанұлының баяндама-
лары да бар. Әр баяндама бойынша қарарлар қабылданып
отырған екен.
Сондай-ақ «Орындардан баяндама» деп жер-жердегі

тілшілерге де (Қазалы, Кереку, Әулие-Ата, Шалқар, Таш-
кент, Жаркент уездерінен, Алма-Ата уезіне қараған Шу ау-
данынан) өз алдына баяндама жасатқызыпты /298.Б. 15-20/.
Жиылыстың соңында «алдыңызда сөйленген баянда-

маларды, тоқсан ауыз сөздің түбірін қорытып, бір түйінге
түйсек, қолымызда ұстап, жадымызда сақтайтын» /298.Б.24/
деп «Тілшіліктің он екі парызын» қабылдапты. Олар мына-
лар:

«1.Жұрт қызметіне араласа жүру керек;
2.Қырағы болу керек;
3.Материалды мезгілінде жіберу керек;
4.Басқармамен байланыс мықты болсын;

5.Әр нәрсені жазып ал;
6.Әр мәселені бөлек жаз;
7.Сөзді кестелі қылып, қысқа жаз;
8.Хабар жазудың техникесін үйрен;

9.Дұрыс жазуға үйрен;
10.Газеттің әсерін байқа;
11.Шын газетші бол;
12.Газеттің күзетшісі бол».

Бұл пункттердің әрқайсысына соңында жеке, арнайы
түсініктер берілген.

Басты баяндамашылардың пікірі елең еткізерліктей.
Мәселен, Абдолла (жинақта Ғабдолда) Байтасұлының
қазақ баспасөзі тарихы туралы баяндамасынан «...біздің
баспасөздің алдыңғы дәуірдегілеріне көз жіберсек, ертедегі

хан заманының қандай болғанын да аңғартып қала жаз-
дайды» деген өзгеше ойды аңдадық. Петроградта шыққан
«Серке» газетін, кейін Теке қаласында шыққан «Қазақстан»
газетін атай келе, ол «Айқап» журналы аса көп жасамаса

да, екі-үш жыл өмір сүрді. Тілі ноғайша болды. ...«Қазақ»
газеті – ұлт сезімін оятуды мақсат қылды. Қазақ ұранын
көтерді»/298.Б.10,11/ деп баға беріпті.
А.Байтасұлы сондай-ақ өз тұсындағы баспасөзге

де келісті пікір айтқан: «...Журналдар, бұрынғы бір
«Абайдың» орнына шығып тоқтағандарын қоссақ, 11
болды. ...Халыққа басқаларынан артық тараған, істеген
еңбегінің жемісін жегізген, бұқараның қышыған жеріне

өзгеден артық ем басқан – «Ақ жол» газеті. «Ақ жолдың»
жалпы бағытпен бірге тұтынып, бірге орындап келе жатқан
бағыты – отаршылармен күресу...» Мұндай пікірлерді
батыл адам айта алса керек. Осындай көзқарастағы

Жүсіпбектің сөздері жинақта кездеспесе де, оның кон-
ференция жұмысына бүтін ынтасымен, ықыласымен
қатысып жүргенінде күмән жоқ.
Тағы да қазақ әдебиеті мен өнері туралы

Сонымен, 1925 жылы Аймауытұлының қаламынан
шыққан көсемсөз шығармаларының мол екенін байқадық.
Негізі, көсемсөзшінің 1924 пен 1927 жылдар аралығында
қазақ баспасөзінде жиі көрініп, өзінің шығармашылығының

шарықтау кезеңінде болды десем, артық айтқандық
емес. Жоғарыда аталған мақалаларды есептемегенде,
«Отырықшылықтың пайда, зияны», «Коммунизм кезінде
өнердің маңызы», «Жоққа ескерту», «Бұл әдеттен арылу ке-

рек», «Сабақ берген қозғалыс» атты мақалалары, «Әдебиет
мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Кітап сыны», «Ау-
дарма туралы» деген әдеби-сын мақалалары мен рецензия-
лары да баспасөз бетінде жарық көрген.

Жүсіпбек Аймауытұлы ең әуелі кәсіби, білікті педа-
гог болғандықтан оқу-тәрбие, мектеп ісі жөнінде өте көп
мақала жазған. Олардың қатарында «Тәрбие» /103.Б.131-
138/, «Ана тілін қалай оқыту керек» /300/, «Қара тану мен

денсаулық» /103.Б.201-202/, «Хат таныту әдістері» /301/,
«Мектеп қандай болу керек» /103.Б.237-240/, «Комплекс
жүйесімен сабақ беру тәжірибеміз» /302/, «Хат таныту
әдістері»/303/, «Қазақша хат таныту әдістері» /304/, «Әйелді

мектепке алыңдар!»/305/, «Үлгілі мектеп»/306/, «Орын-
борда халық ағарту істері» /307/, «Жаңа әліпті тез үйрету
жолы» /308/, «Оқытушылар мен кәсіпшілер қозғалысы»
/309/, «Жаңа әліпби қозғалысы» /310/, т.с.с. мақалаларды

атауға болады. Осынау мақалалар – қазақтың білім беру
саласының, оқу-ағарту ісінің тарихына қажетті, құнды
материалдар бола алатын дүниелер.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында әсіресе әдебиет пен

баспасөзде партияның «жетекшілік рөлі» мен «таптық
көзқарас» бағыты күш ала бастады. Советтік режим-
ге жағынуға көшкен кейбір қаламгерлер қазақ әдебиеті
үшін тап тұрғысынан жазу бірден-бір дұрыс жол екендігін

баспасөз бетінде дәлелдеуге тырысып, алаш мұратын
темірқазық етіп алған әдеби бағыттың «керітартпа», «зиян»
екендігін әшкерелеумен болады. Олар сол кезде Мәскеуде
орыс әдебиетшілерінің арасында болып жатқан тап

жөніндегі деректі айтыс-тартыстарын алға тартып, мұның
қазақ әдебиетіне де керек теория екенін айтып, «жаңаша»
пікірлер білдіре бастады.
Осы уақытта қазақ топырағында алаш әдебиетінің арыс-

тары өз үлесін қосқан, қазақ әдебиеті мен сынының тари-

хында ғана емес, қазақ баспасөзінің тарихында да орын
алатын «Алқа» атты бағдарлама дүниеге келді.
Мағжан Жұмабайұлы жазып, қазақ әдебиетшілерінің
көпшілігі қостаған «Алқа» әдебиет ұйымы – «XX ғасыр

басындағы ұлтшыл қазақ қаламгерлерінің басын біріктіру
бағытын ұстанған, халықтың дәстүрлі салт-санасына
сүйенген, қадым заманнан жеткен әдебиеттегі терең елдік
сарынды жоғалтпас ниетімен құрылмақшы болған, таза

шығармашылық ұйым еді. ...«Алқаны» құру идеясы және
оның бағдарламасын әзірлеу уақыт жағынан ҚазАПП-тан
соң емес, одан ерте қолға алынды деп сенімді түрде айта
аламыз» /383.Б.56/.

«Алқа» бағдарламасы қалың қауымға кеңінен таралма-
са да, ұлт азаттығын пір тұтқан ақын-жазушыларға түгел
жетті. Бағдарлама мәселесі ресми сыналғанымен оны жа-
сарушылар бірден қудаланбаған. «Алқа» идеясы ауыздан

ауызға таралып, зиялылар ойласқан ұйым жасақтала алма-
са да, пролетариат әдебиетімен қатар өмір сүріп жатты. Бұл
жөнінде зерттеуші Д.Қамзабекұлының ҰҚК архивінен алып
келтірген дерегі елең еткізерліктей: «...Оны («Алқаны»)

1928 жылға дейін қолтығынан демеп, қаржыландырған
үкімет басындағы бірден-бір азамат – Смағұл Сәдуақасұлы
еді. Бұл ойымызды Мұхтар Әуезұлының 1927 жылы 22-но-
ябрьде Ленинградтан Қызылордаға Смағұл Сәдуақасұлы

атына жолдаған хатынан алынған төмендегі үзінділер рас-
таса керек: «Смағұл! ...Жақында сен салған ақша маған
үлкен көмек болды. Жүсіпбекпен де әдебиет туралы хат жа-
зысып тұрады екенсің ғой. Әдебиет мәселесі – аса жауап-

ты нәрсе. Әдебиет оқушыны қалыптастырады. Осы туралы
өз ойыңды, Жүсіпбектің, тағы басқалардың пікірін білгім
келеді» /389.Б.59/.
Осы жылдардағы әдебиеттің ауыр жағдайына алғаш-

қылардың бірі болып Жүсіпбек Аймауытұлы зер сала

үңіліп, баспасөз бетінде екі әдеби-сын мақаласын жариялайды. 1925 жылдың 17-апрелінде «Ақ жол» газетінде жарық көрген «Көркем әдебиетті саралау» деген сын мақаласында Жүсекең әдебиеттің шын бағасын беріп, әділ пікірін айтады: «Төңкерістен кейін қазақ өлеңшілері, жазушылары көркем сөздің не екендігін білмегендіктен, әйтпесе өнері жетпегендіктен не болса, соны баспаға түсіріп, көркем әдебиеттің құнын түсіріп барады. Төңкерістің алғашқы екпінінде айғай сөз, үгіт жарастықты еді. Сән болып еді. Төңкеріс сабасына түскен заманда алғашқы айғаймен жүре беру – келіспейтін, кінәрәтті нәрсе. Дәмсіз, кенеусіз сөзбен, қандай әдебиет болса да, туғыза алмаймыз». Дегенмен Жүсіпбек секілді қаламгерлердің жан айғайына, орынды уәжіне «жаңашылдар» құлақ аса қоймаған. Олар ақыр соңында «тап» деген бір ғана ұғымның қазығына байланып, әдебиет мәселесін айналдыра соған әкеліп тірейтін болды. 1925 жылдың басында ұлт зиялыларының (Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Сәдуақасұлы, Х.Досмұхамедұлы және т.б.) әдебиеттегі тоқыраудың алдын алу жолындағы үлкен талпынысы совет өкіметі тарапынан тоқтатылды. Өкімет те, оның бағытқа алған тап саясаты да ҚазАПП-ны (Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясы) жарылқаумен болған. Ұлы Абайдың шығармалары «идеологиялық тұрғыда» жарамсыз деп танылды. Баспа жүзін көрген туындылардың көркемдік деңгейі, әсерлік танымы бағаланбай, тап көзқарасында жазылғандығы немесе жазылмағандығы, маркстік іліммен сабақтастығы бірден-бір өлшем болды. Әйтсе де, жазушыларымыздың барлығы бұл ажырғыға мойынұсына салған жоқ. Кейбір әдебиетшілер көркем өнер мен көсемсөзді танудағы мұндай ақылға сыйымсыз, қисынсыз талдауды ашық сынады. Әсіресе алғашқы бо-

лып үн қатқан Жүсіпбек Аймауытұлының бұл тараптағы
мақалалары атап айтарлықтай. Оның «Әдебиет мәселесі»,
«Көркем әдебиетті саралау» атты сын мақалалары бұрын
жазылмай келе жатқан тақырыпқа бой ұрып, салмақты

пікірлер айтады.
Осы ретте біраз жайттың басын ашып алу керек бо-
лады. «Тап әдебиеті» деген идеологиялық бағыт-бағдар
совет өкіметі орнағаннан бергі негізгі ұстын болып

қалыптасып келе жатқан еді. «Тап» ұғымынан бөлек сөз
қозғау, большевиктік «тап күресі» шартынан сырт ой
бөлісу сол тұстағы баспасөз бетінде мүмкін емес жағдай
еді. Ұлт зиялыларының советтік бағытта қызмет етуге

мәжбүр болғандары да рас. Сол себепті совет әдебиеті жо-
лын ұстануға лажсыз көнгенімен тапшылдар тарапынан
«жолбикелер» атанған олар әдебиеттегі «тап қайшылығы»,
Аймауытұлы жазғандай, «қара шаруа (мұжық) әдебиеті»

ұғымын өзгертуге күш салады. Үйткені себебі, «жаңа
әдебиет» қазақтың арғы дәуірлерден үзілмей келе жатқан
ауыз әдебиетін, ол түгілі, Абай қалыптастырған жаңа жаз-
ба әдебиетін түгелдей мансұқ еткендігі жандарына батқан.

Маркстік-лениндік «ілім» аясынан шығып кету мүмкін
болмағандықтан соның негізінде енді олар әдебиеттің
ұлттық бет-бейнесін жоғалтып алмауға, «тап күресі»
деп жалаң байбалам салмай, сыңарезу болмай, салиқалы

тоқтамға келуге шақырады. Мұны жоғарыда айтқан «Алқа»
бағдарламасынан да көруге болады: «...Жас әдебиетіміздің
осы күнгі мойындағы жауапты міндеті – қай жаққа болса
да, бірезу болмау. Бұл – бір бағытты болмау деген сөз емес.

Бағыттың аты – бағыт, бірезудің аты – бірезу»/253.Б.258/.
Иә, сол себепті де «Әдебиет мәселесі», «Көркем
әдебиетті саралау» секілді мақалалар керек еді. Оны кез
келген кісі емес, әдебиеттің білгірі, баспасөзде беделді,

қазақ еліне танымал қаламгердің жазғаны да абырой бо-

латын. Мұндай мақалалардың баспасөз бетінде қолдау табары сөзсіз еді. Аймауытұлы жас әдебиетшілерге сұрақ қоя отырып, оның кейбіреуінің жауабын өзі айтып, көркем өнерді саясаттан гөрі жоғары қою керек деген астарлы пікірін білдіріп отырады. Әдебиеттің жайкүйін сөз ете отырып, оның бағыт-бағдарына баға бере келіп, біржақтылық жасап ұлт сезімін тұншықтырмауды ұсынады. «Төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиетінің бағыты ұлт теңдігіне, мәдениетке талпыну, ішкі мазмұны – қазақтың халіне қайғыру, патша үкіметінің отаршылық саясатына, қала берсе, орыс атаулыға ереуіл жасау еді...» деп жаза отырып, Жүсіпбек қазақ елін билеп тұрған орыс-большевик саясатына, советтік диктатураға еріксіз бағынып тұрғаны себепті марксшілдік жолға қарсы келмейді: «...Әдебиетіміздің ендігі беті төңкерісшілдік, бұқарашылдық болу керек. Бұрын оянған ұлт сезімін тұншықтыру емес, тегістік, теңдік жолына икемдік, дұрыс жүйеге, қалыпқа түсіру болу керек. ...Қазақ жазушылары, ақындары төңкеріске жолдан қосылды. Бір қанаты төңкеріс рухымен суарылса, екінші қанаты ұлтшылдықпен суарылып қалған... Ұлтшылдық сезім тез заманда қала қою мүмкін емес. Төңкеріске, коммунизм жолына көрінеу қаса қылығы жоқ болса, ұлтшыл ақындарды да пайдалануға болады. ...Әдебиет – өнер. Өнер азды-көпті еркіндікті тілейді». Аймауытұлының осы мақаласының түп қазығы – әдебиет сыншыларын қазақ әдебиетінің көркемдік жетістігіне, жалаң саясат қуа бермей, әділ бағасын беруге шақыру. «Көркем әдебиетті саралау» деген сын мақаласында қазақ өнерінің жалпы жағдайына тоқтала отырып, әдебиетте ұсақ-түйек тақырыптардың әңгіме болып бара жатқанын, көркемдік деңгейдің төмендеп кеткенін арқау

етеді. Сын жазылуы керектігін, әдеби туындыларға
әділ сын айтылып, артық-кемі жұрт көзіне ұсынылуы
керектігін баса айтады. Жүрдім-бардым деп, кенеусіз,
дәмсіз дүниелерді жаза салмай, өнерге деген тазалықпен,

сүйіспеншілікпен қарау қажеттігін тілге тиек етеді.
Толстойдың, Маяковскийдің пікірлерін келтіреді. Өзге
елдерден де үлгі алып, әдебиетті байыта түсу керек деп
қаламгерлерге арналған ой-ұсыныстарын айтады.

Джек Лондонның «Күштілердің күші» деген әңгімесін
Жүсекең тәржімалап «Лениншіл жас» журналының 1925
жылғы 6-7-сандарында жариялайды. Сол аудармада
төмендегідей жолдар бар: «Ғажап іс: әр кез әр адам оянып

ілгері қарай адым басайын десе, өңкей жалқау ондай адам-
ды «кері кетіргелі жүр, өлтіру керек» деп ду ете түседі. Ке-
дейлер ондай адамды тас атып өлтіріп, ақырында өздері
ақымақ болып қалады». Озбыр саясаттың ызғарлы лебін

сезген жазушы жиырмасыншы жылдардың ортасындағы
әдебиетте, баспасөзде марксшіл бағыт ұстанған кейбір
қаламгерлердің бет-бейнесін осы жолдар арқылы берген.
Оның әдеби сын мақалаларының өзі соларға арналған еді.

«Отырықшылықтың пайда, зияны» /247/ мақаласында,
тақырыбынан байқалғандай, сонау «Айқап» пен «Қазақтан»
бастау алып келе жатқан, алты алаш үшін іргелі мәселе
болып табылған, халықтың көшпелі және отырықшы

шаруашылығының қайсысы елге пайдалы немесе зиянды,
артық-кем жағы қайсы, отырықшылыққа қалай көшу керек
деген және т.с.с. проблемалар қозғалады.
Қазақ советтік автономиялы республика болып, сол за-

манда мәдениетке ұмтылуы үшін тек отырықшы болу керек
деген үндеулердің бас көтерген кезінде жалаң сөз, асығыс
науқанға бой алдырмай ойлану керек, асықпау керек
екенін айта келіп, қаламгер осы бір күрделі мәселені терең

талдауға тырысады. «Тұрмыс итеріп, шаруа етіп, амалсыз-

дан отырықшы болу бар, – деп жазады автор, – ондай шарт-
пен отырықшы болатындарга ешкім қарсы бола алмай-
ды: тұрмыстан күшті «құдірет» жоқ... Ол қандай шаруа?

– малы азайып, көше алмай қалған ел, егін салуға кіріскен

ел, жері тарылып, көршілерімен таласып-тармасып, жер
алып қалуға душар болған ел, жақсы жеріне басқа біреу қол
сұққандықтан жерін бермеймін деген ел. Оларға үндеудің
керегі жоқ: өздері-ақ отырықшы болады».

Осындай ойларын көлденең тарта отырып Жүсіпбек
көшпелі және жартылай көшпелі, әзірге жерден таршылық
көрмей отырған ел үшін отырықшы болудың зияны бар
екенін ескертеді. Және оған тұщымды жауап та берген:

«Отырықшы болса, жер жырту, егін салу керек; еңбегімен
күнелту керек, қазақ егін салуға төселе алмайды, әдісін
білмейді. Оған көп тәрбие керек. Әуелі талай жылдар-
дан бері диқаншы болып келе жатқандардың егін салуы

қасындағы мұжықтың егін салуына әлі жетпей жүр... Қазақ
жерінде нағыз қара топырақ егіндік жер кем. Бар жерінде
құрғақшылықтан сау болмайды. Мәдениет түрімен егінді
берекелендіруді қазақ түгілі, орыс та үйреніп кеткен жоқ.

Сондықтан егін салудан өнімді жеміс ала қоюы алмағайып».
Жазушы сонымен бірге егін салу үшін соқа-сайман,
аспап керегін, ең алдымен осыларды өндіріп, содан кейін
тетігін үйрету керегін айтады. «Отырықшы болғанда

қазақ киіз үйден айрылмайтын болса екен» деген тілегін
де білдірді. Ташкент маңы, Еділ-Жайық бойы, Омбы, Се-
мей, Павлодар уездеріндегі отырықшы болған елдердің
жай-күйін айтады. Олардың тұрмыс-тіршілігінен мы-

сал келтіреді. Көшпелі ел мен отырықшы ел арасындагы
айырмашылықтарды көрсете келіп, әзірге көшпеліліктің
тиімді екенін анықтайды. «...Жұртқа жапа-тармағай
отырықшы бол деп айту адасқандық болады. Ол мүмкін

емес. ...Тұрмыс еріксіз отыратын елдер отырықшы бола

берсін. Тұрмыс отырықшылыққа итермеген елді өтірік
«ұшпақ орнайды» деу ағат...».
Осындай
пікірлерді

ұлтшыл
көсемсөзші
қазақ
халқының шаруашылығын жақсы білгендіктен ғана ай-

тып отырғандығы күмән туғызбаса керек. Мақала соңында
редакция түсініктемесі берілген: «Басқармадан: Бұл
мақала айтыс ретінде басылып отыр. Басқарма бұл пікірге
қосылмайды. Қарсы пікірлерін жазамыз дегендерге жол

ашық».
«Бұл әдеттен арылу керек» мақаласы – Аймауыт-
ұлының «Жан дүниесі мен өнер таңдау» және «Психо-
логия» сияқты үлкен ғылыми еңбектеріне жол салған

шығарманың бірі. Қаламгердің жиі оралып жазып оты-
ратын тақырыбы – адамның мінез-құлқы мен әдеті. Осы
тақырыпта бұған дейін «Әдет заңы» деген мақаласын да
жазған еді. «Бұл әдеттен арылу керек» мақаласында ав-

тор қалада оқып жүрген кейбір қазақ жастарының «айдың
әжіміндей көріне бастаған» жағымсыз мінездеріне көңілі
толмайтынын айтып, оған басты кінә жаман әдет деп
топшылайды. Сұрамшақтық, қыдырымпаздық сияқты

кейбір жас жігіттердің мінезінен байқалатын жаман
әдеттерді өздері жою керек дейді.
«Ардақтаған жалғызын, әйтпесе адам болар көз нұрын
ата-анасы жасынан сұрамшақтыққа үйретеді. «Ағайынның

қамшысын сұрай ғой», «Баланың меселін қайтармаңыз»,
«Ағалары, айттық, байғазы, көрімдік беретін шығар»,
«Қарағым, сұра. Бермесе, жыла», «Пәленше-жанға берме-
ген малы адыра қалсын!» – міне, қазақтың жасынан бала-

сын баулу түрі. Өскен соң бұл бала сімтік болмай, сұраншақ
болмай, жалынғыш, жағыншақ, жарамсақ болмай тұра
ма?» Қаламгер қазақтың осындай әдетін қатты сынға ала-
ды да, оны түзету кеш емесін, оған да амал табылатынын

жазып, мақаласын үлкен сеніммен тәмамдайды.

1926 жылы Жүсіпбек Аймауытұлының «Енбекші қазақ» газетінде «Театр кітаптарын қалай көбейтеміз», «Тіл туралы», «Асыл қазына жиналса екен», «Сұлтанмахмүт Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар», «Қазақ тілі» газетінде «Әскери жастар туралы» мақалалары және «Кеп қолағашта» фельетоны, «Жас қайрат» журналында «Оқушыларымызға», «Құтылды» деген мақала мен корреспонденциялары жарық көреді. «Театр кітаптарын қалай көбейтеміз?» атты сын мақаласы – жазушының драматургия саласына арнап жазған еңбектерінің бірі. Сол жылы қазақ театры дүниеге келген еді. Ұлт театрын құру, оны жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу мәселелері одан ілгеріде де баспасөзде әңгіме болып келе жатқан-тұғын. Автор осы тарапта ұлт театрының өркендеуі үшін әуелі драматургияға терең көңіл бөлуін және оның сапалы болуы керек екенін сөз етеді: «Тегінде Қазақстанда театр кітаптарын жаза берушілер аз. Қалам ұстаушы көп болғанымен маңызды кітап жазатындар аз. Ол адамдардың өзі де – оқу қуып, қызмет буып, мерзімді жұмысымен күні өтіп жүргендер... Қалт еткенде ат үстінде жүріп жазған кітап жүрдімбардым, маңызсыз болып шықпасқа әдді жоқ» деп жазады ол. Сөз арасында Пушкин мен Гогольдің «Борис Годунов» пен «Ревизорды» төрт-бес жылдай жазғанын, талай рет түзетіп көшіргенін, сүйтіп, өлмейтін дүние қалдырғанын мысал етеді. «...Ойын қою керек болып қалады да, заказ (тапсыру) бойынша бірдемені ботпырақтатып келеміз» дейді қазақ драматургиясының алғашқы қадамдары жайында. Сол себепті драматургтер үшін алаң болмай жұмыс істейтін жағдай керегін ескертеді. «Алпауыт, ақсүйек ақындары қолы бос болып ерікпесе, томтом зор романдарды, әдебиетті жаза алмас еді... Он екіде бес-алты нұсқасы жоқ елдің ішінде біресе оқып, біресе

оқытып, біресе переводчик болып, біресе «Ломоносов»
болуға өңеш созып араласып жүргенде ерігерміз деуден
үміт те жоқ» деп тұрмыстың тапшылығын сөз ете келіп,
қаламгер театр көркемдігін көтеру үшін ең алдымен Ев-

ропа драматургтерінің үлгілі пьесаларының ішінде қазақ
өміріне азды-көпті жанасатындарын қазақшаға аудару ке-
рек, содан кейін олардан үйрену керек деген байламын ай-
тады.

Өзі де әнші, музыка табиғатын нәзік ұғатын, терең
түсінетін Жүсіпбектің ендігі бір мақалалары қазақтың
ән-күй өнері жайында жазылған. «Асыл қазына жинал-
са екен», «Ән-күй жайында» деп аталатын мақалалары

кезінде қазақ өнерінің ірі проблемаларын көтергені сөзсіз.
Алғашқы мақаласы былайша басталады: «Мәскеудегі –
«Известия» (Хабар) газетінің 13-май, сан-103-інде мына
бір хабар басылды: «Қазақтың мың әні» деген кітаптың

шығарушысы Қазақстанның халық әртісі Затаевич өз
мамандығы жөнінен жуырда Ленинградта екі қызық баян-
дама істеді. Бірінде Ленинград университетінің жағрапия
факультетінде, енді бірінде мемлекеттің жағрапия қауымы

қасындағы халық музикесін зерттеуші комиссияда. Ко-
миссия бірауыздан Затаевичті өздеріне мүше қылып сай-
лады».
Аймауытұлы Затаевичтің еңбегін Глазунов деген

профессордың мақтағанын айтып, француз жазушысы
Ромен Ролланың пікірін келтіреді: «Сахараның сары да-
ласында сәулет берген сұлу, сайран әніне сүйсінгенмін.
1920-22 жылдардағы елді ашаршылық, дерт кернеп

жатқанда мынандай музыка еңбегін жарыққа шығару –
музыка жүзіндегі ерлік». Жазушы еуропалықтар осындай
баға беріп отырғанда бүктеулі жатқан асыл қазынасын
жинап, әлемге әйгілеп, рух байлығын танытқан Затаевич-

ке қазақ одан да зор баға беруге тиісті дегенді айтады.

Жүсіпбектің мына бір пікірі заманынан заман озған
сайын өз құнын арттыра береді деп білеміз: «Қазақтың
мың әні жазылыпты. Жақсы. Қазақта халық әні ғана емес,
сол шамалы күй де бар. Күй әлі жазылған жоқ. Әннен де

күй терең, күй қадірлі. Әннің айта алмағанын күй айтып
береді. Музыка жүзінде казақтың әні ғана жарыққа шығып,
күйі көмулі қалса, қазақ жүрегінің жарымы көрініп, жа-
рымы қалтарыста қалғанмен бір есеп... Әнді кім болса, сол

үйрене алады. Күйді кім болса, сол тарта, шерте алмай-
ды... Күй қартайып, жоғалып барады. Азып барады. Күйді
күйттейтін ел азайып барады... Күйсіз әскер болып жауға
шабуға болмайды. Күйсіз қазақ музыкасының ажар-көркі

кірмейді, күйі келмейді».
Қазақтың халық музыкасының нағыз жанашыры болған
ұлт азаматы бұл салада да қам қылайық деп Қазақстан оқу
комиссариатына екі жоба ұсынады: «Бірі – күйді жаздыруға

Затаевич сықылды адамды алдырып, фанограф аспабымен
елге шығу керек. Енді бірі – аз елдегі атақты күйшілерді
ордаға алдырып, жазып алу керек».
Сонымен бірге ол қай жерде қандай күйші бар екенін

айтып, біраз мәлімет береді: «Мысал үшін мен бір-екі
күйшіні атаймын. Семей гүбірниасы, Бұқтырма үйезі,
Күршім-Алтай болысы, 5-ауылда Ырысбай Талысбайұлы,
Өскемен үйезі, Ұлан болысы, 4-ауылда соқыр ақын әрі

күйші Әубәкір дейтін жігіт. Соңғының жатқа білмейтін
қыссасы кем. Құранды жатқа білетін (қари) болса керек.
Күршім-Алтайдың 4-ауылында Шайқы Қосынұлы деген
күйші бар. Бұларды өз құлағыммен естігенім жоқ. Сырттан

сұрастырғанда елдің ауыз суы құритын күйшілер».
Мақала соңында тымқұрса жергілікті үйездік, гүбернелік
қалаларға күйшілерді алдырып, жергілікті сыншылардың
сынынан өткен күйшілерді республикамыздың сол кездегі

астанасы – Қызылордаға шақырып, 5-10 күйшінің білгенін
қағазға түсірсе деген тілегін айтады.
Жүсекеңнің бұл тақырыптағы баспа бетін көрген тағы
бір еңбегі – 1928 жылдың 16-февралінде «Еңбекші қазақ»

газетінде «Таңашбай» бүркеншік атымен шыққан «Ән-күй
жайында» мақаласы. Мұнда да ол музыка өнерінің білгірі,
халықтың ән-күйінің жанашыры екендігін танытқан.
Сол жылы 6-январьда Қазақ мемлекеттік театрының

артистері концерт қояды, сол концерттен түскен қаржыны
Түмен қаласында оқып жатқан студенттерге жолдаған.
Әсілі, ХХ ғасыр басындағы зиялылардың, оқығандардың
ұлт болашағы, ел қамы үшін осындай мәдени іс-шаралар

өткізуі (мәселен, 1917 жылдың май айына Тұрағұл Абайұлы,
Мұхтар Әуезов бастаған «Талап» ұйымының «Еңлік-Кебек»
спектаклінен түскен қаржыны сонау Құлжадағы, босқын
болып кеткен қазақтарға жіберуі секілді) аз ұшыраспайды.

Бәрінен бұрын елдің жағдайын, ұлттың қамын ойлаған
алаш азаматтарының осындай іргелі істері – үлгі тұтуға
тұрарлық өнеге.
«Ән-күй жайында» мақаласында негізінен Еуропа, орыс

мәдениетінен келген әншілік өнердің бір тармағы – хор
жайында, оны қазақ өнерінде қалай дамыту керегі жөнінде
сөз болады. Хордың гармониялық ерекшелігі, тенор, альт,
квинта, бас тәрізді дауыстардың үйлесімділігі жайында

көсемсөзші өз пікірін білдіргенде оның Батыстан келген ән
өнерінен жақсы хабардар екеніне көзіңіз жетеді.
Жұмат Шанин ертіп келген Ковалев дейтін му-
зыка маманының жаңа түрдегі хор ұйымдастырып,

қазақ жастарының даусын көркемдікке, үйлесімділікке
айналдырғанына ризашылық білдіре отырып, хордың
кемшіліксіз емес екенін де байыптайды: «...Айтушылар
әлі еркін жаттығып жетпеген, хорды бастар алдындағы

кідірістері, айтып тұрғандағы әрқайсысы өзін-өзі аңдып,
тежеп, қай жерден мүлт беремін дегендей боп тұрулары
хордың
жалпы

жандануына
екпінді,
қызулы
боп,

тыңдаушыларға әсер етуіне бөгет болады».
Аймауытұлы сыншылдық қана танытып қоймай,
тұрлаулы ынтасы бар әншілерге бірқыдыру ақыл-кеңес
бере келіп: «...20-30 кісі болып сахнаға шыға келген-

де кідірместен өз дауыстарын өздері біліп, қосылып ай-
тып кеп кетсе, «Алқаракөк» сияқты әндермен алпыс екі
тамырды солқылдатпасқа орын жоқ. Осылай айтылған
«Алқаракөктер», әй, Еуропаның сахнасына да кіріп кет-

пей қалар ма екен?! (Көтергенім емес!)» деп қазақ әншілік
өнерін өте жоғары бағалайтынын байқатады.
Автор хорды тыңдаушылардың «кемшілігі» жұрт
құлағы үйренбей жатқандықтан, тосындықтан екенін де

аңғарған. Мұнымен бірге көсемсөзшінің мынадай пікірі
қазіргі уақыттың өзінде маңызын жоймаған деп білемін:
«Затаевич пен Ковалев «гармонияға» айналдырып, тар-
тып жүрген ән-күйде, менімше, тағы бір кемшілік бар. Ол

мынау: бұлар ән-күйдің қазақ тонының өңін келтіреміз
деп қыра-қыра кейбір ән-күйдің қара қыртысын айнал-
дырып барады. Мәселен, Затаевич күйсандықта тартқан
«Қосбасар» күйі мен Ковалев бастап күйсандықты

скрипкіге қосып тартқан «Ақсақал» қалың ел қазағы
бірден «мынау біздің төл мал» деп ұғына қоя алар ма екен.
Менің шәгім бар».
Автор Батыс музыка мәдениетінің қазақ өнеріне жанас-

пайтынын, тіпті кейбір салада жақсылық әкелмейтінін жан
дүниесімен сезіп тұр. Ұлтымыздың дәстүрлі мәдениеті мен
өнеріне жанашыр болсақ, алаштың талғамы биік қаламгері
Жүсіпбек Аймауытұлынан үлгі алсақ керек.

Бұл пікірдің негізсіз емес екеніне оның «Әдебиет

мұралары» деген және бір мақаласы дәлел бола ала-
ды. «Таңашбай» бүркеншік есімімен жарық көрген бұл
проблемалық мақаласында/103.Б.244-247/ ол мәдениеттің
басты тармағы – әдебиет жөнінде, ескі әдебиет мұралары

жайында келелі ой қозғайды. «Ауыз әдебиетіміз қаймағы
туырылған күйінде ел аузында отыр» деп жазған
көсемсөзші қазақ халқының ауыз әдебиетінің жүзден бірі
де баспаға түсірілмегеніне, бұның түбі бара-бара жоғалу

болатындығына қатты алаңдаушылық білдіреді. Ел
ішіндегі білгір, көкірегі даңғыл кәрі ауызды кәриялардың
аузындағы сөзі өзімен бірге жоққа айналмауы үшін жи-
нап алу керегін айтады. Ескі сөздің түрлі жүйесіне

жүйрік, өзі білетін, Ақмола уезіндегі Ералы Саққұлақ
баласы, Қарқаралы уезіндегі Мағат қожас Ақай баласы
және «қазынасының аузын ашса, қапшықтан түйдегімен
төгілетін жел ауызды жүйріктің өзі» – Мәшһүр-Жүсіп

Көпейұлы сияқты қарттарды атайды: «Осы сияқты
әңгімеге бай қарттар әр жерде бар шығар. Тегінде
мұндай адамдар сөз беруге сараң да келеді. Бірақ ол
сөздері жоғалмайтындығына, баспаға түсірілетіндігіне,

сүйтіп, ескі сөз берушілер келешектегі қазақ мәдениетіне
атсалысқан,
еңбек
етіп,

қолқабыс
тиюшілерден
саналатындықтарына көздері жеткізілсе, жазба болсын,
ауызша болсын, сөздерін береді деп сенеміз» деп үлкен

сенім білдірген.
Жоғарыда Аймауытұлының проблемалық мақалала-
рының соңында көбінесе өз ұсыныстарын әлденеше топқа
бөліп, жөн-жоба ұсынатын тәсілге жүгінетінін айттық.

Бұнда да шебер көсемсөзші қазақтың әдебиет мұраларын
сақтып қалу жөнінде салмақты ой, салиқалы ұсыныстар
айтады.

Белгісіз шығармалары немесе
Шымкенттегі жылдар
1926 жылдың июнінде Жүсіпбек Шымкент қаласына
ауысып, ондағы Сырдария губерниялық Қазақ педтехни-

кумы мен ауыл шаруашылық техникумына оқытушы бо-
лып қызметке тұрады /311/. Негізгі жұмыс орны педтехни-
кум болған. Үйткені, архив құжаттарының көрсетуінше,
қаламгер Шымкенттегі Қазпедтехникумның 1926 жылғы

2-июніндегі №2442 арнайы шақыртуы бойынша келіп, №74
бұйрықпен қызметке кіріскен /312/.
Сол жылдары педтехникум директоры С.Садықбеков,
ауыл шаруашылық техникумының директоры Ә.Ерімбетов

болыпты/313/. Жүсіпбек Аймауытұлы техникумдармен
қатар аймақтық курстарға да дәріс оқыған көрінеді/314/.
Ресми түрде 1920 жылдың 20-сентябрінде ашылған
Сырдария педагогикалық техникумын 1925/26 оқу жы-

лында 9 адам бітірген екен/315/. Сол кездегі директоры
Е.Садықбеков пен оқу бөлімінің меңгерушісі А.Шемелевтің
1925/26 оқу жылына арнап губерниялық оқу бөліміне бер-
ген ұзақ есебінде техникумның материалдық жағдайы

тәуір еместігі, 10-12 мың сомға жөндеу жұмысы жүргізілуі
керектігі, оқытушылардың еңбекақысы төмен екендігі,
сол себепті косымша жұмыс іздеуге мәжбүр болатыны,
курсанттарға азық-түлік, киім-кешек жетіспейтіні айты-

лады /316/.
Осы есептен мынадай жолдарды оқуға болады: «2)
Драма үйірмесі жетісіне бір рет, бейсембі сайын кешкі
7-ден жұмыс істейді. Үйірме жұмысы: мәнерлеп оқу, ән

салу, декламация, әңгіме айту, инсценировка. Орталық
жұмысшылар клубында 2 рет тегін спектакль, концерт
қойылды. Оның бірі Қазан оқиғасын мерекелеуге орай

қолға алынған. «Рәбиға» пьесасы қойылды және үлкен та-
быспен өтті. Қойылым пьесаның авторы Аймауытовтың
өзінің (техникум оқытушысы) тікелей жетекшілігімен бол-
ды».

Міне, осы сөйлемдерді оқи отырып, Жүсекеңнің қайда
жүрсе де, әдебиеттен, баспасөзден, өнерден қол үзбейтін
қажырлы, қуатты жан болғанын тағы бір рет аңдауға бо-
лады. Сондай-ақ оның осындай пьесаларының жер-жерде

қойылып жүргенін де еске алған жөн. Мәселен, 1927 жылы
Қызылордадағы «мемлекет театрында бүгін, пебралдың І7-
і, бейсембі күні Жүсіпбектің «Шерниязы» қойылады. Бе-
лет күндізгі сағат 4-тен кейін сатыла бастайды. Ойын дәл

кешкі сағат 8-де басталады. Тиатр басқармасы» /317/ деп
жазады 12500 данамен тараған «Еңбекші қазақ» газеті.
Техникумда үш үйірме болса /316/, драма үйірмесін
Жүсіпбек жүргізгенін байқадық, ал үрлемелі музыка

оркестрін құруға мұрындық болған музыка үйірмесіне
А.Посейпал жетекшілік етсе керек. Оны «Бардың жоғы
болмайық» деген мақаласында Аймауытұлының өзі былай
деп жазады: «Ондай аспапты тарта білетін, үйренген қазақ

жастары жоқ па? Қайда?! Шымкентте, қазақ техникумінде.
Мұнда үш-төрт жылдан бері соңына түсіп, үйреніп шыққан
қазақтың балалары бар... Бұларды үйретуші кім десеңіз,
Антон Антоныш Посейпал деген шеқаслабак жұртының

азаматы. Оның тартпайтын аспабы жоқ, жазбайтын ән-күйі
жоқ... Затаевичтің жазған ән-күйлерін әркестрге тартқызып
жүр. Өзі музыкеге берілген, жаны да музыке, адамшылығы
да зор жігіт. Затаевичтен соңғы бір мақтаулы еңбектің ері

– осы» /318/.

Әріптесі
жөнінде
көсемсөзші
ағынан

жарылып,
мақтаулы пікір айтып қана қоймайды, «Посейпалды да
қазақ театрына алдырып ап, күй мектебі, ең болмаса

үйірмесі (кружогі) ашылатын болса, соған үйретуші, бас-
шы қылу керек деймін» /318/ деп ұтымды ұсыныс жасай-
ды. Бұл арада қазақ мәдениетін жоғары сатыға көтеруге
жастайынан ұмтылған Жүсіпбектің театр үшін үрлемелі

оркестрдің де керек екендігін айтып, құлаққағыс қылуды
ұмытпағанына сүйсінуге болады.
Бұл жылдары (1927–1929) оның сонымен қатар
«Оқытушылар мен кәсіпшілер қозғалысы», «Жаңа әліпті

тез үйрету жолы», «Жаңа әліпби қозғалысы», «Қазақстан
ағарту қызметкерлерінің ІІІ съезіне», «Құтты болсын»,
«Тілшілер не жазу керек» және т.с.с. бірқатар мақалалары
жарық көрген.

Шымкенттегі педтехникумда сабақ берген он жеті
оқытушының үшеуі ғана қазақ екенін, соның бірі
Жүсіпбек Аймауытұлы болғанын айта кеткен артық бол-
мас /319/. Июнь айында қызметке алынған ол Сырдария

губерниялық оқу бөлімінің 1926 жылғы 16-сентябрьдегі
№96 бұйрығы бойынша жаңа оқу жылында жұмысқа
кіріседі/320/. Білікті педагог өз бойындағы білім мен
тәжірибені

шәкірттерімен
бөлісіп,
техникумдағы
қызметіне де жауапты қараған. Мәселен, 1927/28 оқу

жылында қазақ тілі мен әдебиетінен және Мемлекеттік
оқу кеңесінің (ГУС) бағдарламасы бойынша қазақ тілі
әдісінен дәріс оқыған Аймауытұлының жылдық оқу
сағаты 316 болыпты. Оның 33-ін сырқаты бойынша

өткізе алмағаны болмаса, сабағына еш кешікпеген /321/.
1928/29 оқу жылында 648 сағаты болған екен /322/.
1927/28 оқу жылында Жоспарлау комиссиясының
қаулысы негізінде педтехникумның директоры болып

Ж.Нұрбеков тағайындалады /323/. Бұл жігіт – 1927 жылы
Ташкенттегі Қазақ институтын бітірген, мұғалімдік стажы
үш жыл ғана болған, ВКП(б) мүшелігіне өткен, Жүсіпбектің

өзінің шәкірті екен /324/. Мұны мысалға келтіріп отырған себебіміз – совет өкіметінің қырағы басшылары мен арнаулы мекемелерінің бір кезде Алаш Орда баспасөзінде қызмет еткен қазақ зиялыларына жоғары лауазымды қызмет бермегеніне оқырманның көзін тағы бір мәрте жеткізу. Бірқатар зерттеулерде Аймауытұлының Сырдария педтехникумына директор болған деген жаңсақ мәлімет бар /325/, архив құжаттары оны теріске шығарып отыр. Жүсекең 1926–1928 жылдары Шымкентте тұрып жатқанда сол шаһарда оқып жүрген көкөрім қазақ балалары оның қасынан табылады екен. «Ол жас қауым үшін өте сүйкімді жан болды» деп еске алады кейін, 1988 жылы қарт ақын Әбділда Тәжібаев. Бауыржан Момышұлы екеуі бозбала күндерінде Мұратбаев атындағы интернатта қатар тәрбиеленген екен, сол жылдары Жүсіпбектің көзін көрген жастардың бірі – осы кісілер. «Техникумнан босаған кезінде Аймауытов біздің оқушыларға да соғып, кездесіп, істеп жатқан істерін айтып тұратын. Жүсіпбек – әңгіме, очерк жазуда да оқшау көзге түскендердің бірі. Он саусағынан өнері тамған, домбыраның неше түрлі шешендерін жасаған, көк салылап саптамалы етік тігетін, күміспен, жезбен әшекейлеп ер-тұрман жасайтын Жүсіпбек жастарға бұл өнерлерін де көрсетіп отыратын» деп жазады Ә.Тәжібаев «Есімдегілер» деген кітабында (Алматы, «Жазушы» баспасы, 1993 жыл). 1928 жылдың 21-апрелінде педтехникум оқытушысы Жүсіпбек Аймауытұлы Оқу комиссариатының Ғылымиәдістемелік кеңесіне өзі жасап, жүйелеген, «Ана тілі әдістемесінің қысқаша конспектісін» жолдайды. Конспектінің басындағы қысқа ғана түсініктемеде ол өз қолымен орыс тілінде былай деп жазған: «Сіздердің 11.04.28 ж. жазылған №2274 ұсыныстарыңызға орай (Гу-

бОНО арқылы 14.04.28 ж. қолыма тиді) бір жеті уақыт
ішінде маған тапсырылған «Ана тілінің оқыту әдісі»
тақырыбында қысқаша конспектіні асыға жолдап отыр-
мын. Баспасөзге лайық қолжазбамды биылғы 15-майға

дейін жіберуге тырысамын. Бұл конспектіні бағыт-бағдар
ретінде тануларыңызды сұраймын» /326/.
Осы үзіндіден қаламгердің өзіне сеніп тапсырылған іске
аса жауапты қарайтынына тағы куә боламыз. Оның ана тілі

әдістемесіне арналып орысша жазылған осы конспектісіне
Оқу комиссары О.Жандосов пен оның ғылыми қызметкері
Т.Шонанов бірқыдыру ескертпелер келтіріп, бағдарламаға
сай жазылса деген тілектерін білдіріпті /327/. Жүсекеңнің

осы тақырыпқа кейін тоқталып, ерекше пікірлер келтіріп
жазған «Ана тілінің оқыту әдісі» деген ғылыми-зерттеу
еңбегі бұдан кейін біраз уақыт өткен соң «Жаңа мектеп»
журналында жарық көреді /328/.

Шымкентте де ол өзінің шығармашылық күш-қуатын
толық байқатты. Мұнда оның әйгілі «Ақбілек» романы жа-
зылды /329/, /330/. Жалпы, осы 1927-28 жылдары қаламгер
бұдан басқа да әлденеше көркем шығарма жазыпты.

Осы орайда біз еліміздің Орталық мемлекеттік
архивінде сақталған, 81-қордың 1-тізіміндегі 1394-істен
алынған
құнды

мәліметтерді
келтірмекпіз,
үйткен
себебіміз, мұнда Жүсіпбек Аймауытұлының осы күнге

шейін белгісіз болып келген көркем шығармалары атала-
ды. Құжаттардан рет-ретімен үзінділер алған жөн шығар.
Әуелгісі: «14.04.1928 ж. №2319 қатынас қағаз. Сейфул-
лин жолдасқа. Сізге Аймауытовтың «Қол дорба» және

«Оянған Асан» атты қолжазбаларын жолдай отырып,
Ғылыми-әдістемелік кеңес (НМС) олардың балаларға
жарайтындығы, қай жасқа лайық екені жонінде жазба-
ша пікір беруіңізді сұрайды... Оқу комиссариатындағы

НМС ғылыми қызметкері Шонанов» /331/. Сол күні дәл
осындай мәтіндегі, осы мекеменің Т.Шонанұлының қолы
қойылған қатынас қағазы «Ауыл тілі» газетінде істейтін
Б.Майлинге де жолданыпты. Онда да Ж.Аймауытұлының

балаларға арналған «Түлкі, қасқыр, түйе» және «Екі
еріншек» атты қолжазбаларына жазбаша пікір білдіру
сұралған /332/. Міне, осы аталған қолжазбалар жеке жинақ
болып шықпаған, баспасөз бетінде жарық көрмеген және

олардың кейінгі тағдыры да жұмбақ күйде, белгісіз бо-
лып отыр. Жүсекеңнің сондай шығармаларының тағы бірі
«Мәскеу мен Қырымға жолаушылық» деп аталады.
Оны бізге көрсеткен құжаттың мазмұнын сол күйінде,

түпнұсқадағы орыс тілінде оқыған дұрыс деп тауып,
оқушы назарына ұсынамыз: «5.05.1928г. №2119. Чимкент.
Педтехникум. Тов. Аймаутову. Научно-методический со-
вет (НМС) протоколом №9 от 4.04.28г. решил издать по

плану 1928г. Вашу рукопись «Путешествие в Москву и
Крым» с тем, чтобы Вы пополнили часть, описывающую
Москву и по возможности сократили часть о Крыме в ин-
тересах пропорциональности части и дачи более полного

представления о революционно-культурном центре – Мо-
скве. В частности у Вас отсутствует описание Музея рево-
люции в Москве, современной техники и жизни в крупных
организациях и учреждениях. НМС просит переработать в

указанном направлении рукопись и срочно выслать НМС
для отпечатания. Председатель НМС Сайдалин, научный
сотрудник Шонанов» /333/.
Осы құжаттан біз жазушының тағдыры белгісіз тағы бір

шығармасын білдік және оны оқи отырып, сол кезеңдегі
совет цензурасының бас бұрғызбайтын қатал екенін де
аңғаруға болады. Әрбір шығармаға большевиктік идео-
логия тарапынан қарап, қатаң сүзгіге алған өкіметтің тар

құрсауында бауырын жазып бір көсіліп шаба алмаған,
алаңсыз отырып бір жаза алмаған қайран Жүсекең...
Алаш Ордаға қатысы бар-ау деген азаматтарды көгендеп
әкеткен 29-дың қызыл репрессиясына ілікпей тұрып-ақ

соңғы жылдарда жазған шығармалары жоғалып кеткен
Жүсіпбек Аймауытұлының ұлт руханиятына бергенінен
берері көп болған қалам иесі болғанын жан дүниеңізбен
сезесіз.

Жазушының балаларға арналған «Көк өгіз» деген
кітапшасы сақталған /334/. Мұнымен бірге бір баспа табақ
көлемінде «Кемпір мен шал» ертегісі 1928 жылы баспаға
берілгенін, басуға рұқсат етілгенін анықтадым /335/, ал енді

оның кітап болып шыққан-шықпағаны белгісіз. Смағұл
Сәдуақасовқа берген анкеталық жауабында қаламгер
жоғарыда айтылған «Мәскеу мен Қырымға жолаушылық»,
«Көк өгіз», «Шал мен кемпір» кітаптарымен қатар

«Ақбілек» романын, «Үш қыз» ертегісін, «Дәмелі» романын
(аударма), «Өрбике» жинағын (К.Берковичтің 6 әңгімесі),
«Бақылаушы» (Гогольдің «Ревизорынан» тәржіма) пьеса-
сын баспаға бергенін айтады /14/. Өкінішке қарай, бұлардың

бәрі өз заманында кітап болып шықпағанын тағы бір ескер-
те кеткім келеді.
1928 жылдың октябрь айында Аймауытұлы педтех-
никумдағы оқытушылық қызметінен өз еркімен босап, сол

кездегі ел астанасы Қызылордаға ауысады. Оны дәлелдейтін
құжатты толық келтірген жөн деп білеміз: «Қазақ Оқу ко-
миссариатына. Сырдария педтехникумінде қазақ тілі,
қазақ әдебиеті және ГУС бағдарламасының (қазақ тілінде)

оқытушысы болып соңғы уақытқа шейін Аймауытов істеп
еді. Оның Қызылордаға кетуімен педтехникум оқытушысыз
қалды. Ауыстыратын адам жоқ. Жағдай өте қиын. Бұл пән
бойынша оқытушының жоқтығы қызыл педагогтерді даяр-

лауда кесірін тигізбей қоймайды. Сондықтан жоғарыдағы
пәндерді өзіне ала алатын қазақ мұғалімін іссапармен
жіберулеріңізді өтініп сұраймыз. Партияға мүше болса,
дұрыс болар еді. Аймақтық Оқу бөлімінің меңгерушісі

Құлжанов. 31-октябрь, 1928 жыл /336/. Педтехникум-
нен Жүсекеңнің не себепті кеткені белгісіз, десе де, осы
құжаттан-ақ оның педагогика саласындағы зәру маманның
бірі болғанына тағы бір көз жеткізуге болады.

Арада алты ай өткен соң Совет империясының
большевиктік
жазалау
мекемелерінің

«қырағылығы»
нәтижесінде, отқа май құятын Голощекиннің Қазақ ре-
спубликасында жасаған саяси террорының дүмпуімен
ұлы суреткер, қазақтың классик жазушысы Жүсіпбек

Аймауытұлы 1929 жылдың 14-майында Қызылорда
қаласында тұтқындалып, Мәскеудің Бутырка түрмесінде
1930 жылдың 21-апрелінде атылып кетеді... /337.Б.64/.
(Осы жерде НКВД басшысы Ежовтың 1921 жылы Семей

совдепінде қызмет еткенін, сол кезден Жүсіпбекті білетінін
еске түсірген артық болмас...).

Жүсіпбектің 1925 жылы КИНО-да сабақ бергені және ұлы
Бектұрдың Үлгілі мектепте оқығаны жөніндегі куәліктер

Ж.Аймауытұлын 1924 жылдың 11-октябрінде
Қазақ ағарту институтына ана тілінің оқытушысы етіп
тағайындау туралы бұйрық
(ӨР ОМА, 372-қор, 1-т, 61-іс, №20)

Жүсіпбектің Мұғалімдер семинариясында
оқып жүргендегі табелі
(ҚР ОМА, 503-қор, 1-т, 22-іс, 176-бет)

Шымкент Қазпедтехникумінде толтырған жеке іс парағы
(ОҚ ОМА, 147-қор, 1-т, 33-іс)

Шымкент Қазпедтехникумінде толтырған жеке іс парағы
(ОҚ ОМА, 147-қор, 1-т, 33-іс)

«Ақ жол» газетінің халық ағарту институтына
Жүсіпбекті «Ақ жол» тілшілері конференциясына
қатысуға босатуды сұраған хаты
(ӨР ОМА, 372-қор, 1-т, 67-іс, 81-бет)

Жүсіпбек Аймауытұлының ұлы Бектұр ақсақал және
Нұржан Қуантайұлы

ІІІ бөлім
Көсемсөз шығармаларының
жанрлық, формалық және
стильдік ерекшеліктері

Қазақ көсемсөзінде очерк жанрын
қалыптастырушының бірі
Көсемсөзші шығармашылығының кез келген коғамдық-
саяси және әлеуметтік дүниеге барынша қоян-қолтық

араласып,
мүмкіндігінше
өзекті
мәселелерді

терең
қарастыруға тырысатыны мәлім. Көсемсөздің бірқатар
белгілі зерттеушілері терминнің өзін әрқалай негізде
қарастыра келіп, публицистиканы әдебиеттің бір туын-

дысы және шығармашылықтың бір түрі ретінде жеке
зерттеуді ұсынатыны да рас/338.Б.55/. Бұл тарапта те-
оретик В.Здоровеганың «Тар мағынасында алатұғын
болсақ, публицистиканың өзі – айқындалған әрі өзіне

тән ерекшеліктері және ішкі заңдылықтары бар әдеби
шығармашылықтың өзгеше түрі»/339.Б.14./ деп баға беруі
де публицистика саласының жеке ғана талданып, сарала-
нып қана қоймай, ауқымы әдебиеттен алыс кетпейтіндігін

аңғартса керек.
Кестелі сөздің шебері Жүсіпбек Аймауытұлының
қазақтың прозасына «Ақбілек», «Қартқожа», «Күнікейдің
жазығы» іспетті өзгеше бітімді, өрнегі мол, кесек туынды-

лар беруімен қатар, қаламы жүйрік көсемсөзші ретінде өз

тұсында жұртқа кеңінен танымал болған. Және бұл рет-
те Жүсіпбектің көсемсөз мұраларын оның шоқтығы биік
әдеби шығармаларынан бөлектеу мүмкін емес екеніне
назар аударған жөн. Мәселен, оның «Елес», «Әнші»,

«Жаңабайдың жанындагы трагедие», «Жидебайдың баян-
дамасы» және тағы сол тәрізді 1924–1925 жылдары жазылған
әңгімелерінің өзінен көсемсөздің лебін сезесіз. Осы кезеңде
«Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Қазақ тілі» газеттерінде,

«Жас қазақ», «Лениншіл жас», «Қызыл Қазақстан»,
«Әйел теңдігі» журналдарында және басқа да басылым-
дарда әңгімелерімен бірге көсемсөз дүниелері көптеп жа-
рияланып тұрған. Оны сол кезде (1925 жылы) «Лениншіл

жас» журналы редакторының орынбасары болып жаңадан
қызметке келген жас Б.Кенжебаев та кейін: «Тегі, ол кезде
Жүсіпбектің түрлі мәселелер жөнінде жазған мақалалары,
түрлі тақырыпты сөз ететін очерктері мен әңгімелері газет-

журналдарда тіпті көп шығатын еді»/340/ деп растайды.
Көсемсөз мұрасын зерттей отыра, Аймауытұлының
сол жылдары әсіресе очерк жанрына, соның ішінде
портреттік очерктерге жиі қалам тартқандығын аңдадық.

«Ақ жол» газетінде жарық көрген «Қойшы Тастамақ»,
«Жидебайдың баяндамасы», «Қырсықты Сүлей» сияқты
көркем
очерктерінен

қаламгердің
шығармашылық
қуатының бір қарымын байқауға болады.
«Очерк төңірегіндегі айтыс әлі күнге тоқталған жоқ,

ол келешекте де жалғасы беруі мүмкін...» /341/ деген
пікірді де естен шығармай отырып, «Очерк дегеніміз

– заманындағы құбылыстар логикалық, рационалдық

және эмоционалдық-бейнелеу тәсілдерінің біртұтас жо-
лымен адам немесе қоғамдық өмір концепциясының
белгілі бір негізінде шешілетін көркем публицистикалық
жанр» /342.Б.191/ деген тұжырымға сүйенсек, Жүсіпбектің

көркем публицистикалық очерктері XX ғасырдың 20–29

жылдар аралығындағы қазақ өмірінің, заман келбетінің
қоғамдық, әлеуметтік сыпатын айқындап, дәл бере
алғандығын атап өтуге тиіспіз. Әсіресе қалың елдің за-
ман ыңғайын, дәуір лебін сезіп, әлеуметтік өзгерістерден

бейтарап қалмауын ойлап, жаңашылдыққа, сауаттылыққа
ұмтылуы – очерктердің басты нысаны.
«Портреттік очеркте көбіне-көп бір адамның образы
жасалатындығын»/342.Б.193/ ескерсек, мәселен, «Қойшы

Тастамақ» очеркінде автор басты кейіпкер – Тастамақтың
образын беллетристикалық сыпатта жан-жақты көрсете
алған. Тастамақ образы арқылы очеркші «әлеуметтік
теңдікті» ұран қылып көтерген совет өкіметінің алғашқы

жылдарында еңбегін жалдап күн көрген жалшылардың
бойкүйездіктен арылып, өз бетінше өмір сүруге қолы
жеткендігін көрсеткен... Әсілі, мұндай образдар Жүсіпбектің
көсемсөз немесе көркем шығармаларында аз ұшыраспайды.

«Тастамақ қой баққалы 40 жылдан асқан шығар. Қазір
жасы 70-ке таянды» деп басталады шағын очерк. Автор
қойшы шалдың жалшылықта өткен өмірін жаза келіп, одан
әрі былай жалғастырады:

«Бір жыл әпрел ішінде белуардан қар жауып, он
шақты күн жатып алып, мал жаман жұтаған. Сол жұтта
Тастамақтың қойы тып-типыл болды. Жалғыз Тастамақ
емес, елдің бәрі шығындалды. Алдында екі жүзден артық

қой қалған жоқ. Тастамақтан екі ұл, үш қыз туып еді.
Байдың ұлының желбас балаларымен өсіп, олар да нақұрыс,
жалқау, жаман болды. Тастамақты асырамақ түгілі, өздері
жанын сақтай алмай қаңғып кетті»/41.Б.175/.

Ақыры жоқшылыққа ұшыраған Тастамақтың екі ба-
ласы кәсіп қуып, өзі Дәндебай ауылының қойын бағуға
жалданғаны, кемпірінің өлгені әңгіме болады. Кәрі
қойшының мінезін көсемсөзші айрықша сыпаттайды:

«Бірақ Тастамақ малды иесіз жіберуге шыдамайды. Мал-

мен бірге туып, бірге өскен малшы болмаса, ауылда бір күн жүре алмайды. Атқа мінбей Тастамақ қой соңынан жаяу аяңдайды. Тасаң ашуы басылмай, айтқанға көнбейтінін ауыл біледі. Сондықтан жазықты кісі жалынады, жалпаяды. Тасаң қойға жаяу кеткенде атын жетектеп Сәрсенбай артынан барады. Төбенің басына отырып-отырып бір кезде Тасаң атқа мінеді. Тастамақтың күндегісі – осы». Очерк соңында еріксіз жоқшылық қамытын киген Тастамақ қойшының қой бағып жүріп, Алтынбай жазығынан келе жатқан Жұман ұстаға жолыққаны айтылады. Жұман оған «жылқы жылы Есім бір биемді өлтіріп, бермей кетіп еді, соған арыз беріп келем» дейді. Тастамақ мұны естіп Есімде өзінің де ақысы бар екенін, бес жыл қойын бағып, жарытымды ақы алмағанын айтады. Қазіргі сот әділ екендігін естіп, Тастамақ та барып арыз береді, сүйтіп, үш күннен кейін бір тайынша, бес қой өндіріп алады. Көсемсөзшінің бұл очеркте ел ішіндегі, әлі де болса, қалмай келе жатқан қараңғылықтан, заңға жүгінбей бос жүре беретін бойкүйездіктен арылуға шақыратыны аңғарылады. «Жидебайдың баяндамасы» атты /41.Б.106-113/ көлемдірек шығармасында жұмысшы болуға барған, сауаттылыққа талпынған қазақ жігітінің образын жасайды. Қырдағы елден шыққан, әлеумет ісіне араласпаған Жидебайдың қала шығып, ел көріп, жұмысшы болып, әр түрлі жиылыстарға қатысып, белсенділік көрсетуін очеркші нанымды етіп, шебер баяндайды. Жұмысшы қазақтың образын жасаған алғашқы туындылардың қатарында «Жидебайдың баяндамасы» очеркі ерекше орын алатындығын да айта кеткен ләзім. «Бір-біріне ұқсамайтын очерктің екі шеберін: Глеб Успенский мен Ги де Мопассанды еске түсіріп көрелік.

И.С.Тургенов жазған «Аңшының хаттары» да формасы жағынан очерк екенін көрсете кету керек болар»/343/ деп жазған М.Горький сөзіне зер салатұғын болсақ, «Жидебайдың баяндамасы» да әңгімеден гөрі портреттік очеркке анағұрлым жақынырақ екендігін аңдауға болады. Очерктің өзінің негізгі аспектісіне сай екендігін көсемсөз зерттеушісі Б.В.Стрельцовтың: «...прозашы тип жасайды, оны кез-келген әлеуметтік топтың типтік әлпеті жөнінде жалпы көрінісін индивид ретінде қалыптастыру жолымен жасайды. Ал очеркші болса, өзінің әлеуметтік ортасының негізгі типтік әлпетін көрсете алатын жеке адамды өмірдің өзінен іздейді» /342.Б.194/ деп айтқан түйіні де дәлелдей алады. Мұнда да автор әуелі негізгі кейіпкерін таныстырумен бастайды. Мұнда да беллетристика мәнері, баяндау тәсілі алдыңғы бетке шыққаны бірден көзге түседі. Тіпті Жидебайдың өзін суреттеуден бұрын оның ата тегінен бері тартып, арғы бабасы Текебайдан тараған ауылдың тұрмыс-тіршілігін, күн көрісін, әл-ауқатын, мінездерінің ерекшелігін сыпаттайды. Оның бәрін баяндамай-ақ «жолсоқты қылып шабарман атын ұстап мініп кететін, ауылнайлар тайыншасын қуып кететін. ...Текебай ауылының еркектері байлардың, болыстардың ауылына барып, ел адамдарына ісі түсіп көрген емес. Баруға шаруасы да жоқ, бір жағынан бата алмайды, қорынады, қорғалайды. Үйткені шабарманы мынадай әпербақан болған соң болыстары «пірғауын» деп есептейтін...» деген жолдарды мысалға келтіргеннен-ақ Текебай ауылының ұсқынын көруге болады. Бас кейіпкер туралы көсемсөз иесі былай деп жазады: «... Жидебайдың жасы қырықты алқымдатып жүрсе де, білімі, пікірі, аңқаулылығы, қорқақтығы 5 жастағы баланың азақ алдында еді. Саясат жағынан білетіні – шабарман, ау-

ылнай, болыс, одан арғыға миы жетпейтін». «Қойшы
Тастамақ» очергіндегідей емес, бұл шығармасында автор
басты образдың мінез-құлқын, характерлік ерекшелігін
жан-жақты, толымды суреттейді. Және характерлік сы-

патын айқындайтын нақты детальдар келтіру үшін ав-
тор өзінің шығармашылығындағы ерекшеліктердің бірі

– жылы юморға жүгінуден де қашпайды. Қаламгердің

қазақтың
асыл
сүйегіне
біткен

әзіл-қалжыңын
шығармаларына орынды келтіруі, қисынды кіргізуі –
оның өзіне тән үлкен шеберлігі екенін айтқан ләзім. Мы-
салы, Жидебайдың сауатсыздығын былай сыпаттайды:

«Білімі жөніндегі білетіні «құлхуалла», оның өзін де тілі
келмей «құл-қуалда ақет, алдағы құс қамет, бай дәулет
жап-жақын» деп өзінше бірдеңені былдырақтатын».
Оның үйленгенін де автор жылы юмормен баяндайды: «...

Өзінше қалыңдық ойнаған. Оның қалай адам сияқтанып
сөйлескенін де, қалыңдығымен қалай жуысқанын да
адам білмейді. Ол туралы Жидебайдың да, өзгелердің де
мағлұматы жоқ еді.»

Осындай аңғалдау, қорғаншақтау болып өскен момын
Жидебай «ауылнай совет» Көпжасарға орынбасар болып
сайланады. Орынбасар деген аты болмаса, жуас Жидебай
ел сөзіне араласуға, жұрт басқаруға бел шешіп, білек сы-

бана кірісуге батпайды. Сүйтіп жүріп, ауылнай жоқта бір
күн сайлау болып, оны басқаруға Жидебай шақырылып,
баяндама жасауға келгенде оның мұндайға ебі жоқ
екендігі байқалып қалады:

«– Кәне, жолдас! Баяндама жасайсыз! Шақырғанда неге
келмейсіз? Осындай қызмет бола ма екен? – деп мұрт зекіп
ұрысты.
...Жидебай дірілдеп, тәлтіректеп, көзі жыпылықтай

береді. Жұрт күтіп отыр. Дыбыс жоқ. Жидебай сілейіп тұр.
Аузына сөз келмеді. Жүрегі аузына тығылды. Аузын ашса,

бәрі бас салып ұстап алатындай көреді. Жидебай тұрып-
тұрып, әлден уақытта аузы кемсеңдеп, бет аузы тыржиып:

– Ағайлар-ау! Мен не жаздым?! – деп отыра кетті. Жұрт

ду күлді»/130/.
Осылай, баяндама жасауға да батылы бармаған бас
кейіпкер күндердің күнінде зауыт орналасқан қалаға жол
шегеді. Мақсаты – осы зауытта жұмыскер болып істейтін

бөлесін сағалап жұмысқа орналасу. Өзі ұста Жидебай бұл
жерден екі қолға бір жұмыс табылар деп үміттеніп келеді.
Зауытты көргендегі оның басына келген ойды қаламгер
былайша келтіреді: «Митыңды қара, митыңды! Сонау

митыңдарды қалай істеп, қалай орнатты десеңші! Орыс
иттің өзі бәлекет-ау! Соның басына шығарам деп жүргенде
біреуі құлап өлмей ме екен? Бәлекеттердің аяғына киіп
алатыны бар-ау деймін. Ділгірам ағашының басына

корықпастан өрмелеп шығып кетеді ғой. Басы айналмайды-
ау шіркіндердің! Өзіміз қазірет марқұмның тамын
соққанда кісі бойы қол ұсыным жерден зәреміз қалмаушы
еді... Тегінде бұлардың білетін бір дуасы бар шығар...

«Құлқуалда» емес қой. Там соққанда құлқуалданы айтсақ
та, көзіміз қарауыта берді ғой...» /41.Б.106-111/.
Зауытта ұста болып жұмыс істей жүріп Жидебай көп
нәрсеге көзі ашылады. Өзі сияқты жұмыскерлермен бірге

жиылысқа барып, топқа кіруді, сөз сөйлеуді үйренеді. Ең
бастысы – газеттің не екенін көреді. Үлкендер оқитын мек-
тепке кіріп, хат таниды. Оның қара танығанын, әріптердің
басын қосып оқығанын да көсемсөзші жеңіл әзілмен

суреттейді. Нанымды жеткізеді. Соңында жиылысқа кіріп,
ел ісіне араласып, ысылған, көзі ашық Жидебайдың баян-
дама жасағаны сөз болады.
Аймауытұлының «Қойшы Тастамақ» пен «Жидебайдың

баяндамасы», сондай-ақ «Өзгермесе бұ не?» /41.Б.142-145/,
«Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды»

/41.Б.137-139/, «Оралдан пойыз өткенде» /41.Б.161-163/ тәрізді
очерктері – ортақ тақырыптың аясына сыятын бір үндес, бір
сарындас туындылар. Олардың айтар ойы, сілтер бағыты
бір ғана тоқтамға келеді: жаңа өмірге аяқ басып, әлеуметтік

теңдікке ұмтылу, сауаттылыққа бет бұру, еңбекке иек арту,
т.с.с.
Бұл очерктерде оқырманды әуелден баурап алатын,
жалықтырмай, еппен жетелеп отыратын, оқушы қауымды

қызықтырып, еліктіріп әкететін әлденеше эпизод кездеседі.
Бірақ оларға автор көп үңіліп, кеңінен тоқтала бермейді,
детальдарға нақты түсінік айтып жатпайды, оның орнына
белгілі бір сыпатты штрихтер келтіріп, сюжеттік желісін

үзбей жетелеп отырады.
Осы бір шағындау очерктері газет бетіне арналып
жазылғандықтан және газет көлемі шектеу қоятындықтан
шығармаларында көп дерек, мол айғаққа жүгінбейді. Әйтсе

де, Жүсіпбектің осы тұрпатты очерктері жинақы, толым-
ды жазылғандықтан қазақ публицистикасындағы алғашқы
очерктердің бір үлгісі деп атап айтуға болады. Әсіресе
Аймауытұлы портреттік очерктер жазуда өзгеше қолтаңба

қалдырған. «Жидебайдың баяндамасы», «Өзгермесе бұ
не?», «Қойшы Тастамақ» және «Нағима» /41.Б.168-173/
атты портреттік очерктерінде адам мінезінің жеке бір
ерекшелігін көрсете отырып, оқиға барысында іс-әрекетін

нақтылай түсу әдісін Жүсекең мол қолданады.
«Очерктік шығармашылықтың табиғаты мынада:
портреттік және проблемалық очерктерде бөліп тастай-
тын айқын шекара болмайды. Белгілі бір әлеуметтік

топтың типтік өкілінің портретін жасай отырып,
халықтық идеал үшін, ақиқат пен әділдіктің үстем бо-
луы үшін және... әр түрлі қоғамдық топтарға біріккен
адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас үшін өзінің

кейіпкерін күресте алдыңғы қатарға шығаруға міндетті»

/342.Б.199/ деген теориялық тұжырымға жүгінетін
болсақ,
Жүсіпбек
Аймауытұлының

20-жылдарда
жазылған очерктері аталған талаптардың қай-қайсына
болсын сай келетінін байқай аламыз. Жүсіпбек сияқты
оқырман жұрттың ілтипатына ілінген көсемсөзшілер

1920–1925 жылдар аралығында саусақпен санарлық қана
болғанын еске алсақ, публицистің көркем очерк сияқты
үлкен шеберлікті талап ететін, күрделі жанрда жаңа
сүрлеу салғанына көз жеткізуге болады.

«Өзгермесе бұ не?» /41.Б.142-145/ деп аталатын очеркі
де – жоғарыдағы шығармалармен тақырыптас, сабақтас
көркем туынды. Мұнда да жуанның әлімжеттігін көрген
аз ағайынды, жалғызілікті Соқпақбай деген адамның

төңкеріске дейінгі ауыр тұрмысы, қиын халі әңгіме болып,
аяғында он екі жыл өткен соң Сембай сияқты ұлы «ме-
лейсей болып шапқылап, байлардан көлік, азық жинап»,
өзі «шалқиып отырып, «копкин» шәй ішуге» қол жеткені

айтылады. Бұл да жинақы, бас-аяғы біртұтас, тартым-
ды тілмен жазылған шағын портреттік очерк. Осы ретте
оның қаламынан туған очерктердегі Жидебай, Соқпақбай-
Сембай, Тастамақ, Нағима, Қызылбике сияқты образдар

азды-көпті, бар қасиетімен қалың қазақ оқушысының ал-
дына тартылып, автор жаңа заманда ел ішінде бір оянудың
бар екенін, өзгерістер заманының келе жатқанын аңдатады.
Көсемсөзші «Соп-соп» деп аталатын тағы бір портреттік

очеркте өзінің өзгеше қолтаңбасын тағы бір танытады.
Жалпы, «көркем әдебиеттегі сияқты публицистиканың
образды құралдарының жүйесінде көркемдік деталь,
айқындау штрихтері аса маңызды роль атқарады. Бұлардың

көмегімен автор белгілі бір суретті, оқиғаны, адам бейнесін
нанымды
етіп
қалыптастыруға

тырысады»/339.Б.101/.
Жүсіпбектің де публицистиканың осы іспеттес образды
құралдарын үйлесімді қолданғанын аңғару қиын емес.

Мәселен, бас кейіпкер – Құлтуманы бірінші тараушада бірінші жақтан сөйлетеді. Ал екінші тарауша тек диалогтан құрылған. Үшінші – соңғы тараушасында монолог пен диалогты сабақтастыра қатар қолданып, ықшам очеркті өте қызғылықты етіп аяқтаған. Бірінші тараушада Құлтуманың монологынан оның көңіл-күйін, сезім буырқанысын дәл байқай аламыз: «Сопсоп, соп! Өй, иттің малы! Қарашы! Бораздамен бір дұрыс жүрмейді! Мал иесіне тартады деген ып-рас қой, көрмейсің бе қасақысын?.. Соба, о-соба! Енді былай қарай қиғаштады. Тым болмаса өгіздің басын жетектейтін бала да бермейді. Балаға артық ақы кетеді деп жаны шығып барады. Табаныңан таусылып, жасыңа жетпей қартайып салпаңдап жүргенің... Сатып алған құлыңнан жаман ақырады. Бұл бай антұрғанда биттей мейірім болсайшы...» /41.Б.176-178/. «Соп-соп! – Таста соп-соп-ты! – дейді әлдекім». Бұл «әлдекім» – белгісіз, лирикалық кейіпкер Құлтумаға қуанышты жаңалық жеткізеді. Шағын диалогтан ұққанымыз: «төңкерісшілер тобы келіп, кедейлерді жинап, топ құрып жатқандығы, орыстың да, қазақтың да байларын өкіртіп жерін, малын кедейге әперіп жатқандығы...» Үшінші тараушадағы Құлтуманың монологынан оның көңіл-күйінің өзгергендігін бірден байқауға болады; «Соп-соп! Өй, мың болғыр! Жарықтығым осы көк өгіз ғой көсегемді көгертетін. Бүгін аман болса, талай жердің қыртысын қопарам ғой!... Бозторғай шырылдап, жер құлпырып, тамылжып тұрғанын көрмейсің бе? Соп, жарықтығым, соп!» Өзінің меншікті көк өгізімен жер жыртып жүрген Құлтуманың көңілі көтеріңкі, даусы жарқын. Табиғаттың да пейілі кеңейіп, «күншығыстан самал есіп, қып-қызыл алтын күн шығып келе жатқандығын» көреміз. Автор кейіпкердің

сезім пернесі, көңіл ауанымен бірге айнала ортаның да
құлпырып, жайнап кеткенін астастыра жеткізеді. Бұл да
Жүсіпбек дарынының бір қырын, көсемсөзші шеберлігінің
бір артықшылығын аңғартса керек.

«Соп-соп!» – өзінің сонылығымен, жаңа формадағы
бір қырымен ерекшеленген очерк. Публицистика тео-
риясын зерттеуші В.Здоровеганың «публицист кейіннен
ойлаудың өзгеше стереотипіне айнала бастайтын дәл,

образдық мінездерді қалыптастырады» /339.Б.93/ деген
сөзін еске түсірсек, оның осы секілді образдары өзінің
тұстастары мен өзінен кейінгі көсемсөзшілерге де әсер
еткендігін аңғаруға болады. Тіпті Б.Майлиннің кейінірек

жазылған әйгілі «Ыбыраймысың? Ыбыраймын» атты ди-
алогты өлеңі «Соп-соп!» очеркімен формалық жағынан
да, кейіпкерді даралау әдісімен де үндесіп жатқандығын
аңғару қиынға түспес.

Ендігі бір өзгеше көсемсөз шығармасы «Оралдан пой-
ыз өткенде» /41.Б.161-163/ деп аталады. Бұның жанрын
тану жеңілге соқпаса керек, десе де, ондағы образды сөз
жүйесінің ерекше көзге түсіп, өзінің тұрақты белгісін

көрсететінін байқадық. «Факт, эпизод, оқиға сөздің суреті
арқылы ашылатын, бөлек кейіптегі ақпаратты жанр сурет-
теме» /41.С76/ деп аталатын болса, көсемсөзшінің «Оралдан
пойыз өткенде» атты дүниесі өзге жанрлардан гөрі суретте-

меге аса жақын екендігін аңдадық. Суреттемеде кестелі сөз
өрнектерін, сәтті теңеуді, қанық бояуды көре аламыз:
«Пойызда газет оқып жатыр едім...

– Түу-у!.. Мынаның тамашасын-ай!.. – деді біреу.

Терезеге қарасам – Орал екен!» – деп басталатын жол-
дардан кейін автордың Орал тауының бітімін, қалың ор-
манын, ну тоғайын, оның пойыздан қарағандағы ерекше
көрінісін тамсана отырып суреттеп жазғанын алдыңғы

планға шығарсақ, табиғат құбылыстарының бейнелі

желісіне орай шығарманы натуралдық суреттеме деп айта
аламыз /342.Б.80/. Мысалы, сөз зергері жүйрік поездың тау
қойнауына кіріп бара жатқандығын былайша кестелейді:
«...Кірген сайын асқарлар басын аспанға созады. Анадай

көрінген алыптар заматта зорлап алдыңа келеді. Аузын
ашып, бауырына басып жұтып қоятындай көрінеді. Жұта
алмайды. Жіптіктей жолмен жыланша бұраңдап, әр жерден
бір шаң беріп, сағатына 40 шақырымды артына лақтырып

өжет пойыз сыпылдап өте шығады...» /41.Б. 161-163/.
Ол уақытта қазақ даласына шойын жол салынып,
поездың келуі айрықша оқиға болғаны белгілі. Осыған
орай ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ әдебиетінде,

ел аузында айтылып жүргендей, пойызға «қара айғыр»,
«отарба», «шайтан арба» және т.с.с. аттар қойып өлең-
жырға қосқандардың болғаны да мәлім. Аймауытұлы
поезға ат қоймайды, айдар тақпайды, оған бұл керек емес.

Оған пойыздың іс-қимылы, жылдам жүрісі керек, поезд
жүрісімен астасқан оның ішіндегі жолаушының көңіл
әсері керек. Автордың бөлек танымын мына бір жолдардан
тануға болады: «...Заңғарды жүлгелеп пойыз тар аңғарға

сүңгіп барады. Міне, Сақмардың алып қашқан бойлауық,
салқын өзені. Сақмардың кемеріне мінбелеп, суға төніп,
пойыз зымырап келеді». Немесе: «...Құдай қысқандай тар
жермен қысылып, «сират көпірінен» өткендей елбелек-

теп пойыз келеді. Үстіңнен тау құлайтын тәрізді, астыңда
Сақмар суы жұтатын тәрізді, әлденедей қорқыныш сезген-
дей боласың. Жырынды пойыз бірін де елең қылмайды: та-
уды жарып, тасты бұзып, ой мен қырды көктей өтіп, жол-

сыздан жол салып, үкідей ұшады». Немесе: «...Мұрнынан
түтін атып, аузынан жалын шашып, өзіндей он азбанды
ойдан қырға сүйретіп алып қара келеді».
Жүйрік пойыздың ішінен көріп отырған сыртқы

көріністерді қаламгер тартымды суреттейді. Кейіпкер

бейнесі
көрінбейді,
оқиға
барысы

баяндалмайды,
керісінше, «арасынан ине өтпестей иін тірескен жыныс
орманның тұтасқан жасыл бастары», «қолдың саласын-
дай сандықтанып тұрған өрім-өрім ақ қайың», «басы-

на көз жеткісіз көкпең-көк қия тас», «арыстандай тулаған
Сақмардың асау суы» көз алдыңа келеді.
Қазақтың бай тілін еркінше сапырып, жарасымды
пайдаланған Жүсіпбек суреткердің керемет теңеулері,

өзгеше сөз өрнектері оның асқан дарындылығын та-
нытса керек. Мұндай пейзаждар «Ақбілек» романы мен
«Күнікейдің жазығы» повесінде мол ұшырасатындығы
белгілі. Ал «Оралдан пойыз өткенде» суреттемесінен

мына сияқты теңеулерді келтірсек те, аздық етпес: «Міне,
бір домалақ таудың төбесінен етегіне шейін ұстарамен бір
сыпырып қалғандай ағашын отап тастапты». Мұнымен
бірге: «жолақтың бетінен домалаған, отаудай дөңбектер»,

«...судай тегіс, дастарқандай жазық жасыл беткей...» деген
теңеулері табиғат келбетін кісінің көз алдына әкелу үшін
ұтымды қолданылғанын айту керек.
Суреттемені оқи отырып, өзгеше бір үмітті, жаңа заман

әкеле жатқан жаңалық лебін сезесіз. «Қоңыр шолақ өгізінің
мұрны пысылдап, анда-санда сауыс құйрығымен екі
етегін қамшылап, қойын қаптатып келе жатқан қойшыны»
көргенде пойыз ішіндегі лирикалық кейіпкер «айшылықты

алты басқан алып қараға олар да бір кезде мінер ме екен»
деп арман етеді. Пойыз сияқты жаңа заман белгісін олар
да көріп, жасымаса екен, келешекке ұмтылса екен деп
үміттенеді. Суреттеменің соңы үлкен леппен, үмітті жол-

дармен аяқталады:
«– Біз енді оқимыз... Біз де тұрмысымызды өзіміз
түзетеміз, – дейді қазақтың жалшысы.

– Айтқаның келсін! – деймін де жалшымен әңгімеге

кірісемін.

Орал былай қалады» /41.Б.161-163/.
Ел тіршілігін сыпаттай келе, қаламгер жаңа уақыт үніне
құлақ салады. Суреттемеден келешекке мол үміт артқан
қазақтың көңіл ауаны танылады.

«Жанрларды саралау, жанр молдығы өмір-болмысты,
тыныс-тіршілікті бүкіл бітімімен, даму тенденциясы-
мен шебер ашып көрсетуге септігін тигізеді. Жанрлар-
ды түрлендіре қолдану нәтижесінде барлық шындық

тұтастай, жан-жақты ашылады» /344/ деген байлам
бар публицистика теориясында. Олай болатын бол-
са, осы тұрғыдан алып қарағанда қазақтың ұлттық
демократиялық баспасөзін қалыптастыру барысында

Жүсіпбек Аймауытұлы 1920–1929 жылдардағы газет, жур-
нал беттерінде қазақ көсемсөзінің жанрын, түрін, форма-
сын байытуға ұмтылып, әр жанрға өзіндік ерекшеліктер
енгізуге ниет етіп, тар соқпақтан шығып, тың сүрлеуге

жол ашты.
«Жапырақтар» деген натуралдық суреттемесінен
(«Қазақ тілі» газеті, 1926, 9-январь) де көсемсөзшінің
кестесі нақысты, тілі шырайлы сөз өрнегін көреміз. Те-

резе алдындағы тар шарбақтың ішіндегі екеуі егіз, бірі
дара ағаштың түйіскен бастарындағы құшақтасқан
жапырақтардың
қимыл-қозғалысын,

судырын,
суы-
лын суреттеген автор сол арқылы адам көңіл-күйінің
иірімдерін көрсеткен. Мұнда да нәзік үміт бар, мұнда да

көңіл түкпіріндегі алаң мен қуаныш сезіледі.
Жапырақтарды суреттей отырып көсемсөз иесі қазақ
жеткіншектері жетілсе екен, жапырақша жайқалса екен
деген тілегін аллегориялық тәсілмен шебер береді.

Қандай жанрда болсын Аймауытұлының тың жосын,
жаңа леппен жазуға ұмтылады. «Байқамаған адам
жапырақтар суылдағанға бәрі бірдей қозғалып тұр екен
деп ойлап қалатын. Сығалап қарай бастасаң, ол ойың

бекер болып шығады» деп жазады ол, публицистің
аңғарымпаздығына еріксіз тәнті боласың. Мәселен, ав-
тор былай деп жазады: «жел жақтағы жапырақтардың
кейбір шоғы да желге қасқайып, кеудесін төсеп тұрғанын

көресіз. Мұнда не сыр бар десеңіз, қайыспайтын
қажырлы бұтаққа жуантық сабағымен жабысады екен.
Бұлар желге қырын келмей, жонын беріп, біріне бірі иін
тіресіп, селбесіп, берік қабысады екен». Расында да,

бір қараған кісі аңдай қоймайтын сурет. «Төңіректегі
әлемнен хабар естілсе, адамның құлағы селт етеді,
ағаштың жапырағы селтеңдейді: жапырақ – ағаштың
құлағы» деп түйін жасайды қаламгер. Оның айтуынша,

жапырақтар «адамша сытырлап, үн қосып, ұрандасып
шуласады». Оның солмауын, жайқальш өсе беруін, су-
ылдап үн қосуын тілейді. «Мен жапырақтарды сүйемін,

– дейді автор, – Жапырақсыз жаз бола ма? Бар үмітің –

жапырақта».
Мағжан Жұмабайұлының «Балапан қанат қақты» ата-
латын шағын ғана аллегориялық туындысында /345/
осындай реңк, осындай көңіл-күй, мұң мен күдік ара-

ласа шоқтанған үміт бар. Жүсіпбектің «Жапырақтар»
суреттемесі ілгеріректе жазылған осы шығармадағы үмітті
жандырып, оған сенім ұялатып, келешекке деген үлкен
ұмтылысты көрсететіндігі байқалады.

Сонымен бірге «уыз қымыздың майда, ақшыл көбігіндей
буалдыр, шарбы бұлтттар», «жапырақта ай сәулесіне та-
надай жалтырап, көбелектің қанатындай желбіреп» не-
месе «арба астындағы шыбын қаққан бұзаудың құлағы

тәрізденіп әрең-әрең, анда-санда бір селбеңдеп, қыбырлаған,
ең төменгі бұтақтағы жапырақтар...» деген сәтті теңеулерді
де келтіре кеткен орынды.
«Жапырақтар» суреттемесіндегі жел суылы, жапырақ

сыбдыры, т.с.с. табиғаттағы өзгеше көріністер және осыған

ұқсас сурет бояулары Жүсекеңнің «Ақбілек» романындағы
Ақбілектің Қарамұрттан қашып, қалың орманға кіріп
кетіп, адасып жүргендегі кейбір суреттерге ұқсас екендігін
айта кету керек /346/. Тек ондағы Ақбілектің көңіл-күйі

үміт пен қорқыныш араласқан дегбірсіз, алағызған сыпат-
та екендігі болмаса, ондағы жапырақ, жел, түн баласы,
ай сәулесі, қараңғылық және т.б. суреттер «Жапырақтар»
суреттемесімен

сабақтасып,
астасып
жатыр.
Әсілі,

қаламгердің адам сезімін табиғат көрінісімен, қоршаған
ортамен
нәзік
қиюластырып,

шебер
жымдастырып,
психологиялық иірімдермен оқушыға ұсына білуі сезім
тереңдігінің, сөз ұсталығының тағы бір белгісін танытса

керек.
Аймауытұлының тағы бір ерекше көсемсөз шығармасы

– «Лениншіл жас» журналының 1926 жылғы 1-2 санының

«Шаруашылық бөлімінде» басылған «Боранды болжағыш
әулие (Барометр)» деп аталатын туындысы. Жанрлық
ерекшелігін екшейтұғын болсақ, аталған шығарманың
проблемалық очеркке жататындығын аңдауға бола-

ды, үйткен себебі, онда «жаңа мен ескі, прогрессивтік
идеялар мен консервативтік идеялардың және олармен
бірқатар характерлердің бетпе-бет келуін» /342.Б.200/
анық бағамдай аламыз. Әсіресе публицистің қыстың көзі

қырауда, сақылдаған сары аязда ауа райын болжаған халық
танымының түтеген боранның аяқасты пайда болуын көп
жағдайда біле алмай қалатынын өзінің бала кезінде көрген-
білгенімен орайластыра, жүйелі түрде әңгімелей отырып,

кейіннен барометр атты аспаптың бар екенін естігенін,
оны көп қылып шығарып, шаруа қамы үшін іске асы-
ру керектігін сөз етуі дер уағында қозғалған проблема
екенін қадап айтқан ләзім. Мұнда прогрессивтік ойлардың,

өмірлік мәні бар, әсіресе екі-үш күн дамылсыз соққан алай-
түлей бораннан жұтқа ұшырап жатқан елдің тіршілігіне

қажет мәселелердің қозғалуы көсемсөз шығармасының
проблемалық очеркке жататынын көрсетеді.
«Боранды болжағыш әулие» очеркінің қалай, қай кез-
де жазылғандығы жөнінде ғалым Бейсенбай Кенжебаев

қызғылықты естелік қалдырғанын да айтпай кетуге бол-
мас: «...Ертеңіне Жүсіпбек редакцияға келді. Үлкен бөлмеде
отырған төрт-бес кісінің бәрімен қол беріп, амандасып
шықты. Жай-күй сұрасты:

– «Жігіт келсін іске!» деген ғой, кәне, мен істей отыра-

тын жұмыстарың бар ма? – деді.

– Дәл қазір істей қоятын жұмыс жоқ. Қайтқаныңызша

бізге лайықты бірер әңгіме, мақала жазып берсеңіз, оң бо-
лар еді, – дедім мен.

– Е, әңгіме ме, қазір! – деп Әуеш отырған столдың

бір бұрышына барып отырып бірдеңе жаза бастады.
...Біраздан соң қасына барып қарадым. Шынында да ой-
ланып, шұғылданып жазып отыр екен. Бір кезде «Бо-
ранды болжағыш әулие» атты шағын әңгімені қолыма

ұстатты»/347/.
Бұл орайда Аймауытұлының шығарма жаза білу
машығындағы екі үлкен қасиетін біле аламыз: әуелі
Жүсіпбектің баспасөз сияқты жеделділікті талап ететін,

күрделі салада шұғыл, оперативті жазатын, таптырмас жур-
налист екендігі аңғарылса, екіншіден, көркем очерк тәрізді
аса үлкен жауапкершілікті жүктейтін, публицистикалық
шығарманы аз уақытта жоғары деңгейде жазып шыққан

дарын иесінің тағы бір айрықша қыры көрінеді.
«Проблемалық очерктің образды түрде басталуы
міндетті болып саналады»/342.С201/ деген тұжырымды
«Боранды

болжағыш
әулие»
очеркі
нақпа-нақ

куәландыра алады. Былайша басталады: «Есімде бар.
Бала күнім. Жер сіреу қар. Ызбарланып аспанның ажары
бір кірмейді. Мұнартып сазарады да тұрады. Күн шықса,

күнмен бірге шаңыт шығады. Найза бойы көтерілгенше күнді шаңыт басып, шеңгелімнен жібермеймін дегендей, аспанға өрмелеп барып қалады. Кейде күн ербиген екі құлағымен тұрады. – Құлақтануы жаман, тағы бір боран болмай қайтер дейсің, – деп қарт әкем күшеніп кейіп қалды»/41.Б.89-92/. «Егер көркем образды шартты түрде бейне-суреттеме деп атайтұғын болсақ, онда өзінде көркем образ бен ой жүйесінің публицистикалық логикасы астасып жатқан көркем-публицистикалық образды образ-анализ ретінде ұсынуға болады»/348/ деген пікір де осынау очеркке қатысты пайыммен үндесіп жатыр. Және Аймауытұлы проблемалық очеркін бірінші жақтан, өз атынан жазады. Шығарма өзегі етіп өзінің бала кезіндегі қырдағы ауыл тұрмысын, қыстаудағы ел халін, тебінге шыққан малды, ұлыған боранды, жұтқа ұшыраған халықты жаза отырса да, автордың өзі бас кейіпкер ретінде танылады. Көркем-публицистикалық жанрдағы бұл тәсіл ежелден бар екендігін белгілі болса да, бұл мәселені арнайы зерттеген, «публицистикадағы автор образы – біздің ғылымдағы терең зерттеле қоймаған тақырып» деп білген В.Здоровега «автор – публицистиканың айрықша кейіпкері» /339.С.1І0/ деген тұжырымын алға тартады. Расында да, Аймауытұлының өзі айрықша кейіпкер ретінде очерктің бас-аяғын жұмырландыра, жымдастыра ұстап тұрған өзіндік образ екендігін аңғармау мүмкін емес. Сонымен қатар суреткердің очеркті жазу барысында қыстыкүнгі мал тебінін суреттеуі де шынайы әрі қызғылықты. Жалпы, қыр суретін, ел тіршілігін бейнелеуде Жүсіпбектің өзіндік стилі, терең танымы даралана түсетіндігін баса айта кеткен жөн. «...Адырдың бауырына жеткен соң қойлар үйір-үйір ұйлығып, жерді тесіп

жіберетіндей, құйтымдай аяқтарын шылтыңдатып, қарды
бұрқыратып, қадалып тебе бастады, – деп суреттейді ав-
тор, – Сиыр көденің басын шалып, аузына түк түсіре алмай,
жүйткіп олай да, бұлай да кетеді. Біз айғайлап жүгіріп, қарға

малтығып, жығылып, кейін жүріп қойға таман қайырамыз.
Қойдың арасы қора, пана, жылы; оларда ұйым бар, олар-
да еңбек бар. Олардың қар теуіп, қаужаңдап бетеге, жау-
ылша, жусанды аршып, аузы шөмеңдеп жегені де қызық.

Қарағың келеді. Сиырда пана да жоқ, ұйым да, еңбек те
жоқ... қойдың аршып кеткен кейбір көделеріне көмейі тола-
ды: қойдың сарқытын сиырып жалайды...»
Қаламгердің ақтүтек боранды бейнелеп жазуы да

ерекше. Бұл жерде Аймауытұлының суреттеген бора-
ны Әуезовтің «Абай жолындағы» Абайдың Шыңғыстау
ішінде адасқан қарлы дауылына әсте ұқсамайтынын,
көсемсөзшінің өзгерек, өзіне тән стильде жеткізгенін

көруге болады: «...Сиырға біз де жеттік, боран да түтеп
кетті. Жел құтырды. Алай-түлей. Түк көрінбейді. Етектен
кірген жел тұла бойды кеуледі, ауызды ашып айғайласақ,
боран қақалтып, дауысты шығармайды. Анда-санда бір

сиыр қараң етіп қалады. Ағам екеуміз бір-бірімізді көре
алмай қаламыз. Жел өзімізді ықтырып, домалатып бара-
ды. Қар топаны қаптады, біз топанның ортасында қалдық.
Сиыр қайда, жанымызбен қайғы болдық... Аяғымыздың

астын сығалап, жол іздедік. Әлден уақта жолдың шиыр
болған қары тәрізді көлденең сорап ұшырады. Сораптың
кей жерін кесе қар басып, кей жері көрініп қалады».
Проблемалық түйінге жеткенше, оның төңірегінде

өзінің ұсынысын айтқанша автор ел тұрмысын, мал тебінін,
соққан боранды, өлген малды, қамыққан елді шын сы-
рын айтып, шырайлы тілімен жатық жеткізеді. Оқушысын
жалықтырмайды. Мұнымен бірге сол замандағы кісілердің

ауа райын бағып отырғандығы және айтқан болжамдары
шындықтан алыс кетпейтіндігі елең еткізерлік: «...Біз үйде
асық ойнап отыр едік, әкем тысқа шығып келді де:

– Темірқазықтан бір ұшпа бұлт шықты. Тоқымдай-

ақ бұлт. Бірақ түсі жаман. Тастаңдар асықты. Малға
барыңдар! – деді». Әйткенмен борасын жүріп, кей кез-
де тым шұғыл, алай-түлей көтерілетін боранды болжау
оңайға түспесе керек. Биенің екі-үш сауымынан кейін

боран ашылып, ығып кеткен малдың соңынан кеткен ел
қырдағы сиырдың жарымынан астамы боранға ұшып,
адасып өлгенін көреді. Мұны көрген бала Жүсіпбек:
«...Боран боларын күні бұрын білетін амал болса, мал-

дан бүйтіп қапыда айырылмас едік-ау» деп ойға кетеді.
«Бірақ қайыпты әулие болжайды, жай пенде білмейді
деп иман келтіріп, боранды болжаудың амалын таба ал-
май қаламын» деген, соған сенген бала көңілі есейген

соң өзгереді: «...Содан кейін ержетіп, қалаға барып оқу
оқыдым. «Пизике» деген кітапта «барометр» деген бір
аспап жайын оқытушымыз әңгіме қылды. Күннің райын
қалай құбылатынын күні бұрын көрсетіп тұратын осы-

нау аспаптың қандай екенін айтып көсемсөз иесі қалың
оқырманға түсінікті етіп жеткізеді. Мал бағып, шаруа
істеп отырған нағыз қазақ сықылды елдің қолы екенін
айтады. «Осы аспапты қазақ ауылы сатып алса, несі

кетеді? Бір қараның құнына да тұрмайтын шығар» деп
ұсыныс жасайды автор. «Егін салсаң да, орсаң да, шөп
шапсаң да, мал бақсаң да, жол жүрсең де, қи ойсаң да,
кір жусаң да, қора қаласаң да, қысқасы – не істесең де,

күннің ашық, бүркеу боларын күні бұрын біліп отырса»
деген ойын білдіреді.
Публицистика
зерттеушісі

Б.Стрельцовтың:
«Проблема-лық очеркте автордың жеке ролі белсенді
түрде және айқын болады. Ол оқушыларға түйінді

мәселенің шешімін бірге ойласып табу үшін оларға
ұсыныс жасағандай тікелей әңгімеге көшеді»/342.С.201/
деген пайымы мен пікірі дәл осы «Боранды болжағыш
әулие» проблемалық очеркіне қатысты айтылғандай

көрінеді. Үйткені Аймауытұлы очерк соңында түйінді
мәселені шешуге ұсыныс жасап, оны: «...Барометр көп
болып табыла ма екен? Құны не екен? Шаруаның қамын
жеуші. ...Каперетіп ұйымдары барометрді топтап алып,

елге неге сатып таратпайды екен? Мұным қиял ма?
Өмірге пайдалы іс не? Байқаңыздаршы!» деп аяқтайды.
Көсемсөзші сол замандағы қазақтың шаруа қамы үшін
аса зәру аспаптың елге керек екендігін айтып, күрделі,

өзекті мәселені қозғайды. Және оны жай айта салмаған,
проблемалық, көркем очерктің тамаша, жоғары деңгейдегі
үлгісін жазып шыққан. Публицист шеберлігінің анық уәжі,
айқын мысалы осыдан да байқалады.

Жүсіпбек –
әдебиет сыншысы және фельетоншы
Көркем әңгімелерінде ғана емес, очерк пен фельетон-
дарында ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы

атқамінерлердің,
ауыл
мұғалімдерінің,
партия-совет

қызметкерлерінің образын сомдап шығарған Жүсіпбек
Аймауытұлының шығармашылық мектебі – кейінгі
дәуірлердегі жас публицистерге үлкен үлгі болып табылмақ.
Оның жазған көркем очерктері, сатиралық әңгімелері, фе-

льетондары кең тынысты «Қартқожа» мен «Ақбілек» ро-
мандарына жеткізетін шырайлы көркемдігі бар, шымыр
шығармашылық баспалдақ болды.
Көркем очерк жайында, әсіресе оның жанрлық

ерекшелігі, сыр-сыпаты мен формалық жаңалықтары
туралы әртүрлі тұжырымдар мен пайымдаулар, да-
улы пікірлер мен соны ұсыныстар әлмисақтан келе

жатқандығы мәлім/356/. «Расын айтсақ, очерк түрлері
жөнінде зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ»
/357/
деген

пікір
білдіреді
баспасөз
зерттеушісі

Т.Ыдырысов. Дегенмен, очерктердің ішінде жолса-
пар очеркі баспасөзде де, оның теориясында да берік
орын алғаны ешкімнің күмәнін туғызбаса керек. Және
ол очерктің ең көне түрі ретінде де ежелден белгілі

/357/. Қазақ баспасөзі тарихында жолсапар очеркі
Ш.Уәлихановтың «Жоңғария очерктерінен» (1860 жыл)
бастау алатындығы да мағлұм.
Міне, осы тұрғыдан алғанда бұдан кейінгі кезеңдерде

қазақ баспасөзінде жолсапар очеркінің нақты, айқын
нұсқасы кездеспесе де, оған жақын, жолсапар очеркінің
элементтері араласып жатқан бірқатар көркем шығармалар
«Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде және бұлардан

кейінгі қазақ газет-журналдарында аз ұшыраспайды.
Үйткен себебі, сол шығармалардың өзінде авторлардың
саяхат сапарында жинақтаған тарихи, экономикалық,
географиялық және т.с.с. мағлұматтарына негізделген жол-

сапар очеркінің композициясы берік орын алған. Және
оларда автор бірінші жақтан, өз атынан баяндап, саяхатқа
өзін араластыра отырады. Бұрын болмаған елдің жер-суы,
тұрмысы, салт-санасы, мәдениет ескерткіштері, халықтың

өміріндегі тарихи өзгерістер автордың өзіндік талғамы,
әсері, көзқарасы арқылы баяндалады.
Сондай көркем шығарманың бірі – Жүсіпбек
Аймауытұлының «Әзірет сұлтан» (Хожа Ахмет Ясса-

уи) көркем очеркі /358/. Бұл көлемді очерк саяхаттап келе
жатқан автордың жол бойындағы көрген-білгенінен баста-
лады. Оның Түркстан қаласына келіп, Қожа Ахмет Ясса-
уи мешітін тамашалағанын оқи отырып, очерктің негізгі

объектісі болған Әзірет сұлтан кесенесінің салыну тари-
хымен, оның ішкі-сыртқы көріністерімен, сол кездегі ел

тұрмысымен, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мешітпен
таныс болып, олар туралы мол мағлұмат береді.
Бұған дейін Яссауи кесенесі жөнінде бірқыдыру мәлімет
М.Дулатұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық

көрген «Хазірет сұлтан» мақаласында айтылған. Әйтсе де,
Жүсіпбектің «Әзірет сұлтан» очеркі ондағы біраз жайт-
ты біршама толықтырып, өзінің тұтас композициялық
шығарма екенімен ерекшеленетініне де назар аудармаса

болмайды.
Жүсіпбек ауызекі әңгімелеудегі шеберлікпен астасқан,
өзінің кестелі стиліне тән, оқушыны баурап әкететін
шапшаңдықпен көркем очеркті бірден бастап кетеді: «Елең-

алаңда отарбадан түсе қап, бержебай іздескен, баурынан
жарған сым шалбарлы, қу етікті, қалпақты, көйлекті, бет-
аузы тобарсыған қу мұрын, қужақ жігіт:

– Ха, келіңіз, ортақ!... – деп арбаны нұсқап, алақанын

жайды. «Меймандос» қып тұрған «үнемшілдік ықтияты»
екенін ішің сезе қалады да, «пажалысты» дейсіз /358/.
Одан ары автордың бержебайдың арбасында «ойқыр-
шұңқыр, құмды жолмен толқындағы қайықтай батып,

шығып, екі жағына кезек теңселіп» келе жатып, жол бой-
ында «бұраң көшелі, құлаған, қиқайған» ескі дуалдарды,
«төңкерілген төрт аяқты арбасымен қатар, күйсеген қос
қоңыр өгізінің құйрығын жастана, шидемін айқара жа-

мылып» жатқан адамды, «екі тартпасын дуал түбіне та-
стай беріп, өзекте ... талтайып, дамбалын байлап» тұрған
қазақты көргенін жазады. Таң алакеуімнен бес-алты
шақырымдағы Түркстан қыстағына жеткенге шейін

аралықтағы көрген тосын жайттарды жіпке тізгендей ала
бермей, публицист бұл очеркінде де табиғат мезгіліне
тоқталып, байқампаз суреткер екенін танытады: «...
Бозарған таң қара түнді батысқа қарай сырғытып барады».

Түркістанға кіріп келе жатқанын да автор өзгеше

мәнерде жазады: «...Қыш тамдар андағайлай береді.
Анда-санда жерде топырақ томпаяды. Томпайса – басын-
да алақандай қураған ақ шүберек желбеңдейді. «Әулие»
екен дейсің. Сайрамдағы «сансыз баптардай» мұнда да

«әулиеден» аяқ алып жүргісіз екен».
Қаламгер қыстақтың тұрмыс-тіршілігін, ондағы ағаш-
тал, жер-төлелерді суреттей келіп, Әзірет сұлтан мешітіне
арнайы бас бұрады: «...Тапалтақ тамдардың ортасын-

да Әзірет мешіті алыстан таудай бір заңғар боп көрінеді.
Төбесінде ерейген-сорайған еш нәрсе жоқ, үш кертеш: 1)
маңдайы, 2) ұлы күмбезі, 3) кіші күмбезі.
...Қабырғаның батыс жағы шым-шидің түріндей, жасыл

ала, көк ала таңдай ирек сыр; кей жері көшкен, кей жері
тұтас. Сыры тастай қатты, шыныдай жылтыр. Бұл сырды
кермеке (керамика) деп атайды».
Әзірет

сұлтан
дүрбесін
жаза
отырып,

байқап
отырғанымыздай, көсемсөз иесі оның күмбездерін, ішкі-
сыртқы құрылысын, салыну әдістерін, т.с.с. ерекшеліктерін
екшеп алып, оқушыға түсінікті етіп, мол ақпар береді.

Мешіттің өзгеше бөлек бітімін тамаша суреттейді. Соны-
мен бірге «Сыр дегені сыртынан жапсырылған, жағылған
бояу емес, әуелде солай қылып жасалған» мешіттің
әрбір қышы (кірпіші) сол кезде Ленинградта болса, 60-

70 тиын тұратынын айтады, өзге де осы сияқты қызықты
мәліметтерді келтіреді.
Автор өзінің мешітке қалай кіргенінен бастап, не
көргенін айтып, тәптіштеп, оқушының көңілін өзі жазып

отырған нәрселерге аудартып отырады: «...Заңғар дарба-
замен жүріңкіреп барып, оюлы, нақышты темір есіктен
кірсеңіз, аспандай күмбезді, төбелі, бір бос, кең жайға
ұшырайсыз».

Немесе: «...Бұл кең жайда қазаннан басқа ешнәрсе
жоқ екен, әрі жағалайық. Жағаласақ, төрдегі есіктің

алдындағы сәкіде екі шырақшы (кәдімгі тақияшаң өзбек)
отыр» деп еліктіре, қызықтыра жазуы – Жүсіпбек стиліне
тән ерекшеліктер. «Автор «жүз кісі болмаса, қозғай ал-
мас» дегізгендей, кесе түптес, он екі құлақты, дәу, қола

қазанды, «есік аузында, төбеде абажадай», жез қаңдылды,
Әзіреттің раузасын (қабірін), қабір үстіндегі құлпыра
жалтыраған жазусыз жасыл тасты, қабір қасындағы, еш
музейде жоқ қымбат, үлкен шамдалды, қазақ хандарының

қабір тастарын, имам тұратын мақырапты бүге-шігесіне
шейін қалдырмай, қолмен қойғандай жазады.
Очерктің М.Дулатұлының «Хазірет сұлтан» мақа-
ласынан өзгешелігі де осында: мешіт ішіндегі түрлі заттар

мен көріністерді автор репортаж жанрына жүгіне отырып,
осы шақта суреттеуге, баяндауға ден қояды.
Автор қазақтың көнеден бері тартқан, бай мәдениетіне
қатысты, қымбат мағлұмат та берген: «...Одан әрі

айналсаңыз, тағы бір кішірек үйге кіресіз. Қабырғалары
ойдым-ойдым (ышқапша). Бұл жай бір заманда кітапхана
болып, 30 мыңдай кітап сақталған екен. Бұл күнде бірі
қалмапты».

Көсемсөзші бұдан әрі Абылай ханның көк тасын, Ақсақ
Темірдің мешітті салдыру тарихын, Әзірет сұлтанның
кім болғанын, Черняевтің Түркстанды алғанын, Қоқан
хандарының шежіресін, мешіт төбесінен қарағандағы

Түркстан қыстағының аумағын, табиғатын көркем тілмен
әңгіме етеді.
Сонымен бірге мешіттің қалай салынғаны жөніндегі
мәлімет осы күні де күн тәртібінен түспеген, даулы дүние

болғандықтан Жүсіпбектің бұған орай жазып қалдырған
мағлұматын назарға ұсынып, очерктен тағы бір үзінді
келтірсек, артық болмас: «...Сондай берік қыштарды қайдан
әкеліп, қалай салды екен десеңіз, қыштарды Түркстаннан

30 шақырым «Сауран» деген қыстақта жасап өртеген, Са-

ураннан мешітке шейін үш қатар адам тұрып, кірпіштерін
қолдан-қолға әперіп тұрған. 30 шақырым жерге үш қатардан
тұрғанда неше адам керек екенін есептей беріңіз. Мұнша
адамды қайдан жинаған десеңіз, Асқақ Темір ханға адам

дәргер емес, ел шауып, қолға түсірген мыңдаған тұтқындар,
кедейлер, құл-құтандар, қатын-балаға шейін өз әмірінде
болған соң адамды несін аясын?»/358/.
Сол кезде Қожа Ахмет Яссауи кесенесін Ленинградтан

келген Бошниский деген архитектордың түзетіп, қалпына
келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанынан, сол жылы 10
мың сомға мешіттің үш күмбезін, сегіз арқасын құлатып,
жаңадан өзінікіндей қылып қалап келтіргенінен хабар-

дар боламыз. Автор жергілікті жұртпен тіл табысқан,
30 мың сом қаржы кететін жұмыстарды 3-4 мың сомға
түзетіп қойған архитекторға ризашылығын білдіре оты-
рып: «Бошниский жолдастың бұл қызметін тиісті орын-

да ескерер деп білеміз» деп жоғарғы өкіметке құлаққағыс
етеді. «Бұл күнде ақша шығарып, түзеттіріп жатқан – ескі
мұра сақтайтын Орта Азия комитеті. Бұл мешітті инже-
нер Логинов көріп, 49 мың 427 сомға смета жасап, кіндік

оны бекіткен екен. Ол кезде мешіттің іргесі зерттелме-
ген екен. Енді ол ақша жетпейтін көрінеді. Жүз мың сом-
дап қаражат керек қылады» деп очеркте үлкен мәселені
көтереді.

1913 жылдың өзінде-ақ «Мешіттің бір белгі болып
мәңгіге қалуын тілеушілер болса, оны түзетуді археоло-
гические обществолардың біріне тапсырып, қайдан бол-
са да, жиылған ақшаның жарты тиынына қиянат бол-

майтын жолмен инженерлерді сол общество өзі жалдап
түзеттірсе ғана, мақсұт орындалар еді. Болмаса, енді біраз
жылдарда бес-алты жүз жыл ғұмыр сүрген Хожа Ах-
мед Яссауи мешітінің орнында үйулі бір оба томпайып

қалу ғажап емес»/358/ ­деп дабыл көтеріп, мәселе қойған

М.Дулатұлының жанайғайына арада он алты жыл салып барып, өз үнін қосқан Жүсіпбек: «Өз жерінде мұраның не боп жатқанын Қазақстан жұртшылығы да естіп-білу керек, үкіметі қолдан келген жәрдемін беру керек» деп жазады. Ұлт мәдениетінің осы бір проблемасы бүгінгі күні де қозғалып, ара-тұра өз шешімінің табылуын күтіп жатқанын еске алсақ, елінің бөтенде жоқ ескерткішіне, мәдени мұрасына жаны ашыған қазақтың екі публицисінің ертеңді ойлаған азаматтығына толық көз жеткізуге болады. «Сұлтанмахмұт Торайғырұлы» /359/ атты көлемді очеркі де – тарихи маңыздылығымен де, көркемдік дәрежесімен де құнды шығарма. Бұл очерк Сұлтанмахмұттың 1933 жылы алғаш рет шыққан шығармалар жинағында алғысөз ретінде берілген. Алғысөз соңында автордың есімі көрсетілмейді. Әйтсе де, бұның Аймауытұлының қаламынан туғаны күмән туғызбайды. Бұған әлденеше түсінік беруге болады. Біріншіден, жиырма жеті жасында көз жұмған, қазақтың дарынды ақынының соңында жиналмай қалған әдеби мұраны Жүсіпбек 1926–1927 жылдары іздеп, жинақтау мәселесін тұңғыш рет көтеріп, «Еңбекші қазақ» газетінде «С.Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар» /103.Б.233/, «Торайғырұлының жиналған сөздері» /103.Б.235/ деп аталатын, ашық хат нұсқасындағы екі мақаласын жариялаған. Екіншіден, Аймауытұлы жылы Шымкент қаласынан Баян-Ауладағы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевке жазған хатында /103.Б.259/ ақын жөніндегі көркем очерктің өзінікі екендігіне бұлтартпас дәлелдер келтіреді: «...Мен бес-алты айдан бері Сұлтанмахмүт сөздерін жинап, жақында бітіріп, реттеп баспаға, Ордаға апарып тапсырып қайттым. Махмұт сөздері Құранның үлкендігіндей кітап болды. Ендігі жылдар басылып шықпақ, аман болсақ, біреуін жіберермін».

Бұл 20-майда жазылған бірінші хатынан үзінді. Ал екі ара-
да алты айға жуық уақыт өтіп, «Ақбілек» романын бас ал-
май жазып біткеннен кейінгі Мәшһүр-Жүсіпке жолдаған
тағы бір хатынан: «...Сұлтанмахмұт сөздерін былтыр түгел

жинап, үлкен қылып баспаға бергенмін. Одан «басылды»
деген хабар алып отырмын, рас болса. Бұл мойындағы бір
міндет тәрізді нәрсе еді» деген жолдарды оқимыз.
Үшіншіден, сол кездегі атауы бойынша, екеуі де Ке-

реку уезінде туған және кейін 1917–1918 жылдары Семей-
де қатарлас жүрген Сұлтанмахмұтты, оның өмірбаянын,
өскен ортасын, туған жерін, басынан өткен халін баспасөзге
араласқан қаламгерлердің ішінде Аймауытұлынан артық

білетін адам жоқ.
Төртіншіден, және ең бастысы, көркем очеркті оқу
үстінде ондағы кестесі нақысты, тілі шырайлы сөз стилінен
Жүсіпбектің қолтаңбасы анық байқалады.

Бұл айтқандардан бөлек, ақын Дихан Әбілевтің де
естелігі бар, онда ол Жүсекеңнің 1921 жылы Баян-Аулаға
келіп Сұлтанмахмұттың қолжазбасын алып, кітап етіп
шығармақ болғанын куәландырады («Өткен күнде белгі

бар», Алматы, «Жазушы» баспасы, 1997 жыл»).
«Сұлтанмахмұт
Торайғырұлы»
очеркі

ақынның
шығармашылығына
емес,
оның

жеке
басындағы
қасиеттерге, қысқа ғұмырындағы көрген қиыншылықтарын
жазады, өмірбаянының тұтас көрінісін көз алдымызға

тартады. Бір есептен очеркте өмірбаяндық, мемуарлық
шығарма жанрының элементтері де кездесетіндігін жоққа
шығаруға болмайды.
Очерктің бағасын көтеріп тұрған ең айқын сыпат –

Сұлтанмахмұттай ақынның толық образының барынша
дәл, шынайы бейнеленуі. Торайғырұлының өлең сөзбен
жазылған тұңғыш романның авторы, қазақтың классик
ақыны ретінде әдебиетте өзінің құрметті орнын алғанын

еске алсақ, оның бейнесін әр қырынан ашқан осынау,
көлемді очерктің Аймауытұлындай сөз зергерінің атын
атауға да тыйым салған озбыр отаршылықтың салдары-
нан осы күнге шейін жарияға шықпауы ақынды тануда

бірқыдыру олқылық болып келгенін жасырмау керек.
«Бір жасында Махмұттың анасы өліп жетім қалады,
ұлы анасы Мүнтай бәйбіше баурына алады, – деп жазады
Жүсекең. – Бала күнінде Махмұт өте аңқау болады. Өгіз

бұзаулап жатыр десе, нанады. Махмұт жасынан салқам бо-
лады, киімін қайда болса, сонда тастап кетеді. Өгей шешесі
Махмұттың салқамдығына кейіп ұрысқанда, Махмұт көзі
жаудырап, ішінен тынып, мелшиіп тұрады екен.

Сондай жуас, сондай сүйкімді бала Махмұттың
жүрегінде бала жасынан шер байланады. Бір жағынан
жетімдік шері, бір жағынан бай нағашыларының сән-
салтанаты, әкесінің оларға жылқышы, атарман-шабарман

болып жүргені, құрбы-құрдастарынан кемдігі, осының бәрі
бала Махмұтты ойландырады, толғандырады».
Сұлтанмахмұттың өскен жерін – Баян-Аула тауын,
Аймауытұлы өзінің де туып-өскен жері болғандықтан,

бала жасынан жақсы таныс болып, көріп өскендіктен
шығар, тамаша суреттейді: «Аспанмен тілдескен асқар
шың, тік жартас, түпсіз құз, таудың ұшар басынан етегіне
дейін сыңсыған сыпсың қарағай, ақ қайың, барқын, мой-

ыл; қиядан ойға, ойдан орманға сүңгіп, сыбдырлап,
бұраңдаған бура бұлақ; шөккен алыптай асқар Баянның
оң қолтығында айнадай жарқыраған Сабындыкөл, сол
қолтығында түндей түнерген Шойындыкөл, жамбасын-

да тас аралды, көк құрақты Торайғыр көлі, жаз болса,
көкорай шалғын, көк балауса жасыл жапырақ, гүл, жеміс,
тау іші ың-жың аң, бұта толған жыршы құс».
Бұл кестелі сөз өрнегінен Жүсіпбек стилін қапысыз

тануға болады. Мұндай пейзаждың кейбір көріністері

«Ақбілек» романында ұшырасатыны белгілі. Соны-
мен бірге жазушының кесек шығармаларында ғана емес,
көсемсөзінде де бітімі бөлек, үйлесімі жарасқан, бояуы
қанық теңеулер жиі қолданылатынын жоғарыда айттық.

Мысалға алған үзіндіден де «шөккен алыптай асқар
Баян», «түндей түнерген көл» деген сияқты теңеулердің
сәтті екенін аңдауға болады.
Аймауытұлының жазу стиліндегі тағы бір ерекшелік

– оның әсіресе бірыңғай сөздерді біріне-бірін жымда-

стырып, үнге үн қосқандай, ерекше екпін шығарып, сөз
өрнегі іштей жарасқан бояулы, әуезді сөйлем құруында.
Мәселен, «Күнікейдің жазығындағы»: «...Өңі қашып
тұрған көк шөп, қызылды-жасылды, сарылы гүлдер де аты

бәйгеден келгендей ажарланып, құлпырып ала жөнеледі.
Шарықтаған сайын үдеткен бозторғайдың шырылы,
боталардың қоңыраудай сыңғырлаған жіңішке, сұлу,
қаяусыз зары...» /41.Б.18/ деген сөйлемдерге осы очерктен

алынған жаңағы үзіндідегі: «...Аспанмен тілдескен асқар
шың, тік жартас, түпсіз құз, таудың ұшар басынан етегіне
дейін сыңсыған, сыпсың қарағай, ақ қайың, барқын, мой-
ыл; қиядан ойға, ойдан орманға сүңгіп, сыбдырлап,

бұраңдаған бура бұлақ» деп төгілген сөздердің стильдік
тұрғыда өрнегі біріне-бірі өте ұқсас, сөз жібі ажырағысыз
екені шәк келтірмейді.
«Сұлтанмахмұт 6 жасар, інісі Бәшен 5 жасар кезінде

әкесінен оқып, еже таниды. Содан кейін әкесі өз үйінде
жеке молда ұстап, кейде ел арасындағы молдаларға беріп,
балаларын оқудан үзбейді» деп жазады автор. Ақын
жөнінде жете таныстығын көрсетіп, көп мәлімет келтіреді:

«12-13 жасқа келгенде Махмұт Мұқан молдадан оқиды.
Мұқан молда араб, парсы икейлерін қазақша айналды-
рып, өлең қылатын, біреуді мақтап, біреуді жамандап өлең
шығаратын, «арқасы» бар адам болды. Молдасына еліктеп

13 жасар Махмұт та сықақ өлең жаза бастайды (бала күндегі
өлеңдері жиналмай, жоғалып кеткен)».
Бұдан кейін Сұлтанмахмұттың Баян қаласындағы ме-
дреседен, Әбдірахман молдадан, он тоғыз жасқа келген

кезінде Троицкіде тәртіппен оқып келген Нұрғали мол-
дадан сабақ алғаны айтылады. «Нұрғали – жаңа түрдің
молдасы. «Тәржіман» газетін алдырып тұрады, ноғайша
«пән» кітаптарын оқытады. Махмұт жаңа түрде газет,

кітап оқып, жағрафия, жаратылыс, тарих сияқты пәндерден
сабақ алып, дүниенің, заманның жайымен таныс болады...
Өмірі босқа өтіп бара жатқанын ойлап, бір өз басын емес,
қазақ шәкіртінің жолына қайғырып 1912 жылы «Зарлан-

дым» деген әңгімені жазады» деген мәлімет келтіреді ав-
тор. Сұлтанмахмұттың білімге қалай талпынғанын, Омбы
шығып, Троицкіге келіп, «Януышев» медіресесіне кіріп,
бірақ аяқасты ауырып, қаражаты емдеуге кетіп, 1912 – 1913

жылдары медреседе оқып жұргенде елге жазған хатын-
да: «Қазақ» газеті шығатын болғанын, кейбір шәкірттер
шекпеніне дейін сатып, жарна салғанын, өзі екі сом
бергенін, сол жақтан да қаржы жинап жіберу керектігін жа-

зады» деп Аймауытұлы тағы бір тың деректі алға тартады.
Ұзақ очеркте Сұлтанмахмұттың шығармашылық жолы,
қай шығармасы қай кезде жазылғандығы ғана емес, оның
мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері, еңбекқорлығы, сөзге

шешендігі, әр кездегі көңіл күйі, Троицкідегі, Семейдегі,
Баян-Ауладағы, Алтайдағы, Тарбағатайдағы, Зайсандағы,
Томскідегі өмірі, ел ісіне араласуы, Бағила, Мәлике деген
қыздарға ғашық болғандығы, ақыры өкпе ауруынан қайтыс

болғаны – бәрі шет қалмай, түгел жазылған. Автордың
ақын өмірін өте жақсы білгендігі аңғарылады. Сонысымен
очерк құнды.
Жүсіпбек

Сұлтанмахмұтты
жылы
Семей
қаласындағы қазақ комитетінде бірге қызмет еткен

кезінде жақсы білсе керек, үйткені шығармада ақынның
сол жылы 10-мартта Семейге келіп, қазақ жұмысын
басқаруға сайланған он бес кісіден тұратын облыстық
қазақ комитетіне мүше болып, кіші хатшы есебінде қызмет

еткені айтылған екен.
Сұлтанмахмүт сияқты қазақтың дарынды ақынының
барлық шығармасын жинауға мұрындық болып, екі ро-
ман, төрт поэма, алпыстан аса өлеңдерін, бес-алты әңгіме,

сын еңбектерін және хаттарын жиыстырып баспаға берген
/103.Б.259/, замандасының асыл қазынасы жоғалып кетпеуін
тілеп, кешегіні келешекке жалғайтын көлемді, көркем
очерк жазған Аймауытұлына бас иіп, алғыс айту лайық.

Мұның өзі Жүсекеңнің кісілік, адамгершілік қасиетінің
биік болғанын тағы бір мәрте айғақтай түспек.
Көсемсөзшінің «Әмен Жүсіпұлы» /103.Б. 138-140/,
«Қалыбек әртіс»/103.Б.256-259/ секілді очерктерін айтпай

кетуге болмайды. Бұлардан да Аймауытұлының қайғыны
ортақ, қуанышты тең бөлісе алатын қасиетін аңғарып
қоймай, оның шебер очеркші екеніне тағы бір рет көз
жеткіземіз.

«Әмен Жүсіпұлы» очеркінде оның кім екенін, қандай
адам болғандығы турасында автор: «...Әменнің өз әкесі
ақындығымен алты алашқа аты жайылған Көпейұлы
Мәшһүр-Жүсіп. Ол жаман заманда, надан елде талантының

қадірін таныта алмай, өмірі жауыздықпен алысып өтіп
келе жатқан, алапаты артық туған, бір қасиет иесі еді.
Сол қасиетті Мәшһүр-Жүсіптің көзінің қарасындай өзіне
тартқан баласы Мұхаметәмен еді» деп жазады. Шағын

очеркте ел ісіне араласып, жолсыздық, жауыздық үшін
мерт болған, «әйел теңдігі үшін бірінші құрбан болған»
Әменнің образы жан-жақты ашыла түскен.
Осы жерде Ә.Жүсіпұлына арнап бір досының,

Жүсіпбектің осы очеркі шыққанға шейін бір күн бұрын,

«Ақ жол» газетіне жазған қазанамасынан үзінді келтірсек,
артық болмас: «14-нші қазақ мектебінде Тәшкенде мұғалім
болып тұрған Әмен Жүсіп баласы қаза болды. Марқұм
қазақ халқының теңдік ап, ел болып, жұрт қатарына кіруін

мақсұт қып жүрген алаштың намысты азаматтарының
бірі еді /360/» деп жаза келе, ашаршылықта жат ұлттың
біреуіне сатылып кеткен қазақ қызын құтқарып алғаны
үшін

өштескен
кісінің
пышағынан
жылдың

18-июнінде қаза тапқанын хабарлайды.
Ал Жүсіпбек бір жағынан оған бақұл жасай отыра,
кейіпкерінің өткен өмірін, жеке бет-бейнесін, өскен орта,
істеген қызметін жазып, шығарманы портреттік очерк

деңгейіне дейін жеткізген. «...Алдында әулие тұрсын,
көңіліне келгенін айтуға бар, жүзің бар, бетің бар»
демеуші еді. Сөзге аузының ебі бар, тілді болғандықтан
сөйлейтін жерге уәкілдікке қашан да Әмен сайланушы

еді. Қазақ съезіне Павлодар уезінен уәкіл болып сайланып,
Орынборға келіп, өзі есіл-дерті оқу болып, ілім іздеп, елге
қайтпастан Түркстан кетіп еді» деп публицист оның ел
ішіндегі әділеттілік, түзулік үшін күрескен қызметтерінен

хабар береді. Очерк сонымен қатар еңбек ету, сауаттылыққа
қол жеткізу, әйел теңдігі мәселелерін де айтып өтеді. Бір
ерекшелігі, очерк қазанама пішінінде жазылған, оның
соңында Жүсіпбек жерлесі Мәшекең ақсақалға – Мәшһүр-

Жүсіпке көңіл білдіреді. Бұл – 1921 жылдың жазында
жазылған туынды. Сол жылдың күзінде Аймауытұлы Се-
мей қаласынан Баян-Аулаға келгенінде Мәшһүр-Жүсіптің
үйіне кіріп, ол кісіге арнайы көңіл айтады (Д.Әбілев, «Өткен

күнде белгі бар», Алматы, «Жазушы» баспасы, 1997 жыл,
70-бет).
1927 жылы жарық көрген «Қалыбек әртіс» очеркі
қазақтың алғашқы кәсіби актерлерінің бірі – Қалибек

Қуанышбаев жайында жазылған. Публицист оның образын

аша отырып, қазақ театр өнерінің, қазақ мәдениетінің сол
кезеңдегі жай-жапсарынан сыр шертеді.
Автор Қуанышбаевты 1925 жылдың жазында, жас
кезінде көргенін айтып, көркем очеркінде былай дейді:

«Бір күні құдай жар боп, шырайы жылы, қой асығындай
қолайлы жас жігіт кіріп келеді. Оның «салау...мағалейкү-
у-м.., құдалар!» дегендегі ернінің шалдығақ емеуріні,
құйқылжыған дыбысы, ере кірген ақ тазысы, бос белбеуі

көп бозбаланың бірі емес екендігіне куәлік бергендей бо-
лып тұр.
Бұл Қалибек еді».
Сол жиында Қалибекпен араласып, танысып-біліскенін,

оның елдің езуін жидырмас күлдіргі екенін, біреудің
әлдеқандай
қылықтарын,
даусын

аумай
келтіретін
шеберлігін, әңгімешіл, қалжыңқой екендігін айта келіп
Жүсіпбек: «Театры бар, қалалы жерге неге бармайсың?»

дегенімде,
бұрын
шықпағанын,
театрмен

қатынасы
жоқтығын, мүмкіндік болса баратын да ойы барлығын
сездіргендей болды» деп жазады.
Шағын үш бөлімнен тұратын, портреттік очерктің

екінші бөлімінде публицист 1926 жылдың басын-
да мемлекеттік театр құрылып, ел ішінен шақырылған
әртістердің қатарында Қ.Қуанышбаевтың да Қызылордаға
алынғанын айтады. Газеттерден оның «биыл труппамен

барып, Мәскеу театрының залында неше ұлттан құралған
халықты күлдіргенін оқып келдік» деп мәлімет келтіреді.
«Оның дыбысы, құбылысының шеберлігі сондай – ол
жұртқа көрінбей тасаланып тұрса, естіген түрлі дыбыстар

әркімдікі емес, жалғыз ғана Қалибектікі деп жан берсең,
жұрт нанбас еді» /103.Б.258/.
Очерктің үшінші бөлімінде «жаратылысы әртіс»
Қалибектің шеберлігінің өскені баяндалады. Құрманбек,

Серке тәрізді қазақ актерлері жайында да айтылады. «Ор-

нын таппаған өнерде не түр бар дейсің? Бізде талай-талай
Омарлар, Ахметтер «жынды Омар», «жынды қара» атану-
мен қартайып, есіл таланттар тот басып жатқан жоқ па?»
деген өкініш білдіреді.

Сондай-ақ қазақ актерлеріне кәсіби білім керектігін де
ескертіп, өтірік шал боп жүрген Қалибекті шын қартайтып
алмай тұрып, наркомпрос болсын, театр басқармасы бол-
сын, білімін толықтыруға, хат танытуға қам істеулері ке-

рек. Театр не нәрсе, сахна не, шарттары қандай, драманың
түрлі тарамдарының мәнісі не, олардың маңыздары, сыр-
лары қандайлық – міне, осыларды білгізу үшін енді уақыт
өткізбей, театр студияларына жіберіп, оған жібермеген

күнде қысқы маусымда театр жанынан үйірме ашып, қазақ
жігіттеріне білім беру қажет қой дейміз» деп ұтымды
ұсыныстар айтады. Аймауытұлы қазақ театр өнері мен
мәдениетіне деген жанашырлығын байқатып, очеркте сол

жылдардағы күрделі проблемалардың біреуін көтеріп,
оған жауап іздейді.
Жалпы, заметка, корреспонденция, есеп, мақала, очерк,
фельетон сияқты публицистиканың ақпаратты және тал-

дамалы жанрларының қайсысына жүгінбесін, Жүсіпбек
Аймауытұлының өзіне тән стилін көзі қарақты оқырман
жазбай тани алмақ. «Жанр таңдау мәселесі – өздігінен
болатұғын нәрсе емес, публицистің сапалы қызметінің

көрінісі»/3б1/ болып саналады десек, Жүсіпбек – қандай
жанрды таңдамасын, оған қойылатын басты шарт, негізгі
талап үдесінен шығатындай, жоғарғы деңгейде жазған
көсемсөз дүлдүлі.

Эрудициясы биік, танымы жоғары, заманында әртүрлі
тақырыпқа қалам тартқан үлкен қаламгер Жүсіпбек
Аймауытұлының тағы бір шығармашылық үлкен сыпа-
ты – оның тағылымы зор, тиянағы берік сыншы екендігі.

Сыншының қаламынан туған «Әдебиет», «Абайдан соңғы

ақындар», «Мағжанның ақындығы туралы», «Әдебиет
мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау» сияқты әдеби-сын
мақалалары – өз уақытындағы өзге дүниелерден мойны
озық шығармалар. Бұлар туралы ілгері тараулардың бірінде

айтылғандықтан қайыра тоқталмайын.
Енді әдеби-көркем сын тәрізді жанр формаларының
мерзімді баспасөзде жиі шығып тұратыны - рецензия
екендігін еске түсірсек, Жүсекеңнің бұл салада толым-

ды мұра қалдырғанын, қазақ баспасөзінде рецензия жан-
рын қалыптастырған аз қаламгердің бірі болғандығын атап
айтқан жөн. Оның әр кезеңде, әр жылдарда жазылған «Те-
атр кітабы туралы /103.Б.140-141/, «Зүлхбире» /103.Б.188-

190/, «Қазақ қызы» /10З.Б.210-211/, «Театр кітаптарын қалай
көбейтеміз?» /103.Б.219-221/, «Бардың жоғы болмайық»
/349/, «Бұ да ұлт театры жайында» /33/, «Құтты болсын!»
/350/, «Сұңқар жыры» /351/ сияқты кітап және театр ре-

цензиялары жәй оқырман үшін ғана емес, қазірдің өзінде
өнер, мәдениет тарихында құнын жоя қоймаған, кесек
публицистикалық шығармалар екенін жоққа шығаруға
болмайды.

«Жанрдың өзінің атауы – рецензия – осынау әдеби-сын
пішінінің құрылымын, бағытын және функционалдық
ерекшеліктерін айқындай алады. Рецензия латын тілінен
(rесеnіо) сөзбе-сөз аударғанда «баға» деген ұғымды береді.

Қоршаған дүниенің заты мен құбылысын қарастыру, зерт-
теу, талдау жолдары арқылы автор өз бағасын айта ала-
ды» /342.С132/ деген теориялық тұжырымға Жүсіпбек
Аймауытұлы

рецензияларының
қай-қайсысы
болсын
жауап беретінін бағамдасақ, оның баспасөздегі әуелгі

шағын рецензияларының өзінен-ақ қажетті ой, қабырғалы
пікірлерді көруге болады. Соның біріне – «Қазақ тілі»
газетінде басылған «Театр кітабы туралы» рецензиясына –
алдыңғы тарауда тоқталдық.

«Ақ жол» газетінде «Театр, әдебиет дүниесінде» айдарымен жарияланған «Зүлхбире» атты театр рецензиясында көсемсөзші 1924 жылы 10-ноябрьде Ташкент театрында қойылған «Зүлхбире» трагедиясының қойылымына кеңінен тоқталып, тұщымды пікірлерін айтады. Публицист трагедияның ішкі құрылымы, оқиғалар түзілісі, олардың мән-маңызы, кейіпкерлерінің дүниетанымындағы психологиялық үйірімдер сияқты бірқатар факторларға көңіл бөліп, оны талдау барысында өзінің аңғарымпаз, ойлы рецензент екендігін байқатады: «Трагедияның маңызына қатынасы жоқ көп әйелдердің шығып, ән салып, жүгіріп ұзақ ойнауы, қараушыларды жалықтырарлық ұзын сөздер (монолог, диалог), скрипкасы бар шалдың келуі, қыздың перде бойы тынып қайғыруы, жылауы, еңірей беруі, алыстан ән даусы естіліп, көпке шейін сахнаның бос тұруы – мұның бәрі трагедияның маңызын азайтатын кемшіліктер. Трагедия бұ жағынан көп ақсаулы»/103.Б.188-190/. Рецензент трагедияның тек кемшілігін көрсетуді көздемейді, ондағы үлкенді-кішілі олқылықтарды жаза отырып, ұтымды тұстарын да айтып отырады: «...Қатты әсер берерлік орындарды шұбалтып, су татытып алады, мәселен, поп пен полицей келіп қызды ұрып-соғып алып кеткен жері қандай күшті, қандай қапылыс! Сол жерде шымылдық түскен болса, қандай әсер берер еді!... Артынан шал келеді, қаһарман келіп, табиғатты мадақтап, жанындағы қайғыны сөйлеймін деп түршіктірген жүректі айықтырып, жалықтырып жібереді». Жалпы, ұлы суреткердің театр өнеріне қатысты қай рецензиясын алсаңыз да, ондағы дәмді пікірді, дәлелді ойды оқи отырып, әсерлі, әділ сөздерге иланасыз. Сонау 1916–1917 жылдардың өзінде-ақ «Рәбиға», «Жебір болыс» («Мансапқорлар»), «Қанапия – Шәрбану» секілді пьесалар жазған, кейін де «Сылаң қыз», «Ел

қорғаны», «Шернияз» атты драматургиялық кітаптарды
дүниеге әкелген кәсіби драматург Жүсіпбек Аймауытұлын
«қазақтың театр өнерінің бастауында тұрған адам»
/170/

болғандығын,
«...алғашқы
кәсіпқойлық
ойын-

сауық үйірмелерін ұйымдастырып, оған өзі жазған пье-
саларын өзі режиссерлік жасап, сахнаға қоюшылардың
алдыңғы легінде де Жүсіпбектің аты бар» /171/ екендігі
рас. Міне, осы тұрғыдан алғанда оның театр рецензия-

лары тұжырымды, терең, тиянақты болып келеді. Және
осы үлгідегі шығармалары сол тұстағы қазақ мәдениетіне
өзіндік ықпалын да тигізе алған.
«Қазақ қызы» деп аталатын рецензиясында ол татар

жазушысы Ғалымжан Ибраһимовтың 1924 жылы Мәскеу
қаласындағы баспадан татар тілінде шыққан «Қазақ қызы»
деген романына сын-пікір айтады. Қазақ өмірінен, қазақ
даласының тыныс-тіршілігінен алынып жазылғандықтан

бір ауыз сөз айтуды жөн санаған: «...Ғалымжан қазақ
өмірімен жақсы таныс екен. Шет елдің басқа жазушыла-
рындай қазақ тұрмысының бетін жырып, көлденең ба-
сын шалып кетпеген. Қазақтың мінезін, салтын, әдет-

ғұрпын, үй-іші әлеумет өмірін жете біліп жазған көрінеді»
/103.Б.210-211/ деп оң пікір айтады. Әсіресе қазақтың ру
тартысын ашық көрсеткенін, партия, болыс сайлауындағы
келеңсіздіктерді,

патшаның
отаршылық
саясатының
кесірінен қазақтың кең қоныстан айырылуын дәл бейнелеп

жазғанына сүйініш білдіреді. Қазақ даласының суреттері
жақсы берілгенін, ақсүйектер тұқымы қазақты сатып, шен
алғандығын, татар молдалары мен саудагерлерінің қазақты
азық қылғанын бұрмалаусыз, адал бейнелегенін жаза от-

ырып, автор романның кемшілік жерлеріне де тоқталады:
«...Байдың малшыға зорлығын көрсетпек болып, кей жер-
де қолдан жасап жіберген жапсырма уақиғалар да кіреді.
Қазақ әйелінің мінезін тым ер, тым нәзік етіп көрсетеді.

Беті ашылмаған әйел баланың сүйген жігітімен алғаш
көріскен жері де, тапа тал түсте мойнынан құшақтай алуы,
менмендік, көсемдік етіп кетуі келіңкіремейді» /103.Б.210-
211/.

Сыншының пікірінше, жазушы әлі де болса, қазақ
ішіндегі қалың мал беру салты, жесір дауы сияқты қазақ жо-
расын терең білмейді. Сонымен қатар бір заманда малшы бо-
лып, байдан таяқ жеп, зорлық көріп жүрген Жұрынбайдың

соңынан бойдақ намысын жоқтап, дұшпанын өлтіріп,
қашып кетуі ұғымсыз болып қалған деген ұйғарымын
да айтады. «Басында байға кәдірі болмаған жалшының
соңынан жанкештілік қылып байдың жолына басын

қатерге байлауы келіспейді» деп жазады Аймауытұлы.
Ал Ғалымжан Ибраһимовтың қазақтың сөзге шешендігін,
баққұмарлығын, мырзалығын, кеңдігін, кеңшілігін, партия
жұмысында әділшілігін жазуда шындықты айтып, анық

көрсеткеніне ризашылығын білдіреді.
«Әрине, қазақ өмірімен таныстырмақ болғандықтан уақ-
түйек нәрселерге де көп тоқталған, – деп Жүсіпбек қазақ
тіршілігінің этнографиялық жағы кеңірек жазылғанын

құптайды, – ...мәселен, киіз үйдің сүйегін, киізін, бау-
шуын қалай тігетінін, көшкенде не істейтіндігін, ет же-
генде асататындығын, қолын кір орамалға сүртетіндігін...
тағы тағылар. Бұлар, әрине, татарларға білуге қызық». Сөз

қадірін білетін Жүсіпбек Аймауытұлы, қай рецензиясын-
да болсын, объектіні орынсыз сынамайды, кемшілігі мен
жетістігін қатар қойып, салмақты, байыпты пікір білдіреді.
Мысалы, «қызды, жігітті тым дәріптегендік бар» дей от-

ыра, «ондай романтизмнен қашуға болмайды» деп татар
жазушысының бұл бағытын кемшілік деп таппайтындығын
айтады.
Дегенмен, сыншы осы романның сюжеттік желісінде,

оқиғалық ішкі байланысында, мәселен, қыз бен жігіттің

таныс болуы, бірге қашуы тәрізді оқиғалар тізбегінде
Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы-
на еліктеу бар екенін жасырмайды. Романның жалпы сы-
патына да, жекелеген тұстарына да бағасын бере отырып

Жүсіпбек: «Бұл роман қазақшаға аударылса жарар еді.
Керекті нәрсе екен» деп өз тұжырымын айтады.
Аймауытұлының жүйрік қаламынан шыққан «Қос
моншаға түсіп қараңыздар» /352/, «Тәшкентте сауық кеші»

/353/ және т.с.с көптеген корреспонденцияларын және тіл-
еміле жайында, баспасөз бен әдебиеттану туралы, ана
тілі мен оқу-білім саласында, этнография мен мәдениет
жөнінде және т.б. түрлі-түрлі тақырыптарға жазған мол

мақаласын бірінші тарауда біршама қамтыдық. Сол себеп-
тен қысқа ғұмырында көсемсөздің бай мұрасын қалдырған
қаламгердің ендігі бір шығармалары – сатиралық туын-
дыларына көз жіберіп, көңіл тоқтаталық. Т.Қожекеевтің

«Сегіз қырлы, бір сырлы Жүсіпбектің қызық қыры –
сықақшылдығы... Қаламгердің сатиралық мұрасының
сүбелі бір саласы – фельетондар» /295.Б.31,32/ деген
пікіріне назар аударған жөн. «Жүсіпбектің бұл салада

жазғандары жазушының сатириктік талантын айрықша
танытады» /129. Б. 42/ дейді С.Қирабаев.
Жүсекеңнің өткір, уытты фельетондары әсіресе «Ақ жол»
газетінде көп жарық көрген. Мәселен, осында басылған

«Күмәжнік (Әмиән)» фельетонында көсемсөзші кейбір
адамның тойымсыздығын, тоғышарлығын, күншілдігін
әжуа етеді. Шығарма кейіпкерлері – Қойбағар, Түнқатар,
Майпалау деген үш жігіттің жолаушылап келе жатып,

күмәжнік тауып алғанынан бастап, «ашып жіберсе – іші
ақшаға сықыр-сықыр еткен» олжаға батқанын, оны бөліске
салмай, әрқайсысы жеке иемденгісі келген тойымсыздығын
сықақ қылады.

Диалогты шебер құра білетін қаламгер адамның

ішкі жан дүниесін, ой-сезімін де дәл тауып көрсете
алған. Мәселен, арам ниетті тоғышардың өз ойын өзі
қалайша ақтап, «дәлелдеп шыққанын» былайша жазады:
«Түнқатар келе жатып ой ойлайды: «Қара тиын күрешіміз

жоқ еді. Қиуадан байлықтың сап ете түсуі қалай! Неткен
ырыс десеңізші! Бұл ырыс, бұл маңдай кімдікі? Қойбағар
да, Майпалау да – маңдайын сынаған кісілер. Бай болса,
бұрын қайда жүріпті? Бұл менің қанжығам болуы керек.

Осы ақша түгелінен өзіме қараса, адам таңғалғандай, та-
рихта атым мәңгі болғандай іс істеуіме болар еді. Бірақ
мынау екі ит өлмей сыбағасын жіберер ме? Сөздің шыны-
на келсек, екеуі де нағыз құдай ұрған емес пе? Осы ақшаны

алғанмен бұлар оңбайды. Ішіп-тышып, жоқтан өзгемен
құртады. Мен алсам, әрі Отаныма пайда тигізер едім, әрі
атағымды бір шығарар едім...» Ал қалған екі тоғышардың
сұм ойларын жүзеге асыру үшін өзара ақылдасқан кеңесін

автор диалог арқылы береді:
«– Түнқатар – елгезек жігіт. Мен өзім жақсы да көремін.
Бірақ сен байқайсың ба, мынау ақша қолына тисе, не
картаға ұтқызып жібереді, не шашып құртады. Әйтпесе

адам істемеген бір бұзықтыққа кіреді. Ой тоқтатпаған жас
бала ғой, осынша ақшаның кәдірін біледі деймісің...»
Фельетон бас-аяғы шымыр жазылып, бір дем-
мен аяқталады. Автор кейіпкерлерін суреттемейді,

мінездеме бермейді, тіпті қимыл-қозғалысын да сыпат-
тамайды. Әйтсе де, осы ойларымен, сөздерімен олардың
кім екендіктерін аңғарта білген. Екіжүздіктері көрініп
тұрады. Сүйтіп, фельетон соңында аяқасты табылған

ақша біреуіне де бұйырмай, үш жолаушы бірінің түбіне
бірі жетіп тынғаны баяндалады.
Бастан-аяқ диалог түрінде жазылған «Радио хабарла-
ры» фельетонында /41.Б.139-142/ автор совет өкіметінің

алғашқы
жылдарындағы
қазақ
арасынан

шыққан

атқамінер, «оқығандардың» өзара бақастығын, күншілдігін,
жікшілдігін қатты сынаған. Бұл оқшау сөзінде Аймауытұлы
үлкен мінді, жаман мінезді көрсетіп айтпай-ақ, көз алдыңа
елестете отырып сықақ етеді:

«– Құралды мақсат ақтайды деген емес пе? Бұл партия
дегеніңіздің өзі қып-қызыл әдіс болу керек. Көңілге бірдеңе
алдың ба? Ол жолда мақсұтыңды орындау үшін, ит бол-
сын, жерінбе, пайдалана бер, сүйтпесең, болмайды...». Не-

месе:
«– (Теріс қарап) Көпшік қойып отырғанын көрінген өзі-
ақ көріне берсін. Заман қандай болады? Екі жаққа да бой
көрсету жарамас. (Естіртіп) Менің артық жақындығым

жоқ. Ел сырын өзінен артық білетін кісі жоқ, өзің
жолыққаның жарайды.

– Оның да дұрыс екен (Бү кәпір де тақсы ғой, не бола

қойсын).

– Сіздермен қосылып, көзімізді ашпасақ, анау иттер-

мен күнде қырқысып, кәдіріміз де қалатын емес, елді де
билететін емес, қызмет те істететін емес».
Бірімен-бірі арбасып, өсек-өтірік айтысып отырған
екі қызметкердің бас пайдасын ғана ойлап, ол үшін елдің

тыныштығын да, достың сенімін де сатып жіберетіндігі,
заман ауанына қарай құбыла қалатындығы нанымды
көрсетілген.
«Радио хабарлары» фельетоны – жанрлық формасы

жағынан өзгеше дүние. Бұл ретте оның шын мәнінде радио
хабары үшін сұранып тұрған шығарма екені де байқалады.
«Радиогазет баспасөз пішіндері мен жанрларынан радиоха-
бар пішіндері мен жанрларына өтпелі кезеңдей болды»/354/

деген тұжырым біздің ойымызды тиянақтай түседі.
Осы жылдары жазылған «Тінікейді не ойландыр-
ды?» /41.Б.167-168/ атты шағын ғана оқшау сөзінде ел
ішіндегі жуандардың, байлардың өз ағайындарын қалай

жалшылыққа салып қоятындығын, астам озбырлығын
астарлап қана көрсетіп, ишаралап жеткізсе, «Жарасымды
сүгіреттер» /41.Б.148-150/ фельетонында «болып-толған»,
«оқыған» қызметкердің қырға өкіл болып шығуын, жу-

андарды қорқытып пара алуын, аңқау елге арамза мол-
да болғанын ащы мысқыл, уытты сарказммен жеткізеді.
Екінші
жақта

жазылған
фельетонның
«жарасымды
сүгіреттері» қарасөз шеберінің көркемдік қуаты күшті тағы

бір шығармасы екенін танытып тұр.
Жүсіпбек фельетондарындағы кейіпкерлер біріне-бірі
ұқсамайды және әрқайсысы өзінше бөлек сыпатта есте
қалады. Қаламгер сол дәуірде әрқилы қызметте жүрген

шолақ белсенділердің ұрдажық, әпербақан мінездерін
сықақ етеді.
Совет өкіметінің алғашқы жылдарында, жаппай са-
уаттандыру реформасы үрдіс алған уақытта, ел арасы-

на сауат ашуға шыққан кейбір шала мұғалімдердің өз
қызметіне жауапсыз қарайтынын, ел ішіндегі әдепсіз,
оспадар қылықтарын Аймауытұлы шенеп жазып отырған.
Мәселен, «Қарсақпай мұғалім Досәлінің қонақ үйіне отыз

шақты кісіні апарып оқытып жатыр. Еркек, ұрғашы ара-
лас. Шәкірттер – өңкей ересектер: көбінде сақал бар. Ер-
кектер жерде, скәмияларда әйелдер отыр. Әйелдердің
қақ ортасында –мұғалім өзі. Екі жағында – екі бойжет-

кен қыз» деп басталатын «Сауатсыздықты қалай жою» де-
ген фельетонында /41.Б.175-176/ қаламгер осы айтылған
мұғалімнің образын береді.
Бұл фельетондағы көріністерде де қаламгер алдағы

шығармаларындай қыр суретін, ауыл өмірін, ел қазағының
аңқаулығын, қараңғылығын дөп басып, шынайы көрсете
алған: «Молда» оқуын бітірсе керек. Шәкірттеріне ән
үйретіп жатыр. Бәрінің көзі молдада. Молданың бір

қолы ұшатын құстың қанатындай әуеде қалықтап, әннің

ырғағына қарай жоғары, төмен ұшып жүр. Енді бір қолы
қасындағы бойжеткеннің белінен икемдеп, құшақтаңқырап
отыр. Үйдегілер қолдың қайда жүргенін байқамайды.
Үйткені молда қарсы қарап отыр. Арқасы есік жақта.

Салып жатқан әндері Абайдың «Көзімнің қарасы»
екен...»
Бір сәттілік қана күлкілі нәрсені әдіптеп жеткізе білетін
сөз зергері бір-екі ауыз сөз я сөйлемнен туындаған қызық

жайтты да жылы юмормен жазады: «Қыр мұрын, қыпша
бел» дегенде молдекең қыздың белінен қысыңқырап
қалды...» Бағанадан бері тыста есікті азырақ ашып, арасы-
нан сығалап қарап, бақылап отырған Баймұрат отағасы үйге

кіріп барайын деп әрең тоқтатады өзін. Сүйтсе, «қолында
екі бүктеп ұстаған келдектей қамшысы бар», «тұрысы
қойға шапқалы тұрған сықылды» жуан кісі - Баймұрат
отағасы бекерден-бекер сығалап, аңдып тұрған жоқ екен.

Молданың белінен қысып отырған бойжеткені осы кісінің
қызы болып шығады. Өзі әзер шыдап түрған Баймұраттың
қасына енді Қоймұрат келіп, екеуі «жасырын» бақылауды
жалғастырады:

«Әншілер:

– ...Иә бір кез, иә құлаш, – деп бергенде Баймұрат отағасы

жұлып алғандай:

– Не дейді!? Не дейді? Бір кез, бір құлаш... Атаңның ау-

зын... нің бір кез, бір құлашы не?! – деп боқтап жіберді.
Қоймұрат тұрып:

– Оқуы ма? Өлеңі ме? – деп қарады. Баймұрат отағасыға

«Бір кез, бір құлаш» тым сезікті көрінді, шыдай алмады.
Күйіп кетті:
Осы оқытқанының атасының... сенің. Камилаңды да,
Жамилаңды да... қойды: атаңның басына тұрмысың? –

Жүр!»
Сүйтіп, екі отағасы омыраулап кіріп келіп, қыздарын

қолдарынан сүйреп алып кетеді. Өзге әйелдер де жылыстап шығып жөнеледі. Шәкірттердің бәрінің көңілі қалып, сол кеткеннен мол кетеді. Қарсақпай мұғалімнің қырда сауат ашудағы «еңбектері» осылай сәтсіз аяқталған. Шығармашылық жолын уақ әңгімелер, оқшау сөздерден бастаған Аймауытұлының сол туындыларында астарлы сөз, мысқылды сөйлемдер аз емес. Мақала және очерктерінде болсын, көркем әңгімелерінде, кейінірек жазылған романдары мен повесінде болсын, қазақтың жылы юморға толы әңгімелерін, бай тілін көркем әдебиетте белгілі бір деңгейге дейін көтерген жазушы шығармаларында күлкілі образдар, езутартқызар бейнелер жиі ұшырасады. Аймауытұлының фельетон сияқты «көркем әдебиеттің, публицистиканың әрі сатира мен юмордың тілдік, стильдік құралдарын бірдей талап еткен жанрда /355/ көсіле жазып, өзіндік үлгі қалдырған сатиралық әңгімелері де – аса қызықты, өте уытты дүниелер. Олардың қатарында «Қилықилы заман болды, қарағай басын шортан шалды» /41.Б.137139/, «Алып ұйқы»/40/, «Томарбай мен қатыны» /41.Б.8189/ сияқты сатиралық әңгімелерін айтуға болады. Бұларға кейінірек кеңінен тоқталамыз. Профессор Т.Қожакеевтің анықтауынша, Жүсіпбек Аймауытұлының фельетондары басты төрт ерекшеліктермен анықталады: «1) әлеуметтік қоғамдық мәні зор, адамдық, моральдық салмақты проблемаларды қозғауы; 2) қазақ сахарасының бояуы қанық суреті, болмыстіршілігінің аңқыған иісі, ащы шындығын баяндауы; 3) ірі проблемаларға бару, үлкен батылдық, принципшілдік көрсету, автор позициясының айқындығы; 4) жазылу стилі, үлгісі, бітім-пішімі жағынан түрге бай екендігі» /295.Б.31-40/. Қазақ сатирасының, оның ішінде фельетон жанрының қалыптасуына үлкен үлес қосқан көсемсөзшінің

шығармашылық қуатына, жан-жақты дарын иесі екендігіне оның шығармашылығын зерттеушілердің көзі жеткенін осы тұжырымнан да байқауға болады. Соңында мол публицистикалық мұра қалдырған оның 1920–1925 жылдарда очеркші және фельетоншы ретінде дараланып көзге ерекше түскенін ұмыт қалдырмаған ләзім. Б.Кенжебаев айтқандай, «сұлу стильді жазушы» /340/ көркем очерктері мен фельетондарында, сықақ әңгімелерінде өзінің заманындағы қазақ тіршілігін, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бет-бейнесін, заман шындығын, замандастары келбетін бейнелеп, қайталанбастай образдар сомдады. Сөз жоқ, қазақ баспасөзі тарихында үлкен орны бар, қазақ публицистикасы мен ұлттық демократиялық баспасөздің қалыптасуына зор үлес қосқан Ж.Аймауытұлының шығармашылығынан өз замандастары да, кейінгі жастар да үйренген. Оның очерктері мен фельетондары – бүгінгі күні де құрылымы жағынан болсын, стильдік жағынан болсын, үйретері көп, тағылымы мол дүниелер.

ІV бөлім Көркем шығармаларындағы публицистикалық белгілер «Елес» және «Жаңабайдың жанындағы трагедия» Белгілі ғалым Р.Сыздықованың: «...Публицистика тілі де жеке-дара, автономиялы түрде дамымай, ең алдымен көркем әдебиет стиліне, онан соң түркілік дәстүрлі жазба проза стиліне иек артып қалыптасты және бұл стиль өзімен қатарлас туған ұлттық ғылыми-көпшілік стиліне ықпалын тигізді, көп орайда бұлар бір-бірінен ажыратылмай, бірдей тұлға-тәсілдерді пайдаланып та отырады» /362.Б.237./ деп тұжырым жасауы – қазақтың жазба әдебиетін қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан классик жазушымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытұлының да шығармашылығына қатысты. Расында да, оның көркем әңгімелерінің кейбіреуінде публицистикалық баяндаудың тұлға-тәсілі, тілі мен стилі ұшырасатындығын жоққа шығаруға болмайды. Бірқатар баспасөз дүниелерінде, көркем әдебиет пен публицистика саласы үшін айырым-жігі ажырағысыз, біртұтас болып кіріккен өзіндік синтездер болатындығын естен шығармаған ләзім, үйткен себебі, публицистика әдебиеттің бір тегі ретінде дамып, ғылыми және көркем әдебиеттің қатарында «болмысты көрсетуде, бұқара са-

насына әсер етуде шығармашылықтың өзгеше формасы ретінде қалыптасқанын»/3б5/ білеміз. «Публицистика – кең мағынасында алғанда әдеби шығармашылықтың өзгеше түрі, – дейді В.Здоровега. – Функцияларының белгілі бір ұқсастығы және болмыс құбылыстарын көрсету, сондайақ әсер ету құралдарының жақындығы публицистика мен көркем әдебиетті туыстыра түседі... Публицистикадағы образдылық, ойлау жүйесі, талдау, фабула, сюжет элементтері, сондай-ақ басқа әдеби құралдардың бірқатары мұнымен тығыз байланысты»/339.С.59/. Міне, осы тұрғыдан алғанда мемуарлық туындылардың, естелік үлгісіндегі эссе, очерк жанрларында жазылған еңбектердің, қандай да бір сыпатта болмасын, публицистикалық белгілері болмай қалмайтындығы белгілі (мәселен, С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы, С.Мұқановтың «Адасқандар» романы мен «Өмір мектептері» трилогиясы және т.б.). Және мұндай шығармаларды таза көркем әдебиетке немесе бірыңғай публицистикаға апарып телу де әсте мүмкін емес. Сол себепті әсіресе жазба әдебиетті қалыптастыруда тыңға, соныға түрен салған XX ғасыр басындағы қазақ жазушыларының көркем шығармаларының базбірінде публицистиканың тілі мен стилі үшырасып қалып отыратындығы таң болмаса керек. Жүсіпбек Аймауытұлының кейбір әңгімелерінен де осындай стильдегі бірқатар үлгілерді байқадық. Оның «Келешек» деген бүркеншік есімімен жарияланған «Елес» әңгімесі /364/ сол тұстағы көптеген әлеуметтік, қоғамдық мәселелердің басын құрап тұр. Көркем әңгімені тың сүрлеу, жаңа пішінде жазған автор тиісті жерінде публицистикалық баяндаулардан да қашпайды. «Аса маңызды, қысқа әңгіме»/340/ төңкеріс кезеңі, ақтар-қызылдар соғысының қазақ даласын қанға бояуы,

төңкерістен кейінгі қым-қуат заман, советтердің құрылуы
және т.с.с. басты оқиғалар туралы шындық дәл айтылмай,
көп жазылмай жатқандығын астарлап жеткізеді.
Автор әңгімесін бірінші жақта жазғанымен шығар-

мадағы екі лирикалық кейіпкердің сұхбаты, пікір-таласы
арқылы көптеген өзекті мәселелерді қамтуға тырысқан.
Сол кездегі коғамдық-саяси өмірге «араласқан» кейбір
әлеуметшіл «жазармандардың» образын автор былай-

ша берген: «Қаламды шықырлатып, қайта-қайта мала-
мын... Келмейді. Жер ошаққа аяғын тығып алған бота-
ша қаламды сілке түсемін... Әлі түк жоқ. ...Қазына жеп,
жазаға тартылған завхоздан жаман ұнжырғам түсті, сұрым

қашты, ыза болдым. Со кезде ойым көзіме көрінетін зат
болса, дереу «Саботажник!», «Контр!» деп жағасынан
алғандай едім» /364/.
Тағы бір жерде жазушы кейіпкерінің шын бет-бейнесін

одан әрі аша түскен: «Газет-журналға бір-екі басылса, «жа-
зушы», «ақын» екемін деп, партия комитеті қол қойып, мөр
басқандай-ақ, өзіне-өзі ден қойып алатын омырау жігіттер
аз ба? Сондай болудан мен де сау кісі емеспін, неғып бола

қояйын?» Лирикалық кейіпкер сүйтіп отырғанда «портпел
қолтықтап» бір жігіт «сап ете түседі».
Бұдан кейін өрбіген диалог арқылы публицист
«ортақшылдар жолын, кеңес өкіметін» мақтап, күнкөрісі

үшін баспасөзге әрнемені талғаусыз ұсына беретін
«жазғыштың» ой ауқымын, пікір бағытын толық ашып
көрсеткен.
Әңгіме авторы «Күнде айғай, күнде даурық, желдеткен

қара боран сөз мезі қылғандай болған жоқ па? Алты жылды
айғаймен алдыңдар, тым болмаса, енді ойлансаңдаршы!»
деген екінші кейіпкердің сөзі арқылы совет өкіметін әйтуір
мақтау керек деген ниетте жүрген әлдекімдерді түйреп

өтеді.

Негізі, сол екінші кейіпкердің аузына сөз салып жазу-
шы заман шындығын айтуға бекініп, бұл орайда «деректі
мәліметтер мен оларды түсіндіру, талдау және соның
негізінде ой қорыту, оқиғаларды жедел түрде бейнелеу»

/365/ шығармашылығы – көсемсөзге жүгінеді: «Шын
өмірді, деректі өмірді неге жазбайсыңдар? Төңкерістен бері
қазақ елінің басынан қандай күндер өтпеді? ...Қазақ дала-
сын көмірдей басып ақтар өтті. Оның артынан қызылдар

келді. Қазақ даласындағы соғыс майданы ашылды. Осы-
ларды қайсың жаздың?
Кеңес өкіметі орнады. Разберске, продналок, көлік,
адам салығы түсті. Елде мелитсе, агент, инспектор, әтрәд

қаптады. Ел не күйге түсті? Қазақ жұтқа, ашаршылыққа
ұшырады. Оның ауыртпалығы, өлімі, шығыны, қайғысы,
зардабы қандайлық болды. Жылу кемесиелері құрылды.
Олар не істеді? Еркін сауда, қызыл саудагер қалай тиді?..

Төңкерістің жақсы жақтары: еңбекшілдер қожалығы,
сот, оқу, мектеп, әйел теңдігі, жер алу, қала салу, кедей
баласы оқуға ұмтылу, жұмысшылар, ортақшылдар, жа-
стар, жетімханалар ашылуы, олардың ісі – міне, осыларды

келістіріп суреттеген жазушылар бар ма?
Бүгінгі шенқұмарлық, кеңсешілдік, ата-ру намысы,
гүберне намысы, орынға таласу, топтасу, жіктесу қандай
күйде? Кім не үшін күресіп жүр?» /364/

Әңгіме
құрылымында
Жүсіпбек
саналы

түрде
көсемсөзге ойысады, сол арқылы замана шындығын
ашып, оның ақиқат бет-бейнесін көрсетуге тырысады
және кейіпкер сөзі арқылы баспасөз бетінде, әлі де бол-

са, кең ауқымды, аумақты шеңберде жазылмай жатқан
құбылыстардың бар екендігін замандастарына құлаққағыс
етеді. «Елес» әңгімесін ХХ ғасырдың 20-жылдарын-
да сыншы Ғ.Тоғжанов «контрреволюция» деп бағалаған

/366/. Осы лепестің өзі-ақ «Елес» әңгімесінің көсемсөз

үлгісінде жазылғанын, ондағы шындықтың базбір «қалам
қайраткерлеріне» жаға қоймағанын байқатып тұр.
Бұл әңгімеде автор көпшілік жұртқа, қаламдастарына
«қазақ жұтқа, ашаршылыққа ұшырады, оның ауыртпалығы,

өлімі, шығыны, қайғысы, зардабы қандайлық бол-
ды?» деп сұрақ қойып және оған жауап ретінде іле-шала
«Жаңабайдың жанындағы трагедие» әңгімесін жазады.
Әңгіме шағын төрт тараушадан тұрады. Алғашқы

тарауында көсемсөз стилі, баяндау әдісі, нақты дерек
алдыңғы қатарға шығады. Үйткені «1922-інші жылы аштар
жұмысымен Жымпиты уезін аралап жүріп, сол елде Қамит
деген бір жолдасымның үйіне кез келдім» деп басталатын

әңгіменің бастапқы кезеңі көркем очерктің пішініне, түр-
сыпатына ұқсайды.
Бұнда да «Елестегідей» бірінші жақтан сөйлеп
отырған кейіпкердің қалам ұстауға ұмтылған, сөз жазуға

талпынған кісі екендігін көреміз: «Менің де жазушы бол-
сам деп көр-жерді шатпалақтайтын «дертім» болатын. Га-
зет, журналдарға да кейде сөз жазып жіберетінмін, бірақ
көбіне басылмайтын». Акыры кейіпкердің қайтыс болған

досы Қамиттің «жуан дәптерін» ұрлап алып, ондағы
ұсақ әңгіме, өлеңдерін соңынан көшіріп, өз атымен газет,
журналға жіберіп тұратындығы, ол дүниелердің «ап-анық,
меруерттей басылып» шығатындығы айтылады.

Сонымен бірге кейін «жазушы» атанып жүрген қудың
«кейде өзіңнен өзі ұялғандай, қысылғандай болады екенсің»
деп «ақталғанын» көрсетіп, автор оның бойындағы ар мен
нәпсінің тартысын, намыс пен тоғышарлықтың күресін ше-

бер суреттейді. Жазушының адамның жан дүниесінде бо-
лып жататын ішкі қайшылықтарын, ой-толғаныстарын, т.
с. с. психологиялық үйірімдерді әсерлі жаза алатындығына
мұнда да көз жетеді.

Осы ретте автор кейіпкер психологизмін өрнектей

отырып, оның бойындағы «арсыз әлдебіреудің» сөздері
арқылы совет өкіметінің көлеңкелі тұсын мысқылдап
өткен: «...Бұл заманның нақылы: «Құралды мақсұт
ақтайды» дейді. Қазақша: «Есек көтін жусаң да, мал тап!»

дегенге дөп келеді. Қайтсең де, алдасаң да, арбасаң да,
бойласаң да, әбүйір-атақ тап...» Оған мысал келтіре оты-
рып, тағы көсемсөзге жүгінеді: «Кеше апрельдің 22-сінде
шыққан «Кеңес даласы» газетасынан оқып отырып Гра-

нов деген камонес жолдастың тергелгенін көрдім. Ол не
қылған? Боялып камонес болып, ылғи атақ көксеген, бас
пайдасын қуған, қазынаның ақшасын қартаға, саудаға
салған. Қылмыс мойнына ауып, бояма жолдастың әбүйірі

айрандай төгіліп, он жылға еркінен айрылатын жазаға
кесілген» /367/. Кейбір большевиктердің шын бейнесін
жазушы осылай көрсетеді.
Екінші тарауша Қамиттің жазған әңгімесі ретінде

берілген. Жаңабайдың трагедиясы да осы кезде басталады.
Алдындағы дүркіреп өткен «азамат» соғысының кесірінен,
орыстардың өзара тартысы – ақтар мен қызылдардың
шапқыншылығынан бар малынан айырылып, жұтқа

ұшыраған қазақтың большевиктік «саясаттан» басталған
1920–1921 жылдардағы қазақ жерінің батыс және солтүстік-
батыс өңіріндегі ашаршылықтың қандай трагедия әкелгенін
айтып, Жүсіпбектің алғашқы болып көркем дүние жа-

зуы -ұлтшыл қалам қайраткері ретіндегі батылдығы. Осы
тұрғыдан алғанда, бұл әңгіме ешқашан құнын жоймайды.
Қазақ сатиралық әңгімелерінің
негізін қалаушы

Ендігі бір сүбелі мұрасы – оның сатиралық әңгімелері
мен фельетондары. Соңғысына ілгеріде біраз тоқталдық.
Ал сатиралық әңгімелердің ішінде көлемдісі, көркемдігі
жоғарысы - «Томарбай мен қатыны» әңгімесі.

Тақырыбы жағынан бұл әңгіме «Жарасымды сүгіреттер» фельетонымен сабақтас. Мұнда да «болдомошын» (уәкіл) болып қаладан ел арасына сайлау жүргізуге баратын «көзі ашық», «пысық» жігіттің қыр байларынан «сый» алған қуыс өңеші, кедей жатақтарға тізе батырған озбырлығы сатиралық пафоста әңгімеленеді: «Бұрын түкке жарамай, шиге шанышқан құмалақтай ағаш кеңірдегі сорайып жүрген Томашке (Томарбай – Н.Қ.) «крестианский нашалнік» болдым дегенге терісіне сыймай Шәкенге мақтануға бержебайлатып, қоқыйланып келе жатқан мәні сол еді». Мұндағы Шәкеннің, Томарбайдың ауыр мінезді, бейпіл ауызды әйелі Шәмшінің де, қылықтарын автор күлкілі сәтпен байланыстыра, мысқылдап отырады. Негізі, фельетон-әңгіме мен сатиралық әңгімелердің арасында аса үлкен айырма бола бермейтіні белгілі. Екеуінің жанрлық белгілерінің ұқсас екендігін, әдетте оларды бірбірінен ажыратып, жыға тану да оңайға түспейді. Әйткенмен бұл екеуінің бір жанр емес екенін, араларында ептеген айырмашылық бар болатынын теорияшылар қадам айтады. Сатира теориясының білікті зерттеушісі Т.Қожакеев бұл тарапта екеуінің ара-жігін көрсетіп, сатиралық әңгімеге былайша баға береді: «Біріншіден, сатиралық әңгімеде автор оқиғаның, фактінің тек логикалық жүйесіне жүгінеді де, ойдан, қиялдан байытуға тежеусіз барады. Ал әңгімефельетонда мұндай еркіндік, кеңшіліктерге жол беріле бермейді, қиялдан, ойдан қосып, ойдан шығарып әсірелеу шектеулі. Ол нақты, өмірлік болмыс, фактіге байлаулы, оны суреттеуде автор еркі тежеулі. Екіншіден, көп ретте сатиралық әңгіме, фельетонәңгімеге қарағанда, сыйымдылау, оқиғаны қамту, қарпу кеңдеу... Үшіншіден, фельетон-әңгіме көбіне нақты бір нысананы, оның кесірінен өмірде болған дертті діттей отырып,

соны әшкерелеу үшін жазылады. Ал сатиралық әңгіме
нақты ешкімді, өмірлік ешбір фактіні діттемей, «осындай-
лар бар-ау» деп ойға түйген, жалпылағыш сипаттағы факті,
пікірге негізделіп жазылады да, әшкерелеуді, профилакти-

ка жасауды мақсат етеді»/355.Б.148/.
Бұл қатарда Жүсіпбек Аймауытұлының оқиғаны кеңірек
алған, бас-аяғы жұмыр, біртұтас, көлемді сатиралық
әңгімесі – осы «Томарбай мен қатыны» деп аталатын

шығармасы.
«Кеңес өкіметі жаңа орнаған жыл. Уездік қала.
Мекеменің бір болысы. Жағалай отырған жаңа өспірім, жас
жігіттер. Жазу үстелінің басында қолды сермеп «болдомо-

шын» (уез сайлауын басқаратын гүбернеден келген упол-
номоченный) үгіт айтып тұр» деп басталатын сатиралық
әңгіменің негізгі ойы – совет өкіметінің алғашқы жыл-
дарында, жергілікті жерлерде волисполком сайлау үшін

қырға шыққан, қыр байларын «сауу» үшін билік құрығын
пайдаланған қаладағы кейбір «пысық» қазақ жігіттерінің
нас пиғылын ашып көрсету. Осы ретте «Томарбай мен
қатыны» әңгімесі сатиралық әңгімеге қойылар өзіндік та-

лаптар мен шарттарға жауап бере алған.
Басқа жанрларда да өзінің шеберлігін байқата білген
Жүсіпбек Аймауытұлы мұнда да замана ағымына орай өз
дәуірінің дүбіріне үн қосып, кең толғап, өрнек-айшығы

басқа, жаңа, сапалы тұстарымен кейінгі қаламгерлерге
өзгеше нұсқа көрсете аларлықтай дәрежедегі сатиралық
әңгімесін дүниеге әкеледі.
Осыған орай «туу, қалыптасу дәуіріндегі кеңестік қазақ

сатирасына өзіндік сипаттар тән. Азамат соғысы күндерінде
ол сан жағынан, аз да болса, дауылды дәуірге револю-
цияшыл жауынгерлік сипат көрсетіп, саяси үн танытты.
Кеңесті, жаңа құрылысты насихаттап, ақ гвардияшыларға,

елдегі қой терісін жамылған қасқырлар мен әйелге жауша

қараушыларға шүйілді. Демек, онда памфлеттік мазмұн,
жалынды, өктем үн жатты» /355.Б.359/ деген пікірге қосыла
отырып, Жүсіпбектің аталған әңгімесінің өз кезегіндегі ак-
туальды мәселені сөз ете отырып, өткір жазылғандығын да

аңдауға болады.
Мысалы, автор парақор «белсенді» Томарбай «төренің»
исполком бастығын сайлау мәжілісіндегі іс-қимылын, бет-
бейнесін уытты тілімен былай әжуа қылған:

«Сайлау күні.
Ақ үйдің ығында алқа-қотан отырған көп кісі. Оң
босағада үстел. Үстел басында Шәкен қажы, бір-екі жас жігіт.
Томарбай төрде, қолында шыбығы, төбеге тықылдатып кісі

санап жүр... Томарбай «құлақшынға» барды:

– Сен кімсің?

– Мен жұмысшы.

– Шығасың.

Шықпаймын. Сәбет кедейдікі екені шын болса, мен
сайлаудан шықпаймын... Жер астында 5 жыл жұмыс істеп,
биыл келіп отырмын.
Кімге сен қарсы келесің?! – деп жатақ боқтасқа ба-

сып, құлақшекеден отыртты. Жұмысшы да періп жібереді.
Шартпа-шұрт төбелес болды да қалды. Жұмысшының
қара жұдырығы қатаң тиді, білем: үш-төрт сілтегенде-ақ
«төре» серең ете түсті. Жұрт жиналып қалды. Екеуін де

ұстай алды. Шаң, қақалып-шашалып, алтыатарын оқтанып
«төре»: «Атамын! Қоя бер, былай тұр!» деп кимелеп еді.
Қажы қолын ұстап жібермеді. Ол екі арада «Шәкең» де
келіп қалды. Байын қолынан сүйрелеп, ойбайды салып

үйге алып кетті.
Жұмысшыны табандатып, бүртөкел қылып, «әріставайт»
етіп қалаға жөнелтті. «Төренің» беті жаман болған соң
қалған ел қың еткен жоқ...»

Томарбай – күрделілігі жоқ, мысқылға, күлкіге

құрылған образ. Адамдар ішінде көп кездесетін, бір күндік
өмірін ойлаған, ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүріп,
«нәпақа» түсіруге ұмтылған пайдакүнем, тоғышар жан.
Әйтсе де, Жүсекеңнің дәл өзіндей оның бейнесін суреттеп

беру оңай емес: «Томарбай - қала жатағының баласы. Екі
кластық шкөлде сегіз жыл, мал бершілінің шкөлінде 2 жыл
оқыса да, мешкей кісінің ауызынша, оқудан түк жұқпаған
бір көкмый еді. Ағалары да осынша сүйрегенімен түк бола

алмады. Арақ ішу, қарта ойнап, жезөкшелерді жағалау,
жатақтың жаман-жұман жігіттерімен қызойнақта ән салы-
сып, қылжақтасып, аяқ жағынан төбелесіп тарқаудан басқа
ешбір орынға кіре алмады. Соңғы жылдарда «складта»

соқа сатып, одан кейін «натаруста» қағаз кеміріп, қызметке
ілінген болып жүрді. Онда да кенелткен дәнемесі жоқ еді.
Кеңес өкіметі орнаған соң жастар партияға кіріп жатқанда
қатардан қалмасқа партияға бұ да жазылды. Соның салда-

рынан осы жолы инструктор болып елге шықпақшы болып
еді».
Әңгімеде
Томарбайдың

«бет-аузы
қушиған,
көзі
кілбиген, мұрыны сорайған, тым-ақ сүйкімді емес» әйелі

Шәмшінің образы да біршама ашылған. Автор Шәмшінің
көрсеқызарлығын, ұрысқақтығын «жіпке тізіп» айта
бермейді. Оның образын аша түсу үшін оңтайлы сәт,
қолайлы кезде бір детальды енгізіп жібереді. Мәселен, жазу-

шы Томарбайдың қырға инструктор болып, сайлау өткізуге
шығатынын «сүйінші» сұрап, әйеліне айтып, екеуі жылы
сөйлесіп, жарасып, мәз-мейрам болып отырған кезін жаза
келіп, «Ойпырмай, қырға шыққан қандай қызық! Қымыз,

көк шөп, таза ауа!...» деп отырған Шәмшінің аяқасты
бұзылған шәлкем-шәліс мінезін былайша көрсеткен:
«–...Ертең пар атты жегіп алып: «Айт!» деп өкіртіп бір
жөнелсек... – деп қолын сермеп қалғанда пештің кәрнезінде

тұрған лампы салдыр-күлдір етіп жерге түсті.

– Ой, жарымес! Ой, қолаба шірік ит! Жынды көбелек бо-

лып отқа түсіп кетсейші! Сайлау қылып, сен шірік не жа-
рытам дейсің, сені жіберіп отырған кісі де бір ақымақ... –
деп әлденелерді айтып Томарбайдың басына ит терісін
қаптады. Томарбай: «Байқамай қалдым, қой енді, қой

енді...» деп жалынғаннан басқа түк айта алмады»/364/.
Жүсіпбектің қай шығармасын алсаңыз да, оның өне
бойында жеңіл әзіл, жылы юмор сезіледі. Ал осы бір
сатиралық әңгімесінде автор ащы мысқыл, улы әжуамен

күлкілі сәттерді әлденеше рет келтіреді. Қырдағы
қажының үйінде өткен бір ғана оқиғаны алайық: «...
Шәкең шынашағымен бір іліп жалайды да, кесені итеріп
жібереді. Кеспе келсе, бір-екі қасық ұрттайды да оны да

жаратпайды, «пысынап кеттім ғой; үй маңайында кісі бар
ма? Қуаласын деші!» Сайтаншылар өп-өтірік айқайлап,
«Аулақ кет» деп қуалайды. Әрі-беріден соң: «Есік жақтан
жел жіберші, Елеусіз!» деп бұйырады Шәкең. Елеусіз,

қағынды келгір, күлместен, дәнеме етпестен, есік жақтан
қос қолдап, Шәкеңнің бетіне жел әкеліп шашады» деп
жазушы көркем сатиралық әңгіменің ажарын кіргізетін
сәтті дәл таба білген.

Әңгімедегі қыр суреттері, бай ауылдың салтанаты,
киіз үйдегі дастарқан басы, сайлауалды мен сайлаудағы
әбігер болған жұрт, елден қайтқан Томарбайдың таяқ
жеуі – осының бәрі Жүсіпбектің қаламына тән келісті

тілмен көркем баяндалды. Бұл орайда ХХ ғасырдың
20-жылдарының басындағы ел өмірін, тұрмыс-тіршілігін
танып білуде шығарманың көп мағлұмат бере алатынын да
айта кету керек.

«Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан
шалды» сатиралық әңгімесінің құрылымы негізінен
жазушының «Радио хабарлары» фельетонымен ұқсас.
Мұнда да әңгіме желісі көбіне-көп диалогтар арқылы

дамытылған. Бірнеше қысқа-қысқа үзіктерден тұратын
шағын әңгіменің, әуелгі кіріспесінен басқасы, дені диа-
логтар пішінінде, кейбір тұстарында кейіпкердің моно-
логы немесе әңгімесі түрінде, кейбір жерінде автордың

өз сөзі ретінде жазылған. Шығарма осы ыңғайда
көңіл аударарлықтай болғанымен, әсілі, асығыстау
жазылғандығы да аңғарылады. Мұны публицистің
мерзімді баспасөзге арнап, арнайы шағын үлгіде жазған

шығармасы деп білген жөн.
Әңгіменің әр үзігін автор тақырып ретінде берілген
«Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды»
деген мәтелмен аяқтап отырады. Бұл ретте де Жүсіпбектің

стиль өзгешелігіне, форма жаңалығына ұмтылатындығын
көруге болады. Мәселен, алғашқы үзікті жазушы былай-
ша күрмейді: «... Жуандардың мойнына су кетті. Алаяқтар
сайлау кемесиесіне кіріп кетіпті, берекеден түк шықпады.

Жуандар шоңқайды, жіңішкелер құтырды. Қарағай басын
шортан шалды».
«Қарағай басын шортан шалатын» себебі: «Бір заман-
да «көкшолақ қасқырға» атшабар болып жүретін, битті көз

«жетімек» бұл күнде кәмонеске езіліп, кедейлерді жинап,
елде партия басы болды». Жазушы қырда тыныш жатқан
елдің арасына бүлік салған қай тап, кедей ме, немесе жуан
ба, ол жағын ашып айтпайды. Болған істі болғандай етіп

баяндағысы келетіні байқалады. Екі жақтың тартысын
да әшкерелеп отырады: «Сайлаушымен ауыз жаласып
жуандардың салған списігін өткізбей қойған соң жуандар
«ұлы кеуделігін» қылып «сайлау бермейміз» деп төбелес

шығарды» /41.Б.138/.
Аймауытұлы сатиралық әңгімелерінде ғана емес, басқа
да көптеген шығармаларында тап тартысын сөз қылғанымен
оны тап тұрғысынан көздеп жазбай, оқиғаның себеп-

салдарын адамдардың жеке бітім-болмысынан, мінезінен,

пиғылынан іздейді. Сол себепті де кезінде Ғ.Тоғжанов: «1921-
22-23 жылдарда қазақ арасында тәртіпсіздіктің болғаны
рас. Ел ішіне барғандардың ішінде қиянат қылатындары,
пара алғандары, елді үркітіп, қорқытқандары болғаны да

рас. Бірақ елге барғанның бәрі осындай болды деуге бол-
майды ғой» деп Жүсіпбектің сатиралық кейіпкерлерін
ұнатпайтындығын ашық білдірсе, оның ел ішіндегі партия-
таласты, жікке, тапқа бөлінген әбігершілдікті сынаған

көркем шығармаларын «Тұрмыстың жаман жағын алып
жазады. Ел басына, қазақ даласына қара тұман, ақырзаман
орната жазады» /366.Б.143/ деп қаралаған. ҚазАПП-ның
әдеби сынының басты бағыты осындай еді.

Дегенмен дүниедегі құбылысты, өмірдегі қайшылықты
әдебиет айнасына бұрмалаусыз түсіру, бұлтарусыз жазу
тұрғысынан келетұғын болсақ, көрнекті жазушымыздың
көркем дүниелері жоғары талап деңгейінде тұр. Оған

«Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды»
сатиралық әңгімесін де мысалға келтіруге болады. Шағын
сатиралық әңгіме былайша аяқталады:
«Қысық көзді сұрша бала сот болып елге келді.

Төрт «шонжарды» алдына тізесінен отырғызып тергеп
отыр.
...Екі ақсақалдың көзіне жас келді.

– Шырағым, қазақтың баласы едік қой, бізге рақым

қыл... ұрылармен бірге үш күн жатып өліп қала жаздадық...

– Жоқ, болмайды. Сендер дау көтеретін жігітсіңдер

ғой...

– ...Тым болмаса, бізді кепілге беріңіз...

– ...Төртеуге сегіз кедей кепіл керек.

Төрт жуан далаға шығып, кедей тауып әкеліп кепілге
босанады. Кепіл болған – өздерінің атшылары.
Бұдан да өлген артық.
«Қилы-қилы заман болды...

Қарағай басын шортан шалды» /41.Б.139/. Жер-жердегі партия-совет қызметкерлерінің тізеге салған өктемдігін көсемсөзші осылайша әшкерелейді. Бұл ғана емес, басқа да бірқатар фельетондары мен суреттемелерінде Жүсекең 20-жылдардағы елдегі осындай келеңсіздіктерді, партия, тап, «бай-кедей» деп ел іші бұзылған бүлік заманды боямасыз суреттейді. Оның тағы бір сатиралық әңгімесі – «Кеп қолағашта» шығармасы /41, Б.148/. Бұл әңгімесінде де автор кейбір совет қызметкерлерінің мақтаншақтығын, даңғойлығын, «білгіштігін», жершілдігін, қызмет бабын пайдаланғыш «пысықтығын» сатиралық тілде қатты шенейді. «Елес» әңгімесіндегідей мұнда да аты белгісіз кейіпкер бірінші жақта сөйлейді және Жүсіпбек адам психологиясын, адамның ішкі ой әуенін, жан дүниесін ашуға талпынатын өзіндік стилімен кейіпкердің ниетін, мүддесін көрсетуге тырысқан: «...Желбуаз сөзге қомпаятын мен емес, мен де есімді білем. Кеңес қызметкері бола түрып, жатың болсын, жақының болсын, қойған көпшігін айырмай нағыпты. Яғни, мәселен, былайша айтқанда: сайлауда ауылнайлықты әпер деп, мал жасырып, салығымызды азайт десе, егескен дұшпанды жазықсыз табанымызға сап бер десе, сотты болсақ, қорға десе. Құдай көрсетпесін, біріне жуыр ма екем?!» . Лирикалық кейіпкер – «болған, толған» совет қызметкерлері демалысқа елге барғанда, басқа қолынан келмесе де, баланы оқуға түсіру қолынан келетіндігін білдіріп, ағайындарының балалары – Кәбір, Сабыр. Қабыл, Табылды «ішкөлге жіберіңдер» деп кетеді. «Бір күні Кәбір-Сабырлар сап ете түскенде жүрегі су еткен» кеңес қызметкері «қарқылдаған еңгезердей қара зәбедейшіге» барса да, «тымпың-тымпың тыпырлап жүретін тәпелтек ушителге»

барса да, «арық, бота тірсек сары ушителге» барса да, бала-
ларды оқуға түсірудің уақыты өтіп кетіп, ыңғайы келмейді.
«...Уезден келген бала одан камандиревкесіз келіп алынба-
сын деген қаулы болыпты, шығынданып текке келмеңдер

деп газетке мақала жазылса» да, «қайткенде жылдағыдан
піриом беті қатаң...» болса да, «бопыраздатып, сым шал-
барымен сидаңдап жүрген» қызметкер ары-бері жүрсе де,
қолынан келмейтіндігін біледі.

Автор көтере алмайтын шоқпарды беліне байлаған, сақ
жүрсе де, артық уәде беріп, қолдан келмес іске ұмтылған
кейіпкердің мінез-құлқын, ой-ниетін әбден әшкере қылып
сынайды. Көңіл жықпастық танытып, қолдан іс келетінін

көрсетпек болған әсіре уәдешіл бет-бейнесін көрсетіп,
мазақ етеді. Ағайынға беделін көрсетпекші болып, ақыры
тым артық кеткенін сезген қызметкер ауылдан келіп,
пәтерде жатқан балаларға қолынан ештеңе келмейтіндігін

«мойындайды»: «...Сасқандық қой деймін.

– Осыншама кеш келерсіңдер ме? – деп өздеріне тап

бердім...» «Анау да түсіре алмады. Мынау да түсіре алма-
ды... – деп көптің бірі болғым кеп қияметті жаудырмайым
ба?» – деген сөйлемдер арқылы жазушы басты кейіпкердің
жалған уәде бергені үшін ұялғанның орнына жас балаларға

өтірікті қарша боратқан тағы бір қылығын күлкіге айнал-
дырады. Осы жерде әңгіменің түйіні, шығарманың мұраты
іспеттес негізгі айтар ойын тағы бір кейіпкердің аузына са-
лады: «Кедейлер тықылдақ келетін әдеті ғой: Нұржанның

баласы отырып:

– Неге түспесін, бізбен бірге келген өз елінің үш бала-

сын «Қ» түсіріп-ақ жіберді. Бізден бір күн бұрын келген
ағасының екі баласын « Н» үшкөлге түсіріп, енді қазынадан
ақша әперем деп басына кенеп қап кигізіп қойыпты.
Солардың ояздан әкелген қағазы да жоқ, бізден басқалар

орналасып-ақ жатыр, – деп шақшия қоя берді» деген жол-

дармен қаламгер сол кездегі «қызметкерлердің» іс-әрекетін
ашып, сатира сынына алады. Жазушы «...Қолағаш мықты
болса, киіз қазық жерге кіредіні білмейді-ау! Кеп қолағашта
ғой... деп әлсіздікті мойынға алдым» деп әңгімесін аяқтай

келе, каладағы «оқығандардың» арасындағы тамыр-
таныстықты, жең ұшынан жалғасқан сыбайластықты анық
көрсеткен.
Әсілі, Жүсекең осы тақылеттес тақырыптарға көп

қалам тартқан. Жаңа заманның лебі келіп, алғашқы жыл-
дарда аласапыран болып жатқан уақытты, сол кездегі
әділетсіздікті, озбырлықты сын тезіне салып отырғаны
аңғарылады. «Кеңес қызметкерлерінің» көпшілігінің өз

дегендерін істетуге тырысқан оспадарсыздығын сынап,
шағын алты тараушадан тұратын «Көшпелі Көжебай» деп
аталатын сатиралық әңгімесін жазады /368/.
Бұл шығармада совет өкіметінің ұлт кадрларын

орнықтырмай, өзге қызметке араласуына мүмкіндік бер-
мей, іске төселуіне мұрша келтірмей, республика бойын-
ша бір жерден екінші жерге, одан тағы бір жерге сырғытып,
себеп-салдарсыз тым жиі ауыстыра берген «жөн-жосықсыз»

саясатын әшкере қылады. Көжебай сияқтылардың қызмет
бабында тек қана көшумен жүретіндігін айтып, олардың
орнын жиі-жиі ауыстыра беретін өкіметті сатиралық пафо-
ста күлкілі етіп жазады: «Келе жатып ойлайды: әнеугі сиез-

де Б.-ге қарсы сөйлегенімнен болды ма? Әлде мен Ж.-ларға
жақын жүр деп ойлады ма? Менің жазығым жоқ сияқты
еді ғой. «Шортты знайыт!» Кісі біліп болмайды. Шаруа
мәселесіне жаңа төселіп келе жатқанда, жаңа кісі қатарына

косылып келе жатқанда қиын қылды. Амал жоқ. Қаулыға
көнбесек тағы болмайды.
Жолда он шақты күн жүріп, шабаданынан айрылып
Семейге келді. Әуелі гүуисполкомге барады. Қағазын

көрсетті. Губкомда сөйлесерміз деді. Жуырда мәжіліс бола
қоймаған ба, ұмытып кеткен бе? Көпке шейін қызмет таба
алмай сандалды».
Сапырылысқа толы алас-күлес заманның тұрлау-

сыздығын, жат жұрттық басшылардың жергілікті ұлттан
шыққан қызметкерлерге жақсы қарамайтындығын әңгіме
барысында сезуге болады. «Семейге келсе, тағы да сапыры-
лыс болып қалыпты. Губисполком бастығы Оралға кетіпті.

Үйездегі болыстарының бірі Ақмолаға, бірі Ақтөбеге, бірі
Бөкейге, бірі Адайға жіберілетін болыпты. Көжебайды
«Екібас» жұмысшыларының ортасында қызмет істеуге
қосып қойды. Жаңа келген «бастық» қатаң кісі екен: аялға

қаратқан жоқ, «үш күннің ішінде жүресің» деп.
Жазған құлда шаршау бар ма? Камандрауышни қағазын
алып, екі-үш күннен кейін «Екібасқа» тартты.
Екібастағы жұмысшылардың хәлі жаман: ақысын ала

алмайды екен. Кеңсе біткендегі – орыс, мектеп-оқу жоқ
екен. Қазақтың арызын орыс билеушілер керек қылмайды.
Орыс мейрамы болса, орыс жолдастар каператиптен нәрсе
алады. Қазақтың айтында қазаққа түк жоқ». Осы орайда

Көжебайлардың жұмыс қабілетін жойып алуы, қызметіне
селқос қарауы пайда болатындығын айтып автор үлкен ой
салады.
Бас кейіпкер Көжебайдың өзі де «сапырылыс тиылар,

заман түзелер» деп сабырлық етіп, бұл іспетті түсініксіз
саясаттың өзгеруін күтіп жүреді. «Көжебай не басы-
на, не еңбекші елге пайда қылып жүр деуге болмайды.
Үйткені ылғи айдаудан-айдау, не үшін, кім үшін айдалып

жүргенін де білмейді. Қызметтен де, өмірден де жалықты.
Әуелде нағыз кедейдін баласы еді. Кеңес өкіметі келісімен
партияға жазылып еді. Содан бері қызметте еді. Бұл
уақыттар денсаулығын да жойды...» Әңгіме ертеңгі күнге

деген сеніммен, әлі де «шын қызметкер керек болар» де-
ген үмітпен аяқталады.
Жүсіпбек Аймауытұлының жылы юморы, өткір сатира-
сы бар көлемді әңгімелерінің бірі – «Жаңа өмірге аяқ басты»

деп аталады /41.Б.150-158/. Шағын тоғыз бөліктен тұратын
қызықты әңгімеде жазушының сүйікті кейіпкерлері –
«қара қасқа» кедей өмірі сөз болады. Біртоға, жуас адам-
дар – Додай, оның әйелі Ұмсындықтың көрген тіршіліктері,

өзара түсініспеушілігі, екеуінің арасының бұзылуына
себепші болған Көкмұрынның және т.б. осылар сияқты
ауыл адамдарының өмірі реалистік тұрғыда, нанымды,
нақпа-нақ суреттеледі. Әңгіменің негізгі тақырыбы – совет

өкіметі тұсында теңдік сұрауға қолы жеткен, «жаңа өмірге
аяқ басқан» жалшылардың тіршілігі. Дегенмен шығармада
езу тартқызар сатиралық бейнелер де ұшырасады, мәселен,
«астынан су жіберген парабоздай мұрны шуылдаған»

Көкмұрынның іс-әрекеттерін автор мысқылға айналдырып
отырады.
Жалпы алғанда, Жүсекеңнің көркем әңгімелерінде де,
кейінірек жазылған роман-повестерінде де сатиралық

образдар ұшырасып отырғанын айта кеткен ләзім. Бұл
жазушының жан-жақты дарын иесі екендігін танытуға
айрықша қыры десе де болады. «Ол шығарманы кейде
нақты оқиғаға құрса, кейде көркем бейнені ашу арқылы

дамытады. Сондықтан оның сатиралық әңгімелері мен
фельетондары араласып, бірінің белгілерін бірі бойы-
на сіңіріп, жаңа жанрлық формаларға айналады. Заман
шындығын, кейіпкер іс-әрекетін жазушы сатира тілімен

шенейді. Сонымен қатар Аймауытұлының публицисти-
касы мен прозасындағы кейіпкерлердің өмір сүрген орта-
сы оқырманның көз алдына келеді, стиль ерекшеліктерін,
тіпті кейбір образдың өзара ұқсас екендігін де аңғаруға

болады.

Жүсіпбектің «Баушы мен бала», «Қара бақсы», «Жаңа
өмірге аяқ басты», «Әнші», «Алып ұйқы», «Далада на-
урыз», «Көк өгіз», «Нағима», «Қырсықты Сүлей» және
«Қызыл отау, Қызылбике» әңгімелері – өз тұсындағы зама-

на келбетін, ел тіршілігін, замандастар бейнесін, халықтың
көңіл ауанын білдіретін, этнографиялық көріністері мол,
әлеуметтік тартыс пен тарихи шындықты бейнелейтін
келісті, көркем дүниелер. Қазақтың көркем прозасына

салмақты үлес қосқан бұл шығармалар «адам портреттерін,
психологиялық жағдаяттарды, ішкі монологты кең көлемде
көрсетеді, ақ өлең үлгісінен қара сөз түрінде өрнектеуге
шебер, сөз өнеріндегі диалог, мінез, портрет, композиция,

стиль, ырғақ, қысқасы, көркемдік құралдар шешендікпен,
шеберлікпен астасып, халықтық тағлыматтан бастау алады,
алыс-жақын шетел әдебиетіндегі озық дәстүр, өнегелермен
үндесіп, сабақтасып жатады» /337.Б.146/.

Жазушының бұл қатардағы, өзгеше стильде құрылған
әңгімелерінің бірі – «Далада наурыз» шығармасы /41.Б.158-
161/. Әңгімеде екі ғана кейіпкер бар – қойшы мен түйеші.
Алғашқыда даладағы наурыз айы суреттеліп, қойшының

жеке монологы берілсе, кейін қойшы мен түйешінің диало-
гы ретінде өрбиді. Бұл сыпатын алғанда әңгіме – шағын те-
атр қойылымы немесе кішігірім скетч тәрізді дүние.
Жалпы, жазушының біршама шығармалары (мы-

салы, «Қилы-қилы заман болды, қарағай басына шор-
тан шалды», «Радио хабарлары») сахналық қойылымға
сұранып тұрғанын байқау қиын емес. Театр сыншысы,
алғашқы қазақ пьесаларын дүниеге әкелген үлкен драма-

тург Аймауытұлының осы іспеттес кейбір әңгімелері де
драматургиялық дүниелерге жақын екендігі анық таны-
лады. Бұған жазушының өзінің саналы түрде барғанын
баса айта кеткен жөн. Оның себебін сол тұстағы театрдың

шағын сценарийлерінің тым аз болғанынан шығар деп топ-

шылаймыз. Әрі 20–30 жылдары сахналық қойылымдардың
мәдениет шараларыньщ ең үздік жетістіктерінің бірі болып
есептелгенін естен шығармау керек.
Міне, осылардың қатарында құрылымы алабөтен «Да-

лада наурыз» әңгімесін де айтуға болады. «Төбе үстінде
ақ таяққа сүйенген, мосқалдау, үстінде қырысқан,
ысқаяқ, ескі тоны, көң шалбары, басындағы тысы түте-
түте, қызыл сеңсең тымағы, беліндегі қырық жылғы,

қынды кісесі, далаға шыныққан, қошқыл тартқан қалың
бет-ауызы бұл адамның қойшы екенін айтпай таныта-
тын» кісінің монологы арқылы жазушы біраз жайттың
бетін ашады: «...Баяғыда бүгінгі күні қазан-қазан құрт

көже істеп, үй басы жылқының басын асып, наурызды
мейрам қылып, қағанағы қарқ болып қалушы еді. Атқа
мініп ауыл қыдырғанда көңіл көтерілуші еді. Желпініп
ойнап-күліп, тамаққа тойған соң қыстайғы сарсық бой-

дан бір шығушы еді. Қойды ауылға таман сыра тастап
біз де барушы едік. Өйдейт дерсің! Үлкен үйлердің тай
қазандары күп-күрең, сары қасқа құртқа толып тұрушы
еді. Қарынымыз сыздағанша ішіп-ішіп, тершіп, шымыр-

лап отырушы едік! О да бір дәурен екен! Ондағыдай
жұртта енді береке, бел бар ма! Дәулет бар ма! (Қойға
көзінің қырын салып): Шалқып жатқан ақтылы қой жер
қайысып сонау өлкеге сыймай кетуші еді. Байдан туған

жанның бір өзінен алты қотан қой өруші еді. Құлалы
жылқы қып-қызыл, ортасы шұп-шұңқыр болып жату-
шы еді. Сиыр дегенің, түйе дегенің қара құрттай қаптап,
жыртылып айырылушы еді... Олар қайда?! Көрген түстей

болды. Енді немене? Ауыл басы ая толым қой, көтен ба-
сындай жылқы, үй басы екі-үш мөшке: қарап отырып
қарының ашады»/41.Б.158–161/.
Рас, алаш елі 1916 жылғы июнь жарлығына дейінгі,

төңкерістерге дейінгі, кейін ары-бері қырғын салып өткен

ақ пен қызылдың соғысына дейінгі «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған», мал-басы түгел, шалқып отырған за-
манын аңсаған. Жүсіпбек халықтың сол көңіл-күй ауа-
нын дөп басып, сол жылдардағы (20-жылдардың басы)

аласапыран, қысталаң заманда ел тұрмысының тым на-
шарлап кеткенін әңгіме басында кейіпкер – қойшының
сөзі арқылы береді. Бұдан кейін оның қасына «үстіне
шидем күпі, басына жаман тымақ, аяғына тері қаптаған

шәркелі, киіз байпақ киген, белбеулі, бір көзі соқыр,
салтақ шал» – түйеші келеді.
Әңгіме одан әрі драматургиялық шығарма пішініне
ұқсаңқырайды. Бұл бөлігінде де жазушы қойшы мен

түйешінің диалогтары арқылы замана келбетін, аумалы-
төкпелі заманның лебін, ел ішіне әреке әкелген бойкүйез
халді бүркемелемей, боямасыз дәл беруге тырысады.
Мәселен:

«Түйеші:

– ...Қойшы, анау келе жатқан үш аттының кім екенін

білдің бе? Сәбеті ме, кәмитеті ме, қаңғып жүрген солардың
бірдеңесі-дағы... Шұлғаудың маңқа баласы ұлық болған
соң құдайға не амалың бар? Үйіне екі кісінің басы батпай-
тын сіңірі шыққан мен ұқсаған бір жылтыр бұлар! Ел биле-

ген соң қайдан оңсын?
Қойшы:

– Өй, тәйір-ай! Оның ұлық болып жүргені – бай

балаларының арқасы да. Солардың үргізіп қойған иті емес
пе? Оның қолында не бар дейсің?... Терлікбайдың да келіні
бұзылып жүр деп біздің кемпір бірдеңені қоңырсытып отыр
еді. Сірә, бұ қылығын қоймаса, жұрт қатыннан жылмағай

боп тұлыпқа мөңіреп қалмаса неғылсын...
Түйеші:

– Ие-ие, қатынның құтырғаны не жақсы ырым дейсің.

Заманақыр боларда «сиыр пұл болады, қатын би болады»

деп бұрынғылар айтады екен. Бұ да бірдеңенің нышаны
ғой».
Жазушы елдің тіршілік тынысын осы сыпатта жаза
келіп, аласапыран саясат заманының құбылмалы кезеңін,

одан халықтың жылылық күтіп отырмағандығын жасыр-
май жазады. Бұл әңгіме сол себепті де құнды.
«Қырсықты Сүлей» әңгімесінде /41.Б.178-183/ де жазу-
шы этнографиялық суреттерге, қырдағы елдің тіршілігіне

көбірек тоқталады. «Жұрт «пысық, епті, кісі алдай біледі»
деп аңыз қылған «атқамінер адам» Сүлейдің ұрлық жа-
сап «мал табуды», «өзі түкті қошқардың тұқымы», «аталы
жердің баласы» болғандықтан еңбек етуді, кәсіп қылуды

ар көріп, біреудің үстінен пайда түсіруді көздеген әртүрлі
қылықтарын жазушы дәл бейнелейді.
Әңгімеде сонымен бірге жылы юмордың да нышан-
дары байқалып қалады. Әңгіменің негізгі сюжеті – әйелі

өлген Сүлейдің «аяғын шырмап, төсек жаңалау» қамымен
жүріп, «жөпшенді емес, баяғыдай шай шымылдық, мәре
шапан, торғын кемзал, жібек сәлі, балдырғандай майысқан,
үлбіреген жас сәуліммен жаңартуды арман қылып»,

әлденеше қызды көруге баруы баяндалады. Жазушы бір
кезде әкелері бай болған, «сүйегі мырза», «қырық екіге
биыл шыққан, ақ құба, ат жақты, тоны сұлу сұңғақ жігіт»
Сүлейдің ендігі малы шөмейіп, шаруасы шайқалған кез-

де еңбек етуге ерініп, одан гөрі елді алдап, жоқты-барын
алып кетіп, «пысық, епті» болмақ ниетін сынға алады. Ра-
сында да, аттан түспей, ел баққан, сөз баққан, ептестірген,
қағыстырған Сүлей кейде бірлі-жарым пұт май, тоқты, кей-

де торпақ түсіріп жүреді. «Шын біткен жеріне бітеді деп»
бұрынғы тұрмысын аңсаған, «мал табам деп арпалысқан»
ақсаусақ Сүлей еңбек қылуды, егін салуды білмейді. Арба
соғуға, етік тігуге ебі келмейді. Сүлей ондай кәсіпті ар

көреді: «Жұлық жамағаннан өлген артық». Әйткенмен

жазушы егін салғандарды, егіншілер бірде болмаса, бірде
еңбегінің жемісін орып жүргенін Сүлейдің көргенін,
оның да осындай іске құлшыныс қылғанын айтып кетеді:
«Сүлей көңіл жетер тең құрбыларына «кәсіп қылайық,

егін салайық» дейді. Бірақ оны құнт қылып, соңына түсуге
ыңғайы жоқ. Тек қалай еткенде Сүлей «өлмей» соқаның
көтін ұстасын ба? Оның егін салайық дегендегі ойы: бір-
екі кедейді жалдап, солардың бейнетін жеп, мал табу еді».

Кісі үстінен күнелтіп, еңбегін оңай олжалағысы келетін
Сүлей сияқтылардың пиғылын автор оның іс-әрекеттері
арқылы ашып көрсетеді.
Сүлей «мал табудың» қамымен жүргенде әйелі

қайтыс болып, ол енді қайта үйленуді қолға алады. Ав-
тор бұл арадікте юморға да жүгінеді: «Қатыны өлгеннен
кейін Сүлей «бісмілдә!» деп алдымен жұмысты сақалдан
бастады. Екі шықшытты сымпыйтып, иекке таман

алқымдатып қойып, бір жүрді. Мұртты ширатты. О да
көп көрінді білем, қалған шоқша сақалға қолды тағы
салып, мінтей-мінтей құртуға таянды...» Баяғы байдың
аулының баласы емеспін бе, маған тиген қыздың арма-

ны не деген кекірт ойлары арқылы Сүлейдің бет-бейнесі
айқындала түседі. Сүлей «қалыңдық іздеу» әуресімен
жүріп Бояубай, Ахмет дегендердің қыздарына сөз сала-
ды. «Көріп кел» деп ел ішінде Мұсабек сияқты пысық

жігіттерді жіберіп тұрады. Бояубайдың қызын құрбы-
құрдастары өтірік мақтағанға нанып, көңілі кетіп, Сүлей
қайынға енді жасырын барайын десе, жол-жоралғы, кәде
апаруға дүние жоқ. Сүлейдің ойлап тапқаны – өз ау-

ылдасы Қойшыбайдың бір ту сиырын ұрлап, сатқызып
жіберу: «...Соның сиырын сатқызып жіберсем, кім
біледі? Ауыл үйдің малын Сүлей ұрлады деп кім ойлай-
ды?» Бұл ой ұнап кетті. Ақылына со жерде бір сүйсінді.

Ертеңінде ала ту сиыр жоқ болып шығады». Жазушы

осынысымен де Сүлейдің кім, қандай адам екенін тағы бір аңғартады. Сүлей «қалыңдық ойнауға ниет қып жүргенде» қызды екі қараны артық беріп, Мақан деген жігіт алып кетеді. Енді Ахметтің қызын алам деп жүргенде Сүлейдің үстінен «сәбеттің жинайтын майынан бір жарым құты сіңіріп кетті, Қойшыбайдың сиырын сойып алды» деген домалақ арыз түсіп, басымен қайғы болады. Сүйтіп, әңгіме соңында «сүйегі мырза» Сүлейдің ұрлығы ашылып, сот есебіне шақыртылады. Жүсіпбектің әңгімелерінде көп кейіпкерлер кедей, жалшы болып келетұғын болса, бұл әңгімесінде ол «атқамінерлердің» тұрмыс-тіршілігін, ой-ниетін жазады. Сүлей сияқты ел үстінен күн көрген, еңбек етуге ерінген «мырзалардың» тоғышарлығын сын тезіне салады. Аймауытұлының әйел теңдігі тақырыбына арналған «Нағима», «Қызыл отау, Қызылбике» сияқты бірқатар әңгімелері бар. Бұлардың ең көлемдісі де, композициялық құрылымы жағынан күрделісі де – «Әйел теңдігі» журналында жарық көрген «Қызыл отау, Қызылбике» әңгімесі /41.Б.183-209/. Шығармада кеңес өкметінің алғашқы жылдарындағы ел өмірі, қырға шыққан «Қызыл отау» ұйымы, қыр суреті, әйел теңсіздігі, сауатсыздыққа қарсы күрес кеңінен әңгімеленеді. Диалогтармен басталған әңгімеде қызыл отау әкеліп көрсеткен «жанды сүгірет» – кино өнері, оны көрген елдің таңданысы айтылады. Көркем шығарманың басты мұраты – қалың елге келген қызыл отаудың ізгі ниетін мақтау, кеңес өкіметі әперген «теңдікті» сол қалпында көрсету. Бұл орайда автор басты кейіпкер Қызылбике арқылы оқыған қазақ қызының образын жасайды, оның әйел теңсіздігі үшін күрескен еңбегін баяндайды. Қарабұлақ ауылында жиырма шақты күн болған қызыл отау оқу-ағарту, насихат жұмыстарымен, денсаулық күту, әлеумет ісімен айналысады. Олардың іс-қимылдары ауыл

тұрғындарының игілігіне арналған: «Бір үйде сот, үстел қағаз жазу, жауап, үкім, әйелге бостандық, қалың мал қазынаға, жауапты жазаға, үй маңы жыбыр, сыбыр, біреудің жүзі жарқын, біреудікі қара барқын... Бір үйде ақ киімді дәрігер, сыбанулы білек, тыңдағыш түтік. Кеуде тық-тық, «аш аузыңды!», «А» де, «Деміңді қатты ал», «Бір стақан қайнаған сумен күніне үш рет». Барашок, барашок, дәрі сауыт, саусылдаған сауыт, сауыт... Бір үйде мектеп, қыз-келіншек, аласа үстел. Үш үстел. Үстел үсті: қалам, дәптер. Бөлек, салақ әліпби. Керегеде қара тақтай...». Көріктей қызып жатқан қызыл отаудың жұмысында әсіресе үгіт-насихат жүргізуде, әйел теңсіздігін колға алу кезінде гүбернелік әйелдер бөлімінен қосылған Қызылбикенің шамадан тыс белсенділігі, жігерлілігі әңгіменің өне бойында байқалып отырады. «Қырғи бике, қыран бике» атанған жастың өз ісіне адалдығы, келешекке деген сенімді көзқарасы, көппен түсінісіп жұмыс істеуі айрықша суреттеледі. Байқан деген ел жігітіне Жамал есімді сүйікті қызын кеңес заңы арқылы алып беруі, Керімбай сынды алаяқ, іші тар жігіттің шырмауына түспеуі, Қарабұлақ ауылындағы әйелдерге істеген қамқорлығы Қызылбикенің образын айқын аша түседі. Айта кетерлігі – жазушының бұл әңгімесінде де көркемдік ізденістер мол, адам жан дүниесіндегі психологиялық үйірімдерді жазуға талпынуы да ерекше. «Жалпы, 20-жылдар көркем прозасына дәуір сипаты мен өмір құбылыстары, қазақ кедейлерінің тұрмыстары мен әлеуметтік іске қатысуы, әйел теңсіздігі мәселелерін көтерген тақырыптар тән болды»/337.Б.139/. Осы негізде жазылған «Қызыл отау, Қызылбике» әңгімесі тақырыбы жағынан Б.Майлиннің «Кедей теңдігі», «Раушан – коммунист» шығармаларымен сабақтас екендігі көңіл аудар-

тады. 1931 жылы шыққан «Әдебиет энциклопедиясында» Жүсіпбектің осы әңгімесі повесть жанрына жатқызылады /369/. Расында да шығарма көлемділігімен, сюжеттік желісінің күрделілігімен көзге түседі. Аймауытұлының көркемдік талапта жоғары деңгейде тұрған жақсы бір әңгімесі – «Әнші». Бұл алғаш рет «...Терме» жинағында (1925, №1, 67-80-беттер) жарық көрген. Әңгіменің аяғында автор «Жүсіпбек. Ташкент, 1925, 6-март» деп шығарманың қай күні дүниеге келгенін атап көрсетіпті. «Бұл – Әміре Қашаубаевтың әншілік өнеріне арналған шығарма. Жазушы Әміре бейнесінде атақты әншінің жас кезіндегі өмірін, өнерін алған»/129.Б.48/. Жазушы бұл әңгімесінде 1914–1915 жылдардағы оқиғаларды баяндайды, үйткені Семей қаласына алғаш рет келгенін «Келген жылымыз. Қаланың жай-жапсарына қанық емеспіз» деп әңгіме арасында айтып кетеді. Және «Наурызда қазақ шәкірттері сауық жасауға даярландық» деген мәліметті Аймауытұлының өмірбаянымен орайластырып, осы уақыт аралығы деп шамалауға болады. Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқан болса да, шығарма қала тіршілігінен, өнерге құлшынған жастар өмірінен көп мағлұмат береді. Әмірқан әншінің ән айту шеберлігін автор былайша жеткізеді: «Сүмірейте, қылмита соқты. Желеңдете, құтыра соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді, бойды шымырлатты». Бұл сөйлемдер легінен де Жүсіпбекке тән стильді байқауға болады. Сонымен бірге жазушы аса көркем, дәл суреттеуге жүгінгісі келсе, жыр жолына жүгінеді: «Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бұрынғы дауысы астар болмай қалды. Зал жаңғырып, күңгірлеп кетті. Сұңқылдаған көмейі сыбызғының үніндей, Ескектеген толқыны «Боз айғырдың» күйіндей, Аспандап соққан

айқайы Алтайдың асқар тауындай, Желпілдеткен түндікті Күздікүнгі дауылдай...» Әсілі, ескі жыр-қисса үлгісіне бой ұру Жүсіпбек шығармашылығына тән. Оны біз «Қара бақсы» әңгімесі, «Күнікейдің жазығы» повесі іспетті туындыларынан да байқай аламыз. Ғабит Мүсіреповтің «Достар қалжыңы» әңгімесінен де осыған ұқсас нұсқаны шамалауға болады: «Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып, Аяңшылы жылпылдап... келе жататын бір ақсақал бар еді ғой, соған ұқсатсақ, не айтасың? /371/. Аймауытұлының бай, кестелі, ырғақты тілі кейінгілерге үлгі-өрнек болғаны өтірік емес. «Белгілі қаламгердің (Ғ.Мүсірепов – Н.Қ.) «Менің ұстазым – Аймауытов» деуі де оның таланты мен шығармашылығын танып, соған байланысты білдірген әділ көзқарасын аңғартары анық» /337.Б.297/. Осы тұрғыдан алғанда Жүсіпбек шығармашылығындағы жаңалықтардың белгілі бір кезеңдерде әдебиет өнеріне қайткенмен де ықпал-әсері болмай қалмас еді. Мәселен, «Әнші» әңгімесінің соңғы – үшінші бөлігінің композициялық құрылымына, аяқталуы сыпатына Ғ.Мүсіреповтің «Қарлы жаңбыр астында» әңгімесінің желісі аз-маз ұқсайтындығын да аңдауға болады. Жүсіпбек Аймауытұлының әдеби шығармаларының, әсіресе әңгімелерінің кейбіреулерінде публицистикалық баяндаулар кездесетіндігін, оған автор саналы түрде жүгінетіндігін жоғарыда айттық. Жалпы, 20-жылдардағы әдеби дүниелердің бірсыпырасында көсемсөз белгілерінің болуы белгілі бір тұрғыда заңды да, үйткен себебі, «жазушылық тәжірибесі аз, қаламы төселмеген жас авторға бірден көлемді, аумақты шығармалар беру қиын соқты да, олар қабілет-күштерін әңгіме жазудан бастап көрді» /371/.

Қаламгердің әңгімелерінде ғана емес, кейбір поэзиялық
шығармаларында да көсемсөз үлгісі кездесетіндігін атап
айтқан жөн. Оның «Бір шешеннің сөзі» атты поэзиялық
фельетонын Т.Қожакеев талдаған /25.Б.37/. Сонымен бірге

«Жазушыларға», «Неғып жатыр?» деген публицистикалық
өлеңдерін де еске түсірген дұрыс. Төңкеріске дейін «Алаш»
газетінде жарық көрген «Жазушыларға» /372.Б.204/ өлеңі

– газетке сөз жазушы қаламгерлерге тілек, ұсыныс ретінде

жазылған шығарма.
«Алаштың» талабы зор, мақсұты мол, әртүрлі кемшілікке
созып тұр қол. Бір мақсұт – әйелдің халін аяп, Азаттық,
адамдыққа іздемек жол. Бұл талап сәтті болса – таудай та-

лап, Ниеті қабыл болғай құдай қалап. Әркімнің жүректегі
дертін қозғап, Жазылар талай сөздер неше тарап».
Мұнда автор сөз жазушылар адамдықты, адалдықты
тұғыр етіп ұстау керек деген пікірін білдіреді. Әйел теңдігі

мәселесін газет бетінде басты тақырып етіп ұстау керегі
жөнінде ұсыныс айтып, «әйелді теңдікке алсақ терең ойлап»
дейді. Сондай-ақ автор басылым ынсап, ұят, тұрақтылық
жайында, жалпы, адамзаттың жақсы, асыл қасиеттері тура-

лы көбірек жазуы керек деген ойға жетелейді.
«Талай роман орыста жатыр толып, Керексіз жаман
сөзбен іші толық. Жастарды бұзықтыққа қоздырады, Ұрыға
сойыл тауып берген болып» деп теріс ойлы туындылардан

жырақ болып, қазақ баспасөзі бетінде жақсы дүниелерді
жазу керегін нұсқайды.
«Неғып жатыр?» атты публицистикалық өлеңінде
/372.Б.205/ Аймауытұлы заман келбетін, қоғам жаңалығын,

елдің көңіл-күйін көсемсөз стилінде бере білген:
«Түрленіп мынау заман ағып жатыр, Жай өтпей һәркімге
сын тағып жатыр, Жайынан замананың хабардар ма, Осы
біздің қазақтар неғып жатыр?» дей келе, төңкеріске дейінгі

қазақ елінің әлеуметтік өмірін, тыныс-тіршілігін сөз етіп,
не істеп жатқанынан хабар береді.
«Бізге не өнер, ғылым жұғып жатыр, Жастар мұны
үйреніп ұғып жатыр, Халыққа бас-көз болып, жол

мұндалап, Бір-бірлеп газеталар шығып жатыр» дейді пу-
блицист әлеуметтік өмірдегі ең әуелгі жаңалыққа тоқтала
келіп. Қазақ ішінде мұғалімдердің көбейгенін, қазақ
балаларының оқуға көптеп барып жатқанын, мектеп-

медресе ашылып жатқанын жаза келіп, ұйымға біріккен,
ынтымағы күшті оқығандардың «Жат мінезге әуікпей,
жұртын ойлап, Ұлттың қамын көңілге тоқып жатыр»
деп бағасын беріп, оған өзінің көңілі толатындығын

білдіріп отырады. Бірінші жер-жаһан соғысына «жүген,
құрық көрмеген аңғырт жұртының» жігіттерінің барып
жатқанын да тілге тиек етеді: «Нөсер соғыс әлемге жетіп
жатыр, Ақ патша жұртқа пәрмен етіп жатыр».

«Мойыны қатты надандық шіркін кернеп», соғысқа
бармай, көнбеген кейбір адамдардың жазаға тартылып
жатқанын да шет қалдырмайды автор.
«Қатын-бала, шал-кемпір қалып жатыр, Шәлкестікпен

жала үшін талып жатыр, Алыстан Герман неғып жатыр
деуші еді, Жақын жерден білуге барып жатыр» деп соғысқа
кеткен ер-азаматтарының хал-жағдайын, тұрмыс-тіршілігін
білуге құмартқан ата-ана, туыс-бауырдың бейнесін де сөз

етіп кетеді.
«Иншалла, қазаққа да болар теңдік» деп көсемсөзші-
ақын келешектен күдер үзбей, елінің, ұлтының болашағы
бар екенін, жарқын екенін айтып, публицистикалық өлеңін

үлкен рухта, зор сеніммен аяқтайды.

«Қартқожақтың» әуелгі нұсқасы
жарыққа шыққан жоқ
Ұлттық жазба тіліміздің әдеби тілге, оның ішінде таза
прозаға бірден көше салуы күрделі болмақ, оның да өзіндік

түсінік ауқымы, жолының ашылуы оңай дүние емес, себебі,
«әдеби тіл» деген ұғым қазақ тілі үшін де тарихи, құбылмалы
түсінік» /362.Б.10/. Сондықтан да 20-жылдардағы қазақ про-
засында ара-тұра көсемсөз стилінің ұшырасуы кездейсоқ

болмауға тиіс. «Әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға сүйенеді.
Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес»/373/ деген ғалым
Ғ.Мұсабаевтың тұжырымына сүйенетұғын болсақ, жазу
стилінің функционалдық өзгешеліктерінің бірі – публици-

стика да бұл жерде өз ықпал-әсерін тигізбей қоймайтыны
хақ.
Жүсіпбек
Аймауытұлының

әңгімелерінде
ғана
емес, «Қартқожа» романында да осы ыңғайда қоғамдық-
публицистикалық сыпаттағы үзіктер ұшырасатындығын

жоққа шығаруға болмайды.
Расында «...қазақ кедейінің өмірінің, оның әлеуметтік
арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде
көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы

елеулі шығармасы» /374/ – «Қартқожа» романының кейбір
тарауларында публицистикалық баяндаулар ұшырасып от-
ырады. Оған бірқатар әдебиет зерттеушілерінің пікірі де –
дәлел. Мәселен, «Қартқожа» романының құрылымы тура-

лы профессор Р.Нұрғалиев «Таза көркем проза тілдерінің
үстіне кейде жазушы оқырманға тікелей тіл қатады, кейде
публицистикалық құрылымдарды да пайдаланады» /375/
деп жазса, профессор Д.Ысқақұлы «Романның сюжеттік

желісі бір ғана адамның – Қартқожаның өмір жолын
баяндауға негізделген. Осы ерекшелігі оған өмірбаяндық-
мемуарлық сипат та бергендей»/376/ деген дәлелін
келтіреді, ал әдебиетші-ғалым Р.Тұрысбек «Қартқожа»

романының мазмұны мен пішіні, сюжеті мен құрылымы,
образдар жүйесі қаламгер болмысын, баяндау мәнерін
кеңінен көрсететіндігін жеке атайды /337.Б.375/.
1926 жылы Қызылордада өз алдына кітап болып

басылып шыққан «Қартқожа» романы үш бөлімге
бөлінген елу екі шағын новелладан тұрады. Және ол –
«жазушының бұл жанрдағы алғашқы туындысы ғана
емес, бүкіл қазақ совет романының төлбасы» /129.Б.74/.

Тікелей публицистикалық белгілеріне тоқталатұғын
болсақ,
әуелі,
жоғарыда

айтылғандай,
романның
аздаған өмірбаяндық-мемуарлық ерекшелігіне көңіл
бөлген жөн. Үйткені романның болған уақиғалар ізімен

жазылғаны, оның басты қаһарманы да өмірде болған
адам екені белгіл і/129.Б.74/. Әрі романның жазылу та-
рихы жөнінде, Қартқожаның шын, тарихи прототипі ту-
расында мәліметтер бар. Жазушы З.Ақышевтің айтуына

қарағанда, Қартқожа Жұманүлы Тоғанбаев 1895 жылы
туып, 1938 жылы большевиктік репрессияға ұшырайды.
«Өз басым ол кісіні жақсы білемін. Оның атын ата-
май Қартаға дейтін едік», – деп жазады З.Ақышев, –

«Ол өзінің алдынан сабақ алған біздерге ғана емес, оны
білген әлеуметтің бәріне қадірлі, бәріне сыйлы адам еді.
Жеті атасынан бері шыр бітпеген тақыр кедей болатын...
Жасынан зерделі бала байдың қозысы мен қойының

соңында жүріп-ақ молдадан оқып, арабша сауатын ашып
алады. Оған қанағаттанбай, Баянауыл бекетіндегі ба-
стауыштан жоғары мектепке (вышеначальное учили-
ще) түсіп орысша оқиды» /377/. Келесі бір естелігінде

де З.Ақышев романның негізгі кейіпкері осы кісі екенін
атап өтеді /378/.
Ақын Д.Әбілев романның жазылу тарихына орай
біршама мағлұмат келтіреді: «...Не жазғалы жүрсің?

Нені өрнектеп жатырсың? – деп сұраған С.Дөнентаевтың

сұрағына Жүсіпбек: – Екі романға ойым бар, Сәбит! Бірінің аты – «Қартқожа», екіншісінің аты – «Ақбілек» болмақ керек. Мұнымның өзі күлкілі-ау деймін. Құрсақта әлі қимылдай да қоймаған балаға ат қойған әке тәрізді боп отырмын-ау өзі... Сәбит: – Ондай перзентке бүкіл ел боп зәруміз ғой. Перзентіңнің екеуінің аты да періштенің құлағына шалынсын! Мағаз аға: – Әлгі... ертедегі «Қартқожақ» батыр ма оның? Жүсіпбек: – Ертедегі Қартқожақ емес, Маға. Бүгінгі, Жұман ақсақалдың баласы – Қартқожа. Білесіз, өзіңіздің Қартқожаңыз. Мағаз: – Соны роман етпексің бе? Жүсіпбек: – Иә, Маға! Гәп, міне, сіздің осы таңдануыңызда. Тасқа ылғи қына шығара бермей, шынар шығаруымыз да керек. Кешегі өмір шиырынан бүгінгі өмір туады. «Қартқожа» туады... 1916 жылғы көтеріліс есіңізде ме! Алабас тауындағы көтеріліс... Сонда көтерісшілер ішінде, көтерілістің мәнін олі түсініп те болмаған, босаң, момын, уыз жігіт Қартқожа көтерілісшілер тарай бастағанда салы суға кетіп, арық торы байталына солбырайып мініп, солғын тебініп үйіне қайтып бара жатқан Қартқожа 1920 жылы апрель айында Сұлтанмахмүттың көңілін сұрай барады. Сонда орысша оқуға Сұлтанмахмұтқа уәде береді. Артынан Қартқожа Омбыға оқуға кетіпті. Рабфакқа түсіпті. Енді соның былайғы жәйін сөз етпекпін... Жаза бастасам да, жазым баспау үшін аяқтауын асықпаймын...» /379/. Естеліктерден үзінділер келтіріп отырған себебіміз – Қартқожа биографиясындағы басты оқиғалардың романдағы бас кейіпкер өмірінен еш алшақ кетпейтіндігіне тағы бір көз жеткізу. Шығарманың мемуарлық сыпаты,

шынында да, байқалып тұрады. Бұдан шығатын тұжырым:
мемуарлық, естелік үлгісін пайдаланған туындыларда,
жанрлық ерекшелігіне орай, публицистикалық элементтер,
көркемсөз баяндаулары кездеспеуі мүмкін емес, сондықтан

романның
негізгі
сюжеттік
желісінде

байқалатын
қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар публицистика стилінде жа-
зылуын сұрайды. Одан айналып өту иағы мүмкін емес.
Романның кейбір тарауларында, әсіресе соңғы жақтарында

мұны айқын аңғаруға болады.
Смағұл Садуақасұлына берген жауабында, автобио-
графиялық және шығармашылық жолынан аз-маз мағлұмат
келтіре отырып Жүсіпбек былай деп жазады: «...15 жасқа

келгенімде мен молдалық құрып, бала оқыта бастадым.
«Қартқожадағы» підие алатын бала молданы оқысақ,
ол – өзім. Қартқожаның әке-шешесін көрсек, ол – өз әке-
шешем» /14/. Айта кету керек, романның бірінші бөліміндегі

«Еліктеу», «Қарлығаш», «Хабар берді», «Қатық», әсіресе
«Ажал», «Підия» новеллаларындағы кейіпкерлердің жан-
дүниесінің толқынысы, көңіл тербелісі, психологиялык
үйірімдері басқа тарауларға қарағанда жоғары деңгейде,

өте нанымды жазылған. Көркем шығармадағы мұндай нәзік
қалтарыстарды шын суреткер ғана жасай алмақ. Сонымен
бірге, жазушының өзі атап көрсеткендей, бұл тараулардағы
көп оқиға – автордың жеке басынан өткен өткелектер.

Тар шеңберде алғанда, «Қартқожа – жазушының көркем
шығармадағы өз бейнесі» /380/ екені де рас. Бұған қоса ай-
тарымыз: әлбетте, көркем шығармаларда жазушының жеке
персонажының немесе образының көрінуі міндетті емес

екені белгілі; ал көсемсөзде болса, автор өзіндік персо-
наж болып қала бермек /339.С.110/. Міне, бұл тұрғыдан кел-
генде романның композициялық құрылымы мен стильдік
өзгешелігі көсемсөзге қойылатын тағы бір талап аясынан

алыс кетпейді.

Әйткенмен Қартқожаның романның екінші және үшінші
бөлімдерінде айтылатын өмірі жазушының өз биография-
сымен сәйкеспейді, мұны да ұмытпаған жөн. Шығарманың
өзі ең әуелі әдеби туынды болғандықтан әрі ол жайында

әдебиет зерттеушілері бірқыдыру пікір білдіргендіктен/381/,
оған тоқталмай, романдағы публицистикалық баяндау
үрдісін анықтауға тырысайық.
Романның екінші, үшінші бөлімі бірінші бөліміне

қарағанда анағұрлым көлемдірек. Ал көсемсөз стилі
үшінші бөлімде айқын аңғарылады. Мәселен, осы
бөлімнің алғашқы тараушасының («Майдан» деп ата-
лады) басталуының өзі айрықша: «Аяулы оқушылар!

Қартқожаның тартқан бейнетін оқып, жандарыңыз
жабыққан шығар. Сондықтан сіздерді Қартқожамен
бірге қалаға апарып, жігіт алған (прием болған) жерде
қаланың саудагерлеріне, бай, болыстарға ауқатын жегізіп,

докторлардың пара алғанын көрсетіп, Қартқожамен бірге
жалаңаштап моншаға апарып ауыртып, тоғыз тазбен бірге
қамап, дүңгендерден таяқ жегізіп, әуре қылмай-ақ, тура
майданға алып барғалы отырмыз». Мұндай стильдегі

сөйлемдер екінші бөлімдегі «Өз қамы» тарауында да
байқалып қалады: «...Маужыраған елдің ішіне кіріп не
қыламыз? Ұйқымыз келер, басымыз ауырар. Ардақты
оқушылармен бірге серуенге, дөң басына шығып, бой

көтерелік». Осы қатарлы авторлық «түсіндірмелерді» кейбір
әдебиет зерттеушілері артық көрсе де, біздің пікірімізше,
автор
шығарманың

композициялық
құрылымын
ширықтыра түсу, сюжеттік желісін бұзбау, стильдік
өзгешелік беру, ең соңында оқушыны жалықтырып алмау

үшін бұндай әдіс-тәсілдерге саналы түрде, әдейі жүгінген.
Және бұл сөйлемдерден жасандылықтың ешқандай ны-
шаны байқалмайды. Қайта, көркем әдебиет үшін басты
талаптың бірі – шынайылық болатұғын болса, жазушы

осы мақсатты көздей отырып, талап үдесінен шыға алған.
Сондықтан жоғарыда келтірілген, көсемсөз стиліне жуық
бірқатар сөйлемдер, оқушыға қарата айтылған баяндау
мәнері романның көркемдік деңгейіне нұқсан келтіре

алмайды. Кемшілік болып саналмайтын «авторлық
түсіндірмелер», көсемсөз стиліне тән сөйлемдер «Ақбілек»
романында да, аз да болса, оқта-текте ұшырасады. Мы-
салы; «...Бұлар шабуылдап, ауыл-ауылдан, кез келген

кісіден сұрау салып жүре тұрсын, оған дейін Ақбілектен
хабар берейік» /346.Б.170/ деген нұсқадағы сөйлемдер бар.
Бұдан Жүсіпбектің публицистикалық баяндау мәнеріне
арнайы мойын бұратыны аңғарылады. Және мұндай стиль

қазақ ауыз әдебиетінің біршама жанрында, оның ішінде
эпостық туындыларда, сондай-ақ орта ғасырльгқ түрки
тіліндегі әдеби шығармаларда жиі қолданылғаны белгілі.
Біздіңше, Аймауытұлы сол замандардан келе жатқан және

ХХ ғасырдың басында әлі «қалыптан» шыға қоймаған осы
жазу мәнерін шығармаларында саналы түрде қолданып
отырған.
Көркемдік, идеялық тұрғыда ғана емес, тарихи-

танымдық тарапта да оқырманның зердесін көтеру
ниетімен осы үшінші бөлімдегі «Баян» тараушасында
публицистикалық баяндау стиліне ауысады: «Боқыраудың
басында Баянда ұлы жәрмеңке болады. Омбы, Қызылжар,

Ақмола, Атбасар, Жетісу, Семей саудагерлеріне дейін
жиналды. ...Он болыс ел бас қосып, шерезбішайні сияз
құратын, ата шабыс қылатын, начальнигі, судьясы, дәрігері
тұратын қара шаңырағы – Баян.

Баян маңындағы іргелі ел – Сүйіндік. ...Сүйіндіктен
Төлебай, Собалай, Жаңабатыр, Едіге, Шоң, Шорман,
Боштай сықылды алты алашқа аты шыққан билер де
туған. Тоғжан, Сақау, Көтеш, Жаяу Мұса, Жамшырбай,

Мұстапа, Мәшһүр-Жүсіп, Сұлтанмахмұт сынды ақындар,

әншілер, серілер де туған, кешегі патшаға білікті дуан
басы Шорманның Мұсасы да, қазысы Серкебай да
Сүйіндіктен шыққан... Қозғанда Қабылға, айдаболда Шоң
мен Боштайға, қаржаста Шорманға, күлікте Әлдебек,

Қуанға, қанжығалыда Ішікбайға құт қонған, бір кезде ал-
дына 12 мың қой, 5 қос жылқы біткен. Осы сықылды елдің
ортасындағы үкіметі де, қожасы да, ұйтқысы да Баянның
түбіндегі бір шөкім қазақ-орыс еді» /346.Б.108/.

Танымдық нұсқадағы, шежіре сыпатындағы таза
публицистикалық шығарманың бір үзігі. Әрі автор жазып
қалдырған мәліметтің өзі тарихи маңыздылығымен құнды
екендігі назар аудартады.

«Табан жалтыратты» тарауы – көркем очерк жанры-
на ұқсайтын әңгіме үлгісі. Қартқожаның Алаш қаласына
келіп, қызмет ақысына сұрайын деп земствоға барғаны,
онда кісі болмай, «Алашорда» мекемесіне келгені,

«Бостандық үйінде» өтіп жатқан қазақ азаматтарының
съезін көргені баяндалады. Біз бәрін тәптіштеп
көрсетпей-ақ, сол жылдардағы Алаш қаласында болған
саяси өзгерістер жайынан аз-маз мағлұмат беретін жол-

дардан үзінді келтірейік: «Он шақты минут өтер-өтпестен
большевиктің комиссары – қасында үш-төрт солдаты бар

– съезге келді. Қазақ азаматтары үрпиісіп қалды. «Бұл

съезд – байлардың съезі, облыстың атынан сөйлесуге
өкілдердің правосы жоқ. Сондықтан совдеп атынан съезді
тараттық деп жариялаймыз!» деді. «Алашорданың» аза-
маттары съездің болуын жақтап сөйлеп көріп еді, боль-

шевиктер білегін білей сөйледі. Мылтығын кезей сөйледі.
Съезшілер берекесі кетіп, тарай бастады» /346.Б.116/.
Немесе: «Көшеде неше түрлі алыпқашты хабарлар
жүр. «Атыс болғалы жатыр», «Алашорда кісілерін іздеп

жатыр», «пәленді, түгенді жауып қойыпты» деседі. Алаш
қаласы аласапыран, байлар қашып кетіп жатыр. Ес жоқ,

ентіккен, жанталас...» /346.Б.117/ Алашорда қозғалысының
іргелі бір орталығы болған Алаш (Жаңа Семей) қаласының
тіршілік-тынысын,
большевиктердің

озбырлығын
Аймауытұлы біршама ашып көрсете алған. Ақиқат ауы-
лынан алшақ қонбаған «Табан жалтыратты» тарауы тари-
хи тұрғыда бізге қымбат біраз көріністерді көз алдымызға

әкеледі.
Келесі «Құлақ естігенді көз көрді» деп аталатын та-
рауда да заманның саяси келбетін көрсететін, екі-үш аб-
зацтан тұратын публицистикалық шығарма үзінділерін

оқимыз: «...Қартқожа елде шаруаға айналып жүргенде са-
ясат дүниесінде бірталай өзгерістер болып қалыпты. Се-
мей тағы да таршылыққа түсіпті. Омбыда Колчак өкіметі
орнапты. Казак-орыстар күшейіп, бұрыңғы әніне басып-

ты. Семейде «Алашорда» әскері жасалыпты. Анненков
деген атаман көп әскермен Семейге келіп орнап, қазақ
азаматтарының екеуін жауып қойыпты. Қарқаралыда бес
жігіт жабылыпты. Семей төңірегі тынышсыз. Ел шабу,

кісі өлтіру, талан-тараж көбейіпті. «Алашорда» әскерін
Колчак билеп, Жетісу жақтағы майданға жіберіпті.
Әлихан қазаққа автономия алам деп Колчакқа кетіпті.
Ресейді большевиктер алып, Сібірге қарай келе жатыр

дейді. Торғай, Орал, Бөкей жағынан хабар жоқ. Олар да
большевиктің ортасында қалса керек».
Мұнымен бірге: «...Біреулер келтіріп қояды, біреулер
Оралдан асыра қуғызып қояды; біреулер қазаққа автоно-

мия әперіп келеді; біреулер Әлиханды абақтыға жапқызып
келеді, енді біреулер Семейді большевиктерге беріп келеді,
әйтеуір дүрліккен хабар көп келіп жатады» деген жол-
дар да көсемсөз шығармасын оқығандай әсер қалдырады.

Әрине, Жүсекең сол замандағы саяси билік жөнінде, Ала-
шорда хақындағы шын пікірлерін романға кіргізе алмас
еді, дегенімен қазаққа жұт болған аумалы-төкпелі, соғыс

жылдарынан оқушы қауым хабардар болсын деген ниетте
кейде көсемсөзге ерік береді.
Бұдан кейінгі «Бет түзелді» тараушасын Сұлтанмахмұт
Торайғырұлы турасындағы кішігірім портреттік

очерк десек те, болады. Бұл өзінің «Сұлтанмахмұт
Торайғырұлы» /359/ деген көлемді очергіне толықтыру
іспетті. Мұнда да қысқа, асығыстау жазылса да, ақын об-
разы біршама ашыла түскен: «Сол жылы Сұлтанмахмұт

деген жас ақын Семейден ауырып, еліне келген. Қартқожа
Махмұтты білетін. Ол ақ жүрек, кедейшіл, жалын-
ды жас ақын болатын. Елдегі байлардың, жуан атаның
нашарға істеген қиянатын, зорлығын газетке жазып,

күштілермен ұстасып жүретін. Сұлтанмахмұт жуандар-
дан қорықпайтын, бетің-жүзің бар демей, көңілдегісін
айтып салатын. Семейдегі жастар Сұлтанмахмұтты
қолдайтын, үлкендері адамгершілігін, турашылдығын,

тазалығын, ақындығын бағалап сыйлайтын» /346.Б.120/.
Сонымен қатар Сұлтанмахмұт пен Қартқожа арасындағы
әңгіме
барысынан

ақынның
парасаттылығы,
саяси
сауаттылығы, ойының кеңдігі аңдалады. Ел жұмысының

аяқсыз қалмауын ойлап алаңдайтынын көреміз. Тараудың
соңында Қартқожа «жастығының астынан бір шумақ
газеттерді алып» береді. «Қартқожа «Қазақ тілі» газетінің
бір-екі нөмірін қарап, көңілі дауалап, Махмұтпен қош ай-

тысты» деп Аймауытұлы өзі қызмет еткен басылымды да
айтып кетеді.
Жалпы, Сұлтанмахмұт шығармашылығына көңіл
бөліп, «Еңбекші қазақ» газетіне мақалалар жазып, оның

әдеби мұрасын жинап, алғаш кітап қылып шығарған
Жүсекең оны романына да енгізіп, Қартқожаға бағыт-
бағдар берген жасы үлкен аға образында бейнелейді
«Жүсіпбек пен Мұхтар екеуінің жас күнінде құрбылардан

ең жақын көргендері – Сұлтанмахмұт Торайғыров.

«Сұлтанмахмұт құрдас-құрбы бола тұрып, парасат-
тылық, салмақтылық жағынан бізге салихалы үлкен ағадай
көрінетін, сұсты, беделді досымыз еді» дейтін Мұхаң» деп
жазады Ә.Тәжібаев естеліктерінде/382/. Жалынды ақын

туралы «Шернияз» пьесасын жазуы да Аймауытұлының
оның дарындылығын, азаматтық қасиеттерін қастерлеуі
болса керек.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, романның үшінші

бөліміндегі тараулардың барлығында публицистикалық
баяндаулар ішінара ұшырасып отырады. «...Шығарманың
соңғы бөлімінде суреткерлікті публицистика басыңқырап
кететіні байқалмай қалмайды. Кейбір тұстарда әңгіме қысқа

қайырылып, баяндалып кетеді» /129.Б.112/. Оның бәрін
келтіре беру және мүмкін емес. Әсіресе соңғы – «Нөсер
өткен соң», «Жұмыс», «Мәңгі аңсау», «Зарыққанда»,
«Кім?», «Еңбекті елге қыл» деген тарауларында көсемсөз

стилі басым екендігі анық аңғарылады.
Жазушы тарихи уақиғаларды еш боямасыз беруге ты-
рысады. Сондай-ақ 20-жылдардағы саяси өзгерістерді жаза
отырып, «газетте көбінесе ашаршылық жазылады. Күллі

қазақтың үштен екі бөлігі аштықтан қырылып жатыр де-
ген хабар көңілін бұзады. Үйткені ол ашаршылық жайы-
нан әңгіме қылған азаматтардың уайымын көп естиді» де-
ген қажетті мәліметтерді де жасқанбай, жасырмай оқырман

алдына тартады.
Қазақ
әдебиетінің
роман

жанрындағы
алғашқы
шығармаларының бірі – «Қартқожаның» көркемдік деңгейі
қалыпты сақтала бермейді, өйткені осы шығарма жайын-

да ғалым С.Қирабаевтың айтқанындай, «ол кезде үлкен
прозада қалыптасқан ондай стильдің өзі де жоқ болатын»

/129.Б.111/.

Дегенмен көсемсөз стиліне жүгінген жазушының
шығарманың аяқталу барысында жаңа арнаға ауысып,

көркемдік тәсілдерді толық пайдалануға тырыспағаны да
көңілде алаң туғызбай қоймайды. Бұл ретте профессор
Ш.Елеукеновтың пікірі дұрыс: «Роман кенеттен аяқталады.
Финал дұрыс шешілді ме, жоқ па, бұл – алдағы әңгіме. Бірақ

жанр жағынан келсек, роман табиғаты публицистикалық
финалды көтермей тұрғанын аңғарамыз» /383. Б.121/. Шы-
нында да, «Кереку қызметкерлері нашарлау екен. Орыс-
ша білмейтін жұмысшыларға, жастарға орыстар ырық

бермейді екен. Қартқожа Кереку жайын «Қазақстан»
газетіне жазып жіберді. Қартқожа елге келгенде кооперация
сайлауы болып жатыр екен. Бұрынғы кооперацияны бай-
лар билеп, ішіп-жеп қойып, бұл жолы уезден келіп, елдегі

жастар, ұялар, мұғалімдер, соттар қатысып, кооперацияға
кедейшіл, таза кісі сайламақ болып жатыр екен» де-
ген сияқты баяндау үлгісіндегі, жадау сөйлемдермен
асығыс аяқтағаннан гөрі шығарманың өзі көркем дүние

болғандықтан, романның алғашқы бөлімдеріндегідей
таза прозалық стильге көшіп барып, логикалық күрмеуін
жасағаны жөн болар еді. Сүйтсе де, «жаңа ізденіс, тыңнан
жол салу қашан да кемшіліксіз болмайды» /383.Б.144/. Ро-

ман жанрындағы қазақ әдебиетінің төлбасы өзгеше нұсқа
болып қала беретіні рас.
Осы жерде бір айта кететін дүние: «Қартқожақ»
романының әуелгі, журналдық нұсқасы әлі кирил қарпіне

түсірілген жоқ.
Аймауытұлының өзге прозалық кесек шығармаларында
(«Ақбілек»,
«Күнікейдің

жазығы»)
публицистикалық
стильдегі сөйлемдер өте сирек кездесетіндіктен оған
тоқталып жатудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын.

Сөзімізді түйіндей келгенде, «публицистика – тар
мағынасында өзіне тән айқын ерекшеліктері және ішкі
заңдылықтары бар әдеби шығармашьшықтың өзіндік
бір түрі» /339.С.14/ екенін еске алатұғын болсақ және

оның әдебиетпен өте тығыз байланыста екендігін ескерсек /338.С.55/, Жүсіпбек Аймауытұлының көркем шығармаларындағы публицистика поэтикасы – ұлы суреткердің шығармашылығындағы бір ерекшелік. Бұған осы тарауда оның көркем шығармаларын, көсемсөз дүниелерін қарастыра отырып көз жеткіздік. Сонымен қатар қаламгерлік жолында әуелі кәсіби көсемсөзші ретінде танылған жазушының алғашқы әдеби-көркем шығармаларында кесемсөз стилі бас көрсетпей тұрмас еді деп тұжыруға болады. Қаламгер көсемсөзінің поэтикасы, біріншіден, қазақтың асыл, шырайлы тілінен бастау алған бағалы сөз өрнегі болып табылмақ. Екіншіден, осыдан тұғыр бекітіп, қазақ көсемсөзінде жаңа үлгі, жаңа стиль қалыптастырған үлкен публицистің шығармашылық стилі өз заманында ірі мектеп болды.

Сөз соңы
Қазақ руханиятына мол үлес қосқан ұлы тұлғаның бірі

– Жүсіпбек.

Он жылда орта толды. Ұлттың шын зиялыларының
алпыс жыл зынданда жатқан асыл қазынасы жарқ етіп
дүниеге қайта келді осы уақытта. Өшпес мұрат қайта жан-
ды, өлмес мұра қайта тірілді.

XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының қазақ
мәдениетіне қосқан қомақты үлесіне, қордалы қазынасына
советтік империя тар тұсау, темір шідер салып, ұзақ жыл
еңсесін басып, адымын аштырмаса да, асыл мұра қайта

туған Мәдідей ұлт рухын серпілтіп ортамызға оралды.
«Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды.
Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Енде-
ше өзімізде бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға

талпыну керек»/384/ деп Жүсіпбектің өзі жазғанындай, бұл
орайда соңғы жылдары руханиятымыздың бүктемедегі
тарихы, бүркеулі мұрасы ұлт игілігіне айналып келе жа-
тыр.

Сондай асыл қазына қалдырған ұлы тұлғалардың бірі –
Жүсіпбек Аймауытұлы. Оның «сылдырап өңкей келісім тас
бұлақтың суындай» (Абай) дегеннің тап өзі болған, кестелі
сөздің, төгілген тілдің бірден-бір үлгісі іспетті «Ақбілек»

романының өзі жарқ етіп жарық дүниеге қайта шыққанда
әсері қандай болғаны әлі көкейде сайрап тұр.
Жұртымызға Жүсіпбектің көрнекті жазушы, сөз зергері
екені белгілі. Бірақ бір нәрсе ақиқат: заманында оның есімі

алты алашқа әуелі публицист ретінде танылған еді. Десе
де, дарын қуатының деген толған шағында, қылшылдаған
қырқында совет империясының, орыс отаршылығының
құрбаны болып кеткен Жүсіпбек Аймауытұлы талабын

«әр қиынға сермеді» (Абай), өнердің басқа да саласын-

да өз ізін қалдырды, сүйтіп, ұлт руханиятына сүбелі үлес
қосты. Оның сондай еңбектерінің бірегейі – көсемсөз
шығармашылығы мен журналистік қызметі.
Қазақтың классик қаламгері Жүсіпбек Аймауытұлының

XX ғасыр басындағы мәтбұғат жүзін көрген, бірақ қазіргі
баспа бетіне шықпағандары – өз алдына бір төбе. Солардың
ішінде суреткердің көсемсөздей сүбелі мұрасы бар. Ғасыр
басындағы қазақ елінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-

экономикалық, мәдени жөне рухани өмірінің әр саласынан
мағлұмат беретін, «ұлттық» деген ой-пікірдің дамуына,
өркендеуіне көп үлесін қосқан көсемсөз шығармашылығы
арқылы Жүсіпбек Аймауытұлы – қазақ руханиятының

тарихындағы айрықша тұлғалардың бірі. Осы тұрғыдан
алғанда қазақ демократиялық баспасөзінің қалыптасуына
өз үлесін қосқан оның қазақ мәтбұғатындағы тұңғыш еңбегі
Алаш Орда қозғалысының, кейін Алаш Орда үкіметінің

баспасөзін қолға алғанда толық көрінді.
«Абай» журналын шығарған, «Сарыарқа» газетіне
мақалалар
жазып

тұрған
Жүсіпбектің
империя
құрамында жаңа тұрпаттағы, ұлттық автономиялық ре-

спублика құру және сол республиканың ұлттық мәдени
өркендеуі сияқты тарақият жүзіндегі зор іс-шараларға
араласқаны монографияның негізгі тарауларында айтыл-
ды. Ол жас күнінен Алаш Орданың мұратын қолдады,

ұлт-азаттық идеясын жақтады. Сол үшін күресті. Осы
бағыттағы қайраткерлігін зерттей отыра, Алаш Орда
баспасөзіндегі журналистік қызметінің қырларына және
сондағы көсемсөз шығармаларына тоқталып, ғылыми са-

раптама жасадық. Шынында да, Жүсіпбек Аймауытұлы

– Алаш Орда идеологиясының ұраншысы, насихатшы-

сы болған көсемсөз иесі. Сонан соң ол ұлттың саналы
қоғам, жаңа мемлекет дәрежесіне лайық болуы үшін ал-
дымен мәдениет, оқу ісі, тәрбиенің өркендеуіне зор ықпал

жасайтын құрал – баспасөздің жандануы керек екенін
үндеген қалам қайраткері болды. Жүсіпбектің қайраткер-
қаламгер дәрежесіне көтерілуіне өзінің дарыны, білімі,
тиянақты пайымы ғана емес, белгілі бір сыпатта Алаш

Орда қозғалысының да әсері болды. Осы кезеңдегі яки со-
вет өкіметі келіп орнағанша жазылған дүниелері – Алаш
Орда баспасөзіндегі мақалалары кейінірек, өзінің көзі
тірісінде-ақ жалаңқабат әлеуметшілдіктің темір шеңгеліне

түсіп, замананың қара суық желінің өтінде қалғаны
белгілі. Кезеңнен кезең асып, бұл шығармаларының
тағдыры талай өткелектен өтіп, талай талқыны көріп,
қайта жарыққа шығыпты. Аумалы-төкпелі замананың

қат-қабат шатқалдарын басып осы күнге жетіпті. Ал сол
Алаш Орда баспасөзінде, кейін ХХ ғасырдың 20-жылда-
рында жазылған көсемсөз шығармаларының бірталайын
жинақтап, ғылыми сараптан өткізу біздің маңдайға жазы-

лыпты.
«Халықтың өнерлі болып, жетіліп кетуіне де көп се-
беп, көп шарттар бар. Көп шарттың бірі – баспасөз»
деп тұжырым жасапты Жүсіпбек «Журнал туралы»

мақаласында («Абай» журналы, 1-саны, 2-3 беттер). Оның
осы тараптағы жүйелеген ой-пікірлері, көзқарастары, ұлт
баспасөзінің дамуы жайындағы ойлары осы зерттеуде ар-
найы талданды.

Олар ғылыми електен өте келе, бір тұжырым жасал-
ды: Жүсіпбек Аймауытұлы – жай ғана баспасөз қызметкері
емес, әуесқой тілші емес, қазақ баспасөзінің дамуына зор
үлес қосқан, әлденеше басылымға бас редактор болған,

көсемсөздің теориясы мен тәжірибесін жетік білген
кәсіпқой журналист.
Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Жүсіпбек жөн
көрсетіп, үлгі айтар, сақа, тәжірибелі журналист ретінде

танылған, мысалға алатұғын болсақ, 1924 жылы «Жас

қазақ» журналы оның суретін шығарып, «Баспасөз май-
данында еңбегін көп сіңіріп келе жатқан қызметкер» деп
таныстырған (Жас қазақ, 1924, 12-13 саны, 107-бет).
Сонымен, Аймауытұлы көсемсөзінің ұлттық қазына

екенінде күмән жоқ. Үйткен себебі, ол – «өз заманының үлкен
публицисі болған адам» /129.Б.219/. Көсемсөздегі алғашқы
талпыныстары «Қазақ» газетінен бастау алып, «Сарыарқа»,
«Абай» басылымдарында-ақ өзінің қаламы төселген пу-

блицист екенін аңғартады. «Баспасөз маңындағы жұмыс
Жүсіпбектің жас қаламының қатаюына, есеюіне себеп
болды. Сөйте жүріп ол прозаның газеттік жанрларын да-
мытты – суреттемелер, эссе, оқшау сөз, шағын әңгімелер

жазды»/129.Б.40/ деп жазады С.Қирабаев. Бұл ретте
қазақ прозасының ғана емес, қазақ публицистикасының
да қалыптасып, жанрлық жағынан толысып, дамуына
Аймауытұлының сіңірген еңбегі айрықша екенін алдыңғы

тарауларда айттық.
Жүсіпбектің әсіресе саяси тақырыпқа жазған мақала-
лары осы монографияда алғаш ғылыми айналымға
түсіп, жаңаша сыпатта толық қарастырылды. Алақұйын

заманалардың тынысын сезген, олардың астарлы пиғылын
түсінген қалам қайраткері өзінің қуатты сөзімен қазақ
қоғамының мұң-мұқтажын, әлеуметтік келбетін баспасөз
бетінде көрсетті. Ұлтшылдық, ағартушылық, әр алуан түрлі

тақырыпты қамтуға тырысушылық сияқты басты белгілері
бар оның көсемсөзі жеделділігімен де ерекшеленеді.
Мәселен, «Қазақ тілі» газетінде РОСТА хабарларын жедел
ұйымдастыру тәжірибесі – соның бір айғағы.

Сонымен бірге «Ел газетке не жазбақ?», «Пән сөздері
қалай табылады», «Газет тілі қалай түзеледі?» және бұларға
қоса «Тілшілерге» деген сериялы мақалалары Жүсіпбек
Аймауытұлының тек тәжірибелі журналист, білікті редак-

тор ғана емес, заманында ұлт баспасөзінің даму жолда-

рын пайымдап, зерттеп отырған практик ұстаз болғанын
көрсетеді.
Осы еңбекте көрнекті публицистің шеберлігінің да-
муы мен қалыптасуы кезеңдерін, журналистік қызметінің

ерекшеліктерін сол замандағы қоғамдық-саяси жағдайдың
шындығы аясында қарастырылды. Алдыға қойған мақсат
орындалып, айтулы қаламгердің соңында қалған көсемсөз
мұрасының қазақ көсемсөзі мен баспасөзі тарихында ала-

тын орыны мен салмағы анықталды.
Жүсіпбек Аймауытұлының публицистік шеберлігінің
негізгі критерийі ұлттық баспасөздің өзіндік принциптері
мен даму жүйесінен көрініс табады. Сол себепті көсемсөз

шығармалары өзі аңсаған азаттыққа бүгін жеткен туған
елінің, тәуелсіз мемлекетінің алдында тұрған маңызды
міндеттермен орайлас шығып жатпақ. Сол кезде жазған
мақалалары да осы күнгі уақыт талабына сәйкес келеді.

Ұлт публицисінің қазақ қоғамындағы, оның мәдениеті
мен руханиятындағы сала-сала проблемаларды жетік
білуі, дұрыс ұғынуы және соған сай өзінің ойлары мен
тұжырымдарын жазып қалдыруы кейінгі толқынға, бүгінгі

баспасөз мамандарына үлгі болмақ. Қандай мәселе болсын,
оны үлкен рухта, публицистік пафоста жеткізуге ұмтылуы –
оның қаламгерлік қасиетінің тағы бір белгісі. Оның өзіндік
нұсқадағы очерк, фельетон, мақалалары қазақ көсемсөзіне

жаңа сыпат, айрықша түр берді.
Жеке тұлға ретінде, қандай публицистің болсын,
шығармашылық танымы мен бітімінде, қарымы мен
қабілетінде өзгеге ұқсамайтын ерекшелік болады. Осы

сыпатта Жүсіпбек Аймауытұлының шығармагерлігінің
үлкен қыры, өзгеше даралығы – кестесі нақысты, ырғақты,
әуезді көркем тілі. Бұл өзгешелігін кейінірек С.Мұқанов та
байқап, артықшылығын тап басқан: «Жүсіпбектің тіл жағы

жақсы. Сөзді ұста, шебер жазатын жігіт. Сөз құрастырудың

техникесін одан үйренуге болады...»/385/. Бұл сөз – қаламгер
мұрасы совет дәуірінде идеялық тұрғыдан мансұқталса
да, дарын иесінің шығармашылық стилін байқамауға, ат-
тап кетуге болмайтынын көрсетеді. Жүсіпбек көсемсөзінің

бірінші, басты белгісі де осында екендігін дәлелдеп жату
артық болар.
Көсемсөзіне тән екінші ерекшелік – тақырып аясының
кеңдігі. Өз заманының әр түрлі өзгерістерін, сан қилы

құбылыстарын көсемсөз шебері қалт жібермей, ұнамды
да, ұнамсыз да жайттарды өмір шындығының айна-
сындай дәл көрсетіп, жан-жақты сыпаттауға тырыса-
ды. Оның көсемсөзі 20-жылдардың көкейкесті деген

мәселелерін тегіс көтере білген. Жазғандары мәдениет,
оқу-ағартушылық,
саяси-әлеуметтік,
шаруашылық-

экономикалық тақырып-тардың төңірегінде топтас-
қанын, оның ішінде көркемөнер, тіл, әдебиет, мектеп
ісі, денсаулық жөніндегі көсемсөз-дері публицистің бұл
мәселелерді тереңнен қозғағанын айғақтайды. Осын-

дай іргелі мәселелерден туындап жататын түйінді ой-
ларын өз шығармаларының ішінде қисынды өрбітіп
отырады. Білімі мол, танымы кең публицист сан та-
рау тақырыпты түбегейлі ұғып, толық біліп, барын-

ша терең қозғайды. Мәселен, оның «Ән-күй жайын-
да», «Енді болыстық мектеп жайынан», «Қара тану мен
денсаулық», «Отырықшылықтың пайда, зияны» және
т.б. мақалалары, тақырып аттарынан байқалғандай-ақ,

әлеуметтік өмірдің сала-саласына қалам тартқанына көз
жеткізуге болады. Бұл тақылеттес мақала, корреспон-
денциялар оның шығармашылығында мол кездеседі.
Проблема көтере білу – Аймауытұлы көсемсөзінің

үшінші ерекшелігі. Ол әр тараптағы мәселелерді ай-
тып қана қоймайды, солардың ішінен келелісін іріктеп,
кесімдісін тұжырымдап, ірі-ірі проблемалар көтереді. Кей

тұста бір проблеманың айналасында бірнеше мақала жазса, енді бір кезде бір мақалаға бірнеше проблема сыйғызып жібере алады. Мысалы, бір ғана емле жайында көрнекті көсемсөзші төрт-бес мақала жазса, «Бұл әдеттен арылу керек» /103.Б.214-216/ мақаласында қазақ жастарының спортпен айналысуы керектігі, бала тәрбиесінің құпияқалтарыстары, әдет-мінездегі өзгешеліктің сыры, т.с.с. шешімін күткен әлденеше проблеманы қозғайды. Сонымен бірге өз алдына қымтаулы жатқан дүниелерді әңгімелеген жеке мақалалары да мол. Көсемөзінің түрлі жанрда жазылуы – Аймауытұлы шығармашылығына тән төртінші ерекшелік. Оның көсемсөзі корреспонденция, очерк, суреттеме, мақала, рецензия, шолу жанрларына бай екендігін аңғардық. Баспасөздегі түр мен мазмұнның өзара тығыз байланысын дәл байқап, терең пайымдаған ол көптеген көсемсөз пішінін пайдаланды. Жүсекең түр мазмұнға сай болуы тиіс екенін тәжірибе жүзінде көрсетіп, түрлік (формалық) ізденістерге батыл араласып отырған. Ақпарат жанрының баспасөз үшін ауадай қажет болатындығын және ел ішінде меншікті тілшілер ұстау керегі проблемасын да алғаш қойғандардың бірі – Аймауытұлы (мысалы, «Ел газетке не жазады», «Тілшілерге» деген мақалалары ). Жүсіпбек Аймауытұлының сыншы және фельетоншы екендігі – оның шығармагерлігіндегі бесінші ерекшелік. Көсемсөзшінің заманында өзі жазған сын мақалалары көзі ашық қауымға жете таныс болғанын әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанұлының мына пікірінен-ақ аңғаруға болады: «Бұдан екі-үш жыл бұрын көркем әдебиет жайында біренсаран адамдар жазатын. Әуезұлы Мұхтар жазатын еді, Аймауытұлы Жүсіпбек жазатын еді... Қазақ оқығандарының ішінде Жүсіпбек, Мүхтарлар – ...білімі де бар, қаламы да жүйрік оқығандар... Алғаш әдебиет тексеріп сын жазғандар

– осылар»/367.Б.З/. Бұл пікірге үңілсек, Аймауытұлының заманында-ақ танымал сыншы-көсемсөзші болғандығы күмән тудырмаса керек. Ал оның өте шебер фельетоншы екендігі алғаш рет профессор Т.Қожакеев еңбегінде /354.Б.30-56/ ғылыми тұжырымдалды. Сонымен бірге оперативтілік (жеделділік) – Жүсіпбектің баспасөздегі дүниесін сыпаттайтын алтыншы ерекшелік. Публицист ел ішіндегі әлеуметтік өзгерістерді, алмағайып жылдардағы саяси ауқымдарды шапшаң байқап, төңірегінде өтіп жатқан оқиғаларға ізін суытпай үн қатып отырған. Айталық, Ресей империясындағы 1917 жылғы февраль төңкерісінен кейін жер-жерде қазақ комитеттері құрылысымен әлеуметтік іске белсене араласқан ол комитеттің міндет-мақсаттары, алдағы істейтін шаруалары жайында іле-шала «Азық-түлік жайы», «Қамсыз ел» атты корреспонденцияларын баспасөзге жариялап үлгереді. Публицист туындыларының жедел жазылуы бірқатар жағдайда шаруаның тез шешілуіне, алдағы міндеттің жылдам іске асуына септігін тигізіп отырғанын байқауға болады. Публицист шығармашылығындағы жетінші ерекшелік – онда полемикалық сарынның көрініс беруі. Бұл ретте Жүсіпбек Аймауытұлының «Мектеп қандай болу керек?», «Пара алу тоқтала ма?», «Әдебиет мәселесі» және т.с.с. бірқатар мақаласын мысалға келтіруге болады. Публицистика теориясын зерттеуші В.Здоровега: «Публицистиканың сан қилы аспектілерін зерттеу оның қоғамдық-саяси қызметінің және жеке тұлға шығармашылығының сан тарау бетінің күрделі екендігіне көз жеткізеді» /339.С.89/ деп айтқанындай, Аймауытұлының соңында қалдырған асыл қазынасының бірі – көсемсөз мұрасы ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті тарихының құнды бір парағы болып тұрмақ.

Түйіндей
айтқанда,
Жүсіпбек
Аймауытұлының

журналистік қызметі мен көсемсөз шығармашылығының
шеберлігі,
сонымен
қатар

санаулы
өмірінде
қазақ
баспасөзінің

бетінде
қалдырған
шығармашылық-
ғұмырбаяндық жолы – қолға енді қалам ұстаған жас

көсемсөзшілерге үлкен үлгі, тағлымды мектеп болмақ.
Оның қаймағы туырылып жатқан көсемсөз шығармалары,
сөз жоқ, қазақ баспасөзінің бастау көзінде тұрған көрнекті
нұсқа болып қала береді. Таным-тағылымы айрықша, дара

стильдегі ұлт публицисінің көсемсөз мұрасы заманнан за-
ман озған сайын мәңгі жасай бермек.
Алматы,
1999 жыл.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Екеу. Абайдан соңғы ақындар // Абай. – 1918. – № 5. – 1-май. – Б.1-6. 2. Жақып Б. Мұхтар Әуезов – публицист. – Алматы.: Ана тілі, 1997, Б.172. 3. Стрельцов В. Жанры публицистики. – Минск.: Мысль, 1984, С.316. 4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы.: Санат, 1995, Б.287. 5. Мұқанұлы С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. 1-бөлім (Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі). – Алматы.: Қазмембас, 1932, Б.163. 6. Молодой Казахстан (сборник рассказов молодых писателей Казахстана). – Москва.: АО «Огонек», 1928,С.5. 7. Литературная энциклопедия. /под ред. Садуакасова С/ - Москва.: Коммунистическая академия, 1929. – Т.1. – С.305. 8. ҚазССР Орталық комитетінің мемлекеттік комиссиясы. Әдебиетіміздегі ақтаңдақтар // Социалистік Қазақстан. – 1988. – 28-желтоқсан. 9. Тасымбеков А. Ажал алдында // Ана тілі. – 1996. – 24-қазан, 10. Жарықбаев Қ. Тұңғыш психолог // Жетісу. – 1989. –11-қаңтар. 11. Мірәлиева А. Ж.Аймауытұлының психологиялық және педагогикалық көзқарастары. – философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған кандидаттық диссертация. – Алматы, 1998, Б.156.

12. Тәжібаев Ә. Есімдегілер. – Алматы.: Жазушы, 1993, Б.336. 13. Тұрысбек Р. Қанаты күйген қарлығаш // Жас алаш, 1992, 12-қараша. 14. Аймауытов Ж. Өз жайымнан мағлұмат // Қазақ әдебиеті. – 1988. – 23-желтоқсан 15. И.А. Болысқұмарлық // Қазақ. – 1913. – 16-октябрь. – №34 16. Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы. – Алматы.: Атамұра, 1999, Б.69. 17. М.М. Қазақша бастапқы ойын // Айқап. – 1915. – №5. – Б.36. 18. М. Қазақ әдебиеті кеші // Қазақ. – 1915. – 25-февраль. – №114. 19. Сақ Қ. «Қазақ» газетінде қоғамдық-саяси мәселелердің жазылуы. – Кандидаттық диссертация қорғау үшін арнап жазылған автореферат. – Алматы, 1998, Б.7. 20. Құндақбаев Б. Жүсіпбек Аймауытов және театр өнері. – кітапта: Жүсіпбек Аймауытов. Шернияз (пьесалар жинағы) – Алматы, 1990, Б.16. 21. Құлжанова Н. Мұсылмандар үшін // Қазақ. – 1915. - 1-март – № 115. 22. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві (бұдан ары: ҚР ОМА). 503-қор, 1-тізбе, 22-іс, 176-парақ. 23. Ішкі хабарлар // Қазақ. – 1915. – 17-июнь. – №142 24. Ақышев 3. Жүсіпбек және оның «Қартқожасы» // Жұлдыз. – 1990. – №8. Б.186. 25. «Қазақ» газеті. Құрастырған – Сүбханбердина Ү., Дәуітов С. – Алматы.: Қазақ энциклопедиясы, 1998, Б.675.

26. Сүбханбердина Ү. Қазақ, Алаш, Сарыарка. – Алматы.:

Ғылым, 1993, Б.196. 27. Желкек. Жазу мәселесі // Қазақ. – 1915. – 28-март. –

№119. 28. Желкек. Шәкерім ақсақалға // Қазақ. – 1916. – 9-фев-

раль. – №168. 29. Желкек. Ауру қалса да, әдет қалмайды // Қазақ. – 1917.

– 4-июль. – №295.

30. Желкек. Азық-түлік жабдығы // Қазақ. – 1917. – 14-сен-

тябрь. – №243. 31. Желкек. Жұрт алдында жауапкер // Қазақ. – 1918. –

5-январь. – №258. 32. Жүсіпбек. Бұ да ұлт театры жайында // Еңбекші қазақ.

– 1925. – 10-декабрь. – № 419.

33. А.Ж. Өтінішке жауап // Қазақ. 1916. - 10-май. – №180. 34. Байғалиев Б. Ж.Аймауытовтың бүркеншік есімдері //

Өркен. – 1989. – 14-қазан. 35. Қожакеев Т. Жүсіпбек және жастар // Лениншіл жас. – 1989. – 16-ақпан. 36. Ішкі хабарлар // Сарыарқа. – 1917. – 20-декабрь. – №26. 37. Аймауытұлы Ж. Басқармаға хат // Еңбекшіл қазақ. – 1927. – 3-март. – №51. 38. Жік. Делебесі қозған жігіт // Ақ жол. – 1925. – 26-ян-

варь. – №529. 39. Жік. Балалармен әңгіме // Пионер. – 1925. – №2-3. –

Б.7–10.

40. Қара адыр. Алып ұйқы // Қазақ тілі. – 1926. – 12-ян-

варь. – №4; 14- январь. – №5; 17-январь, – №6. 41. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы.

2-том. – Алматы.: Ғылым, 1997, Б.132–137. 42. Ақыл. Бажаның басы қышиды // Әйел теңдігі. – 1927. –

№10–11. – октябрь-ноябрь. – Б.104–108.

43. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алаш Орда. – Алматы.: Ата-

тек, 1995, Б.57. 44. Қозыбаев М. 1916 жыл: Ұлт-азаттық революция

тарихнамасының кейбір мәселелері // Қазақ әдебиеті.

– 1992. – 3-сәуір.

45. Дулатұлы М. Шығармалары. 2-том. – Алматы.: Ғылым,

1997, Б.225.

46. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы.: Санат,

1995, Б.213.

47. Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки истории Алаш-Орды.

– Алма-Ата.: Казахстанское краевое издательство,

1935. С.105–109.

48. Нұрпейісов К. Алаш Орда // Қазақстан коммунисі. –

1991. – №8, Б.23.

49. Аймауытов, Әуезов. Қазақтың өзгеше мінездері //

Алаш. – 1917. – 30-март. – №16. 50. Қозыбаев С., Рамазанова А., Алдаберген Қ. Әлем

баспасөзі тарихынан. – Алматы.: Санат. 1998, Б.256. 51. Қазақ халқының атамұралары. – Мазмұндалған

библиографиялық
көрсеткішті
жасаған
Ү.Сүбханбердина. – Алматы.: Орталық ғылыми

кітапхана. 1999, Б.56-58 . 52. Бочагов А.К. Алаш-Орда. Краткий исторический

очерк о национально-буржуазном движении в Казах-
стане периода 1917– 1919 гг. – Кызыл-Орда, 1927, С.109.

53. ҚР ОМА. 15-қ., 1-т., 422-іс, 120-п. 54. Халел. Мемлекет күйі // Сарыарқа. – 1917. – 25-ноябрь.

– №22.

55. ҚР ОМА. 15-қ., 4-т., 1-іс, 10-п. 56. Сиез жасау // Қазақ. – 1917. – 9-март. – №221. 57. Қыр баласы. Мемлекет халі // Қазақ – 1917. – 24-июль.

– №237.

58. ҚР ОМА, 15-қ., 2-т., 422-іс, 45-п. 59. Ішкі хабарлар // Сарыарқа. – 1917 – 19-июнь. – №2. 60. Мадияр. Қазақ сиезі // Қазақ. – 1917. – 31-июль. – №238. 61. Сиез // Қазақ – 1917 – 31-июль – №238. 62. Алаш партиясы // Қазақ. – 1917. – 5-октябрь. – №244. 63. Омарбеков Т. Төңкеріс және Алаш қозғалысы // Ақиқат.

–1992 – №11 – Б.38–47.

64. Кәкішев Т. Әділет жеңбей қоймайды // Қазақстан

коммунисі. – 1990. –№2 – Б.52-59. 65. Махаева А. Қазақтың тұңғыш саяси партиясы

тарихының беймәлім беттерінен //Ақиқат. – 1998. –

№243. – Б.81-84.

66. Ішкі хабарлар // Сарыарқа. – 1917. – 30-октябрь. – №18. 67. Сұлтанмахмұт. Ғалиханның Семейге келуі // Сарыарқа.

– 1917. – 30-октябрь. – №18; 13-ноябрь. – №20.

68. Ішкі хабарлар // Сарыарқа. – 1917. – 5-ноябрь. – №19. 69. ҚР ОМА. 15-қ., 1-т, 428-іс, 46, 47-пп. 70. ҚР ОМА. 15-қ., 1-т, 428-іс, 49-п. 71. Жалпы қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы // Сарыарқа. – 1918. – 25-январь. – № 9. 72. Әлімхан. Жасасын Алаш, жасасын! // Сарыарқа.–

1918.– 22-январь.– №28. 73. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы //Ақиқат. – 1993. –

№3. – Б.76.

74. Мадияр. Алашорда // Қазақ. – 1918. – 16-қыркүйек. –

№ 243. 75. Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы.: Қазақстан,

1994, Б.270.

76. Саяси хал // Сарыарқа. – 1918. – 15-апрель. – № 28. 77. Мәскеуден тіліграм // Сарыарқа. – 1918. – 18-май. –

№ 35. 78. Алаш құрбаны // Сарыарқа. – 1918. – 15-март. – №21.

79. ҚР ОМА. 503-қ., 1-т., 25-іс, 62-п, 147-п. 80. Қазіргі саяси хал // Абай. –1918, 19-июнь, № 6, Б.1-3. 81. Мадияр. Алаш Орда // Қазақ. – 1918, 16-сентябрь,

№265. 82. Шығыс Қазақстан облыстық Жаңа тарих құжаттар

орталығы (бұдан ары: ШҚОЖТҚО. Семей қаласы). 37-
қ., 1-т., 126-іс, 87-п.

83. Ішкі хабарлар // Сарыарқа.– 1918. – 26-июль. – № 48. 84. Ел хабарлары // Сарыарқа. – 1919. – 26-март. – № 74. 85. Орынборға тіліграм // Сарыарқа. – 1918. – 5- июль.–

№46. 86. Ел хабарлары // Сарыарқа.– 1918. – 19-июль.– № 47. 87. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия.

– М.: Издательский центр «Россия молодая», 1994,

Б.52.

88. Тығыз жұмыстар // Қазақ.– 1917.– 13-декабрь. – №257. 89. Аманжолова Д.А. Партия Алаш: История и историо-

графия.– Семипалатинск, 1993, С.217. 90. Ішкі хабарлар // Қазақ.– 1918.– 16-сентябрь.– №265. 91. Кеңес қаулысы // Сарыарқа.– 1918. – 12-июнь.– №43. 92. Алашорда. Сборник документов. – Сост. Мартыненко.

– Алматы.: Ана тілі, 1992, Б.96.

93. Жалпы қазақ сиезі // Сарыарқа.– 1918.– 12- июнь. –

№43. 94. Жүсіпбек. Мағжанның ақындығы туралы (Ташкенттегі

қазақ студенттеріне етілген баяндама) // Лениншіл
жас. – 1923. – 25-январь, – №5. Б.23.

95. ШҚОЖТҚО. 50-қ., 1-т., 3-іс, 3-п. 96. Отчет о деятельности губернского полиграфического

отдела. Семипалатинский губернский Совет народно-
го хозяйства. – Семиплатинск, 1920, январь, декабрь.

С.4.

97. Мадияр. Алаш Орда // Қазақ.– 1918. – 16-сентябрь. – № 265. 98. Ғалиханнан тіліграм // Абай.– 1918. – 25сентябрь.– №10. – Б.8. 99. Бочагов А. Алаш Орда. Краткий исторический очерк о национально-буржуазной движении в Казахстане в периоде 1917 – 1919гг. // в книге: Сафаров Г. Колониальная революция. – Алматы.: Жалын, 1996, Б.241. 100. Қазақ, Алаш, Сарыарқа. – Мазмұндалған библиографиялық көрсеткішті құрастырған Ү.Сүбханбердина. – Алматы.: Ғылым, 1993, Б.218. 101. Иусфбек. Тұр, бұқара, жиыл, кедей, ұмтыл, жастар! // Сарыарқа.– 1917. – 19-июнь.– №2. 102. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы.: Жалын, 1991, Б.218. 103. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалары. 5-том. – Алматы.: Ғылым, 1999, Б.304. 104. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы // Арай.– 1992 – №4 – Б.5. 105. Иусфбек. Азық-түлік жайы // Сарыарқа. – 1917. – 5-шілде.– №5. 106. Бөкейхан Ә. Киргизы. – кітапта: Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы.: Қазақ энциклопедиясы, 1995, Б.74. 107. Журнал шығады // Сарыарқа. – 1917.– 26-декабрь. – №26. 108. Мадияр. Алашқа // Абай. – 1918.– март.– № 3. – Б.4-5. 109. Саханов К. Қазақстандағы алғашқы кооперативтер // Ақиқат. – 1999 –№4 – Б.23. 110. Уақ қарыз серіктігі // Абай. – 1918. – 25-сентябрь. – №10. – Б.5-8. 111. Уақ қарыз серіктігі // Қазақ. – 1916. – 8-октябрь. – №204.

112. Владивостектен теліграм // Абай. – 1918. –2-октябрь. – №11. – Б.11. 113. Тұрғанбай М. Бірлік // Абай. – 1918. – март. – №3. – Б.14-15. 114. Тұрғанбай М. Уақ қарыз серіктігі // Абай. – 1918. – №4.– Б.2–3. 115. Тұрғанбай М. Кооператив //Абай. – 1918. – №5. – Б.1114. 116. Жалпы ереже // Абай. – 1918. – № 11 – Б.17-21. 117. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архиві (бұдан ары: ҚР ҰҚК архиві). 001494-іс, 2-т, 110-п. 118. Иусфбек. Журнал туралы // Абай. – 1918. – №1.– Б.1-3. 119. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы, 1950, Б.27. 120. Жақып Б. Мұхтар Әуезов – публицист. – Алматы.: Ана тілі, 1997, Б.187. 121. Өз шежіреміз //Абай – 1992. – № 1. – Б.З. 122. Әуезов М. Елу томдық академиялық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы.: Ғылым, 1997, Б.316. 123. Мадияр. Абай (Опат, 23-июнь, 1904 жыл). – Қазақ. – 1914. – №67. 124. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 2-том. – Алматы.: Жазушы, 1995, Б.164-165. 125. Әдебиет // Абай. – 1918 – март. – № 3. – Б.8-9; май – №5. – Б.6-10. 126. Екеу. Абайдан соңғы ақындар. Абай. – 1918. – сәуір.– №4. – Б.1-6. 127. Мұқанов С. Өсу жолдарымыз. – Алматы, 1960, Б.56. 128. Кенжебаев Б. Бүркеншік аттар сыры // Қазақ әдебиеті, 1965. – 13-тамыз; 129. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы.: Ана тілі, 1993. – Б.216.

130. Еспембетов А. Естелік // Абай – 1995 – № 1-2. – Б.37. 131. Екеу. Көркем әдебиет туралы // Қазақ әдебиеті.– 1989.–

3-қараша 132. ҚР ҰҚК архиві, 001494-іс, 2-т., 131-п. 133. Досжанов Д. Абақты // Жалын. – 1991. – № 4. – Б.47. 134. Аймауытұлы Ж. Тәрбиеге жетекші. – Мәскеу, 1924,

Б.65.

135. Жұртбаев Т. Бесігіңді түзе. – Алматы.: Жазушы, 1997,

Б.169.

136. Аймаутов Иусфбек. Газет-журнал оқушыларына //

Сарыарқа. –1919. –20-февраль. – №70, 137. ҚР ОМА, 1398-қ, 1-т., 220-іс, 42-п. 138. ҚР ОМА, 1398-қ, 1-т., 224-іс, 56-п. 139. За власть Советов. – Сборник статьи и воспоминаний

о борьбе за укрепление и упрочение советской власти
в Семипалатинской области. – Семипалатинск, 1961,

С.108.

140. Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. – Алматы.: Қазақстан,

1996, Б.74.

141. Отчет о деятельности губернского полиграфическо-

го отдела Семипалатинского губернского Совета на-
родного хозяйства. – Семипалатинск, 1920, январь, де-
кабрь. С.4.

142. ҚР ОМА. 1398-қ., 4-т., 26-іс, 23-п. 143. ШҚОЖТҚО, 72-қ., 2-т., 21-іс, 4-п. 144. ШҚОЖТҚО, 73-қ., 1-т., 2-іс, 1-п. 145. ШҚОЖТҚО, 72-қ., 1-т., 125-іс, 3-п. 146. ҚР ҰҚК архиві. 011494-іс, 2-том, 116-п. 147. Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы.: Қазақстан, 1991,

Б.76.

148. Олкотт М. Қазақтар. – кітапта: Қазақтар шетел

әдебиетінде. – Құрастырған К.Есмағанбетов. – Алма-
ты.: Атамұра, 1994, Б.146.

149. ШҚОЖТҚО. 72-қ., 1-т., 34-іс, 17-п. 150. ҚР ҰҚК архиві. 011494-іс, 2-том, 117-п. 151. Бердяев Н. Истоки и смысл русского коммунизма. –

Москва.: Правда, 1990, С.99. 152. Шоқай М.Таңдамалы. 1-том. – Алматы.: Қайнар, 1998,

Б.64.

153. ҚР ОМА. 14-қ., 1-т., 104-іс, 5–7-п. 154. ҚР ОМА. 14-қ., 3-т., 4-іс, 11-п. 155. ШҚОЖТҚО. 71-қ., 1-т., 125-іс, 27-п. 156. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917

– 1940 гг. – Алматы, 1991, С.252.

157. ШҚОЖТҚО. 72-қ., 2-т., 8-іс, 7-п. 158. Губернские газеты // Степная правда. – 1921. –

17-апрель. – №8. 159. Қазақ тілі. – 1921. – 31-декабрь. – №112 160. Басқарма. «Кедей сөзінің» ілгешегіне жауап // Қазақ

тілі. – 1921. – 31-декабрь. – №112 161. Қызылдар майданы // Қазақ тілі. – 1920. – 28-октябрь.

– №98.

162. Омашұлы Н. Жол үстінде – журналист. – Алматы.:

Атамұра, 1999, Б.76. 163. ШҚОЖҚТО. 72-қ., 148-іс, 33-п. 164. Тілеуқабылов М. Газет тарихынан // Егемен Қазақстан.

– 1999. – 4-желтоқсан. – № 267.

165. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1-іс. 14-п. 166. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1-іс, 20-п. 167. ШҚОЖТҚО, 72-қ., 1-т., 128-іс, 135-п. 168. ШҚОЖҚТО. 72-қ., 1-т., 34-іс, 480-п. 169. ШҚОЖҚТО. 72-қ., 1-т., 3-іс, 479-п. 170. Жүсіпбек. Жастар кім? // Еңбек туы. – 1920. – 25-де-

кабрь. – №3. 171. ҚР ОМА. 929-қ., 1-т., 20-Г-іс, 9-п, 14-п.

172. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 2-іс, 43-п. 173. Қазақстан Республикасының Президенттік архиві

(бұдан ары: ҚР ПА). 139-қ., 1-т., 266-іс, 145-п. 174. ҚР ПА. 140-қ., 1-т., 82-іс, 17-п. 175. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 23-іс, 16-п. 176. ҚР ПА. 140-қ., 1-т., 83-А-іс, 57-п. 177. ҚР ПА. 140-қ., 1-т., 46-іс, 13-п. 178. Пайпс Р. Совет Одағының қалыптасуы. Коммунизм

және ұлтшылдық. 1917 – 1923 жж. – кітапта:
Қазақстан

шетел
әдебиетінде.
Құрастырған
К.Есмағамбетов. – Алматы.: Атамұра, 1994. Б.152.

179. ҚРОМА. 5-қ., 19-т., 12-іс, 1-п. 180. ҚР ПА. 139-қ., 1-т., 13-А-іс, 18-п. 181. Жүсіпбек, Мәнен. Бияш // Қазақ тілі. – 1921. – 22-ав-

густ. – №136. 182. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 7-іс, 105-п. 183. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 34-іс, 40-п. 184. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 7-іс, 101-п. 185. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 697-іс, 18-п. 186. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1-іс, 14-п. 187. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 34-іс, 41-п. 188. Дөңқабақ О. Басынан Баянауыл ән кетпеген // Столич-

ное обозрение. – 1999. – 23-шілде. 189. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 34-іс, 159-п. 190. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 103-іс, 18-п. 191. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 78-іс, 27-п. 192. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 77-іс, 24-п, 193. ҚР ҰҚК архиві, 011494-іс, 2-том. 118-п. 194. ҚР ОМА. 5-қ., 18-т., 109-іс, 1-п. 195. Ішкі хабарлар // Қазақ тілі. – 1921. – 15-июнь. – №124. 196. ҚР ПА. 140-қ., 1-т., 83-Б-іс, 32-п. 197. Жер туралы заң // Қазақ тілі. – 1921. – 26-июль. – №132

198. Заң жобасы // Қазақ тілі. – 1921. – 27-август. – №137 199. Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы.: Қазақстан, 1997,

Б.161.

200. Басқармадан // Қазақ тілі. – 1921. – 26-июль. – №132. 201. Қойгелдиев М, Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді.

– Алматы.: Ана тілі, 1993, Б.9.

202. Тұрғанбай М. Ашаршылық // Қазақ тілі. – 1921. – 27-ав-

густ. – №137 203. ҚР ОМА. 320-қ., 1-т., 3-байлам, 32-іс, 4-п. 204. Ішкі хабарлар // Қазақ тілі. – 1921. – 27-октябрь. – №148. 205. ҚР ОМА. 320-қ., 1-т., 7-байлам, 51-іс, 10-п. 206. ҚР ОМА. 320-қ., 1-т., 8-іс, 54-п. 207. ҚР ОМА. 320-қ., 1-т., 1-6, 51-іс, 9-10-п; 21-п. 208. ҚР ОМА. 320-қ., 1-т., 1-6, 8-іс, 102-п. 209. Ашаршылық // Қазақ тілі. – 1922. – 7-март. – №181. 210. Жылу жинау // Еңбекші қазақ. – 1926. – 22-март. 211. ҚРОМА. 320-қ., 1-т., 1-6, 8-іс, 134-135-п. 212. Жүсіпбек. Топалаң уағындағы той // Қазақ тілі. – 1921.

– 12-июнь. – №123.

213. Ж.Аймауытовтың жауабы // Социалистік Қазақстан. – 1990. – 20-қараша. 214. Шоқай М. Қазақ жеріндегі ашаршылық. – кітапта:

Шоқай М. Түркстанның қилы тағдыры. – Алматы.:
Жалын, 1992, Б.104.

215. ШҚОЖТҚО. 73-қ., 1-т., 119-іс, 48-п. 216. Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві

(бұдан ары: ОҚОМА). 147-қ., 1-т., 1-іс, 154-п. 217. «Қазақ тілінің» кәрі жолдасы. Бесінші жылда бес

мыңнан ассын // Қазақ тілі. – 1923. – 15-ноябрь. –
№109.

218. «Қазақ тілінің» кәрі жолдасы. Газетаға көмек // Қазақ

тілі. – 1923. – 20-ноябрь. – №110.

219. Басқармадан // Қазақ тілі. – 1924. – 5-декабрь. – №121. 220. Жүсіпбек. Тілшілерге // Қазақ тілі. – 1923. – 30-июнь.

– №53.

221. ҚР ОМА. 44-қ., 2-т., 95-іс, 76-п. 222. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 641-іс, 78-п. 223. ОҚОМА. 147-қ., 1-т., 1-іс, 165-п 224. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 648-іс, 8-п. 225. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 648-іс, 149, 150-пп. 226. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 641-іс, 94-п. 227. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 641-іс, 66-п. 228. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 641-іс, 68-п. 229. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 648-іс, 176-п. 230. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 648-іс, 177-п. 231. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 641-іс, 78-п. 232. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 648-іс, 207-п. 233. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 644-іс, 131-п. 234. ОҚОМА. 147-қ., 1-т., 1-іс, 154-п. 235. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 648-іс, 215-п. 236. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 648-іс, 248-п. 237. Жүсіпбек. Мағжанның ақындығы // Қазақ әдебиеті. – 1989. – 20-қаңтар. 238. Дәуітов С. Жүсіпбек Аймауытов... // Қазақстан мұғалімі.

– 1989. – 20-қаңтар;

239. Садуакасов С. Киргизская литература // Трудовая Си-

бирь. – 1919. – №1. – С.17 – 23. 240. Мұхтар. Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі // Шолпан. – 1922. – №2-3, 4-5. 241. Жүсіпбек. Жазу таңбаларымызды азайту туралы жоба

// Еңбекшіл қазақ. – 1924. – 26-февраль. – № 178. –
28-ақпан. – №179

242. Жүсіпбек. Жазу таңбаларымызды азайту туралы //

Еңбекшіл қазақ. – 1924. – 15-март. – №189.

243. Жүсіпбек. Қазақ тілін жүргізу қазақша оқуда //

Еңбекшіл қазақ. – 1924. – 18-март. – №190 244. Жүсіпбек. Ел газетке не жазбақ? // Еңбекшіл қазақ. – 1924. – 5-май. – №202 245. Жүсіпбек. Жазу мәселесі туралы соңғы сөз // Еңбекшіл

қазақ. – 1924. – 25-май. – №209 246. Жүсіпбек. Әйелді мектепке алыңдар // Ақ жол. – 1924.

– 26-январь. – №395

247. Жүсіпбек. Емлені өзгертуге жоба // Ақ жол. – 1924. –

11-февраль. – №403 248. Жүсіпбек. Ташкентте сауық кеші // Ақ жол. – 1924. –

27-октябрь. – №497 249. Жүсіпбек. Қазақта жезөкше бар ма? //Ақ жол. – 1924. –

24-қазан. – № 496 250. Жүсіпбек. Үлгілі мектеп // Ақ жол. – 1924. –

14-желтоқсан. – №513 251. Жүсіпбек. Жастардың тәрбие-тәлімі // Жас қайрат. –

1924. – №6. – Б.35-39.

252. Жүсіпбек. Жазу мәселесі туралы сөз // Еңбекші қазақ.

– 1924.– 23, 25-май.

253. Қамзабекұлы Д. Руханият. – Алматы.: Білім, 1997,

Б.22.

254. Басқарма. Білімпаздар... // Еңбекші қазақ. – 1924. – 10-

июнь. – №214. 255. Мадияр. Білімпаздар... // Ақ жол. – 1924. – 25- июнь. –

№451. 256. Жүсіпбек. Емлені оңайлатудың жобасы // Еңбекші

қазақ. –1925, 20-январь, – №304. 257. Жүсіпбек. Пән сөздері қалай табылады? // Ақ жол. –

1925, 1-май, –№563. 258. Жүсіпбек. Газет тілі қалай түзеледі? // Еңбекші қазақ. –

1925, 25-ноябрь, – №405.

259. Жүсіпбек. Ел газетке не жазбақ? // Еңбекші қазақ.

–1924, 5-май, – №201.

260. Өзбекстан Республикасының Орталық мемле-

кеттік архиві (бұдан ары: ӨР ОМА). 372-қ., 1-т.,
61-іс, 20-п.

261. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 58-іс, 30-п. 262. ӨР ОМА. 34-қ., 1-т., 465-іс, 132-п. 263. Джаленов К. Киргизские школы // Наука и просвеще-

ние (журнал Наркомпроса Туркреспублики). – Таш-
кент, 1922, № 2, С.25-29.

264. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 92-іс, 1-п. 265. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 60-іс, 5-п. 266. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 15-іс, 292-п. 267. ӨР ОМА. 34-қ., 1-т., 465-іс, 18-п. 268. ӨР ОМА. 34-қ., 1-т., 465-іс, 31-п. 269. ӨР ОМА. 34-қ., 1-т., 465-іс, 34-л. 270. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 70-іс, 1-п. 271. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 95-іс, 9-п. 272. Чернявский Е. История возникновения, структура и

деятельность ГУСа // Наука и просвещение. – Ташкент.

– 1922. – №2. – С.176-179.

273. ӨР ОМА. 34-қ., 1-т., 1624-іс, 312-314-пп. 274. ӨР ОМА. 25-қ., 1-т., 408-іс, 4-п. 275. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 67-іс, 139-п. 276. Басқармадан // Қазақ тілі. – 1921. – 29-июль. – №133. 277. Басқарма // Ақ жол. – 1924. – 5-май. – №432. 278. ӨР ОМА. 17-қ., 1-т., 293-іс, 25-п. 279. ӨР ОМА. 17-қ., 1-т., 474-іс, 10-п. 280. ӨР ОМА. 17-қ., 1-т., 495-іс, 287-п.; Туркестанская прав-

да, 1924, 22-октябрь, №236 (513) 281. ӨР ОМА. 17-қ., 1-т., 305-іс, 38-п. 282. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 67-іс, 5-п.

283. Ж. Күлкі журналы шығарылады // Ақ жол. – 1925. – 26-январь. – №529. 284. Ел қыздары. Жүсіпбектен үлгі алыңдар // Ақ жол. – 1925, – 28-январь, №530. 285. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 67-іс, 40-п. 286. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 67-іс, 37-п. 287. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 61-іс, 25-п. 288. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 67-іс, 45-п. 289. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 67-іс, 57-п. 290. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 58-іс, 36-37-пп. 291. ӨР ОМА. 372-қ., 1-т., 70-іс, 19-п. 292. Жүсіпбек. Елеусіз ерлер // Сәуле, – 1924, №6, Б.2-9. 293. Жүсіпбек. Су жүзінде // Сәуле, – 1924, №5, Б.2-7. 294. ОҚОМА. 147-қ., 1-т., 1-іс, 165-п. 295. Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. – Алматы.: Қазақ университеті, 1992, Б.272. 296. «Шаншар» кім? // Шаншар, –1925, №1. – Б.2. 297. Әуезов М. «Шаншар» журналы // Таң. –1925, №3, Б.23, 24. 298. «Ақ жол» тілшілерінің І конференциясы. – Ташкент, 1925, апрель, Б.27. 299. ӨР ОМА. 372-қ, 1-т, 67-іс, 81-п. 300. Жүсіпбек. Ана тілін қалай оқыту керек // Жаңа мектеп. – 1925, №2, – Б.17-24. 301. Жүсіпбек. Қара тану мен денсаулық // Жаңа мектеп. – 1926, №10-11, –Б.26-29. 302. Жүсіпбек. Комплекс жүйесімен сабақ беру тәжірибеміз // Жаңа мектеп. –1927, № 2, – Б.30-34. 303. Жүсіпбек. Хат таныту әдістері // Жаңа мектеп. –1926. №10-11, – Б.12-15. 304. Жүсіпбек. Қазақша хат таныту әдістері // Жаңа мектеп. – 1927, №2, –Б. 5-13.

305. Жүсіпбек. Әйелді мектепке алыңдар! // Ақ жол. – 1924,

26-январь, №398 306. Жүсіпбек. Үлгілі мектеп //Ақ жол. – 1924, 14-декабрь,

– №513.

307. Жүсіпбек. Орынборда халық ағарту істері // Еңбекші

қазақ. – 1923, 30-июнь, – №107. 308. Жүсіпбек. Жаңа әліпті тез үйрету жолы // Жаңа мектеп.

– 1929, №4, –Б. 35-48.

309. Жүсіпбек. Оқытушылар мен кәсіпшілер қозғалысы //

Жаңа мектеп. –1927, №5, – Б. 82-88. 310. Жүсіпбек. Жаңа әліпби қозғалысы // Жаршы. –1929, №1,

– Б. 4-8.

311. ОҚОМА. 147-қ., 1-т., 1-іс, 154-п. 312. ОҚОМА. 147-қ.,1-т., 16-іс, 57-п. 313. ОҚОМА. 147-қ., 1-т., 16-іс, 52-п. 314. ОҚОМА. 147-қ., 1-т., 1-іс, 230-п. 315. ОҚОМА. 147-қ., 3-т., 75-іс, 1, 13-пп. 316. ОҚОМА. 147-қ., 3-т., 75-іс, 1–16-пп. 317. Басқармадан // Еңбекші қазақ. – 1927, 17-февраль. 318. Жүсіпбек. Бардың жоғы болмайық // Еңбекші қазақ. –

1927, 2-июнь, №123 (851). 319. ОҚОМА. 147-қ., 1-т., 33-іс, 4-п. 320. ОҚОМА. 147-қ., 1-т., 19-іс, 20-п. 321. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1406-іс, 34-п. 322. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1406-іс, 46-п. 323. ОҚОМА 147-қ., 1-т., 35-іс, 35-п. 324. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1406-іс, 32-п. 325. Досжанов Д. Абақты. – Алматы.: Қазақстан, 1992, Б.52. 326. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1394-іс, 54, 55-пп. 327. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1394-іс, 53-п. 328. Ана тілінің оқыту әдісі // Жаңа мектеп, – 1929, №2, Б.11

– 36; 1929, №3, Б.7 – 32.

329. Жанақ. Ақбілек // Әйел теңдігі, – 1928, №4, Б.85 – 90; №9, Б. 39 – 45; №10, Б. 52 –59. 330. Жүсіпбек. Мәшһүр Жүсіпке хат // Соцалистік Қазақстан, 1990, 1-мамыр. 331. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 139-іс, 21-п. 332. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1394-іс, 30-п. 333. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1394-іс, 25-п. 334. Аймауытұлы Ж. Көк өгіз. – Қызылорда.: Қазбас, 1929, Б.12. 335. ҚР ОМА. 81-қ., 1-т., 1394-іс, 31-п. 336. ОҚОМА. 734-қ., 2-т., 77-іс, 244-п. 337. Тұрысбек Р. Жүсіпбек Аймауытұлы және 20-жылдардағы қазақ прозасы. – Алматы.: Қазақ университеті, 1998, Б.340. 338. Черепахов М.С. Проблемы теории публицистики. – Москва, 1973, С.73. 339. Здоровега В. Слово тоже есть дело: Некоторые вопросы теории публицистики. – Москва.: Мысль, 1979. 340. Кенжебаев Б. Телегей теңіз // Лениншіл жас, 1989, 6-қаңтар. 341. Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. – Алматы, 1984, Б.32. 342. Стрельцов Б.В. Основы публицистики. Жанры. – Минск, 1990. 343. Горький М. О литературе. – Москва.: 1954. С.42. 344. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы, 1991, Б.28, 29. 345. Жұмабаев М. Шығармалары. 2-3-том. – Алматы.: Білім, 1997, Б.212. 346. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалары. 1-том. – Алматы.: Ғылым, 1996, Б.328. 347. Кенжебаев Б. Телегей теңіз // Лениншіл жас. – 1989, 6-январь.

348. Колосов Г.В. Публицистика как творческий процесс. –

Москва, 1977, С. 112. 349. Жүсіпбек. Бардың жоғы болмайық // Еңбекші қазақ.

–1927, 2-июнь, №123.

350. Жүсіпбек. Құтты болсын! // Еңбекші қазақ. –1927,

17-январь, №13. 351. Терме (Тәрбие, білім, әдебиет жайындағы мақалалар

жинағы). – Ташкент, 1925, №1. 352. Жүсіпбек. Қос моншаға түсіп қараңыздар // Әйел

теңдігі. –1928, №9, Б.31–35. 353. Жүсіпбек. Тәшкентте сауық кеші // Ақ жол. – 1924,

27-октябрь, №497 354. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – Алматы.:

Қазақ университеті, 1992, Б.204. 355. Қожакеев Т. Сатира негіздері. – Алматы.: Санат, 1997,

435 бет. 356. Горький М. О печати. – Москва, 1962, 325 с. 357. Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы. – Алматы.: Мектеп,

1984, Б.77.

358. Ж. Хазірет сұлтан // Жаңа әдебиет. – 1929. – №1. Б.3-9. 359. Торайғырұлы С. Шығармалар жинағы (алғысөз

ретінде).– Алматы, 1933. 360. Ә.Жүсіпұлына қазанама // Ақ жол. – 25июнь. – №71. 361. Колосов Г. Критерии деления публицистики и жанры //

В сб. Журналистика. Выпуск 5(7). – Алма-Ата.: Изда-
ния КазГУ, 1975, С.16.

362. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы.:

Ана тілі, 1993, Б.237. 363. Прохоров Е.П. Публицист и действительность. – Мо-

сква, 1973, С.8. 364. Келешек. Елес // «Жас қазақ» журналы. – 1924. – № 5-6,

Б. 50 – 57.

365. Ученова В. Публицистика и политика. – Москва.: По-

литиздат, 1979, С.112. 366. Тоғжанұлы Ғ. Әдебиет және сын мәселелері. –

Қызылорда, 1929, Б.144. 367. Келешек. Елес // Жас қазақ. – 1924. – № 10-11, Б.23 – 27. 368. Жүсіпбек. Көшпелі Көжебай // Ақ жол. – 1924. –

29-октябрь. – №498. 369. Литературная энциклопедия. – Москва, 1991, 5-том,

С.19-20.

370. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. Үш томдық. 1-том. – Алматы,

1980, Б.372.

371. Ақмұханова Б. 20-жылдардағы әңгімелер ерекшеліктері

// Жұлдыз, –1960, – №12, – Б.32. 372. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. – Ал-

маты.: Ғылым, 1997, Б.240. 373. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы,

1975, Б.160.

374. Аймауытов Ж. Шығармалары. С.Қирабаевтың алғы

сөзі. – Алматы.: Жазушы, 1989. – Б.6. 375. Нұрғалиев Р. Сегіз қырлы, бір сырлы дарын // Қазақстан

коммунисі, – 1989. – №6. –Б.85. 376. Ысқақұлы Д. Әдебиет өрнектері. – Алматы, 1996, Б.78. 377. Ақышев 3. Жүсіпбек және оның «Қартқожасы» // 1990.

– №8. – Б.183.

378. Ақышев 3. Біздің мектеп қалай қалыптасты // Қазақстан

мектебі. –1991. – №12. – Б.74. 379. Әбілев Д. Жүсіпбек аға // Қазақ әдебиеті. – 1989. –

13-октябрь. 380. Есім Ғ. Қартқожа кім? // Ақиқат. –1995. – № 11, Б.88-89. 381. «V». Кітап сыны // Еңбекші қазақ. – 1926. – 4-ноябрь. 382. Тәжібаев Ә. Есімдегілер. – Алматы.: Жазушы, 1993,

Б.336.

383. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. С новый строки. – Алма-

ты.: Жазушы, 1989. 384. Жүсіпбек. Қазақ... // Еңбекші қазақ. – 1926. – 27-май. 385. Мұқанұлы С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті (1-бөлім). –

Алматы.: Қазақстан мемлекеттік баспасы, 1932, Б.458. 386. Мұқанов С. Өмір мектебі. 3-кітап. – Алматы, 1970, Б.95. 387. ӨР ОМА. 25-қ., 1-т., 408-іс, 4-п. 388. Шәріпов А. Сұлтанбек Қожанұлы – әдебиетші. – Алма-

ты.: Ер-Дәулет, 1994, Б.98. 389. Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасұлы. – Алматы.:

Қазақстан, 1996, Б.231.

МАЗМҰНЫ

Сөз басы
І бөлім. Алаш Орда баспасөзі және

Жүсіпбек
Жүсіпбек қай жылы туған?
Қаламгердің бүркеншік есімдері
Төңкерістер қарсаңында

«Сарыарқа» – Алаш Орданың үні болған газет
Алаш Орда және большевиктер
Жүсіпбек және «Сарыарқа» газеті
Аймауытұлы – «Абай» журналының

бас редакторы
Алаш Орда ұраншыларының бірі
ІІ бөлім. совет өкіметі кезіндегі көсемсөз

шығармашылығы
Жүсіпбек және «Қазақ тілі» газеті
«Еңбек туы» газетін шығарған кез
Аштарға көмек және «Қазақ тілі»

Орынборда өткен бір жыл

«Ақ жол» газеті және Ташкент кезеңі
Тағы да қазақ әдебиеті мен өнері туралы
Белгісіз шығармалары немесе
Шымкенттегі жылдар

ІІІ бөлім. Көсемсөз шығармаларының

жанрлық, формалық және

стильдік ерекшеліктері
Қазақ көсемсөзінде очерк жанрын
қалыптастырушының бірі
Жүсіпбек – әдебиет сыншысы және фельетоншы 193

ІV бөлім. Көркем шығармаларындағы

публицистикалық белгілер
«Елес» және «Жаңабайдың
жанындағы трагедия»
Қазақ сатиралық әңгімелерінің

негізін қалаушы
«Қартқожақтың» әуелгі нұсқасы
жарыққа шыққан жоқ
Сөз соңы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Алаш Орда баспасөзі және
жүсіпбек аймауытұлы

ІSBN 978-601-7070-98-4

Басуға 26.10.13 ж. қол қойылды.
Шартты баспа табағы 20. Есептік баспа табағы 18,6.
Көлемі 60х84/16. Тираж 3000 экз. Заказ № 4233. Қағазы офсеттік.
Өскемен қаласы, «Аltay-Пресс» ЖШС

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙