Тірілген тастың күбірі
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Заман Төлеуов
Заман Самалбекұлы ТІРІЛГЕН ТАСТЫҢ КҮБІРІ (Айтайын деп айтпаймын...)
НАНЫМ ТУРАЛЫ Алла сараң емес, бірақ сҧрамасаң бермеуі де мҥмкін Тағдырға Ҥкім шығару Тәңірдің қҧзырында ғана, адамның алдын болжау - пенденің сандырағы. Жалпы кӛпшілік арасында, соның ішінде жауапкершілігі аздау яғни жалтаң мен жалқауларға тән бір психология қалыптасқан. Не нәрсе болса да Алланың қалауымен дегендей... Жақсылық немесе қиянатты сен жасайсың да одан біреу ҧтып, екіншісі жапа шексе, бҧл - Алланың қалауы дейсің ҧялмастан, кӛзің бақырайып... Алла ӛзіне керек міндеттер мен мҥмкіндіктерді шектеп, сені де ӛз жҥрістҧрысыңды реттей алатын әлеуетке ие еткен. Пенде мен Адам арасындағы бір айырмашылық - біріншісінің жауапкершіліктен қашуы болса, екіншісінің анау ҥшін сол жҥкті арқалауы. Сондықтан Жер Соты мен Аспан Сотының әділдігі де әр басқа... "Мезгілсіз шақырған тауықты жҧлмақ болар" деген бар, сол сияқты уақыты келмеген уақиғаға сҧрақ салып, жауабын кҥту де ерсілік сынды... Тіпті, кейбір сәуегейлер "Қҧдіретке" ие болып, Жаратуышының Жазуын ҧрлап оқығандай қылық та танытады... Бҧның бәрі - әр пенденің ӛзі естігісі келгенін естуге тырысқанынан туындайтын тәрізді... Жаратушы сондай кең пейілді, қылмағанды қылып, артынан ӛкінсең ОЛ кеше салады мыс деген тҥсінік талайларды "жігерлендіріп" жҥрген сыңайлы. ОЛ егер: "Кҥнәңді да жуасың, жазаңды да тартасың!!!" деп ойын ӛзгертсе, АДАМЗАТ қалай қабылдар еді... Адамды Алла топырақтан жаратыпты-мыс, негізінде барар мәңгі бесігімізде сол ғой, қазіргі мекеніміз де сол топырақ беті, ӛткен заманымыз да сол топырақ астында... топыраққа араласпайтын тек РУХ қана, ол БІЛІМ, ӚНЕР, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ тағы тағысын соның ішінде жҧдырықтай жҧмыр Жердің еркесі АДАМды ажалдан арашалаушы ШИПАГЕРЛІКТІ қасиетті кәсібі еткен Жандардың еңбегі ерекше. Ӛйткені, Жаратушы ӛзінен қалған шаруаны соларға жҥктеген... Кісінің жаны шыбынға айналып, әлдеқайда ҧшып кететін сыңайлы... Тән ағып, жерге сіңгенмен жанды мәңгілік санау ежелден қалыптасқан пікір. Расында, бҧл фәниде ең қҧрмаса шыбынға ҧқсас бір тал нәрсе мәңгілік болмаса, мән қалмас еді... Бҧл жолы адам, келесі жолы мал, ары шыбыншіркей... кете берер. Дегенмен, ол айналымдардың да ӛз заңдылығы болуы тиіс, осы ӛміріңде қҧрт болсаң да адал термен кҥн кӛрсең, келесі жолы есек боласың дегендей...
- Алланың жаратқанда берген жан болмысын талай жерге сҥйреп, ласқа да қҧлатып, одан да тазарып, бірақ ешқашан да сол СЫЙДЫ сатпай, АМАНАТТАЙ Алланың ӛзіне қайта алып жете алған адам ғана БАҚЫТТЫ. Ал оны кӛріп, таныған Адам да БАҚЫТТЫҢ шарпуына бӛленеді Бір оралғыдан қҧтылу ҥшін, кҥш алуға екінші біріне жармасу - мәңгілік шырмалумен бірдей. Ешқандай ілімнің ӛз ақырын ашқан соңғы беті жоқ. Бәрі сол қҧдық тҥбіндегі тҧңғиықтан ӛзін кӛруге дәмеленген қаракет. Сыры ашылған сайын, сҧрағы екі есе ҧлғая тҥскен шексіздік. Бҥгінгі дәлелің ертең кері дәлел... Сенімге ҥміт артсаң - тӛңірегіңе тастан қамал салғаның. Бір ғана амал ол - егер Қҧдірет ҧя қаласа, ӛзіңдікіндей кӛрінген ішкі тҥйсікке қҧлақ салу.
ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ Бәз біреулер: "Дос жоқ қазір!" немесе "Достардан айрылдық" деп жатады. Ең алдымен сол Дос деген атаудың мән-мағынасына ҥңілген абзал болар. "Достық[ – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мҥдделі, ортақ кӛзқараста болатын қасиеті. Достық ӛзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, ӛмірде кездесетін тҥрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа тҥскен қайғы мен қиыншылықты бірге кӛтеруге жәрдемдеседі." делінген екен бір тҥсініктемеде. Осындай қадамға ӛзің әзір болмай тҧрып, оны ӛзгеден қалау мҥмкін бе! Біздің санамыздан бозбала шақтағы ҥлпек сезімның қылаңы еш кетпейтін тәрізді. Шынайы Достық дегеніміз сол ерте кӛктемдегі ғҧмыры қысқа әдемі қанатты кӛбелектерге ҧқсайды. Рас, ол кезде бір-біріміз ҥшін жан беруге де дайын едік. Бірде біліп, бірде білмей талай қиянаттар жасалып жатса, енді бір кезекте жаныңдағы жақын дегеннің ӛзі әдейілеп асты арамдағандай, сезім тҧнығын алалап кетеді... Жалпы "Дос жоқ" деп айтар кездің де ӛз межесі бар сияқты, есейдің, тӛселдің, тітіркендің... Сен іздеген Достық сезім ол да ӛзің сияқты сол ӛткелдерден ӛтті, ӛзгерді, ӛлі тері жамылды... Ендігі сенің қайраның бҧйыртса Жолдас, не Замандас, қала берді Кӛзкӛрген ғана... * Бір таныстың қарасы - мың тобырдан кӛзге ыстық... Мың ауыз сӛздің ақтауын, ақылды айтар қабақпен...
АЗАМАТТЫҚ ТУРАЛЫ Принцип - бірде ҧстап, бірде тастай салатын кӛсеу емес... Егер отың маздап жансын десең, қажет болса жалаң қолыңмен де шоқ кӛсерсің... Сонда кӛресің, кӛсеу ҧстамағанның қандай екенін... * Бір ауыл әкімінің: "Біз ӛтірік айтпаймыз, бізге айтқызады" дегенін қалай жоруға болады...?
- Мәселе біреудің ақылын тыңдауда емес, оны ӛз ақылыңмен салыстыра білуіңде... Соғыстың да ӛз мәдениеті бар, сол сияқты тӛбелестің де... тек кӛшеде шаш жҧлысқан қар әйелдерде ғана мәдениет жҧрдай... Кейде мен: "Бетке айтқышпын!" деп әлдекім даурығады. Бірақ мәселе бетжҥз демей, жҧлысқа ҧқсаған пікір айтуда емес, оны кӛрінген есуас та айта алады. Айтты, сол жерде қалды... Бастысы - жанына жеткізіп, кӛзінен жас шықса селдей ағызып, әлі де ҥміт бар болса ҥйірге оралардай ниетпен жӛнге шақыра білу... Егер ештеңе ӛнбесі аңғарылса кӛңілден де "ӛмірден" де аластап, Ота жасау ғана қисынды амал болар... Тегі адамның сену-сенбеуі ӛз еркінде дйміз. Десек те кейбіреу кӛзі кӛріп, қолымен ҧстап тҧрғанға да: "Бәрібір сенбеймін!!!" деп кері кетеді. Бҧларға ем жоқ. Ал енді біреу бәрінен секем алып, ӛз кӛлеңкесін біреудікі екен деп осқырынып жҥреді. Оған ем табылуы мҥмкін... Енді біреу елдің әр сӛзіне имандай ҧйып, бас шҧлғыумен ӛтеді. Бейбақ ай.. Келесі біреу ӛз пікірі болмаған соң, беделдінің сӛзін ӛсиеттеп, елді ҥйретіп, талай биікке де кӛтеріледі. Бедел ауысса, ол да ауысады... Ендігісі: елді аузына қаратқан кӛсем алжып, шата бастаса да оның сӛзінен дән іздеп, таба алмаса жетесіздігі ҥшін ӛзін қорлайды. Ӛз обалы ӛзіне... Жақсы кӛріну - мәртебе ҥшін керек болса, жақсы адам болу ауыр жҥк арқалағанмен тең... Тек, ӛз жҥгің ғана болса тәйірі, ештеңе етпес еді... Ел Сені Жақсы деп таныған соң, бар жҥктерін саған артады да ӛздері соңыңнан ілеседі... Сосын: "Қай жерге дейін шамасы жетер екен?" деп ӛзара кҥңкілдескенін естігенде "Шын Жақсы адам осындайда қайтер еді?" деп амалсыз аспанға қарайсың... Ақыл айтқан Ҥлкен адамға жарасады... Және Жастар да Ҥлкен адамдарды сол ҥшін жаратылған деп ойлайды... Тек, бір әттегенайы: ақыл айтқан Ҥлкен адамның ҤЛКЕНДІК таныта алмай жататындығы Сҥйкімділік пен Сҥйкімсіздік туралы не дер едік... Олар қабаттасып жҥретін қылықтар ма, әлде біреу ӛмірбақи сҥйкімді немесе сҥйкімсіз бола ма?.. Әсіресе қайсысынан абай болу керек?.. Бҥгін сҥйкімді, ертең сҥйкімсіз болуға бола ма... Жалпы әркім ӛзінің қандай адам екенін аңғара ала ма?.. Әлде, әдеттегідей сыңаржақты пікір жеңіп кете бере ме... Сҥйкімді болу деген - әдемі шырайға еніп , екі езуді кҥніге бойы елжірету ғана ма... Сҥйкімсіздік - ҧры иттің қылығындай сҧғанақтық па?.. Неде болса, бәрінен де абыройлысы жасандылықтан ада болу сияқты. Ӛмірді ҥлкен сахна дегенімізбен, ел саған кӛрермен емес, сондықтан ӛнерпаздың рӛлін ойнаймын деп ӛзіңді жоғалтуға жолықпайық...
- Егер сенің сілтегеніңнің барлығы нысанаға дӛп тигіш болып, оған кӛпшілік разылықтан мақтап, мадақтай бастаса, оларға қосылып лепірме, онан да ойлан: "Неге бҧлай?" деп... Мен ӛзімді елге ақылгӛй дана адам етіп кӛрсетуді мақсат етпеймін, дейтҧрғанмен қысылған кісінің қызарған беті сияқты кей ақылдарым алабҧртып, сыртқа теуіп тҧрады... Адамдар әлдекімдердің атақмансаптарын, барлық-байлықтарын дәріптеп, ауыздарының суы қҧрып жатады. Талай нәрсе, мысалы: сҧлулық, сҧрықсыздық, кемтарлық сияқты қасиеттер де ешкімнің қалауына сай қалыптаспас. Сондықтан "Мен неге мықтының яки сҧлудың орнында емеспін?!" деп тарыққанның орнына "Жаңа ғана апаттан жан тәсілім еткеннің немесе ғаріптіктен азап шеккен бір жанның орнында болмағаныма шҥкір!" деп осы кҥніңе тәуба салғаның - ӛз болашағыңа астамшылығы жоқ жол ашқанмен бірдей-ау, сірә... Тегі, бетке ҧстары жоқ кейбіреулер жасын кӛлденең тартып, кісіні де кішіні де силатқысы келеді... Жҥзге жетсең де ол сенің жетістігің емес... Ол - Алланың рахымы немесе сені қаперден шығарып алған салғырттығы...
ӘР ТҮРЛІ ОЙЛАР ТУРАЛЫ Иістің тҥр-тҥрі болады... Кейбіреу әтір иісін сезбейді де қоқыр иісіне жетік келеді. Сондықтан оған аңқитын да мҥңкиді... Қазақта ЖҦҒЫСТЫ деген бір әдемі сӛз бар. Мысалы: данышпандардың аттарын неше қайталап, солардың ҧлағатты сӛздерін талмай айта берсең, бірте бірте ӛзің де "ДАНЫШПАН" болып кеткеніңді аңғармай қаласың... Жас кезіңде басар белім, асар асуларым әлі алда деп, ҧзын арқан, кең тҧсау кеңшілікте жҥрерсің, естір мақтауың мен кӛрер мадағың да әлем де әйдік тҧрар... ал, жасың ҧлғайып, соңыңда ирек-ирек іздер тасталып, маңдайың қыртыс-қыртыс "ақылдың кеніне" айналған шақта: "Япырау, менің ӛмірімнің ӛзгеге ӛнегелік мәндеріне неғып ҥңілмейді?" деп кҥйінетін кейбір сартістілер де болады. "Тасаттық" беріп жауғызған жаңбырдан - дер кезінде ӛзі тӛккен нӛсердің кӛгі биік те бітік болары сӛзсіз ау... * Соғысты бастан ӛткергендер ол туралы айтқанды қаламайды, тіпті, кешегі "шектеулі соғыстарға" қатысқан жауынгерлердің де басты тілегі: "Соғыс болмасын!". Соғыс - ӛлім, азап, баршадан баз кештіретін бір кҥндік тәрізді қиямет тірлік, барың мен жоғыңды бағалатар да бағасын жоғалтар да қас-қағым сәт... ӛз тағдырың ӛзіңнен кеткен мҧрындықталған кҥй... аш бӛрідей
торыған ажал ҧлыған сайын ӛзіңді де ажалға айналдыра тҥсетін алапат... Жеңіс - соның бәрін ақтап алатын жалғыз ақиқат!
ӘДЕБИЕТ ТУРАЛЫ Шебердің ісі - оймақтай ойды тарының қауызына сидырып, оған шексіз әлем дарыту... Мәселені Ақын шешпес: Ақын - айтар жеткізіп Арызыңды... Ақын - кетсең салғырт, еске салар Парызыңды... Ақын - арағайын боп, қайтарысар Қарызыңды... Ақын - бірге жоқтар таяқ ҧстап, Қазақ деген шер маңдай Жалғызыңды... Шеберліктің ең шырқауы - не жасасаң да әркімнің қолынан келетін сияқты оп-оңайлығы... Ал, оны неге шеберлік дер болсақ - оны әркімнің жасай алмауы... Терезесі теңнің Сыны - теңдесі жоқ Сыбаға, терезесіз Тҥннің "сыны" - апарар ӛзін Жыраға... Қазақта "Ымды тҥсінбеген дымды тҥсінбейді" деген әдемі нақыл бар. Әмісе бәрін шәйнап беріп, жҧтуға ғана ҥйренген сана АСТАР дегенді аңғармауы мҥмкін. Жаман орыс әңгіме айтса ішкен жегенін, ..генін ...қанын тәптіштеп айтар. Хат таныған соң, оқи да білу керек. Ал басыңа торғайдыкінен кӛбірек мый берсе, сәл пәл ойлан... ары қарай тарат, мҥмкін ақиқатын сен айтарсың. Ӛйткені оп-оңай сияқты жазылған дҥние оп-оңай жетеге жете бермейді... *
СӚЗ туралы қанша сӛз айтылды десеңізші. Десек те сол СӚЗДІҢ байыбына әлі кҥнге жете алмай келеміз... СӚЗДІ қҧрал деп есептеудің кесірінен оның бойындағы ЖАНДЫ сезбей жататын сияқтымыз. Бізше: кҥрек пен аша не, СӚЗ не - бір тектес болып кетті ме... СӚЗ жеке тҧрғандағы ӛзінің ӛңі мен ішкі мағынасын екінші бір Сӛзбен жанасқанда қалай ӛзгертетін сиқырды меңгеру - шын шебердің ісі деп білемін. Сӛзден заңдылықтарын сақтап, сӛйлем қҧрай алу білімдінің шаруасы. Ал СӚЗДЕН ОЙ тҥзу ол, ол... Кӛркем дҥние: сурет пе ӛлең бе, ол қолдан ҧрықтандырғандай жасанды әдіспен жаратылмас сірә, ол - соноу бір тылсымнан туған асыл сынды емес пе...Ондай дҥниенің мҥшелейтін қаңқасы да болмас, ӛйткені ол жҧмыр тастай бітік жаратылар, егер жаратылса... Ӛз ісінің шебері қателік жібермеуі тиіс. Шеберді сынаған кінәлі емес, сынға ҧшыраған шебер кінәлі.
- Исі Қазақ сӛз зергерін АҚЫН деп ардақтады емес пе?! Осы қасиетін әркім әрқалай ҧғатын асыл атаудың ОТАУЫ - кҥллі жазу дарыған Азаматтарға ортақ деп санаймын... Сҥрген ӛміріңді айта алған да бір ӛнер, адам айта алмайтын ӛмірді ӛткерген де бір ӛнер... Ақын болар бала - о бастан сотақар келер, оның кҥндігіне шығаратын он айқасына "сау" адам тӛзе бермес, сондықтан оларды ӛз бетімен жіберген жӛн. Себебі: олар сеңді бҧзған "Крейсердей" жамандықты тарқатып, жақсылықтың жолын тӛсейтін Жанкештілер іспетті... Бір "ақылсыз" қыздың газетке жазған хатында: "Я хочу прожить жизнь, как Сергей Есенин..." деген тілек бар еді. Шынайы ақынның шығармасы болмаса - ӛмірі адам қызығарлықтай бола бермес. Сондықтан оның ӛзін тҥсінуге ҧмытылғанша - ӛлеңін оқып танысай... Бір талантты да танымал ақынға жазылған алғысӛзді оқып ойға қалдым. Анаған ана жері ҧқсайды, мына жерінен мынауды шырамытамын деген сияқты теңеулерден аяқ алып жҥре алмадым. Баласы - не нағашысына, не ӛз жҧртына ҧқсамаса кӛршісінен кӛретін қазақтың харакеті сияқтанды маған, бҧл... Ал кӛршісіне де ҧқсамаса бҧны Тәңірдің ӛзі берген деп ерекше есіркер... Сол сияқты ешкімді елестетпейтін кӛркем дҥниені ҚҦБЫЛЫС деп атау орынды болар... ҚҦБЫЛЫС дегенімізді - тыңнан жаралған тылсымдық оралым десек, ол жҧққан ақынның шығармасы қатардағы талдауға жатпас... Аударма дегеніміз - бір нәрсені теріс қаратпа деген ҧғым сияқты... Аударма жасау дегеніміз - сірә, ӛсіп тҧрған терек пе, қайың ба соны тҥбірімен қазып алып, ӛз бақшаңа қондырумен тең сияқты ма... әлде оны иіп, бҧрап ӛзің қалаған ағаштың ҧсқынын жасауға далбас па... тегі, байқағаным: кей шығарма аударылды дегеннің ӛзінде ішкі діңі туыстықпен майыспай, екі жаққа да жат тілмен сӛйлейді... Қазақта "қоспа" деген сӛз - мал қосқанды айтады: біреуге мал қоссаң, одан кейде ӛз малыңды қайта ала алмайтын жағдай да болады... Сол сияқты "аударма" дегенді қалай десек екен... сынын бҧзбай аудара жатсаң - АУДАРДЫМ деп марқаясың... ал кейде кейбір аудармаларды оқып отырып, тҥсіну ҥшін оның тҥпнҧсқасын іздеуге тура келеді. Сондықтан: АУДАРА алсаң Аудар, аудара алмасаң АУДАРМА дейміз бе... *
Шығарманың қҧндылығы мен оқырманның алғырлығы қабаттасып жатса - таң шапағымен ояна сала сҥйіктісіне кҥнде ғашық болатындай ғажап кҥйді кешер ме едің. Әр бетін қайта аударған сайын, жаңа сыр мен нҧрды танып, мағынадан мағына тудыра берер ме едің... Ой мен Сҧлулықтың шексіздігіне қайран қалар ма едің... Баршаңызға тілерім, осы ләззатты тҥйсіну... Біреудің сӛз саптауы мен ой тҥзу сарыны ескіліктің нышанындай тереңнен қозғалып, кешені, бҥгінді тіпті ертеңді де қамти алар... Ал енді біреу - бҥгіннен алабӛтен тартып, ӛзінің оқырманын келешектен кӛрер... Сосынғы бірдің тағдыры бҥгінмен ғана астасып, иі қанбаған, жайдақ баянның ауылынан аспас... Осы ҥшеуін де зерделеп, жігін ажырата тҥсінуге ҧмтылған оқырман ғана Заманына сай келер... Себебі, жікке бӛлінгенмен бәрі бір тҧтас Руханият... Кӛзінің тірісінде ӛз ӛнерінің қызығын кӛріп, дҥниеге белшесінен батқан Эмиль Золяның дәулетіне тамсана тҧрып, оның әрекідік киім-кешегін кепілдікке ӛткізіп, ҥстіне ақ кебін сияқты дәке жамылып, прован майын жаққан қара нан мен қара суды қорек етіп, ӛзінің атақты шығармаларын шатырдың қуысында отырып жазғанын еске ала бермейміз... Сосын ӛзіміз бірдеңе жаза қалсақ, алдымен атақты арман етіп, оның бейнетін ӛзгенің маңдайынан оқығанды тәуір кӛреміз... "Классик" (танымал, белгілі, кӛрнекті т.т) болу деген жаңғырық қабылдамайтын жартасқа айналып қатып қалу емес шығар, әсте. Шынайы ғаламат шығарма әр оқыған, тыңдаған не кӛрген сайын жаңа қырдан танылып, ашылары хақ... Сондықтан жорта қолпашпен жасанды классик атанғандар жаңашылдықтан жҧрдай келеді де ӛзгелердің ізденістерін тҥсіне бермейді... Баяғыдағы бетон бағыт соцреализм әлі бардай кӛретін сияқты ма, қалай?.. Қандайда шығармашылықтың тҥрімен айналысатын адамға "Жақсы кісі яки жақсы адам" деп баға беруге асықпаңыз... Ӛйткені, рухани болмысы басынан сипатпайтын ОЛ Сенің кесіп-пішіп сайлаған қалыбыңның далдҧлын шығаруы мҥмкін... Сондықтан айтуға тым ынтызар болсаң ОЛ қайтқан кезде ғана "Жақсы кісі" дер ме екенсің...
ӨМІР ТУРАЛЫ Ӛмір деген алғаш аттаған жанға бастапқыда романтика болып кӛрінер. Алдыңда тосып тҧрған қандай қиындықтар болса да олардың саған шектірер зияны жоқтай кӛрінер. Сен оның барлығынан сҥрінбей ӛтерсің, сенің сыртыңнан әмісе ата анаң, дос жарандарың қызыға бақылап, сенің жетістіктеріңе қуанып, тамашалайтындай ғана кӛрінер. Әрине жауапкершіліктің боларын іштей сезесің, бірақ сен бәрінен мҥдірмей ӛтетін ғажап қанат иесі сияқты сезінерсің ӛзіңді. Ӛмір ҥлкен сенімнен
тҧрады, тек кейде кӛзсіз сенім ғана ешқайда жалтақтатпай алға жетелейді. Ӛмірді сҥйген адамды ӛмір де ҧнатады, қолдайды. Ӛмір - ол Ӛзіңсің Арайлап таң атса, соған жеткен тірі жанның барлығы жарыққа кенеліп, қуанар. Кҥн ӛрлеп, қайта еңіске бет алар. Қараңғылық жамылып тынығар. Тек, осы екі арада адамдар тағдырында неше рет таң атып, неше қабат кҥн батады-ау... Маңдайға жазылғаны бар, қасқана жасандысы бар... ӛзіміздің қырсық мінезбен кҥнді кӛлегейлеп, жоқ кӛлеңкені тҥсіруге әуестік те кем қалмайды, бҧндайда... Адам да бір жолаушы... ӛмірі оның иә, ҧзақ, иә, қысқа жол... иә, даңғыл, иә, тастақ танабы... тағдыр жазуын салған маңдайы да иә, тайқы, иә тар келер... ақылы да кен, иә кем... әр адам ӚМІР туралы ӛз пікірін қалаған болады, бірақ, ЖАЛҒАНды ешкім ҧстап қалған да емес, ҧстағанда емес, бәрі кӛз жҧмса ғайып болар тҧрлаусыз елес... сондықтан, әр тірі сәтің ғана сенің шындығың, ал басқасы ойдан шығарылған кӛңіл жҧбату ғана... Ӛзіңе біреу сҥйсінсе - кҥресін қардай кӛл-кӛсір жайыла бастайсың... Жан рахатына бӛленгендей боласың... Бірақ, бҧл да сол - қысқа кҥннің шолақ жылуы тәрізді қас-қағым кҥй... Адамның кҥллі Ӛмірі - Кӛңілдің кӛңіл-кҥйінен жиынтықталатын сынды. Сірә, бҧл жалғаннан армансыз боп - еш пенде баласы аттанбас та... Сҥйсініс деген - сырт кӛздің саған тамсануы десек, ал негізінде сусыны қанып, ӛксіместей, ӛміріне тҥшіркенген кім бар екен?!. Ӛмір - кҥндердің кҥні шешіп тастайтын сырт киім ғана болар... Бір нәрсені ертеректеу бастау керек еді дейді, кейде... адамның жасына қарап, әдетте... Бірақ, сен жастау кезіңде де білген жоқсың ғой алдыңда қанша уақытың бар екенін... Дәл қазір де солай, алдыңда сҥрілмеген қанша ғҧмырың бар екенін айта аласың ба? Әрине, жоқ. Сондықтан, орайы келген істі жалтақтамай, оралған тҧстан бастай берген абзал... Ӛтер де кетер дҥние, кӛз саттырған боқ дҥние... Кӛзді ашсаң бар дҥние, кӛзді жҧмсаң жоқ дҥние... Кезінде әлдебір аса жанашырлықтың себебінен айырылып қала жаздаған адамды тағы да солай тӛпелей берсең, ол оң нәтиже бермеуі де мҥмкін. Сондықтан: барып қайта келген жанға сенің қорғап-қоршауың "тосақуыл" іспетті кӛрінуі де ықтимал. Тірі жан-жәндіктің бір қасиеті қандай да тосқауылдан ӛту емес пе... Ӛмір - ӛмір сҥрген адамның ӛзінікі ғана. Ой мен іс азаттығы ӛзінде болса ғана, парқадарлы қадам тосуға болар ма... * Ӛмірде екі нәрседен ғажап ләззат пен азап та алған сияқтымын... Тәуірінен бастасақ ол қҧштарлық, яки ғашықтық па, мҥмкін махаббат та болар... бҧл
жарықтықты бастан кешкендер осы қазір: не "сҥйіншілеп" не "жабыла кӛріссе" таңырқамаймын... ал екінші тӛбелестен кейінгі кҥй: басында азап, одан соң ауырсынған мамыражай тәтті кҥй... бас, қабырға, бел, жҧдырық бәрі мен мҧндалайды... олардың әрқайсысын туысыңдай ішің елжіреп, жаның аши сипайсың... егер айшықты жара тҥссе, ол ертең тӛсіңе таққан марапаттай кӛрінеді, мақтанышыңа айналады... Нағыз ер азамат - осы екеуін кәдеуілгідей бастан кеше алмаса "МЕН" деген сӛзді айтуға қҧқығы шамалы... "Ӛмір деген - кҥрес" деп айтқалы қашан. Бірақ сол кҥресті әркім әрқалай тҥсінер... Тосулы бір маңызды кезеңді япырай қалай ӛтер екен, сонан кейінгі менің кҥйім қандай болар екен деп қобалжитын да талай сәттер болады... Аман болсаң оған да тӛселіп, олардың да бастан ӛтіп кеткенін аңғармай қаласың... Тек, кҥрес қана ӛзгеше... Малтығып жҥріп бір ордан шығып ҥх дейсің де қайта тырбанам деп, тағы бір орды әдейісіз қазасың... одан да шығасың... Атам қазақ: "Бҧйыртпаған бҧттан кетеді" дейді, сондай-ақ, ерттеп мінбей жатып, ҥйірдегі биені де менікі деуге болмас... Таң ата кӛрген тҥс те әмісе дәл келе бермейді, келмейтіндей кӛрінген қимасың да кҥтпеген кезде қақпаңды қағуы мҥмкін, бірақ сен ол кезде дастарханыңды басқаға жайып отырарсың... Пендеге: "Тек менің айтқаныммен ғана жҥр" деп алдына, бҧйрыққа сәйкес бір бірін қудалайтын қамшы тасталған, ал Адамға "Сенің алдыңда ақ парақ, басы мен аяғы толтырылған, тек ортасын толтыру сенің міндетің"... Алла ӛз қалтасынан ештеңе бермейді, ӛзге біреудікін аударып береді дейді. Соған қарағанда тілене берсек, біреудің обалына қалатын сияқтымыз... Сондықтан кейде қолда барды місе тҧтып, береке етіп ҧйыта алсақ, әлдеқайда баянды болмай ма... Әркімнің ӛз кӛкірек кӛзі бар, бірі ақ, бірі қара, қайсысымен қарасаң - соны кӛресің... Жалпы, тіршілік дарыған жан иесі, соның ішіндегі адамның да кҥнделікті басты харакеті - ТІРІ ҚАЛУ... * Бала кезімде әкемнен: "Ӛмірдің мәні неде?" деп сҧрағанымда ол кісі: "Адал еңбек етіп, бала-шағаңды асырау... " деген сияқты әңгіме айтты. Мен қоймадым: "Тағы не?" деп, сонда әкем: "Ӛзің ӛскенде кӛресің оның мәнін, енді оттай берме!" деп зекіп тастаған-ды. Сол ӛмірдің МӘНІН әркім, әрқалай тҥсінетінін ойлағанда "Ә жарайды!" деп бҥгініңе тәуба еткендей болады екенсің...
- Адам жаратылғанда мимырт ӛмірге ыңғайлы, алапат соғыс, нәубетпен жағаласуға ыңғайлы, тағы тағысына арналатын тәрізді... Сондықтан да бір кезеңнің батыры, келесі кезеңге сай келмей жататындығы да осыдан болар, әсте... О Генридің бір әңгімесі тӛсек тартып жатқан қыз жайлы еді. Кҥндер ӛтіп жатыр, кҥз де келді. Қыз дҥниеге тек терезеден ғана телміреді. Сырттағы кӛрініп тҧрған ағаштардың жапырақтары тҥгел тҥсіп болды. Тек бір ғана жапырақ, жел ӛтінде дірілдеп әлі тҧр. Қыз «осы жапырақ тҥскен кҥні ӛмірден ӛтемін» іштей шешеді. Бҧл жағдайды білген бір суретші таң атқанша жалғыз жапырақты ағаш суретін салып, терезе алдына іліп қояды. Ал, қыз бала жалқы жапырақты қашан қара кҥздің суық желі іліп әкетер кҥнді тосып жата береді. Бірақ жапырақ кҥнде таңертең ешқайда кетпей, терезеден бҧған қарап тҧрады. Уақыт ӛте қыздың да сырқаты қайтіп, ӛмірге деген ынтасы оянады. Сӛйтіп, тапқыр суретшінің арқасында әлгі сурет жапырақ бҧл қызды ажалдан арашалап қалыпты. Белің кӛтермейтін ауырға жолама; басыңды айналтар биікке шықпа; сырың кеткенде самайыңа бояу жақпа; ӛз сырыңды білмей, ешкіммен сырлас болма; ӛзге жҥрек кӛтергенді ӛз жҥрегің кӛтере бермейді; сҥю деген қҧлаққа сӛз боп естілсе, жаныңа жайдың оғындай тиеді; оқыс оянған шынайы сезім таудан аққан аяусыз селдей кӛкірегіңді дал-дҧл етіп бірақ тынар... сел ӛткен соң қалған қаңқаларды жинап бір ғаріп жан жапан тҥзде жазғырынады кеп, ӛзіне... Ертеректе «Жалғыздық» дегенді ғажап санап, кезінде соған қҧштар болған едім. Әртҥрлі әдебиеттегі кейіпкерлердің тағдыр тәлейіне тҥсіп, қҧсаланғаны тым тартымды кӛрініп, соның кҥйін бастан кешуді арман еттім де қара нӛсер астында қалғандай соның бәрі іс жҥзінде тӛбемде ойнады... Денемдегі жырым-жырым жара іздері ӛз майданы туралы сыр шерте алса, іштегі жарада ҥн жоқ. Шыбын жан ӛзімен-ӛзі қҧса болуға әбден кәніккен тәрізді, оның мҧңдасы да сырласы да бір ғана ӛзі... Баяғыда менің жасымдағыларды сайға лақтырыпты-мыс: кӛнелігі жетіп, кӛзге кҥйік болған соң...Ол да жӛн бе екен дейсің кейде... «асарыңды асадың, жасарыңды жасадың». Енді, ел сені кӛрсе ӛмірден тҥңілетін тҥрге тарттың, «Ішіңдегі не жегі, сені осынша ӛңнен айырған?» деп сҧраса айтарға уәжің де жоқ. Кҥлсең де қарыз сҧрағандай қиналасың, отырған орның опырылып қҧрдымға ала қашса да селт етпейтін халге жеттің... Қатты дауыл алдындағы тыншым сәттей - Ӛлім мен Ӛмірдің ең бір тату кезеңі сені баурағандай... Бір ғажабы, сен мығымсың. Қорқу, уайым, кінәліні іздеу, тӛңірекке сҧқтану сияқты кҥйлерден адасың... Мҥмкін, «Кемел жас» деген осы ма, сірә? Әйтеуір, кейпің - айтары мол кемеңгерден кем емес... Және болымысыңда бір тартыныс бар, «бәрі жалған, бәрі бекер» дегендей,
бекем тыжырынысты... Басыңа пәле тілеп, жалғыздықты аңсаған қу арман ақыры жетіп жҥйкелетті ме, әлде?.. Е, бауырым! Жалғыздықты мҧрат ете кӛрме, ертеме-кеш ӛзіңе тартқан егізіңдей жаныңның сыңары да табылар... Оттай ыстық қуанышты ішің сезіп тҧрса да жадыраудан жаңылған жаның қара жартас сынды иіи алмай мелшиген де қансырарсың... Сонда барып ӛкінерсің, япырай, ақымақ жасымда жалғыздықты неғып арман еттім екен деп, ӛзгенің қайғы-зарына несіне кӛз салдым деп... Онсызда, ӛткеннің бәрі аузы сыздаған ӛкініштер ғана екен... Енді, жантәсіліммен тең сҥйіспеншілікті тҥйсіне алмай ӛкініп отырған ҧсқының мынау... Тегі, бетке ҧстары жоқ кейбіреулер жасын кӛлденең тартып, кісіні де кішіні де силатқысы келеді... Жҥзге жетсең де ол сенің жетістігің емес... Ол - Алланың рахымы немесе сені қаперден шығарып алған салғырттығы...
Тілеп алған тірлігің – кҥнде оятар бір ғажап... Егер итке ҥш рет кет дегенде кетпесе ол ӛз итің, ҥш қайтара берген сәлеміңді біреу алмаса ол - керең болғаны да... Егер ҧш мәрте бір тӛбенің басына отырған адамды кӛрсең ол - сол тӛбенің иесі деп біл. Атам қазақ ҥштен артық ескерту жасамаған, ҥштен кем мҥмкіндік те бермеген. Сол ҤШТІҢ қадірін білмей, ӛз қадырын кетіріп жҥргендер қаншама?!. Адамға дегбір бермейтін оның қол-аяғы емес, басы екені мәлім... Дейтҧрғанмен "қазақы жалқаулық" басқалардан ерекше... Оған мыйдың да қарынның қатысы жоқ... Оған мақал-мәтелдеріміз кінәлі сияқты: "Аса қайрат - жанға қас", "Бҧйырмаған бҧттан кетеді", "Кӛппен кӛрген ҧлы той", "Бас аман болса мал табылар", "Бірдің алды, бірдің арты"... осы секілді жалғаса береді. Сіздер де кӛріңіздерші...
ҚОҒАМ ТУРАЛЫ Бҥгіннен бастап ауылымызда Қоғамдық Кеңестің қабырғасын қаладық. Бҧл соны жаңалық емес, ежелгі аталарымыздан қалған дәстҥр де. "Келісіп пішкен тон келте болмайды" дегендей ауыл мәселесін бас қосып, қоғамдасып шешу жолын қолға алуды ниеттендік. Ӛз қотырымызды ӛзіміз қасымасақ, кім келіп жӛнімізді жӛн қылар. Кҥбір-сыбырдың тӛңірегінде қарайып, қаңсып қалған ел-жҧрттың санасын ояту әрине оңайға тҥспес. Дейтҧрғанмен жиналған кӛпшіліктің райынан бҧл қҧптарлық қадам екені аңғарылды. Жалпы қауым бір немқҧрайлы, беймарал кҥйге тҥскелі қай уақыт... Әркім ӛз проблемасымен... Кеңесетін ҚАБЫРҒА қҧлап қалғандай. Ӛстіп, әркім ӛз бетіне кеткен тоз-тоз қауымнан тҧтас талап та туындамасы белгілі. Мың қайталап ығыр қылған әдемі мақал "Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару" деген - жай сӛзге айналып кеткелі де қашан. Біздің Адамға ешқандай ҧран да айтақ та енді әсер етпейтін тәрізді.
Бҥркеніп отырған бей-жай кҥйімізді соңымыздан ергендер ӚНЕГЕ деп қабылдап жатса, СОРДЫҢ СОРМАҢДАЙЫ сонда боларын бір сәт ойласақ, ертеңгі кҥннің сҥдінінен селк етер едік. Сондықтан неде болса қай істі бҥгіннен бастай берген жӛн секілді... Ҧзақ уақыт қалыптасқан ӛмір тәртібін ӛзгерте қою оңайға тҥспес... Есіктерезесін ӛзің ғана ашып, ӛзің жауып жҥрген әлеміңе бӛгде жанды кіргізу – ҥйіңе қҧйын кіріп кеткенмен пара-пар. Бір адам мен бір адамның тең болғанын, ешуақытта ешкім анық айта алмайды... "Теңдік әпереміз, Теңдік ҥшін кҥрес" деген сияқтылар қҧр демагогия... "Халқымыз тәуелсіз, еліміз егемен" дегенде барша жҧрт ӛз басына сол теңдікті қалады... Ал негізінде қандай қитҧрқыға салса да "Езуші тап пен езілуші тап" бәз баяғы қалпында... Тек біздің жағдайда: малы болса әкесінен қалмаған, "текті" болса, ата қаны, ана сҥтінен алмаған... Кедейі де қызық, бай болуды армандайды, бірақ сол ҥшін талап жасап қарманбайды. Әлі сол Әділдікті тосады... теңестірер... * Кері сӛйлегеннің арбасы да кері жҥрер, кӛптеп сҥйрегеннің арбасы асу таңдамас. Бҥлдіруге емес, гҥлденуге қарай шешуші қадам жасар кез нақтылы таяған сыңайлы. Келешек бір адамның қолында сияқтанғанмен, біреу соған ҥміт артып, келесісі кері тартып кегжигенмен қандайда бір Келешек келеді. Ол сенің ҥміт артқаның ба басқасы ма бір қҧдайым білсін...
ҰЛТ ПЕН ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ ҦЛТ пен ХАЛЫҚТЫҢ ара-жігі қандай? "Ҧлты бӛлектің - заты бӛлек" деген не мағына да айтылған? Ҧлты басқа сенің халқыңа жата ма? Менің Ҧлтым, менің Халқым деп неге екі бӛліп айтамыз? Біздің санамызда Ҧлттық ӛктемдіктен гӛрі ӛзгеге деген жалпақшешейлік қашаннан бері орын алды? Бҧндай қҧрбаншылдық қасиет кімге ҧтымды және оның соңы қай ҧшпаққа жеткізеді?.. Эволюциялық даму - бір тектестің екінші тектестен оза ӛркендеуі болса, яғни соның біреуі қалайда кемшілік кӛреді... Сондықтан мемлекет қҧраушы Ҧлттың мәртебесін кӛтермей МЕМЛЕКЕТ заттылыққа ие болмас,,, Халықтың Арман-Мҧңы - атамзаманнан ақырзаманға дейінгі Аңсар... Оның әр кезеңіндегі ӛмір сҥрген ҧрпақтары сол Арман-Мҧңды ӛз кӛкірегінен шыққандай тҥсінеді. Осындай іштен шыққан, туыс сабақтастық болмаса, бәлкім бҥгінгі жҥрген біз де болмас па едік... Ҧлтыңнан жерігенмен, тҥріңнен қашып қҧтыла алмайсың... * "Оян Қазақ!" ҧраның болып, атың Қазақты бірде азап, бірде мазақ деп, одан қалса кӛргенің мен кӛресіңді де тозақ деп жатқан бір ғажап жҧртпыз. Бҧл
сӛздер бҥгін ғана айтылып жатқан жоқ. Бҧл - жағына нҧр ҧялаған әр қазақтың ащы зары мен алыстығы беймәлім асыл арманына деген талпынысынан туған ӛксіктері болар. Егер Арман болса оны неге тек армандап қана қоюымыз керек?.. Кӛкірек қарс айрылып, жан дауыс шыға азынағанмен оны кім естіп жатыр?! Етіміздің соншалықты ҥйренгені - бізге бәрібір, осы салмағына ештеңе тең келмес ауыр қасіретті - Ҧлтымыздың бет-бейнесі етіп те алғандаймыз. Иә. Біз сондаймыз. Біз - маңдай соры бес елі, тәлей-мәлейдің барлығы біздің тағдырға ғана толысқан, ӛзіміздікі аз болғандай ӛзгенің де жҥгін артып жҥре беретін "қара нардай" қайыспас халықпыз дейміз. Бҧл мақтан ба, басқа ма онда шаруамыз жоқ. Біз кімбіз? Осы, біз бармыз ба? Болсақ, қайда жҥрміз?
АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ Кеше ғана сенің кӛлеңкеңдей - еңкейсең қоса еңкейіп, қисайсаң қоса қисайып жҥрген біреу, бҥгін жотасы кҥжірейіп, кӛзі ежірейіп елді қорқытып отырса оған таң қалма... Ӛйткені, ол тағы біреудің кӛлеңкесін бейнелеп отыр да... Бӛтен итті есіркеп басынан сипағың келсе - қолыңды созбай ойша ғана ишарат ет... Иттің естілігі ымыраңды кӛзіңнен аңғарады... Ал бӛтен адамды есіркегің келсе - бар қазынаңды мҧқият жасырып барып, алақаныңды аш... Қолыңдағы шырақпен ӛз жоғыңды ғана іздемей, жҧрт алдына шам болу - әр Азаматтың абыройлы ісі болар... Адам дамимын деп талай қасиеттерін жоғалтып алды емес пе... Жақсы мен жаманның ӛзіндік иістері де болар, тек оны сезуден қалғандықтан - кӛргеніміз бен сезігімізді ғана айтуға мәжбҥрміз... Кҥнде ертесін тҧрған кезде ӛміріміздің жаңа парағын аудардық яки аштық деп жатамыз... Ӛмір парақтан тҧрса, біз сірә, әлдеқашан дайын кітапты қайта парақтап отырғанымыз да... ШЫНДЫҚ дегеніміз - қиянатты әшкерелеу ме?.. Әу баста тҧстың кӛркі боларсың, одан тӛрге жайыларсың жамбасқа жай, сырғи-сырғи есіктің кӛзіне жетіп, аяқ сҥртерге айналарсың... Сол дәрежеге жетпей тозып кеткен де абырой сияқты ма.... Неге ҥйір болсаң, сол ҥйірге тап боласың...
Бір танысым қабырғасы қайысардай болып айтып еді: "Ӛзің білетін қайынағам, кезінде әбден қанымды ішті ғой! Қосқан малымды қайтармай, алған ақысын мойындамай... Сақалын силап, Алладан қорыққан соң да талай жҧмылған жҧдырығымды жазуға тура келген-ді. Қиянаттың кӛкесін жасады ғой ол маған! Кейде, сол кезде-ақ жағын ҧсатуым керек еді, орынсыз ғайбат пен жалаға жығынды қылғаны ҥшін деп те ӛкінемін. Бойында кҥш-қуаты барда адамды менсінбеді. Енді кемпірі ӛліп, ӛзінен мал тҥгілі денсаулық та қашқан уақытта бізді келіп сағалады. Баяғы кісімсігені ғайып болған. Мҥсәпірдің кейпін киген есалаң біреуге айналған. Айып тағып, ренішіңді айтайын десең есінде тҥк жоқ. "Білмеймін, ештеңе білмеймін..." осы жауабы. Адам қарадай кҥйініп, не әдейі, не шыны белгісіз оның осы мыштай хәліне қайран қалудан басқа амал қалмады." Пенде - әл-ауқаты бар кезде ғана жасаған қиянаты мен шарапатына жауапты. Жотамыз кҥдірейіп, "Мен сондаймын!" деп жҥргенде, әлдебір істің басында абыройымыз иә асқақтап, иә айрандай тӛгілуі де ғажап емес. "Астыңдағы атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе" деген атам қазақққа тағы қосарман: "Ӛзге тҥгілі ӛзіңе де сенбе" дегім келеді. Бҧның басты себебі: адам ӛзін-ӛзі ешқашан толық тани алмас деген кҥмілжіс. Жеме-жемге келгенде жалтаң атша ерден сыпырып кетпесе деген қамқорлық. Қаншалықты "Мен батырмын!" деп кіжінгеніңмен жан шіркін тым тәтті ғой, айқасар сәтте қҧйрығын қысып зыта жӛнелсе, ӛзіңді ӛзің қуып жете алмассың! Атқа мінер дәрежеге жеткенде біреудің артына мінгесіп, не жылқысын сҧрап міну уақытшалықты аңғартады. Бҥгін болмаса келесі кҥні жаяу қаласың. Сол сияқты ақыл кіретін уақытта ӛз ақылың болмай - әркімнің нҧсқауына жҥгіне берсең, кҥндердің кҥні бір адасасың. Сондықтан ӛзгенің дуалы сӛзін қаншалықты силағаныңмен, ӛзіңнен шықпағандықтан - оның тҥпкі тегін терең тануың мҥмкін емес. Ақылды адамның ҥрлеп ішкенін кӛрген ақылсыз да ҥрлер, бірақ, бәр айырмасы - нені ҥрлеу керектігіне мән бермеуі... Ӛзін-ӛзі сҥю, ӛзімшіл болу сияқты т.б. ҥстем сезімдер адам болмысын кӛркейтетін қасиеттер емес сынды. Болмыс ділін божыраудан сақтап, талмай қуаттайтын жалғыз кҥш ол - жауапкершілік. Ол - әр сәтің ҥшін Ар алдындағы есеп беру болар... Ол - ӛзі кеткеннен соң да соңындағылар ҥшін арымас қамқорлық... Егер саналы ғҧмырыңда: ең қҧрмаса бір адамның ертеңі ҥшін жауапты бола алмасаң, ең қҧрғанда бір қабат ӛзге ҥшін жҥрегің бҥлк етпесе - несіне МЕН деп барыңды бҧлдайсың... Біреуді тіл алдыру ҥшін оны жеңу шарт емес... Баланы, келінді т.б жеңдім деу ӛзіңе ор қазғанмен бірдей, ал сол жеңіліске ҧшырған - кезі жеткенде кек қайтаруға бел буса - онда ол екі есе терең ор қазғаны да...
- Егер сенің сілтегеніңнің барлығы нысанаға дӛп тигіш болып, оған кӛпшілік разылықтан мақтап, мадақтай бастаса, оларға қосылып лепірме, онан да ойлан: "Неге бҧлай?" деп... Тасты тамшы тоздырса, жҥйкені ҧғылмаған сӛз тоздырар... Қиян-кескі болып жарқылдасып жатқан қылыш пен найза немесе кҥркілдеген зеңбірек атысы сияқты соғысқа әйтеу бір тоқтар деген ҥмітпен қарасаң, ал Сӛз соғысы ешқашан бітпейтін, бітімгерлікке кӛнбейтін сорақы "соғыс па" деймін... Қантӛгіс соғыста ЖЕҢІМПАЗ болса, бҧл "соғыста" тек ЖЕҢІЛГЕНДЕР ғана, ӛздерінің МЕН дегенін жеңе алмай... Жақсы кӛріну - мәртебе ҥшін керек болса, жақсы адам болу ауыр жҥк арқалағанмен тең... Тек, ӛз жҥгің ғана болса тәйірі, ештеңе етпес еді... Ел Сені Жақсы деп таныған соң, бар жҥктерін саған артады да ӛздері соңыңнан ілеседі... Сосын: "Қай жерге дейін шамасы жетер екен?" деп ӛзара кҥңкілдескенін естігенде "Шын Жақсы адам осындайда қайтер еді?" деп амалсыз аспанға қарайсың... Принцип - бірде ҧстап, бірде тастай салатын кӛсеу емес... Егер отың маздап жансын десең, қажет болса жалаң қолыңмен де шоқ кӛсерсің... Сонда кӛресің, кӛсеу ҧстамағанның қандай екенін... Тым берекеге шақырғыштың о бастағы сужҥрекойы - ӛзінің берекесін ӛзге біреу қашырып жҥрмесе игі деген алдын-ала қам... «Кейінгі кезде қызмет бабымен ел ішін аралап жҥргенде алыс-жақыннан әңгіме шертетін аузы дуалы ақсақалдарды кездестіру қиынға тҥсіп барады...» деп бір тележурналист қызым налып еді. Расында, ертеректегі ҥлкендер әңгімесінен қалған еміс-еміс естеліктерді ойға тҥсірсек, аталарымыз ел аралап, бәлен ауылдағы бәлен деген тақуа кісіге жолығып әңгімелестім деп айызы қанып отырушы еді... Әр ауылдың ӛз тӛбесі, ӛз тӛресі болды. Тоқсан ауыз сӛзге тобықтай тҥйін тасталды. Жаға жыртыс жасамай ҥлкен айтқан сӛзге ҧйыды. Енді не?! Ауыл жоқ па? Әлде қария жоқ па? Бәрі бар. Сайтаннан туғандай сапси сақал да бар, сымпылдаған «кҥнби» кӛсе де жеткілікті... Бірақ соларың тҥйіні тобықтай, тҧшымды пікір айта ала ма? Әгәрәкім айтылып жатса, оны тыңдар қҧлақты халық қалды ма? Және АҚСАҚАЛ деп ардақтар аталарымыздың жасы жеткеннен басқа қадір-қасиеті соған сай келе ме? Әлде олар да қуыс ӛңеш пенделіктің жетегінен арыла алмай, жасы аспанға тартып тҧрса да жердегі білектіні кӛлеңке еткісі келіп жҥр ме? Менің ойымша ӛскелең жастар соңғы бір-екі аға, ата буынның қалыптасқан насихатына сыни қарап, аларыңды жеті атаңнан, тіпті соноу
«Кӛкбӛріден» іздей бер дегім келеді. Мҥмкін сонда ғана ТЕКТІЛІК тіріліп, қанымызда қайта ойнар...
ІЛІМ МЕН БІЛІМ ТУРАЛЫ Әсте, қандайда ІЛІМНІҢ екі беті, тӛрт жағы болуы мҥмкін, сондықтан кейбіріміз қай тҧстан жолықсақ сол тҧсын ғана аңғарып жатамыз да... Әр ІЛІМнің ӛз шегі мен шектеуі бар десек, САНА - шексіздігімен шексіз ҚҦДІРЕТТІҢ иесі... Оған теңдесті әркім әрқалай айтуы мҥмкін де... Бірақ нақты жауабын пенде білмес, ол тҥгілі қай сатыда жҥргенінен хабарсыздан не сҧрай аларсың... Соноу жылдары бір ғылыми конференцияға қатыса қалғаным. Атағы мен аты дардай бір аға баяндама жасап,бірдеңені талдап жатыр. Бастапқыда қҧлақ салып отырдым. Менің есімде қалғаны: " Жақшаны аштым, жақшаны жаптым... тырнақшаға алдым, тырнақшадан шығардым... сызықша ҥлкені, кішісі... қос нҥкте, нҥктелі ҥтір" ... т. т сияқты сӛйлемге киіндіріп қойған кілең тыныс белгілері тізбегі. Қасымда отырған танымал ақын Әміре Әріннен: "Әреке, мына ағаны тҥсінем деген әрекетім нәтиже берер емес, ол неліктен?" деп сҧрауға мәжбҥр болдым. Ол: "Ғалымдар осылай қияли келеді, қайтесің..." деді, мырс етіп. Нені білмейтініңді білу - орны толар кемшілік, ал бәрін білемшілдік - Қҧдаймен жағаласқанның ісі, сірә...
АҚЫЛ МЕН ДАНАЛЫҚ ТУРАЛЫ Кейде ӛзіңді - ӛзің емес ӛзге анық тҥсінетін жағдай болады. Елді кҥлдіретін сӛз айттым деп ойласаң, керісінше кісі жылатуың мҥмкін. Ақылдымын-ау деген ҥмітпен әдемі пікір тастасаң, ақымақ екеніңді ел кӛш жерден танып жатады. Сондықтан мен сондаймын деген қатып қалған Сенімділіктен ада болғанымыз абзал. Себебі, бҧл - сыртқа белгісіз, ішкі Дамуымызды тҧншықтыратын кертартпалықтың бір тҥрі. Ақылдының ісі - оза шаппау, қалыс қалмау, ыстық пен суықты да ҥрлеп ішу яғни тҧнған Сақтық. Дана - оның сырт пішінінде кӛзге кӛрнекті, іліп алар дәнеңе жоқтай кӛрінер, бірақ оның бойындағы ерегессіз тҥсіну мен мойындауды ғана талап еткен Қҧдіреттен пысың амалсыз басылады... "Ақыл жастан, қына тастан" деп дана қазақ тегін айтпаған да. Ежелгі қазақтың қариясы саналы болғандықтан жастарға ҥміт артты. Ал қазіргі қазақтың қариясы "Алпыстан асқаннан ақыл сҧрама" деген мәтелді ӛздеріне әдіптеп ӛзгертіп алған "Алпыстан асқаннан ақыл сҧра" деп. Япырау, алпысқа дейін ақыл қонбағанға енді қайдан жҧқпақ?! Жастарға айтарым: "Не бір ғажаптардың ҧя салатын тҧсы сендердің албырт кездерің, жастығыңда жанылмаған кездігің алпысқа келгенде ет
турап жетістірмес". Алпыс деген жас - жиған-тергенді жинақтап, әрине, ол бар болса, басқа сапардың қамына кірісетін алдын ала шақ. Сондықтан ақылды тосу деген - бҧл жерден ешқашан да ӛтпейтін кӛлікті тосқанмен бірдей... * Ақыл айтқан Ҥлкен адамға жарасады... Және Жастар да Ҥлкен адамдарды сол ҥшін жаратылған деп ойлайды... Тек, бір әттегенайы: ақыл айтқан Ҥлкен адамның ҤЛКЕНДІК таныта алмай жататындығы
ӘЙЕЛ МЕН ЕРКЕК ТУРАЛЫ Әйел сағынышын тыңдамаған еркек - тізесімен сырласар... Ер азаматтың қанатын қиып, қайырылды деген қҧлашын қайта жайдыратын да, тҧз татыған ӛміріне бал жағып, алаулы шырағын желпіп сӛндіретін де, тегі таяздың тегіне қасиет дарытып, арымастай кӛңілді арытатын да... пай-пай, тӛркіні ҚЫЗДАН тараған ӘЙЕЛ ЗАТЫ - Дҥниенің тӛсек-орнын қҧлпырта жинаған Ӛздерің болмаса кҥніміз нешік болар еді?!. Біраз уақыт жҧмыс жайымен сыртта болып оралған Қырмызының елге келгендегі алғашқы ойы – ӛзінің ернеуінен асқан сағынышымен, алған әсерлерімен қымбатты адамымен қҧмардан шыққанша бӛлісу еді. Бірақ оның реті келе бермеді. Омар бҧдан қашқақтағандай әлдебір сылтауларды келтіріп, ҥстірт сӛйлескендей кӛрінді. Қырмызының оған қатты ашуы келіп, біраз ренішті айыптауларды айтып та тастады. Екеуара тҥсініспестік тәрізді перде тартылып, олар неғҧрлым жақындасуға талпынса перде соншалықты қалыңдады. Осының бәрі неден басталғанын, кім не дегенін айыру мҥмкін емес болып кетті. Екеуі де ӛкпелі. Бірін-бірі айыптауға дәті бармағанмен, ортақ келсімді мәмлеге ӛз беттерінше келетін тҥрлері жоқ. Әр айтылған сӛздің соңы тағы да шҧбалаңдаған бос сӛздерді ерте жӛнеледі. Шіркін-ай, жҥректен шыққан сағыныш аралас шынайы ӛкпені таратуға алыстан жазған хат, дауысыңды қҧлағыңа тӛсеген телефон да дәрменсізау!.. Қырмызы мен Омар қазір бетпе-бет тҧрса, араға перде болған осы айтопыр сезімдерді сол сәтінде ҧмытып та кетер ме еді... Сҥйіктілеріңнен аса ҧзай кӛрмеңдер, олардың сағынышын сӛздей естімей, кӛзбен кӛрсең ғана иланарсың, илантарсың... * - Кім, есікті қағып тҧрған? Ҥн жоқ. Бірақ іштегі адам оның кім екенін мана білген. Оның аяқ басысы, есік сыртындағы пыс-пыс демалысы... Бірақ іштегі адам еркелік танытып, тағы қайталаған тықылға: "Кім екен?" деп қояды жорта. Оның ойы сырттағы кім екенін ӛзі мойындасын деген еді. Ал сырттағы болса біліп тҧрып неге мені мойындамайды дейді. Сонымен осылай ойнай-ойнай таң атыпты. Кҥннің кӛзі қыраудағы кез екен. Іштегі адам есік қағылмай қалғанына таң қалып: "Неге қақпай тҧрсың?" деп сҧрайды, әлі ойнақылық
танытып. Сырттағы да осыған дейін ойынды қҧптап келіп, қатты суықтан қол-аяғы ҥсіп, қағуға жарамай қалғанда ғана: "Менмін!" деген екен ӛлеусіреген дауыспен... Біріңді-бірің шын танысаң, есік сыртынан ойнай кӛрмеңдер...
БОЛМЫС ТУРАЛЫ Ӛзін мҥлтіксіз сезіне бастаған адам - тӛңірегімен ерегеске тҥсер... Адам ӛзін-ӛзі таныған кезде - елге ӛзін басқа нҧсқада ҧсынады... Ешкім ешқашан, еш уақытта айтпаған СӚЗ - айтыла қалса қалай естілер еді?!. Қусырлыған заттан кӛлем шықпас, кҥнде кҥткен ӛліммен тең... Пенденің тойымсыздығына шек жоқ! Жҧмақтың тӛріне тҥскен бір аса қадрілі мен тозақтың отына қарылып жатқан бір қар ойда-жоқта ҧшыраса кетеді-мыс. - Жҧмақ деген ғажап шығар? - Басында рас, ғажап кӛрінген... ет ҥйреніп кетті, одан да жалығады екенсің... сенің тозағың қалай? - Бізді жалықтырмайды... кҥндігіне бір "қызық"... - Япырай а?! Екі кҥннің бірінде Сен КЕРЕМЕТСІҢ деп дәріптей берсе, етің ӛліп, оған да иланасың, ал тағы сӛйтіп қара шегедей еңсеңді жерге қаға берсе оған да кӛнесің... Адам ӛз ырқына ӛзі ие болуы керек дерміз... бірақ қоғамдағы шарттылықтар сенің дегеніңді жасата бермес... Кӛнгісі келмегендер сол шеңберден шығып кеткісі келеді де... саяқ кетіп, саңсыған ойларымен жалғыз қалар да... апан қазып жер астын паналар да... бірақ одан да тыныштық таппас. Сосын ӛліп қҧтылсам қайтсе дер ме екен... Әй қайдам, тынымсыз адам о дҥниеде де опа кӛрдім дей қоймас... Рухани азаттыққа қол жеткізу ҥшін - оның не нәрсе екенін біліп алған дҧрыс сияқты... Ештеңеден хабары жоқ, ешнәрсеге мойынҧсынбайтын пенде баласы болмас... Мал секілді әлдекімнің таяғынан қорықса да оның бойында бір сескеніс болар. Рухани азаттықты тек - қорқудан ғана арылу десек, онда шолақ қайырғанымыз да... Дейтҧрғанмен тҥп-тамыры соған саяды. Қандай ілімге сҥйенсең де бас ҧрсаң да аяғында қарайып қорқыныш тҧрады. Сананы иландыратын кҥш сірә - қорқыту ғана ма... Тірі жанның бҧл жалғандағы соңғы тірелері - Ӛлім... Ӛлімнен кейінгі бейнеттен гӛрі Пендені сол келер қорқынышы ара-тҧра естен айырады... Рухани азаттық - екі дҥниенің азабына да тек тәнін тастап, Санасына арқан салдырмау... болар, сірә...
- Барлығымыз да әлдекімнен бір уыс топырақ дәм еткен бейшара пендеміз ғой. Тегі, қызметің мен кісілігіңе берілген сәлемдерді ажырата жҥргенің ӛзіңе жақсы, ара жігін анық білсең, кейін бекерге опық жемесіңе медет. Бҥгін кекірейткен қҧдіретті кҥшті Қҧдай ертең бҥкірейте салуы да мҥмкін... Адамның тҥпкі тегін хайуанға теліген пікірді оқып ойға қалдым. Иә, егер Адам да хайуанның бір тҥрі болса, онда ештеңеге сиынудың қажеті шамалы сияқты. Сосын КЕМЕЛДЕНУ деген ҥдерістің - бойына Жан дарыған әр тіршілік иесіне тән екеніне де еш кҥмәнім қалмады. Сондықтан САНАНЫ меншіктеуге еш қҧқымыз жоқ болғаны да... Кҥні ертең бір осырақ қоңыз "Әлем билеушісі МЕНМІН!" деуі де ғажап емес... Ӛмірдің белесі мен белдерін, таулары мен тастарын бастым дерсің... Егер соңыңа қарасаң сол кҥрделі ізіңнің бедері ӛшіп, артың теп-тегіс сияқтанғанын байқайсың... Әр биік аттап ӛткенше ғана зор кӛрінер... Кӛзің тіріде алдың кілең асу тҧнар... Ҧрттамаған тҧнығың да сірә тосып алдыңда тҧрар... Адамның әр кҥні оның ӛмірін қысқартқанмен, ол кҥн сайын ешқашан кӛрмеген сәттермен қауышады... Адамнан басқа жандылардың ӛз тағдырына соншалықты мойынҧсынғаны - ӛзін жаратқан ғажап қҧдіретті мойындағаны ма екен... Ақыл астамшылығы - айуандыққа апарса, ақылы кем хайуан зор қылғанда бір сҥзер... Адамның анатомиясы мен психологиясын жіліктеу сияқты - оның ЖАНЫНА, РУХАНИ ДҤНИЕСІНЕ сол қҧралмен бару Жаратушыға қарсы ЖОРЫҚПЕН тең! Рух пен Жан - Алланың берген нәсібі... Адам - әлдебір маңызды яки орташа маңызды дейтін қасиеттер мен қасиетсіздіктердің жиынтығы емес. Адам атын қҧнсызға артпайды, сосын қҧндылық деп тең-теңге бӛлу де ретсіздеу тәрізді... "Ий, мынау АДАМ екен!" деген бір ауыз сҥйсініс - талдауға келмейтін ғажап теңеу емес пе... Қулықтың ата тегі - Ӛтірік. Шындық тіке жҥгірсе, Қулық айнала жҥгіреді... Содан барып бір шатылары тҧр айғақ. Ертеңгілік кӛзді ашып, тҥрегелгендегі кӛретініміз тағы сол кешегі, онан арғы кҥнгі кӛрініс іспетті... Етіміздің соншалықты ҥйренгендігі - бір шеңберді шыр айналып, бидай малалаған ат не, біз не... Осылай жалғасып, кҥллі ғҧмырың ӛте беретіндей секілді... Ӛткен кҥндерің тҧтасып бір елеске айналар... Келер кҥндерің де айнадан ҥңілген сол елестің сыңары сияқтанар... Тек осының барлығын қас-қағымда быт-шыт ететін Қатердің кҥнде сені
торуылдап, ту сыртыңда жҥретінін ғана аңғармайсың... Адам ӛмірі де - қасқырдың маңайында алаңсыз жайылған қойдың кҥні тәрізді-ау.. Әркімнің уақыты келгенде шабатын ӛз "қасқыры" бар... Әр адам ӛзі тілеп, тірнектенсе ғана береке мен бірлік соған ҧйыр, біреудің "ҧйытқан берекесі" - бӛтеннің кӛлеңкесіндей ғана. Жалпы, адамдар ӛзін біртҧтаспын деп ойлауы мҥмкін, бірақ тереңірек ҥңілсең, әрине егер ҥңілетін кеңістік болып жатса, ар жағында қаптаған ӚЗІҢСІҢ. Олардың бірін танып, бірін танымайсың, бірі саған жанашыр, енді бірі кесір... Бәрінің ортасында жҧдырықтай жҥрек қана ортақ, оны әрқайсысы иемденгісі келеді. Бірі сылап-сипаса, енді бірі жырым-жырым тілгілейді. Байқасаң, тек сырт әлемде ғана емес, адамның ішкі дҥниесінде де қарама қайшылық пен тынбайтын кҥрес. Бәрінің іздегені ӛз АҚИҚАТЫ... Кейінгі кезде ме... әлде, әмісе осылай ма, әйтеуір бір терісқақпай бір пікір бар... Ол - не десеңіз? Ол - Діндарлар немесе Зиялылар деген сияқты ӛкілеттілігі кӛктен келетін ерекше қауым ӛкілдеріне қатысты пайымдар... Сӛзі мен ісі елді ҧйытып, мойынҧсындыратындар кӛп пе арамызда? Тегі, ол дәрежеге кӛтерілу ҥшін тек ТҦЛҒА болып қана қоймай - рухани дамудың ең жоғарғы сатысына жетуің тиіс шығар, сірә?!! Онда - халықты жалпылай сҥйе салмай, әрқайсысын маңдайынан сипауға асығарсың. Ал, оқығантоқығаныңды бҧлдап, жекеленіп тыжырынсаң - онда кім екенің бір Қҧдайға ғана мәлім... Мҧхамед Әли дҧрыс айтты. Адам жаны ешуақытта қартаймайды, қартаятын қауашақ сыртымыз. Кейде, бір жағдайды бҧдан бҧрын да бастан кешкендей кҥйге таң қалатынымыз бар. Мҥмкін, расында бҧл дҥниеде ӛзге қауашақта болып қайтқан шығармыз. Сондықтан адамның дене кҥшіне байланысты істерге ғана жасына қарай шектеу қойып, рухани қуатына қол сҧқпаған абзал сияқты. Ӛйткені ОЛ бҧл қауашақтан кетсе, ӛзгесін жамылып қайта оралмасына кім кепіл?.. Тірісінде КІСІ кҥнде ӛзгеретін қҧбылыс тәрізді ме, бетіне дәл қарауға мҥмкін еместей... ал адам ӛткен соң, оған қай тҧстан қарасаң - соншалықты тани қарайсың... «Адамның басы – Алланың добы, қайда тепсе сонда ҧшады» деген тәмсілге орай, бір ой келді де... Тебіліп-тебіліп желің босап, ҧшудан қала бастаған шағыңда да Алла саңлауы барға тағы бір мҥмкіндік беретін сияқты. «Ал, қарағым, мен теуіп болдым, енді ӛз бойыңнан далбас тауып кӛр...» дегендей. Ешкімге аса қажетің жоқ, ӛзіңе ғана тиесілі бір бейтарап кезеңді пайдаланып қалған абзал-ақ... Ӛйткені, ғҧмыр бойы ӛзгенің ырқымен келіп,
ӛз дегеніңді істей алмауың да мҥмкін... Сондықтан, соңғы мҥмкіндік – соңғы демді алыстататын бір де бір қисынды амал... Адам баласы шыр етіп жарық дҥниеге келгеннен бастап мойнына - Алла тағаланың ертең ӛзі сҧрайтын басты бір тапсырмасы артылатын сияқты. Сонымен қатар адамды СЕНІМ, ҤМІТ, БАҚЫТ, МАХАББАТ сияқты басқадай әрқилы сезімдермен қаруландыратын тәрізді. Соның арасында ЖІГЕР мен ТӚЗІМДІЛІКТІ шыңдауды ӛзіне ғана тапсыратындай. Осы екеуінің бар-жоғы әркімнің КІСІЛІК КЕЛБЕТІН ашатын қҧлып па дерсің. Ешкім ӛзін әдейі апарып ҚАРАҢ ҚҦДЫҚҚА тастамайды, сосын сол қҧдықты әрдайым аттап ӛтем деу де кҥпірлік... Адам ішіндегі бір тіреу тәрізді сҥйеніші кҥрт сынғанда жер аспанға, аспан жерге айналар... Мҥсәпір деп жҥдеуді мҥсіркеме, мҥмкін одан да зор нәубет сені аңдып тҧрған шығар... Сондықтан жасар жақсылығыңды іштей осының кҥйін бере кӛрме Аллам деп жаса,,, Ал мҥсәпір деген пендеге "біткен адам" деп ҥкім шығарма, ӛйткені ол бір кҥні алдыңнан жарқылдап, кесе кӛлденең ӛткенде ҧятты болып қалуың да мҥмкін.... * Кҥллі тірішілік иесінде жаны бары ақиқат. Тек оның мәңгілік немесе айнымас ақиқатқа айналуы екіталай... Рухпен суғарылған Жан ғана мың сан тарамға тамыр тартып, сара кӛкейлерде шырақтай жанар... Адам ӛзін әрқашан ӛзіммен бірге жҥреді деп қателеседі, кейде... Біздің бір бір сҧлбамыз әр кездескенмен ілесіп, ӛзінше сапар шегіп кетіп жатар... Біраздан соң олар бір бірі тҥгілі, сені де танымас та... Ӛйткені сенің әр қырыңды жеке тҧлғадай сурет етті... Иә, адам кӛзі тірісінде де ӛтсе де Жаны рухпен суғарылса мәңгілік тарай беретін сан мың тҧлға бола бермек...
ҚИЯНАТ ТУРАЛЫ Дҥниедегі ең зор қылмыс жалпыға ортақ қазынаға қол сҧғу!!! Оны жасағандар қоғамнан қуылатын, тіпті екі дҥниеде сҥйкімі жоқ, ең жеркенішті пенде болуы тиіс! Ел арасында осындай пікір қалыптаспай, арамтамақтардан арылу мҥмкін емес! Ӛзін жаратқан Алланы бірде бар, бірде жоқ жоқ деп қҧбылатын ПЕНДЕ ӛзі сияқты ет пен сҥйек, іші-қарны боқтан жаралған әлдекімнің сӛзін қай жеріне қашанғы қыстырар дейсің!!! Біреуге жақсылық жасағанда іштей қарымтасын кҥтесің, ал қиянат жасағанда да неге солай ойламайсың... *
Әсте, екі нәрсені кешірімсіз, қатаң сӛгуге болмайды... Біріншісі баланың білмей істеген "қиянатын", сосын елдің ерсі кӛрерін біліп тҧрып, бір асыл жан ҥшін - басын бәйгеге байлаған азаматтың мәрттігін...
КЕМШІЛІК ТУРАЛЫ Кім бол, ол бол. Тіпті, патша болсаң да тҥбің пенде, яғни ел алдында тҧрғанда сенің де ішің дҥрілдеуі мҥмкін... Кемшілік деген - балағыңа жолай жабысқан шоғайна іспетті ме... Бастапқыда оны жақтырмай, қылтанағын қалтырмастан тазаларсың... Жаман тікеннің ӛспейтін, әлденеге ілесіп тарамайтын жері жоқау, таза деген тҧстан да іліп кетіп жатарсың... Тағы да тазаларсың. Бірақ сенде пенде баласы болғандықтан кейбірін аңғармай немесе оның қышуына етің ҥйреніп, солайланып кете берер де... Бірақ, туыстасып кеткен кемшілік - туа біткен кемтарлықтан да жаман екенін аңғара бермейміз... Оны бетіңе басқан адам ата жауыңдай кӛрінер... Жалпы, мҥлтіксіз ҥйлесімнің мҥмкін еместігіндей - кемшіліксіз адамның болмауы да заңдылық... Кемшілік - сенің мінез-қҧлқың, тәрбиең... жалпы болмысыңның жалған еместігін айқындайтын бірде-бір бҧлжытпас дәлел... Кемшілік дегенді қысқаша айтсақ: бар болуы керек заттың орнында жоқ болуы шығар да... * Бір кӛрші балам кӛлігін сатпақ болып, саудаласатынын айтты - Қанша берсе де бере салам! Ескі кӛлік, кӛзіме кҥйік болып бітті! - Е балам, олай бомайды! Саудалас. Ӛйтпесе ӛз қадіріңді кетіресің... Бала оңайлықпен кӛнер тҥрі болмаған соң, бір әңгіме айтып бердім. Баяғыда бір ауқатты адамның қолында жас жігіт қызмет етіпті. Оның ептілігін байқап: - Балам, осы сен менің қызыма ҥйленсең етті. Менің жиған-тергенім екеуіңе қалады. Дәулетті отбасы болып, тарықпай ӛмір кешесіңдер - дейді. Жігіт: - Ҥйленер едім, бірақ қызыңыз керең екен. Ақсақал: - Ол жақсы емес пе! Сен не деп жатсаң да бір сӛзіңді естімейді! Жігіт: - Ол аздай мылқау! Ақсақал: - О тәйірі! Бҧл бір тамаша ғой. Ешқашан қаңқу сӛз естімейсің! Жігіт: - Беті безеу-безеу екен!.. Ақсақал: - Ии жарқыным-ай, адамда әйтеу бір кемшілік болуы тиіс қой!...
СЫЙ ҚҰРМЕТ ТУРАЛЫ СЫЙ - деген ӛзге кӛңілді ӛзіңдікінен жоғары қойып, тӛгіп-шашуға болмайтын ырыздық сияқты қадірлеу болар... Кейде ештеңе дәметпей-ақ, бір адамды силай алғаныңа дҥр сезінесің... Ӛзіңнің бойыңда ӛзгеге деген
жақсы тілектердің барлығына қуанасың... Сый бар жерде кісі жҥдемес... Ӛз тӛңірегімізге ӛзіміз шуақ шашпасақ, айналамыз қайтіп қараңғы тартпасын... Сый дәметсең сыйлатарлық қылық қыл...
ЕЛ – ЖҰРТ ТУРАЛЫ "Ауылым - алтын бесігім", "Ел іші - ӛнер кеніші" және т.б. қасиетті теңеулерге теңелген Халық - Қҧдайдан соңғы тҧрған ірі емес пе... Қҧдай да Халық та терісі кең, мейрімді, бірақ әр нәрсенің ӛз шегі болуы тиіс. Аттауға келмес Жарды жағалауға ғана тура келер... Қайран қазакеме "Ел іргесі тиыш, Ел Жҧрт аман болсын! Кӛппен бірге кӛрген Ҧлы той!" дегеннен басқа қастерлі тілек жоқ... Соны біліп алған қулар халықтың "осал" жерінде ойнап жатыр. Тегі, бҧл Осалдық емес - Сабырдан балқыған Сары Алтын. Жауы жоқ ел - ортақ жемтік... Жауы жоқ адам - тірі ӛлік... Әкемнің ӛмірден ӛтер кҥнгі кештегі соңғы сӛзі "Е Аллам, ертеңіңді бере гӛр!?" деген тілек еді. Кҥндердің кҥні әр пенденің ертеңі де тҥгесілер, тек ел-жҧртымыздың ертеңін тілерсектен ешкім қия кӛрмесе екен... Бҥгінгі барлар ӛткен ата-бабаны ардақ тҧтып, мыңдаған жылдар қалыптастырған солардың ӛсиетімен жҥруді қаласа, әсіре жаңашылдық пен жасандылықтан аулақ болып, кейбірдің қанында соңғы тҥйір боп қалған қазақылықтың оты қайта ҥрленіп, ҧлттық божырау басымызға келмесе деп тілейік, осы қасиетті Жҧманың ақ таңына орай!!! Кімде-кім болмасын, ӛзін Сыйлы Адамдар қатарынан танығысы келеді. Сыйдың ӛзі медальдің екі беті сияқты емес пе...Мал-жан, бҧрқыраған пҧл, мансап сияқты нәрселер жоқ қасиетті таңып, тиесілі емес мәртебені иелентеді. Оның бәрін - кҥннің ӛткірлігіндей уақыт деген жарықтық орынорнына қояр... Тек, ең ӛкініштісі: араңда жҥрген Адамның кӛз тірісінде кім екенін білмей, бағасын бермей, Иесі кеткен соң соңында қалған Сыйды сипалау...
САҒЫНЫШ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ТУРАЛЫ СҤЙІСПЕНШІЛІК деген әлдекімді жек кӛріп, екінші біреуге мейірім тӛгу емес... Және ол жалпыға бірдей жақсы кӛрінудің де далбасы емес... Оны
сӛзбен немесе ыммен тҥсіндіру де мҥмкін емес... Оны білген адамның ӛзі де тілі кҥрмеліп, айта алмайды... Оны тек бастан ғана кешіру керек.... Кім айтса да қай тілде айтса да, адами болмыстың бағалы қҧндылықтары: ҤМІТ, СЕНІМ және МАХАББАТ ӛте қастерлі қасиеттердің бірі екені даусыз. Ҥшеуі де бір ананың тӛлі... бірінсіз-бірі мағынасыз. Ҥшеуінің басын қосу да қолдан келе бермейтін әрекет... Олар да бірін-бірі іздеген жандардай мәңгі аңсаудың шырмауында. Осы ҥшеуіне кҥш-қуат беретін САҒЫНЫШ деген тағы бір ортақ ендері бар тәрізді. Егер, алда-жалда жалғызсырасаң ҚАРАҒЫМ, сол САҒЫНЫШТЫ жолықтыруды тіле - ОЛ саған қалған ҥшеуінің қайда екенін айтып береді... Елу жыл бҧрын ойнақ салған кӛшеме бардым... Ақ шаңдақ боп жататын қайран кӛшем асфальтталған, мен оны, ол мені танымады. Мен сҧрадым: - Табаныма мамықтай тиетін, майда шаңың қайда кеткен? Ол жауап берді: - Талай елдің ҧлтанымен кӛшкен шығар, ҥгітіліп,тозаң болып ӛшкен шығар... Мен: - Шаң ӛшсе де ізімнің табы қалмады ма? Ол: - Кім мені таптамады... Жиі келіп тҧрғаныңда ҧмытпас едім... Менен емес ізіңді елден сҧра... Мҥмкін солар кӛрген шығар... Мҥмкін табаныңның жылы табы бір жерде сірә, қалған шығар... Аңтарылып кӛп тҧрдым. Ары ӛткен мен бері ӛткенге сҧрамақ боп, жалтақтаймын. Бәрі бӛтен, тек олардың жҥзінен әлдекімдерді ғана шырамытамын. Мен іздегендердің кӛбісі - сол кӛшкен шаң сияқты тозаңға айналып кеткен тәрізденді. Келген ізім суымай тҧрғанда қайтайын деп кері айналдым. "Ізі жоқ адам, ізі жоқ адам.." деп кҥбірлеп келем. ӚЗ ІЗІҢДІ ӚЗІҢ ЕМЕС - ӚЗГЕ ІЗДЕСІН... Шынайы ғашық жандар меңдуана жеп алғанмен бірдей, кей қылықтарына есеп те бере бермейді. Кінәларын жорта қоюлатып, бір-бірінің жанына неғҧрлым қатты батырса, соғҧрлым жеңіске жеткендей әсер алуы да мҥмкін... Керісінше жер дҥниеде ӛздерінен ӛзге ешкім қалмағандай сезініп, кӛрсе тек ӛздерін ғана кӛре алатын кҥйге тап болады. Бҧндай кезде олардың кӛзіне ешқандай мін елестемейді, тек бәрі ғажап, тең келіссіз тамылжыған дҥние... Ӛз ойым: ол олай ойлады, бҥл бҧлай ойлады дегендей пәлсапа соққанша, ӛміріңде бір рет ғашық болып кӛр, сосын сайрағаныңды кӛрейін... Сҥйген адамдардың ӛкпелескендері де қызық... Олар бір-бірінің кінәсін одан арман қоюлатып, кейде ӛмірі шешілместей тығырыққа дейін апарады... Бірақ осындай алыстаудан соң қайта табысудың ләззаты да шын сҥйгендерге ғана бҧйырған... Тек, тым еліктеушілікті кӛтермейтін нәзік сымдай сезімді ҥзіп алмаса болды...
БИЛІК ТУРАЛЫ Билікке қолың жетсе адамша таза - жҥз жасарсың, ал қараның кҥйін кешсең - әр жылың иттің жасымен саналып, жҥзден де әрі асарсың... Мемлекеттік қызметкер дегенді Билік деп бір сӛзбен тҧжырымдап, Оларды Халықтың мҥддесін кҥйттеу ҥшін асырап отырмыз. Дҥниедегі ең сорақылық - Асырандының аяқты теуіп, басқа шыққанында, онымен қоймай жҧлының ағарғанша тонауы... Ондай Билікті адам тҥгілі сҥйегіне кӛз алартқаны ҥшін ит те талап тастар... Ертеректе ел басқарған азаматтардың орны әр ҥйдің тӛрінен табылушы еді, солардың қатарында мҧғалімдер де жҥруші еді... Заман ӛзгерді деген сылтауды кӛп айта береміз... Ештеңе де ӛзгерген жоқ, ӛйткені адами қасиеттер мызғымас қҧндылықтар... Рас, пиғыл, амал-әрекеттер ӛзгерді... Жоғарыда аталған кейістіктің туындау себебі: қызметке ынта-жігері жоқ, тек ӛз кӛздегені ғана бар, әлдекімнің сҥйреуімен кездейсоқ адамдардың келуі, ҧстаздыққа ҥш қайнаса сорпасы қосылмайтын тәрбиесі тӛмендердің келуі... Азу деген - осы ма, сірә?!........ Орта қҧрсақ адамның проблемасын тегі, кім шешу керек? Тоқ адамға жҥктесең ол толық тҥсінбеуі мҥмкін: "Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды"... Әлеуметтік мәселеге тән мәңгілік қасиеттердің бірі теңсіздік ешқашан да жойылмас, сірә!.. ЖЕМҚОРЛЫҚ деген қоғамды жайлаған ҚОРЛЫҚТАН қҧтылудың ең ҧтымды бір жолы ғана қалған сияқты. Ол - мемлекеттік қызметке алынған адамның қызыл ӛңешін сол саладан кетер-кеткенінше буып тастау. Егер аштан қатады десең, артынан клизма сал... сонда ғана ӛзі шайнауды ҧмытқан кісі әлдекімнің тісі тот баспақ тҥгілі, кҥлдіреп жатса да шаруасы болмас деген ҥміт те... * КӚЗБОЯУДЫ қойсақ: талай мақтанышымыз негізден жҧрдай болып, тіпті әрекідік әдемі кӛрінетін әйеліңнен де сҧрық қашуы мҥмкін...
АРМАН МЕН ОЙ ЖӘНЕ ҚИЯЛ ТУРАЛЫ ОЙ - ӛзінің материалдық нҧсқасы бар қҧбылыс (субстанция) десек, оның ӛлшемдік, сипаттылық және басқадай қырларының болуы заңдылық... Кӛркем бейнелеуге келсек оны бҧлтпен теңеуге келетін тәрізді... Бҧл жағдайда оның салмағынан гӛрі оның сырт сипаты басым. Адамды "ауыр ой басты" дегеннен гӛрі "Қара бҧлттай ой басты" келісіңкірей ме... Ой желкені езді дегеннен гӛрі, ішті кеуледі жӛнді ме... Себебі, жҥзеге асырылмаған ойдың материалдық нҧсқасы жоқ та, қолға сезілімсіз... Ал іске аспаған ой - бос уайымға айналады. Одан сенімсіздік туындайды. Оның аяғы ақыл-еске зиян шектіруі мҥмкін... Сондықтан
ОЙМЕН ойнама... Тегі, адамды сақтаушы періштесі шыбын қаққандай желпіп, кӛп жағдайда ерсі ойды маңайлатпайтын сыңайлы... АРМАНДЫ кӛз ҧшында қалықтаған қҧспен теңеуге де болады, тіпті одан да биік кӛк аспанның ар жағына да апаруға болады... Адамның басты қателігі сол... АРМАН біз ойлағандай әлдеқайда емес... Оны соноу шырқаудан жерге ҥңілген қҧстан сҧрау керек пе деймін... неге аспанға қарамай, тӛменге кӛз саласың деп... Япырай, сол АРМАНДЫ биіктен іздеймін деп, байқаусыз да таптап жҥрген жоқпыз ба деп жҥрегім дір етеді, кейде... Саналы жан иесі Ойсыз жҥре алмайды. Ойдың жҥйесі мен жҥлгесі болмаса ол бейберекет сандалуға апарар ма... Бір тірекке сҥйенбей Ой тҥзу де мҥмкін емес. Ойды аласа яки биік деп бӛлу келіспейтін секілді. Себебі, Ой тек Биіктікте ғана туады, сол Биікті ғана мекен етеді. Ойды ӛрбіту яки тарқату деген - шерік жіпті алдыңа ақ айран ғып кӛпірту емес, оның ҧштығын тауып ширата, ширықтырып ШЕРІККЕ айналдыру. Орала бергеннің бәрі Ой емес, егер оның бас-аяғын білмесең, не кӛрмесең... Дер кезінде бітпеген Ой - жақсылықпен тарамаған той іспетті... Адамды екі нәрсе билейді. Бірі - ОЙ, екіншісі - ЗЫМ. Ойдың жаманы - Зым. ОЙЫ Жақсы адам - әрнәрсені жақсылыққа бҧрады. Ал Зымы басым - Жақсыдан жамандық табады. Ымды тҥсінбеу,бәлкім - кӛздің кемістігінен, Астарлы сӛзді тҥсінбеу - ойдың кемістігінен десек, ал жай сӛзді тҥсінбеу ақылдың кемістігі екеніне ешкім шҥбә келтіре қоймас... Осы жасқа келгендегі бір аңғарғаным: адамға ОЙ тосынан-тосын келе бермейді екен... ол ҥшін кҥдер ҥзілердей ӛмірден торығу, және қайта аяулыңды аңсағандай зарығу... меселің мың қайтып ӛшу, тапталған тамырыңа сӛл жҥгіріп қайта ӛсу сияқты қияметтерді ӛткеру керектімыс... Жалпы Ой тҥбіне кім жеткен, тҥбіңе Ой жетпесе... * Қазір айтарымды ертеңге қалтыра алмаймын деп асықтыратын болсаң, жӛушенді де тҧтыға беретін ойларың ӛзінен-ӛзі суыртпақтала беретін кӛрінеді...
ӨКІНІШ ТУРАЛЫ Туыс Адамың ӛмірден оқыс ӛтіп жатса оған "Неге ерте кеттің?!" деп наза айтамыз. Оны біреу ертіп кеткендей әлдекімнен кӛреміз. Қазаға сенбей, оның жарқ етіп қайта шыға келетініне кәміл сенеміз. Оның бҧлай кетуі еш ҥйлесімге сәйкес емес деп шешеміз де ӛз наразылығымды білдіреміз. Иә, бҧл Ӛмірде кӛп нәрсенің тҥйіні дҧрыс шешіле бермейді, әділдігіне сенбейін десең, бҧдан да сорақы шешімдер шығарама деп арттағыларың ҥшін амалсыз тынасың. Сосын маңдайға жазған осы ау деп бір жола мойынҧсынасың. Кӛнгің ақ келмейді... Кӛкірегі ӛле-ӛлгенше қарс айырылатын тірінің қайғысымен - Кеткеннің жарасын жеңілдету мҥмкін емес...
АР – ҰЯТ ТУРАЛЫ Ҧнамды сӛзді естігенде ҧят бетін басып, қҧлақ қана қызарады... Бір адам бар - жаралғаннан жаны шуақ, енді біреу бар - ӛзге тҥгілі ӛзінің жаратылғанына жаны қас... Ылғи дҧрыс айтатын тек - ақылгӛй адам, ал сӛздің дҧрыстығын аңғару - ол оқырманның еңбегі... Егер мен тек бетке айтам деп тӛтелеп ҧра берсең, бастапқыда қызықты боларсың. Сосын оған ет ҥйренеді де қызығы тарап, беталды сӛйлейтін адамға айналасың. Бет-жҥз демейтін тіктігің келе-келе Бетпақтыққа айналады. Әрине сенің бҧл "қасиетіңе" ел де тӛселеді. Және тыңнан сҥрлем салғандай Бейшаралықтың небір тылсымдарына ӛзің де жол саласың... Оны кереметтей кӛресің... Бҧл бақ па, сор ма?! Егер бетіңе былш еткізіп, бір оғаш нәрсені бала айтып тастаса, азар болса кҥлерсің "Ӛнегеңді ҧрайын!" деп, ал естияр адам сӛйтсе деміңді ішіңе тартарсың "Аллам ӛзі сақтасын!"деп. Бала есі кіре ӛзге де жақсыны қабылдап, ҧмытар оны, ал естияр адамның ҧлғайған сайын тілі айырлана берер ме екен... Сӛз салмағын қызбалық арытады... * Кешкісін жатарда әркім ӛзінің ӛткерген ісін електен ӛткізіп, оңы мен солын бажайлап, баға беруі тиіс. Ал, біз кӛбіне: "Біссімілла, ирахмани рахим, е, Аллам ӛзің жар боп, тыныштығыңды бере гӛр!" деп, тапсырыс жасаймыз да сылқ ете тҥсеміз. Арасы ашылмаған, зерделенбеген проблемалар жазуы тарқатылмайтын сым темірше кҥнделікті илектене-илектене - кӛтеруге кҥш жетпес зіл батпанға айналады. Асқазанды қҧсық тазаласа, кӛңілді кӛздің жасы тҧндырады. Ал жҥрекке салмақ тҥсірмеу - проблеманы дер кезінде шешу немесе мҥлдем ӛшіру...
УАҚЫТ ТУРАЛЫ Кінәліні іздеу ең оңай жол, кіәліні тауып жазалауға да болады. Бірақ, сол кінәлі - сондай жазаға лайық па, жоқ па оны уақыт қана айта алады. Ал Уақыт деген - Ӛкініш. *
Міне, қайта кеш келді. Іс бітірдім деп жатуға бет аламыз да ертесін тағы сол тірлікке жегілеміз. Жер қазсақ та, шығарма жазсақ та бәрі сол бір тірліктің тӛңірегі. Әр ісіңнен нәпақа, нәтиже кҥтесің. Кҥнді бекер ӛткізбедім деп оған мән-мағына бересің. Ӛзіңе кӛңілің бір де толса, бір де солады. УАҚЫТ деген шексіздіктің осы сәтінде сен ӛзінің тірі екеніңе іштей қуанғаның орынды. Ӛйткені бҧл сенің ғана УАҚЫТЫҢ. Кҥллі тӛңіректегі Әлем де сенікі ғана. Осыны бағалай алмай, соны тҥсіне алмай кететініміз ӛте ӛкінішті. Әр адам кеткен сайын ӚЗ Әлемін ерте кетеді. ДОСТАР!!! ЕШКІМДІКІНЕ ҦҚСАМАЙТЫН ӚЗ ӘЛЕМДЕРІҢДІ ҚАДІРЛЕП, СҤЙІҢДЕР! БІЗ ЖҤРГЕН - БІР-БІР ӘЛЕМ... Адамзат санасы бар уақытта тҥңілу мен кҥйіну, сҥйсіну мен серпілу сияқты қҧбылыстар болуы табиғилық. Бҥгіннен гӛрі ертең әдемі болсай дерсің,,, Аамал нешік, Атаңның қайғысы мәңгі артыңа таңылғандай... Заман деген осы... Шамаң келсе бҧны да кӛр де ӛт... Жолың болса келесі ретте кенелерсің... Ҧзақ тосқан таңның ағаруы да ҧзақ, тосқан таңның шапағы шуақ, самалы ерек, оған жетер ештеңе жоқ, тосқанның олжасы - қарсы алдынан шығар кҥтпеген сәтте
САЛТ – ДӘСТҮР ТУРАЛЫ Сан ғасырлық тәрбие негізінен ажырап қалған қазіргі жҧртта: сҥйенер діңі бар, сіңер нәрі бар, себілер дәні бар Дәстҥр бар ма, жоқ па?! Ешнәрсеге сҥйенбеген адамның бағыты тҥгілі - оңы мен солы да жоқ. Ҥлкен кісінің екі қылығы ӛрескел сҥйкімсіз кӛрінеді: 1. Алдыңғы орынға отыруға қҧмарлығы. 2. Сол алдыңғы орынға отырып алып, қайда бара жатқандығын арттағылардан сҧрағыштай беруі...
Талант пен Талап туралы Біздің заманда талант туралы біле бермейтінбіз, сосын солақайды Бәлшебек, оңқайды Меншебек дейтін... қазіргінің балаларының екі қолы да солақай сияқты ма, қалай?!. * Талант деген аса қиын шаруа сияқты емес сырт кӛзге... Ойың ешкімді қайталамаса, әр сӛзің баламасы табылмайтын ерек туса, бір қарағанда ешқандай кҥрделі емес кӛрінсе, әр туындың тоғыз ай, он кҥнін ӛткеріп, толғағы жетіп келсе... деген тәрізді шарттарды сақтасаң болғаны-мыс... деуші еді бір кӛкеміз... Тебіліп-тебіліп желің босап, ҧшудан қала бастаған шағыңда да Алла саңлауы барға тағы бір мҥмкіндік беретін сияқты. «Ал, қарағым, мен теуіп болдым, енді ӛз бойыңнан далбас тауып кӛр...» дегендей. Ешкімге аса
қажетің жоқ, ӛзіңе ғана тиесілі бір бейтарап кезеңді пайдаланып қалған абзал-ақ... Ӛйткені, ғҧмыр бойы ӛзгенің ырқымен келіп, ӛз дегеніңді істей алмауың да мҥмкін... Сондықтан, соңғы мҥмкіндік – соңғы демді алыстататын бір де бір қисынды амал...
БАҚЫТ ПЕН БАҚ ЖӘНЕ СОР ТУРАЛЫ Жалпы қандайда адам ӛзін БАҚЫТТЫМЫН деуі ҥшін аса кӛптің қажеті де жоқ тәрізді. БАҚЫТТЫ әйтеу бір қонатын қҧсқа теңейміз... сӛйтеміз де ол қонатын тҧғырды тікенек сым сияқты ШАРТТЫЛЫҚТАРМЕН қоршап тастаймыз...Бір адам ӛзін БАҚЫТТЫ етуі ҥшін екінші біреуді сорлатуы керек деп ҧғатындаймыз. Сосын оны ЭГОИЗМ деп бағалап, қоғамдық кӛзқарас тҧрғысынан сӛгеміз. Ҥйірден безген қашақ жылқыға балаймыз да іштей: "Апырай, мынадан мҧндайды кҥтпек едік, жарады!" деп жасырын ғана сҥйсінеміз. БАҚЫТ деген - екі адамның ортасындағы ҚҦЙТАҚАНДАЙ ҒАНА БЕРЕКЕ емес пе? Неге соны кӛре алмаймыз, қызғанамыз, даттаймыз, сырттай тӛрелік айтып, іштей қызығамыз... Бақ келсе қҧр қол келмес... Ол кӛбіне екі қолын қалтасына сала келер... Сондықтан оның уысында не бар екенін біле де бермессің... Біреуге Бақ, біреуге Сор деген осыдан болар... Біреудің басындағы Бағына қызығар бҧрын, оның кешіп жҥрген Сорына да кӛз сала жҥргей... Әркімнің қҧлар тереңі мен басын сҥйер Обалы болады... Бақыт бҧйырмаса - Обалынан кӛрсін... Ӛз ойымызша Бақытты біз іздейтіндейміз, ал негізінде Бақыт бізді іздейді... Бақытты болудың басты талабы - Бақытқа лайықты деңгейге жете алуымыз да болар... Тәңірдің ҥш қайтара ескертуіндей, Бақыт та кемінде ҥш мәрте әр адамға айналып соғатын кӛрінеді... Егер бақытың жанбай жатса ӛзгені емес, Оны танымаған ӛзіңді кінәла... Жақын да жат та байқасаң саған Бақыт тілегіш... Бір әттегенайы Бақытты әркім ӛзінше таниды да сонысын саған телиді... Бақыт теліп емізетін тӛл емес... Ол сенікі немесе сенікі емес... Сондықтан сенің жҥрегің шаншығанда - "жанашырдың" танауы қышуы мҥмкін... Ӛз малын ӛзі баққан бай емес - ӛзінің жалшысы, ӛзгенің малын баққан жалшының қҧйрығын қамшы кӛтертер... *
Қасіретті білу мҥмкін емес, сезу де... Тек оны бастан ғана кешіру керек... Бірақ оған кешірем деп қҧмарту ақымақтық... БАҚЫТ ҚҦСЫ деген қандай болады және ол дҥниеде бар ма, жоқ па деген сауал туындауы орынды. Біреулер бар дейді. Тіпті кӛргендер де табылып жатады. Солардың аман қалған бірегейі былай деп шертеді: - Бақыт қҧсы адамның қолына кеп қонады. Алғашында ол ӛз қадір-қасиетімен таң қалдырып, адамды есінен айырып, ғажап бір сезімге бӛлейді. Ол ғажап кҥйдің ҧзақ-қысқалығы әрқалай. Содан әлгі қҧс иыққа кӛтеріліп, тіл білетін тоты қҧсқа айналады. Таранып-сыланып, тілі балдай тәтті кӛрініп сӛйлей бастайды. Бірақ бір айтқанын неше қайталай бастағанда сен сескенесің, ӛкінішке орай бәрі кеш. Енді оған сенің тыңдағаның қажет емес, ол ӛзі сӛйлесе болды. Сонымен қҧс тӛбеңе ӛрлейді де тоқылдаққа айналады. Баяғыда сҥйектеніп кеткен еңбегіңді жҧмыртқаның қабығындай оп-оңай бҥлдіріп, миыңды шоқуға кіріседі... Адам кейде ӛзін-ӛзі әдейі тҥсінгісі келмейтін тәрізді. Бір адамды кілең туыс, ӛз ҧрпағы қоршап, ӛбектеп отырса да ӛзін бақытсыз сезінеді... Ал бір адамның тӛңірегі туыс, ҧрпақтан тҧл болып, кілең бӛтенді туысқа айналдырып, ӛзін бақытты сезінеді... Біріншісін бақытты басқа тепкен десек, екіншісі бақытсыздықты мойындамау болар... Әр адам кҥндігіне бір қабат кҥйзелмесе кӛкірегін ӛрмекшіінің торы іспетті ШЕР деген ыс тҧтатын кӛрінеді. Бала жыласа кӛзі қара болады деуші еді... Кҥндігіне бір емес, сан мәрте қапа шеккізетін бҧ Жалғанды Адамдардың кӛз жасы мӛлдір шыныдай жарқырататын уақыт әлдеқашан болған сияқты ау... Дҥниедегі екі тҥрлі бейнетті атап ӛтер болсақ, бірі - Пенделік бейнет, екінішісі - Адамдық бейнет дер едім... Біріншісіне тоқталсақ: басы аман, қарны тоқ, кӛйлегі бҥтін, басындағы шаңырағынан тамшы ақпаса, малжаны болса оның жем-шӛбі,,, әйтеуір бір қыстан аман шығып, келесі қысқа жетсе ол да Алланың асырағаны деп пенде жарықтық мәңгі жҥре берер... Адамдық бейнет: оны ой қҧртады, оқу-тоқу, қарны аш, тоқ болса да ол не тоқырап, не бҧқырап жҥргені... Ӛз бейнетін пенденің бейнетінен әлдеқайда биік санауы да мҥмкін,... Ол биік ой іздейді, шарықтайды, шаршайды...Ал Пенде кҥнкӛріс ҥшін ғана санаулы қадамдар жасайды...
СЕНУ МЕН СЕНБЕУ ТУРАЛЫ СЕНГІШТІҢ бірі қасиеттіңнен айналайын Қожакең ғой, ол жарықтықты біреуден кем деп айтуға аузың бармас... сенейік, кӛрейік, алдап кетсе тӛлейік,,, намыстан ӛлейік... осы ғой ӛмір деген... *
Ешқашан сендім деуге болмайды, ол ӛзіңді ҥзіп бір бҧтаққа ілгендей. Ол бҧтақ қанша мықты, берік болсын, бір сынатын кҥні келеді. Адам да мәңгі емес, оның артқан Аманаты ғана мәңгі, сондықтан сенсең бір Алла деп сен, қорғап-қоршау оның қолында, сенің ісің - шамаң келгенше Аманатты арқалау... * СЕНУ деген - ӛз жҥгіңді ӛзгенің арқасына арту да... (Аңқауларға арналған)
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру