Томирис туралы аңыз
Балтабай Адамбаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Сақ патшайымы – Тұмардың (ж.ж.с.д. 570 - 520) есімі ежелгі жазбаларда «Томирис» деп көрсетілген. Тұмар - массагеттердің патшайымы, скиф халқының көсемі - Ишпақайдың ұрпағы, скифтердің патшасы - Мадийдің шөбересі, массагеттердің патшасы – Сыпырдың қызы. Патшайымның анасы Томиристің сәби шағында қа...
Сақ патшайымы – Тұмардың (ж.ж.с.д. 570 - 520) есімі ежелгі жазбаларда «Томирис» деп көрсетілген. Тұмар - массагеттердің патшайымы, скиф халқының көсемі - Ишпақайдың ұрпағы, скифтердің патшасы - Мадийдің шөбересі, массагеттердің патшасы – Сыпырдың қызы. Патшайымның анасы Томиристің сәби шағында қайтыс болады. Кішкентай қызды әкесі тәрбиелейді. Томирис бала кезінен әскери іс-қимыл мен қару-жарақ пайдаланылатын ортада өскен. Әкесімен бірге жаулардан бірнеше рет қашып құтылған. Ал бес жасынан бастап асау атқа мініп жүрген. Алты жасында қолына ақинақ - қысқа семсер ұстап, соғыс өнеріне жаттыға бастаған. Парсылардың Кир патшасын жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған. Кир патша шығыстағы массагеттерді жаулап алуды көздеген. Алдымен, Кир көшпенділер еліне елші аттандырады. Олардың патшайымы – Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Осылайша Кир массагеттермен соғысуға сылтау іздейді. Тұмар Кир патшаның (ж.ж.с.д. 558 - 530) ұсынысын қабылдамайды. Осыны сылтау еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай аттандырады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруға, кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуға әмір етеді.
Тұмар (Томирис) туралы аңыз Сақ даласын жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін көпір салғалы жатқанын естиді. Ол Кирге арнайы жаушы жіберіп: «Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Өз патшалығыңа бар да билігіңді жүргізе бері». Бізді күндеме!. Бәрібір соғыспай қоймаймын десең, көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма! Дарияның бер жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге шегініп, жол ашайық. Дарияның ар жағында соғысамын десең, үш күншілін жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш!», дейді. Кир патша Тұмарды соғысуға шақырады. Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегінеді. Олар кеткеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізеді. Массагеттердің шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел өлтіреді. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардың ұлы -- Спаргапты (Спаргапис) тұтқындайды. Сүйікті ұлы мен жауынгерлері туралы хабар алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді: «Қанқұмар Кир! Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап, тұтқын еттің. Енді менің ақылымды тыңда: ұлымды өзіме қайтарып бер де есен-сауыңда жөніңді тап! Өйтпесең, Тәңірі атымен ант етейін, адам қанын сусының қанғанша ішкіземін!».
Кир өзінің шайқасатының айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады. Осы кезде тұтқынға түскен Тұмардың ұлы намысқа шыдай алмай, өзін-өзі өлтіреді. Бұл хабар Тұмарға жетеді. Келесі күні екі жақтың арасында бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында массагеттер парсылардың әскерін түгел дерлік жояды. Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Аңыз бойынша шайқас аяқталған соң, Тұмар сарбаздарына Кир патшаның денесін таптырып, алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салады да: «Қанға құмар едің, сусының қанғанша іші» -- деп, месті парсы еліне беріп жібереді.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру