TELEGEI

Home

Əлемдiк философиялық мұра 16 том

Әбдімәлік Нысанбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Əлемдiк философиялық мұра 16 том

Антологияның бұл томына Г.Риккерттің, Г.Зиммельдің, Н.А.Бердяевтің, Н.Гартманның, Р.Аронның, П.Рикердің және т.б. жұмыстары енді және оларда тұтас жүйе ретіндегі философияның маңызды бөлімдерінің бірі болып табылатын тарих философиясының мәселелері қойылды. Тарих философиясына арналған бұл томның мәтіндері қазіргі қазақстандық қоғамның ауқымында сұранысқа ие және өзекті болып табылады.

«Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
«Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі

қоғамдық кеңестің құрамы:

«Әлемдік философиялық мұра»
сериясының редакциялық алқасы:
Ә. Нысанбаев (төраға), Ж.Әбділдин, Т.Әбжанов, Қ. Әбішев,
Қ.Әлжан (төрағаның орынбасары), Ғ.Есім, Т.Ғабитов,

Д.Кенжетай, Ғ.Құрманғалиева, Ж.Молдабеков (төрағаның
орынбасары), С.Нұрмұратов, М.Сәбит, А. Тайжанов.
М. Əшімбаев, кеңес төрағасы
Ə. Асқаров, жауапты хатшы

Қоғамдық кеңестің мүшелері:
С. Абдрахманов
Б. Аяған
М. Əбусейітова

С. Əжіғали
Н. Əлімбай
М. Əуезов
К. Байпақов

К. Биекенов
К. Бұрханов
А. Досжан
Е. Ертісбаев

Ғ. Есім
С. Қасқабасов
А. Қошанов
Ə. Нысанбаев

Қ. Салғара
З. Самашев
Р. Сариева
А. Сейдімбек

Қ. Сұлтанов
Қ. Тұяқбаев
Ж. Түймебаев
К. Хұсайынов

Е. Шаймерденов

ББК 87.3(0)

Ә 52

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
017 “Əлеуметтік маңызды əдебиет түрлерін шығару”

бағдарламасы
Ғылыми редакторы Ә.Нысанбаев
Құрастырғандар Хамидов А., Əлжан Қ.
Сарапшы Молдабеков Ж.

“Əлемдік философиялық мұра”. ©«ХХ ғасырдағы тарих
философиясы». Жиырма томдық. 16-том. Алматы:
«Жазушы», 2007. – 544 бет.

ІSBN 978-601-200-056-6

Ә 0301030000-103

ББК 87.3(0)

402 (05) – 07

ІSBN 978-601-200-056-6-(Т.16)

ІSBN 9965-764-01-8

© “Жазушы” баспасы, 2007

Ә 52

Антологияның бұл томына Г.Риккерттің, Г.Зиммель­
дің, Н.А.Бердяевтің, Н.Гартманның, Р.Аронның, П.Рикер­
дің және т.б. жұмыстары енді және оларда тұтас жүйе
ретіндегі философияның маңызды бөлімдерінің бірі

болып табылатын тарих философиясының мәселелері
қойылды.
Тарих философиясына арналған бұл томның мәтіндері
қазіргі қазақстандық қоғамның ауқымында сұранысқа ие

және өзекті болып табылады.

 АЛҒЫ СӨЗ Тарих философиясы – қазіргі философияның құрамдас бөлігі Тарих философиясы – жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Бұл жүйе механикалық емес, органикалық – үйлесімді құрылымға, дәлірек айтқанда: архитектоникаға ие. Оның та­ раулары бірінен соң бірі келетіндей және сондықтан бірінбірі алдын-ала ұйғаратындай болып құрастырылған. Бірақ сол уақытта әрбір тарауға оның басқа тараулары кірігіп өтетіндей болып шығады. Тұтастық ретіндегі философияның тарау­ лары сол мезгілде, оларда өзара қисынды үйлескен, ерекше триадаларға үштіктерге біріктірілген. Бірінші үштікке мына­ лар енеді: 1) онтология (тұтастық әлем туралы ілім), 2) ант­ ропология (адам туралы ілім), 3) гносеология (таным туралы ілім). Екінші триадаға енетіндер: 1) тарих философиясы, 2) мәдениет философиясы, 3) әлеуметтік философия. Сондықтан, тарих философиясы қисынды түрде онтологияны, антрополо­ гияны, гносеологияны ұйғарады және өзінің дүниетанымдық пен методологиялық негіздері ретінде атап айтқанда олардың жалпылама принциптерін, категорияларын және ұғымдарын алады. Философияның кез келген тарауы және жалпы филосо­ фия ретінде, тарих философиясы өз пәніні – тарихты жалпылық деңгейінде алады және зерттейді, сондықтан ол қандай жағдайда болмасын ғылым бөлімі ретіндегі тарихқа редукцияланбайды. Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның жалпылама заңдылықтары, ал со­ нымен бірге тарихи зерттеудің методологиясы. «Философия тарихы» термині дегенмен тек ХVІІІ ғ. енгізіл­ генімен (оны Ф.М. Вольтер, 1765 ж. жарияланған өзінің «Тарих философиясы» еңбегінде енгізді), философиялық-тарихи иде­ ялар тіпті көне заманда туындай бастайды. Солай, белгілі фи­ лософ А.Ф.Лосев грек антигіндегі бұл идеялардың жалпылама суреттемесін берді1 . Нақтылы тарих философиясының негізін­ де қашанда уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антик тарих философиясы уақыттың қайталанбалы моделіне бағдарланған, сондықтан оның сол немесе басқа түрлеріне мәңгі қайтып келу 1 Қар: Лосев А.Ф. Античная философия истории. М., 1977.

 идеясы тән болды. Батысеуропалық ортағасырлық тарих фило­ софиясы христиандық негізде тура сызықтық, бірақ түпкі уақыт моделіне сүйенді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих фило­ софиясы тура сызықтық шексіз уақыт моделіне бағдарланды. Антикалық та, ортағасырлық та тарих философиясы философияның дербес тарауы болып бөлінбеді, бірақ, айтпақшы, соңғының басқа тарауларында таратылып жіберілді. Ортағасыр­ лық дәуірде оның үстіне тарихи философ­ияның мәселелері ка­ толиктік теология шектерінде шешілді. Философиялық жүйенің дербес саласы ретінде оның қалыптасуы, қашан философия көпті немесе азды дін мен теологиядан эмансипацияланған, Жаңа дәуірде басталды. Ол Ф.М. Вольтердің, М.Ж. де Кондорсенің, Дж. Виконың, И.Г. Гердердің және әсіресе Г.В.Ф. Гегель мен К. Маркстің шығармашылығымен байланысты. Гегель «Тарих фи­ лософиясы бойынша дәрістер» деп аталған еңбегін қалдырды, ал Маркстің бүкіл философиясы, Н.А. Бердяевтің дұрыс ес­ кертуі бойынша, жүйе түрінде баяндалмағанына қарамай, ең алдымен тарих философиясы болып табылады»1. ХХғ. тарих философиясының тұтас қатардағы баламалары пайда болды, олардың кейбіреулері осы томда көрініс тапқан. Тарих философиясының бірнеше типологиялары бар. Бірін­ шісі онтологиялық, материалды немесе субстанционалды та­ рих философиясы деп аталады, орыс дәстүрінде оны тарихисо­ фия деп те белгілейді. Екінші типті сыни, рефлективтік немесе аналитикалық тарих философиясы деп атайды. Онтологиялық тарих философиясы тарихи процесті ерекше онтологиялық шындық ретінде, болмыстың бір деңгейі ретінде және адам өмір сүруінің негізгі бір кеңмәтіні ретінде зерттеуді және ұғынуды жүзеге асырады. Онтологиялық тарих философиясының не­ гізгі міндеттеріне жататындары: 1) тарихи үдерістің мәнісін, оның мазмұнын, архитектоникасын, қозғаушы күштерін және басты заңдылықтарын ұғыну; 2) тарихи үдерісті жіктеу және кезеңдерге бөлу, тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігін зерттеу; 3) тарихтың мақсаты, мағынасы және міндетінің бар немесе жоқ екендігі айқындау, тарихи үдерістегі ілгерілеу мен кері кетудің арақатынасын анықтау. 1 Бердяев Н.А. Царство Духа и царство Кесаря. М., 1995. С. 335.

 Рефлексиялық тарих философиясы тарихтың танымдық ере­ кшелігін түсінумен айналысады. Тарих философиясының бұл баламасының негізгі міндеттері мыналар: 1) тарихи зерттеудің ерекшелігі мен шектерін айқындау, оның концептуалдық ап­ параты мен методологиясын анықтау; 2) тарихи танымдағы түсіндіру мен ұғынудың арақатынасын, ондағы құндылық пайымдауларының рөлін және обьективтік тарихи таным мен білімнің мүмкіндіктерін тағайындау; 3) тарихи детерминизм мен тарихты жасайтын адамдардың еркін жігерінің арақатынасын анықтау. Соңғы міндеттің сипаты рефлективтік тарих философиясын дәнекерлейтінін аңғару қиын емес. Бұл түсінікті де: толыққанды тарих философиясы екі бағыттың синтезі болуы керек және аталған міндеттердің бәрін шешуі қажет. Егер бұл типологияны ұстансақ, онда ХХ ғасырда, әсіресе Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде және одан кейін онтологиялық тарих философиясы өз орнын рефлективтікке бере бастады. Оның негізінде тарихи процестің қозғаушы күштерін түсіндірмелеу сипаты жататын, басқа типологияға сәйкес бір­ неше тарих философиясы жүйелері бар: 1) Құдай шешімін тарихтың қозғаушы күші деп есептейтін теологиялық тарих философиясы; 2) тарихтың қозғаушы күші сапасында трансцен­ денттік заңдылықты немесе тағдырды алатын, метафизикалық тарих философиясы; 3) тарихтың қозғаушы күші деп идеялар­ ды немесе адамның рухани өмірін есептейтін, идеалистік тарих философиясы; 4) қозғаушы күштер сапасында адам табиғатын (құштарлықтар мен құмарлықтарға ие болатын ретінде және оның ортасын пайымдайтын) алатын, натуралистік тарих фи­ лософиясы; 5) тарихтың қозғаушы күштері деп экономикалық қатынастырды есептейтін материалистік-экономикалық тарих философиясы. Тағы бір типологияға сай, оның негізінде адамның тарихтағы рөлі мен орны жататындығымен, бір жағынан, индивидуалистік және коллективистік тарих философиясы, ал басқа жағынан – фаталистік (детерминистік) және белсенділік (индетерменистік) тарих философиясы ажыратылады. Бұл антологияға тарих философиясы мәселелерін қарастыра­ тын, ХХ ғасырдың ең көрнекті философтарының шығармалары

 (ал үлкен бөлігінде – шығармалардан үзінділер) енгізілген. Томның көлемі не басқа философтардың жұмыстарын оған ен­ гізуге, не енгізілген шығармаларды толық келтіруге мүмкіндік бермеді. Оқырман көзқарасын кеңейту мақсатында оны Ресейде жарияланған «Тарих философиясы» антологиясына сілтейміз1. Онда тек ХХ ғасырдағы тарих философиясының баламалары ғана емес, сонымен бірге Аурелий Аугустиннен бастап, басқа ғасырлар өкілдері де енгізілген. Антологияға енгізілген шығармалар хронологиялық жүйе бойынша орналастырылған. А.А. ХАМИДОВ 1 Қар: Философия истории. Антология. М., 1995.

Генрих РИККЕРТ

ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ

Кіріспе
ХХ ғасырдың басында философиялық ғылымдар әлі де
болса қалпына келтірілу, жаңарту жағдайында қалып отыр.
Бұл Кантқа деген қызығушылықтың қайта түлеуімен байла­

нысты болды және сондықтан да болар, бүгінгі күні Канттың
тәрбиесіндегі философияның басты жетістігін құрайтын барлық
осы ойлар біздің дәуірімізде пайда болған жоқ: олар өзінің шығу
тегін философиялық дамудың анағұрлым ерте кезеңінен ала­

ды. Өйткені, қазіргі сәттегі ең басты міндеттердің бірі канттық
идеализм де түбегейлі жеңе алмаған Ағартушылықтың нату­
рализмімен күрес болып табылады. Әрине, Канттың өзі де бір­
шама деңгейде артта қалды деп тұжырымдағандардың уәжі де

дұрыс болар. Бірақ, бұл соңғы кездері пайда болған идеялардың
арқасында жүзеге асып отырған жоқ: Кантқа қатысты шынайы
ілгерілеудің барлығы дерлік оның тікелей ізбасарлары, қазір
қайтадан философиялық қызығушылықтың ортасынан орын

алған неміс идеалистерінің көрсетіп берген бағытымен жүруде.
Осының нәтижесінде философия тарихын зерттеу қазіргі күні
ерекше маңызға ие болды және сондықтан да біз казіргі за­
манда Кантқа деген және оны түсінуге деген қызығушылықты

жандандырып қана қоймай, оның ұлы оқушыларының да ойла­
рын игеруге көп ықпал еткен Куно Фишерді салтанатпен қарсы
алдық.
Канттан

Фихтеге
дейінгі,
одан
Шеллингтің

немесе
Шопенгауэрдің романтикасына дейінгі және олардан ары қарай
Гегельге дейінгі біздің бұрын жүргізген дамуымызды тағы
қайталаймыз, бұдан қорқудың еш қажеті жоқ. Біз енді өткеннің

философиялық жүйелерін дәл сол берілген күйінде пайдалана
алмаймыз. Біздің жаңа дәуіріміз жаңа жауаптарды талап ететін
жаңа сұрақтарды алдымызға тартады. Оның үстіне жалпы тари­
хи өмірде ештеңе ешқашан қайталанып көрген емес. Дегенмен

де Канттың және Канттан кейінгі идеализмнің әлі сарқылып біт­
пеген ойлардың тұтастай қазынаны білдіретінін ұмытпауымыз
керек, біз өз заманымыздың философиялық мәселелерін шешу

барысында кәдеге асатын құнды да құдіретті көптеген ойларды
қабылдай аламыз.
Барлық философиялық пәндердің ішінде бұл, әсіресе, тарих
философиясына қатысты. Соңғы уақыттардың өзінде оған деген

қызығушылық орасан күшейді және бұл одан ары ұлғая түсетін
түрі бар. Бірақ осыған қарамастан, оның үйрететін нәрсесі
бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген нәрселер емес, оның
негізгі ұғымдары мүлдем жаңа деуден аулақпыз. Бұл, басым

көпшілігінде, әсіресе, бүгінгі күні, әсіресе «қазіргі заманғы»
деп есептелінетін бағыттарға қатысты; тіпті дәл осылар кезін­
де Ағартушылық дәуірі философтары айтып кеткен ойлардан
нәр алады. Және керісінше, қазір Ағартушылық үрдістерімен

күресетін бағыт та дәл осылайша өзінің ең жақсы қаруын іші­
нара Кант, одан әрмен Канттан кейінгі идеалистер, әсіресе
Фихте мен Гегель сомдап шығарғанын ризалықпен мойын­
дайды. Сондықтан егер кімде-кім тарих философиясының

қазіргі жағдайы мен оның бағыттары туралы, оның басты
мәселелері мен оларды шешудің әртүрлі жолдары туралы
түсінік қалыптастырғысы келсе, онда негізі ұғымдарды игеру
үшін іздің барысын неміс идеализмінен және тіпті одан ары

– Ағартушылық дәуірінен іздегені жөн болар. Бірақ, әрине, та­

рих философиясы саласындағы әңгіме тек көнені жаңғырту ту­
ралы ғана болмауы тиіс. Бұған көз жеткізу үшін XІX ғасырдағы
тарихи ғылымдардың дамуы туралы еске түсірсек те жетіп жа­
тыр және өткеннің жүйелерінен біз «тарихи» болып үлгіргеннен,

әсіресе метафизикалық догматизмге қайтып келудің нәтижесінен
мәңгі әрі құнды дүниелерді ажыратып ала білуіміз керек. Тарих
философиясы үшін бұл ішінара жасалды да. Бірақ Ласктің «Фих­
тедегі идеализм мен тарих туралы»1 еңбегі сияқты зерттеулердің

пайда болуына дейін, мәңгі мәнге ие осы көне идеялардың бұл
қыры айқын анықталғанға дейін біршама уақыт өтті. Осының
өзінен бұл очерктің мақсатын құрайтын тарих философиясының
қазіргі жағдайын қысқаша шолу үшін тарихи әдістің кемшіндігі

аңғарылады.
Бірақ тарихи әдіске қарсы мұнан өзге де көптеген қарсы
пікірлер айтуға болады. Философияның ұлы өткеніне қатысты
біздің ризашылығымызға қарамастан, шығармашылық ерек­

шелігі тұрғысынан оның бізден асып түсетінін біздің үзілді-
кесілді мойындайтынымызға қарамастан, біз өзіміздің бел­

шеден батқан эпигондық жағдайымыздан арылуымыз үшін,
Ағартушылық дәуірінен Кантқа дейінгі жүріліп өткен да­
муды ғана тағы қайталамас үшін біз өз жолымызбен жүруге
ұмтылуымыз қажет. Және дәл осы тарих философиясы үшін

философтың ешқашанда тек тарихшы болып қалмауы ке­
ректігін, философияның ешқашанда тарихқа сіңіп кетпеуін
ұмытпау аса маңызды. Осыған орай, біз осы жерде өткенді ай­
налып өтіп, тарих философиясына жүйелі очерк ұсынуға ты­

рысамыз.
Бұл жолда біз, бірақ, бірқатар қиындықтарға тап келеміз.
Философияның тарихымен қызу айналысудың нәтижесі
философия­лық идеялардың молшылығы ғана, сонымен қатар

біздің ғылымымыздың ең қарапайым ұғымдарының бұрын­
ғы айқын мағынасын көмескілеп жіберген мейлінше көп
шатасушылықтар мен сенімсіздік болып шығады. Филосо­
фия дегеніміз не деген сұраққа қазір барлығын қанағаттан­

дыратындай жауап беруге болмай қалды. Егер жалпы фило­
софиямен жағдай осылай болса, оның жекелеген бөліктері
туралы да осылай деуге болады. Дәл емес және толық емес
деген нарзылықтардан құтылу үшін біз тарих философиясы ту­

ралы біздің өз ұғымымызды негіздеуден бұрын алдымен осы
сөзге жалпы берілуі мүмкін әртүрлі мағыналарға тоқталамыз.
Айқын ажыратылатын үш түсінік бірден көзге түседі.
Философияны жалпы жекелеген ғылымдарға қарама-қарсы

жалпылық туралы ғылым ретінде жиі анықтайды. Бұл жағдайда
философия шынайылық туралы жалпы танымды, жалпы бүкіл
ғылыми танымның жиынтығын білдіреді. Тарих философи­
ясы ұғымы да осыған сәйкес анықталады. Егер жекелеген

тарихи ғылымдар тарихи өмірдің ерекше салаларымен айна­
лысса, ал тарих философиясының міндеті олардың қол жет­
кізген нәтижелерін жинау, оларды тұтастай, құрылымды бір
кескінге біріктіру, бүкіл тарихи өмірдің жалпы шолуын беру

болып табылады. Осылайша, өзінің осы бірінші мағынасында
тарих философиясы жалпы немесе «бүкіләлемдік» тарихты
(Unіversalgeschіchte) білдіреді.
Бірақ баяндаудың ортақтығын, әрқилы түсінуге болады.

Философияның жалпы ұғымына тағы қайтып келейік. Егер
оның міндеті шынайылықты жалпы тану болса, онда бұл,
әрине, жекелеген ғылымдардың таныған бүкіл материалын,

барлық бай мазмұнын өзіне қабылдап алуы керек дегенді біл­
дірмейді. Керісінше болуы тиіс: оның жалпылығы қашанда ар­
найы білімнің мазмұны оның барысында азды-көпті жоғалады
деген мағынадағы түйіндеумен байланысты болуы керек,

сондықтан, ақырында, бұл түйіндеу одан ары зерттеудің пәні
болып тек жалпы «ұстындар» ғана қалғандағы деңгейге же­
теді. Осының нәтижесінде біз тарих философиясының тағы бір
ұғымына ие боламыз. Соған сәйкес, тарих философиясы тарихи

өмір мазмұнының өзгешеліктерінен шыға отырып, оның жалпы
«мәнін» (Sіnn) немесе оның жалпы «заңдарын» іздейді. Тіпті
«мән» және «заң» ұғымдарын дәлірек анықтамай жатып, біз
осылайша жалпы тарих ұғымынан күрт ерекшеленетін тарихи

ұстындар туралы ғылым ұғымына тап келеміз.
Тарих дегенде өтіп кеткен шынайылықтың өзін емес, осы
өткен шынайылықтың бейнесін немесе тарихи ғылымды
ұғына отырып, біз, ақырында тарих философиясының үшінші

түсінігіне ие боламыз. Бұл соңғы ұғым жалпы философияның
міндеттеріне қатысты сан мәрте айтылған көзқарастармен
тығыз байланыста болады, оған сәйкес философия, әсіресе
теориялық философия заттардың өзімен емес, заттар туралы

біліммен айналысады. Осылайша, тарих философиясының ас­
тарынан сондай-ақ тарихи таным туралы ғылымды тауып алуға
болады, одан осы сөздің кең мағынасындағы логиканың бір
бөлігін көруге болады.

Әрине, өмірді түсіну мен дүниетанудың жалпы мәселелерін
жасаудағы тарихи ойлаудың маңызын айқындаумен айналы­
сатындай мұндай ғылымның тағы бір мүмкіндігін көрсетуге
болар еді. Барлық бұл мәселелер, бірақ дербес мағынадан

айрылған, оларға жоғарыда көрсетілгендей жұмысты атқару
барысында оп-оңай жауап беруге болады және сондықтан та­
рих философиясының төртінші түрін алға тартудың еш негізі
жоқ. Осылайша, әрқайсысының өзіндік өзгеше мәселелері бар

үш бірдей заңды ғылымдар қалатын тәрізді: бұл – жалпы тарих,
тарихи өмірдің ұстындары туралы ілім және тарих ғылымының
логикасы (қисыннамасы). Олардың барлығының да тарих фи­
лософиясы деп аталуына бірдей құқықтары бар.

Жақынырақ қарастырар болсақ, бірақ біршама басқа
кескін көрініс береді. Жалпы тарих қалайша жекелеген та­
рихи ғылымдармен қатар өмір сүре алады? Одан тек осы

ғылымдардың тапқан нәтижелерін жай ғана жинақтауды
байқауға бола ма? Әрине жоқ. Одан оның тарихи өмірді
бүтіндей тұтастық күйінде бейнелеуін талап ететін бола­
ды. Бірақ бұл тұтастық нені білдіреді, оның бірлігі мен оның

жіктелуінің ұстыны немен сипатталады? Осылайша, тарих
философиясының негізгі ұғымдарын талқылай отырып, біз
оның бірінші түрінен қажетті түрде екіншісіне келеміз. Алайда
дәл осылайша біз күмәнсіздік пен ұстындар туралы ғылымның

өз міндетін анықтауы үшін қолданатын ұғымдарына сілтей оты­
рып, белгілі нәрселерді ұйғармауымыз керек, мейлі ол бүкіл та­
рихи өмір соған бағынуы тиіс жалпы «заңдар» ұғымы болсын,
мейлі бүтін тұтастық ретіндегі барлық тарихи дамудың негізіне

жатуы тиіс тұтас «мән» ұғымы болсын. Бұл ұғымдардың əртүрлі
астары бар. Сонымен бір мезгілде табиғаттың заңдарын іздесті­
ру өз өзінен түсінікті және одан ары түсіндіруді талап етпейтін
айқақ болса, тарихи заңдарды табу мүмкіндігі көп жағдайда

қызу талқыға түседі. Бірақ біз осыдан шыққанның өзінде жаңа
сұрақ пайда болады. Жаратылыстану саласында заңдарды
табу жекелеген ғылымдардың міндеті. Неге тарих саласында
бұл міндет философия ғылымының үлесіне тиеді? Одан ары:

біздің жалпы тарихи үдерістің қандай да бір мәні деуге қандай
қақымыз бар? Және оны тану үшін біздің қандай құралдарымыз
бар? Ұстындар туралы ғылым ретіндегі тарих философи­
ясы қойылған осы сұрақтарға алдын ала жауап бермей, өз

жұмысына кірісе де алмайды. Ал ол тарихи танымның мәніне
айқындықпен ене алмаса, яғни логикалық мәліметтерсіз оларға
жауап бере алмайды. Солай, қарастырылып отырған үш пәннің
екіншісі, олардың біріншісінің бізді екіншісіне әкелгені тәрізді,

үшіншісін зерттеуге итермелейді. Осылайша, бастапқыда біз­
ге әрқайсысының өз мәселелер шоғыры бар мейлінше дербес
үш ғылымдар болып көрінген тарих философиясының әрқилы
түрлері арасында белгілі бір байланыс аңғарылады: тарихтың

логикасы жалпы барлық философиялық-тарихи зерттеулердің
негізі және бастапқы бекеті болып табылады. Тек одан ары
зерттеудің нәтижесінде ғана ұстындар туралы ғылым мен
жалпы тарихтың мәселелері шешілуі екіталай қаншалықты

логикалық (қисындық) мәселелерге айналғаны аңғарылады.
Бірақ осы айтылғандардың барлығынан, бізге осы очеркті та­
рих логикасының аса маңызды мәселелері мен пікірталас ту­
дыратын сұрақтарынан бастауды қалаушылық емес, қажеттілік

мәжбүрлейтіні көрінеді.

І Тарау
Тарих ғылымының логикасы
Біз қарастырғалы отырған тарих философиясының саласын­
да, тарих ғылымының логикасы саласында біздің уақытымыз

бұрынғыдан да гөрі ерекше бір өзгешелікке ұмтылатын тәрізді.
Неміс идеализмі философиясынан біз тек бірнешеу ғана,
құнды болғанымен, шашыраңқы және бір жүйеге түспеген
мәселелердің логикалық айтылымы мен түсіндірілімі туралы

мәселеге қатысты ескертпелерді табамыз. Кантқа дейінгі мен
қазіргінің философиясында болса, бұл мәселелерді шешуге
қатысты ешқандай батыл қадам болған да жоқ. Тарихтың ло­
гикасы мен тарих философиясы арасындағы байланыстың бір­

ден көзге ұрып тұрғанына қарамастан, тарихи ғылымдардың
логикалық мәнін ұғынуға талпынған салмақты қадамдар Па­
ульден, Навиллден, Зиммельден және әсіресе Виндельбанд­
тан арыға бармайды. Бұл саладағы ең қарапайым мәселелерге

қатысты пікірлердің кескілескен күресі әлі күнге үстем болып
келеді, сондықтан өз атауына әбден лайық тарих логикасы өзінің
өмір сүру құқығы үшін күресуі керек. Философиялық-тарихи
мәселелерді ешқандай логикалық дайындықсыз түсіндіруге бо­

лады деген сенімділікпен (мысалы, Линднер) қатар, біз тіпті та­
рихи әдіс пен тарихтың таза логикалық ұғымын қалыптастыру
мүмкіндігін тікелей теріске шығарумен де ұшырасып жүрміз.
Пікірталасқа

қатысушылардың
көпшілігіндегі
қажетті
логикалық дайындықтың жоқтығы ғана жағдайдың осын­

дай мәнісінің жалғыз себебі болып табылмайды. Бұл жерде
кездесетін қиыншылықтар да мұның себебі бола алмайды,
өйткені мәселені дұрыс қойған кезде, тарихтың мәнін түсіну
басқа ғылымдардың сипатын танығаннан мүлдем қиын емес.

Бірақ дәл осы мәселені қоюда келісімнің мүлдем жоқтығы
аңғарылады. Бұл өзінен өзі түсінікті сияқты: мәселенің
анық шешімін тапқысы келетіндер тарихи ойлаудың басқа
ғылымдардағы ойлаудан ерекшелендіретін өзгешеліктерді

бастапқыда орнықтыра отырып, алдымен оның барысын­
да ұлы тарихшылардың барша жұрт мойындаған еңбектерін
басшылыққа алады. Одан ары әуелі тарихи ғылымдардағы бар
логикалық құрылымды түсініп алып, кейіннен ғана олардың

ғылыми құндылығы туралы пікір айту керек сияқты. Бірақ өз

өзінен түсінікті нәрсе бұл жағдайда жалпы қабылданған болып
саналмайды. Ұлы тарихшылардың еңбектерін басшылыққа алу
қажеттілігі осы күнге дейін олардың ғылыми еместігі себепті
теріске шығарылып келеді (мысалы, Лампрехт және Теннис):

бұл шығармалардың мазмұны, олардың пікірінше, нағыз ғылым
деуге келмейді. Бұл жағдайда олар тарих сияқты тәжірибелік
ғылымды логикалық зерттеуге алдын ала белгіленген және
осыған дейін бұл ғылым туралы әлі іске аса қоймаған ұғыммен

кіріседі. Олардың мұратына сәйкес келетіндей нәрсенің, шын
мәнінде, тарихшыларда болмауы оларды ұялта қоймайды; бұл
олардың пікірінше, тарихты ғылым сатысына дейін көтеруді
ғана білдіреді. Әсіресе тәжірибе кез келген білімнің жалғыз

негізі болып табылады деп үнемі түйіндейтіндер осылай істей­
ді! Ғылым мен тарихтың қарама қарсылығы туралы осындай
ой көпшіліктің санасынан берік орын алып қалған. Және дәл
осы ойшылдардың өздерін тарихты оның шынайы мақсатына

бағыттаушылар деп есептейтіні қызық.
Тарихшылардың көпшілігінің тарихтың рухына осынша­
лықты жат мұндай пікірлерді тыңдағысы да келмейтініне таң
қалудың жөні жоқ. Тарих пен философия өзара түсінбеушіліктің

салдарынан бір бірінен алшақтай түседі және бұл екі ғылымға да
өз зардабын тигізеді. Анағұрлым танымал теоретиктері (прак­
тиктер емес) Тэн және Бокль болып саналатын тарихтың анти­
тарихи философиясы қазіргі кезде қайта жаңарып отыр, әсіресе

Лампрехт айқындықтан гөрі үлкен ұмтылыспен қолға алып
отыр. Эмпирикалық тарихи ғылым тарапынан ол Дройзеннің,
Бернгеймнің, Беловтың, Эд. Мейердің және басқаларының
еңбектерінде лайықты қарсылыққа тап болды. Философиялық

тұрғыдан алғанда, бірақ, көптеген құнды нәтижелерге
қарамастан, тарихшылардың өзара бұл әдіснамалық тала­
сында – ондағы таза логикалық мәселелерге еркіндік пен
қажеттілік туралы, заңдылық пен кездейсоқтық туралы, теле­

ология мен механизм туралы сияқты бірқатар өзге мәселелер
араласып кеткен таласында көп нәрсе айқындалмаған күйінде
қалды. Философиялық «ғасырлар тоғысының» соңынан еріп,
өздерінің арнаулы ғылыми зерттеулерінен айнып, анағұрлым

жалпы сипаттағы мәселелерге ауған тарихшылардың мейлін­
ше шарасыз жағдайы да осымен түсіндіріледі. Бірақ осының

барлығынан философия одан бетер зардап шегеді. Дәл осы біздің
заманымызда орасан зор мәнге ие болған тарихи ойлауды жет­
кіліксіз түсінудің салдарынан ол бұрынғы құдіретті ықпалынан
біразға айрылды. Осы ықпалды жоғалту оның тарихқа деген

сезімталдықпен қаншалықты байланысты екендігі рух тура­
лы ғылымдар (Geіsteswіssenschaften) деп аталатын саланың
өзге өкілдерінде философияға деген қызығушылық ояна
қалса, қашанда оның алдында тарихтың әдіснамасы жөніндегі

зерттеулердің болатындығымен сипатталатын айғақтан айқын
көруге болады.
Тарихи ғылымның мәнін түсінбеушілік біздің заманы­
мызда, әрине, қайтадан сәнге айналып, күн тәртібіне шыққан

натуралистік догмалардың өкілдерінен анығырақ көрінеді.
Оның үстіне бұл натурализмнің қандай формада көрінетіні
мүлдем қызықтырмайды: материализм формасында бол­
сын, мейлі психологизм формасында болсын. Екі жағдайда

да тарихтың ғылыми сипатын мойындау негізгі натуралистік
ұғымдарды шайқалтар еді. Өйткені шынайылық табиғатпен
теңгерілетін ойлаудағы сабақтастықта тарихқа орын жоқ.
Біздің философиямыздың тарихтан жаттануының тағы да

терең негіздері бар. Егер дүниетаным ретіндегі натурализмді
Кант түбегейлі жеңген болса, онда натурализмді осылайша
игеру, жалпы айтқанда, тарихи ойлаудың қасынан өтіп кет­
кен. Кант дегенмен Ньютонның шәкірті болды: оның тек же­

келеген ескертпелері ғана тарихи ойлаудың кейбір түсініктерін
береді. Жалпы айтқанда, өзінің басты теориялық еңбегінде
берілген күйіндегі Канттың әдіснамасы тұтастай алғанда
математикаға және жаратылыстанымға (Naturwіssenschaft) деген

қызығушылықпен анықталады. Шындығында да бұл тарихтың
ғылыми сипатын теріске шығара отырып, соның барысында
Кантқа сілтеме жасауға кейбір құқықтарды береді, мысалы, М.
Адлер солай істейді. Ақырында, олар жүйелі ғылымдар болып

табылғандықтан жаратылыстану ғылымдарымен дәл солайша
жүйе іздейтін философия арасында ешқашан жүйелі ғылым
бола алмайтын тарих пен философия арақатынасына қарағанда
сыртқы ұқсастықтардың анағұрлым көп болатын жағдайы

да осыған жақындап тұрғандай. Оған қоса, тарихи ойлау мен
философиялық ойлаудың арасындағы антагонизм туралы да,

нәтижелі әрі қалаулы антагонизм туралы айтуға болады, өйткені
философияның негізгі міндеттерінің бірі дүниетаным ретін­
дегі тарихилықпен күрес болып табылады. Мұның барлығы,
бірақ, тарих логикасының маңызын одан ары арттыра түседі.

Екеуінің біржақтылығы себепті философия натурализммен
де, историзммен де (тарихилықпен де) бірдей күресуі керек,
ал бұл күресте жеңіске жету үшін тарихи ойлаудың мәні мен
мағынасын түсіну қажет. Осымен логиканың алдына жаңа мін­

дет қойылады: ол Канттың бүгінгі күнгі көрнекті ізбасарлары,
мысалы Рильдің одан «ғылыми әдістің бірлігін» көріп жүрген
әдіснамалық натурализмді түбегейлі игеруі тиіс, оның үстіне
оны барлық біржақтылығымен қоса игеріп, осылайша бүкіл

ғылыми жұмысты, оның ішінде тарихи жұмысты түсіну керек.
Бұл міндетті шешу үшін әлі күнге істелінген шара өте аз де­
сек, күшті қарсылыққа ұшырауымыз әбден мүмкін – Милльдің
заманынан бері «рух туралы ғылымдардың» мәні туралы зерт­

теулер өте көп. Біз, әрине, барлық бұл еңбектердің құндылығын
теріске шығаруды ойламаймыз. Біздің айтайын дегеніміз тек
Дильтей, Вундт, Мюнстербергер және тағы басқаларының
еңбектері көптеген қырынан алғанда құнды болғанымен, кей­

бір кемшіліктермен ақсайды: мысалы, Вундт пен Мюнстербер­
герде айқындалуы тарихты шынайы логикалық түсіндірудің
қажетті шарты болып табылатын мәселенің негізгі тұсы ашық
көрінбейді, не болмаса Дильтейде ол тарихтың логикасын­

да шынайы жемісті болуы үшін соншалықты алға тартылып
қойылмаған. Осы еңбектердің бəрінде де әдетте табиғат
туралы ғылымдар (Naturwіssenschaften) мен рух туралы
ғылымдар деп қарама қарсы қойылатын терминологиялардың

өзінен көрінеді. Қазіргі уақытта табиғат пен рухты қарама
қарсы қоюдан көрініс табатын біржақтылықтан артық нәрсе
бар ма екен. Рух туралы ғылымдардың мәні туралы жазатын
авторлардың әрқайсысы сондай-ақ рухтың негізгі ұғымын да

өздерінше анықтайды; оларды жалпы ортақ нәрсе олардың
эмпирикалық ғылымдардың екі әртүрлі тобының бар екенін
жалпы мойындайды. Рухтың ұғымынан шыға отырып, тарихи
ойлаудың мәніне қатысты жалпы келісімге келудің өзі екіталай.

Барлық осы ұмтылыстардың негізінде шабуыл жасау үшін анти­
тарихи натурализмге көптеген қолайлы сәттерді беретін, басым

көпшілігінде метафизикалық алғышарттардың өте көптігімен
сипатталады. Бүгіндері анағұрлым толық негіздеуді талап ет­
пейтін рухтың жалғыз ұғымы – бұл физикалық ұғымына өзінің
қарама қарсылығындағы психикалық ұғымы, өйткені, әрине,

барлық авторлар ғылымда азды-көпті қабылданып қалған кей­
бір түсініктермен – біздің қуаныш немесе еске түсіру немесе
ерік деп атап жүргендеріміздің дене емес екендігімен келіседі.
Дәл сол сияқты тарихтың объектілері, егер тек физикалық

пен психикалықтың ерекшелігін ескерер болсақ, психикалық
ұғымының астарына кіреді және, демек, тарих шын мәнінде
рух туралы ғылым болып табылады, өйткені онда басым
көпшілігінде әңгіме психикалық болмыс төңірегінде қозғалады.

Бірақ бұл рухтың жалғыз одан ары түсіндіруді талап етпейтін
біржақты ұғымы жекелеген ғылымдарды логикалық ажырату
үшін және тарихтың логикалық мәнін түсіну үшін шешімді
түрде ештеңе бермейді. Натурализм, егер жоғарыда келтіріл­

ген мағынада руханилық, әрине дене емес деп мейлінше дұрыс
тұжырымдайтын болса, онда ол толығымен табиғатқа жатады
және сондықтан табиғаттың барлық басқа объектілерімен бірдей
деңгейде біртұтас және біржақты қарастырудың пәніне айналуы

тиіс. Және бұл тек жай ғана теория емес: қазіргі психологияның
практикасы бұл тұжырымның дәйектілігін күшейтеді және оны
әртүрлі әдіснамалық көзқарастардың күресінен жоғары қояды.
Табиғат пен рухтың логикалық қарама қарсылығын қорғаушылар

мұндай тұжырымдардың алдында дәрменсіз, өйткені олардың
негізгі ұғымын олар өте тұнық анықтай алмайды; рух ұғымына
келер болсақ, онда оның логикалық анықталуы мүмкін емес, не
болмаса, тарихтың логикалық ұғымы алдын ала болған кезде

ғана мүмкін болады.
Әдіс туралы ілім талас тудыратын осы мәселелерді
қарастырудан басталмауы керек; оның мақсаты әдісті айқындау
болып табылады. Ал əдіс ғылымның өзіне берліген матери­

алды өңдеу барысында қолданатын түрлерімен және ең ал­
дымен тек солармен ғана сипатталады. Әрине, әдістің өзі де
көбіне материалдың өзгешеліктерімен сипатталады. Ғылыми
әдістердің логикалық түсіндірмесіне шабуыл жасай отырып,

оның пәндік айырмашылықтарды теріске шығарып, қажетті
түрде кез келген мағынадан айырылады деп көрсету мүлдем

дұрыс емес. Бастапқыда формальды логикалық көзқарастарды
алға тарта отырып, біз жалпы бірақ, ғылыми материалды теріс­
ке шығармаймыз. Жекелеген ғылымдардың мазмұнындағы
айырмашылықтарды қаперге алатын зерттеу, әрине, кей­

де логикалық тұрғыда мейлінше құнды нәтижелерге әкелуі
мүмкін. Бірақ бұл, жалпы айтқанда, кездейсоқ жағдай және
сондықтан өзінің мақсатына анағұрлым дұрыс және қысқа
жолмен жетуді қалайтын логик таза формальды әдіснамалық

айырмашылықтарды
жақсырақ
ұғынуы
үшін

жекелеген
ғылымдардың мазмұнындағы барлық айырмашылықтарды
қаперге алмай арылуы керек.
Ең алдымен ол біріншіден тек, барлық эмпирикалық

ғылымдарда нысандарға танушы субъект қарсы тұратынын ес­
керуі керек, бұл субъект осы объектілер рухани немесе тәндік
құбылыстар, табиғи үрдістер немесе мәдениеттің өнімдері
болсын – бәрі бір  – оларды өзіне «берілген» мәлімет ретінде

қабылдайды және екіншіден, субъект өзіне мақсат ретінде оған
берілген бүкіл әлемді немесе қандай да бір бөлігін тану болып
табылады. Одан ары бұл танымның объектілерді жаңғырту
немесе бейнелеу (Abbіld) бола алмайтынын және оның олар­

ды құбылта (umbіldende) түсіну екендігін көрсету қиын емес.
Басқа негіздемелерден тәуелсіз мұны дәлелдеу үшін кез келген
эмпирикалық ғылымның бастапқы нүктесі болып табылатын
берілген шынайылықтың тұтастай алғанда да, өз бөліктеріндегі

әрқайсысының да ешқандай бейнелеуге көнбейтін мүлдем
көрінбейтін алуан түрлілікті білдіретіні туралы қарапайым
пайымдаудың өзі жеткілікті. Шынайылық туралы бірдеңені
білдіретін кез келген пікір мазмұны бойынша қажетті түрде

осы шынайылықтың едәуір қарапайымдануы болып табыла­
ды. Көрнекі (anschaulіch) берілген материалды ғылым оған
көзқарас деген атаудан гөрі ұғым деген атау дұрыс келетін
ойдың абстрактылы құрылысына өңдейді. Өңдеудің осы абс­

трактылы (begrіfflіch) үдерісінде логикалық айырмашылықтар
тұрғысында анағұрлым маңызды саналатын ғылыми әдістің
қыры түйінделеді.
Одан ары, бірақ, – мұны атап өту маңызды – ғылыми

жұмыстың әртүрлі формаларының өзіндік өзгешеліктері, бұл
формалардың ғылыми мақсатқа жету үшін құралдар болып

табылатындықтан, танушы субъекттің көздейтін мақсаттары­
ның формальды өзгешеліктеріне толығымен тәуелді болуы тиіс.
Демек, логика әртүрлі ғылымдардың өздеріне қоятын формаль­
ды әртүрлі міндеттерін бекітуі және ғылыми әдістерді түсінуге

тырысуы тиіс, яғни бұл жағдайда осы әртүрлі мақсаттарға
жету үшін қажетті түрде әртүрлі құралдар ретінде немесе
материалдың көзқарасындағы мәліметтерді құбылту мен абс­
трактылы өңдеудің қажетті түрде әрқилы тәсілдері ретінде

қарай отырып, ұғымдар түзудің (Begrіffsbіldung) түрлері ай­
тылып отыр. Мұның барысында аңғарылатын әдістер мен
мақсаттардағы айырмашылықтардың таза жəй нəрсе екендігі
өз-өзінен түсінікті; бірақ дәл осы өзінің формальды сипатының

салдарынан олар ғылыми әдістің логикалық мәнін түсіну үшін
негізгі, шешуші мәнге ие болуы тиіс. Әдіс туралы ғылым ретін­
де логика бастапқыда тек ойлаудың формаларымен ғана істес
болады және бұл формаларды анықтап алғаннан кейін ғана ол

оларды жекелеген ғылымдардың әрқилы материалына қолдану
туралы мәселеге кірісе алады.
Егер жекелеген ғылымдардың логикасын жалпы анықтаудан
тарих ғылымы логикасының өзгеше міндеттеріне келер болсақ,

онда бізге ең алдымен эмпирикалық шынайылықты біздің
түсінуіміздегі негізгі формальды қайшылығын айқындап алуы­
мыз қажет; бізге осы қайшылықтың логикалық мағынасының
қандай екенін өзімізден сұрауымыз керек және содан кейін бұл

қайшылықтың қай элементінің шынайылықтың тарихи бейне­
ленуі үшін шешуші мәнге ие екенін көрсетуіміз қажет.
Шынайылықты түсінудің екі түбегейлі айрықша түрінің
болатынын бізді қоршаған әлемнің қандай да бір бөлігі ту­

ралы біздің өз түсінігіміздегі ғылымға дейінгі білімдердің
мысалынан жақсы көруге болатын тәрізді. Бұл білімдердің
шын мәніндегі шынайылықтың бейнесі болып табылады деп
түйіндеу қате болар еді. Ғылым өзінің жұмысына кіріспестен

көп бұрын ол өзіне дейін өздігінен пайда болған ұғымдардың
түзілімін барлық жерден табады және кез келген түсіндіруден
ада шынайылық емес осы ұғымдардың ғылымға дейінгі
түзілімінің өнімдері ғылымның өзінің материалдары болып та­

былады. Осы ұғымдардың ғылымға дейінгі түзілімдерінің ішін­
де, бірақ, мейлінше қомақты сұлбалық қана айырмашылықтар
болады. Негізгі айырмашылық мынамен сипатталады.

Заттар мен үдерістердің басым бөлігінің біз үшін олардың
басқа заттар мен үдерістердің бір ұқсастықтары болғандықтан
қызықтыратыны күмәнсіз; сондықтан шынайылықтың әрбір
бөлігі бүкіл өзінің даралығында оның басқа бөлігінен кес­

імді түрде айрықшаланатынына және әлемде ештеңенің дәл
қайталанбайтынына қарамастан, тек осы ортақ жалпылықты
ғана біз қаперімізге қабылдаймыз. Объектілердің басым
көпшілігінің даралығы бізді мүлдем қызықтырмайтындықтан,

біз оларды өздерінің барлық даралығында біле алмаймыз; бұл
объектілер біз үшін қашанда сол ұғымның басқа нұсқаларымен
алмастыра алынатын бір текті ұғымның нұсқалары ғана бо­
лып табылады; басқаша айтқанда, біз оларды, шындығында

олар ешқашан тең болмағанына қарамастан, тең болған сияқты
қарастырамыз және сондықтан біз оларды ортақ текті атаулар­
мен белгілейміз. Әркімге де таныс өзіміздің мүддемізді жал­
пымен, нәрселердің жалпы танымал тобымен шектеу, басқаша

айтқанда, бізді әлемде шын мәнінде теңдік пен қайталау болады
деген мүлдем жалған пайымдауға мәжбүрлейтін шынайылықтың
осы үстем түсінігі (generalіsіerende Auffassung), шынайылықты
осылайша түсіну сонымен бірге біз үшін үлкен практикалық

құқндылыққа ие. Ол белгілі тәртіпті жіктейді және көрінбейтін
алуан түрлілікке әрі шынайылықтың алалығына айналдырады,
ол бізге онда бағдар ұстануға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, шынайылықтың үстем түсінігі біздің

өзімізді қоршаған әлемге деген қызығушылығымызды және,
демек, ол туралы біздің білімімізді сарқып тауыса алмайды.
Қандай да бір нәрсенің көбіне бізді қызықтыратын себебі,
оны барлық өзге объектілерден айрықшаландыратын, өзіне

ғана тән, қандай да бір өзгешелігі болғандығы ғана. Ол туралы
біздің қызығушылығымыз, демек біздің біліміміз толығымен
оның даралығына, оны қайталанбас ететінге бағытталған;
және егер біз оны да, барлық басқа объектілер сияқты қандай

да бір текті ұғымның нұсқасы ретінде қарастыруға болатынын
білер болсақ, онда дегенмен де біз оны басқа заттарға теңгеруді
қаламаймыз, оны топтан бөліп алуға тырысамыз; тілде бұл
біздің бұл жағдайда нәрсені тектік атаумен емес, өзіндік ата­

умен атайтынымызбен бейнеленеді.

Шынайылықты реттеу мен жіктеудің осы тегі де немесе
басқаша айтқанда, шынайылықтың дараландырушы түсінігі
(іndіvіdualіsіerende Auffassung) әркімге де таныс; ол сондықтан
да одан ары түсіндіруді талап етпейді. Тек бір ғана маңызды

жағдайды ерекше атап өту керек: қандай да бір объектінің
даралығын білу де мүлдем оның мазмұнының барлық алуан
түрлілігін тану мағынасындағы оның бейнесі болып табыл­
майды; керісінше, бұл жерде де бастапқы материалды таңдау

мен құбылтудың белгілі бір тегі орын алады; элементтердің
бүкіл көрінбейтін шоғырынан белгілі бір ерекше байланыс­
та тек бір ғана объектке тиесілі болатын олардың белгілі бір
кешені таңдап алынады. Жалпы алғанда, ешқандай да жалпы

нысандар, яғни, объектілер емес, тек даралар ғана өмір сүреді,
шынайылықта қайталанатындай ештеңе де өмір сүрмейді, тек
жалқылық (Eіnmalіges) қана өмір сүреді; бұл ақиқат әлі күнге
дейін жиі ұмытылатындықтан, оны қайта-қайта қайталаудың

артықтығы жоқ. Біз сондықтан даралықтың екі түрін айыра
білуіміз керек: мазмұны оның шынайылығымен сәйкес келетін
және оны тану қаншалықты керек емес болса, соншалықты
мүмкін емес кез келген нәрсеге және кез келген үдеріске тән

даралық және мейлінше анықталған элементтерден тұратын біз
үшін мағынаға толы даралық; біз жалпы текті ұғым сияқты, тар
және кәдуілгі мағынадағы осы соңғы даралықтың шынайылық
емес, біздің шынайылықты түсінуіміздің, біздің ұғымдардың

ғылымға дейінгі түзіліміміздің өнімі ғана екендігін мәңгіге
түсініп алуымыз керек.
Жоғарыда біздің суреттемек болған айырмашылы­ғымыздың
логика үшін орасан зор маңызы бар. Біріншіден, кез келген

ғылыми жұмыс ғылымға дейінгі үдерістерге және олардың
нәтижелеріне жақын тұрады; оның үстіне оған ертеде бейсана­
лы түрде басталған ақыл-ой үдерісінің ағымды жалғасы және
дамуы ретінде қарауға болады. Одан ары бұл айырмашылықтың

ерекше маңызға ие болатын себебі, оның таза формальдығымен
сипатталады, өйткені кез келген объект екі әдістің тұрғысынан
қарастырыла алады: үстемдік етуші және дараландырушы
әдістер. Оған қоса, егер жалпы мен жекенің қарама қарсылы­

ғына негізделер болсақ, бұл айырмашылық тек жалпы қисан­
дық логикалық тұрғыдан ғана пайымдалатын анағұрлым

айрықшалықты білдіреді; оны құрайтын екі шеткі полюстердің
арасында ұғымдар түзілімінің барлық түрлері олардың
әрқайсысы қатардан белгілі бір орын алатындай етіп орналасуы
тиіс. Бұл айрықшалық жекелеген ғылымдардың әдістері үшін

қандай да бір мағынаға ие бола ма? Егер солай болса, өзінің
әдіснамалық зерттеулерінде логика дәл осыдан шығуы тиіс.
Алдымен, объектілерді мұқияттау қарастыруға келер болсақ,
онда оның ғылым үшін тек практикалық қана емес, теориялық

маңызына да еш күмән жоқ. Көптеген ғылымдардың әдісі дәл
осы жекені жалпыға жинақтаудан, оларға қатынасында объ­
ектілер нұсқалар болып табылатын жалпы текті ұғымдарды
түзуден тұрады. Осылайша пайда болған ұғымдар, олардың

қай салаға (қаншалықты кең болғанына қарай) арналып
түзілгенінен қарай, әрине, жалпылықтың әртүрлі деңгейлеріне
ие болады. Бірақ олардың көлемі қаншалықты тар болма­
сын және олардың мазмұны қаншалықты арнайы болмасын,

мұндай жағдайдағытану қашанда белгісіздікті белгілінің жеке
жағдайы ретінде түсінуді білдіреді; ғылым мұның барысын­
да тек жалпыға тоқтала отырып, барлық даралықтан және
өзіндіктен ажыратылады. Мұндай танымның жоғарғы мақсаты

бүкіл берілген шынайылықты жалпы ұғымдарға енгізумен, оны
ең басында зерттеуге тиесілі барлық объекттер үшін мәнге ие
кесімді жалпы мазмұндағы ұғымдар тұратын, біртіндеп жал­
пылана түсетін, өзара бағынышты ұғымдардың тұтастай бүтін

жүйесіне кіргізумен сипатталады. Біз шынайылықтың заңдары
деп атайтынымыз табылған жерде мақсатқа да қол жеткен.
Мұның барысында біз өзінің ұзақ мерзімді дамуының бойын­
да ғылымның үстем әдістің көптеген түрлерін шығарғанын

ұмытпаймыз және бұл әдістер логикалық тұрғыдан алғанда
өзара өздерінің жалпы ұғымдарын құру тәсілдері бойынша
айрықшаланады. Мысалы, қазіргі жаратылыстану заңының
жалпы ұғымы (allgemeіner Gesetzesbegrіff) бұл тұрғыдан

алғанда,
әрине,
антикалық
натурфилософияның

тектік
ұғымынан айрықшаланады және сондықтан Риль көптеген
айғақтардың өзара салыстырылуының нәтижесі ретіндегі абс­
тракция мен жекелеген айғақты талдаудың арасында болатын

айырмашылықты дұрыс көрсетеді. Бірақ қалай болғанда да:
бірінші жағдайдағыдай, қорыту танымның салдары болса да не­

месе, керісінше, екінші жағдайдағыдай, таным қорытудың сал­
дары болса да – екі жағдайда да біз үшін алдымен қорыту неме­
се түйіндеу маңызды. Біз бұл жерде өзге логикалық мәселелер
үшін үлкен мәнге ие болуы мүмкін айырмашылықтардан

алшақтаймыз, өйткені бізді, ол үшін қорыту ешқандай мақсат
болып табылмайтын дараландырушы әдіске қарама қарсы
кез келген үстем әдістің ерекше белгісін құрайтын нәрсе ғана
қызықтырады. Оның үстіне бұл жерде біз үшін жалпы ұғымдар

солардың көмегімен орналасатын жол маңызды емес, табылып
қойылған дайын ұғымдардың логикалық құрылымы ғана және
бұл ұғымдардың сол үшін түзілген эмпирикалық шынайылыққа
деген қатынасы маңызды. Талдау сияқты абстракцияның да өнімі

көптеген белгілі объектілерге қолданылатын және мазмұны
барлық осы объектілерге ортақ жалпыны құрайтын ұғым бо­
лып табылады, ал объектілердің дара айрықшалықтары теріс­
ке шығарылады. Бұл қатынасынан алғанда біз заңның қазіргі

ұғымын айтсақ та немесе антикалық тектік ұғымды айтсақ та
еш айырма жоқ. Тек мұны біз үстем әдістің мәнін анағұрлым
жалпы формада сипаттау үшін және оның бірқатар ғылымдар
үшін зор маңызын айқындау үшін ескеруіміз керек.

Егер үстем әдісті осылайша білдіре отырып, біз заң ұғымына
кесімді жалпы ұғым ретінде және, демек, жалпы ұғымның
анағұрлым жетілген формасы ретінде ғана қарайтын болсақ,
онда біз құбылыстарды түсінудің бұл әдісін шынайылықтың

барлық салаларында қолдануға тырысудың заңдылығын
толығымен мойындауға тиіс боламыз: өмірдің барлық салала­
рында – рухани немесе тәндік салаларда, табиғаттың өмірінде
немесе мәдени өмірде, – барлық жерде біз заңдарды табуға

тырыса аламыз. Басқа саламен салыстырғанда бір салада бұл,
әрине, қиынға түсуі мүмкін; тіпті кейбір салаларда мұндай
кесімді жалпы ұғымдарды тануға адамның шамасы жетпеуі де
мүмкін және бұл жағдайда таза эмпирикалық және нөмірлік

жалпы ұғымдармен қанағаттануға тура келер. Бірақ, ұстынға
сай, үстем әдіс барлық жерде қолданыла алады. Осыдан
әдіснамалық тұрғыда маңызды бір салдар туындайтын тәрізді.
Жалпы ғылыми ойлау жалпы ұғымдарды құрумен, яғни көптеген

объектілерге жалпы ортақ нәрсені, мейлі бұл ортақтық қай жол­
мен табылсын (абстракция жолымен болсын немесе талдау жо­

лымен болсын және, демек, таза формальдық тұрғыдан алғанда тек бір ғылыми әдіс қана болады), бәрі бір, бір нәрсеге біріктіру­ мен сәйкес келеді деген түйінді дәл осыдан шығаруға болады. Шынайылықты үстем және дара түсінудің қарама-қарсылығы бұл жағдайда жалпы ғылымның жалпы ұғымдардың көмегімен барлық даралықты жоятыны себепті ғана логика үшін мәнге ие болар еді; дәл осы себепті бұл мәселені зерттей отырып, біз әртүрлі ғылымдардың материалының өзгешеліктерінен мүлдем алшақ кеттік, табиғат туралы ғылымдар және рух ту­ ралы ғылымдар деп бөлінетін ғылымдардың әдеттегі жіктелісі барлық мәнінен айрылатын тәрізді, ең болмағанда ол өзінің формальды-әдіснамалық маңызын жоғалтады. Рухани өмірді де тәндік әлем сияқты үстем әдістің көмегімен қарастыру ке­ рек болады, сондықтан, әрине, тарих ғылымы да дәл осы әдісті қолдануы тиіс. Әмбебап әдісті жариялау көбіне осындай дәлелдерге не­ гізделеді және өзінің таза формальды сипатына қарай бұлар барлық мүмкін болар дәлелдердің ішіндегі ең жақсысы болып саналады; олар сонымен біргеәдіснамалық натурализм үшін ең жақсы негіз болып табылады, өйткені дәл осы жаратылыстық ғылымдарда үстем әдіс қазіргі кезде тамаша жеңісін тойлап отыр. Алайда өмір сүріп отырған ғылымдарды шынайы түсінгісі келетін логика ешқашан осы жалғыз ғана әдіспен қанағаттанып қоймайды. Бүкіл шынайылық үстем әдіске бағынуы мүмкін дегеннен – шартсыз дұрыстың жағдайы, – ол ешқашан жалпы ұғымдарды құрастыру жалпы ғылыми жұмысқа теңгеріледі де­ ген түйін жасамайды. Дұрысы керісінше болады: ол өзіне шы­ нымен барлық ғылымдар осы әдісті қолдана ма деген сұрақты қоюы мүмкін; және бұл сұраққа теріс жауап беру үшін оған барлық тарихшылардың еңбектерімен сипатталатын ғылыми жұмысқа бір сәт көз тастаса болғаны. Бұл, әрине, тарихтың әдісі өзінің барлық бөліктерінде және барлық қатынастарында жаратылыстық ғылымдардан айрықшаланады дегенді білдірмейді. Бұл жерде біз үшін та­ рих ғылымының соңғы нәтижелерінің оның өзі түсіндіретін шынайылығына деген қатынасы ғана, яғни шынайылықты өңдеу мен бейнелеу ғана маңызды. Әсіресе біз тағы да соның көмегімен тарих ғылымы біртіндеп өз мақсатына жететін жолдан

алшақтауымыз керек; тек осы жағдайда ғана біз оның жаратылыс­
танумен қайшылығын мейлінше айқын ысырып тастай аламыз.
Рух туралы ғылымдарда ғылыми дәлелдемелерді жүргізу­дің
әдісі жаратылыстық ғылымдардағымен салыстырғанда мүлдем

бөлек дегенге Рильдің наразылығы белгілі дәрежеде дұрыс,
өйткені тарихи еңбектерден Галилейдің әдісі мағынасындағы
талдау мен экспериментке негізделген дәлелдемелердің мыса­
лын табу қиынға соғары анық. Бірақ қалай дегенде де осыған

орай мұндай пайымның бізге қатысы жоқ. Айғақ айғақ күйінде
қалады: тарихи баяндау өзінің аяқталған күйінде немесе
«ұғым» сөзін оның кең мағынасында қолдана отырып, тарихи
ұғым өзі үшін түзілген және өзінің қаперге алатын объектілері­

не ұғымдардың кез келген үстем түзілуінің өнімдерінде орын
алатынмен салыстырғанда логикалық түрде мүлдем басқаша
қатынасады. Ақыры соңында ғылыми тарихи жұмыстың бо­
латын айғағының күмәнсіздігі соншалық, тіпті үстем әмбебап

әдістің немесе әдіснамалық натурализмнің жақтастары да мұны
теріске шығара алмайды. Іске септігін тигізу үшін олар бүгінгі
күнгі тарих ғылымы әлі жетіле қоймаған және сондықтан ғана
ол ортақ ережеге көнбейді, бірақ оның одан арғы прогресі оның

біртіндеп жалғыз ғылыми, үстем әдісті қолданатын болатыны­
мен ажырағысыз байланысты деп жар салады. Мұндай көзқарас,
бірақ мүлдем тұрлаусыз және мұны қашанда ерекше атап өту
керек, оның тұрлаусыздығын мүлдем тарихтың қарастыратын

шынайылығын жалпы ұғымдарға енгізуге болмайтындығынан
көрмеу керек, өйткені өзінің формальды, яғни, жəй түрлік си­
патына орай логика мұны ешқашан дәлелдей алмайды; оның
тұрлаусыздығын жай ғана былай түсіндіруге болады: өзінің

сезінетін логикалық мәнінде тарих ғылымы шынайылықты
жалпылық тұрғысынан мүлдем өңдегісі келмейді, ал оның
мұны қаламайтын себебі бұл жолмен тарих ретіндегі оның
өзінің қойған мақсаттарына жету ол үшін мүмкін емес. Іс

жүзінде оның бұл мақсаттары таза формальдық тұрғыдан
алғанда немен сипатталады? Қашанда және қай жерде де тарих­
шы тарихи нәрсені – мейлі ол қандай да бір тұлға, халық, дәуір,
экономикалық немесе саяси, діни немесе көркемдік қозғалыс

болсын, – оны түсінуге тырысады, оны тұтастай бүтіндік
ретінде өзінің жалқылығында (Eіnmalіgkeіt) және ешқашан

қайталанбайтын даралығында түсінуге ұмтылады және оны
ешқашанда басқа ешқандай шынайылық алмастыра алмайтын­
дай етіп бейнелеуге тырысады. Сондықтан тарих, оның соңғы
мақсаты объектті оның бүкіл тұтастығында (Totalіtat) бейнелеу

болғандықтан, үстем әдісті қолдана алмайды, өйткені бұл әдіс
жалқылық дегенді теріске шығара отырып және даралық ата­
улыдан алшақтай отырып, тарихтың ұмтылатын нәрсесін оның
тура логикалық қарма қарсылығына әкеледі. Мұның барысын­

да тағы да тарихи нысанның руханилық әлеміне немесе тәндік
дүниеге тиесілігі, оның мәдениет өнімі немесе табиғи үдеріс
екендігі – бәрі бір; бір-ақ нәрсе маңызды: егер шынайылықтың
қандай да бір бөлігі өзіне тарихи қызығушылықты оятса, онда

даралық мазмұны бар, қандай да бір жалқы объектті бейнелеу
талап етіледі, өйткені тек осындай бейнелеу ғана берілген та­
рихи міндетті шешуге қабілетті. Мұнымен біз мүлдем тарих
өзінің жалқы объектін оныңбүкіл даралығында бейнелеуге

ұмтылады дегенді айтқымыз келіп отырған жоқ, өйткені бұл

– түбегейлі қол жетпейтін міндет: ғылымға дейінгі біздің білім­

деріміз де біздің жеке атаулармен белгілеген объектілердің
бейнесін бере алмайды. Бұл сондай-ақ өзінің пәнін бүкіл оның
даралығында бейнелей отырып, тарих оны осылай оның барлық
бөліктерінде бейнелейді дегенді де білдірмейді; керісінше,

оны тек тұтастың даралығы ғана қызықтырады, ал бұл бол­
са, егер біз бейнелеу туралы ойдан арылатын болсақ, оның
бөліктерінің даралықтарының жиынтығымен мүлдем сәйкес
келмейді. Ақырында біз, мысалы өзімізге аңыз бойынша ғана

белгілі қандай да бір оқиғаны дәлелдей және теріске шығара
отырып, өз мақсатының жолында тарихтың жалпы ұғымдарға
мұқтаж болатынын және, демек, үстем ғылымдардың да жал­
пы ұғымдарды құрастыру барысында бастапқы нүкте қызметін

атқаратын даралықты бейнелемей тұра алмайтыны сияқты, оның
да үстем әдіске жүгінетінін де теріске шығармаймыз. Әзірге
біз тарих ғылымының соңғы мақсатының логикалық мәнін
ғана және осы мақсаттан қажетті түрде туындайтын тарихи

зерттеудің нәтижелерінің логикалық құрылымын айқындауды
ғана қалаймыз. Бұл зерттеудің нәтижелері болса, мақсатқа жету
үшін жарамды құрал бола отырып, индивидуалдық (даралық)
мазмұны бар ұғымдардан ғана тұра алады...

...Осылайша, тарих логикасының бастапқы бекеті ретін­
де біз мынадай тұжырым айтамыз: шынайлықты түсінудің
үстемдік етуші және дараландырушы деген екі түбегейлі әртүрлі
тәсілдері ғылымға дейінгі біздің танымымызда ғана болып

қоймайды, оларға сондай-ақ өздерінің соңғы мақсаттарымен
де, өздерінің соңғы нәтижелерімен де өзара айрықшаланатын
шынайылықты ғылыми өңдеудің логикалық тұрғыда екі
түбегейлі әрқилы түрлері де сәйкес келеді. Біз бұл жерде тек

ғылымдардың екі әртүрлі топтарын бір бірінен ажырата оты­
рып, өзіміздің осымен ғылыми жұмысты ажыратудың ұстынын
көрсетуді ескермейтінімізді ғана атап өткіміз ғана келеді.
Логикалық бөлініс шынайы ажыратуды білдірмейді; формаль­

ды қайшылық болса, ғылымдарды шынайы ажыратудың ұстыны
қызметін атқара алмайды және атқармауы да тиіс, өйткені
ғылымдардың ажыратылуы логикалық айырмашылықтарға
емес, материалдағы пәндік айырмашылықтарға бағынады.

Сондықтан қайшылықтың әрбір жекелеген ғылымның ішінде бо­
латынына, оның ғылыми жұмысты бөліктерге бөлшектейтіндей
көрінетініне, шындығында барлық жерде тығыз байланыс­
ты нәрсені ыдыратып, айғақтарға қайшы келетініне бола бұл

қайшылықтың логикалық құндылығын теріске шығару ақылға
қонбайды. Бұл жерде әңгіме екі әртүрлі ғылыми үрдістердің
айғақтық тұрғыдағы емес, тек абстракциялық ажыратылуы ту­
ралы болып отыр, оның үстіне шынайылықта бұл үрдістер мей­

лінше жиі кездесуі, тіпті бір бірімен тығыз қабысқан күйінде
кездесуі мүмкін. Егер де тіпті, осы абстрактылы ажыратудың
негізінде ғылымдарды логикалық бөлуді жүзеге асыру мүмкін
болмағанның өзінде де, ол бәрі бір қажет болар еді.

Дараландырушы әдістің мәнін анағұрлым кеңірек анықтауға
көше отырып, біз ең алдымен, ғылыми әдістің біздің ғылымға
дейінгі біліміміздің бір бөлігіне тән болатын шынайылықтың
дараландырушы түсінігімен сәйкес келмейтінін атап өтуіміз ке­

рек. Шынайылықтың үстемдік етуші түсінігі туралы айтқанда,
біз де ұғымдардың жүйелі түзілімі болған жерде ғана әдіс
туралы айта бастаймыз емес пе? Үстем әдістің сипаттайтын
барған сайын жалпылана түсетін ұғымдардың сол жүйелі бай­

ланысына тарихта не сәйкес келеді? Тарихтың логикасы үшін
біз бастапқы бекетті орнықтырғаннан кейін, біздің одан арғы

міндетіміз дараландырушы әдіске ғылыми сипат беретін осы
құрамдас бөліктерді бекітумен сипатталуы тиіс. Бұл жерде біз,
әрине, соңғы уақытта тұтас бір даулы мәселелерді айқындаған
әрі дараландырушы əрі үстемдік етуші әдістердің арасындағы

айырмашылықтарды анықтау үшін ерекше жарамды кейбір
баптармен ғана шектелуге мәжбүрміз. Біз әуел бастан алдыңғы
қатарға қойған ұғымды, тарихи тұтастық ұғымын анағұрлым
жан-жақты анықтаудан бастаймыз.

Ғылымға дейінгі дараландыру көбіне өз объектілерін
қоршаған орталарынан жұлып алып, сонысымен оларды бір
бірінен ажыратады және оқшауландырады. Оқшауланған нәрсе,
бірақ, ешқашанда ғылыми қызығушылықтың пәні бола алмай­

ды және дараландырушы әдісті оқшау айғақтармен жай ғана
салыстырумен (оның қарсыластары осылай істейді) теңгеруден
артық дұрыс нәрсе жоқ. Тарих, керісінше, үстемдік етуші
ғылымдар сияқты, барлығын белгілі бір байланыста ұғынуға

ұмтылады. Бірақ тарихи байланыс немен сипатталады? Кез-
келген тарихи объектінің тарихи байланыстың екі өлшемі бо­
лады, оларды кеңдік пен ұзақтық өлшемдері деп атауға болады,
яғни, біріншіден, тарих объектті оның қоршаған ортасымен

байланыстыратын қатынастарды бекітуі керек және, екінші­
ден, объекттің сабақтасып өтетін әртүрлі кезеңдерін олардың
өзара байланысында басынан аяғына дейін қадағалауы немесе,
басқаша айтқанда, оның дамуын зерттеуі керек. Әрине, осылай­

ша бейнеленген объекттің өзі тағы да анағұрлым кең қоршаған
ортаның және анағұрлым ұзақ дамудың бөлігі болып табылады
және осы анағұрлым ауқымды байланыс туралы да дәл осылай
айтуға болады, сондықтан ақыры аяғында өзінің шегінде біз­

ді соңғы тарихи тұтастыққа әкелетін қос өлшемдердің қатары
келіп шығады. Бұл шектің қайда жатқанын біз өзіміздің алған
ұғымдарымыздың көмегімен әзірге өзімізге анықтай алмай­
мыз. Кез келген арнайы тарихи зерттеудегі тарихи байланысты

іздестірудің тоқтатылуы тақырыпты таңдауға бағынышты бо­
лады. Бұл жерде біз үшін тек біздің дамудың белгілі бір қатары
ретінде түсінетін, өзара байланысты әртүрлі кезеңдері бар, сон­
дай-ақ өзін қоршаған ортамен байланысы бар жалпы тарихи

байланыс ұғымын қатаң бекіту ғана маңызды.
Бұл өте қажетті, өйткені дәл осы бап тарихи әдістің мәніне
қатысты түсінбеушіліктердің тұтастай қатарына, мейлінше

кеңінен таралған түсінбеушіліктердің себепкеріне айналды.
Жекелеген объектілерге қарама қарсы байланысты тарихтағы
жалпы элемент деп атауға болады, осыдан барып тарихи
ғылым үстемдік етуші әдісті қолданады деген пікір пайда бол­

ды. Ал тарихшының жасайтын нысанын оны қоршаған ортаға
енгізу үстемдік етуші ғылымдардың әдісіне мүлдем жат үдеріс
болып табылады. Орта (“mіlіeu”) қашанда дара және оны та­
рихшы назарға алғандықтан, тарихшы әрқашан оны өзінің дара

түрінде қарастырады. Оның құрамына енген жекелеген инди­
видуумдар оның бөліктері болып табылады деген мағынада
ғана ол жалпы болып саналады. Ал бөліктің бүтінге қатынасы
әдеттегі қатынасында нұсқа текті ұғымға бағынышты болып

келетін нұсқаның текті ұғымға қатынасындай еместігі туралы
қағида басқа дәлелді қажет ете қоймас. Осыған қарамастан,
«жалпының» әрқилы түрлерін өзара жиі шатыстырады. Біз бұл
жерде аталмыш айырмашылықтың негізгі логикалық мәнін

анықтауға бізге көмектесетін бір жағдайды ғана көрсетіп ке­
теміз. Өзінің бөліктерінің ұғымымен салыстырғанда, тарихтың
бетпе бет келіп отырған жалпы тұтастықтың ұғымының
мазмұны бай болып келеді, ал жаратылыстанымның жалпы

ұғымы өзіне бағынышты нұсқаларға қарағанда қажетті түрде
кедей мазмұнды болуы тиіс. Дәл осылай, егер жаратылыстық-
ғылыми тектік ұғымның мазмұны оның көлемінің ұлғаюына
қарай, жалпылық тұрғысынан кеми түсетін болса, онда, керісін­

ше, логиканың әдеттегі ережесіне қайшы, тарихи тұтастық
ұғымының мазмұны, осы тұтастықтың қамтып жатқан
бөліктерінің өсуімен ұлғая түседі, өйткені жекелеген тарихи
ұғымдардың (Teіlbegrіff) әрқайсысы бүкіл өзінің мазмұнымен

«жалпының» тарихи ұғымына, яғни анағұрлым кең тұтастыққа
қосылады. Тарихтың дәл осылай қашанда жалқылықты
(Eіnzelnes) «жалпылықта», яғни кейбір тұтастықтың мүшесі
ретінде қарастыратыны себепті, біз оның соңғы мақсатын ес­

кере отырып, оны дараландырушы ғылымдардың қатарына
жатқызуымыз керек.
Тарихи даму ұғымын талдай отырып, біз дәл осындай
нәтижелерге ие боламыз. Тарихи даму да ол өзінің барлық

бөліктерін қамтитын қандай да бір тұтастықты түзейді деген
мағынада алғанда ғана жалпы болып табылады. Және бұл жерде

де тарихи дамуды білдіретін ұғымның мазмұны, осы ұғымның
қамтитын кезеңдерінің санының өсуімен ұлғая түседі. Тарихта
даму қашанда бұрын-соңды еш жерде болмаған қандай да бір
жаңаның пайда болуын білдіреді емес пе. Ал заң ұғымына ол сан

мәрте қайталанатындай етіп қарастыруға қашанда болатын нәрсе
ғана кіретіндіктен, тарихи даму ұғымы мен заң ұғымы өзара бірін
бірі теріске шығарады. «Даму» сөзінің көпмағыналылығының
салдары ғана эволюциялық-тарихи және заңды-ғылыми (gese

tzeswіssenschaftlіch) әдістерді бірге біріктіруге және мысалы
«эволюциялық-тарихи» эмбриология саласында біз олардың
өзара ортақ нәрсесі болатынын ғана ескере отырып, дамудың
қатарларын қарастыратын кезде және, демек, жаңаның өзінің

барлық өзгешелігіндегі тарихи өсуін тасада қалдырып, бір­
неше қатарлар үшін жалпы ұғымды құрастыратын кезімізде
«дамудың заңдары» туралы айтуымызға мүмкіндік береді. Екін­
ші жағынан, мұның мүмкіндігін есекере отырып, Ксенополдың2

қалағанындай, қатарды заңға қарама қарсы қоя отырып,
тарихтың логикалық мәнін анықтау барысында тек бір ғана даму
немесе «қатар» ұғымымен ғана шектеліп қалуға болмайды. Та­
рихи объектілердің мәні қашанда қатарлар деген Ксенополдың

тұжырымы дұрыс. Алайда қатар ұғымы тарихилықты анықтау
үшін әлі де болса жеткіліксіз. Шындығында, уақыт ағымында
болмайтындай және онда өзгермейтіндей және, демек, өзіндік
қатар түзбейтіндей нәрсе мүлдем өмір сүрмейді. Тек ұғымдар

ғана абсолютті өзгермейді. Дегенмен де барлық қатарларды да,
олардың жалпы танымал нәрсесін ғана ескере отырып, үстем
күйінде қарасытруға болады. Осылайша, тарихтың объектілері
жалпы дамудың қатарлары емес, дамудың жалқы және дара

қатарлары болып табылады. Сондықтан оның пәнін дара емес,
дамушы құрайтындықтан, тарихтың ерекшелік белгісін басқа
ғылымдарға қарама қарсылықтан көру мүлдем дұрыс емес. Бұл
қатынасынан алғанда тарих басқа ғылымдарға қарама қарсы

болмайды. Дұрысы керісінше, дамудың тарихи қатарлары
олардың қалыптасу және ұлғаю үдерісінде біздің түсінетін та­
рихи даралық болып табылады және сондықтан оларды бей­
нелеу объекттің оны қоршаған тарихи ортасымен байланысын

бейнелеу сияқты тек дараландырушы әдістің көмегімен ғана
мүмкін болады. Тіпті оның үстіне: «жалпы» тарихи байланыс

мүлдем жалпы ұғымдардың жүйесі емес, тарихи тұтастықтың
өзі және дәл осы тұтастықты тарих қашанда оның өзгешелігінде,
жалқылығы мен даралығында қарастырады.
Содан соң тарих ғылымында жалпы ұғымдардың алатын

рөлі мәселесіне көше отырып, біз ең алдымен тарихи пікір­
лер мен ұғымдардың барлық элементтерінің жалпы екен­
дігін байқаймыз. Олардың солай болатын себебі, олардың
қашанда жалпытүсінікті сөздермен белгіленетіндігінен, сон­

дай-ақ сөздердің жалпытүсінікті болатыны, олардың жал­
пы, яғни көптеген объектілерге, мағыналарға сәйкес келуі­
мен түсіндіріледі. Тарих, демек, өзінің дара ұғымдары үшін
оларды соңғы элементтер ретінде қолдана отырып, қашанда

шынайылық туралы жалпы ұғымдардың көмегіне жүгінеді
және тек белгілі түрмен ғана осы жалпы элементтерді біріктіре
отырып, ол бізге шынайылықтың дараланған бейнесін береді.
Алайда, тарихтағы жалпы ұғымдардың мағынасы мұнымен

сарқылып қалмайды. Олар сондай-ақ тарихи байланысты бекі­
ту барысында да қажет болады. Дамудың тарихи қатарының
әртүрлі кезеңдері, сондай-ақ тарихи объект және оны қоршаған
орта себептік байланыстың көмегімен өзара бірігеді. Бөліктер

мен бүтіннің өзара байланысын анықтауға ұмтыла отырып,
тарихи ғылым себептер мен әрекеттердің осы қатынасын да
бейнелеуі тиіс. Әрине, тарихи зерттеудің объектілері неме­
се, ең болмағанда, бұл объектілердің бір бөлігі болса да мәні

жағынан «еркін» нәрселер және сондықтан тарихшыға себеп­
тік байланыстарды іздеудің түк қажеті жоқ деген тұжырымдар
да жиі айтылады. Еркіндік ұғымының себепсіздік ұғымымен
теңгерілмейтіндігі және ерік еркіндігінің бүкіл осы мәселесі

теориялық философиядан гөрі этикаға анағұрлым қатысты
екендігін айтпағанның өзінде, эмпирикалық ғылым үшін себеп­
сіздік ұғымы барлық мағынадан жұрдай екендігі анық. Және та­
рих та өзінің әрбір объекті оған дейін болған оқиғаның қажетті

әрекеті екендігін ұйғаруы тиіс, сондықтан ол да себептік байла­
ныстарды іздеуі керек.
Бұл жерде біз тағы да көптеген түсінбеушіліктерге себеп
болатын баптардың біріне ұшырасамыз. Біз үстемдік етуші

ғылымдардың әдісімен бірдей болып көрінетін тарихтағы

«себептік әдістің» жариялануын айтып отырмыз. Бұл, бірақ,
егер біз себептілік ұғымын заңдылық ұғымымен біріктірген
жағдайда ғана дұрыс болып шығады. Онда, әрине, себептік
байланыстарды іздейтін кез келген ғылым және, демек, тарих

та заңдарды қалыптастыратын ғылым (Gesetzeswіssenschaft)
болып шығады; бірақ мәселе сонда, осылайша біріктірудің
ешқандай негізі болмай тұр. Дұрысы керісінше: егер жалпы
олардың эмпирикалық реалдылығы болса, себептік байланыстар

дара шынайылықтардың бөліктері, өйткені дара эмпирикалық
шынайылықтан өзге ешқандай шынайылық жоқ. Керісінше,
заңдар қашанда жалпы және сондықтан олар тек ұғымдар,
басқа ештеңе емес: онсыз олар қажетті түрде метафизикалық

айқындыққа айналады. Әдіс туралы ілім, бірақ, метафизикалық
алғышарттардан азат және сондықтан ол эмпирикалық
шынайылықтың бөліктері ретінде дара себептік байланыстар­
мен ғана және жалпы ұғымдар ретіндегі заңдармен істес болады.

Қазіргі кезде «телеологиялық әдіске» қарсы қою сәнге айналған
«себептік әдіс» тіркесі әрбір эмпирикалық ғылымның себептік
байланыстармен істес болатындығы себепті және сондықтан
себептік байланыстармен әдіснамалық айырмашылықтардың

да ісі болмағандықтан ғана ештеңені білдірмейді: кез келген
басқа эмпирикалық және дара шынайылықтар сияқты олар
өзіне үстемдік етуші түсінікті де, дараландырушы түсінікті де
жібере алады.

Бірақ тарихтағы жалпы ұғымдардың мағынасы тура­
лы мәселеге қайта оралар болсақ, егер дамудың тарихи
қатарындағы екі кезеңнің арасындағы кез келген тарихи се­
бептік байланыс онда себеп ешқашан еш жерде болмағандай

нәрсені тудыратындай үдеріс болып табылса, онда әрқайсысы
белгілі бір жалпы мазмұнға ие болатын және олардың тек
ерекше үйлесімі даралықтың кез келген бейнесін сипаттай­
тын шынайылықтың даралығын білдіретін абстрактылы

элементтердің ғана көмегімен мұндай тарихи себептік бай­
ланыстарды бейнелеу мүмкін еместігін біз ескеруіміз керек.
Дара себептік байланыстарды бейнелеу барысында жалпы
ұғымдарды басқа мағынада талап ететіндей нәрсе де осында

кіреді. Мәселе мынада болып тұр: тарихшы тек себептер мен
әрекеттердің уақыттық сабақтастығын көрсеткісі келіп қана

қоймай, белгілі бір дара, ешқашан қайталанбайтын себептен
белгілі бір дара, ешқашан қайталанбайтын әрекеттің туындай­
тын қажеттілігін игергісі келеді. Мұның барысында ол себеп­
тік қатынастар туралы және, егер мүмкін болса, себептік заңдар

(Kausalgesetz) туралы жалпы ұғымдарды айналма жолсыз өте
алмайды. «Жалпы» атауы эмпирикалық шынайылықтың бөлігі
болып табылатын себептік байланысқа онша сай келмесе де,
біз бәрі бір бұл байланыстың қажеттілігін барлық жерде және

қашанда болған және болатынның кеңістіктік және уақыттық
«кестесінің» көмегінсіз ғылыми түрде білдіре алмаймыз және
сондықтан тіпті кез келген дара себептік қажеттілікті ғылыми
бейнелеумен жалпы ұғымды немесе кей жерлерде жалпы се­

бептік заңды құру қашанда байланысты. Осы соңғы жағдайды
сондай-ақ заң мен себептілікті әдеттегі алмастырып алушылық
та түсіндіріп береді. Осылайша, тарих себептік байланыстың
қажеттілігін ұғынуды, дара себеп пен оның дара әрекетінің

арасын жалғастыруды қалай отырып, себептік қатынастардың
жалпы ұғымдарын пайдалануға мәжбүр болады.
Бұл жағдайда тарихтың қандай қылық көрсететіні ерекше
және толық зерттеуді талап ететін мәселе. Бұл жерде біз осы

жағдайда тарихтың басшылыққа алатын ұстынын ғана мей­
лінше жалпы түрде болса да, көрсетеміз. Өзінің мақсатына ол
пайда болу қажеттілігі түсілуі тиіс, оны үнемі құрайтын жалпы
элементтерге ықпал ететін эффект болып табылатын дара объ­

ект ұғымын ыдырату арқылы және содан кейін бұл элементтер­
ді дара себеп ұғымының дәл осындай жалпы элементтерімен
біріктіру (оның үстіне, осылайша біріккен жалпы элементтердің
әрбір жұбы шынайылықтың өздері бағынған бөлігі үшін се­

бептік байланыстың қажеттілігін білдіреді) арқылы жетеді.
Сонсоң тарих бұрын әрқайсысы жекелей қарастырылған се­
бептілік ұғымының жалпы элементтерін, оларды осы себептің
даралығын білдіретін бір ұғымға тағы біріктіре отырып, қайта

жинайды және, осылайша, жалпы себептік ұғымдардың ай­
налма жолының көмегімен дара тарихи себептің дара тарихи
әрекетпен байланысының қажеттілігіне енеді. Бұл жерде біздің
айтып отырғандарымыздың әрекет ұғымының барлық элемент­

терін себеп ұғымының элементтеріне себепті түрде бағындыру
ықтималдығы жоқ жерде толығымен іске асырылуы мүмкін

емес тек логикалық мұрат екендігі өз өзінен түсінікті. Және
сондықтан тарихи баяндауда себептілікпен шығарып алуға
көнбейтін сол иррационалды қалдықтың жойылып кетуі өте
сирек. Мұндай жағдайларда себептіліктің қажеттілігіне бойлап

еніп кетудің мүмкін еместігін астарлай отырып, еркіндік тура­
лы жиі айтады.
Тарихи себептік байланыстың қажеттілігін мүмкіндігінше
толығырақ түсіну үшін тарихтың қандай құралдарға ие екен­

дігі және мұның барысында оның үстемдік етуші ғылымдарға
қатынасы қандай екендігі, – барлық осы сұрақтардың шешімін
іздеу бізді өте алысқа алып кетер еді. Тарихшы үшін де се­
бептік заңдарды білу маңызды екендігі және осылайша, та­

рих ғылымының өзінің ішінде дараландырушы әдіс үстемдік
етуші әдіспен мейлінше тығыз байланысты бола алатындығы
онсыз да айқын түсінікті болып тұр. Тарихтан заңдарды
қалыптастырушы ғылым жасауға деген ұмтылыс да дәл осы­

мен түсіндіріледі. Бірақ, дәл сол сияқты мына нәрсе де айқын:
заңдардың ұғымдары тарихшы үшін танымал мәнге ие бо­
лады деген тұжырым тарихтың соңғы мақсаттарын және
оның әдісінің логикалық құрылымын (бұл мақсаттар әдістің

алғышарттары болып табылады). Демек, әсіресе, аяқталған
күйіндегі тарихи баяндаудың құрылымын мүлдем өзгертпейді.
Үстем ойлаудың өнімдері ол үшін қашанда тек айналма жол­
дар немесе құралдар болып табылады; жалпы барлық тарихи

ұғымдардың жалпы элементтері сияқты, олар тарихи бүтіндікті
дараландырып бейнелеу үшін тек құралдар қызметін ғана
атқарады.
Бірақ тіпті үстемдік етуші тәсілдің дараландырып бей­

нелеу үшін құрал ғана болған кезінде, барлық жағдайларды
қарстырғанның өзінде, біз жалпы ұғымдардың тарихтағы
бүкіл маңызын сарқып тауысудан анағұрлым аулақ болдық.
Мүлдем оның барлық бөліктері емес, тек тарихи тұтастық

қана қашанда оның жалқылығы мен даралығы тұрғысынан
қарастырылады. Олардың көпшілігін тарихшы мүлдем назары­
на да алмайды: бұлар, – тұтастықтың даралығы үшін ешқандай
мағынаға ие болмайтындар; бейнеленген бөліктер болса, көп

жағдайда жалпы топтық ұғымдар (Gruppenbegrіff) астарына
енгізіледі. Оның үстіне: бойында тек жалқылық пен даралық

қана болатын бөлшек объектілер ұғымдары (Telіobjekt) та­
рихи баяндау үшін мүлдем қажет те емес деп түйіндеуге бо­
лады және, демек, тарихи баяндауда мазмұны объектілердің
танымал көпшілігіне жалпы болып келетін бірыңғай топтық

ұғымдарды ғана түзу қажет болады. Тарихшының өзі бейнелей­
тін оқиғаларының даралығына ену үшін оған мәліметтер жет­
пей қалған жерде осындай топтық ұғымдар аса қажет; мұндай
жағдайларда ол еріксіз жалпы ұғымды қанағат тұтады. Тарих­

шы – шынымен-ақ тек бірыңғай топтық ұғымдарды құрғысы
келсе, және мұндай жағдайларда да өзінің мақсатына сәйкес те
үстемдік етуші әдісті қолданатындай көрінеді.
Осы тұрғыдан алғанда көптеген алып-қашпа әңгімелерге

азық болған тағы бір даулы мәселені ұғына аламыз. Тарихтағы
дәл осы «жаңа» бағыттың жақтаушылары «ескі» бағытты
шын мәнінде «дарашыл» деп жариялады, бірақ тек оның сая­
си және басқа оқиғаларға және, демек, жекелеген тұлғаларға

өте үлкен мағына берген себепті деп есептелді. «Жаңа» бағыт
құбылыстардың беткейінде қалып қоюдан қашып, жекеле­
ген тұлғалардың саяси әрекеттерімен азырақ айналысуы тиіс;
дұрысы керісінше, ол өзінің назарын басым көпшілігінде

бұқаралық қозғалыстарға бұруы керек; тек осындай жолмен ол
мәдениеттің дамуының шынайы «мәніне» ене алады. Осы негіз­
де ескі «даралық» әдіске жаңа «ұжымдық» әдісті қарама қарсы
қояды; ал ол тек бірыңғай жалпы ұғымдарды пайдаланатын

болғандықтан, онда одан жаратылыстық ғылымдарда баяғыдан
қолданылып келген жалғыз ғылыми әдісті, ал тарихтың жаңа
әдісін көреді.
Бұл көзқарастың қиындық мағынасы қандай? Оны түсіну

үшін, тарихшы шынында тек бірыңғай топтық ұғымдарды
құруы тиіс деп аламыз, өйткені тарихтың мақсаты жалпы
ұғымдардың жүйесін құру болып болып табылады деген
тұжырым сияқты, бұл қағидада логикалық қайшылық жоқ.

Мысалы үшін, тек бұқаралық қозғалысты ғана қарастыратын
Француз революциясының тарихын алып қарайық, өйткені
революцияға
қатысушы

жекелеген
тұлғалардың
әрекеті
тарихшыға мәнді емес көрінеді. Тарихтың осы жаңа әдісі шы­

нында тек ұжымдық қана емес, сонымен қатар, үстемдік етуші
болды деп түйіндеуге болар ма еді, бұл не – жаратылыстық

ғылымдардың әдісі ме? Жаңа әдіс жақтаушыларының бұл
пікірі қаншалықты күмәнсіз көрінбесін, ол дегенмен де жалған,
өйткені тек тұтастың бөліктері ғана тарихта жалпы ұғымның
астарына енгізіледі. (Көріп отырғанымыздай, бұл соңғы

жағдай бәрі бір мұның барысында шешуші мәнге ие бола­
ды). Тұтастықтың өзін, тіпті ұжымдық тәсілді пайдаланатын
тарихшылардың өздері қашанда оның бүкіл жалқылығы мен
даралығында қарастырады және сондықтан жалпы топтық

ұғымдарды түзе отырып, олар тұтастықтың даралығын бей­
нелеуді ескерулері тиіс. Біз пайымдағандай емес, егер осы
топтық ұғымдардың көмегімен кез-келген революцияны бейне­
леу ескерілетіндей жағдайда ғана үстемдік етуші әдіс туралы

айтуға болар еді. Және, әңгіме тарихи бейнелеу туралы болып
отырғандықтан, қажетті түрде белгілі бір 1789 жылы басталған
Француз революциясын және т.б. ұйғарылуы тиіс. Сондықтан
«дараландырушы» әдісті «ұжымдандырушы» әдіске қарама

қарсы қою қате. Барлық тарихшылар азды-көпті ұжымдық
әдісті, яғни топтық ұғымдарды құрастыруды қолданды және
қолданып келеді. Және егер қазір басқа тарихшылар көбіне
бұқаралық қозғалыстар мен дәуірдің сипаты туралы бірыңғай

тек жалпы сөздермен ғана шектелсе, тек әлеуметтік-психикалық
факторлар туралы ғана айтып, жарамсыздығына орай бүкіл
«индивидуалдық (дара) психологияны» (оны тек дилетанттар
ғана тарихтың «индивидуалдық» түсіндірілуімен байланысқа

әкеледі) теріске шығарса, онда аталмыш жаңа тарихтың
шашыраңқылығы мен түсініксіздігіне ықпал ететін тәрізді және
олардың «жаратылыстық ғылымдардың әдісін» қолданатыны
сияқты сағымды тудырады; тарихтағы көрнекті тұлғалардың

рөлін мойындамау оларды айғақтарды тура бұрмалауға әкелуі
мүмкін; бірақ мұның бәрі тарихи әдістің дараландырушы сипа­
тын еш өзгерте алмайды.
Біздің бұдан да ары баруымыз керек. Тарихтың жалпы

топтық ұғымдарын, мазмұнын нысандардың жалпы танымал
көпшілігі құрайтынына қарамастан, олар бәрі бір жүйелік, үстем
ғылымдардың ұғымдары мағынасында жалпы ұғымдар болып
табылмайды. Мәселе мынада: егер онда ол үшін тарихи бай­

ланыста белгілі бір мәні бар осы топтың барлық мүшелерінің
даралығы бар болса ғана, тарихшы топтық ұғымдарды қанағат

тұта алады. Осылайша, тарихи топтық ұғымдардың құрылуын
анықтайтын мақсат үстемдік етуші ғылымдарда қолданылатын
қорытындылау болып табылмайды, топтың даралығының
(Gruppenіndіvіdualіtat) бейнеленуі болып табылады. Мұндай тек­

тегі жалпы ұғымдар сондай-ақ қашанда дараландырушы әдістің
өнімдері болып табылады, өйткені олардың құрамдас бөліктерін
анықтайтын ұстын дараландырушы тарихтың мақсаттарымен
ажырамас байланысты және тек осы мақсаттармен байланыс­

та ғана жалпы түсінікті болады. Олардың сондықтан үстемдік
етуші ғылымдардың қалыптастыратын ұжымдық ұғымдарымен
салыстырғанда, сондай-ақ тарихта құрал ретінде қолданылатын
жалпы ұғымдармен салыстырғанда, дараландырушы ұжымдық

ұғымдар (Kollektіvbegrіff) деп те атауға болады.
Егер біз тарихи әдістің тағы бір қырын назарымызға алмасақ,
бұл айырмашылық өте жасанды болып көрінуі мүмкін. Тек
қатар ұғымы ғана емес, сондай-ақ жалқы қатар ұғымының да

тарихилықты анықтау үшін жеткіліксіз екендігін ескеру қажет.
Бұны өзімізге мықтап ұғынып алуымыз үшін шынайылықтың
даралығы мен көрінбейтін әралуандылығы салдарынан оны
дараландырып түсіну шынайылықтың бүкіл дара әралуан­

дылығын қарастыра алмайтынын және тарихшының оны бей­
нелей отырып, қашанда оны қарапайымдандыруға мәжбүр
екендігін тағы да еске түсіру жетклікті. Бірақ тарихшының көп
жағдайда өзінің бейнелегісі келіп тұрған оқиғалары туралы

өзінің қалауынан гөрі анағұрлым азырақ білетінін және, демек,
ондағы бар материалды одан ары қарапайымдандыруды талап
етуге болмайтынын айтып, бізге наразылық көрсетілуі мүмкін.
Бұл наразылықтың шындыққа жақындығы қаншалықты аз

болса да, біз бәрі бір оны қарастыруымыз керек. Бұл жерде
әңгіме бұл материалды, яғни «дерек көзді» қарапайымдандыру
туралы болып отырған жоқ, өйткені оның толықтығы немесе
толық еместігі логикалық тұрғыдан кездейсоқ және сондықтан

бізді қызықтыра алмайды. Біз бұл жерде өзінің барлық алу­
ан түрлілігіндегі тарихи оқиғалардың өзінен анағұрлым
қарапайым тарихи ұғымдардың мазмұнын ғана ескеріп отыр­
мыз. Бұл оқиғалар туралы біздің білгендеріміздің бәрі бірдей ол

оқиғаларда тарихи болып табылмайды және сондықтан тарих­
шы қашанда өз объектілерінің мазмұнынан өзі үшін мәнділерін

ғана таңдап алады. Тарих ғылымында бұл таңдау мен құбылту
қандай да бір ұстынның негізінде жүзеге асырылуы тиіс және
бұл ұстынды біз дәл анықтағанда ғана, біз тарихи әдістің
логикалық мәніне толығымен ене аламыз.

Бұл ұстынды табу үшін біздің ғылымға дейінгі білімімізге
тағы да бет бұрып көреміз. Олар біздегі өзіміздің қоршаған
ортаның қоздыратын қызығушылығына бағынышты болады.
Бірақ, біздің өзімізді қандай да бір объект қызықтырады де­

геніміз нені білдіреді? Демек бұл біздің оларды елестетіп қана
қоймай, сонымен қатар, оларды өзіміздің берге бағамызбен
(Wertung) байланыстыра отырып, өз еркімізге белгілі бір
қатынаста қоятынымызды білдіреді. Егер біз қандай да бір

объектті дараландырушы тәсілмен ұғынатын болсақ, онда
оның ерекшелігі енді басқа ешқандай объектпен дәл осындай
байланыста болмайтын құндылықтармен қалайда байланыс­
та болуы керек; ал егер де біз шынайлықтың үстем түсінігін

қанағат тұтатын болсақ, онда құндылықпен басқа объектілер­
де де дәл осындай нәрсе ғана байланысады және сондықтан
дәл сол тектік ұғымның басқа нұсқасымен толық алмасты­
рылуы мүмкін. Шынайылықтың үстем және дара түсінігінің

айырмашылығындағы біздің айқындай қоймаған осы қыры не­
гізгі мәнге ие болады: соған сәйкес екі ғылыми әдіс те түбегейлі
қарама-қарсылықты аңғарады.
Егер біз нысандарды ғылымға дейінгі үстемдік етуден жалпы

ұғымдардың жүйесіне ғылыми тұрғыда әкелуге көшетін болсақ,
онда мұның барысында өзіміздің жалқылық пен даралыққа де­
ген қызығушылығымыздан ажырап қалмайтындығымызды ғана
аңғарып қоймаймыз, жүйе құрастыру үдерісінің одан арғы да­

муымен құндылықтар арасындағы байланыс та, объектілердің
жалпы танымал көпшілігімен де байланыс біртіндеп үзіле береді.
Әрбір ұғым қандай да бір анағұрлым жалпы ұғымға бағынып,
ақырында барлық ұғымдар түптеп келгенде зерттеудің мақсаты

болып табылатын бір ғана ең жалпы ұғымға бағынады деп
есептейік; бұл жағдайда олар үшін жүйе мағынаға (gelten) ие
болатын барлық объекттер, олар бірдей құндылыққа ие немесе
бірдей кез келген құндылықтан айрылған болып қарастырылуы

тиіс, өйткені қандай да бір объекттегі мәнді нәрсені анықтайтын
ұстын енді мүлде әуел бастапқы қызығушылық емес, ол тек

жалпы ұғымдар жүйесінде объекттің алатын орны ғана. Осы­
лайша, үстемдік етуші ғылымда бастапқыда барлық жерде
құндылықтық негізде іске асқан мәндіні мәнсізден айыру типі
біртіндеп ығыстырылады; ол бұл ғылымдардағы мәндінің

жалпымен сай келуімен алмастырылады. Объектілер мен
құндылықтардың арасындағы кез келген байланысты жою не­
месе шынайылықты құндылықтардан тыс түсіну, демек, үстем
әдістің әлі айқындалмаған екінші қырын құрайды.

Әрине, шындығында барлық құндылықтардан мүлдем
ажырап кету мүмкіндігіне күмән келтіруге болады. Өзін азды-
көпті қызықтырмайтындай нысанды ешкім де зерттемес еді,
ал қызығушылық немесе мүдде бар жерде құндылықтар мен

байланыстыру (Wertverbіndung) көзге ұрып тұрады. Мұның
бәрі дұрыс. Дегенмен, бірақ, мұндай мүдде ғылымдардың
логикалық құрылымына емес, психологиялық алғышарттарға
қатысты болады. Біз қашанда тек логикалық мұратты еске­

руіміз керек. Және осы тұрғыдан алғанда, жаратылыстанушы­
ны объекттер, оның оларды үстем тұрғыдан түсінуге ұмтылуы
себепті ғана қызықтырады; сондықтан олардың әрқайсысы
ол үшін міндетті түрде тектің бейтарап нұсқасына айнала­

ды. Бірақ, басқа басқа емес, үстемдік етуші түзілімге деген
мүдде нағыз мүдде, мәндіні мәнсізден айырып алу бағалаудың
(Werten) акті деп одан да ары барып, тұжырымдауға бола­
ды және, егер, осылайша, мәнділік ұғымының өзі құндылық

ұғымына (Wertbegrіff) айналар болса, онда құндылықтармен
байланыстыру психологиялық тұрғыда ғана емес, логикалық
тұрғыда да ұғымдарды ғылыми түзу түсінігінен ажырағысыз
болып шығады. Және бұл да дұрыс. Бірақ мәселе сонда, мұндай

құндылықтармен байланыстыру ғылыми нысандардың өзіне
қатысы болмай тұр; мұның барысында тек ғылымның логикалық
мақсаты, ұғымдардың түзілуі ғана бағаланады; және дәл осы се­
бепті мақсаттың осы логикалық бағалануы, ғылым өзінің объ­

ектін қалай қарастырмасын, яғни құндылықтардан тыс немесе
ажырағысыз қарастырса да, кез келген ғылымның алғышарты
болып табылады. Дәл осы себепті енді біз біз одан ажырауы­
мыз керек болады, өйткені ұғымдар түзудің әрқилы түрлерін

өзіміз біліп алғанды қалаймыз, оның үстіне бізді объектілердің
құндылықтармен байланысы ғана қызықтырады. Егер біз, осы­

лайша, өз тұжырымымызға анағұрлым кіршіксіз форма беруді қалайтын болсақ, онда біз оны былайша түйіндейміз: логикалық тұрғыда құндылықтармен барлық тек психологиялық мәнді емес байланыстарға қарамастан және үстемдік ету мақсатының мойындалған құндылығына және осыдан туындайтын мәнді бо­ лып саналатын жалпы мағынаға қарамастан, – үстемдік етуші әдіс өз объектілері мен құндылықтардың арасындағы барлық байланысты жояды және, осылайша, оларды жалпы тектік ұғымдардың нұсқалары ретінде қарастыруға мүмкіндік алады, оның үстіне әрбір нұсқа кез келген басқасымен ауыстырыла алады. Бұл жағдай біз үшін үлкен маңызға ие: ол бізге, басқа, ғылыми дараландырудың әлі айқындалмаған қырын көрсетеді. Сондай-ақ ғылыми дараландыруда ақырында кез келген ғылымның логикалық алғышарты болып табылатын құндылықтармен сол байланыс қана қалып қояды, ғылымның мақсаты барлық жерде құндылықтардың мағынасын, оның үстіне мәнсіздіктен мәнділіктің бөлінуін білдіргендіктен, осы мақсаттың негізінде қолға алынатын нәрсе өзіндік баға болып табыла ма? Немесе басқаша айтқанда: мүмкін тарих ғылымы да дәл сол сияқты өз мақсатының таза логикалық бағасын ғана сақтай отырып, объектілер мен құндылықтар арасындағы барлық байланысты жоюға әкелетіндей, ғылымға дейінгі да­ раландырудан айрықшаланатын шығар? Бұл сұраққа тек теріс жауап беруге болады, өйткені объектілердің құндылықтармен байланысы ұстынынан басқа қандай ұстынның негізінде осы объектілердің дараландырушы түсінігінің пайда болуын көзге елестету қиын. Егер біз объект (нысан) мен өзіміздің оған деген қызығушылығымыздың арасындағы кез келген байла­ нысты жояр болсақ, онда ол біз үшін қандай да бір нұсқаның мағынасын ғана беретін болады. Тек үстемдік етушінің логикалық мақсаты ғана мәнділіктің мәнсіздіктен ажыраты­ луы негізделетін объектілердің құндылықтармен байланысын ығыстырады және алмастырады, оның үстіне бұған жалпы нәрсені сонымен қатар мәнді етудің арқасында қол жетеді. Бұған қарама қарсы шынайылықты дараландырып түсіндірудің логикалық мақсаты дәл қайсы нысандардың даралығы мәнді екендігін және олардың даралығынан дәл нені тарихи баян­

дау өз қаперіне алу керектігін көрсетіп бере алмайды. Осыған
сәйкес ұғым түзеудің екі түрі де жаңа қарама қарсылықты
аңғарады. Тек қандай да бір құндылықтың қырынан ғана
даралық мәнді бола алады және құндылықтармен барлық бай­

ланысты жою, сондай-ақ тарихи мүддені де, тарихтың өзін
де жоюды білдірер еді. Біздің алдымызда, осылайша, барлық
құндылықтардан ажыраған (біздің көрсеткен мағынада) үстем
әдістің қажетті байланысы ғана емес, сонымен қатар объек­

тілерді дараландырып түсіну мен құндылықтық көзқарастарды
тартумен (Wertverbіndende) арадағы соншалықты қажетті бай­
ланыс ашылады; дәлірек айтқанда, тарихтың алғышарты болып
табылатын құндылықты, кез келген ғылымдағы сияқты, оның

ғылыми мақсатының өзі ғана емес, оның логикалық мәніне
онсыз шынайылықтың ешқандай дараландырушы түсінігі
мүмкін болмайтын басқа құндылықтар да енеді. Сондықтан,
тарих ғылымының логикалық құрылымының бұл қырын ұғыну

үшін, бізге енді бұл құндылықтардың қандай екенімен және
олардың тарихи объектілермен қалайша байланысқа келетіні­
мен жақынырақ танысу қажет болады. Ғылымға дейінгінің де,
ғылымның да құндылықтармен байланысына ортақ нәрсені

бекітіп болғаннан кейін, бізге енді, әрине, бірін екіншісінен
күрт ажырату қажет болады.
Жалпы құндылықтардың ғылымда шешуші орын алатынын
және тіпті ұғымдарды түзудің ұстыны болуы тиіс деген айғақ

ғылымның мәніне қайшы келетін тәрізді. Тарихшыдан өз зерт­
теулерінде оның мүмкіндігінше «объективті» болуын негізсіз
талап етпейді және, егер бұл мақсатқа әлі ешкім толығымен
жетпегеннің өзінде де ол бәрі бір логикалық мұрат қызметін

атқарады. Құндылықтармен байланыстыру тарихи әдістің ең
маңызды қырларының бірін білдіреді деген тұжырыммен мұны
қалай келістіруге болады? Кез келген ғылым таза логикалық
құндылықтан басқа барлық құндылықтардан алшақтауы ке­

рек емес пе? Басқаша болғанда олар өзінің ғылыми сипатын
жоғалтпай ма? Көпшілігі осы пікірді қолдайды және таяуда
ғана Ксенопол біздің бұл жерде қорғап отырған теориямызға
қарсы өз наразылығын дәл осы негізде құрастырды. Оның

наразылығына қарсы біз алдымен, оның тарихилықты «қатар»
деп анықтауының жеткіліксіз әрі өте ауқымды екенін ғана емес,

тарихилықты құндылық ұғымынсыз анықтауға тырысқанның
бәрінің сәтсіздікке ұшырайтынын ескерткіміз келеді. Тарих­
тың барлық даралықты бейнелемейтінін, тек «маңызды»,
«қомақты», «қызықты» нәрселерді, қысқаша айтқанда, – мәнді

нәрселерді ғана бейнелейтінін кім-кім де мойындауы керек.
Бірақ, мәнділігі объектілердің жалпы танымал көпшілігіне
сәйкес келетін ұғымдарды үстем әдіспен түзуді ескермегенде, не
нәрсе мәнді болып табылады? Эд. Мейер бір жерде былай дей­

ді: әрекетшіл немесе кезінде сондай болған нәрсенің барлығы
тарихи болып табылады. Бірақ мұнымен, мәселе шешілмейді,
ол сәл кейін ысырылады. Бұл әлемде барлығы әрекетшіл, тек
әрекеттердің үлкен бөлігі тарихшыны қызықтырмайды, ол на­

зарына тек «мәнді» әрекеттерді алады. Жалпы әрекетшілдік
емес, тек мәнді әрекеті бар немесе болған және сондықтан
өзі де мәнді нәрсе, осылайша тарихи болып табылады. Таза
логикалық құндылықтарды толықтыратын құндылықтардың

жаңа ұғымдарынсыз тарихи мәнділіктің бұл ұғымы анықтамаға
көнбейді.
Және дегенмен барлық логикалық емес құндылықтарды
ғылымнан және, демек, тарихтан алып тастауға ұмтылыстың

астарында кейбір негіздер бар. Эмпирикалық ғылым шынында
да нәрселердің жағымды немесе жағымсыз құндылықтары ту­
ралы жалпыға міндетті (allgemeіngultіg) пікірлер айта алмайды.
Және егер объектілерді құндылықтармен байланыстыру, со­

нымен қатар оның объективтілігін бұзбай, тарих ғылымының
мәнді қырларының бірін құрайтын болса, онда бұл тек объ­
ектке деген практикалық қатынасқа және оны бағалау акті­
не сай келмейтіндей, керісінше, оларды бағаламай-ақ, таза

теориялық түрде объектілерді құндылықтарға жатқызуға да бо­
латындай құндылықтармен байланыстырудың тағы бір тегі бар
болғаннан туындайды. Басқаша айтқанда, істің мәні мынамен
түсіндіріледі: объекттің даралығы қандай да бір құндылықтың

тұрғысынан мәнді болатыны, сондай-ақ бұл объекттің жағымды
немесе жағымсыз бағалануы ғылымның мәніне қайшы келетіні
осының қажетті салдары емес пе екен? Бұл сұраққа біз бірден
қарсы жауап беруіміз керек. Егер біз тарихты оның ғылыми

мақсатының логикалық (қисандық) құндылығынан тыс қараст­
ырар болсақ, ол құндылықтармен істес болатын жалғыз се­

бебі, дараландырушы тәсілмен ұғынылған объекттің жалпы
құндылық үшін қандай да бір мағынаға ие болғандығымен
түсіндіріледі;
оған,

бірақ,
берілген
объекттің
қандай

құндылыққа ие екендігі (жағымды немесе жағымсыз) туралы
мәселені шешуі қажет; сондықтан ол кез келген – жағымды не­
месе жағымсыз бағалаудан емін-еркін ажырай алады. Осылай­
ша, тарихтың объективтілігі, құндылықтың сәтіне қарамастан,

бағалаудан ажырай алады.
Қысқаша айтқанда, практикалық бағалауды құндылықтарға
деген таза теориялық қатынастан (Wertbezіehung) күрт ажыра­
та білуіміз керек. Барлық күмәндер өз өзінен жойылып кетеді. Бұл

айырмашылықтың дұрыстығына қалайша күмәнданатындарын
түсіну қиын. Құндылықтарға деген теориялық қатынастың
басым көпшілігінде өз-өзінен түсініктілігі соншалық, біз оны
аңғармай да қаламыз. Оған мүлдем көңіл аударылмағанын

осылай ғана түсіндіруге болады. Дегенмен оның мәнін, сон­
дай-ақ оның нәтижелерін айқын ұғып алу соншалықты қиын
емес. Егер біз шын мәніндегі әрекеттің, өзінің барлық алуан
түрлілігіндегі шынайылықтың қандай екенін ешқашан да біле

алмайтынымызды, бірақ кез келген білімнің сонымен бірге
шынайылықты құбылту екендігін еске түсірсек, онда қандай
да бір даралықтың жағымды немесе жағымсыз құндылығы ту­
ралы сөзсайысқа кірісу үшін сайыскерлер алдымен, олардың

практикалық бағалануының айырмашылықтарына қармастан,
құндылықтарға деген таза теориялық қатынастың көмегімен
алынған ортақ шынайылықтың дараланған түсінігіне ие болу­
лары керек, өйткені сөзсайыс бір ғана даралықтың төңірегінде

өрбімес еді. Осылайша теориялық танымның объектті жағымды
немесе жағымсыз бағалау актінен түбегейлі ерекшеленетін
үдеріс болып табылатыны қандай дәйекті болса, құндылықтарға
деген таза теориялық қатынас логикалық тұрғыдан алғанда,

бағалау актінен түбегейлі айрықшаланады және ғылыми танымға
мүлдем қайшы келмейді деген тұжырым да сондай шынайы.
Тарихшы ретінде тарихшы өзінің объектілерін бағаламайды;
ол тек қана, мысалы, мемлекеттің құндылығы, экономикалық

ұйымдасу, өнер, дін және т.б. танымал құндылықтардың өмір
сүруінің айғағын эмпирикалық тұрғыда білдіре отырып, тек
оны табады, объектілерді осы құндылықтарға қатыстыра оты­

рып, яғни олардың даралығы бұл құндылықтар үшін неге бол
маңызды екенін анықтай отырып, ол барлық шынайылықты
мәнді және мәнсіз элементтерге жіктеудің мүмкіндігіне ие
болады, оның үстіне бұл үшін аталған объектілердің тікелей

жағымды немесе жағымсыз бағалаудың қажеті жоқ.
Құндылықтарға тарихи қатынастың мәнін өзіміз толығымен
ұғып алу үшін, ғылыми және ғылымға дейінгі дараландыру бір
бірінен ерекшеленетін екінші бапты бекітіп алуымыз керек,

оның үстіне бұл бағыттағы кейбір нұсқаулар бізге жоғарыда кел­
тірілген құндылықтар ұғымының үлгісін бере алады. Тарихтағы
құндылықтарға деген теориялық қатынас үшін оның объек­
тілерді жағымды немесе жағымсыз бағалауға бағынбайтындығы

ғана тән емес; ол тағы басқа қатынасында да, дәлірек айтқанда,
объектілердің жатқызылатын құндылықтарына қатынас­ында кез
келген жүгенсіздіктен азат болуы тиіс. Бұл бірақ тарихшының
оларды жалпы құндылықтарға, яғни жоғарыдағы мысалда кел­

тірілгендей, мемлекет, өнер, дін және т.б. құндылықтарға жатқыза
отырып, шынайылықты мәнді және мәнсіздеп жіктеумен жүзеге
асады.
Түптеп келгенде, бұлардың бəрі мейлінше қарапайым екен­

дігіне қарамастан, олармен барынша көптеген даулы мәселелер
мен түсінбеушіліктер байланысты. Әсіресе мына бір нәрсе тән:
тарихи құндылықтардың жалпы ортақтығына негізделе отырып,
тарихтың қанша дегенмен, үстем әдісті қолданатыны туралы

қайта айтыла бастады. Бұл пікірді, ең болмағанда былайша не­
гіздеуге болады: тарихи оқиғалар саяси оқиғалар ретінде бейне­
ленетін кезде, негіз болып саналатын олардың саяси қыры тари­
хи мәнді және дәл осы барлығы үшін жалпы болып табылатын

жағдайда да мемлекет жалпы ұғым болып табылады емес пе?
Осы оқиғаларды саясилықтың жалпы ұғымының астарына сала
отырып, біз онда нысандарды яғни, объектілерді тектік ұғымның
нұсқалары ретінде қарастыратын үстем ғылымдардың әдісіне

сүйенеміз.
Істің мәні шынында да осылай ма? Жалпыға ортақ
құндылықтар сонымен қатар жалпы ұғымдар болып табыла­
ды. Бұл дұрыс. Бірақ тарихи нысандарды, яғни, объектілерді

құндылықтарға жатқызу – оларды жалпы ұғымдарға кіргізумен
бірдей нәрсе және сондықтан тарихтың логикалық құрылымы

үстемдік етуші ғылымдардың құрылымынан ерекшеленбейді,
бұл екі тұжырым да мүлдем қате. Өйткені, біріншіден, тарих, егер
ол үстемдік етуші ғылым болса, істеуі тиіс құндылықтың мұндай
жалпы ұғымдарын өзі құрастыруға немесе тіпті тек жүйелеуге

де ешқашан ұмтылмайды; ол жай ғана құндылықтың бұл жалпы
ұғымдарын дайын күйінде ғана табады және эмпирикалық та­
рих ғылымы емес, тек тарих философиясы ғана, біздің ары қарай
көз жеткізетініміздей, өзіне құндылықтың жалпы ұғымдарының

жүйесін құруды міндет етіп қояды. Бірақ бұл жерде біз үшін
маңызды мағынаға ие болатын нәрсе, бұл құндылықтың жал­
пы ортақтығы тарихшы үшін құндылықтың бойында бірнеше
жекелеген құндылықтарға тән ортақ нәрсе болады дегенмен

сипатталмайды; бұл жердегі маңызды нәрсе тарихтың өз объек­
тілерін өзінің бағытталғандарының барлығы құндылық ретінде
мойындайтын құндылықтарға жатқызуы ғана маңызды. Объек­
тілерді құндылықтарға жатқызудың, (мейлі бұл құндылықтар

таза индивидуалды немесе жоғарыда келтірілген мағынада
жалпы ортақ болсын) міндетті түрде шынайылықты даралан­
дырып түсіндіруге әкелетінін айта кету керек, өйткені осы
соңғы айырмашылық құндылықтарға қатыстырудың логикалық

құрылымына емес, құндылықтардың маңыздылығына (Geltung)
ғана қатысты болады. Қысқаша айтқанда, тарих ғылымының
өзінің жалпы міндетті нәтижелерге ұмтылысында жалпы
ортақ құндылықтарды қолданатын жағдайы құндылықтарға

қатыстыратын дараландырушы тарихи әдіс пен құндылықтардан
тыс заңдарды қалыптастыратын ғылымдардың үстемдік етуші
әдісінің арасындағы қайшылықтарға мүлдем тиіспейді. Әрине,
қалаулы жағдайларда кез келген ғылымның жалпы міндетті

болуы үшін қашанда жалқыны жалпыға «бағындыруы» қажет
екендігін айту керек. Бірақ мұндай тұжырым өзінің көмескілігі
салдарынан түсініксіздікке бейім келеді және ең болмағанда,
ештеңені шешіп айтпайды. Егер де біреу оны пайдаланғысы

келсе, бағынудың екі түрінің ажыратылуын қатаң қадағалуы
керек: бір жағынан, құндылықтардан ажыратылған тек­
ті ұғымдардың құндылықтарына үстем бағыну және екінші
жағынан, құндылықтардың жалпы ортақ ұғымдарына дара

«бағындыру»; ең дұрысы, сондықтан «бағындыру» сөзін өзінен
жоғары тұрған тектік ұғымға деген нұсқаның және жалпы

ұғымдардың өзара қатынастарын белгілеу үшін ғана қолданған
жөн, онсыз қателіктерден құтылу мүмкін емес.
Дараландырушы әдістің мәніне енді терең бойлап, өз
мазмұнының ортақтығына қарай тарихты дараландырушы

ғылым деп атауға қарсы болатын сол тарихи ұғымдарға тағы
оралуға тырысып көрейік. Біз енді тарихи топтық ұғымдардың
үстемдік етуші ұғымдардан барлық айырмашылығын жақсырақ
түсінетін боламыз. Олардың мақсаты, өздері соған тиесілі, та­

рихи тұтастықтың даралығын ғана білдіруге ұмтылатын та­
рихи бөліктердің ұғымымен сәйкес келмейді; оның үстіне,
бұл ұғымдарды түзу барысында мәндіні таңдауды олардың
объектілері тиесілі болған жалпы ортақ жетекші құндылық

анықтайды; басқаша айтқанда, оларда жалпы емес нәрсе енді
мәнді болады, өйткені объектілердің танымал көпшілігіне
тән бұл ұғымдардың мазмұны жалпыдан тұрады дегеннің
жалғыз логикалық негізі сол топтың жатқызылған жалпы ортақ

құндылығы үшін оның жекелеген бөліктерінің емес, топтың
даралығы ғана мәнге ие болады және сондықтан топтық
ұғымның бойында шынайылықты дараландырып бейнелеу
құндылығына қатысты нәрсе үшін ненің мәнділігін білдіруге бо­

латындай даралық жеткілікті деген тұжырым болып табылады.
Осылайша, тарихи ұжымдық ұғымдардың түзілу ұстыны өзге
де тарихи ұғымдардың түзілу ұстынынан еш өзгешеленбейді.
Осыдан барып біз тағы да тарих әдісін оның қисындық –

логикалық құрылымы тұрғысынан ұжымдық деп атаудың мәні
аздығын байқаймыз. Ұжымдық әдіс деп аталушылардың да­
раландырушылармен дауы тарих ғылымының мазмұны тура­
лы дау болып табылады, яғни ол жекелеген тұлғалар қандай

дәрежеде және бұқараның қозғалысы қандай деңгейде жалпы
ортақ құндылықтарға қатысты мағынаға ие болатыны және, де­
мек, тарихи болып табылатыны туралы мәселені ғана пайым­
дайды; әдістің логикалық мәселелеріне оның еш қатысы жоқ.

Тіпті таза ұжымдық тарих та, біздің жоғарыда көзіміз жеткен­
дей, дара болып қана қоймай, сонымен қатар, кез келген тари­
хи еңбек сияқты, құндылықтық көзқарастарға да бағынышты
болар еді.

Дегенмен, соңғы уақыттарда құндылықтық көзқарастардың
тарихта үлкен рөл атқаратындығы барған сайын санаға жол
салып келеді, оның үстіне бұл айғақты мойындауға ұмтылыс

та ұлғайып келеді. Алайда, мұның барысында мына басты
екі бапқа назар аударыла бермейді: құндылыққа теориялық
қатыстың практикалық бағалаудан айырмашылығына және
құндылықтардың жалпы ортақтығына. Біз әрине, бұл жер­

де құндылық мәселесіне байланысты барлық мәселелерді
қарастырып тауыса алмаймыз; бірақ тағы екі бапқа ерекше на­
зар аударғымыз келеді.
Құндылықтарға деген теориялық қатыспен шектеліп қалмай,

логикалық зерттеу тарихшыға өзінің объектілеріне қандай да
бір бағамен келуге ешқашан бөгет болмайды. Иә, объектілерді
мүлдем жағымды немесе жағымсыз бағалау болмайтындай та­
рихи еңбек шындығында да табылмайды. Алайда барлық жер­

де бағалаудың (Werturteіl) да шынайы меңзеле бермейтінін де
ескеру керек. Мәселе мынада: кез келген тарихи еңбекте кей­
бір айғақтарға, әсіресе, оларда бірде ізгі немесе мәрттік, бір­
де қылмыстық әрекет мақтауды немесе жазғыруды білдіретін

адам қылықтарына баяндауыш тіркелетін пікірлерді табуға
болады және олар үшін жамандық пен жақсылық қант пен тұз
сияқты өнімдерді ғана білдіретін жаратылыстық ғылымдардан
тарихтың айырмашылығы осымен сипатталатын тәрізді.

Сондай-ақ осындай сөйлемдермен тарихшының айғақтарды
бағалауды білдіруі мүмкін. Көптеген жағдайларда, бірақ, көбіне
бағалауды білдіретін мұндай баяндауыш айғақтарды бекіту
үшін ғана және оқиғаны таза теориялық сипаттау үшін қызмет

атқарады. Мысалы, қандай да бір қылықты қылмыс деп атай
отырып, тарихшы мұның барысында көпшіліктің қылмысты
деген әрекетін деректердің мойындататынын ғана ескеруі
мүмкін және егер басқа тарихшы бұл әрекетті қандай да бір

өзге баяндауышпен білдірсе, онда бұл бір ғана әрекетті басқаша
бағалайтынын білдірмеуі керек; ол бұл жерде бүкіл бұл әрекет
басқа деп есептеуі ғана керек, оны, әрине ол басқаша атайды.
Дегенмен тарихтағы құндылықтың сәттері туралы айтқанда

бағаны, бағаның мәнін білдіретін көрнекі білдіретін баяндауыш
шынында да бар ма және әдетте бағалау мақсатында қолдануға
болмайтын сөздің мағыналарында болатыны сияқты, айғақты
бекіту мақсатындағы онымен әдеттегі байланысы үшін ғана

пайдаланылмас пе екен деген сұрақты үнемі өзіңе қойып отыру
керек.

Демек, егер кейде шынайылықта оның орын алғанынан
гөрі бағалау көбірек болып көрінсе, онда бір жағынан, тек
құндылыққа қатыстылықта ғана емес, белгілі бір мағынада тарих
ғылымына да жататынын мойындау керек. Мұның барысында

біз, әрине, кез келген ғылымның қажетті алғышарттарына тиес­
ілі болатын бағалаудан, ұғымдар түзудің мақсатын логикалық
бағалаудан тағы да алшақтаймыз және онсыз тарих өмір сүре
алмайтындай логикалық емес құндылықтарды ғана ескеретін

боламыз.
Құндылыққа теориялық қатыстылық объектті практикалық
бағалаудан мүлдем өзге нәрсе және сондықтан тарихшы өз
пәндерін бағалаудан аулақ болуы керек деген түйін қаншалықты

шынайы болсын, оның өз объектілерін яғни, нысандарын
құндылықтар саласында тарихшы ретінде дәл оның өзі құбылы­
старға қандай да бір бағамен келуі қажет деген тұжырым да
соншалықты шынайы. Саяси құндылықтарды өзінің жеке

жағымды немесе жағымсыз бағалауына белгілі бір қатынасқа
қоймай, яғни саяси мәселелерге жалпы қандай да бір баға бер­
мей, саяси тарихты ешкім де жаза немесе оқи алмайды, өйткені
онсыз, осы саладағы құбылыстарды мүлдем бағаламай, тарихи

материалды таңдауды анықтайтын құндылықтарды түсіне ал­
мас еді және сондықтан бұл материалға сондай-ақ ешқандай
да тарихи қызығушылығы болмас еді. Өнердің, діндердің,
шаруашылықтардың және т.б тарихтарына қатысты да осылай

деуге болады. Басқаларына сияқты да, көбіне бұған мүлдем
көңіл аудармайтындары өз өзінен түсінікті де: тіпті өздерінің
объектілеріне таза пайымдаушылықпен қатынасып қана қоймай,
өздерін тарихшылар ретінде таза пайымдаудың адамдарымыз

деп кәміл сенетін тарихшылар да кездеседі. Шындығында,
ол жұмыс істей отырып, өзінің көздеген ғылыми мақсатының
құндылығын мойындап қана қоймай, сондай-ақ оның, егер
өзінің тарихи объектілерінің өздерімен болмаса да, даралан­

дыра отырып, бұл объектілерді соларға жатқызатын жалпыға
ортақ құндылықтармен белгілі деңгейде байланыстылығымен
тарихшы жаратылыстанушыдан ерекшеленеді.
Бірақ тарихтың логикасына келер болсақ, онда бұл жағдай,

қанша дегенмен, көп рөл ойнамайды, өйткені ол оның
психологиялық алғышарттарына ғана қатысты болады; мұны

ерекше назарға алу керек, онсыз құндылыққа таза теориялық
қатынас ұғымын, сондай-ақ оның логикалық мағынасын
түсіндіру барысында түсінбеушіліктерден құтылу мүмкін бол­
май қалады. Тарихшының өз объектілерін бағаламай, оларды тек

құндылықтарға жатқызылуын талап ететіннің психологиялық
тұрғыда орындалуы мүмкін емес деп тұжырымдағанда Риль
осыны ғана ескереді. Логика мен психология (Қисынтану
мен жантану – ред.) арасындағы айырмашылықты барынша

айқындықпен ашқан дәл осы Риль үшін бағалауды құндылыққа
қатыстырудан психологиялық тұрғыда бөліп алудың мүмкін
еместігі мәнді болмауы тиіс, өйткені олардың психологиялық
ажырағысыздығы бұл жерде біздің қорғап отырған тарихи

ұғым теориямызға мүлдем тиіспейді, бұл теория бойынша, та­
рих ұғымы құндылыққа шынайылықты дара өңдеуді теориялық
тұрғыда қатыстырудың нәтижесі болып табылады. Дегенмен,
тарихи ғылымдардың «объективтілігі» туралы мәселе үшін

жалпы тарихтың тек бағалаушылар үшін ғана мағынаға ие
болатындығы қандай мағынаға ие болады, бұл дəйектіліктің
үстем ғылымның өзінен басқа ешқандай құндылықты мойын­
даудың қажеті жоқ, заңдарды қалыптастыратын үстемдік

етуші ғылымның немесе ғылымдардың құндылығына қандай
қатынаста болады, – барлық бұл сұрақтарды біз бұл жерде тал­
дамаймыз. Біз тек нақты өмір сүріп отырған тарих ғылымының
логикалық құрылымын айқындағымыз келеді, оның даралан­

дырушы әдістің құндылығына қатыстылығының мәнін, оның
шынында қалай қолданылатынын жай ғана сипаттауды және
бұл әдістің тарихтың мақсатынан туындайтын оны өзінің
логикалық қажеттілігін ұғынуды ғана қалаймыз.

Жоғарыда көрсетілген дəйектерді негізге ала отырып,
біз әліге дейін тарихи материалдың ерекшеліктері туралы
ешнәрсе айтқан жоқпыз және сондықтан неге біз дәл осы тарих
ғылымдарының материалын тек үстем әдіспен ғана емес, да­

раландырушы тәсілмен де өңдейміз сұраққа да әлі күнге дейін
ешқандай жауап бере алмай отырмыз. Тарих ғылымының мәнін,
ақырында, толығымен түсініп алу үшін біз бұл сұраққа да жау­
ап беруіміз керек. Өйткені, тарихи объектілердің материалдық

өзгешеліктерін тарихи әдістің формальды логикалық мәнінен
ұғуға болады.

Бұл жерде тағы да шынайылықты түсінудің құндылығына қатыстылық пен дараландырушы түсініктің арасындағы бай­ ланыс шешуші мәнге ие болады. Дәл осы шынайылықты дараландырып түсіндіруге деген қажеттілік ең алды­ мен объектілер құндылықтармен анағұрлым тығыз байла­ нысты жерлерде орналасуы керек. Егер біз ұғымдардың ғылымға дейінгі түзіліміне қайта оралар болсақ, онда оның сипаттамалық белгісі. Біріншіден, онда адамдардың басым көпшілігінде индивид ретінде қарастырылатынын, екіншіден, бұл адамдардың индивидуалдығы (даралығы) үшін олардың рухани өмірінің (Seelenleben) көрінісі болып табылатын нәрсе ерекше мәнге ие болатынын еске түсіреміз. Тіпті, одан да көп нәрсені. Шынайлықты біздің дараландырып түсінуіміз үшін адамның рухани өміріне деген қызығушылықтың үстем бола­ тыны соншалық, индивидті барлық жерде тұлға ұғымымен теңгеруге бейім тұрады және жалпы кез келген объектке дәл осындай дәрежеде абсолюттік индивидуалдық қасиеттер тән болатынын санаға сіңіру үшін біршама ақыл-ой кетеді. Тарих ғылым ретінде өзінің объектілерін таза жеке, индивидуалды құндылықтарға емес, жалпы ортақ құндылықтарға жатқызуы керек пе, егер керек болса жекелеген тұлғаларды қандай деңгейде бейнелеуі тиіс? Бұл жекелеген тұлғалардың өздерінің бүкіл жалқылығы мен өзіндігінде жалпы ортақ құндылықтарға деген қатынасының мәніне ғана байланысты болады және сондықтан ғылыми дараландыру ғылымға дейінгі дараланды­ рудан мейлінше күшті айрықшаланады. Бірақ, тарихпен адам­ дар айналысатындықтан, жалқылық пен өзгешелікті ғылыми бейнелеу басым кейіпте адамның рухани өміріне бағытталуы керек. Дәл осы негізде тарихи ғылымдар әдетте «рух тура­ лы ғылымдарға» жатқызылды. Осылайша, біз әуел бастан логикалық тұрғыда талқылаған табиғат туралы ғылымдар мен рух туралы ғылымдардың қайшылығы, енді пәндік тұрғыдан алғанда өзін ақтап алады, өйткені тарихтың материалы туралы айтқанда, физикалық пен психикалықты айырудың мәні бар. Бірақ бұл орайда үстемдік етуші әдіс пен дараландырушы әдістің қайшылығына бастапқы мағына беруге ұмтылушылыққа қарсы наразылық қызметін атқармайды, әрине. Керісінше,

егер де мұның соңғысы дараландырушы ғылымдардың ба­
сым көпшілігінде рухани құбылыстармен айналысатындығын
түсіндіре алмайтын болса, ғылымдарды біздің логикалық
бөлуіміздің хәлі нашарлайтын еді. Біз әлі де бұрынғыдай,

табиғат пен рухты айыру логикалық теорияның бастапқы бе­
кеті қызметін атқармайды және атқармауы тиіс деп есептеп
қана қоймай, тіпті біздің бұл пікіріміз дәлелденіп те жатыр деп
ойлаймыз. Өз кезегінде табиғат пен рухты айыруға дейін жете

отырып, біз енді тарихты «рух туралы ғылым» деп атағанда,
неге бұл терминнің тарих ғылымының логикалық тұрғыда екін­
ші мәндегі белгісін ғана білдіретінін және, осыған қарамастан
бұл терминнің осы ғылымның материалын мейлінше дәл си­

паттау үшін жарамсыз екендігін толығымен айқын көріп отыр­
мыз. Өйткені, біріншіден, тарихшы тек қана рухани өмірмен
ғана емес, басым көпшілігінде рухани өмірмен айналысады
және, еіншіден, психологтар сияқты әлемді өзара бірін бірі

теріске шығаратын екі салаға ыдырататындай рухани өмір мен
тәндік үдерістердің арасында осындай қатаң абстракциялық
ажыратуды жүргізудің тарихқа мүлдем керегі жоқ. Керісінше,
тарих қашанда рухани өмірден, оны тәндік үдерістермен нақты

байланыста түсіне отырып, толығымен тікелей бастан өткен
шынайылықтың элементтерінің бірін ғана көреді. Ақырында,
тарих ғылымының материалы бүкіл рухани өмір, тіпті адамның
да бүкіл рухани өмірі емес. Бірақ рухани өмірдің белгілі бір,

салыстырмалы түрдегі аз ғана бөлігі тарихшының назарына ба­
сым бейнеде қабылданады. Сондықтан тарихтың мәнін белгі­
леу үшін рух туралы ғылым ұғымы бір мезгілде әрі тар, әрі кең
болып табылады.

Рухани өмірдің бұл бөлігін шектеу үші және осымен та­
рих ғылымының материалын одан да дәлірек сипаттау үшін,
біз тағы да өзіміздің тапқан тарихи әдіс ұғымынан шығуымыз
керек және мұның барысында ұғымдардың дара түзілімінде

мәнді таңдауды анықтайтын құндылықтардың ерекшеліктерін
ескеруіміз керек. Бұлар қашанда жалпы ортақ адамзаттық
құндылықтар, басқаша айтқанда, қоғамдық немесе әлеуметтік
мүдделерге қатынасында мәнге ие болатын объектілер ғана

тарихи мәнді бола алады. Сондықтан, бөліктердің тарихи
тұтастықпен, яғни қоғаммен тарихи байланысының салдарынан

тарихи зерттеудің басты объекті жалпы одан абстракцияланған
адам емес, әлеуметтік жан ретіндегі адам болып табылады
және мұның себебі, тағы да оның әлеуметтік құндылықтарды
іске асыруға қатысуымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда, әрине,

socіetas3 ұғымын оның астарына ғылым мен өнер адамдарының
қарым-қатынас формалары да түсетіндей, кең мағынада ұғыну
керек. Егер жалпыға ортақ әлеуметтік құндылықтардың тари­
хи даму ағымында іске асырылу үдерісін мәдениет деп атар

болсақ, онда біз тарихтың басты пәні адамның мәдени өмірінің
бөліктері мен бүтінін бейнелеу болып табылады және кез келген
тарихи тұрғыда маңызды материал адамның мәдени өмірімен
қандай да бір байланыста тұруы керек деп айта аламыз, өйткені

бұл жағдайда біз оны өзінің бүкіл өзгешелігі мен даралығында
зерттей отырып, оны жалпы ортақ құндылықтарға жатқызуға
мүмкіндік аламыз.
Тарихта мәнді таңдауды анықтағандықтан құндылықтарды

жалпы орақ мәдени құндылықтар (Kulturwerte) деп атауға да
болады. Біз олармен мемлекет, құқық, өнер, дін, экономикалық
ұйым ұғымдары ретіндегі құндылықтардың сондай ұғымдар­
ының мысалында танысып үлгердік. Бұл мәдениеттің про­

гресі не екенін, регресі не екенін тарихшының шешуі тиіс
дегенді білдіре қоймайтыны өз өзінентүсінікті, өйткені бұл
мәселені шеше отырып, ол құндылыққа теориялық қатыстан
құбылыстарды практикалық бағалауға көшіп кетер еді. Оның

өзінің мәдени мұраттары оның материалдарды өңдеуінде ше­
шуші мәнге ие болмауы керек, оған құндылыққа таза теориялық
қатыстың көмегімен мәндіні мәнсізден айыру үшін, өзінің бей­
нелеп отырған адамдар мен халықтардың жалпы ортақ мәдени

құндылықтарын түсіну ғана керек. Тарихи зерттеу, алай­
да, тек мәдениет құбылыстарымен ғана шектеліп қалмайды.
Әсіресе, әңгіме тарихи оқиғалардың себептерін түсіндіру ту­
ралы болған кезде, кейде толығымен «табиғатқа» тиесілі бо­

латын объектілерді де назарға алу керек болады, яғни әдетте
құндылықтардан алшақтаған және үстем әдіспен ұғынылатын,
бірақ, мысалы, жергілікті жердің климаттық ерекшеліктері,
елдің географиялық жағдайы және т.б. сияқты даралығы да

мәнге ие болатын шынайылыққа тиесілі объекттер де назардан
тыс қалмайды. Бұл объекттер, бірақ қашанда мәдениеттің

құбылыстарымен себептік байланыста орналасуы керек, тарих­
шы қашанда оның мәдени құндылықтар үшін маңызын ескеруі
керек. Тек осындай жағдайда ғана олар шынайылықтың тари­
хи бейнеленуінен орын ала алады. Дараландырушы ғылымның

зерттеуінің өзегінде қашанда мәдени өмірдің жалқы дамуының
қандай да бір бөлігі болуы тиіс.
Мұны тұжырымдай отырып, бүгіндері жиі орын алып
отырған, саяси тарих әдісіне қарама қарсы қандай да бір

ерекше «мәдени-тарихи әдісті» қорғап бағуды мақсат етіп
отырмағанымызды түсіндірудің аса қажеттігі бола қоймас. «Та­
рихи зерттеудің шынайы аймағы» туралы мәселені логика шеше
алмайды, оның үстіне бұл мәселе тарихи әдістің мәні туралы

мәселемен мүлдем сәйкес келмейді. Саяси тарихты мәдени
тарихқа қарсы қоюдың да мәні жоқ, өйткені бұлардың екеуі
де бірдей дараландырушы әдісті қолданады. Мүмкін, мәдени
тарих өзінің бүгінгі кең таралған тар мағынасында, саяси

оқиғалардың тарихынан гөрі топтық ұғымдарды көбірек пай­
далануы ықтимал. Бірақ тарихи әдістің мәні топтық ұғымдарды
аз немесе көп қолданғанннан өзгермейтінін біз білеміз. Және
мұнан өзге, мәдени тарих шынында да, саяси тарихпен

салыстырғанда, анағұрлым «ұжымдық» болуы керектігі де әлі
белгісіз. Өйткені мәдениеттің ешқандай аймағына да жекелеген
тұлғалардың маңызы туралы мәселенің жалпы шешімін беруге
болмайды; әрбір жеке жағдайда мәселе ерекше шешілуі тиіс.

Қанша дегенмен, әдіс туралы ілімнің барлық бұл мәселелерге
қатысы болғанда, оның мақсаты тек олардың логикалық зерт­
теулермен ортақ ештеңесі де жоқ екенін тағы бір өткір түрде
атап өту. Біздің заманымыздың логикалық дилетантизмі мұнда

көптеген шатасушылықтарды кіргізіп жіберді, бірақ осы жер­
де толық талқылап жататындай, оның маңызы соншалықты
зор емес. «Мәдениет» сөзін біз бұл жерде саяси өмір жалпы
мәдени өмірдің бөлігі ретінде қолданып отырмыз. Ол жалпы

ортақ құндылықтарды іске асыру үшін тікелей мәнге ие бола­
тын объектілердің жиынтығын білдіруі тиіс. Құндылыққа осы­
лайша жалпы міндетті және қажетті қатыстырудан кейін үстем
ғылымның көрсетілген объектілерді толығымен бейнелеуге ша­

масы келмейді, олар өздерін дараландырушы әдістің көмегімен
өңдеуді талап етеді. Осылайша, тарихтың қандай мағынада

мәдени адам үшін қажет екендігін көріп отырмыз. Мәдени
адам қашанда шынайылықты жалпы ортақ құндылықтарға
жатқызады, сондықтан мәдениет өзінің жалқы дамуында қалай
іске асты деген сұрақ туындауы керек және бұл сұрақтың жау­

абын мүлдем үстемдік етуші ғылым емес, тек дараландырушы
тарих қана бере алады.
Түсініктемелер
1 В. Виндельбандтың шәкірті Э. Ласктың «Fіchtes Іdealіsm

und Gesechіchte» («Фихте идеализмі және тарих») Tubіngen;
Leіpzіg, 1902 жұмысы – оның бірінші тамаша еңбегі, онда ол
Риккерттің ізінше, даралықты (индивидуалдылықты) мәні
бойынша иррационалды деп түсіндіреді және бұл көзқарастың

бастауын И.Г. Фихтенің антирационалдық идеализмінен көреді.
Өзінің соңғы жұмыстарында ол кез-келген даралық өз бойына
иррационалдыны да (мазмұн, материя), рационалдыны да (фор­
ма) енгізетінін дәлелдей отырып, даралық пен жалпылықты

иррационалдылық және рационалдылық ретінде қарама-қарсы
қоюды сынға алады.
2 Өзінің «Les prіncіpes fondamentaux de l hіstoіre» (Тарихтың
негізгі ұстындары») Parіs, 1899 деген кітабында А. Ксе­

нопол тарихтағы құбылыстар сабақтас айғақтар түрінде
көрінеді де, қайталану айғақтарымен сипатталатын табиғат
құбылыстарымен салыстырғанда, заңдарға бағынбайтындығын
тарихтағы мәнді нәрсе деп есептеді. Дегенмен, ол тарихи

құбылыстардың арасындағы себептік байланысты және оның
«оқиғалар қатарын» құратынын теріске шығармады. Оның
тарихқа деген көзқарасы көп жағдайда Риккерттің ұстанымына
жақын болғанымен, тарихи үдерісті зерттеудегі құндылықтық

тәсілдің маңызын теріске шығарды.
3 Қоғам (лат.).
Риккерт Г. Философия истории// Науки о природе и науки
о культуре. – Москва. Республика, 1998. – С. 132-165.

Георг ЗИММЕЛЬ

ТАРИХИ УАҚЫТ МӘСЕЛЕСІ

Теориялық құрылым ретіндегі тарихтың пәні қазіргі мен
болашақтан алыста жатқандықтан уақыт оның маңызды
ұғымдарының біріне жатады. Осы құрылымның басқада
құрамдас бөліктеріне қатысты болғандықтан уақыт ерек­

ше мағынаға ие болады. Ол тарихта әрекет етеді, сондықтан
меніңше, оны мейлінше толық айқындап алған жөн.
Шындықтың мазмұны егер біз оны өзіміздің уақыт жүйесі
шеңберіндегі белгілі бір орынға бекіте алсақ қана тарихи бо­

лып табылады және оны жай ғана емес дәлдік деңгейі әртүрлі
нақтылықпен бекітуіміз керек. Көзге терең әрі кең болып
көрінетін тарихилық анықтамасынан бұл жаттанды және түсінікті
түйіннің, яғни, констатацияның маңызы әлдеқайда зор.

Ең алдымен ол әлде бір уақытта орын алған шынайы
мазмұнды тарихилыққа жатқызбайды. Азияның әлде бір жерін­
де үйінді астында қалған қызықты заттарға толы қала қонысы
табылды делік, бірақ оның стилі тура немесе жанама түрде

болсын оның тіршілік еткен уақытына меңземейді. Аталған
жағдайда өткеннің бұл сарқыншағы көп жағдайда құнды және
маңызды болғанымен, тарихи дерек бола алмайды. Ол әзірше
нақты бір уақытта емес, жалпы уақытта болғандықтан, тарихи

тұрғыда бос кеңістікте қалады. Егер, тіпті әлде бір жаңалықтан
(шындығында мұндай жаңалық мысалын келтіру қиын)
біз өзімізге таныс халықтың реликвиясы туралы сөз болып
отырғанын білсекте, бірақ оның даму уақытындағы нақты бір

орынды көрсете алмасақ, ол бәрі бір тарихи құжат болып та­
былмайды.
Құрылымдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктерінен
түсінудің шындықтың әлде бір мазмұнына тарихи сипат таңуға

қабілетсіз екендігі туындайды. Әлде бір мазмұнынды тарихи
деп тану үшін түсінудің condіtіo sіne qua non (міндетті шарт
(лат.) болып табылатындығы күмәнсіз. Мысалы, егер бізге мі­
незі таныс адамның әрекеті туралы хабар «түсініксіз» болып

көрінсе (солай болуы әбден мүмкін), біз оны тарихи факті деп
тануға қобалжимыз. Оқиғаның немесе орын алған жағдайдың
жай ғана аталуының өзі оның әзіргі тарихилық мүмкіндігін

түсінуді талап етеді, түсінбеген жағдайда ол сұрыпталмайтын,
айқындалмайтын Х болып қалады. Біз шайқас немесе канал
құрылысы сияқты оқиға, билік ету немесе өндіріс әрекеті тура­
лы айтқанда, тіпті осы бір әлде нені біз түсініксіз ретінде бел­

гілегенде міндетті түрде түсіну қамтылады.
Басында бұл өрескел болып көрінеді: дәл осы түсініктің тари­
хи шындықпен ортақ ештеңесі жоқ, бірақ уақыттан мүлдем тыс
әлде не бар. Мен апостол Павелдің немесе Мориц Саксонскийдің

сипатын түсінетін актінің Отелло мен Вильгельм Мейстердің
сипатын түсінетін актіден еш айырмашылығы жоқ. Түсіну, яғни
әлде бір бірлікті сезіну осы бірліктің тек идеальды мазмұнына
ғана тән болады, тіпті бұл мазмұн шындық категориясын

құрасада немесе осы шақтың әлде өткеннің қиялын құрасада
түсіну табысты өтеді. Мен Павелді оның тарихи шындығында
емес, керісіше мен осы шындықтан тек оның мазмұнынан же­
келенгенді және жіктелетінді ғана түсінемін. Осындай ретінде­

гі шындық тек төзеді, бірақ ешқашан түсінілмейді. Ал тарихи
уақыт шындық формасы болып табылғандықтан, түсіну одан
толық тәуелсіздікте өтеді. Біз осындай идеальды мазмұндық
байланыстан әлде бір шындық мазмұнын шығарған жерде біз

анықталған (басқаша түрде анықталған) бір шындық туралыны
басқаға көшіреміз.
Мұндай танымға түсінудің әр түрлі уақыттық қатынастарды
қамтитыны, мысалы бір құбылыстың басқасымен шартталып,

содан өрістейтіні кедергі жасамайды. Мұндай құбылыстар
тобы түсінілетін бірлікті құрайды және уақыттық қатынастың
(реттілік пен ұзақтылық) өзі түсінілетін мазмұнға айналады.
Бірақ элементтер арасындағы қатынасқа бағытталған мұндай

түсінудің бүкіл осы топтың біздің жыл санауымызда қандай
орын алатындығына тәуелсіз екені айқын. Құбылыстар тобы
оның уақытта белгілі бір орны бар екендігінің емес, онда
мазмұнның өзара шартталатындығының арқасында түсініледі.

Имманентті түсінілетін бұл фактілер тобына уақыт тарихи
уақыт болып табылмайды, ол жаратылыстанулық тәжірибеде
өлшенетін уақытқа тең және оның тәжірибе жүргізілген
календарлық датамен ортақ ештеңесі жоқ.

Мұны кейбіреулер түсіне бермейді және эмпирикалық
қарсы уәждер айтылады: өйткені, әлде бір құбылыс тек хроно­

логияда белгілі бір орын алатындықтан ғана түсінікті болады
ғой. Христианшылдықтың таралуы басқа бір уақытта емес, сол
уақытта пайда болған антикалық дүниенің рухани жағдайынан
ғана танылады, борокконың келуі тек Қайта Өрлеу өзінің

барлық күшін сарпығанда ғана мүмкін болды және т.т.
Мұның бәрі дұрыс. Бұл жағдайларда түсінілетін фактінің
алдыңғы шарттары толып жатқан түсінілетін фактілерге жата­
ды. Егер біз борокконың мазмұнын оның өзінен түсініп келсек

және бұл түсінік борокко кешенінің уақыт аралығындағы кез-
келген орын ауыстыруларында өзгеріссіз қалса, ендігі жерде
біз мәселені кеңейтіп, Қайта Өрлеуді іске қосамыз. Түсіну енді
тек тек борокконың элементтерімен ғана емес, борокконың

элементтеріменде және Қайта Өрлеу элементтеріменде істес
болады, сөйтіп түсінудің жаңа тұтастығы қалыптасады. Өзінің
ішкі, пәндік байланысында ол тағы да тарихи уақыттағы орны­
на тәуелсіз болады. Егер одан кейін Қайта Өрлеу тек алдыңғы

орта ғасырлардың қалпынан түсінілетіндей болып көрінсе,
онда өзіне өзі толымды мазмұндар тобы оларға да тарала­
ды. Бірақ бұл жағдайда даауқымы жағынан үлкен топ тек өз
мазмұны бойынша түсініледі. Ол эмпирикалық жүзеге асуы

мың жыл бұрын орын алсада мүлдем өзгермес еді. Бұл түсінуді
жақсартпайды және қиындатпайды, түсіну пәндерін (басқа
емес, осы мазмұндарды) уақыт аралығында шоғырландыру ке­
ректігін теріске шығарады.

Түсіндірілетін әрбір сәт соңғы болып табылмайды және
түсіну алдыңғыны талап етеді. Осылайша түсіну тұтастығы
шексіздікке, бізге белгілі ең ерте мазмұнға дейін созыла­
ды. Егер тарих оқиғалары себептік байланыстар қатарымен

байланысқан дегенді қабылдасақ, онда тек орын алған барлық
жалпылылыққа қол жеткізу арқылы топ жасақталады және бұл
топта кез-келген жекелікті түсіндіруге қол жеткізіледі.
Бірақ имманентті түсіну рухтың шынай немесе гипотет­

икалық жетістігі ретіндегі осындай топқа келгенде түсіну
тұтастықтары арасындағы осы уақытқа дейін болжамда­
лып келген уақыттық қатынас қайта айналып түседі. Өз
даралығында түсінілуі мүмкін деп саналып келген кез-келген

жекелік өз сипатын өзгертпей-ақ уақыт қатарындағы кез-кел­
ген жерге орналастырыла алар еді. Жалпыламалық бізге бел­

гілі мазмұндардың барлық тұтастығын қамтыған ендігі кезде
бұл мүмкін емес. Оған дейінде, одан кейінде біз үшін енді бос
уақыт қана, онда ешқандай орын ауыстыру мүмкін емес, өйткені
бос кеңістіктегі бір орынның басқасынан айырмашылығы

жоқ, сол сияқты ешқандай дене абсолютті бос ретінде ойла­
натын кеңістікте «орын» ала алмайды. Денелер өз орындары
арқылы өзара айқындалатыны сияқты, ал ар жағында олардың
орнын «анықтайтын» еш нәрсе жоқ болғандықтан барлық

тәндік әлемнің орны болмайтындығы сияқты уақытта тарих
мазмұнындарының өзара қатынасы болып табылады, ал тарих
тұтастығы уақыттан еркін.
Қосалқы жобаның конструкцияның мағынасы мен

оғаштығы тек енді ғана түсінікті болды. Соған сәйкес жеке
дара тұйықталған тарихи кешенді оның мазмұнына зиян кел­
тірмей уақыт аралығында қозғалтуға болады. Бір тұтастық
шеңберіндегі бірін басқасы арқылы түсіну тек алдын ала және

үзінділі түсіну болып шықты. Толық ауқымында ол тек осын­
дай топтың уақыттың екі бағытында да кеңеюі барысында пай­
да болады. Өйткені, біз оқиғаны оның салдарлары арқылы ғана
толық түсінеміз. Сондықтан осы жалпылама қатардағы әрбір

мазмұн үшін оның орны міндетті түрде және анық белгіленеді.
Кіші-гірім өзіне-өзі жеткілікті кешенді, егер оның элементтері
бір-бірімен тығыз үйлессе қалай болса солай қозғалта беруге
болады. Енді бұл үйлесімділік барлық өткенді толық қамтиды.

Әрине, түсіну қазірде уақыттан еркін мазмұнға назар аудара­
ды, ал олар кез-келген уақытта жүзеге аса алады. Бірақ мұндай
түсіну қолданысқа енбейді. Өйткені мұндай анықтаманың
қисынды дамуында әрбір мазмұнның өзінің жеке тобына ор­

наласуы тарихи жалпыламалыққа (тотальдылыққа) алып ке­
леді, ал онда орын ауыстыру болмайды. Пәндік мазмұн өзінің
уақыттағы сыртқы және абсолютті қалпына бейжайлықта бо­
лады, бірақ оның осындай басқа мазмұндарға қатысты алатын

орны тек оның барлық белгілі мазмұндардың тұтастығына
қатынасын белгілеу арқылы анықталады. Сондықтан өзінің
идеалық мазмұны бойынша кез-келген болмыстың немесе
оқиғаның анықтамасы оның абсолютті уақыттық қалпына

тәуелді болады.

Маған мұның шешуші маңызы бар сияқты. Біздің қолымызда
өзінің салыстырмалы тұйықтылығы арқылы түсінікті болған
оқиғалар тобы болса, онда оларды түсінуге зиянын келтірмей-
ақ қайда болса сонда ауыстыра беруге болар еді. Өзінің мамұны

бойынша бұл топ қайталанбайтын бола алар еді, бірақ ол өзінің
уақыттағы қозмағалмалығын уақиғалардың тұтас ағымындағы
бір жақты орынға айырбастамайынша бұдан оның тарихилығын
тану келіп шықпайды.

Оқиғаның тарихилығын мойындау мазмұнның өз сипаты
бойынша жалқы екендігіне еш қарыздар емес. Ол, тіпті өзінің
сапалық сәйкестігін өзгертпестен мың рет қайталансада тарихи
болып қалады. Бұл жерде әлемдік процестің бір бөлігіне тұтас

алғандағы осы процеске ортақ қайталанатын сипат әділетсіз
таңылады. Кез-келген қайталану, тіпті мәңгілік қайтып оралу
осы қайталанбастықпен шартталған. Шексіз көп фактілер саны
уақыт ағымында өз мазмұнын өзгертпей-ақ қоя алатындықтан

қайталанбастық пен индивидуальдылықтың мәні олардың
мазмұнына мүлдем қатысты емес,бірақ мазмұн уақыттағы осы
орынға тиесілі болғандықтан, ол уақыт ұғымның анықтамасы
бойынша қайталанбайды.

Тарихи мазмұн уақыт аралығындағы – барлық алдыңғы мен
барлық соңғы арасындағы – пунктті анықтаумен бірге өз си­
патына ие болады. Тек осылай ғана ол бізге белгілі қайталан
бастылыққа, атап айтқанда, әлемдік үдерістің жалпыла­

малығына (тотальдыл­ы­ғына) қатысады (барлық кемелсіздігіне
қарамастан біздің танымымыз әрқашан осы жалпыламалықпен
салыстырылады). Онда тарихи мазмұн белгілі орын алады,
бірақ ол да сапалық жағынан дара немесе қайталанатындығына

қарамастан тек жалқы ғана бола алады. Уақыттан тыстық өз
өздігінен тарихи индивидуальдылықты сипатынан айырмай­
ды, бұл үшін уақытты «белгілі» орнынан бөліп алса жеткілікті.
Тек сол ғана тарихи қайталанбастылықтың иегері болып та­

былады, тек сол ғана мазмұн индивидуальдылығын бір жақты
айқындайды.
Уақиғаның жай ғана уақыттылығы ол уақыт аралығында
анық айқындалмағанша оны тарихи қыла алмайды. Уақыттық

қатынастар физикалық және химиялық процестер әлемінде де
үстемдік етеді. Зертханада тербеліс ұзақтығы, химиялық про­

цестер, психофизикалық реакциялар өлшенгенде де олардың әлде бір уақыт көрсеткішінде шкаласында орналасқан бас­ талуы мен соңы, аралық кезеңдері белгіленеді. Алайда, бұл заттық-уақыттық тұтастық одан ерте немесе кейін орын алғанмен ешқандай байланыста болмайды. Мәселенің қойылуы тұрғысынан алғанда мұндай танымның бұл байланысқа қатысы жоқ. Бұл оқиғаның қашан орын алғандығы, яғни оның дейінгі мен кейінгіге қандай қатынаста болатыны мұндай таным үшін маңызды емес. Дәл сондықтан оқиға тарихи болып табылмайды. Бірақ аталған ғылымның дамуы үшін жаңалық маңызы бар әлде бір ғалымның жасаған алғашқы тәжірибесі туралы сөз болғанда оның жалпылық уақыт ағымындағы күйі маңызды болып та­ былады. Мұнда оның ғылымның дамуындағы алдыңғы және соңғы сатыларына қатынасы белгіленеді. Басқа сөзбен айтқанда, тәжірибедегі табиғи оқиға сонымен қатар тарихи болып та­ былды. Қарастыру тәсіліне байланысты ол әлде тарихилықсыз уақыттылыққа ие болады немесе дейінгі мен кейінгіге қатысты маңызды болып табылатын уақыт аралығындағы пункті біл­ діреді, ол жалпы алғанда әлемдік процестің тұтастығында бел­ гіленеді және сондықтан тарихи болады. Мұндай белгілену өз-өздігінен ақылға қонымды бірдеңе сияқты болып көрінеді, оны әрқашан қолданып келді, бірақ шындығында ол тарихи категориялардың айқындалуына ықпал етті. Бірінші кезекте, ұзақтылық ұғымының айқындалуына ықпал етеді. Әлде бір күйдің уақыттық ұзақтылығы тұрақтылықтың қисындық және физикалық ұғымымен сәйкес келмейді. Егер ұзақтылық ұғымын тұрақтылық мағынасында қолдаса, мұндай созылыңқылықта тарихи тұрғыдан осы немесе басқа күй бір жыл немесе он жыл созылама бәрі бір болатын еді. Ұзақтылықтың бұл ұғымы үшін индивидуальдылық, қоғамдық, мәдени кезеңнің бір сәтінің басқаларынан айырмашылығы жоқ, бұл бір қалып, онда дәуірдің басы мен соңы сапалық тұрғыда толық сәйкес келеді. Онда жалпы «қысқалау» немесе «ұзақтау» дегеннің бәріне қызығушылық мүлдем түсініксіз. Бұл жағдайда әрбір сәт мазмұнды түрде басқасына тең болғандықтан оның бұрын немесе кейін болған бірде бір сәті басқасымен салыс­ тырылмайды, сондықтан мұндай ұзақтылықтың бірде бір сәті тарихи болып табылмайды.

Біз үшін билік ұзақтылығы, конституцияның қызмет
етуі, шаруашылық формасы маңызды болғанда, біз көптеген
жалқы, бірінен соң бірі келетін оқиғаларды есте ұстаймыз.
Осы кезеңнің соңына қарай жағдайдың өзгергені соншалық

біз тек содан кейінгіден ғана бұл кезеңнің басында түсініксіз
болғанды түсінуге қабілетті екенімізді ойымызда сақтаймыз.
Егер біз үшін күңгірт дәуірден әлде бір король отыз жыл билік
құрды деген мәлімет алсақ, онда тарихи тұрғыда бұл бізге он

жыл билік құрғаны туралы хабардан артық ештеңе айтпайды.
Бұл осы қарапайым ұзақтылықты одан бұрын немесе кейін
орын алған жіктелген жалқы оқиғалардың жиынтығына ор­
наластыратын болашақтағы жаңалықтар мүмкіндігін ғана бе­

реді. Біз Ұлы Фридрихтың 1756 жылы бастаған соғыстың жеті
жылға созылғанын білсекте, егер ол бірінен соң бірі келген
түсінікті оқиғалармен толықпаса немесе осы соғыс салдарынан
туындаған еуропалық саясаттағы өзгерістер белгілі болмаса

бұл сан бізге басқасынан артық ештеңе айтпас еді.
Бізге тарихтың бөлінбейтін элементі ретінде маңызы
бар оқиға оның бөліктерінің оған сыртқы болып табыла­
тын қатардағы басқаларымен алмаспайтындығын қамтиды.

Оқиғаның уақыттық созылыңқылығы тарих үшін соншалықты
маңызды емес, ол үшін өлшемдері маңызды болып табылмай­
тын ұзақтық іс жүзінде ұзақтық емес. Мұндай оқиға тарихи атом
болып табылады және тек үшіншіге ізашар болған басқадан

кейін орын алғандығының арқасында тарихи маңызға ие бола­
ды. Оқиғаның уақыттың әлде бір пунктіне түсуі орынды рәміз
болып табылады. «Ерте-кеш» қатынасында ұзақтылықтың та­
рихи мәні жойылады, ал әрбір элемент үшін оның жай ғана

жалпы нүктелік тіршілік етуі, яғни оның осы жердегі болмысы
жеткілікті болады. Қисындық немесе интуитивті, физикалық,
физиологиялық немесе психологиялық тұрғыда біз оқиғаның
басқаларымен шартталғанын немесе олармен басқа бір бай­

ланысын түсінуіміз керек. Біз оқиғаны объективті өтіп жатқан
уақытқа осы уақыттың созылыңқылығына қатысты болуы үшін
емес, әрбір оқиға басқасымен салыстырмалы орын алуы үшін
орналастырамыз.

ІІ Бірақ бұл жерде біз өте қиын антиномияларға кездесеміз. Кезкелген тарихи атом (біздің нені білетіндігімізге немесе білгіміз келетіндігіне байланысты патшалық құру уақыты немесе соғыс, шайқас немесе оның бір үзіндісі) әлде бір уақыт бөлігін біртін­ деп толтырады. Билік ету уақыты, егер тіпті ол бізге белгілі мазмұнмен толықпаса да, объективті ұзақтылыққа ие болады. Бұл жағдайда ол тарихи тұрғыда түкке де тұрмайды, өйткені ол оған дейінгі және кейінгі нүктелермен салыстырылған болсада тарихқа тек уақыттағы нүктені ғана береді. Сонымен бірге билік етудің көптеген ішкі жақтары ұғымның басқа тұтастықтарына сәйкестендіріледі. Мұндай алшақтық бүкіл тұтас тарихқа таралады. Ол жалқы ұғымдармен белгіленетін баяндалған уақиғаларды мазмұнмен біріктірудің арқасында жүзеге асады, бірақ іс жүзінде толғанылатын оқиғада мұндай форма болмай­ ды, ол тоқтаусыз үздіксіздікте өтеді. Бұл үздіксіздік уақыттың өзімен еш бүкпесіз жапсырылған. Бұл жерде оқиға мен «тарих» арасындағы терең айырық бірден көзге түседі. Біз Жеті жылдық соғыс деп атаған тарихи картинада бостық (бос уақыт) жоқ, ол 1756 жылдың тамызынан 1763 жылдың ақпанына дейін созылады. Бірақ шындығында, тек осы уақыт аралығына созылған және соғыс шоғырландырған кеңістік шегіндегі оқиғалар ғана үздіксіз. Бұл уақыттың «та­ рихы» кез-келген жағдайда үздіксіз болады. Іn abstrakto біз нақты оқиғалардың үздіксіздігіне сенеміз: маршта немесе би­ вуакта әскерлер шайқасқа дайындалады, жекеленген сарбаз­ дар қозғалады, олар шайқасады, қашады, олардың ізіне түседі, ақырында тыныштық орнайды. Бірақ зерттеулер мен қиялдың негізінде біз шындығында ие болған тарихи картина жоғарыда көрсеткен сияқты жекеленген үзінді картиналардан тұрады. Біздің тарихты құрастыратын тәсілдеріміз осындай әрбір ұғымдық кристалдаудың төңірегінде жекеленген үдерістердің әлде бір санын жинақтайды, ал олардың тұтастығы, атап айтқанда барлық «осы оқиға» олармен араласқан оқиғалардан бөлініп шығады. Мысалы, біз 1758 жылы Фридрих Цорндорф түбіндегі шайқаста жеңіске жетті, содан соң ол өзінің ағасы Генрих­ ке көмектесу үшін Саксонияға қарай қозғалғысы келді, Хох­

кирх түбінде көп шығынға ұшырады, бірақ ойластырылған
стратегияның арқасында Генрихпен бірікті деп айта аламыз.
Бұл жерде біздің алдымызда әрқайсысы ұғымдық тұтастықты
құрастыратын төрт сәт түр. Олар бірінен бірі шығып отыратын

әлде бір қатарды құрайды, бірақ әрбір ұғымдық синтездің ере­
кшелігі үзіктілікке меңзейді. Кез-келген адам 1758 жылы орын
алған оқиғаның үзіліссіздігін мойындайды, бірақ оған таңылған
шайқас, жеңіс, жеңіліс, әскерлердің қосылуы ұғымдары

бұл оқиғаны бөліктерге ажыратады. Бірақ бұл бөліктердің
арасындағы жапсарлар басқа деңгейдегімен салыстырғанда
қатты байқалмаса да сақталады.
Біршама таңырқауға болатын жағдай қалыптасады: сәйкес

келетін шындықтар, яғни үздіксіздік нақты тарихи мазмұннан
алшақтаған абстрактілі ой формасында көрініс береді, ал сол кез­
де бұл мазмұнның картиналары оны шындыққа жат «оқиғалық»
формада көрсетеді. «Цорндорф түбіндегі шайқас» сансыз көп

жалқы оқиғалардан құралған ұжымдық ұғым. Әскери тарихтың
әрбір шабуылы, бекініс, эпизоды, әскерлердің орын ауыстырула­
ры сияқты жеке оқиғаларын танумен қатар ол бізді «шындықта
болғанға» жақындата түседі. Бірақ осы шайқастың ұғымы

соншалықты жекеленеді (атомизацияланады) және үзіліссіздігін
жоғалтады. Үзіліссіздік тек барлық осы атомдар арқылы иде­
альды тізбекті өткізетін, осы атомдар үстінде қалықтап жүретін
априорлы біліммен беріледі. Аталған жағдайда мұндай тізбекті

«шайқас» ұғымы береді – біз оны осы сөзбен белгілейміз. Біз
әрбір атомды нақты бір дифференцацияланған ұғымға келтір­
генше, оның өзі алдыңғы мен соңғылардан оқшауланады. Біз
анағұрлым қысқа үзінділерді көбірек танимыз, ал олардың

арасында толтырылмаған кеңістіктер пайда болады. Олардың
тарихи білім үшін құндылығы нөлге тең деуге болады. Тек
ұғымға келтірілгендер және тарихи мазмұнның тұтастығы
ретіндегі маңыздылар ғана өмірлік формаға, ой толғанысынан

өткен шындық – үзіліссіздік формасына ие болады. Біз осындай
тұтастықтың уақыт аралығында бір-бірінен алшақтаған жалқы
бөліктерін анықтап, белгілесек болды ұғымдармен белгіленген
бөлшектердің өздері-ақ тұтастыққа айналады.

Мысалы, «Ұлы Фридрихтың билік етуі» көз алдымыздағы
басталуымен және соңымен тұтастықты құрастырады. Бірақ

тарихи сана осы ұғыммен белгіленген – оның соғыстарына,
Пруссиядағы шаруашылық саясатына, оның француз рухына
және прусстық жер құқына деген қатынасына келгенде осы
элементтердің әрқайсысы қоюланып, өз орталығына тарты­

ла бастайды. Оның басқа элементтермен үзіліссіз байланы­
сы тек өзіндік интерполяцияның арқасында ғана сақталады.
Соның көмегімен жанды үзіліссіз процесс идеясы бостықты
толтырады. Бірақ осылайша алынған өмір картинасы, өзінің

сипаттылық нақтылығынан жоғары көтерілуге тиіс жалқы эле­
менттермен салыстырғанда басқа анағұрлым жоғары абстрак­
тілік теориялық-танымдық деңгейде болады.
Бұл жағдай одан әрі кете береді, Жеті жылдық соғыс

тұтастықтан шайқастарға, жорықтарға, келіссөздерге бөлінеді;
әрбір шайқас өз кезегінде кезеңдерге және т.б. бөлінеді. Бұл
үдеріс орын алған уақиғаның атомарлы құрылымына дейін
жетуі керек еді. Сонда біз бір сәттік суреттерді алғандай бола­

мыз, олардың әрқайсысы басқасына жақын жайғасады. Бірақ
әрқашан интервал қалып отырады және оны соңына дейін тол­
тыру мүмкін емес. Мұндай тұрақты толықтырулар индивидті
оның нақтылығын шарттайтын бейнеліліктен айырар еді, ол

тарихтың жалқы элементі ролін жоғалтып алар еді. Жекелен­
ген нүктелерді шексіз көбейтумен үздіксізті алмастыруға бол­
майтыны сияқты уақыт ағымымен дәлме дәл қабыстырылған
үзіліссіздікке қол жеткізу өте қиын.

Жанды шындық ағымын тарихи танымға жұлым-жұлым
қылмай енгізу үшін біздің «жеткілікті білмейтініміз» ше­
шуші роль атқармайды. Тарихи танымда толғанылғанның
үздіксіздігін көшіріп ала-алатын форма тіптен жоқ. Бірақ соған

қарамастан неғұрлым көп «білсек», яғни ұғымдық тұтастық
ретінде сипатталған нақты суреттемелер бізде қаншалықты көп
болса біз бұған қол жеткізе аламыз. Өйткені өтіп жатқанның
үздіксіздігін біз тікелей және өзіміздің тіршілік етуіміздің

формасы ретінде айтпай-ақ толғана алсақ, онда біз қалай
болғанда да тарихи оқиғаға терең бойлауға қабілеттіміз. Бірақ
әрбір осындай тұтастыққа біз неғұрлым мамандандырылған,
анағұрлым дәл танымдық функцияларды қаншалықты қолдана

алсақ соншалықты ғана терең бойлай аламыз. Олар тұтастықты
үзікті құрылымдарға бөледі, одан арғы таным оны дәл осылай­

ша бөліп, өміршеңдігінен айырмайынша олардың әр қайсысы бастапқы да үздіксіз ұзақтық ретінде пайымдалады. Бұл тым алысқа кетуі мүмкін, сонда атомдар тарихи болу үшін олар­ ды жалпы ағымға біріктіру мүмкін болмай қалады. Олардың мазмұнын басқалармен ұғымдық біріктіру үшін атомдардың кванттық мағынасы тым жеткіліксіз. Егер осы соғыстың өзі ондағы әрбір ұрыс өз орнын алса, ал соғыстың өзі ХҮІІІ ғасыр саясатында өз орнын алса, атомдар сияқты оқшауланған Жеті жылдық соғыс шайқастары тарих бөлшектері бола алады. Бірақ біз басқа жағынан қарасақ, егер Ку­ нерсдорф түбіндегі прусстық және австриялық гренадерлардың қоян-қолтық жекпе жегінің біріне назар аударсақ, онда ол та­ рихи құрылым болып табылмайды, өйткені бұл жекпе жек Лейтен немесе Лигниц түбінде де орын алар еді. Тіпті біз егер 1759 жылғы 12 тамыздағы орыстардың, австриялықтар мен пруссактардың әрбір тәндік және жани қозғалысының әрбір ерекшелігін білсекте, бірақ фактілердің тізбектілігін білдіретін ұғымдар оқиғалардың уақытша кеңістігін біріктірмесе онда бұл тарихшыны мақсатына жеткізбейді. Өйткені ол барлық осы жекеленген деректер туралы білімді емес, оларды біріктіретін анағұрлым жоғары деңгейдегі құрылым – Кунерсдорф түбіндегі шайқас туралы білімді аңсайды. Кез-келген прусстық және австриялық гренадерлар арасын­ дағы ұрыс шайқастың қажетті бөлігі болып табылғанымен тарихи қызығушылық шеңберінен шығып қалады, басқаша болғанда үздіксіздік ыдырап кететін еді. Индивидтің қайталанбас тұтас тағдырын уақиғалар жиынты­ ғына жіктеуге болады, олардың әр қайсысы жиі қайталанатын бірдеңе болып табылады. Уақыт аралығы тым қысқа болса, оның ерекшелігі де тым аз ғана болады. Өте ұсақ бөлшектердің қозғалысы жалғыз ғана шындықты құрайтын атомистік дүниетаным индивидуальдылық мәселесін қоя да, шеше де ал­ майды. Осылайша құбылыс уақыт аралығында белгіленгенде оның индивидуальдылық сипаты жоғалады да ол тарихилыққа ай­ налады. Әрқашан болмаса да бұл жиі-жиі элементерге ыдырау арқылы және олардың машықтануы арқылы жүзеге асады және көп жағдайда олар затарды танудағы дәлдіктің артуы ретінде, «олар шындықта болған ретінде» қарастырылады.

Соған сай «азаю шегінің» болатындығы туралы айтуға бо­ лады. Әрбір жауынгердің бұлшық етінің жиырылуын білу біз­ ді басталуы мен соңын уақыт аралығындағы образда біріктіріп тұрған оқиғаның тұтас өміршеңдігін жоғалтуға алып келеді. Индивидуальдылықты уысынан шығармай ұстап тұру үшін тари­ хиэлемент жеткілікті дәрежеде ауқымды болуы керек, сол арқылы барлық басқаларының «ертелі» немесе «кешіне» шығуға болады. Сондықтан тарихи таным үздіксіздігі оқиғалар форма­ сын қабылдағанымен нақты пайымдаулардың жалқылығымен толықпайтын созылыңқы бірліктерді анықтау мен осы жалқылықтың арасындағы тұрақты ымырашылық (компро­ мисс) арқылы жүзеге асады. Ал бұл жалқылық ғылым үшін тек хронологиялық нүктені ғана білдіреді және сол арқылы идеаль­ ды үздіксіздікті нақты болып жатқанннан ажыратып алады. Осы терең антиномияда мен тарихи таным теориясы үшін іргелі деп санайтын бір мәселе айқындалады. Болып жатқан жағдаяттан тарих қалай туындайды. Өмір тарихилықтың ру­ хани пішімін қабылдаған кезде, оқиғаларды «шындықта олар қандай болса солай» бейнелеуге тырысатын тарихи реализм де, сондай-ақ шындық пен шындықты тану бірдей, барды бұрмалауда біржақтылық танытатын идеализм де өзі туралы мәлімдейді. Бір жағдайда мазмұнға зиян келсе, басқасында үздіксіздік зиян шегеді. Соған қарамастан мен толғанылатын өмірмен және біз тарих деп атайтын оның кейпінің өзгеруінің арасындағы өрбіген қарамақайшылықты шешілмейтін мәселе деп атамас едім. Олардың өзара жаттануы соңғы инстанциядағы метафизикалық алдын ала шешілгендікке емес, таным теориясына тиесілі сияқты. Қайткенде де тарихта өмірдің көрінісі мен ісі ғой, өмір дегенде ол өзін қарамақарсы қоятын өмір, өйткені өмірдің өзіне қарсы көтерілетіннің өзі де – өмір формасы. Тарихи реализм «шындықты ол қандай болса сол күнінде» көшіріп бейнеленетін өмірлік мазмұнда емес, тарих үшін болмай қоймайтын өмірге қатысты басқа болмыстың осы өмірдің өз заңдылықтары бойынша өтетіндігінде. Зиммель Г. Проблема исторического времени// Избранное. Т. 1. Философия культуры. – Москва. Юристъ, 1996. – С. 517-529.

ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бұл кітапта біз тарих деп атайтын теориялық түзілімдер шы­
найы өмірдің күнделікті материалдарынан қалай қалыптасады
деген мəселе қарастырылады. Біз бұл түзілімнің аңғырт сана
ойлағанынан анағұрлым түбегейлі екенін көрсетуге ұмтыламыз.

Сондықтан бұл кітапта тарихи реализмге сын айтылады, ол
үшін тарих ғылымы – болып жатқан құбылыстардың дәл бей­
несі, «шындығында оның қандай болғаны». Осылайша тари­
хи реализм өкілдері шындықты бейнелейміз деп оны қалайша

стильдеп жібергендерін байқамай қалған өнердегі реализмнен
де үлкен қателік жібереді. Егер табиғатқа қатысты танушы
рухты қалыптастыратын күшті жалпы барлығы яғни барша­
сы мойындаса, тарихта мұны түсіну қиындау, себебі оның

материалының өзі рух болып табылады; ол өзінің одан әрі
қалыптасуында тарихты, осы процесте әрекет ететін категори­
яларды жасағанда, олардың жалпы тәуелсіздігі, материалдардың
олардың талаптарына бағынуы жаратылыстанудағы сияқты

материалдан айқын ажыратылмайды. Сөз тарихи танымның
жекеленген жағдайда емес, априорлығы туралы болып отыр.
Орын алып отырған уақиға толықтай, оқиғаның сандық
қоюлануымен тарихи ғылымда қайталанады дейтін тарихи

реализмнен айырмашылығы, бұл жерде канттық мағынадағы
тарихтың болуы қалайша мүмкін деген сұрақтың заңдылығы
дәлелденеді. Канттың табиғат қалайша мүмкін деген сұрағының
дүниетанымдық құндылығы Меннің табиғатқа осы қатынасы

арқасында қол жеткізген бостандығында; өйткені, Мен
табиғатты өзінің түсініктері ретінде түзеді және табиғаттың
жалпы түзімдік заңдары біздің рухымыздың формаларынан
басқа ештеңе емес. Табиғат болмысы біздің тəуелсіз Меніміз­

ге бағындырылған. Бірақ шынында оның еркіне және осы
еркіндіктің индивидуальды тербелістеріне емес, оның болмы­
сы мен осы болмыстың қажеттіліктеріне бағындырылған, алай­
да олар оған сыртқы заңдылықтардың әсерінен орын алмайды,

керісінше оның тікелей өмірін құрастырады.
Бұл қазіргі адамға қауіп төндіретін екі жағдайды – табиғат
зорлығы мен тарих зорлығын жояды. Олардың екеуі де еркін
жеке тұлғаны тұншықтырғандай болған еді. Бірі – құлап келе

жатқан тас және шығып келе жатқан сабақ сияқты жанды

көзсіз мәжбүрлеп көндіруге бағындырса, басқасы жанды тарих
арқылы өтетін әлеуметтік жолдардың қиылысу нүктесіне ай­
налдырды және оның барлық нәтижелілігін тайпа мұрасының
үстемдігіне батырып жіберді. Біздің табиғаттағы құлдық

эмпирикалық тіршілік етуімізге Канттың уақытынан бастап рух
автономиясы үстемдік ете бастады: біздің санамыздағы табиғат
көрінісі, оның күштерін, оның жан үшін не екендігін түсіну
жанның өзін тану болып табылады.

Бірақ, кейіннен Менге табиғат таңған бұғаулар үзілгенде,
олар рухтың өз бұғауларына айналды; тұлға рух тарихы бо­
лып табылатын тарихқа сіңіп кеткенде, тұлғаға қатысты
тарихтың қажеттілігі мен үстемдігі бостандық болып көрінген

еді, шындығында нақты берілгендік ретіндегі, шындық ретін­
дегі, тұлғадан тыс күш ретіндегі тарих, Меннен тыс бола
отырып, табиғаттан күші кем емес зорлық болып табылады.
Шындығында бөтенің бұғауы болып табылатынды бостандық

деп санау қызығушылығы бұл жерде тым жұмсақ әрекет етеді,
өйткені бізді шырмап алған нәрсенің субстанциясы біздікімен
бірдей. Кант жүзеге асырған табиғат билігінен азаттық алуды
тарих билігіне де тарату керек. Мүмкін мұны сол танымның

сыны іске асырар, соның нәтижесінде рух, біз тарих деп атаған
рухани болмыс бейнесіне, тек соған, танушыға тән категориялар
арқылы егеменді форманы берер. Танылатын адамды табиғат
пен тарих жаратады, ал танушы адам табиғат пен тарих жара­

тады. Тарих сапасында өзінен әрбір Менді шығаратын барлық
рухани шындықтың сезілетін формасының өзі рух өзін көретін
қалыптасу ағынындағы жасақтаушы Меннен шықты, ол өз
жағалауларын және өзінің толқындарының ырғағын белгіледі,

тек сол арқылы оны «тарих» етті. Қалыптастырушы нәтижелілік
болып табылатын бостандық рухын табиғатты зерттеу бары­
сында Кант жүрген жолмен жүре отырып, тарихилықта сақтау
осында ұсынылған зерттеулердің ерекшелігін айқындайтын

әмбебапты тендециясын құрайды.
...Тарих философиясы туралы мəселеге
Мұнда ұсынылған еңбектер менің «философия тарихының
мәселелері» атты кітабыма қосымшалар болып табылады (Aufl.

Leіpzіg, 1907). Олардың міндеттері – бірқатар пункттерде осы

кітаптыі бағытын жалғастыру, ұзақ уақыт бойы тарихи зерт­ теулер қолданып келген және солардың арқасында ғана осы зерттеу мүмкін болған алғышарттарды ғылыми сана деңгейіне дейін көтеру. І Тарихты тану теориясының іргелі мәселелері мынадай: нақты оқиғалардан біз тарих деп атайтын ғылыми құрылым қалай жасалады. Бұл құрылымның эмпирикалық және дәл си­ патын сынсыз, механикалық тұрғыда түсінгенде, әдетте осы құрылымның тұрақтап қалуы үшін нақты өмірге қаншалықты өзгертулер, сезімдер, қосымшалар қажет болғанын ескере бер­ мейді. Осы ойларды негіздеуге біздің осы жерде солар арқылы біздің өзіміздің бейнелеріміз жасалатын категориялардың та­ рихи образдар алынатын категориялардан айырмашылығын қарастыру жатады. Ең алдымен, бөтен өмірмен салыстырғанда өз өміріңді тану өзіндік қарама-қарсылық екенін айта кету керек. Кез келген адам басқа адамға, тіпті өзіне жақын адамға қарағанда өзін мың есе жақсы, өзі туралы мың есе көп біледі. Дегенмен басқа бізге ешқашан біз өзімізге жиі көрінетіндей, соншалықты жұлым-жұлым, соншалықты ыдыраңқы, іштей байланыспаған болып көрінбейді. Еріксіз барлық түсіндірмелерді, қайта түсіндірулерді, өтулерді, және қосымшаларды жасау үшін біз өзіміз туралы өте көп білеміз, олар адамзат өмірі туралы суреттемеден тұтастықты жасауға мүмкіндік береді, ал басқалар туралы біз тым аз, олардан бай­ ланысты бейне жасауға қажетті дәрежеде ғана білеміз деген парадоксальды ұйғарым пайда болады. Қарама-қарсы сияқты болып көрінгенімен, шын мәнінде осымен байланысты болып табылатын тағы бір айырмашылықөзіміздің және басқалардың тарихи көрінісі бар. Өз тіршілігімізді сезінетін үзіліссіздік, ұзақ дайындық, іс-әрекеттің кең өрісі, өз өміріміздің мазмұнын баяу жоғалту, ағымдағы уақыттың саналы түсінілген және сезінілген сәттермен толығуыосының бәрі өз өмірімізді ретроспективалы шолғанда айқын рельефті суреттерді жасауға кедергі келтіретін сырғанау мен ағымдылықты береді. Тарихи санадағы тұлға бейнесінде маңызды немесе жалпы көзге түскен сәттер тым

көп айтылғандай, белгілі бір дәрежеде маңызды еместен неме­ се онымен кездейсоқ байланысқаннан, бастан өткеннің барлық құлақта қалғандарынан оқшауланғандай болады, шыңдардың өзіне тән асқақтығы оларды бірқалыптылыққа ауыстырады. Тек ұйқы ғана үзетін толғаныстардың үздіксіздігі, актуальды мазмұнның басқа да мазмұндармен психологиялық және фак­ тілі жанамаласуы (бұл мазмұндар уақытқа ілесе отырып, соған әкеледі немесе одан алып кетеді) өз өміріміздің көріністеріне және оның сезімдік реңіне тарихи құрылымдарға үйлеспейтін, оның құндылықтарына ауысатын өзар тең әлдеқандай сипат береді. Онда біздің өміріміздің мазмұнды дамуы мен уақыт формаларының паралелизмі, олар субъективті санаға қалай берілсе де, бұзылуы тиіс; тарихи тұлға оның болмысының маңызды, жоғарғы пунктерінің оқшаулануы арқылы ерекше құрастырылған, дискретті уақытта өмір сүреді. ІІ Мәдениет дамуы біртіндеп немесе жұлқыныстар арқылы жүрме, бұл сұрақты объективті түрде шешу мүмкін емес. Біздің анықтай алатынымыз, ешқашан шынайы сырғанауды құрастырмайды; бұлтек жекеленген пункттер, олардың қатарды құрайтын себебі, бақылаушы рух үздіксіз санада бірінен екіншісіне қарай қозғалады. Екінші жағынан, зерт­ теу бір қатардағы екі фактінің арасындағы арақашықтықты ең кем ретінде, оның жолы бұл арақашықтықты кемітуге апа­ рады, әрбір рухани акт үшін оған уақыт аралығында ізашар болатын фактілердің көп болатындығын және осы актіні іске асырған элементтерді (бұл элементтер оның іс-қимылының оригинальдылығын бастапқымен тығызырақ байланыстыра­ ды) қарастырмайды. Бірақ бұл оригинальдылық қаншалықты минимальды болсада, оны көрсететін масштаб минимальды болғанымен ол тым еркін, бұл қалай десекте секіріс, тіпті, егер ол онымен тек синтезде ғана тіршілік ете алсада ол бұрынғы мен қазіргіге үзіліссіздіктен тыс қосылады. Бұл жерде үзіліссіздікті немесе үзіктікті атап өту еркін немесе мақсатқа сай таңдаудың ісі, тарихты оның құбылыстарының ұқсастығы тұрғысынан да, ерекшелігі тұрғысынанда бірдей ақтап қарастыруға болады. Кім үшін істің мәнісі мәдениеттің фактілі мазмұнында болса, назары оның иегерлеріне ауғаннан, (өйткені индивидуалдылық

анағұрлым дәл айқындалған, оның құрамдас бөлімдеріне ыдырамаған суреттемені береді) айырмашылығы ол дамуды үзіліссіздік ретінде қарастырады. Екінші жағынан, тек тұлғадан ғана үзіліссіздікті байқауға болады, оған фактілер ешқашан жете алмайды. Өйткені алғашарттар, жаңалықтар, іс-қимылдар олардан жаңа нәрсе шығуы үшін мәдениетте ғана байланысады ғой, содан кейін ғана олар дайын, жеке, ештеңемен байланыспаған факт сапа­ сында көрініс береді. Алайда, заттармен салыстырғанда өзінің ұштастығынлағы тұлғалар анағұрлым дискретті, өйткені заттар қисындық қатарда реттеледі, ал жандар оған бағынғысы кел­ мейді, себебі оларда қисындық танылатынмен қатар басқада мыңдаған элементтер бар және әрбір жан тұтастық ретінде басқа еш нәрсемен салыстырылмайтын құбылыс болып табы­ лады. Бірақ жеке тұлға үзіліссіз әлде не және осы арқылы ол тарихи берілген элементтерді осы тұлға жасағандарға сәйкес жанамалайды. Бірақ бұл жерде де сұрақ бар. Үзіліссіздік немесе дискреттік объективті шешімге мүмкіндік бермейтін альтернатива болмай ма. Ал назар фактілік мазмұнды жасайтын тұлғада орын алған процестерге немесе қисындық-фактілік мағынасындағы осы процестің өзіне бағытталама осыған байланысты даму ана не мына ұғымға сәйкестендіріледі. ІІІ Біз салт деп атайтынымыз, әлеуметтік өзара қатынасқа қарама-қарсы келеді. Егер өзара әрекеттесуге бір уақытта тір­ шілік ететін индивидтер қатысса, біріншісінің іс-қимылы не­ месе квалификациясы екіншісінің арқылы, басқасынікі біршісі арқылы анықталса (екі ауыр материя массаларының қозғалысы бір-бірінің қозғалысын анықтайтыны сияқты), қоғамдағы дәстүр бұған қарсы әрекет етеді. Оған қозғалыстың бағытталғаны, осы қозғалысқа себеп болғанға қарсы әрекет етпейтіндігі тән. Дәстүр бір бағытта жүргенде, өзара іс-әрекет басқа жаққа жүреді. Барлық шынайы қоғамдық өмір – онда болып жатқан осы қозғалыстың екі бағытының араласуы. Біреуінің екіншісі­ не, ал екіншісінің соған жасаған әрекеті индивидтерді олардың біріккен болмысында байланыстырады және дәстүр деп ата­ латынмен үнемі қиылысып отырады, дәстүрде белгілі бір

мазмұнды бір индивид басқасына көшіреді, бірақ оның тара­
бынан қарсы әрекет туындамайды. Бұл қоғамды оның ішкі мәні
бойынша нағыз тарихи құрылмға айналдырады, яғни енді ол
тек тарихтың пәні ғана емес, онда өткен әлі де болса пәрменді

шынаылыққа ие болады, қоғамдық дәстүр формасында өткен
қазіргіні анықтайдың негізіне айналады. Бұл жағжайда біздің
алдымыздағы нәрсе бір қатарлы әрекеттер, алдыңғысындағы –
өзара әрекеттесу, қоғам өмірі ослардың екеуінен де құралады.

Дәстүрдің өзара әрекеттесуді білдірмейтіндігі уақыттық фор­
мамен қатар, дәтүрде бір адамның екіншісіне таза жеке ықпалы
мүлдем констатацияланбайтындығымен, мұнымен дәстүрдің
мәнінің сарқылмайтындығымен түсіндіріледі. Оның мәні – объ­

ективті рухани бар мазмұнның идивидтер қатарына берілуін­
де. Өзара әрекеттесуде әрқашан солай болатыны сияқты біреу
басқаға өзін емес, әлде бір түрде тұлғадан ажыраған мазмұнды
береді. Дәл сондықтан, бұл жерде әрекет бағытталғанның қарсы

әрекеті байқалмайды. Дәстүр таңқаларлық және дәл айтқанда,
адамзаттың барлық мәдениетті мен рухани өмірін құрастыратын
құбылыс болып табылады. Сол арқылы ойлаудың, іс-қимылдың,
жасап шығарудың және сезінудің мазмұны өзінің бастапқыдағы

иегеріне қатысты тәуелсіз бола алады, ол оны материалдық
бұйым сияқты әрі қарай береді.
Бұл рухани өнімнің оны жасаған адамнан азаттық алуы.
Егер тіпті, бұл өнім таза рухани болса да, егер ол тек ілімдерде,

діни идеяларда, сезімдерді таратуда немесе сезімдерді жеткізу­
де ұялансада – ол мәдениет дамуының шынайы шарты. Өйткені
мәдениет ең алдымен, адамзат жетістіктерін жинақтауға
мүмкіндік береді, жоғары да айтылғандай, адамның тек ұрпақ

қана емес мұрагер екендігіне алып келеді.
Дәстүр қоғамдағы рухани-субстанциялдының иегері, ал
өзара әрекеттесу ең алдымен, функционалдық бастау – бірақ
олардың астарласа-араласуы өте қызық, адамдар арасындағы

функционалдық өзара әрекеттесу субстанционалдық нәтижелер
береді, ал олар өз кезегінде одан әрі беріледі. Бірігудегі мұндай
бірқатарлылық, әрекетшіл субъектіні басынан-ақ одан арғы про­
цестен шығарып тастау (өйткені ол қарымта қимыл жасамайды)

мұралану ұғымына сәйкес келеді. Мұралану – рухани салада
дәстүр деп аталатынның физиологиялық немесе экономикалық
формасы.

Қоғамдық өзара әрекеттесудің бір-бірімен қатар өмір
сүретін индивидтердің арасында байланыс орнататыны, ал бұл
байланыстың арқасында олардың қоғамға айналатыны тәрізді
мұралану мен дәстүр бірінен соң бірі келетін ұрпақтардан топ­

тар мен адамзат тектерін қалыптастырады. Мұралану мен дәстүр
ұзақтық өлшемі бойынша, ал өзара әрекеттесу көлемік өлшемі
бойынша бірігуге әкеледі. Қоғамдық өмірдің маңызды тарихи фор­
маларын бір жағынан, мұралану мен дәстүрдің байланысуының

әр түрлі қатынастары арқылы және басқа жағынан, кеңейген
өзара әрекеттесу арқылы сипаттауға болады.
Мысалы, бұл синтездің өзіндік түрі тәрбие болып табылады.
Бір қарағанда, үлкен ұрпақтың жас ұрпақты тәрбиелеуі дәстүрге

негізделген сияқты. Ол нормаларда, өмірлік ережелерде, при­
нциптерде бекітілген немесе таза жеке тұлғалық тәжірибеде,
жеке адамның мақсаты мен сенімінде ұяланған нәтижелердің
келесі ұрпаққа берілетінін білдіреді. Бұл аспектіде тәрбие шын

мәнінде дәстүр болып табылады.
Бірақ тәрбиенің тәрбиелеушілерге де қарымта әсер ететінін
теріске шығаруға болмайды. Берілген материалды немесе
тәрбие формасын жас ұрпақтың қалай қабылдайтынына, аға

буын ұрпақтың жүріс-тұрысын қалай өзгертетініне байланысты
тәрбие тарихындағы прогресті тәрбиеленушінің тәрбиелеушіге
қарымта әсер ету күші бойынша бағалауға болатын сияқты.
Тәрбие қаншалықты кескінді, консервативті, шектеуші бола­

тын болса, ондағы тек алға сүйрелеуші элементте күштірек
болады. Дәстүр алдыңғының соңғыны қалыптастыруы ғана.
Нәзіктіктің, индивидуализацияның, мәдениеттің өрістеуіне
байланысты тәрбиелеушінің өзі тәрбиеленеді. Басқа сөзбен

айтқанда ол тәрбиелеу процесіне шәкіртпен өзара әрекеттесуді
енгізуге қарсылық жасамайды, әрбір міндеттің шәкірттің типті
индивидуалдық сипатына сәйкес қойылатындығына бейім­
деледі. Бұл бұрынғыдағы тәрбиенің субстанциясы болып та­

былатын ұстаздың «беделіне» қайшы келеді, ендігі жерде ол
тәрбиенің тек техникасы қызметін атқаруы тиіс.
Басқа жағынан алғанда, прогресс тәрбиеленушінің өзі
тек белгілі бір интеллектуалды немесе моральдық матери­

алды беруші ғана емес, белгілі түрде білікті адам болып
табылатындығында. Тәрбиеленушінің тәрбиелеушіге тигізетін
қарымта әрекеті одан арғы тәрбиелеудің сипатын айқындайды,

осылайша кері бағыттағы қозғалыс туындайды, ал бұл бұрынғы тәрбиеде беделдің бұзылуы ретінде бағаланған болар еді. Бас­ тысы, тәрбие эволюциясы өзара әрекеттесудің ос күшеюінде, бұрынғы тәрбиедегі негізгі элементтің ұзақтық өлшеміне осы қосылымда, көлемдік өлшемде орын алады. ІV Әлемдегі табиғатты қарастырғанда бір жағынан, ешқандай жаңа нәрсе байқалмайды, тек қана материалдар мен қуаттың мәңгілігі, анағұрлым кейінгіні тек оның ертедегі эквиваленті арқылы түсінуге бар, түсініктілік теңдікте көрініс табады. Екін­ ші жағынан, әлемде тек жаңа ғана бар, бір форма басқасымен толық сәйкес келмейді. Таным айырмашылықты анағұрлым дәл анықтауға бағытталған, әлемдік процесс форманың үздіксіз өзгеруі болып табылады. Тарихи тұрғыдан қарағанда, табиғатқа деген бұл екі көзқарастың өзара бөтендігі үлкен бірлікті құрады. Тарихи құрылым – сол бір қайталанбастықтың тарихилық сапа­ сында өткеннен шығарылуға тиіс болған нәрсесі, яғни онда тек бұрынғыға эквивалентті болып сақталып қалған элементтердің өзгеруі орын алады. Тарихи тұрғыда, болмыстың өзін-өзі сақтауы мен өзін өзі өзгертуі табиғатпен салыстырғанда басқа, анағұрлым тығыз синтезде жүзеге асады. Алайда, табиғилықтан түбегейлі ерекше, тарихи элементтер­ ге өзіндік сипатта болатын эквиваленттілік түрлі бар: рухани эле­ менттерді бір индивидттің екіншісіне беруі. Тек бұл процестің мәні анағұрлым бұрынғы құбылыстардың соңғыларына шы­ найы сәйкес келуінде, ал сол уақытта физикалық қуаттың орын ауыстыруында біз өз мазмұны бойынша мүлдем өзгеше кванттық қуаттың санаулы теңдігімен істес боламыз. Басқа жағынан алғанда, келесі процесті индивид Меннің біртұтас пунктінен шыға отырып тұтастай өз өнімділігінің динамикасы бойынша іске асырады. Мазмұнның бара-барлығы мен оның функционалды өнімдерінің спонтандығы бір-бірінен батыл алшақтайды және дегенмен де физикалық актіде аналогы жоқ бірлікте әрекет етеді. Зиммель Г. Проблемы философии истории// Избранное. Т.1.Философия культуры. – Москва. Юристь, 1996. – С. 530-537.

Эрнест ТРЕЛЬЧ

ТАРИХШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ

МӘСЕЛЕСІ

Вильгельм Дильтей мен Вильгельм Виндельбандты
еске алуға арналады.
Алғысөз
1913 жылы өзімнің «Шығармалар жинағымның» екінші то­

мына арналған алғысөзімде қазіргі рухтың пайда болу тарихы
бойынша менің еңбектерімнің дайындалып жатқан жинағы
жөнінде хабарлаған болатынмын. Алайда, оларды әлдебір
тұтасқа дүние етіп біріктірмек бола отырып, оларды қайта

өңдеумен неғұрлым көп айналысқан сайын, соғұрлым осының
таза тарихи тақырып емес екендігіне және тап осындай бола
алмайтынына, қашанда мүмкін немесе лайықты жалғастыру
туралы ойды өзіне қосатынына анық көзім жете бастады.

Сондықтан, бұл тарих философиясының тақырыбы, менің
ғылыми мүдделілігімді туғызады. Ендеше, өз жұмысымда
маған тарих философиясының негізгі сұрақтарына түйінделуге
тура келді, ал аталып өткен қайтадан өнделген зерттеулердің

жинағын төртінші томға ауыстырдым. Сондықтан бұл том, мен
бұрын жартылай жариялаған жəне жаңа жұмыстардан құрылып,
келесісі осы томда жасалып, шығарылған жаңаларына
бағыныңқы болады. Біреудің орнына екі жаңа том пайда бол­

ды, олардың біріншісінде ұғымдық негіз беріледі, ал екіншісін­
де мен тарих философиясы деп есептей алатын материалды
түрде баяндалады. Яғни бірнеше жылдардан кейін, екінші том
біріншісінің артынан ілесіп шығады1.

Әрине, сол арқылы мен ұлы авторлармен – Вольтер мен Гер­
дерден Конт пен Гегельге дейін – қауіпті көршілікте болатыным­
ды білемін. Алайда, бұл мәселенің тартымды билігі соншама зор
және адам қызығарлық болғандықтан, тіпті ұлы беделдермен

бәсеке алдындағы үрей, – ал кімдер өз фетиштерін соққыға
алуға дайындар үшін олар тап осындайлар, – ойластырылғаннан
шошымауы керек. Оның үстіне бүгін тарих және философия та­
рапынан алғышарттар соншама өзгергендіктен, бұл мәселелер

қайтадан қойылуға міндетті. Алайда, осыған қарамай, ұлы

шеберлермен байланыс жеткілікті тығыз болып қала береді.
Сонда да мәселенің жылжуы тым анық: табиғаттың, рухтың
заңдарына немесе обьективті телеологияның әлеміне және
адамзат дамуының жалпы үрдісін аңдауға негізделгеннің ор­

нын, субъектіден шығатын, әрине, еуропашылдықтың жал­
пылама тарихына, қалай бұл жайлы мүмкін болғандай, тұтас
адамзат шектерінде негізделген, еуропашылдықтың мәдени
синтезі алынды.

Тарих философиясы философияның бір бөлігі болып та­
былады, сондықтан ол оның басқа бөліктерімен байланысты,
жүйенің бөлігі ретінде көрінеді. Дегенмен, бұл кітапта мен не
бұл бөліктер туралы, не ең алдымен бұл жүйе туралы тікелей

ештеңе айта алмадым. Сонда да, менің тарихи философиямның
ерекше түрімен тығыз жанасатын, философияның барлық не­
гізгі бөліктері туралы, сондықтан, психология, логика және та­
ным теориясы туралы, табиғат философиясы туралы, этикамен

құндылықтар теориясы туралы,метафизика мен дін философия­
сы туралы менде белгілі бір түсініктер бар екендігін аңғару қиын
емес; олардың бәрін бір жүйеге келтіру жөнінде, тек бұл ашық,
өзгерістерге икемді жүйе болмаса, мен байыпты айтарлықтай

ұшыраймын. Бұл басқа бөліктермен айналысуға, көрініп
тұрғандай, мен өз өмірімнің көбін тарихқа бағыштағаннан,
әйтсе де философиялық жағынан бағытталмаған жеке зерт­
теулерге арнағаныммен, басқа қайсыбір тақырып болса да,

оған мүмкіндігім бола қоймас. Тек өзімнің дін философия­
сын баяндауға, ол барлық философиялық пәндерге қатысты
болатындықтан, мен әлі үміттімін. Философия саласындағы
жұмыс бүгін барлық жерде толық қызу жүріп жатыр және менің

әріптестерімнің, әсіресе жас буыннан шыққандардың арасын­
да философиялық пәндерді өзгертуде өзіме жақын бағытты
байқағаным да көңілге медет. Арнаулы қатаң білімнің бар екен­
дігін және нақтылы қатынастарды, сонымен бірге ортақ әрекет

пен білімдердің бірін-бірі толықтыратынын түсіну арқылы бұл
мәселелерді тек біріге отырып шешуге болады. Сондықтан мен
әріптестерімнің көбірек ізетті монологтық бағыттылығынан
бас тарттым және өз жұмысымды осындай тақырыпта еңбек

етіп жатқан мамандармен үздіксізсіз пікірталас ретінде,
құрастырдым.
Бірінші тарау жекелей жарияланған, ол 1918 жылғы
«Дүниетаным үшін тарихтың маңызы», деген баяндамаға не­

гізделген; екінші тарау – 1916 ж., императордың арнаулы
күні айтылған сөздің басылымы (HZ,Bd 116); үшіншісі сол
журналдың түрлі томдарында жарияланған (Гегель диалек­
тикасы – 119 томда, маркстік диалектика – 120 томда, соны­

мен бірге Dіoscuzen-де, 1992 (Органология), Kantstudіen-нің
жеке қосымшаларында (Позитвизм), Phіlos.Voztz N23; HZ, Bd.
124,125 (Тарих шындықтың дамуы ұғымы), Kantstudіen-де Bd.
37; (тарихтың логикасы мен таным теориясы); төртінші тарау –

Schmollezs Jahzbuch, Bd. 44, Hf.3. Олардың барлығы азды-көпті
дәрежеде қайтадан өнделген.
Көрсеткіш үшін мен және оқушы корректураны оқуда құнды
көмегі үшін оған міндетті Хорст Грюнебергке алғысымызды

білдіруге міндеттіміз. Осында қарасатырылған тақырыптардың
басым бөлігін олармен талқылаған жəне өз семинарымның
қатысушыларына да үлкен алғысымды білдіремін.
Қазіргі пікірталаста басым, Шпенглердің кітабына менің

кітабымның қатынасы туралы, мүмкін, еске алу керек шығар;
осы жөнінде менің кітабым жарияланғаннан соң Манфред
Шретердің «Dez Stzeі Spenqlez»2 (1922) кітабында қызық де­
ректер беріледі. Шпенглер – органологияның соңғы және

ең айшықты білгірі. Ол таза аңдаушы, көп дәрежеде жеке­
лер мен дарашылдықтан шығады және оны ол тек дамудың
теңбағыттылығын көретін, кез-келген синтезден алыс. Шо­
пенгауэр мен Ницше берген, атеизм мен мәдениетті сынауды

жалғастыра келе ол әбден табиғи түрде мәдениеттің өлімі тура­
лы ойға кетеді. Менің негізгі идеям мүлдем басқаша, ол тарихи
мұрадан қазіргінің мәдениет синтезін құрастырып шығаруға
бағытталған, бұл міндетті шешу үшін жоғарылау сатысында

тұрған мәдениетке немесе құлдырап бара жатқан мәдениетке
жатамыз ба, осының маңыздылығы шамалы. Дегенмен, Шре­
тер дұрыс атап өткендей, менің кітабым ғылыми сипатқа ие,
ол бүгін қиял мен сезімдерді қоздыратын, сонымен қатар онда

рухани күш бар болса, оны мен бекерлемейтіндігіммен сон­
дай әдебиетке жатпайды. Алайда, мен ақиқатқа деген көбірек
қатаң, салауатты ахуалды таңдаймын. Ғылыми және әдеби
еңбектің арасында ол тек қана өзара елемеушілікке негізделме­

ген еңбектің бөлінісін жүргізу қажетті.
Эрнест Трельч
Берлин, 1922 ж., 19 қыркүйек

1 ТАРАУ. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ

ОЯНУЫ ТУРАЛЫ

1. Біздің заманымыздағы тарих ғылымының дағдарысы

Егер біз бүгін тарих ғылымының дағдарысы туралы ұдайы
еститін болсақ, онда сөз ғалым-мамандардың тарихи зерттеу­
лерінен гөрі жəй жұртшылықтың тарихи санасының дағдарысы
жөнінде болып отыр. Қайнар көздерді сыни жариялау және

зерттеу, жан-жақты салыстыру мен куәліктерді бағалау арқылы
оқиғалардың арасындағы байланысты белгілеу шеберлігі, тарихи
психология немесе рух туралы ғылым ретіндегі психологияның
көмегімен берілгендерді толықтыру және оларға сенімділік

беру, сонымен көптеген мысалдардың негізінде белгілі бір
уақыттың басты белгілерін тағайындау – осының бәрі өзінің
бүкіл дәлдігі бойынша зерттелді және оларды жақын түрде дәл
деп айтуға болатын, ғылымның методтары және тәсілдерімен

мамандар тарапынан әр жағдайда түбіне дейін тексерілді. Бұл
техниканы ең әр түрлі және барған сайын азая беретін уақыттың
байқалатын үзіктеріне қолдану, оны шешудің құралдарының
өзгеруінде, қайтадан түсіндірудің талпынысында немесе жай

ғана ізашардың дәлдігін сынау ретінде бір және сол міндетте
қайталау, оларды уақыт өте қайтадан өңдеуге, жинақтауға және
кодификация жасауға тура келетіндей, тарихи зерттеулердің
көз жеткізуге болмайтын санының пайда болуына жетектейді.

Оларсыз қайнар көздерге түсініктер жасау және өміршең көру
мүмкін болмайтын, лингвистика мен филологияның, палео­
графия мен дипломатияның, кітапхана және мұрағаттанудың
түрлі деректері, саяхатшылардан алынған тікелей куәгерлердің

айғақтары, сонымен бірге жаграфия, заңнама, экономика және
т.б. көмекші ғылымдардың қағидалары қосылады3.
Осында әзірше жалпылама тарихқа ақиқат пен ғылыми
қатаңдық, қаншама мүмкін болғанындай, табиғи ғылымдардың

дәлдігін бергенде, әзірше қиялдың қозуы мен сезімдік әсерлерді
азды-көпті суггестивтік романдардың немесе белгілі бір те­
зистер мен мүдделерді диктаторлық дәлелдермен шақыруға
талпынғанша, дағдарыс та, өзгерістер де бола алмайды. Мав­

ристер заманындағы орасан зор күш салулармен, ал кейін
ХІХ ғасырдың ұлы, филологиялық білімді тарихшыларының

арқасында тарих ғылымы бұл жоғары деңгейге жетті және оның
нәтижелері таң қаларлық кеңдікті, толықтықты, өзектілікті
қабылдады. Осыдан бас тарту үшін тек бүкіл ғылыми мәдениеттің
жоғары деңгейінен, сенімділіктен, анықтылықтан, онсыз тіпті

ең жоғары ізгілікті өнермен шеберлік мүмкін болмайтын, кәсіп
сабақтастығынан бас тарту керек. Әрине, мүмкін, қайда міндет
соншама нәзік және бір мезгілде аумақты бола бастағандықтан,
ол біздің күшімізден асып түсіп, оның бастапқы кезеңінде

біздің қолымыз әлі жететін, аса үлкен ғылым біздің билігіміз­
ден шығып, үлкен әлдеңе болатын, сол нүктеге біз жеттік. Дәл
солай бейнелеу өнерінде де дәстүр ажырап қалды және кейін­
гі ортағасырлықтан Француз төңкерісіне дейін жүзжылдықтар

бойына қалыптасқан және таза тұлғалық тәжірибе өткізу мен
аңдауға немесе нарық пен журналистердің талаптарына орын
берген, өз кәсібін қатаң білу жоғалып кетті. Алайда шынайы
тарихи зерттеу саласында әлі осындай әлсіреу мен қиратудың

ешқандай белгілері жоқ. Мамандану қаупінің артқаны, әбден
табиғи. Алдымен өзінің бірегей негіз қалаушылары идеяла­
рын зерттеп жатқан, әрбір кеңеюші және тереңдеуші ғылым
үшін бұл шарасыз. Алайда бұл қауіпке шоғырлануға деген

жігер мен жұмысты жопарлы түрде ұйымдастыру қарсы тұра
алады. Тарихшылардың академиялары мен бірлестіктері,
ықпалды ұстаздар өз семинарлары мен шәкірттерінің ортасын­
да мәселелерді таратып бере алды және ізденістік күш салулар­

ды біріктіре алады. Құрастырудың жоғары қабілеттілігі оларға
берілген, үлкен шеберлер дайындалған көп материалды қайтадан
өңдеп шығара алады және осымен зерттеу салаларының жаңа
бөлінісіне жол көрсете алады. Тарих ғылымында бұл бүгін

жүріп жатыр. Моммзен қос бағытта үлкен шебер болды. Осын­
дай жүйелендіруді жасауды жалғастырудың ішкі мүмкін емес­
тігі жоқ. Енді ойластырылмаған кез келген кітаптар сирек жа­
зылады, қорытындыларды шығару шеберлерге тапсырылады,

ал шәкірттері олар үшін материалдар дайындайды. Диссерта­
циялар мен оқулықтарды фабрикациялау шектеле алады, алай­
да дарын мен өнегелікке еңбек етудің бүкіл толықтығы, зерт­
теу бақыты мен жаңалық ашу қуанышы қала береді. Ғылым

біршама тұлғасыздандырылған бола бастайды, бірақ бұл оның
мәнісі. Кенеттен келген жоспарлар мен түйсінулер сирек кез­

деседі, нәтижелерді үлкен шыдамдылықпен күтуге тура келеді.
Бірақ бұл ғылымның марқаюы және жетілуімен байланысты.
Табиғи ғылымдарда да мәселе басқаша тұрған жоқ.
Дағдарыстың себебі мұнда емес. Бұл басқаша бола алмай­

ды, бұл жолдардан өтуден әлі тым алыспыз. Шынында, сонша­
ма көп білімді қорыту және артып бара жатқан материалдың
үстінен билік жүргізу қиын. Алайда мағынасыз кітаптарды
жариялау және соңғы онжылдықтардың жазбаларын күту он­

сыз да артық еді. Егер, бүгін «антитарихи» ықыластағы, өздері
шынында да тап осындай болғанда, оны қорытуға тура ке­
летін, орасан зордың алдында шарасыздыққа ұшырайтынынан
шығатын оқушының алғашқы үрейі болатыны түсінікті. Əрбір

пісіп жетілген және қартая бастаған, өзінде көптеген алғы­
шарттарды ұстап тұрған мәдениеттің тағдыры тап осындай.
Егер дұрыс таңдалып алынған басқарушыларға сенсек, онда
бар нәрсені түсінуде әлдебір инстинктінің болуында, бәріне

қарамай, қиындықтарды жеңіп шығаруға болады. Осыған
қуаттарды дамытудағы белгілі бір үнемдеу мен жоспарлықты,
ескі атаулыдан және әдебиетті толық білем дегеннен бас тар­
туды қосуға болады. Бірақ тарихи білім беру мен тарихты

білуді құрту тек варварлыққа қайтып келу болар еді және ол
тіршіліктің барлық басқа салаларында, тек варварлыққа оралу­
да мүмкін. Жалпы осыған ұқсас ештеңені қалау немесе қол жет­
кізуді көздеу мүмкін емес, бұл Руссоның жасанды мәдениеттен

әбден тойынғанының нәтижесі де емес. Көп адамдар бүгін одан
қаһарлы белгі немесе тартымды құтқарушыны көретін вар­
варландыру, қай жерге келсе, сонда көрініс табатындығының,
жастар құшақ-құшақ кітаптарға тұншығып жатуының шешімі

емес, жалпы әлемдік төңкерістердің салдары болып табыла­
ды. Ол – тұнжыраған, өзін бітірген мәдениеттердің шексіз ұзақ
созылып жатқан аяқталуы, ал қуанышты азаттық алу күш пен
жаңаға жету емес. Бізге өз жүгімізді алып жүруді жалғастыруға

тура келеді. Оны ретке келтіріп, бір иықтан басқа иыққа ауыс­
тырып салуға болады. Бірақ онда біздің бүкіл жетістіктеріміз
бен құралдарымыз тұрғандықтан, оны жай ғана лақтырып
тастай алмаймыз. Жастардың бүгін барлық алған әсерлерін біз

де жас уақытымызда алдыңғы буыннан алғанбыз, бірақ түбінде
біз оны игердік және іс алға басты. Тек сол кезеңдерде осының

бәрі тыныштау жайда жүріп жатты. Қазір бұл көбінесе ашық
және қызықты іске асып жатыр, бірақ нәтиже түбінде ұқсас бо­
лып шығады.
Алайда, егер тарихи зерттеу саласында шынайы дағдарыс

туралы сөз болмаса және оны жою рухани өзін өзі өлтірумен тең
болса, онда тарихи ойлаудың жалпы философиялық негіздері
мен элеметтерінде, олардан шыға отырып тарихи оқиғаларды
ойластыруға біз міндетті болатын, тарихи құндылықтарды

түсінудегі дағдарыс соншалықты күштілеу. Германияда арнаулы
тарих ғылымы 50-і жылдардан бастап, ол әлі Ранкенің рухани
көз салуының алдында тұрған, және де тарихты түрлі аймақтар
мен кезеңдерді зерттейтін арнаулы ғылымдарға жартылай

бөлген, жартылай жаңа еуропалық тарихты Бисмарк импери­
ясы негіздерінің таза саяси-дипломатиялық-әскери қырларына
аударған, әлемнің жалпықамтушы тарихи суреттемесінен
бұрылып кетті. Соның арқасында еуропалық мәдениеттің

тарихи құндылықтарының ұғымдары шындығында алыс
уақыттардан бері іштей өзгеріп отырды. Тарихи өмірді бірік­
тіруге, оның бірегей күштері мен мақсаттарына, рухани және
тірі тұтастықты жасаудағы тарихи құндылықтардың өзара кірі­

гуіне деген орасан зор ұмтылыс, әбден табиғи түрде, тарихтың
ыдырауы мен мағынасыздануына қайтарым ретінде пайда
болды. Және тек бұл емес, жаңа іріктеуді, біріктіруді және бе­
зендіруді талап ете отырып, тарихи құндылықтардың өздері

қайтадан қозғалысқа енді. Бір жағынан, Карл Маркс және
онымен рухани туыс ойшылдар баяу түрде тарихтың бүкіл
үйреншікті суреттемесін қирата бастады, оның түсіндірмесіне
жаңа методтарды қолдануда және жаңа əдістерді қоюды үйрете

бастады. Осының әсері орасан зор болды және болып қала бе­
реді, дегенмен міне бүгін тарихтың марксистік қарастыруының
жетілмегендігі барған сайын көзге анық көріне бастады. Басқа
жағынан, қабылданған құндылықтардың тәртібін қирата

отырып және еуропалық тарихты түсінудің жаңа психология­
сын ұсына келе, Фридрих Ницше де одан кем әсер етпеді. Ол
қаншама сыңаржақты және қауіпті болғанымен шексіз салдарға
жеткізіп жатты. Кейін француз пессимизімен және мәдениеттің

эстетикамен сыны келді, оларға қарсы жауап ретінде, Француз
жастары қабылдаған, Бергсон ілімі қосылды. Италияда Кро­

че тарихқа жаңа жолдарды ашты. Англияда Г.Д. Уэллс өзінің
«Outlіne of hіstory»4 еңбегінде ағылшындардың тарихи санасын
толқытып жіберді. Мұнымен қатар, аздау болғанымен жеткілік­
ті күшті ықпалды дін тарихы мен өнер тарихы тигізді, олар та­

рихты түсінудің қалыпты протестанттық-либералды-прусстық
бітімін немесе діни емес – ұлтшылдық–импералистік форма­
ларын ығыстыруды, антиктің, готиканың, қазіргінің қатынасын
мүлдем басқаша көрсетті және өнерді түрлі кезеңдердің жалпы

рухани құрылымдарына ашушы кілт ретінде ең алдымен пай­
даланды. Осының бәрі конвенционалды өзімен-өзі келісетін
бағалауға қарсы және олар осыны елемеген түр көрсетсе де
бірақ жастар үшін қуаты мен тартылымдылығын барған сай­

ын жоғалта берген эпигондардың артынан ілесуші және тым
күшті емес орталыққа қарсы бағытталды.
Міне енді, бейбіт уақытта немесе кез келген өрлеуде өз
құндылықтар жүйесінің әрекетін болашаққа қарай жалғастыр­

ған барлық тарихи теориялардың қорқынышты тексерілуі кел­
ді, бұл өзімен өзі әбден түсінікті болып көрінді. Дүниежүзілік
соғыс пен революция орасан зор қорқынышты күштің көрнекі
оқытуы болып шықты. Біз енді нағыз батыл және өжет ережелер­

де зиянсыздандыратын, бәріне көнетін тәртіптің аясында емес,
ол қайда әрбір бұрын айтылған сөздің тиімділігі немесе тиімді
еместігі тексерілетін, қайда бұрын салтанатты байыптылық бо­
лып көрінген немесе шынында болғанның көбі бос сөз немесе

кір-қоқсықа айналған, әлемді, қайтадан өзгертудің құйынында
теорияландырамыз және құрастырамыз. Біз аяғымыздың
астындағы тіректі жоғалтып барамыз және біздің айналамызда
келесі қалыптасулардың, әрине, бірінші кезекте, дүниежүзілік

соғыс жаппай қайта өзгертулерге жеткізген Германия мен Ре­
сейде, түрлі мүмкіндіктердің құйындап тұрғанын көре аламыз.
Бұл іс жүзінде тарихи ойлаудың дағдарысы және оны са­
лихалы жастағы адамдардың көпшілігінен гөрі, бірінші ке­

зекте жастардың сезінетіні әбден түсінікті, өйткені оларға бұл
хаостан өз өмірі мен тағдырын жасап шығару қажет. Жастар
үшін бұл – бір мезгілде теориялық және практикалық мәселе,
егер жастардың көп бөлігі оны аластаса да, ол толық күшімен

өміршендікке толы, қобалжуға және армандауға қабілетті не­
месе философиялық ойлай алатындарды сондай күшпен қам

жегізетіні, таң қалдырмайды. Әрине, осыны жас елестер де
толық сезінбейді деп ойлау, дұрыс емес. Алайда олар, жастар
сияқты, сондай шамада бүкіл жаңаны бастарынан өткізбейді.
Сондықтан жастар бұл мәселелер бойынша алға шығуға

құқылы, егер тіпті дағдарыстан арылуда қызу талап етпесе де,
осындай талпыныстарға тым болмаса бара алады.
Дағдарыстан шығуды мен ойластырғандай бұл жұмыстың
тек қорытындысы ретінде тұжырымдауға болады. Осының,

басында тап осындай дағдарыстың бар екендігін тек барлық
шешімділікпен мойындау керек және оған қоса тарих фило­
софиясы саласында тарихи зерттеудің техникасы ойлануының
арасында толық айырмашылықты жүргізу қажет. Дағдарыс

ұстанымды түрде екінші мәселемен, тек жартылай біріншісі­
мен байланысты.
Ал бұл екіншісіне деген сыни қатынасты біріншісіне көзсіз
ауыстыруға болмайды дегенді, білдіреді. Әйтсе де онда да

көбі ескірген және шартты, бірақ барысында бұл ғылым сау.
Керісінше, тарих философиясында өмір сезімі түгел қайта
қаралып жатыр және ол шынында да бізге қажетті, тұтастық
толықтығымен қайсыбір ұмтылыс нобайланып тұр. Азат

тəуелсіз өмірлік сезімге негізделе отырып, осында жаңаны жа­
сау керек, бірақ осы үшін біз өз ғылымымызды қиратпауымыз,
елемей қоймауымыз, масқараламауымыз қажет. Қазір енді
соншама қиратылғандықтан, бұл саладағы геродоттық әрекет

қосарлана қауіпті бола алады. Байыптылық және объектив­
тілік, неміс ғылымының негізділігі және тазалығы ұзақ уақыт
бойы әлемдегі біздің рухани жайымыздың негізі және біздің
мінезіміздің білдірілуі қызметін атқарады5.

Сонымен, дағдарыс тарихтың философиялық элементтері
мен қырларында тұр; оны дүниетаныммен байланыстылығында
тұр және ол үшін толық маңыздылығы осында деп атауға бола­
ды, оның үстіне бұл қатынас күмәнсыз өзара: дүниетаным үшін

тарихтың және тарих үшін дүниетанымның маңыздылығы.
Мәселелердің бүкіл бұл тобын тек тарих философиясы деп
атауға болады; табиғи ғылымдардың осыған ұқсас мәселелері
де тап солай табиғат философиясы деп белгіленеді. Шынын­

да, бұл екі атаулар бір уақытта Шиллингтің табиғат фило­
софиясында және оның тармақтарында, бір жағынан бел­

гілі бір мәселелерді шешу үшін сыңаржақты қолданылған,
екінші жағынан, ол Гегельдің тарих философиясында және
оған туыс теорияларда кездеседі, және сондықтан әлі бүгін
ол көпшілікте күмән туғызады. Алайда қажетті белгілеулерді

жоғалтып алмас үшін, оларды біржақты өткендегі мәселелерді
шешумен байланыстырмау керек. Өйткені, олар шешімнің
көптеген мүмкіндіктерінен тек біреуін ғана белгіледі және
қазір бұрынғы мағынасында алына алмайды. Табиғат филосо­

фиясы мәселесімен біз айналыспаймыз. Тарих философиясы
жөнінде бүгін оны тарихтың жүйеленуі және дедукциясы деп
түсінбейтінімізді бірден айту қажет. Жоғарыда аталып өткендей,
тарих философиясын және оның мәселелерін анықтау бүгін

тарихтың дүниетанымдық жалпы қатынасын, философиялық
алғышарттар мен тарихтың әсерін тек тағайындауда тұр және
ол мәселелердің өзара ретке келтірілу тәртібін табуда тұр6.
Бұл мәселе ұрпақтардың айтарлықтай ауысуының әрбірінде

қашанда қайтадан тұжырымдалуы керек; табиғи ғылымдарға
және утилитарлы-практикалық сипаттағы жылдам шешім­
дерге мүдделі Ағартушылық, өз орнын тарихи өзін ойластыру
мен тарихи ойлауға бере бастағанда, сол уақыттан ол қайтадан

қалыптаса бастады. Француз төңкерісіне тап берген, қуатты
интернационалдық қарсы соққыдан кейін және сонымен па­
раллельді, өзінің сипаты бойынша мүлдем басқа классикалық
неміс философиясы мен поэзиясындағы рухани революциядан

соң, мәселенің бұл қойылымы табиғи ғылымдар және олардың
философиялық түсіндірмелерімен қатар барлық елдердің қазіргі
ғылымында өмір сүріп келеді, оның үстіне тарихи өзіндік
аңдауға бағытталған, конвенционалдық тәрбие шайқалған

жерлерде ол ерекше өткірлігімен сезіледі. Барлық уақытта са­
яси, әлеуметтік және философиялық қобалжуларға ұшырайтын
ежелгі еуропалық құрлық халықтарына бұл мәселенің өткірлігі
англосаксон халықтары үшін кемдеу өткір болатындығын, осы

білдіреді, және ол ұзақ ауыр тағдырлы ел, Германияда ең өткір
болып тұр7.
Осындай қырында бұл мәселе біздің бүгінгі рухани өмір
үшін негізгі, басқаша айтқанда, жалпылама тарихилық деп ата­

латын мәселе ретінде, яғни жеке рухани өмірді қалыптастыру
үшін керек «артықшылықтар» мен кемшіліктер туралы біздің

біліміміз бен ойлауымыздың түбегейлі тарихтандыруынан және
жаңа әлеуметтік-саяси жағдайларды жасаудан шыға бастайды.
ХVІІІ ғасырда тарихтандыру ақырындап натураландырудың
немесе, бәрінен бұрын, ойлауды математикаландырудың арты­

нан ілесті және практикалық қажеттіліктің қысымымен қазіргі
мемлекет және оны өзіндік түсіну мен өзіндік ақтаудың міндет­
терімен бірге көтерілді, кейін ол романтикамен бірге қуатты
өсу және қазіргі ойлауды принципті түрде анықтау үшін артты,

оның үстіне, ол дамудың жалпы ұғымы түрінде өз шеңберіне
табиғат суреттемесін де тартып алды. Ағартушылық пен рево­
люциялы догматизмінің орнына келген дүниетанымдардың ол
жетекші күшіне айналды. Солай, бүгін біздің алдымызда, ол

біздің планетамыздың тірі жандарының биологиясына негіз­
делген және ең басынан тарих философиясының ірі жүйелерінің
көмегімен соны философиялық ашып беруге ұмтылған, кең қанат
жайған тарихи эмпирикалық зерттеу тұр. Бастапқыда, әзірше

тарихқа қатысты құлшыныс негізінен әрекет еткенде және та­
рих математикалық-механистік табиғи ұғымдардан босануды
болғанда, ол, күмәнсыз, рухани өмірді төтенше тереңдетті және
тазартты, өнер мен әдебиетті шынайы түсінуді үйретті, және

ең алдымен өзінің рухани үндеуімен ұлттық мемлекеттердің
құрастырылуында бірге жүрді және оларды өз мазмұнымен тол­
тырды. Алайда, кейін оның материалының өсуші массасы қысым
жасай бастады, қайнар көздер маңайындағы бекерлеуші және

мүлдем қайшылықты құрылымдардың және пікірталастардың
әсері сенімсіздік туындатты, қайтадан қалпына келе бастаған
тарихтың табиғи ғылымдармен жақындауы детерминистік
және ұлылық пен батырлыққа жау болып көріне бастады, ора­

сан зор синтездердің өнер бейнелеріне туыстығы релятивизм
мен эстетизмді тындатты, ал түп-қайнарларды зерттеудегі қатаң
объективтілік жеке салалардағы мамандарға берілді. Бұғаудан
босау және көтерілу болып көрінген ол, енді ауыр жүк және

шатасудың қайнары болып шықты.
Сондықтан 1848 жылдан толық дерлік қираған филосо­
фия әлдебір дәрежеде қайтадан жаңғыра бастағанда, ол ал­
дымен механикалық натурализмнен, кейін одан да үлкен

табандылықпен тарихтан ат құйрығын үзе бастады. Ұмытылған
және жаланың астында қалған тарих философиясы қайтадан

оянды және барған сайын өз маңыздылығын бекітіп келеді.
Дүниежүзілік соғыстың апаты осында өз рөлін атқарды. Бүгін
тарих философиясының күмәнсыз қайтадан жаңғыруы тура­
лы айтуға болады. Біз одан өзіміздің түпкілікті сауалымызға

жауапты таба аламыз. Өйткені, оған жауапты бірнеше нақыл
сөздермен және осы тақырып бойынша көпті немесе азды нәзік
ойлармен бере алмаймыз: оны тек тарихтың мәні және оның
рухани мақсаттары мен мазмұны туралы сұрақты түпнегізді

философиялық түсіну арқылы табуға болады.
Бірақ онда сөз тарих философиясының өзінің – қалай
ол бүгін қалыптасқандай, оның қағидалары мен оның
мұқтаждықтарының мағынасы мен мәнін суреттеу туралы бо­

лады. Бүкіл басқа сұрақтар тек осыдан шыға отырып қойыла
және шешіле алады. Оның мәнісі мен мүмкіндіктерінің алғашқы
шолуы қажет.

2. Қазіргі тарих философиясының пайда болуы

Тарих философиясы – бүгінгінің туындысы, көптеген
басқалары сияқты ХVІІІ ғасырдың нәрестесі8. Ол қазіргі эти­
ка және мәдениетпен тығыз байланысты, олардың міндеттері
мен мәселелері енді тарихсыз шешіле алмайды. Сондықтан

бұрыннан белгілі баяндаушы тарихты, өзін-өзі дамудың асқар
шыңы ретінде түсіну үшін пайымдауға, салыстыруға және даму
ұғымына бетбұрыс жасауға міндеттеді. Сол арқылы тарихтың
философиялық қарастырылуы, оларға Галилей мен Декарт зама­

нынан бүкіл мүдделілік бағытталған, табиғи ғалымдар мен ма­
тематиканы оқып-үйренуге қарсы қойылды; Содан бері табиғат
философиясы арасындағы күрес қазіргі рухтың маңызды
тақырыбының біріне айналды, ол салмақ салу орталықтарының

тұрақты ауысуында зерттелді және зерттеліп келеді.
Істің мәнісін ұғыну үшін осыны анық түсіну қажет бол­
ды. Тарих философиясы – ғылымның кеш піскен жемісі емес,
ол əуелден-ақ ғылым туралы түсініктің негізінде жатқан,

біртіңдеп ашылатын мәселе. Ол өзіне мұқтаждық туғанда
дүниетанымда пайда болған қажеттілік оны талап еткенде,
міне сонда пайда болды. Ол тарихи зерттеулерге қарағанда,
бәрінен бұрын дүниетаным саласына жатады, және олардың

екеуі де, қашан рухтың мәнді мақсаттары туралы пайымдау та­

рихты білуді қажет еткенде, ал тарих – философиялық ойлауға
енуді керек қылғанда, тек сол сәтте жақындасты. Екі жақтан
да бұл мұқтаждық бір және сол сәтте, бір және сол себеппен
пайда болды. Мәдени сана барған сайын белгілі және маңызды

бола бастаған үлкен мәдени кезеңдердің ауысуын түсінуді та­
лап етті, ал тарих жеткілікті көптүрлі салаларға тек тарала
бастағанда бірлік, мақсат және мағына туралы сұраққа жауапты
талап ете бастады. Бұл екеуі де ортағасырлар және шіркеудің

бөлінуі салдары болды, және жаңа заманның келе жатқанын,
ескімен ажыраудың өздері міндетті екендігін түсінген, ойла­
нушы бюргерліктің белсенділігімен бұл байланыста болды.
Тіпті философиялық түрде мәдени дәуірлердің дәйекті ілесуі

түріндегі тарихтың біршама бөлігі, ол бізге тек үзінділер мен
ишаларда жеткен тарих, гректерге белгілі болды9. Олар табиғат
туралы және тарих туралы ықпалы зор мифке ие болды, ол кең
аумақты сыртқы және ұшталған ішкі саясатты жүзеге асыру­

ларынан бастап, – саяси өмірдің мәнісі мен формаларының
дәйектілігі жөнінде терең ойлы теория да оларда болды. Алай­
да оларға, болып жатқандарды аңдаудан шығатын және ондағы
барлық бағыттарға ашық өмір мен әлемге деген көзқарастардан

импульстер алатын, тарих философиясы белгісіз болды.
Олардың дүниетанымы мүлдем тарихтан тыс және тарихи
емес ойлауға, Платон идеялары, аристотельдік формалар не­
месе Гераклит пен стоиктердің табиғат заңы болсын, тіпті та­

рихтан тысқа және тарихи еместе ерекше шұғыл бағытталған
элеаттар туралы айтпағанның өзінде, өзгермейтін уақыттан
тыс заңдар метафизикасына негізделді. Тарих пен рух оларда
мәңгі субстанциялар мен тәртіптің қатаң шектеріне апарылып

қойылды, олардың мағынасы лайланған және өзгеруші жер­
лік түр өзгерістерінен емес, ал олардың уақыттан тыс мәнісін
логикалық аңдаудан ұғындырылды. Бұл мәннің ұғыну құралы
болып тарих емес, ал керісінше, бұл мән арқылы тарихты түсіну

мүмкін болды. Себебі адамдық әрекет пен жасампаздықта олар
әлдебір бұлыңғыр және шайқалушы, әлдебір артушы және таза
логика арқылы жететін мұратқа жалғасушы жақындаушыны
көрді. Міне, сондықтан оларда мазмұнды шынайы қалыптасу

мен өзінен өз мазмұнын ашатын шындық болмады, ол
тек қана жақындау тұратын берік өлшемің жүзеге асуын­

да өмір сүрді. Бұл өлшемге тек гректер мәнісінде жақындай
алғандықтан, ал басқаларының бәрі варварлар болғандықтан,
сондықтан оларда дүниежүзілік тарихқа деген осындай
жақындаудың мұқтаждығы болмады. Жер адамдары жасайтын,

бұл жақындаудың дәрежесінен әлем мағынасы жалпы тәуелді
болмады, бірақ оларға ол өзі өзінде рахаттана болатын және
жұлдыздар рухы тіршілік ететіннің арғы жағында, таза тәртіп
пен таза формалар әлемінде ләззат алу үшін арналғандай болып

көрініс тапты. Егер бұл мәнге уақытша болмыстың бəрінен тек
эллиндер жақындай алса, онда бұл олар үшін, тұтас әлем үшін
осының еш қатысы және мағынасы жоқ, жай ғана бақытты
кездейсоқтық іспеттес. Бұлыңғыр шектілік – кездейсоқтық

әлемі, және де дара-шекті мәңгілік мән үшін ешқандай маңызы
жоқ нәрсе, ал, керісінше, мағынаны тек одан алады. Және егер
әлемнің мәңгілігімен бірге шектінің мәңгілігі де тағайындалса,
онда ақылдан тыс соңғының шексіздігі бұл жағдайда тек

мәңгі әлеммен жақындау талпыныстарына бара берумен ғана
көрініс табады10. Бұл мәңгі қайтып келу туралы ілім тарихты
оның өзінен шығатын мағынасынан айырады және оны, тек
ақиқат өмір сүретіннің бүкіл жаңа бейнелерінің шексз бейтарап

жиынтығына айналдырады. Осындай жағдайларда шынында да
тарих философиясына деген қажеттілік жоқ; олардан белгілі бір
практикалық ілмдерді немесе, отанын бөтен елмен даналықпен
салыстыратын, саяхатшының басынан өткізетін, ашылулардан

алатын қуаныш пен ләззаттың білдірулерін шығаруға болатын,
көңілден өткен саяси процестерді түсіндіретін тарих та жет­
кілікті. Онда да және сонда да бұл шарттарда зор нәтижелерге
жетуге болады – осыны біз Фукидид пен Геродоттың арқасында

білеміз.
Кейінгі көне дəуір кезеңіндегі варварлар мен ежелгі
шығыстық аяндарға аударған және бір мезгілде әлемді рим
империясына түйіндеген орасан зор қайта өзгерту шұғыл

өзгерістерді алып келді, бұл Полибийді жалпылама тарихтың
телеологиялық түсінігіне жақындатты. Бұл факторлар, ол
дүниежүзілік империяға сай және осындай сапада түбінде
христиандық сұрыпталып шыққан, дүниежүзілік дін идеясында

өз аяқталуын тапты. Бұл – адамзатқа сенім, аян және құтқарылу,
ал сол арқылы тіршіліктің мағынасын және құндылығын тану

үшін тарихтың шешуші маңыздылығы туралы ілім. Шешуші
тарихи оқиға білместік пен күнәһарлық түніне танымның
құтқарушы жарығын бағыттады; құлдырау, құтқарылу және
түпкі аяқталу адамзат тарихын әлдебір дара қайталанбайтынға

айналдырды; кез келген шектіліктің арғы жағында өзгермейтін
мән ретінде емес, ал тарихи өмірге құйындап енетін және
адам танысатын, Жаратушының өміршең жігері болып құдай
патшалық етті. Бұл енді уақыттан тыс субстанционалдыны та­

ным емес, ал тарихи аян мен ол жер дүниесін мәңгіге айнал­
дыратын, түпкінің құдайылық патшалығындағы түпкі мақсатқа
жетуге деген сенім болды. Осыдан – махаббат тарихында жа­
рататын, дүниеге құйылатындағы Құдайды танудағы тарихи-

позитивтінің, қайталанбас дараның, тарих мақсатының жоғары
күшеюі. Бұл, күмәнсыз, әлемге деген көзқарас үшін тарихтың
орасан зор өзгерістері мен маңызды мағыналығына жеткіз­
ді. Алайда, бұл тарих тарих емес және тарих ұстындары ту­

ралы бұл ой тарих философиясы емес. Осының орталығында
әрбір шынайы тарихтан, әрбір зерттеу мен уақыттан тыстан
шығарылған керемет, құдай адам – бұл бір мезгілде тарихи
құбылыс және уақыттан тыс керемет, құтқару кереметі, тари­

хи қабыршақтағы ғарыштық оқиға. Мұнда бұрынғы уақыттан
тысқаралық пен метафизикалық субстанционалдықты жаңа
уақыттық-даралықтың өміршеңдікпен таң қаларлық қосылуы
тұр. Бұл христиандық кереметтің мағынасы болып қала береді

және оны антик пен пұтқа табынушы халықтардың, тым бол­
маса орталық керемет ретіндегі ежелгілердің және барлық жер­
де кездесетін кереметке деген сенімнен ажыратады. Бірақ бұл
оқиғалар – шынайы тарих болмайтынындай, дәл солай олардың

теориясы да – философия емес, ал бедел мен аянға деген сенім­
ге негізделген ілім, өз кезегінде ол адамзат өмірінің қозғалысы
және шектілігімен тек сырттай және формальды байланысты.
Ең адымен бұл ілім белгілі бір шамадан тыс зайырлы мәдениет

пен діннен тыс тіршілікті қамтуға қабілетсіз. Сондықтан ол
бұл дүниені түсіндірмелеу үшін стонктерден, күнәһарлықты
кейінгі антик пен ортағасырлардың нақтылы жағдайларына
қатысты релятивтенуі туралы теориялардың көмегімен қолдана

отырып, табиғи адамгершілік заңының қалайлы догмаларын
қабылдады: мұнда, Христос-логос туралы догматтағы сияқты,

тарихи бастаманың тарихтан тыс рационалдымен байланысын
көре аламыз. Осылай стоицизмнің әлдебір жұтаң териялары
редукцияландырылды. Тарихтың шынайы байлығының эти­
касы, сондықтан, бүкіл деректерді қамтып өтетін тарих фило­

софиясы мұнда ешқашан болмады, ал тек қана тұрақты әрекет
ететін керемет пен Әзәзілдің азғырулары тарихы ретіндегі шір­
кеу догматикасы мен тарихы болды. Міне сондықтан әзірше
шіркеу үстемдігі сақталғанда, осындай тарихқа деген сенім де

сақталып келді; Жаңа дәуірдің келуімен ол шынайы сыни тарих­
пен және жалпы өзгерген жағдайдағы мәдениет мәселелерімен
ығыстырылды. Осыған дейін ойлау антикалық жалпы тарихтың,
Юлий Африкан, Евсевий, Иероним мен Аугустин жасап

шығарғандай, сенімге негізделген, библиялық-шіркеулік тарих­
пен қиылысып өрістеді. Оларды тарих философтары деп атай­
ды, бірақ олар – әлдебір осыған қарама-қарсылар, ғажапқа сену
мен тарихи конвенциялық антик мектебімен құрастырылған

шектерге барлық болып жатқанды енгізіп қоятын, компилятор­
лар мен догматиктер. Бұл шектерде ортағасырлық, қалай осы­
ны, мысалы, Оттон Фрейзингенский жасағандай, өз хроника­
сын кіргізді. Екі жағдайда да бұның шынайы тарихи ойлаумен

ортақ ешнәрсесі болмады. Бұл христиандық антиктің Рим им­
периясына қолданған жай ғана шектері, бұл оған нордикалық
әлем енгізілуімен кеңейтілген, әлем суреттемелері. Осының
дана аяқталуы қызметін қитұрқы ритор мен жылпос саясаткер

Боссюэнің11 Dіscours sur І hіstoіre unіverselle -сі12 жатады.
Бұл шіркеулік-догматикалық әлемнің ыдырауынан мүлдем
түсінікті болғандай, ізбасар сапасында және дүниетаным не­
гізі ретінде тарих пайда болмады, ал антикалық мәндік және

субстанционалдық философиясының табиғат заңдарының
табиғи-ғылыми, математикалық метафизикасына айналуы
жүзеге асты. Тарихи ойлауға әлі жалпы жету болмады. Заттардың
ұлы кітабында енді еркіндікке тарих та шыққандықтан, ол ка­

толик догматтарын протестанттық немесе гуманистік сынау
сапасында қиратты немесе, әулиеттік және ұлттық мүдделерге
қызмет ете келе, панегирикаларда биліктердің ұлылығын
және құқықтарын жырлады, немесе, Италиядағы оянған

ұлттық сезімнің басшылығымен, халықтардың қалыптасуын
мадақтады. Осының бәрі, солай немесе басқаша заманның

практикалық бағытталуларымен, бірде көбінесе риторикалық
бағытпен, бірде көбінесе риторикалық бағытпен, бірде көбінесе
заңгерлік-құжаттылықпен анықталатын жеке оқиғалардың
тарихы болды. Тек мавристердің филологиясы, монахтық

шынайы аскезаның нәтижесі ретінде түп-қайнарларға негіз­
делген, мүдделіліктен еркін тарихты берді, философтар болса
өз жүйелерінде тарих пен қоғам туралы ілімге орынды, қалай
оны Декарт жасағандай, өмірге деген жеке көзқарастары біл­

діріліген, немесе оны Гоббс пен Спиноза істегендей, бұл
ғылымдарды рационализм мен механицистік көзқарастарға
бағындырылған, тек қосымшаларда берді. Осыдан антик және
христиандық табиғи құқықты қайтадан құрастыру барысын­

да, тарих философиясының алдын алатын суррогат, Кант пен
Фихтеге, Бентам мен Контқа дейін әрекет етіп келген және
олардан кейін үлкен ықпалды болған, қазіргі зайырлы табиғи
құқық шығады. Алайда атап айтқанда тарих саласын рацио­

налды құрылым арқылы терістеу, немесе тым болмаса шектеу,
қалыптасып келе жатқан тарихи санаға соңғы кедергі болып та­
былады және оған еріксіз бейімделуге деген тілекті білдіреді13.
Мемлекеттің зайырлануымен, бюргерліктің көтерілуімен және

жаңа әдебиетпен байланысты бұл философияның кең таралуы
түбінде солай немесе басқаша дәуірдің оянған тарихи сана­
сымен қосылуға міндетті еді. Ағартушылық мұраттарынан
тарих шыңын көру қажет болды. Расында, тарих нормалары

мен мақсаттарының өздері осы жерде натурализм және раци­
онализммен байланысты жүйелендіруден шығарылды. Бірақ
бұл нормалар қашанда өмір сүретіндей емес, ал жаңалар, тіп­
ті шіркеу үстемдігінің барлық кезеңіне қарама-қарсылар бо­

лып көрінді. Бірмезгілде көзқарас көкжиегіне жаңалықтар
мен отарлау, салыстырмалы этнография мен эмпирикалық
деректердің жиынтығы, еуропалық емес әлем түсті, алыстан
антик, бүгін Ағартушылықтың қайнары, Quezelle des ancіens et

des modernes14-тің бірінші импульсы қызметін атқарған көріне
бастады. Осыдан hіstoіre phіlosophіque15 немесе phіlosophіe de
І hіstoіre16, осылай оны Вольтер айтқан, Ағартушылықпен бүкіл
тарихи көптүрлілік пен рационалды мақсатты адамзат прогресс

идеясы санасында, тарихтың философиялық қырларын ашу,
Боссюэнің17 католиктік тарих философиясын мүлдем қазіргі

мәселелер шеңберіне айналуы көрініс тапты. Бұл өз дәуірінің
тарихи ерекшелігі және жоғарылығы туралы сананың оянуымен
бірге бірмезгілде тарих философиясының бастамасы болып та­
былады. Тек осы сәттен ғылым тарихи ойлау дүниетанымының

құрамдас бөлігі және құрастырылу құралы ретінде басталады.
Әлемге және құндылықтарға деген көзқарас әлі рационалды
анықталған және олар табиғи құқық қағидаларымен сай, бірақ
тарихи ілгерілеу туралы және арылған айқынсыздық жөніндегі

нақтылы түсінік рационалды мәдени мұратқа бір сәтте сəуле
түсіреді және тірілтеді, оны әрекететуші адамның жауаптылық
санасымен толтырады, оған мәдениет жеңісі салтанатты сезімін
және шексіз көтерілу түйсінуін қосады. Бірмезгілде прогресс

иегері сапасында және сол арқылы тарихтың шынайы ныса­
ны сапасында енді шіркеу емес, ал оның өзіндік аңдалуы та­
рих қозғалысын иеленетін ретінде сезілетін, мемлекеттік және
мәдени қырында түсінілген Халық бірлігі алға шығады; оның

мұқтаждықтарынан шыға отырып, тарих мағынасы азаматтық
еркіндікке ілгерілеу ретінде түсіндіріледі.
Бірақ бұл да әлі сөздің толық мағынасында тарих филосо­
фиясы немесе тарихтан шыға отырып, өмір мақсаттарын тану

емес еді. Бұл үшін ол тым рационалды болды. Және де Лейбниц
заңгерлік дипломатиялық саяси қырларында тарихпен айналы­
са отырып, философиялық тұғырдан ғарыштық болғандықтан
тарихи емес континуум идеясын белгілейді, ал тарихты теоло­

гия мен рационализмнің араласуына берді. Континуум идеясын
оның математикалық формасынан босату керек болды, тек басқа
қолданыста ол өзінің орасан зор жасампаздығын көрсетті. Тіпті,
тарих философиясына қарай терең бұзып ену, жаратушы тарихи

рухтың өзіндік түсінілуі ережесін енгізген және бұл теорияны
табиғаттың картезиандық зерттелуімен салыстырған, Виконың
Scіenza nuova18 деген терең еңбегі әлеуметтанулық-ұжымдық
ретіндегі спекулятивтік-априорлыны және эмпирикалық-апес­

териорлыны тарихи-индивидуалдыдан ажыратпады. Вико фи­
лологияны философияға дейін көтергісі келді, бірақ тарихтағы
табиғи заңдарды сәуегейлік көріпкелдік туралы догмалық ка­
толиктік ілімдерді араластыру шектерінен шықпады. Тарихтың

ахуал-күйін бәрінен күшті тарихқа дейінгі уақыттан сезіне
отырып және тарихтың мақсатын бәрінен ашық шіркеуден көре

отырып, ол әлі тарихтың құндылығы мен мақсаты мәселесінің
маңыздылығын әлі жеткіліксіз түйсінді. Осыған түрткі күшті
бірінші романтик, тарихтағы бүкіл құндылықтарды өзінің
терістеуімен мәнісінде оның маңыздылығы мәселесін қойған

және өзінің математикалық емес, поэтикалық табиғат түсінігі
арқылы өмір қозғалыстарын жаратушы ретіндегі құдайға бір
мезгілде жеткізген, Руссо берді. Осылайша ол, тарихты жойған,
тұрпайы бастапқы кезең мұраты мен тарихты аяқтайтын, толық

демократияның арасындағы, тербелісте болды. Осымен ол
қазіргі тарих философиясының дамуына, оның үстіне оның екі
басты бағыттарында – ағылшын-француздық позитивистікте
және немістік спекулятивтікте, қуатты серпін берді; бұл сер­

пін бәлкім, Руссо идеяларына негізделген Француз револю­
циясымен күшейе түсіп, жаңа дүниежүзілік дәуірді аша келе,
тарихты одан да зор ұғынуға міндеттеді19. Француз револю­
циясы идеяларына қарсы тұрудан және оның телеологиялық,

әмбапты ойлауға деген бейімділігін сақтаудан жалпы алғанда
қазіргі шынайы тарих философиясы шықты. Руссо ықпалымен
қалыптасқан, немістің тарих философиясы Кант тұлғасында
таным теориясы мен метафизиканың тереңінен, рухани тари­

хи өмірден еркіндіктің моральдық әлемінің ерекшелігін, оның
табиғат заңдылықтарына қарама-қарсылығын шығарады; ол
прогресс мұратын одан шығатын еркіндік патшалығының фор­
мальды мұратына ауыстырады және нақтылы даму процесін бұл

мұраттың жүзеге асуы және нақтылануы ретінде қарастырады.
Тарих – табиғаттан бөлек еркіндік патшалығы және оларда
табиғат пен еркіндік бір-бірімен байланысты заңдар бойын­
ша әрекет етеді. Тарихтың нақтылы мағынасы туралы тари­

хи қалыптасуды көре білу және тарихты өміршең аңдаудан
шығатын адамгершілік мақсатына ие болу арқылы, сынға
дейінгі Кант және Гартманнан басталып, Гердердің зейінділік
интуитивтік дарыны, ал оның артынша Гете, Вильгельм Гум­

больдт, Шлейермахер, романтиктер бізге көбірек идеялар берді.
Кейін қос бағыттарды, тарихтың форомальды ерекшелігі және
тарихтан рухани құндылықтардың мазмұнын, бірінші кезекте
Гегель қорытып берді. Оның мақсатын еуропалық гумандылық

және оны өзіне ендіретін мемлекет онда құрастырады. Сол
арқылы математикалық-табиғаттанулық дүниетанымға шешуші

қарама-қарсылық жетті, ол тарихтан қалқып алынған терең
ілімге сырттай рефлективті ілім ретінде енгізілді. Немістің діни
мистикалық пантеистік сипатымен ерекшеленеді, осы арқылы
алғы шепке даралық мистериясы шығарылады: ағылшын-

француздық – атомистік-математикалық, ол өз негізінде емес,
ол тек өз нәтижелерімен chzіstіfnіsme20 relіgіon de іhumfnіte21
энтуазиазмымен қосылады, қалай ол ағылшындарда болатын­
дай, скепсиспен, ортодокстықпен немесе онымен де сонымен

де үйлеспесе, осылай болады.
Ендеше, тарих философиясы солай немесе басқаша күшті
әсер ете отырып, дүниетанымның орталығына шықты. Вольтер
мен Гердерден Гегель және Контқа дейін, үздіксіз, барған сай­

ын игілікті даму жүрді. Қазіргі мәдениеттің күрделілігі, оның
христиандық пен антикке сыни қатынасы, тарихи көкжиектің
өзгермелі кеңдігі және мәдениеттің тарихи элементтерінің
бәсекелестігі, революциялық шайқалыстар және тарихқа

сүйенетін қайтарым – осы тарихты және тарих философия­
сын талап етті. Ол біршама дәрежеде онымен мүдделендірілді.
Алайда, шешуші табысқа не немістің, не ағылшын-француз
тарих философиясы жете алмады. Бұл тарих философиясының

екі жағдайда да эмпирикалық-тарихи зерттеулермен қатты
қайшылықта болғанымен түсіндіріледі. Романтика мен позити­
визм оған үлкен күш берді, тарихқа дейінгі мен тарихты зертте­
уді үйретті. Алайда эмпирикалық тарих, алдымен қайнарларды

сынау және филологияның ықпалымен, кейін саяси, әлеуметтік
және экономикалық қозғалыстармен, осында дербестілік­
ке ие бола бастады; нақтылы тетіктермен жұмыс барысында
тәжірибемен белгіленген методтарды пайдалана отырып, ол өзінің

өлшемдерін философиялық жүйе кеңістігінен тәуелсіз, аумағы
тарлау, бірақ бүгінгі күннің өзекті практикалық мүдделерінен,
ең алдымен пайда болып жатқан ұлттық қозғалыстардан шыға
отырып, жасады. Тарих философиясының алғышарттары

басқа жағынан, философия жағынан бір мезгілде құртылды.
1848 ж. кейінгі жылдар – философияның құлдырау уақыты,
олар, ХVІІ ғасырдағы идеалистіктен айрықша, енді не толық
метафизикалық скепсиске, не анық материалистік сипаттағы

натуралистік эрзац-метафизикаға жетеледі. Бір мезгілде табиғи
ғылымдар биологияның және таза механистік мағынадағы

даму ұғымының үстінен үстемдікті алды және тарихты да бұл
шеңберге енгізіп алды. Бұқаралық әдебиетте бұл прогреске де­
ген өзінше материалистік сенімге әкелді. Тарих ғылымы өз жо­
лымен жүрді; мұнда мамандану, еңбектің кәсібі, бөлінісі және

эмпирикалық дәлдік үстемдік етті, тарихты бірегей, Геродот пен
Фукидид замандарынан жалғасып жатқан, саяси өмірді зерттей­
тін және тек екінші кезекте философияның сыртқы ықпалында
болатын, арнаулы ғылым деп есептеді22. Философия туралы

жалпы ештеңе айтылмаған жерлерде, ол философия тарихы
сапасында тек өз сырқатының тарихын баяндады және өзіне
өлім туралы куәлік тарих философия туралы, әрине, ешқандай
көз бола алмас еді. Тарихи зерттеулер керемет қарқынмен, кең

және табысты, бірақ ешбір философиялық бағытталусыз және
мақсатсыз жүргізілді. Тарих табиғаттану сияқты, жүздеген ар­
наулы пәндерге ыдыраған, эмпирикалық ғылымға айналды. Екі
жағдайда да жалпы негіз ретінде заң және байланыс алынады,

бірақ олар зерттелмейді. Бұл – позитивтік ғылымдардың гүлдену,
сыни эмпирикалық зерттеулерді өзіндік мақсатқа жоғарылату,
ол өзімен көптеген тамаша істерді жасаған, бірақ сол мезгілде
әлсіздік пен томағайлыққа ұшыраған, эмпирикалық және сыни

рухтың салтанатты уақыты. Ұлттық бірегейлікке ұмтылуды
қамтамасыз ету және саяси тарихпен конвенционалдықты ие­
лену сәтінен бастап бұл екі жағдаяттар Германияда тым сезіле
бастады.

Сол арқылы, жоғарыда біздің баяндауымыздың сүйеніш
нүктесі ретінде анықталған, жағдайлар қалыптасты. Оларды көп
алып жүру мүмкін емес болды және философия қайта туындауға
міндетті болды. Бірақ қандай сүйеніш нүктелерінде оның туын­

дауы сипатты және салдарлы еді. Әрине, табиғи ғылымдарды
олардың құқықтарынан ажыратуға және алмастыруға ол бара
алмады, сондықтан ол оларды мойындау және алғышарты
қызметін атқару тұғырын алды, осының арқасында оларға

қатысты белгілі бір мағынада рух басымдылығы бекітілді. Фи­
лософия логика, таным теориясы және методология түрінде өз
саласына ие болғанда және осыдан шыға отырып, деректерді
тануды танушы рухтың бірлігіне қайтадан бағындырғанда, бұл

мүмкін бола бастады. Осы үшін ол Кантқа қайтадан бұрылды,
расында бірақ ол онша сыпайы болмаған және метафизика, эти­

ка мен тарих философиясына терең бойлаған еді; алайда, ол тым
болмаса өзінің априорлы алдын алу теориясымен табиғатты
танудың өшпес маңыздылығын және бүкіл философияның,
соның ішінде оның өзінің құлдырауында, оның нақтылығын

бекітті. Расында, осындай жаңакантшылдық тарихқа өз
көмегін берді. Өйткені қалай Канттың өзі өзінің таным тео­
риясын табиғатты математикалық-механистік таным түрінде
құрастырып, тым болмаса принципте каузальдық зерттеу при­

нципіне тіпті рухани құбылыстар әлемін бағындырғаны сияқты,
оның түрлі бағыттарындағы жаңакантшылдық таным теориясы
табиғатты каузальды танымның априорлы алғышарттарына
таза немесе басым бағытталды. Бұл априорлық рух дербестілігі

мен ерекшелігінің қалдығы болды және осылай жалпы алғанда
қарапайым берілгенге қатысты рух басымдылығы сақталды.
Алайда, тарих осы жағдайда не табиғаттың бөлігі болды, егер
оның өзегі Канттың ізімен ақыл еркіндігі болып мойындал­

са, онда азат ерік білдірушілер үйлесімділігінің бұл жүйесі,
онда тарихтың бүкіл нақтылы байлығы жоғалып кететін, ерік
еркінділігінің логикасы ретінде құрастырылды, және этикалық
заңдардың бірлігі мұрат сапасында, қалай табиғат саласында –

табиғат заңы осындай болғандай, дәл сондай тиранияны жүзеге
асырды. Екі жағдайда да тарих, философиялық негізделуіне
қарамай, дүниетанымға деген қуатты және өміршең әсерінен
айырылды. Ең алдымен тарих құндылығы мен мазмұнының

шынайы мағынасы, оның нақтылы дербес өміршендігі мен
оның бағыттарының кернеулі ойындары жоғалып кетті.
Қашан таным талдауы мен психологияның жақындығы сал­
дарынан, соңғыны тәжірибелік табиғаттануға жақындататын,

философияның жалғыз бөлігі деп қарастыра бастағанымен,
жағдай өзгере қоймады. Механиканы немесе энергия тура­
лы ілімді табиғи ғылымдардың негізі реті алғандай, пси­
хологияны рух туралы ғылымдар деп аталатынның немесе

психологиялық ғылымдардың негізі деп қарастырды; онда
оны осылай ғылым атағына көтеру үшін, яғни жаратылыста­
ну ғылымдарының әлдебір баламасына дейін көтеру үшін,
тарихтың психологиялық заңдарын табуға ұмтылды. Бірақ міне

сонда тарих, қайда рухтың дербестілігі аталған заңдарды тек та­
нумен шектелген, бағалау мен тұғырнама барлық тамырларынан

айырылған, және тарихи өмірдің толықтығы ең жақсы жағдайда
көркем қабылданатын драма, ал көпшілік бөлігінде қарапайым
психологиялық үдерістердің заңдылықпен байланысқан кешені
болатын, ерекше тектегі табиғаттануға айналады. Бір мезгілде

дарвинизм әсерімен, жабайылар психологиясынан шыға оты­
рып, оны түсінуде олардың өзімен емес, ал жабайылар психи­
касына сүйене келе, әрбір зерттелу пәнінде «кешендер» арқылы
қазіргіге өте бастады.

Бірақ барған әрекеттен тәуелсіз, рух өмір тереңдігін талап
етті және оны түрлі тәсілдермен тарихтан қалқып ала бастады.
Алдында Чемберлен немесе Rembrandt – Deutschen23 сияқты ди­
летанттар жүрді, Гобино, Рескин, Лагардтардың шәкірттері жа­

рияланды. Тарих қайтадан натурализмге қарсы шықты және фи­
лософиядан оның ниеттерінің негізделуін талап етті. Ол қайтадан
жаңғырып келе жатқан философияның жайы бұл мәселеге
тек логика және таным теориясы түрінде кем болатындығын

түсіндірді. Тарихтың мақсаты оның кең мағынасы туралы
және тарихи үдерісті түсіндірудің соған сай құрылымынан
бас тартуға тура келеді деп, есептелді. Бұл мәтінде – ол таза
каузальды бағытталған методологияда шешілмейтін үрей ту­

дыратын – сәуегейлік, телеология және мифология тәріздес.
Осындай жайда өзі туралы, табиғи-ғылыми каузальдықтан,
психологиялық каузальдықтан мүлдем басқа екендігін көрсете
келе, тарихи қисын жарияланды; ол тарихи методтың табиғи

ғылымдардың методтарына қарағанда логикалық тәуелсіздігін
және ерекшелігін тарихи каузальдық ұғымдардың мақсат және
мағына ұғымдарымен органикалық байланысын және атап
айтқанда, логика мен талап етілетін биологиялық және тари­

хи шындықтын ерекшелігін атап өтті. Осындай түсінуге жауы
бірінші болып Лотце мен Зигварт ашты, Вундт аралық орында
болды; Дильтей, Риккерт, Виндельванд пен Ласк метод мониз­
мін толық жойған тарихи қисынды жасап шығарды. Зиммель

түйсінілген шындықтын терең қайтадан өзгертілуін көрсетті,
ол табиғи-ғылыми ұғымдарға ұқсастар арқылы, бірақ басқаша
өз типі бойынша жасалады. Басқа зерттеушілер – Шелер, Макс
Вебер, Шпрангер, Г. Майер. Эд. Мейер, Ксенопол, Шуппе әр

түрде түсіндірмелердің бұл талпыныстарын қарастырды. Берг­
сон тарихи ойлауды механикалық емес биологиямен байланыс­

тырды және басқаларына қарағанда математикалық және тари­
хи ойлаудың арасындағы айырмашылықты тереңдеу жүргізді.
Осы арқылы тарихи қисынға жол ашылды, ол сонымен табиғи-
ғылымилықпен қатар тарихи дүниетанымды жасап шығарды

немесе, дұрысында, оны қайтадан жаңғыртты, методтың мо­
низмін қайтадан алып тастады және табиғаттпен қатар өмір
сүретін екінші әлемді көрсетті24.
Ендеше, біз күтпеген жағдайда қайтадан жаңа, практикалық

өмірмен қажет етілген тарих философиясының орталығынан
шығамыз, ал оның өзі – дүниетанымның түйіні. Алайда оның
әсері мен мағынасы туралы көптеген пікір-таластар мен
ұйғарылған жолдары жеткілікті.

Жоғарыда суреттелген бұл жаңа тарих философиясының
дамуында да бізден екі жол – формальды тарихи логика мен
процестің мазмұнды құрастырылуы бөлініп көрсетіледі. Оларды
байыпты түрде айыру керек, дегенмен түбінде олар, күмәнсыз,

бірігуге тиіс. Сонда бұл – олардың әрқайсысы сондықтан жеке
әсер мен мағынаға ие, дербес және логикалық бөлінетін мәселе.
Бұрынғы тарих философиясының кемшілігі оның көп бөлікте
оларды араластыруы және эмпирикалық тарихтан шыға оты­

рып логикалық бірізділікті құрастыру қажеттілігін ескермеуі­
нен шығады; Гегельдік логика да материалдық тарих филосо­
фиясын оның көпсанды тұғырлары және құндылықтарымен
қабылдауға шешімділік танытпайтындығынан, бұл жарамды

бола алатын, сенімділеу және анық шығу нүктесі. Солай, мы­
салы, Эдуард Мейер өзінің кең көлемді ежелгі дүние тарихы­
на «Антропологияны» немесе оны ол формальды тарихи ло­
гикамен теңестіретін немесе басқаларының бәрін ескірген деп

есептей келе, оны негіз деп қарастыратын, тарихты танудың
психологиялық теориясын алдын ала кіргізеді.
Түсініктемелер
1 Екінші том жазылмады, ол жұмысты Э.Трельчтің 1923 ж.

ақпанындағы ерте ажалы үзіп тастады.
2 «Шпенглер туралы пікірталас»
3 Қар. Оған тарихшылар жиі көңіл аударатын, тарих
ғылымында қолданылатын кітаптағы, бүкіл техникалық және

ғылыми құралдардың кодификациясы: E.Bernheіm. Methode
und der Geschіchtsphіlosophіe.5. und 6. Aufl. 1908, паралле­

ли этой работы во французский английской историогра­ фии: Ch. V. Langloіs et Ch. Seіgnobos. Іntrodctіon aux etudes hіstorіgues. P.1898, E.A. Freeman. The methods of hіstorіcal study, 1886, F. von Bezold. Zur Entstehungsgeschіchte der hіstorіschen Methodіk //Іnternatіonale Monatschrіft, ҮІІІ, 1914. Тарихи ғылымдардың дамуын көрсететін еңбектердің арасында, мына­ ларды атап өту керек: B. Croce. Zur Theorіe und Geschіchte der Hіstorіographіe (нем перевод) 1915, M. Rіtter. Dіe Entwіcklung der Geschіchtswіssenschaft. 1919, E. Fueter. Geschіchte der neueren Hіstorіjgraphіe. Munchen, 1911. G.P. Gooch Hіstorі fund hіstorіans іn the 19thcentury. L., 1913. Қайда философиямен байланыс зор аталып өткен, жақында шыққан кітап: W. Bauer. Eіnfuhrung іn das Studіum der Yeschіchte, 1921. Ескі жұмыстардың арасында қазір де маңыздылары: Wacher. Geschіchte der hіstorіschen Forschung und Kunst seіt der Wіederherstellung der lіterarіschen kultur іn Deutschland. Gottіngen, 1812-1820, F.X. Wegele. Geschіchte der deutsche Hіstorіograhіe. 1885. 4 «Тарих очерктері » – Ауд.ескерт. 5 Қар. E.Troeltsch. Dіe Revolutіon der Wіssenschaft // Schmollers Jahrbuch, 1922 Max Pіcard. Der letzte Mensch. Wіen-Zurіch, 1921, A.Pannwіtz. Dіe Krіsіs der europaіschen Kultur. Nurnberg, 1917. Wachler. Geschіchte der hіstorіschen Forschung und Kunst seіt der Wіederherstellung der lіterarіschen Kultur іn Deutschland. Gottіngen, 1812-1820, F.X/ Wegele. Geschіchte der deutsche Hіstorіographіe.1885. 6 Осыған жақыны: E. Spranger. Der gegenwartіge Stand der Geіsteswіssenschaften und Schule, 1992. 7 Осы жөнінде A. C. Bouguet. Js Chrіstіanіty the fіnal telіgon? London, 1921. 1 беттегі түсіндірмесін келтірейік: «The AngloSaxon temperament іs expansіve rather than іntensіve, fnd takes more naturflly to mіssіonary enterprіst than to examіnatіon of belіef». (Англосактар ширақ экспансивті, интенсивті емес және дінді зерттегеннен гөрі миссионерлікке көбірек бейім). Осыған ұқсас С. Лоу кітабында айтылады: S.Low. Governance jf England. 1916, p.4, «We have had no revolutіon for hundred years, we have not been compelled to cleane the state, examіne the foundatіons of belіef, and we are proud of beіng an іllogіcal people. So we have carefully fvoіded systematіzatіon, we provіde for іmmedіate necessіtіes»

Бізде соңғы 100 жыл бойында революция болмады, бізде ескі міндеттерден құтылу және дін негіздерін зерттеу қажеттілігі болмады, және біз алогикалық халық екенімізге мақтанамыз. Біз кез келген жүйелендіруден аулақ боламыз, біз тікелей мұқтаждықтарымызды қанағаттандырамыз). – Бұл Берктің, оның «Reflectіons»-да айтылған, Француз революциясына қатынасын еске салады. Көбіне бүгінге дейін тарихшылдықтың өзгеруші жағдайларды еркін қабылдаумен байланысына деген бейімділік сақталып келеді, алайда онда тарихшылдық христиандықтың дағдарысында да сезіледі. Мысалы, Букеде, ал сонымен бірге Уэллстің «Outlіne»-сінде. Америка үшін қар: W.A. Brown. The essence of Cnrіstіanіty, Edіnburgh, 1904 ж. – Буке кітабына па­ ралеллель. Мәдениеттің жалпы дағдарысы идеясына қазіргі француздардың қатынасы туралы қызық ескерту мына кітап­ та берілген: E.R. Curtіus Der Syndіkalіsmus der Yeіstesarbeіter іn Frankreіch. Bonn, 1921. Куртиустың пікірінше, француздар жалпы дағдарысты мойындауға бейімді емес, бір жағынан, олар сөздерін әлемнің өлмейтін жаны деп есептейді, екінші жағынан, соғыстан кейін олар өз жайын тек бекіткісі және ұстап тұрғысы келеді және соғысты дүниежүзілік дағдарыс емес, ал өз құқықтарын қалпына келтіру ретінде қарастырады, тағы басқа жағынан, олар принципті түрде алғанда дәстүрді, форма­ ны және латындық мұраны сенімді қорғайды. «Француздарға, – деп жазады ол, – ең алдымен тұрақтылық керек, осымен қазіргі Франциядағы Бергсонға күшті қарсы әрекетте түсіндіріледі (бұл атап айтқанда оның біршама дәрежеде esprіt nouveau ( жаңа рухтың – француз) пайда болуына себебін тигізгеніне қарамай). Алайда осындай ойлау салтын Ларошфуко мен Шамфордан бастап Сен-Симон, Стендаль және қазіргі романтиктерге дейін, олардың Ницшені жігерлендіруімен бірге, аяусыз сынауын да ұмытпау керек. Қазір де, Андре Жид пен Ромен Роллан сияқты жазушылар да, әлемдегі күйзеліс күйін жеткілікті анық көріп тұр. Сонымен бірге Поль Валеридің мақаласын қар: (P.Valerі. Lacrіse de Jіmperіalіsme. O. Yrfіntoff. Zur Psychologіe Frankreіchs, 1922.). Бұл – қайда автор бергсондық élan vіtal (өмірлік екпін – франц) негізінде Франция тарихындағы бір қалыпты империа­ лизмді жақтайтын және оны мәдени қатынаста ХVІІІ ғасырдағы классицизмге әкеліп тірейтін, философиялық-тарихи үлкен очерк, осымен оның Руссо мен романтиктерді қабылдамауымен

байланысты; оның пікірінше олар тарихтың дұрыс түсінуін бұрмалады. Сондықтан, бұл да тым терең болмаса да, тарихтың жаңа ойластырылуы. 8 Cp. Dіe Entwіcklungsgesgeschіchte des hіstorіschen Sіnnes. //Hіstorіsche Studіen. Hrgs. Von Eberіng. Bd. 142, 1920. Нені біз сыни мағына деп есептейтініміз, мұнда жеткіліксіз бағаланған. 9 Бұл туралы қар.: K.Reіnharat. Hekataus und Demokrіt // Hermes, 1912. 10 Онда позитивтік тарих философиясына әлдебір ұқсастық табылады және ол тек нәзік аралық буындар арқылы нағызына дейін жетеді, Ю. Гензель П. Кітабын қар: P.Hensel. Kleіne Schrіften, Greіz oj. Әлемнің ұлы жылы туралы ілім. 11 Дүнежүзілік тарих туралы пайымдау (франц.) – Аударм. ескерт. 12 Бүгін әлі классикалық деп есептеле алатын Баурдың кітабын қар.: F. Ch. Baur. Dіe Epochen der kіrchlіchen Geschіchtsschhreіbung, 1852, особенно: W. Kohler, іdée und Personlіchkeіt іn der Kіrchengeschіchte, 1910 и мои «Sozіaііehre» //Troeltsch. Gesammelte Schrіften, Bd. 1, Sozіalphіlosophіe des Chrіstentums, Bem, 1922. Аугустинді тек тым шартты түрде тарих философы деп есептеуге болатыны туралы менің жұмысымды қар: Augustіn, dіe chrіstlіche Antіke und das Mіttelalter, 1915. Cіvіtas Deі (Құдай қаласы – лат.) – бұл аспандық Иерусалим. Мистикадан басқа негізгі материал – апологетика мен синхронизм. 13 Қар.: Troeltsch. Das stoіsch-chrіstlіche Naturrechtund das moderrne profane Naturrecht //HZ, 1913 W. Metzger. Gesellschaft und іn der Ethіk des deutschen іdealіsmus, 1917, S. 27-45. 14 Көнелікті қолдаушылыр мен қазіргіні қолдаушылырдың арасындағы пікірталасқа (франц.) – ауд. ескерт. 15 Философиялаушы тарих (франц) – Ауд. ескерт. 16 Тарих философиясы (франц.) – Ауд. ескерт. 17 Қар.: Co Delvaіlle. Essaі sur Lhіstoіre de lіdee de progress jusgua la fіn du 18eme sіecle, 1910. 18 Жалпы табиғат туралы ғылым негіздері (ит.) – ауд. ескерт. 19 Лейбниц үздіксіздік туралы өз ілімімен бір уақытта француздық және немістік тарих философиясын дамытуға се­ бебін тигізгені туралы қар.: Davіlle. Leіbnіtz hіstorіen. P., 1909.

Тым қызық кітап – Croce. La fіlosofіa de Yіambattіsta Vіco, 1912 (франц. аударма, 1912). 109 б. және 33 б. Вундтың мақсаттар гетерогенді мен Теннэстің даму сатыларына жақындық. Бэконнан бұл ойлардың ұрықтары алынған, ал Паскальда Вико ілімінің тарихи элементі табылған. – Fechter Roussean und deutsche Yeschіchsphіlosophіe, 1980. 20 Жаңа христиандықты (франц.) –Ауд. ескерт. 21 Адамзат діні (франц.)- Ауд. ескерт. 22 Трейчке мен Зибельдің жиі айтылатын сілтемелері: Fufgabe des Geschіchtsschreіbers // hіst.-polіt. Aufsatze, ІV, Subel. Uber den Stand der neueren deutschen Geschіchtsschreіbung // Kleіne hіstorіsche Schrіften, 1863 ж. Лоренцтің тарихта рух пен философияның аз орын алатыны туралы кейінірек уақытқа жататын ащы пікірлері: O.Lorenz. Yeschіchtswіssenschaft іn Hauptzіchtungen und Aufgaben, 1886-91, сонымен бірге Шмоллердің Зибель мен Трейчкені еске алу сөзі. – АВА, 1896ж. «Рембрандт тәрбиеші ретінде» деген оқу құралы еске алынып тұр (Ред.). 24 Қар.:F. Neeff. Gesetz und Geschіchte, Tubіnden, 1917, Kausalіtal und orіgіnalіtal, 1918, Uber das Problem der Naturgeschіchte// Kantstudіen Bd. Неф – ботаник. Бұл айырмашылық Шпенглерде де анық көрсетілген (Unterdad des Abendlandes, 1, Wіen, (1918), осы­ ны бұл үлкен дискуссия шақырған кітап авторының жетістігі деп шартсыз есептеу керек. Ксенопол faіts de repetіtіon faіts de successіon-ды (дәйектілікке жеткізетін, деректер – франц.) ажыратады, Бергсон – temps (уақыт –франц.) және duree zellte (нақтылы шындықты –франц.) айырады. 25 Қар. Менің жұмысымды: Dіe Absolutheіt des Chrіstentums und dіe Relіgіonsgeschіchte., ал сонымен бірге Гарнакқа арналған, мерейтойлық жинақта шыққан менің мақаламды қар.: F.Ch. Baur und A. Harnack. Tubіngen, 1921 26 Жастар арасынан шыққан кітапта өте қызық компромисc ұсынылғын: H. Freyer. Antaus, Grundlegung eіner Ethіk des bewusten Lebens. Jena, 1918. Трельч Э. Историзм и его проблемы//Логическая проблема философии истории. – Москва. Юрист, 1994. – С. 7-29.

Николай БЕРДЯЕВ

ТАРИХ МӘНІ

Х бөлім

...ПРОГРЕСС ТУРАЛЫ ІЛІМ ЖӘНЕ ТАРИХТЫҢ СОҢЫ

Метафизика тарихы үшін ілгерілеу (прогресс) идеясы не­
гізгі болып табылады. ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап және
XІX ғасыр бойы ол Еуропа адамзатының дүниетүйсінуінде
айқындаушы роль атқарады. Бірақ, ең алдымен прогресс

«алдыңғы» қатарлы адам санасының соңғы кезеңінде туындаған
өте жаңа идея болғанымен, барлық ақиқаттар тәрізді оның да көне
және терең діни тамыры бар екендігін айта кету керек. Ол терең
тарихи өмірмен тығыз байланыста болғандықтан, өзінің шығу

тегінің ежелден пайда болғанын көрсетпей қоймайды. Ілгерілеу
идеясын жеткілікті дәрежеде түсіндірілген эволюция идеясы­
мен шатастыруға болмайды. Ілгерілеу идеясы тарихи ілгерілеу
мақсатын қамтиды және оның мәнінің айқындалуының осы

соңғы мақсатқа тәуелді екенін көрсетеді. Тереңірек айтқанда,
ілгерілеу идеясы тарихқа іштей тән емес, яғни тарихқа енбейтін,
белгілі бір заманмен, өткен заманның, қазіргі уақыттың және
болашақтың кезеңдерімен байланыспаған, бірақ уақыт үкімінен

жоғары тұратын, сондықтан да тарихи үдерістің өн-бойында
ұяланғанды ғана мәнді деп танитын тарихи процестің мақсатын
қамтиды. Бұл идеяның көне тамырлары діни мессиандық болып
табылады. Бұл – тарихтың мессиандық шешілуі туралы ескі

юдаистік идея, болашақта келетін Құтқарушы туралы, барлық
халықтардың тағдырына айналған Израиль тағдырының осы
дүниедегі шешілуі туралы, ерте ме, кешпе іске асуға тиіс Құдай
патшалығы, кемелділік патшалығы, әділеттілік пен шындық

патшалығы туралы идея. Бұл мессиандық және хилиастикалық
идея үлгерілеу туралы ілімде секуляризациялынады, яғни
өзінің айқын діни сипатын жоғалтып осы дүниелік, дінге қарсы
сипатқа ие болады. Ілгерілеу туралы ілім көптеген дінде кезде­

седі, яғни ілгерілеу діні болған, оны XІX ғасырдың адамдары
ұстанған, олар үшін прогресс діні христиан дінін алмастырған
деп ауыз толтырып айтуға болады. Өз ұмтылыстары бойын­
ша діни болып табылатын осы прогресс идеясының негізгі

ішкі қарама-қайшылықтарын анықтау үшін оған талдау жасау
қажет1.

Адамзат тарихының соңғы кезеңінде прогреске деген сенімге
күмән келтірілді, прогресс кумирлері тақтан түсіріліп, бұл иде­
яны сынға алуда көп істер жасалынды. Ілгерілеу туралы ілімде­
гі ашылуға тиісті негізгі қарама-қайшылығы, менің метафизика

тарихымның аясында айқын белгілі болғандай, прогресс туралы
ілімнің уақыт мәселесіне – өткенге, қазіргі кез бен болашаққа
деген жалған қатынасында ұяланған. Ілгерілеу, яғни прогресс
туралы ілім, бұл ең алдымен, ғылыми көзқарас тұрғысынан да,

философиялық көзқарас тұрғысынан да, моральдық көзқарас
тұрғысынан да ақтауға болмайтын болашақты – қазіргі уақыт
пен өткеннің есебінен жалған дәріптеу. Прогресс туралы ілім
бұл діни тәубешілдік пен сенім, себебі прогресс туралы ғылыми-

позитивтік ілімді негіздеуге болмайды, өйткені ғылыми-пози­
тивтік тұрғыдан тек эволюция теориясын негіздеуге болады, ал
прогресс туралы ілім тек сенімділік пен үміттің нысаны болып
табылады. Прогресс туралы ілім бұл “көзге көрінбейтін зат”-

болашақты әшкерелеп ашу, “болашаққа үміт артқандардың ха­
бары”2. Прогресс туралы ілімімен байланысқан осы сенімнің,
үміттің арқасында метафизика тарихының ең қасіретті мәселесі

– уақыт мәселесін шешу мүмкін емес. Мен метафизика та­

рихы үшін негізгі болып табылатын уақыт мәселесінің мәнін
анықтадым және өткен шақ пен болашаққа бөлінетін уақыттың
кеселді табиғатын анықтауға тырыстым. Уақытты уысыңда
ұстап қалу мүмкін емес, себебі онда бүкіл шындық тозаңға ай­

налады, жұлым-жұлым болып ыдырап, үзіліп кетеді. Прогресс
туралы ілім осы жұлым-жұлым болған қиындының билігінде.
Прогресс туралы ілім бойынша адамзаттың бүкіләлемдік тарихи
мақсат-міндетері болашақта шешіледі, адамзаттың тарихы мен

тағдырының белгілі бір сәтінде жоғары кемелділікке қол жет­
кізіледі, осы кезде адамзаттың барлық қарама-қайшылықтары
жойылып, барлық мәселе шешіледі. Конт та, Гегель де, Спен­
сер мен Маркс та осыған сенген. Осы болжам-ойлар дұрыс

па? Осыған сенудің қандай негізі бар, тіпті, егер бізде мұндай
негіз болса да, ол бізде энтузиазмды қалай туындатады, нелік­
тен біз оны адамгершілік тұрғысынан қабылдаймыз және не
үшін бұл үміт біз үшін қуанышты болу керек? Бұл үшін еш бір

негіздер жоқ, сонымен қатар прогресс ілімінде әлемдік тарих
шешімін табады деген көмескі саналық діни үміт ұяланған. Бұл

– бүкіл әлемдік тарихтың қасіреті аяқталады деген үміт. Осы

қасіретті шешу прогрестің мақсаты болып табылады. Алайда,
ХІХ ғасырда пайда болған прогресс туралы позитивті ілімдерде
мұндай діни сенім мен діни үміт басып – жаншылған және са­
налы түрде теріске шығарылған. Керісінше, прогрестің әр түрлі

теоретиктері прогреске деген сенімді, үміт артуды осы тәрізді
діни сенімдер мен үмітке қарама-қарсы қойған. Бірақ, егер про­
гресс идеясындағы осы діни сенімді мүлдем алып тастаса, онда
одан не қалады? Неліктен прогресс іштей қабылдана алады?

Позитивті түсінілген прогрестің мәні, адам тағдыры шешілетін
уақыт ағымында, бір ұрпақты екінші ұрпақ алмастырып, адам­
зат маған белгісіз және жат шыңдарға қарай жылжып, алға,
жоғарғы күйге көтерілуінде емес пе. Бұл күймен салыстырғанда

барлық алдыңғы ұрпақтар өзіндік мақсат емес тек бір буын,
құрал, сайман ғана болып табылады. Прогресс әр бір адамзат
ұрпағын, әр бір адамның бейнесін, тарихтың әр бір дәуірін соңғы
мақсат – болашақ адамзаттың кемелділік пен құдіреттілікке,

рахаттануға жетуінің құралы ретінде қарастырады, ал онда
біздің ешқайсымызға орын жоқ. Прогресстің позитивті иде­
ясын іштей қабылдап, оған діни және моральдық тұрғыдан
жол беруге болмайды, себебі бұл идеяның табиғаты сондай, ол

өмір азаптарын шешуге, барлық уақыттарда өмір сүрген бүкіл
адамзат ұрпақтарының азапқа толы тағдырларының қасіретті
қарама-қайшылықтары мен қақтығыстарын шешуге мүмкіндік
бермейді. Бұл ілім алдын-ала және саналы түрде қалың халық

бұқарасы мен сансыз көп адамзат ұрпақтары, сансыз көп
уақыт тізбегі мен дәуірлер үшін тек өлім мен мола ғана бар
дейді. Олар жетілмеген, азап пен қарама-қайшылыққа толы
жағдайда өмір сүрді. Тарихи өмірдің әлде бір шыңында, барлық

өткен ұрпақтың күлге айналған сүйектерінің үстінде шыңға
көтерілетін бақытты ұрпақ пайда болады. Толыққанды өмір,
жоғарғы шаттық пен кемелділік тек солар үшін ғана мүмкін
болады. Барлық өткен ұрпақтар осы рахатқа толы өмірге

жетудің, біз үшін жат және белгісіз болашақта пайда болуға
тиіс бақытты таңдамалы ұрпақтың тек құралы ғана. Прогресс
діні барлық адамзат ұрпақтарын, барлық адамзат дәуірлерін
өзінше құндылығы мен мақсаты бар, өз бетінше мәні жоқ, тек

болашақтың құралы мен қаруы деп қарастырады. Бұл – прогресс

ілімінің негізгі діни және моральдық қайшылығы, ол бұл ілімді
іштей қабылдап, іске асыруға мүмкіндк бермейді. Прогресс діні
тірі жанды мәңгілік өмір үшін қайта тірілтіп, қалпына келтіру
діні емес, ол өлімнің діні. Болашақта шыңдарға көтерілетін және

бақыт пен шаттық тек солар үшін дайындалатын ұрпақтардың
тағдырын маңдайына азап пен кемелсіздік жазылған барлық
басқа ұрпақтардан артық қоюға ешқандай ішкі негіздер жоқ.
Ешқандай болашақтағы табыстар өткен ұрпақтардың азабын

ақтай алмайды. Болашақта прогрестің шыңына шыға алатын
ұрпақтың әлде бір мессиандық тойы үшін барлық адамзаттың
тағдырын құрбандыққа шалу адамзаттың діни ар-ұятына кір кел­
тіреді. Болашақ бақытты ұрпақты осылайша құдіреттендіретін

прогресс діні – қазіргі уақыт пен өткенге қатыгездікпен қарайды.
Ол болашаққа деген шексіз оптимизмді өткенге деген шек­
сіз пессимизммен байланыстырады. Ол барлық ұрпақтардың,
қайтыс болғандар мен ата-бабалардың қайта тірілетініне үміт

артатын христиандық сенімге тым қайшы келеді. Христиандық
идея тарих барлық қасіреттер тарихының, қарама-қайшылықтар
тарихының кетуімен аяқталады, оған барлық адамзат ұрпағы
қатысады, әр заманда өмір сүрген барлық адамдар қайта тіріліп,

мәңгі өмір сүреді деген сенімге үміт артуға негізделген. ХІХ
ғасырдың прогресс идеясы бұл мессиандық тойға бұдан бұрын
тіршілік еткен ұрпақтардың қанішерлері болып табылатын
бізге беймәлім бақытты ұрпақты ғана жібереді. Болашақтағы

бақытты адамдардың ата-бабаларының азапқа толы тағдырын
ұмытып, олардың бейітінің басына той жасауы біздің тарабы­
мыздан прогресс дініне деген энтузиазмді тудыра қоймас, бұл
тым пасық энтузиазм болар еді.

Уақыт мәселесінің шешілмеуі прогресс теориясының негіз­
гі кемшілігі болып табылады, себебі егер бүкіләлемдік тарих
тағдырын, оның қарама-қайшылықтарын шешу мүмкін бол­
са, оған тек уақытты жеңгенде ғана, яғни өткен мен болашақ

арасындағы үзікті жалғастырғанда, уақыттың өзара жауласқан
және өзара бір-бірін жалмап жатқан элементтеріне ыдырауын
тоқтатқанда ғана қол жеткізуге болады. Бүкіләлемдік тарих
тағдыры шындығында шешімін табуы үшін уақыттың бұл кесір­

лі табиғаты түпкілікті жеңіліс табуы қажет. Бірақ прогресс тура­
лы ешбір ілім мұндай үміт арттыратын сенімдерді қамтымайды,

өз алдына мұндай мақсаттары қоймайды және олардың мұндай
мәні де жоқ. Прогресс теориясы адамзаттың тарихи тағдырын
уақыттан тыс мәңгілікте, бір ұдай тұтастықта, тарихтың өз ше­
гінен тыс қарастыруға бағытталмаған. Ол бұл мәселенің тарих

ішіндегі уақыт ағымында, болашақтағы уақыттың бір сәтінде
шешілетіндігін мойындайды, ал бұл сәт – барлық қалған сәттер
үшін жалмауыз қансорғыш, себебі болашақ өткеннің жалма­
ушысы, осы бір өткеннің қанішері болып табылады. Прогресс

мәңгі өмірге, қайта тірілуге емес, мәңгі өлімге, болашақтың
өткенді, алдыңғы ұрпақты кейінгі ұрпақты мәңгілік жалма­
уына айналады. Барлықтың бәрін шешетін рахат-шаттық тек
болашақтағы уақыттың бір сәтінде ғана келеді, ал болашақтағы

уақыттың кез-келген сәті жұлым-жұлым, быт-шыт, жалманған
және жалмаушы – өткенді жалмайтын және болашақта жал­
манатын. Уақыттың бұл қарама-қайшылығы бүкіл прогресс
туралы ілімді кеселді және қажетсіз етеді. Прогресс ілімі XІX

ғасырдағы еуропалық адамзат санасының шектелген сипатын,
осы уақытқа қойылған барлық шектілікті бейнелейтін XІX
ғасырдың уақытша ілімі. Ол белгілі дәуірге сай келеді, онда
адамзат тарихы тағдырының шешілетініне деген бұрмаланған

көмескі саналық діни үміттің ақиқатын санамағанда, өтпес,
мәңгі ақиқат жоқ.
Жердегі жұмақ пен осы дүниелік шаттық прогресс тура­
лы ілімімен және прогреске үміт артумен тығыз байланысты

болды. Бұл жердегі жұмақ утопиясы сонымен қатар, тарих
соңында Құдай Патшалығының жерде орнауы туралы діни
идеяның өңін айналдырып, бұрмалау, яғни көмескі саналық хи­
лиазм болып табылады. Жердегі жұмақ туралы қиял соққы алу­

да, ой еңбегі оны практикалық тұрғыдан да, өмірлік тұрғыдан
да талқандады. Жердегі жұмақ утопиясы ілгерілеу ілімінің
негізгі қайшылықтарын өз бойына сіңірді, себебі ол да уақыт
аралығында, тарихи процестің аумағында әлде бір кемелденген

қалыптың орнау мүмкіндігін болжайды. Ол адамзаттың тарихи
тағдыры тарихи күштердің тұйықталған шеңберінде шешілуі
мүмкіндігін қабылдайды. Осы шеңбердің ішінде халықтар та­
рихы мен адамзат тарихы жүзеге асады. Ол бүкіләлемдік тарих

қасіретінің имманентті шешілуі және кемелденген қалыптың
келуі мүмкін деп санайды. Кез-келген ілгерілеу, яки, прогресс

идеясы тәрізді ол да уақытқа деген жалған қатынасқа негізде­
леді, онда да уақыт қасіреті болашақта шешіледі деген жалған
ілім бар. Болашақта іске асуы тиіс жердегі жұмақтың утопиясы
(біреулердің айтуынша өте жақын арада орнайды, басқалардың

айтуынша жақын арада іске аспайды, қазіргі жағдайда оның
принципиальды маңызы жоқ), өткеннің толымдылығын өзіне
қабылдамаған болашақтағы кемелділік пен шаттықты ойша
елестетеді. Жердегі жұмақ утопиясы бүкіл тарихи процесс тек

соны жүзеге асырудың дайындығы, құралы ғана болды дей­
ді. Тарихи үдерістің соңына қарай дүниеге келетін бақытты
жандардың көретін рахаты мен кемел өмірі оларға дейін өмір
сүрген барлық адамзат ұрпақтарының тартқан тауқыметі мен аза­

птарын ақтайды. Жердегі жұмақы қиял утопиясы осы дүниелік
және тарихи уақыттағы өмірдің салыстырмалы жағдайларында
адам өмірінің абсолютті күйі орнайтынын болжамдайды. Бірақ
анығында жердегі шындық абсолютті өмірді толық қамти ал­

майды. Абсолютті өмір жан-жағынан қыспақталған, шек­
телген шындыққа сыймайды. Бірақ жердегі жұмақ утопиясы,
егер бұл осыған дейін болмаса, онда бұл абсолюттік әлде не
тарихи салыстырмалы шындықта түпкілікті жүзеге асатын сәт

келеді деген сенім болып табылады. Ол салыстырмалы тари­
хи шындықтың шегінен асуды, болмыстың басқа бір күйіне,
шектелген үш өлшемділіктен әлде бір төртінші өлшемге өтуді
қарастырмайды. Ол осы үш өлшемді кеңістікті тұтасымен

абсолютті өмірдің төртінші өлшеміне сыйдырғысы келеді.
Оның метафизикалық қарама-қайшылығы да осыда. Бұл ішкі
қайшылық оны жүзеге асырмайды, себебі, абсолютті өмірге
жетуді жердегі тарихтан көктегі тарихқа өтуден іздестірудің

орнына жердегі жұмақ утопиясы адамзат тағдыры осы салыс­
тырмалы жерлік шындықта түпкілікті шешіледі, толығымен
үш өлшемділікке (олардың барлық шектілігіне қарамастан)
сиып кетеді дейді және тек көктегі шындықта ғана қол жететін,

төртінші өлшемге ғана сыйатын абсолюттті кемелділік пен
шаттықты соған сыйдырғысы келеді. Әртүрлі әлеуметтік ілім­
дер мен тарих философияларына тән бұл жердегі жұмақ утопи­
ясына философиялық ой мен діни сана есеңгірете соққы береді.

Бүкіл тарихи процестің терең трагедиялық және екі ұшты сипа­
ты біртіндеп айқындала бастайды. Тарихта болашақ ұрпақ өткен

ұрпақтан жоғарырақ тұратын кемелділіктің, жақсылықтың
жүзеге асатын прогресивті даңғыл жолы жоқ; тарихта адам
бақытының прогресі де жоқ, тек болмыстың ішкі бастауларының
трагедиялық ашылуы, қарама-қарсы бастамалардың, жарық пен

түнектің, құдайылық пен шайтандық жақсылық пен жамандық
бастамалары ашылуы ғана бар. Адамзаттың тарихи тағдырының
ішкі мәні – осы қарама-қайшылықтарды ашып, айқындауда.
Егер адам санасы тарихында әлде бір прогресс бар десек, бұл

сананың шиеленісуі, ал ол осы адам болмысының трагедиялық
қайшылығын іштен ашудың нәтижесі болып табылады. Бірақ
ілгерілік, яғни, прогресс – теориясында бекігендей оң (жақсы,
жағымды) тек терістің (жаманның, жағымсыздың) арқасында

ғана үнемі өсіп отырады деуге болмайды. Тарихи процесте
бастамалар күрделене түседі, ол әртүрлі қарама-қарсы баста­
маларды қамтиды. Егер прогресс абсолютті Құдайылық өмірге
жақындау деп сенетін болсақ, онда бұдан тарих шыңында

дүниеге келетін ұрпақтар Абсолюттілікке ерекше жақын бо­
лады, ал қалған ұрпақтар осы Құдайылық өмір көздерінен өте
алыста немесе онымен ешқандай байланыста болмайды және
тарихтың соңғы ұрпақтарының құралы ретінде ғана Құдайылық

өмірмен байланысады деген қорытынды жасау дұрыс емес. Л.
Ранке сияқты барлық адамзат ұрпақтары бүкіл тарихи үдеріс
барысында Абсолюттілікке өзіндік қатынаста болады, олардың
барлығы Құдайылыққа жақындайды- Құдайлық әділеттілік пен

Құдайылық шындықта осында деп дұрысырақ болды3. Егер тек
прогресс шыңына шыққан ұрпақтар ғана Құдайылық өмірдің
құпияларына қанығатын болса, бұл асқан әділетсіздік болатын
еді. Прогресс туралы осындай ілімдер Құдайылық мақсаттың

бар екендігіне күмән келтіруге итермелейді, себебі бүкіл
адамзат ұрпақтарын өзіне жақындау мүмкіндігінен айырып,
тек тарих шыңында тұрған ұрпақтаға ғана өзіне жақындауға
мүмкіндік беретін Құдай қанішер Құдай болатын еді және

адамзаттың басым бөлігіне қатысты оның бойында әділетсіздік
пен зорлық-зомбылық қана қалар еді. Осының негізінде Иван
Карамазов өз билетін Құдайға қайтарып береді4. Шындығында,
осыған ұқсас еш нәрсе жоқ; шындығында әр ұрпақтың өз

мақсаты бар, олар келер ұрпақтың құралы мен тәсілі ретін­
де емес, керісінше өздерін Құдайылық өмірге жақындататын

құндылықтарды мен рухани өрлеулер арқылы өз өмірлерінің
ақталуы мен мағыналығын айқындайды. Басқа ғасырдың адам­
дарына қарағанда XІX ғасырдың адамдары Құдайдан алыстап
кетті ме?

Прогресс туралы қалыптасқан ілімің түпнегіздерін шайқал­
татын ғылыми-позитивтік сипаттағы тағы бір келіспеушілік бар.
Егер тарихтағы халықтардың, қоғамдардың, мәдениеттердің
тағдырын алып қарасақ, онда осы барлық мәдениеттер, қоғамдар

және халықтар өз тағдырында түрлі кезеңдерді – дүниеге келу,
балалық шақ, есею, гүлденіп даму және соңында кәрілік пен
қартаю, солу мен өлу кезеңдерін бастан кешіретінін көреміз.
Барлық ұлы ұлттық мәдениеттер мен барлық қоғамдар қартаю мен

өлу процесстеріне ұшыраған. Мәдениет құндылықтары – мәңгілік,
мәдениетте өлмейтін бастама бар, бірақ халықтарда тірі организм
сияқты тарихта өз тағдырын тамамдап, ажал құшады – өзінің
жоғарғы гүлдену кезеңінен кейін олар құлдырап қартая бастай­

ды. Прогресс теориясының ең көрнекі терістелуі ретінде Р.Х.- тен
3000 жыл бұрын тіршілік еткен Вавилон мәдениетін айтуға
болады. Ол XІX ғасырдың мәдениетін болжамдаған, тіпті кей
жақтарында одан да асып түскен дамудың жоғарғы кемелділігі­

не жетті. Бірақ ол да ажалынан қашып құтыла алмады, тіпті іссіз
жоғалып кеткендей болды. Көп уақыт бойы оның тіршілік ет­
кенін ешкім байқамады, тек археологиялық қазбалар мен көне
мәдениетті танудың жетілдірілген әдістері ғана бұл мәдениеттің

бар болғанын ашып, панвавилонизммен әуестенуді туындатты.
Бұл Э. Мейер сияқты ірі тарихшыны бір бағытты тікке өрлейтін
адамзат прогресінің бар екендігін батыл түрде теріске шығаруға
итермеледі5. Мәдениеттің тек бөлек типтері ғана дамиды және

осы мәдениеттер бұрын болған мәдениеттердің шыңына жете
де алмайды. Бұл ойлардан пессимистік тұжырымдар жасал­
мауы тиіс. Себебі өз оптимизміңді, өз сергектілігіңді болашақ
ұрпақтың маңызын асыра бағалаудан сарпуға және өмірге де­

ген шығармашылығыңды сол арқылы анықтауға болмайды.
Олар барлық өткен ұрпақтарға қарағанда анағұрлым нақты де­
ген сенім еш бір нәрсеге негізделмеген. Бұл мәселені тереңірек
қарастыратын болсақ, осы шақта (бұл термин өте осал және

екі мағыналы, себебі «осы шақ» әр кезде жоқ болады) өмір
сүріп жатқан ұрпаққа жататын біздің әрқайсымызды немесе 50

әлде 100 жылдан кейін туатын болашақ ұрпақты біздің сана­
мыз үшін бұдан 50,100 немесе 5000 жыл бұрын тіршілік еткен
ұрпақтармен салыстырғанда әлде қайда нақты және құндырақ
деп санауға ешбір негіз жоқ. Уақытты осы, өткен, келер шаққа

бөліп, болашақ өткенге қарағанда анағұрлым нақты деуге
еш негізіміз жоқ. Осы кездің көзқарасы бойынша болашақ
өткенге қарағанда анағұрлым нақты (реальды) емес және біздің
шығармашылық жұмысымыз болашаққа үшін емес, мәңгі осы

шақ үшін жасалынуы керек, онда болашақ пен өткен бір тұтас.
Өткен шақ жоқ, ол тек біздің есімізде ғана өмір сүреді, болашақ
та әлі келген жоқ, оның болатыны әлі белгісіз. Шын мәнінде
өткен шақ болашаққа қарағанда рас нақты және өткен адамдар

әлі туылмаған адамдарға қарағанда рас нақты. Болашақ бола­
ды және болашақта өмір сүретін адамзат ұрпақтары үшін біз
жоғарғы өмірді дайындауға тиіспіз дейді. Осының өзі біздің
өмірімізге мағыналық, өмірдің шаттылығы мен сергектігін беру

керек. Міне, бұл XІX ғасырда насихатталған прогресс дінінің ең
өкінішті сандырағының бірі. Шындығында біз болашаққа де­
ген осындай байланыстағы сенімді, үміттерді түпкілікті үзуіміз
керек. Біз өзімізді осы шақтың бір сәттілігінен жоғары көтеріп,

үзілген осы шақтың ғана емес, ұлы тарихи тағдырдың адамда­
ры ететін өз сенімімізде,өз үмітімізде жұлым-жұлым болған
кесірлі уақытты – осы шақ, өткен шақ пен болашақ уақытын
түпкілікті жеңіп, ақиқат уақыты- мәңгілікке енуіміз керек.

Біздің барлық сенімдеріміз бен үміт артуымыз мәңгілікте
адам тағдырының шешілуімен байланысты болуы тиіс және біз
өмірдегі өз перспективамызды үзілген болашақ перспектива­
сында емес, бүтін мәңгілік перспективасында құрастыруымыз

керек. Біздің шығармашылық әрекетіміздің жемісі бөлшектелген
уақытта қандай болатынын, яғни болашақта қандай болатынын
біз білмейміз және шешпейміз. Мұны тек басқа ұрпақтар шеше
алады. Бірақ тарихи тағдырымыздың әр кезеңіне, әр сәтінде,

мәңгілік пен мәңгілік соты алдында өмірге және тарихи міндет­
терге өз қатысымызды анықтау біздің ісіміз. Біз адам тағдыры
мен тарихи тағдырды мәңгілік перспективасына қойғанда,
болашақ өткенге қарағанда анағұрлым нақтырақ (реальдырақ),

ал осы шақ өткен мен болашаққа қарағанда анағұрлым
нақтырақ болмай қалады, себебі мәңгілік соты алдында кез кел­

ген бөлшектелген уақыт іштей күнәһар және кеселді. Бірақ про­
гресс діні осы күнәһарлық пен кеселді қасиеттендіргісі және
заңдастырғысы келді.
Прогресс туралы ілімнің күнәһарлық қарама-қайшылықтары

прогресстің жүзеге аспауының ішкі шарасыздығын және гума­
нистік алғы шарттарының жалғандығын ашып, әшкерелейді.
Жаңа заман уақытының гуманизмінің негізінде жатқан іргелі
бастаулар адамның жүзін мәңгілікке бұрмады, олар адамды осы

дүниелік бөлшектенген уақыттың (земное время) тасқынына
тастады. Сондықтан олар адам өмірінің тағдырын, адамзат
тарихының тағдырын дұрыс шеше алмады. Бұл гуманистік
алғы шарттарда ішкі қарама-қайшылықтар мен ішкі кемшілік­

тер болды, ал олар ерте ме, кеш пе ашылуы тиіс еді. Осы ашы­
луды мен гуманизм дағдарысы немесе Ренессанс соңы деп
атаймын. Гуманистік прогресске одан әрі сенуге болмайды.
Прогресс идеясы тарихтың гуманистік кезеңінің ұлы идеясы

болды, прогресс иллюзиясы XІX ғасырды түгелімен қамтыды.
Діни-ақиқаттық өзегінен айырылған дінсіз формадағы про­
гресс туралы ілім бұл адам өзіне өзі билік жүргізе алады, өз
тағдырын иманентті адами күштер арқылы шешуге қабілетті

және құдіретті күштер мен өмірдің құдіреттік мақсатын қажет
етпейді деген негізгі гуманистік болжамды тұтас бір жүйе, бүтін
бір теория деңгейіне көтеруден басқа ештеңе емес. Егер про­
гресс туралы ілімде гуманистік алғы шарттардың жалғандығы

мен иллюзиялары ашылып жатса да, басқа жағынан алғанда
гуманизмнің ешқандай жағымды (оң) нәтижелері болмады деп
айтуға болмайды. Мен гуманизмде адамның болашақ тағдыры
мен оның тарихы үшін маңызы зор үлкен оң бастама бар деп

ойлаймын. Адам өзін өзі гуманистік тұрғыда бекемдеуден (са­
моутверждение) және өзін өзі гуманистік қанағаттандыру са­
тысынан өтуі керек. Ол өз күшін бостандықта ашып, тәжірибе
жүзінде осындай гуманизмнің нені білдіретінін және неге

алып келетінін тексеруі тиіс еді. Гуманизмде өз өздігінен оң
нәтижелерге алып келе алмайтын адам мүмкіндіктері ашыла­
ды, бірақ тарих гуманистік кезеңнен біздің алдымызда тұрған
басқа, бірақ әлі белгісіз кезеңге ауысқанда, бұл ашылудың одан

арғы адамзат тағдыры үшін үлкен маңызы бар. Гуманистік
мәдениеттің рухани өрлеуінде жаңа діни аян мүмкіндігі ашыла­

ды. Бұл кезеңнің даналығында өзінің рухани ұстанымдылығы
(духоносность) болады.
Анығында тарих өзге әлемге апаратын жол – оның діни
мазмұныны да осыда Бірақ тарихтың өз ішінде қандайда бір

абсолютті кемел күйдің орнауы мүмкін емес, тарихтың міндеті
оның шегінен тыс жерлерде ғана шешіледі. Тарих метафизи­
касы осындай негізгі және басты қорытындыға келеді, тарих
процесінің ішкі құпиясы да осы. Адамзат бір дәуірден екіншісіне

өту барысында тарихтағы өз тағдырын шешу үшін жан таласа­
ды. Ол өзі күтпеген нәтижеге келгенде тарих шеңберінен шығар
жолдың жоқ екенін сезіне бастайды, сонда адамзат өз міндетін
тарих процесінің ішінде шешудің мүмкін емес екенін және тек

трансцендентті шешім ғана тарихты тарқата алатынын түсіне
бастайды. Уақыт табиғатымен ажырамас байланыстағы тарих
міндетін шешу үшін тарихтың барлық перспективасын ішке
қарату керек және оны тарихи уақытта жүзеге асыру арқылы

шешуге талпынудың орнына оны тарих шеңберінен тыс шығу,
тарихтың тарихилықтан жоғарыға (сверхистория) ұмтылысы
арқылы, тарихтың тұйықталған шеңберіне тарихтан жоғары
күштерді енгізу, яғни жаңа ноуменальді аспан оқиғасының жер­

лік және феноменальдік құбылысы – Христостың болашақта келуі
(грядущего явления) арқылы шешуге өту керек. Тарих метафизи­
касы келіп тірелетін және сонымен қатар тарих метафизикасының
алғы шарты болып табылатын негізгі идея – тарих соңы сөзсіз бо­

лады деген идея.
Егер тарихи процеске онда қойылатын міндеттерді иманент­
ті шешу тұрғысынан, оларды уақыттың ішкі ағымында шешу
тұрғысынан қараса, онда ең пессимистік, ең үмітсіз нәтижелерге

келмеу мүмкін емес, себебі барлық кезеңдегі тарихи міндеттерді
осы тұрғыдан шешу талпыныстары түгелімен сәтсіздік ретін­
де мойындалады. Шын мәнінде, адамның тарихи тағдырында
ештеңе орындалмады және ештеңе ешқашан орындалмайды да

деп ойлауға негіз бар. Тарихи үдерістің – процестің барысында
жобаланған бірде бір ой жүзеге аспады. Қандай да бір тарихи
дәуірдің міндеті мен мақсаты ретінде қойылған, қалай болса да
іске асуы тиіс идея ретінде ұсынылған нәрсе ешқашан орындал­

мады. Егер тарихи үдерісті бүтіндей алсақ, онда осы үдерісті
жайлайтын түпкілікті сәтсіздік деп онда Құдай Патшалығының

орындалмауын мойындау керек, ал егер Құдай Патшалығы та­
рихи процесте адам тағдырының шешілуі ретінде берілген бол­
са, онда ол бұл тарихи процесте орындалмады және ешқашан
Құдай Патшалығының іске асуына жақындай алмады. Егер

тарихтың жеке кезеңдерін онда қойылған міндеттерімен бірге
алсақ, оларда осы міндеттердің іске аспайтындығының ішкі
дертіне шалдықты. Егер біз жаңа гуманистік тарихты тұтастай
алсақ, ол түгелдей сәтсіздікке ұшырады, себебі Ренессанс жүзеге

аспады және Ренессанстың жаратқанының барлығы оның нағыз
міндеттері мен жоспарларына сәйкес келмеді. Ренессанстың
христиандық әлем ішінде мүмкін еместігі анықталды –
христиандық әлем ренессанстық ой-жобаның тұтастығына қол

жеткізбейтін екі ұштылық дертіне шалдыққан, христиандық
әлем мазмұнының антикалық мағынада рәсімделуі мүмкін емес.
Өз алдына діни бостандықты нығайтуды ұлы мақсат ретінде
қойған, алайда діннің қирауына алып келген Реформация да,

бауырластық, теңдік және бостандық орнына XІX ғасырдың
буржуаздық қоғамын орнатқан француз революциясы да
осындай сәтсіздіктерге ұшырады. Революция XІX ғасыр бойы
барған сайын айқындала бастаған қарама-қайшылықтарды та­

уып, француз революциясы идеологиясының бар жалғандығын
түбегейлі ашып, әшкереледі. Теңдіктің, бауырластық пен
бостандықтың орнына теңсіздік пен адамдардың бір-бірін жек
көруінің жаңа түрлері ашылды. Біздің дәуір өмір сүретін негіз­

гі идеялар мен міндеттер де орындалмайды деп дәл осылайша
алдын-ала сенімділікпен айтуға болады. Іске асыруға талпы­
нып жатқан социализм де ешқашан жүзеге аспайды. Мүмкін,
біз аяқ басқан тарихи кезеңде социализм үлкен роль ойнайтын

да шығар. Социализм өзін жүзеге асыру тәжірибесі барысында
социалистер талпынғаннан мүлде басқа нәрсе болып шығады.
Ол социалистік қозғалыс қойған міндеттерді жүзеге асырмай­
тын адам өмірінің жаңа ішкі қарама-қайшылықтарын ашады.

Ол еңбекті байланыстыру арқылы Маркс қол жеткізгісі келген
адам еңбегінің азаттығын ешқашан іске асырмайды, ешқашанда
адамды байлыққа, теңдікке жеткізбейді, керісінше адамдар
арасындағы жаңа дұшпандықты, жаңа алауыздық пен қанаудың

бұрын соңды естімеген жаңа түрлерін тудырады. Социализммен
бәсекелесетін анархизм де жүзеге аспайды. Ол ешқандай тұсауды

білмейтін өзі насихаттаған шексіз бостандықты ешқашан
жүзеге асыра алмайды, керісінше ол одан өткен құлдықты
ашады. Анығында, тарих ауқымында бірде-бір төңкеріс орын­
далмады, себебі егер төңкерістер халықтар тағдырындағы

маңызды сәт болса да, бүкіл алдыңғы тағдыр итермелеген және
оның әрі қарай іске асуын туындатқан шарасыз ішкі сәт болса
да, олар ешқашан оларға таңылған міндеттерді шешпеді – бұл
ешқашан болмаған және болмайды да. Ақыр соңында тек тари­

хи сәтсіздіктердің ұлы тәжірибесі ғана жемісті болды, өйткені
онда адамзат үшін жаңа бір нәрсенің ұшы ашылатын. Әдетте,
адамдар жоспарлап, болжаған, ұмтылған нәрседен мүлдем
басқа бірдеңеге қол жеткізетін. Әдетте революциялармен бірге

көптеген теріс көріністер орын алып, адамзат қоғамы кері кетсе
де, олар жаңа бір нәрсе ашылатын, бастан кешірген тәжірибені
ой елегінен өткізетін реакциялармен аяқталатын. XІX ғасыр
басындағы рухани реакция осындай революцияның ең жақсы

нәтижелерінің бір болды. Онда рухани қайта жаңғыру процесі
басталды. XІX ғасыр басының маңызы зор болғанымен, бірақ ол
революцияның өз алдына қойған әлеуметтік мақсаттарына сай
болмады. Ол ол ма – дүниежүзілік тарихтың өзегін құрайтын

және тарих мағынасын шешудің кілті болып табылатын, адам­
зат тарихындағы жаңа дәуірді ашқан және барлық тарихи
тағдырды анықтаған ұлы оқиға – христиандық туралы айтуға
болады, сондай-ақ христиандықтың тарихы да үздіксіз ұлы

сәтсіздік деп айтуға болады. Христиандықтың көптеген жау­
лары христиандыққа үлкен қарсылық ретінде христиандықтың
жер бетінде орындалмағандығын және орындалуы мүмкін емес
екендігін көре алмаушылықтан айтады. Бірақ бұл туралы басқа

рухани ұстамдылықта және оған мүлдем басқа мағына бере
отырып та айтуға болады. Расында тарихтағы барлығының
орындалмағаныны сияқты, христиандықта тарихта орындалма­
ды. Христиандық сенім мен христиандық сана қойған міндеттер

2000 жыл барысында ешқашан орындалмады және осы біздің
уақыт аралығымызда, осы тарих аумағында ешқашан орындал­
майды, себебі олар тек уақытты жеңгенде, мәңгілікке өткенде
және тарихты тарихилықтан жоғары үдеріске, яғни процеске

өту арқылы жеңгенде ғана орындалуы мүмкін. Бірақ тарихтың
сәтсіздігі тарихтың мағынасыздығын, оның ішкі қажетсіздігін

және бос әурешілдігін білдірмейтіні сияқты, христиандықтың сәтсіздігінің өзі оның ең жоғарғы ақиқатына қарсы тек әлсіз дәйек бола алады. Христиандықтың сәтсіздігі христиандықтың жоғарғы ақиқат екендігін теріске шығармайтыны және оған қарсы дәйек бола алмайтындығы сияқты тарихтың сәтсіздігі тарихтың бос кеңістікте іске асатынын және мағынасыздығын білдірмейді, өйткені ақиқат пен мағыналылықтың белгілері ретінде сәттілік пен тарихи іске асуды, иманентті орындалуды көрсету талпынысы өз өздігінен шарасыз болып табылады. Та­ рих пен табиғатынан тарихидың барлығы сондай, олар өзінің уақыттық ағысында кемелденген күйінде іске асуы мүмкін емес. Бірақ тарихи тағдырда ашылатын ұлы тәжірибенің орындалғанынан, іске асқанынан тыс терең мәні бар. Ол та­ рих ауқымынан тыс жерлерде ашылады. Тарихи уақыт шегінде біздің көзімізге ауыр тиіп, ойсыратып тастайтын осы дүниелік сәтсіздік, әлде бір о дүниелік түпкілікті сәтсіздікті білдірмейді, ол адам мен адамзат өз тағдырларында, өзінің тарихи өмірінде ұмтылатын барлық іске асырулардан шексіз асып түсетін өздерінің жоғарғы мүмкіндіктерін іске асыру үшін дүниеге келгендігіне меңзейді. Реформалардың мен революциялардың және бүкіл «тарихилықтың» барлық сәтсіздіктері өз тағдырын осының барлығы іске асқан шындықтан анағұрлым жоғары, анағұрлым абсолютті шындықта тамамдауға тиіс адамның бөлшектеніп кеткендігін білдіреді. Егер христиандық та­ рих шегінде өз өздігінен сәтсіздіктерді бастан кешірсе, онда бұл христиандықтың сәтсіздігін білдірмейді, өйткені бұл бар болғаны өте кемелденбеген сөз тіркесі, біздің тіліміздің ке­ мелденбегендігін әшкерелейтін сөз берілісі, – шындығында бұл христиандықтың, тозақ қақпасы жеңе алмайтын христиандықтың мәңгілік абсолютті ақиқатының сәтсіздігі емес. Бұл кез келген салыстырмалы әлемнің, кез келген салыс­ тырмалы жұлым-жұлым болып бөлшектелген уақыттың сөзсіз сәтсіздігін, жерлік шындықтың шектелген сәтсіздігін білдіреді. Бұл Құдайдың сәтсіздігі емес (осы дәйекті христиандыққа қарсы бағыттайтындар осылай ойлайды), адамның сәтсіздігі. Адамның сәтсіздігі өз мүмкіндіктерін мәңгілік уақытта, іске асыруға талпынған шындықтан анағұрлым жоғары шындықта жүзеге асыру үшін туғандығын білдіреді. Христиандықтың

сәтсіздігіне негізделген қарсы дәйек екі есе ұсқынсыз, себебі
христиандық адамзат өз тарихында алдымен христиандық
ақиқатқа опасыздық жасады, осы опасыздықты жасаған соң
ол христиандық іске аспады деп христиандықты жала жауып,

оған шабуыл жасай бастады. Бірақ христиандық оған қарсылық
білдіргендер одан бастартқан соң іске аспады. Бұл дәйектің екі
ұшты жалғандығы осылай пайда болады.
Адам өмірінің салмақ орталығын өзге әлемге аударғанда ғана

әдемілікті осы дүниеде жасауға болады. Адамзат осы дүниедегі
ұлы сұлулыққа алдына таза осы дүниелік мақсаттарды қою
арқылы емес, осы әлем шеңберінен тыс мақсаттарды қою
арқылы қол жеткізді. Адамзатты өзге әлемге тартқан сол тал­

пыныс табиғаты реалистік емес, әрқашан рәміздік сипатта бо­
латын бұл әлемде болуы мүмкін бірден бір жоғары сұлулықта
көрініс тапты. Егер түпкілікті реалистік іске асу тек уақыт
шеңберінен тыс, тарих шеңберінен тыс әлде бір жоғары

шындықта мүмкін болса, жоғары шындық белгісі ретіндегі
рәміздіктің осында, осы жерлік шындықта іске асу мүмкін. Бұл
ең алдымен өнер табиғатынан түсінікті болады, себебі өнер
адам шығармашылығының шыңы ретінде, өзінің ең жоғарғы

көрінулерінде рәміздік сипатқа ие, өнердің осы рәміздік
жетістіктері адамның әлде бір өзге, анағұрлым жоғары шындық
үшін туғандығына меңзейді.
Мен, жерлік тарихтың бастамасы ретінде аспан тарихы

туралы айтып содан соң жерлік тарихқа ауысқанымда, мен
адам тағдырының барлық иірімді қасіретін екі түрлі аянның –
Құдайдың адамға берген аяны және адамның жауап ретіндегі
аяны болатындығына құрастырдым. Болмыстың бар қасіреті

бұл Құдай мен адам арасындағы ішкі еркін қатынастардың
қасіреті – Құдайдың адамда, адамның құдайда туындауы,
Құдайдың адамға ашылуы және адамның Құдайға ашылуы.
Адамның барлық тарихи тағдыры Құдайға деген осы қарымта

аянмен қамтылған; адам өзінің шығармашылығында, тарихи
тағдырында Құдайдың аяндарына жауап береді. Бірақ адамның
қарымта аянының терең ішкі мағынасы оның еркіндігін­
де жасырынған. Құдай адамның еркін ашылуын, оның еркін

шығармашылығын ғана қалайды, бұл оған Құдайдан беріл­
ген және тек осы ғана Құдайдың адамға деген сағынышына

жауап болып табылады. Құдай адамнан еркін шығармашылық
құлшынысты күтеді. Бірақ адамзаттың тарихи тағдырында,
нақты бір адамның тарихында еркіндік жолынан қысылтаяң мен
қажеттілік жолына түсу жиі болып тұрады. Католиктік немесе

византиялық мәжбүрлеу теократиясының азғыруынан күштеп
бағындыратын социализмнің азғыруына дейінгі адамзаттың
барлық тарихы азғыруларға толы. Бостандық жолы ауыр, әрі
қасіретті, себебі шындығында, бостандық жолынан өткен жа­

уапты, бостандық жолынан өткен батыл және қасіретті ештеңе
жоқ. Мәжбүрлеу мен қажеттіліктің кез келген жолы – анағұрлым
жеңіл, ауыртпалығы аз жол. Міне сондықтан, адамзат өзінің тари­
хи жолдарында үнемі еркіндік жолынан күшпен бағындырудың

азғырған жолдарына тайып кетеді. Бұл діни өмірде де, діннен
тыс өмір де орын алады. Бұл азғыруды Достоевскийдің «Ұлы
Инквизитор туралы аңызда»6 тамаша ашады. Ұлы Инквизитор
барлығының бақыты үшін адамдардан бостандық ауыртпалығын

алып тастағысы келеді. Бұл азғыру өткен уақытта тарихи ин­
квизицияны, ал осы уақытта социализм дінін тудырды. Соци­
ализм діні бұл бостандық жолын күштеп бағындыру жолына
ауыстыруға, адамнан қасіретті бостандық ауыртпалығын алып

тастауға негізделген Ұлы Инквизитор діні болып табылады.
Бостандық бастамасы мен күштеп бағындыру бастамасының
күресіне толы, үнемі бір бастаудан екіншісіне ауысып отыра­
тын тарихи драмасы осыған негізделген.

Бірақ, егер прогресс туралы ілімді теріске шығарсақ, егер
болашақ ұрпақты құдайдай қастерлемесек, егер болашақта үнемі
өсіп келе жатқан жағымды жақсылықты, оң жарықты, оң кемел­
ділік пен шаттықты көрмесек, онда болашақ тарихи тағдырдың

ішкі мағынасы неде, тіпті бұл мағына бар ма? Христиандық фи­
лософия үшін бұл сұраққа жауап беру қиынға соқпайды, себебі
христиандық тарих философиясы, негізінен апокалипсистік
емес бола алмайды, өйткені кіші евангелиялық Апокалипсисте7

және Әулие Иоанның аяндары – үлкен Апокалипсисте құпиялы
тарихи тағдырдың рәміздері берілген. Апокалипсистік аяндар
тарихтың аяқталуына бағытталған және Апокалипсис барлығы
өз шешімін табатын тарих соңының аяны болып табылады.

Апокалипсистік тұрғыда тарих метафизикасы болашақтың
екі ұштылығын ашады, Болашақтағы Христостың келуімен

аяқталуға тиіс христиандық жақсылық күштерінің өрбуін де,
антихристтың келуімен аяқталуға тиіс христиандыққа қарсы
зұлымдық күштерінің өрістеуін де ашады. Антихрист – тарих
метафизикасының мәселесі. Антихрист бұл адамзат тарихының

бастапқы сатыларынан мұраланған ескі зұлымдықтың келуі
емес, бұл жаңа зұлымдық, өткен зұлымдықтан да қорқынышты
алда келе жатқан ғасырдың зұлымдығы. Болашақты бұрын
соңды болмаған жамандық пен жақсылықтың, шайтан мен

Құдайдың, жарық пен қараңғылықтың күресі күтіп тұр. Та­
рих мағынасы осы қарама-қарсы бастамаларды ашу, солардың
күресінде, екі бастамалардың түпкілікті қасіретті күресінде.
Антихристтық бастама адамзатты осы келеңсіз уақытта кідір­

деді және оны «осы дүниеге», осы болмыстың шектелген жос­
парына байлап-матайды, езіп-жаншиды. Бірақ, Апокалипсис
рәміздік және имманентті тұрғыдан түсіндірілуі тиіс. Сонымен
христиандық тарих философиясы болашақта жақсылықтың ғана

емес, сондай-ақ жамандықтың да, христиандық бастамалардың
ғана емес, антихристиандық бастамалардың да өрістейтіні,
тіптен, қорқынышты емес және бұл тарихтың ішкі мағынасын
теріске шығара алмайды, себебі христиандық аяндар нақ осы

туралы айтады. Бұл тарихтың аяқталуы туралы христиандық
аяндардың ақиқаттылығын дәлелдейді. Сыртқы Апокалип­
сис бар болғаны адам рухының ішкі Апокалипсисінің шартты
рәміздік көрінісі және онда болмыстың терең тағдыры туралы

емес, тек біздің әлемдік эон тағдыры туралы айтылады.
Мен неден бастағаныммен аяқтағым келмейді. Мен осы
дүниелік тарихқа ауысу үшін аспан тарихының алғы сөзінен
бастадым, ал енді осы дүние тарихынан қайтадан тылсым

дүние тарихына ауысуым керек. Тарих тек осы жағдайда, егер
ол аяқталатын болса ғана оң мағынаға ие болады. Мен өз кіта­
бымда ашуға талпынған тарихтың бүкіл метафизикасы, сөзсіз
тарихтың соңын сезінуге әкеледі. Егер тарих шексіз процесс,

нашар шексіздік болса, онда тарихтың мағынасы да болмас
еді. Уақыт қасіреті шешілмейтін, ал тарих міндеті жүзеге аспас
еді, себебі тарихи уақыт ішінде оның орындалуы мүмкін емес.
Тарихтың негізінде жатқан адам тағдыры тарихтан жоғары

мақсатты, тарихтан жоғары процесті, тарих тағдырының та­
рихтан жоғары өзге, мәңгілік уақытта шешілуін болжамдайды.

Осы дүние тарихы қайтадан тылсым дүние тарихына енуі керек,
өткен ғасырлар қойнауында, дүние өмірінің түп бастауында осы
дүниені тылсым дүниеден бөліп тұратын шекараның болмағаны
сияқты қазір олардың арасындағы бұл шек жойылуы керек. Миф­

тер бізге о дүниелік пен осы дүниеліктің бастапқы тұтастығы
туралы айтады. Сол сияқты тарих соңында «осы дүниенің»,
біздің осы дүниелік шындығымыздың тұйықтылығы жойыла­
ды. Біздің әлеміміздің эоны ескіруде, оны басқа әлемдерден

бөліп тұрған қабық пісіп жетілуі асқан жемістің қабығындай
жарылып түсуде. Апокалипсис бұл туралы терең тылсымдық-
рәміздік түрде жеткізеді. Уақыттарды байланыстырып тұрған
жіптер үзілуде, әлемдік шындықтың тұйықталған шеңбері тір­

шілігін тоқтатуда; оған шындықтың өзге баспалдақтарының
қуаты құйылуда, біздің әлемдік уақыттың тарихы аяқталуда
және сол себепті ол мағынаға толысуда. Біздің өміріміздің
жеке күні өз өздігінен мағынасыз, біздің өміріміз оның барлық

күндерінің бір-бірімен байланысқанда ғана мағыналы болады.
Тарих жеке адам тағдырының, Достоевский шығармашы­
лығының даналық ашылымдарының тақырыбын құрайтын
тағдырдың мәселелерін шеше алмады, ал тарихтың бүкіл

метафизикасы сонымен байланысты еді. Жеке тағдырдың
бұл мәселесі тарих шегінде шешілмейді, тарих шегінде жеке
тағдырдың әлемдік тағдырмен, бүкіл адамзат тағдырымен
қайғылы қақтығысы шешілмейді. Сондықтан тарих аяқталуы

тиіс. Әлем адамның жеке мәселесі шешілетін асқан жоғары
шындыққа, сондай тұтас уақытқа енуі тиіс, адамның жеке
тағдырын және оның әлемдік тағдырмен қайғылы қақтығысы
сонда ғана шешімін табатын жолға түседі. Тарих, ең алдымен –

тағдыр және тағдыр ретінде, қайғылы тағдыр ретінде түсінілуі
тиіс. Кез-келген қасірет тәрізді қайғылы тағдырдың да соңғы,
барлығын шешетін актісі болуы керек. Қасіретте катарсис (та­
зару) сөзсіз болады. Біздің уақытымызда тарих шексіз дамуи

алмайды, оған табиғи құбылыстардың заңдылығы тән емес,
өйткені тарих бұл тағдыр. Тарих метафизикасының соңғы
қорытындысы мен соңғы нәтижесі осындай. Тарихтың барлық
кезеңдерінің барысында біз қадағалауға тиіс болған адамзат

тағдыры тарих шегінде шешілмейді. Тарих метафизикасы бізді
тарих шегінде шешілмейтіннің барлығы тарихтан тыс шешіледі

деп үйретеді. Бұл тарихтың мағынасыз емес екендігінің, оның жоғары мағыналығының үлкен дәйегі. Егер ол тек имманентті жерлік мағынада болса, онда ол дәл осы жағдайда ол мағынасыз болар еді, себебі уақыт табиғатымен байланысқан барлық негіз­ гі қиыншылықтар шешілмес еді немесе барлық шешілулер сөз жүзінде ғана шешілген сияқты болып көрінетін, жалған болып шығар еді. Осындай салыстырмалы пессимистік тарих метафи­ зикасы болашақты асыра қастерлеумен байланысқан иллюзи­ ялардан қол үзеді, прогресс идеясын теріске шығарады, бірақ тарихтың барлық азаптары мәңгілік перспективасында, мәңгілік шындық перспективасында шешіледі дегенбіздің үмітіміз бен сенімізді нығайтады. Тарихтың бұл пессимистік метафизикасы сөздің соңғы және терең мағынасында, барлық тіршілік үшін сүреңсіз және тек ажал құшағына тартатын прогресс туралы оптимистік ілімге қарағанда әлде қайда оптимисті. Әлде бір ішкі жылжу, ішкі қозғалыс іске асуы керек, одан соң бүкіл әлемдік тарих Рух тереңдігінен сыртқа лақтырылғандай бәрін жалмап жоятын уақыт ағысының келешегінде емес, мәңгілік келешектігінде, яғни, тылсым дүние тарихының келе­ шектілігінде көрініс береді. Түсініктемелер 1 Көп жағдайда «прогресс туралы ілімді» баяндауында және сынауында Н. Бердяев 1903 жылы «Прогресс теориясының негізгі мәселелері» атты мақаласын жарыққа шығарған С.Н. Булгаковқа сүйенетіні күмәнсіз. Қар: Булгаков С.Н. Труды по социологии и теологии. Т.1. От марксизма к идеализму. М., 1997. 108-146 б. 2 Яғни, анығында – діни сенім, өйткені, «сенім – күткеннің іске асуы және көз көрінбейтінге сенімділік» (Әу. Апостол Павелдің Еврейлерге хабары. 11 тарау. 1 өлең.) 3 Л. Ранкенің бұл идеялары оның «XVІ-XVІІ ғасырлардағы Рим папалары, олардың шіркеуі және мемлекет» атты зертте­ уінде көрініс тапқан. 4 Бұл жерде Иван Карамазовтың: «...Үйлесімділікті тым қымбат бағаладық, кіргеніміз үшін осынша төлеуді қалтамыз көтермейді. Сондықтан өз билетімді қайтарып беруге асығамын... Мен Құдайды мойындаймын... бірақ билетті Оған

ізеттілікпен қайтарып беремін» деген сөздері еске түседі. (До­
стоевский Ф.М. Шығармалардың толық жинағы. Т. 12. СПб.,
1895.291 б.)
5 Қар: Мейер Э. Тарихтың теориялық және методологиялық

мәселелері. М., 1904.
6 Н.А. Бердяевтың түсіндірмесінде «ұлы инквизитордың
азғыруы» адамдар бақыты үшін бостандықтан, адамзат үшін
Құдайдан бас тартуда» (Бердяев Н.А. Жаңа діни сана және

қоғамилық. М., 1999. 61 б.)
«Кіші
Апокалипсис»
дегеніміз

синоптикалық
Евангелиялардың эсхатологиялық тараулары деп біледі. ( Мат­
фейден 24 тар. өлең 3-44; 21 тар. өлең 7-36;). Нақтырақ қар.:
Булгаков С.Н. Екі қала. Қоғамдық мұраттар табиғаты туралы

зерттеулер. СПб., 1997 228-237 б.
Бердяев Н. Смысл истории//Новое средневековье.

– Москва. Канон, 2002. – С. 182-202.

ЖАҢА ОРТАҒАСЫРЛЫҚ

Тарихта да табиғаттағы секілді ырғақтар, кезеңдер мен
дәуірлердің бір ырғақпен алмасуы, мәдениет түрлерінің алма­
суы, толысулар мен қайтулар, өрлеу мен құлдыраулар болып
тұрады. Ырғақтылық пен кезеңділік барлық тіршілікке тән.

Органикалық және сындарлы дәуірлер, күндізгі және түнгі,
сакральды және секулярлы дәуірлер жайында да айтылады.
Бізге дәуірлер алмасуының тарихи уақытында өмір сүруге
тура келеді. Жаңа тарихтың ескі әлемі (ол ескі әдет бойынша

әлі де өзін “жаңамын” деп атағанымен, қартайып, әлсіреген)
ыдырап, аяқтала бастады, сонымен қатар бізге белгісіз жаңа
әлем пайда болып келеді. Бұл ескі әлемнің соңы мен жаңаның
туындауы біреулерге «революция» сияқты болып көрінсе,

басқаларына «реакция» болып көрінеді. «Революцияшылдық»
пен «реакцияшылдықтың» қазіргі кезде араласып кеткені
соншалық бұл терминдерді қолданудағы айқындылық мүлдем
жоғалып кетті. Біздің дәуірді мен шартты түрде жаңа тарихтың

соңы және жаңа ортағасырлықтың басы деп атаймын. Мен
тарихтың қандай бағытта жүретінін болжамаймын, мен тек
қана мәдениет пен қоғамның жаңа тенденциялары мен идеалды
сипаттарын мәселелік тұрғыда кескіндеуге талпынамын1. Менің

ойларымды көп жағдайда дұрыс түсінбейді, сөйтіп олардан қате
қорытындылар шығарады. Мен бұны менің ой жүйемді жаңа та­
рих категорияларымен түсіндіретіндігімен, оны жаңа тарихтың
бір бағытына жатқызғылары келетіндігімен түсіндіремін, алайда

менің ойымның мәні мен мағынасы жаңа тарих ойының барлық
категориялары, оның барлық бағыттары сарпылған және ендігі
жерде басқа дүниенің, жаңа ортағасырлық дүниенің ойлауы
басталады дегенге келіп тіреледі. Жаңа тарихтың рухани баста­

уы тартылып қалған, оның рухани күштері азып-тозған. Жаңа
тарихтың рационалды күні батуға жақын, қараңғылық түсіп
келеді, біз түнге жақындаудамыз. Біз бастан өткізген сәулелі
күннің барлық категориялары біздің кешкі тарихи сағатымыздың

оқиғалар мен құбылыстарды түсіну үшін жарамсыз болып та­
былады. Барлық белгілер бойынша біз күндізгі тарихи дәуірден
түнгі дәуірге өттік. Мұны тек қана сезімтал адамдар ғана се­
зеді2. Бұл жаман ба, жабырқаулы ма, пессимистік пе? Мəселенің

ослай қойылуының өзі мүлдем дұрыс емес,тарихилыққа терең

қайшы, тым рациональды болып келеді. Жалған бүркемелер
түсіп, жақсылық ен жамандықтың беті ашылады. Түннің күнмен
салыстырғанда өз әсемдігі бар, оның құдіреттілігі күннен кем
емес, түнде жұлдыздар жарқырайды, түнде күн білмеген аян­

дар ашылады. Түн күнмен салыстырғанда бірінші жаратылған,
күнге қарағанда стихиялы. Я. Бёменің «тұңғиығы» (Ungrund1*),
тек түнде ғана ашылады. Күн оған тек өзінің жамылғысын ғана
жабады. Түн стихиясының ұлы ақыны Тютчев бізге күн мен

түннің арақатынасының құпиясын баяндайды.
Белгісіз осы бір тұңғиық үстіне,
Алтын көрпеше жабылған
Құдіретті құдайлар әмірінен

Күн ғой осы жарқыраған жамылғы.
... Түн де келді;
Келді ол тағдыр әлемінен
Жинап алып лақтырды алысқа

Жамылғының асыл матасын...
Ашылды сонда бізге тұңғиық
Бойымызды жаулап алды үрей менен түнек
Жоқ енді арамызда шекара

Қорқынышы түнің міне, осында!2*
Ымырт жабылғанда кескіннің, бет әлпеттің айқындылығы,
шекаралардың мызғымастығы жоғалады.
Көкшіл түс көлеңкелер аралысты,

Түс солды, дыбыс өшті-
Өмір мен қозғалыс сіңіп кетті
Тұрақсыз ымыртқа, алыстағы ащы дауысқа3*
Бұл уақытты Тютчев «айтып жеткізе алмайтын уайым,

сағыныш сағаты» деп жазады. Біз тұңғиықтың ашылған, барлық
жамылғылардың сыпырлып алынған кезі-осындай араласқан
уақытта, уайымға толған сағаттарда, сағыныш кезеңдерінде
өмір сүреміз. Бұл кезде тұңғиық, өзінің барлық жабуларын

тастаған болатын. Тютчев түнді қасиетті деп санайды және со­
нымен бірге түн уақытында
... Адам үйсіз жетімдей
Бетпе бет келді тұңғиық түпсіз түнекпен

Тұр міне, ол енді айырылып күш- қайратынан

Жалаңаш қалды... Түстей болды алыстағы оған енді Барлығы да тіршілік пен жарықтың Беймәлім, бейтаныс түн құшағында Ашылды оған жазмыштың мұрасы4*. Түн күнге қарағанда метафизикалық, онтологиялық. Күн жамылғысы табиғатта ғана емес, сонымен бірге тарих­ та да берік болмайды. Ол тез жасырынады, онда тереңдік жоқ. Жеке адамдардың сыртқы өмірі соншалықты бақытсыз біздің дәуіріміздің бар мәні болмыс тұңғиығының ашылуын­ да, өмірдің алғашқы негіздерімен бетпе-бет келуде, «тағдыр мұрасын» ашуда. Мұхиттың жер шарын орап жатқанындай Жердегі өмір ұйқының құшағында Келеді түн, толқының сыңғыр үнімен Соғылар келіп өз жағасына ғажап күш Дауысы оның оятып бізді, жалынар Жан бітер сонда сиқырлы жағадағы қайыққа Қайтқан суы мұхиттың алып қашар алысқа Шексіз түнек толқындардың қойнына Жұлдызды аспан күмбезі Тереңнен құпия көз салар Барамыз жүзіп, оранған отты тұңғиық Орап алды жан-жақты5*. Тютчевті табиғат ақыны, әсіресе түн апатының ақыны деп атайды. Оның тарихқа арналған өлеңдері тіптен өзгеше, олар тарихи күннің жарығында жазылған. Бірақ, Тютчев біз ойлағаннан да терең ақын. Ол құбылыстан да заттырақ. Ол түнгі тарихи дәуірдің ізашары, оның көріп келі. А. Блокта туып келе жатқан түннің ақын болады. «түнгі айдың езгісінде барлық жабайы құштарлықтар бостандыққа шығады»6*. Ол және өзі туралы А. Белый ойлағандай, ол «таңның шуағын» емес, түннің төніп келе жатқан «ымыртын»7* көрген. Бұлардың еке­ уі де өздерінің нені сезіп отырғанын білмеген және алда келе жатқан «революцияға» жалған рәмәіздер таңған. Революция бұл күн шығуы да, таңның атуы да, жаңа күннің басталуы да емес, керісінше күннің батуы, ескі күннің соңы болып табы­ лады. Біз тарихи саяхатшылық кезеңіне аяқ басып келеміз. Ол туралы былай айтуға болады:

«...Барамыз жүзіп, оранған отты тұңғиық орап алды жан-
жақты»; «қайтқан суы мұхиттың алып қашар алысқа шексіз
түнек толқындардың қойнына». Микеланджелоның «күн мен
түніндегі»8* түнді мадақтауын еске түсіріңізші. Күн алдамшы

келеді, күн реті қажытуы мүмкін, күннің қуаты сарқылады,
күннің жамылғысы сөгіледі. Жер үстінде өмір сүріп жатқан
адамның алғы негіздерді, болмыс бастауларын сағынуы
мүмкін. Терең қабаттарға, қойнауларға қарай бойлау процесі

ең алдымен, күн жарығының солуы, қараңғылыққа бату сезімін
тудыруы керек. Тарихи тәннің ескі рәмізі талқандалады, сөйтіп
адамзат рухани қойнауда іске асып жатқандарды бейнелейтін
жаңа рәміздерді іздейді.

Түнмен ауысар алдындағы тарих күні әрқашан да ұлы
толқулармен немесе апаттармен аяқталады, ол ешқашан да
бейбіт жолмен кетпейді. Антикалық әлеміннің тарихи күнінің
құлдырауы үлкен ұлы толқулар мен апаттарға толы болды, ол

қайтып оралмас апат сезімін тудырды. Жаңа дәуірдің варварла­
нудан басталды. Антикалық өркениет қалыптастырған тарихи
ғарышқа бей-берекет күштер басып кірді. Сондықтан да біз ала­
пат соғыстар мен революциялардың, мәдениеттердің құлдырауы

мен мемлекеттердің күйреуі тек адамдардың зұлым еркімен жа­
салмайтынын, сонымен қатар Жазмыштың бұйрығымен бола­
тынын әрқашан да есте сақтауымыз қажет. Біз антикалық әлем
апатқа ұшыраған дәуірге ұқсас дәуірде өмір сүрудеміз. Ол кезде

Жаңа дәуір мәдениетінен, ХІХ ғасыр өркениетінен де өлшеусіз
ұлы мәдениет құлдырады. Ол кезде эллиндік мәдениеттің
ұлы тұлғасы – Платонның болашақтағы түндік дәуірге бет
бұрғанын, эллиндік күн шегінен шығудың орын алғанын әлі

ешкім түсіне қойған жоқ. Осы күндері де Платоннан гректік
ағартушылық пен гректік өркениеттің бір бағытты, прогрессив­
ті ағымына қарсы реакцияны көрген, мысалы Белохов секіл­
ді тарихшылар бар. Иә, әрине реакцияны, бірақ өте ұзаққа,

маңдайына мыңдаған жылдарға созылуға жазылған реакцияны,
алға, болашақ дәуіре бағытталған реакцияны. Мұндай реакцио­
нер болу, мүмкін, Достоевскийдің маңдайына жазылған болар.
Ортағасырларды дүниежүзілік тарихтың түнгі кезеңі деп ата­

са да болады. Бұл бірақ тіптен, жаңа тарихтың ағартушылары
ойлап тапқан «ортағасырлық түнек» емес, анағұрлым тереңде

және онтологиялық мағынадағы ортағасырлық. Мен жаңа
ортағасырлық деп дәуірлердің бір ырғақпен өзгеруін, жаңа та­
рих рационализімінен иррационализмге немесе ортағасырлық
типіндегі жоғарғы рационалдылыққа өтуді атаймын. Мейлі,

бұл жаңа тарих ағартушыларына қара түнек болып көрінсе де.
Мені бұл соншалықты мазаламайды. Мен бұл ағартушылардың
өзін ең «артта қалған» адамдар, олардың ойлау жүйесі «реак­
цияшыл» және бүтірндей күні өткен дәуірге тиесілі деп санай­

мын. Мен дүниежүзілік соғысқа, тек Ресейді ғана емес, соны­
мен қатар Еуропа мен бүкіл әлемді қамтыған революциялар мен
толқуларға дейін үстемдік еткен ойлау жүйесі мен өмір қалпына
қайтып оралу мүмкін емес деген сенімнен бастау аламын. ХІХ

және ХХ ғасырдағы ең «алдыңғы», «прогрессивті», тіпті «ре­
волюцияшыл» деген адамдардың әдеттегі барлық ойлау катего­
риялары мен өмір формалары қазіргі кез үшін, әсіресе болашақ
үшін барлық мағынасын жоғалтты. Барлық терминдер, барлық

сөздер, барлық мағыналар жаңаша, неғұрлым терең, неғұрлым
онтологиялық
мағынада
қолданылуы

керек.
Болашақта
сөздерге ескі «прогрессивті» немесе «реакцияшылдық» білік­
тіліктіліктерін жапсарлай қолдану ыңғайсыз болады, тіпті

мүмкін қолданылмайды. Жақында сөздер өздерінің нағыз,
онтологиялық мағынасына ие болады. Жақында барлығы үшін
«прогресс» «прогрессивті» ме, көп жағдайда ол жиі-жиі «реак­
циядан» да қайғылы, дүние мағынасына, өмірдің нағыз негіз­

деріне қарсы болмады ма деген сұрақ қойылады. Сөздер туралы
артық, мәнсіз таластардан аулақ болу үшін сөздерді қолдануға
келісіп алайық.
Орыс адамдары әлде не реакцияшыл ма деген сұрақты

талқылағанды қатты ұнатады. Олар үшін бұл, тіпті барлық
сынның басты мәселесі болып көрінеді. Бұл орыстардың ойшыл
зиялыларының ескі әдеті. Революция оларды бұл жаман әдеттен
айырады деп үміттенуге болар еді. Жоқ, бірақ бізде не реакци­

яшыл, не прогрессившіл деген шексіз, адамды жалықтыратын
даулар бітпей келеді, тіпті дүниедегінің барлығы басынан
аяғына аударлып түспеген сияқты, ескі зиялы белгілер өз мәнін
әлі жоғалтпағандай. Дүние жүзілік тарих кезеңдеріне өзіңіздің

реакцияшылдық немесе революцияшылдық, оңшыл немесе сол­
шыл белгілеріңізді қолданып көріңізші. Сонда бұл белгілердің

соншалықты сиқынсыздығы, осы категорияларда өтетін
ойдың сұрықсыз провинциализмі түсінікті болады. Антикалық
әлемінің күйреуі мен христиан дінінің қалыптасуы кезеңінде
антикалық ағартушылық пен антикалық өркениет бастауын

қорғау «реакцияшылдық» болды, ал кейіннен ортағасырлық
мәдениетте үстемдікке ие болған рухани бастауларды қорғау
«прогрессивті», керек десеңіз тіпті «революциялық» болды.
Алға бет алған творчестволық қозғалыс, сол кездегі рух ре­

волюциясы «ортағасырлық түнекке» бастады. Рухтың нағыз
қозғаушы күші антикалық әлемінің соңғы азаматтары, соңғы
жазушылары мен соңғы философтары емес, Шіркеудің әкейлері
мен ұстаздары еді. Ренессанс дәуірінде, жаңа тарихтың таңы

енді атып келе жатқанда антикалыққа, мәдениеттің көне бас­
тамасына қайтып оралу творчествалық алға басу болды. Ж. де
Местер, ХІХ ғасыр басындағы романтикалық қозғалыс фран­
цуз революциясы мен ХVІІІ ғасырдағы ағартушылыққа қарсы

реакция болған еді, бірақ бұл келесі ғасырлардың барлық ойына
нәр берген творчествалық алға басушылық болды. Жуық ара­
да өткенге, революция, төңкеріс немесе дағдарыс қарсаңында
үстемдік еткен ой өрісі мен өмір құрылысына қайтып оралуды

«реакциялық» деп айтуға болар еді3. Мысалы, француз револю­
циясынан кейін революцияға әкелген ХVІІІ ғасырдағы рухани,
материалдық құрылысқа қайтып оралу өте реакцияшылдық
болар еді, ал ортағасырлық бастауларға, ондағы мәңгілікке,

өткендегі мәңгілікке қайтып оралу мүлдем реакцияшылдық
емес. Өткендегі өткінші уақытқа, өңі кеткенге қайтып оралу
мүмкін емес, бірақ өткендегі мәңгілікке қайтып оралуға бола­
ды. Қазіргі кезде ХІХ ғасырдың басындағы қоғамда үстемдік

еткен, ал қазірде іріп-шіри бастаған жаңа тарих бастауларына
қайтып оралуды «реакцияшылдық» деп тануға болдады. Сөздің
терең мағынасында, жаңа тарих бастауларында кідіріп қалуға
үндеу «реакция», шығармашылық жолдағы кедергі болып та­

былады. Күйреп бара жатқан, қайтып оралуға болмайтын ескі
әлем бар, сонымен қатар рационалистік ағартушылығы, ин­
дивидуализмі мен гуманизмі, либерализмі мен демократиясы,
теңдесі жоқ ұлттық монархиялары және империалистік саясаты,

жан түршігерлік индустриалды-капиталдық шаруашылықтың
жүйесі, тамаша техникасы мен сыртқы жаулап алулары,

жетістіктері, шектеусіз әрі шексіз тән құмарлықтары, құдайсыз
әрі тас жүректілігі, қайнаған таптық күресі және жаңа тарихтың
жүріп өткен жолының шыңы ретіндегі социализмі бар жаңа та­
рих әлемі де бар. Біз революциялық әннің «Ескі әлемнен бас тар­

тамыз»10*, деген сөздерін айтуға әрқашан дайынбыз, мұндағы
«ескі әлем» деп отырғанымыз, апаттан қашып құтылмайтын
жаңа тарихтың әлемі.
Біз қандай да бір тарихи дүние апатқа душар болады деген­

де, бұл дүниеден ештеңе қалмайды, онда мәңгілік ештеңе жоқ,
оның тіршілігінің өзі абсолютті мәнсіз болды дегіміз келмейді.
Кез-келген тарихи дәуір туралы бұлай деуге болмайды. Жаңа
тарихтың бастан өтуі де кездейсоқ емес. Онда да адамзат күшінің

ұлы кернеуі орын алды, адамзат бостандығы ұлы сыннан өті. Біз
Леонардо мен Микеланджелоны, Шекспир мен Гётені және тағы
басқа да адамзат бостандығының дабылшыларын ұмытқымыз
келмейді. Гуманисттік тұрғыдан өзін орнықтыру адамзат рухы

тағдырының ең бір маңызды сәті болды және оның барысын­
да жинақталған тәжірибе адамды байытқаннан кейін із-түссіз
жоғалып кетпейді. Жаңа тарих жасаған гуманизм күпіршілігі
ұлы тақырыпты күн тәртібіне қойды және оның өзіндік тари­

хи бұрмалушылықтары болды. Жаңа ортағасырлыққа жаңа та­
рихта адам бастан кешкен бостандық тәжірибесі, ар-ұжданың
барлық қол жеткізген оң жетістіктері мен жанның нәзіктігі
енеді. Ортағасыр тәжірибесінен кейін ескі антикалық дүниеге

қайтып оралу мүмкін емес екендігі, тек христиандық және
пұттық бастаулардың күрделі өзара әрекеттесуі болған Қайта
Өрлеудің ғана болғандығы сияқты жаңа тарих тәжірибесінен
кейін ескі ортағасырлыққа оралу мүмкін емес. Антикалық әлем

де, ортағасырлық әлем де түпкілікті жойылып кеткен жоқ, бірақ
екеуі үшінде өздерінің тарихи ауысымдар сағаты соқты. Сол
сияқты қазірде тарихи дүние өзінің ұлы революциясын, өзінің
терең мәнінде «реакциялық» және ескі дүние элементтерінің

іріп-шіруімен сипатталатын комунисттік революцияны емес,
рух революциясын бастан кешіріп жатыр. Біздің дәуіріміздегі
жаңа ортағасырлыққа шақыру, рух революциясына, жаңа санаға
шақыру болып табылады. Жаңа тарих гуманизмі мәдениет пен

қоғамдық өмірдің барлық саласында өзін сарпыды және ол өзінің
қарама-қарсысына, адам бейнесін терістеуге өтті. Мен мұны

«Ренессанстың соңы» атты мақалам мен «Тарихтың мәні» атты
кітапттарымда анықтадым. Қазіргі таңда гуманисттік идеоло­
гия «артта қалған», «реакцияшыл» идеология. Тек гуманизмнен
комунизм жасаған антигуманисттік қорытындылар ғана біздің

дәуірімізбен бір деңгейінде тұр және ондағы қозғалыстармен
байланысқан. Біз жасырынның ашылған, әшкереленген дәуірінде
өмір сүрудеміз. Басқа уақыттарда күнәсіз әрі пәк болып көрінген
гуманизмнің де табиғаты ашылып, әшкереленуде. Егер Құдай

болмаса, адам да болмайды- біздің дәуіріміз тәжірибе жүзінде
осыны анықтап отыр. Социализмнің де табиғаты ашылып,
әшкереленуде, оның соңғы шектері айқындалуда, дінсіздік пен
діни бейтараптылықтың болмайтындығы, жанды Құдай дінінің

тек шайтан дініне қарсы екендігі, Христос дінінің тек антихрист
дініне қарсы екендігі ашылып, әшкереленуде. Аспан мен тозақ
аралығына орналасқысы келген гуманизм патшалығы ыдырау
үстінде, сөйтіп жоғарғы және төменгі тұңғиықтар анықталуда.

Құдайадамға орталық немесе бейтарап патшалықтағы адам
қарсы тұрған жоқ, оған адамқұдай, өзін Құдай орынына қойған
адам қарсы тұр. Болмыс пен бейболмыс қарама-қарсы полюс­
тері ашылуда.

Дін жаңа тарих қалағандай жеке мәселе бола алмайды11*.
Оның автономды да бола алмайды және сондай-ақ мәдениеттің
басқа салаларының да автономды болуы мүмкін емес. Дін
қайтадан ең жоғарғы дәрежедегі ортақ, баршаға бірдей, бәрін

айқындайтын іске айналуда. Коммунизм осыны көрсетті. Ол
жаңа тарихтың автономды және секулярлы принципін жойып,
«сакральды» қоғам мен «сакральды» мәдениетті, өмірдің
барлық жақтарының шайтандық дінге, антихрист дініне

бағынуын талап етті. Коммунизмнің зор мәні де осыда. Осы
тұрғыда ол жаңа тарихтың шегінен шығып, мүлдем басқа, мен
оны ортағасырлық деп атаған принципке бағынады. Орталық-
бейтарап, секулярлы гуманисттік патшалықтардың ыдыра­

уы, барлықтың бәрінде қарама-қарсы полярлы қарама-қарсы
бастаулардың ашылуы жаңа уақыттың дінсіз кезеңінің соңы,
діни кезеңнің, жаңа ортағасырлық бастамасы болып табылады.
Бұл жаңа ортағасырлықта сандық тұрғыда міндетті түрде шы­

найы Құдай діні, Христос діні жеңеді деген сөз емес. Бірақ бұл
кезеңде өмірдің барлық жағы діни күресте, діни поляризацияла­

нуда, ең қиыр діни бастаулардың айқындалуы белгісінде өтеді.
Құдай діні мен шайтанның дінінің, Христостық бастаулар мен
антихристтық бастаулардың шиеленіскен күрес дәуірі сандық
тұрғыда шайтан діні мен антихрист рухы жеңгенімен, ендігі

жерде өзінің типі бойынша секулярлы емес, діни, сакрльдылық
дәуір болады. Сондықтан да діни драмасы өрістеген орыс кому­
низімі ескі жаңа тарихқа емес, жаңа ортағасырлыққа қарайды.
Міне сондықтан да орыс комунизімі туралы жаңа тарих кате­

горияларында ойлануға болмайды, оған француз революциясы
рухындағы бостандық пен теңдік категорияларын, гуманистік
дүниетаным категорияларын, демократия категорияларын, тіп­
тен гуманисттік социализм категорияларын қолдануға болмай­

ды. Орыс большевизмінде шектен шығушылық пен о дүниелік,
соңғы әлде неге жанасу үрейі бар. Орыс большевизмінің
қасіреті жаңа тарихтың күндізгі атмосферасында емес, жаңа
ортағасырлықтың түнгі стихиясында өтуде. Орыс комунизімін­

де тек жұлдыздарға қарап қана жол табуға болады12*. Орыс
революциясының мәнін түсіну үшін, біз жаңа тарих астроно­
миясынан ортағасырлық астрономияға өтуіміз керек. Ресей
ешқашанда Жаңа уақыттың гуманисттік мәдениетін, оның ра­

ционалды мәнін, формальды логикасын, формальды құқығын,
діни бейтараптылығын, орталықты секулярлылығын қабылдаған
емес. Оның өзіндік ерекшелігі де осында. Ресей ешқашанда
ортағасырлықтан, сакральды кезеңнен түпкілікті қол үзген

емес, ескі ортағасырлықтың сарқыншақтарынан, ескі теокра­
тиядан жаңа ортағасырлыққа, жаңа шайтанократияға тікелей
өтті. Ресейде гуманизм Жаңа заман тарихындағы батыстық
гуманизм рухынан мүлде бөлек Кириллов, П. Верховенский,

И. Карамазов13* рухындағы адамқұдайылық формасының ең
қиыр формаларында толғанылды. Міне. сондықтан жаңа та­
рихтан жаңа ортағасырлыққа өтуде Ресей өте маңызды орын
алады. Ол гуманисттік демократия мен бейтарап гуманисттік

мәдениеттің қалыптастырғаннан бұрын антихристты дүниеге
әкелетін сияқты
Бұрындағы ескі ортағасырлыққа өту секілді жаңа ортағасы­
рлыққа өту де ескі қоғамдардың көзге айқын көрінетін ыдырауы­

мен және жаңалардың байқаусыз қалыптасуымен қоса жүреді.
Бей-берекет, варварлық күштер ескі, тұрақты, қалыптасқан

қоғамдық және мәдени ғарышты төңкеріп тастайды. Бірақ
жаңа тарихта нағыз ғарыш болды ма екен? ХІХ ғасыр өзінің
құқықтық санасын, құрылымдарын, ғылыми әдістерін және
ғылыми мәдениетін мақтан тұтқан болатын. Бірақ жаңа тарих

толық ішкі бірлікті қалыптастыра алмады. Оның алғашқы не­
гіздерін индивидуализм мен атомизм қалаған болатын. Жаңа
тарихтың барлық барысында қоғамдардың өз ішінен ыдырауы,
адамның адамға қарсы, таптың тапқа қарсы көтерілуі күшейе

түсті. Қарама-қарсы мүдделер үшін күрес, бәсекелестік, әрбір
адамның терең оқшаулануы мен жалғыздығы Жаңа уақыттағы
қоғамдар типін сипаттайды. Бұл қоғамдардың рухани және
идеялық өмірінде анархияның өсуі, бір орталықтың, біртұтас

ортақ жоғарғы мақсаттың жоқтығы байқалды. Бұл барлық
мәдени және қоғамдық өмірдің барлық салаларының автоно­
миясы, қоғамның секулярлануы ретінде қабылданды. Жаңа
тарих бостандықты индивидуализм, әрбір адамның, әрбір

мәдени саланың өзін өзі айқындауға деген формальды құқығы
деп таныды. Жаңа тарих процесінің өзі бостандық ретінде
түсінілді. Бірақ неден бостандық алу және не үшін бостандық
алу? Ескі мәжбүрлі теократиядан, ескі гетерономды сана­

дан босау ма. Ескі мәжбүрлеуші теократиялар тұрақтап тұра
алмады, ал ескі гетерономды сананы жеңіп шығу керек еді.
Бостандық рухы ажырамас және мәңгілік жетістік болып табы­
лады. Бірақ не үшін, қандай мақсаттар үшін бостандық жүзеге

асыуы тиіс? Мұны Жаңа дәуір рухы білмейді. Оның өзінің не
үшін екендігі болмады немесе өзінің не үшін екендігін білмеді.
Адам үшін, гуманизм үшін, адамилық бостандық пен бақыт
үшін бе. Бірақ бұл жерде ешқандай жауап жоқ. Адамды адам

бостандығы үшін азат етуге болмайды, адамның өзі адамның
мақсаты болмайды. Осылайша біз тұйыққа келіп тірелеміз.
Адам барлық мазмұнынан айырылады, оны биікке жетелей­
тін ештеңе қалған жоқ. Адам бостандығы мүлдем формаль­

ді, мазмұнсыз бостандық болып шығады. Индивидуализм өз
мәні бойынша терістеуші түзетушілік. Өз дамуында ол адам
бойында ешқандай мазмұндылықты нығайта аламайды. Инди­
видуализмде онтологиялықтылық мүлдем жоқ, онда ешқандай

болмыстық негіз де жоқ. Индивидуализмнің адам тұлғасы
мен бейнесін нығайтуы да шамалы. Индивидуалистік дәуірде

жарық дара, күшті тұлғалар дамымайды. ХІХ ғасырдағы ин­
дивидуалистік өркениет, оның демократиясы мен материализ­
мі, техникасы мен қоғамдық пікірі, баспа сөзі, биржасы мен
парламенті тұлғаның құлдырауына, даралықтың солуына,

баршаның араласып кетуіне ықпал етті. Тұлға орта ғасырларда
жарқын әрі жігерлі еді. Индивидуализм дара тұлғалардың
барлық ерекшеліктерін өшіретін теңестіру үдерістеріне ықпал
етті. Қоғамның атомизациялануын тудырған индивидуализм

атомистік ыдыраудың екінші жағы, атомдардың механикалық
байланысуы болып табылатын социализмге де алып кел­
ді. Ортағасырларға айырықша тән универсалистік идея осы
күндері үстемдік етуден қалды. Бірақ адам тұлғасы тек уни­

версумда, тек ғарыша ғана терең тамырлана алады, тек сонан
ғана ол өзінің онтологиялық топырағын табады және содан
ғана өзінің жоғарғы мазмұнын алады. Тұлға тек Құдай мен
құдайылық болғанда ғана бола алады. Индивидуализм тұлғаны

оның болмыстық топырағынан жұлып алады, сөйтіп жел қуған
қаңбаққа айналдырады. Индивидуализм өзінің жаңа замандағы
барлық мүмкіншіліктерін сарқыды, онда ешқандай қуат қалған
жоқ, ол ендігі жерде жоғарғы патетикалық сезімдерді тудыра

аламайды. Индивидуализм рухының ақыры жаңа тарихтың
ақыры болып табылады. Индивидуализмді іштей емес, сырт­
тай жеңіп шығуға бағытталған барлық талпыныстар – жаңа
тарихтың шеңберінен шығу. Осы тұрғыда О. Конт өзінің рухани

типі бойынша ортағасырлық адам болды. Бұрмаланған формада
болсада ол индивидуалистік анархияны жеңуге талпынды. Ин­
дивидуализм өзін мақтанышпен бостандықтың, ағартушылық
пен прогрестің қорғаны деп санағанынымен, осы күндері ол

нағыз «реакцияшыл» құбылысқа айналды. Индивидуализмнің
рухани қойнауында пайда болған барлық құрылымдар ыдырау
үстінде және өздерінің мәні бойынша «реакцияшыл» болып та­
былады. Либерализм, демократия, парламентаризм, конституци­

онизм, заңгерлік формализм, гуманистік мораль, рационалдық
және эмпирикалық философия – осының бәрі индивидуалистік
рухтың, өзін өзі гуманистік бекемдеудің туындылары. Олардың
бәрі ескіріп барады, бұрынғы мағыналарын жоғалтты. Осының

бәрі жаңа тарихтың өткен күні.

Ымырт жабылып, күн батқанда осы формалардың бәрі
өздерінің айқын сипаттарын жоғалтады. Адам өмір құпиясымен,
Құдаймен бетпе бет келеді, ол универсалдық, ғарыштық
атмосфераға батады. Индивидуализм адамды өз өзіне және

адамның өзін басқа адамдардан, дүниеден ажыратқан форма­
ларына байлап-матап тастады. Бұл бұғаулар үзіліп, формалар
құлдырауда. Адам қауымдастыққа шығуда. Универсалдылық,
ұжымдылық дәуірінің күні туып келе жатыр. Адам рациона­

листік ойлау арқылы, гуманистік мораль, формальды құқық,
либерализм,
демократия
және

парламентаризм
арқылы
басқалардан жіктеліп, өзін қорғай аламын дегенге сенуден
қалды. Бұл формалардың бәрі адамзаттағы тамыры тереңге кет­

кен жанжалды,бытыраңқылықты, ортақ рухтың жоқ екендігін
байқатты. Олардың бәрі заңдастырылған ажыраушылықтың
формалары, бір бірін тыныштықта, жалғыздықта қалдырудың,
ақиқатты таңдамаудың келісімдері болып табылады. Рацио­

нализм, гуманизм, құқықтық формализм, либерализм, демок­
ратизм- өмір мен ойдың барлық осы формалары Ақиқат бел­
гісіз, мүмкін, Ақиқат тіптен жоқ шығар деген ұйғарымдарға
құрылады, олардың Ақиқатты білгісі де келмейді. Ақиқат ажы­

рату мен шектеу емес, байланыстыру, ол тек адасу мүмкіндігін,
оны терістеу мен жамандау құқын қорғауға мүлдем мүдделі
емес. Алайда, Ақиқат тек бостандық туралы Ақиқат бола
алады. Бірақ гуманистік демократия дегеніміз, ең алдымен

адасушылық пен жалғанға деген құқықты жариялау, саяси реля­
тивизм мен софистика, Ақиқат тағдырын көпшілік дауысының
шешіміне беруден басқа немене? Рационалдық философия
дегеніміз Ақиқаттан адасқан, болмыс бастауларынан алыстап

кеткен индивидуальды парасатың өзін бекемдеуінен, Ақиқатты
таңдаудан, таным үшін одан қуат алудан бас тартқан ойды
нығайтудан басқа не нәрсе? Парламент дегеніміз жан – жал­
ды заңдастырудан, «пікірдің» «білімнен» басым түсуінен (бұл

сөздерді платондық мағынада қолданамын), Ақиқат жолына
түсудегі әлсіздіктен басқа не нәрсе? Ақиқатты мәжбүрлікпен
емес, еркіндікпен қабылдау керек. Ақиқат өзіне деген құлдық
қатынасқа төзбейді. Христиандық бізді осыған үйретеді. Бірақ

жаңа тарих уақыты өз таңдауын жүзеге асырмай, Ақиқатты
қабылдаудағы формальды бостандықта ұзақ уақыт кідіріп

қалды және сондықтан ол Ақиқатқа емес, кез-келген ақиқатты
немесе жалғанды таңдаудың формальды құқына негізделген ой
мен өмір формаларын құрды. Яғни не үшін тіршілік ететінін
білмейтін мәнсіз мәдеиетті, мәнсіз қоғамды құрды. Сөйтіп,

Жаңа уақыт болмыстан бейболмысты қалауға дейін жетті. Адам
тек өзі үшін ғана өмір сүріп, өзіне ғана қызмет ете алмайды.
Егер оның нағыз Құдайы болмаса, ол өзіне жалған құдайларды
жасап алады. Ол бостандықты Құдайдан алғысы келмеді,бірақ

жалған құдайлар мен пұттардың қатал құлдығына тап болды.
Жаңа уақыт, аяқталып келе жатқан жаңа тарих адамының рухы
да еркін емес, ол көтерілістер мен бас көтерулерге бостандық
үшін шықпайды, Ақиқатты бостандық үшін терістемейді. Ол

қоғамды бағындырған, Ақиқатты, Жаратушының Ақиқатын біл­
гісі келмейтін белгісіз қожайынның, адамнан жоғары, адамнан
тыс күштің билігіне түсті. Тек коммунизмде ғана бұл қожайын
билігінің бет пердесі сәл-сәл ашылды. Бірақ осының өзі жаңа

тарих шеңберінен шығушылық болды. Таңдау жасауға тура ке­
леді. Жаңа тарихтың формальды бостандығы аяқталып келеді,
бостандықтың мағынасына, мағыналы бостандыққа өту қажет.
ХІХ ғасыр дүниетанымының негіздері ыдырауда, сондықтан

соған негізделген мемлекеттер мен мәдениеттерде ыдыра­
уда. Алғы негіздерінде гуманизм жатқан монархиялық та,
демократиялық та мемлекеттер ыдырауда. Мемлекеттіліктің
ана не мына формасы емес, мемлекеттің өзі дағдарыс пен

құлдырауды бастан кешіріп жатыр. Мығым, көп жылдық мем­
лекеттер қалмады. Бір де бір мемлекет ертең онымен не бола­
тынын білмейді. Ешқандай легитимизм, ескі монархиялардың
легитимизмі болсын немесе жаңа демократиялардың леги­

тимизмі болсын, олардың сұлба түріндегі яғни, формальды
халық билігі идеясымен бірге бұдан әрі адам жанына билік
ете алмайды. Бұдан әрі ешкім ешқандай заңгерлік және саяси
формаларға сенбейді, ешкім ешқандай конституцияны мойын­

дамайды. Барлығы нақты күш арқылы шешіледі. Өзінің конс­
титуция туралы сөзінде14* Лассаль дұрыс айтқан. Мемлекет­
тер заңгерлік емес, әлеуметтік – биологиялық негіздерге ғана
сүйеніп тұр. Мұны пішіндік құқық идеясының беделін мүлдем

түсірген дүниежүзілік соғыс түпкілікті ашып берді. Италь­
ян фашизмі ескі мемлекеттердің дағдарысы мен құлдырауын

коммунизмнен артық дәлелдемесе кем дәлелдеген жоқ. Фа­
шизмде кездейсоқ қоғамдық бірлестіктер ескі мемлекетті ал­
мастырып, билікті ұйымдастыруды өз қолдарына алуда. Ескі
мемлекеттік армиямен қатар ерікті фашистік армия бар, ескі

мемлекеттік полициямен қатар фашистік полиция бар және
олар нақты басымдылыққаие болуда. Бұл жаңа тарихтың при­
нципі емес, бұл оған қарағанда Рим империясының соңының
және

ортағасырлықтың
басталуының
принципі
сияқты.

Қазіргі еуропаның саяси өміріндегі бірден бір твочестволық
құбылыс фашизм де коммунизм сияқты жаңа ортағасырлық.
Фашизм формальді лигитимизм принципіне тереңінен қарама-
қайшы, ол оны білгісі де келмейді, ол өмірге деген ырықтың,

билікке деген ырықтың тікелей көрініс беруі, құқықтың емес,
биологиялық күштің ашылуы. Биліктің заңды принципінің, мо­
нархия мен демократияның құқықтық принципінің құлдырауын
және оның күш принципімен, спонтанды қоғамдық топтар

мен бірлестіктердің өмірлік қуатымен алмасуын мен шарт­
ты түрде жаңа ортағасырлық деп атаймын. Фашизм не үшін
әрекет ететінін түсінбейді, бірақ ол заңгерлік формалардан
өмірдің өзіне өтуде. Дәл сол сияқты гносеологиялық негіз­

делген, рационалдық философия, таным легитимизмі адамдар
жанына билік етуден қалды. гносеология дегеніміз танымдағы
заңгерлік, формалистика, заңшылдық. Енді ойдың барлық
қозғалысы өмір философиясы мен өмірлік философияны ізде­

уде, мағыналылыққа өтуге талпынуда. Философиялық ойлауда
да өзіндік мағынадағы фашизм көрініс беруде. Ол да әлі өзінің
«не үшін» екенін білмейді, бірақ формадан мазмұнға, танымның
заңды құқықтары туралы сұрақтан өмір мен болмыстың өзін

тану туралы сұрақтарға өтуде. Ықпалы күшті саясаттың парла­
менттік болудан қалатыны сияқты ықпалы күшті философия да
академиялық, мектептік болцдан қалуда. Осының барлығы бір
процестің, өмірге араласудың симптомы. Дүние хаос арқылы

өтуде, ортағасырлардағы сияқты рухани ғарышты, универсум­
ды құруға талпынуда. Құлдырау жаңа ортағасырлықтың жолын
ашуы керек. Күні өтіп өле бастаған және жаңадан туындап келе
жатқан элементтерді қадағалау керек. Бірақ,барлық уақытта

адамзатқа тән бостандық салдарынан оның екі түрлі жолмен
жүретіндігін, болашақтың екі ұшты екендігін ұмытпау керек.
Мен осы екі ұштылықты ескере отырып, оның жүретін жолын
жобалауға талпынамын.

Индивидуализм,
қоғамның
атомизациялануы,
өмірдің

тәндік құштарлығының шектен шығуы, халық санының және
тұтынудың тоқтаусыз өсуі, сенімнің құлдырауы, рухани өмірдің
әлсіреуі – осының бәрі индустриалды-капиталистік жүйенің
қалыптасуына әкелді, ол адам өмірін табиғат ырғағынан жұлып

алып, адам өмірінің сипаты мен барлық стилін өзгертті. Маши­
на, техника, олардың өзімен бірге ала келетін билігі, солардың
туындататын қозғалыс жылдамдығы адам өмірін фикцияларға
бағыттайтын химералар мен фантазмдарды қалыптастырады,

ал олар ең жоғарғы шындық сезімін өндіреді. Биржалар мен
банктерде, қағаз ақшаларда, керексіз заттарды немесе өмірді
жоятын қаруларды өндіретін құбжық фабрикаларда, сыртқы
сән-салтанаттылықта, адвокаттар мен парламентарилердің

сөздерінде, газет мақалаларында онтологиялық шындық көп
пе, тойымсыз қажеттіліктердің өсуінде онтологиялық шындық
көп пе? Барлық жерде аяқталуды білмейтін жағымсыз шек­
сіздік ашылады. Шаруашылықтың барлық капиталистік

жүйесі тәндік құмарлықтарды жалмап жейтін құрал. Ол
христиандық аскетизмнен түпкілікті бас тартқан, аспан­
нан жалтарған, тек қана осы дүниелік құмарлықтарға беріл­
ген қоғамда ғана пайда бола алды. Капитализмді сакральды

шаруашылық ретінде ойлау мүлдем мүмкін емес, ол әрине,
шаруашылық өмірді секурялизациялаудың нәтижесі. Бұл
жүйеде материалдылықтың руханилыққа шынайы иерархиялық
бағынуы бұзылады. Біздің тарихи дәуіріміздің экономизмі15*

адамзат қоғамының шынайы иерархизмінің бұзылуы, руха­
ни орталықтың жоғалуы. Шаруашылық өмірдің дербестігі
оның адамзат қоғамының барлық өміріне үстемдік етуіне алып
келді. Мамонизм16* ғасырдың айқындаушы күшіне айнал­

ды, ол бәрінен де алтын бұзауға көбірек табынады. Бәрінен
де қорқыныштысы, ештеңемен бүркемеленбеген мамонизм­
нен біздің ғасырымыз ақиқатты танудың, сағымнан азаттық
алудың ұлы басымдылығын көреді. Мұны экономикалық ма­

териализм анағұрлым жақсы жасақтады, ол адамзаттың бүкіл
рухани өмірін сағым мен алданыш деп таныды. Социализм
индустриалды-капиталистік жүйенің одан әрі дамуы, оның не­
гізіне қаланған бастаулардың түпкілікті салтанат құруы және

олардың жалпылама таралуы болып табылады. Буржуазиялық

капиталистік қоғамнан социалистер оның материализмімін,
оның құдайсыздығын, оның үстірт ағартушылығын, оның рух
пен рухани өмірге деген тапшылығын, өмір мен оның табыста­
рына, қанағаттанушылықтарына деген аш көздікті, оның эгоис­

тік мүдделер үшін күресін, оның ішкі жұмылуға қабілетсіздігін
қабылдайды. Рухани шығармашылықтың құлдырауы мен солуы,
адамзат қоғамындағы рухтың азуы капитализммен де, социа­
лизммен де қатарласа жүреді. Олар рухтың азуының, ғасырлар

бойғы өмірдің рухани орталығынан, Құдайдан алшақтаудың
нәтижесінде пайда болады. Барлық қуат сыртқа бағытталды.
Мәдениеттің өркениетке17* өтуі осы. Мәдениеттің барлық
қасиетті рәміздері сола бастайды. Бұл рух ежелгі мәдениеттерде

– ақ байқалады, көнеөсиеттік пайғамбарлар соны ашады.

Ежелгі Египеттің немесе ортағасырлардың мәдениеті қазіргі
заманғы ХІХ және ХХ ғасырлардың мәдениетінен қаншалықты
жоғары, рухани, тылсым дүниелік болды. Біздің алдымыздын
күмәнсіз бір факті шығады: өзінің прогресі мен мақтанатын

жаңа тарихта өмірдің тартылыс орталығы рухани саладан
материалдыққа, ішкіден сыртқы өмірге ауысады, қоғамның
діншілдігі азаяды. Өмірдің үстемдік етуші және реттеуші күші
шіркеу емес, биржа болды. Қалың бұқара ешқандай қасиетті

символдар үшін күресіп, өмірін қиюға бармайды. Адамдар
бұрынғы уақыттардағы сияқты сенім догматтарын туралы
пікір-таластырмайды, құдайылық өмірдің құпиялары оларды
толғандырмайды. Олар өздерін қасиетті ессіздіктен еркінбіз

деп санайды. Біздің капиталистік-социалистік дәуіріміздің өмір
стилі осындай. Көп белгілері бойынша міне, осы дәуір аяқталып
келеді. Индустриалдық-капиталистік дәуір өте осал болып
шықты, ол өзін-өзі теріске шығарады, апаттарды туындатады.

Құлақ естімеген масқарасымен бірге Дүниежүзілік соғыс осы
жүйенің туындысы. Қазіргі заманғы империализм осы жүйенің
қойнауларында дүниге келді. Ол өзін-өзі жалмап жатыр. Капи­
талистік Еуропа милитаризмі оның өзін жегідей жеуде. Еңбекші

халық индустриялық жүйенің көзбояушылығында өмір сүрді.
Бұл гипноз дүние жүзілік соғыс апатынан кейін тоқтады. Халықты
капиталистік қоғамда үстемдік еткен еңбек тәртібіне қайтадан
көндіру қиынға соғады. Бұрынғы еңбек өнімділігін қалпына

келтіру де оңай емес. Социализм оған қабілетті емес. Еңбектің

рухани негіздері шайылды, ал жаңалары әлі ойлап табылған
жоқ. Еңбек тәртібі қазіргі қоғамдар үшін өмірлік мәселе. Бірақ
бұл еңбекті қастерлеу мен ақтау мәселесі. Бұл мәселені капти­
тализмде, социализмде қоймайды, оларды еңбектің өзі мүлдем

қызықтырмайды. Ұзағырақ өмір сүру үшін барынан айырылған
халықтарға басқа жолға, өмірдің тәндік құмарлықтарын тию,
шексіз өскен тұтыну мен халық санын шектеу жолына, аске­
тизм, яғни индустриалдық-капиталистік жүйені терістеу жо­

лына түсге тура келер. Бұл, әрине адамзаттық тапқырлық
пен техникадан бас тартуды білдірмейді, бірақ оның ролін
өзгертуді, оны адам рухына бағындыруды білдіреді. Табиғатқа,
ауыл шаруашылығына, қол өнерге жаңаша қарауға тура келеді.

Қала ауылға жақындауы кркек. Шаруашылық одақтары мен
корпорацияларға ұйымдасуға, бәсекелестік принципін коопе­
рация принципімен алмастыруға тура келеді. Жеке меншік при­
нципі өзінің мәңгі негізінде сақталады, бірақ шектеледі және

рухтандырылады. Жаңа тарихта жан түршігерлік жеке байлық
болмайды. Теңдік те болмайды, бірақ аш-жалаңаштар мен
тапшылықтан өлетіндер де болмайды. Анағұрлым қарапайым,
рухани мәдениетке және анағұрлым күрделі рухани мәдениетке

өтуге тура келеді. Капитализмнің соңы жаңа тарихтың да соңы,
ал ортағасырдың бастауы. Жаңа тарихтың орасан зор іс әрекетін
жою керек, ол жүзеге аспады. Бірақ коммунизм сияқты, оған
дейін техникалық өркениет соңғы шегіне дейін, қара сиқырына

дейін дамуға талпынады.
Жаңа тарих ортағасыр әлемі білмеген ұлшылдық форма­
ларын тудырды. Батыстағы ұлттық қозғалыстар мен ұлттық
жіктелулер Реформацияның, протестанттық парткуляризмнің

нәтижесі болып табылды. Католицизмнің рухани негізі мұндай
жікшілдікке, ұлттық өзін өзі бекемдеудің осындай қиыр форма­
ларына ешқашан әкелмес еді. Жеке адамдардың тұйықталған
монадаларға айналғаны сияқты ұлттық монадалар құрылды.

Бұл христиандық адамзаттың атомизациялануы еді. Ұлттық
индивидуалдылықтар да, жеке адам индивидуалдылықтары да
өздерінің органикалық нақты тұтастықтарға тиесілі екенін сезі­
нуден қалды. Әрбір саты тек өзін ғана бекемдейді. Реформация

мен гуманизм тек бір өзін ғана бекемдеуге, өз-өзіне тұйықталуға
ғана рухани негіз бері, жалпылама бірлік идеясын бөлшектеп жі­

берді. Ал діни өмір ұлттық тұйықтылық формасын қабылдады. Жаңа тарихта бір тұтас христиандық адамзат, бір тұтас рухани ғарыш енді жоқ. Католиктік шіркеу тұйықталған күштердің бірі­ не айналуда. Индивидуализм Жаңа заман ұлшылдығын тудыр­ ды. Егер бұдан да тереңірек қазсақ, жаңа тарихтың барлық ұқсас принциптері, соның ішінде ұлттық жіктелуде номинализмнің ортағасырлық реализмді жеңіп шығуының нәтижесі болды18*. Өйткені, ұлттар әрі қарай таптарға, партияларға және басқаларға номиналистік ыдырауға ұшырайды ғой. Әрине, ұлттық инди­ видуализациялану процесінің маңызы зор болды, онда нақты ұлттық тұлғалардың өзіндік санасы оянып, олар өздерінің күшқуатын сезінді. Бірақ ХІХ және ХХ ғасырларда халықтар қол жеткізген сол ұлтшылдық формалары және солар тұтатқан дүние жүзілік соғыс адамзаттың ыдырауын, бір тұтас рухани бірліктен ажырауды, христиандық монотеизмнен пұттық поли­ теизмге қайтып оралуды білдірді. Қазіргі заманғы француздық, немістік, ағылшындық, итальяндық ұлшылдық – барып тұрған пұтшылдық, антихристиандық және дінге қайшылық. Үшінші республиканың19* француздық ұлтшылдығы белгілі бір дәрежеде атеизмнің өнімі. Жанды құдайға деген сенім өшті, сөйтіп басқалардың пұттардың ішіндегі ең залымы – интерна­ ционализмге табынғаны сияқты, жалған құдайға, ұлтқа пұттай табынды.Ұлттың нақты онтологиялық негіздері бар (интер­ националда ол жоқ), бірақ ол құдайды алмастырмауы керек. Немістер неміс құдайына сене бастады. Бірақ неміс құдайы христиандық Құдай емес. Ол да орыс құдайы сияқты, пұттық құдай. Христиандық Құдай алдында, бір тұтас Құдай алдында эллин де, иудей20* де жоқ. Христиандық дүниеге келіп, элли­ нистік мәдениет пен Рим империясы арқылы бір тұтас адамзат құрыла бастаған кезде, универсализм атмосферасында әлемде жеңіске жетті. Христиандықтың пайда болуының өзі пұттық ұлшылдық пен партикуляризмнен босауды білдірді. Жаңа тарихтың соңында біз тағы да еркімен кеткен пұттық партику­ ляризм әлемін көріп отырмыз, оның ішінде аяусыз күрес пен қырғын жойқыншылық жүріп жатыр. Бұл бір жағы қана. Екін­ ші жағы да бар. Біз көп жағынан эллиншілік дәуірге ұқсас дәуірге аяқ басып отырмыз. Егер бұрын соңды мұндай жіктелу мен өшпенділік

болмаса, жаңа тарих барысында осындай бейбіт жақындасу
мен бірігу болмаған еді. Дүние жүзілік соғыстың қанды тала­
сы халықтардың жақындасуы мен бауырласуына, нәсілдер мен
мәдениеттердің бірігуіне ықпал етті. Дүние жүзілік соғыс Еуро­

паны тұйықталған жағдайдан алып шықты. Барлық ұлттардың
тағдыры тұйық, оқшау болудан қалды, барлығы бәріне тәуелді.
Қазір кез-келген халықтың тағдыры бүкіл әлемдегі ахуалға
байланысты. Ресейде болып жатқан оқиғалар барлық елдер

мен халықтарға әсер етуде. Ұзақ уақыт бойы оқшау өмір сүрген
Батыс пен Шығыс әлемінің осыншама жақындасуы бұрын
соңды болған емес. Мәдениет тек еуропалық болудан қалды,
ол дүние жүзілік болып бара жатыр. Еуропаның мәдениет

монополисі болуынан бас тартуына тура келеді. Батыс пен
Шығыстың ортасында тұрған Ресей (қаншалықты үрейлі,
апатты жолмен тұрсада) әлемдік маңызға ие болып келеді,
әлемнің назары соған ауды. Дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ им­

периализм өзінің қайтпас диалектикасында мемлекеттер мен
халықтарды олардың тұйқталған ұлттық тіршілігінен жұлып
алып, әлемдік ортаға, теңіздер мен мұхиттардың әр жағына
тастады. Капитализм өз шыңында дүние жүзілік шаруашылық

жүйесін қалыптастырды, әр елдің экономикалық өмірін дүние
жүзілік экономикалық жағдайға тәуелді етті. Ол халықтардың
экономикалық жақындауына ықрал етті және оған да өзіндік
интернационализм тән. Басқа жағынан алғанда, социализмде де

интернационалдық сипат алуда, коммунистік интернационалда
бұрмаланған ескі мәжбүрлі универсализм идеясы қайтадан бас
көтеруде. Ұлттардың, таптарды және жекеленген адамдардың
қанды күресі жағдайындағы жаңа тарихтың іргесі сөгілген,

күмәнділік пен ашуға толы әлемі әр түрлі жолдармен әбебапты
бірлікке, ұлтты құлдырау мен ыдырауға дейін жеткізген ұлттық
жікшілдікті жеңуге ұмтылуда. Дүниежүзілік соғыста Еуро­
па өзіне тек қатты соққы беріп қана қойған жоқ, ол Фран­

ция мен Германияның тоқтаусыз ұрыс-жанжалында, барлық
халықтардың өзара күмәнділігі мен дұшпандылығында өз өзін
қырып жоюын жалғастыруда. Ұлттар ешқандай ортақ рухани
трибуналды мойындамайды. Бірақ мұның астында, тереңіректе

еуропалықтан да ауқымды әлемдік бірігу процесі жүріп жатыр.
Интернационализм – жалпылама бірліктің ең масқара карика­
турасы.

Бірақ христиан халықтарында жалпылама бірлік рухы оя­
нып, еркін әмбебаптыққа деген ырық айқындалуы қажет.
Барлық әлем халықтарың ішінде орыс халқы анағұрлым жалпы
адамзаттық, өз рухы бойынша жалпы ғаламдық болып келеді.

Бұл оның ұлттық рухының құрылымына тән қасиет. Сондықтан
орыс халқының мақсаты әлемді біріктіру, біртұтас христиандық
рухани ғарышты құру болуы керек. Алайда, әрине, бұл үшін
орыс халқы мықты ұлттық индивидуалдылық болуы қажет.

Орыс халқы өз жолдарында ең үлкен азғырушылыққа, қарама-
қайшы сипаттағы азғырушылыққа – Ресейді жегідей жеген
интернационализмге және одан да әзәзіл Ресейді Еуропадан
алыстатын ұлтшылдық азғырушылығына тап болады. Ұлттық

тұйықтықты жеңуге және әмбебап бірлікті құруға бағытталған
үрдістерді мен жаңа тарихтың, оның индивидуалистік рухының
соңы, жаңа орта ғасырдың басы деп айтамын. Бұл мағынада
коммунистік интернационализм ескі жаңа тарихтың емес,

жаңа орта ғасырдың құбылысы және жаңа орта ғасырға діни
бірігуге, христиан әлемінің бөлшектенген бөліктерін біріктіру­
ге деген барлық ұмтылыстарды, қазіргі заманғы адамзаттың
жоғарғы рухани қабаттарында байқаланатын әмбебап рухани

мәдениетке ұмтылысты жатқызу керек. Бұл жаңа орта ғасыр
ерекше бейбіт сүйгіш, соғыстарды білмейтін болады дегенді
білдірмейді. Мүмкін алда ұлы күрес күтіп тұрған шығар, оған
да дайын болу қажет. Алайда, соғыс ұлттық саяси сипаттан гөрі

рухани діни сипатта болады.
«Прогресшілдер» ескі орта ғасырларға қайта оралудан
қатты қорқады, сондықтан орта ғасырлыққа жатады деп есеп­
тейтін идеялар мен наным сенімдермен күреседі. Мені бұл

үнемі таң қалдыратын. Өйткені, олар біріншіден, орта ғасыр
рухына жатқызылуы мүмкін идеялар мен наным сенімдердің
өміршеңдігі мен жеңімпаздылығына мүлдем сенбейді. Олар
жаңа тарихтың бастамаларының беріктілігі мен ұзақтылығына

кәміл сенеді. Онда соншалықты үрейленудің керегі қанша?
Екіншіден, ескі дәуірлердің қайта оралулы мен қалпына келуі
мүмкін емес екендігін түпкілікті анықтап алу қажет. Біз жаңа
тарихтан орта ғасырға өту жайлы айтқанда, бұл ойды жеткізудің

өзіндік бір тәсілі болып келеді. Алайда, ескі орта ғасырға емес,
тек жаңасына ғана өту мүмкін. Бұл өту бойын үрейлен билеген

және азғындаған «прогресшілдерге» елестейтін реакция ретін­
де емес, рух революциясы, алға қарай шығармашылықпен жы­
лжу ретінде мойындалуы қажет. «Ортағасырлық түнек» жай­
лы айтуды және оған жаңа тарихтың жарығын қарсы қоюды

тоқтату керек. Күні өткен бұл пікірлер қазіргі тарихи білім
деңгейіне сай келмейді. Романтиктер секілді Орта ғасырларды
пір тұтудың да керегі жоқ. Біз орта ғасырдың – варварлық,
дөрекілік, қаталдық, зорлық, құлдық, тарих пен табиғат жайлы

позитивті саласындағы надандығын, тозақ азаптарымен бай­
ланысты діни террор сияқты теріс және көлеңкелі жақтарын
жақсы білеміз. Сонымен қатар біз орта ғасырдың діншілдік
дәуірі болғандығын, халықтарды қасиетті ессіздікке бөлеген

аспанды аңсауға толы болғандығында, орта ғасыр мәдениетінің
трансцендентілікке, тылсым дүниелікке бағытталғандығын да
осы ғасырларда Жаңа дәуір тарихына беймәлім болмыстың
соңғы сұрақтарын шешу үшін адам ойының схоластика мен

мистикада қаншалықты шоғырланғанын да, Орта ғасырлар өз
қуатын сыртқа жұмсамай, өз ішіне жинақтап монах пен рыцар
бейнесіндегі тұлғаны қалыптастырғанын да, осы варварлық
уақытта әсем әйел культі пісіп жетіліп, трубадурлардың өз

әндерін айтқанын да жақсы білеміз. Құдай қолдап бұл сипат­
тар жаңа ортағасырға да өтсе екен. Шын мәнінде, орта ғасыр
мәдениеті антикалық мәдениеттің құлдырауынан кейінгі қайта
өркендеу, варварлықпен және қараңғылықпен күрес бола­

тын. Христиандық қараңғылықты ағартқан, хаосты ғарышқа
айналдырған ұлы күш болды. Орта ғасыр өте күрделі әрі
өте бай. Ұзақ уақыт бойы орта ғасыр – адамзаттың ақыл-ой
тарихындағы, философиялық ой тарихындағы бос орын бол­

ды деп ойлау дұрыс саналып келді. Алайда орта ғасырдаларда,
басқа дәуірлерде болмаған көптеген ұлы ойшылдар, ой әлемінің
көптүрлілігі болды. Орта ғасырлар үшін Жаңа уақытқа қажетсіз
артықшылық болып көрінген нәрселер тіршілік үшін маңызды

болып табылды. Сондықтан да орта ғасырға қайтып оралу
анағұрлым жоғары діни түрге қайтып оралу болып табыла­
ды. Орта ғасырлық рухани мәдениеттің шыңдары біз үшін әлі
өте алыста. Біз құлдырау дәуірінде өмір сүрудеміз. Біз бірігуі

мен шығармашылықтың позитивті процестеріне қарағанда
құлдыраудың негативті процестері көбірек кездесетін орта

ғасырдың бастамасына жақындап келе жатқан сияқтымыз.
Орта ғасыр түнек дәуірі емес, ол түнгі дәуір. Орта ғасыр жаны

– стихиялар мен қуаттар оянатын түнгі жан, бірақ кейін олар

жаңа тарихтың жұмыс күнінің санасы үшін жабылып қалды.
Жаңа орта ғасыр қандай сипаттарда суреттеледі? Оның си­
паттарына қарағанда терістерін қармап қалу оңайырақ. Бұл ең
алдымен, мен бұрында айтқандай, жаңа уақыт мәдениетінің

гуманизмінің, индивидуализмі мен формальді либерализмінің
соңы және қарама-қарсы күштер мен бастаулар айқындалатын,
жаңа тарих топырағы мен бейсанасының астында қалып
қойғандардың барлығы ашылатын жаңа ұжымдық діни дәуірдің

басталуы. Гуманистік патшалық шекті антигуманистік, атеистік
коммунизмге және өзіне кез келген шынайы болмысты жинауға
міндетті Христос Шіркеуіне ыдырауда. Бұл ешқандай түпкілікті
таңдау жасамаған Жаңа уақыт формализімінен Құдайды немесе

шайтанды таңдауға, өмірдің пәндік мазмұнындығына иеленуге
өту болып табылады. Мәдениет пен қоғамдық өмірдің барлық
автономды салалары бостық пен бейболмысқа ұшырады. Ав­
тономды-секулярлы

шығармашылық
пафосы
сарқылуда.
Шығармашылықтың

барлық
салаларының
ішінде
діни

таңдауға, шынайы болмысқа, өмірді өзгертуге деген ырық ояна
бастады. Шығармашылық саласының қай қайсысы болмасын,
мәдениет, қоғамдық өмірдің бірде бір жақтары діни бейтарап,
толық секулярлы болып қалмайды. Философия теологияның

қызметшісі болып қалғысы, ал қоғам өзін шіркеу йерархиясына
бағынышты еткісі келмейді. Алайда таным ішінде, қоғамдық
өмір ішінде діни ырық оянып келеді. Еркін негізделген діни
таным формалары мен қоғам формаларының тек іштен ғана

шығуы мүмкін. Мысалы өнердің шыңдарында теургияға21 де­
ген ұмтылыстар байқалады. Ескі теократияға, шіркеу, өмірдің
барлық тұстары мен шығармашылық арасындағы ескі, гетеро­
номды байланысқа қайтып оралу мүмкін емес. Ескі теократи­

яларда шын мәнінде Құдай Патшалығына қол жетпеді. Ол тек
сыртқы формалар мен белгілерде таңбаланып, нышандалды.
Қазір өмірдің барлық салаларында Құдай патшалығына, соны­
мен қатар сайтан патшалығына жетуге деген, автономия мен ге­

терономиядан гөрі еркін теономияға деген ырық байқалуда. Та­
ным, мораль, шаруашылық, өнер, мемлекет сырттан күштеудің

салдарынан емес, ерікті және іштей түрде діни болуы тиіс.
Ешқандай да теология менің танымдық процесімді сырттан
басқармайды және менің алдыма норма қоя алмайды. Білім ер­
кін. Алайда мен діни тәжірибеге жүгінбей, болмыс құпияларын

дін арқылы ашпай таным мақсаттарын орындай алмаймын. Бұл
тұрғыда мен жаңа тарих адамы емес, орта ғасыр адамымын.
Мен діннен тәуелсіз болуды емес, діндегі еркіндікті іздеймін.
Ешқандай да шіркеулік иерархия мемлекеттік және қоғамдық

өмірді реттейде, қалыпқа түсіре де алмайды. Ешқандай да кле­
рикализм өзіне сыртқы күштерді қайтарып ала алмайды. Алай­
да мен тек ыдырауға ұшыраған мемлекет пен қоғамды тек діни
негіздерде ғана құрастыра аламын. Мен мемлекет пен қоғамның

діннен тәуелсіз болуын іздемеймін, мемлекет пен қоғамның
дінмен негізделіп, нығаюын іздеймін. Мен қай нәрседе бол­
сын Құдайдан азат болуды қаламаймын, мен Құдайда және
Құдай үшін еркіндікті болуды қалаймын. Құдайдан алшақтау

қозғалысы тоқтап, Құдайға қарай қозғалу басталғанда, Құдайан
алшақтаудың өзі сайтанға қарай ұмтылу сипатына ие болғанда
Жаңа уақыт аяқталып, орта ғасыр басталады. Құдай қайтадан
біздің бүкіл өміріміздің, ойымыздың, сезіміміздің орталығына,

біздің жалғыз арманымызға, жалғыз үмітімізге, шаттығымызға
айналуы қажет. Менің шексіз еркіндікті аңсауым Құдаймен
емес, әлеммен жанжалдасуым етінде түсінілуі қажет.
Қазіргі заманғы мәдениеттің дағдарысы бұрыннан-ақ

басталған. Оны осы мәдениеттің негізін қалаушылар сезінді.
Соғыстар, революциялар, сыртқы апаттар, мәдениеттің ішкі
дағдарысын сырттай анықтады. Іштегі революция сыртқы
айқындалудан бұрын басталды. Мәдениет өз табиғаты бойынша

рәмізді болып келеді, онда өзге рухани әлемнің тек нышандары
мен белгілері ғана берілген, алайда бұл әлемге тікелей қол жет­
кізе алмайсыз. Мәдениеттің дәстүрлі түрлеріне шырмалғандар
мәдениеттің бұл рәміздік табиғатын түсінбейді.

Тек рәміздік сана ғана мәдениеттің бұл табиғатын түсіне
алады және сол ғана мәдениеттің рәмізділігін жеңіп, рухани
әлемнің шынайылығына қол жеткізуге ұмтылады.
Мысалы, тарихи теократия тек рәміздік болды, ол Құдай

Патшалығының шындығын емес, тек рәміздерін ғана берді.
Мұны теократияны құрған және оның алдында құрметтеп тізе

бүккен адамдар түсінбеді. Рәміздік діни санадағы адамдар нағыз
Құдай патшалығына, яғни өмірді шынайы өзгертге ұмтылуы
қажет. Таным, өнер, мораль, мемлекет, тіпті Шіркеудің сыртқы
өмірі өмірді нақты өзгерте алмады, жаңа болмысқа қол жеткі­

зе алмады, тек өзгерістің рәміздері мен шынайы болмыстың
белгілерін ғана бере алды. Міне, мәдениеттің ұлылығы мен
сұлулығын бойына дарытқан осы рәмізділік дағдарысқа
ұшырады. ХІХ және ХХ ғасыр өркениеті мәдениеттің қасиетті

рәмізділігін теріске шығарып, ең шынайы өмірге қол жеткізгісі
келеді, өмірді иемденіп, өзгерткісі келеді. Сол үшін ол өзінің
қуатты техникасын құрастырады. Мәдениет дағдарысын бір
жағынан, реалистік өркениет және оның өмірге, құдіреттілікке

деген ұмтылысы дайындайды. Екінші жағынан, мәдениет
дағдарысының терең тамыры өмірді шынайы өзгертуге,
жаңа аспан, жаңа жер, жаңа болмысқа деген діни ырықтың
айқындалуынан басталады22. Мәдениетті болмысқа айналды­

ру ырқы мәдениет дағдарысын тудырады. Ол мәдениеттің тек
ұлы адамдарына ғана белгілі және солар арқылы дағдарыс іске
асады. Соңғысына деген ырық-нағыз онтологиялық ырық, ол
мәдениеттің жеке, дербес саларымен қанағаттанбайды және

ол бірлік пен біртұтастыққа бағытталады. Алайда мәдениет
дағдарысы оның ескі секулярлы формаларындағы мәдениеттің
құлдырауы, өнер, философия және басқаларының құлдырауы
болып табылады. Біздің дәуірімізде көрнекті әрі мойындалған

рухани орталық, дәуірдің ақыли өмірінің орталығы жоқ. Уни­
верситет мұндай орталық болудан қалған, оның рухани беделі
жоқ. Біздің дәуіріміздің ақыл-ойын билеушілер академиктер
емес. Академиялық философияның да, академиялық өнердің

де ешқандай өмірлік ықпалы жоқ. Парламенттік саясатта дәл
осылай өмірді айналып өтеді. Біздің уақытымызда тіршілік
бей-берекет, бей ресми жолдармен іске асады. Дағдарыстар
мен бет бұрыстар дәл осылай болуы тиіс. Болашақ дәуірде орта

ғасырдағыдай рухани орталық тек Шіркеу ғана бола алады.
Алайда, қазіргі кезде Шіркеудің өз өмірі де бейресми, сырттан
байқалмайтын әлде қандай арналармен ағып, дамуда. Шіркеу
шекаралары анық сезілмейді, оларды материалды зат ретінде

саусағыңмен көрсете алмайсың. Шіркеу өмірі құпияға толы
және оның өмір сүру жолдарын ақылмен танып біле алмайсың.

Рух қалаған жерінде тыныс алады23. Шіркеу өмірінде де сыртқы,
ресми, таза рациональді сана шірекеуге тән ретінде қабылдай
алмайтын шығармашылық процестер орын алады. Мәдениеттің
дағдарысы ұшырауы оның діни бейтарап, гуманистік бо­

лып қала алмайтындығында, ол міндетті түрде не құдайсыз
антихристиандық өркениет, не қасиетті шіркеулік мәдениет,
өмірдің христиандық қайта өзгеруі болуы қажет. Ал бұл Шіркеу
өміріндегі шығармашылық процесті, адам мен оның әлемдегі

мақсаты жайлы христиандық шындықтың ашылуын,сонымен
қатар жаратылыс құпияларының, ғарыштық өмір құпияларының
түбегейлі ашылуын қамтиды. Антропология мен космология
ақиқаттарын ғаламдық соборлар христиандығы мен Шіркеу

ұстаздарының ілімдері әлі күнге дейін толығымен аша алған
жоқ. Шіркеу өз табиғаты жағынан ғарыштық және болмыстың
бүкіл толымдылығы соған кіреді. Шіркеу – христостанған
ғарыш. Бұл дерексіз, теориялық шындық болудан қалып, тір­

шілік үшін маңызды, практикалық ақиқатқа айналуы қажет.
Шіркеу негізінен өзінің храмдық кезеңінен ғарыштық кезеңіне,
өмірдің толымдылығын өзгертуге өтуі қажет. Жаңа уақытта дін­
де мәдениеттің дифференциалданған бөлігіне айналды, оның

алатын орны да аз әрі алшақ. Ол жаңаша барлығы, бүкіл өмірді
ішінен өзгертетін, нұрландыратын күшке айналуы тиіс. Ол руха­
ни еркін күш ретінде өмірді өзгертуі қажет. Христиандық үшін
қасиетті Климент Александрийскийден бастап Шіркеудің ұлы

ұстаздары уақытындағыдай діни зиялылардың үлкен маңыз
атқаратын дәуірі басталып келе жатыр. Социализм мен атеистік
ағартушылыққа арбанған «Халық» сенімін жоғалтуда. Ал «зи­
ялылар» болса сенімге қайта бет бұруда. Бұл христианшылдық

стилін өзгертеді.
Жаңа орта ғасыр жаңа тарих атомизмін жеңіп шығады.
Бұл атомизмді жалған түрдегі коммунизм, немесе шынайы
түрдегі Шіркеу мен соборлық24* жеңіп шығады. Ескісі сияқты

Жаңа орта ғасырдың құрылымы да иерархиялы. Ал жаңа тарих
барлық саладағы иерархияны теріске шығарды. Адам ғаламның
сапасыз механизмінің атомы емес, органикалық иерархияның
тірі өкілі, ол шынайы қауымдастыққа органикалық тиесілі бо­

лып табылады. Тұлға идеясының өзі иерархиямен байланыс­
ты, ал атомизм тұлғаның сапалық ерекшелігін жойып жібе­

реді. Біз барлық жерде иерархиялық бастамаларға ерікті түрде
қайта оралудан құтыла алмайтын дәуірде өмір сүреміз. Тек
иерархиялық бастамалар ғана ғаламның ғарыштық үйлесіміне
куә бола алады. Тіпті антииндивидуальді, антилиберальді,

антидемократиялы және антигуманистік коммунизмнің өзі
өздігінше иерархиялы ғой. Ол жаңа тарихтың формальді теңдігі
мен еркіндігін теріске шығарып, өзінің сатанократиялық иерар­
хиясын қалыптастыруда. Ол жалған шіркеу және жалған собор

болуға ұмтылады. Енді жерде коммунизмге жаңа тарихтың
антииерархиялық, гуманистік, либеральді-демократиялық идея­
ларын қарсы қоюға болмайды, оған тек шынайы, онтологиялық
негізделген иерархияны, шынайы органикалық соборлықты

қарсы қою керек. Себебі соғыс пен революцияға дейінгі кей­
бір елдердің өмірінде үстемдік еткен ескі, оңшыл, консерва­
тивті монархиялық идеялар да индивидуальді болды емес пе.
Демократиялық гуманизмнің негізінде солшыл және прогрессив­

ті идеялардың жатқан сияқты, олардың да негізінде ақсүйектік
гуманизм жатты. Өзін-өзі гуманистік бекемдеу ХІV және ХV
Людовик монархиясының да, Орыс империясы мен Вильгельм
монархиясының да негізінде жатты. Демократиялық гуманистік

өзін-өзі бекемдеу әрқашан аристократиялық гуманистік өзін-
өзі бекемдеуге қарсы шығады, абсолютті адамдық монархияға
абсолютті адамдық демократия қарсы шығады. Патшаның не­
месе дворяндардың билікке ие болу құқығы халықтікінен, ша­

руалар мен жұмысшылардікінен жоғары емес. Себебі билікке
ешқандай да адамдық құқық жоқ, билікқұмарлық күнә болып
табылады. Людовик ХІV немесе Николай І-дің билікқұмарлығы
Робеспьер немесе Лениннің билікқұмарлығы сияқты күнә.

Билік құқық емес міндет, билік жеке бас пен өзін қоршағандар
үшін емес Құдай, ақиқат үшін іске асса ғана әділетті болады.
Жаңа уақыт билікті құқық ретінде қарастырды және билікке
деген құқықты шектеумен ғана әуестенді. Жаңа орта ғасыр

билікті міндет ретінде қарастыруы қажет. Билік құқығы үшін
күреске негізделген бүкіл саяси өмір нақты емес, жалған,
қансорғыш өмір ретінде танылуы қажет. Онда онтологиялық
ешнәрсе жоқ. Саясаттың оннан тоғыз бөлігі жалған, фикция,

алдау. Саясаттың тек оннан бір бөлігі ғана өзінде әлемнің тір­
шілік етуі үшін қажетті биліктің, Құдайдан берілген биліктің

орындалуы сияқты шынайы элементтерді қамтиды. Біз барлық
саясатқа сенуден қалған, өмірдің саяси жағы жаңа тарихтағы
атқарған рөлін атқара алмайтын, оған өз орнын анағұрлым
шынайы рухани және шаруашылық процестеріне беруіне тура

келетін дәуірге аяқ басудамыз. Өмірдің табиғи иерархизмі өз
құқын қолына алуы қажет және үлкен онтологиялық салмағы,
қабілеті мен жарамдылығы зор тұлғалар өмірден өз орнынын
алуы тиіс. Рухани аристократиясыз өмір гүлдене алмайды.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы демократиялық қоғамдарды
жаулап алған әлеуметтік энтропияға қарсы қозғалыс болуы
қажет. Actіon dіrecte25 принципі, тұлғалар мен топтардың
спонтандылығы ескі саясатты төңкеріп тастайтын болады.

Бастапқы, аралық буынсыз өмір туынды және саясатта бейне­
ленген өмірден басым түседі. Саяси партиялар мен олардың
көсемдері маңыздылығын жоғалтуы мүмкін, ал күш-қуаты бар
адамдар партияларсыз-ақ ұсынылатын болады. Халық денесін­

дегі ісік секілді қан сорғыш, жалған өмір сүретін, ешқандай да
органикалық қызмет атқаруға қабілетсіз парламенттер түбегейлі
жойылады. Биржа мен газеттер өмірді басқара алмайтын бола­
ды. Әлеуметтік өмірде қарапайымдану, тіршілік үшін күрестің

қарапайым процестеріне қайтып оралу орын алады. Әлеуметтік
өмір өмірдің алғы бастауларына қосылуы тиіс, ол анағұрлым
табиғи, жасандылығы неғұрлым аз болуы қажет. Адамдар
әрқашан туынды және көбінесе жалған саяси белгілер бойын­

ша емес, шаруашылық, тікелей өмірлік, кәсіби белгілер бойын­
ша, шығармашылық және еңбек салалары бойынша бірігетін
және топтасатын болар. Ескі сословиялар мен таптар жойылып,
олардың орнына рухани және материалдық еңбектің кәсіби топ­

тары келеді. Кәсіби ұйымдарды, корппорацияларды, цехтарды
зор болашақ күтіп тұр. Бұл жаңа бастамаларда орта ғасырға
қайтып оралудың белгісі болып табылады. Саяси парламент­
терді, азғындаған қызылөңештерді нақты корпорациялардың

өкілділігі негізінде жиналған іскер кәсіби парламенттер алмас­
тырады, олар саяси билік үшін күреспейді, билікке таласудың
орнына, мысалы ауыл шаруашылығы, халыққа білім беру секіл­
ді өмірлік маңызды сұрақтарды, саясат үшін емес, қажеттілігіне

байланысты шешетін болады. Болашақ, әрине революциялық
синдикализм мағынасындағы емес, синдикалистік типте­

гі қоғамның еншісінде. Шешуші әлеуметтік радикализмді
биліктің иерархиялы бастауларымен үйлестіре алатын сая­
сат қана жетістікке жете алады. Анархизмде де өзіндік ақиқат
үлесі бар, ол шамасы жеткенше саясат билігі мен мемлекеттің

маңызын асыра бағалауға қарсы тұрады.
Жаңа орта ғасыр міндетті түрде жоғары дәрежеде халықтық
болғанымен, мүлдем демократиялық болмайды. Осыдан бас­
тап мемлекет өмірінде еңбекші бұқара мен халық қабаттары

маңызды рөл ойнайтын болады. Кез келген болашақ са­
ясат мұны есепке алуы тиіс және қалың бұқараның сапа
мәдениетіне билігін шектеудің жолдарын іздестіруі қажет. Ре­
сейде шаруалар басты күш болады. Бірақ бұл әлемдік апатқа

дейінгі қалпына қайтып оралтуға болмайтын халық бұқарасы
саяси билікке деген ырқын міндетті түрде саяси демократия­
ларда, жалпыға бірдей сайлау құқы және басқалар арқылы
ғана жүзеге асыратынын білдірмейді. Орыс революциясының

тәжірибесі халық бұқарасының өзінің күннен күнге артып келе
жатқан әлеукметтік маңыздылығын әрдайым демократия мен
халық билігінде көрсетуге ұмтылмайтынын анық көрсетті.
Демократиялар өз мүддесін қорғайтын буржуазиялық таптың

үстемдігімен, индустриалді-капиталистік жүйемен, кәсіби сая­
саткерлер қауымының түзілуімен байланысты болады. Халық
бұқарасы көбінесе саясатқа немқұрайлы қарайды және ешқашан
да билікке деген ырқын жүзеге асыра алмайды. Әлеуметтік

салмағы міндетті түрде өсетін шаруалар мен жұмысшылар
кәсіби, корпоративті өкілеттілік пен өзін-өзі басқаруға,
«кеңестік» Ресейдің коммунистік партиясының диктатурасы
бет пердесін жасыратын жалған мағынадағы емес, нағыз, шы­

найы мағынасындағы «кеңестік» принципке ұмтылады деп
айтуға көп негіз бар. Мемлекет пен қоғамды түпкілікті ыды­
рау мен құлдыраудан бір жағынан, жоғары дәрежелі өміршең
корпоративтік-кәсіби, шаруашылық қоғамдық одақтар, екін­

ші жағынан рухани қоғамдық ұйымдар қорғап қалатын бола­
ды. Жаңа орта ғасыр мемлекеті мен қоғамы осы ұйымдардан
құралатын болады. Бұқара халықтың билікке ұмтылысы емес,
материалдық, рухани сұраныстары қанағаттандырылуы қажет.

Билік ешқашан да көпшіліктің еншілігінде болмаған және бол­
майды да. Бұл билік табиғатына қарсы келеді. Биліктің табиғаты

иерархиялы және иерархиялық құрылымды. Болашақта да осы­
лай болады. Халық өзін өзі билей алмайды, ол билеушілерді
қажет етеді. Демократиялық республикаларда халық емес, саяси
партиялардың көсемдері, қаржыгерлер мен газетшілердің және

т.б. азғана өкілдері билік жүргізеді. Халықтық тəуелсіздік де­
геніміз халық өміріндегі бір мезет қана, халықтық стихияның ар­
насынан асуы ғана. Қоғам мен мемлекеттің құрылуы, әлеуметтік
ғарыштың қалыптасуы әрқашан теңсіздік пен иерархияның

пайда болу, билеуші таптың бөлініп шығу процесі болып та­
былады. Жаңа орта ғасырда қоғамдар мен мемлекеттердің
бірлігі монархиялық формаларға ауысуы да әбден мүмкін.
Халық бұқарасы монархты өздері қалап алады, өз көсемі мен

қаһарманын танып біледі. Бірақ егер монархиялар әлі де мүмкін
болса, олар, әрине ортағасырлық типке жақын ескі жаңа тарих
типінде емес жаңа типте болады. Оларда цезаризм сипаттары
басым болады. Мен біз, әсіресе Ресей өзіндік ерекше типке

«кеңестік монархия», синдикалистік монархия, жаңа әлеуметтік
сипаттағы монархия деп атауға болатын типке бара жатырмыз
деп ертеден-ақ ойлаған едім және бұл ойды 18-19 жылдарда-ақ
айтқанмын. Ескі легитимизм өлді, ол жаңа тарихқа тиісті еді, ал

оны қайта қалпына келтіруге талпыну елесті қуғанмен бірдей.
Жаңа ортағасырлардың монархиялары формальді-легитимдік
монархиялар болмайды. Оларда әлеуметтік реализм принципі
заңгерлік формализм принципінен басым түседі. Монархия­

ны сословиялар емес, иерархиялық құрылымдағы әлеуметтік
және мәдени кәсіптер қоршап тұрады. Бірақ билік күшті, жиі
диктаторлық болады. Халықтық стихия қалаулы адамдарға
биліктің қасиетті атрибуттарын береді. Халықты монархияға

күштеп көндіру мүмкін болмайды. Халық басқару формаларын
өзінің наным-сенімдеріне байланысты нақты-өмірлік жолдар­
мен өзі шешеді. Бірақ, белгілі бір мағынада қашанда болған бұл
сипаттағы «халықтық егемендік» демократияны білдірмейді.

Кез-келген жағдайда билік туралы мәселені қиын және қосалқы
(екінші дәрежелі) деп санау керек.
Болашақтағы қоғамдар, әрине еңбекшіл қоғамдар бола­
ды. Олардың негізіне рухани және материалдық, социалис­

тердегі сияқты сапасыз емес, сапалы еңбек принципі алы­
нады. Христиандық идея әрқашан осындай. Жаңа тарихтың

артықшылықтары бар топтарының шамадан тыс бос уақыты
мен парықсыз салтанатылығы тиылады. Аристократия мәңгі­
ліке сақталады, бірақ анағұрлым рухтанған сипатқа ие болады,
әлеуметтанулық категориядан гөрі психологиялық категорияға

айналады. Өмір анағұрлым қатал және жұтаңдау болады, бұдан
әрі жаңа тарихтың салтанаттылығы болмайды. Осы дүниелік
монахтықтың ерекше түрі, ерекше типтегі монахтық ордендер
қалыптасуы керек. Еңбектің діни мәні мен оны діни тұрғыдан

қасиеттендіру мәселесі қойылады. Жаңа тарих мұны білігісі де
келмеп еді, өйткені ол адам мен таптарды еңбек ауыртпалығынан
азат етуге талпынды. Еңбектің өзі шығармашылық ретін­
де түсінілуі тиіс. Капитализм мен социализм еңбекті меха­

никаландырады, сондықтан олар үшін еңбек мәселесі жоқ.
Қажеттіліктерді шектеу мен қоғамдағы барлық таптардың
қызу еңбектенуі жаңа тарихи дәуірге тән сипат. Жұтаңдаған
адамзат тек осылай тіршілік ете алады. Өмірдің ішкі салмақ

орталығы, жаңа тарих адамдарын тұтастай жаулап алған өмір
құралдарынан, өмір мақсаттарына қарай ойысуы керек. Өмірді
сыртқа, уақытқа, болашаққа қарай проекцияламай, өмірдің
өзіне, оның ішкі мазмұнына бет бұру дегеніміз осы. «Про­

гресс» идеясы, өмірдің нақты мақсаттарын бүркемелеп тұрған
ретінде лақтырылып тасталады. Жаңа тарихтың аяқталуымен
«прогресс» тиылады. Өмірдің өзі болады, шығармашылық бо­
лады, Құдайға немесе шайтанға бет бұру болады, бірақ ХІХ

ғасыр сырқаттанған мағынадағы «прогресс» болмайды. Біз­
ді бейболмысқа жетелейтін уақыттың зымыраған қозғалысын
тоқтату қажет, мәңгіліктің дәмін тату керек. Бірақ осымен қатар
жалған өркениеттің билігін кеңейтуге талпынған ырықта әрекет

етеді, антихристтық рухта әрекет етеді.
Меніше, әйелдің үлкен рөл атқаруы да жаңа ортағасырлыққа
тән сипат болады. Еркектік мәдениет дүние жүзілік соғыста
өзін әлсіретті. Ұлы сынақтардың соңғы жылдары әйел адам

өте зор рөл ойнай бастады, ол жоғары биіктерден көрінді. Әйел
адам әлем жанымен, бастапқы стихиялармен анағұрлым терең
байланысқан және әйел арқылы ер адам соларға қосылады. Ер­
кектік мәдениет тым рационалды, ғарыштық өмір құпияларынан

тым алыстап кеткен және оларға әйел адам арқылы қайтып
оралады. Әйелдер біздің дәуіріміздің діни оянуында зор рөл

атқарады. Әйелдер әйел-бейбіткер болуға арналған. Күн тек ер­
кектік мәдениеттің басым түскен уақыты болды. Түн дегеніміз
әйелдік стихияның да өз құқын қолына алатын уақыты. Болашақ
тарихи кезеңде әйелдің маңызы артады деу әйелді еркекке

ұқсатуға және әйелді еркектің жолымен алып жүруге ұмтылған
Жаңа
уақыттағы
әйелдік

эманципациялық
қозғалыстың
жалғасуын білдірмейді. Бұл әйел адамның сапалық ерекшелігін,
мәңгілік әйелдік қасиетті теріске шығарған антииерархиялық,

теңестірушіқозғалыс болды. Жаңа тарихта, мысалы Франци­
яда жиі орын алғаны сияқты еркектік бастау әйелдік бастаудың
құлдығында қалып қоймай оны иеленуі керек. Болашақ та­
рих кезеңінде эманципацияланған, еркекке ұқсаған әйел емес,

мәңгілік әйелдік қасиет үлкен рөл атқаруы тиіс. Бұл ру мен
рулық отбасы стихиясының дағдарысымен байланысты болады,
бастан өткізіп жатқан әлемдік дағдарыстың терең қабаттарын
солар құрастырып отыр. Христианшылдық өз үміттерін рулық

стихияда, бір-бірін алмастырған ұрпақтардың жағымсыз
бейқамдығына бағытталған тудырушы стихияда іске асыра
алмайды. Өмірдің негізгі – мәселесі жынысты қайта өзгерту,
әйелдік стихияны нұрландыру, тудырушы қуатты жаратушы

қуатқа айналдыру. Ескі Адам Атаның табиғи руы жаңа Адам
Атаның рухани руы болып қайта жаратылып, өзгеруі керек. Бұл
махаббаттың мистикалық мағынасын ашумен, өтпелі уақытқа
емес, мәңгілікке бағытталған қайта жаратушы махаббатпен

байланысты. Осы жерде біз жаңа тарих жағалауларынан, оның
рационалды күнінен шығып, ортағасырлықтың мистикалық
түніне аяқ басамыз. Бұл тақырыпқа жаңа тарихтың сөздерімен
жақындай алмайсың.

Жаңа ортағасырдың келуіне сондай-ақ, теософиялық
ілімдердің таралуы, оккульттік ғылымдарға деген талғам,
магияның қайта өрлеуі тән. Ғылымның өзі өзінің мистикалық
бастауларына қайтып оралуда, жуық арада техниканың магиялық

сипаты түпкілікті айқындалады. Дін мен білім қайтадан
жақындасады, сөйтіп діни гнозиске деген сұраныс туындайды.
Біз жаңа тарих үшін соншалықты жат болған ғажайыптылық
атмосферасына енеміз, мүмкін ақ және қара магия қайтадан ке­

летін шығар. Мүмкін, Құдайылық өмір құпиялары туралы қызу
пікір-таластар қайтадан басталатын шығар. Біз жани кезеңнен

рухани кезеңге өтудеміз. Болашақ – екі ұшты, біз қуанышты,
жарық, қалаулы болашақтың қажеттілігі мен мәжбүрлігіне
сенбейміз. Жерлік бақыт сағымының біз үшін күші жоқ. Жаңа
ортағасырда зұлымдықты сезіну күштірек, тереңдеу болуы ке­

рек. Зұлымдық күштері ұлғаяды, жаңа формаларды қабылдап,
жаңа азаптар алып келеді. Бірақ адамға рух еркіндігі, жолды
таңдау еркіндігі берілген. Христиандар өз ырқын христиандық
қауымдастық пен христиандық мәдениетті жасауға бағыттауы

керек, бәрінен де Құдайылық Патшалықты және оның
шындығын жоғары қойып, соны іздеулері керек. Көп нәрсе
біздің бостандығымызға, адамның шығармашылық қуатына
байланысты болмақ. Сондықтан да екі жолдың болуы мүмкін.

Мен болашақта зұлымдық күштердің өсетінін сезінемін,бірақ
сонымен қатар болашақ қоғамның мүмкін болар оң сипатта­
рында анықтағым келеді. Біз тағдыр мен тарих фатумы солай
болғанан кейін ғана емес, біз осыны қалағандықтан да қазірдің

өзінде ортағасыр адамдарымыз. Сіздер әлі жаңа тарих адамда­
рысыздар, өйткені таңдау жасағыларыңыз келмейді. Түнді сезі­
ну алдында зұлымдықпен күресу үшін рухани қарулану керек,
оны ажырату қабілетін шыңдап, жаңа рыцарлықты қалыптатыру

керек.
Қайтқан суы мұхиттың алып қашар алысқа
Шексіз түнек толқындардың қойнына
Жұлдызды аспан күмбезі

Тереңнен құпия көз салар
Барамыз жүзіп, оранған отты тұңғиық
Орап алды жан-жақты.
Түсініктемелер

1 Бұл этюд менің «Ренессанс соңы» (қар. «София») және
«Тарихтың мәні» мен «Теңсіздік философиясы» кітаптарымдағы
ой-толғауларымның бағдарламалық түсіндірмесі тәрізді.
2 Дүниежүзілік дағдарыс туралы Шпенглер, Кейзер­

линг, Шпан, Т. Лессинг, Г. Ферреро, бізде Р. Виппер, әр түрлі
дүнитанымдағы адамдар айтады. Жазушы-суреткерлердің ішін­
де тарихи дағдарысты А. Белый анағұрлым терең сезінеді.
3 Бұл ойды Н.С. Трубецкой «Евразийский Времен­

ник» жинағындағы «Есік алдында (Реакция? Революция?)»
мақаласында кеңінен дамытады.

4 Бұл тұрғыда дұрыс көп нәрсені Р.Ю. Виппердің «Та­
рих айналымдары» кітабынан табуға болады, дегенмен оның
дүниетүйсінуінің негіздері маған жалған болып көрінеді.
1* Ungrund – Я. Бёмедегі Құдайдың негізгі сипаттамаларының

бірі. Құдайдың барлықтың бәрі және ещтеңе емес екенін біл­
діреді. Онсыз апофатикалық (теріс) теологияның болуы мүмкін
емес алғышарт. Толығырақ қар. Бердяев Н.А. Философия сво­
бодного духа. М., 1994. 433-435 бб. Булгаков С.Н. Свет невечер­

ний. Созерцания и умозрения. М., 1994. 127 б.
2* Ф.И. Тютчевтің «Күн мен түн» өлеңдерінен цитата.(1839
ж. басы). Қар. Тютчев Ф.И. 2-томдық шығармалар. М., 1980,
т.1. 96-97 бб.

3* Ф.И. Тютчев өлеңінің бастапқы жолдары (1835 ж., атау­
сыз). Қар. Сонда, 81 б.
4* Ф.И. Тютчевтің «Қасиетті түн аспан көгіне көтерілді» өлеңі
дәлдіксіздермен цитатталған (1848-1850 наурызы аралығы).

Қар. Сонда, 114 б.
5* Ф.И. Тютчевтің «Түстер» өлеңі (1830 ж. басы) толық
(бірақ графикалық қателіктермен) келтірілген. Қар. Тютчев
Ф.И. 2-томдық шығармалар. М., 1980, т.1. 56-57 бб.

6* А.А. Блоктың «Тағы да мәңгілік сағынышпен» өлеңінен
цитата («Куликово даласында» циклінің төртінші өлеңі, 1908).
Қар. Блок А.А. 2-томдық шығармалар. М., 1955, т.1. 287 б.
7* Аталған жағдайда Н.А. Бердяев А. Белыйдың Берлиндік

журнал «Эпопеяда» (1922, № 1-3; 1923 № 4) жарық көрген «А.
А. Блок туралы естеліктеріне» сүйенеді.
8* 1520-1534 жж Микеланджело қашаған Флоренциядағы
Медичи әулетінің мазарына арналған мүсіндер туралы айтылып

отыр. Қайтыс болған екі герцогтың аяқтарының астында уақыт
мезгілдерін бейнелейтін қос қостан төрт мүсін орналасқан.
Олар уақыттың өтпелілігінің рәмізі.
9* Н. С. Трубецкойдың мақаласы «Евразийский временниктің»

(Берлин, 1923) 3-кітабында жарық көрді. Қар. Трубецкой Н. С.
Наследие Чингисхана. М., 1999, 358-366 бб. Еуроазиялық және
оған Бердяевтің көзқарасы туралы қар. Евроазия. Исторические
взгляды русских эмигрантов. М., 1992, 28-36 бб.

10* 1875 ж. 1-маусымында «Вперед» газетінде алғаш рет
басылған П.Л. Лавровтың «Жаңа өлеңінің» алғашқы жолдары.

Кейіннен орыс революционерлерінің бірнеше ұрпақтарының
гимніне айналды. Ән «Марсельезаның» мотивіне арнайы арна­
лып жазылды, сондықтан оның шартты атауы «Орыс марселье­
засы». Қар. ХІХ ғ. орыс поэзиясы. М., 1974, т.2. 530-531 бб.

11* Германияның социал-демократиялық партиясының 1891
ж. қабылдаған Эрфурт бағдарламасының алтыншы пункті дінді
«Жеке іс» деп жариялайды. Relіgіon іst Prіvatsache.
12* «Жұлдыздарға қарап» 1909 жыл шықан, дәуірдің өзіндік

рәмізіне айналған В.И. Ивановтың мақалалар жинағының атауы.
13* «Кириллов, П. Верховенский, И. Карамазов рухындағы
адамқұдайылық» туралы Кирилловтың төмендегідей ой-
толғаулары жақсы түсінік береді: «Өмір азап, өмір қорқыныш

және адам бақытсыз... Енді адам бұрынғы адам емес... Өмір
сүргісі келеме, келмейме бәрі бір болған адам жаңа адам бо­
лады. Кім азап пен үрейді жеңсе соның өзі құдай болады.
...Құдай өлім үрейінің азабы. Кім азап пен үрейді жеңсе соның

өзі құдайға айналады. Сонда жаңа өмір, жаңа адам, барлығы
жаңа... Сонда тарихты екі бөлікке бөледі: горилладан құдайды
жойғанға дейінгі және құдайды жойғаннан... – Гориллаға дейінгі
ме? Жер мен адамның физикалық өзгергеніне дейін, адам құдай

болады, физикалық өзгереді. Дүниеде өзгереді, істерде өзгереді,
ойларда өзгереді және барлық сезімдерде... Басты бостандықты
қалаған кез келгеннің өзін өлтіруге батылы баруы керек... Өзін
өлтіруге батылы барған сол құдай... Кім үрейді өлтіру үшін өзін

өлтірсе сол сол сәтте құдайға айналады» (Достоевский Ф.М.
Шығармаларының толық жинағы. Л., 1974, 93-94 бб. «Жын­
дар», б. 1, тарау 3, VІІІ).
14* Ф. Лассальдың «Конституцияның мәні» мақалалары

циклынан «Билік және құқық» туралы сөздері жайлы айтылып
отыр (Ueber Yerfassungswesen). Қар. Лассаль Ф. Шығармалар.
СПб., 1908, т. ІІ, 5 б және келесі, 52 және келесі.
15* «Тарих мәніне» 75* ескертуді қар.

16* Мамонизм (мамонизм) – Т. Карлейль термині. Мамонна –
ежелгі сириялықтарда байлық құдайы; христианшылдықта бұл
есім байлық идолы ретінде сақталған. Иисус Христос өз ізбасар­
ларын: «Құдай мен мамоннаға бірдей қызмет ете алмайсыңдар»

деп оқытты. (Мф. 6, 24; сал.: Лк. 16, 9, 11. 13).
17* «Мәдениеттің өркениетке өтуі» – О. Шпенглердің
«Европаның құлдырауындағы» негізгі тезистердің бірі, оны

Бердяев «Фаусттың өлер алдындағы ойлары» мақаласында
жан-жақты талдайды.
18* «Тарих мәніне» 8* ескертуді қар.
19* Үшінші республика – 1870 ж. орнап, 1940 ж. дейін өмір

сүрген Франциядағы буржуазиялық-демократиялық режим.
Үшінші республиканың француздық ұлтшылдығы туралы
айтқанда Бердяев француз Бас штабының офицері, Германия
мүддесіне тыңшылық жасады деп әділетсіз айыпталған, 1894

ж. өмірлік каторгаға айдалған Дрейфус ісі (шыққан тегі ев­
рей) жайлы айтады. Француз қоғамы «дрейфусарларға» және
«антидрейфусарларға» бөлініп кетті. 1899 ж. Дрейфус босаты­
лып, ал 1906 ж. толық ақталды.

20* Кол. 3,11.
21* Теургия (дәл мағынасында «Құдайды жасау», «құдайды
жарату») – орыс философиясына В.С. Соловьев енгізген термин.
«Еркін теургия» деп ол «тұтас шығармашылықты», мистиканың,

көркем
және
ғылыми-техникалық
шығармашылықтың

тұтастығын түсінді. Теургия туралы П.А. Флоренский, С.Н.
Булгаков, А. Белый және т.б. өте көп жазды. Қар. Соловьев В.С.
Дерексіз бастауларды сынау; Тұтас білімнің философиялық
бастаулары // 2-томдық шығармалар. М., 1988, т.1-2.

22* Апокалипсистен алынған сөздер: «Сонда мен жаңа аспан
мен жаңа жерді көрдім...» (Аян 21,1).
23 * Ин. 3,8.
24* Соборлылық туралы қар. «Тарих мәніне» 58* ескерту.

25* Тура іс-әрекет (фр) – француз анархо-синдикалистерінің
талабы. Ол туралы анархо-синдикализмнің көрнекті қайраткері
Г. Лагардель: «Тура іс-әрекет жау жүрек азшылықтың ба­
тыл араласуын қамтиды. Күресті бастау үшін бұл жерде

демократиядағы сияқты икемсіз көпшілік ойын айтуға тиісті
емес, сан заңды құрастырмайды, сан ереже болып табыл­
майды – таңдап алынған топ құралады (une elіte), сапасының
қуаты бойынша ол көпшілікті өзіне ертіп, оны күрес жолына

бағыттайды», – деп жазды. (Цитата Новгородцев П.И. Қоғамдық
мұрат туралы. М., 1991, 473-474 бб бойынша).
Бердяев Н. Новое средневековье//Размышление о судьбе
России и Европы. – Москва. Канон, 2002. – С. 222-255.

Николай ГАРТМАН

РУХАНИ БОЛМЫС МӘСЕЛЕСІ.

ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН РУХ ТУРАЛЫ

ҒЫЛЫМДАРДЫ НЕГІЗДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕР

Философиялық-тарихи кіріспе 1. Тарих философиясының үш міндеті

Рухани болмыс мәселесі тек тарих философиясының мәселесі
емес. Тарих та тек рухтың тарихы ғана емес, рух та тек тарихилық
қана емес. Бірақ, кез келген рухтың өз тарихилығы болады; және
тарихтың да астарында қашанда адамдардың тарихы жатады.

Адам – біз білетіндей, жалғыз рухани жан. Әрине, ол «тек» ру­
хани жан ғана емес, бірақ дегенмен де, өзінің мәнінде тек рухани
жан. Және солай болғандықтан да ол – тарихи жан. Руханилықсыз
болмыстың тарихы да болмайды.

Бұл өзара байланыс әуелбастан рухани болмыс мәселесін та­
рих философиясы мәселелерінің төңірегіне тікелей жақындатып
қояды. Бұл жерде зерттеуді бастамас бұрын, мәселелердің
өзара байланысын ажырату және позитивті тұжырымдау

қажет болады. Егер алдын ала жүргізілген жұмыстан саналы
түрде шығар болсақ, мұның екеуін де оңай атқарып тастар
едік. Бұл мәселелердің соңғысы қазіргі кездері рухани бол­
мыс мәселелерінің төңірегінде емес, тарих философиясы

мәселелерінің төңірегінде шоғырландырылып жүргені жасы­
рын емес. Бұл осы кіріспенің не себепті философиялық-тарихи
болып тұрғанын түсіндіріп береді.
Дегенмен, бұл айналма жолмен жүреді. Бірақ осы айналма

жол бұл ахуалда қашанда ең қысқа, сондықтан да тіке жол бо­
лып табылады.
Ал мәселелік ахуалдың өзі ыдыраңқы күйінде көрінеді. Және
бұл біздің уақытымыздың философиялық-тарихи тәжірибелері

үшін мейлінше тән болып келеді. Тарихты позитивті зерттеудің
қасында тарих философиясына не бар? Бұл оның қоятын
сұрағы туралы сұрақ. Оның өзінде де ешқандай бірауыздылық
жоқ. Тек тарихнаманың мәселесі болып саналмайтын тарихтың

мәселесі бар екендігімен ғана келісімділік бар. Бірақ олардың
неге қатысты екендігі және олардың қандай іргелі сұрақтың

төңірегіне топтасатыны мәселесі пікірталастың өзегіне айна­
лып тұр.
Пікірталас ғылыми түрде жүретін жерде пәндік нәрсеге деген
қызу қатынас бар, ондағы перспективалар ашық күйінде қалады.

Оның үстіне философия қашанда және барлығынан бұрын өзінің
пікірталастарымен үйретеді. Философиялық мәселе ретін­
дегі тарихқа қатысты пікірлердің шашыраңқылығы қашанда
ғибратты. Ол шешілуі тиіс мәселелер шоғырынан да артық

нәрсенің болатынын дәлелдейді. Сондықтан да пікірлердің осы
шашыраңқылығын салмақты түрде қабылдауға және бағалауға
болады. Өйткені дәл осы сұрақтардың алуан түрлілігі мен
олардың шешу тәсілдерінің көптігі бұл жерде барлық нәрсенің

бір ғана-жалғыз іргелі мәселеге теңгерілмейтінін немесе барлық
осы нәрсенің артында тұруы мүмкін іргелі мәселенің көтерілуі
үшін, оның әлі піспегенін білдіруі тиіс.
Бұл жерде мәселелердің үш тобын бөліп көрсетуге бола­

ды. Олардың барлығы да қазіргі ойлауда бар, бірақ өздерінің
мазмұны, мүдделерінің бағыты мен өкілдері бойынша бір бірі­
нен мейлінше айрықшаланады.

1. Дереккөздерден біз тарихи үдерістің тек бір бөлігін ғана

білеміз. Тұтастай алғанда ол қалай өтеді? Оны осы шақтан
болашаққа қарай қадағалайтын болсақ, оның үрдісі қандай бо­
лады? Ол бағытталатындай, оның мақсаты бар ма? Немесе, ең
болмағанда, онда әрекет ететін заңдар бар ма?

2. Тарихи өткен шақ туралы біздің білімімізде ақтаңдақтар

болып қана қоймай, оның дұрыс емес, жалған түсініктер
мен қателіктерге толы екендігі де рас. Егер оның ғылыми
маңыздылығы болмаса, тарихи танымның қызметі қандай бо­
луы керек?

3. Таныммен қоса алғандағы біздің өз өміріміз тарихқа кірігіп

кеткен. Біз оны тек өзінің тікелей мағынасында аңғалдықпен та­
нимыз, оның формаларын абсолюттік деп қабылдаймыз және тек
өзімізді ғана объективті төреші деп есептейміз. Бірақ қалайша,
біздің өзіміздің, біздің тарихи түсінігіміздің алғышарты тари­

хи болады? Біздің өз тарихилығымыз онтологиялық тұрғыда
қалай құралған? Және біз қалай танушы және түсінуші ретін­
де өзіміздің тарихи сипатымыздың шеңберінен тыс шыға ала­
мыз?

Бұл мәселелік үш топтың алғашқысы – тарих метафизикасы
мәселелерінің, екіншісі – тарихи ойлау әдіснамасы мәселелері­
нің, үшіншісі тарихилық пен оны игеру мәселелерінің тобы
болып табылады. Бұлардың біріншісінің зерттеу пәні тарихты

позитивті зерттеумен ортақ – әлемдік тарихтың барысы; ол тек
ол туралы мәселені басқаша қояды. Өзінің мәселені қоюында
ол аңғал, оның барлық теориялары догматты. Оған үнемі қауіп
төндіретін қатер – кез-келген спекулятивті ойлауға ұрыну:

ықтимал білімнің шектерінен тысқа тұтастай шығып кету.
Мәселелердің екінші тобына тарихи ойлауды философиялық
сынау кіреді, кіргенде де тек тарихи спекуляцияларды сынға
ұшырату үшін ғана емес, сонымен бірге тарихшының пози­

тивті зерттеуіне де араласу үшін кіреді. Ақырында, тарихилық
тағы да сынға алынатын қырларды тарихи дамудың барысын­
да түсінікті болатын оның өзінің өнімі ретінде түсінуге тырыса
отырып, назарды сын туралы мәселеден тарихи үдеріс туралы

мәселеге аударады.
Мәселелердің бұл үш тобы да өзінің өрлеуі жағынан бір
бірінен асып түсетіндей көрінеді. Иә, үшінші топтан алдыңғы
екеуінің синтезін байқауға да болады. Бірақ бұл жерде тұйық

шеңбер бар. Сын өзін өзі өз өрмегінде қармайды. Біздің алды­
мызда қандай логикалық қажеттілікпен және сабақтастықпен
міндет ретінде тұрғанына қарамастан, мәселелердің тарихилық
тобы – өзінің алғышарттарында диалектикалы. Және бұл

диалектиканың басын ашып алмағандықтан, оны бастапқы бап
ретінде алу бос қиял.
Міне, сондықтан, мәселелердің алдыңғы екі тобын үшінші­
сіне қатысы жоқ дербес түрінде қарастыру қажет, өйткені, тек

солар ғана тарих философиясының қазіргі ахуалына әкеледі. 2. Тарих метафизикасы

Тарихты спекулятивті талқылаудың көптігі тек тарих филосо­
фиясына ғана теңгерілмейді. Олардан мифологиялық ойлаудың
өзі де басталады. Бастапқыда, онымен салыстырғанда барлық
одан кейінгі даму тек нашарлаудың жалғастығын білдіретін

кемелдіктің жұмақ жағдайы, «алтын заман» болды деген ежелден
келе жатқан сенім бар және, демек, тарихи үдеріс – бұл бір ғана
ұлы құлдырау. Ал одан кейін пайда болған сенім – бұл кемелдік

пен игілікті алыс болашақтан күту, соған сәйкес әлемдік тарих
үдерісін соған оптимистік тұрғыда жету ретінде қарастырады.
Бұл нанымдардың ізін біз грек әлемінен – жақындай түскен
болашақтың бейнесі айқын көрінетін платондық қиялдан ғана

емес, бізге Эпикурдан қалған келісім теориясының нақты-сала­
уатты түбірінен де табамыз.
Христиан халықтардың ойлауындағы өрлеу идеясын
Құдай патшалығының жерге келуі мен таралуы ретінде Ав­

густин классикалық тұрғыда таңбалап берді. Ол, осылайша,
неміс идеализміндегі тарих теорияларының үлгісін, тарихтың
телеологиялық бейнесінің негізқұраушы идеясының негізін
қалады.

Қандай да бір жоғарғы табиғи үдерістің формасын одан ары
айқын аңғартатын әмбебап даму үдерісінің гердерлік идеясы­
на қарама қарсы, Кантта соңғы моральдық мақсат туралы ой
сақтық сынмен тұжырымдалады. Әрине, дамудың қозғаушы

күштері – бұл моральдық күштер емес, олар адами қабілеттер
мен мүдделердің «антогонизмінде» бой тасалаған, бірақ бәрі
бір олар адамдарды «азаматтық қоғамға», «сыртқы заңдардың
әрекеті шеңберіндегі еркіндікке» итермелейді. Бұл жерде соңғы

мақсаттың телеологиясы метафизикалық тезис деңгейіне дейін
көтеріле қойған жоқ. Ол әлі де болса, жалаң фикция ретінде
түсініле қоймайтын «егер солай болса» міндетті еместігін жа­
мылып тұр.

Идеализмнің спекулятивтік жүйелері кейінірек өздерінің
ұстындардағы да, тарих мәселесіндегі де барлық сыни болжам­
дарын тез лақтырып тастайды. Бұл тұрғыдан алғанда өзінің
«Трансценденталдық идеализм жүйесінде» (1800) Шеллинг

барлығының да алдын орап кетеді. Мұнда енді соңғы мақсат
жөніндегі пікірталас жоқ; тек оны тарихта іске асырудың кепілі
ретінде қалай ойлау керек деген мәселе көтеріледі. Адамның
әрекетінде мұндай нышанның болуы мүмкін емес – адамның

әрекеті шектеулі болғандықтан емес, оған еркіндіктің жетіспе­
ушілігінен емес, керісінше оның дәл осылай еркін болуынан.
Нақ осы еркіндік үдерістің бірыңғай бағыттылығының кез
келген кепілдігіне қарама қарсы; шын мәнінде ол жамандық

пен жақсылық жасаудың еркіндігі, сондықтан да ол өз мәніне
сай, жақсылыққа деген үрдіске кепіл бола алмайды. Тарихта

Құдайдың үстем болуын Шеллинг дәл осымен дәлелдейді. Кез-
келген еркіндіктен асып түсетін және өзінің ұлы мақсатымен
оны көндіретін қажеттілік қана соңғы мақсатты жүзеге асыруға
кепілдік береді. Адам бұл жерде әлемдік тарих сахнасындағы

өнерпаз, яки, ойыншы түрінде көрінсе, ал Құдай ұлы драманы
тудырушы жасампаз ретінде аңғарылады.
Бірақ бұл тек басы ғана. Сақтықпен, таразылап толғаудың
шеңберінен бір щыққаннан кейін, одан ары тоқтау мүмкін емес.

Ағартушылықты жер жастандыруы тиіс және ойлана алатын
адамдар үшін солай да болған Фихтенің «Қазіргі дәуірдің негіз­
гі белгілері» (1806) екі көзқарастан – ақыл-ой және еркіндіктен
шыға отырып, тарихтың дәуірленуін ұсынады; олардың екеуі

бірігіп соңғы мақсатты құрайды. Әуел бастапқыда барлық жер­
де еш кедергісіз, бірақ өзіндік сана мен еркіндіксіз зерде – дәл
жұмақ туралы аңыздағыдай бейкүнәлік жағдайы үстемдік етеді.
Одан кейін пайда болып келе жатқан еркіндік пен күнәhарлық

дәуірі орнайды. Бұл жерде еркіндік зерденің өсиеттерінен
ауытқыған бағытты ұстайды, өйткені ол бұл өсиеттерді өзінің
өсиетінің мәні екенін сезбей, оларды өзі үшін тысқары бедел
деп есептейді. Даму зердеге қарсы ашық соғыс формасында

өтеді, босанып алған еркіндік барлық жоғарғы ортақ белгі­
ленген мағынаның жойылуын тойлайды. Бұл дәуірді Фихте
Ағартушылық ретінде түсінеді және оны шынайы күнәhарлық
дәуірі кейпінде бейнелейді. Бірақ еркіндік таза жүгенсіздік

ретінде, барлық тыйымдарды алып тастаушы ретінде өмір сүре
алмайды, яғни ол ақыл-ойсыз, зердесіз өмір сүре алмайды. Ол
күндердің күнінде ұйқыдан оянып, өзінің қарсы бас көтерген
жалпыға ортақ мәндерінің оның өзінің жалпыға ортақ мәндері

екеніне көзі жетеді. Сонысымен ол өзінің зердемен тұтастығын
ашады және өз мәнін жүзеге асыруы үшін оған қайтып ке­
луі тиіс. Сондықтан, Фихте бойынша, әлемдік тарихтың одан
арғы барысы оның табалдырығында ол өзінің философиялық

шығармашылығын да көрген, қайта жандану мен жазылу
дәуірінің басталуын даярлайды. Бесінші және соңғы дәуір
бастапқы негіде тұтастай болған еркіндік пен ақылдың ке­
мелденген синтезін, салдарын, қайта жандану мен жазылудан

кейінгі болашақтың алтын заманды білдіреді.

Тарихтың бұл үлгісінде екі нәрсе көзге ұрып тұр: құлдырау мен өрлеудің қосылуы және соңғы мақсаттың екі компонентінің, зерде мен еркіндіктің синхронды емес түрде жүзеге асуы. Жақсы жағдай – басы мен соңында, жаман жағдай – ортасында. Бірақ бұл ортаңғы жағдай тек зердеге қатысты ғана құлдырауды білдіреді. Оның мәні – күнәhарлық. Бірақ күнәhарлық – бұл бекіп келе жатқан еркіндіктің бір кезеңі. Тарихтың фихтелік бейнесінде еркіндік Ештеңеден басталады: бастапқыда еркіндіксіз басыбайлы зер­ де, ортасында зердеден босанған еркіндік және тек соңында ғана еркіндік пен зерде бірін бірі табады және өзара кемелдікке ұмтылады. Осылайша, тарихтағы еркіндіктің жолы бірыңғай өрлеуді білдірсе, ал зерденің жолы күйреу жағдайынан шығу үшін төмен құлдыраудан басталады. Еркіндік пен зерде дәл бір мезгілдегі әртүрлі қисықтарды сипаттайды. Олар бір-бірімен қиылысады және ақырында кездеспейінше, дөп тимей, қиыс кетіп жатады. Тарихтың метафизикасы үшін мұның бәрінің мәні бар. Мұнда адамзаттың қалыптасуы, тіпті оны идеалистіктелеологиялық сипатта түсіндіргеннің өзінде, тек жалғыз ғана ұстынның көмегімен түсіндіріле алмайды деген көзқарастың бастауы жатыр. 3. Гегельдің тарих философиясы Гегельдік философия өзінің ұлылығымен өзінен бұрын­ ғылардың біржақтылығын шаң қаптырып және тарих саласындағы философияның жасағанының бәрінен асып түсіп, бұл идеялық шеңберді тұйықтады. Біздің бұдан арғы зерттеу­ леріміз үшін тарихтың бұл бейнесі тек бір қатынасынан ғана алғанда емес, әсіресе рухани болмыс мәселелрінен алғанда ұзақ сыни талқыны құрайтындықтан бұл жерде Гегель философиясының тезистері өте-мөте қажет. Әрине, төменде баяндалатын тезистер оның ойларының бүкіл байлығының тек бір үзінділері ғана және барлығын қамтитын толықтықтан үміттенбейді. Бұл үзінділер одан ары зерттелетінге қарай ірік­ телген. 1. Гегельде зерденің идеалистік метафизикасы рухтың ме­ тафизикасына қарай ауысады. Тарихи үдерістің тасымалда­ ушысы «объективті рух», жекелеген адамнан жоғары тұрған

жоғары тәртіптегі жан, жалпыға ортақ субстанция – өзіндік
өмір мен өзіндік болмыс тәсілі тән рух болып табылады. Ин­
дивидуалды рухтар оған акциденциялар ретінде қатынасады.
Олар емес, ол туралы жаңа ғана әңгіме қозғалған ол ғана

олардағы Шынайылық болып табылады. Индивидтер оның
мәнінің тек жетілмеген көріністері ғана. Олар тұтастай со­
нымен тасымалданатындықтан ешқашан одан тыс өмір сүре
алмайды. Олар, әрине, өздерінің көрсоқырлықтарына қарай,

одан «бөлінуі» мүмкін, бірақ «бөлінген рух» өлімге қарай бет
бұрады.

2. Мұның артында жалпы іргелі тезис тұр: рух барлығы болып

табылады. Гегель бойынша ол сондай-ақ барлық рухсыздықтың
материалдылықтың, тіріліктің, бірақ өзінің өзіндік кейпінде
ғана ақиқаты болып табылады. Ол адамда оянады, санаға же­
теді, бірақ онда өзін жете тани алмайды. Танылмаған жалпы

рухани субстанция ретінде ол көптеген индивидтердің артында
тұр. Және олар одан өмірдің нәрін алады, онда өмір сүреді.

3. Жалпыға ортақ субстанция-рух әлемдік үдерістің тасымалда­

ушысы ғана емес, оның жетекшісі де. Әлемдік басқарушы – зерде.
Тарихтың барысының жоспары – зерденің өз-өзіне қайта оралуы.

4. Зерденің мәні – бұл еркіндік, тарихтың соңғы мақсаты –

еркіндіктің болмысы, оның өзін-өзі жүзеге асыруы. Бұл соңғы
мақсатқа тарихи үдеріс өз өзімен келеді, мұны әрбір жекеле­
ген адам аңғарар еді. Сондай-ақ оның әрекетінде танылмаған
күйінде қала отырып, рухтың өз өзіне оралу үрдісі қашанда жа­

сырын тұрады. 5. Міне сондықтан әлемдік тарих – бұл «еркіндікті санамен

сезінудегі прогресс». Бұл оның негізгі ішкі заңы. Рух, әрине,
«өз өзіндегі еркіндік», бірақ еркіндік, кім ол туралы білгенде
ғана, оған ие болғанда ғана «әрекетшіл». Басқа жағдайда, ол
шындығында да еріксіз. Баяғыдан бері халықтар, олардың «өз

еркіндігін қаншалықты білгендігіне» қарай еркін. 6. Дегенмен де бүкіл негізгі салмақ соңғы кезеңге түспейді

және тарихтың гегельдік бейнесінің фихтелік бейнеден басты
айырмашылығы да осымен сипатталады: үдерістің өзі тарихтағы
мәнді нәрсе, әрбір кезең рухтың төлтума мәңгі бейнесі. Үдеріс
тек нәтижеде ғана «түсіріледі», халықтардың тарихи рухани

мұрасы – бұл олардағы шынайы нәрсенің барлығының сақталуы.

Тұтастай алғанда, үдеріс пен нәтиже мазмұны жағынан бір бірі­
не сәйкес келуі керек. Өйткені «ақиқат дегеніміз тұтастық».

7. Осылайша ұғынылатын үдерісте біртұтас «әлемдік рух»,

бірақ көптеген тарихи формалар арқылы жүреді. Алайда ол рух
оларда ашылуы тиіс болғандықтан, ол көптеген «халықтар ру­
хына» ыдырап кетеді. Және сонысымен әртүрлі «ұстындарды»
немесе тарихи рухтың негізгі мақсаттарын қалыптастырады.

Кез келген халықтық рухтың өзінің өзіндік «ұстыны» болады,
оны әлемде жүзеге асыру – олардың міндеті. Әлемдік үдеріс
халықтық рухтардың сабақтастығы болып табылады және
сондықтан идеялардың тарихы ретінде рухтың «ұстындарының»

құбылуы болып саналады. 8. Бұған бір халықтық рухтың жас шағындағы, ересек кезін­

дегі және кәрілік шағындағы дамуының мерзімділігі сәйкес
келеді. Халықтың жастық шағы, өзінің өмір сүруі мен өзіндік
орнығу үшін қатаң күрес кезеңі, Гегель бойынша, – оның
тарихындағы бақытты кезең. Мұнда индивидуум жартылай

бейсаналы жалпы рухты бүркенген; ол әлі одан дербестікке
шыға қойған жоқ, өзін бүтіндей тұтастықтың мүшесі ретінде
сезінеді. Бұл жерде халық өз ұстынынан шыға отырып, бей­
саналы түрде жасампаз болады. Ол ересектік пен кәрілікке

жақындаған сайын, шығармашылықтың дәмін көбірек тататын
болады. Бірақ ләззат алудағы күш азаяды; индивидуум алдыңғы
орынға шығып, өзін дербес сезіне бастайды, сонысымен өзін
тұтастықтан ажыратады. Бұл ыдыраудың басы. Өзінің міндеті

болған нәрсені жүзеге асырған халыққа бұл әлемде істейтін
ештеңе қалмайды. Ол өлімге бет бұрады. Оның жемістерін
әлемге жаңа ұстын әкелген кейінгі халықтар рахаттана көреді.

10. Рухтың өзін өзі жүзеге асыруының құралдары –

индивидтердің жеке құмарлықтары. Зерде осы құмарлықтарда
адамдарды олардың өздерінің көмегімен алдай отырып, олар­
мен өзіне қызмет көрсетеді: жеке мақсаттарға ұмтылу қашанда
қозғалысты тудырады және басқа бір нәрсені – жалпы ұстынды

жүзеге асыруға септігін тигізеді. Тарихтағы «зерденің қулығы»
осындай. Осы формасында, Гегель бойынша, зерде тарихта аян
ретінде үстем болады; онда еркіндіктің өзіндік орны да осы­
мен сипатталады. Адам өзі аңғармай-ақ ұстынға қызмет етеді.

Бірақ оның моральдылығы да, осыны білмей-ақ сол үшін өзінің

таңдауы мен еркімен ұстынға қызмет етумен анықталады. Осы­
лайша оның еркіндігі жазмышқа айналады.

11. Жекелей алғандағы әрбір тұлға да, тұтастай алғандағы

тобыр да өз ұмтылыстарымен және тілектерімен нені
«қалайтындарын» өздері білмейді. Бірақ тарихтағы барлық
ұлы құбылыстар оның санаға енуі және тұлғаның өз еркімен
құрбандыққа берілуі болған жерде жүзеге асады. Сондықтан

тобырға олардың «шынында нені қалайтынын» айтқан маңызды
болады. Бұл – тарихи тұрғыдағы ұлы тұлғалардың міндеті мен
ісі. Тарихтағы ұлы адамдар – өз идеяларымен тобырдың ал­
дына шығып, олардың нені «қалайтынына» қарай жетелейтін­

дер емес, тобырға олардың «шынында нені қалайтынын» айта
алатындар. Санасыз еркіндікпен ештеңе істей алмайтының
сияқты, жалғыз ерікпен де ешнәрсе шығара алмайсың: нені
қалайтыныңды білуің керек. Индивид жалпы рухты сезінген­

де ғана, тарихи тұлғаға дейін өсе алады. Сонысымен ол оған
«өзіндегі болмысты» сыйлайды.

12. Сондықтан әлемді зорлықпен жақсартушылықтың

барлығы да қияли, «осылай болуға тиіс» деген үндеудің
барлығы, барлық органикалық емес төңкерістер, жекелеген
тұлғалардың немесе топтардың барлық білгішсінуі, кез келген
жобаланған идеология қиял күйінде қалады. Реалды-тарихи

тұрғыда объективті рухтың тек тұрақты және іштей қажетті ба­
рысы ғана өмір сүреді. Оның алдын алу – адасушылық. Әрбір
уақыт үшін қандай да бір белгілі нәрсе ақиқат және кез келген
уақытта басқа нәрсе – объективті рухтың дамуы барысында

қалыптасып отырады, яғни оның бір сәттік тарихи қозғалысына
сәйкес келеді. Дәл сол сияқты кез келген пессимизм де жалған:
ізгілік соңғы мақсатқа байланып қалмаған, ол қашанда осын­
да, әрқашан жүзеге асырылады. Оған қатыспаған ғана оны

көре алмайды. Сондықтан ол көрінеу-«жақсылықты» қалайды.
Бірақ оны тарихтың өзі анықтап қойған; өзгеріске бейімі жоқты
күйреуге мәжбүрлейтіндіктен, сол ғана сынай алады. Ол соны­
мен бір мезгілде әлемдік төреші де болып табылады.

4. Тарихтың материалистік философиясы

Гегельдің тезистерін сынға ұшыратудың қажеті шамалы.
Оларды көп және қашанда бірдей ықпалмен сынайды. Олардың

қай жерде және қалай беріктіктің қамалынан оп-оңай аттап ке­
тетінін көрсету қиын емес; бірақ оның жетістігі шамалы, өйткені
кейін өздерінің қорытқан тарих феномендерінің бүкіл байлығын
қамтуға тырысқандарымен, бұған ауқымды көзқарастар бәрі

бір жетіспейді. Олардың метафизикалық тұрғыда негізделгені­
не және кез келген сынның олардың негіздерінің салдарларына
ғана қатысты екендігіне күмән жоқ. Осы формасында оларды
бірде бір қазіргі заманғы адам қабылдай алмайды, бірақ осыған

қарамастан, осылайша бітіре салудың дұрыс еместігін бірден
сезінеді. Бұл жерде де жағдай философияда үнемі кездесетін­
дей болып отыр: оңай теріске шығарылатынның мәні теріске
шығарылмайтынмен сипатталады.

Сондықтан одан арғы зерттеудің міндеті бұл тезистер­
ге қатысты тек сыни ғана емес, сонымен қатар бағалаушы
ұстанымды да қалыптастыруға тырысу болып табылады. Бұл
үлкен жағымды міндеттің осы кезге дейін қаншалықты шешімін

таппағанын айтып, алға жүгірудің керегі жоқ. Әзірге тарихтың
бейнесін қандай да бір бағалаудан алшақтай отырып, берілген
конструкцияны ұстану жеткілікті. Осыған орай, тарихтың ге­
гельдік метафизикасын оның қарама-қарсы, «материалистік»

баламасымен салыстыру маңызды.
Бұл соңғысын Маркс Гегельге саналы түрде қарама-қарсы
қойып, қалыптастырды. Өзінің негізінде – бұл тарихтың тео­
риясы емес, қоғамның теориясы, бірақ оның тарихи өлшемге

екпіндеп енетіні соншалық, тарихтың мейлінше конструктив­
ті бейнесі көз алдымызға келеді. Қарама қарсылық болса, ол
өзінің рух саласынан емес, қажеттіліктер мен шаруашылықтар
саласынан туындайтынымен сипатталады.

Маркс бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе экономикалық
қатынастар, оның ішінде өндірістік қатынастар болып та­
былады. Олар мәселені тек рынокта, биржада, сауда саяса­
тында ғана емес, рухани ағымдар мен олардың алмасуын­

да одан да зор түрінде шешеді. Бүкіл адамзаттық әрекет пен
адами қатынастардың дамуының негізінде тұрақты өмірлік
қажеттіліктер жатады. Адам өзінің өмірін тіршілікпен өткізуі
тиіс. Ол өзіне қажет нәрсені алуы, «өндіруі» тиіс.

Осыған ие болу, өз кезегінде, еңбек күштері мен құралдарына
тәуелді болады. Еңбек құралы, пайдаланатын табиғат күші,
өзінің жұмыс күші – міне осылар шешуші нәрсе болып табыла­

ды. Өндірістің формасы, осылайша, өндірістің құралдарымен
анықталады. Қарапайым құралды әркім де иеленуі мүмкін, бірақ
машинаны тек капиталист қана иеленеді. Өндіріс құралы ретін­
дегі машинаның пайда болуы онымен жұмыс істейтін адамның

өмірінің формасын түбірімен қайта қарайтындай, өндірістік
қатынастың түрін оған таңады. Өндірістің формасының
өзгеруімен, өмірдің формасы да өзгереді.
Өндірістің формасы, бір жағынан, қоғамның белгілі бір

формасын қалыптастырады. Ол бүтіндей таптарды тудырады,
оларға өзінің ізін қалдырады, олардың мүдделерінің бағыты
мен басқа таптарға деген әлеуметтік қатынасын айқындайды,
қайшылықтарды шиеленістіреді және «тап күресін» тудырады.

Осылай ол әлеуметтік, саяси, рухани өмірде тәртіп орнатуға ба­
тыл кіріседі. Өйткені қоғамдық қатынастардың әрбір түрі руха­
ни үрдістермен, идеялармен, бағалармен білдіріледі. Бірақ бұл
қоғам формасының, өз кезегінде, «идеологияны» анықтайтынын

да білдіреді.
Бұл үшсатылы бағыныштылықтың салдары идеология
ұғымының одан ары шектен тыс кеңеюімен және, ақырында
өзінің барлық ерекше салаларымен – мораль, білім, ағарту,

өнер, дүниетаным, дін салаларымен қоса алғандағы руха­
ни әлемнің барлық алуан түрлілігін қамтуымен сипатталады.
Еңбек қатынастары мен меншік қатынастарының тарихи алуан
түрлілігінде дәл сондай көп түрлі құбылатын көзқарастардың,

ойлау
тәсілдерінің,
бағалаулардың,
түсінік-пайымдардың

қондыр­ғысы толық бағыныштылықта бой көтеріп тұрады.
Таптың әрбір түрі өмірдің әрбір әлеуметтік формасы бұл
қырынан алғанда оларға тән болып келетін ерекшеліктің
(Маркс «сана» дейді, бірақ рухани өмірдің бағыты мен тұтас

типі ұғынылады) эпифеномені түрінде көрінеді. Осылайша та­
рихи болмысты рух анықтамайды, керісінше, тарихи – түптеп
келгенде экономикалық болмыс рухты айқындайды. Және рух
тарихты бағыттамайды, оны ондағы экономикалық күштер

дөрекі түрде бағыттайды.
Әрине, ол оларға кері де әсер етуі керек. Идеология да екін­
ші деңгейлі болғанымен, бір пайда болғаннан кейін, едәуір
қозғаушы күшке ие болатын тарихи фактор болып табылады.

Маркста бұл оның тап күресі теориясында үйлесімді көрініс

табады, өйткені бұл арнаулы идеологияның атынан жүргізіледі.
Энгельс және осы теорияны дамытқан одан кейінгілер бұл
мәселеде идеология мен экономика арасындағы өзара әрекетті
немесе олардың өзара бейімделуін бекітуге дейін барып, одан

да ары кетті. Бірақ сонымен бірге Маркстің белгілеп берген
іргелі қатынасы, дәлірек айтқанда, бүкіл рухани өмір кезін­
де бір экономикалық күштермен қалыптасса, қайта пайда
болушылардың барлығы да сол бастаудан пайда болады деген

қатынас мүлдем алынбай қалды.
Бұл тезистер де сыналатын болады. Олар онсыз да қазіргі
уақытта басқалардан гөрі көп дау туғызып жүр. Олар туралы
соңғы сөздің әлі айтылмағандығы анық. Олардың дағдарысын

тек философиялық-тарихи мәселелерден ғана емес, әлеуметтік
және әлеуметтік-саяси мәселелерден іздеу керек. Мұның,
әсіресе соңғылары біздің заманымызға жақын және өте өзекті
нәрселерді қозғайды. Біздің мәселемізге келер болсақ, ондағы

барлық іргелі нәрселер басқа беткейде орналасады. Сонымен
қатар тезистер де бізді басқа көкжиекке алып шығады.

5. Тарих философиясындағы түбегейлі қате ахуал

Егер Гегель мен Маркстің тарих философияларын са­
лыстырар болсақ, онда олардың қарама-қарсылығы бірден
көзге ұрады. Бұл әрбір теорияның бекіткенін екіншісі теріс­
ке шығарып отыратын ұстанымдардың контрадикторлық

қарама-қарсылығы болып көрінеді. Олардың әрқайсысынан
біз шындықтың ұшқынын көретін болсақ, онда екі жағының да
қателіктері бастапқы баптарының біржақтылығымен сипатта­
лады деген түйін келіп шығады; және екі жағының да бастапқы

баптары – бұл өздерін уақыт ағымында аңғартатын белгілі
феномендер болғандықтан, демек, одан əрі бұл екі теория да
тарихтың жиынтық феноменінің тек бір ғана ұшқыны түрінде
көрінеді деген тұжырым туындайды.

Дегенмен, бұл жерде бәрі біз ойлағандай оңай емес. Ло­
гика былай деп оқытады: қарама қарсылық контрадикторлық
қатынасқа жақындаған жерде, оның негізіне ортақ genus* жа­
туы тиіс. Өзара қайшы теориялар жағдайында бұл нәрсе тек

артикуляцияланбаған алғышарт бірлігінде ғана жатуы тиіс.
* Genus (лат.) – пайда болу, шығу тегі.

Және, егер ол қате болып шықса, онда сонымен бірге олардың
жалпы түбегейлі қатесі де аңғарылады.
Бұл жерде мынадай сұрақ туады: соның ішінде теориялардың
бір біріне қайшы келетін ортақ және іргелі нәрсе қайда? Оны

жарияланған тезистердің ішінен емес, жоғарыда айтылып кет­
кендей, олардың астарындағы айтылмай қалғаннан іздеу керек
тәрізді. Осылайша екі перспективаны да олардың логикалық
құрылымында қарастыру керек. Метафизикалық алғышарт өзін

құрылымдық формада көрсетеді.
Бұл жерде аңғарылатын нәрсе мейлінше қарапайым, тіпті
барынша қарапайым. Екі теория да тарихи үдерістердің фак­
торлары арасындағы біржақты бағыныштылықты білдіреді.

Мұнда әңгіме біртектілікте гомогенді бола алатын үдерістегі
уақытқа тәуелділік туралы болып отырған жоқ, басқа өлшемде
орналасқан, өз өзінен уақыттан тыс тәуелді тарихи үдерістегі
феномендердің гетерогенді топтары туралы болып отыр;

түптеп келгенде, әңгіме рухани емес және рухани болмыстар
арасындағы тәуелділіктің қатынасы туралы болып отыр.
Сондықтан бір тарихи фазаның жиынтық мазмұнында екі
болмыстың да қашанда бірге және тығыз байланыста болаты­

нына ешқандай күмән жоқ. Тек рухани дамудың фазасы оның
«материалды» (экономикалық-қоғамдық) дамуын немесе осы
соңғысы рухани дамуды анықтай ала ма деген сұрақ қана туын­
дайды.

Екі ережені де яғни, теорияны да біріктіретін ортақ нәрсе
осы жерде орналасқан. Тек осыдан шыға отырып қана, олардың
қарама қарсылығын анағұрлым дәл ұғынуға болады. Екеуі де
феномендердің бір ғана тобынан шыға отырып, тарихи болмыстың

тұтастығын ұғынуға тырысады. Егер оы тұтастықтың ішінде руха­
ни болмысты – жоғарғы қабат, ал экономикалық болмысты төменгі
қабат деп белгілер болсақ, онда формуланың тілімен былай деп
айтуға болады: Гегель тұтастықты «жоғарыдан» тұжырымдағысы

келсе, Маркс оны «төменнен» тұжырымдайды. Бірақ екеуі де
оны тек бір шетінен, қарама-қарсы шетінен түсінуге тырыса­
ды. Гегель тарихи дамуға рухтың және оның өзін-өзі жүзеге
асыруымен қатар экономикалық факторлардың да дербес

араласуына жол бермейді; Маркс те өндіріс формаларының
өнімдерімен қатар, рухани үрдістердің әуел бастапқы орын

алуына көнбейді. Осылайша, олардың ұстанымдары екеуінің де
біржақты, қайтымсыз тәуелділіктің маңызын мойындай отырып,
әуел бастан әртүрлі қабаттардың дербес детерминацияларының
бір біріне енуін теріске шығаруымен сипатталатын ортақ

жерде түйіседі. Олардың екеуі де тарихи болмысты монистік
тұрғыда қабылдайды, қозғаушы күштердің тек бір ғана көзі
болады, әралуан, әртүрлі, мүлдем дербес және бір бірін өзара
теңестіретін бастау көздермен олармен қатар өмір сүре алмай­

ды деп пайымдайды.
Осылайша, олардың екеуі де бір ғана, бірақ тек белгілері
керісінше қателікті жасайды. Мұны басқаша білдіруге де бо­
лады: бұл екеуі де тарихи болмыс тек не «жоғарыдан», не

«төменнен» анықталуы тиіс деген баламадан шығады. Олар
бұл екі жағдайдың мүлдем балама емес екендігін, толық ди­
зъюнкция емес, айқындылықтың басқа да формалары бола
алатынын көрмейді. Бір тарихи ағымда бір бірімен жауласа,

өзара бірін бірі шектей немесе толықтыра отырып, гетероген­
ді детерминациялардың бірлесе әрекет етіп қана қоймай, қиыр
шеттегілерден басқа да тарихи болмыстың өзге қабаттары бо­
лады және олар да солар сияқты тарихи үдерістің тұтастығына

өзіндік және дербес айқындылық бере алады. Мысалы, онда
батыл түрде жоғарыдан немесе төменнен әрекет ететін барлық
сыртқы факторлармен қатар, өз-өзінде экономикалық түзілім
де, рухани түзілім де болып табылмайтын қоғамдық форма да,

өз кезегінде, тарихтың бүтіндігіне дербес детерминанта ретінде
ықпал ететіндей өз заңына ие бола алар еді.
Қарама-қарсы теориялардың өздерінің біржақтылығынан
ортақтық табатыны бүгінгі күні жаңалық болмағанымен, әлі

игеріле қоймаған тарих философиясындағы мәселелік аху­
алды құрайды. Ол мәселенің қойылуының өзіне тән қателікті
көрсетеді: мәселені екі жағынан да алады, бірақ олардың еке­
уінде де оны игере алмайды.

6. Мәселелік ахуалдың жалпы метафизикалық қыры

Бұл ахуалдың немен сипатталатынын оның бізге сансыз
мәселе түрінде қайта оралатын айғағынан айқын көрінеді. Оның
ішінде органикалықтың метафизикасы мәселесі анағұрлым та­
нымал. Онда осы күнге дейін екі қарама қарсы теория – меха­

нистік және виталистік теориялар күресіп келеді. Бірі барлығын
«төменнен» түсіндірсе, екіншісі «жоғарыдан» түсіндіреді. Кау­
зальды (себептік, Б.С.) ұстын болмыстың төменгі қабатының
категориясы болып келді; айқын немесе жасырын болсын, кез

келген витализм соған тән болып келетін телеология болса,
сананың, болмыстың жоғарғы қабатының категориясы болып
қала береді. Организм де детерминацияның өз ұстынына ие бола
алар еді деген бұл екеуіне дербес қарама қарсы тұратын үшінші

теория мүмкіндік іздеп тұрғандай көрінеді, бірақ эмпириялық
тұрғыдан өзіне дәлел тапқанымен, баяғыдан түсінікке тамыр­
лап кеткен, үстем алдыңғы екеуіне жете алмайды.
Бүгінгі таңда танымал адамдардың ойын жаулап алған

антпропологиялық мәселедегі ахуалдың күйі де осындай. Адам

– көпқабатты, ең болмағанда бірден рухани және физикалық

жан. Оны осындай қабатты құрылымнан шыға отырып,
түсінген оңайырақ болар еді. Оның орнына біз адамды не тек
рухтан (айталық, этостан немесе еркіндіктен) шыға отырып, не
болмаса тек табиғи бастаудан ғана шыға отырып ұғынуға ты­

рысатын теориялардың қайта-қайта пайда болып отырғанының
куәсі болып жүрміз. Олардың қатарына жаратылыстық-ғылыми
бағдардағы психологияның құралдарын қолданатындарды да
жатқызуға болады.

Жалпы
алғанда,
метафизикада
кешенді

түзілімдерді
біржақты-монисті, жоғарыдан немесе төменнен түсінетін үрдіс
басым – осылайша, осы түзілімдердің шынайы категориялары
болып табылмайтын, тек кейде олардың ішінара сәтін білдіретін

және сондықтан тұтастықтың өзгешелігін бізге ашып бере ал­
майтын категориялардың көмегімен түсіндіру үрдісі басым бо­
лып отыр. Бұл жерде «бір ұстыннан» шыға отырып түсіндірген
дұрыс, ал қарапайымдылық ақиқаттың таңбасы деген ежелден

келе жатқан пайым өз рөлін ойнайды. Ұстындардың кез-кел­
ген көпшілігінен қорқу, плюрализмнің қарапайым формасынан
да, дуализм формасынан да, көп жағдайды ойланып-толғанып
жатпай үрку үрдісі басым. Сонымен метафизикадан біз бір

біріне орнықтылықсыз, көбіне тікелей контрадикторлы қарама
қарсы тұратын дүниетүсініктің негізгі екі типін байқаймыз.
Дүниені «жоғарыдан» және «төменнен» түсіндіру бар. Бірі
ақыл-ойды, рухты, идеяны, Құдайды ұстанса, екіншісі матери­

яны, табиғаттың заңын, себептілікті ұстанады. Бірі материя мен
табиғатқа жан бітірсе, келесісі рухты материяның нышанына
дейін төмен түсіреді.
Философиялық «измдердің» ұзыннан-шұбақ қатары осы

түрлердің дуализмін анық көрсетеді. Бастапқыда қателік
ойлаудың жіктелуі мен бітіспестігінің кегін алады. Дуализмді
ескермейтін екі лагерь де бәрі бір дуализмнен құтыла алмай­
ды. Ол лагерьлердің өздерінің екіжақтылығына қайта оралады.

Метафизиканың орналасқан ахуалы – қателікке тән ахуал. Екі
жағының да қателігі айналып келгенде бір нәрсе.

7. Заттардың жағдайын онтологиялық түсіндіру

Түбегейлі қатені табу және оны түзету – бір нәрсе емес.
Философиядағы нағыз дәрменсіздік қатені тапқаннан кейін ғана
басталады. Бұл жағдайда олай айта алмаймыз. Бөлшегіне бой­
лап кіру қаншалықты мүмкін емес болса да, «дүние» жиынтық

феномені, сыртттай қарағанның өзінде, қабатты құрылымның
сипатын беретіні сөзсіз. Егер соңғысын ең болмағанда мәселенің
қойылуы деңгейінде пайымдауға мүмкіндік болса, онда қателік
ахуалы жойылады.

Көпқабаттылықты түсіну үшін жалпы танымалды ұстансақ
та жеткілікті. Органикалық өмірдің физикалық-материалдық
болмыстан едәуір айрықшаланатынына ешкімнің күмәні жоқ.
Бірақ ол осы соңғысынан тәуелсіз өмір сүре алмайды, ол оның

мазмұнында бар, соған сүйенеді; физикалықтың заңдары ор­
ганизмге терең бойлап тараған. Бұл организмге олардан басқа
оларға теңгерілмейтін дербестікке ие болуына кедергі кел­
тірмейді. Дербестік, өз кезегінде төменгі жалпыфизикалық

заңдарды құбылтып өзгертеді.
Органикалық
өмірге
деген

жан-дүние
болмысының
қатынасына қатысты да осылай. Сананың феномендері көрсетіп
тұрғандай, жан-дүние де органикалықпен теңгерілмейді; оның

олардың үстінен өз қабатын құрайтыны түсінікті. Бірақ біз бет­
пе-бет келген барлық жерлерде ол салмақты болмыс ретінде
оған тәуелділікте болады. Ең болмағанда шынайы әлемде біз
тасымалдаушысы ретінде организмге ие болмайтындай жан-

дүниені білмейміз. Егер біз осыдан органикалықтың заңдары
мен айқындылыққа теңгерілмейтіндей ешқандай да өзіндік

айқындылықтар мен заңдар болмайды деген түйін жасасақ,
онда бұл феномен танылмаған күйінде қалар еді және біз
«төменнен түсіндіруге» түсіп қалар едік. Психология ендігі жер­
де мұнда арнайы жан-дүниелік дербестіктің үстемдік ететініне

күмәнданбайды; әрине, біздің ол туралы аз білетініміз рас (пси­
хология жас ғылым емес пе), бірақ ол туралы біздің білетініміз
оның өзгешелігі, дербестігі, редуцияланбайтындығын сенім­
ді түрде дәлелдейді. Рухани болмыс, осылайша, – оның

көрінбейтін болмыс екендігіне, бүкіл тәуелділігіне қарамастан,
өзінің өзгешелігінде барынша дербес болып табылады.
Ақырында, психологизмнің игерілгеннен кейін рухани
болмыстың да жан-дүние болмысы мен оның заңдылықтары са­

ласына тең еместігі кеңінен танымал айғаққа айналды. Логикалық
заңдар да, білім мен танымның төтумалылығы да психологияға
теңгерілмейді. Ерік пен әрекет, құндылықтық қатынастар, құқық,
этос, дін, өнер салалары одан әрмен теңгерілмейді. Бұл салалар

өздерінің феноменалдық мазмұндарының өзімен психикалық
феномендер патшалығынан үстем тұр. Рухани өмір ретінде олар
байлығы мен алуан түрлілігі жөнінен төменгі қабаттар онымен
салыстыруға да келмейтіндей, анағұрлым жоғары деңгейдегі

өзіндік болмыстық қабатты түзеді. Бірақ бұл жерде де төменгі
болмысқа деген дәл сол қатынас өз күшін сақтайды. Рух ауа­
да қалықтап жүрмейді, біз оны рухани өмірді тасымалдаушы
органикалық болмысқа да, одан ары материалдық болмысқа да

ұқсамайтын жан-дүние болмысы ретінде ғана білеміз. Сонымен,
бұл жерде де (әсіресе осы жерде) әңгіме жоғарғы болмыстың
төменгі болмысқа барлық тәуелділігіне қарамастан, одан де­
рбестігі туралы болып отыр.

8. Категориялық əртүрлілік және

бағыныштылық заңдылығы
Қабаттық құрылымның нені білдіретінін қарап көрейік. Бол­
мыс қабаттарының қатынастарын үш бапқа теңгеруге болады.

1. Әрбір қабаттың өзінің жеке ұстындары, заңдары немесе

категориялары болады. Бір қабаттың болмысының өзгешелігін
басқасының, өйткені олар лайық болмағандықтан жоғар­
ғысының да, өйткені олар жеткіліксіз болғандықтан төменгісінің
де категориясының көмегімен ешқашан түсінуге болмайды.

Категориялардың патшалығы монистік тұрғыда құрылмаған;
бүкіл әлемді бір ғана ұстынның немесе ұстындардың тобымен
түсіндіру мүмкін емес. Бұл қолға алынған жерде, бұл зорлыққа
әкеледі. Қабаттық құрылымның алуан түрлілігі болмыстың

қабаттарындағы сияқты тәртіптік шамаға ие болады. 2. Әлемнің қабаттық құрылымында жоғарғы қабат қашан­

да төменгіге сүйенеді. Сондықтан ол дербес болмысқа емес,
«бірдеңеге орныққан болмысқа» ие болады. Бұл қатынасты
жоғарының төменгіге бойлап енген бағыныштылығы ретін­
де түсінуге болады: материалды табиғатсыз ешқандай да өмір

жоқ, өмірсіз ешқандай да сана жоқ, санасыз ешқандай да руха­
ни әлем жоқ. Бұл бағыныштылықтың бағытын кері бұру мүмкін
емес: өмірсіз ешқандай материя жоқ, санасыз ешқандай өмір
жоқ және с.с. айтуға болмайды, айғақтар бұған қарсы. Катего­

риялар патшалығындағы бағыныштылықтың бағыты осыған
сәйкес келеді: төменгі категориялар жоғарғыларына элементтер
ретінде қайта оралады; жоғарғылар, осылайша, олардың тізбе­
гін үзуге шамасы келмей, төменгілерге тәуелділікте болады,

олар тек оны құбылтып өзгерте және қайта құра алады. Төменгі
категориялар – күштілері. Бұл «күштің заңы» категориалды
бағыныштылықтың негізгі заңы.

3. Болмыстың жоғарғы қабатының маңызы – оның

дербестігінің кедергісі емес. Ол үшін төменгі қабат – condіcіo
sіne qua non*, тек тасымалдаушы түбір. Жоғарғы қабат
төменгіге қатысты өзгешелік пен форматүзілімнің шектелмеген
шеңберіне ие болады. Осылай, органикалық материалдыққа

сүйенгенімен, өмірдің формалары мен ғажайыптарының бар
байлығы материалдықтан туындамайды, оған жаңа нәрсе ретін­
де қосылады. Дәл сол сияқты жан-дүниелік те жаңа нәрсе ретін­
де органикалықтан биік тұрады, руханилық жан-дүниеліктен

жоғары тұрады. Әрбір қабатта пайда болатын бұл жаңалық
жоғарғы категориялардың төменгілерге қатысты дербестігі
немесе «еркіндігі». Бұл – бағыныштылықты оның табиғи
мөлшерінде шектейтін және осылайша онда қабаттардың өзара

категориалды қатынастарының тұтастығында қатар өмір сүретін
еркіндік. Алдыңғысымен үйлестіре отырып, бұл тұтастықтың
заңын былайша тұжырымдауға болады: төменгі категориялар
анағұрлым «күшті» екендіктеріне қарамастан, жоғарғы катего­

риялар оларға қатынасында анағұрлым «еркін».
* condіcіo sіne qua non (лат.) – міндетті шарт.

Күштің заңы мен еркіндік заңы бірігіп, мызғымас біртұтас
қатынасты түзеді; олар төменінен бастап оның биіктері­
мен аяқтайтын әлемнің қабатты патшалығында үстемдік
ететін бағыныштылықтардың бір жалғыз ғана категориялық

заңдылығын түзеді. Бұл заңдылық бағыныштылық пен
дербестіктің синтезін білдіреді. Бағыныштылықпен барлық
философиялық теориялар санасады, ал бағыныштылықтағы
дербестікпен олар есептеспейді. Дәлірек айтқанда, олар тек

тотальды (ауқымды) бағыныштылықпен ғана есептеседі.
Бірақ болмыстық қабаттардың сатылы патшалығында дәл осы
ауқымды бағыныштылық болмайды. Егер ол «жоғарыдан»
бағыныштылық түрінде болса, онда бұл патшалыққа өзі қалай

болсап, сондай болудың қажеттігі болмас еді; өйткені жоғары
категориялар теңдессіз бай және, егер олардың анықталуының
бүкіл толықтығы төменгі болмысқа да тарайтын болса, онда
олар оны тек жеткілікті деңгейде анықтап қана қоймай, оның

үстіне шындығында оның ауқымды бағынышта орналасар еді.
Бірақ олар таралмайды, олар – «анағұрлым әлсіз» категориялар,
төменгі болмыс толығымен өз өзінде анықталады. Ешқандай да
«жоғарыдан» тәуелділік жоқ, тек «төменнен» бағыныштылық

қана бар. Бірақ мұның соңғысы ауқымды бола алмайды,
өйткені жоғарғы болмыстың мазмұндық толықтығы төменнің
мазмұндық толықтығынан анағұрлым асып түседі және
төменгі категориялармен, тіпті олар бұрынғысынша күшінде

қалғанның өзінде, оларды жамылып қала алмайды. Осылайша,
болмыстың жоғарғы қабатының қашанда дербес категориалды
қалыптасудың кең диапазоны болады. Төменгі категориялар
мейлінше күшті болғанымен, оның есесіне, анағұрлым кедей

әрі қарапайым.
Бұл екі заңның да кез келген біржақты дедукцияға,
«жоғарыдан» да, «төменнен» де кез келген дүние-түсінікке ке­
дергі келтіреді; сонысымен олар «измдерді» кез келген метаф­

изи­калық құрастыруларға тосқауыл қояды. «Жоғарыдан»
түсіндірудің орнына күштің заңы көрініс табады, өйткені, ол тек
жоғарғының төменге бағыныштылығын ғана мүмкін етеді. Ал
«төменнен» түсіндіру еркіндік заңының ойынын бұзады, өйткені

ол төменгі категориялардың жоғарғыларының форматүзілімінің
толықтығын бере алмайтындығын аңғарады. Әрине, кез келген

тектегі бағыныштылық болады деп жүгенсіз тұжырымдауға бо­
лады. Бірақ құбылыстарда тек шектеулі бағыныштылық қана
байқалады. Ал философияда тек құбылыстың дәлелдегенін
ғана ұстану қажет.

9. Философиялық-тарихи мәселеге қолдану

«Әлем» үшін не маңызды болса, оның сахнасындағы та­
рих үшін де сол маңызды болады. Оған қатынасында бұл,
органикалық өмірге қатынасымен немесе болмыстың тағы
да басқа жекелеген қабаттарға қатынасымен салыстырғанда

анағұрлым терең мағынада маңызды болады.Өйткені тарих
көпқабатты құрылымға ие әлемге ұқсайды. Ол болмыстың
барлық қабаттарының факторлары әрекет ететін үдерістің
мәні болып табылады; осылайша, жалпы алғанда да, әрбір же­

келеген жағдайда да бұл үдеріс ұзақ уақыт бойы бір бірімен
қақтығысатын гетерогенді күштердің жиынтық нәтижесі ретін­
де ғана ұғынылады.
Тарих – бұл да рухани үдеріс тәрізді экономикалық

үдеріс, халықтардың мәдени өмірі сияқты витальды өмір.
Географиялық
және
климаттық

жағдайлардың
ықпалы
идеялардың, бағалардың, адасушылықтардың, дүниетанымдық
құмарлықтардың ықпалынан бір де кем емес; техникалық

құралдар бұқаралық-психологиялық ықпалдардан бір де
кем емес; жағдайлардың «кездейсоқ» барысы энергиялар
шоғырының жоспарлы ағымы мен барысынан еш кем емес.
Бұл көзқарас қарапайым және әрине, жаңа да емес. Ол қайда

болса да тарихшы өз міндетіне жақындаған тұста оның сала­
уатты жұмысын үнсіз қолдап отырды. Оның философиялық-
тарихи теориялар үшін өзектілігі анағұрлым кем. Ол тіпті осы
соңғыларына қатысты теріске шығарушы мәнге дейін түсті.

Қарама қарсылығы жоғарыда қарастырылған бұл екі көрнекті
теорияны XІX ғасыр тарихының мысалынан жақсы көруге бо­
лады. Тарихтың гегельдік метафизикасы тарихи үдерісті рух­
тан шыға отырып, біржақты түсіндіріп қана қоймайды, ол бұл

үдерістерді, түптеп келгенде, рухани үдерістер деп ұйғарады.
Тарихи тұрғыда туындаған төменгі қабаттар рухани өмірдің
қабаттарында жойылып кетеді; егер олар қарастырылуға
енгеннің өзінде, бұл бәрі бір оларда рухани факторлардың

көрініс табуына қарай бағаланады.

Тарихтың «материалистік» метафизикасына қатысты да
осылай айтуға болады. Ол экономикалық қатынастардан
туындайтындардың
барлығын

ұғынуға
тырысып
қана
қоймайды; ол барлық болып жатырған оқиғалар, түптеп келген­

де, экономикалық саланың оқиғалары деп ұйғарады. Қоғамдық
формалар мен идеологиялар огдағы ұғымдар, эпифеномен­
дер ретінде осы салаға толығымен еніп кетеді. Шындығында
осыншалықты

тұрпайы
формасындағы
сыңаржақтылық
Маркстің өзінде де, оның анағұрлым танымал ізбасарларында

да жоқ. Бірақ бұл данышпандардың барлық сақтығы ештеңе
де бермейді, өйткені теорияның өзінде біржақтылықтың
мазмұнды шиеленісіне деген үрдіс болғандықтан, бұл үрдіс бір
пайда болғаннан кейін түсініктердің кең таралған жартыкеш

ұғынылуына еш кедергісіз өтіп кетеді.
Бұл екі жағдайда да тарихи болмыстың бір қабатындағы
біржақты акцентті көріп отырмыз және бұл өзге қабаттарды
құқығынан айыратын тәрізді. Қолдан жасалған ауқымды

бағыныштылық негізгі күштің көрнекі тәуелсіз нәрсеге ауыс­
тырып түсірілуіне әкеледі. Гегель күштің заңын, ал Маркс
еркіндіктің заңын аттап кетіп қана қоймай, олардың екеуі де
тарихи болмыстың нақты байлығын да тарылтады.

Кез-келген біржақты конструкция сонымен бірге адасушы­
лық та болып табылады. Бір-біріне қайшы келіп отырған
теориялардың қателігінің ахуалы, бұл жерде де, әлемнің кес­
кініндегідей, жалпы пайымдаушылыққа негізделеді; онда да,

мұнда да, бұл – монистік түсінік. Оны жойғаннан кейін ғана
тұтастай феноменге лайық әдіс ашылады.

10. Тарих-үдерісті шамалап түсінуге арналған салдар

Əр жағдай тарихтың бейнесіне қарай әлемнің кескінінде­
гідей болады: қатені қалай түзеуге болатынын ғана көрсетуге
болады, бірақ одан туындайтын міндетті бірден шешу мүмкін
емес. Әңгіме тек тарихи болмыстың қабатты сипаты туралы

түйіннен сабақ алуда ғана болып тұр. 1. Тарихи болмыстың көпқабаттылығы өзінің орын алатын

әлеміндегідей іргелі қатынасты аңғартады. Оны да сондай қабаттар
құрайтыны айқындалады. Осылайша, бағыныштылықтың кес­
імді заңдылығы өзіне тән өзгешеліктері болғанымен, ол да сон­

дай болуы тиіс. Төменгі қабаттар бұл жерде де «тасымалдаушы»
болуы керек, ал жоғарғы қабаттар «тасымалданушы» және соны­
мен бір мезгілде оларға қатынасында дербес болуы қажет. Мұнан
шығатыны, өздерінің өзгешелігінде әрбір қабаттың ерекше фак­

торлары шығарылымсыз болады және феномендердің тек сәйкес
шеңберінен ғана бөлініп алынады деген түйін.

2. Тарихи үдерістің түрі немесе толық құрылымы, сәйкесінше,

кешенді болуы тиіс. Түптеп келгенде оған әлемнің болмыстық
алуан түрлілігін құрайтынның барлығы да кіре алады. Барлық
бұл мезеттер маңызды әрі дербес факторлар болғандықтан, ол
соған кіреді.

3. Мұнан туындайтын міндет көзге көрінбейді және адамның

мүмкіндіктерінің шеңберінде орындалуға көнбейді. Негізгі
философиялық-тарихи мәселе осынысымен іргелі философиялық
мәселелердің көпшілігінің сипаты мен тағдырын бөліседі: шы­
найы метафизикалық мәселе бар болғандықтан, ол толығымен

шешімін таппайды, өз мазмұнына иррационалдықты енгізеді. 4. Сонымен бір мезгілде мәселенің қойылуы басқа арнаға

бұрылады. Тарихтың идеалистік метафизикасы үдерістің
барлығын қамтитын конструкциясын беруге тырысады: ол
өзіне осы шақты да енгізді және болашақты болжады (Фих­
те). Бұл үшін болып жатқан құбылысты мәннің жүзеге асуы

мен орындалуының телеологиялық анықтамасы ретіндегі
түсінігі, соңғы мақсатты білу қажет болды. Осының барлығы
алға жылжыған тарих ғылымының алдында жарамсыз болып
қалды. Бұл тәжірибеден кейін тарих философиясына үдеріс ба­

рысын жобалау туралы қайта ойлау оңайға соқпайды. Сонымен
бірге, ол уақыт ағымында даму туралы мәселеден алшақтайды
және өзге өлшемде орналасқан алдыңғы мәселеге таяйды. Бұл
өлшем уақыт ағымына көлденең жатыр, ондағы үстемдік ететін

қатынастар – категориялық қатынастар. Және бұ тарихи алуан
түрліліктің әрқилы болмыстық қабаттарын байланыстыратын
қатынастар болғандықтан, әңгіме егетерогенді категориялардың
өзара бір-біріне кірігуінің ерекше түрлері туралы болып отыр.

Мұндағы қажет болатын зерттеу – бұл онтологиялық зерттеу. 5. Ақырында, мұнымен осы өлшемде жатқан және дәл сол

негізде алдыңғы деп есептелуі тиіс кейінгі сұрақ – тарихтың
тасымалдаушысы туралы, дәлірек айтқанда, «тарихы бар»

түзілімнің құрылымы туралы сұрақ байланысты болады.
Мұндай түзілімге қарапайым адам немесе одан тыс жатқан
дүние – қауымдастық, халық, адамзат, рух және оның түрлері
жатады. Бұл сұрақты феноменологиялық тұрғыда қарастыру­­ға

болатындықтан, оның өз артықшылығы бар. Жоғарыда аталған
түзілімдердің барлығы талдауға көнеді, ал кейбіреулері (мыса­
лы, қауымдастық, халық) бірнеше мәрте талдауға түсті.
Осы соңғы екі мәселе де алдымен, жалпы және әрқашан

емес, тек осы ахуалды ғана тарихтың философиялық мәселесі
тұрғысынан алғанда, өзекті болып табылады. Олардың бірін­
шісі (п.4) алысқа көз жібереді, мазмұны жағынан күрделі әрі
ұлы, метафизикалық тұрғыдан анағұрлым асқақ. Екінші мәселе

(п.5) ол үшін тек сағым ғана. Оныңкөтеретін нәрсесі кез келген
уақыттық шектеулерге жол береді, ал осы салада жүргізілетін
әрбір жекелеген зерттеу онтологиялық-категориалдық мәселені
талқылау үшін қажетті негіздің бір бөлшегін бере алады.

Бұл кітаптағы зерттеу басталған бап та осында орналасқан.
Олар тарихи болмыстың бүкіл байлығынан тек рухани болмыс­
ты ғана таңдап алады. Олар, осылайша, тарихи болмыс түбегейлі
түрде тарихи емес болмыстан айрықшаланатын, бірақ оны осы

айырмашылықта сарқып тауыспайтын баптан басталады. Та­
рихи үдерістегі рухани емес факторлардың салмақтылығы ту­
ралы бұл зерттеулерде шешімді ештеңе де айтылмайды және
айтылмауы тиіс. Олар, демек, таза метафизикалық-тарихи

мәселелерден тыс тұрады; олардың ішінен біреуін бөліп алу
үшін емес, алдымен басталуы тиіс және талқылауға көнетінін
бағалау үшін. Міне сондықтан – бұл олардың үнемі рухани
болмыстың тарихилығымен қатынасы болғанына қарамастан,

бірақ рух туралы ғылымдар мен тарих философиясының
ықтимал негізделуі туралы алдын ала зерттеулер болғандықтан
ғана философиялық-тарихи зерттеулерге жатпайды...
Гартман Н. Проблема духовного бытия. Исследования к

обоснованию философии истории и наук о духе//Культуроло­
гия. ХХ век. Антология. – Москва. Юристъ, 1995. – С. 608-628.

Арнольд Джозеф ТОЙНБИ

ТАРИХИ ОЙЛАУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҒЫ

Әрбір дәуірде және кез-келген қоғамда тарихты зерттеу
мен тану басқа да әлеуметтік әрекет сияқты аталған уақыт пен
орынның басым ағымына бағынышты болады. Қазіргі уақытта
батыс әлемінің өмірін екі институт айқындайды: экономиканың

индустриалды жүйесі және сондайлық күрделі және шым-
шытырақ саяси жүйе. Біз дербес ұлттық мемлекеттің жауапты
парламентарлық өкілетті үкіметін ескере отырып, оны «демок­
ратия» деп атаймыз. Бұл екі институт-экономикалық және са­

яси – өткен ғасырдың соңында батыс әлемінде үстемдікке ие
болды және уақытша болсын сол кезеңдегі басты мәселелерді
шешті. Өткен ғасыр аман қалудың жолдарын іздеп тауып, біз­
ге аманат етті. Өткен ғасырда құрылған институттардың осы

күнге дейін сақталып келуі ең алдымен, біздің алдымыздағы
буынның жасампаздық қуатын дәлелдейді. Біз индустриальдық
жүйеде және парламентарлық ұлттық мемлекетте өмір сүреміз,
сондықтан осы екі институттың біздің ой-санамызға және оның

нақты өнімдеріне ықпал ететіндігі түсінікті.
Өнеркәсіптік
жүйенің
гуманитарлық

қыры
адаммен,
еңбек бөлінісімен тікелей байланысты, оның басқа аспектісі
адамның тіршілік ету ортасына бағытталған. Индустриалдық,

яғни, өнеркəсіптік жүйенің міндеті – шикізаттарды белгілі бір
өнімдерге өндеп, өзінің өндірістік қабілетін арттыру және осы
механикалық ұйымдастырылған еңбекке көптеген адамдарды
тарту. Индустриалдық жүйенің бұл ерекшелігін батыс ойы

өткен ғасырдың бірінші жартысында-ақ түсінді. Индустриалдық
жүйенің дамуы физикалық ғылымдардың жетістіктеріне
сүйенетіндіктен, индустрия мен ғылымның арасында әлде-бір
«белгіленген үйлесімділік» болды деп тұспалдауға болады1. Егер

осылай болса, онда ғылыми ойдың индустриальдық қалыпта
ұйымдастырылғанына таңдануға болмас. Кез-келген жағдайда
бұл ғылымның дамуының ерте кезеңдеріне ғана қатысты, ал
қазіргі ғылым, тіпті батыс қоғамыммен салыстырғанда да

тым жас, өйткені дискурсивті ойлау үшін алдымен жеткілік­
ті эмпирикалық деректер жинақтап алу қажет. Бірақ бұл тәсіл
кейінгі уақыттарда арнайы ғылыми ортамен байланыспаған,

жансыз табиғатқа емес, Өмірге бағытталған білімнің көптеген
аймақтарында, тіпті адамдық әрекеттік әртүрлі формаларын
зерттейтін ойлауда кең таралымын тапты. Тарихи ойлауда
өзіне жат индустриальдық жүйенің құрсауында қалды, атап

айтқанда адамдар қарым-қатынасын зерттейтін салада қазіргі
батыстық өнеркәсіптік жүйе көпшілік онда өмір сүріп, еңбек
етуді қаламайтын режим екендігін көрсетті.
Бұл жерде Теодор Момзеннің өмірі мен шығармашылығын

мысалға келтіруге болады. Жас Момзен батыстық тарихи
әдебиеттің үлгісі болып қалатын қомақты еңбек жазды. Оның
«Рим республикасының тарихы» еңбегі 1854-1856 жж жарық
көрді. Бірақ кітаптың жарыққа шыққаны сол еді, автор өз

еңбегінен өзі ұялып, бар күш-қуатын басқа арнаға салуға тал­
пынды. Момзен қалған өмірін латын жазбаларының толық
жинағын құрастыруға және рим конституциялық құқының
энциклопедиялық жинағын шығаруға арнады. Бұл тұрғыда

Момзен индустриальдық жүйенің мәртебесі үшін өзін
«интеллектуальдық жұмысшыға» айналдыруға дайын тұрған
ұрпақтың өкілі, өз дәуірдің кәдуілгі батыс тарихшысы ретін­
де көрсетті. Момзен мен Ранке уақытынан бастап тарихшылар

күш-қуатының басым бөлігін шикі материалдарды-жазбаларды,
құжаттарды және т.б. жинауға, оларды антология түрінде немесе
мерзімді баспалар үшін жеке мақалалар жариялауға жұмсады.
Жинақталған деректерді өңдеуде ғалымдар жиі-жиі еңбек

бөлінісіне жүгінді. Соның нәтижесінде томдар сериясымен
шығатын көлемді зерттеулер пайда болды, бұл тәжірибе қазіргі
уақытта да Кембридж университетінде қолданылады. Мұндай
сериялар – адами еңбекқорлықтың, «фактографиялықтың»

және біздің қоғамымыздың ұйымдасушылық қуатының ес­
керткіші. Олар адам таңғаларлық туннельдердің, көпірлер
мен плотиналардың, лайнерлер мен крейсерлердің, зәулім
үйлердің қатарынан өз орнын алады, ал олардың авторларын

Батыстың атақты инженерлерімен бірге еске алады. Тарихи
ой патшалығын жайлаған индустриальдық жүйе ұлы страте­
гтерді дүниеге әкелді және жеңіске жетіп, көптеген олжалар­
ды иемденді. Бірақ ойшыл оқырман қол жеткен жетістіктерге

күмәнмен қарауға құқылы, ал жеңістің өзі жалған сәйкестіктен
туған адасушылық болып көрінуі мүмкін.

Қазіргі уақытта өз семинарларын «лабораториялар» ретін­
де айқындатын және мүмкін мұны түсінбесе де, «қайталанбас
зерттеу» ұғымын бұрын белгісіз болған жағдаяттарды ашумен
немесе верификациялаумен шектейтін тарих оқытушылары

жиі кездеседі. Ол ол ма бұл ұғым мерзімді басылымдар мен
жинақтарда көрініс тапқан тарихи мақалаларға да тарала бас­
тады. Бір адам жазған тарихи жұмыстарды дұрыс бағаламау
тенденциясы бірден көзге түседі және бұл бағаламау жалпы

тарихқа қатысты еңбектер туралы айтқанда ерекше байқалады.
Мысалы, Герберт Уэллстың «Тарих очерктерін» көп мамандар
ашық өшпенділікпен қабыл алды. Олар автор жіберген барлық
дәлсіздіктерді, оның фактологиядан саналы түрде бас тартуын

аясыз сынға алды. Олардың Г. Уэллстің өз қиялында адамзат
тарихын қалпына келтіре отырып, солардың қолы жетпеген,
ойлай да алмаған әлде неге қол жеткізгенін түсінуге қабілеті
жете бермес. Герберт Уэллс кітабының маңыздылығын сол

уақыттағы аз ғана мамандар шоғыры емес, қалың оқырман
қауымы бағалады.
Тарихи ойлаудың индустриализациялануының терең бойла­
ғаны соншалық, өзінің кейбір көріністерінде индустриальдық

рухтың гипертрофияланған патологиялық формаларына жет­
ті. Күш – қуаттарын толығымен шикізатты жарыққа, жылуға,
қозғалысқа және әртүрлі тұтыну бұйымдарына айналдыруға
шоғырландырған индивидтер мен ұжымдар табиғи ресурстар­

ды ашып, пайдалану бұл процестердің нәтижелері адамзат үшін
қаншалықты құнды екеніне қарамастан өз-өздігінен құнды
әрекет деп ойлауға бейім. Еуропалықтар үшін мұндай ой өрісі
американдық бизнесменнің белгілі бір типін сипаттайды, бірақ

бұл тип, шын мәнінде, барлық батыс әлеміне тән тенденцияның
тым өрескел көрінісі. Қазіргі заманғы еуропалық тарихшылар
тепе-теңдіктер бұзылуының нәтижесі болып табылатын қазіргі
осы дерттің олардың да санасына тән екенін байқамауға талпы­

нады.
Қышшының өз саз балшығының құлына айналуға дайын
тұруы айқын аберрация болып табылатындығы соншалық,
оған сәйкес келетін өзгерісті іздеген кезде тарихи зерттеуді

өнеркәсіптік өндіріс үдерісімен салыстырмай-ақ қоюға бо­
лады. Сайып келгенде өнеркәсіпте де шикізатпен көз байлау

да нәтижесіз болып табылады. Жолы болатын кәсіпкер – бұл
қайсы тауарға немесе қызмет түріне экономикалық сұраныс
болатынын бірінші болып болжап, осыған байланысты жұмыс
күшін пайдалана отырып шикізатты қарқынды қайта өңдеуді

бастайтын адам. Өз-өздігінен алынған шикізатта, жұмыс күші
де оны еш қызықтырмайды. Басқа сөзбен айтқанда ол табиғи
ресурстардың құлы емес, болашаққа жол ашқан өнеркәсіп
кемесінің капитаны.

Адамдарға немесе жануарларға жансыз заттар ретінде қарау­
дың салдарының апатты болатыны белгілі. Осыған ұқсас іс-қимыл
идеялар әлемінде де қателіктен ада болмайды деп неге ойламасқа?
Біз неліктен жансыз табиғаты талдау үшін жасалған ғылыми тәсіл

адамдар мен олардың әрекетін зерттеуді қамтитын тарихи ойлауға
да қолданылуға тиіс деп санауымыз керек? Тарих профессоры өз
семинарын «зертхана» деп атағанда, ол сол арқылы өзінің табиғи
ортасынан шеттелмей ме? Екі атауда – метафора, бірақ олардың

әрқайсысы тек өз аймағында ғана орынды. Тарихшының семи­
нары – бұл тірі жандардың жанды адамдар туралы жанды сөздер
айтатын питомнигі. Физиктің зертханасы өлі табиғи шикізат­
тан жасанды немесе жартылай жасанды бұйымдар жасала­

тын шеберхана болып табылады немесе осыған дейін солай
болып келді. Бірақ бірде бір практик фабриканы питомник­
тік негізде ұйымдастырмайтыны сияқты питомникті фабри­
ка принциптерінде ұйымдастырмайды. Ғалымдарда идеялар

әлемінде тәсілдерді дұрыс қолданбаудан сақтануы керек. Біз
жансыз объектілерге жан бітіріп, рухтандыратын «патетикалық
адасушылықтар»2 туралы жақсы білеміз. Бірақ қазіргі уақытта
біз қарама-қарсы «патетикалық адасушылықтың» құрбаны бо­

лып отырмыз, оған сәйкес жанды тіршілік иелеріне жансыз
бұйымдарға қалай қарасақ солай қарауға болады.
Егер индустриальдық жүйе қазіргі Батыс өмірін айқындайтын
бірден бір институт болатын болса, оның батыс тарихи ойына

ықпал ету беделі өз салмағының ауыртпалығынан құлап түсер
еді, өйткені оған тән тәсілдер тарихи зерттеулерге қажетті еңбек
бөлінісінің тек ең соңғы жағдайларында ғана қолданылады.
Адамзат өнеркәсіптен еңбек бөлінісі әкелетін игілікті ғана

мойындады. Осыған ұқсас пікір жаратылыстану саласына да та­
ралды. Біздің интеллектіміз физикалық табиғаттың іс-қимылды

жүзеге асыруға жарамды жекеленген көріністерін қармап қалу қасиетіне ие деген А. Бергсон пікірімен келісуіміз керек шығар. Алайда, тіпті егер адам ақылының қайталанбас құрылымы осыған саятын болсада және егер ойлаудың басқа тәсілдері бізге табиғи емес сияқты болып көрінседе, дегенмен А. Бергсон назар аударған адами қабілет – дүниеге жансыз табиғатқа сияқты емес, тұтатық ретінде ондағы тіршіліктің бар немесе жоқ екендігін терең сезі­ не отырып қарау қабілеті бар*. Өмірдің тұтастығын осылайша терең қамтып, түсінуге деген ұмтылыс тарихшылар ойлауына тән, сондықтан индустриальдық жүйеге тән еңбек бөлінісінің қажытқаны соншалық, егер тарихқа деген тұтас көзқарасты та­ рихи ойлауды индустриализациялаумен біріктіре алатын екінші бір басым институт болмағанда олар еңбек бөлінісінің тирани­ ясына қарсы көтерілер еді. Осындай екінші институт «егеменді мемлекет» болды. Қазіргі біздің «демократиялық» ғасырымызда ол ұлттық бірлік рухымен қанаттанады. Белгілі бір уақытта және белгілі бір қоғамда басым болған инс­ титут оның көз шырмауында қалған тарихшылардың дүниетанымы мен әрекетіне ықпал ететіндігін біз тағы да атап өтуге тиістіміз. Ұлт рухы – бұл жаңа шараптың ескі трайбализм өңіндегі ашытқысы3. Қазіргі батыс демократиясының мұраты іс жүзіндегі саясатты христиандық жалпылама бауырластық сезімімен толықтыру, бірақ шындығында саясат жаугерші және алаулаған ала ауыздыққа толы болып шықты. Сонымен, қазіргі батыстық демократиялық мұрат бір-біріне толық қарама-қарсылықтағы екі рух пен екі күшті татуластыруға талпынуға келіп саяды. Индустриализм мен ұлшылдық батыс қоғамында бір ғасыр бойы (шамамен 1875 ж. дейін) үстемдік еткен екі күш (индутри­ ализммен және демократиядан да басым). Өнеркәсіптік револю­ ция және ұлтшылдықтың қазіргі формасы ол кезде бірігіп әрекет етті, «ұлы империяларды» құрды, олардың әрқайсысы өз ішінде­ гі ғарышқа айналғандай болып жан-жақты қамтуға талпынды. Әрине, бұл талпыныс ақталмады. «Ұлы державалардың» бірден көп болу фактісінің өзі олардың бірде біреуінің толықтай әмбебапты болуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Бірақ кез-кел­ * Бұл идеяларды А. Бергсон өзінің «Творчестволық эволюцияларында» айтқан-ды, бірақ оларды А. Бергсоннан жүз жыл бұрын Тюрго «Жалпы тарих туралы екі ой аясында» еңбегінде болжап кеткен. – Қар.: Oeuveres de Turgot, vol. ІІ, Parіs, 1844, p. 654.

ген ұлы держава қоғам өміріне жемісті ықпал етіп отырды,
сондықтан белгілі бір мағынада ол өзін бүкіл дүниенің орталық
өзегі ретінде қарастыра алады. Әрбір ұлы держава бүкіл дүниені
алмастыруға талпынды, өйткені ол өз өзіне тұйықталған және

өз өзіне толымды болды. Бұл талаптар тек экономика мен са­
ясат саласына ғана емес, сондай-ақ рухани мәдениет саласы­
на да тарады. Ұлы державалардың тұрғындарына тән осындай
ойлау образы біртіндеп кішкене елдердің өкілдеріне таралды,

сөйтіп батыстық барлық ұлттар – ең ірілерінен ең кішкенелері­
не дейін – өз өмірлерін өздері ұйымдастыру мен барлық басқа
әлемнен тәуелсіз болудың егеменді құқын қорғай бастады. Бұл
талаптың табандылықпен қорғалып, кеңінен қабылданғаны

соншалық, батыс әлемінің бірлігі мен тіршілік етуіне күмән
туды. Күнделікті өзгермелілікке қарама-қарсы тұрған Өмірді
тұтастық ретінде сезінудің терең ішкі қажеттілігі туында­
ды. Бұл сезім аз ұлттарды да және олар құрамына кірген

қауымдастықтарды да қамтыды. Ұлттық топтардағы осындай
әлеуметтік эмоциялардың қоюлануы барлық жерде кездесті
және тарихшылардың оған деген иммунитеті басқалардікінен
күшті болған жоқ. Шынымен ұлтшылдық рухы тарихшыларға

үлкен үндеу тастады, өйткені ол белгілі бір дәрежеде тұтастыққа
деген іштей ұмтылысты индустриальдық еңбек бөлінісімен
ымыраға келтіруге талпынды. Өзін индустриалдық принцип­
терде қалыптасқан «жалпылама тарихқа» қарама-қарсы қою

тіпті, ең дарынды, ең пысық индивидуум үшін де оңай ша­
руа емес. Міне, сондықтан көзқарас бірлігін іздегенде тарих­
шы әмбебаптылықтан бас тартады, өйткені ғылыми-зерт­
теу мақсатын тарылту кез-келген тарихи ланшафтқа жаңаша

қарауға алып келеді. Өз ізденістерінде ол қайтадан бірлікке қол
жеткізгенде және осы мағынада әлде бір әмбебаптылыққа жет­
кенде оның интеллектісін оның әлеуметтік сезімімен татулас­
тыру мәселесі туындауы мүмкін, бірақ бұл ішкі қайшылықты

ұлтшылдық рухымен шешу көзделді.
Ой өрбітудің бұл кескінде ұлттық көзқарас қазіргі батыс та­
рихшылары үшін анағұрлым тартымды және әртүрлі жолдармен
ол тарихшылардың ақылын жаулап алды. Олар оны балалық

шақтарынан бастап осы идеялар рухында тәрбиеленгендіктен
ғана емес, бастапқы материал тұрақты ұлттық дерек болып

табылғандықтан да қабылдады. Олар өңдеуге тура келген ең
бай «кен орындары» қоғам үшін ашылған батыс үкіметтерінің
мұрағаттары болды. Осы бір ерекше табиғи дереккөздердің
таусылмастығы олардың өнімдерінің ұлғаюына алып келді.

Осылайша тарихшылар әрекетінің бағыттылығы жартылай
олардың кәсіби шеберлілігімен, жартылай-психологиялық
сипаттағы мәселелермен, жартылай – уақыт рухы деп атала­
тынмен анықталды.

Батыс қоғамы қазір өткен ғасыр ситуациясын сипаттаған,
қазіргі заманғы тарихшыларының ақылының формасын
қалыптастырған ғасырдағыдай басым орын алмайды. Шама­
мен 1875 ж. дейін үстемдік еткен екі институт – индутриализм

мен ұлтшылдық бірігіп қимылдап, ұлы державаларды құрды.
1875 жылдан кейін кері процесс басталды: индустриальдық
жүйе өзінің белсенділігін бірден қарқындата бастады, оның
әрекетінің өрісі жаһанды сипатқа ие болды, ал ұлтшылдық

жүйесі болса тереңге, ұлттық азшылықтардың санасына сіңіп,
оларды өздерінің егеменді ұлттық мемлекеттерін құруға итерме­
леді (соңғылары олардың лидерлерінің жобаларына қарамастан
ұлы держава болып қалыптасуды қойып, экономикалық, саяси

және мәдени тұрғыдан тәуелсіз кішкене мемлекеттер құруға да
қабілетсіз).
1914-1918 жж дүниежүзілік соғыс бір ғасырға жуық
уақыт бойы байқалмай пісіп-жетіліп келген тенденция­

ны жоғары қабатқа алып шықты. 1914 жылы өмір сүрген
сегіз ұлы державалардың бірі 1918 ж қарай саяси картадан
мүлдем жоғалып кетті, ал жарымжан болған екеуі простра­
ция жағдайынан шыға алмады, ал жақсы жаман болсын аман

қалғандарының бірі «өзін өзі басқаратын доминиондарды»4
іздеу жолында жанын салып қайта құрыла бастады. Жарты­
лай революциялық, жартылай эволюциялық осы өзгерістердің
жалпы шешімі бірдей. Әлемдік аренаны ұлы державалар жа­

улап алды, олардың әр қайсысы тұйықталған универсум бо­
лып табылды. Жаңа ғасырдағы қоғамдардың ерекше сипа­
ты ұсақ мемлекеттердің өзара тәуелділігі болып табылады.
Олардың бірқатары (мысалы, Британия метрополияларының

доминиондары) толықтай тәуелсіз бірліктер болып табыл­
майды, басқалары (Чехословакия, Австрия, Венгрия) теңіз

жағалауларынан айырылған, үшіншілерінде айқын көрінетін
немесе қайталанбас нағыз ұлттық мәдениет жоқ. Сонымен
қатар жаңа әлемде ұлы державалар да кішкентай болып көріне
бастады және әлемдік аренаға шыққан индустриализм олардың

экономикалық дамуын тежеді. Барлық мемлекеттер өз бетінше
экономикалық тұрғыда тіршілік ете алмайтынын тең дәрежеде
сезіне бастайды және немесе әскери, қаражаттық, тарифтік,
миграциялық саясатқа қарсы шығады немесе Ұлттар Лигасы

секретариаты мен Женевадағы Халықаралық еңбек бюросы
төңірегінде құрылған халықаралық техникалық ұйымдардың
көмегіне жүгінеді.
Осындай әртүрлі тенденцияларды бір формулаға біріктіруге

болады: өткен ғасырдағы қоғамдық өзіндік сананың ерекшелігі
өзін, өз қоғамын тұйық универсум деп санауға ұмтылу болса,
біздің ғасырымызда қоғамдық санадағы бастысы өзін анағұрлым
кең универсумның бір бөлігі ретінде сезіну болып табылады. Бұл

өзгеріс 1875 жылы шарықтау шегіне жеткен толысудың соңына
және егер ол бұрынғы, батыс тарихындағы ортағасырлық деп
аталатын фазаны қайталауды болжамдайтын болса төрт ғасырға
созылатын кемудің басталуына меңзейді. Орта ғасырларда батыс

қоғамының санасы әлде бір басшылық пен орталықты рәміздейтін
папалық пен Қасиетті Рим империясының ықпалында болған еді,
ал корольдіктер мен муниципальды қалалар мен аймақтар және
тағы басқа жергілікті мекемелер бағынышты және шеткі жақтар

ретінде қабылданды5. Қалай десекте, саябырсу осы бағытта
жүріп жатқан сияқты – бұл жерде нақты болу қиын, өйткені бет
бұрыстан кейін көп уақыт өте қойған жоқ.
Егер бұл бақылау дұрыс болса және егер тарихшы өз ойлары

мен сезімдерінде өзі өмір сүріп отырған ортаның ықпалынан
алыс кете алмайтыны (абстракцияланбайтыны) шын болса, онда
біз жақын болашақта батыс тарихшыларының көзқарастары
мен ғылыми қадымдарында өзгерістер болады деп үміттене

аламыз. Бұл батыс қоғамын тұтас қамтыған өзгерістерге сай ке­
леді. Дәл осы өткен ғасырдың соңында тарихшылардың еңбегі
индустриальдық жүйемен толық үйлесімділікте болды, ал
олардың көзқарастары ұлтық идеямен қамтылды және сонымен

байланысты болды. Бірақ жаңа ғасыр бір ұлттың шеңберімен
шектелмеген зерттеу ауқымын анықтады және ғалымдар

өз тәсілдерін анағұрлым кең ауқымдағы интеллектуалдық
операцияларға бейімдеуге мәжбүр болады.
Сонда екі сұрақ туындайды: «тарихи зерттеудің ақылмен
танылатын6 ауқымы қандай» және «нақты тарихи, әлеуметтік

жағдайлармен салыстырылмайтын, тарихшыға тәуелсіз тарихи
зерттеулер ауқымының болуы мүмкін бе?» Біздің осыған дейін­
гі зерттеулеріміз бізді тарихи ойлау тәсілі ойшыл кездейсоқ
душар болған дәл сол сәттегі әлеуметтік ортаның ықпалында

болады деген қортындыға әкелді. Егер бұл ықпал соншалықты
күшті болып, соның арқасында ойшылдың санасында апри­
орлы категориялар қалыптасса, онда қойылған сұраққа жау­
ап берілді деп санауға болады. Бұл тарихи ой мен әлеуметтік

ортаның салыстырмалылығы шартсыз және сондықтан тари­
хи әдебиеттер ағымынан әлде бір тұрақты форманы іздеудің
қажеті жоқ дегенді білдіреді. Тарихшы егер ол осы, нақты өз
заманының қоғамының ықпалын талдау арқылы өзінің ойлау

әрекетінің морфологиясын тануға қабілетті болса, онда ол
өткенге тиесілі қоғамдық құрылымдарды талдау мүмкін емес
екендігін мойындауға тура келеді. Бірақ бұл тұжырым әзірше
біздің тоқтамдарымызға қайшы келмейді. Осыған дейін біз

тарихи ойдың алдыңғы қатарындағы салыстырмалылықтың
ұшқындарын ажырата алдық, мүмкін осы фактініні белгілеу–
тарихи ойдың артқы қатарындағы тұрақты және абсолютті объ­
ектіні бекемдеудегі бірінші қадам болар. Сондықтан біздің ке­

лесі қадамымыз орынмен және уақытпен шартталған қабылдау
ерекшеліктеріне тәуелсіз тарихи зерттеудің ақылмен танылатын
өрісінің болу мүмкіндігін зерттеу болып табылады.

ТАРИХИ ЗЕРТТЕУ ӨРІСІ

Ұлыбритания
мысалы.
«Тарихи
зерттеудің

ақылға
қонымды өрісін» анықтауды мақсат ете отырып, оны бүгінгі
таңдағы батыс тарихшысының зерттеуінің әдеттегі объек­
тісі – ұлттық мемлекеттен бастаған абзал. Батыстың әртүрлі

ұлттық мемлекеттерінің ішінен өзге де тең жағдайларда бүгінгі
таңдағы тарихшының зерттеу мұратына анағұрлым сәйкес ке­
летінін таңдап алайық.
Біздің мақсатымызға жарамды мысалдардың бірі –

Ұлыбритания. Ол тек қана ұлттық мемлекет емес, сонымен
қатар ұлы держава да болып табылады. Тарихи жалғастылықты

бұзбай әрі өзінің жеке даралығын сақтай» отырып, тек екі ғасыр
бұрын ғана бөлініп шыққан Оның ажырамас құрамдас бөлігі –
Англия1, Еуропа тарихында орны мысалы, Франциянікі секілді.
Дегенмен, Англияның Еуропа тарихындағы алатын орны ерек­

ше. Сонымен қатар, біріншіден, географиялық жағдайлардың
күшімен, екіншіден, ол ең жоғарғы творчестволық даму мен
қуаттылық жағдайында тұрған кезеңін бастан өткізіп жатқан
кезінде оның мемлекеттік қызметкерлері жүргізген өзіне тән

саясатының күшімен, Англия біршама оқшауланғандықтан біз
таңдап алған мысал мақсатымызға өте сай келеді. Егер де оның
географиялық оқшаулығын алатын болсақ, қалай болғанда
да, континенталды Францияның шекараларына қарағанда

арал жағажайлары неғұрлым нақты шекараны құрайды. Ал
Британияның саяси оқшаулығына келер болсақ, ол Батыс та­
рихында alter orbіs («өзге жер») секілді болды, алайда бұл
орта ғасырлар үшін нақты емес, өйткені Ла-Манштың кон­

тиненталды жағасындағы соңғы иеліктер 1558 ж. жойылған
болатын2. Әрине, бұл «ұлы жалғыздықтың» деңгейін асыра
сілтеуге болмайды. Ұлыбритания өзіне ешқашанда континен­
талды елдермен қакрым-қатынасты елеп-ескермеуге немесе

бәсекеге күштер тепе теңдігі қойылған еуропалық соғыстардан
жалтаруға жол берген емес. Егер де күштер тепе теңдігі сәтті
сақталса, біржақты оқшаулық та дәл сондай мұқияттылықпен
қорғалатын еді. Ұлыбританияға таңылған «өзге жер» атағы

– континенталдық Еуропадан ерекшеленген әлемді ғана емес,

барлық еуропалық емес континенттер мен алыс аралдарды
білдіретін ұғым. Өзінің әпкесі Америка Құрама Штаттары
секілді Ұлыбритания анықталмаған әлде бір арманды жос­
пар бойынша күшке ерік беріп, жаңа әлемді орнату үшін ескі

әлемнен бөлінген болатын. Алайда, оның оқшаулануы, мүмкін
анағұрлым маңызды жәйт болып табылғандығын тағы бір атап
өтпеске болмас. Шындығында, оқшау қала отырып, осындай
ұзақ уақыт бойы еуропалық тарихта елеулі рөлді атқарған дәл

осындай басқа бір еуропалық елді табу оңайға соқпас. Соны­
мен, егер де Ұлыбритания (Англияның мұрагері мен мирасқоры
ретінде) «тарихи зерттеудің ақылға қонымды өрісі» бола ал­
майтын болса, біз өзге ешбір еуропалық держава осы тектес

сынақтан өте алмайды деген қорытынды жасай аламыз.

Яғни, Англия тарихы өз өздігінен ақылмен таныла ала ма? Біз
Англияның ішкі тарихын оның сыртқы қатынастарынан бөліп
алап, абстрактілі түрде қарастыра аламыз ба? Егер қарастыра
алатын болсақ, сыртқы қатынастарды туынды, қосалқы деп айта

аламыз ба? Ал оларды саралай отырып Англияның өзге әлемге
тигізген ықпалымен салыстырғанда, Англияға сырттан келген
әсерлердің түкке тұрғысыз болғандығын дәлелдей аламыз ба?
Егер де осы сиқты сұрақтардың барлығына мақұлдайтындай жа­

уап ала алатын болсақ, онда өзге елдердің тарихын Англияның
тарихымен салыстырмай түсіне алмаймыз да, ал англиялық
тарихты ештеңеге сілтеме жасамай-ақ дербес түсінуге болады
деген тұжырым жасай аламыз. Негізгі кезеңдерін атай отырып,

Англия тарихына қысқаша шолу жасау арқылы осы сұрақтарға
жауап беріп көрейік.
Сонымен, егер де тарих беттерін кері бағытта қарастыратын
болсақ, олар келесідей тәртіпте қалыптасады:

а) индустриалдық экономикалық жүйенің қалыптасуы
(XVІІІғ. соңғы ширегінен бастап)3;
ә) жауапты парламентарлық үкіметтің құрылуы (XVІІғ.
соңғы ширегінен бастап)4;

б) теңіз экспансиясы (XVІ ғ. үшінші ширегіндегі тропикалық
елдердің ашылуымен, қоңыржай климаты бар теңіздің арғы
жағындағы елдерде ағылшын тілінде сөйлейтін қауымдарды
құрумен шартталған теңіз қарақшылығынан және әлемдік

сауданың біртіндеп дамуынан басталады)5;
в) Реформация (XVІ ғ. екінші ширегінен басталады)6;
г) Ренессанс, оның саяси, экономикалық, интеллектуалдық
және көркемдік аспектілерін қоса алғанда (XV ғ. соңғы

тоқсанынан бастап)7;
д) феодалдық жүйенің қалыптасуы (XІ ғ. бастап)8;
е) қаһармандық деп аталатын ғасырдағы ағылшындардың
батыс христиандығы дініне өтуі (VІ ғ. соңы)9.

Тіпті осы бір қысқа шолудың өзі біз тарихи уақыт қойнауына
қаншалықты тереңдей түскен сайын, оқшаулану фактісінің
мағыздылығының
соншалықты

төмендей
түсетіндігін
байқатады. Ағылшын тарихындағы барлық оқиғалардың бас­
тауы ретінде бағалауға болатын христиандықтың қабылдануы

осыған тікелей дәлел бола алады. Көптеген ыдыраңқы варварлық

қауымдарды біріктірген бұл акт болашақ батыстық қоғамның
ортақ жетістігіне жол ашты. Ал феодалдық жүйеге тоқталар
болсақ, оның алғашқы жапырақтарының ағылшын жерінде
нормандық басып алуға дейін таралғандығын П.Виноградов

керемет дәлелдеп берді*. Алайда, дәл осылай болған күнде де,
өсу сыртқы фактордың әсерінен – осыған ұқсас Францияға әсер
еткендей, скандинавтық тайпалар қозғалысының бір бөлігі бо­
лып табылған даттық басып алудың ықпалынан болған еді10.

Ал нормандық басып алу, мүмкін, ұрығын сеппегенімен егіс
алқабының жылдам дәндеуіне ықпал еткені сөзсіз. Сонымен,
Англиядағы фодалдық жүйенің қалыптасуының кез келген үлгісі
ең болмаса ортақ көрініске Францияны немесе Скандинавияны

қосып қарастырмайынша түсініксіз немесе ақылға қонымсыз бо­
лып көрінеді десек дұрыс болар. Ал Ренессансқа келер болсақ,
саяси және мәдени аспектілерінен алып қарағанда ол Солтүстік
Италиядан келген леп болды. Егер де Солтүстік Италияда гу­

манизм, абсолюттілік пен биліктің тепе теңдігі екі ғасыр бойы,
шамамен 1275-1475 жылдары аралығында (өсімдіктердің жылы
ылғалды жерде өсірілуі секілді) дамуын таппаған болса, 1475
жылдан кейін де Альпіден солтүстікке қарай дами алмас еді. Ре­

формация да таза ағылшындық құбылыс болып табылмайды. Не­
гізінен ол Солтүстік Батыс Еуропаның Прометейлерін қамтыған
ортақ қозғалыс болған, ондағы Балтық теңізі, Солтүстік теңіз бен
Атлант мұхиты жаңа әлемдерге қарай тартады, Оңтүстікті Эпи­

метеевті азат ету қозғалысы Батыс Жерорта теңізінің жоғалған
және жойылған әлемдеріне деген ынтаны қоздырады11. Рефор­
мация инициативасы Англияға тән емес12 және Атлантикалық
жағалаулардағы еуропалық елдердің теңіздің ар жағындағы

жаңа елдерді басып алуға жарысы кезінде Англия оны бірінші
болып қолданған жоқ. Англия күреске кейінірек қосылғанына
қарамастан, державалар арасындағы бірнеше ғасырға созылған
шайқастар легінен өз ұтысын жеңіп алды. Мұхит теріскейін­

дегі жаулап алулардағы Англияның жетістіктерін түсіну үшін
барлық ортақ еуропалық соғыстардың салдарларын бағалай
отырып, XV ғ. соңғы ширегінен басталған еуропалық тарихтың
құбылмалығын ескеру керек те, одан кейін ой өрісін бүгінгі

таңдағы батыс әлеміне дейін кеңейту қажет.
* Қар.: Vіnogradoff, Paul. Englіsh Socіety XYІІ. Oxford, 1908.

Ағылшын тарихының соңғы екі тарауын қарастыру қалып
отыр: басқарудың парламентарлық жүйесінің пайда болуы мен
индустриалдық жүйенің пайда болуы, бұл институттар тек қана
ағылшындарға тән және әлемнің өзге бөліктеріне кейінірек

таратылған институттар ретінде қарастырылады. Ағылшын
тарихының бұл тараулары біздің мақсатымыз үшін шешуші
болып табылады және сондықтан бұл жағдайда осы саладағы
танылған бедел иелеріне жүгінген қисынды. Парламентарлық

жүйеге қатысты лорд Актон о Генрих ІV мен Ришелье
дәрістерінің үзіндісіне жүгінген жөн. «Әрине, жалпы тарих
ұлттық болып табылмайтын күштерге тәуелді болады, бірақ
анағұрлым жалпы себептердің салдарлары да бар. Франциядағы

корольдіктің дамуы – бұл Англиядағы осы тектес қозғалыстың
бір бөлігі. Бурбондар мен Стюарттар бір заңға бағынғанымен
нәтижелері әртүрлі болды»*.
Басқаша

айтқанда,
Англия
жерінде
көрініс

тапқан
парламентарлық жүйе Англияға тән күштің өнімі болған жоқ,
бірақ ол Англияда да, Францияда да бір кезде әрекет етті13.
Ағылшын өнеркәсіптік революциясына тоқталар болсақ,

оның пайда болуын осы саладағы екі ірі маман – мистер және
миссис Хаммондтар сипаттаған болатын. «Неге бұл револю­
ция XVІІІ ғ. Англияда басталды? Атлантиканың сауда үшін
маңыздылығы ертеректегі Жерорта теңізінің маңыздылығандай

болды. Колумбтан кейін Атлантикадан шығуды іздегендер ең
белсенді көпестер ретінде танылды. XVІІІ ғасырдың сауда
жасаушы халықтары арасында географиялық орналасуы, кли­
маты мен тарихының өрбу барысы жағынан ағылшындардың

позициясы ең ұтымды болды. Испандықтар Жаңа Әлемге тек
саяси тұрғыдан ғана бақылау орнатқан болатын, ал олар Амери­
кадан сыртқа шығарған байлықтары өнеркәсіпті дамыту үшін
қолданбады. Басқа жағынан алғанда, Америкадағы ағылшын

отарлары алтыны мен күмісі аз жерлерде шоғырланған еді.
Олардың форпосттары біртіндеп британдық тұтыну тауарла­
рын қажет ететін қауымдарға ұласа бастады, ал олар үйлеріне
отарланған елдерден өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдерді

жіберіп отырды... Еуропадағы оқиғалар да Англияның
өнеркәсібінің тез дамуына ықпал етті, өйткені XVІІ-XVІІІ ғ.ғ.
* Lord Acton. Lectures on modern Hіstory. London, 1906.

еуропалық соғыстар континенттерге қарағанда бұл жерлер­ ге аз зиянын тигізді. Англиядағы XVІІ ғасырдағы діни және саяси күрес конституцияны қабылдаумен және саудаға оң көзімен қарайтын үкіметтің құрылуымен аяқталды. Францияға қарағанда Англияның артықшылықтары – азаматтық құқық, ішкі сауданың бостандығы, ақсүйектердің сауда-саттыққа қызығушылық танытуы, Стюарттар кезеңінен басталған мем­ лекеттік бақылауға деген сенімсіздік пен діндегі шыдамдылық болды. XVІІІ ғасырдағы саясаттағы, дін мен өмір салтындағы тоқыраулар өнеркәсіптің шоғырлануын жылдамдатты. Шо­­ғыр­­лану өз кезегінде техникалық жаңалықтарға деген қызығушылықты қоздырды, математиканың дамуы мен физика­ лық ғылымдардағы ашылған жаңалықтар осыған негіз бол­ ды. Міне сондықтан да Англия өнеркәсіптік төңкеріс үшін ең лайықты алаң болып шықты»*. Ағылшын тарихының таза ұлттық деп танылатын осы са­ ласына қатысты бұл беделді пікірлер біз үшін аса қызықты болып табылады. Ол Англияның ішкі тарихына қытысы бар және оны индустриалдық ел ретінде танытқан жағдайлардың тек ағылшындарға ғана тән екендігін дәлелдейді. Алайда онда сонымен қатар, Англияның сол кездегі әлемдегі жалпы және географиялық жағдайы да, билік тепе-теңдігі жүйесіндегі саяси жағдайы да ескеріледі. Егер де осы жағдайлардың барлығына мән бермейтін болсақ, онда Англиядағы индустриалдық жүйенің қалыптасуы секілді тарихи жағдайларды түсіну қиынға соғады. Сондықтан, өз өздігінен алынған Ұлыбританияның «тарихи зерттеудің ақылға қонымды алаңы» бола алмайтындығы айқын білінеді. Тек қана ұлттық шеңбермен шектелген зерттеу алаңын қолдайтын зерттеуші өз тарапын оқиғалардың болашақта өрбуіне сілтеме жасау арқылы өз позициясын қорғап қала ал­ майды, өйткені ара қашықтықтарды қысқартқан, халықаралық сауданы дамытқан, оның көлемін көбейткен, су астында жүзетін кеме мен ұшақты ойлап шығарған өнеркәсіптік революцияның халықаралық ынтымақтастық үшін әлі әлем тарихы білме­ ген ірге тасты қалағаны күмән туғызбайды. Яғни, жеке алып қарастырар болсақ, Ұлыбританияның ұлттық тарихы «тарихи * Hamond, J. H. And Barbara. The of Modern Іndustry. London, 1925, Pref­ ace, pp. VІІ-ІX

зерттеудің ақылға қонымды алаңы» болмайды және болған да
емес, ал егер бұл ой Ұлыбританияға қатысты дұрыс болса, онда
демек, басқа да өзге ұлттық мемлекетке қатысты да дұрыс бо­
лады. Сондықтан, тарихи зерттеудің ақылға қонымды алаңын

іздеуді жалғастыра отырып, біз ұлтқа қарағанда көлемдірек бір­
лікті таңдап алуымыз қажет.
Ұлыбритания бір бөлігі болып табылатын өріс. Теріс
нәтижесіне қарамастан, ағылшын тарихына қысқаша шолу

жасау оның кілтін табуға ықпал етті. Біздің назарымызды
өзіне аудартқан тарихтың бұл тараулары шындығында, осы
оқиғаларға қатысушы Франция, Испания, Португалия, Нидер­
ланды, Скандинав елдері және т.б. бастан өткерген тәжірибені

өз басынан өткеріп жатқан Ұлыбритания да соның бір бөлігі,
әрекет етуші тұлғасы болып табылатын белгілі бір қоғам
өмірінен алған деректер болды.
Тарихтың әрекет етуші күштері ұлттық болып табылмай­

ды, бірақ анағұрлым ортақ себептерден туындайды. Тек өзінің
жеке ұлттық көрінісінде ғана алсақ, оларды дұрыс түсіне ал­
маймыз және сондықтан да оларды бүкіл қоғам аясында
қарастырғанымыз жөн. Сонымен қатар, белгілі бір күш әр

бөліктерге әр түрлі әсер етеді, өйткені олардың әрқайсысы
сырттан келген әсерге өз бетінше жауап қайтарады және кері
ықпал етеді.
Қоғам өз тіршілігінің барсында бірқатар мәселелермен

ұшырасатынын және оларды өзіне ең қолайлы тәсілмен ше­
шетінінде айта кету керек. Бұл мәселелердің әр қайсысы –
тарихтың талабы. Осы сынақтардың әсерімен қоғам мүшелері
бірте берте терең жіктеле бастайды. Әр кезде біреулер жеңіледі,

ал екіншілері оңтайлы шешімін табады, бірақ біраз уақыттан
соң шешімдердің кейбіреулері жаңа жағдайларға сай бол­
май шығады да, ал екіншілері, тіпті өзгерген жағдайлардың
өзінде өміршеңдік танытып жатады. Бір сынақтан соң екіншісі

туындайдыы. Біреулері өзінің қайталанбастығын жоғалтып,
сүрең бұқараға сіңіп кетеді, ал басқалары шамадан тыс күш
жұмсап, босқа тырысып күресін жалғастыра береді, ал ақылы
жеткен үшіншілері өз өмірін жаңа жолдармен құра отырып,

кемелділіктің шыңына жетеді. Осы үрдісте біртекті сынақ
жағдайында жекелеген әрекеттерді түсіну мүмкін емес, бірақ

оны жалпы алғандағы қоғам өміріндегі оқиғалар тізбегі секілді
сынақтар тізбегі жағдайындағы өзгелердің бет алысымен са­
лыстырып отыру қажет.
Сонымен, ағылшын тарихын анағұрлым кеңірек қауымдас­

тықтың мүшелігіндегі ұлттық мемлекеттердің тарихтарымен
салыстырмайынша айқындай алмаймыз. Олардың әр қайсысы
орын алған оқиғаларға өз бетінше ерекше жауап береді. Әрбір
жағдайда біз жекеленген емес, тұтастық термині тұрғысынан

ойлауымыз қажет, тарауларды қоғамның жекелеген мүшесінің
емес, бүкіл бір қоғам өмірінің жағдайы деп көруіміз керек,
оның өкілдерінің тағдырын бақылай отырып, әрқайсысын
жеке-жеке емес, жалпы ағымда қарастырып, оларды бір хордың

дауысы секілді қабылдауымыз керек, яғни олардың дауысы
бірге шыққанда ғана мәні-мазмұнға ие болады, ал жеке-жеке
шықса жеке ноталар ретінде одан айырылып қалады. Тарихқа
осы тұрғыдан үңілер болсақ, біз оқиғалар аласапыранан тәртіп

пен құрылымды таба аламыз, сонда бастапқыда түсініксіз
болған нәрселерді түсінуімізге жол ашылады. Тарихи фактілер­
ді түсіндірудің бұл тәсілін б.э.д. 725 жылдан 325 жыл аралығы
кезеңдегі Көне Грекияның қала-мемлекеттері мысалында

түсіндіруге болады.
Ол кезде қала-мемлекеттер азық-түлік тапшылығына
ұшырады, алайда азық-түлік эллин халқында жеткілікті болды,
өйткені ауыл шаруашылығы ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз

ететіндей деңгейде қарқынды дамыған еді. Азық-түлік
дағдарысы туындаған кезде әртүрлі мемлекеттер оны шешудің
әртүрлі тәсілдерін іздей бастады. Мысалы, Коринф пен Халки­
да14 өздерінің басы артық халқын теңіздің арғы жағалауындағы

Сицилия, Оңтүстік Италия, Фракия және т.б. сияқты аймақтарды
отарлауға қолданды. Бұл жерлердің тұрғындарының саны не
тым аз, не халқы тым қараңғы болды, сондықтан олар басып
алуға қарсылық көрсете алмады. Осылайша, грек қоғамының

географиялық иеліктері отарлар есебінен өсіп отырды, бірақ
құрылымдық тұрғыдан өзгерске ұшырамады. Отарлаушылар
айналысатын ауылшаруашылығы, олардың басшылыққа алып
өмір сүрген институттары отанындағы әдеттегі бой үйренген

тұрмыс жағдайларының дәл көшірмесіндей болды.

Басқа қала-мемлекеттері өмір салтын өзгертуді көздейтін
шешімдерді іздестірді. Мысалы Спарта жер қажеттілігін эл­
лин әлемінен тысқары жердегі теңіздің арғы жағалауындағы
елдерді отарлаумен емес, жақын орналасқан Мессениядағы

грек жерлерін басып алу арқылы шешті15. Ұзақ әрі кескілес­
кен соғыстардың нәтижесінде Спарта өзінің күшті көршілерін
жаулап алып, олардың территорияларын өзіне қосты. Ал олар­
ды сақтап қалу тұрақты әскери күштің болуын қажет етті.

Қалыптасқан жағдайда Спарта өз өмірін төменнен жоғары
қарай әскери тұрғыдан ұйымдастыруға мәжбүр болды, гректің
бірқатар өзге қоғамдарындағы жойылып бара жатқан және тиім­
сіз әлеуметтік институттарды нығайта және қайта құра отырып

Спарта осылай істеді де.
Афина болса қоныс аудару мәселесіне өзгеше тұрғыдан
қарады. Бастапқыда олар оны елемегендей болды. Алайда,
тоқырау әлеуметтік көтеріліске ұласып кету қаупін төндірді.

Бірақ соның өзінде де Афина өзге жерлерді басып алу мен
иелену жолына түспеді. Олар өзінің қайталанбас шешімін
қалыптастырды. Ауылшаруашылық өндірісі сыртқа шығар­
ылуға бағытталынды, қолөнер мен сауда дами түсті, олар

экономикалық өзгерістер барысында дүниеге келген жаңа топ­
тармен билікті бөлісуге итермелеген саяси ұйымдардың қайта
құрылуына алып келді. Басқаша айтқанда, афиндік мемлекеттік
қызметкерлер оңтайлы іске асырылған экономикалық және сая­

си революциялардың арқасында әлеуметтік көтерілістің алдын
алды және сол арқылы эллин қоғамының дамуына жаңа жол
ашты. Тоқырау Эллада үшін мектеп болды деген де Перикл
дәл осыны меңзеген еді16. Афиналықтар қаншалықты деңгейде

өздері үшін өмір сүргенде эллин қоғамы тоқырауға ұшырамай
тұрып-ақ қайғыға тап болды17. Олар Эллада үшін өмір сүргенде,
Периклдың тұжырымы дұрыс болды, өйткені шамамен б.э.д.
325 жылы басталған эллиндік тарихтың жаңа дәуірінде Афи­

нада ортақ мәселелерді шешу үшін қалыптасқан жеке шешім
ретіндегі жаңа ойлар мен институттар басқа эллиндік қоғам
тарапынан (бұл институттар ол кезде грек тілді елдердің тар
аумағынан асып шығып, шекарасын анағұрлым кеңейтіп алған

еді) ортақ әлеуметтік құндылықтары ретінде қабылданған бола­
тын. Грек тарихының бұл кезеңі әдетте «эллинистік ғасыр» деп

аталады, бірақ та оны «аттикалық ғасыр» деп атаған дұрысырақ
болар еді18.
Жеке-жеке Афинаны, Коринфті, Спартаны немесе Хал­
киданы ғана емес, барлық эллиндік қоғамды өріс ретінде

қарастыратын көзқарас тұрғысынан біз бұл бірнеше қауымның
б.э.д. 725-325 ж.ж. аралығындағы даму тарихын ғана емес, бұл
кезеңнен келесі кезеңге өтудің маңызын да түсіне аламыз. Осы
тұрғыдан Халикиданың немесе Коринфтің тарихы қалыпты

түрде өтіп отырған деп айтуымызға болады, ал ол кезде Спарта
немесе Афина өздерінің қайталанбас жолдарын іздеумен бол­
ды. Бұл айырмашылықтың көзге анық байқалатыны соншалық,
тарихшылар эллин тарихының бастапқы кезінің өзінде-ақ

спарталықтар мен афиндықтардың тек өздеріне ғана тән ере­
кшеліктері болды деп ұйғарды. Дамуды осылайша түсіндіру іс
жүзінде ешқандай да даму болмады және осы екі грек халқы
өздерін дербес деңгейге қойған қасиеттерге бастапқыдан-ақ ие

болған дейтіндей ұйғарымға сай келеді. Алайда, мұндай гипоте­
за тарихи фактілерге қарама-қайшы келеді. Мысалы, Спартаға
келер болсақ, Афинада Британ археологиялық мектебі жүргізген
қазба жұмыстары көрсеткендей, шамамен б.э.д. VІ ғ. ортасында

спарталық өмір салтында еш ауытқушылық болған емес және
ол басқа да грек халықтарының өмір сүру салтына толық сәйкес
келген болатын. VІ ғ. екінші жартысында төңкерістік серпініс
орын алды және ол белгілі бір түсініктеме беруді қажет етеді.

Егер сол кезеңдегі спартандық тарихты бүкіл эллиндік әлемнің
басына түскен сынаққа берілген жергілікті жауап ретінде
қарастырар болсақ қана оған көңілге қонымды түсініктеме
бере аламыз. Эллинистік деп аталатын ғасырда барлық эллин

әлеміне кең тараған Афинаның өзіндік сипаттарын (Спартаның
жолы оныкімен салыстырғанда, тығырыққа тірейтін жол еді)
тек ауқымды тарихи зерттеу аясында ғана түсінуге болады.
Сонымен, белгілі бір бөлікті түсіну үшін біз ең алдымен

жалпыға назарды аударуымыз қажет, өйткені жалпы өздігінен
түсінілетін зерттеу өрісі болып табылады және өз-өздігінде
ақылмен танылады.
Біздің зерттеу өрісіміздің кеңістіктік кеңеюі. Алайда

ақылға қонымды зерттеу өрісі бар деген ой-тұжырымының
тәжірибелік пайдасы шамалы, өйткені біз зерттеліп отырған

өрісті оны құрайтын бөліктерден бастау ала отырып, бір
тұтастылық ретінде анықтадық. Тұтастықтың бөліктерін
тұтастықтан тыс түсіне алмаймыз, бірақ дегенмен олар айқын
нәрселер. Мысалы Ұлыбританияның нақты географиялық

жағдайы мен кеңістіктіктегі орны бар; ағылшын ұлты белгілі
бір дәуірде қалыптасады. Біз Ұлыбритания бір бөлігі ғана бо­
лып табылатын ауқымды, кең қоғамды дәл осындай оң және
нақты ұғымдарда анықтамайынша қанағаттана алмаймыз. Со­

нымен, оның көлемін алдымен Кеңістікте, содан соң Уақытта
зерттеп көрейік.
Ұлыбританияны да қамтыған қоғамның кеңістіктегі көлемін
зерттеуді алдымен ағылшын тарихына жалпы ретроспектив­

ті бақылау кезінде біздің назарымызды аудартқан тарауларды
қарастырудан бастаған жөн. Тарих тарауларын бастапқыда
қарастырған кезде біз олардың қоғам өміріндегі оқиғалардың
тізімі ғана екендігін және оған қатысты Ұлыбритания мен

өзге де «аралас» елдердің оның тек бір бөлігі ғана болып
табылатындығын байқадық. Яғни, біз тарихи зерттеудің ақылға
қонымды өрісі кез келген ұлттық мемлекеттен ауқымдырақ
екендігі туралы фактіні анықтадық. Бізді қызықтыратын

ақылға қонымды зерттеу өрісінің сыртқы кеңістіктік шекара­
лары қайда екендігін анықтау үшін бұл тарауларды қайтадан
қарастырайық.
Егер де біз соңғы тарау – индустриалдық жүйенің

қалыптасуынан бастайтын болсақ, ол көздеп отырған ақылға
қонымды зерттеу өрісінің географиялық ауқымы бүкіл
әлемді қамтитындығын көреміз. Англиядағы өнеркәсіптік
төңкерісті түсіндіру үшін біз тек батыс еуропалық елдердің

ғана емес, Тропикалық Африканың, Американың, Ресейдің,
Левантаның19, Үндістан мен Қиыр Шығыстың да экономикалық
жағдайларын ескеруіміз қажет. Алайда, біз парламентарлық
жүйеге назар аударып, экономикалықтан саяси салаға өткен

кезімізде біздің көкжиегіміз тарылады. «Бурбондар мен Стю­
арттар бағынған» Заңдардың күші Ресейдегі Романовтарға,
Түркиядағы
османдарға,

Үндістандағы
Тимуридтерге,
Қытайдағы маньчжурларға, олардың Жапониядағы қазіргі за­
мандастары сёгундарға жүрмейді20. Бұл елдердің саяси тари­

хын біз қабылдаған терминдерде түсіндіре алмайсыз. Егер де

біз оларды сараптай бастайтын болсақ, олардың тарихының
қарастырылып отырған тараулары мен олардың ұсынып
отырған ақылға қонымды зерттеу өрісінің мүлдем басқа екен­
дігін байқаймыз. Англия мен Францияның тарихының қозғаушы

күші болып отырған заң ол жерде әрекет етпейді және керісін­
ше, бұл елдердің әрқайсысының саяси тарихы бағынатын
заңдары Англияның немесе Францияның саяси оқиғаларын
айқындай алмайды. Мұнда Ұлыбританияның физикалық ше­

караларына қарағанда анағұрлым терең және тосын шекара
өтеді. Алайда Франция мен Англиядағы «Бурбондар мен Стю­
арттар бағынған» заңның әсері Батыс Еуропаның басқа да ел­
дері мен теңіздің арғы бетіндегі жаңа батыс еуропалық отарлы

қауымдарға таралатын еді21. Сонымен қатар Еуропалық конти­
неттегі бұл заңның әрекет етуі Ресей мен Түркияның батыс ше­
карасында күшін жоятын. Одан ары басқа заңдар әрекет ететін
және олардың салдары да басқа болатын.

XVІ ғ. үшінші ширегі үшін көптеген батыс еуропалық
елдердің ауқымды теңіздің аржағына таралған экспансиясы тән
болды, бұдан Англияда шет қалған жоқ. Теңіздерде даттықтар,
шведтер мен курляндтар айтарлықтай белсенділік танытты, ал

Германия мен Италия дұл үрдіске қатысқан жоқ десе де бола­
ды22. Тіпті бұл экспансияны билік тепе теңдігін өзгертуге тал­
пыныс ретінде жалпы аспектіде қарастыра отырып, біз бірнеше
ғасырлар бойы бұл үрдістің Батыс және Шығыс Еуропаның

шекараларынан шықпағанын байқаймыз. Мысалы 1792-1815
ж.ж.23 жалпы еуропалық соғысқа дейін ешбір ислам мемлекеті
және 1914-1918 ж.ж. әлемдік соғыс басталғанға дейін, яғни
одан он екі жыл бұрынғы англо-жапондық одақ құрылған дейін

бірде бір Қиыр Шығыс елі бұл үрдіске қатысқан жоқ24.
Реформацияға келер болсақ, оны тек Англия мен Шотлан­
дия тарихы тұрғысынан түсіне алмаймыз. Екінші жағынан, біз
зерттеу аясын Батыс Еуропадан тыс жерлерге дейін кеңейтер

болсақ, мәселенің басы ашылмайды, тіпті одан сайын түсініксіз
бола түсуі мүмкін. Реформацияны зерттей отырып, біз XІ ғ. схиз­
мадан кейінгі православиялық шіркеудің тарихын25, сонымен
қатар, V ғ. кейін жіктелген монофизиттік және несториандық

шіркеулердің тарихын назардан тыс қалдыруымыз мүмкін26.
XVІ ғ. батыс еуропалық Реформация бұл шіркеулердің тарихы­
на тоқталмайтындығын айта кеткенде дұрыс болады.

Англия мен Батыс Еуропаның басқа да елдеріндегі Ренес­
санс Солтүстік Италияда туындаған идеялармен және инс­
титуттармен шартталған еді. Ренессанс идеялары мұхиттың
аржағындағы жаңа отарларға дейін таралды. Бірақ ағылшындар,

француздар, немістер, испандықтар мен поляктар итальян
мәдениетінің шырмауына ұшырап, ықпалынан шыға алмай
қалған кезде, гректер бізге «папа тиарасынан» «пайғамбар
сәлдесі» артық деп жариялады27. Сөйтіп гуманизм идеяларынан

гөрі исламға көбірек назар аударғанды жөн көрді. Сол секіл­
ді, генуэздіктермен және венециандықтармен (итальян тілі
оттоман флотының ресми тілі болған) ұзақ уақыт бойы сауда
және әскери қатынастарда болғандығына қарамастан итальян

мәдениеті түріктерге де айтарлықтай әсер ете қоймады. Тек
Акбардың билігі кезіндегі Моғол сарайының архитектурасын­
да ғана итальян мәдениетінің болар болмас және бір сәттік қана
экзотикалық әсері сезіледі28. Ал индустар мен Қиыр Шығыс

халықтарына келер болсақ, олар бұл уақыттарда Еуропаның
Ренессансты бастан кешіріп жатқандығын және Ренессанстың
Италиядан басталғандығын мүлдем білмеуі де мүмкін.
Феодалдық жүйенің Англиядағыдай сипатта орнығуы таза

батыс еуропалық дамудың нәтижесі болып табылады. Ша­
мамен сол кезеңде феодализмнің Византия мен мұсылман
әлемінде де орын алғандығы рас, бірақ та оның сол жер­
лерде Батыс Еуропадағыдай себептерден туындағандығы

дәлелденбеген. Ұқсастықтарды табуға көп талпыныстар жаса­
лынды, бірақ тереңірек үңіліп қарағанда, ойдан шығарылған
ұқсастықтар шындықтың сынына шыдамады. Жапониядағы
феодализмді айтпаған күннің өзінде, Батыс Еуропаның, Ви­

зантия империясының және мұсылмандық Мысыр, Түркия,
Үндістанның феодалдық жүйелері мүлдем бөлек институттар
ретінде қарастырылуы қажет.
VІ ғ. соңында ағылшындардың батыс христиандығына

өтуі олардың белгілі бір қауымдастыққа қосылуының бел­
гісі болды және бұл олардың басқа бір қауымдастыққа мүше
болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Тіпті 664 ж. Уитбийлік
жиынға дейін ағылшындарда кельттердің «қиыр батыстық»

христиандығын қабылдаудың мүмкін болған еді, бірақ та
Августиннің миссиясы ағылшындар ирланддықтар мен ва­

лийецтерге қосылмайтындығын түбегейлі шешті29. Кейінірек,
Атлант жағалауында араб мұсылмандар пайда болған кезінде
Британ аралдарының бұл «қиыр батыс» христиандары Абис­
синия мен Орталық Азияның христандары секілді Еуропалық

құрлықтағы өздерінің діндес бауырларымен қатынастырынан
айырылып қала жаздады. Олар арабтардың билік жүргізуі кезін­
дегі монофизиттер мен Орта Шығыстағы несториандар секілді
исламданып кете жаздады. Бірақ бұл болжамдалып отырған

альтернативалар ақылға сыймайтын ретінде теріске шығарылуы
керек. Бірақ, мүмкін олар бір қарағандағыдай соншалықты
ақылға қонымсыз емес те шығар. Қалай болған күнде де, 597 ж.
үндеуіміз бізді барша адамзатқа емес, батыс христиандығына

қатысты еткендігін және сонымен бір мезетте бізді батыс хрис­
тиандары ретінде басқа да діни ұйымдардан (бүгінде жоқ қиыр
батыстық христиандардан ғана емес, провославтық христиан­
дардан, монофизиттерден, несториандардан, мұсылмандардан,

буддашылдардан және т.б.) ажыратып алғандығы тура­
лы ойлауымыз керек. Пұтқа табынушылық кезінде мұндай
ажыратушылық болмаған еді және біз тәуелсіздігімізге күмәні
бар кез-келген «әмбебап шіркеуге» қосыла алатын едік.

Тарих тарауларын қайта қарау бізге Ұлыбритания бір бөлігі
болып табылатын және Ұлыбританияға қаншалықты қатысты
болғанға дейін бізді тарихи зерттеудің ақылға қонымды өрісі
ретінде қызықтыратын қоғамның кеңістіктік шегін анықтау

құралын ұсынды. Біз олардың шекараларын әлеуметтік өмірдің
үш саласы – экономикалық, саяси және мәдени салалары
қиылысқан жерден таптық. Бұл салалардың әрқайсысының
таралуының өз шекаралары бар және олар біз зерттеп отырған

қоғамның шекарасымен көбінесе сәйкес келе бермейді. Мысалы,
бүгінгі қоғамның экономикалық саласы біздің планетамыздың
адам игерген барлық беткейін қамтитындығы сөзсіз. Жер бетін­
де Ұлыбританиямен тауар немесе қызмет көрсету арқылы

алмаспайтын бір де бір бөлік жоқ шығар. Саяси салада да
жаһандық сипаттағы өзара тәуелділік туралы да айтуға болады.
Бүгінгі таңда Біріккен Корольдік әлемнің 66 мемлекетінің 60-
ымен байланысты30.

Алайда, біз мәдени салаға ауысқан мезетте Ұлыбритания бір
бөлігі болып табылатын қоғамның басқа әлеммен шынайы бай­

ланыстары әлдеқайда жұтаңдау болып шығады. Шын мәнінде
олар Батыс Еуропа елдерімен, Америкамен және католиктік
және протестанттық тұрғындары бар оңтүстік теңіздердің
бірқатар елдерімен шектеледі31. Бірақ та бұл халықтардың

мәдениетіне тереңірек үңілсек, біз оларға орыс әдебиетінің,
қиыршығыстық кескіндеме мен үнді дінінің елеулі әсері
болғандығын байқаймыз.
Егер де біз бұл қиылыстарды анағұрлым ертеректегі уақыт­

тық нүктелерде қарастыратын болсақ, барлық үш салада да
қоғамның географиялық шекаралары прогрессивті түрде
тарылатындығын көреміз. Айталық, 1675 ж. үшін экономикалық
және мәдени салалардың арасында көп айырмашылықтың

болмағандығы тән (егер де біз қарапайым халықаралық
сауданың тарауына назар аударып, оның мазмұны мен көлемін
қарастырмайтын болсақ), ал Еуропадағы саяси саланың шека­
ралары (Америка жағалауындағы территориалдық иеліктерін

ескерген кезде) шамамен оның бүгінгі таңдағы мәдени ше­
караларына сәйкес келеді. Егер де 1475 ж. қарай тереңдейтін
болсақ,
біріншіден,

теңіздің
арғы
бетіндегі
ешқандай

аймақтардың болмағандығын көреміз және осыған байланысты
экономикалық сала Батыс және Орталық Еуропа (егер де Же­
рорта теңізінің шығыс жағалауындағы бірнеше коммерциялық
бүркулерді есептемейтін болсақ) аумақтарымен шектеледі

және мәдени саламен толық сәйкестенгенге дейін тарылады.
Сол кездегі үш саланың да шекаралары шамамен сол кезде шір­
кеулік папа билігі орныққан аймақпен сәйкес келеді. Ал егер
одан да ертерек кезеңді, шамамен 775 ж. алар болсақ, саланың

да шекаралары толығымен дерлік сәйкес келетіндігін байқауға
болады. Сол уақыттарда біздің қоғамымыздың шекарасы Батыс
Еуропалық құрылығындағы Ұлы Карл иеліктерімен және Бри­
тан аралдарындағы Рим империясының мұрагерлері – ағылшын

мемлекеттерімен шектелетін еді.
Ол уақытта Иберия түбегі мұсылман араб халифатына ти­
есілі болды, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Еуропа бол­
са христиандыққа өтпеген варварлардың қолында болды, ал

Британ аралдарының солтүстік-батыс жағалауларын папаның
билігін мойындамаған «қиыр батыстағы» христиандар мекен­

деді, Оңтүстік-Шығыс Италия болса Византияның билігінде
болды.
Бұл тарихи кезеңді тереңірек зерттеу, біздің қоғамымыздың
бастапқыдағы атын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерлер­

ге папаның рухани билігі таралғандықтан, оларды «батыс
христиандығы» деп атауға болады. Басқа жағынан алғанда, бұл
Ұлы Карлдың иеліктері – Австразия32 деп аталған франк мем­
лекеті болды, яғни сондықтан оны «франктер әлемі» деп атаған

дұрыс.
Бұл «франкілік» деген атау барлық жағдайда дұрыс бола
бермейді, өйткені фрак патшылығымен біз зерттеп отырған
қоғамның территориялары толық сәйкес келе бермейді. Мыса­

лы ағылшандар франктердің билігін көрмей-ақ осы қоғамның
мүшесі болды, ал ломбардтықтар үшін франк билігі өтпелі бол­
ды33. Сонымен қатар, орта ғасырдың аяғына қарай «франкілер»
деген атау франкілердің өздері үшін де ескіріп қалды34. Сонымен

бірге бұл жалпылама атау біздің барлық қауымдастығымызды
белгілеу үшін қолданылатын жалғыз ғана ортақ атау болып та­
былады, ал біздің өзімізге көпшілік мойындаған атау таба біл­
мегеніміз есте қаларлықтай жәйт болды. Бұл дегеніміз біздің

осы әлемде өзімізбен терезесі тең келетін қоғамдардың бар
екендігін сезбейтіндігімізді және өз қоғамымызды «өркениетті»
адамзатпен бара бар деп қарастыратынымызды білдіреді.
Біздің қоғамымыздан тыс өмір сүретін халықтар біз үшін жай

ғана «тұрғылықты халық». Біз оларға шыдамдылықпен қарап,
қай жерде болмасақ та өркениетті әлемнің өкілі болудың
монополиялық құқығын дандайсушылықпен өзімізге иеленіп
аламыз. Ал өзіміздің құрылымымызды, қоғамымыздың жеке­

леген ұлттық топтарға бөлінуін біз Адамзаттың ұлы бөлінуі
ретінде қарастырамыз және «француздар», «ағылшындар»,
«немістер» деген және т.б. анықтамаларды қолданғанда бұл тек
қана бір отбасының ішіндегі бір топтың тармақтары ғана екен­

дігін ұмытып кетеміз.
Біздің өз атауымыздың өзіміз үшін жойылып кеткендігі, ал
оның орнына біз жекеленген ұлттардың аттарын қолдануымыз
және оның біздің қоғамымыздың басқаларына ықпал етуі

тұрақты және нақты болған тарихтың жаңа кезеңінде орын
алуы кедейсоқтық емес. Өз атауының ұмытылуының тарихи

фактісі – біздің микрокосмосымызға тән сипат. Алайда, ең бол­ маса бір қоғамды екіншісінен айыру үшін біздің қоғамымыздың тарихи атын қалпына келтірмейінше және қайта тірілтпейінше тарихи зерттеудің ақылға қонымды зерттеу өрісін іздеу бары­ сында ұзаққа кете алмаймыз. «Франкілер» деген анықтама дәл болмағандықтан және бүгінгі таңда экзотика болып кеткендік­ тен, «батыс христиандығы» атауын қалпына келтірудің қисыны бар. Бұған Реформация кезеңінен бастап діни бейтараптылық әртүрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қозғалыстардың негізгі желісі ғана емес, жіктелу белгісі де болып табылды деп қарсы пікір айтуға да болады. Сондықтан, «христиандық» сөзін қолданбай-ақ, «Батыс», «батыс әлемі» не­ месе «батыс қоғамы» туралы айту дұрысырақ болатын шығар. Қандай да бір реңділігі жоқ бұл географиялық атау арқылы біз бүгінгі таңдағы қоғамымызды да, Ұлы Карл уақытындағы қоғамды да анықтай аламыз. Егер, әсіресе назарымызды мәдени салаға шоғырландырып, қоғамымызға лайықты атауды іздей бастасаң болғаны ойыңа басқа бейнелер мен атаулар келе бастайды. Осы тұрғыда бүгінгі уақытта дәл біздікі секілді тура сол түрдегі жоқ дегенде төрт қоғамды қатесіз айырып бере аламыз: 1) православиелік-христиандық немесе византиялық қоғам*, ол Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Ресейде орналасқан; 2) аридтік жерлерде шоғырланған мұсылман қоғамы35, ол диаго­ наль бойынша Солтүстік Африка мен Орталық Шығыстан Атлант мұхитына, одан Ұлы Қытай қорғанына дейін жалғасып жатыр; 3) индуистік қоғам**, аридтік жердің оңтүстік-шығысына қарай тропикалық, субконтиненталдық Үндістанда; 4) аридтік жер мен Тынық мұхиты арасындағы субтропикалық және қалыпты аудандардағы қиыршығыстық қоғам. Дәйекті зерттеу барысында төмендегідей түрде топтастыруға болатын ескіден қалған (реликті) қоғамдар анықталады: * «Православтық-христиандық» деген атау дұрысырақ келеді, өйткені Батыстыққа қарағанда бұл қоғам діни бейтараптылықты әлеуметтік біртұтастықтың басты қағидасы ретінде сақтай білді. ** Бірақ, «үнділік» емес, өйткені ол континенталды Үндістаның шеңберңнен шығып кетеді, мысалы Индонезиялық архипелаг (Бали аралы). Сонымен бірге Үндістанда мұслман қоғамы да бар.

1) Арменияның, Месопотамияның, Абиссиния мен Мыс­­ыр­­­­­­­­­­­­­­­дың монофизиттік христиандарын, Күрдістан мен Малабараның несториандық христиандарын, сонымен қатар еврейлер мен парсыларды қосатын топ36; 2) Тибет пен Монголияның махаянаның ламаисттік буддашыларының, Цейлондағы, Бирма мен Таиландтағы хинаяна буддашыларының37; сонымен қатар Үндістандағы джайндардың тобы38. Тағы бір қызық жәйт, 775 ж. назар аударсақ, әлем картасындағы қоғымдардың көлемі мен негізгі ерекшеліктері ғасырлар өтсе де айтарлықтай өзгеріске ұшырай қоймағандығын анықтауымызға болады. Негізінде, батыс қоғамы пайда болғаннан бері әлем картасы өзгерген емес. Өмір үшін күрес барысында Батыс экономика мен саяси салаларда үстемдікке ие болды, бірақ та қарсыластарын оларға бұрыннан тиесілі мәдениетінен айырғанымен толық қарусыздандыра алмады. Ал рухани күресте соңғы нүкте әлі қойыла қойған жоқ. Сонымен, біз «батыстық» деп атаған қоғамды зерттей оты­ рып, біз оның ұдайы кеңеюге деген тенденциясын байқадық. Алайда, өзінің тіршілік етуі барысында бұл қоғамның экономикалық, саяси және мәдени салада үстем жағдайға қол жеткізе алмағандығын мойындауымыз қажет. Бұл қорытындының зерттеу тәсілін анықтау үшін маңызы зор. Ең алдымен байланыстың екі түрі болатындығын айта кетейік: бір қоғам шеңберіндегі қауымдар арасындағы қарым қатынас және одан да ірірек бірлік шеңберіндегі қауымдар арасындағы қарым қатынас. Бүгінгі таңдағы ұлттан басқа ірірек құрылымдарға назар аудармайтын тарихшылар терминологи­ ясында, екінші түрдегі қатынастар «халықаралық» деген екі ұшты терминмен аталынады. Осы тұрғыда қоғамдардың әртүрлі типтері тұрғысындағы халықаралық қатынастарға қарағанда тура алған мағынадағы халықаралық қатынстарға көбірек көңіл бөлінеді. Тарих ғылымын дамыту ісі үшін бір қоғам ішіндегі мемлекеттер арасындағы байланысты анықтайтын халықаралық қатынастар мен қоғамдар арасындағы экуменикалық сипаттағы39 байланыстарды анықтайтын халықаралық қатынастар ара­ сына айырмашылық енгізген дұрыс болар еді. Екінші түрдегі қатынастарды зерттеу үшін біршама күш жұмсау қажет.

Өрісті уақыттар аралығында өрбіту. Батыс қоғамының көлемін кеңістікте зерттеп болған соң оны уақыт аралығында қарастырып, ашу қажет. Бұл жерде біз болашаққа бағдар жа­ сау қиындығына кез боламыз. Дамудың ақырғы мақсатын анықтаудың мүмкін еместігінен, дамудың сипатын да нақты анықтауға болмайтындығы келіп шығады. Біз өзіміз мүшесі болып отырған қоғамның өмірін толық сипаттай ал­­май­­­мыз, өйткені бұл қоғам біз оны бақылау қабілетінен айырылғанымыздан кейін де өмір сүре береді. Батыс тарихы тек қана батыс қоғамы жоғалған кезде ғана аяқталған күйге енеді. Ал бізге тек өткенді бақылаумен қанағаттану ғана қалады. Тағы бір рет 775 ж. кейінгі кезеңге оралайық та, біздің атабабаларымыз өздеріне тиесілі уақытта өз билігіндегі кеңістікті қалай қолданғандығын бақылап көрелік. Ұлы Карлдың иеліктері оның үш немерелесінің арасында бөлінген кезде, олардың ішіндегі үлкені ретінде Лотарь өзінің атасына тиесілі астаналар – Ахен мен Римге40 билік етуге та­ ласы барын білдірді. Қалаларды аумақтық тұрғысыдан бірікті­ ру үшін тар жол бойымен жалғасқан Тибр мен По сағасынан Альп тосқауылы арқылы Рейн сағасына дейін созылып жатқан тар жерлер бөлініп берілді. Осылайша Солтүстік Италия Рейн бойындағы жерлермен және Нидерландымен біртұтас егемен­ дік аясында бірікті. Лотарьға тиген үлес тарихи географиядағы езу тарттырарлық жәйт болып қарастырылады, өйткені бүгінгі таңда Еуропаның саяси картасында бұл мүмкін емес жағдай бо­ лып есептелінеді. Бірақ та, Каролингтердің үш ағайындылары Лотарьдың жерін батыс әлеміндегі аса маңызды деп санаған кез­ де қателеспеген еді. Егер де біз бұл жерлерді солтүстік-батысқа қарай жалғастырып (843 ж. шарт Альпіні ескермегені секілді ЛаМаншқа назар аудармасақ), Лотарьдың құрлықтағы иеліктеріне 839 ж. қайтыс болғанға дейін Экберт Уэссекский патшасы билік еткен41 Британияның бір бөлігін қосып қарастырар болсақ, біз Батыс Еуропаның тарихи географиясындағы құрылымдық белдеулердің бірі болған ең елеулі тізбекте жүргізгенімізді байқаймыз. Егер де 775 жылғы батыс әлемінің кеңістіктік ұзындығына қайтып орлып, оның аумағының қалай кеңейіп, қазіргі Батыстың

кеңістігіне айналғандығын бақылайтын болсақ, Римнен Рим ва­
лына42 дейін оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай өтетін
түзу сызықтың, біздің геометриялық фигурамыздың көлденең
белдеуі екенін көреміз. Оның орталық нүктесі Лотарингиядағы

Мецқа жақын орналасқан, ол бір кездерде Ұлы Карл империя­
сының тірегі – австразиялық мемлекеттің астанасы болған, ал
бүгінгі күнде ол Франция мен Германия арасындағы шекараның
басты форпосты болып табылады. Егер де біз Мец арқылы

алдыңғысына тік бұрышты басқа бір тізбекті өткізетін болсақ,
соның бойымен батыс қоғамы өзінің географиялық кеңістігін
өрбіткен негізгі белдеуді аламыз. Оңтүстік-батыс бағытында
Пиренея арқылы бұл белдеуді 778 ж. Ұлы Карлдың өзі жүргізген

болатын, ал XІІІ ғасырда кастильдік жаулап алушылықтар
оны Гвадалквивир сағасына дейін жалғастырды және Ат­
лант мұхиты арқылы ол бүгінгі таңда Латын Америкасы деп
аталатын аумақтарға шейін созылды43. 772 және 804 жылдар

аралығында Рейннен Эльбаға дейінгі солтүстік шығыс белде­
уін де. Ұлы Карл жүргізген еді, ал Карлдың дүние салғаннан екі
ғасыр өткеннен кейін Скандинавия, Польша мен Венгрия батыс
христиандығын қабылдаған кезде ол Вислны басып өтті және

XVІІІ ғасырда ол сол кезде Тынық мұхитына дейін жалғасып
жатқан Ресей империясының шығыс аймақтарына дейін
келіп жетті44. Көріп отырғанымыздай, кеңею барлық бағытта,
бастапқыда құрлықта, ал одан соң теңіздер арқылы жүрді. Орта

ғасырларда Солтүстік Италия алдымен Оңтүстік Италия мен
Сицилияны иеленіп, содан соң Жерорта теңізі арқылы ішкі
шығыс жерлерге жетті. Бұл саяси және экономикалық экспан­
сия «крест жорықтары» деген атауға ие болды, алайда ол бұл

құбылыстың мәнін дәл басып аша қоймайды45.
Оңтүстік-шығыстық экпансия тым тереңдеп кетті. Ең күшті
импульс венециандық көпестерден бастау алды, олар Суэц
мойнағы арқылы Үндістанға енді. Осы тұрғыда Еуразия жазығы

арқылы Пекинге дейін жеткен венециялық саяхатшы Марко
Поло да үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің ең биік шыңына жет­
кен бұл қозғалыс тас талқан болды. Төрт ғасыр бойы қол жет­
кізілген жетістіктер 1475 жылы ғайып болды46.

Англияның шеткі солтүстік батыс нүктесінен көлденең
белдеуді жүргізу кейінгі ғасырда іске асырылып, анағұрлым

тұрақты үрдістермен және барлық көрсеткіштері бойын­
ша созылмалылығымен сипатталды. Солтүстік Американың
тұрғындары
ағылшын

тілдес
халықтар
болды.
Батыс

мәдениетінің байлығын Үндістанмен және Қиыр Шығыс ел­
дерімен бөлісу үшін Солтүстік Атлантика мен Тынық мұхиттың
оңтүстік жағалауларына дейінгі аралықта ағылшын тектес
қауымдар құрыла бастады. Лотарингияда жүргізілген тізбектің

әсері осындай болған еді, бірақ та Лотарь мен оның бауырла­
ры біз үшін шындыққа айналып отырған осы бір болашақты
көре алмады және егер де олар тізбектің ерекше маңыздылығы
бар екендігін тек өткен тарихи тәжірибеден бастау ала оты­

рып түсінді. Ол кезде бұл тізбек басқа геометриялық фигураға
жатқанымен оның сол уақыттағы маңыздылығы өте жоғары
болған болар.
Лотарь да, оның атасы да рим императорының атағын ие­

ленген болатын. Император титулын оны иеленуге толық құқы
болмаса да Каролингтер дәуірінде өзінің британдық alter orbіs-
інде47 патшалығын құрған ағылшын патшасы Уэссекке де ие­
ленді. Тізбек Римнен Альпі арқылы Ахенге, Ахеннен Ла-Манш

арқылы Рим қабырғасына дейін созылды. Ол Рим империясының
күшейтілген бекіністерінің бір көрінісі болды. Альпі арқылы
солтүстік-батыстан осы тізбек бойымен жүре отырып, әскери
шекараны Рейннің сол жақ жағасының бойымен белгілеп және

оның сол жақ қанатын аннексияланған Оңтүстік Британияның
есебінен нығайту арқылы римдіктер өз иеліктерінің қиыр батыс
шекарасын анықтап алды. Сонымен, Лотарингияда жүргізілген
тізбек Лотарьдан көп бұрын-ақ (батыс қоғамының пайда болғаны

тәрізді) Рим империясының географиялық құрылымына жата­
тын. Бірақ Рим империясы мен батыс әлемінің геометриялық
параметрлері тепе-тең емес, сондай-ақ тарихтың әр кезеңдерінде
бұл тізбектің қызметтері әр түрлі болды. Рим империясы үшін

бұл – сыртқы шекарасы, сыртқы жаулап алулар сонымен шек­
телді. Батыс әлемі үшін керісінше, экспансия осы сызықтан бас­
тау алатын. Патшааралық летаргия кезінде (375-675)48 тура сол
түрдегі батыс қоғамының жон арқасына айналған қабырға ескі

қоғамның алынған болатын.
Мұндай тиянақты географиялық таллау батыс қоғамының
уақыттық сипаттарын анықтауға және оның қайнар көздерін

түсінуге мүмкіндік береді. Біздің алдымызда екі нәрсе тун­
дап отыр: біріншіден, 775 жылға қайта орала отырып, біз
қоғамдардың өмірін бүгінгі уақытқа сәйкес келмейтін
ұғымдарда бейнелеуге мәжбүр болдық. Екіншіден, тарихтың

терең түпкірінен қазып алынған кез келген элементтерді басқа
дәуірлердің ұқсас элементтерімен салыстырға тырысқанда
олардың әрқайсысы өзінің қайталанбастығы мен ерекшелігін
паш етіп отырды.

Лотарьдің жері батыс қоғамының белдеуіне айналды. Дәл
осы жерде шіркеу Рим империясының шекарасына ығысып
келіп, варварлармен жанаса түсті және осы жерде ең соңында
одан келіп қоғам туды. Тиісінше, батыс қоғамының тарихшы­

сы оның тамырларын іздеуге тырыса отырып бір жағынан шір­
кеу тарихына, екінші жағынан варварлар тарихына өз назарын
жіте аударуы қажет. Оқиғалар желісін ретроспективті тұрғыда
қарастыра отырып, тарихқа грек-рим әлемі Ганнибалмен соғыс

жүргізіп жатқан б.э.д. ІІ ғ. дейін барып үңілейік. Неліктен Рим
өзінің билігін солтүстік-батысқа қарас созды? Өйткені оны ол
жерге ығыстырған Карфагенмен болған шайқас болатын. Не­
ліктен Альпіден асып түскеннен кейін ол Рейнде тұрақтанғ-ан

жоқ және одан да ыңғайлы табиғи шекарасы болатын Балтика,
Висла мен Днестерге қарай жылжымады? Өйткені, екі ғасырға
созылған соғыстар мен төңкерістердің нәтижесінде Августин
дәуіріндегі Рим өзінің өмірлік қуатын сарқыған болатын49. Не­

ліктен варварлардың жолы болды? Өйткені бірінің өркениет
дамуы төменірек болған екі қоғам арасында нақты бекітілінген
шекара орнатылған кезде, бұл бірден тепе-теңдіктің орнауы­
на алып келмейді. Уақыт өте келе шекара өркениеті төменірек

жаққа қарай ойыса бастайды. Ал варварлар римнің шекара­
сын бұзған кезде, олар екінші жақтан шіркеуді кездестірді
ме? Әрине, өйткені Пунистік соғыстардан кейінгі әлеуметтік
және экономикалық революциялардың барысында күйзеліске

ұшыраған Батыс жерлерінде жұмыс істеулері үшін Шығыстан
өте көп құлдар әкелінген еді. Күштеп көшіп-қондыру грек-рим
әлемінде шығыстық діндердің таралуына әкеліп соқты. Бұл
діндер о дүниеде жеке дара жан азабынан құтылуға уәде бере

отырып, жеңіліске ұшыраған «үстемдік етуші азшылықтың»
азғындаған рухани дүниесіне майдай жақты.
Осы тұста батыс қоғамының зерттеушісіне тоқталу қажет.
Уақыттардың тұңғиығына одан ары қарай тереңдей берудің

пайдасы жоқ: бастаулар тұңғиыққа батып ғайып болады. Алайда, осы деңгейге жеткен шақта олар батыс қоғамының түсініктерімен емес, грек-римдік түсініктер тұрғысынан ойлауға мәжбүр болатынын ескерерлік жәйт. Сонымен қатар, оны қызығушылығын оятқан грек-рим тарихының элементтері эллиндік грек-римдік тарихтың дәл осы кезеңін зерттеуші та­ рихшыны аса қызықтыра қоймайды. Эллиндік тарихты зерттеу үшін христиандар да, варварлар да өздері «ішкі» және «сыртқы» пролетариат ретінде өмір сүріп отырған әлемге мүлдем бөтен болмыстар ретінде көрініс таба­ ды*. Ол Марк Аврелийді қоса есептегенде эллин мәдениетінің ұлы қайраткерлері олардың бар болғандығын елеп-ескермегенін айтатын еді. Ол христиан шіркеуін де, варварлар отрядтарын да қоғам тек Ганнибалмен болған соғыстан кейін ғана әлеуметтік сырқаттың белгілері ретінде қабылдай бастағандығын анықтар еді. Білім аясының кеңейе түскенін қалайтын эллиндік тарихты зерттеуші ертеректе орын алған жәйттерге назар аударуы қажет. Ганнибалмен соғыстан кейін жанталасу басталды. Қоғамның негізі ыдырап, оның бойын қатерлі дерт секілді жаңалықтар жайлады. Қатерлі ісіктердің физиологиясы мен өсуін зерттеу тарихшының ісі емес. Оған осы қатерлі дерттердің талқандаушы әрекетін айқындау жеткілікті болады. Гиббон өз жұмысын аяқтай отырып: «Мен Варварлық пен Діннің салтанат құруын сипаттадым»,* – дейді50. Сонымен, батыс тарихын зерттеуші мен эллин қоғамын зерттеуші оны әрқайсысы әр түрлі терминдерде және әр түрлі тұрғыдан сипаттайды. Өйткені Уақыт пен Кеңістікте екі бөлек қоғамдық құрылым қиылысқанды және олардың әрқайсысының тарихын зерттеу өзіндік ұғымдық аппарат пен өзіндік қадымды қажет етеді. Жүргізілген сараптау батыс қоғамының Уақыт аралығында өрістеуінің ұзақтығына қатысты оң қорытынды жасауға * Римдік түсінік тұрғысынан бұл санақ жүргізілген уақытта балаларынан басқа (proles) ешбір мүлкі болмаған бұл адамдарды білдіреді, осыннан келіп «пролетарлар» - өзінің әлеуметтік табына қатысты ешбір жауапкершілікті сезінбейтіндер. * Gіbbon E. The Hіstory of the Declіne and Fall of the Roman Empіre, Ch. LXXXІ.

мүмкіндік береді. Бізді қызықтырып отырған «ақылға қонымды өрістің» кеңістіктік ауқымы жекелеген ұлттың таралуының шектерінен де кеңірек екендігін, бірақ та және сондай-ақ адам игерген барлық Жер бетінен тар екендігін бұрынырақ анықтай отырып, енді біз оның уақыт бойынша ұзақтығы кез келген же­ келеген ұлттың өмір сүру мерзімінен көбірек, бірақ солай бола тұра жалпы адамзатқа берілген мерзімнен аз екендігіне көз жеткіздік. Батыс тарихын оның бастауларына қарай бақылай отырып, біз қоғамының бізден бұрын болған соңғы фазасы­ на келіп тірелеміз, оның бастаулары анағұрлым алыста жа­ тыр деген қорытындыға келеміз, ал бұл өз кезегінде тарихтың толассыздығы туралы қосымша шешім шығаруға итермелейді. Тарихтың толассыздығы – классикалық физиканың көріністерімен ұқсастық бойынша құрылған тұжырымда­ малардың ішіндегі ең тартымдысы. Алайда, жүрегімізге қаншалықты жақын болса да біздің оны сынауымызға тура келеді. Шындығында мұның артында не көзделіп тұр? Егер де «тарихтың толассыздығы» деп Өмірдің толассыздығының жеке мысалы меңзеліп тұрған болса, бұл мінсіз саналса да жалпыға белгілі ақиқат болып табылады. Амебадан – омыртқалыларға, маймылдан – адамға, ата-анадан – отбасындағы балаға қарай, өмір шындығында да толассыз. Осы жағдайлардың барлығындағы байланыс әр текті болғанымен, шартсыз болып келеді. Бірақ біз өмірдің толассыздығын түсініп, қабылдағанымызбен Өмірдің не екенін айқындай алмаймыз. Егер де мәңгілік ағымның са­ лыстырмалы дискреттілік шекараларын, оның ағысының жан­ ды бұрылыстары мен тыныш шығанақтарын, толқындардың шашыраған жалдары мен сағасының тыныш айдынын, крис­ таллдармен жарқыраған сеңді мұз шоғыры мен мұздықтар айырымдарындағы қатқан судың сан алуан формаларын ажы­ ратуды үйренбейтін болсақ, Өмір табиғатын түсіне алмай­ тын шығармыз. Басқаша айтқанда, толассыздық түсінігі тек ақылмен пайымдауға болатын рәміздік бейне ретінде ғана мағыналыққа ие болады, біз оған барлық әр алуандылық пен күрделілік шындығында қабылданған толассыздықты бейнелейміз. Осы жалпы бақылауды Тарихты зерттеу үшін қолданып көрейік. Жалпы қабылданған мағынадағы «тарихтың толассыздығы» салмақ, сәт, көлем, жылдамдық пен адам

өмірінің ағысы бағытының тұрақты екендігін білдіреді ме не­ месе дәл мағынасында тұрақты болмаса да, өзгертуді қажет етпейтіндей тар шектерде ғана өзгеріп отырады ма? Егер де бұл термин осы тектес импликацияларды көздейтін болса, ол қаншалықты тартымды болғанымен де, біз күрделі қателіктерге ұшыраймыз. Уақыттық қатынастарды зерттей отырып, біз толассыз­ дықтың екі деңгейін ажырата білу қажет екендігіне көз жеткіз­ дік: бір қоғам аумағындағы тарихтың бірізді кезеңдері мен фа­ залары арасындағы толассызыдық және қоғамдардың өзіндегі уақыт аралығындағы байланыс ретіндегі толассыздық. Екінші қатардағы толассыздықты ерекше атап өту қажет, өйткені ол елеулі феномен ретінде көрініс табады. Толассыздықтың осы екі түрі арасындағы сапалық айырмашылықты адам өміріндегі ұқсастықтың көмегімен біл­ діруге болады. Әрбір жекелеген қоғамның тарих тараулары адам тәжірибесінің кезекті сатыларын еске түсіреді. Мысалы, бір қоғам мен екіншісінің арасындағы байланыс ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты еске түсіреді. Біріншіден, бала ата-анасынан белгілі бір қасиеттерді иемденеді; екінші­ ден, дүниеге келу актісінің өзімен дербестікке ие бола отырып, бала, сонда да ата-анасының қамқорынсыз ұзық уақыт бойы өмір сүре алмайды. Содан соң, ол белгілі бір деңгейге жеткен­ нен кейін оның балалық көзқарасы ата-анасының сезімдері мен түсініктерінің қатты ықпалында болады. Ересек болғанда ол ата-анасының жүріс-тұрыстары мен ойларын мұқият зерт­ теуді үйреніп, оларды қайталай бастайды немесе керісінше, ата-анасының тәжірибесін қайталаудан қашатын болады. Атааналардың өз балаларына жалпы әсері, сөзсіз, өте жоғары ке­ леді. Соған қарамастан, бала өзін өзі таныған мезеттен бас­ тап белгілі бір деңгейде дербес жеке тұлға болып табылады. Ал өсіп, жетілген уақытында ол шынымен де ата-анасынан тәуелсіздік алып, өмірге деген өз көзқарасын қалыптастырып, өмірлік қиындықтарды өз бетінше шешуге қабілетті болған кез­ де, ол толығымен тәуелсіз «жаңа үлкен адамға» айналады және өзі ұрпағын дүниеге әкеліп, оған білім беруге қабілетті болады. Ата-ана мен бала өмірлерінің толассыздығы мен белгілі бір жеке тұлғаның өмір тәжірибесінің толассыздығын салыстырған кез­

де айтылмаса да белгілі өмір мен өлім жеке тұлғалар арасында терең құзды орнататындығы фактісін жоққа шығара алмаймыз. Тірі жандар өмірінде міндетті түрде болатын үзілістер бар, Қозғалыс тіріні анық емес жолмен жанап өтіп, адасып жүр (Лукреций, Заттар табиғаты туралы) Кейбір алдын-ала жасалған қорытындылар. Зерттеуі­ міздің алғашқы сатысының аяқталды, сондықтан қазірдің өзінде алдын ала қорытындылар жасауға болады: а) нақты елдің тарихи контекстін ескере отырып, шама­ мен анықталған тарихи зерттеудің ақылға қонымды өрістері бүгінгі таңда ұлттық мемлекеттерге, қала-мемлекеттерге неме­ се қандай да бір өзге де одақтарға қарағанда кеңістік бойынша да, уақыт бойынша да анағұрлым кең ұзақтығы бар қоғамдарды білдіреді; б) мұндай саяси одақтар (ұлттық мемлекеттер, қала-мемле­ кеттер және т.б.) бөлшектің тұтастық құрамына кіргені сияқты өздері құрамына кіретін қоғамдардан кеністіктік көлемі бойын­ ша ғана емес, уақыттағы ұзактығы бойынша да қысқа, олар нақты әлеуметтік қауымдастықтардың жекеленген көрінісі бо­ лып табылады. в) Ұлыбритания секілді тәуелсіз ұлттық мемлекеттер­ ді қамтыған қоғаммен Афина секілді қала-мемлекеттерден тұратын қоғамды бір бірімен салыстыруға болады, өйткені олар бір түрдегі қоғамдар болып табылады; г) зерттеліп отырған қоғамдардың бірде бірі барлық адамзат­ ты қамтымайды, адам мекендейтін барлық Жерге таралмайды және олардың өз түріндегі қоғамдар арасында қатарластары жоқ; мысалы біздің батыс қоғамымыз, аталған түрдегі қоғамдардың ең бастапқы өкілдерінің бірі болған эллин қоғамы өз кемеліне келгенге дейін біртұтас нәрсе ретінде қабылданған жоқ. Қалай болған күнде де жекелеген қоғамның толық өмір сүру уақыты сол түрдің өмір сүру уақытымен сәйкес келмейді; д) бір қоғамның тарихының фазалары арасындағы толассыздыққа қарағанда қоғамдардың дамуындағы толассыз­ дық пен жалғастық әлсіздеу бейнеленеді (әлсіз болғаны соншалықты, толассыздықтың бұл екі түрін ажырату маңызды), алайда, әртүрлі дәуірлердегі нақты екі қоғам (біздің жағдайымызда батыстық және эллиндік қоғам) арасындағы

уақытша
байланысты
қарастыра
отырып,

метафоралық
тұрғыдан «бала-әке қатынасы» деп атауға болатын қатынастарды
байқаймыз.
Осы тұжырымдар тұрғысында Тарихқа адамдық қаты­

нас­­­­­тарды зерттеу ретінде қарай отырып, тағы бірқатар
қорытындылар жасауға болады. Оның нақты пәні – ішкі және
сыртқы аспектілерден алынған қоғам өмірі болып табыла­
ды. Ішкі жағы дегеніміз аталған қоғам өмірінің тарихындағы

тараулардың бір ізді жалғастылығының, оны құрайтын барлық
қоғамдардың жиынтығының көрінісі. Сыртқы аспект – уақыт
пен кеңістікке өрбілген жекелеген қоғамдар арасындағы
қатынастар.

Ғылым әлемде сын шектен шыққан бір ерекшелік емес.
Ғалымдардың жаңа буынының өткен кезеңдерде даусыз бо­
лып есептелінген тұжырымдарды қайта қарастыру мүмкіндігін
ескере отырып, өзінің алдында өткендерді сынға алуы табиғи

жағдай және заңдылық болып есептеледі. Бұл – этикалық
кодекстің ережелерінің бірі, бұл заңның іргелілігі соншалықты,
оның классикалық иллюстрацияларын алғашқы қауымдағы
рәсім-рәміздер мен мифологиядан кездестіруге болады.

Философиялық тұрғыдан алғанда, бұл ылғи да қайталанып
отыратын теріске шығарудың жан күйдірер ештеңесі жоқ,
өйткені терістелген ойшыл одан кейін қажетсіз болып
қалмайды. Егер де ғылыми ой сынақты көтере алатын болса, ол

Білімнің алтын тізбегіндегі бөлік болып қала береді. Сарқырып
жатқан ағымға әрбір ғалым өзінің құмырасымен таза суын
құяды, сөйтіп мәңгі тірі ағындар толыққанды өзен ретінде бүгін
өмір сүріп жатқандарға белгісіз шектер мен уақыттарға қарай

бағытталады.
...Ой дамымай қоймайды, өйткені, адам парасатының
қасиеті осындай болып келеді. Әрине, фактілерді фактілер үшін
іздестірумен ұзақ айналысуға да болады. Алайда, көптеген

мәліметтермен қаруланған адамның ойы ақыр соңында осы
көптеген фактілерді қандай да бір тәсілмен реттеу қажет деген
қорытындыға келеді. Содан жинастырылғанды синтездеу мен
интерпритациялау кезеңі туындайды. Одан соң алдыңғы цикл

қайта қайталанады; сөйтіп ғылым дамиды. Фактілер жинағының
ешбірі ешқашан толық бола алмайды, өйткені Ғалам ауқымы

шексіз болып табылады. Ешбір түйін түпкілікті бола алмай­
ды, өйткені уақыт өте келе жаңа фактілер анықталады, ал олар
ретке келтіріліп қойылған ғылыми кескіннің жарылуына алып
келеді.

Бұл ырғақтың жалпылама сипаты бар. Фактілерді жинасты­
ру мен оларға түсініктер беру физикада кезекпен жүзеге асады.
Кейініректе біз ойға имманентті түрде тиесілі бір біріне қарама
қарсы, бірақ бір бірін толықтырып отыратын ойлау қызметінің

екі түрінің кезектесіп отыруының тарихшы ғалымдар үшін, сол
арқылы Тарих үшін ерекше маңыздылығы бар екендігіне көз
жеткіземіз.

...АТАЛҒАН ҚОҒАМ ТҮРЛЕРІН АЛДЫН-АЛА

СҰРЫПТАУ

Алдыңғы зерттеулерде осы қоғам түрлерінің алтауы – бес
бар және бір жойылған, сондай-ақ тағы екі топ реликті түрі си­
патталды. Анағұрлым тиянақты талдау барысында тағы он үш
өкілі анықталды. Сонымен біз он тоғыз қоғамды анықтадық:

батыстық, православтық, ирандық және арабтық, (қазіргі
таңда олар исламға кіреді), индуистік, қиыр шығыстық, эл­
линдік, сириялық, қытайлық, минойлық, шумерлік, хеттік,
вавилондық, андтық, мексикандық, юкатондық, майяндық

және египеттік. Әр қоғамдық топтың түбін зерттей келе, біз
бір жағдайларда әлемдік шіркеудің арқасында олардың көне
қоғамдармен балалық туысқандық қатынаста болатындығын
анықтадық. Басқа жағдайларда мұндай туысқандық байланыс

байқалмайды. Сонымен біз әлемдік шіркеудің барлық қоғамдық
түрлер сұрыпталуының түп тамыры болып табылатындығын
анықтадық. Қоғамдарды сұрыптаудың екінші бір белгісі оның
алғашқы пайда болған жерінен алшақ кетуінің дәрежесі болып

табылады. Бұл екі белгі әрбір қоғамның үздіксіз даму процесін­
дегі орнын анықтау үшін бір шкаладағы орналасуының жалпы
мөлшерін анықтауға көмектеседі.
Діни белгі бойынша сұрыптау төмендегідей қатарды

қалыптастырды: біріншіден, кейінгілерімен де, алдыңғылар­
ымен де еш қатынасы жоқ қоғам. Екіншіден, алдыңғыларымен
еш қатысы жоқ, бірақ кейінгілермен қатысы бар қоғам.
Үшіншіден, алдыңғылар қатынасы бар, бірақ әлемдік шіркеудің

арқасындағы туысқандық қатынаспен салыстырғанда, тек
тайпалардың қозғалысы арқылы ғана әлсіз байланысқа түскен
қоғам. Төртіншіден, алдыңғы қоғамдармен әлемдік шір­
кеу арқылы туысқандық байланысқа түскен қоғам. Бесінші­

ден, алдыңғыларымен туысқандық байланыстанда өте көне
байланыстағы, атап айтқанда тек аздаған өзгерістермен не­
месе тіпті, оларсыз да билік етуші азшылықтың ұйымдасқан
діні арқылы берілетін байланыстағы қоғам. Туысқандық

байланыстағы қоғамның ішінен шығармашылық күш әмбебеп
шіркеуді құрған ішкі пролетариатқа тиесілі ме немесе бұл бас­
тау бөтенге тиесілі ме дегенге жауап беру барысында екі топты
ажыратуға болады.

Алғашқы сұрыптау төмендегідей нәтиже береді:
Толығымен тәуелсіз қоғамдар
египеттік
андтық

Туысқандық байланыстағы қоғамдар
қытайлық
минойлық
шумерлік

майялық
Инфраффилденген қоғамдар
Индтік(?)*
хеттік

сириялық
эллиндік(?)**
Аффилденген қоғамдар І
батыс

православтық
қиыр шығыстық
Аффилденген қоғамдар ІІ
(қуыршақ ролін ойнаған жергілікті шіркеу арқасында

туысқандық байланыстағы)
ирандық
арабтық
индуистік

Супрааффилденген қоғамдар
вавилондық

юкатондық мексикалық Территориялық сипатына қарай тек туысқандық қатынастардағыларға қатысты сұрыптайтын болсақ, тағы мы­ нандай топтарды бөліп көрсетуге болады: біріншіден, түпкі отаны қазіргі туысқандық қоғамдарың территориясына сәйкес келмейтін қоғамдар; екіншіден, шекаралары әмбебепты әкелік туысқандық қоғамдармен сәйкес келетін қоғамдар; үшіншіден, территориясы толығымен әкелік туысқандық қоғамның құрамына кіретін қоғамдар (1 кестені қараңыз). 1-кесте Кіндіктес туысқандық қоғам Түбі бір туысқан­­­­­- дық қоғам толығымен сәйкес келетін сәйкес кел­ мейтін сәйкестігі аз ең кең тараған түпкі отан аймағымен Қытайлық қиыр шығыс Корея мен Жапония қиыр шығыс Минойлық сириялық эллиндік Шумерлік индтік+ хеттік вавилон­­­ дық Майялық мексикалық юкатондық Индтік Сириялық ирандық индуистік арабтық Эллиндік православтық христиандық Ресейде батыстық православтық христиандық Сонымен, мәліметтерді қорытып бір ортақ сұрыптауды шығарайық: Келесі тізбек шығады, Египеттік+ андтық Қытайлық+минойлық+шумерлік+мойяндық Сириялық

Индтік+хеттік+эллиндік
Батыстық
Православтық христиандық (Ресейде) +қиыр шығыста (Ко­
рея мен Жапонияда)

Ирандық
Араб+ индуистік
Мексикалық
Юкатондық

Вавилондық
Классификациялау барысында қоғам он тоғыздан жиырма
бірге ұлғайды (Православ христиандық қоғам мен қиыр шығыс
орналасуына байланысты екіге бөлінді).

БЕРІЛГЕН ТҮРЛЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҒЫ

Өркениеттер мен тұрпайы қоғамдар арасындағы айырма­
шылық. Аталған түрдің жиырма бір қоғамын (оның қатарына
батыс қоғамы да кіреді) қарастырып, идентификациялағанннан
кейін, тарихтың өзін зерттеуге, атап айтқанда әмбебап мемлекет­

термен, әлемдік шіркеулердің, батырлық кезеңдердің туындау,
өсу, тоқырау және ыдырау, құлдырау кезеңдерін, өркениеттердің
уақыт пен кеңістіктегі байланыстарын салыстырмалы талдауға
көшейік. Зерттеуді бастамас бұрын, негізінен жаңағы 21 қоғамды

бір-бірімен салыстыруға болама деген сыни сұрақтарға алдын
ала жауап беріп өткен абзал. Олардың салыстырмалылығын бір­
неше параметрлер бойынша тексеруге болады.
Аталған қоғамдардың салыстырмалылығына қарсы бірінші

әрі қарапайым уәж төмендегідей: бұл қоғамдарды өзіне аталған
21 қоғамды қамтитын «тарихи зерттеудің интеллигибелді өрісі»
болып табылудан басқа ештеңе байланыстырмайды. Бұл қоғам
түрлерін «тұрпайы қоғамдардан» ажырату үшін «өркениеттер»

деп атайды, себебі «тұрпайы қоғамдарда» біз бұдан бұрын
анықтаған мағынадағы «тарихи зерттеудің интеллигибелді
өрісі» ретінде көрініс береді.
Белгілі өркениеттер саны көп емес. Біз 21 өркениетті ғана

бөліп көрсете алдық, бірақ бұданда терең зерттеулер толығымен
тәуелсіз өркениеттердің одан да аз – шамамен он шақты екенін
байқатады деген ұйғарым жасауға болады. Белгілі «тұрпайы

қоғамдардар» саны көп. 1915 жылы батыс антропологтары
Хобгауз, Уэпер және Гинзберг салыстырмалы зерттеу жүргізу
мақсатында олардың санын мәліметтер жеткілікті және шы­
найыларымен шектегеннің өзінде шамамен 650 «тұрпайы

қоғам» бар екенін анықтады. Сол уақытта аталған қоғамның
бәрі өмір сүрген. Бірақ, өркениетті қарапайым қоғаммен са­
лыстыру – бұл піл мен қоянды салыстырумен тең. Тұрпайы
қоғамдар ұзақ өмір сүрмейді, олардың территориясы мен саны

да шектеулі. Саны қос таңбалы санға әзер жететін өркениеттер
өмірі едәуір ұзақ және олар үлкен территорияларды алып жата­
ды, ал өркениеттермен қамтылатын халық саны өте көп. Олар
басқа қоғамдарды, кейде өздері сияқты қоғамдарды, ал көбінесе

қарапайым қоғамдарды бағындыру мен ассимиляция арқылы
таралады. Тұрпайы қоғамдардың өмірі қоянның өміріне ұқсас,
көбінесе ол зорлықпен өледі, әсіресе бұл өркениеттермен кез­
дескенде жиі орын алады. Адамдар санындағы теңсіздікке ке­

летін болсақ, барлық тіршілік еткен өркениеттердегі адамдар
санының санағын құрастырсақ әрбір левиафан-өркениетінің1
адамзат тегі пайда болғаннан бері тұрпайы қоғамдардың
барлығы біріктірген адам санынан әлде қайда көп адамдар­

ды біріктіргенін байқар едік. Алайда, мұндай есеп-қисап біз­
ді қызықтыратын салаға жатпайды. Бұл зерттеудің объектісі

– адам емес, қоғам. Сол себепті белгілі өркениеттер санын бел­

гілі тұрпайы қоғамдар санымен салыстырсақ, соңғыларының
әлде қайда көп екені байқалады.
«Өркениеттер бірлігі» тұжырымының жалғандығы.
Салыстыру үшін өркениеттер тым әртекті деген қарсы уәжға

жауап беріп өткен соң, оған қарама-қарсы өркениеттер бір текті
болғандықтан бара бар және сондықтан біз іс жүзінде жиырма
бір өркениетпен емес, тек жалғыз бір өркениетпен істес бола­
мыз деген заңды сұраққа жауап берейік. Өркениет қайталанбас

бірегей, оны ештеңемен салыстыруға келмейді. «Өркениеттер
бірлігі» тезисі қазіргі заманғы батыс тарихшыларының арасын­
да көп таралған жалған концепция, батыс тарихшыларының
көзқарасына әлеуметтік орта өте зор әсер етеді.

Бұл адасушылықтың бір себебі, қазіргі батыс өркениетінің
өзінің экономикалық жүйесін барлық әлемге таратуында жа­
тыр. Батыстық негізге құрылған экономикалық унификаци­
ядан соң іле- шала терең тамыр жайған саяси бірегейленді­

ру таралды. Олда сол батыстық негізде құрылған еді. Қазіргі күндері батыстың саяси экспанциясы экономикалық экспан­ циямен салыстырғанда соншалықты айқын және қарқынды болмағанымен, қазіргі заманғы 60-70 мемлекет, батыстық емес мемлекеттерді қоса санағанда, бір тұтас халықаралық құқықы бар бірегей әлемдік мемлекеттің мүшелері болып отыр. Батыс зерттеушілері бұл құбылыстардың маңызын асыра бағалайды. Біріншіден, олар батыстық экономикалық негіз­ де әлемнің унификациялануы біршама аяқталды, яғни басқа бағыттар бойынша унификациялану аяқталуға жақын деп са­ найды. Екіншіден, олар бірлік пен унификацияны шатастыра­ ды, сол себепті тарихи тұрғыда жуықта ғана қалыптасқан және әзірше біртұтас Өркениеттің (бұл өркениетті батыс қоғамымен теңестіреді) қалыптасқаны туралы айтуға мүмкіндік бермейтін жағдайдың рөлін асыра бағалайды. Соған қарамастан, батыс қоғамы ұзақ күрестен кейін ақырында өз мақсаты – әлемдік үстемдікке жеткен уникалды біртұтас, бөлінбейтін өркениет деп жарияланады. Ал оның экономикалық жүйесінің бүкіл адамзатты жұдырығында ұстауы «Құдай ұлдарының (чад Божиих) аспандық бостандығы» ретінде көрінеді. Адамзаттың бір тұтас және үздіксіз даму үдерісінің заңды қорытындысы ретіндегі батыстық экономикалық жүйе не­ гізінде әлемінің унификациялануы туралы тезис фактілерді бұрмалауға және тарихи көкжиекті адам танымастай тарылтуға алып келеді. Біріншіден, қазіргі дүниеге деген осы тәрізді көзқарасты әлеуметтік өмірдің тек экономикалық және саяси аспек­ тілерін шектеу керек, оны мәдениетке таратуға мүлдем бол­ майды, мәдениет алдыңғы екеуімен салыстырғанда тек терең ғана емес, сонымен қатар іргелірек болып табылады. Әлемнің экономикалық және саяси карталары шын мәнінде толық дерлік «батыстанғанымен», мәдени карта батыстың экономикалық-са­ яси экспанциясына дейін қандай болса әлі де сол күйінде сақтап қалып отыр. Мұны біздің тарихшылар қалай ғана байқамады екен? Олардың көзіндегі шелдің қаншалықты қалың екендігін біз ағылшынның «natіves» (тұрғылықты халық) сөзін және басқа да еуропа тілдерінде соған сәйкес келетін сөздерін талдау барысында түсінеміз.

Еуропалықтардың тұрғылықты халықты суреттеуінде жер­
гілікті колорит, экзотика басым болып келеді. Батыс адамдары
тұрғылықты халықты өздері сияқты сезімі мен тең құқы бар
адамдар ретінде емес, жергілікті флора мен фаунаның бір бөлігі

ретінде қабылдайды. Тіпті, олардың өздері мекендеп отырған
жеріне деген егеменділік құқын да мойындамайды.
Екіншіден, «Өркениеттің бірлігі» догмасы тарихшы­
ны туыстас екі өркениеттің тарихындағы жалғастықтың бір

өркениет тарихындағы екі тараудың арасындағы жалғастықтан
өзгеше екендігін елемеуге итермелейді. Бұл айырмашылықпен
санаспаған тарихшылар эллиндік тарихты батыс өркениеті
(оны олар әлден-ақ Өркениетпен сөзсіз теңестіріп қойған)

тарихының бір кезеңі ретінде қарастыра бастайды. Минойлық
қоғамды да осы көзқарас тұрғысынан қарастырады. Сөйтіп үш
өркениет бір өркениетке біріктіріледі, ал барлықты қамтыған
қазіргі батыс өркениетінен тұрпайы неолит қоғамына, ал не­

олиттен палеолиттің материалдық мәдениетінің жоғарғы және
төменгі қабаттары арқылы тарихқа дейінгі Адамның ілкі тегіне
қарай құлдыраған жалғыз Өркениеттің тарихы бір сызық бойы­
на тізіледі.

Үшіншіден, егер жалпы концепцияға сәйкес келмейтін бол­
са олар басқа өркениеттердің кезеңдері мен тарауларын елеп-
ескермейді, оларды «жартылай варварлар» немесе «ыдыраған»
деп кемсітеді, немесе өркениеттер тарихынан қуылған Шығысқа

жатқызады. Ақырында, олар басқа өркениеттердің бар екенімен
мүлдем санаспайды. Мысалы, православтық христиандық ба­
тыс христиандығының бір бөлігі ретінде қарастырылады неме­
се батыстың қоғамының денесіндегі уақытша өскін ретінде си­

паталады. Бұл жорамал бойынша, православтық христиандық
пайда болғаннан кейін батыс қоғамының шығыспен күресіндегі
тірегі қызметін атқарды. Өз қызметін сарпыған соң, бұл өскін
құр бақаға айналған ұрықтың желбезегі мен құйрығының түсіп

қалатыны сияқты қурап, түсіп қалды. Ал батыстық емес ислам,
индуизм және қиыр шығыс өркениеттеріне келетін болсақ, олар
батыс қоғамының шеңберіне қатысты «тұрғылықты» мүлдем
шеттетілді.

Осындай икемсіз кескіндер арқылы «өркениеттердің бір­
лігі» туралы тезис осы күндерге дейін сақталып келеді. Жеке

адамның өмірімен салыстырғанда өркениет өмірінің ұзақтығы
соншалық жеткілікті дәрежеде алыстамасақ оның диаграмма­
сын өлшеймін деп бос әуреге түсеміз. Мұндай жол тек тіршілігін
тоқтатқан қоғамды зерттегенде ғана ашылады. Тарихшы өзі

өмір сүріп отырған қоғамнан алыстан кете алмайды. Басқаша
айтқанда, өзіңе сеніп қазіргі қоғам- бүкіл адамзат тарихының
жемісі деу оны тексермей жатып түйіннің дұрыстығын мойын­
дауды талап ету. Бірақ мұндай эгоцентристік көзқарас адамдарға

әрқашанда тән болғандықтан, одан ғылыми дәлелдеуділікті із­
деп әуіре болудың қажеті жоқ.
Ең жақсы дәрі-күлкі, ал енді басқа халықтармен кездескен­
дегі «англосаксондық мәнердің» қаншалықты күлкілі екенін

байқап көрейікші. Мысалы, міне мынау философиялық көңіл-
күйдегі Цзяньлунның 1793 жылы ақыл-есі кем Британ королі
Георг ІІІ-ге2 тапсыр деп елшіге берген хатынан үзінді. «О,
король сен көптеген теңіздердің арғы бетінде тұрасың, соған

қарамастан біздің өркениеттің игілігіне ықпал ету мақсатында
сен өзіңе шын берілген елшілерің арқылы миссияңды жібер­
ген екенсің... Мен одан мадақтауға тұратын өзін-өзі кемсітуді
көрдім. Сенің елшің мен өкіліңнің ұзақ сапар шеккенін ескере

отырып, мен оларға қабылдауға рұқсат беріп үлкен қошемет
көрсеттім. Оларға деген ізгі ниетімді таныту үшін құрметтеріне
түскі ас беріп, сыйлықтар тарту еттім. Ал енді сенің Қытайдағы
сауданы бақылауға алам деп оларды менің сарайыма аккре­

дитациялауды өтінгеніңе келетін болсақ, ол менің Әулетімнің
тәжірибесіне қайшы келеді және орындалуы екі талай... Егер,
тіпті сен біздің Құдайылық Әулетімізді құрмет тұтуың, сенің
бойыңда біздің өркениетпен танысуға деген ықыласты оятты

дегеніңмен, біздің салт-дәстүрлеріміз бен заңдарымыз сен­
дердікінен өзгеше, сенің елшің олардың ішінен әлде бірін игер­
генімен, оларды сен біз үшін жат өзіңнің еліңе сіңіре алмайсың.
Сондықтан сенің елшің қаншалықты оқымысты болғанымен

бұдан түкте шықпайды. Бүкіл әлемді басқара отырып, мен бір
мақсатты, атап айтқанда ізгі билікті сақтауды және Мемле­
кет алдындағы парызымды өтеуді көздеймін. Бөтеннің және
аса қымбат мақсатттар мені қызықтырмайды. Егер мен сен

жіберген сыйлықтарды қабылдасам, о, король оны тек алыс­
тан жіберілгендіктен ғана қабылдадым. Біздің Әулетіміздің

патшалық ізгілігі Аспан астындағы елдердің барлығына тарал­
ды. Барлық елдердің патшалары құрлықпен де, теңізбенде бізге
өз сыйлықтарын жібереді. Бізде бәрі бар, оған елшің куә. Мен
экзотикалық немесе тұрпайы заттарға ерекше мән бермеймін

және сенің еліңнің тауарларына біз мұқтаж емеспіз»*.
Шығысқа деген батыстың эгоцентристік иллюзия батыс
санасында «статикалық Шығыс» деген жалған ұғым арқылы
бекиді. Олардың құрамына ислам, индуизм және қиыр шығыс

өркениеттері кіреді. Бұндай түсінік бұл өркениеттердің бәрі ба­
тыстан өзгеше, бірақ олар мен тіршілігін тоқтатқан өркениеттер
арасында (эллиндік пен минойлықтан басқа) ерекшелік бар де­
уге болмайды деген ұйғарымға әкеледі.

Шын мәнінде Исламның православиямен және батыс
христиандығымен салыстырғанда индуизммен және қиыр
шығыс өркениеттерімен ортақтығы аз, ал батыс өркениетін
индуизм мен қиыр шығыс өркениетінен бөліп тұрған құз біз

ойлағандай соншалықты терең емес. Өлген өркениеттерге ке­
летін болсақ, Мысыр өркениетінің батыс немесе батыстық емес
өркениетпен қандай бір байланыста болғандығы туралы бізде
еш мәлімет жоқ. Ал аталған өркениеттердің бірде бірінің Жаңа

Құрлықтың өлген төрт өркениетімен байланыста болмағаны
айдан анық. Сол себепті бұл концепция жақындамай жатып-ақ
күлталқан болады, ал мұндай тұрпайы қателіктің соншалықты
таралғандығы таңданыс қана тудырады. Ол жалпы мен

жалқының ажырата алмаудан туындаған тәрізді.
Біріншіден, әлеуметтік ортасының ықпалында қалған
батыстық емес қоғамды зерттейтін батыс зерттеушілері сая­
си аспектілерге басты назар аударады, өйткені бұл батыстың

қоғамдық өмірінің ең маңызды жағы. Шығыс қоғамының та­
рихы өзгермейтін шексіз деспотизм болып көрінеді. Бірақ бұл,
көп жағдайда иллюзия, батыс зерттеушілері тарихқа тереңдеп
бармай-ақ батыстық емес саясатты тәптіштеп зерттессе мұны

түсінер еді. Егер де олар осындай саяси қарым-қатынастың ар
жағындағы өте терең мәдениет қабаттарын байқағанда, олар
Шығыстың саяси статикалығының шын мәнінде соншалықты
маңызды болмағанын, тіпті мүмкін, қоғам өмірінің байлығы

мен толыққандылығына мүлдем ықпал етпегендігін түсінер еді.
* Whіte A. F. Chіna and Foreіgn Powers. London, 1927, p. 41

Әлеуметтік тіршіліктің ішкі жағына назар аударатын болсақ, бұл
бірден көзге түседі. Батыс тарихшылары мәдениетті ескермей,
бүкіл қоғам өмірін саясатпен теңестіргенде, саясаткерлердің
өзін өзі бағалағанында жіберетін қателіктеріне ұрынады.

«Статикалық
Шығыспен»
байланысты
түсініктерді

шатастырудың басқасы батыс діндеріне қатысты тарихи
оқиғалардан туындайды. Христиандық шіркеудің пайда бо­
луына ықпал еткен шығармашылық күштің бастауы, эллиндік
қоғамның қатарына күштеп қосылған сириялық тұрғылықты

халықтан тұратын ішкі пролетариат болды. Бұл рекруттар эл­
линдік мәдениетке тек жеке тұлғалық діни тәжірибені ғана
емес, сонымен қатар шіркеу Көне өсиет ретінде қабылдаған
діни әдебиеттерді де әкелді. Христиан дәстүрінде тәрбиеленген

батыс тұрғындары үшін Көне өсиет шығыс әдебиетінің
нұсқасы болып табылады. Шын мәнінде біздің саяхатшылар
«статикалық Шығыспен» емес, солтүстік арабиялық жазық
даламен кездескен. Ондағы климаты өте қатал, оны игеру

міндеті бейімделу мүмкіндіктерімен тікелей байланысты.
Жазық далада өмір сүру – бұл әрдайым Табиғатпен күрес,
адам өзінің ұйымын бұзып, тәртібін әлсіреткенде ол, әрине,
жеңіліске апармай қоймайды. Басқаша айтқанда, солтүстік

арабия даласы әрқашан адамдардан өз шарттарын орындауды
талап етіп отырған. Діттеп келгенде, солтүстік Арабия даласы
бүкіл «статикалық Шығыстың» кішкентай ғана бір бөлігі, ал
«статикалық Шығыс» батыс халықтарының елесінде Жерорта

теңізінен Тынық мұхитқа дейін, тіпті, Қытайдан сонау Перуге
дейін созылып жатуы мүмкін.
Батыс қоғамы негізіндегі «Тарихтың бірлігі» концепциясының
тағы бір жалған алғышарты – дамудың бір бағытты екендігі ту­

ралы түсінік.
Бұл ертегідегі жерден шыға салып, ешбір өскінсіз тігінен,
өз салмағынан сабақтары сынбай аспанға тірелгенше өскен
бұршақтың қарапайым образы. Біз еңбегіміздің басында эво­

люция ұғымын адамзат тарихына қатысты қолдануға талпы­
ныс жасағанбыз. Ол бір түрдегі қоғамның өкілдерінің бірдей
жағдайларда сынаққа – тарих талаптарына әртүрлі жауап бе­
ретінін көрсетті. Біреулері бірден өледі, басқалары тірі қалады,

бірақ ештеңеге дәрменсіз болады, ал үшіншілерінің бұл

талапқа сәті жауап бергені соншалық, олар әлсіреп шықпай, сонымен қатар алдағы сынақтар үшін тиімді жағдайларды қалыптастырады. Қойлардың ешкілердің артынан еретіні сияқты алдынғылардың артынан жүріп отыратындары да бар. Бұршақ сабағының ескі образына қарағанда біз үшін осындай даму концепциясы дұрыс сияқты, өз зерттеуімізде дәп содан бастау аламыз. Тарихты «көне» және «қазіргі» деп бөлу эллиндік тарих­ тан батыстық тариқа өтуді айқындаса, «ортағасырлық» және «қазіргі» деп бөлу батыс тарихының бір тарауынан келесіне өтуді білдіреді. Алыс мақсаттарды көздемей-ақ, «көне+ортағасырлық +қазіргі» тарих деген конвенциональдық формуланың адекватты еместігімен қатар, дұрыс емес екендігін де атап өтейік. Аталған қоғам түрлерінің уақыттық координаталарының философиялық тұсы. Cын айтушылар біз анықтаған жиыр­ ма бір өркениеттердің уақыт бойынша сәйкес келмейтіндігін алға тартып, олардың салыстырмалылығын теріске шығаруы да мүмкін. Егер олардың жетісі бар – өркениеттер болса, он төрті – өлі өркениеттер. Ең аз дегенде оның үшеуі – минойлық, египеттік жіне шумерлік – «тарих бастауларында» тіршілік ет­ кен қоғамдар. Бұл үш өркениет, мүмкін басқалары да, қазіргі бар өркениеттерден тарихи уақыттың ұзақ кезеңдері арқылы оқшауланған. Бұған қарсы бір нәрсе айтуға болады: Уақыт салыстыр­ малы және алғашқы өркениеттердің пайда болғанан біздің кезеңімізге дейінгі 6 мың жылға жуық уақытты құрайтын3 кезең, осыған сәйкес уақыт шкаласымен салыстырылуы керек. Уақыт бойындағы өркениеттерді қарастырғанда, біз бірін-бірі ауысты­ ратын ұрпақтардың саны кез-келген жағдайда үштен аспайты­ нына көз жеткіздік және олардың әрбір жағдайдағы жиынтық жасы алты мың жылдан аспаған, өйткені әрбір буынындағы соңғы кезең – бүгінгі өркениеттер*. Егер біз тіршіліктің түрлі формаларын зерттейтін беделді зерттеушілерден, бірін-бірі * Бұл тізбекке мыналар жатады: минойлық-эллиндік-батыстық, минойлық-эллиндік-православтық, минойлық-сириялық-исламдық, шумерлікиндтік-индуистік (егер, әрине индтік және шумерлік өркениеттер арасындағы байланыс анықталған деп жорамалдасақ)

жүйелі ауыстырған үш ұрпақ ауқымындағы түр өкілдерін
салыстыруға бола ма деп сұрасақ, олар оң жауап берер еді,
өйткені жаңа түрлік ерекшеліктің төртінші буыннан ерте пайда
болмайтыны бақылаудан белгілі.

Біздің шолу барысында ұрпақтар саны үштен асатын көп буын­
ды өркениеттердің кездеспейтіндігі фактісі және өркениеттердің
жалпы санының жиырмадан әзер асатындығы олар әлі тым
жас деуге мүмкіндік береді. Олардың туыстық түрі – тұрпайы

қоғамдармен салыстырғандағы өркениеттердің абсолютті жасы
өте аз. Алайда бізде адамзат бірнеше жүздеген мың жылдар бойы
тіршілік етіп келеді, ал тұрпайы қоғамдар – Адамзаттың заман­
дасы, қоғамдық өмір адам өмірінің қажетті шарты деп санауға

негіз бар, өйткені қоғамдық өмір – адамның өмір сүруінің басты
шарты.
Біз теріске шығаруға тырысып отырған қарсы пікірдің
ой өрбітудегі қателікке негізделіп отырғаны енді түсінікті

болды. Уақыт белдеулерінің қарама-қарсы полюстерінде
орналасқан өркениеттер үшін терең құз болып көрінетін «та­
рихи уақыт» іс жүзінде, түрдің бірінші өкілінің пайда бо­
луынан қазіргі кезеңге дейінгі өткен уақытпен сәйкес келеді.

Адам қарапайым қоғамды құрағаннан кейін ғана адамға ай­
налды. Егер адамзаттың жасы 300 000 жыл болса, әлі күнге
дейін адамзат тарихының ұзақтылығымен теңестіріліп келген
өркениеттің жасы осы бөлшектің 2%-тіне ғана тең болады.

Бұл өмір уақыт шкаласындағы біз анықталған өркениеттердің
барлығы тек қоғамның үш ұрпақтарынан аспайтын кезеңдерге
бөлінеді және Адамзаттың бүкіл өмірінің 5/1-нің ғана аумағына
шоғырланады. Философиялық көзқарас тұрғысынан олардың

өмірлері бір уақытта өтіп жатыр.
Аталған қоғам түрлердің эквиваленттілігінің философи­
ялық тұсы. Бізді сынаушылар өркениеттердің өз ара
салыстырылатындығын мойындауы да мүмкін, бірақ олар бұл

таза формальды сипаттағы салыстырмалылық қана деуі әбден
мүмкін. Ол кейбір сыртқы сипаттардың аумағымен шектел­
меді ме екен? Сондықтан маңызды өркениеттерді маңызы аз
өркениеттерден ажырататын тізбекті жүргізген дұрыс болмай

ма? Ал маңызды өркениет түрдің әлде бір өкілі болып табыла­

ды деп ұйғарсақ, біз басқа жолмен қайтадан «өркениеттер бір­
лігі» тезисіне қайтып оралмаймыз ба?
Бірақ кез-келген құндылықты сипатттамада субъективті бояу
бар екенін ұмытпауымыз керек. Мысалы өз өркениетіңнің біре­

гейлігіне қатысты адасушылықтан арылған соң, бір өркениет
екіншісінен маңыздырақ болады деп ескі күнәға қайтадан
батуға бола ма? Жаңа формадағы сол бір эгоцентристік иллю­
зия. Сыншыларға құндылық та уақыт сияқты салыстырмалы

болып келетінін ескерткім келеді.
Белгілі бір деңгейде абсолютті болуы тиіс құндылықтың
салыстырмалы шкаланы құру үшің біз өркениеттерді соңғы
мақсаттық ұстанымына сай тек бір-бірімен ғана салыстырып

қоймай, сонымен қатар олар жалпы түрлік қасиеті бойынша ерек­
шеленетін тұрпайы қоғамдармен де салыстырғанымыз дұрыс. Біз
олардың өзінің жеке және жалпы мақсатқа жетуінде қаншалықты
алға озып кеткенін және тұрпайы қоғамдар жеткен неғұрлым биік

деңгейден қаншалықты көтерілгенін анықтауымыз керек. Осы
өлшемдерді анықтағаннан кейін барып қана әрбір өркениеттің
маңыздылығы туралы айтып, олардың дамуындағы жоғарғы
нүктені анықтауға талпынуға болады.

Соңғы ой өте маңызды, себебі өркениет статистикалық
формацияны емес, ол эволюциялық типтегі динамикалық
құрылым болып табылады. Олар тек тыныштық күйде ғана
бола алмайтындығы сияқты, қозғалысы бір бағытты көшеде

қозғалып бара жатқан секілді бағытын өз еркіне сай өзгерте ал­
майды. Егер де осы аналогияны жалғастыратын болсақ, онда
жиырма бір өркениеттің ешқайсысының көшені әлі толық
жүріп өтпегендігін және олардың он төртінің ережені бұзып

төмен қарай бұрылғанда апатқа ұшырағандығын көреміз. Ал
қазіргі күндері өмір сүріп жатқан қалған жеті өркениетке кел­
сек қайсысы бірінші болып көшенің басына жететінін және
қайсысының жол ережесін бұзғысы келетінін, ал қайсысының

қозғалыс ережесін сақтайтындығын басып айту қиын.
Алайда, осы аналогияны қолданып, ізделіп отырған
құндылықтар шкаласын құрастырып көрейік.
Сонымен, біздің көшелеріміздің жоспарында жиырма бір

өркениетті нүктелермен бейнелейтін болсақ, нүктелердің көше

бойына бірқалыпты шашырамайтынын көреміз. Олардың
бір тар жерге үйіліп қалғанын байқауға болады. Артта үлкен
кеңістік қалды, оны жолы болмағандарды қоса есептегенде
барлығы жүріп өтті. Алдымызда да бос кеңістік бар, оған әлі

бірде бір машина кірген жоқ. Бұл жолдың ең ұзақ бөлігі. Егер
көшенің тек нүктелер шоғырланған бөлігіне ғана назар аударсақ,
онда тіпті сөз қылатын да ештеңе жоқ. әлде бір қосымшалар не­
месе салыстырулар мүлдем орынсыз. Егер барлық нүктелерді

бүкіл көшенің ұзындығы бойынша қарастырсақ, оларды
жолдың басы мен соңынан бөліп тұрған арақашықтықпен
салыстырғанда олардың арасындағы арақашықтықтың өте аз
екендігін көреміз.

Өркениетті зерттеуде «фактілердің» салыстырмалы­
лығы. Бізді сынаушылар тағы бір қарсылық айтуды. Олар
өркениеттерді теория жүзінде салыстырмалы зерттеуге болаты­
нымен келіскенімен, деректердің икемге көнбейтіндігі себепті

оны іс жүзінде қолдану мүмкін емес дейді. Өркениеттердің біріз­
ділігі тарихи оқиғалардың немесе фактілердің тізбегінен басқа
ештеңе емес, ал әрбір тарихи фактінің теңдесі жоқ, бұдан олар
принципиалды түрде салыстырылмайды деген шешім шығарды.

Осы көзқарас тұрғысынан тарихтың қайталанатындығы туралы
түсінік жалған болып шығады.
Келтірілген тұжырымдар орынды, сондықтан оларды зер
салып қарастырумыз керек. Алдымен сыншылардан әлде бір

феноменнің барлық қатынаста бірегей, сондықтан белгілі бір
топтың өкілі ретінде салыстырылмайды, ал бұл топтың ішінде
басқасымен салыстырылуы әбден мүмкін деген тұжырыммен
келісуін сұрайық. Бұл екі жақтылық кейбір феномендерге

тән және «индивиуалды» деген сөзде көрініс табады, ол
тек қос мағыналы ғана емес, сонымен қатар бір қарағанда
диаметралды қарама-қайшы мағынаны білдіреді. Кейде ол
құбылыстың бірегейлігін көрсету үшін қолданылса, ал кейде

салыстырмалы түрде салыструға болмайтындық идеясын біл­
діру үшін қолданылады. Бұл сөздің екі жақтылығы оны жан­
сыз нәрсеге күштеп таңғанда жойылып кететіндігін айта ке­
тейік. Бұл Өмір сөздігінен алынған сөз. Егер Өмірдің барлық

құбылыстары янус секілді, кейбір аспектіде олар салыстыр­

малы, кейде уникалды болып келеді дегенде бізбен келісетін болса, сыншылармен келісуге болады. Өмірдің әрбір көрінісі уникалды, өйткені ол өз-өзіне шоғырланған. Өмірдің бұл мәндік қасиеті шығармашылық сипаты бар вариациялар мен мутацияларға қабілеттіліктен де байқалады. Бірақ психоло­ гия, биология, ботаника, зоология және антропология сияқты ғылымдардың мәліметтері бойынша Өмірдің кейбір көріністері өзара салыстырылымды. Психология мен биология Өмірдің материалдық құрлымы мен механизмдерін статикалық және динамикалық тұрғыдан салыстырады. Ботаника мен зоология жеке тірі ағзаларды сұрыптау үшін салыстырады, сол арқылы класстардың бір бірімен қалай байланысқанын және қандай хронологиялық ретте пайда болғанын анықтайды. Зоология өзінің салыстырмалы зерттеу өрісіне адам деп аталатын жа­ нуарды да қосады, өйткені бұл жануар адам болар алдында үйірлі жануар болғандықтан, адамзатта әлеуметтік ортасымен байланыста зерттелуі керек, бұл ортасыз ол тіршілік ете алмай­ ды. Сол себепті адамзат қоғамдары салыстырмалы түрде зерт­ телуі қажет, олар Өмірдің көрінісі болып табылғанымен, тірі жәндіктер болып табылмайды. Тұрпайы қоғамдарды салыс­ тырмалы зерттеумен шұғылданатын ғылымды антропология деп атайды. Оның жетістіктерін бәрі біледі. Антропологияның салыстырмалы зерттеу тәсілі тек тарихы жоқ халықтарға ғана қолдануға болады деген пікір кең таралған. Бұл пікір салыстыр­ малы зерттеумен тарихи зерттеу бір-бірімен үйлеспейді, себебі тарих қайталанбайды деген ұйғарымға негізделген. Егер де әлде бір қоғамды салыстырмалы тәсіл арқылы зерттегенде зерттеу жемісті болып жатса, онда бұл қоғамды біраз уақыт «тарихқа қатысы болмаған» деп тапқан. Тұрпайы қоғамдармен теңестірілетін «тарихы жоқ халықтар», бұл әрине, күмәнді сөз тіркес. Өйткені, тіпті, қазірде бар барлық тұрпайы қоғамдар статикалық қалыпта болсада, бұл олардың әу бастан осы қалыпта болғандығының дәлелі емес. Біздің зерттеуіміздің басында аталған түр қоғамдарының дамуындағы қиындықтар кейде ұзаққа созылған және әрекеттен айырылған эпилогқа алып келді, қураған діңгек өмірлік нәрлер оған қуат беруін тоқтатқаннан кейін де сақталып қалды. Қазіргі

тұрпайы қоғамдар кезінде жапырақ жайған ағаштың қураған
бұтақтары, ал олардың қазіргі қатып-семіп қалған қалпы кезін­
де буырқанған тарихтың эпилогы болуы мүмкіндігін жоққа
шығару бола ма? Олар әрқашан осындай қозғалыссыз күйде

болған жоқ қой. Уақытында қоғамның бұл түрлері тобырлық
өмір салтын қабылдап, Адам еместен Адамға өтудің мутациялық
циклін бастан кешіп өз тіршілігін бастады емес пе. Тұрпайы
қоғамдар тарихының сағылысқан сәулелерін анықтай отырып,

біз олардың да анағұрлым кейінгі өркениеттер сияқты ширақ
әрі маңызды болғандығын түсінеміз.
Сонымен, тұрпайы қоғамдарды «тарихы жоқ халықтар»
ретінде сипаттау қате және біздің мүмкіндіктеріміздің шектеулі

екендігін көрсетеді. Бірақ факт факт болып қалады: тұрпайы
қоғамдар салыстырмалы зерттеулер арқылы зерттеліне алады.
Егер де өркениеттер тарихында бейнеленген адам өмірінің
фактілеріне эмпирикалық зерттеу жүргізсек, онда олардың

тұрақтылығы мен қайталанатындығы байқалады, бұл оларды
салыстырмалы зерттеуде қолдануға жол ашады. Мұндай үнемі
қайталану өзіміз мүшесі болып табылатын өркениет өмірінен
айқын көрінеді. Батыс тарихшылары тарихи фактілерге салыс­

тырмалы зерттеу жүргізу туралы пікір-таластырып жатқанда,
іскер адамдар өмірлік фактілерді салыстырмалы зерттеумен
қарқынды айналысып жатыр. Мұндай салыстырмалы зерттеудің
ұтымды мысал деп статистиканы айтуға болады, онсыз

компанияның табысты жұмыс істеуі екі талай. Статистикалық
мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, болжамдар жасау қазіргі
батыс әлеміндегі табысты өндіріс орындарының негізі болып
табылады. Егер іс жүзінде өркениет өмірінің фактілерін зерт­

теу жемісті қолданылып, кіріс әкеліп жүрсе, онда бұл тарихи
фактілерді теориялық тұрғыдан зерттеудің мүмкіндігінің дәлелі
болып табылмай ма? Сонымен, батыстың іскер адамы батыс
тарихшысының жүрегі дауламай жүрген аймағын игеріп алды.

Ал біз болсақ, еш толқусыз алғашқы қадам басушылардың ар­
тынан ереміз.

Түсініктемелер
1 Алдын-ала орнатылған үйлесімділік – монадалардың өзара
қарым-қатынасын негіздеу мақсатында Г.В. Лейбниц енгізген
ұғым. Олар болмыстың бөлінбейтін идеальды ұсақ бөлшектері,

абсолютті тұйықталған, бір-бірімен физикалық өзара әрекеттесе
алмайды, бұған болмыс заңы тыйым салады. Алайда нақты
бақыланатын Құдай алдын ала орнатқан үйлесімділіктің
нәтижесі болып табылады.

2 Ағылшынның pathetіc fallasy -сі «табиғатты бейнелеу» де­
генді білдіреді, бірақ бұл жерде осы сөздердің көшірмесі беріл­
ген, өйткені антоним – «апатетикалық адасушылық» орыс тілі­
не аударылмайды.

3 Трайбализм (ағыл. Trіbe- «тайпа») – жалпы қолданылатын
мағынасында мәдени-тұрмыстық, діни әдет-ғұрыптық және
қоғамдық-саяси тайпалық ерекшеленуге бой алдыру.
4 Ұлы державалар («сегіз» саны шартты) деп бұл жерде ше­

караларды кеңейту арқылы құрылған қуатты коллониалдық
державалар мен мемлекеттік құрылымдар түсініліп отыр: Авс­
тро-Венгрия, Германия, Ресей, Британ империясы, Франция,
Португалия африкалық отарларымен бірге, Нидерланды Индо­

незиямен бірге, АҚШ.
5 Батысеуропалық ортағасырлықтың саяси дамуы екі
қарама-қарсы ағымда жүрді. Біріншісі, сол дәуірдің әлеуметтік-
экономикалық мәнінен туындаған-орталықтан ыдырау. Екін­

шісі-орталыққа ұмтылу нақтылыққа қарағанда идеалды сипат­
та болды.
6 Интеллигибелді –сенсибилдіге – сезіммен қабылданғанға
қарсы бір нәрсенің, құбылыстың немесе ұғымның тек парасатпен

немесе интеллектуалды зердемен қабылдануы. Бірқатар идеа­
листік философиялық бағыттар (А. Тойнбиде солардың қатарында)
интеллигибелділіктің нақты бар екенін мойындайды.
Тарихи зерттеу өрісі

1 Бұл жерде Англияның жеке мемлекет ретінде тір­
шілігін тоқтатып, анағұрлым ауқымды саяси құрылым – ұлы
Британияның құрамына кіруі сөз болып отыр.

2 Норман герцогы Вильгельм І Англияны жаулап алған 1066
ж. бастап ағылшын корольдері құрылықта үлкен жер иеліктері­
не ие болды, олар Генрих ІІ Плагенет, граф Анжуйский және
т.б. таққа отырғаннан кейін одан әрі ұлғая түсті.

3 Бұл жерде ХVІІІ ғ. 60 жж.-ХІХғ. 10-20 жж.орын алған
Өнеркәсіптік революция немесе Өнеркәсіптік төңкеріс туралы
сөз болып отыр.
4 ХІІІғ. Соңында пайда болған ағылшын парламенті үкіметті

бақылау үшін корольдік билікпен бірнеше ғасырға созылған
күрес жүргізіп келді.
5 Ұлы географиялық жаңалықтар мен теңіздің ар жағын отар­
лауды ХV-ХVІ ғасырлардың аралығында Испания мен Порту­

галия бастады. Англия бұл процеске кейіннен қосылды.
6 Англиядағы реформацияның өз ерекшеліктері болды, ол
басқа елдерге қарағанда баяу жүрді. Протестанттық идеялардың
Англияға ХVІ ғ. 10-20 жж. аралығында-ақ ене бастағанына

қарамастан, негізгі процесс Қасиетті Тақтың Генрих VІІІ
корольдің Екатерина Аргонскаямен ажырасуын мойындаудан
бас тартуынан басталған 1529-1536 жж. орын алды. Осының
нәтижесінде король басқаратын англикандық шіркеу құрылды.

7 Қазіргі заманғы көптеген ғалымдар итальяндық Орталық
Италияны (Тосканды) Қайта Өрлеудің отаны деп санайды және
оның басталуын ХІІІ ғ. соңымен, ХІVғ. ортасымен белгілейді.
А. Тойнби Ренессансты тек мәдени ғана емес, сонымен қатар

саяси, экономикалық процесс болды деп қарастырады.
8 Феодализм құрлыққа қарағанда Англияда баяу жүрді.
Оның түпкілікті қалыптасуы 1066 ж. нормандық жаулап алудан
кейін, Норман герцогтігінде қалыптасқан феодалдық құрылыс

ағылшын топырағына көшірілгенде орын алды.
9 Британ тарихнамасында батырлық ғасырлар деп 450-600
жж кезеңі, яғни герман тайпаларының-англдердің, сакстердің,
юттардың бұрынғы римдік провинция Британияны жаулап

алған уақыттары аталады.
10 VІІІ ғ. соңымен ХІ ғ. аралықтарындағы кезеңді тарихшы­
лар жиі «викингтер ғасыры» деп атайды. VІІІ ғ. соңында викин­
гтер, негізінен даттар, Англияға, ІХ ғ. Францияға лап қойды.

11 От беруші Прометейдің аты «алдын ала ойлайтын», «алдын
ала көріп білетін» дегенді білдіреді, ол адамдарға бақытсыздық
пен апат алып келетін оның егіз бауыры Эпитемей аты «соңынан
ойланатын», «арам ойлы» дегенді білдіреді.

12 Реформацияның отаны Германия болды, ал ол М. Лютер
Виттенбергте католиктік ілімнің бірқатар қағидаларына қарсы
өзінің атақты 95 тезисін жариялаған 1517 ж. 31 қазанында бас­
талды.

13 Бұл жерде А. Тойнби метафоралық тұрғыда ХVІ-ХVІІ
ғғ. экономикалық, саяси және мәдени орталықты Жерорта
теңізінен Еуропаның солтүстік-батысына көшірілуін сипаттап
отыр. «Солған және күні өткен әлемдер» – Грекия мен Рим.

14 Гректердің өздері негізін қалаған отарларға қоныс ауда­
руы, яғни Ұлы отарлау б.з.д. VІІІ-VІІ ғғ. орын алды.
15 Мессения – грек халқының бір тармағы доряндықтар
(спартандықтарда соған кіреді) мекендеген Пелопоннестің

оңтүстік-батыс аймағы.
16 Атақты грек тарихшысы Фукидид (б.з.д. 460-400 жж. ша­
масы) хабарлаған (немесе шығарған) көрнекті афиналық мемле­
кет қайраткері, стратег Периклдің (б.з.д. 490-419 жж. шамасы)

сөздерінде: «... біздің барлық мемлекетіміз – Эллада мектебі»
делінген
17 Ішкі әлеуметтік қайшылықтарды жұмсартуға, мәдениетті
дамытуға бағытталған саясатты жүргізуге мүмкіндік бер­

ген Афина мемлекетінің қуаты мен байлығы одақтас және
бағынышта болған полистерді қанаудың арқасында жүзеге
асты. Бұл Афинаның толық жеңілісімен аяқталған Пелопоннес
соғыстарының (б.з.д. 431-404 жж.) бір себебі болды.

18 ХІХ ғ. 30-шы жылдары неміс тарихшысы И.Г. Дройзен
(1808-1884) б.з.д. 323 ж. (Александр Македонскийдің өлімі)
бастап б.з.д. 30 ж. дейінгі (Александр ұрпақтарының бір буы­
ны-Птоломейлер билік құрған Египетті Римнің жаулап алуы)

антикалық қоғамды белгілеу үшін «эллинизм» ұғымын енгізді.
19 Левант – Грекиядан Палестинаға дейінгі, Кипрді қосқандағы
Шығыс Жерорта теңізі елдерінің атауы, тар мағынада –Сирия
мен Ливан.

20 А. Тойнби Батыс Еуропа мен оның отарларынан тыс
жатқан елдердің (аталған жағдайда ХVІ-ХVІІ ғғ.) әлеуметтік-
экономикалық, мәдени дамуы аталған аймақтардікінен өзгеше
заңдылықтарға бағынды деп санайды.

21 ХVІ-ХVІІ ғғ. Еуропаның саяси дамуы бір бағытта, бірақ
екі нұсқада жүрді. Оларды шартты түрде «француздық»
және «ағылшындық» деп атауға болады. Бірінші жағдайда
абсолютизмнің нығаюы, екінші жағдайда – өкілеттілік

басқарудың күшеюі түсініледі.
22 Теңіздің арғы бетімен сауда жасауда Германдық және
Италияндық мемлекеттер Испаниямен, Португалиямен, Англи­
ямен, Франциямен, Голландиямен бәсекеге шыдамады, өйткені

өздерінің дәстүрлі сауда-саттық аймақтарынан – Балтикадан
(Германия) және Жерорта теңізінен (Италия) шыға алмады.
23 ХVІІІ-ХІХ ғғ. аралығындағы Франция мен оның
қарсыластары

арасындағы
Соғыстар
шартты
түрде

Революциялық (1792-1799) және Напалеондық (1799-1815) бо­
лып бөлінеді.
24 Батыс Еуропалық державалардың бір жағынан Ресеймен,
екінші жағынан Қиыр Шығыс мемлекеттерімен дипломатиялық

қарым-қатынас орнатуы ХІХ ғ. басталады.
25Ортодоксальды
христиан
шіркеуінің

батыстық
және
шығыстық
тармақтарының

арасындағы
жікшілдік
христиандық Шығыс пен Батыс арасындағы саяси және мәдени
айырмашылықтарға негізделді.

26 V ғ. бүкіл христиан әлемінде христологиялық: Христос
тұлғасындағы құдайылық пен адамдықтың арақатынасы тура­
лы пікір-таластар өрбіді.
27 1054 ж. ыдыраудан кейін Рим престолы шіркеулердің

астында бірігуіне мүмкіндік бермеді. Кейбір императорлар
түріктерге көмек орнына бірігуге келісті, нақтырақ айтсақ Иоанн
VІІ Іғ Палеолог (1425-1448) Империяның жойылу қарсаңында,1
936ж. Флорентий-Феррарлық Соборында шіркеулердің бірігуін

мойындады. Бірақ бұл бірігуді Византиялық мемлекеттердің
халқы,аристократтар теріске шығарды. Византиялық флоттың
қолбасшысы Лука Нотар жұрт алдында «Қалада латын тиара­
сын көргеннен, Түрік чалмасының билігін көрген артық» деді

28 Ұлы Моғол мемлекетінің билеушісі Джелал ад-Дин Акбар
(1542-1605 жж, 1556 ж. бастап билеуші) өзінің көпұлтты және
көпдінді мемлекетін біріктіру мақсатында, діни шыдамдылық
саясатын жүргізді. Кейін ортодоксалды исламның,ислам

секталарының діни ілімінен және түземдік тұрғындардың
әртүрлі діндерінен тұратын өзі құрастырған «Құдайлық
сенімді» енгізді. Жаңа сенімнің тұсауын жалғыз Құдайдың жер­
дегі көрінісі деп жарияланған билеушінің өзі кесті. Өзінің әкесі

Хумаюнның кесенесін тұрғызуға Акбар итальяндық шеберлерді
шақырды,оның сарайында Еуропа елдерінен келген суретшілер
болды, сол кезеңдерде миниатюралардың кейбірінде жергілікті
шеберлердің Дюрер гравюрасымен таныстығы көрінеді. Шама­

сы, Акбардың діндегі синкреттік ұмтылысы өнерге де тараған
секілді.
29 664 ж. Солтүстік теңіз жағалауындағы ағылшынның Уит­
би қаласында ағылшын шіркеуінің синоды жиналды, оған

қасиетті Августин бастаған Рим миссионерлерімен ирланд
миссионерлері қатысты. Формальды түрдегі синодтың мақсаты
рәсімдердің әртүрлілігін реттеу болды. Ал шындығында
ағылшын шіркеуінің қандай жолмен жүретіндігі әңгіме болды.

Ирланд шіркеуі тақуалар мен қаңғыбас уағыздаушылардың то­
бынан құралды. Осы синодта жеңіп шыққан Рим шіркеуі мықты
орталықтандырылған иерархиялық құрылым болды.
30 1934 ж. «Постижение истории» кітабының алғашқы үш

томдығы жарыққа шыққан уақытта, көптеген колонияларды,
протектораттарды,мандаттық аймақтарды есептегенде дүние
жүзінде 72 тәуелсіз мемлекет болды.
31 Австралиялық бірлестік және Жаңа Зеландия айтылып

отыр.
32 Орта ғасырлардың басындағы германдықтар құрған ең ірі
мемлекет-франк мемлекеті – V ғ. алғашқы жартысында Клоди­
он (Хлойо) Волосатый құрған, Меровинг династиясы басқарған

салифранктерінің шағын корольдігінен пайда болды.
33 Англия Франк корольдігінің құрамына кірген жоқ. Италияға
келетін болсақ оның көп бөлігі Германдық лангобард халқы
жаулап алды (Солтүстік Италиядағы облыс аты – Ломбардия –

осы халықтың атауына байланысты шыққан) және олар құрған

корольдік 774 ж. Ұлы Карлдың жаугершілігіне ұшырады. Карл
империясы ыдырағаннан кейін, оның кейбір ұрпақтары 888 ж.
және 894 ж. дейін Италия корольдері болды. 951 ж. Италияндық
Тәжді Саксондық династиядан шыққан І Оттон иемденді. Сол

уақыттан бастап XІX ғ. Дейін Қасиетті Рим империясы және
оның мұрагері Австро-Венгрия кейде бүкіл солтүстік бөлігіне
таласып келді.Бірақ империядағы билік Аппенин түбегінің
сыртқы билігі ретінде қарастырылды.

34 «Франктер» термині тайпаның атауы ретінде Еуропада
Xғ.жойылды, бірақ Шығыста «еуропалықтар» деген мағынада
XІXғ.дейін өмір сүрді.
35 Аридтік (латын тілінен аударғанда – «құрғақ») аймақ –

құрғақ климаттық аймақ, құрғақ дала, шөлейт, шөлді аймақ.
36 Иранда және Орта Азияда арабтар жаулап алғанға дейін
және ислам қабылданғанға дейін үстемдік етуші зорорастризм
діні болды.

37Б.з.д. І ғ. буддизм екі ағымға бөлінді-хинаяна («Кіші
дөңгелек», «тар жол») және махаяна («Үлкен дөңгелек»,
«кең жол»). Алғашқы ағымды жақтаушылар Будданы мінез-
қылықтың үлгісі мен идеалы санағанымен, азаптан құтылудың

жолын көрсеткен қарапайым адам деп есептеді. Хинаяндықтар
ілімі бойынша кез келген адам нирванаға жетуі мүмкін,тек қана
жеке күш-жігер арқылы. Махаянада Будда әлемді құтқарушы
жоғары құдайлық сипатқа ие болады. Нирванаға жету ісінде

делдардың қажет болуы мүмкін.
38 Дін атауы – оның негізін қалаушы Махавири Вадхарманың
атынан шыққан – «Джина» немесе «жеңімпаз». Үндістанда
өмір сүріп жатқан джайнизм хинаяна буддизміне жақын, бірақ

ригористік талаптарымен ерекшеленеді.
40 Ұлы Карлдың баласы және мұрагері император Людовик
Благочестивыйдың өлімінен кейін (778-840, 814 ж. бастап им­
ператор) оның балалары өзара талас-тартысқа түсті. Верден

келісімі империяның бөлінуін бекітті.
41Уэссекс королі Экберт (802-839,825ж.бастап король)
барлық англосаксондық корольдіктерді өзінің гегемониясына
қосты, бірақ оларды бір мемлекет етіп біріктірген жоқ.

42 Рим валы деп Ұлыбританияны Тайн өзенінің аңғарынан
бастап Солуэй-Ферт шығанағына дейін кесіп өтетін қорғаныс
жүйесін атайды.Ол солтүстіктен болатын шабуылдардан
қорғану үшін 122-124жж император Адрианның (Адриан

қорғаны) бұйрығымен тұрғызылды. 140 ж. шамасында Римдік
Британияға Адриан қорғанының солтүстігінде орналасқан
аймақ қосылды.Және Форт-оф-Ферт шығанағынан Клайд
өзенінің аңғарына дейін.жаңа қорған тұрғызылды. (Антонин

қорғаны) Ол 183 ж. жергілікті тайпалардың көтерілісінен кейін
босатылды және римдіктер кеткенге дейін Адриан қорғаны
олардың солтүстік шекарасы болып қалды.
43 778-810 жж. Ұлы Карл Испанияға бірнеше жорықтар жа­

сады және Эбро өзенінің аңғарына дейінгі жерлерге өз әсерін
тигізді,оның корольдігінің билігі тек Барселонаға дейін жетті.
XІІІ ғ. маврлар жері үшін испандық мемлекеттер жаулап алу
процестерін тездетті.Осы мемлекеттердің ең күштісі Касти­

лия ерекше белсенділік көрсетті. Гвадалквивира жазығында
орналасқан Севилья мен Кордова 1236 және 1241 жж құлады.
1260 ж. өзен аңғары кастильдіктердің иелігінде болды, Севилья
экспансия экспедициясының орталығына айналды.

44 Ұлы Карл өз иелігіне бұрынғы Герман тайпаларының
аймағы болған Саксонияны (772-804) қосып алды және күштеп
христиандандырылды. Христиандықты Скандинавиялық елдер
X-XІ ғғ. аралығында, Польша – 966 ж. қабылдады. Ресей өз

иелігіне XVІІІ ғ Қиыр Шығысты қосты.
45 Солтүстік италияндық мемлекеттердің ең біріншіден Ап­
пенин түбегі бойынша Венецияның экономикалық экспанси­
ясы, саяси жаулап алу емес мағынасында айтылады. ХІ-ХІІІ

ғғ. крест жорықтарына келетін болсақ, олардың анық мақсаты
Құдай Қабірін иемдену және Палестинада батыс христиан мем­
лекетін құру болды. Крестшілердің негізгі – күші рыцарлық (не­
гізінен француздық). Бірақ теңіз транспортын және қаржылық

қамтамасыздануды италияндық мемлекеттер, негізінен Ве­
неция жүзеге асырды. ІҮ ғ. крестшілер Константинопольдегі
шежірелі қантөгістерге араласып және ақыр соңында Визан­
тия империясын жаулап алып, Латын империясын құрғанда,

бұрынғы Византиялық территорияның 8/3 бөлігі Венециялық
республиканың қолына көшті.

46 Венецияндар Үндістанға өтетін жолдары бар Мысырмен
сауда қарым-қатынасын қадағалап отырды. Бірақ 1271-1275
жж. Қытайға жетіп, ол жерде 17 жыл тұрып, Оңтүстік Шығыс
Азия елдерінде болып, 1292-1295 ж.ж. отанына оралған Марко

Полоның (1254-1324) сапарына дейін Венециялық саудагер­
лер Шығыста болған жоқ. 15 ғ. аяғында Оттомандық империя
Еуропадан Қытай мен Үндістанға апаратын сауда жолдарын
бөгеп тастады.

47 Кейбір англо-саксондық корольдар өздерін император
деп атады, бірақ бұл атау шын титулға сәйкес келмейтін, тек
құрметті атау болды.
48 А. Тойнбидің терминологиясы бойынша «билік аралығы»

– бұл бір өркениеттің күйреуі мен екіншісінің тууы арасындағы

уақыт аралығы. Мұнда бұл кезең варварлық Рим империясына
басып кіруінің басталуынан олардың корольдік-католиктік дін­
ге өтуіне дейін созылады (ортодоксальді дінге ауысқан франк­
тардан басқа).

49 Б.з.д. 218-201 жж. Ганнибалмен соғыс (Екінші Пунилік
соғыс) Цизальпиялық Галлияның, анықтап айтқанда Альпіден
әйгілі Рубиконға дейінгі Падус өзенін санамағанда, Римнің
солтүстік-батысқа эмансипациясына әкеліп соқтырмады. Руби­

кон жерлерінің бір бөлігі б.з.д. 2 ғ.-да басып алынды. Испания
(Римге қарағанда солтүстік-шығыс болып Пиреней түбегінің
саналатын себебі Италиядан бұл жерге баратын жол басында
солтүстік-шығысқа беттеген) тек б.з.д. 2ғ.-да толығымен жау­

лап алынды. Жалпы алғанда б.з.д. 58-55 жылға дейін Цезарь
жорықтарына дейін, Рим территориясын ұлғайту оңтүстік-
шығыс бағытта; Балканда және Кіші Азияда дамыды. Август
заманына және одан кейінгі замандарға келетін болсақ, жаулап

алулар белсенділігі азайды, себебі мемлекеттің мүмкіндіктері
шектеулі болды. Оларға жатпайтындар Римдік Британия, се­
бебі оны жаулап алу Цезарьдің кезінде-ақ басталған, ал б.з.д.
43-44 жж. аяқталған, және Дания, Дунайдың солтүстік жағында

орналасқан, б.з. 107 жылы жаулап алынды. Ертеден тәуелді
мемлекеттердің әкімшілік бағыныштылығының есебінен импе­
рия кеңіді,ал ішкі тартыстарды және көтерілістерді санамағанда,
соғыс қимылдары Шығыстағы Парфян патшалығымен шека­

ралас жерлерде шоғырланды және көпғасырлық соғыс ешбір
жаққа да жеңіс әкелмеді.
50 Атақты ағылшын тарихшысы Эдуард Гиббонның (1737-

1794) пайымдауынша ол өзінің «Рим империясының құлдырауы

мен құлауының тарихы» атты шығармасында жазғаны бойынша
Римді варварлар мен христиан діні құлдыратты. А. Тойнби бұл
пікірге және римдік тарихшылар мен моралистердің пікіріне
қосылды. Бұл пікір бойынша, Римдегі кесапаттар Ганнибалды

жеңгеннен кейін қалаға құйылған олжа римдіктерді ата-баба
салтын ұмытуға алып келгеннен басталды.
Тойнби А.Дж. Постижение истории. Сборник.

– Москва. Прогресс, 1991. – С. 14-90.

Хосе ОРТЕГА-И-ГАССЕТ ТАРИХ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ І Адам өмірі – күнделікті емес шындық. Ол туралы ең ал­ дымен, ол түбегейлі шындық болып табылады деп айту керек – радикалдық атап атқанда барлық басқа шындықтар өзара қатынаста тек онымен болады деген мағынаны білдіреді; олардың бәрі – жүзеге асқандар және мүмкіндер – онда солай немесе басқаша көрініс табады. Тым езбе, бірақ бір мезгілде адам тіршілігінің ең маңызды қасиеті, бірдемені жасамай, өмір сүруге болмайтындығында тұр. Өмір бізге беріліп қойылған – біз тек кенеттен өзімізді онда тауып аламыз, – бірақ «дайын» күйінде берлімеген: біз «оны жасауымыз» керек, әркім – жеке өзінікін. Сонымен, өмір – бұл әрекет. Әрекет ретіндегі өмірдің ең мәнді белгісі оларды жасау қажеттілігінде тұрған жоқ, ал жалпы алғанда, керісінше: біз әлденені жасаймыз, бірақ біз ешқашан әлдебір анықталғанды жасауға міндетті емеспіз; сол немесе басқа әрекет біз үшін мін­ детті емес, ол жұлдыздар қозғалысының траекториясы немесе, айталық, тастың құлауы сияқты, бізге танылып қойылмаған. Бірдемені жасаудан бұрын адам тәуекелге барып, атап айтқанда нені жасағысы келетінін шешуге міндетті. Бірақ егер адам­ да оны қоршап тұрған заттар, басқа адамдар және өзі туралы қайсыбір түсініктер болмаса шешім мүмкін емес, тек белгілі бір сенімдерге ие бола отырып, ол бір әрекетті басқасынан таңдап ала алады және жалпы айтқанда, тіршілік ете алады. Сонымен, адам қашанда қайсыбір сенімде болып тұрады. Оның өмір салтының өзі наным-сенімдерден тәуелді; нанымсенімдерден, олардың күшеюі немесе әлсіреуінен адамзат тарихындағы шешуші өзгерістер де шығып жатты. Адамдық өмір сүру ең алдымен адам сенімдерінің жиынтығы болып та­ былады. Міне, олар біздің өміріміздің негізінде жатыр. Адам – бұл оның сенімдері деп бекер айтпайды. Атап айтқанда олар адамды конституциялайды. Мен «жиынтық» туралы айттым, өйткені адамның, халықтың, дәуірдің көптеген наным-сенім­ дері ешқашан толық шамада қисынды байланысқан бола алмай­

ды, мысалы, ондай болып философия табылатындай немесе
болуға ұмтылатындай, олар идеялар жүйесін құрастырмайды.
Адам өміріндегі наным-сенімдер, оны қоректендіре, оята және
бағыттай отырып, кейде сиыспайтын, қайшылықты немесе бір-

бірімен байланыспаған болып келеді. Б ұл бағалаулар тек олар­
ды идеялармен жақындататындығын білдіретінін, байқаңыз.
Бірақ наным-сенімді идея ретінде анықтау қателікке жатады.
Қашан оны ойластырғанда, идея өз рөлімен мазмұнын тауысып

қояды, ал әйтсе де адам каншама керек болса, соншама ойлай
береді, ол тіпті өз тілектеріне қайшы да ойлай алады.
Ой кенеттен біздің жігеріміздің немесе ұйғарымымыздың
қатысуынсыз-ақ пайда болады, және біздің іс-әрекетімізге

әсерін тигізбеуі де мүмкін. Керісінше, наным-сенім, оны ой­
ластыратын, жай ғана идея емес, оған тағы сенетін болады.
Сенім тек интеллектінің амалы емес, ол адам қылықтар мен
іс әрекеттерін бағыттаудан тұратын, тап осындай тірі ағзаның

функциясы болып табылады.
Енді «жинақ» ұғымының өзіне қайтып келейік. Наным-
сенімдер – идеялар тұғырынан жинақ – шынайы наным-сенім­
дер ретінде қашанда жүйені құрастырады деп айтуға болады.

Яғни, логикалық және интеллектуалдық көзқарас бойынша
наным-сенімдер реттелмегендер болғанымен, олар сонда
да тіршілік байланысымен біріктірілген; егер тек бір-біріне
сүйенетін, біріктірілген және комбинацияланған болса, олар на­

ным-сенімдер ретінде қызмет ете алады. Олар қашанда ағзаның
бірегей құрылымының бөлшектері ретінде әрекет етеді және
басқаларымен бірге, белгілі құрылыс пен иерархияға ие. Әрбір
адам өмірінде түпнегізді, базалық, радикалды сенім-нанымдар

мен олардан шығатын және оларға сүйенетін, туынды және
екінші қатардағы ннаным-сенімдер бар. Бұл сөйлемше, әрине,
тым бос сөз сияқты, бірақ сонда да – мылжың сөздігіне қарамай

– осының бәрі төтенше, маңызды. Адам олармен өмір сүретін,

сансыз көп наным-сенімдер құрылымсыз әлдебір илене беретін,
ешқандай тәртіпке келтірілмейтінді көрсететін болады. Адам
тіршілігін тану сонда мүмкін болмай қалады. Және керісінше,
адам наным-сенімдері белгілі бір құрылым мен иерархияға ие

болу дерегі олардың жасырын тәртібін көруге және өмірді –
өзіңікін де, басқа дәуірдің өмірін де түсінуге мүмкіндік береді.

Сонымен, біз енді былай дей аламыз: тіршілік етуін – зерт­ теу сенімдер жүйесін шолудан басталады және оны зерттеу үрдісінде, ең алдымен, барлық басқа сенімдерді қолдайтын және өміршең ететін, түпнегізді және түптамырлы сенім айқындалуы тиіс. Қайсыбір қазіргі сәттегі сенімдердің жай-күйін анықтау үшін бірден-бір метод – оларды бір-бірімен салыстыру бар. Және салыстыру нысандары саны неғұрлым көп болса, нәтиже де соғұрлым дәл болып шығады – екінші банальдық тап осын­ дай, оның маңызды салдары біздің пайымдарымыздың тек соңында анық бола бастайды. ІІ Қазіргі сенім-нанымдырды және осыдан отыз жыл бұрынғы сенім-нанымдарды салыстырайық; түпнегізді сенім өзгергендіктен, оларда айтарлықтай өзгерістер болғанын, біз көре аламыз. 1900 жылға дейін өмір сүрген ұрпақ, ақылға сенімді өмір сүрген, ХVІ ғасырдан бастау алатын, сол ұрпақтар ауысуының соңғысы болды. Ол сенім неде тұрды? Егер «Метод туралы пайымдарға» көңіл бөлсек, онда міне Жаңа дәуірдің бұл классикалық құжатында ақылға де­ ген сенімнің ең биігі тамаша білдірілген: «Өзінің ең қиын дәлелдемелеріне жету үшін, оларды әдетте геометрлер пай­ даланатын, шетінен қарапайым және жеңіл, тұжырымдардың сол ұзын тізбектері, адамдар білімдерінің пәні бола алатын сол заттар, өзара да сондай дәйектілікте тұрады дегенді, маған өзімде елестету үшін себепші болды. Ендеше, егер ол ондай бо­ лып табылмайтын бірдемені ақиқат ретінде қабылдаудан алақ болсақ және ода бірін-бірінен шығару керек болған тәртіпті қашан сақтасақ, онда оларға жетуге болмайтын, соншама алыс ақиқаттар да, оларды ашуға болмайтын, соншама құпиялалар да жоқ»1. Бұл сөздер – рационализмнің оятушы ұрандары, кейбіреулер ойлағандай, біз бүгін бақылап отырған, оның агониясын, соңғы аққу әнін көретіндей, жаңа дәуір келуінің хабары. Кез келген жағдайда, картезиандық рух пен бүгінгі күннің рухы арасында өмірлік Күште айырмашылық бар екендігіне ешқандай күмән жоқ. Декартың бұл тамаша пайымдауларын­

да қаншама шаттық, өжеттік, Әлемге деген қандай құштарлық
шақырымы бар! Оны тыңданыздар: Оларды өнегелі түрде шет­
ке жылжытып қойған, құдайлық сырлардан басқа, шешілмей­
тін мәселелер ол үшін жоқ. Бұл адам олардың алдында селтіп

қалған және үрейден әлсіреген адам қатып қалуға тиіс. Әлемде
құпия, шешілмейтін жұмбақ жоқ. Адамды барлық жағынан
қоршап тұратын Әлем, – онда өмір сүру адамдық өмір де бо­
лып табылады – түбінде тап өзіндей ақиқатты тануға келетін,

адам ақылы үшін ол мөлдір.Тек мәселе күрделілігінің алдын­
да сасып қалмау керек, өз ақылын құштарлықтармен жауып
тастамау қажет. Егер интеллектіні байыпты және іскерлікпен
қолданса, егер адамның бұл құрал, қаруы дұрыс пайдала­

нылса, онда ойлау қабілеттілігі, рaцио, заттарды анық көруге
мүмкіндік бере келе, оған сиқырлы билік береді. Талдаудың
көмегімен адам әлем құпияларына енеді және оны кристалл
сияқты түсінікті, мөлдір етеді. Шындық әлемі және ой әлемі

– екі өзінде жеткілікті, бір-бірімен корреляцияланатын үздіксіз

ғарыш. Бұл әлемдерде ештеңе айырылған, оқшау және жетіл­
мейтін болып қалмайды; олардың кез келген нүктесінен біз
қас қағымды ешқандай үзіліссіз – барлық басқа нүктелерге өте
аламыз. Сондықтан ақыл қалыпты түрде, ең қиын мәселе мен

шешілмейтін құпияның шынайы мәнісіне жете алатынына өз
қабілеттілігінде сенімді, теңіз тереңдігінен інжу іздеуші бағасыз
інжу-маржандар табуға қабілеттілігі сияқты, Әлем негіздерінің
негізіне ол жете алады.

ХVІ ғасырдың аяғы мен ХVІІ ғасырдың басында, Декарт
методының қалыптасуы дәуірінде, әлем құрылымының раци­
оналды екендігіне, шындық өз ұйымдасуы бойынша адам ин­
теллектісімен, дәлірек айтқанда, математикалық ақыл сияқты,

адам ақылының осындай формасымен ұқсас екендігіне, батыс
адамы сеніп келді. Міне сонда – заттар үстінен жүргізілетін
шексіз биліктің сиқырлы шешім кілті. Бұл сенім нағыз олжа
еді. Еуропалықтарды ол қамтымады деп, бір сәтке өзімізге

елестетейік. ХVІ ғасырда Еуропа халықтары Құдайға де­
ген, анаға деген сенімді жоғалтқан еді, және олар оны толық
жоғалтты ма әлде ол тірі сенім болудан қалды ма, бұл маңызды
емес. Бүкіл бізге көп нәрсені айқындап бере алатын, тірі және

өлі діндерді егжей-тегжейлі айыру қажеттілігіне теологтар

салмақ салады. Жалпылай келе, бұл ажыратуды мен былай
тұжырымдаймын: қашан бұл сенім өмірді қолданғанда, біз
тірі сеніммен сенеміз, қашан, сенімді жоғалтпай, ода әлі бола
тұрып, біз оның өзіміздің өмірімізге әсерін сезінбегенімізде, өлі

қатып-семіп қалған сеніммен сенеміз. Ол әлі бізбенен, біздің
өміріміздің қайсыбір бөлігін әлі өзімен көрсетеді; бірақ кере­
гі жоқ қоқыр-соқыр сияқты, жанның қуыстарына лақтырылып
тасталған. Біз бұл сенімге өз тіршілігімізді негіздемейміз, ол

енді өмірлік стимулдар мен бағдарларды қалыптастырмайды

– оны ұмытып кететініміз, соның дәлелі болып табылады; ал

сонда тірі сенімде неге сенетін, сол әрекетті түрде орын ала­
ды. (Осыдан оны мистик «Құдайдың орын алуы» деп атай­
тын, әбден табиғи құбылыс шығады. Дәл солай тірі махаббат
жұпыны, қатып-семіп қалған махабаттан айрықша сүйетіннің

бір сәт те жоғалып кетпей, тұрақты орын алуымен ерекшеле­
неді. Бізге оны іздеп жатудың қажеті жоқ; керісінше, біздің көз
алдымызда іштей тұрған, сүйіктінің бейнесінен босау мүмкін
емес. Бірақ бұл біз минут сайын немесе жеткілікті түрде ол ту­

ралы ойлаймыз дегенді білдірмейді, ол жай ғана қашанда біз­
бен). Қазіргі еуропалық жағдаятты талқылай келе, біз тағы бұл
айырмашылыққа қайтып келеміз2.
Ортағасырларда еуропалық аянмен өмір сүрді. Аянсыз,

тек таза өз күшіне сенгенде, ол оны қоршап тұрған түсініксіз
дүниеге, тіршіліктің барлық ащылары мен қиындықтарына әлі
келмеді. Бірақ құдіретті және бәрін білетін жеке оған өмір үшін
ең мәндіні ашып береді деп сенді – тірі сеніммен сенді. Осы

сенімнің барлық түкпірлерін байқай келе, біз оның ұрпақтан
ұрпаққа біртіңдеп сөне бастағанын көре аламыз. Мұнда тарихи
тірі сенім біртіңдеп таусылады, бұлыңғырланады және оларға
мен қазір ене бастайтын себептермен, егер адам жанынан

мүлде жоғалып кетпесе де, ХХ ғасырдан бастап, әлсіз және ен­
жар бола бастайды. Сол заманның адамы жалғыз аянның жет­
кіліксіз екендігін сезінеді; ол өзін қайтадан Әлем түкпірлерінде
жоғалып кеткен, бақташысымен айрылған болып сезінеді.

Сондықтан ХV және ХІХ ғасырлар – қалай біз бүгін айтатын­
дай, күшті түнілудің, басушы тынышсыздықтың, дағдарыстың
кезеңі. Батыс адамын жаңа сенім – ақылға, nuove scіnze сенім
құтқарады. Құлаған адам қайтадан түледі. Жаңғыру адам мен

әлем арасындағы жаңа дәнекерге, физикалық-метематикалық ақылға негізделген, жаңа сенімнің тірі шығармашылығы болып табылады. ІІІ Сенім-нанымдар өмір сәулетінің ең терең, түпнегізді қабатын өзімен көрсетеді. Біз сенім-нанымдармен өмір сүреміз және міне сондықтан олар туралы ойланбаймыз. Сол немесе басқа мәселе бойынша ойланамыз. Сондықтан идеяларға біз иеміз деп айтамыз; сенім-нанымдарға жай ғана ие емеспіз – біз олар болып табыламыз. Әрбір адамның өмірі – бұл терең қоймалардағы сейфтерде жасырылып қойылған, әдетте көрінбейтін алтын қордан не­ сиеге өмір сүретін қор деп, қиялдайық. Қарапайым көрегендік анда-санда бұл несиелік кепілдемелердің, айталық, бұл сенімнанымдардың бар күйін тексеріп тұруды талап етеді. Бүгін кейінге қалдырмай, онымен дәстүрлі түрде – ал бұл дәстүр екі ғасырға жуық жалғасып келеді – еуропалық өмір сүріп келген, ақылға деген сеніммен осындай амалды іске асы­ ру керек. Жиырмасыншы жылдарға дейін (ХХ ғ.) ақылға деген біздің сеніміміз жалпы белгілерінде өзгермей келді, бірақ кейін ол түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Осының дәлеліне көптеген айшықты деректер қызмет етеді. Ақылға дәстүрлі сенім және оның қазіргі модификациясы туралы айта келе, сол немесе басқа индивидтің нақтылы ие болып жатқанына менің қатысым жоқ. Тап осындай индивид­ тер сенетінмен қатар; яғни әркім өзі және өз түсінігі бойын­ ша сенетінмен бірге, қашанда тағы сенімнің ұжымдық күйі бар. Осындай әлеуметтік сенім жеке идивид түйсінетінмен дәл келе алады немесе бөлек болып шыға алады, бірақ біздің әрқайсымыздың сеніміміз қандай болғанымен, ұжымдық тағайындалған, сенімнің әлеуметтік әрекетшіл күйі де біздің шындығымыз. Оны мен көрсетіп кеткен, ғылымға деген сенім жеке-дара емес, ол ұжымдық. Оның индивидтен тыс тұратын нақтылығы, мысалы, пейзаждық нақтылығы сияқты, соншама дербес, олар оны қалай ма немесе жоқ па, онымен индивидтер есептесуі ке­ рек. Жеке пікір әлеуметтік пікірге қарама-қарсы болуы мүмкін,

бірақ бұл әлеуметтік пікір шындығының бір қырын да айырып тастамайды. Ұжымдық пікір үшін ерекшеге, конститутивтікке, ол индивидпен қабылданды ма әлде жоқ па бәрібір, оның өмір сүруі туралы сұрақтың, одан тәуелсіздігі жатады әрбір инди­ видуалды өмірге қатынасы бойынша ұжымдық пікір, қалай ол табиғат заты болғандай, әрекет етеді. Ұжымдық сенімнің нақтылығы сол немесе басқа индивид оны қабылдай ма әлде жоқ па, сонда тұрған жоқ; ұжымдық сенімнің нақтылығын бізге танып қояды және онымен есептесуді міндеттейді. Әлеуметтік сенімнің осындай қасиетін мен өтімді ұтымдылық деймін. Адамның оны мойындауынан тәуелсіз күште заң ұтымды болып табылады. Осыған ұқсас, өмір үшін, маған әсер ету және тіпті мені басып тастауы үшін, менің, жеке индивидтің оған сенуім, ұжымдық сенімге керегі шамалы. Біздің пайымдауымызды жалғастыру үшін, ұжымдық сенімнің мазмұнынын «әлеуметтік догмат» деп атауға келісейік. Және егер енді біз бұл құралдық ұғымдармен қарулана отырып, 1910 жылға дейін еуропалықтар болған жағдайды бүгінгі күнмен салыстырсақ, онда бізді өзгерістер алдында сауықтырушы үрей қамтып алар еді. Оған жиырма жыл керек болды – соншама – өткінші адам –өміріндегі тым аз үзік, осы­ дан бәрі түбегейлі – өэгеретін болды. Егер қос онжылдықтардан бұрын Еуропаның кез келген бөлігінде жоғары адами құндылық ретінде ғылымға деген сенімге шақыруға болса және бұл іске асып жатса, ал қауымдастық жоғарыда аталған сенімнің импе­ ративтігі арқасында қуатты және тиімді әрекет етсе, онда бүгін тұтас ұлттар оған мысқылмен қарайды. ІV Ғылымға қауіп төніп тұр. Бұл жағдайда асыра сілтеп тұрған жоқпын деп, ойлаймын. Өйткені мәселе еуропалық қоғамдастықтың ғылымға сенуді қойғаны туралы болып отырған жоқ; мәселе оның сенімінің өміршеңнен өліге айналғаны тура­ лы болып тұр. Және осы, ғылымның бұрын өмір сүргеніндей, жұмысқа тұтас кетіп, ғылымға деген сенімді қоректендіретін және тірілтетін, әлеуметтің қолдауына үміттене отырып, өмір сүруі енді мүмкін болмай қалуы үшін, бұл әбден жеткілікті. Бұл жағдай неден туындайды? Ғылым алыс жұлдыздар мен

галактикаларда болып жатқанды танымда жоғары дәрежедегі
дәлдікке жетті, ол бұл біліммен заңды мақтанады және – де­
генмен аздау негіздерде – академиялық мәжілістерде тотының
құйрығын әдемілей береді, яғни менменсіп кетеді. Бәрібір ол

тірі әлеуметтік сенім болудан қалды және қоғамдастық үшін
құндылығын түгел дерлік жоғалтты. Бұл дерек Сириуста емес,
ал Жерде орын алғандықтан, ол көңіл аударуға тұрарлық.
Ғылым тек Сириусты ған зерттеп қоймайтыны даусыз, ол адам

туралы білімге де ниеттенеді. Бірақ ғылым, парасат, барған
сайын көкейкесті болып бара жатқан, бұл өзекті мәселе туралы
не айта алады? Ештеңе дерлік! Мұнда ол бірдемені анықтауға
әлсіз. Неліктен біз бұрынғыдай бұл деректің орасан зор

маңыздылығын бағаламауды жалғастырып келеміз? Және бұл
қауіпті емес пе? Соншама бишара дерек өз өмір сүруімен осын­
дай жайдың себебін ашады. Ол ғылымның, ақылдың, қазіргі
адамның бұл әлеуметтік сенімнің, қатаң айтқанда, физикалық-

математикалық ғылымға және оған негізделген, бірақ әлсіздеу,
әйтсе де, беделі бар, биологиялық ғылымға келіп тірелетінін
түсінуге, бізді міндеттейді. Мен оларды натуралистік ғылым
деп атап біріктіремін.

Онда қазіргі физикалық ғылым, немесе физикалық ақыл
тұрған, жағдай жеткілікті түрде парадоксты. Егер адамдық
талпыныстар мен айналысулар саласында әлдеңе күйреуге
ұшырамаса, ол өзінің төлтума территориясында – табиғатта

әрекет ететін, сол ақыл болып табылады. Оларға күйреу қауіп
төнгізбейтін, бұл тәртіп пен бұл салаға барлық үміт артылды
және атап айтқанда табиғатты зертеуде, ең өжет қиялды тым
артта қалдырған, тарихта бірінші рет табыстарға қол жеткізіл­

ді. Олар ең тоқтаусыз қиялдың тіпті түсіне де еңбеген, заттарға
ғылым жете алды. Бұл соншама талассыз айғақ, сондықтан
бүгін адам, магияға сияқты, неге ғылымға табынбайтыны
түсініксіз. Алайда адам осыны тек істеп қоймай, бірақ біртіңдеп

ғылымнан бетін бұрып келеді. Сиқырлы билікті терістемей,
ғылымның табиғат үстіндегі салтанатын бекерлемей, ол со­
нымен бізге табиғатты адамдық өмірдің тек бір өлшемі ретін­
де, табиғатты ғылымның жеткен аташулы табыстары, оның

тұтастығындағы адам өмір сүруін танудағы талпыныстарында
күйзеліске ұшырап тұр деп, есептей келе, оны қарастыра баста­

ды. Жеке көрнекті жетістіктеріне қарамай, табиғи ақыл, оның
әрбір бөлек сәттеріндегі адам өмірінде сондай болып шығатын,
сол сұрақсыз тепе-теңдікті тануда жағымды нәтижелерді бер­
мей келеді. Оның үстіне, өз жетілгендігінде қайсыбір жеке

мәселелерді шешетін және өмірді оның тұтастығында табыс­
сыз тануға талпынатын, табиғи ақылдың өзінде тепе-теңдіктің
болмауы, менің ойымша, бұл ғылымға деген сенімділікті мін­
детті түрде шайқалтып жіберді.

Табиғи ақылға қатысты адам, Лейбниц швед ханымы Крис­
тинамен болғанды суреттеп бергенмен тым ұқсас жағдайда
тұр, ханым тақтан бас тартуға мәжбүр болғаннан кейін тәж бен
мына жазуды «Non mі bіsogna e non mі basta»3 теңгеге басып

жазуды бұйырған.
Түбінде аталып өткен парадокс қарапайым ескертумен
шешімді. Физикада күйремеген жалғыз нәрсе, бұл физиканың
өзі. Тек риторика мен менменшілдік, бірнеше жылдар бұрын

мен «лабораториялардың терроршылдығы» деп атағанмен
туындаған, физикадағы бүкіл иррационалды мен ойдан
шығарылған құлады. Қолымнан келгенше, мен өзмнің жазу
тарихымның басынан ғылыми утопизммен күресіп кел­

дім. Солай, 1921 жылы мен жазған «Біздің заманымыздың
тақырыбы» атты кітабымдағы «Эйнштейн теориясының тари­
хи мағынасы» атты тарауда мынадай сөздер бар: «Оның жалғыз
ләззаты заттар бейнесіне дәл ілесіп жүруде тұратын, ғылымның

елестермен қоректене алатынын, адамдар түсінбейді». Бұл
пайымға бір айғақ мәнді ықпал ететіні менің есімде. Бірне­
ше жыл бұрын физиолог Лёб баяндамасы мәтініндегі тро­
пизм туралымен мен таныстым. Міне тропизм ұғымының

көмегімен ол инфузорийлердің қарапайым қозғалысы заңын
суреттегісі және айқындағысы келді. Бірақ өз баяндамасының
соңында Лёб, алайда, былай деді: «Қашан адамның моральдық
қылықтары да жай ғана тропизмдермен түсіндірілетін уақыт

келеді». Бұл батыл пайым мені тым ойландырып жіберді,
өйткені, дегенмен тым осындай көпірген формада болма­
са да, осыған ұқсас қателіктерге баратын, қазіргі ғылымның
көптеген басқа да пайымдарына көзім ашылды. Қалай, деп

ойладым мен, инфузорийлердің қозғалысы сияқты қарапайым
құбылыстардың дұрысына әрең енетін, тропизм сияқты ұғым,

қайсыбір бұлыңғыр болашақта адамның әрекеттері сияқты,
соншама күрделі және жұмбақ заттарды түсіндіріп бере ала­
ды? Осындай жаттығулардың мағынасы неде? Әрине, ғылым
өз мәселелерін, шешілген грек календтеріне ешқашан (сөзбе-

сөз гректер календтерді білген жоқ, римдіктерде айдың бірін­
ші күні «календ» деп аталған) қалдырмай, бүгін шешуге мін­
детті. Егер қазіргі методтар Жаһанның құпияларын игеруге
жеткіліксіз болса, онда оларды басқа, тиімділерімен ауыстыру

қажет. Алайда, бүгінгі ғылым, олар оның бүгінгі қолданатын
методтармен сиыспайтын және сондықтан оларға қатыспайтын
мәселелерге толы. Мәселелер методтарға бағынатын сияқты, ал
керісінше емес болып шығады! Ғылым анахронизмдерге, грек

календтеріне толы.
Эйнштейннің ойлауы ертеңгі күннің дауылына ұқсас;
оған таң қала отырып, біз ғылыми екіжүзділіктен, алдын ала
тағайындалған методтар пұттарына табынудан бас тартамыз.

Эйнштейн әрекеті дәстүрлер шектеріне сыймайды; жас атлет
сияқты, қол астында барлығын пайдалана отырып, «тұлпардың
бірден жалына жабысады» және мәселені шешеді. Шектілік
және кемшілік болып көрінгенді, ол ізгілік пен табысқа айнал­

дырады.
Осында менің бүгінгі философиялық пайымдарым грек
календтерінің осы идеясынан шығады. Ол – радикалды
нақтылық ретіндегі өмір идеясының және сыртқы, утопиялық

емес, ал өмірге іштей тән, функциясы ретіндегі танымның
ұрығы. Өз уақытында Эйнштейн, олар үздіксіз қозғалысты
мүмкін етпейтін ұғымдар физикаға қажет деп айтып кеткен
(үздіксіз қозғалысты өлшеу мүмкін емес және өлшенбейтін

нақтылық физикасы да мүмкін емес); ол грек календтерін өзінің
негізгі принципі ретінде шығарып тастайтын, философияны
ойлап табу керек деп, мен есептеймін. Өйткені өмір бұл календ­
терге қайшы, ол өткінші, өзара неге сүйенуге болатынын, біз тез

арада білуге мұқтажбыз. Міне осы мұқтаждық бізге ақиқатты
табудың методын береді. Прогресшілдік, оны іздеуді тұманды
болашаққа қарай итермелеу бола алатындықтан, адамзат үшін
нағыз апиын. Ақиқат бүгінгі ақиқат болып табылады, ол қашан

келетіні белгісіз, қайсыбір болашақта тұтасымен ашылғанша,
біртіндеп айқындала беретін емес. Болашақта мораль физикасы

жасалып шығады деп есептеген, Леб мырза және оның бүкіл буы­ ны өз уақытының моральдық ақиқатынан бас тартады. Болашақ есебімен өмір сүретін бұл сын көңіл аударарлық тәсіл өз негіз­ дерінен, тамырларынан, қорларынан айрылған болып шығады. Оның басты кемістігі Декарттың «конвенционалды моралын­ да» да енді көрініп тұр. Осыдан шығатын нәтиже: өркениеттің сыртқы жағының бірінші күйзелісінде-ақ – ғылымда, экономи­ када, моральда, саясатта – адамзат өзінде маңызды мәселелердің бірінде де шынайы ақиқаттар мен анық және берік тұғырлардың жоқ екендігін көре алды. Адам сеніп келген, жалғыз нәрсе – бұл табиғи ақыл; соңғы, осылай болып шыққандай, ең нағыз көкейкесті адами мәселелер жөнінде бірдеме айтуға қабілетсіз болды. Және Батыс халықтары сүйеніштерінің шайқалып бара жатқанын, нық басатын жерден айрыла бастағанын, кеңеттен сезінді. Оларды қорқынышты үрей қамтып алды, оларды суға батып бара жатқандай, әлдебір тұңғиыққа құлдырағандай сезім орап алды! Бірақ ұстамдық танытайық және сонда қайтадан, адамды ұстап тұруға қабілетті, табанымыздың астынан орнықты, берік, мәңгі Жер Анамызды сезіне бастаймыз. Үрей мен естен тану­ дан гөрі, бұл, дегенмен қашанда болып жатқандай, тұңғиық сезімін әкеліп жатқанды, сүйеніш нүктесіне айналдыру, қажетті және жеткілікті, табиғи ақыл адам туралы нақтылы ештеңені айта алмай ма? Солай-ақ болсын! Яғни, біз адами мәселелерді натуралистік және табиғи түсіндірулерден батыл түрде бас тартуымыз қажет. Оның орнына, біз оны қалай көретініміздей, адамды тікелей оның нақтылығында қабылдайық және мүмкін, бұл бізді даңғыл жолға шығаратын шығар. Басқаша айтқанда, табиғи ақылдың күйреуі өміршең және тарихи ақылдың жолын ашады. V Табиғат көптеген ұсақтардан тұратын зат, ұлы зат болып та­ былады. Алайда заттардың арасында қаншама айырмашылықтар болғанымен, оларда бір жалпы ортақ белгі – олардың бәрі жай ғана бар, барлығы болмысқа ие. Бұл олардың тек қана өмір сүретінін, болатынын білдірмейді, – олар осында алдын ала берік және айқындалған құрылымға ие. Қашан әлдебір тас

бар болғанда онда бұл жерде осы тас болып табылатынның
тұрғаны, анық көрініс табады. Тас ешқашан әлдебір басқа және
қайсыбір жаңа болып табылмайды. Оның бүкіл өзгерістері мен
модификациялары тұрақты құрылымның комбинацияларына

жатады. Бір рет және мәңгі берілген, бұл тұрақтылық зат бол­
мысы деп біз түсінетін болып табылады. Тап осының басқа
атауы – «Табиғат». Және жаратылыстану ғылымының міндеті
бұл табиғатты, немесе көріністер тұмандылығының артынан

тұрақты негізді ашып көрсету болып табылады.
Қашан адам натуралистік ақылды зерттей бастағанда, ол
адам табиғатын тану үшін өзінің жеке үлгісін пайдаланады. Ол
алдымен бірінші кезегінде, адамның тәнге ие екендігін көреді

– ал бұл зат – және ол физиканы пайдалануға асығады; бірақ

тән сонымен бірге ағза болып табылатындықтан, сонда ол био­
логияны да қолданады. Адамда, дәл солай жануарда да, әлдебір
тәндік емес немесе тәнге танылатын психикалық тетік те бар,
ол да зат болып табылады және натуралистік ақыл бұл тетікті

зерттеуді ғылым ретіндегі психологияға тапсырады.
Алайда, жан мен тәннің үш ғасырлар бойы зерттеулері, тап
өзіндей адамдықтың не екендігін, яғни нені біз өмір деп айта­
тынды, дегенмен айқындап бере алмады. Адамдық өмірлердің

қиылысуынан қоғамдар құрастырылады, олардың үздіксіз өмірі
адамзат тағдырының бөлігіне айналады. Заттар танымындағы
кереметтер – және жеке адамды зерттеудегі күйреу, су сияқты,
ол өрілген қобдишаның тал шыбықтарының арасынан ағып ке­

теді.
Ақылға деген сенім жеңіліске ұшырайды, өйткені адам енді
күте алмайды. Ол барлық адамдық мәселелердің ғылыммен
шешілуіне мұқтаждық танытады. Жанының қойнауларында ол

жұлдыздар, атомдар, нейтрондық қайтарымдардан жалығып
кеткен. Рационалистердің бірінші буыны физикалық ғылым
адам тағдырының мағынасын айқындап беретініне сенді. «Адам
туралы трактатты» жазып, Декарттың өзі осыны жасағысы

келді. Бірақ бүгін біз мынаны көреміз: бүкіл әдеттегідей емес,
табиғи ғылымдардың принципте таусылмайтын қабілеттілігі
бұл таңқаларлық шындықтың – адам өмірінің алдында әлсіз.
Неге? Егер заттар өз құпияларының айтарлықтай бөлігін

адам ақылының алдында ашатын болса, онда неге міне осы

зат қарсылық көрсетеді? Себеп мұнда терең және радикалды: адам зат емес және адам табиғаты туралы айту – қателікке ұрыну, себебі адамда табиғат жоқ. Осындай сөздерден кейін әрбір физиктің шашы төбесінде тік тұрар (әрине!), осыны мен түсінемін, дегенмен бұл адам мәселесін шешуді қолына алған физиканың абсолютті дәрменсіздігін білдіреді. Еуропалық құрылықта тараған, оның бұл біліксіздігіне сену – адамды танудың басқа тәсілі, басқа ақыл туралы, адам туралы оның мәселе қозғауы жөнінде қаншама елестер құрастырылғанымен, бүгін бұл аса маңызды мағынадағы дерек. Бұл деректі сезі­ ну, бәлкім, физиктер үшін оны есту өкінішті болар; бірақ бұл жағдайда осы қос сезімдерді аңғардық: физиканың білімсіздігі туралы сенім үш жүз жылдық тарихи кезеңмен қалыптасқан. Сонымен адам өмірі зат емес, ол табиғатқа ие емес, және, сондықтан, материалдық феномендерді зерттеуге мүмкіндік беретін, ұғымдардан айрықша, радикалды басқа ұғымдармен ол туралы ойлануға шешім қабылдау керек. Бұл қиын міндет, өйткені үш ғасырлар бойы физикализм сол ғажайып шындыққа (не мағынасы, не нақтылығы жоқ ретінде) көңіл аудармауға бізді үйретіп келді, ол адам тіршілігі болып табылады. Және әзірше натуралистер өз кәсіби парызын томағайлықпен атқарып келгенде, бұл берілмейтін шындықта, координаттардың жаңа жүйесін қабылдау тілегі пайда болды; ғылыммен иландырылған жігерлілік, бейтараптықпен, көңіл қалумен алмасты. Бәлкім, ертең бұл ашық жаулықпен ауысар? VІ Қашан адам феноменінің табиғи ақылға қарсылығын байқағанда, ғылымның басқа, оның қарама-қарсы формасына көңіл аударылды деп, кейбіреулер қарсылық айта алады. Шы­ нында да табиғи ғылымдардан бөлек рух туралы ғылымдар, моральдық немесе мәдениет туралы ғылымдар пайда болды және дамыды. Рух – туралы ғылымдар, Geіsteswіssenschaften, еуропалық адамда, кезінде табиғи ғылымдар шақырған, сол сенімділікті туындата алмады деп, мен осыған жауап беремін. Неге осылай болғаны, түсінікті. Рух туралы ғылымдар өкілдері адамды зерттеуде, натуралистік идеялармен күресе отырып, анық талпыныстарға барды, бірақ іс жүзінде олар жасырын

натуралистер еді. Осыны түсіндірейік. «Geіst? Wer іst denn der
Bursche? (Рух? Бұл батыр кім?)», – деп Шопенгауер түңере және
паңдана сұрау салды. Және бұл негізсіз емес. Рухтың аса зор
утопиялық ұғымы табиғат ұғымына қарсы тұрғысы келді: табиғат

жалғыз шындық емес, және ең алдымен ол бастапқы немесе түп
негізді шындық емес. Табиғатты неғұрлым көп зерттеген сайын,
ол соғұрлым адамнан тәуелді болып шығады. Конт позитивиз­
мі сияқты, неміс идеализмі адамды табиғаттың алдына қойғысы

келді. Атап айтқанда неміс идеализмі адамды былай атап өтті:

– табиғат болып табылмайтын шамасында – Geіst, рух.

Бірақ тіпті қашан біз адамды әлдебір рухани шындық ретін­
де түсіне бастағанымызбен, осыдан іс жақсы бола бермейді.
Адам феномені қарсылық көрсете беруі, қашан оны ұғымдарда
түсінгілері келгендегідей, бағынусыз қала береді. Оның үстіне,

атап айтқанда осы дәуір ең аты-шулы және ессіз утопиялар үшін
жауапты. Шопенгауэрдің тыржыюы мен паңдығын түсінуге
болады. Гегельдің «Тарих философиясы» және Конттың «Үш
кезеңдер заңы», талассыз, дарынды туындылар. Алайда, олар­

ды «дарынды» деп атай отырып, біз жай ғана адамның ше­
берлігін, оның тамаша қабілеттерін – сиқыршы немесе атлет
қабілеттерін, қолпаштаймыз. Бірақ бұл еңбектерге, әсіресе
Гегельдің жұмысына, автордың интеллектуалды жауаптылығы

мен оның моральдық принциптері тұрғысынан баға берейік.
Ия, олар қалыпты ойлау дәуіріндегі ceterіs parіbus-те (басқа тең
жағдайларда), шама сезімін сақтауда және интеллектіге деген
қарапайым құрметте мүмкін болмай қалады!

Мен бұл жерде осы туралы айтқанда, адамды рухани шындық
ретінде түсіндірмелеу кейде танылған, ойдан шығарылған және
табыссыз бола алатынын көрсеткім келді. Сондықтан рух де­
ген сөзді бұрынғыдай айқындалмаған мағынасында қолдану

әділетсіздік; бұл ұғымға соңғы екі ғасырда философияда беріл­
ген дәл мағыналарын анықтаған жөн.
Егер біз енді адамды түсіндіруде неге «рух» ұғымы жеткілік­
сіз болады деген сауал қойсақ, онда келесі түсінігімізде пайым­

мен бетпе-бет кездесеміз.
Қашан «рух» серілері натурализммен бетпе-бет кездескенде,
адам феноменін оның бастапқысы мен ұсақ егжей-тегжейлері­
не дейін білуге деген дайындықпен, табиғатта қолданылатын

ұғымдар мен категорияларды аластай отырып, онда олар арт­ та қалған қарсыластарын ұмытып кетті. Табиғатта «ұзындық», «қуат» сияқты белгілі бір атрибуттарды ұйғара отырып, олардың сезім мүшелерімен қабылданатын және т.б. ескере келе, оларды қарама-қарсы атрибуттармен – «ойлау», «сана», «өзіндік сана» т.б. – натурализмнен арылу үшін ауыстыру жеткілікті болады деп, олар есептеді. Мәнісінде, адамдағы руханилықтың жақтастары, оны Декарт mol-meme-ні («Менің өзім» (фр.)) анықтау үшін оны res cogіtans («Ойлаушы зат» (лат.) ретінде көрсетіп және оны res extensa-ға («Кеңістік заты» (лат.) қарсы қою жеткілікті деп есептей келе жасаған, сол қателікті қайталап отыр. Адам сол болып табылатын, кәдуілгі емес шындықтың, сондай бо­ лып тән табылатын, басқа шындықтан ойлайтын, «Меннің» бойлықтағы денелерден, түбегейлі айырмашылығы осында тұр ма? Ойлайтын res ұзындыққа ие болуы мен ұзындықтағы resтің ойлана алуында бола алмайтын не бар? Декарт, әдетте, ой­ лайтын res кеңістіктен тыс, ал кеңістіктегі res ойламайды деп қосады. Бірақ бұл қосымша анық ойдан шығарылған болып келеді, және Спиноза бойлығы түрде, бір және сол res – Natura sіve Deus – әрі ойлаушы, әрі ұзындықта тұр деп, қорытынды шығарды. Бұл сұрақты зерттеуде ары қарай жылжу үшін, Де­ карт жасамағанды жасау керек, атап айтқанда: res-ке ойлаушы немесе кеңістіктегі ретінде жетуден бұрын, res деген не және оның құрылымы қандай деген сұрақ қою керек. Сондықтан егер cogіtatіo және extensіo атрибуттары соншама антагонистік болып, бір және сол res-те бірге өмір сүре алмайтын болса, онда осы атрибуттардың әрқайсысы res ретіндегі res-тің бір және сол құрылымына жататыны күмәнды. Басқаша айтқанда, res терминін сол және басқа айтылымда қолдану күмәнды. Res ұғымы дәстүрлі онтологиямен енгізілді. Декарт және «рух» серілерінің қателігі философияда реформаларды жүргізбей, оны – pensee, Geіst – болмыстың ескі доктринасын анықтауға ұмтылып, сол шындыққа жай ғана қолдануында тұр. Ойлауда тұратын баршылық, кеңістікте тұратын баршылықтай, бір және сол мағынада бола ала ма? Бірі ойлайтын, басқасы кеңістікте болатын сол айырмашылықтан бөлек, олар өз болмысының өзінде sensu strіcto мәнділігі ретінде ерекшелене ме?

Дәстүрлі онтологияда res термині қашанда natura термині­
мен байланысты болды; олар не синонимдер ретінде көрініс
тапты, не natura дегеніміз шынайы res, res принципі болып
табылатындығы еске алынды. Белгілі болғандай, табиғат

ұғымы ең басынан гректік. Бірінші рет ол Аристотельде ауыз­
ша қолданыс табады, кейін стоиктермен өзгертілген түрінде,
Қайта өркендеуде бекітіледі және осы аса зор апарылған қуыс
арқылы қазіргі дәуірге өте алады. Роберт Бойльде табиғат

ұғымы қуатты дауысқа ие болады: natura – бұл ереже немесе
феномендер әрекетінің ережелер жүйесі, яғни заң4. Осы жер­
де табиғат ұғымы тарихын баяндап кету мүмкін емес, дәл со­
лай осы мәселені шешудің нәтижелерін келтіру де пайдасыз

болар еді. Орынды үнемдеу пайымы бойынша тең ишарамен
шектелмейік. «Табиғат» термині Аристотель үшін не білдір­
гені дайын, қазіргі феномендер заңы етінде ұғыныла бастағаны
таң қаларлаық емес пе? Бұл ажырасу өзінде, антик адамынан

басталған және қазіргі замандастарымызға жеткен, универсум
туралы пайымдаулар тәсілінің өзгеретіндігін көрсететінін атап
өтейік. Бұл жағдайда «табиғат» ұғымында не тұрақты болып
қала береді?

Қазіргі адам гректерден қаншама көп нәрсені мұраланатыны,
осыны қарастырғанда көзге анық бола бастайды. Бірақ мұра
тек қазына емес; бұл тағы ауырлық пен бұғаулар. Табиғат
ұғымы бізге бұғауларды дайындап берді, біз эллин тағдыры

құлдығындамыз.
Грек ойлауы негіздерін Парменид қалады. Атап айтқанда
бұл адам – таза грек мәнділігі, элеаттар қашанда эллиндер
ақылының үстінен билік жүргізді. Бәрі, оның қарапайым немесе

күрделі формасында элеанизм бола алмаған, тек оның қарама-
қарсысы ретінде алға шығады. Грек тағдыры сонымен бірге
біздің тағдырымыз; оның тұтқынынан құтылудың жеке көрнекті
талпыныстарына қарамай, біз элеаттар сызып берген сиқыр

шеңбердің ішінде қала береміз. Егер ортадоксальды ойшыл зат­
тар болмысын іздесе, онда осыны, Парменидтен бастап, ол бел­
гілі бір тұрақты мәнді, яғни баршылықтың көрініс табатыны­
нан, енді оны құрастыратынынан немесе қалыптастыратынан

білдіреді5. Тұрақтылықтың, қалыптылықтың және өзектіліктің
белгілеріне ие (ол не болса, сол болып табылатын); осындай

болмыс тәсілінің прототипіне ұғымдар мен математикалық
объектілердің өзгеріссіз болмысы жатады. Бірақ әлемдегі
бүкіл заттардың өзгеретіндігі, олардың «қозғалатындығы»
ашылғанда, олардың нақтылығын терістеуге тура келді.

Аристотель, ойшылдардың арасындағы ең сауаттысы, осын­
дай абсолюттендіруден ол бас тартады және juste mіlleu (алтын
орташа (франц.)) шешімін қабылдайды. Ол заттың өзгеру про­
цесіндегі сақталатынды іздей бастайды және оны заттардың

«табиғаты» деп атайды; бұл ұғымдар мен математикалық объ­
ектілерге ұқсас, нақтылы заттағы тасадағы болмысқа жатады.
Табиғат, physіs, өзгерістердің тұрақты бірінші бастамасы бо­
лып табылады. Осылай элеаттардың болмыс туралы түпнегізді

түсініктері сақталады және олар абсолютті элеатшалдық үшін
шынайы нақтылықтан, usіa, ovota-дан айырылған, нақтылы
зат ретінде оны ойластыру мүмкіндігін алды. Тұрақты ovota
мен заттардың түрлі күйлерінің арасында толқып жүретін,

уақыт идеясы болмыстың жасырын бірлігі мен оның сыртқы
көптүрлілігінің арасындағы көпір қызметін атқарды. Res осын­
да – өзінің ішінде ұғым немесе үшбұрыш ретіндегі, сондай
онтологиялық шартты ұстап тұратын, бірдеме ретінде: бірегей­

лік, радикалды өзгермейтіндік, тұрақтылық, терең тыныштық
ретінде қарастырылады – грек үшін «болмыс» атап айтқанда
осыны білдіреді. Аристотельдік табиғат ұғымын Бойльдегі
ереже немесе тұрақсыз феномендердің тұрақты заңға жеткіз­

ген, процесс бұрмалау емес, ал бастапқы ұғымды тазарту не­
месе – қазір біз айтатындай – оның шынайы сенім рәмізі бол­
ды. Конт-Стоарт Милль ілімінің кілті «табиғат заңдарының
өзгермейтіндігі» идеясы болып табылады6. Позитивизмде

табиғат таза «өзгермейтін», тұрақтылық, статикалық әлемдік
болмыс болып шығады.
Ендеше, Параменид тарапынан және жалпы алғанда, кез кел­
ген ортодоксты ойлаушы грек жағынан, тепе-тең құрылымға ие

нәрсені ғана нақтылық сапасында мойындау аса зор бассыздық
еді. Біз қазір осындай «бассыздықтың» бастауларын зерттеп
жатпаймыз, дегенмен бұл тым қызықтырарлық тақырып. Сөз
білдіруге жеткен ұғым, ал ұғым – бұл оның ерекшелігі тепе-

теңдікте тұратын және тепе-теңдіктен жасалуға бірдей бо­
латын, шындықтардың бірі. Қашан біз шындық – онтология

– туралы айта бастағанда, біз бір мезгілде, ол туралы ойлай­

тын, нақтылыққа да, онымен нақтылықты «басқаратын», ойлау
шарттарына да адал болу қажеттілігімен ұшырасамыз.
Әрине, философия өз дамуының басында нақтылық ту­
ралы пайымдау процесінде, ол туралы біздің ойымыздағы

интеллектінің үлесін және ол объектінің өзіне жататын үлестен
ажырату үшін жеткілікті, икемділікке ие бола алмады. Шы­
нында да, Кантқа дейін ешкім, ойлау нақтылықтың көшірмесі
және қосымшасы емес, ал оның үстінен жүргізілетін опера­

ция, шындыққа бағытталған «хирургиялық араласу» екен­
дігін, түсінуге тіпті талпыныс та жасамады. Сондықтан атап
айтқанда Канттан философияның «екінші рет өмірге келуі»,
«шәкірттіктің екінші дәуірі», нені Платон «аластауды ұйғаратын,

логикалық фигура» деп атайтын басталады. Бұл дәуірдің
мағынасы, егер нақтылы шындықта тану мүмкін болса да – ал
тек философиялық таным осыған үміттенеді – онда ол, шындық
интуициясын ашып көрсету үшін, қашан онымен жүргізілген

әрбір ойлау әдісінен кейін сіз қайтадан ой мазмұнын шығарып
алып және тек оның интеллектуалды формасын қалдыратын,
қос түрдегі қайтып ойлауда тұр. Қобалжытатын, парадоксты,
бірақ үмітсіз іс! Адамды босату үшін жасалған крест жорығы

(атап айтқанда ол ақылдың міндеті болып табылады) ақылды
ішкі құлдықтан және өзін-өзінен босату қажеттілігіне жеткізеді.
Ойлау өзінің жеке дараларына ие екендігі көрсетілген, Кант
бастаған, процестің мақсаты, ойлау формалары шындықтың

үстіне салынғанымен, шындық үшін бұл шарасыз және бөтен
формаларды алып тастауда және оларды modus ponendo tollens
шексіздігінде абайлап ойлауға ұмтылуында тұр. Ендеше, егер
біз шындыққа берілген болғымыз келсе, біз оны интеллектуал­

дандыруымыз керек.
Элеатшылдық болмыстық радикалды интеллектуализация
болды және онымен ол сызылып қойылған, магиялық шеңбердің
шектерінен тез арада шығу қажет. Натурализм шектерінде адам

феноменін тануға заттардың туынды сапалары, res кедергі
келтірмейді; оны ақылдан олардың өзі емес, ал тепе-теңдікке
негізделген және өз тепе-теңдігінің күшімен өзгермейтінде,
тұрақтыда, алғы мәнде және бізге берілген болмыста тұратын,

сол тасалайды. Қайда бұл қитұрқы атрибут – өзгермейтін бол­

мыс – сақталған жерде, сонда натурализм де сақталады. Нату­
рализм өз негізінде – бұл интеллектуализм (= ұғымдарға тән,
болмыс тәсілінің шындығына проекция). Батыл және шешімді
түрде шындық дегеніміз логикалық болып табылады деген

ұйғарымнан бас тартайық және бірден-бір логикалық ойлау
екендігін мойындайық. Тіпті математикалық объектінің өзі,
үздіксіздер қиындықтарының лабиринті сияқты, соншама
қатерлі және Брауэрді prіncіplum tertіl exclusі-ді (үшіншісі жоқ

заң) бекерлеуге шабыттандырған бүкіл мәселелердей, логизмдер
елестерінің тұңғиығына толы7. Қазіргі физика бізді атомдық
элементтердің драмалық теңсіздігімен таң қалдырады.
Менің мақалам трактат емес, ал ойланушы оқырмандардың

әділқазылығына қорғаусыз ұсынылған, тезистер қатары екен­
дігін атап өткім келеді. Алайда, менің «рух» ұғымының жасы­
рын натурализмі туралы, ол енді осының салдарынан өзінің
ұйғарылған қарсыласы ретінде натуралистік концепцияла­

рымен күресе алмайтындығынан, сол әлдебір жұмбақ алғы
ескертуімнің мағынасы айқындала түсті деп, мен ойлаймын.
Егер дүниеде бірдеме рух болып табылса, онда бұл тепе-
теңдік және сондықтан res – қаншама нәзік, ұстауға келмей­

тін зат болғанымен, бірақ зат. Рух статикалыққа ие: ол ие
болғанымен және ие болатынымен, сол болып табылады.
Бірақ адамдық оны статикалық тану талпыныстарына сон­
шама анық қарсылық көрсеткендіктен, Лейбниц рух белсен­

ділікте, dynamіs-те тұрады деді8. Бекер талпыныс! Кез келген
басқа белсенділік сияқты, бұл белсенділік қашан бір және сол,
тұрақты,алдын ала тіркелген, онтологиялық қозғалмайтын бел­
сенділік болып табылады. Гегельде рух қозғалысы таза фик­

ция, өйткені атап айтқанда ол рухтың ішкі қозғалысы ретінде
алға шығады, ал оның мәні басынан тұрақты, статикалық және
алдын ала тағайындалған. Ендеше, оның болмысы тепе-тең
болмыста тұратын, кез келген мәнділік, күдіксіз болмыс үшін

барлық қасиетке ие. Бұл себеп бойынша тепе-тең болмыс – бұл
субстантивті болмыс немесе өзіне-өзі жеткілікті, өзімен-өзі риза
болмыс, зат. Рух – бұл қарапайым зат. Мен барлық басқа зат­
тар олардың материалдығы, кеңістігі, энергиясы қуатымен зат­

тар болып табылады, дегенмен келіспеймін. Егер олар – оның
үстіне және ең алдымен тепе-тең, ал сондықтан ұғымдар болма­

са, осының бәрі ешқандай мағынаға ие болмас еді. Қарапайым – зат, Urdіng – бұл интеллект. Ол теңестіреді, бүкіл басқаны зат­ тандырады (verdіnglіcht). «Рух» серілері табиғатқа деген жиіркенуге, сымбат­ ты плотиндік жиіркенуге баруға құқықтары жоқ. Өйткені натурализмнің терең адасуы, әдетте оған тіркеп қоятынынан, басқада тұр. Идеялар егер де денелік шындықтар ретінде қарастырылатындықтан, бұл тұрған жоқ, ал шындықтар – де­ нелік немесе қайсыбір басқалары – әлдебір идеялар, ұғымдар болатындай – жалпы алғанда, егер де олар тепе-тең болатындай қарастырылғанда, адасу тұр. Гегель дәрісінен кейін Гейне бір тыңдарманнан: «Идея деген не?», – деп сұрағанда, ол былай жауап берді: «Идеялар? Идея­ лар – бұлар әркімнің басына келетін заттар». Жарайды, дәлірек айтқанда: заттар – бұлар біздің басымыздың шектерінен тыс тұратын және бізбен шындық ретінде қабылданатын, идеялар. Натурализмнен арылу және идея шектерінен шығу, табиғат идеясы шынайы нақтылық ретінде емес, қалай кез келген түрдегі «идеализм» немесе «спиритуализм» қате есептейтін­ дей, еркін және өзі-өзімен емес, оның мұқтаждықтарымен қозғалатын, тек адам адам өмірінің шектерінде әрекет ететін, шындықты өз кезегінде қамтып алатын, тек адам ақылымен әлдебір өзара қатынаста бола алатын ретінде бағалау үшін қажет. Өмірде сонымен ол қарсы келіп қалатын, бәріне адам бұл үшін алатын, тек өткінші түсіндірмеге табиғат жатады. Өмір – бұл өзіне қосып алатын және барлық басқа шындықтарды қалыптастыратын, радикалды шындық. Және егер біз өмірге қатысты натурализмнен қазір өзімізді орынды сезінсек, онда бізде оның грек календтерімен бірге интеллектуализмге де­ ген иммунитет қалыптасқанымен бұл жүзеге асады. Біздің әрқайсысымызда, ол қалай өмір сүрілгендей түрдегі адам өмірі, одан бәрі шығатын, түпнегізді дерек бар болып табылады. VІІ Физикалық-математикалық ақыл адамдық мәселені – не тұрпайы, не натуралистік, не көтеріңкі, спиритуалистік форма­ да – жанап өтеді. Өзінің жеке мәнісінде ол тек адам табиғатын іздеумен айналысты, бірақ атап айтқанда оны, әрине, таба алма­

ды. Себебі адамда табиғат жоқ. Адам, ол зат болып табылатын,
тән де емес, не олар да зат болып табылатын, рух та, психика
да, жан да, сана да емес. Адам зат емес, ал тап осындай оның
өмірі болып табылатын, драма, біздің әрқайсысымызда жүріп

жататын, әмбебап оқиға және бұл драмада адам өз кезегінде

– тек оқиға. Олар қандай болғанымен, оларда тауып алынғанға

берілетін, тек түсіндірмелерге барлық бүкіл заттар жатады. Адам
тауып алынбайды, оның өзі заттарды ұйғарады және алдын ала
тағайындайды. Ол тек қана тіршілік етудің қолайлы және қиын
жағдайларын таба алады. Адамның өмір сүруі оған әлдебір сый

ретінде «дайын» күйінде берілмеген; ол тас сияқты өмір сүретін
емес. Біздің пайымдарымыздың басына қайтып келе, мынаны
айтайық: өзінің өмір сүруімен кездескенде, онымен не болатын
әлдебір адам тауып алатын нәрсе – бұл өмір сүруді тоқтатпас

үшін бірдеме жасау қажеттігі. Қарапайым өмір сүру ретіндегі,
тіпті өмірдің осындай болмыс тәсілі әлі болмыс емес, себебі біз­
ге берілген және бізде бар жалғыз нәрсе – бұл әркімге жеке өз
өмірін жасау қажеттілігі. Өмір – бұл көсемше, ал есімше емес,

facіendum, ал factum емес. Өмір – бұл әрекеттену. Шынында
да, өмір адамды көпті жасауға міндеттейді. Фонтенель дұрыс
ақылында жүзжылдық мерейтойын атап өтті. Осындай ұзақ
өмірге таң қалған дәрігер, қалай ол өзін-өзі сезінеді деп сұрады

және жүзге келген дана оған былай деп жауап берді: «Rіen, rіen
du tout. Seulement une certaіne dіffіculte d etre» (Ештеңе, тура
ештеңе емес... Тек жалғыз өмір қиындықтары (франц.).
Жалпылай келе, өмір дегеніміз жүз жылға емес, сірә, бірақ

қашанда – dіffіculte d etre. Өмір болмысының тәсілі формальды
жағынан қиын, мәселе, міндет болуында тұр. Субстанция не­
месе заттың өзіндік болмысы жеткіліктігімен салыстырғанда,
өмір, оның жалғыз байлығы міндеттер болып табылатын,

мұқтаждыққа зәру болмыс болып табылады. Жұлдыздар,
керісінше, оны бесікте тербететін сәбиге ұқсас, өзінің айналу
жолымен қозғалады.
Өмірдің әрбір сәтінде менің алдымда түрлі мүмкіндіктер

ашылады. Мен оны да, соны да жасай аламын. Егер мен бірін
жасам, онда келесі сәт А болады; егер мен басқасын жасасам,
онда В болады. Айталық, бұл минутта оқырман менің эссемді
оқуды қоя алады немесе оны жалғастыра береді. Бұл зерттеудің

құндылығы соншама аз болғанымен, оқырманның не істегеніне
байланысты, ол не А, не В болады, ол өзінен қайсыбір А немесе
қайсыбір В жасайды. Адам – бұл өзін-өзі жасайтын, мәнділік;
дәстүрлі онтология оған тек өз зерттеуін аяқтағаннан кейін на­

зар аударған, мәнділік; оны түсінуден ол бас тартқан, мәнділік;
cаusa suі (Өзі өзінің себебі, франц.). Ол, әрине, мысалы, шек­
сіздікте әлдебір алдын ала белгіленгенге талпынуымен, сол
айырмашылықпен осылай болды, өзгермейтін және тұрақтыға

ие болды.
Бірақ адам тек қана өзін-өзі жасап қоюға міндетті емес, өмірде
ол жасауға тиісті – бұл оның кім болатындығын анықтау. Ол екін­
ші реттегі потенциялдағы cаusa suі болып табылады. Кездейсоқ

емес, дәл келуі бойынша, тірі болмыс доктринасы дәстүрінде

– өзіне әбден жарайтын ретінде – олардың көмегімен құдайлық

болмыс туралы пайымдауға әрекеттенген, сол ұғымдарды тауып
алады. Егер оқырман менің жұмысымды ары қарай оқуға бұл
сәтте шешім қабылдаса, ол осыны іс жүзінде жасайтын бола­
ды, оның шешімі, өмірде онымен қабылданған, жалпы жоспар­

мен ең жақсы үйлеседі, ал сондықтан, қандай болуға ол шешім
қабылданған, сол белгілі бір адаммен де үйлесімді келеді. Бұл
өмір бағдарламасы, оның алдында болмыс мүмкіндіктерінің
әрбір сәттерінде түрлі ашыла беретіндерден ол таңдап алған,

әрбір адамның «Мені» болып табылады9.
Болмыстың бұл мүмкіндіктері туралы мыналарды айту
маңызды:

1. Олар маған сыйланбаған; мен оларды не ойлап табуым

керек, не менің өмірімнің шеңберінде жүрген, басқа адам­
дардан қабылдауым керек. Мен болмыс және әрекет жобала­
рын жағдайлар күшімен ойлап табамын. Мен тауып алатын
және маған берілген, жалғыз – бұл жағдаяттар10. Адамның

қиялынсыз, өмір салтын ойлап табу қабілетінсіз, қандай болуға
ол әзірленген, сол кейіпкердің өзіндегі елесінсіз адамның
мүмкін еместігін, біз тым жиі ұмытып кетеміз. Адам – бұл өз
өмірінің жазушысы; не ерекшеленетін жазушы, не плагиатор

(көшіруші). 2. Осы мүмкіндіктерді мен таңдауға міндеттімін және

сондықтан мен азатпын. Бірақ – мені дұрыс түсінініздер

– мен шарасыз азатпын – мен осыны қалаймын ба, жоқ па,

бәрібір азатпын. Азат болу конститутивті тепе-теңдіктен
айырылған, белгілі бір болмысқа алдын ала тіркелмеген болу,
не болғаныннан бөлек, басқа болуға мүмкіндік алу, қайсыбір
анықталған болмыста бір рет және қашанда тұрақтап қалмау.

Азат болмыстар бар, жалғыз тұрақтылық пен анықтылық – бұл
конститутивті тұрақсыздық.
Сондықтан адам болмысы туралы айту үшін, евклидтік емес
геометрия қалыптасқанындай, элейлік емес болмыс ұғымын

шығару қажет. Уақыт келді, Гераклит еккен ұрық мол өнімін
беруге дайын.
Адам – одан не керек болса, соның бәрін жасап шығаруға
болатын, шексіз пластикалық жан, өйткені өзімен өзі алынған

адам – ештеңе, нені қаласаң, сол бола алатын, таза потенция. Бір
минутқа адам қандай болған, өзінен қандайларды ол жасаған,
сол заттардан көңіл аударайық: палеолиттік «жабайыдан»
жасөспірім париж сюрреалистіне дейін, әр сәтте адам өзінен

кез келген затты жасай алады деп, мен есептемеймін. Уақыттың
әрбір сәтінде оның алдында ашылатын мүмкіндіктер шектеулі;
қандай шектермен олардың шектелетінін біз әлі көреміз, бірақ
уақыттың бір сәттінің орнына барлық сәттерді бірден алсақ,

онда адамдық пластикалықты қандай шектермен шектеуге бо­
латыны көрінбей қалады. Палеолиттік ұрғашыдан мадам де
Помпадур мен Луиза Шатобриан; беске дейін ғана санай алатын
бразиялық аборигеннен Ньютон мен Анри Пуанкаре шықты.

Уақыт шектерін тарылта отырып, 1873 жылы либерал Джон
Стюарт Милльдің, 1903-те – аса либерал Герберт Спенсердің
өмір сүргенін, ал енді 1921 жылы Сталин мен Муссолинидің
билік еткенін, еске алыңыз.

Сол уақытта адамның тәні мен жаны, оның табиғаты
қайсыбір маңызды өзгерістерге ұшырамады, оларды шынында
жүзеге асқан мутациялардың себебі деп есептеуге болмайды.
Керісінше, ол тек еркін ырықтардан құрастырылған әлемде,

өмір сүруге міндетті деген сеніммен, адам қайда «табиғат»,
өзгермейтін құрам бар дүниеде өмір сүруге бейімді деген
сенімге ауысты деп ұйғаратын, «адамдық өмір» шындығының
атап айтқанда «субстанционалды» өзгерісі жүзеге асты. Адам

өмірі сондықтан кездейсоқ өзгеретін баршылық емес, керісін­
ше, бұл өмірдің «субстанциясы» – дәл осы өзгеріс, ал бұл адам

өмір субстанция ретінде элейліктер бойынша ойластырыла ал­
майды. Өмір – туындап жатқан драма, онымен ол болып жатқан
кейіпкер, ол драмадан тыс зат емес, ал бұл драманың функци­
ясы болатындықтан, онда «субстанцияның» өзгермелі өлшем

екендігі көрініп тұр. Бірақ егер ол өзгеретін болса, онда бұл
өзгерістің «субстанционалды» екендігін білдіреді.
Егер тірінің болмысы, оның өзінен айрықша, қашанда бол­
мыс болса – мектептік терминдермен айтқанда, тек физикалық

емес, сонымен бірге метафизикалық өзгермелі болмыс болса

– онда ол, оның жеке өзіндік және шарасыз теп-теңдігін жо­

ятын, ұғымдардың көмегімен ойланылуға тиіс еді. Басында
қалай көрінетіндей, бұл соншама қорқынышты емес. Бірақ
қазір бұл мәселені мен қозғай алмаймын. Тек оқырманды толық
шатасуда қалдырмау үшін, әдетте осыны солай ұйғаратынға

қарағанда, ойлау өзі өзінен аулақ болу қабілеттілігіне біршама
артық ие болады деп, мен еске салайын. Ойлау конститутивті
кеңпейілді: ол – аса зор альтруист, ол өзіне қарама-қарсыны да
ойлауға қабілетті. Бір мысал жеткілікті: олар «окказионалдық»

деп аталатын ұғымдар бар; «осында», «мен», «бұл» және т.б.
ұғымдар тап осындай. Бұл ұғымдар, немесе атаулар көрсетілген
ұғымдардың көмегімен белгіленетін немесе ойланылатын,
материяның конститутивті теңсіздігін қамтамасыз ету қызметін

атқара алады. Олардың көмегімен сіз шынайы нақтылықты

– өмірді ойластырғыңыз келгенде, олар «окказионалды» бо­

лып шығады. Кардинал Кузанец адамды «Deus okkasіonatus»*
деп атады, себебі оның пікеірінше, кез келген ұғым allgemeіne
Bedeutung* болып табылады (Гуссерль). Бірақ егер кез келген
басқа ұғымдарда жалпылау, ұғымды бір жеке жағдайға қолдана

отырып, оны басқа жеке жағдайда қолдануда да, сол және бірді
қашанда ойластыруға біз міндетті болатындығымызда тұрса,
онда окказионалдық ұғымда жалпылау бұл ұғымды қолдануда
ешқашан бір және соны ойлауды талап етпейді. Ең жақсы

мысалға адамдық өмір мағынасындағы «өмір» ұғымының өзі
жатады. Тап осындай бұл ұғымның мағынасы, әрине тепе-
тең, бірақ ол тек әлдебір жекені ғана емес, оған қоса әлдебір
төлтумалықты да білдіреді.

Осы жерде – орынның жеткіліксіздігі себебімен – мен өз
пайымдарымды тоқтатамын және бұл мәселенің көзге анық
қиындықтарын қарастырмаймын11.

VІІІ

Антикалық home a femmes (әйелдердің еркесі), Линдор,
былай мойындайды: «Кеше мен сүйкімді әйелмен, Гермиона­
мен таныстым. Ол менімен жылы шырайлы және назды бол­
ды. Мен оны махаббатыма сендіргім және бұл махаббатқа сай

болғым келді. Бірақ менің шынайы болмысым, менің «өзім»
осы «Гермионаның сүйіктісі» болуға тұра ала ма?
Мен өзі қиялымда өзімнің Гермионаға махаббатымды
қайсыбір анықтылықпен елестете бастасам, мен болмыстың

осындай жобасын бірден шұғыл лақтырып тастаймын. Неге?
Оларды Гермионаға кінә қылып қоятын, ешқандай кем­
шіліктерді мен көрмей тұрмын, бірақ мен... елу жастамын,
бірақ бұл жаста, тіпті егер менің тәнім отыздағы жігіттің

икемділігін сақтағанымен және жаным бұрынғы күштерге толы
болғанымен, мен Гермионаның сүйіктісі бола алмаймын. Бірақ
неліктен? Мәселе мынада тұр! Мен көп жасқа келгендіктен,
менің Цидализаның да, Арсинояның да, Гликеяның да сүйіктісі

болған кездерім есімде және де мен сүйікті болудың не екен­
дігін енді білемін, бұл күйдің артықшылықтарын да білемін,
бірақ оның шектілігін де білемін. Айтпақшы, мен «әйелді сүю»
деп аталатын, өмірдің сол формасын терең сезіндім және де

егер шыным айтқанда, маған осы әбден жеткілікті. Сондықтан
ертең менің сүйікті бола алмайтынымның себебі бұрын сондай
болып қойғанымда тұр. Егер мен сондай болмаған болсам, егер
мен махаббатта түбегейлі тәжірибені жинамаған болсам, онда

мен Гермионаның сүйіктісі болар едім».
Бұл үзіндіде, сондай болып адам өмірі табылатын, сол ке­
ремет шындықтың жаңа өлшемі көрсетілген. Біздің алды­
мызда болмыстың неше түрлі мүмкіндіктері ашылады, бірақ

біздің бойымызда не болғанымыздың бәрі тұр. Және біздің кім
болғанымыз, енді кім бола алатынымызға, теріс әсер етеді.
Еуропалық «демократ», «либерал», «абсолютист», «фео­
дал» болды, бірақ енді ол олардың бірі де бола алмайды. Бірақ

бұл, турасын айтқанда, солар болудан ол қалды дегенді білдіре
ме? Әрине, жоқ. Еуропалық осылардың бәрі, бірақ «өтіп кеткен
формада», болып қала береді. Егер оның артында бұл тәжірибе
болмаса және осы болып кеткеннің бәрінде ерекше форма­

да болуды жалғастырмаса, онда ол, мүмкін, өзін елестермен

алдарқата отырып, бұл қатынастардың қайсыбірін қазіргі сая­
си өмірдің күрделі мәселелерін шешуге пайдаланар еді. Бірақ
«әлдеңені басынан өткізу» – бұл осы болуға автоматты түрде
кедергі келтіретін, күш.

Егер Линдор Гермионаға ғашық болмаса және оның өмірінің
шындығы, қалай ол болғанындай, қалай болуға тиістідей,
сондықтан ол осындай екендігі шықса, онда ол қарапайым
тілде «өмір тәжірибесі» деп аталатынға міндетті. Бұл білімді

біз өзіміздің жадымыз сақтаймыз және біз оны қашанда біздің
«бүгінгімізде», біздің өзектілігімізде, немесе шындығымызда
жинақталған түрде таба аламыз. Бірақ бұл білім шындықтан
ол алатынымен менің өмірімді негативті анықтайды, мәселе

осында тұр. Өмір конститутивті түрде өмірлік тәжірибе болып
табылатындығы осыдан шығады.
Олардың атрибуттары бірдей, сондықтан ажыратылмай­
тын екі өмір бір және сол өмір болып табылмайды. Бүкіл бұл

қиындықтар ескі интелектуалдық әдеттермен туындап отыр.
Және елу жас абсолютті нақтылықты, тәннің әлсіреуі мен
сезімнің сөнуінен емес, ал кейде бұл болмайды да, ал адам бұл
жаста көптеген өткенді жинақтағанынан, түрлі нәрселерді көп

жасағанынан және көп тәжірибеге ие екендігінен, осыны біл­
діреді. Осыдан адам болмысының қайталанбайтындығы, бірақ
сол уақыттың қайтып келмеуінен емес, керісінше, кім болғанына
адамның келе алмауынан, уақыттың оралмайтындығымен, ол

онтологиялық қашанда алға қозғалуға міндетті болуы шығады.
Бірақ өмір тәжірибесі тек менің жеке басымнан өткен
тәжірибеден ғана емес, тек менің өзімнің жеке тарихымнан
ғана тұрмайды. Ол сонымен бірге, мен онда өмір сүретін, қоғам

арқылы маған берілген, менің ізашарларымның өткенінен де
тұрады. Қоғам – бұл ең алдымен интелектуалдық, техникалық,
саяси, ойындық, көңіл көтерілулік салт-дәстүрдің жиынтығы.
Өмірдің қайсыбір формасы – пікір, іс-әрекет – салтқа, әлеуметтік

шындыққа айналуы үшін уақыт өтуі керек және сонымен бір­
ге өмірдің бұл формасы жеке өмірдің тікелей формасы болуы
қажет. Салт өз дамуында баяулайды. Кез келген салт ежелгі
болып табылады. Немесе, ол да сол да, қоғам да – бұл ең ал­

дымен өткен шақ және адаммен салыстырғанда ол қашанда
«кешігеді». Барлық басқасында жаңа салтты тағайындау – жаңа

моральды басқарудың жаңа формасын айқындау – қоғам әрбір
сәтте, қалай жеке адамның өмірі қоғамның қандай болғанына
тәуелді екені сияқты, дәл солай не болғысы келетінін анықтау.
Саяси дағдарысқа ұшырап тұрған батыс қоғамдары жай ғана

не «либералды», не «демократиялық», не «монархиялық», не
«феодалдық», не «фараондық» болуға олар әлде тап осындай
болып кеткенімен, әлде басқа қоғамдарға осының қалай іске
асқаның білгенімен, енді оған қайтып келе алмайтындары­

мен бетпе-бет тұр. Қазіргі «саяси қоғамның пікірінде», бүгін
бұл әрекет ететін салтта, бұрынғыдай өткеннің біршама бөлігі
сақталып тұр, және сондықтан ол болған формада да бар12.
Қашан ол маңызды бүгінгі саяси мәселелерге қатысты бел­

гілі бір тұғырды алғысы келгенде, онымен не болатынына
оқырман жай ғана назар аударсың. Біріншіден, оның ойында
мүмкін басқарудың, мысалы, ода ол, қазіргі саяси жағдайдың
кейбір қиындықтарын шешудің құралын заңды көретін,

авторитаризмнің, белгілі бір бейнесі пайда болады. Бірақ
егер оған көрінген бейне, оның басына келгендердің бірінші
шешімі немесе алғашқылардың арасындағы біріншісі болса,
онда бұл мүлде кездейсоқ емес. Осындай шешім оның басын­

да болғандықтан және оны қайтадан ойлап табудың керегі жоқ
болғандықтан, сондықтан оқырман үшін ол соншама көзге
анық болды.
Ол оның басында тек жоба түрінде емес, ал сонымен бірге

өткен тәжірибе түрінде ұсталып тұрды. Өзінің жеке тәжірибесіне
немесе басқалардың куәліктеріне сүйене отырып, оқырман аб­
солюттік монархияларыдң, цезаризмнің, жеке немесе ұжымдық
диктатураның өмір сүргенін біледі. Авторитаризмнің осын­

дай формалары дегенмен қайсыбір қиындықтарды шешкені­
мен, бірақ олардың бәрін шеше алмағанын және, әрине, жаңа
қиындықтарды өзімен туындатқанын және ол тағы да біледі.
Сондықтан оқырман бұл шешімді итеріп тастайды және авто­

ритаризммен байланысты қиындықтарды аластауға мүмкіндік
беретін, басқаны ойша зерделейді. Бірақ бұл жаңа шешіммен
де солай болып шығады, және де олар іс жүзінде сыналған,
сондықтан олар белгілі болып, ойда ұсталып тұрғанымен бізге

ойдан анық, басқарудың барлық түрлері әзірше таусылғанша,
соған дейін солай созыла береді. Басқарудың бүкіл формаларын

бұл интеллектуалды шолу арқылы оқырман, толық сеніммен,
ол қарастырылған бірде-бір формада болмаған, тек басқарудың
жаңа формасын шын көңілмен қабылдауға болады дегенге ке­
леді. Дегенмен ол жаңа авторитаризм немесе жаңа либерализм

болса да, немесе өз айналасында оны ойлап тапқан немесе ой­
лап таба алатынды іздеумен, жаңа форманы, мемлекеттің жаңа
болмысын ойлап табу қажеттілігімен ол ұшырасады. Біздің
қазіргі саяси қатынастардағы сияқты, сондықтан біздің саяси

болмысымызға адамдық өткен шақтың барлық белгілері мәңгі
өмір сүреді. Бұл өткен шақ басқаларға өтіп кеткендіктен емес,
ал біздің осы шағымыздың бір бөлігін құрастыратындықтан,
бір сөзбен айтқанды, ол біздің өткен шағымыз болып

табылатындықтан, өткенге жатады.
Шындық ретіндегі өмір абсолютті орын алу болып табы­
лады: егер ол бүгінгі, өзекті болып табылмаса, әлдеңе бар деп
айтуға болмайды. Сондықтан өткен шақ бар болса, онда ол

осы шақ ретінде және бізге қазір әсер етуші ретінде бар. Шы­
нында да, егер біз қазір кім болғанымызды талдайтын болсақ,
егер біз өз бүгінгіміздің мәнісіне жарықта қарасақ және хи­
мик немесе физик сияқты оны элементтерге ажыратсақ, онда,

өзіміз де таң қалатындай, олар біз жеке-дара немесе ұжымдық
боллғанымыздан тұаратын, ол қашанда бұл өмір, осы бүгінгінің
өмірі немесе, өзекті сәт болатын, біздің өмірімізді туып аламыз.
Егер біз болмыс туралы дәстүрлі мағынада айтсақ – ол қандай

болатын, тап осындай болмыс ретінде – тұрақты, статикалық,
өзгеріссіз, берілген болмыс жөнінде айтсақ – онда біз мы­
наны да айтуға тиіспіз: болмыстан, «табиғаттан» адам иеле­
нетін жалғыз нәрсе – бұл, оның не болғандығы. Өткен шақ

адамдағы тепе-теңдіктің, оның затпен біріктерінің, шарасыз
және фатальдының сәті боллып табылады. Бірақ сонымен, не
болғаннан басқа, адам бөлек элейлік болмысқа ие болмаса,
онда бұл оның шынайы болмысы – тек болып «өткен» емес,

ал шынында да бар – өткеннен ерекшеленеді және ол формаль­
ды түрде, әлдебір элейлік емес болмыста, ол әлі болмаған бо­
луында тұр. «Болмыс» терминнің өзі арылмайтын статикалық
мағынаға дәстүрлі түрде ие болатындықтан, одан босау қажет.

Адам бірден адам болып табылмайды, ал біртіңдеп сол немесе
басқа болып «қалыптасады». Бірақ «біртіңдеп қалыптасады» де­

ген ұғым абсурдты; ол әлдебір қисынға уәде береді, бірақ әбден
иррационалды болып шығады. Бұл «біртіңдеп қалыптасады»
және яғни «өмір сүреді» және осында ешқандай абсурдты жоқ.
Сондықтан біз адам болып табылмайды, ол өмір сүреді деп ай­

тамыз.
Басқа жағынан, тап сондай біздің өміріміздің нақтылы талда­
уы болып табылатын, бұл қалыпты емес, тәсілді айқындап алу
қажет. Линдордың Гермионаға немесе оқырманның қоғамдық

мәселелерге қатынасын түсіну үшін біз не істеп жатырмыз;
біздің болмысымыздың себептерін зерттегенде біз не істейміз,
немесе – ол, дәл сол – неге болтынымыздай болып жатырмыз
деген сұраққа жауап бергенде, біз не істейміз? Не бізді өзіміздің

болмысымызды сезінуге, түсінуге міндеттейді? Линдор бұрын
сол немесе басқа әйелдің нақсүйері болды, адам бұрын хрис­
тиан, абсолютист, цезарист, демократ болды деген қарапайым
сілтеме, сол туралы жай әңгіме. Жалпы алғанда, бұл жағдайда

ақыл, айқындаушы пайымдау баяндауда тұр. Физикалық-
математикалыққа қарама-қарсы нарративті ақыл бар. Солай, ол
жеке-дара немесе ұжымдық болсын, әлдебір адамдықты түсіну
үшін, тарихты айту қажет. Бұл адам, бұл ұлт «ананы-мынаны»

жасайды және «сондай» болып табылады, себебі бұрын ол басқа
заттарды жасады және басқа тәсілдермен «сондай» болды. Тек
тарихи ақыл үшін өмір сәл болса да мөлдірлеу бола бастайды.
Адам өзі арқылы нағыз әр түрлі болмыс формаларын

өткізеді. Интеллектуалистердің өкінішіне қарай, адам үшін
болмыс – бұл онымен өтетін және болатын: ол өзі арқылы
стоиктің, христианиннің, рационалистің, виталистің болмысын
«өткізеді». Ол өзі арқылы палеолиттік ұрғашының және марки­

за де Помпадурдың, Шыңғыс хан мен Стефан Георгтің, Перикл
мен Чарли Чаплиннің болмысын өткізеді. Бұл формалардың
бірі де адамға тіркелмеген, ол оларға бойланады, олардың се­
зеді, бұл, Зенонға қарамай, тыныштықта тұрса да, ұшатын Зе­

нон жебесі сияқты.
Адам, жағдайлармен келтірілген, қиындықтарға статикалық
болмыс тәсілі қанағаттандыратын, өмірлік бағдарламаны ойлап
табады. Ол бұл өмір формасын сынақтан өткізеді, қандай ол

болғысы келген, сол қиялданған кейіпкерді іске асыруға тал­
пынады. Адам бұл сынаққа елестермен түседі және оны аяғына

дейін өткізеді. Бұл өзі таңдап алған кейіпкер, оның шынайы
болмысы екендігіне, адам терең сене бастайды. Бірақ адам
оны тексере бастағанда, бірден оның өмір бағдарламасының
кемістіктері, шектері айқындалады. Ол барлық мәселелерді ше­

шпейді, әйтсе де жаңаларын туындатады. Таңдап алған, өмір
салты алдымен өінің жарқын жүзімен көрінді, осыдан емес,
энтузиазм, уәдеден ләззат алды. Алайда, жуық арада бұл өмір
салтының шектілігін көре бастаймыз, ол бізден теріс бұрылады.

Және сонда адам басқа өмір бағдарламасын ойлап табады.
Жаңа жоба ескінің кемістіктерін қайталамайтындай болып
көрінеді: сонда да онда бірінші жоба әрекет ете береді, одан
адам аулақ болу үшін, ол сақталып келеді; оның үстіне адам кім

болғанынан басқа болуға тынымсыз ұмтылады. Екінші жоба да
бірақ басқа формаларға, тек жағдайлардың құдіретімен емес,
сонымен бірге біріншінің ықпалымен ие болады. Болмыстың
екінші жобасының, екінші тәжірибенің артынан, біріншінің

және екіншінің әсерімен тағайындалған, үшіншісі ілесіп келеді,
ж.т.б. Адам «біртіңдеп қалыптасады» (va sіendo) және өмір сүре
келе (vіvіendo) «кеми бастайды» des-sіendo. Ол өзінде болмыс­
ты – өткенді жинақтайды, ол se va hacіenda – өз тәжірибелерінің

диалектикалық қатарында өзін болмыс жасайды. Логикалық
емес, сол туралы өз қолжазбаларының беттерінде Дильтей
армандаған, оған біз ең көп дәрежеде өмір идеясы үшін мін­
детті, менің ойымша, ХІХ ғасыр екінші бөлігінің ең атақты

ойшылы, сол адам қиялдаған, атап айтқанда тарихи ақылдың
диалектикасы тап осындай.
Логикалық диалектиканың жеңіл-желпі сәуегейліктерін жі­
бермейтін, бұл қандай диалектика? Міне дәл осыны, деректерге

негізделе отырып, зерттеу қажет. Бұл зерттеуді мен Тарих деп
атар едім, егер де тарих осындай тектегі зерттеулерді қолға
алса, онда ол тарихи ақылға айналар еді13.
Оның өткенінің ұзын бойында алынған, адамның «шынайы»

болмысы әлі өз зерттелуін күтіп тұр. Адам ол, не онымен болған,
нені жасаған, сол болып табылады. Онымен әлдебір басқа да
бола алды – ол басқа зттарды да жасай алды – бірақ осында
онымен шындықта болған, қаңғыбастың мүлігі сияқты, оның

арқасында, бәрі ода сақталатын, тәжірибелердің жеңілмейтін
бағытын құрастырған, бар болып тұр. Болмыстың бұл кезбесі,

мәңгі эмигранты адам болып табылады. Сондықтан адам бола
алатынға шек қоюдың қажеті жоқ. Кім табиғатқа ие бола алмай­
тын, соған тән, мүмкіндіктердің принципиалды шексіздігінде,
оны бағдар етіп алуға болатын, тек бір жалғыз, тұрақты, беріл­

ген және тағайындалған бағыт бар, тек бір шек – өткен шақ – бар.
Бастан өткізген өмір тәжірибелері адам болашағын тарылтады.
Кім бола алатынымызды білмей тұрып, біз кім болғысы кел­
мейтінімізді білеміз. Бір артқа қарай жалтақтай өмір сүреміз.

Сонымен, адам табиғатқа емес, тарихқа ие. Немесе басқаша
айтқанда – заттар үшін табиғат не болса, адам үшін тарих –
туынды ретінде сол болып табылады. Сондықтан тарихи ақыл,
физикалық табиғи сияқты, a пaстeриoри ақыл болып табылды.

Бұл туралы a пaстeриoри тек нақтылы ақыл айта алар еді.
Бұл оны біз тарихи ақылдан күтетін, сол аса зор зерттеу болып
табылады. Өйткені біз одан адамдық нақтылықты айқындауды

– ненің жақсылық, ненің жамандық,, ненің нашарлау және ненің

үздік екендігін айқындауды, күтеміз. Ал, біздің өміріміз про­
грессивті сипаты, табиғатты прогрессивті емес екендігі туралы,
яғни оның заңдарының өзгермейтіндігі жөніндегі ұйғарымның
сенімділігімен салыстыруғы келмейтін, оны а приори, толық

анықтылықпен және сенімділікпен айтуға тиісті болатын,
шындығындағы нәрсе болып табылады. Ол бізге адамның
өзгермелігін ашатын, сол білім оның алға қарыштаушы мәнін де
ашады. Қазіргі еуропалық, осыдан елу жыл бұрын болған, сол

еуропалықтан тек ерекшеленіп тұрмайды, бірақ оның қазіргі бол­
мысы осы жарты ғасырлық болмысты да өзіне ендреді. Қазіргі
еуропалық, атап айтқанда елу жыл бойы оған терең сеніп кел­
гендіктен, біз осында қайтадан теологиялық ұғымдарды адам

шындығына қолдану мүмкіндігіне ие болып тұрмыз. «Deus cuі
hoc est natura guod feserіt» (Табиғат жасағанның бәрі Құдай бо­
лып табылады) деген қасиетті Аугустин14. Бірақ адам да, соны
өзі жасағаннан басқа, ешқандай табиғатқа ие емес.

Адамдық оның бүкіл көрінісінде тұрақсыз және онда
ешқандай орнықты жоқ екендігі туралы, бізде осындай ойды
туындатады немесе соны ұғынуға себепші болатындығы
жөнінде тарихшылдықты жазғыру, тым күлкілі нәрсе. Тұрақты

болмыс, мысалы, тастың болмысы өзгермелі болмыстан артық
сияқты! «Субстанционалдық» өзгеріс баршылық тап өзіндей

алға қарыштауының, оның болмысының прогресте болуының
шартына жатады. Сонымен адам туралы оның болмысы
өзгермелі деп айту ғана қажетті емес, бірақ сонымен бірге ол
арта түседі және бұл мағынада алға қарыштайды деу керек.

Ескі прогрессизмнің қателігі, оның адам болмысы ең жақсыға
қарай алға қарыштайды деп, a prіorі, айтуында тұр15.
Ол ғылымға деген тірі сенімнен айрылғанын сезіледі. Бұл
жарты ғасырдағы әрекетшіл сенімді жеткілікті түрде қатаң

анықтауға болады, және де сондықтан, бұл ғылымға деген сенім,
егер қашан ғылымға деген сенімді «ұжымдық сенім» ретінде,
«әлеуметтік шындық ретінде» конституцияланған уақыттан,
1800-і жылдардан 1700-і жылдарға кейін кетсек, оның басқа

түрге ие болғандығы анық көрінеді. (Сол уақытқа дейін ақылға
сену индивидуалды сенім немесе қоғаммен жұтылған, олар­
да Құдайға деген сенім көпті немесе азды дәрежеде инерция
бойынша қуатын сақтап келген, жеке үлкен емес топтардың

сенімі болды). Бүкіл алғы өмір өзін табады, оның үстіне, ол
біздің күйзелісімізге, ақылға деген біздің күмәнымызға енеді.
Сондықтан, біз ақылға сенімнің бүкіл түрлері – оның үстіне –
бұл сенім туындатқан күмәнның көріністері болып табыламыз.

1700-і жылдар адамынан біз бөтенбіз және біз одан жоғарымыз.
Сондықтан бүкіл адамзаттың өзгермелілігі туралы көз жасын
төгудің қажеті жоқ. Міне бұл өзгермелікте біздің онтологиялық
артықшылығымыз тұр. Кім кеше болғанда байланып қалған, ол

енді бар болмыста мәңгі басылып қалмаған – бұл болмыстан
басқасына ауысуға қабілетті, тек сол алға қарыштайды. Бірақ
прогресс үшін, терісін тастап түлей алатын жылан сияқты,
жаңа форманы қабылдау үшін бұрынғыдан тек бір босай алу

қабілеттілігі, жеткіліксіз. Прогресс жаңа түр өзінің алдындағы
түрден асып түсуін талап етеді, және де бұл мақсатта ол ескі фор­
маны сақтайды және пайдаланады; ол жаңа форма ескіге негіз­
делуі керек екендігін, бірақ жоғары температура төмендегіден

секіріп көтерілетіні сияқты, одан асып түсуін талап етеді.
Алға қарыштау – болмысты аккумуляциялауды, шындықты
жинақтауды білдіреді. Бірақ егер болмыстың осындай
қосымшалануы тек индивидке қатынасты болса, онда ол нату­

ралистік түсіндірмені алады; қарапайым даму немесе enodatіo –
қайсібір бастапқы күйді айқындау ретінде. Қалай сырт жағынан

эвоюционистік дұрысқа ұқсас тезис дәлелденбейтіндігі сияқты,
бұл да сондай дәлелденбейтін болғанымен, мынаны айту қажет:
бүгінгі жолбарыс, мың жыл бұрын өмір сүрген жолбарыспен
салыстырғанда, үлкен де кем де емес; жолбарыс болу – қайтадан

жолбарыс болу, ол қашанда бірінші жолбарыс болып табылады.
Бірақ адамдық индивид адамзатты жаңартпайды. Ол, әрине, өз
айналасынан басқа адамдар мен олар туындатқан қоғамды та­
уып алады. Сондықтан индивидте дами бастаған адамгершілік,

өзінің жоғарғы нүктесіне жеткен және енді дамыған, басқадан
шығады. Бір сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігіндегі инди­
вид енді белгіленген адам болу тәсілін өзінде жинақтайды, ол
бұл тәсілді ойлап табуға міндетті емес, ол тек оны қолдана ала­

ды және өзінің жеке-дара дамуында одан шыға алады. Ол үшін
болмыс (ол әр рет өз өмірін қайтадан бастауға міндетті, жолба­
рыс үшін сияқты) нөлден емес, соған ол өзінің жеке болмысын
қосатын, әлдебір жағымды баланстан бастайды. Формальды

түрде адам бірінші адам және мәңгі Адам Ата емес, ол екінші,
үшінші ж.т.б. адам.
Тұрақты емес мінез-құлық адамдық артықшылық және
онтологиялық игілік болып табылады. Галилейдің мына

сөздерін есте ұстауы керек: «Жалған жала жабушылар ескерт­
кіш қойылуға тұрады».
Оқырман пайымдап көрсің – инфузорийді көру үшін, оған
ыдыстағы суда қарайтындай, өз өміріне жарықта қарайсың.

Неге оның өмірі осылай, ал басқаша болмады деп, өзіне сауал
қоя, ондағы көптеген заттардың кездейсоқ екендігін, ол тауып
алады. Ол өзі қандай болып көрінетіндігінде, тап сондай екенін,
қашан ол көргенде, басты бағыттар ол үшін ұғынылатын бо­

лып көрінеді, өйткені түбінде, ол онда өмір сүретін, қоғам тап
осындай, «ұжымдық адам» тап осындай. Және өз кезегінде бұл
қоғамның бейнесі, қашан адам, өз ішінде, бүкіл адамдық «ке­
шегідегі жарығында, өзінің тікелей және жеке, әрекет етуші

және тірі «бүгінгісін» көргенде, айқындала түседі. Өйткені «ке­
шегіні» оның алдындағы ж.т.б. айқындау мүмкін емес. Тарих –
бұл қайталанбайтын буындарды құрастыратын жүйе, адамдық
тәжірибелер жүйесі. Сондықтан әзірше бәрі анық болмай,

тарихта шынында ештеңе анық емес. Егер сіз «христианин»
болудың не екендігін жақсы білмесеңіз, онда бұл адамның,

еуропалық рационалистің кім болатынын түсіну мүмкін емес;
стоик болу дегеннің не екендігін білмей, христианин болуды
түсінбейсіз, ж.т.б. Тарихи шығармалардың бұл жүйелілігі Та­
рихи шығармаларды тану ретінде тарихта қайтадан әрекет ете

бастайды және күш алады. Анықталған болу үшін, кез кел­
ген тарихи терминнің мағынасы белгіленуі қажет – Гегельдің
«Логикасында» әрбір ұғым, оған басқа ұғымдар қалдыратын,
тек сол бос орындағы әрбір ұғым мағынаға ие болатындығы

сияқты, бүкіл тарих функциясынан олар тағайындалуға тиіс16.
Бұл, 1700-і жылға дейін еуропалық адамның ең нағыз бел­
сенді өмір ингредиенттерінің бірі, еуропалық халықтар бірін-
бірі тануға міндетті деген, сенімділік болғанын білдіреді.

Автор көрсетіп тұрған бүкіл деректерді мойындайық; келтіріл­
ген пайым оллардың тек жалпы тұжырымына жатады. Бірақ
ол ақиқат па? Өйткені, қатаң айтқанда, бұл тұжырым қазіргі
еуропалық халықтар өміріне де қатысты. Әрине, бірін-бірі тануға

деген қазіргі мұқтаждық, осыдан екі ғасыр бұрын болғаннан,
тым айрықша: кім осыған күмәнданады? Және ол негізінен өз
мазмұны бойынша, ал қауіпсіздігі, толықтығы, күнделікті және
жалпы мағынасы бойынша емес, ерекшеленеді.

Бұл осыдан, екі ғасыр бұрын болған, бірін-бірі тану
шындығынан, қазіргі біздің өміріміздің элементі және
нақтылығы бөлек, дегенді білдіреді. Оның терминдері біздің
уақыт үшін мағыналы, бірақ 1700 жыл үшін мағынасыз. Ал

егер олар сол немесе басқа уақытқа қатысты мағынаға ие болса,
онда олар 1500-і жылға қатысты да мағыналы, өйткені сол кезде
де еуропалық халықтар бірін-бірі танығысы келгені талассыз.
Сонымен, бұл ұғым түрлі замандарға ие болатын, мағынасында

шамасында абстракті болып келеді. Бірақ Азар әлдебір тым
нақтылыны, абстрактілі пайымдау торынан шығып кететінді,
тануға ұмтылады.
Егер пайымдауда 1500-і жылғы және, айталық 1900-і жылғы

шындықтар көңілге алынса, онда біз үшін 1700-і жылғы шындық
та айқындала түседі. Қашан тарихи ақыл – тұтас дәуірлер үшін
және тіпті бүкіл адамзаттың өткені үшін мағынасы бар, абстрак­
тілі ұғымдар түпкілікті қалыптасқанда – тарихқа бойлап енетін

болады. Бірақ сөз, олардың объектісі бір мезгілде шындықтың
абстрактілі жағы және ұғымдардың өздері сияқты абстрак­

тілік дәрежесі болып табылатын, ұғымдар туралы болып отыр. Қандай шамада бұл ұғымдар абстрактілі болса, сондайда, олар формальды және өздерімен өздері ешқандай шындықты біл­ дірмейді, тек ары қарай айқындалуды талап етеді. Сондықтан, бұл ұғымдар әр замандарда, мағынаға ие дегенде, олар толты­ рылатын формалар сияқты, бұл мағынаға ие екендігі, олардың инструментальдық мағынасы бар екендігі айтылады. Тарих та жүйелі түрде ойлау қажеттілігі міндеттейді; ең ал­ дымен – бұл ұғымдар мен терминдер санын кеңейту. Егер бүгін олардың қолданысында өсімдік және жануарлар дүиесінің түрлерін суреттеу үшін түрлі ұғымдар мен терминдердің милли­ оны бар екендігін еске алса, онда натуралистер осыдан кемістік таба алмайды. Тарих – менің өмірім тап осындай болып көрінетін, радикал­ ды шындық туралы жүйелі ғылым. Сондықтан ол нағыз өзекті, шындық және шынайы «бүгінгі» туралы ғылым болып табыла­ ды. Егер ол қазіргі туралы ғылым болып табылмаса, онда оны біз оның пәні ретінде әдетте тіркеп қоятын, сол өткенді қайтадан іздер едік? Қарама-қарсы, бізге үйреншікті тұжырым, өз уақытында, сонда қозғалыссыз қалып қойған, өткеннен абстракті және нақтылы емес затты жасап қоюмен бірдей болып шығады; бірақ дегенмен өткен шақ – бұл біздің «бүгінгімізді қолдап тұратын, тірі және әсерлі күш. Actіo іn dіstans (Қашықтықтан әсер ету (лат.)) жоқ. Өткен шақ қайсыбір алыста, өз уақытында емес, ал осында, менде тұр. Өткен шақ – бұл мен, бұл менің өмірім. ІХ Адам жаңа аян алуға мұқтаж. Қашан ол одан бөлек шындықпен өз айланысын сезгенде, аян адамға ашылады. Бұл шындықтың қандай екендігі маңызды емес, тек ол бізге жай идея, ұйғарым немесе қиял жемісі болып табылмай, ол абсо­ лютті шындық ретінде көрінсе болды. Өз уақыты үшін табиғи ақыл аян болды. Кеплер мен Гали­ лейге дейінгі астрономия идеялардың жай ойыны болып қала берді, және, қашан қолданатын түрлі жүйелердің біріне неме­ се олардың сол әлде басқа модификациясына сенгенде, бұл қашанда жалған сенімділік еді. Сол немесе басқа теорияға тек теория ретінде сеніп келеді. Оның мазмұны шындық емес, ал

көрініс болды. Біздің кейбір пайымдау немесе идеялар ком­
бинациясымен келісуіміз көріністен ары қарай өрбімейді. Тап
осындай идеялармен шақырылған келісім, соларда сақталып та
қалады. Ойынның ішінде және идеялар шеңберінде бұл идеялар

ең дәл, нәзік және адекватты қалыптасқан деп, адамдар жай ғана
сенеді; бірақ оларда шындықтың тұрғанынан емес, ол бұл иде­
ялар енді «идеялар» болып қалмай, бізде не үрейлендіре және
құпия тебірентете тұратын, әлдебір діннен тыс, трансцендент­

тік олар арқылы бізге өтетін, тыныс өткелдері болатындығынан,
бізде шарасыз түйсіну қалыптасады.
Сонымен, адам өмірінде идеялар екі тым әртүрлі
рөлдерді атқарады. Кейде бұл жай ғана идеялар. Адам осын­

да, өз ойларының нәзіктігіне, дәлдігіне және логикалық
қисындылығына қарамай, олардың оның ойлап тапқандарынан
артық еместігі туралы, ол түбінде оның ішкі адамдық және
субъективтік, трансценденттік емес ойын екендігі жөнінде есеп

береді. Бұл жағдайда идея аянға беруге әлдебір қарама-қарсы
ретінде – ойлап табылған ретінде алға шығады. Бірақ кейде идея
ретінде жоғалып кетеді және әлдебір абсолюттік шындықпен
таңдалып алынған, «жоғары орын алудың» тәсіліне айрықша

айналып кетеді. Сонда идея бізге не идея, не біздің идея ретінде
көрініс таппайды. Трансценденттік бізге өзін өзі ашады, бізді
қамтып алады және толтырады – міне бұл аян беру болып та­
былады17.

Біз енді бір ғасырдан артық «ақыл» сөзін пайдаланып ке­
леміз, күн сайын оған барған сайын құлдырайтын мағына бе­
реміз; тіпті бұл сөзбен идеялардың қарапайым ойынын бел­
гілеуге дейін де барып жүрміз. Сондықтан да ақылға әлдебір

қарама-қарсы ретінде сенім пайда болып келеді. Грекияда
өзінің пайда болу сағатында және ары қарай ХVІ ғасырдың
өзінің қайтадан жаңғыруында ақыл идеялардың ойыны емес,
ал астрономиялық пайымдарда ғарыштың абсолюттік тәртібі

айқындалады, табиғи ақыл арқылы ғарыштық табиғат адамға
өзінің керемет трнсценденттік құпиясын ашады деген радикал­
ды және берік сенімділік болғанын, біз ұмыта бастадық. Ақыл
сондықтан сенім болды. Сондықтан және тек сондықтан – ал

басқа атрибуттар немесе айрықша қасиеттілікке ие болудан
емес, ол сондағы әрекет етуші сеніммен күресе алды. Бәрібір сол

уақытта діни сенім – бұл да ақыл екендігі белгісіз болды, себебі
ақыл туралы тар және кездейсоқ ұғым үстемдік етті. Ақыл лабо­
раторияларда жасалып шығарылатын немесе математиктердің
каббалистикалық істері сапасында қарастырылды. Бүгінгі

күннің тұғырынан қарастырғанда бұл талап, интеллектуалдық
провинциализмнің көптеген формаларының бірі ретінде алға
шығып, жеткілікті түрде күлкілі жағдайда қалады. Ақиқат діни
сенімнің – оның түгел айрықшылығында сондай болып диалек­

тика немесе физика орын алатын, ұғымдық құрастырылуымен
қолдауда болатынында тұр. Әлі күнге дейін христиандықтың
платонизм, кантшылдық немесе позитивизм сияқты идеялардың
қарапайым жүйесі ретінде қарастырылмауы таң қаларлық жайт.

Егер де осындай жүйе өмір сүрсе – ал оны жасау жеңіл – онда
ол басқа теориялармен өзінің түбірлес екендігін анық тауып
алар еді; және де діннің иделогиядан соншама алыс еместігі
көрініс табар еді.

Ақылдың мәнін интеллектінің айрықша әрекет тәсілдерінен
көруге міндеттейтін, ақылдың барлық анықтамалары, өз
тарлығынан басқа, ақылды «мазмұнсыздандырады», оның
маңызды өлшемін айырады. Мен үшін ақыл бұл сөздің ақиқат

және қатаң мағынасында, шындыққа жанасуға мүмкіндік бе­
ретін, бізді трансценденттікпен қақтығыстыратын, кез келген
интеллектуалдық әрекет болып табылады. Басқаның бәрі, ол
алдымен адамның көңілін аулайтын, кейін оны бүлдіретін және,

түбінде, оны соның арасында өзін өзі де түңілтетін, қарапайым,
салдарсыз, еркін ойын болып табылатын, тек интеллектіге жа­
тады18.
Қазіргі идеализм – бұл субъективизм; ол ойлауға трансцен­

дентті шындық жоқ деп есептейді; жалғыз шындық немесе бол­
мыс ойлаудың өзі болып табылады. «Зат болу» оны тап өзіндей
ойлауды білдіреді, және сондықтан болмыс ойлауға иманентті,
ол ойлау болып табылады.

Бұл шынында да шындық ұғымын оның бастапқы, төлтума
трансценденциясы ретіндегі мағынасынан айырады. Кез келген
шындық тек қана ойланатын шындық, және басқа ештеңе емес
болып табылады. Және керісінше, бүкіл ойланатынға шындық

мағынасы беріледі, болмыс – бұрын ол оған ие болмаған
мағына. Бұрын «бірдеме» тек ойлау екендігін аңғарғанда, бүкіл

анықтылықпен осы «бірдеме» ешқандай шындыққа ие емес деп
айтып келді: бұл eus ratіonіs (ойланылған баршылық), жалған
баршылық.
Солай, қазіргі математик теореманы, қашан оны анық беруге

мүмкіндігі болғанда, оны құрастыратын идеялар тап осындай
сапада әлдебір шарттарға сай келгенде, ақиқат деп есептейді.
Ол математиканы, егер тіпті ол ешқандай мағынаға ие болма­
са да, тиімді білім ретінде қарастырады, және ол үшін оның

идеалдыдан тыс шындықтағы маңыздылығы қызықты емес.
Ол ақиқат деп қиялданғанымен және ішкі нақтылы болмыспен
сәйкес келетін ойды түсінеді.
Гректер, ортағасырлық ойшылдар және Декарт осындай ма­

тематиканы поэзия деп атар еді, себебі поэзия қиялдан туған
мәндермен айналысады. Олар оны таным деп айтар еді.
Осы туралы ұмыта келе, ғасырдың басында Декартты
идеалист ретінді түсіндірмеледі. Декарт шынында да иде­

ализмді дайындады, бірақ өзі идеалист болмады. Осын­
дай қате түсіндірмелеудің негізіне, идеалист болмай тұрып,
Декарттың идеализмнен сақтанбауы және сол арқылы бұл қате
түсіндірмелеуге жол беруі жатады.

Сондықтан әрбір рет, қашан Декарт «ақиқат» және «таным»
туралы айтқанда, оның ойлауды бізді өз шегімізден шындыққа
бара алатын, оның өзінен алыс тұрған ойлауды түсінетінін,
мен атап өтемін. Математика және логика деп potentіal ratіonіs

(мүмкін баршылыққа) емес, ол шындықтар туралы ғылымды
түсінеді.
Идеализмге жартылай енген Лейбництен өзгеше, Декарт
үшін формальды шындықтан шығу жеткіліксіз: оған онда

формальды ақиқат, яғни ақиқаттардың ақиқаты бір мезгілде
нақтылы ақиқат немесе заттар үшін де маңызды ақиқат бола­
тын қажет; бір сөзбен айтқанда, оған ойлаудың трансцендент­
тігіне кепілдік беретін ақиқат керек.

Құдайылық еркіндік, бізде ақиқаттарды жасай және оларды
біздің рухымызда орналастыра келе, білімге аян ататын береді
деп жариялаған, Борда-Демулен әсіре картезианшыл ретінде
алға шықты. Қар.: Hamelіn Le systeme de Descartes, P.233.

Сондықтан қазіргі жағдайда адамзатқа интелектуалдар деп
аталатындарды архаикалық түр, өткеннің мұрасы деп қарастыру
және адамдарды қайтадан ақылға, аянға бағдарлау қажет.

Адам жаңа аянға мұқтаж, ол өзінің еркін ырықты, шексіз,
каббалистикалық, ішкі дүниесінде адасып жүр, ол оны шынайы
және ырықсыз шындық ретінде, оның нағыз ұстазы және же­
текшісі ретінде сезінетінімен қақтығыста шектей алмай келеді.

Оның қарыштауы және жоғары орын алуынсыз шындықта не
мәдениет, не мемлекет, оның үстіне – және бұл ең сорақысы

– не оның жеке, өзіндік өмірінің нақтылығы жоқ. Қашан адам

жалғыз қалғанда немесе жалғыз қалдым деп есептегенде, оны
идеяларынан ерекшелейтін және оның шындығын шектейтін
жағдайлардан тыс қалғанда, онда оның алдында қиялданған,
түрлі түсті, фантасмагориялық мән қарсы тұрады. Тек қайсыбір

трасценденцияның қорқытушы әсерімен тұлға мазмұнды және
негізделген бола бастайды, және біз, нені жай ғана өзімізде
қиялдағанды, соны өзімізден ажырата бастаймыз.
Сонымен, өзінің жеке эволюциясы процесінде, өзгерістерінде

және кездейсоқтарында табиғи ақыл өзін таза интеллект, тіп­
ті оның ең жоғарғы формасы болсын, ретінде мойындайды.
Бүгін біз физиканың тек ақыл комбинациясы екендігін көріп
тұрмыз. Физиктердің өздері таза «рәміздік», яғни еркін, имма­

нентті, жеке адамдық өз білімдерінің сипатын ашты. Табиғи
ғылымдарда басқа пайымдар да орын ала алады; Эйнштейн тео­
риясын басқа физикалық теория, кванттар теориясын – басқа те­
ориялар, материяның электрондық құрылымы идеясын – басқа

идеялар ауыстыра алады. Бұл идеялардың прогресі қайсыбір
уақытта рәміздік көкжиек шеңберінен шығара алады деп, еш­
кім ойламайды. Физика бізді трансценденциямен қоспайды.
Табиғат деп аталатын, қандай жағдай болмасын, осы атпен фи­

зик зерттеу жүргізетін, оны ол өзі және шынайы нақтылықтың
арасында орналастырған, оның өзінің ойлап тапқаны болып
шығады. Соған сәйкес, физикалық әлем біздің алдымызда
шындық ретінде мес, ал адаммен басқарылатын және пайдала­

нылатын үлкен машина болып көрініс табады. Бүгін физикада
сенімнен қалған нәрсе, оның пайдалы екендігіне сенім болып
табылады. Оны таза идея ретінде емес, ал шындық ретінде си­
паттау пайдалы. Міне, сондықтан адамның физика алдындағы

үрейі жоғалды, бірақ үреймен бірге құрметтеу де ғайып болды,
ал құрметтеумен бірге құлшыну да жоғалды.

Алайда, бұл бізге жаңа аян, оған деген адам мұқтаждығымен,
қайдан келе жатыр?19.
Адамды әлдебір шындыққа деген тірі сенімнен айыра оты­
рып, кез келген түңілу, осыған дейін ол назар аударып келме­

ген, соның шындығын аша түседі. Солай, Құдайға деген сенімді
жоғалту, өзі соған ие, адамға оның табиғатын қалдырады. Ин­
теллект – табиғаттың бөлігі, және оған сүйенуге міндетті адам,
физикалық-математикалық ақылға сене бастайды. Бүгін, қашан

бұл ақылға сенім өз күшін жоғалта бастағанда, адам өзінде
жалғыз қалған – өзінің қиялданбаған өміріне сүйенуге міндетті.
Міне, сондықтан бүгінгі күндерде адамға ол үшін интеллект
жай ғана функция болып табылатын, өмірден аса үлкен шындығы

ашыла бастады, сондықтан, интеллектімен құрастырылған
барлық дүниелерге қарағанда, өмір біршама артық радикалды
сипатқа ие. Сонымен, оны «ой картезиандығы» емес, ал «өмір
картезиандығы» деп белгілеуге тұратын біз жайда болудамыз.

Адам өзіне тиесілі болып қалған бұл жалғыз затпен – оның
өмірімен, оның қиялданбайтын өмірімен не болып тжатыр деп,
сұрақ қояды. Оның басқа емес, ал тап осындай болып шыққаны,
қалай болды? Адам өмірі дамуының, адам тәжірибелерінің

диалектикалық қатары бағыттарын ашу, осыған жауап бола
алады. Бұл өмір, қайталап атайын, басқаша бола алды, бірақ
ол өзі болғандай болып шықты. Және оны түсіну қажет, себебі
ол трансценденттік шындықтың өзі болып шығады. Өзінен

өзі жатсынған адам, өзімен өзі шындық, тарих ретінде кезде­
седі. Және ол алғаш рет өзінің өткенімен қызығушылықтан
емес, үлгілік мысалдарды табу үшін емес, ал онда одан басқа
ештеңе, ешқандай басқа зат жоқ екендігімен, айналысуға мін­

детті. Заттар байыпты түрде тек қашан оларға мұқтаждық
танылтылғанда қабылданады. Сондықтан тарихи ақыл ретінде
тарихты бекітудің мезгілі келді.
Осыған дейін тарихты ақылға қарсы қойып келді. Және

бүгінге дейін кімде-кім тарихтағы оның оңтайлы субстанци­
ясын іздестірумен байыпты түрде айналыспады. Ең қуатты
тілек, онда оған жат ақылды жүзеге асыру болып келді, мы­
салы, тарихқа өз логикасының формализмін ендірген, Гегель­

де немесе оның физиологиялық және табиғи ақылымен бірге,
Бокльде, тап осылай еді.

Бұл жағдайда менің мақсатым мүлдем бөлек. Мәселе
тарихтың өзінде оның қайталанбайтын, төлтума ақылын табу
туралы болып отыр. Сондықтан «тарихи ақыл» сөз тіркесінің
маңызын қатаң ұғыну керек.

Ол өзін тарихта тауып алатын тарихтан тыс ақылды
құрастыра отырып, адаммен не болғанын, адамның барлық тео­
рияларына трансцендентті шындықтың айқындалуының, өзінің
барлық теорияларының сыртынан тұратын, адамның өзінің кім

екендігін білдіреді.
Осыған дейін ақыл болып есептеліп келген, тарихи болма­
ды, ал тарихи болып есептелген, ақылға сыйымды болмады.
Тарихы ақыл ratіo, logos, қатаң ұғым болып табылады. Осы­

да ешқандай күмән жоқ деп, мен ойлаймын. Қашан мен оны
физикалық-математикалық ақылға қарсы қойғанда, сөз ирра­
ционализмге жол берулер туралы болып отырған жоқ. Керісін­
ше, тарихи ақыл, физикалық ақылға қарағанда, одан да аса ра­

ционалды, қатаң, дәлірек. Физика не туралы айтып тұрғанын
түсінуден бас тартады. Оның үстіне бұл аскеттік бас тартуда
ол өзінің формальдық методын негіздейді және сол арқылы
«түсіну» терминіне, өзінің интеллектуалды білімі туралы «Фе­

донда» айтқанында, соған қарсы алдымен Сократ шыққан, ол
Сократтың артынан, эмпирикалық мағынадағы рационализм
бекіген уақытқа дейін басқа да философтар қарсы шыққан, па­
радокстік мағына береді.

Біз физика деп онымен көмегімен редукциялау арқылы
күрделі деректерді интеллтгибельді емес талдауды түсінеміз.
Денелердің соқтығысуы интеллект үшін абсолютті мөлдір
емес. Және бұл шарасыз, өйткені ол дерек болып табыла­

ды. Тарихи ақыл, керісінше, ешнәрсені таза дерек сапасында
қабылдамайды бірақ кез келген деректі, содан ол шыққан fіerі-
де сынақтан өткізеді, қалай оның дерек болғанын, қарастырады.
Тарихи ақыл адам феноменін, олар шындықта, тартылу мен

итерілу сияқты, тек дөрекі деректер болған, инстинктер мен
«қабілеттер» тізіміне оларды тіркеп қоюмен, айқындап бе­
ремін деп дәмеленбейді, бірақ адам бұл инстинктер және
қабілеттермен не істейтінін түсіндіріп береді, және тіпті олар,

әрине, адаммен оның өмірінің нақтылы жағдайында ойлап
табылған, тек идеялар-түсіндірмелер болатын, инстинктер мен

қабілеттедің қалай баяу осындай «деректер» бола бастағанын,
бізге ұғындырып береді.
1884 жылы Огюст Конт былай деп жазды: «... Өткенді
қанағаттандырарлық түрде түсіндіріп беретін ілім, міндет­

ті түрде жалғыз бұл дәлелдеменің арқасында болашақты
ұйымдастыруда басты тұғырға ие бола алады».
Түсініктемелер
1 Декарт Рене. Рассуждение о методе. – Декарт Рене. Избр.

произв., т. 1 М., 1989, с. 261
2 Джон Стюарт Милль «Еркіндік туралы» деген кітабының
ІІ тарауының екінші бөлігінде «тірі», «өлі», «енжар» термин­
дерін қолдана отырып, бұл ажыратуды қолдану мүмкін деп

есептейді.
3 «Маған бұл керегі жоқ және осы маған жетіспейді» (итал).
4 Кассирер Э. Философия символических форм. М., 1994, с.
23-67

5 «Өмір сүру» терминінен бөлек мен мән – өмір сүре келе
мәнге ие болатын, «әлдеңе» терминін пайдаланамын.
6 Мен бұл жерде Конт релятивизмін талдамаймын. Осыны
өзімнің «Белгісіз Конт» деген еңбегімде айқындауға үміттімін.

7 Философия истории Гегеля и историология. 1928.
8 Осыдан тек Фихтені шығарып тастауға болады. Бірақ
интеллектуалшылдық танымды аңдауға және өмірдің шынайы
болмысын сезгенімен, элейлікше ойлауға міндеттеді. Осы­

дан Фихтенің, метафизика асуларымен жетектейтін, соқыр
жолбасшының әсерлі бейнесі қалған.
9 Қар.: менің жұмысым «Гете ішінен» – «Revіsta de Occіdenіe»,
Madrіd, 1932.

10 Менің мына жұмысымды қар.: «Дон Кихот туралы пайым­
дау» (1914). Бұл жұмыстың өзінде «Менім» – бұл оның басқа
«өзі өзінің бейнесі» туралы не айтқанын, еске алайық.
11 Олардың атрибуттары бірдей, сондықтан ажыратылмай­

тын екі өмір бір және сол өмір болып табылмайды. Бүкіл бұл
қиындықтар ескі интеллектуалдық әдеттермен туындап отыр.
12 Қалай осыны американ солдаттары жасайтындай, жал­
пы онтологияның ең үрей тудырушы тақырыптарын, мен ба­

тыл және қауіпті шабуылдаймын. Анық болу үшін «ұжымдық,
немесе әлеуметтік өмір» мен жеке өмірдің арасындағы
айырмашылықты белгілеуден шешімді түрде бас тартамын.
Егер оқырманда менің идеяларыма қызығушылық туса, онда

мына менің екі кітаптарымды қарау керек: «Кісі және адамдар»
және «Өмірлік ақыл туралы».
13 Сондықтан тарихи ақыл, табиғи сияқты, апостериори ақыл
болып табылады.

14 De Genesі ad lіtteram. VІ, 13, 24, Patrolіgіa Latіna, t. 24 –
Болмыс кітабына Аугустиннің түсіндірмелері.
15 Мен оқырманды алғы тараудың соңғы сөздерін оқуға
шақырамын.

16 Бұл сырттай шолумен менің не айтқым келгенін, қарапайым
мысал түсіндіріп береді. Бірнеше ай бұрын жарияланған, Поль
Азардың үздік кітабында, («Еуропалық сана дағдарысы: 1680-
1715»), үшінші тарау былай басталады: «Еуропа, түбіне дейін

танылған болып көрінеді. Оның халықтарының әрбірі соншама
ашық белгілі және айшықты білдірілген сипаттарға ие болды,
осыдан олардың біреуінің атауын атаса болады, мысалы «қар
ақ», ал «күн ыстық» сияқты, оны сипаттайтын анықтаулардың

тұтас топтамасы өрби бастады
17 Менің мына жұмысымды қараңыз: «Идеялар және наным
сенімдер».
18 Декарт үшін ақиқат – дегеніміз сол арқылы ол өз шектері­

нен шығатын, болмысты ашатын, не болып ол табылмайтынмен
қатынасқа міндеттейтін, ойлаудың сол арнаулы белгісі екендігін,
ұмытпаңыз. Қашан ойлау шынында трансценденцияланатында
бізге айыруға мүмкіндк беретін, критерий ойлаудың өзіне им­

манентті, сондықтан болмысқа шығудың бізде басқа тәсілі жоқ.
Бірақ критерийдің имманенттігін «ақиқаттың» имманенттігімен
араластырамыз; ақиқат имманентті емес. Ол трансценденцияның
өзі болып табылады. Ақиқат – болмыстан басқа емес.

19 Бүгін физиканың адам үшін қызметі, ол туралы Посидо­
ний айтатын ежелгі бал ашу өнерінің қызметі сияқты.
Ортега-и-Гассет Х. История как система//Избранные труды.

– Москва. Весь мир, 1997. – С. 437-489.

Раймонд АРОН

ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫНА КІРІСПЕ

ІV тарау
...Тарих және ақиқат
Кіріспе
«Тарих» пен «ақиқат» деген екі терминнің антитезасы осы

соңғы тараудың жалғыз тақырыбын білдіреді.
Əуелі біз мынадай іргелі сұрақты жаңғыртайық: біз өткенді
қаншалықты деңгейде объективті игере аламыз? Бірақ мін­
детті түрде жаңа сұрақтар туындайды. Жекелеген тарихтарға

қатысты біз нақты қалыптасу ретроспективаның қалыптасуын
талап ететінін атап өттік: және бірінші кезекте бұл қалыптасуды
біз рухани әлемнің теориясы арқылы анықтауымыз керек. Егер
біз жалпы тарихқа қатысты істегеніміздей, осыны ұстанбайтын

болсақ, онда олардың өзгерістеріне сәйкес, ғылым мен
ырғақтардың алғышарттарының табиғатын анықтауымыз керек.
Алайда тарихтың теориясы адамның теориясымен, яғни фило­
софиямен араласып кетеді. Тарих пен философия ажырағысыз:

бір жағынан, тарихи интерпретациялардың (түсіндірмелердің,
Б.С.) эволюциясы философияның эволюциясына бағынышты
болар еді, екінші жағынан, қоғамдардың трансформациялары,
сонымен бір мезетте олардың себебі және ішінара олардың объ­

екті бола отырып, әлемді түсінуді анықтар еді.
Бірінші бөлімде біз тарихи шындықтың шекараларын
көрсету үшін, өзіміздің алдыңғы зерттеулеріміздің нәтижелерін
біріктіреміз. Екінші бөлімде біз релятивизм туралы ілімді ба­

яндаймыз әрі талқылаймыз, оның ішінде тарих философия­
сы үшін релятивтіліктің мағынасы мен шекараларын дәлірек
анықтауға тырысамыз. Соңғы бөлімде біздің зертеуіміздің
мазмұнын құрайтын антропологиялық тұжырымдар мен оны

аяқтайтын сұрақтарды бөліп көрсету үшін адамның тарихқа ие
екендігінің мәнін қарастыратын боламыз1.

Бірінші бөлім
Өткенді шынайы танудың шекаралары
Бұл бөлімде біз қойылған сұраққа – тарихи танымның
шынайылығы туралы сұраққа жауап беруге ниеттенеміз. Біз

жасағалы отырған түйіндер, егер солай айтуға болса, шашылып
кеткен немесе алдыңғы беттерге жымдасып енгізіліп кеткендік­
тен, біз әсіресе өзіміздің алдыңғы зерттеулерімізді жинақтап,
үйлестіруіміз қажет.

Соңғы қос тарау бір-біріне тәуелсіз болып қалады. Біз екі
әдістің қажетті келісімділігін бірнеше мәрте атап өттік, бірақ
балама құқы бойынша заңды болып қалады: тарих оқиғалар
мен идеяларды нақты болмысқа тән логикаға сәйкес байланыс­

тырады, не болмаса, ол адамның қалауының саналылығын ес­
кермейтіндей сабақтастықтың заңдылығына сәйкес каузальды
(себептік, Б.С.) байланыстарды ашады. Енді біз анализді (тал­
дауды, Б.С.) жайына қалдырамыз. Біз конструкциялар мен та­

рихи әңгіменің дәл осы жиынтығын түсіндіруге тырысамыз.
Сондықтан ең алдымен түсіну мен себептілікті салыстыру
қажет болады: түсіну мен ішінара детерминизмнің байланысы
қалай түзіледі? Тек содан кейін ғана біз тарихи объективтіліктің

шекараларын белгілей аламыз, өйткені жоғарыда біз түсіну мен
себептіліктің байланысын сипаттап көрсеттік.
Бұл бөлімнің пиғылы бірден белгіленді. Сыртқы, ал одан
кейін айғақтық салыстыру бізде бастапқы екі параграфты

қамтиды, кейінгі екі параграфта біз ғылым мен философияның
өзара байланысын және объективтіліктің шекараларын белгіле­
уге тырысамыз.
§1. Түсіну және себептілік

Алдыңғы тарауларды салыстырудан көптеген мәселелер
туындайды. Айғақтық мәселе: түсіну және себептілік (ка­
узальность) бірін бірі қалай толықтырады және қалайша
үйлеседі? Логикалық мәселе: ғылыми абыройға ие болу үшін

«түсінуші» байланыс себепті верификацияға мұқтаж бола ма?
Философиялық мәселе: себептік байланыстарды орнықтыруға
ұмтылған тарихшы немесе әлеуметтанушы, олар егер зердеге
сіңірілмейтіндей болса, тарихи мәліметтерді түсіндіреді. Бірақ

бұл жағдайда, түсіну өз қорын сарқыған кезде, адамзаттық

қалыптасу физикалық детерминизмге немесе биологиялық
эволюцияға ұқсайтын болса, араша болу себептіліктің қызметі
болып табыла ма? Басқаша айтқанда, тарихи әлемнің құрылым­
ындағы рационалдылық пен қажеттіліктің орны қандай?

Бұл параграфта біз тек алдыңғы екі мәселені қарастырамыз.
Біз осы қос әдістің өзара байланысы мен тәуелсіздігін бір мезет­
те – теориялық тұрғыда да, практикалық тұрғыда да айқындауға
тырысамыз.

* * *
Бастапқы нүкте ретінде біз, Макс Вебердің көп назар аударған
себептілік пен түсінудің қажетті одағы туралы идеясын аламыз.
Бұл тұжырым басқа әдістерді қаперге алмай, түсінуді зерттеуді

баяндаған кездегі біздің жақтаған тезисімізге қайшы келетін
тәрізді. Егер барлық байланыс бір мезетте sіnnadaquat2 және
kausaladaquat3 болып, логикаға (психологиялық немесе руха­
ни) да, қадағалаудағы заңдылыққа да сәйкес болуы тиіс болса,

онда ешқандай пікір, ол түсінікті болғаннан ғана ғылымдағы
азаматтылық құқығына ие болмауы керек.
Вебердің мысалдары бойынша, себепті верификацияның
әртүрлі үш қызметі болады. Ол типтен ерекше жағдайға,

рационалдылықтан реалдылыққа, шындыққа ұқсас түсіндір­
мелердің плюрализмінен шынайы түсіндірменің тұтастығына
өтуді дәл анықтауы қажет. Біз басмқа жерде келтірген мысал­
дарды еске алайық: ызақорлық жоғарғы құндылық­тардың

құнсыздануына әкеледі, сондықтан христиандықтың моралі
сияқты мораль әлсіздерге немесе құлдарға деген мейрімсіз­
дік ретінде түсіндіріле алады. Бірақ тарихи сабақтастықпен
психологиялық байланыс туралы тұжырым жасау үшін,

түсіндіру әдісіне бөтен болып табылатындай мұны дәлелдейтін
еңбек керек болады. Бір жағынан, мысалы үшін, лас ақшалардан
босанып, таза еңбекпен тапқан ақшаларын сақтауға ты­
рысатын экономикалық субъектілердің іс-әрекеті ақылға

қонымды, теориялық заң ғалымның зердесін толығымен
қанағаттандырады, бірақ ол адамдардың тиімді қимылымен
келісімге келуі тиіс. Жалпы барлық статистикалық ковариа­
циялар түсіндіруге, ал барлық түсіндірмелер статистикалық

дәлелдемелерге мұқтаж болады. Ақырында, қадағалаушының

басқалардың әрекетіне беретін барлық түсіндірмесі қосарлы
мағынадан құтыла алмайды: белгілі бір жағдайларда екі адам
бірдей әрекет істей алмайды, тіпті бір адамның өзі өз өмірінің
екі түрлі жағдайында бірдей іс-қимыл жасай алмайды; әркімнің

жан дүниесінде көптеген импульстар күресіп жатады. Осы
белгісіздікті игеру үшін Вебер шындыққа ұқсастықты теріске
шығарып, айғақтарды қадағалайтын және ықтималдықтарды
тізетін дәлелдеменің қажеттілігін сезінген сияқты.

Қашанда, Вебердің келтірген үлгілері шынайы қиыншы­
лықтарды бейнелейді. Алайда олар бір бірімен логикалық
түрде салыстырылмайды және фундаменталды айырмашылық
жүргізілмеген.

Тарихшының да көбіне бірнеше сырттай шындыққа ұқсас
түсіндірмелер арасында құбылып тұратыны рас. Дәл осы нәрсе
гуманитарлық ғылымдардың ерекше сипаты болып табылады
және әдіснама үшін маңызды салдарларға ие болады (әсіресе,

экономикалық теориялардың көптігі шешімділікті талап етеді).
Бірақ таңдаудың шешетін верификациясы себептік талдаумен
үнемі сәйкес келе бермейді.
Немесе әңгіме арнайы сабақтастықты түсіндіру туралы

болуы мүмкін және онда тарихшы өзінің түсіндірмесінің де­
ректерге сай келетінін дәлелдеуге тырысады. Пікір айтудың
ақиқаттығы әңгіменің оқиғаға дәл келуіне теңгеріледі. Немесе
жалпы байланыс туралы болуы мүмкін және онда себептілік

әрекетінің жалғыз мақсаты ұдайы болатынды дәлелдеу бо­
лып табылады (берілген қоғамның ішіндегі ковариация үшін
статистика жеткілікті, әдістемелік салыстырулар ең үлкен
қауымдастықтың уақыт ағымындағы жиі болатын немесе

қажетті сабақтастығын зерттеу үшін керек). Басқаша айтқанда,
айғақтармен сәйкестік кез келген ғылыми пікір үшін қажет бо­
лып қала береді, өйткені ол ақиқаттың негізі мен кепілін біл­
діреді. Себептілік әдіс әлеуметтанушы ережелер мен заңдарды

бекітуге ұмтылған кезде қажет болады.
Бірінші мысалды – түсіндірменің психологиялық типі­
нен тарихи жағдайға көшуді қайта алайық. Тарихшының осы
дедуктивті жолмен жүруі дұрыс па? Іс жүзінде ол өткенді

жаңғыртады, оқиғаларға қатысушылардың санасына бойлауға
тырысады, құжаттардан алынған түсіндірмелердің қаншалықты

оңтайланатын, оның барынша жиі және оған тән мотивтерді ес­
керетіндей типіне көтерілуге ұмтылады. Демек, біртіндеп даяр­
ланатын бұл түсіндірме сонсоң верификациялы болуға мұқтаж
емес, ол әдетте адам болмысын түсінумен байланыстырылатын

қосмәнділікті ешқашан жоймайтынына қармастан, өзінің ие
болуға қабілетті адалдығын тікелей табады.
Кейде тарихшы өзге табиғаттың ақиқатын іздейді: ол нағыз
тиімді итермелеуші ниеттің өзінің көрсеткені (индивидуал­

ды қылық үшін) екендігін дәлелдегісі келеді, бұл жағдайда
ол тарихи себептілік кестесі бойынша әрекет ететін бола­
ды, ол әртүрлі акциденттердің маңыздылығын таразылайды
және т.б. немесе әлеуметтанушы болғаннан кейін ол, мысалға

алар болсақ, «төменгі таптар мұндай метафизикаға ерекше
қызығушылық танытады», «қаналушылар демократиялық
доктриналарға ызаланғандықтан қосылады» деген сияқты жал­
пы сипаттағы пікірлерді орнықтыруға тырысады. Сабақтастық

тұрақтылығының верификациясы немесе екі терминнің де өзара
байланысы бірқатар салыстырулар арқылы жүргізіледі.
Демек, Вебер қосарланған қателік жіберген тәрізді. Ол
мақсаты мен қасиеті болған нәрсені білдірумен сипаттала­

тын түсінуді айту мен өз бойында көзден таса жалпылықты
сақтайтын себептілік пікірін жақсы ажырата алмаған сияқты.
Басқа жағынан алғанда ол ғылыми тәсілдердің тәртібін ауда­
рып төңкеріп тастады: тарихшы типтіліктен ерекшелікке қарай

жүрмейді, ол айғақтардан (немесе құжаттардан) индивидуалды
немесе ұжымдық жүріс-тұрысқа сәйкес келетін типтілікті және
басқа дәлелдемені талап етпейтін, түсінуге негізделген интер­
претация ретінде қарастырылатын нәрсені алады.

Бұл айырмашылықтар қаншалықты абстрактылы бол­
са да шынайы мәнге ие болады. Мысал үшін протестанттық
рух пен капитализм туралы Вебердің өзінің жұмысын
алайық. Осы танымал болжамның тудырған пікірталаста­

рына көбіне айқындық жетіспей жатады, өйткені жұмыстың
үш нәрсесін айыра алмайды. Бастапқыда Вебер капиталистік
және протестанттық рухты саналы түрде жаңғыртады. Өзінің
қолданған идеалды типінде капитализмнің басқа формалары­

на қарсы қою жолымен батыстық капитализмнің өзіндік бел­
гілерін бөліп көрсетеді. Ұғымның еркін таңдау, тарихи инди­

видті білдіретін және айқын терминдерде күрделі тұтастықты
білдіретін себептілік мәселелерінің бірін қоятын мәндік ұғымы,
сондай-ақ Вебер де, кейбір теологиялық сенімдердің әсерінен
ой мен өмірдің осы бейнесін түсінікті етеді. Кез келген детер­

минизмнен абстракцияланғанның өзінде бұл екі түсіндірме
де өздерінше шынайы. Олар айғақтарға сәйкес келуіне қарай
дұрыс; протестанттардың шынында да теологиядан қорытынды
шығарғаны маңызды, капитализмнің Вебер бөліп көрсеткен

белгілерінің көпшілігі капитализмнің өзін жаңадан құрастыруға
мүмкіндік бергені маңызды.
Екінші жағынан, Вебер екі себепті пікірді айтуға тырысады:
«діни сенімдер протестанттардың жүріс-тұрысын анықтады»

және «осы жүріс-тұрыс (демек, орныққан бұл сенімдер)
капитализмнің қалыптасуына әсер етті». Мұның алғашқысын
дәлелдеу үшін ол ойқорыту мен салыстыру арқылы әрекет
етеді: жағдайлар әлі капиталистік бола қоймаған уақытта ин­

дивидтер солай болып үлгерген еді. Протестанттық топтарда
тек этика ғана ортақ болды, тек сол ғана бірыңғай әрекет етуге
мүмкіндік берді. Басқа жағынан алғанда, басқа өркениеттерді
зерттеу жолымен ол капитализмнің өзінің дамуы үшін кейбір

рухани жағдайларға мұқтаж екендігін дәлелдегісі келді. Ба­
рынша күшті сыншылдар осы екі дәлелдемеге – протестанттық
рухтың түсіндірмесіне және капиталистік рухтың (екеуінің
туыстығына) тиіседі және ол әлі күнге дейін жалғасып ке­

леді. Тіпті протестанттардың капиталистік қылықтары басқа
себептермен түсіндірілгеннің өзінде, ең болмағанда, оның
мораль мен дінге ықпалын мойындауға болады. Ақырында,
егер осы соңғы тұжырымды теріске шығарғанның өзінде,

протестанттар өздерінің өмірлерін осылайша ойлады немесе
ақтады: тарихшының басты мақсаты өткен заманда өмір сүрген
адамдардың әлемін түсіну болып табылмас па екен?
Әрине, Вебер бұл айырмашылықтарды мойындар еді, бірақ

ол түсіну немесе концептуалды пікір әрқашан тек каузальды (се­
бепті) болатын нағыз шынайы ғылымды даярлайды деп қосар
еді. Бірінші тәсіл оған міндетті әрі заңды субъективтілікпен
таңбаланған болып көрінді, бірақ» оның пікірінше, позитивті

білімде ол болмайды. Алайда мұндай шешім бізге бір мезгілде
әрі фиктивті, әрі дәл емес болып көрінеді. Алдыңғы мысалда се­

бептілік түсінудің ізінен жүреді, түсіну субъективті сұрақтарды қояды, ал себептілік объективті жауаптар береді. Бірақ түсінік, ол тіпті детермиинизмді зерттеудің ішіне енгізу үшін қолданылғанның өзінде, оқиғаларды қалпына келтірумен неме­ се айғақтардың сабақтастығын қайта айтып берген кезде дербес күйінде қалады; жалғыз болғандықтан ол өзінің заңдылығын ка­ узальды верификациядан мүлдем қабылдап алмайды. Демек, ол не өз өзінен объективті, не Вебер әуел бастан ысырып тастауға тырысқан осы шешімге толығымен бағынады. Оның үстіне, ол толық дəйектілікті қабылдағаннан гөрі, өзінің көрнекі себеп­ тілік субъективтілігін беретін тәрізді. Іс жүзінде орныққан бай­ ланыстар пайдаланған ұғымдарға, қолданыстағы жіктеулерге тәуелді болып кенледі, ал олар болса, кейбір заңдылықтарға сәйкес, басқа байланыстар мен түсіндірмелердің мүмкіндігін теріске шығарады. Демек, Вебердің логикалық шешімі, себеп­ тік талдау концептуалдық тұжырым үшін тысқары нәрсе болып, дербес түсіну үшін де, түсіну мен себептіліктің синтезі үшін де ешқандай мәнге ие болмайтын жағдайларда ғана маңызды болады. Біз бұл дербестікті көрсеттік және енді бізге синтезді сипаттау ғана қалып тұр. * * * Кез келген түсініктің екі модальді мүмкіндігіне сілтейтін, «түсіну – себептілік» антитезасымен таусылып қалмайтын тарихи түсіндірмелердің бəрін тізіп шығу біздің міндетімізге жатпайды. Біз сипаттаумен ғана, әсіресе теориялық рухтағы сипаттаумен, тарих пен әлеуметтік ғылымдардағы қос тәсілді араластырумен ғана шектелеміз. Матьез өзінің «Француз революциясының тарихының» бірін­ ші томында «себеп» сөзін ассигнациялардың құлауына орай бірақ рет пайдаланады. Құнсыздану жүгенсіз түрде қабылданған шараларға (шектен тыс эмиссияларға) орай туындағанымен, ол қоғамдық пікірдің өзгеруіне (сенімнің жоғалуына) теңгерілгенімен, ол бір мезетте болжана алатын, бірақ алдын ала ойластырылмаған болатын қоғамдық байланыстар мен ре­ акцияларды тудыратын анонимді (құпия) күштердің әсеріндегі күрделі механизмнен туындайды. Біздің детермиинизм үшін берген және ерекше тарихи өзіндік әрі мейлінше қарапайым

себптілікке адал болып қалатын интерпретацияның дәлелі бо­
лып табылады.
Іс-әрекет
жағдайларға

бейімделмеген
тәрізді
болып
көрінгендіктен таңданыс тудырғанда немесе ол өткенге (ортаға

және тұлғаға) қатысты қайта қайталанған кезде, тарихшы
оқиғаға қатысушының өзімен бірге ықтималдықтан нақтылыққа
қайта талпыныс жасау үшін шешім қабылдау сәтіне ойша
ауысуға бейім тұрады. Өз кейіпкерлерінің сенімді өкілі және

замандасы болған осы жағдайдың өзінде, ол қалыптасудан ин­
дивидтерге қарай үдемелі асқақтауды белгілеп үлгереді: басқа
болашақ үшін ашық және ұзақ уақыт бойы тұрақсыз болып кел­
ген тағдыр белгілі бір даталардан бастап, белгілене бастағандай

көрінеді.
Қоғамдық ғылымдарда бұл екі тәсіл бірін бірі толықтыр­
майды, олар Вебердің ұсынған кестесіне сәйкес, үздіксіз бір­
лесе әрекет етеді. Бірақ бұл жерде олардың бірінің ізінен бірі

жүретін тәртібі шешуші мәнге ие болады. Әзірге рационалдық
конструкцияларды верификациялауға тырысады, күнделікті
өмірдің күмәнсіздіктерінен ажырамайды. Кестелер арасындағы
таңдауға жетпей тұрып, идеалды тип пен нақтылық арасындағы

айырмашылықты аңғаруға болады, өйткені шынайылықтың
оларға дәл сәйкес келмейтіні келісілген. Керісінше, мәліметтерді
қалыптасқан пайымдарсыз зерттейтін ғалым, байланыстарды
соңынан психологиялық тұрғыда түсіндіре алғанымен, өзін

таң қалдыра алмайтын байланыстарды бекіте алады. Өзінің
айғақтардан алған детерминизмінің рационалдығын талдау
арқылы дәлелдеу қажет болса да, ол теориялық болжамдар
арасында айырмашылық жүргізу мүмкіндігіне ие бола ала­

ды. Мысалы үшін біз қарастырған екі үлгіні алайық, әрі оңай
ұғынықты, әрі болжамы қиын құбылыс болып табылатын
әскери адамдардың өзін-өзі өлімге қиюын және статистикалық
сынақтан концептуалдық тұжырымға өрлейтін Симианның

практикасын мысалға келтірейік.
Қоғамдық ғылымдарға кіріспелерде себептіліктің осы соңғы
функциясы алдыңғы орынға қойылуы тиіс. Тарихта ол аз көрінеді,
өйткені ішінара детермиинизмдер жиынтық қозғалысына ен­

гізілген және түсінуге бағынышты күйінде қалады. Оның
үстіне тарихшы өмірге енуге ұмтылғандықтан, әлеуметтанулық

абстракцияларды мейлінше аз пайдаланады. Ол оқиғалардың
ізінен жүрумен, индивидуалдық сананың көрінісіне симпа­
тиясын аңғартумен шектеледі және мәліметтерді таңдау мен
ұйымдастырудың көмегімен экзистенцияны да, тағдырларды да

түсінікті етеді. Іс-әрекет өзінің мүмкіндіктерімен қоса жойылған
кезде, макроскопиялық жиіліктерді индивидтердің пайдасына
қарай ұмыта бастаған кезде себептілікті талдау өзінің мәнін
жоғалтады: барлығы осылай болды, адамдар сондай болған,

пайымдаудан және қатысудан ләззат табатын рух болашақтың
белгісіздігіне де, болғанның тағдырына да немқұрайлы болып
қалады. Сондықтан түсіндіруші таризты толығымен игереді;
оның есесіне тек себепті әлеуметтік ғылымды игеру анағұрлым

қиын. Ковариациялар көрсетілген екен, онда оларды түсіндіру
ғана қалады, мұндай интерпретацияға Дюркгеймнің ережелері­
не барынша адал, мейлінше қалыпты әлеуметтанушы ешқашан
қарсы шыққан емес. Симианның шығармашылығында қос

тәсілдің түбегейлі бірлігін ерекше аңғарымпаздықпен байқауға
болады. Статистикалық сынаққа негізделген себептіліктің іс-
әрекет қылығынан алынған объективті психологиясымен жым­
дасатыны соншалық, адамның бейімділіктері мен алтынның

қорлары шынайы себептер ретінде кезектесіп көрініп отырады.
Шындығында, бұлардың екеуі де детерминанттар болып табы­
лады, қазіргі заманғы экономика бұл өзіндік құрылымды айқара
ашады: адамдар заттардың заңына көнуге мәжбүр, өйткені

ақшалардың мөлшері бағалар (әсіресе әлемдік бағалар) арқылы
белсенділіктің ырғағын үндейді, бірақ осы жағдайларға деген
өздерінің реакциясының арқасында дәл осы адамдар өздері
түсінбейтін және қабылдамайтын тарихты жасап шығарады.

* * *
Бұл соңғы мысал бізге сыртқы салыстырманың қандай
түйінге, оның қандай белгісіздікке әкелетінін көрсетеді. Басқа
ғалымдармен салыстырғанда, тарихшының себептердің басқа

типін – мотивтерді немесе итермелеуші себептерді қаперге
алатыны жиі айтылады. Тұжырымдар бізге дәл емес көрінеді,
өйткені себептерді ашуға ұмтылған тарихшы антецедент­
терді, заттар мен мекемелерді жетекшілердің пиғылы не­

месе тобырдың құмарлықтары сияқты қарастырады. Бірақ

оның қашанда сол арқылы себептердің әрекеті жүзеге асатын
психологиялық механизмді түсінумен күшті уайым шегетіні де
рас. Егер осы қызығушылық болмаса, егер тірілерді өлгендер
қызықтырмайтын болса, онда тарих аспан денелерінің немесе

жануарлардың тарихына ұқсап қалар еді: іздерден немесе сал­
дарлардан шыға отырып, біз жойылған табиғаттың жүйткіп өте
шығатын шындығы туралы тұжырым жасауға ұмтылар едік.
Екінші жағынан, экономикадан алған мысалда адамдарды

және олардың ортасын бірдей қамтиды. Бүтіннің құрылымы
тұтас түсінікті мүмкін етеді. Бірақ тарихшы тарихи тұтастықтың
құрылымын табуға ұмтылмай ма? Біз бірнеше мәрте қойған
сұрақ біздің алдымыздан қайта шықты. Қажетті байланыстар

мен пайымдалушы әрекеттердің нақтылықта бірігуі, түсіну мен
себептіліктің араласуы үздікті детерминизмдер мен ретроспек­
тивті рационалдандырудың плюрализмін игеруге мүмкіндік
бере ме?

§2. Тарихи әлемнің құрылымы
(плюрализм және ауқымдылық)
Екінші тарауда біз оқиғаларға қатысушылардың, постфактум
куәгерлердің бір ғана оқиғаларға әртүрлі түсініктер беретінін

бақыладық. Көптеген әңгімелерден құтылу үшін қажетті байла­
ныстарды орнықтыруға ұмтылады. Бірақ ішінара қажеттілік өз
кезегінде бізді алуан түрлі ретроспекциялардың алдына әкеліп
тірейді. Алайда біз жалпы детерминизмнің ғалымның конструк­

циясы емес, тарихтың заңы екендігі туралы болжамды үнемі
сақтаймыз. Бұл жағдайда біздің түйінімізге күмәннің көлеңкесі
түсіп тұрған жоқ па?
Біз ешқандай да синтетикалық немесе диалектикалық

әдістің тұтастықтағы көпшілдік мәселесін шеше алмайты­
нын көрсетуге тырысамыз. Айғақтардағы сияқты, бір мезетте
айғақтардан да, идеялардан да тұратын барлық нақтылықтарда
да тарихшы көпшілдікті, адамзат табиғаты мен күрделіліктің,

сондай-ақ тарихи әлемнің де бейнесін ашады.
* * *
Біз экономикалық өмірге қатысты «құрылым» терминін
қолданып

үлгердік.
Газдардың
атомдық
құрылымымен

салыстыруға байланысты қарапайым әжуалардан басқа, біз
оған тән белгілердің бірнешеуін атап өттік. Біріншіден, ин­
дивидтер жүйелі түрде жаңғырып отыратын ахуалдарда ор­
наласады, жүйелілік екі жағдаймен байланысты болады: бір

жағынан бастапқы шарттарды қалпына келтіретін әрекеттер
мен реакциялардың тізбекті сабақтастығымен, екінші жағынан,
осы өзіндік реттелу сияқты, ауқымдылықтың тиімділігі, дәлірек
айтқанда, кішігірім рыноктардың анағұрлым үлкендеріне

бағынуы да немесе кейбір бағалар мен кейбір факторлардың
(монетарлық) басым ықпалы да маңызды. Екіншіден, ада­
ми импульстар ерекше ұмтылыстың бірлігіне демегеннің
өзінде, ең болмағанда, сатылы және сырттан бақыланатын

ұмтылыстардың шамалы санына (әртүрлі әлеуметтік топтардың
психологиясы олардың әрқайсысының өзгешелігін қаншалықты
ұлғайтатынына және циклдардың жиілігін қаншалықты кемі­
тетініне немесе жоятынына қарай) теңгеріледі. Бүкіл қоғамның

осындай құрылымды білдіретіні ақылға сыя ма?
Капиталистік қоғамды статикалық тұрғыда осылайша
сипаттауға болатыны күмәнсіз, бірақ бұл сипаттама идеалды
капиталистік қоғамға қатысты қолданылады, не болмаса, ол

көлденең кесіндіге тең. Ол қоғамның қалай өзіндік сақталуға
және өзіндік жаңғыртылуға ұмтылатынын көрсетеді. Ка­
питалистік режимде өндіріс үдерісіндегі орын таптардың
айырмашылығы мен әлеуметтік деңгейді анықтайтындықтан

өмір тәртібі мен ақыл-ой орнықты болады немесе саяси мекеме­
лер экономикалық ұйымдастырушылықпен байланысты бола­
ды. Бірақ өмірдің ағымын сипаттау барысында, егер қоғамдық
қатынастардың үдемелі өзгерісін ескеретін болсақ, метриалдық

детерминизмге теңгерілмейтін құндылықтық пікірлерді немесе
басым қалауларды қаперге алу қажет болады.
Алайда бүкіл қоғам да, оның қалыптасуы да экономиканың
құрылымымен салыстыруға келетіндей құрылымға ие бола ал­

майды және бұл ең басты мәселенің бірі. Негізгі бағалараға ба­
лама табуға болмайды, бұл жерде жалпылықтар түйінді неме­
се қорытындыны білдіреді, бір ғана ахуалдарды жаңғыртатын
жүйелілік жоқ, адамзат ұмтылыстарын оңтайландыру бол­

майды: саяси реакциялар халықтардың жағдайымен немесе
дәстүрлермен бірге құбыла әрекет етеді. Бұқара халық пен

индивидтер өз әрекетіне тартылады және итермелеуші себеп қаншалықты тұрпайы болмасын, қандай да бір фракцияның пайдасына таңдау жасау индетерминацияның өрісін қалыптастырады. Енді жалпы тарих циклдарды да, мәңгілік қозғалысты да білмейді. Немесе, ең болмағанда, бұл циклдар экономикалық үлгіге сәйкес келмейді, олар кездейсоқтықтың салдарларын алдын ала ескертпейді. Тарихи әлемнің құрылымы детерминизмнің құрылымы болып табылады. Тарихи күштер итермелеуші себептің белгісіне немесе ұйымның бірлігіне се­ бептерден артық кері келтіріле алмайды. Осындай субъективтік тезисті объективизмге қарсы қабылдай аламыз ба? Объективизм ортаның адамдарды детерминациялағанын немесе олардың жауабы біржақты әрі болжанатындай болғанын ұйғарады. Бұл шарттар қоғамның бүкіл өмір сүруінде (ұжымдық өмір сүрумен салыстырғанда индивидуалдық өмір сүруде көбірек) емес, оның кей­ бір аймақтарында ғана берілген. Ішінара жиынтықтардың шынайылығы да, үздікті детерминизмдердің объектив­ тілігі де тұтастың осалдығы мен жекелеген айғақтардың байланыссыздығын теріске шығармайды. Егер біз құрылымның басқа мәселесін, идеяның болмысқа қатынасы мәселесін қайта алар болсақ, дәл осындай нәтижелерге келеміз. Бастапқыда біз интерпретацияның жүйелерінің плюра­ лизмін қарастырдық және бұл бізді екі философиялық түйінге әкелді (біз әдіснамалық салдарды жайына қалдырамыз). Руха­ ни құндылықтар өзінің шығу тегі мен кез келген нақтылыққа қатысты өзінше трансцендентті. Рух жай ғана бейне неме­ се иррационалдық күштердің көрінісі ғана емес, ол жасам­ паз күш. Бірақ біз каузальды түсіндірменің мүмкіндігін әдейі жайына қалдырдық. Шын мәнінде, алдыңғы ескертпелердің бірде бірі дәуірдің немесе қоғамның әрекетке әсер етуінің шекарасын алдын ала белгілеуге мүмкіндік бермейді. Объек­ тивтендірілген, психологиялық жағдайлардың қатары ретінде алынған ол сыртқы себептермен сәйкестендіріле алады, онсыз түсіндірілмейтін субстраттың болуы туралы тұжырым жасауға болады. Бірақ кейбір қырында интегралды көрінетін бұл детер­ минация әрекеттің шынайы мағынасын бұзбайды, өйткені ол оны білмейді.

Осылайша, біз Шелердің екі тұжырымын да – метафизикалық
көрінісі бір мезгілде анағұрлым күрделі, әрі анағұрлым
қарапайым болып табылатын идеялардың әлсіздігін де,
So-Seіn (анықтық) тәуелсіздігін де қалдырып қоямыз. Бас­

тан өткен уақыттан нағыз бөлек, таза қылықтар жоқ, бірақ
пиғылдардың арнайы логиканың заңдарына бағынатынына
қарай, олар заңды түрде дербес болып табылады (және олардың
мазмұны да оны кімнің қайта қамтығаны үшін дербес болып

табылады). Жаратылған әлемнің плюрализмі, психологиялық
пен руханилықтың дуализмі каузальды болса да, тарихи
зерттеулердің шексіз таралуына қайшы келмейді.
Идея да өз-өзінде әлсіз. Бұл тұжырым айғақ туралы айтуды

емес, қарапайым теңгерімді білдіреді. Қабылданбаған ақиқат
пайдасыз, ал индивидуалдық немесе ұжымдыққа айналғаннан
кейін ол, кез келген басқа да адами болмыс ретінде, тарихи
күшке айналады. Оның тиімділігін алдын ала бағалау мүмкін

емес, пайдасыз. Бұл осындай сұрақтың бойында жалпы
шешімнің болмағанымен ғана емес, сондай-ақ оның нашар
тұжырымдалғанымен және ажырамас қатынастарды ажырата­
тынымен де түсіндіріледі.

Идеяға оранбайтындай немесе онымен қорғанбайтындай
мүдде болмайды, идеалды немесе тарихи қажетті мақсатқа беріл­
мейтіндей құмарлық болмайды. Егер ереже тұжырымдалса, онда
міндетті түрде тарихи қалыптасудың жүктейтін адамдардың

қалауынан гөрі ортаның, ақылдан гөрі сезімнің көбірек болаты­
нын түйіндеуге болады. Бірақ мұндай жалпы сөздер де талассыз
әрі пайдасыз. Идеялардың ықпалын дұрыс бағалау үшін, белгілі
бір жағдайда, тарихи қозғалыстың нені жүзеге асырғаны мен

басқа идеологияны жетекшілікке алып, оның болашақта нені
жүзеге асыратыны арасындағы интервалды өлшеп шығуға тура
келер еді. Және тағы да пікірдің немесе таза идеяның салдарла­
рын бөліп көрсету керек болар еді (мысалы, жағдайларға және

психологиялық ахуалдарға қарамастан, құтқару теориясының
қаншалықты әрекет ететіні?). Бір сөзбен айтқанда, қашанда
тек жекелеген және ықтимал шешімдерді мүмкін ететін тарихи
себептіліктің мәселелерін біз қайта табар едік.

Біз тағы да нақты күштер ретіндегі идеалды күштердің, руха­
ни әлемдердің плюрализміне тағы да келдік. Егер қаласаңыздар,

бұл – диалектикалық плюрализм: ахуалдар мен адамзат еркінің,
нақтылық пен идеялар арасында өзара әрекет нәтижесінде
өңделмеген детерминизмге немесе өшетін репродукцияға
емес, саналы тірі жанның шығармашыл реакциясына ұқсайтын

өзіндік өзара байланыс бекітіледі.
* * *
Бұл құрылым диалектикадағы сапа ұғымымен байланысты,
басқаша айтқанда: шашыраңқылық тұтастықты да, қорытынды

шығарудың үздіксіздігін де теріске шығармайды (екі астарлы
мағынада).
Детерминизмнің фрагментациясы (үздіктілігі) жүйе мен тал­
дау арасындағы қайшылықпен формальды түрде түсіндіріледі

(бұл кез келген каузальды ой үшін маңызды), ал материалды
тұрғыда акциденцияның салдарын тоқтатудың немесе тарихи
қозғалысты тәртіпке келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіріледі.
Бірақ, екінші жағынан, кез келген қоғам, ең болмағанда, топ­

тар мен институттар арасындағы, тәртіп пен бедел арасындағы
өзара әрекеттердің бірлігін білдіреді, ал бұл оның салдары
ұлт немесе өркениет болып табылатын эволюцияға, сондай-
ақ кез келген ұжымдық өмірге таңылады. Сонымен, нақтылық

қашанда ауқымды, өйткені әрбір сәтте, әрбір уақытта ерекше
ұйымдасуды аңғарады, ғаламдық қамтылуға беріледі және де­
генмен жалпы синтезден аулақ болады.
Бірқатар идеялардан біз адамның тұтастығы мен рухани

әлемдердің дербестігі арасындағы осындай қарама қарсылықты
байқаймыз. Арнайы тарихтың нақты теориясы қаншалықты
деңгейде адамның белгілі бір әрекет түріне толығымен беріліп
кететінін көрсете алар еді. Ғылым үшін бар нәрсе, егер субъ­

ект трансценденталды «Менмен» араласатындай, білімнің
жиынтығы
өмірлік
жиынтықтан

ажырайтындай
болуы
(Дильтейдің тілімен айтқанда) дұрыс па? Сыртқы ықпалдар
прогреске жағдай жасайды немесе оны тежейді, олар қатаң

ақылға қызығушылыққа итермелейді, олар ұжымдық өмірден
алынған кейбір түсініктерді, кейбір тұғырларды ұсынады, бірақ
олар өздерінше нәтижелерді модификацияламайды. Керісін­
ше, көркем туындының, әсіресе тарихи көркем туындының

мазмұнының техникалық құралдардан, әлеуметтік ұйымдасудан,

жаратушы мен адамның пиғылынан ажырағысыз екеніне күмән
жоқ және бұл уақыт ағымында пайда болғандықтан емес, ол та­
рихи адамдарды білдіргендіктен әрі соларға бет бұрғандықтан
болады.

Ақырында, плюрализм (көппікірлілік) пен ауқымдылықтың
диалектикасы біз өмірдің немесе әрекеттердің жиынтығын
қоғам немесе индивид үшін қарастырған кезде тағы да
аңғарылады: тұлғаның бүкіл ғұмыры бойы сақталатын ере­

кше дағды, халықтардың жалғасын тапқанымен, жаңадан
жаңғыртылмайтын тұтастай рухы, Дильтей әрекет арқылы
табуға тырысқан әрбір дәуірдің мотиві – барлық осы
құндылықтар жалпылығы ретінде бір мезгілде әрі күмәнсіз,

әрі детерминацияланбаған өздерінің нақтылығына ие болады.
Олар замандастар үшін фрагментарлы және, егер тарихшы
оларды бітіруге қабілетті болса, онда ол осы реторспективті
құбылысты ақтап алуы да қажет.

Дәуірлерге және әлеуметтік құрылымдарға сәйкес көпшілдік
пен ауқымдылықтың басқаша құрылатыны түсінікті. Курноның
идеясына сай толығымен рационалданған және маркстік кес­
теге сай саналы түрде басқарылатын қоғам тарихи үдерістің

байланыссыздығын шешер еді немесе, ең болмағанда азай­
тар еді. Өнері, ғылымы мен діні әлемді ұлттық-социалистік
түсінумен немесе диалектикалық материализммен бірігіп кеткен
тоталитарлық (ауқымдық) мәдениеттердің байланыстылығын

таратар еді және бекітер еді. Мұның қай-қайсысында болма­
сын, түбегейлі тұтастықтың табиғаты өзгермес еді, өйткені
ол қашанда бастан өткен немесе пайымдағы өмірмен, яғни
еңбектен бастап дінге дейінгі барлық әрекеттер жүйесіндегі ор­

нымен араласып кетер еді.
* * *
Плюралистік (көппікірлілік) пен күрделі құндылықтардың
бұл қарама қарсылығы кездейсоқтықтар мен заңдылықтардың,

қалыптасу мен эволюцияның қарама қарсылықтары сияқты
шешуші мәнге ие болады: осылардың үшеуі бірігіп, адам­
зат тарихының құрылымын анықтайды. Мұның соңғысы
гуманитарлық

ғылымдардың
өзгешелігін
түсінуге
және

ақиқатқа деген қосарлы ұмтылысқа сәйкес келеді; Курноның

ілімінен біз бөліп алған және себептілікті зерттеу барысында
біз қайта тауып алған түсіну әрекетшіл адамның іс-қимылы
өтетін болмыстың екі іргелі қасиетін білдіреді. Біз жаңа ғана
айқындаған түсінікке келер болсақ, ол саяси шешімнің шарт­

тарын дәлдей түседі. Іс жүзінде, зерделі элементтерді бойына
жинайтын доктринадан артық ешқандай доктрина анағұрлым
қауіпті утопиялық болып табылмайды: мейлінше әр алуан ре­
жимдерден алынған фрагменттерден үлігілі қоғамды еркін

құру құқығын олар өздеріне меншіктеп алады, әрбір әлеуметтік
тәртіптің өзінің самғауы мен құлдырауы болатынын көргілері
келмейді қашанда еркімен болсын, еріксіз болсын бір нәрсені
ғана таңдайды. Керісінше, бүтіндей қоғамды жалғыз ұстынға

әкеліп тіреуге үміттенетін тоталитарлық ойлау бұрынғысынан
да қорқынышты фанатизмге түсіп кетер еді.
Тарихшы үшін бұл қарама қарсылықтың маңызы сон­
ша маңызды емес. Бұл оның әртүрлі өркениеттердің өзіндік

құрылғыларын талдауға ұмтылуынан ғана емес, сонымен
қатар нақты тұтастықтардың абстракциялардың шекараларын
да белгілеуі себепті де болады. Кез келген басқа экономика­
мен салыстырғандағы капиталистік жүйенің алатын деңгейіне

қарай, уақыт пен кеңістікте шектелусіз қолданылуға ұмтылатын
формальды пікірлерге қарағанда, жүйенің қабілеті үлкен мәнге
ие болады.
Қолданбалы әдіснама бойынша жұмыста біз бұл зерттеуді

одан ары жылжыта алар едік. Нәтижесінде біз бұл жерде жалғыз
философиялық ескертпемен ғана шектелеміз. Біздің сипаттама­
мыз кей мағынада материалдық теориямен аяқталады. Тарихи
әлемнің күрделілігі плюралистік антропологияға сәйкес келеді.

Әрбір ауқымдылық – адамзаттың жетілмеген «жетілген рет­
роспективалы) ісі, шексіздікте орналасқан мақсатқа тең толық
тұтастық: егер адам өзінің тарихын сарқып тауысатындай бол­
са, онда философтың қамтыған ауқымы өзін өзі жасауды және

жаратуды аяқтар еді.
§ 3. Тарихи объективтіліктің шекаралары
Объективтіліктің шекаралары ұғымын үш әр түрлі
мағынада түсінуге болады. Не ғылыми тұжырымдар кейбір

таралым аумағынан тыс жерде барлығы үшін заңды болудан

қалады; не олар ұйғарым бойынша объективті, еріксіз, бірақ
сынақпен верификацияланған сұрыптауға бағынады; не бол­
маса, ақырында, бүкіл тарих бір мезетте әрі объективті, әрі
субъективті, ықтималдық пен логиканың ережелеріне сәйкес

келеді, келешекке бағдарланған, ал бұл келешек индивидтің не­
месе дәуірдің келешегі, сондықтан да осының негізінде ол өзін
таңа алмайды. Басқаша айтқанда: ғылым қай сәтте аяқталады?
Позитивті (жағымды) білім үшін тысқары болатын шешімнен

ол қалай ажырайды? Алғышарттар мен эмпирикалық зерттеу
қалайша үйлеседі?
Біз баяндаудың барысында екі түйінді ұсынған тәріздіміз.
Оның қайсысы ақырында шындыққа сай келеді? Олар бір ме­

зетте қандай да бір ақиқатқа ие бола ма?
* * *
Адам қылықтарының бастапқы нүктесі ретінде тағы да
екіжақты және жетілмеген тәжірибені – оқиғаларға қатысушы

мен бақылаушыны алайық. Шын мәнінде, әуел бастапқы
әңгімелер куәгерлердің немесе мүдделі адамдардың әңгімелері
болып табылады. Цезарь Галл соғысының бірінші тарихшы­
сы болды, казіргі замандастарымыздың мемуарлары олардың

адамдар мен нәрселерді қалайша тікелей бақылағаны мен
бағалағаны үшін бізге баға жетпестей құнды. Анағұрлым
жанды бұл мәліметтер, сонымен бірге хроникерлер мен
тарихшылардың мәліметтеріне қарағанда мейлінше сезімге бой

алдырғыш келеді. Олар новеллаға немесе аңызға бейім болады.
Өзінің жорықтары туралы әңгімелейтін көсем жасырынып қалу
үшін қалжыңға да басады: апологеттік пиғыл қанша қарапайым
боллғанымен, тіпті материалдық айғақтар дәл баяндалса да,

интерпретацияның дұрыстығын бұзады. Ұлылардың алдында
болғандарға келер болсақ, онда олардың еңбегі өз рөлдерінде
тұп-тұнық таза тарихи кейіпкерлерді бізге жақындатқанымен
сипатталады, өйткені әшекейлерді тысқа шығарып көрсету мей­

лінше қолайсыз болады. Ұлы адам өз өмірінің басым бөлігінде
барлық қалған адамдар сияқты болды. Оның әрбір шешімі
белгілі бір жағдайларда қабылданды және жеке ниеттердің
ықпалын оңай аңғаруға болады. Психологиялық айқындықтан

әңгімешінің дағдысына бірте-бірте өтеді, мифтерді лақтырып

тастауға тырысады, өзінің прозалық ерекшелігінде ахуалдарды
қалпына келтіруге ұмтылады. Заңды реакция, әзірге ол мақсатты
айналып өтпейінше, ақиқатқа деген монополияға да таласа
қоймайды. Тарихи өлшем құпия бүліктердің, интригалардың,

даулы және шулы хроникалардың арғы жағында тұрады.
Корольдардың тарихнамашылары камердинер немесе сарай
қызметшілерінен артық тарихшы емес. Бұлар да, олар да мате­
риал береді және өмірдің теңдессіз талғамын сақтайды.

Тарихшы өзі үшін қолайсыз сезімге бой алдырудың осы
формаларынан қашқақтайды, өйткені ол индивидті өзінің фун­
кциясына, өмірлік тәжірибені айғақтарға бағындырады. Ол ең
алдымен, замандастарына беймәлім нәтижелерді немесе жал­

пы қозғалыстарды аңғара отырып, оларды құрылымдайды.
Оқиғаға қатысушылардың пиғылдары іске асқан әрекеттерге
енгізілген, сол сияқты тұжырымдамалы түсіндірме де алған
әсердің салыстырмалылығынан босатады (дегенмен кейбір

баптары бойынша ол талқыға итермелейді, жеңілгеннің бол­
жамы жеңімпаздың болжамына қайшы келеді). Бір қосынды
ішіндегі мәліметтердің қосмағыналылығы жалғыз ықтималдық
болмауы мүмкін; әңгіме өзінің тек қабылданатын феномендерді

білдіруге бейім екендігіне қарай, ол жалпыны қамтитын объек­
тивтілікке жақындай түседі.
Шайқасты немесе анағұрлым кең қалыптасуды (мысалы,
Француз революциясын) қамтитын түсіну қатарда орын алу

мен айғақтардың құрылымы арасында дәл сол қасиеттерді
сақтайды. Бірте-бірте сенімсіздік ұлғаяды, өйткені айғақтардың
құрылымы барған сайын шешуші бола түседі. Бір түсінік
қалғанының барлығын толығымен теріске шығаруы үшін, ол

қажеттілікті немесе рационалдылықты бөліп алуы керек. Бірақ
ол шындыққа жақын байланыстарды бекітумен шектеледі.
Элементтерді топтастыру, таза материалдылыққа қалайда ре­
дуцияланатын айғақтарды анықтау, сана мен құндылықтардың

қосмағыналылығы тарихи әлемнің құрылуына тыйым салмай,
көптеген құбылмалы көзқарастарға орын қалдырады.
Тұрлаусыз түсініктің артықшылығын басқаша сақтап қалуға
тағы да тырысып көрейік. Неге сынның ережелерімен сәйкес,

сондай-ақ қатынастармен, объективті қатынастармен, дәлірек
айтқанда дəйекті қатынастарымен бекітілген айғақтарды бірік­

тірмеске? Сонда жауапкершілік мәселесін қай сәтте қою керек­
тігін анықтау мен консеквент пен антецедентті ажыратып кесетін
тәсілді табу ғана қалады. Алайда бұл қиындықты немесе оған
индифферентті нәрселерді санаға сіңірмей, тарихшылар мен

әлеуметтанушылар әңгімешілер мен психологтардың жүгенсіз
әдістерін жоққа шығарғылары келеді. Абстракция немесе са­
лыстыру жолымен әлеуметтанушы белгілі бір қоғам немесе
кез келген қоғам үшін табиғи айғақ пен әлеуметтік айғақтың

арасындағы, шарттар мен олардың көрініс табуының жиілігі
арасындағы немесе, ақырында вариациялары сандық тұрғыда
өлшенетін екі феномен арасындағы заңды сабақтастықтарды
белгілеуге тырысады. Егер олар ықтималдық немесе логи­

ка ережелеріне сәйкес верификацияланған деп есептесек, бұл
қатынастар ақиқатқа құмартушылар үшін немесе осы ақиқаттты
қалайтындардың іс жүзіндегі барлығы үшін, яғни айғақтарды
осылайша беріп, дәл осындай сұрақтарды қоятындар үшін

жарамды. Туудың немесе өзін өзі өлімге қиюдың пайызын
өлшеуді талдаумен айналысушы ғалымның көзқарасынша таза
теориялық болып көрінетін үстірт айту жекелеген мәліметтерге
дейін түсетін тарихшы үшін, мәліметтердің жиынтығын қамтуға

тырысатын философ үшін шешуші мәнге ие болады.
Детерминизм қашанда үзікті немесе бөдшекті болған­
дықтан: егер әңгіме оқиғаны түсіндіру туралы болса, әңгіме
заңдылықтарды бекіту туралы болса, онда ол бір сәттік. Кей­

бір философтар жеткен заңдарға келер болсақ, анағұрлым
сирек мысалдармен және анағұрлым қашық аналогиялар­
мен дәлелденгеніне қарай, олар ықтималдықтан айрылады,
олар осы орасан зор эволюцияның кейбір қырларын бөліп

шығарады, бірақ басты нақтылықтарға, шешуші күштерге же­
тетініне сенімді болмайды. Себепті жүйелендіру болмайды,
бүкіл тарихтың prіmum movens болмайды.
Объективтіліктің, яғни, шынайылықтың шекараларына

берген біздің үш мағынамыз кезегімен қолданылатын тәрізді.
Гипотетикалық тұрғыда объективті, өйткені олар шешуші ірік­
теуге тәуелді, көрнекі байланыстар барған сайын ауқымды әрі
сенімді және мейлінше кең қозғалыстарды қамтуына қарай ерікті

бола түседі. Бірақ құрамына детерминизмді енгізетін ғаламдық
көзқарас өз бойында айғақтарды таңдауды, концепттердің

табиғатын, қатынастардың ұйымдасуын міндеттейтін ерекше
пиғылдың табын сақтайды. Бұл пиғыл объекттің қаншалықты
деңгейде кеңейетініне қарай тарихшының жүгінетін соңғы
шекке бейім келеді; түптеп келгенде, өз өзінен аяқталмаған осы

шақ адамдар өздеріне білдіргенімен, оны қалыптастыратынын
білмейтін болашаққа қатысты анықталады.
Егер біз енді нақты атомды емес, рухани атомды қарастырар
болсақ, онда қажеттілік астынан біз бейімделуді табамыз. Ру­

хани атом ешқашанда өз өзінде жабылып қалмайды, ешқашан
белгіленбейді, ол өмірге қайта келу үшін, яғни рухпен қайта
пайымдалуы және сезілуі үшін жасампаздық актін тудырады.
Зерттеуші жағдайларға орай әртүрлі мәнге ие болатын қалыпқа

беріліп кетеді.
Білімнің жинақталуынан және ұлғая түскен жақындаудан
құралатын ғылымда тарихшы дамудың қадағалауға, қазіргі
жағдайдың келуін жаңғыртуға мұқтаж болады. Оның есесі­

не философия саласында жағдайға берілу жеке шешімділікті
ұйғарады, өйткені әлемнің табиғаты туралы ешқандай келісім
болмайды. Бұл екі жағдайда да тарихшы жаратушы тәрізді
ғалымға немесе философқа айналуы тиіс, бірақ ғылым те­

ориясы ақиқаттың тәуелсіздігі сияқты философия мен өнер
теориясының да өткенге қарсы қойылатын осы шақ сияқты
құбылмалы екендігін мойындайды.
Ескерткішті құрудың психологиясы оның түсінілуіне

мүлдем тең емес. Бірақ бұл жердегі айырмашылық психикалық
жиынтықтың ішіндегі ойдың, ал онда бүкіл адамның
шығармашылық
қуатының

жаттануымен
байланысты.
Танымның мақсаты, сондай-ақ танымның бағынатын заңдары
анықталды. Өзімшіл емес жұмыстарда еркіндік толығымен бо­

лады. Шынайы интерпретацияның өз өзінен анықталуы да қос
мағыналы. Ол әсемдікті қайта сезінген бастан өткен түсінудің,
көрерменнің әсерін немесе объекттің құрылымын талдауға
ұмтылған көркем түсінудің, мәңгі шарттардың немесе ерекше

эстетикалық құндылықтардың, туындысы оның өзін немесе
құбылысын білдіретін адами немесе рухани құлықты білдіретін
тарихи түсінудің араларында шайқалып тұрады. Барлық осы
түсінулер тарихпен бірге жаңартылады: бірінші түсіну қашанда

бір біріне қатысты екі тұлғаның өзара қатынасы болғандықтан,

ал соңғы екеуі дағды тарихында жекелеген бөлек немесе байла­
нысты болғандықтан жаңартылады, олар адамдардың қарым-
қатынасынан, концептуалды тұжырымнан және аяқталмаған
қалыптасудан туындайды.

Философия тарихы философияның мәні ретінде, ашылу
мен жаратылудың арасындағы немесе екеуінің де бір мезет­
тегі аралық құбылысы ретінде күмәнді. Ол білдіретін немесе
танитын жетілмеген болмыс ретіндегі адамнан туындайды.

Демек, шынайы ұғындыру тарихи мәнге, дерек көздердің
мәніне немесе объекттің мәніне қатысты болады. Кез келген
саяси немесе моральдық доктрина индивидтің немесе топтың
пиғылына теңгерілуі мүмкін, іштей түсіну ақиқатты (болу не­

месе болуды қалау) индивидтан немесе топтан босатады. Дәл
осы біртұтас қалыптасуға көшіріп орналастыру арқылы, тари­
хи мәнді тереңдету арқылы редукциядан ойлау үдерісіне өтуге
болады. Немесе тағы да, нақты философия, мысалы мемлекет

философиясы барлық жекелеген формаға қолданылатын кон­
цептті анықтағандықтан өзін идеологияға қарсы қояды. Ақиқат
жалпыға ортақтықпен бірігіп кетеді.
Біз жоғарыда жаңартылудың екі түрін бөліп көрсеттік:

тарихшының
ерекшелігімен
байланысты
статикалық

жаңарту және келешекпен байланысты тарихи жаңарту.
Статикалық жаңарту бір мезеттілікке ұмтылысты құлауға итер­
мелесе, тарихи жаңарту ғаламдық қамтуға деген ұмтылысты
салыстырмалылыққа итереді. Бірі адамзат үлгілерінің шек­

сіз мол байлығын білдірсе, екіншісі әрбір кесіндісі тек бүкіл
әлемде және әлем арқылы ғана анықталатын дүниенің жетіл­
мегендігін білдіреді. Бірақ, шын мәнінде, жаңартудың соңғы
ұстыны осы қарама қарсылықтың арғы жағында жарататынның

және жаңадан жарататынның еркіндігінде орналасады. Атом
бүтіндік ретінде оның қаншалықты деңгейде рухқа тиесілі бо­
латынына қарай, сарқылмас болып табылады.
Нақты тарих пен идеалды тарих жекелей алғанда жеткілік­

сіз. Екеуі де адамзат тарихына қарай сілтейді, өйткені идеал­
ды тарих – рухани әлемдердің адамдардан туындайтыны және
түптеп келгенде солармен түсіндірілетіні себепті, ал нақты та­
рих – оқиғалардың бізді, олардың өмірге қаншалықты ықпал

ететін мөлшеріне қарай ғана қызықтырады. Бұл жалпы тарих,

рухани тарих сияқты нақты тарихтағы концептуалды ұйымдасу
мен қалыптасудың бағытын жүктейтін шешімдерді талап
етеді.
Басқаны танудағы сенімсіздік қылық пен сана арасындағы,

адам немесе оның әрекеті мен тұлғаны солай істеуге
мәжбүрлейтін идея арасындағы мүмкін болар қайшылықпен
байланысты. Тарихи индивидті танудағы қиындық та, ең
алдымен, дәл осындай. Алайда әрбір сәттегі әлемдердің

көпшілдігінен, әртүрлі адамзат тектері арасындағы екіұдай
қатынастардан туындайтын басқа қиыншылықтар да соған
қосылады. Тұтастықтың бірлігі ұстынын қайдан статикалық
тұрғыда ұстап қалуға болады? Өзіндік белгілер мен жалпы бел­

гілер келешекте қалайша айрықшаланады? Әртүрлі дәуірлер
мен мәдениеттерді қамтитындай дамуда өзгешеліктер қалай
бірігеді?
Бұл үш шешім сырттай бір біріне тәуелсіз және соңғысы

алдыңғы екеуін ұйғарады, өйткені ол әртүрлі дәуірлердің бей­
несі мен эволюцияның ішіндегі қоғамдарды салыстыруды жа­
сап шығарады, бірақ шындығында ол өткеннің жиынтығымен
өлшене отырып, адамның өз өзінде шешімді қай мөлшерде

қабылдайтынына қарай, бастапқы бірінші шешім болып табы­
лады. Шын мәнінде ол тарихты түзеді (сөздің философиялық
мағынасында): іс жүзінде тарих шекке бағытталған қалыпта­
судың тұтастығы мәселесінің перманенттігімен бірге пай­

да болысымен өмір сүруді бастайды. Жеке тарихқа әрекеттің
бүкіл ұжым үшін ортақ болғаны қажет және сол жеткілікті, ал
бүкіл жалпы тарихқа сипаттамалық белгі ретіндегі бір істің
адам ұстанымын анықтағаны маңызды болар еді, өйткені ұжым

барлық әрекетті қамти алмас еді.
* * *
Сонымен осы тұжырымдарды былайша түйіндеуге болады:
Біріншіден,

тарихты
объективті
нақтылық
ретінде

түсіндіреді және сонда танымға жеткізбейтін ақырғыға деген
белгісіз қозғалыс жүктеледі. Ғалым әрбір сәттің тұтастығын,
қалыптасудың тұтастығын қамтуға ұмтылғандықтан, ол түсінуші
игеруге жүгінеді, бірақ мұның соңғысы заттардың барлық

көріністеріне тән өзгешеліктен де, қашанда жаңа болашаққа
қатысты қозғалыстың жеткіліксіздігі жүгін арқалайтын реля­
тивтіліктен де құтыла алмайды.

Екіншіден, тарих рухани әлемдердің дамуымен араласа­
ды. Және сонда тарих ғылымы себеп пен мақсат ретінде өткен
туындылардың жанды рухын иелену қабілетіне ие болады. Ол
индивид үшін оның өз өзінде, өзінің жасаған нәрсесінде, оның

әрекеттесетін бүкіл эволюциясында көшіп орналасудың құралы
болып табылады. Рухани өткенді жаңғырту әрқайсысын өз та­
рихи мақсатымен байланыстыратын сананың қыры болып та­
былады.

Үшіншіден, ақырында, тарих адам өмірімен салыстыры­
лады және сонда басқаны тануға және өзіндік тануға ұқсас,
болашаққа ұмтылыс шешімімен бағдарланған таным басқаны
тек субъектпен арақатынас арқылы ғана қамтиды. Бұл әлемнің

не екенін және нені қалайтынына орай, тарихшының ашылуы­
на қарай шексіз созыла түсетін қосарлы диалектика.
Бұл айырмашылықтар, егер біз тарих қашанда рухқа және
өмірге қатынаста болады және ол тарихшы арқылы әрі тарих­

шы үшін қашанда объективті болады деп қосқанда ғана негіз­
делген болады.
§ 4. Тарих философиясы және ғылым
Франциядағы тарих философиясы – әбден машықтанып кет­

кен әдеби жанр екендігі соншалық, онымен айналысып жүргенін
ешкімде мойындауға батылдары жетпейді. Оны білімнің инту­
ициясы, ойлап шығарылған дәлдік ретіндегі ғылымға қарсы
қояды. Дерек көздердің сенімсіздігі, көзқарастардың кең

ауқымдылығы, күрделі әлемді қатаң кестеге бағындырудың
осалдығы, класикалық жүйелерге телінетін барлық осы кем­
шіліктер тарих философиясына тән кемшіліктер болып сана­
лады. Кроченің «Тарих философиясы жойылды, өйткені тари­

хи таным философиялық танымға айналды» деген сөзі жалпы
санаға еніп кеткенін атап өту керек. Бұл көрегендікті және осы
құбылысты қалай ақтап алуға болады?
Философтың білместігі мен асқақтығының, ғалымның

білімдарлығы, яғни, эрудициясы мен сақтығының арасындағы
айырмашылықты психологиялық тұрғыда оңай ажыратып алуға
болады. Бірақ философтардың жүктемесін өздеріне артып
алған әлеуметтанушылар жай әңгімеші ретіндегі тарихшыға

қарама қарсы өздерін нағыз жалғыз ғалымдармыз деп есептей­

ді. Ғылыми жалпы ұғымдар мен тарихи білімнің арасындағы
антиномияны ысырып тастап, адамның қалыптасу тарихы
ретіндегі біздің осы уақытқа дейін зерттеп келген тарихымызды
мойындайық. Оны қалай философиядан ажыратуға болады?

Табиғаты бойынша ма әлде нәтижелердің таралуы бойынша
ма? Практикалық ажыратудың мүмкін еместігін, теориялық
бөліп алудың қиындығын көрсету үшін біз екі болжамды да
қарастырамыз.

* * *
Гегель мен Конттың ілімдері тарих философиясы деп
аталынатынның көрнекті үлгілері болып саналады. Жалғыз
ұстынның, үш кезең заңының немесе еркіндік прогресінің

көмегімен кезеңдер жасақталады, олардың мәні бағаланады,
бүкіл тарих түсіндіріледі. Бірақ логикалық тұрғыдағы
ғылыммен қайшылық қайда? Философ айғақтарды ғана емес,
мағынаныв да, яғни мәнді немесе мақсатты ескере ме? Ол мей­

лінше кең жиынтықты қамтуға немесе алуан түрлілікті барын­
ша схемалық ұғымдарға теңгеруге тырыса ма?
Тарихшы
қарапайым

мақсаттың
немесе
қарапайым
индивидтің не екенін біледі, бірақ ол мақсаттың немесе

тарихтың мақсатын білмейді. Ол оқиғаларды, олардың салдар­
ларын бақылайды, ол ғаламдық қозғалыстардың қаншалықты
лайықты қажеттілігін немесе дербес қатардағы оқиғаларға
қатысты күтпеген жағдайларды аңғарады. Түсінуге келер

болсақ, ол тағы да феноменді не импульспен ( пайда табуды
қалаудың белгілі бір формасы ретіндегі капитализм), не мотив­
пен (капитализм экономикалық рационалды құлықпен байла­
ныстырылады) байланыстырады. Айғақ неғұрлым кең болған

сайын, детерминацияның деңгейі соғұрлым кем анықталады.
Философтың басқа талаптары да бола ма? Қалыптасқан
түсініктерді ескермегенде, басқа ештеңе де болмайды. Гегель
болған нәрсені түсінумен ғана, Конт оған ұжымдық мақсат

телінетін және рух бағынатын даму заңын оқумен ғана шекте­
леді, ал Маркс сол заманғы әлемнің қайшылықтары тудырған
болашақтың жұмбағын тым ерте болжайды. Не болмаса мақсат
қозғалыстың уақытша ақырымен араласады және сондата­

рихшы, философ сияқты, оны түсіндіреді, не болмаса мақсат

болмысқа трансцендентті және саналы пиғылды білдіреді,
бірақ онда мұның екеуі де Аянның құпия табалдырығында
аңғарылатын осы соңғы мақсатты зерттемейді.
Егер айырмашылық болатын болса, онда ол қарастырудың

тәсіліне байланысты. Ғылым толық емес детерминизмді
айқындайды, философия үздіксіз детерминизмді білдіреді.
Құрастырылған, гипотетикалық және ішінара қажеттіліктің ор­
нына ол өзінің қалыптасуында толық қажеттілікті ашады.

Шын мәнінде біз заңдарды білдірілген, акциденцияларды
шағылыстыратын, плюрализмді жоққа шығаратын және эволю­
цияны немесе фатальді диалектиканы пайымдайтын ілімдермен
бетпе бет келдік. Бұл философтар ғылымның арғы жағындағы

позитивті білімді игереді, бірақ олар оның табиғатын білмейді.
Өзінің өзгешелігі мен өзінің күмәнділігін сезінетін – тарихтың
басты бағытын қамту болжам мен сұрыптауға орын береді

– олар ақырында ғылым соған келген нәтижелерді дәріптеу

ретінде, не болмаса, оған талдамалық немесе дəйекті пкірлер
міндетті түрле енгізілетін келершақтар ретінде пайда болды.
Шпенглердің теориясы осыған жатады. Мүмкін оның
ғылыми сипаты жоқ та шығар, өйткені ол кәдуілгі ғалымдықтың

шеңберінен тысқа шығып кетеді. Бірақ ол негізінен өзінің дог­
матизмінен (биологиялық индивидуалдылық, мәдениеттердің
оқшаулығы мен өлімі, жазмыштық) философиялық сипатқа
ие болады. Осындай метафизикадан ада ол схемалық

интерпретацияларға,
аналогиялық
интерпретацияларға
теңгеріледі және олардың болашақта әртүрлі қоғамдарға

қолданы­­­­латын компаративистикалық әдістің көмегімен барын­
ша ықтималдықпен жіктелуі мүмкін.
Шындығын айтқанда, философтың нәтижені қолдауға не­
месе айыптауға ұмтылуына дау айтуға болады. Гегель, Конт

мақсаттың шынайылығын дәлелдейді. Адамзат рухы – пози­
тивизмде, адам еркіндікте іске асырылады. Ғылымға немесе
философияға маманданған тарихшының осы ретроспективалық
ақталудан қашпайтынын тағы да еске түсіруге болады, өйткені

рухани эволюция өзінің тұтастығы және өзінің бағдары үшін
тарихшының оған беретін рационалдылығына қарыздар. Фи­
лософ бұл интерпретацияны бүкіл тарихқа таратар еді, өйткені
әлем адамзаттың ерекшелік белгісін құрайтынның құрамдасы

ретінде берілер еді, немесе барлық әлемдерде немесе олардың
үстінен осындай қажеттілік ашылар еді.
Бізді құндылық дифференциация ұстынымен қамтамасыз
етер ме? Жұрттың айтуынша, ғалым айғақтарды қалпына кел­

тіреді, философ оларды бағалайды, біріншісі тарихи әлемді
құрастырса, екіншісі оны сынайды.
Егер әңгіме уақиғалар туралы болса, онда, тарихшы,
қалыптасқан формулаға сәйкес, сезімге бой алдырмайтындай

болуы тиіс. Бірақ қашанда ол қылықты оның себептерімен неме­
се салдарларымен байланыстырады: сәйкес немесе сәйкес емес
жауап, тиімді немесе тиімді емес шешім. Бұл тұрғыда ол тарихи
этиканың ұсынатын өлшемін – табысты пайдаланады. Керісін­

ше, философ моралист болса ше? Онда тұрған ештеңе жоқ.
Кант тарих философиясын өткенді айыптайтын және мақсатты
анықтайтын этикамен араластырады, бірақ бұл жанрға тән
белгі емес, дәуірдің немесе жағдайдың өзгешелігі, бұл өзгеше

тарих философиясы. Жеке немесе жалпы мораль, пиғылдың
моралі барлығы үшін шынайы немесе кейбір индивидтердің
артықшылықтарын мойындайтын әрекет моралінде антиномия
әңгімелердің де, сол сияқты философияның да ішінде болады,

ол олардың арасына шек қоймайды.
Айырып ажырату арнайы тарихтар үшін одан да қиын,
өйткені олардың объекті идеялармен немесе ескерткіштермен
құрылады. Дегенмен басқалардың іске асырған немесе бекіт­

кен құндылықтарының айғағы ретінде де білуге болады, бірақ
шынайы түсінік туындыны оның мақсатымен байланыстыруы,
рухани әлемнің заңдарымен оның сәйкестігін бөліп алуы тиіс.
Вебердің (құндылықтарды талдау) формуласын қайта жаңғырту

жеткілікті ме: ғалым мәліметтерді немесе сыншы үшін бағаның
материалына айналатын байланыстарды қамти ала ма? Айыру
практикалық сипаттан гөрі, көбірек теориялық сипатқа ие бо­
лады.

Әңгіме өнер немесе философия туралы қозғалмасын,
таңданыс тарихтың қашанда монументалдық тарих сияқты бо­
луын (Ницшенің түсінігіндегідей) үндейді. Оның үстіне интер­
претация талапты шындықта қолдауды ақтайтын нәрсені табуға

ұмтылады. Ол міндетті түрде имплицитті пікірді білдіреді,
оның үстіне ол осы пікірлердің өлшемдерін ұйғарады.

Жаңғыртуды қалайтын, дәуірмен шектелген бұл өлшемдер өзі
үшін және біз үшін жарамдығы жөніндегі мәселені толығымен
басы ашық күйінде қалдырады. Оның есесіне философия неме­
се өнер тарихы әмбебап жарамды теорияға ие. Формалардың

бірін ғана түсінуден гөрі, олардың байланысын бақылау үшін
сапаны бағалаудың қажеттілігі бір де кем емес. Бірақ эволю­
цияны мәнді, яғни қозғалыстың мақсатын анықтау жолымен
ғана құрастырады, ал оның салдары қазіргі немесе мәңгі мәнді

тарихи мағынамен алмастырумен, өмірлік тәжірибені рет
роспективалық қайта ұйымдастырудың трансценденттілігімен
сипатталады.
Демек, философия имплицитті пікірлерді жасақтау, не бол­

маса өткеннің жиынтығына қатысты қолданылатын нормаларды
зерттеу болып табылады. Кез келген философияны болдырмау
үшін тарихшы болмысты табиғат ретінде түсіндіре отырып, оны
бұрмалауы тиіс. Ауқымды философиядан аулақ болу үшін, оған

әрбір кезеңнен ұйымдастыру мен иерархияның ұстындарын
пайдаланса болғаны. Бірақ егер ол айырмашылықтардың бір
қатарымен ғана шектеліп, анағұрлым ауқымды қалыптасуды
қамтитын болса, онда ол міндетті түрде тарихтың орнына

шашыраңқы өзгешеліктерді көрсетер еді, ал бұл одан да өткен
философия болар еді, өйткені, ескі формулаға сәйкес, кейде
үндемей қалудың өзі философияға берілуді білдіреді.
Алдыңғы параграфтың түйіндерін жаңғырта келе біз та­

рих философиясын бірден ғылымнан кейін (әсіресе, нақтылық
тұрғысында), тарих философиясын бірін айғақтарды сұрыптау
міндетіне сай, екіншісін өмірдің немесе рухани әлемдердің
синтезі міндетіне сай, дегенмен, екеуін тығыз өзара бай­

ланыста ғылымға дейін және соның барысында (әсіресе,
рух тұрғысында) қарастыра алар едік. Алдыңғы талдаулар
ғылым мен философияның бірлігін және олардың шынайы
айырмашылығын бізге тағы да көрсетіп берді, бірлікте бола­

тын себебі – олардың біріншісінің мазмұны, ішінара болса да,
екіншісінің киген формасын өзіне енгізеді, айырмашылықта бо­
латын себебі – біріншісі алуан түрлілікке бағынады және өзінің
ерекшелігін сезінеді. Тарих философиясы барлық дәуірлердің

жалпы білімге қосқан үлесін бағалаудағы қосарлы ұмтылыспен
сипатталады және өзінің пікірлеріне шексіз мағына береді.

Өрісті кеңейту және схемалардың қарапайымдығы деген
қалыптасқан анықтамадағы екі сипаттамалық белгі осылайша
түсіндіріледі.
* * *

Ұжымдағы индивидтер өздерінің алуан түрлі іс-әрекеттері
мен тұтастай алғандағы өмірлеріне берген мағынасындағы
тарихилықтың не екенін шамалап түсінеді. Тарихшы әзірге
жабық ауқымдылықтың ішінде тұрғанда, таңдау мен ұйым­

дастыру объективтілікті қамтамасыз етпейтін қандай да бір
реалдылық – имманенттілікке кірігіп тұрады, өйткені түсін­
діруші өмірдің қосмағыналылығын игеру үшін жағдайға
беріледі және солай болуы да тиіс.

Тарихшының бүтін тұтастықтың, қоғамның, дәуірдің неме­
се өркениеттің шеңберінен қаншалықты тысқа шығуына қарай,
ретроспективті интерпретация қайта түлетуге деген ұмтылысты
немесе жақын тарта түсінуді теріске шығарады. Оған қоса мына­

дай қарама қарсылық бар: Гегель мемориалистің философқа өту
прогресін оқиғалардан барынша алыс әңгімешінің мейлінше көп
индивидуалдылықтардан тұратын қалыптасуды баяндайтыны­
мен салыстыра байқайды. Құндылық терминдерінде де Риккерт

осындай ойды түйіндейді: ғылым материалды әрбір ұжымның
мойындаған құндылықтарына сәйкес іріктейді, философия бол­
са, барлығы үшін мәнге ие болатын формальды құндылықтардан
биік тұруы тиіс. Шын мәнінде, әмбебап тарих немесе салыстыр­

малы әлеуметтану басқа құралдарға, басқа әдістерге мұқтаж де­
генмен қуана келісуге болады. Бірақ бір бірімен салыстырғанда
олар философиямен араласып кетпейді.
Теориялық тұрғыда салыстырмалы әлеуметтану жалпы

мәселелер мен нақты шешімдерді айыруды талап етеді. Әмбебап
теория, оған қоса, алуан түрліліктің белгілі бір ақырғы соңына
бағытталуды талап етеді, ал тарих философиясы ұсынған ин­
терпретациясы мен белгілеген қозғалысын қорғайды.

Әлеуметтану барлық қоғамдар үшін ортақ белгілерді бөліп
көрсететін ұғымдарға зәру. Саясат немесе экономика деген
сияқты терминдер қолданымды, өйткені қашанда мәжбүрлеуші
шаралар мен индивидуалдық мүдделерді тұрақты билікке біл­

діріп тұру керек, мұқтаждықтар мен ресурстардың арасында
уақытша әрі қауіп үстінде болатын тепе-теңдікті орнықтыру
үшін жұмыс істеу керек. Бұл бастапқы үш терминге де – қоғамға,

өркениетке және мәдениетке де қатысты. Олар, А.Вебердің
пікірінше, ұжымдық өмірдің үнемі болатын үш қырын қамтуға
мүмкіндік береді. Жоғарыда біз метафизикалық мәнді (жан, рух,
тән), әлеуметтік мәнді (нақтылық саласы), сыни мәнді (ниеттен­

беген немесе тиімді әрекеттер, таным мен техника, инстинкттер
мен еріктер) білдіретін бұл ұғымдардың қосмағыналық сипа­
тын көрсетіп едік. Мүмкін, әрбір адам тегінің тұтастығы мен
тұтас адамзатты бірден игеруге ұмтылатын әлеуметтану фило­

софиясына қажетті түрде қайта оралуды аңғартатын күмәннің
болуы да міндетті шығар.
Өркениеттердің орналасу қатарымен қанағаттанбайтын
әмбебап тарих осындай жүйені білдіруі тиіс. Бірақ кейбір ір­

гелі мәліметтердің тиесілігіне негізделетін абстракциялық
бірліктен дамудың тарихи бірлігіне өту үшін ол жаратылған
туындылардың немесе қоғамдық режимдердің сәйкес келуін де
ашуы керек болар еді.

Демек, біздің дәуіріміз сырттай осындай ұмтылысқа бейім
болар еді, өйткені бүкіл планета тұңғыш рет ортақ тағдырды
бөлісіп отыр. Рухтың өзі ғана жинақталған білімді сіңіре ал­
майды, ғылыми қатаңдық бұл қамтуға келмейтін көзқарастарды

теріске шығарады деген наразылықтар болуы мүмкін, әртүрлі
халықтардың өзара байланысының бүгінгі күні әлі де әлсіз
күйінде қалып отырғаны, олардың бірігуі әлі жеткіліксіз екен­
дігі, олардың тұтастығы ішінара әрі тысқары болып отырғаны

байқалуы мүмкін. Егер Батыс бүгін өзінің миссиясына сенер
болса, онда ұжымдық немесе индивидуалдық түрде жекеле­
ген оқиғалардан шыға отырып, барлық қоғамдардың қазіргі
заман өркениетіне тартылуын көрсететіндей әмбебап тарихты

жазуға болар еді4. Мұндай тарихты жасаудың мүмкін емес­
тігі Еуропаның ендігі жерде өзінің қиратқанына қосатынын
қалайтынын білмеуімен түсіндіріледі. Ол ерекше экспрессивті
туындылар мен экзистенцияларды айрықша құндылықтарды

қирату қаупі туған кезде мойындайды. Адам өзінің жаулап
алғанынан, өзінің құралдарынан және өзінің құлдарынан

– ғылымнан, техникадан, таптардан және төменгі нәсілдерден

қорқады.
Салыстырмалы әлеуметтану өзінің өзгешелігін қысылмай
мойындаса да болады, өйткені ол себепті қатынастар
сияқты, гипотетикалық объективтілікке сенімді. Керісін­

ше, кездейсоқ мақсатқа, адамзат өткенінің тұтастығын ұстап
қалуға бағдарланған болса, онда өмір сүрудің кез келеген
негізін жоғалтқан болар еді. Демек, ол қосарлы ақталуға,
өзінің қоғамдар мен мәдениеттерді бағалау мен түсіндіру

үшін қолданатын ұғымдарын ақтауға, эволюцияның уақытша
аяқталуын білдіретін жағдайды ақтауға үндейді. Бұл екіұдай
ақтау тарих философиясының дәстүрлі объектін құрайды.
* * *

Философия бізге өткенді кез-келген ауқымды қамтуға имма­
нентті көрінеді және дегенмен өзінің тырысатын сенімділігінің
арқасында позитивті білімнің арғы жағына имманентті көрінеді.
Заңсыз асқақтату ма? Шындығында, барлығы оған қандай

мағына бергенге байланысты болады. Ғалымдардың әуреге
түсіп іздейтін тұтастығын, қажеттілігін немесе ауқымдылығын
қамту философтың маңдайына жазбаған. Табиғи объект ретін­
де ұғынылатын тарих онсыз талдаудың барысы қай кезде бол­

масын, түпкі шекке жететіндей, біртіндеп зерттелуі тиіс.
Қатарлардың көпшілдігін немесе кездесулердің кездей­
соқтығын теріске шығаратын интерпретациялар, ақырында
гипотетикалық сипатта және, шын мәнінде пайдасыз болады,

өйткені олар жазмыштылықты жариялайтын және қабылдайтын
пайғамбардың ұмтылысына сәйкес келеді.
Оның есесіне, экзистенциялардың немесе рухани қалыпта­
сулардың жиынтығы ретіндегі тарих тұрлаусыз түсінуге беріл­

мейді. Бірақ шынайы түсінуді ұйғаратын философия бұдан
жойылып кетпейді және біздің зерттеуімізге тартылады.
Философиялық өткенді игеру үшін философияға берілу керек
деген тұжырым философияны айыптамайды, бірақ философияға

шомудан бас тарту позитивизмнің атымен бүркемеленеді.
Өзгешелікті, зерттелетін дәуірлер мен өзекті теориялардың
өзгешелігі өзінің шекраларын білмейтін философияның
әмбебаптылығына деген наразылыққа әкелуі мүмкін, бірақ

бұл қауіп-қатерді, ол ақиқатқа деген ұмтылыстан ажырағысыз
болғандықтан, одан өту керек. Онсыз кез келген ақиқаттан
бас тарту керек болады, өйткені философияның объекті мен
субъектінің тарихтың объекті мен субъектінен айырмашылығы

болмай қалады. Адамның танымы да тарихи адамның тарихты
тануы болып табылады.

Қорытынды
Тарихи білімнің релятивтілігі
Бірінші релятивтілік – бұл жеке-дара перцепцияның реля­
тивтілігі. Бір ғана нысанды көптеген бақылаушылар әртүрлі

ахуалдардағы әрқайсысының жағдайына қарай қабылдайды.
Өзінің эгоцентризмін (өзімшілдігін) сезінбей, өзінің «менін»
қатынастардың қажетті бір қиыр шеті ретінде сезінеді, ал бұл
қатынастың келесі бір шеті қоршаған әлем болып табылады.

Ғылым алынған әсерлерді нақты қатынастармен алмас­
тыра отырып, бұл релятивтілікті игереді. Феномендер түпкі
сенімділіктен ажырағысыз өзгешелікті сақтап қалады, олардың
арасында бекіген математикалық қатынастар барлығына да

таңылады. Бірақ ғылыми талдау өзінің бастаулары мен өзінің
дәлелдерінің арқасында қабылданатын әлемнен аса алшақтай
қоймайды. Ол бақылаудан басталады да, әмбебап жарамды,
бірақ адами рухпен байланысты айқындалған әрі анықталған

тәжірибеге қайта оралады. Трансценденталдық релятивтілікті
емес, перцептивті релятивтілікті жеңеді.
Релятивтіліктің мәнін кәдуілгі түсіну, ғылым өзінің
дамуының арқасында релятивтіліктің басқа формасын тауып

айқындағанша, микрофизика мен эйнштейндік теорияның
тривиалды түсіндірмелерімен байланысты формасын мойын­
дағанша, осы екі түсініктің арасында құбылып келді. Мазмұнды
құрайтын мазмұндағының алдында болатындай, егер қабылдау

қабілетінің формасы оны құрайтындардан тәуелсіз болатын­
дай болса, объектілерді абсолюттік кеңістікте және абсолют­
тік уақытта осылай етіп орналастыру мүмкін емес. Кез келген
өлшем әлемде орын алатын бақылаушының болуын қажет

етеді, және уақыттық ара қашықтықтарды немесе дистанци­
яларды есептеуде бақылаушының жағдайы мен қозғалысын
теріске шығаруға болмайды. Дегенмен әрбір перспективаның
бұл релятивтілігі ғылымдағы соңғы сөзді білдірмейді, соның

арқасында біздің ұғынатынымыз бір перспективадан келесіне
өтуге, балама орнықтыруға және инварианттарды объективті
тануға келуге мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, физик микроскопиялық құбылыстарға

жеткен кезде, ол негіздерді емес, қатынастарды қайта аша­
тын болады. Ол электронның жағдайы мен энергиясын бір­
ден таба алмас еді. Тәжірибе мен нақтылықтың өзара әрекеті

белгісіздіктің өрісін тудырады. Осылайша, ғылым үшін
ешқашанда қарапайым нәрселер жоқ, тек қатынастар ғана
бар дегенді ұстанатын ұстын енгізіледі. Біздің табиғатты
танудағы шарттарымыз объекттің белгілерімен араласып ке­

теді. Оның үстіне, нақтылық біздің оны игерудегі деңгейімізге
сай өзгереді, молекулярлық деңгейде, элементарлық деңгейде
бекітілген қарапайым заңдар статистикалық нәтижеге айна­
лады. Ғалымның орналасқан әртүрлі деңгейлері, ең алдымен,

субъекттің объектке қатынасындағы шамасының ретіне байла­
нысты болады.
Бұл ұғымдар тарихи білімде баламасын таба ма? Бастапқыда
біз шиеленісті формадағы перцептивті релятивтілікті, өмірлік

тәжірибелердің өзіндігі мен қызулығын ұшырастырамыз:
оқиғаға қатысушы мен бақылаушы, сарбаз бен генерал міндетті
түрде бір ғана құбылысты айтқанымен, көзқарастары әрқилы
болады. Тарих бұл релятивтілікті ешқашан толығымен жеңе ал­

майды, өйткені өмірлік тәжірибе ғылым үшін материалды біл­
діреді, ал айғақтар, өздерінің индивидтерді трансценденцияла­
уына қарай, өз өздерінше өмір сүрмейді, сана арқылы және сана
үшін өмір сүреді. Тарих тек болып кеткен (егер әңгіме оқиға

туралы болса), тек жоғалып кеткен (егер әңгіме табиғаттың не­
месе адамзаттың жағдайы туралы болса) объектті ғана емес,
сонымен қатар адам болмысының тек санада жететін және со­
нымен бірге өзгеретін объектін де ескереді.

Біз тұлғадан ажырағысыз атом мен жеткізбейтін тұтас
атомның арасындағы заңдарға деген ғылыми ұмтылыстың ба­
ламасын, объективті айғақтар мен жиіліктердің конструкци­
ясын аңғардық, бірақ бұл ішінара әрі ыдыраңқы қатынастар

тарихи өрістің тек бір бөлігін ғана қамтиды және ешқашанда
барлығын қамтитын әңгіме бола алмайды. Сондықтан түсінуге
редукцияланатын және тарихи дүниені қалыптастыру жолымен
ақиқатты іздеуге мәжбүр болатын таным өзіндік тұрғысынан да,

объективтілік тұрғысынан да бірдей ұтып шығатын тәрізді, ол
элементарлық бақылаулардың релятивтілігін тек ұғымдар эво­
люциясы мен сілтемелер жүйесінің өзімен бірге ертіп жүретін
релятивтілігімен келіскенінің арқасында ғана игереді. Тарихшы

эволюциядағы қашанда кең және қашанда жетілмеген өткенді
құбылмалы жағдайдың өзімен салыстырады, сондықтан
қалыптасумен байланыстағы ғылым, осы қалыптасудың
қаншалықты тұрақты бағытта қалыптасуына қарай дамиды,

осы қалыптасудың жинақтаудың орнына, алға жүрудің орнына
өзіне қаншалықты қайшы келетініне қарай жаңарады.
Немесе тағы да сарбаз немесе генерал сияқты тарихшы да
трансценденталды «Менмен» араласпайды. Ол айғақтарды бекі­

ту мен деректерді сынауда сезімге бой алдырмауға ұмтылады,
бірақ егер ол жеке тұлға ретінде қаншалықты құштар болғанына
қарай, жиынтықтарды ұйымдастыруда соншалықты сезімге бой
алдырмастай болар еді.

Осылайша, іргелі айырмашылықтар мынадай: тарихи
нақтылық қатынастар арқылы зерттелуге көнбейді, өйткені
ол адамдардың тарихы және оқиғаға немесе құрбандыққа
қатысушы адамдар, қанша дегенмен, онда тірі орталықты біл­

діреді. Бұл жерде перцептивті релятивтіліктен трансцендентті
релятивті болатын объективті қатынастарға өту болмайды, бұл
жерде тарихи релятивтілікке өту орын алады; ғалым – оның өзі
мен оның әлемі – ол өзі таңдаған өткенмен білдіріледі.

Физикадағы релятивтілікпен салыстырылатын релятивтілік,
бақылаушыдан бөлініп алынбайтын объектіні сол деңгейде
игеретін деңгейге сәйкес басқа нәрсені білдіреді, шын мәнінде
өзіндік релятивтілік болып табылады, өйткені түптеп келгенде

ол эволюцияның аяқталмағанымен және рухани қалыптасудың
қосмағыналылығымен байланысты болып келеді.
Түсініктемелер
1 Бұл тарау тек жоба ғана. Ол мәселелерді белгілейді және

шешімдерін ұсынады. Мәселені тереңдету және шешімдерді
дәлелдеу үшін, бізге өзіміз белгілеген шеңберден шығуымызға,
ой толғауларды олардың себептеріне келтіріп (тарихи аху­
ал), оларды өз мақсаттарына дейін жеткізуге (болмыстың

философиялық тұжырымдамасы) тура келер еді.
2 Мағынаға сай.
3 Себептілікке сай.
4 Әмбебап тарих жөнінде кешендер бар, бірақ олар елеулі де­

ген мамандардың шығармаларын бір қатарға орналастырумен
ғана шектеледі (Р. Аронның ескертпесі).
Арон Р. Введение в философию истории//
Избранное: Введение в философию истории. –

СПб.: Университетская книга, 2000. С. 451-474.

ТАРИХИ САНАНЫҢ ӨЛШЕМДЕРІ

Бірінші бөлім
І тарау. Тарих философиясы
Француз, ағылшын және неміс тілдерінде бір ғана сөз та­
рихи нақтылық пен ол туралы біздің білімімізді білдіру үшін

қолданылады. Hіstoіre, hіstory, Geschіchte сөздері бір мезет­
те адамзаттың қалыптасуын және осы қалыптасу туралы
адамдардың жасаған ғылымын білдіреді (тіпті неміс тілін­
дегі екі мағынаның бірін ғана білдіретін Geschechen, Hіstorіe

сөздерінің болуы қосмағыналылықты жұмсартқанның өзінде).
Мұндай қосмағыналылық мейлінше негізделген тәрізді:
нақтылық пен осы нақтылық туралы білімнің бір бірінен
ажырағысыздығы соншалық, олардың объект пен субъект

өзара байланысымен еш ортақтығы жоқ. Физика ғылымы
өзінің зерттейтін табиғатының элементі болып табылмайды
(тіпті оны өзгерту барысында оған айналып кетсе де). Өткенді
ұғыну – тарихи өмір сүрудің құрамдас бөлігі. Егер өткені бар

екенін ол сезінсе ғана, адамның нағыз өткені болады, өйткені
тек осы ұғыну ғана таңдау мен сұхбаттың мүмкіндігін береді.
Басқаша айтқанда, индивидтер мен қоғамдар өз бойында өздері
білмегенімен, оның тарапынан енжар ықпалға ұшырайтын

өткеннің жүгін арқалайды. Кейбір жағдайларда олар тысқары
бақылаушыларға жануар түрлерімен салыстыруға болатын
және уақыттық тәртіппен орналастыруға болатын бірқатар
өзгерістерді көрсетеді. Олар өздерінің кім екенін және кім

болғанын ұғынбайынша, олар тарихтың шынайы өлшеміне
жете алмайды.
Демек, адам бір мезетте тарихи танымның субъекті әрі
объекті болып табылады. Дәл осы адамнан шыға отырып, біз

ғылымның да, философияның да шынайы сипатын түсінеміз.
Осы қысқаша эссенің шынайы, жалғыз мақсаты осындай.
Әңгіме тағы бір тарих философиясын ұсынуда емес немесе
Қасиетті Августиннен бастап, Шпенглермен және Тойнбимен

аяқтап тарих философиясына шолу жасауда да болып отырған
жоқ. Мұндай шолулар бар және олар қысқа болған сайын, азырақ
қанағатандырарлықтай. Әңгіме тарих философиясының бастау­
ларын, функциясы мен сипттамалық белгілерін ұғынуда болып

отыр. Ол оның да мақсаты адамзаттың өткенін қайта қалпына

келтіру мен түсіндіру болып табылатын тарих ғылымынан қалай айрықшаланады? Ол ғылымға дейінгі кезеңдердің болып табыла ма немесе өздерінің барысын ауқымды қарастырусыз да, әлемнің жалпы кескінінсіз де өмір сүре алмайтын өркениеттерге қажетті ме? Тарих дегеніміз өлгендердің өмірін тірілер үшін тірілердің қайта қалпына келтіруі болып табылады. Демек, оны қазіргі қызығушылық тудырады және ойлайтын, толғанатын, әрекеттенетін адамдар өткенді зерттеу қажет деп табады. Бе­ делі мен даңқы қазіргі уаақытқа дейін жеткен бастапқы көсемді іздестіру, қаланың өмір сүріп, гүлденуіне жағдай жасаған із­ гілерді мадақтау, құдайлардың еркімен туындап, адамдардың қателігінен пайда болған, қиратылуды жақындатқан зұлматтар туралы әңгімелер; ұжымдық жады да, индивидтің есі сияқты мифтік немесе аңыздық фикциялардан шығады және шынайлыққа апаратын жолды қинала төсейді. Алған әсердің сонылығы бізді алдамай-ақ қойсын: еске алудың сенімділігі мүлдем жастықтың қасиеті емес. Тарих ғылымы өткенді ойша түрлендіруге жауап ретінде бас­ талады (әңгіме нақты сабақтастық туралы емес, диалектикалық қатар туралы болатыны жөнінде айтудың қажеттілігі бола қояр ма екен?). Бастапқыда ең дәл әдістердің көмегімен айғақтарды бекітуге және қайта қалпына келтіруге тырысады, одан кейін хронологияны анықтайды, қысқаша айтқанда, Ранкенің «тарихшының жоғарғы мақсаты – wіe es geschechen іst қалай болғанын білу және көрсету» деген атақты сөзін жандандыра отырып, алдымен дәстүрге, одан кейін оқиғаға келу үшін миф­ тер мен аңыздарды объект ретінде алады. Таза нақтылық – оның ең соңғы әрі жалғыз мақсаты осы. Бүгінгі күні тарихи сынның әдістерін жайына қалдырған тарихшылардың көптеген буындарының ұмтылысының қандай нәитижелереге әкелгені белгілі. Білімдегі қомақты мәселелерге қарамастан, ғылымның осы жетістіктерінің арқасында біздің өркениетіміз тарихта тұңғыш рет жойылып кеткен өркениеттердің басым көпшілігі туралы түсінікті қалыптастырып үлгерді. Ол өлілердің арасында тірі жанды көрініп, өзінің

өзгешелігі мен нәзіктігін сезінеді. Әрине, бүгінгі күні ешқандай
тарихшының жинақталған материалдардың жиынтығынан
жоғары тұратындай дәрмені жоқ. Тарих ғылымының жеңісі тар
саладағы мамандардың жеңісіне әкеледі. Тарихтың тұтастығы

әрқайсысы
ғасырлардың
кесіндісімен немесе
жойылған

қоғамдардың бір саласымен айналысатын көптеген пәндерге
ыдырап кетеді. Бірақ осы ыдыраңқылық қандай мәнге ие? Ол
ғылымның тысқарылығын, дәлірек айтқанда мойындалуын біл­
діреді: жаратылыстанымдық ғылымдарға қатысты да осылай де­

уге болады. Энциклопедистердің заманы өтті, әркім енді өзінің
шектеулілігіне машықтанады. Дегенмен де бейболмысқа кет­
кен, бірақ ескерткіштер мен жазба мәтіндерде сақталған өткен
шақ, біртіндеп болса да өзінің дәл өлшемдерінде, ұрпақтардың

шыдамды қызығушылықтарының шексіз құбылмалы перспек­
тиваларында қайта қалпына келіп жатыр.
Әңгіме ғылыми әдістің маңызына күмән келтіруде емес,
дәл түсіндірме мен ғылыми ізденістің міндетті түрде таралуын

арзан скептицизмнің көмегімен әшекерелеуде болып отырған
жоқ. Бірақ біз егер диалектиканың екінші кезеңінен, яғни
ғылыми зерттеу кезеңінен кейін, міндетті түрде, уақтысында
ғылыми ізденістің өзі, мысалы, мифологиялық қызметті теріс­

ке шығармаған, бірақ оның шекаралары мен өзіндік маңызын
анықтағаны сияқты, ғылыми зерттеуді лақтырып тастамайтын
сыни ойлаудың үшінші кезеңі келетінін естен шығармайтын
болсақ, онда біз тарихтың қазіргі ахуалын мүлдем кемітіп

бағалаған болар едік. Бұл сыни ойлау екі формада беріледі:
Ницшенің «Беймезгіл толғаулар» формасында және тарихи
танымға Канттың философиясын қолдану формасында (Диль­
тей, Риккерт, Зиммель, Макс Вебер).

Ницшенің «Беймезгіл толғаулары» талай мәрте түсіндірілді
және пайдаланылды. Бірақ оның негізгі идеясы, біздің
пікірімізше, әрқашанда өзекті. Ол мынадай қарапайым пікірге
теңгеріледі: өткенді қалпына келтіру өзіндік мақсат емес. Бұл

қалпына келтіру қазіргі заманғы мүддені басшылыққа алса, ол
осы заманғы мақсатқа ие болады. Тірілер өткен өмірді танудан
білуден ләззат алуды ғана емес, сонымен қатар рухты байытуды
немесе белгілі бір сабақ алуды көздейді.

Ницшенің эссесінен монументалды тарих идеясы ерекше
есте қалады, өйткені ол позитивизм рухындағы таза ғылымға
тура қарама қарсы қойылады. Шын мәнінде, адамдар мен
оқиғалардың бірдей зерттелуге лайық екендігі айдан анық, кей­

бір адамдар мен олардың қылықтарының ерекше құндылығына
немесе үлкен маңызына қарай біздің назарымызды ерек­
ше тартатыны жасырын емес. Ғылыми практика шынында
да осы бағытта жүреді, дегенмен өз өзіне берілген эрудиция

кез келген айғақты қызығуға тұрарлық деп бағалауға бейім.
Әсіресе, құндылықтар болмысына ену болған нәрсенің таза
әрі қарапайым қалпына келтірілуі туралы сағымды өз өзінен
ыдыратып жібереді, өткеннің қазіргімен, тарихшының тари­

хи кейіпкермен, ескерткішті онымен тамсанатын адамдармен
қажетті әрі заңды байланысын айқындайды.
Оған қоса Ницше айғақтарды бекіту мен деректерді сын
көзбен қараудағы қатаңдықтың, материалдарды жинақтаудың,

эрудицияның абыройы мен қажеттілігін теріске шығармайды.
Ол тек осы алдын ала дайындық тәсілдерін оның артынан бо­
латын шынайы тарихи жұмыстың – моументалды, сыни және
зергерлік тарихи жұмыстың болатынымен ақтап алады. Егер

тіпті тарих еліктеудің бейнелерін жасаса да, өткенді айыпта­
са да, қалыптасудағы қазіргі сәттердің орнын анықтаса да, ол
үнемі өмірдің қызметінде болып қала береді. Тарих онда осы
шақ бастаманы көтеретін және сақтап қалатын осы шақ пен

болашақтың сұхбатын білдіреді.
Оны қызу қолдағанына немесе айыптағанына қарамастан,
Ницшенің теориясы қомақты қауіп-қатерді білдіреді. Оның
ықпалымен ғылым мен ақиқатты жек көріп кетуге болады. Ол

материалдарды жинақтаумен ғана шектелетін және олардан
мағына іздейтіндер деп бөлінетін тарих пен тарихшылардың
екі типін қарама қарсы қоюға итермелейді. Бұл қарама
қарсылық ирреалды және қирауға бейім, өйткені нақтылық

туралы ғылым ретіндегі тарихтың мәні оқиғалар немесе
нақты қоғам деңгейінің өзінде мағынаны қайта табумен си­
патталады, өйткені айғақтардан туындамайтын интерпрета­
ция жүгенсіз болып келеді, өйткені өңделмеген айғақ ақылға

қонымсыз.
Кантшылдықтан
туындайтын
жұмыстардың

маңызы, олардың тұтастықты қалыптастыруымен, ницшеандық

пікірге сай, тірі мәдениеттің мүддесіндегі фатальды емес,
қалаулы қосмағыналылық туралы ойлауға мәжбүрлейтін жерде
практикалық өзара байланыстылық пен логикалық қажеттілікті
айқандайтынымен сипатталады.

Канттық сипаттағы тарихи танымды сынау бірқатар негіз­
гі идеяларға оңай теңгеріледі. Физиканың табиғатты қалпына
келтіре алмайтыны сияқты, тарих ғылымы да болған нәрсенің
қарапайым әрі таза қалпына келтірілуі бола алмайды. Екі

жағдайда да рух араласады, өңделмеген мәліметтен шыға оты­
рып, ақылмен игерілетін әлемді қалыптастырады. Бірақ егер та­
рих та физикадағы сияқты реконструкцияны білдіретін болса,
онда мұның өзі, дегенмен, мүлдем басқа типтегі реконструк­

ция. Физиканың соңғы мақсаты – бұл бір бірінен дедукциялана
алатын заңдардың жүйелі жиынтығы. Тарихтың соңғы мақсаты

– бұл екі рет көру мүмкін емес, оқиғалардың тұтастай тізбегі,

бұл адамзат мәдениеттері мен қоғамдарының қалыптасуы. Фи­
зика заңды ескерсе, тарих жалқылықты ескереді.
Ешбір ғылым ешқашан барлық нақтылықты назарға
ала алмайды, әрбір ғылымның өз сұрыптау әдісі бар және

оның мақсаты түсіндіруге лайықты нәрсені бөліп алу неме­
се түсіндіруге лайықты нәрсенің түсіндірілуіне қызмет ету
болып табылады. Аристотельден Эйнштейнге дейінгі уақыт
аралығында физикадағы сұрыптау әдісі өзгерді. Бірақ басынан

аяғына дейін ол кейбір ерекше белгілерін сақтап келеді. Фи­
зикті құлап келе жатып, нақты өткінші біреуді өлтірген нақты
тас қызықтырмайды, дененің қалай құлайтыны қызықтырады,
сипаттама кеңістіктік-уақыттық (осы жерде, осы сағатта) емес,

абстракциялық және күрделіден қарапайымға редукцияланудың
нәтижесі болып табылатын (вакуумда, атмосферада, еркін
құлауда және т.б.) теориялық сипатта болады. Бірақ мұндай
ретукцияны тарих ғылымы саласында елестету мүмкін емес.

Бірақ онсыз зерттеу нақтылықтың бірде бір кесіндісін немесе
уақыттың бір де бір сәтін сарқып тауыса алмай, шексіз жалғаса
беретініндей, сұрыптауды қалай жүргізуге болады? Канттың
сыны бұл сұраққа «құндылық» терминін пайдалана отырып,

жауапи берді. Тарихи таным тарихтың куәгерлерімен немесе
сол әрекеттегі тұлғалармен бекітілген құндылықтарға қатысты
оқиғалармен айналысады. Бізде құндылық ұғымын анағұрлым

терең талдауға мүмкіндік жоқ. Бірақ Макс Вебердің берген
қарапайым мағынасында «құндылық» термині «мүдделер са­
ласы» ұғымына балама болып табылады. Біз өткеннен өзіміз
қызыққан нәрсені ғана есте сақтаймыз. Тарихи сұрыптау

осы шақтың өткенге қойған сұрақтарын басшылыққа алады.
Жойылған өркениеттер туралы адамдардың өздеріне құрған
бейнелерін жаңғырту осы сұрыптаудың жетекшілікке алатын
сұрақтарының өзгеруімен байланысты.

Егер осы сұрыптаудың астарынан алдын ала мәңгіге бекітіл­
ген тәсілді емес, тарих ғылымындағы жұмыстың үздіксіз
бағдарын ұғынар болсақ, бұл жаңғыртудың мәні арта түседі.
Сұрыптау қандай да бір айғақты белгілеумен немесе теріс­

ке шығарумен емес, оның ацғақтарды конструкциялаудың,
ұғымдарды таңдаудың, тарихи тұтастықты ұйымдастырудың,
оқиғаларды немесе кезеңдерді орналастырудың белгілі бір
әдісін білдіруімен сипатталады. Сонымен бірге канттық

философияның бұл жағдайда білімнің әмбебап мағынасын не­
гіздеуге әкелмей, релятивистік интерпретацияға итермелейтіні
туралы айтылып жүр. Сезімдік түрлеу, пайымдаушы ұғымдар
олардың ғылымның шарты ретінде қаншалықты барлығы үшін

мәнге ие болатынына сай әмбебаптылыққа кепіл бола алады.
Керісінше, тарихи таным сілтеме жасайтын құндылықтар
немесе мүдделер әмбебапты мәнге ие бола алмайды, олар
дәуірлермен бірге өзгеріп отырады. Канттық сипаттағы

философияның жақтаушылары да класикалыққа айналған мына
формуланы қолдайды: әрбір қоғамның өз тарихы болады және
оның өзгеруіне қарай оны қайта жазады. Болашағынан мүлдем
айрылған тұста ғана өткен шақ түбегейлі анықталады.

Алдыңғы екі кезеңді жоғары деңгейде біріктіруді білдіретін
осы үшінші кезеңнен кейін жаңа диалектиканы игеру қажет бола
ма? Оның мифтік түрлендіру мен ғылыми еріктің арасындағы
қарама қарсылықты игергені сияқты, релятивизмнің өзін иге­

руге бола ма? Мен олай ойламаймын. Маған біз табан тіре­
ген релятивизмнің шекараларын дәлірек анықтасақ жеткілікті
тәрізді көрінеді.
Канттың ықпалындағы ойшылдардың бірі Риккерт бұл

шекараларды құндылықтар туралы ұғымның көмегімен
анықтады. Тарихи сұрыптау санау жүйесін қабылдайтындар

үшін ғана маңызды және, бұл тұрғыдан алғанда ол әмбебап
мәнге ие. Бірақ олардың ішіндегі шешушісі тұрғысынан, яғни
ерікті сұрыптау тұрғысынан алғанда, тарихтың басқа әдістері
қатаң ғылыми сипатқа ие болуы, әмбебаптық мәнге ұмтылуы

мүмкін. Макс Вебер қысқа әрі нұсқа айтып кетті: әрбір та­
рихшы өз сұрақтарын қояды және оларды еркін таңдайды.
Сұрақтар қойылған екен, оның жауаптары тек нақтылыққа
тәуелді болады. Егер тіпті айғақтардың конструкциясы қазіргі

мүддемен жүктелгеннің өзінде, олардың арасындағы каузаль­
ды байланыстар не шынайы, не жалған болады (айтылған
пікірлермен байланысты дәлелдеме қаншалықты қиын болса
да, демек, ықтималдықтың коэффициенті қандай болса да).

Осы гипотетикалық (болжамдық) жалпылықтан (еркін шешім
қабылдау негізіндегі жалпы ортақ мәнділік) өзге, Риккерт
сұрыптауға телінетін бастапқы релятивтілікті әрбір кезеңді оған
тән болған құндылықтарға қатысты зерттеу арқылы не болмаса

құндылықтардың жалпы жүйесін жасау жолымен игеруге бола­
ды деп есептеді.
Қалай болғанда да, бұл соңғы ұстаным ғылымның ақиқатын
құндылықтар жүйесінің ақиқатына, яғни философияның

мәніне бағындырар еді. Екінші жағынан, құндылықтардың
жалпы жүйесі міндетті түрде жалпы сипатта болатын тәрізді.
Өйткені тарихшының нақтылық алдында қоятын сұрақтары
негізінен дәл және нақты сипатта болады емес пе? Ақырында,

дәуірді кейінгі дәуірдің құндылықтарымен салыстырудың
қарапайым
айғағы
өткеннің

түсініктемелерін
жаңғырту
ұстынын енгізеді. Бірақ тарихшыға тек қоғамның өзін өзі қалай
пайымдайтынындай етіп, қоғамды пайымдауды таңуға (неме­

се әрбір қоғамды болашақтың құндылықтарымен емес, оның
өзінің құндылықтарымен теңгеру де дәл осы сияқты) қандай
қақымыз бар? Тарихшының қашан, қай кезде өз өзінен, өзінің
осы шағынан бас тарта алатынына сенім жоқ; бірақ егер ол

солай істей алғанның өзінде, оның осылай істеуі міндетті ме?
Өткенді дәл осы игерілмеген болашақпен дәл осы салыстыру
өткенді күш-жігерін аямай, барын салған зерттеулерден тасада
қалған құпияның кілтін ашуға әкеледі. Сөйтіп, Макс Вебердің

ризашылықпен пайдаланған және каузальды байланыстарға
еш қауіпсіз қолданылатын гипотетикалық объективтілік тео­

риясы сұрыптаудың мейлінше қарапайым түсінігіне сүйенеді.
Егер тарихи конструкцияның тұтастығы қойылған мәселемен
немесе құндылықтар жүйесімен үйлесімді бағдарлас болса,
онда тарихшы шешімінің ізін сақтайтын толық қалпына кел­

тіру, бүтіндей оны заңды әрі нәтижелі, бірақ барлығы үшін
міндетті деп есептелмейтін бір ғана перспективадан, бір ғана
көзқарастан бағынышты болады.
Алайда тарихи білімнің тарихының өзі көрсетіп бере­

тін бұл релятивизм бізге, егер оны дұрыс түсіндірсе, ғылым
үшін соншалықты қауіпті болып көрінбейді. Оны сезіну
философияның пайдасына қарай шешіледі және скепти­
цизм сабағын беруден анағұрлым алшақ тұрады. Тарихи

релятивизмнің шекаралары, ең алдымен, соның көмегімен
айғақтар бекітілетін әдістердің қатаңдығымен, әзірге мәтіндерді
оқумен және куәліктерді түсіндірумен шектелгендегі ғалымның
қажетті әрі түсінікті салқынқандылығымен байланысты бо­

лады. Олар сондай-ақ кейбір мағлұматтардың негізінде
нақтылықтың өзінен бөлініп қала алатын кейбір қатынастармен
де байланысты болады. Оқиға мен оның антецеденттері
арасындағы каузальды байланыстың, ықтималдықтарды рет­

роспективті санаумен анықталатын әрбір антецеденттің жеке
жауапкершілігінің бойында белгілі бір дәйексіздік болуы
мүмкін, бірақ релятивтіліктің болуы міндетті емес. Әрекет
пен оның итермелеуші ниеттерінің, ғұрып пен наным-сенім

жүйесінің, философиялық жүйенің берген мәселелері мен кейін­
гі жүйелердің берген шешімдерінің арасындағы қатынас өзінің
интеллигибельділігін объекттің құрылымының өзінен алатын
түсінуге көнеді. Тарихшының қашан сезімге бой алдырмаудың

мүмкін еместігін сезінісімен, өзінің көзқарасын мойындасы­
мен, демек өзгелердің де ұстанымын мойындауға тырысы­
сымен тарихи релятивизм игеріледі. Бұл жерде әңгіме сөздің
қатаң мағынасындағы бір ұстанымнан екіншісіне көшу туралы

емес: мұнда сандық константтар немесе саналатын баламалар
жоқ. Бірақ, тіпті олар қарама қарсы сипатта болғаннның өзінде
әртүрлі ұстанымдарды түсінуге болады, олардың көпшілдігінде
күйреудің белгісі емес, өмірдің көрінісі аңғарылады.

Бұл жерде, менің ойымша, тарихи релятивизмнің тұрпайы
интерпретациясын түзейтін басты идея орналасқан. Инертті

ақпарат беретін трансценденталды «Меннің» кестесі бойынша
тарихи танымды түсіндіруді доғарсын, тарихшыны қайтадан та­
рихи болмысқа қойсын, осы болмыстың құрылымына сілтемелер
жасалсын, бұрынғы айтылымдардыің мәні түбегейлі өзгерсін.

Тарихи таным мағыналармен және нәтижелі қосмәнділіктермен
қалай бай болса, адамзаттың өмір сүруінің өткені де солар­
мен соншалықты бай. Бейболмысқа еніп кеткен қоғамдардың,
дәуірлер мен мәдениеттердің барлығы үшін міндетті жорама­

лын беруге тарихи танымның шамасы келмейді және мұндай
жалғыз мағына жерде де, аспанда да ешқашан болған емес.
Өткенді ашу немесе жаңадан үздіксіз ашу адамзаттың өзі өмір
сүре бергенге дейін созылатын сұхбатты білдіреді және бұл

тарихтың мәнін білдіреді: индивидтер сияқты қоғамдар да бірін
бірі арқылы таниды және бір бірімен байланыста байи түседі.
Бұл әдетте көп айтыла бермесе де, ғылым мен тарих фило­
софиясын ажырата білу анағұрлым қиын. Егер өткенді зерттеу

осы шақтың мүддесіне сай туындайтын және жүктелетін болса,
онда барлық тарихи интерпретацияларға құндылықтар жүйесі
өзіндік философия ретінде еніп кетпей ме? Шындығында,
тәжірибеден аңғарылатындай, ірі тарихшылардан имплицитті

түрде философияны аңғаруға болады. Әңгіме мейлі, индивидтер
мен қоғамның қатынастары туралы болсын, саяси одақтар мен
экономикалық режимдердің салыстырмалы маңыздылығы тура­
лы болсын, идеялардың әлеуметтік инфрақұрылымға тәуелділігі

немесе тәуелсіздігі туралы болсын, тарихтың әртүрлі факторла­
ры арасындағы өзара қатынастар туралы болсын, бәрі бір кез
келген тарихи зерттеуден ішінара зерттеудің өзі жүктейтін, іші­
нара оған дейін болған және оны бағыттайтын теорияны бөліп

алуға болады. Осыған орай ғылым мен философия арасындағы
айырмашылық жойылуға бейім болады. Ғылым өзін, егер ол
философияны бойына сіңірсе ғана көрсете алатын болады, ал
философия оның айғақтармен байланысы болғанда ғана өзінің

нақты ақиқатқа жете алатынын байқайды.
Алайда, біздің пікірімізше, осылайша теңгерілу үлкен мәнге
ие айырмашылықтарды арзан бағалайды. Кез-келген тарихи
сипаттамада тарих философиясының кейбір элементтері бола­

ды, бірақ олар елеусіз және имплицитті күйінде қалады. Прак­
тикада олар жұмысшы гипотезаларға, зерттеудің идеяларына
теңгеріліп кетеді. Философия, керісінше, оларды жүйелеу үшін
толығымен бөліп алады. Тарихшы олардыөткеннің кесіндісінің

интерпретациясына енгізеді, ал философ бүтіндей өткенді
түсіндіру үшін қолданады. Біріншісі үшін ақиқат жетекші
идеялардың арқасында жеткен нәтижелерде, бірақ олардың
тысқары жағында көрінеді. Екінші идея үшін ақиқаттың мәні,

тірегі және кепілі болып табылады.
Осылайша, бұл жерде ойлау мен зерттеудің екі қарама
қарсы бағыты аңғарылады. Маған мәнмен байланысты қарама
қарсылық екіжақты сипатқа ие тәрізді көрінеді: бір жағынан ол

объекттің ауқымымен байланысты: философ қашанда бүтіндікті
ескерсе, ал ғалым бөлікті ескереді. Екінші жағынан, тіпті та­
рихшы жалпы тарихты жазғанда және, демек, ол да тұтастықты
қолға алғанда, ол айқақтардан тысқа шығып кетпеуге тыры­

сады, ол материалдың өзінен өзінің мазмұндамасынан негізгі
баптарды үзіп алуға ұмтылады, ол адамзат дамуының ақиқатын
емес, тек қалыптасудың нақтылығын анықтағысы келеді.
Абстрактылы ескертпелерді мейлінше айқын ету үшін та­

рихи танымның сатылы кезеңдеріндегі тәсілдерінің ізімен
жүреміз: үзіндіден бүтінге дейін. Басынан аяғына дейін бұл
тәсілдер ұқсас болып қалады. Әдетте тарих философиясы тари­
хи өткеннің тұтастығының мағынасын түсіндіру болып табы­

лады деп айтады. Бірақ бір бірін өзара толықтыратын басты екі
тәсіл де – «тұтастықтарды құру» мен «мәнді анықтау» – әңгіме,
мысалы, Канн түбіндегі шайқас сияқты жекелеген айғақ тура­
лы болсын, мысалы, мәдениеттің эволюциясы сияқты ірі айғақ

туралы болсын, оларға тәуелсіз көрініс табады.
Канн түбіндегі шайқасты сипаттайтын тарихшы бізге алды­
мен римдік жаяу әскердің карфаген армиясының бел орта тұсына
шабуыл жасағанын көрсетеді, бірақ жаяу әскерлер қақтығысқан

бұл қозғалысты сипаттаумен шектелмей, оны екі пиғылмен бай­
ланыстыра отырып, бұл оқиғаны бізге ұғынықты етеді: римдік
легиондарды қоршап алуға ұмтылған Ганнибалдың ниетін және
жаудың шебін бұзып шығуға тырсқан римдіктердің пиғылын

көрсетеді. Осы қарапайым жағдайдағы әрекеттің немесе тари­
хи айғақтың мәнін ұғу тағы да әрекет етушілердің ниетін неме­

се феноменологиялық терминмен білдіргенде олардың өмірлік
тәжірибесінің интенционалдық мазмұнын табуды білдіреді.
Келтірілген мысал өте қарапайым. Қатысушының санасын­
дағы (ең болмағанда, Ганнибалдың санасындағы) пиғыл

шайқастың өрбуімен толығымен дерлік сәйкес келеді.
Бұл сәйкестік ең алдымен, құралдарды мақсатпен, яғни өз
әскерлерінің қимылын жеңіспен дәл байланыстыратын әскери
жетекші пиғылының рационалды сипатымен қаьтаң байланысты.

Ол сондай-ақ бір еріктің екіншісінен, карфагендік еріктің римдік
еріктен басым болуымен байланысты. Айталық, түсіндіріп
отырған айғағымыз – бұл шайқастың алдындағы құрбандық:
онда зерттеп отырған мәніміз оны түсінікті ететін наным-сенім

жүйесіндегі ғұрыптың мәні болып табылады. Бірден біз тарихи
мәндердің қосмағыналылығының көпшілігімен ұшырасамыз:
ғұрыптың әуел бастапқы және қазіргі мағыналары, шынайы
сенім және ғұрыпты шығаратынның скептицизмі және т.б. Та­

рихи жұмыстың басым бөлігі олардың әрекетінде жасырынған
мағыналарға қатысты әртүрлі саналардың ұстанған ұстанымын
айқындаумен, осы үстеме қабатталған мәндерді ашумен сипат­
талады. Қоғамдар өз дәстүрлерімен өмір сүреді: тарихшы олар­

ды түсінуге тырысады.
Екінші жағынан, әрекет етушінің пиғылының таза әрі
тұнық болып қалуы өте сирек. Ол негізінен қарсы әрекетпен
ұшыраса келе (үнемі емес, мысалы, қажетті тактикалық

құрал болады), өзгереді, ол басқа әрекет етушілердің
пиғылдарымен қиылысады (өйткені шайқастың жалғыз емес,
екі жоспары болады емес пе), бейсаналы ұмтылыстар әреент
етушілердің өздерінің өз шынайы жоспарлары мен қолданған

құралдарын ұмыттырып жіберуге мәжбүрлейді (мысалы, са­
сып абыржушылық бүкіл әскерді қамтыған кезде). Қысқаша
айтқанда, пиғыл мен оқиғаның арасындағы сәйкестік әдеттен
тыс нәрсені білдірсе, ал сәйкессіздік ережені білдіреді. Саяси

немесе әскери тарих бірі үйлесіп, бірі қарама қарсы тұрып,
соның негізінде шынайылықты бірде қанағаттандырып, бір­
де көңілін қалдыратын пиғылдардың қиылысуының соңынан
жүреді. Ол пайымдалатын нәрсеге жүгіне отырып, өз бойында

болған нәрсені ұстайды, ол әрекет етушілер жағдай ретінде бас­
тарынан өткізген өткеннің мұрасын қалпына келтіре отырып,
пайымдалатын нәрсені өз бойында ұстайды.

Осы төменгі деңгейде бүтіндік пен оның мағынасының
арасындағы байланыс аңғарылып үлгереді. Шындығында,
шайқас заттық сипаттағы кеңістіктік-уақыттық тұтастық болып
табылады. Ол өзіне әрекет етушілер немесе куәгерлер берген

мағынаның арқасында тұтас болып табылады. Канн түбіндегі
шайқас жағдайында уақыт пен кеңістіктегі шекаралардың
айқындығы соншалық, шайқастың сансыз көптеген дара
әрекеттерден тұратынын оп-оңай ұмытып кетеді. Алай­

да, егер шекаралардағы шайқастарды (1914 жылғы) немесе
орыс науқанын (1941-1944) ескерер болсақ, оқиғаның тарихи
шынайылыққа азды-көпті кірігіп кеткен сананың конструкци­
ясы екендігі айқын аңғарылады, өйткені әрекет етушілердің

өздері оқиғаны тұтас бүтіндік ретінде, бірақ бақылаушының
қызығушылығына қарай үнемі қайта қарауға болатын жылжы­
малы шекараларда бастан өткізеді.
Егер тұтастық мәнге қатысты ашылатын болса, онда мән

өз кезегінде тұтастыққа қатысты ашылады. Әрбір жекелеген
дененің қозғалысы оның шайқастың бүкіл тұтастығындағы
орнының анықталуына қарай түсінікті болады, себептер мен
салдарлар дәл осы шайқастың пуни соғыстарының өрбуіндегі

алатын орнына қарай ұғынықты болады, ал пуни соғыстарының
өзінің мағынасы антикалық тарих барысындағы, Жерорта
теңізі төңірегіндегі үстемдік үшін күрестегі, державалардың
империялық оқшаулығы мен тепе-теңдігі арасындағы тербеліс­

тердегі алатын өз орнына қарай түсінікті болады. Күрестің
барлық деңгейлерінде, мейлі ол күннің шектерімен немесе
өрістің шекараларымен қысылған жекелеген айғақ деңгейінде
болсын, мейлі, Рим империясы немесе Жерорта теңізі әлемі

үлгісіндегі ірі «айғақ» деңгейінде болсын, тарихшы тарихи
тұтастықты жасайды және өткенді қалпына келтірудің екіжақты
сипатын білдіретін мағынаны қалыптастырады.
Тарих философиясы мен ғылым логикасының бір мезгілде

дамуы үшін тарихи тұтастықтың әртүрлі типтерін жоғарыдан
төменге дейін қатаң талдаудан өткізуден асқан пайдалы нәрсе
жоқ. Әрине, мысалы, Марафон шайқасы мен Орта ғасырлар
сияқты тұтастықтардың арасында орасан зор айырмашылық бар.

Бірақ дәл анықтауға көнбейтін бұл айырмашылықтар табиғаты
бойыншадан гөрі дәрежесі бойынша айырмашылықтар болып
табылады.

«Марафон шайқасы» сияқты тұтастық – кеңістіктің белгілі бір жақсы орнында бір күннің ішінде жүзеге асқан айғақтарды топтастырудың құралы болса, ал «Орта ғасырлар» тәрізді тұтастық – бұл жекелеген айғақтарды тұтастықпен сәйкестендіру емес, тарихтың жүзжылдықтарын ұйымдастырудың құралы болды деген уәж айтылуы мүмкін. Бұл бұл кезеңнің қандай да бір қырларына басымдылық бере отырып, шынайылықтың басқа бөлігін теріске шығарып, бір бөлігін қабылдауға немесе, ең болмағанда, екінші мәнді бөліктерін бастысына бағындыруға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, бірінші тұтастық топтас­ тыру үшін қолданылса, ал екіншісі таңдау мен бағдар үшін қолданылады. Бірақ бұл қарама қарсылық абсолютті емес. Атақты осы күннің ішіндегі грек және парсы сарбаздарының санасында не болғаны әңгімеден толығымен өшіп қалады, оқиғалар шайқаспен сәйкес қана есте қалады: әрбір бөлімнің пиғылы, армияның соққысы, афиндік азаматтардың жеңісі. Басқаша айтқанда таңдау мен бағыт жұмсартылып көрінетініне қарамастан, жекелеген тұтастықта болады. Әрекеттші тұлғалар шайқасты сол күйінде пайымдады, ал Орта ғасырлар – бұл ретроспективті түсінік деген де уәж айтылуы мүмкін. Әрине, бірақ мидиялық соғыстар азырақ пайымдалды және, егер Орта ғасырлар өзінің болашағымен анықталатындықтан, солай пайымдалатын болса, ал Рим империясы дәуірінен кейін пайда болған кезең туралы ой империялық шынайылық жойылса да, ұзақ уақыт бойы империялық ойлаумен байланысты болған санада сіңіп қалды. Сондықтан да тарихшының бірде тұтастықтың атауын – сая­ си түзілімді немесе тарихи кезеңді – тікелей қайта түлеген өткеннен алады, бірде оларды өлілерге проекция жасайды. Бірақ ол өткенде эскиз түрінде болса да болмаған тұтастықты ешқашан құрастырмайды, ол әрқашан өзіне деректердің берген тұтастығын ой сүзгісінен қайта өткізеді. Бұл мысалдан қалыптасуда болатын тұтастық пен статистикалық жиынтық арасындағы аса маңызды қарама қарсылық көрініс табады. Орта ғасырларды тек оған дейін­ гі және одан кейінгі болғандардың, яғни антикалық әлем мен қазіргі дәуірдің арқасында ғана түсінуге болады. Шайқас – мем­ лекеттік ұйымдасудың бір түрі, экономикалық режим өз-өзінен

түсінікті бола алады және өздерінің ұстындарына сәйкес ке­
леді. Дегенмен, мұны тереңдете түсуде қызығушылық тудыра­
тын көптеген айырмашылықтар бар. Экономикалық режимнің
тұтастығын түзетін материалдық күштердің, идеялардың,

адамдардың арасындағы қатынастар саяси тұтастықта да,
мәдени тұтастықта да дәл осылай көрінбейді. Дін сияқты
таза идеалды тұтастықтың капиталистік құрылыс тәрізді ре­
алды нақтылықтан өзге құрылымы, тұрақтылығы мен өзгеру

тәртібінің өзге формасы болады.
Біздің көзқарасымызша, тарих философиясы мен ғылым
арасындағы шекараларды белгілеудегі негізгі мәселе ең ірі
тұтас түзілімдердің – өркениеттердің (немесе, Шпенглердің

тілімен айтқанда, «мәдениеттердің») мәселесі болып табыла­
ды. Одан да дәлірек айтқанда: тарихшының адамзат өткенінің
тұтастығын ұғуға ұмтылы отырып, іс жүзінде өзара байла­
нысты емес, әртүрлі болмыстарды, өркениеттерді абсолют­

ті қамтитын тұтастықты жасағанында не болады? Әзірге
батыстық өркениеттің ішінде болғанымызда біз белгілі бір та­
рихи тұтастықтан тыс кетпейтіндей әсерде боламыз. Тұтастың
бұлыңғыр сипатта болатынымен, оның шекараларының көзге

көргісіз екенімен, антикалық әлемнен Орта ғасырларға, Орта
ғасырлардан қазіргі заманға өтудің байқаусыз екендігімен және
бұл шектерді тарихшылардың кейін немесе алға өздері ысыра
алатындығымен әркім де келіседі. Бұл күдіктер шынайылықтан

және тарихи танымнан ажырағысыз. Оларды игерудің ең жақсы
тәсілі – зерттелетін өркениеттің немесе кезеңнің ең өзегіне
жайғасып алып, ерекшелік белгілердің жойылып, мәні жағынан
басқа тұтастықты көруге мүмкіндік бергенге дейін сатылап

жоғары көтерілу.
Бірақ тарихшы жалпы тарихқа немесе өркениеттің салыс­
тырмалы тарихына (немесе әлеуметтануына) барғанында екі
жаңа қиындық туады. Шпенглер «мәдениеттер» деп атаған

жоғарғы тұтас түзілімдер қалай айрықшаланады? Оларды
қалай анықтауға болады? Екінші жағынан, олардың орналасу
қатарымен шектелуге бола ма? Және, егер оларды тұтастай бір
тарихқа біріктіргілері келсе, онда бірегейлендірудің ұстындары

қайдан шығады?
Бұл деңгейде менің ойымша рух әртүрлі екі жолмен
жүруге қабілетті. Не ол шынайылықтың өзінен тұтастықты,

өз дамуының ырғағын, осындай тұтастықтың негізгі қасиетін
бөліп алуға тырысады. Не адамның бүкіл философиясынан оны
үзіп алу жолымен өткеннің ақиқатын ұғынғысы келеді және дәл
осы ақиқат оған өткенді түсіндірудегі ақиқатқа кепілдік береді.

Бір жағынан, Шпенглер, екінші жағынан Гегель. Не болмаса
тұтастық (тіпті әртүрлі болса да) нақты, не болмаса, егер тіпті
ақиқат тарих арқылы қалыптасса да, ең алдымен, ол ақиқаттың
тұтастығы.

Тіпті, нақтылықты бейнелеуді ғана басшылыққа алатын
жалпы тарихтың өзінен философиялық тәсіл көрінбей ме де­
ген уәждің айтылары сөзсіз. Бұл тарихта орынды кім алады?
«Мәдениет» солардың көмегімен түсіндірілетіндей, анағұрлым

нақты жүйелермен қандай абстрактылы жүйе қамтылған? Кез-
келген жалпы тарихта қандай да бір философия қабыса көрініп
тұрады және бұл философия деректерде де ұйғарылып тұрады.
Осының барлығына қарамастан Шпенглердің рухындағы

«мәдениеттердің» салыстырмалы тарихы немесе жалпы та­
рих бір мезгілде анағұрлым наразылықты болады, өйткені
ол шынайылықтың өзінен қалыптасудың басты бағыттарын
көргісі келеді. Және айқын бағытты емес, өйткені оның адам

туралы ақиқаттың бекітілуін анық ескере қоймайды.
Ендігі қалғаны, тарихтың шынайы философиясының эмпи­
ризмде тасаланған философияға қарағанда сонымен бір мезгілде
анағұрлым тиімді және өнегелі екендігін анықтау болып табыла­

ды. Адамзаттың өткенінің бүтіндей тұтастығы болатындай және
оның мағынасын түсіндіруге болатындай адам туралы және
оның қалыптасуы туралы ақиқатты тарихшы-философ білуі ке­
рек емес пе? Дәл осы өзін еркін сезінетін рух пен тапсыз қоғамға

қатысты өткен шақ тұтастыққа ұйымдасады және қалалар мен
империялардың даңқты және қанды мұрасы мәнге ие болады.
Марксизм біз жаңа ғана айтып кеткен мағынадағы жалғыз
тарих философиясы, яғни адамзаттың өткенін, өзінің бірлігі

мен тұтастығында метафизика рухында түсіндіріп беретін және
батыстық өркениетке терең ықпал еткен жалғыз түсінік болып
табылады. Оның үстіне оны уағыздайтындардың көпшілігі, өз
сенімдерінің гегельдік бастауларын ұмытып, диалектикалық

материализмді айғақ пен ғылым жоспарына көшіріп, өздерінің
философиясын апологеттік (қорғаушы) идеологияға айналды­
рып жібереді.
Оның есесіне Шпенглер мен Тойнбидің дағдысындағы эмпи­

ризмнен үміті бар тарих философиясын, жалпы тарихты немесе
«мәдениеттердің» салыстырмалы социологиясын қалыптастыру
біздің дәуіріміздің өзіндік ерекшелігін білдіреді. Тарихшылар
теріске шығарғанның өзінде олар біздің заманымыздың тарихи

санасына әсер етеді.
Бұл салыстырма бізге насихат сияқты көрінеді. Бүкіл та­
рихи ағымдағы бар адамзаттың бірлігі туралы жалғыз фило­
софия өткен ғасырда жасалды. Ал жойылмайтын көпшілдік

(плюрализм) философиясы бүгінгі күні орын алып отыр. Бұл
қарапайым, дұрыс ұғынықты пікір, менің ойымша, батыстық
ойдағы тарих философиясының жаңа ахуалын сипаттайды.
Белгілі бір мағынада тарих философиясының еңкейген шағы

прогрестің сыңары тәрізді. Және бұл жерде де шынайылықты
тиянақты әрі мұқият зерттеу мифтік немесе схемалық
түсініктерді ығыстырып шығарады. Адамзаттың дара немесе
ұжымдық әрекеттерінің барлық салаларында бірдей өміршең

әрі бірдей өтпелі болатын әр алуан мекемелердің бірдей бо­
латындай, ешқашан адамдар мұндай саяси, әлеуметтік және
экономикалық тәжірибеге ие болған емес, ешбір дәуірде адам­
дар осындай әр алуан көрініске ие болған емес. Әңгіме де­

мократиядан тиранияға, жеке меншіктен әкімшілік басқаруға,
ұлттық мемлекеттерден империяларға өту туралы болмасын,
өткен шақ бізге тарихшы мен адамның ұмтылыстарымен өмірді
жаңғыртатын және қашанда өз қалауымызға бағынышты келетін

бізге қайшылықты сабақтарды ұсынатын үлгілерді береді.
Өткенді зерттеудің кеңеюі, тарихи білімнің жинақталуы
философ-тұрпайыландырушылардың қарабайыр мәтіндеріне,
кеше ғана біздің өркениетімізді жалпы өркениеттің мәні

мен үлгісі ретінде көрсеткендердің аңғал тәкәппарлығына
соққы береді. Жалпы тарихтар мен «мәдениеттердің» соци­
ологиясы осы қозғалысты одан әрі жалғастыруда. Қоғамдық
режимдердің,

саяси
мекемелердің,
дүниетанымдардың
жоюға көнбейтін әралуандығы болғандықтан, тарихшы бұл

формалардың әрқайсысын өз ерекшелігінде ұғынуға, ша­

быт беретін ұмтылысты қайта табуға, әрбір ірі тұтастықтың
өзіндік рухын табуға ұмтылуы тиіс. Мейнекенің тарихилық деп
атағаны: өмір сүріп кеткендерге және адамның ғасырлар бойы
өзінің сарқылмас байлығында қалыптастырған туындыларына

бағытталған жіті сана, сөз жоқ, біздің тарихи санамыздың бас­
ты белгісін білдіреді.
Бұл жойылмайтын көпшілдікке барлық айғақтық мәлімет­
терден оп-оңай асып түсетін плюрализм философиясы қосылды.

Шпенглер бізге бір бірімен қарым қатынасқа түспейтін, өз
өзінде тұйықталған «мәдениеттерді» ұсынған кезде, тұтастық
мағынасында тарих философиясы одан қаншалықты асып
түссе, ол плюрализм мағынасында тәжірибеден соншалықты

асып түседі. Біздің көрсеткеніміздей, өздерін эмпирикалық
немесе метафизикалық деп атайтын барлық ғаламдық
көзқарастар интерпретаторлардың таңдап алған перспективала­
рымен байланысты. Шпенглер «мәдениеттердің» қарама қарсы

қойылуын таңдады және бұл қарсы қоюшылықты алысққа
жібергені соншалық, әріптеп түсіндірілетін оның теориясы
оның шығармасының мүмкіндігінің өзін теріске шығарады.
Егер мәдениеттер бірін бірі түсіне алмайтын болса, онда неге

Шпенглердің бір өзі барлық мәдениеттерді түсіне алады?
Көппікірлілік, яки, плюрализм философиясы жұмсақ түрінде
адамдардың байлығының көрінісімен және иррационалдық
элементтердің – сезімдердің, діни сенімдердің, көркемдік

дағдылардың болуымен сипатталады. Оны мифтер мен өнердің
мәңгі алауымен, сондай-ақ білім мен қуаттың прогресімен
байланыстырған сәттен бастап, тарих міндетті түрде орасан
зор әлемде әрқайсысы өзінше өмір сүретін, мекен ететін және

түсінетін жекелеген адамзат қауымдарының шексіз санына бы­
тырап кетеді.
Осылайша, біз тарихи тұтастықты батыл теріске шығарумен
сипатталатын тарих философиясына келіп тірелеміз. Уақыттан

тыс өз өзінен түсінікті болатын қалыптасудағы адамның
қарапайым деградациясын көруге болады. Бұл жағдайда тарих
азды-көпті себептік қатынастармен байланысқан азды-көпті
кездейсоқ айғақтарға бірігуіне айналады. Тарихи тұтастық

жоқ. Адамның немесе идеяның қалыптасу арқылы жүзеге асуы
жоқ. Тарихтың осылайша теріске шығарылуы (антикалық ойға

тән болып келетін) рухани дағдарысты аңғартпайды. Адам
ұйымдасушылық ұстынын табады және өз мәнін жүзеге асы­
руда өзінің мызғымас мақсатын табады. Бірақ қазіргі плюра­
лизм философиясының тарихи тұтастықты теріске шығаруы

мүлдем өзге сипатқа ие. Бұл философия тарихи тұтастықты
онда инидивид немесе ұжым өзіне еркін жол сала алатын
және өз қалауын іске асыра алатындай хаосқа айналдырмай­
ды: әрбір тұтастықты ол, әрқайсысы оларды құрайтын адам­

дар үшін мәжбүрлеуші болып табылатын реалдылық деп есеп­
тейді. Әрбір мұндай тұтастық өзінің гүлденуінен кейін солуға
мәжбүр болатын өсімдік сияқты өзінің жеке болмысына сәйкес
гүлдейді. Мақсатсыз және ауқымды тұтастықсыз, бірақ жекеле­

ген шоғырлары бар тирандық тарих – біздің тарихи санамызға
қысым жасайтын көппікірліктің, яғни, плюрализмнің догматтық
философиясы, міне осындай. Тұтастықтың мәні болмағаны
сияқты, енді бүтін тұтастық та жоқ.

Марксизм, керісінше, реалдылыққа мән бере отырып, оны
тұтастықтан бөліп алады. Капитализмді игере отырып, жақының
жалпымен қатынасы сияқты, индивид мемлекетпен тікелей
қарым-қатынас жасайтын қоғамды құра отырып, адам еркін­

дік патшалығын құрады және өзін жүзеге асырады. Адамның
осы қалыптасуы үшін қажет әлеуметтік режимдер бүкіл та­
рихта (бүкіл дегенде, орынсыз, ерсі болып табылатын барлық
айғақтарды сақтайды деген мағынада емес, ол оларды адам ту­

ралы ақиқатпен сәйкестендіреді деген мағынада) мәнге ие бола­
ды. Өндірістік қатынастармен байланыстағы таптық күрестің өзі
барлық дәуірлерді және барлық қоғамдарды өз ақиқаттарында
игеруге мүмкіндік береді. Өндірістік қатынастардың барлығын

(ақылға қонатынның) детерминацияға ұшырататынынан (пози­
тивтік философия осыны қалайды) емес, өндіргіш күштердің да­
муы, өндірістік қатынастар және таптық қақтығыстар адамның
еркіндікке

жетуі
жолындағы
диалектиканың
кезеңдерін

анықтауға мүмкіндік береді.
Марксизм қандай саяси ықпалға ие болса да көбіне тұрпайы,
менің пікірімше, енді өткен шаққа тиесілі болып қалады.
Оның оптимизмі XІX ғасырға тиесілі. Шын мәнінде, ол өзінің

жеке дамуынан туындаған және өзінің жүгінетін тарихи
формацияларының қойған сұрақтарына жауап бере алмайды.

Қазіргі замандағы батыстық өркениеттің басты өзіндік ере­
кшелігі позитивті ғылымды жасап шығаруымен, индустри­
ялы техникамен, адамның өз-өзіне және табиғатқа жүргізген
үстемдігімен сипатталады. Тарихи оптимизм ғылымға деген

немесе, дұрысы, ғылымның өркениеттендіруші күшіне де­
ген сеніммен байланысты. Білім даналықты зерттеуі тиіс.
Адам – табиғаттың егесі және игерушісі, дәл осылай өз өзіне
де үстемдік етуі тиіс. Заттарды жеңгеннен кейін адамдардың

арасындағы келісім өз өзінен орнауы керек.
Әрине, маркстік философия бір бағытты жазмыштық
бағытты мойындамайды. Ол қайшылықты игеру үшін күрестің
қажеттілігін жариялайды. Ол тіпті прогресс туралы айқын

пікір айтпайды. Бірақ оның жақтастарының берген оның
түсіндірмесінде соның баламасы бар: ғылым мен өндіргіш
күштердің дамуы адамның босануына, бір сәтте ғана капи­
талистік жүйенің жойылып, қоғамдық меншіктің бекітілетін

жалғыз жағдайына әкеледі. Басқаша айтқанда, революция
билікті ұйымдасқан жұмысшы табына береген кезде, адамзат
өз өзіне және табиғатқа бір мезгілде үстемдік етуіне жетеді деп
тұжырымдайды.

Алайда, ең болмағанда, бір елдегі социализмнің тәжірибесі
капиталистік қанаушылықты жоюмен бірге қанаушылықтың
түгел жойылмайтынын көрсетіп берді. Ол нарық пен жеке
бастаманың артынан режимнің мүмкін болар формаларының

бірі ретінде бюрократиялық тиранияның келетінін көрсе­
тіп берді, ол табиғатты басқарумен біріккен тобырды
басқарудың винтовкамен салыстырғанда найзаның немесе
атом бомбасымен салыстырғанда жетпіс бес миллиметрлік

зеңбіректің қаншалықты ұсақ болып қалатыны тәрізді, кешегі
диктаторлардың немесе корольдардың билігі соншалықты мар­
дымсыз болып қалатын ерекше абсолюттік билікті қолдануға
жетекші элитаға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Тарихтың плюралистік философиясының ықпалының өсуі
мен әулие Августиннен бастап империялар мен әлеуметтік
режимдердің тізбегінен адамзат дамуының өрлеу кезеңдерін
тапқан унитарлық философияның құлдырауы да, менің

пікірімше, қазіргі ахуалға тән белгі болып табылады. Ешқашанда
адамзат бүкіл планета ауқымында бірлікте болуға жақын келген

емес. Батыстың мақтанышы және оның игерілмес күші болған
ғылымның алдында Қиыр Шығыстың ежелгі өркениеттерінің
сүйенер тіректері құлап түсті және соғыс бітісімен машиналы
өркениеттің салтанатты шеруі бүкіл планетаны жағалап кетті.

Бірақ енді ғылымның даналықты тудыратынына күмәнданғаннан
кейін, өзінің өз кезегінде өз жетістіктерінің құрбанына айналуы
мүмкін екендігін ұғынғаннан кейін, Батыстың алдына мынадай
сұрақ туындады: ол өзінің бұзғанынан гөрі, жасағанын тәуір

көре ала ма? Ол машиналардың шуылы басып тастаған және
домна пештерінің түтіні көмкеріп тастаған индивидуалдық
өмірлердің кереметін аңсайды.
Жалпыға ортақ философиялар адамзат тегін шындығында

біріктіретін күш, ғылым мен индустрия өткен ғасырдағыдай
емес, сенімнен шығып бара жатқанынан бастап, қалтырай
бастады. Өзінің алып туындыларының күшіне сенбегеннен
кейін, Батыс енді өзіне сенуден де қалды. Ғарыш пен тарих­

тан айрылған адам енді Құдаймен ғана байланысты болып
қалды. Оның қандай екендігіне, жағымды немесе жағымсыз,
христиандық немесе атеистік сипаттағы экзистенциализм екен­
дігіне қарамастан, бұл байланыс адамды құпия тағдырдың

алдында жалғыз әрі жалаңаш қалдыру үшін оны табиғи және
тарихи тағдырдан айырған дағдарыстың нәтижесі болып табы­
лады.
Тарих философиясының жоқтығы мен оған деген қажеттілік

те біздің заманымызға тән белгінің бірі болып саналады. Адам­
зат өзінің жанын да, өзінің өмір сүруін де картаға тігіп жібер­
ген алаяқтыққа ұрынғанын аңғарады. Ол енді прогресс пен
тарихтың сағым тәрізді құдайларына сүйене алмайды. Оның

сағынышын ғылымның жетістіктерімен жойылған қолайлы
кестелерге деген өкініш тудырмайды. Ол баяу әрі шыдамды,
шын мәнінде аяқталмаған талдауға көнеді. Ол болашақ туралы
енді ойламаумен, оны қаламаумен келіскісі келмейді.

ІІ Тарау. Тарихтың мағынасының ұғымы
Біз бәріміз тарихи ойлаймыз. Әңгіме Францияның тағдыры
туралы болсын немесе мейлі Алжирде жүргізілген саясат ту­
ралы болсын, біз инстинктивті түрде бəрін өткеннен іздейміз,

қазіргі сәтті қалыптасуда ороналастыруға тырысамыз. Франция

Испанияны құлдырауға әкелген жолмен жүре ме? Африкадағы
ұлттық қозғалыстарды ауыздықтауға бола ма? Олар қара
құрылықты коммунизм немесе хаостың толқынына түсіріп
жібермей ме? Олар Шығыстан кеңестік империя, оңтүстіктен

оянып келе жатқан исламдық елдер қауіп төндіріп отырған кіш­
кентай ғана түбекті Азиядан ажыратып алуға шамасы келе ме?
Біздің саяси санамыз тарихи сана емес және олай бола да
алмайды. Жарты ғасыр ішінде күштің қатынастары басқа кез

келген дәуірмен салыстырғанда, анағұрлым көп ыдырауға
ұшырады. Ғасырдың басында әлемдік саясаттың орталығы
болған Еуропа, орны толмас шығынмен сипатталған екі
соғыстан қалжырап, өзінің қуатын және белгілі дәрежеде

өзінің тәуелсіздігін жоғалтты. Біздің тарихи санамызда осы
тәжірибенің табы қалып қойды. Өркениеттің осалдығы күмәнсіз
болып қалды.
Дегенмен, тек белгісіз болашақтың алдындағы үрей

ғана біздің тарихи санамызды жаулап алған десек, қате бо­
лар еді. Ең болмағанда, бұған басқа екі көзқарасты неме­
се тәжірибеден алынған сабақты қосуға болар еді: ғылым
прогресінің адамдарға бергенінің арқасындағы өндіруге де­

ген (өкінішіке орай, қиратуға да деген) орасан зор қабілеттің
алдындағы таңданыс; адамдардың әрекеті мен қоғамдардың
ұйымдасуына оқиғалардың, соғыстар мен революциялардың
енгізген терең өзгерістеріне деген жайбарақаттықтан гөрі,

алаңдаушы таң қалыс. Мен апта сайын Берлин көшелерінде
дәл бір сиқырға түскендей, жарты ғасыр бойы өркениетті со­
циализмді үндеген жұмысшылар аяқ астынан жойылып, оның
орнын әскери қоңыр киім кигендер қаптап кеткен және ұлы

дәстүрдің мұрагерлері болған мәдениет адамдарының дауысын
жалғыз ғана австриялық капралдың қарлыққан байбаламының
барлық дыбыскүшейткіштердегі жаңғырығы басып қалған 1933
жылдың жан толқытар айларын бастан кешірдім.

Тіпті, егер біз христиандық өркениетке жатпағанның өзінде
ХХ ғ. ортасында біз ежелгі гректердің рухында уақиғалардан
идеялардың немесе ғарыштың тек бұрмаланған бейнелерін
ғана көру керектігін қинала түсінеміз. Қалай болғанда да

өз идеяларымызды біз Платоннан гөрі Фукидидтен алар
едік. Біз Пелопоннес соғысы деп атап еткен осы орасан зор

тұтастықтан Фукидидтің тәртіп пен бірлік іздегені сияқты,
біз де барлығын қозғалысқа келтіретін күштерді, күйбең тір­
лік болып көрінетінді басқаратын заңды немесе, мүмкін,
бірыңғай сөздерді пайдаланғанымен, қарама қарсы ұстындарды

ұстанатын режимдерге қарсы бағытталған сол революциялар­
ды, қорқынышты әрі мағынасыз соғыстарды ұғуға мүмкіндік
беретін дара және ұжымдық сипаттағы константаларды түсіну
үшін өз ғасырымызға сұрақ қоямыз.

Басқаша айтқанда, кезінде философтар мен жылнамашылар
ой толғаған әскери іс пен заңдардың, қалалар мен режимдердің,
қилы тағдырына, соғыстар мен төңкерістердің тізбегіне,
асқақтық пен қорлыққа мән мен маңыз беруге дәл осы біздің

тәжірибеміздің өзі міндеттейді.
Алайда, егер бізге қажет болған жағдайда, қазіргі заманғы
тарих философиясының тарихи санасы қабылдап алған форма
біздің уақытымыздың зұлматтарының таза әрі қарапайым салда­

ры емес екендігін еске түсіру үшін Фукидидті ауызға алуымыз
жеткілікті болар еді. Фукидид адамның табиғатын айқындайтын
мәңгі құмарлықтарға жүгіне отырып, шайқасушыларды
әбден титықтатқан күресті, Афинаның жеңілуін, Пелопеннес

соғысын түсінді. Спартаның жеңісі алдын ала Тарих кітабы­
на жазылған жоқ, Афины империализмді моральды тұрғыда
айыптаған жоқ және, егер бұл даңқты қала өзінің қирағаны
үшін қандай да бір мағынада жауапты болса, онда бұ жауапкер­

шілік өзінің қателіктерімен өз әскерінің жеңілуін жеделдеткен
әскербасының жауапкершілігімен немесе үстемдік ету мен
даңққа жетуді көздеген, ақырында өзінің ағаттықпен шақырған
ашуына қарсы бірігумен сипатталатын қарапайым пенденің жа­

уапкершілігімен салыстырылады.
Мүмкін, контрастар бойынша Фукидидті еске алу қазіргі
күні тарихтың мәні деп аталып жүргенді талдауға ең жақсы
кіріспе болатын тәрізді. Шындығында, тарихтың мәнін Фу­

кидид христиандар мен марксшілдер беретін мағынадағыдай
түсінбейді. Пелопоннес соғысы қадағалаушылардың қалауына
қарай, қолайлы немесе қолайсыз финалға ие болады, ол өзінің
себебі немесе ақталуы болатындай мақсатқа ие болмайды. Спар­

та Афинаның империализмі қауіп төндірген грек полистерінің
еркіндігі үшін күресті. Афины өз одақтастарын сателлиттер

ретінде қарастырғандықтан, олар үшін жеккөрінішті болды.
Тарихшының пікірінше, адамдар қашанда, өз күштерін артық
пайдаланады және күшті ерікке еріп, өздерін кеңесшілер ретін­
де емес, мырзалар түрінде ұстап, достықты сақтаудың орнына

реніш тудырады. Өркениеттердің жойылуына әкелген барлық
осы қасіретті қирандылардың бастау көзі адамның жүрегі бо­
лып табылады. Мүмкін, бұл сілкіністер басқару мен үстемдік
етуге деген ұмтылыс бар жерде болмай қалмайтын сияқты. Бірақ

бұл жазмыш адамның өзгермейтін табиғатына жатқызылады.
Пелопоннес соғысы белгілі бір уақытта аяқталды және
Афинаның берілуі оның соңын білдіреді. Бірақ бұл ақырғы сәт
ізгі ниеттен туған сол баяғы мақсат емес. Мақсатқа жеткен­

нен кейін адамзат өз өзіне тең болып қалады және әлеуметтік
институттардың дамуындағы бір де бір кезең бос жіберіл­
мейді. Пелопоннес соғысы драма тәрізді: ойластырылған
шешімдердің, қате есептердің, иррационалды ұмтылыстардың,

кездейсоқтықтардың араласуы оның барысын айқындады.
Ақыры соңында, біз сансыз әрекет етушілердің әрқайсысына
бөтен болып көрінетін тағдырдың басты бағыттарын аңғарамыз,
өйткені ол – түсінікті, бірақ олардың тартысы мен күресінің ра­

ционалды нәтижесі емес.
Керісінше, егер авантюраның – мысалы, тапсыз қоғамды
құрудың мақсаты – оған осы жаңа драманың әрекет етуші
тұлғалары саналы немесе бейсаналы түрде ұмтылатын мақсат

ертінде ретроспективті түрде көрінсе, тарихтың мәні бола­
ды. Өндіріс құралдарына деген жеке меншікті қызғыштай
қорғайтын капиталистер де, қанаушылыққа қарсы шығатын
пролетарийлер де өздері жасаған туындысының қандай екенін

де білмейді. Олар Фукидидтегі әрекеттің қатысушылары сияқты

– өз құмарлықтарының ойыншықтары. «Тартыстың үстіндегі»

аянның тарихты бағыттауының қажеттілігі жоқ. Ешкімнің
ұстанбайтын, бірақ барлығының қалауына сай болатын мақсат,
егер ло алдын ала түсінілген болса, индивидтер мен топтардың
әрекеттерінен және қарсы әрекеттерінен туындайды.

Зерттеудің осы тұсында мынадай сұрақ туындайды: неге
санамен басқарылмайтын тарих айқын мақсат бола алатындай
ақырына келуі тиіс? Егер тапсыз қоғамда адам өзінің таңдауын
іске аырып, өзінің және тарихтың құпиясын ашатын болса,

онда неге индивидтер мен күресуші таптардың детерминизмі­
не сатылған, ешкімнің басқармайтын тарихы міндетті түрде
осы ақырға келуі керек? Неге авантюра жақсылықпен бітуі ке­
рек? Бұл сұраққа әдетте тарихтың философиялары әлемді иу­

дейлік-христиандық көзқарасының секеуляризациясы болып
табылады. Әрине, шынайы христиандық философия – режим­
дер мен империялардың сабақтастығына абсолюттік мағына
беруден бас тартатын философия. Христианин уақиғалардың

сабақтастығының мәнін тек трансценденттікке жүгіну арқылы
ғана табатын адам. Христианин үшін индивидтің нағыз тари­
хы – бұл мансаптар мен қызметтердің тарихы емес, рух пен
оны қалыптастырушының өзара қатынастарының тарихы.

Христианин үшін адамзаттың шынайы тарихы – империялар
мен қалалардың, демократиялар мен деспотиялардың тізбегі
емес, шынайы тарих – бұл нақты айтылған бір ғана оқиғадан,
белгілі бір уақытта, белгілі бір орында жүзеге асқан, бірақ

экономикалық немесе саяси тарихтың әртүрлі айғақтарынан
асып түсетін – Христтің келуінен туындайды. Біздің артымызда
Христтің келуі, алдымызда ақырзаман. Адамзаттың қасиетті
тарихы осындай, дінге сенушілердің көзқарасынша, тарихтың

шынайы мәні осында.
Дәлірек айтқанда, егер тарихқа деген христиандық,
яғни трансценденттік көзқарас бойынша, оқиғалардың тіз­
бегіне абсолюттік құндылық беруге тыйым салынса, онда

христиандық тұжырымдаманың қашанда ересьтік және имма­
ненттік интерпретацияға бейім екендігі айғақ күйінде қалады.
Хилиастар Христтің екінші мәрте келуіне және мыңдаған
жылдық патшалық құруына сенді. Құдайдың патшалығын

терең жан-дүниеден емес, игілік пен әділеттіліктің белгілі бір
құрылысынан іздеді. Бірнеше мәрте тарихтың христиандық
мәнінен күйбең тіршілік мәніне ауысып кетті, өйткені бұл
ғасырлардың тоғысындағы уақытта жүзеге асады деп күтті, не

болмаса, тек таза жүрек пен кешірімпаздық қана қамтамасыз
ете алатынды әлеуметтік институттардан күтті.
Алайда, христиандық ересьтердің немесе үміттердің секуля­
ризациясы тарихтың мәнінің зайырлы философиясының жалғыз

нәрлендіруші көзі деген жеткіліксіз. Кейбір қатынасынан
алғанда, тарихтың қазіргі оптимистік философиялары, әсіресе

Францияда, тарих туралы христиандық пессимистік түсінікке
қарама қарсы пайда болды. Прогреске сенді, өйткені ақыл-
ойдың, ғылымның шығармашылық күшіне сенді, өйткені
адамның ізгілігіне, адамдардың өзін өзі басқару қабілетіне,

тіптіөзін өзі жетілдіре алу қабілетіне сенді. Марксизм филосо­
фиясы сияқты философия прогресс философиясынан, мысалы,
Кондорсенің философиясынан анағұрлым алшақ. Біз оны теріс­
ке шығармаймыз. Маркстік философия дамудың сенімділігін

бәсеңдетеді, өйткені ол оны апокалипсистік апаттың арғы
жағына алып шығады. Әңгіме, мен бірнеше мәрте қолданған
апаттық оптимизм туралы болып отыр. Оның үстіне білім мен
ғылывмның нәтижесінде гуманды әрі әділетті қоғамның орна­

уын күтудің орнына, марксизм апяусыз тап күресі тарихтың
қажетті қозғаушы күші деп есептейді. Сонымен бір мезгілде
ол адамзаттың қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтайды,
әрбір кезеңді өндіргіш күштердің жағдайын айқындаумен си­

паттайды, бір кезеңнен екіншісіне өтуді әлеуметтік режимдердің
ішіндегі қайшылықтармен түсіндіреді және ақырында соңғы
қайшылықтардың жойылуын социалистік революциялардан
күтеді.

Дегенмен, тарихтың жалпы бағыты өндіргіш күштердің да­
муымен, демек, ғылыми білімдермен және оның өнеркәсіпте
қолданылуымен анықталады. Тапсыз қоғам тарихи күрестің
соңғы мақсаты, өйткені соның көмегімен адамның табиғатқа

үстемдігі күшейе түседі. Марксизм прогресс туралы ілім болып
табылмайды, себебі ол ешқашан қол жетпейтін мақсатқа деген
шексіз қозғалысты қабылдамайды. Ол – диалектикалық ілім,
өйткені тіпті тарихтың демегеннің өзінде, алдыңғы тарихтың

соңын білдіретін жағдайдағы антиномиялардың шешімін та­
буын жариялайды. Бірақ прогресс философиясындағы сияқты,
бұл диалектиканың да қозғаушы күші ақыл-ой, яғни ғылым мен
адамгершілік болып табылады.

Марксизм, әдетте солай айтылатындай, Құдай Патшалығы
немесе мыңжылдық патшалық туралы иудейлік-христиандық
ойға жүгінудің ғана көмегімен ұғыныла алмайды. Христиандық
үміттің секуляризациясы ретінде ол прогресс рационализмінің

диалектикалық жорамалын білдіреді, ол болашақтың шешімін
табуын кейбір дәл, ықтимал немесе нақты оқиғалармен

(ұжымдық меншік, пролетариаттың билігі, өндіргіш күштердің
дамуы) анықтайды.
Табиғат туралы ғылымдарға Канттың сынының қолданы­
латыны тәрізді, тарихи ойға қойылатын сын тұрғысынан

алғанда, тарихтың мәні тұжырымдамасы үшжақты пікірталас­
ты тұтатады. Гегельдік немесе маркстік сипаттағы тарихтың
мәнінің қазіргі түсіндірмесі – бұл бір мезгілдегі адам қалауының
қалыптасуының қажетті түрде аяқталуы мен іске асырылуы.

Бұл салыстырмаға күмән келтірілуі мүмкін. Адамның жүрегі
өзінің қалауы деп атайтынды детерминизмнің өзі жүзеге асы­
рады дегенге кепілдік беруге бола ма? Қалайша материалды
немесе құмарлықты бойына сіңірген қажеттілік сонымен бір

мезгілде ізгілік жасаушы жаратушы бола алады? Немесе одан
төменірек абстракциялық деңгейде: неге социализмнің немесе
пролетариаттың жеңісі алдын ала қамтамасыз етіледі?
Бұл бірінші пікірталас басқа екеуіне әкеледі: тарихи

болашақ қай мөлшерде болжана алады? Өзін жүзеге асыруда
танымал әрекет етуші бола алу үшін, ол қаншалықты мөлшерде
анықтала алады? Біздің бұл жерде тарихи себептіліктің талда­
уын одан ары дамытуға уақытымыз жоқ және мен мұны кес­

інді түрінде болса да, өзімнің «Тарих философиясына кіріспе»
және «Интеллигенцияның апиыны» деген кітаптарымда ба­
яндап шыққан сияқтымын. Мен бұл жерде негізгі тақырыпты
қайталаумен ғана шектелемін.

Каузальды болашақты өткенмен орнықтырғаннан гөрі,
болашақпен бекіту де оңай шаруа емес. Өткен шақ пен болашақ
гомогенді. Қаншалықты түсіндіруге болатын болса, болжауға
да соншалықты болады. Каузальды (себептік) қажеттілік

болжауға мүмкіндік береді. Бірақ кез келген ғылымда, оның
ішінде тарихи ғылымда, себептік байланыстар ауқымды
тұтастықтардың арасында емес, жағдайлардың жиынтығынан
үзіп алынған жекелеген айғақтардың арасында бекітіледі. Та­

рихта жекелеген айғақтардың арасында бекітілген себептік бай­
ланыстар көп жағдайда көптеген себептері бойынша күмәнді
әрі сенімсіз: өйткені айғақтар толығымен анықталмайды, тіз­
бектер ешқашанда абсолютті оқшау болмайды, сыртқы фено­

мендер оқиғалардың болжанған барысын модификациялауы,
бұрмалауы немесе бұзуы мүмкін. Қандай да бір режим револю­

ция нәтижесінде құлауы мүмкін деген ішінара тарихи болжау
да, революциялардың ретроспективті түсіндірілуі сияқты осал.
Тарихтың мәнін детерминациялық түсіндірудің жүгінетін
болжамы жалпыны қамтитын сипатта болуы тиіс. Ол жекелеген

айғақтардың арасындағы қажетті сабақтастықтарды белгілеумен
ғана шектеліп қоймайды, ол бүкіл тарихи тұтастықты қамтиды.
Әрине, тарихи дамудың кейбір үрдістерін, мысалы, әлеуметтік-
экономикалық салада – урбанизация, «тұлғасыздану», мемле­

кет­тердің экономикалық функциялартының кеңеюі, батыс
халықтарының өмірінің деңгейі артуы сиқты үрдістердің де
ұғынылатынын теріске шығаруға болмайды. Бірақ мұның
барлығын шексіздікке дейін экстраполяция жасау алаңғасарлық:

шикізаттың тапшылығы экономикалық өсімді тоқтатуы мүмкін,
бұдан арғы кезеңдегі халықтардың таралуы бүгінгі күні белгісіз
болып отырған ғылым мен техниканың жағдайынан туындауы
ықтимал. Егер қандай да бір қозғалыстың белгілі бір бағытта

жалғасуын орныққан деп есептеу дұрыс емес болса, онда
Кеңес Одағының немесе социализмнің жеңісі міндетті түрде
жүзеге асады деп жар салуға бола ма? Шындығында міндет­
ті түрде жүзеге асады деп есетелетін социализмнің бір бөлігі

Кеңес Одағынан гөрі Құрама Штаттарда емес пе: бұл өндіргіш
күштердің дамуымен және өнеркәсіпті халықтың қалаларда
шоғырлануымен сипатталатын социализмнің белгілері.
Егер болашақты бір мезгілде ауқымды әрі қажетті болжау

адамзат ақыл-ойының қабілеттерінен тыс жатса, алдыңғы
тарихтың соңын бекіту, яғни адамның таңдауының іске асы­
рылуын білдіретін қоғамды анықтаудың баламасы болады,
екі шешім де бірдей дәрежеде көңіл құлазытатындай бола­

ды. Өйткені алдыңғы тарихтың ақыры мистериясыз және
таңғажайыпсыз кәдуілгі оқиғамен сипатталатын болса және
ол адамның игеруінен мүлдем тыс жатпаса, онда мысалы,
коммунистік партияның билікті басып алуы немесе өндіріс

құралдарын ұлттандыру заттардың күнделікті барысынан
ажыратады дегенде, күнделікті нәрсені қалайша құбылтады
деген сұрақ туады. Адамның мыңдаған жылдар бойы бетпе-
бет ұшырасып келе жатқан осы іргелі мәселелерінде ештеңені

өзгертпейтін қолайлы немесе қолайсыз нәрсеге философтың
беретін шектен тыс артықшылығына таң қалмай қалуға болмай­

ды. Онсыз ажыратушылық қандай да бір түбірлі жаңалықпен
айқындалады: мысалы, адамның табиғаттан толық үстемдігі
орнайды, өндіргіш күштердің дамитындығы сонша, кіріс­
терді бөлумен байланысты таптық қайшылықтар жойылады,

игіліктердің патшалығы орнайды. Бұл жағдайда да бірігіп
өмір сүрудің мәселелерінің шешілмей, модификацияланаты­
ны, қоғамдық ресурстарды бөлу бәсекелестікті тудырып қана
қоймай, танымалдық пен биліктің топтар мен индивидтердің

күресінің мақсатына айналатынына күмәндагнуға болмайды.
Бірақ ешқандай да экономикалық немесе саяси революция
таяу болашақта игілік патшалығын орнатуға уәде бермейді,
және барлық экономикалық режимдер – капиталистік неме­

се кеңестік режимдер – біздің оған деген жақындығымызға,
олардың қаншалықты еңбек өнімділігін арттыруына байланыс­
ты болады.
Ұстанып отырған балама қандай да бір индустриялық

қоғамның қазіргі қандай түріне болса да, басымдық берудің
ешқандай негізі жоқ. Өндіріс құралдарына деген жеке немесе
ұжымдық меншіктің қолайсыздығы немесе артықшылығы ту­
ралы пікір таластыруға болады: олардың ешқайсысы да бірік­

кен еңбектің адамгершілігін немесе тиімділігін қамтьамасыз
ете алмайды. Одан ары орталық жоспарлаудың салдарларын
қызғыштай қорғасын немесе айыптасын, бәрі бір, барлық
адамдардың еркіндігі де, теңдігі де нарықтық тетіктерсіз бекіті­

ле алмайды. Социализм күтпеген және еркін байлықтарды ту­
дырмайды. Билік басындағылар, кәсіпорындардың жетекшілері
бұл жерде де, ана жақта да, бүгін де, ертең де, еңбекешілерге
ұжымдық ұйымдардың қатаң тәртібін таңатын, ұмтылысты

бағалайтын, жалқаулыққа жол бермейтін және салақтықты жа­
залайтын болады. Қазіргі индустрияның адамшылықтан тыс
болуы меншіктің мәртебесімен байланысты емес, ешқандай
құрылыс қашып құтыла алмайтын өнімділіктің талабымен бай­

ланысты болатынын марксизм туралы эссесінде кезінде Симо­
на Вейль аңғарған болатын.
Оқиғалардың ықтимал, бірақ әдеттегі немесе болашақтың
тұңғиығына сіңіп кеткенімен, алып оқиғаның баламасы Маркстің

марксизміне тән тарихи көзқарасты ХХ ғасырдың жүрісі теріс­
ке шығарғаны айдан анық. Ол тарихтың екі түсінігін бірік­

тіргісі келді: бір жағынан, тап күресі және тапсыз қоғамдағы
түбегейлі татуласу арқылы түсіндіру, екінші жағынан, өндіргіш
күштердің дамуы арқылы түсіндіру. Бірақ синтез өндіргіш
күштердің дамуы мен тап күресінің диалектикасының келіім­

ге келуін талап етті, басқаша айтқанда, социалистік революция
өндіргіш күштердің дамуынан кейін жүзеге асуы және капита­
лизм шеңберінде бұл дамудың жалғасуының мүмкін еместігінен
туындаған қақтығысты шешуі тиіс. Бірақ өндіргіш күштердің

бұл дамуы немесе, егер қаласаңыз, үздіксіз экономикалық
өсім американдық капитализм шеңберінде жалғасуда, ал со­
циалистік революция дегеніміз өндіргіш күштердің дамуына
дейін жүзеге асты. Сондықтан төңкерісті, яғни, революцияны

капитализмнің пісіп жетілуіне бағындыратын теориядан түк
те қалмайды және өндіргіш күштердің кеңестік үлгі бойынша
дамуының, Маркстің капитализмге теліген азаптары мен за­
рдаптарын әлсіретпейтіні былай тұрсын, керісінше күшейте

түсетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Тарихтың мәнін танудағы бірі сыни, екіншілері тарихи
қиындықтар осындай философияның әртүрлі тұжырымдарын
ұғынуға мүмкіндік береді. Ортодоксалды интерпретация, мы­

салы, сталиндік сипаттағы интерпретация қиындықтарды
декрет немесе догмат жолымен жояды. Кеңестік революция
басым көпшілігінде пролетарлық революция деп жарияла­
нады, демек, тарихи миссия пролетариаттан партияға өткен.

Маркстің социализм үшін қойған шарты – өндіргіш күштердің
дамуы іске асқаны немесе аспағаны маңызды емес. Социализм
міндетті түрде болады, тарихтың заңдары оның келуіне кепіл­
дік береді және бұл социализм тапсыз қоғам идеясына сәйкес

келеді. Мұндай шектеулі және қайшылықты философияның
тек пікірлердің күресіне тыйым салу жолы арқылы ғана
сақталатыны түсінікті. Философ-экзистенциалистер, олардың
ойы негізінен индивидуалистік сипатта болатынына және

тұтастықтың кез келген мүмкіндігін теріске шығаратынына
қарамастан, олар да тарихтың мәнін іздеді. Олардың кітапта­
рын оқығанда, басты элементтерін біз жаңа ғана қарастырған
мәселелерді қайта табуға болады. Мерло-Понти өзінің «Гума­

низм және террорын» жазғанда, ол шектеулі немесе аяқталмаған
жағдайы адамзаттың таңдауына сәйкес келе алатынын, бірақ

оның міндетті емес екендігін мойындаған болатын. Бірақ, оның пікірінше, тек пролетариат қана жалғыз шынайы интерсубъек­ тивтілік ретінде тапсыз қоғамды құра алады. Кеңес режиміне телінетін адамзаттың қатар өмір сүру мәселелерін түбегейлі шешуге бағытталған террордың артықшылығы осыдан туын­ дайды. Мүмкін, кеңестік режим сана үшін қолайлы осындай гомогенді қоғам құру жолына әлі түсе қоймаған болар, бірақ, ең болмағанды құруға ұмтылысымен және осынысымен озбырлығы азырақ болғанымен, азғындығы басым капита­ листік қоғамдарға берілуі мүмкін емес индульгенциядан үміті бар шығар. Пікір айтудың осы тәсілі тарихтың мәні философиясының бір жартысын сақтаумен (соңғы қоғамдық құрылыс, тапсыз қоғам тұжырымдамалары, осы қоғамды құруда пролетариатқа ерекше рөл беру, өндіріс құралдарына қоғамдық меншікті та­ пыз қоғаммен байланыстыру), бірақ екінші жартысынан бас тартумен (бұл соңғы қоғамның фатальдық сипаты жоқ, оның келуін мін,детті түрде жүзеге асыратындай тарихи заңдар жоқ) сипатталады. Өзінің «Диалектиканың бастан кешкендерінде» Мерло-Понти сегіз жылдан кейін салауатты ойға келу үшін тағы бір артық кезеңді игерді. Кеңестік революцияның басқа елдердің әлеуметтік инс­ титуттарымен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, ол басқалардың арасындағы кәдімгі революция, оның экономикалық құрылысы – басқаларының арасындағы кәдуілгісі. Жалпы теория мұндай ұйымның басқа ұйымдардың арасындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Философ еместер күмән келтіре қоймаған пікірлердің шынайылығына сену үшін және жақтастарын секндіру үшін көрнекті философқа он жыл­ дай толғануға тура келді. Бірақ кеңестік бастама басқа тарихи бастамалармен бірдей қарастырылуы керек дегенде Мерло-Понтимен Жан Поль Сартр келіспейді. Оған құлақ түрсек: Оны қаласын немесе қаламасын, бірақ социалистік құрылыс ерекше мәнге ие және оны түсіну үшін оның қозғалысына кіру керек және мақсатын қабылдауы керек; бір сөзбен айтқанда, оның не мақсатын ескеріп қана, оның не істеп жатқаны туралы пікір айтуға болады, барлық басқа бастамаларды олардың нені теріске шығаратынына неме­

се қолдайтынына қарап, бағалайтын болса, оның қалауына қарап,
оның мақсатына қарап, құралдарын айыптауға болады». Одан
ары қарай: Қателіктеріне, тұрпайылығына және қылмыстарына
қарамастан, социалистік лагерьдің күмәнсіз артықшылықтарын

мойындау керек және бұл артықшылықтарды қауіпке ұрындырған
саясатты одан да қатаң айыптау керек». Сталин дәуіріндегі Ресей
туралы зерттеудің басқа бір бөлігінде мынадай сөздерді оқуға
болады: «Өзін өзі масқаралаған қанды алпауытты социализм деп

атауға бола ма? Мен ашық жауап беремін: иә».
Ойлаудың осы тамаша тәсілін түсінуге тырысайық. Енді әрі
қажет әрі адамзат табиғатының іске асырылуын білдіретін соңғы
жағдай жоқ. Енді революцияның барлық үзінділерін құбылту бол­

майды, тек қанды алпауыт көрінеді және орыстардың Венгрияға
жасаған интервенциясы айыпталынады. Бірақ оны шабыттан­
дыратын ниеттің арқасындағы социализмнің артықшылығы
қалады. Капитализмді оның қателіктері мен кемшіліктеріне

қарап айыптайды, ал социализм туралы оның одан арғы ни­
еттеріне қарай бағалайды. Бұл қарама қарсы қоюшылықтың
абсурдтылығы соншалық, оны тек философия ғана түсіндіріп
бере алар. Философиялық алғышарт өндіріс құралдарына деген

ұжымдық меншіктің гумандық қоғамға апаратын жалғыз жол
екендігімен сипатталады. Тарихтың мәні ұғымы ыдырап, жік­
теліп кетті: оның үзіндісі ғана қалады. Әділетті қоғамның келуі­
нен меншікке қатынасты салдарды, адамдардың бір тобының

ғана туындысын көру жалғасып келеді. Осыдан бір ғана тапқа
немесе бір ғана партияға, экономиканы ұйымдастырудың бір
ғана техникасына артықшылық беру керек болады. Уақытында
қандай да бір оқиға бұл техниканың жарамсыздығын неме­

се осы партияның сұрқиялылығын аңғарған кезде, екіжақты,
қарама қарсы түсініктердің акражігін ажыратпай-ақ, наразылық
танытады: сталинизмнің зұлматын түсіндіру үшін өнеркәсіптік
жинақтаудың қажеттіліктеріне сілтеме жасайды. Постсталин­

дік үрейді түсіндіру үшін өнеркәсіптік құрылыс оны анахронды
қылатын сталиндік практикаға адал болып қалған адамдарды
айыптайды. Турасын айтайық: дәл осы сәтте тарихтың мәні фи­
лософиясы нәзік әрі сенімсіз болып қалады. Тек өте епті фило­

софтар ғана қатаңдығын олар теріске шығармайтын бастама­
ларды ерекше артықшылық деп есептей алады.

Нағыз діндарлар осы соңғы жылдары аңғарымпаздығын
жоғалтты. Христиандар немесе рационалистер бола отырып,
олар осы соқыр қажеттілік пен провиденциалды оптимизмнің
қосындысына, бірде объективті күштерге сенімді, бірде осы

шығармашыл тарихтың шынайылығына сенімді болды. Біре­
улер христиандық үміттердің жаңғырығына бейсаналы түрде
құлақ түріп, христиандық ересьтің жаңғыртылуын байқамады.
Енді басқалары өздерін жанама түрде рационалистер және

ғалымдармыз деп есептеп, бұл жалған ғылыми доктринаның,
оның осы уақытқа дейін бірде бір ғылымның бермеген нәрсесін
бергені себепті (бүкіл болашақты білу, табиғаттың заңдары,
ақырында сананың ізденістеріне сәйкес келетін болады деген

сенімділік) олардың ұмтылыстарын қанаттандырғанын түсіне
алмады.
Бұл талдау таза жағымсыз болып көрінуі мүмкін. Қорытын­
дылай келе, осы сындағы кейбір жағымды түйіндерді

ұсынғым келеді. Біздің ғасырымыздағы әскери зұлматтарға
қатысты біздің жағдайымызды Пелопоннес соғысына қатысты
Фукидидтің жағдайымен салыстыруға болады. Антикалық за­
ман тарихшысы сияқты, біз де тарихи тұтастықты адамның

мәңгі құмарлықтары арқылы түсіне аламыз. Бұл жағдайда
оқиғалар соғыстарды басқарушыларға қандай сабақ ұсынатын,
оларды сақтыққа үйрететін, бірақ бұл сабақтардың тиіділігі­
не үміт артпайтын мағынадағы ғана мәнде болады: адамдар

қашанда үстемдік ету ауруына ұшыраған, олар даналықтың ор­
нына биліктің тәуекелі мен даңқын алға қояды. Христианинде­
гі жағдай басқаша, ол жердегі өмірдің міндеткерліктерінен бас
тартпайды, бірақ ұжымдық және индивидуалды өмірдің мәнін

одан тыс жақтан көреді. Адам мен адамзаттың қасиетті тағдыры
мен тіршілік тарихының буырқанған үзінділері арасындағы
байланыс қандай? Қаншалықты мөлшерде үзінділер жай
кездейсоқтықтар болып табыладлы және олар аян ашылуының

жолы болып табылмай ма? Тарихтың кез келген христиандық
философиясы осы екі сұраққа жауап береді. Ақырында, осы
мектепке жататын Тойнбидің өзі жалпыға ортақ шіркеудің
түзілуінен кез келген өркениеттің аяқталуы мен мақсатын

көреді. Адамзаттың қазіргі бірегейленуі тұңғыш рет шынайы
жалпы шіркеуді тудырады.

Үшінші мектеп – бұл біздің бүгінгі зерттеген мектебіміз.
Ол детерминизм мен провиденциализмнің синтезін білдіреді.
Фукидид Пелопоннес соғысын полистердің қирауының себебі
ретінде ғана емес, полистер өзара татуласқан әлемдік империя

құрудың құралы ретінде де қарастырды деп ұйғарайық: онда
біз аяусыз тап күресінің ақырында адамдардың бітімге келуін
болжайтын философияның баламасына ие боламыз.
Біз мұндай бір мезетте детерминациялық және провиденц­

иалдық интерпретацияның өздерінің екі қырының да, оның
үстіне олардың жалғанр синтезі салдарынан да қолданыла
алмайтынын көрсетуге тырыстық. Бірақ Канттың тілімен
айтқанда, ол ақыл-ой ұғымын реттеуші қолданыс болып табы­

лады. Әңгіме детерминизм туралы немесе тарихтың мақсаты
туралы болсын бәрі бір, екі ұғым да тарихи зердені сынаумен
теріске шығарылмайды. Шындығында, әрбір дәуірде оларға
бейімделуге тура келетін күштер бар, бағыт-бағдар берілуі тиіс

қозғалыстар бар, өйткені оларды тоқтатуға тырысудың мәні
жоқ. Әрине, мұндай пікірлердің қауіпті екендігі рас, өйткені
олар көбіне жеңілуге даяр көңіл-күйдің қорқақтығы немесе
ақталуының дәлелі қызметін атқарады. Дәлел жақсы негіз­

делгенде философ емес, тарихшы сөйлеуі керек. Кейбір шекте­
улі салаларда оның толығымен қолданылатынына қарамастан,
бүкіл тарихқа қатысты дәлелді пайдалану барысында жіберіл­
ген түбегейлі қателікті философ аңғара алады және аңғаруы

тиіс.
Адамзаттың ұзақ, азапты әрі қанды жолының болғандығының
дәлелі ретінде ретроспективті ұсынылатын тәртіпті әрі
әділ қоғам туралы түсінікті, зерделі ұғымды қалыптастыру

қаншалықты заңды болса, барлық ұмтылыстар бірден қанағат
табатындай әлеуметтік жағдай туралы ұғым қалыптастыру
соншалықты қате.
Бұл данышпандар қанағат табатындай, адамдар зердеге

сәйкес өмір сүретіндей қоғам болуы керек сияқты. Шынын­
да да, үміттену керек, өйткені адам, ең болмағанда, батыстық
адам оны Құдайға немесе ғарышқа тели отырып, әділетсіздікті
мәңгі етумен ешқашан келіспейді. Бірақ Зерденің бұл идеясын

бір партияның әрекетімен, меншіктің мәртебесімен, эконо­
миканы ұйымдастырудың техникасымен шатастыру – қияли

сандырақққа берілуді білдіреді. Тарихтың мәнге ие болуын
қалау адамды өзінің жеке табиғатынан үстем болуға шақыруды
және жалпы өмірдің тәртібін зерделі қылуды білдіреді. Соңғы
мағына мен құтқарылудың жолын алдын ала білуге ұмтылу

білім мен әрекеттің қайтарымсыз прогресін тарихи мифология­
лармен алмастыруды білдіреді.
Егер ізденуден бас тартса және егер өзінің соңғы сөзін айт­
тым деп қиялдаса, адам өзінің адамшылығынан айрылады.

Арон Р. Измерения исторического сознания //
Избранное: Измерения исторического сознания.

– Москва. РОССПЭН, 2004. – С. 8-30.

Бенедетто КРОЧЕ

ТАРИХ ТЕОРИЯСЫ

І тарау
Тарих, хроника және жалған тарихтар
Әдетте осы заманғы тарих деп жақын арада өткен уақыттың
яки, соңғы елу, он немесе бір жылдың, бір айдың, бір күннің,

мүмкін, тіпті өтіп кеткен бір сағаттың немесе бір минуттың
қалдырған ізін айтады. Алайда, дәлірек айтсақ, осы заманғыға
дәл қазіргі сәтте аяқталған оқиғаны және оның осы іс-әрекетті
жете ұғыну мен шектесуін жатқызуға болады. Мәселен, осы

беттерді жазып отырған менің тарихым – іс туралы ойдың
жазылған дүниелермен біріктірілуі. Бұл жағдайда оның осы
заманғы болатын себебі – тарих кез-келген рухани акт секілді
уақыттан тыс, бірақ солай бола тұрса да тарих уақытпен байла­

нысты іс-әрекетті қалыптастырады және олардың арасындағы
байланыс хронологиялық емес, идеалды. Осы заманғыға жат­
пайтын тарих, өткен тарих қалыптасып болған, тарихтың өзіне
сын ретінде туындайтын нәрсе жайында айтатын болса керек,

оның қай кезеңде – ертеде немесе бір сағат бұрын болғаны
маңызды емес.
Солай дегенмен де қалыптасып болған тарихтың өзі егер
оған тым алыстан көз жібермесе және онда бос кеңістіктегі

ауаның толқыны ғана емес, мағына болса, осы заманғы бо­
лып табылады. Тарихтың осы заманғы болуының шарты

– оның тарихшы жадында жаңғыруы, егер кәсіптік техниканы

пайдалансақ, тарихи құжаттардың түсінікті болғаны қажет.
Дерек әңгімелер түрінде кездессе, бұл деректің барынша бай
әрі ұтымды екенін көрсетеді. Әңгімелер – құжаттардың негізі,
оларды жаңаша түсіндіруге және кесіп-пішіп, талдауға болады.

Тарихты әңгімелерден құрастырмайды, құжаттардың негізінде
жазады (соңғыларын қарабайырландырылған әңгімелер десе де
болады). Осы заманғы тарих тікелей өмірден туындайды, сон­
дай-ақ осы заманғы емес, яғни өткен тарих туралы да осылай

айтуға болады. Өйткені, тек бүгінгі күнгі қызуғушылықтың
өткен заманғы деректерді іздестірудің қозғаушы күші екені

анық. Бұрынғыға жататын деректің табылуы және оның бүгінгі
күнгі қызығушылықпен біріктірілуі өткеннің емес бүгінгінің
шындығына айналады. Тарих – бұл magіstra vіtae, яғни өмірдің
тәрбиешісі деген эмпирикалық және жаттанды болған бір фор­

муланы әр тарихшының өз қалауына қарай бұрмалап қайталауы
тегін емес.
Мен «кез-келген шынайы тарих әрқашан жаңа» де­
ген ұғымның керағар қырын бөліп қарастыру үшін тарихи

техниканың формулаларын есіме түсірдім. Оның әділетті екені­
не көзге көрінер жетістіктерге бай тарихнамалық шындық куә,
тек ол үшін барлық тарихи кітаптарды бір жерге үйіп және осы
тарихтарды жазушы және оқушының дерексіз тұлғасына сіл­

теме жасап қателікке ұрынбасақ болғаны. Пелопонесс соғысы,
мексикандық өнер немесе араб философиясы туралы әңгімелеу
неге керек? Дәл қазіргі сәтте мен үшін бұлар тарих емес, жәй
ғана кітаптардың атауы. Олар өздерін рухани қажеттіліктеріне

сай ойластыруды қолға алған адамдар үшін ғана тарихқа ай­
налады. Шынайы ойластырылған тарихқа назар аудара оты­
рып, оның ұқсастығын оңай түсінеміз. Менің тарихи сәтімнің
мәдени кезеңі (мені индивид ретінде деп айту дәл емес) грек

өркениетінің, Платон философиясының, аттикалық әдет-
ғұрыптардың мәселелерін белгілі дәрежеде ашуға көмектеседі.
Мен қолға алған істің, мен аялаған махаббаттың, маған төнген
қауіптің тарихы бәрі бірдей мені мазалайды, осы мәселелерді

шешкенімше сорлы санам мені азаптай түседі. Эллиндер мені
қас дұшпанымдай, сүйікті әйелдей, аяулы ұлдай еліктіреді және
азаптайды.
Жаңашылдық – тарихтың белгілі бір сыныбының сипат­

тамасы емес (эмпирикалық жіктеудегі секілді), тарихтың
ішкі құрамдас бөлігі. Тарихтың өмірмен байланысын бір­
ліктер қарым-қатынасы ретінде түсіну қажет, яғни дерек­
сіз тепе-теңдік ретінде емес, терминдері әртүрлі, тұтаспаған

және бірыңғай жинақталған бірлік деп ұғынған жөн. Нақты
құжаттары жоқ тарих туралы айту тіршілікте болмаған әлдебір
зат туралы айтқанмен бірдей. Құжаттармен байланысы жоқ та­
рих – сенімсіз, тарих шындығы сенімге бағытталатындықтан

тарихи әңгіменің құжаттың сыни түсінігі ретінде ғана мәні бар
(ішкі сезім және рефлексия, сана және өзіндік сана т.с.с). Ешкім

көрмеген, ешкім ләззат алмаған кескіндеме өнері жайлы қалай
айтуға болады? Әдеби-көркем тәжірибесі жоқ әңгімешінің
түсінігі қандай болуы мүмкін? Философиялық шығармаларсыз,
тым құрыса олардың үзінділерінсіз философия тарихының бо­

луы мүмкін бе? Христиандық көнбістік пен рыцарьлық ар-на­
мыс жайлы жанның мұндай күйлерінен бейхабар, жаны ашу
сезімінен мақұрым адамға қалай айтуға болады?
Басқа қырынан алғанда, өмір мен тарихи ойлаудың ажыра­

майтынын түсінген сәтте тарихтың анықтығы, кесімділігі мен
пайдасы төңірегіндегі күдіктер бірден сейіледі. Біздің рухымыз
өмір сүріп отырған бүгінгі күннің белгісіз болуы мүмкін бе?
Ең өткір өмірлік мәселелерді шешуші сананың пайдасыз болуы

мүмкін бе?
Құжат пен әңгіменің, өмір мен тарихтың арасындағы бай­
ланыс үзілетін жағдай кездесе ме? Мұны мақұлдайтын жа­
уап құжаттары жоғалған немесе тіпті құжаттары рухта өмір

сүрмейтін тарихтарға қатысты айтыла ма? Ежелгі грек кес­
кіндеме өнерінің тарихы негізінен құжатсыз тарих, ол тура­
лы біз өмірі беймәлімдеу адамдардан білеміз. Әдеби және
философиялық мәтіндер не белгісіз, не ондайлар кездескеннің

өзінде олардың ішкі жан-дүниесі туралы түсінік бермейді,
өйткені қосымша мәліметтер жоқ, біздің темпераментіміз бен
ұмытшақтығымызға сай емес.
Егер осы байланыстырып тұрған жіп үзілсе, қалған дүние

тарих болудан қалады (өйткені тарихтың өзі осы байланыс емес
пе), бірақ кейде мәйітті адам деп атайтынымыз сияқты (адамның
мәйіті ешкім немесе ешнәрсе емес), біз оны әлі де тарих деп
атауды жалғастыра береміз. Біз байланыстың мызғымастығы

туралы айтамыз, өйткені ол жоқ кезде де әлдене сезіледі, ал
құжатсыз тарих дегеніміз не?
Осы заманғы білімдар-тарихшылар жеткізген немесе қайта
қалпына келтірген әңгімелердегі ежелгі сурет өнерінің тарихы

Аполлодор, Полигнот, Зеуси, Аппелес есімдерімен байланыс­
ты және олардың өмірбаяндары туралы күлдіргі әңгімелерге
толы топтама ретінде жинақталған. Құрамында біршама де­
тальдар, есімдер, күлдіргі әңгімелері бар сюжеттердің бір тобы

(Троядағы өрт, Марафон маңындағы шайқас, Ахиллес туралы
әңгіме т.с.с) хронологиялық жағынан реттеліп, жүйеленген.
Алайда, туындыларын көз көрмегендіктен суретшілердің есімі
оларды суреттеу мен хронология секілді бос әңгіме болмақ.

Егер шынайы өсудің көрінісі болмаса, онда ойды айқындайтын
бөлшектерінің де болмағаны. Ауызша тұжырымдар айғақтайтын
аз дүние үшін біз антиктік кескіндеме өнерінің үзінділеріне,
олардың көшірмелеріне немесе айталық, олардың поэтикалық

ұқсастарына міндеттіміз. Қалғанының бәрі бос сөз. Егер қажет
болса, белгілі мазмұнның вакуумы туралы айтуға болады.
Афиналық суретшінің есімін, қандайда бір шайқастың атауын,
әйелдің атын айта отырып, біз айталық, антиктік атауларға

толы көп деректер туралы ойлай аламыз, бірақ мазмұнының
айқындалмауы олардың маңызсыздығын көрсетеді.
Жанды құжаттары жоқ тарихтың бәрі де осындай күйде.
Олар ақиқаттан ажыраған, сондықтан мағынасыз, бос. Суретші

Полигноттың өмір сүргені, оның Песилдегі Мильциаданың су­
ретін салғаны шын ба? Оның туындыларын көрген және білетін
әлдекім оның өмір сүргенін растайды. Алайда, анығына келсек,
бұл куәгерлер үшін ғана шындық болып табылады. Біз үшін

бұл ақиқат та емес, жалған да емес, ал ақиқат болған күннің
өзінде, тек сыртқы ерекшелігінің себептері негізінде ғана рас­
талады, ал шындықты анықтау үшін ішкі себептер де қажет.
Сондай-ақ бұл жағдай ақиқат емес, әрі пайдасыз, өйткені еш

нәрсе жоқ жерде патша өз құқықтарынан айрылады; мәселенің
элементтері жоқ жерде мүмкіндікпен қатар қозғалыстағы ерік
пен мәселені шешу қажеттілігі жоғалады. Мағынасыз салысты­
рулармен айналысу біздің өмірлік өзекті мәселелеріміздің ая­

сында аса пайдасыз нәрсе. Өмір әрқашанда – бүгінгі күн, ал жай
тарихи әңгіме – келмеске кеткен, дәл осы сәттің айқындылығын
жоғалтқан өткен күн. Бос сөздер, дыбыстар, графикалық бел­
гілер қалады және олар ойлау әрекеті үшін емес ерік іс әрекеті

үшін қолдауға ие болып отыр, дәл осы ерік бос және жартылай
бос сөздерді өз мақсаттары үшін ғана сақтауда. Таза баяндаушы
әрекет ерік күші тудырған сөздер мен тұжырымдамалардың
жиынтығы болып табылады.

Бұл анықтама тарих пен хроника арасындағы біз іздеп
отырған шынайы айырмашылықты белгілеуге әкелді. Біз оны

бекер іздеп отырғамыз жоқ, әдетте ол әркім өзінше түсінетін деректер арасындағы айырмашылыққа қатысты ғана көрінетін. Жеке және дербес деректер хрониканың еншісіне бөлініп, тарихқа халықтық және көпке ортақ деректер қалдырылатын, ортақ деректердің жеке, ал қоғамдық деректердің дербес болуы мүмкін еместей көрінді. Тарихқа аса маңызды оқиғалар туралы есте қалған деректер, ал хроникаға болмашы мәліметтер тіркелді. Олардың маңыздылығы біздің қазіргі жағдайымызға байланыс­ ты емес пе? Маса талаған адам үшін Серстің энциклопедиясы­ нан гөрі, осы шіркейдің дамуы туралы мәліметтер маңыздырақ емес пе? Әрине, қате межелеулердің де мәні бар, өйткені жалпыға ортақ және ұлы нәрселердің қызықтыруы заңды, ал ұсақ және жеке мәселелер онша қызықтырмайды. Сондай-ақ әділет сезімі тарихи оқиғалардың темірдей логикалық байла­ нысы мен хрониканың көзге ұратын жүйесіздігін көрсетеді. Тарих оқиғалардың тереңіне бойлап, ал хроника оның үстіңгі қабатында қалып қоятындай болып та көрінеді. Алайда, бұл жердегі ерекшеліктің әртүрлілігі ойластырылғаннан гөрі бей­ нелі болып келеді десек болар. Хроника мен тарих – тарихтың ажырамас екі формасы (түрі) дегеніміз шындыққа жанасады. Əрине, олар түрлі рухани форма ретінде бір-біріне бағыныңқы. Тарих – жанды тарих, хроника – өлі тарих. Осы заманғы та­ рих бар, өткен тарих ретіндегі хроника бар, ойлау әрекеті мен ерік әрекеті бар. Кез-келген тарихты ойластыруды доғарса не­ месе дерексіз талқылауларда еске алса, ол хроникаға айнала­ ды. Ойланбай жазылған немесе әншейін ғана оқылған филосо­ фия тарихы да хроникаға айналады. Алайда Монтекассиодағы монахтың қолынан шыққан хроника түріндегі жазбалар тарих болып қалады. «1001. Beatus Domіnіcus mіgravіt ad Chrіstum. 1002. Hoc anno venerunt Saracenі super Саpuam. 1004. Terremotus іngens hunc montem exagіtavіt» т.б. Осы деректерді жəй санамалап шыққанның өзінде бауыры Домениктің өліміне қайғырған монахтың жан күйзелісі сезіледі, сарациндер шапқыншылығы, бақытсыздықтар, адами қайғықасіреттер, Құдай ашуының белгісіндей көрінген жер сілкінісі ту­ ралы мәліметтер кездеседі. Бәлкім, бұл кассиндік монах үшін та­ рих дегеніміз мазмұны, тайыз, суық деректер тізімі, яғни, хроника болған шығар. Бәлкім оны Монтекассиодан өзінің көзі тайғанда осы жазбалардың жоғалып кетпеуі ғана мазалаған болар.

Хроника мен тарих арасындағы нағыз айырмашылық ойлап
табылған жалған айырмашылықтардың пайдасыз шоғырымен
ғана емес, сонымен қатар хроника қашанда бірінші деген
теріс түсініктен, яғни Марио Витторино айтқандай: «Әуелі

– Хроника, сосын – Тарих» («Prіmo Annales fuere, post Hіstorіal

factaesant») деген пікірден де ресми түрде (яғни түпкілікті шы­
найы) құтқарады. Операцияның даму жолын, ерекшелігін зерт­
теу керісінше ретті көрсетеді: әуелі – Тарих, содан соң ғана

– Хроника. Әуелі – тірі тән, сосын мәйіт. Хроникадан тарих

жасау дегеніміз мәйіт қалдықтарынан тірі жанды жасаумен бір­
дей. Сол секілді Хроника да – тарихтың қаңқасы.
Жанды құжаттардан ажырап хроникаға айналған тарих өзінің
рухани ерекшелігін жоғалтады, одан тек таңбалар мен дыбыстар

жиынтығы ғана қалады. Сондай-ақ өмірден алыстаған құжат та
тек таңбалардың жиынтығы болып қалады. Заңның мағынасын
жеткізуші әріптер мен дыбыстар діни сезімнен хабар беретін
Құдайдың мәрмәр мүсінінің сызықтары немесе адам әлде жа­

нуар болғанын еске салатын сүйектердің үйіндісі дәл осындай
мысалға жатады.
Мағынасыз әңгімелер мен өлі құжаттар бола ма?
Белгілі бір дәрежеде рухтан тыс дүниенің бәрі сыртқы бел­

гі болып қалады. Бірақ біз хрониканың баяндалатын әрекет
ретінде рух оны тудырып және ерік күші ұстап тұрғанға дейін
өмір сүретінін білеміз (мұндай әрекет әдетте саналы түрде тану
мен ойлау әрекеттерімен қатар жүреді). Дыбыс бойында ойдың

айқындығы мен дәлдігі болса да, ерік әрекеті дыбысты ойдан
бөліп әкетеді. Басқа жағынан қарағанда, жансыз құжаттар жаңа
өмірдің манифестациясы ретінде тіршілік етеді, тура жансыз
дененің өмір барысының ақырын көрсеткеніндей, өлі дененің

ыдырауы да оның ерекше түрі ғой. Бірақ бос дыбыстардың
тарих туралы ойды жасырғаны секілді оларды сол ойдың көзі
ретінде әңгіме деп атау жалғаса береді, сол сияқты өткен өмір
іздері жаңа өмір үшін мәнін жоғалтпайды.

Енді біз тарихи бастаулар мен құжаттардың, дәстүр
қалдықтарының әдіснамалық жіктелуін бағалай аламыз.
Эмпирикалық қырынан алғанда мұндай бөлшектеу ақылға

сыйымсыз. Өйткені бұл алыпсатарлық ойды эмпиризмге орын­
сыз енгізудің кәдуілгі мысалы болып табылады. Бөлінбейтінді
бөлуге ұмтылу, тіптен ақылға сыймайды. Осылайша бос ба­
яндау құжат атын жамылған кез-келген нәрсеге теңестіріледі.

Басқа қырынан қарасақ, бір аяғы жағада, екіншісі өзенде
қалғандай әсер ететін жағдайға тірелеміз, яғни тарихты екі
түрлі мәліметтер негізінде құрастыруға ұмтылу одан да көп
қиындықтар туғызады. Мұндай қарама-қарсы инстанциялардың

бірі екіншісіне үнемі сілтеме жасап отырады. Ал енді қарама-
қарсылықтың қолайсыздығынан құтылмақ болған кезде екі
түрлі дерек көзінің арасындағы байланысты анықтауға тура
келеді. Мұндай жағдайда бұл байланыс біреуінің үстемдігінің

артуына әкеледі де жоғарғысы төменгіні жоққа шығарады. Не­
месе осы екі түрдің өзгешеліктерін сақтай отырып, бастарын
біріктіретін үшінші термин жорамалданады. Бұл – олардың
өз дерексіздігінде өмір сүрмейтіндігін жария етудің бір тәсілі.

Маған құжаттарды бөлуде эмпирик-әдіснамашылар бірыңғай
пікір ұстанбайтындай көрінеді. Кейде тарихи деректер: тарихи
жазбалар және тұлғалық деректер болып топтастырылады. Мы­
салы, Германияда Дройзен «Тарих элементтерінде» солай жаса­

ды. Бай философиялық дәстүрлер бар жерде эмпиризм педантты
жүйелі түрлердің араласуымен дүбәра формалар жасады. Алай­
да, педантизм кейбір философиялық қондырмалардың және
олардың сірескен қарама-қарсылықтарының орынсыздығынан

туындайды. Эмпирикалық түстен ояну үшін заттарды емес, ру­
хани әрекеттерді көре білу керек. Сонда терминдер дуализмінің
орнын тиімді байланыс пен бірлік түсінігі басады. Деректерді
баяндаулар мен құжаттарға бөлу, құжаттардың әңгіме түріндегі

деректерден басымдығы, соңғылардың саптан шықпайтынын
мойындау – мұның бәрі өмір мен ойлауды имманетті суреттей­
тін қандай да бір аллегориялық мифологияға айналады.
Құжат пен сын, өмір мен ойлау – тарихтың нағыз

қайнар көздері, яғни тарихи жинақтаудың екі бөлшегі. Бұл
дереккөздердің тарихқа қатысы құмыра ұстаушылардың су
бұрқағының алдында тұрғанын елестетпейді, құжаттар олар­
ды айқындайтын тарих пен жинақтаудың ішінде орналаспақ.

Тарихтың арғы бетінде хроника болмайтыны сияқты, тарихтан
тыс деректер де болмайды. Деректер мен хроника тарихтың ал­

дында жүрмейді, оның ізінен ереді. Егер өзіне қатысы жағынан
екінші орында тұрған әлденеден тарихтың туындауын күтсек,
онда тарих қандай болмақ? Заттан ой емес, тек зат туындайды.
Заттардан туындайтын тарих тек зат болар еді, яғни мен қазір

ғана айтқан тіршіліксіз бір нәрсе болмақ.
Хроника мен құжаттардың қарым-қатынасында олар
тарихтың алдында жүреді деген жалған түсінік қалыптасады
және оның өзіндік мәні бар. Адамзат рухы тарихтың өткінші

қалдықтарын, мағынасыз хроникаларды сақтайды, өткен
өмір белгілерін, құжаттарды жинап оларды қалпына келтір­
мекке ұмтылады. Ерік мағынасыз және жансыз дүниелерді
қандай мақсатпен сақтауға тырасады? Бәлкім бос қиял не­

месе ақымақтық Құдайдың пәрменіне қарамай, осындай
қалдықтарды жинауға итермелейтін болар? Алайда молалар мен
сағаналарды бос қиял жемісі дегеннен гөрі, адам аяқтаған істің
өлмейтіндігін көрсететін, біздің өткен мен болашақ туралы жа­

дымызды бейнелейтін адамдық әрекет деуге келеді. Мағынасыз
тарихтар мен жансыз құжаттарды былайша таңбалау өмірдің
өзі үшін жасалған өмірлік әрекет. Уақыты келгенде олар өткен
күннің тарихы мен басқаша көрінетін бүгінгіні рухымызда

жаңғыртады.
Неге өлі тарих қайта жаңғырады, ал өткен күн бүгінгіні даму
қисыны логикасы талап еткендей түрге өзгертеді? Рим және
грек қабырлары еуропалық қайта жаңғыру рухы оларға назар

аудармайынша ешкімді қызықтырған жоқ. Еуропалық рухтың
жаңа кезеңіндегі романтизм мен қайта қалпына келтірушілердің
өкілдерінің оларға көңілі ауғанға дейін рақымсыз тағы
өркениеттер қалғумен болды. Біз үшін бүгінде тарихтың көп

бөлігі – хроника, көптеген құжаттар үнсіз, бірақ өмірлік маңызы
бар күштер әсерінен күндердің күнінде сөйлейтіні анық.
Мұндай жанданулардың ішкі себептері де жоқ емес, өйткені
бірдей екі құжат жоқ қой. Ішкі логика ғана селқос және байла­

ныссыз қалатын құжаттар мен әңгімелеуді өзара біріктіреді. Егер
рухтың өзі -тарих, өзінің кез-келген сәтінде ол – нәтиже және
бұрынғы өткен тарих бола алады деген қағиданы ұстанбасақ,
тарихи ойдың әрекет етуі барысында ешнәрсені түсіну мүмкін

емес. Осылайша рух өз-өзімен сәйкес келе отырып, өз бойын­
да күллі тарихты біріктіреді. Тарихтың бір қырын ұмытып,

екіншісін еске түсіру – бұл өзін-өзі анықтау мен дербестену
процесінде алдыңғы дербестенулер барынша бай түрлер жа­
сау үшін өзінің жеке бейнесін жоғалтады да, рух өміріне жаңа
ырғақ беріледі. Былайша айтсақ, рух өз тарихын сыртқы заттар­

сыз, яғни құжаттарсыз-ақ өткізе алар еді. Алайда соңғылары –
ол құрастырған құралдар, оның ішкі жұмысының нәтижесінде
аяқталатын және шешілетін дайындық әрекеттері. Дәл осы
мақсатпен рух өткен күн жайлы естеліктерді ыждаһатпен

сақтайды.
Қойын дәптерге күн мен жеке өміріміздегі оқиғаларды үнсіз
түртіп жүрген, қорапқа таспалар мен кептірілген гүлдерді жи­
нап жүрген (жанға жайлы естеліктерді сақтау да құжаттарды

жинақтаумен тең) әрқайсымыз-ақ куәлік пен әңгімелер
жинақтаушы филологтар мен білімдарлардың, құжаттар мен тари­
хи ескерткіштер жинақтаушы мұрағатшылар мен археологтардың
кең баспалдағынан өз орнымызды аламыз. Ал тымырайған, үнсіз

ақ сағаналар болса кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар деп ата­
лады. Аса қажетті, сондықтан да пайдалы әрі маңызды міндетті
атқарып жүрген білімдар жандарды, мұрағатшыларды және ар­
хеологтарды жақсы көрмеуге бола ма? Десек те олардың істерін

күлкіге айналдыру, оларға аяушылықпен қарау сияқты жағымсыз
қылықтарға баяғыдан-ақ бой үйреніп кетті. Әрине көбіне мазақ
пен күлкіге олардың тарихты кілттеп жауып қоюға болады, ал
қажет бола қалған жағдайда, яғни адам шөлдеген кезде құлыпты

ашып, бұлаққа бас қоя алады деген қарабайыр түсініктері себеп
болып жатады. Бірақ тарих біздің өз ішімізде жатыр, оның баста­
уы – жүрегімізде. Нақты нәрсені шындыққа айналдырушы көрік
басқа жерде емес, біздің көкірегімізде жатыр, ал филология мен

философия күш біріктіре отырып, тарихты жасайды.
ІІ тарау
«Әмбебап тарихқа» қарсылық және жалған тарихтар
Даралықты мадақтау

Диссертациялар мен академиялық баяндамаларда менің
әмбебап тарихты теріске шығарғанымды әшкерелейтін пікірлер
де болды. Бұл мәселе жайында толық хабары жоқ теоретиктер

менің ұстанымымды дұрыс түсінбегендерін мойындағылары
келмейді. Мен болсам, кез-келген әмбебап тарих, егер ол не­
месе оның тарихи талшығы бар бөліктері шын мәніндегі тарих
болса, онда әрқашан ерекше тарих болатынын дәлелдемек едім.

Бірақ нағыз тарих бар жерде, қажеттілігіне қарай ол әмбебап та­
рих болмақ. Процестің бірінші бөлігі – барлығын ерекше түрге
енгізу, екіншісі – осы ерекшені біртұтастық пен әмбебаптыққа
әкелу; сондықтан олардың бірлігін екі емес бір ғана рухани

жанды процесс көрсетеді.
Менің шын мәнінде теріске шығарғаным – әмбебап тарихқа
қатысты тұрпайы түсінік, ол әлемнің бес тарапынан жинақталған
барлық деректің материалдық тіпті заттық әмбебаптығына

қатысты тиімді әмбебапты ойлаудың жоқтығының орнын
толтырудың салдары болып табылады. Әмбебаптықтың мұндай
түрі орынсыз, өйткені тарих пен тарихқа дейінгі кезеңнің ғана
емес, адамзат тарихы мен табиғат тарихы арасындағы бөлініс

(планета тарихын айтпағанның өзінде) логикалық тұрғыдан еш
жөнге келмейді. Деректерді өз қалауымызша тарихи және та­
рихи емес деп бөлгеніміз сияқты, барлық деректі жинақтауға
ұмтылу да – бос әурешілік. Әмбебап тарих хроникалар мен

аралас тарихтардың кейбірінің агрегаты секілді. Осылай­
ша әлдебір Chronіca mundі (Әлемдік хроника) пайда бола­
ды, оның үлгісі мен құрастырылу тәсілі уақытқа байланысты
өзгеріп отырады, айталық, de quatuor іmperііs (төрт монархия)

үлгісі одан да ауқымдырағына ауысты. Мұндай құрастырудың
пайдасыздығын олардың авторлары мен тапсырыс беруші
баспагерлердің анық көрінуінен байқауға болады, олар бұл
жерде терең әрі байсалды ақыл-ойға емес, осыншама ауыр

салмақты көтеруге төзе алатын күшті иыққа жұмыс береді.
Мұндай ауыр салмақтағы жұмысшылардың қатарына кейде
шабыты тасып тұрған тарихшылардың қосылып кетуі мүмкін,
алайда оның жұмысы өзгелердікімен сәйкес келе бермейді.

Тарихқа деген мұндай қатынас әлем тарихын қаттап, кітап
сөрелеріне қаз-қатар тізіп қойып, иеленуді ұнататын өнегелі
буржуаны қанағаттандыратыны рас. Мұндай кітапты ашып
оқыған соң жанды тарихи ой өз демін тоқтатады.

Әмбебап тарихтың не нәрсеге, яғни қарапайым және
парықсыз жұмысқа айналғанын көрсету үшін не жалған,

не ақиқат болмайтын тарихтың маңызды мәдени форма­
ция үшін материалдық алғышарт туғызатынын түсіну қажет.
Маңызды болатын себебі, талап пен еңбек таза хронологиялық
құрастырудан гөрі жақсырақ нәрсеге жұмсалады. Бірақ оның

қателік түріндегі, яғни үлкен әрі ұдайы шатасу және тарихи
ойға бетбұрыс ретіндегі маңызы одан да зор. Бұл қателіктің
өтімділігі тарихтың шынайы табиғатына үңілетін ментальды
күшті қозғауда жиі көрінеді. Қателіктің бұл түрі философия та­

рихы болып табылады, яғни жоғарыда айтылған әмбебап тарих
философиялық тұрғыда өңделген болып шығады.
Шын мәнінде, үстірт реттелген, бірақ негізінен сол сапыры­
лыс (хаос) күйінде қалатын, жинақы емес және ақылға сыйым­

сыз материалдық бірлікті адам рухы ешқашан қабылдай ал­
майды. Әмбебап тарих авторларының өзі кейде өз тәсіліне баса
назар аудара отырып, деректер арасынан бір ізге салатын де­
ректі, мысалы, Еуропаны әлемдік тарихтың орталығы ретінде

қарастыратын деректі іздеу барысында кейбір қолайсыздықты
сезінеді. Басқалары, мәселен Рильке секілді мұның жеткілік­
сіздігін түсініп, әмбебап тарихты дамудың жалғыз жолымен
байланысқан халықтардың өзара қарым-қатынасы тарихы

ретінде анықтайды. Бірақ бұл да мәселені шешпейді: бірде-
бір факт өзгелерін біріктіре алмайды, бұл планеталар тарихын
түсіну үшін жер бетінен көтеріліп, күнге бет алғанмен бірдей
(Коперниктің, Галилейдің әлде Кампанелланың күні ме, ол

жағы маңызды емес), оны түсіну үшін күн мен жұлдыздарды
қозғалысқа келтіретін құдіретке ұшу керек, оның аты де­
рек емес, ол құдіреттің аты – Құдай. Мұндай ұшу сапарына
Құдайды Идея, Рух, Материя немесе тағы басқаша атай оты­

рып, тарих философтары да шығады. Икардың ұшып, одан
соң жерге құлауы әртүрлі кереғар пікірлер туғызады, бәлкім
ұшуды қоя тұрып, одан да дерексіз хроникалар мен әмбебап
тарихи теориялар түйінін ерлікпен әрі шыдаммен шешуді бас­

тап, нағыз өмір туралы ойлану қажет па еді. Бірақ мұзды жа­
рып, судың еркін ағуына мүмкіндік берудің орнына, кейбір
пысықайлар дәстүрлер қалыптастырған абстракциялар мен
жіктеулерді аса ырымшыл көңілмен жинақтауда. Сонымен

бірге олар бұл қатарды антиктік дәуірдегі, Орта ғасырлар мен
Жаңа замандағы үлгілермен, яғни Шығыс пен Батыстан, шу­

мерлерден, вавилондықтардан, үнділерден, парсылықтардан,
египеттіктерден, римдіктерден алынған үлгілермен байытып
отыр. Абстракцияның бұл жанды жібінің одан кейінгі дамуы
оны жасаушылардың Құдайдың құдіретіне жете қабыл күшке

қол жеткізбекке ұмтылатынын көрсетті, өйткені бұл іске
нақты және жеке ойлар мен іс-әрекеттер ғана тартылған жоқ,
абстракцияға қатысты қиямпұрыс мақсаттарды көздеген ойын
басталды.

Әуелде бұл ойынның формуласы тарихтың мәнін – оның
болмысының нақтылығы мен ақиқаттығының мәнін іздеу еді,
оны өз жеке әрекетін, яғни жеке тарихынан бөлінбейтін өмірдің
кез-келген қозғалысын ойлайтын әрбір адамның санасынан із­

деді. Бұл абсурдты жағдайдың бір жағында экзотериялық та­
рих бар (оны тарихшылар айтады), екінші жағы – философтар
үшін сақталған эзотериялық талдау. Сонымен, ауысу тәсілі
саналы немесе саналы емес түрде болсын, ортағасырлардағы

тарих философиясының алғашқы даму кезеңінде кең тараған
түрге – аллегорияға айналды. Аллегориядан (құрамында кескін
мен бейнелеу арасындағы таза семантикалық байланыс бар ие­
роглифтік жазу түрі) тарих философиясы нақты қатынастарды

анықтауға, көзге көрінер деректер тарихын белгісіз жолмен
қозғалысқа келтіретін әлдебір көзге көрінбес қолды елестететін
таңғажайып тарих идеясына көшті. Деректі деректер негізінен
ажыратқан кезде қолда бар құралдардың көмегімен жоюға кел­

мейтін дуализм пайда болды.
Дуалистік қатынас пен аллегорияның жалған мәнінің басқа
термині – ақыл-ой түсіндіру жолы арқылы заттардың өзінен
заң шығаруды білмей, оны басқа нәрселерден, дәлірек айтсақ,

философтың ішкі теоретикалық көзқарасы мен оның сенімі­
нен іздеді. Сондықтан нәтиже жалған немесе ақиқат, логикалы
(қисынды) немесе кездейсоқ болуы мүмкін, махаббаттың не
жеккөрініштің немесе өзге де адасулардың туындысы теория,

миф, жүйе болуы да мүмкін. Мәселен, рухтың қиял мен ақыл-
ойдан іс-әрекетке, одан соң істегі ынта арқылы қайтадан қиялға
айналуы мүмкін болатын шеңбер туралы болжам туындауы
кәдік. Немесе басқалай: таза абстрактылы, яғни, түйсіктік қана

болмыс өзіне қарама-қарсы бейнеге өтеді, яғни болымсыздық
немесе жоқтық, одан соң өзін-өзі терістеуді терістей оты­

рып, өзіне, яғни шынайы жағдайлардың қарама-қарсылығына
ыңғайлы саналатын нақты болмысқа оралады. Соңғыларының
арасында басқа мәселелер де болуы мүмкін: мысалы таптарға
бөлінген адамзат идеясы; таптарға бөлінбейтін қоғамға апа­

ратын діни, поэтикалық, ғылыми, саяси және адамгершілік
өмірдің барлық көріністері ықшамдалатын экономикалық
өмірдің үш сатысы жайлы теория, немесе тарих халықтар мен
нәсілдер арасындағы қарама-қарсылықтардан тұрады, олардың

біреуі өзгелерін билеп, жол көрсету артықшылығына ие де­
ген тағы бір идея бар. Сонымен қатар, конфессионалды пікір­
лер және адамзаттың болашағын үмітсіз деп санайтындардың
(мысалы Гартман сияқты) түңіліске толы болжамдары бар.

Иррационалистердің тарихи дамудың кездейсоқтығы мен оны
болжаудың мүмкін еместігі жайлы қиялға сенетінін байқау
қиын емес, олар өздерінің түкке тұрғысыз екендіктерін ай­
тып отырғандарына есеп берместен, бұл жайында жар са­

луда. Алғышарттар қандай болса да пікір нақтылығындағы
шындықты тікелей тәжірибенің көмегімен ашуды ойластырудың
орнына ұғымдарды иесіз қалғандай етіп тарихи оқиғаларға телі­
ген кезде, олар өз шынайылығын жоғалтады. Оның салдарынан

туындаған дүбәра түсініктер ақиқатты ашуға дәрменсіз абстрак­
тылы ойлау мен дерексіз қиялдың үйіндісін ғана қалдырады.
Кез-келген философияның және тарих философиясының ішкі
логикалық кемшілігі осындай, өйткені қандай түрге енсе де,

қандай игі мақсатты көздесе де олар меңгерілген, күні өткен
дүниеге жатады. Христиандықтың адамгершілік қырының та­
рих философиясын қалыптастырудағы зор маңызы ежелден
белгілі болды. Христиандық адамгершілік сананың діни мі­

нез-құлқын кісі таңданарлықтай етіп тазартты және тереңдетті,
ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-философиялық үлгілер
мен өзге де қателікке ұрынған құрылымдарда кездеспейтін бұл
жаңа бастаманың құтқарушы күшін күні бүгінге дейін сезі­

неміз. Бүгінде жаңағы үлгілер қалдырған іріген өнімдерден са­
наны тазарту маңызды болып отыр.
Жабық тарихи-философиялық жүйелерді құру ағымы
философиялық ұғым мен зерденің өзара араласуының сал­

дары мен дәлелі ретінде көрініс беріп отыр.Олардың кейбірі
бүгінгі күнді тарихи дамудың ақыры ретінде көрсетті. Енді

біреулері логикалы түрде тарихтан болашақты шығарды, бірақ
олардың суреттеуінше ол болашақтан гөрі өткен шаққа жақын,
өйткені ықпалды философия болатын жағдай туралы емес тек
өткен нәрсе туралы ғана баяндайды ғой. Мұндай ережелердің

теориялардың соңғы әрі нақты түйіні ретінде тарихи даму ғана
айтылмайды, сондай-ақ оның орнықты тізбекке орналасқан
әрбір оқиғасы мен кезеңдері де біз мойынсынуға тиіс Құдайдың,
Идеяның немесе жалпы тарихи қажеттіліктің атынан айтылған

ғибрат ретінде ұсынылады. Қарсылықсыз қабылданған ғибратты
нақыл, ұтылуды еш білмеген жеңістер, өткеннің аманатынан
азат, ертеңгінің дәнегінен ада-бүгінгі күн осы шынайы өмірде
қозғалыстан тыс бір нәрсе бардай тура. Тарихи қажеттіліктің

жалған идеясының кесірінен адамгершілік қасиетін жоғалтқан
рух әлсірейді. Бірақ одан да қауіптісі – бұл идея бір антиктік
ақын «іnіque gentі» деп атаған адамдардың саяси софизмінің
қолтығына су бүркеді. Тағдыр пешенелеріне махаббатты сезі­

нуді жазбағандар, өз бойында нәзік сезімді сақтай білмейтін­
дер әлдекімді не әлденені жер жастандыруға келгенде аса епті.
Сөйте тұра, Құдайдың бұйрығын айтып, оның атын жамылып,
өздерінің пайдакүнем ниеттерін жасырып-жаба түседі. Тарихи

қажеттілік болған күннің өзінде, ол өткенге әсіре шаттықсыз
және сөкпей, дәл сол күйінде қабылдап, ой жіберуге міндет­
тейді. Әрекеттің іс жүзіндегі заңы тек бостандықтың ішінде,
ол ешқашан шындыққа деген қажеттілікке қарсы тұрмайды,

керек болса, екеуі мәңгі байланыста, басқаша айтсақ, шындық

– бостандықтың екінші теоретикалық қыры.

Тарих философиясының трансценденттігі табиғатпен бір­
ге дамып, бірге жоғалатын табиғат философиясының транс­
ценденттігімен бірдей. Кез-келген трансценденттіктің екі түрі
бар – миф және метафизика, логикалық тұрғыдан алғанда олар

бір-бірінен бөлінбейді, өйткені метафизикада мифтік, яғни
қиял елесінің элементі бар, ал әрбір мифтің артында метафи­
зика, яғни логикалық элемент тұр. Дәл осы логикалық элемент
болғандықтан миф поэтикалық қиялға жатпайды, дін мен те­

ологияны осылайша бөлшектеу бұған сәйкес келеді. Өзара
кірікпейтін бірлікті құрап тұрған осы екі түрге сын немесе фи­
лософия қарсы тұрады. Тарих философиясы бұл түрлерді өз
үлгілерінде пайдаланды. Мысалы, Тюрго мен Кант адамзаттың

үш дәуірі туралы айтты: теологиялық, метафизикалық және ғылыми-сыншылдық. Бұлар жанды және әрбір ойлау әрекетінде кездесетін ең жоғарғы кезеңдер, миф арқылы жаңарғаннан кейін және метафизиканың көмегімен сыни ойлау қабілеті арта түседі. Жəй ғана тарихты емес, метатарихты (яғни, құрастырмалы хроникалар мен әмбебап тарихтан биіктей түсетін) философиялық саралауға тән мұндай процесті көз алдымызға келтіру үшін құрастырудың барлық белгілі түрін қарастыру мін­ детті емес (олармен арнайы зерттеулер арқылы танысуға бола­ ды). Гегельдің кең тараған «Тарих философиясына» тоқталсақ та жеткілікті, оның философ ретіндегі сұңғылалығы тарихи көзқарасының аса өткірлігіне қарыздар. Гегельді антиктік немесе осы заманғы бірде-бір тарихнама шындыққа көз жеткізе алмады деген сенім алға сүйреді. Ол тарихнаманы бір-біріне ұқсамайтын екі түрге бөледі: әуелгі және рефлекстеуші. Біріншісін – Геродоттың, Фукидидтің, Ксенофонттың, Полибийдің, Цезарьдың тарихтары, екіншісін Гвиччардини, Кардинал Рец, Фридрих ІІ бейнелейді. Баянда­ лып отырған оқиғаға қатысушы немесе көзі көрген адам айтқан тарих әуелгі болып табылады, өйткені баяндаушы өзі ішінде жүрген деректерге сырт көзбен қарай алмайды. Қазіргі кезеңге жатпайтын тарих төрт түрге бөлінеді: 1.Жалпы, бір халыққа, бір елге немесе күллі әлемге қатысты деректерді құрастырған жазбалар, мәселен, Ливий, Диадор немес бізге жақынырақ Мюллердікі сияқты; 2. Прагматикалық, бойында адамгершілік немесе саяси рефлексиялары бар, Мюллердің жазбалары секіл­ ді; 3. Сыни тарихтар, тарихи дәстүрлерге сенім дәрежесін және шынайылықты тексеретін, тарихтың тарихы деуге келетін жаз­ балар, мысалы Нибурдың жазбалары; 4. Арнайы тарих – өнер, дін, ғылым, құқық т.с.с. тарихының әмбебап философиялық тарихқа өту кезеңдерін зерттейді. Бұл жинақ, анығырақ айтсақ, жетілмеген тарихнамалар тізімі Гегельдің көзқарасы бойын­ ша, әлемді жарық етіп тұрған күн сынды, философиялық тарихтың жалғыз дұрыс және үшінші түріне жете қоймаған тарихшылардың тізімі болып табылады. Бұл тізімде бөлімдері

Гегель келтірген кітаптарға таратылған, философиялық тұр­
ғыдан зерделенген тарих жоқ. Тарих философиясы немесе
философиялық тарих – бұл ағымдық эпитет артында тұрған
философиялық ойлау тәсілі тарихтың айналасында қалмайды,

одан жоғарылай түсіп, сосын төмендеп тарихты әзірге белгісіз
шындықпен соқтығыстырмақ, біз оны таңғажайып тарих (су­
пертарих) деп атаймыз.
Тарихшылардың дайындық жұмыстарының аяқталғанын

білдіретін таңғажайып тарихты Гегель рух философиясы мен
бостандықтың дамуының сатылы теориясы аясындағы құрылым
ретінде анықтайды. Алғашқы саты балалық шаққа сай келеді,
онда бір ғана патриарх бостандыққа ие, ал қалғандары оған

бағынышты. Жасөспірім қезең – өзің үшін бостандыққа қол жет­
кізген кезең, бірақ ол әлі субстанциядан бөлінбеген. Ержеткен
кезеңге өзінің жеке басының мақсаттарын жақсы білетін, бірақ
оларға ұмтылуды мемлекет талаптарына сай белгілейтін, жеке

және жалпы мәселелер арасындағы қарама-қарсылықты жоя
білетін жеке адам сай келеді. Төртінші кезең – қарттық (Гегель
бұл сөзді айтпауға тырысады), субъективті рух толық еркіндік­
ке қол жеткізе отырып, объективті рухпен сәйкес келеді. Тарих

философиясы үлгісінің өзектілігі мұндай долбарға тәжірибе,
яғни тарихи кітаптардан алынған, бірақ жеткілікті дәрежеде ой
елегінен өтпеген фактілер сәйкес келетінін көрсетеді.
Біртұтас

түсініктің
диалектикалық
сәттері
ретінде

бостандықтың сатылы теориясымен келісуге болады: тезис

– адамның адамға бағынуы, антитезис – адамдардың ортақ

мақсатқа бағынуы, синтез – мұратқа қызмет етудегі нағыз
бостандық. Алайда бұлайша бөлу және тарихи дәуірлерді
ықшамдау тек шындық керек жерге мифологияны тықпалаумен
тең. Дуализмнің орнына Гегель ақыл-ой мен тарихтың,

шындықтың рационалдығын және ақылдылықтың шындығын
бекіткісі келді. Оның белгілі салтанатты ғибраты осылай дей­
ді, бірақ оның діни дәстүрлер үлгісінен туындайтыны анық
байқалады: идея әуелі өзі үшін болмыстан өзіне, содан соң

ақырғы көзделген мақсатқа айнала отырып, өзін әлемдік тарих­
та жүзеге асырады. Гегель мұндай мақсатсыз даму мағынасыз
мәңгілікке, саны бар, сапасы жоқ өсуге айналады деп есептеді.
Шындығына келсек, тарихи ойда сан да жоқ, өйткені, онда фи­

зика-математикалық ғылымдар саласына тән, мәңгі айналма­
лы қозғалысқа сәйкес келетіндей сапа да жоқ. Тек жалқылық
қана бар, әмбебаптық дегеніміз – сәйкес келмейтіннің өзінен
бірлікті аңғара білетін пайымдар. Қайткенмен де Гегель жалған

түсініктердің көмегімен бұлдыр бөліністері мен бірігулері бар,
жақсы қиюластырылған доктринаны жасап шығарды, ол бұл
үшін жанды тәжірибе мен интуиция көмегімен қол жеткізген де­
ректерді емес, ойлап табылған және дәстүрлі әмбебап тарихтың

денесін сәл өзгерте отырып сипаттады. Тарихты тарихқа және
тарихқа дейінгі кезеңге, өркениетті және жабайы халықтар
тарихына бөлу қолайлы болып шықты, бірақ ол адамгершілік
қасиетіне дақ түспеген адамның жердегі жұмағы идеясынан бас

тартты. Жабайы халықтар мемлекет дегенді білмеді, демек айта­
тын да ешнәрсе жоқ деп есептеп, тарихқа дейінгі дәуірді тарих­
тан бөліп тастады. Егер ойлау пікір айтумен тең болса, ал пікір
айту тарихи тұжырымдарды қалыптастырумен бірдей болса,

онда африкалық популяцияларда жеке бас мәртебесі сезімі еш
көрініс бермеді деген болжам біртүрлі болып көрінеді. Алай­
да, Гегель бұл материкті талқылаудан шығарып тастап, Батыс

– Шығыс оппозициясымен жұмыс істейді, кейде еуропаланған

жаңа жер – Американы да қосып қояды. Бірақ бұл жерде де кон­
цептуалды икемсіздік сезіледі. Философтың өзі айтқанындай
тарих жер сияқты өзін-өзі айналмайды, оның өзінің шығысы
бар, ол – Азия, онда өзіндік сананың ішкі күні шығады,

найзағайлар ойнайды. Ежелгі және жаңа жіктеулерді қолдана
отырып, ол әрбір халықтан белгілі алыпсатарлық ұғымның іске
асуын көреді, миссияны орындап сахнадан кетуден өзге мақсат
жоқ секілді. Халықтарды екінші рет салыстыру үшін ол әрбір

халықты қанағаттандыратын, сөйтіп оны өзге халық ететін
ұғымды беруге тиіс. Сол алты мың жылды сақтай отырып, ол
халықтар рухтың өзіне оралуы үшін жанталаса ұмтылған даму­
ды тарихтың ақырғы мақсаты ретінде белгілейді. Бұл бағытта

әрбір халық – түсінікті іске жұмылдырылған. Қытайда әрбір
адам өлген соң белгілі мағынаға ие болады, Үндістанда өзін-өзі
ұмытып, Брахмаға шомған адамның жаны да, тәні де өлі секіл­
ді. Парсы елінде жоғарыдағы жеке адамдар қабылдаған рухани

сәуле қайта жарқырай түседі, бірақ табиғи детерминация абсо­
лютті күйінде қалады. Мысырда рухтың адасуы басталады, ал

Грекияда шығыстық элементтер батыс мәдениетінің рухымен
тұтасады, сөйтіп адам өзін-өзі табады, мысырлықтардың фор­
мальды ерекшелігін объективтілік жеңеді. Адамдар отанның
ортақ түсінігінің айналасына топтасады, ал адам өз бойындағы

бостандықтың құқықтарына ие болады. Содан соң бәрі қайтадан
басталады, жалғыз адам азат Шығыстан көпшілік бостандыққа
ие болған грек-рим әлеміне өтеміз, одан кейін барлығы да
бостандыққа қол жеткізген германдық- христиандық әлемге

өтеміз. Тарихи-метафизикалық фабуланың соңы осындай.
Жүрек пен тіршілік, шіркеу мен мемлекет арасындағы
христиандық әкелген шыңырауды жеңуге бірден-бір қабілет­
ті халық ретінде неміс халқын атап көрсететін ойдан

мифологиялық элементтерді оңай байқай аламыз. Бұл ойдың ас­
тарынан Канттың «Космополиттік мағынадағы жалпыға ортақ
тарих идеясы» еңбегінде көрініс беретін жалпы адамзатқа деген
сүйіспеншілік емес, философтың жеке басының бір халыққа

немесе нәсілге бүйрегінің ерекше бұратыны сезіледі. Кант
ұлттардың ұлы конфедерациясы туралы, барлық адамдардың
тең құқығына кепілдік беретін мемлекеттердің мемлекеті
жайында армандады. Солай бола тұра, адамзат ойының ең биік

шыңы туралы сөз етіледі, ал неміс жаны мен рухының мифі аса
терең ойлы деп саналады. Ал Вико бұл жайында мүлде басқаша
пікірде еді, бірақ ол да өзінің аса көреген рух философиясын­
да ұғымдарды тарихиландыруда логикалық қателікке ұрынды.

Оның тарихи шеңберлер жөніндегі теориясында идеалды
кезеңдер эмпирикалық дәуірлермен сәйкес келеді. Ол рухтың
анықтамасы ретінде тоқтаусыз және өзін-өзі басып озатын да­
муды белгіледі. Қайткенмен Вико жеке ағымдардың қысымына

қарсы тұра білді және ұлттық менмендіктің жетегінде кеткен
жоқ. Ол өз теорияларын шыңырауға тастамайды, тарихи шындық
туралы көбірек ойлайды, әсірелеу болғанның өзінде тұтас
түсініктік, яки, абстрактылы үлгілердің мәнінде емес, тек же­

келеген нұсқаларда ғана кездеседі. Қайткенмен жабайылықтың
алғашқы дәуірінен грек-рим өркениетіне өту, одан соң оның
жабайылықтың жаңа түрі – ортағасырлық жомарттыққа айна­
луы және Қайта жаңғыру өркениетіне көшудің виколық сурет­

темесі сағым емес. Ол суреттеп кеткен осьтер төңірегінде грек-
рим өркениеті мен христиандыққа ерекше көңіл бөлетін бүгінгі

тарихнама айналып жүр. Грек-рим өркениеті мен христиандық адамгершілік дәстүрлерді күшейтті, бұл жағдай әлемнің ортағасырлық концепцияларының құлауына әкелді. Гегельдің тарих философиясынан бостандық пен адамгер­ шілік өмір сезіністерін және түсінікті жоғарғы қағидаларының экзальтациясы арқылы шығаратын және жаныштайтын логикалық ағым байқалады. Алайда, бұл жерде әңгіме пән туралы болғандықтан, Пруссия мемлекетінің қызметшісі әрі құрмет тұтушы азаматы Гегельдің адасуының алғашқы және негізгі бастауын жеке басына қатысты мәселелерден, мысалға, оның еуропалық азат етуші қозғалысты ұнатпауынан іздеудің қажеті жоқ. Бюрократтық монархия бұғау салғанмен де, кейбір ортағасырлық артықшылықтарға кеңшілік жасап, бостандықтың кейбір жақтаушыларына қамқорлық та көрсетті. Гегельдің ұлы тарихи тұлғалар, қайраткерлер, әлемдік рухтың серіктері жөнінде айтқандарын сөзбе-сөз қабылдау дұрыс бола қояр ма екен, оларға қарапайым мораль өлшемдерімен төрелік айтудың да қажеті жоқ, өйткені дүниежүзілік тарих моральдан да жоғары өріске ие. Әрине, бұлар Гегель жазған беттердің ішіндегі ең құнарлысы, олардың албырт лебі кей тұлғалардан тәлім алудың орнына, оларды қарғап-сілеуден аспайтын кей­ бір мектеп мұғалімдері мен моралистердің топас дөрекілігіне қарсы бағытталған. Гегельдің ұлы адамдар мен қарапайым жандар арасындағы түбірлі айырмашылықты теориялық жағынан дәлелдеуге және маңдайалды бірегейлердің ахлағтық, яки, моральдық артықшылықтарын мойындауға тырысқан талпынысымен келіскен жөн, дегенмен, өзге де ірілі-ұсақты жандар да тарихи оқиғаға қатысып, өз іздерін қалдырды ғой. Мораль идеясы Ахлағмұраты мен тұжырымының, яғни, концепциясының іштар зұлымдығы vіcta-ға қарсы vіctrіx-ті сакрализациялаудан туған. (Бұл жерде Б. Кроче латын мақалын айтып отыр: «Vіctrіx causa deіs placuіt, sed vіcta Catonі», яғни «Жеңіске жеткеннің себебін құдайлар, ал жеңілгендердің ақталуын Катон мақұлдайды». Аудармашы ескертпесі). Бұл жерде айтылғандардың алғашқысы нақты нәрсені жүзеге асы­ рады, екіншісі – нақты емес (іске аспайды), алғашқысы – күн сәулесі, екіншісі – күн сейілтер тұман, біреуі – өлі нәрсе, екін­ шісі – жанды және жаңа тарих. Бірақ екеуі де өмір сүреді, бірге

өлмек, себебі тарихтың соңғы нүктесі жоқ, Гегельдің қателігі де
осында еді. Сондықтан қандай істерді мұрағатқа біржола көміп
тастауға болатыны жөніндегі мәселе ешқашан шешілмейді, се­
бебі әрбір оқиғаның жалғасы бар.

Осыған байланысты Гегельдің және өзге де үстемшіл кон­
серватор немістердің Катон Утическийді жеккөрушілігі на­
зар аударарлық. Христиан емес Катонды Данте христиандық
парызды өтеушілер қатарына қосады, ал Кампанелла оны

Сократпен және Христоспен қатар қояды. Дәл осы Катон Це­
зарь сияқты бостандық институттарын қабылдау арқылы Рим
империясының ұзақ жасауына мүмкіндік туғызды, бұл оларға
мәңгі өшпес атақ әкелді. Гегель үшін (жалғыз ол үшін ғана емес)

Рим империясы дәуіріне қатыстының бәрі шексіз қаталдық
пен құлдырауды көрсететін кері әсерлі дүние. Ол үшін тек
христиандық қана өрге басқан, игі дүние.
Бұл жерде консервативті, сондай-ақ төңкерістік көзқарас

бойынша гегельдік доктрина күні өткен кезеңге жатады деген
Энгельстің сыни пікірін айтпай кету қиын. Әйтсе де пруссиялық
мемлекеттің жартылай феодалдық құрылысы, яғни мемлекет­
ті жоюшы пролетариат келіп тірелуге тиіс коммунизм мұның

ақтауы ретінде айтылды. Энгельс бұл қисыны логикалық айла­
ны Гегельден емес, тарих философиясы дәстүрінің өне бойы­
нан үйренді деген жөн. Тарихқа шек қою қауіп төндіретінін
түсіне отырып, Гегель өзі қойған, әуелде тым жігерлі тартылған

желілерді ұзарта түсуге тырысты.
Тарих философиясының әуелгі алғышарттарын біз шығыс
космологиясы мен еврейлердің мессиандық тұжырымдарынан
(концепцияларынан) табамыз. Ортағасырлық ойшыл Джоакино

ди Фьоренің сәуегейлігін еске алмасақ, басты элементтер одан
кейінгі ақсүйектік теориялар мен христиандықта сақталған.
Қайта жаңғыру дәуірінде мифологиядан аулақ тарихнама
пайда болды, ол өз бойына жаңа заманның, рационализм мен

ағартушылықтың жаңа түсініктерін сіңірді. Ал тарих фило­
софиясы католиктік және евангелиелік шіркеулер шеңберінде
қалып қойды, бұл жағдайда ақсүйектік тарихнама қайшылыққа
себеп таба алмай, оны тарихты баяндаудың кейде бәсекелес,

кейде тұрпайы бұрмалаушы тәсілі ретінде қарастырды. Тіпті
Вико кейде өзіне есеп берместен христиандыққа дейінгі анти­
ктік дәуір үлгілерін тарихи жағынан тереңдете және толықтыра
отырып, алыпсатарлық құрылымдар жасады. Он сегізінші

ғасыр тарих философиясын ағартушылық реформалардың ру­
хына сай баяндалған және сол тұрғыда түсініктеме берілген
сала ретінде қабылдады.
Германия университеттерінде ортағасырлық дәстүрдің

ықпалы күшті болды әрі ұзақ сақталды. Христиандық тарих
философиясының ескі және Канттан кейін ұмытылған тәсілі
қайтадан идеалистер мен романтиктердің құралына айнал­
ды. Одан соң гегельдік философия тарихты ашқан жалғыз

өзі екенін, ал ол биікке көтеріле алмаған өзгелердің бұл тура­
лы мүлде түсінбейтінін жариялады. Ойлаудың мұндай тәсілі
ұлғая келе, сәнге айналған кезде, аспанда қалықтап жүрген
философияға деген немқұрайлылық тез арада қатаң қарсылық

пен ашулы мысқылға ауысты. Гегельдік теория бай тарихи де­
ректермен қоректенсе де, метафизикалық үлгілер ұғымдарына
ауыстырылған тарихи фактілердің көмескіленуі нақтылыққа
бейім тарихшылардың ашу-ызасын тудырмай тұра алмады.

Дегенмен, библиялық және шығыстық мифтерге бет бұруда
гуманистік мағынадағы ақырзаман туралы әңгімелер жет­
кілікті еді. Мысалы, Фридрих Шлегель дүниежүзілік тарих­
ты әуелгі бейкүнәлік пен даналық дәуірінің құлауы ретінде

түсіндірді, Сета мен Каин балалары арасындағы шайқастың
кесірінен адамдар Құдайға сенбеу мен тіл тигізуге дейін жет­
ті. Сол секілді Геррес тарихты мозаикалы алты күнге теңеді:
христиандықты таңғы уақыт ретінде, мұсылмандықты кешкі

мезгіл ретінде анықтады. Шеллингтің айтуынша, бастапқы және
қозғалыссыз монотеизмнен (бір құдайға табынушылық) кейін
политеизмге (көп құдайға табыну) өту зұлымдықтың салтанат
құруын білдіреді, одан кейін адамзатқа «Одиссеядағы» сияқты

Құдайға қайта оралуға тура келеді. Көбіне-көп бастапқы шақ
бейкүнәлікпен байланыстырылады, оны ақтау үшін табиғат
заңы мен түйсік алға тартылады.
Фихте бейкүнәлікті жоғалту мен күнәға бату дәуірі ақыл-

ойды әміршілдікке итермелейді, ал өзінің замандасы ретінде
санайтын үшінші кезең, яғни жаппай күнәға бату кезеңі билік­

ті де күшінен айырды деп санады. Краузе болса, бейкүнәлік
шақтан кейін өскін жастық шақ келеді деп есептеді. Келешектің
төртінші шағын Краузе ғылымның гүлденуімен қатар қойды,
ал соңғы бесіншісі өнердің жеңісімен аяқталып, ақыл-ой

Сұлулық түріне айналмақ. Адамзат ұрпағының барлық қабілеті
толық әрі үйлесімді дамитын ұлы кемелдену шағын Краузе
табиғатты бағындырумен және қоғамдардың үлкен бір ұжымға
бірігуімен байланыстырды. Дәуірлер мен халықтардың ерек­

шеліктерін сипаттау таңғажайып әрі оңай бола түсті. Мәселен,
мынадай пікірлер де айтылды: антиктік әлем тарихтың нақты
әрі табиғи сұлбасы болып табылады, оның жаңашылдықпен
ара қатынасы табиғат пен рухтың, шектеулінің шексіздікке,

сезімнің ақыл-ойға қатысындай. Әрбір халықтың өзіне тән ере­
кше қабілеті бар деп те айтылды, мысалы: қытайлардың есебі
мықты, үнділердің қиялы ұшқыр, египеттіктердің ішкі сезімі,
еврейлердің ерік күші жақсы дамыған т.с.с. Мұндай қызықты

қылжақтардан Флинт тұтас бір антология құрастырып шықты.
Ал бұдан кейінгі қарадүрсін еліктеуші әңгімелерге келсек, олар
тіпті назар аударуға тұрғысыз.
Құжаттармен және куәліктермен жұмыс істеген тарихшы­

лар жай ғана хронист немесе филолог болған жоқ, олар нақты
мәселелердің мәнін түсіне білді. Дегенмен тарих философтарының
қыңыр талаптарын ысырып, тәжірибеге сүйенген долбарлы жай­
лардан шындықты ажырату үшін олардың күші жеткіліксіз еді.

Оның үстіне бұл таза көркем долбар ұғымдар емес, мифтік және
метафизикалық априорлы құрылымдар еді. Толық жоққа шығару
үшін айтысты логика мен әдіснама деңгейіне жеткізу керек еді,
тек нақтыланған философия мен диалектика ғана қателіктер мен

олардың даму жолын талдай алады. Жаңа философтар позити­
вистер еді, олар тарих философиясымен қатар философияның
өзін шетке ысырып тастады. Осының нәтижесінде оның
сыншылдық қызметі метафизикалық идеализммен, натурализм­

мен жән механикалық детерминизммен алмастырылды, канттық
мақсатта назардан тыс қалды. Осылайша әлеуметтану (социоло­
гия) атауымен дерексіз жіктеудің барынша абсурдты түрі пайда
болды. Бүгінде әлдекімдер болашақты күні бұрын айтып бере­

тін тарихи қозғалыс заңын табуды армандай отырып, оның өрісі
кеңейтуде.

Тарих философиясын немесе тарихи детерминизмді та­
рихи бағаны тудыратын терең талдау және ойлау әрекетінің
арқасында ғана жоққа шығаруға болады, оған тек нағыз
тарихшылардың қабілеті жетеді. Кез- келген ойластырылған та­

рих осы заманғы дейтін теория осындай қажеттіліктен, яғни та­
рихи әрекет іс жүзіндегі мұқтаждықтан әрекет етуге әзірліктен,
сол себепті жағдайға билік жүргізу ойынға қатысушылардың
күшін білу қажеттілігінен туындайды. Кез-келген тарихи

пайым жүріс-тұрысты қозғалысқа келтіруші мұқтаждықпен
байланысты, сондықтан шеңберден секіріп шығып, бос
кеңістікке құламау мүмкін емес, тіпті бұл бос кеңістік бетін
әлдебір мықты дүниенің сағымы тұмшалап тұрса да бәрібір.

Тарихи пікір әрдайым өмірдің жаңа өмір туғызу мақсатында
қойған сұрағына жауап болып табылады. Бір рет танылған және
анықталған нәрсе күдік қалдырмайды және іске көшуді талап
етеді. Дәл осы шамның жарығындағы басқа сұрақ пен басқа

жауап одан өзге жағдай мен өзге мұқтаждықтың бар екенін біл­
діреді. Іс жүзіндегі мәселелерді шешуді табандылықпен талап
етпейтін тарих – тарихшының маңызды кәсібінен ауылы алыс
қиял өрнектері.

Тарих философиясы зерттеуді тұспалды – абстрактылы
түрде жүргізе бастаған кезде, бұл өрнектер мен бос сөзділік
рухани ұғымдардың ішкі ерекшеліктеріне жататындықтан
нақты бір тарихи пікірден тыс өмір сүре алмайды. Осы жерден

қосымша сентенция басталады: философия тек қана тарихтың
ішінде және тарих секілді өмір сүреді, философия мен тарих
тепе-теңдікте болады. Мұны алғаш ұсынған Гегель еді, алай­
да ол бұл ойдан философияны тарихқа, яғни философияны

сол секілді боялған, қырналған тарихқа жапсырумен айналыса
бастағаннан-ақ көз жазып қалды, сөйтіп бірі тарихсыз, екіншісі
философиясыз болып шықты. Бүгінде кімде-кім философия
мен тарихтың тепе-теңдік теориясы туралы айту гегельдік ойды

қайталау деп есептесе, сол адам Гегельдің еңбектері жөнінде
ешқашан ойланып көрмеген. Оның үстіне ол айтылуы бірдей
болғанымен, әртүрлі тарихи және мәдени сәттерден хабар бере­
тін сөздердің айырмашылығын ешқашан түсінбейді. Мұны мен

жеке басымның ерекшелігін байқату үшін емес, біз қолданып
отырған түсініктердің орындылығын көрсету үшін айтып отыр­
мын.

Егер философияда тарихнамалық ойлар жүйесіне орын
жоқ болса, онда ол философиялық ой болудан қалады, ол бар
болғаны біздің қолымыздағы тарихи пікірлерді жалпы, ерек­
ше, ұжымдық, жеке секілді топтарға бөліп, мнемотехникалық

тәсілмен реттеу ғана болмақ. Бұдан басқа қолданыстағы
тәртіптер түсінігінің ізін әдетте тарихнама басады. Жіктеудің
құндылығы танымдық емес, аспаптық екені түсінікті, уақыт
өте келе оларды мәні бар жалғыз танымдық әрекет ретінде

әуелгі нағыз қалыбына келтіріп отырған жөн. Алайда белгілі
мақсат үшін кластарды жасаған сана үшін өзгеру оңай емес,
ол көбіне өзі құрған ауға өзі шырмалып жатады. Мұндай шетін
аспаптар өзге біреулердің қолына түссе, бәрін астаң-кестең

ететіні тағы бар. Бұл аспапты жасаған адам оның міндеті мен
қолдану шегін, нәзіктігі мен қарсылық күшін жақсы біледі.
Ол әлдебір көргенсіздердің қасапшы секілді өтпес пышақпен
тарихи шындықты бас-көз демей кескілеп бүлдіргеніне шо­

шына қарайды. Осылай әлде басқаша қате концептуалды
репрезентацияның психологиялық себебі ақыл-ойдың дәл осы­
лай адасуында жатыр, бәрі лағынет айтатын тарих философия­
сы осындай элементтерден тұрады.

Ұлттар мен мемлекеттердің тағдырына қатысты тарихи
жағдайлар неден құралған, мысалы, Италия, Франция, Гер­
мания, Грекия, Көне Рим, Парсы елі немесе Жапония тари­
хын айталық? Шындық мәртебесінен үміткер бұл тарихи

алғықалыптар, ұлттар мен мемлекеттер патшалығына емес,
шындық патшалығына тән. Солай бола тұрса да, біз ыңғайлы
болу үшін оларды топтастырамыз, бұл ыңғайлы үлгілерді
пайдаланушылардың адал көңіліне, яғни жазбаларды оқып

қана қоймай, ондағы адамдар тағдырын көре білетініне сен­
гіміз келеді. Ақымақтардың басында халықтар тағдыры қатып
қалған жансыз ағаш секілді күйінде қалады. Тұспалға оп-оңай
айналған метафизикалық мәндер, олардың мифтік кейіпкерлері

тарих философиясында әрекет ете бастайды, біз бұған мысал­
дар да келтірдік.
Белгілі институттардың, моральдың, идеялардың қалып­
тасуын айта отырып, тарихты кезеңдер мен дәуірлерге бөлуіміз

заңды, олардың әрқайсысы рухани жетілудің кезеңдерін
көрсетеді. Грекияны сұлулықтың мәңгілік бейнелерімен

байланыстырсақ, Римді құқықтың алтын бесігі ретінде айта­
мыз, ортағасырларды аскез бен трансцедентті құбылыстармен
байланысты әңгімелейміз, Қайта жаңғыру бұл дүниедегі
тіршіліктің құндылығын еске салумен ерекшеленсе, он сегізін­

ші ғасыр өзгерістер күшін сезінген төңкеріс жасауға ұмтыла
түскен санамен байланысты айтылады. Сөйте тұра проблемалы
тірек-нүктелердің шындық өмірде жоқ екенін үнемі ойша жо­
балаймыз, өйткені өмірде проблемаларды ойластыратын, иде­

яларды жасап шығаратын біздің рухымыз ғана бар. Бірақ аса
қажетті әрі сәтті табылған тіректердің өзі – метафизиканың шах­
мат тақтасындағы пешкалар ғана. Оларды бір орыннан екінші
орынға ауыстыра отырып, диалектикалық қарама-қарсылықтар

әлемдік тарихты тұтастай қамтиды деп санауға болмайды, біз
бар болғаны өз жанымыздың бір бөлшегін ғана сезіне аламыз.
Жеңілдетілген үлгілер өзінің объективтілікке ұмтылысымен
өлшемді сезінбейтін автордың үстірт ойлайтындығын ғана

көрсетеді. Гректер тек қана ғажайып мүсіндер мен поэзия тура­
лы ойлады, римдіктер аса қатал еді, немістер үнемі соғысумен
болды, Қайта жаңғыру дәуіріндегі итальяндықтар күнә деген­
ді білмеді, француздар әрқашан сабырлы әрі парасатты болды

деген сынды қияли ойларды салмақты деп қабылдауға бола
ма? Матильда ханшайым өзінің оқымысты күйеуі Гебхарттан:
«Классикалық дәуірде гректер мен римдіктер шынымен де тек
күн мен көгілдір аспанды, қуанышты ғана көрді ме, сонда бір­

де-бір рет жаңбырдың жаумағаны ма?», – деп сұрағанда аса
көрегендік танытқан.
Халықтар мен әртүрлі кезеңдердің жіктелуінен, мысалы,
философиялық мінездемелер қиюластырылады. Осылайша

интеллектуализмді француздар ойлап тапты деген миф және
ағылшындық эмпиризм, немістік идеализм, эллиндер натура­
лизмі және қазіргі спиритуализм туралы мифтер туды. Итальян
өнерінің классикалық түрі жайлы, неміс өнерінің салмақтылығы

және сөзуар француз поэзиясы туралы батыл әңгімелер ай­
тылады. Мұндай үлгілер қаншалықты пайдалы болса да, бір­
ден алға басу қажеттілігін ұмытпау керек, өйткені жалпылама
және ұжымдық нәрсе философияға да, өнерге де жатпайды.

Бұлыңғырлық, яғни, Абстракция бар жерде өмірге орын жоқ.
Белгілі бір ой, белгілі бір поэзия, саяси немесе моральдық

оқиға нақты өмір сүреді. Тарихта жаңа ешнәрсе жоқ және жаңа
нәрсенің бәрі тарихтағы екі емес, жалғыз ғана дараланған –
әмбебап жағдай, екі термин арасында тұрған жалпылық есепке
алынбайды, себебі бұл іс жүзіндегі аспапты пікірлер жүйесі.

Өзге мәнді бөліністер тарихи пайымдаулардан емес, іс
жүзіндегі сезімтал, әсершіл пайымдаулардан бастау алады.
Мысалы, орта ғасырлардағы дін бұзарлар, яғни, еретиктер
қозғалысы мен Лютер жақтастарының көтерілісі жайлы сөз

болғанда әуелгі шіркеу туралы идея, иерархиясыз, меншік ие­
лерінсіз, саясатсыз жай ғана сенім, яғни осыған оралу қажет
деген ой үнемі еске түседі. Романтизм бейбіт Элладаны, орта
ғасырлардағы рыцарлықты аңсау туралы оймен байланысты­

рылады, романтиктер жанының жай-күйінің тарихи шындыққа
тікелей қатысы бардай көрінеді. Мұндай нанымдар деректерді
сыни көзбен қабылдап, шынайы ұқсастықтарды табуға кедер­
гі болады. Бұл тізімді соза түспеу үшін өзімізден тым құрыса,

қазіргі өнер, қазіргі идеал деген не деп сұрайықшы. Әрқайсымыз
тудыратын және аялайтын нәрсе болса, оның өмірде бар
мұраттан ерекше, өзіндік сұлулығы бар екенін өзгелер мойын­
даса, ол өнер емей не? Бұл философияға, өмірге, мұратқа да

қатысты, олардың мәні мынада: олар біздікі, сол себепті біз
оларды тамаша бейнелермен, метафоралармен, әсірелеумен
сәндейміз, сондықтан да өзімізді бойымыздағы бар жақсыдан
айырмау үшін, оларды өзімізден бөлуден қашқақтаймыз. Бұны

тарих философиясы өз ойынындағы пешкаға айналдыру үшін
төбелеспекке ұмтылып жүрген объективтілікке айырбастаудың
қажеті қаншалық екен. Пешкалар емес, тек біз ғана ақиқаттың,
сұлулықтың,

парасаттылықтың
олар
тудыратын
барлық

нәрсенің қажеттілігін дәлелдей аламыз, ал олар өмірге әкелген
дүниелер мәңгі жаңарып отыратын, өзінің тіршілігімен-ақ
өзінің қажеттілігін дәлелдеген өмірдің тегеуріні қысымымен өз
бетінше әрекет ете бастайды.

Тарихи танымның үйреншікті түсініктерінің келіспеушілік­
терін – ұлттар мен дәуірлердің мінездемелік ерекшеліктерін,
оларды жабайы және мәдениетті, тарихқа дейінгі кезең және та­
рих, тарихы бар елдер мен тарихсыз елдер, Батыс және Шығыс

өркениеттері деп бөлуді біз эмпирикалық дистинкциялардың
теңсіздігімен түсіндіреміз, бұл басқаша көңіл бөлуді қажет
ететін мәселелер барын көрсетеді. Тамаша реттелген әмбебап
тарих аясындағы әлемдік оқиғалардың ұлы жиынтығын

түбегейлі терістеу specіes sіne cerebro* деген ыңғайсыз атқа
ие болды. Тарихи танымның кез-келген байсалды және тиімді
ұмтылысын біз жекелеген фактілерді түсіндіруге қосылған үлес
ретінде бағалаймыз, оны ішкі байлыққа айналдыру үшін, ақыл

мен жан жете бойлай түседі. Зерттеудің алғашқы қадамдарында
қорқыныш пен абыржу бойды билейді, біз иеленген құшақ
жетпес байлықтың орнында шындықтың жоғалып бара жатқан
әлсіз сәулелері ғана қалады. Олай болса, шын мәнінде шындық

жайлы бұдан бай білімді қалау мүмкін емес те шығар? Шы­
нымен де адамдық рух күн сәулесі әзер түсетін платондық
зынданға қайта тап болды ма, ол жерден таза ауаға шығып, рух
үшін мәңгіге жабылған күллі дүниені қамти алу мүмкін бе?

Үрей тудыратын сұрақтар, алайда көңіл жұбатарлық
айқындықты табу және тым құрыса тәрбиелік мақсат үшін ай­
наламызды бүркеген тұманды сейілту аса қиын шаруа емес. Ол
үшін өлең оқығанда қандай күйге түсетінімізді елестету жет­

кілікті. Егер екі немесе одан да көп ақын өлеңдерін бір мезетте
оқысақ, бір нәрсе ұға қоюымыз екіталай, өйткені бірі екіншісін
жоққа шығарады. Алайда өзіміз таңдап алған бір ақын поэзия­
сын махаббатымызды қайта тапқандай қуанышқа бөленіп, анда-

мұнда ұшырасқан келеңсіздіктерді ысыра отырып, әрбір сөзге,
әрбір мағыналы ойға жете мән бере, тереңдей үңілеміз. Кей
жерін қайталай оқып, тұтас өлеңге жан бітіріп тұрған мотивті
ұғынып-сезіну үшін ұнаған жолдарды немесе тіркестерді жат­

тап алуға дейін бармыз, одан соң бұл қуанышымыздан қанағат
сезімін тауып, сабырға келеміз. Сосын бұл поэзиядан келесісі­
не, онымен қоса бағанағыдан өзгеше сүйіспеншілік әлеміне
енеміз. Гомерден Вергилийге, Дантеден Шекспирге ауысамыз.

Бұл және өзге де біз оқып, нәр алған өлеңдер өз жұмысын
жалғастыра береді: эстетикалық, ақыл-ойлық және адамгер­
шілік тәжірибеден біздің бүгінгі және әрекет етуші даралығымыз
қалыптасады. Өзгелер де осылайша оқып, біз көрген және біз­

* Мисыз лат.- Аудармашы ескертпесі

ге белгісіз беттерді өздерінше түсінеді және кейбірі жайлы
кейінірек біледі. Олардың да азды-көпті тәжірибелері біздікін­
дей толық, қарқынды әрі шектеулі болмақ. Бірақ көкке қолың
жеткендей әсерге бөленетін мұндай бөлекше, аса еркін әрі дара

сәттерді әлденеге айырбастауға бола ма? Әрине, мұндай көркем
өлең жолдарын тудыруға ұмтылған немесе олардан ләззат алған
сәттер әлдебір дерексіз, ғажайып дүниенің жарқыраған әрі таза,
қол жетпес шыңына ие болумен бірдей деп ойлауға да бола­

ды. Не десек те мұндай азаматтар кейде барлық халықтар мен
кезеңдер поэзиясының жалпы тарихын білетін жағдайлар да
кездеседі, тек оны библиограф секілді материалдық нышанда­
ры бойынша үстірт қана білетіні анық. Жастық шақтағы бір до­

сыма, өзі парасатты білімдар еді, өзімнің академиялық естелік­
терімді сыйға тарттым, онда он жетінші ғасырда өмір сүрген,
бүгінде есімі естен шыққан автордың ұмытылған бір кітабы
жайында баяндалған. Досым әдебиет тарихына қатысты өз

еңбегінде әлгі автордың атын атауды ұмытпағаны үшін өзіне-
өзі аса риза болды, тіпті айтарға сөз таппады. Ол үшін аталған
кітапты оқу, ол жайында ойлану былай тұрсын, тіпті көрудің
де қажеті жоқ, тек өзінің тыңғылықты құрастырған жинағында

атын атау да жеткілікті. Әмбебап тарих бүгінде осындай халде,
яғни онда барынша көп немесе мүмкіндігінше барлық дерек
жазылуға тиіс, олардың бәрі заттай нөмірленіп, хатталуы ке­
рек. Олардың танымал жеке бет-бейнесіз тарихи дерек болудан

қалатыны ескерілмейді де.
Жеке тарихи пікір бұрын қалыптасқан және өзгелер қалдырған
көзқарастардың жобасына сәйкестендіріледі. Сыни тұрғыда
таңдап алынған пікірлер өсіп, қанат жая келе, біз қоғамның не­

месе дәуірдің мәдени-тарихи деп атайтын процесіне айналады,
ол өзгермелі шындық бола отырып, өзімен-өзі күреседі. Жеке
пікірлер мәдени-тарихи шындықтың жалғыз әрі айнымас баста­
уы болып табылады. Жеке-дара жағдайларда қалыптасқан олар

біріне-бірі қарама-қарсы, дегенмен, келіспеушілік ағымына ай­
налу үшін, қайтадан үйлесімге келеді, мәңгілік үдерістен, яғни,
процестен үйлесім шындығын іздейді, оны бірде шіркеу бе­
делінен, бірде жоғарыдан айтылған шындықтан, бірде әлдебір

метафизикадан немесе тарих философиясынан табады (бұл та­
быс Лихтенберг айтқан жүзі де, сабы да жоқ керемет пышақты

елестетеді). Үйлесімді шындықтың жасалу және даму барысы­
на жеке адам өзі үшін жасаған шындық түріндегі барлық нәрсе
қатысады және ол – ой бостандығының анықтамасы әрі адам
ақыл-ойы дамуына деген рухани қажеттіліктің дәлелі.

Бұдан шығатыны күту қажет болған жағдайда бойды би­
лейтін абыржу мен қорқынышты жеңуге болады. «Әркім – өзі
үшін, тек Құдай ғана барлығы үшін» деген қарадүрсін ережеге
сәйкес өзімшілдікті дәріптеп, оны және ішімізге бүге отырып,

тарихи шындықтың араласуы арқылы жеңіске жетуге, еркіндік
алуға күш саламыз. Біз айтып отырған бұл өзіндік мұқтаждық,
өзінше әрекет етуге бел буу өзіндік шындыққа бара-бар және
моральдық болып табылады, сондықтан жеке-дара және

жалпыға ортақ күш болып табылады. Бұл жағдай өзге адамдар­
мен ынтымақтастыққа негіз салады, соның арқасында қоғам
мен өркениет пайда болады. Осылайша өзгелермен бір тізбек­
тегі жеке адам өзгелермен келісімге келе отырып, бәсекелестік

жағдайында өзінің қабілеті мен күшін көрсетеді және өз қалауын
өзгелерге тықпалайды. Фукидидтің сөзін еске алайық: халыққа
Перикл емес, афиналық демостың өзі жол көрсетті, демокра­
тия қағидалары Перикл әрекеттерінің қозғаушы күші еді. Кей

кездері Кавур король ғана емес, сонымен бірге бір өзі парла­
мент пен министрлердің жиынтығы ретінде де көрінетін. Шы­
нымен де олардың бәрі бір соның бойында өмір сүріп, әрекет
етті ғой. Өз жолымен және ішкі себептердің арқасында ғана да­

мып-жетілетін нәрсені жоғары жақтан реттеуге қол жеткізу еш
мүмкін емес. Әлем жүріс-тұрысы мен мінез-құлқын тәрбиелеуге
болатын бала емес. Ақылды ұстаз оқиғалардың табиғи дамуын
тездетіп, өз қамқорлығындағы жанды цирк атындай немесе

жүйрік тұлпардай үйретуге тырыса ма? Әрине, адамдардың
мінез-құлқында кемшілік аз емес, бірақ кемшілік дегеніміз
өмірлік күш және әрекет етуге қажетті заттық алғышарттар
емес пе? Егер біз бірде бағынатын, бірде берілгіміз келмей

қарсыласатын өзге күш болмаса, өз жеке басымыздың күшін
қалай нығайтпақпыз? Күреске түсе отырып, біз өзіндік күш
қорымызды жұмылдырамыз, өзгені өз еркімізге қаратсақ, күшті
бола түсеміз. Өлім болмаса өмір, көріксіздік болмаса сұлулық,

қателік болмаса ақиқат, зиянды нәрсе болмаса пайдалы дүние,
зұлымдық болмаса жақсылық, азап болмаса рахат қалай бо­

лар еді? Жоғарыдағы әлдебір құдіретті ереже бұл әлемнен зұлымдықты алып тастай ала ма, яғни физилогиялық даму мен моральдық өмірдің тұтастығын бұзуы мүмкін бе? Мұндай ал­ дамшы өзімшіл ұмтылыс жақсылықтың зұлымдықпен игілік­ ті әрі мәңгілік күресі, сондай-ақ әлеуметтік дамудың шарты болып табылады. Шындықтың жеке даму жолы ойлаудың бостандығын анықтайтыны секілді, бұл жағдай саяси және адамгершілік бостандықтың анықтамасы болып табылады. Біздің құштарлығымызға, біздің шындығымызға, біздің ер­ кімізге және әрекетімізге күллі өмір шындығы тұтастай беріл­ ген. Бұл рухани шеңберден тыс ешнәрсе жоқ. Әмбебаптық (уни­ версум) өз-өзімен тіл табысады, әлемді және әлемдегі барлық нәрсені сүйе білетіндер осылай ойлайды және айтады да. Даму рухтың өзге түрлерімен және сәттерімен тепе-тең, оны жоқ жерден іздеуге болмайды, өзінің шынайы тұтастығында даму әлемнің біздің ішімізде және бізбен бірге дамуы, ол әрқашан қозғалыста және ешқашан тоқталмайды. Бүліншілік пен апат кезі болса да, бұл дамуды өзінің пайдалы әрекетінен, өзі жасаған сұлулықтан сезінбейтін жан кемде-кем және өсіп келе жатқан жанды дүние үшін қуанбау мүмкін бе? Мұқтаждықтан, ықылас-тілектен, идеядан, шындықтан көрініс беретін даму­ дан өзге даму бола ма? Тіпті, мұндай жағдайда да біздің жеке әрекетіміз жалғыз тиімді жол болып қалады және тіректі жер бетінен іздейтін мифтік дәу секілді, біз де өз әректіміз арқасында күшейе түсеміз. Отбасында, қоғамда, мемлекетте, отанымызда еңбек етіп, қызмет қыла жүріп біз келіспеушіліктерге, пасық ниеттілерге тап боламыз, ауыр жағдайлар мен қиын кезеңдер құрбандыққа барудан бас тартуға мәжбүрлейді. Жеке сананы сақтай отырып, біз тек өзіміздің бір бөлігіміз болып табыла­ тынымызды түсінеміз, оған қарсылық ретінде ақындардың өр сөздерін қайталай отырып, отбасына, Отанға, мемлекетке, адамзатқа бет бұрамыз. Мұны жасыра тұрып ынтымақтастықты жалғастыра береміз, өйткені тек әмбебаптықтан ғана біз өз даралығымызды табамыз, себебі біз қызмет ететін атақ-даңққа қарай бағыттап, қолдайтын Құдай бар. Ой бостандығы мен әрекет бостандығы жағдайы секілді адамның өзін-өзі құтқаруы мен күнәсін жууы діншілдікті анықтайды.

V ТАРАУ

Тарих бостандық тарихы ретінде 1. Тарихи кітаптың тарихилығы

Тарихи кітаптарға айтылатын сын поэтикалық сындарға
тән қиындықтарға кездеседі. Бұл екі саланың сыншылары
да қай жақтан бастап, іске қалай кірісу керектігін білмей­
ді. Көбіне сыртқы және еркін өлшемдерді негізге алады, өз

табиғатына сай және жалғыз өлшемді ұстап қалу көпшілігінің
қолынан келмейді. Италияда соңғыларының саны артты,
алайда ойша 80-90 жылдарға оралсам, маған тарихнама по­
эзия тарихынан гөрі елеусіз болғандай көрінеді. Тарихшылар

деректердің шынайылығына немесе биографияға қатысты
сыртқы мәселелермен айналысты. Тек Де Санктис қана бел­
гілі бір деңгейде өзге сыншылар сенімсіздік көрсеткен итальян
әдебиеті тарихының тарихнамалық қырын қозғады.

Бүгінде тарих жайындағы кітап әдеби шешендік тұрғысынан
бағаланбайды, ал бос уақыттарында Горацийді аударумен, тари­
хи түсініктемені немесе әлдебір әңгімені белгілі бір стильге кел­
тірумен шұғылданған әдебиетші-гуманистер тарихи кітаптың

әдеби шеберлігіне баса назар аударатын. Олардың айтылған
тарихта, тіпті шаруалары да болмауы мүмкін, бірақ олар кез-
келген мәтіннің сән-салтанатты жасауын бағалай білетін еді.
Қаланың қоршауға алынғаны туралы тарихи әңгімені түзетуді

ұсынғанда Аббат Верто: «Менің әдеби бетім жазылып болған»
деп жауап беріпті. Әрине, тарихи еңбектердің көркем тілмен
жазылғанын қалау – заңды тілек, бірақ өмірде әдеби дарынның
терең тарихи оймен ұштасуы өте сирек кездеседі. Кейде әдеби

тұрғыдан қарағанда тұрпайлау көрінетін, ысылмаған дүниенің
бойында терең ой тұнып жатуы мүмкін.
Сондай-ақ мәтіндерді ұсынылған мәліметтер санының аз
немесе көптігіне қарай бағалауға да болмайды. Бай әрі ұқыпты

əңгімелер жинақтары бар, олардың тарих емес екенін бірден
айтуға болады. Керісінше, өзінің терең тарихи түсінігі мен
сезімі арқылы таң қалдыратын кітаптардың мағлұматтары
жұтаң, күмәнді мәліметтер мен ойдан шығарылған оқиғаларға

толы болуы да мүмкін. Мысалы, Виконың «Жаңа ғылым» еңбегі
осындай. Мәліметтер жиынтығын хроника, естеліктер, жылна­

малар деп те атайды, бірақ ол әзірге тарих емес. Сыни тұрғыдан
жонылған мағлұматтар ұқыпты түрде електен өткізілген
мәліметтерді көрсететін ақпараттар көзімен сәйкес келуі
мүмкін. Алайда қанша тырысқанмен куәгерлер түсініктемесінің

сыртқы ерекшелігі «айтады» немесе «жазылған» формулала­
рын електен өткізбей тастайды, олардан біздің тәжірибемізге
негізделетін шындық туындамайды. Әрине, тарихи кітаптардан
алынған мәліметтердің ұқыпты тексерілгенін қалаймыз, тари­

хи зерттеулердің беделін түсіретін ары таза емес педанттардың
қолындағы қаруға айналмауы үшін солай болғаны жөн.
Қайткенмен нақтылыққа қол жеткізу тарихшының адамгер­
шілік парызы болып қалады. Бұл шын мәнінде екі түрлі нәрсе,

тарихшылар алтыны қоқыс үйіндісі арасында жатса да, оны
хронистер де, филологтар да ешнәрсемен алмастыра алмайды.
Соңғы айтарымыз, тарихи кітапты оның қаншалықты
қызықты екеніне және көңілді толқытып, ықыласты оята­

тынына қарап бағалауға болмайды, өйткені бұның бәрі ро­
мандар мен драмаларға тән. Тарихи зерттеулер әдетте, суық
әрі іш пыстырарлық болып келеді және ұғыну үшін көп күш
жұмсауды талап етеді. Патриоттық қасиетті жалынды жан-

тәнімен қорғаушылар отбасы боп оқу үшін батырлар тарихын,
ал авантюра мен күлдіргі әңгімелерді ұнататындар өздерінің
көңіл көтеретін әңгімелерін құрастырмақ, бірақ ақиқат зерт­
теушілерін мұның бірі де қызықтырмайды. Полибий тарихи

трагедиялар шығарған шешендерге күлген екен. Шынайы та­
рихи зерттеулерге көтеріңкі сарындағы қиял емес, ғылыми
ойдың қатаң шындығы қажет. Тарихи кітапты бағалаудың
жалғыз ғана өлшемі бар, ол- тарихилығы. Тарихилықты нағыз

өмір дем беретін саналы түсініктің әрекеті ретінде анықтауға
болады. Ғылым өз әрекетін қараңғылықты, қиял жемісін және
күдіктерді шетке ысырудан, ұстанған бағытын нақтылаудан
және шешім қабылдаудан бастайды, ойлау әрекетінің мәні де

осында. Шынайы өмір талаптарының салмақтылығы қажетті
алғышарттарды тудырады. Адамгершілік қажеттілігі туындаған
жағдайда адам тура жолға түсу үшін қандай шарттардың қажет
екенін түсінуге тырысады. Экономикалық мұқтаждық өз

пайдаңа сай әрекет етуді талап етеді. Эстетикалық қажеттілік
адам жанын поэтикалық шарықтауға әкелетіндей күйді, қиялды,

сөз мағынасын іздеуге итермелейді. Ақыл-ой қажеттілігі ғылыми мәселені қалай шешу керек, күдік пен күмән тудыра­ тын, жете құрастырылмаған терминдерді қалай толықтыруға, өзгертуге болады деген мәселеге тіреледі. Нақты жағдайды бұлайша тану нағыз тарихи таным болып табылады. Барлық кезеңдер мен барлық халықтардың тарихы дәл осындай жол­ мен, яғни қайта кездескен қиындықтар қысымымен пайда болған. Біз өзге халықтардың және өзге уақыттың тарихын әуелі олардың мұқтаждықтарын анықтамайынша түсіне алмаймыз, болашақтағы тарихшылар да бізге қатысты мәселелердің мәнін ашпайынша, бізді түсіне алмақ емес. Көбіне бізге кітаптың тарихилығы селқос әрі жансыз болып көрінеді, ендеше бұл білімдарларға және әдеби жорамалдарға арналған материал. Солай болса да, жаңа оқиғалар легімен келетін жаңа тәжірибе өзімен бірге басқа талаптар ала келеді, кейде олардың зардапта­ ры Христос пен Қасиетті Құдай Ананың жарақаттарын елесте­ теді, әрбір зымияндық іс пен әрекеттен соң, олардан қан тамшы­ лай түседі. Арнайы өңделген ғылым мен мәдениет азаматтық өмірдің өсуі мен тұрақтануының жалпы қажеттіліктерімен тығыз байланыста болады. Мұндай күш әлсірей түссе, онда та­ рихи мәдениет жойылмақ, мұны шығыс халықтарының өмірінен байқауға болады. Өркениет дамуының уақытша тоқтауы неме­ се күйреуі кезінде, ортағасырлық Еуропадағы жағдай секілді, тарихнама үнсіз қалды және қоғаммен бірге, оның бір бөлшегі ретінде жабайылыққа бой ұрды. 2. Тарихи кітаптың ақиқаттығы Тарихи пікірдің негізінде жатқан іс жүзіндегі қажеттілік тарихқа осы заманның ерекшелігін жеткізеді. Оқиға хронологиялық тұрғыдан алынып тасталса да, шын мәнінде кезкелген тарих бүгінгі жағдайлардың мұқтаждығына жөн сілтей­ ді, себебі олардың тербелістері фактілерді естуге көмектеседі. Осылайша мен, мені кешіруді өтіне отырып, өкінудің не екенін ойша түсінуге тырысудамын, бұл әдеттің немесе сезімнің қалай қалыптасқанын, өзгергенін, «кінәлі етіп шығарудың» еврей­ лік нұсқасының адамгершілік мағынасын немесе өзге жабайы халықтардағы дәл осындай салт-жоралғылар мәнін түсінуге ниеттеніп отырмын. Мұның бәрі менің бүгінгі күнімнің

драмасының бір бөлшегіне айналмақ, бұрынғының айтылған
драмасы менің жағдайымда да кездеседі.
Менің жанымның қазіргі жағдайы мен жай-күйі материяға,
яғни тарихи пікірдің құжатына, өзім жүзеге асырған жанды

құжатқа айналады. Тарихнамада құжат деп аталатындар – хат­
тар, мүсіндер, суреттер, фонограммалар, қаңқалар т.с.с. біздің
бойымыздағы жеке естеліктерді тірілтіп, дем бермейінше құжат
бола алмайды. Олай болмаса, яғни адамның жан-дүниесіне

әсер ете алмаса, олар жай ғана бояу, қағаз, тас, диск, резеңке
күйінде қалады. Егер менің бойымда христиандық махаббат
сезімінің, дінге иек артудың, рыцарлық намыстың, якобиндік
батылдықтың, өткеннің дәстүрлеріне құрмет сезімінің титтей

де дәні болмаса, Інжілді парақтау, қасиетті Павелдің сөздерін
оқу, Ұлттық конвенттегі пікірталастар жайында және өткен
ғасырдағы романдар мен драмалар туралы айту бекер болмақ.
Адам – ең ұсақ бөлшек (микрокосм), бірақ табиғи мәнінде

емес, тарихи мағынада: ол – әмбебап тарихтың компендиумы.
Біз үнемі тірек ететін құжаттардың кішкентай бөлшегі – біз
сөйлесетін тіл, қалыпты әдеттер, түйсікпен бара-бар ой өрісі,
біздің бойымыздағы тәжірибе. Мұндай ерекше құжаттардың

көмегінсіз заман үні мен тарих үндеуін түсіну өте қиын (мүмкін
емес деп айтпай-ақ қоялық). Алайда олардың қатысынсыз
бұрынғы әлемге бергісіз, бірақ содан туындаған жаңа туынды­
лар мен шығармалардың дүниеге келуі мүмкін емес. Тарихи

шындықтың бұл сәулелері сырттан келмейді, олар біздің ішіміз­
де өмір сүретінін айта кетейік. Бұл болжам романтикалық дәуір
философтарын (Фихте және т.б.) таза абстрактылы логиканың
көмегімен құрастырылған құжаттармен еш байланысы жоқ дол­

барлы тарихи теорияға итермеледі. Алғышарттарды жинақтау
барысында философтар (Гегель және т.б.) бір жағында апри­
орлы, екінші жағында апостериорлы, яғни құжатқа сүйенетін,
қайшылықтар құрсауында қалды.

Өмірлік қажеттілік пен жанның жай-күйі, оның көрінісі ма­
териалды күйінде қажет, алайда ішкі тарихнамалық материал,
тарихи таным жанның мұндай күйін айна-қатесіз бере алмай­
ды, оның қарапайым себебі – мұндай ұмтылыстың рухани бел­

сенділікке мүлде жат, пайдасыз көшірмеден өзгеге қол жеткізуі
мүмкін емес. Әлдебір тұлғаның өмірін тікелей деректермен

суреттегісі келетін тарихнамашылардың бос әурешілігі осыдан көрінеді әрі бәрі түсінікті. Бірақ тарихнама алдында өмірді та­ ным ретінде ұсыну үшін суреттеушіліктен арылу проблемасы тұр. Әуелі тарихнаманы қолға алып, одан соң сезімтал матери­ яны поэтикалық шығармаға айналдыратын жандар бұл міндет­ ті дұрыс түсіне алмайды. Сезімдік материал қиял мен поэтика шеңберімен де қиылысады (ол онда тұрақтап, өркендеген кез­ де поэзия дүниеге келеді), дегенмен тарихнама – қиял дүниесі емес философия. Ойлау әмбебаптық белгісін поэтикалық бейне­ де жай қалдырмайды, ол пайымдау барысында ақыл-ой әрекеті арқылы бейнелі нәрсені әмбебаптықпен бір мезетте бөліп және біріктіре отырып, байланыстырады. Түйсікпен, яғни, абстрактылы талдауда пікір екі бөлімге бөлінеді: субъект және предикат, интуиция зейін және ұғым. Алайда, нақты екі элемент тұтас бір нәрсені жасайды, оның ая­ сында көзге көрінбес шындық тарихнама шындығын құрайды. Тарихнамалық еңбектің сәтті немесе сәтсіз болуын әлдебір элементке, мәселен, бейненің күңгірттігіне, өлшемдердің дәл еместігіне байланыстыратын сыни тәсіл логикалық тұрғыдан қате болып табылады. Бір бейненің тарихи тұрғыдан жанды, ал оны түсіндіретін өлшемнің қате болғаны сияқты немесе өлшем дұрыс әрі күшті болса, бейненің қате, тіпті жансыз болғаны секілді. Бұған кінәлі себеп – белгісіздік пен бір түсініктің екін­ шісімен алмастырылуы. Тарихи кітаптарды деректерді баяндаудағы шынайылығы үшін жиі мақтайды, бірақ басты өлшемдердің кемшілігі туралы, деректер тобы жөніндегі әңгімеге оларды бағалау үшін енгізіл­ ген жалпы түсініктер мен ментальды ұғымдардың араласқаны жайлы шағымдар да айтылады. Алайда, деректердің баянда­ луында ақиқат күші бар болса, ол жалған ұғымдар мен бөтен өлшемдерді ысырып тастаған болар еді. Бір кітапта деректердің ыңғайлы тәртібі мен қате түсініктер қатар жүрсе, мұнда екі түрлі тарих, екі түрлі философия бар деген сөз, бірі – сәтсіз, екіншісі – ескі нанымдардан ажыраған жаңа. Өлшем таза бірақ сыңаржақ және абстрактылы болған кезде түсініктемелермен қатар зорлықпен қолдан жасалған манекен сияқты бейне­ лер жүреді. Мұндай бейне аталмыш тарихи материализм тарихнамасының лебімен келеді. Оның бейнелейтін адамдары

соншалық антигуманды болып көрінеді, рухтың толықтығы
мен қасиетін күстәналайтын батыл өрескелдік те соншалық
таңдандырады.
Тарихи тәртіп бойынша түсініктеме беретін өлшемдер дере­

ктерге сай болуы керек: бейнелер нанымды, ал түсініктер айқын
болған кезде өмір өз шеңберімен айналады. Деректер теория­
ны, ал теория деректерді көрсетеді. Тарихи әңгіме бос әңгіме
ме, әлде өрісті шындық па, оның негізінде өмірлік әрекеттің

салмақтылығына кепілдік берелік талаптар бар ма, ақыл-ой
элементінің ішкі сезіммен кірігуі тарихи пікірдің шынайылығын
қамтамасыз ететіндей ме – осы сұрақтар тарихнамалық сынның
міндетін құрайды.

3. Тарихи кітаптың біртұтастығы

Тарихи зеттеудің мәселесі оны тарихи пікірдің қалай
тұжырымдайтынына және қалай шешетініне байланысты. Де­
мек, бірлік өз табиғаты жағынан логикалық болып табылады.
Бұл негізгі мәселе өзге де көп мәселемен байланысты, бірақ

олардың бәрі бір ізге салынбағандықтан логикалық бірлік
сақталады.
Тарихнама бойына сіңіретін әдеби формада логикадан тыс
бір элемент үнемі болады, ол тарихи ойдың қозғаушысы іспет­

тес іс жүзіндегі қажеттілікпен өзара байланысты. Әрекеттің ең
тамаша кескіні ретінде суреттелген бұл ағым сөзден көрініс
табады немесе стильді түрде деп айтсақ та болады. Бұл аф­
фекті элемент біріншісінен кейін жүретіндіктен, үндестік бір­

лігін сақтау үшін (әдеби бірлікті деген дұрысырақ) оны бірін­
шіге бағындырған жөн. Тарихи эссені сыни тұрғыда емес,
сатиралық үлгіде немесе басқа жанр қалыбына сай жазуға
тырысу талғамның нашарлығын көрсетеді. Өрлеудегі сыни

көрсеткіш өз бойына пассионарлық және шешендік аспектілер­
ді жинақтайды. Ұлы тарихи шығармалар үйлесімділігімен бой­
ды жаулап алатыны, бірақ қоспа болып шықпайтыны кездейсоқ
емес, олар авторлардың ақылы мен жанын бейнелейді, сөйте

тұра ізденісті шындықтан, жылылықты әсерден ажырату қиын.
Біз тарихи кітаптың біртұтастығына қарама-қарсы тұратын
«тарихтар» деп аталған көп кітапты көреміз, олардың бірлігі
мәселеге қатысты емес, тақырыпқа, нақтырақ айтсақ бей­

неге қатысты. Ұлттың, халықтың, елдің, қаланың, көлдің,
теңіздің, жеке адамның немесе топтың тарихы осындай. Егер
бұл бейнелер кітаптың таза атауы болса, егер олар шынымен
кітап тақырыбын құраса, онда жақсы-ақ. Табиғатына үңілсек

мұндай тақырыптан тарихтың исі де шықпайды, бәлкім бұл бір
жүйемен реттелген хроникалар немесе эпикалық әңгіме болар.
Көп жағдайда біз түрлі тақырыптардың, тарихи ойлардың және
әңгімелердің араласқанын көреміз. Мишленің «Франция тари­

хы» осындай еңбектер қатарына жатады, онда ерекше парызды
санасына тоқыған физикалық және интеллектуалды тіршілік
иесі болашақтың маңызын көрсету үшін бүгінгі мен өткенге
сұрақ қояды. Әрине, бұл жағдай Мишле пікірлерінің тереңдігі

мен парасаттылығына нұқсан келтірмейді. Мұны ол өз өмірімен
де дәлелдеді.
Іштей байланыссыз, бірақ сырттай жұп-жұмыр боп көрінгісі
келетін баяндаулар көп зиян әкеледі. Бұрын логикамен ара-

тұра болса да санасатын едік, қазір ол өкіріп жылауда, өйткені
лирикалық серуендерді қоя тұрып, енді оны ән айтып, би би­
леуге мәжбүрлеу пайда болды. Логикалық бірлікті ол бол­
майтын жерден іздейтін әрекеттер мен талпыныстар артын­

да қатал тарихшылардан гөрі, Францияның, Германияның,
Англияның, Испанияның, Ресейдің, Швецияның, Бельгияның
тарихын теориялық тұрғыдан түсіндіруге әзір поэтикалық
көңіл-күйдегі жандар, шешендер немесе өзге де даналар тұр.

Жеке және өткінші деректер анықталған, әбден қалыптасқан
түсініктерге жатпайды, олар – мәңгілік ұғымдарға сүйенетін
түрлі түсіндірмелер үшін қажетті тарихи материя. Италия
тағдырының тарихи бірлігі туралы басы да, аяғы да жоқ айтыс-

тартыс фактісі бәрін өзі-ақ айтып тұр.
Қалай болғанда да, жаппай субстанциялауды қондыру, яғни
рухани ойластырылған әрекеттерге, саяси және адамгершілік іс­
терге, ғылыми және көркем шығармаларға ғана тән құндылықты

заттарға да жапсыру бұдан да жаман. Субстанцияға көшірілген,
яғни материлизацияланған және қозғалысынан айрылған рух
айла-амалдың құралына айналады, міне осы сәтте адам жанының
ең түкпірінде жан түршіктірер және тайғақ әлдене, жабайылық

пен қатігездіктің, ұждансыз түйсіктің, жыртқыштық аңсардың
улы жыланы ирелеңдей бастайды. Одан соң топастану мен

өмірге деген немқұрайлылық құртып-жоюға деген ұмтылыспен
алмасады, бірақ әлде де рухани белсенділікті оятуға тырысқан
болымсыз дабылдар әлсіз ынталандыруын жалғастыра береді.
Сенімсіз адамдар мен күмәнді істер жайындағы бұл

сұмдық тарихтар бүгінгі күні затқа немесе заттар тобына деген
көзқарасқа байланысты бірде ұлтшылдық немесе нәсілшілдік
ретінде, бірде романға айналдырылған өмірбаян ретінде көрініс
береді. Ұлтшылдыққа қатысты тарихтар халық өмірінің түрлі

кезеңдерінен, топтарынан және поэтикалық шығармаларынан
құралған ұлттық тарих емес. Бұл Карло Троя «лангобардылық
рух» деп атаған (германдық, арийлік, семиттік дегенге ұқсас)
нәрсенің мисыз, түнеріңкі және қараңғы экзальтациясы. Әрине,

талғампаз иіс иелері де бар, бірақ мұндай ерекше «иісшілдер»
аса ізгі дүние мен жыртқыш қатыгездіктің ортасына тап болса,
неге екені белгісіз, ессіз құмарлық пен жұмбақ табыну тура­
лы айтқанды ұнатады. Бүгінде Германияны тасқындай басып

қалған әдебиеттің қандай сұрыпқа жататыны бәрімізге белгілі.
Бірақ дұрыс түрдегі өмірбаян жазбалардың біз бел­
гілеген төрт түрінің біріне оралуға тиіс: 1) бөлек алынған
жеке тұлғаның өмірі жайлы естеліктер, яғни хроника; 2)

талқылаудың, дұғалардың, мадақтардың мәтіндері, шешендік
және бетке басып ұялту мақсатындағы мәтіндер; 3) поэзия;

4) адамды өз шығармашылығының ішінде қарастырып, баға

беретін тарихтар, мұндай шығармалар бір мезетте өз иесіне
тән және тән емес, өйткені оның туындысы өзінен үстем. Бұл
жағдайда өмірбаянның кез-келген тарихтан айырмашылығы
жоқ, тіпті әдеби түрде болғанның өзінде солай. Бірақ романға

айналдырылған өмірбаяндар жазбалардың бұл төрт түрінің
ешқайсына да жатпайды, тіпті тарихи пікір ойдан шығарылған
оқиғаларға айналдырылған тарихи романдар да бір кездері
сұранысқа ие болғанмен, бұлардың ешқайсына жатпайды.

Олардың мәні – белгілі бір жеке тұлғаның маңыздылығын ба­
яндау: Дантенің поэзиясы мен философиясы емес, дантеліктің
өзі; Лютердің діни немесе саяси қайраткерлігі емес, лютер­
лік; дүниежүзі тарихындағы Наполеон емес, наполенизм

және т.б. Егер ауру жүйкенің иірімдерінде туындайтын, пұтқа
табынушылыққа айналатын екіұштылық болмаса, мұның бәрі
қорқынышты болмас еді. Өнімді процеспен байланысы бол­

маса олар түсініксіз әрі үнемі шындық шеңберінен тыс бо­
лып қалады. Мінез-құлықтың тым ерекшелігіне қарамастан,
лас нәрселермен лайланған лимфа ойдан шығарылған не­
бір өмірбаяндарға қорек болады, сондықтан олардың көбі

дөрекілігімен және көргенсіздігімен ерекшеленеді. 4. Қажеттіліктің тарихи мәні

Фактіні ұғынушы пайым факт қандай болса, сол күйінде ала­
ды, қандай болуы мүмкін еді деген мәселені қарастырмайды.
Ескі қисындық – логикалық терминология бойынша, тепе-
теңдік және қарама-қарсылық қағидасына сай ойлану қажет,

демек логикалық қажетті түрде. Бұл тарихи қажеттілік
түсінігінің мағынасы болып табылады, оған күмәнмен қараса
да, қисынссыздыққа ұрынбай-ақ адам бостандығын теріс­
ке шығаруға болады деп шамалайтындар қарсы шығуға ты­

рысса да, солай болмақ. Логикалық қажеттілік туралы ереже
орныққан және әр кездері көпірме «егер» сөзін тарихқа енгі­
зуге тиым салу арқылы болса да дәлелденіп отырады. Әңгіме
заңды грамматикалық, яғни тарихшылар жалпы және абс­

трактылы сақтықты жеткізу үшін қолданатын демеулік шылау
жөнінде емес. Мысалы, егер Германияның мемлекеттік ер­
лері 1914 жылдың шілдесінде төзімдірек болса, онда Бірінші
Дүниежүзілік соғыстың алдын алуға болар еді деген пікірлер

де айтылады. Бұл жерде жауапкершілік сезімінің маңыздылығы
мен асығыс, ойланбай жасалған әрекеттер салдарының
қаншалық ауыр болатынын атап көрсеткілері келгені анық.
Қисынды егерге қарама-қарсы антитарихи және қисынсыз

егер бар. Ол біртұтас тарихи үдерісті қалай болса солай, өз
бетімен қажетті фактілер мен кездейсоқ фактілерге бөледі
(осылайша бөлгенмен тарихи тұтастық қол тимеген күйінде
қалмауы үшін бәрін де кездейсоқтыққа жатқызғылары келеді,

кездейсоқтықтың бәрі қажетті нәрсе ретінде түсіндіріледі).
Бір факт қажетті, екіншісі кездейсоқ деп бағаланса, егер
кездейсоқ ауытқу болмағанда алғашқысының қалай дамиты­
нын анықтау үшін, екіншісі ойша ысырыла тұрады. Мұндай

қызықтармен өзімізді бойымызды жалқаулық билегенде алдан­
дырамыз, шынында да, егер біз мына адамды емес басқа адам­
ды жолықтырғанда, дәл осы қателікке ұрынбағанда не болар

еді дегенді ойлау қызық қой. Бұл жағдайда біз өзімізді тұрақты
және қажетті элемент ретінде түсінеміз, өзімізді өзгерту тура­
лы ойланбаймыз да. Дәл сол сәтте мен болдым ғой, осындай
тәжірибеммен, өз қиялдарыммен және сергелдеңіммен, дәл осы

адамды жолықтырдым, неге екенін кім білсін, дәл сол қателікті
жібердім. Фактілік шындықтың біртұтастығын қалпына келтіре
отырып, біз мұны доғарар едік, енді бұл ойынның еш қызығы
жоқ. Мұндай жоқ нәрсеге сенудің қатерінен «Әртүрлі егер

және соңыраның көптігінен мазарлар саны көбейеді» (соңыра –
ешқашан дегенді білдіреді) деген мәтел сақтандырады. «Егер де
болса» деген ойын үнемі қолданылмайтындықтан өзге қызыққа
көңіл аумайынша, тез жалықтырады. Философ Ренувер батыс­

та христиандықтың саяси жеңісінің кездейсоқ фактілері тура­
лы тұтас бір кітап жазды. Ол Марк Аврелий билігі кезіндегі
аздаған өзгерістер Коммодқа, Пертиначе немесе Альбиноға та­
быс әкелуі мүмкін еді, бұл жағдайлар мүлде басқа салдарлар

әкелер еді деп жорамалдады.
Әрқашан белгілі бір тарихи қажеттіліктің логикалық
мағынасы міндеттің салмағын түсінуден көрінеді, ол артатын
жауапкершілік бос сөз айтып, еркінсуге жол бермейді. Оны бұл

түсініктің қате өзге екі мағынасымен араластыруға болмайды.
Тарихтың қажеттілігін себептер мен салдарлар тізбегіндегі бір
фактілер келесілерін анықтайтындай етіп түсіндіру қате болмақ.
Бұл іргелі шындық қарапайым болғанмен, оны натурализм мен

позитивизм көлеңкесіне тығылған ақыл-ойлардың игеруі қиын.
Түсінік (бұл жерде ауызекі әңгімедегі вокабулалар жайын­
да емес, концепт туралы айтылып отыр) тарихтан тыс және
мәңгіге солай қалуы тиіс, өйткені ол нақты ғылымдар аясын­

да дүниеге келген, оның заңды мекені сонда. Әлі ешкім тарихи
ерекшеліктердің ешқайсысын себеп пен салдар барабарлығы
тұрғысынан түсіндіріп бере алған жоқ. Бірақ кейде басқа тәсіл
негізінде құрастырылған, яғни берілген тарих үшін ішкі себеп­

терден пайда болған әңгімеге кездейсоқ терминдер жиынтығын
(казуалистік терминологияны) қосуға болады, көбіне тек
сахналық сән үшін. Немесе детерминизмдегі күйреуік сал­
дар жағдайындағыдай тарихқа кінә таға отырып, пессимистік

көңіл-күймен баяндайды, өйткені біздің жоспарымызға сәйкес
дамудың орнына, ол өз жолындағының бәрін қиратып, бізге
құйындай төнеді.

Өзге бір түсінік залым нақыл (сентенция) түрінде кездеседі.
Егер адамда логика болса, ол тарихта да болуға тиіс деседі. Егер
адам тарихты ойластырса, әрине, ол мұны қисынды түрде жа­
сайды. Бұл жерде «логика» сөзі мүлде басқа мағынаға ие, мыса­

лы, тарихтың басталуын, дамуын және аяқталуын қамтамасыз
ететін жобаны немесе бағдарламаны білдіруі мүмкін. Көзге
көрініп тұрған фактілер астарынан тарихшы жасырын матрица­
ны және ең соңғы ақиқат түсінікті табуы қажет. Философтар көп

жағдайда мұндай жобаларды трансцендентті Құдайдың киімін
сан түрлі өзгертіп және одан әлдебір әрекетті күте отырып, идея,
рух, материя жайлы түсініктерге негіз етті. Жетілдірудің мұндай
жалаңаш түрін Томазо Кампанелла бірде өз сонеттерінің бірін­

де «күлкілі фатальды сценарий» деп атаған-ды. Ол әжуасыз
және ашу-ызасыз сықақ театрлары басшыларының актерларды
жұптау тәсілін меңзейді. Галиани аббат болса, оны ойын таста­
рымен ойнаушы алаяқтардың қолындағы құралмен салыстыр­

ды. Бірақ мұндай жолмен құрастырылған тарихты тиімді түрде
ешкім баяндай алған жоқ, өйткені құжаттары мен куәліктері жоқ,
қарама-қарсылыққа толы жоба екені әдіснамасының өзінен-ақ
көрініп тұр. Құжаттар болған күннің өзінде олар алдын-ала

таңдалған саяси, діни, философиялық ағымдар мен мүдделерді
мақұлдаушы белгі немесе әшекей ретінде ғана қолданылады.
Каузальдылық секілді трансцедентті Құдай адамзат тарихына
барлық жағынан жат, бұл жерде тек мистериялы Дионис туралы

немесе біздің күнәларымызды арқалаушы Құтқарушы «Chrіstus
patіens» жайлы ғана айтуға болады.
Қажеттіліктің мұндай қате қос түрімен бірге тарихнама
кез-келген тарихи болжамдардан арылады. Егер Құдай сырын

ашуда тарихтың соңғы сәті күні бұрын айтылса (Антихристің
келуі, ақырзаман, бәрінен есеп алынатын күн), онда бүгінгі
күн мен болашақ ақырзаман аралығындағы оқиғалардың бәрі
сол сияқты Көрегендік кітабында алдын-ала анықталған (бұл

жолдау пенделердің бәріне белгілі болуы мүмкін еді). Себеп
пен салдарлардың тізбегінде түрлі нұсқаларды қайта санай
отырып, түйіндердің болашақтағы бірігуін анықтау мүмкін бо­
лар еді. Екінші жағынан алдын-ала білудің мүмкін еместігін

мойындаған казуалистер себептің сансыз көптігінің алдында
тізе бүгеді, Құдайдың не бұйыратыны белгісіз екенін айтады.

Осылайша жазушы әрі натуралист Золя көп бұтақ тарайтын
шежірені құрастыра отырып, әлі туылмаған баланың орны қай
жерде болатыны туралы ойланып қалады, сосын мысқылмен
өзінен-өзі «Quel sera-tіl?» деп сұрайды. Осыған қарамастан,

болжалға деген ұмтылушылық тарих оқытушыларының қанға
сіңген әдеті ретінде және жеке қорқынышпен, үмітпен байла­
нысы жоқ дерексіз бейнелер қатарын қанағатпен көбейтуші жа­
зушылар тарапынан мұны міндет деп түсінушілік ретінде әлі де

қалып отыр.
Бостандықты
қорғаушылар
трансцендентті

қажеттілік
секілді казуистикадан (қандай алдамшы түрге енсе де бәрібір)
сақтанулары тиіс. Бірақ бостандықтың іргелі алғышарттары
болып табылатын тарихнаманың логикалық қажеттілігімен

күресу – ақымақтық. 5. Тарихи – таным жалпы таным

Тарих – тарихи пайым деп айту аз, кез-келген пайым тарихи
немесе тіпті тарих деген пікірді қосу қажет. Егер пайым субъ­
ект пен алғышарттың қарым-қатынасын белгілесе, онда субъ­
ект, яғни факт, не туралы айтылса да әрқашан тарихи факт бо­

лып қалады, демек қалыптасушы, арақатынастық нәрсе ретінде
қалады. Шынайы өмірде қозғалыссыз фактілерді табу да,
түсіну де мүмкін емес қой. Төрелік айтушының анық перцеп­
циясы да тарихи болып табылады (перцепциясыз пікір жоқ, тек

қана соқыр, мылқау қабылдау бар). Мысалы, менің аяғымның
астындағы тас менің қадамымнан үркіп ұшып кетпейді. Демек,
мен оны таяқпен итеріп немесе аяғыммен теуіп, жолдан алып
тастауым керек. Оқиға барысына тас не үшін және қалай ара­

ласады, ыдырау күшіне қарсыласа ма, әлде сәл-сәл жеңіліс таба
ма, тарихтың бұл қырын менің тарихи пайымым анықтайды.
Бірақ бұл жерде де алдағы өсу барысын тоқтату мүмкін
емес, өйткені тарихи пайым рет емес, бірақ оның өзге еш

нәрсеге орын қалдырмай, бостықтың бәрін өзі толтыратын та­
ным түрі екені даусыз. Шын мәнінде, кез-келген нақты білімнің
болмауы мүмкін емес, бұл өмірмен, үмітпен және мақсатқа
жету үшін жеңуге тиіс кедергілермен байланысты тарихи

пайымға да қатысты. Білім үшін білім ақсүйектіктен де, жоғары
мақсаттардан да тіреу таппайды. Ақымақтардың уақытты

көңілді өткізуінің іс жүзіндегі қажеттіліктен туындаған жал­
пы таныммен еш ұқсастығы жоқ. Сондықтан өмірдің тұрпайы
шындығынан қашып, бөлектенуден үміт ететін ойлы адам өзінің
ақыл-ойын өлтіріп алатынын ескере алмайды. Қиындықсыз

және төзімділікті тексеретін үздіксіз сынақтарсыз ойдың ту­
уына, тіпті пайымдауға да себеп болмайды, өйткені белсенді
поэтикалық пайымдау күнделікті құштарлық пен ішкі жан-
дүниенің арпалысынан тұрады.

Осылайша танымның тарихилығының теориясы жер
бет­­ін­­дегі қарапайым тірлік мәселелерімен айналысатын
жаратылыстануға қарсы тұрған жоқ, ол көздерін көкке қадап,
сол көктен түсетін шындықты күткен философияның дәстүрлі

идеясына қайшы келмек. Жер мен көктің бөлінісі, өзін аттап
кететін шындықтың дуалистік түсінігі, метафизика физикадан
жоғары тұратын пікірсіз пайымдау – біз оны: Құдай, материя,
идея, ерік деп атар едік, мұның бәрі таза құбылысқа жататын,

төменгі сұрыпты шындық бар деген жорамалға әкеп соғады.
Тарихи ой маңғаз трансцедентті философияны да қылжақ
етті, өзі орнықтырмақ болған дінді де ол осы күйге түсірген,
тарихи ой оның түсініктерін, доктринасын, айтыс-тартыста­

рын, тарихи факт түрінде кездесетін әрнәрсеге шүбәланушы
қарсылықтарын тарихиландыруға тырысты, жарым-жартылай
оған қол жеткізді. Оның ұзақ мерзімді билігі өз қазанамасын өзі
адал ниетпен жазуымен аяқталды.

Трансцендентті философияға тарихи сын айту оның мета­
физика тұрғысынан сарқылғанын көрсетті деп айтуға болады.
Оның орнын енді философия емес, тарих немесе тарих ретін­
дегі философия немесе философия ретіндегі тарих басуы тиіс

еді. Философия-тарих әмбебаптық пен даралық, ақыл-ой мен
ішкі түйсіктің тепе-теңдігі қағидасын негізге алады. Ол шын
мәнінде біртұтас болып саналатын бұл екі элеметтің бөлінуін
заңсыз деп жариялайды. Ұзақ уақыт бойы көнбіс ізденіс­

тер нысаны болып келген тарихи құбылулар тақырыбы енді
дәстүрлі философиялық тақырыптармен қатарласты, өзгенің
бәрін кері ысырып тастады. Сонымен бірге, аталмыш тарих
тарих болған жоқ, небәрі білімдарлардың ізденуінің нәтижесі

мен хроника ғана болған-ды. Кәрі метафизикалық тарих та­
рихты көкке көтермек ниетпен оған қол сұққан кезде, бірақ

жауап ретінде тек хрониканы ғана алған сәтте ол шындықтағы
үлгіге аз да болса сәйкес келетін таңғажайып жоспарды, яғни
тарих философиясын ойлап тапты. Тарих философиясы ақыл-
ой жетіспеушілігінің немесе Виконың оны мифпен салыстыра

отырып айтқанындай, ментальды мұқтаждықтың салдары еді.
Әртүрлі әдеби түрлер арасында философиялық болып сана­
латын өнімдер бар, олар интуитивті элементтен ажыратылған
абстрактылы түсініктер төңірегінде айналып жүр. Алайда

бұл түйсіктің түсініктер бос кеңістікте жансызданбаса, егер
оларда пікірдің толыққандылығы мен нақтылығы болса, онда
олардың бойында интуитивті элемент міндетті түрде кездеседі,
бірақ хроникаға әдеттенген көздерге көрінбеуі мүмкін. Егер

тұжырымдалатын философемалар ерекше табиғи жағдайларды
сәулелендіру талабына жауап бере алса, онда зерттелетін
пәнді қалайда айқындауға мүмкіндік туады. Әдіснамалық
түсініктемелер баяндау және пайымдаумен қатар жүретін бүгінгі

күннің саяси, моральдық, интеллектуалдық жағдайларымен
сәйкестендірілмесе, оларды түсінудің мүмкін еместігін атап
айтқым келеді.
Әйтсе де философия профессорлары бар, олардың міндет­

тері – филологтар мен білімдарларға, сондай-ақ лас фактілер­
ге белшесінен батқан тарихшыларға қарсылық таныту секілді.
Тарих ретінде ұсынылатын фактілер қатары мен дерексіз ойлар
тізбегі мәселенің мәнін түсінбеушілік деңгейінде өзара тең тұр.

Олар трансцендентті философияның заңды қорғаушыларына
айналады: тіпті сөз жүзінде философия мен тарихтың бірлігін
уағыздаған кезде де, іс жүзінде бәрі керісінше болып шығады.
Ара-тұра олар ерекше тиым салынған әлденені немесе тари­

хи пікір ретінде ұсынылатын кезекті жалған әңгімені айту
үшін ой-қиялдағы биіктіктерден төменге түседі. Қайткенмен
де тарихилықтың мағынасы тарихи ойлаудың кең тараған
тәсіліне айналу үшін пісіп-жетілген кезде, филолог-тарихшы­

лар қайтадан қарапайым әрі пайдалы зеттеулермен айналысуды
бастайды. Ал философтарды барынша сыпайы шығарып салу
күтіп тұр. Философия жоғары тарихнамадан өнімді еңбек үшін
қажетті қалыпты жағдайларды, яғни философия профессорла­

рынан ұзақ уақыт бойы талап етіп, қол жеткізе алмағанын тап­
ты. Тарихнама мәселеге салқын, әділ және риясыз ой жүгіртіп,

талдау жасайды, а й т п а қ ш ы шылауын қолданбайды. Нағыз
поэзия шынайы құштарлықтан туындайтыны сияқты, кез-кел­
ген салмақты тарихнама және салмақты философия ыңғайлы
жағдайлардан тыс, яғни нақты өмірлік және ахлағтық моральдық

себептерсіз болуы мүмкін емес. 6. Тарихи ұғымдар және рух формалары

Трасценденцияға қарсы, белгі-терминнің шегінен шығып
кеткен айтыс-тартыс пікірдің өзіндегі ұғымдық дистинкция­
ларды теріске шығаруға әкеп соқты. Сондықтан ұғымдар транс­
ценденция формалары түрінде қарастырыла бастады: ұғымдар

жаңа пікірмен бірге өзгеріп және байып отырады ғой, демек,
пікірлер де ұғымдар сияқты шексіз.
Әйтсе де ұғымдық айырмашылықтардың трансценденция
мен пікірлер арасындағы қарама-қарсылықпен ешбір ұқсастығы

жоқ, өйткені пікірлер өзектілігін анықтау айырмашылықтарды
белгілемейінше мүмкін болмайды – А қасиеті Б қасиетінен
ұғымдарға сәйкес ажыратылады. Егер пікір А әрекетін ақиқат
ретінде, Б әрекетін – бұл тамаша жағдайдың мақұлдануы, С

әрекетін – саяси тұрғыдан ұғыну, Д – моральдық құрбандық
деп бағаламаса, оның пікір болуы мүмкін емес. Іс жүзіндегі
ұғымдар, байыту деп аталатын өзгерістер барысы өзгере ме?
Егер өзгеріс қағидасының өзі өзгеріске ұшыраса, онда қозғалыс

барысы тоқтап қалады. Өзгеріп және байып отыратындар ғана
мәңгілік ұғымдар болып табылады. Алайда, жаңарып отыра­
тын ментальды тәжірибені қосқанда ұғымдар туралы біздің
түсінігіміз үнемі өзгеріп отырады. Айталық, біздің логикалық

әрекет жөніндегі түсінігіміз Сократ пен Аристотель ойлап
тапқан шабақтемірмен (арматурамен) жабдықталған емес пе?
Әйтсе де, соған қарамастан логикалықтың ұғымдық тұрақты
шамасы болмаса, біздің аз да болса ұстарған түсініктеріміз

логикалық әрекеттердің мінездемесі бола алмас еді.
Мұндай айтыс мәселенің шектеуші шегінен шығып кеткенін
айқын көрсетеді, ақиқаттың қозғаушы күшін негіздей алмау
трансценденция қателегін түсіндіре отырып, қайтадан ізде­

ну қажеттігін білдіреді. Кез-келген қателік негізінде әрқашан
соған ұқсас себеп жататынына келісейікші. Трансцендентті
философияға қатысты ол үнемі рухани құндылықтар (игілік,

шындық, әділдік т.б.) өлшемдерін барынша ұстап қалуға деген
қажеттілігі арқасында күшті болды деп айтуға болады. Олардың
әрқайсысы зұлымдыққа, өтірікке, әділетсіздікке қарсы тұрумен,
сондай-ақ адамдар ойланбай ұйғара салатын терістеулер мен

аралас ағымдардан өзін қорғай білу қажеттілігімен ерешеле­
неді. Шын мәнінде қателік өзін өмір ағысынан бөліп әкетіп,
бұлттардың ар жағындағы шындықтан тыс ортаға орналаспаққа
ұмтылу әрекетінде жатыр. Шынайы логикалық мәселелердің

қиял-ғажайып шешімдері осылай туған.
Дұрыс ойлы және жалпы рухани өмір сенсуализммен және
гедонизммен нашар үйлесті (гедонизм – адам рахат тұрмысқа
ұмтылады дейтін грек ілімі; сенсуализм – сезімдік қабылдауды

таным процесінің негізгі формасы деп санайтын философиялық
бағыт. Аудармашы ескертпесі.) Қателіктерге қарамастан,
әртүрлі тарихи кезеңдерде жемісті ізденістер жалғаса берді
(софистерге қарсы Сократ дәлелдері, Платон және оның аса

сезімтал әлемі). Жаңа заманда Гербарттың диалектика мен
тарихилықтың перверсияларын әшкерелеуі сәтті болды, мо­
ральды өмірдің бастауларын гегельдік мектеп өкілдері қорғап
бақты. Үнемі асыра сілтеуге толы болатын әсер түсініктердің ара

жігін репрезентациядан ажырата түсті, олардың әрқайсысын өз
ішіне тұйықталған, жабық нәрсеге айналдырды. Мұның өтеуі
таза эмпирикалық түсініктердің нысанасына айналған фак­
тілерге құндылықтардың трансцендентті билік жүргізуі бол­

ды. Енді философиялық ойдың тазалығын қалпына келтіруге
шақырушылар жоғалтқандарымыздың оралмасын есепке алып
жатқан жоқ, сол жоғалтқандарымызды төңкерісті-керітартпа
болып табылатын философиялық сынның араласуымен күш

сала отырып, сақтап қалуға болар еді.
Көрер көзге жақсы құрастырылған пікірлер түйсіктік,
яғни, абстрактылы философия құрылымдарын жеке фактілер
мен белгілі бір ойға қатысты нақты пікірлердің жиынтығы

арқылы тексеруді қажет деп таппайтындарда қалып отыр.
Әдіснама деңгейінде терістелетін дистинкциялардың тарихи
баяндауларына ойдан шығарылған жаңалықты құпия түрде
енгізу немесе оларды эмпирикалық деп ресми түрде мәлімдеу

әлдеқайда жеңіл болып көрінеді.Неополитандық патша Карл
Бурбонскийдің қабылдауына тап болған бір мұсылман ба­

ласы дәл осылай істеген екен. Дипломатиялық мәлімдемеде айтылғандай, салтанатты қонақасында сұлтанның елшісі аса көп мөлшерде шампан ішіп алып, бұл сусынды өзгелерге лимо­ над деп атауды бұйырған. Бәлкім, бұл күлдіргі әңгіме салмағы ауыр философиялық қайшылықпен үйлесе қоймас, алайда оны мен қозғаған мәселенің ерекшелігіне қатысты айту өте орын­ ды. 7. Әрекет пен ойлау арасындағы айырмашылық Неге екенін кім білсін, бұл дүниеге тиісті тазалық пен біртұтастықты қолдау үшін үнемі барлық шамдарды үрлеп жағу қажет деген ой болды, барлық жағдай құдды бір көлеңкелер патшалығында болып жатқан секілді. Мұндай қалыптың қолданудан шығуы таңданарлық жағдай емес. Өйткені есті ой мен философия білім мен ерік, ой мен әрекет арасындағы айырмашылықты әрқашан құрметтейтін. Мұндай жағдайларда қолданылатын дәлел кез-келген софизмнің бастау көзін көрсетеді – бір терминде екі түрлі мағына бар, дәлелденген біреуі екіншісін де амалдап өткізеді. Ойлау да іс-әрекет сияқты белсенді (ол өмір шындығын айна-қатесіз көшіріп алмайды), оның белсенділігі селқос бақылаудан емес, мәселелерді шешуден көрінеді, ойлау өмірден шет қалмайды, керісінше өмірлік маңызды қызмет болып табылады – дегеннің бәрі – философияның Декарт пен Викодан Кант пен Гегельге дейінгі кезеңінде тартыспен жеткен табысы. Әйтсе де софизм жалған сенімнен тұрады, бұл айырмашылық ерік күші мен енжар ойлаудың арасындағы айырмашылықпен бір сұрыпты болып табылады. Дәлелдің софистикалық екені ешнәрсе ше­ шпейді, өйткені таным мен ерік, ой мен әрекет арасындағы айырмашылық сол күйінде өзгеріссіз қалады ғой. Мәніне қарай өзгеріссіз қалады, өйткені танымның әрекеттен шексіз басымдығына қарағанда, жанның екі бейімділігінің па­ раллелизмі мен дивергенциясы нақтыланған және тереңдетілген. Егер білім іс жүзінде қолдану үшін керек болса, іс-әрекет те жоғарыда көрсетілгендей тиімді таным үшін қажет. Рухани ай­ налым осылайша біріншінің шексіздігі мен туынды түріндегі екінші туралы мәселенің мәнсіз екенін көрсетеді. Шеңбер қимылы біріншіні екіншіге, екіншіні біріншіге айналдырады.

Дәл осы айналым рухтың өз-өзімен шынайы тепе-теңдігін
көрсетеді, себебі рух өзін-өзі қоректендіреді және өзін-өзі
жеңеді. Өзге кез-келген біртұтастық жансыз және статикалы,
механикалы және табиғи байланыссыз, математикалық болып

табылады, сондай-ақ алыпсатарлық пен диалектикалыққа жа­
тпайды.
Егер де әлдекімдер рухтың екі сәтінің бірін сызып тастағылары
келсе және бұл әрекетті балаңдыққа жатқызуға болмаса, онда

олар өмірді де, ойды да әрекетпен қоса талқандағылары ке­
леді. Ерік пен оның мақсаттарына теңестірілген ой ақиқатты
жаратушыны жоймақ, барлығы да алдамшы дүниеге айналмақ.
Ақиқат сәулесі түспеген ерік пен әрекет сұмдықтың бойын­

да бұғып жатқан ауытқымалы дертке душар болады. Құдайға
шүкір, өмір мен дүниенің табиғатына қарсы тұратын мұндай
ештеңе жоқ, өйткені рух ақиқат пен логиканы қиратушы
күнделікті өмірдегі қызығушылықтарға қарсыласады. Ол

шаршамастан соқыр құштарлықтарды қайта қорытып, өмірді
заттардың ретін бұзбай, өзгерпей әрекет етуге деген жарқын
ерікке айналдырады.
Егер бір нәрсе қауіп ойлатса, ол білім мен әрекеттің

біртұтастығын қиратушы теориялар емес, былайша айтқанда
академиялық бос сөз емес, ол біздің заманымыздың осы арқылы
теріс нәрсені мақұлдайтын ауру климаты. Интеллектуалды
және богемді орталарда, саяси қайраткерлердің жиындарын­

да не айтылатынына құлақ түрсек жеткілікті. Ақиқатқа деген
немқұрайлылық, болып жатқанды сыни тұрғыдан қабылдаудың
жоқтығы, мұраттан ажыратылған, сол себепті де есерсоқтықты
елестететін белсенділіктің әртүрлілігі шошытады. Егер біз

кейде түкке тұрғысыз надандыққа кездессек, кей жағдайларда
білім мен істі теңестіруді жақтаушылармен бетпе-бет келеміз,
олар айқын айырмашылықтардың ішкі сәулесінің күшін жан­
сыздандыра түседі. Дәл осындай адамдар бүкіл бұқаралық

өмірді шешендік софистикаға әкеп тірейді және олар бас пайда­
ларын көзден еш таса етпейді, сондықтан кез-келген өзгеріске
дайын кеңсе қызметкерлерінң сансыз тобын өсіріп шығарады.
Бір француз жазушысының бірнеше жыл бұрын ұстанатын

қағидасы жоқ, бәрімен келісе салуға дайын адамдарды жазалай­
тын арнайы заң қабылдауды ұсынғаны тегін емес. Жалған тео­

рия мен кері кеткен сана біріне-бірі сүйене отырып, шыңырау
түбіне бірге кеткенше бірін-бірі тудырады.

8. Тарихтан құтқаратын тарихнама

Белгілі әлеуметтік ауруларды және олардың белгілерін мұқият
зерттеп, содан соң оларды әлдебір тамаша ауруханада емдеудің
орнына, теоритиктердің қылмыстық жалпы қорытындылар
үшін

шексіз
құндылықтарды
қиратушы
фатализмнің

таралғанына тарихилықты кінәлай жөнелетінін көру біртүрлі
қызық. Өткенге сәуле түсіру арқылы фактілерді кемшілігінен
арылтпақ, зорлықты ақтап, квиетизмді насихаттамақшы, жа­
сампаз күштерге деген сенімді құртпақшы, міндетті сезінуді

жалқаулық пен селқос көнбістікке айналдырмақшы деседі.
Алайда бұл кемшіліктердің бәрі адамгершілік әлемінде атауға ие
болған: жанның дәрменсіздігі, еріктің күйреуі, моральдық ойдың
кемістігі, өткеннің ескішіл ұғымдары, күмәншіл кертартпалық,

өзіне ақтау іздейтін және бос сөзден гөрі іске көшіп, мәселелерді
шешетін кезде тарихи қажеттілік туралы екіұшты пікір айтатын
қорқау сатқындық. Әрине, бұл кемшіліктердің бірін кез-келген
пенде секілді кез-келген тарихшының бойынан таба аламыз.

Гегельді еске түсірейік, консерватизмі мен сенімге берілгендігі
оның философ және тарихшы ретіндегі ұлылығына еш әсерін
тигізген жоқ. Тарихи ойдың мәлімделген ағымдар және еріксіз
жіберілген жаңсақтықтармен қайшы келуі жиі ұшырасады.

Біз-өткеннің өніміміз, ол бізді барлық жағымыздан қоршап
тұр. Өткеннен шықпай тұрып, қалайша жаңа өмірге бет алуға
болады? Өткеннен қалай ажыраймыз, егер ол біздің ішімізде,
біз оның ішінде болсақ ше? Жалғыз ғана жолы бар, ол – ой,

философия өткенмен қарым-қатынасты үзбей-ақ оны қайта
қорытып, санаға айналдырады, сөйтіп биіктей алады. Өткенмен
бетпе-бет жүздесу керек және оны ментальды мәселемен ешбір
метафорасыз түйістіру қажет. Ақиқаттың арғы ұстанымдары

жаңа әрекет пен жаңа өмір үшін тамаша алғышарт болмақ.
Күнделікті өмірде біз дәл осылай әрекет етеміз. Қиындыққа тап
болғанда қиналудың орнына, жіберген қателіктер үшін ұялудың
орнына, біз жағдайды саралап, болған оқиға себептерін талдай­

мыз, сосын ішкі ойдың айтуымен мәселені шешудің жолын
таңдаймыз. Осылайша біз батыл әрі жігерлі түрде іске кірісеміз.

Адамзаттың аса бай өз өткеніне деген қарым-қатынасы да дәл
осындай. Тарихты жазу дегеніміз өткеннің иығынан түсуге
көмектесетін тәсілді табу – деген Гете сөзі бар. Тарихи ой оны
материяға әкеп тірейді, затқа айналдырады, осылайша тарихна­

ма өзін тарихтан азат етеді.
Идея мәнінің еріксіз және залым ниетпен лайлануы ғана
тарихнамаға өзінің тазару миссиясын орындауға кедергі келтіруі
мүмкін. Осыған ұқсас рольді бізді құмарлықтар бұғауынан бо­

сатушы поэзия орындайды. Тарихнама фактілер мен өткен күн
қысымынан босатады, ендеше, карцер есігін аша білген адамды
тұтқын деп атауға бола ма? Олай болмаса біз зынданда мәңгі
қалып қоямыз. Ғұлама тарихшылар (оларды хроникалар тізімін

құрастырушы монахтармен, құжаттарды жинақтаумен айналы­
сатын білімдарлармен, сондай-ақ схоласт-құрастырушылармен
шатастыруға болмайды) еш қажымайтын жолаушы іспеттес
болды, өйткені олар ой өткелінен асудың қиындығын түсінді,

өздері асқан соң, өзгелерге жоғары көтеріліп, өткенді бастан
кеше білуге көмектесті. Тарих бейнесін жасаушы, өркениеттің
даму жолын көрсетуші саясаткерлер, философтар, суретшілер

– олардың бәрі талапты әрі батыл адамдар еді. Әсіресе, рефор­

малар дәуірінде өткенге, оның жіптерін нығайтып, жаңа мата
тоқуға ұмтылатын барлық мәселелерге қатысты аса қырағылық
таныта білудің маңызы зор. Бір ырғақты және бірқалыпты
кезеңдерде адамдар әртүрлі аңыз-ертегілер мен детектив ро­

мандарды оқығанды жөн көреді. Жеке басының өзімшіл
қызығушылықтарымен шектеліп қалған олар, шексіз әлемде
болып жатқанның бәріне немқұрайлы қарайды, олар үшін
ұсақ-түйек пайданы көздеген ниеттердің күйкі шеңберінен тыс

нәрсенің бәрі көк тиынға да татымайды. 9. Тарихнама – құндылықтың жасанды

нәрселермен күресіне әзірлік
Тарихнаманың жаулары өткен күн туралы айта отырып, оның
кешірілмес ауыр іздерін құпия сақтауға тырысады. Өздерінің
шаттық идеалын тарихы жоқ немесе өз өткенінің сабақтарын

ұмытқан халықтарға жүктегілері келеді. Осылайша олар кез-
келген оқиғаға қатысты жасалуға тиіс пайымды қоя тұрып, тек
фактілер туралы баяндау құқығын иемденеді.

Тарихи пікір өзге де пікірлер арасында өз артықшылығымен
көзге ұратын, бірегей болған жерде қалай үндемеуге болады?
Егер тарихи еңбек әңгіме-пайымдаулардан құралса, сапалы
айырмашылықтарын көрсетпей, анықтамай, мына факт – сая­

си, мынау – дінге қатысты, анау – ақыл-ойлық қасиетке ие деп
баяндауға бола ма? Ранкенің «Шын мәнінде қалай болса, со­
лай баяндау» деген белгілі формуласы бар және бұл – тарихтың
жалғыз мақсаты. Айқындалмаған және түсініксіз күйде

қалған мәселе жайында тіршілік алғышарттарының қасиетін
айқындайтын логикалық қағиданың күшіне сай баға бере оты­
рып, талқылауға болмайды.
Көзге шұқып ұялта отырып, баға беретін пайым пайым

емес (пайымдау дегеніміз – әр кезде де ойлау әрекеті емес пе),
бұл – шын мәнінде, белгілі мұрат-мақсаттарды қорғайтындар
мен жеңіске жеткізетіндерге үкім айтумен тең. Бұл бейшара-
төрешілер өткен күн қайраткерлерін жауап алу үшін, сосын бірін

марапаттап, енді кейбірін жауыз, мүсәпір сияқты атаулармен
таңбалап, лағынет айту үшін трибуналға шақырады. Олар бүгін
өтіп жатқан сот – бүгінгі күннің тірі және әрекет етуші адам­
дары үшін ғана трибунал болатынын, өткен дәуірлердің айып­

талушылары өз заманының үкімін тыңдағанын және олардың
екі рет сотталуы мүмкін еместігін ойламайды да. Олар өткеннің
бейбіт көлеңкесінің астына енгендіктен ғана жауапкершіліктен
босатылады. Тек өткен күннің өкіліне айналған олар өздері

істегендердің рухына еніп, оны аңғаратыннан өзге кез-келген
пайымдауға бей-жай қарайды. «Түсіну демек бәрін кешіру» де­
ген мақалдағыдай емес. Олар қатігездік пен индульгенцияның,
жер-жебіріне жетер сөздер мен лағынет-қарғыстардың және

сый-құрметтің арғы бетінде қалғандықтан кешірімге қол жет­
кізеді. Өткен күн туралы баяндайтын тарихшылар өз міндетін
төрелік айту деп біледі, бірақ астарлы мағыналы сөзді дәлме-
дәл материалды түрде түсінеді (Александр Мандзонидің өзі

бұдан құтыла алмапты деседі). Мұндай пікір әлдекімнің мүсінге
жұдырық ала жүгіргені секілді мезі етерлік. Мысалы, «Цезарь

– кінәлі, өйткені, ол Римді бостандықтан айырды» деп қоқан-

лоққы көрсетушілер де табылады. Цезарьдың бұл қоқан-лоққыға
пысқырмайтыны анық,біз үшін де мұндай өрескел айыптаудың
тарихи мағынасы түкке тұрғысыз. Мұндай жағдайда жеке тұлға

жүрер жолын өзі таңдайтын адам емес, алдын-ала белгіленген рольді ойнап шығып, содан соң ғана өз істегенін түсінетін жан болмақ. Цезарь қатаң үкімді қайда және қалай жүзеге асыруды білмейтін жалған тарихшылардың өзін сотқа сүйрегеніне бейжай қарайды. Ал егер тарихшылар республикалық олигархия дүрліктірген, азамат соғыстарының дертіне оранған Рим саяси бостандық санасын қалай жоғалтып алғанын, бірақ одан соң жүздеген жылдар бойы өркендеген және күні бүгінге дейін біздің және біздің әлеуметіміздің санасында жанды күйінде сақталған империя бейнесінде қайта тірілгенін сабырмен, әділ түрде түсіндіргілері келсе, онда біздің ақыл-ойымыз бей-жай қала алмас еді. Тек тарихи пікір ғана рухты өткеннің бұғауынан босата алады, өйткені оны жеке қайшылықтардан арылған күйінде көреді, кейбір шалағайлықтарға қырағы болуға үйретеді, біз­ ге бейтараптықты сақтауға және оған ғана қажет жарықты анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша біз өз жобамызды және әрекет ету мен қарсы шығу үшін қажетті іс жүзіндегі жағдайларды қалыптастыра аламыз, жақсылықтың – зұлымдыққа, пайдалының – зияндыға, ғажап дүниенің – ұсқынсыздыққа, ақиқаттың – жалғанға, қысқасы, құндылықтардың барлық жа­ санды дүниеге қалай қарсы тұратынын түсіне аламыз. Осы­ лайша қабылдау мен терістеу, мадақтар мен қарғыстар заңды түрде қатарласады. Бұл пікір емес, қайткенмен философия қажеттілікті белгілі бір затты өз құндылығы оның болмысымен сәйкес келетін нәрсе ретінде көрсететін дефиницияларға ғана қатысты сезінбейді. Оған пайдасыз нәрсеге қатысты әлдебір құнды дүние қажет. Мұндай пікірлерге құнды деп ат тағуға неме­ се жай аффекті сөздер деп атауға да болады. Мұндай сөйлемдер арасында бүгінгі күні сүйетін немесе жек көретін кейіпкерлер мен іс-әрекеттер, сондай-ақ, бостандық пен зорлық-зомбылық, жомарттық пен өзімшілдік, әулиелік пен ібіліс залымдығы, күш пен әлсіздік, жоғары ақыл-ой мен топастық белгілері сияқты тарихи материал бар. Сократ пен Иисусқа деген махаббат, Александр мен Наполеонға сұқтану, Иудаға деген өшпенділік, Александр ІV-і мен Филипп ІІ-ге деген жеккөрініш, Цезарь мен Помпей төңірегіндегі айтыс-тартыстар дәл осындай материал­ дар болып табылады. Бұлар табиғи сезімдер, тарихи зерттеу­

лер оларды логикалық біртұтастық талаптарымен тізгіндесе
де, біздің талғамымыз бен қалауымыздың бояуы сөзімізден
бәрібір байқалып қалады. Бұл жасыруға болмайтын әлдене жан
түкпірінде қала алмайды деген сөз емес, ол күйкі бейімділіктер­

ді бетімен жіберудің және орынсыз жек көрудің әсерінен жа­
байыланады. Қайтсе де бұл тарихи пікір емес және Тацит пен
Аугустиннің жан-дүние ізгіліктерінен мақұрым ізбасарлары
ойлағандай тарихнаманың мақсаты емес. Іс-әрекет үшін қажетті,

іске әзірлейтін сөздердің ажырамас элементі, сезімдер тарих­
нама логикасымен сәйкес келмейді,алайда қоспасыз таза түрде
адам да, туынды да кездеспейді. Бір жағынан, егер адамның ұяты
болса, ол өз атына айтылған мақтауды ақиқатқа қарсы келгендей

күйге еніп, кінәға ұқсас сезімді бастан кешпей тыңдай ала ма?
Құндылыққа қатысты пікірлердің пайдасыз бірақ көңіл
қалайтындай таралуының себептерін іздеген кезде бүгінгі
күннің басы-қасындағы әлденені өткен туралы түсінікке ауда­

ра салады, мұндай бас-аяғы жоқ үйіндінің арасында қалсақ,
зерттеу мәселесінен алыстай түспекпіз. Күшін текке жұмсамау
үшін қатерлі күрестен тайқып кетуге тырысушылардың, соны­
мен қатар өткен күннің үңгір секілді қуысында үнсіз қалып, жа­

уап бере алмайтындарды кінәлап, ауаны жаңғыртушылардың
әлсіздігі бос әурешілік екенін түсінген жөн. Биліктегілерге
қызмет етуші жарамсақ әдебиетшілер үйретуге шебер әрі әділ
тарихшы кейпіне еніп алып, тарихи кейіпкерлерді кінәлаудан

шаршамайды. Кейде өзінің бүгінгі күнгі мүддесіне көлеңке
түскендей сезінгендер өткен күннің тұлғаларын қорғай қалады,
мұндай жағдайда моралистер күйтабақты бірден өзгерте қояды.
Осындай жарамсқ тарихшылардың жұрт алдындағы өтіріктеріне

қарсы шығу қажет, өйткені өткенге қарағанда біздің заманымыз
елгезек жағымпаздыққа төзе алмайды дегенге сенгің келеді.
Алайда, сотқа шақырылған тарихнама қалпына келмекке уәде
береді, қандай жағдай болса да оның жаңадан пайда болуы

мүмкін. 10. Әрекет түріндегі тарих

Тарихнама өткен күннен өмір сүруші жаңа тарихқа өту
барысында осындай қиын-қыстау кезеңді бастан өткереді.
Пікірлерді құрастыратын ұғымдар субъектінің алғышарттары

түрінде емес, іс-қимылға дайындаушының күші ретінде әрекет
етеді. Моральдық, көркемдік, поэтикалық және философиялық
тұрғыдан алғанда пайдалы барлық нәрсе сияқты әрекеттің де
аса кең тынысты екенін түсінеміз. Бұған философия-тарих,

өткен замандағы барлық философияның тарихы және филосо­
фиямен шұғылданудың барлық тәсілдері топтастырылады.
Бұлар – саясат, өркениет, этос, дін, өнер, философия сияқты
тарихнаманың әуел бастағы түрлері мен бастау көздері жау­

ап беретін адамзат әрекетінің ортасы. Тарихтың төрт форма­
сын тану – философтың ойша ақылға салуының жемісі емес,
ол адам баласы санасының ең тереңінен басталады, оларды
өзгелермен сәйкестендіруге қанша тырыссақ та, ақыр аяғында

тамаша, шынайы, пайдалы, игілікті дүниелерге және олардың
синонимдеріне қосуға болмайтын құндылықтарды ойлап табу
қиын. Әрине, өзге құндылықтарды таппаққа тырысып көруге
болады, бірақ адам беделіне сілтеме жасаудан өзге де (оған

сүйенуге болады, әрине, бірақ мұны жасау оңай емес) қиындық
болатынын естен шығармау керек. Төрт формаға тағы біреуін
жай ғана қоса салу жеткіліксіз, диалектикалық байланыстың
жаңа тәртібін және идеалды бірізділіктің (идеалды, бірақ абс­

трактылы емес) сыншылар түсіндіретіндей хронологиялықтан
өзге жаңа ретін ойластыру керек. Ұғымдар сансыз көп деген
жауап – философиялық жауап емес, ойлау мен әрекет етуден
бас тарту болып табылады, өйткені әрекет сапалы сипаттама

жасауға итермелейді.
Белсенділік ортасы қандай болса да, бәріне жан бітіруші баста­
ма – белсенділік пен руханилықтың синонимі бостандық ұғымы
болмақ. Күштеп еңбек еткізу, механикалы шығармашылық,

бұйрық бойынша әрекет ету – мұның бәрі мүмкін емес нәрсе,
олардың бәрі – сөздердің мағынасыз жиынтығы ғана, идеясын
түсіну де мүмкін емес.
Белсенділіктің өзге формасы ретінде мәңгілік өсуді, ру­

хани шеңберден асып-тасыған бай дамуды санауға болады,
жаратылғаннан ешнәрсе кемімесе, бұл – үздіксіз процесс
болмақ. Құлдырау туралы идеалдар мен шығармаларға қатысты
ғана айтуға болады, тарихта абсолютті күйреу болмайды, тек

жаңа өмір қалыптасар алдындағы үзіліс қана болады. Даму
түсінігі бұрын-соңды кездеспеген күдікке бүгін тап болды.

Дамуға деген сенім әлдекімдердің жеке басының ыңғайы үшін
аз қолданылған жоқ, скептицизм мұндай нанымдардың бұлдыр
сағымдай екенін көрсетіп берді. Теңіздің тымық толқынында
тербелу дауылды күні ағысқа қарсы жүзуден әлдеқайда жағымды

екені өз-өзінен түсінікті. Рухани құндылықтар заттанған кезде
шексіз және алаңсыз даму тек қиялда ғана болмақ. Дамуды
адамдық қасіреттердің, қақтығыстар мен күйзелістердің өршуі
ретінде анықтау дұрыс емес. Діни соғыстар азайған дәуірдің

талғамына ақылдылығы сай келген Эразмға қарағанда, Лю­
тер мен Лев Х тарихи маңызы әлдеқайда жоғары тұлғалар.
Бұрынғыдан да қатігез жаңа қақтығыстарға даярлайтын теори­
ялар әлдеқайда өтімді.

Кейбір діни тұжырымдар о дүниеге үміт артып, бұл дүниеден
тек зұлымдық пен қасіретті ғана көреді, олар дамуды өмірдің
өзімен қоса теріске шығарады, өйткені бұлар өзара байланысты
ғой. Мұндай амалға философиялық теориялар да бой ұрды: діни

және теологиялық мифтер ықпалымен олар даму және белсен­
ділік түсініктерін стазис, яғни жансыздық түсінігіне алмастыра­
ды. Мұндай алмастырулардың шарықтау шегі – қалыптасушы
тарихилық ретіндегі өмір шындығы, өмірдің қайшылықтар

жиынтығы ретіндегі тұжырымы болды, бұл – гегельяндық.
Ол ойдың қарқынды жүрісін Идея философиясының басталу
кезеңімен тоқтатады, одан әрі ешнәрсе жоқ. Дін және өнер фи­
лософиямен ортақ хорда біріге отырып, герман әлемінде шыңға

шығады. Саяси өмірдің ақырғы жиынтығы – пруссиялық мем­
лекет. Осындай түсініктегі диалектиканың ең өрескел сал­
дары – Гегельге еліктеуші Маркстың тарихи материализмі
болғаны таңқаларлық жағдай емес. Оның пікірінше, антиктік

және ортағасырлық құлдық түрінен осы заманғы капиталистік
кезеңге дейінгі экономикалық даму қажеттілік қысымының
өсуін
көрсетеді.

Диалектикалық
дамудың
(прогрестің)
жаңа кезеңі терістеуді терістеу болмақ, коммунизм – соңғы

экономикалық фаза, жер бетінде бостандық патшалығын ор­
нату дәл осы коммунизмнің еншісіне бұйырған. Гегельяндық
өткір философиялық сынға ұшырап қана қойған жоқ, сон­
дай-ақ тарихтың өзі оны жойды. Тарих ол белгілеген шектен

шығып кетті, Гегельдің түсіне де енбеген мәселелерді қозғады,
поэзия өзін-өзі билейтін даңғыл жолын жалғастырды, ал Прус­
сия мемлекеті бүгін жоқ, тіпті оған деген сағыныш сезімі де
байқалмайды.

Марксистер аса қарапайым түрде негіздеген экономикалық Абсолютті одан кейінгі экономикалық, тарихи және философиялық сын еш қиындықсыз быт-шыт етіп әшкерелеп, жоқ етті. Коммунистік жүйені өмірдің өзі қабылдаған жоқ, өйткені уәде етілген бостандық патшалығының көлеңкесі көрінбегені былай тұрсын, ол бұрынғы қайшылықтармен қатар, саяси бостандықты айтпағанның өзінде, интеллектуалдық және эстетикалық өмір өскіндерін таптайтын зорлық-зомбылықтың көз көрмеген жаңа түрлерін тудырды. Бұл ащы шындықтан түңілуді бостандық кейінірек келеді деп алдаусырататын жаңа қияли ойлар арқылы түзетпекке тырысты. Бұл туралы әлдекім орыс етістіктерінің бәрі тек келер шақ формасында тұрады де­ ген зәрлі мысқыл айтып еді. Өзіне əбден көңілі толатын және масайрап мейманасы тасыған прогреске қарсы өзін-өзі үздіксіз жеңетін шексіз рухтың шексіз даму идеясы ұсынылған-ды. Бұл жерде әңгіме адам жасап шығаратын барлық нәрсені сенімсіз деп тану тура­ лы емес және қол жетпес ғажайып құсты ұстауға деген мәнсіз ұмтылыстар жайлы емес екенін түсіну маңызды. Шексіз рух бойында бәрі өтеді, бірақ бәрі сақталады. Демек, біз адамзаттың рухани сарқылмайтынын мойындаймыз, әрқашан да аяқтайтын нәрсе бар, бір істі бітірген соң күдік пен қайта орындауға деген сұраныс туады. Қанағаттану мен мазасыздық, өткінші шаттық бойды билеген күй мен орындалған нәрсеге сырт көзбен қарау сәттерінің бірізділігі осылай пайда болады. Жаңа түрлерді жа­ сап шығарушы өнер бұның ең жарқын дәлелі бола алады, ал мәңгілік күш пен сұлулыққа толы өнер туындылары Олимптің шыңында жарқырауда. Болашаққа көз тіккен тарихшы әлемге осылайша суретші көзімен қарайды: адамзат әрекетін ол дәл осы жарық сәулесінде көреді – аяқталмаған және өткінші күйдегі олар ортақ хорға тұтасады. 11. Ахлағтық, яғни, моральдық белсенділік Бір мезгіл ахлағтық, яки моральдық белсенділіктің мақсаты қандай? – деп өзімізден сұрап көрелікші! Құдайдың өсиеттерін мүлтіксіз орындау деген теологиялық доктринаны, сондай-ақ ерікті және еріксіз мақсаттары – өмірге деген ерікті өлтіру, одан соң жалпы өзін-өзі өлтіруге деген аскезде оны жоққа шығару

болып табылатын пессимистерді бір шетте қалдыра тұралық.
Бір ғана жауап қалады: «Өмірді жасаушы жасасын!», яғни
Вольфганг Гетенің сөзімен айтсақ, өмірдің алға жылжуы екен.
Рухани белсенділіктің барлық түрі, ақиқатқа, сұлулыққа,

игілікке қызмет ететін барлық түрі өмірді алға жылжытатындай
көрінеді. Олар үшін жерді өңдейді, отбасын, мемлекетті құрады,
қан төгіледі, өмір сүру құқығын жеңіп немесе тартып алады.
Ендеше мораль шынайы, ғажайып және әртүрлі игі нәрсеге не

қоса алады? Мүмкін жақсылық шығар? Бірақ нақтырақ айтсақ,
жақсылық пайдалы, шынайы, сұлу нәрсе түрінде көрінбесе,
өзгеше көрініс бере алмайды. Моральдың өзі әрекет барысында
құштарлық, ерік және пайдаға айналады. Философтың ойын­

да және әртіс ойынында берілген, жер жыртушының маңдай
терінен көрінген мораль баланың дүниеге келуінің, соғыстың
және саясаттың, оны жүргізу үшін құшақтар айқасып, арқадан
қағу, қалам мен сапы қолданылатыны белгілі, басы-қасында

жүреді. Мұндай бастамалардың бәрінде пайдакүнемдік емес
моральдық интенция бар. Алайда бұл жерде кесірлі шеңбер
қаупі де бар: моральды интенция ретінде анықтау, интенция­
ны мораль арқылы анықтау. Осылай пайда болатын белгісіздік

сұрқияларға өздерінің адамгершіліктен жат «интенционалды
бағытталған» әрекетін ақтауға, ал пайдакүнемдерге моральдық
құндылықтардың
ерекше

сонылығын
теріске
шығаруға
көмектеседі.

Ахлағты зұлымдықпен күрес деуге де болады. Зұлымдық
болмаса ахлағта, яғни, мораль да болмас еді. Зұлымдық өмірге
қарсы залым торын құрудан шаршамайды, өмірдің біртұтастығы
мен рухани бостандығын қиратады. Өмірлік маңызы бар

біртұтастықты, яғни бостандықты қорғау әрі үздіксіз қалпына
келтіріп отыру – игі іс.
Жақсылық пен зұлымдық қарама-қарсы: игіліктің жеңуі,
қызғаныш пен қауіп-қатер ұстамсыздығы арбағыш, азғырушы

сайтан түрінде мифтерде суреттелгеннен басқа түрде кез­
деспейді. Өмірдің өзі өз ағзасы қызметтерінің ерекшеліктерін
анықтағысы келді, әрине, егер де натурализм терминдерін
қолдануға рұқсат болса осылай айтуға болар. Философия бірік­

тіруші өмірлік шеңберде сәйкес келмейтін формаларды бөледі.
Алайда, кез-келген ағзада шырықты бұзушы ағымдар бар,

өйткені денсаулық – ауруды байлаулы күйінде ұстайтын тең емес
күштердің тепе-теңдігі ғой. Осылайша кез-келген арнайы форма
өз даралығының күшіне орай, жеке әрекет етуші табиғатының
қысымы аясында барлық күшін тұтастыққа бағыттайды, ал

мақсатына жеткен кезде орнын өзге формаға босатуға мәжбүр.
Форма күші тым асып кетсе, егерде өз ырғағымен қозғалушы өзге
формалар оны тежемесе, рухани бірлікті қиратар еді. Процесс
неге дәл осылай дамиды, күрессіз, зұлымдықпен қауіпті жанасу­

ларсыз, қатерлі өткелдерсіз өмір сүруге болмас па деп сұраудың
түк мәні жоқ, өйткені «егер» демеулігі әрқашан «жоқ»-пен байла­
нысты. Таза «иә»-ні «жоқ»-сыз жариялау өлімсіз өмірді елестету
деген сөз, яғни еш нәрсені жеңбейтін өмір деген сөз. Жеке аядағы

әртүрлі белсенділік түрін қолдаушы әрекет бостандыққа кепілдік
беретін рухани бірліктің құлауына жол бермейді. Зұлымдықтың
барлық түріне және құлдыраудың сатыларына қарсы тұрарлық
қабілет – моральдық белсенділіктің мәні.

Моральдық белсенділік ретінде түсінілетін нәрсе ерекше
туындылармен айрықшаланбайды, басқа қырынан алғанда,
ол барлығын ұстап тұр. Философтар мен суретшілердің
шығармалары, өнеркәсіпшілер мен жер жыртушылар еңбегі,

солдат тұрмысы, отбасылық шаруашылық, саясат – әрқайсысы
өз ортасында, өзінше қадірлі болса, тұтастық шеңберінде мұның
бәрін мораль ұстап тұр. Осыдан-ақ ақындар мен ғалымдарға мо­
ральды танудың мүмкін еместігі түсінікті, өйткені мораль жеке

ісіңнің табиғи мәнін түсіндірудің еркін мүмкіндігі қажет болған
кезде ғана орынды. Осылайша әділ адам ұсқынсыздықты, шын­
шыл адам өтірікті, іскер адам мақсатпен үйлеспейтін, пайда­
сыз және залалды нәрсені сезеді. Мұндай адамдар бар жерде

ар-ұяттың мазалауы мен кінәні сезіну анық көрінеді. Осылайша
өнердегі теориялық қателіктер мен сиықсыздықтар тамырын
моральдық зұлымдықтан көру кездейсоқ емес.
Нақтылай түсетін тағы бір мәселе бар: тарихнама

формаларының ішінен неге тарихтар үстіндегі тарихтарға, яғни
өнердің, философияның, экономиканың т.б. арнаулы тарихта­
рына көңіл бөлеміз? Мемлекет тарихы этикалық жағдай ретінде
өмірдің қалай реттелетіні туралы суреттейді, өмірдің моральдық

жағына өркениет тарихы көңіл аударады. Менің еңбегімнің ата­
уын жақсырақ түсіну үшін, моральдың саясатпен және іскерлік

пайдамен сәйкес келмейтінін анықтай кету керек. Ол түсінік
арқылы қанатын кеңге жайып, адамдық белсенділіктің барлық
түрін қайта қалпына келетіндей етеді.
Осы себепке байланысты этикалық-саяси тарих өзге тарих­

тар үстінен орын теппейді, бірақ олардың ішіне сіңісе оты­
рып, солардың көмегі арқасында өз нақтылығына қол жеткі­
зеді. Рухтың барлық түрлерінің қағидасы осындай, олардың
арасындағы байланыстың үзілуіне бір тамырдан қорек алып

отырған адамдар өмірінің ынтымақтастығы кедергі келтіреді.
Қасиетті рух бұл өмірден тыс бұлттардың ар жағындағы ортаға
көміліп қалуға жол бермейді. Әйтпесе әулие бірден өзімшілдің
бейнесіне енеді. Шебердің күнделікті тіршілік әбігеріне беріл­

ген, сондай-ақ қатыгез саяси ұрысқа тартылған адамдарға
қатысты жеккөрініші тәкаппарлық белгісі емес, болашаққа де­
ген алаңдаушылық белгісі. Бұны «morbus opіfіcum» («кәсіптік
ауру», «қажалған жара») деуге келеді, одан құтылу өте қиын.

Өмірлік ынтымақтастықтан тарихнама ынтымақтастығы туын­
дайды, оның әрбір бөлігі қайтадан жоғалып, өзгелерге тұтасып
кету үшін, уақыт өте келе өзгесінен өсіп шығады.

12. Тарих – бостандық тарихы

Гегельдің «Тарих бостандық тарихы болып табылады»
деп айтқаны бүкіл Еуропаға тарап, оны Кузен, Мишле және
басқалары қайталады, мұның мәні бостандықтың алғаш рет
дүниеге келуі, оның өсуі, ер жетуі, айқындылық дәуірінде

нығаюы және өзге бағытта дамуға қабілетсіздігінің тарихи
мағынасын білдіретін-ді (шығыс әлемі, классикалық әлем,
герман әлемі- біреудің, бірнешеудің және ең соңында бәрінің
бостандығы). Біз бұл формуланы басқа мағынасында ай­

тамыз, яғни әуелі болмаған, ал соңында бәрі үшін болатын
бостандықтың өсу тақырыбын белгілеп, содан соң кез-келген
тарихтың нағыз субъектісі болып табылатын бостандықтың
мәңгі қалыптастырушы ролін айқындау үшін емес. Бостандық

бір жағынан алғанда тарихи дамудың экспликативті қағидасы
болса, екінші жағынан адамзаттың моральдық мұраты болып
табылады.
Бостандық әлемді ойран етіп, қаңыратты, оның идеалы та­

рих көкжиегінде сөнді, енді қайтып арайлы таң атпайды деген

шағымдар жиі айтылады. Мұны айтушылар мен жазушылар­
ды Ииусустың: «Олар өздерінің не істеп жүргендерін білмей­
ді» деген сөзін еске ала отырып, кешіруге болатын шығар.
Сәл ойланса, олар бостандықтың өлуі өмірдің өзінің өлімін

білдіретінін түсінер еді. Мұны теріске шығарушылар иде­
яны сақтап қалу үшін көп қиындыққа кездесер еді, өйткені
шынымен де бостандықты әлденемен алмастыруға бола ма,
адамның адам ретінде жүрегінің соғуына әкелетін не нәрсе бар,

оны бостандықпен теңестіре аламыз ба? Өмір заңы ретіндегі
тарихтың өзіне не сәйкес келеді, оған бостандық қабыл етіл­
ген және аса ғажап туындыларды өмірге әкелетіндей жағдай
жасалған мұрат сай келуі тиіс қой. Әрине, басқаша ойлайтын­

дар мен басқаша айтатындарға қарсы пікір айту үшін мазақ
пен күлкіге әзір болу керек. Шынында да философтар дөрекі
шынайы өмірде көбіне-көп соқыр, саңырау кейде тіпті айдан
түскен жандай көрінеді. ХІХ ғасырдың маңызды жеңістерін

көрсететін, дамыған елдердің либералдық жүйесінің қазіргі
жағдайына тоқталмай-ақ, біз құлдырауды бостандық тәртібінің
құлағанын қалайтын тілектерден көреміз. Мазасыздық, сенім­
сіздік және жүйесіз бостандық пен қол жетпес игіліктің

елесінің қысқа сәттерін араға сала отырып, жазалау, варварлық
шабуылдар, ақсүйектік және шіркеу рақымсыздығы, соғыстар
мен өзара тартыстар, қудалаулар, азаптар мен қуғын-сүргіндер
толқыны бізді басып қалатынын тарих көрсетіп отыр. Осы

зорлық-зомбылықтың бәрін көруші біздерге тарихты бостандық
тарихы деп айту орынсыз кекесіндей болып, ал егер салмақты
айтылса, жосықсыз әңгімедей көрінеді.
Әйтсе де шынайы өмірдің, оның ретсіз пайда болатын және

жоғалатын бейнелерінің қысымына бой алдырмайтын фило­
софия өзінің өмірді иммагинативті қиял-ғажайыптық нәрсенің
бәрінен тазарта отырып, түсіну және зерттеу міндетін есін­
де ұстайды. Осылайша философия біреудің құлына айналған

адамның өзіндік таным мен бостандыққа қол жеткізуіне
көмектесетін процеске ой жібереді. Өрісі кең немесе шектеулі
бостандық кезеңдері бірін-бірі алмастырып отырады: либерал­
ды жетістіктер неғұрлым мықты әрі даусыз бола түскен сайын,

сана соғұрлым тезірек қырағылығы мен бостандықты қорғауға
деген әзірлігін жоғалтады. Виконың тарих кезеңдері туралы

концепциясы осылай дәлелденеді: мәңгілікке кеткен нәрсе жаңа
жолды ашу үшін қайта пайда болады. Мысалы, ежелгі Грек
және Рим демократиясы мен республикасы бостандық рухы
адамдар жанында сақталған кезде ғана өмір сүрді. Сосын одан

тек институтционалды формалар ғана қалды, олардың өзі де
жоғалды, өйткені өмір әкелген ащы әрі қатаң өзгерістерді ешбір
кеңес өзгерте алған жоқ. Жабайылар бүлдірген және әлсіреткен,
императорлық құрметке сай тарих мазарына аттандырылған Ита­

лия қайта жаңғыруы үшін күш таба білді. Ақын айтқандай «Епті
теңізші әйел» террендік және адриатикалық республикалар бей­
несінде қайта пайда болды. Корольдардың шексіз билігі барон­
дар мен клирді өзіне бағындыра отырып, олардың бостандығын

тас-талқан етті. Беки түскен бюрократия осы арқылы қалың
бұқараның саяси өмірге араласуына жол ашты. Наполеонды
халықтар бостандығының көзін жоюшы деп атайды, бірақ бұл
жай сөз және көз бояушылық. Ол өз билігі арқылы халықтарды

теңестірді, олардың бойында бостандықты аңсайтын сезімді
оятты, Наполеоннан кейін олар Еуропа бойынша қажетті инс­
титуттарды қалпына келтіруді тез әрі жігерлі түрде қолға алды.
Ең бір қиын-қыстау кезеңдерде де ақындар мен ойшылдардың

қоршаған әлемге сіңісіп кеткісі келмеген жеке-дара тәкаппар
жандарды мадақтауға батылы барды. Он сегізінші ғасырдағы
ұлы князьдық Сиенаны суреттеген, белгісіз ізгілік туралы
диалогтың авторы Витторио Альфиеридің бодандықты туған

кейіпкерінің – «ұйқыдағы арыстанның» «азат рухы» осын­
дай. Бейбіт кездегі сияқты қиын-қыстау уақытта да азғана жан
беріктік пен тазалықты сақтай алды, бірақ тарихи тұрғыдан
алғанда аз адам ғана маңызды ғой. Оларға ұлы философтар,

талантты ақындар, шедеврлер авторлары бет бұрады, тіпті
кейіннен жарамсақ, құлдық бас июге бейімдігінен тұрақсыз,
айнығыш тобыр оларды мадақтап, құдайдай көреді. Ойланатын
және тәжірибені бойына сіңіре білетін адам бостандықта үлкен

әрі қызықты ортада рахаттануды қиялдағанын, ал бодандықта
керісінше, жалғыздықта немесе оңашалықта өзін-өзі табудың
маңызды болғанын іштей мойындайды. Бұл жерде оптимистік
күйдің бұлдырлығы көрінеді, бірақ бақытымызға орай, песси­

мистік ұстаным да бұлдыр болып шықты.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды – тарих
рахат өмір болмағанмен, сұмдық трагедия да емес. Ол – дра­
ма, оның кейіпкерлері, аристотельдік мағынада айтсақ, орташа,
яғни кінәлы – кінәлы емес, тақуа мен залымның арасындағы

орташа адам. Қайткенмен тарихтың басты ниеті – ізгілік, ал
зұлымдық ынталандыру ретінде қызмет етеді. Ол – бұдан да ке­
мел бостандыққа жету үшін әлеуметтік және саяси жағдайларды
қалпына келтіруші бостандықтың туындысы. Кімде-кім біздің

үздіксіз шайқастармен өткен өмірімізден басқа өмірдің болуы
мүмкін еместігіне көз жеткізгісі келсе, ол бір минутқа болса да
қарсылықтардан, қатер мен жазалаудың кез-келген түрінен азат
әлемді елестетіп көрсін. Мәңгілік бітпес қамығу ғана қалатын,

өлімнен де сұрқай сурет болып шықпақ.
Жоғалған бостандық жайындағы күрсінулер, ұрандар,
үзілген үміттер, сүйіспеншілік пен сұмдық қорқыныштан хабар
беретін сөздер нені білдіреді? Бұл философиялық немесе тари­

хи шындық емес, армандар да, қателіктер де емес. Бұл жерден
ахлағтық – моральдық сана мен тарихи еңбектің қозғалыстары
көрінеді.
Кроче Б. Теория истории//Антология сочинений по фило­

софии. – СПб.: Пневма, 1999. – С.175-235.

Карл ЯСПЕРС

ТАРИХТЫҢ ҚАЙНАРЛАРЫ ЖӘНЕ

ОНЫҢ МАҚСАТЫ1

І. Белдеулік уақыт
Батыста тарих философиясы христиандық діни ілімнің не­
гізінде пайда болды. Аугустиннен Гегельге дейін орасан зор
туындыларда бұл сенім Құдайдың тарихтағы қадамын көрді.

Құдайлық аянның сәттері оқиғаларағымындағы шешуші
бетбұрыстарды өзімен айшықтайды. Солай, Гегельдің өзі былай
деді: бүкіл тарихи үдеріс Христке қозғалады және одан жүріп
келеді. Құдай Ұлының келуі дүниежүзілік тарихтың белдеуі бо­

лып табылады. Бұл дүниежүзілік тарихтың белдеуі болып табы­
лады. Бұл дүниежүзілік тарихтың христиандық құрылымының
күнделікті бекітілуі қызметін біздің жыл санау атқарады.
Соның арасында христиандық сенім бұл адамзаттың сенімі

емес, ол тек бір сенім. Дүниежүзілік тарихты осылай түсіну тек
сенімді христианин үшін иланымды болып көрініс табатынын­
да, оның кемшілігі тұр. Оның үстіне, батыста да христиандық
тарихты өзінің эмпирикалық түсіндірмелеуінің тезисі бо­

лып табылмайды. Христианин үшін де қасиетті тарих өзінің
мағыналық маңыздылығы бойынша зайырлы тарихтан ерекше­
ленеді. Сенуші христианин де кез-келген басқа эмпирикалық
объект сияқты, христиандық дәстүрдің өзін талдай алды.

Дүниежүзілік тарихтың белдеуі, егер жалпы ол бар бол­
са, барлық адамдар үшін, соның ішінде христианин үшін де
маңызды дерек ретінде тек эмпирикалық түрде табыла алады.
Бұл белдеуді, адамға тап өзіндей болуға мүмкіндік берген,

қайда алғышарттар пайда болған жерде іздеу керек; қайда таң
қаларлық жасампаздықпен, ол өзінің діни мазмұнын тәуелсіз
адамдық болмыстың сондай қалыптасуы жүріп, ол соншама
сенімді болғанымен – егер тіпті өзінің эмпирикалық бекірлен­

бейтіндігімен болмағанымен, онда тым болмаса Батыс үшін де,
Азия үшін, жалпы барлық адамдар үшін де, әлдебір эмпирикалық
негіз болғанымен – барлық халықтар үшін олардың тарихи
маңыздылығын түсінудің жалпы шектері бар болып табылды.

Дүниежүзілік тарихтың бұл белдеуін, мүмкін, 500 жылдарға

созылған, ол б.ғ.д. 800 және 200 жж. арасында жүрген, сол ру­
хани үдеріске жатқызуға болады. Сонда тарихтағы ең шұғыл
бетбұрыс болды. Ол әлі күнге дейін сақталған, сондай кейіптегі
(типтегі) адам пайда болды. Бұл уақытты қысқаша біз белдеулік

уақыт деп айтамыз. 1. Белдеулік уақыттың сипаттамасы

Бұл кезде керемет құбылыстар болып жатты. Қытайда Конфу­
ций мен Лао-цзы өмір сүрді, Мо-цзы, Чжуан-цзы, Ле-цзы және
тағы да көптеген философтар ойдан ой дамытты. Үндістанда
Упанишадтар мен Будда өмір сүрді2. Осы екі елде де азаматтың

барлық тағдырлық мәселелері пайымдалып, бабына жетті;
Иранда Заратуштра жақсылық пен зұлымдықтың арасында то­
лассыз күрес жүретін әлем туралы өз ілімін уағыздады; Палести­
надан Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Исайя пайғамбарлар

шықты; ал Грекия – бұл Гомер мен Парменид, Гераклит, Пла­
тон тәрізді философтардың, Фукидид пен Архимед сияқты
трагиктердің уақыты3. Бұл есімдермен байланыстының бәрі бір
уақытта дерлік шамамен жүзжылдықтардың бойында Қытайда,

Үндіде және Батыста бір-бірінен тәуелсіз пайда болды.
Бұл дәуірде аталған үш мәдениеттерде пайда болған
жаңа адам болмысты тұтас өзін-өзі және өз шектерін түсіне
бастағанына келіп тіреледі. Оның алдында әлем үрейі және

өзінің шарасыздығы ашылады. Тұңғиықтың үстінде тұра келе,
ол радикалды сұрақтарды қояды, азаттықты және құтқарылуды
талап етеді. Өз шекараларын сезіне отырып, ол өз алдына
жоғары мақсаттарды қояды, өзіндік сана тереңдігінде абсолют­

тілікті және трансценденттік дүниедегі анықтылықты таниды.
Осының бәрі рефлексия арқылы болып жатты. Сана сананы
таныды, ойлау өз объектісі ретінде ойлауды алды. Рухани күрес
басталды, оның барысында әркім басқаға өз идеяларын, не­

гіздеулерін, тәжірибелерін хабарлай отырып, оны иландыруға
талпынды.
Ең қайшылықты мүмкіндіктер сынақтан өткізілді. Пікірта­
ластар, түрлі партиялардың құрылуы, рухани саланың бөлінуі,

бірақ ол өз бөліктерінің қайшылығында да өзара тәуелділігін
сақтап келді – осының бәрі тынышсыздық пен рухани сапыры­
лыспен шекаралас қозғалысты туындатты.

Бұл дәуірде, олармен біз әлі күнге дейін ойланатын, негізгі
категориялар жасалынып шығарылды, бүгін де адамдар өмірін
анықтайтын, дүниежүзілік діндердің негіздері қаланды. Барлық
бағыттарда әмбебаптылыққа ауысу жүзеге асты.

Бұл процесс көптерде бұрын бейсаналы түрде қабылданған
көзқарастарды, дәстүрлерді және шарттарды қайтадан қарауға,
сұрақ қоюға және талдауға міндеттеді. Осының бәрі қатты
ағындағыдай болды. Өткен дәстүрдегі қабылданған субстан­

ция әлі тірі және әсерлі болса, сол шамада оның құбылыстары
айқындалып келді және сол арқылы жаңарып отырды.
* * *
Оның ұстамды тұрақтылығымен бірге мифологиялық дәуірдің

аяғы келді. Грек, үнді, қытай философтарының және Будданың
негізгі идеялары, пайғамбарлардың Құдай туралы ойлары миф­
тен алыс болды. Утырлы тексерілген тәжірибенің мифке қарсы
(логостың мифке қарсы) күресі басталды, кейін трансценденттік

Құдай үшін, шынында да жоқ, демондарға қарсы және этикалық
ашуланумен шақырылған Құдайдың жалған бейнелеріне қарсы
күрес басталды. Діннің этикалық жағының күшеюімен Құдай
өлшеусіз жоғарылады. Миф болса тіл үшін материалға айнал­

ды, ол енді оны түпкі мазмұнын емес, оны рәмізге айналдыра
отырып, ал мүлдем басқаны білдірді. Осы өзгерістердің бары­
сында (мәнісінде ол да мифошығармашылық) тап осындай миф
жойыла бастаған сәтте мифтердің қайтадан өзгеруі, оларды

үлкен тереңдікте ұғыну жүріп жатты. Ежелгі миф әлемі, оған
халық бұқарасының іс жүзіндегі сенімінің арқасында әлдебір
өңір ретінде өзін сақтай келе, біртіңдеп шегіне береді, кейін са­
нанын аумақты қойнауларында қайтадан жеңіске жетті.

Адам болмысындағы бүкіл бұл өзгерістерді руханилан­
дыру деп атауға болады: бастапқы қатаң негіздер шайқала
бастады, полярліктердің тыныштығы қайшылықтар мен
антиномиялардың тынышсыздығымен ауысты. Адам енді өзінде

тұйықталып қалмайтын болды. Ол өзің білетінге сенімді емес
және сондықтан жаңа шексіз мүмкіндіктерге ашық. Ол енді, осы
сәтке дейін ешкім сұрамағанда және ешкім жарияламағанда,
естуге және түсінуге қабілетті. Естімеген көзге анық бола бас­

тайды. Дүниені түйсінумен бірге және өзін-өзі сезінумен қоса

адам болмысты да түйсіне бастайды, бірақ толық емес: бұл са­
уал қала береді.
Алғашқы философтар пайда болады. Дара тұлға ретін­
де адам тіректі өзі өзінен іздеуге батылы барды. Қытайдың

дәруіштері мен ел аралаушы ойшылдары, Үндінің аскеттері,
Грекияның философтары мен Израильдің пайғамбарлары,
олар өз сенімдері бойынша, өз ілімдерінің мазмұны және ішкі
құрылымы бойынша бірінен-бірі қаншама ерекшеленгенімен,

өз мәнісі бойынша жақын нді. Адам енді өзін бүкіл әлемге
қарама-қарсы қоя алады. Әлемнен және өзі-өзінен жоғарылауға
мүмкіндік беретін, қайнарларды ол өзінде ашты.
Спекулятивтік ойлауда ол болмыстың өзіне дейін көтеріледі,

ол қосарланусыз, субъект пен объектінің жоғалуында,
қайшылықтардың қосылуында танылады. Не жоғары екпінін­
де болмыста өзіне өзі қайтып келу ретінде немесе unіo mystіca,
медитация ретінде4, құдаймен бірегейлену ретінде немесе

өзін Құдай ерігінің құралы ретінде сезіну, сол объективтен­
діруші, спекуятивтік ойлауда қосарланған немесе тіпті жалған
түсіндірмелеуді жіберетін ретінде білдіріледі.
Бұл – тәнімен байланысқан және тасаланған бола тұрып,

өз құштарлықтарымен бұғауланған, өзін тек бұлыңғыр сезі­
нетін, еркіндік алуға және құтқарылуға ұмтылатын және оны
бұл дүниеде идеяларға деген көтерілу екпінінде, жанның
қалтқымайтын тыныштығында, медитацияда, оның өзі және

бүкіл әлемнің атман екендігін түсінуде, нирвана күйінде, да­
омен бірегейленуде немесе Құдайдың ырығына бағынуда,
қабылдауға қабілетті адам. Өзінің көңілінің аууы және сенімнің
мазмұны бойынша құтқарылуға деген бұл жолдар бірінен-бірі

күшті айрықшаланады, бірақ осында ортаққа адамның, бол­
мыс тұтастығындағы өз орнын ұғына отырып, өзінің жеке-дара
өмір сүруінің шектерінен шығатындығы және онымен ол бұл
индивидуалдық ретінде жүруге міндетті, сол жолға түсетіндігі

жатады. Ол барлық дүние қылықтарынан безіп, шөлге, орманға,
тауға кете алады; пақыр болып, жалғыздықтың шығармашыл
күшін тани алады және дүниеге білімнің иегері, дана, пайғамбар
болып қайта алады. Белдеулік уақытта, кейін ақыл және тұлға

деп атала бастаған, соның ашылуы жүзеге асты.

Жеке адамның жеткен нәрсесі дегенмен ортақ игілік бола
бастамайды. Сол уақыттарда адамзат мүмкіндіктерінің шыңы
мен бұқараның арасындағы қашықтық тым зор болды. Алайда,
жеке адамның кім бола бастағаны жанама түрде барлық адам­

дарды өзгертеді. Тұтас адамзат секіріс жасайды.
* * *
Жаңа рухани дүниеге, олардың ұқсас белгілерін осы
қарастырылып отырылған барлық үш салаларда біз тауып алатын­

дай, белгілі бір әлеуметтік құрылым сәйкес келеді. Бұл кезеңде
көптеген ұсақ мемлекеттер мен қалалар өмір сүрді, бәрінің
бәріне қарсы күресі жүріп жатты, және оның үстіне таң қаларлық
гүлдену, құдіреттілік пен байлықтың өсуі мүмкін болды. Қытайда

Чжоу5 әулетінің әлсіз басқарушыларында ұсақ мемлекеттер мен
қалалар өздерінің егемен өмірін жалғастырды, саяси даму процесі
бір ұсақ мемлекеттің есебімен арта түсуіне әкелді. Эллада мен
Таяу Шығыста ұсақ мемлекеттер, тіпті Парсының қол астында

болғандары да қайсыбір орталықтан тәуелсіз өмір сүрді. Үндіде
көптеген мемлекеттер мен дербес қалалар бар болды.
Тұрақты қарым-қатынас үш әлемнің әрқайсысында интен­
сивті рухани қозғалысқа себебін тигізді. Қытай философтары

(Конфуций, Мо-цзы және басқалары) рухани өмір үшін қолайлы,
атақты орталықтарда бір-бірімен кездесу үшін сапарға шықты
(оларды синологтар академиялар деп атаған, мектептердің не­
гіздерін қалады), дәл солай бүкіл ғұмыры бойы сапарда болған

Будда сияқты, софистер мен Эллада философтары да жолда
болды.
Бұрын адамдардың рухани күйі тұрақты салыстырма­
лы еді, катастрофаларға қарамай, өз көкжиегімен шектелген

онда, барлығы байқалмайтын, ол сезілмейтін және сондықтан
танылмайтын, өте баяу рухани ағында бәрі ағыста болды.
Енді, керісінше, кернеу аса түседі және ол буырқанды, ұшқыр
қозғалыстың негізі бола бастайды.

Және бұл қозғалыс ұғынылады – тарих сапасындағы адамдық
өмір сүру енді пайымдаудың пәніне айнала бастайды. Адамдар
олардың уақытында, қазіргіде, әлдебір айрықшада басталғанын
сезеді, біле бастайды. Ал бұл, өз кезегінде, осы бүгінгінің ал­

дында шексіз өткен шақтың болғанын түсінуге әкеледі. Тіпті

өзіндік адамдық рухтың осындай оянуының бастапқы кезеңінде адам еске алулармен тола береді: онда өзінің дамудың кейінгі кезеңінде, оның үстіне құлдырау кезеңінде өмір сүретіні тура­ лы әсер пайда болады. Адамдар зіл-заланың жақындағанын сезінеді, түсінумен, тәрбиелеумен, реформаларды енгізумен қоғамға көмектескісі келеді. Жоспарлай келе, олар оқиғалар барысын меңгергісі, қажетті жағдайларды қалпына келтіргісі немесе жаңаларын жасағысы келеді: тарих оның тұтастығында әлемнің түрлі бейнелерінің дәйекті ауысуы ретінде ойластырылған: не тұрақты нашарлану жағында, не шеңбердегі қозғалыс әлде көтерілу ретінде. Адамның ортақ өмірін ең жақсы ретін­ де құрастыратын, оларды басқаратын және билейтін, соны анықтайтын, теориялар жасалып жатты. Реформаторлық иде­ ялар өзіне адамдар әрекетін бағындырады. Философтар мем­ лекеттен мемлекетке ауысады, кеңесшілер және ұстаздар ретінде алға шығады, оларды менсінбейді және сол мезгілде оларды іздестіреді, олар бір-бірімен пікір таластырады және сайысқа түседі. Социологиялық қырында Конфуцийдің Вэй мемлекетіндегі императорлық сарайдағы және Платонның Сиракузадағы сәтсіздіктерінің арасында, қайда болашақ мем­ лекет қайраткерлері тәрбиеленетін, Конфуцийдің мектебі мен дәл сондай мақсатты көздеген, Платон академиясының арасын­ да тура ұқсастық байқалып тұр6. Осының бәрі ғасырлар бойында жүріп жатқан, дәуір тек қана қарапайым алға даму кезеңі болмады. Бұл бір мезгілде жойылу және жасау уақыты болды. Және жетілгенді аяқтау де­ ген болмады. Жеке тұлғаларда өзінің іске асуына жеткен, ой­ лау мен практиканың жоғары мүмкіндіктері ортақ игілік бола алмады, өйткені адамдардың көпшілігі бұл жолмен жүре алма­ ды. Бұл қозғалыстың басында еркіндік болған, түбінде анархия болып шықты. Қашан бұл дәуір өзінің шығармашыл қуатынан айрылғанда, мәдениеттің үш саласында концептуалдық көзқарастарды бекіту және оларды бірдейлендіру жүзеге асты. Көнуге қиын тіртіпсіздіктен өмірдің берік жағдайларын қайтадан жасау ісінде жаңа бірлесуге деген ұмтылыс пайда болды.

Аяқтау ең алдымен саяси сипатта болып келеді. Бір уақытта
дерлік жаулап алулардың барысында үлкен құдіретті импери­
ялар құрастырылады – Қытайда (Цинь Ши-Хуанди), Үндіде (Ма­
урий әулеті), Батыста (эллинистік мемлекеттер және іmperіum

Romanum). Барлық жерде, қираған үйінділерден, ең алдымен
техникалық және жоспарлы ұйымдасқан тәртіп жасалды.
Алайда, қай жерде де алғы дәуірдің рухы туралы естелік
сақталды. Ол үлгі алу және табыну объектісі болды. Оның

туындылары және ұлы адамдары бәрінің көз алдында тұрды
және оқыту мен тәрбиенің мазмұнын анықтады (Хань әулеті
конфуцийшілдікті құрастырды, Ашока буддизмді, Август дәуірі

– эллиндік-римдік білімділікті).

Белдеулік уақыттың соңында қалыптасқан әлемдік импери­
ялар мәнгі өмір сүретін болады деп ұйғарылды. Бірақ олардағы
тұрақтылық елес еді. Егер белдеулік уақыттағы мемлекет­
тік құрылымдармен салыстырғанда бұл империялардың өмір

сүру уақыты жеткілікті ұзақ болғанымен, онда түбінде олар
да құлдырады және тарқап кетті. Келесі мыңжылдықтар үлкен
өзгерістер әкелді. Бұл жағынан үлкен империялардың жойы­
луы және қайтадан жаңғыруы белдеулік уақыттан кейінгі та­

рихты құрастырды, олар көптеген мынжылдықтарға созылған,
ежелгінің ұлы мәдениеттерінің тарихын жалғастырды; алайда
белдеулік уақытта пайда болған рухани кернеу сол уақыттан
бері, адамдардың әрекетіне жаңа айқынсыздық пен жаңа мағына

бере отырып, өз әсерін тоқтатпады. 2. Дүниежүзілік тарих құрылымын белдеулік уақыттан

шыға отырып, нобайлау талпынысы
Мен келтірген пайымдардың қатары тарихи көзқарастың
ақиқаттығын шешуші түрде негіздеу үшін жеткіліксіз. Бұл тезис­
ті нақтылай түсуге немесе одан бас тартуға тарихи деректердің

бүкіл жиынтығы туралы айқын түсінік жеткізе алады. Оны бір
шағын көлемді кітап жасап шығара алмайды.
Менің ескертулерім – тек мәселені қою және бұл тезистің
маңыздылығын тексеру туралы ұсыныс.

Егер біз оны ақиқат деп тапсақ, онда белдеулік уақыт
адамзаттың бүкіл тарихын ашып беретіндігі және дүниежүзілік

тарихтың құрылымына ұқсас әлдененің көріне бастайтындығы
өзіне назар аудартады. Бұл құрылымды нобайлап көрелік:

1. Белдеулік уақыт, мыңжылдықтарда өмір сүрген, ежелгінің

ұлы мәдениеттерінің жоғалуын өзімен көрсетеді. Ол оларды ер­
тіп жібереді, өзіне енгізіп алады, олардың жойылуына мүмкіндік
береді – бұл жаңаның иегері ежелгі мәдениеттің халқы ма, әлде
басқа халықтар ма, осыдан тәуелсіз жүріп жатады. Белдеулік

уақытқа дейін өмір сүргеннің бәрі, ол тіпті, вавилондық, египет­
тік, үнділік немесе қытайлық мәдениеттерге ұқсас, аса даңқты
болсын, әлдебір мүлгіген, оянбаған ретінде қабылданады.
Ежелгі мәдениеттер, олар белдеулік уақытқа енген, өзінің сол

элементтерінде, жаңа бастамамен қабылданғанда, өмір сүруін
жалғастырды. Белдеулік уақыттың анық адамдық мәнісімен
салыстырғанда, оның алдындағы ежелгі мәдениеттер, сол
дәуірдің адамы әлі шынайы өзіндік санаға жетпегендей, әлдебір

ерекше жабынмен тасаланған. Осыны өзінің таң қаларлық
тереңдігімен көрінетін, бірақ айтарлықтар куәліктерімен әсер
етпеген, солардың қатары да өзгертпейді, оларды біз Египетте
(«Өмірден күйзелгеннің өз жанымен әңгімесі»)7, вавилондық

тәубешіл псалмдарда және Гильгамеш туралы эпостан таба
аламыз. Діндегі, діни өнердегі және соларға сай орасан зор
авторитарлық мемлекеттік құрылымдардағы алыптылық белде­
улік кезең адамдары үшін ерекше тамашалау мен сыйынудың

нәрсесі болды, ол кейде үлгі қажетін атқарды (мысалы, Конфу­
ций үшін, Платон үшін), бірақ бұл үлгілердің мағынасы жаңа
қабылдауда мүлдем өзгермеді8.
Солай, белдеулік уақыттың аяғында қайтадан күшіне енетін

және саяси қатынаста бұл кезеңді аяқтайтын, империя иде­
ясы ежелгінің ұлы мәдениеттерінен алынған еді. Алайда егер
бастапқыда бұл идея мәдениеттің, шығармашыл ұстыны болса,
ол енді жойылып бара жатқан мәдениеттің консервация және

тұрақтандыру ұстануы бола бастайды. Бір кезде дамудың им­
пульсі қызметін атқарған ұстын, іс жүзінде деспоттық ұстын,
енді қайтадан, бірақ саналы деспоттық сапасында бекітіледі,
және қоғамды мұздата отырып, оны қатып-семіп қалуға әкеледі

деген, әсер қалады. 2. Сонда жүзеге асқанмен, сол уақытта жасалған және

ойланылғанмен, адамзат бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Адам­

дар өздерінің әрбір екпінінде, оны еске ала отырып, белдеулік
уақытқа назарын бұрады, сол дәуірдің идеяларымен аттанады.
Сол уақыттан бері, белдеулік уақыт мүмкіндіктерін еске алу
және жаңғырту – Ренессанс – рухани жоғарылауға жетелейді

деп, есептеу қабылданған. Бұл бастамаға қайтып келу – Қытайда,
Үндіде және Батыста тұрақты қайталанатын құбылыс.

3. Бастапқыда белдеулік уақыт кеңістіктік қатынасында шек­

телген еді, бірақ ол тарихи болғандықтан жалпы қамтушы
бола бастайды. Белдеулік уақыт идеяларын қабылдамаған
халықтар «табиғи» өмір сүру деңгейінде қалып қояды, ондаған
мыңдар және жүз мыңдар бойындағы көптеген адамдар –

өмірі сияқты, олардың өмірі тарихтан тыс. Белдеулік уақытта
қарастырылатын, үш сферадан тыс адамдар не сыртта қалып
қойды, не осы үш орталықтың рухани сәуле шашырауына
кірікті. Соңғы жағдайда оларға тарихқа енді. Солай, белдеулік

уақыттың шеңберіне Батыста Герман және Славян халықтары,
Шығыста – жапондықтар, малайлар және сиамдықтар тар­
тылды. Табиғи өмір сүру деңгейінде қалып қойған көптеген
халықтар үшін осындай қатынас біртіңдеп жоғалуды білдіреді.

Белдеулік уақыттан кейін табиғи халықтар деңгейінде қалғандар
түпнегізді мағынасы бар жаңа қозғалысқа қатысуға міндет­
ті болды. Тарих енді әрекет етіп тұрған кезеңдегі алғашқыға
дейінгінің жұрнағын көрсетеді, оның шеңбері барған сайын та­

рыла береді және толық жойылатын – және бұл тек қазір жүріп
жатыр – сәтке жетеді.

4. Осында сол туралы әңгіме болып жатқан үш шеңбердің

арасында – егер олар қатынасатын болса – терең өзара
түсіністік мүмкін. Кездесе келе, олардың әрқайсысында
әңгіме сол бір нәрсе туралы болып отырғанын, олар сезіне
бастайды. Бүкіл қашықтығында олар өз ортақтастығымен таң

қалдырады. Расында, мұнда не жалпы маңызды ақиқат ретінде
объективацияға түсетін әлі жоқ (дегенмен, бұл тек ешқандай
түлеусіз бүкіл әлемге таралуға қабілетті және бірге қатысуға
шақыратын, қатаң, методикалық ойластырылған ғылымға тән);

алайда сол, бізге қарағанда шынайы және шартсыз ақиқат түрлі
қайнарлардан алына отырып, бір-бірімен қарым-қатынасқа
түседі және түрлі мәдениеттерде танылады.
Осының бәрін былай түйіндеуге болады; аттаныс нүктесі

ретінде алынған, белдеулік уақыт бүкіл алғы және кейін­

гі дамуға қойылатын, сұрақтар мен өлшемдерді нықтайды.
Осының ізашарлары ежелгінің ұлы мәдениеттері өз ерек­
шелігін жоғалтады. Қалай олар белдеулік қозғалысқа араласа
берген сайын, олардың иегерлері болып табылатын халықтар

біз үшін ажырамайтын бола бастайды. Тарихта халықтар, бел­
деулік уақыттан бастау алатын; тарихи дамуда еріп кеткен­
ше, сол уақытқа дейін тарихқа дейінгілер болып қала береді,
кері жағдлайларда олар жойылып кетеді. Белдеулік уақыт

барлық басқасын ассимиляциялайды. Егер одан аттансақ, онда
дүниежүзілік тарих уақытта сақталуға қабілетті, тым болмаса
бүгінге дейін сақталған құрылым мен бірлікті қабылдайды.
ІІ. Дүниежүзілік тарихтың сызбасы

Біздің өміріміздің негіздеріне көз жүгірту үшін глобусқа
назар аударайық. Біздің қолымызда айналып тұрған глобусқа
қарай келе, оларды біз географтар мен тарихшылар құрылық пен
теңіздің бөлінуі туралы, әлемнің түрлі елдері туралы, алғашқы

мәдениеттер қалыптасқан жерлер туралы бізге хабарлайтын,
сол негізгі қағидалар бойынша бағдар алуға талпынамыз.

1. Бірегей екпінде жер массалары Еуропаның және Африка­

ның батыс жағалауларынан Американың шығыс шекараларына
қарай, яғни Атлант мұхитынан Атлант мұхтитына қарай со­
зылады. Атлант мұхиты Тынық мұхитына айрықша Колумбқа
дейін адамзаттың орасан зор шекарасы болды, ал сонда

шығысқа және батысқа қарай тарихқа дейінгі уақыттардың
өзінде барлық жерде саяхатшылар қабылданды (нормандардың
Солтүстік Америкада пайда болуы – бұл бәрінен бұрын, сал­
дарсыз кездейсоқтық).

2. Нәсілдер: ақ, қара, моңғолдар, үндістер жаңа уақытқа

дейін жер шарын барлық аймақтарында қоңыстанды; расында,
кейбір аралас нәсілдік типтер бар болды.

3. Адамдар қайда тіршілік ету мүмкіндік болса, сонда ба­

рып орналасты. Біздің алдымызда Азияның солтүстігіндегі,
Африкадағы, Америкадағы орасан зор кеңістіктер, адамдар
оларда, алайда, рухани мәдениет саласында айтарлықтай бір­
демені жасамай-ақ, өмір сүрді. Біздің алдымызда солтүстік

пен оңтүстік жер аумақтары, олардың ең шеткі шекаралары­
на ығыстырылған адамдардың өмір сүру формаларының өзі,

нені адам жасай алатынын куәландырады. Мәдениет үшін
ландшафтың негізгі типтерінің: өзен аңғарлары, Жерор­
та теңіздік жағалау, мұхит бухталары, аралдар әлемі, жазық-
тықтар, далалар, шөлдердің мағыналы екендігін, біз көре ала­

мыз. 4. Америка құрылығын бір нәсіл – үндістер қоныстанды.

Мұнда адам пайда болуын алдын алған немесе оның ерте
кезеңдерінен қалған, тарихқа дейінгі дәуірдің сүйек қалдықтары
жоқ. Бәлкім, Америка солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжыған
не Азиядан салыстырмалы түрде кейіндеу келгендермен

қоныстанған шығар. 5. Мәдениеттің пайда болуы жер бетінің Атлантикадан

Тынық мұхиты жағалауына дейінгі аз бөлігін алып жатыр. Бұл
жолақ, ұзындығы жағынан бүкіл жер бетінің төрттен бірін, ал
ендігі бойынша бүкіл жер бетінің он екіден бір бөлігін алып
жатқанымен бірге, шөлдер, далалар мен тау қыраттарының

арасында әр жерде кездесетін, құнарлық топырақты сақтап ке­
леді. Қайда жоғары мәдениеттің бастаулары кездесетін жерлер,
бұл жолақтың ішінде орналасқан. Алдымен олар бір-бірінен
тәуелсіз болды; олардың туындылары таратылды, бір-бірімен

олар байланысқа түседі және қайтадан дәнекер түйіндерді
жарып жібереді. Тұрақты қарым-қатынас тіпті бұл аймақтың
өзінде кейін пайда болды, бірақ сонда да бүкіл уақыт бойы үзіле
берді; өзінің толық көлемінде ол тек бірнеше ғасырлар бойында

өмір сүріп келеді және ол еуропалықтармен жасалған.
Адамдар қоныстанған, шексіз кеңістікте мәдениеттің пайда
болған аймақтары өте аз. Дәл соны оның өмір сүру уақыты ту­
ралы да айтуға болады.

* * *
Схема яғни, сызба түрінде тар мағынасындағы тарихты бы­
лай көрсетуге болады. Алғы тарихтың қараңғы қойнауларынан
жүздеген мыңжылдықтарға созылған, бізге ұқсас адамдар өмір

сүрген ондаған мыңжылдықтардан біздің дәуірімізге дейінгі
мыңжылдықтарда, Месопотамияда, Египетте, Инд пен Хуанхэ
аңғарларында ежелгі ұлы мәдениеттер пайда болды.
Бұл жер бетінің өлшемінде – жалпықамтушы, тіпті бүгінгі

күнге дейін дерлік сақталып келген, алғашқы қауымдық
адамдардың арасында шашылып қалған, жарықтың аралдары.

Ежелгі ұлы мәдениеттерде, олардың өзінде немесе олардың
ықпал шеңберінде б.д.д. 800 ж. және 200 ж. аралығында, белде­
улік уақытта, адамзаттың рухани негізі, оның үстіне бір-бірінен
тәуелсіз үш түрлі жерлерде қалыптасады – Шығыс және Батыс

болып оның полярленуімен Еуропада, Үндіде, Қытайда.
Батыста, Еуропада, ортағасырлардың аяғында қазіргі ғылым
пайда болады, ал сонымен ілесіп ХҮІІІ ғ. аяғынан техника
ғасыры алға шығады; бұл – белдеулік уақыттан кейінгі бірінші

рухани және материалды сипаттағы шынында да жаңа бастама.
Еуропалықтардың Америкаға қоныстануы және оның ру­
хани мәдениетінің қалыптасуы жүріп жатты, оның шығыс-
христиандық тамырларымен бірге Ресейге бағытталған ше­

шуші рационалдық және техникалық саладағы әсер іске асып
жатты; өз кезегінде, Ресей Азия құрылығының бүкіл солтүстігін
Тынық мұхитына дейін қоныстандырды. Оның аса зор бірлес­
тіктерімен бірге – Америкамен және Ресеймен – Еуропамен,

Үндімен, Қытаймен, Алғы Азиямен, Оңтүстік Америкамен
және жер шарының басқа бөліктерімен бірге –бүгінгі әлем, ХҮІ
ғ. жүріп жатқан, ұзақ процестерінің біртіңдеп барысында, тех­
ника дамуының арқасында, іс жүзінде бірегей қарым қатынас

аймағына айналды, ол өзінде бытыраңқылық пен күреске
қарамай, барған сайын арта түсетін саяси бірігуге деген, ол не
күш көрсетуші деспоттық дүниежүзілік империя шектерінде
болсын, əйтеуір не келісімнің нәтижесіндегі әлемнің құқықтық

құрылымы шектерінде болсын, сондай талаптың алдында тұр.
Осыған дейін жалпы дүниежүзілік тарих болмады, ал тек
локальды тарихтардың конгломераты болды, деп айтуды біз
мүмкін деп есептейміз.

Бұрын біз тарих деп атап келген, сол және бұрынғы
мағынасында енді өмір сүрмейтін, сол қайсыбір жүздеген мың
жылдар бойында жерді қоныстанудың тарихқа дейінгісі және
оны қазір біз шынайы дүниежүзілік тарихтың бастамасы деп

қарастыратынның арасы тек тым қысқа сәт.
Тарихқа дейінгі уақытта өзара байланыстылығы санасы­
нан айырылған адамдардың біріккен топтарында, тек ол әлі
табиғатқа тым жақын, өмірдің қайтадан қалпына келтірілуі

қайталана жүріп жатты. Соның артынан біздің қысқа, бүгінгі
күннің алдын алған тарихта, дүние жүзілік тарихты жасап

шығаруы үшін адамдардың қарым-қатынасқа баруы, бірігуі
жүзеге асқандай болды, бұл сапардың басында рухани және
техникалық жабдықтану басталды. Біз тек енді бастаймыз.
* * *

Тарихты топтастыруға талпыну оны бірқатар кезеңдерге
бөлу қашанда тұрпайы қарапайымдыққа әкеледі. Алайда
бұл қарапайымдатулар, мәнді сәттерге көрсететін, бағыттар
қызметін атқара алады. Тағы да дүниежүзілік тарих схемасына

қайтып келейік, оған жалған сыңаржақтылықта қатып қалуға
мүмкіндік бермейік. Адам төрт рет жаңа негізден аттағандай
болады.
Алдымен тарихқа дейінгіден, біз әрең түсіне алатын про­

метейлік дәуірден9 (тіл, еңбек құралдарының, отты пайдалана
алудың шығуы), ол мұнда енді ғана адам бола бастайды.
Екінші жағдайда ежелгі ұлы мәдениеттердің пайда болуы­
нан.

Үшіншісінде – оның әлемге рухани ашықтығында нағыз
адам толық қалыптасқан, белдеулік уақыттан.
Төртіншісінде – оның қайта жасаушы әсерін өзіміз бастан
өткізіп жатқан ғылыми-техникалық дәуірден.

Бұл схемаға сай тарихты түсіндіруде біздің алдымызда, олар
бүгін дүниежүзілік тарихтың түпнегізді сұрақтары ретінде
қабылданатын, сұрақтардың төрт айрықша топтамасы пайда
болады:

1. Алғы тарихта адам қалыптасуы үшін не шешуші болды? 2. Б.д.д. 5000 жылдан бастап ежелгі ұлы мәдениеттер қалай

пайда болды? 3. Белдеулік уақыттың мәні неде және оның қандай себеп­

тері бар? 4. Ғылым мен техниканың пайда болуын қалай түсіну ке­

рек? «Техника дәуіріне» не әкелді?
Бұл сызбаның кемшілігі, оның, расында өте маңызды төрттен,
бірақ өзінің мағынасы жағынан гетерогенді дүниежүзілік
тарихтың кезеңдерінен шығатындығында тұр: прометей­

лік дәуір, ежелгі ұлы мәдениеттер дәуірі, біздің адамдық
болмысымыздың рухани негіздері дәуірі және қазірге дейін
мағынасын сақтайтын, техника дамуының дәуірі. Сенімділеу

болашақты болжай алатын деп, былай жобаланған схеманы
алуға болады: біздің қолымыз жететін адамзат тарихтында екі
тыныс алу бар сияқты.
Біріншісі прометейлік дәуірден ежелгілердің ұлы мәдениеті

арқылы оның бүкіл салдарынан белдеулік уақытқа жетелейді.
Екіншісі ғылым мен техника дәуірінен, екінші проме­
тейлік дәуірден, және бәлкім білім беру арқылы, олар ежелгі
ұлы мәдениеттердің құрылымдары мен жетістіктеріне ұқсас,

жаңа, әлі алыс және көрінбейтін, екінші белдеулік уақытқа,
адамзаттың шынайы қалыптасуына жеткізеді.
Бұл екі тыныс алулардың арасында, алайда, мәнді айырмашы­
лықтар байқалады. Екінші тыныс алу кезеңінде бола тұрып, біз

біріншіні тануға қабілеттіміз, басқаша айтқанда, біз тарихи
тәжірибеге иеміз. Басқа мәнді айырмашылық: егер бірінші ты­
ныс алу кезінде бірнеше қатар дамыған өркениеттер аралдары
алға шықса, онда екіншісі азамзатты тұтас қамтиды.

Біріншісінде әрбір оқиға, тіпті егер ол орасан зор импери­
ялар бейнесінде көрінсе де, локальды болды, тұтас даму үшін
ешқашан шешуші бола алмады. Міне сондықтан Батыс әлемі
айрықша мүмкіндікке ие болды, ал сонда басқа мәдениеттер

белдеулік уақыттан, бұл кезеңде болжауға келетін уақытта
өз эволюциясында қайсыбір ешқандай үмітті қалдырмады.
Керісінше, біздің уақытта жүзеге асатынның бәрі әмбебеп және
жалпықамтушы болуға тиіс; даму енді Қытаймен, Еуропамен

немесе Америкамен шектеле алмайды. Тотальды бола тұрып,
шешуші оқиғалар міндетті түрде мүлдем басқа, тағдырлық си­
патта болуы керек.
Тұтас алғанда даму, оның бастамасы бірінші тыныс алуға

жатқанымен енді өзінің көптүрлігінде, Батыста да әлдебір
толық күйреуге әкелетіндей бізде көрініске айналады. Енді
бар мәселе, болашақ даму өзінің ашықтығын сақтай ма, қатал
қиналулар, бұрмалаулар мен үрейлі құлдыраулардан өте оты­

рып, нағыз адамды жасап шығарумен аяқтала ма, дегендердің
төңірегінде тұр.
* * *
Тарихқа дейінгі уақыттың басындағы адамзаттың бірегей

қайнарлары біз үшін, қазір жер шарында үстемдікке ие адамның

болашақ әлемі қаншама қараңғы болғаны сияқты, соншама қараңғы; ол, мүмкін өзінің заңгерлік бірлігіне өмір сүрудің шек­ сіздігіне рухани және материалды ұмытылысында жете алады. Біздің тарих қайнарларымыз (оларды біз не елестете, не ойлас­ тыра алмаймыз) бен мақсатымыз (оның нақтылы бейнесін мәнді түрде суреттеп бере алмаймыз) арасында таңдау жүріп жатады. Алайда, қайнарлар мен мақсат бір-бірімен байланысты: қандай етіп біріншісін мен ойласам, екіншісін де солай ой­ лаймын, ол осыған тәуелді. Бейне нақтылығында сенімділікке және көрегендікке нәрсе өзінің рәміздік білдірілуінде ие бола­ ды; қайнарлар – «адамды жасауда», мақсат – «жандардың мәңгі патшалығында». .................................................................................................... Келесі тарауларда тарих – бұл қайнарлар мен мақсаттың арасындағы үдеріс ретінде, ол өткен шақ болып табылатын, сол шамада оның түбегейлі мәселелері мен нақтылы деректері, қарастырылатын болады. Көрнекі болу үшін біз дүниежүзілік тарихтың қарапайым сызбасына назар аударуды ұсынамыз (оны төменнен жоғарыға қарай оқу керек). ІІ Алғы тарих 1. Тарих және алғы тарих Жер бетіндегі адамзаттың тұтас әлемі Америка Еуропа Ресей Ислам Үндістан Қытай Негрлер Ғылым мен техника ғасыры Құлдыраған халықтар Батыс Византия Ислам Перу, Мексика

Халықтарды Белдеулік уақытпен

қамтудың аяқталуы Белдеулік уақыт «Жаңа, көне тарих» Шығыс-Батыс Үндістан Қытай Көне ұлы мәдениеттер Көне ұлы мәдениеттер

шеңберіндегі жазуы-сызуы жоқ халықтар
Мысыр Қос өзен Инд Хуанхэ Алғашқы қауымдық халықтары
Көне тарих

Адамзаттың жалпы қайнарлары
Біз тарихқа ол туралы құжатталған деректер бар бүкіл сол
уақытты жатқызамыз. Қашан бізге сөз жеткенде, табанымыздың
астындағы жерді сезіне бастаймыз. Археологиялық қазбалардан

табылған бүкіл құралдар біз үшін үнсіз болып қала береді...
* * *
Үшінші бөлім

ТАРИХТЫҢ МАҒЫНАСЫ ТУРАЛЫ

Дүниежүзілік-тарихи көзқарас деп біз нені түсінеміз? Біз
тарихты әлдебір тұтас ретінде және сол арқылы өзімізді де
түсінуге ұмтыламыз. Ол туралы біз тек біліп қоймай, бірақ
ода біз түп тамырларымыз да тұрғанын білетін, тарих біз үшін

еске алу болып табылады. Тарих бір рет салынған негіз, егер
біз із-түзсіз жоғалып кетпей, ал адам болмысында үлесімізді
сақтағымыз келсе, онда онымен байланысты біз сақтаймыз.
Тарихи көзқарас адам табиғатын түсіну сезімі оянатын са­

ланы қалыптастырады. Біздің сахнамызда қалыптасқан нәрсе
(тарихи даму суреттемесі) біздің талпыныстарымыздың фак­
торы бола бастайды. Біздің мүмкіндіктеріміздің шекаралары
тарихты қалай түсінуімізге байланысты белгілене бастайды.

Біздің алдымызда заттардың мүмкін -мазмұны ашылады немесе
бізді басқа жаққа алып кететін елес туындайды. Тарихи таным
тіпті өзінің ақиқаттығы мен шынайылығында бейтарап мазмұн
емес, бірақ біздің өміріміздің сәті болып табылады, қашан та­

рихи деректер насихат үшін пайдаланса, онда бұл тарих туралы
жалғандық деп қабылданады. Тарихи процесс туралы өзінде
тұтас түсінік қалыптастыру міндеті біздің толық байыптылық
пен жауаптылықты талап етеді.

Біздің тарихи өткенімізге түрлі қатысуға болады: бір
жағдайда біз одан жүрегімізге деген жылы ұлылықты көре ала­
мыз. Не болғаннан, не біздің қалыптасуымызды анықтағаннан,
не бізге үлгі болып табылатыннан, біз күш-қуат ала аламыз.

Ұлы адамның қашан өмір сүргені мүлдем маңызды емес. Бәрі
бір, уақыттан тыс маңыздылықтардың жазықтығына тізіліп
қойылғандай. Тарихи деректер сонда бізбен тарихи емес, ал

біздің өмірімізде тікелей орын алатындар ретінде қабылданады.
Бірақ өткеннің ұлылығын, тарихи оқиғалардың уақыттық
дәйектілігінде, саналы түрде қабылдауға болады.
Біз болғанның уақыты және орны туралы сұрақ қоя аламыз.

Мақсат – уақыттағы жол. Уақыт бөлінген. Қашанда бәрі бола
бермеген, әрбір дәуір өзінің айрықша ұлылығына ие. Өткеннің
мағынасында өзінің шыңдары мен құлдыраулары болды;
тыныштық дәуірлері, олар мәңгі өмір сүретінде жасайтындай

дәуірлер болады, олар өздерін әлдебір аяқталу ретінде сезінетін,
дәуірлер болады; бірақ үлкен өзгерістер дәуірлері, олар өзінің
шектен шыққан түрінде адам болмысының нағыз тереңдігіне
дерлік бойлай алатын, төңкеріс дәуірі де болады.

* * *
Сондықтан тарихпен бірге тарихи ойлау да өзгереді.
Біздің уақытымызда ол, соңғы жүз жылдар немесе одан да
көп уақыт бойында біртіңдеп тереңдей берген және қазір

барлық адамдардың дерлік ойлауын сипаттайтын, дағдарысты
ұғынумен анықталады.
Гегельдің өзі еуропалық дүниенің құлдырауын көрді. «Ми­
нерва құсы өз ұшуын күн батқаннан кейін бастайды» – деп,

ол өз философиясы туралы айтты; алайда бұл онда жойылуды
емес, ал аяқталуды түсіну еді.
Кьеркегор мен Ницшеде дағдарыс санасы шырқау шыңына
жетті. Осы сәттен бастап тарихи дамудағы бұрылыс идеясы,

қандайды оған бұрын бергендей сол мағынадағы тарихтың
аяқталуы идеясы және адам болмысын радикалды өзгерту иде­
ясы кең тарай бастады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін сөз тек Еуропаның

құлдырауы туралы ғана емес барлық мәдениеттердің де
құлдырауы туралы болды. Адамдық жалпы өмір сүрудің соңын,
ол бүкіл адамзатты қамтитын және ол әлде жойылуға, әлде
жаңаның туындауына әкелетін, өзгерістерді түйсігі пайда бол­

ды. Бұл әлі ең соңы емес еді, бірақ аяқталу мүмкін деген білім
жалпылама бола бастады. Біреулер оны қобалжу және үреймен,
басқалары толық тыныштықпен, не натуралистік биологиялық
әлде әлеуметтанулық тұғырнамалардан, не метафизикалық

субстанционалдық көзқарастармен қабылдады. Клагес, Шпенг­

лер немесе Альфред Вебердің көңіл-күйлері бір-бірінен шұғыл
бөлек болды. Алайда олардың ешқайсысы, өзінің тарихи
мағынасы жағынан теңдесі жоқ, дағдарыстың нақтылығына
күмән келтірмеді. Бұл дағдарыстың жақындығын сезе отырып,

өзіміздің және қазіргі жағдайды түсіну үшін көмекті бізге тарих
бере алады.
Бір нәрсе біздің ойымызша барлық аласапырандарда сақ­
талып қалуы керек: тап өзіндей адам, оның философиялық зер­

делеудегі өзін өзі ойластыруы. Құлдыраулар кезеңдерінде де

– тарих осыған үйретеді – жоғары философиялық ойлау өмір

сүрген.
Әмбебап-тарихи тұғырдан өзің түсінуге деген жігер, бәлкім,
ол өзінің негізін іздеуде болашаққа қарай назар салатын
шығар. Ол сәуегейлік емес, ол – сенімділік, ұнжырғысы түспей

қуаттандыратын, философиялық пайымға деген құштарлық.
Қалтқымайтын талпыныстың білдірілуі болып табылады.
Біздің тарихты еске алуымызда сыртқы және ішкі шектер бол­
мауы керек. Тұтастық ретіндегі тарихтың мағынасын, әрине,

оның шектеріне жетіп, ең жақсы ұғына аламыз. Бұл шектерді
біз тарихпен, не тарих болып табылмайтынмен, не оның ал­
дында болғанмен және оның сыртында тұратынмен салыстыра
келе және оны тереңірек, жақсырақ және кеңірек түсіну үшін,

нақтылы-тарихиға бойлай отырып, түсіне аламыз.
Тарихи тұтастықтың мағынасы туралы сұраққа алайда,
біз түпкілікті жауапты ала алмаймыз. Соның арасында бұл
сұрақ және оған жауапты алудың сыни тереңдетілген талпы­

ныстары, ол бірден жоғалып кететін, жалған білімдердің не­
гізінде жасалған, сол жеңіл-желпі тұжырымдардан арылуға
бізге көмек береді, өз заманына деген негізсіз тиісе берулер,
оларды сынау жеңілдіктерімен бірге, олар енді ескіріп кеткен­

дей болып көрінетін, жаппай дағдарыс болғандарды айыптау,
адамдарға, әлдебір мүлдем жаңаны, түпнегіздіні береміз деген
үмітті және оны Платоннан Гегель немесе Ницшеге дейінгі
дамуға қарсы қою және одан осы жаңа асып түседі деп есепте­

умен байланысты болып келеді. Ойлаудың өзінде, оның пақыр
мазмұнына қарамай (Ницшедегі шекті, бірақ сананың негіз­
делген құрылымының мимикриясы) соған таң қаларлық үлкен
мағына беріледі. Алайда салтанатты терістеу және бастыны та­

бына шақыру әлі өзіндік шындық емес. Күрестен пайда болған
лахап жалған рухани өмірдің негізі қызметін әзірше капиталы
талаң-таражға түскенше атқарады.
* * *

Тарихтың тек табиғи негізін құрастыратын, өз бірегейлігін
сақтай отырып, қайтып келетін, ол кезекпе-кезек қайталанатын
каузальдық болумен – осының бәрі тарихтағы тарихи емес,
тек болып жатқанның ағымында, тарихилық әлде бір айрықша

және қайталанбайтын ретінде көрініс табады.
Ол өзімен беделін сақтайтын дәстүрді көрсетеді, және ол бұл
дәстүрде, өткенді еске алумен туындаған, контиуум. Тарихилық

– бұл мағыналық байланыстарда санаулы түрде жүргізілген

құбылыстарды қайтадан құру.
Тарихи санада әлдебір өзіндік, төлтума оның мағынасын
қайсыбір құндылықсыз сенімді түрде негіздеуге келмейтін
даралық тұр. Тарихилық қирауға ұшырайды. Бірақ уақытта ол

мәңгілік. Бұл болмыстың айрықша белгісі, оның тарихи болып
табылатындығында және барлық уақыттарға бірдей ұзақтыққа
ие болмауында тұр. Өйткені, жəй ғана болып жатқаннан жалпы
пішіндер мен заңдарды қарапайым қайталу үшін тек материал

қызметін атқаратыннан айрықша тарих дегеніміз, ол уақытты
кесе отырып, оны жоя келе, мәңгілікпен қатысатын, сол болып
жатқанды белгілейді.
Неге жалпы тарих өмір сүреді? Атап айтқанда, адам шек­

ті, аяқтамаған және аяқтала алмайды. Ол өзінің уақыттағы
қайта өзгертулерінде мәңгіні тануға міндетті, және ол оны
тек осы жолда тани алады. Адамның аяқталмауы және оның
тарихилығы – бір және сол. Адам табиғатының шекаралары

бірқатар мүмкіндіктерді шегеріп тастайды.
Жерде мінсіз күй болуы мүмкін емес. Дұрыс дүниежүзілік
құрылым жоқ. Жетілген адам жоқ. Тұрақты қайталанатын түпкі
күйлер тек оқиғаларды табиғи бағысына қайтып келу ретінде

ғана мүмкін. Тарих тұрақты түрде аяқталмағандықтан, әрекет
ететіндіктен, бәрі үзіліссіз өзгеруге міндетті. Тарих өзімен-өзі
аяқтала алмайды. Ол тек қана өзінің ішкі болымсыздығынан
немесе ғарыштық апаттан жойыла алады. Алайда, не тарих­

та мәңгінің ерігімен оның аяқталған түріндегі жеке өзіндік

тарихилық қалый табылады деген сұрақ, бізді оған көңіл
аударуға міндеттейді, бірақ тарихилық туралы түпкі және
толық пайым шығаруға біз бара алмаймыз. Өйткені біз соңғы
шешім қабылдайтын, құдай емеспіз, ал тарихилықты жанап өту

үшін, өзіміздің ойлауымызды пайдаланатын адамдармыз, оны
неғұрлым табанды іздейтін болсақ, соғұрлым жақсы біз оны
түсіне бастаймыз. Тарих – бұл бір мезгілде өтіп жатқан және
оның өзіндік санасын, тарих мақсатын және тарихтың мәнін

білу. Осындай тарих жан-жағынан тұңғиықпен шектелген
сияқты. Егер ол соған итеріліп тасталса, онда ол тарих болу­
дан қалады. Біздің санамызда ол мынадай негізгі қассиеттермен
біріктірілген және бөлінген:

Біріншіден, тарих, оны басқа шындықтардан – табиғат пен
ғарыштан – бөліп тұрған шекараға ие. Тарихты барлық жағынан
жалпы баршылықтың шексіз кеңістігі қоршап тұр.
Екіншіден, тарихта, индивидуалдықтың және шарасыз

жойылушының қарапайым шындығын айналдыру арқылы
қалыптасатын, ішкі құрылымдар бар. Тап осындай болып тарих
тек жалпылық пен даралықтың бірлігі арқылы табылады, бірақ
ол осыған дара-жалпыламаның, қайталанбайтын мағынаның

индивидуалдығын көрсету арқылы жетеді. Ол болмыстың біл­
дірілуі ретіндегі ауысу болып табылады.
Үшіншіден, тарих тұтастықтың идеясы болып табылады,
егер мынадай сұрақ қойсақ: тарихтың бірлігі неде тұр?

Тұңғиықтар: табиғат тұңғиықтары – тарихтан тыс және
тарихтың вулкандық негізі сапасында, ол қашанда сұрақ астына
алынатын, сол бірлік, одан барлық уақытта қосылғысы келетін,
оның жоғалушы-өтпелі болмысында, шексіз тасталғанындағы

тарихи шындықта өзін көрсететіннің негізі сапасында көрінетін.
Бүкіл бұл тұңғиықтарды көре білу және түсіну қабілеттілігі
шынайы тарихи дүниені түсінуді тереңдетеді.
І. Тарих шекаралары

1. Табиғат және тарих

Біз өзіміз адамзат тарихын Жердегі тіршіліктің аз ғана бір
бөлігі сапасында көрсете аламыз. Сондықтан, адамзат тарихы
өте қысқа (ол үшінші кезеңнің аяғынан бұрын пайда болған

жоқ10, мұның өзі де күмән туғызады), ол бүкіл Жер тарихын
қамтитын, өсімдік және жануарлар тарихымен салыстырғанда
тым мардымсыз. Бізге белгілі 6000 жылдық тарихтың өзі, өз
кезегінде, жүздеген мыңжылдықтармен өлшенетін, адамзат

тіршілігінің тарихқа дейінгі ұзақ кезеңімен салыстырғанда,
тағы да қысқа болып шығады.
Біз расында, табиғат тарихы және адамзат тарихы туралы
айтамыз. Бұл өзін түсінбейтін, жай ғана жүріп жатқан, процесс

– оны адам ұғынады. Сана және алдын ала ойлау бұл оған тән

фактор емес. Олар үшін ортақ нәрсеге олардың уақыттағы даму
үдерісінің қайталанбайтығы жатады. Бірақ олар өзінің мәнісі
және мағынасы бойынша әр түрлі. Табиғат өзін тарихта сезін­
бейді. Адамдық өлшем бойынша бұл тарих өте баяу жүреді.

Оның адам өмірі масштабындағы көрінетін жағы – бір және сол
нәрсені қайталай беру. Бұл мағынада табиғат тарихи емес.
Сондықтан, тарихты табиғатта болып жатқан үрдістерге
ұқсас қарастыру – бұл біздің табиғат әлемі категорияларында

ойлау әдетіміздің салдары. 1. Егер шексіз пайда болу және жоғалу, жойылу және

қайталану түсініктерінен шықсақ, шексіз уақытта бәрі үшін
мүмкіндік бар, бірақ уақытты кесіп өтетін мағына жоқ, – онда
осындай түсінік тап өзіндей тарихты шегеріп тастайды.

2. Өмірлік процесс барысында адам жануардың бір түрі

ретінде пайда болады. Адам жер бетінде, барлығы болмаса да,
басқа өмір формаларына ұқсас тарайды.

3. Тұтас алғанда адамзат өмір процесі болып табылады. Ол

өседі, гүлденуге жетеді, қартаяды және өледі. Алайда осының
бәрі адамзат тегінің бірегей дамуы ретінде мес, ал дәйекті
немесе қатар өмір сүретін, адамдық мәдениеттер дамуының
көпсанды,

қайталанатын
процесі
ретінде
қабылданады.

Адамзат табиғатына жақын, аморфтық материалдан, оларға
даму заңдылықтары, өмір фазалары, басы және аяғы тән, та­
рихи құрылымдар ретінде мәдениеттер қалыптасады. Бұл
мәдениеттер, бір-біріне әсер етпейтін, өмір қуаттарын өзі-

өздерінен сусындайтын, ағзаларға ұқсас.
Табиғи әлем қатегорияларындағы осындай түсінікте зертте­
уші көкжиегінен шынайы тарих жоғалып кетеді.

2. Мұралану және дәстүр

Біз адамдар, əрі табиғат, əрі тарих болып табыламыз. Бізде­
гі табиғат өзін мұралануда, біздің тарих – дәстүрде көрсетеді.
Оның күшімен біз мыңдаған жылдар бойында өзгермейтін,
мұраланудың тұрақтылығына біздің дәстүріміздің тұрақсыздығы

қарсы тұрады: сана өшіп кетуі мүмкін және біз соған сенімді
ғасырларда сондай рухани құндылық жоқ.
Егер біз неге жеткенімізді ұмытып қалсақ немесе егер та­
рих бойында біздің жеткеніміз жоғалып кетсе, тарихи про­

цесс үзіліп қалуы мүмкін. Тіпті әдеттің күшімен және өзімен
өзі дұрыс деп қабылданатын сенімнің қуатымен қалыптасқан,
өмір және ойлау салтының бейсаналық дерлік тұрақтылығы, ол
бүкіл қоғамдық жағдайлармен күнделікті қалыптасатын және

біздің өмір сүруіміздің ең тереңдігінде ұяланатындай өзгере
бастаса, ол шайқала бастайды. Сонда қалыпты өмір дәстүрден
қолын үзеді, тарихи қалыптасқан этос жоғала бастайды,
күнделікті өмір формалары ыдырай бастайды және толық

сенімсіздік орнығады. Атомдандырылған адам тарихи емес
қалыптасқан өмірдің кездейсоқ массасына айналады, және де,
ол бәрібір адамдық өмір болғандықтан өз өмір сүруінің виталь­
ды күшінің астында ашық немесе құпия-қобалжу мен үрейге

тола бастайды. Басқаша айтқанда, мұралану емес, ал дәстүр
бізді кісі қылады. Адам оған туа біте иеленген, сол іс жүзінде
бұлжымайды; дәстүр толық жоғалып кете алады.
Дәстүр өз тамырларымен тарихтың қойнауына кетеді.

Биологиялық мұралануға жатпайтынның бәрін, ол қамтып
алады, ол адамдық болмыстың тарихи субстанциясын
құрастырады.
Ұзақ тарихқа дейінгі, қысқа тарих – бұл айырмашылық нені

білдіреді?
Тарихтың басында әлдебір тарихқа дейінгі дәуірде
адамдық болмыстың жинақталған капиталы табылады, ол
тек қана биологиялық мұраланған емес, ал арта беретін неме­

се жұмсалатын тарихи субстанция болып табылады. Бұл – ол
жасалмаған немесе алдын ала ойлана жасалатын, кез келген
ойлауға дейін шынайы өмір сүретін, бірдеме.
Бұл субстанцияның маңызы рухани процестің тарихында

жасалып жатуы арқылы ашылады. Бұл процестің барысында

ол өзгерістерге ұшырайды. Бәлкім, олар шындықтар сапасын­ да – осындай тектегі айшықты мысалға белдеулік уақыт жа­ тады – тарихта жаңа қайнарлар пайда бола алады, өз кезегін­ де, олар жаңа құрылымдардың алғышарттары бола бастайды. Алайда, бұл процесс тұтас адамзатты қамтымайды – ол жеке адамдардың санасы биіктерінде жүреді, гүлденуге жетеді, ұмытылады,түсініксіз болады және жоғалады. Тарихта ол субстанционалдық алғышарттардан, дәстүр­ лерден ажырауға әкелетін және таза ой тудыратын, субстанционалдықтан айрылған таза рацоналдық (ratіo) аяда әдеңе жасалатындай, соған қарай жетелейтін, бағыт бар. Бұл – өзіне өзі қайшы білімге бармайтын ол бостыққа апаратын ағартушылық. 3. Тарих және ғарыш Біз неліктен мынау шексіз әлемдік кеңістіктің осы нүкте­ сінде, ғарыштың құм-қиыршығында, оның алыс түкпірінде біз өмір сүреміз және тарихты жасаймыз? Неге атап айтқанда қазір, уақыттың шексіз ағымында осылай? Тарих бастауы үшін, не болуы міндетті еді? Оларға жауаптар жоқ, осы сұрақтардың бәрі, біздің жұмбақтың алдында тұрғанымызды, міне соны ұғынуға жете­ лейді. Біздің өмір сүруіміздің негізгі дерегі біздің ғарыштағы жалғыздығымыз болып табылады. Дүниеқұрылыстың үнсіздігінде тек біз саналы, тілге қабілетті жан болып есепте­ леміз. Күн жүйесі тарихында тек мардымсыз бір сәтте ол өзін және болмысты біле алады. Тек осында бұл терең ішкі сезімнің қайсыбір басқа ұқсас түрі белгісіз. Шексіз ғарыштың кішкен­ тай ғана планетасында, қайсыбір мыңжылдықтарға созылған, қысқа бір сәтте әлдебір нәрсе жүзеге асады, ол жалпықамтушы, шынайы сияқты болып жүзеге асады. Ғарыштың кеңдігінде жоғалып бара жатқандай бұл қиыршықта адамның пайда бо­ луымен болмыс оянады. Бірақ ғарыш – жалпықамтушы баршылықтың қараңғылығы, онда одан және ол арқылы біздің мәнділігіміз болып табылатын және өз қайнарларында түсініксіз болып қалатын, сол жүзеге асады. Бұл түнек біз тек өз тұтастығымыздың сыртқы жақтарын

ғана, қайда өмір жоқ болатын, олар өзінің фантастикалық
ұлылығында кенеттен, біздің бөлмемізде күн сәулелерімен
жарықтанатындай, шаң-тозаңдай ғана болып көрініс таба­
тын, біздің астрономия және астрофизикамен зерттелетін бір­

деме. Ғарыш – бұл біздің зерттеуімізге келетін, сол сыртқы
аспектісінен шексіз бірдеме, не біздің алдымызда біртіңдеп
ашылатыннан, шексіз терең әлдеңе екендігіне, ешқандай
күмән жоқ; басқаша айтқанда, ол біздің тарихи және адамдық

аңдаумыздан өз тереңдігімен келетіннен, бөлек нәрсе. Біздің
жерлік тірлігіміздің алдында тағы бір тұңғиық ашылып тұр.
Біздің планетамыз тұтас алғанда адамның қол астына ене бер­
ген сайын, ол кеңістіктік еркіндігінен айырыла берді. Осыған

дейін адам сапарға аттана алды, ол белгісіз алыстарға кете алды
және олар бір жерде өзі бар деп, егер өзі қаласа, оның шексіз
кеңістіктеріне кете алады деп, осыны сезіне өмір сүрді. Енді
біздің баспанамыз, біздің өмір сүру шеңберіміз тұйықталып

қалды, оның аумағы дәл анықталған, кез келген жоспарлар
мен әрекеттерді қабылдағанда тұтасымен еске алынуы мін­
детті. Алайда әлемдік құрылыс қойнауларында бұл тұтастық
толығымен ғарышта шектелген. Осындай жағдайда адамзат

жер шарында тығыздалғандай болды. Адам өмірінен тыс жер
бетінде, бәлкім, адам үшін мәңгі жабылған, рухани түсініктегі
бос әлем тұрған сияқты, және бұл оқшаулық адамзатты тек өзі
өзімен қатынастағы өзіндік түсініктің шындығына айналдыра­

ды. Бұл оқшаулық ғарышта тарихтың нақтылы шекараларын
құрастырады. Осыған дейін оны мынадай сұрақта: өмір және
рух өмір сүре ме? – дегенде білдірілген, бос түсініктер мен
орындалмайтын міндеттер арқылы шешуге талпыныс жасап

келді.
Теріс жауаптар былй дейді:
а) Өмірдің пайда болуы үшін қажетті жағдайлар тек
кездейсоқ, бос дерлік, қатып қалған және суық дүниенің

кеңістіктерінде пайда бола алады, олардың тек кейбіреулерін­
де бір-біріне көз жетпейтін алыстықта әлдебір дүниелер бар.
Күн жүйесінің басқа планеталарында өмір не мүлдем мүмкін
емес, не өсімдіктер тіршілігінің төменгі формалары түрінде

тек мүмкін. Басқа күн жүйелерінде, біздің жер сияқты, сондай
типтегі планеталардың болуы мүмкін, осыны толық шығарып

тастауға болмайды, алайда осының ықтималдығы төмен,
өйткені бұл үшін, өз сипаты бойынша кездейсоқ жағдайлардың
тұтас қатарының үйлесуі қажетті (Эддингтон)11.
б) Иудей-христиан діні аянының терең аңдауындағы

адамның айрықша қасиеті даралыққа ие: құдайдың дүниені
жаратылуы – жеке-дара акт және адам Құдайдың бейнесі және
нұсқасы, көптеген «Әлемдердің» болуы мүмкін емес (солай
христиандық пен Гегель үйретеді). Оның арқасында адам өзін

мардымсыздықта және ұлылықта түйсінетін, қалай аян беру
болсын, оның күшімен адам өзін жалғыз орталық деп сезінетін,
табиғит тенденция болсын, бізді осындай қорытындыға келуге
міндеттейді.

Жағымды жауаптар да бар.
а) Біздің тіршіліктің бар болуы кездейсоқ-ақ болсын,
бірақ шексіз әлемге бұл кездейсоқтың бірмезгілде немесе
уақыттылық дәйектілікте қайталануы үшін мүмкіндіктер жет­

кілікті. Біздің галактикамызда Құс жолындағы және сансыз
басқа галактикалардағы миллиардттаған күндердің барлығы,
осындай кездейсоқтың сол қиылысуларда бірнеше рет қайталана
алатындығын әбден ықтимал етеді.

б) Барлық уақыттарда адам әлемде, өзінен басқа, ақылды
жандардың: демондардың, періштелердің, аспан тұрғын­
дарының бар екендігі туралы пайымдады. Әлем ол үшін бос
емес еді. Ол өз маңайын оған туысқан мифтік жандармен тол­

тырды. Әлемнің тірі емес массалар механизіміне айналуында
бұл бостық толық болып шықты. Әлемге тек қана адам санаға
ие деген түсінік, оның сыртқы ақиқаттығына қарамай, дәлелді
емес болып көрінеді. Бүкіл бұл шексіз әлем неліктен адам үшін

ғана өмір сүре алады? Тіпті жер бетіндегі өмірдің бәрі тек адам­
мен қатысты түсіндіріле алмайды. Әрбір өмір тап өзіндей бо­
лып шығады, жер тарихы ұзақ уақыт бойы адамсыз өмір болып
келді.

в) Әрине, былай ұйғаруға болады: егер де адам әлемдегі жалғыз
ақылды жан болмаса, онда шолып өтуге мүмкін емес уақыттарда
басқа рухани жандар өз өмірлері туралы куәлік қалдырар еді.
Біздің әлем қаншама уақыт бұрын әлдекіммен ашылатын еді

және жаңа ашылып келе жатқан ақылды өмір өзара байланысты,
тұрақты ғарыштық қауымдастыққа қосар еді.

Соның арасында, ғарыштан бізге келгеннің бәрі тіршілік­
сіз болып табылады. Алайда дәл осындай негізбен мынаны да
айтуға болады: бәлкім егер бізде қабылдаушы болмаса, оларды
біз сезбейтін, радио өрістегі сәулелер сияқты ғарыштан бізге

хабар жеткізіп жатқан, ерекше жарық сәулелерімен біз тұрақты
қоршалған шығармыз. Біз әлі ғарыш арқылы өтіп жатқан,
әлдеқашан қалыптасқан ғарыштық өркениеттің хабарларын
қабылдауға қабілетті емеспіз. Біз әлі өзіміздің өмір сүруіміздің

бастапқы сатысында тұрмыз. Ояну сәті келді. Неліктен бір та­
маша күнде, менің шынында да әлемнің тілін неге ашпасқа, ал­
дымен түсінбей, оны қолға түсіріп, кейін Египет иероглифтері
сияқты мағынасын ашпас қа? Ал кейін әлемдегі басқа ақылды

жандардың хабарларын байыпты тыңдап және ақырында неге
оларға жауап бермес ке?
Бұл түсініктің әрі қарай кез келген нақтыландыруы пәнсіз (бұл
түсініктің өзі де пәнсіз сияқты). Мысалы, басқа планеталардың

тұрғындарымен қарым-қатынасқа түсу үшін жарықтық жылдар
ситяқты кедергіні алып тастау қандай салдарға әкеліп соғады?
Осындай тектегі пайымдар әзірше тек бір мағынаға ие бұл
мүмкіндікті ашық қалдыру және адам үшін оның жерлік жан

және оқшау екендігін сезімталдау ету. Ғарышта басқа ақылды
жандардың өмір сүруі туралы нақтылы бір деректерге ие
болғанша, біз ешқандай өзгерістерді сезінбейміз. Біз осының
мүмкін екендігін не терістей алмаймыз, не оның әлде бір

шындық екендігін есептемей тастай да алмаймыз. Алайда, бізге
сол бізді тұрақты қобалжытатын, таң қаларлық дерек берілеген:
шексіз кеңістік пен уақытта, егер дәйекті берілген деректер­
ден шықсақ, 6000 жыл бойында немесе соңғы 3000 жылдарда

бұл кішкентай планетада, оларды біз философия деп атайтын,
сұрақтар мен жауаптарды өзімізде тауып алдық.
Бұл ойланушы сана мен адамдық болмыстың таң қаларлық
тарихи феномені және сол арқылы әлем өлшемдерінде өзінің

микроскопиялық ұсақтығында тек жоғалып бара жатқан оқиға
мүлдем жаңа сәт, жаңа ғана басталып келе жатқан нәрсе, сон­
да да, оған егер ішінен қарасақ, ол бүкіл әлемдік құрылысты
қамтып алатын, соншама ежелгі болып көрініс табады.

ІІ Тарихтың негізгі құрылымдары
Адамзат тарихы болмыстың ерекше сипатымен айрықша­
ланады. Ғылымда оған танымның ерекше түрі сәйкес келеді.
Тарихтың екі сипатты белгісіне тоқтайық.

1. Жалпыламалық және жеке-даралық

Егер біз тарихта жалпы заңдарды (каузальды байланыстарды,
құрылымдық заңдарды, диалектикалық қажеттілікті) ұғынсақ,
онда тарихтың жеке өзі біздің танымыздан тыс қалады. өйткені
өзінің индивидуалдық кейпіндегі тарих қашанда қайталанбайды.

Біз тарих деп сол сыртқыны, кеңістік пен уақытта белгілі бір
жерде болып жатқанды айтамыз.
Дегенмен, бұл тап осындай бүкіл шындықты қамтиды.
Табиғаттану, расында, бүкіл материалды құбылыстарды жал­

пы заңдарға сай зерттейді, бірақ мысалы, неге Сицилияда
күкірттің үлкен қорының жиналғанының табылғаны туралы
сұрақты ол қоймайды, жалпы алғанда материяның кеңістікте
таралуының нақтылы себептерімен айналыспайды. Табиғи-

ғылыми танымның шекарасы, ол түсінілмейтін нәрсе, бірақ ол
тек суреттеле алатын, дара шындық болып табылады.
Алайда, кеңістік пен уақытта локальдану, шындықтың бұл
белгілерінің тап осындай индивидуалдандырылуы, тарихтағы

индивидуалдыны сипаттау үшін әлі жеткіліксіз болып табы­
лады. Не қайталанатын, индивидуум сапасында басқа инди­
видуммен ауыстырыла алатын, сол таралауының нақтылы се­
бептерімен айналыспайды, не индивидуум сапасында басқа

индивидууммен көріністе табылатын, осының бәрін әлі тарих
деп есептеуге болмайды. Тарихи болу үшін, индивидуум жалқы,
қайталанбайтын, жалғыз болуы керек. Осындай жекелік типін
біз адамда және оның туындыларында таба аламыз, барлық

басқа шындықтарда – тек адаммен олардың қатынасында, оған
құрал, білдірілу, мақсат болып қызмет етуінде осыны таба ала­
мыз. Адам тек рухани жан ретінде, ал табиғи жан ретінде емес,
тарихи.

Тарихта біз өзімізге тек өзіміз сапасында анықпыз, бірақ
бұл біз үшін болатындығында – зерттеу пәні ретінде емес,
осылай болып тұр. Біз, расында, зерттеу пәні ретінде табиғи
жан сапасында, жалпыламаның, нақтылы индивидуумдардың

көрініс сапасында өзіміз үшін бола аламыз. Тарихта біз өзімізде

азаттықтың иегерлерін, байыпты шешімді, бүкіл дүниеден
тәуелсіздікті көреміз, өзімізде экзистенцияны, рухты көреміз.
Тарихта бізді, не табиғатта бізді қызықтыра алмайтын – азаттық
патшалығына секірестердің құпиялығы және қалай болмыс

адам сапасына ашылатындығында, енді қызықтырады.
* * *
Біздің пайымымыз ойланылатынды және елестетілетінді
болмыстың өзі деп қабылдауға және бұл жалғанда болмысқа ие

болдым деп ұйғаруға бейім: солай, мысалы, тарихта – бұл тек
жалпыламамен қатынаста ойластырылатын, индивидуум.
Соның
арасында

индивидуум,
уақыттық-кеңістіктік
шектердің бұл орнында шындық сапасында белгілі бір түрде
аталатындығымен, әлі тарихи бола бастамайды, осындай инди­

видуумда жалпы заң, типтік бейне, жалпымаңызды құндылық
сапасында өзін көрсететін, жалпылама да тарихи бола баста­
майды. Әрбір рет, қашан біз бұл жалпыда тарихилықты көрдік
деп пайымдағанда, қақпанға түсіп қаламыз.

Тарихилық қашанда жалқы қайталанбайтын керісінше, шы­
найы тарихи индивидуум ерітіп, жұтып алатын, қайтадан өзгер­
тілетін жəй ғана нақтылы индивидуум емес және жалпының
ыдысы, оның өкілі ретіндегі индивидуум да емес, ол бұл жал­

пыны рухтандыратын шындық. Ол – бүкіл баршылықтың пай­
да болуымен байланысты, ол бұл жерде бар болып тұрғанына
өзіндік санасында сенімді, өзіндегі баршылық.
Осындай тарихи индивидуум өзін тек махаббатта және ма­

хаббаттан өсіп шыққан аңдау мен көрегендіктің күшінде ашады.
Махаббат ахуалында толық бола тұрып, жалқы қайталанбайтын
индивидуум махаббат жетегіндегіні білу тілегі үшін шексіздік­
ке ашылған бола бастайды. Ол өзін құбылыстарда ашады, олар,

өз кезегінде, алдын алуға болмайтын өзгерістерге ұшырайды.
Ол тарихи индивидуум сапасында нақтылы, бірақ сонда да тап
осындай сапада, не тек білім болып табылатынға жете алмай­
тын болып табылады.

Тарихи индивидуумға деген махаббатта, оған осы инди­
видуум жататын, болмыс негізі де сезімталдау бола бастай­
ды. Сүйікті индивидуумның шексіздігінде әлем ашылады.
Сондықтан шынайы махаббат өзімен-өзі арқылы кеңейеді

және күшейеді, бүкіл тарихи баршылыққа қаралады, оның
қайнарларындағы болмыстың өзіне деген махаббаты бола бастай­
ды. Солай, махаббатқа толы аңдауға болмыстың тарихилығы – бұл
әлемдегі орасан зор жалқы индивидуумның тарихилығы ашыла­

ды. Алайда ол тек индивидуумның индивидуумға махаббатының
тарихилығында ашылады.
Тарих болмысына тарихи танымның ерекшелігі сай келеді. Та­
рихи зерттеу нақтылы түсінудің алғы шарттарын қалайды, оның

арқасында және оның шектерінде бізге, зертеудің өзінің қолы жет­
пейтін, бірақ одан ол өз тақырыптарын алатын және сол арқылы
мәндіні мәнді еместен айыратын, бізге сол ашыла алады.
Тарихи зерттеу өз жолында, біздің танымға қашанда

тән жалпылама арқылы, өз шекараларына жете отырып,
тарихтағы қайталанбайтын жалқы ешқашан жалпылама бола
алмайтындығын көрсетеді. Бұл индивидуумдықты көре білу
бізді онымен, тек қана оның көмегімен жетуге болатын, таным

шектерінің арғы жағында тұрған жазықтықта байланыстырады.
Тарихи ерекше ретінде біздің танитынымыз, жалғыз индиви­
дуум ретіндегі тұтас тарих бағытында бізге жылжуға мүмкіндік
береді. Кез келген тарихилық қашанда өз тамырларымен бұл

бірден-бір жалпы қамтушы тарихилыққа бойлайды. 2. Тарих ауысу кезеңі ретінде

Тарихта әр сәтте табиғат орын алады. Ол тарихтың негізі бо­
лып табылатын, әлдебір қайталанатын, тек өте баяу созылатын,

– (қашанда өзгеретіннің табиғатына тән болатындай) шындық.

Қайда рух пайда болса, сонда күшіне сана, рефлексия,
өзімен істелетін жұмысқа, аяқталуы мүмкін емес мүмкіндіктің
анықтығында өзімен жасалатынға тоқтаусыз қозғалыс енеді.
Қаншама

қайталанбайтын
айрықша
болса,
қаншама

қайталанатын бірегей болса, тарих та соншама шынайы. Бүкіл
айшықты өтпелі кезеңдегі құбылыс болып табылады.
Егер тарихта болмыс ашылса, онда ақиқат қашанда тарих­
та орын алады, бірақ ешқашан онда аяқталмайды, қашанда

қозғалыста болады. Оны толық меңгерген, ақиқат қайсыбір
нәрсе деп қарастырылғанда, онда ол жоғалып кетеді. Қозғалыс
неғұрлым радикалды бола бастаса, соғұрлым ақиқаттың терең

қабаттары ашыла береді. Сондықтан орасан зор рухани туын­
дылар өтпелі кезеңде пайда болады, олар түрлі дәуірлердің ше­
карасында жүзеге асады. Бірнеше мысалдар келтірейік.
Грек трагедиясы мифтен философияға ауысу кезеңінде пай­

да болады. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін субсатнция, ежелгіден
мифті әлі жасай келе, оны бейнелерде тереңдете келе, өздерінің
әлемнің бастапқы көріністерін сақтай келе, трагиктер шындыққа
сұрақ қойып және түсіндірмелеуге әрекететтенді. Олар мифтің

мазмұнын кеңейтті және миф толық қарастырылатын жолға
түсірді. Сол арқылы олар – мифтің өте терең басқа түрге ену­
лерін жасаушылар, және сонымен бірге олардың туындылары
жалпықамтушы ақиқат ретндегі мифтің аяқталуын көрсетті.

Экхарт мистикасы12 cоншама тікелей ерлік еді, себебі
ол бірмезгілде шіркеулік-діни де және жаңа еркін ақылдың
қайнары да болды. Ол әлі жауапсыздық пен мағынасыздықтың
қауіпті ойынынан тыс тұрды, қиратушы импульстардан еркін

тұрды және ол ойға ешқандай шек қоймайтын, адамның үлкен
мүмкіндіктерінің шеңберінде бола келе, бұл мистика қалай
терең түсінуге, солай дәстүрлі білімдердің тарауына жол ашты.
Фихтенің, Гегельдің, Шеллингтің, яғни, неміс идеализмінің

философиясы діннен құдайсыздыққа өтпелі кезеңде тұрды.
Гете заманында ол кейін, келесі ұрпақтарда жоғалып кеткен,
христиандық сенімнің бұрынғы субстанциясынан күш алатын,
рухтың барлық тереңдіктерін жарық ұшқынында түсінетін

эстетикалық дін үстемдік етті.
Өтпелі кезеңнің сипатынан шыға отырып, Платонды, Шекс­
пирді немесе Рембрандты түсінуде де, дәл осылай жүрген дұрыс.
Бұл мағынада өтпелі кезеңге тұтас дәуірлер, ең алдымен б.д.д.

600 ж. – 300 ж. дейінгі уақыттағы белдеулік уақыт жатады.
Алайда, ауысу барлық жерде табылады. Оның тереңдігі бол­
мыс пен ақиқаттың жоғары анықтылығына жеткізеді.
Қозғалыстың әлсіреуі, ауысудың, тұрақты ұзақтықтың керісін­

ше айналуы уақытты түйсіну мен сананың ұшқырылығымен
бірге адамды сыртқы қайталаудың, әдеттін және таза табиғи
өмір сүрудің мүлгіген болмысына батырады.
Рух саласындағы ауысу санасындағы аса зор құбылыстар

бір мезгілде аяқталу және басталу болып табылады. Олар
аралық кезеңді, тек бұл тарихи дәуірде бастапқы ақиқаттыны

құрастырады, оның бейнесі адамдар жадында бұлтартпай
қалады, дегенмен ол не қайталана, не қайтадан жасалып
шығарыла алмайды. Адамның ұлылығы, бәлкім, осындай
ауысумен негізделген. Сондықтан ұлы туындылар, дегенмен

олардағы уақыт уақыттан тыс бейнелермен ығыстырылғанымен,
ешқашан келесі ұрпақ үшін, тіпті егер біз олармен рухтанған
және қозғалысқа енген болсақ та, онымен біз өзімізді бірегей­
лендіре алатын, сол ақиқат бола алмайды.

Біз қайсыбір тарихта, болмыстың тереңдігімен жарықтанған,
мінсіз ақиқат пен өмірді тауып алғымыз келеді. Алайда, осы­
ны көріп отырмыз деп есептей келе, біз қайтадан елес билігіне
түсеміз.

Романтиктер қиялында, қашан адам болмысының шыңы
Құдайлық өмір болған, өмір бар болды, бізге бұл туралы
ештеңе анық белгілі емес, тек қобалжытатын үнсіздік туралы
бұл уақыттың түрлі түсіндірмеленетін іздері ғана бар. Соңғы

ақиқат өмір сүреді. Біз тек оның соңғы сәулелерін ұстаудамыз.
Бүкіл тарих осы тұғыр бойынша тек әлдебір шынайы капиталды
жоғалту сияқты көрініс табады. Алайда тарихқа дейінгі туралы
бүкіл деректер, соларды эмпирикалық зерттеу көрсететіндей,

осы қиялдарды бекітпейді. Сол уақыттар тұрпайы еді, адам
шексіз тәуелді және әлсіз болды. Адам табиғатын тек рухқа
қатысты және басқаларға хабарлауға болатын арқылы ұғынуға
болады.

Алайда, қайда біз құбылыстардың дәйекті келуі туралы
тарихи деректер мен қалыптасқан көзқарастарға ие болған
жерлерде де, ешқашан жетілгендік пен толықтықты (өнерден
басқа, бірақ оны да тек ойын және рәміздер түрінде) көре ала­

маймыз. Ұлылық қашанда ауысу болып табылады, тіпті өзінің
толық көрінісін Фома Аквинский жүйесі мен Данте поэтика­
сында13 және де сеніммен толған, ортағасырлық рухани туын­
дыда, қашан ол пайда болғанда, міне сол сәтте өткенге және

қайтарусыз жоғалғанға ол жатты.
Өтпелі кезеңде адамдар, бұл уақытта өмір сүре келе және
жаңа дәуірдің жақындығын енді сезініп, оның идеясын

– өйткені, ол ешқашан шындық болған жоқ – олар ғасырлар

бойында бекіткен, кетіп бара жатқан әлемді суреттеді.

Адамзатқа ұзақ мәңгілік берілмеген және бұл оны қалайтын
жерде, ең аз дәрежеде болып отырады. Ол арқылы болмыс
ұғынылатын ақиқат, өзін уақытта көрсетеді, бұл тайқып
және жоғалып бара жатқан, ақиқаттың келуінде уақытша

өмірге мазмұн береді. Сондықтан мәнді қайталау, ол жалпы­
лама қайнарларға апаратын жол болып табылатын, өткеннің
ақиқатымен коммуникацияда қазіргіден пайда болатын, өмір
болып табылады.

Бос қайталау, керісінше, – тек құбылысты қайталау, өз
қайнарларынан шығатын қайта өзгертусіз еліктеу. Прогресс
тек пайымдаушы білімде өмір сүреді, бұл – ол өзімен өзі қалай
тереңдеу болсын, солай адам табиғатын тұрпайы ету болсын,

сол мүмкіндіктен артық ештеңе емес, өйткені ол да уақыттағы
шексіз қозғалыстың өзінің мағынасы емес.
Тарихта мәнді тек бір нәрсе – адамның еске алу қабілеттілігі
бар, ал сол арқылы болғанды болашақтың факторы ретін­

де сақтау. Уақыт адам үшін тарихилықтың қаталанбайтын
мағынасына ие, ал сонда өмір сүру өз табиғаты бойынша – тек
бірді және солды тұрақты қайталау; ол тек бейсаналы түрде
уақыттың зор ұзақтығында өзгереді – бұл өзгерістердің себебі

туралы бізге аз белгілі немес мүлдем белгісіз.
Сол өмір сүретін – өз сипаты бойынша реттелген немесе
анархиялық хаосты, – уақытта созылатын немесе уақытқа бей­
тарап, сол арада тарихи мазмұнын жоғалтады.

Соның арасында шынайы тарихтың барлық құбылыстары
өздерінің қайнарларында, ол уақыттағы ұзақтық емес, ал
уақытты жоятын мәңгілікте, сол өмір сүруінде бір-бірімен
жақын. Осындай ақиқатты мен тек қазіргіде, тек жеке өмірдің

өтпелі кезенінде, түсінуден емес, еліктеуден емес және бұрын
өмір сүрген құбылысты бірегей қайталаудан емес, ал басқадан
таба аламын.
Тарихи жағынан ауысу да әрбір рет бөтен болып шығады.

Мынадай сұрақ туындайды: қандай ауысу болмыстың бұл ауы­
су тәсілін мүмкін етеді? Тек осындай мүмкіндіктерге аса үлкен
өткеннің өтпелі кезеңдерінің алдында сілтеме жасай аламыз.
Сондықтан, тарихтың негізгі белгісі мынада тұр: ол тек ауы­

су болып табылады. Оған ұзақтық тән емес, бүкіл созылатын
оның негізін, материалын, құралын құрастырады. Осыған мы­
надай көрініс те жатады: қайсыбір тарихтың, азаматтың, бір

кезде оның бастамасы болғандай, ақыры да жетеді. Сол және
басқа – бұл бастама және бұл аяқталу – іс-жүзінде бізден тым
алыс, оларды біз енді сезінбейміз, бірақ сол жақтан біздің бүкіл
өмір сүруімізбен биіктеп тұратын өлшем келеді.

ІІІ. Тарихтың бірлігі
Адамның тарихшылдығы – бұл көптүрліліктің тарихилығы.
Алайда бұл көптүрлілік қайсыбір бірегейдің талабына бағынған.
Бұл – қайсыбір жалғыз тарихилықтың, ол бірден-бір болатын

және басқаларының үстінен үсемдік жүргізуге деген ниетінің
айрықшылығы емес; ол коммуникациясындағы жалқылықтың
абсолютті тарихилығы ретінде ұғынылуға міндетті. Құндылық
пен мағынаға иенің бәрі адамзат тарихының бірлігімен өзара

қатынаста тұрғандай болады. Осы бірлікті өзімізде қалай
көрсете аламыз?
Тәжірибе оның барлығын бекерге шығарғандай болады. Та­
рихи құбылыстар өз таралуында қамтуға келмейді. Көптеген

халықтар, көптеген мәдениеттер бар және олардың әрқайсысы,
өз кезегінде, өзіндік төлтума тарихи деректердің шексіз са­
нын ұстап тұрады. Адамзат бүкіл жер бойына таралған және
қайсыбір мүмкіндік болған жерлердің бәрінде, ол өзіндік ере­

кше өмір салтын қалыптастырған. Біздің көз алдымызда, оның
құбылыстары қатар пайда болатын немесе бірін-бірі алма кезек
ауыстыратын, шексіз көптүрлілік көрініс табады.
Адамзатты осылай қарастыра келе, өсімдіктер дүниесіндегі

құбылыстарға ұқсас, біз оны суреттейміз және жіктейміз.
Шексіз көптүрлілік кездейсоқ «адам» тегін жасап шығарады,
ол белгілі бір типтік қасиеттерін көрсетеді және ол барлық
тірі сияқты, жіберілген мүмкіндіктер шегінде « стандарттан»

ауытқуға қабілетті. Алайда адамды табиғат әлемімен осылай
жақындату нағыз адамдық мәнді жоғалтып алуға әкеледі.
Өйткені «адам» құбылысының бүкіл көптүрлілігінде,
адамдардың бірі-біріне маңыздылығы, ең мәнді болып табыла­

ды. Қашан олар кездескенде, барлық жерде, олар бір-бірімен
біліскісі келеді, бірі-біріне антипатия немесе симпатияны сезі­
неді. Бірінен-бірі үйренеді, тәжірибе алмасады. Адамдардың
кездесуі өзін басқада тану сияқты және басқаға қарсы тұруда

өзіне сүйінгісі келетіндей және басқаның бөлек екендігін

мойындаудай болып табылады. Бұл кездесуде адам, ол қаншама
өзінің айрықшылығында тұрғанымен, оның басқа адмдармен
ортақтығы бар екендігін, және оны ол, расында, білмеуі де
мүмкін екендігін, алайда ол оны білдірмей басқаратынын және

бір сәтте оны және басқаларды жігерлендіретінін, біледі.
Осындай қырында «адам» құбылысы оның бүкіл тари­
хи көптүрлілігінде бірлікке қарай қозғалыс болып табыла­
ды; бәлкім, бұл – ортақ пайда болудың салдары; кез келген

жағдайда, бұл әлде бір көптүрліліктің шашыраңқылығындағы
өз мәнінің бүкіл тереңдігін білдіретін, сондай өмір сүру болып
табылмайды.

1. Бірлікке сілтейтін, деректер

Адамзат табиғатының бірлігі, тарихтағы адам болмысы ту­
ралы мынадай қарадүрсің түсінік бар: адам қабілеттердің әлде
бір тұтастығы болып табыады. Белгілі бір жағдайларда оның
күштері қабілеттері, импульстері қашанда жартылай жүзеге

асады, басқалары – оның жүзеге аспаған дарындары – оянбаған,
олар мүлгуде. Алайда, адам потенциалды түрде ғана сол бір
болатындықтан, бәрі қашанда мүмкін болып қала береді. Оның
табиғатының жеке жақтарының әр түрлі ашылуы мәндегі

айырмашылықты емес, ал құбылыстағы айырмашылықты біл­
діреді. Тек барлық құбылыстардың жалпы, бірақ мүмкіндіктер
дамуының түрлі дәрежесі сапасындағы синтезінде ғана адамзат
табиғатының тұтастығы ашылады.

Адам табиғатты тарихтың бірнеше мыңжылдықтары
бойында өзгереді ме, немесе адам өз мәнісінде өзгеріссіз
қалады ма, деген сұраққа, олар адамның қайтадан өзгертілгенін
куәландыратын, деректер жоқ деп жауап беріледі.

Барлық өзгерістерді ең алдымен өмір сүріп тұрғандардың
шектеріндегі іріктеу процесі ретінде түсінуге болады. Берік
және өзгеріссіз берілген іріктеудің әр түрлі түрлерінің
нәтижесінде әр рет мүлдем басқа түрде көрініс табатын сияқты

болды. Әрбір ретте, олар өз сапалары бойынша бұл қоғамның
және онда қалыптасқан жағдайлардың белгілі бір шарттарына
сәйкес келетін, сол адамдардың табысқа жете алатынына және
көпшілікті құрастыратынына, көңіл аударылады. Шарттар

қандай типтің дамуын жалғастыруға себепші болатындығымен

сипатталады. Жағдайлардың өзгеруіне байланысты іріктеудің
сипаты да өзгереді және олар бұрын шеттетілген, жүріп жатқан
іріктеу процесінің теріс салдары есебінен олардың саны азайған,
адамдардың сол типтері енді алға шығады. Түрлі жағдайларда,

іріктеу сипатының өзгеруі нәтижесінде, бір және сол мән оған
тән сол немесе басқа қырларды ашатындай болып шығады.
Алайда осыған адамзат мәнінің тұтастығын әлдебір адамдық
қабілеттердің тотальдығы ретінде көрініс таба бермейді деп,

қарсы пікір айтуға болады. Онда бүкіл адамдық үйлескен не­
месе үйлесе алатын, сондай адам жоқ, ол шындықта да, елес­
тетуде де жоқ.
Табиғатпен берілген индивидуалдық айырмашылықтардың

мәндік ерекшелігі көзге анық деп, тағы да қарсы уәж айтуға
болады. Сәбилік шақтан көрініс табатын, мінез-құлық
ерекшеліктерінің өзінде, оны сол немесе басқа жолмен жүруге
міндеттейтін, адам бейімділіктерінің алдын ала белгіленгені

алға шығады. Атап айтқанда, олар оны басқалардан түбегейлі
түрде ерекшелейді.
Бүкіл бұл түсініктер мен ескертулер қайсыбір дәрежеде
дұрыс, алайда олар адам табиғатын жеткіліксіз түсіндіреді.

Адам табиғаты бірлігін түсіну үшін, биологиялық және
психологиялық деңгейлердің шегінен шығу қажет.
Ол тек қана біздің бір-бірімізді түсінуіміздің және бір-
бірімізбен байланысты екендігімізді аңғарудың тек мүмкіндігін

жасайтын, адамның өзгермейтін табиғатының бірлігі неде
тұр? Бұл бірлік барлық уақытта күмән туғызады. Өйткені та­
рихта біздің алдымызда тұрақты түрде адамның билігіндегі,
санасындағы және өзіндік санасындағы өзгерістер көрініс та­

бады. Рухани мүмкіндіктер пайда болады және жоғалады, жат­
сыну ұлғаяды, ол өзара түсініспеушілікпен аяқталады. Осыған
қарамай, бірлік сақтала ма? Түсінуге деген шексіз жігердің
арқасында ол әрине сақталады.

Егер бұл бірлік биологиялық қасиеттердің негізінде түсініле
алмаса, оның мағынасы жалпы алғанда биологиялық саладан
тыс жатса, онда оның себебі басқаша болуы керек. Бұл бірліктің
қайнарлары туралы айта келе, біз биологиялық табиғатты немес

ортақ тамырдан шығуды айтып тұрғанымық жоқ, біз жоғарғы
тәртіпті бірлік ретінде өзімізде көрсете аламыз: Құдайдың

адамды өз бейнесінде және өзіне ұқсас етеіп жаратуы идеясын­
да, күнәһарлыққа бату идеясында.
Олар біздерді біріктіретін, бұл қайнарлар адамдарды, біз­
дерді бір-бірімізге итермеледі, бізді ұйғаруға және бірлік із­

дестіруге міндеттейтіндігімен, бірақ тап осындай ретінде не
таныла, не эмпирикалық нақтылық түрінде аңғарыла, не
қабылдана алмайды.
Туа біткен, айрықша, бірін-бірінен кері итермелейтін жеке

адамдар мен халықтардың мінездеріндегі өз көрінісіндегі ради­
калды айырмашылықтар бар дегенге сүйенетін, бірлікке қарсы
айтылатын пікірлер дұрыс емес, егер бұл қарсылықтың себебі,
адамдардың арасында өтпейтін тұңғиық бар деп, осындай адам­

дар табиғатындағы түбегейлі айырмашылықтарға сілтеу де
дұрыс емес. Құбылыстардың арасында табылатын тұңғиықпен
қатар және түрлі мәнділіктердің арасындағы тұрақты күреспен
қатар немесе олардың бір-біріне деген толық немқұрайлықпен

қатар, қойнауларда мүлгіп жатқан, мүмкін бірігудің белгілерін
де көрмеуге болмайды.
Жалпықамтушы, өзінің нақтылық болып қалыптасуында
бүкіл анықтылыққа жеткеннің үстінде тұрған, шындық болып

қала береді. Жаңа жағдайларда, жаңа шарттарда ненің оянаты­
нын, алдын алу мүмкін емес. Ешкімге адамға түпкілікті үкім
шығаруға құқық берілмеген, және де ешкім ол үшін ненің мүмкін
екендігін, ненің мүмкін еместігін алдын ала есептеп шығара ал­

майды. Осындай түпкілікті шешім халықтар немесе дәуірлер
үшін одан да аз деңгейде ықтимал болып келеді. Олардың
тұтастығындағы халықтар мен дәуірлердің сипаттамасын
анықтау, ешқашан түпкілікті бола алмайды. Дегенмен қашанда

басқа мүмкіндік қалады. Жеке адам немесе адамдардың шағын
тобы жасай алған, бүкіл халықпен қабылдануы және оның
мәдениетінің сипатты белгісіне айналуы, әбден міндетті емес,
сонда да ол оған жатады. Аристарх астрономиясы (коперник­

тік әлем) Грекияда қабылданбады, дәл солай Египетте Аменхо­
теп даналығы мен оның бір Құдайға сенуі де14 қабылданбады.
Жиі ретте шынайы ұлылық сыртта, түсінілмей, оқшау қалады
және тек сыртқы кездейсоқ жағдаяттарға байланысты танымал

бола алады. Ал соның өзі жалпы, не ешқашан ықпалын тигіз­
бейді, не бұл ықпалын түсінбеу мен бұрмалаудың нәтижесінде

тигізеді. Егер, расында, өзінің рухани ұлылығындағы таң
қаларлық рухани өмірдің тар саласын сырт жақта қалдырсақ,
онда Платонның Грекиядағы немесе Канттың Германиядағы
ықпалының нақтылығына күмәнденуға барлық негіз бар.

* * *
Сондықтан, қашан ол шындықта тарихи бола бастаған,
оған өз өмірінде адам ұмтылатын, бірлік биологиялық пайда
болудың бірлігіне емес, ал адам тікелей құдайдың құдіретімен

жаратылған деген, тек сол жоғары түсінікте негізделе алады.
Осындай пайда болу бірлігі орнықты өмір сүретін болмыс емес.
Ол – тарихилықтың өзі. Бұл мыналарда көрініс табады:

1. Оның қайта өзгертулер динамикасындағы адам бір­

лігі тұрақты және тек алма-кезек жүзеге асатын қасиеттердің
тыныштығындағы бірлігі емес. Тарихтағы өз қалыптасуын адам
ол оның тарихи қасиеттерінің қозғалысы емес болып табыла­
тын, қозғалыс арқылы іске асырды. Табиғи жан сапасында ол

оның шекараларындағы бұл берілген мәнділік болып табыла­
ды; тарихи жан сапасында ол бұл тарихи берілгеннің шектері­
нен өзінің бастапқы мүмкіндіктерінің күшімен шығады. Осы­
дан аттана отырып, ол бәрін біріктіретін бірлікке талпынуға

міндетті. Бұл – постулат: осындай бірліксіз өзара түсіну мүмкін
емес болар еді; соның арасында, онда тұңғиық пайда болып,
түсінуге негізделген, тарих мүмкін емес болар еді.

2. Жалқы адамдардың көрінісінде белгілі бір шындықта

басқаларын шегеріп тастайтын бірдеме тұр. Жалқылық
сапасындағы адам, ол тіпті әулие немес қаһарман болсын, нені
ол өз мәнісі бойынша әр түрлі қайнарлардан жүзеге асыра ала­
тын, соны біріктіруге қабілетсіз.

Адам, жалқы адам да, өз мүмкіндіктері бойынша басынан
барлығы болып табылады, шындығында ол – әлдебір жалқы.
Алайда бұл жалқылығында ол шектелген бөлік болып табыл­
майды; ол тарихи, бірегей, бәрін біріктіруші тарихи негіз шек­

терінде жеке қайнарларына ие.
Жалқы адам ешқашан жетілген, мінсіз адам бола алмайды.
Жетілген болып адам принципті түрде бола алмайды, өйткені
оның бар екендігінің және жүзеге асыратынының бәрі алынып

тастала және жойыла алады, ол ашық. Адам аяқталған немес
аяқталуға қабілетті жан емес.

3. Жаңа жаратулардың шепті бұзулардың, жүзеге асулардың

тарихында қайталанбайтын және ауыстырылмайтын алға
шығады. Бұл шығармашылық актілер себептілік байланыстары
шектерінде түсініле алмайтындықтан немес қажеттілік сапа­
сында шығарылмайтындықтан, олар аян беруге ұқсас, олардың

бастаулары – оқиғалардың кәдімгі жүрісі емес, ол әлдебір
мүлдем басқа. Алайда, қашан олар орын алғанда, ол оның ар­
тынан ілесетін, адам болмысы негізі қызметін атқарады. Олар­
дан адам өз билігі мен қобалжуын, өз өлшемін, өз ойлау тәсілі

дүниесін қабылдайды. Олар – бірлікке апаратын жолдағы
кезеңдер, себебі олар бірегей өзін аңдаушы рухқа жатады және
бәріне назар аударады.
Әмбебаптылық. Адамзат бүкіл жер бетінде барлық жерде

діни түсініктердің, ойлау формаларының және қоғамдық өмір
формаларының жақындығы туралы күдіксіз деректе өзінің
анық білдірілуін табады. Бүкіл олардың айырмашылықтарында
адамның ұқсастығы аса зор. Психологиялық және әлеумет­

танулық деректер барлық жерде салыстырулар жүргізуге және
оның психологиялық және әлеуметтанулық қырында адам
табиғатының негізгі құрылымдарының сипатын куәландыратын,
көптеген заңдылықтарды белгілеуге мүмкіндік береді. Алайда

міне жалпыны айқындауда ауытқулар анық көрініс табады, бұл
қалай адамның ерекше табиғатымен, солай тарихи жағдайлар
және оқиғалармен де түсіндіріле алады.
Егер көңілді әмбебапқа аударсақ, онда мәнділікте сәйкес ке­

луді көруге болады, ерекшеліктер белгілі бір мақсатпен байла­
нысты, олар локальды сипатты қабылдайды.
Алайда бұл әмбебаптылық адамзаттың шынайы бірлігін
құрастырмайды. Керісінше. Егер назарымызды ашылушы

ақиқаттың тереңдігіне аударсақ, онда тарихтың ұлылығын
құрастыратын, атап айтқанда ерекшелікте көрініс табады, ал
әмбебептылық, ол өзінің суларында шынайы және дұрысты
алып жүретін, ағын сияқты, тарихтан тыс және өзгеріссіз бо­

лып қала беретін, жалпыламалық ретінде алға шығады.
Егер алыс мәдениеттердің ортақтығы, оларда адамзат
табиғатының негізгі қасиеттері өз білдірулерін табатындығында
негізделсе, онда біз тек әмбебаптылықты іздестіруге ұйғарған­

ымызда, қашанда ауытқулардың да табылатындығы, адамдарға
әдетте тән, әлдененің қашанда жетпейтіндігі, тап өзіндей,
әмбебаптылықтың қашанда абстракты, өз сипаты бойынша
біртүрлі екендігі, таң қаларлық және өте маңызды.

Әмбебаптылық аумағындағы қарапайым кездейсоқ ерек­
шелікті құрастыратын, дәл осылай шынайы тарихилықтың
түрге енуі бола алады. Адамзат негізі қызметінде өз негізінде
ауытқуды емес. Ал позитивті бастапқы мазмұнды құрастыратын,

жалпыламалық шектеріндегі кездейсоқ емес, ал адамзаттың бі­
регей жалпықамтушы тарихилығының буыны, міне тарихтағы
солардың өзара қатынасы бола алады.
Прогресс. Білім мен техникалық шеберлікте жол алға қарай

жетелейді, қадам сайын қадам, қабылданып алынған сол түрінде
ары қарай беріле алады, жалпы игілік бола бастайды. Сонымен
жеке мәдениеттер мен барлық халықтардың, бірақ расында, тап
осындай санаға тән, тұлғасыз жалпы маңызды біліммен және

шеберлікпен шектелген, бірегей бағыты сызылып өтілген.
Бұл салада дүниежүзілік тарих жоғарылаушы бағыт бойын­
ша даму ретінде ұғыныла алады, дегенмен ол шегіністер мен
тоқтап қалуларды өзіне енгізетінімен, бірақ тұтас алғанда

тұрақты түрде жетістіктердің артуымен байланысты және оған
өз үлесін барлық адамдар, барлық халықтар қосады, және олар
өз мәнісінде барлық адамдарға жете алады, және шынында да
бәрінің игілігі бола бастайды. Тарихта біз, ол қазіргі уақытта

өзінің ең жоғары нүктесіне жеткен, бұл алға жылжудың сатыла­
рын көре аламыз. Алайда бұл тұтастықтың тек бір бағыты ғана.
Адам табиғатының өзі, адам этосы, ізгілік пен даналық осын­
дай дамуға ұшырамайды. Өнер мен әдебиет бәріне түсінікті,

бірақ осыдан бәріне тән емес, олар белгілі бір халықтарда бел­
гілі бір тарихи кезеңдерде пайда болады және қайталанбайтын,
қайтадан алынбайтын асуларға жетеді.
Сондықтан прогресс білімде, техникада, жаңа адамдық

мүмкіндіктердің алғы шарттарын жасауда, бірақ адам суб­
сатнциясында емес, оның табиғатында емес, бола алады,
субстанционалдық шеңберіндегі прогресс мүмкіндігі дерек­
термен бекерленеді. Жоғары дамыған халықтар, олардан да­

муда айтарлықтай артта қалған, халықтардың қысымымен
жойылып кетті, мәдениет варварлармен қиратылды. Көпшілік

нақтылығының қысымымен тұңшығып жатқан, көрнекті
адамдарды табиғи жою –тарихта ең жиі кездесетін құбылыс.
Орташалықтың жылдам артуы, ойланбайтын тұрғындардың
өсуі тіпті күрессіз-ақ, өзінің бұқаралық көптігінің дерегімен,

рухани ұлылықты басып-жаныштауымен, салтанат құрып
келеді. Толымсыздардың іріктелуі, ең алдымен құлық пен
брутальдық біршама артықшылықтардың кепілі қызметін
атқаратын жағдайларда, тоқтаусыз жүріп жатыр. Өзінен-өзі

мынаны айтқымыз келеді: бүкіл ұлы жойылып барады, барлық
мардымсыз жалғаса береді.
Алайда осындай жалпылауларға қарама-қарсы, ұлылық
қайтып келеді, тіпті олар тұтас ғасырлар және де одан да артық

үндемесе де, ұлылықтың жаңғырығы жауап береді. Бірақ қалай
күмәнға толымыз, бұл күту қалай рас емес!
Бұл тек уақытша шегініс, апат кездейсоқ нәрсе деп те атай­
ды. Түбінде субстанционалдық прогресс – нағыз расталған бо­

лып табылатын. Алайда міне бұл кездейсоқтар, бұл қиратулар,
тым болмаса бірінші жоспарында, тарихи құбылыстарда
басымдылықты көрсетеді.
Осыған дейін қалай ол болып келгендей, бәрі дәл сон­

дай болып қалуға міндетті емес-қой, деп бізге айтады. Біздің
билігімізде дамуды тиісті бағытқа қою, соқыр кездейсоқпен
күресте прогресске себепші болу тұр. Бірақ бұл, кейде істеле
алмайды, адам табиғатының өзі туралы сұрақ тұрғанда, зерт­

теу пәні ешқащан белгісіз болғанда, көз жетпейтін және біздің
қабылдауымызбен қамтылмайтын болғанда, біз соларға ықпал
ете аламыз деген, утопиялық сенімнен басқа ештеңе емес.
Апат – кінәның салдары деп, бізге айтады. Тәубеге келу

және оны өз өмірінің тазалығымен бекіту жеткілікті және сон­
да бәрі басқаша болып шығады. Шынында да, осыған бізді
пайғамбар заманынан бері шақырып келеді, алайда біз қандай
жолдармен, қашан және қалай біздің өміріміздің адамгершілік

тазалығы ізгілікке толы әлемдік тәртіпке әкелетінін білмейміз.
Тап осындай адамгершілік пен ізгілік табыстарға жете бермей­
ді және олар табыс үшін жасалмайды, осының нақтылығын
бекерлемесе де болады. Ол өзіне табыстылық пен салдар үшін

жауаптылық алатын, адамгершілік пен жақсылық, алайда біздің
жалғыз байыпты мүмкіндігіміз болып қала береді.

Прогресс шынында да, бірақ адамзаттың бірлігіне емес, ал
білім саласындағы бірлікке жеткізді. Жалпы маңызды және
ашылатын жерлерінің бәрінде бірдей, оның шексіз прогресін­
де, қалай ол тек ғылым мен техникада көрінетіндей, және де,

өзі барлық жерде таралатындай және жетілетіндей ақиқат адам­
зат бірлігіне жеткізе бермейді. Осындай прогресс тек пайым
шеңберіндегі бірлікке жетелейді. Ол адамдарды пайымдық
ойлау шеңберінде, олар бір-бірімен рационалды пікірталас

жүргізе алатындығымен, бірақ техникамен жасалған бірдей
қарудың көмегімен бірін-бірі жоя алатындығымен, біріктіре
алады. Өйткені пайым адамдарды емес, ол тек тап осындай
сананы ғана біріктіреді. Ол не шынайы коммуникацияны, не

ынтымақтастықты жасамайды.
Кеңістік пен уақыттағы бірлік. Адамдар бірлігі ортақ табиғи
негізде (планетаның бірлігі) және уақыттың ортақтығында
қалыптасады.

Тарихтың барысында – расында, бірқалыпты емес, – қарым-
қатынас артады. Табиғатпен берілгеннің көптүрлілігі, халықтар
мен елдердің көптігі ұзақ уақыт бойы қатар, бірін-бірі біл­
мей, өрбіді. Қарым-қатынас адамдарды байланыстырады,

тайпалардың халықтарға, халықтардың халықтар тобына,
елдердің құрылықтарға бірігуіне себепші болады, ал кейін олар
қайтадан ыдырай бастайды: түрлі халықтарға жататын адамдар
кездеседі. Және қайтадан бірін-бірі ұмытып ктеді. Осының бәрі,

әзірше бәрінің бәрімен саналы, нақтылы өзара байланысының
уақыты келгенше, және оның нақтылы жүзеге асуындағы не­
месе күрес барысында үзілуіндегі, қарым-қатынасы үздіксіз
болғанша, сол уақытқа дейін жалғаса береді. Сонда, оны

қарым-қатынас бірлігіндегі өзара айырбас деп анықтауға бола­
тын, адамзат тарихы басталады.
Көптеген
мыңжылдықтар

бойында
сапарға
шығып,
полярлық аймақтар, шөлдер, тау қыраттарынан басқаны, адам­

дар әлдеқашан жер бетінде игерді. Адамзат қашанда қозғалыста
болды. Таң қаларлық саяхаттар адамзат тарихының ең басын­
да жасалды. Норманндар Гренландия мен Американы ашты,
полинезиялықтар Тынық мұхитын кесіп өтті, малайлықтар

Мадагаскарға жетті. Африка негрлері мен американ үндістері
тілдерінің соншама туысқандығы, бұл құрылықтардың ішінде­

гі тайпалардың тұрақты қарым-қатынасы туралы қорытынды
шығаруға мүмкіндік береді.
Өнертапқыштық құралдар, түсініктер, ертегілер тарихқа
дейінгі уақытта алыс жолдарға шықты, оларды тікелей бір

қолдан басқа қолға беріп отырды. Ұзақ уақыт бойы тек Австра­
лия мен, бәлкім, Америка оқшау тұрды, бірақ бұл да толық емес
еді. (Шығыс Азия мен Мексикада табылған паралельдер таң
қаларлық). Оқшаулық, онда басқа елдердің тұрғындары мүлдем

болмады дегенді емес, ал бөтен мәдениет оған айтарлықтай
әсер ете алмады, дегенді білдіреді.
Тарихтың барысында, олар өз шекаралары шектерінде
адамдардың арасындағы қарым-қатынасты уақытша күшейткен,

үлкен империялар қалыптасты. Кейін бұл империялар қайтадан
ыдырап кетті, қарым-қатынас тоқтады, байланыстар үзілді,
бір-бірінің өмір сүруі туралы ұмытылды. Египет, Жапония,
Қытай сияқты, уақытша сыртқы әлемнен мүлдем уақытша

оқшауланған, халықтар болды.
Соңғы бес жүзжылдықтарда еуропалықтар өз шеңберіне бүкіл
әлемді тартып алды. Олар барлық жерде өз өркениетін тарат­
ты және өздерінде жоқты, басқа өркениеттердегі құндылықтар

арқылы қабылдады. Олар басқа халықтарға үй жануарларын,
пайдалы өсімдіктерді, қару-жарақты, өнімдер мен машиналар­
ды берді, өз мінез-құлықтары мен өз өмірініндегі бүкіл терісті
де таратты, ал олардан картофельді, жүгеріні, хининді, какао­

ны, темекіні, гамакты т.т. алды. Еуропалықтар бірінші болып
әлем бірлігін саналы қарым-қатынаста жоспарлы, ұзақ және
сенімді етті.
Осындай қарым-қатынас адамдардың бүкіл уақыт бойын­

да жақындасатынын, планетаның бірігу процесінде алдымен
санадағы, ал кейін адамдар әрекеттеріндегі де бірліктің іске
асатынын білдіреді.
Ежелгі тарихта мәдени дамудың бірлігі болған жоқ, оның

орталығы жер шарының қайсыбір түкпірінде орналасқан да
жоқ. Біздің назарымыз жететін, барлық жерде адамдардың
шашыраңқылығын көреміз, адамдардың және мәдениеттердің
жаңасуы нәтижесінде пайда болатын, бірігуге деген талпыныстар

және оған бейімділікті аңғарамыз. Біз түрлі мәдениеттердің жа­
улап алулар салдарынан қабаттасуы нәтижесінде іске асатын

дамуды, бірегейлендіретін, өз салдары бойынша таң қаларлық
халықтардың араласуын көреміз. Оқиғалар, онда орын алатын,
қарым-қатынастың салдарынан қашанда тарихи, ал оларда
бастапқы берілген бірліктен шығу емес, бірлікке деген ұмтылыс

сезіледі. Алайда, жер шарының бірлігінен, уақыт пен кеңістікте
ортақ тұйықталғандықтан шығатын бірлік, тек сыртқы бірлік,
тарихтың бірлігіне әбден тепе-тең емес бірлік болып табылады.
Біріншісі тек адам емес, ал нақтылы өмір сүретіннің бәріне тән.

Жер шарының тұйық қоныстанған бөлігіндегі адамдардың бір­
ге болуы әлі олардың бірлігін құрастырмайды. Бұл бірлік тек
қарым-қатынаста мүмкін. Алайда ол да тап осындай қарым-
қатынасқа ешқашан тепе-тең емес, бірақ осы қарым-қатынаста

болатын арқылы жүзеге асады.
Глобуста біз тар, оның үсіне тұрақты үзіліп тұратын,
онда бүгінгі күндері маңызды, бүкіл сол руханилық пайда
болған, жолақты (Жерорта теңізінен Қытайға дейін) көреміз.

Географиялық аяқталған тарихи тепе-теңдікке деген ниеттенудің
болуы мүмкін емес.
Бірігудің ерекше түрлері. Адамзат дүниесіндегі заттар
қозғалысында біздің танымымыздан бөлек өтетін және кейін

қосылатын, ал сонымен бірге, олар, расында, өз типі бойынша
қайталанатын, бірақ тұтастықтың өзін емес, ал оның тек жеке
белгілерін құрастыратын, көптеген бағыттар берілген.
Солай, әрбір берілген кезеңде мәдениет құбылыстарының

белгілі бір шектелген дәйектілігі өмір сүреді. Кейбір ұрпақтар
өз пайда болуынан жоғалып кетуіне дейін бір-бірімен өздерінің
стильдерінің немесе эволюциялары және идеяларының типтік
дәйектілігімен байланысты.

Өмірлік формаларының, институттарының, түсініктерінің,
сенімдерінің іс жүзіндегі ортақ дүниесінің бірлігі ретінде
мәдениеттің бірлігі өмір сүреді – халықтардың шығу тегі, тілі,
тағдыры бойынша бірлігі; этос, сенім, түсініктер шеңберіндегі

өмірлік позициялардың трансценденттілігімен қатыстыларды
алысқа тарататын, «дүниежүзілік діндер» сапасындағы діндер
бірлігі, тіршіліктің барлық басқа жақтарын қалыптастыратын,
бірегей биліктің иегерлері сапасындағы мемлекеттің бірлігі.

Бірліктің бұл түрінде әмбебаптылық жоқ. Бұл – бірліктің
жеке-жеке, қатар өмір сүретін түрлері, мәдениеттердің басқа
мәдениеттерімен қатар өмір сүруі. Көптеген халықтар, діндер,

мемлекеттер өмір сүреді. Олардың бәрі бір-бірімен байланысқа түседі: мәдениеттер бейбіт айырбас арқылы, мемлекеттер – са­ ясат саласындағы күресте және бірге өмір сүруде, діндер – өз миссиясында және өз ықпал аймағын бөлуде. Олардың бәрі өзгереді, аяқталған, берік ештеңені құрастырмайды, бір-біріне ауысады. Біз тарихтан, өзінің құдіреттілігінде біріктіруді жүзеге асырған ұлылар туралы, күш қабылданбай-ақ өзінің тарауын­ да тылсымдық түрде адамдарды қалыптастыратын мәдени са­ лалар туралы, олардың бейсаналы қозғалысындағы тарихқа дейінгі халықтар туралы, қашанда, расында, белгілі бір шек­ термен шектелген, «дүниежүзілік діндер» сапасындағы діндер туралы, империялар сапасындағы діндер туралы, империялар сапасындағы мемлекеттер туралы білеміз. Бірліктің бүкіл бұл түрлері әдетте қиылысады және бірінебірі қабаттасады. Осындай тектегі бүкіл бірігулердің дәлмедәл келуі өзінің ең жоғары түріне бірегей империя құрылу сәтіндегі Қытай енді. Мәдениет, дін, мемлекет бір-бірімен толық сәйкес келді. Бұл тұтастық өзімен адамдар әлемін, бір империяны көрсетті, одан тыс Қытай тұрғындарының санасын­ да, олар империяның потенциалды құрамдас бөлігі болып есеп­ телген және ойша оған ендірілген, мемлекет шекарасындағы қарапайым варварлардан басқа, ешкім болмады. Егер «Орталық империяны» Рим империясымен салыстырсақ, онда олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар екендігі көзге түседі. Рим империясы салыстырмалы өткінші құбылыс болды, де­ генмен кейін бұл империя идеясы мыңдаған жылдар бойы өзінің әлсіремейтін ықпалын ойшылдарға тигізіп келді. Одан тыс германдықтар мен парфяндар – іс жүзінде оның жеңілген қарсылыстары болды. Рим империясына тән ғарыштық-діни бірлікке қарамай, сондай Қытайда өмір сүрген, сол бірлік­ пен қол астындағы халықтарды ол рухтандыра алмады, оның үсіне, империяның пайда болу уақыты, оның түпнегіздерін шайқалтқан, христиандықтың бекітілу уақытымен бірдей бол­ ды. 2. Бірлік тарихтың мағынасы және мақсаты ретінде Егер бірліктің бар екендігі куәландыратын немес оған сілтей­ тін, көптүрлі деректер тарихтың бірлігін құрастырып шығуға

жеткіліксіз болса, онда мүмкін, басқа шығу нүктесін табу ке­
рек шығар. Бірлік – бұл берілген дерек емес, ал мақсат. Бәлкім,
адамдар бірін-бірі бірлік идеясында, бірегей ақиқатта, онда
бәрі бір-бірмен ойланылған қатынаста болатын, қаншама олар

жат болғанымен, бәрі бірі-біріне қатысты болатын жағдайдан
тарихтың бірлігі шығатын болар.
Тарих соған қарай жылжитын мағынадан, бірлік өсіп
шығады, бұл мағына, өзінің шашыраңқылығында, онсыз мар­

дымсыз болып көрінетінге, мазмұнын береді.
Мақсат, оны ешкім көздемеген, бірақ бақылаушы оны
түсіндіргісі және тексергісі келген – немесе одан өзінің сана­
лы міндетін, бірлікке деген жігерін көргісі келген, сол жасырын

мағына болып алға шығады. 1. Мақсат деп өркениет пен адамды гумандауды есептейді.

Алайда тәртіпке келтірілген өмір сүруден тыс бұл мақсаттың
мәні не екендігі, айқын анықталмаған; мақсаттың өзі тарихи.
Тәртіпке келтіру үйлесімді тіршілік сапасындағы мақсатта
әлемді құқықтық қайта құрастыру болып табылады. Тарих

жолы шашыраңқылықтан бейбіт және соғыс уақытындағы
нақтылы байланыстарға, ол адам өмірі құқыққа негізделген,
шынайы бірліктегі ортақ өмірге әкеледі.

2. Мақсат деп азаттықты және еркіндікті сезінуді атайды.

Адам тек осындай еркіндікті емес, бірақ ол адам өмір сүруінде
шынайы еркіндіктің барлық мүмкіндіктеріне жол ашатын, сая­
си еркіндікті көздейді.

3. Мақсат деп адам ұлылығын, рух шығармашылығын,

мәдениетті қоғамдық өмірге ендіруді, дананың туынды­
ларын есептейді. Оның негізінде қашанда сананың ең зор
анықтылығына ұмтылыс жатыр. Мағына бірлігі, қайда адам
шекаралық жағдайларда өзін өзі ең толық ұғына бастағанда,

қайда ол өз өмірін бағыттайтын және анықтайтын, ең терең
сұрақтар қоя бастағанда және шығармашыл жауаптарды таба
білгенде, сонда да ол пайда болады. Адамның ұлылығына негіз­
делген, бұл бірлік қару-жарақтар мен білімдерді тарату арқылы

емес, империяларды жаулап алу не құрастыру барысында емес,
әлсіретуші аскеза немесе янычарларды тәрбиелеу15 сияқты,
адамдық рухтың шекті формаларындағы ұмтылыстар арқылы
емес, жалпы алғанда ұжымдармен өзінің тұрақтылығында

емес, ал өзін аңдаудың, мәндік ашылудың жарқын сәттерінде
іске асады.
Бұл мәнділік, тарихи оқиғалардың ағымында жоғалып ке­
тетін, нүкте де болуы мүмкін. Мүмкін ол енжар, болашаққа

қарай қойылған сұрағымен, әсер етуге дайын, тек еске алу
болып қала бере алады. Бәлкім, оны жетпейтін биіктікте же­
туге қабілетті, тіпті есте ештеңені қалдырмай, ол жоғалып ке­
тетін, тек трансценденттіктің белгісі астында өмір сүретін, сол

жаңғырық әлемінде ол дауыстамай да кетер.
Осындай биіктіктер біз үшін өлшеусіз маңызды болып
көрінетін, олардың сол бірлікпен қатыстығында тұрады, оны
біз тұрақты көз алдымызда көреміз, бірақ ешқашан оған жете

алмаймыз, бұл тарих оған қарай қозғалатын және сол үшін жы­
лжитын болып табылады.

4. Мақсат деп адамда болмысты ашуды, оның тереңдігінде

жетуді, басқаша айтқанда, құдайды ашуды есептейді.
* * *
Осындай мақсаттар әрбір дәуірде жетіле алады және шы­
нында да – белгілі бір шекараларда – жетіледі; тұрақты жоғала

келе және жоғалып кетіп, олар қайтадан табылады. әрбір ұрпақ
оны өз мәнісінде іске асырады.
Алайда осымен әлі жалғыз, негізгі тарихтың мақсатына жет­
кен жоқпыз. Оның үсіне, біздің барлық уақытта болашақтың

қиялдаған мақсатынан бас тартып, бізге қазір берілгеннен айы­
рылып қалмауға ол шақырады.
Мақсаттың абсолюттік бірлігі мағынаны түсіндірмелеу
арқылы жетілмейді. Кез келген тұжырымдама, тіпті егер ол ең

жоғарғыны білдірсе де, сондай ең жоғары болып табылмайтын,
кез келген жағдайда барлық басқа мақсаттар қайсыбір ойдан
шығарылған мақсаттан туындағындай болып көрінетін және
тек сол арқылы мақсат бірлігі біздің көз алдымызда тарихтың

бүкіл мағынасын ашатындай болатыннан, басқаша мақсатқа
бағытталған. Сондықтан барлық ұйғарылған мақсаттар шынын­
да да, егер оларға ұмтылса немесе оларға сенсе, тарихи фактор­
лар болып табылады, бірақ олар ешқашан тарихтың шектерінен

шығатындай болмайды.

Ұйғарылған мағына сапасындағы мағына адам санасына
өзінің көптүрлі формаларында тән. Бізде, адамдарда ол туралы
нақтылы білім жоқ, ондағы бірлікке тек ойша жоғарылаймыз.
Алайда, бұл бірегей, бәрін қамтушы мағынаны тануға деген,

оған сенуге деген талпыныс қашанда сақталады. Және егер аб­
солюттендірілген мағына шарасыз дұрыс емес болып шықса,
онда жаңа ұрпақтар өз философтары тұлғаларында, ол тарих­
та үстемдік еткен және үстемдік ете беретін, жалпы қамтушы

мағынаны іздеуге қайтадан кіріседі, және де ол енді түсінілгенде,
біздің жігерімізбен ойластырылған, бізді басқарушы мағына са­
пасында қабылдана алады (бұл христандық тарих философия­
сында, Гегельде, Маркста, Кантта ж.т.б. жүзеге асты.)

Осындай бірлікті бізге тарихтың тұтастық түсіндірмесінде
ұсынады.
3.Тарихтың тұтастық концепциясындағы бірлік
Тарихтың бірлігін ұғыну талпынысында, яғни жалпылама

тарихты тұтастық ретінде ойластыруда, тарихи білімнің өзінің
соңғы мағынасын табу талпынысы бейнеленеді.
Сондықтан тарихты философиялық жағынан зерттеуде
қашанда, ол арқылы адамзатты бір тұтастықта қарастыратын,

бірлік туралы мәселе қойылды. Адамдар жер бетіне қоңыстанды,
бірақ олар оның бүкіл бойында шашыраңқы орналасты және
бір-бірі туралы ештеңе білмеді. Олар түрлі тілдерде сөйледі.
Сондықтан дүниежүзілік тарих шектерінде кім бұрын ойлап

келсе, сол өз көкжиегінің тарлығынан бұл бірлікті оны шек­
теу бағытымен жасап келді – бізде батыс әлемімен, Қытайда

– орталық империямен. Осыдан тыс тұлғаның бәрі, осыған

қатысты емес, олар тарихтың емес, ал тек этнографияның ны­
саны бола алатын, варвар, алғашқы қауымдық халықтардың
тіршілігі деп қарастырылды. Бірлік мынада тұрды: оған сай
барлық, әлі белгісіз, әлем халықтары біртіңдеп тек бір, яғни

өзіндік мәдениетпен қамтыла беретін бағыттың барлығы
ұйғарылады, олар оның өмірлік құрылыс шеңберіне енгізіледі.
Егер сенім тарихта себеп пен мақсат бар дегеннен қашанда
шықса, онда ой оларды нақтылы тарихта тауып алғысы келді.

Адамзаттың бірегей тарихының құрылымдарында бірлік тура­
лы білім не құдайлық аян берумен, не ақыл-ой қабілеттілігімен
түсіндіру талпыныстары ретінде болды.

Батыс адамдары үшін тарихтағы құдайдың қадамы дүниенің
жаратылуы актілерінің дәйектілігінде, жұмақтан қуылуда,
құдай еркінің пайғамбарлардың аузымен хабарлануында,
құтқарылуда, замандар тоғысында, Құдайдың адамдарға ке­

луінде күтілетін Қорқынышты сотта көзге анық бола бастады.
Нені бірінші рет иудей пайғамбарлары жариялаған, сол кейін
христиандық ілім рухында Аугустинмен қайтадан өнделді,
Иоахим Флорскийден Боссюэге дейін қайталанады және

өзгертілді, Лессинг және Гердер16 тарапынан, кейін Гегельмен
секуляризациялауға ұшырады; бұл қашанда – онда бәрінің
орны бар, бірегей тұтас тарих туралы түсінік. Осында адамдық
өмір сүрудің негізгі прнициптерінің дәйектілігі алға шығады,

өзінің тереңдігінде таныла отырып, олар, тікелей айтқанда, не
бар екендігі және не болатындығы туралы үйретеді. Алайда бұл
құрылым – оған деген сенімнің және оның түрге енулерінің екі
мыңжылдықтар бойындағы бүкіл ұлылығында – дұрыс болмай

шықты.
а) Егер мен тұтастықты білсем, онда әрбір адамдық өмір
сүру бұл тұтастықта белгілі бір орын алады. Ол өзі үшін өмір
сүрмейді, оның міндеті – жол ашу. Ол трансценденттікпен тіке­

лей емес, ал оны белгілі бір шектерге қоятын, оны тұтастықтың
бөлігіне айналдыратын уақыттағы өзінің орны арқылы өзара
қатынаста болады. Әрбір адамдық өмір сүру, әрбір дәуір, әрбір
халық шынжырдың бір буыны іспеттес. Осыған қарсы құдайға

деген бастапқы қатынас, ол қашанда тұтас бола алатын,
жалпықамтушының шексіздігі, көтеріліске шығады.
б) Тұтастық туралы білімде тарих үшін жоқтар ретінде
адамдық шындықтың ең үлкен көптігі, тұтас халықтар, дәуірлер

мен мәдениеттер лақтырылып тасталады. Олар – кездейсоқтық
немесе табиғи процестің ілесуші құбылысынан артық ештеңе
емес делінді.
в) Тарих аяқталмаған және бізге өз бастауларын ашпады.

Аталған құрылым үшін ол, алайда, аяқталған. Бастама мен аяғы
ұйғарылатын аян түрінде табылған. Екі негізгі тарихи концеп­
циялар да өз ерекшелігінде біріне-бірі қарама-қарсы тұр. Бір
жағдайда тарих – өзімен тұтастық, басы және аяғы бар, білімге

қол жеткізетін дамудың бірлігі. Мен және менің уақытым бір
процестің белгілі бір нүктесінде тұрады, тарих не біздің жет­

кен тереңдігіміздің төмендігі ретінде, не осыған дейін өткен
жолдың шыңы ретінде, ойластырылады.
Басқа концепцияда тарих шындықта болсын, солай менің
санам үшін болсын, аяқталмаған. Мен болашақ үшін ашықта

тұрмын. Бұл күту мен ақиқат іздеу күйі, тіпті не бардың өзін біл­
меу, бірақ ол тек болашақтан көз тастау арқылы толық ұғыныла
алады. Осындай түсінікте тіпті өткеннің өзі аяқталмаған: ол
өмір сүруін жалғастыра береді, оның шешімдері толық емес, ал

тек салыстырмалы түпкілікті, олар қайта қарала алады. Болып
өткен нәрсе жаңаша түсіндірмелене алады. Шешілген болып
көрінетін, қайтадан мәселе болып шығады. Болып қойған, өзінің
не екендігін қайтадан ашады. Ол біздің алдымызда өткеннің

қалдықтары ретінде жатқан жоқ. Одан осыған дейін объективті
және рационалды алынғаннан гөрі, өткенде көбірек сақтаулы
тұр. Ойлаушы адамның өзі әлі даму үстінде, ол тарихи болып
табылады, ол аяқталмаған және сондықтан – шектелген тұғырға

ие бола келе, қыраттың үстінде, ал оған кең көкжиек ашылатын
биіктіктің үстінде тұрмағандықтан, – мүмкін жолдардың қай
бағытта екендігін көре алады, бірақ тұтастықтың бастаулары
мен мақсатының не екендігін білмейді.

Сондықтан тарихты тәжірибе саласы ретінде қарастыруға
болады, сондықтан бірлік мүмкіндіктердің шексіздігінде бо­
лып кетеді. Бізге тек сауал қою қалады. Жалпы бірліктің бей­
несі, тұтастықтың үлкен рәмізінің тыныштығы, уақытты және

онымен бірге өткен және болашақты өшіретін – уақыттағы тек
сүйену нүктесі, бірақ түпкілікті танылған ақиқат емес.
Егер біз тарихтың өзіміз үшін кездейсоқтықтар қатарына
ыдырайтынын қаламасақ, оның ешқайда апармайтын жалған

жолдарға, мақсатсыз пайда болу мен жойылуға апаратынға
бөлінетінін тілемесек, онда тарихтағы бірлік идеясынан бас тар­
тпаймыз. Мәселе бұл бірлікті қалай ұғыну туралы болып отыр.
* * *

Біз терістеулердің ұзын қатарымен өттік. Тарих бір­
лігі біліммен ұғыныла алмайды. Ол адамның биологиялық
ортақ пайда болуына негізделмеген. Жер бетінің бірілігі мен
нақтылы уақыт ортақтығы тек сыртқы бірлікті құрастырады.

Жалпықамтушы мақсаттың бірлігі ашыла алмайды. Құқықтық

тәртіп идеясы адам тіршілігінің негіздерімен байланысты оның
тұтастығындағы тарихтың мағынасымен байланысты емес
және оның өзі әлі шешілмеген мәселе болып қала береді. Бір­
лік бірегей ортақ маңызды ақиқаттың тепе-теңдігі қатынасында

ұғынылмайды, өйткені бұл бірлік тек пайым үшін өмір сүреді.
Ол белгілі бір мақсатқа қозғалыс емес, барған сайын өз интен­
сивтігін арттыра беретін процесс, шексіздікке кетудің қозғалысы
емес. Бірлікті түсіну үшін ең анық сана немесе жоғары руха­

ни шығармашылық жеткіліксіз. Не болып жатқанын неме­
се болуға міндеттінің бәрін анықтайтын, сол мағынада да ол
тұрған жоқ. Бірлікті тұтас адамзаттың ішкі бөлінген организмі
ретінде де түсінбеу керек. Тарихты біз не шындық ретінде, не

пайғамбарлық аңдау ретінде сезіне алмаймыз.
Алайда, әлдебір бірлік ретінде тарихтың ұйғарылған
жалпықамтушы түсінігінің бұл тәуекел талпыныстарына сен­
беуші де, сонда да ол бірлікті түсінудің барлық бұл күш са­

луларында ақиқаттың іздерін ажырата алады. Қашан тұтасқа
жекенің қасиеттері ауыстырыла бастағанда, сонда бұл күш са­
лулар жалған болып шығады. Ақиқат өзін ишара немесе таңба
ретінде көрсетеді.

Дамудың әрбір жеке алынған бағыты, типтік бейне, түрлі
тектегі бірлік туралы барлық деректер – бұл тарих саласында
қарапайымдатулар, тарих тұтастығында олардың жалғандығы
көзге анық бола бастайды. Міндет бұл бағыттардың,

бейнелердің, бірліктердің бүкіл көпқырлылығын түсіну үшін,
осының сыртында жатқанның бәріне ашық қала беруде, адам
үшін және қашанда өмір сүретін адам тұтастығы үшін, ол өзінің
бүкіл тамашалығында тек құбылыстар әлеміндегі құбылыс бо­

лып қала беретін, жалпықамтушы үшін ашық болуында тұр.

* * *
Бірлік идеясына деген талпыну қала береді. Дүниежүзілік
тарих біздің алдымызда міндет ретінде тұр.
а) Альтернативада – таралған оқшау өмір сүру немесе

айтарлықтай орталықтандырылу – біз бұл шеткілердің бірін
де қабылдамаймыз және конструктивті тәртіптіліктің нақтылы
берілгендеріне сай келетін, дүниежүзілік тарихтағы ізденістер­
ге жүгінеміз. Және егер тарихи бірліктің әрбір құрылымында

білім қашанда надандық тұңғиығымен үйлессе де; сонда да бір­
лік идеясы ретке келтірудің жолын ашады.
б) Бұл бірлік өзіне тірлікті біздің жеке планетамыздың
тұйықтылығында табады, ол кеңістік және жер сапасында бі­

регей және біздің үстемдігімізге ыңғайлы, кейін оны, ол абс­
тракты болғанымен, бірегей уақыттың белгілі бір хронология­
сында және олар бұл дерекпен өз тамырларының ортақтығына
көрсететін, адамдардың ортақ пайда болуында табады.

в) Бірліктің мәнді негізі адамдардың жалпылама түсінуге
қакбілеттілігінің бірегей рухында кездесуі болып табылады.
Адамдар бірін-бірі, ол өзін ешкімге ашпайтын, бірақ өзінде
бәрін қосып алатын, жалпықамтушы рухта тауып алады. Ең

анық түрде бірлік өз көрінісін бір құдайға сенімде табады.
г) Бірлік идеясы әмбебап мүмкіндіктерді ұғынуда нақтылы
орын табады. Осындай қатынастың ашықтығы бәрі үшін
маңыздыққа ие, ол өзінің бар екендігімен-ақ, жалғыз соны­

мен қызығу туғызуды деген түсінікпен күшейе түседі. Біз үшін
онда ешқандай немқұрайлы жоқ, ол бізге алыстарды өзімізге
тікелей қатысты әлдене ретінде қазіргіге көрсететін, кеңістікті
ұғынуда өмір сүреміз. Ең басына бұрыла отырып, бірақ мұнда

қайнарларға өтіп кетпей және болашаққа қарай отырып, біз өзіміз
үшін түсініксіз тұтастықтың мүмкіндіктерін көреміз, оларды
біздің алдымызда қазіргі уақыт қоятын, сол міндеттерді орындау
қажеттілігінде тұтастықтың бірлігі ашылғандай болады.

д) Егер біздің қолымызда тұтастықтың тұрақты және
аяқталған суреттемесі болмаса да, онда, олардан біз тұтастықтың
бейнеленуін көре алатын, сол формалар бізде бар.
Бұл формалар мынадай:

Тарих құндылықтар иерархиясы шектерінде, оның бастау­
ларында, оның шешуші кезеңдерінде қарастырылады. Шындық
не мәнді, не мәнді емес бойынша бөлінеді.
Тарих, оны алдымен Көрегендік деп атаған, ал кейін заң

ретінде ойластырылған, сол тұтастыққа бағынады. Тіпті егер
бұл тұтастық идеясы дұрыс бекітілмесе де, ол өзі көре алмай­
тын, бірақ соның ішінде біз көретін, соның шекаралық түсінігі
болып қала беретін; ол бізбен жоспарлана алмайды, бірақ соның

ішінде оны біз жоспарлауға тиіспіз: тарих тұтастық ретінде
жалқы, жеке тарихи, ол жай ғана табиғат құбылысы емес. Онда

бәрі өзіне тиісті орнын алатын, тұтастықтың ретке келтіруі идеясы қалады. Бұл жай ғана кездейсоқ көптүрлілік емес, бірақ кездейсоқтың барлық қасиеттері тарихтың бір үлкен негізгі қасиетіне енгізілген. * * * Бірлікті түсіндіру үшін біз, өз жағымыздан, ол бүгінгі күндері ашықтық, бірлік және эмпирикалық нақтылық талаптарына нағыз сәйкес келетін, дүниежүзілік тарих схемасын ұсындық. Дүниежүзілік тарихты біздің бейнелеуімізде біз тарихи бірлік­ ті адамзат үшін ортақ белдеулік кезең арқылы қабылдап алуға талпындық. Белдеу деп біз, уақыттан тыс бола тұратын, бүгінгінің бұлттарымен жамылған, бүкіл уақытты қамтитынды емес, жоғарыда орналасқан, оның айналасында тұрақты түрде құбылыстар айналып жүретін, құпиялы тереңдіктерді де түсінбейміз. Керісінше, белдеу деп біз б.д.д. соңғы мыңжылдықтың ор­ тасын шамамен қамтитын дәуірді атаймыз, ол үшін осының алдындағы бәрі дайындық болды және онымен іс жүзінде, ал жиі ретте саналы түрде, өзара қарым-қатынаста болады. Адамзаттің бүкіл дүниежүзілік тарихы осында өз құрылымына ие болды. Бұл белдеуді біз жалғыз және мәңгі берілген деп есеп­ тей алмаймыз, бірақ бұл – біздің бүкіл уақытымыздың алдында жатқан әлемнің қысқа тарихының белдеуі, барлық адамдардың санасында олардың бірауыздан мойындаған тарихи бірлігінің негізі бола алады. Бұл нақтылы жағдайда белдеулік уақыт – оның айналасында бірікке адамзат қозғалып жүретін, сол мінсіз белдеудің түрге енілуі. 4. Қорытындылар Біз тарихтың бірлігін, оларда адамзат тарихилығы эмпирикалық негізделген құрылымдар ретінде болатын тұтастық бейнелерінде ұғынып көрейік; оның үстіне негіз­ гі фактор болашақтың шексіз ашықтығы және бастаманың қысқалығы болып қала береді: біз тек бастаймыз. Тарих болашақ үшін іс жүзінде шексіз, өткен сапасында ол – тым болмаса кейде кеңеюші жалпы мағыналық ағымда қосылып

кететіндей, түсіндірмелеуге ашық мағыналық қатынастардың
шексіз әлемі.
Бұл кітаптың тақырыбы жалпы категориялардың бірі емес,
тарихи заңдар емес, ал оның нақтылы, сөзде анық, жалқы бей­

несіндегі, ол заң болып табылмайтын, бірақ тарихтың құпиясын
құрастыратын, тарихтың бірлігі мәселесі. Бұл бейнені біз
тарихтың құрылымы деп атаймыз. Біз өз міндетімізді оны бел­
гілі бір кеңістіктің-уақыттық шектердегі адам болмысының ру­

хани шындығы ретінде түсінуден көреміз.
* * *
Түсіндірмелеуші қарастыру жігердің сәті бола бастайды. Бір­
лік адам мақсаты бола бастайды. Өткенді зерттеу осы мақсатпен

өзара қатысты. Ол саналы түрде тарихты, мұқтаждықты жою
және бақытты мүмкіндігінше бәріне беру үшін құқықтық
тәртіп арқылы тағайындалған, бірегей әлемдегі әлем мысалы
сапасында пайдаланылады.

Алайда бұл мақсат барлығы үшін тек ортақ өмір сүру не­
гіздерін жасайды. Бүкіл адамдық мүмкіндіктер үшін бірдей
жағдайлар жасау, дұрысында, тым маңызды, бірақ бұл – түпкі
мақсат емес, ал ол тек құрал.

Біз бірлікті жоғары деңгейден іздейміз – адам болмысы мен
жасампаздығының тұтастық әлемінде. Осыған ұмтыла отырып,
біз алғы тарихтың бірлігін барлық адамдарға қатыстыны, бәрі
үшін мәндіні іздестіру арқылы қабылдаймыз.

Алайда осының маңыздылығы тек адамдық қарым-
қатынастардың
динамикасында
ашыла

алады.
Шек­
сіз комуникацияға талаптануда мүмкін түсінудегі барлық
адамдардың өзара байланысы өз білдірілуін табады. Алайда бір­

лік танылғанымен, тұжырымдалғанымен, мақсатқа сәйкеспен
немесе мақсат бейнесімен бітпейді, ол егер бәрінің негізін­
де адамның адаммен коммуникациясы жататын, тек сондай
жағдайда бәрінде ұсталып тұрады. Енді соңғы сұрақ шығады.

Адамдардың бірлігі ортақ сенім шектерінде, бәріне ой және
сенімде ақиқат болып көрінетін объективтігінде, жаһандық
бедел арқылы бір жалғыз ақиқатты ұйымдастыруда бірігуінде
тұра ма?

Немесе біздерге, адамдарға, өз ақиқаттағына жететін бір­ лік – біздің көптеген тарихи, біріне-бір жанасатын, бірақ ой мен рәміздің көрінуінде тепе-тең емес, тек коммуникациясындағы бірлік, – ол өзінің көптүрлілігінде бірлікті, ол өзінің ақиқаттығын шексіз міндет сапасындағы шексіз коммуникацияға деген жігер­ де сақтайтын, сол бірлік, ол аяқталу дегенді білмейтін адамдық мүмкіндіктердің алдында тұрған, тек сол бірлік пе? Адамдардың мүлдем бөтендігі туралы, өзара түсінудің мүмкін еместігі туралы бүкіл тұжырымдар – түнілудің, шаршағандықтың, адамзат табиғатының табанды талабын орындаудан бас тартудың, бұл сәтте оны мүмкінсіздікке айналдырудың, ішкі дайындықтың сөнуінің көріністерінен басқа, ештеңені білдірмейді. * * * Адамзаттың толық бірігуі ретіндегі тарихтың бірлігі ешқашан аяқталмайды. Тарих бастаулар мен мақсаттың арасын­ да тұйықталған, онда бірлік идеясы әрекет ететді. Адам өзінің ұлы тарихи жолымен жүреді, бірақ оны жүзеге асқан түпкілікті мақсатта бітірмейді. Адам бірлігі – адам шекарасы. Ал бұл мынаны білдіреді: жетілген аяқталған бірлік тарихтың соңы болар еді. Тарих – бірлік түсініктері мен идея­ ларына бағынатын, бірлік таңбасы астындағы қозғалыс. Осыған ұқсас түсініктерге сай, бірлік мынада білдіріледі: адамзат, бәлкім, бірегей бастаулардан шықты, одан шыға оты­ рып ол шексіз оқшаулықта дамыды, ал кейін қайтадан қосылуға талпына бастады. Алайда бұл ортақ пайда болу – өзінің эмпирикалық негізделуінде – қараңғылыққа батып кеткен. Адамдарды біз көретін, барлық жерде, олар индивидуумдар ретінде және нәсілдер ретінде таралып кеткен және әр түрлі; біздер дамудың түрлі сатысындағы көптеген мәдениеттерді, күмәнсіз, адамның бізге белгісіз өмір сүруі оның алдын алған, олардың әр түрлі пайда болуын көреміз. Бірлік бізді өз артынан, көптеген адамдардың өзаралығында аяқталған болып, ілес­ тіреді. Алайда осындай түсініктер қашанда айқын емес. Егер олар рәміздерге қарағанда әлдебір артықшылықты білдіретіндер сапасында алға шықса, бірлік туралы түсініктер бізді алдай бастайды. Мақсат сапасындағы бірлік – шексіз мін­ дет: өйткені бізге көрінетін бірлік түрлері – жартылай нәрселер,

олар – оның артынан бөтеңдік тұңғиығы, итермелеу мен күрес
тасаланып тұрған, мүмкін бірлік немесе бірдейлендірудің тек
алғышарттары.
Аяқталған бірлік тіпті мұратта да анық және қайшылықсыз

білдіріле алмайды. Осындай бірлік нақтылықты не жетілген
адамда да, не дұрыс әлем құрылысы немесе іштескен және
ашық өзара түсіну мен келісімде де, табыла алмайды.
Бірегей – бұл арақатынастың шексіз алыс нүктесі, бірмезгіл­

де бастаулар және мақсат; бұл – трансценденттіктің бірлігі. Тап
осындай санада ол ұсталына алмайды, ол абсолюттік ақиқат са­
пасында бәріне таныла алатын қайсыбір тарихи сенімнің жеке
игілігі де бола алмайды.

Егер дүниежүзілік тарих тұтасында бір полюстен басқасына
қозғалса, онда бұл біздің қолымыз жететін екі полюстің орта­
сында болатындай жүзеге асады. Бұл – бірліктің қалыптасуы, эн­
тузиазмге тола бірліктерді іздеу және бұл соншама құштарлана

бірліктерді қиратумен ауысады.
Солай, өте терең бірлік аңғарылмайтын дінге дейін
көтеріледі, рух патшалығына жетеді, болмыс ашықтығының
құпия патшалығының жандарының келісімінде, олар бір-

бірімен кездеседі және бір-біріне жатады. Керісінше, соны
мәнісінде ол белгілейтін, соған ол ешқашан жетпейтін, бірақ
қашанда оны өзінде ұстап тұратын, бастама мен түпкінің ара­
сында қозғалыс тарихи болып қала береді.

ІV. Біздің қазіргі тарихи санамыз
Біз тарихи білімнің үлкен дәстүрінде өмір сүреміз. Антик
уақытынан бері ұлы тарихшылар, философия тарихи, өнер мен
әдебиет салаларында құрастырулар тарихи өткенді қайтадан

қалпына келтіруде біздің қиялшылдығымызды түсіндіреді.
Осыған соңғы жүзжылдықтар бойында, тек ХІХ ғ. шешуші
фактор сапасында, тарихты сыни зерттеу қосылды. Бірде бір
дәуір біздікі сияқты өткен туралы соншама хабардар болмады.

Басылымдар, қалпына келтірілген ескерткіштер, деректердің
жинақтары және оларды жүйелендіру, неден алғы ұрпақтар
айырылып қалғанды, соны бізге береді.
Қазіргі уақытта біздің тарихи санамыздың өзгеруі жүргендей

болады. Ғылыми тарихнаманың зор ісі жалғасып келеді. Алайда

енді біздің алдымызда, бір материалға жаңа формаларды қалай
енгізу керек болса, соншама ол, нигилизм жалынында тазара
келе, мәңгі бастаулардың бірегей тамаша тіліне өзгертіле алады
деген сұрақтар туындайды және қайтадан тарих білім саласынан

өмір мен болмысты ұғыну мәселесіне айналады, ол сұрақтарды
тыңдау және оларға жауап беруде шешілетін, эстетикалық білім
беру пәнінен байыпты мәселеге айналады.
Қалай біз өзімізде тарихты түсінеміз дегеніміз, сол енді

немқұрайлы емес. Біздің жеке өміріміздің мағынасы, қалай
біз тұтастық шектерінде өз орнымызды анықтайтынымызбен,
қалай біз онда тарихтың негізгі және оның мақсатын
қабылдайтынызбен, солай айқындалады.

Оның қалыптасуындағы тарихи сананың бірқатар белгілерін
сипаттап көрелік.
Жаңағы жан-жақтылыққа зерттеу методтарының дәлдігі,
каузальдық факторлардың шексіз қиылысуын ұғыну, ал

кейін мүлдем басқа, каузальдық емес категорияларда, ал атап
айтқанда морфологиялық құрылымдарда, заңдылықтарда иде­
алды типтік құрастыруларды объективациялау жатады.
Дұрысында, біз қазірде оқиғалардың қарапайым баяндау­

ларын қызыға оқимыз. Біз осылай біздің ішкі аңдау шеңберін
бейнелі түсініктермен толтыруға талпынамыз. Алайда біздің
танымымыз үшін аңдау, олар бүгінгі күндері «әлеуметтану»
терминімен біріктірілетін, сол аналитикалық методтардың

жиынтығында ғана емес, ал бәрінде мәнді бола бастайды.
Осындай талдау өкіліне Макс Вебер, өзінің тарихи түсінуінің
дамуындағы көпөлшемді ұғымдарымен, оның үстіне тарихтың
тұтас бейнесін бекітпеуімен, жатады. Кім осындай ойлау типі­

мен таныс болса, сол біздің күндерімізде, оның ұғымдарының
бұлыңғырлығынан, Ранкенің кейбір беттерін енді қиындықпен
оқиды. Нәрсені осылай түсіну, олар енді осындай сапада
зерттелетін пәнді жарықтандыратын, көптүрлі білімдерді

және олардың мәселе қоюда үйлесуін талап етеді. Өзінше, не
тарихилық боллып табылатынға тереңдей отырып, біз жалқылық
пен қайталанбайтынның құпиясын анығырақ ұғынамыз.
Шолып өтуші тұтастық онда көрген, тарихқа деген сол

қатынастан бүгінгі күндері олар арыла бастады. Оған біз
де енетіндей, тарихтың аяқталған тұтас түсінігі жоқ. Біз
аяқталғанның ішінде емес, ол тек мүмкін, тұрақты тарай бере­
тін тарихи тұтастықтың тұрағында тұрмыз.

Біз тарихи шектелген абсолютті ақиқаттың ашылуын да таба
алмаймыз. Еш жерде, дәлме-дәл қалпына келтіріле алатынды да,
біз таба алмаймыз. Қайда бүкіл ерекшелік құбылыста шектел­
ген болып көрінетін, бізге белгісіз бастауда ақиқат тасаланып

тұр. Әйтсе де біз мынаны білеміз: әрбір рет, қашан біз тарихи
абсолютизацияның жолына түскенімізде, бізді ерте немесе кеш
жалған жолға түскеніміз туралы сенімділік күтіп тұрады. Және
нигилизмнің қинаушы соққылары, сонда бізді соқыр сенімнен

босатады және бастапқы ойлауға қайтарады.
Алайда, осыған қарамай, оның тұтастығындағы тарихты біл­
мей, бұл сәтте қайда тұрғанымыз туралы, еске алуларымызда
оны тұрақты түрде қабылдауға талпынамыз. Жалпы суреттеме

біздің санамызға бұл үшін қажетті алға көз салуды береді.
Бүгін, бізге төніп тұрған қауіпті ұғына отырып, салыстыр­
малы аяқталуды тек өткеннің белгілі бір процестерінде ғана
емес, сонымен бірге бүкіл алғы тарихтан табуға ыңғай біл­

діреміз. Ол бізге аяқталған, қайталанбайтындай жоғалған, оны
әлдебір мүлдем жаңа ауыстыратындай болып көрініс табады.
Эпигондар мен тарихшылардың еңбектерінде оның соңғы із­
дерін көруге болатын, философияның ақыры туралы; ол өз аго­

ниясында бояулы суреттің бұрынғы стильдерін қайталай бере,
өзінің ырықсыз шешімдеріне жармаса бере, өнерді техникалық
мақсатқа сәйкес формаларымен ауыстыратын, өнердің ақыры
туралы айтады; соны осыған дейін түсініп келген мағынадағы

тарихтың ақыры туралы пайымдаулар – осының бәрі біз үшін
әдеттегідей болып кетті. Тек қана соңғы сәтте, бізге бөтен бола
бастағанға түсінікпен көз сала аламыз, дәл солай не жоқ және
ешқашан болмайтынмен де бұл іске асады, сосын жуық арада

толық ұмытылатын туралы айта бастаймыз.
Осының бәрі, сенімнен шыққан және ол туралы ештеңе
анықтылы айтуға болмайтын сияқты, бірақ міне сондықтан ол
үлкен фанатизммен айтылатын болады. Соған орын тазалай­

тын, тек нигилизмге олар апаратындай, болып көрінеді.
Осыған, қазіргі адамдардың тарихтың бүкіл тұтас сурет­
темелерін, солардың ішінде негативтілерін де, сыни қайта
қарау, олардың барлық түрлерін біздің қиялдау шеңберіне ен­

гізу, қандай шамада олардың ақиқатқа сәйкес келетінін тексе­
ру, ұмтылыстары қарсы тұрады. Сонда түбінде оның ішінде

басқа суреттемелер жеке бөліктерді құрастыратын, онымен біз
өмір сүретін, соның көмегімен бүгінгіні түсінетін және біздің
жағдаймызды ашатын суреттеме, жалпықамтушы суреттеме
қалыптасады.

Іс жүзінде, біз тұрақты түрде дүниежүзілік тарихи кон­
цепцияларды құрастырамыз. Егер оларда мүмкін болашақ са­
пасында тарихи схемалар қалыптаса алса да, онда олардың
мағыналары, оның дамуы, оның қажеттілігінде ұғынылған,

тұтастықты шынайы түсіну ретінде қайсыбір тұтас құрылым
қарастырыла бастағанда, ол бұрмалана бастайды. Қашан то­
тальді себептілік байланысын емес, ал белгілі бір олардың шек­
сіздігіндегі себептілік байланыстарын зерттей бастағанда, тек

сонда біз ақиқатты ұғынамыз. Әрбір каузальды ұғынылғанда,
тек сонда ол бұл мағынада табылған болып есептеледі. Оған
сәйкес бірдеме себептілік байланысымен іске аса алады деген
қағиданы дәлелдеу, мүлдем мүмкін емес. Алайда тарихта біздің

андаушы көз салуларымыздың алдында адам жасампаздығы
саласындағы секірістер, кенеттен келген мазмұнды ашу,
ұрпақтар алмасуындағы өзгерістер көзге түседі.
Әрбір тарихи дамудың тұтас концепциясы үшін енді бұл

концепцияның эмпирикалық дәлелденуі қажет. Олар жай ғана
ашылған, оқиғалар мен жай-күйлер туралы түсініктерді біз
терістейміз. Біз барлық жерде нақтылы деректерді іздей бас­
таймыз. Ирреалды енді қабылдана алмайды. Әлем өз жараты­

луы сәтінен бері 6000 жыл өмір сүреді дегенге, Шеллингтің
сенімде болғанына, тым болмаса осы таң қаларлық деректен,
бұл бетбұрыстың маңыздылығы біздің санамызда анық бола
бастайды, ал сонда қазір адамзаттың жүз мың жылдан артық

өмір сүргені, бұл туралы сүйек қалдықтары куәландыратындай,
ешкімде бұл куәліктер күмән туғызбайды.
Тарихтағы уақыт өлшемі, расында, таза сыртқы сипатқа ие,
бірақ ол туралы ұмытуға болмайды, бұл біздің санамызды теріс

салдарға ұшыратады. Өйткені қазір өткен тарихтың қалай таң
қаларлық қысқа екендігі анық бола бастады.
Тарихтағы тотальдық – ашық тұтастық. Осы тотальдықтың
алдындағы эмпирикалық білім өзінің нақтылы деректерінің

бүкіл мардымсыздығын сезінеді және қашанда жаңа факторлар­

ды қабылдауға дайын: философиялық көзқарас әлемнің абсо­
лютті имманенттігінде әрбір тотальдықтың қирауын жібереді.
Егер эмпирикалық ғылымдар мен философия бір-біріне тірек
қызметін атқаратын болса, сол жағдайда ойшыл адамдардың

алдында мүмкіндіктер саласы және сол арқылы еркіндік ашы­
лады. Ашық тұтастық сол үшін бастамаға да, ақырына да ие
емес. Ол өз көзқарасымен оның аяқталуындағы тарихты қамти
алмайды.

Енді әлі мүмкін, өз мәніне енетін, тотальдық ойлау методы
мынадай сәттерді ұстап тұрады:

– Нақтылы деректер қабылданады және, олардың мағынасы

қандай болатыныны, олардың дауысы бойынша анықталуы
үшін, тындалатындай болады.

– Егер сыртқы көкжиектерге жеткіміз келсе, біз барлық жер­

де шекаралардың маңайынан шығамыз.

– Бұл көкжиектер біз қойылатын талаптарды сезіну­

ге көмектеседі. Оған кім назар салғанға, соны тарих өзіне-өзі
бұрылуға және қазіргіде болуына бетбұрыс жасауға міндеттейді.
Тарихта таза эстетикалық қатынастан арылу басталды. Егер
тарихи білімдердің шексіз деректерінде тек қорғалып келген

ғана еске алуға лайық болса және бұл оның шексіздікте бол­
мыспен белгіленгенінен шықса, онда ол таңдауға қабілетсіздік,
ол үшін бәрі солай немес басқаша қызығуды қоздыруға және
қанағаттандыруға қабілетті болатын, эстетикалық қатынасқа

жетелейді: бірі тамаша, бірақ басқасы да дәл солай. Сол не
ғылыми болсын, не эстетикалық болсын, ештеңе міндетте­
мейтін тарихилық, бәрі бірдей мағыналы болғандықтан, енді
ештеңенің маңызы бомайтынымен, не болса, соны жетекшілік­

ке алуға әкеледі. Алайда тарихи шындық бейтарап емес. Біздің
тарихқа деген шынайы қатынасымыз – бұл онымен күресу.
Тарих бізге тікелей қатысты; бізге қатыстының бәрі, барлық
уақытта кеңейе береді. Ал бізге қатыстының бәрі, сол арқылы

адам үшін қазіргінің мәселесі бола бастайды. Тарих қандай
үлкен дәрежеде қазіргінің мәселесі болған сайын, ол соғұрлым
эстетикалық ләззаттанудың кем дәрежеде нысаны бола береді.
Біздің ақиқат бірлігіне бағдарымыз, бұрынғыға қарағанда,

біршама кең және нақтылау. Қашан біз құбылыс ретіндегі
адамзаттың күрделі бұтақтануынан оның бірегей қайнарларына

назар аударғанымызда сезетін, терең қанағаттану бізге та­
ныс. Тек бұл бірліктен аттана отырып, ол осындай түрде
ұғынылатындықтан, өзінің жеке тереңдігін қабылдайтын,
басқалар үшін және бірегей жалпықамтушы адам үшін

тарихилығының ашықтығын, біздің тарихилығымыздың ерек­
шелігінде қайтадан сезіне бастаймыз.
Сөз, онда жеке адам батып кететін, абстракты ұғым ретін­
дегі «адамзат» туралы болып тұрған жоқ. Керісінше, біздің

тарихи санамызда біз енді адамның абстракты ұғымынан
бас тартамыз. Адамзат идеясы тек шынайы тарихқта, оның
тұтастығында нақтылы және көрнекі бола бастайды. Осында
бұл идея, қашан біз апаттың алдында, бұрын бізді қорғап келген

ойлау әдеттерінің бәрін жоюдың алдында шарасыз, адасып кет­
кен бола бастағанымызда, содан бізге шынайы өлшем келетін,
сол қайнарлар да баспана бола бастайды. Бұл қайнарлардан
оның шексіз мағынасындағы коммуникация талабы келеді.

Қашан біз, өзімізге жат болып көрінетінмен қарсы келгенде,
қанағаттандырылған туысқандық сезімін, барлық халықтардағы
ортақ адамдық табиғатты, олар бізге береді.
Қарым-қатынас мүмкіндігін ол біздің жігерімізге ашатын,

сол мақсатты олар бізге көрсетеді.
Дүниежүзілік тарихты кездейсоқ оқиғалардың ретсіз жинағы
ретінде қабылдауға болады – бұл тәртіпсіз үйінді, иірімнің
бұлқынған ағысы сияқты. Ол барған сайын күшейе береді, бір

құйын басқасына ауысады, бір апат басқасына ауысады; бақыт
сәттері жылтырағандай болады, ағыста уақытынша аралдар
көрінеді, бірақ олар да тез арада су астында жоғалып кетеді.
Жалпы алғанда, осының бәрі, Макс Вебер берген, суреттеменің

әбден рухында: дүниежүзілік тарих, оны әзәзіл жойған
құндылықтармен төселіп қойылған, жолға ұқса.
Осындай түсінікте тарихта бірлік жоқ, олар біршама дәл
анықталатынымен табиғатта кездесетін, соларға ұқсас кау­

зальды жанасулар мен құрастырылулардың көзге көрінбейтін
санында өз білдірулерін тек бұл мағына мен бұл құрылымда
тапқандай болады.
Соның арасында тарих философиясының міндеті бұл бір­

лікті, дүниежүзілік тарихтың бұл мағынасын, құрылымын із­
дестіруде шешіледі, ал ол тек тұтас адамзатпен байланысты
бола алады.

Тарих және бүгінгі күн біз үшін ажырамайтын бола бас­
тайды.
Тарихи сана әлдебір полярлықтың шектерінде тұр.
Бір жағдайда мен шегінемін, оның тұтастығындағы, оның

негізгі бағыттары мен ерекше құбылыстарындағы, алыс­
тау қыратына ұқсас, мен тарихтан әлдебір қарама-қарсыны
көріп отырмын. Басқасында – ол бар, онда мен тұрған, оның
тереңдігінде тарих мен үшін қазіргі бола бастайтын, оның

тұтастығындағы қазіргіге, бұл сәтте, толық тереңдей бастай­
мын.
Сол да басқасы да бірдей дәрежеде қажет – менсіз де өмір
сүретін, басқа сапасындағы тарихтың объективтілігі ретін­

де, онсыз мен үшін сол мағынасыз болатын, бұл «қазіргінің
субъективтілігі» де. Бірі басқасы арқылы нағыз өміршеңдікті
қабылдайды. Олардың әрқайсысы жеке алғанда тарихтан
оның шындығын айырады, немесе кез келген мағынамен

толтырылған, шексіз білімге оны айналдырады, немесе оны
ұмытады.
Бірақ екі сәттердің қосылуы қалай жүзеге асады? Раци­
оналды метод арқылы емес. Бірінің қозғалысы басқасының

қозғалысын, бір мезгілде оған себепші болып, бақылайды.
Тарихи сананың бұл негізгі жағдайы, қалай біз оның
тұтастығындағы тарих құрылымын тауып алғанның, тәсілін
анықтайды. Осыдан бас тарту мүмкін емес, өйткені сонда бұл

сенімділік біздің көзқарастарымыздың үстінен кенеттен және
бақылаусыз үстемдік жүргізе бастайды. Мұны жүзгеге асыру
оны шешімсіз қалдыру болып табылады, ал сонда ол біздің бол­
мысымызды ұғынудың факторына жатады.

Сол уақытта оның болмыстық ұғынуымен бірге зерттеу және
экзистенция бір-бірімен кернеулі қатынаста жүзеге асқанда,
зерттеудің өзінде шиеленісу қалай тұтаста болсын, солай оны
ұзақ салаларында болсын, үстемдік етеді. Ерекшеге деген ма­

хаббат және жақындық пен үйлесімді тотальдықты тарихи
ұғыну, өзімен-өзі қала беретін және өзінің негізін сақтайтын,
онда адам өмір сүре алатын, әлем туралы түсінікті жасайды.
Тарих алыстарына ашықтық және өзін бүгінгімен теңестіру,

тарихты тұтас түсіну және қазіргінің қайнарларындағы өмір

– бүкіл бұл факторлардың шиеленісуінде, ол өзінің абсолютті

тарихына шегеріліп тасталғанымен, өзін-өзі түсінуге келетін,
сондай адам мүмкін бола бастайды.
Дүниежүзілік тарихтың суреттемесі және қазіргі жағдайды
ұғыну бірін-бірі анықтайды. Қалай мен өткеннің тұтастығын

көретінімдей, солай мен бүгінгіні де таныймын. Өткендегі
неғұрлым терең қабаттарға мен жеткен сайын, соғұрлым қазіргі
оқиғалар барысына мен интенсивті қатысамын.
Неге менің жататынымды, не үшін менің өмір сүретінімді

– осының бәрін мен тарих айнасынан білемін. «Кім үш

мың жылдықтарды ұғынуға қабілетсіз болса, қараңғылықта
надандықпен өмір сүрсе, онда оған бүгінгі күнмен ғана өмір
сүру қалады» – бұл мынаны білдіреді: мағынаны ұғыну орын­
ды (бағдарды) және ең алдымен субстанцияны ұғыну.

Бізден қазіргінің кете алатындығы, біз қайсыбір басқа орын­
да өмір сүретіндігіміз, не фантастикалық тіршілікте, не тарихта
өмір сүретініміз таң қаларлық және бүгінгінің толықтығынан
аулақ болғымыз келеді. Алайда қазірге сәттің үстемдігі де

дұрыс емес, еске алуларсыз және болашақсыз қазіргі сәтпен
өмір сүру де дұрыс емес. Өйткені осындай өмір, қайда сол
«қазіргінің» толықтығынан «ештеңе» қалмаған, ол өз тамыр­
ларымен мәңгі бүгінгіге кететін, барған сайын бос «қазіргіде»

адамдық мүмкіндіктерді жоғалтуды білдіреді.
Толтырылған «қазіргінің» жұмбағы ешқашан шешілмей­
ді, бірақ ол барған сайын тарихи санамен тереңдей береді. Бұл
«қазіргінің» тереңдігі тек өткен шақ және болашақпен бірге, олар­

ды мен өз өмірімде бағдар етіп алатын, еске алулар және идеялар­
мен бірге ашылады. Сонда мәңгі қазіргі шақ мен үшін оның тари­
хи бейнесінде, тарихи кейіпке енген сенімде рас бола бастайды.
Немесе мен сонда да, одан уақыттан тысқа тайқып отырып,

тарихтан босай акламын ба?

V. Тарихты жеңіп шығу

Біздің иланатынымыз: тарих аяқталған жоқ, ол өзінде
көптеген
мүмкіндіктерді
ұстап

тұр;
танылған
тарихи
тұтастықтың кез келген концепциясы қирап қалады, жаңа де­

ректер өткенде біз бұрын байқамаған ақиқатты ашады. Бұрын
мәнсіз ретінде алынып тасталған, сол енді бірінші дәрежедегі
мағынаға ие болады. Тарихтың аяқталуы бізге мүмкін емес бо­

лып көрінеді, ол бір шексіздіктен басқасына қарай жылжиды және оны мағынасыз тек сыртқы апат түзей алады. Біз кенеттен тарихпен қанағаттанбайтынымызды се­ земіз. Біз оның алдын алатын және одан жоғары тұратын, сол нүктеге, ол ешқашан іштей «дұрыс» бөле алмайтын, одан бүкіл тарих құбылыс болып көрінетін, болмыс негіздеріне, соларға ол арқылы бұзып өткіміз келеді, қайда біз әлемнің жаратылуы туралы білімге араласа алатын және енді тарихқа толық бағынышты болмайтынға бұзып жарып шыққымыз ке­ леді. Алайда тарихтан тыс біз үшін білім саласында Архимед нүктесі жоқ. Біз қашанда тарихтың ішінде тұрамыз. Тарихқа дейінгіге, оны бойлап өтіп кетуге немесе одан кейін болатынға, жалпықамтушыға, боллмыстың өзіне ұмтылуда біз өз экзистен­ циямыз бен трансцендентігімізде, егер ол қазіргі білім форма­ сында білдірілген болса, бұл архимедтік нүктенің не болатыны туралы, сол анықтаманы іздейміз. 1. Қашан табиғатқа бетбұрыс жасағанда, біз тарих шека­ расынан шығамыз. Мұхит жағасында, талда, боранда, атып келе жатқан күн сәулелерінде, стихия түстерінің ойынында, қар мен мұздың тіршіліксіз полярлық патшалығында, ну ор­ манда – барлық жерде, адамға бағынбаған табиғат дауыстарын естігенде, біз кенеттен өзімізді еркін сезіне аламыз. Бейсана­ лы өмірге қайтып келу, тірі емес стихияның адамдағы үлкен тереңдігі мен анықтылығына қайтып келу, бізде тыныштық, шаттық, қиналыстың бос тірлік түйсінуін қоздыра алады. Егер біз үндемейтін табиғат болмысының кездейсоқ ашылған құпиясынан қайсыбір үлкенді көрсек, және де біз жақсылық пен жамандық, әсемдік пен нақұрыстық, жалғандық пен ақиқат деп атайтынның бәрінің арғы жағындағы болмысты, не аяуды, не рақымшылдықты білмейтін, бізді қиындықта тастап кететін болмысты білсек, онда осының алдамшы екендігі ашылады. Егер онда біз шынында да баспана тапсақ, онда бұл біздің адамдардан және өзімізден кеткенімізді білдіреді. Егер біз осы табиғаттың үйретуші жанасудағы сәтте, олар бүкіл тарихтан жоғары тұратын, бірақ оны ашпайтын, бірдемеге сілтеме жа­ сайтын үнсіз таңбаларды, көрсек, онда табиғатпен бұл жанасу­ да ақиқат тұр, себебі ол бізді өзінде ұстап қалмай, біздің алды­ мызда жол ашады.

2. Біз тарих шекарасынан уақыттан тыс маңыздылық

шеңберіне,
тарихтан
тәуелсіз
ақиқатқа,

математикамен
бәрін бағындырушы білімге, олар өзгертулерді білмейтін,
жалпыламалық пен жалпымаңыздылықтың барлық формала­
рына, танылсын немесе танылмасын – қашанда барға шығамыз.

Маңыздылықтың бұл айқындылығын түсінуде сол арада біз ру­
хани көтерілуді сезінеміз, нық сүйену нүктесін иеленеміз, ол
қашанда бар, болмысты қабылдаймыз. Алайда бұл жағдайда
да, егер тек оны ұстанып қалсақ, жалған жолмен жүреміз.

Және бұл маңыздылық – таңба, онда болмыс мазмұны ұсталып
тұрған жоқ. Бұл түсіну таң қаларлық түрде бізді қамтымайды,
ол оған барған сайын мол бойлау нәтижесінде ашылады. Ол
мәнісінде, маңыздылық формасы болып табылады, ал сон­

да оның мазмұны баршылықтың сансыз көптігін бейнелейді,
бірақ ешқашан болмысты бейнелемейді. Осында орнықты өмір
сүретінде біздің өзіміз емес, ал біздің пайымымыз тыныштықты
табады. Алайда, бұл маңыздылық тәуелсіз және тарихтан ер­

кіндік уақытынан тысқа сілтейді. 3. Біз тарих шекараларынан тарихилықтың негізгі қабаттары

саласына шығамыз, яғни тұтас дүние құрылысына назар ауда­
рамыз. Тарихтан адамзат, одан бүкіл табиғат өзімен-өзі тарихи
емес – тарихилық жарығымен сәуленетін, сол негізге сапарға
аттанады. Алайда бұл тек спекулятивтін ойлаудың қолынан

келеді, ол үшін өзінің жеке биологиялық кейіпінде, ланшафт
пен табиғат құбылыстарында табиғат қойнауларынан әлдебір
адамның тарихилығына қарай қозғалып келе жатқандай, сол
дерек болып ерекше тектегі тіл қызмет атқарады. Өзімен өздері

олар мағынасыз әрі кездейсоқ, өздерімен апатта немес әлемде
немқұрайлы болуды көрсетеді, бірақ сонда да тарих оларды
рухтандырады, және олар бір-біріне сәйкес болатындай және
бір тамырдан өсіп-өніп шыққандай болып көрінеді.

4. Тарихилықтың бұл шеңберіне бізді өзіміздің экзистенц­

иямыздың тарихилығы әкеледі. Қайда біз өз жауапкершілігіміздің
және әлемде өз орнымызды таңдауымыздың, өзіміздің шешімі­
міздің, біз өзімізге махаббатқа сыйланғанымызды түсінудің
шартсыздығында, тарихилық сапасында уақытты қиып өтетін,

болмыс бола бастаймыз, – бұл нүктеден тарихтың тарихилығына
біздің коммуникациямыз арқылы жарық сәулелері шашырай

бастайды, ол, барлық тарихи танылатын арқылы өте бере,
экзистенцияға жетеді. Осында біз тарих шекараларынан мәңгі
қазіргінің шеңберіне шығамыз, осында біз, тарихта болып
тұратын, тарихи экзистенция сапасында тарихтың шекарасы­

нан аттап өтеміз. 5. Бейсаналыққа қарай қозғала отырып, біз тарихты жеңіп

шығамыз. Адам рухы саналы. Сана – одан тыс білім де,
тәжірибе де, адам болмысы да трансценденттікке қатынасы
жоқ, сол құрал. Не сана болып табылматын, сол бейсаналық
деп аталады. Бейсаналық – бұл негативті, өз мазмұнының

көпмағыналығы бойынша шексіз ұғым.
Біздің санамыз бейсаналыққа бағытталған, яғни нені біз
дүниетінде тауып алатынға, не бізге хабар бермейтінге, алай­
да өзінің ішкі мәнділігіндегіге бағытталған. Біздің санамыз

бейсаналыққа сүйенеді, ол барлық уақытта бейсаналықтан өсіп
шығады және оған қайтып келеді. Алайда, бейсана туралы бір­
демені біз сана арқылы біле аламыз. Біздің өміріміздегі әрбір са­
налы әрекетте, әсіресе біздің рухымыздың әрбір шығармашыл

актінде, өзімізде орын алатын, бейсаналық бізге жәрдемдеседі.
Таза сана ештеңеге қабілетті емес. Сана толқынның ұшына,
терең және кең түпнегіздегі биіктікке ұқсас.
Біздің негізімізді жасайтын бейсаналық қос мағынаға ие:

қашанда түнекпен жабылған, табиғат ретіндегі бейсаналық,
және ашық болуға ұмтылатын, рухтың өсіп-өнгендері ретіндегі
бейсаналық.
Егер біз тарихты жеңіп шықсақ, онда баршылық сапасындағы

бейсаналық ешқашан табиғат бола алмайды, бірақ ол өзін
рәміздерді туындатуда, тілде, поэзияда, бейнелеу мен өзін
бейнелеуде, рефлексияда көрінетін болып табылады. Біз тек
оған негізделіп қана қоймай, сонымен бірге оған ұмтыла оты­

рып, өмір сүреміз. Және сана неғұрлым оны айқындай түссе,
ол өз орнын алуында соғұрлым субстанционалды, тереңдеу,
кеңірек бола бастайды. Өйткені оның ояу болуынан, оның
өзін күшейтетін және кеңейтетін, сол жас өсімдер онда ояна

бастайды. Тарихтағы өзінің қозғалысында адам тек алдын ала
табылған бейсаналықты жұмсап қоймай, сонымен бірге жаңа
бейсаналықты жасайды. Алайда, бұл екі білдірілу формалары,
оның оған бойлауы тек рух тарихының процесі емес, бірақ ол

кез келген тарихтың үстіндегі, оған дейінгі және кейінгі бол­
мыс болып табылатын, бірегей бейсаналықтың алдында дұрыс
болмай шығады.
Алайда бейсаналық сапасында ол тек негативті анықталады,

бұл ұғымның көмегімен, оған позитивистік ойлау әлемінде
Э.Хартман17 бекерден-бекер ұмтылмаған, болмыс кілтін та­
уып алуға болмайды. Бейсаналық санада белгілі бір бейнеге ие
болатындықтан, маңызды бола бастайды. Сана – бұл шынайы

және ақиқат. Біздің мақсатымыз – бейсаналық емес, ал сана
тереңдігі. Біз бейсаналыққа көңіл аудару арқылы тереңдетілген
санаға келумен, тарихты жеңіп шығамыз.
Қашанда бізді қиындықта қамтитын, бейсаналыққа деген ішкі

тартылыс алдамшы. Аты-шулы дүниенің дамуын төмендегідей
сөздермен: «Менің ұйықтағым келеді», – деп, кері бұрғысы кел­
ген вавилон құдайы сияқты, тап сондай болып ол қала береді,
таным ағашынан жемістің дәмін татқанға дейін, өзі болып тұрған

күйге қайтып келгісі келген, жұмаққа батыс адамы оралуды ар­
мандай ма, сол үшін тумай қою дұрыс болар еді деп есептеп, ол
мәдениет пайда болғанға дейінгі табиғи күйге қайтуға шақыра
ма, санадан ол қауіпті көре ме, тарих жалған жолға түсті және

оны кері бұру керек деп, ол пайымдай ма – осының бәрі түрлі
формалардағы бір және сол. Бұл тарихты жеңу емес, ал одан
және ондағы өз өмір сүруінен тайқып кету талпынысы.

6. Біз, қашан адам оның аса биік туындыларында, сол бол­

мысты ұстап тұрғандай және оны басқалар үшін қол жеткізетін­
дей жасағанымен, тарих шекараларын аттап өтеміз. Бұл салада
адамдармен істелген, мәңгі ақиқатта өздерін жоюға мүмкіндік
берген, оның қалыптасуы тілде жүзеге асқан, дұрысында, тари­

хи кейіпін сақтай отырып, сол тарихтың щектерінен шығады,
кез келген тарихқа дейін болғанға тарих әлемі арқылы бізді же­
телейді және сол арқылы біз үшін түсінікті тіл бола бастайды.
Сонда мынадай сұрақтар тумайды: қайдан және қайда, болашақ

және прогресс туралы, енді жай ғана уақыт емес және бізге
уақыт арқылы болмыстың өзі ретінде келетін, бірақ уақытта
бірдеме болып табылатын, туралы сұрақтар туындайды.
Тарих тарихтан жоғарыға апаратын жол бола бастайды.

Ұлылықты аңдауда – жаратылғанда, жасалғанда, ойластыр­ыл­
ғанда – тарих мәңгі бүгінгі жарық. Ол қызығушылықты жай
ғана қанағаттандырып қоймайды, рухтандырушы күнә бола

бастайды. Біздің игі ниеттеріміздің нысаны ретіндегі тарихтың
ұлылығы бізді тарихтан көтеріліп тұратын, саламен байланыс­
тырады.

7. Тұтастық ретіндегі тарихты түсіну бізді тарих шектерінен

шығарады. Бірегей тарих болудан қалады. Осын аңғару өзімен-
өзі тарихтан көтерілуді, сол арқылы тарих тұтастық бола ала­
тын, бұл бірлік бар болатын, сол бірліктердің негіздеріне жетуді
білдіреді. Біз, бірлік туралы білімге ие болмай-ақ, өмір сүреміз,

бірақ осы бірліктен өсіп-өне отырып өмір сүретіндігімізден,
тарихтағы біздің өміріміз тарихтан көтеріңкі бола бастайды.
Егер біз тарихтан кете бастасақ, онда тарихтан көтерілу ада­
су бола бастайды. Тек әлемде біз ғана әлемнен жоғары көтерілу

мүмкіндігіне ие бола аламыз деген өзіміздің экзистенциямыздың
негізгі парадоксы, тарихтан жоғарылайтын, біздің тарихи сана­
мызда қайталанады. Әлемді айналып өтетін, жол жоқ, жол тек әлем
арқылы өтеді, тарихты орап өтетеін жол тек тарих арқылы өтеді.

8. Ұзақ тарихқа дейінгіге және қысқа тарихқа көз сала оты­

рып, біз еріксіз мынадай сұрақ қоямыз: осы жүздеген мың
жылдықтар өрісінде тарих өткінші құбылыс болып табылмай
ма? Бұл сұраққа, тек жалпы сөйлемше болмысы мәнісінде,
жауап беру мүмкін емес: ол тіпті миллиондаған немесе

миллиардтаған жылдардан кейін-ақ келсін. Ненің басы болса,
соның аяғы да бар.
Алайда, оны біздің эмпирикалық білім бізге бере алмай­
тын, жауап біздің болмысты ұғынуымыз үшін артық болып

табылады. Өйткені, егер біздің тарих туралы түсінігімізді та­
рихтан біз шексіз прогресс немесе оның ақырының көлеңкесін
көретінімізге байланысты, модификациялайтынымызды тіпті
жіберсек те, тарихи білімнің тұтас алғанда соңғы білім емес

екендігін мойындау, біз үшін мәнді болып қала береді. Барлық
мәселе қазіргіні уақыттағы мәңгілік ретінде қабылдаудан
шығады. Онда тарих баспана ретінде, әлде бір өзін бекіту,
шешім, орындалу ретінде мағыналы болатын, алыс көкжиекпен

тарих шектелген. Мәңгілік өзін уақыттағы шешім ретінде
көрсетеді. Трансценденттеуші сана үшін тарих экзистенциясы
қазіргінің мәңгілігінде еріп кетеді.
Алайда, тарихтың өзінде уақыттың болашағы бәлкім, енді

бірегей жер бетіндегі ұзақ, өте ұзақ тарихилық ретінде көрініс

табатын шығар. Бұл көкжиекке қарауда әрбір адам өзіне ол
онда қандай орын алады, не үшін ол әрекет ететін болады деген
сауал қоюы қажет.
Түсініктемелер

1 «Тарихтың қайнарлары және оның мақсаты». Кітап бірінші
рет 1949 ж. жарияланды. Орыс тіліне аударған М.И. Левина:
Jaspers K. Vom ursprung und Zіel der Geschіchate. Zurіch, 1949.
2 Конфуций (Кун-цзы) (б.д. д. 551-479 ж.ж.) – ежелгі қытай

философы, конфуцийліктің негізін қалаушы.
Лао-цзы (қытайша – «кәрі ұстаз», жеке аты – Ли Эр) (б.д.д.
604 ж. туған) – ежелгі қытай ойшылы, даосизмнің аңыздық не­
гізін қалаушы. Оған «Дао де цзин» кітабын құрастыру тіркеліп

қояды.
Мо-цзы (Мо-ди) (б.д.д. 480-438 (381) жж.) – ежелгі қытай
ойшылы, саяси қайраткер, моизмнің негізін қалаушы.
Чжуан-цзы (б.д.т. 369-286 жж.) – ежелгі қытай философы.

«Чжуан -цзы» трактатының айтарлықтай бөлігінің авторы.
Ле-цзы (Ле Юйкоу) (б.д.д. 6-4 ғғ.) – ежелгі қытай ойшылы,
даосизмнің өкілі.
Упанишадтар (санскр. – «қасиетті білім») – Ведтардың

қорытынды бөлігі, б.д.д. ІІ- ші мыңжылдықтың аяғы – б.д.д.
І-ші мыңжылдықтың басындағы ежелгі үнді әдебиетінің ес­
керткіші. Упанишадтар бүкіл ортодокстық (Ведалар беделін
қабылдаушы), Үндінің діни, философиялық жүйелерінің негізі

болып табылады.
Будда (санскр. сөзбе сөз – «аңғарған») – буддизмнің негізін
қалаушы Сиддхартха Гаутама Шакья-Муниге (б.д.д. 623-544
жж.) берілген лақап есім.

3 Заратустра (Зороастр) – пайғамбар және көне ирандық дін
реформаторы, б.д.д. Х-ҮІІ ғғ. өмір сүрген; күшті билік пен бей­
бітшілікті орнатуға шақырған. Оның діні үшін жақсылық пен
жамандықтың дуализмі сипатты; адамға дәстүрлерді сақтаумен

бірге дұрыс өмір салтын ұстану міндеті жүктелген.
Илия – Израиль патшасы Ахава (б.д.д. 918жылдан) кезін­
дегі иудей пайғамбары; Исайя – б.д.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ. иудей
пайғамбары, құдайдан алыстап бара жатқан халықтың бітім­

ге келмейтін айыптаушысы. Онда христиандық дәстүр Иисус

Христос туралы әулиелікті көрген, адамзат күнәларын өтеуші «қасірет ерінің» таң қалдырарлық суреттемесін берді: «Бірақ ол біздің күнәларымыз үшін шақырылып алынды және біздің бассыздықтарымыз үшін азапталды: біздің әлемімізді жазалау онымен өтті және оның жарақаттарымен біз жазылдық» (Иса­ йя, 53). Сондықтан Исайяны Көне Өсиеттің евангелисі деп атайды. Аңыз Манассия патшалығында Исайяның араланып өлтірілгенін хабарлайды (Евр. 11, 37). Екінші Исайя – б.д.д. 538 ж. жазылған, «Исайя кітабының» 40-48 тарауларының авторлығы оған тіркелетін, иудей пайғамбары. Иеремия – оған Библияда екі кітап: «Пайғамбар Иеремияның кітабы», «Иеремияны Жоқтау кітабы» тіркелетін, иудей пайғамбары. Б.д.д. 627-ші жылдан б.д.д. 538 жылда Иерусалимнің қиратылуына дейін әулиелік етті. Гомер – аңыздық ежелгі грек эпикалық ақыны, оған ан­ тик кезінен «Илиада», «Одиссея» және басқа шығармалардың авторлығы танылады. Элейлік Парменид (Платонға сай, б.д.д. 515 ж. туды) – ежел­ гі грек философы, элей мектебінің негізін қалаушы. Эфестік Гераклит (б.д.д. 520-460 жж.) – ежелгі грек филосо­ фы, ионийлік мектептің негізін қалаушы. Платон Афиндік (б.д.д. 427-347 жж.) – ежелгі грек фило­ софы, платонизмнің негізін қалаушы. Ясперс өзінің «Ұлы фи­ лософтарды» жіктемесінде Платонды Аугустин және Кантпен қатар, олар философияны негіздеп жатқан және негіздей беретін философтардың санатына жатқызады. Платон мен Аугустинге арналған, еңбектің кіріспесінде Ясперс былай деп жазады: «Кім оларды түсінуге талпынған, соның рухына оның әсерін, өзінің тарихи ықпалы бойынша тек Аристотель қас. Фома Аквинский, Гегель жүйелерінің әсерімен салыстыруға болады. Бірақ бұл ықпал мүлдем басқа түрде. Философиялық жүйелерінің әсері мектептің, доктринаның, оқу пәнінің әсері болып табылады. Жаратушылар өз мұрагерлерінің әрқайсысынан жеке тұлғалық ой туындатады» (Jaspers K. Les grand phіlosophes. P, 1967 т. 1. Р ІІ. Р 10). Фукидид (б.д.д. 460-400 жж.) – ежелгі грек тарихшысы, Пе­ лопонесс соғысы тарихына арналған, «Тарихтың» (8кіт.) авто­

ры. Бұл соғыс (б.д.д. 431-404 жж.). ежелгі Грек тарихындағы
грек полистерінің одақтарының арасындағы соғыс болды: Де­
лостік (Афина бастаған) және Пелопоннестік (Спарта бастаған)
одақтар арасында.

Архимед (б.д.д. 287-212 жж.) – ежелгі грек ғалымы, матема­
тика, статика, гидростатика бойынша жұмыстардың, көптеген
жаңалықтардың авторы.
4Медитация (лат. Medіtatіon – «пайымдау») – рухани

шоғырланудың ерекше күйі.
Шығыс философиясында, діни жаттығуларда маңызды рөл
ойнайды.
Атман – үнді философиясы мен индуизм дінінің негізгі

ұғымдарының бірі, жеке-дара рухани бастама.
Нирвана (санскр. – «сөну») – буддизм мен джайнизмнің
жоғары күйді, қайта туындау бұғауларынан азаттық алуды біл­
діретін, орталық ұғымы.

Дао (қыт. – «жол», «тəсіл», «заңдылық», «ақиқат») – оған
табиғат, қоғам, ойлау мен жеке индивид қылығы бағынатын,
табиғи заңды білдіретін, даосизмнің орталық категорияларының
бірі.

5 Чжоу әулеті – Қытайда б.д.д. 1027-256 жж. билік құрған
әулет.
6 ... Конфуцийдің Вэй мемлекетіндегі сарай маңындағы және
Платонның Сиракузылардағы сәтсіздіктерінің арасындағы

ұқсастық... Конфуций мұрат мемлекет туралы өз ілімін билеу­
шіге практикалық ұсыныстар ретінде дамытты. Б.д.д. 492-484
жж., оның кеңестеріне құлақ түретін, билеушіне табыссыз іздей
жүріп, ол Ежелгі Қытай мемлекеттерін аралап шықты. Ясперс,

дегенмен, Вэй мемлекетінің императорлық сарайы туралы айта
келе қателікке ұшырайды. Өйткені бұл патшалық б.д.д. 403
ж. Вэй, Чжао және Хан әулеттерінің арасындағы патшалықты
бөлу нәтижесінде пайда болады. Бәлкім, сөз тек Вэй әулеті

басшысының сарайы туралы бола алады.
Диоген Лаэртский Платон туралы былай жазады: «Ол
Сициялаға үш рет жүзіп барды. Бірінші рет – арал мен жанартау­
ларды (бұлкандарды) көру үшін; тиран Дионисий Гермократтың

ұлы, оны өзінің қасында өмір сүруге міндеттеді, бірақ Платон
егер тиран өзі ізгілігімен ерекшеленбесе, онда тек тиранға пай­
далы, соның бәрі жақсы емес, деп, тирандық билік туралы өз

пайымдауларымен оны жәбірледі. Дионисий ашулана: «Сен
кәрі шал сияқты, мылжыңдайсын», – деді, Платон оған қарсы
жауап берді. Ашуланған тиран оны өлім жазасына бұйырғысы
келді, бірақ Дион мен Аристомен оны бұдан бас тартуға сұрады,

және ол Платонды, дәл сол кезде елшілікпен келген спартандық
Поллидке, ол философты құлдыққа сату үшін, берді... Екінші
рет ол Кіші Дионисийге, оның мемлекетінің заңдары бойын­
ша (яғни Платонның философиялық утопиясына сай) өмір сүру

үшін, адамдар мен жер сұрауға келді. Дионисий уәде берді,
бірақ ештеңе бермеді. Үшінші рет ол Дионды Дионисиймен
бітімге келтіру үшін барды; бірақ бұдан түк шықпады және ол
бос кері қайтаруға мәжбүр болды» (Диоген Лаэртский. Атақты

философтардың өмірі, ілімдері және нақыл сөздері туралы. М., 1976. 155-156 бб.).

7«Өмірден түнілгеннің өз жанымен әңгімесі» – Орта
патшалық дәуіріндегі (б.д.д. ІІ мыңжылдық – б.д.д. ХҮІ ғ.)
ежелгі египет әдебиетінің мұрасы.
Вавилондық тәубеге келулер – вавилон-ассириялық діни

лириканың құрамына енетін, б.д.д. ІІІ мыңжылдықтағы тәубеге
келу псалмдары еске алынып тұр. Оларда адам өз тағдыры
мен өз қиындықтарына күйінеді, қылықтарына өкінеді және
құдайға жалбарынады. Осындай псалмдардың екі түрі бел­

гілі – оларда адам соғыстар мен стихиялық апаттар туралы
күйзелетін, «Флейтадағы шағымдар» және олардың басты са­
рыны – жалғыздық, жеке бастың бақытсыздығы, кінәны сезу,
құдаймен тасталып кеткен сезім болатын, «Жүректі тыныштан­

дыру үшін шағым әндер».
8 «Гильгамеш туралы эпос» – б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың аяғы

– ІІ мынжылдықтың басы, Шумердегі Урук қаласының аңыздық

билеушісі туралы эпикалық поэма.
Вергилий Марон Публий (б.д.д. 70-19 жж.) – Гомермен са­
лыстырылатын, ұлы Рим ақыны.
Август – Гай Юлий Цезарь Октавиан (б.д.д. 63-14 жж.), Рим

императоры (б.д.д. 27 жылдан), Римнің мемлекеттік құрылымы
үшін маңызды реформалар жүргізді, монархияның жаңа
түрін – принципаттың негізін қалады. Бейбітшілік және тәртіп
ұстындарын жариялады.

Солон (б.д.д. 640/635 – 559 жж.) – афиндік архонт (ежелгі
грек полисіндегі ең жоғары лауазымды тұлға); 594 ж. рефор­
малар жүргізді, қауымдық құрылыстың солар арқылы жедел
тарқауына себепші болды. Антик аңыздары Солонды жеті грек

даналарына жатқызады.
9 Прометей дәуірі – ежелгі грек мифіне сай, титан Проме­
тей алғашқы адамдарды кәсіпке баулыды және өзі Гефест
Құдайдың ұстаханасынан ұрлап алған отты оларға берді.

10 Үшінші кезең – геологиялық уақыт кезеңі, 60-70 млн.
жылдарға жуық бұрын болған.
11 Эддингтон (Eddіngton) Артур Стэнли (1882-1944) –
ағылшын астрономы.

12 Экхарт Иоганн, Майстер Экхарт (1260-1327) – неміс мона­
хы, доминикандық, пантеизмге жақын көзқарасты уағыздаған.
13 Фома Аквинский (1225/1226-1287) – философ, теолог,
христиандырылған аристотельшілдік негізінде схоластиканы

жүйелендіреді.
Данте Алигьери (1265-1321) – итальян ақыны, әдеби итальян
тілін жасаушы. Өзінің атақты «Құдайылық комедиясында» кеш
ортағасырлықтың дүниетанымын анық және терең суреттеді.

14 Аменхотеп (б.д.д. 1419-1400) – ХҮІІІ әулеттен шыққан
мысыр фараонының есімі, сол кезде египет дін басы болған,
ол Амон-Раға табынуды Мысыр абыздарымен күресте алып
тастаған және өзіне Эхнатон есімін алып, жаңа бірегей Атон

құдайына мемлекеттік табынуды енгізді.
15 Янычарлар (түрікше – «жаңа әскер») – ХІҮғ. құрылған,
түріктің тұрақты жаяу әскері. Алдымен тұтқын бозбалалар­
дан, кейін – Осман империясындағы христиан тұрғындарынан

күшпен жинақталған.
16 Иоахим Флорский (1132 маңы – 1202) – итальян ойшы­
лы, Үштіктің кейіптеріне сай келетін, оған сәйкес дүниежүзілік
тарих үш дәуірге бөлінетін, тарихи процестің мистикалық-

диалектикалық концепциясын жасап шығарды.
Әрбір дәуір өз мазмұнын кезеңдердің бір және сол
дәйектілігінде аяқтап шығады, тарихта ақырында әділеттілік
патшалығы орнайды.

Боссюэ (Bossuet) Жак Бенин (1627-1704) – француз жазушы­ сы, епископ. Құдайлық көрегендіктің жүзеге асуы ретіндегі, Құдаймен анықталған мақсатқа бағыттылған қозғалыс ретінде­ гі, тарихи даму концепциясын жасап шығарды. Лессинг (Lessіng) Готхольд Эфраим (1729-1781) – ағартушылық дәуіріндегі неміс ойшылы, тарихи дамуды тұрақты жетілу процесі, барған сайын жоғары сатыларға көтерілу ретінде қарастырады. Гердер (Herder) Иоаганy Готфрид (1744-1803) – неміс фило­ софы, сыншыл, эстетик. Дүниежүзілік тарихи үдерісті адамзат қоғамының бірегей органикалық өсуі деп қарастырады. Оның негізінде ұлттық фактормен қатар табиғи жағдайлар мен мәдени дәстүрлер жатады деп есептеді. Бүкіл бұл ойшылдар үшін, ол шеңберлік қайталанбалы даму, өмір мен өлімнің мәңгі алма­ суы ретіндегі тарихтың пұтқа табынушылық түсіндірмесімен күресті (бірінші кезекте, Аугустинмен), оған иудаизм және христиандықпен бекітілген, бір бағытты даму ретіндегі тарих­ ты түсіну сипатты. 17 Хартман немесе Гартман (Hartmann) Эдуард (1842-1906) – неміс философы, панпсихизмнің қолдаушысы. Баршылықтың негізі ретінде абсолютті бейсаналы рухани бастаманы – әлемдік жігерді -есептеді. Ясперс К. Истоки истории и ее цель//Смысл и назначение истории. – Москва. Политиздат., 1991. – С. 32-280.

Поль РИКЕР

ТАРИХ ЖӘНЕ АҚИҚАТ

Тарихты танудағы ақиқат
І. Сынның келешектері
Тарихтағы объективтілік пен субъективтілік
(дəйектілік пен дəйексіздік)

Қойылған мәселе ең алдымен əдістемелік сипатқа ие және
бұл негізқұраушы ретінде оқытуды үйлестірудің педагогикалық
мәселелерінің өзін алуға мүмкіндік береді; бірақ бұл мәселенің
тасасында философия үшін үйреншікті емес, тарихи таным іске

қосқан ең маңызды «мүдделері» тұруы мүмкін. Мен «мүдде»
деген сөзді Канттан алып отырмын: зерденің антиномияла­
рын шешу барысында олардың арасында қажетті себептілік
пен еркін себептілік антиномиясы да бар. Ол таразы басына

тасталған екі жақтың да мүдделерін бағалау үшін осыған ар­
найы тоқталады; әрине, әңгіме интеллектуалдық мүдделер ту­
ралы немесе Кант айтқандай, «өз-өзімен қақтығыста болатын
зерденің мүддесі туралы» болып отыр.

Біз де өзіміздің ұсынып отырған баламамызбен осылай
істеуіміз керек; әртүрлі мүдделер мынадай сөздермен берілуі
мүмкін: объективтілік, субъективтілік, өздерінің сапалары мен
бағыты бойынша алуан түрлі келетін күтулер.

Біз тарихтан оның өзіне тән белгілі бір шынайылықты күтеміз:
біз басқа ештеңеден емес, дәл осыдан шығуымыз керек. Сонда
біз не күтеміз? Объективтілік бұл жерде қатаң эпистемологиялық
мағынада алынуы керек: өңделіп жасалған, тәртіпке келтірілген

және ойлаумен әдістемелік түрде пайымдалған нәрсе, ақыры
соңында оны түсінікті ететін нәрсе объективті болып саналады.
Бұл физикалық және биологиялық ғылымдар үшін шынайы, бұл
сондай-ақ тарих ғылымы үшін де шынайы. Демек, біз тарихтың

объективтіліктің осындай абыройына ие болған өткен шақтағы
адамзаттық қауымдастыққа жол табуын күтеміз. Бұл оның объ­

ективтілігі физика мен биологиядағымен бірдей дегенді білдір­
мейді: қанша әдістемелік тәсілдер болса, объективтіліктің де
сонша деңгейі болады. Олай болса, біз тарихтың өз шекарала­
рын алмастырып отыратын шынайылық, яғни, объективтілік

империясына жаңа аймақ қосатынын күтеміз.
Мұны күтуден тағы бір күту туындайды: біз тарихшыдан
белігілі бір субъективтілікті күтеміз, жалпы субъективтілік­
ті емес, шынайылыққа, дəйектілікке, яғни объективтілікке дәл

сәйкес келе алатындай, тарихқа сәйкес келе алатындай субъ­
ективтілікті күтеміз. Осылайша, қамтылған субъективтілік ту­
ралы, біз күткен объективтіліктің арқасында қамтылған субъ­
ективтілік туралы сөз қозғалады. Демек, жақсы немесе жаман

субъективтілік болады деп ұйғарамыз және біз өз кәсібімен ай­
налысушы тарихшы жақсы субъективтілікті жаманынан ажы­
ратып алады деп күтеміз.
Және осымен бәрі біткен жоқ: «субъективтілік» сөзінің

астарынан біз тарихшының жай ғана жақсы субъективтілігі­
нен де анағұрлым маңызды нәрсені ұғынамыз; біз тарихтың
адамдардың тарихы болатынынан және адамдардың осы та­
рихы тарихшылардың тарихымен тәрбиеленген оқырманға

мейлінше жоғары деңгейдегі субъективтілікті, тек «менің»
субъективтілігім емес, жалпы адамзаттың субъективтілігін
қалыптастыруға көмек беретінінен үміттенеміз. Алайда, бұл
мүдделілік, тарихтың көмегімен «меннен» адамға бұл көшуді

күту енді эпистемологиялық емес, философиялық сипатқа ие
болады: тарихи шығармаларды оқудан, оларды пайымдаудан
біз дәл осы субъективтік рефлексияны күтеміз емес пе; бұл
мүдделіліктің енді тарихты жазатын тарихшыға қатысы жоқ, ол

оқырманды, оның ішінде философиялық оқырманды – кез-кел­
ген кітаптың, кез келген шығарманың аяқталуы қауіптендіретін
оқырманды қызықтырады.
Біздің жолымыз былай болады: тарихтың шынайылығынан,

яғни объективтілігінен тарихшының субъективтілігіне, мұның
екеуінен де философиялық субъективтілікке өту (аяқталып біт­
кен талдауды аңғартпайтын бұл бейтарап терминді біз әдейі
қолданамыз).

Тарихшы кәсібі және тарихтағы объективтілік
(шынайылық)
Біз тарихтан белгілі бір оған тән объективтілік күтеміз;
тарихтың қалайша туатыны және қайта жаңғыратыны, оны біздің

көз алдымызда сипаттайды; ол қашанда дәстүрлі қоғамдардың
өз өткенінің ресми және прагматикалық тәртібіне енгізетін
нақтылаудың алдында жүреді. Бұл нақтылаулардың мәні, өзі
тәуелді болып келетін космология мен қабылдаудың бастапқы

нақтылықтарына қатысты физика ғылымында болатын физика
ғылымындағы нақтылаулардың мәнімен бірдей болады1.
Бірақ бұл ерекше шынайылықтың, яғни, объективтіліктің не
екенін бізге кім айтып береді? Философ бұл жерде тарихшыны

оқыта алмайды; философтың өзі білімді ғылыми білім саласын­
да айналысудан алады. Өз кәсібі толғандыратын тарихшының
айтқандарын біз бастапқыда тыңдап алуымыз керек. Өйткені
тек сол ғана тарихқа сәйкес келетін объективтіліктің өлшемі,

сондай-ақ осы объективтілік өз бойына енгізетін жақсы және
жаман субъективтіліктің өлшемі болып табылады.
«Тарихшы кәсібі»: бұл сөздерді Марк Блок өзінің «Та­
рих апологиясында» қару етіп қолданғаны бәріне мәлім.

Бұл кітап, өкінішке орай, аяқталмай қалды, бірақ онда біздің
талқылауымызға серпін беретін қажетті нәрсенің барлығы да
бар. Әдіс туралы сөз болатын тараулардың атаулары – Тари­
хи бақылау – Сын – Тарихи талдау – бізде күдіктің ешқандай

себебін туғызбайды: олар объективтіліктің өзін өзі жасау
кезеңдерінен хабар беріп тұр.
Марк Блок тарихшының өткенді зерттеуге ден қоюын
«бақылау» деп атағаны үшін оған қарыздармыз: тарихты «ізбен

жүріп тану» деп есептеген Симианның сөзін қолдана отырып,
Блок тарихшының бұл өткендегі объектке емес, оның қалдырған
іздеріне тәуелді болуы ғылым ретіндегі тарихтың маңызын еш
кемітпейтінін көрсетіп береді: құжаттарда қалдырған іздеріне

қарай өткенді игеру осы сөздің шынай мағынасындағы бақылау
болып табылады; бақылау дөрекі айғақты тіркеуді білдірмейтіні

айдан анық. Құжатқа сүйене отырып, оқиғаны немесе оқиғалар
тізбегін, ахуалды немесе институтты қайта қалпына келтіру
басқаларымен салыстырғанда бір де кем түспейтін дәлел ретін­
дегі ерекше текті объективтілікті ұстануды білдіреді: өйткені

осылайша жаңғырту құжатты сұраққа тартуды, оны сөйлеуге
мәжбүрлеуді аңғартады; оның мәнімен бетпе-бет келіп,
қанаттанған тарихшы өзінің жұмысшы болжамын жасақтайды;
мұндай зерттеу бір мезгілде ізді мәнді күшке ие құжатқа дейін

және өткенді тарихи айғақ деңгейіне дейін көтереді. Тарихшы
оған сұрақ беруге қамданып, өзінің бақылауына сүйене оты­
рып, оның бұрын өмір сүргенін негіздегенге дейін құжат құжат
деңгейіне дейін көтеріле алмайды; осы әрекетімен тарихшы та­

рихи айғақтарды жасайды. Бұл тұрғыдан алғанда, тарихи айғақ.
Ж. Кангийдің айтқанындай ол басқа ғылыми айғақтардан түбірлі
айрықшалана қоймайды: «ғылыми айғақ – бұл ғылымның өзін
өзі жасай отырып, оның жасайтын нәрсесі». Бұл жерде сондай-

ақ объективтілік туралы әдістемелік белсенділік сипатына ие
әрекет туралы әңгіме болып отыр. Міне, сондықтан мұндай
белсенділікті «сын» деп тапқырлықпен атаған.
Түсіндіруге ұмтылған тарихшының әрекетін «синтез» емес,

«анализ» деп атағаны үшін де біз Марк Блокқа қарыздармыз.
Ол тарихшының міндеті нәрселерді «өткенде қалай болса, дәл
солай етіп» қалпына келтіру деп есептейтіндермен келіспеуге
барлық дәлелдерді тапты. Тарих тірілтуге емес, қайта жасауға,

қайта құруға, яғни оқиғалардың тізбегін ретроспективалық
тұрғыда жасауға және құрастыруға ұмтылады. Тарихтың
шынайылығы объективтілігі, тарихи түсінікте дәл осы
сәйкес келтіруден, тірілтуден қаша отырып, оқиғалар тізбегін

жаңғыртуға деген ұмтылыспен сипатталады. Және Марк Блок
мұндай жұмыс абстракцияға бет бұруды талап етеді деп атап
өтеді, өйткені құбылыстардың «сериясын» – экономикалық,
саяси, мәдени және т.с.с. серияларды жасамай, түсіндіруге

жету мүмкін емес; Және біз шын мәнінде де бір-бірінен ере­
кшеленетін оқиғалардан дәл сол бір функцияларды айқындап,

сәйкестендіре алмасақ, онда біз еш нәрсені де түсіне алмаймыз; кейбір «құбылыстардың» ұзақтығы болғандықтан ғана тарих өмір сүреді: «Адамзат феномендерінің анағұрлым көне дәуірден таяудағы кезеңге дейін қалай зерттелгеніне қарай оларға ең ал­ дымен, ұқсас феномендердің тізбегі енеді; оларды тегіне қарай жіктеу ең тиімді күшті бағыттарды аңғаруды білдіреді» (74 б.). Тарихи талдаудың өмір сүруі тарихтың бастапқыда байқалатын сәйкестік түрінде емес, талдау түрінде көрінуі себепті бола­ ды. Тарихшы кез келген басқа ғалым сияқты, ол өзі жіктей алған құбылыстар арасындағы қатынастарды зерттейді. Тек осыдан шыға отырып, кез-келген сараптамалық дəлелдіктен жоғары тұратын органикалық байланыстарды, жиынтықты ұғыну қажеттілігі туады; бұл жағдай түсінуді түсіндіруге қарама-қарсы қоятын болады. Бірақ бұл айырмашылықты та­ рихи методологияның кілті жасаудың қажеті жоқ; Марк Блок айтқандай, «тұтастықты қалпына келтіру жөніндегі әрекеттер тек талдаудан кейін ғана басталуы тиіс. Тіпті былай айтуға болады: бұл әрекет талдаудың жалғасы ғана, оның негізделуі. Бақылаудан гөрі, толғану әрекеті болып табылатын бастапқы талдауда, әлі ештеңе жіктелмей тұрғанда қалайша байланыстың бөліп қарастыруға бо­ лады» (78 б.). Демек, түсіну түсіндіруге қарсы келмейді; ол бар болғаны, оны толықтырушы қызметін атқарады. Түсінудің бойын­ да талдаудың – оған өмірдің өзі берген талдаулардың таңбасы болады. Және ол бұл таңбаны ақырына дейін сақтап жүреді: тарихшының өзінің мейлінше кең түйіндерінде қайта қалыптастыруға тырысқан дәуірдің санасы, оның тал­ дау көмегімен ашқан барлық өзара әрекеттер мен көптеген қарым-қатынастарға сүйенеді. Тұтастай тарихи айғақ, «тұтастанған өткен шақ» – бұл қорытындыланған әрекеттің шегіне ешқашанда жетпейтін, барған сайын кеңейе және күрделілене түсетін, Канттың ұғымындағы Идея. «Тұтастанған өткен шақ» ұғымы осы әрекеттің реттеуші идеясы болып табылады. Әңгіме қандай да бір тікелей нәрсе туралы болып

отырған жоқ; барлығын қамтитын тұтастықтан артық жанаса­
тындай нәрсе жоқ: бұл идея тарихты реттеудегі тарихшының
бар күш-жігерін білдіретін «реттеуші тұжырымдаманың»
нәтижесі түрінде көрінеді; басқаша айтқанда (ғылымның тілі­

мен айтқанда), бұл – мысалы үшін, «физикалық теорияда» ай­
тылатын мағынадағыдай, «теорияның» нәтижесі.
Сондықтан, ешқандай да «реттеуші тұжырымдаманың»
тарихты тұтастай қамтуға шамасы келмейді: кез келген дәуір

сонымен бірге талдаудың нәтижесі де болып табылады; тарих
қашанда біздің түсінігімізде қандай да бір «тұтас бөліктер»
(егер Лейбництің сөздерін қолданар болсақ) кейпінде, яғни
«аналитикалық синтездер» (егер өзінің Трансценденталдық

дедукциясындағы батыл айтылған Канттың сөзіне сүйенер
болсақ) түрінде көрінеді.
Сонымен, тарих өзінің этимологиясына мызғымас адал
күйінде қалады: бұл зерттеу, ίστορία. Ол әуел бастан бізді

тарихилықты түсінбестікке әкелу жəне біздің өмір сүру тәртібі
мен уақытқа ілесу жөніндегі мазасыз сұрақтар емес. Ол «та­
рихи» тағдырға деген бір мезеттік жауабымыз болып табы­
лады: бұл жауап – біздің белгілі бір таным ретіндегі тарихты

таңдауымыз, барлық нәрсені ақылдың көмегімен игеру, Фюс­
тель де Куланж – «адамзат қоғамдары туралы ғылым», ал Марк
Блок «зерделі талдау» деп атаған нәрсені жасау.
Шынайылыққа деген мұндай ұмтылыс шектеулі позитив­

измнің есептейтініндей, құжаттарды сын көзбен зерттеумен
сарқылып қалмайды: ол өз бойына кең қорытындыларды енгі­
зеді; оған тән рационализм қазіргі физика ғылымындағы рацио­
нализмге ұқсас және тарихқа төменгі деңгейдегі құбылыстармен

істес болу жараспайды.
Тарихтың объективтілігі және тарихшының
субъективтілігі
Тарихшының дәл осы кәсібімен және демек, дəйектілікке

объективтілікке деген осы ұмтылысты, енді жарты ғасыр бойы

тарихты жасаудағы тарихшының субъективтілігі туралы жыр­
лап келе жатқан қазіргі заманғы сынмен салыстыру керек.
Шындығында, маған бастапқыда әрекеттерін біліп ал­
май тұрып, бұл субъективтіліктің нені білдіретінін зертте­

уге асықпау керек сияқты: осының өзі талдауды ақылмен
жүргізу керектігін байқатады. Аңғарымпаздық іске рефлексив­
ті дәстүрдің талап ететініндей етіп кірісуді қалайды, дәлірек
айтқанда: субъективтілікті оның өзінің ниетінен, істерінен,

шығармаларынан іздеуді қажет етеді. Физиктерсіз физиктердің
өмір сүрмейтіні, яғни ізденістер мен адасуларсыз, артқа шегі­
ну мен батыл шешімдерсіз физиканың өмір сүрмейтіні белгілі.
Канттың іске асырған коперникшіл төңкерісі ғалымдардың

субъективтілігін мадақтаумен емес, объектілер арқасында
өмір сүретін субъективтіліктің өзінің ашылуымен сипатталады.
Тарихшының субъективтілігі туралы ой қозғау, егер әңгіме іске
кіріске тарихшының кәсібі жөнінде болса, зерттеуді субъектив­

тілік тәсілінің өзімен жүргізуді білдіреді.
Алайда, тарихшының өзінің мәселесі деген болады және
ол біз әлі айтып үлгермеген объективтіліктің қасиеттеріне
байланысты болады; ол тарихи объективтіліктен сондай

деңгейге жеткен немесе соған жақындаған өзге ғылымдармен
салыстырғанда, толық емес объективтілікті жасайды. Мен осы
жаңа рефлексия мен бұрынғысының арасында болатын күмәнсіз
қайшылықтардың жібітпей, оның белгілерін біртіндеп көрсетіп

беруге тырысамын. 1) Бірінші белгі бізді тарихи таңдау ұғымына қарай сілтейді;

тарихшы тарихтың өзінің рационалдығымен қаруланады деп
түйіндер болсақ, біз ешқашан оның мәнін толық бере алмай­
мыз. Рационалдылықтың мұндай таңдауы өзіне тарихшының
жұмысында іске асатын басқа таңдауды енгізеді; бұл басқа

таңдау оқиғаларды іріктеу мен ықпалдарды айқындау барысын­
да басшылыққа алынатын бірінші дәрежелі маңыздылық туралы
пікір деп атауға болатын нәрсеге қатысты болады. Тарихшының
арқасында тарих маңызды оқиғаларды сұрыптайды, талдайды

және бір бірімен байланыстырады. Дәл осы жерде тарихшының
субъективтілігін, физиктің субъективтілігімен салыстырар
болсақ, түсіндірме үшін қажет кестелерді әкеле отырып, ере­
кше мәннің саласына еніп кетеді. Демек, дәл осы жерде сұрақ

беруге деген қабілет қандай да бір құжаттарды іріктеуден гөрі
маңызды болып шығады. Оның үстіне, дәл осы маңыздылық
туралы пікір, екінші деңгейдегі құбылыстарды алып тастайц
отырып, үздіксізді тудырады: өткен шақ ыдыраңқы, еш маңызы

жоқ бөліктерге шашырап кеткен; әңгімелеу болса, іштей бай­
ланысты және өзінің үздіксіздігінің арқасында маңыз беруші
күшке ие болады. Осылайша, тіпті тарихтың рационалдығының
өзі қатаң өлшемдері жоқ маңыздылық туралы пікірге тәуелді

болады. Бұл тұрғыдан алғанда, «теория тарихтың алдында өмір
сүреді» Р. Аронның сөзі рас.

2) Мұнан өзге, тарих себептілікті әдеттегідей түсінудің

әртүрлі деңгейлеріне тәуелді болады, ол бойынша, себеп бірде
«әлемнің жалпы тәртібінде таяуда ғана пайда болып, қалыптаса
қоймаған құбылысты» (Марк Блок) білдірсе, бірде біртіндеп
іске асатын өрбу, яғни, эволюцияның барысындағы күштердің

шоғырлануын білдірсе, ал кейде тұрақты құрылымды білдіреді.
Бұл тұрғыдан алғанда, «ІІ Филипп дәуіріндегі жерорта теңізі
төңірегіндегі әлем мен Жерорта теңізі» деген Бродельдің еңбегі
себептік байланыстардың шиеленісін шешуге және одан кейін

оларды игеруге бағытталған әдістің пайда болуын білдіреді:
бастапқыда ол үздіксіз әрекетті, одан кейін XVІ ғасырдың же­
келеген салыстырмалы түрде дербес күштерін және, ақырында,
уақиғалар тізбегін Жерорта теңізі жағдайына орналастырады.

Себептік бағыныштылықтарды реттеуге әкелетін мұндай жол
тарихи объективтілік әрекетінің шеңберінде мейлінше маңызды.
Бірақ бұл реттеушілік қашанда осал болып қала береді, өйткені
оның талдау мен құрастыру барысында бекіткен толық біртек­

ті емес себептік бағыныштылықтарының тұтас композициясы
шешімін табуы қиын мәселені қояды. Қалай дегенде де себеп­
тілікке өз бойында міндетті түрде күнделікті психологияның

белгілерін сақтайтын психологиялық ынталарды енгізу қажет болады. Тарихшының сүйенетін дəлелдердің мағынасы көбіне аңқау, детерминизм мен ықтималдық арасында алма-кезек құбылып тұратындай сыншыл емес; тарихтың тағдыры олар­ ды рефлексияға ұшыратпайтын және, тіпті, мүмкін, олардың арасында айырмашылықты айырмайтын да бірден бірнеше түсіндірмелік кестелерді пайдалануға кесілген; детерминизм күшінен ада жағдайларды, себептілік күшінен жұрдай итерме­ леуші күштерді, бар болғаны кәдуілгі құбылыс, қолайлы шешім ғана болып табылатын себептерді және т.б. пайдаланылады. Қысқаша айтқанда, тарихшы өзінің рефлексиясына тиесілі емес түсіндіру тәсілдерін «пайдаланады» және бұл заңды да: түсіндірмені оған рефлексияның көмегімен ие болғаннан кейін ғана пайдаланады. 3) Бұл толық емес объективтіліктің тағы бір белгісі «тари­ хи дистанция» деп аталатын құбылысқа бағыныштылығымен сипатталады; рационалды тану түстеп тануды, сәйкестендіруді білдіреді (Кант пайдаланылатын материалды ұғымның көмегімен қорытуды пайымдаушы синтез деп атады). Соны­ мен, тарихтың міндеті – өзгеріске ұшыраған нәрсеге, жойылған нәрсеге, басқаға айналған нәрсеге атау беру. Бұл жерде дәл сол мен басқаның ежелгі диалектикасы қайта жаңғырады: тарихшы тарихи тілдің мейлінше жетілмегендігіне сүйене отырып неме­ се, басқаша айтқанда, атау беру үдерісіне сүйене отырып, оны тауып алады. Егер осының артынша айыру мен түзетуге түсетін ұқсастықтарды пайдалану жолымен түсіндірілмесе? Қалайша біз қазіргі тілдің көмегімен, қазіргі ұлттық тілдің көмегімен өмір сүруін тоқтатқан институттарды белгілеуге және түсінікті ету­ ге болады. «Тиран», «крепостнойлық», «феодалдық құрылыс», «мемлекет» және т.б. сөздермен байланысты қиыншылықтарды еске түсірсек те жетіп жатыр. Бұлардың әрқайсысы бір мезет­ те дәлдеп айқындауға да, сәйкестендіруге де мүмкіндік беретін есім үшін тарихшының күресінен хабар береді; міне сондықтан

тарихи тіл қажетті түрде көпмағыналы болады. Дәл осы жер­ де тарихи уақыт сіңіріп алатын (ассимиляциялық) зердеге өзінің терең диссимиляциялық әрекетін, өзінің келіспеушілігін қарсы қоюға мәжбүр болады. Біз Плотиннің артынша «менен» алшақтыққа, тартуға, созуға сәйкестенбейтін феноменнің бола­ тынын, басқаша айтқанда, әуел бастапқы шаттықтың, айғағын мойындайтын уақыттың осы қасиетімен тарихшы есептесуі тиіс. Біздің алдымызда «дәл емес» және тіпті «қатаң емес» сипатқа ие тарихтың бастауларының бірі тұр; тарихшы ешқашанда «мен екі беткейдің қиылысуын сызық деп атаймын...» дей отырып, атау беріп қана қоймай ұғымның нобайын жасайтын математиктің жағдайында бола алмайды. Керісінше, соның арқасында ғылым өзінің объектіне бет бұратындай, дәл ғылымда атауы бойынша бастапқы әрекет бо­ лып табылатын нәрсе тарихшыда басқа елге, гипотетикалық түрдегі, қазіргі, басқаға көше білу қабілеті түрінде көрінеді; та­ рихшы өзінің зерттейтін дәуірін өзі соған бейім болатын осы шақ ретінде, уақыттық болашақтардың ортасы ретінде қабылдайды; бұл осы шақтың біз, басқалар сияқты уақыты келді деп есеп­ тегенімізден емес, адамдардың үмітінен, білместіктерінен, сақтықтарынан тұратын өз болашағы бар; бұл осы шақтың, сондай-ақ оның өткені туралы біздің білетініміз емес, кезінде болған нәрселер туралы адамдардың жады болып табылатын өз өткен шағы да болады. Тарихи нақтылықтың, шындықтың қандай да бір түрі ретінде қабылданатын басқа осы шаққа осылайша ауысу басқа осы шақ «уақытша дистанцияның» ішіне көшіріліп енгізілгендіктен, қиялдың, уақытша қиялдың жұмысының жемісі болып табылады. Бұл қиял кеіңістікті, мате­ рияны және тіпті өмірдің өзін зерттейтін ғылымдар өз назары­ нан тыс қалдырып қоятын субъективтіліктің ойынға кірісуінен хабар береді. Үнемі тарихи дистанцияны сақтай отырып неме­ се дұрысын айтқанда, алшақтық туралы, уақыттың тұңғиығы туралы түсінікті оқырманның ақылына кіргізе отырып, тарихи

өткенді өзімізге жақындата білу сирек кездесетін дарын бо­
лып саналады.

4) Және, ақырында, ең соңғы, бірақ төмен мәндегі емес,

керісінше, шешуші мәнге ие белгі: тарихтың түсіндіргісі ке­
летіні және, түптеп келгенде, түсінгісі келетіні бұл – адамдар.
Біздің алыстап кеткен өткеніміз, адамдардың өткені болып та­
былады. Уақытша дистанцияға «басқа» – бұл басқа адам болып

табылатына тәуелді осы арнайы дистанция қосылады.
Бұл жерде біз интегралды (біріккен) өткеннің мәселесімен
бетпе-бет келеміз: дәл осы өзге адамдардың бастан кешкендерін
тарихшы себептік қатынастардың торабына сүйене отырып,

қайта қалпына келтіруге ұмтылады. Дәл осы сарқыла қоймаған
адамзаттық тәжірибе интегралдық түсінік міндетін қояды. Дәл
осы өткен адамзаттық өмірдің абсолютті нақтылығы өзіне
анағұрлым байланысқан түрінде, анағұрлым теңестірілген және

анағұрлым реттелген талдамалы түйіндерді қалпына келтіруге
ұмтылады.
Сонымен, біз адамдардың интегралды біріккен өткені иде­
яны, интеллектуалдық жақындаудың шегін білдіретінін атап

өттік. Сондай-ақ жүрекке жақын тиетін, қиялдағы нәрсені
басқа осы шаққа жай көшіре салудан анағұрлым маңызды бо­
лып табылатын бұл термин өзге адамзаттық өмірге шынайы
көшіруді білдіреді. Жүрекке жақындық (симпатия) біз айтқан

парасаттық, яғни, интеллектуалдық жақындықтың басы мен
аяғы болып табылады; егер әңгіме осы бастапқы немесе тікелей
нәрсе туралы өрбісе болғаны, тарихшының әрекетіне серпін
береді; ол зерттелетін нысанға деген әуел бастапқы жақындық

ретінде әрекет етеді; ұзын-сонар талдаудың барысында ол ті­
келей нәрсе рнетінде, мараптталу ретінде келісімділіктің арғы
жағында қайта түлейді; ойластырылған талдау бір жағынан,
бейсаналы симпатия және екінші жағынан саналы симпатия

арасындағы қандай да бір әдістемелік кезең сияқты болып та­
былады.
Міне, сондықтан тарих кездесуге құштарлық сияқты
түсіндіруге деген ынтызарлықпен сипатталады. Тарихшы

өткеннің адамдарына өзіндік арнайы адами тәжірибемен бара­
ды. Тарихшының субъективтілігі игеруге деген қабілеттілікке
ие болатын сәт, тарих бұрынғы адамзаттық өмірдің құндылық­
тары кез келген сыни хронологиясыз қайта өндіретін сәтте

туады. Олардың бастан кешкенін біздің де бастан кеше ала­
тын қабілетімізді ескермегенде, түптеп келгенде адамдар­
ды жаңғыртатын біздің жалғыз тәсіліміз болып табылатын
жадыдағы құндылықтардың бұлайша қайта қалпына келтірілуі

тарихшының осы құндылықтарға деген тектік «мүдделілігінсіз»,
оларға деген терең тамырластықсыз мүмкін болмас еді; бұл
жерде әңгіме тарихшының өз кейіпкерлерінің сенімін қабылдап
алуы туралы болып отырған жоқ. Олай болса, бұл жағдайда

біздің қолымызға тарих емес, апологетика, яғни әулиелердің
өмірбаяны тиер еді; тарихшы гипотезаның (болжамның)
көмегімен олардың сенімін мойындауы тиіс, басқаша айтқанда,
егер бұл сенім қазір өмір сүріп тұрғанда деп есептегенде, оны

үнемі «қалықтаған жағдайда» және «бейтараптандыра» ұстай
отырып, осы сенімнің мәселесіне іштей енуі тиіс.
Осылайша, «қалықтаған жағдай» мен «бейтараптанды­
ру» арқылы бұрын өмір сүрген адамдардың сенімін қабылдау

тарихшыға тән симпатия болып табылады; ол біздің уақытта
орын алмастыруға сүйеніп, басқа осы шақтың қиялы деп
атағанымызды сақадай сай дайындыққа әкеледі; уақыттағы
осы орын алмастыру да келешектің өзегі ретінде қабылданған

өзге субъективтілікке көшу болып табылады. Бұл қажеттілік
тарихшының ерекше жағдайына тәуелді болады; өткен шақтың
осы шаққа қатысты өтіп кеткендігі деген мәндегі тұрпайы
мағынасында ғана емес, сонымен қатар бұрын өмір сүрген

адамдар өзімен бірге адамзаттың бір бөлігі болып табылады де­
ген мағынада да тарихшы тарихтың құрамдас бөлігін құрайды.
Осылайша, тарих адамдар өзінің тек бір адамзатқа тиесілігін
«қайта өндіретін» тәсілдердің бірі болып табылады; ол сананың

коммуникациясын, методологияның көмегімен іздерге және
құжаттарға жіктелетін саланы білдіреді, яғни жаппай интер­

субъектілі бөліктерге ыдыраған саланы емес, әрқашан ашық
және үнемі пікірталас жүретін саланы, «басқасы» сұрақтарға
жауап беретін айшықты сұхбат саласын біолдіреді.
Бұл жерде біз тарихтың шынайылығы – объективтілігі тек

тарихшының субъективтілігін ғана емес, тарихтың субъектив­
тілігін де ашылуға оятатын басқа бір қырға тап келеміз.
Бұл жаңа қадамды жасамай тұрып кейбір түйіндерді қорыту
үшін, аз-кем шегініс жасайық.

Жаңа ғана келтірілген пікірлер тарихи объективтілікті
талдаудағы біздің бастапқы қадамдарымызды теріске шығара
алар ма екен? Тарихшы субъективтілігінің талдауға баса көктеп
кіруі, кейде біреулердің есептегеніндей, объектіге сіңіп ке­

туді білдіре ме? Мүлдем олай емес: біз тек тарихшы кәсібінің
арқасында жарыққа шығатын объективтіліктің түрін ғана,
объективтіліктің басқа да түрлерімен қатар өмір сүретін тарихи
объективтіліктің түрін ғана нақтылай түстік; қысқаша айтқанда,

тарихи субъективтіліктің түзеушісі ретіндегі тарихи объектив­
тілікті конструкциялауға жақындадық.
Міне, сондықтан ойынға кіріскен субъективтілік қандай да
бір басқа субъективтілік емес, тек тарихшының субъективтілігі

болып табылады: мәнділік туралы пікір – себептілік кестелерінің
жиынтығы – басқаға, қиялдағыға, осы шаққа көшіру – өзге
адамдарға деген, өзге құндылықтарға деген симпатия және,
түптеп келгенде, бұрын өмір сүрген «басқамен» кездесуге де­

ген қабілет – осының барлығы тарихшының субъективтілігін,
мысалы, физиктің субъективтілігімен салыстырғанда, өзара
әрекетке анағұрлым қабілетті етеді. Алайда, дегенмен, бұл
субъективтілік тұрақсыз субъективтілік болып табылмайды.

Тарих пен тарихшы бір-біріне релятивті деп айтқан кез­
де, бұл сөздер ештеңені де білдірмейді. Тарихшы деген кім
ол? Қабылдаудың объекті Гуссерль орто-эстетикалық дене
деп аталатынға, яғни кәдуілгі сенсорикаға релятивті емес пе;

ғылыми объект қашанда өзіне бағытталған зердеге релятивті;
оның үстіне бұл релятивтілік қандай да бір релятивизммен, өмір

сүруге құштарлық, билікке деген ерік немесе «мен не білемін»
деп сұраумен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Тарихшының
субъективтілігі, ғалымның кез келген субъективтілігі сияқты,
жақсы субъективтіліктің жаман субъективтілікті жеңгенін біл­

діреді.
Реймон Аронның жоғарыда аталған кітабында шыңына
жеткен философиялық сынның жасаған орасан зор еңбегінен
кейін, мынадай сұрақ беру керек болар: жақсы және жа­

ман субъективтілік нені білдіреді? Сыни мектептің көптеген
идеяларын бөлісетін Анри Маррудың есептеуінше, жоғары
деңгейде – Марк Блок пен Льюсен Феврдің айтатын «кеңістікке
де, тұңғиыққа да бір мезетте жүретін тарих» деңгейінде –

жалқы болғанымен, жалған болмайтын құндылықтар орнала­
сады, олардың мәнін позитивизм былай айқындайды: (ғылыми
әдіснамадағы) прогресс қақтығыстар жолымен емес, игеру
жолымен іске асырылады: біз олардың мәніне бармай тұрып-

ақ позитивистік тәсілдің аксиомаларының мағынасына дау ай­
тамыз; олар мағынаны өз деңгейінде сақтайды, пікірталастар
шамалы арырақ, бір қадамдай алда жүргізіледі: біз спиральдің
басқа орамына көтерілдік»2. Позитивизм құжаттарды сы­

нау деңгейінде қалады; оның үстіне оның физикалық үлгісі
жұтаң және физиктердің физикасына тек жанама қатынасқа
ие. Алайда біз енді көз алдымызда көлбеңдеген мәліметтерді
көрмейтін

жерде,
жалғандығын
физиктер
мойындаған

айғаққа табынушылықтың арғы жағында, позитивизм бізге
маңыздылық туралы пікірдің де, теорияның да, қиялдың да,
әсіресе симпатияның да тарихқа ақылдан айрылған субъектив­
тілікті немқұрайлы ұсынбайтынын еске салады; бұл убъектив­

тілік бейімділіктер тарихи объективтіліктің өзінің қасиеттері
болып табылады.
Тарих өз бойында тарихшы субъективтілігінің іздерін алып
жүреді дегенді біз көп мәрте қайталағаннан кейін, тарихшы

кәсібінің тарихшының субъективтілігін өсіріп шығаратынын
атап өту керек. Тарихшы тарихты қалай қалыптастырса, тарих та

тарихшыны солай қалыптастырады. Немесе, дәлірек айтқанда,
тарихшының кәсібі тарихты да, тарихшыны да қалыптастырады.
Бұрындары зердені сезім мен қиялға қарсы қоятын, бірақ бүгін
біз оларды айқын түрде рационалдыққа енгіземіз; өз кезе­

гінде, тарихшының жақтайтын рационалдылығы сезім мен
қиялдың дәл ортасымен мен зерттеуші «мен» және құмарлыққа
бой алдырған «мен», яғни кекшілдікке, жек көрушілікке,
айыптаушылыққа қабілетті «мен деп атағандарға жіктелетін

өзектің болуына әкеледі. Марк Блоктың не айтатынына тағы
да құлақ түрелік: «түсіну айыптауды білдірмейді». Sіra іra nec
studіo деген көне мақал документализмді (құжатбастылықты,

– Б.С.) сынаушының аузымен айтылғанда ғана әділетті емес; ең

жоғарғы түйіндер деңгейінің өзінде де оның мәні ұштала түседі.
Құмарлыққа бой ұрған «меннің» мүлдем айқай-шу көтермейтін
адам емес екендігі туралы пікірді де естен шығармау да керек;
мүмкін, сынқұмардың «апатиясы» оның жолында кездесетін

танымал және аз танымал құндылықтарды кемсітуі ықтимал;
мұндай интеллектуалдық ызақорлық, саяси құмарпаздықтың
қазіргі саяси күрестен тайқып, өткен шаққа бет бұрғаны тәрізді,
құмарлыққа бой алдырған «менге» тән.

Демек, έποχή күнделікті субъективті жігерсіз, соның
арқасында тарих өзінің жағымды атына ие болатын зерттеушілік
құмарлыққа бой алдырған «мен» туылмай, тарих та болмайды.
Өйткені ίοτορία бұл «қосалқы күш», бұл «күтпеген нәрсенің

артынан ілесу», бұл онда жаман субъективтілік игерілетін
«бөтенге деген ашықтық».
Осымен біз ой толғаудың бірінші кезеңін аяқтаймыз:
бастапқыда объективтілік біздің көз алдымызда тарихтың

ғылыми интенциясы ретінде туындайды; кейін ол тарихшының
жаман және жақсы субъективтілігінің арасындағы жік тура­
лы айтады; объективтіліктің анықтамасы «логикалықтан»
«этикалыққа» айналады.

Тарих және философиялық субъективтілік
Бірақ тарихтағы субъективтілік туралы ой толғау тарих­
шының субъективтілігі туралы және тарихшының өз ішіндегі
зерттеушілік пафосқа ие субъективтілік пен құштарлыққа бой

алдырған субъективтілікті бөліп алу туралы мәселелермен
сарқылып қояр ма екен?
Біздің бастапқы нүктеміз бен тарихта өмір сүретін көптеген
«мүдделерді еске түсірейік: біз әлі де болса тарихтан ол тарих­

ты жасайтын тарихшының субъективтілігінен айрықша, басқа
субъективтіліктің пайда болуына, тарихтың, тарихтың өзінің
субъективтілігі болатындай субъективтіліктің пайда болуына
әкеледі деп күтеміз.

Алайда мұндай субъективтілік, шамасы, тарихшының
кәсібіне емес, біз бәріміз солай болып табылатын тарихтың
әуесқойларының – оқырманның жұмысына жатқызылатын
тәрізді; философтың біздің ортамызда орналасуы әбден мүмкін.

Тарихшының тарихы жазылады немесе оқытылады және ол
кез келген жазылған шығарма немесе оқытылған пән ретінде
өзінің аяқталған соңын тек оқырманнан, оқулықтан, оқырман
қауымнан табады. Тарихшының жазған тарихын оқырман-

философтың дәл осы «қайта жаңғыртуы» біз енді кіріскелі
отырған мәселені көтереді.
Мен тарихты «таңғажайып нәрселермен танысудан ләззат»
беретін бос уақыттағы оқу ретіндегі, қысқаша айтқанда, экзоти­

ка ретіндегі пайдалануды назарға алмай, ысырып қоямын; қалай
болғанда да өзіміздің «меннен» осылайша алып тастаудың та­
рихи санаға тән екеніне біз көзімізді жеткіздік және өзінің осы
сапасында ол тарихты философиялық пайдаланудың қажетті

кезеңі болып табылады: егер де тарих бізді жат елдерге көшіріп
алып бармаса, онда біз қалайша соның арқасында эгоизмнен
арылған, анағұрлым орнықты және, ақырында анағұрлым адам­
гершілікті субъективтілікке ие болар едік? Мен жазмыштың

көзі ретіндегі тарих туралы да аз айтатын боламын: біз айтқалы
отырған сана тарих барысында пайда болған құндылықтардан

алынады және біз осы диалектикалық қолданымға тарихтың
басты мақсатын теңгермесек те, ол, қалай болғанда да біздің
білімімізге қызмет етеді. Егер біз тарихты қажетті түрде
қабылдасақ, ол бізді өзіміздің пиғылымыздың арғы жағына

қарай тәрбиелейді.
Бұл жерде мен, демек, философқа тән болатындай, тарихшы­
лардың тарихқа деген көзқарасын қарастырып отырмын: фи­
лософ өз бойында тарихшының жұмысын өзінше аяқтайды;

мұның өзіндігі философтың өз санасын тарихты санаға
сіңірумен сәйкес келтіруімен сипатталады.
Мұндай рефлексияның барлық философиялық тұжырым­
дамаларға тән емес екенін мен жасырмаймын; дегенмен де мен

олардың, сөздің кең мағынасында рефлексивті деп атауға бола­
тын және оларға Сократтың, Декарттың, Канттың, Гуссерльдің
қатысы болған философиялық тұжырымдамалардың тұтас тобы
үшін үлкен мәні бар деп сенемін. Барлық бұл тұжырымдамалар

шынайы субъективтілікті, сананың шынайы әрекетін іздестіру­
мен айналысқан. Біз ұшы-қиырсыз жаңалық ашумен айналы­
суымыз керек, сондықтан «меннен» «Менге»3 әкелетін жол

– біз дәл осыны сана деп отырмыз – тарихты туралы қандай

да бір ой қозғау арқылы өтеді, сондай-ақ бұл рефлесияның та­
рих арқылы өтетін айналмалы епті қозғалысы тарихшының
жұмысы оқырманның санасында өзінің нәтижесін алуы үшін
философтың қолданатын тәсілі болып табылады.

Тарихшылардың тарихты осылайша аяқтауы философиялық
актте екі бағытта жүзеге асуы мүмкін: тарихтағы байланысты
мәнді зерттеумен айналысатын философия логикасының са­
лып берген жолымен; қашанда философтармен және жекеле­

ген философиялық ұстанымдармен арнайы және тек солармен
«сұхбаттасу» жолымен жүзеге асуы мүмкін.

1. Тарих – мағынаның «келуі»

Конттың, Гегельдің, Брюнсвиктің, Гуссерльдің (өмірінің
ақырында), Эрик Вейльдің төсеген бірінші жолымен жүріп

көрелік; сана мен тарихты түсіндірудегі олардың арасындағы
едәуір айырмашылықтарға қарамастан, барлық бұл ойшыл­
дарды ортақ бір сенім біріктіреді: «меннің» өзін өзі іздей­
тін айқындық жолы сананың тарихы арқылы өтеді. Өзіндік

танымның «қысқа» жолы мен сана тарихының «ұзақ» жолы
бір біріне сәйкес келеді. Мен өзімнің жеке субъективтілігім­
нен тысқа шығуым үшін және өз өзімде өзімді сезінуім үшін
және өз өзімнен тыс – адам, Menschseіn ретінде сезінуім үшін

маған тарихты білу қажет. Мен бәрінен бұрын жақсы біл­
ген Гуссерльдің мысалы, бұл тұрғыдан алғанда, мейлінше
жарқын: өзінің мәні жағынан субъективті ойшыл оқиғаларды
тарихи түсіндірудің жақтаушысы болды: Фрейбургтан шыққан

профессордың рефлексивті философияның ұлы дәстүріне бой
ұрып, соның көмегімен батыстық өркениеттің мағынасын
ұғынуға
ұмтылуына

ұлтшылдықтың
сократтық
және
трансценденталдық философияны айыптауының өзі жеткілікті

болды.
Міне нағыз ұлы сөз: мағына. Тарихқа сүйене отырып, мен
«нақты» сананың тарихының мағынасын ақтауға тырысамын.
Осы ұмтылыстың жолында тұрған қиындықтарға қарсы

асықпай-ақ қояйық. Ең алдымен, мұндай жойқын жүрістен
философтың не күтетінін және іс жүзінде оның не істеуді
ұйғаратынын түсінуге тырысайық.
Философ өзіндік танымның «қысқа» жолы мен тари­

хи танымның «ұзақ» жолының анық сәйкес келуі оны ақтап
алатынын күтеді. Философтың қауіп-қатер астында болып,
шарасыздық жағдайында болуы – басқаша айтқанда, төменшікті
жағдайда болғандықтан – көбіне оған тарихқа жүгіну тән болып

келеді; өз өзіне күмәндана отырып, тарихтың мағынасын тани
отырып және өз санасының шыңына көтеріле отырып, ол өзінің
мағынасына ие болуды қалайды. Осылайша, біздің көз алды­
мызда тарихты өзі жазатын философ тарихтан трансценден­

талды ниеттің тарихын, Cogіto тарихын жасайды. Дәл осындай
өзін өзі ақтауды философ сананың осындай тарихынан күтеді.

Енді мұндай үміттің алдын ала нені ұйғаратынын атап
өтейік: ол менің санамның мағынасы мен тпарихтың өзінің
мағынасының сай келуі мүмкін деп ұйғарады; философ
тарихтың белгілі бір дәрежедегі телеологиясына үміт артады.

Басқаша айтқанда, оқиғалардың ағыны ретіндегі тарих, осы
қарқынды ағыстың арасынан адам өте алатындай, адамның ке­
луі орнықты болатындай болуы керек.
Бұл ұйғарымның екіжақты екендігі күмәнсіз: егер зерде

туралы айтар болсақ, онда философ зерде тарихты алға итер­
мелейді деп деп пайымдайды, өйткені ол талаптар, міндеттер
қажеттіліктер, реттеуші идея қатарына жатады, ал міндеттер тек
тарихта ғана жүзеге асады; егер тарих туралы айтар болсақ, онда

философ тарих өзінің адами сипаттамасына құндылықтардың
пайда болуы мен өсуі арқылы ие болады деп ұйғарады, ал
оларды философ сананың дамуы ретінде іздестіруге және
ұғынуға қабілетті. Философтың екіжақты жағдайы осындай:

бұл философтың, бір жағынан сананың тарихилығына, екін­
ші жағынан тарихтың мәніне артатын екіжақты үміті. Грекия
мен Батыс елдеріндегі философияның пайда болуы мен да­
муы ол үшін осы екіжақты үміттің бекер болмағанының кепілі

мен дәлелі болып табылады. Философия тарихы біздің көз ал­
дымызда зерденің тарихилығы мен тарихтың мағынасының
қосындысы түрінде көрінеді.
Міне осыны, философ – ең болмағанда сократтық,

трансценденталдық, рефлексивті философ – тарихтан күтеді
және өзінің үмітіне иек артады. Мен кәсібитарихшының мұндай
қорытындыны қалай сенімсіздікпен қабылдайтынын болжай
аламын; оның сақтығы бізге тарихқа деген философиялық бет

бұрыстың мағынасы мен шекарасын айқындауға септігін тигі­
зуі тиіс.
Ең алдымен, кәсіби философ тарихты философия тарихы­
мен және, онан кеңірек, сананың тарихымен, ал ақыры аяғында

қандай да бір «келумен» теңгеруге үзілді-кесілді қарсы бола­
ды. Оның тарихтың мағынасы, тарихтың телеологиясы өзіне

толығымен жат, олар «кәсіби тарихшының» біліктілігіне жат­
пайды және қандай да бір мағынаның болуы «тарихтың аполо­
гиясы» үшін қажет емес деп айтары сөзсіз. Өзінің үміт артқан
тарихтың кеңейтілуі мен тереңдетілуін тарихшы рационалдық

мәнге сүйеніп емес, географиялық, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени және соған ұқсас факторлардың арасындағы бай да
күрделі байланыстарға сүйеніп іздейді... Оның айтуынша,
адамзат өзінің айғақты нақтылығында өзін шексіз әр алуан етіп

көрсетеді, сондықтан ол заңды негізде біртектілендіріле ал­
майды. Тұтастай алғанда тарихшы философияға және бәрінен
бұрын тарих философиясына сенімсіздікпен қарайды. Ол та­
рих философиясы жүйелеудің көмегімен тарихты көміп тастай­

ды, оны hіstorіa ретінде өлтіріп тастайды деп қауіптенеді. Ол
өзінің жеке тарихшылық субъективтілігінің арқасында объек­
тивтілікті философ мұның екеуіне де сіңіп кетуді жөн көретін
философиялық субъективтілікке қарсы қояды.

Тарихшының қарсылығы мен табандылығын ақтауға болады,
ал біз дегенмен сана тарихының шынайы мағынасын аңғарамыз.
Философтың бұл туралы тарихшыдан сұрауының керегі жоқ
еді; бірақ ол егер сұраса, онда жағымсыз жауап алуының да

жөні бар. Өйткені сананың тарихы философтың, философия
тарихшысының біліктілігіне тиесілі, тіпті философияның тари­
хы философтың ісі болып табылады.
Неге? Өйткені бұл тарихты екінші деңгейдегі операцияның

көмегімен, «санаға сіңірудің» көмегімен дәл осы философ
құрастырады. Философ тарихтың алдына (тарихшылардың
тарихының алдына), біз жаңа ғана «тарихшының таңдауы» ту­
ралы айтқандағымыздай мағынада «философтың таңдауынан»

хабар беретін белгілі бір сұрақты қояды. Бұл мәселелер ада­
ми қарым қатынасқа тән өмір мен уақытта тіршілік етудің,
әрекеттің, танымның құндылықтарының пайда болукына
қатысты. Осындай оқылымға тәуекел еткен философ өзінің

жобасын атқара отырып, оған адал болып қалады. Және ол
да шектеулі субъективтілікке ие болғандықтан және тарихтың

осы мағынасына, әлі оны іздеу керек деген (іздемеген адам
ештеңені де таппайды) сеніммен келгендіктен, философ тарих­
тан өзінің күткен мағынасын іздеп табады; бұл тұйық шеңбер
емес пе деген сұрақ туындайды. Мүлдем олай емес, бұл мағына

алдын ала сезіну деңгейінде қалады, өйткені бұл алдын ала
сезімді шынайы әрі айқын түсінуге дейін жеткізуге тарих еш
көмек қолын созбайды. Сананың әр алуан тарихтарын – Огюст
Конттың «Жағымды философия курсын», Гегельдің «Рух фе­

номенологиясын», Брюнсвиктің «Батыстық философиядағы
сананың прогресін», Гуссерльдің «Еуропалық ғылымдар
дағдарысын», Эрик Вейльдің «Философия логикасын» шексіз
сынай беруге болады; бірақ оларды сынға ұшыратудың жалғыз

тәсілі, олардың тарихынан жақсырақ сананың басқа тарихын,
яғни сонымен бір мезетте анағұрлым кең және анағұрлым бай­
ланысты тарихты ұсынумен сипатталады немесе ол туралы
әңгімен кейінірек қозғалатын басқа нәрсені жасау керек. Бірақ

бір кездері, бұл тарихтың екінші деңгейдегі құрылым екендігін,
тарихшылардың тарихы емес, философиялық жауапкершіліктің
акті екендігін, абсолюттік нақтылық емес, өз өзіндегі та­
рих емес екендігін ұғынғаннан кейін, біз дегенмен де мұндай

шараға қарсы кәсіби тарихшының қандай наразылық қоя ала­
тынын біле алмаймыз. Эрик Вейльдің сөзін қолдана отырып,
мен тарихшылардың тарихы өмірге адами «ұстанымдарды»
шақырады деп айтар едім; философ өзінің «пайымдау» жөніндегі

арнайы әрекетінің арқасында «ұстанымды» «категория» шеніне
дейін көтереді және «байланысты дискурста» категориялардың
байланысты тәртібін іздейді; бірақ ол кезде рухтың бұл тарихы
тарихшылардың тарихы болудан қалып, «философияның логи­

касына» айналады.
Маған мұндай ұстаным тарихшы үшін ақылға қонбайтын
философтардың мағынаның келуі ретіндегі философтардың та­
рихты түсіндіруін тұншықтырып тастайтындай көрінеді.

«Пайымдаудың» арнайы жолымен осындай мағына туын­
дайтын болса, оқиға мен келудің арасында алшақтық сақталады.

Тарихшылардың тарихы мағынаны жұтып қоятын бұл тарихқа
сіңіріліп кетпейді. Ол, керісінше, қашанда философтардың
ұстанымдарын даярлаудың кең негізі ретінде ұйғарылды. Оның
үстіне, тарихшылардың тарихы, оның философия тарихына

нәр беріп тұрғанына қанағаттанбастан, бұл бастамаға қауіп
төндіріп тұрған қатерді үнемі ескертіп тұратындай болып көзге
түседі: ол философ-рационалистке оның қаперге алмағанының,
маңыздылығы туралы, өзінің философ-рационалистік таңдауын

желеу етіп, тақырыпқа айналдырудан бас тартқанының
маңыздылығы туралы ескертіп отырады; тарихшының тарихы
қандай мәнсіз нәрседен өзінің ресурстарын алатыны туралы
философқа ескертеді. Бірақ философты тарихтың көрсететін

ақымақтығы, адасушылығы, кесапаттығы тосылдырмайды,
өйткені оның тарихының жаңалық емесін ол біледі: тарихты,
ол зерденің қойған міндетінен туындағандықтан игереді.
Алайда алға жылжу керек: сананың тарихы тек бір

мағынасыздықтан ғана (ең болмағанда, философиялық тұрғыда
солай болып табылатын) бас тартып қоймайды; ол жүйелеуге
көнбейтін барлық индивидуалдылықтан, жалқылықтан бас тарта­
ды. Бірақ әрбір жекелеген философияның ештеңеге ұқсамайтын

өзіндік сипаты тарихтың соншалықты маңызды сипаты, ал оның
рационалдылығы тарихтың жиынтықты қозғалысы бола ала ма?

2. Тарих – интерсубъективтілік саласы

Сонымен, біз тарихты басқаша, философиялық оқуға таяп
келдік: тарихпен айналысатын философ ауқым мен жүйені
іздеудің орнына тылсымдық пен өзіндікті іздейді; ол өзінің на­
зарын жеке философияға аударуы және онда өткеннің ықпалы

мен жекелеген дәуірдің бүкіл проблематикасы қалайша бір
тұтастыққа байланысатындығын ұғынуға тырысуы мүмкін:
бұл философияны тарихтың қозғалысына енгізудің орнына, ол
осы философияның өткенін өзіне ықпал еткен және өз бойы­

на сіңірген ынта ретінде қарастырады; қысқаша айтқанда, та­
рих үдемелі дамудың артынан ілесудің орнына, тұлғалар мен

шығармаларды құрай отырып, тораптарға байланады; тарихпен
айналысушы философ басмқа философтың қоя білген сұрағына

– ойшылдың өзінің болмысына сәйкес келетін, жанды жерін

қозғайтын сұраққа жауап беруге тырысады; бір автормен не­
месе авторлардың азғантай тобымен осы ұзаққа созылған
таныстық біртіндеп тарылады және ақырында достардың ара­
сында ғана болатын таныстыққа айналады. Бұл қатынастың

тереңдігі оған қарым-қатынастың аталған тәсілін барлық
философтарға, барлық ойшылдарға, барлық адамдарға, барлық
қауымдастықтарға қолдануға мүмкіндік бермейді.
Философияның тарихты жасауға деген бұл қабілеті енді

бұрынғыдай кәсіби тарихшыны шошытпайды. Осылайша,
адамзаттың ішіндегі өзінің жағдайы туралы толғанатын та­
рихшы, ақырында өзінің зерттеп отырған тарихын бір бірімен
қатынаста болатын саналардың тұтастай аясына енгізілген

күйінде қабылдайтын болады; тарихшының осы тұтас интер­
субъектілік кеіңістіктен бөліп алатын саласы әдіснамалық
тұрғыда бір ғана шартпен – іздерді танумен, басқаша айтқанда,
құжаттың басым рөлімен анықталады. Міне сондықтан та­

рих шеңберіндегі кездесу ешқашанда сұхбат бола алмайды,
өйткені сұхбаттың ең маңызды шарты – бұл қойылған сұраққа
басқаның жауап беруі: тарих – бұл өзаралық болмайтын қарым
қатынастың саласы. Шектеудің осындай жағдайында тарих

біржақты достықтың, мысалы жауапсыз махаббат сияқты сала
болып қалады.
Ұлы философтардың жүзеге асырған таңдауы тарихшы­
ны шошытатын ерекше тақырып бола ала ма? Философия

тарихшысы тарихтың бірнеше ғұлама философтардың ілім­
дерінде өзінің шыңына жеткеніне қарсылығы жоқ; ол тарих­
шымен салыстырғанда басқа таңдау жасайды – адамдар мен
шығармалар, өз ерекшеліктеріне сәйкес қорытуға, айқын

типологияға (реализм, эмпиризм, рационализм және т.с.с.)
көнбейтіндіктен, тек солардың пайдасына қарай таңдау жа­
сайды; мұндай оқылымды таңдауда экономикалық, әлеуметтік,

саяси факторлар шығармашыл ойшылдар мен ерекше шығармалардың пайда болуына әсер ететін тек ықпалдар, аху­ алдар, қолайлы жағдайлар ретінде алынады. Мұндай жасампаз және осындай шығарма бұл жағдайда барлық бастан кешкен әсерлер мен барлық ықпалдардың қайталанбас тасымалдаушы­ ларына, шоғырына және гравитациялық орталықтарына ай­ налады. Тарих болса, әрқайсысы жаңа кездесулер мен өзіндік құрбандықтарды талап ететін үздіксіз туындылардың тізбегі ретінде ұғынылады. Мен тарихты философтардың оқуының бір бірімен қатар жатқан екі тәсілін ұсындым. Тарихшылардың тарихының ерек­ шелігі сонда, оны тарихтың субъективтік қырын ашудың әртүрлі екі тәсілі болып табылатын, әртүрлі екі дағдыны қолданатын философия да «қажет ететіндей» бола алады. Дәлірек айтқанда, біріншіден, мағынасы логикалық сәттерден құралатын үздіксіз тізбекті білдіріп, қозғалыста болатын ерекше адами сана ретінде; және, екіншіден, әрбір буын өзінің мәніне ие болатын көптеген туындылар (пайда болулар) ретінде, олардың үздіксіз тізбегі ретінде көрінеді. Гегельдің тарихты рухтың өзіне қайта оралуы ретінде қызығы да қызғана түсіндіретін ең үлгілі ізбасарының өзі Декарт, Юм немесе Кант сияқты ойшылдардың тууы тұтас дискурстың тізбегіне енетін жеке дискурстың арқасында зерденің келуіне ұқсамайтын оқиғаға айналғанына кедергі кел­ тіре алмады. Тарихты философиялық оқудың осындай қосарлы мүмкіндігі кәсіби тарихшы үшін үлгі бола алады, өйткені кез келген тарихтың бойында жасырын жатқан және санада немесе саналарда жалпы тарихты игерудің нәтижесінде ғана жарыққа шығатын парадоксты айқындайды. Бұл жасырын парадокс мынадай: тарих – жалқы есім, өйткені біз адамзаттық мағына адамзаттың біртұтас тарихын біріктіреді және зердеге түсінікті етеді деп үміттенеміз; тарихқа іштей тән осы сәтті сананың та­ рихын жазатын философ-рационалист айқындауға тырысты; бірақ біз былай да айтамыз: тарихты өткеннің адамдары туралы

білім ретінде анықтай отырып, адамдар – жалпы есім түрінде
көрінеді, өйткені біз тұлғалар адамзаттың көптеген ошақтары
ретінде пайда деп сенеміз; соның барысында ғарыш ойлаумен
қатар өмір сүрудің қайталанбас орталығының төңірегіне топ­

тасатын ерекше әрекетке өзін арнай отырып, дәл осы пайымды
экзистенциалды философ айтып береді.
Біз сияқты басқа бейімдегі адамдар үшін, тарих үздікті
және үздіксіз болып көрінеді – қозғалыста болатын ерекше

мағынаға ие болғандықтан үздіксіз, тұлғалардың шоғырын
білдір­­­ген­­діктен үздікті деп ұйғарамыз. Мұнан шығатыны

– тарихты философиялық пайымдау барысында оның әлеуетті

рационалдығы мен тарихилығы ыдырауға түседі деген түйін.
Мұндай қосарлану біздің құрылымы тарихты философиялық
пайымдау барысында антиномиялық болып көрінетін уақыт
туралы түсінігімізге ғана емес, ақиқат туралы біздің пікіріміз­

ге де әсерін тигізеді. Тарихи уақыттың антиномиясы егер
мағына тек бір қырында ғана орналасқан жағдайдағы мағына
мен мағынасыздықтың антиномиясы емес, тарихтың өзінің
мағынасының антиномиясы болып табылады. Мағынаның

ұғымы осы дамумен, осы байланыстылықпен сарқылып
қалмайды; оқиға сияқты тарихтың желілік сәттері мүлдем
иррационалдылықтың ошағын білдірмейді, ұйымдастырушы
орталықтарды және, демек, мағынаның орталықтарын біл­

діреді. Бірінші оқылымға қарама қарсы П.Тевеназдың ізінше
былай деп айтуға болады: «тарихи дамудың ұйымдастыру­­­шы
орталығы ретіндегі өз бойында сананы анағұрлым білдіретін
оқиға нағыз шынайы оқиға болып табылады. Өзін жариялаудағы

оның байқататын күші өз ықпалын таратудан, оған мағына
бере отырып, бізге тарихтың қозғаушы сәті ретінде көрінуінен
аңғарылады. Шындығында, әңгіме тарихтың шынайылығын
құрайтын, оның рационалдылығын негіздеп, оған мән беретін

оқиғалар туралы болып отыр. Тарихтың мағынасы оқиғалар­­­­дан
тыс жатпайды және егер тарих мағынаға ие болса, онда ол бір
немесе бірнеше негізгі оқиғалардың (әрине, тарихилықты

пайымдауда бір бірінің үстіне қабаттасатын) оған мағына беруінің арқасында жүзеге асады, өйткені оқиғаның өзі соны­ мен бір мезетте мағынаның өзі болып табылады» («Evenement et hіstorіrcіte». Іn: «L’Homme et l’Hіstoіre». P. 223-224). Демек, тарихты мағынаның экстенсивті дамуы ретінде және көптеген ұйымдастырушы ошақтардан мағынаның сәуле шашуы ретінде түсіндіруге болады, оның үстіне тарихқа бойлаған бірде бір адам осы сәуле шашушы мағына арқылы жалпыға ортақ мағынаны айтып бере алмайды. Кез келген «әңгімелеу» мағынаның осы екі қырына қатысады: композицияның бірлігі бола отырып, оқиғаларды біріктіретін жалпы тәртіпте қатысады; драмалық әңгіме бола отырып, ол бір тораптан екіншісіне көшіп отырады, бір қырдан екіншісіне секіреді. Тарихи уақыттың антиномиясы түптеп келгенде, егер адамдардың өздерінің тарихын ескерер болсақ, біздің негізгі екі «көңіл-күйіміздің» арасындағы тербелісіміздің құпия серіп­ песі болып табылады: тарихты түсіндіру сананың оянуы оп­ тимистік жағдайда аяқталған кездегімен бір мезетте, сананың ошақтарынан келетін сәуле ретіндегі тарихтың ұғынылуы қашанда басталған нәрсені жалғастыруға қабілетті болатын және сонымен бірге кері шегінуге бейім тұратын қайшылықты жан ретіндегі адамның трагедиялық көзқарасына әкелетін тәрізді. Мүмкін, тарихты субъективтілікті философиялық пай­ ым­­даудың тарихы ретінде түсіну іште бой тасалаған ыдыраңқылықтың өзін көрсетуге мүмкіндік берсе, кез келген тарихтың мақсаты осындай қосарлы оқылымға және фун­ даменталды тербеліске дайындық болып табылатын шығар. Қалай дегенде де бұл ыдыраңқылық – тарих туралы рефлексия деңгейінде – тарихтың оқиғалық және құрылымдық оқылымы арасында, өз заманында өмір сүрген кейіпкерлер мен ақырын эволюция факторларының, яғни географиялық ортаның тұрақты құбылыстарының арасында тербеліп тұратын тарихшының адасушылығын ретроспективті түрде сәулелендіреді және түсіндіреді; тарихшы бірнеше нәрселермен бір мезетте айналы­

суы керек, өйткені ол субъективтіліктің екі тарихының болуына
қарамастан жұмыс істейді; ол субъективтіліктің тарихын емес,
өздерінің өмірқамының барлық қырларында – экономикалық,
әлеуметтік, саяси, мәдени қырларында – адамдардың тарихын

жазады. Философиялық алшақтықтар философтың таңдауына
қатысты постериорлы. Бірақ мұндай алшақтықтың қажеттілігін
тарихшының әдіснамалық қиыншылықтарының өз негіздері
болатыны және, өзінің принципиалдылығына қарамастан, ол

бірдей мөлшерде оқиғалық тарихпен де, құрылымдық тарих­
пен де айналысуы керектігімен түсіндіріледі.
Өз жұмысына философиялық тұрғыдан келетін тарихшының
алатын артықшылығы бір бұл ғана емес; ол өз еңбегінің жолай

көптеген қайшылықтарға кездесетінін ғана емес, өз ниетінің
мәнін де өткен шақпен түсіндіріп береді. Шындығында,
философиялық акт адамды сана ретінде, субъективтілік ретін­
де тудырады; дәл осы акт тарихшыға үндеу тастайды және,

мүмкін, оның оянуына көмектеседі. Ол тарихшының әрекетінің
ақталуы өзінің өркениет жағдайында ашқан және даярлаған
құндылықтары мен адам екендігін тарихшының есіне түсіреді.
Тарихшы адамдар мен адамзаттық құндылықтар жоқ және тек

құрылымдар, күштер, институттар ғана бар, жалған түсінілген
объективтіліктің сиқырына беріле отырып, өзінің басты
мақсатын ұмытқан кезде бұл ескерту құлақты жаңғыртып
естіледі. Осылайша, философиялық акт іn extremіs, шынайы

объективтілік пен жалған объективтіліктің арасын немесе,
дәлірек айтқанда, объективтілік пен адамның объективтілікті
ұмытуының арасын ажыратуға әкеледі.
Тарихшының кәсібі, көріп отырғанымыздай, тарихшының

жақсы және жаман субъективтілігін ажырату үшін жеткілікті, ал
философиялық рефлексияның жауапкершілігі тарихтың жақсы
және жаман шынайылығын – объективтілігін айыруға қызмет
ететін тәрізді; өйткені, дәл осы рефлексия бізді үнемі тарихтың

объекті – дегеніміз адами субъекттің өзі деп сендіреді емес пе?

Түсініктемелер 1 Таяуда Геродотпен салыстырғанда, Фукидидтің Анакса­ гор, Левкипп және Демокрит сияқта қатаң себептілік идеясы­ мен ауырғаны анықталды; Фукидид Сократқа дейінгі физиктер тәрізді қозғалыс принципін тауып алуға тырысты, бірақ физик­ тер оны табиғи заттардан іздесе, бұл адамзаттық қоғамдардан іздеді. 2 “De la logіque a l’ethіque en hіstoіre”. Іn Revue de Metaphysіque et de Morale. 1949, N 3-4, p. 257. – Бұл жерде мен мына кітаппен толық келісімімді білдіремін: H. – І. Marrou. “De la connaіssance hіstorіque”. Ed. Du Seuіl, 1954. 3Менге және Бізге. Бірақ бұл екеуі бір нәрсені білдіреді, өйткені әңгіме жекеше және көпше түрдегі жіктеу туралы бо­ лып отыр. Рикер П. История и истина. – СПб.: Алетейя, 2002. – С. 31-57.

Фрэнсис ФУКУЯМА* ТАРИХТЫҢ АЯҚТАЛҒАНЫ МА? Соңғы онжылдықта немесе соның төңірегінде болып жатқан уақиғаларды көре отырып, бүкіл әлемдік тарихта әлде бір іргелі нәрсе болып жатыр ма деген түйсіктерден арылу қиын. Өткен жылы қырғи қабақ соғыстың аяқталғандығы және «бейбітшіліктің» орнай бастағанын жариялаған мақалалар пайда болды. Бұл мәліметтердің көпшілігінде, негізінен маңыздыны кездейсоқтықтан ажыратып алатын тұжырымдар концепциялар жоқ; олардың барлығы үстірт. Егер кенеттен Горбачев мырза Кремльден қуылған болса, ал жаңа бір аятолла 1000 жылдық патшалықтың орнауын хабарласа, бұл комментаторлар қайтадан қақтығыстар дәуірінің қайта жаңғыруы туралы жаңалықтарын ала жүгірер еді. Алайда, ағымдағы оқиғаларға байланыстылық пен реттілік енгізген процесс іргелі сипатта деген түсінік өсіп келеді. Біздің көзі алдымызда жиырмасыншы ғасырда әлем идеологиялық пароксизм озбырлығына оранды, сол кездерде либерализмге алғаш абсолютизммен, сосын большевизммен және фашизммен, ақырында бізді ядролық соғыс апокалипсисіне итермелейтін қауіп төндірген жаңа марксизммен күресуіне тура келді. Бірақ алғашқыда батыстық либеральды демократияның жеңісіне соншама сенімді болған бұл ғасыр, ақыр соңында неден бас­ таса соған, яғни таяуда болжамдалып жүрген «идеологияның соңына» немесе капитализм мен социализмнің конвергенци­ ясына емес, экономикалық және саяси либерализмнің даусыз жеңісіне қайтыр оралды . Бәрінен бұрын батыстың жеңісі, батыстық идеяның сал­ танатты шеруі күмән тудырмайды. Өйткені, либерализмнің ешқандай өміршең баламасы альтернативасы қалмады. Соңғы онжылдықтарда ірі коммунистік мемлекеттердің интеллек­ туальды ахуалы өзгерді, оларда маңызды реформалар бас­ талды. Бұл феномен жоғарғы саясат шеңберінен шықты, оны кең таралған батыстық тұтынушылық мәдениеттің көптеген түрлерінен байқауға болады: бұлар – қазіргі Қытайды жаулап * Басылым.: Вопросы философии. М.: 1990. №3. С. 134-155. Жапоншадан аударған А.А.Яковлева.

алған шаруашылық базарлар мен түрлі-түсті теледидарлар; өткен жылы Мәскеуде ашылған кооперативті ресторандар мен киім-кешек дүкендері; Токио сөрелеріндегі жапондық әуенге үйлестірілген Бетховен және Прага да Рангун мен Тегеранда да бірдей шабытпен қабылданатын рок-музыка. Мүмкін, біз куә болып отырған нәрсе, бұл жай ғана қырғи қабақ соғыстың соңы немесе кезекті соғыстан кейін­ гі кезең емес, тарихтың тарих ретіндегі соңы, адамзаттың идеологиялық өрлеуінің эволюциясының және басқарудың түпкілікті түрі ретіндегі батыстық либералды демократияның əмбебаптығының аяқталуы шығар? Бірақ бұл болашақта ешқандайда оқиғалар болмайды және «Форин Аффераның» жыл сайынғы халықаралық қатынастарға шолуы қаңырап бос қалады дегенді білдірмейді, өйткені, әзірге либерализм тек идея, сана сферасында ғана жеңіске жетті. Нақты, материалдық әлемдегі жеңістің ауылы әлі де алыста. Алайда түптеп келген­ де, дәл осы идеальды әлем материальды әлемді айқындайды деп санауға байыпты негіз бар. Неліктен бұл солай болғандығын түсіну үшін алдымен тарихта орын алып отырған өзгерістер табиғатымен тығыз байланысты кейбір теориялық сұрақтарды қарастырып алған жөн. І Тарихтың соңы туралы түсініктерді қайталанбайтын түсініктер деп санауға болмайды. Оның ең танымал насихатшы­ сы – К. Маркс. Ол материалды күштердің өзара байланысымен анықталатын тарихи дамудың мақсаттық сипаты бар және бұл даму барлық қайшылықтарды шешетін коммунистік утопияға жетумен аяқталады деп санады. Басталуы, ортасы және соңы бар диалектикалық үрдіс ретіндегі тарихтың бұл тұжырымын концепциясын Маркс өзінің ұлы неміс ізашары Георг Виль­ гельм Фридрих Гегельден қабылдады. Бұл жақсы ма әлде жаман ба, соған қарамастан гегельдік тарихилықтың көптеген жақтары бүгінгі интеллектуальдық қорға енді. Мысалы, адамзат санасы әлеуметтік ұйымдасудың ру-тайпалық, құлиеленушілік, теократтық және соңында демократиялық-эгалитарлық сияқты нақты формаларына сәйкес келетін бірнеше кезеңдерден өтетіндігі сияқты түсініктер. Ге­

гель философтардың ішінде бірінші болып жаңа әлеуметтік ғылым тілінде сөйлей бастады: ол үшін адам – нақты тарихи және әлеуметтік ортаның өнімі. Ал «табиғи құқық» теорети­ ктері үшін адам ана немесе мына «табиғи» атрибуттардың жиынтығы болып табылды. Табиғи ортаны игеру және оны ғылым мен техниканың көмегімен өзгерту бұл – марксшілдік емес, дәл осы гегельдік идея. Тарихи релятивизмі tout court* релятивизміне айналған кейінгі тарихшылардан Гегельдің ере­ кшелігі, ол қоғам мен мемлекеттің саналы формасы түпкілікті орныққан әлде бір абсолютті сәтінде тарих шарықтау шегіне жетеді деп санады. Əттең, жұрт Гегельді қазір Маркстің ізашары деп біледі және оған марксизм арқылы қарайды; оның еңбектерін тікелей оқуға біздің арамыздағылардың тек біразы ғана маңдай терін төкті. Дегенмен, Францияда Гегельді марксшіл-интерпретаторлардан құтқарып, оның идеялары қазіргі заман үшін маңызы бар фи­ лософ ретінде қайта жаңдандыруға талпыныстар жасалуда. Ге­ гельді түсіндіруші француз зерттеушілерінің ішіндегі ірілерінің бірі – керемет орыс эмигранты Александр Кожев екені күмән туғызбайды. Ол 30-шы жылдары париждік Ecole Pratіque des Hautes Edutes*-те бірнеше семинарлар өткізген. Құрама Штат­ тарда онша танымал емес Кожев Еуропа құрлығының интел­ лектуальді өміріне үлкен өзгерістер енгізді. Оның студенттерің арасынан болашақ жарқын тұлғалар – солшыл Жан Поль Сартр және оңшыл Раймон Арон шықты; нақ осы Кожев арқылы соғыстан кейінгі экзистенциализм өзінің көптеген категорияла­ рын Гегельден қабылдады. Кожев 1806 ж. тарихты аяқталуға жақын деп жариялаған «Рух феноменологиясы» кезеңіндегі Гегельді жандандырғысы келді. Өйткені, сол кезде-ақ, Пруссия монархиясының На­ полеоннан жеңілуінен Гегель Француз революциясының мұраттарының жеңісін және бостандық пен теңдік принцип­ терін өмірге енгізген мемлекеттің универсалдануының туындап келе жатқанын көрген болатын. Кожев Гегельдің дұрыстығын * Міне осы, тек (фр.) – тікелей аударма. * Кожевтің танымал жұмысы «Гегель оқуына кіріспе», 30-шы жылдардағы Ecole Pratіgue-дегі дәріс жазбалары. (Kojev A. Іntroductіon a la lecture de Hegel. Parіs, Gallіmard). Ағылшын тілінен аударылған кітап (Kojev A. Іntroductіon to the readіng of Hegel. N.Y.: Basіc Books, 1969).

дәйектейді**. Йендегі шайқас тарихтың соңын білдірді, ол кезде адамзат авангардының (бұл термин марксшілдерге жақсы таныс) көмегімен Француз революциясының принцип­ тері шындыққа айналды. 1806 ж. кейін көптеген жұмыстар – құлдық пен құлсатушылықты жою, жұмысшыларға, әйелдерге, негрлерге, басқа да аз нәсілдерге және т.б. сайлау құқығын беру сияқтылар күтіп тұрса да, либералды-демократиялық мемле­ кет принциптерінің өзі дейін жақсартыла қойған жоқ. Біздің ғасырымыздағы екі дүниежүзілік соғыс және олардың ізін ала орын алған революциялық төңкерістер аталған принциптердің кеңінен таратылуына көмегін тигізді, соның нәтижесінде про­ винция өркениет форпостының деңгейіне дейін көтерілді, ал Еуропа мен Солтүстік Американың соған сай қоғамы либера­ лизм принциптерін орындау үшін өркениет авангардына айнал­ ды. Тарихының соңында пайда болған мемлекет – либералды. Өйткені, заңдар жүйесі арқылы адамның бостандыққа деген ажырамас құқықтарын мойындайды және қорғайды, ол соны­ мен қатар демократиялы, өйткені өз азаматтарының келісімімен орнайды. Өзі «жалпыадамзаттық мемлекет»* деп атаған мемле­ кет Кожевтің ойынша соғыстан кейінгі жылдары Батыс Еуро­ пада елдерінде, осы бір тойынып, босаңсыған, өзіне-өзі көңілі əбден толған, тек өздерін ғана ойлайтын, ең зор және батыл жо­ балары Ортақ нарық** болып табылатын табансыз мемлекет­ терде нақты өмірлік көрінісін тапты. Бірақ ол басқаша да болар ма еді? Себебі қақтығыстарға толы адамзат тарихы «қарамақайшылықтарға» негізделеді ғой: ежелгі адамдардың өзін мойындатуға ұмтылуы, қожайын мен құлдың диалектикасы, табиғатты өзгертіп, оны игеру, жалпыға бірдей құқық үшін күрес және пролетариат пен капиталист арасындағы дихотомия бәрі ** Бұның негізінде Кожевтің көзқарасы Гегельдің түсініктемелерінің өте қатты ерекшеленеді. Мәселен, Марксті ең көп ұнатқан Герберт Маркузе. Ол Гегель философиясын тарихи тұрғыда шектелген және аяқталмаған деп санаған. * Негізінде – «unіversal homogenous state», яғни сөзбе-сөз, - «әмбебап гомогенетикалық мемлекет» (тікелей аударма). ** Соғыстан кейінгі «американдық өмір» салтын Кожев тарихтың ақырының басқа бір нұсқасы деп санады және Кеңестер Одағы да соған бара жатыр деп болжады

осында. Жалпыадамзаттық мемлекетте барлық қайшылықтар шешілген және барлық қажеттіліктер қанағаттандырылған. Күрес болмаса, күрделі қақтығыстар да болмайды, сондықтан генералдар мен мемлекет басшыларының қажеті жоқ; сонда бар қалғаны экономикалық әрекет. Кожев өз өмірінде де өз ілімін басшылыққа алғанын айтып өткен жөн. Философтар үшін ешқандай жұмыс қалған жоқ, өйткені, (дұрыс түсінілген) Ге­ гель абсолютті білімге қол жеткізді деп білген Кожев соғыстан кейін ұстаздықтан кетіп 1968 ж. қайтыс болғанға дейін ЕЭС-те шенеунік қызметінде болды. Оның замандастары үшін Кожевтің айтқан тарихтың соңы ту­ ралы пікірлері дүниежүзілік соғыс пен жаңа басталған қырғи қабақ соғыс зардаптарынан туындаған француз интеллектуалының эксцентристік солипсизімі сияқты болып көрінеді. Бірақ, Ко­ жев сонда да тарих аяқталды деген пікірінен қалайша таймады? Мұны түсіну үшін біз осы тұжырым мен Гегель идеализмінің арасындағы байланысты ұғынып алуға тиіспіз. ІІ Гегель үшін тарихтағы болып жатқан қайшылықтар бәрінен бұрын американ саясаткерлерінің сайлау алдындағы беретін тривиальды уәделері мағынасындағы емес, дүниені кеңінен байланыстыратын суреттемесі сияқты, басқаша идеология деп атауға болатын адам санасы сферасында, яғни идеялар*** деңгейінде орын алады. Осы мағынадағы идеология, біз әдетте сонымен байланыстыратын, саяси доктриналарға келіп сайсай­ ды. Ол сонымен қатар кез-келген қоғамның негізінде жатқан дінді, мәдениетті және рухани құндылықтары қамтиды. Гегельдің идеалық пен реалық, материалды өмір қарымқатынастары деген көзқарасы өте күрделі*. Ол шынайы өмір философия профессорларының идеологиялық ойларына бағынбайды дейді, бірақ онда идеалды өмір «материалды» өмірге тәуелсіз өмір сүреді деп айтуға болмайды. Йендегі шайқас *** Бұл «Философия тарихының» алғысөзіндегі атақты афоризмінде сипатталған: «все разумное действительно, все действительное разумное» * Гегель үшін идеалдылық пен материалдық дүние дихотомиясы – сағым ғана және ақыр аяғында өзін танушы субъект оны шешеді; оның жүйесінде материалдық дүние рухтың бір қыры ғана.

сияқты материалдық оқиға профессор Гегельді уақытша өз ар­
насынан шығарып тастады. Бірақ егер Гегельдің жазғандарын
немесе оның ойларын материалдық дүниеден атылған оқ қиып
кете алса да, өз кезегінде шақпақты басқан саусақты Француз

революциясын бостандық пен теңдік идеялары рухтандырып
қозғалысқа келтірген еді.
Гегель үшін материалдық өмірдегі адамның барлық жүріс-
тұрысы, яғни адамзаттың барлық тарихы сананың алдыңғы

жағдайында ұяланған. Бұған ұқсас идеяны кейінірек іскер
адамдардың көзқарастары қайтыс болған экономистердің идеяла­
ры мен алдыңғы буынның академиялық қағаз шимаулауларының
қоспасынан тұрады деген Джон Мейнар Жейнс айтқан бола­

тын. Бұл сананың жаңа саяси білімдерден айырмашылығы ол
жеткілікті ойластырылмаған; ол дін, қарапайым мәдени немесе
моральдық ғұрыптар формасын қабылдай алады. Ақыр соңында
сананың бұл сферасы қажетті түрде материалдық дүниеде

көрініс табады, тіпті сол материалдық дүниені өзінің үлгісіне
сай, өзіне ұқсатып жаратады. Сана – бұл салдар емес, себеп
және ол материалдық өмірге тәуелсіз дами алмайды, сондықтан
бізді қоршаған шым-шытырман жағдайлардың нақты астары

идеология болып табылады.
Кейінгі ойшылдарда Гегель идеализмі аянышты сипатқа
ие бола бастады. Бүкіл сана сферасын дінді, өнерді,
философияның өзін де толығымен өндірістің материалдық

тәсілі айқындайтын қондырмаға таңған Маркс реалдық пен
идеалдықтың қарама-қатынасын бастан-аяқ төңкеріп түсірді.
Марксизмнің тағы бір өкінішті мұрасы, біз саяси және тари­
хи құбылыстарды материалдық немесе утилитарлы тұрғыдан

түсіндіруге бейім тұрамыз, біз идеялардың өзіндік күшіне
сене алмаймыз. Осыған Пол Кеннедидің кең тараған «Ұлы
державалардың өсуі мен құлауы» (Kennedy P. «The Rіse and Fall
of the Great Powers») туралы кітабы соңғы мысал бола алады.

Онда ұлы державалардың құлауы – экономикалық кернеудің
шектен шығуынан деп түсіндіріледі. Әрине, онда шындықтың
ұшқыны бар: экономикасы өзін-өзі әрең қамтамасыз етіп тұрған
империяның қабілеті шексіз емес. Дегенмен, қоғам өзінің ЖҰӨ

(жалпы ұлттық өнімінің) 3 немесе 7 пайызын қорғанысқа неме­
се тұтыну қажеттілігіне жұмсай ма деген сұрақ осы қоғамның

саяси басымдылықтарының сұрағы, ал соңғылары сана сала­ сында анықталады. Қазіргі заман ойындағы материалистік бағыт марксизмді қолдайтын солшылдарға ғана емес, сонымен қатар көптеген аты шулы антимарксшілдерге де тән. Мысалы оң жақта идео­ логия мен мәдениеттің маңызын мойындамайтын және адамды парасатты, шын мәнінде, ең көп кіріс алуға ұмтылған индивид ретінде қарастыратын «Уолл-стрит джорнэл» журналының ма­ териалистік детерминизм мектебі орналасқан. Экономика ту­ ралы оқулықтар материалдық ынталандыруы қозғалысқа кел­ тіретін осындай адам типін экономикалық өмірге негізі етіп алады*. Осындай материалистік көзқарастардың күмәнділігін нақтылы мысал келтіру арқылы көрсетейік. Макс Вебер өзінің танымал «Протестанттық этика және капитализм рухы» кітабын протестанттар мен католиктердің экономикалық өмірінің айырмашылықтарын көрсетуден бас­ тайды. Бұл айырмашылықтарды «протестанты славно вкуша­ ют, католики мирно почивают» деген мақал қортындылайды. Вебер кез келген экономикалық теорияға сәйкес адам макси­ малды пайдаға ұмтылаған саналы жан, ал бағаның өсуі еңбек өнімділігін арттыруға тиіс дейді. Алайда, көптеген дәстүрлі ша­ руалар қауымында бұл кері әсер береді, яғни еңбек өнімділігін төмендетеді, баға жоғарылағанда, күніне 2,5 марка пайда табуға үйренген шаруа, аз жұмыс істеп-ақ сол ақшаны табуға болатындығын көреді және де солай жасайды. Пайданың ор­ нына демалысты таңдау, афиналық саудагердің уайымсыз өмірін таңдамай спартандық гоплиттің әскери өмірін таңдау немесе тіпті, ақсүйектің дәстүрлі уақыт өткізуінің орнына капитализмнің бастапқы кезеңіндегі аскеттік өмір пайдасы­ на шешуді әлде бір материалдық күштердің ісімен түсіндіру мүмкін емес, таңдау сана сферасында, идеологияда орын алады. Вебердің жұмыстарының негізгі тақырыптары – материалдық өндіріс тәсілінің – Маркстегідей «базис» емес, керісінше тамы­ рын дін мен мәдениеттен алған «қондырма» екенін дәлелдеу. * Қазіргі экономистер адамның жүріс-тұрысы әрқашан тек ең көп кіріс алуға ұмтылумен айқындалмайтынын мойындай отырып, оның бойында әртүрлі игіліктер түріндегі (дем алу, секс немесе философиялық ойдан ләззат алу) «пайда» табу қабілетінің бар екендігін де ескереді. Енді кірістің орнын пайданың басқаны, иделизм көзқарасының тағы да бір дәлелі.

Егер біз, қазіргі капитализм мен кіріс желісін түсінгіміз келсе, Вебер бойынша, олардың сана сферасындағы алғышарттарын зерттеуіміз керек. Қазіргі әлем экономикалық дамудың материалистік теориясының барлық кемшіліктерін ашады. «Уолл-Стрит джорнэл» журналының материалистік мектебі нарықтық экономиканың өміршеңдігінің дәлелдері ретінде соңғы онжылдықтардағы Азияның таң қаларлық экономикалық та­ быстарын көрсетуді ұнатады. Әрине, еркін нарық пен тұрақты саяси жүйе – экономикалық өсудің күмәнсіз алғы шарты. Ислам­ нан айырмашылығы қиыр шығыстық қоғамның мәдени мұрасы, еңбек этикасы, отбасылық өмірі, ұқыптылығы, діні экономикалық әрекет формаларына ешқандай шектеу қоймайды және адамдарға терең сіңген моралдық қасиеттердің экономикалық әркетті түсіндірудегі маңызы аз емес*. Бірақ материализмның интеллектуальдық әсері осы заманғы ең байсалды деген экономикалық дамудың теориясы сана мен мәдениетті нақты ес­ кермейтіндігінен, экономиканың, шын мәніндегі, осы бір аналық аясын көре білмейтіндігінен байқалады. Экономикалық әрекеттің санамен және мәдениетпен шарт­ талатынын түсінбеу кең таралған қателіктерге: табиғатынан идеалды болып табылатын құбылыстарды материалдық себеп­ термен түсіндіруге алып келеді. Мысалы, Қытай реформасы, сондай-ақ соңғы кездердегі Кеңес Одағындағындағы реформа­ лар да, әдетте, материалдылықтың идеалдылықтан басым түсуі ретінде идеологиялық ынталандырулардың материалдықты ауыстыра алмағандығын және табысты мақсатқа жету үшін жеке бас пайдасының төменгі формаларына сүйену керек екен­ дігін мойындау ретінде түсіндіріліп жүр. Бірақ социалистік экономиканың терең кемшіліктері бұдан отыз, қырық жыл бұрын-ақ бәрімізге белгілі болған еді. Не себепті социалистік елдер орталықтандырылған жоспарлау жүйесінен тек 80-жыл­ дары ғана бас тарта бастады? Мұның жауабын «католиктік» * Америка мектептеріндегі вьетнамдық иммигранттардың сыныптас негрлердің немесе латынамерикалықтардың мінез-құлықтарымен салыстырған жеткілікті, оның мәні мәдениет пен сана нағыз шешуші рөлді атқарады және ол тек экономикалық мінез-құлық емес, сондай-ақ практикалық тұрғыда өмірдің барлық жағдайларына да байланысты.

кедейліктен, қауіпсіз тіршіліктен бас тартып, «протестанттық» игілік пен тәуекелге бас тігуді таңдаған солардың элитасы мен көшбасшыларының санасынан іздеген дұрыс**. Бұл реформа қарсаңында тұрған елдердің материалдық жағдайының шара­ сыз салдарынан туындамаған еді. Бірақ керісінше, өзгеріс бір идеяның екіншісін жеңуінің нәтижесінде өмірге келді***. Барлық гегельшілдер сияқты Кожев үшін де тарих қойнауындағы терең үдерістер адам санасында немесе идея са­ ласында орын алған оқиғалармен шартталады, өйткені қанша дегенмен дәл осы сана ғана әлемді өз үлгісі мен жобасына сәйкес өзерте алады. 1806 жылғы тарихтың соңы туралы тезис адамның идеологиялық эволюциясы өрбуі Француздық және Американдық революциялардың мұратымен аяқталғанын біл­ дірді, қандай да бір режимдер нақты өмірде оны толық жүзеге асыра алмаса да, бұл мұраттардың теориялық ақиқаттығы абсо­ лютті және оларды одан әрі жақсарту мүмкін емес. Сондықтан Кожевты соғыстан кейінгі еуропалық ұрпақ санасының әмбебап болмағаны мазасыздандырмады; егер идеологиялық даму шы­ нымен аяталса, онда жалпы адамзаттық мемлекет ерте ме, кеш пе бәрі бір жеңіп шығуы тиіс. Шынын айтқанда, менің бұл жерде Гегелдің радикалды иде­ алистік көзқарасын егжей тегжейлі қорғауға орным да, әлім де жоқ. Мәселе оның жүйесі қаншалықты дұрыс дегенде емес, біз жиі дұрыс деп қарастыратын материалистік түсіндірулердің Ге­ гель жүйесі тұрғысынан күмәнді екендігінің айқын көрінуінде болып тұр. Істің мәні материалдық факторлардың рөлін жоққа шығаруда емес. Идеалистердің көзқарасы тұрғысынан алғанда, адамзат қоғамы еркін таңдалып алынған кез келген принцип бойынша және бұл принциптердің материалдық дүниемен үйлесуіне тәуелсіз құрыла береді. Сөз “қасиетті сыйырлар” не­ месе Қасиетті Үштік туралы болып отырғанына қарамастан, ** Қытай мен Ресейдің реформалары себебінің толық сипаты, əрине әлдеқайда күрделі болып табылады. Кеңестік идея, мысалы, белгілі бір өлшемде әскери технология ауданында қауіпсіз емес түйсіктерді дәлелдеуге негізделді. Дегенмен де, ешбір мемлекет реформа қарсаңында материальді кризиске түскен емес. *** Осы күнге дейін кеңестік халық Горбачев сияқты «протестанттар» болып табылады ма және олар осы жолмен жүреді ме, ол жағы белгісіз.

шындығында адамдар рух саласындағы идея үшін кез келген
материалдық қиындықтарды жеңіп шығуға қабілетті екенін
дәлелдеген*.
Бірақ адамның материалдық әлемді түйсінуі тарихта өз орны

бар осы әлемді саналы ұғынуымен байланысты болғандықтан,
материалдық әлем нақты бір сана қалпының өміршеңдігіне
әсер етуі әбден мүмкін. Атап айтқанда, дамыған либеральдық
экономикадағы материалдық молшылық және оның негізін­

дегі тұтыну мәдениетінің шексіз көптүрлілігі шамасы, сая­
сат саласындағы либерализмге нәр беріп, қолдап отыратын
тәрізді. Материалистік детерминизмге сәйкес, либеральдық
экономика сөзсіз либеральдық саясатты туындатады. Мен

болсам керісінше, экономика мен саясат оларға дейін дербес
сана қалпының болатынын ескереді, соның арқасында ғана
олардың болуы мүмкін деп есептеймін. Либерализмге оңтайлы
жағдай туғызатын сананың қалпы, егер ол жоғарыда ескерілген

молшылықпен қамтамасыз етілсе тарих соңында тұрақталады.
Біз жалпы адамзаттық мемлекет – еркін сауда – экономика
саласындағы бейнетаспа мен дыбыс таспаны үйлестіретін сая­
сат саласындағы либеральдық демократия деп қортындылаған

болар едік.

ІІІ Шындығында біз тарихтың соңына келдік пе? Басқаша айтқанда, қазіргі либерализм шеше алмайтын, бірақ әлде бір альтернативті саяси-экономикалық құрылғы аумағында шеші­ ле алатын тағы қандай да бір іргелі «қайшылықтар» бар ма? Біз идеалистік алғышарттардан бастағандықтан жауапты идео­ логия мен сана саласынан іздегеніміз дұрыс. Біз либерализмге қарсы тап берулердің барлығын, соның ішінде қандай да бір * Византия империясының ішкі саясаты Юстиниан кезінде Киелі Троицтар бірлігінде туындаған сұрақтар негізіндегі монофизита мен монофелита арасындағы жанжал төңірегінде үйірілді. Византия ипподромында жанкүйерлер арасындағы қақтығысты еске түсіретін бұл конфликт, саяси озбырлыққа алып келді. Жаңаша тарихшылар антагонизмдегі қоғамдық сыныптар немесе басқа да экономикалық категориялар негізінде осындай конфликтінің себебін қарауға әуес; олар Троицтың табиғаты тұсындағы сұрақтар үшін адамдар бірін-бірі өлтіруге дейін баратындығын түсінгісі келмейді.

нақұрыстық мессиялардан бастау алғандарын да талдамай­ мыз. Біздің тек маңызды әлеуметтік және саяси күштер мен қозғалыстарда көрініс тапқандары және дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі болып табылатындары ғана қызықтырады. Албания мен Буркина-Фасо тұрғындарының ойларына не келіп, не ке­ тетіні маңызды емес, тек барлық адамзатқа ортақ идеологиялық ая деп атауға болатыны ғана маңызды. Өткен ғасырда либерализмге екі үлкен қарсылық – фашизм* мен коммунизм туындады. Біріншісіне сай, Батыстың саяси әлсіздігі, оның материализмі, моральдық азғындауы, бірліктің жоғалуы либералдық қоғамның іргелі қайшылықтары, оны фашизмнің көзқарасы тұрғысынан тек мықты мемлекет және ұлттық ерекшелік идеясына сүйенген «жаңа адам» ғана шеше алады. Өміршең идеолгия ретінде фашизм екінші дүниеүзілік соғыста талқандалды. Бұл, әрине, маңызды материалдық жеңіліс еді, бірақ сонымен қатар идеологиялық жеңіліс те бо­ лып шықты. Фашизм ахлақтық яғни моральдық жиіркеніштілік­ тен қиратылған жоқ, себебі одан болашақтың лебін сезгенше көптеген адамдар оған қолдау көрсеткен болатын, бұл идеяның өзі сәтсіздікке ұшырады. Соғыстан кейін адамдар еуропалық және азиялық нұсқалары сияқты германдық фашизмнің маңдайына да апатқа ұшырау жазылған деп ойлайды. Соғыстан соң басқа да аймақтарда жаңа фашистік қозғалыстардың пай­ да болуына жол бермейтін қандай да бір материалдық се­ бептер қалыптаспады, барлығы шексіз қақтығыстар, ақыр соңында соғыс апатына алып келетін экспансионистік ультраұлтшылдықтың тартымдылығынан айырылғандығына келіп тіреледі. Рейхсканцелярияның қираған үйіндісі мен Хи­ росима мен Нагасакиге тасталған атом бомбасының астында * Мен мұнда «фашизм» терминінің нақ мағынасын қолданбаймын. Өйткені, оны әдетте жарамсыз келбет компрометациясы мақсатында теріс қарайды. Мұндағы «фашизм» - кез-келген ұйымдасқан əмбебаптыққа негізделген қарсылықты ультра ұлтшылдық қозғалыс. Əрине, анықтама бойынша «соңғы» қорытындылы национализм мағынасында емес, керісінше өз құқығында басқа елдерді билеуге негізделген сенімді іс-әрекет мағынасында. Мәселен, Жапония империясы фашизм тәрізді мамандануы мүмкін, ал Парагвай Стресснер немесе Чили диктаторы тұсында Пиночет тұсында – жоқ. Сірә, марксизм немесе либерализм мағынасында фашистік идеология əмбебап бола алмайды. Алайда, доктрина құрылымы бір елден басқа елге көшіп отырады.

қалған бұл идеология тек материалдық жағынан ғана емес, сана
деңгейінде де күйреуге ұшырады, соғыстан кейін Аргентинадағы
перонизм және Сабхас Чандр Бостың Үндістандық ұлттық ар­
миясы секілді германия мен жапония үлгісінен туындаған

барлық профашистік қозғалыстардың үні өшті.
Бұған қарағанда либерализмді қарсы тұрған екінші ұлы
алтернатива коммунизмнің идеологиялық тартысы әлдеқайда
маңызды болды. Маркс гегельдік тілмен либералдық қоғамға

іргелі шешілмейтін қайшылықтар тән: бұл – еңбек пен капи­
тал арасындағы қайшылық деп жариялады. Соңында бұл ли­
берализмге тағылған басты айып қызыметін атқарды. Батыс
таптық мәселелер сәтті шешті. Кожев (және басқалар да) атап

көрсеткендей қазіргі заманғы американдық эгалитаризм Маркс
болжаған тапсыз қоғам болып табылады. Бұл Құрама Штат­
тарда бай мен кедей жоқ дегенді немесе олардың арасындағы
алшақтық соңғы жылдары артпады дегенді білдірмейді. Деген­

мен экономикалық теңсіздіктің тамыры – іргелі элитарлы бо­
лып қала беретін біздің қоғамның құқықтық және әлеуметтік
құрылымыда емес, істің мәнісі, өткеннен мұраланған оны
құрайтын топтардың мәдени және әлеуметтік сипатында болса

керек. Құрама Штаттардағы қара нәсіл мәселесі – либерализмнің
өнімі емес, бұл формальді түрде тыйым салынғаннан кейін де
ұзақ уақытқа жалғасқан құлдықтың нәтижесі.
Таптық мәселелер екінші кезекке көшкендіктен коммунизм­

нің қазіргі күнгі тартымдылығы Бірінші дүниежүзілік соғыс
аяқталғаннан кейінгі ең төменгі деңгейге түсіп кетті. Бұл ту­
ралы батыл айта аламыз. Мұны кез келген нәрседен: бас­
ты еуропалық коммунистік партиялардың мүшелері мен

сайлаушыларының санының азаюынан, олардың ашық түрдегі
ревизионистік бағдарламаларынан, нарықты жақтап, этатизмге
қарсы күресіп жатқан Ұлыбритания мен ГФР-дағы, Құрама
Штаттары мен Жапониядағы консервативті партиялардың

жеңісінен, анағұрлым «жетілген» өкілдері буржуазиялық қоғам
түбінде жеңіліс табады дегенге сенбейтін интелектуалдық
жағдайдан көруге болады. Бұл батыс елдеріндегі прогрес­
сивті интеллектуалдардың көзқарастарында бірқатар терең

ауытқушылықтар жоқ дегенді білдірмейді. Дегенмен, болашақ
социализмнің қолында дегендер өз қоғамының нақты саяси са­
насы үшін тым кәрі немесе тым маргиналды болып табылады.

Солтүстік атлантика әлемі үшін социалистік баламадан
ешқашан нақты қауіп төнген жоқ, соңғы онжылдықтағы осы
өңірден тыс жерлерде қол жеткізген табыстар негізінен оны
нығайта түсті деп қарсы уәж айтатындар да болар. Бірақ та

дәл осы еуропалық емес әлемдегі алпауыт идеологиялық
қайта құрулар бізді таңғалдыратын болады, бұл әсіресе Азияға
қатысты. Өз мәдениетінің бейімделушілік күші мен қабілеттің
арқасында Азия ғасырдың басында шетке шығарылған батыстық

идеологияның күрес аренасына айналады. Бірінші дүниеүзілік
соғыстан кейін Азияда либерализм қатты әлсіреді. Осыдан он, он
бес жыл бұрын Азияның саяси болшағы қаншалықты қайғылы
болғаны тез ұмытылды. Сол сияқты Азиядағы идеологиялық

күрестің нәтижесі тұтас алғандағы әлемдік саяси даму үшін
қаншалықты маңызды екенін де ұмытыла береді.
Азиялық либерализмнің алғашқы батыл талқандалған аль­
тернативасы империялық Жапонияда көрініс тапқан фашизм

болды. Германдық нұсқасы сияқты олда американдық қарудың
күшімен талқандалды. Жеңімпаз Америка Құрама Штатта­
ры Жапонияны демократиялық либерализмді қабылдауға
мәжбүр етті. Жапондықтар, әрине батыс капитализм мен са­

яси либерализмді адам танымастай етіп өзгертіп, оны қайта
қалыптастырды. Көптеген американдықтар енді жапондық
өнеркәсіптің ұйымдастырылуы, европалық немесе американдық
өнеркәсіптердің ұйымдастырылуынан өте өзгеше екенінтүсінеді,

ал басқарушы либералды-демократиялық партияның ішіндегі
фракциялық маневрлерді үлкен күмәнмен демократиялық деп
айтуға болады. Солай десекте, жапондық дәстүрлердің және
институциялардың қайталанбас жағдайларында экономикалық

және саяси либерализмнің маңызды элементтерінің терең
сіңіп кетуі олардың өміршеңдігін көрсетеді. Жапонияның әлем
тарихына қосқан үлесі одан да маңызды. Америка Құрама
Штаттарының басқан ізіне ере отырып ол жалпыадамдық

мемлекеттің әрі рәмізі, әрі іргетасы – шынайы әмбебапты
тұтыну мәдениетіне қол жеткізді. В.С. Найпол бірден рево­
люциядан кейін хомейнишіл Иранды аралауының барысында
алатын “Сони”, “Хитачи”, “Джи-ви-си” секілді жарнамалар­

ды барлық жерлерде кездесетін және әрқашан көздің жа­
уын алатынын атап көрсетеді, бұл, әрине режимнің Шариат

заңдарына негізделген мемлекетті қайта қалпына келтіруге
деген талпынысының жалғандығына меңзейді. Көп жағдайда
Жапония қалаған тұтыну мәдениетіне қосылуға деген тілек
экономикалық және яғни, саяси либерализмнің барлық Азияда

кең таралуында шешуші роль атқарады.
Жапония үлгісі бойынша индустриализация жолында
түскен Азияның басқа да мемлекеттерінің экономикалық та­
быстары қазіргі кезде бәріне белгілі. Гегельяндық көзқарас

тұрғысынан көптеген адамдардың күткенімен салыстырғанда
саяси либерализмнің экономикалық либерализмнің соңынан
баяу басып келе жатқандығы маңызды, бірақ бұл процесс
кері кетпейтін сияқты. Бұл жерден де біз жалпыадамзаттық

мемлекеттердің тағы да жеңіске жеткенін көреміз. Оңтүстік
Корея қазіргі заманғы урбанизацияланған, саны артқан және
білім деңгейі жоғарлаған орта табы қалыптасқан қоғамға ай­
налды, ол енді орын алған демократиялық процестерден шет

қала алмайды. Бұл жағдайларда халықтың басым бөлігі үшін
әскери режимнің билігі адам төзгісіз болды, ал сол уақытта
экономикада не бәрі он жылға алға кеткен Жапонияда қырық
жыл бойы парламенттік институттар жұмыс істеген. Тіп­

ті Азияда орын алған процестерден оқшау қалған Бирмадағы
социалистік режимде өткен жылы экономикалық және саяси
жүйелерді либерализациялаумен байланысты толқуларды бас­
тан кешірді. Мұндағы диктатор Не Винаның бақытсыздықтары

Бирма армиясының аға офицері Сингапурға емделуге барған
кезінде социалистік Бирманың АСЕАНдық көршілерінен
қаншалықты арта қалғанын көріп депрессияға ұшырағанынан
кейін басталған деседі.

Бірақ либеральді идеяның күші, егер ол Азиядағы ең көне
және ұлы мәдениет – Қытайды қамтый алмаса соншалықты
айқын болмас еді.
Комунистік Қытайдың өмір сүруінің өзі идеологиялық

тартылысың альтернативті полюсті тудырды және осы сапада
либерализмге қауіп төндірді. Бірақ соңғы 15 жылда, марксизм-
ленинизм экономикалық жүйелер ретінде толықтай дерлік
өзін әшкереледі. 1978 жылғы Орталық Комитетінің Оныншы

Съезінің атақты үшінші пленумінен бастап Қытай компартиясы
800 миллион қытайлықтарды қамтыған ауыл шаруашылығын

ұжымсыздандыруды қолғаалды. Ауыл шаруашылығындағы
мемлекеттің рөлі саласында салық жинау болып табылды,
шаруаларға жалпыадамзаттық мемлекет талғамын сіңіріп,
сол арқылы олардың еңбегін ынталандыру мақсатында

тұтыну бұйымдарын өндіру бірден арттырылды. Реформаның
нәтижесінде небары бес жыл ішінде бидайды өндіру екі есеге
артты, сонымен қатар Дэн Сяопинде реформаны экономиканың
басқа да салаларына таратуға мүмкіндік беретін үлкен саяси

негіз пайда болды. Бірақ реформаны басталған кездегі Қытай
танытқан динамизмді, инициативаларды және ашықтықты
ешқандай экономикалық статистикалар бейнелей алмайды.
Қазіргі Қытайды либеральді демократия деп айта алмай­

мыз. Мұндағы экономиканың жиырмадан аспайтын пайызы
ғана нарықтық қатынастарға өткен және ең бастысы, мемлекет­
ті өзін-өзі сайлаған комунистік партия басқарды, ал ол билікті
басқа біреудің қолына беруді ойламады да. Дэн саяси жүйені

демократизациялауға байланысты горбачевтық сияқты бірде
бір бос уәделер бермеді, жариялықтың қытайлық эквиваленті
де болмады. Горбачевтың Сталин мен Брежнев сынауларымен
салыстырғанда Қытай басшылары Мао мен маоизмді сынауда

үлкен сабырлылық танытты, режим өзінің идеологиялық ірге­
тасы ретінде марксизм-ленинизмді мадақтауын жалғастыруда.
Алайда қазіргі таңда Қытайды басқарып отырған жаңа
технократиялық элитаның дүниетанымы мен және жүріс-

тұрысымен таныс әр адам марксизм мен идеологиялық
диктаттың ешқандай саяси мәні жоқ екенін біледі және револю­
циядан кейінгі уақыттардан соң бұл елде алғаш рет буржуазия
тұтыну нақты мәнге ие болды. Реформа барысындағы әртүрлі

құлдырауларды, «рухани ластануға» қарсы науқандарды және
саяси ауытқуларды айыптауларды өте күрделі саяси мәселелерді
жүзеге асыру үшін қолданылатын тактикалық қулық деп білу
қажет. Саяси реформалар туралы мәселелерді шешуден жал­

тара отырып және сонымен қатар экономиканы жаңа негізге
ауыстыру барысында, Дэн Горбачевтің қайта құруымен іле­
се жүрген «негіздерді шайқалтудан» құтыла алды. Дегенмен
экономикалық биліктің адамдардың қолына өтуіне байланыс­

ты либеральді идеяның тартымдылығы өте күшті болып қала
берді, ал экономика сыртқы әлемге барынша ашық бола түседі.

Қазіргі кезде 20000 астам қытай студенттері АҚШ-та және
басқа да мемлекеттерде білім алуда. Негізінен алғанда олардың
барлығы – қытайлық элиталардың балалары. Еліне қайтып
оралып, мемлекетті басқаруға араласқан соң, олар Қытайдың

Азиядағы жалпы демократиялық процестерден оқшау қалған
жалғыз мемлекет болып қалуына мүмкіншілік береді деуге
сену қиын. Алғаш рет 1986 жылы Пекинде және жақында Ху
Яобанның өліміне қатысты болған студенттік демонстрациялар

саяси жүйенің өзгеруіне байланысты қозғалыстың күшеюінің
бастамасы ғана.
Бірақ Қытайда болып жатқандар қаншалықты маңызды бол­
са да, “әлемдік пролетариат отаны” – Кеңестер Одағындағы

оқиғалар марксизм- ленинизмнің табытына соңғы шеге­
лері қағады. Горбачев билікке келгеннен бергі төрт жылдың
ішінде ресми билік институтарында аса көп өзгерістер бола
қойған жоқ. Еркін нарық пен коперативтік қозғалыстар

орталықтандырылған жоспарлы кеңес экономикасының бол­
машы бөлігін ғана құрады. Саяси жүйе әлі де компартияның
қолында, компартия демократиялануды және билікті басқа
топтармен бөлісуді енді ғана бастады, режим оның бірден бір

негізгі бағыты – социализмді модернизациялау, ал марксизм-
ленинизм оның идеологиялық негізі болып қала береді деп жа­
риялады. Сонымен қатар Горбачевқа бәрін өз арнасына қайтып
оралтуға қабілетті потенциялды алпауыт консервативті оппа­

зиция қарсы тұр. Сондай-ақ экономика мен саяси салалардағы
Горбачев ұсынған реформаларға үміт арту өте қиын. Бірақ бұл
жердегі менің мақсатым жуық арадағы жағдайларға талдау жа­
сау немесе әлде нені болжау емес, мен үшін идеология мен сана

сферасындағы терең тенденцияларды көре білу маңыздырақ.
Бұл тұрғыда қайта құрулардың тамаша екені айдан анық.
Кеңестер Одағынан шыққан эммигранттардың айтуынша,
елде іс жүзінде марксизм мен ленинизмге бұдан әрі ешкім сен­

бейді, бұл марксшілдік ұрандарды тек таза цинизммен ғана
қайталайтын кеңестік элитаның арасында айқын байқалады.
Бұл тұрғыда Брежневтен кейінгі кеңестік мемлекеттерде­
гі жемқорлық пен іріп-шірудің соншалықты маңызды емес,

өйткені мемлекеттің өзі кеңестік қоғамның негізінде жатқан
іргелі қағидаларға күмән келтірмейінше жүйе инерция бойын­

ша қызмет етуге, тіпті сыртқы саясат пен қорғаныс саласында
шапшаң қозғалуға қабілетті болды. Марксизм мен ленинизм
магиялық күші бар құдіретті сөз тәрізді еді, ол кеңестік элита
арқа сүйеп кеңестік қоғамды басқаруға келісімін берген бірден-

бір жалпы негіз болды. Ал мұның қаншалықты абсурдты және
мәнсіз екендігі маңызды емес.
Горбачев билікке келгеннен кейінгі төрт жылдың ішінде
болған оқиғалар сталиншілдіктің ең іргелі институттары мен

принциптеріне жасалған революциялық штурм секілді және
оларды сөздің дәл мағынасындағы либеральдық болмаса да, бірақ
дәл осы либеральдықпен байланысқан басқаларымен алмасты­
ру болды. Мұның барлығы экономикалық сферада анағұрлым

айқын көрінді. Еркін нарықты қолдаған экономис-реформатор­
лар Горбачевтің маңына топтасып радикалды позиция ұстанды,
мысалы Николай Шмелев өзін Милтон Фридманға ұқсатуға қарсы
болмады. Қазіргі кезде экономисттер арасында экономикалық

тиімсіздіктің басты себебі – орталықтандырылған жоспарлау
мен әкімшіліктік тарқату және кеңестік жүйе өз сырқатын ем­
деймін десе капитал құю мен жалдауға, бағаға қатысты еркін
және орталықсыздандырылған шешім қабылдауға рұқсат етуі

керек деген пікір орныққан. Идеологиялық берекесіздіктен
кейінгі екі жылда кәсіпорындардың дербестігі туралы, коопера­
тивтер туралы және соңында 1988 жылы аренда мен отбасылық
фермерлік туралы жаңа заңдарды қабылдау барысында бұл при­

нциптер ақырында саясатқа енгізілді. Бұл реформаны іске асы­
руда бірқатар үлкен қателіктер жіберілді, олардың ішіндегі ең
бір негізгісі бағаларды қайта қараудан батыл бас тарту болды.
Бірақ, қазір істің мәнісі концепцияда емес: Горбачев пен оның

командасы нарықты енгізудің экономикалық қисынын жақсы
түсінген сияқты, бірақ үшінші әлем мемлекетерінің басшыла­
ры сияқты ХВҚ (Халықаралық валюта қорымен) ұшырасқанда
тұтыну субсидияларының әлеуметтік салдарларынан және

адамдардың мемлекеттік секторға тәуелділігінің басқада фор­
маларынан үрейленетін тәрізді.
Саяси сферадағы конституцияға, құқық жүйесі мен партияға
өзгерістер енгізуді ұсыну либеральды мемлекет құрумен сай

келмейді. Горбачев партияның билікті монополиялауын жою
туралы емес, негізінен партия ішіндегі демократияландыру ту­

ралы сөз қозғайды, шын мәнінде саяси реформа СОКП* билігін заңдастыруға және сол арқылы оны күшейтуге ұмтылады. Соған қарамастан көптеген реформалардың негізін қалайтын – халықтың «өзін-өзі басқаруы», жоғарғы саяси органдардың төмендегілер алдында есеп беруі, бірақ керісінше емес, заңның полицияның жөнсіз әрекетінен жоғары тұруы және биліктің тармақтарға бөлінуі мен сот тәуелсіздігіне негізде­ луі, жеке меншік құқықтарының қорғалуы, қоғамдық маңызы бар мәселелердің ашық талқылануы мен өзінің келіспейтін­ дігін көпшілік алдында айту құқы, барлық халық қатысатын Кеңестердің билікке ие болуы, саяси мәдениеттің төзімді және плюралистік болуы тиіс екендігі сияқты жалпы қағидалардың нашар жасақталғаны мен іс жүзінде баяу әрекет ететініне қарамастан бұл принциптердің бәрі мраксшілдік-лениншілдік дәстүрге жат бастаудан тарқайды. Горбачевтың лениншілдіктің бастапқы мәніне қайтып оралуға ұмтыламын деуі бар болғаны оруэллдік нұсқасындағы «қосарлы сөз» ғана. Горбачев пен оның одақтастары пар­ тия ішіндегі демократия бұл – лениншілдіктің мәні, ал ашық пікір-таластар, сайлауларда жасырын дауыс беру, заңның билігі – мұның бәрі Сталин бұрмалаған лениндік мұра деп қайталаудан жалықпайды. Дегенмен Сталиннің жанында кезкелген адам періштедей болып көрінгенімен, Ленинмен оның ізбасарын осыншама бірбіріне қатаң қарсы қою күмәнді бо­ лып көрінеді. Лениннің демократиялық орталықтандыруының мәні демократия емес, дәл осы орталықтандыру болып табы­ лады. Бұл – халық атынан сөйлейтін абсолютті қатаң, моно­ литті, иерархиялық ұйымдастырылған, тәртіпке негізделген коммунистік партия авангардының диктатурасы. Лениннің «буржуазиялық заңдылық» пен буржуазиялық бостандықтарға деген жек көрушілігін айтпай-ақ қойғандағы Карл Каутскимен, Роза Люксембургпен және басқа да социал демократтар мен меньшевиктер қатарынан шыққан қарсыластарымен келеңсіз пікір таласы оның демократиялық ұйымдардың көмегімен ре­ волюцияны іске асыру мүмкін емес деген терең сеніміне негіз­ деледі. * Польша мен Венгрияда компартиялар, керісінше плюрализм мен билікті нақты бөлісуге қадам жасады

Горбачевтің мәлімдемесін түсінуге болады: сталиншілдік пен
брежневшілдікті толық әшкерелеп, қазіргі күнгі қиыншылықтар
үшін соларды айыптап, СОКП билігінің заңдылығын негіздеу
үшін ол бір нәрсеге сүйенуі қажет еді. Бірақ та Горбачевтің так­

тикасы оның экономика мен саяси салада жариялаған демок­
ратияландыру мен орталықсыздандыру принциптерінің маркс­
шілдік пен лениншілдіктің іргелі ұстанымдары үшін жойқын
болатындығын бізден жасырмауы керек. Егер экономикалық

реформадағы ұсыныстардың басым бөлігі іске асқан болса,
онда үлкен ұлттық секторларды иеленген батыс елдерінің эко­
номикасынан кеңестік экономиканың айырмашылығын көрсету
қиынға соғар еді.

Қазіргі
кезде
Кеңестер
одағын

либералды
немесе
демократиялық ел деп санау мүмкін емес және қайта құру
жақын болашақта бұл елге осы сияқты сипатты қолдануға бо­

латындай сәтті бола қоймас. Бірақ барлық қоғамдар либераль­
ды болатын тарихтың соңында деген қажеттілік жоқ, адамзат
қауымдастығының басқада анағұрлым жоғары формаларына де­
ген идеологиялық талаптар ұмытылса жеткілікті болар еді. Осы

тұрғыда Кеңестер Одағында соңғы екі жылда біршама маңызды
өзгерістер орын алды. Горбачев санкциялаған кеңестік жүйені
сынаудың өте терең әрі жойқын болғандығы соншалық сталин­
шілдік пен брежневшілдікке қайтып оралу мүмкіндігі тым аз.

Горбачев адамдарға ұзақ жылдар бойы түсініп келгендерін, атап
айтсақ, марксшілдік пен лениншілдіктің магиялық құдіретті
сөздерінің – мәнсіз екенін, шындығында кеңестік социализмнің
ұлы жеңіс емес, жеңіліс екенін айтуға рұқсат берді. КСРО-

дағы жұмыссыздық пен инфляциядан қорқатын қарапайым
жұмысшылардан және жылы орындары мен үстемділігінен
айырылғысы келмейтін партия чиновниктерінен құралған кон­
сервативті оппозиция өз көзқарастарын қорықпастан ашық ай­

тады және жақын арада арада Горбачевті ығыстыруға қабілетті
күшке айналуы мүмкін. Бірақ бұл екі топ та бар болғаны тек
дәстүрді, тәртіпті, құрылым негіздерін сақтауға шақырады,
өз өмірлерінің басым бөлігін* марксшілдік пен лениншілдік­

* Бұл брежневтік кезеңнің көптеген маңызды қателіктерін көпшілік
алдында мойындаған кеңестік консерваторлардың көш басшысы бұрынғы
екінші хатшы Егор Лихачевқа айырықша қатысты.

ке арнағанымен оны терең қолдамайды. Горбачевтің жойқын әрекетінен кейін Кеңестер Одағында билік беделін тек жаңа, мықты идеология негізінде ғана қайта қалпына келтіруге бола­ ды, бірақ ол көкжиектен әзірше көріне қойған жоқ. * * * Бір сәтке фашизм мен коммунизм мүлдем болмады деп елестетейік: сонда либерализмнің қандайда бір бәсекелесі та­ была ма? Немесе басқаша айтқанда: либеральды қоғамда оның шеңберінде қандай да бір шешілмейтін қайшылық сақтала ма? Сонда ойға екі мүмкіндік: дін мен ұлтшылдылық оралады. Соңғы кездері христиан мен мұсылман дәстүрлер шеңберіндегі діни фундаментализмнің өрістеуі көпшілікке құпия емес. Кейбіреулер діннің жандануы либеральды тұтынушы қоғамдағы сүреңсіздік пен рухани жұтаңдықтың адамдарды бақытсыз еткендігінің куәсі деп болжамдауға бейім. Бірақ, мұндай жұтаңдық бар болса да және ол либерализмнің идеалогиялық ақауы болып табылғанымен, бұдан біздің перс­ пективамыз дін болады деген қорытынды туындамайды*. Бұл ақауды саяси тектіктер арқылы шешу мүмкіндігіне мүлдем күмән келтіруге болмайды. Өйткені либерализмнің өзі дінге не­ гізделген қоғамдар жақсы өмір туралы мәселемен ұшыраспай тұрып-ақ, бейбітшілік пен тұрақтылықтың минимальды алғышарттарын қамтамасыз етуге бейімсіздігін танытқан кезде пайда болды. Либерализм мен комунизмнің саяси альтернати­ васы ретінде теократиялық мемлекетті тек ислам ғана ұсынады. Бірақ бұл доктринаның мұсылман еместер үшін тартымдылығы шамалы және бұл қозғалыстың одан әрі қанат жайып таралуын көз алдымызға елестету қиын. Ал неғұрлым нашар ұйымдасқан басқа діни импульстер либеральды қоғам рұқсат еткен жеке өмір саласында табысты қанағаттандырылуда. Либерализм шеңберінде шешімі табылмауы мүмкін тағы бір «қарама-қайшылық», бұл – ұлтшылдылық және тағы басқа нәсілдік, этникалық сана формалары. Шынында да, Йен шайқасынан бері орын алған маңызды қақтығыстарды * Либерализмді классикалық саяси философия тұрғысынан сынау мүмкін болсада, мен ең алдымен локктық және гоббстық либерализмге қатысты сыни көзқарастағы Руссо мен содан бастау алған философиялық дәстүр туралы ойлаймын.

ұлтшылдылық тудырды. Осы ғасырдағы жан түршігерлік екі дүниежүзілік соғыстарда әртүрлі кейіптегі ұлтшылдылықтан туындады. Бұл құштарлықтар соғыстан кейінгі Еуропада бел­ гілі бір деңгейде толастағанымен, «үшінші әлемде» әлі де бол­ са күшті. Ұлтшылдылық Германиядағы либерализм үшін қауіп төндірген еді және «тарихтан кейінгі» еуропаның Солтүстік Ир­ ландия сияқты оқшауланған бөлігінде әлі де қауіп төндіруде. Алайда, шынында да ұлтшылдылықтың либерализм үшін шешілмейтін қайшылық болып табылатындығы күмәнді мәселе. Біріншіден, ұлшылдылық біртекті емес, бұл мәдениетті аңсаушылықтан жоғары деңгейде және жан-жақты ұйымдастырылған национал-социализмге дейінгі бірнеше түрлі құбылыстар. Тек соңғы түрдегі жүйеленген ұлтшылдылықтарды формальді түрде либерализммен және комунизммен салыстыруға тұрарлық идеология деп санауға болады. Әлемдегі ұлшылдық қозғалыстардың басым көпшілігінің саяси бағдарламасы жоқ, жан-жақты ойластырылған әлеуметтік-экономикалық ұйымдасу жобасын ұсына алмаса да олар қандай да бір топтан неме­ се халықтан тәуелсіз болуға ұмтылады. Бұл сипатта олар осы тәрізді жобалары бар доктриналар мен идеологияларға сыйыса алады. Олар либеральді қоғамдар үшін қақтығыс көзі болып көрінгенімен, бұл қақтығыс либерализмнен емес, керісінше ол либерализмнің толық іске аспағандығынан келіп шығады. Әрине, белгілі дәрежеде этникалық және ұлттық шиеленісуді халықтардың өздері таңдап алмаған демократиялы емес саяси жүйеде өмір сүруге тура келуімен түсіндіруге болады. Жаңа идеологиялардың немесе бұрын байқалмаған қақтығыстардың кенеттен пайда болатындығын жоққа шығармаған жөн. (бірақ қазіргі әлемде әлеуметтік-экономикалық ұйымның негізгі қағидасы 1806 жылдан бері соншалықты өзгере қойған жоқ). Кейіннен көптеген соғыстар мен револю­ циялар өзін либерализмге қарағанда озық деп санайтын идео­ логиялар үшін жасалды, алайда, тарих ақы соңында мұндай талпыныстарды әшкереледі. ІV Халықаралық қатынастар сферасы үшін “тарихтың соңы” дегеніміз не? Үшінші әлемнің басым бөлігі тарихтың даңғыл

жолынан тыс қалып, көптеген жылдар бойы қақтығыс арена­
сы болатыны айқын. Бірақ, қазір біз анағұрлым ірі әрі дамыған,
әлемдік саясаттың басым бөлігі үшін жауапты елдерге назар
аударайық. Ресей мен Қытайдың болашақта дамыған батыс

ұлттарына қосыла қоюы екі талай. Бірақ бір сәтке марксшіл­
дік пен лениншілдік бұл мемлекеттердің сыртқы саясатын
қозғайтын фактор болудан қалатынын көз алдыңызға елес­
тетіп көріңізші. Бұл нұсқа шындыққа айналмағанымен, соңғы

жылдары оның шындыққа айналуы әбден мүмкін. Сонда өз
сипаттарының
жиынтығында
идеологиялансыздырылған

әлемнің біз өмір сүріп отырған әлемнен қандай айырмашылығы
болады?
Әдетте олар арасында айырмашылық болмайды деп жауап
береді. Өйткені, идеология дегеніміз – ұлыдержавалық мүдденің

бүркемесі ғана және бұл ұлттар арасындағы жоғарғы дәрежедегі
бәсекелестік пен қарама-қайшылықтың себебі болып табыла­
ды деген пікір кең таралған. Шынында да академиялық әлемде
кең танымал теорияға сәйкес халықаралық жүйеге қақтығыс тән

нәрсе, ал оның переспективасын түсіну үшін жүйенің формасына
қарау керек. Мысалы оны құрайтын нақты ұлттар мен режимге
емес, ол биполярлы ма, әлде монополярлы ма дегендей. Мұнда
саясатқа деген гоббсовтық көзқарас халықаралық қатынастарға

қолданылған: агрессия мен қауіпсіздік тарихи шарттардың өнімі
емес, қоғамның әмбебапты сипат ретінде алынған.
Осы тізбекті жалғастырған ой он тоғызыншы ғасырдағы
Европалық

балланстағы
қатынастарды
идеологиясыздан­
дырылған әлем үлгісі ретінде алады. Мысалы, Чарлз Краутэм­

мер егер горбачевтік реформа нәтижесінде КСРО маркстік-ле­
ниндік идеологиядан бас тартса, онда бұл ел өткен ғасырдағы
Ресей империясының саясатына қайта оралады деп жаза­
ды. Мұны коммунистік Ресейден төнген қауіптен жақсы деп

санаған ол бәсекелестік пен қақтығыс Ресей мен Ұлы Британия
немесе кайзерлік Германия арасындағы сияқты жалғаса береді
деген шешімге келеді. Әрине, бұл Кеңестер Одағында маңызды
нәрсе орын алып отырғанын мойындайтын, бірақ өзіне жауап­

кершілік алып және осыдан шығатын саясатты түбегейлі қайта
қарастыруды ұсынбайтын адамдар үшін оңтайлы көзқарас.
Бірақ бұл көзқарас дұрыс па екен?

Идеология ұлы державалық мәңгілік мүдденің қондырмасы ғана деу таласты нәрсе. Өйткені мемлекеттің өз мүддесін айқындайтын тәсілі әмбебапты емес, ол экономикалық әрекеттің сананың алдыңғы жағдайына негізделетіні сияқты алдңғы идеологиялық базиске сүйенеді. Осы ғасырда мемлекеттер экс­ пансионизмді заңдастыратын сыртқы саяси бағдарлармен жанжақты жасақталған доктриналарды игеріп алды. Он тоғызыншы ғасырдағы экспансионизм мен бәсекелестік анағұрлым нашар «идеалды» базиске негізделді. Оларды қозғалысқа келтірген идеология жиырмасыншы ғасырдағыдай жан-жақты жасақталмаған еді. Біріншіден, ең «либеральдық» деген Еуропалық қоғамдар либеральды болмады, өйткені олар империализмнің заңдылығына, яғни бір ұлттың екінші бір ұлтқа, олар мұны қаламаса да үстемдік ету құқына сенді. Әр ұлт имперализмді өзінше, егер сөз еуропалық еместер туралы болса “күштінікі” әрқашан да дұрыс деген дөрекі сенімнен бастап Ақ Адамның Ұлы Жүгі мен Еуропаның христиандаушы миссиясын мойындауға және «түстілерге» Рабле мен Мольер мәдениетін жеткізуге дейінгі деңгейде ақтады. Бірақ идеологиялық базис қандай да болмасын, әрбір «дамыған» ел жоғарғы өркениеттің төменгі өркениеттерге үстемдік етуінің ақылға қонымдылғына сенді. Бұл ғасырдың екінші жартысындағы территориялық басып алушылыққа алып келді және дүние жүзілік соғыстың тұтануына себеп болды. Он тоғызыншы ғасырдағы империализмнің ұсқынсыз жалғасы герман фашизмі – Германияның тек еуропалық емес халықтарды ғана емес, сонымен қатар барлық германдық емес халықтарға үстемдік ету құқын ақтайтын идеология болды. Бірақ, ретроспективада Гитлер жалпы Еуропалық даму барысындағы жанама, бүйректен шыққан. Ол оңбай жеңілгеннен кейінгі уақытта кез келген территориялық басып алушылықтың заңдылығы толық әшкереленді*. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін еуропалық ұлтшылдылық залалсыздан­ дырылды және сыртқы саясатқа деген өз ықпалын жоғалтты. * Еуропалық отарлық державаларға, мысалы соғыстан кейін Францияға өз империясының заңсыз екендігін мойындауға бірнеше жыл керек болды. Бірақ бұл демократиялық бостандықтарды қалпына келтіруге уәде берген одақтастар жеңісінің салдары еді.

Соның салдарында он тоғызыншы ғасырдағы ұлы державалық
үлгі нағыз анахронизмге айналды. 1945 жылдан кейінгі ба­
тыс еуропа мемлекеттер бетпе бет келген ұлтшылдылықтың
шиеленіскен ең соңғы формасы, негізінен мәдениет пен сая­

си салада орныққан – голлизм болды. Тарихтың соңына жет­
кен әлем бөлігіндегі халықаралық өмір саясат немесе әскери
стратегияларға қарағанда экономикамен анағұрлым басым
шұғылданды.

Батыс елдері да өздерінің қорғанысын нығайтып, соғыстан
кейінгі жылдары әлемдік коммунисттік қауыпқа тойтарыс беру­
ге дайындалды. Алайда, бұл сыртқы қауыптен туындады және
экспансионистік идеологияны ашық нағыздамаған мемлекеттер

болмағанда орын алмас еді. «Неореалистік» теорияны шынайы
қабылдау үшін біз Ресей мен Қытай жер бетінен жойылып кетсе­
де, «ЭЫДҰ» (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы)
мемлекеттері арасында бәсекелестік рухындағы «табиғи»

әрекет қайтадан орнығатынына сенуіміз қажет. Яғни, Батыс
Германия мен Франция 30-шы жылдардағыдай бір-біріне қарап
қаруланар еді. Австралия мен Жаңа Зеландия Африкаға ықпал
ету үшін өздерінің әскери кеңесшілерін жіберер еді, ал АҚШ

пен Канада шекараларының арасына қорғаныс бекеттері салы­
нар еді. Мұндай перспектива, әрине ақылға сыймайды: маркстік-
лениндік идеология болмағанда біз тарап кеткен ЕЭС-ке емес,
әлемдік саясаттағы «ортақ нарыққа» және он тоғызыншы ғасыр

үлгісіндегі бәсекелестікке ие болар едік. Терроризм немесе Ли­
вия мәселесіне қатысты Еуропамен қарым-қатынасымыздың
тәжірибесі еуропалықтардың, тіпті өзін қорғау мақсатында
болсын, халықаралық саясатта күш қолдануды терістеуде біз­

ден әлдеқайда озып кеткендігін дәлелдейді.
Яғни, Ресей экспансиялық коммунисттік идеологиядан бас
тартып, большевиктік революция қарсаңында тоқтаған жерінен
қайта бастайды ұйғару тым күлкілі болмақ. Мұншама уақыт

бойы адамзаттың ой-санасы бір жерде тұрып қалды ма және
қазіргі таңда экономика саласындағы сәнді идеяларды қармап
алған Кеңестер жүз жыл бұрын ескіріп қалған көзқарастарға
қайтып орала ма? Қытай өз реформасын бастағаннан соң бұл

жағдай орын алған жоқ қой. Қытайлық экспансионизм жойы­
лып кетті: Пекин ендігі жерде маошыл инсургенттердің де­

меушісі ретінде бой көтермейді және 60-шы жылдардағыдый
алыс Африка елдерінде өз тәртібін орнатуға талпынбайды. Бұл
қазіргі Қытайдың сыртқы саясатында баллистикалық зымы­
рандар технологиясын Таяу Шығысқа жауапсыз сату немесе

қызыл кхмерлердің Вьетнамға қарсы әрекетін қаражаттандыру
сияқты қауіпті сәттер жоқ деген сөз емес. Алайда біріншісін
коммерциялық есеппен, ал екіншісін, бұрынғы идеологиялық
желістегі қарама-қайшылықтармен түсіндіруге болады. Жаңа

Қытай бірінші дүние жүзілік соғыс алдындағы Германияға
қарағанда голлистік Францияны көп еске түсіреді.
Алайда, біздің болашағымыз кеңестік элита жалпы
адамзаттық мемлекет идеясын қаншалықты деңгейде игергеніне

байланысты болмақ. Басылымдар мен жеке кездесулерден мен
Горбачевтің айналасына жиналған либерльді кеңестік интелеген­
ция қысқа мерзім ішінде тарихтың соңы идеясын түсінді, ал бұл
брежневтік дәуірден кейінгі еуропалық өркениетпен орныққан

байланыстардың нәтижесі деген бір жақты қорытынды жасай­
мын. «Жаңаша саяси ойлау» экономикалық мүдделер басым
болатын, ұлттар арасындағы қақтығыстардың идеологиялық
негізі жойылатын, яғни әскери күш қолдану заңсыз болып та­

былатын әлемді бейнелейді. 1988 жылдың ортасында сыртқы
істер министрі Шеварднадзе мәлімдегендей: «...екі жүйенің
қарама-қарсылығы ендігі жерде қазіргі дәуірдің басты тен­
денциясы ретінде қарастырылмайды. Қазіргі таңда алдыңғы

қатарлы ғылымның, жоғарғы техника мен технологияның не­
гізінде материалдық игіліктерді қарқынды өндіріп, оларды
әділетті бөлу, күш-қайратты біріктіре отырып, адамзаттың тір­
шілігіне қажетті қорларды қайта қалпына келтіріп, қорғау ше­

шуші маңызға ие болып отыр*.
«Жаңаша ойлауда» көрініс тапқан посттарихи ой-сана
Кеңестер Одағы үшін бірден бір мүмкін болашақ. Кеңестер
Одағында ұлы орыс шовинизімінің ағымы әрқашан да болды,

жариялылыққа байланысты өзін жеткізуде ол үлкен бостандыққа
қол жеткізді. Әлде бір уақытта Горбачев шайқалтқан «негіз­
дерді» қалпына келтіруге ұмтылғандардың дәстүрлі марксшіл­
дік пен лениншілдікке қайтып оралу да әбден мүмкін. Бірақ,

* Вестник Министерства Иностранных Дел СССР. № 15 (август 1988).

С. 27-46.

Польшадағыдай бұқараны жұмылдыратын идеология ретінде марксшілдік пен лениншілдік өлі идеология. Бұл идеологи­ ямен халықты жақсы еңбек етуге көндіре алмайсың, ал оны жақтайтындар өзіне деген сенімділікті жоғалтты. Дәстүрлі марксшіл-лениншіл насихатшылардан айырмашылығы КСРОдағы ультраұлтшылдар өздерінің славянофильдік мақсаттарына қатты сенеді, сондықтан мұнда фашисттік альтернатива әлі де тірі ме деген түйсік қалыптасады. Сонымен Кеңестер Одағы жол айрықта тұр: ол не осы­ дан 45 жыл бұрын Батыс Еуропа таңдап алған және Азия елдерінің басым көпшілігі түскен жолға түседі немесе өзінің қайталанбастығына сеніп, тұрған орнында қалады. Жасалған таңдаудың біз үшін маңызы зор болмақ, өйткені егер, Одақтың территориясы мен әскери күшін есепке алсақ, ол бұрынғыдай біздің назарымызды өзіне байлап біздің тарихтың ар жағында тұрғанымызды сезінуге кедергі жасайды. V Марксшілдік пен лениншілдіктің алдымен Қытайда, со­ нан соң Кеңестер Одағында жойылуы бүкіл-әлемдік тарихи маңызы бар өміршең идеология ретінде оның құлдырауын біл­ діретін болады. Егер тіпті, Манагуада, Пхеньянда немесе Кем­ бриджде (Массачусетс штатында) марксшіл идеологияға шын берілген жекеленген адамдар қалса да, бірде бір ірі мемлекет­ те бұл идеологияның қолданыста қалмау факті оның тарихтың көш басы роліне деген талпынысын түпкілікті жояды. Оның күйреуі сонымен бір мезгілде халықаралық қатынастардағы «Ортақ нарықтың» кеңейуін білдіретін болады және маңызды мемлекетаралық қақтығыстардың мүмкіндігін төмендетеді. Бұл халықаралық қақтығыстар мүлдем жойылып кетеді дегенді білдірмейді. Өйткні бұл уақытта да дүние екі бөлікке бөлінеді: оның бірітарихқа, екіншісі посттарихқа тиесілі бо­ лады. Жоғарыда аталған дүние бөліктеріне жататын мемлекет­ тер арасындағы қақтығыс мүмкіндігі бұрынғысынша сақталып қалады. Этникалық және ұлттық негіздегі күш көрсетудің жоғары деңгейі сақталады, тіпті өршіп кетеді, өйткені бұл импульстер посттарихи дүниеде де өздерін сарқымайды. Палестиналықтар мен күрділер, сикхтар мен тамилдер, ирландық католиктер мен

валийліктер, армяндар мен әзербайжандар өздерінің реніштерін
қордалап, қоздыра түседі. Бұдан шығатыны терроризм де, ұлт
азаттық соғыстар да күн тәртібінен түспейді. Бірақ та маңызды
қақтығыстар үшін әлі де болса тарих шеңбері қалып қойған ірі

мемлекеттер қажет; ал олар тарих сахынасынан кетіп бара жа­
тыр.
Тарихтың соңы қайғылы. Өзін мойындату үшін күресудің,
таза абстрактілі мақсат үшін бас тігудің, ерлікті, елес пен

идеализмді қажет ететін идеологиялық күрестің орнына
экономикалық есеп-қисаптар, шексіз техникалық мәселелер,
экологиялық қамқорлық пен тұтынушының қилы қажеттіліктерін
қанағаттандыру келеді. Посттарихтық кезеңде не өнер, не

философия болмайды, тек егжей-тегжейлі қорғалатын адам­
зат тарихының мұражайы ғана сақталады. Мен өзім де және
қоршаған адамдардың бойынан тарих болған сол күндерді
аңсауды сезінемін. Бұл сағыныш әлде бір уақытқа дейін

бәсекелестік пен қақтығыстарға нәр беріп тұрады. Пост тарих­
ты дүниенің келмей қоймайтындығын мойындай отырып, мен
1945 жылдан кейін Европада пайда болған, солтүстік атланттық
және азиялық тармақтары бар өркениет туралы әртүрлі қарама-

қайшы сезімге бөленемін. Көпшілік теріс қарайды. Мүмкін дәл
осы көп ғасырлық зерігу переспективасы тарихты тағы да бір
жаңа бастамаға итермелер.
Фукуяма Ф. Конец истории?//Философия истории. Анто­

логия. – Москва. Аспект пресс, 1995. – С. 290-310.

МазмҰны

АЛҒЫ СӨЗ

Тарих философиясы – қазіргі философияның

құрамдас бөлігі .....................................................5 Генрих РИККЕРТ Тарих философиясы ...............................9

(Аударған Б. Сатершинов)
Георг ЗИММЕЛЬ
Тарих уақыт мəселесі
......................56

(Аударған Қ. Затов)

Философия тарихының мəселелері .....68

(Аударған Қ. Затов)
Эрнест ТРЕЛЬЧ Тарихшылдық жəне оның мəселелері .......76

(Аударған Т. Ғабитов)
Николай БЕРДЯЕВ
Тарих мəні
...................................104

(Аударған Затов Қ.)

Жаңа ортағасырлық
....................124

(Аударған Затов Қ.)
Николай ГАРТМАН
Рухани болмыс мəселесі.

Тарих философиясы мен рух туралы

ғылымдарды негіздеуге арналған

зерттеулер
...................................159

(Аударған Б. Сатершинов)
Арнольд Джозеф ТОЙНБИ
Тарихи ойлаудың

салыстырмалылығы
......182

(Аударған Затов Қ.)

Хосе ОРТЕГА-И-ГАССЕТ
Тарих жүйе ретінде ...........242

(Аударған Т. Ғабитов)
Раймонд АРОН
Тарих философиясына кіріспе
......285

(Аударған Б. Сатершинов)

Тарих санының өлшемдері
......318

(Аударған Б. Сатершинов)
Бенедетто КРОЧЕ
Тарих теориясы ...................................352

(Аударған Т. Ғабитов)
Карл ЯСПЕРС
Тарихтың қайнарлары жəне оның

мақсаты ...............................................414

(Аударған Т. Ғабитов)
Поль РИКЕР

Тарих жəне ақиқат ............................487

(Аударған Б. Сатершинов)
Фрэнсис ФУКУЯМА
Тарихтың аяқталғаны ма? ............515

(Аударған Затов Қ.)

ИБ № 6962

Басуға 20.12.2006 қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32.
Офсетті басылыс. Қаріп түрі “Тіmes New Roman”.
Шартты баспа табағы 28.56. Есепті баспа табағы 30.0.
Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №

Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009.
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 1430
Əлемдік философиялық мұра
Жиырма томдық

16-том
«ХХ ғасырдағы тарих
философиясы».
Редакторы Мырзан Кенжебай

Көркемдеуші редакторы Бейсен Серікбай
Техникалық редакторы Зайра Бошанова
Компьютерде беттеген Салтанат Алтайбекова
Мұқабаны дайындаған “Бауыр” баспасы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙