Аран
Көсемәлі Сәттібайұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ – қазақ прозасының белгілі шеберлері С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, М.Қаназов, Н.Дәутайұлы және М.Байғұттан бата алған қаламгер. Ол өз шығармашылығында ең әуелі суреткерлікті мұрат тұту арқылы бұрынғы-соңғы классиктердің дәстүрлі үлгісін жаңашылдықпен алға апаруды ниет етіп келеді. Бұған оның “ХХІ ғасыр прозасы” сериясына еніп отырған “Оқшаулау”, “Әбдіқадірдің моншасы”, “Шарбақтының
Ксемлі С ТТІБАЙЛЫ
гімелер,
хикаяттар,
ертегілер
Алматы
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ – қазақ прозасының белгілі шеберлері С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, М.Қаназов, Н.Дәутайұлы және М.Байғұттан бата алған қаламгер. Ол өз шығармашылығында ең әуелі суреткерлікті мұрат тұту арқылы бұрынғы-соңғы классиктердің дәстүрлі үлгісін жаңашылдықпен алға апаруды ниет етіп келеді. Бұған оның „ХХІ ғасыр прозасы“ сериясына еніп отырған „Оқшаулау“, „Әбдіқадірдің моншасы“, „Шарбақтының жалғызы“ „Аран“, „Шаншудың балконы“, „Қайнарбектің қаны“, „Соп-тиак-ти“ және „Электортат“ деген сияқты тағы басқа әңгімелері дәлел. Жазушы қиялынан туған хикаяттары мен ғақлиялары және ертегілері де түйсікті оқырман үшін тамыры терең, тұңғиығы тылсым дүние. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті “Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7
ІSBN 978-601-03-0122-1 © К.Сәттібайұлы, 2012 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 С 28 К.Сәттібайұлы Аран – Алматы: ҚАЗақпарат, 2012. – 432 бет. ІSBN 978-601-03-0122-1 С 28
БІРІНШІ
БӨЛІМ
(әңгімелер)
“ОҚШАУЛАУ” «Бәле қайда деме, табан астында» деген рас екен. Оразадағы ойы мен ниеті күн мен гүлдей өбісіп, әп-әдемі-ақ өріліп келе жатқанда Балтазар боқтампазыңыз «ұмытшақтық» деген емі жоқ кеселдің кесірінен үшінші мыңжылдықтың оныншы жылының Оразасы екенін, сол үшінші мыңжылдықтың оныншы жылының Оразасында ауыз бекітіп, намазға жығылғанын тарс ұмытып, «тендер» деп басталатын тегеурінді комиссияға жаңа ғана бастық болған құрдасын бипаздап тұрып әкеден бір-ақ қайырғаны… «Бипаздап тұрып әкеден бір-ақ қайыру» дегеніңіз, жалпы, Т. атты шаһардың жасы мен жасамысының сүйегіне сіңген әдет. «Сүйегіне сіңген әдет» дегенде сүтпен емес, әрине. Анасының құрсағынан бәрі «әл һам ду лиллаһ, мұсылманмын» дегенді дәріптеп, мешіттер дің мұ нарасынан естілген азаншының әуезін дей қауым ның құлағына жағымды іңгәмен-ақ туады. Бірақ шағырмақ күні шақшиған шаһардың үстінен бір малғұн кеп «боқтап сөйлемесеңдер бақтарың жанбас-с-с…» деп, құ лақ та рына сыбырлап кеткендей бұл әдет өсе келе сөз де рі нің біссімілләсіне айналады. «Сүйекке сіңген әдет сүйекпен кетеді» деген сөз бар. Сол сүйекке сіңген «әдет» Балтазарда да баршылық. Енді қайтсін, әкесі марқұм қазақ халқының балағат сөздерінен докторлық қорғамаса да, алыс-жақындағы өзі мәнзелдес алқын-жұлқын, ұрма-перме жандарға «Жиреншелеп боқтау» деген тым таңсық түсінік қалдырып кетіпті. Біреуден малға ықтасын болар баз қалады, ал енді біреуден сол малға жемшөп болар саз қалады, ал мұның әкесінен «боқтампаз» деген деліқұлылау ат қалыпты. Сондықтан болар, ел-жұрт: «Боқтау деп,
шіркін, Жиреншенің боқтауын айт, оның қасында Балтазардікі түйеден түскендей бірдеңе ғой?» деп, балағатымен-ақ байтаққа баян болған әкесін еске алып, елжіреп отырғандары. Үшінші мыңжылдықтың оныншы жылының Оразасында намазға жығылып, Алла тағалаға құлдық ұр ған да ғы сығыр үміті әкеден жұққан осы бір жаман әдеттен ада-күде құтылсам ба дегенге сайып еді, көрдіңіз бе, міне, сайтан азғырып, түлен түртіп, тапатал түсте тілі түскі рі ті легіне көнбей, мүлт кеткенін. *** Әкесінің атағы ауылды қойып, алты қырға тарап кеткені соншалық, кейінгі жылдары тіл жанашырымыз дей ме, тілші-ғалымбыз дей ме, әйтеуір, жуандыжіңішкелі, ұзынды-қысқалы, ірілі-ұсақты, иә, білімдібілімсіздері де бар, кандидаттар мен ғалымдар сонау Алатаудың бөктерінен ерінбей-жалықпай іздеп келіп, «Аға, сіздің сөзіңізді естіп, халық қазынасы болған соң қағазға түсіріп алсақ деп отырмыз» дейтінді шығарған. Бозқақтан жаппа жиған бадамшадай «боқтық жинай келдік» дегендерге, әлбетте, шал үндемейді. Ал алдындағы шүйкелеп отырған жүнін жерге нығырлай қойып, етегіндегі жүн-жұрқаны әдеттегісінен қаттырақ қаққыштай түрегелген кемпірі: – Астапыралла, милау шығар бұл өкімет, әйтпесе, «іріген ауыздан шыққан шіріген сөзді де» «қазына» дей ме? «Қазына» болғанша, қара жерге қазық боп неге қағылып кетпейді ол, – дейді. Бұл кезде «Жиреншелеп боқтаудың» авторы біресе қабағын түйеді, біресе әлденеге күлімсіреп, жымияды. Аламан айтысқа дайындалған ақиық ақындайын жұ тынып, жұтынған сайын жұтқыншағы жоғарылы-тө мен жорғалап, өзінен-өзі әлденелерді күбірлей бастайды. Сосын: «Жындыны жынды десе, бөркі қазандай болады» деген, кемпірімнің айтып отырғаны дұрыс, шы рақ тарым, – дейді. Шалының қолдауынан қуат алған ақ кемпір:
– Бұл неме жұрттың «боқтағыш-боқтағыш» дегеніне масайрап, өкіметті де, өкілді де түк қалдырмай боқтап, ақ нан, сары май жеп отырған қоймасының кілтінен айырылып қалмады ма түге, қара басқанда. Отырысы мынау енді, қи сасыған қорада «изәләтір» бағып. Айналайын дар-ау, өздерің де түкке тұрмайтын нәрсеге бола түу сонау ит өлген жерден кепсіңдер, бұ шал енді сен дер дің өздерің ді зәу-заттарыңмен қоса сыпыра боқтамай тұр ғанда қайт қандарың жөн, – деп, есіктің алдында тұр ған ақ самаурыннан аспандай ұшқан көкшулан түтін сияқ ты мүм кіндігі жүз пайыз қауіпті және қоюлата түседі. Ал шалдың ойы басқа. «Ән айту үшін де әл керек» демекші, боқтау үшін де шабыт керек. «Шабыт» деген де құшағыңа күнде құлай бермейтін сұлу сияқты, бір оқыс оқиғадан, әнтек әсерден туады ол. Террористердің бомбасындай күтпеген тұстан тарс ете қалатын кездері де жоқ емес. Ал енді қиылып тұрған адамға не деуге болады? Не үшін боқтайды? Ілік болар уәж не? Қиналғанын білдірмеу үшін қи сасыған қорасындағы малын қарауға шыққан. Мал да, қора да өзінікі емес, өкімет деген өктемдікі. Өкіметтің жергілікті жердегі көзі мен құлағы – қызыл мұрын директор. Бірдеңесін жоғалтқандай көңі мүңкіген қораға мойны қылқиып күнде келеді де тұрады тағы. «Бірінші» деген аты бар, өздері жарымай отырғанда астына қалың ғып көрпеше төсеп, алдына таза ғып дастарқан жайып, тәуір ыдыспен алдына май, құрт қойып, сәтсәлістік заманның мейманасы тасыған қойшысының беймарал бейнесін көрсетіп, сайқымазақ болуың және керек-дүр. Ол сойқан май мен құртқа қанағаттанса жақсы ғой, төрге жамбастап жатып алып, керегенің көзінен көлеңкеде үйездеп жатқан қойлардың құйрығына қарап «мына сорлылардың ішінде де пышаққа ілінетіндері бар екен, ә» деп, сілекейі шұбырған қасқырдай телміретінін қайтерсің. «Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді», директордың шашбауын көтеріп, далақтап жүрген
завферма «біз «жиырма бірді» жайғап тастағанша,
аналардың ішіндегі тәуірінен қуырдақ жасап жібер»
дегенді
көзінің
қиығымен
қиыстырады.
Бұған
ашынбағанда Жиренше неге ашынады енді.
Алматыдан келген тілші-ғалым қойын дәптеріне
дым түсіре алмай қайтуға жиналып, ал ақ кемпір
айтпақшы, біздің «изәләтір» баққан кейіпкеріміз ау-
зынан өмі рінде боқтық шықпаған адамдай тымпиып,
қорасын айналшықтап жүргенде, әлгі қызыл мұрын
директор мәшинесін тура есіктің алдына шаңын
бұрқырата кілт тоқтатып, сырықтай бойы серең етіп
түсе қалсын. Ол да бір қияңқы, мәшинеден түскен
бойы амандық-саулық жоқ, лезде іскер басшының
«бейнесіне» еніп, қора-қопсыны шарласын да кетсін.
Шарлағанымен
қоймай,
арам
өлген
қойлардың
қан қатқан қаңқалары мен жидіген терілерін көріп
тура бір Иосиф Виссарионович «әкейдің» жамба-
сы жаңа ғана жерге тигендей, ой бір аһ ұрып, ой бір
тұлдансын. Тұлданғанымен қоймай, Алматыдан кел-
ген талшыбықтай талдырмаш тілші-ғалымның алдын-
да бедел жиып қалғысы келді ме, «изәләтір» баққан
ақсақалға ал кеп әкіреңдесін. Ұрысқанда екі көзі ша-
тынап, екі иығы селкілдеп, арақ пен сарымсақ сасыған
аузынан түкіріктері шашырап кететін әдеті тағы бар
екен өзінің.
Міне, осы кезде үстіндегі түсі оңып кеткен
сулығын қаудырлатып, қамшысын сүйретіп, тілін
жұтқан адамдай маналы бері тымырайып жүрген
қойшының көмекейі бүлкілдеп, әй, бір көсілсін.
– Бойың серейіп, мойның қылқиып, қарының
қампайып, бұтың шидиіп, мұрның имиіп боққа үйір
бір сорлы екенсің өзің. Күнде иіскесем салбыраған
мұрным қысқарады деп ойлайсың ба! Бет-аузың бір
қызарып, бір бозарып, құрқылдамасаң жүре алмайсың
ба, әлде?! Сенен-ақ ығыр болдым ғой, әке…
– Сверщилось!!!
Қалтасынан қойын дәптерін іздеймін деп асып-
сасқаны сонша Алатаудың бөктерінен келген тілші-
ғалымның аузынан абайсызда орыс халқының осын-
дай бір сөзі шығып кетті. Сосын қаламы мен қағазын
тауып алып, құнжыңдап жаза берді, жаза берді. Жазып жатып бас шайқап қояды. Бас шайқайтыны, көтерем қойларға баскөз боп отырған шал мен кемпір ұсынған айранды бір апта тегін сораптаса да бастығын езу тартқызар елеулі оқиғаға куә бола алмай арманда кетіп бара жатқан кезінде, Аллатағала, тілегенін көктен емес, жерден берді. Бұл кезде қызыл мұрын директор өзінің амандық-саулық жоқ әкіреңдей келгенін тарс ұмытып, тарс ұмыт қа ны сол, Жиреншенің аузынан қарша бораған ба ла ғатқа не дерін білмей, тобық жұтқандай қиқылдап-ши қыл дап қалған. Тілші-ғалым болса директордың не қыларға білмей, айран-асыр болған мүсәпір сиқына қарайды да жазады, жазады да қарайды. Қарасында өңін қағаз сорған қала оқымыстысына тән «Неткен дәлдік!» деген таңданыс бар. Сосын соңыра ұмытып қалмайын дегендей «Гәптің үлкені шалдың боқтауында емес, тұспалында екен. Елдің айтуынша, қанша боқтампаз болғанымен осы жасына дейін ол бір адамның бетіне тура қарап боқтамаған. Ылғи тұспалмен сыбаған. Елден ерекшелігі де осында. Ал директор мен түйетауықтардың арасындағы ұқсастықта дау жоқ. Ендеше, естіген адамын есінен тандыратын мұндай тұспалды мына шалдан басқа ешкім ойлап таба алмас» деген тұрғыда бірдеңелерді асығыс шимайлайды. Шал болса ғалым балаға «қарағым, іздегенің боқтық болса, мә, ендеше» дегендей ауылдың атқамінерлері аяқ-қолын жерге тигізбей дәріптейтін «біріншіні» тұспалдай тұқыртуын одан ары үдете түскен. *** Әкеден бала бір сүйем артық, не бір сүйем кем туады. Жиреншенің балта ұстар бір перзентке зар боп жүргенде көрген Балтазары әкесінен бір сүйем кері туды. Бейнелеп боқтаудың орнына Т. шаһарынан А. шаһарына тура тартылған тас жолдайын төтесінен бір-ақ қайырады.
Оразаның он үшінші жұлдызы ма екен, жаңа
мектептің құрылысының жайын білейінші деп құрдасы
Жұмабекке телефон шалсын. Ол телефонының
құлағын көтеруін жылдам көтергенімен, бұл екенін
біліп ыңырана қалды.
– Әй, сен әлі ұйықтап жатсың ба? – деген бұл.
– Ің, – деді ол.
– Әй, іңің не?
– Ің… сол… ұйқы қанбай…
– Түнімен қой күзеттің бе, не?
– Үйге еуроремонт жасап ек, ің… шаршап… ің…
Балтазардың жыны келді. Жыны келетіні, бүгінде
бұл жақтағылардың бәрі «бастық» деген алтын жазуы
бар бөлменің төрі бұйырып, былғары орындығына
құйрығы тисе болды, жұмысын пәтер жөндетуден не-
месе үш деңгейлі коттедж салудан бастайтын «әдет»
тауып алыпты. Ел-жұрттың бәрі жынды емес, ақыл-
есі орнында. Қай шенеуніктің қай қазаннан ет жеп,
қай кеседен сорпа ішіп жатқанын жақсы біледі.
Мәселенки, қаланың төріндегі анау жаңа мектеп,
мынау жаңа аурухана, сонау жаңа спорт ғимараты
дегендердің құрылысына бөлінген қыруар қаржының
жыл сайын жетпей қалатыны бар. Сөйтсе оның
біразы тендер комиссиясы деген төренің өңешінен
өтіп кетеді екен. Жұмабек те солардың сапындағы
сайтаннан болды.
«Әкесі құрдастың, баласы да құрдас» дейді Т.-
лықтар. Ал Т.-лықтар демесін, егер десе бар ма, онда
ешкімге дес бермейді.
– Ің… шаршап… дейді ғой, сен де әкең сияқты
қиға құмар түйетауықтың сортынан болдым десеңші
одан да.
Бағаналы бері «ің», «ің» деп ұйқысырап тұрған
құрдасы лезде шамырқанып шыға келді.
– Әй, не деп тантып тұрсың. Өзің түйетауық,
білдің бе!
– Өй, әкеңнің… сенің!
Ұйқысынан енді ғана оянып, төсегінен енді
ғана тұрып жатқан, ештеңені түсініп те үлгермеген
құрдасын, яғни білдей бір облыстың білдей бір
тендерінің төрағасын астар мен әдіптен жұрдай құрғақ
боқтықпен осылай бір қайырды да, телефонның
құлағын тарс еткізіп орнына тастай салды. Ораза
айының ортасындағы Балтазардың аузынан абай-
сызда шығып кеткен боқтық тарихының бар болған-
біткені, міне, осы еді.
«Зілзала өтті, зілі қалды» дегендей, ашу өтті, ақыл
кірді, енді қайтпек керек? Шіркін, әкесі болса бір
амалын тауып, анау жаңа мектептің құрылысының
қасындағы
қара
талды
қара
шаңырағындай
«жекешелендіріп» алып, саңырық сасытып жіберген
қарға мен құзғынды қыра боқтап ашуын басар еді,
мұныкі таза анайылық болды. Оның үстіне ызасы
басылып, ашуы тарқаған кезде Аллатағалаға құлдық
ұрған пенденің Ораза айында аузымен бірге тіліне
де тиым салуы қажеттігі есіне түсіп, қысылғаннан
жауырын ортасының жіпсімесі бар ма. Ораза
ұстамаған, намаз оқымаған бұрынғы кезінде бүйтіп
аса қиналып, аса қысылмаушы еді, енді төсегінен
жаңа тұрып жатқан құрдасын ай-шай жоқ әкесінен
қайырған оспадарлығы ойынан кетсеші. Не істеу ке-
рек? Әрине, кешірім сұрау керек. Аллатағала тәубеге
келген құлының күнәсі аспан мен жердің арасын тол-
тырардай көп болса да кешіреді екен дегенді естіген.
Ендеше, мұның біліп, білмей істеген күнәсін де
кешіретін шығар. Бірақ құдайдан қорықпай халықтың
қаржысына ауыз салған жебірлердің біріне айналған
құрдасынан қалай кешірім сұрамақ?
Телефонын екі рет теріп, тұтқасын орнына екі рет
қойды. Әлде ұялы телефонына хат жазып жібергені
жөн бе? Бірақ SMS-ке елп ете қалатын Жұмабек жоқ,
жым-жырт. Үнсіздік үшінші күнге ұласқанда Балта-
зар қорқа бастады. Үшінші мыңжылдықтың онын-
шы жылындағы ұстаған Оразасы бір жемқорға бола
зиянға ұшырамақ па? Бұрын бүйтпейтін. Бесін нама-
зынан кейін әйеліне мұңын шағып еді, ол: «жүрегіңе
имандылық ұялайын деген ғой» деді. «Ал кешірмесе,
ауыртпалығын өзі көтереді». Көңіл жұбатқанға
жақсы-ақ сөз, бірақ…
Жұмабек те қыршаңқы аттай алдына келгенді тістеп, артынан өткенді теуіп үйренген. Ұқсамасаң тумағыр, құдды әкесі сияқты. Өзінің оқымаған кітабы жоқ. «Мынау дейді, – батыс жақты нұсқап, – Еуропа мен АҚШ-ты аузына қаратып Теккерей, Стейнбек деген жазушылар өткен ғой кезінде, құдай біледі, солардың ата-бабаларының сендермен бір шатысы бар. Жиреншенің әкесі Бақкерей, ал арғы атасы Станбақ емес пе өзі?». «Мұны не үшін айтты бұл сұм?» деп ойланып үлгергенше «Ежелгі заманда Балтазар Косса деген бір авантюрисі де болған сол Еуропаның» деп әңгімесін одан ары сабақтайды. «Ол өзі қарақшы боп кемеге шабуыл да жасапты, арақ-шарап пен қызқырқынға да тоймапты. О құдая тоба, ақыр аяғында дін жолына түсіп, Рим папасының дәреже-дәргейіне дейін көтеріліпті. Сен де осы алған бетіңнен таймасаң, құбатөбел бір қаланың мешітіне бас имам болуға жарап қаласың». Көрдіңіз бе, құрдасының қайдан бастап, немен аяқтағанын? Жүрегінде иманы бар пенде Ораза ұстап, намазға жығылған адамға «Ниет қабыл болсын!» айтып, қуаныш бөлісуші еді, ал мұныкі не қолдағаны, не қорлағаны түсініксіз бірдеңе. *** Жиренше: – Әй, Балтазар, мына мұрны салбырап, бұты серейген немені қуып жіберші. Таң атпай құрқылдап, тыныштық бермеді ғой. Тоңмойын бастықтардан «изәләтір» қойлардай ошарыла қашып, оңашаға кетсек те құрқылдан құлағымыз сарсыды ғой тегі, – деген кезде басы мен құлағы түйетауықтың басы мен құлағындай болып бір қызарып, бірі бозарған директор ернін тістелеп ойланып тұрған. Сулық киген сұм қойшының қыли шоқыған жәндіктерді сылтауратып тұп-тура өзін боқтағанында дау жоқ. Бірақ қалай дәлелдейді? «Неге боқтайсың?» деп баж ете қалса, ауыл-аймаққа, бота-тайлаққа қараптан-қарап өзі масқара болады. Өйткені, Жиреншенің дәлелі құрқылдап дәл қасында тұр.
Оны қатын-бала-шағасынан бөлек, Алматыдан кел-
ген анау ғалым бала да көріп, жазып алды. Әлде басқа
сылтаумен тиіссе ме екен? Сонда не? «Оңашаға кет-
сек те құрқылдан құлағымыз сарсыды ғой тегі» деуі,
мына қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда
жақсы сөз емес сияқты. «Оңаша» дегені «оқшаулану»
дегеннің баламасы. Кімнен оқшауланып жүр сонда
бұл заржақ? Қоғамнан! Қоғам дегеніміз не? Кеңес
өкіметі! «Құрқыл» кімдікі? «Генсектікі»!
Парторг бала, бала болса да бәле өзі, осы жаққа
жолға
шыққан
сайын
«Бозқақтың
уранынан,
Жиреншенің боранынан сақта» дей беруші еді, о
саржалақтың жүрегі де мына сұмның сұр жебесінен
аман қалмаған болды.
Уранның қаупі мен қатері
белгілі, ал жаман қойшының «бораны» мұндай қатты
болар деп ойламап еді. «Тас бораннан» бетер ғой тегі.
Егер парторг келіссе «саяси қатеге» жарайтын факті
бар. Сосын ары қарай «бюро» дей ме, «түрме» дей ме,
үрейін алып, тәубесіне келтіру қиын емес.
– Әй, ақ кемпір, деректірге шай іш десеңші.
Қабыңның түбінде ұн қалса, шелпек пісір, мына
шіліңгір шілдеде қатып қалған нанды кім қажап оты-
рады. Бастықтың арқасында балалардың аузы да бір
майлансын.
Иә түйетауықтарын, иә қызыл мұрын «деректірін»
сыбағаны бір Аллаға ғана аян Жиреншенің ашуы
тарқап, қабағы жазылып, көзінің қиығына күлкі
үйіріле бастаған. «Жағыңа жылан жұмыртқаласын
сенің
Жиренше,
қарашы,
түйетауыққа
теңеп
тұрып, түк болмағандай «шәй іш, шелпек же» деуін.
«Қойшылардың қатқан қара нанын айтып та қара
саннан бір шымшып қап жатыр» деп ойлаған дирек-
тор, құрттаған қойларға жағатын қара майдың иісі
мүңкіген қораның қасына құйындатып кеп қалай
тоқтаса, дәл сол екпінімен алақұйындатып тайып
тұрды.
*** – Тілші бала, а, тілші бала, – деген, – директордың көлігінің шаңы басылған соң Жиренше көңілі босағандай әлденеге төлежіп, – атаңның сөзін жазып алғаныңды теріс демеймін. Күндердің бір күнінде бала-шағаны күлдірмекке де бірдеңе-сірдеңе керек қой. Бірақ осы ауру, арық-тұрақ мал-жан қайдан шығады деп ойлаған басшы бар ма? Қоғам ауырса, оның мал-жаны да ауыра бастайды. Малмен өскен ата-бабаларымыз «изәләтір» дегенді білмей-ақ өтті емес пе өмірден? Анау алтын жұлдызды қойшыларды айтам да, қорасынан ауру, ақсақ-тоқсақтар шығып, құрты быжынай бастаса-ақ болды: «Ойбай, мыналарды оқшаулау керек» деп, осылай қарай зыттырады. Ал кәрәлін сасыған бұл жерге бір келген мал өз отарына қайтып аман-есен оралмайды. Осыны неге жазбайсыңдар? Осыны неге көтермейсіңдер? Көрдің бе, анау бір көзі соқыр қойды… соның басына әлгі дәріптеп жүргендеріңнің бірінің қамшысы тиген. Ал мына мөлиіп тұрған тоқтының бүйірінде адам аяғының зардабы бар… Ау, қырға қарап маңырады екен деп марғасқаларды, Бозқаққа барып ойнақтады екен деп бағыландарды ұрып-соғып, оқшаулай берсе, текті тұяқ қала ма далада?! «Қойшы көп болса, қой арам өледі». Қазір қойдан қойшы көп заман болып тұр. Бәрінің қолында бір-бір пәртпел. Тіпті, «генсекке» дейін қойшы боп кетті. Қысқасы, мен сияқты тілі мен жағына сүйенген жаман қойшы бар болса бар шығар, бірақ жаман мал-жан жоқ… Жиренше тілші-ғалым мен тілші-журналист мінде тінің аражігін ажырата алмады ма, әйтеуір, біразға дейін осылай дей берген. Тілші-ғалым да: «Аға, мен газеттен келгем жоқ қой» деп айта алмай, шалмен бірге мұңайған. Ойы мен қиялы Бозқақтың боз даласындағы бозторғайдай шырылдап, бір орнында байыз табар емес. «Марғасқалар» деп, «бағыландар» деп, «тек» деп, «тұяқ» деп бұл шал, шынымен, малға жаны ашып отыр ма, әлде, өзі сияқты тілінен жазып, оқшауланған азаматтар жайын зар ғып отыр ма? Қызыл мұрын
директорыңыз ауру қойларды оқшаулады ма, әлде «арам өлді» деген актімен тігісін жатқызып, апта сайын жас ет жеп отыру үшін сау қойларды оқшаулады ма? «Мына сорлылардың ішінде де пышаққа ілігетіндері бар екен» деуінің өзі ойланарлық мәселе емес пе? Мүмкін, қойлармен бірге аузында қақпақ, тілінде тиек жоқ Жиреншені оқшаулауды да ұмытпаған шығар қызыл мұрын директор. Әйтпесе қи сасыған қорадан алтын іздегендей неменеге қайта-қайта келе береді? Тоқта, екі жүз елу грамм арақ үшін Т. шаһарына шы ғарып салуға автовокзалдың асханасына ерінбейжа лық пай келіп, тост сөйлеген бөлім бастығы да «тұспалын біл, тұспалын» деп, тықақтап қоймай қойып еді әнеугүні. Ол да тұспалдап сөйлейтіндерді тұсаулайтын сұр мекеменің тыңшысы болып жүрмесін. Бәсе, Бозқақтың боқтампаз шалына неге құмартып қалды деп еді бұл. Тілші-ғалымның шақшадай басын осындай қайқайдағы, жай-жайдағы ойлардың шырмап алғаны сонша балапандай жүрегі бұлқынып-бұлқынып барып, кеу десінен ұшып кете жаздаған әуелі. *** Он төртінші күн дегенде ме екен құрдасы теле фонының құлағын көтерді-ау әйтеуір. – Әй, бір қорқыттым-ау деймін өзіңді. Жазықсыздан жазықсыз боқтаған қалай болады екен адамды?! – Кешір, өзіңнен де бар, өткенде қайдағы бір Балтазар Косса дегенді айтқаның көңілімде қап қойыпты, соның зілі шығар. – Кешірмегенде көшіреді деп пе ең, намазыңды оқып, тәспіңді тарта бер. – Алла разы болсын. Тендер комиссиясының төрағасы осылай деп оқжыландай зулағанымен, құрдасының тілінен қорқып, оны шалғай ауданға мәдениетті түрде «жер аудармаққа» бекінген. Өйткені, бүгін боқтаған адам, ертең «мына иен-тегін дүниені қайдан алып
жатырсың?» деп байбалам шығарудан тайынбайды. Құдайға шүкір, тендер дің «тобықтайы» арқылы аузын айға білеген біраз басшылармен аралас-құралас болып қалды. Кімді қандай қыз метке ұсыну, кімді қайда «оқшаулау» деген сияқты құ пия мәселе талқыланған кезде мұның пікірі де ес ке рі летін болды… – Іскер десеңіз іскер, білімді десеңіз білімді, ұйымдастырушы десеңіз ұйымдастырушы, қысқасы, мұндай кадрды Алатауды айналсаңыз да таппайсыз. – Кешіріңіз, аты-жөні кім дедіңіз? – Балтазар Жиреншеұлы Бақкерей. – Бақкерей… Жиренше… Изәләтір… «Кадрлардың құдайы» атанған орынбасар ойланып қалды. – Әкейдің архивінде осындай адам аты бар сияқты еді. «Мына кісі Балтазарды танитын болып шықпасын» деген ойдан Жұмабектің жүрегі зу ете қалды. Бірақ орынбасар іле-шала: – Біздің шал кеңес өкіметі кезінде тілші-ға лым болғандардың бірі, – деп әкесінің шой желке, жуан балтыр бастық емес, кішігірім ғалым болғанына намыстан ғандай жанарын терезеге аударған. Орынбасардың әке туралы ұяла еске алуы Жұмабектің май ішкен дей кіл кі ген көңілін орнына түсірді. Дегенмен, сақтықта қор лық жоқ. – Кезінде осы өңірде Жиренше деген бір «инцидент» болған. – «Диссидент» десеңші, мынау сол кісінің ұлы ма? – Иә, – деген Жұмабек «пендеңіздің түпкі ойын енді түсінген боларсыз» дегенді көзімен ұқтырып, орынбасарға сүзіле қарады. – Қанша дегенмен, қанына тартпай тұрсын ба, мұндайлармен алыстан сыйласқан дұрыс шығар деген қам-қарекет қой менікі. – Сонда қай жаққа жібер деп сұранып отырсыз? – Бозқаққа. – Бозқақ?!. Шешіміңіз тым қаталдау емес пе?
– Қатал емес, «оразасын» жоғарғы жақтағы ауыс-түйіспен, кім не жеп, кім не құстымен ашатын ондағыларға осындай «идеальный» адамдар керек. Қанша дегенмен, зиялының тұқымы емес пе, мынандай «үкімді» естіп орынбасардың шыбын жаны шырқырап кетті. Бозқақтың уранына ұрынған пенде, тіпті темірден жаралса да көп ұзамайтын. Зу-зу еткен Жұмабек сол ауыр жазаға бала кезден бірге өскен досы Балтазардың басын байлап беріп отыр. Оған дейін де осы өңірдің жөн біледі-ау дейтін біраз басшылары мен қосшыларын қасқыр тиген қойдай қуғын-сүргінге ұшыратқан. Егер босаңдық танытып, боркеміктік көрсетсе, өсек-аяңы он қатынға бергісіз мынау жүзі жанбастан: «баяғы диссидент қойшыға жаны ашып, «Изәләтір» баққан Жиренше» деген мақала жазған ғалымсымақтың ұлы» деп өзіне шабуыл жасаудан тайынбас. Әкесі марқұм да сол мақаладан кейін жұмысы өнбей, жүнжіп кеткен. Екі жүз елу грамм арақ үшін асханада отырып тост айтатын қасқа бас бастығы да күрт өзгеріп «не ғылыммен бол, не қойшымен бол» депті. Одан кейін, «спорт кешенінің құрылысына бюджеттен бөлінген миллиардтардың он бес пайызын алақаныңызға әкеп салам» деп ант су ішіп отыр. Қой, «тек жүрсең, тоқ жүресің» деген. Сатқындық бізге дейін де болған, бізден кейін де бола береді, сондықтан бөгет болмайын. – Онда кірісіңіз, басшыға өзім айтам. *** «Кешірмегенде көшіреді деп пе ең, намазыңды оқып, тәспіңді тарта бер» деген құрдасының сөзінен кейін Балтазардың екі иығын екі апта бойы езгілеген ауыр жүк өзінен өзі сыпырылып түскендей болған. «Әкең сияқты кекшіл емес екенсің» дейін деп тұрды да, тілін тістей қойды. Өйткені, қызыл мұрын директор түк түсінбеген, дым білмеген боп тайып тұрса да көп ұзамай боқтампаз қаһарманымыздың үйіндегі ақ апамыз армандай беретін қойманың кілті былай тұрсын, «изәләтір» қойдың жылбысқы еті де көзден бұл-бұл ұшты. «Бозқақтың уранынан, Жиреншенің
боранынан сақта» деп дұға жасай келетін үркек пар-
торг, түсінен шошып оянғандай оқыстан күшіне
мініп, «қоғам малын өлім-жітімге ұшыратқаны үшін»
деп шалға әуелі «сөгіс», одан соң «қатаң сөгіс» берді.
Үшінші жолы партбилетін тартып алды.
Дұрысы,
«тартып
алды»
емес,
көшке
бер-
ген тайлағың осы болса, мә!» деп, парторгтың
үстелінің үстіне Жиреншенің өзі тарс еткізіпті о
құрғырды деседі ел-жұрт. Шынында, саясаткерлер
«коммунистердің партбилетін ең бірінші «талақ»
еткен Ельцин» деп, бекерге шатысады, әйтпесе, ол
ерлікті алғаш жасаған адамның қабірі бүгінде Т.
шаһарынан алыстағы бір ауданның аумағында жатыр.
Топырағы томпайған қабірінің үстінен кездейсоқ түсе
қалсаңыздар, Жікеңнің мына жалған дүниеде біліп,
білмей істеген күнәсі үшін Аллатағаладан кешірім
сұрап, құран оқуды ұмытпағайсыздар.
ӘБДІҚАДІРДІҢ
МОНШАСЫ
немесе сауна, джакузи және...
хуторянка
«Не спаршивай о том, что твоя страна
может дать тебе. Спроси, что ты
можешь дать своей стране».
Джон Кеннеди.
Жарнамадағы жымия қараған сұлуға сұқтанғаны
сол екен, қалқан құлағының жарғағын жарып
жіберердей болып шыққан бір ащы дыбыстың селк
еткізгені. Сәурік айғырдың көмейін күмбірлеткен
қоңыраудай өжіктеген үнді суқаны сүймей жалт
бұрылып еді, Қамысбай құрдасы су жаңа мәшинесінің
жартылай ашық терезесінен ыржиып тұр.
Іші қылп ете қалды. «Қап, еріккен немеге қараптан-
қарап келеке-мазақ болатын болдым-ау».
– Көлік қағып кетсе қайтесің, байғұс-ау? Сұлудың
суретіне сілекейі ағып тұрғанда мерт болды дейім бе,
Гүлайымыңа?
Секемал болып қалған көңіл бекерге сезіктенбепті.
Қамысбай тілінің тікенегін бірден сұғып алды. Бірақ
«ұялған тек тұрмайды» деген:
– Қақпа жасайтын темір екен. Қарашы, обал
болады-ау деместен, соны бір шүйкебастың суретіне
бола қор қылып мына жерге іліп қойыпты, – деп,
кінәлі адамдай қапелімде қарадай қибыжықтады да
қалды.
– «Мен Шираздың пәк сұлуын Тәңіріме теңер ем, Бір меңіне Самарқанд пен Бұқараны берер ем» демеп пе еді бұрынғылар? Ақталмай-ақ қой. – Хафиз марқұм Құдайдың құдыретімен тіріліп кеп, Астананың ауруларын көрсе, Өзбекстанда шаһар қалар ма екен, қаламас па екен... – Шекарадан өте алса дегің әуелі. Жайсыз түс көрген күні Ислам акамыздың кеденін тарс жауып алатыны бар емес пе? – Бұл жағы енді, коммерсант досым, менен гөрі саған мәлім, қық-қық-қық... Өлтірсе де өтірік айта алмайтын Диқан далбасалап өтірік күліп еді, екі бетінің ұшы шоқтан шыққан табаның лебіндей ысып жүре берді. Шынында ә дегенде назарын жарнамадағы сурет баурады. Ойпырмайдың сұлуы-ай! Шебер құдай пендесін өстіп те ғажап қып жаратады екен-ау. Қалаға ана бір жолы келгенде «Славянка» дегенінің суретінен көзін ала алмай қайта-қайта қарап, аузының суы құрып еді, бұл жолы мынау «Хуторянка» деген аруы одан да асып түсті ме, қалай өзі? Мұны мазақтап тұрған мынау құрдасына да Хиценконың қызы тура осы «Хуторянка» сияқты көрінетұғын баяғыда. Сұлудың сұлуы еді ғой, шіркін! Анаң қарашы, суреттегі жансыз бейненің өзіне дейін «кел, құш, сүй» дегендей үздіге, үзіле қарап тұрған жоқ па!?. Бірақ іле-шала өз ойынан өзі ұялып, оның үстіне «таздан тарақ қалғалы қашан» дегендей «тәк-тәк» деп тақымдап отыратын әйелінің дуайпат мінезі есіне түсіп, қызыл-жасыл қиял әлемінен араның ұясындай гуілдеп жатқан базардың өміріне оралғанда, ойы сұлудың суретінен гөрі шындыққа жанасымдырақ жайға қарай ойысқан. Ойысқанда, баласына «жұрт сияқты шарбаққа ою-өрнекті қақпа жасау керек» деп, құдайдың зарын қылғалы қашан. Бірақ оның «ертең» дегеніне, міне, екі жылдан асты. – Құдай сақтасын, сұлу не теңім? – Ұялмай-ақ қой, кел отыр, мәшинеге. Ұзынтұра Диқан иерелеңдеп кеп қап-қара «Хаммерге» отырды. Аяқ қоятын жері жаңа ғана
жуғандай тап-таза екен. Ауылдан ілескені бар, базардан жабысқаны бар, бір елі шаң-тозаң «арқалған» бақа бас бәтіңкесінен қарадай қысылды. Айтпақшы, манағы айғырша кісінеген ащы үн түр-тұрпатынан адам қорқатындай мына бітімі бөлек «тұлпардың» дабылы екен-дағыны, ал оны кісінің жүрегін ұшыра «бебілдеткен» ескі досы болып шықты. – «Хуторянкаға» қадала қарағаныңнан-ақ түсіндім, достым. Қай саунаға барып демалғың келеді? – Саунаң бар болсын, қазір ауылдың таксиіне мінем-дағы бірден от басы, ошақ қасыма тартам. – Келгенің бүгін емес пе, жау қуды ма сонша? – Жұмыс көп… Десе де күмілжіп қалды. Шынында қайда асығады. Қасы мен кірпігі сүрмеленген сұлулардың қасына көп жантайған заманды сағынатыны да өтірік емес кейде. «Орайыңның барында ойна да күл» деген, мына бес күндік жалған да әні-міні дегенше өте шығады. Оның да, міне, еңіреген елу жылы артта қалыпты. «Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң...». Еһ, өтіп бара жатқан дәурен-ай!.. Бағана қалаға жеткенше тойдан шыққан жастар Ұзынағашта тұратын Есенқұлдың өлеңі деді-ау сірә, әйтеуір, артқы орындыққа отырып ап құлағының түбінен: Алдай-ау, алдай, алдай-ау, Алқынған күндер талпынған, Жәутеңдеп қарап артымнан, Қалды-ай-ау, бәрі қалды-ай-ау... деп, жетім қозылардай «маңырап» қоймай қойып еді, осыған көрінген екен да. Досының көңілі бұзылып, буын-буыны босаң сығанын сезген Қамысбай: – Жұмыс деген жауызды өлгенде бір-ақ жеңесің. Мына бір бұрылыстан жақсы сауна ашылыпты. Суы мен буы, массажы мен аспазы бәрі сайма-сай дейді. Джакузи, бильярд, шашылық, тағысын тағылар, – деп бұған бадырақ көзін қысып қойып, қарақұрт сияқты
мәшинесін көшеге көлденеңінен киліккен тар иінге
қарай бұра берді.
«Джакузи» дегенде елең ете қалды. Саунаны
көрген. «Көргені» бар болсын, мал базарға шығарған
қой-ешкісінен түскен аздаған ақшаның жартысы-
нан астамын жаратып қойыпты кеу-кеумен. Ұялмай-
қызармай «көрген» дейді ғой енді. Ал мына «джакузи»
дегенді естігені болмаса, әлі білмейді екен.
– Джакузи дедің бе? Көрмеген дүнием екен?
«Якудзи» дей ме, «Камикадзе» дей ме, түсініксіз
сөздер қаптап кетті, ә.
– «Хуторянка» ше?
– Арағын айтасың ба, аруын айтасың ба?
– Екеуін де, менің Аннушкам есіңде ме баяғы?
– Қай-қайдағыны еске түсірмей, «Французжен-
ка» болса да жеткізсей енді.
Қамысбай рахаттана күлді.
– Сағынатыным осындай сөздерің ғой.
Көптен көрмеген құрдасының қитұрқы сөздерін
шынымен сағынып қалған ба ауқатты дос әңгімені
қылжаққа қарай бұрады. Бірақ бизнесменмен бірге
күліп отырса да мұның миы көнетоз компьютер
сияқты әр ойға бір «ілініп», кібіртіктей береді.
«Саунаға бір кірген соң ол міндетті тұрде үш-төрт
сағатқа созылады, ал кедір-бұдыры «Жол картасына»
енбей қалған қотыр жолмен 60-пен жүретін такси-
лер әлгі үш-төрт сағатта сонау 150 шақырым жердегі
мұның ауылына да жетеді. Сосын... таксилерден
ырғалып-жырғалып түсе бастаған базаршылардың
арасынан байының боз басы көзіне түспеген әйелінің
түрі бұзылады. Түрі бұзылған соң... таңертең бұдан
балалардың несібесін «ішпе» деп өлердей өтінгенін,
ішіп алса ана жолғыдай бір тоқтының емес, бірнеше
малдың пұлын саунаға жаратып, сымпиып келетінін
айтып ойбайлайды. Ойбайлап, байбайлап қойса жақсы
ғой, бар ашуын баласынан алады. Компьютердің
«әйнегіне» үңіліп, өзімен өзі отырған баланың не
жазығы бар десей.
«Жоқ, болмайды, қайтам». Десе ше? Бірақ мы-
нандай миллионер күнде жік-жатпар боп жатқан жоқ
қой. Қайта көптен көріспеген досының Атымтай жомарт боп аңқылдап тұрған кезін пайдаланып бір іске жегіп көрсе қайтеді? Буындарына вискидің уыты түскен соң байлардың көл-пал боп, аспандағы айдан басқасын алақаныңа салатын әдеті емес пе? Сонда не сұрамақ? Темір қақпа?.. Ою-өрнекті?..». – Оу, ойланып қалдың ғой? Тезектің түтінін бір күн иіскемесең өлесің бе? – Сауна дегенің қай-қайдағыны есіме түсіріп жібергені? – Ол не сонда? – Әбдіқадірдің моншасы есіңде ме? – Е-е, неге ұмытайын. – Сол кезде дейім де, Әбекең: «бала, құдай қаласа, болашақта джакузиге шомыласың» десе сенер ме ең? – Қайдам, ойлауға да қорқушы ек қой. – Шынымды айтсам, «Селхозхимияның» грузовигін сатып алғанда, осы рас па, өтірік пе деп, Гүлайымға жеті нан құдайы таратқызғам. Кім біледі, әйтпесе... – Грузовикті айтасаң, зауыт, фабрикалар да кетті емес пе небір. – Жоға дейім да, қанша ұмытайын десем де Әбдіқадірдің моншасы есімнен кетпейді. – Ол да жекешеленіп кетіп пе еді? Сауалының соңын «а-а-аһ?» деп, жақ жыртар есінеумен тәмәмдаған досы мәшинесінің жалт-жұлт еткен жылтырақ түймелерінің бірін түртіп қалып еді, «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» дегендей, бұрынғы ажары мен базары аздай жыл өткен сайын жайнап, жасарып келе жатқандай көрінетін София Ротарудың шырқап қоя бергені. Хуто-хуторянка, девчоночка смуглянка, Мне бы хоть разок всего лишь на чуток Мою весну на хуторок... – Магнитофон ба? – Дискі ғой.
Әбдіқадірдің моншасы туралы айтқаны құрда-
сының сезімін селт еткізбегеніне мұның ызасы келді.
«Мынау таза ноқай екен ғой».
Әлі ұмытпайды, Амангелді сегіз жылдық мектебін-
де оқып жүргенде, дене шынықтырудан да, еңбектен
де, суреттен де, тіпті физикадан да дәріс оқитын, оны
айтасың білім саласының «шаруашылық» деп атала-
тын бауы мен шуы көп, қиындау жағын да дөңгелетіп
алып жүре беретін Есалы ағайы шамамен ені 60 см,
ұзындығы 2 м. төрт бұрышты ағашқа керілген қызыл
матаға «Ұлы Октябарь революциясының 57 жылдығы
жасасын» деп жазып болып, енді «леп» белгісін қоюға
еңкейіп, икемделе берген кезде темір дөңгелектері
шиқылдаған вагонды түйесіне жегіп алған Әбдіқадір
қастарынан «әйт, шүу»-леп өте берген. Ағайлары
вагонның ауылға келу сырынан алдын-ала хабардар
екен, «леп» белгіні әдемілей бояп жатып:
– Бұдан былай мәйкілеріңдегі «малдарыңды»
өр гіз бей, апта сайын моншаға шомылып тұратын
боласың дар енді, – деді.
Қызыл матадағы сөздің «қызығын» ұмытқан бала-
лар қуанғаннан:
– Ура! – деп шу ете қалған.
Қамысбай бастаған біраз бала вагонның соңынан
ілесіп, жүгірді де кетті. Олардың опыр-топыры мен
ауыл иттерінің абалаған үнін жақтырмаған түйе аузы-
нан көбік шаша бақ-бақ етіп, көшені басына көтеріп
барады.
Мұның
беті
«уралаған»
достары
сияқты
қуаныштан гүл-гүл жайнаудың орнына қып-қызыл
болып кетті. Өйткені бесаспап ағайының «мал» тура-
лы мысалы жүрегіне жебедей қадалған.
Қай мұғалімдер жиналысында, қай ұлағатты
ұстаздың ұсынғанын кім білсін, бір күні сабақ үстінде
жоғарғы кластың бір топ оқушылары мен мұғалімдері
сау етіп кіріп келді де, балаларды тақтаның алды-
на шығарып, қыздардың көзінше іш киімдерін
қолтықтарына дейін түріп, тазалық тексере бастады.
Іші қылп ете қалды. Мұндай пәленің болатынын
білгенде сабақтан бағана қашып кетер еді, енді қайтті?
Қуыстанғанындай болды, әлекедей жалаңдаған
тазалық тексерушілер жұмыстарын алдыңғы парта-
да отыратын Қамысбайдан бастап, мәйкісін көтеріп
қалғанда жоғалтқан малдарын тапқандай қуанбасы
бар ма. Бидайдың көлеміндей болып семіріп алған
әлгілерді кірден қап-қара болған мәйкінің тігісінен
бірінен кейін бірін теріп алып, досының алақанына
салып жатыр, салып жатыр. Қолдарына ұстай келген
дәптерлеріне «Қамысбай Күшікбаев». «Бит» деп белгі
қою үшін әлгінің біреуі де жеткілікті екенін ұмытты
ма, әлде балығы көп көлге тап болған балықшыдай
қызыққа батып кетті ме, әйтеуір, бірер минөттің
ішінде алақаны быжынаған пәлелерге толды да кетті.
Диқанның жейдесінің ішінде, абырой болғанда,
мәйкі жоқ еді, тазалық тексерушілер алабажақ
көйлекке назар аудармастан, қолдарын бірден түсі
оңа бастаған түрсидің ышқырына салды. Мұның
«малдары» Қамысбайдың мәйкісінен шыққан «ірі
қаралардай» аңқау емес, қой бастап, тыным таппайтын
серкелер сияқты өрісін шатқалдың арасына, төмендеу
жаққа салса керек, жоқ қараушыларға жоғарақпанда
таптыра қоймады.
Бірақ, қауіп те жоқ емес. Шошаңдаған бір-екі
жеңілтектері тексерушілердің алдынан нағашылары
келгендей домалаңдап шыға келді бар ма, масқара
енді.
Әні, оң құлағымен естіп тұр, сүмірейіп барып пар-
тасына құйрығын баса берген досына Бақбергеннің
сары қызы:
– Сыртың бүтін болғанмен, ішің түтін екен
ғой, – деп, жиіркенгенін жария түрде көрсетіп,
қабырғаға қарай ысырылып отырды. Тексерушілердің
дәптеріндегі аты-жөнінің тұсына «Диқан Жолболди-
ев». «Сірке». «Мәйкісі жоқ» деген тұрғыда белгі са-
лынып, ең артқы партадағы орнына қарай желкесін
қасып өтіп бара жатқанда сары қыз мұны да ала
көзімен ата қарады.
Қамысбай болса қарадай арсыздыққа басып:
– «Битшең адам бай болады» деген, менен қарыз
сұрайтын боласың әлі, – деп, сары қызға қарап
ыржаң-ыржаң етеді.
– Бұған дауа жоқ.
Есалы ағайының шәкіртін ақтау үшін айтыла
салғандай әлсіздеу естілген үнінің астарынан әуелі
«шаш ал десе, бас алатын» жендеттердің тәсілімен
ұрланып келген, ұрт мінезді тексерушілерге «ал,
қарық болдыңдар ма» деген тұрғыдағы наразылық
байқалып, одан кейін аурушаң шешесі екеуі-ақ
тұратын тұрмысы ауыр балаға деген аяушылық сезім
жанарына мөлт-мөлт етіп келіп қалған жасқа ұласып,
теріс айналып кетті.
Өзін қойшы, «Қамысбайдың шаруасы бітті» деп
ойлады бұл. Масқара болғанда Анна естіп қоймаса
болғаны. Өйткені іш киімдерінен «мал» табылған
оқушылардың аты-жөнін мектептің радио тора-
бы арқылы бүкіл ауылдан «сүйінші» сұрағандай
жар сала хабарлайтын бір жексұрын дәстүр бар еді.
Ол жексұрын дәстүрдің авторлары, яғни белсенді
оқушылар Қамысбайдың осы ауылдағы бір сұлуға
ғашық екенін қайдан білсін. Оны бір білсе омарта-
шы Хиценконың қызы жүретін жолға ғашықтық пен
құштарлыққа толы өлеңдерді гүлмен көмкеріп қойып
кетіп жүрген Диқан ғана білер.
Бәрін айта та, бірін айт, сөйтіп Санкт-Петербургте
болған Ұлы Қазан төңкерісінен кейін арада табаны
күректей 57 жыл өткенде Кеңес өкіметі Қамысбай
сияқтылардың «малдары» өріп жүрмеуі үшін облыс
орталығынан – 150 шақырым, аудан орталығынан –
45 шақырым жердегі ауылға «сендерге осы да жетеді»
дегендей
вагон-моншасын
жіберген.
Дөңгелекке
таңылған монша болса ұзын көшенің шетіндегі
Әбдіқадірдің ауласына барып мәңгілікке аялдады.
* * *
– Джакузи дегенің, міне, мынандай болады!
Диқан бір көшеге кеп тоқтағанын, одан бір саунаға
кіргенін, оның іші хан сарайындай жалт-жұлт етіп
жайнап тұрғанын есіне түсіре бастады. Бұл «ауылға
қайтсам ба, жоқ па?» деп ойланып, одан кейін мон-
ша жайлы қызық хикаяларды есіне түсіріп отырғанда
досы өзі мақтаған саунасына да әкеліп үлгерген екен.
Әуелі үлкен аулаға кірген. Үлкен ауланың ішінде
бірнеше үлкен үй тұр.
– Мә-ә-ә, мынаның бәрі сауна ма?
– Сауна, бассейн, қонақ үй, бильярд... жаныңа не
керек, бәрі осында.
Үлкен-үлкен
үйлердің
арасында
дамыл
тап-
пай зыр жүгірген даяшылар. Үлкен-үлкен үйлерді
жалғайтын жіңішке жолдарды жағалай қойылған
әсем орындықтарда темекі шегіп, «тапсырыс» күтіп,
селтиіп-селтиіп тұрған қыз-қырқын.
– Бұл «хозяствоның» кімдікі екенін білесің бе?
– Жоға.
– Бәкеңдікі.
– Қой-шы-ей, сондай жерде отырып та осындай
тірлікпен айналыса ма?
– Қызмет қолдың кірі, ертең одан айырылып
қалса немен күн көреді?
Басқа басқа, ауылдан шыққан алғашқы әкім,
алғашқы министр және алғашқы депутат болған
Бақбергеннің мұндай «бизнесі» бар деп ойламап еді.
Білгір, білікті, ауылда туып, алашқа танылған азамат
деген соң елмен бірге мақтан тұтушы еді. «Алаш-
фильм» түсірген кинолардағы кейбір эротикалық
көріністерді көсіле сынап, одан қалса алпауыт-
тар жайлаған қаладағы әнебір көшенің бойына
моншақтай тізіліп тұратын қыз-келіншектер жайлы
биік-биік мінберлерден ашынып тұрып айтқанда дән
риза болатұғын.
Ал енді... сол ақ дегені – қара, пәк дегені – лас бо-
лып шыққанда жандүниесі баяғы Әбдіқадір көкесінің
моншасының суы жоқ кеспегіндей қаңғырлап, боса-
ды да қалды. Таза деп табынып, дана деп дастан жазып
жүрген асқар таудай ағасы мұндай имансыз кәсіппен
айналысқандардың үстінен қарауыл қарап отырса,
басқалардан қандай жақсылық күтпек?!.
– Мұндай «ғазалдар» мен «гөзалдар» сенде де бар шығар? – Сауна бизнесіне жолағым жоқ, бірақ, құдайға шүкір, басқасы жетеді. Джакузи дегеніңнің алып бара жатқан ештеңесі жоқ, нобайы көп қабатты үйлердегі ваннаға келіңкірейді де, төрт жерінен бе, әлде алты жерінен бе бастау сияқты жылы су бұрқ-бұрқ етіп қайнап шығып тұрады екен. Қайнап шығып тұратын жылы су денеңе тиген кезде қыздың қолы тәніңді жұмсақ алақанымен сипалағандай ма, әлде уқалағандай ма, әйтеуір, бір әдемі әсерге бөлейді. Тырысқан денесі босап, күс басқан өкшесі жібіп, алпыс екі тамыры түгел дерлік иіген соң сана-сезімін жаулап алған «ою-өрнекті қақпа» секілді күйкі мәселенің күллісін тарс ұмытпақ болып, көзін жұмған. Бірақ келесі джаузиде қарны қампиып жатқан Қамысбай демалдыра ма адамды. – Ауылда не жаңалық? – Мешіт салдырдық. – Естідім, «спонсоры» Берден бопты ғой. – Бірдеңе десем ренжімейсің бе? – Дегің. – Анау мініп жүрген көлігің қанша тұрады? – Жүз елу-жүз алпыс мың доллардың төңірегі. – Оны қарапайым шаруа жүз елу немесе жүз алпыс жылқы деп есептейді. Айтайын дегенім, сол жүз елу жылқыға ауылдан қатырып тұрып үш монша салуға беймарал жетер еді. Сен соның біреуінақ салып берші, құдай жарылқағыр. Әйтпесе баяғы Әбдіқадірден кейін моншаға жарымадық. – Сексенінші жылдары жаңа монша салынбап па еді? – Салынған, бірақ жекешелендіру басталғанда ауылдың малы мен мүлкін атқамінерлер бөліп алған жоқ па? Сол кезде о да опат болған. – Сонда ауылда монша жоқ па қазір? – Сосын да мұңымды шағып отырғаным. Аяғы жеткендер қалаға келіп шомылады. Ал шал-шауқандар
мен жас балаларға обал. Баяғы екеуміз сияқты «малдары» өріп жүрмесе де, мәз емес. Ұмытқан жоқ шығарсың? – Қалай ұмытарсың оны. Қамысбай ойланып қалды. * * * Әбдіқадір шоқша сақалын саумалап, ұзақ ойланып отырды да моншаны сенбі мен жексенбі күндері «жағатын» болып шешті. Сірә, ат төбеліндей ауыл тұрғындарын жуындырып-шайындыруға екі күн де аздық етпейді деп бағамдаса керек. Оның үстіне моншаны күн сайын жылыту да оңай шаруа емес. «Өлмесең өмірем қап» дегендей, өкіметтің жергілікті өкілдері бар тауқыметті Әбдіқадірдің мойнына артып қойған. Әсіресе, отынын айтсай. Бірақ вагонды түйемен сүйретіп әкелу сияқты кеңес белсенділерінің миына кірмеген қулықты меңгерген шал, оның отынына пайдаланатын «көмбенің» мекенін де тауып алды. Монша үшін нағыз отын – мәшине мен трактордың доңғалақтары екен. Оны түйе арбаға тау ғып артып әкеп, үйіп тастасаң бәленбай күнге жетеді. Ал доңғалақ дегенің Ленин атындағы совхоздың гаражының іші мен сыртында шашылып жатыр. Гәптің үлкені, доңғалақтарды вагон-моншаның кішкентай ғана пешінің аузына сиятындай етіп кесуде болып шықты. Бұл ауыр бейнетті шал әдепкіде терлептепшіп өзі атқарып жүрді. Кейін оған да әдіс тапты. Гүлзейнеп бастаған әйелдер «төсектері» мен «өсектерін» шылаушыннан сар-сар төгілген сумен қабаттастыра самбырлай айтып, шомылып жатқанда кезек күткен балалар ләңгі ойнап, моншаның күн шуағын ұйқы-тұйқы етіп тастайтын. Аяқтарына да тыныштық жоқ, бәтіңкелеріне де обал. Шегірткеше секірген солардың аптығын Әбекең жұмысқа жегіп басты. «Есалы ағайларыңа айтып, еңбек сабағынан «бес» қойдырамын» десе, араға, тіпті, жалқау балалар да таласып қалатын.
Әбдіқадір ауылдастарының кір-қоңын тазалай-
мын деп түртінектеп жүріп, бүгінгі күннің тілімен
айтсақ, инновациялық жаңалық та ашты. Мысалы,
моншаның ішіндегі темір кеспекті суға толтыру үшін
ол алғашқыда даңғырлаған шелек пен шуылдаған
балалардың көмегіне жүгінсе, арада біраз уақыт
өткеннен кейін құдығына мотор орнатып, оған
бірнеше шлангі жалғап, ол шлангілерді моншаның
бүйіріндегі тесіктен ішке кірігізіп, ұшын кеспектің ау-
зына әкеліп қойды. Әп, бәрекелді, бүлк-бүлк етіп ба-
рып оталған мотордың күшімен шыңырау құдықтың
түбіндегі су брезент жолаққа ілесіп жоғары көтеріліп,
сарылдап аға бастаған кезде қақырынып-түкірінген
моншашы ақ сырмен айғыз-айғыз ғып бояп тастаған
әйнектің сыртына келіп іштегі Гүлзейнепке:
– Әй, келін-әй, шықты ма? – дейді айғайлап.
Қайнағаларымен қалжыңдаса беретін Гүлзейнеп
судың сарылдап ағып жатқанын көрсе де:
– Жібердіңіз бе? – дейді әдейілеп.
– Жібердім ғой... мен... мен... бағана жіберіп
қойғам.
– Ендеше, дым да жоқ, қайнаға.
Келіншектер ду күледі.
– Дым жоғы қалай? Дұрыс тықтыңдар ма өздерің?
– Тығуын тықтық қой, бірақ моторыңыздан ба,
әлде шлангіңізден бе, әйтеуір, жартымсыз бірдеңе
шыжымдап қана шығып жатыр.
– Қап-ай, ә! Онда мен барып моторды күшейтіп
келейін.
– Е-е, бағанадан бері сөйтіп қатты неғылсаңызшы.
Монша іші қыран-топан күлкі. Ал түкке түсінбеген
аңғал шал:
– Алда айналайын-ай, сәл шыда, қазір неғылам...
Қазір қаттырақ неғылам, – деп, талтақ аяғын орай ба-
сып өз түтініне өзі қақалып-шашалып, тырқылдай от-
алып тұрған «Зис» моторына қарай кете барады.
Үркердей ауылдың әйелдері мен еркектері вагон-
моншаға алғашқы кезде кезектесіп шомылатын. Бірақ
оның бүйірін тесіп, ішке шлангі кіргізгелі бері кезек
күтіп еріккен балалар әлгі саңылауға гүлге жиналған
арадай құжынайтын болды. Мұрттары тебіндеп
қалған Қамысбай сияқты жүгермектер саңылаудан
қарау
бақытын
майда
балаларға
бұйыртпайды.
Жылтыңдаған көздердің қайсысы қай қайнысынікі
екенін қорасындағы қойындай танитын Гүлзейнеп:
– Әй, жүгермек, бізге сұқтанғанша әтір сабын сый-
лайтын Аннаңа бармайсың ба? – деп, Қамысбайды да
сыбағасынан құр қалдырмайды.
– Ұятсыз, сөйтпей ме шынында.
– Көзін бақырайтпай, ыстық су шашып жіберші
өзіне.
Сығалап тұрған қайындарын байқап шу ете
қалған әйелдер тесікті көйлектерімен бітеп әуре.
Бірақ Әбдіқадір бұл шетін мәселені де оп-оңай шешті.
Әйелдер – сенбі, еркектер – жексенбі күні шомыла-
тын болды.
Айтпақшы, тазалық тексерушілер ұялтқан күннен
бастап
Қамысбайдың
мінез-құлқында
өзгерістер
пайда бола бастаған. Оған Әбдіқадірдің шеңгел
шарбағының ішінен пайда болған вагон-монша көп
үлес қосты. Доңғалақ аралау, мотор оталдыру, жібі
қырқылып, орама темірлері қойдың қабырғасындай
болып ырсиып көріне бастаған көнетоз шлангінің
тесілген жерін шүберекпен орау сияқты жұмыстардан
бөлек, ат суғару, малға шөп салу, сиырдың астын та-
залу ол үшін түк емес. Есесіне монша – тегін. Басқа
балаларға
қайыстан
тігілген
қалтасының
аузын
ашып «сал, шақаңды» деп (тиын дегені), күле қарап
тұратын моншашы да оған келгенде жомарт. Жиі
шомылғаннан кейін мойылдай қара шашы қопсып,
бозарыңқырап қалған жүзінен тебіндей бастаған бала
мұрты бұрынғыдан да анығырақ көрініп, Гүлзейнеп
сынды мінезі ашық жеңгелеріне кәдімгідей қырындай
бастаған. Тіпті, әтір сабыны, тіс шөткесі мен пастасы-
на дейін түгенделген.
Айнадағы өз бейнесіне өзі қайта қайта-қарап,
оғаштау ештеңе таппаған соң гитара үйренуді сылтау-
ратып Хиценконың үйіне және барады Қамысбай.
Ауыл бойынша гитара сол үйде ғана бар. Валера әкесі
сияқты Анна да гитарада керемет ойнайды. Даусы
қандай әсем. Бұның гитараға емес, өзіне құмар екенін
білетін сұңғыла сұлу да төргі бөлмеге шақырып,
қабырғадағы
гитараны
алып,
ішектерін
салалы
саусақтарымен бір сипап дыңғыр еткізеді де, бұған
ұсынады.
Мұның көзі гитарада болғанмен, көңілі Аннада.
Осы аймақтағы, осы аймақ дегені оған жер-жаһандағы
дегенмен бірдей, ең сұлу кім десе, ойланбастан Анна
дер еді. Ал кімге теңер ең десе, Шираздың сұлуына,
жо-оқ, оны көрген жоқ қой, София... иә, теледидардан
ән шырқайтын София Ротаруға теңер ем дер еді.
Әскерге аттанып бара жатқан немесе әскерден
аман-есен оралып келген жігіттер отырыс жасаса, ол
Аннасыз, Аннаның әсем үнінсіз сүреңсіз өтетін. Ал
оны омарташы әкесі отырыс тұрмақ, сол тұста сәнге
айналған «Алтыбақанға» да Қамысбайсыз жібермейді.
Бал арасын баптауға қолқанат болып жүріп, Валераның
да көңілін тапқан ғой досы. Сөйтіп сұлуға «оқ қағар»
болам деп отырыстарға жиі қатысып жүріп ондағы
бір-бірімен жабысып би билеп, бір-бірінің аузынан
тиын алып ойнағандарды көріп өскен Қамысбай басқа
емес, тура Аннаның өзіне ғашық болды да қалды.
Саусағы
гитараның
ішектеріне
кәдімгідей
үйреніп, ырғақтарды да әжептеуір меңгеріп қалған.
– Сенің саусақтарың домыбыра мен гитара ойнау
үшін жаралғандай салалы, ұзын, – дейді айнаға қарап
көзін сүрмелеп отырған қыз.
Қамысбай болса:
Бар ма маған ғашық адам бұл жерде,
Мен туралы ойлана ма түндерде?
Өкіне ме өзін өзі кінәлап,
Мен қасынан төмен қарап өткенде, –
деп, алғашқы үйренген әнін бәсеңдеу дауыспен
мұңдана шырқаған сәтте ару қыздың аққу мойны
еріксіз бұрылады.
– «Махаббат мұңы» ма? Даусыңа жақсы келеді
екен.
– Саған жету қайда, – дейді бұл. – Нағыз дауыс
деп, нағыз саусақ деп сенікін айт.
Сөйтіп екі желеу, бір сылтаумен Аннаның қасына
барып, саусақтарын көрген болып, алақанында біраз
ұстап тұруға тырысады. Ұстап тұрған сайын сұлудың
салалы саусақтары арқылы бір жылы ағыс, тәтті
сезім мұның саусақтарына ауысып, одан қан тамыр-
лары арқылы жүрегіне жетіп, ет-бауырын елжіретіп
жібергендей болады. Бірақ мұндай бақытты сәттердің
ғұмыры тым қысқа. Есікті саңылаулай ашып «ананы
бүйт, мынаны сүйт» деп, қайта-қайта қарай берген
анасынан қымсынған қыз Қамысбайдың қасында
көп отыра бермей, дәлізге шығып, тірлік істеген бо-
лып, аяқ-табақты салдырлатып, ұзақ-ұзақ аялдап қала
береді.
* * *
Джакузи, бу, бассейн, массаж сияқты емдеу-
сауықтыру шараларынан кейін екі дос ақ жаймаға
оранып, ас ішетін бөлмеге өтті. Қылпып қызмет еткен
қыздар дастарқанды тағамның түр-түріне толтырып
тастапты.
– Сен былай ет, ауданның әкіміне бар да моншаға
жер бер, инвестиция таптым де, мен бұл жақтан жоба-
сын жасата берейін.
– Рас па?
– Рас емей.
– Бірден келістің ғой.
– Бұрыннан оқталып жүргем. Бірақ нені қолға
алуды білмедім. Сені көргенде саунаны сылтау-
ратып, әңгімеге тартайын дегем. Монша дегенің
орынды. Одан кейін Әбдіқадір атамның бір ауылды
жуындырып-шайындырған еңбегін ойлап, жүрегім
елжіреп кетті. Жуынып-шайынатын жөндемді орны
жоқ ауылда қандай имандылық?
– Оны әнеугүні имам да айтқан.
– Нені?
– Намазға дәрет алып, қол-аяқтарыңды жуып,
таза нәскилеріңді киіп келіңдер дегенді. Әйтпесе,
мына «сланси» деген бәле шыққалы қара табан, күс
өкшелерімен жайнамазды былғайтындар көбейіп
кетті өзі.
Қамысбай қарқылдап күліп жіберді. Диқан «мы-
нау бағанадан бері мені алдап, келеке-мазақ қылып
отырғаннан сау ма өзі» деп ойлап қалды да, шошып
кетті.
– Не болды? Айтқанымның бәрі өтірік, әзіл дейін
деп отырғаннан саумысың?
– Жоға, күлкім кеп кетті әшейін.
– Әй, сен мені алдап отырсың-ау осы? Бүгін өзі
қай күн, бірінші сәуір емес пе?
– Неге алдайын. Сенің беделің бар екенін
білем. Анау бірбеткей ағаңа ауылға мешіт салыңыз,
оған өзіңіз өмір бойы қарыздармын деп жүрген
Дінмұхамед Қонаевтың атын беріңіз деп, жөнге
жыққаныңды да естігем. Бұдан былай ол маңғаз
ағаңның атын Кеңес өкіметінің қаһарлы хатшысы
болғанымен емес, мұқтарам жамағатқа мешіт салды-
рып бергенімен қадірлеп, құрметтейтін болады енді.
Ал ол қадір-құрмет, біле білсе, ұрпақтан-ұрпаққа
жетеді. Сондықтан сенімен ақылдаспағанда, анау жүз
қойын құрттағаннан басқа жұмысы жоқ ауылдың
көрбала әкімімен ақылдасам ба.
Диқан қуанғаннан атып тұрам деп айнадай
жылтыраған еденге аяғы тайып кетті. Бірақ жығылған
жоқ. Ұмтылып барып, орнынан тұрды да жамылғысына
оранып:
– Моншаның атын «Анна» деп қойсақ қалай бо-
лады? – деген.
– Қой, Қамысбай бала махаббатын әлі ұмытпапты
деп сөз қылып жүрер.
– Онда не деп атасақ екен? Әлде сенің марқұм...
Жұпар анаңның құрметіне атаймыз ба?
– Алғаш рет ауылға вагон-моншаны түйесімен
сүйреп келген кім еді?
– Әбдіқадір.
– Ендеше, «Әбдіқадірдің моншасы» деп аталады. Жоба жасаушыларға ғимараттың үстіне солай деп айшықтап тұрып жазыңдар деп тапсырма беремін. – Дұрыс айтасың. Менің ойыма неғып келмеген. – Айтпақшы, Әбдіқадірдің баяғы вагон-моншасы әлі бар ма? – Қайдағы, баласы быт-шытын шығарып, ағаштарымен қорасын қоршап алған. Аннамен хабарласып тұрасың ба? – Украинаға барғанда жолықтым. Әкесі қайтыс болыпты. Өзі дәрігер екен. Үйлі-баранды сары қарын әйел болған. Күйеуі екеуі жандары қалмай Киевті әбден қыдыртты. Сені де ұмытпапты. «Хафиздің өлеңдерін ұрлайтын ақынға сәлем айт» деді. Ал керек болса! Әкесінің «үй кітапханасы» деген мөрі басылған, мөрді резеңке өшіргішті оймыштап Есалы ағайы жасап берген, сыртында Тауыс атты құйрығы ұзын ғажайып құстың суреті бар «Шығыс жұлдыздары» деген қызғылтым кітаптың 147-бетінен басталатын Хафиз ақынның өлеңдерінің ішінен «дәл осы арасы Қамысбайдың махаббаты үшін кәдеге жарайды-ау» деп, оп-оңай көшіріп бере сап, ақын атанғаны бар-тын Диқанның. Анна біліп жүріпті-ау, ұят-ай. Қалай еді, і-і-і... Хафиз... иә, Шәмсәддин Хафиз! Көрінді ғой ұяң маған күн көтерген аспандай, Сен де келіп қоншы менің тар үйіме жасқанбай. Жаббар хаққа жалбарынам, күндіз-түні күңіренем, Сырлы үнің мақпал болып айнала орап тастардай, – деп, хат жазып берген. – Ұмытпаған екен ғой. – Әбдіқадірдің дүниеден өткенін естіп те жылап алды. Валерамен майдандас болған екен. – Қалай? Десе де есіне әлдене түскендей Диқан ойланып қалды. Шынында Әбдіқадір болмаса ауылда Хиценконың қадірін ешкім біле бермейді. «Е-е, анау қып-қызыл боп өсіп тұрған иен тегін жантақтың гүліне
бал араларын тойдыру үшін амал жоқ момақан боп жүр де, әйтпесе айдаладағы қазақ ауылында қай бір туғаны бар дейсің» дейді. Десе де Әбдіқадір қабағын түйсе, жым бола қалады. Әсіресе, майдандас екі достың моншадағы әңгімесін тыңдаған қызық. – Қуық қалай? – дейді Әбдіқадір. – Қуық не греет. – «Не греедің» қалай, ей? – Баяғы тиген жерін қарып түсетіндей қайнап тұрған жоқ. – Напор ше? – Напор да нөл. Саматек боп қалды әншейін. Одан сенің мына кеспекке құйып жатқан шлангіңнің напоры әлдеқайда жақсы. – Ал менің аяғым жылуды қойды? Тура мұз дерсің бәлекетті. – «Ыстық укол» салдырмайсың ба? – Салдырдым. Бірақ оған жүрек шыдамайды екен. Сенің Аграпинаңда иттің жүнінен тоқылған шұлық бар ма, осы? – Оны неғыласың? – Кимейім бе? – Әй, қазақтар-ай! «Біреудің қаңсығы біреуге таңсық» деп күлесіңдер-дағыны, айнала бере сол қаңсыққа өздерің бірінші болып ұмтыласыңдар. Аяғыңа киетін болсаң нағыз жылы шұлықтың көкесі түйенің жүнінен тоқылмай ма? Айтпақшы, сол түйелердің көкесі өзіңде емес пе? – Түйе, түйе, түйе... Соғыстағы бес жылды қоспағанда қырық жыл бақтым сол түйеңді. Бірақ жүнінен бір рет шұлық тоқытып кимеппін. Неге? Өйткені әлгі сөзді айтқан қазақ түйені ұлық мал санайды-дағыны аяққа киетін шұлық тұрмақ, құйрыққа бастан көрпешесіне салмайды жүнін. – «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дегенді де айтқан сол қазақтың өзі емес пе? – Өзі. – Ендеше, аяғыңды емдегің келсе бос сөзді қой да, түйенің жүнінен шұлық тоқытып ал.
– Иттің жүнінен тоқылған шұлық ше?
– Ол да бір, целлофан қапшық та бір. Ауаны не
кіргізбейді, не шығармайды. Қысқасы, пайдасынан
зияны көп.
Ауылдың тіс қаққандары Әбдіқадірдің моншасы-
на Хиценко шомылатын күнді де қаза жібермеуге ты-
рысады. Өйткені, Валерий Хиценко шомылмас бұрын
моншаны шлангімен су шашып, кір-қоқыстан әбден
тазартып алады. Кір-қоқыстан тазартып жатқанда
таза ауа кірсін деп есіктерін шалқасынан ашып тастай-
ды. Содан кейін оны тарс жауып, пешке жалғанған,
зеңбіректің
ұңғысына
келіңкірейтін
тұрбаның
ішіне су шашып, ал кеп була. Ол буға өзі ғана шы-
дар. Айтпақшы, қызып тұрған құбырды көмейлете су
шашпақ бұрын ыстық су құйылған шылаушынға боз
жусанды аямай салып, ауаны хош иіске толтырады-
ай кеп. Құлық танытса бір көргенде үйреніп алатын-
ақ керемет, бірақ соны ешқайсысы қолға алмайды.
Оларды «елдегі заң мен тәртіпті қадағалап отыратын
бір басшының керегі сияқты, моншаның да мәні мен
сәнін келістіретін бір адам керек екен ғой» деп, тамса-
нып қойып әңгіме соққанға жібер.
Өздері де ақжарқын, көпшіл адамдар ғой, думан-
ды жерде Хиценко гитара тартса, Әбекең би билейтін.
– Бұл «Ковпак» деген би, Сталин кезінде мұны
Никита Хрущевке де билетіп, қызығына баты-ы-еп
отырады екен.
Әбдіқадір соғыс жылдары Қара теңіз флотын-
да болыпты. Жеңістен соң матростар құрлыққа
шы ғарыла бастайды. Дені орыстар мен украиндар.
Кеме капитаны крейсерде қалуды Әбдіқадірге тап-
сырып, басқаларға жағалауға жедел жетуді бұйы-
рады. Темірдей тәртіп бойынша теңізшілер кеткенше
кезекші қаққан қазықтай болып палубада тұ руы ке-
рек. Айтуына қарағанда, тұлданған әйелдей тулаған
теңіз толқындары палубаға шапшып, адамдарды
сіріңке ғұрлы көретін емес дейді. Құдайдың маң-
дайына жазғанына мойынұсынған Әбдіқадір асау тол-
қын тұңғиыққа алып кетпесін деп діңгекті қап сыра
құ шақтап, қатады да қалады. «Қанына тартпаған-
ның қары сынсын» деген бәленің әскерде де бар
екеніне, бірақ командирлердің ішінде «қанына тарта-
тын» жалқы қазақтың да жоқ екеніне іші қан жылап,
көзінен аққан тарам-тарам жасты, абырой болған да,
теңіз суы ешкімге көрсетпей шайып кетіп жатыпты.
Бірақ, бұйрықтың аты бұйырық, түрі мен тілі бөлек
барлық халыққа ортақ мұң-зарды анау-мынау деген-
мен қай командирге дәлелдейді, содан кейін оны... қай
командир тыңдапты.
Теңізшілерді жағалауға шығарып салып бол ған
капитан діңгекті құшақтап тұрған Әбдіқадірдің қасы-
на келіп:
– Теңізші Сәттеров, қайсарлығыңыз үшін алғыс
білдіремін! – дейді.
Әрине орыс тілінде. Кеңес әскерінің жауынгерлері
мен матростары да кеңес халқы сияқты тек орыс тілін-
де сөйлеуі керек еді ғой ол кезде. Бас қолбасшы ның
да, басқасының да бұйрығы солай. Бірақ бұл сол жолы
ол қатал тәртіпті саналы түрде бұзып:
– Кеңес Одағына қызмет етемін! – дейді, таза
украин тілінде. Қаланың интернатында тәрбиеленіп,
украиндардың балаларымен дос болып өскен Әбекең,
тіпті, Тарас Бульбадан үзінділер де айтып жібереді.
Командир таң қалады.
– Тарас Бульбаның тілін қайдан білесің?
– Қазақ елінде жер ауып келген украиндар көп.
Достарым да солардан...
Өз өксігіне өзі тұншығып тұрса да украин тіліне
қылау түсірмей тағы да тақылдайды.
– Кезекшілікті қабылдап ал!
Капитанның ысқаяқ көмекшісі кезекшілікті Әб ді-
қа дірден сол заматта-ақ қабылдап алады.
– Сендер балалық жасап Хиценконың алмасын
ұрлап, балын былғап, басынбаңдар, білдіңдер ме? Бір
кездегі мен сияқты ол да жалғыз ғой байғұс. Соғыста
жалғыздықтан мен де көп зардап шеккем. Құдай
жарылқап, Хиценко құтқарды әйтеуір. Биді де, істі де
содан үйрендім, – дейді Әбекең.
Хиценконың «алмасын ұрлап, балын былғамаң-
дар» дегені анау сұлу қызына сұқтана бермеңдер де-
гендей болып естіліп, Диқан Қамысбайға қарайды.
– Мә, хат жазып жүргенімізді білсе не бетімізді
айтамыз, – дегендей, Қамысбай да бұған көзінің
қиығымен ұрлана қарап, жымиып қояды.
* * *
«Жол картасына» енбей қалған кедір-бұдыры көп
қотыр жолға түскен такси ауылына бет алды. Құдай
қаласа жол да жөнделер, ауласына ою-өрнекті қақпа
да орнатылар, бәрінен де хуторянканы... тіпу, не деп
кетті, моншаны айтсайшы. «Әбдіқадірдің моншасы».
Аты қандай керемет! Бұл да бір біткен іс болды.
Диқан көңілденіп, ән айтқысы келді.
Хуто-хуторянка, девчоночка смуглянка,
Мне бы хоть разок всего лишь на чуток
Мою весну на хуторок...
ЖЫЛҚЫБАЙ ЖЕЗДЕМНІҢ САҚАЛЫ «Бас та өлең, құлақ та өлең, мұрын да өлең...». Кенен Әзірбаев, халық ақыны. «Басқа бәле тілден» деп жағы сембейтін жездеме бәленің көкесі сақалдан жабысады деп кім ойлаған. * * * Айтыскер ақын атанып, бірде гөй-гөйге, бірде беубеуге басатын жездем сақал қойғалы шоқтығы биіктеу жамағаттың кейбір шоғырына жақпай қалды. – Қасқа, Жылқыбай сақал қойыпты. – Пәлі, мен оны «уахаби» деп естідім. – Өлә, ондайларды «бақабис» демеуші ме еді? Жездемнің иегіндегі Сарыарқаның селеуіндей желбіреген сақал туралы «жыр» той мен қаза сайын төбе-төбеге бөлініп, тоң-торыстау жүретін ағайындарымның аузында шүу дегенде осылай гуілдеді. Әлхамдулилла, бірақ «жоқ болсаң бере алмайтын, бар болсаң көре алмайтын» туғандарымның сыпсыңдарының сыры ары кетсе алауыздық, бері шегінсе іштарлық екенін бес саусағымдай білетін мен олардың шәйден шәйге ұласатын іш пыстырар кеу-кеулеріне елп ете қоймаймын. Төрдегі құрақ көрпеше қысыр сөзге құмарлау ағайындардың құйым шақтарынан босады-ау деген сәтте шалқамнан түсіп жатып алам да, Кенен атамнан қалған қайран да
қайран қара домбыраның ішегін тыңқылдатып, қалың
ойға шомам.
* * *
Содан тыңқ-тыңқ, тыңқ-тыңқ...
Қара домбыраның шанағынан шыққан қоңыр
үн небір ғажайып қиялдарға жетелейді. «Кенен
атам «Бас та өлең, мұрын да өлең, құлақ та өлең»
деп әндеткенде нені меңзеді екен жарықтық».
Бұл – сана шымылдығынан сығалаған алғашқы
ой. Тапқырлығыма өзімнен өзім жымиып қоямын.
Өйткені енді ары қарай қара нардай қасиетті атаңнан
надан болып тумасаң оңай. «Тәңіртаудың жоғарғы
жағына
ақпанның
арқыраған
аязында
булары
бұрқырап, омыраулары алқа-салқа ашық жүретін,
бау-шарбағы да бәденді белсенділер қоныстанушы еді,
солар сияқты бастың бел ортасынан орын алған құлақ
пен мұрын ақын атамның шыңнан шыққан шалғыдай
өткір тіліне ең алдымен оралғанда, жоқ-жұқаналардай
етектегі иекке ілініп, жаққа жабысқан сақал байғұс
қалай қалып кетті екен?». Бұл енді желкені жалт еткен
кемедей қиял теңізінен қол бұлғаған екінші ой. Әп,
бәрекелді! Бұдан ары дәмі таңдайға татитын бірдеңені
құрастыруға әбден болады. Ол «бірдеңе» де көп
күттірген жоқ. «Түпкіштей түртінектесе бұл өлеңде
әдебиетшілер әлі күнге дейін түрен салмаған бір тыл-
сым сыр бар. Әйтпесе, өзі ревком, өзі ақын атам бас,
құлақ һәм мұрынға бола бостан-бос сөз шығындамаса
керек-дүр». Табылды!
* * *
Тыңқ, тыңқ...
Ақын атамның қара домбырасы қоңыр үнмен «тас-
па бала, таспа» дейтін сияқты. Бірақ қайдан, ой деген
ойпырайың құрақ көрпешенің үстінен қиқымдай
жұлып алып әй-шәйға қаратпай қиял теңізінің
толқыны тулаған асау айдынынан бір-ақ шығарды.
«Атамды айтам да, құдайдың құдыреті десеңші,
қалай-қалай қиыстырады ә. Қараңызшы, бастың бас
жағында бірі салбырап, бірі жабысып тұрғандықтан
әрі кетсе анатомия ғылымының төңірегінде ғана еске
түсетін бас пен құлақты қайталанбас үнімен қалықтата
әкеп әнге қосқанда, адамзаттың он екі мүшесінің
бәрі тек қана Басқа құлдық ұратынын меңзеген
екен ғой. Бас қаласа бітті, ауыз жамандайды, құлақ
тың тыңдайды, көз көрместі көреді, аяқ тебеді, қол
сілтейді. Немесе керісінше. Осының бәрінің артын-
да, әрине, қабаттасып асыра жамандау деген албасты
мен асыра мақтау деген аяр жүреді. Мен білсем, ақын
атам дүниедегі қиянаттың бәрі де, міне, осы екеуінен
басталады деп тұр.
Бұған сапсиған сақалдың қандай қатысы бар
дейсіз бе? Шынында, қызыл таңнан қара кешке
дейін иекте бір тұтам боп желбіреп тұратын Сақал
байғұстың Бастың төңірегінде күн құрғатпай болып
жататын мақтаулар мен даттауларға қандай қатысы
бар?!. Бірақ Ми мәнзелдес мырзалардың мәнеріндегі
ақыл-кеңеске зер салсақ, Бастың басыбайлы иелігінде
тұрып Басқа қызмет етпеу өзіңді өзің қарадай өлімге
айдау екен де. Әсіресе, дөкей атаулының қолына
иіліп-бүгіліп су құйып, сүрініп-қабынып сүлгісін
әперетін анау Балғабай сықылдылардың дәурені
жүріп тұрғанда. Мұқым мүше: аяқ, қол, мұрын, құлақ,
көз, тағы не... Басекеңе бас шұлғып, қоғадай жапы-
рылып жатқанда, Сақал (мұрынға тығылып, ауызды
жалаған мұртты қойшы): «өй, өңкей жағымпаздар-
о-ой, жүрегімді айныттыңдар-ау» дегендей жападан-
жалғыз қалып қоя береді екен де.
Әлбетте, ертелі-кеш ербеңдеумен жүретін Қолдың
да шамшылдығы бір басына жетерлік: «Бастың аты
Бас, ал анау сапсиған Сақалға кімсің деп қызмет етуім
керек?» депті-міс. Деп қоя салмапты, талағы тарс ай-
ырылып, ашу шақырыпты. Кешке дейін алу, беру,
мөр басудан басталып, жуу, сүрту, сылау, сипау деп
аяқталатын жақсылы-жаманды тірліктер де әбден
жүйкесіне тиген ғой байғұстың».
* * * Тыңқ-тыңқ, тыңқ-тыңқ... Кенен атамның қайран да қайран қара дом бы расы ның тыңқылы шабытымды қамшылап, түркия лық бауырым Орхан Памуктың Нобель сыйлығын ал ған қилы-қилы романдарына бергісіз ғажап қия лым ды одан ары қоздырды. * * * «Бастың бабын жасаймыз» деп апы кіріп, күпі шығып жүргенде Сақалдың күтімі, әрине, алдымен Көзге түрткі болары анық. Өйткені айна алдына келгенде тарам-тарам Сақалдың жәй-күйін Қолға көрсететін алдымен осы Көз ғой. Қалай дейсіз бе? Масқара болғанда мешіттегі мұқтарам жамағат Балғабай сияқтылардың басындағы гауһар тас қадаған құндыз бөрікке емес, Жылқыбай сияқтылардың омырауын жапқан ақ күміс сақалға сүйсініп қарайды екен дә. Осы «төтенше жағдайды» басқалардан бұрын көрген Көз шарасынан шыға таңқалып, байқаған бәлесін дереу Құлақ пен Ауызға жеткізеді. Құлақ пен Ауыздың қызметінің сыры белгілі, естіп, білгендерін дереу Басқа баяндайды. Бас бұл қорлыққа ашуланбай қайтсін. Тіпті тас-талқан болады. Тас-талқан болғаны сол, «Сақал атаулыны иектен түп-тамырымен жойыңдар» деп жалма-жан жарлық шығарады. Міне, осы қаһарлы жарлыққа қол қойылған күннен бастап Сақал сорлының өзі де, артындағы үрім-бұтағы да қатты қуғын-сүргінге ұшырайды. Әлекедей жалаңдаған Қолға да керегі осы жарлық, иек деген итиген елдегі Сақалдың төбесі көрінген бетте жанын жаһаннамға жіберетін болады. Біздің айдың-күннің аманында үш төбеге бөлініп отыратын ауылымызға сол «Сақал сүргінінен» аман-есен жеткендердің біреуі Жылқыбай жездемнің иегін сағалап еді, міне, әлгі той мен қазада үш төбеге бөлініп, берілген сыйсияпатқа көңілі толмай қарадай қыңырайып жүретін ағайындарым оны да көп көріп, сыпсыңдай бастады».
– Оттапсың!
Небір қызыл кеңірдек айтыстарда құр гөй-гөйін
ға на емес, білім-білігінің де бірқыдырау екенін бай-
қатып жүрген жездем қиялымдағы қызық дүние нің
быт-шытын шығарды. Қонақтардан босамайтын құ-
рақ көрпешеге әлгінде Жылқыбай да келіп бір қырым
еті жоқ құйымшағын төсеген. Менің қиял теңі зі не
қайта-қайта сүңгіп жүріп тапқан інжу-маржанымды
жақтыра қоймаған ол:
– Оттапсың, – деді тағы да, – Ақын атамның
«Ой жайлауында» мұндай қияңқы нәрсе жоқ.
– Ойбай-ау, бұл ән «Ой жайлау» емес қой.
– Енді қайсысы?
– «Бас та өлең» деген әні.
– Не дейт? Мен қалай естімегем? Қане, бір
шумағын айтып жіберші.
Кенен атамның қара домбырасын тыңқылдатып,
«Бас та өлең» деп, тамағымды кенедім де, даусымды
создым.
Бас та өлең, құлақ та өлең, мұрын да өлең,
Бір ақын өлсе талай қырылды өлең.
Тұсында әділ заман бағаландым,
Арманда кеткен екен бұрынғы өлең.
Қайырмасы былай:
Балыққа саяз судан терең оңай,
Ақынға қара сөзден өлең оңай.
Халыққа адал қызмет етпесеңіз,
Абырой-атақ деген келе ме оңай.
Жездем жағын таянып ойланып отыр екен:
– Ары қарай айта берейін бе? – дедім.
– Айта бер, жақсы екен.
Ай туса ол да тартар жарығына,
Су ақса ол да тартар арығына.
Атасы кімнің текті, кімнің тексіз,
Бәрібір бір тартады қалыбына.
– Бұл жолғы қайырмасы бөлектеу:
Су шығар жалбызы көп шилі жерден,
Сөз шығар естімеген үлгілерден.
Бай болғын, патша болғын, батыр болғын,
Түбінде құтылмайсың қара жерден,
охо-хо-хой-ай, –
деп, жыларман болып отырған жездемді желпінтейін
деп тағы бір-екі шумағы мен бір-біріне ұқсамайтын
тағы бір-екі қайырмасын қайырып барып тоқтадым.
– Мынауың шынында мықты екен-әй. Бірақ қа-
зақ тың қаптаған ән жинақтарының бірінде жоқ қой.
Қай дан үйреніп жүрсің?
– Несіпжан көкемнен. Осы әнді үйренген кезде
Кенен атамның мұражайындағы ақын атам жатқан
ке реуеттің торын сықырлатып үш күн түнегем.
– Ырымшылын қарай гөр! Бірақ бұл өлеңнің сен
оттап отырған ертегіге түк те қатысы жоқ қой, рас па?
– Ендеше Сіздің сапсиған сақалыңызды басқалай
ақтау да, мақтау да мүмкін емес. Оның үстіне
қазіргідей заманда...
– Ол қандай заман?
Жездем де бәле. Мені аузына ие бола алмайтын
аңқау санап, түпкіштей сұрап отырғанын көрмеймісің.
– Сақал қойған сақылардың иегінен періш те-
ні көрудің орнына, сойқандарды суырып алғысы кеп
жүр ген жарыместердің заманын айтам да.
Бен Ладен сияқты басы бәйгеге тігілмегенімен
сақал қойғалы бері соңынан сөз бораған жездем
байғұс ойланыңқырап қалды. Әсіресе, бастау-бұлағын
әннен шығарып, өзек-желісін ықылым замандардан
таратқан ертегімнің астар-әдібіндегі Аралдан ұшқан
тұзды шаңдайын ащы шындық қатты соққы болған
сияқты. Ендеше мүмкіндікті босқа жібермеу керек.
– Өзі ревком, өзі ақын атам Қордайды жағалап,
қырғызды сағалап, сергелдең болып жүргенде Бас
жаққа өз жәйінен жәйбағыстап хабар беруді де
ұмытпаған ғой.
«Атасы бір ағайындарым сақалымды сан алуан
сып сыңға қосып жүргенде, қу қайным тағы бір бәлеге
ұрын дырғалы отыр-ау осы» дегендей, жан-жағына
сақ тық пен сығырая бір қарап қойған Жылқыбай:
– Бесін намазының уақыты болып қалыпты,
мешіт ке барайық, – деп орнынан түрегелді.
* * *
Сақал демекші, өткенде базарда Вань-цзыға жо лы-
ғып қалдым. Үрімшіге барғыштап жүріп ханзу тілінен
де хабардар болдық қой, вань – патша, цзы – ұстаз
де генді білдіреді екен. Қытайдың қазымыр баласы қа-
зақ ша ға шорқақ болса да, үш төбенің басына үш күн
сайын жиылып, өзді-өзінің ұраны мен ұланын айтып,
мақ танудан басқа түк бітірмейтін ағайындарымның ау-
зын топайдай ғып бір сұлуына үйленіп алды. Кәсібі –
сауда. Жылқыбайды көрсе сапсиған сақалына қа рап:
«Сауда сақал сипағанша ә, қайнаға» деп қутыңдай ды.
Жылқыбай болса «Жүре берсең көре бересің» деген,
иегіне бір тал қыл шықпайтын көселермен де құда
бол дық-ау» деп талқан болады. Қайнағасының кө ңі лін
кө те рейін дей ме, Вань-цызы «Жаратқан ием бізге бір
шө кім сақал бермесе де құмырысқадай қаптаған тұ-
қым берген» деп сүйреңдеп қоймайды.
Төрткүл дүниенің тынысына құлақ түрген жам-
поздар жаһандану деген сөздің төңірегінде оқыған-
то қы ған дарын ортаға салып, ойбайлап жүргенде біз-
дің үш тө беліктер (төбе-төбе деп бөліне берген соң
Жыл қы бай екеуміздің қойып алған атымыз ғой) баты-
спен де, шығыспен де әлдеқашан андаласып үлгерген.
Бұрын орыс келін мен неміс күйеу балаға бет шым-
шитын апаларым, қазір африкалық абысындарының
амбициясына да үйренген. Ол жазғандар да анда-сан-
да ат сабылтып келіп тұрады. Мынау қақсаған хан-
зу бала да әлігі жампоздар шошып жүрген үдерістің
біздің ауылға тән бір сипаты. Шүкірі мен тәубесі сол,
қайын жұртының дүние-мүл кін ғана емес, қалжыңпаз
дәстүрін де сыйлайды әйтеуір. Сол Вань-цзы амандық-
саулықтан кейін:
– Жылқыбай қайнағам сақалын күзеп тастаған
жоқ па? – деп жымиып қойды. Сосын жып-жылмағай
иегін саумалап:
– Анау өйдеді, мынау бүйдеді екен деп бекер-
ге жүйкесін жұқарта бермесін. Біздің аспан асты
елінің тарихында да талай күлкілі жағдай болған. Бір
белсенділер ата-бабаларыма бұрымдарың ұзын деп
қамшы үйірсе, екіншілері сол ұзын бұрымды неге
қидырасыңдар деп күн көрсетпепті. Айтып отыр-
са, қақ-соқпен ісі жоқ қарапайым халық шашқа бола
шаш-етектен азап шеккен. Менің атам әйтеуір жасан-
ды бұрымның арқасында аман қалған көрінеді. Керек
кезінде тағып алады, керек емес кезінде алып тастай-
ды. Ал енді сіздерде «жасанды сақал» мәселесі жүдә
күлкі тудыруы мүмкін.
Вань-цызының сықсиған көзі мүлде жұмылып,
ішек-сілесі қатты. Мен де күлген болдым. Бірақ ішім
қан жылап тұр. Қу қытай ойымды оқып қойыпты.
– Оған неменесіне намыстанасың. Сақалға
қол шошайту бүгін ғана пайда болды дейсің бе?
Орыстың боярлары, қазақтың нояндары сақалына
жармасқандардан талай қорлық көрген жоқ па. Оның
қасында менің үштөбелік қайнағаларымның қылығы
айналайын ғой, – дейді жырқ-жырқ етіп.
* * *
Жездем алда, мен артта.
– Әй, адам құсап қатар жүрсей.
Маған
оның
қылқиған
мойнына,
тауықтың
жұмыртқасындай тап-тақыр һәм сопақ басына қарап
ой қуған қызық. Жаратқан ием Жылқыбайға тіл мен
жақты аямай берген де, түр-түс, кескін-келбет деген-
ге келгенде кәдімгідей сараңдық жасапты. Тақыр бас,
қоңқиған мұрын, сығырайған көз, опырылған жақ
алагеуімде кездескен адамды шалқасынан түсірері
анық. Ол аз дегендей сақалы бар болғыр да бір уыс
бет-аузын бетперде сияқты бүркеді де тастады. Жез-
дем сол қаба сақалымен Мәдениет үйіне алғаш рет
кіріп келген күні ең алдымен:
– Астапыралла, түрің не боп кеткен?!. – деп,
Балғабай ішегін тартқан.
Оның жақтырмағанын Жылқыбай да сезе қойды.
– Әй, саған қай уақта жағамын осы, аһ? Сенің
әулие аралап, мазарға түнеп, мола көрсең ботадай боз-
дап жүргеніңді бетіңе баспай-ақ жүрміз ғой осы.
Жездемнің күйінетініндей бар. Өйткені Бал ға бай-
дың астапыралласының астарында сені жұрттың бә-
лен-түген деп жүргені тегін емес-ау осы деген кү мән-
кү дік бөртіп тұр еді. Ал Үштөбеде ондай бөрткен нің
ушығуы жүдә оңай.
* * *
Бірақ бұл дүниеде мен үшін Жылқыбайдан көркем
адам жоқ. Балғабай не десе, о десін.
Мұса пайғамбардың атағы дүркіреп жаңадан
шыққан кезінде араб елінің бір ақылды патшасы
ең шебер деген суретшілерін шақырып салаллаһу
ғалайһи уә салләмның бейнесін айнытпай салып
келуді бұйырыпты. Бұйрық бұлжытпай орындалған
кезде сол тұстағы бейнелеу өнерінен хабары мол
күллі оқымыстыларына енді маған мына суреттегі
кісінің мінез-құлқын айтып беріңдер дейді. Сонда
оқымыстылар күбірлесіп, сыбырласып:
– О, мәртебелім, мына бейне дүниедегі ең
қатыгез, менмен, пайдакүнем, таққұмар пендеге ғана
тән екен, – дейді бір ауыздан.
Бұл жауапқа қатты ашуланған патша:
– Олай деуге қалайша батылдарың барады, бұл –
адамгершілігі мен имандылығы дүние жүзіне жайыл-
ған Мұса пайғамбардың бейнесі емес пе, – дейді
де, мәселенің мәнісін білмекке салаллаһу ғалайһи уә
саләм ның мекеніне өзі аттанады.
Сонда Мұса пайғамбар:
– Сіздің суретшілеріңіз менің бейнемді қалай
айнытпай салса, өнер-білімі мол ақылмандарыңыз да
мі не зім ді айнытпай дәл тапқан. Кезінде олар айтқан
кем ші лік тер дің бәрі де менің табиғатыма тән нәрсе
еді. Бірақ мен өмір бойы мінез-құлқымдағы жаман
әдеттерден арыл та гөр деп бір Аллаһқа жалынып, жал-
барынумен ке ле мін, – дегенде патша жағасын ұстап
таң қалған екен дейді.
Менің де Жылқыбайдың жанынан шамға үйір
жынды көбелектей айналып шықпайтыным оның жақ-
сы лық қа ғана құштарлығынан болса керек. Сақалы
сапсиып, мұрны қоңқайғанмен жанынан күншуақтай
бір жылылық еседі де тұрады.
* * *
Бір қазанға симайтын екі қошқардың басы сияқты
бір ауылға сиыспай жүрген Жылқыбай мен Балғабай
кейде сахнада да шарпысып қалды. Жылқыбайдың
қолында домбыра. Балғабайға домбыра қажет емес,
екі қолын бүйіріне таянып алады да, жоқтау айтқан
кейуанадай аңырата береді. Наурыз айтыста ма екен,
Балағамыз салған жерден құлақ естіп, көз көрмеген
бір бәлелерді жіпке тізіп, термелете жөнелді. Баяны-
на құлақ түрсек, әлгі «бақабис» деген бәлең ғұсыл
дәретін алмайды екен. Намазға аяқтарын талтайтып,
жалаңбас тұрады-міс. Кешегі партком, бүгінгі ауыл
ақыны Балғабайдың ашқан «жаңалығы» Мәдениет
үйіне содырлар келіп қалғандай әсер етіп, зәрелері
зәр түбіне кеткен жамағат Жылқыбайдың сапсиған
сақалын жаңа көргендей бажайлап қарай бастаған.
Бірақ Жылқыбай саспады. Ышқына «е-е-еуге» салып:
Сапсиғанмен сақалым таза адаммын,
Сақтасын Құдай сені жазадан мың.
Тақиямды түнде де шешпей жатам,
Өйткені мен тақырбас, таз адаммын.
Бәле жауып қоймады-ау Балғабайым,
Арақ десе жұтынған «ал, дабайым».
Жайнамазға талтайып тұрад дейсің,
Шақар шалдай шабандоз талтақаймын.
Ақ бұлтқа будақтаған бу пара-пар,
Бәлеқорлар жәй жүрмей у таратар.
Тазалыққа тәні үйір Жылқыбайың,
Дәретіне бір литр су жаратар, беу-беу, –
деп домбырасын төпеп-төпеп жібергенде әлгіндегі
үрей бұлты сейіліп, Мәдениет үйінің іші күлкіден жа-
рылып кете жаздады. Балғабай екі бүйірін таянып тағы
бірдеңе дейін деп келе жатыр еді, «болды енді, уәлі
сөзге тоқтау керек» деген жұрт ду қол шапалақтап,
орындарынан дүркірей тұрып кетті.
* * *
Жақында Балғабай Мәдениет үйіне деректір боп
та ғайын далды. Жылқыбай жездем де біраз жүгіріп
еді, бірақ аудандық мәдениет бөліміндегі сірескен
шенеуніктер сақалыңды күзеп кел, сосын көрерміз
депті. Көрерміздің ар жағы шығарып салма сөз екені
айтпаса да түсінікті ғой. Қазір ауылдағы Мәдениет
ошағының басы, көзі, құлағы Һәм мұрны Балғабай.
Анда-санда ауылға аудандық мәдениет бөлімінің
бастығы келіп кетеді. Құрбан айтта дүрбелең болды.
Дүрбелең болатыны, бірнеше сценарий жазылып,
біреше сценарий жыртылады. Сценарий бойынша
бастықтың «Мерседесі» келіп тоқтайтын күре жол-
дан мешіттің есігіне дейін созылатын «тірі дәліздің»
төр жағында тұратын құрметті тізімнен Жылқыбай
жездемнің аты-жөні бірнеше рет сызылып тастал-
ды. Сөйтіп ол орынға азанға бармайтын, намазға
тұрмайтын, арақ-шараптан қайтпаған, лә иллаһа
илалла деп өмірі айтпаған бұрынғы ауылкеңес, тағы
кім еді, ә-ә, жұмком болған сақал-мұртсыз шал-
шауқандар лайықты деп табылды. «Тірі дәліздің»
төріне тұрғызу үшін олардың бірін бильярд, екіншісін
карта ойнап, қызыл күрең коньяк ішіп, қызара бөртіп
жүрген жерінен алдыртты. Бірақ, алдыртқаны бар
болсын, Үштөбеден ұшқан жалғыз бастығымыз
ырғалып-жырғалып келгенше сәскеге дейін сіресіп
тұрған «тірі дәліздің» біреуі уай, белім-айлап, екіншісі
әй, келін-айлап, кетеуі кете бастаған соң мектептегі
мұғалімдер бөлмесінен орындық тасып қор болған
Балғабайдың маңдайы шып-шып терледі. Жаман
болса да көкем ғой деп мен де зыр жүгіріп қолқабыс
бердім. Орындық тасимын деп жүріп Жылқыбай жез-
дем жетпеген бақытқа қолым жетті. «Бұл бастықтың
отырса тұра алмас, тұрса отыра алмас бір тосын-
дау үзірі бар екен, соның үшін жұмсақ орындық ке-
рек болып тұр» деп майда тілді имам мәймөңкелетіп
жіберген соң, мешітке жиылған мұқым мұсылман
жүзін туралайтын михрабтың тап қасына орындық
тасуыма тура келді. Бастықтарын біреу алып қашып
кететіндей үнемі қоршап жүретін қызметкерлері
үшін де орындық қойылды. Сөйтіп алашапқын болып
жүргенде имам хұтбасын бастап та жіберген. «Ха-
дисте былай делінген, – деді ол құлаққа жағымды
қоңыр үнмен, – әрбір адам өзі туралы өсек тараған
кезде бейтарап бола білсе, сабыр сақтаса, яғни ашу
мен бұзақы ойдан сақтана білсе, ол адам екі дүниеде
де жақсылық иесі болады». Имамның уағызына бөгет
жасамайын деп бастықтың қасындағы ұлтарақтай
жерге тізерлей кеттім. Тізерлеп отырып жатып сырт-
та қалған Жылқыбайдың сабырлылығына тәнті бол-
дым. Дегенмен бір көзім имамда, бір көзім бастықта.
Өйткені жылында бір келетін құрбан айтта жамағатпен
бірге сәждеге жығылып, тізге бүгудің орнына то-
сындау кінәратын сылтауратып қоқиған орындыққа
жайғасқан оның қылығы миыма мүлде қонатын емес.
Бірақ ол орындыққа отырғанына ыңғайсызданудың
орнына көкпаршыдай қотарыла еңкейіп барып алды-
на бір ақ түйреуішті көлденең қойып қойды. Мұнысы
несі тағы? Қызметінен әне кетеді, міне кетеді деуші
еді, қалт-құлт етіп жүргенімде жұрттың көзі тиіп,
жалп ете қалмайын дегені ме? Бесікте уілдеп жатқан
балпанақтай немересінің қалпағының маңдайына
түйреуіш тағып қоятын әжемнің қылығы есіме ора-
лып, өзімнен өзім күліп жібере жаздадым. Сонда мына қарны қатпар-қатпар зіңгіттей пенденің де жамағаттың назарынан кінараттанып қалатын нәуетек болғаны ма? Әлде балгерлерге жүгініп, әулиелерге сиынып, қабір көрсе ботадай боздап қоя беретін Балғабай жәркештің ұсынысы ма? Түйреуіштен төменірек қарап ем, о тоба, орындықтың талтайған төрт аяғының арасынан 45ші өлшемді аяқтар сорайып тұр екен. Өлшем жөнінен жаратқанға менің де өкпем жоқ, бірақ бар бәле бастықтың аяғындағы шұлықтың табаны мылтықтың бытарасы тигендей әр жер, әр жерден ірілі-ұсақты болып тесіліп қалыпты. Жылт-жылт еткен табанға қарап отырып, мына табан бұқараның мәдени ахуалын білмек үшін ойға-қырға шапқылаймын деп жүріп тесілген табан ба, әлде бильярдтың столын айналып, шар қуалаймын деп жүріп тозған табан ба, деген ойға берілдім. Сауық-сайран мен саунаға үйір Балғабай кешке дейін бильярдтың тасын қуған адам 10-15 шақырымды беймарал матап тастайды дейтін. Мүмкін Вань-цызының күлдібадам бұйымдарына ілесе келген арзанқол бірдеңе ме? Қайткенде де мына шұрқ тесік табан дені сау адамдыкі емес. Бір жағынан намыстанып кеттім. Ата-бабаларыма құран оқытамын деп арнайы келген кісі бас-аяғына қарап, дұрысталып киініп келсе болмай ма? Менің имамға емес, қасқыр көрген ешкідей екі көзімнің бастығының тесік шұлығына тесірейе қадалып қалғанын байқаған Балғабайдың түрі оңған шүберектей болып бозарып кетті де, саусағын аузына апарып, «тыс-с-с» деп, ернін шүршитті. «Үндеме, дымың ішіңде болсын» дегені. Табан астында өлең шығаратын Жылқыбай емеспін ғой, үндеген жоқпын. Үндегенде не деймін, «Аса мәртебелі бастық аға, шұлығыңыздың табаны тесіліп қалапты» деп сүйінші сұраймын ба? Хұтбадан кейін айт намазы оқылып, бет сипалып, құрбан шалынды. Құрбан шалардың алдында имам алыс-жақындағы кәсіпкерлерді келістіріп тұрып бір сынап алды. Имамның айтуынша, қос-қос «Джип»
мініп, қос-қос думанхана мен зауыттың кілтін ұстап
жүрген кәсіпкерлер салықтан қашқандай, зекеттен
де айналып өткісі келеді екен. Оларға қарағанда бір
айлыққа шүкір деп отырған қарапайым халық жомарт.
Бірақ айналып келгенде бұл сын да бастық ағамыздың
май басқан қатпар-қатпар бүйірінен айырмен түйреп
өткендей болды: өйткені құрбандыққа түйе, сиыр
шалуға байлығы беймарал жететін мырзаның шаш-
бауын көтеруге келген қызметкерлері бастырманың
астына бақылдаған серкені сақалынан сүйреп келе
жатқан еді.
* * *
Сыртқа шықсам Жылқыбайым басындағы бөркіне
күмістей әппақ сақалы жарасып талдың түбінде тұр
екен. Белсенділердің апы-күпі тірлігіне аянышпен
қарап, мұңайып тұрған жездемді көңілдендірейін
деп бастық ағамыздың шұлығының тесігі туралы
жаңалығымды жалма-жан жеткізе беріп ем:
– Шұлығын жөндеп кие алмай жүрген маубас
мәдениетті қалай басқарсын, – деп күрсінді. Сосын
біреудің кемшілігін айтып күнәға батып неғыласың
дегендей:
– Көркемтай, бүгін мен түнімен Мұқағалимен
сырласып шықтым. Аллаһты таныған ақынның бірі
сол екен. Кезінде шолақ белсенділерден әбден қорлық
көрген Мұқаш: «Я, жаратушы Аллаһым, қолдай гөр!
Сүйей гөр мені, сүйей гөр! Қолдары да, қорғаны да
жоқ жан ем. Жасаған ием, құлап барам, сүйей бер,
Пенделерге табына-табына болған ем!» депті.
Жылқыбай жездемнің ойын түсіндім. Аллаһты
мойындап, Мұхаммед пайғамбар салаллаһу ғалайһи
уә салләмның һақ жолына түсем деп аузы жеңіл
ағайындарынан түрткі көрді. Енді, міне, алтын басы
қор болып жақсылар мен жайсаңдардың қатарына
қосыла алмай тұр. Анау ауданнан келген бастықтың
қолын ұстап қалуға тырысып қауқылдасып жатқан
«тірі дәліздерден» оның өлсе өлімтігі артық емес пе?
Ол маған осы тұрысында өзінің сақалын емес, иманын жоғалтқан замандастарының ақыреттегі сұрауын ойлап, мұңайып тұрғандай көрінді. Не деп жұбатсам екен? Бірақ ол менің жұбатуыма мұқтаж ба? Қайта ол бастықтың қолын бір ұстап қалуға таласып-тармасып жатқандардың пендешіліктерін налып, мүсіркеп тұрған жоқ па?!. Менің бұл күнгі құрастырған ертегімнің өзегі – сақалдың «синонимі» жалғыздық екен деген түйінге келіп тірелді. Жалғыздықтың сыпайы аты – оқшаулану. Ал оқшаулану діни түсінікте қылует дегенді білдірсе керек-дүр. Яғни, Әмір Темірден қалған сонау да сонау замандарда өткен Қожа Ахмет Яссауи тақуа сияқты тірідей көрге түспей-ақ бөлектенуге болады екен. Бірақ оны анау Аллаһы бір, айласы бөлек сайтани сенімдегілер сан-саққа жүгіртіп мойындай қоймас. Жылқыбай жездем де, оның Сарыарқаның селеуіндей желбіреген күміс сақалы да пыраққа мініп, аспанға ұшқан Мұхаммед пайғамбар саллаллаһу ғалайһи уәсалләмдай көз алдымда бірте-бірте аспандап бара жатты. Уа, жалған дүние-ай, Кенен атамдай майын тамызып шырқай алсам, сақалы бар болғырың да сылдыраған кәусар бұлақтай бір ғажайып жыр екен-ау...
СӘТСӘЛІЗІМНІҢ ДЕРТІ
«Күйеуі арақ ішпейтін әйелдердің не арманы бар
екен, шіркін!». Осы бір еңку-еңку ойдың үстінде
отырғанда Инабаттың ұялы телефоны әндетіп қоя
берді.
– Әлөу, Ибаш, мен ғой.
Былдырлаған дауыс таңертеңнен бері өлі-тірісі
белгісіз Орақбайдыкі екен.
– Әй, қайда жүрсің?
– Теа-тыл-дың қа-шын-да...
– Немене, спектакльге шақырайын деп пе ең?
– Мә-мә-ши-нем-ді шо-шо-ғып а-ал-дым.
«Кедейдің етегіне бидай салса, төгіп алады» де-
ген. Сонда бұл кім үшін күйіп-пісіп жүр? Қытай
мен Қызылжардың арасын жол қылып, сауда жасап
жүргені байдың абыройы, бала-шағаның қамы емес
пе? Инабаттың қаны басына шапты.
– Құдай-ай, арақ деген бәлені кім шығарды екен
осы!
Инабат «теа-тыл-ды» он айналды. Бай тұрмақ
байғұс та жоқ. «Теа-тыл-ға» ұқсайды-ау деген үйлер
де түгел сүзілді. Жым-жылас.
Үйіне ызаланып келді. Көз байланып, қараңғы
түсіп қалған. «Әкелеріңді іздеңдер» деуге бейкүнә
бала-шағаны аяды. Сол уақытта қоңырау шыр ете
қалды. Есікті ашса жездесі тұр. Былқ-сылық еткен
Орақбайды құлап қалмасын деп қолтығынан сүйеп
алыпты.
– Қайдан таптыңыз?
Жездесі жыларман.
– Элеватор жақта жүр сандалып.
Орақбай
жазған
элеваторды
театрмен
шатастырған болды.
– Бұл мені «теа-тыл-дың» қасында тұрмын деп
алаөкпе қылды емес пе?
* * *
Қызылжар ауылына баса-көктеп кіріп келген
кәпитәлизімнің «тілін» тапқан алғашқыда әйелдер
болды. Солардың бірі – Инабат. Алақұйын капита-
лизм алқымнан алған соң:
– «Кештік өмірің болса, түстік мал жина» де-
ген. Орақбайға сеніп омалып отыра берсем, аштан
өлермін, – деген Инабат Қытай мен Түркиядан тау-
ар тасуға көшкен. Баяғыда бастықтардың дуайпатта-
ры қасқалдақтың қанындай қат тауарларды екі есе
бағасына көтеріп сатқанда абысын-ажындарымен
бірге «жәлдептер» деп, бетін шымшитын еді, енді
өзі де солардың кебін киді. Бірақ бүгінде баяғыдай
«жиналысқа салады» деп қорқатын кәмүністер жоқ.
Билік те, партия да саудагердің жағында. Тек салығын
төлесең болды.
Ал әшейінде пәлен-түлен деп, аяғын жерге
тигізбейтін бөріктілер ең болмаса жиырма жыл май-
ын иіскеп, түтінін жұтқан темір-терсегінің құнын
даулауға жарамады. Бірақта бар ғой, аузынан сөзі,
қойнынан бөзі түскен сол немелер келген-кеткен
әкімқараларға күл шаш десең аттыға жол, ауыздыға
сөз бермейді. Ашуын «ащы судан» алатын солардың
бірі Инабаттың шымылдығына да «шы-шылап» ұялмай
кіріп-шығып жүр.
* * *
«Ат аунаған жерде түк қалады». Ішіне жүз грамм
түссе Қызылжарды қырық жілік қылуға шамам келеді
деп бөсетін Орақбайдың «теа-тыл-ға» дейінгі дерегі
мен дәйегі Итбайдың үйінен шықты. Итбай мен әйелі
Зипаш базарда Талдықорғанның аккумуляторын са-
тады. Инабатты көріп Зипаш ал кеп сайрасын.
– Кеше күйеуіңнің қолында мыж-мыж мың
теңгесі бар әбден мазамызды алсын. Итбай «ішпеймін»
десе де, езеуреп қоймайды...
Мұндай сөзуар болар ма? Әншейінде мән бермейді
екен. Итбайдың арақ қойғанын басқа уақытта естісе
шынымен-ақ қуанар еді. Бірақ бұл жолы қыстығып
қалды. «Қашаннан бері сопы боп жүр. Белгілі «бесби-
ке» емес пе?».
– Әй, отырсай, шәй ішейік.
– Жоқ, қайтам.
Орақбайдың арағының уайымына Зипаштың
усойқы сөзі қосылып, қаны басына шапшыды. Газет
оқығансып, жүзін жерден көтермей отырған Итбай
ең болмаса «Орақбай аман ба?» деп, жанашырлық
білдіруге жарамады.
«Қап, осы кісәпірлігіңді алдыңа келтірмесем бе?».
* * *
Орақбай ойланып отыр. Бүйтіп ойнақтай берсе
бір күні от басатыны кәдік. Инабат байғұс «Итбайдың
үйінде пальтоң тұр, бірақ тұмағың жоқ. Сайтанның
сідігін сіміруіңді доғармасаң, бір күні тұмақ тұрмақ
басыңнан айырыласың» деп, жыларман боп келді.
Былтыр Малдыбайдағы емшіге қаралған. «Сәт сә-
ли зімнің дерті ғой. Мұны Гәрбәшөв те жеңе алмаған.
Мас та, маскүнем де көп қой. Көпке қалай топырақ
шашсын» деп, шәй оқып берді. Бірақ молда үшкірген
қара шәй қанша сораптаса да ем болмады. Қайта
«ақаңды» үдете түсті.
Анасының уайымын түсінген үлкен қыз тымы-
райып үндемейді. Қыздың үндемегені Инабаттың
ұрысқанынан жаман. Екі бала болса ішінде ит өліп
жатса да сыр бермес. Кенже қызы ерке ғой, шешесіне
жақтасқандай:
Город Балқаш,
Улица «Алқаш».
Квартира «Нөл».
Арақ ішіп өл, —
деп, шапқылап жүр. Малдыбайдың молдасы «Бұл дерт адам таң дамайды. Анау шіренген кезде қара жерді қақ айыра жаздайтын шенеуніктерді де талай емдегем. Оп позицияның «серкелері» де жынынан айырыл ған бақсыдай келіп тұрады» деп еді. Сол рас болды. Сөз бостандығының жыртысын жыртқан Итбай дың да арақ ішкен кесесін зәкөскеше шайнағанын талай көрген. Кеңес өкіметінің кезінде балаларына үр леп беретін шар таппай әйелінің бөксесіне басып жүрген «грелкасын» үрлеген қара дүлейге кесе сөз боп па тәйірі? – Әй, Ибаш, мені диш-пан-шерге апаршы. Шоттал ғанша, «кодталып» біл-ақ қа-ла бет болайын. Орақбай бәленше «торпедо» салдырыпты, тү генше «кодталыпты» дегенді талай естіген. Жақсы атақ емес, әрине. Бірақ енді тартынатын не қалды? Инабат осы сөзді күтіп отырғандай жалма-жан телефонға жармасты. Орақбай құлағын түріп жатыр. Ар жағындағы дауыс «өз еркімен бе?» деді-ау шамасы, «өз еркімен» деп таңдайы тақ ете қалды. Ары қарай «қанша жылға?», «қашан әкелесіз?» деген сұрақтарға жауап берілді. – Үһ... Орақбай күрсінгенін байқамай қалды. – Әй, не болды сонша? – О-о-он жыл-да кім бал, кім жоқ... – Саддам Хұсейін ғұрлы жоқсың ба? Дарға асқалы жатқанда да былқ еткен жоқ қой сабаз. Оныкінің қасында сенікі «условный» емес пе?!. * * * Инабаттың қуанышында шек жоқ. Дәрігер Нина Григорьевна Орақбайдың «шаруасын бітіріп», шалқасынан жатқызып қойған соң екеуі кофе ішіп отырып біраз сырласты. Рас болса, арақ деген бәленің адамзат баласына қатері дүние жүзінде СПИД-тен кейін екінші орында тұр дейді.
Нинаның үстелі толған «визитный карточка»
екен. Барлығы да емделуге келген дөкейлердікі.
«Орақбайым қойса, басқаларда шаруам не?» деп
отырған. Кенет «салық төле» деп, әлек-шәлегін
шығара келетін шегірткенің айғырындай шикіл
сарының аты-жөнін оқып, таң қалды. Ол да осында
емделіп шыққан қу екен дә. Бәсе сүзектен тұрғандай
өңі сынықтау көріне беруші еді. Ары қарай Инабатты
әуесқойлық жеңді. «Таныстардан кім бар екен?» деп,
мұқият қарай бастады.
ИТБАЙ САБАЗҰЛЫ
«ЫРЫС» ЖШС-ның директоры,
техника ғылымдарының кандидаты
деген «визитка» сопаң ете қалған кезде Инабат «әп,
бәлем, сырың белгілі болды» деді ішінен. Кешегі
аспаннан түскендей болып тұрған Зипаштың кекесін
сөзі, «Құрдасым аман-есен ба?» деуге кісілігі жетпе-
ген Итбайдың жылтыраған майлы жүзі, бәрі лезде
маңызынан айырылды.
Үйіне келіп, сырт киімін іле бергені сол еді, ақ те-
лефон айғырдай кісінеп қоя берді. Зипаш екен:
– Әй, Орақбайдың бас киімі табылды ма? –
деп, кешегі қалпы кекете ыздиып тұр. Инабаттың да
күткені осы еді.
– «Бір жоқты бір жоқ табады» деген. Орақбайдың
тұмағын іздейміз деп жүріп Итбайдың «визитный кар-
точксын» тауып алдым, – деп салды.
– Қайдан құдай-ау?
– Наркологиялық диспансерден. Орақбай досына
бір ауыз айтпай жасырын емделіп алыпты ғой. Сосын...
Ырғайтының совхозтехникумын әрең бітіріп еді, қай
уақытта ғалым болып жүр? Әлде кандидаттықты акку-
мулятордан түскен табысқа сатып алдыңдар ма?!.
– Дың... дың... дың...
Зипаш телефонның трубкасын тастай салды. Ина-
бат арқасынан ауыр жүк түскендей диванға отыра
кетті.
ҚАЙНАРБЕКТІҢ ҚАНЫ
(әңгіме)
Ал көктеп көр, ал бүрлеп көр, қаулап көр,
Ал маздап көр, ал лапылдап, лаулап көр.
Соғыстан соң... аққан қан мен шыққан жан
Құнына сен күнәһардай жауап бер.
Кеңшілік МЫРЗАБЕКОВ
– Е-е-ей, бері кеңдер, мына жерде аяқтар жатыр!
Қырғидың үні жерден жеті қоян тапқандай шатта-
на шықты. Сірә, соңына ерген нөкерлері «қанекилеп»
тұра жүгіреді деп қалса керек, бірақ балалар ентелей
ұмтылудың орнына қорқақтап тұрып қалды. Қырғи
айғайға қайта басты.
– Әй, бері кеңдер дедім ғой мен сендерге.
Үнінде
ашылмаған
аралға
кезіккен
кеме
капитанының көтеріңкі көңіл-күйіне тән мақтан бар.
– Адамның аяқтары-ау дейім! Көресіңдер ме, әні,
аноу жатыр.
Қой бастаған серкедей балалардың алдында
жүруді ұнататын ол сайдың қабағында тұр еді. Бірақ
«атаман» атанып, топ бастап жүрсе де «аяқтардан»
оның да сескеніп қалғаны байқалады. Батырлау де-
ген балалар Қырғи нұсқаған тұсқа кібіртіктей ба-
сып жақындай бастаған. Жалғыз қалса «қорқақ» де-
ген атаққа қалатын болғандықтан үркердей топтың
соңынан Нұршуақ та ілесті.
Балалардың соңын ала жақындағанда байқады,
атаманның «адамның аяқтары-ау дейім» дегені...
сай табанында шашылып жатқан ескі протездер
екен. Бұл кезде сай түбіне бәрінен бұрын жеткен
Қырғи сықырлаған ағаш аяқтардың иініндегі темір
бұрандаларды Сәндібай сынықшыдай сипалап:
– Қайнарбектің аяқтары, – деді сенімді үнмен.
Шыны сол ма, әлде осының алдында ғана
Қайнарбектің «шабуылына» тап болып, тырағайлап
қаша жөнелген соң ба, сөзі өте нық.
* * *
Малдың өрісіне ыңғайлы деп ауылдың шетінен
жаңа үй салып алған Қайнарбектің ескі қонысы
көшенің орта тұсында еді. Есік-терезесін, төбесіне
көлденең тастаған бел ағаштарын алып кеткен соң
қаңыраған там Қырғидың «штабына» айналған.
Қараталда әр маусымның өз ойыны бар. Біраз бол-
ды Қырғи бастаған балалар «қылыштың» құмарынан
шыға алмай жүр. Кеше де, арғы күні де есік-терезесі
үңірейген Қайнарбектің ескі үйінен таяқтардың тарс-
тұрс еткен дыбысы мен балалардың шәңкілдеген
үндері естіліп жатқан.
Қолбасшы бүгін де «қылыш» ойнаймыз деді.
Қылыштары – сәмбі талдан кесіп алған оқтаудай
түзу ағаш. Кей балалар оның қабығын тұтастай сы-
дырып алып тастаса, енді біреулері бәкімен қабығын
айналдыра тіліп, ою-өрнек салып алады. Қолбасшы
Қырғиға қарсылас шақ келер емес. Сарт-сұрт ұрады
да, «жауының» қылыш ұстаған қолының сыртынан
сақ еткізеді. Бұл – оның ең сүйікті тәсілі. Күтпеген
жерден тиетін осы соққыдан Нұршуақ қапы қалып,
талай рет «мерт» болған.
Ойын енді қызып келе жатқан. Ескі үйдің ішіндегі
шаң-тозаңнан ешкім көрінбейді. Әскери тілімен
айтқанда бұл стратегиялық әдіс-тәсілді ойлап тапқан
да Қырғи. Бекінген «жауды» шебінен қуып шығау үшін
ол жауынгерлеріне «Шаңдатыңдар!» деп бұйырады.
Балалар топырақты қағазға орап, граната сияқты
үңірейген терезеден ішке лақтырған кезде бозборан
шаңнан демала алмай қалған «жау» бекінісін өзі-ақ
тастап шығады. Міне, осы сәтте терезенің түбінде
аңдып тұрған Қырғи оларды бір-бірлеп қылышымен «түйрей» береді, «түйрей» береді. Бірақ: – Балалар, қашыңдар, Қайнарбек келе жатыр! – деген үрейлі үн бүгін осы қызықтың шырқын бұзды. Шал, шынында, қара айғырымен екпіндете келіп қалыпты. Қара айғыр – Қараталдағы ең сұлу жануар. Тұрқы биік, мойны ұзын. Басын шұлғып, жалын сілкіп, көзін төңкере қарап кісінегенде кім-кімнің де аузының суы құритыны анық. Талайлардың арманына айналған сол сүліктей сұлуға обал болады-ау деместен жылтыраған сауырын ағаш аяғымен тепкілеп есікке қарай өте берген қарияны Нұршуақ терезеден аңдап қалды. – Қане, көздеріңді жойыңдар бұл жерден! Балалардың бірі есіктен, енді бірі терезеден секіріп, тым-тырақай қаша жөнелді. Жау тарапының жауынгерлерін емес, мүйізі қарағайдай командирлерін жайратса ғана жеңіске жететінін жақсы білетін қарт майдангер алдымен балалардың «бастығын» іздейді. Оның ойынша, бар пәле содан. Қырғи жоқ болса, құда да тыныш, құдағи да тыныш. Сарбаздарының соңын ала терезеден секіріп шыққан ежелгі дұшпанын көзі шалып қалған Қайнарбек: – Сен Қырғын торыдан-ақ көретін болдым-ау, көресіні, – деп, қамшысын сілтеп кеп қалып еді, оқ жыландай қайқаңдап, безе жөнелген қара баланың арқасына дарымаған алты өрім қайыс ауаны осып өтті. Сосын тақымына басып жүретін келтелеу келген балдағын іске қосты. – Мә, ендеше, жүгермек! Бірақ буынсыз жәндіктей бұғып қалған баланың басынан асып, ол да лағып кетті. – Оққағары бар ма, бұл қара пәленің, а!?. Осы кезде безіп бара жатқан Қырғи есіне әлдене түскендей кілт тоқтап, анандай жерде шаң қауып жатқан балдақты қораның үстіне лақтырып жіберді де: – Кәнтөжіндер өңкей! – деді ысылдап.
Абырой болғанда, есік-терезесі үңірейген үйге жоламай осқырына шегіншектеген атын тебінген шал мұны естімеді. Қайнарбек ескі үйінің есік-терезесін алып кеткенімен, қора-қопсысын бұзбаған. Балдақ сол қора-қопсының үстіндегі жоңышқаға барып түсті. Шөмелелеп жиған жоңышқа әлдеқашан сарғайып кеткен. Бірақ бүйірін үңгісең жасыл жапырақтардың жұпар иісі мұрын қытықтар. Шал кемтар аяғымен итшілеп жүріп жиған осы жоңышқасын балалардың бір тал сіріңкесінің оты жалмап кетер деп сескене ме, әлде Ауған соғысынан миы шайқалып қайтқан жалғызының ағаштан мылтық, қылыш, граната жонып, оны балаларға үлестіріп, өзі осы қыршыныңнан қиылғыр Қырғимен бірге соғыс «ойнайтыны» есіне түсіп жүйкесі сыр бере ме, әйтеуір ескі үйінің маңынан қара борбайлардың айқай-шуы естілгеннен атына қонып, қиқуға басады. – Әй, – деді шал ентігіп, – сен... сен... Сағыныштың баласы емессің бе осы?!. – І-і-иә, – деді Нұршуақ. – Қане, қораның үстіне шықтағы балдағымды әпергің. Кейде қораның үсті де «жау» шебіне айналып ке те тін. Сондықтан өзіне үйреншікті «соқпақпен» қора ның үстіне тез көтерілді де, көкірегі сырылдаған қария ға бал дағын ұсынды. – Адам болам десең, ана имансызға жолама.... * * * Ежелгі дұшпанына деген ашуы бойынан әлі тарқай қоймаған Қырғи қолындағы ағаш аяқты кимекке бел байлағандай бұтына ыңғайлай бастады да: – Қайнарбектің қалай ақсақ болғанын білесіңдер ме? – деді. Балалар үндеген жоқ. – Ол былай. Қайнекең (кекеткені) қарнын құрбақа сияқты жалпайтып жатып алып, – айтқан әңгімесін қол-аяғын ербеңдетіп, бет-аузын
қисаңдатып қимылмен көрсетпесе айызы қанбайтын Қырғи сайдың табанындағы көгалға етпетінен түсіп «Қайнекеңнің құрбақа сияқты жалпайып қалай жатқанын» көрсетті, – сосын автоматымен былай, – ол енді қарсы алдындағы балаларға сайдың табанынан тауып алған ағаш аяқты кезенді, – фашистерді пах... пах... ата бастайды. Фашистер жоңышқадай жапырылады. Сол кезде Қайнарбек қуанғаннан аяқтарын бұлғаңдатып, былай, – ол енді етпетінен жатқан күйі аяқтарын жоғары көтеріп бұлғалақтата бастады, – «Алақай!» деген кезде қаңғыған оқ тарс етіп, бір сирағын жұлып кетеді... Балалар үнсіз. Қолбасшыларының көңілі үшін кей бі реулері мырс-мырс еткен болды. Аяқ туралы «қойылымы» аса сәтті шықпағанына ызаланған командир де көгалдан көтеріліп, шалбары мен көйлегін қаққыштаған күйі: – Мә, сенің туысқаның ғой, киіп ал, – деп, «Қайнарбектің аяғы» деп тапқан дүниесін Нұршуаққа қарай салдырлатып лақтырып кеп жіберді. Қалбалақтай ұшып, кеудесіне сарт ете түскен «аяқты» ұстауға дәті бармаған Нұршуақ шегіншектеймін деп шалқасынан түсті... * * * – Сол Қырғын торыға ілеспе деп қанша рет айтам осы!?. Алқара таудың қарағайлы шатқалындағы айна көлдей мөп-мөлдір боп жайнап тұратын ана көзі жасқа шыланып, мұнарлана қалыпты. Ерніне су тамызған ба, бас жағында суы орталау пиалай тұр. – Соңынан салпақтатып ертіп жүріп бір күні орға итеріп кетсе қайтесің?!. Жүрек соғысы сабасына түсіп, әл жиған Нұршуақтың ойына бірден сайдың табанында шашылып жатқан ағаш аяқтар түсті. – Аяқтарды қайтті? – Қайдағы аяқтарды айтасың құдай-ау?!. Осы ауылдағы ақсақ-тоқсақ шалдардың ескі протездері
ғой ол лақтырып тастаған. Өрнек енемнің шалын
«кән тө жін» дейтіні рас абысындарымның, әйтпесе,
ба ла-шағаның үрейін ұшырғанша істен шыққан пә ле-
ле рін терең ғып көміп тастамай ма, түге?
Өрнек – Қайнарбектің кемпірі. «Жау жағадан
алғанда, бөрі етектен» дегендей, герман соғысынан
«кәнтөжін» атанып оралған шалының шаң-шұңына
Ауған соғысынан миы шайқалып қайтқан жалғыздың
сандырағы қосылғасын егіле-егіле екі етегі жасқа то-
лып, жанары су қараңғы боп қалған.
* * *
Таң әлетінде түс көріпті. Соғысқа қайта ша қы-
рылған екен дейді. Қып-қызыл отқа әне-міне кіргелі
тұр. Ысылдай ұшқан қорғасыннан шыбын жанның
қалу, қалмауы неғайбіл. Бойын билеген үрейден жүрегі
атқақтай соғады. «Қаңғыған оқтың бірі қақ маңдайдан
тиіп мерт боп кетсе, мынау жарық дүние жалғанға
айналып, қала барады-ау заматта? Жасы жер орта-
сынан асқанда майданға қайта тықпалап жүрген қай
жексұрын болды екен? Көлденең көк аттыға ілескен
иттей салпақтап ере берген өзіне де обал жоқ. Қулық-
сұмдықты да білуі керек қой адам деген. Бірақ...
Оу, батырекесі, тоқта, тоқтай тұр, дүниенің те гер-
шігі теріс айналып кетпесе, Өрнегіне аман-есен орал-
мап па еді баяғыда.
Қайнарбек жанарын тұмантып, кірпігін кіреу ке-
леген жасты бет орамалымен басып, құрғатты.
– Түсіме соғыс кіре беретіні несі осы? Әлде қа-
шан бітпеп пе еді?!. Қан сасыған майданда жүре ті нім
не ылғи?
Ұйқысы ашылып кеткен ол түсіндегі ысқырған
оқтар мен дұшпандар бекінген жақтың қарауытқан
сұсты түрін өңінде көргендей үрейленді. Алмағайып
өткелін алдына тосқан тозақтай қанқұйлы соғыстың
қақ ортасында қайта жүру, түс болса да, сұмдық қор-
қынышты. Әсіресе, автоматтарын кезенген жау ла-
рының қарауыта жақындап келе жатқан сұлбалары
өлексені торуылдаған шибөрідей тым жаман көрі не ді
екен.
Терезесі көшеге қарайтындықтан қай үйдің шамы
бұрын жанатынын шал жатқа біледі. Бірінші болып
Сәндібай сынықшының терезесінен жарық көрінеді.
Әлден уақта есігі ашылады да, шалдың қамыт аяқ ба-
ласы сықырлауық есікке арқасын тіреп жатқан тө бет-
ті қожайынсынып бір теуіп, қора айналады. Теп кі ге
үйренген қара төбет «қаңқ» ете түскенімен аң сары
табалдырықтағы жылы орнына ауып, ұзай қой май ды.
Одан кейінгі сәуле Нұршуақтың үйінің терезесі нен
себездейді...
Бірақ бүгін уақыт тоқтап қалғандай түнгі көше
тым-тырыс. Қораздан бұрын қиқуға басатын құр дас-
тарының бәрі ауыл іргесіндегі төбеге барып, төмпешік
боп алған, әлдеқашан. Тас қараңғы көшеге тағы
үңілген. Сынықшының ауласы әлі тым-тырыс. Кенет
өз көзіне өзі сенбеді: баяғыда өзі соғысқа аттанған
Шеңгелсай жақтан шыққан бір аяқ... көшенің ба-
сынан бермен қарай сықырлай басып келе жатыр.
Рас па, өтірік пе дегендей саусақтарының ұшымен
көзін уақалап, қайта қарады. Рас, рас екен. Бір жүріп,
бір тоқтайды. Бірақ келе жатыр. Бағыты мұның үйі.
Кімнің аяғы? Иесі кім? Өзі қайда? Таң қараңғысынан
қыбырламаса жұмысынан кешігіп қалатындай неге
асығып келеді? Астапыралла, мынау өзінің соғыста
жоғалтқан аяғы ғой! Тапты-ау ақыры! Табысты-ау
ақыры! Сықырлаған протезді лақтырып тастайтын
да ақжарылқап күн болды екен-ау! А, Құдай, мұныңа
да шүкір. Қанша жыл күтті осыны! Енді бәрі орнына
келетін болды... Тәуба, тәуба... Тоқта, мынау аяғының
алдында омыраулап келе жатқан кім? Қайдан пай-
да болды? Әлде Нұршуақтың үйінен шықты ма?
Алда Құдай-ай, мынау Қырғи ғой. Қолына... адамның
бас сүйегін ұстап алыпты. Газетке... жо-жоқ, қызыл
мауытыға орап алыпты аялап. Бас сүйек таныс сияқты.
Сабалақ... балам... бауыр етім... қаным... Қыстығып
жылап жіберді.
Шал бастырылып жатыр екен, оянып кетті.
* * * Елірме дертке шалдыққандай түнімен «Аяқ!», «Қайнарбектің аяғы!» деп шырт ұйқыдағыларды шошытып оятатын Нұршуақ, енді: «Бас!», «Сабалақтың басы!» деп шыңғырып шығатын болған. – Құдай-ай, осы ауылдың кемтарларының аяқтары мен бастары жарығымның жүрегін жарып жіберер ме екен, қайтер екен! Көгермегір Қырғын торы, сенің таппайтын пәлең жердің астында шығар, сірә. Желкең үзілсін, желкең үзілгір, білдің бе. Ауру бала күткен оңай дейсің бе, жүйкесі жұ қарып, қажыған ана қарғысының Қараталдағы қай на ғала рының құлағын бір шулатып барып, «Қырғын торы» атан ған қара балаға келіп тірелетініндей бар... Қырғидың өкшесі арықтың түйетайлы жиегін де гі сарғайып жатқан сүйекке тайып кетіп, батпаққа былш ете қалғанын шомылып жүрген балалар байқаған жоқ. Бірақ ол өзін шалқасынан түсірген заттың не екенін білмекке қолына ілінген бұтақты ала салып, әлгі таздың басындай жылтырап жатқан нәрсенің айналасын жалма-жан қаза бастаған. Жаздай су үзілмейтін оман арықтың жағасындағы топырақ жұмсақ болатын, бала көп ұзамай-ақ өзін ұшырып түсірген затты сопаң еткізіп суырып алды. Бірақ суырып алуын алса да ә дегенде не қорыққаны, не таңғалғаны белгі сіз, аңтарылып ұзағырақ тұрып қалған. Өйткені қолында үңірейген екі көз бен сәңкиген мұрынның қуысынан ғана тұратын адамның... бас сүйегі тұр еді. Дегенмен қорқу-үрку дегенді білмейтін ұл сәл қобалжығаны болмаса, сүйекті қолынан тастаған жоқ. Шу-шу еткен шибұттарға қорыққанын сездіріп қойса «атаман» деген атағына нұқсан келмей ме. – Бас, адамның басын тауып алдым! Судың тереңіне сүңгуге таласқан балалар қол басшы ларының қолындағы көзінің аңғалағы үңірей ген қу басты көріп шу ете қалды. Қорыққандары сонша, қасқырдан үріккен қой сияқты иіріле ығып, оман арықтың арғы жағасына қарай қашты. Денелері құс
ет теніп, иықтары қушиған балалар жаурап тұр ма, әлде
сескеніп тұр ма, әйтеуір, қалш-қалш етеді. Қу басты
қы зық тамақ тұрмақ, Қырғидың қасына жақындауға
батылдары жетер емес. Ал Қырғи болса «олжасының»
көзі мен мұрнына кептелген балшықты арықтың су-
ымен шайып, тазалай бастады. Нұршуаққа сарғыш
тартқан бас сүйектің тарам-тарам болған жіктері
анық көрініп тұр.
– Бұл дәу де болса Сабалақтың басы, – деді ко-
мандир. – Сенбесеңдер қараңдар, міне, мынау...
оқтың орны. Ал мынаусы әскери оташының тіккен
жері. Маған өзі көрсеткен.
«Қар қалың жылы жоқ болып кетті. Қаңғып жүріп
бір жерде үсіп өліп қалды ма, әлде ит-құсқа жем болды
ма, әйтеуір, мәйітін таба алмай қалды байғұстың» деп
отыратын анасы.
* * *
Еміс-еміс бірдеңе есінде. Терезеден сыртқа қа-
рап тұрған. Жаздағы жайдары келбетінен жұрдай
болған сұрқай даланың реңінен күздің қара суығы
кү шіне мінгені байқалады. Ұйтқи соққан ызғырық
жел ойнақ салған күйі үйдің төріне шыға алмағанына
ызаланғандай ызалы дыбыс шығарып, мөлдір шыны-
ны шағып тастағысы келгендей екпіндей келіп ұрады.
Мұндай ауарайында шаруа біткен малын жайғап, ас-
суын қамдап, негізінен, жылы үйде отырады.
– Қазақтардың «күшеншек айы» туды деп,
өзбектер осы қараша күзді айтқан.
Сексеуіл сынықтарын құшақтаған анасы үйге
сөйлей кірді.
– «Күшеншек» дегені несі?
– Қақаған қара суық түскен кезде дала қа зақ-
тарының «аһылап-үһілеп» кететін мінездерін ма зақ-
тағаны да.
– Сабалақты көрсе мазақтай алмас еді.
Шынында Қараталда қара суықтан да, қарлы бо-
раннан да қыңбай, жеңіл-желпі жүре беретін бір адам
бар еді. Кімді ойласаң сол тап бола кетеді. Ол өзіне
қарап тұрған баланы байқаған жоқ. Мыжырайған
әскери малақайы бір шекесіне қарай қисайып кетіпті.
Шинелі де түгі қырқылып, әбден тозған. Жыртылған,
жамау түскен жерін санамай-ақ қойыңыз. Өзіне-
өзі сөйлеп, әлденелерді айтады. Айтқаны анық
болғанымен, мағынасы бұлыңғырлау. Бәлкім, үзіп-
жұлып
айтқандықтан
болар.
Нұршуақ
құлағын
түрді. Бәрі таныс сөздер. Анасына талай рет айтып
берген. Талай рет айтып берген сайын мұның сана-
сы да Ауған соғысы туралы еш жерде жазылмаған
қорқыныштармен толыға бастаған.
Сабалақ: «Атамбайдың екі аяғын мина жұлып
кетті...». Анасы: «Бұл ауылда Атамбай деген жоқ.
Мүмкін, майдандасың шығар». Сабалақ: «Жарық
дүниені қимаймын, госпитальға ала кетіңдер...». Ана-
сы: «Әлгі Атамбай осылай деді ме?». Сабалақ: «Қан...
қан... ағыл-тегіл қан...». Анасы: «Екі аяғын бірдей мина
жұлып кеткен соң, әрине, қан өзен боп ағады да».
Сабалақ: «Жыламсырап, ыңырсып жатқан жерінде
атып тастады...». Анасы: «Алда байғұс-ай, иманы сала-
мат болсын». Сабалақ: «Командир... мені... госпитальға
ала кет...». Анасы: «Е-е, бейшара ит құсатып сені де
атып кетпегеніне шүкір де». Сабалақ: «Түн... түн... түн
жақсы... соғыста бәрі түнде өлгенді қалайды...». Ана-
сы: «Астапыралла, астапыралла... Жарық дүниемен
қоштасудың қиындығынан-ау шамасы...».
– Апа, терезенің сыртында Сабалақ өзімен-өзі
сөй лесіп тұр, шақырайын ба?
– Шақырсаң шақыр. Бір шаңырақта үш кемтар.
Атың өшкір соғыс... сенің әкеңді де «тірі өлік» қып
қойды ғой.
Нұршуақ ес білгелі әкесі ауру. Бес жасында шығар
Ыстыққұмның етегіндегі арықтың жағасына қауын-
қарбыз еккен. Ырғын боп шықты. Бүкіл ауыл-аймақ қа-
рық болды да қалды. Сол жылы алыстан талдары мен-
мұн далап шақырып тұратын, бұл үшін мүлде жұмбақ
мекеннен ақ сақалы омырауын жапқан сұңғақ бойлы
бір аттылы кісіні ертіп келді. Оның Сәндібай сынықшы
екенін кейін білді, ол кісі мұны жерге қабаттап салған
көрпешенің үстіне шалқасы нан жатқызып қойды да,
ертегі айтып отырып сүндет ке отырғызды да тастады.
Ұстараның жүзі терісіне тиген сәтте «тыз» етті ме,
әлде «шым» етті ме, әйтеуір ауырсынғандай болды да
жылап жіберді. Ақ сақалды кісі әлгі «тыз» еткен жерге
(бәлкім, «шым» ете түскен шығар) дереу сексеуілдің
күлін септі. Анасы кеше самаурынның оттығынан
сексеуілдің күлін алып оны шүберектің күлімен ара-
ластырып неменеге әбігер боп жүр деп еді, бәрі мұны
сүндетке отырғы зу дың қамы екен. Әкесі кейін атқа
мінгізіп әлгі талдары менмұндалап шақырып тұратын
ауылдағы мектепке бір жылдай атпен апарып, әкеліп
жүрді де, келесі жылы біржола көшіп алды.
* * *
Міне, әкесі содан бері ауру. Анасы әке дертін
ашып айтпайды. Бұл болса жеңіс мерекесі қарсаңында
мұғалімнің жыл сайын қайталанатын сауалына кеуде
керіп жауап бере алмай, жасып қала берді.
Ондайда анасы:
– Тұтқындағылар нағашысының үйіне барып,
демалып қайтқандай ожыраяды түге бәрі. Әйтпесе,
сенің әкең де бір, анау «кәнтөжін» Қайнарбек те бір
емес пе? – дейтін кейіп.
Анасының айтуынша, қоршауда қалып, тұтқынға
түскен әкесін фашистер қара жұмысқа жегіпті.
Одақтас әскерлер келгеннен кейін ғана көздері
ашылған. Соғыс біткеннен кейін қасындағылардың
бәрі елге барсақ «сатқын» деп атып тастайды деп
қара орман, бау-шарбақтарынан безіп, шетел асып
кетіпті. Сонда мұның әкесі ғана «өлсем де туған
жеріме жетіп өлейін» деп, нар тәуекелмен Қараталға
қайтқан. «Үндемес» атанған әке тағдыры, ана аузымен
айтқанда, қысқаша осылай.
– Кетті, – деді ол терезеден сыртқа қарап тұрған
күйі, – кетіп бара жатыр. Арқасына ағаш мылтық
асынып алыпты.
– Қайнарбек байғұсқа да оңай емес.
– Неге?
– Ақыл-есі ауытқыған дап-дардай жігітті бағу оңай деймісің. Анасы аузын жиып үлгергенше дәліздегі аяқтабақтарды салдыр-гүлдір еткізіп Сабалақтың өзі кіріп келді. – Жейше, мен соғысқа... Ауғанстанға... кетіп барам... Айраныңыз бар ма, кішкене құйып беріңізші. – Айналайын-ау, алдымен дастарханға келсейші. Содан кейін құйып берем ғой. Сабалақ айран құйылған керден кесені басына бір-ақ көтерді. – Ал, қош боңыз. Ол айран құйылған флягі мен бір үзім нанды қалтасына салды. – Жортқанда жолың болсын, қайным. Дұшпандарыңды жеңіп қайт. – Құп болады, жейше. Қырғи Қайнарбекке кіжіне қарап: «Кәнтөжіндер өңкей» дегенде Нұршуақтың есіне осы оқиға түскен. Тіпті, Қырғиды командирлікке баулып, ұрыс тәсілдерін үйреткен де Сабалақ десетін балалар. Кейін жоқ болды да кетті ғой. Біреулер Мәскеудің Қазан вокзалынан көріпті десе, енді біреулер Тәшкеннің Алай базарынан көріпті-мыс деген дүдәмал болжамдар айтатұғын. Өйткені ауылдың жанындағы күре жолмен керуенше шұбырып өтіп жататын «КамАЗ»-дармен басы ауған жағына кетіп қалып, екі-үш айдан кейін қайтып келетін оның кезбелігіне жұрттың еті үйреніп кеткен. Ал сол жолы оралмапты. Аудан орталығынан келген тергеушілер Қайнарбекті біраз тергеп-тексерген. Ақыры ілік табылмай, іс қысқарып, Сабалақ аты біртебірте ұмытыла бастаған. * * * Белорус елінің ізшіл оқушыларына еліктегенімен қияндағы Қараталдың күн күйдірген даласынан соғыстың ізі тұрмақ, иісін де таппай қынжылып жүретін балалар командирлері тапқан «олжа» қанша жерден құнды болса да елпілдей қоймады. Өйткені
жауынгердің оқ тескен каскасын, майысқан флягісін,
тот басқан жұлдызын тауып алу бір басқа да, ауыл
«кәнтөжін» деп атап кеткен Сабалақтың бас сүйегін
тауып алу мүлде басқа әңгіме.
Жел ұшырып кетпесін деп кесекпен бастырып
қойған газет-қалпағының бүктеуін жазып, оған оман
арықтың жағасынан табылған басты аса бір құрметпен
құндақтай бастаған Қырғи:
– Әлден ағайға апарып берем. Музейге өткізеді, –
деді.
«Музейге өткізеді» деген кезде Қырғидың бұйра
шашынан мейірлене сипап тұрған Әлден ағайларының
кескін-келбеті көз алдына елестеп өткен Нұршуақтың
ішінен бір ыссы леп жоғары қарай лап көтеріліп,
бетін ду еткізді. Бірақ Әлден ағайы ауыл өмірі үшін
оғаштау «жаңалыққа» қабақ шыта қарап, «қанеки,
қазып алған жеріңе қайта апарып көміп таста» тас-
талқан боп ашуланғанымен бірте-бірте сабасына
түсті. «Қайнарбектің жалғызының басы болса басы
шығар, бірақ оны қалай анықтаймыз?» дегендей
тұнжырай ойланып қалған ұстаздың жағдайын әбден
түсінуге болатын еді. Өйткені ол «Адам анатомиясы-
нан» сабақ бергенімен, Бұхардан бастап бүкіл әлемге
билігін жүргізбек болған Әмір Темірдің бас сүйегін
«қалпына келтірген» антрополог Герасимов емес қой.
Содан кейін, сонау жаугершілік заманнан бермен
қарай Қараталға кім келіп, кім кетпеген. Бұл жермен
Шыңғыс ханның сары масадай самсаған қалың қолы
да, қыдың-қыдың еткен Қалдан Сереннің қосыны да
өткен лек-легімен, Қоқаңдаған Қоқан ханы Құдиярдың
салықшылары да қыз-қырқын іздеп сандалған талай.
Сондықтан Қырғидың қолындағы бас – батырдың
басы ма, ақынның басы ма, қастың басы ма, достың
басы ма, бір Аллаға ғана аян еді. Десе де бастың аты
бас, ол кімнің басы болса да құрметтелуі ләзім дүр. Ба-
сты бипаздай ұстаған бұйра бас, жалпақ мұрын қара
балаға да «жайыңа неге жүрмейсің, жүгермек» деп
жерден алып, жерге салудың қисыны жоқ.
– Бұл Қаратал да талай рет қанға бөккен жер ғой,
кім білсін кімнің басы екенін?
Әлден ағайлары сөзін аяқтағанша мектептің терезесінен Қайнарбектің айғыры мен оның бүйірін тебінген ағаш аяғы көрінді. – Қайнарбек келе жатыр! Кәнтөжін шалдан қуғын-сүргін көріп, жүректері әбден шайлығып қалған балалар дүрлігісіп қалды. Бірақ мектептің ішінде, мұғалімдерінің қасында тұрғандықтан сыр бермеуге тырысты. Мұны ұстаздарының да жүрегі сезген сияқты. – Жә, қорықпаңдар! Сендердің кінәлерің жоқ. Бекерден бекер «кәнтөжін» атана ма, шал мектепке ақыра кірді. – Лағынет атсын сені, Қырғын торы! Ақсақ аяғымды келеке-мазақ қылғаның аздай, енді баламның әруағымен ойнайын дедің бе? «Қырғи оман арықтың жағасынан Сабалақтың басын тауып алыпты» деген хабар құлағына жетісімен әңгіменің рас-өтірігін білмекке қара айғырына міне сап, мектепке қарай тұра шапқан сияқты. – Лағынетті балаға емес, сұм соғысты ойлап табатындарға айтыңыз! Көзілдірігінің үстінен сұрлана қараған мұғалімге жазда қырманның, қыста қамбаның қарауылы болып, ілдалдалап жүрген сауаты шамалылау шал ләм-мим дей алмай: – Бас қайда? Басты көрсетші? – дей берді жанжағына алақ-жұлақ қарап. – Мінеки. Мыж-мыжы шыққан «Известияның» үстінде жатқан басты қолына алған Қайнарбек оны айналдыра ұзақ қарады. Әсіресе, бастың «тігілген» тұсына мұқият шұқшиды. Сосын төс қалтасынан бір түйін шек алып шықты. Түйіншектің ішіндегі қорапты былай шы ғарып қойды. Нұршуақ ол қораптың ұстара екенін бірден білді. Өйткені шал мұның әкесін туысқан тұтып, шашын алдыруға келгенде талай рет көрген. Ентіккен шал ұстараның бүктеуін жазды да жанжағына қарады. Балалар қорыққанынан шегінісіп тұрды. Әлден ағайларының қабағы түйіле түсіпті. Ал өң мен түстің арасында тұрғандай реңі бұзылып кет-
кен қария дәл қазіргі ісіне есеп беретіндей халде емес
еді.
– Саусағыңды бері әкелші!
Ол ұстарасын икемдеп ұстазға ым қақты. Әлден
ағай күбіртке шығып, шор боп біткен тырнағы бар
балаң үйрегін ұсынды. Сол-ақ екен, шал көз ілеспес
жылдамдықпен саусақтың ұшын ұстарамен шекіп кеп
жіберді. Қан бұрқ етті.
– Енді мына басқа тамыз.
Қу басқа тамған қан лезде ұйыды да қалды.
Қайнарбек енді шүңірейген көзімен Қырғиды
іздеді.
– Әй, Қырғын торы, бері ке бері. Атамансың ғой,
саусағыңды әкел.
Талай рет қан тапсырған, жүйкесі жібек жіптей
мықты бала да балаң үйрегін шошайта жақындады.
Шалдың жылдамдығына көз ілеспейді. Ұстаз қанының
қасына тамған баланың қаны да көп ұзамай кеуіп,
қарақошқылданып қалды.
Қайнарбек осы кезде «біссіміллә» деп ұстара сы-
ның қылпып тұрған өткір жүзімен өзінің сұқ сау са ғы-
ның ұшын тіліп кеп жіберді. Тіліп кеп жіберген кезде
ыршып шыққан қызыл күрең қан бастың маңдайына
барып тамды.
О, Құдайдың құдіреті! Асау желдің айдауы-
мен адасқан жалғыз-жарым тамшының құмға сіңіп
жо ғал ғанын көргеніңіз бар ма!?. Мұндай жағдай,
әдетте, бірте-бірте жақындап келе жатқан үлкен
нөсер алдында болады, сонда тамшы тамған құмның
беті жейденің түймесіндей болып дымданады да көз
ілеспес жылдамдықпен кеуіп, лезде жоқ боп кетеді.
Қайнарбектің сұқ саусағынан көздің жасындай болып
ыршып түскен бір тамшы қан да бас сүйекке дәл сол
жаңбыр тамшысындай сіңіп жоқ болды да кетті. Сол
сол-ақ екен, қабағы қату келген шал кемсеңдеп қоя
берді.
– Ойы-бой, жал-ғыз-е-е-ем!
Мектеп іші у-шу.
– Қайнеке, сабыр етіңіз. Бұл – мектеп. Ұят бола-
ды. Жүріңіз, үйіңізге барайық...
Қайнарбек есін жиғандай қайтадан қатулана қалды. Сосын үстінен саудырлатып қызы-жазы тастамайтын сулығын шешіп, басты соған мәпелей орады да, ағаш аяғымен мектептің еденін тарсылдата басып сыртқа беттеді. Жүрісі мығым. Бірақ ол мығымдық атына аяқ артып, ерге тақым басқанша ғана екен, сүліктей сұлуының басын үйіне қарай бұрып, тебініп қалғаннан кейін: – Ойы-бой, жал-ғыз-е-е-ем! –деп өкіре жылап, шаба жөнелді. Мектептегі у-шу аздай енді бүкіл ауыл дауыс салып, Қайнарбектің үйін бетке алды. Шалдың ағайындары қолдарына кетпен-күректерін ұстап, оман арықтың жағасына аттанды. Бекер аттанбапты, бас сүйек шыққан жерден Сабалақтың флягісі табылды. Шинелінің жұлым-жұлым үзіктері де күрекке ілінді. Шал жалғызбасты көрінгенмен, діңгегі жуан дарақтай өрен-жаранды екен, алыс-жақыннан құда-жегжаттары, қыздары мен күйеубалалары, немерелері топ-топ болып келіп Сабалақтың сүйегін арулап жерледі. Молдалығы бар Сәндібай сынықшы жаназасын шығарды. Ал Қайнарбек бастап, Нұршуақтың анасы қостап құдайдың құтты күні қарғап-сілейтін қатқан қайыстай қара бала Қырғи бір сәтте қаһарман атанып шыға келді. * * * Бүгін Алқара тау үстінде бір алапат соғыс жүріп жатқан сияқты: тарс-тұрс, сарт-сұрт. «Таңды атысшабыспен бастаған бұл кімдер екен?» дегендей, Нұршуақ орнынан тұрып, терезеден қараған. Сартсұрт «майдан шебі» аспанды тұмшалаған бұлттардың арасында сияқты. Бірде алыстан, енді бірде дәл қасыңнан естіледі. «Әй, жылауық, әкім болдым мінеки» деп, ұмытып кеткен жоқсың ба мені? Кел, аспанға, «қылыш» ойнаймыз» деп, шақырып жатқан Қырғидың рухы ма әлде? Бүкіл ауыл «ой, бауырым-
дап» ұлардай шулағаны күні кеше ғана сияқты еді,
міне, оған да талай жыл болыпты.
Ел айырылған аңызындағыдай екі құрдас мектепті
бітірген соң екі айырылып, бірі Алматыға, екіншісі
Ташкентке оқуға аттанған. Ташкентке аттанған бұл
шіреніп, шенеуніктер қатарына қосылды, ал Алматыға
кеткен Қырғи сол кеткеннен мол кетті. Елге денесін
әкелген әскерилер ең болмаса табытының бетін де аш-
тырмады. Қызыл жағалы қату сардарлар «баламның
денесін жуып, арулап көмейін» деген ана тілегіне де
құлақ аспады. «Осыған да шүкір деңдер» дегендей,
қара табытты иектерімен нұсқап, сыздана қарайды.
Боздағын арулай алмағанына өкініштен өзегі
өртенген Сәндібай сынықшы: «Сабалақтың сүйегін
ақ кебінге орап, шариғат жолымен көміп ек, мына-
лар Қырғиға оны да көп көрді ғой», – деп, қыстыға
күбірлегенде, көз жасы бырт-бырт үзілді.
* * *
Нұршуақ депутаттық сұрау салып жүріп соғысқа
қатысқан
қараталдық
боздақтардың
есімдері
жазылған мәрмәр тастың қасынан Ауған соғысы мен
Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Сабалақ
пен Қырғиға ескерткіш орнатуға рұқсат алған. Бүгін,
құдай қаласа, соны ашпақ.
– Қайнеке, ассалаумағалейкүм.
– Нұршуақпысың, кел, төрлет.
– Ертең Сабалақ пен Қырғидың ескерткішін аша-
мыз. Шамаңыз келсе барып, халыққа бір-екі ауыз сөз
айтсаңыз.
– Сабалақ... Қырғи... деймісің. Бүгін... түс көрдім.
Баяғыдай жалғызымның басын ұстап келе жатыр екен.
Көп қарғап ем, әруағы кешіре көрсін, айналайынның.
Бақилық мәселесінде де алдымды орап, аузымды
аңқитып кетті ғой, жан-е-ем. Айтарым... сол... кешсін...
кешіре гөрсін... мен сияқты... кәнтөжін шалды...
Тоқсаннан асып, төлежіп қалаған Қайнарбек
кемсеңдеп жылап жіберді.
Ағаларым жырын таңға айтып тауыса алмайтын
атақты жатақханадан маған да бір төсек бұйырды.
Бір бөлмеде төртеуміз. Төртеуміздің де мақсаты мыз
айқын. «Ақыр аяғында мұратына жетіпті» дегендей,
үйі, саяжайы, мәшинесі һәм атағы бар бақуатты жазу-
шы болып, зейнетке шығу. Даладан қалаға адам болам
деп аяқ басқан бөзөкпелер үшін, шынында, тәтті ар-
ман емес пе?!.
Біздің «классиктердің» хикаясы жатақхана қауы-
мы түгел ұйқыға кетіп, түн жарымының жым-жырт
таныштығы айрандай ұйыған сәтте басталады. Бөлме
қабарғасын бозартқан ай жарығынан рең-рәуіштері
анық көрінбегенімен, сораң-сораң еткен сұлбалар,
сидаң-сидаң еткен аяқтар жарқанат-студенттердің
ұйқы
алдындағы
қам-қарекетінен
хабар
беріп,
біраздан кейін сыбыр-күбір басталады. Бас-тайтын
Азат.
– Жігіттер, қалай ойлайсыңдар, біздің әдебиетке
бірдеңе жетпей тұрған сияқты осы, ә?
– Шындық па?
Көзін ұйқы қамай бастаған Қанат есінейді.
– «Басқа елдің Ыбырайы Ыбырай, біздің елдің
Ыбырайы сұмырай», – дегендей, мына орыстардың
ақын, жазушылары «өгізді де өлтірмей, арбаны да
сындырмай» шебер жазады. Бір ғана Булгаковын ал,
мысалы...
Тыныштық орнады. Осы аз-кем тыныштықты ой-
пікірімді ешкім қолдамады деп өзінше түсінген Азат:
– Оны айтасың, анау Ильф пен Петровтың «Он
екі орындығын» оқышы, жазу шіркінді меңгерген ді-
гі сонша, айтқысы келгендерін әлдеқашан айтып тас-
тапты, – деді тағы да.
– Бізге олардай болу қай-да-а-а? Қанат тағы есінеді. «У ішсең руыңмен іш». Маған да үндемей қалуға болмайтын сияқты. – Жазып көрсін, жандарын жаһаннамнан бір-ақ шығарсын. – Жоқ, біздікілер де бірдеңе деу керек еді ғой. Айтпақшы сендер «Мастер мен Маргаританы» оқыдыңдар ма? – «Иттің жүрегін» оқыдым. Шолақ белсенділерді ақымақ төбетке теңепті. Есінеуі жиілеген Қанат көзіне ұйқы тығылса да қақсап-зарлап Азаттан қалыспайды. Тағы да бірауық үнсіздік орнады. Студенттер алакөлеңкеде бір-бірінің қимылдарына құлақтарын түріп жатыр. Осы кезде Сәби төсегін сықырлатып басын көтерді. – Менде бірдеңе бар еді, оқиын ба? Сәбидің шын аты Арман. Біреуіміз әскерден, енді біреуіміз құрылыстан келіп оқуға түскен кәртеңдеу студенттердің қатарына жататындықтан жасы кіші Арманды «Сәби» деп еркелетуші ек. – Екі әңгіме, – деді Сәби, – біреуінің аты «Мылқау бауыр», екіншісінің аты «Әлди-ай, бөпем, әлди-ай». Қайсысын оқиын? – Екеу дейсің бе, ұйқы келіп жатқанда тым көп емес пе? Ойымды оқысын десең бір беттен асырма, деген кім еді осы? Шыдамсызданып жатқан Қанат баяғы. – Оған назар аударма, оқи бер, Сәби. Бозаң тарта бастаған таңғы жарыққа ұқсайтын ай сәулесі анық көрсетіп тұр, Азаттың сөзін арқаланған Сәби төсегінен тұрып түгі қырқылып, жұқарып кеткен жамылғыны иығына жапты да, әңгімесін бастады. – Ау, қолжазбаң қайда?!. Қанат жұдырықтай басын жастықтан жұлып алып, Сәбиге таңдана қараған. – Мұндай әңгімелерді жазғаннан гөрі, айтқан ләзім. Сонымен...
Мылқау бауыр
Әуелі оқу, содан соң қызмет деп жүріп, ұзақ жылғы
сапарынан оралған ол туған топырағына табаны тиюі
мұң, қандастарының тілін біреу кесіп алып кеткендей,
үндемей қалғанын байқады. Байқағанда, бір-бірімен
амандасып, жөн сұрасып дегендей, жұмыстарын тап-
тұйнақтай істеп жүрген жайлары бар. Бірақ тілі жоқ:
мылқау адамша көмейлерінен тырс еткен дені дұрыс
үн шықпайды. Бір-екеуімен сөйлеспекке бел байлап,
ниеттеніп көріп еді, ол әрекетінен түк шықпады.
Үйіне келсе жол-жөнекей көзіне түскен тілі жоқ
сұмдықтар сияқты, ата-анасының да не деп тұрғанын
ұғу мүмкін емес. Осы кезде көңіліне қоқыныш ұялай
бастаған Боб:
– Әке, сендерге не болған?!. Неге үндемейсіңдер?!.
Мына елде маған неге ешкім тіл қатпайды? Бәрі бірдей
қалайша мылқау болып қалған? – деп, еңкілдеп жы-
лап жіберді.
Экваторлық қарт әке жүзін төмен салып, үндеген
жоқ. Анасы болса баласына таңдана қарады.
– Ата-анаңды, ел-жұртыңды неге мылқау дейсің?
Бәрінің де тілі бар. Әне, бауырларыңа қарашы, сен
келді деп қуанып, бір-бірімен шүйіркелесіп сөйлесіп,
ән салып, әңгіме айтып отыр емес пе.
Үстелдің айналасында тым-тырыс, томсырай-
ып отырған жадау-жүдеу бауырларының жүзіндегі
қайғы-мұңның салмағы зілбатпан болып жүрегіне
түскен Бобтың жаны ышқынып кетті.
– Жоқ, – деді ол, – ешкімнің де ән салып, әңгіме
айтқанын естіп тұрғаным жоқ. Тіпті, мына тұрған сіз
де... ана, сіз де... әке мылқау сияқты тілден айырылып-
сыздар.
Әке күрсінді. Ана кемсеңдеп, көзінің жасын бето-
рамалымен сүртті. Боб өксігін әлі баса алмай тұр.
– Балам, – деді ана осы кезде, – шындықты
білгің келе ме?
Бобтың бойындағы үрей ұлғая түсті. Қорқыныштан
жүрегі дүрс-дүрс соғады. Бірақ шындықтан үрейленіп
тұрса да тәуекел етіп:
– Білгім келеді, – деді. – Қорықпайсың ба? – Қорықпаймын. – Балам, көңіліңе келе ме деп айтпап ек, мылқау біз емес, сенсің. Шетелде жүргеніңде айықпас дертке шалдықты деп естігенбіз, міне, соның салдарынан тілден айырылып келдің, әйтпесе елің де, жерің де, тілің де тегіс аман. – Сонда мылқау мен бе?!. – Иә, балам, сенсің... Бобтың анасы кеудесіне әрең сиып тұрған ыза мен күйіктен, шер мен шеменнен арылғысы келгендей қыстығып барып, еңіреп тұрып жылап жіберді. Сәби кім не дер екен дегендей демін жұтып, пікір күтіп отыр. Бөлме іші тым-тырыс. Алдымен Қанат үн қатты. Байқаймын әңгіме әсерімен ұйқысы ашылып кеткен. – Сюрреализмнің салқыны бар. Әлде Эдгар Поның жазғандарына келіңкірей ме? Кафканың қолтаңбасына да ұқсайды. Мистикалық бірдеңе бар әйтеуір. – Әй, Қанат, білгішсінбей тыныш жатшы. «Біткен іске сыншы көп», мықты болсаң жазбайсың ба өстіп? – Мен мұндай қияли дүниемен бас қатырмаймын, өйткені оны «жариялаңдар» деп қай газетке апарасың? Компартияның органына ма? Қанат та бекінген шебін оңайлықпен тастап шықпайтын сарбаздардың сортынан. Ойөрісі жеткенше қарсыласып жатыр. – Жанрын фантастикалық әңгіме десе, бәлкім жаңалыққа жаны әуес журналдар жөн екен деп қалар. – Көркемтай-ау, құзғындар олардың да мұржасынан қарауыл қарап отырған жоқ па, жібере қоймас. – Айтпақшы, Сәбидің «Мылқау бауыр» деп отырғаны кім? Қалалық зиялылардың еркетотайлары ма, әлде анау Сы-Кі мен Лы-Кі-Сім-дегі шенеуніктер ме? – Ойлан. Шайнап берген ас болмайды. Азат қысқа қайырды.
– Қасқа, менің ұйқым ашылып кетті. Екінші
әңгімеңді оқышы.
Сәби тамағын кенеді.
– Бұл әңгіменің аты «Әди-ай, бөпем, әлди-ай!..».
– Қалай-қалай дейсің? Тақырыбы бір түрлі екен.
Сәби жөткірінді.
– Сонымен әңгіменің аты...
Əлди-ай, бөпем, əлди-ай!..
Сексенге келген шағында шал Қызыл шаһарға үш-
ақ рет барды.
* * *
Бірінші рет барғанда... бала еді. Анасы дүкенге
кіріп кетті де, бұл сыртта, талдың көлеңкесіндегі
орындықта күтіп қалды. Сол кезде өзі құралпы, бәлкім
кішірек, қыз келіп:
– Сен – түземдіксің! – деді шәңк етіп...».
– Сенің әңгімелеріңнің бәрі бір сарынды болып
келеді екен. Махаббат жоқ па?
– Қанат, әңгімені бөле берме дедім ғой мен саған,
оқи бер, Сәби.
«...Бұл: «Жоқ, мен – тувалықпын», – деді,
түркі тектес тува халқы мен жабайы адамдардың
айырмашылығын білгенінше түсіндірмек болып. Бірақ
ішінен қыздың «Тувалықсың ба?» деп сұраудың орны-
на «сен – түземдіксің!» деп кесіп-пішіп тастағанына
таңғалып тұр. Не деген өрлік! Не деген асқақтық!
Өрлігі мен асқақтығы кішкентай бойына қалай ғана
сиып тұр. Бұл өрлік пен асқақтықтың артында қандай
құдырет-күш бар? Ол құдырет-күштің жұтылған
жұмбағы неде?
Өткір жанары өңменін тесіп бара жатқан қыз:
– Сен – түземдіксің! – деді тағы да өз ой-пікіріне
осымен біржола нүкте қойғандай.
Ауыл баласы ғой, бұл:
– Жоқ, мен – тувалықпын! – деген тағы да жуас
үнмен, жасқаншақтау мінезбен. Өйткені жауап күтіп,
қадала қарап тұрғын сары шашты қызды тәубесіне
келтіретін дәлелдерін айтуға тілі шолақ. Бір жағы
соған да қорланды.
Автобус тайганың арасындағы жолға түсіп, ауы-
лына бет алған кезде анасы:
– Қалай балам, Қызыл қала ұнады ма? – деп
сұрады.
– Жоқ, – деді бұл.
– Неге?
– Бір сары шашты қыз маған ай-шай жоқ «сен
түземдіксің» деді. Ендігәрі бұл қалаға қарай аяғымды
аттап баспаймын.
Содан кейін:
– Ана, – деген қоңыр үнмен, – менің тегім –
Тактал, ал атым Валерий... Неге?
– Мен қайдан білейін, ұлым. Атаң есте жоқ ескі
замандарда олай емес еді, қазір ғой дүниенің аяғы
аспаннан келіп, өзгеріп кеткені деп күңкілдейді де
жүреді ғой.
Осы сапардан кейін қала туралы әңгіме бола қалса
мұның көз алдына сол қыз түсетін болған.
* * *
Екінші рет жолы түскенде... жігіт ағасы еді. Баяғы
қыз да сары қарын әйел болыпты. Баяғы дүкен де
сол орнында екен. Кемпірінің тапсырмасы бойынша
қант-шай алайын деп көз көрген дүкенге келе жа-
тыр еді, қайдан шыққанын әлгі сары шашты қыз...
жо-жоқ, сары қарын әйел, қасында сойып қаптап
қойғандай немересі бар жолын кесіп өте шықты.
Түркі тектестердің дәстүрі бойынша әйел баласы
ер кісі келе жатқан кезде күтіп тұрып, өзінен бұрын
өткізіп жіберу жөн саналады емес пе, анау да сөйтіп
жол беретін шығар деп ойлаған. Жоқ, олай болмады.
Мұны иығымен қағып-соғып алдынан өте шықты.
Енді таза түңілді: жөн-жоралғы болар жақсы дәстүрі
кемшіндерден де, санасында саңылауы жоқтардан
жақсылық дәметіп жүрген өздерінен де. «Қызыл
қалаға енді қайтып аяқ баспан» деген баяғы бала
сертін жұтқанына да бармағын тістеді.
* * *
Үшінші жолы... ақ сақалды қария болған әзіз
басы қаладан, тіпті, ауырып қайтты. Бойы бір тұтам
тақырбас баласы хатшы болған екен, халықтың ал-
дында сөйлеймін деген соң барсам барайын, көрсем
көрейін деген ой келген. Баласы, обалы не керек,
беделді болып шықты, бағыныштылары бұны таны-
маса да жаны қалмай жалпылдап, амандық-саулық
сұрасып жатыр. Баласына да «Бәленше Түгеншейіш»
деп телмеңдеп қояды. Бұлардың бастық болса бітті
«Түгеншейішке» көшетін аурулары бар ғой.
Сөйтіп жиналыс басталған. Бірақ ұлының қалың
жұртқа «аман-есенсіздер ме» деген, «бас хатшы»,
«сиез» деген бір-екі ауыз сөзін ғана түсінді, қалғаны
баяғыда өзіне «сен – түземдіксің!» деген қыздың,
кейін айпарадай болып, мұның жолын тура аяғының
астынан кесіп өткен кемпірдің тілінде кетті. Айнала-
сына қарап еді, бәрі түземдік... жо-жоқ, тувалықтар
екен. Не керек, екі сағатқа созылған жиналыста
биліктің бишігін ұстаған баласының тілін түсінбеді.
Жиналыстың соңы құттықтауға ұласты. Ұлы
баяғы бұған «сен – түземдіксің» деген қызға... жо-
жоқ, сары қарын әйелдің өңіріне медаль қадады,
қасындағы қошаметшілер гүл сыйлады. Оған шилан-
дай түземдіктер, жо-жоқ, тувалықтар сартылдата қол
соқты. Не үшін? Түкке түсінсе бұйырмасын. Анау жуан
сары осыншама жасқа келгенше тува жұртының ең
болмаса «рахмет» деген бір ауыз сөзін де үйренбепті.
Әлде қасақана үйренгісі келмей ме екен.
Түннің бір уағында жылап оянған баласын
кемпірінің «әлди-ай, бөпем, әлди-ай» деп жұбатқан
бесік жыры ойына оралып, көзінің алды мұнартты.
Егіліп іштей жылап отыр екен.
Бұдан былай қарай Қызыл қаласына алтын мен
бұлғын берсе де аттап басқысы жоқ. Кәрі қойдың жа-
сындай жасы қалды. Оған өмірі де жетпес енді...
Бозаң бөлменің іші тым-тырыс. Белсеніп бірден
пікір айта қою қиын болғандықтан, кім бірінші сөйлер
екен деп әліптің артын бағып жатқандар да бар сияқты.
– Мынауың шынында күрделі дүние екен.
– Бірақ ар жағынан бір ақиқаттың құлағы
қылтиып тұр, ә.
– Бәлкім, әңгіменің атын «Қызыл шаһар» деп
қойған дұрыс шығар.
Ұйқысы ашылып кеткен Қанат төсегінің астына
үңілді де, сөмкесінен төрт бөтелке «Жигули» сырасын
шығарды.
– Брехт шындықты жазғың келсе, ең аз дегенде
бес қиындықты меңгеру қажет депті. Бірінші – ерлік,
екінші – ақыл, үшінші – білім, төртінші – қабілет,
бесінші – қулық. Сондықтан осы бес қиындықтан жол
табуға ұмтылған Арман үшін алып қоялық, жігіттер.
Көп ұзамай сырамен шөлін басқан Азат пен Қанат
ұйқыға кетті. Көзімді қанша жұмсам да менің ұйқым
келмей қойды. Арман да ұйықтамапты. Орнынан
жәйлап тұрып, балконға шықты да темекі тұтатты.
«Қазақстанның» иісі бөлменің бұрыш-бұрышын шар-
лап, мұрнымды қытықтай бастады. Төсегімнің темір
торын сықырлатпайын деп епппен көтерілдім.
– Ұйқыңыз келмеді ме?
– Жаңағыдай әңгімеден кейін қалай ұйықтайсың.
– Ал аналар түк болмағандай ұйықтап жатыр.
Темекінің түтіні айлы түнгі ауада қосарлана
қалықтады. Мен иіс бөлмеге еніп кетпесін деп, есікті
өзіме қарай ақырын тартып, жауып қойдым.
– Сіздің журналға шыққан әңгімеңізді оқыдым.
– Әй, бізге сендердей болу қайда, Қанат айтпақшы
социалистік реализм ғой.
– Неге, колхоз бастығына сөзі өтпеген шалдың
өтірік сайқымазаққа айналып, қатын-қалаш, бала-
шағаны адыраң көз басшы туралы мысқылмен мәз
қылып дүниеден өткені қайғылы оқиға емес пе?!.
Түн кәдімгідей салқындап қалыпты. Мәйкішең тұрғам, денем түршігіп, құс еттене бастады. – Азат ағаның аудандық комсомол комитетінің жетекшісі деген білдей қызметін студенттік өмірге айырбастап жүргеніне түсінбеймін? Не үшін? Мәскеудегі әдебиет институты болса бір сәрі. Арман әңгіме бағытын өзгертіп, бөлмеге мойын бұрып қарап қойды. – Бәрінен де оның талант десе ішкен асын жерге қойып, қамқор боп жүретін қасиетін айтсаңшы! Сенің де басыңнан құс ұшырмайды. Көресің, мына әңгімелеріңе ақсақал ақын, жазушылардан бата алып береді әлі. * * * Қаз-үйрегін қаңқылдатып қараша айы да өте шықты. Желтоқсан орталанып қалған. Жаңалық атаулыны жұрттан бұрын еститін Қанат бір күні қас қарая екі өкпесін қолына алып ентігіп келді. – Не боп қалды? – Алаңға студенттер жиналып жатыр. Қырғын енді. Ойыма Сәби орала кетті. Қанат та осы сәт алақжұлақ етіп: – Классик қайда? – деген. – Кітапханаға кеткен шығар, оны неғыласың? – Бірдеңеге душар болып қалмаса дегенім ғой. Іле ҚазМУ-дің қалашығына түсі суық әскерилер қаптап кетті де, арқа тұтқан Азатымыз әлгілердің алдында пұшайман болды да қалды. Бізбен сөйлесуді кілт доғарып, қасымыздан танымайтын адамдай зу етіп, суыт өте шығады. «Мынау осыдан бірер ай бұрын ғана Булгаковты ұлықтайтын Азат па?» деген сауал шақшадай басты шарадай қылған. Оқу орнындағы «өзгеше ойлайды» деген бозымдар алаңдағы айғай-шуға түрткі болды деген күдікпен бірінен кейін бірі тұтқындала бастады. «Қара тізімге» біздің бөлмеден Сәби ілікті.
Бәленің кімнен келгенін білмей далмын. Түсі
қырау басқан әйнектей тікенектеніп шыға келген
Азат пен алаңнан аттандап жеткен Қанаттың сұп-
сұр жүзі есіме түскенде жылан көргендей отырған
орнымнан
ұшып
тұрам.
Сасқанымнан
Сәбидің
көрпе-жастықтарын қопарыстырып, төсегінің астын
қараймын. Қолжазбалары табылып қала ма деп
дәмеленгенім ғой. Бірақ сайтан да жоқ. Енді не істеу
керек? Табан астында абақтыға айналған мекен-
жайымыздың (жатақхананың үнемі ашық тұратын
есігіне күзет қойылған) артқы терезесінен секіріп
түстім де, пәтер жалдап тұратын жерлестеріне кеткен
Қанатқа тарттым. Ескі үйдің табалдырығынан атта-
сам, тарақандар жорғалаған столдың үстінде бір сеткі
қызыл арақ тұр. Екеуі босап, біреуі жартылай ішіліпті.
Қанатым мас.
– Келдің бе?
Сәлемдеспек болып жақындай берген Қанатты
кеудесінен итеріп жібердім. Салдыр-гүлдір еткен
столмен бірге құлаған Қанат ашуланудың орнына
күлген болады. Бірақ көмейінен күлкі емес, қыңсылған
ит сияқты біртүрлі дыбыс шығады. Жылап жатыр.
Төсектің үстіндегі Сәбидің шабаданына назарым
ауды. Кітаптары мен киім-кешектері жетімсірегендей
шашылып қалыпты.
– Қайдан алдың?
– Азаттан қайран болмаған соң, маған табыстап
кетті.
– Сатқан сол ма?
– Білмеймін...
Қанат күмілжіп, төмен қараған кезде, бұрын
мұндайым жоқ еді, тіземнің буыны кілт етіп, құлап
қала жаздадым. Одан кейін шаншу қадалғандай кеуде
тұсым да шым ете қалған. Жүрек...
– Мүмкін емес.
Сеткідегі қызыл араққа қарай қолым өзінен өзі со-
зылып бара жатты.
– Сәбидің үйіне барып қайтайық.
Қызыл шараптан ес жиған кездегі байлам осы бол-
ды. Оның ауылы Ұзынағашқа қарай баратын үлкен
жолдың бойынан онша алыс емес еді. Кәртейгенде
көрген жалғыз ұлдан жеткен жаманат оңдырсын
ба, жәутеңдеген шал мен кемсеңдеген кемпірдің
құр сүлдері ғана қалыпты. Есіме Сәбидің әңгімелері
түсіп, Қызыл деп аталатын шаһардың қатыбас
тұрғындарынан түңілетін момын шал мен «әлиди-
ай, бөпем, әлди-ай» деп, ұйқылы-ояу бесік тербет-
кен әзіз ананы таныдым. Кемпір көп үндемейтін кісі
екен, үн-түнсіз жылай береді. Шал да жетісіп жүрген
жоқ, тұңғиық ойда. Ана-санда «ө-ө-өуһ» деп ауыр
күрсінгенде, зәрең зәр түбіне кетеді.
– Бяғыда мұндай қантөгіске ұзында өші, қысқада
кегі барлар ғана барушы еді. Барса да алды-артын
ойлап барар еді. Өйткені ауылдың әпербақандарына
ата-анасы ғана емес, бүтін ел, бүкіл басшылар жауап
береді. Ал «Тозған елге – азған би» дегендей, мына
басшылардың қылығын естіп отырсам, жас балаларға
адамның жанын түршіктіретін қатыгездік жасапты.
Ө-ө-өуһ...
Көпті көрген шалды сөзге тарта білсең сауаты
ешкімнен сорлы емес. Сөз саптасы да ширақ.
– «Түйенің жаманы – көрт, шөптің жама-
ны – керт» деген, адамнан азғын боп туғандар ғана
қауқарсыз бала-шағаға қарсы қарулы әскер шығарады.
Артын ойламай ма байғұстар. Кейінгілердің бетіне
қалай қарайды? Бір ақыл-есті азамат ел-жұртты бастап
шықса, не деп ақталады? Әй, бірақ «үркерлі айдың
бәрі қыс» дегендей, билік өзгергенмен үркердей
болған бишікештер ешқашан өзгермейді. Білем ғой
бұлардың сырын. Ө-ө-өуһ...
Орташа ғана шаруасы бар ауру әкесінің дүние-
мүл кін кәмпескелеп, төсек тартып жатқанына қа-
рамастан Сібірге жер аударған қызыл әскерлерге де-
ген қыжылын ішіне бүккен шерлі шал бұдан басқа да
көп әңгіме айтқан.
– Анау Азат деген кәмсәмөл жігітке «ал, ба-
лам, не болды жай-жапсарын түсіндіріп айтшы.
Армантайымның не кінәсі бар? Не үшін қамады?» де-
сем, «Кі-Гі-Бі-нің тізімінде тұр екен» дейді.
– Әйтеуір біреудің басын жарып, көзін шығарған
жоқ па?
– Жоқ.
– Ендеше неге тізімдеріне алады?
– Саясатқа қарсысың депті.
– Қандай саясат, не қарсылық сонда?
– Тіл жойылып барады, тілмен бірге ұлт жойылып
барады деген деген сөз ғой баяғы...
– Баламның онысы өтірік пе? Мынау іргеміздегі
қаланың ырың-жырың тілін де, ділін де түсінбеген соң
үйден шыға алмай отырған жоқпыз ба омалып? Біздің
сөзімізді қай генерал түсінеді? Қай хатшы құлақ аса-
ды? «Қырсық жалғыздап жүрмейді, егіздеп төлдейді»
дейді екен бұрынғылар, індетіп іздейтін азамат бол-
са, елдің басына кесапат боп төнген бұл қырсықтың
сыңары көп қой. «Қарындағы баланың хан боларын
кім білер» дейді. Қайта, Армантай сияқты бөлек туған
балдардың бой көтеріп шықанына қуанбай ма екен?
Ө-ө-өуһ...
Міне, қызық, бізден бұрын жеткен Азат шалдың
көңілін демдеп, баласының көп ұзамай бостандыққа
шығатынын
айтып
кетіпті.
Қаусаған
қарияның
жастықтан басын көтертіп, әңгіме айтқызып отырған
да сол сөздің күші болса керек.
Азат, Азат, Азат... Сәбидің әңгімесіне риза болған
Қанат жан сырын ақтарып, сырасын ұсынғанда ол
бірдеңе дегісі келгендей күмілжіп, ойланып қалып еді.
Сосын қызыл қоңыр бөтелкедегі сары түсті сыраны
аузынан лақылдата жұтты да, ернін сүртіп:
– Бір отбасында іңгәлаған бала дүниеге келіп,
бақуатты ата-анасының қуаныштарында шек бол-
майды. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген емес пе,
ата-ананың мұндайда жұрттан жылы лебіз күтетіні
белгілі. Осыны сезген сұңғыла қонақтардың бірі:
– Көресіңдер әлі, мезгілі жеткенде бұл бала
дәулеті асқан бай болады, – дейді. Баланың ата-анасы
«аузыңа май, астыңа тай» деп, әлгіге үлкен сый-сияпат
жасайды.
– Көресіңдер әлі, мезгілі жеткенде бұл бала үлкен
мемлекеттік қызметші болады, – дейді екінші сұңғыла.
Сөйтіп оның жағымпаздағы алдыңғы айтқыштан да
асып түсіп, зор құрметке бөленеді. Міне, осы кезде
тілінен қағынған біреу:
– Көресіңдер әлі, мезгілі жеткенде бұл бала
қайтыс болады, – деп салады. – Қуаныш үстіндегілер
үшін ашық күндегі жай отындай тосын ба? То-
сын. Айтқаны ақиқат екені де рас па? Рас. Бірақ бұл
шындықтың оларға сол сәтте керегі бар ма еді? Әрине,
жоқ. Тіпті кәрі қойдың жасындай жасы қалған қарияға
да санаулы ғана күндерің қалды десең, «көргенсіз»
деп ашуланады ғой. Не керек сөйтіп, байлық пен
қызмет туралы жарамсақтықпен өтірік айтқандар
сый-сияпатқа бөленіп, ал адам баласы қалайда қашып
құтыла алмайтын қорқынышты шындықты айтқан
сорлы таяқ жеп, қуаныштарын тойлаған шаңырақтың
табалдырығынан допша домалап шығады. Сол сияқты,
күндердің күнінде кеңестік жүйе құлайды дегендердің
бұ дүниеде оңбайтыны анық. Булгаковтың астарлап
айтатыны сондықтан. Сәбидің дүниесін дәл сондай
демесем де, ащы шындық айғайлап тұрған сияқты
екен, – деген.
Он төртінен толған ай қой қораның үстіне іліп
қойған майшам сяқты түнгі аспаннан себездеп сәуле
шашады.
– Қанат, Сәбиді сатқан кім деп ойлайсың?
– Білмедім.
– Мен өзімнен көрем. («Азаттан көрем» деп айта
алмадым).
Қанат төсегінен ұшып тұрды. Өз құлағына өзі сен-
бей, «рас па, өтірік пе» дегендей, маған қарап ербиіп
отыр.
– Қалжыңың ба?
– Шыным. Сәбидің әңгімелерін ұмытқан жоқ
шығарсың?
– Қалай ұмытарсың ондай дүниені.
– Елгезеріме салып көрсем, Сәбидің әңгімесінен
кейін жұрттан сүйінші сұрай беріппін ғой.
– Жұртың кім?
– Баспалар, одақтар... Әйтеуір, әңгіме-дүкен бо-
латын жердің бәрінде.
– Е-е, ондайды мен де айттым ғой. Ең бастысы,
арандатушылардың қармағына ілікпесең болғаны да?
– Ай мен күннен басқа жердің бәрін арандатушы-
лар жаулап алған жоқ па.
– Күнді қайдам, олардың аяғы айға да жетті.
Қанаттың жүрегі орнына түсіп, азырақ тын шы-
ғандай болды
– «Қызыл жағалылар» сенен Сәби туралы алдын-
ала сұрақ-жауап алған екен деп қорқып қалмайын ба?
Адамның сонша зәресін ұшырып.
– Сонда да бар ғой, Сәбидің ұсталғанына үшеуміз
кінәліміз.
– Неге?
– Өйткені, ол әңгімесін бізден басқа ешкімге
айтқан жоқ. Отыз жетінші жылы мынандай сұмдық
болған екен. Алқа-қотан әңгіме-дүкен үстінде «бірін-
шінің» саясатына қарсы пікір айтылса бітті, ішіндегі
ең пысығы комитеттегілерге міндетті түрде алғашқы
болып жеткізуге тырысады екен. Ал үлгермегендері
«халық жауы» ретінде түгел қамауға алынатын
болған.
– «Жұт жеті ағайынды дегендей», сатқындықтың
да түр-түрі болады екен-ау.
Көз алдыма Иса пайғамбарды қапсыра құшақтап,
бетінен сүймекке ұмтыла берген болып жендеттерге
астыртын белгі берген Иуданың жексұрын жүзі бей-
неленген сурет келіп тұра қалды. Тұра қалатын себебі,
осы суреттің көшірмесі қай жылдары, кім әкелгені
бір Аллаға ғана аян, біздің бөлменің қабырғасында
ілулі тұратын. Комендантымыз шоқынды әйел еді,
бәлкім, соның қоймасынан келген дүние шығар. Бі-
рақ біз Иса пайғамбар мен сақабалары бейнеленген
ескі репродукцияның басқа жер таппағандай тура
біздің бөлменің қабырғасында ілулі тұрғанынан ұт-
пасақ, ұтылған жоқпыз. Бөлмемізге кіріп-шыққан
оқымыстылардың суретке қарап тұрып айтатын
әңгімелері арқылы пайғамбарлардың азапты өмірі
жайлы біліміміз толыса түсті. Толыса түскен білім
опасыздық туралы қаншама классик қалам тербе-
се де сатқындық атаулының мына жарық дүниеде
әліәзір тиылмасына да көзімізді жеткізді. Қайта үдеп
келе жатқан сияқты. Тіпті бүгінде, тірі болса Иуданың
өзі жағасын ұстайтын «сценарийлер» жасалып, елге
тұтқа болатын небір азаматтардың көзі бірінен кейін
бірі жойыла бастады емес пе? Аран ғой бұл! Апырау,
сонда аранның адамға да келіп қалғаны ма?
Аран... аран... аран... Айтпақшы, бұл сөз ойыма
қайдан келе қалды? Ә-ә, балконнан бөлмеге кіріп,
төсегіне жатқан Сәби қабырғадағы көмескі тартып
тұрған әлгі суретке қарап:
– Иуда кезінде Иса пайғамбардың, сәләллаһу
уәссәләм, ең адал сақабаларының бірі болған. Бірақ
ол пайғамбар досын небары отыз күміс сөлкебайға
сатып жіберген. Түсінесіз бе, бар болғаны отыз күміс
сөлкебай, – деп еді-ау.
– Өсімқор ұрпақтары сол сөлкебайдан жиналған
пайыздың пайдасымен бүгінде төрткүл дүниені уы-
сында ұстап тұр емес пе?!.
– Үндемей жүріп сіздің де тіліңіздің қыршаңқысы
бар, аға. Мейрамда қайда боласыз?
– Ауылға кетем.
– Мен жатақханада қалам. «Аран» деген атпен
бір дүние жазып жүр ем, ешкім жоқта соны бітіруім
керек.
– Аран дейсің бе?
– Иә, жұрт ашқарақ адамды көргенде: “Мынаның
араны ашылған ба?» деп үрейленіп жатады ғой.
Аранның түрі көп. Ашыққан қойлардың бір-бірінің
жүнін жалмап, киіз тышып, қынадай қырылатын ау-
руын қырғыз ағайындар «аран» деп атайды.
– Ой, сұмдық-ай! Ем-домы бар ма ол пәлекеттің?
– Әкем айтатын, аранға ұшыраған кезде қойларды
қорға қамамай, ашық аспан астына шығарып, шөбі
мен шүйгіні мол далаға қарай тоқтатпай қуа беру керек
деп. Біздің қоғам да қазір үлкен рухани аштыққа ду-
шар болып, аран ауруы сияқты неше түрлі сұмдықтар
белгі бере бастады емес пе. Билік басындағылардың
бірін-бірі сатып, бірін-бірі ұстап беріп жатқандары
басқа емес, аранның дәл өзі. Тіпті одан да жаман. Осы
рухани дерт болашаққа үлгі болмаса екен деймін да...
– Өзіңнен өзің не деп күбірлеп жатсың?
– Сәбидің тағы бір әңгімесі есіме түсіп кеткені...
ШАНШУДЫҢ БАЛКОНЫ
Шаншу шіркін шіреніп балконнан тост айтып
тұр екен деймін. «О заман да, бұ заман, дені-қарны
сау адам да балконға шығып бақылдап тост айта ма?
Байғұстың шынымен-ақ шатаса бастағаны ма?».
Құдайдың құдыреті, түсімде санамды сансыратқан
сан-сапалақ оқиғаларға өзімнен-өзім таңғалып жата-
тын бір қызық әдетім бар.
– Рахмет, – дейді Шаншу, – Шуылдақ ата-
ма ескерткіш қойыпсыңдар. Бірақ шалды есекке
мінгізудің не қажеті бар еді? Ұзынқұлақтан Айбардың
шығарып жүргені деп естідім. Оныкі таза өзінің атын
шығару ғой. Естібай мен Кенжебек те шыбындаған
жылқыдай бас шұлғи беріпті...
Шаншуды баяғы Хрущевтің пәрменімен соғылған
ескі үйдің балконында тұр екен деймін. Зілдей
денесін көтере алмай салмағын бір аяғынан екінші
аяғына аударған кезде ескі балкон сықыр ете қалды.
«Ау, Естібай атам біздің Шаншу жаңа үй алды деп
Кенжебекке ылғи мақтанып отырмаушы ма еді?».
Жарымжан балкон бір жамбастап, әні-міні құлайын
деп тұр. Шаншу сорлы оны сезіп тұрған жоқ. «Ой-
пырай, мынандай апатты жағдайға қарамастан бей-
марал өмір сүре беретін адамзаттың баласы не деген
көнбіс еді?!.»
– Айналайын, Көркемтай, сен ауылдан қол үзбе.
Мен басқаларға қарап бой түзеймін деп мына қураған
қу балконға байланып қалдым...
«Мә, Шаншу көкем Демосфен болып кеткен бе?
Ішіп алғанда «Шумел камыш...» деп, миды ашытқаны
болмаса, аузын буған өгіздей үндемеуші еді ғой».
– Әй, сендер мені балконнан былшылдатып қойе-еп, өздерің аузынан сыңғытып жатқан жоқсыңдар ма? Балкондағы Шаншудың дорбадай аузына қарап тұрамыз деп Асқар екеуіміздің мойнымыз талып қалыпты. Қолымыздағы әлі ашылмаған бөтелкені көрсеттік. «Жоқ, ішкен жоқпыз» деген белгіміз. – Ал, онда «Аруақ риза болмай, тірі байымайды», Шуылдақ атамның ескерткіші үшін алып қоялық. Шаншу қолындағы бір кесе сүтті (Сүті несі? Бұл кісі арақты қойған ба? Түу, мұны естісе елден бұрын Естібай атам қуанатын болды ғой. Апама айтып «жеті нан» құдайы бергізбесе неғылсын?) аузына апара бергенде, жер сілкінгендей болды да, кенет қолындағы кесесі ұшып кетті. Ағарған шашырап келіп үстімізді аймандай қылды. Жоқ, жер сілкінбепті. Опырылып құлап бара жатқан Шаншу тұрған «хрущевканың» балконы екен. – Шаншу аға... Айғайлайын десем даусым шықпайды. Шаншу да, балкон да, үй де жым-жылас. Қираған қалдықтардан шаң-тозаң көтеріліп, түтін бықсиды... * * * Жастық бір жақта, басым бір жақта жатыр екен. Желісіне әрең ілініп тұрған торлама қауындай төсектен салбырап қалған сопақ басты көтеріп тұру оңай ма, мойным ұйып, қозғалтпай қалыпты. «Пыссымылда, пыссымылда...». Үйдің сыртқа есігі ашық тұр. Бөлмеге су себілген саялы ауладан салқын леп келеді. Қыт-қыттаған тауықтардың табалдырыққа дейін тақымдай түскенін сеземін. Байғұстар үйдің ішіне аңсары ауып, мойындарын созып, қайта-қайта қарағыштағанымен «жә, бір малын кәйтсем екеу қылам деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген Естібайдың бір бәлесіне қалармыз» дегендей, өрістерін қайтадан аулаққа салады. Дүниені дүрліктіріп жатқан «құс тұмауынан» бейхабар қызыл әтеш қана нәпсісін жеңе алмады.
Табалдырыққа секіріп шығып, қызылды-жасылды мамығы мың құбылған мойнын қылт-қылт еткізген кербез неменің жаны дәліздегі аяқ-табақты салдыргүлдір еткізіп бір-ақ тыншыған. – Кіш, әй. Адамды түтіп жейтін шығар мыналар. Жаздым-жаңылдым дегендей қоқ-қоқтап қаша жөнелген кербез әтешті атамның жыңғыл таяғы сақпандай ысылдап шығарып салды. Тұру керек шығар. Басқа жер құрып қалғандай ала мысық көрпемнің үстіне шығып пырылдап жатыр. Сілкіп тастадым. Тәтті ұйқысын бұзғанымды жақтырмағандай даусын соза мияулаған мысық қағынып-сілкініп, керіліп алды да атамның мыжмыж мәсісіне барып оралды. Осы кезде даладан Кенжебектің даусы естілген. – Ай, Естібай, үйдемісің. – Е, үйде болмай Мекке-Мәдинеге кетті деп еп ең? Кенжебек үйге өзімен бірге даланың бір құшақ бәйшешегіндей көктемнің хош иісін ала кірді. – Оу, мына сабаз әлі тұрмаған ба? – Шарбақтыдан шығатын алғашқы пірімірміністір болам дей ма, көзінің майын тауысып жұлдыз ауғанша кітап оқиды. Түске шейін тырайып жатпағанда кәйтеді сосын. – Біздің қара шұнақ ертелі-кеш кәмпитүрге қадалады да отырады. Онысы ыңғи атыс-шабыс бірдеңе... Апам далада самаурынмен алысып жүр екен, үйге «бу машинасын» тура деректі фильмнің өзінен алып келгендей болды. Дастарқан басынан құлаққа жағымды әдемі әуен естіліп, табалдырық пен төрдің арасын сексеуіл шоғының жағымды иісі жайлаған. Жарнамадан түспейтін «Шах» шәйінің жаңа демделген сәтіндегі жұпар иісі тәмпіш мұрнымды қытықтады. Кенжебек атам жөткірінді. Сосын менің бас жағымдағы кітапты алып, Бейімбет Майлиннің қамалмай тұрған кездегі кекіл шашы бұйраланып түскен әдемі суретін аялай сипап отырды да:
– Анауың құлап қапты, – деді. – Өсетін бала сондай-ақ болар деуші ем. Таң қалдым. Оқуға құжат тапсырған талапкерлердің тест деген бәледен құлайтын кезі былтыр өтіп кеткен. «Құлап» қайтқан көзі тірі куәнің біреуі өзім. Биылғы «құлайтын» уақыттың ауылы әлі алыс. Сонда наурызда тыраң ете қап жүрген кім болды екен? Ойымдағы ойпырайлаған сауалдың орайын Кенжебек атам оңайлатты. – Кімді айтасың? – Кім боушы еді, Шаншуды айтам. – Оның қай құлағанын естімей жүр ек? Бәсе, әңгіме талапкерлер туралы емес екен. Кенжебек атамның құлқын сәріден құпиялап жүргені қалада тұратын Шаншу қақындағы гәп болды. «Түсімді айтып берсем бе екен?..» – Жоқ, бұ жолғысы бөлек құлас дейді. – Қанадай құлас дейсің? – Бөлек құлас деймін. – Жүрек пе? – Қайдағы жүрек. – Қаны таситын бәлесі бар ма еді? – Қан да емес... – Енді не? Айтатыныңды айтсай адамды діңкәләтпай. – Әкімнің үстіне құлапты. – Не дейт?! Атам шошып кетті. Шалдардың әңгімесін құлағының сыртымен тыңдап, шәй құйып отырған апам да шыдамаса керек. – Қай әкімнің үстіне құлапты теректей боған байғұс? – Айбар деген әкім бар емес пе еді әлгі. – Ие... – Бот, тұп-тура соның үстіне құлапты. – Алда сорлы-ай, сорлап қалған екен-ау онда. Ұрмап па әйтеуір? – Әзірге ондай інпәрмасиә жоқ. – Бұл әңгімені сонау ит өлген жерден кім айтып кеп жүр саған?
– Ай, анау Шауыпкелдің айтысқа қатысатын ба-
ласы бар емес пе?
– Иә, осы өткенде ғана айтысқа барам деп
далаңдап жүргенін көргем.
– Со неме сахнада айтысып отқанда бопты уақиға.
Апам бетін шымшылады.
– Апырай, жұмысынан шығарып жібермесе
неғылсын.
Атам ақиды.
– Енді жалтыраған басынан сипайт деп пе ең?!
Шешем сірәдағы шегінбес.
– Е, маған десе таз басын үйітіп жесін. О несі-ай.
Шуылдақ жәкемнен қалған жалғыз тұяқ қой деп жа-
ным ашып отса, маған айғайлағаның қай сасқаның.
Мағұлым болды, баяғы Шаншудың арағының
жыры. Апам айтпақшы, бұдан да әлгі Айбар деген
әкімнің аяғын құшып құлаған күйі қата қалғаны
жақсы еді. Профессор жеңешеміз қалай қапы қалды
екен? Үйіне тас қып қамап кетпеуші ме еді?
– Шақыртып, өз аузынан естіп білейік те, былай.
– Кі – ім –ді?
Атам ә дегенде Кенжебек қаладағы Шаншуды
шақыртайық деп отыр екен деп қалды-ау деймін, дау-
сы созалаңданып, қабағы қырыстана қалды.
– Ақын баланы.
– Ой, құдай-ай, сенің де ақын, ақын деп таңдайың
тақылдай қапты ғой. Шауыпкелдің баласы десейші
онан да. Осы күні ақын деген ат та арзандап кеткен ба,
немене өзі?
Атам үшін ақиық ақындар арғы ғасырларда
Шортанбай, Дулаттармен бірге өтіп кеткен. Бергі
дәуірлерден Абай мен Жамбылды ғана мойындар. Ал
ауылдағы ақын-жазушымыз деп көкіп жүргендердің
аты-жөнін естісе, ер-тоқымын бауырына алып тулап
шыға келеді. Кенжебекке шешем көмекке келді.
– Кенжебек байғұста нең бар? Өкпең боса «ақын
бала» деп алақандарына салып жүрген әкімдерге
айтпайсың ба?
– Әй, Көркемтай тұр да, ана Шауыпкелдің бала-
сын ертіп кеші.
– Асқарды ма?
– Біліп тұрып сұрайтындарың-ай осы, иә, со
лоқиды ертіп ке...
Атам
Шауыпкелдің
баласын
адам
құрлы
көрмегенімен, маған айтыс ақынының үйіне кіру
кедейдің кеденінен өткеннен де мұң болды. Жеңгеміз
жартылай ашылған есігінен дода-дода басын шығарар-
шығармастан:
– Оскардың қолы бос емес, состязаниеге дай-
ындалып жатыр, – деді де, ініне зып берді. Қолын
қусырынған молдадай жолдың бойында шоқиып
тұратын сарышұнақтан да жылдам. «Жейше-ау, атам
Оскар Уайльдты шақырып жатқан жоқ, сіздің үйдегі
Асқар Суайтты шақырып жатыр», деп те үлгере алма-
дым.
Үйдің ішінен «еу-еу» деп бақсыдай буынған
Асқардың ащы даусы талып естіледі. Қалжырай
бастаған ба, қалай? Жеті қат жердің астынан жет-
кендей домбырасының үні де құмығыңқы. Амал жоқ,
жеңешемнің аузымен құс тістеген Оскары арқасын
құрыстырған
жын-шайтанымен
әбден
арбасып
болғанша жалықпай күтуге тура келді. «Қанша мықты
ақын болсаң да, түзге отыруға бір шығарсың», –
деймін қасарысып.
Мен де ақын болып көргем. Бірақ атамнан аса
алмаған соң қойдым. Қазір атамның Шаншу туралы
«Арақта кеткен есесі, басынан үлкен кесесі» деп Шор-
танбай, Дулат жырауларша термелетіп басталатын
өлеңі бүкіл Шарбақтының аузында жүр. Үлкен-кіші
жатқа айтады. Ал менің «Самал желмен шайқалып,
жас қайың тұр жайқалып» дегенімді аудандық газет
екеш аудандық газет те баспай қойды. Сосын өлең
шіркіңді өкпелете бермейін деп поэзия пырағымен ат
құйрығын кесіскем.
Далаға сорайып шыға келген Асқар ақын мені
көріп состиып тұрып қалды.
– Өй, үйге нәғып кірмей тұрсың?
– Айтысқа дайындалып жатыр дегесін...
– Той деп, беташар деп ел әбден ығыр қылды,
елки, – Асқар тізесіне шейін түсетін ұзын қолын
екі жағына созып, масаттана керіліп алды. –
Кеше Кәкімжанның баласы келін түсіріп, қоярда-
қоймай ертіп кетті. Ақша дегенің соларда екен ғой.
Банкирлерің сәлемге жүз доллардан тастады...
Құлақты сарсытқан мақтан.
– Атам шақырып жатыр.
– Жәй ма?
– Білмейім.
Асқар ақын шарбағының аяқ жағындағы қамыстан
далдалап қойған әжетханасына кіріп кетті. Арзанқол
қытай белдігінің ілгектерін сылдырлатып ағыта
бастағанына қарағанда, біраз бөгеліңкірейтін түріміз
бар.
– Бірдеңе жазып жүрсің бе?
Асқар ақынның үні әжетхана деген аты ғана бар
қамыс далданың ішінен күшене шықты.
– Бәрібір атамнан аса алмаймын.
– Оның да жөн.
– Не оқып жатсың?
– Гюнтер Грассты.
Қайдан шықса, одан шықсын, өтірікті соғып
жібердім. Шарбақтыдағы тап-тұйнақтай үйінің асты-
нан су шыққандай «атажұртым Алмания қайдасың!»
деп көшіп кеткен Гауфлердің қиқар отандасы Гюнтер
Грассыңның Нобель сыйлығын алған сұңғыла екенін
жақында ғана газеттен оқығанмын.
– Астарлап отырып үкіметінің аузын ұратын ит
екен.
Қамыс далданың ішіндегі Асқардың үні шықпай
қалды. Осы өңірдің жар дегендегі жалғыз ақыны «ә,
анау ма, оқып ем ғой» демеді. «Ау, оның кім еді?» деп
сұрауға да намыстанатынын сезем. Ауданның бетіне
қараған жалғыз суырып салма ақыны әлі күнге шейін
оқуға түсе алмай, тест деген сынақтан торғайдай топ
ете қап жүрген боқмұрынға осалдығын білдірмеуі ке-
рек. «Бәлем, қатының әбден қанымды ішіп еді, сол ке-
рек өзіңе» деймін ішімнен.
– Аптаның аяғында Арқаға жүрем. Есбол батырдың әруағына ас беріп, айтыс өткізбек. Бас жүлдеге «иномарка» тігіпті... Бір жағына қарай қисайған қамыс далдадан ышқырын көтеріп, ауын түймелей шыққан Асқардың мұнысын «Гюнтер Грассыңның әке ғанасының аузын... Пәлсәпаңды езіп, басыңа жақ. Қазағымның айтысына қуат берсін» деген дөң айбатты ұғып, ақынды үйге қарай бастадым. Екеуіміздің әдебиет һәм шығармашылық қам-қаракет турасындағы толғанысымыз осымен тәмәмдалған... * * * – Балам, жөндеп, рет-ретімен айтшы өзін былай. Ана әңкиген сорлы не бүлдірді? «Атаң жауап алу үшін шақыртқан екен ғой» дегендей, маған алакөзімен ата қараған Асқар: – Айтысып боған соң залға кеп отқам... – деді сүлесоқ. – Қош. – Шаншу балаңыз («балаңыз» дегенді кекесіндеу кейіппен, екпін түсіре айтты) удай мас боп қазылардың қасында тұр екен. – Алда сорлы-ай, атауын ішіп алған екен, арт жағында-ақ отыра бермеді ме? Аузынан жыны ағып жүріп қазыларда несі бар ей, а? – Жә, кемпір, сөзін бөлме. – Бір кезде Айбар ағайдың қасына келіп, бұрыла берді де... – Өйтіп әдемілемей-ақ қойсайшы, сыры белгілі ғой. – Әйтеуір бастықтардың қасындағы қатындары баж ете қалды. Соған қарағанда әкімді ұрайын деп жатыр деп қалды-ау дейім. – Бәсе, қосылған қойы жаман екен деген елдің сөзінен шошушы ем. Содан... – Содан бойын билей алмай Айбардың үстіне кескен теректей құлап түсті.
– Астапыралла! – Әкім байғұстың зәресі қалмаған шығар? – Көкпаршы адам ғой. Дер кезінде қамшылар жағына қарай жалт беріп үлгерді. – Қаматып қойған жоқ па? – Білмейім, әйтеуір әлекедей жалаңдаған тақырбас көмекшілері жетелеп ап кеткен... Атам ернін тістелеп отырып қалды. Сосын «Таз ашуын тырнаудан алар» дегендей, Кенжебекке ежірейді. – Сен бағана айтысып отырып көріпті демеп пе ең, әй? Кенжебек те сақалы шошаңдап дес берер емес. – Айтысып отырып көрді не, шәй ішіп отырып көрді не? Мәселе, мас боп әкімнің үстіне құлаған Шаншу деген албастыға кеп тіреліп тұрған жоқ па? О заманда, бұ заман, ел естімеген масқараның бәрі біздің Шарбақтыға үйір болатыны несі екен осы? Атамнан маза кетті. – Әй, жетесіз сүмелек-ай, – дейді тістеніп. – Әулетіміздің сүйегіне таңба салды-ау. Шуылдақ марқұмның бұл сұмдықты көрмей өліп кеткені абырой болған екен да. Шуылдақ атамыз қазақтың аңқау шалдарының бірі болса керек. «Істәліннің ескерткішін ауылға әкелем деп жүріп жазықсыз қамалып кетті ғой байғұс» деп атам аузынан тастамайды. Сосын «о кезде кәзіргідей көлік қайда» деп әңгімесін бастап кететін. Аупарткомдағылар Сталиннің ескерткішін аулыңа алып бар деп қоймаған соң Шуылдақ атам қайткен. Кеуде мен бастан ғана тұратын домаланған тасты есекпен алып жүру оңай шаруа емес. Өзі зілдей ауыр бәле тағы. Ақыры атам ары ойланып, бері ойланып, қақшиған бас пен талыстай кеудеден тұратын тасты құм салған қанар қаппен теңдеп байлайды да, қауын артқандай есегінің үстіне көлденең тастай салып «Шарбақты қайдасың?» деп тартып кетеді. Айтпақшы, қырсық шалғанда, ауылға бірден тартып кете бармайды екен. Үйдегі апамызға қант-шәй ала
салайын деп ауданның орталығындағы дүкенге барса,
мойнына бұғау салынған Сталиннің басы да салақтап
дүкенге барады, ауылдан ала шыққан ала тоқтының
терісін өткізе салайын деп базарға соқса, бас та ала-
құла жұрты жыртылып-айырылған базарға соғады.
Шәйханаға аялдап, аяқ суытса да есектің сауырындағы
қу бас салақтап соңынан қалмайды. Шәйханада не
көп, көк шәй ішіп кеу-кеулескен қылжақбастар көп.
– Шуеке, есегіңізге не артып алғансыз? – дейді
шәйханашы ұйғыр қутыңдап.
Атамыз саспайды.
– Не боушы еді, Істәліннің басы, – дейді шып-
шып тер шыққан маңдайын дәу беторамалымен
сүртіп.
– Қапта не бар?
– Сарыкемердің құмы.
– Құм дейсің ә, – деп сыздаусиды төрде төбедей
боп жатқан шегір көз, таңқы танау, бақа тамақ қазақ.
– Құмға теңдеп артпағанда, сенің қарныңдағы
боққа теңдейін ба енді?
– Құп қатырдың, әка, – дейді көк шәй ішіп көсіліп
жатқан ала шапанды өзбек қарқ-қарқ күліп.
Шуылдақ атамыз осы арада шегір көз, таңқы та-
нау, бақа тамақтың НКВД-дағы лақап аты «Қаламұш»
боларын аңдамас. Сөйтіп ойында ештеңе жоқ атам
Стекеңнің басы екеуі Шарбақтыға жеткенше әбден
қыдырар. Бірақ қыдырғаны бар болсын, атамның
есегімен
құйрық
тістесе
жеткен
әпербақандар
шалдың қолын артына қайырып, ауданға қайтадан
алып кетеді. Атам сол кеткеннен мол кетіпті. Тепсінген
тергеушілер қазақтың жүкті көлікке теңдеп арта-
тынын құлақтарына да ілмепті. Арада пәленбай жыл
өткеннен кейін ҰҚК мұрағатынан табылған айыптау
қорытындысының қысқаша мазмұны мұны былай деп
шежірілейді:
«Шуылдақ Шопанбайұлы жапондармен астыртын
байланысып, жапон әскерлері Сы-Сы-Сырға басып
кіре қалған жағдайда Шарбақтыда Кеңес өкіметіне
қарсы
көтеріліс
жасауды
жоспарлаған.
Йосиф
Виссарионұлы Сталин жодастың басын шиландай
жұрттың көзінше есекке артып, БК(б)П саясатына
қарсы ашық түрде қасақана акция ұйымдастырған... »
Шаншу – сол аңқау Шуылдақ Шопанбайұлынан
қалған жалғыз тұяқ.
– Тұяғың қиылғыр тұқымына тартпай шәрәмік
боп кетті десейші.
Асқар ақын маған көзінің қиығымен қарап қояды.
Қылмиған көзінің жылмиған қиығында «Шаншудың
ана тірлігін естісе, ататайың мына түрімен қылғынып
өлетін шығар» деген табалау тұр.
* * *
«Талапкер – 2000-ның» тестінен топалаң тиген
тоқтылардай топырлаған бір топ бозөкпелермен бірге
мен де «құлап» қайтқам демеп пе ем. Атам мені сон-
да Асқар ақынға қосып, «құжаттарыңды реттеген
соң анау Шаншу ағаңның үйіне барып сәлем бер»
деп тапсырған. Асқар кәдімгідей қала көріп, ысылып
қалған ғой. «Алдымен Шаншу ағаның үйіне телефон
шалып, Естібай атамыздың аманатын айтайық» деп
маңызсыды. Бірақ телефонның трубкасын құлағына
тақап, желінің ар жағындағы Шаншумен тілдесе ба-
стауы мұң екен, түрі бұзылып сала берді. Айтысқан
кезде тілі мен жағына тоқтау болмайтын Асқар ақын
«мақұл» деген сөздің түбіріне түп етектен байланып
қалғандай басын шұлғи берді. Таксофонның трубка-
сын орнына тарс еткізіп қонжитқан соң:
– Кеттік, – деді бұртиып.
– Қаяқа?
– Комокқа.
Шарбақтының шарап зауытынан шығатын қызыл
арақтардың түр-түрі «комокта» самсап тұр екен.
– Қаншау аламыз? – деді Асқар ақын.
– Екеуі жететін шығар.
Екі бөтелке шарапты марқұм Шуылдақ атамшалап
кәстөмімнің екі жағындағы қалтасына «теңдеп» ал-
дым.
Соңғы кезде намаз оқып, арақ-шарабыңызды та-
тып алмайтын айтыс ақындарының «партиясында»
Асқар да бар. Сайрамдағы сансыз бапқа барғыштап,
Түркістандағы түмен бапқа түнегіштеп, Арқадағы Ала-
ша, Жошы, Домбауылдардың мазарларына зиярат-
шылап жүрген Асқар ақын да арақ-шарап қойылған
жерден бойын аулақ салып жүреді. Сондықтан
сәлем бермей жатып шарапқа жұмсаған Шаншуды
да, кемпірінің шәйін ішіп, құдай деп жатудың орны-
на «Шаншуға барып сәлем беріңдер» деп арқамызға
аманат арқалатып жіберген Естібай атамды да, екі
бүйірімді мұп-мұздай боп қарып түскен Шарбақтының
екі бөтелке шарабына мәу демей келе жатқан мені де
сыбап келеді.
Шаншу
ағайдың
құжырасы
қаланың
қиыр
шетіндегі бетон үйдің бесінші қабатында екен.
– Шаншу, Шаншу дегенге коттеджде тұрады екен
десем, қазақтардың маңдайына жазылған пәтерде
тұрады екен ғой, – дедім.
Көңіл-күйінің барометрі шайқалақтап қалған
Асқар ақынды күлдірейін дегем. Бірақ ол аузын буған
өгіздей қасарысып үндемеді.
Қаланың
сыртына
қараған
балконынан
сыраханадағы араның ұясындай құжынаған думан-
ды топқа сілекейі шұбырып, жарға қонған жауыр
қарғадай қарауытып тұрған Шаншу болып шықты.
Асқарды таниды екен. «Келдіңдер ме?» деді да,
балконнан шелегін асығыс түсіре бастады. Шелек-
ке жіптің орнына ақ жаймаларды байлапты. Көзім
бақырайып кетті. Асқар ақын үндеме дегендей
бүйірімнен түртіп қалды. Шелек үйдің іргесіндегі
көк майсаның үстіне НЛО сияқты қалықтап кеп
қонақтады да, екі бөтелке қызылды «бортына» тиеп
алған соң, жоғары қарай қайтадан қалықтай көтеріліп
кете барды. Біз ғарышқа тұңғыш «ғарышкер» Лайка-
ны шығарып салған коммунистер сияқты басымыз-
ды шалқайтып, қаттық та қалдық. Шаншудың шелегі
кедергісіз ғарыш кеңістігіне шықты-ау деген кезде
«уһ» деп бір-ақ демалдық. Шаншу екі бөтелке ша-
рапты шаң-шаң бүйірінен шөп-шөп сүйді де, бізге
«кәзір» деп, қорбаңдап үйіне кірді де кетті. Біз де,
шелек те жаңағы ғарыштық қиял-ғажайып дүниеден
жерге оралғандай, қоңылтақсып қалдық. Кенжебек
атам асар жасап, ауылдың қолы бос балаларына ан-
да-санда қорасының төбесін сылатып алатын. Сонда
жіптің ұшына жалғаған темір ілгекке балшық толы
шелекті іліп, жоғарыдағы сылақшыларға жіберіп
тұрушы ек. Мынаның содан айырмасы шамалы.
– Мынау тура Кенжебек атамның асары болды
ғой.
– Шаншу таздың «бас жазары» десейші одан да.
Ойыным осылып бара жатқан мені Асқар ақын
қабақ шытып, әлі жақтырмай тұр. Жақтырмаған сай-
ын құтырамын.
Мен кәйтейін аласын ұшқан қаздың,
Асарлатып Шаншудың басын жаздым, еу, еу...
Көмейімнен өзінің мақамын естіген Асқар одан
бетер ыза болады. Дегенмен, тырсия бергеннен түк
шықпасын түсінді-ау деймін табан астында:
Шелегін шарапқа сап шөлін басқан,
Қорлығын қарасаңшы-ай мына таздың, еу, еу...
– деп, тапқырлығымен ішек-сілмеді қатырды. Күн шақшиып, тас төбемізден өтіп барады. Шаншу қорбаңдап үйіне кіріп кеткеннен әлі жоқ. Екі бауырының емешегі езіліп келіп тұрғанын мүлде ұмытып кеткен. Бір уақыттар болғанда ағамыздың жалтыраған дәу басы көрінді-ау. Бағанағыдай емес, қабағы ашылып, жүзі жадырап қалыпты. – «Жедел жәрдемнің» өзі бүйтіп тез жетпейді, жігіттер. Шыбын жанымды бір ажалдан алып қалдыңдар. Рахмет, бауырларым! – Оқасы жоқ, Шаншархан аға, ұлықсат болса, біз енді қайта берсек.
– Оу, қайда асығасыңдар? Ауылдың әңгімесін
айтпайсыңдар ма? Анау қара пұшығың кім?
– Естібай атамның баласы емес пе?
– Ауылдың балдары тері-терсек жинап жүр деп
естіп ем. Базардамысың?
– Аға, бұл ініңіз сіз сияқты бастық болам дейді.
Ертең университетте тест тапсырады...
– А-а... Кәзір...
Шаншу қолындағы бос бөтелкені балкондағы өз
қызметін адал атқарған шелекке атып ұрды да, мен
туралы әңгіменің аяғын тыңдамай ішке қайта кіріп
кетті. Тағы күтіп тұрмыз.
– Екінші бөтелкені жайғауға кетті, – деді Асқар
ақын.
– Бұл кісі бізді неге үйіне шақырмайды? – дедім
мен жыным ұстап. «Ауылдың балдары тері-терсек
жинап жүр деп естіп ем. Базардамысың?» дегеніне
кәдімгідей намыстанып қалғанмын.
– Әйелінің істеп жүрген бәлесі. Арақ іздеп,
қаңғып кетпесін деп сыртынан әдейі құлыптап кетеді.
– Мәссаған, ұят емес пе? Дап-дардай кісі ғой.
– Жеңгең орысша оқыған, балтай-шалтайыңа
қарамайды.
– Атамның «арақта кеткен есесі, басынан үлкен
кесесінің» мәнісін енді түсіндім.
Шаншу балконға шықты. Масайып қалыпты. Осы
кезде үйдің бұрышынан бізден басқа тағы екі адамның
сұлбасы көрінді. Біреуі ұзын, екіншісі тапал. Бұлар
да біз сияқты «жедел жәрдемдер» екен. Сөздеріне
қарағанда Шаншу ағайдың қызметтестері сияқты.
Шаншуды көре салысымен Ұзын қутыңдап:
– Майна! – деп, айқайлады.
Ағамыз қорбаңдап қауғасын төмен түсіре бастады.
Шелекке Шарбақтының шараптарын әп-сәтте «тиеп»
біткен екеудің Тапалы жоғары қарап:
– Вира! – деп, айқайлайды.
Ұзын мен Тапалдың бізге қарағанда тәжірибелі
екендері
мен-мұндалап
тұр.
Құрылысшылардың
терминдерін де ұтқыр қолданады екен көксоққандар.
Шаншу «түсіндім» дегендей шелегінің «жібін» саумалап тарта бастады. «Дәрі-дәрмектерін» бесінші қабатқа аман-есен аттандырған екеу бір бөтелкені өзара жәукемдеуге көшті. Шаншу балконда, ана екеуі жерде, қызу әңгіме-дүкен басталды да кетті. Кенжебек атамның асары түске қарай о жақ, бұ жақтың адамдары кеп, жұмысшылардың қарасы көбейе бастаған кезде қызушы еді. Сол қызық енді басталғандай. Шаншу бағаналы бері илеуіне дән тасыған құмырсқадай бөтелкені қайта-қайта үйіне алып кіріп кетуші еді, енді балконда тұрып-ақ сілтеп жатыр. – Ал, жігіттер, Шаншархан ағаларыңның денсаулығы үшін ап қоялық. – Біздің ауылда о кісіні Шаншу дейді. Ұзыны Асқарға үңіле қарады. – Тіліңнің тікенегі бар екен, осы сен... ақын емессің бе? Бәсе, қай жерден көрдім деймін. «Ақынмын» деп мақтана ма, Асқар үнсіз. – Мэлсті айтасың ба, Булгаковты айтасың ба? – деп қасын керді Тапал. Айтыс төңірегіндегі кәлләсына жинақталып қалған біраз-міраз тәкбірлерін тәмсілдемек түрі бар. Бірақ Асқар: – Булгаков емес, Айтақын Бұлғақов деңіз, – деп Тапалды тиып тастады. – Ой, олардай боу қайда? – деді Ұзын. Асқардың қабағы түйіліп кетті. Көзіңді бақырайтып қойып кемсіткенді кім жақсы көрсін. Әшейінде Асқарды іліп-шалып жүретін менің де жүрегім шым ете қалды. Бірақ Ұзын өзеуреп қояр емес. – Сенің осы «еу-еу» деп сыңар езулеп отырып алатының қалай? – Сөзге тоқтамайтының деп, тоқ етерін айтсай, – деп балконға қарап, керги берген Тапалдың қалың көзәйнегінің ар жағынан аларып көрінетін ақ түскен көзі шеңберінен шығып кете жаздады. Біздің бастарымыз да жоғары қарай кегжең-кегжең ете қалысты. Шаншу балконда басы тап-тақыр бір бәлемен алысып жатыр.
– Атаңа нәлет, бермеймін деген соң, бермеймін, – деп кіжінеді кеп. Анау бірдеңе деп орысшалайды да, ағамыздың қолындағы бөтелкеге жармасады. – Баласы ғой, – деді Ұзын. – Түрмеден шығып кеп пе еді бұ пәлесі? – деді Тапал таңданып. – Баяғыда шыққан. Қаны бөлек қатынымен ажырасып тынды. Қызметтестер командасынан түзілген «жедел жәрдем» мүшелері негізгі жұмыстары «бас жазу» екенін тарс ұмытып, Шаншу ағамызды көзімізді бақырайтып қойып жамандай бастады. Балкондағы төбелес тақыр бас бәленің жеңісімен аяқталды. Ұлының шиландай жұрттың көзінше шарабын тартып алғанына қорланған Шаншу ағамыз кемсеңдеп жылап жіберді. Шелектің түбінен басқасын алып, тығынын тістеп ашты да қызылкүрең сұйықты көмейіне лақылдатып құя бастады. Сосын салпиған ерінін қолының сыртымен сүртіп, кавказшалау қоңқақ мұрнын қорс еткізіп бір тартып, үйіне кіріп кеткен ұлының соңынан екілене айғайлады. – Атаңа нәлет, нашақор! Жиырма жыл түрмеде отырып, қанымды сүліктей сорғаныңмен қоймай, үйде де тыныштық бермейін дедің бе? Атаңа нәлет, кет үйден, жоғал! Сұм, құзғын, жүлік... Тақыр бас бәле балконның есігінен басын шығарды да әкесіне: – Таблетка керек маған, таблетка, – деп, ақырып ішке қайта кіріп кетті. – Топылиыма шейін тәблеткіңе айырбастап құрттың ғой атаңа нәлет, енді не қыл дейсің маған?!. Шаншу аузынан ақ көбігі шашырап «атаңа нәлет» деп бақырған сайын есегіне Сталиннің басын теңдеп алып, ойында ештеңе жоқ тепеңдеп келе жатқан Шуылдақ атам есіме оралды. Шаншудың дорбадай аузынан шыққан нәлеттер Шуылдақ атама НКВДның әпербақандарының күрзісіндей дүңк-дүңк тиіп жатқан сияқты. Жазықсыз сотталып кеткен ақкөңіл атамды аядым. Көңілім босап кетті. Шаншуға
қосылып жылағым келді. Асқардың жүзі де қарауытып
кетіпті. Ұзын мен Тапалдың ғана әттегенайлары жоқ.
Ыржыңдап қойып, қалған-құтқан шараптарының
түбін төбеттерше жалап-жұқтап жатыр.
– Ішпейтіндерің дұрыс екен, – деп паңданды Та-
пал.
Асқар ақынның соңынан Ұзын әлі қалар емес.
– Шаншудың, тойыс Шаншарханның атасы
шығарған мына өлеңді білесің бе? Қалай еді? Ә-ә, бы-
лай екен ғой...
Қыңқапты мен кәйтейін кимеген соң,
Сұлуды мен кәйтейін сүймеген соң.
Шаншудың деректірлігінен не пайда бар,
Насыбайдай пайдасы тимеген соң...
Атамның өлеңі сонау Шарбақтыдан ұлы жіңгір
шаһарға да жетіпті. Бірақ оған мақтанып, Ұзынмен
мылжыңдасып тұратын уақыт қайда.
– Көр-кем-тай...
Кенет еңіреп жіберген Шаншу балконнан құлап
кете жаздады. Торға түскен торғайдай азаттықты
аңсай ма, жұлқынып-жұлқынып қояды.
– Мен қор болдым ғой. Қорлады ғой мына-
лар. Ауылға ап кетіңдерші. Естібай атам қайда?
Апарыңдаршы...
Бағанағы
танымай
тұрғаны
көлгірлік
екен.
Көркемтайлап ботадай боздаған кезде сай-сүйегім
сырқырады. Бұдан ары шыдап тұра алмадым.
– Кетейікші, Асқар.
Шаншу мен баласының әуеніне төңкеріліп,
бесінші қабаттағы «бас жазарға» қарап тұрам деп
мойыны талған Асқар желкесін уқалап:
– Кеттік, – деді.
–Көркемтай, Асқар, кетпеңдер. Кәзір мен бір
тост айтайын, сосын кетесіңдер...
Шаншу ағамыз трибунада тұрғандай әңкілдеді.
Бесінші қабатта тұрып тост айтатын дәстүрінен
көршілері де зәрезап болса керек. Лезде дүрлігіп
шыға келді. Екінші қабаттағы көзі бақырайған, бұйра
шашты басының қарақұсына тақияға ұқсас бірдеңе
жапсырған семіз көршісі балконына шығып:
– Шаншархан Шуылдақович, егер атан түйеше
бақыра бергеніңізді қоймасаңыз, кәзір полиция
шақырамын, – деп сызылды.
– Бішкектің базарынан жаңа ғана кеп мызғып ем,
адамға маза бересіңдер ма, жоқ па? Сұмдық-ай, бұл
жерде осыдан соң қалай өмір сүресің, – деп, үшінші
қабаттағы жирен шашты қатын бажылдады.
Бірінші қабаттағы терезесін айқара ашып тастаған
қазақ:
– Шаншу тағы да балконда тұрып бөсуге кіріскен
бе? – деп мырс етті де, бұлтиған бөксесін буаз
кесірткедей бұраңдатып көзден ғайып болды.
– Шаншудың халі мүшкіл екен, – деді Ұзын.
Асқар ақынның талағы тарс айырылды.
– Мүшкіл деп мұрындарыңызды шүйіргенше,
қой демейсіздер ме?
– Ау, қанша айттық, құлағына ілмейді. Оның
үстіне білдей бастығымыз емес пе?!.
– Тоқсандық есептің қызған кезіндегі түрі мы-
нау...
– Енді осы ішкеннен бар ма, тұп-тура үш апта
жатып ішеді, сосын үш апта жатып емделеді. Сендер
білмейсіңдер ғой, нағыз рахат осыныкі...
Байқауымда Шаншудың еркелігінен Ұзын мен Та-
пал да қажыған.
– Әй, екі ит, былшылды доғарыңдар.
Балконда тұрған Шаншу Кенжебек атамның
байлаулы төбеті құсап арс ете қалды. Қызыл шарап
көбейген сайын әңгіменің де мәнісі кете бастаған.
Шаншу енді ауылға ауыз салды.
– Ауылдан келдік дедіңдер ма маған. Бәрің де
итсіңдер. Естібай да, Кенжебек те, бәрің. Жақсы
атты көрінгілерің келеді, ә. Аттарын шығару үшін
ескерткіш дегенді шығарып апты түге. Түкірдім мен
ондай... ондай...
– ...халтураларыңа, – деді, шарабы таусылып
балконға шыға келген тақыр бас бәлесі.
– Ақылдым менің, бетті әкеш-ш...
Шаншу жаңа ғана жер-жебіріне жеткен ұлын
емірене құшақтады. Әке де, ұл да қып-қызыл мас еді.
– Мұндай шошқаға сәлем береміз деп әуре боп
жүрген біз де ақымақ, «сәлем бер» деп жұмсап жүрген
атаң да...
– Атамда шаруаң болмасын. Шаншудың адам
сиқынын шығып кеткенін шал қайдан білсін.
Асқар ақын екеуміз ұлы жіңгір шаһардың бір
қиырында тұрып төбелесіп қала жаздадық...
* * *
Асқар ақынның маған қараған кездегі қылмиған
көзінің жылмиған қиығындағы табалау осы еді.
– Адам болмайтын жақа шықты десеңші...
Кенжебек күрсінді.
– Әкесінің ескерткішіне келмегенінен-ақ ішімді
жиып ем.
Естібай атам қалтасынан дәу беторамалын алып
көзін сүртті. Жылап отыр. Шалдарға керек болмай
қалғанын сезген Асқар ақын ыңыршағы айналған
көтерем сиырша шұбалаңданып орнынан тұрды.
Әкімдер мен кәсіпкерлер әлпештеп жүрген алтын ба-
сын аса сыйлай қоймайтын шалдарға деген қыжыл
бар жүзінде. Әжетхана деген аты ғана бар қамыс дал-
дасына шейін шығарып салдым.
– Айтыстан қашан келесің?
– Бір аптадай болатын шығармыз...
Қайтарда Қазанбас болыс атындағы мектептің
алдындағы
ескерткішке
соқтым.
Қара
есегіне
Сталиннің басы мен бір қап құмды теңдеп алған
Шуылдақ атам тепеңдеп барады. Былтыр көктемде
Алматыдағы сәулетшілерге тапсырыс беріп Ай-
бар әкім арнайы соққызған ескерткіш. «Елде жоқ
ескерткіш» деп сарысы бар, бозы бар, күллі газеттер
жабыла мақтады. Құдайдың құдыреті, бұрын жер
бетінде бар-жоғы білінбейтін әкіміміздің аты осыдан
кейін аспандап шыға келді. Себебі Айбар ескерткішті
Сталиннің басы туралы аңызды негізге алып соғыңдар
депті. «Үкімет басшысынан ыңғайсыз болады ғой»
дегендерге «Шаншу сияқты балконына байланып
қалған боркемік деп пе еңдер оны, өнерді түсінеді»
депті. Шуылдақ атамның ескерткішіне қойылған
Қордайдың қызыл тасына Сталиндік жазалауға
ұшыраған шарбақтылық 77 адамның аты-жөндері
жазылған. Ескерткіш ашылғанда бәрінің ұрпақтары
келді. Абыр-сабыр жұрттың ортасынан тек Шаншудың
ғана жалтыраған дәу басы көрінбеген. Елдің сәлемін
жеткізе барған атамды «сендер ескерткіш деп елден
ақша жинағанды ғана білесіңдер» деп, үйіндегі қасқыр
итше қауып алыпты. Келіні шәй ішіңізге жарамап-
ты. Атам жағасын ұстап келді. Ендігісі мынау айдың-
күннің аманында әкімнің үстіне құлап, масқара болып
жатқаны...
* * *
Бір аптадан кейін Асқар келді. «Арқаның ақындары
соңғы кезде сұмдық өсіпті» дейді күпілдеп. Өзі үшінші
орынға әрең дегенде ілініпті.
– Әзірге «иномарканың» ауылы алыстау болып
тұр.
Жеңіліп
қалғанына
ыңғайсызданып,
өтірік
ыржиған болады.
– Құдай беташар мен тойдан берсін де. «Елде бол-
са ерінге тиеді», – дедім мен.
– Е, сөйдесейші ағаңды қажай бергенше. Астанаға
кету керек. О жақтағы министрлердің тойына асаба
болсаң мың жарым долларды шытырлатып тұрып са-
нап береді екен.
Асекеңнің соңғы жылдары жабысқан дерті ұстай
қалды. «Дүние, доллар...». Өнер, білім туралы әңгіме
бастасың бітті, түйінін айналдырып әкеліп айтыс пен
ақшаға тірейді. Анадан оқыдым, мынадан үйрендім
деген бір ауыз сөз айтсайшы сабазың. Оның тісі опы-
райып ылғи үшінші орыннан аса алмайтынын мен осы
түк оқымайтынынан көрем.
– Шаншу туралы ештеңе естімедің бе?
– Қызметінен алып тастапты. Соны Айбардан
көріп, газетке жазыпты дейді.
– Не деп?!.
– Жас болған, мас болған деп...
– «Жығылып жатып, сүрінгенге күлетін» сорлы
екен ғой.
– Департаментіндегілер де сөйдеп жүр...
– Атам «Үлкенмен жағаласпа, көрінбей қаласың,
баламен жағаласпа, көмілмей қаласың» деуші еді.
Кәртейген шағында жастармен жауласып, жексұрын
атаныпты ғой.
– Шіріген жұмыртқаға жүйкеңді жұқартып
қайтесің. Нашақор баласымен алысам деп өзі де өлетін
бопты.
– Түсім осыған көрінген екен ғой.
– Түс көріп пе ең?
– Атамдар сені шақыртқан күні түс көргем.
Жамандыққа жорып жүрер деп ешкімге айтпам ем.
Құрбан айттың алдында базарға барған Кенжебек
атам Шаншудың тері жинап жүрген делдал балалар-
дан арақ сұрап, ілмиіп тұрғанын көріп шошып келді.
«Әй, енді адам болуы қиын-ау» дейді түңіліп. Естібай
атам «Ойда сиыр мөңіресе, тауда арқардың мүйізі
сырқырайдының» кері ғой біздікі, деп қояды Кенже-
бекке. Бірақ мен «ойда сиыр мөңіреді екен деп, тау-
да мүйізі сырқыраған арқарды» көрмедім. Шаншу да,
шелек те, балкон да таз қалпында.
Асқар ақын екеуіміз Астанаға кететін боп қол
алыстық. Банкир келінінің бетін ашқанына риза
болған бір беделді сенатор Асқарды министрлікке
қызметке тұрғызатын болыпты. Сол кісі арқылы маған
да түріктердің құрылыс компаниясына жұмысқа
жалдануға қол ұшын беретін болды. Жазда Гумилев
атындағы университеттің ең мықты факультетіне тест
тапсырамын. Атам айтпақшы, Шарбақтыдан шыққан
алғашқы «пірімір-міністір» өзім болмасам, балконға
байланған Шаншудан ауылға қайран жоқ...
СОП-ТИАК-ТИ
Досым Бауыржан Үсенге ескерткіш.
Автор.
– Ой-бай, ой-бай...
Ауылға анда-санда «джиптерімен» шаңдатып кеп,
шаңдатып кететін; шаңдатып келген сайын Мәдениет
үйінің төріне жиналып ап, быртиған қолдарымен қозы
қарындарын құшақтап, шәниіп-шәниіп тұра қалатын;
шәниіп-шәниіп тұра қалған сайын бастықтарына қарап
«алдияр, сіз бастаңыз» дегендей күнбағысша иілетін
домалақ шенеуніктерше сап түзеген асықтарының
шекесіне сарт ете түскен сары сақасының күшіне
мейманасы тасыды білем, киіз үйдің іргесінде өзімен-
өзі ойнап отырған Тінәлі ойда-жоқта ойбайға бассын.
– Ой-бай, ой-бай...
Ойбайының
екпіні
ерен.
Шешемнің
шала
бүлініп, ашуланғанын қызық көре ме, кейде Тінәштің
қараптан қарап отырып ойбайға басатыны болушы
еді. Бірақ бұл жолғысы оған ұқсамайды. Екі кештің
арасында жаман ырым бастады демесең, Тінәштің
сырнайдай сызылтып салған «ойбайының» астар-
әдібінен жаманшылық іздеудің өзі күнә-сынды. Дауы-
сын қандай әуенге салып алғанын бір құдайым білсін,
әйтеуір, әннің сөзіндей құйқылжып тұр.
– Ой-ы-бай, ой-ы-бай...
Бірақ, қанша жерден бұлбұл болса да, ойбайдың
аты ойбай. Анам да, әкем де «ойбайдың» қандай
шаңырақты жағалайтынын қалқан құлағымызға әбден
құйып қойған. Әсіресе, бейуақта жылағаннан жанда-
ры жаман түршігеді. Ал мына батырдың жамандық шақырғандай төрт көзі түгел әке-шешесінен төрт қадам жерде отырып ап «ойбайға» басқанын жақсылыққа жоруға бола қояр ма екен? Қазір әкешешем осы қылығы үшін сазайын бермесе неғылсын? Қауіптенгенімдей болды. Тінәлінің «әні» ең алдымен шешемнің зәресін ұшырды. – Мына тұқымың өскірдің пәлекет шақырып отқаны несі-әй, а? Арқасындағы құжынған шыбын-шіркейді құйрығымен сабалап, ауылдың желке тұсындағы жусанды жазықта арқандаулы тұратын жауыр атын анда-санда бір байқастап қоятын дағдысымен үйдің сырт жағында жүрген әкемнің құлағы да ерке ұлының оғаш қылығын қалт жібермепті. Беліне көлденең ұстап келе жатқан таяғын Тінәліге туралап кеп сілтеп қалды. Қолдан қолға өтіп, әбден жылтыраған келте таяқ ысылдай ұшқан күйі киіз үйдің жосасы кете бастаған көне керегесіне сарт ете түсті. Таяқтың сарт ете түскен дыбысымен қоса әкемнің: – Сайтаныңды қағып алайын ба осы, аһ? – деген құмығыңқы үні естілді. – Бұл ма, бұл тұқымың өскірдің шығармайтыны жоқ. Шешемнің от басы, ошақ бұтынан шыққан бір ауыз «мәлімдемесі» сырттағы ашулы шалына коалицияның ұрынарға қара тапай жүрген ұр да жық әскерлеріндей «одақтас» екенін ұқтырды. Ә дегенде не болып, не қойғанын аңдамай қалған Тінәлі әкешешемнің «бірлескен шабуылының» сыңайы санасына сарт ете қалған тұста, аяқ астынан пайда болған «сыртқы» және «ішкі» жаулардан жансауғаламаса жағдайының мүшкіл болатынын сезіп, жанға жайлы көлеңкені жандәрмен дегенде «жау қолына» тастап шықты. Сосын, не болса соған күйіп-пісіп, айқайлай беретін әке-шешесін келемеждегендей санын шапаттап қаша жөнелді. Бірақ ерулінің соңынан іле-шала атқа қонған қарулының жоқ екенін сезген соң анандай жердегі Совтрактордың есегі «аунап-қунайтын»
тулақтай тақырға барып талтайып тұра қалды да, сай жаққа қарап «ойбайын» одан бетер үдетті. * * * Жалға алған азын-аулақ жеріне Орлик деген кәріспен қосылып пияз егіп, Құдай тағаладан сол ащы сабақтың ормандай болып өсуін тілеп жүрген әкешешемнің халықаралық мәміледен хабары шамалы. Мысалы, кіші халықтардың басындағы қасіретті мына аяқ астынан сүтке тиген мысықтай «түрткі көрген» Тінәлі бейбақтың басындағы «қорлықпен» салыстырып қарасаңыз, кез-келген шетін мәселені атыс-шабыспен шешеміз деген асылықты қою керек деген байламға келесің. Жалпы, Шаншарханның «бір күн ұрыс болған үйден, қырық күн береке кетеді» деген мақалының жаны бар. Бірақ баяғы плантаторлармен бірге тұқымы тұздай құрыған әлімжеттіктің мынау ғылым-білімі таңдай қақтырған үшінші мыңжылдықтың табалдырығында тым дөрекілеу көрінетінін менің арамшөп отаймыз деп жүріп өңдері қап-қара боп күнге күйіп кеткен әке-шешем тұрмақ, мұхиттың ар жақ, бер жағын аузына қаратқан ақ жағалы ақсүйектердің өздері де пайымдап жатқан жоқ. Тау халқының даңқты ұлы Шәміл елім мен жерім ақ патшаның аждаһадай аранына түсіп кетпесін деп қан кешіп жүргенде жұртын «Кіші халықтарға үлкен қанжар керек» деп қамшылапты. Бәрекелді! Содан арада жүз жыл өткенде Әбутәліп деген ақын қандасы оны «Кіші халықтарға үлкен дос керек» деп өңдепті. Жөн-ақ! Әбутәліп ақынның осы «түзетуінен» кейін де, міне, бірсыпыра мүшел өтті. Бақсақ, бәрі де бекер сияқты. Кіші халықтарға «үлкен қанжар» да, «үлкен дос» та қорған болып жарытпады. Тіпті, дос өшіксе, дұшпаннан да жаман болады екен. Үшінші мыңжылдықтың буымен бостандықты аңсап, «мінез» көрсеткен Тінәлі сияқты кіші халықтардың кейбірін үй-орман, бау-шарбағымен қоса атқылап, жермен-
жексен ғып жіберген сол «достары» емес пе? Сонда маңдайларына «кіші халық» деген таңба басылған елжұрт дымын шығармай, тым-тырыс отыруы керек пе? Шаншархан болса сақал-мұртын сыйпалап отырып: – Кіші халықтарға білім мен ғылым керек, – дейді. – Сонда оларға жүзінен жұрт сескенетін қанжар да, қас-қабағына қарап өбектеп отыратын дос та өзінен-өзі табылады. – Тәуелсіздік ше? – Тәуелсіздіктің діңгегі әуелден-ақ ілім-білімде ғой. Мен бұдан ары «Шарбақтының Шәмілімен» таласа алмаймын. * * * Жаман әдет жұққыш келеді. Шешем де «шаңырағымызға жамандық шақырды» деп Тінәшқа айдың-күннің аманында ай-шай жоқ дүрсе қоя берді. Ал әкем болса қай жағынан алып қарасаң да дәреже-дәргейі кіші халықтардың қатарына жататын Тінәліге алпауыт елдердің ұр да жық тәсілімен «қару» қолданып, жағдайды мүлде ушықтырып жіберді. Одан да ойда-жоқта біздің үйдің «№1 лаңкесіне» айналып шыға келген Тінәлінің «ойбайының» астарындағы мәселеге саясат төңірегіндегі сақа мәмілегерлерше салмақпен қарағанда, ол батыр мына құсап бүкіл ауылды басына көтермес еді. Енді, міні, дарылдаған дауысын бүкіл Шарбақты естісін дегендей: «Ой-бай, ой-бай, ал, қайтесің, ой-бай, ой-бай...Соп-тиак-тидың үйінің ай жағында ой-бай, ой-бай...», – деп, қасарыса «бақырып» тұр. – Қап, әттеген-ай! Мына күшіктің сонша азынағаны несі-ей, а-аһ?!. Әкем айласы таусылып, айран-асыр болған адамның сыңайымен керегенің көзіне тұрып қалған таяғын алып, босағаның іш жағына әкеп сүйеді де,
дастарқанның шетіне келіп, даусын соза «Е-е, Аллаһ» деп, малдас құрып отырды. – Сені ма, осыдан үйге бір келерсің... Шешем білегіндегі күміс білезіктері сылдырлап диірменді қолына алды. Таңғалмай-ақ қойыңыз, Шарбақтыда «Майкрософтың» соңғы үлгідегі бағдарламасы салынған жапон компьютері қазақтың қол диірменімен құдайы көршідей қатар тұра береді. Тінәлі ойбайына «Соп-тиак-тидың үйінің ай жағында ой-бай...» деген бәлені қосып «әндеткен» кезде төрдегі «Самсунг» компьютеріне шимай-шатпақтарымды жазып отырған менің бүйрегім бүлк ете қалды. * * * Совтрактор көкемді айтам да, жарықтық трактор десе тура трактор ғой. Сексенді сеңгірлеп қалса да қаламұшы мен қағазын шошаңдатып бала-шағамен бірге шапқылайды да жүреді. Балағымен дүниенің топырағын «күреп», ауыл-ауылды ақтап шыққанын айтпағанда, «штаттан тыс тілшімін» деп аңғал әкімдерден жамбаспұл мен жолкіре алып, бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Сосын әр жердегі ет жеп, қымыз ішкендерін тәптіштейтін «тәпсірлерін» жариялату үшін баласымен жасты редакторлармен қызылкеңірдек болып, айтысып-тартысып жүргені. – Тә-ә-әк, арағыңды қойдырдым, енді темекіңді қойдырсам... Көк түтінге көміліп, өзімен-өзі ойға шомып отырған Шаншарханның қасына тапырақтап жетіп келген Совтрактордың аузынан шыққан алғашқы сөздің сиқы осы болды. Адамдарды «Ассалаумағалейкүміне» қарап бағалайтын шарбақтылықтар үшін бұл, әлбетте, ерсілеу қылық. Бірақ Айдапкелден әрең дегенде сұрап алған бір тал темекісінің түтінін құныға жұтқан Шаншархан селт еткен жоқ. Сырбаз. Бұл сырбаздық Совтрактордың шамына тиеді. Сосын сарышұнақша шақ-шақ етіп, бұрыш-бұрышты тіміскілей бастайды. Бірақ тұздығы бұзылған бөшкедей әлемтапырақ
бөлменің ауасын қанша иіскесе де дым сезбес. Міне, осы кезде сәңкиген мұрнының іске аспай қалғанына ызаланғандай шылым шегіп тұрғандарға шүйлігер. Нысанаға, әлбетте, ең бірінші боп Шаншарханның жүн басқан бет-аузы ілінеді. Қақпағы ашық қазандай қарауытқан ауыздың айналасын Совтрактордың тұмсығы ұры иттей тіміскіп өткен кезде, Мәдениет үйіндегі шиландай шылымшы бір-біріне «абайлаңдар, мына алжыған төбет Бауырмалды құртқаны аздай, тағы біреуіміздің түбімізге жетіп жүрмесін» дегендей сақтана бастайды. Шалдың пенделігіне мырс ете түскендер де болар. Бірақ айылын жиятын Совтрактор жоқ. «Әгәрәки, мен бүгін осы шаңырақтан бір жағымсыз иіс таппасам, онда мына сәңкиген мұрнымның қалғанын кесіп алғың» деп, ауыл әкімі Айдапкелмен бәстесіп келгендей дегбірсізденіп бітеді. * * * Ұмытып барады екем, айтпақшы, трактор көкемнің әу бастағы аты Советғали екен деген әңгіме бар. Төңкеріс, интернационалист, большевик деген тақырып та баяғы. Бірақ бертін келе тілінің тікенегі бар қушыкештер әп-әдемі аттың «ғалиын» алып тастап, «тракторды» тіркеп қойыпты. Шаншархан болса бұл оғаштау атқа оның шаш ал десе, бас алатын ұрмаперме мінезі кінәлі дейді. Ол кезде облыстық партия комитетінің хатшысынан «қоңырау» жетсе бітті аудандағы шымалдай қаптаған шенеуніктер дереу Советғалиді тауып ала қояды екен. Тауып алатыны «Ойбай, Сәбеке, құрыдық. Шарбақтының ауқаттылары әке-шешесінің қабіріне күмбез тұрғызамыз деп «біріншінің» қаһарына ілігіп қалыпты. Орталықтан бұрын өзіміз сынап жібермесек, нағыз қызылкөз бәлеге қаламыз» десе бітті, жын ұрғандай «Шарбақтының моласы қайдасың?» деп, шаба жөнелетін көрінеді. Ол шапты дегенше, шаруа бітті дей бер. Ертесіне-ақ газетке «Сағаналар сап түзеді» деген фельетон жарқ ете
қалады. Ауылдағылар болса «мынаны жазғанның ата-
бабасы көмусіз қалған ба, әлде жын-шайтаннан підә
болған ба?» деп, жағасын ұстайды. «Діндәр шалдардың
еркінсуіне жол берген ауыл кеңес» болса қызметінен
ұшып түседі. Ал фелетоншының артынан топырақ
шашқан ауылкеңестің отбасы «Көмусіз қалғыр, сәңкі!
Тілін шайнаған балаң басыңа белгі тұрғызбайтын
болған соң жазып отырсың ғой» деп ойбайлап қала
береді.
Көп ұзамай тағы «дабыл» түседі. Бұл жолы «Ой-
бай, құрыдық. Құлмырза деген қу сүндет той жасап-
ты. Сол бәленің сазайын тартқызу керек» деп, тап-
сырма беріледі. Бұл жолы «Сүт кенже мен сүндет
той» деген фельетон парткомның түбіне жетеді.
Парткомның
әйелі
болса
баласын
жиырмадан
асқанша сүндеттемеген соң жазып отыр ғой деп,
қарғап-сілеп қала береді. Бертін келе шенеуніктердің
өздері де «ауылдарыңда әлгі трактор бар емес пе, соған
айтсаңдаршы тас-талқанын шығарсын» дейтін бо-
лыпты. Сөйтіп көкеміздің кеңес өкіметінің үрметіне
үкілеп қойған аты ұмытылып, Совтракторға айналып
шыға келіпті. Айтпақшы, Совтрактордың мазарлар
туралы шатпағын оқыған Шаншархан «анау айтаққа
еріп,
жөн-жосықсыз
шабалана
беретін
төбетке
айтыңдар, әке-шешесінің опырылып жатқан моласын
қарайтпаса, трактормен көмгізіп тастасын» депті-мыс
деген әңгіме де тараған. Содан бері Советрактор...
кешіріңіз, көкем мен Шаншарханның арасы ит пен
мысықтай.
* * *
Сол Совтрактор шапқаннан шауып кеп Шан шар-
хан ға «тә-ә-әк, арағыңды қойғыздым, енді темекіңді
қой ғыз сам» деуі қамқорсу емес, «мен айттым, сен
көндінің» дөң айбаты еді.
Шаншархан арағын өлгенде қоюшы ма еді. Бүгін
де жұмысқа басы мең-зең боп келген. Әйтеуір көкем
келіп, ауаны тіміскілемей тұрғанда тиын-тебінімізді
ортаға салып, басын «жөндеп» бергенбіз. Айдапкел-
ден аттай қалап алған бір тал темекісін қалт-құлт еткен
саусақтарына Шәкең содан кейін ғана қыстырған. Со-
втрактор болса бірдеңеден құр қалғандай тапырақтап,
міне, осы кезде жетіп келген. Әншейінде қой аузынан
шөп алмайтын Шаншархан осы жолы күйіп кетті-ау
деймін:
– Дүниеде темекіден де тұрпайы нәрселер көп
қой. Бірақ күресіңді алдымен анау нашақор балаңнан
бастасай, – деп, Шауыпкелдің жанды жерінен бір-ақ
ұрды.
«Балам «обкомның» қызымен бірге оқиды» деп
мақтанатын көкем Кеңес өкіметінің күні қараң
болғалы бері жуасып қалған. Сенген хатшысы ше-
кара асып кетті. Бұл кітапханасынының төріндегі
шаң басқан қызыл туды көк байраққа ауыстырды.
Бірақ ту өзгергенмен көкем өзгерген жоқ. Оның
түсінігінше хатшылардың тұсындағы шаш ал десе,
бас алатын белсенділер бүгінгі шенеуніктерге де ке-
рек. Белсенділерсіз өкімет өкімет пе? Тек мазмұны
бөлек болсын. Мәселенки, кеше «жолдас, хатшы» деп
сүйреңдесең, бүгін «әкім мырза» деп мәймөңкеле...
Шаншарханның «шиті мылтығының» оғы нысана-
сына дөп тиді-ау деймін, Шауыпкел шатқаяқтап кетті.
Аңдамай басқан кетпенінің сабы маңдайына сарт ете
қалғандай басын ұстап ойланып тұр. Совтрактор екені
рас болса дәл қазір бір сұмдықты қойып қалары анық.
Бекерге күдіктенбеппін.
– Қатын-балам жаман болса да қасымда отыр.
Сен құсатып жұртқа тастап кеткен жоқ, білдің бе?
Ұшына әбжыланның уы жағылған сұр жебе Со-
втрактор жақтан ысқыра ұшып келіп енді күрк-
күрк жөтеліп отырған Шаншарханның жарымжан
жүрегіне кірш ете қалды. Шаншарханның жұлым
үйдің жабығындай жел улеген қырық-шұрық көңілі
қатын-бала мәселесіне кеп тірелген тұста басы-
лып қалады. Қайсы күні менің шеберханама келіп,
бүгежектеп біраз тұрыңқырап қалды. Күмілжи берген
соң бірдеңе айтқысы келгенін сезіп «о, нелеп» қоймай
қойып ем:
– Бар болса, айлыққа дейін бес жүз теңге бере
тұрсаң, – дегені.
– Шәке-ау, сол да сөз болып па?
Қалтамда
Тінәліні
арзанқол
ойыншықтармен
алдаймын ба деп жүрген мың теңгем бар тұғын,
жалма-жан суырып бердім. Шәкең қолымды қайта-
қайта қысып, енді болмаса мыж-мыж мың теңгеден
айырылып
қалатындай
құжырамнан
апыл-ғұпыл
шыға
жөнелді.
Қуа нышын
қызықтасам
керек
Шаншарханның соңынан жынды адам құсап ербиіп
мен де дәлізге ілесе шықтым. Шәкең темекі шегетін
бұрышта бір асықтай баламен шүйіркелесіп тұр екен.
Осы кезде Совтрактор қасымнан әжетханаға қарай зу
етіп өте берді де аса маңызды хабар жеткізгендей:
– Баласы ғой, – деп, сыбыр ете қалды.
Түкке түсінсем бұйырмасын. Әжеті бір минөттен
асты ма, жоқ па білмеймін, қолын екі жағына
сілкілеп Совтрактор тағы кеп қалды. Мына құйын-
перен жылдамдықтың жанында Ирактың ойран-
ботқасын шығарған суперзымырандар жіп есе ал-
мас. Ербеңдеген екі қолынан шашыраған судың там-
шылары адасқан оқтұмсықтай ерніме келіп жабы-
сты. Совтрактор болса бұл бейбастығы аздай бетіме
бетін тақап тұра қалды да әлгі сыбырлап кеткен суыт
хабарының жалғасын тәптіштеді.
– Сауда жасаймын деп желігіп жүріп, байға тиіп
кеткен әйелінің баласы ғой. Анда-санда ақша сұрап
Шаншарханға кеп тұрады. Сорлы бала бұл көксаудың
жарымай жүргенін қайдан білсін...
Ішіне ит өлгендей демінің иісі мұндай жаман бо-
лар ма. Аузынан аңқыған бәлекет қала маңындағы
шайынды судан мүңкитін сасық иісті есіме түсіріп,
жүрегім айнып кетті. Әлде... Шаншарханның соңына
шам алып түскені шошытты ма екен?
– Сұмдық екен...
Мең-зең болып тұрып айтқан сөзімді өзінің пайда-
сына балаған Совтрактор айызы қанған адамның по-
шымымен кітапханасына қарай тапырақтай жөнелді.
* * *
Бірақ мұның бәрі ананың қасында түк емес. Онда
Айдапкелдің партком кезі. Әскери дайындықтан өтіп
келген күні қарап отырмай:
– Мен де бір мақтанайыншы, – деді қатпар-
қатпар қарнын ышқырлықтың тұсынан жоғары қарай
бір көтеріп қойып.
– Е, мақтаныңыз, – деді Шаншархан.
– Мақтансам, мен – лейтенантпын.
Совтракторге бұл мақтан ұнамай қалды.
– Капитандық болмаса, лейтенанттың жұлдызын
мен баяғыда алып қойғанмын.
– Әскерге жарамай қалған шегірге қайдағы
капитандық.
Совтрактор ақиып шыға келді.
– Кім шегір? Сен Кі-Гі-Бі-нің запастағы лейте-
нантымен ойнама! Капитанның шенін сенен бұрын
алмасам әкел қолыңды.
Совтракторге қол беретін Айдапкел ма.
– «Салпаңқұлақпын» десейші одан да, – деп
кеңкілдей күлді.
– Қамалып кетпе сорлы!
– Баяғы баскесер билікті аңсап отырсың ба?
Совтрактор бұдан ары айтысарға уәж таппай
кітапханасына қарай жортақтай жөнелді.
Бірақ Совтрактордың айтқаны айдай келді.
– Осы қураған қу шен-шекпеннің жолында
Шарбақтының бір бозымын «құрбандыққа» шалып
жіберді жексұрын, – дейді Шаншархан тістеніп.
* * *
Бауырмал бөлек жаратылыс еді. Арқа-жарқа
азаттықты
сүйетін.
Шабыты
шалқыған
кезде
өлеңдерін оқитын. Ол өлең оқығанда Шаншарханның
көздері жайнап кетеді. Тұңғиық ойлардың иірімі
шыркөбелек
айналдырып,
түбіне
тартқандай
жанұшыратын. Елжірейтін, егілетін. Көңілі босап,
бәрімізді сыраханаға шақыратын. Қызып алған кезде:
– Айналайын-ай, сенің жырларыңды түсінетін
жұрт жындыханаларда жүр ғой, – деп жылайтын.
Бауырмалдың балладасынан ұққаным, баяғы за-
манда, сірә, біздің ата-бабаларымыз Еділ үшін егесіп,
Тептер үшін тебісіп жүрген тұста-ау деймін, Аме ри-
ка да ғы үндістер де шарбақтылықтар сияқты «ақ табан
шұбырынды, алқа көл сұламаны» бастарынан көп ке-
шіпті. Мұхит асып келген басқыншылар қызыл жон-
ды қайсар халықты қойша иіріп, қынадай қырып са-
лыпты. Аман қалған үндістер атамекенінен ауа көшіп,
үр кін шілікке ұшырапты. Шаншархан осы балладаны
Бауырмалға қайта-қайта оқыта берген соң мен де жат-
тап алғам. Міне, былай. Айтпақшы, ол өлеңін бастамас
бұрын қабағын түйіп: «Ақ түсті адамдардың келуімен
қан дай келісті халық жер бетінен түп-түгел дерлік
құрып кет ті?!» деп, Американың атақты ақыны Ген-
ри Уодсворт Лонг феллоның өксікке толы өкінішін ай-
тып, біраз үнсіз қалатын. Сосын мақпалдай барқыт да-
усын баппен созып, мұңы мен зарына өзі ғана қанық
жұмбақ халық туралы толғанып кететін.
Жүгірткенмен сан-саққа әрі-бері,
Болмағанмен ғалымы, дәрігері.
Сарайда емес, күркеде өмір сүрген,
«Жабайы еді», бірақ та халық еді.
Сәтті аңшылық, бай егін – ел тілегі,
Самал желмен джунгли желпінеді.
Қалпақ киіп, бант тағып, кофе ішпеген,
«Жабайы еді», бірақ та еркін еді.
Байлықтың да, бақтың да кезі өтеді,
Еркіндікке алайда не жетеді?!
Зіркілдеген зеңбірек, мылтығы жоқ,
«Жабайы еді», бірақ та өжет еді.
Адамға емес, тек аңға жақ кезеді,
Суларындай сүйріктің тәтті өзегі.
Өмір мұнда ұйыған сүттей еді,
Күлкісіндей сәбидің тап-таза еді.
Түк көрсетпей бір сұмдық түлесе күн,
Лапылдатып жағатын күрес отын.
Көбелекпен жарысып қыз өсетін,
Қабыланмен алысып ұл өсетін.
Суда – балық, нуда – Үндіс сайран құрсын,
Иірімінде уақыт айналдырсын.
Колумб жар салды: «Жер аштым!» – деп,
Ұрпағы отар қыларын қайдан білсін.
Мұрттан күліп, тапқандай мықты арманын,
Отаршылдар баптады «Сырттандарын».
Жағалауға мұхиттан кеме келді,
Кесепаттың басы боп құртқан бәрін...
Шаншархан балладаны тыңдап болған соң жағын
таянып, ойланып отырып қалады.
– Үндіс дегені болмаса тура бізді айтып отыр.
– Онда шарбақтылықтар деп неге ашық айта
бермейді? – деймін мен.
– Ойбай-ау, құртады ғой.
– Кімдер?
– Совтракторлар...
– Олар кім сонша?
– Жас жемтік үшін жан алып, жан беретін
құзғындар ғой.
Құзғын демекші, Шаншархан кейде Бауырмалға
«Қара
құзғын»
деген
өлеңді
оқытады.
«Қара
құзғынның» тыңдаушылары сирек. Сол сиректің өзі
ақынның дауысы естіле бастаған кезде жан-жағына
алақтай бастайтын. Өлеңдегі «Қара құзғын» дәл кәзір
сырахананың сыртында «Мыналар қашан шығады?»
деп күтіп тұрғандай үрейленетін. Өздерінің Сәкен,
Ілияс, Бейімбеттерден артық емес екенін, бұлардың
да күбір-сыбырын Совтрактордың құлағы шалса ая-
майтынын жүректері сезетін.
Ақыры солай болды. Азаттықты аңсаған бозым-
нан қалай айырылып қалғанымызды білмей қалдық.
Неге кетті? Кімдер кетірді? Жұмбақ. Білетініміз, Сов-
трактор жоғарғы парария мектебінде оқып жүрген
жерінен «Тәңіртаудағы ұлтшыл жастар ЦК-ның
шешіміне қарсы шығып жатыр» деп, жерден жеті қоян
тапқандай далақтап Шарбақтыға қайтып келді. Оны-
мен қоймай парткомның құжырасына кіргіштеуді
жиілетті. Түрі өрт сөндіргендей. «Уыздай ұйыған елді
алатайдай бүлдіретін сендер сияқты заржақтар» де-
гендей Бауырмалға кектене қарайды...
* * *
Сыбырлағанды Құдай естиді. Бұдан ары Тінәш
екеуміздің де жасырып-жабатын ештеңеміз қалмаған
сияқты. Тінәлінің тілінің ептеп сақаулығы бар. Бірақ
«ептеп» деп сыпайылаудың керегі жоқ.
Не бәлесі барын қайдам Тінекең «р» дегенді айта
алмай-ақ қойды. «Өзі-ақ түзеліп кетеді» деп, әке-
шешем аса мән бермегенімен, бауырымның тілін
сындыру үшін мен ішінде «р»-дың көкесін көзіне
көрсететін неше түрлі сөздерді іздеймін де жүремін.
Дүние жүзіндегі халықтардың «р»-ға екпін түсіре
айтатын сөздердің бәрін айтып тауыстық десем де
болады. Бала-шағалардың «қаһарманына» айналған
«Рембо» мен «Терминатордың» өздері түкке жарамай
қалды. Оларды қайталай-қайталай Тінәлі де жалықты.
Испандардың «Корридосын» да байқап көрдік. Ол да
болмады.
Кеше Совтрактордың үйінің қасындағы саңғырық
сасыған қара талдың көлеңкесінде саясатшылардың
аузынан
түспейтін
«террорист»
деген
сөздегі
қаптаған «р»-ға Тінәлінің тілін келтіре алмай қиналып
отырғанымда, басы сопайып Шаншарханның келе
қалмасы бар ма.
– Осы да сөз боп па? – деді Шаншархан бізден
мұ қым түңілген адамның сыңайын танытып. – Осыны
да сөз деп айтып отырсыңдар ма, айналайындар-ау?!.
Қай да ғы бір қаскөйлерді көксеп, сау бастарыңа сақина
ті ле генше, Шарбақтының құдайға қараған сөзін неге
үй рет пей сің балаға? Шарбақтыда Кеңес өкіметінің
мүлкі талан-тараж болса да, ата-бабаларыңнан қалған
қара сөз ге қас қыр шапқан жоқ қой.
Шаншархан Совтрактордың үйіне қысық көзін
сы ғы рай та бір қарап қойды. Жұрт анадайдан айналып
өте тін үйге мен де үрке қарадым.
– Мысалы, шарбақтылықтардың кәдімгі «ор» де-
ген сөзі бар емес пе? Соны неге үйретпейсің балаға?
Кәні, «Совтрактордың үйінің ар жағында ор бар» деп
айтқызып көрші.
Екі күннің бірінде мас боп жүретін Шаншарханның
патриоттық сезімі менің жеті жұрттың кітабын
тауысқан білімдарлығымның быт-шытын шығарды.
Шынында Гамлеттейін бейбақтың «Боламыз ба, әлде
бордай тозамыз ба?» деген жаны сірі сауалы сияқты
Шарбақтының тілі де екіұдай күйде тұр екен-ау» деген
ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Шаншарханның ал-
дында кәдімгідей мысым басылып қалды. Осы уақытқа
дейін анау Тә ңір тау дың етегіндегі түтінге тұншыққан
дімкәс шаһардан мынау таяқ тастам жердегі ат
төбеліндей ауылға келіп «Шар бақ тыдағы Мәдениет
үйінің тас-талқаны шы ғып ты-ау!» деп, бір шенеунік
әттеген-ай деді ма? Жоқ! Ендеше «Шарбақтылықтар
тілінен айырылыпты» десе де қабырғасы қайысатын
шенеунік табылмайды. Өйткені дүниенің екі тізгін,
бір шылбырына таласып, Жаратқанның алдында
астамшылық жасап жүр гендердің Шарбақты сияқты
ұсақ-түйекпен ісі жоқ.
– Совтрактор естісе ұят қой.
– Несі ұят оның? Исі қазақта Шарбақтының Со-
втракторынан басқа Совтрактор құрып қалып па?
Қане, Тінәш, «ор» деп айта қойшы?
Тінәлі күмілжіді. Бірақ Шаншархан қояр емес.
– Кәні, кәні, қысылма, екі-ақ әріп қой.
«Екі-ақ әріп қой» дегенге оп-оңай екен деп қалды-
ау деймін:
– Ой, – деп, таңдайы тақ ете түскен Тінәлінің беті қып-қызыл боп кетті. Шаншарханның қысық көзінің айналасына күлкі үйіріле қалды. – «Ой...» деме, «Ор» де. «Ор-р-р...» «Сов-трактордың үйінің ар-р-р жағында ор-р-р бар-р...». Кәні, тағы бір қайталап жібер. – Соп-тиак-тидың үйінің ай жағындай ой бай... Шаншарханның ішек-сілесі қатты. Діттеген мақсатына жеткен сияқты. Қысық көзі жұмылып, сылқ-сылқ күледі. Мәз. – Үйбай, ішегім-ай, – дейді ішін басып, – осыған «р»-ды үйретпей-ақ қойсақ қайтеді... – Неге? – Ленин де сақау болған ғой. Біздің Тінәш те былдырлап жүріп, жиырма бірінші ғасырда тағы бір қазан төңкерісін жасайтын шығар... Менің жыным келді. Өйткені Кремльдің қызыл қабырғасының алдындағы тас молада мәйітін не Құдай, не Жер қабылдамай қатып-семіп жатқан Лениннің кім екенін Тінәш білмесе де, мен бір кісідей білемін. Мешіттер мен шіркеулерді бұздырып, құдайсыз ел жасауға талап қылған кәпір ақыры сол Құдайдың қаһарына ұшырап тынған. Тінәлі қызарақтап тұр. Тәңіртаудың басындағы қысқа күнде қырық рет құбылатын қап-қара бұлттайын ағайынды екеуміздің әлемтапырық бола бастаған түрімізді байқаған Шаншархан өзінің ерсілеу қылығын жуып-шайғысы келді-ау деймін: – Оқасы жоқ, алдымен «ор бар» деп, тіліңді әбден жаттықтырып ал, сосын «Совтрактордың үйінің ар жағында» дегенді қосасың, – дейді көзінен аққан жасты сүртіп. * * * Әке-шешем шәйға кіріскен. Тінәлі бағана өзі «ат шал дырған» тулақтай ғана тақырдың үстінде «бақырып» тұра беруден жалығып, шешем кеше ғана
шытырдай ғып жуып берген шалбарына обал болады-
ау деместен топырақтың үстіне жалп етіп отыра кетті.
Ұрмай-соқ пай жылаудан өзі де зеріккен сияқты.
Ендігісі «үйде гі лер мені ұмытып кеткен жоқ па өзі»
дегенді білдіре тін ыңыл. Бірақ бүйткен «ыңылы» бар
болсын. «Ой-ы-бай, ой-ы-бай, Соп-тиак-тидың үйінің
ай жағында ой бай ға» енді «ойдың ай жағында сай
бай, сайдың ай жағында мола бай» деп, ел естімеген
қайдағы бір сұмдықтарды қосып зәремді ұшырды.
Сірә, Шаншархан мен жоқта Тінәліні бәйгеге қосатын
тұлпардай тағы «суытса» керек. Тоқта, тоқта, Шан-
шархан қу «Совтрактордың үйінің ар жағында ор бар,
ордың ар жағында мола бар...» дегенде оның Бауыр-
малды алыстағы ауданның Мәдениет үйі не «жер ау-
дарып» жібергенін меңзеп тұрған жоқ па осы? Сов-
трактор... ор... мола... Құлағыма түрпідей тиген мына
«тың тіркестердің» сарынында ғаламат астар жатыр
ғой құдай-ау!..
Дегенмен «ойбай» мен «моланы» әнге қосқан бала-
ны кім «қарағым» десін. Шешемді қайдам, ал әкемнің
кәрі жыны қозса, бұдан кейін қандай сандуғаш бол-
са да Тінәлінің жон арқасынан таспа тілетіні анық. Іс
насырға шаппай тұрғанда әке-шешеме бар шындықты
жайып салу керек болды.
– Тінәліге бұл «өлеңсымақты» үйреткен Шан-
шархан, – дедім, компьютерден басымды көтеріп.
– Өлеңі несі?
Шешем Тінәлінің «ойбайының» астарындағы қи-
тұр қы сөздердің мағынасын әлі пайымдамаған екен.
Тін әлі сойқан да «ойбайға» көбірек екпін түсіріп,
мәселені мүлде ушықтырып жіберді емес пе.
– «Совтрактордың үйінің ар жағында ор бар...»
де ген ді Тінәліге «р»-ды үйретем деп Шаншархан жат-
тат қан.
Дастарқанның басында малдас құрып отыра беру-
ге белі шыдамай жантайып жатқан әкем шешеме «не
ұқ тың?» дегендей таңдана қарады. «Ойбайдың» сы-
рын енді түсінген шешем болса ернін сылп еткізді.
– Шығармайтыны жоқ сол қысық көздің.
Кішкентай балаға...
– Онда дұрыс екен, – дейді әкем, – бәледен
машайық қашыпты деген, кімнің кім екенін біліп
жүрсін дегені шығар...
Тінәлінің басына үйірілген қауіп бұлты сейіле баста-
ды. Иракты аузына қаратқан коалиция әскерлеріндей
ымырасы бір әке-шешем екеуара бәтуаласа келіп,
өздері біздің үйдің «№1 лаңкесі» деп тапқан інімнің
шәйдің шырқын бұзған тосын «бүлікке» ешқандай
қатысы жоқтығын ескеріп, дастарханға шақырды.
– Шәй іш те анау қазан бұзар, үй тентегіңе.
– Сен де таяғыңды көстеңдетіп сонша лақтырдың,
қате тиіп кетсе қайтесің. Қаршадай баланың жүрегін
ұшыра жаздадың ғой.
– Шаншархан найсапты айтам да, тілінің қыр-
шаң қысын қарашы.
– Басқа сөз құрып қалғандай, Трәктір қайнаға-
ның атын айтқызғаны несі?
Ирактағы
бейкүнә
балалардың
обал-сауа-
бын ойламастан, бейбіт шаһардың берекесін алған
әскерилердің «қауіпті қару» таппай ауыздары топай-
дай болмап па еді? Тіпті, Біріккен Ұлттар Ұйымының
бәтуасын да құлағына ілмей қойып еді ғой. Оның
қасында әке-шешемнің ашуын басып, бір ауыз
сөзбен Тінәліні шаңыраққа шақыртқызған менің
«мәлімдемем» БҰҰ-ның әлемге әйгілі Бас хатшысының
желкесін қасытқандай басалқалы уәж болып шыққан
сияқты. Ал шайға маңдайы жіпсіп, Тінәлінің хикаясы-
на Қожанасыр әпендінің қағытпаларын тыңдағандай
көңілденген әкем «ойпыр-ай, мына Шаншарханның
айтқышын-ай» деп, мырс-мырс күліп қояды. Мен үшін
шаруадан қажып жүрген әке-шешемнің жадыраған
жүзін көруден асқан бақыт жоқ.
Тінәліге де керегі осы...
ШАРБАҚТЫНЫҢ
ЖАЛҒЫЗЫ
Еркіндік дегеніміз – жалғыздық.
А. КАМЮ.
Біз неғұрлым ұлтжанды болсақ,
солғұрлым бүкіл адамзаттық бола
түсеміз.
Ф. ДОСТОЕВСКИЙ.
Байшыкештердің жүгермектері жексенбі күні шә-
ниіп-шәниіп «Шыңғысханда» отырса, бұл пақырыңыз
мы сық тай мияулап, күшіктей қыңсылап мазасын алған
ішек-қарнына ел қондырсам деген есек дәмемен Шар-
бақтының қи сасыған мал базарына жетеді. «Арқада
күн жылы болса, арқар ауып несі бар» дейді Шан-
шархан. Көңіл-күйім бай-бағыландардың не ішем, не
кием демейтін еркетотайларындай болса, менің-дағы
қызық қуған беймарал жұрттан жырылып нем бар?..
Көтерем тоқтының бүйіріндей қабысқан қарныма
қабағының астымен қарап тұрып «өзен жағалағанның
өзегі талмайды» деп мүсіркейтін де қу Шаншу. Сөзі
де, өзі де көңіліме жақын сол жаны жайсаң көкемнің
қойын қосақтасып, қоржын-қосқолаңын көтеріп, ба-
зар жағалап жүрсем, тамағыма талғажау боларлық
бірдеңе-сірдеңенің бұйыратынын мен де жақсы
білем.
Сіз менің Шаншархан көкемді бес-алты қойын
қосақтап қойып, мал базардың ортасында бойы со-
райып бекерден-бекер тұр деп ойлап қалмаңыз.
Ұқсамасаң тумағырдың қайдағы жоқты тауып айта-
тыны тура Шаңырақшы атама тартқан. Бірақ, әттеген-
айы сол, қайран сөз қи сасыған базардың ортасында,
Шахаңның аузынан шыққанын шыққанша қағып ала-
тын адамына жолықпай, текке рәсуә боп жатыр. Қайта,
оның қасында Шарбақтының тауық екеш тауықтары
бақытты.
Айналақарынның
үйінің
күл-қоқысын
шашып, қыт-қыттап жүретін бейбақтардың қанша
жұмыртқа тапқанын қай сұңғыланың шотқа салып оты-
ратынын қайдам, әйтеуір есеп-санақ басқармасының
тоқсан сайынғы мәліметінен бірінші орынды бермей
шүпірлейді де тұрады. Ал сөз бен ойға ден қойып,
есепке алып отырған ешкімді көрмедім. Базарды күн
сайын сұқ итше бір сүзіп шықпаса сыбағасынан құр
қалғандай түнімен дөңбекшіп шығатын шенеуніктер
Шахаңның сөзін құнттамақ тұрмақ, оның сорайған
бойын көргеннен-ақ байқамағансып жылыстай бас-
тайды.
* * *
Шарбақтының кеңқолтық базарында кім жоқ
дейсіз? Тәңіртаудың ар жағы да, бер жағы да осында.
Қазақ пен қырғыз, қытай мен кәріс, ұйғыр мен дұңған,
өзбек пен тәжік, орыс пен татар мидай араласып кет-
кен...
Мынау жалмаң-жалмаң еткен шақшабас кім бол-
ды екен? Домаланған жүзі үрген қарындай тырсыл-
дап тұр. Жіпсиген жанары адамда емес, малда. Жан-
жағына сұқтана қарап, тірідей ішіп-жеп келеді. Міне,
сәлем-сауқат жоқ Шаншарханның құйрығы кетпендей
еділбай қойының қыр арқасынан шеңгелдеп ұстады
да, байғұс саулықты ыңқ еткізіп жоғары көтеріп кеп
қалды. Еділбайдың артқы екі аяғы тырбаңдап ауаға
ілінді. Байғұсты бауыздауға підә болды екен деп те
осылай басынуға бола ма? Маңырағаннан басқа
қайраны жоқ жандықтарды қалай жұлмаласақ та
құқымыз бар деп еркінсігендер қашан тыйылар екен
осы? Әне, еділбайдың арқасынан жұлынған жүннің
бір шөкімі шақшабастың быртиған саусақтарының
арасында тұр. Мына шоқпардай жүндес қолда талай
қоңырдың обалы бар ғой. Шаншархан дандайсыған
неменің озбырлығына қитығып қалды білем, даусын
паңдана созып:
– Қамыр, – деді.
Қайраң, Шахаң! Тіл институтының қасқабас про-
фессорлары бақ десе де, шақ десе де, бір шара боп
көпсіп тұрған қамырды әйелінің сыпырасынан әкеп
базардағы сауда-саттықтың тіліне ашытқыдай ара-
ластырды да жіберді. Дәл қазір оған қойының терісін
шымши ұстаған шақшабасқа «семіз» деп құлдық
ұрғаннан гөрі, соны «қамыр» деген бір ауыз сөзбен
сыздана жеткізудің ләззәты анағұрлым артық. Бір
қызығы, тілдің соңына шам алып түскен ғалымдардың
өзі желкесін қаситын Шаншарханның «шифрлы
тіліне»
қойдың
асты-үстіне
үңіліп,
құңжындап
жүрген жіпсік көз бірден түсінді. Сосын қосақтағы
қойларды олай бір жұлмалап, бұлай бір жұлмалап,
түк мін таппаған соң жүндес қолымен аша тұяқтың
аузына жармасып, жоңышқаның көгі жұққан тісіне
шұқшиған. Шаншархан бұрынғыдан бетер паңданды.
– Пышақ.
Мен күліп жібердім. Қоңды малының құйрығын
қамырға теңеп тапқырлық танытқан Шахаң тіс
тұрғысындағы мәліметті шарықтастан жаңа шыққан
селебедей жалаңдатып тұрса күлмегенде ше? Сосын
қасындағы майда-шүйде сатып отырған жалбашашқа
бұрылып, енжар ғана:
– Қызым-әй, бір тал темекі берші? – деді.
Темекінің талын бір-бірлеп сататын майда-шүйде
сауданың шыққаны Шаншархан екеуміз сияқты
можантопайларға жүдә жақсы болды.
– Қайсысын?
– «Бондтан»...
– Ағын ба, қызылын ба?
– Ағын. – Үш теңгеден, ағай. – Мә... – Ағай , үшеуін ала салыңызшы... Он теңгелік бақырдан қалған тиын-тебенді қайтарып беруге қимай, қипақтап тұрған қыз балаға Шаншархан кеңшілік жасап, қолын сілтеді де, сіріңкесін шырт еткізіп темекісін тұтатты. Ақ «Бондтың» көк түтіні бұрқ еткен қалпы бошалаған сиырдың шылымындай шұбатылып барып базардың үстіндегі мұнартқан ауаға араласып жоқ болды. * * * – Қайда жүрсің? – Демалыс қой... – Сен осы ненің оқуындамын деп ең? – Құқық қорғаушы ғой... «Әй, соныңды қойшы» дегендей Шахаң қолын селқос сілтей салды. Сілтенген қол серейген күйі «қазақтың құқын қорғайтын адвокат әлі туған жоқ» дегенді меңзеп, базардың шуаш сасыған ауасын сүлесоқтау сызып өтті. – Құқық қорғаушылар деп, әне, анау жөйттің балдарын айт. Басқаларыңдікі Абай атамыз айтқан шен тағып, шекпен кию ғана ... Әңгіме азаматтық құқық туралы мәселеге кеп тірелгенде арманда кеткен ата-бабасының малын жоқтаған көкемнің іші қазандай қайнап қоя береді. Делдал болғалы бері қалтасынан тастамайтын калькуляторы да әлгі бай-манаптардың малын түгін қалдырмай санап беруге келгенде АҚШ зымырандарының өзін шаң қаптырғандай ұшқыр. – Мысалы, – дейді Шаншархан сүйегі әлдеқашан ақ сөңке боп қурап кеткен атасының «бизнес жоспарын» тауып алғандай ежірейіп, – Шопанбайдың бес мың қойының әрқайсысы бір қозыдан туды дегеннің өзінде екі жылда он мың бола ма? Болады. Оған тағы
екі жылдың төлін қосыңыз, әлгі он мыңыңыз жиырма мың бола ма? Болады... Өз қиялына өзі масайраған Шахаң бастауыш сыныптың математикасына сұранып тұрған есепқисабын ежіктеп, біраз жерге барып қайтады. Мен болсам саудасы жүрмей қиналған кезде темекі алатын теңгеге зар боп қалатын көкемнің мынандай қайталана бермейтін бақытты сәтін ұзарта түскім кеп: – Түйе ше, – деймін жерден жеті қоян тапқандай өтірік қуанып, – жарықтық Шопанбай атамның түйелері екі жылда бір рет боталағанның өзінде осы күнге дейін Жиекқұмның бетін жауып қалар еді ғой. – Дұрыс айтасың, заңгерім. – Шаншархан көңілденген кезде «заңгерім» деп, өтірік қана алдаусыратып қояды. – Менің ата-бабамның мыңғырған малының арқасында аяқ астынан миллионерге айналған шенеуніктердің үш ұйықтаса түсіне кірмейтін байлық қой бұл... – Шіркін-ай, сонда осындай өсімтал мал жетпіс бес жылда қанша болар еді, а? Шаншарханның көңілінің ауанына жығыламын деп отырып отар-отар қойдың сүрлеуіне түскен аш қасқырдай менің-дағы сілекейім шұбырып кетеді. Өйткені Шаншарханның қиялының жаны бар сияқты. Қазірдің өзінде Шарбақтының ана жер, мына жерінен екі мың, бес мың қой айдаған байлар шыға бастады. Және бұл бар болғаны он-он бес жылдың төңірегіндегі әңгіме. Алдында елу мың қойы бар Шопанбай атасы дәл қазір «ірит, қойым» деп, Тәңіртауды бөктерлеп келе жатқандай желпінген Шаншархан: – Бұған Шахаңның калькуляторының саны жетер-ау, бірақ жайылым жете ме? Айналақарын партком боп тұрған кезде ен далаға небары 45 мың қойды сиғыза алмай басы қатқан жоқ па? Ол дегенің Шопанбай сияқты төрт-бес байдың ғана малы болатын. Міне, саған ата-бабамның мал-жанының есепқисабы керек болса! – дейді. Шаншархан Американың №1 миллиардерімен тере зесі тең адамша паңданып шыға келеді. «Әттең, –
деймін іштей, – осыдан жетпіс-сексен жыл бұрын
Шопанбай марқұмның мыңғырған малын «қызыл
билеттілер» тігерге тұяқ қалдырмай тартып алып, өзін
итжеккенге айдатып жібермегенде, мына Шаншар-
хан сияқтылар анау атқосшы ерткен әкімқараларға
сәлем бермей, талтаңдап жүрер бай-бағыландардың
сортынан болады екен-ау!».
Мынау Еуропадағы неміс деген елдің балалары
өте үлкен жүректі халық боп келеді екен. Гитлердей
қандастарының қаскүнемдігі үшін кешегі қырылғаны
қырылып, аман қалғандары аты-жөнін өзгертіп,
жан-жаққа ауып кеткен жөйттердің ұрпақтарына
өкіртіп тұрып өтемақы төлеп берді. Төлеместеріне
жандарын қоймаған жөйттер де мықты екен-әй! Ал
қазақ байларының қызығын көрген кешегі «қызыл
билетті»
бәлшебектердің
мұрагерлері
өтемақы
тұрмақ, ауылдағы кедей-кепшікке құдайы тамақ та
таратқан жоқ. Осыдан кейін бес минөтсіз адвокат
менен бастап бүкіл исі қазақтың шен тағып, шекпен
киген заңгеріне Шахаңның өкпесі қара қазандай
болмағанда, қайтеді?!.
* * *
Мал базардың айналасы қаптаған асхана. Соңғы
кездері осы қаптаған асхананың қасынан киіз үйлер де
қымсынбай бой көрсете бастады. Қымсынбай дейтінім,
киіз үйлердің тағдыры да шарбақтылықтардың тілі
сияқты: кей өкіметтің тұсында кәдеге аспай қаңырап
қалса, кей өкіметтің тұсында төсегінен жаңа тұрған
аурудай қалқайып, қатарға қосылып қалады.
Шахаң
қосақтаулы
қойларын
шақшабастың
шүлдірлей сұраған бағасына өткізіп, қи жұққан сары-
ала жібін беліне байлап алған соң, ұзынды-қысқалы,
ағалы-інілі боп осы үйлердің біріне келіп кірдік. Менің
жексенбі сайын базарға келіп делдал көкемнің сау-
дасына көмектесетінім, ал оның тапқан табысының
бірер пайызына маған жүрек жалғар бірдеңе-сірдеңе
сатып әперетіні дәстүрге айналып кеткен. Сонан соң
оған менің қылжақбастығым ұнаса керек. Әйтеуір
шарбақтылық екі шерменденің арасында жібек
жіптей үзілмейтін бір жылы сезім орныққан.
Шахаң киіз үйдің төріне шығуын шықса да, жалп
етіп бірден отыра кетпей, шаңыраққа қарады. Тегіне
тартып үйдің сүйегін байқағысы келді ме, әйтеуір
түндігі жартылай ашық тұрған киіз үйдің төбесіне
қараңқырап, біраз бөгеліп қалды. Одан жанары төмен
сырғып уықтарға ауысты. Қаламы шаңырақтың
көзінен шығып кеткен бір уық өзінің шодырайған
шынтағы құсап епетейсіздеу салбырап тұр екен.
– Уық та қарашаның кебі сияқты. Шаңырақ
ауыр болса, қанша майысқақ болғанымен күндердің-
күнінде шарт сынады...
«Оппозиционер» уық үшін қарадай ың ғай сыз-
данып қалған қымызханашы келіншектің басындағы
қолайсыз жағдайды Шаншарханның табан астында
тауып айтқан пәлсапасы жуып-шайып жіберді. То-
ғы шарларды мақтамен бауыздайтын тағдыр-талайы
ауыр Эзоптайын Шахаңдардың тұспалы да түскен
жерін солқ еткізер зіл батпан. Бірақ Шаншархан
«Бондтың» түтінін іргеге қарай ширата үрледі де:
– Дегенмен, басқа бір гәпті де ұмытпау керек, –
деп, кергіді.
– О не?
– Күлдібадам шаңырақ кімге пана болсын?
Шаншархан сұңғыланың нені меңзеп отырғанын
ішім сезе қойды. Семіздігінен Айналақарын атанып
кеткен базаркомның қай наданға салдырып әкелгенін
қайдам, мал базардың кіре берісінде былтырдан
бері құрақ көрпеше сияқты түрлі-түсті бір шаңырақ
іспетті сұлбаның суреті жарқанаттай жабысып тұр.
Базаркомның суретшісі шаңыраққа неше түрлі бояу-
ларды баттастырып жаға беріпті. Осы күлдібадамның
түбінен күн сайын өтетін Шаншархан күйінбегенде,
кім күйінеді енді. Дегенмен жығылған шабандозға
жалын төсейтін жылқы малы сияқты тәй-тәй басқан
тәуелсіз жұрттың болашақ құқық қорғаушысы ретінде
бірдеңе деуім керек сияқты.
– Ауқатты атаңыздың түйелері сияқты кері қарай
шаптыра беретініңіз не осы? Шаңырақтың мәні-
сін базаркомның қазан басы білмесе де, сіздің сопақ
басыңыз білуі керек қой. Кезінде кім көрінгенге күл-
кі болған киіз үйіміздің төрінде шәниіп жатқанымыз
да осы қара шаңырақтың амандығының арқасы емес
пе? Құдай қаласа, төрімізге салт-дәстүріміз де озды.
Әйтпесе, кешегі күніміз босағадағы жетім баладай еді
ғой.
Шаншархан тышқанмен ойнаған мысықтай бір
бүгіліп, бір жазылды. Сірә, менің шенеуніктер дің қо-
лынан шыққан баяндамадай қан-сөлсіз гәбіме оның
ту лақтай боп қатып қалған жүрегі аса жіби қоймаса
керек.
– Далбаса! Мен бірдеңе білсем, Шарбақтыдан
шыққан дүбәралар қазақтайын халықты сайлаудың
кезінде ғана есіне алады. Басқа уақта сіз бен біздің
ұлттық құндылықтарымыздың бәрі анау уық сияқты
салбырап тұрғаны тұрған.
Шахаң «оппозиционер» уықты енді басқа қыры-
нан мысалға алды. Бұл енді, шынында, мен күтпеген
соққы. Бірақ қалай болғанда да Шаншарханның ыстық
ботқаша жабысқан пәлсапасынан құтылу керек.
– Жасасын оппозиция!
– Кекетпей-ақ қой, құқық қорғаушым. Қойдың
өрісі көкжалсыз болмас.
Шаншархан менің «әй, қанша мықты болсаң да, осы
жолы бұлтара алмассың» деп сенім артқан ең соңғы
аргументімді де тас-талқан қылды. Енді онымен бұдан
ары сөз жарыстырудың пайдасы шамалы. «Айналай-
ын, Бірежінібім-ай, сен армандаған коммунизмнен се-
кектеп жүріп сексенінші жылы-ақ өтіп кетіппіз ғой...»
деп, әлі күнге дейін аһ ұрып отыратын жүгеріші әкемді
бетіме салық қып, дымымды құртпай тұрғанда жекпе-
жекті доғару ләзім. Бірақ Ыстыбай атам дүниеден
қызғыштай қорып өткен қасиетті шаңырақтың қи
сасыған мал базардың маңдайшасында нотариустың
мөріндей баттиып тұрғаны көңілімді жермай ішкендей
әлем-жәлем қыла берді.
* * * Шарбақтылықтар енді-енді ғана жуыса бастаған кәсіпкерлікті Ыстыбай атам сонау Некәлай патшаның заманында-ақ меңгеріп алыпты. Содан көпшілікке ортақ кәсібін шолақ белсенділер қанша қорқытыпүркітсе де қойдыра алмаған. Мысалы, Айналақарын ауылда екі адамды жек көрсе, оның біріншісі Әмір қожа да, екіншісі Ыстыбай атам еді. Қожа-молданың жәйі белгілі, о байғұсты басыңа қазандай ғып сәлде орайсың, елді жаназаға жиып, жұртты ісләм дініне уағыздайсың деп, ағаш атқа теріс мінгізсе, Ыстыбай атама келгенде оның қиылып келген ауылдасына шаңырақ жасап бергені үшін алатын бір танасын күндеп, қасқыр көрген ешкідей ежірейетін. «Көлденең табысқа құныққан пайдакүнем әкеңе қой демесең, партиядан шығасың» деп, Шаншарханға шүйлігетін кеп. Міне, сол коммунистердің қолшоқпары болған Айналақарын сонау Қоянды жәрмеңкесімен түйдей құрдас мал базарға әкесінің меншігіндей аяқ астынан қожайын боп шыға келді. Қазір жалғанды жалпағынан басып жүр. Сонда кім пайдакүнем? Шаппа-шотпен шаңырақ шапқан Ыстыбай ма, әлде «сары бала, қара қазанның» қамы үшін тапқан-таянғанын пүлдауға келген жарлыжақыбайлардың базарға кірген-шыққаннын аңдып, ақша тауып отырған Айналақарын ба? Кемшілігін бетіне басқаныңды бауырың да жақсы көрмейді. Кеңес өкіметі – боса болмаса. Айналақарын партком боп тұрғанда бір үйлі жанды асырап отырған атамның шағын ғана шаруасын тұншықтыру мақсатымен шапқылап жүріп қаладағы тұрмыс қажетін өтеу комбинатының қасынан киіз үй жасайтын цех ашқызды. Содан бастап Қожанасырдың күркесіне ұқсас қуыршақтай қап-қара үйлер қаптап кетті. Ал жанның қадірін білетін қойшылар сықырлаған темірге жабылған құрым киізден гөрі, атамның аппақ үйіне жәутеңдеп қарай беретін. Өйткені тал бойына темір-терсекті дарытпаған киіз үйден далалықтарға
тән бір даралық сезілетін. Сол даралықты мұқату үшін не істелмеді?.. Қай жылдары құдай-ау, Айналақарын қаланың қақ ортасынан жайлау жасаймын деп қатты желікті. Желіккенімен қоймай, Ыстыбай атамның киіз үйін қалаға алдыртты. Қит етсе баласының «партиялылығын» көлденең тартып, қорқытыпүркітіп отыратын өкіметтің қатыбастығынан зәрезап болған атам «қай қазақ киіз үйін шыбын-шіркейі быжынаған сайға тігіп еді» деп, кіжіне берді. Шынында, лүп еткен самалы жоқ сайға қай жанынан безген барып демалсын. Жыл он екі ай болмай жатып жайлаудың сәні кетті. Киіз үйге қымыз емес, арақшарап іздеген албастылар ғана үйір болды. Оның соңы жын-ойнаққа айналды. Жаман хабар жерде жата ма, Айналақарынның жер-жаһанға жар сап, мақтанып жүрген жайлауы жын-бақсының ордасына айналыпты деген сөздің де гу ете қалғаны осы тұс. Көп ұзамай киіз үйдің туырлықтары мен үзіктеріне қап-қара боп күйе түсіп, жиди бастады... Сайдың үстінде аспалы көпір бар болатын. Бір күні қаланың қырық сідік жұрты осы көпірден автобуспен өтіп бара жатып киіз үйдің туырлығын әлдекімнің қасқыр тартқандай ойып алып кеткенін көрді. Жосаға боялған нау кереге шөгеріп қойып терісін сыпырған қара нардың қабырғасындай ырсыйып тұр. Бірақ ешқайсысы былқ еткен жоқ. Екінші күні киіз үйдің үзігі сыпырылып жерде жатты. Жалаңаш уықтар тарам-тарам саусақтарын көкке жайып: «Мына ит қорлықты көретін көз бар ма, жоқ па?» деп, шашын жұлған кейуанадай тым қасіретті еді. Автобус іші тағы да тым-тырыс. Тіпті алғашқы күнгідей «Қала басшысы мына масқараны әдейі көрмей отыр ма? Айналақарын қайда?» деп күңкілдегендер де болған жоқ. Қой дейтін қожа, әй дейтін әже болмаған соң сайдың ішіндегі иесіз жайлауды емін-еркін жайлап алған найсаптар ең соңында түңлікке қол салды. Түңлігінен айырылған үйдің шошайған шаңырағы бір қасиетсіз кеп бөркін жұлып алған ақсақалдың әзіз басындай қорғансыз еді...
Атам алғашқыда өз көзіне өзі сенбеді. Киелі шаңырақтың іші әжетханаға айналыпты. Бір кездері ауылдың игі жақсылары ғана мәслихат құрып отыратын қасиетті төрінің боқ-сідігі шығып жатқанын көргенде қызыл иегі кемсеңдеп кетті. Жұлымжұлым болған туырлық пен сөгілген керегеге қарап «атаңа нәлет тексіздер-ай, ақ ордамды әбден ыламайлапсындар-ау» деп, көзінен аққан тарамтарам жасқа ерік беріп, екі иығы бүлкілдеп отыра кетті. Еңіреп отырып «бұ дүниеде сатылмайтын ештеңе қалған жоқ, сатсаң да сатасың, сатпасаң да сатасыңның» астына алып, тақымдап қоймай қойған Айналақарынды ал кеп қарғап-сіледі. Шөкелеп отырған қалпы ұзақ егілген шал біруақтар болғанда орнынан тұрып, ойран-ботқа үйді ретке келтірмек болған. Сүрініп кетті. Кебісі пәршек-пәршек боп жатқан домбыраның ішегіне ілініпті. Домбыра! Жошыханға ұлының қайғылы қазасын безілдеген бебеуімен жеткізген қара домбыра! Қазақтың қайран тілі! Қайран, Кетбұға! Оңдамақ боп әуреленіп еді, қарт шебердің қолы қараптанқарап дірілдеп, түк шығара алмады. Бір бүлінген дүние бастапқы қалпына кәйтіп келсін!. Ертеңіне таң ата көп қабатты үйлердің пәтерлерінде гі қалақтай радиолар: «Ақпыз, сарымыз, қарамыз, туысқанбыз бәріміз...» деп, таңдайлары тақылдап жатқанда әлгі аспалы көпір арқылы өтетін автобустағы қырық сідік жұрттың өкілдері сайдың табанынан көтерілген қып-қызыл алауға куә болды. Атам шаңырақтың ағашын доғалап тұрып иер кезде шарт сынып кетпес үшін оны алдымен ыстық қозға көміп, талбойын әбден балқытып алатын. Мен осы қозды дайындау үшін кәшек-құшақты шарбақтың ортасына алаулата кеп жағатынмын. Өрт тура сол алау құсап, пышырлап тұрып жанды. Көліктерін өкіртіп-бақырып өрт сөндірушілер жеткенде жалын басылып та қалған
еді. Бет-аузындағы күйеден көздері ғана жылтыраған атам шаңырақты біреу тартып алатындай тас қып құшақтап алыпты. «О, Жаратқам ием, басымыз бүтін, бауырымыз түгелде, бұл қай қорлығы-ең» деп, өксіп-өксіп қояды. Көпірдің үстіне қызыл автобусты қаңтарып қойып, осының бәріне қызыға қарап тұрған манағы марғау жұртқа көзінің жасын көрсетпейін дегендей теріс айнала берген Шаншархан әкесіне «кім көрінген керегін алып, керек емесіне тышып-сиіп кеткен шаңырақ саған-ақ қастерлі ме?» деп, қыстыға жылап жіберді. Менің де жанарым жасаурап, көңілім босады. «Атынан айырылса да, ертоқымынан айырылмайтын елдің қайраны таусылған қайран да қайран қарттары-ай!..» деймін, Шарбақтының базарындағы шаршы топтың алдында тайсалмай сөз бастайтын Шаншархан көкемше шамырқанып. * * * Шындықты айтқан адам қашан да жалғыз. Шарбақ тының жалғызы – Шаншархан. Сосын ішіндегі шерін мен сияқты болашақ «құқық қорғаушыға» ақтармағанда, кімге ақтарады? Шаншархандай от ауызды, орақ тілді жалғыздары жоқ елдердің болашағы бордай тозатынын кешегі шаңырағы ортасына түскен елдердің мысалынан көрдік қой. Кекірік ата ішкен қымыз бен Шаншархан көкем қалтама шытырлатып сап берген 200 теңге қанымды қыздырып, көңілімді көтерді білем: – Көке, «Ахау, қасқа атты» айтыңызшы, – деймін масайрап. – Сенің аңдығаның сайқымазақ сөз ғой, – деп, Шахаң іргедегі аққу мойын үкілі домбыраға қол созады. Ахау, қасқа ат дегенде, ахау, қасқа ат, Алматыда ойнайды бес жүз солдат. Кеңес өкіметінің құдіретінен айналайын, Сымтемірдің ішінен тоқ жүргізген...
Қымызханашы келіншек сылқ-сылқ күледі де:
– Осындай да өлең бола ма екен, аға, – дейді.
– Неге болмасын. Мысалы, қымыз құйып
отырған мына сен де өлеңсің, – дейді де қу Шаншу
«Бір келіншек» деген әнге басады. Келіншекті бір
желпіндіріп алған соң, өзімен-өзі оңаша қалғандай бір
тұңғиық ойға беріліп, домбыраның ішегін тыңқылдата
бастайды. Тыңқ-тыңқ, тыңқ-тыңқ еткен домбыраға
ілесіп:
Кереге басы кер жылан-ай,
Бері қарай кел жылан-ай ...
деген үн естіледі. Тамағындағы жұтқыншақтың
түбінен қырылдап шыққан мұңды мақам киіз үйдің
бау-шуын дірілдетіп жібергендей болады...
Менің көзім жұмылып барады. Шамасы, Шахаң
айта беретін «үш арсыздың» әуелгісі ай-шайға қара тар
емес. Өзім де әбден қалжырап, шаршасам керек. Күні
бойы бірі келіп, бірі кетіп жатқан жіпсік көздермен
тікеңнен тік тұрып саудаласу оңай деймісің.
«...Анаң қара, Тәңіртауды бөктерлеп Ыстыбай
атам кетіп барады. Жетегіндегі аруананың үстінде дәу
ша ңырақ тербеледі.
– Ата!..
Айналақарыннан тақыр көңілі қалғандай шал ба-
зар жаққа мойын бұрмайды. Қайда бет алды екен?
Мынау диірменнің тасындай шыр айналған дүниенің
бір күнгідей болмай бұлбұл ұшарын білгенде: «Түсімде
біздің үйдің шаңырағын көтереміз деп бақанға
таласқан бір топ алапесті көрдім. Есім барда кім-кө-
рінгенге көтерт пеп ем. Шаңыраққа... шаңыраққа
уақап болыңдаршы» деген екен жарықтық. Әлде
сол түсін Айналақарынның әрекеттеріне жорып,
қыстығып жүр ме? О тоба, Тә ңір тау дың кір шалмаған
ақ бас шыңын ұп-ұзын құйрығымен оңынан да, солы-
нан да орап алған мына бір үш басты айдаһар қайдан
пайда бола кетті? Өздері адам сияқты:
– Қайда барсаң да Қорқыттың көрі, шал. Бәрібір
қашып құтыла алмайсың, – дейді, атамның артынан
шәңк-шәңк етіп.
Көзімді ашып алсам үйге Айналақарын мен мана-
ғы жанары жіпсиген шақшабас екеуі шиқ-шиқ күліп
кіріп келе жатыр екен. Баса-көктеп төрге озған бетте
келіншекке «қымыз әкел» деп, сығырая қарағанына
қарағанда уығы салбыраған шаңырақтың иесі шақ-
шабас болды. Далбасалап Шаншархан отырған көр пе-
шені сипасам, орны баяғыда суып қалыпты...
ЭЛЕКТОРАТ
Сайлаубек саясатпен айналысайын деген пенде
емес. Бақай есеп, арзан беделмен о бастан дүрдараз.
Аспанға түкіріп, жайбарақат жатқан адамның миын
меңдуана жегендей мең-зең қылатын саясат түскірдің
өзі. Төріндегі түрлі-түсті телебезерінің «тілі мен жағы»
аман тұрғанда сайтанның сапалағындай пәледен
қашып құтыла алмайды екен жүдә.
Арзанқол сағат кешкі жиырманы нұқығанда,
телебезердің маңдайына біткен жалғыздай тәл піш-
теніп сөйлейтін диктор таңдайын тақылдатып шыға
келеді. «Ауыз ашарын» жаңалықтармен бас-тайтын ат
төбеліндей аздың бірі болған соң Сайлау-бек тәлпіштің
бұл «қорлығына» амал жоқ шыдайды. О баста осыған
бет-аузыңды қисаңдатқаныңды қойсайшы, атаңдай
адамдардың алдында отырсың ғой дейтін адам бар ма,
жоқ па? деп, әлгі тәлпіш телебезерден «кеткенше»
әйелі екеуі жүйкелерін жүндей түтіп бітетін. Кәзір
шыбын шаққан ғұрлы көрмейтін болды. Өйткені жұрт
жақтырмайды екен деп мынау дарақы дүниенің беті
қып-қызыл болғанын әлі-әзір көрген жоқ.
Соңғы
кезде
жаңалықтардың
басы
тәтті
болғанмен, аяғы қатты боп барады. Бала Буш тағына
отырар-отырмастан
«біссімілдәсін»
Ауғанстанды
бомбылаудан бастады. Қатын-қалаш, бала-шағаға
обал деп айылын жиған жоқ. Аспан асты, жер үсті
ысқырған оқ. Сайлаубек болса ойы мен қыры ойран-
ботқа боп жатқан елді көрсеткен сайын «ойпырай-
лайды» да отырады. Бен Ладен деген бәле де табыла
қоймады. Бұрынғының телебезері өлген адамның
мәйітін көрсетпек түгіл, айтуға қорқушы еді. Кәзір,
телебезерді ашып қалсаң шыбынша қырылған адам-
дар, бет-ауызы бұзылған мәйіттер. Бірде үйіндінің
астында қалған анасының мәйітін құшақтап жылап
отырған кішкентай қызды көріп қалып, қапелімде
көзінен жас шығып кеткені. «Е-е, жаратқан ием,
қазағымды осындай бәлеңнен сақтай гөр». Өзінен өзі
үрейленіп, үйінің шаңын шығарып жүрген Әйгерімін
шақырып, тәмпіш мұрнынан сүйіп-сүйіп алады.
«Айно-лай-ын...». Әкесінің аяқ астынан ет бауыры
елжірей қалғанын құрттай қыз да кішігірім «спек-
такльге» айналдырып, «әке-оу, балмұздақ әперші» деп
мойнына орала кетеді. Айтты ғой, бұл саясат дейтін
сайтанның жүрмейтін жері жоқ деп. Қарашы, бала
екеш балаға шейін бас пайдасын біліп алғанын.
Екі көзінен жас парлаған ауған қызының жүзіндегі
қасірет қандай қорқынышты еді. Бейне бір араны
ашылған ажал бет-аузы көгеріп әлемді аралап жүрген
сияқты. Қан болса жылымдай ағып бір елден екінші
елге өтіп келеді. Үлкен боп – үлкен, кіші боп – кіші
бұл лаңды қояйық демейді. Бөдене төбелестіргендей
үшінші ел отыр. Олардың саясаты түгел, сайтандары
дін аман.
Ауғанның әңгімесі бітті дегенде Израйл мен
Палестинаның «кәрі жындары» қозды. Мұнда да күнде
жарылыс, күнде өлім. Сайлаубектің әкесі қара болса
да қожа-молданың қасына көп ілескен діндар адам еді.
Сол кісі «Ерусалимде сегіз бұрышты ғажайып мешіт
болған. Мұхаммед пайғамбар ғалейкім уассәлам осы
қасиетті жердегі мұғаллақ деген тасқа аяғын салып
пырағына мініпті» деп тамсанып қойып, тәспісін тар-
тып отырушы еді. Ендігі оның да жермен-жексені
шыққан шығар...
* * *
Қазақ жұрты, құдайға шүкір, тыныш. Дегенмен
ырың-жырың бар. Анау құрақ көрпешенің үстіндегі
қо бы рап жатқан гәзиттердің беті алабажақ саясат.
Жағадан алған – жау, етектен тартқан – бөрі. Қаптап
жүр.
Кешелі бері тәлпіш қыз «әлигәрхия» дегенді тәп тіштеп кетті. Бірақ «әлигәрхияның» мәнісін бір білсе Жайлаубек білер. Мектепті жетпіс алтының жаңбырсыз жазында бітіргендерден ауылда бұл, Жайлаубек және Мүсірәлі қалған. «Р»-ды «ығ» деп, француз мақамына сала тыны болмаса, Жайлаубек тәп-тәуір мұғалім. Сайлаубектің сегізіншіде оқитын Сейсенәлі деген жүгермегі бар. Бірде соның дәптерінен «үшті» көріп, түрі бұзылып кетті. Сөйтсе, құрдасының қарындашы ылғи «труба» деген сөздердің жон арқасына сүліктей қадала беріпті... – Әй, мынау не пәле? – Ағайдың өзі ғой. – Немене өзі? – «Тұғыба» деген. – Анықтап сұрадың ба? – Иә. – Не деді? – Бәрібір «тұғыба» дейді. – Сосын? – Сосын «трубаны» қазақшалаған екен ғой деп «тұрба» деп жаздым. Сейсенәлі мұрнын қорс еткізіп бір тартып қойды. – Сен немене, терминком бе ең, ей? Қасыңдағыларға көзіңнің қиығын салмайсың ба? Қап, иттің ғана күшігі-ай! – Сомадай боп көшірем бе? Сол Жайлаубектің нан сұрап жерлік орысшасы бар. «Қой, мен бұл «әлигәрхияның» мәнісін сол Жайлаубектен сұрап білейін». Дәлізге шыққан Сайлаубек состиып тұрып қалды. Табалдырықтың алдындағы бағдаршамға аялдаған мәшинелердей иін тірескен ат көпір аяқ киімдердің арасында мұның кәлөші жоқ. «Қайсысы қағып кетті екен?». Бала-шаға, құдайға шүкір, жетеді. Қырық жылқы қыз-қырқынды санамағанда, еркек кіндіктің өзі Аманәлі, Мәденәлі, Дүйсенәлі, Сейсенәлі, Әшірәлі, Иманәлі сияқты арыстай-арыстай алтауға жетті. «Атадан алтау туғанның, жүрегінің бастары алтын менен
бу болар, атадан жалғыз туғанның, жүрегінің бастары,
сары да жалқын су болар, жалғыздық сені қайтейін!».
Қайран, Ақтамберді жырау! Бірақ әзірге «жүрегінің
бастары алтын менен бу болған» алтау жоқ. Қыл аяғы
кәлөшіне шейін бір жаққа сүйретіп кеткенін қараш.
Қаны басына шапты. Ашуы алқымына тығылғанда
өстетін жаман әдеті. Жұқарған жүйкеге «сап-сап»
деген. «Мына тұрған жер ғой, басқасын-ақ іле салай-
ын». Бірақ, тұмсығы тасқа соғылмай тоқтамайтын
кете балықтай табалдырықтың алдына келіп шүпірлеп
қалған аяқ киімдердің ішінен аяққа ілуге жарайты-
нын тапсайшы. Өкшесі қисайып, сірісі мыжылған кіл
бірдеңе. Қытайдың мүкәммалы ғой. Әйтеуір арзан.
Дәтке қуаты да сол. «Болмады. Айқайламасқа жанды
қоюшы ма еді бұлар?».
– Кә-лөш!
Есіктің тұтқасына жармасып, дәліздегі сыз еденді
басуға жиіркеніп тұрған Сайлаубектің жандауысы
шықты.
Кәлөш жоқ. Кәлөшті киіп кеткеннен де дыбыс
жоқ. Сайлаубек күйіп кетті. «Міні, бірдеңе істей
ғояйын десең ыңғи осы...».
– Әй, қайыс-сың барсың?
Сырттан
Сайлаубектің
кәлөшін
тырп-тырп
сүйретіп, жүгіре басқан дыбыс шықты. Кәлөшті
қағып кеткен Қырмызы екен. Қайықтай қайқиған дәу
кәлөшті әкесінің аяғының астына тастай салды да,
зып беріп үйге кіріп кетті. «Баланың өскені де бәле
екен-ай. Мектепте сөйлескендері аздай, үйге келгесін
тағы бір сыбырласпаса тұра алмайды түге. Дәу де
болса үйдің сыртына бақатамақ Мүсірәлі пұшықтың
телефонға тыным бермейтін бәлекейі кеп кеткен ғой».
* * *
Жайлаубек жалғыз емес екен. Қасында Мүсірәлі
отыр. Екеуінің ыпыны пәре алып, түрмеге қамалған
«теркомның» қоян жымын шиырлап, түк таппаған
адамға ұқсайды.
– Әй, бұны да босатып жібеғеді-ау. Прокурормен пікірлесіп келгендей Жайлаубек паң. – Бәлкім, қашырып жіберуі... Мүсірәлі мүләйім үнмен жапа шекен адамның кебін кие қалды. Сайлаубек төтесіне көшті. – Әй, екі ит, гәзиттер «әлигәрхия» деп неменеге шуласып кетті өзі? Түкке түсінсем бұйырмасын. Бұл өзі қазақшасы бар сөз бе? – Олигархтар десейші. Тіліңе теріскен шыққан ба? Мүсірәлінің ұлықсынғанына Сайлаубек күйіп кетті. – Менің ана тіліме келгенде төрешінің қаптай қалатындары қалай осы? «Ығы»-лап сөйлейтін Жайлаубек үстелінің суырмасынан орысша-қазақша сөздікті шығарды. Қолға алмағалы қай заман. Сыртын қалың шаң тұтып қалыпты. Сүрте қояйын деп еді, қапелімде жөндемді шүберек табыла қоймады. Айғайлап әйелін шақырайын десе есіктің алдында шемішке сатып отырған көкдауылдан сөз естіп, екі қызылкөздің мазағына қалары кәдік. Амал жоқ көйлегінің жеңімен қалың кітапты ысқылап, дорбадай аузымен үрлеп кеп жіберді... * * * «О»-дан басталатын орысша мұндай көп болар ма? Түбің түскір «әлигәрхия» бірінші томнан ұстатпады. Екінші томды ашты. Тырнағымен сөздіктің сарғыш тартқан парағын тесіп жіберердей шүйіліккен Жайлаубек күбір-күбір етеді. – Олива – зәйтүн ағашы, оливковое масло – зәйтүн ағашының майы, тәк... Міні, табылды. Пәлені түсіну де қиын екен ғой. «Ат төбеліндей ақсүйектердің яки капиталистердің финанс магнаттарының саяси және экономикалық үстемдігі» депті. – Ақсүйек деп қожаларды айтпаушы ма ек?
Мүсірәлі өтірік мүләйімсіді. – Бүгінгінің қожасы да, қожайыны да – байлағ-ғ... ғой. – Базарком – депутат, кәсіпкер – сенатор, рэкет – кәсіпкер болды. Қош делік. Сонда бұлардың арманы енді ел басқару болғаны ма? Сайлаубек сауалын сексеуіл құлатқандай солқ еткізді. Екі қолын жеңінің ішіне тығып, жүгіне қалған Мүсірәлі: – «Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейдінің» кері десейші. Сонда біз кімбіз? – деп ыздиды. – Біз – электоғатпыз! – деп күңк еткен, Жайлаубек сөздігін қайта парақтады. Әліпбидің аяғында жүретін «э» қазақтар сияқты қараң-құраң ғана екен. Бірақ «электорат» деген сөз зым-зия жоқ. Жайлаубек шаң басқан сөздігіне үңіліп біраз отырды да: – «Электғ-ғ...»-дің қасында болуы кеғек еді, – деп күмілжіді. – Сенің мынауың қай жылы шыққан кітап өзі? Кітаптың мұқабасында «Қазақ Совет энци клопе диясының бас редакциясы. Алматы, 1978 жыл» деп бадырайып тұр еді. Бодандық пен тәуелсіздіктің ара жігін бес саусағындай біліп қалған баяғы шопан, бүгінгі «тәксис» Мүсірәлі: – Түу, менің тұңғышым құралпы екен ғой. Бәсе, кәмунистердің ғалымдары электоратты не қылсын? Жайлаубек қызарақтап қалды. Үйіне тоқсаныншы жылдан бері кітап кірмепті. Көбіне Шымкенттен шығатын жекеменшік газеттердің өсек-аяңдарын оқитын Жайлаубек «ғылым мен білімге деген көзқағасты өзгеғтетін уақыт болған сияқты, Жақа» деп қойды ішінен. «Мына жаман шопығдың өзі кеше мен бүгіннің айырмасын біғ кісідей біліп отығ...». * * * Мүсірәлі былтыр бір жылқыға құдасының ескі «Мәскеуішін» сатып алған. Біраз болды сонымен жо-
лаушы тасып жүр. Әйелі мектеп директорының орын-
басары болып жоғарылады. Жақында тұңғыш қызы
мұ ғә лім болды. Мына екі көксоққан сол күні-ақ «қы-
зың ның ал ғашқы табысын жу» деп, бір табақ ет пен екі
бөтелке «Пар ламентті» жайғап кеткен. «Сарығаштың»
суын есеп темегенде. Бұл «іс-шарадан» тоқсанын шы
жыл дар дың алағай-бұлағайында «апырайлап» ауыл-
да қал ған үш құрдастың әжептеуір оңалып қалғанын
бай қау ға болар еді.
– Қанша қалталы болса да «әлигәғхияның»
қазақсыз таңы атып, тауығы шақығмайды.
Жайлаубек арзанқол темекісін тұтатты. Түтіні оп-
позиция серкелерінің тіліндей удай екен.
– Баяғы бір жыл әкім болған базарком да
әлигәрхия ма еді? – деп, Сайлаубек шақшасын іздеді.
– Ол әлигәрхиядан өткен жынды еді ғой, – деп
Мүсірәлі лекіте күлді. – «Мой адрес – ни дом и не
улица, мой адрес – Советский Союз» деп әндететін
мекенжайсыз сұм емес пе ол?
Сайлаубек ел арасында «базарком-әкім» атанып
кеткен басшыны бекерге еске алған жоқ. О кезде мұ-
ражайда қарауыл боп жүрген. Бір күні әлгі базарком-
әкім мұражайға нөкерлерімен сау ете қалсын.
– Мынау не? – деді, сәлем-сауқат жоқ,
мұражайдың ауласының қақ ортасына талтайып тұра
қалған ол.
Мұражайдың директоры Мәшһұр деген аузынан
сөзі, қойнынан бөзі түскен зиялы кісі болатын.
– ХТЗ-ы ғой.
– Бұл мұнда неғып тұр?
– Көненің көзі емес пе? Жем-су сұрап жатқан
жоқ.
– Бүгіннен қалдырмай көзін құртыңдар. Ал мы на-
ла рың не?
– Мынау ма?!.
Жойқын шабуылдан жасып қалған директордың
жанарынан «мұны білмеуіңіз барып тұрған...» деген
сөз «жү гірт пе жолдай» зыр етіп өте шықты. Бірақ
әпербақан әкім діңкілдеуін үдетпесе, тоқтатқан жоқ.
– Соны айтам.
– Балбал тас қой. Мынаны Тайтөбенің бауыры-
нан, мынаусын Ақыртастың басынан алып келдім.
Бетіндегі таңбаларын көрдіңіз бе? Мынаусы Талас
жазулары... Мынау Андронов дәуіріндегі...
– Құртыңдар көзін!
– Мемлекеттің қарауындағы жәдігерлер ғой бәрі.
Тауарих қой...
– Құрт деген соң, құрт. «Халам-баламдарды»
бұл жерден ендігәрі көрмейтін болайын. Біз бұл ара-
дан мынауский казино жасаймыз. Ескі-құсқының исі
мүңкіген мұражайдан пайда жоқ. Солай ма, Барон?
Базарком-әкімнің қасындағы бадырақ көздің қа-
лайша Барон атанып жүргеніне Сайлаубек таң қалды.
Анау жайнаң-жайнаң етеді.
– Мәтіби Мәтібиевич, мықындары былқылдаған
қыз-келіншектерді билетіп қойсақ, қаладағы кәрі-
жас тың бәрі осы араға құзғынша құжынайды.
– Дұрыс айтасың, анау «Қыз Жібектің» бишілері
осы жерде билейтін болсын.
Мұражайдың директорының жанын алуға кел-
гендей қабақтары қату нөкерлердің арасында шашын
қап-қара ғып бояп, көзіне қап-қара көзілдірік киіп,
мәймиіп жүретін мәдениет басқармасының маңқа
бастығы болатын. Сол байғұс «Өлетін бала молаға
қарай жүгіреді» дегендей қолын көтерді.
– Мәтіби Мәтібиевич...
– Не?
– «Қыз Жібектің» бишілері ақысыз билемейміз
деп жүр.
– Ақша керек болса, мына Баронға тиіп алсын!
Әйтпесе анау буаз кесірткедей былқ-былқ еткен
бөксеңді бұраңдатып өзіңді билетемін!
Шекесі
шып-шып
терлеген
маңқа
бастық
нөкерлердің тасасына тығыла берді. «Барон» қарқ-
қарқ күлді. Құдай жарылқап табан астында бір топ
мекиенге ие боп шыға келген қораздай жан-жағына
қоқиланып, тәкәппар қарайды.
– Мұражайды қайтеміз?
Мәшһүр өлім жазасына кесіліп, ақтық сөзін
айтқан айыпкердей үздікті.
– Алдымен ақшаны ойлаңдар...
* * *
Сөз пұшық дендей нөкерлерін ертіп жөнеле бер-
ген Мәтіби Мәтібиевич кенет осқырынып тұра қалды.
Екі қолы қалтасында. Тілшілер шаңқиған күннің асты-
на иіріліп тұр.
– Айтпақшы, «қазақ тілі құрып барады» деп
қақсай беретін қай журналист еді, сол мықты менің
ана тілімді неге сұрамайды?
Аптап
ыстықтың
астында
тұрған
тілшілер
«Мынаған күн өткен бе, не деп сандырақтап тұр өзі?
Қазақтың ана тілі қазақ тілі болмағанда, шошқаның
басы бола ма?» дегендей жым-жырт.
– Кеше біраз басқармаларды аралап шықтым, –
деп ыңыранды базарком-әкім. – Қаптаған қазақ. Кадр
саясаты мно-го-национальный болуы керек. Неге?
Себебі, біз мно-го-национальный ортамен ешқашан
ұшпаққа шыға алмаймыз. Мысалы, менің ана тілім...
жоқ.
Мәтіби Мәтібиевич «ә, бәлем, қатырдым ба!» де-
гендей, бұрыла беріп шырт түкірді. Түкірік балбал
тасқа қашалып жазылған Ұмай ананың тура аузына
барып былш ете түсті. Жұрт тым-тырыс. Әпербақан
әкімнің балбал-ананың бетімен сырғи аққан түкірігін
көрсе де көрмеген боп тұр. Тыныштықты мұражай-
дың директоры Мәшһүр бұзды.
– Сонда ұлтыңыз кім?
Мәтіби Мәтібиевич басқаны күтсе де, дәл мұндай
сойқан сауалды күтпесе керек. Беті лап ете қалды.
Оның ойынша тілшілер: «Мәтіби Мәтібиевич, «Ана
тілім жоқ» деп мәлімдеуіңіздің сыры неде?» деп таң
қалуы керек екен да, бұл өзінің түрлі ұлт өкілдерінің
ортасында өскенін майын тамыза тәптіштеуі ке-
рек екен. Бірақ мұражайдың мұңға батып, мең-
зең боп тұрған директоры алдын-ала дайындалған
сценарийдің быт-шытын шығарды. Табан астында
не дерін білмеген базарком-әкім түкірігіне шашалып
қалды. Сосын Мәшһүрге ызғар шашып:
– Ертең нөл-нөл тоғызда облыстық әкімшілікке
кел! Жауабын сонда айтам! – деп барқ етті де,
Баронға «кеттік» деп жөнеле берді. Нөкерлері топыр-
лап соңынан ерді.
Сайлаубек мұражайдың директорына бір қатердің
төнгенін сезді.
– Әй, осы сұрақты бекер-ақ қойдыңыз-ау.
– Өлеміз бе енді...
Ертеңіне мұражайға қырық жыл еңбегі сіңген
Мәшһүр мырза қызметімен қош айтысты да, оның ор-
нына әпербақан әкімнің аузынан түскендей қитар көз
інісі келді...
– Әй, қатын, менің байым сенің үйіңде отыр ма?
Терезенің тұсынан естілген дауысқа саясат соғып
отырған үшеу елең ете түсіп, бір-біріне қарады.
Мүсірәлі мен Жайлаубек «сенің әйеліңнің дауысы
ғой» дегендей Сайлаубекке ежірейді.
– Байыңды мен тығып қойғандай айғайлайтының
не, әй?
Бұл – есіктің алдында өткен-кеткендерге шемішке
сатып отырған Жайлаубектің көкдауылының үні.
Сайлаубектің сұлуы көк базарға барып көкөніс
сатады. Жайлаубек болса Жібегіне есігінің алдынан
дүңгіршек жасап берген. Дүңгіршектің ең өтімді тауа-
ры – шемішке. Олардың осы еңбектері күйеулерінің
алдында өктем-өктем сөйлетеді.
Орнынан алдымен Мүсірәлі түрегелді. Өзінің
қызметін қал-қадірінше атқарған сөздікті Жайлаубек
құтты орнына қойды.
– Бұлардың бастары қосылса бастықтарды жа-
мандайтын әдеттері емес пе?
Сайлаубектің әйелі үш құрдасты бір шымшып
өтті.
– Әлигархтардай екі қабатты үйде тұрып, астарына ақ «Мерседес» мініп жүрсе, көрер ем жамандағандарын, – деп Жайлаубектің әйелі қабаттасты. – Сендер не білесіңдер... Сайлаубек күңк етті. Мұның әлигәрхтарда алты аласы, бес бересісі жоқ. Оның ит-жынын қоздыратыны әлгі «әлигәрх» деп ат қойып, айдар тағып жүргендердің бойынан атажұрттың иісінің аңқымайтыны. Қарға тамырлы қазақ қанына тартпаушы ма еді? Ау, анасының бетіне түкіріп отырып қазақты басқарам деп өршеленетіні несі бұлардың? Бәрібір дейтін Кеңес өкіметінің заманы емес қой қазір. Сонау сексен алтыда Сайлаубек те секеңдеген жастардың бірі еді. Ереуілге шыққандарға ерем деп басы да жарылған. Елдің қамын жеген ерлерді топырлатып соттағанын да көрді. Сонда әлгі базаркомдар мен «барондар» облыстық тұтынушылар одағының шотын теріс қағып, халықтың несібесін жеп жатты емес пе? – Әй, үйге қайтасың ба, жоқ па? Әлде Жайлаубектің көкдауылының қасында қалғың кеп тұр ма? – Қалса несі бар, нарық заманда екі шал көптік қыла қоймас. – Әй, қысқағтыңдағ-ғ, жетеғ-ғ енді. Жайлаубек әйеліне жорта қабақ шытқан болды. Бірақ «қой» дегенге қоя салатын Жайлаубектің көкдауылы ма? Бәледен машайық қашыпты дегендей үйіне қарай зытып бара жатқан Мүсәрілінің соңынан айқай салды. – Мүсеке, бастық қатыныңа ет астыра бер. Кешке қызыңның айлық алғанын құттықтап барамыз. Жайлаубек ыңғайсызданып қалды. – Өй, өткенде жуып қойған. – Немене, біз адам емеспіз бе?
Сайлаубек көкдауылдың қабынан бір уыс шемішкені іліп алды да үйіне қарай аяңдады. – Немене, өліп баратқандай жетіп кепсің? – Әдірам қал, не қылам сені. Бағана базардан ілмиген Мәшһүр мырзаңды көргем. Сені сұрап, кеп кетсінші деді. – Менің малға шығып кеткенімді айттың ба? – Айттым. Мәшһүрді екі дүниеде де ұмытпас Сайлаубек. Жұмыссыз қалған кезінде қарауылдыққа алған сол еді. Танысып-білісуі де қызық. Осы шаңырақтың тұмар белгісіндей сандығының түбінде жататын қара қылыш бар болатын. Әкесі жаз сайын қой сойып, құдайы тамақ таратады. Сол кезде сандық та ашылады. «Батыр бабамыздың қылышын көреміз» деген жұрт тұстұстан ағылады. Жұрттың құмары басылды-ау деген кезде қылышты жаңа матаға орап, сандықтың түбіне қайта салып қояды. Ескі шүберекті әйелдер «батыр атамыздан тәбәрік болсын» деп қылдай бөлісіп алады. Әке кеткелі қалыптасқан сол дәстүр бұзылды. Сөйтіп жүргенде Кекіліксеңгірдің бабал тасын әкетуге келген Мәшһүр қылыш туралы естіп ал, кеп жабыссын. Айтуынша облыстағы тарихи өлкетану мұражайында тұрса бұл қылыштың көсегесі көгереді екен. Құжатқа кімнен алғанын қатырып тұрып жазып қояды екен. – Сен менің атымды жазып неғыласың, – деген Сайлаубек, – одан да «Кенесары ханның сарбазы Ыстыбай батырдың қылышы. 1843 жыл.» деп жазып қой. – Неге жазбасқа? – Қайдам, баяғыда шашы жылтыраған бір хатшыға қылышты көрсетіп, тарихын айтқанымда «Қанішер Кенесарыны не деп насихаттайсың?» деп ыршып түскен. – Қорықпа, ол қазір қазақтың батырлары мен бақсыларын зерттеуге көшкен. Бірақ менің қылышыңа төлейтін көк тиыным жоқ. Білесің ғой, облфин айлық тың өзіне әрең ақша бөліп отыр. Қарауылдық жұмысқа қалай қарайсың?
Екі қолы алдына сыймай, қаракетсіз жүрген Сай-
лаубек қарауыл болуға қуана келісті. Міні, бар болған-
біткені осы. Базарком-әкім «мұражайдың ішіндегі
«халам-баламның» бәрін құртыңдар» деген күні
шынының астында жатқан қылышты алып Сайлаубек
те мұражайдан біржола қарасын батырған.
– Қылыштың әңгімесі шығар...
– Қайдам...
Ертесіне Сайлаубек інісі бағып жатқан жылқыға
кетті.
Қырғыздардан
сатып
әкелген
жылқы
Кекіліксеңгірді жатсынған жоқ. Бір айырмасы, бұл
енді баяғы кеңестік жүйенің үйір-үйір жылқысы емес.
Өздерінікі. Жекеменшік.
* * *
Киізбен қаптаған ыдыстағы салқын қымызды
сыл қыл дата жұтқан Сайлаубектің жансарайы ашы-
лып сала бер ді. Мұртына жұққан ақты тоқшылықтың
белгісіне ырымдап, біразға шейін сүртпей отырды.
Кешегі гәп есі нен әлі кетпеген.
Кекіліксеңгірдің биігінен дүрбі салды. Шәһарға
шы ғатын қасқа жолда Мүсірәлінің ескі «Мәскеуіші»
зырлап барады. Мәшиненің бөксе жағы бал араның
құй ры ғындай
сүйретіліп
қалғанына
қарағанда,
кәбіңкесін жолаушыға лық толтырып алған шамасы.
Жайлаубек тің көкдауылының дүңгіршегі қараяды.
Жайлаубек «ығ-ғылап» қойып Сейсенәліге дәріс оқып
жатқан шығар. Жібегі базардан не деп келер екен?
Жұдырықтай радионың түймесін басты. «Орыс
радиосы», әдеттегідей, қақсап жатыр. «Әл-Жазира»
Бен Ладенді көрсетіпті» дейді... «Әмериканы топан су
басты» дейді... «Палестинада тағы да жарылыс боп,
жүз қаралы адам қырылып қалды» дейді...
– Ау, бұ жұртқа не жетпейді осы? Жаратқан ием,
бізді осындай пәле-жалаңнан сақтай гөр!
Сайлаубек «Қазақ радиосын» қосты. Олар да
«Әлигәрх» деп, «Сайлау» деп қақсап жатыр екен.
– Ел-жұртқа ет жақын біреуді сайлап алма-
са, әсілі сауда-саттыққа ауған әлигархтар халықты
ұшпаққа шығара қоймас, – деп күбірлеген Сайлау-
бек Кекіліксеңгірдің биігіне шығып, төрткүл дүниенің
тыныштығына бас-көз болуға серт берген адам сияқты
малдас құрып отырды...
ШОПАНБАЙДЫҢ
ШАРБАҒЫ
Шалдың мойнына ораған көлдей ақ орамалда ғы
қы рау дай әппақ шаш екі тізесінен сәл жоғарырақ,
бір жерде шашусыз жинаулы жатыр. Иіс сабынның
көбігіне
жа быс қан
шашын
ұстараның
жүзінен
түскенін түс кен ше еті қашқан тарамыс саусақтарымен
іліп алып, аса бір ұқып тылықпен жинап отырған да
шалдың өзі.
– Еркебұлан-әй, мына шашты ал да анау дәу тал-
дың түбіне көміп тасташы.
Немересі кеше ғана әкесі екеуі қораның көңін
ойған кетпенге қарай томпаңдай жөнелді. Ауланың
төріндегі көлеңкесі үлкен қара талдың қасындағы
ошаққа асылған тай қазандағы қайнап жатқан суды
дәліздегі үлкен ақ шы лаушынға шелектеп тасып
жүрген кемпір:
– Еркеш, терең қазып көм, аяқ асты болмасын, –
деп дауыстады.
Кейуана ырымшыл. Бұл мәселе жөнінде ол кісіні
«академик» десе де болады. «Үйге қарай жүгірме»,
«күлді шашпа», «от шығарма», «суға түкірме»...
Қариясының қыраудай аппақ шашының қотыр
ешкінің қылшығындай жыңғыл қораның қабырғасына
ілініп тұрғанын көргісі келмеген шығар.
Шал көзінің қиығымен баласын бағып отыр. Шал-
дың асылдың сынығындай ардақтап жүретін ұстарасы
болатын. Баласы жас кезінде оның қызғылт түсті
мүйіз сабына қатты қызығушы еді. Бірақ қытымыр
шал оны өзінен басқа тірі жанға ұстатпайтын. Шашын
алдырып болғаннан кейін мұқият тазалап, жуады. Со-
сын оны құрғақ шүберекпен баппен, асықпай сүртеді.
Осыдан кейін ғана ұстарасын барқытпен бипаздап
орап, сопақша келген қоңыр қорабына салып, тығып
тастайды. Шалдың буырыл шашы тікірейіп қайта
шыққанша оған енді бұл үйде ешкім жоламайды. Шал
сол өзі бағалап ұстаған дүниенің қадірін баласы білер
ме екен, білмес пе екен дегендей, сынай қарайтын
сыңайлы. Шалдың әрбір көзқарасын жас кезінен
ұғып өскен баласы бұл «емтиханнан» сүрінбей өткен
сияқты. Шал, әсіресе, баласы ұстараның алмастай
өткір жүзін жасырып тұрар ұңғысындағы су там-
шыларын үрлеп кетіріп, бір тал сіріңкемен шаштың
қиқымдарынан тазартқанда масаттана қозғалақтап
қойды.
– Суды томыртқалап қойдым. Таза іш киімің де
дәлізде тұр.
Кемпірдің көңілі хош. Соңғы кездері қыңқыл-
сыңқылы көбейіп кеткен шалы бүгін алабөтен қунақ.
Күншуаққа шығып баласына шашын алдырып оты-
рып бұған: «Бұлбике-әй, су қайнатшы. Әшірәлім барда
бір рахаттанып шомылып алайын» – деді.
Бала кезінде кешке дейін аттың үстінде жүріп үйіне
шаршап қайтатын әкесі кемпіріне етігін шешкізіп жа-
тып: «Суыңды томыртқалап әкелші», – дейтін. Сон-
да кемпірі ошақтың үстіндегі буы бұрқырап тұрған
құдықтың мұздай суынан араластырып, қанжылым
ғып әкелетін. Баласы бұл сөзді естімегелі қашан.
Шалдың шашын алып, сақал-мұртын бастырғанда
бұлай қиналмап еді. Дүниеде еті қашқан кісінің
терісіне сабын сүйкеуден өткен қиямет-қайым жоқ
екен. Жон арқасынан шып-шып тер шықты. Бір
кездегі нар кісінің сүйектері қушиған пұшайман
халін көру қандай азап. Қолындағы сабынды сүйкеген
сайын шалдың қабырғасы ырсиған арқасын қажап
жатқандай қысылды. Тізеде шодырайған сүйек қана
қалған. Бір қырым ет жоқ. Әйтеуір, өзі отырып, өзі
тұрып, жүретіні дәтке қуат. Кемпір дәліздің есігінің
сыртынан: «Әй, болдыңдар ма түге», – деп үшінші
рет келгенде, шал мен баласы есіктің ілегін ағытып,
сыртқа да шықты-ау...
Шал ақ матадан тігілген кең көйлек-дамбалын
киіп, иығына жеңіл шибарқыт шапанын желбегей
жамылған соң сұсты қалықпа түсті. Құйқасы аршыған
жұмыртқадай әппақ болып тұрған басына үлкен дәу
дәсорамалын жауып, үстінен қара тақиясын баса киіп
алды. Қара талдың көлеңкесіне төселген тақтайдың
үстіне дастархан жайып, ас қамдап жүрген кемпір:
– Көптеген бері өзін құр аттай жеңіл сезінгені
осы шығар, – деп өзінен-өзі күбірлеп қояды.
Десе де, бағлан қозының былбырып піскен
етінен шал аузына көп салмады. Алдындағы май-
лы етті баласының тұсына қарай ысыра берді. Жі-
лік ті немересіне ұсынды. Бір керемет шөл қысып
отырғандай оқтын-оқтын жұтынып, тілімен таңдайын
жібітіп, тамсана берді. Шалының көңілі нені қа-
лайтынын қас-қабағынан сезе қоятын кемпір шалы-
на арнап дереу бөлек шай жасады. Жиегіне жез түсті
сызық жүргізген ақ кесеге ерні тиіп, сүт қатқан ыстық
шайдан шым-шым ұрттаған сайын шалдың реңі кіре
бастады. Маңдайы жіпсіп, тұла бойы бусанды. Көңілі
әбден жадыраған мезгілде немересіне:
– Қарагер мен торыны ертте, – деп әмір етті.
Баласы:
– Әке-ау, аттарды ерттетіп неғыласыз? – деп
қалған.
– Жә, мына Еркебұланға атамекенін көрсетіп
қайтайық.
– Кеше жол-жөнекей машинамен келе жатып
бәрін көрді ғой.
– Ой, сөзіңе болайын сенің. Туған жер төсін ата-
сымен аралағаны бір төбе емес пе. Сосын... саржелді-
ріп атпен жүргенге не жетсің! Солай ма, Еркебұлан?
Ырымшыл кемпір құдайға сыйынып, дұғасын оқи
бастады. Шалдың қылығынан көңіліне секем алып,
шошына бастаған сықылды. Тәрізі «осы жарықтық
бой жасағалы жүрмесе неғылсын» дейтінге келеді.
Аттылы кісілер ауыл сыртындағы құмның жиегіне
жетіп қалды. Шал немересін атына мінгестіріп алып-
ты. Баласы шөбіне шалғы тимеген даланың кәусәр ау-
асын ашқарақтана жұтып, жаны жадырап сала берген.
Оның айналасына ынтыға қарап, құм гүлінің жұпар
иісімен кеуде кере тыныстап келе жатқанын байқаған
шал ақырын жөткірініп алып:
– Даланың келбеті өзгеріп пе, балам? – деген.
– Тайтөбе бала кезімде биік сияқты еді, қазір
шөгіп, аласарып кеткен бе?
– «Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ екен»
деген осы. Бір орында тұрмақ дүние жоқ.
– Еркебұланды әдейі ертіп шықтым. Көрсін.
Түйсін көкейіне. Өзің туған жеріңнің төбелерін
ұмытып қалған жоқсың ба?
– Жоға.
– Өткенде қырғыздағы Құрманқұл құдамыз
келіп кеткен, – деді шал қарагердің басын қалың
құмның биіктеу бір бүйратына қарай бұра беріп. –
Сол әңгіме ғып, күліп отырды қызталақ. Қылжақпас
неме ғой өзі. Біздің ауылда біраз қазақтар тұрады
дейді. Солар бірде желпініп отырып: «Біздің шыққан
тегіміз мықты. Ақсүйектердің тұқымынанбыз», –
деп, мақтанса керек. Сонда қырғыз ауылының
тіліне теріскен шыққыр қулары: «Мына Манас
жақта Ақсүйек деген сай бар. Ашаршылық жылдары
ауып келген қазақтар «ақ-сүйек» болып, қырылып
қалған сайды солай атап кетсе керек. Сіздер, сірә,
сол жақтан болдыңыздар ғой», – деп, ауыздарына
құм құйыпты. Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ.
Менің ата-бабаларымның сүйегі де жат жұрттың бір
аңғарында әппақ болып қурап қалмаса неғылсын.
Алтынбек деген ағайынның қырғыз құдасын бала-
сы білетін. Ұмытпаса, аты – Құрманқұл. Өзі қушыкеш,
әңгімешіл кісі.
– Әшірәлі, – деген бұған бір келгенінде кездесіп
қалып, – біздің қырғыздарға қарағанда қазақтардың
діні қатты, тілі тәтті. Менің Қатира деген көршім бол-
ды. Қазақтың қызы ғой жаманшылық жылы біздің
елге келіп, тұрмыс құрып, тұрақтап қалған. Сол апаң
өле-өлгенше қазақша сөйлеп кетті. Бүкіл ауыл осы
күнге дейін таңғалып отырады. Ал, мына Алтынбек
құдам менің қызым Канымчаны айналасы бір-екі жылдың ішінде қазақ қып жіберіпті... Шал, баласы және немересі бұйрат-бұйрат құмның биік жалына ілікті. Бұл арадан етектегі ауыл да, құмның ортасындағы қорымдар да алақандағыдай анық көрінеді. – Анау, – деді шал қабырғасы мүжілген шеткері моланы көрсетіп, – Айдарбек атаңның қорымы. Оның жанындағы Әлібек атаңдікі. Атам мен әкемнен тірідей айырылып, шешем екеуміз әр үйге бір түнеп, көрінгенге көзтүрткі болып жүргенде басымызға баспана тұрғызып берген Айдарбек атаң болатын. Ұста еді ғой жарықтық. Жүр, жақынырақ барайық. Шал қарагерін тебінді. Әкесінің ерсілеу көрінген бүгінгі мінезінен баласы да шошып, қобалжи бастады. Шал қорымның жанына келіп аттан түсті. Тізгінін құранды ердің қасына іле салып, шылбырдың ұшын белбеуіне қыстырды. Сосын тізе бүгуге лайықты шөбі қалыңдау жерді таңдап жүріп тауып алды да, жүрелей жайғасты. Қырағыттай оқыған құранын аяқтап, алақанымен бетін сипады. Әләзір асығар ишарасы байқал майды. Шөп басқан ескі қорымның кетеуі кеткен кесегіне айнала қарап жүр. – Тозып кетіпті-ау. – Жөндетсе болмас па екен? – Моланы жаңартпас болар. Мейірімің түссе одан да жұма сайын құран оқытып тұр. Сол сауап болады. Шал ескі қорымды әлі айналшықтап қарап жүр. Ұлы қипақтады. – Әке, біз шыққалы да біраз уақыт болып қалды... – Жә, асықпа. – ? – Тындап алыңдар. Мынау екі шалдың моласының жанындағы анау кішкентай алаңқайды көріп тұрмысың. Мен көз жұма қалсам сол жерге қойыңдар. – Ой, сіз де қайдағыны айтады екенсіз. Құдайға шүкір, әлі тыңсыз ғой. – Қайдағыны айтып тұрған жоқпын. Мен қатыбас өкі меттерді көп көріп, аузым күйген адаммын. Ата-ба-
бам ның малы мен жерін тартып алып, өздерін қаң ғыртып жібергендері де болды. Мынау саған көрсеткен жерге ертең ауылдың әкімі үйіндегі төрінен көрі жуық шешесін жерлеймін десе қайтесің? – ? – Ә-ә, әкімнің дегені болады. Анау ылғи бидайық өскен шұрайлы саздың қалай аталатынын ұмытқан жоқпысың? – Шопанбайдың шарбағы деуші едіңіздер ғой. – Сол Шопанбай мына біздің бабамыз болады. Осы жер үшін ол қарашекпендермен де қырбай болған. Бірақ, қызыләскердің қиғылығы одан да асып түсті. Төтеп бере алмады. Байтал түгіл бас қайғымен жан сауғалап, шүршіт асып кетті. Баласының шалмен тәжікелесуге дәрмені жоқ еді. Қай жылдары еді құдай-ау. Шал сол кездегі кең шар дың директорына барып: «Мынау менің ата-бабамның жері. Елдің аузында Шопанбайдың шарбағы деп бекерге айтылып жүрген жоқ. Лұқсат етсең, сол жердің шөбін ауылдың шалғышы жігіттерін жалдап өзім орып алайын» дейді ғой. Кеңшар директоры Ерман деген есті кісі екен. «Ағасы-ау, мен ол жерді мынау Мейірқұлдың ата-бабасының жері. Шөбін өзі орып алсын» деп бұйрық берсем, күні ертең аупарткомның бюросы менің екі ая ғымды бір етікке тықпай ма? Баяғы бай-құлақтардың жырын жырлап жүрсін деп мені де, анау әні-міні коммунистке өтемін деп далаңдап жүрген прораб балаңды да құртады ғой. Одан да сізге тура Шопанбайдың шар ба ғы ның өзі болмаса да, соның іргесіндегі Сасық көл дің би дайығы мен жантағын орғызып берейін» деп қалың қа сы қар жауғандай түнеріп отырған шалды үйіне әрең қай тарып ты деп еститін. – Осы түгін тартсаң майы шығып жатқан жерді бір сенатор бәленбай жылға жалға алыпты дейді. – Жерді де, малды да түгел бөліп берген жоқ па еді? – Атасының басы. Жүні жылтыраған мал да, шөбі белуардан келетін шұрайлы жер де бастықтардың
қан жы ғасында кетті. Бұрынғыны ақ патша дедік, ке-
ше гіні кеңес өкіметі дедік. Мақұл. Ал бүгінгілерге не
жорық. Министрлер, сенаторлар, әкімдер... «Аспан-
нан туырлық жауса да кедейге ұлтарақ бұйырмайды»
дегеннің кері осы.
Ұлы қылпылдай бастады. Шалдың тілі ащы. Бұдан
гөрі Құрманқүл қырғыздың қылжағы имантаразы.
Әйтеуір абырой болғанда қастарында ауыл басшыла-
ры жоқ.
Шал кейіп тұрған сенатордың кім екенін ұлының
іші сезеді. Обалы не керек, облысты басқарып тұрған
кезінде өзіне деген ықыласы түзу болды. Тиісті
орындарға телефон шалып, бұның қызмет көлігін
жекешелендіріп алуына ықпал етті. Үмітсіз шай-
тан. Бір майлы жіліктің басы көрінетін сияқты. Ол
қызметке қолы жетсе... Бұйыртса Астанаға барып,
арнайы сәлемдесіп шықсам ба деп жүрген. Шалдың
сөзінің жаны бар. Сенатор балаларына мыңдаған гек-
тар жерді жалға әперіпті деп бұл да естіген. Бірақ бұ
мәселе мұның әкесінің тура жанды жарасының ау-
зын тырнап кететінін білген жоқ-ты. Ол кісінің жер-
ден бөлек жекешелендіріп алған зауыттары қаншама.
Шіркін....
– Әке-ау, ол енді қаржысы бар кісілер...
– Жә, неменеге шыр-пыр боп тұрсың. Маған енді
анау өзіңе көрсеткен бұзау терісі-шөншіктей ғана
жердегі қара бұйра топырақ бұйырса болды.
Шал ашуланамын деп шаршап қалды. Кеудесі
сыр-сыр етіп, ентіге демалады. Ерні кеберсіп қалған.
Ұлы атының тізгінін әперіп, шалдың шапанының
етегіне жабысқан шөп-шаламдарды қаққыштады.
Шал қарагерге немересінің сүймелдеуімен әрең мінді.
Еркебұлан шалды аяп кетті. Бір жағынан қартайса
да емендей илікпейтін қайсар мінезіне таңғалады.
Шал, әкесі және өзі. Үшеуі үш бөлек жан. Әкесінің өз
пәлсапасы бар. Шал шындығын бүгін ашты. Апасының
айтқаны рас болса...
Мейірқұл Кеңес өкіметінің қара жұмысына
илікпеді. Үнемі ат үстінде жүрді. Өзі о бастан ыстық,
суығына көндіккен жылқы малын бақты. Астын-
да мойнын доғаша иген сұлу қара айғыр. Кейде оны
әкесінен қалған ескі көз – күміс ертұрманмен ерттеп
мініп шығады. «Байшікеш!» Бұл – басқарманың сөзі.
Мейірқұлдың жүнін жығып, аяғына құлдық ұрғыза
алмаған соң айтқаны. Тісін қайраумен талай түнді
ұйқысыз өткізді. Ақыры тапты. Мейірқұлдың сағын
сындыру үшін оны қалайда жансерігіне айналған
қара айғырынан айыру керек. Бұл үшін Мейірқұлдың
соңына аудандық милицияның әпербақан бастығын
салып қойса болды. Айтқаны келді. Милицияның
бастығы Мейірқұлға «не атты таңда, не түрмені танда»
деп шарт қойды. Ойлануға үш күн пұрсат. Мейірқұл
қатты қиналды. Үшінші күн дегенде сылаңдаған
қара айғырды қорадан алып шықты. Қорадан алып
шықты да құдықтың мөлдір суына әбден шомылдыр-
ды. Құйрық-жалын сүзіп, үстіне әппақ ақ жабуын
жапты. Күміс ертұрманның айыл-әбзелдерін күнге
жарқыратып ерттеді. Қара айғырды тойға баратындай
сылап-сипады. Кемпірі көзіне келіп қалған жасты ша-
лына байқатпай орамалының ұшымен сүртіп алды...
Мейірқұл бұл кезде ауданға қарай баратын жолға
түсіп еді. Майлы топырақты борпылдата кешіп,
соңынан «әке» деп жүгірген баласына да бұрылмады...
Кемпірі сол күні түнімен кірпік ілмей шықты.
Мейірқұл таң аққаймақтанып атып келе жатқанда
бір-ақ оралған. Қара жаяу. Түрі өрт сөндіргендей.
Әлемтапырық. Қолынын саусақтарына, етігінің ба-
сына қан дақтары жұғыпты. Екі мұңлық бір-бірінің
көңілін айтпай түсінді. Мейірқұл кемпіріне «су
әкел» деп ым қақты. Мейірқұл алдымен қалтасынан
ұстарасын алып жуды. Оның жүзі де қан екен...
Сәске түсте ауданнан ат терлетіп милициялар
жетті. Мейірқұлдың қолын қайырып байлап, бір
мәстекке мінгізді. Мейірқұлдың қара айғыры мен
күміс ертұрманның тарихы ел аузында жыр боп
жүрді. Біреулер Мейірқұл қара айғырын сойып алып-
ты десті. Енді біреулер қара айғырын құмының ішіне
өз қолымен бауыздап, күміс ерімен бірге көміп кетіпті
деп жүрді. Түрмеден соң трудармияға алынып, елге соғыс біткен соң бір-ақ оралған Мейірқұл да бұл туралы тіс жарған емес. Еркебұлан қалтасына қолын салды. Имек сапты ұстара қолына тиді. Алақанына салып, сабын қысып-қысып қойды. – Апа, – дейтін Еркебұлан кішкентай кезінде еркелеп, – атам ұстарасын неге тығып қояды? – Е, қарағым-ай, ол ұстараның жүзінде қан бар ғой... Соны көрсе қай-қайдағы есіне түсетін шығар. Шашын алдырарда амал жоқ шығарады... Еркебұлан атасының артына міңгесті. Белінен ұстап еді қолы еті жоқ қабырғаға тиді. Қампитып тұрған құр шапан екен. «Қайран атам...» Қарагер мен торы ауылдың жолына түсті. Үш ұрпақтың өкілі үш түрлі ойдың құшағында. Еркебұланның қолы ұстарада... Текті тұқымның қаны өз жүлгесін тапқандай лып-лып етіп түбіт мұрт жасөспірімнің алпыс екі тамырын қуалай ақты. * * * Ырымшыл кемпір босқа күдіктенбепті. Келесі күні таңсәріде Шолпан жұлдыз туа шал дүниеден озды. «Арманы жоқ екен. Ақ өліммен өлді деген осы. Баласын шақыртып, бақұлдасып қалды. Қызметте ғой. Немерелері де жеті жұрттың тілін біледі екен. Бақыттымын деген адам Мейірқұлдай-ақ болсын» десті жұрт. Қайтсін. Бақыт деген сөздің мәнін өздерінше ойлап, өздерінше топшылағаны ғой.
ШАЛ (этно-мәдени аңсар) Былайғы жұрт өзін ыстық, суыққа бірдей, көнбіс кісі санайтұғын Ақылбай аяқ астынан бүйірі шаншығандай қабағы кіржиіп, әжімі тереңдеген қу шаңдыр өңіңдегі кейістікті көрсетпейін дегендей, жүзін қабырғаға беріп, бүк түсіп жатты да қалды. «Тұлпар арыса – тулақ, ер арыса – әруақтың» кебі де. Болмаса жалғыз қабат жадағай көрпеше жамбасына тастай батып, үйінің қаракөлеңкелеу бұрышында жатқан қаңбақ шал ғұрлы қарамы жоқ құр сүлдерді сонау жылғы кеудесі аяққаптай атан жілік Ақылбай еді деуге ыстық ұрттағандай тілің тұтылғаны былай тұрсын, күні кеше ғана осы қара шаңырақта болып өткен ақар-шақар қуаныштың ортасында қайғысызқамсыз, ақжұлық бөркі аспандап отырған базарлы шал еді деудің өзі күшке түскендей. Белі еңкейіп, білегінен қайрат тайған қарт сәби деген емес пе? Шал кейіп, қыстығып жатса да келіні келіп: «Ататай, кешіре көріңіз...» деп әне-міне қапсыра құшақтай алатындай ұзақ күтті. Сөйтсе көңіліндегі әб жыландай бас көтерген түйткілді тарс ұмытпақ. Зады діні жуас адам ғой, оңдайда оң бүйрегі бүлк-бүлк етіп, алпыс екі тамыры иіп, кәдімгідей елжіреп кетеді. Бірақ қанша күтсе де жуығарақпанда келіні келмеді, иіліп кешірім сұрар да болмады. Қайта жаңағы әзірде қыбырлап, оны-мұны шаруасын айналдырып жүрген сықылды еді, онда шал да анасына өкпелеген баладай өзінің өкпе-наласы келінінің жүрегіне шым-шымдап жетсін дегендей ауық-ауық «аһ» ұра күрсініп жатқан, енді түкпіргі бөлмесіне кіріп кетті ме, үйдің іші құлаққа ұрғандай тым-тырыс. Бұл – шалдың көңілін тарқаған
базардың жұртындай одан бетер құлазытты. Ақылбай
келініне мән-жайды айтып түсіндірмеген өзіне де
ызалы. Бағана үйге көңілі бұзылып енгеннен кейін,
кейістігін білдіріп бір ауыз тіл қатайын деп оқталды
да жетесінде болса өзі-ақ ұғар деп қисая кеткен. Сол
қалпы әлі тыпыр еткен жоқ.
Обалы не керек, келін түскен құтты күннен
былайғы бір айдың мәулетіне дейін Ақылбайдың
өзіне де, қара есігіне де тыным болған жоқ. Көлдей
дастарқанды бар мәзірін жасатып, жайнатып тастады
да, азанды кешке, кешті таңға ұрғызып әдейі жинат-
пай қойған. Онысы, мынау шаңырағына апы кіріп,
күпі шығып, қуанышын бөлісіп жүрген халық риза
болсын дегені. Онысы, анау қас бағып, қабақ аңдыған
қоңсы-қолаңдарының: «Жарымағыр қақбас, жиған-
тергенін жалғызының қызығынан аяп қалды», – де-
ген сыпсыңнан аулақ болайын дегені.
Қойшы сонымен келінінің келісімімен құдаларға
жөнелтілген «өлі-тірінің» 100 мың теңгесі мен осы
иіс-қоңысқа деп жемдеп жүрген құйрығы кетпен-
дей қызыл ісекті есептеп-қисаптамағанның өзінде
Ақылбайдың қоңыраулары сылдыр қаққан шеңгел
шарбағында құдайысы, беташары, ауыл тойы, тағы
несі, ә, айтпақшы, құтты болсын айта келгендерге ар-
нап сойғаны бар бір жетінің айналасында сегіз-тоғыз
жандықтың терісі жайылып та үлгерді.
Беташар демекші, Ақылбай келінінің жүзін сон-
да алғаш көріп еді-ау. Үріп ауызға салғандай екен өзі
де. Үй боп, отау тігіп кеткен қыздарының: «Келініңіз
қаланың қызы екен», – дегендерін құлағы шалып
еді, асылы сол немелерінің айтқандарының жаны
бар сөз болды. Рең-басы мынау Қызыларықтағы анау
Құрамыстың бойжеткен қыздарының түр-сипатынан
бөлек, киімі де жинақы, тал бойына жарасып-ақ тұр.
Сол сәт Ақылбайдың пендешілігі қозып, келініңнің
анау, мынау емес, мәдениетті от басынан өргеніне
қуанған-ды. Тіпті жүрегін мақтаныш сезімі лүп-лүп
қағып өткен.
– Балам, – деген сосын бір қағаберісте, «келін»
деп атауға тілі түскірі күрмеліп, икемге келмей қойса
болар ма. – Өзіңменен әтейі ақылдасайын деп келдім.
«Малды ноқта, адамды неке жалғайды» дейді екен
аталарымыз. Бұйыртса, аруақ сыйлаған шаңырақтың
табалдырығынан аттап отырсың... Иә, не айтайын деп
ем, ә, біз өзі төменде жоғарғы жақтың заң-зәкүнінен
тысқары жатқан ауылмыз. Ал енді өз дәстүріміз бой-
ынша, – деп онысының алды «өлі-тірі» деп аталаты-
нын жұқалап отырып жеткізген.
– Солай, шырағым, кесімін өзің айт. Қартайғанда
көрген қарағымның қалыңынан қалған мал – мал,
жан – жан....
Келіні жарған жүгерідей әппақ тістерін жарқырата
күлімсіреген. Бұл онсыз да борықтай, бәденді немені
түлкінің баласындай одан бетер құлпыртып жіберді.
«Тіпә, тіпә... «Түсі игіден түңілме» деген, түсі жылы екен.
Құдая, ауыл аймағына мейірімді қыла гөр...» Шыбын
жаны келінінің үстінде, қалт-құлт етіп қарадай өбектеп
тұрғанда даусыңнан айналайын «ата» деп тіл қатса бо-
лар ма, сыңғырлап. Иә, иә, мұның әлдеқашан беріш бо-
лып қатып қалған тулақтай тұл денесін керегенің көгіне
деп жібіткен көндей был-бы-ра-те-еп «ата» деді ғой.
«Ата» деді де:
– Өздеріңіз шеше беріңіздер, папам ренжи қой-
мас, – дегені.
– Ой, ай-но-лайын! – Бұрынғы бұрынғы ма,
Ақылбай енді одан бетер бәйек болда да қалды. –
«Жоққа – нысап, барға – қанағат». Мә, ботам, енде-
ше мынаны ал-дағыны, – ол шәйі шүберекке оралған
қомақты нәр се ні келінінің қолына ұстата берді, –
құдаларға
аттандыратын
кісілерімізді
ыңғайлап
алғанша өзіңде сақтай тұр...
Шәйі шүберектегі қомақты нәрсе Ақылбайдың
әлгі «өлі-тіріге» деп сары майдай сақтап жүрген екі
жарым мың пұлы еді.
Сол күні Ақылбай үшін дүние-жаһанда келінінен
жақын, келінінен сенімді, келінінен жанашыр жан
жоқ еді. Қарайып соңынан ергені болмаса осы жаман
шалдың ұлы екенмін-ау, іші-бауырына кіріп, ашылып әңгіме дүкен құрайыншы деп қаперіне алмайтын жалғыздан гөрі мынау жүзін төмен салып мөлдіреген, аққудай келіні жанын әп-сәтте баурап алды. Кейін құлағдар болды, сөйтсе Ақылбайдың кәрі қойдың жасындай ғана ғұмыры қалғанда көрген осы там-тұм қызығының өзін әр саққа жүгірітіп, көрші-қолаңдары кәдімгідей күңкілдесе керек. Оларын хатқа жазсақ былай болып келеді. – Сақалды басымен келінінің алдына қымсынбастан оңаша қалай барды екен?... – Япыр-ай, десейші «келін-кепшіктері жоқтай қайын атамыздың мұнысы шынында да ерсі енді. – Әй, далбасаламаңдар түге, «қуанған мен қорыққан бірдей» деген осы. О несі сонша, аңсап жүріп жеткен қызығы ғой. Ақылекем бүгін не істесе де жарасады. – Беу, Бүбіш жер басып жүргенде бұ байғұсты өстіп қазан-ошаққа араластырып қояр деп пе ең? Сорлы кемпір: «Жалғасжанымның табалдырығынан келінімнің оң аяғымен аттағанын көріп өлсем арманым жоқ» деп отырушы еді, дегеніне жете алмай кетті ғой... – Оның рас-әй, ақ жаулықтысы жоқ үйдің мұндай олпы-солпысы болмай тұрушы ма еді? Бұйртса енді келінді болды, орнында бар оңалар, әлі-ақ түтіндері түзеліп кетеді. Осыған бола бықсытатындай ештеңе бүлінген жоқ. – Қайдам, біз де келін түсіріп, құда күтіп көріп ек. Бірақ, бүйтіп келініміз босағадан бас сұқпастан жатып айдауына көніп, айтқаның істеп, тайраңдатып қойғанымыз жоқ. Өстіп жүріп келінді еркетотай етіп жібермесе неғылсын... – Жоға деймін де, тым құрыса қыздарын жіберіп сөйлеспей ме?.. Ақылбай әдепкіде ағайын-туысқандарының қамырдан қыл айырғандай суыртпақтап отырып жеткізген осы сыпсыңдарында иығындағы жұмыр қауағына ой салғандай, болмаса таңдайына салып
дәмін алғандай ауыз тұшытарлық түйірдей дән бар
болса, шынында бар шығар деп біраз екшеп көрді де,
кенет өзінен-өзі осқырынып, оқыс мырс етті.
– Әптілеріңді ұрайын, өңшең шуылдақ, санда-
лып, оттай береді...
Дегенмен
кемпірі
жөніндегі
әңгіме
шалдың
қиялын қай-қайдағы, жай-жайдағы ойға жетеледі. Өзі
де осы той-томалаққа жеткелі мынау шат-шадыман
қуанышқа бөленіп жатқан қара шаңырағында тағы
бірдеңенің орны олқы соғып тұрғанын, әрі оның не
нәрсе екенін пайымдай алмай көңілі алағызи беріп
еді. «Қуанған мен қорыққан бірдей» деуші ме еді,
сол айтқандай, есі шығып жүріп бұл мұндар сөйтсе
марқұм кемпірін тарс есінен шығарып алыпты. Еһ,
қазір жер басып, тірі жүрсе Ақылбай есімі ұмытылып,
бұл тойхана алдымен Бүбіштікі болар еді ғой.
Тағдыр тауқыметі әуелі беліне түсіп, ерте еңкіш
тартқан кемпірі өзінің соншалықты жұпынылығына
қарамастан жанының дархандығы жөнінен мұқым
ауылға мәлім-ді. Өле-өлгенше кісінің бетіне келіп, жүз
шайыспаған қоңторғай мінезімен жақты ма, кім білсін,
абысын-ажындарының алдында да сыйлы еді байғұс.
Бір жағынан Жалғасжанын өбектеп, бір жағынан
шалының шайын қайнатып, онымен де қоймай өмірі
бітпейтін қыбыр-жыбыр тірлігіне де үлгеріп жүрген
кейуанаға, енді байқап отырса, келін-кепшіктер де үй-
ір екен. Бірі «Осы апамның көмген наны-ай» деп, кем-
пірінің дастарқанындағы оттан қызара бөртіп жаңа
түскен таба нанды тамсанып үзе отырып, көңілін
көтерсе, екіншісі: «Ене-ау, құртыңыздан қалды ма?
Ойпырмай, сыртына майы шығып, тістесең таңдайың
бал татып шыға келетін Жалғастың апасының
құртына аңсарымның ауып тұратыны-ай, осы» деп,
алдап-суласа да, кәрі жанына кәдімгідей қанат бай-
лап кететін-ді. Қайсыбірі тіпті: «Апа-ау, балаңызды
соқталдай ғылмай үйлендірмейсіз бе?» деп кемпірдің
ең осал жерінен ұстайтын. Ондайда күннен-күнге
жапырақтай желкілдеп, өсіп келе жатқан ұлын медет
тұта ма, кемпірі: «Тоба, тоба, жеткізсе көп ұзамай біз
де келінді болып, тұс-тұсымыздан лақша маңыраған
немерелеріміздің ортасында миымыз ашып отырар-
мыз» дейтін еметейі езіліп.
Беу, оның бәрін енді айтты не, айтпады не?
Бүбіш жазған бұл күнді сарылап қанша күтті
дейсің. Екі қыздан соң пұшпағы қанамаған бейбақтың
қырыққа ілінгенде көрген ұлына деген көңілі алабөтен
еді ғой. Ырым ғып, ұлының ныспысын Жалғас деп
қойған да өзі болатын әуелі. Сол Жалғасының үстінен
ызыңдаған шыбын ұшырмай, суға барса да, қой
қайырса да арқасынан тастамай, әлпештеп өсірді емес
пе. Оған ел-жұрт куә. Айтпақшы, ұлы қызылшамен
ауырғанда ғой, мойнына бұршақ салып, Жалғасжаны
қашан тәуір болып кеткенше тастамай қойғаны,
жарықтықтың қарға тамырлы қазақтың ырымын-
да мұндайдың да болатынын естігені болмаса, осы
жасқа келгенше өз көзімен көрмеген Ақылбай бұршақ
қиып, күлдірген терінің астынан қып-қызыл қаны
шығып тұрған Бүбіштің талша мойнына көз тоқтатып
қарай алмай жаны ышқынғаны бар сонда. Хақ-тағала
сөйткен байғұстың бір-екі жыл ғұмырына да сарандық
етті. Өзі де жүрегі бір жаманшылықты сезетіндей ылғи:
«Сол күнге жетем бе, жетпеймін бе?» деп отырушы
еді. Кейде Ақылбайдың: «Тәйт, әрі сұңқылдамай» деп
жекігенін құлағына ілместен саусақтарын бүгіп, жыл
санайтын да «Жалғасжаным жиырмаға толғанда мен
алпыстың пәленіне келеді екем» дейтұғын күрсініп.
Кемпірі күрсінгенде Ақылбайдың жүрегі шым етіп
бүре түсетін де, қабағы түйіліп кететін. Бірақ кемпірі
сөйлей береді: «Ақылбай, менің алыс-жақын абы-
сын-ажындарымды көріп өзіме: «Құдая, осы үйдің
табалдырығынан бір шүйке бас оң аяғымен аттап,
жақсылықты күнге жеткізсе, келінімнің бетіне жел бо-
лып келмеспін деген сертім бар еді. Кім біледі, бүгін бар
да, ертең жоқ алмағайып өмір ғой, олай, бұлай болып
кетсек, осы өсиетім екеуіміздің де қатерімізде жүрсін»
дейтін мұның екі иығына қорғасын артқандай ап-ауыр
ғып. Е-е, кетті ақыры, бар міндетті бір мұның мойнына
артып...
Көп ұзамай дүрілдеп той да өткен. Тойға келінінің төркіні жағынан келушілерде қисап жоқ. Еркектері кілең қасқа бас, ығай мен сығай, әйелдері ылғи алтын мен аптап, күміспен қаптағандай жалт-жұлт көйлек киген әртістер сықылды бір керім. Қойшы, сонымен не дейсің, әйтеуір Ақылбайдың нәміне қарасты үйлердің от басында түгел болып, қалқып ішіп, шалқып жеген соң: «Келіндеріңіздің жасау-жабдығы» деп күллі ағаш саймандарын тиеп әкелген, ащы ішектей ұзын қорапты машиналарына Ақылбай атаған ірі қараларды бірін қалдырмай қолма-қол тиеп алып, тартып отырысты. Ақылбай қадірменді құдаларының бұл қылықтарынан бір ыңғайсыздықты сезсе де сыр бермеді. Бірақ елдің аузына қалайша қақпақ боларсың? Жай жүрсе іштері кебетін жұрт, мынандай тілге өзі тіленіп тұрған гәпті қанын жерге тамызбай іліп ала жөнелді. – Құдай сый-ла-да-ы... ағайындар-ау не бай қа дыңдар? Мынау сұмдық қой, күндері өтіп бара жатқандай атаған малды қолма-қол артып әкеткендерді көргенім осы. – Өзіміз құдаларға мінгізген малымыздың құмның қай түлейінде жүргенінен де бейхабармыз, әуелі. Ақылбай бұл әңгімелерді естісе де естімеген болды. Бұған салса, қалған жандықтарды қоса тиеп кетсін, мейлі. Айтпап па еді: «Жалғасымның тойынан қалған мал-мал, жан-жан» деп. Ендеше ақымақтар босқа арамтер боп, ойларына келгенін оттаймын десе еріктері білсін. Оған Ақылбайдың титтей де қылы қисаймайды. Ау, мал құдаға деп аталған екен, оны мезгілімнен алып кетсе несі айып? Зәкіржан молда айта беретін қайыр-сауап деген осындайда тимей ме қайта? Кемпірі байғұс мұның береген қолына риза болғандықтан қабірінде жатып бір аунап түскен шығар. Көріп жүр ғой, әлгіндей деп тантыған көп немелерді, араға жыл аралатып жүреді де жеме-жемге келгенде атаған малдарын «жоғалып кетті» болмаса, «өзің іздеп тауып ал» деуден жүздері жанбайды. Жоқ-жоқ, басқаны қайдам дәл мұндай харамдық
Ақылбайдың қолынан келе қоймас, қарап жүрмей
осы жұрт та қажытып бітті кісіні. Бұйыртса, енді бір
демалмақ.
Қоңыртөбел ауылдың қоңырқай тәтті тіршілігі
Ақылбайдың шаңырағында басталып та кеткен сөйтіп.
Өзіне тартқан, аузынан сөзі, қойнынан безі түскен
ұлы жұмысына ертелетіп жөнелгеннен етігіне бір елі
шаң қонақтап ымыртта бір-ақ оралады. Үйде келіні
екеуі-ақ. Келіні оянғанша анау-мынау тірлікті өзі-ақ
тындырып қояды. Қалай дегенмен, үйреніп қалған
қолға дауа жоқ екен. Қасқа сиыр болса-болмаса суа-
лып кеткен, ертелетіп падашының алдына салып бер-
геннен өзге ауыртпалығы жоқ о қарасанның. Ал шайға
қататын бір тостаған сүтті сырт көз байқамасын деп,
елең-алаңда қораға кіріп ақ ешкінің бауырынан өзі-
ақ тартып ала қояды. Иә, кейде: «Қой, мұным болмас,
келініме айтайын, өз тірлігіне өзі бас болып, пысы-
сын», – деп оқталғанмен, артынша «жә, болмашы
іске бола әурелемей-ақ қояйын» деп ойлайды. Оның
үстіне, соңғы кезде түсіне жиі еніп жүрген кемпірі:
«Маңдайына жазған жалғыз келініңді әлпештеудің
орнына әлден ауыр жұмысқа жегіп, ауылдың салпы
етек қатындарының қатарына қосайын деп пе ең?»
деп қадалып тұрғандай көреді де тұрады. Онысы рас,
тірі болса Бүбіш жазған бүкшеңдеп жүріп самаурын-
ды өзі-ақ қайнатар еді. Бірақ Ақаң ондайға бармайды.
Жоқ, самаурынға бір шелек суды төңкеріп, қу тезекті
кәресінге малып, от қойғанды қиынсынғандықтан
емес, ауылдастарының сөзінен қаймығады. Ауызда-
рында сөз тұрмайтын қу көмей ағайынның тағы неге
жорырын кім біледі? Сосын жүрелеп отырып алады
да мұрнының астынан ыңылдап сексеуіл жаңқалайды.
Келіні орнынан тұрып, (ауылдан әлі ыңғайлы жұмыс
табылмай жатыр), үйді жинағанша осы қыбыр-қыбыр,
осы жыбыр-жыбыр. Әсеті келістіріп дастарқан жайып,
майысып шай құйғанда да ішінен: «Жаратқан иемнің
бұнысына да шүкір» деп тәңіріне деген ықыласын
ішінен күбірлеп, қайталап айтып отырар еді.
Өстіп жүріп жатқан. Жоқ жерден қамқорси
қалатын қашанғы әдеттері ғой, басшылар әшейінде
орталықта өтетін жиналысты Бестамға жасаймыз
деп бәтуаласа қалыпты. Мұнысы «орталықтан жырақ
елді мекеннің жаяу-жалпысы тұрғындарының қамын
ойлағандары шығар, мақұл ендеше» деп түйген
Ақылбай да жұртқа ілескен.
Жиналыстағы басты мәселе сайлауға байланы-
сты екен, оның аяғы үйреншікті дау-дамайға ұласып
кетті. Бәрін бастайтын әлгі Мүсірәлі құрымағыр.
«Сайлау, дауыс дегенде әлекедей жалаңдайсыңдар
түге, ал азын-аулақ шаруамыз болып алдарыңа барсақ
желкелеріннің шұқырын көрсетесіңдер» деп баста-
ды бұл жолы да. Обалы қане, берекесіз дегенмен
Мүсірәлінің сөзінің әбден-ақ жан бар. Бірақ амал
қанша, «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы
шықпастың» кері, қызылкеңірдек боп керілдескенмен
айналып келгенде басшылардікі жөн боп шыға береді.
Ақылбай бесенеден белгілі әңгімеге құлақ түріп,
тып-тыныш қана отыр еді, біреу жеңінен тартты.
Қараса – Қызыларықтағы Қынаша. Ұзын бойлы кел-
ген, атжақты, ақ құба өңіне ақ сақалы үйлескен кісі
өзі. Сән қуа ма, болмаса туасы сыпа кісі ме, әлгі шылғи
ақ түстердің үстіне ақ шапан киіп, атына ақ жабу жау-
ып жүретіні және бар. Сайлау жиналыс Қынашаны да
жалықырса керек:
– Ақа, Бүбіштің қара қазанының құлағын
ұстайтын келінді болыпты деп естіп жатырмыз. Сырт-
тай тілек тес жанбыз ғой, құтты болсын қадамы, – деп
тіл қатты.
– Айтсын, айтсын... – Ақылбай қайта-қайта ба-
сын шұлғып, отырған орнында қозғалақтап қойды.
Бұл – шын пейілімен разы болғандағысы, Қынаша
сөзін жалғады.
– Бұрыннан аралас-құралас, көрпемізді тұйық-
та ма ған ағайын ек. Балаңның қуанышына атаған бір
жан ды ғың мойнымызда. Қалай деп бола ма, сол тұста
ескі сыр қатым қозып, қуаныш үстінде қара көрсете
алмасам, кешір...
– Жо, Қынеке, о не дегенің... Ақылбайдың жүрегі
енді тіпті елжіреп кетті. Әсіресе, кемпірі Бүбішті еске
алып, аталы сөзін алыстан орағытып бастағанына
кәдімгідей риза. «Бір ауылдың абыз тұтқан ақылгөй
ақсақалы ғой, ақ батасын алып, үйден дәм-тұз
татқызып жіберудің орайы кеп тұр екен өзі». Ойын
осылай түйген ол Мүсірәліге: «Жиналыс аяқталғаннан
кейін ақсақалдарды ертіп үйге кел, Бүбішке құран
түсіртіп жіберейік» деп ескертті де, өзі әкім баладан
ұлықсат алып үйіне қайтты.
Келіні үйінің ішін тап-тұйнақтай ғып жинап
қойып, кішкентай бөстектің үстінде қолын таянып,
журнал оқып отыр екен.
– Қарағым, – деді Ақылбай табалдырықтан ат-
тар-аттамастан, – қазаныңа су құйып, көтере бергің.
Жи на лысқа Қызыларықтан сыйлы аталарыңның
бірі келіп қалған екен, қолыңнан дәм-тұз татып
кетсін. Бүбіш марқұмның барында талай дәм татқан
шаңырағы ғой. Сөйтсе ғой, шырағым, мен шарбақтағы
тоқтыны Мү сір әлі нің тентегіне бауыздата берейін.
Ақылбай келінінің келісімін күтпестен асығыс
тысқа қайта шығып кетті. Ойланып жүр. «Бұл бір
сәтімен оңғарылған іс болды. «Ақа, келініңіз құтты
болсын!» деп тағы біреу-міреусі кеп қала ма деп бір
тоқтыны өрістен алып қалып, шарбағына байлап жүр
еді, ақыл болған екен. Өзінің де еті уылжып, бал татып
тұрған шығар. Қы некем бір мәз болып қалатын болды.
– Ас-су ішіліп, дастарқанның шеті қайырылды.
Тіс шұқылаған қонақтар қабырғаға қарай шегініп-
шегі ніп
отырысты.
Қара
тоқтының
былбырап
піскен басы, келінінің қамырын қардай аппақ ұннан
илеп, қағаздай жұп-жұқа ғып жайып салған наны
бәрінің көңілдерінен шыққан сияқты. Айран қатқан
қышқылтым жас сорпаны тағы бір шыны аяқтан
тұшына жұтып-жұтып алысқаннан кейін жағалай қол
сүртісіп, Бүбіш марқұм ға тие берсін айтылды. Осы
тұста әңгіме арнасы да өзінен-өзі кемпірге ойысып
кете барған.
– Иманды болғыр, келінінің қызығын көре ал-
мады демесе, ешкімге ауыртпалығын артпай жақсы
кетті ғой.
– Соны айтсайшы, балалардың алдында бейшара
ғып, қол-аяқтан айырып қойғаннан сақтасын, құдай.
– Опасыз жалған деп несіне айтады дейсің.
Әйтпесе, басқаны қайдам, тура осы Бүбіштің немере
сүйетіндей еңбегі бар еді...
Кеудесіне түсіп кеткен басын анда-санда шұлғып
қойған Ақылбай әңгімеге елтіп отыр. Дәл қазіргі жай-
ында жақсы лебіз атаулыны осылай отырып өмір
бақи тындай берсе де жалығар сыңайы байқалмайды.
Осы кезде есіне қайдан сап ете түскенін, төргі үйдің
қабырғасындағы қалы кілемнің қақ ортасында от
басының тыныс-тіршілігін сақшыдай бағып тұратын
кемпірінің суретіне бір қарап алғысы келді. Жансыз
сурет болса да бір қарап: «Міне, Бүбіш, әруағыңның
алдында адалмын, ризамысың?» демекші еді. Бірақ
бұрылып, желке тұсына қарай берді де біреу үстіне
бір шелек су құйып жібергендей әлгінде ғана бусанып,
былбырап отырған денесі мұздап жүре берді. «Қой,
кәрі жанарым сыр берген шығар» деп қайта бұрылып
еді, жоқ, шыққыр көзі алдамапты. Сурет орнында жоқ.
Кеше ғана, жо-жоқ, осыдан бір жеті бұрын кірген бұл
бөлмеге. Сонда жоғын іздеймін деп жүріп, төрдегі
кемпірінің жансыз суретімен жанарының тоқайласып
қалғаны бар. Бірақ қадалып көп қарауға дәті жетпей,
дұғасын күбірлеп, бөлмеден шыға жөнелген. Енді
мынау алқа-қотан топтың ортасында емін-еркін бір
қарап мауқын баспақ еді, кемпірі... жоқ, сурет құмға
сіңген судай зым-зия. Ақылбайдың іші алақұйын бо-
лып өртеніп жүре берді. Ыстық шай іштегі өртті одан
бетер өршітіп, бір-екі рет «аһ» ұра күрсініп те жіберді.
Шалдың мұнысын «кемпірін ойлап отырға» жорыды
ма, қонақтар өздерімен өздері.
Ақылбайдың алдындағы ернеуіне алтын түстес
бояу жалатқан ақ кеседегі шай әлдеқашан суып
қалған. Дымға тәбеті жоқ. Өзінен-өзі жүрегі айнып,
артық-ауыс дем шығарса, әлгінде ғана сүйсіне асаған
бір-екі кесек жұмсақ құйрықты қайта құсып тастай-
тындай. Келіні демдеген, өзі күн сайын бие сауым
уақыт отырып сораптайтын қызыл күрең шай да дәл
қазір жыланның уындай зәрлі көрініп кетті. «Иә, бұл
тек келіннің ісі. Бала бүйтпесе керек. Үйдің ішін сиыр
жалағандай жылмитып, төсеніштің үстінен көлденең
жатқан бір тал сыпырғыштың сынығын байқаса
ішіп отырған ас-суын тастай ұмтылатын тазалыққа
бас шайқаушы еді, міне, сол күдігінің ақыры расқа
айналды. Расқа айналғаны сол, үйдің ішіндегі ескі-
құсқыны күйедей жалмап келіп, кемпірінің көзіндей
көріп жүрген көне суретке де қол салған екен ақыры.
Жазықсыз сурет қай сәндерін бұзды екен? Осыдан
кейін енді келінін қайтып жақсы көреді? Ұлын қалай
ес тұтады? Ертеңгі күні маңдайына жазылған өлшеулі
дәм-тұзы түгесіліп, ақ бұйрықты өліммен көз жұма
қалса, мұның да киімдерін отқа жағып, тұтынған зат-
тарын қоқысқа лақтырмай ма бұлар? Әлде... «Әкенің
жинағаны балаға дүние болмайды» деген рас па? Жо-
оқ, олай болса, сонау ықылым заманнан бері атадан
балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүріміздің де
күні тумақ қой. Сонда деймін-ау, бұлардың мынау төрт
қабырға тірелген жылтыр ағаштардың тұтқынындағы
қуыршақ ғұмыры жылусыз ошақ сияқты қадірсіз
бірдеңе болып шықпай ма?!».
Ақылбай жүрегі шаншығандағы әдетімен көзін
шарт жұмды. Есіне ертоқым түскен. Иә, әкесінен
қалған кәдімгі құранды ертоқым. Әкесі көз жұмғанда,
онда бұл шикі өкпе бала кезі, шешесінен сол ертоқымды
қалаушыларда қисап болмады. Шешесіне біреуі келіп:
мұның әлі ат жалын тартып мінуге жарамаған жас
екенін көлденең тартса, енді біреуі күміс ертоқымды
алып шығып, бар сән-салтанатымен ерттеп міне
қоятын аты жоқ екенін беттеріне салық қылды. Ана-
сы бәрібір илікпеген. Қайсысы келсе де жауабы даяр:
«Балам жас болса өседі, аты жоқ болса бітеді. Ал,
құранды ертоқым – сол игілікке деген үміттің басы.
Сондықтан оны өзімнің көзім тірі тұрғанда ешкімге
ұстата да, бере де алмаймын». Анасы марқұмның
ақыры айтқаны келді. Шаңырақтарына мал да бітті,
жал да бітті. Сонда Ақылбай қара айғырымен көшеге
сар желдіріп шыға келгенде доға мойын қыл құйрыққа
бір, тақымындағы әшекейлі айыл-тұрманға бір қызыға
қараушылар көп болған. Ие, заман өтті ғой. Бүгінде сол
ертоқым да көне тартып барады. Аман болса, әлі оған
немересін де өз қолымен қондырар бұл Ақылбай. Ал,
бұлардың сынын кемпірінің суреті бұзыпты. Қолдары
қалай барды екен десей. Көзін көрмесе де біреуінің
өмірден ақ жолын тілеп өткен енесі, енді біреуінің
ақ сүтін емізіп асыраған анасы емес пе еді, Бүбіш!
Әңгімеге алданып отырып мұны Мүсірәлінің абай-
ламай қалғаны мақұл болды, әйтпесе, «жығылғанға
жұдырық», өзі күйреп отырған жанын одан бетер
қаусатып тастар еді...»
Бесін кезінде Ақылбай қонақтарымен қош ай-
тысып, шарбақтың сыртына дейін шығарып салды.
Білдірмеймін дегенмен қабағында кірбің бар. Өз үйіне
өзі кіре алмай қорланып, әулісінде едәуір жүрді. Бір
сәт келініне: «Бүбіштің суретін қайда құрттыңдар!»
деп бір шүйлігейін деп тұрды да, «өз қолынды өзің
кесесің бе, әзірше «ищә» деспеген қарағымның тілін
шығарып аламын ба деп қибыжықтады. Ақыры: «Қой,
не де болса анау мәнжубас ұлды күтейін. Төрдегі
мұның кемпірінің сүйреті қай сындарын бұзғанын
со сүмелектің өз аузынан естиін» деген ойға тарс
бекінген Ақылбайдың аяқ астынан бүк түсіп жатып
қалған себебі осы болатын.
Тағы қанша уақыт жатқанын, сырттан кірген
кісінің көзі сүрінгендей үйдің іші әбден қараңғыланған
екен. Ақылбай «битке өкпелеп, тонымды отқа тас-
таймын ба» одан да тұрып, малды жайғастырайын»
деп бір оқталды да, келіні жақтан тықыр еткен ды-
быс білінбеген соң, қайта тырысып қалды. «Нағыз
айлакердің өзі екен, жүдә. Ата, аталап жүріп суреттің
түбіне жетті, енді бір күні мұның өзін қомсынып,
шоланға қуып шықпасына кім кепіл?..
Осы мезет топсасы шиқылдап сыртқы есік ашыл-
ды. Жауырынымен сезіп жатыр, біреулер абыр-да-
быр әңгімелесіп, үйге кіріп келе жатқан сияқты. Үндерің таныды: келіні мен ұлы. Босағадағы түймені «шырт» дегізіп, шамды жақты. Шал көз қарықтырар жарықтан жасқанып жанарын жұма қойды. Ұлының үні кейісті. – Елпілдеп, алты қырдың астындағы маған тұра жүгіргенше, үйдің іргесіндегі дәрігерге бармадың ба? Қаяқта жатыр өзі? – Әне... – Келінінің үні пәс. Ұлы үйге жеткенше өзінің біраз жер-жебіріне жеткен сияқты. – Әке, не болды? Қай жеріңіз ауырып қалды. Тағы да жүрегіңіз бе? Қазір, сәл шыдаңыз, дәрігер де келіп қалады. «Келінімнің маналы бері тым-тырыс болып кету себебі енді түсінікті болды». Ақылбайдың жүрегі жұмсара түсті де, сурет есіне түсіп, қайта кіржие қалды. Ұлы келініне әлі ренжулі. – Шам жағылмапты, малдар да үрпиісіп қораның сыртында ошарылып тұр. Әбден әкеме арқа сүйеп алғансың. «Қарайгөр-ей. Қалай-қалай сөйлейді-әй, мынау жаман күшік. Жуас деп жүргенім жуан болып шықпасын». – Жолшыбай орталыққа соқпағанда бағана-ақ келетін едім. Қарашы енді... – Алдың ба? Келіні кінәлі үнмен күмілжи тіл қатады. «Әлі бала екен-ау, өзі. Күйеуім ұрсып жатыр екен демейді, «алдың ба?» деп әлденені сұрайды. Әлгі қымбат көйлек-көншектерінің бірі болмаса неғылсын тағы. Әні, бұлардың әсілі дүниеге ауған...» – Алдым, мә, орнына қой да әкемнің киімкешектерін әзірле. Ауруханаға апарамыз дей қалса, дайын болып тұрайық. «Әй, әй, мыналар қайтеді-әй. Мені енді ауырмайсырқамай о дүниеге жөнелткендері ғана қалып еді. «Ақылбай ыңқылдап (ыңқылдамайын-ақ деп еді, оған болмады, үні құрымағыр өзінен-өзі шығып кетті), басын көтере берді де келінінің қолындағы затқа назары
түсіп кетті. Сурет! Кемпірінің суреті! Жөнделіп отыра беріп, қайта қарады, Иә, иә, бірақ мынаның жылтырақ қатырма қағазының түсі мен алтын жақтау ағашы бөлек пе, қалай өзі? Әлгі Мүсірәлі тамсанып айтып отыратын кәмпүйтіріне жасатты ма екен? Ақылбай ұлына да, келініне де қарамай суретке қолын соза берді. Жалғас әкесінің ауру тұрмақ бәлесі де жоқ, күндегі сап-сау өңін көріп айран-асыр. Келіншегінің де ұялы жанары шарасынан шығып кетердей бақырайып қалыпты. – Әкпел бері!.. Әкесінің нені сұрап тұрғанын қас қағысынан ұққан Жалғас лып етіп әлгі үр жаңа, жиек ағаштары жалт-жұлт еткен суретті ұсына беріп еді, бұрын мұндай оқыс мінез көрсетпейтін шал шекесі тырысып, шақшаң ете қалды. – Жоқ, анаусын бер деп тұрмын, мен саған! Әкесінің жанары қадалған жаққа жалт қараған Жал ғастың көзі анасының әжім шимайлаған қарапайым жүзі мен мейірімді жанарына жолықты. Көне суреттен күле қараған анасы жәй ғана күбірлеп тұрған сияқты. «Әй, қарағым-ай! Әкеңнің мінезін біл меуші ме едің? Менің сүйретімді қанша әрлеп, әспеттегендеріңмен әкелерің үшін сол баяғы Бүбішпін ғой. Жылтырақ нәрсенің жанға жылу болмайтынын шал ғұрлы білмегендерің бе? Одан да ескі суреттің шаңын аптасына бір рет сүртіп, көз алдына іліп қойсаңдар, шал үшін одан асқан құрметтің керегі де жоқ еді ғой...» Кемпірінің суретімен соншалықты сағына көріс кен шалдың жан дүниесіндегі қозғалысқа түскен алай-түлей ағыстың айыпкерін өзі деп ұққан ұл теріс айналып кетті. Қолындағы жаңа жақтаулы супер сурет ті не істерін білмей қиналған келінінің халі одан да мүш кіл еді...
ҚЫЗҒАНЫШ
«Алдын ала сезу қабілеті маған әкемнен
дарыған....»
Марио БЕННЕДЕТТИ.
Әпкем менің жанымды түсінбейді. Түсінбегені сол
емес пе, төрдегі құрақ көрпешенің үстінде етпеті нен
түсіп жатқан інісінің көңіл түкпіріндегі шер-шемен-
нің сыры неде екенін сұраудың орнына, күйіп-пісіп
ұры сып жүр.
– Неменеге етпетіңнен түсе қалғансың, әй.
Ойыңа не түсіп кетті? Осы-ақ қай-қайдағыны бас-
тайды да жүреді екен ылғи.
Айттым ғой түк сезбейді деп. Оған мен қаладағы
әке-шешемді ойлап, сағыныштан қамығып жатқандай
көрінетін болсам керек. Жоқ, қателесесің әпке! Басқа
басқа, дәл осы жолғы ашуың орынсыз.
Шіркін-ай, адам дегендер бір-бірінің жан дүние-
сіндегі қуанышы мен қайғысын неге көздеріне қарап-
ақ оқып, ортақтаса бермейді екен! Біле-білсе тап қазір
кеудемді от-жалынға орап жатқан күйіктің бас-ты
себепкері өзі емес пе? Айттым ғой түсінбейді деп.
Түсінбеген соң, кінәлі де ылғи мен болып шығамын.
Менің әпкемнің жанында қайта осы уақытқа
дейін бір әдеби кітап оқып көрмеген Бақыттың әпкесі
қу. Аты – Алма. Сол Алма ылғи інісі Бақытты мақтап
отырады.
– Біздің Бақыт тек тиісті сабақтарын ғана
оқиды, – дейді ол әпкеме, – менің Том Сойер, Гекль-
бери Фин, Робинзон Крузо, Шерлок Холмс, Айвен-
го, Спартактар дың қи лы-қилы қызықтарына құныға
түскенімді жақ тыр ма ған дай. Әпкеме де осы сөз керек.
– Ми жоқ қой мұнда, пайдасыз кітаптарды
оқығанша сабағыңмен шұғылданбайсың ба? – деп
табанда шап ете қлады. Бірақ менің бір қасиетім,
сірә, сабақтың бұған қатысы шамалы-ау деймін,
осылай отырып-ақ Алманың менің кітапқа деген
құштарлығымды іштей қызғанып, інісі Бақыттың
мұрнына мынау әлемдік үлгілердің иесі де бармай-
тынына өкініштен іші жарылғалы отырғанын сезе
қоямын. Ал, әпкем Айзада аңқау-ау, аңқау. Дәл
қазір оның ойы жаңа түскен қылаудай таза. Алма
әпкемнің осы аузын ашса, жүрегі көрінетін ақкөңіл
мінезін де көре алмайды. Ойпыр-ай десеңші, тіпті ол
менің осы сезімталдығымды, яғни біреудің ойынан
өзіме деген болмашы қулық-сұмдықты сезе қалсам,
көңіл-күйімнің табан астында су сепкендей басы-
лып қалатынын да біледі. Осы жолы да кеудемдегі
қызғаныш отын тұтатып, үрлеп жіберген Алма...
Түс ауа штандр ойнағанбыз. Ойын маған алғашқы
сәттен-ақ ұнаған жоқ. Екі-үш күн болды, Алма менің
әпкеме «Нұрлан» деген бір есімді кенеше жапсырып,
мазақтап жүр. Бұл менің жүрегіме шаншудай қадалды.
Әрине, «Нұрлан» деген есімнің менің әпкеме қырындап
жүрген жігіт екенін ойлағанда, қызғаныштан іштей
күйіп-пісіп, не істерімді білмеймін. Ал әпкем, айттым
ғой, түк сезбейді деп, інісінің ішіне ала мысық кіріп
кеткенінен мүлде бейхабар.
Сонымен
ойын
басталып,
Алма
«Штандр,
штандр...» деп әлгі әпкеме таңылған есімді атап допты
бір-екі рет аспанға әулете лақтырып та үлгерді. Менің
ит-жынымды ұстатқан да осы. Қызғаныштан түсім
өзгеріп кетсе керек, Алма менің сезімтал көңілімнің
неден алай-түлей болып тұрғанын тап баса қойды.
Сол-ақ екен ол енді мені қызғаныш дертімен бір жо-
лата тұралатып тастау үшін допты тезірек қолына
түсіріп, тағы да «Штандр, штандр, Нұрлан» деген
әуеніне баспақшы болды.
Міне, доп Алманың қолында. Не дер екен? До-
пты кімді атап лақтырар екен? Мен ойым сан саққа
жүгіріп, демімді ішіме тартып тұрмын. Жүрегімнің
дүрс-дүрс соққанын өзім ғана емес, барлық балалар
естіп тұрғандай.
«Тым болмаса осы жолы атамаса екен әлгі
жігітсымақтың есімін». Өкінішке орай, Алма менің
қызарақтап, қобалжып тұрған көңіл-күйімді тағы да
сезіп қойды. Демек, ол енді осы сәтті қалай да өз пай-
дасына шешуге тырысады. Бірақ бұл жолы «жауын
өлтірмес» бұрын, біраз азаптап алғысы келген сияқты.
«Штандр, штандр...» деп әпкеме бір, маған бір қарап
күле берді...
«Штандр, штандр...». Алма әлі күліп тұр. Басқалар
ұмыт қалған, әпкем екеумізге ғана кезек-кезек
қарайды. Міне, енді маған жылы шырай танытқандай
болды. Иә, шынында көзімен: «Таңат, қамдан, қазір
сені атаймын» дегенді оқытып, қолындағы қызыл
добын ыңғайлай берді. Мен сендім. Көңілімнің
түкпірінде, оған деген үміт шырағынан гөрі күдік
тұманы қоюырақ болса да, менің жанымды қашанғы
жаралай берер дейсің деп өзімді өзім еріксіз сендіруге
мәжбүр болдым. Сөйтіп Алма допты менің қолыма
ұстататындай болып: «Штандр, штандр...» дей берді.
Бір сәттің ішінде маған деген көңіл хошы оянып,
мүсіркегеніне оның барлық «күнәсін» кешіріп, мен де
ұмытыла бергем, бірақ...
Бірақ... еһ, Алмаш-ай, аямайды екенсің де адам-
ды, аспанға ұшқан қызыл, жасыл әдемі доппен бірге
Нұрлан есімі тағы әуелеп кетті. Бұдан ары мен ойын-
нан шықтым да, үйге келіп төрдегі құрақ көрпешеге
етпетімнен түсіп жатып қалдым. Ал әпкем түкке
түсінбейді, ұрсып жүр.
– Әже-ау, мына балаңызға тұр деп айтсаңызшы.
Жер бауырлап жатысын қараңызшы.
Оған әжемнің қамқор үні қосылады.
– Тұра ғой, құлыным, ымырт жабылғанда үйде
жатпайды, далаға шық... Қарашы, өзіндей балалардың
бәрі сыртта ойнап жүр.
Әжемнің үні сондай жұмсақ. Жаныңа да жағымды. Қайтейін тұрғым-ақ келеді, бірақ белгісіз бір зілбатпан күш екі иығымнан басып көгертпейді. – Бәрібір тұрмайды ол. Айттым ғой әке-шешесін ойлап, емешегі езіліп жатыр деп... Әкпем тағы да шапылдап келе жатыр еді, әжем тиып тастады. – Тек, әй! Немене жас балаға сонша шүйілгенің. Тұрады, неге тұрмайды... Әжем неге екені белгісіз, қаладағы әке-шешем жайлы айтыла бастаса әңгімені тезірек басқа арнаға бұрып жібереді. Тегі немерелерім мені тастап, кетіп қалады деп қорқатын болуы керек. Жоқ, әжетай. Мен сені ешкімге айырбастамаймын. Тіпті, ең жақыныма да. Сүйретіліп орнымнан тұрдым. Уақыт өткен сайын әпкеме деген «ашуым» да тартқай бастаған. Бұдан әрі «өкпелеудің» де құны түсер еді. Сыртқа шықтым. Шынында, кешкілік өрістен қайтқан малдың тұяғынан көтеріліп, тымық ауада белуарға дейін кілкіп тұрып қалған шаңның арасында балалар у-шу болып ойнап жүр екен. Күн Дүйсенбек шал дың қалың талының төбесіне қонақтап, күлімдеп тұр. Мен балаларға барып қосылдым. Бағанағы өткін ші жауынмен араласа жүретін найзағайдай жан дү ниемді осқылап өткен ашу-ыза көңілімнен бір тінбіртін арыла бастаған. Мен «ата жауым» Алма ның үйіне қарадым. Өзі көрінбейді. Інісі Бақыт шырттай киі ніп, балалардың ойынын сырттай қызықтап тұр... – Таң-а-ат, кел, тамағыңды іш, – деген әпкемнің үні жетті соңымнан. Манағыдай емес, дауысында зіл жоқ. – Қазір. Менің әпкеме қайтарған жауабым да қошуақ көңілден, көтеріңкі естілді. Біз әпкеміз екеуіміз менің сезімтал көңілім тағы бір нәрседен секем алып, өзімнен-өзім ой тұңғиығына батқанға дейін татумыз. Бірақ ол менің «штандрды» өзі үшін тастап кеткенімді бәрібір сезген жоқ.
ТАС ТҰҒЫРҒА ӨСКЕН
ТІКЕН
Ауылға келген сайын көрші-қолаңдарымның ара-
сынан бір қимас адамымды жоғалтып аламын. Со-
сын өзі жоқ, көкірегімде – сөзі, көңілімде – бейнесі
қалған асыл жанның қасиеті жайлы ал кеп ой қауза.
Бір-бірінің қадірін өлгеннен кейін білетін ағайын бұл
жолы ақыреттің ақ жолына Ізтілеуді аттандырып сап
отыр екен...
Қай бір жылы «әйелі өліп, шиеттей бала-шағасымен
жағдайы болмай жүр» деп естігем. Өзіне кездейсоқ
жолыққанымда «сен тентек те адам болдың, ә» деп бір
мәз болып еді. Иә, бейкүнә бала сияқты марқұмның
өз сөзіне өзі күлетін ерсілеу әдеті бар еді. Бірақ айна-
ласына әжім үйірілген көзіне көзім түскен тұста бұл
жолғы күлкісінің шарасыз бейбақтың сайқымазақ
күлкісі екенін байқап қалғам.
Кішкентай ғана елді мекеннің үй-жайы кәдімгідей
сиреп қалыпты. Отын үшін жаппай отап тастаған ба,
шіліңгір шілдеде күннің ыстығын өткізбейтін қалың
тал да сиреп қалған.
– Қолындағы оншақты тұяғын алданыш қылған
кәрі-құртаңдар болмаса, ауылда ешкім қалған жоқ, –
деді менің көшкен елдің жұртына тап болған жола-
ушыдай жетімсіреп қалған жандүниемді байқаған
Бақыт.
– Анау Қарақожаның мешітінің орны емес пе?
– Иә.
Бақыт күрсінді.
* * *
Қар еріп, жер қарая бастаған кез. Күмбезіне
көрген адамның көзі тоятын Қарақожаның мешітінің
алды дегди бастаған. Қожыр-қожыр жердің бетіне
ақ ұлпа тозаң да қонақтап үлгеріпті. Тозаң, әрине,
Мұсатай бригадир мешітке сонау боқырауда әкеп
төккізген бидайдан шығып жатыр. Тоқ етерін айтсам,
тозаң мешіттің күншуағындағы «екі иығын» жұлып
жеп, селкілдеп тұрған агрегаттың қуыс-қуысынан
бұрқырайды. Қарша бораған шаң-тозаңнан би-
дай тазалайтын агрегат та аппақ, қасындағы қараң-
құраң етіп жұмыс істеп жүрген екеу де аппақ. Шаң-
тозаң кірпіктеріне дейін кіреукелеген күпәйкелі
адамдардың бірі – Ізтілеу. Біреулер оны туа керең
екен десе, біреулер әйелі құлағын тазалаймын деп
отырып жарғағын жарып алыпты десетін. Бірақ ел
аузындағы күңкіл-сүңкілді елең ғып жүрген Ізтілеу
жоқ. Әңгіме десе айналасын әжім шимайлаған көзі
күлмеңдеп, кебірсіген құрғақ жүзіне шырай жүгіріп,
жадырап сала береді.
Ізтілеудің қасындағы – Мұстапа. Оның Ізтілеуден
айырмасы – бір ауыз сөзді базардан сатып алғандай
салмақтап, «Осыны айтсам ба екен, әлде айтпай-ақ
қойсам ба екен?» дегендей көмейінен он ойланып, жүз
толғанып әрең шығаратын бұл өңірде жоқ паңдығы.
– Баяғыда мынау аяқ асты боп жатқан дәннің бір
уысын үйіндегі ана сияқты шартық қарындарының
қамы үшін (осы кезде анандай жерде шекесі тырысып
отырған шалға қарап ішек-сілесі қата күліп алады)
іш көйлегінің ішіне тығып алып қайтқан қатындарды
Мұсатай талай шырылдатып еді...
Шақша орнына ұстап жүрген кішкентай құтысын
қалтасынан шығарып, онысының шайдың жылтырақ
қағазынан сән үшін әдейі орап жасаған «тығынын»
саусақтарының
арасына
салтанатпен
қыстырып,
ернінің
астына
тастаған
көкбұйра
насыбайдың
«кәйпі» тарқап кете ме деп қорқа ма, жіпсіктей жана-
ры жасаурап тұрған Мұстапа үндемейді. Шаң қауып,
түсі бозғылт тартқан бидайдың бойынан көтерілген
тозаң
кеңсірігін
қытықтап,
мешіттің
күмбезін
жаңғырықтыра түшкіріп-түшкіріп алған Ізтілеу мұны
«сенбедіге» жорып, әңгімесін одан әрі тәптіштейді.
– Құдай үшін рас айтам. Қырманнан қайтарда
қатын біткеннің қойны-қонышын осы Мұсатай
бір-бірлеп тексеріп шығатын. Бірде Жалкыемес
жеңгеміздің іш көйлегіне тығып алған бір дорба би-
дайын суырып алғаны бар сұмның.
Ізтілеу агрегаттың ұңғысына тұқымдық бидайды
қайтадан бұрқыратып лақтыра бастады. Әңгіме де,
Мұстапа да жайына қалған. Ақыры езуіндегі насы-
байын аулақтата түкіріп тастаған Мұстапа ерінбестен
агрегатты
айналып
Ізтілеудің
жанына
келді.
Ізтілеу де оның бірдеңе демекші болған ыңғайын
жақындағанынан
сезіп,
тұмағының
салбыраған
баулығын жоғары көтеріп, құлағын Мұстапаның ау-
зына тоса қойды.
– Әй, неғып үндемей қалдың? Айта бермейсің бе?
– Нені?
– Әлгі ше... Мұстапа оған жаңа ғана өзі айтқан
әңгімені ыммен көрсетті.
– Ә-ә...
Ізтілеу әп-сәтте манағы көңілді қалпына қайта
түсті де, өзінен-өзі сақылдап тұрып күліп алды.
– О, сойқанның мінезін білмеуші ме ең. Келін-
кепшіктерінің қойнын ашқан ұятсыз бригадирдің
қылығына у-шу болған қатындарға «Әй, неменеге
шулайсыңдар түге. Қойнымды ашса бөтен деймісің,
өзімнің ақсақ қайнағам ғой. «Жалкы» деп пе едіңдер»
деп салған ғой. Бірақ үйіне барғаннан кейін ыза мен
күйіктен әбден жылапты дейді байғұсты...
Мен мұны білмеуші едім. Бірақ Қайырдың апа-
сын үлкен кісілердің Жамал деудің орнына «Жалкы-
емес»,– дейтіні таңқалдырып жүретін.
– Ойпырай, ә! Заман да кінәлі.
Әр сөзін сағыздай созып сөйлейтін Мұстапа
күлудің орнына ойланып қалған.
– Еріккен қу керең!
Ақсақ бригадир Ізтілеуге деген қыжылын өзі ғана
еститіндей ғып ернінен ысылдап қана шығарады.
Ізтілеудің қаперінде түк жоқ, қолы қимылдаса тілі
де қоса қимылдайды. Біресе өзінен өзі жымың-
жымың етіп, біресе сақылдап тұрып күліп алып, «тас
дәуіріндегі» тарихты тірілтеді. Екі жұмысшысының
әңгімесі қытығына тиіп, қарадай тынысы тарылған
Мұсатай отырған жерінен бір тұрып, бір отырды.
Жұп-жұқа танауы біресе қусырылып, біресе делдиіп,
шалдың кәрі кеудесінен бір ақ сайтанның бас көтеріп
келе жатқаны білінеді. Қабағы қарс түйіліп, ұрттары
жыбыр-жыбыр етеді.
– Қап, тас керең-ай! Әй, қысыр әңгімені
тиясыңдар ма, жоқ па?!
Мұндайда сыбырлап айтқан сөзді де қағып ала
қоятын Ізтілеу қабағы қырыстанған шалдың қы ты-
ғына одан сайын тие түсейін дей ме, тағы да қу тыңдап
шыға келді. Кереңнің сойған түлкідей осы ыр жа лақ-
тағанынан-ақ зәрезап болған Мұсатай қамшысымен
қонышын сарт еткізе бір ұрып, теріс айналып кетті.
– Тіпу, сен саңырауға дауа жоқ шығар!
Бірақ шалдың қытығына тиді екен деп тілінің
ұшына келіп қалған сөзді іркіп қалатын Ізтілеу жоқ.
– Ал, енді кеп мына иен тегін бидайға ие бола ал-
май жатырмыз. Бір кезде Гәләшөкін деген халыққа
жаужұмыр жегізіпті ғой. Одан кейін «жоқ, жүгері
жақсы» деп Хұрышев шығыпты...
– Бірақ сол өзекті жанға ортақ ашаршылықтың
кезінде кейбір шолақ белсенділердің кекірігі азбаған
деседі.
Мұстапа
қабағын
керіп,
көзінің
қиығымен
Мұсатайға қарап қойды. Үлкендерді қайдам, бала ата-
улы ол кезде Мұсатай бригадирден өлердей қорқатын.
Той-домалақ түгілі өлім-жітімнің өзінде көпшілікке
көп үйірілмей саяқ жүретін, ал зәуімен алқа-қотан
топтың ортасына түсіп қалса, адамдардың арқа-
жарқа у-шуын жаратпай, уы сыртына тепкен бүйідей
тырсия қалатын. Айналасын ұмсынған кісінің қолы
жетпейтін биік шарбақпен шегендеп тастаған үйінің
сыртқы көрінісі де тым сұсты. Ішінде не болып, не
қойып жатқанын бір құдай білсін. Базда бір келетін
айт кезінде кез-келген үйдің табалдырығынан ай-
ылын жимай аттайтын ауыл балалары ар жағынан
қасқыр иттері қосарлана абалаған Мұсатайдың темір
шарбағына келіп, кері қайтатын.
– Әй, әй! Сен найсап, тіл мен жағыңа сүйеніп,
аузыңа келгенді оттай берме, білдің бе? Сандалып
кетерсің!..
Шал безгек буғандай қалшылдап кетті. Мен оны
бұлай ашуланады деп ойламап едім. Үкімі кесіліп, дар
ағашының алдына желкелеп әкелген опасыздай екі
көзі айранданып, аузынан түкірігі шашырап кетті.
Мұстапаның да ит жыны ұстап, қитыға қалған.
– Қиын қылғаның қызығын тышқан көрген би-
дайды тазалатпау болса, әнеки күрегің! Құдайдан
қорықпай қасиетті мешітті дәрі сасыған қамбаға
айналдырған сенен бәрін күтуге болады. Бірақ екі
қолға бір кетпен табылатынын да ұмытпа. Ізтілеу, жи-
нал! Кетеміз...
– Әй, Мұстапа, Қой деймін саған. Кеттігің не, әй!
Сапхоз ертең себуге тұқым сұрайды. Кежегең кейін
тартып тұрса өзің-ақ қайта бер. Ізтілеу, әй, сен ілеспе
оған...
Буынып-түйініп,
оны-мұныларын
жинасты-
ра бастаған екеуді қайтып жұмысқа жеге алмасы
жетесіне жеткен Мұсатай қанден итше шабаланды
да қалды. Аяқ астынан шыққан ұрыстың төркінін
түсінбей тұрып қалсам керек, Мұсатай жетімсіріп
қалған агрегатты тоқтан ажыратып, айналаға мүлгіген
тыныштық орнаған кезде барып есімді жидым.
Міне, сол кездегі түсініксіз дауға менімен бірге куә
бол ған Қарақожа мешітінің орны осы. Шалбарым ның
ба лағынан өтіп, балтырымды шым-шым «тістеген»
қып-қызыл жантағы болмаса, мешіттің орны жым-
жылас, ешқандай белгі қалмаған. Бір кездері Қарақожа
атты Құран-кәрімді жатқа оқитін қари осы арадан
мешіт соққызып, медресе ашып еді, бірақ кейін за-
ман ағымымен ескіліктің жұрнағы ретінде адыра бо-
лып қалған кезінде оған біресе тыңайтқыш, біресе
тұқымдық бидай сақтаған Мұсатай бригадир осы жер-
де Ізтілеу, Мұстапа деген мұндарлармен ұрысып қалып
еді десең, анау қолпылдаған керзі етігнің қонышы бал-
тырын соғып, сиыр айдап бара жатқан бала иланар
ма? Иланса да «Онда тұрған қандай ғибрат бар аға-
ау?» деп иығын қушитар-ау...
Қарақожа
мешітінің
жұртын
артқа
тастап
ауылдың сыртына қарай беттедім. Бағытым – керзі
етігі қонышын қаққан қара сирақ бала сиырын қуалап
кеткен ескі қырман жақ. Кенет көзім цементтен
құйылған тұғырға түсті. Мен оны алғаш көрген кезде
үстінде ақ түске боялған кісінің мүсіні бар болатын...
Онда жоңышқаның қарауылы Естібай атамның ті рі
кезі. Бірде сол атамның қара айғырына мінгесіп ауыл-
ға келгенмін. Сонда мектептің қасындағы текпішек-
тек пішек тұғырдың үстіндегі кісіні алғаш рет көргем.
Бір қо лын кителінің өңіріне салып алыпты, ал екінші
қо лын алға қарай созып тұр. Бірақ мені қызықтырған
тек пі шек тұғыр да, оның үстіндегі әкпен боялған кісі
де емес, соған бір шығып, бір түсіп мәз болып жүрген
балалар еді. Қызыққаным сонша аттан секіріп түсіп,
асыр сал ған балаларға араласып кеткім келді.
– Ата, анаң қара...
– Тек, шошайтпа қолыңды! Әй, кәне, көздеріңді
байытыңдар бұл арадан. Ойнатын жер құрып қалды
ма басқа?
Атам менің қолымды қағып тастап, атын тебіңді
де, әлгі балаларды тас мүсіннің жанынан аулақтата
қуып тастаған.
– Тұғырға шығып ойнайтынымыз есіңе түсіп
кетті ме?
– Осы тұғырдағы мүсінді алып тастауға жұ мыс-
шы лардың ешқайсысын көндіре алмағанда топтың
ішінен Ізтілеу ғана жұлқынып шығыпты дейді ғой.
Сол рас па?
– Рас болғанда қандай. Мұстапаның тракторына
трос жалғап құлатты да, сол күйі Таластың жаға сын-
да ғы Талды ауылға сүйреп тастапты. Қаңқалары әлі
күнге дейін шашылып жатыр. Бірақ ел оны Ізті леу дің
«жындылығынан» көріп жүрген жоқ...
Өзінен өзі жиі күле беретін болған соң Ізтілеуді
«есалаң» дейтіңдер де бар еді ауылда.
– Керең де болса іші бәрін сезеді дейді.
– Шынымен солай дей ма?
Есіме Қарақожа мешітінің жанындағы баяғы
ұрыс-керіс оралды. Бала кездегі бір мезгіл ермегім –
жем тазалайтын агрегатты Мұсатай өшіріп тастаған
соң көңілім жабырқап үйге келгем. Қарап отырмай
шай үстінде әжеме мұңымды шақтым. «Ізтілеуді
балағаттаса, ол кәрі құзғында иман жоқ екен. Әкесінің
түбіне жеткені аз ба еді?» деген сонда әжем. Бірақ ол
кезде бұл сөздің мәнісін сұрайтындай жаста ма едім.
– Мұсатай қайтыс болғалы жантақ басып кетті
өзін. Уақ малына деп шөп орғанда осы төңіректегі
жантақты да тазалап орып алатұғын.
Бақыт тұғырға қарап тұрып Мұсатайды еске алды.
Көз алдыма баяғы Естібай атамның қара айғырына
мін гесіп ауылға келген кезімдегі тұғыр мен үстіндегі
мү сіннің бейнесі елестеді. Бірақ баяғыдай емес... бұл
жолы толық кескін-келбетімен көрінді. Бір қолын
кителі нің өңіріне салып, екінші қолын алға қарай
созған қою мұртты, түксиген қалың қабақты кісі.
Толқындаған шашын артқа қайырып тараған. Бейне-
бір қайта тіріліп, «құдайларыңды ұмытып кеттіңдер
ме» деп саусағын безеп тұрандай...
– Қой, үйге қайтайық. Сәрсен де шай жасап, күтіп
отырған шығар.
Бақыт жүр-жүрдің астына алды. Мені ойдан ара-
ша ламақ түрі.
– Бақыт десе...
– Әу.
– Бүгін қолың тисе ата-бабаларымыздың қорым-
да рына барып құран оқып қайтайықшы.
– Жарайды.
Көңіл-күйімді айтқызбай ұққан Бақыт тез келісті.
Күні кеше ғана дүниеден өткен Ізтілеудің рухы да сол
қорымда жатыр. Бақыт «енді аялдай бермейік» де-
гендей, тікен өскен тас тұғырға үрейлене бір қарап қойып, үйіне апаратын жолға бастай берді. Қайтып келе жатып тас тұғырға өскен жантақтың тікені бүгін балтырымызды жырса, «нағыз тікен» Ізтілеудің қақ жүрегіне қадалыпты-ау деп ойладым. Соған шыдамаған ол, о, сұмдық, шер толқытқан ойларын айту үшін өтірік есалаң болып жүруі де мүмкін екенау.
АСТАНА ӘФСӘНӘЛАРЫ
1. Сакура гүлдегенде
Әңгімелемекке бел буған тақырыбымның атын
әуелі «Көп қабатты үйдің тұрғындары» деп қойғым
келген. Әрине, бастары шалқақ, сөздері асқақ
келетіндерге «көп қабатты үй» деген қарабайырлау
көрінер, бірақ мықтылар менсіне бермейтін сол көп
қабатты үйлер маған, неге екені белгісіз, таңдаған
тақырыбымның
кішкентай
нұсқасындай
көріне
бергені анық.
* * *
– Осы Женяның мінезі орысқа ұқсамайды, ә.
– Орыстың мінез-құлқы қалайша орысқа ұқса ма-
сын?
– Жоға деймін де, анандай жерден бұрылып кеп,
әдетте, біздің ауылдың қазақтары амандасушы еді, ал
мына қаланың орысы (бір қызығы Женяның ұлының
аты да Женя. «Неге бұлай?» десем, «Білмеймін,
баламның әжесі немересіне ат таңдағанда осылай
шешіпті» деп, иғың қиқаң еткізеді) алыс жолдан ар-
тынып-тартынып туған нағашысы келгендей ыржиып
келіп, ықыластана амандасады.
Зайыбым «рас екен-ау» дегендей үндемей қалды.
Өйткені ол менің төмен қарап, ой үстінде келе
жатқан кезімде Женя тұрмақ, әкемді де байқамай
қалатынымды жақсы біледі. Ал ондай «ойшылға»
сәлем беру үшін алдымен жөткірініп, өзіңе қаратып
алуың керек, содан кейін қас-қағым уақыттың ішінде
«Осы шіркін менің сәлеміме зәру ме, жоқ па?» де-
ген тұрғыда «зерттеу» жүргізуің һәм міндетті-дүр.
Бұл дегенің мына асығыс-үсігіс, алай-дүлей заманда
бірталай уақытты сарп ететін шаруа болғандықтан «е-
е, өзі ниет танытып, назар салып жатпаса, бұрылып
барып сәлем беретіндей не басыма күн туды сон-
ша» деген ұстанымға амал жоқ мойын бұрғызбай
ма? Мінеки, осы кең ауқымды қамтыған ақыл-кеңес
тұрғысынан алғанда Женяның мені күтіп тұрып, не
болмаса бұрылып келіп сәлемдесуін, сәлемдесіп қана
қоймай,
ауыл-аймақ,
бота-тайлақтың
амандығын
сұрай бастауы, бауырмалдықтың белгісі екенін
мойындамасқа шараң жоқ.
Женя кейде өзінің Ресейдің Кемер деген жерінен
екенін айтып, мақтанады. Мақтанғанда, Алтайдың та-
улары мен бауларын еске алып, көзі нұрланып, бетіне
қан жүгіріп, ерекше шабыттанып кетеді. Сол кез-
де менің бойымдағы қан да жағаны соққылаған асау
өзен сияқты тамырларымда лықсып-лықсып, толқып-
толқып кетіп, «Алтайды ілгеріде түркі жұрты мекенде-
ген» деп те жіберем. Содан кейін:
– Аман Төлеевті естуің бар ма? – деймін паң да-
нып.
– Естігенде қандай, – дейді Женя, – губерна-
тор қазақ қой. Ол кісіні кемерліктердің бәрі өте қатты
жақсы көреді.
– Жақында жол апатына ұшырапты, естідің бе?
– Естідім, аман көрінеді әйтеуір.
Ана жылы Кемер қаласына менің де жолым түс-
кен. Кемерліктердің қазақтың қара баласын жанда-
рындай жақсы көретінін сол жолы байқағам. «Біз дің
Аман» деп иемденіп алыпты әуелі. Сосын «ол мынаны
жасады, енді ананы қолға алып жатыр» деп, біраз ша-
руаны көрсеткен.
Қазыбек би көшесінің бойындағы біздің көп қа-
батты үйден тоқсаныншы жылдардың басы мен ая-
ғын ала жан-жаққа шілдің қиындай шашылып, көп-
теген тұрғындар көшіп кетті. Орыстар Ресейге, не-
містер Алманияға дегендей. Бірде атажұртым Ал-
мания қайдасың деп көшіп кеткен Гауфлер келіп ті
деп естідім. Естіген себебіміз алғашында өзін көрген
жоқпыз. Ол да көршісінің үйінен шықпай бір апта
«тығылып», жатып алды. Інінен шыққан суырдай құ-
лағы қылтип далға шыққан күнін күтіп жүріп жөн сұ-
расақ, «ақтанкерді» емін-еркін сілтепті сабазың.
– Не болды сонша? Ол жақта «шнапс» жоқ па не-
мене?
– Түр-түрі бар әкеңнің..., бірақ мұндағыдай ер-
кін дік қайда!
Сол сәттегі жүзін көрсең ғой, егер отбасы келіс се
Қазақстанға табан астында қайта көшіп келгісі бар.
Астаналық өңірдің жұртымен ат құйрығын кесіс-
кендей ата жұртына асығыс жиналып, шүу деп атта-
нып кеткен Кох та, мысалы, бірнеше жыл өткеннен
кейін ауданның әкіміне сағынышты сәлем хатын жол-
дасын.
– Осындай да осындай, – дейді Кох мырза өзінің
құсни хатында, – мен ары ойланып, бері ойланып
өзіміздің (өзіміздің деуін көрдіңіз бе, ішқұса боп,
әбден сағынған ғой) Арқаға қайтуды ұйғардым. Бірақ
құр қол бармаймын. Бұл жақта асыл тұқымды торай-
лар бар. Соларды бірнеше вагонға тиеп, ала барамын.
Қаражат мәселесін өзім шештім. Маған керегі анау
бұрынғы әскерилерге арналған кеңшардың шошқа
базы бар емес пе, қазақтар бәрібір шошқа бақпайды
ғой, ауылдастарымнан қаңырап бос тұр деп естідім,
соны берсеңіз. Сосын кедендегілер торайың анау,
шошқаң мынау деп қинамаса болғаны.
«Ауылда тұрамын, сөйтіп шаруамен айналыса-
мын» деген пысық адамды саз балшықтан жасай ал-
май отырған әкім Кохтың хатын оқып қуанып кетсін.
Оның үстіне құр қол келмеймін деп отыр екен. Содан
аудан әкімі Кохқа «айналайын, келе қал» деп хабар
айтты. Кейін сол Кохтың шаруашылығы өңір мен ау-
дан экономикасына кәдімгідей пайда әкелді.
Ал Женяның әкесінің, Женяның әкесі дей бе-
ретінім баласы біздің кішкентайымыздың досы ғой,
неміс Кохтан айырмашылығы Алтай жақтан көшіп
келгенімен, Алтай жақтағы ағайындарына қайтып көшіп кеткісі жоқ. Екі қолға бір жұмыс қайдан болса да табылады деп, бірде ана жерде, енді бірде мына жерде жұмыс істеп жатқан жайы бар. Жақында Алманиядан «Ауди» машинасын «қуып» келді. Ескілеу, бірақ зырылдап тұр. Ертедегі ата-бабаларымыздың «Ер қанаты – ат» дегенін бүгінгі жағдайға бейімдеп айтсақ – жеңіл көлік те ер қанаты емес пе? Демек, Женяның жағдайы жаман емес. Оу, айтпақшы, «тетя Галя» туралы тарс есімнен шығып барады екен ғой. Біздің үйдің тұрғындарының бәрі оны «тетя Галя» дейді. Бірақ ол кәдімгі өзбектің қызы. Өзбек болған соң, әлбетте, күйеуі де, балалары да өзбек болады да. Ал тілдері... қазақша, өзбекше, орысшаңа бірдей. Мүдірмейді-ау, шіркіндер. Галя мектепті орысша оқып бітірген соң ба, еркіндеу. Үйіңе кез-келген уақытта кіріп келіп, салдыр-гүлдір сөйлейтін әдетімен соңғы жаңалықтарға қарық қылып кетеді. Мінезі де қызық, есіктен кіріп келген бетте қазы-қартаның тәбет ашар иісіне, қазақтың қазаны, әсіресе, соғым айларында етсіз болушы ма еді, танауын төсеп тұра қалады. Тұра қалады да: – Түу, шіркін-ай, қамырын қағаздай ғып жайып, өстіп бір ет асайыншы деп қанша тырыссам да қолымнан келмей-ақ қойды. – Ал өзбек акаларымыздың иісі мұрынды жаратын палауын баса алмай біз қор боламыз. Күлкі. – Айтпақшы, солай екен-ау өзі, ерекшелігіміз де сонда ғой, бұдан былай мен сіздерге палау, ал сіздер маған қазақша ет асқанды үйретіңіздерші. Келістік пе? Сөйтеді де сақылдап тұрып күледі. «Тетя Галяның» мәнтісі мен самсасы да керемет дәмді. Біздің көп қабатты үйдің бүкіл тұрғындары қонақ күтсе «тетя Галяға» алдын-ала тапсырыс беріп жатады. Міне, сол Галя да Қырғызстанға, кешегі Фрунзе, бүгінгі Бішкекте туып-өскен қыз ғой, көшіп кеткен жоқ, қазақ елінде, онда да Астананың төрінде тұрақтап қалды.
Астана, негізі, жасыл шаһар. Одан кейін біздің көп қабатты тұрғын үй бау-бақтың ортасынан тігілген отаудай, айналасы түгел талмен көмкерілген, гүлзармен әдіптелген, субұрқақпен сәнделген, көгалы жаз бойы мақпалдай жап-жасыл болып жатқан ғимараттардың қақ ортасына орналасқан. Наурыз туа өрік гүлдейді. Одан кейін бозқарағанның гүлдері көздің жауын ала бастайды. Қазақтар бозқараған, орыстар сирень дейтін өсімдіктің гүлі де, иісі де ғажап қой, шіркін! Міне, биыл солардың қатарына сакураның гүлі қосылып отыр. 1 Мамыр мерекесі қарсаңында Женя бар, «тетя Галя» бар, мен бар, бүкіл тұрғындар сакураның гүлін тамашалауға жиылдық. Біреулер фотоаппаратын, енді біреулер ұялы телефонын сыртылдатып, ғажайып көріністі қаз-қалпында суретке түсіріп алып жатыр. Жапондардың сакурасын біздің шие деуге келетін сияқты екен. Оны бағбандар былтыр күз әкімнің тапсырмасымен отырғызған. Сол кезде оның жерсініп, өсіп кететініне күмәнмен қарағанбыз. Кендір жіппен діңгегін орап қойғаны да біразға дейін тілге тиек болған. – Тым шетелшілміз-ау, одан да аққайың, арша, қарағай екпей ма, – дескен аузымен орақ оратын жұрт. Міне, енді сол сакура мамыр қарсаңында гүлдеп шыға келді. Жаңалықтан кімнің жаны шет қалсын, сакураны бірінші рет көргендер зәулім ғимараттың қасына тура бір НЛО келіп қонғандай жиналды. Жапон елінде сакура гүлдегенде, тіпті, үкімет үйіндегілер де орталық бақтарына барып, халықпен бірге жаңадан жапырақ жайған гүлдерді сүйсіне тамашалайды екен. Ол «ханами» деген дәстүрге айналыпты. Арнайы мереке ретінде аталып өтілетін бұл іс-шараға құрметті қонақ ретінде шетел дипломаттары мен журналистер де шақырылады-мыс. Өйткені сакураның гүлдеуі – жапондар үшін жаңарудың туы мен ұраны іспетті. Бізде жаңару айы – Наурыз саналса, жапон-
дарда ол сәуір айына тұспа-тұс келеді. Сондықтан
жапондықтардың барлығы, мейлі ол мемлекеттік
қызметші болсын, мейлі кәсіпкер болсын, мейлі
қарапайым жұмысшының отбасы болсын осы аймен
бірге табалдырықтарынан бақыттың аттауын тілейді.
Сакура туралы мынадай бір аңыз да бар деседі. Са-
кура атты қария Хотта деген байдың қаталдығы тура-
лы Сегун өлкесінің басшысына шағым айтып келеді.
Бірақ басшы жалаң сөзге сенбейді. Сол кезде Сакура
балаларын шақыртып, әлгі байдың ұрдажықтары ды-
рау қамшымен тіліп-тіліп тастаған арқасын көрсетеді.
Сегун болса қатыгез Хоттаның сазайын береді, бірақ
ыза-кегін ішіне бүгіп қалған ол кейін Сакураны ба-
лаларымен бірге қолына түсіріп, шие ағашының
діңгегіне байлап, таяқтың астына алады дейді. Қашан
көз жұмғанша...
– Міне, содан бері, – дейді аңыз, – Сакура мен
бейкүнә балалардың қаны бойына сіңіп қалған шие
ағаштары қызғылтым түсті бояуға малынып гүлдей
бастайды. Қандай аянышты...
* * *
Кейде маған біз тұратын көп қабатты үй алып
кемеге де ұқсап кетеді. Кемеге ұқсағанда, бейнебір
ұлттар мен ұлыстарды, құстар мен жан-жануарларды
тиеп алған кәдімгі Нұх пайғамбардың кемесі дерсің.
«Кемедегінің жаны бір» деген ескі сөз де, сірә, сонау
Нұқ пайғамбардың заманынан қалған-ау. Сол алып
кемеге ұқсаған көп қабатты тұрғын үйдің алдында
қазір бірнеше сакура ағашы гүлдеп тұр. Жаңару гүлі,
жасампаздық гүлі.
Құдайға шүкір, Астана да жылдан-жылға жаңарып
келеді. Ел аман, жұрт тыныш. Балалар да бақытты.
Алла тағала халықтың қуанышын лайым ұзағынан
сүйіндіргей.
2. Жер шарын арқалаған адам
Кешегі можантомпай Мырқымбайдың бүгінгі
ұрпақтарының
арасынан
оқыған-тоқығаны
баршылық, елінің ішкі һәм сыртқы саясаты туралы
түсінігі қалыптасқан қаһарманды тауып алу онша
қиын емес. Біздің кейіпкеріміз де солардың бірі. Аты-
жөні кім дейсіз бе? Кім десем екен? Жарайды, Астана-
ны төріне шығарған Арқа жерінің құрметіне Арқабай
дей салуға болар.
Сол Арқабайға бастығы «Мәскеуге сапарға бара-
тын болдың» дегенде біртүрлі болмасы бар ма. Дәлірек
айтсақ, көмейіне қуану ма, қобалжу ма, қамығу ма,
қыстығу ма, құдай-ау не деп кеттім, бір айдаһардай
арпалысқан аласапыран сезімдер қатар кептеліп,
көңілінің алағай да бұлағай болғаны. Дегенмен алпыс
екі тамырындағы лүп-лүп соққан қанында «әй, ақыры
дегеніме жеттім-ау» дегенге келіңкірейтін қуаныш
толқыны қара қазандағы бүлк-бүлк қайнаған сорпа-
дайын шымырлап, басқа ой мен қиялдан басымдау
түсіп жатты.
Бекер-обалы не керек, Арекең Кремльдің суреті
салынған
қалам
ұстап,
Қызыл
алаңның
суреті
салынған кітапты оқып өскен ұрпақтың өкілі еді.
Сондықтан кешегі Мәскеу мен бүгінгі Мәскеудің
арасы жер мен көктей екені көкірегінде сайрап тұр.
Әсіресе, халқының еркін жетпіс жылдай жерге тығып
келген жуан желке өкіметті тәрк етіп, партбилетін
лақтырып тастаған Ельцин сияқты саясатшылардың
сөзін тыңдаса жүдә риза болып қалады. Сондықтан
біздің кейіпкеріміздің барайын дегені бүгінгі еркін
Мәскеу де, ал әңгімесінің әлқиссасындағы болмашы
ғана баяны кешегі қытымыр Мәскеу екенін әуелден
ажыратып алмақ-дүр. Жә, сонымен...
А.А.Жданов атындағы орта мектептің оныншы
сыныбында оқып жүрген кезінде әдебиет пәнінің
мұғалімі «Менің Қазақстаным» деген тақырыпта
шығарма жаздырсын. Ол кезде кеңестік сандуғаштар
«Барлық жол Римге алып барады» деген ықылым
замандағы сөзді 190 градусқа бұрып, А.А.Жданов
сияқты алыстағы ауылдағы Арқабай сияқты аңқау-
лардың санасына «Барлық жол Мәскеуге алып бара-
ды» деп сіңіріп қойса ләжің қайсы. Қабағын түйіп,
қаламын кезеп ақ қағазға шүйліккенде бұл да, не-
гізінен, сол ұстанымды анау айтқандай өзгерткен жоқ.
Тіпті шығармасына нені талғажау қыларын білмей
аңырайып отырған кластастарына білім мен білік, өре
мен өнеге деген сәл-пәл биіктен қараңқырап қойып
әй бір сүйкектеткен. Обалы не керек, екі сағаттық
жұмысты бір сағатта тап-тұйнақтай етіп, даладағы
допқа кірісіп кеткен шәкіртін мұғалімі ертесіне «кру-
гозоры кең» деп, аяқ-қолын жерге тигізбей мақтап-
мадақтап, ал жазған дүниесін үздік шығарма ретінде
аудандық оқу бөліміне жіберетінін мәлімдеді. Кейін
бұл мектепті бітіріп, әдебиет пәнінің мұғалімімен ан-
да-санда ауыл дүкеніндегі арзанқол «қызылды» ортаға
алып, бау-бақшаның жапырақтары қалыңдау тұсында
жұрт көзінен тасаланып шер тарқататын болған кезде
бал шараптың уыты буын-буынын балқытқан ұстазы
терең күрсіне бір «өу-у-һ» деп алып, «несін айтасың,
бір ажалдан қалдық қой» дегені. Қызыл шарап мұның
да аш қарынын оттай қарып өткен. Әдебиет пәнінің
мұғалімі болса көңілі босап отыр. Сөйтсе Арқабай
баяғыда бұла шабыттың буына шалқып отырып
сақтықты ұмытыпты. Қас қылғандай, оны, ұстазы да
«қалғып отырып» қапы жіберіп алған. «Менің елім –
Қазақстан. Қазақстанды оңтүстігінде көкпен таласқан
таулар, солтүстігінде қыран қанаты талатын кең
байтақ дала қоршап жатыр. Алтай мен Атырау да алты
алаштың арқасындағы алтын діңгек айбыны сынды»
деп әп-әдемі басталып келе жатқан дүние, осы жерде
«Алтай демекші, – дейді-дағыны, – шығысы күллі
Ібір-Сібір, кіндігі қазіргі Қазақия жері, оңтүстігі Орта
Азия болып келетін кең-байтақ – менің ата-бабала-
рым, иә, иә, ұзын найзалы, жарау атты түркілер түгел
жайлаған жер» деп сол жылдары оқып алған Орхон-
Енисей ескерткіштеріне сілтеме жасап, Бумын, Есте-
ми, Елтеріс, Білге, Күлтегін, Тоныкөктерге тоқталып,
«бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» қағандар
мен батырлардың әруақтарын қабірлерінде бір ауна-
тып барып тоқтайды. Айтпақшы, мұнымен де тоқтай
қалса жақсы ғой, «Сол күн сәулелі күншығыс елінде,
яғни менің елім Қазақстанда алтын күн Мәскеуден
тура үш сағат бұрын шығады» деп тағы бір желпініп
қалады. Күннің арайлап атқанын ғаламшардың күллі
халқынан бәленбай сағат бұрын көретін жапондардың
іші мақтаныштан қалай жарылмай жүр десейші!
Бақса ежелгі тауарих пен күннің шығуы, батуы
және ұзақтығы деген жағрапиялық өлшемдер патри-
от ұстазы мен тың дүние болса бір түртіп көрмесе
көңілі тыншымайтын Арқабайға кәдімгідей мақтаныш
болғанымен, басқаларға басқашалау әсер етеді екен.
Құдай қарасқанда, әйтеуір, мұның оқушы екені
ескеріліп, мың да тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы
желтоқсан оқиғасына бұл шығарманы жаздырған
мұғалімнің де, жазған оқушының да ешқандай қатысы
жоқтығы айтылып, жабулы қазан жабулы күйінде
қалыпты. Ұстазы басы аман, бауыры бүтін болғанына
шүкір деген. Оқу бітіргеніне біраз жыл өткен,
аудандық оқу бөлімінің инспекторы тапқан «саяси
қатенің» қызығын әлдеқашан мұрағаттағы тышқан
көрген, бірақ ұстазының көзінің жасы мөлт-мөлт етіп
отырып айтқан сырынан кейін Арқабай сол оқиға дәл
қазір бау-бақша ішінде болғандай селк ете қалған.
Міне, сол Арқабай Мәскеуге барасың дегенде енді
қалай алабұртпасын. Мәскеуді де әй бір армансыз
аралады-ау. Қызыл алаң, Кремль, мавзолей, шыны
табыттың ішіндегі қолын кеудесіне қойып шалқасынан
жатқан Ильич... бірі де қалмады. Кремльдің қызыл
қабырғасы түгел анау маршалдың, мынау генералдың
мүрдесі екен. Денесі түршігіп кетті. Бұл да «қызылдар»
ойлап тапқан бір рәсім. Кремльдің іргесіндегі тарихи
мұражайға да кірген. Ол да еңсесін көтермеді. Сосын
кішкентай қызына оны-мұны алайын деп ГУМ-ға бас
сұқты.
Арқабайдың ГУМ туралы түсінігі де бір хикая бар.
Баяғыда ауылында «Селмаг» деген дүкен болатын. Об-
лыс орталығына барса онда «Универмаг» деген дүкен
бар екен. Алматыдайын ару қалаға келгенде ЦУМ-ды
көрді. «Ал Мәскеуде ГУМ болады» деді сонда бұдан да
білгіштер. «Алматыдан ГУМ салуға болмай ма?» деді
бұл. «Болмайды». «Неге?». «Сол, болмайды деген соң
болмайды». Арқабай ары ойланып, бері ойланып «бол-
майды деген соң болмайдыға» жауапты – ұстазының
«Аязби әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деген
мақалы мәнзелдес сөздердің төңірегінен тапты.
Міне, мынау сол ГУМ-ы. Шынында үлкен екен.
Аралап келеді. Кенет жанары қағаз-қалам сататын
«кәністауар» бөліміндегі жер шарының картасы-
на ауды. Ауды дегені әншейін, әлгі жер шары өзіне
тура магнитше тартқаны. Неге екенін, Арқабай
жер шарына бала кезден құмар. Үйімде жағрапия
класындағы жер шарындай өз жер шарым болса
екен деп армандайтын. Бұл жер шарын айналшықтап
жүрді де қойды. Бірге барған кәсіпкер «әй, не бол-
ды сонша, жүрсей енді, топтан қаласың ғой» десе
де аяғы қозғалмайды. Ақыры анау бұған қолын бір
сілтеді де алтын сататын бөлімге қарай аяңдады да
кетті. Қалтадғы ақша шақтаулы. Қызына алған қызыл
күртеден қалған 2500 рубль жер шарының бағасына
дәл келіп тұр. Сатып алсам ба екен, алмасам ба екен.
Ауылға барған соң ақша деген су бала-шағадан ар-
тылмайды. Сондықтан осындай ұрымтал сәтті қапы
жібермеу керек. Нартәуекел. Сатушы жер шарын
қорабына салып берді. ГУМ-нан терлеп-тепшіп, жер
шарын көтеріп шықса сапарластары анандай жер-
де ошарылып мұны күтіп тұр. «Біздің Арқаш бүкіл
ГУМ-ды көтеріп шыққаннан сау ма өзі?» деп қарқ-
қарқ күледі. Кәсіпкер болса «әй, бұл басқа ештеңе
таппағандай жер шарын сатып алды ғой» деп, жер-
ден жеті қоян тапқандай мәз. Қысқасы бәрі мұны
ақымақ санады. Күлсе күле берсін, ВДНХ-ның қонақ
үйіндегі бөлмесіне келген соң жер шарын столдың
үстіне қойды да, желісін тоққа жалғап еді, сап-сары
сәуле (жер шары сары түсті болатын) бөлмеге жай-
ылып, жараса кетті. Бөлменің есігін әдейі сәл-пәл
ашыңқырап қойып, ары өткен мен бері өткенге «әп, бәлем, әбден күліп едіңдер, қандай ғажайып дүние екенін енді көріңдер» дегендей төсегіне шалқасынан түсіп жатып алды. Қанша дегенмен жаны дүниеге бір табан жақын емес пе, алдымен кәсіпкер келіп «өй, мынауың нағыз светильник екен ғой, бір оқпен екі қоянды атып алуын қарашы. Мұнысын мен неғып ескермедім екен, ә» деп санын соғып кетті. Арқабай болса алакөлеңке бөлмеде жер шарына көзі тоймай қарай береді, қарай береді. Бәрінен де қызым қуанатын болды деп ойлап қояды. Өзі бала кезде неге қолы жетпесе ұл-қыздарына бүгінде соны әдейі сатып әперетін бір әдет тапқан. Бірақ ол кездегі заман басқа, қазіргі заман басқа. Ол кезде жер шарында Қазақстан, Астана деген сөздер болмайтын. Болмақ тұрмақ ойлауға да қорқатынсың. Оған, әне, анау басы бәлеге қала жаздаған шығармасы куә. Қарашы, мына картаның бүйіріне «Қазақстан» деп бадырайтып тұрып жазып қойыпты. Қандай жарасып тұр. Не деген құрмет! Не деген бақыт! Арекең қатты толқып кетті. Елі мен жерін әркім өз түйсігі жеткенше сүйеді. Арқабайдың алты алашта достары көп. Орыс пен оймауыттарда да сырақұмар жора-жолдастары баршылық. Әсіресе, Женя. Ол қызып алғанда «Игорь полкы туралы жырды» тамсанып тұрып мақтаса, бұл баяғы Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сына жазуларына аңсары ауып, сонау VІ ғасырдағы «Күлтегін» мен «Тоныкөк» жырын термелейді. Кейде әсіре патриоттардың батысты көрмейбілмей тезге салып, илеп алатыны бар. Солар даниялық ғалым, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен дегенді естулері бар ма екен өздері. Сол азамат түркілердің ата-бабаларының ерлік шежіресі қашалған сынтастың, яғни руналық жазудың кілтін тапқан ғой. Сол Томсен болмаса тасқа қашалған Күлтегін жырындағы: Сөйтіп Тәңірі жарылқады.
Бағым болғандықтан,
Сәті түскендіктен,
Өлімші халықты тірілттім,
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым.
* * *
Биікте Көк Тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Буымын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының ел-жұртын,
Қалыптастырған, иелік еткен.
Әп, бәрекелді! «Тоныкөк» жырындағы:
Жұқаны бүктеу – оңай,
Жіңішкені үзу – оңай.
Жұқа қалыңдаса,
Оны тек алып бүктейді.
Жіңішке жуандаса,
Оны тек алып үзеді.
* * *
Елтеріс қаған үшін,
Түрк Бөгі қаған үшін,
Түрк Білге қаған үшін,
Түрк халқы үшін,
Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым,
Қызыл қанымды төктім,
Қара терімді ағыздым,
Күш-қуатымды аямадым.
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды, —
деп еңку-еңку жер шалатын эпикалық сарынмен
намысыңды қамшылап, жігеріңді жанитын сөздерді
оқи алар ма еді Арқабай. Жоқ. Осы жырды әкесі
Білге қағанға ескерткіш ретінде алып тасқа қашатқан
Иоллығ тегін мен Тоныкөктің көрегендігі сол –
күндердің күнінде көк түрктердің бір бұтағы өз алдына
Қазақстан атты өркениетті ел болып, көне жазудағы
өсиетнаманы қайта тірілтерін сезіп-білгендей екен.
Шынында сол Түркі қағанатынан түтіні түзу ұшқан
бүгінгі Қазақстанға дейін ата-бабалары қаншама азап-
ты жолдан өтті. Тарихшылар түркі халықтарының
бірлесуін, рас болса, Бумын қаған билік еткен 545 жыл-
дан бастайды екен. Бумын саясатқа жүйріктігімен өз
заманында Елханы деген құрметті атаққа ие болады.
Міне, сол Бумын қағаннан басталатын елдік атты ұлы
ұғым бүгінде жаңа мәнге ие болды. Қазақ, қырғыз,
қарақалпақ, түркімен, башқұрт, татар, ұйғыр, өзбек,
әзірбайжан, алтай, хақас, чуваш, ойрат, тува сияқты
түркі қағанатына топтасқан ру-тайпалар бүгінде
әрқайсысы бір-бір ел.
Президент те бүгінде елінің амандығы мен жері нің
ты ныштығы үшін, кешегі түркі қағанатының бір там-
шысы – қазақ халқы үшін түнде ұйықтамай, күндіз
отырмай, елден елге сапар шегіп, жарғақ құлағы жас-
тық қа тимей жүр. Елі тәуелсіздік алған сонау жылдан
бері аттан түскен жоқ десе де болады. Арқабайдың
ауылдағы саясаттан аздап хабары бар көкесі баяғы
кеңестік биліктің қысымына ыза болған кезде «мен
бұл мәселені жерде қалдырмаймын, керек болса
ООН-ға жазамын» деп, айғайлап шығушы еді. Сол ау-
зын айға білеген ООН-ыңызға ел-жұртының аты жер
шарына жазылып, әлем танығалы бері Президент екі
рет барып, әйгілі мінберінен әлемді аузына қаратып
екі рет сөйлеп қайтты. Бұл да кешегі Бумын қағанның
ұрпақтары тасқа қа шап қалдырған «төрт бұрышты
тату ет» деген аманатқа адал дық.
Арекең бүгінде баяғы Мәскеуден ерінбей-жа-
лықпай кө те ріп келген жер шарында өзінің төрткүл
дүниедегі жолы түскен елдерінің бас қалаларына белгі
салып қоюды «хобби» қылып алған. Ал астаналық
Арқабайдың жолы жер шарының бетінде тарам-та-
рам болып жатыр.
ҚЫРАНДАР МЕН
ҚҰЗҒЫНДАР
1. Жасасын құзғындар
Бөктердегі бір ағаштың саясына тоқтадық. Бұқ-
та рында Құзғындар қарауытады. «Біздің мазамызды
алған бұл кімдер-ей өзі?» дегендей, бір шуласып ба-
рып басылды. Еркінсулеріне қарағанда, мынау қатып-
семе бастаған ағаштың көлеңкесіне жан жуымайты-
ны көрініп тұр. Діні мен жапырақтарына саңғырық
жұғып, әбден айғызданған. Саясындағы өлекседен
жағымсыз иіс шығады.
– Ойпырмай, мынау әп-әдемі ағашқа әбден обал
бопты-ау.
– Е, осындағы жапырағы жайқалған талдардың
бірі еді... Бар сәнінен жұрдай болды байғұс. Бұлбұлдар
да безіп кетті. Қазір көлеңкесіне мал екеш, мал да жо-
ламайды.
– Құзғындардың айы оңынан туған екен онда.
– Айтпа, қызық-думан осыларда.
– Жасасын Құзғындар!
Тымық ауаны жаңғырықтыра айғай салдым. Ащы
ай ғайды жақтырмағандай ағаштың ұшар басын-
да отыр ған дәу қара Құзғын орнынан қалбалақтай
көтеріліп барып, қайта қонақтады. Сірә, мынау
өлекселі өңірдегі еш кім мазаларын алмайтын бейма-
рал өмірге «жамбастары» әбден үйреніп қалса керек.
«Мәжнүн» талға араша сұрағандай қияға қарағам.
Үмітім ақталмады. Қырандар бөктерден тым-тым
биікте қалықтап жүр екен.
2. Құзғындар қазы болса Жарықшақ дауыстарымен жұртты ығыр қылған Қарға, Сауысқан және Жарқанатты бәйге алғандардың арасынан көрген торғайлар: – Ау, мыналарға бәйге беріп жүрген кімдер? – Құлақтың құрышын қандыратын Бұлбұл қайда? – деп, таң қалды. Қарт қыран болса бұтақтары қатып-семген талдың басында тоқ басып отырған Тазқараны көрсетті. – Құзғындар төрелік айтса, Бұлбұл түгілі Бозторғайдың үніне зар боларсың. Бұл бір қисық-қыңыр ағаштары мол, қураған бұ тақ та рының басынан ертелі-кеш Қарғалардың қарқылы үзіл мейтін сасық тоғай еді. Сымдай майысқан сәмбі талдар мен оқтаудай түзу ақ қайыңдар «мына бәлелерден аулақ жүрейікші» дегендей тау самалы үзілмейтін биікке таласа өсіпті. Құлаққа жағымды әуен де сол тараптан естіледі... 3. Сұңқардың сыйы Сұңқардың сыйы бұл жолы Бұлбұлға бұйырды. Бірақ қанаттылар қауымы тым-тырыс. Сездірмейміз дегенімен іштерін өртеген қызғаныштың табы құбақандай құбылған өндерінен лап-лап ете қалды. Бозторғай ғана мәз. Жүрек жарды қуанышын бөлісейін деп Күшігенге бұрылған. – Естідің бе, Бұлбұл бекерге шырылдамапты. Күшіген қуанудың орнына күңк ете қалды. – Естідім, Қаршығаның арқасында апты ғой. Өзінен өнері асқан туысының қуанышына ортақтаса білу бақыты екінің бірінің мандайына жазыла бермейді екен. Бозторғайдың қараптан-қарап күшеніп жүретін Күшігеннен көңілі қалды. Осы кезде өзінен-өзі алақ-жұлақ етіп, ойға да, қырға да шапқылай беретін Сауысқан сап ете қалды. Бозторғай құдайға қараған біреуден әлі күдер үзбеген. – Естідің бе, Бұлбұл...
Бірақ Сауысқанның да құйрығы шошаң ете қалды.
– Маған беретін жөндері еді... Шауыпкел деген
атым бар.
Сұңқардың сыйынан Сауысқан екеш Сауысқан да
дә мелі екен.
4. Жапалақ
Мынау – Бұлбұл, мынау – Жапалақ демей, бә-
рін бір торға қамаған. Жемсауы бүлкілдеп, көзі бақы-
райған Жапалақ та осы темір тордың арқасында сан-
ду ғаш тардың қатарына қосылды. Боққа мәз Қар ға,
құй рығы шыжбыңдаған Сауысқан, жапан далада жүні
жалбыраған Тазқаралар әнші, жыршы, күйші атанып,
мырзалар лақтырған өлекседен өз үлестерін таласып-
тармасып алып жатты.
Бірақ, темір тордың құлпы сынып, бастарына
азат тық таңы атқалы Жапалақ байғұстың жайы мүлде
болмай кетті. Қараңғы қуысқа тығылып, баяғы «әнші»
атан дырған дәуренін көксеп, түнімен күңіренетінді
шы ғар ды.
«Темір тордың» қожайындарының арқасында
дайын жем-суға дәніккен байғұс тышқан аулауды да
ұмытып қылып еді...
5. Тырақы
Көзі бақырайып, қарны қампиып, шидей аяқтарын
аспанға көтеріп алған жұдырықтай құсты көріп Тыр-
на таңғалды.
– Оу, батыреке, бұ не жатыс шәниіп?
– Демалып... – деп, ыңыранды ол.
– Бәрекелді, ал аяқтарыңды көтеріп алғаныңа
жол болсын?
– Аспан құлап түссе, басып қалмасын дегенім ғой.
Шамасына қарамай шіреніп жататын бұл құстың
аты... Тырақы еді.
6. Құзғындардың көзқарасы
Қарақойын ауылындағы қара талдың басына бір
топ Құзғындар жиналып алыпты. Гу-гу етеді. Орта-
ларында боққа семірген дәу қара Құзғын қарқылдап
отыр.
– Тәуелсіз ештене жоқ, – дейді қарқ-қарқ
етіп, – анамыздың жатырында жатқанда-ақ тәуелді
болғанбыз. Бола береміз. Құл болып, қызмет қылмасақ,
бізді кім қорасына жолатады? Боқтың арасындағы
дәнді қалай емін-еркін шоқып жейміз?
Қарны қампайған қара Құзғынды қоршаған
жаман-жәутік Қарғалар шу ете қалды.
– Дұрыс айтасыз басеке, анау Көкбөрі тәуелсіздік
деп жүріп не тапты? Ақыр соңында айдалада ұлып
қалған жоқ па? Құтжол құсап ең болмағанда қора
күзетіп жүргенде құда да, құдағи да тыныш еді. Қазір
елдің бәрінің Бөріні атарға оғы жоқ.
Дәу Құзғын масайрады.
– Бәрекелді, анау Арыстанды қара, мынау Жолба-
рысты ал. Бәрі де бастарына үйірілген шыбыртқымен
санасып, масқарапаздардан кем өнер көрсетіп жүрген
жоқ. Жады болған кісідей темір тордың ішінде шыр
айналып, нанын тауып жеп жүр. Егер тәуелсіздік тәуір
болса, қиғылықты ең бірінші солар салмас па еді?
– Байлаулы бұзаулар жасасын!
– Ноқта болса, бас дайын!
Құзғындардың қарқылынан айнала азан-қазан
болды.
«Жаманның
айтқаны
келмейді,
сандырағы
келеді». Ауылымыздың ақыл-есі түзу адамдарының
еркіндікке еті үйреніп, мұң-мұқтаждарын айылын жи-
май айтуды меңгере бастағанын көпсінгендей мына-
лар не деп қарқылдап отыр? Егер екі басты Самұрық
алып қанатымен күннің көзін көлегейлеп ұшып келе
қалса, онда мына Құзғындардың «тақсырекелеп»
құлдық ұрудан тайынатын түрі жоқ қой. Сұңқылдата
бермей, үр кітіп жіберетін екен өздерін. «Көп қарғаға
бір кесек».
Жан-жағыма қарадым. Парақорлығымен «шаң-
сор ғыш» деген атқа ие болған ауыл қожайыны сыпы-
рып-сиырып жиып алған ба, жерде жөні түзу кесек
те қалмапты. Кесек дегенің ұстасаң үгітіліп тұрған
бірдеңе. Онымен бөтегесі бұлтиған тоқ Құзғындарға
не істей аласың?..
7. Тектілік
Қарақойын ауылының иттері өте көп. Шарбақтары
алқа-салқа көшесінен қашан өтіп кеткеніңше атыңның
құйрығынан тістелеп мазаңды алады.
– Ата, осы жердің иттері жер-дүниені дүрліктіріп
неге сонша шабаланады? – деймін, таңғалып.
– Е, балам-ай, иттердің міндеті үру емес пе?
Топтан жырылып үш ит шықты. Аттың тұяғына
түсіп кете жаздап, өршелене үрген төбетке жолаушы-
ның қамшысы тиген бе, көзі айрандай әппақ болып
кеткен. Ал анда-санда маңқ еткен дәу төбеттің жамбас
жүні жидіп, терісі жалтырап қалыпты. Бір қызығы осы
екеуі де орталарындағы семіз қара төбетке жалтақ-
жалтақ қарап, жағынғандай абайлады. Атамның қара
айғыры шәу-шәу еткен иттерді елең қылар емес. Жа-
лын сілкіп тастап Қарақойын ауылының ортасын қақ
жарып келеді. Ақ көз сұмдық ызақор екен. Аяғынан
бір тістемей айызы қанбайтындай Қара айғырдың
соңынан тісін ақситып қалар емес.
– Шабаландыра бермей мына шіркінді неге бір
теппейді, – деймін, ертоқымда жардай боп отырған
атамның қақпақтай иығына қарап.
– Есіңде болсын, текті мал теппейді. Қара
айғырдың тұқымы асыл, – дейді атам.
Ат төбеліндей ауылды у-шу қылған иттер артта
қалды. Жауды жапырып қайтқандай тоқмейілсіген
ақ көз төбет бір түп бұтаның түбіне барып сарымаққа
бұтын көтерген. Топырақ тырмалаған семіз төбет
мышқиып отыра қалды. Жамбас жүні жидіп түсіп
қалған жадау төбет екеуіне кезе-кезек қарап, маңқиып
тұр.
Қарақойынды шулатқан төбеттердің қылығына
қараптан-қарап күлкім келді.
8. Қарақойын
– Ол... қарақойын, – деді маған, бәленше тура-
лы. – Әуелі дос адамдай мойныңнан құшақтап жүреді
де, бір күні... буындырып өлтіреді.
Рас болса, сұмдық екен!
9. «Амнистия бола ма?..»
Билік басына коммунистер қайтадан келген
екен дейді. Дүниені дүрліктірген ұрандары – ұлы
көршіге қайтадан қосылу. Елдің бас көтерген шен-
шекпенділерін қойша топырлатып шетінен қамап жа-
тыр. Тарихшысымақтың телефоны шыр ете түсті. Се-
натор туысқаны екен
– Естідің бе (Үнінде үрей бар)?
– Естідім...
Телефон қыжылдап кетті. Тарихшысымақ жан-
таласты. Бейшара соңғы он-он бес жылда батырлар
мен байлар, хандар мен билер туралы бірталай кітап
жазып тастаған. Қызды-қыздымен қырық жыл нанын
жеген қызыл партиясын да жерден алып, жерге салған
тұстары да жоқ емес. Қосүрей болатұғыны да сол.
– Әлеу, әлеу, естіп тұрсыз ба? Менің «Ұлы
жұртқа өз еркімізбен қосылуымыздың 250 жылдығы»
деген еңбегім бәйге алып еді ғой. Әлеу, егер жаздым-
жаңылдым дегендерге амнистия болса, сол ескерілетін
шығар... Әлеу, амнистия... амнистия...
Тарихшысымақ айғайлап жатып оянып кетті. Түсі
екен.
10. Көкбөрі
Егер мұның ұлы ата-бабалары болмаса түркі
халықтарынан ұрпақ қалмай, тұқым-тұқиянымен
құрып кеткендей екен. Ұлы анасы қос аяқты қос
жетімекті емшек сүтін беріп аман сақтап қалыпты.
Көбейткен де, көсегесін көгерткен де сол дала
тағылары. Сондықтан да ежелгі түркілер байрағына
бөрінің
бейнесін
салып,
мұның
ата-бабалары-
на табыныпты. «Бөрі азығы мен Ер азығы – жол-
да» деп, елдіктің ұранын еркіндіктен іздепті. Бірақ
өздерін ер түріктің ұрпағымыз деп мақтанып жүрген
бүгінгілердің тіршілігі басқа. Бөріні еркіндіктің
айғағы деп емес, мал-жанның қас жауы деп қарайды.
Байраққа бейнесін салу былай тұрсын, аттарын да
айтқысы келмейді. Ит-құс дей салады. Керісінше
өздері қасқырдың ең азып-тозған жұрнағы –
иттерді жанындай жақсы көреді. Мінездерінде де
ұқсастық бар. «Айтаққа» ереді. Бөрі мінез бөріктілер
жоққа тән. Тұқымдастарының (бөріктілердің де,
бөрібасарлардың да) тұқымын тұздай құртып жүрген
де сол құлақ кесті құлдық мінездің салдары. Абылай
ханнан ары қарай айтпағанда, кешегі Кенесарының
түбіне жеткен, Сыздық сұлтанды сандалтқан, 1916,
...32, ...37 жылдары бірін-бірі қырып салған да сол бөрі
тектес халықтың бодандыққа біржола мойынсұнған
бектерінің кесірі болатын.
Шалқасынан туған Айдың сәулесі шаңытып
тұр. Көкбөрі ауылдың желкесіндегі төбенің үстіне
көтерілді. Ұйқы құшағындағы ауылдың есі – маң
төбеттер. Маң төбеттердің сыры белгілі. Ата жауының
(тұқымдас болса да!) өткір исі май тұмсықтарын
қытықтаған заматтан бастап абалап қоя берді. Бірақ
бәрінікі дөң айбат. Қожайынының қынжыла құйып
жүрген жуындысын (ит тойған жеріне!) ақтау үшін
айқайға сүрең қосқаны әшейін. Әйтпесе, қотанның
шетіне шығып үруге тәуекелі жетпейді. Қора айналған
талайының шаптары жарқырап, ішек-қарындары
ақтарылып қалған. Иттерінен түк шықпасын білген
соң далаға айғай сап отағасы шығады. Оныкі де қоқан-
лоққы. Бет-алды мылтық атады. Ақыр аяғында өзін
ес тұтып шабаланып қоймай қойған төбетін «жат,
әкеңнің аузын...» деп, бір тебеді. Анау құйрығын екі
бұтының арасына тығып, қыңсылай үріп, босағаны
барып сағалайды. «Итте нең бар, әй...» – деп, есіктің
алдына қожайынның «қожайыны» – әйелі шығады.
Шаң-шұң дауыс енді көпке дейін басылмайды. Мы-
наларды кешегі Ұлы даланы ұрандатып өткен көк
түріктің баһадүр ұлдарының ұрпағы деуге қарның
ашқандай...
Достан да, дұшпаннан да көңілі жеріген Көкбөрі
төбенің үстіне «Мені көрдіңдер ме?» дегендей
шоқиып отырды да, аспандағы шалқасынан туған айға
тұмсығын созып ұлып жіберді. Бұйыққан ауылдағы
қандастарының қанын жайлап, күннен-күнге жегідей
жеп бара жатқан бойкүйездікпен бұдан былай осылай
күресуге серт еткендей жан түршіктірерлік үнмен ұли
берді, ұли берді...
11. Құдайдың құдіреті
Түркістан.
Той.
Алласы
бір,
айласы
бөлек
жұрттың ішінде Ол да келе жатыр. Өзін төре санай-
ды. Төңірегінде – төлеңгіттері. Туған жерінде Ол ту-
ралы «ой, сабаз-ай, облысты он жыл басқарса да жұрт
алғысын айта жүретін бір жақсылық жасамады ғой»
деген реніш бар.
Маңғаз мазардың іргесіне тігілген киіз үйдің
қасындағы қараң-құраң тобыр төремен жалпылдай
амандасып, дәмге шақырды. Өзінің орнына басшы
болған баланың пысықтығына іші күйіп кетті. Күннен-
күнге елге сыйы артып келе жатқан пысық немені ор-
нынан кетірудің ретін таба алмай жүрген қасындағы
ас ішіп, аяқ босатарларына ыза болды.
Өтірік ыржиған ол нөкерлерімен бірге топыр-
лап ақ боз үйдің табалдырығынан аттаған. Бірақ
төрелер төрге озып үлгерместе он екі қанат ақ боз
үйдің астындағы тіреуі берік тұғыр ағаш сықырлап
барып, киіз үй бір жағына қарай шоңқайды да қалды.
Үй іргесіндегі күй үзіліп, күлкілер сап тыйылды.
Опырылған үйдің ортасында тұра беруден ұялған ол
«мүриттерін» бастап далаға беттеді.
Қасиетті шаһардағы тойдың дүбірін естіп үйінде
жата алмай жаяу-жалпылап келген бір шал осының
бәрін көріп отырған. «Астапыралла, – деді, ол жағасын
ұстап, – бағанадан бері жүз адам кіріп, жүз адам
шығып жатса да құламаған үйдің тура осының келуін
күтіп тұрғандай шоңқая салуын көрдің бе?! Жасаған
ием мынаның туған жер дәм-тұзынан ауыз тиюіне де
қарсы болды-ау, сірә. Біссіміллә, біссіміллә...».
Осыдан кейін аспандағы Алла тағалаға «О, соқыр
Құдай» деп тіл тигізіп көр. 12. Күшік пен шенеунік
Бала кезімде нан мен қантты көп жеуші ем. Үйден
таба нанның жартысын алып шыққанымды көрген
Ақтөс алдымнан жүгіріп шығады. Көзін жәутеңдетіп,
құйрығын бұлғаңдатып менен өз үлесін дәметеді де
баяғы. «Сыбағасын» ә дегеннен асата салмаймын.
Бір үзім нанды шымши ұстаған қолымды жан-жаққа
алып қашып байғұсты әбден әурелеймін. Хайуанның
жәутеңдеген
жалынышты
жанары
қолымның
бағытымен бірге зыр жүгіргенін қызық көрем. Кейін
Ақтөс қолымда нан болмаса да қимылымды бағып
тұратын болды...
Арада отыз жыл өтті. Қызмет бабымен бір
шенеуніктің кеңсесіне бас сұқтым. Сәлемдескеннен
кейін қолымды қалтама салып едім, жас жігіттің жа-
нары жалт етіп саусақтарым сүңгіген қалтама барып
аялдады. Біраз уақыттан кейін қаламсабымды алмаққа
төс қалтамды қарманғам. Шенеуніктің жанары жалт
етіп тағы да үйреншікті әдетін қайталады.
Сыртқа шыққан соң қасымда бірге болған жолда-
сым:
– Сүйек-саяқтан дәметіп, жаман үйреніп қапты
ғой байғұс бала. Бұралқы иттей жәутеңдеп қолыңа
қарағыштай береді екен, – деді, шенеуніктің қылығын
жақтырмай.
Осы кезде Ақтөстің қолыма қарағыштай беретіні
есіме сап ете түскені. О немені жаман үйреткен
мен едім. Ал мына жап-жас шенеунікті жәутендетіп
қойған кім болды екен? Қарабай қоғам ба, Сарыбай
қоғам ба?!..
13. Көкектің балапаны
Көкектерді осыншама қатігез болады деп ойлама-
ушы ем...
Америка
киногерлерінің
камерасы
қалың
тоғайдағы көкекті «нысанаға» алып тұр. Көкектің екі
көзі торғайда. Әккі аңшыдай тапжылар емес. Міне,
ұябасар торғай әлдеқайда ұшып кетті. Осы оңтайлы
сәтті манадан бері кірпік қақпай аңдып отырған
көкек «іске сәт» дегендей, бұқпантайлаған бұтағынан
көтерілді. Бос қалған ұяда жалғыз жұмыртқа жа-
тыр екен. Бөтен ұяға бауырын емін-еркін төсеген
көкек біраз уақыттан кейін қайта көтерілді. Енді ұяда
екінші жұмыртқа пайда болды. Секпіл сияқты шұбар
жұмыртқалардың бір-бірінен айырмасы – көкектікі
сәл ірілеу. Бірақ, аңқау торғай бұл айырмашылықты
аңғарған жоқ. Екеуін де бауырына басып, екеуіне де
жылуын бірдей бөлді.
Көкектің балапаны бірінші болып жарыққа
шықты. Кәдімгі торғайдың қызылшақасы дерсің.
Бірақ, өктем, жұлқар. Жұмыртқаның жұп-жұқа
қабығын жарып, жарыққа шыққан бетте торғайдың
жұмыртқасын тепкілеп, ұядан құлатуға әрекет жа-
сай бастады. Әлі көзін ашып үлгермеген балапанның
бойындағы өшпенділіктің күші өте сұмдық. Торғайдың
жұмыртқасын аяғымен ызалана итергені сонша,
талдың басынан төмен қарай бұршақтай боп өзі де
құлап түсе жаздады. Бірақ, дегеніне жетті. Ұяда жалғыз
өзі ғана қалды! Енді оның несібесіне ешкім таласпай-
ды! Қашан қанаты қатайғанша ұяның еркесі де, серкесі
де өзі боп өседі. Ал торғайдың жұмыртқасына келсек,
ол байғұс құрт-құмырсқа үймелеген шөптің үстіне
барып быт-шыт боп жарылды да қалды. Жарылған
қабықтың ішіндегі қоймалжың уыздың арасынан
қыбыр-қыбыр еткен тіршілік байқалды. Бұл – жарық
дүниеге келмей жатып аяусыз қатігездікке тап болған
торғайдың қызылшақа балапаны еді. Айналасындағы
қаптаған құрт-құмырсқалар байғұсқа одан әрі өмір
сүргізе ме, жоқ па, белгісіз...
14. Автономия
Бір көзін шел басқан бетпақ шал өзінен өзі өзеуреп
отыр. Осы қызылкөз туралы «қала көшелерінің жарты-
сына жуығының атын алашапқын боп жүріп өзінің ата-
бабаларына алып берді» деген жағымсыз әңгіме жиі-
жиі айтылады. Кейбіреулер, тіпті, көзіне шұқымаса
да «бәленбай батыр, түгенбай болыстың бәрі тек қана
осы қызылкөздің ата-бабаларынан шыққан екен да
жүдә» деп мысқылдап, сыртынан мырс-мырс күліп
жүр. Бірақ туған-туыстарының қолтығына су бүркіп,
«үрит, соқтырып» отырған мына қитұрқысының
қасында көше-мөше, ауыл-пауылыңның аттары жіп
есе алмай қалғандай.
– Біздің атамыздың ұрпағының саны қазірдің
өзінде қазақ халқының тең жартысынан асып кетті.
Мынау таудың ар жағы мен бер жағы, анау жыңғылды-
жүзгенді жалпақ дала түгел біздің жеріміз. Біздің ата-
бабамыз....
Бетпақ шалдың жылдан-жылға асқынып бара
жатқан рушылдық ауруына арқасы ұстап, шекесі ты-
рысып жүретін көкем оның дәл осы жолғы жарапаза-
нына күйіп кетті-ау деймін:
– Ой, оттаған аузыңды... Онда үкіметке хат жа-
зып, ата-бабаларыңның бықып жүрген ұрпағына
автономия сұрамайсың ба? Аз қазақтың баласын
алалаған сендейлерге жетпей жүргені енді Елбасынан
автономия сұрау еді, – деп, әлгі басы қалт-құлт етіп,
көзі алақ-жұлақ еткен бетпақ шалды мәнерлеп тұрып
бір боқтады да кете барды.
Қызылкөз аузы аңқиып, сілекейі шұбырып, ома-
лып отырды да қалды.
15. Ақылдың аты
Ақылбайдың атында мін жоқ. Кінә қожайынында.
Оң қолымен қамшы ұрса, сол қолымен тізгінді тартады.
Сосын ат байғұс амал жоқ бір орнында айналшықтай
береді, айналшықтай береді. Жануар кейде көзі алай-
ып көткеншектеп те кетеді.
Ақылбайдың аты мен адам тағдырында өте
ұқсастық бар.
16. Көлеңке
Көлеңке деген сөзге де көлеңке түсті. «Көлеңкелі»
экономика,
«көлеңкелі»
бизнес,
терезесін
көлеңкелеген көліктер...
Көліктер
демекші,
олардың
қап-қараңғы
әйектерінің ар жағынан қарап тұрған кім? Қарауылға
алған жалдамалы жендет пе? Әлде ақ ордаңның асты-
нан ор қазуды ойлаған опасыз ба? Жұмбақ...
Парламенттің аста та төк астауынан дәметкен бір
шұнақ құл көзін «көлеңкелеп» елге келді. Қап-қара
көзілдірік жалпақ бетінің жартысын жауып жатыр.
Көлеңкеленгендерден зәрезап болған жұрт аясын
ба, оның аялдамаға жапсырылған табақтай суретінің
бетіне «Көзіңді көлеңкелесең де, көкейің белгілі ғой,
кәззәп!» деп, шимайлап кетті.
17. Сəметтің жаны сірі екен...
Осыдан біраз жыл бұрын Мұхтар Мағауиннің
Сәмет деген кейіпкерімен «танысып», иманым қасым
болған. Ол ғылымды не өзі көгертпейтін, не өзгеге
жол ашқысы келмейтін қалт-құлт еткен шал еді.
Бұндай қасіретті тағдырды бұрын-сонды еш жерден
оқымағандықтан ба, әңгіменің әсері өте қатты болды.
Шағын ғана шығарманың оқиғасын әлі күнге дейін
ұмыта алмай жүргенім сондықтан да шығар.
Том-том материалдардың ортасында құзғындай
қарауытып отыратын да қоятын Мұхаңның жетпісінші
жылдардағы сол кейіпкерінің «тұқымдасын» жақында
бір мұрағаттан өз көзіммен көрдім. Сәмет сияқтылар
әлі бар екен. Түр-түсі, мінез-құлқы, тіпті дімкәстігіне
дейін құдды Мұқаң суреттеген шалдан аусайшы. Бұл
шал да «мефистофель күлкімен мысқылдай жымия-
ды». Столында том-том құжаттар толып тұр. Аялай си-
пап қояды. Бірақ «жоғарғы жақтағылар ешкімге бер-
ме деген» деп, маңайына ешкімді жауытпайды.
– Ау, бұл ортақ игілік емес пе?
– Тапқан мен.
– Онда жарияламайсың ба?
– «Жоғарғы жақ» жариялатпайды.
– Неге?
– Өзіміз кітап қып шығарамыз деген.
– Қашан шығарады?
– Білмеймін.
Ел тарихына тамызық болатын құжаттар Сәметтің
сыр-сыр еткен кеудесінде көміліп қала берді.
Мұха, құттықтаймын, кейіпкеріңіздің жаны сірі
екен!
ЕКІНШІ
БӨЛІМ
(хикаяттар)
ЖАРАЛЫ ЖАПЫРАҚТАР (хикаят) Кішкентай балалар да үлкен түс көреді. Марк Твен. І. Нұртуған нағашым күншуақта отыр. Шалбарының балағын тізесіне дейін түріп алған. Қолы шүберектен босаса болды, кәрі сиырдың қаңқасындай арса-арса сүйектерін «қақтайтын» күнес іздеп жүргені. Дәл қазір оған мына көлік жуатын кәсіпорынның күнгей беті Қаратеңіздің жағажайынан артық. – Сөйтіп, Құранды басып нанды алуға болады дедің ә, жиен? Шор-шор боп қатып қалған буындарын күнге өптірген нағашым екі көзін бір нүктеге қадап алыпты. Сопайған басы, шоқшиған сақалы Мигель де Сервантестің айдаладағы аңғал-саңғал диірменге атой салатын әпенділеу кейіпкерінің кескін-келбетін елестетеді. Бірақ нағашымның шабуылы Сервантес серісінің соғыс тәсілінен мүлде бөлек. Найзасы – қара сөз болғанда, қалқаны – ой. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Нұртуған нағашым осы отырысында испандықтардың ұлттық мақтанышына айналаған Дон Кихотынан бір мысқал да кем емес. – Жұрт қой сөйдеп жүрген.
Жалтаруға тура келді. Әйтпесе «жұрт» деп, жауырды жаба тоқып отырғаным – бастығым. «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін». Бұл мекемеде «біріншіге» ешкім қарсы келмеуі керек: ойымызды да, бойымызды да соған қарап түзейміз. «Жұрттың» кім екенін Нұртуған қу да біледі. – Сонда сенің «жұртың» мәселенің мәнісі Алланың сөзінде емес, ас та төк аста дейді ғой ә, жиен? Астапыралла! Бұл ой «қауашағыма» қалай кірмеген? Енді жандалбасалап ақталып көру керек. – Ілкіден келе жатқан сөз емес пе? «Құранды басып нанды алуға болады, ал нанды басып Құранды алуға болмайды» деп отырушы еді ғой... молдалар. Тым-тырыс бөлмедегі шыбынның ызыңы сияқты Нұртуған нағашымның ғақлиясы тынышымды бұзып, үдей түсті. – Далбастапты. Бұл – шариғатты белден басқан дүмше молдалардың өздерін ақтау үшін айтқаны. Нан қандай ақ болса, Құран да сондай хақ. Бірінен бірін төмендетуге әсте болмайды! Ал керек болса! Көлік жуушы нағашымның пәлсәпасын қараңыз. Мен оны аяқ-қолынан су өтті-ау деп аяп жүрсем. * * * Өзіме де обал жоқ. Мал базарда жуан балтыр, май желкелердің малын пұлдап, делдал болып жүрген жерінен жаным ашып осында ертіп келгем. Арғы жағын Жортармен өзі келісті. Бірақ сайлау сайын биліктің майшелпегі есіне түсетін партиялардың ұр да жық ұраншылдары сияқты нағашымның да бүйректен сирақ шығарып жүретін «балалық ауруы» бар екен. Жортар екеумізбен ә дегеннен-ақ жұлдызы жараспай қойды. Бірақ менің жазығым не? Нағашым жақтырмады екен деп өмірбақи қайыршы болып өтуім керек пе? Қазірдің өзінде «бизнес-жоспарым» дайын. Мысалы, қожайынның менімен бірге оқитын Сана деген қызы
бар. Өзі де атына заты сай, ақылды, көркем. Мектепті
бітірген соң сол сұлумен отау құрудың сәті түссе
бітті, қожайынның жар дегенде жалғыз күйеу бала-
сы болам да көлік жуу кәсіпорынымен қоса қаланың
қақ ортасындағы мейрамханасына да ие болып шыға
келемін...
Тәтті қиялымды тағы да Нұртуғанның гүжілі бөлді.
– Шыныңды айтшы, Құранды басып жеген нан
мынау теректей бойыңа шынымен-ақ жұқ бола ма?
Түһ, мынаған дауа жоқ шығар. Қадалған жерінен
қан алмай қоймайтын қандай бәлеге қалдым?
– Оны Жортардан сұра.
– Атаукересі үшін Алланың сөзін аяқасты етуге
болады деген одан не үміт, не қайыр?
Нұртуғанның гүжілінде Әзірет Әлінің алдаспа-
нындай бір алапат сес бар. Сонда бұның жанына не
керек? Не жетпейді?
Өзім де тұзы жеңіл байғұспын. Басқа мақал-мәтел
құрып қалғандай Құранға соқтығысып нем бар еді?
Айдың-күннің аманында тақыр жерден сүрінгенімді
қарашы. Бәрі түскі сорпаны сораптап отырған кез-
де басталды. Жортардың арқасында аузымның аққа
жарығанын айтып, бір мақтайыншы дей салған сөз
еді, ғазиз басымның мұндай бәлеге қалатынын қайдан
білейін.
* * *
Нағашымды да аяймын. Бесіктен белі шықпай жа-
тып жүгері суғарыпты. Одан кейін құрылысшыларға
қосылып белуардан келетін батпаққа малшынған.
Таңғы суықта бетіне мұз байланып жататын батпақ
зіңгіттей жігітті допша домалатады дейді рас болса.
Сол азаптың бәрі жиналып кеп нағашымды аяқтан
алған. Қазір судың сылдырынан қорқады. Менің
істеген жақсылығым сол, Нәкеңе «мұздай суға жола-
ма, мәшиненің ішін ғана тазала» деп тапсырма бердім.
Бірақ «сыз табанымнан өтіп, тас төбемнен бір-ақ
шықты» деп, зар илеуін сонда да қоймайды.
Бүгін жұмыстағы соңғы күнім деп сазарып отыр.
«Нағашеке-ау, ақшасы тәуір ғой, неге кетіп барасыз»
дегеніме, «кәмунистердің жүгерісінен құтылдым ба
дегенде, кәпитәлистердің көлігін жууға әкеп қойдың»
деп, әңгімені шорт кесті. Кеше де тулаған. Бұрнағы
күні де кіжінген. Бірақ қоржын-қосқолаңын жиып
кетіп те қалмайды. Соған қарағанда барар жері, ба-
сар тауы жоқ. Қысқасы, «іш қазандай қайнайды,
күресерге дәрмен жоқтың» кері.
Бұл өзі қай жерде болып жатқан оқиға деп
таңғалып
отырған
шығарсыздар.
«Адамнан
жасырғанды, Құдайдан жасыра алмайсың». Ай-
тайын. Жортардың жуан мөріне «Республикалық
психоневрологиялық диспансер» деп жазылғанына
қарамастан, жұрт бұл жерді... жындыхана дейді. Жә,
шошымаңыздар. Жұртыңыз, мысалы, халық қой. Ал
халықтан үлкен ешкім жоқ. «Құдайдың екінші аты –
халық» деген де халық емес пе? Ендеше, «Халық айт-
са, қалт айтпайдыға» да қол қоя салыңыз. Міне, сол
халықтан Жортар тұрмақ, медицинаның атасы Әбу
Сина да әулие емес. Жындыхананың аты жындыхана.
Сондықтан «психоневрологиялық» деп қанша жерден
сыпайылағаныңызбен ел-жұрттан аса алмайсыз-дүр.
Әлбетте, шүу дегенде тосырқағаным рас. Жүйкесі
жұқарып, жаны күйзелген бейшаралардың уәжін
құлағына
ілмей,
шыңғыртып
дәрі
егіп
жатқан
медбикелердің қаталдығы да қобалжытқан. Оларға
қарағанда «есуас» деген диагнозбен әкеліп тастаған
міскіндердің бойынан адамға тән бірдеңелер байқалып
қалады. Әңгіменің майын тамызғанда «апырау, ит бай-
ласа тұрғысыз мына жерге Демосфендей ділмарларды
кім қамап отыр?» деп, жағаңды ұстайсың.
* * *
Мәшине жуатын жерге қалт-құлт етіп әуелі Дом-
быра келді. Жағы сембей дыңғырлай берген соң
байғұсты осылай деп кетіпті. Насыбай атады екен,
ернінің астына көкбұйра түйіршіктерді тастап кеп
жіберіп, «Мен – Дом-бы-ламын» деп ай-шай жоқ,
қолын ұсынды. Мен оның қолын қорқа-қорқа ұстап,
атымды айттым. «Та-а-сың өл-ге до-ма-ла-ғалы тұл,
ба-а-ла. Білақ...» деді ол. Отқа салса жанбайтын, суға
салса батпайтын тісқаққан саясатшы емеспін ғой,
мінез-құлқыңды былш еткізіп бетіңе айтқан қиын бо-
лады екен. Табан астында не дерімді білмей, тамағым
құрғады. Бірақ жындымен жынды болам ба, шыдадым.
Менің күмілжіп қалғанымды пайдаланған ол маған
дейін де талайдың миын атала қылған сұрағын қойды.
Айтпақшы, сұрағын қоймас бұрын ернінің астындағы
насыбайды анандай жерге ытқыта түкіріп тастады.
Сол сол-ақ екен, тілін «шайнай» сөйлейтін сақаулығы
сап тиылды.
– Ежелгі грек аңыздарын білесің бе?
– Ептеп...
Грек аңыздарын жырлаған Гесиод, Гомер бастаған
абыздар күндердің-күнінде Қазіреті Мұхаммед Салал-
лаһу Ғалейки Уәс әлам Пайғамбардың дүниеге келіп,
жа ма ғатқа Құдай біреу, оған серік қоспаңдар деп
ақиқи тәпсір айтатынын білмеген болуы керек, ежелгі
Ұрым ның аспанын да, жерін де, суын да құдайларға
толтырып жіберіпті.
Менің сөз таластырудан қашқақтап тұрғанымды
сезген ол енді нағашыма қарады.
– Әй, жүз грамың бар ма, құйшы?
– Лә иллаһа илаллаһ Мұхаммед Расұлаллаһ, мен
мұсылмандық жолға түскенмін.
– Бірақ кәпір боп кетпеген шығарсың.
Тілі тотияйындай екен бәленің. «Бірақ бақыр
санаған сараң боп кетпеген шығарсың» дегенді
нағашыма астарлы сөзбен әдемі жеткізді. Оның
тапқырлығына Нұртуған да амал жоқ езу тартты.
– Әй, қатырасың-ау. Әрине, кәпір емеспін.
– Әкел онда...
Нұртуған ұсынған мыж-мыж 100 теңгені қуана
ұс та ған ол мұрнының астынан рахмет айтып, жөніне
кетті.
Мен аң-таңмын. «Тасың өрге домалағалы тұр,
бала. Бірақпен...» не айтпақ болды? Ойға тамызық қып
кеткен ежелгі грек аңызында Сизиф деген де жазған
бар. Сол пақыр дәу тасты домалатып таудың басына
шығарып, енді «үһ» дей бергенде, ақ тер, көк тер болған
еңбегі еш болып, тас таудың етегінен бір-ақ шығады.
Содан Сизиф байғұс әлгі тасты өле-өлгенше таудың
басына қарай домалатумен өткен. Өйткені маңдайына
жазылған жазымыштың жазасы осы. Қандай азап
десеңші. Соның кебін сен де киесің дегені ме?!. Бірақ
бұл күллі адамзат баласы үшін анасының құрсағында
жатқанда-ақ кесіліп қойған үкім емес пе?!.
Үһ, ернім аққа енді тиді ма дегенде не деп көкіп
кетті мына нақұрыс!?.
* * *
Нұртуған нағашымның сопақ басындағы мың қат-
парлы мида қу сирақты күнге қыздырмақтан басқа
да қым-қуыт ойдың өріп жүргені сөзсіз. Көстеңдеп
қалған тіл көп күттірген жоқ.
– Домбыра айтады: Баяғыда әкесінің қанын
мойнына жүктеп, елінің тізгініне ие болған Крон де-
ген патша болыпты. Сол патша күндердің күнінде
астымдағы алтын тақтан айырылып қаламын-ау деп
зәресі қалмайтын дертке шалдығады. Қараптан-
қарап үрейленгені сонша Рея деген сұлуынан туған
балаларын алдырып, тірідей жұта беріпті. Жалмауыз
патшаның құлқынынан соңғы сәбиін қалай да аман
алып қалғысы келген ана көз көрмес, құлақ естімес
жердегі Крит аралына барып босанады да шарана-
ны үңгірге қалдырып кетеді. Сарайға қайтып кел-
ген кезде бұған дейін бес баласын жұтып, құныққан
патша: «Жаңа босанған шаранаң қайда?» деп күндей
күркірейді. Сол кезде Рея патшаның аранына
құндақтаулы тасты тыға салады.
Дүниеге келмей жатып қиындыққа тап болған
ұлдың аты Зевс екен. Ол ер жетіп, ашкөз әкесінің
асқазанында тұншыққан бауырларын бостандыққа
шығарады. Бастары қосылған бауырлар Кронға қарсы
соғыс ашады. Ұза-а-ақ жылға созылған соғыста Зевс
жеңіске жетеді. Сөйтіп жемқорлық пен парақорлық,
тоғышарлық пен алыпсатарлық, бұзақылық пен
ұрлық-қарлық, жағымпаздық пен сатқындық үстемдік
құрған жүйе талқандалып, еркіндік іздеген ел-жұртқа
әділетті билік орнатады...
– Мұны айтып жүрген жаңағы... («жынды ма?»
дей жаздап барып тілімді тістеп қалдым) Домбыра ма?
– Домбыра десе дегендей... дыңғырлап бір сайра-
са, тоқтата алмайсың.
Басым мең-зең. Ау, Домбыра айтып жүрген аңыз
қай да, біздің жындыхана... кешіріңіз, пси хо нев ро ло-
гия лық диспансер қайда?
– Сонда ол мұнымен не айтпақшы?
– Әділдік жоқ дейді. Заңды бастықтың өзі бұзады
дейді. Олимп биігіндегі құдайлар мен жердегі қалың
бұ қараның жилысын шақырып, заң бұзғандарды жа-
залайтын Зевс пен Фемиданың заманын армандайды.
Төле би атындағы мектептің 8 сыныбын үздік
бітірген менің-дағы біраз білімім бар. «Зевстің сал-
танатты сарайының алдында екі үлкен ыдыс тұрады
екен, – дейтін бізге «шайтан арбамен» келіп дәріс
оқитын қаңбақ шал сияқты қағылез мұғаліміміз, –
оның біріне ізгілікті, екіншісіне қатыгездікті толты-
рып қояды екен. Заңды бұзған билік иесінің үстіне
әлгі ыдыстың жиегіне дейін меймілдеген қатыгездікті
құйып кеп жібереді екен де, ал жақсы басшыға... ».
Қаңбақ шалдың дәрісі ойыма сап ете түскені бар бол-
сын, өзімнен-өзім селк ете қалдым.
– Сендер немене сонда диспансерде заң бұзылып
жатыр деп көкіп жүрсіңдер ме?!.
Көрінген адамнан арақ сұрап жүрген міскіннің
шашбауын
көтеріп
отырған
нағашыма
ежірейе
қарадым. – Бас дәрігер бұл былшылдарыңды естісе
жон терілеріңді сыпырады ғой.
Нұртуған нағашым қыңырая қалды. Көзінде
«сенің де сырың мәлім болды. Крон сияқты таққұмар
бәлелер сендейлерден шығады. Бесіктен белдерің
шықпай жатып ақшаның құлына айналасыңдар, со-
дан кейін қожайынның он екіде бір гүлі ашылмаған
қызына үйленсем деп армандайсыңдар, ары қарай
Олимптің шыңы да алыс емес деп ойлайсыңдар» деп
тұр.
* * *
Шынымды айтсам, соңғы кезде бес биенің са-
басындай боп жайылып бара жатқан рабайсыз де-
нем өзіме де ұнамай жүр. Ішімді үрген мес десе де
болғандай. «Ет етке, сорпа бетке» деп, ішіп-жей бер-
ген соң бет-жүз де аяр-ұятты ұмытып, қалыңдай
береді екен. Бірі Арқаға, екіншісі Алтайға қараған
қитар көз қалың қабақтың астынан сығырайып әрең
көрінеді. Танау шірікін де таңқия түсті. Аспандап
ұшқан алты қаз болса «Хазар1 теңізі қайдасың?» деп
әні-міні ұшқалы тұр.
Кәсібіміз – күндіз-түні мәшине жуу. Диспансердің
қасынан ашқан көлік жуу кәсіпорынының екі тізгін,
бір шылбырын Жортар маған тапсырып қойды. Бар
міндетім – көліктерді жууға жалданған өзім сяқты
балалардың аяқ-қолдары жаурап, кешке дейін тапқан
ақшасын санап алып, бастыққа тапсыру. Бұрын жиыр-
ма теңгеге зәру болып жүретін жалаң аяқ оқушының
қалтасы қазір шытырлаған ақша.
Диспансердің іргесінде құмырсқаның илеуіндей
қайнаған базар бар. Түске таман сәбилердің көнетоз
қол арбасына салып тамақ таситын қыздар келеді.
«Кока-Коласы» мен «Йогурттарын» да ұмытпайды.
Тамағы тоқтық, көйлегі көктік, Абай атам айтқандай,
адамды қараптан қарап аздырады екен.
Жортардың пәлсәпасына жүгінсек – «Ақша жет-
кен жерге аяқ та жетеді». Менің бұл ұранымды, әрине,
Нұртуған нағашым естімей-ақ қойсын. Естісе «Ол
қандай ақша?», «Ол қандай аяқ?», «Ол аяқтар қандай
бастарды көтеріп жүр?», «Ол бастарда қандай қиялдар
бар?», «Ол аяқ пен бас ел-жұртты қайда апармақшы?»
деп сансыз сұрақтың астына алары сөзсіз. Оны да
Хазар* – Каспий теңізі
місе тұтпай «анау депутат, әкім болам дегендерді аласұртып жүрген ақша. Ал ақшаға бір құныққан адам оны көбейген үстіне көбейе берсе екен деп құтырады. Сондықтан сайлау сайын екі иығын жұлып жеп, аласұрып жүргендердің көкейіндегі халықтың қамы емес, ақшаның қамы. Жақында екінші рет сайлауға түсем деп жүрген Жортардың арманы да көп, өте кө-ө-өп ақша!» деп, екі езуі көпіргенше екіленетіні сөзсіз. Жо-жоқ, менің бұл ойым Нәкеңнің құлағына шалынбай-ақ қойсын. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады». Ақша демекші, қалтама тиын-тебен түскелі қиялым қиыр-қиырды шарлайтын болды. Шаруаның бәрін орынбасарының иығына артып, өзі сауық-сайранда жүретін бастығыма еліктейтін болдым. Әсіресе, күн сайын тамақ әкеліп сататын әнебір әдемі қызды көрсем сілекейім шұбырып қоя береді. Махаббат қызғаныштан тұрады дейді ғой білетіндер. Ақ орамал тартып, жалаңаш жерін қымтап, мөлдіреп жүретін сұлу мен Нұртуған нағашымның арасында бірдеңе бар ма деп те қауіптенемін. Тамақ әкелген сайын көлік жуатын кәсіпорынға қарай жалтақтай беретіні де тегін емес. Өткенде нағашымның жұмыс киімінің қалтасынан түсіп қалған қағазды тауып алдым.Мыж-мыж қағаздың бүктеуін жазып жіберсем, о, тоба, өлеңдер. Бас жағына: «Нұртуған аға! Сіздің өлеңдеріңізді газеттен оқып жүрмін. Бірақ осы арада істейді деп ойламаппын. Аға, өзіммен өзім жалғыз қалған кезде жазған мына өлеңімді оқып көріңізші. Айқыз.» деп жазыпты. Домбыра ма, Нұртуған ба, біреу-міреуі қылқиып келіп қалмай тұрғанда оқып үлгерейін деп жалма-жан қағазға үңілдім.
Түкпірінде жүректің
Алдамшы бос үмтіке,
Жүрмін бе жіпсіз байланып.
Бақыттан басым айнала,
Ақ жүрегіммен иланып.
Өтер де кетер балғын шақ,
Көзіңді ашып-жұмғанша.
Өкінішпен өртер өзекті,
Мағынасыз өткен күн қанша?
Жалғыздық байлап жанымды,
Билігін қолдан алғызбай.
Егізін тауып жүрегім,
Егелік жасар күн қайда?
Өлең жазған сұлулардың барлығы Фариза, Күләш
апаларым сияқты мықты ақындар емес қой. Мына
ұйқастарды төрт аяғы тең жорға демесем де, әйел ба-
ласына тән бір нәзік сезімді әр жер-әр жерінен теріп
алуға болатын сияқты. Әсіресе соңғы екі жолы. «Егізін
тауып жүрегім, егелік жасар күн қайда?» деп кімді айт-
ты екен? Жебедей кірпігін кімге қадады екен? Әлде
нағашымда ойы бар ма? Мен оның орнында болсам
мынандай қо лайлы сәтті қапы жібермес едім. Әттең,
оқушымын.
Нұртуған нағашым қағаз іздеп әуре болмай,
өлеңнің астына былай деп сүйкепті.
Арманым Айқыз – Айкезбе
Айкезбе – Айқыз арманға,
Жүрмін бе жіпсіз байланып.
Сия алмай мынау жалғанға,
Сағымға кеттім айналып.
Жалғыздық жайлап жанымды,
Қиял жүр кезіп Түн, Айда.
Сүмбіле-суық қанымды,
Жылытар ыстық үн қайда?
Сыңарын іздеп жүрегім, Ботадай босқа боздай ма. Еркелей еріп жүргенің, Сезімді сөнген қозғай ма? Оу, де! Қалай-қалай қайырады-ей, сабазың! Мынауың нағыз ақын ғой өзі. Бірақ мен үшін мәселе өлеңде емес. Мәселе – көлік жуушы Нұртуған нағашым мен та мақ сатушы сұлудың арасындағы нәзік сезімде, тәтті махаббатта. «Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды». Осы ару келген сайын жасы жер ортасына келіп қалғанына қарамастан Жортар да кеңсесінің терезесінен сұқтана қарап, сілекейін жұтып тұрғаны. * * * Құдайшылығына көшсек, нағашымның мен пақырды жек көретін жөні жоқ. Антұрғандардың ауылынан іргемді өзім де алыстау ұстауға тырысамын. Қиналған кісіге қолымнан келгенше жақсылық жасағым келіп тұратын елгезектігім де бар. Мұны жалған дегендер бетіме айтсын. Бірақ, жақсылық жасаймын деп бүлдіріп алатынымды жасырмаймын. Нағашым «аяғым» деп зарлай берген соң базардағы ала тақиялы ағайыннан бір түйдек қызыл бұрышты аттай қалап, әкеліп бердім. – Мұны қайтем? – деп ежірейді Нәкең. – Бәтіңкеңнің ұлтанына салып алсаң, аяғың қызқыз қайнап жүреді. – Оны қай көкең айтты? – Кітап деген көкем бар. Сол айтты. Мұным өтірік. Бірақ жақсылық жасау үшін кейде өтіріктің де пайдасы бар. Өткенде базарға барсам адыраспан түтіндеткен бір топ әйел бейбіт шеруге шыққандай қаптап ке ле ді екен. Басынан бақайшығына дейін батамен қа ру ланған бәлелер алақандарына бес-он теңге тастама саң, жолыңды кес-кестеп жүргізбейді. Өздері аяқ тарына гәлөш іліп алған. Таң қалдым. Бұның қандай құпия сы бар? Менің Нұртуған нағашым ұлтаны екі елі етік кисе де аяғым қақсады деп зар илеуін қоймайды,
ал мыналар болса резіңке гәлөшпен қақшаңдап жүр.
Сауда-саттық жасағандардан сұрасам, «гәлөштерінің
табанына келімдәрі салып алған» дейді. Күлкім келді.
Қы зыл бұрышты «келімдәрі» дейді екен. Ең бастысы,
Нә кең нің «ыстық уколға» бағынбайтын аяғының емі
та был ған ға көктен сұрағаным, жерден табылғандай
қуан дым.
Бірақ нағашым «келімдәріні» бір күннен кейін-ақ
лақтырып тастады. Таңертең жұмысқа келсем қоқыс
тастайтын жәшіктің айналасы толған қып-қызыл
жапырақ. Көлік жуушы балалар жымың-жымың
етеді. Нұртуған нағашым болса арыстандай айбатты.
– Алдымен өзіңе тәжірибе жасап көрмедің бе,
жүгермек?
– Не боп қалды?
– Өй, саған сеніп жүрген өзіме де обал жоқ.
Сөйтсем, арғы ата-бабасы туралы «Шымырбай
құм ға түсті, шыдай алмай суға түсті» деген сөз тараған
ұшып-қонба әулеттің ұрпағы емес пе, шыт-шыт жа-
рыл ған аяғын қызыл бұрыш удай ашытып, күйдіре
бас тағанда «ойбай, жау шаптыға» басқан ғой. Ащы
жапырақты ұлтанға емес шұлықтың ішіне салып алса,
әрине, удай ашытады. Жапырақты алып тастаймын
деп жанталасқан сәтте қолы дуылдайды. Сумаңда ған
қол бет-ауызға жеткен тұста дүниені тітіреткен түш кі-
ріктер дауылы басталады. Қысқасы, мен келгенде на-
ға шым ның жұмыс орны қызыл бұрыштың жа пы рағы
жау ғандай астаң-кестең екен.
Содан бері көкем мен айтқан ем-домға да, әкелген
дәрі-дәрмекке де секемдене қарайтын болған.
* * *
Ақырет сотының алдына барғанда араша бола-
тын тағы қандай жақсы қасиеттерім бар? Ыстыбай
атам, Тінәлі, Азат үшеуі еш жамандыққа қимайтынын
білем. Бірақ оларды куәдүрлікке тарту үшін жындыха-
надан отбасыма оралуым керек. Ал қара шаңырақтағы
бірінші тұлға мен үшін, әлбетте, әкем.
Киіз үйдің сыртынан Ыстыбай атамның қара
айғырының пысқырған үні естілді дегенше әкем иегін
қағып, есікті нұсқайды. Ауыздығын шайнап, қора
жаққа өтіп бара жатқан атты санаммен сезініп, далаға
атып шығамын. Жуан ортасына жеткен кітапты да
тарс жабуға тура келеді. Бірақ жазушының айтпақ
болған ғибраты жадымда. Анамен де, мынамен де до-
спыз дей беретін жалпақшешей саясатшыға сабақ
болғандай тәлімді дүние болған соң ба, миымда өлең
жолдарындай жатталып қалыпты.
«Балам, – дейді, – Есбол қария, – сен осы бізге
хат жазған сайын Бедір деген досым бар деп жарияға
жар салып жатушы едің ғой. Әлі доссыңдар ма?
– Доспыз...
– Осы кейде тып-тыныш отырған үйге үлектей
арқырап келетін сол ма?
– Сол!
– Е, дегендей, дегендей, – деп қария басын изеп,
тағы бір кез ойлы кескінге ауысып салбырап шөгіп
қалады.
– Баяғы бала кезімде әкем марқұм «атты сыртына,
адамды ішіне қарап білем», – деп отырушы еді. Кісі сы-
рын ұғу қиын ғой. Түріне қарап дос таңдау да қиын. О
да бейне мінезін білмейтін атқа мінгендей, қай жерде
тулап түсіріп кетеді деп қыпылдап, тақымыңды қысып
алғандай сенімсіз күйде болатын шығарсың. Тілекпен
дос болмайды, тең кісілерге достық өзі келеді. Ондай
дос қайда! Оның орны бөлек қой. Өз басым ешкіммен
дос боп көргем жоқ, тең адам кездеспегендіктен
емес. Оның бір пәлесі – дос кісілердің арасында да
бірдейлік бола бермейді. Олардың да өз арасынан
артық-кемі шығып, кемі кіші орнында жүреді. Қиыны
осында...» деген кемеңгер қарияның сөзі Жортар
екеуміздің достығымызды меңзегендей.
Бірақ Әбдіжәмілдейін атақты жазушының ке-
мең гер кейіпкері қалың кітаптың ішінде қала бе реді.
Ал сыртта осы дананың ХХІ ғасырдағы «ксе ро кө-
шірмесіндей» болып Ыстыбай атам келіп тұр.
* * *
Қасы қалың, мұрны қоңқақтау, сопақша жүзіне
ақ шаңқан сақалы әбден жарасқан еңгезердей шал
белі есік пен төрдей айғырынан түсіп, тізгінін ердің
басына ілді де, қыл шылбырдың ұшын қарсы алдын-
да намаздыгер-намазшамның көлеңкесіндей ербиіп
тұрған маған ұсынды.
– Ассалаумағалейкүм, ата!
Компьютердің клавиштерін басудан басқа ауыр
жұмыс істеп көрмеген нәзік саусақтарым атамның
күректей алақанына сүңгіп кетті.
– Уағалейкүмәссалам, балам. Таудай бол!
Атамның кепкен балықтың қабығындай қабыр-
шық тан ған қолы мен қара айғырды байлайтын қыл
шыл быр дың арасында айырма шамалы.
– Қалай, – деген сосын атам сәл езу тартып, –
ал ғыстан тау тұрғызып жүрсің бе әлі? Әкең пияз егуді
біл месе де, бала тәрбиесін біледі...
Алқаптан көңілді оралған күні әкемнің ширатылған
ұбақ-шұбақ дауыспен «бүгін қай-сы-лар-ың көп алғыс
жинадыңдар, әй» деп сұрайтын әдеті бар. Шаршап-
шалдығып немесе әлдекімдерге шала бүлініп, ұр сып
келсе «Байтал түгіл, бас қайғы» дей ме, дастарқан да ғы
ас-суына үн-түнсіз бас қояды. Дегенмен, «сәлем беріп,
алғыс жинау» біздің шаңырақтың жас мүшелері
үшін – Президенттің тапсырмасындай бұлжытпай
орындалуға тиіс мәселе. Басты бәсекелес, әлбетте,
шаңырақтың шол жа қайы – Тінәлі. Әке-шешеме
ілесіп құдайы тамақ тан құр қалмайтын болған соң
алғысқа да, кәмпит-сәмпитке де сол қарық. Сосын
амал жоқ қулыққа басам. Төле би атын дағы мектептің
үздік оқушысы деген атым бар емес пе? Жалпы,
ақылыңа айлаңды тұздықтап отырсаң еш уақытта қор
болмайсың. Мысалы, әкейдің алдында жерге қарап
қалмау үшін бір шақырымдай тұстан өзімен-өзі өтіп
бара жатқан Ыстыбай атамды қуып жетіп, сәлем беру
кімнің ойына келеді дейсің! Басқа басқа, бұл қу лық
біздің Тінәштің үш ұйықтаса да түсіне кірмейді. Екі
өкпесін қолына алып, соңынан қуып келген баланың
бар шаруасы сәлем беру екенін білген кезде атам,
әрине, абдырап қалады. Сосын көзіне күлкі үйіріліп:
– Айналайын, сен өзің ата-бабаларың сияқты
сақы кісі болғалы жүр екенсің. Олар да ауылдың сыр-
тымен кетіп бара жатқан көшті тоқтатып, құдайы
қонақ қы лып аттандыратын елден ерек адамдар
болған деуші еді бұрынғылар. Құдай тілеуіңді берсін!
Ел ұста! – дейді.
Дейді де «осы балаға алғысым аздық қылды-ау, ә»
де гендей, сасқалақтап қалтасын қармана бастайды.
Ши бар қыт шапанның қалтасынан алдымен мыж-мыж
беторамал, бүктеле-бүктеле шеттері қырқылған газет
шығып, ақыр аяғында бір бума кілттің бауына ілініп
кәмпит көрінеді. Қай күнгі құдайы тамақтан қалған
«олжа» болса керек.
– Мә, айналайын, мынаны ала ғой, саған бұйырған
екен.
Еңбегіме берілген «сыйақыны» көріп Тінәлі
одан бетер ыза болады. Бірақ, бұл әлі аз. Ұпайымды
көбейту үшін етігін шешуге ыңғайланған әкеме лып
етіп көмектесе қоямын. Елгезектігіме сүйсінген әкем,
әлбетте, «рахмет» дейді. Аяғының астында тұрған
алғыстан қарадай айырылған інішегім болса «бұл
дұрыс емес» деп жер тепкілейді.
Сегізінші
сыныпты
үздік
бітіріп,
жазғы
демалысқа шыққалы бері Жортардың жырындысына
айналғанымды Ыстыбай атам қайдан білсін. Бесінші
сыныптағы оқиғаны еске салып, «саяси имиджімді»
кәдімгідей түсіріп тастады.
* * *
Жортар демекші, біраз болды бастығымның
үйінде бір үрпек сары пайда болды. Жортардың өзі
«базарда қайыр сұрап жүрген жерінен жаным ашып,
алып келдім» дейді. Бірақ жасырып-жапқанмен
біздің кентте сөз жата ма, «Жортар үйтіп жауыр-
ды жаба тоқымасын, алыс-жақынды адақтап жүрген
қарындасының баласы. Қатыны екеуі байғұс баланы
екі жақтап жұмсап, әбден зорықтырды» деген әңгіме
шыққан.
Бірде көлік жуатын кәсіпорынның кілтін алуға
Жортардың үйіне бардым. Жүрегімнің бір түкпірінде,
әрине, Сананы сыртынан болса да бір көріп қайту
үміті лүпілдеп тұр.
Үрпек сары босағада Жортардың топылый-
ын шөткілеп отыр екен. Жортар шынтағына дәу
жастықты бүктеп, жамбастап жатыр. Төрдегі қымбат
жиһаздың үстінен сыныптасымның суреті жымия
қарап тұр. Жалпы, Сананы ақылына көркі сай тамаша
қыз дедім ғой. Жібектей мінезі ше! Менің суретке ой-
лана қарап қалғаным әлденені есіне түсірді ме Жор-
тар:
– Сана хабарласты ма, – деді әйеліне.
– Бағана сөйлестім. Ол жақта қазір түн дейді.
Сана шет елге кеткен болды. Ол жақта түн дегеніне
қарағанда тым алыс ел болды-ау. Екеуміз сабақтан
қайтып келе жатқанда «әкем, биыл шет елге барып
оқисың деп жүр» деп мұңаюшы еді.
– Жат жұрттың аты жат жұрт қой, осы бастан ауа
райы мен мәдениетіне бойын үйрете берсін, күздіңгүні
оқуы басталғанда өзіне оңайлау болады. Мені сұраса
әкең осылай деп сәлем айтып жатыр дерсің.
«Қош, Сана! Күн мен ай сияқты екеуміздің
тағдырымыз да ешқашан қосылуға жазбаған сияқты».
Қатира жеңгем сұқ саусағындағы алтын сақи на-
сын жарық қоңыздай жалт-жұлт еткізіп, шәй жасады.
Жортар екеумізге сүт қатқан күрең шайдан құйып
бер ді де, үрпек сарыдан:
– Саған қандай ғып құйып берейін? – деп сұрады.
Мұндай мүттәйім болар ма? Ет бауыры елжіреп
отыр ғандай ыздиады.
Жәутеңдеген бала:
– Ақ су ғып құйып беріңіз, – деп күмілжіді.
Мен аң-таңмын. Өзім өз, көйлегім бөз болғалы,
мұн дай мәзірді бірінші рет естігендіктен «ақ су» деген
асыл зат не екен деп мұқият қарай бастадым. Қатира
самаурындағы қайнаған суды кесеге шорылдата құй-
ды да оған ептеп сүт қосып, үрпек сарыға қарай ысыра
салды. Жортардың жиеніне беретін «фирмалық» дәмі
осы екен. Әйелінің қара шайдан үнем айырған адам
шо шырлық қылығын көрсе де көрмеген болып отыр.
Ыстық күлшеге жәутеңдеп қарай берген үрпек сары-
ға «наннан ал» деп те айтқан жоқ. Жалғыз отырғандай
өзі опырып жатыр.
Өлік шығарғандай тұнжырап қалған отбасында
бұдан ары дәтім шыдап отыра алмай, кілтті алдым да
далаға шықтым. Үрпек сары да артымнан ілесті. Сырт-
қа шыққан соң үйдің қабырғасына сүйеулі тұр ған
қапты арқасына салды. Жортардың буылтық-буыл-
тық қарынына ұқсаған қап үрпек сары қозғалаған сай-
ын сықыр-сықыр етеді.
– Атың кім?
– Азат.
– Қаптағы не?
– Бөтелке ғой.
– Оны қайда апарасың?
– Базарға.
– Ауыр емес пе?
– Үйрендік қой.
Азаттың басындағы аянышты жағдайға тап бір
өзім кінәлідей кеудем ашып, жалт бұрыла беріп ем,
бала иығын жаншыған ауыр қапты сықыр еткізіп бір
көтеріп қойды да:
– Аға, – деді.
– О, не қалқам?
– Сіз хат жаза аласыз ба?
– Әрине, оны неге сұрадың?
– Мамама хат жаздырып алайын деп ем.
– Өзің жаза алмайсың ба?
– Мен әлі оқуға барған жоқпын ғой.
– Жасың нешеде?
– Тоғызда...
Жүрегім ине шаншып алғандай шым ете түсті.
Жұлым-жұлым дермантиннің астынан жылтырып
саусақтары көрініп тұр. Арзанқол аяқ киімнің тысы
іріп кетіпті. Арқалығы мен өңірі оңып, шіри бастаған
жейдені де жөндемді деуге ауыз бармайды.
– Мен жұмыс істейтін жерді білесің бе?
– Тінәлі сізді көлік жуатын жердің бастығы деген.
– Қайдағы бастық, жазғы демалыстағы ермек қой
әшейін...
– Сурет те саласыз ба?
– Суретті Нұртуған нағашыма салдырамыз.
– Рахмет аға, менде мамамның суреті бар. Бірақ
жыртылып қалған. Соны қайта салдырып алсам деп
ем...
Жандүниемде Жортарға деген бір «қызғылтым
төңкеріс» бас көтере бастағандай.
* * *
Біздің шаңырақтағы екінші тұлға – шешем. Ақ-
ша өткізген сайын Жортар: «Шіркін, Жібек же ңе-
шем нің бал татыған қымызы болса, арақ-шарап де-
ген бәлені татып алмас едім» деп, қақсай берген соң
бір литр қымызбен үнін өшірейін деп үйге келсем,
анам орамалының ұшымен көзін сүртіп отыр. Жана-
рын жасқа шылаған тезектің түтініне ұқсамайды. «Е,
жаратқан ием, балаларымның көз жасын көрсете көр-
ме» деп қояды күбірлеп.
– Не боп қалды, апа?
– Азат кеп кетті әлгінде...
– Ол неғып жүр?
– Бал ашып бересіз бе? – дейді.
Шешемнің көңілі бос. Көзінің жасы мөлт-мөлт
етіп, жанарының жиегін шық кіреукелей қалыпты.
– Тамағын жыламай ішпейтін біздің Тінәш тің
қасында құдды үлкен адам сияқты.
– Балды кімге аштырмақ екен?
– Анама ашып беріңізші. Мені қашан алып кетер
екен? – дейді.
– Сіз не дедіңіз?
– Не деуші ем, «балам, сүйінші түсіп тұр, құдай
қаласа, шешең жақында келіп қалады. Сені ойлап
жүр ме, жүрегінің басы сәл күптілеу. Мынау – саған
қарай түскен жол, ал мынау – алған базарлығы»
дедім. Басқа не деймін?
Анамның орамалға түйіп, тығып қоятын қырық
бір құмалағын анда-санда сандығынан шығарып,
ел-жұрттың аман-есендігі үшін бал ашатын ермегі
бар-тын. Бірақ мұсылмандық жолға түскен Нұртуған
нағашымның Алла-Тағалаға серік қосуға болмайды,
бал ашу, құмар ойнау – қасиетті Құранмен зиянға
шығарылған деген тәпсірін айтып келгелі бері бұл
ермегін қойып кеткен. Шешесінің осы құпиясын аузы
жеңіл Тінәш үрпек сары досына айтып қойған сияқты.
Атам үйге шариғаттың жолымен «асса лау ма ға лей-
күм» деп кірген кезде шешем орнынан ұшып тұрды.
Сосын сол қолын оң білегінің үстіне қойып, сәл иілді
де, ернін жыбырлатты. Ерні жыбырлаған кездегі
«сәлеметсіз бе, қайнаға» деген үнді жапондардың ең
сезімтал деген сандық диктофоны да жазып үлгере
алмас. Менің ұғымымда мұндай үн зерделі адамның
санасына өзінен өзі жазылуға тиіс. Далиған даламыз
бен ғажайып тау-тасымызды армансыз аралап жүрген
еуропалықтардың тамсанып, бас шұлғи беретіні де
халқымыздың осы бір қайталанбас қасиетінде ғой
деймін.
– Көп жаса келін, мал-жан аман ба?
– Шүкір.
Төрде жамбастап жатқан әкем белін ұстап, орны-
нан созалаңдай көтерілді.
– Төрлетіңіз, ақсақал.
Шешем дастарқандағы нан мен қанттан тұрған
жұпынылау мәзірді жаңалап, құрт, ірімшік, сары май,
қымызбен жайнатып жіберді.
– Ім, шәй ішіп жатырмыз деңдер.
– Шәйдан басқа жүрек жалғайтын не қалды?
Әкем лекіте күлмек болып еді, бірақ сөзі ақиқаттың
ауылынан қиястау қонып, өмірден қорлық көрген
адамның рөлі онша сәтті шықпады. Қайта қайсар
қарттың алдында айыпты баладай қарадай бүгежектеп
қалды.
– Сен өйдеп күпірлік жасама. Айналаңда ана
шелектегі қара суды тыныштықпен ішуге зар боп
отырған жұрттар да бар. Құдай не ішіп, не жесек те
елдің амандығын берсін. Дүниенің ыпыны жаман боп
барады. «Аузы аққа тигенде, мұрны қанады» демекші,
өз қолымыз өз аузымызға енді жетті ме дегенде,
қайдағы бір алаңғасарлардың көкпарына түсіп кетпе-
сек жарады.
Ыстыбай атамның уәлі сөзіне үнсіз бас изеген
әкем Ирактағы гүрс-гүрс еткен бомбалардың үні
үйдің іргесінен естілгендей тұнжырап отырып қалды.
Атамның «өз қолымыз өз аузымызға енді жетті ме»
деп отырғаны – тәуелсіздік. Бірақ «тәуелсіздік» де-
ген сөзді партия серкелері екпіндете айтқанда мұндай
әсерлі шықпаушы еді. Ал атам айтқанда ол дегеніңіздің
мағынасы Тәңіртаудай асқақтап кетеді екен.
* * *
Атам «тыныштықпен қара су ішу» турасындағы
ғақ лиясын доғарып, енді шаруаға ғана түсінікті
тақырып қа ауысты.
– Пиязың не дейді?
– Не деуші еді? «Су керек» дейді. «Селитра ке-
рек» дейді. Арам шөбі анау, бүгін отасаң, ертеңіне
Нұртуғанның жақ жүніндей үрпиіп тұрған. Адамды
қоңыз қылып жіберетін тірлік екен.
– Кәрісің қалай?
– Орлик пе? Оны пияз егуге бола туған ба деп
қалдым. Мұндай бейнетқор адамды көрмедім. Бала-
шағасымен бірге азаннан кешке дейін бүкшеңдейді
де жүреді. Арық-атыздың қасындағы алақандай жер-
ге қызанақ пен қияр егіп, қарық болып жатыр. Біз
болсақ мынау белімізді көтере алмай, ыңқылдап әрең
отырмыз.
– Үлгің қасыңда екен. Не деп жұбатам. Менің
келген шаруам басқа. Жақында жиналыс болады.
Даладағы адамсың ғой, естімей қалдым демесін деп,
әдейі келдім.
– Депутаттықтан дәмелілер тағы да миымызды
ашытады десеңізші. Неғылған бітпейтін жиналыс бұл?
– Жә, Жортардың кәсіпорынынан аққан шайын-
ды арығымызды ластап жатыр. Ұзын сөздің қысқасы,
бұл шенеуніктерге емес, өзімізге керек жиналыс.
– Һым, һым...
Әкем жөткірініп, үндемей қалды. Ал керек болса.
Ыстыбай атам да Жортардың жауы болып шықты.
Дүние не болып барады өзі? Екі адам бас қосса,
Жортардың атын естисің. Ол не жазды сонша? Әлде
бар айыбы пысықтығы ма? Кісіні дүниені жақсы кө-
реді екен деп те кінәлауға бола ма. Өзі айтпақ шы,
бас дәрігерге де тамақ керек. Ол болса бас дәрі гер
ғана емес, білдей депутат. Үбірлі-шүбірлі отбасы бар.
Солардың ішім-жемі үшін артықтау ақша тапса айып
па? Бірақ іші тарлар іскерлігін бара жатқанның бал-
тасын, келе жатқанның кетпенін алып қалатын жү лік-
тікке балайды.
Мынау жұмыртқадан жүн қырыққан пайдакүнем
заманда Нұртуған сияқты қоңырқай өмір сүрем деу
не жатып ішер жалқаудың, не көк ми ақымақтың ісі.
Ерінсең есем кетті дей бер. Сен мінетін тұлпарды басқа
біреу мінеді, сен ішетін қымызды басқа біреу ішеді.
Тағысын тағылар... Нұртуған нағашым сияқтылар
Жортар екеумізді қажай бергенше мәселенің осын-
дай экономикалық жағын да ойлап қоймай ма бір
мезгіл? Атам айтпақшы, айнала атыс-шабыс, кісі өлімі.
Төгілген қан, сөгілген қабырға. «Екі түйе сүйкенсе,
ортасында шыбын өледі». Қазір екі мықтының орта-
сында бейшара болып қалмауды ойлайтын заман. Әні,
Саддам Хусейнді ұстап алып, дарға асты да тастады.
Сол кезінде бір елді тітіреткен билеуші болған. Жұрт
соны қалай дарға асқанын боксшылардың өнерін
тамашалағандай тамсанып айтып жүрді. Бұл не сон-
да? Өркениеттің шырқау шыңына жеткені ме? Әлде
тағылық та сән сияқты бет-аузын опалап оқтын-оқтын
қайталанып тұра ма? Дүние не боп барады өзі?
* * *
Жортардың өмір туралы өз тұжырымы бар. Кеш-
ке дейін тапқан-таянған тиын-тебенімді апарып, есеп
берген сайын хал-жағдайымды сұрайды. Ізетіне найза
бойламайды сабаздың.
– Мынаң қара, – дейді сосын ол үстелінің
үстіндегі күнтізбекті парақтап, – мына жерде
аспандағы Күннің қай уақытта шығып, қай уақытта
бататыны жазылған. Миллиондаған жылдан бері 365
күннің пешенесіне жазылған бұл тәртіп бұзылған
емес. Бұл – табиғаттың заңы. Күн осы тәртіп арқылы
жер бетіндегі барша тіршілікті керек-жарақпен
қамтамасыз етеді...
Жортардың
«керек-жарақ»
дегеніне
күлкім
келеді. Бірақ ұйып тыңдаған болып отыра берем.
– Міне, осы тәртіп бұзылған күні дүние қараң
болады. Сол сияқты біздің мекемедегі тәртіп те
бұзылмауы керек. Әйтпесе онсыз да жаны күйзеліп
жүрген бейшаралардың тыныштығын сақтай алмай-
мыз. Әзірге құдайға шүкір, тыныштық бар. Қарашы
ауламыз қандай тап-таза...
Есіме Домбыра түсті. Оның «күйін» аузының суы
құрып айтып берген Нұртуғанның сопайған басы мен
шоқшиған сақалы да бір шеттен қылаң берді. «Айтсам
ба екен?».
– Иә, сандырақтағандарына қарамастан ауланы
тап-таза етіп сыпырып қояды әйтеуір, – дедім мен
екіұштылау ғып. – Тәртіп те бар. Сіз алдағы сайлауда
тағы депутат болып кетсеңіз хал-жағдайымыз бұдан
да жақсы болатын шығар.
– Депутаттар да адамның баласы. Олардың да
тамағы бар. Бірақ, айтпады деме, тәріп болмаса дүние
тас-талқан болады.
– Ауруларды дауыс беруге апарасыз ба?
– Жартысын ғана. Қалғандары саяси дұрыс баға
беруге қабілетсіз. Әсіресе, анау Домбыра, Орынтақ
сияқтыларға абай болу керек.
Әңгімесі жаратылыстанудан басталып саясатты сүзгілеп барып аяқталған Жортардан не жамандық байқадыңыз? Өз басым түк те сезген жоқпын. Ел үшін етігімен су кешкен Едігелер осындай-ақ болсын. ІІ. Нұртуған нағашым, Айқыз және Азат үшеуі бір шаңырақтың адамдары сияқты бір-бірін көрмесе тұра алмайтын болды. Оларға бір жақтан ақсаңдай басып Домбыра келіп қосылды дегенше, әңгіме-дүкеннің көрі гі қызды дей бер. Әсіресе, басынан аяғына дейін бүрке ген ерекше киім үлгісі сияқты Айқыздың әңгіме ле рі де мынау қымсынуды ұмытқан қоғам үшін қиял сияқты ғажайып ғақлиялардан басталады. – Айқыз, – деймін сонда да, – сен осы бетаузыңды орамалмен неменеге тұмшалап аласың? Әлі жас емессің бе? Оның үстіне әп-әдемі реңің бар... Түйеден түскендей тосын сауалыма тосылып қалған дай қабақ шытқан Айқыз біраз уақыт ойланып отырып қалады. Содан кейін жәйлап қана: – Орамал деген үлбіреген жұқалығына қарамастан әйел адамды ер-азаматтан қорғайтын ең мықты қа мал ғой. Егер құлақ салсаң, сендерге бір хисса айтып бе рейін. – Бұл Жортардың пайда туралы пәлсәпасы болмаса, басқа ғибратты тұшынып тыңдай қояр ма екен? Нұртуған нағашым да баяғы әлі келгенше мұқатып жатқан. Бірақ оның сөзін естімеген болып: – Айта бер, Айқыз. Жақсы нәрсені неге тың дамас қа, – деп паңданамын. Нұртуған соқа басты жалғыз, Айқызды да тұлдыр же тім деп естідім. Азат пен Домбыраның тағдыры боса-болмаса да түсінікті. Қала сыртындағы қоқысқа жел ұшырып әкелген ұрықтан жапырақ жайған гүл сияқты төрт мұңлықтың арманы не, аңсары кім? – Имам Ағзам Әбу Ханифаның жас кезі болса керек, – деп бастайды хиссасын Айқыз өте бір нәзік
те биязы дуыспен. Мен шығыстың Шаһризада атты
ақылы асқан сұлуы да кезінде ұлы мәртебелі патша-
сына мың бір түннің хикаясын осындай бір әуезді
үнмен бастаған шығар деп ойлап, тамсанып-тамсанып
қоямын.
– Бірде дәрет алып отырса арықтағы сылдырап
аққан сумен қармақтың қалтқысындай тербеліп келе
жатқан қып-қызыл алманы көреді. Алманың аты алма.
Оның үстіне су шайған жеміс жалт-жұлт етіп көздің
жауын алады. Әбу Ханифа алманы судан іліп алып,
тұщына тістейді. Бірақ тәтті шырын тілін үйіре бер-
ген сәтте біреудің ала жібін аттама деген ана тәрбиесі
есіне сап ете түсіп, екі беті ду ете қалады. Содан кейін
«Оу, шынтуайтына көшсек, бұл біреудің бақшасының
жемісі. Ал мен болсам бағбанның рұқсатын алмастан
жартысын жеп қойдым. Бұл үшін Алланың алдына
барғанда не деп жауап беремін» деп қатты қайғырады.
Қайғыдан арылу үшін бақшаның иесін іздеп, судың
жоғарғы сағасына қарай аяңдап кете барады. Біраз
жүргеннен кейін бағбан да кездеседі.
– Ассалаумағалейкүм, алдияр ата! Жоғарғы
жақта сіздікінен басқа бақша бар ма?
– Уағалейкүмәссалам! Бұл арықтың бойында тек
қана менің бақшам бар, балам. Оны неге сұрадың?
Әбу Ханифа арықтағы сумен ағып келе жатқан
алманы рұқсатсыз жеп қойғанын айтып, бағбаннан
қиылып кешірім сұрайды.
– Жоқ, балам, кешіре алмаймын. Қиямет күні осы
күнәң үшін Алланың алдында жауап бересің әлі, –
дейді бағбан.
– Ататай, кешіре көріңіз, бұл күнәні Қиямет кү-
ніне қалдырмайық. Жалғанның жарығында-ақ бітімге
ке лейік.
– Ендеше, менің көзі соқыр, құлағы керең, қолы
шолақ, аяғы ақсақ және тілі мақау бір қызым бар,
егер сен тағдырдың салғанына көніп, соған үйленетін
болсаң, күнәңді кешіп, ақ батам мен ризашылығымды
берем.
Дүние – қамшының сабындай қысқа, ал ақырет –
мәңгілік. Сондықтан Қиямет күні болғанда мәңгі бақи
қиналғанша, мұның ғаріп қызын алып, жарық дүниеде
аз ғана уақыт қиналғаным жеңіл болар. Оның үстіне
мүгедекке қол ұшын беру үлкен сауап, деп ойлаған
Әбу Ханифа бағбанның талабына келіседі.
Бағбанның үйіне келсе бөлмеде ай десе аузы, күн
десе көзі бар бір сұлу отыр дейді. Тал бойында тит-
тей де мін жоқ. Жігітті жылы жымиып қарсы алады.
Мұндай сұлуды бұрын-соңды көрмеген Әбу Ханифа:
– Сіз маған кемтар, ғаріп қызыңызды жар етем
деп едіңіз, мұнда он екі мүшесі сау-саламат сұлу отыр
ғой. Әлде жаңылып басқа бөлмеге кіріп кеттім бе?
Бағбан көпті көрген ғұлама кісі екен:
– Менің қызым осы. Бірақ, соқыр дегенім –
жаман нәрсеге көзін сүзіп қадалған жоқ, керең
дегенім – Құран мен Хадистің ғибратынан басқа
сөзге құлақ салмады, ақсақ дегенім –бақшадан ұзап
шы ғып, шаһардың лас көшелерін баспады, мақау де-
ге нім – ғайбат сөзбен сүйреңдеп көзге түспеді, шолақ
дегенім – арам затты қолына алған емес дейді. Сен де
ісіңнен үлгі алатын ғибратты жас екенсің. Суда ағып
бара жатқан алманың жартысын жеп қойғаның үшін
бәленбай шақырым жерден мені ерінбей іздеп келіп,
ке шірім сұрадың. Осының өзі-ақ үлкен иман ды-
лықтың белгісі. Бірақ мен сені тағы бір сынап көрейін
деген едім. Сен ол сыннан да сүрінбей өттің. Сонда
ғана менің қызым саған лайық екеніне көзім жетті, –
дейді.
Аузым аңқиып отырып қалыппын. Ыстыбай атам
Жортардың көлік жуатын кәсіпорынынан аққан шай-
ынды су арықты ластап жатыр деп алаңдаса, Айқыз
арықтағы алманы абайламай бір тістеп, қамыққан Әбу
Ханифаны үлгі тұтып отыр. Қандай тазалық, қандай
үйлесім мен ұқсастық. Айқыздың талдырмаш тұлғасы
көз алдымда Тәңіртаудың шыңындағы сұлу шынар
сияқты қол жетпес биікте қалықтап бара жатқандай...
* * *
Домбырамен әңгімем жараса бастады. Жарас-
тыр ған оның көп білетіндігі. Гесиодтың «Теогония»,
Гомердің «Иллиадасы» мен «Одиссеясы» және Ови-
дидің «Ме та мор фозасының» кез-келген жерінен мы-
сал кел тір ген де таңданбасқа шараң қалмайды.
Ол, әдетте, көлік жуушылар түскі тамағын алдына
ала берген кезде төбе көрсетеді. Жындыхананың сыл-
дыр судан тұратын тамағына қарны тоймай жүргенін
сезіп, оны дастарқанға шақырамын. Көлік жуушы-
лар дастарқан мәзірін шама-шарқы жеткенше жай-
натып қояды. Ас-су ішілген соң гу-гу әңгіме бастала-
ды. «Өскенде Жоғарғы соттың төрағасы болам. Ел-
жұртқа «Әділ болсаң, Құтыбастың баласындай бол!»
деген атақ-даңқымды шығарамын» деп жүрген мен
үшін бұл таптырмайтын дәріс.
– Зевстің алтын тағының қасында Фемида кірпік
қақпай қарап тұрады екен, – дейді Домбыра. – Оның
міндеті Зевстің бұйрығымен Олимптегі құдайлар мен
жердегі халықтың жиналысын шақырып, заңның
бұзылмауын қадағалау болса керек дүр. Зевстің Дикэ
деген ару қызы шындықтың қорғаны, өтірік пен
өсектің жауы болыпты. Ондай ару жоқ қой қазір.
Домбыра ежелгі грек аңыздарын термелеп кет-
кен кезде ойыма Айқыз келеді. Дикэ сияқты ару неге
жоқ болсын? Ол, міне, қасымызда отыр ғой. Ажарына
ақылы сай деп осындай қызды айтпай ма!?.
* * *
Жортардың үйіндегі күйкі тірліктен құтқару үшін
көлік жуушыларға көмекші болсын деп Азатты сұрап
алғаным дұрыс болды. Өзі Айқызға әбден бауыр ба-
сып алды. Сұлу қыздың арбасындағы тәтті тағамдарға
тойып алған соң әпкесінің дәрісін тыңдауға көшеді.
– Әпке, – дейді Айқызға, – мені жасың асып
кеткен деп мектепке қабылдамай қойса қайтемін?
– Тал бесіктен жер бесікке дейінгінің бәрі мек-
теп, бәрі білім. Ол үшін Имам Ағзам Әбу Ханифадай
алғыр бала болуың керек. Сонда мектепке де, универ-
ситетке де өздері шақырып алады.
– Әпке, Әбу Ханифаны Имам Ағзам дейтіні несі?
Айқыз хиссасын одан ары жалғастырады. Әбу
Ханифаның заманында Харон ар-Рашид халифа бо-
лыпты. Ол Мұхаммед Пайғамбар Салаллаһу Ғалейки
Уассаламды ерекше құрметтейтін ізгі жүректі жан
екен. Пайғамбарымыздың хадисінен «ер кісі ертеңгі
намазға барарда әйелін бір өбіп шықса, жаны
жәннатқа барады» дегенді оқып, ұйқыда жатқан
әйелі Зүбәйдәні өбіп алады. Шошып оянған әйелі
«сен енді тозаққа баратын болдың» деп үрейленеді.
Ар-Рашид болса ғұламаларын шақырып, болған жай-
ды бастан-аяқ баяндайды да: «Мен жәннаттықпын
ба, жаһаннамдықпын ба?» деп сұрайды. Ғұламалар
патшаның көңілінен шығатын дәйекті жауап таппай
абдырайды. Сарай білгіштерінің дәрменсіздігіне ыза
болған Харон Ар-Рашид «ертеңге дейін дұрыс жау-
ап айтпасаңдар, бастарыңнан айырыласыңдар» деп
ақырады.
Ғазиз бастарына қауіп төнген ғұламалардың сұп-
сұр жүздерін көрген Әбу Ханифа мәселенің мәнісін
білген соң «Халифаның сұрағына мен жауап беремін»
деп жар салады. Бұл мәлімдеме Халифаның құлағына
жетіп, «алып келіңдер» деп бұйрық береді. Бірақ Әбу
Ханифа шақыртушыларға ілеспей «Халифа маған бір
түйе мен бір серке беріп жіберсін, өзім барам» дейді.
Халифа бұған шамданғанмен сұратқан түйесі мен
серкесін беріп жібереді.
Әбу Ханифа сарайына кіріп келген кезде Харон
ар-Рашид «өй, кешелі бері шіреніп жүрген кім десем,
бойы бір тұтам бала екен ғой. Бұл бізге қалай ақыл
айтады?» деп күледі. Сол кезде Әбу Ханифа жұлып
алғандай:
– Егер сізге бойы ұзын ақылшы керек болса
әне, түйеңізді алып келдім, содан сұраңыз, ал егер
сізге сақалды ақылшы керек болса әне, маған бер-
ген серкеңіз де тұр, содан сұраңыз. Ал пәтуәлі жауап керек болса, мінеки, кішкентай болсам да сіздің ғұламаларыңыздан ақылы асқан мен тұрмын, менен сұраңыз, – деп тақ ете қалады. Халифа баланың тапқырлығына таң қалып, тағынан тұрып сәлемдеседі. Жас болса да білімі мен білігін мойындап, балаға болған жәйтті түгел баяндайды. Сонда Әбу Ханифа: – Алла тағаланың қаһарынан қорқып, біреуге жасағалы тұрған қиянатыңыздан бас тартқан сәтіңіз болды ма? – дейді Халифа біраз ойланып отырады да: – Әкем қайтыс болғанда артында бір жас қызметші әйел қалып еді. Бірде сол сұлуға ойым ауды. Бірақ осы аруда әкемнің де көңілі болған шығар, олай болса бұл маған ана болмай ма деген ойдан қатты шошып, Алла тағаладан кешірім сұрап, бұзық ойымнан лезде қайтып едім, – дейді. Халифаның сөзін зейін қоя тыңдаған Әбу Ханифа: – Сіз – жәннаттықсыз! – дейді. Манадан бері құлаққа ұрған танадай тыныштыққа бөленген сарайдың ішінде шыбын жандарынан түңіліп отырған ғұламалар Әбу Ханифаға қарап: – Сен бұдан былай Имам Ағзамсың, – де шу ете қалады. Біз білмегенді ойын баласы қайдан білсін деген тәкаппарлықтары үшін кешірім сұрайды. Халифа Харон Ар-Рашид Имам Ағзам атан ған Әбу Ханифаны құрметтеп, үйіне зор салтанатпен шыға рып салады.Үйіне келген соң Әбу Ханифа бол ған оқиға ны анасына түгел айтып береді. Сонда анасы: – Біреудің ала жібін аттама, рұқсатсыз еште ңесін алма деген менің ғибратымды тыңдамай, суда ағып бара жатқан алманың жартысын жеп қойдың. Егер сол алманы жемей, нәпсіңді тия білгеніңде үш жасыңда Имам Ағзам атанар едің. Сол күнәң сені төрт жас қа кешіктірді депті. Әбу Ханифа Имам Ағзам сол кезде небары жеті жаста екен. Ендеше, ең бастысы ұят пен нысапқа берік болу керек. Солай ма, Азатжан...
Айқыздың аңыздары көлік жуушылардың ең бе-
гінің үстінен тапқан ақшамның құнын түкке тұр ғы-
сыз ғып тастаған сияқты. Нұртуған нағашымның ты-
жырынатынындай бар. Жұптары жарасқан тотыдай
екі мұңлықтың жарастығын жамандыққа жоры ған
оңбағандығымды айтсайшы бәрінен де!?. Олар бол-
са Жортардың байлығы мен менің шайлығыма сұ ғын
қадап жүрген жоқ қой. Өз сезімдеріне өздері мәз. Дү-
ниедегі бар олжасы сол.
Мен сонда кіммін? Бастық айтты екен деп бас
изей беретінім қалай? Қарсы уәж, жеке пікір деген
болмаушы ма еді адамда?
* * *
Жортар жоқта Домбыра мен Орынтаққа күтуші-
лер қожайын. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен мал
табуға машықтанған менің уақытша кәсібім сияқты
олар да май шелпекке әбден жаман үйреніп алған.
Өздерінің қолы бармайтын лас жұмысты аурулардың
иығына артып қояды. Өкімет болса жүйкесі аурулар-
мен бірге жүйкесі тозып жүр деп күтушілерге жақсы
жалақы төлейді.
Айтпақшы, Орынтақ туралы айтпаппын ғой. Кү ту-
шілер байғұсты құдайдың құтты күні шыңғыртып жа-
залайды да жатады. Ол да өлер жерін ойламайтын бір
сорлы. Ауруларды аулаға қуып шығып, палаталарына
кешке дейін кіргізбей қоятын күтушілерге қарсы ұран
жазып, онысын жалбыратып талға іліп қояды. Бұл
қылығы үшін оны күтушілер қалай жазалауды біледі.
Әлжуаз міскінді аяқ-қолынан дырылдата сүйреп
әкеледі де біздің кәсіпорынның еденіне лақтырып та-
стайды. Сосын су атқышпен мұздай суды басы-көзіне
ал кеп шаш.
Барып кел, алып келін тап-тұйнақтай етіп жүрген
соң Жортармен еркінмін. Кеңсесінің төрінде болатын
кішігірім қонақкәде кезінде шәй-пәйін тасып, қыз мет
жасап жіберетін пысықайлығым және бар. Жұғым-
ды лығым жанына жаққаны сонша:
– Сен, Көркемтай, оқуды қой да менің кәсіпоры ныма басқарушы болып кел. Диплом керек болса кейін сатып-ақ аласың, – деп қамқорсиды. Бірде көңілінің көл-пал кезін пайдаланып: – Күтушілерді тәртіпке шақырмайсыз ба? – деп ем: – Шырағым, әр жұмыстың өз спецификациасы болады. Ол бізге де тән. Сен тапқан ақшаңды шатаспай санауды ғана біл. Соңғы кезде жоспарды аздау орындап жүрсің. Байқа, бала, мен жорғалаған құртқұмырысқа мен ұшқан құстың еркек, ұрғашысын ажырата білемін, – деп түсін суытты. Бұл оның «Аязби әліңді біл, құмырысқа жолыңды біл» дегені тұғын. Шынында, сау басыма сақина тілеп нем бар? Одан да күшуаққа отыр-е-еп Орынтақпен қылжақтасқаным қызық емес пе. – Әй, Орынтақ, кел, мына орындыққа жайғас. – Жоқ, отырмаймын. Ол өзінен өзі ыршып түседі. Оның осы қылығын қызық көріп сұрақтың астына аламын. – Неге отырмайсың? Жамбасыңа жайлы емес пе, сорлы-ау? – Бұл жаман орындық, бұған отырған адамдар жынданып кетеді. – Қалайша? – Мен бастық болған кезде осындай арқалығы биік, былғары орынтағым болған. Әдемі десең әдемі, жайлы десең жайылы. Отырған орныңда шыр көбелек айналып, қалаған телефоныңды алуыңа да болады. Бірақ үлкен кеңседегі үлкен орындыққа отырғызған соң бір айдан кейін айқайлай бастадым. Үйде тыптыныш жүрем. Ал кеңсеме келіп әлгі орындыққа отырсам болды, ашудан алқымым ісіп, арқам қоза бастайды. Сосын телефонды терем де әркімге бір айқайлап, ұрса бастаймын. Кейде, тіпті, қатты айқайлайтыным сонша, басым ауырып, жүрегім айнып, шаршап қаламын. Ондайда күйзелген жаныңа темекінің ащы түтіні де жәрдемдеспейді. Бұл – өте жаман орындық. Бұл орындыққа сен отыр... құмарсың ғой...
Орынтақ маған қолын шошайтады. Таққұмарлығымды бұл да біліп қойған ба, немене?!. Айтпақшы, мінберде тұрғандай өзінен өзі екіленіп, қолын сермеп, талдарға ұрандар іліп, лағып кете беретін Орынтақты жазалау үшін өзі қорқатын орындыққа немесе талға байлап, қарғаның қанаты күйетін ыстықта күннің астына қалдырғанын талай рет көргем. ІІІ. Нұртуған нағашым ақыры кетті. Ә дегенде «өлеңдерімді жариялаған редактор сенен жап-жақсы публицист шығады деп қызметке шақырып жатыр, бірақ сүйегім қатайып қалған маған қайдағы жазушылық» деп, жүрген нағашым редакцияның қоңыр салқын бөлмесі жанына жаққан соң бір жола қарасын батырды. Айқыз болса Азатты алып кетпекші. Балалар үйіне орналастырамын деп талаптанып жүр. Мен оның осыншама жұмысқа қалай үлгеретініне таң қаламын. Қазір балақай көңілді. Жыртылған киім-кешегі де бүтінделді. Анасының суретін де қайта жасатып бергенбіз. Айт пақ шы, шешесінің дерегі сонау Парижден шықты. Әйгілі Эйфель мұнарасының түбінде тұрған суретін салып жіберіпті. Қазақтың «қой мен қыздың бармайтын жері жоқ» дейтіні бекер емес екен. Айқыз әйтеуір хат жазысып жүріп Азатты балалар үйіне орналастыруға тілхат алып алды. Жәрмеңкедей қыз-қыз қайнап жататын кәсіпорын ның қызық-думаны нағашымның арқасы екен, қа зір тар қаған базардай құлазып қалған. Қай жаққа қара саң да көңілсіз сұрқай дүние. Әйтеуір ендігі сырласым да мұңдасым да Домбыра. Оның өзі де жалғызсырап, көңілсіз жүр. Кеше, тіпті, кемсеңдеп жылап жіберді. – Сізге не болған, бізге Геракльдің он екі ерлігін үлгі ғып жүруші едіңіз ғой.
– Қолдан келмейтін шаруа болған соң айтқан арман ғой ол. Ерлік сендерден шықпаса... – Не болды? Жұмбақтамай айтсаңызшы? Домбыра аузынан жалын ата ауыр күрсінді. – Мен... мен... жынды емеспін. – Не-ме-не?!. – Мен сап-сау адаммын деймін. Ой-санам орнында. Бекер-обалы не керек, Домбыраның көзі аларып, сілекейі шұбырып жүргенін көрген емеспін. Пәлсәпаға толы аңыз әңгімелерін сау адамға бергісіз ғып айтады. Негізі, нағашымның Домбыраға бүйрегі бұра беретінінде бір сыр бар сияқты көрінуші еді, тегін емес екен. – Домбыра, сен мені алғаш рет көргенде «Тасың өрге домалағалы тұр бала, бірақ...» деп неменеге күмілжіп қалдың? Сенің сол екіұштылау ғып айтқан сөзіңнің жауабын әлі күнге дейін таппай, ойланамын да жүремін. – Айтпауым керек еді. Бірақ Жортар мені «есуас» деп қамап отырған соң есуасқа ұқсап бірдеңе деуім керек болды ғой. – Сонда ешқандай қисыны жоқ, әншейін айта салған сөз бе? – Мен қашан қисынсыз сөйлеп ем? – Сонда не? – Білгің келсе айтайын. Сен сияқты менің де қызметім тура осы диспансерден басталған. Сен сияқты мен де Жортарға шаң жуытпайтынмын... – Мүмкін емес. – Неге? Бәрі де мүмкін. Менің көрген құқайымды ертең сенің де бастан кешуің әбден мүмкін. Ана безбүйректен бәрін күтуге болады. Тұла бойым мұздап, денем түршігіп кетті. Дегенмен сыр бермеуге тырыстым. – Сен менің бір аяғымды сылтып басатынымды байқап жүрсің бе? – Иә.
– Бала кезімде тап болған полиомиелит ауруынан
семіп қалған.
– Кешіріңіз, сау адамның «есуасқа» айналуына
полиомиелиттің қандай қатысы бар?
– Мен бәленің бәрін бала кезде жабысқан ауру-
дан көремін.
– Қызық екен...
– Егер бір дөкейдің еркесі болғанымда шет елдегі
ең мықты деген ауруханада емделіп, құлантаза жазы-
лып келер едім. Бірақ менің анамның оған мүмкіндігі
болмады. Ал кемтар адам кімге керек?
– Әлемде тіршілікке икемді атақты мүгедектер де
аз емес қой.
– Оның рас. Бірақ ақ жүрек аңқаулары да бар.
Олар өмірге икемсіз болады. Менің жындыханаға
түсуіме осы бір осалдығым себеп болды.
– Қалай?
Домбыра «Қалай дерің бар ма?» дегендей қабағын
шытып, күйзеліп қалды. Әлден уақытта өзіне өзі кел-
гендей бойын тіктеп, еңсесін көтерді де менің өңім
түгілі түсіме кірмеген сұмдықты айта бастады. Сұмдық
дейтінім Жортардың әйелі... Домбыраның қарындасы
екен.
* * *
Домбыра ашуын насыбайдан алғандай ернінің
астындағы көк бұйра түйіршіктердің уытына елтіп
біраз үнсіз отырды.
– ... Анам қайтыс болған соң өгей әкем мен
өгей қарындасымның сыбыр-күбірі көбейе баста-
ды. Сөйтсем қара шаңырақты өз аттарына қалай
заңдастырып алуды ойлап ұйқылары қашып жүр екен.
Бірақ маған айтуға бата алмайды. Қара шаңырақтан
басқа пәтерім де болған. Бірақ төлемақысы алқымнан
алған соң сатып, ақшасына саяжайдан шағын баспана
алып ем. Сол кішкентай құжырам бір басыма бейма-
рал жететін болған соң үлкен үйге қарындасымның
қожайын болуына қарсылық білдірмедім. Бірақ бұл
бәленің басы ғана екен...
Ойыма жеңгемнің Азатқа «арналған» шәйі түсіп
кетті.
– Қарындасыңыз...
– Иә, Жортардың үйіндегі жеңгең. Мүгедектігіме
берілетін азын-аулақ зейнетақымды қанағат қылып,
жұмысты да біржола қойып, жан бағып, тып-тыныш
жатыр ем Жортар мен қарындасым екеуі жалғызілікті
екенімді айтып, қарттар үйіне орналастыруға үгіттеді.
«Дегендерің болсын» деуім сол, құжырамды бір айға
жеткізбей сатып жіберді де, мені қарттар үйі емес,
осы жерден бір-ақ шығарды. Диспансерге кіріп келе
жатып оның бір кезде өзім есепші болған жынды-
хана екенін көріп есімнен танып, құлап қала жаз-
дадым. Бірақ кеш. Қара шаңырақ қарындасымда,
саяжайдағы баспанамның ақшасы Жортар сияқты
«қамқоршыларымның» өңешінен өтіп кетті.
Ақыл-есі түзу адамның мына жерге көндігуі қиын
болады екен. Орынтақтан бастап айналамның бәрі
жат, бәрі жиіркенішті. Әжетханасына да, асханасына
да кіре алмаймын. Жуынатын жері де адам көргісіз.
Қарға адым жер аттауы мұң байғұстармен бірге май,
тұзы жоқ сылдыр суды қалайы тостақтан ит сияқты
еденде отырып сораптаған кезде, «бүйтіп өмір бойы
азапқа салғанша бала кезімде басқа ауру жіберіп неге
өлтіре салмадың» деп құдайды қарғаймын. Әжептәуір
кітаптарым бар еді, оларды да босаға күзеткендер
алып қалды. «Итке темір не керек?» дейді. «Ау, мен
есуас емесіпін» десем, «Бәлкім, Пушкин шығарсың»
деп жырқ-жырқ күледі.
– Жортар не деді? Уәдесі қайда оның?
– Ол бұл жерге былтыр келді. Бұрын депар-
таментте болатын. Не істеу керек? Қарындасым
екеуінің алдап соққанына қаным қарайып жүрсе де
сыр білдірмей мына қапастан құтқаруын өтіндім.
– Бара салатын баспанаң жоқ. Әзірге жүре тұр.
Қарттар үйіне барғанда да көретін құқайың осы, –
деді ол.
Сөйтсем Жортардың алашағы әлі таусылмап-
ты. Ендігі нысанасы – зейнетақым сияқты. Мен бұл
қорлыққа шыдамадым. Аулада ұран жазып, айқайлап
жүрген Орынтақ екеуміз өшімізді арақтан алдық.
Есімді жисам у-шу. Орынтақ түн жамылып Жортар-
дың кеңсесіне кіреді де орынтағын быт-шыт қылып,
телефондарын шағып тастапты. Ол байғұс бәленің
бәрі орындықта деп ойлайды. Ертесіне Жортардың
тергеуі басталды.
– Талға байлайық па, әлде ине шаншиық па?
Күйеу бала мүлде жат адам сияқты. Өйткені ең
басты кінәлі мен ғой. Ыстық күннің астында талға
таңылғым келмегендіктен дәріні таңдадым. Ол да
оңай емес. Бір мезгілде 20 құты дәрі егеді. Сосын күні
бойы мең-зең болып жүресің де қоясың. Дәрінің уыты
қайтқаннан кейін Жортарға апарды. Орынтағын
жаңалап алыпты. Телефондары да безілдеп тұр.
– Саған не жетпейді осы? Кәрі қойдың жасындай
жасың қалғанда тып-тыныш жүремейсің бе?
Көкейімдегі барлық шер-шеменді ақтардым. Бірақ
Жортар әйелін сүттен ақ, судан таза адамдай ақтап
шағарды да, кінәнің бәрін өгей әкеге теліп қойды. Де-
генмен:
– Жақсы, қарттар үйіне орналастырайын. Бірақ
ол үшін мені қамқоршым деп тануың керек. Онысыз
болмайды. Бірақ оған дейін бүлік шығармай, шыдай
тұр, – деген сөзіне ішім жылып қалды.
Осыдан кейін ол мені машинасына мінгізіп
поштаға алып баратын болды. Зейнетақым 9 мың 128
теңге екен қол қойып, санап алдым. Бірақ 9 мыңды
Жортар өңмеңдеп өзі алды да, 128 теңгені маған
ұстатты. Міне, көрген күнім осы. Ай сайын поштаға
барып, адал ақшамды Жортарға өз қолыммен санап
беріп тұрамын. Кейде өзегімді өртеген өкініш пен
ызадан ішім удай ашып, жылап жібере жаздаймын. Ол
болса адвокат жалдаймын, судьялармен сөйлесемін
деп істі әлі сағыздай созып келеді. Ал менің мына ит
байласа тұрғысыз жерде бір минөт те өмір сүргім жоқ.
Түк білмейді екем. Мынау айтуға ауыз бармайтын
қатыгездік қой, құдай-ау! Осыншама езгіге шыдап
жүрген Домбыраның жүйкесі темірден жаралған екен
қайта. Осыдан кейін Жортарға қалай қол ұсынып,
қалай амандасуға болады?
Домбыраны жаңа көргендей аяп кеттім.
* * *
Ыстыбай атамның жиналысы партия серкелерінің
ұрандатқан бас қосуларына ұқсамайды. Партия
демекші, біздің ауылда бір партияның қорасынан
екінші партияның қорасына қой сияқты кіріп
кететіндер
жыртылып
айырылады.
Ондайлар
«сатқын» атандық-ау деп те ұялмайды. Әйтпесе,
Шыңғысханның «Сен бүгін Қайырханды сатсаң,
ертең мені сатасың» деп, Отырар опасызын қалай
жазалағанын бесінші сыныптың оқушысына дейін
беске беледі емес пе? Осының бәрін көріп жүрген
Нұртуған нағашым түңіліп кетенде «партия біткен
түптің-түбінде өз өтірігіне өзі тұншығып өледі» деп,
маған Том Сойэрдей досты тауып берген Американың
аты әлемге әйгілі жазушысынан мысал келтіреді.
– Жортар келді ме? – деді, Ыстыбай атам
жұрттың бәрі түгел жиналды-ау деген кезде.
– Келді, – деді біреу, – залда отыр.
– Онда мәселені «Жортар» деп жазып қойыңдар.
– Екінші мәселені қараймыз ба?
– Ол неғылған мәселе? Оны кім ұсынып отыр?
– Алдағы айда сайлау ғой. Бас дәрігер өз
партиясының атынан бір ауыз сөз сұрап отыр.
– Ерікпесін, сайлаудың кампаниясы әлі басталған
жоқ.
Сөйтіп жиналыстың күн тәртібіндегі «Жортар»
деген жалғыз мәселені Ыстыбай атам бастады.
– Жортар қарағым, мына елдің де сен сияқты
құдайдан үміті бар. Тамағы, бала-шағасы бар. Оларға
да таза дәм, таза су керек. Ал сенің анау көлік жуатын
жеріңнен ағып жатқан дәрі аралас лайың бәріміздің
бау-шарбағымызды майқамдап түгесті.
Мектептің іші араның ұясындай гуілдеп кетті.
– Ақсақал орынды айтып отыр.
– Көлік емес, өлік жуатындай иісі әлем сасиды
сайтанның...
– Май мен шаңға химия араласқан соң тірлік оңа
ма...
– Ойбай-ау, ол жерде адам мен итті қағып кеткен
байдың балалары көліктеріне жұққан қан-жынды жу-
дырады дейді түнделетіп...
Жортар орнынан атып тұрды.
– Өйтіп жала жаппаңыздар, мен заңға қайшы
келетін ешетеңе істеген жоқпын.
– Әй, Жортар, сен өйтіп шыжбаңдама!
– Рас, – деді Жортар түтігіп.
Жұрт тағы да дабырласып кетті.
– Әй, Жортар, біз бұл жерге біреудің жырты-
сын жыртып келіп отырған жоқпыз, балалардың
болашағын ойлап келіп отырмыз. Өтірік десең
шарбағымызды барып көр...
Жортардың бедірейіп, міз бақпауы жанына қатты
батып кетті-ау деймін, Ыстыбай атамның жүзі де
күреңітіп кетті.
– Мен айтатынымды айттым, – деп Жортар да
қасарысып тұрып алды.
Мен де шыдамадым. Отырғандар одырая қарасты.
Жүздерінде бұл бишікеш не айтпақшы деген таң-
тамаша кейіп бар. Жалпайған, сопайған беттер мен
бақырайған, сығырайған көздердің арасынан Айқыз
мен Нұртуғанның да жүздерін байқап:
– Халайық, – дей беріп ем тамағым құрғап, үнім
шықпай қалды. Айқыз жүгіріп келіп «Кока-Кола»
ұсынды.
– Құтыбас, а, Құтыбас, мына балаң адам боп
қапты, әй.
– Жиналыстан соң «жуып» жіберу керек.
– Тұрысын қараш-ш-ш, қасқайып.
Быжылдап көпке дейін басылмайтын көпіршікті газы кеңсірігімді жарып жібере жаздаған «Кока-Кола» тамағымды жібітіп, жан сарайымды шайдай ашты. – Халайық, – дедім тағы да айналама қарап, – ойыма «Қыз Жібек» фильміндегі ру басыларын ауызбірлікке шақырған Төлеген түсті. Ол отты жанары сұлу Жібекпен тоқайласып қалған сәтте бірауық аңтарылып тұрып қалмаушы ма еді? Мен де Айқызды іздедім. Олар Нұртуған екеуі терезенің қасында тұр екен. Абыржи бастағандарына қарағанда, мынау біреңені бүлдірмесе игі еді деп қобалжып тұрған сияқты. – Мен Ыстыбай атамның бір өлеңін оқып берейін. Атам оны кезінде басқарма болған Төскебай деген құрдасына шығарған екен. Төскебай, ақылың бар, бас адамсың, Күнделікті табысқа мастанасың. Алдап жеп әркімдерден бес-он тиын, Ақыретке барғанда – масқарасың! Қарындас сіздің үйде жібек баулы, Ер жігіт күн көреді дені саулы. Мұсылман ақыретті ойлау керек, Ақырет – мұсылманның үлкен аулы! Бұл өлеңмен айтайын дегенім, Жортар да жамағаттың мәңгілік мекені – көр азабынан қорықса деймін. Мен болдым. Мектептің іші тағы да гуілдей жөнелді. – Әй, мына өлеңді Жортар түсінсе жақсы ғой... – Сөз-ақ болды-ау... Айқызға қарасам дұрыс дегендей, күліп тұр екен. Жортар болса уы сыртына тепкен қарақұрттай тырсиып, ала көзімен атып жібере жаздайды.
* * * «Орманбет би өлген күн, он сан ноғай бүлген күн» дегендей, Жортар екеуміз диспансерге екі бөлек қайттық. Бұрын ол мені сары алтындай салмақтап «Джипіне» мінгізіп алатын. Бұл жолы өлмесең өмірем қап дегендей ми қайнатар ыстықта жаяу тастап кетті. Бұл – «ел айрылғанның» маған бағытталаған алғашқы соққысы еді. Жұмысқа келген соң екі өкпесін қолына алып күтушілер жетті. «Жортар шақырып жатыр» дейді ентігіп. Барсам орынтағында өкпесімен қабынып, өтіменен жарылып, түтігіп отыр екен. – Түлкіні түлен түртсе түнде жортар деген. Қандай түлен түртіп жүр сен баланы? – деді сіріңкедей жіңішке шылымының күлін шертіп-шертіп жіберіп. – Ешқандай түлен түрткен жоқ. – Енді ненің буы желіктіріп жүрген? – Сасық суы кілкіген арықтан аттағанмен, алқалы топта ақиқаттан аттай алмайды екем. – Бәлі, ұстазың есуас Домбыра болды ғой. Мен сені дүниеге икемі бар пысық жігіт бола ма деп үміттеніп жүрсем. Мылжыңдықпен малтасын езген нағашымның жолын қуам десеңші. Демократсымақтар... Ызғарлана сөйлеген Жортар қызбаланып орынтағынан тұрып кетті. Бөлмесін ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Маған столының үстіндегі күнпарақты көрсетіп ақыл айтатын әдетіне тағы басты. – Бермен қара кішкентай данышпаным, тарихшылар Ленинді жауыз болған екен деп таңғалып жүр ғой қазір, бірақ Сталиннің сойқаны одан асып түскен жоқ па? Хрущевті те күстәнәлап еді, енді «ойбай, Брежнев одан өткен албасты екен» деп, аһылапүһілеп шыға келді. Ә-ә, «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» деген осы. Бұл жерден мен кеткенмен ертең тағы бір Жортар келеді. Қуырдақтың көкесі сонда болып жүрмесін.
Ол коммунистердің көсемдерін басқа ұрып санай бастағанда, әкем сүйсініп айтып отыратын «Ай, Абылай, Абылай, Он бір ғана жасыңда, Әншейін-ақ ұл едің, Он бес жасқа келгенде, Әбілмәмбет төренің, Түйесін баққан құл едің, Абылай атың жоқ еді-ау, Сабалақ атпен жүр едің» деген Бұқардайын жыраудың термесі ойыма орала кетті. Міне, сол бетің бар, жүзің бар демей кемшілігін тура айтқан жанкешті жыраудың тілін байлап, басын кеспеген Абылай хан не деген текті еді! Бірақ оны Жортарға айттың не, айтпадың не, бәрібір: «Домбыра сияқты есуастар мен сенің нағашың сияқты мылжыңның жанына не керек осы, а? Тамағы тоқ, көйлегі көк болса жетпей ме?» деп, талағы тарс айырылатыны анық. – Боспын ба? – Бар, жоғал. Азаттық деген арқа-жарқа қуанышты өз жаныңмен сезіну қандай ғажап, сыртқа шығып ем тынысым ашылып, арқам кеңіп сала берді. Осында келгелі еңсемді көтертпей жүрген белгісіз бір зілбатпан жүк те иығымнан өзінен өзі сыпырылып түскендей. Жүрегімде көлік жуушы балаларға деген сүйсіпеншілік сезім тамыздың өрігіндей уылжып қоя берді. Президенттердің тарихын хатқа түсіретін шежірешілер біраз жылдардан кейін мына балалардың біреуі туралы «Ай, Абылай, Абылай...» дегендей, «Бәленбайыншы жылдың түгенбайыншы айында көлік жуған бала еді» деп сүйкектетіп отырмаса неғылсын... * * * – Көке, сізге хат келді... Алдымнан арқа-жарқа болып жүгіріп шыққан Тінәлі қолыма бір конвертті ұстата берді. Ойым лезде он саққа бөлінді. Нұртуған нағашыма еліктеп өлең жазатыным бар еді, соның біреуіне редакторлардан келген жауап болды ма екен? Біреуі болмаса біреуін жариялап қалса әжеп емес деген есек дәмемен өлеңде-
рімді жолдамаған газетім қалмаған шығар. Бірақ бәрінен құрғақ ақылға толы хат келеді де тұрады. Кейбір газеттер, тіпті, аттың бауырына алып, «сабап» та алады. Бір қу тілді редактор шымалдай қаптаған өлеңшілерге жеке-жеке хат жазуға ерінді ме білмеймін, әйтеуір, «Аттарыңды тауып ал» деп, айқайлатып тақырып қойыпты да, шығармалары сынға шыдас бермеген мен сияқты бір топ ақынсымақтардың аты-жөндерін өлең шумақтарының тәсілімен тізіп шығыпты. Тізімінің «тұздығы» да тұщымды сайтанның. «Қожанасыр бір тойдан тойып шықса, қара басып, өзінің атын өзі танымай қалыпты. Бірақ бұл масқаралығын жұртқа білдіргісі келмеген әпенді «уа, жамағат, мен қазір атымды атамын, тез өз аттарыңды алып, тайып тұрыңдар» деп, доқ көрсетеді-міс. Қожанасырдың мінезінен құлағдар жұрт «мына сойқан атса атып тастар» деп, аттарын дереу аулаққа алып кетеді. Сол кезде Қожекең мама ағашта жалғыз қалған атына мініп кете барады. Сол сияқты дейді, – әлгі жағыңа жылан жұмыртқалағыр редактор, – сендер де аттарыңды тауып алыңдар депті де, қаптаған аты-жөнді «Нақ-нақтың» әнімен ұйқастыра термелеп шығыпты. Бір жағынан киім-кешектері сияқты атыжөндері де ала-құла болып келетін ақын ағайындарды да «дырау қамшысымен» бір-бір осып өткен бе, немене: Тобылғының түбінен, Қазық алдым, сылқ-сылқ! Бөдененің етінен, Азық алдым, былқ-былқ! Екі манақ, нақ-нақ, Айта бар, қайта бар, Д. Құдабай, М. Жұмабай, Ішім-ай! Дертім-ай! Қаба-Сақал Еркін-ай, Мырзатегі Ерсін-ай, Кәкітайұлы Берсін-ай, Қ. Шоқыбас пен К. Құтыбас, деген серілерге де сәлем айта бар!
деп оспақтатады жазған. Менің аты-жөнім осы
түбің түскір «өлеңсымақтың» қайырмасындағы «К.
Құтыбас» деген болады. Содан бері хат-хабар, га-
зет-жорнал дегеннен «қара қағаз» келгендей жаным
түршігетін болған. Мына хат та сау сиырдың жаппасы
емес шығар, әйтпесе сүйінші сұрап сәлем жолдайтын
екі туып бір қалған кімім бар еді» деп конвертті қорқа-
қорқа қолыма алдым.
Хаттың түр-түсі біздікіне ұқсамайды. Мөрлері де,
әріптері де шет елдікі. Тек конверттің ішіндегі қа ғаз-
ға өрнектелген маржандай жазулар ғана көзіме жы-
лыұшырап, қобалжыған көңілімді орнына түсірді.
Біздің сыныпта бүйтіп тек қана Сана жазатын. Ал-
пыс екі тамырымды нағшымның «ыстық дәрісі»
қуалап өткендей болды. Көзіме жас сияқты бірдеңе
үйірілгендей.
«Тұманды Альбионнан Сәлем!
Сәлематсың ба, Көркемтай! Хал-жағдай, ден-сау-
лығың жақсы ма? Ата-анаң, бауырларың аман-есен
бе? Демалысты қалай өтізіп жатырсың?
Өзіме келетін болсам, дін аманмын. Бұл жақтың
ауа-райына да, адамдарының мінез-құлқына да бойым
бірте-бірте үйреніп келеді. Жақсы ел, көркем қала,
тіпті, сен жақсы көретін жазушы Конан Дойль тұрған
Бейкер-Стрит көшесінің қызықтары да ғажап; бірақ
өзіңнің туған жеріңе ештеңе жетпейді екен.
Есіңде ме, сабақтан қайтып келе жатқанда маған
ұлын аш-жалаңаш жұртты, ауру-сырқаулар мен
қайыршыларды көрсетпей тәрбиелемек боп үлде мен
бүлдеге толы сарайынан шығармай ұстаған патша ту-
ралы айтып беріп ең ғой. Бірақ ол бала өсе келе әке
сарайының аста та төк ас-суы мен жанына жайлы
тұрмысын тәрк етіп, ақиқатты іздеп жолға шықпаушы
ма еді. Мен қазір ежелгі Үнді елінің Шакья тайпасы-
нан шыққан сол Сиддхарта Гаутма2 сияқтымын.
Лондонда оқу үшін жан-жақтан келгендер өте
көп. Бәрі ауқатты адамдардың ұл-қыздары. Солардың
қызық қуып, қыдырумен жүргенін көргенде сен си-
2 Сиддхарта Гаутма* – Будда
яқты дарынды балаларды осында оқытса ғой шіркін, деп армандаймын. Қайғы-мұңымды айтып көңіліңді жабырқатпайын. Хат жазып, елдің жаңалығын, ағайынның амандығын айтып тұр. Ауылды ойласам жылағым келеді. Ал хош, көріскенше күн жақсы болсын. Сәлеммен, Сана! 7. 07. 2007. Лондон». Тікемнен тік тұрған күйі хатты екі қайтара оқып шықтым да, астаң-кестең болған көңіл толқынын тыныштандыра алмай шарбақтың іргесіндегі орындыққа сылқ етіп отыра кеттім. Биылғы демалыстың менің ғұмырнамамдағы күрт бұрылыстың біріне айналғанын ол қайдан білсін. ІV. Нағашымды айтам да, намысшыл ғой, байлар мен бағыландардың көлігінің кір-қоңын жуып тапқан ақшадан ар-ожданының барқадар таппасын білді де тайып тұрды. Айқыз да тамақ сататын кәсібін тастады. Қазір газетке бірге жарияланатын жырлары сияқты редакцияда Нұртуған екеуі бір бөлмеде қатар отырады. Шұғыл хабар-ошардың қамымен компьютердің клавиштерін шықылдатып баса жөнелгенде қайран қаласың, қызығып та кетесің. – Көркемтай, не болды, тыныштық па? Көңілімнің қабаржып тұрғанын байқаған нағашым алдындағы бопыраған қағаздан басын көтерді. – Тыныштық. Бірақ... – Айтсаңшы енді үздіктірмей? Неге айтпасқа? Редкцияға да сол үшін келген жоқпын ба? Нағашым тұрмақ күллі жұрт білуге тиіс сұмдық қой бұл? Бар күш-қайратымды жиып, тезтез айта бастадым. Нұртуған мен Айқыз «бәсе, бәсе, бірдеңені жүрегіміз сезгендей еді» дегендей, демдерін ішіне тартып, тұнжырап, ойланып қалды. Бөлмеде
зілмауыр тыныштық орнаған. Бұл тыныштық жалғыз
Жортар ғана емес, дүние жүзіндегі барша қиянатқа
бағытталған қарсылық акциясы сияқты еді.
– Газетке сұранып тұрған тақырып, кімнің кім
екенін жұрт білуі керек!
Мен Айқыздың алдындағы шыны құтыдан пиалаға
мұздай су құйып іштім де, келген шаруам осымен бітті
дегендей диванға отыра кеттім.
– Несі бар, орынды ұсыныс, – деді нағашым.
– Тоқта, – деді Айқыз, – ойланайық.
Мен шыдамадым:
– Не ойланатыны бар? Ыстыбай атамның жина-
лысы бар, екі мақаланы қатар беріп, белі үзілген жы-
ландай қайқаңдатып тастамаймыз ба, нәлетті?
– Жә, егер біз Жортардың жағымсыз қылықтарын
жариялап жіберсек, ол біз барғанша Домбыраны тез-
ге салып қояды. Сондықтан алдымен Домбыраны
құтқару керек.
Қанша дегенмен өмір көрген ғой, нағашым қауіп
айтты.
– Қалай құтқарамыз? Біреуге жасаған жақсы-
лығымыз өзімізге бәле боп жүрмей ме? Оның үстіне
барар жер, басар тауы жоқ байғұс сыртынан пішкен
тонымызға қалай қарар екен?
– Біріншіден, Домбыраның есі дұрыс деген
анықтамасы болса, біздің әрекетімізді «заңға қайшы»
деп ешкім жазғыра алмайды. Екіншіден, мен кеше
қарттар үйінің директорынан интервью алдым. Ол
жердегі жағдай Жортардың диспансерінен әлдеқайда
жақсы. Айтпақшы, Азатты ұмытып барады екенмін
ғой. Көркемтай, сен барған бетте Азатты тауып ал да,
қа сың нан бір елі шығарма. Өйткені оны енді жалғыз
қал дыруға болмайды.
Айқыз жарады. Ойы мен жоспарын тастай ғып
түйіп-түйіп тастады. Нағашым да осы байламға
тоқтады.
* * * Суы сорғалаған шүберектен қолдары босамайтын көлік жуушылардың жасы әр келкі. Көбісі жазғы демалысқа шыққан оқушылар. Жортар үшін олар іздесе таптырмайтын еңбек қолы. «Зейнетақы қорын аш, оған ай сайын ақша аударып тұр» деп те ешқайсысы шалғайына оратылмайды. Ата-аналары да балалары тапқан аз-маз ақшаның буына мәз. Өзі сияқты жын-перілермен ауыз жаласып, кәсіпорынын «өлі нүктеге» айналдырып қойған Жортар салық та төлемейді. Сосын, бұл енді нағашымның уайымы, анау он екіде бір гүлі ашылмаған балалар мен қыздардың болашағы не болмақ? Болашақта әке, ана атанудан үміті бар өрімдей ұл-қыздар мынау еттен өтіп, сүйекке жеткен суық судың зардабынан соңыра сан соқпай ма? Әсілі нағашымның: – Шіркін, дүниенің тұтқасы қолымда болса анау бай-манаптардың көліктеріндегі шаң-тозаңды емес, алдымен Жортар сияқтылардың жан-дүниесіндегі кір-қоқысты жуып, тазартар ем, – деп армандайтыны рас екен. Мен болсам жиенсініп «Кедейдің күні кіжінумен өтеді» деп күлуші ем. Біржола кететін күні ғой деймін, Нұртуған нағашым доңғалақтарына қан қатқан Жортардың «Джипін» жумай қырсықты. – Неге жумайсың, ол көшедегі бұралқы иттің қаны? – деп ежірейді жүргізушісі. – Немене, бұралқы иттерді басып-жаншып өте беріңдер деп бұйырып пе еді біреу? Бәлкім Домбыра сияқты ақсақ-тоқсақтарды да аямайтын шығарсыңдар. – Әй, мынау қалай-қалай сайрайды өзі. – Қай құлағыңмен естісең де айтқаным ақиқат. – Қап, сені ме, осыдан Жортарға айтып қаңғыртып жібермесем бе. – Одан да зорына бар. Бұл жерде ешкім құлақ кесті құл емес! Осы сөзден кейін күйіп-піскен мосқал жүргізушінің көмейіне құм құйылған...
Бұл қараң өшкір жерден тезірек кетпесе болмас. Домбыра қайда жүр болды екен? Орынтақ байғұс ше? Ойымды ақсақ аяғын сүйрете басқан Домбыра бөлді. Түсі оңған матадай боп-боз боп кеткеніне қарағанда бірдеңеден өлердей қорыққан. – Көркемтай, аналардың түрі жаман, мені шынымен есуас қылуға бел буған сияқты... – Қалай? – Әлгінде «сап-сау адаммын ғой, қарттар үйіне қашан ауыстырасың» дейінші деп барсам орынбасарымен күбірлесіп отыр екен. Қабылдау бөлмесіндегі сұлуы бір жаққа шығып кеткен бе, есіктері шалқасынан ашық. Менің тұрғанымды сезбеген Жортар орынбасарынан: – Домбыраның шаруасы не болды? – деп сұрады. – Қанша шара қолдансақ та ой-санасы әлі берілмей жатыр, – дейді анау. – Енді не істеу керек? – Басынан кірпішпен ұрудан басқа амал қалмаған сияқты... – Мынауың жақсы ой екен... Домбыра еңкілдеп жылап жіберді. – Екеуінің пиғылы үрейімді ұшырғаны сонша, жүрегім аузыма тығылды. Енді маған бұл жерде бір күн де қалуға болмайды. – Бұларды адам ба десем, нағыз айуан екен ғой. Жә, қорықпа, бір әрекет жасармыз. Мә, насыбай атасың ба? Жол-жөнекей сатып алған көк бұйра насыбаймен көңілін орнына түсірмек болып тұрғанымда ұялы телефоным «әндетіп» қоя берді. Айқыз екен. – Әлө, тыңдап тұрмын? – Біз құқық қорғау органдарының адамдарымен бірге қазір жетеміз. Домбыра айнып қалмасын, көңілінің құлақ күйін туралап қой... Байланыс үзіліп кетті. Мен Домбыраға қарадым. – Қалай, аға, Геракльдің он үшінші ерлігін жасаймыз ба? Насыбайға елтіп тұрған ол:
– Он екі-ақ ерлігі бар емес пе оның? – деді. – Сіз он үшіншісін жасайсыз. Ол ерліктің атын «Геракльдің жындыханадан қашуы» деп қоямыз. – Рас па?!. Домбыра қолымды ұстай алды. Көзінен ытқып жас шық қан. Қуаныш жасы. Ләйліден айырылған Мәжнүн дей үнемі мұңға батып жүретін мұндардың сүйініші не ор тақ тасу қандай бақыт. – Сендей баланы туған анадан айналайын! – дейді кемсеңдеп. – Басың бар бала екеніңді келгеніңде-ақ біліп, бір жаманның арбауына түсіп қалмаса екен деп тілеуші ем құдайдан. О, Жаратқан ием бар екенсің ғой!.. Көлік жуушыларға қолды-аяққа тұрмай көмектесіп жүрген Азат әне-міне болғалы тұрған қуанышты сезгендей бізге жалтақ-жалтақ қарап, күліп қояды. * * * Айқыздың «құқық қорғау органының адамдары» дегені прокуратура, полиция және адвокатураның қыз мет кер лері екен. Жортар жұмысында бол ма ғандық тан олар тиісті құжаттарын орынбасарға көрсетті де Домбыра мен Азатты мәшинеге мінгізді. Істің насырға шапқанын сезген орынбасар шу шығарған. Оның қоқан-лоққысына едірейіп шыға келген қарауылдар жолды бөгегісі келген. Бірақ: – Жортармен бірге жауапқа тартылайын демесеңдер қақпаны ашыңдар, – деген «оқалы жағалылардың» сұсты жүздерінен тайсақтап, жолды босатты. Орынтақ болса медбикелер мен күтушілерді мазақтап анандай жерде ыржиып тұр. Жындыхананың ауласы көзден тасаланып, мәшине қалаға апаратын үлкен жолға түскен соң Домбыра бәледен құтылғаным рас па дегендей еркін тыныстады. Оқиғаның анық-қанығына көзі жете бастаған прокуратура қызметкері: – Ойпырай, мұндай қатыгездік те болады екенау, – дейді шошынып.
– Жүрегінде өзінен басқаға орын қалмаған
мансапқолар, әдетте, осындай болып келеді, – дейді
нағашым.
– Орынтақты қимаймын, – деді осы кезде Азат.
Айқыз үнсіз. Бұл үнсіздік түбіне сан алуан сырды
бүккен мұхиттай тым тұңғиық.
– Аға, – деді ол бір уақта Домбыраға жүзін
бұрып, – егер Жортар жаздым-жаңылдым деп келсе
кешіресіз бе?
Кешірім мәселесі менің миыма кірмеген дүние
екен. Шынында қайту керек? Бұл өзі кешіруге жата-
тын нәрсе ме? Бірақ неге болмасын? Әлемде бұдан да
зор қылмыс жасағандарға кешірім жасалып жатпай
ма?!. Тосын сауалға Домбыра да қиналды білем:
– Қайдам қарағым, уақыт шіркінді «емші» дейді
ғой білетіндер. Өкініштің орны толып жатса, өкпелей
бергеннен не ұтам? – деді.
– Мұныңыз ақыл, аға...
Айқыз маналы бері өзін мазалаған сауалдың жа-
уабын естіп, көңілі жайланғандай Азатты мойнынан
құшақтап, өзіне қарай тартты да, шашынан иіскеді.
Не деген мейірім десеңші! Жалпы, Айқыз анау
ғажайып хиссаларын Азатқа емес, маған арнап айтқан
сияқты. Әбу Ханифа Имам Ағзамның әп-әдемі баста-
латын өмірінің соңы қасіретпен біткенде кәдімгідей
мұңайып қалғанмын. Шын аты Нұғыман ибн Сәбит
екен. Парсыдан шыққан сол парасат иесіне шаһар
билеушілері қазылық қызмет ұсынады. Бірақ төрден
төрелік айтып, біреуді айыптауға жаны қас Әбу Хани-
фа «мен ол қызметке лайық емеспін» деуден танбай-
ды. Әмірі орындалмағанына ашуланған озбыр халифа
оны зынданға тастатқызып, қашан келісімін бергенше
күн сайын он рет дүре соғыңдар деп бұйрық береді.
Бірақ өз дегенінен қайтпаған Әбу Ханифа зынданда
жатып қайтыс болады. Оның орнында мен қайткен
болар ем? Байлық пен мансапқа бір бүйрегі бұрып
тұратын желөкпе емеспін бе, тәкәппарсып төрелік
айтуға кегенде алдыма жан салмайтын шығармын
жүдә...
* * *
Алдын-ала кесіп-пішіп қойған соң Домбыраны
қарттар үйіне, Азатты балалар үйіне орналастыру
мәселесіне онша қинала қойған жоқпыз. Істің жыл-
дам бітуіне, әлбетте, құқық қорғаушылардың да
ықпалы әсер етті. Олар енді Домбыраның арызы бой-
ынша Жортардың үстінен қылмыстық іс қозғамақ.
Нұртуған мен Айқыз редакцияға тартты. Маған
олардың мақалаға «Жындыханадан қашу» деген ат
қоямыз деген батылдықтары ұнады. Одан кейін...
нағашым қолыма Айқыз екеуі бастарын түйістіріп
түскен «Тойға шақыру» деген қатырма қағазды
ұстатқан кезде «рас па, өтірік пе» дегендей абдырап
тұрып қалыппын. Айқызға қарап ем ол: «рас» деген-
дей, басын изеп, күлді. Той тамызда болады екен.
Сонда мен не істемекпін енді? Алдымен Санаға
хат жазайын. Ештеңені бүгіп қалмау керек. «Адамның
мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер ем»
деп Абай атамыз айтқандай, Сана екеуміз екі жақтап
қолға алсақ, Жортар көкемнің мінезін де жібектей
ғып шығарармыз әлі.
Ал екі қолға бір жұмыс табылар. Алда бір ай дема-
лыс бар. Іргемізде қала тұр. Оның үстіне ауылымыздың
кент деген аты бар. Бәлкім жаңадан ашылған сауда
орталығының барып кел, алып келіне жарап қалармын.
Кенттің балаларының бәрі сонда. Тұтынушылардың
алған заттарын арбамен көліктеріне жеткізіп бергені
үшін кәдімгідей табыс табады. Алды алғашқы табы-
сына велосипед сатып алып жатыр. Болмаса әкемнің
пиязы бар емес пе? О-о, ол дегеніңнің жұмысы
ауыр болғанымен арық-атыздағы суға шомылып,
балық аулағанға жүдә жақсы. Орликтің балалары да
ойынның неше атасын біледі. Бұл ұсынысқа Тінәлінің
де бөркі қазандай болып қалары анық. «Болар елдің ба-
ласы он бесінде баспын дер, болмайтын елдің баласы
отызында жаспын дер» деп Ыстыбай атам айтпақшы,
бәйтеректей биік еліңнің бір бұтағына айналып,
жапырақ жайып, ақ адалынан нан жегенге жетсін.
ШЕТКЕРІ ҮЙДІҢ
ЖАРЫҒЫ
хикаят 1. Қаладан қашық үй
Мен Бақытжанмен қаланың қиян шетіндегі үлкен
ауласы бар, оңаша үйде таныстым. Үй, сірә ерте-
ректе бір байдың еншісі болған-ау шамасы, бірақ
кейінірек сықыр-сықыр еткен ескі еденін Қазан
төңкерісінің солдаттары шаң басқан керзі етіктерінің
нілді өкшесімен талай таптаған Кеңес өкіметінің бір
құжырасы болғаны анық көрініп тұр, қазір Алтай
өлкелік СПИД-ке қарсы емдеу орталығының мекен-
жайы екен.
Үйдің ауласы құлаққа ұрған танадай тым-тырыс.
Айналасын қоршаған кісі бойындай саңылауы жоқ
үлкен шар бақ. Шарбақтың ішіндегі алуан түрлі
ағаштардың ұйыс қан жапырағы қаладан жетіп жатқан
дабыр мен дү бір ді өткізбейтін берік қамал сынды.
Бірақ мен сияқты мынау бейдауа өмірден зәрезап
болып, ештеңеге алаң да мастан бір тыныққысы кеп
жүргендердің оң жамбасына келетін тып-тыныш,
жанға жайлы бақ дәл қазір еңсемді езгені болмаса,
көңілімді сергітер емес.
Мезгіл де күз еді. Қалың талдың арасындағы
жалғыз аяқ жолды жапырақтар көрпе ғып көміп тас-
тапты. Аяқ басқан сайын судыр-судыр етеді. Мүлгіген
бақтағы бұл оқыс дыбыстан өзіңді бейне бір мынау
ұлы жіңгір дүниенің тұтқасын ұстаған, сезімнен гөрі
сенімге ерік берген шалдуар ұлдарының ырду-дыр-
дуы мен ырың-жырыңынан шаршап, бір сәт мызғып
алғысы келіп демалып жатқан Жер-Ананың шәйі
көрпесінің шетіне саусағың тиіп кеткендей сезініп,
ыңғайсыз күйге тап болады екенсің.
Бақытжан болса, әлі бала ғой, кейде әлгінде ғана
екеуара болған ауыр әңгіменің әсерін кәдімгідей-
ақ ұмытып, о, құдіретті құдай, қарғадай баланың ба-
сынан азғантай бақытты аяғаның не, еңселі емен
ағашының басынан сарыала қанат көбелекке ұқсап
қалбалақтап келе жатқан жапырақтарды қағып
алмақ болып, соңынан қуалай жүгіріп кетеді. Туа
сала аяқтанатын ерке құлыншақтай секіріп-секіріп
қоятынын қайтерсің! Жапырақтардың қалың боп
үйіліп қалған тұсында ылғал бар, қай күнгі жауған
жаңбырдан шығар, Бақытжан соны әдейі кешіп
жүгіргенде аяғындағы аппақ красовкасы суланып,
жапырақтар жабысып қалады.
Бұтында өзіне құып қойғандай шап-шақ жаңа
джинси шалбары бар, үстінде шетелдік қара май-
ка. Құдай-ау, деймін ішімнен, Бақытжанды мынау
құлазыған тыныштыққа елтіп тым-тырыс мүлгіген
қабырғаның ішінен емес, иә, иә, шүмегінен сарыл-
дап су құлаған гүлзар қауыздың маңынан неме-
се әткеншекке таласып асыр салған бақтан көрсем
қайтер едім? Басындағы бақытсыздықты танып, білер
ме едім? Жо-жоқ. Ойыма ештеңе алмастан «кәдімгі
тентек балалардың бірі ғой» деп өте шығар едім-ау
қасынан...
О, Жаратқан ием! Кейде тым қатал қарайсың-
ау, пендеңе! Адамзатты астамсып кетті деп ойлап
тапқаның ба бұл? Әлде пендеңнің ала-құла туған
ұлдары үшін Бақытжан сияты бейкүнә балалар зар-
дап шегуі керек пе? Бейшара ананың еңірегенде етегі
жасқа толып, сай-сүйегіңді сырқыратады...
«Әкесінен де айырылып, екеуден-екеу қалып едік,
шошайып. Енді Құдайдың мұны да көп көрген түрі
бар маған. Жарым көңіл, жалғыз тұяқ қой, мауқын
бір басайыншы деп велосипед сатып әперіп едім.
Мен мұны қайдан білейін қасіреттің тап сол шайтан
арбадан келетінін... Құдай-ау, не жаздым саған!....
Жалғыз жарығымды, жалқы жұлдызымды шынымен-
ақ мезгілінен ерте сөндірмексің бе? Бақсының мо-
ласындай жапан далада жалғыз қалдырмақсың ба?...
Бақытжаным-ау, қайтейін енді...
Жүйкемді жүндей түтіп, жүрегімді қанжардай
осқылаған бұл сөздерді бағана Бақытжанның анасы
Еңлік зар еңіреп отырып басымды жерден көтере
алмай төмен қарап отырғанмын. Себебі, біреудің
ішіндегі «бітеу жарасының» аузын тырнап ашқандай
болғаныма қысылып, бір жағы шерлі ананың жас
шайған әжім-әжім түріне, қасірет көлеңкесі ұялаған
жанарына шіміркенбей тік қарауға дәтім жетпе-
ген. Әйтеуір, абырой болғанда, ол кезде қасымызда
Бақытжан жоқ еді, оны кезекті инесін арқасында ғана
күн кешіп жүргенін ойлағанда біреу менің жүрегімде
де біз тығып алғандай кеудем шаншып, қабағым
кіржиіп кеткен...
– Осы қарғыс атқыр ауыруды біз құдайдан
тілеп алғандай бүкіл ауылдың үдере қашқанын
айтпаймысың?!. Көзге шыққан сүйелдей ғып балама
да, өзіме де күн көрсетпеді ғой түге. Қайтейін, олар-
ды да түсінем, «бала-шағамыз бар, бәле-жаладан аулақ
болайық» дейді дағы. Бірақ ормандағы аңнан айырма-
мыз болған соң мысқалдай болса да мейірім, шапағат
деген болмаушы ма еді адамда?!. Уһ!. Енді айтты не,
айтпады не...
Жапырақ бүркенген жалғызаяқ жол бізді терең
өзекке алып келді. Өзектегі судың жағасында оты-
рып демалуға да, шетіндегі соқпақпен ары-бері
қыдырыстап жүруге де болады. Ал біз Бақытжан
екеуміз, жағаға келіп отырдық. Үнсізбіз. Егер мен оған
сұрақ қойып, әңгімеге тартпасам, Бақытжан өздігінен
сыр аша бермейді. Бәрі әлгі аурудың кесірі...
Қайраңнан жалпақ тас тауып алып, оны судың
бетіне атып «қаймақ» жемек болып едім, бала кездегі
бұл ойынды еске алғаным, қамкөңіл Бақытжанның
жан дү ние сін сергіту үшін ғой, ол ойымнан түк
шықпады. Бетіне жапырақ пен балдыр жүзген суға
шолп етті де, тасым тұңғиыққа батып, жоқ болды. Ай-
наламыз сол баяғысынша тым-тырыс.
– Бақытжан
– Әу (үні тым солғын).
– Биыл мектепке барасың ба?
– Жоқ.
– Неге? (Неге бармайтынын, әрине білемін. Бі рақ
соны Бақытжанның өз аузынан естігім келеді. Жа зу-
шы лық әуестік қой. Әлгі сөзді айтқанда қандай күйде
болады соны көңіл қағазына түсіріп алмақпын).
– Ұрады... Боқтайды... (Бала ғой, жыламсыраса да
шынын айтып тұр).
– Не үшін ұрады сонда?
– ?... (Үндемейді. Үндемеген сайын басы екі тізесі-
нің арасына қарай салбырап саусағымен жер шұ қы-
лап, шөгіп барады). Бекерден бекер ұрып-соқпайды
ғой енді дегенім ғой...
– Себебі... мен... аурумын ғой... (Тамағына өксік ке-
ліп тығылды да үні бұрынғыдан да бәсең, булығып шық-
ты).
– Қандай ауру екенін білесің бе?
– Білем.
– Қандай?
– Мейлі, айтпай-ақ қой.
– Басы салбырап, құнысып отырған баланы аяп
кет тім. Бір жағынан дәрігер мен анасының әңгімесі
арқылы оның ауруға шалдыққалы бергі өмірі маған
аз да болса бел гі лі еді. Сондықтан Бақытжанның
өзі не айтқысы келсе мен де соның ыңғайына қарай
бейімделе бердім. Кім біледі, бәлкім бұл оның
өміріндегі ешнәрсеге айырбас тамайтын ең бір қимас
сәттері шығар...
2. Мен анамды керемет жақсы көремін
Ауруханаға түскен соң тіпті сағынатынды шы ғар-
дым. Ақ төсекке таңылғаннан кейін қабырғаға тесіліп
жатып уақыт өткізер ермегім үйді /үй дегенім – анам ғой/ ойлау еді... Менің анам... Шіркін, менің анам елде жоқ мейірімді жан ғой. Білемін, анасы туралы балалардың барлығы осылай дейді. Бірақ, мен ауылдағы балалардың шешелерін көріп жүрмін ғой. Нұрғаным апай дүкеннің жанына отырып алып ертеден қара кешке дейін пісте сатады. Немересі Нұрқанат бізге ілесіп дүкеннің жанына жолап кетсе қолына не түссе, сонымен салып кеп жібереді. «Жоғал үйге жүгермек! Анау бұзауды суғар, ешкіні арқанда!..» Сорлы Нұрқанат бізді тастап үйіне қарай құс тай ұшады. (Бақытжанның езуіне болмашы күлкі үйі ріліп, сәулесі солғын бір ұшқын жылт ете қалады да лезде қайта сөнеді). Ал Ерболдың анасы Жарқынай қолына тоқып жүрген шұлығын алып үйдіүйді аралап, әң гі ме соғып, шай ішумен кеш батырады. Біздің үйге келген сайын менің анама ұрсып кететіні де бар. – Түу, осы қатынның-ақ тірлігі бітпейді түге! Адам құсап бір әңгімелесейінші деп келсең... көйлегі сауыс-сауыс болып күбі піседі де жатады. Анам үндемей күбісін пісе береді. Жарқынай апаға бұл да ұнамайды. – Тоңқандап өзің піскенше мынаған неге піскізбейсің. Соқталдай боп жатысын... (Мен «Балдырғандағы» суреттерді қарап төрде етбетімен жататынмын) – Осы баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірем деп қиналғаның аз ба? Анамның өз пәлсапасы бар. – Жаратқан ием қиындықты біздің-ақ маңдайымызға жазсын-да... – Әй, сен қатынға дауа жоқ екен.. Жарқынай апай аузы жыбыр-жыбыр етіп, өзіненөзі сөйлесіп келесі үйге қарай беттер еді.
3. Əкем қарагерді ерттеп жатады
Мінезі қатал болатын әкемнің. Қабағы ашылып,
көп жадырамайды. Түзде де, үйде де сұсты. Кейде
әкем нің осы мінезіне күйіп кеткен анамның «Осы
сенің ел дің еркегі құсап дастарқан басында күліп-
ойнап, ба лаңмен шүйіркелесіп отыратын күнің бола
ма?» деп бұр қылдайтыны бар-ды. Жауап орнына әкем
күректей алақанымен бетін бір сипап, дастарқанның
жиналуын күтпей орнынан тұрып кететін. Артынан
мен де ілесе тұрсам да еруге қаймығамын. Сосын амал
жоқ құлағым қалқиып терезенің әйнегіне жабысамын.
Әйнектен қарасам әкем қарагер айғырды ерттеп жа-
тады. Ал сәлден кейін көкжиектегі шабындыққа қарай
көзі ұшында сағымға араласып бұлдырап сіңіп кетеді.
Одан арғысы мен үшін тылсым, жұмбақ. Оны әйнектен
өкшемді көтеріп, мойнымды созсам да көре алмай-
мын. Анамның айтуына қарағанда әкем осы ауылдағы
жоңышқаның қарауылы. Ал қарауылдықтың қиын
жұмыс екенін мен әкемнің Сайлау деген мақаумен
төбелесінен кейін білдім.
Тілі жоқ, бірауыз сөз сөйлей алмайтын, оның ор-
нына көмейінен ысылдаған үрейлі дыбыс шығаратын
Сайлауды ауылдағылар атын атамай «Мақау» дейтін.
Жастайынан қара жұмыс істеп, бұлшық еті білеудей
боп өскен Мақау алып күш иесі болатын. Мемлекеттің
шөбіне түссе туған-туысқанының малы болса да ая-
майтын менің әкем бірде осы Сайлаудың жалғыз тай-
ын Мырзабек баздың ішіне апарып, қамап қойыпты.
Осыған ашуланған Мақау аузынан түкірігі шашырап
үйге келді. Әкем, абырой болғанда, аттың үстінде еді
сірә, жоңышқалықты бір шолып қайту үшін жиналып
жатты-ау деймін. Мақау әкеме есіктің алдында жатқан
киіз үйдің бақанын ала ұмтылды да, анамның «әке,
көке» деп аяғыңа оратылғанына қарамастан салып-
салып кеп жіберді. Бақанның ауыр соққысы қарагер
айғырдың жамбасына тиіп, жануар шатқаяқтап кетті.
Соққы, бәлкім әкемнің қара санына да батқан шығар,
бірақ ол сыр берген жоқ. Көзі от шашып Сайлаудың
жон арқасынан сегіз өрім қамшысымен осып-осып
жіберді. Мақаудың дүлейленген түрін алғаш көруім:
маған диюдай өкірген Сайлаудан қарагер айғыр да,
атам да тайсақтап қалғандай көрінді, әлде аяды ма
екен...
Осы бетімен жалғаса берсе ұрыстың қажырлы
жас жігіттің жеңісімен аяқталатынына күмән жоқ еді.
Құдай ондағанда, Мақаудың өзі ішіндегі кей-кейде
кемеріне сыймай ағатын Талас өзеніндей бұрқырап,
тасыған ашуға шыдамай жас балаша жылап отыра
кетті. Анам байғұс бәйек боп жұбатып жатыр.
– Қайтсін. Жетім жігіт қой. Жалғыз шешесі ғана
бар, – дейді әкемнің Мақауға мейірімі түсіп, райынан
қайтсын дегендей.
Әкемнің жауар бұлттай бұрқ-сарқ еткен ашуы
болмаса, қайтымы тез. Кек те сақтамайды. Сол күні
-ақ Мақаудың тайын қамаудан шығарып жіберді. 4. Анам айтып отырса...
Әкеме дүниенің керегі жоқ. Өмір бойы осы-
лай Мойынқұмның жиегіндегі Мырзабек баздың
жанындағы
ескі
үйде
қарауыл
қарап
отыра
беретін сияқтымыз. Ал, Шоңбай, Әбтібай сынды
құрдастарының орталықта жарқыраған ақ шатырлы
кең сарайдай үйлері, астарында бояуы жалт-жұлт ет-
кен жүйрік мәшинелері бар. Әкеме өкіметтің шөбін
өрт шалмаса, мал түсіп, таптап, зиян келтірмесе бол-
ды. Қорадағы азын-аулақ малын да орталықтағы сол
құрдасы «Мейірқұл, қысылып тұрмын, қол ұшын
бер» деп сұрап келсе «мынау қыл құйрық жылқы
тұқымы екен-ау» демей, ноқталап беріп жібереді.
Анау жоңышқаның шетіндегі құмдауытқа еккен
қауын-қарбыздың иісі мұрыныңды жарып пісті де-
генше бүкіл ауыл осында дей бер. Мәшине де, мото-
цикл де, есекке екі-екіден мінгескен бала-шаға да.
Әкемнің осындай мырзалығынан шошыған анам
«Бақытжаным жесін» деп аздаған қауын, қарбызды
есіктің алдындағы шөмеле ғып үйген шөптің астына
жасырып қоятын...
Мен онда анамның ондай қулығын қайдан
білейін. Бірде әкем өзімен бірге еріп келген кісілер
«ет піскенше шөл бассын» деп анама «қарбызыңнан
қалса әкел» деді, Анам «қалған жоқ қой, Мәке» деген.
Шынында да қауын-қарбыздың әлдеқашан қазан боп
кететін кезі еді бұл. «Ә, мейлі онда, шәйіңді тездет» деп
әңгімеге енді кірісе бергенде мен өзімнің білгіштігімді
көрсеткім келіп:
– Әке, есіктің алдындағы шөптің астында қауын-
қарбыз бар, – деп тақ ете қалайын.
Әкем маған бір, анама бір қарады. Адамның
өңменінен өтетін отты жанары, әсіресе, анамды тесіп
барады.
– Әкел!
Әкем шарт ете қалды. Ашуланғанда өстетін.
Ыңғайсыздықты жуып-шайғысы келген кісілер:
– Балалы үйдің ұрлығы жатпайды, – деген осы, –
деп күлкілері келмесе де күлген боп жатыр.
Мен кейде өстіп жанымдай жақсы көретін
анамның жүрегіне байқамай қаяу түсіріп те алатын-
мын.
5. Аппақ қардың үстімен жалаң аяқ...
Ауруханада жатқанда көрген түсімде болды бұл
аппақ қардың үстімен жалаң аяқ жүгіріп келеді екем...
Жә, бәрін басынан бастап айтайыншы.
Анам үйдегі он-он бес қаралы қойдың жүнін жи-
нап, одан әйбат текемет басатын. «Әйбат текемет ба-
сатын» деп айтуға жеңіл, әйтпесе оған дайындықтың
өзі қыруар жұмыс. Жүн жабағы болса оның ағын,
қарасын, қоңырын бөлек-бөлек алып түтеді. Сосын
Жамбылдың базарындағы өзбектерден сатып әкелген
бояуға салып қызыл, жасыл, сары түске, анам оған
менің асықтарымды да қосып жіберетін, бояйды. Бұл
текеметтің бетіндегі қызылды-жасылды ою-өрнектер
үшін керек. Осының бәрі дайын болды деген кезде жүнді көпсіте жайып, бетіне әлгі түрлі түске боялған жүннен ою-өрнек салып, шимен орап, таңып тастайды да, үстінен ыстық су құйып басады, білектейді, балаларға тепкізеді... Маған осының ішіндегі ең ұнайтыны – шидің үстіне аппақ ақ жүнді көпсіте жайып жататын сәті. «Қой, тентек болма!» дегендеріне де қарамаймын, мап-мамық жүннің үстімен жалаңаяқ ары-бері жүгіріп өтіп ойнаймын. Мысықтың мамығындай ұлпаның аяғымды қытықтағанын ұнатамын ба, әйтеуір, құмармын. Соңымнан, аяғымның астынан жүн-жұрқалар бұрқырап ұшып, шашылып жатады. Бірақ анамның көңіліне қарай ма, көмекке келген көрші үйдің қыз-келіншектерінің ешқайсысы үндемейді. Түсімде өстіп аппақ ақ мамық жүнді қызылсирақтан кешіп жүгіріп ойнап жүр екем деймін. Анамның «Қой, Бақытжан, жүнді шашасың» деп жекігенін де елемей сақ-сақ күлемін кеп. Бірақ бақытты сәтім ұзаққа созылмады, күліп жүр екен десем ботадай боздап жылап жүрмін. Жүгірейін десем жүгіре алмаймын. Екі аяғым зіл батпан, қозғауға әлім жетпейді. Анам дегенім – әкем, аппақ ақ мамық жүн дегенім – аппақ ақ ұлпа қар... Қардың үстімен жалаңаяқ жүгіріп келеді екем... Аяғымның басы дуылдап, үсіп тоңып барады. Шіркін, анам болса ғой қазір қып-қызыл болып жаураған саусақтарымды әкемнің сеңсен тоңына орап, ошақтың жанына жатқызып қояр еді» деп ойлаймын. Осы кезде әкем келіп әулетті қолдарымен қардың үстінен көте ріп алып қарагеріне мінгестірді де баяғы өзі кететін, маған беймәлім көкжиектегі шабындыққа қарай шаба жөнелді. Мына қызықты қара: айналамда қар да мап-мамық жүн де жоқ, төңірек түгел жапжасыл шабындық. Менің қуанышым қойныма сияр емес. «Әке, қашан келдің?» деймін шаттанып. Ол үндемейді, күледі де қояды, «Әке сен өліп қап едің ғой, қалай атқа мініп жүрсің?» деймін. «Жоқ, тірімін, ба-
лам! Саған шабындықты, жылқыларды көрсету үшін
әдейі келдім» – дейді ол...
Өстіп жатып оянып кетсем,, бәрі түсім екен.
Тамағыма өксік тығылды. Жылағым келеді. Әкемді,
анамды тағы да көргім келеді. Марқұм әкемді айтам
да, күлмеуші еді...
(Сіз аға білмейсіз ғой, әкем мен ауруханаға
түсерден екі-үш ай бұрын көкпар тартып жүріп
қарагер айғырдан құлап қайтыс болған...) 6. Бір уыс топырақ
Әкемнің сүйегін үйден алып шығарда анам шың-
ғы рып, беті кілеммен жабылған мәйітті құшақтап
қатты жылады. «Мейірқұл-ау, жалғыз шыбынын-
ды кімге тас тап кетіп барасың...» деп дауыс салғанда
қабырғасы қайыс паған кемпір-шал қалмаған шығар.
Әкемнің қазасына көңіл айтуға адамдар көп жи-
налды. Үйдің жанына, бұл кезде орталыққа көшіп
келгенбіз, неше түрлі машиналар толып кетті. Бәрінің
аузында әкемнің істеген жақсылығы: «адал еді» дейді,
«ақкөңіл еді» дейді, «мәрт еді...» дейді.
Бір аяғын тізеден төмен соғысқа беріп келген
Берден молда: «Құдай тағала да адал пендесін жақсы
көреді. Жақсы адам о дүниеге де керек» дейді де,
әкемді жоқтап, қоймай қойған анамның өксігін басып,
тоқтату үшін қырағыттап құран оқиды: «Ағзу-бил-л-
лаһи...»
...Әкемнің сүйегі салынған машинаның қорабына
«баласынан да бір уыс топырақ бұйырсын» деп мені
де мінгізіп алды. Анам аңырап есіктің аузында қала
берді. Орамалы желкесіне түсіп, қалың қара шашы
жайылып кеткен. Екі қолтығынан ұстап, сүйемелдеп
тұрған кемпірлер болмаса құлап түседі-ау...
Әкемді ауылдың шетіндегі төбенің басына құран
оқып, арулап қойды. Мен әкемнің ақ кебінге оралған
мәйітін көрге түсіріп жатқан кісі: «Баласы қайда,
шақырсаңдаршы, бір уыс топырақ әперсін», – деген
кезде жақындап көрдім, төрт бұрышты етіп қазған
көрдің құбыла жағынан тағы да ойып, тереңдетіп
қазады екен. Мұны «үй» немесе «лақат» дейтін
көрінеді.
Қолымдағы дымқыл топырақты көрдің ішіндегі
адам уыстап алар-алмастан мені бір қарулы қол артқа
қарай қаңбақша жұлып, көтеріп әкетті де, бір топ
адамдар әкемді жатқызған әлгі аузы кішкентай қуыс
боп қалған лақатты кірпішпен бекітіп, топырақпен
тез-тез көме бастады. Көрді көміп жатқан күректерін
бір-біріне ұсынбайды, жерге топырақтың үстіне тас-
тай салады. Оны кезек күтіп тұрған екіншісі алады.
Ырым ғой...
Көп ұзамай ауыл шетіндегі төбедегі Әміре атамның
төрт құлақты сағанасының жанында топырағы әлі
кеуіп үлгермеген менің әкемнің қабірі қарауытып
жатты. 7. Зырлап келе жатыр едім...
Велосипедіммен төбеден төмен қарай зырлап
келе жатыр едім... бір шетімнен машина шыға келді.
Ол тоқтап үлгермеді, мен машинаның астынан бірақ
шықтым. Одан арғысы есімде жоқ. Көзімді ашсам ау-
руханада жатыр екем, басымды, аяғымды таңып тас-
тапты...
Әкем қайтыс болғаннан кейін тұрмыстың бар
тауқыметі анамның мойнына түсті де мен ұзақты
күнге үйде жалғыз қалатын болдым. Сосын ермек
етіп, ойнап жүрсін деді ме, анам маған үш дөңгелекті
велосипед сатып әпереді. Велосипед болғанда, кере-
мет енді! Артқы дөңгелектерін қозғайтын шынжыры,
ортасында аяқ қоятын басқышы бар мұндай велоси-
пед бұл ауылда некен-саяқ еді.
Балалардың бәрі менің соңымда. Қызығады.
Айдағысы келеді. Көңілім түскенде ішіндегі өзім тәуір
көретін Нұрқанат, Ербол сияқты балаларға кішкене
беріп, тепкізіп алатынмын. Нұрқанаттың шешесі
Нұрғаным мұнымды жақтырмайды. –«Өзі де жұмыс
істемейді, өзге балаларға да, жұмыс істеткізбейді», –
деп Жарқынай апайға пыш-пыштап жатқаны.
«Әлден баласының айтқанын істейді. Ертең мә-
шине әпер десе қайтер екен» деп оған Жарқынай апа
қосылады.
Міне, сол велосипедті көзге күйік қыла бермей
көрші ауылдан келген бір мас жүргізуші машинасы-
мен мыжып өте шықты, ал мен алыстағы ауруханадан
бір-ақ шықтым.
8. Көзімді ашсам көретінім көк аспан...
Көзімді ашсам терезеден көретінім-көк аспан,
ақша бұлт, одан кейін... өрмекші. Ол мен жатқан
палатаның төбесіндегі бұрышқа, лүп еткен самал бол-
са үзіліп кетердей боп дір-дір етіп тұрған өзінің торын
мекен етеді. Мен оның аяқтары арбиған кішкен тай
тұрқына күнұзақ қараймын да жатамын. Салбырап,
төмен түссе екен деймін. «Егер төбеден өрмекші түс-
се үйге қонақ келеді» дейтін анам Мырзабек баз да ғы
жападан-жалғыз үйде тұрған кезімізде.
Бір жолы, шынында да үйге өрмекші түскен күні,
қолында тор дорбаға салып алған алмасы бар бір ағай
екі кештің арасында жылмаң етіп кіріп келеді. Мен
төргі бөлмеде әкемнің тізесіне шығып, еркелеп ойнап
отырғанмын.
– О, үйге қонақ келді, – деп қуанғанымнан алды-
нан жүгіріп шықтым.
Сөйтсем әлгі ағай әкемнің Шымкенттегі на ға-
шы сы ның баласы екен. Айтуына қарағанда мә ши не
алған, оның үстіне үй соғып жатыр... Соған көмек ке-
рек. Әрине, менің мұндай шаруамен ісім жоқ, ал дым-
дағы алқызыл алмамен әуремін.
Ертесіне әкем нағашысының баласына бір жыл-
қы сын сатып ақша ғып берді де, жолға аттандырып
салды. Мұның бәрін мен кейін анамнан естідім ғой,
әйт песе қайдан білемін.
– Сөйткен нағашылары кейін әкеңнің қазасына
келіп, бізге көңіл айтуға да жарамады, – деп күрсініп
отырар еді анам.
Бауырына ораған жібін аяғандай өрмекші түспей
қойды. Кейде бір жаққа жолға шығуға бел буған-
дай төмен қарай жылдам-жылдам салбырап түсе
бас-тайтыны бар. Бірақ әлденеге ойланғандай кенет
салбыраған күйі тоқтап қалады да, ұясында бірдеңесі
ұмыт қалғандай жоғары қарай қайтадан өрмелейді.
Мен қараймын да жатамын. Әттең қол созым жер-
ге жетсе ғой. «Егер өрмекшінің төмен салбырап
түсіп келе жатқанын көрсең жібін үзіп жібер, сонда
сағынып күтіп жүрген адамың келеді» дейтін анам.
Ал менің сағынып, сарғайып күткен адамым сол
шешемнің өзі...
Анам алғашқы кезде, онда мен дене жарақаттарын
алып түскендерді емдейтін ауруханада едім, араға
ай аралатып келіп тұратын. Тәтті тоқаш, май, құрт,
кәмпит әкелетін. Екеуміз, ол менің төсегімнің
аяқ жағына отырып алады, күңкілдесіп ұзақ әңгі-
мелесетінбіз. «Әкеннің басына құлпытас орнатып,
құран оқыттым...» дейді. «Нұрқанат, Ербол достарың
шапқылап ойнап жүр...» дейді. «Ауылда қазір жан бағу
қиын боп кетті»...дейді. Не айтса да мен үшін маңызды,
мен үшін қызық. Қолынан ұстап жатамын, айта бер-
се екен деймін. Бір кезде менің жағдайыма ауысады.
«Ұзақ жатқызды ғой...» дейді. «Аяғың жүруге жарады
ма?...» дейді. «Қабырғаң қозғалғанда ауырмай ма?..
дейді» дейді. Сосын мені машинасымен қағып кеткен
мас шопырды қарғайды: «Жүрімің қысқарғыр, жүр
әлі көшені шаңдатып... Ондайларды құдай да, жау да
алмайды...» деп.
Кейін анам, сырын соңыра білдім ғой, келмей
кетті.
Мен мұны өзімді басқа ауруханаға ауыстырып
жібергенінен көріп жүргенмін, «үлкен қалада ада-
сып, таппай жүрген шығар» деп. Сөйтсем... анам
ылғи келеді екен, бірақ дәрігерлер кіргізбей, бетін
қайтарып жібереді екен ғой... Ал мен жүруге жараған
аяғымды көрсетіп, секіріп ойнап бір мәз қылайын деп
жүрсем.
9. Бір күні мұңайып отырсам...
Дәрігер келіп: «Мейірқұлов, жүр бері» деді.
Осының алдында ғана «тексеру болады, палаталар-
ды тазалаймыз» деп әлекедей жалаңдаған тазалыққа
қарайтын апайлар өңкей ауруларды далаға қуып
шыққан. Менің жүрегім әлденеге қобалжығандай
болды. Өрмекшіме қарағам, ол болса қапелімде то-
рына «тұтқынға» түсіп қалған шыбынмен әуре боп
жатыр екен. Апайлар «палатаны тазалаймыз» деген
сайын осы өрмекшінің ұясын бұзып тастар ма екен?
деп зәрем қалмайтын. Ішім бірдеңені сезіпті... Дала-
дан қайтып келсем бұрыш тап-таза-менің өрмекшім
де, ұясы да жоқ...
Жылап жібердім. «Енді анам мүлде келмейтін
болды» деп жорығам. Осы кезде ғой дәрігердің
«Мейірқұлов, жүр бері» деп зекігені. Соңынан
ілестім. Бас дәрігердің бөлмесіне кірсем... міне ғажап,
анам отыр! Жылап көрістік. Анам ауыз-басымнан түк
қоймай шөпілдетіп сүйіп жатыр, сүйіп жатыр... Менің
ішіме симай жүрген сағынышым көзімнен жас боп
төгіліп жатыр, төгіліп жатыр...
Мені ауруханадан шығаратын болды. Бірақ оған
қуанып жүрген анам жоқ. Әлсін-әлсін басымды
кеудесіне басып, көзінің жасын орамалымен сүрте
береді. «О, құдайым-ай, не жаздық саған!» дейді. «Сап-
сау балама қан құямыз деп ауру ғып берді ғой» деп
дәрігерлерді қарғайды. Ауылдағы дәрігерге берілген
жолдама қағазға қарайды да тағы жылайды.
Анам ауылға келгеннен кейін мені үйден көп
шығармайтын
болды.
Анда-санда
орталықтағы
дәрігерге апарады. Маған дәрігер қыз мені көрген
сайын «селк» ете қалатын сияқты болып көрінеді. Бір
түрлі құтылғанша асыға ма, қалай... Мені бөлмеден
шығарып жіберіп, анамды оңаша алып қалады да ақыл
айтып құлағын сарсытады. Бір жолы: «Өзіне жеке
ыдыс-аяқ беріңіз. Ауылдың балаларына қоспаңыз»
деп жатқанын естіп қалдым. «Ол... тек қан арқылы
жұғады ғой» дейді анам жыламсырап. «Бізге енді
жетпегені қан арқылы жұғу еді» дейді қыз зіркілдеп.
Не керек, анам мені дәрігерге әкелген ғұрлы оның
қабылдауынан екі көзі қып-қызыл боп, жылап шығады.
Бұл құпия әңгіменің астарында не бүгулі жатқаны
менің санама да біртіңдеп ұялай бастаған соңғы кезде. 10. Достарымды танымай қалдым
Шынымды айтсам, мен емес, олар танымады мені,
танығысы да келген жоқ...
Аузы жеңіл ауылдық дәрігер арқылы маған
жабысқан ауру хақында елдің бәрі құлақтанған болып
шықты. Бәрі... үлкені де, кішісі де менен сырт айна-
латын болды. Күн сайын танауын таңқайтып анам-
нан «Бақытжан үйде ме?» деп сұрап, келіп тұратын
Нұрқанат пен Ербол зым-зия жоғалған. Тіпті қарасы
да көрінбейді. Ал егер зәуімен біздің үйдің жанымен
жүре қалса тезірек өтіп кеткенше асығады. Менің
«Нұрқанат!» деп шақырғаныма мойын да бұрмайды.
Естімеген болады. Кейін шақыруды мен де қойдым.
Түңілдім бәрінен. Мектепке, сабаққа да бармайтын
болдым. Ол жақтан «келе ғой» деген де ешкім болған
жоқ. Көзге шыққан сүйелдеймін. Алғашында анам:
– Бақытжан, бүгің сабағына бармаушы ма едің?-
деп сұрайтын. Менің мектепке барғым келмейтінін,
барғым келгеннің өзінде де бара алмайтынымды біліп
тұрса да өзін – өзі алдарқатып осылай дейтін.
– Жоқ, бармаймын, – деймін мен.
– Неге?
Мен: «Анашым-ау, неге екенін білесің ғой. Оның
несін сұрайсың?» дегендей жүзіне тесіле қараймын.
Менен басқа жауап естігісі келіп, солай болады да деп
сеніп тұрған анам осыдан кейін көрер көзге бейшара
боп, ұнжырғасы түсіп кетеді. Өшін көзінің жасынан
алады әйтеуір.
Бірде анам екеуміз өстіп бір-бірімізге мұңымызды
шағып отырғанымызда тереземіздің әйнегі саңғыр
етіп қирап түсті. Одан... екінші әйнектің күл-талқаны
шықты. Еденге шышылып түскен шынылардың ара-
сында дәу-дәу тастар жатыр...
Түсіне қойдық. Анам сыртқа, мен терезеге
ұмтылдым. Қарасам, бір топ балалар сайға қарай
қашып бара жатыр екен. Алдарында Нұрқанат пен
Ербол қайқаңдап құйынперен ұрып барады... Балалар
мен мектепке бармаған соң «көзімді жоймаққа» үйге
келіпті.
Анам «бұларды үлкендер әдейі жұмсап отыр» деп,
ал кеп көзінің жасына ерік берсін...
11. Өзіме өзім жаза кестім де...
Қораның ішіне кіріп асылып өлмек болдым. Ол
үшін бәрі дайын: бұғаулап байлаған арқан да, ая ғым-
ның астына қоятын орындық та...
Арқанның бұғауланып байланған ұшын алдым да
жайлап мойныма ілдім. Жуан ғып өрген арқанның
қап-қатты болатынын сонда білдім, менің ырғайдай
мойныма батып кетті. Буын-буыным дірілдеп, тыны-
сым әлден-ақ тарыла бастағандай. Көзімді болар-бол-
мас қып жұмдым. Кіреуке сәуленің арасынан алды-
мен анам көрінді: текемет басуға шидің үстіне жай-
ып қойған аппақ ақ мамық жүннің үстінде жүгіріп
ойнап жүрген маған ұрсудың орнына, еркелетіп күле
қарайды, әкем де жүр, ол қарагерімен көкжиектегі
шабындыққа қарай сар желіп кетіп бара жатыр.
Мен әкемді қуып жетіп алғым келеді. Енді кешіксем
сағымға сіңіп, біржола көзден ғайып болмақшы. Әке...
Аяғымның астындағы орындықты құлата бер ге-
німде біреу, оның анам екенін бірден білдім, артым-
нан келіп қапсыра құшақтай алды. Құшақтаған күйі
күйікке булығып жылап жіберді.
– Құлыным-ау, бұл нең? – дейді өксіп. –Ең бол-
маса мені аясаң қайтеді...
Мен де жыладым. Жылап тұрып көкейіме кептел-
ген сөзді айтып жатырмын.
– Енді не істеймін, бізді бәрі жек көреді. Кетейікші
бұл жерден. Кетейікші тез...
– Мақұл, құлыным, кетеміз. Тек сен жылама, ау-
ырып қаласың, – дейді анам.
* * *
Біреулер
сиырымыздың
ішіне
айыр
тығып
өлтіріп кеткен күні таңертен біз, анам екеуміз
ешкімге айтпастан, айтқанымыз кімге керек боп
жатыр, киім-кешегімізді алдық та, үй-жайымызды,
бау-бақшамызды бір құдайға аманаттап ауылдан қа-
рамызды біржола батырдық. Келіп паналаған же ріміз
міне, осы ара. 12. Сурет сыйлай алмайтын бала
немесе кейіпкеріммен қоштасу
Бақытжанның әңгімесін тыңдап отырып кештің
батқанын байқамай қалыппын. Оның әңгімеге қызыға
берілген кездегі сезіміне селкеу түсіріп алмайын деп
әдемі жапырақты айналдырып қараған боп, ойланып
отырған едім: бақтың іші, манағыдай емес, алакөбең
тарта бастапты.
Зерек-ақ бала, амал қанша... Ойымды сезіп қойды
ма дегендей Бақытжанға жалт қарасам ол анадай
жердегі орындыққа тізе бүгіп, бірдеңе жазып отыр
екен...
Осындағы дәрігер айтып еді: бұл ауру адам
санасындағы психологиялық жарақатты жылдам қа-
был дайды. Сондықтан осы аурумен ауырған адам дар-
дың айналасындағылар сақтанған күннің өзінде өзін-
өзі адамгершілік тұрғыдан ұстай білуі керек. Ал, Ба-
қыт жанға көп қорлық көрсетіпті: бұл ол адамдардың
тарапынан – мейлі дәрігерлер, мейлі ауылдастары,
мейлі достары, мейлі ол мұғалімдері болсын – тағылық
болып табылады. Өйткені, Бақытжанның құдайдың
алдында да, адамдардың алдында да ешқандай жазығы
жоқ... Бей кү нә... Өкініш-ке орай, біздің қоғамымыз
мұны түсінетін өр ке ниетке әлі жеткен жоқ...
– Аға!
Ойға батып кеткен екем, құлағымның түбінен
шық қан дауысқа жалт қарадым. Бақытжан.
– Аға, Сіздің балаларыңыз бар ма?
– Бар, оны неге сұрадың? – Көз алдыма үшінші
сыныпта оқитын қызым – Индира, бірінші сыныпқа
биыл барған бір-біріне тете балаларым Досхан мен
Олжас келіп тұра қалды.
– Мына суретте Алтайдың әсем табиғаты бей-
неленген. Өзім салдым. Балаларыңызға алып барып
беріңізші. Менен ескерткіш болсын.
Алдым. Суреттің сыртына «Бақытжан Мейірқұлов.
Алтай, 199…жыл. Қыркүйек» деп жазыпты. Толқып,
тебіреніп кеттім.
– Рахмет, Бақытжан! Міндетті түрде апарып
беремін.
Ымырт үйіріліп, қараңғылық бояуы қоюлана бас-
та ған.
Бақытжан мен анасы жататын емдеу орталы ғы-
ның шамдары да жанды.
– Ал, Бақытжан, сау боп тұр. Мен енді қайтайын.
Анаң да іздеп жатқан шығар сені.
– Шығарып салайық па? Пойызыңыз қаншада?
– Жо-жоқ, керегі жоқ. Өзім-ақ... бірдеңе ғып
қайтам ғой... Ал, жақсы...
Екеуміз қол алыстық. Тек қана қол алыстық... Кіп-
кішкентай нәзік саусақтары менің күректей қо лы ма
сүңгіп кетті. Алақаны жып-жылы.... Білегіндегі тамы-
ры бүлк-бүлк етеді. Соғып тұр...
– Ал, анаңа сәлем айт!
Жалт бұрылып кетіп бара жатыр едім Ба қыт жан
«аға» деп айқайлады. Кілт тоқтадым.
– Ау, не боп қалды?
Жүгіріп келе жатыр.
– Жаңағы суретті бере тұрыңызшы.
– Неге?
Десем де төс қалтамдағы суретті алып Ба қыт жан-
ның өзіне қайтып ұсына бердім. Бақытжан анандай
жердегі талдың түбіне барды да сіріңкесін жарқ ет-
кізіп суретті жағып жіберді.
– Бақытжан-ау, мұның не? Не боп қалды?
– Ағай, кешіріңіз, керегі жоқ екен...
Анасының «Осы күні балам нені пайдаланса да
жағып жіберетін болды «Неге бүйтесің?» десем,
«Басқалар мен сияқты ауырып қалмасын» дейді деген
сөзі ойыма сарт ете қалды....
– Ренжімеңіз... Айтпақшы қай газетте істей мін
дедіңіз....Ә-ә...есіме түсті... Сіздің атыңызға хат жазып
жіберемін. Күтіңіз, мақұл ма...
– Мақұл, мақұл...
Мен басқа не дерімді білмей терезеле рі нен
жарықтары жапырлаған үйдің тым-тырыс құлазы ған
ауласынан ұзай бердім.
* * *
...Бақытжан екеуміз қоштасқалы бері де арада бір
жыл өтті. Менің қайтып ол жаққа жолым түспеді. «Хат
жазам аға! Күтіңіз...» деп жәудіреп қалған одан әлі ха-
бар жоқ. Хат келмеген сайын қорқам. Себебі ... белгілі
ғой.
ҮШІНШІ
БӨЛІМ
(ертегілер)
ТӘТТІ ЕРТЕГІ «Расында Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды». Құран Кәрім. Бақара сүресі. (ертегі-хикаят) «Бәрінен де өлеңді бастау қиын». Бұрынғы ақындар осылай деген. Осы хикаятты жазарда мен де қатты қиналдым. Қайда барсам да санамнан Сәруәр атай, Супер-Компьютер, Діннұр, Аусар-Алмас және Аяла кетпейді. Сәруәр атайдың Бәйтерегіне оралып, жапырақтарын жастай солдырған Шырмауық туралы қорқынышты оқиға да мазамды ала берді. «Неге?» дейсіздер ме? Басынан бастап айтайыншы. Былай ғой. Құрбан айт мейрамының қарсаңы болатын. Құрбан айт мейрамының қарсаңы болған соң Лә Иллаһа Илаллаһ Мұхәммәд Расулаллаһ деген жамағаттың күндегіден таза жүруге, күндегіден жақсы киінуге, күндегіден әдемі көрінуге, күндегіден әдепті сөйлеуге, күндегіден де кешірімді болып, күндегіден де көбірек жақсылық жасауға ұмтылатыны хақ. Бұл тіркесті әлемдегі ең жақсы сөздермен кім қанша ұзартам десе де еркі. Ең бастысы, жүректеріне имандылық атты ақ ләйлек ұя салған балалар үшін бұл мейрамның шат-шадыман қуаныш екенін естен шығармасаңдар болғаны. Менің таңғалғаным, бәлкім риза болғаным шығар, Сәруәр атасы немересіне арнаған ғажайып сыйлығын, міне, Алла тағаланың
осы сүйікті күндеріне орайластырып жасапты. Хикаят оқиғасы да Діннұр атты кейіпкеріміздің әлгі ғажайып сыйлықты қолына ұстаған сәтінен басталған. Арапа күнгі алақай – Бүгін – Арапа. Ертең мұсылмандардың ең ұлық мерекесі – Құрбан айт. Сондықтан мамаң мен әжең бауырсақ пісіріп, дастарқанды жеміс-жидек пен тәттіпәттіге толтырып, жайнатып қойғанша екеуміз Аяланы ертіп дүкенге барып келейік, – деген Сәруәр атасы. Әп, бәрекелді! Арапаның не екенін білетін боларсыңдар, балалар. Арапа – Алла тағала қа дірлеген күн. Сондықтан мүмін-мұсылмандар үшін ол да кі шігірім мейрам. Өйткені кез-келген ұлы іс дайындық тан басталмай ма? – Қай дүкенге? Ата ұсынысы Діннұрға қисынсыздау көрінді. Өйтке ні Құрбан айт дастарқанына қажетті азық-түліктің бәрін мамасы базардан бағана әкеліп қойған. – Қай дүкен болушы еді? Өзің айта беретін компьютерлер дүкені бар емес пе кәдімгі? Компьютерлер дүкені мектепке баратын жолда болатын. Діннұр сабаққа бара жатқанда да, қайтып келе жатқанда сол дүкенге бір соғып кетпесе әлденесін жоғалтқан адамдай көңілі алаңдай беретінді шығарған. Алаңдай беретіні, дүкен сөрелеріндегі сан алуан компьютерлерге қызығады. Олар да бір пәлекет, түр-түрге бөлініп, көздің жауын алады. Кереметтерін қарапайым тілмен айтып жеткізу мүлде мүмкін емес. Үлкені дейсіз бе, кішісі дейсіз бе, үйде тұратыны дейсіз бе, сөмкеге салып алып жүретіні дейсіз бе, әйтеуір, өте көп. Жақында, тіпті, сатушылар... сөйлейтініне дейін әкеліпті деп естіген. Ондай ғажаптарға Діннұр қалай қарамай, қалай тамсанбай, қалай сүйсінбей өтсін енді?! – Ата, компьютерді сіз де жақсы көресіз бе?
– Жақсыны кім жек көрсін. Заманға керек дүние,
адамға да керек, балам. Сол адамдардың бірі сенің
атаң емес пе?
– Бірақ сіз оның тілін білмейсіз ғой?
– Білмесем, үйретпеймісің.
Немересінің дүкен сөрелеріндегі компьютер-
лерге қызығып қарағыштай беретінін, бірақ онысын
сыпайылықпен білдірмеуге тырысатынын Сәруәр
атаның жүрегі сезетін. Бірақ «сыпайы екен» деп
баланың төзімін қашанға дейін тауыса бермек.
– Сонда үйге компьютер сатып аламыз ба?
Діннұр бұл сөзді де тәрбиелі балаларға тән
тағылыммен әуездете айтты. Әйтпесе «Маған ком-
пьютер сатып әпересіз бе?» деп тақ ете қалар еді ғой.
«Мен» мен «маған» – тек қана өзімшіл балаларға ғана
тән қылық екенін атасының тәрибесі санасына құйып
қойған. Сондықтан көпше түрде айтқаны дұрыс бол-
ды. Үйіне сатып алса да өзінікі болмай ма.
– Саған сатып әперем, Діннұр, саған.
– Ататайым менің!
Діннұр қуанғаны сонша атасын құшақтай алды.
– Алақай!
Бұл – Діннұрдың кішкентай ғана қарындасы Ая-
ланың үні болатын. Атасының арапа күнгі сыйлығына
ол да мәз.
Супер-компьютер
– Айналайын, сатушы қызым, мына немерелеріме
ең жақсы деген компьютеріңді көрсетші.
– Біздегінің бәрі жақсы компьютер, ата.
– Жоқ, бәрінің бірдей жақсы болуы мүмкін
емес. Мысалы, менің құрдастарымның бәрі де
өздерін жақсымыз дейді. Бірақ сөйлеп кетсе ше-
шен емес, ойлап кетсе көсем емес, жиын-тойда жөн-
жосықсыз айқайлайтындары әнші де емес. Жаза бас-
таса сауатының да шамалы екендері білініп қалады.
Сондықтан бұлардың ішінде де ерекше құбылысқа ие
данышпаны болуы әбден мүмкін емес пе?
– Сонда сізге қандай компьютер керек, ата?
Шешені ме, көсемі ме, сүлейі ме, сауаттысы ма?
– Бізге ме? Қалай десем екен, бізге өзі шешен,
өзі көсем, өзі дана, өзі бала дегендей барлық жақсы
қасиеттерді бір бойына жинаған ғажайып компьютер
керек.
– Олай болса, мына ноутбукты алыңыздар? Бұл
нағыз Супер-Компьютер!
– Супер-Компьютер дейсің бе?
– Иә, бұл тіпті сөйлей де, ойлай да біледі.
– О, шебер құдай! Олай болса бұл ғажайып
дүниені ешкімнің көзіне түспей тұрғанда біз сатып
алайық. Қане, қорапшасына тез салып бере ғой.
«Балдəурен» кафесінде
Дүкеннен қайтар жолда Сәруәр атай мәшинесін
«Балдәурен» кафесінің қасына тоқтатты.
– Жүріңдер, шөл басып алайық.
– Балмұздақ жейміз бе?
– Супер-Компьютерлеріңнің құрметіне балмұз-
дақ та жейміз, шырын да ішеміз, қажет деп тапсаңдар
торттан да дәм татамыз.
– Алақай, мен пирог жеймін. Сен ше, Діннұр?
Шынын айтса Діннұрдың қазіргі ойы ноутбукті
тез тоққа жалғап, қызығына бату болатын.
– Маған бір құты шырын болса жетеді. Ата,
айтпақшы, кафеге ноутбугымды, ой, кешіріңіз, ноут-
бугымызды ала кірейікші.
– Е-е, алып кіре ғой, айналайын. Оның қызығын
сен көрмегенде кім көреді енді. Ол бүгіннен бастап
сенің жан досың болады.
Діннұр ноутбукты столдың үстіне қойып электр
желісіне қосқаны сол еді, шынында ғажап дүние екен,
бірден сөйлей жөнелді.
– Сәруәр ата, сәлеметсіз бе? Мен сіздің
мәшинеңіздің неге ұқсайтынын білемін?
Ә дегенде сыңғырлаған дауыстың иесі Аяла деп ой-
лап қалған Сәруәр атай оның жаңа ғана немерелеріне
сатып әперген ноутбуктен шығып жатқанын білгенде
қайран қалды.
– Сәлемет бол, айналайын. Оу, сен өзің таныс-
пай жатып менің атымды да біліп алғанбысың?
– Бізді о баста солай үйреткен, ата.
– Қарай гөр өзін, сонда неге ұқсайды деп
ойлайсың атаңның кішкентай ғана мәшинесін?
– Қоңызға.
– Қоңызға, ха-ха-ха, қалай дәл таптың. Бұл мә ши-
ненің лақап аты шынында «Қоңыз» деп аталады. Не-
міс тердің үлгісі ғой баяғы. Мен бұл «тұлпармен» со-
нау Мекке-Мединеге де барып келгем әуелі.
– Қажылығыңыз қабыл болсын, ата! Сіз ақынсыз
ғой, мәшинеңіз туралы тақпақ шығара аласыз ба?
– Астапыралла! Өлеңге әуес екенімді қайдан біліп
қойдың?
– Бағана сатушыға айтқан сөзіңіз тек қана ақын-
дардың жүрегінен шығып, тілінен туады.
– Ойпырай, ә. О жағы ойыма да келмепті. Сонда
мәшине туралы тақпақ не үшін керек?
– Қызықсыз, тақпақты «Не үшін керек?» деп
сұрай ма екен?
– Рас-ау.
Супер-Компьютер өз дегенін мақұлдата білгеніне
қуанып кетті.
– Олай болса, Сәруәр ата, екеуміз бірігіп бір
тақпақ шығарып көрейік. Алғашқы екі жолын мен ай-
тайын.
– Айтып жіберші, қане.
– Айтсам, былай:
Дабылы бар «Гук» дейтін,
Мәшине бар «Жук» дейтін.
Сәруәр атай енді жүрегін ұстап, шынымен
таңғалды. Сосын Супер-Компьютердің тапқырлығына
мәз болып, көзінен жасы аққанша күліп алды.
– Бәлі, сен Супер-Компьютер десе Супер-Ком-
пьютер екенсің-ау өзі. Қуақылығың да бар сияқты.
Тақ пағыңды қалай жалғасам екен. Қап, әттегене-ай,
қа пелімде ойыма ештеңенің оралмауын қарашы. Ә-ә,
бәрекелді, бірдеңе ұйқасқан сияқты. Таптым:
Қорсылдайтын Доңыз ғой,
«Жук» дегенің Қоңыз ғой.
Аяла болса Сәруәр атасы мен Супер-Компьютерге
кезек-кезек қарап:
– Қай Қоңыз? – деген.
Супер-Компьютер мүдірмеді.
Қиялдағы Күймедей,
Қоңыз ше, әлгі Түймедей.
Гүлден ұстап алатын,
Сәбилер әнге салатын.
Кезек Сәруәр атайға тағы келіп қалған. Ата сәл аб-
дырап қалды да, іле-шала:
Қызыл моншақ тәрізді,
Өрнегі бар әрі ізгі,
Қоңыз ғой ол кәдімгі, – деп салды.
Шынында әп-сәтте бір тақпақ аяқталып, соңына
нүкте қойылған сияқты. Діннұрдың есіне жазда
ауылға барғаны түсті. Сонда нағашысы аң аулауға
ауыл сыртына алып шыққан. Нағашысының бала-
сы Аусар-Алмас та аңшы әкесі сияқты пысық. Алға
ұзап кеткен Алғыр атты тазының қимылын өткір жа-
нары қалт жібермейді. Бір кезде Аусар-Алмас гүлдің
жапырағынан қара ноқаттары бар Қызыл Қоңызды
ұстап алды да алақанына салып:
«Ел қайда? Су қайда?» – деп, әндете бастады.
Қаттылау келген қызыл қабығында қара ноқаттары бар
Қоңыз да қайсар екен, Аусар-Алмастың алақанының
ортасындағы шұңқырдан өрмелеп жоғары көтерілді
де қызғылт түсті нәзік қанатын қағып, ұша жөнелді. Бірден аспанға көтеріліп, содан кейін шығысты бетке алған. – Көрдің бе, – деген, – Аусар-Алмас сонда білгіш ті гіне риза болғандай маңғазсынып, – шығыс жаққа қарай бет алды. Ол жақта не бар екенін білесің бе? – Жоқ. – Ол жақта Есіл өзені бар. Ал Есіл өзенінің жағасында елордамыз Астана... деген ғажайып қала бар. «Астана» деген кезде күмілжіп қалған АусарАлмастың үнінен өкініш табы сияқты бірдеңе байқалды. Оны Діннұрдың сезімтал жүрегі қалт жібермеді. – Неге күмілжіп қалдың? Астана сенің де қалаң емес пе?!. – Менің де қалам, бірақ... астаналық балаларға бір табан жақын емес пе. – Астаналық болу әркімнің өз қолында. Ол сенің де қолыңнан келеді. – Үлкен жігіт болғанда ма? – Әрине. Айтпақшы, сен Қызыл Қоңызды қолыңа алғанда: «Ел қайда? Су қайда?» деп не үшін әндеттің? – Елорданың қайда екенін біле ме, білмей ме дегенім ғой. – Ал атын не дейді? – Атын ба? Оның атын біздің ауылдың балалары «Ел қайда? Су қайда?» деп атайды. Діннұр күліп жіберді. – Ал қаланың балалары бұл Қоңызды сендер құсап гүлден ұстап алса: Божья коровка, улети на небко: Там твои детки кушают конфетки – Всем по одной, А тебе ни одной, – деп әндетеді. Сол кезде «Құдайдың сиыры» атанған әлгі Қызыл Қоңыз аспанға қарай ұша жөнеледі. Бала-
лар болса: «Әне, көрдіңдер ме, ол бәрін түсінеді» деп
мәз болады.
– Дәл келмегенімен, біздің ауылдың балала ры-
ның өлеңіне ұқсас екен.
– Дұрыс айтасың, өйткені ол барлық балалар дың
досы.
– Олай болса бұл тегін Қоңыз болмады.
Міне, Супер-Компьютер бастап, Сәруәр атасы
қостап табан астында туған өлеңнен соң Діннұрдың
көз алдына осы оқиға келіп тұра қалған. Супер-
Компьютер де әңгімесін Қызыл Қоңыздан бастады.
Кездейсоқтық деуге келмейтін сияқты. Бұл Қоңызды
бекерден бекер «Құдайдың сиыры» демесе керек.
Аңыз не дер екен? Бәлкім, Сәруәр атасы бірдеңе
білетін шығар. Әлде Супер-Компьютерден сұраса ма?
Иә, ол бәрін білуге тиіс.
Қандай ойын жақсы?
Супер-Компьютерінің Сәруәр атасы сияқты ақын-
жан ды болып шыққанына Діннұр қуанбаса, өкінген
жоқ. «Құдайдың сиыры» атанған, қаттылау келген қы-
зыл қабығында қара ноқаттары бар кішкентай Қоңыз
туралы өлеңнен кейін Діннұрдың санасында өмірдегі
ұқ сас тықты байқап, білуге деген бір ерекше құштарлық
пайда болды.
Қуаныштың қабаттаса жүретіні қандай жақсы.
Атасы Супер-Компьютер сатып әперген күні Құрбан
айт мейрамында айттаймын, Астананы аралаймын деп
нағашысының баласы Аусар-Алмас ауылдан келіпті.
Амандық-саулықтан соң ол бірден Супер-Компьютер-
ге шұқшиды. Тұмар сынды мойнына асып алған флеш-
касында неше түрлі ойындар бар екен, ал кеп соның
қызығына батсын. «Қой» деуге Діннұрдың, әрине,
әдебі жібермеді. Қызғанғандай бола ма, қайтеді. Бірақ
«қой» демейін десе, Аусар-Алмастың ойындарының
бәрі соғыс, бәрі атыс-шабыс. Оның ішінде қайта-қайта
ойнайтыны «Терроршы» деген ойын. Сонда мылтық
ату да ойын, адам өлтіру де ерлік болып па? Мысалы,
неге мәмілеге шақырмасқа?!.
Ойын деп, әне, «Миллионды кім алады?» де-
ген ойынды айт! Қандай ақылды ойын! Өзіңді тура
теледидардағы бағдарламаға қатысып отырғандай
сезінесің. Сұрақтары ә дегенде оңайлау болып баста-
лады да, ұтысың көбейген сайын қиындап, күрделене
береді. Ол да дұрыс, әйтпесе, білімсіз адамға оңай
олжа қайдан ұстатсын.
Қарындасы болса бәрінен де «Торт» деген ойынды
жақсы көреді. Өйткені мамасымен бірге торт, пирог
пісіргенді ұнататын ол «Торт» деген ойынның, Аусар-
Алмастың тілімен айтсақ, «тас-талқанын» шығарып,
көп ұпай жинайды. Қыз балалар үшін, шынында,
таңсық: егер дайындалған торт Супер-Компьютердегі
торттың үлгісімен сәйкес келмесе, «күйіп» кетеді. Ал
Аяланың «Торты» ешқашан күйген емес. Атасы оны
«біздің үйдің сәні» деп бекерге мақтамаса керек.
Дегенмен Діннұр үшін «Миллионды кім аладыға?»
ешқандай ойын жетпейді. Ойын деген ойға құрылса
ғана мәнді ғой, шіркін!
Инелік неге ұқсайды осы?
Супер-Компьютерде атыс-шабыстан басқа да
қызықтар бар екеніне Аусар-Алмастың көзін жеткізу
керек болды. Бірақ қалай? Атасы Аялаға сыйлыққа
ойыншық Инелік әкеліп берген. Супер-Компьютердің
қасында тұрған соған көзі түскенде Діннұрға аяқ асты-
нан бір қызық ой келсін.
– Алмас, Инелік неге ұқсайды осы?
– Инелік пе?
– Иә.
– Инелік, і-і-ім, қалай десем екен, жіп-жіңішке
болған Аялаға ұқсайды.
«Терроршының» қызығына түскен Аусар-Алмас
немқұрайды жауап бере салды.
– Сен мұны, ендеше, мына Супер-Компьютерден
сұрап көрші?
– Мынадан ба?
– Немене, менсінбей тұрсың ба?
– Ал, данышпаным, Инелік неге ұқсайды айта
қойшы?
Супер-Компьютер атыс-шабыстан құтылғанына
қуанғандай тақ ете қалды.
– Инелік пе? Ол – Тікұшаққа ұқсайды.
– Тікұшаққа?!. Оу, де!
Аусар-Алмас таңғала дауыстап жіберді. Діннұр да
мұндай керемет ұқсастықты күтпеген еді.
– Керек десеңдер мен қазір Инелік-Тікұшақ жай-
лы тақпақ шығарамын, тыңдайсыңдар ма?
– Тыңдаймыз.
«Терроршыны»
тарс
ұмытқан
Аусар-Алмас
бірінші болып құлағын түре қалды.
– Ал, олай болса тыңдаңдар, ендеше, – деген Су-
пер-Компьютер:
Су мен Нудан үн қатқан,
Періште қанат, гүл атқан.
«Тікұшақ!» деп, жар салып,
Барлық сәби ұнатқан.
деп барып кідірген кезде, Діннұр:
Инелік-ау, Инелік,
Кел, кел, енді билелік.
Тікұшақ сынды тұрқыңмен,
Кетші бір ғажап күйге еніп, – деді.
Осы кезде:
– Мына ойындарың маған да ұнап барады.
Балалық шағым есіме түсіп кеткені. Ары қарай мен
жалғастырайыншы, – деген Сәруәр ата:
Сәуірменен жетесің,
Сүмбілемен кетесің,
Инелік-дәурен, шіркін-ай,
Жазбен бірге өтесің, –
деп тақпаққа нүкте қойды. – Мәссаған, безгелдек! – деген Аусар-Алмас, – өнер деген сендерде жатыр екен ғой. – Айттым ғой мен саған, бұл анау-мынау емес, Супер-Компьютер деп! Мұнда атыс-шабыстан басқа да талай-талай қызық пен ғибрат жетеді. Бəйтерек Сәруәр атай ауылдан айттауға келген Аусар-Алмас көңіл көтерсін деп Астана қаласын қыдыртуға алып шықты. Қаланы аралауға, мұндайда, атасының «Қоңызы» таптырмайтын көлік. Алдымен Бәйтерек мұнарасына барды. Көп ұзамай зырылдаған лифтімен жоғары көтеріліп, оның ұшар басындағы шарға да енді. Шыны шардың ортасындағы мәрмәрдан жасалған тұғырға алақанның таңбасы бейнеленіпті. – Бұл кімнің алақаны? – деді Аусар-Алмас. – Президенттің, – деді Бәйтерекке бұған дейін де шығып, тамашалап көрген Діннұр. – Оны не үшін салған? – Қазір білесің, алақаныңызды Президенттің алақанына қойыңызшы, ата. Сәруәр атасы алақанын Президенттің алақанына қоюы сол екен жан тебірентерлік бір ән қалықтай жөнелді. Арайлап таңым, асқақтап тауым, Ән ойнап көңіл, күй тартып елім. Қол жетті міне, аңсаған күнге, Жасай бер жаса, қазағым менің. Қазақстаным – асыл арманым, Қуанышымды жасыра алмадым. Аңсаған бабам, аңсаған елім, Бостандық еді-ау асыл арманым! Елім менің аңсаған, Бас бұғаудан босаған, Құтты болсын отауың-ей, Берік болсын-оу босағаң!
Шарықтаған ән кенет кілт үзілді де, келесі сәтте құдыретті күй ерекше бір екпінмен күмбірлеп, құйқылжи жөнелді. Бейне бір тұлпарлардың тұяғынан от шашырап, Сарыарқаның сайын даласында жүйткіп келе жатқандай. Діннұрдың жұдырықтай жүрегі лүплүп соғып, жандүниесі шымырлап қоя берді. – Бұл өлеңді кім шығарғанын білесіңдер ме? Сәруәр атай Аусар-Алмас пен Діннұрға сұраулы жүзбен барлай қараған. – Президент, – деді екеуі қосарлана. – Қандай керемет өлең, ә. Әні де, күйі де тамаша! Мұндай дүние – елі мен жерін жан-тәнімен сүйетін перзенттердің ғана жүректерінен шығады. Сәруәр ата әннің әсерінен әлі де айыға алмағандай. Бәйтеректің басынан Астана қаласы алақан-дағы дай анық көрінеді екен. Әне, анау Сәруәр атасы жұма сайын барып, жамағатпен бірге намаз оқитын еңселі мешіт. Ал «Ұшатын табаққа» ұқсас мынау ғажайып ғимарат... Цирк үйі. Шіркін, қаттылау келген қызыл қабығында қара ноқаттары бар Қоңыз немесе Тікұшақ-Инелік сияқты болса мына жерден қазір тік көтеріліп, аспанға ұша жөнелер еді Діннұр. Сосын Аусар-Алмас пен Аяланы арқасына отырғызып алып, Астананы ал кеп армансыз арала! Аусар-Алмастың өз қызығы өзінде. Ол, әсіресе, зәулім ғимараттардың бірінен бірі өткен сұлулығына сұқтана қарап қалыпты. Не деген ғажап?!. – Діннұр, Ақорданы көріп тұрсың ба? – Иә. – Не деген керемет! Сәруәр ата, Президент те бізді көріп тұрған шығар? – Елінің қамын ойламаса Елбасы бола ма! Күн сайын бір рет қарап қоятын болуы керек. Қазір де қарап тұруы бек мүмкін. Ең бастысы, Бәйтеректің сендер сияқты жас бұтақтарын Шырмауықтан аман болуын тілейік, балапандарым. – Шырмауық?!. – Иә, сондай арамшөп бар, балалар. Ол Бәйтеректің балағынан бастап ұшар басына дейін шырматылып орап алады да, діңі мен бұтақтарын бу-
ындырып, бар сөлін сорып, өзін де, жапырақтарын да
жастай солдырады.
– Мәссаған! Мен біздің Бәйтерекке қауіп
төндіретін біреу бар деп ешқашан ойламаппын.
Аусар-Алмас үрейленіп қалды.
– Ал мен Айдаһардан ғана қорқып жүргем.
Діннұр да күрсініп салған.
– Айдаһар Самұрықтың жұмыртқасы мен ба-
лапандарына қатер төндірсе, ал анау Бәйтерекке
де, оның басындағы Ұяға да қауіпті. Және Айдаһар
сияқты алыстан келмейді, мынау жайқалған жасыл
шөптердің арасынан пайда болады. Бір қарағанда
үлбіреген гүлі бар әдемі өсімдік. Тіпті жаманшылық
жасайды деп те ойламайсың...
– Ата, сіз оны көрдіңіз бе?
– Шырмауықты ма? Көрген соң да айтып
отырғаным. Көрмей, білмей ештеңені айтуға болмай-
ды, аналайындар.
– Онда бізге сол туралы айтып беріңізші.
– Жарайды.
– Қорықпайсыңдар ма?
– Қорықпаймыз.
Шырмауық
Қайтар жолда Сәруәр ата «Қоңызын» Аусар-
Алмастың құрметіне «Балдәуреннің» қасына доғарды.
Кафенің жұрттан оңашалау бұрышына жайғасқан соң
балалар балмұздақ жеп, шырын ішсе, атасы сүт қатқан
шәймен шөл басты. Содан кейін Шырмауықтың
сұмдығы туралы әңгіме басталды да кетті.
– Жас кезім болатын. Есіктің алдынан сылды-
рап аққан суы үзілмейтін арық өтуші еді, көктемге
салым жағасына Бәйтеректің жалғыз түп көшетін
отырғыздым. Судан кенде болмаған соң ба көшеттің
көркі ашылып, жапырақтары да жайқалып, бойы да
күннен-күнге ұзарып, өсе бастады. Алғашқы еккен
Бәйтерегім болғандықтан ба екен қуанышымда шек
жоқ. Бірақ, өкінішке қарай, мен оны суы мол, топырағы
құнарлы жерге егуін еккеніммен күтіп-баптау, айна-
ласын арамшөптерден тазалау деген мәселеге келген-
де бейқамдық жасаппын. Бәйтеректің балағына ора-
тыла бастаған жас өскінді көрсем де шалажансар шөп
не бүлдірер деп мән бермеппін. Күндердің күнінде
қарасам Бәйтерегімнің балағына оратыла бастаған
әлгі әлжуаз шөп кәдімгідей толысып, кәдімгідей жу-
андап, көркейіп келе жатқан көшетімнің ұшар басы-
на жетіп қалыпты. Қамшының өріміндей тарам-тарам
болып шырматылған бәлекеттер бұтақтардың бәрін
орап алған. Ажыратайын десем Бәйтеректің қабығына
жабысып қалған. Өзінен күшті талдың сөлімен
қоректенген соң о пәле сөйтеді екен. Құтқармаққа
деген әрекетімнен түк те шықпады. Шырмауықты
тырналап, талдың қабығынан ажыратқан сайын қайта
Бәйтерегімнің діңгегі зардап шекті. Сол кезде көшетті
сыйлаған бағбан келіп:
– Шырмауық деген пәлемен ол белең алып,
күшеймей тұрған кезінде күреспесең қиын болады.
Қарашы қандай әдемі Бәйтеректің түбіне жеткенін, –
демесі бар ма.
Сөйтіп бағбан шалдың айтқаны келді. Қаскүнем
шөптің қиянатынан Бәйтерегім енді бой түзеп, енді
жапырақ жайып, енді жайқалып келе жатқанда
қурады да қалды.
– Ой, өте аянышты ертегі екен.
– Бұл ертегі емес. Өз басымнан кешірдім деп
отырғаным жоқ па.
– Ендеше мына темірден құрастырылған Бәй те-
рек ке ешқандай Шырмауық қауіп төндіре алмайтын
шы ғар?
– Қауіптің түрі көп қой, балаларым.
– Демек, мұның жауы Тот болды ғой.
– Солай десеңдер де болады.
– Ал Тот қалай пайда болады?
– Оның да жүрмейтін жері жоқ.
– Ата десе, онда мен бұл шындықты хатқа түсіріп,
Президентке жолдауыма бола ма?
– Неге болмасын, Діннұр. Шындықты сендер
айтпағанда, кім айтады?
– Мен саған көмектесем, Діннұр.
Бәйтерекке келгелі Сәруәр атай мен балалардың
әңгімесіне құлақ түріп жүрген Супер-Компьютер
қоштай кетті.
– Мен де көмектесем, өйткені ол имандылық
дарағы болуы керек.
– Ал біз оның бұтақтарымыз.
Аусар-Алмас пен Аяла да Діннұрдың ойын қуана
қолдады.
Тасбақа да өкпелейді
Сәруәр атайдың «Қоңызы» тас жолмен үйге қарай
жүйткіп келе жатқан. Кенет Аяланың көзі жолдағы
Тасбақаға түсе кеткені.
– Ата, абайла, жолда Тасбақа жатыр.
Сәруәр атай мәшинесін тоқтатқанша біраз жерге
ұзап кетті. Кері бұрылуға тура келді. Мәшине тоқтай
салысымен Діннұр, Аусар-Алмас және Аяла жерге
тез-тез түсе қалысты.
Тасбақаны, сірә, біреулер даладан тауып алған да
қалаға кірген кезде тастап кеткен. Асфальтқа соғылған
соң ба байғұс жарақаттанып, қабығына қан дақтары
жұғыпты.
– Мұны не істесек екен енді, ә?
Сәруәр ата қабағын шытты. Ойланған кезде ол
кісінің қабағы өзінен-өзі түйіліп кететін.
– Үйге апарып, үстін тазалап, сүт берейік, – деді
Аяла.
– Өзіне-өзі келген соң бостандыққа жібереміз.
Аусар-Алмас та қарап тұрмай жанашырлық таны-
тып жатыр.
– Дәрігерге көрсететіндей жарақаты жоқ сияқты,
үйге апарсақ үйге апарайық – деді Діннұр.
Тасбақаны үйге әкеліп, жуындырып, тазалаған
соң мүйіз қабығы жып-жылтыр боп жұтынып шыға
келді. Еденнің үстімен тықыр-тықыр жылжып ары-
бері жүргені де қызық.
– Қабығы қарбызға ұқсайды екен, – деді Аяла сүйсініп. – Қарбыз домалаған допқа ұқсамай ма? – деді Аусар-Алмас. – Жоқ, ортасынан қақ жарып, төңкеріп қойған қарбыз тура Тасбақадан аумайды. «Мына қызықты қараңыз, Аяланы әлі кішкентай деп жүрсе ол Тасбақаны қарбызға ұқсатып отыр» деп ойлады Діннұр. «Шынында ортасынан қақ бөлінген қарбыздың жартысын төңкеріп қойсаң Тасбақаға ұқсайды емес пе». – Жарайсың, Аяла! Ежелгі қытайлар Тасбақаның қабығын төңкеріп қойған қазан сияқты аспан астына ұқсатқан. Олар өздерін Аспан асты еліміз дейді. – Біздің ата-бабаларымыз ше? – Сенің ата-бабаларың да білікті жұрт болған. Сондықтан Тасбақаны да, оның жейтін шөбін де қасиет тұтқан. Немересінің білмекке деген ниетіне риза болған Сәруәр атасы жауап беруден жалығар емес. Осы кезде Аусар-Алмас та қарап тұрмай: – Ал мен Тасбақаны танкіге ұқсатам, – деп салды. – Несі бар танкіге де ұқсайды. Әсіресе, далада бірнеше Тасбақа қаз-қатар тізіліп келе жатса тура танкілер полкынан аумай қалады. Діннұрдың есіне мектептегі бір көрнекі қағаз түсті. Оны оқушылар үлкен үзіліске шыққан кезде көрген. Қағаздың үстіңгі жағына үлкен әріптермен «КІМ АЛДА?» деп жазып қойыпты. Оның астына Ұшақтың, Тұлпардың және Тасбақаның суретін салыпты. Ұшаққа мінгендер – үздік, Тұлпарға мінгендер – екпінді сыныптар. Балаларды қырантопан күлкіге қарық қылғаны – Тасбақаға мінген оқу үлгерімі нашар сынып оқушыларының айбақ-сайбақ кескіндері еді. Супер-Компьютер мұндай сәтті, әдетінше, құр жібергісі келмеді. – Келіңдер, Тасбақа туралы тақпақ шығарайық онда.
– Кім бастасын? – деді алақанын шапалақтай
қуанған Аяла.
– Сәруәр ата бастасын.
Супер-Компьютермен сырлас болып алған Сәруәр
атай бірден келісті.
– Жарайды, мен бастасам мен-ақ бастайын, бала-
ларым.
Құмда жүрем, суда жүзем: қосмекенді жәндікпін,
Балалардан мазақ емес, жақсы тақпақ, ән күттім.
– Ал енді ары қарай Супер-Компьютер жалғасын.
– Жарайды.
Бірақ олар «Танкі» дейді: бұл, әрине, жақсы емес,
Сауытыма кім кінәлі? Темір де емес, тас та емес.
– Мен кезекті Аусар-Алмасқа бердім.
– Мен айтсам бұл өлеңді:
Киіз үймен көшіп жүрген ғажайып бір халықтай,
«Мүйіз» үймен жер бауырлап, жылжып жүрем
жалықпай, – деп аяқтағым келеді.
Мектептегі Тасбақа оқиғасына қатысты ойдың
әсерінен арыла алмай тұрған Діннұр осы кезде:
– Жоқ, әлі аяқталған жоқ, – деді де:
Жалқауларды «Тасбақа» деп мазақтайды ұдайы,
Ал намысқой Тасбақа бұған қалай шыдайды? –
деп салды. Жүзі алабұрта қызарып тұр екен.
Тасбақаға жаны ашығандықтан шығар.
– Алақай, алақай, қандай жақсы тақпақ. Мен жат-
тап та алдым. Ертең балабақшаға барғанда достарыма
айтып беремін.
Тұлымшағы желбіреген Аяланың қуанышында
шек жоқ.
Абату қасіреті
– Арнольд...
Ешкім жауап берген жоқ.
– Арнольд, қайдасың?
Тағы да тым-тырыс. Мистер Макиавелли түкке
түсінбеген сыңаймен басын шайқады да, кофеге
қолын созды.
– Тағы да футбол ойнауға кеткен шығар. Әкесімен
бірге қашан кофе ішеді бұл бала.
Барлық балалар сияқты Арнольд та футбол
ойнағанды жақсы көріп, кофе ішкенді жек көреді
десек те, мистер Макиавеллидің бұл жолғы болжа-
мы қате болатын. Сөздің тоқ етеріне көшсек, теледи-
дардан қайта-қайта көрсетіп жатқан Абату қасіреті
кішкентай Арнольдтің жүрегіне қатты әсер ет-
кен. Көше толы адам өліктерінен үрейленсе, үйінді
астында қалған баланы көрген сәтте жылап жіберді.
Бірақ көз жасын әкесіне көрсеткен жоқ. Теледидар-
ды өшіре салды да, сыртқа қарай жүгірді. Бір қараса
велосипедімен саябаққа қарай құйынперен жүйткіп
келеді екен.
Саябаққа келген соң лүпілдей соққан жүрегінің
ырғағы сәл де болса басылғандай болды. Бірақ
теледидардағы қорқынышты көріністер көз алды-
нан көлбеңдеп кетер емес. Айналасына қарап еді, үл-
кендер ештеңе болмағандай саябақта қыдырыстап
жүр. Кейбіреулер орындықтарда газет оқып отыр.
Ішім-жемін көгалға жайып тастап мамыражай жай-
ғас қандары да бар. Бәлкім, бұлар Абату қасіретін
әлі естімеген шығар. Бірақ... қалай естімейді? Теле-
дидардың сағат сайын көрсетіп жатқанына бір
апта болды емес пе? Қираған үйдің астында қалған
баланың аянышты түрін көргенде жылап жіберді емес
пе өзі. Кеберсіген ерні жыбырлап адамдардан көмек
сұрағандай болды-ау, сірә...
Сол сол-ақ екен, Арнольд велосипедіне мінді де
саябақтың ішіндегі таспа жолға түсіп «Абатулық
балаларға қол ұшын созайық!» деп, бар даусымен
айғайлай бастады. Газет оқып отырғандар ә дегенде
даусы шәңкілдеген балаға көзілдіріктерінің үстінен
таңырқаса қараған. Оларға Арнольдтің қылығы
ерсі көрінді. Мүмкін ауру шығар? Әлде қалжыңдап
жүр ме? Жоқ, қалжыңға ұқсамайды. Ауру деп те
айтпайсың. Велосипедтегі баланың жүзі салмақты,
ақылы орнықты сияқты. Жеті жасар-ау шамасы.
Міне, «Абату балаларына көмек қолын созайық!» деп,
саябақтың ішіндегі таспа жолды бір емес, екі емес, жи-
ырма рет айналып шықты. Үні шырылдаған бозторғай
сынды. Сосын... бейнебір қанатымен су себелеген
қарлығаштың қылығын еске салғандай.
Үлкендерді, әдетте, сендіру қиын ғой. Бұл жолы да
оңайға түспеді. Әупіріммен 500 фунт стерлинг ақша
жиналды. Бірақ бұл маңызды істің басы ғана екен.
Саябақта демалып жүрген жұрттың ішіндегі әсершіл
біреуі осы оқиғаны ұялы телефонына жазып алып,
журналистерге хабарлауы мұң екен, бүкіл құрлық
кішкентай Арнольдтің қайырымдылық ісінен әп-сәтте
хабардар болып шыға келді. Іле-шала арнайы қор
құрылып, есепшот ашылды. Қордың есепшотына бір
күнде 100 мың фунт стерлинг түсті.
Мистер Макиавелли бұл хабарды теледидардан
естіген кезде кофесіне шашалып қала жаздады.
– Арнольд, сен не бүлдіріп жүрсің?
– Не бүлдіріппін?
– Теледидарды қара.
– Несі бар, жаманшылықты көрсете беретіндерге
жақсылықты айтқызу да бүлдіру ме екен, сіздіңше.
– Ақылды Арнольдім менің, кел, кофе ішейік.
Сəруəр атай жəне... Бо
– Құдай кеуіліңді көтерсін, мынауың керемет
екен, Супер-Компьютер. Сен болмасаң, мен бұл оқиға
туралы естіп, білмес ем.
– Ата, ғаламтордың құдыретімен бір сағаттың
ішінде біздің баспайтын жеріміз, шықпайтын тауы-
мыз қалмайды.
– Құдайдың құдыретімен дегің, Супер-Компью-
тер. «Құдайсыз қурай сынбайды». Өйткені шебер
құдай адамға ақыл берді, міне, сол ақыл иелерінің
арқасында сен де, әлгі өзің айтқан ғаламтор да дүниеге
келді. Сондықтан бәрі құдайдың құдыретімен болады.
– Дұрыс айтасыз, мен тіпті Абату елі Президентінің
Құдайға жалбарынып, жылғанын да жазып алдым.
– Не деп жалбарынды ол?
– Біздің еліміз дүниежүзіндегі ең кедей, ең сау-
атсыз ел еді, ол аздай енді сен зілзалаңды жібердің.
Біздің ел не жазды саған, құдайым-ау, – деп жылады.
– Мешітке барып, намаз оқи ма екен өзі?
– Иә, бес уақыт намазын қаза қылмайды екен.
Бірақ халқы дінге құлықсыз, тұрмысқа салақ-ау
деймін.
– Әттегене-ай! Алла тағала Зілзала сүресінде «Кім
тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген
болса, ол соны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің
салмағындай жамандық істесе, оны көреді» деген.
– Ата, менің таңғалғаным, барлық үйлер, тіпті
Президенттің ғимараты да қирап қалғанда... Мешіт
қана аман тұр.
– Алланың үйі құламайды, балам. Сосын Жарату-
шы ием аз ұйықтап, көп оқығанды, білім мен ғылымға,
мәдениетке және тәртіпке ұмтылғанды сүйеді. Құдай
өзі жарылқайды деп әрекетсіз отыруға ешқашан
болмайды. Мен де бүгін Бо деген тайпаның тілінде
сөйлейтін ең соңғы адамның дүниеден өткенін естіп,
қатты қайғырып отырмын.
– Ол жаңалықты мен де естідім.
– Жаңалық емес, қайғылы хабар бұл. Сен қайдан
естідің?
– «Би-би-си» хабарлады.
– Ең ежелгі халықтың бірі екен байғұстар...
– Бо тайпасын айтасыз ба, иә, олар осыдан 70 мың
жыл бұрын өмір сүріпті дейді.
– Сонда сол тайпадан 85 жастағы кейуана ғана
қалған бе екен?
– Иә, енді міне, ол да жоқ.
– Демек, жер бетінен бір ұлт пен бір мәдениет
жойылды. Күндердің күнінде біздің ана тіліміздің
тағдыры не болар екен десейші?
– Сіздің ана тіліңіз жер бетінен әліәзір жойыла
қоймас. Өте бай, өте әуезді тіл. Өлеңнің ұйқасына да
сұранып тұр. Мен де тез үйреніп алдым. Ал Супер-
Компьютер ұнатқан тіл ешқашан өлмейді.
– Айтқаның келсін, айналайын. Отбасымызға сен
келгелі бері бір жасап қалдым. Айтпақшы, балалар
қайда жүр осы, көрінбейді ғой.
– Қазір мен ұялы телефондарына хабарласып,
шақыра қояйын, ата.
– Сөйтші айналайын.
«Ел қайда? Су қайда?»
Діннұр қалғып кеткен екен, түс көріпті. Түсінде
қатқылдау келген қабығында қара ноқаттары бар
Қызыл Қоңызды көріпті. Алақанында тұр екен дейді.
Бірақ алақанының шұңқыры тым терең бе, Қызыл
Қоңыз қанша тырысса да шыға алмай жатыр. Бұл
көмектесіп жіберді. Міне, енді дұрыс болды. Қызыл
Қоңыз сұқ саусағының ұшында тұр.
– Ел қайда? Су қайда? Ел қайда? Су қайда?
Қызыл Қоңыздың өзі сияқты үні де әдемі екен,
әуездете тіл қатты.
– Есілдің жағасындағы Ақордаға барғың келе ме,
балақай?
– Иә.
– Онда кел, арқама отыр.
Қызыл Қоңыз Діннұрды арқасына отырғызып
алды да ұша жөнелді. Ұшып келе жатыр, ұшып келе
жатыр... Кенет аспан асты Қызыл Қоңызға толды да
кетті. Бәрінің арқасында Діннұр сияқты балалар. Бірі
Ресейден, екіншісі Франциядан, үшіншісі Қытайдан,
төртінші Үндістаннан, бесіншісі Пәкістаннан, алтын-
шысы Америкадан, жетіншісі Түркиядан, сегізіншісі
Ираннан, тоғызыншысы Германиядан, оныншысы
Мароккодан, он біріншісі Араб Әмірлігінен, ары қарай
санау мүмкін емес, қысқасы, дүниежүзінде қанша
мемлекет болса сонша мемлекеттен ұшып шыққан
миллиондаған балалар екен дейді. Қырғыз, өзбек,
түркімен, тәжік, әзірбайжан да жүр. Африканың ба-
лалары өз алдына бір төбе.
Әне, анау Арнольд Макиавелли емес пе? Арнольд
дейді, құдай-ау, Аусар-Алмас пен Аяла да жүр қасында.
Олардың тақымында да Қызыл Қоңыз. Бұлар неғып
жүр? Бәріміз қайда асығып бара жатырмыз?
Супер-Компьютердің Арнольд балақай туралы
әңгімесін Діннұр «Шамшырақ» газетінен оқыған.
Газетке, тіпті, оның велосипед теуіп келе жатқан
суретіне дейін жариялапты. Сонда Діннұр газет оқып
жатып ұйықтап кеткен болды ғой. Ал мынау түсі. Түс
болғанда керемет түс. Қап, оянып кететін болды-ау.
– Арнольд, сәлем! Қайда бет алдың?
– Сәлем, Абатуге ұшып барам.
– Көмекке ме?
– Иә, сен ше?
– Мен де.
Неге өтірік айтты? Қызыл Қоңызға Есілдің
жағасына, Ақордаға барам демеп пе еді? Бірақ түстегі
оқиғаның бәрі аяқ астынан өзгеріп жатпай ма?
Ондағы оқиғалардың өзгеру жылдамдығына, тіпті,
қиял-ғажайып ертегінің өзі таласа алмайды ғой. Де-
мек бұл өтірік айтқан жоқ. Мұның бәрі түс. Атасы
өңіңде нені ойласаң, түсіңде сол кіреді деген. Ра-
сында бұл газет оқып жатып Арнольд Макиавелли
сияқты бір қызықты әрекет жасап, Абату балаларына
көмектесуді ойлаған. Сөйтсе ұйықтап кетіпті.
Міне, Қызыл Қоңызға мінген балалар Абатуге
де жетіп, жетім балаларға арналған уақытша лагерь
орналасқан шатырлардың маңына келіп қонды. Қызыл
Қоңыз қонған кезде Абату елі бейне бір қызғалдаққа
толы қырға ұқсап кетті. Балалар да құр қол келмепті.
Біреуі сусын, енді біреу тағамдар алыпты. Кітап, түрлі-
түсті қарындаш, сөмке ала келгендері де жетерлік.
«Теңіз тамшыдан құралады» деуші еді Сәруәр атасы.
Жақсылық та теңізге тамған тамшы сияқты екен-
ау. Анаң қарашы, лагерь іші бір сәтте азық-түлік пен
киім-кешектерге, оқу құралдарына толды да кетті.
Діннұрдың назары Аялаға ұқсайтын бір қызға
ауған. Ол да бұған тесіліп қарап жатыр екен. Ерні
кеберсіп кеткеніне қарағанда әбден шөліркеген-ау
шамасы. Сәруәр атасы ішетін қымызды құтыға құйып
ала шыққаны есіне түсіп, дереу соны ұсына қойды.
Қыз, шынында, шөлдеп қалған екен, қымызды көзін
жұмып, рахаттана сімірді.
– Қалай, дәмді ме?
– Өте дәмді. Рахмет.
– Біздің елде бұл сусынды «Қымыз» деп атайды.
Емдік қасиеті бар. Енді көңілің көтеріліп, денсаулығың
түзеле бастайды.
– Рахмет, саған.
Абатулік қыздың аты Рафаэлло болып шықты.
Жер сілкінген кезде үйінде сабаққа дайындалып
отыр екен. Ал ата-аналары жұмыста болған. Рафа-
элло қорыққанынан дереу жазу столының астына
тығылыпты. Бір уақта үй төбесінің гүрс етіп құлағанын
естиді. Одан арғысы есінде жоқ... Лагерьге алып
келгеніне бір күн болған. Жұмысқа кеткен ата-анала-
ры қиранды астында қалып, мерт болған дейді.
Арнольд Макиавелли сияқты Діннұрдың да көңілі
босап, көзінің алды бұлдырады.
– Қамықпа, Рафаэлло. Ата-анаң тірі шығар,
бәлкім.
Рафаэлло жылап жіберді. Аяла оның көзіндегі
жасты сүртіп, салқын суға малып алған дәкесін
қамыққан қыздың маңдайына басып жатыр. Қимылы
мен мейірімді жүзі тура дәрігер сияқты. Әңгімеге Ау-
сар-Алмас араласты.
– Жаңа үйінді астында бір ай жатқан адамды
алып шықты. Тірі екен! Демек, сенің ата-анаң да аман
болуы әбден мүмкін.
Рафаэлло енді қуана күлімсіреді.
– Мен де үміт үзбей жатырмын. Сендер қай елден
келдіңдер?
– Қазақстан деген ғажап ел бар.
– Ол қай жерде?
– Ол – Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсында.
Астана атты қаламыз – Сарыарқа деген сайын
даланың қақ ортасында.
– Өте алыста екен-ау, немен келдіңдер?
– «Құдайдың сиырымен» бір пәсте ұшып келдік.
Рафаэлло жымиды.
– Мен де кеше ғана шатырға жабысып тұрған
біреуін ұстап алып:
Божья коровка, улети на небо;
Принеси мне хлеба:
Черного и белого,
Только не горелого, –
деп әндетіп ем.
– Керемет деген осы.
Діннұр Сәруәр атасы сияқты салмақты бола
қалыпты.
– Сендер аштық дегенді білмейтін шығарсыңдар
ә, Аяла?
– Жоқ, біздің елде ондай жоқ.
– Қандай бақыттысыңдар!
– Сен де бақытты боласың әлі, Рафаэлло.
– Рахмет Діннұр, рахмет Аяла, Алмас.
Қызыл қоңыз қалайша
«Құдайдың сиыры» атанды?
– Оу, батырым-ау, шаңқай түсте бұл не ұйқы?
– Кешіріңіз, қалғып кеткен екем түс көріппін, ата.
– Жақсы түс пе?
– Аяла, Аусар-Алмас бәріміз Қызыл Қоңызға
мініп алып, ұшып бара жатыр екенбіз...
Діннұр көрген түсінің оқиғасын атасына тез ай-
тып берді.
– Е-е, онда өте жақсы түс көріпсің, айналайын.
Елдің қамын жеген ер болады екенсіңдер бәрің де.
Бәсе, неғып күбірлеп жатыр бұл, әлде қызуы көтерілді
ме деп үрейленіп ем.
– Ата, маған бір ой келіп тұр.
– Қандай?
– Мектепке барып, абатулік жетім балаларға
арналған көмек қорын ашайық десем мұғалім ағайлар
мен апайлар ренжімей ме?
– Қайта қуанады ғой, құлыным-ау. Айтпақшы, ана
жолы қабығында қара ноқаттары бар Қызыл Қоңызды
неге «Құдайдың сиыры» деп атайды?» деп сұрап ең.
Әлгі түсің соны айтып бер деп тұрғаны.
– Онда мен Аусар-Алмас пен Аяланы да
шақырайын. Супер-Компьютер сен де дайынсың ба
тыңдауға?
– О-о, бұл қашанда дайын ғой. Супер-Компью-
тер екеуміз қазір бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын
Тотықұстың жұбындай дос болып кеттік. Шахмат ой-
наймыз. Одан жалықсақ әңгіме-дүкен құрамыз. Ал
түгел жиналып болсаңдар, бастайын...
Алла тағаланың жаратқан дүниесінде артық-ауыс
ештеңе жоқ баяғы пайғамбарлар заманының тұсы бол-
са керек. Қара ноқаттары бар Қызыл Қоңыз, негізінен,
Аспанда өмір сүріпті. Періштелер сияқты Жерге анда-
санда ғана түседі екен. Әрине, сонау жеті қабат Аспан-
нан бекерден-бекер ешкім Жерге түспейтіні белгілі
ғой. Сондықтан «Құдайдың сиыры» атанған Қызыл
Қоңыз (қара ноқаттары бар, әрине) жақсылық хабар
жеткізген Елшідей ізгі істер де атқарыпты. Диқан ба-
бамыз оның келіп-кеткен сәттегі тыныс-тіршілігіне
қарап ауа райын бақылапты. Күннің райы қалай бола-
ды? Егіннің шығымы ше? Шаруа баққан адамдар үшін
маңызды сауалдар көп қой.
Айтпақшы, бұл қоңызды Германияда – Қасиетті
Мария Ананың қоңызы, Англияда – Құс ханым неме-
се Ана құсы, ал Аргентинада – Қасиетті Антонидің си-
ыры деп атайды. Мұсаның сиыры деген де аты бар. Ал
Мұсаның сиыры жаннатқа кіретін 10 жануардың бірі.
Көрдіңдер ме, дүниенің түкпір-түкпіріндегі елдердің
бәрі құрметпен қарайды екен өзіне.
– Жаннатқа кіретін қандай жануарлар екенін
білуге бола ма, ата?
– Неге болмасын, айналайын, басқа балалар да
біліп жүрсін, айтайын. Олар Салих алейһиссаламның
түйесі, Ибраһим алейһиссаламның бұзауы, Исмаил
алейһиссаламның қошқары, Юнус алейһиссаламның
балығы, Узейр алейһиссаламның есегі, Сүлеймен
алейһиссаламның құмырсқасы, Белғазыға жіберілген
көкек құсы, Әсхабы кәхвтің Қытмыр атты иті, Мұхаммед алейһиссаламның түйесі және... – Мұса алейһиссаламның сиыры, – деді, жаннатқа кіретін жануарлардың аттарын атасының аузынан шыққан сәтте саусағын бүгіп санап отырған Аяла таңдайы тақ етіп. – Бірақ моншақтай ғана қоңызды неге сиыр деп атады екен? – Сұрағың орынды Аяла. Өйткені бұл Қоңыз сиыр сияқты сүтті болып келеді. Ең басты ерекшеліктерінің бірі де осында. Сүтінің түсі қызғылтым. Мамыр айында қырдағы қызғалдаққа жайылған сиырдың сүтін ішіп көргендерің бар ма? Қызғылтым ғой. Міне, «Құдайдың сиыры» атанған, қаттылау келген қабығында қара ноқаттары бар Қызыл Қоңыздың да сүті тура сол сияқты. Ал сүт қашаннан қасиетті саналған. Сосын мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімде «Бақара», яғни Сиыр деген сүремен басталады емес пе, балаларым. – Менің атам сүтті төгуге болмайды дейді. – Аусар-Алмастың атасы дұрыс айтқан. Ағарғанды төгуге әсте болмайды. Ананың ақ сүті дегенді білесіңдер ме? Ол – бәрінен де биік ұғым. – Сонда «Құдайдың сиырының» сүтін ішуге бола ма? – Жоқ, Аяла, ол сүтін жауларынан қорғану үшін пайдаланады. – Қызық екен, бәлкім, ол кіп-кішкентай болса да көзге оттай басылатын түсімен қасиетті қоңыз атанған шығар? – Ол да мүмкін, Діннұр. Құран Кәрімде Алла тағала Мұсаның сиыры туралы «оның өңі көрушілерді сүйсіндіреді» деген. Әйтеуір, осы бір момақан жәндікті жаншып өлтіру үлкен күнә саналады. Атасының Бәйтерек мұнарасының басындағы әңгімесінен кейін Діннұрдың есінен Шырмауық кетпейтін болған. – Сәруәр ата, дегенмен, осы қасиетті қоңыз Шырмауыққа қарсы күресе алар ма екен?
– Бәрекелді! Менің сендерге айтайын деген әңгімемнің тоқ етері де оның осы қасиетінде еді. Қызыл Қоңыз аспаннан жерге түскенде шаруалар неге қуанған? Өйткені Алла тағала оны Шырмауық сияқты арам шөптерді отау үшін жібереді. – Алақай, қандай жақсы болды! Шырмауықпен күресетін сенімді дос табылғанына қуанған Аяла секіріп-секіріп түсті. – Айтпақшы, Аусар-Алмас, сен білетін шығарсың, оның қабығында қанша ноқат бар? – Мәссаған безгелдек, қанша рет алақаныма салып, қанша рет аспанға ұшырсам да ноқаттарын санау ойыма келмепті, Діннұр. – Сонда кім біледі? – Мен білем Аяла, оның қабығында Жеті ноқат бар. – Жарайсың Супер-Компьютерім, атаңды құтқарып қалдың. Әйтпесе мына балаларым менен сұрап, ұятқа қалдыратын еді. Жеті деген қай халықта да қасиетті сан ғой. О, шебер құдай, бәрін қалай-қалай үйлестірген десеңші! Міне, Діннұр, «Ел қайда? Су қайданың?» жауабы осымен шешілді ме? – Рахмет, ата. Біз енді мектепке барайық. – Онда қасыңа Супер-Компьютер мен Аусар Алмасты және Аяланы ертіп ал. – Жарайды. – Айтпақшы, мынау Абату бүлдіршіндеріне қосқан менің үлесім болсын. Компьютерге деп жинаған зейнетақымнан қалғаны ғой. Діннұр атасын бұрынғыдан да жақсы көріп кетті. Компьютерге деп ақшасын бір жаратты, енді жетімдерге деп тағы беріп отыр. Не деген жомарт, не деген мейірімді жан. – Ата, мән-жайды мұғалімдерге түсіндіріп, ақшаңызды өзіңіз апарып бергеніңіз дұрыс шығар. – Солай деп ойлайсың ба? Жарайды ендеше, өзім-ақ апарайын. – Ал менің үйде қалғаным жөн. – Неге, Супер-Компьютер?
– Діннұр, сен бүлдіршіндерге арналған өзіңнің
сайтыңды аш. Мен сол бойынша барша балаларға
бастамаларыңды айтып, жар салайын.
– Ақыл екен.
– Оны қалай атаймыз?
– «Аяла» десек бола ма?
– Жоқ, менің атымды қоймаңдар.
– Ендеше қандай ат ұсынасың?
– «Тәтті ертегі» деп атайық.
– Бәрекелді, балалар сайты осылай аталса керек.
– Іске кірісейік, ендеше.
Президентке хат
Құрбан айттың төрт күні (Ораза айт – үш, Құрбан
айт – төрт күн болады, балалар) төрт минуттай бол-
май өте шықты. Бүгін Аусар-Алмас ауылына қайтады.
Бірақ әлденені қимайтын сияқты. Нені қимайды сон-
да? Супер-Компьютерді ме? Әлде әсем Астананы ма?
Мүмкін, Сәруәр атай, Діннұр, Аяла шығар жүрегіндегі
қимас сезімнің иелері.
Аулын да сағынды өзі. Аңшы әкесі, үй шаруасы-
нан қолы босамайтын анасы, газет оқудан шарша-
майтын атасы және аң-құс тілеп тұратын Алғыр атты
тазысы, бәрі-бәрі Аусар-Алмастың жолына қарайлап,
қатты сағынып жүрген шығар.
Діннұр мен Аяланың да қоштасқысы келмейтін
сияқты. Ал Супер-Компьютер, тіпті, бауыр басып
алған өзіне. Супер десе супер, қандай ақылды, қандай
тапқыр! Әсіресе, суырып салатын ақындығы ше?
Сайт пен хат-хабардың қожайыны сол қазір. Үйінде
осындай компьютері болса ғой, шіркін!..
Діннұрдың мектебі де жақсы екен. Мұғалімдері
мен достары да ұнады. Зілзаладан зардап шеккен
балаларға көмек қолын созайық деп шыр-пыры
шыққан Діннұрдың ұсынысын қолдап, бір бөлмені
босатып берді. Енді оған жиналған киім-кешектерді,
қағаз-қаламдарды Сәруәр атай тізімге алатын болды.
Одан арғы жағы, әрине, үлкендердің жұмысы.
Дегенмен бір маңызды жұмыс қалған сияқты.
Ол – Президентке хат жазу. Сәруәр атасының
Бәйтерек пен Шырмауық туралы әңгімесі Діннұр
сияқты Аусар-Алмасқа да қатты әсер еткен.
– Діннұр, Аяла, мен бүгін ауылға қайтам. Оған
дейін, келіңдер, Президентке хат жазайық.
– Жарайды.
– Дайынсың ба, Супер-Компьютер?
– Әрине.
– Ендеше, бастайық.
– Кім жазады?
– Аусар-Алмас жазсын.
– Жоқ, Діннұр, сен жаз. Бұл – сенің ойың бола-
тын.
– Жарайды.
Діннұрдың
саусақтары
келесі
сәтте
Супер-
Компьютердің клавиатурасындағы әріптердің үстінде
«секіре» жөнелді. Президентке айтатын сөздері сана-
сында тақпақ сияқты жатталып қалғандықтан ба, еш
мүдірмеді. Аусар-Алмас пен Аяла болса монитордағы
маржандай тізілген сөйлемдерді оқып үлгере алмай
жатыр әуелі.
«Сәлем хат!!!
Сау-сәлеметсіз бе құрметті Президент! Жақында
мен, Аусар-Алмас, Аяла және Супер-Компьютер
бәрімізді Сәруәр атамыз Бәйтерекке алып барды.
Өте әдемі екен. Астана алақандағыдай анық көрінеді.
Бәйтерек те, оның ұшар басындағы шар да, оның
ішіндегі тұғырға түсірілген алақаныңыздың таңбасы
мен ән де қатты әсер етті.
Есіңізде ме, Сіз Бәйтеректің сұлбасын сызып оты-
рып Самұрық пен Айдаһар туралы аңыз айтып беріп
едіңіз ғой. Аңыз бойынша, балапандарын Айдаһар
жеп кете берген Самұрық биіктен пана іздеп, ұясын
Бәйтеректің басына салады да аждаһаның аузынан
жұмыртқасын да, балапандарын да аман алып қалады.
Бірақ Бәйтерекке Айдаһардан басқа да қауіп бар
екен. Ол – Шырмауық. Сәруәр атамыздың айтуын-
ша, Шырмауықпен белең алмай тұрғанда күреспесе,
Айдаһардан да қауіпті дейді.
Сосын... Тот деген пәлекеттен де сақтану қажет
сияқты. Өйткені ол да диқандар кетпен, күрегін
қараусыз қалдырған заматтан бастап шіріте бастайды
емес пе. Сондықтан Бәйтеректің мұнарасына ерекше
күтім керек деп ойлаймыз.
Құрметті Президент! Біздің осы хатымызды оқуға
және жауап жазуға уақыт табатыныңызға сенеміз.
Кездескенше сау-сәлемет болыңыз.
Сәлеммен,
Діннұр, Аяла, Аусар-Алмас және
Супер-Компьютер. Біздің E-maіl: www.ajla@maіl.
kz».
Хат жазылып бітті. Енді оны Ақордаға, Пре зи-
денттің сайтына жібере беруге болады. Аяла элек-
тронды поштадағы «Жіберу» деген жазуға «жебені»
қойып, «тышқанның» сол жақ «мұртын» басып қалып
еді, хат сол заматта Астанаға аттанды да кетті.
Енді Аусар-Алмасты ауылына шығарып салу ғана
қалды. Ол үшін аталарының «Қоңызы» да қызметке
дайын.
Супер-компьютер ауылға аттанатын
болды
– Ал, балаларым, Алмасты шығарып саламыз ба?
– Иә.
– «Қуыс үйден құр шықпа» деген. Қандай
сыйлықпен аттандырасыңдар, достарыңды.
– Мен Инелік ойыншығымды сыйлаймын. Қа-
рын дасына апарып берсін.
– Сен ше, Діннұр?
Діннұр қапелімде не дерін білмей ойланып қалды.
Сосын бір шешімге тоқталғандай:
– Супер-Компьютерді сыйлаймын! – деді.
Діннұрдың бұл сөзіне атасы да, Аусар-Алмас та
таңғалды.
– Қой, бұл – өте қымбат сыйлық. Ол сенің өзіңе
керек. Атаңның сатып әпергеніне бес-ақ күн болды
емес пе?
– Жоқ, мен осылай шештім. Дұрыс па, ата?
– Дұрыс балам, дүние адамға жолдас болмай-
ды. Супер-Компьютердің білімі мен білігі ауылдағы
балаларға да әбден қажет. Сен өте дұрыс таңдау
жасадың.
– Сонда біз қайтеміз?
Аяла Супер-Компьютерді қимай жыламсырап
қалды.
– Мұңайма, Аяла, мен «Миллионды кім алады?»
деген ойынға әбден дайындалдым. Телебағдарламадан
шақырту да келді. Құдай қаласа, тағы бір Супер-
Компьютерді ұтып аламыз. Солай ма, ата?
– Солай, білімнің күшімен тапқан дүниеге не
жетсін!
– Ал Супер-Компьютердің өзі не дер екен бұған?
– Атам дұрыс айтады, менің көмегім ауылға
да қажет. Қайта Аусар-Алмаспен бірге ауыл мен
Астананың арасында айттап жүрмеймін бе.
– Бәрекелді! Бұл – шынында, Супер-Компьютер
десе Супер-Компьютер! Енді Президенттер осындай
Супер-Компьютерлердің көмегімен зілзаланы алдын-
ала біліп отыратын болады.
– Қалайша?
– Абату қасіретіне сендерді алдын-ала араласты-
рып жіберген Супер-Компьютер болатын. Арнольд
балақайдың бастамасын жеткізген де осы достарың.
– Ендеше Абату Президенті халқын апаттан неге
дер кезінде сақтандырмады?
– Алланың өзіне де, сөзіне де сенбей жүрген
халық компьютердің болжамына қайдан сенсін.
– Кейде үлкендер де балалардың сөзіне сенбейді
емес пе?
– Бірақ олар шындықты айтатын тек қана балалар
екенін бәрібір мойындайды. «Балалы үйдің ұрлығы
жатпас» деген мақалды білесіңдер ме?
– Білгенде қандай, ендеше біздің Супер-Компью-
тер нағыз «Уақыт мәшинесінің» өзі болды!
– Одан да мықты.
– Алақай, енді Супер-Компьютердің арқасында
әлем елдері бұдан былай зілзаладан алдын-ала
сақтанып, жер жүзінде Рафаэлло сияқты жетімдер
болмайды. Солай ма, ата?
– Дәл солай, Аяла! Айтпақшы, Тасбақаны
қайтеміз? Алмас батыр оны да ала кетсін де ауылына.
Аусар-Алмас
қуанып
кетті.
«Инелік-Тікұшақ,
Супер-Компьютер+Тасбақа-Танкі!».
– Дұрыс айтасыз ата, Тасбақаның отаны далада.
Астананың ақ жаңбыры
Бұлар ғажайып Супер-Компьютерді қорабына,
ал Тасбақаны торға салып автобекетке келгенде
жаңбыр жауып кетті. Қызық, күннің көзі ашық болса
да сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Атасы «Ақ жаңбыр»
деген осы» деп, мәшинесінен қолшатырын алып,
Аяланың үстіне ұстады. Кенет Діннұрға атасының
қазандай қолшатыры Парашютке ұқсап кетті.
Матаменен тыстайды,
Жаңбырлы күні ұстайды.
Қолшатыры атамның,
Парашютке ұқсайды.
– Діннұр, не деп күбірлеп тұрсың?
– Аяланың альбомына арналған тақпақ қой,
Сәруәр атамның қолшатырын Парашютке ұқсаттым.
– Ал, менің ойымша Парашютті жасаушылар
оны Бақбақ гүлі толған кездегі басынан ұшатын
үлпектеріне қарап ойлап тапқан сияқты көрінеді.
– Сонда қалай, Алмас?
– Өздерің сияқты тақпақпен айтайын ба?
– Иә.
Маусым айы болғанда,
Бақбақ басы толғаңда.
Самал жел үрлеп, үлпегі
Сай-салаға қонғанда,
Мың-мыңдаған Парашют,
Түскендей бейне сол маңға.
Бақбағым, менің бақбағым, Тақылдаған тақпағым. Сәбилерге сыйлайтын, Аппағым, менің аппағым. Көркемсің, ғажап, қымбатсың, Табиғат неткен жұмбақсың! – Керемет! Шынында да солай екен-ау. Жазда ауылыңа барғанда көрсетесің, жарай ма? – Міндетті түрде. Менің байқағаным, өмір ұқсастықтардан тұрады екен. – Мысалы? – Мысалы, жақсы адам жақсы адамға ұқсайды. – Балалар ше? – Олар да. Ешқайсысын ақ, қара және сары деп бөлуге болмайды. – Рас айтасың, өйткені сенің «Ел қайда? Су қайда?» деп жүрген қоңызыңды Абатудың балалары да алақандарына салып, әнге бөлейді екен. – Көрдің бе, мәселе, балалардың ойнайтын ойындары мен ойлайтын армандарының ұқсастығында. – Ол қандай ұқсастық? – Тыныштық, Тоқшылық, Жақсылық... – Сосын? – Сосын... Тәтті ертегі. Əй, Аусар-Алмас-ай!.. Аусар-Алмас, құдайдың құдыреті, бес күннің ішінде әбден есейіп, ақылды болып шыға келген. Бастаудан бүлк-бүлк көтерілген мөлдір судай ақындық өнері де артып келеді. – Анаң қара, автобус дабыл беріп жатыр, жүгір Алмас, әйтпесе қалып қоясың. – Айтпақшы, қалай ойлайсың, Президент хатымызға жауап жазар ма екен? – Әрине, жазады.
Аусар-Алмас автобусқа мінді де өзіне тиесілі
орындыққа келіп жайғасты. Сосын терезеден басын
шығарып:
– Сәруәр ата, Діннұр, Аялаш, қош сау болып
тұрыңдар, – деді қолын бұлғап.
Діннұрға қарап еді, мұңайып тұрған сияқты ма,
қалай? Әлде Супер-Компьютерді қимай ма? Мүмкін,
алдағы уақытта болатын «Миллионды кім алады?»
ойынындағы тап болатын сауалдарға осы бастан дай-
ындалып тұр ма екен? Супер-Компьютер шыдамады:
– Аусар-Алмас, дереу Діннұрды көңілдендіретін
біреңе ойлап тап.
– Табан астында не табам?
– Тақпақ шығар.
– Қандай?
– Бекеттегі автобустарға қарашы, неге ұқсайды?
– Ештеңеге.
– Дұрыстап ойлан.
– Таптым.
– Ендеше айт.
– Сәруәр ата (Сәруәр ата десе Діннұрдың да
назары өзіне ауатынын Аусар-Алмас біледі), мына
автобустың неге ұқсайтынын білесіз бе?
– Супер-Компьютер мәшинемді Қоңызға ұқсатып
еді, сол тағы бірдеңені ойлап тауып, бүйіріңнен
түрткілеп жатыр ма?
– Жоқ, өзім таптым.
– Неге ұқсайды сонда?
– Қырқаяққа!
– Не дейді?!.
– Тыңдаңыз.
Атам құмар Газетке,
Әкем құмар Тазы итке,
Қырқаяқты ұқсаттым,
Автобусқа – «ПАЗик»-ке.
– Дәл, дәл... Аусар десе Аусарсың-ау, балам.
Діннұр Аусар-Алмастың тапқырлығына риза бо-
лып, сақылдап тұрып күліп жіберді.
Жаңбыр әлі сіркіреп тұр. Есіл жақтан ескен
ерке жел оның тамшыларымен ойнап, әлдеқайда
ала қашқысы келеді. «Астанаға жауған ақ жаңбыр
Абатуға да керек, жүр кеттік» деп, ақ тамшыларды
алысқа жетелейтіндей. Әне, қарашы, Сәруәр атаның
қолшатырын да «жүр, жүрлеп» жұлқылап жатыр.
Бәлкім, жел де Алмас сияқты ойынпаз, аусар шығар.
Аусар-Алмас отырған Қырқаяқ-автобус орнынан
жылжыды.
– Кездескенше, күн жақсы болсын, Алмас аға!
Аяланың үні жыламсырап шықты. Кәдімгідей
мұңайып тұр. Атасы оның кекіл шашынан сипап,
маңдайынан сүйді. Діннұр болса автобустың соңынан
ілесіп, біраз жерге дейін жүгіріп барды.
– Аусар-Алмас, Супер-Компьютерді күтіп ұста.
Ол дүниедегі ең, ең... жақсы компьютер!
Қырқаяққа ұқсайтын ескі «ПАЗ» үлкен жолға
түсіп ұзай берді. Қырқаяқ десе қырқаяқ, терезе-
ге ернін тақап бірдеңе деген Аусар-Алмастың сөзін
Діннұрға естіртпей бірте-бірте алыстап барады, алыс-
тап барады...
БІРЛІКТІ ІЗДЕГЕН БАЛА немесе Ұлыстың ұлы күні болған оқиға (діни-пəлсəпалық ертегі) І. Діннұр таң ағарып келе жатқанда оянды. Бұл уақыттағы тіршілік, бәлкім, ересектер үшін таңсық емес шығар. Ал Діннұр үшін керемет. Бұл кереметті, зер салса, басқа балалар да байқайды. Таңның хабаршысы, әдетте, құстар ғой. Бұл аулада әуелі талдан-талға қонақтаған құстар шырылдайды. Адамдар сияқты олардың үндері де әралуан. Жағымдысы да, жағымсызы да бар. Діннұрға, қарғаларға қарағанда, әсіресе, әне бір жұмбақ торғайдың әуені қатты ұнайды. Мұхаммед пайғамбар ғалейки уәссәләмнің хадисіне құлақ қойған шәкірттей Діннұр сол сұлу сазды тыңдаудан жалыққан емес. Бірақ жұмбақ торғайдың таңалагеуім мен кешкі тымықта ғана сайрайтыны өкінішті. Жұрттың көзіне түсуден неге қашқақтайды екен? Әлде адамдарға жақындаса, бас азаттығына қатер төнетінін сезе ме? Күнделікті күйкі тірлікке бой алдырған көпшілік, керісінше, талдың ұшар басындағы бұтақта ноқаттай болып отырған әнші торғайды көруге онша құштарлық таныта қоймайды. Ал Діннұр жалыққан емес. Жұмбақ торғай қай талда сайрап отырса ерінбестен сол талға
барып, мойнын талдырып, бұтақтан-бұтаққа үңіліп,
қарап жүргені. Қас қылғандай тапқан замат әнші
«ноқат» құйқылжуын кілт тоқтатады. Содан қайта
сайрағанша Діннұр кішкентай құстан көз алмай қарап
тұрғаны. Ол да ерке. Кейде сарылтып ұзақ күттіреді.
Құстардың әнінен соң азаншының үні естіледі.
«Аллаһү әкбар, Аллаһү әкбар, Аллаһү әкбар, Аллаһү
әкбар. Әшһәдү ән лә ілаһә іллалаһ, әшһәдү ән лә ілаһә
іллалаһ...». Бұл құлаққа жағымды қоңыр әуенді ұйып
тыңдау үшін үйің мешіттің қасында болуы керек. Алла
тағала үйін базардың қасына емес, мешіттің қасына
соққан адамдарды сүйеді екен. Әкесі осы үйді сатып
алғанда Діннұр оның мешіттің қасында болғанына
қуанған.
Бүгін таң намазынан соң Ұлыстың ұлы күні – На-
урыз мейрамы басталмақ. Кеше анасы:
– Ертең сергек тұр балам. Егер Наурыз мейра-
мын қошуақ көңілмен қарсы алсаң, Алла-тағала сені
келесі Наурызға дейін дін аман, көңілді, алаңсыз өмір
сүргізеді, – деген.
Діннұр көңілді жүрмейін дей ме екен? Әсіресе,
дәрігерлер әкесін ауруханадан шығарып тастағалы
бері жүрегі қобалжи береді. Әйтеуір күнде дұға оқып,
төсек тартып жатқан әкенің жаман аурудан құлан-
таза жазылуын тілейді. Анасы, «сергек тұр» дегенде,
сірә, ұлының осы бір алағай да бұлағай көңіл ауанын
меңзесе керек дүр.
* * *
– Қадиша, бүгін Ұлыстың ұлы күні ғой, жақсылап
тұрып Наурыз көже пісірші.
Көптен бері тамаққа тәбеті шаппай, иығы қушиып,
азып кеткен әкесі Әбдікәрім әлсіз тіл қатты.
– Жарайды, Діннұрдың әкесі. Бар өнерімді са-
лып көрейін, – деді, Қадиша сырқат күйеуінің тілегін
жан-тәнімен орындауға ықыласын білдіріп.
Бұл мейрамның ерекшелігі – Наурыз көже пісіру
үшін қасқалдақтың қанындай қат азық-түлік іздеп
әуре болудың қажеті жоқ. Су шүмектен сарылдап
ағып тұр. Шүкір, май мен тұз да бар. Айран мен сүтті
үйдің іргесіндегі дүкеннен-ақ сатып алуға болады. Ар-
зан. Ұн да, ұнның ішіне сақталған бір тал сүр қазы да
бар. Сонда үйде жоғы тек қана тары екен. Бірақ базар-
да ол да қап-қап болып толып тұр.
Базарға баруға шаңырақтағы аяқ-қолы жеңіл
Діннұр ыңғайлы. Тарыны тез алып келсе, Наурыз
көже де тез дайын болады. Наурыз көже тез дайын
болса, аңсары ауған дәмді терлеп-тепшіп ішкен әке
көңілі де тез орнына түседі. Сондықтан «Шіркін, осы
Наурыз көже әкемнің асқазанындағы жараға ем бо-
лып, жазылып кетсе ғой...» деп, ойлаған Діннұр базар
емес, Балқантауға жұмсаса да қиналмайды. Оған әкесі
мен анасының амандығынан басқа бақыттың керегі
де жоқ?!.
* * *
Діннұр базарға апаратын айналма жолға түспей,
төтелей тартты. Анасының тары ал деп берген теңгесі
алақанын ысытып барады. Ол ақшаны түсіріп алмау
үшін қолын қатты қысып алған еді.
Қазыбек би көшесінің қиылысынан өте берген-
де таяғымен жолды түртінектеген зағип қартты көзі
шалды. Өкінішке қарай, бұл қаланың көшелерінде
зағиптерге арналған бағдаршамдар жоқ болатын. Ал
ары-бері ағылған көліктердің қарасы мол. Солардың
біреуі болмаса біреуі зағип шалды қағып кетуі мүмкін.
– Ассалаумағалейкүм, ата!
– Уғалейкүмәссалам, балам. Сәлем – Алла
тағаланың жердегі аты. Кіші – үлкенге, жолаушы –
отырғанға, азшылық – көпшілікке сәлем береді. Бір-
біріңмен сәлемдесіп жүріңдер деп үйретеді хадис.
Есің бар бала екенсің.
– Біздің пәтеріміз Алланың жердегі үйі –
мешіттің қасында ата. Мектептен кейін медресеге
де барып тұрамын, – деген Діннұр зағип қарияны
қолтығынан демеп, ештеңеге соқтықтырмай жолдан
аман-есен өткізіп жіберді. Шал таяғымен асфальтты шұқылап, сәл кібіртіктеп тұрды да: – Ақылың бар екен, айналайын. Кімнің баласысың? – деді. – Әбдікәрімнің. – Әкеңе сәлем айт. Жазылып кетсін. – Әумин, – деген Діннұр бұл кісі менің әкемнің ауру екенін қайдан біледі деп ойланып қалды. Шал жолдың шетіндегі соқпақпен ілбіп бара жатыр екен. Осы кезде бірге оқитын досы Еркебұлан кездесе кетті. – Діннұр, айып етпе, бір бұйымтай болып тұр, – деді ол. – Тал егеміз, көшет сатып әкел деп береген әкейдің ақшасын жаратып қойып ем, Құдай үшін көмектесіп жіберші? Анасы тары сатып ал деген ақшаның жартысын Діннұр тығырықа тірелген досына ұсынды. – Рахмет, ертең қайтарамын. – Оқасы жоқ. Діннұр қалған ақшаға да біраз тары сатып алуға болатынын біледі. Біраз жүрген соң ол құмырсқаның илеуіндей қайнаған базарға да жетті. Бүгін базар тым ерте қызыпты. У-шу. Құжынаған жұрт Наурыз дастарқанына деп азық-түлік сатып алып, бір-бірімен қауқылдаса сөйлесіп, мәре-сәре болып жатыр. – Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! – дейді кеуде қағыстыра көрісіп. * * * Базардағы бидай, жүгері, тары сататын бөлік те ығы-жығы халық, кимелеген жұрт. Базардың аты базар. Біреуге бағасы ұнаса, заты ұнамайды, енді біреуге заты ұнаса, бағасы ұнамайды. Кенет Діннұрдың көзі базар баукеспесінің сұғанақ қолына түсті. Ұрының қолы сатушымен тәжікелесіп тұрған апайдың сөмкесіне сүңгіп бара жатыр. Алпамсадай ұрыға Діннұрдың әлі келмесі анық. Не істеу ке-
рек? Тез шешім қабылдамаса, берер минуттан кейін
ұры қарасын батырады. Діннұр жандәрмен дегенде
сатушымен келісе алмай, керілдесіп жатқан апайға
тұра ұмтылды.
– Апай, сөмкеңізге абай болыңыз...
Діннұрға жақтырмай, алара қарған ұры лезде
көзден ғайып болды. Ал сатушыға үстем үнмен жеки
сөйлеп тұрған апайы, базарда ұры-қары жүретіні енді
ғана есіне түскендей, жалма-жан сөмкесіне жармас-
ты. Майлы жүзін моншақ-моншақ тер жуып кет-
кен апай сөмкесін ашып, бір бума ақшасының аман
екеніне көзі жеткен соң, Діннұрға ал кеп алғыс жау-
дырсын. «Алмаймын» дегеніне қарамастан қолына екі
мың теңгені ұстата салды.
* * *
Діннұрдың «Шіркін, әкем ауруынан құлан таза
жазылып кетсе» деген ең басты арманынан басқа тағы
екі арманы бар болатын. Оның біреуі – компьютер,
екіншісі – велосипед. Бірақ ауру әке мен мектептің
еденін жуатын анасының тапқан-таянғанын компью-
тер мен велосипедке жұмсау ұят. Сондықтан ол бұл ар-
манын ешкімге айтпай, ішіне бүгіп, құпия сақтайтын.
Ұрыға жем бола жаздаған аңғал апайдың екі мың
теңгесі сол арманды есіне түсірген. Базарда не көп,
велосипед көп. Ішінде арзандары да бар. Мысалы,
екі мың теңгеге мінілген жап-жақсы велосипед са-
тып алуға әбден болады. Бірақ ондай велосипедтердің
көбісі ұрлық дүние екені есіне түскенде, Діннұр ой-
ынан лезде бас тартты. Әлде компьютер клубындағы
түрлі ойындардың «тұтқынына» айналып, құмардан
шықса ма екен? Жоқ, ол да дұрыс емес, бұл ақшаны
одан да әке-шешесіне апарып бергені абзал. Дәрі-
дәрмек алуға жаратар.
* * * Діннұр осы оймен бір килограмм тарыны сөмкесіне салып, үйіне беттеді. Ауру баққан ана «бар да қайт» деген. Наурыз көжеге тәбеті шапқан әке де алаңдап отырған шығар. Қазыбек би көшесінің бұрылысына жете бергенде сөмкесі кенет өзінен өзі ауырлағандай болды. Бір килограмм тары дейтіндей емес, зіл батпан салмақ иығын талдырып барады. Ертеңгілік салқын болған соң жейдесінің сыртынан күрте киіп шығып еді. Маңдайынан шып-шып тер шықты. Тарыны мұнша ауыр болады деп кім ойлаған? Әлде, бір қулар сөмкесіне байқатпай тас салып жіберді ме? Алласы бір, айласы бөлек базар адамдарының арасында ондайлар да болады. Діннұр манағы зағип шалды қолтығынан демеп, жолдан өткізіп жіберетін тұсқа келіп, сөмкесіне үңілген. Мәссаған, безгелдек! Тарының орнында сапсары құм қиыршықтары жатыр. Бұл не? Қалжыңдап жүрген кім? Тарыны... жоқ, сары құм қиыршықтарын қолымен іліп алып, суырып көрген, сусылдап төгіліп тұр. Алтын... Мынау шынымен алтын ба? Бісмілләһір Рахманір Рахім... Бірақ қалайша? Тары сатушы қателесіп... Жоқ, оның да, мұның да қателесуі мүмкін емес. Жайманың үстіндегі тарының қиқымдарын үрлеп жібергенде мұның көзіне қыпығы түсіп кете жаздаған жоқ па? Ендеше мына сап-сары құм... жожоқ, алтын қайдан пайда болды? Әлде, түсім бе?.. * * * Діннұр тосын оқиғаның өңі екеніне үйіне келгенде көзі анық жетті. Ас бөлмеден Наурыз көженің дәмді исі бұрқырап, мұрынды жара бастапты. Басына алғашқы келген ой: «Оу, тарыны кім әкеп берген?» болды. Төрде мешіттің бас имамы Әбсаттар қажы отыр. Бірақ ол тары әкеліп берген кісіге ұқсамайды. Әдетінше құрдасы Әбдікәрімнің көңілін сұрай келіпті.
Келген сайын «Науқас адамның көңілін сұрауға бара
жатқан адам өзін жұмаққа бара жатқандай сезінеді»
деп қояды..
– Бүгін – Ұлыстың ұлы күні ғой. Соңыра қол
тимейді, сондықтан ерте жарықта кіріп шығайын
дедім, – дейді.
Ас үй мен қонақ бөлменің ортасында біресе ас
қамдап, біресе дастарқанды мәзірге толтырып жүрген
анасы:
– Әлгінде Еркебұлан келді де, Діннұр беріп
жіберді деп бір килә тары беріп кетті. Сені қазір келеді
деді. Қайда бардың? – деді.
Діннұрдың іші бір қызықтың басталғанын сезді.
Әуелі әкесін танитындай сәлем айт деген зағип
шал... Одан кейін Еркебұлан... Енді апай келіп, есікті
тоқылдатып тұрмасын деңіз? Ойлағанындай есіктің
қоңырауы шыр ете қалды.
Расында есіктің көзінен әуелі базарда ақшасын
ұрлатып ала жаздаған апай көрінді. Сосын ай-шай
жоқ,
подьезді
жаңғырықтыра
сөйлесіп,
бір-екі
қорапты көтеріп келе жатқан жұмысшыларға:
– Бері қарай көтеріліңдер де, қорапты мына
пәтерге кіргізіңдер, – деді.
Қораптағы компьютер болып шықты. Бесінші
қабатқа көтерілемін деп, алқынып қалған апай әке-
шешесіне мән-жайды түсіндіріп жатыр.
– Бұл бала болмағанда қалтамдағы бар ақшамнан
айырылып қалатын едім, көп жаса қарағым. Мы-
нау – менің сыйлығым. Соңғы үлгідегі компьютер,
барлық керек-жарағы түгел. Өзі сыйқырлы, берген
тапсырмаңның бәрін бұлжытпай орындайды.
* * *
Діннұрдың
жүзі
алаулап
кетті.
Қуанғаны
ма, қорыққаны ма? Әлде ұят па? Әйтеуір бір
қолайсыздықты
сезінді.
Сыртқы
есікке
қарап,
жалтақтай береді. Өйткені әні-міні дегенше зағип
қария кіріп келетін сияқты. Ойлағанындай-ақ есіктің
қоңырауы тағы да шыр ете қалды. Діннұр селк ете түсті. Әкесі ұлының үрейленгеніне лекіте күліп жіберді. – Мынау бір естен кетпес күн болғалы тұр ғой өзі. Тағы қай досың келіп, рұқсат сұрап тұр? Діннұр есікті ашты. Айтса айтқандай, зағип шал. Қасында бір бала тұр. Қолында... велосипед! Мұндай велосипедті Діннұр базардан көрген. Жылдамдық ауыстырғышы бар, дөңгелектері жалт-жұлт еткен велосипедке талай рет құмарта қарап өткен. Бірақ жақсы заттың бағасы да жақсы. Бір велосипед 18-20 мың теңге тұрады! Діннұрдың үйінде ондай артық ақша қайда!?. Міне, арманға айналған сол қымбат велосипедті зағип шал сыйлап тұр. Тегін. Тек қана қиял-ғажайып ертегілерде болатын оқиғаға Діннұр ғана емес, имам да, ата-анасы да аңтаң. Аң-таң болатыны сол, Діннұрға сыйлықтарын тапсырып, ата-анасына рахмет айтқан «қонақтардың» келуі қандай тосын болса, көзден ғайып болуы да сондай жылдам болды. Тіпті олардың үйден қалай шығып кеткенін де ешкім байқамай қалды. Бұл не деген құдырет?!. Өтірік дейін десең, сыйлықтары қойған орындарында тұр. ІІ Компьютер сыйлықтың төресі болды. Әлбетте, су жаңа велосипед те ғажап. Ызғып тұр. Тепкенде аяғыңа салмақ та түспейді. Асфальттың үстімен жүйткітіп бергенде, құлағыңның тұсынан зуылдап жел еседі. Ал компьютер ақылды десең ақылды, тапқыр десең тапқыр, шешен десең шешен болып шықты. Өзі кез-келген тілде оқып, жаза алады. Таза полиглот! Діннұр компьютерді тоққа жалғап, кнопкасын басқан заматта-ақ монитордың жүзі жарқырап, «Mіcrosoft.Wіndows.xp» деген жазу сәлем жолдап шыға келді. Қай тілде жазып, қай тілде сөйлесетініңді электр желісіне байланған «тышқанның» сол
жақ «шекесін» сырт еткізіп басып қалсаң болды, таңдағаның шыға келеді. Бірақ Діннұр ойланып қалды. Бір ғажабы бұрын мұндай ой басына келмеген. «Алла тағала бір. Жер шарындағы адамзаттың барлығы Бір атаның, яғни Адам ата мен Хауа ананың балалары. Ендеше ересектерге не жетпейді осы? Неге дінге, тілге бөлініп, қырық пышақ болады? Дүние жаралғалы бері қанша рет соғыс болып, қанша рет қан төгілді? Мұны білетін тарихшы бар ма? Әй, қайдам!». Міне, мына компьютердің клавиштеріне де ағылшын, орыс және қазақ әріптері орналасқан. Әріптері де адамдар сияқты әр түрлі. Әр қайсысының жазылуы, дыбысталуы, оқылуы бөлек. Елден асқан полиглот болмасаң, түкке түсінбейсің. Діннұр тағы ойланды. «Сонда Жаратушыға адалы сандар ғана ма?» Өйткені сандар барлық елде бірдей жазылады екен. Мысалы, 1 саны қазақта да, қытайда да – 1. Ал қытайлардың иероглифтерін түсініп көр! Барлық елге түсінікті болу – қандай бақыт! Сандар бұл бақытты сезе ме екен? Компьютер құрастырушылар да 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 сандарын клавиштің ең үстіңгі қатарына қаз-қатар жайғастырыпты. Бейне бір әріптерге «мына сандар сияқты неге бірауызды болмайсыңдар?» деп, үлгі көрсеткендей. * * * Діннұр компьютерге осы ойларын жазуы мұң, монитор сөйлеп қоя берді. Роботтың дауысындай үзіксозық емес, ап-анық. – Ассалаумағалейкүм, – деді ол. – Қаласаң, Сені табан астында Бір санымен таныстырамын. Діннұр таңғалды. – Бір дейсің бе?!. Неге Екі немесе Бес емес? – Өйткені, Бір – барлық санның басы. Содан кейін Бірінші болуға барлық бала құмар. Ересектер де қазір Бірінші болу үшін барын салып жатыр. Бірінші ел, Бірінші басшы, Бірінші бай, Бірінші орын... рас па?
Діннұрдың есіне Президент сөйлеген сайын әкесі
Әбдікәрімнің «Единица болмаса не болады өңкей нөл»
деп, Абай ақынның өлеңін қайта-қайта айтып отыра-
тыны түсті. Миллиардтан астам халқы бар мемлекетті
де Бір басшы басқарып отыр.
– Бір дейсің бе, таныссам, танысайын.
«Бір деген саннан Бірлік деген ұғым шығады, –
деп ойлады Діннұр, – ал Бірлік деген сөз Ынтымақ
деген сөздің баламасы. «Ырыс қайда барасың деп
сұраса, Ынтымаққа барамын» депті. Демек, дүниені
жаратқан Алланың жалғыздығы хақ сияқты, жер
шарының жауапкершілігі де Бірінші басшылар мен
солардың халқының Бірлігі мен Берекесінде».
* * *
Бірдің аты Бір емес пе, ол үшін барлық
компьютердің «құлпы» ашық екен. Өзі ақылды бо-
лып шықты. Жер мен ғарыштың арасындағы қым-
қиғаш ақпараттар толқынына ілесіп, тыным таппай
жұмыс істеп жүр. Хабар-ошар мен ең маңызды деген
мәселелердің сәт сайын ортасында десе де болады.
Ал дүние жүзінде қанша мемлекет болса, сон-
ша мәселе бар. Бұл мәселелерді шешу – Бірінші
басшылардың міндеті.
Бір мен Діннұрдың Біріншілер елдеріне саяхаты
басталды да кетті. Діннұрға бәрі таңсық.
– Мына ақпарат не дейді?
– Халықтан сұраған ақшаның мөлшері ғой.
– Сұрап жатқан кім?
– Бірінші!
– Ол осыншама қаржыны қайда жұмсаймын
дейді?
– Соғысқа.
– Астапыралла! Ақыл-парасат ғасырында қырық-
пышақ болып соғысатындай бастарына не күн туды?
Бұларға не жетпейді сонда?
– Дүниежүзінде №1 ел екенін басқа мемлекет-
терге дәлелдеу үшін.
– Менің есіме Мұхаммед ғалейки уәссәләмнің бір хадисі түсіп тұр. – Ол қандай хадис? – Төбелесте бір ұрып құлатқан жеңбейді, ашуын баса білген адам жеңімпаз атанады делінген ол хадисте. – Ұлағатты сөз екен. * * * Соғысқа деп ақша жинауды әдетке айналдырған Бірінші үлкен картаның алдында ойланып тұр еді. Өз қиялымен өзі әуре. Дүние жүзін тәуелді етуді армандаған ол картаның алдынан шықпайтын. Әр құрлыққа өзінше ат та қойып алған. – Мен бұл Біріншімен сөйлесіп көрсем қайтеді, – деді Діннұр. – Сөйлесіп көр. Мен білсем ол өзінің «бас қатырғышын» саған да айтады. Норвегия, Швеция және Финляндия елдері орналасқан жерге сұғын қадап тұрған Бірінші салған жерден: – Мына жер неге ұқсайды? – деді Діннұрға. – Бұл ма, бұл жер, меніңше, мысықтың мәуленіне ұқсайды. – Мәулен деген не? – Мысықтың баласы. – Таппадың. Бұл жер Жолбарысқа ұқсайды. Қарашы жымын білдірмей басатын жыртқыштың дәл өзі емес пе? Біріншінің теңеуі Діннұрға ұнамады. Ол көрген заттарын мейлі жанды, мейлі жансыз болсын, тек қана момын, ізгі нәрселерге теңеп үйренген. Сондықтан: – Онда менің сұрағыма жауап беріңіз, – деп салды. – Жарайды, – деді Бірінші өзінің «бас қатырғыш» мәселесінде №1 екеніне шүбәланбастан. – Мына алып жер неге ұқсайды? Бірінші қарқ-қарқ күлді.
– Бұл ма, бұл жер кәдімгі тапаншаға ұқсайды.
Қарашы шүріппесіне дейін қайырулы тұрған сияқты.
Басып қалсаң болды... тарс ете қалады.
«Жаманның ойыны да жаман» деуші еді анасы.
Діннұр үлкен кісілер де осылайша үстірт ойлайды
екен-ау деп таңғалды. Бұл сөзді, мысалы, компьютер
клубының көркіне айналған, неше түрлі ойындардың
жарысында жеңімпаз атынып жүрген Еркебұлан айт-
са қынжылмас еді.
Өз тапқырлығына өзі масаттанған Бірінші:
– Есіңде болсын, қарулы адам қашан да сыйлы, –
деп тұжырды.
Біріншінің
нұсқама
таяғы
Африкадай
алып
құрлықтың
бүйіріне
оқтұмсықтай
шаншылып
тұрғанын қаламаған Діннұр:
– Жоқ, – деді даусы саңқ етіп, – бұл жер
тапаншаға ұқсамайды. Бұл жер жүрекке ұқсайды.
Алып жүрекке. Жүректерден адамзат баласының
бойына ыстық қан тарайды. Қан дегеніміз өмір. Аф-
рика да үнемі ыстық, жылы.
Мұндай тосын жауапты күтпеген Бірінші ойланып
қалды.
– Алып жүрекке дейсің бе? Шынында «қара
құрлық» жүрекке де ұқсайды екен ә...
Бірінші Африканы картадан жаңа көргендей
өзімен өзі күбірлеп тұрғанда Діннұр:
– Кеттік, – деп Бірге иек қақты.
* * *
Компьютерге «енген» бала ананы білсем, мына-
ны көрсем деп ию-қию ойыннан қайтып шыққысы
келмейді. Діннұр да компьютердің ішін қызықтаймын
деп жүріп тағы бір елдің үстінен түсті. Бұл елдің адам-
дары баяғы бәдәуилердің заманын еске түсірді. Өздері
сол ата-бабалары сияқты әлі күнге дейін шикі кесек-
тен соғылған үйде тұрады екен.
– Бұл ел неге кедей?
– Себебі бұл елдің Біріншілері алтынның буына мастанып ғылым мен білімге ден қоймаған. Сол кезде көшеден улап-шулап келе жатқан бір топ ереуілшілер көрінді. – Бірақ ереуілге шығуды біледі екен. – Одан не пайда. Халқынан соғысқа деп миллиардтаған ақша алған Бірінші мұздай қаруланған әскерін әкелді де, тас-талқанын шығарды. Содан бері мұнда күн сайын қырғын. – Демек, алтын үшін қан төгіп жатыр екен ғой? – Иә, қуаныш та, қырғын да байлыққа деген құмарлықтан туады. Мен білсем сен де бүгін бір сөмке алтынға кенелдің білем. Діннұр сөмкесіндегі тарының алтынға айналып кеткеніне кінәлі адамдай қызарып кетті. – Мен ол үшін ешкімге соғыс ашқан жоқпын ғой. – Білем. Есіңде болсын, дүние тозаңнан топыраққа айналып, жұмыр жер жаралғалы бері балалардың кесірінен бір де бір соғыс өрті тұтанған жоқ. Соғысқұмар тек қана ересектер. Ересек болғанда, анау-мынау емес, №1 ересектер. Содан кейін, ынтымағы, береке-бірлігі жоқ елде талас-тартыс, соғыс көп болады. – Бірлікке бастайтын басшылары болмай ма? – Билікке таласқан елге басшы жаға ма? Олардың ойлағаны елдің қамы емес, мыс-мыс ақшаның қамы. Діннұрдың ұққаны барлық балалар сияқты Бір де соғысты жек көреді екен. * * * Діннұр мен Бір енді үшінші елге келді. Бірақ олар мұнда көп аялдаған жоқ. – Бұл елдің Біріншісі керең, – деді Бір ренжіп. – Неге? – Себебі ол мақтау сөзден басқа түк естімейді. – Мадақ бір Аллаға ғана тән емес пе? – Дұрыс айтасың. Мұхаммед ғалейки уәссәләмды үмбеттері мақтаған кезде ол кісі күбірлеп дұға оқып
отырыпты. Неге өйттіңіз дегендерге, мадақ Аллаға ғана тән, сондықтан үмбеттерімнің күнәсін кешіре гөр деп Алла тағалаға жалбарынып, дұға оқып отырдым депті. Діннұр кірген із бен шыққан із жоқ, томағатұйық елден тезірек кетуге асықты. * * * Төртінші елге келгенде Діннұрдың есіне имам айтқан бір оқиға оралды. «Ертеде бір патшаның егіс алқабына бидай бітік шығып, айналасындағы ел астыққа қарық болады. Бұл тегін емес деп ойлаған патша егін еккен жерінің астын қазса, алтын мен күмістен тұратын қыруар қазынаға тап болып, елі бұрынғыдан да байып кетіпті» – деп еді ол. Мына елдің халқының жүріс-тұрысынан да аяғының астында алтын жатқандай бақыттылық сезіледі екен. Діннұрдың осы ойын дөп басқан Бір: – Бұл елдің халқының барлығының да автокөліктері, зәулім үй-жайлары және кәсібі бар, – деді. – Қалайша? – Себебі, бұл елдің Біріншісі өмір бойы халқының үш кілті болғанын армандады. Біріншісі – үйдің кілті, екіншісі – автомашинаның кілті, үшіншісі – жекеменшік кәсіпорынының кілті. Міне, ол сол арманына бірте-бірте жақындап келеді. Басқа ел-жұрт қызыққан Бірлік те, Береке де осы елде. – Бұл елдің балалары да бақытты шығар. – Әрине, бақытты. Бұл елде балалар жаңа жыл сайын Президенттің алтын ордасындағы шырша мерекесіне жиналып, Президентпен бірге ән айтып, би билейді. Президенттің сыйлығын алады. Наурыз мейрамында да осылай. Балалардың салтанатына Президент те қатысады. – Ол қандай салтанат? – Мысалы, Наурыз мейрамында қанша бүлдіршіннің тұсауын кеседі, қанша балаға азан
шақырып, ат қояды, қанша бала атқа шауып, бәйгеге
алады. Осының бәрі салтанат. Ортасында үнемі
Бірінші жүреді.
– Тамаша екен. Ол кісінің өзін көруге бола ма?
– Неге болмасын. Ол үшін «Алтын орда» сайтына
енсек болды.
* * *
Бұл Бірінші халықпен бірге Наурыз мейрамында
жүр екен. Өзі өте көңілді.
– Бір ана мен баланың құқы бұзылса – барлық ана
мен баланың құқы бұзылады. Біз оған жол бермеуіміз
керек, – деп қояды балаларға.
Діннұр
Біріншіні
салған
жерден
таныды.
Еркебұлан
екеуі
кішкентай
кезінде
Президент
өткізген Наурыз мейрамына барған. Сонда Прези-
дент бұған жақындап:
– Тақпақ білесің бе? – деп сұрағаны есте.
Діннұр ол кезде әжесі үйреткен бір-ақ тақпақ білетін.
Бірақ ол тақпақтың бір «ыңғайсыздау» жері бар еді.
Сондықтан:
– Білем, – десе де күмілжіп қалды.
– Қане, білсең айта ғой.
«Тәуекел» деген Діннұр:
Ана қырдың астынан қоян қашты,
Ол қоянға жете алмай қарным ашты.
Үйге келіп жегенім қойдың еті,
Сусынымды қандырған ..., –
деп барып, тағы мүдірді. Өйткені жаңағы «ыңғайсыз»
нәрсе тақпақтың соңғы жолындағы соңғы сөзде еді.
* * *
Діннұрдың екі бетінің ұшы қызарып, терлеп кетті.
Әжесі үйреткендей: «Сусынымды қандырған қыздың
беті» дейін десе, балаларға күлкі болуы мүмкін.
Кішкентай кезінде бұл тақпақты айтқанда ұялмаушы
еді. Мектепке барғалы бері әжесінің жап-жақсы деген тақпағы «жарамсыз» болды да қалды. Абырой болғанда Президенттің қасында жүрген Қызыр ата бейнесіндегі ағай: «Сусынымды қандырған ананастың өзі» деп, жапырағы шошайған үлкен ананасты қолына ұстата салды. Президент болса: – Несі бар өте жақсы тақпақ. Әжеңе менен сәлем айт, – деп күліп жіберді. Ең қызығы, содан бері бірнеше жыл өтсе де Президент Діннұрды ұмытпапты. Көрген бетте таныды. – Оһо, қоян қуғыш бала аман-есенсің бе? Бұл не дерін білмей ұялып қалған. Сол кезде: – Ол бүгінде білім қуып, бірлікті іздеп жүр, – деген Бір жол-жөнекей көрген-білгендерінің бәрін Президентке тәптіштеп айтып берді. Президент ойланып қалды. – Өкінішке қарай, ондай Біріншілер бар. Өз басым елді үнемі Береке, Бірлікке насихаттап жүремін. Дос боламын деген елге біздің құшағымыз әрқашанда ашық. – Біз онда барған жерімізде осындай да осындай тәуелсіз ел бар, сол елдің Президенті барлықтарыңды дос болуға шақырады деп айта жүрейік. – Міне, ақыл. Біздің елде «Үйіңді таспен қоршама, доспен қорша» деген мақал бар. Біз достарымызды көбейткіміз келеді. Әлемнің барлық балаларына менің осы сөзімді жеткізіңдер, жарай ма, – деген Президент Діннұрға өзінің балаларға арнап жазған кітабын сыйлап, қол қойып берді. ІІІ Діннұр қат-қабат оқиғаның әсерінен өзіне-өзі келгенде байқады, имам Аллаға жалбарынып, дұға оқып отыр екен. Діннұр имамның тәпсірлерін жұма сайын ұйып тыңдайды. Үні қандай сазды болса, өңі де сондай жылы кісі өзі. Дастарқан басында әкесі, анасы, өзі және имам төртеуі қалған соң үстелдің үстіне сөмкесін еппен қойып, аузын ашты да, жол-жөнекей пайда болған сап-сары құм қиыршықтарын көрсетті.
– Мен саған тары әкел демеп пе ем?!.
Діннұр бүгін таңертеңнен бері басынан кешкен
оқиғаларды тәптіштей жөнелді. Баланың әңгімесін
мұқият тыңдап болған имам тағы да дұға оқып,
мәселенің жай-жапсарын түсіндірді.
– Пенденің істеген жақсылы-жаманды ісінің
бәрі Алла тағаланың бұйрығымен және сайтанның
аз ғыруымен жасалады. Діннұрдың бүгінгі ісінен
Алла ның бұйрығы мен періштелердің «әумин» де ге-
ні аңғарылып тұр. Мұхаммед пайғамбар ғалейки уәс-
салам «Барлықтарыңның міндеттерің – намазды өз
уақытымен оқу және ата-анаңа жақсылық жасау» де-
ген. Он жасар Діннұр бес уақыт намазын да, жұма на-
мазын да қаза жіберген емес. Ата-анасының қамын да
есінен шығармайды. Одан кейін Алла тағала жұмысты
тындырып істеген адамды ұнатады. Кімде кім күнә
тірлік жасалып жатқанын көрсе оны тоқтатсын, егер
күші жетпесе тілімен қайтарсын, егер оған да ерік-
жігері жетпесе оны жанымен жек көрсін. Бұл – иман-
дылық. Кімде-кім соқыр адамды қырық қадамдай же-
тектесе, ол міндетті түрде жұмаққа барады. Себебі,
зағип адамға жол көрсетудің мәні жоғары, ал ақиқат
жолын, жанды тазарту жолын, Алла тағаланың жолын
нұсқау одан да маңызды. Кімде-кім Алла тағаланы куә
етіп, құтқаруды өтінсе оны құтқару керек. Кімде-кім
Алла тағаланы куә етіп, зат сұраса беріңдер. Кімде-кім
ұрлық малды біле тұра сатып алса, сол ұрының жасаған
айыбына ортақ. Сендер қанша жақсы іс жасасаңдар,
Алла тағала да сендерге сауабын жіберуін тоқ тат-
пайды. Мынау сөмкедегі сары қиыршықтар құм емес,
алтын! Діннұрдан қайыр көрген адамдардың алғысы
мен берген батасын Алла тағала қолдап, бұл сыйлықты
сендерге арнайы жіберіп отыр. Мұны енді игіліктеріңе
жаратыңдар, сауап болады...
– Жоқ, тақсыр, бұл Алла тағаланың біздің отба-
сын сынау үшін жіберген тағы бір сыны шығар. Енде-
ше біз мұны анау бітпей тұрған мешіттің құрылысына
салайық. Солай ма Діннұр.
– Дегеніңіз болсын, әке.
Ұлының салиқалы сөзін анасы Қадиша да құп та-
ғандай жымиып, бас изеді.
– Халық үшін құдық қазу, жол салу, мешіт пен
мектеп соғудан өткен қайырлы іс жоқ, – деді имам. –
Бірақ мұндай сауапты іспен айналысатын байлар бол-
са керек еді...
Діннұр үй толы сый-сияпат, сөмке толы алтын-
нан бұрын әкесінің бас көтеріп, имаммен сау адамдай
пікірлесіп отырғанына қуанды. Таңертең көңіл-күйі
жабығыңқы болатын. Анасының жүзіне де нұр ойнап
қалыпты.
* * *
Имамның кейитініндей бар. Бұл қаланың мешіті
ескі әрі базардың қасында болатын. Ал Мұхаммед
пайғамбар ғалейки уәссәләмнің айтуынша, базардың
қасындағы мешіт тұрғай, үйлердің өзі лас деп сана-
лады. Имам мешітті осы лас пен былапыт сөздерден
аулақ әкету үшін орталықтан зәулім мешіт соғуға
бастама көтерген. Қазір халық біткен сол үлкен
құрылысқа қал-қадерінше үлес қосып жатыр. «Құдай
қаласа, мына олжа сол мешітке бұйыратын болды»
деп ойлады Діннұр.
– Халқымыз Қызыр атаның қасиеті туралы бекер
айтпаған ғой. Ол Ұлыстың ұлы күні адамға әртүрлі бей-
неде жолығады екен. Әлгі зағип сол Қызыр атаның өзі
болып жүрмегей. Діннұрды сынау үшін Еркебұланды,
баукеспені және әлгі апайын кездестірген, бәлкім, сол
Қызыр ата шығар. Сондықтан, Алла тағаланың сыйынан
бас тартуға болмайды. Діннұр, құдай қаласа, енді төрт-
бес жылда үлкен жігіт болады. Жігітке қаражат керек
қой. Алтынның бір бөлігін өз қажеттеріңе жаратыңдар,
сауап болады, – деген имам, Діннұрдың анасы әкелген
Наурыз көжені қасықпен іліп алып дә мін көрді де:
– Ім, мына көжеден жұмақтағы жемістің жұпар
иісі аңқып тұр ғой өзі. Мұндай жақсы көже қалғанша,
менің жаман қарным жарылсын, – деп, асты аса бір
мейірімен ұрттап, іше бастады.
Әкесінің де тәбеті жаман емес. Наурыз көжеге
қасығын қайта-қайта салады.
* * *
Дәмнен кейін әкесі ауруынан құлантаза жазыл-
ғандай тіпті көңілденіп кетті. Бір қызық әңгіме
айтқысы келгендей көзі күлімдеп, жөнделіп отырды.
– Алтын демекші, мен басымнан өткен бір
оқиғаны айтып берейін тақсыр. Бұл алтын біздің от-
басын бұрыннан айналсоқтап жүр. Ол кезде мен тау-
да қой бағатынмын. Қыстыңгүні еді. Айнала аппақ
қар. Бір жақсысы қыстау алыс емес. Қойдың алды
қораға жетті-ау деген кезде артыма бұрылып қарасам,
екі-үш шақырымдай жерде бір қой қалып кетіпті. Не
ары, не бері жүрмейді. Қас қарайып қалған. Шабан
торыммен тепеңдеп барсам, қой мелшиіп тұрған жер-
ден қалайыдай қалқыған сап-сары бірдеңені көрдім.
Аттан секіріп түсіп қарасам, иә, балқыған қалайыға
ұқсайды. Бірақ қалайы сияқты аппақ емес, сап-
сары. Онда алтын шығар деген ой сап ете қалуы мұң,
табаның түбіндегі май сияқты әлгі қалқыған сұйықты
екі алақанымен көсіп алдым. Бірақ сүзгіден өткен су
сияқты әлгі сұйық алақаныма тұрмай, ақты да кетті.
Апыл-ғұпыл үш рет көсіп алдым. Бірақ алақаныммен
әр көсіп алған сайын көлемі бірте-бірте азая берді. Ең
соңында түк те қалған жоқ.
Сосын қойды дереу атыма өңгердім де, қыстауға
тарттым. Үйдегілер алаңдап отыр екен, болған оқиғаны
баяндап беріп едім анам:
– Ойбай-ау, ол «көшпелі алтын» болды ғой, неге
«біссіміллә» демедің, – деп, күйіп-пісті де қалды.
– Алла тағаланың шеберін қарашы, қойды
әдейі қалдырып отыр ғой. Соны бауыздап, қанын
«біссіміллә» деп алтынға тамызғаныңда, әлгі сұйық
алтын тастай болып қатып қалатын еді, – дейді әкем.
Өкін, өкінбе, енді бәрібір кеш еді. Ертесіне қойды
өріске шығарған кезде кешегі көргенім рас па, өтірік
пе дегендей сол жермен әдейі өттім. Басқа жердің реңі
бөлек те, әлгі жердің түсі басқа. Өзіне қыс бойы қар
тұрмай, еріп кете берді. Сол оқиғадан кейін Құдайдың
құдыретіне сеніп, намазға жығылдым.
– Алла тағала алтынды – күннің, күмісті –
айдың белгісі деп жаратыпты. Бұл екі асыл тас та
аспандағы Күн мен Ай сияқты жердегі асыл тастардың
арасындағы ең ұлықтары. Бір аңызда алтынды дін
назарының нұры деп те айтады. Ол екінің біріне
көріне бермейді, – деген имам алтын туралы әңгімені
түйіндеді.
* * *
Құрбан айт мейрамында жаңа мешітте азан ша қы-
рылды. Әбсаттар қажы дауысын қырағыта дұға оқып
болған соң, Алланың үйіне жәрдем берген жамағатқа
алғыс айтты. Жиналғандары, әсіресе, Нау-рыз мей-
рамында Діннұрдың басынан кешкен оқиға ерекше
толқытты. Діннұрдай бала тәрбиелеген ата-анамен
сәлемдесіп, қолын алып, рахмет айтып жатыр. Біреуі:
– Діннұр
енді
сендердің
балаларың
емес,
халықтың баласына айналды, – десе,
Екіншісі:
– Елдің қамын жеген Ер Едігелер осындай-ақ
бол ған шығар, – дейді.
Әкесі мешітке өз аяғымен келіп, намазға тұрды.
Дін нұр үшін ең басты олжа – әкесінің созылмалы
жұмбақ дерттен бір күннің ішінде сен көр, мен көр,
құлантаза жазылып кетуі болды.
Айтпақшы, аузын ашса көмейінен күй саулап қоя
беретін жұмбақ құсты Діннұр бұл күні таңалагеуімде
жаңа мешіттің қасындағы талдың бұтағынан көрді. Та-
ныс әуен құлаққа сондай жағымды естіледі. Діннұрға:
– Мен бәрін де білем, – дегендей, құйқылжытады-
ай келіп.
ЕЛГЕЗЕК БАҒДАРШАМ, ТОҚ-ҚУАТ ЖӘНЕ БАСҚАЛАР (ертегі-хикаят) Балалар! Сәлематсыңдар ма! Бұл ертегінің оқиғасы ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде емес осы күндердің бірінде айналасын ақ бас шыңды әйбәт таулар көмкерген, баурайында жап-жасыл жанға сая, дертке дауа бау-бағы һәм өздерің оқып, дәріс алып жүр ген мектеп деген зәулім ғимараты бар кәдімгі қа лада өтеді. Бәлкім, қиялдарыңдағы түрлі-түрлі қызықтар өздерің ойлағандай әлдеқайда, түу-түу алыста емес, өз қалаларында, иә, иә, иә, дәл жандарында жүрген шығар, кім біледі. Кәне, ертегіні зер салып, мұқият оқып көріңдерші! Дәл солай өздерің күнде көріп жүрсеңдер де көңіл бө ліп, көп мән бере бермейтін қарапайым заттарды бейнебір сайрап тұрған шежіре екен дерсің. Тек, ыждаһатпен, мезгіл-мезгіл сөздеріне құлақ қойып, тың дасандар болды. Тоқ – қуат Бағдаршам оянып кетті. Аң-таң. Көздері жы пылық-жыпылық етеді. Біреу бүйірінен жайлап түрткен сияқты ма өзі? Түрткен кім? Қайда тұр? Ол лез-
де өз сұрақтарына жауап таппақ болып ойлағанша құлағының түбінен әлдекім сыңғырлап тіл қатты. – Сәлематсың ба, көрші, ұйқың қанды ма? – Сә-ле-мат.... Ой, сен кімсің? – Кел, әуелі танысып алайық. Мен – Тоқпын. Тоқ-Қуат десең де болады. – Тоқ-Қуат?! – Бағдаршам таңдана сұрады. – Мен онда – Бағдаршаммын. – Білем, білем. Әлгінде сені осында әкеліп, бағананың басына байлап, бекіте бастағаннан-ақ қуанғанымнан секіріп-секіріп түстім. Сенсең бар ғой, өзіңмен танысқанша бір орнымда тағат тауып тұра алғаным жоқ. Бағдаршам енді байқады, өзі көшенің бұрышындағы аласа темір бағананың басында ілулі тұр екен. Көше толы сапырылысқан қозғалыс. У-шу. Бағдаршам солардың үстінен төне қарайды. Ештеңеге түсініп болар емес. Неге іліп қойған? Көшедегілер дің бұл жасыл көзін ашқанда қозғалып, қызыл түсті көзін ашқанда аялдайтыны қалай? Бағдаршамның ойын сезгендей Тоқ тағы да сыңғырлап сөйлей жөнелді. – Әлі-ақ түсінесің. Бағдаршам. Менің бұл қалада бармаған үйім, кезбеген көшем қалған жоқ. Әр үйге жарық сыйлаймын. Менің бір сәт болмай қалған кезімдегі адамдардың ренжігенін көрсең ғой, еһ... Тоқ буырқанған алып күш иесі ғана емес, сонымен бірге елгезек, әсершіл әрі ақылды да еді. – Адамдар?! Олар кімдер? – Адамдарды бүкіл тіршілік атаулының қожайыны десе де болады. Мені де, сені де, анау көшедегі ағылып жатқан машиналарды да сол адамдар ойлап тапқан. Осы кезде барып Бағдаршам есіне әлдене оралғандай күлімдеп қоя берді. Сонан соң: – Ә, енді есіме түсті, – деп, қуана айғайлап жіберді.
Бағдаршам жарық дүниеге қалай келді?
Бағдаршамның о баста жалт-жұлт еткен шыны-
сы бір бөлек, бүйірі томпайған кішкене ғана шамы
да бір бөлек, сыртындағы қорабы бір бөлек болатын.
Олардың бәрі заводта тоқайласты. Сол жерде жиы-
лып, жұмысшылардың епті қолына тиген соң, бір-
бірінен ажырамайтын әп-әдемі затқа айнала кетті.
Үлкен демесең, былайша сүйкімді ғана ойыншық деу-
ге болғандай өзін. Жалт-жұлт етіп, қарадай көздің жа-
уын алады.
Жұмысшылар оған Бағдаршам деп ат қойды.
Ол Тоқ айтқан әлдегі адамдардың үнін сонда естіп,
өздерін де алғаш сонда көріп еді.
Адамдар Бағдаршамның ең соңғы бұрандаларын
бұрап, мықтап бекіткен соң, тексеріп көруге тоққа
жалғаған. Бұл көздерін жарқ еткізіп ашып алды.
Әуелгі байқағаны – зәулім залдың төбесіндегі сама-
ладай жарқыраған шамдар. Сонан кейін жанары өзін
қолдан-қолға көшіріп, сүйсіне тамашалаған адамдарға
ауды. Әлден уақытта бір жұмысшының қатқылдау,
бірақ біртүрлі аялы алақанымен өзін мейірлене сипап
тұрып:
– Өте тамаша жасалыпты, – деп сүйсінген дау-
сын естіді.
Ұмытпаса, екінші жұмысшы:
– Дер кезінде байқай біледі, бұл бір елгезек
Бағдаршам болады екен, – деп қуанған.
Үшінші жұмысшының не дегені есінде қалмапты.
Бірақ өзін оның да даттамағаны анық.
– Ал, жолың болсын! Адамдарға абыроймен
қызмет көрсет ет. Сенің оларға ұнағаның, біздің де
еңбегіміздің еш болмағаны...
Осылай деп тебірене сөйлеген алғашқы жұмысшы
Бағдаршамды қолына алып, қоштасуға қимағандай
бірауық мәпелеп ұстап тұрды да, тоқтан ажыратып,
жұмсақ қағазға орап, жәшікке салып қойды.
Міне, содан кейін көзін ашып, жарық дүниені
көріп тұрғаны осы. Ал заводтан қоймаға, қоймадан
қаланың шетіндегі осы көшенің бұрышына келгенше ол тәп-тәтті ұйқының құшағында жатты ғой. Əңгімешіл қариялар Бағдаршам жұмысына көңілдене кірісіп кетті. Тіпті ол ә дегенше бір күн, бір түннің қалай өте шыққанын да байқамай қалды. Осы жиырма төрт сағаттың ішінде өзін титтей тыныққан жоқ десе де болады. Қаладағы күндіз сеңдей соғылысып, жүйткіп жататын машиналар түннің бір уағына дейін де дамылдамайды екен. Бүгін де таңалагеуімнен басталған көше қозғалысы күн арқан бойы көтеріле тіпті үдеп кетті. Бағдаршамның көзі ары-бері ағылған машиналар мен жаяу жүргіншілерде: қалай да қапы қалмаудың қамын ойлап, жанталасады. Тоқ досының бұл көрініске әбден еті үйреніп кеткен бе, мұны анда-санда бүйірінен қытықтап, көңілін аулап, алдарқатқаны болмаса, алғашқы күндей жарасты әңгіме-дүкенге жоқ. Осы кезде көшенің оң жағындағы көк қақпалы, еңселі үйден ұзын бойлы қария сыртқа шықты. Шықты да, айналаға сүйсіне қарап, күнге шуақтап отырған көршісіне сәлем берді. Екі қария қауқылдасып біраз әңгімелескеннен кейін орындарынан көтеріліп, бұған қарай аяңдады. Бағдаршам елгезектігіне басып, қарт кісілерді көрісімен жасыл көзін жарқ еткізіп аша қойған. Бірақ қарттар асығар болмады. Бағананың қасына таяп келіп, Бағдаршамды таңсық көргендей, бажайлап қарай бастады. – Көрші, жаңаның аты жаңа екен ғой. Көрмеймісің қалай жұмыс істеп тұрғанын. – Кім біледі, жаңа кезінде барлығы да жақсы. Мезгілі жетпей не деуге болады бұларға. Көк қақпалы үйден шыққан қарт, көршісінің сөзіне кәдімгідей ренжіп қалғанға ұқсайды. – О не дегенің, көрші-ау! Осы шамды мен қайтіп жүріп орнаттырдым. Оңай деймісің, бармаған басшым, ашпаған есігім қалмаған шығар түге.
– Е, олардың уәждері белгілі ғой...
– Пәтшағар, бірінің аузына бірі түкіріп қойған ба
түгә. Әбеке-ау, дап-дардай кісісіз... Осындай майда-
шүйдемен айналысқанға ұялмайсыз ба? – деп күледі,
жүдә.
– Ойсыз немелер-дағы... Хош, өзің не дедің?
Көрші қарттың да қабағы қыртыстана қалған екен.
– Не деуші ем, күйіп кеттім. «Ау, майда-
шүйделерің не? Бұл көшемен машиналар да, жаяулар
да көп жүреді. Мектепке баратын шәкірттерді айтсай-
шы бәрінен... Әгәрәки, осыдан Бағдаршамды орнат-
пайды екенсіңдер, ісім сендермен болсын», – дедім.
– Әп, бәрекелде, жөн-ақ айтқансың. Менікі жай
гәп қой. Бірақ, Әбеке, көрмеймісің, жасыл шамды
орнатқанша менің Аусар-Алмасым машинаға түсіп
қалды емес пе?!
– Абырой болғанда ол тентектің жарақаты жеңіл
екен. Енді ондайдың бетін аулақ қылсын дегін.
Әңгімешіл қариялар Бағдаршамға мейірімге толы
нұрлы жанарларымен бірауық сүйсіне қарап тұрып-
тұрып, келген іздерімен кері қайтты.
Бағдаршамның
таңданғаннан
аузы
ашылып
қалыпты. Өзінің бұл араға қалай келгенін және не
үшін қажет екенін енді мықтап түсінгендей.
Аусар-Алмас деген кім?
Бағдаршам түн жарымы ауғанша тағы да да-
мыл тапқан жоқ. Оның үстіне бағана өзі куә болған
әңгіменің әсері бар, демалыс жайлы ойлауға мұршасы
да жоқ еді. Бірақ ойын он саққа жүгіртіп, алаңдатқан
нәрсе де аз емес. Соны білмекке ол Тоқ досына
бұрылды. Бұл кезде қала адамдарының көпшілігі
жарықтарын сөндіріп, тәп-тәтті ұйқыға шомған бола-
тын.
– Тоқ, а, Тоқ. Тоқ деймін...
– Ау?!
– Немене, ұйықтап қалдың ба?
– Жоға. Бағдаршам күндізгі екі қарияның әңгімесін Тоққа асыға айтып берді де: – Осы Аусар-Алмас деген кім? – деп таңдана сұрады. – Е, анау көшеден жүгіріп өтем деп жарақаттанып қалған бала ма? – Иә, қазір ауруханада жатыр екен ғой. – Оны кім білмейді. Аусар десе аусар-ақ шығар, бірақ қазір ауырып жатыр емес пе? – Ой, нәзік Бағдаршамым-ай! Мені, немене, ешкімге жаны ашымайтын мейірімсіз дейсің бе? Қазір де сол Аусар-Алмастың қасынан келген жоқпын ба. – Қойшы-ей, рас па? Халы қалай екен, тәуір болып па? – Жаман болса, өстіп отырамын ба? Жақсы болғаны сол, берген дәрілерді ішпей, терезеден далаға лақтырып жүр... – Қап, мынаны-ай, ә!.. – «Іштің бе?» – деп сұрай қалса, ұялмайқызармай дәрігерлерге «іштім» дейді. – Сен: «Қой, Алмас. Мұның дұрыс емес», – деп айтқан шығарсың. – Ой,сол сөз тыңдаушы ма еді. Бір рет тоқ құманмен шай қояйын деп жатқан кезінде саусағын шым еткізіп «тістеп» алып едім, қу емес пе, желінің сымы көрініп тұрған жерін залалсыздандырғыш жіппен орап тастады. Бағдаршам Тоқ-Қуат досының саяхаттап жүріп, нелер қызықты басынан өткізетініне сүйсініп кетті. – Тағы нені байқадың? – Әлгінде кезекші апай шамды сөндіріп, сырқаттардың барлығын тегіс ұйқыға жатқызған болатын. Бірақ Аусар-Алмас ұрланып телевизор көремін деп, кезекші дәрігерге ұсталып қылды. – Ойпырай-ай, аусар десе аусар екен-ау өзі де. – Айтып отырған жоқпын ба. Бірде менімен жекпе-жекке шығам деп жалп ете түсті, досы Володядан ұрыс естігені де бар оның.
– Сенімен жекпе-жекке шығам деп жүр ме? Онда ол мүлде сотанақ неме болды ғой. Володя не деп ұрысты? – Не болушы еді. Тоқ-Қуат сені жалғыз-ақ қолымен соққан ғой, әйтпесе қазір аяғың аспаннан келіп жататын едің деп, басынан бір-ақ нұқыды... Асықпа, ол әлі сен туралы білмей жатыр. Ертең ауруханадан шыққанан кейін сенің де шекеңді қыздырады әлі. Бағдаршамның кірпіктері жыпылықтап кетті. Бойын қорқыныш билеген. Бұл кезде қаланың үсті аққаймақтанып, төңіректегі тал-теректердің, ақ шатырлы үйлердің сұлбалары айқындала бастап еді. Әтештер де қиқулап, әнге басқан. Екі дос ел оянғанша біраз демалып алмақ болып келісіпті. Қорқынышты түс Күлімдеп күн көтерілді. Қала тіршілігі өзінің дағдылы ағынымен басталды. Тал-дарақтарға, жолдың жиегіндегі жасыл шалғынға қонақтаған таңғы шықтан жеңіл бу көтеріліп, таңғы самал шайқаған жапырақтар алтын күннің шұғыласына бөленіп, қайрандаған шабақтардай жалт-жұлт ойнайды. Көше бойлап, тасқындап, лек-легімен келіп қалған сан алуан машиналар кішкентай Бағдаршамға бағынып, бір-біріне тұмсық тірей тоқтасады. Сол кезде жаяу адамдар бұған қарап алғыс айтып, бастарын иеді де, көшеден көлденең өте бастайды. Олардың арасында өткендегі ұзын бойлы қария да бар. Басқалардай емес, ол бұған арнайы бұрылып: – Қайырлы таң, Бағдаршам! Міне, мен жұмысқа кетіп барамын,-дейді. – Жақсы жатып, жайлы тұрдыңыз ба, ата, – дейді бұл да қутың-қутың етіп. – Рақмет, айналайын...
Осылай амандасқаннан кейін қария ширақ адым-
дап, қалың көпшіліктің ағынына араласып, біразға
дейін қалпағы ағараңдап барады да көрінбей кетеді.
Бағдаршамның бойын кәдімгідей мақтаныш сезімі
билейді. Өйткені анау-мынау емес, ақылды атайдың
өзімен тілдесті емес пе? Мұның жанында қайдағы бір
Аусар-Алмас деген кім, тәйірі?
...Аусар-Алмас демекші, таң әлетінде көзі ілініп
кеткен екен, түс көріпті. Түсінде шашы жалбырап
өсіп кеткен, тырнақтары сояудай-сояудай, бет-аузы
кір қожалақ бір бала аяғына сым байлап, бұған қарай
өрмелеп келеді екен.
– Тоқтай тұр бәлем, қазір бұл жерге менің
рұқсатымсыз келгеннің қандай екенін көрсетемін.
Ха-ха-ха, сонда мен сенің әміріңді күтіп, көшеден
рұқсатсыз қия баспай, сызылып тұрады екенмін ғой.
Жо-жоқ, оның бола қоймас...
Сөйтті де келіп, қойнынан тас атарын суырып,
оған шымшықтың жұмыртқасындай ақ тасты салып,
мұның дәл көзіне қарай оқтай бастады.
Бағдаршамның өнебойын мұздай тер жуып кетті.
– Тоқ, көмектес... Тоқ-Қуат...
Осы кезде барып өз даусынан өзі шошып, оянып
кетті. Әуелде қорқынышты түстің әсерінен біразға
дейін өзіне-өзі келе алмай қойған. Тек құлағына
бүлдіршіндердің күміс күлкілері алыстан сыңғырлап
жеткенде ғана еңсесін көтеріп, көңілі жайланғандай
болды.
Білгіш бүлдіншіндер
Иә, әуелі құлағына бүлдіршіндердің жарыса
шыққан күміс күлкілері жетті. Сосын сәбилердің был-
дыр-былдыр еткен, алаңсыз пәк үндеріне құлақ қоя
бастаған. Көп күттірмеді, олардың өздері де көрінді.
Міне, қызық! Мұндейды кім көрген бұрын. Бағ-
дар шам қаздың балапандарындай бірінің соңынан
бірі тізіліп келе жатқан бүлдіршіндерді алғаш рет
көргендіктен кәдімгідей таңғалды. Ақылды атайының
(Бағдаршам
әнеукүнгі
өзін
мақтап,
марапаттай
сөйлеген ұзын бойлы қартқа «ақылды атай» деп ат
қойып алған болатын) көк қақпасынан анда-санда
аударылып-төңкеріліп, бар даусымен айналаны азан-
қазан қылып, қаңқылдап шығатын мама қаздың сары
тұмсық маймақ балапандарын соңынан дәл осылай
шұбыртып, анандай жердегі көлге баратынын, сөйтіп
көлге емін-еркін жүзіп, судың түбінен қоректерін та-
уып жеп, әбден мауқын басқаннан кейін кешке салым
сол мақамды үнімен тағы да қаңқылдай әндетіп, ау-
дарылып, төңкеріліп мекендеріне оралатынын әбден
біліп алып еді. Мынау дегенің де дәл сол. Сүп-сүйкімді
балалар.
Бүлдіршіндердің біреуінің қолында шар, бірінің
қолында қызыл жалауша. Ал ана біреуі тәтті тоқаш
ұстап
алыпты.
Алды-арттарында
бүлдіршіндерге
қарайлап келе жатқан апайлары да бар екен.
– Меруерт, осы жерге тоқта. Балалар, сендер
жинақы тұрыңдар. Қазір, Бағдаршамның жасыл көзі
жанған кезде бәріміз көшенің арғы бетіне өтіп ала-
мыз.
Міне, қызық! Өздері мұның атына дейін біліп
алыпты.
– Досхан, айта қойшы, анау бағананың басындағы
шамды не дейміз?
– Бағдаршам.
– Жарайсың. Олжас, ол қызыл көзін жаққанда не
істеуіміз керек?
– Тоқтаймыз.
– Сары жарық ше, Асхат?
– Ол – дайындал деген белгі.
– Ал ол жасыл көзін жаққанда не істейміз?
– Жасыл белгі жолдан өтуге болады дегені.
Сондықтан көшенің арғы бетіне тез өтіп аламыз.
– Көшенің арғы бетінде не бар?
– Цирк бар. Біз одан бүгін жан-жануарлардың
өнерін тамашалаймыз.
Бүлдіршіндердің шынашақтай болып алып бәрін біліп, бәрін сайрап айтып тұрғанына Бағдаршам бір түрлі толқып кетті. Тіпті риза болғаны соншалық, өзінің жасыл көзін қалай жарқ еткізіп жаққанын да, бүлшіндердің бір-біріне былдыр-былдыр тіл қатып, көшеден өте бастағанын да аңғармай қалыпты. Әне, троллейбус жүргізуші Әйбат апай да троллейбусын тоқтатып, балдырғандарға сүйсіне қарап отыр. Қап-қара ұзын кірпіктері, жып-жылы шуаққа толы мейірімді жанары, жымиғанда екі бетінің ұшына үйіріле қалатын кішкентай шұңқырлары, бәрі-бәрі қандай жарасады десеңші өзіне... Күтпеген кездесу Бірі қос дөңгелектей велосипедті теуіп, енді бірі артқы орындығына жайғасып, жолдың жиегіндегі таспадай жіңішке сүрлеумен қисалаңдап келе жатқан екі баланы көргеннен-ақ Бағдаршам анадайдан қауіп ойлады. «Ойпыр-ай, сирағы жетпейтін үлкен велосипедті теуіп несі бар екен? Онымен қоймай, мінгесіп алғандарын қарашы...» Балалар улап-шулап, өзара әлденелерді айтып, көшенің бұрышына келгенше Бағдаршамның дегбірі қалмады. «Қасақана жолдың да босамауын көрдің бә. Осындайда көшеге ойдан-қырдан жиналып, машиналар да сыймай кетеді». Абырой болғанда балалар жолға ентелей келіп тоқтап, велосипедтерінен түсті. – Айтпақшы, сенімен сөз бар, Алмас. – Ол не? – Бүгін Мақсат пен Бағдаттың құпияларын біліп қойдым. Алмас атанған баланың танауы делдиіп, ұялы көздері бағжаң ете қалды. – Қайдағы құпияны айтасың? – Немене, бір аптадан кейін І Мамыр мерекесі екенін ұмытып кеттің бе? – Жоқ, онда не тұр?
– Бағана апай мереке күні аспанға көгершін
ұшырамыз, үйретілген көгершіндер бар болса, алып
келіңдер деген....
– Ой, жақсы болды, менің көгершіндерімнің
қалай самғайтынын көресің енді.
– Тоқтай тұр, асықпасаңшы... Соған Мақсат пен
Бағдат жабайы кептерлерді ұстап әкелмекші.
Алмастың аузы аңқиып қалыпты.
– Мүмкін емес.
– Мәселе олардың кептерлерді түнімен қаптңы
ішіне тығып қоятынында. Бағана өздері солай десті.
Қаптың
ішінде
кептерлер
тұншығып,
болмаса
қанаттары қайырылып, ұша алмай қалмай ма?
– Володя, сонда не істеуіміз керек?
– Кептерлерді құтқару керек, әрине. Қалай,
дайынсың ба?
– Дайынмын.
Екі балақай Бағдаршамның иегінің астында тұрып,
сарт-сұрт қол алысты. Осы сәтте әлгі Алмас атанған
баланың Бағдаршамға көзі түсіп кетіп еді.
– Ой, Володя, мына жаңалықты қара. Қандай
әдемі өзі. Қашан орнатқан?
– Сен ауруханаға түскеннен кейін. Жұрттың бәрі
қуанып жүр өзіне.
Алмастың өзіне таңдана әрі қызыға қарап тұр ға-
нын көріп, Бағдаршамның жүзі ду ете түсті. Ол Ал-
масты көрмей жатып теріс ойлағанына әрі түндегі
ерсі түсі үшін де қатты ұялып қалып еді. «Мына бала
сотанақ дейтіндей емес, тап-тұйнақтай ғой. Түу-у,
соншама қорқып....»
Бағдаршам иығынан бір ауыр жүк түскендей, же-
ңіл деп қалды. Қуанғаны сонша, бағананың басынан
се кіріп түсіп, анандай жерде әлі де қызу айтысып
кетіп бара жатқан балалардың соңынан еріп, жүгіре
жөнелгісі келді. Сосын әлдене есіне түскендей жалма-
жан, Тоқ досына бұрылды. Сөйтсе Тоқ-Қуат та екі
балақайдың сөзін естіп тұр екен. Бағдаршам аузын
аша бергеннен-ақ оның не айтпақ болғанын түсіне
қойды.
Он күн бұрынғы оқиға
Шынтуайтына көшсек Алмас анау айтқандай тен-
тек емес болатын. Тек не нәрсе болса да білгісі, көргісі
келіп тұратыны бар. Өзіне байыз тапқызбайтын да
бойындағы сол беймәлім күш. Әйтпесе әдейі бүлді-
рейін демейді. Кейде үлкендердің алдында өзінің
осы мінезі үшін ұятқа да қалатыны бар. Атасының
еркелетіп «аусарым» дейтіні сондықтан. Кейін бұл
лақап есімі балалардың құлағына тиді де, ақыр аяғында
бүкіл мектепке Аусар-Алмас атанып шыға келді.
Сол күні ғой, әуелі Володяның «қой» дегеніне
мойынұсынбастан,
бұзылған
радиоқабылдағышты
оңдаймын деп Тоқ-Қуаттан таяқ жеп қалды. Ол аз
болғандай Володя да басынан бір нұқыды. Әйтеуір
өз ағаттығын түсінген Алмас досына ренжіген жоқ.
Оның үстіне атасының екі сөзінің бірінде: «Дос жы-
латып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», – деп отыра-
тыны бар.
Көшеге шықты. Екі қолы алдына сияр емес. Не
істесе екен? Басындағы тентек ой: «Қалай да бір кере-
мет жаса. Володяны өзіңе сөйтіп табыңдар», – дейді.
Бірақ қайтіп? Осы кезде таспа сүрлеудің іргесіндегі
шарбақтың
қуысынан
Володяның
салпанқұлақ
күшігі – Белка шыға келді. Белканың өз қызығы өзінде
екен. Алдындағы жапырақтан-жапыраққа қонып, өзін
ма зақ қылғандай көлбеңдеп жүрген нән көбелекті азу
тісте рін сақ-сақ еткізіп қуып жүр. Көбелек жеткізер
емес. Бір сәт тіпті машиналар ары-бері тыным таппай,
ағылып жат қан үлкен жолдың үстіне шығып кетті.
Белка да қыр соңы нан қалар емес. Машиналар болса,
иін тіресе тоқтап, бажылдасты да қалды.
Бұл көрініс Алмасқа ұнап кетті. Сол сол-ақ екен,
бір тентек ой тағы да сап өте қалды. «Бәлем, Володя,
білсін енді Алмастың кім екенін. Жүректілігімді осы-
дан соң амал жоқ өзің-ақ мойындайсың!...»
Құйын перен жүгіре жөнелген Алмас өзінің ас-
фальт жолдың ортасындағы ақ жолақ сызыққа жете
бергенін және «шиқ» етіп жаны шыға тоқтаған жеңіл
машинаны қас-қағым сәтте байқап үлгерді, ары қарай
жер мен аспан қосылып, бүкіл дүние төңкеріліп бара
жатқан сияқты еді....
Көзін ашқанда алдымен өзінің үстіне түсе жаздап
өбектеп жүрген дәрігерлерді, көзінің жасы шоқша
сақалына сорғалаған атасын, сонан кейін досы Воло-
дяны көрді. Володя манағы өзіне ұрысқан кездегідей
емес, дәрігерлерге көмектесіп, мұның атасының
қолтығынан демеп, шыр-пыр болып, жүгіріп жүр.
Алмасқа да жуасып, момақан қарайды. Мұнысы,
шамасы, өзінің бағанағы қылығын асылық санап,
досының алдында үнсіз кешірім өтінгені. Зерек бала
оны бірден ұқты. Ұқты да атасы мен досын қорқыта
бермейін дегендей, зар қақсап ауырған тізесіне
қарамастан Володяға қарап көзін қысып қалды. Во-
лодя екі иығынан төмен қарай тұқыртқан зілбатпан
жүктен арылғандай, көңілденіп, күліп жіберді. «Әй,
досым-ай, бүйтпесең аусар атанасың ба?!» Жүзіне де
әп-сәтте ризашылық сезімі ойнап шыға келген. Атасы
да : «Аусарым-ай, тек жүрмей атаңды бір қорқыттың-
ау», – деп жатыр.
Сөйтіп Аусар-Алмастың ойда-жоқта ерлік жасамақ
бол ған алып-ұшпа әрекеті сәтсіз аяқталған. Әрине, ол
кезде елгезек Бағдаршам мұның бәрінен бейхабар,
ер тегіміздің басында айтқандай, жәшікте, жұмсақ қа-
ғаз ға оранып, тәп-тәтті ұйқының құшағында жатқан
болатын.
Қолқанаттар
Бағдаршам қала өмірімен таныса келе, ненің жақ-
сы, ненің жаман екенін айыруды да үйрене бастады.
Бағдаршам оларды «тәртіпті» және «тәртіпсіздер» деп
екі топқа бөлді, «Тәртіптілер: Бағдаршамның деге ніне
көніп, ізет сақтайды, ал, «тәртіпсіздер» болса айт-
қанына көнбей, көшені кесіп өте шығады. Ондайда
Бағ дар шамның төзімі таусылып-ақ кетеді. Бағананың
басынан секіріп түсіп, немесе, Тоқ-Қуат досына айтып,
бір шара қолдануға болар-ақ еді, бірақ көше тәртібінің
бұзыл мауын, тәртіпсіз әлдекімдердің кесірінен басқа
жақ сы адамдардың зардап шекпеуін ойлайды. Осы-
дан соң амал жоқ, жан-жағына қарап, алаңдап көмек
күтетіні бар.
Иә, анда-санда тобатайдай кішкене машинасын
кө ше нің бұрышына қаңтарып қойып, қолына алатаяқ
ұста ған МАИ қызметкерлерінің бой көрсететіні
бар. Бі рақ, өкі ніш тісі, оның екі көзі жүргізушіде.
Бірде, масқара-ай, әлдеқалай бір жүргізушінің әлгі
алатаяқтының же ңіне қызыл шұнақ, төрт бұрыш
қағазды жасыра сап, машинасына зып бергенін
байқап қалғаны бар...
Әйтсе де, Бағдаршам бүгін көңілді. Оның себебі де
бар. Күн арқан бойы көтеріле бере бірнеше балақай
кө шенің бұрыш-бұрышына келіп тұрды. Бәрінің
киім де рі бірөңкей матадан тігіліпті. Ақ көйлек, қара
костюм-шалбар киіп, әдемі иық бауы бар белбеу
тағынған, бастарында қызыл матамен көмкерген
жиегі бар жасыл пилотка. Пилоткалардың астынан
күлтелене желбіреген тұ лым шақтары да жарасып
тұр. Бағдаршам олар дың мұн да не үшін келгендерін
білместен
жатып,
қолдың
саласын дай
сүйкімді
балаларға қызығып кетті. «Не деген, әйбәт!»
Балақайлардың қимылдары да шалт. Жүдә, өзде-
рін көпе-көрнеу салмақты ұстайтындарын қайтерсің.
Хи-хи... Мына қызықты қара, Бағдаршам мен Тоқ-
Қуат тың бүйтіп ішек-сілесі қатпас.
Қолында бұрыш-бұрыштары ақ жемденіп, көнере
бас таған қара дипломаты бар (Бағдаршам бұл адамды
сыртынан жақсы біледі. Осы маңайдағы мекмелердің
біріңде
бухгалтер
болып
істейтін
оның
өстіп
жұмысынан кешігіп, ылғи асығып-аптығып жүргені),
қоңыр қалпақты кісі ескі әдетінше автобустан түсе
салып, Бағдаршамға көз қиығын да салмастан көшені
кесіп өте берген. Осы заматта әлгі ақ белбеуі әйбат
балалардың біреуі ысқырып қалды. Қалпақты кісі селк
ете түсті де, сүрініп кетті. Иесінің оқыс қимылынан
ескі дипломаттың құ лыпы сырт етіп ашылып, ішіндегі
бар дүниесі айрандай ақтарылды да қалды. Абырой
болғанда кісі жолдың арғы бетіне өтіп үлгерген еді.
Шашылған қағаздарын асы ғыс-үсігіс жинап, басын
енді көтере бергенде, қарсы алдында әлгі бала тұрды.
– Көше қозғалысының жас инспекторы Азамат
Бердіқұлов.
– Қолын шекесіне апарып сәлемдескен бала
қал пақ ты кісіге тік қарады. – Жол ережесін неге
бұзасыз, ағай?
– Шырағым, мен асығып.... білмей....
– Білмесеңіз үйретуге болады. – Азамат атанған
бала мамасының жетегіне еріп, қасынан өте берген
бір бүлдіршіңді тоқтатып:
– Мына ағайыңа көшеде жүру тәртібін үйретіп
жіберші, – деп өтінгені сол, бүлдіршін ағаларының
өзіне көңіл аударғанына кәдімгідей-ақ қуанып қалды.
Сосын аузын қомпитып, сәби тілімен көшеде жүру
ережесін түсіндіре бастағанда, жиналып қалған
жұрттан ұялды білем, әлгі қалпақты кісі алды-артына
қарамастан апырақ-тапырақ қаша жөнелді.
Кішкентай
көмекшілерінің
тапқырлықтарына
Бағ дар шам да, Тоқ-Қуат та мәз.
«Торға түскен» маршрут
Тоқ-Қуаттың бір мақтанышы – өзінің қаланың
көк жа сыл жапыраққа бөленген ең көрікті жерінің
бәрінде болып, емін-еркін қыдыратыны. Қандай
ғажап! Анау қызыл-жасыл гүл қауыз көмкерген – Ба-
тырлар алаңы. Ондағы мәңгілік алауға адамдар тағзым
етіп, күн сайын жаңа гүл шоқтарын қояды. Әсіресе,
автоматтарын серт ұстап, құрметті қарауылға тұратын
ақ көйлекті, алқызыл галстукты пионерлерді айтсай-
шы! Сылқ-сылқ күліп, айналасына маржандай тамшы-
лардан шашу шашып жат қан фонтандар ше?!
Қаланың осындай көз тоймас көркіне құмарта
қарап тұрып, кейде Тоқ-Қуаттың өзінен-өзі ыза бола-
тыны бар. Міне, 24-ші маршруттағы автобустың қап-
қара газды түтінді түйдек-түйдегімен құсып, таза ауа-
ны ластап жүргеніне бір жетінің жүзі ауып қалды. Тоқ-
Қуаттың таң қалатыны, иегінің астында болып жатқан
осы сорақылыққа адамдардың назар аударып, газды
түтіннің анау сәбилер мен мынау сұлу табиғаттың
қас жауы екенін ойлап, біреуінің қабақ шытпайтыны.
Бәрі асығыс, бәрі өздерімен өздері...
Әйтеуір балалар келіп, көшеге тәп-тәуір тәртіп ор-
най бастады. Тоқ-Қуат соған да риза. Енді осы лас ав-
тобусты қолға түсірсе ғой.
– Бағдаршам, келе жатқан 24-ші маршрутты көріп
тұрмысың?
– Иә, көк түтіннен көзім ашып, басым да айнала
бастады тегі.
– Балаларға айтайық, қолдарына түсіріп жүр гі зу-
ші сіне айып салсын.
– Мақұл, Азамат....
Бірақ бала Бағдаршамның жіңішке үнін еститін-
дей бол ған жоқ. Өйткені, арылдап-гүрілдеп, соңына
қап-қара түтіннен бұлт тұрғызып 24-ші маршрут
та жақындап ке ліп қалған. Енді болмаса зу етіп өте
шықпақшы. Бағдар шам әдейі қызыл көзін жарқ
еткізіп жаға қойды. Онысы Азаматтың назары лас
маршрутқа аусын дегені еді. Ойлағанындай-ақ лас
маршруттың жалқау жүргізушісі автобусын амал жоқ
тоқтатты және қарап тұрмай үсті-үстіне газ бере бас-
тады. Айналаны қарақошқыл газды түтін көміп кетті.
Жаяу жүргіншілер де ауада қалқы ған түтінді айналып,
тыжырынып өтіп жатыр. Бұл көріністен Азамат та
көз алмай тұр екен, қолындағы алатаяқша сын көтере
берді....
– Ура, торға түсті.
Тоқ-Қуат қуана дауыстап жіберді.
– Рақмет, Бағдаршам. Дер кезінде көмектестің,
әйт песе, тағы да құтылып кететін еді.
Тапсырма
Бағдаршам ертесіне Тоқ-Қуатты таң атпастан оят-
ты. Себебі кеше адамдар келіп, көшелерді қызыл ды-
жасылды саналуан түрге бөлеп, безендіре бастаған.
Бұл – Мамыр мерекесінің таяу қалғаны. Ұмытпаса Во-
лодя айтқан балалар кептерлерді мейрам қарсаңында
ұстамақшы. «Көшедегі қым-қуыт тірліктің қызығына
берілем деп, ұмытып кете жаздағанын көрдің бе?»
– Тоқ-Қуат, тұр, әңгіме бар.
– Түу, сенің-ақ әңгімен бітпейді екен. Не боп
қалды сонша, таң атпай.
– Ех, түсінбейсің ғой... Сен сияқты көше-көшені
кезіп, үйді-үйге бас сұғып, адамдармен етене арала-
сып жүрсем, жалынар ма ем саған.
– Бұған бірдеңе десең, өстіп басыңа қара аспанды
төндіріп, таусыла жөнелді. Айтсаңшы әуелі...
– Бүгін Аусар мен Володяның көгершіндерге
тұзақ құрмақшы болған Мақсат пен Бағдатты аңдып,
бейкүнә құстарды құтқаруға келіскен күні. Соларға
қол үшын беру керек.
Ақкөңіл, аңқау Тоқ-Қуат қысылып қалды.
– Мұны қалай ұмыттым екен, ә?
– Мен бүгін ерте тұрып, қабырғаммен кеңесіп
көрдім. Маған көшені бақылаусыз тастап кетуге бол-
майды екен.
Тоқ – Қуат енді ширығып шыға келді.
– Жалғыз аттанам онда.
– Саған сенемін ғой. Тек оқиға басында болғанға
не жетсін. Өкінішім де сол.
Бағдаршам күрсініп қалды.
– Жасыма, Бағдаршам. Өзіңді әманда менімен
бірге деп біл. Келген соң бәрін қаз-қалпында айтып
берем. Келісітік пе?
– Келісем ғой. Сен олардың көгершіндерді қай-
дан аулайтынын білесің бе?
– Әуелі зыр жүгіріп, барлық шатыр атаулыны
аралап шығамын ғой. Сонда да болса, қаланың сыр-
тындағы астық қабылдау пунктінің шатырына бара-
тын болулары керек. Көгершіндердің небір көр кем-
дері сонда.
– Япыр-ай, ә! Ал сонда жолың болсын! Мен
жұмысыма кірісейін, енді кешке дейін өзіңе мойын
бұруға уақыт жоқ.
– Олай болса көріскенше, Бағдаршам!
– Сәт сапар, Тоқ-Қуат!
Шатырдағы бүлік
«Құр-р.... Құр-р-р-р...»
Ана кептер өзара бейбіт ымыраласып, қонақ та ған
орын дарында қозғалақтап, қанаттарын қомдап-қом-
дап қойып, мүлгіп отырған ұрпақтарына ойлана көз
тастайды.
Түннің жартысы ауып қалған. Шатыр іші тастай
қа раң ғы. «Енді бір мызғып алса таң да атады».
Таң – Ана кептердің ұғымында өмірдегі ең
құдірет ті сөз. Таңмен бірге бүткіл тіршілік оянады.
Кейде мынау маужырап ұйықтап жатқан ұр пақ-
та ры ның тыныштығын бұзбастан, елең-алаңда ме-
ке ні нен ұшып шығып, рауандап атып келе жатқан
таңды қарсы алатыны бар. Сонда ең биік бағананың
басындағы сымға жетіп қонғанша өзінің кәдімгідей
шаршап-шалдығып қалатын байқайды. Ентігін ба-
сып, өзіне-өзі келгеннен кейін бау-бақшалары күн-
нің алтын нұрына шомылған у-шуы мол қалаға, анау
көк мұнар тартқан асқақ тауларға қарап, моншақтай
жа нар ларының жасаурап кететіні бар. Кәрілікке
деген «кет әрі» көңіл-дағы... Сосын көз алдындағы
көсіліп жатқан дүрия аймақтың түкпір-түкпіріне осы
ғұ мырының ішінде бауырынан талай-талай кептер-
лердің тарап ұшқанын ойлап, тойымсыз көңіліне
бірауық соны қанағат тұтады.
Ана кептер биылғы жаздан да үмітті. Ертеңнен
бастап ұя баспақшы. Ұзақты күн ұяда жұмыртқала-
рын бауыр жүнімен жылытып, тас қабықты «иітуге»
төзімі жете ме, жоқ па, о жағын әлі зерделеген жоқ.
Көңілінде тек «осы жаз, осы жаз....» деген арман ғана.
Бейнебір осы жазда тағы бір ұрпаған қанаттандырып,
ұшырса, өмірдегі ұпайы түгелденетіндей. Сәтін сал-
са, сол ізгі мақсатына алдымен бүгінгі атар таң куә
болмақшы... Кеудесіндегі лүп-лүп соққан жүрек
дүрсілін де жаманға жорымай, осы бір ізі үміттің
қуанышы деп түйсінеді.
– Шатырдың арғы бұрышынан бірдеңе тарсыл-
дап, қураған ағаш бұтақтары бырт-бырт сынғандай
болды. Ана кептер елең ете түсті. «Ата жауы –
Тарғыл емес пе? Жоқ, ол болса көзі шоқтай жанып,
жымын білдірмей келіп бас салар еді ғой.Сонда не
енді? Әлде балалар ма? Көріп жүр ғой, олардың да
барлығы бірдей емес. Дос санап, жаңына келіп, жақсы
көргенімен қолдарында тас атары, қойындарында тас
жүреді көбісінің. Болмаса, амалдарын асырып, осын-
дай қараңғы түнді жамылып келіп тарпа бас салады».
Ұябасар – Ана кептердің есіне ата-бабаларының
өмірі оралды. Ех, дәурен деген, міне, солардікі...Ерте-
де адамдар оларды аялап күткен екен, әрқайсының
өз есімдері, тату үйірлері, тіпті кең, ұшып-қонуға
ыңғайлы кептерханалары болған екен деседі. Ата-
бабалары да адамдарға ақ адал қызметімен жағып,
оларды айшылық алыс жерлердегі патшалықтармен
байланыстырып, хат-хабар тасыған. Соңғы кезде Ана
кептер көзін жұмса болды, зеңгір аспандағы ақша
бұлттардың астында қанаттары жарқ-жұрқ етіп, суыл-
дап, сұр жебедей есіп келе жатқан сол хат тасушы баба-
ларын көретін болып жүр. Ал көзін ашса, амал қанша,
аспанның бауырынан әлгі көгілдір үміт құсын емес,
күміс қанатты алып лайнердің ұшып бара жатқанын
көріп, күрсінеді. Адамдар өздерін әлдеқашан ұмытып,
естерінен шығарған сияқты.
Бұл жолы қараңғы түкпірдегі тасыр-тұсырдың
молайып,
әлдекімдердің
ысқырып-түшкіргендері
анық естілді. Сыбыр-сыбыр етіп, айналасынан әл-
дене іздеп жүрген сияқты. Кептер ананың сезімтал
жүрегі бір сұмдықты анық сезді. «Мынау тегін емес.
Ұрпақтарымды сақтандырайын». Сол-сол-ақ екен, Ана
кептер таяу қалған жауының түр-түсін де көрместен
«аттан, аттанға» басты.
– Құр-құр-р-р-р.... Құр-р... Ояныңдар, ұшыңдар,
көгершіндерім, ұшыңдар...
Шатырдың іші лезде астаң-кестең болды да кетті.
Жылы орындарынан дүрліге көтерілген кептерлер
қапелімде ештеңенің байыбына бара алмай, бір-
бірімен қақтығысып, одан қала берді шатырдың ас-
тындағы шым-шытырық тіреулерге соғысып, құлап
түсіп жатыр. Бейшара көгершіндер, дәл қазір мынау
әлем тапырақ дүниеден иненің жасуындай саңылау
болса да зып беріп, құтылып кетердей.
– Дәрменсіздерім менің, далаға... түн қойнауына
қарай ұшыңдар...
Ана кептер жүрегі аузына тығылып, соңғы рет шы-
рылдады да, жалп ете түскен тордың ішінде тұтқын боп
қала берді. Есі шыққан байғұс анаға сол сәт ұрпақтары
үшін шексіз-шетсіз түн қойнауынан өзге араша болар
жан жоқтай көрініп еді.
Еркіндік таңы
Ана кептер, арада қанша уақыт өткені есінде жоқ,
есін жиып, көзін ашты. Қанаттары қайырылып, ма-
мық тарының да түте-түтесі шығыпты әбден. Денесі
зіл қара тас сияқты, қозғалтпайды. Жан-жағынан
тұмшалаған қараңғылық пердесіне көзі үйренген
сәтте байқады – өзімен бірге тағы бірнеше кептер
торға түсіпті. Мұн дай сұмдықты көрмеген бейшара-
лар көздері мөлиіп, мойындары былқ-сылқ етеді.
Көп ұзамай Ана кептер өздерін торға түсірген қа-
рақ шыларды да көрді: Мақсат пен Бағдат, Әрекеттеріне
кө ңіл дері тоқ, көпіріп сөйлеп отыр.
– Жолымыз болды. Кім білген, бұл байғұстар
қараңғыда торға түскен бұлбұлдай бейшара екен ғой.
– Апайды қуантатын болдық, соны айтсайшы бә-
рі нен де. – Бағдат езуін жырта есінеп алды.
– Ұйқысы келіп кетті. Мыналар таң атқанша өліп қалмай ма? – Өлмейді. Тек ертерек келетін болайық, әйтпесе біреу-міреу байқап қалып жүрер. – Жарайды. Мақсат пен Бағдат кептерлерді қапқа салған қалпында бастырманың астына салбыратып іліп қойып, еш қайда бұрылмастан үйлеріне тартты. Қарақшылардың аяқ дыбысы ұзаған кезде Ана кептер қозғалақтап, денесін бір уыс қылып тұрған шеңгел құрсаудың тырнағынан құтылмаққа әрекеттенді. Онысы әурешілік екен, қозғалған сайын шыбын жаны көзіне көрінеді. Енді жазмыштың дегеніне мойын ұсынғаннан өзге шарасы қалмаған сияқты. Көзінің алды бұлдыр-бұлдыр елес. Бейнебір өзі торда тұтқында емес, қым-қуыт, құс базарының қақ ортасында – құс базары дегені өзінің бауырынан түлеп ұшқан үрім-бұтақтары екен дейді – қанатын қомдап қойып, аналық мейіріммен «құр-құрлап», өсиет айтып отыр. «Біздің ата-бабаларымыз момын, өзінің табан ақы, маңдай терімен күнелеткен ішкі елге ізетті, сыртқы елге сыйлы болған екен, – дейді, бұл ұрпақтарына. – Сөйтіп, жүріп арманы асыл нелер аталарымыз сахараның ми қайнатар ыстығында қанаттары күйіп, қаза тапты. Нелер ақ жүрек әзиз аналарымыз жазықсыздан-жазықсыз қараниет қаскөйлердің жебесінің ұшына ілінді. Сол қауіп бұлтынан әлі де құтылған жоқпыз. Әл әзір құтылмақ та емеспіз. Неге десеңдер, тағдырлары бір кеменің үстінде тұрған адамзат баласы да ықылым заманнан бері осы қатерлі қауіппен күресіп келеді. Бірақ бейкүнә ұрпақтарым менің, жұдырықтай ғана боп жаратылған біздің тыныштық құсы екенімізді, сол қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жерұйық мекеннің желбіреген туы – бейбітшілікке деген сенімнің шынай иесі екенімізді ұмытпаңдар...» – дейді. Бастырманың есігі ашылып. Іштегі тымырсық ауа сәл желкем тартқандай болды да, Ана кептер өзінен өзі жұмылып бара жатқан көзін күштеп ашып алды.
Ашық есіктен сұлбалары қарауытып тағы бірелер кіріп
келе жатқан сияқты. Іле маналы бері тартқан азаптың
әсерінен тосаңдана бастаған құлағына біреуінің:
– Алмас, таптым. Мінеки, мұнда іліп қойыпты, –
деген үні талып естілгендей болды.
– Аһ, оңбағандар-ай! Володя, ақырын... Қауыр-
сың дары зақымданып қалмасын.
Ана кептер көзін қайта ашқанда өзінің аяқ-
қолының бос екенін сезді. Басын көтеріп, жан-жағына
қарады. Иә, рас. Бұлар – азат.
Алдарына жайқуат табаққа су толтырып құйып
қойыпты. Жем де шашқан ба, қалай? Бірақ қазір ас-
суға зауық қайда!... Сана-сезімі әлі кірелі-шығасы,
өң мен түстің арасында. Анадай жерде отырған екі
баланы көріп, бойын жиып ала қойып еді, бірақ олар
ыржиып күлгендері болмаса, жаулық ниет таныта
қоймады. Қайта, мүсіркеп, жем мен суды кептердің
алдына қарай әлсін-әлсін жылжыта береді.
– Володя, не істейміз? Өздері естерін жиды ғой
деймін.
– Ана оңбағандарды айтам да, байғұстардың
әбден үрейін алғанға ұқсайды. Ас-суға жолар емес.
– Босатып, еріктеріне қоя берейік те онда.
– Жарайды.
Балалар кептерлерді электр шамының шақырай-
ған жарығының астынан далаға алып шықты. Таң да
жақын екен, айнала төңірек аққаймақтанып, түннің
қара шымылдығы түріле бастапты. Ана кептер таңғы
таза ауаны кеудесін толтыра жұтып, жұлқынып-
жұлқынып қалды.
– Әй, Аусар, мына кептер әлі тың екен.
– Кәне, олай болса бастарына азаттық беріп,
еріктеріне қоя берейік.
Балалар кептерлерді көкке серпе лақтырды. Кеп-
терлер ә дегенде тұс-тұсқа бытырай ұшты, бірақ іле
аумақты шеңбер жасап барып, топтана қалды.
Ана кептер балалардың қолынан босаған бойы
тым-тым биіктеп кетті. Ол осы бетте мекеніне қайы-
ры лып, он дағы қазір өнбойларын үрей билеп отырған
ұр пақ та рымен жүздесіп, одан ары көз көрмес, құлақ
естімес жақ қа ұшып кетпек болған. Бірақ жерге
көзі түскенде қап-қара екі ноқатқа айналған манағы
балалардың сүп-сүйкімді жүздері есіне түсті. Сосын
қанат қағысын бә сеңдетіп, балалардың үстін айнала
ұшты.
– Алақай, алақай....
– Самға, көгершінім, самға...
Құлағына төмендегі балалардың қуанышты үндері
жетті. Ол балалармен соңғы рет қоштасты да, бағытын
мекеніне түзеді. Қанаттары су-су етіп, ойланып келеді.
«Жоқ, бұл шатыр енді бізге жайлы ұя бола алмайды.
Сұғанақ қолдың суық табы қалған жерде мұның жып-
жылы жұмыртқаларының жатуы мүмкін емес. Ата
серті осылай....»
Сол күні түнде Ана кептер қалада жоқ болып
шықты. Оның бір алыс сапарға жиналып, алтын
күннің астына қарай бұлдырап ұшып бара жатқанын
осы оқиғаның бүге-шігесіне дейін куә болған Тоқ-
Қуат қана көріпті.
Самға, көктің еркін құстары
Тоқ-Қуаттың әңгімесін Бағдаршам демін ішіне
тартып, тіпті қыбыр етіп қозғалуға да батылы жетпей
отырып тыңдады.
– Уһ, не деген аянышты еді. Байғұс, Ана кептер
қайда ұшып кетті екен?
Тоқ-Қуат та күрсіңді.
– Оны ешкім білмейді. Бірақ оның ендігі ұр пақ та-
рына қауіп-қатері жоқ, тыныш мекен іздеп кеткеніне
мән кепіл.
– Ондай жерұйықты таба алар ма екен?
– Білмеймін, елгезегім. Осы сұрақ менің де
жүрегімді ауыртып, алқымыма жұдырықтай тас боп
тығылғанына, міне бірнеше күн.
– Шіркін-ай, іздеген жерұйығын тапса, қандай
жақсы болар еді.
Тоқ-Қуат кенет көңілі босап бара жатқанын сезіп,
әңгіме тақырыбын өзгерте қойған.
– Бағдаршам, сен немене, бүгін І Мамыр мерекесі
екенін ұмытып кеттің бе?
– Жоқ, неге ұмытайын.
– Ендеше, қарап тұрмайық... Әне, танауы делдиіп
сенің Аусар-Алмасың да келе жатыр.
Қала, шындығында, бүгін ерек құлпырып кет-
кен еді. Бағана сайын жалаушалар ілініп, көшелердің
үстіне салтанат ұрандары жазылған қызыл маталар
тартылған. Көшенің бойында машиналар жоқтың
қасы. Есесіне адам деген ығы-жығы. Ата-аналарының
иықтарына қонақтаған сәбилер қолындағы алқызыл
жалаушаларын бұлғап-бұлғап қояды. Қызыл, сары, көк
түсті неше алуан әсем шарларды ерке жел балалардың
қолынан жұлқа алып қашып, сонау аспанмен таласқан
зау теректерден де ары асырып, зеңгір көкке қарай
қақпақыл ойнатып, қуалайды.
Аусар мен Володя үйреншікті таспа жолымен
аяндап келіп, Бағдаршамның қасынан өте берді.
Өздерінің түндегі құпия тірліктерінен Тоқ-Қуат пен
Бағдаршамның құлағдар екенін сезбеген, әрине.
– Володя, қалай ойлайсың, Мақсат пен Бағдаттың
қылықтарын апайға айтқанымыз мақұл ма?
– Әзірге өздерімен сөйлесіп көрейік. Кінәләрін
мойындаса, бәлкім, апайға айтудың да қажеті бола
қоймас.
– Володя десе, маған бір ой келді. Осы бар ғой,
мектептегі көше қозғалысының жас инспекторлары
отрядының қатарына кірсек қайтеді?
Володя осы әңгімені шынымен-ақ сенің аузыңнан
естіп тұрмын ба дегендей Алмасқа таңдана қарап
қалыпты. Ойлы жанарында «Ертеңгі күні азар да без-
ер болып, айнып кетпейсің бе?» деген дүдәмал сұрақ
та жоқ емес.
– Шын, оллаһи-білләһи, шын айтып тұрмын.
Володя өз ойын көзінен оқып, түсініп қойған
досының зеректігіне риза болып қалды.
– Әпкел, қолыңды!
– Әпкелсең-әпкел! Уәдем, уәде!
Екі балақайдың уәдесіне бәрінен бұрын Бағдаршам
қуанып кетті.
– Тоқ-Қуат, а Тоқ-Қуат, Алмастың не дегенін
естідің бе?
– Естігенде қандай! Енді қолқанат достарымыздың
қатары бұрынғыдан да көбейе түсетін болды.
Сәлден кейін көк жүзіндегі ақшарбы бұлттардың
астына көгершіндер пайда болды. Ақ қанат құстар
көк жүзінде ойнақ салып, билеп ұшып жүр. Мереке-
ге жиналған халықтың көгершіндердің бейбітшілік
биіне сүйсіне қол соқпағаны жоқ. Ал Бағдаршам мен
Тоқ-Қуат мынау әсем көгершіндердің Алмас пен
Володяныкі екендігіне шүбәсіз сенімді еді.
– Самға, көкте еркін құстарым!
– Самға!...
КҮНГЕ ҒАШЫҚ ӨЛКЕДЕ
(ертегі-хикаят)
Бірінші тарау
Көкжасыл көркем өлкедегі қуаныш. Күн-
Ана! Қызыл шатырлы үй. Әлімбек атасы
күшігінің атын неге Ақпарақ қойды екен?
Қарақтарым!
Біз баян еткелі отырған бұл көкжасыл көркем
өлкеде мейірімді Күн-Ана ұйқысынан оянып, со-
нау көз ұшындағы Аждаһа жыланша жон арқасын
күжірейтіп, қарауытып жатқан биік қырқадан алтын
орамалын жарқ еткізіп бой түзгенше күллі Жер беті
алма ағаштың гүліндей аппақ нұрға малынып тұрып
алады. Осы бір елес сынды буалдыр ақ нұрдың ішіндегі
қызыл шатырлы еңселі үй мен қалың тал-дарақтар:
қара тал, сәмбі тал, қайың, қарағай, шырша бәрі-бәрі
таңғы уыз тіршілікке елтіп, осылайша ұзақ-ұзақ мүлгіп
тұра берер ме еді, әлде қайтер еді... Бірақ, тәкаппар
Түн сұлу шымқай қара түсті сылаңнан тіккізіп киген
көйлегінің етегін шұбатып, сонау батыстағы қырдың
арғы беткейіне барып көзден ғайып болған сәттен бас-
тап, әлгі қызыл шатырлы еңселі үйдің ауласындағы
жүні парақтай аппақ, тұмсығы мен көзі ғана мойыл-
дай қап-қара күшік шәу-шәу үріп, Қызыл Айдарлы
Кербез Әтеш өңешін жырта қиқуға басып, бәрекелді,
жасыл жапырақтан мақпал шәлі жамылған талдардың
бұтақтарына
қонақтаған
шымшықтар
бір-біріне
жамырай жар сала шырылдап, айналаны қызықты
думанға толтырды. Бұл, әлбетте, олардың мынау тыптыныш таң әлетіндегі сәби кейіпті бейкүнә әлемге тағы бір жып-жылы шуаққа толы жарық сәулені аманесен жеткізген Күн-Анаға деген қошуақ көңілдері болатын. Таңғы тылсым тыныштықта қоңыраудай сыңғырлап, ауыл үстінен аса, түу-түу алысқа естіліп жатқан осынау ерекше қуанышқа мелдектеген шатшадымен үндер көңілін қытықтап, қарадай елітіп кете ме, кім білсін, келесі сәтте Күн-Ана: «Менің кішкентай ғана балапандарым-ау, бір түн көрмегенге бола сонша сағынып қалдыңдар ма?!» деп, емірене тіл қатып, балбұл жайнаған сұлу жүзін балаларынан жасыра берудің енді асылық екенін ұққандай әлгі Аждаһаға ұқсас сұсты қырқадан жарқ етіп толық бой көрсететін. (Қарақтарым, егер сөзіме мұқият құлақ қойып отырсыңдар, онда мына ертегішінің өзі қайта-қайта «көркем» деп, «көкпеңбек» деп, тамсанып отырған осынау шынында да ғажайып өлкедегі күншығысты көлбеп, төңкерілген астаудай тыптыныш жатқан қырды қайдағы бір азуы алты құлаш Аждаһаға теңеп, неменеге үрейімізді ұшыра береді деп ойланып қалатындарың кәдік. Мен де оны бекерден-бекерге еске алып отырған жоқпын, бұл бір ұзақ әңгіме. Сәтті уақыты соққан кезде ол туралы әлі егжейтегжейлі баяндап беремін). Сол сол-ақ, жарқ еткен көз қарықтырар өткір сәуле көзді ашып-жұмғанша жалпақ жаһанды көктей өтіп, көлденең кездескен көлеңке-кедергілерден аттап, тәкаппар Түн-бикештің жаңа ғана шашылған көмірдей қап-қап қара болып сайрап жатқан ізін сүттей әппақ сәулесімен шомылдыра жуып-шайып, тәкаппар тау сілемдерінен де ары асып, төрткүл дүниені кезіп кете баратын.... Ә-ә, айтқандай, біз баян еткелі отырған бұл көкжасыл көркем өлкеде Күн-Ана осылай бой көрсетті дегенше бітті, сен кірпік қағып үлгергеніңше оның зымыран құстың жылдамдығындай ұшқырлықпен сонау зеңгір көкке барып қалай тез қонақтай қалғанын аңғармай да қаласың. Қожайындары Әлімбек қарияның шығыс көкжиекке мезгіл-мезгіл қолын
күн сала қараған сайын, өзіне-өзі «Жарықтық Күн Ием ұясынан арқан бойы көтеріліп қалыпты ғой» деп, шүкіршілік ететін өзіне ғана тән «ұзындық өлшемінің» бойымен бір пәсте зыр ете түсер еді... Қош, сөйтіп Күн-Ана көкке түгел иелік қып, бүкіл әлемге шекесінен қараған кезде бойына сенген көп қабатты үйлер мен аспанмен таласқан тәкаппар теректердің менменсіген көлеңкелерінің құты қашып, қайда тығыларға білмей сасады әуелі. Көлеңкелердің өзі бүйтіп пұшайман халге тап болып жатқан кезде, әлбетте, жан-жануарлар да баспана іздеуге кірісетіні хақ қой, Солардың бірі – Ақпарақ. Ақылдылығымен һәм айналасындағы басқа тір ші лік иелеріне деген артық-ауыс жамандығы жоқ мо мындығымен сүйкімді көрінетін күшік – Ақпарақ тың мекен-жайы қызыл шатырлы еңселі үйдің ауласының қақ төрінде. Ақпарақ осы мекенжайының есігінен басын шығарып, жерге жабысқан бәкене табалдырығына иегін сүйеп мызғығанды ұнатады. Бірақ, көзі жұмулы бол ға нымен, көңілі ояу. Құлағы-тыныс тіршілікте! Әл деқайдан біреу сырт еткізіп сіріңке тұтата қалса да қос құлағы едірейіп, орнынан ұшып түрегеледі. Ересектердің көбіне өз ісәрекеттеріне есеп бермейтіндегі бар ғой. Атын о баста неғып Саққұлақ деп қоймаған дсеңші! Бірақ, қожайыны ғой Ақпарақ деп еркелетіп жүрген. Сірә, күздігүні жусанның басына түйдектеліп жабысып тұратын, болмаса көш-құлаш болып шұбатыла қалқып жүретін мизам сықылды мақтадай ақ ұлпа түсіне бола атын Ақпарақ қойған болар.... Бәрекелді, сонымен Күн-Анамыз шашақтары алтыннан өрілген сап-сары жібек орамалын жарқ еткі зіп көк зеңгіріне барып аялдағанда, ақылы асқан Ақ па рағымыз өзінің бағзы машығына басып үйшігінің есігінен алдыңғы екі аяғын сыртқа көсіп жіберіп, иегін тізесінің үстіне төсеп, мау-жы-ра-а-ап жатыр еді. Ол осы маужырап, мүлгіген қалпында-ақ үйшігінің үстінен көлеңкенің асығыс аунап түсіп, тал-дарақтардың қалың жапырағының астына
қашып барып тығылғанын сезді. Енді Ақпараққа да
тез түрегеліп, үйшігінің түкпіріндегі салқын сызға
бауырын төсеп, тәтті ұйқысын одан әрі жалғастыра
беруіне болғандай еді. Бірақ, ол жарқ ете түскен өткір
сәуледен жасқанып, кірпігін жұма түсудің орнына,
ұшып түрегеледі, әлгі үйшігінің түкпіріндегі салқын
сызға бауырын төсеп рахаттанудың орнына, қос
құлағы едірейіп сыртқа шығады...
Міне, Күн-Ана көкжасыл көркем өлке иелеріне
осылай армысыңын жолдап, ал Ақпарақ үйшігінен
керіле бауыр жазып, тысқа шыққан сәттен бастап
қым-қуыт тіршілік те жанданып жүре беретін. Ал
іліктің басы, әлбетте, Қараладан шығады...
Екінші тарау
Тәкаппар Шәргез Қараланың қылығын-
ай. Көкжасыл көркем өлке не деген ғажап
еді. Қарлығаштарға не керек?
Ақпарақ ауланың қақ төріндегі үйшігінің алдында,
өзімен өзі ертеңгілік дене шынықтырумен әуреленіп
жатқан. Бір, екі, үш... бір, екі, үш...
Бәрінен де құлақтары селтеңдеп ауланың ішін
айнала шапқылап алғаны қызық. Осы кезде әлдене
жұмсақ пырылдап мұның үйшігіне сүйкеніп өте берген.
Өзінен-өзі танаурап, ауланы айналып шапқылаймын
деп таңғы астарын алдарына алып, қуаныштан қыт-
қыттап жүрген мекиендері мен сирақтары сыйдиған
шөжелерінің тәбетін бұзғаны үшін кербез әтеш –
Қызыл Айдардан ескерту алып қалған Ақпарақ ентігін
әзер басып, дыбыс шыққан жаққа жалт қарады.
Біреуге тиісіп, сүйкенбесе жүре алмайтын Шәргез
Қарала екен. Осы ауланың қожайынымен бірге ас
ішетін жалғыз өзі болғанын бұлдай ма, жалғанның
тәкаппары өзі. Қашан көрсең де көзін сығырайтып,
біресе терезенің алдында, енді біресе күншуақтағы
емен орындықтың үстінде бүк түсіп, мүлгіп отырғаны. Аяқтарын олай бір көтеріп, бұлай бір көтеріп, асқан кірпияздықпен бауыр жүнін сылап-сипалап, ертеден қара кешке дейін қайта-қайта жуына беретінің қайтерсің тағы!... Ақпарақ ауланың ортасымен өзінен басқа мұқым дүниеге менсінбей, керенау көз тастап, көлбей өтіп бара жатқан Шәргез Қаралаға құлақтары селтиіп қарады да қалды. Қараланың боса да мұнда шаруасы жоқ. Аяқтарын еппен көтеріп құрғақ жерді, жаңа ғана жаңбыр жауып өткен, қағуылдап қана басады. Табанына ілкіде бір жабысқа қалған лай болса жақтырмай, аулақтата сілкіп тастайды. Мұндай кірпияз болар ма? Ақпарақ жымың ете қалды. Есіне, өткенде Қараланың осы маңғаздығының салдарынан Қарлағаштарға таланып қалғаны оралған. Ой-хой, дүние-ай, десеңші! Өзі көкжасыл көркем өлке болса, оған көктемнің келуі мүлде ғажайып қой. Ертегіші оны майын тамызып баяндап, ақындар оның бар бояуын жоғалтпай мөлдірете жырлап бере алар ма екен, сірә?!.. Ақпарақтың білетіні: қожайынының қызыл шатырлы үйінің ауласына бір жаңа леп, жаңа тыныс келгенін сезгендей болған. Жер-Ананың тәні бусана жіпсіп, таңертең тұрып қарасаң көкмайса шалғынның сабақтарына шық тамшылары мөлт-мөлт етіп тұнып тұратын. Құрт-құмырсқалары да жан-жағына баспалай қарап, індерінен шығады. Таңғы ауаның кәусар лебіне мас болып, бақтың көз көрмес бір бұрышына қонақтап алып, әуезді үнін қызыға қайталап, тамсанып отыратын құмыр көмейлі Көкектің сазын айтсаңшы, шіркін!... Міне, тап осы кезде бұл өлкеге жұбымен жарасқан Қарлығаштар да келіп жеткен. Қарлығаштар келген бетте үйдің боғатындағы былтырғы ұяларын қайта жөндеп, болашақ тұрмыстарына қам-қаракет жасай бастады. Олардың тыныс-тіршіліктерінен Ақпарақ та көз алмай, бейкүнә, момын көршілеріне іштей тілектес болып жүретін. Бірде, ымырт жабыла екі мұңлықтың
өзара: «Жұмыртқаларымыз жарылып қалмас үшін
мамықты қайдан табамыз?» деп кеңесіп отырғанын
құлағы шалып қалды да, шапқылап отырып Қаралаға
келді.
– Қарала, сөзіме құлақ сал, – деді Ақпарақ танау-
рап. Ақпарақтың басқаларға ұқсамайтын бір мінезі,
ақкөңіл батырлар сияқты аңғал еді. Аңғалдығы сонша,
өзі ойлаған қандай бір игі іс болмасын жұрттың бәрі
қуана құптап, келісе кетеді деп сенетін.
– Иә, ол неғылған мәселе таң атпай тынышыңды
алып, тағатыңды тауысып бара жатқан, – деді Қарала
пыр-пыр етіп. Демек, жақтырмағаны.
– Естіген жоқсың ба?... Қарлығаштар келді ғой!
– Келсе қайтейін. Екеумізді сағынып, емешегі
езіліп отыр ғой дейсің бе?
Ақпарақтың аптыққан көңілін Шәргез Қараланың
маңызсыған осы сөзі-ақ су сепкендей басып тастаған.
«Айтсам ба екен, айтпасам ба екен?»
– І-і-ім, білесің бе, Қарала, жақында олар ұя
баспақшы. Соған...
– Немене соған? Жұмыртқаларын басып бер деп
отырсың ба маған?
– Қарала, мен саған өйт деп тұрған жоқпын ғой.
Сен қазір түлеп жүр емессің бе? Әр жерге жабы-
сып қап жүрген сол мамығыңнан Қарлығаштарға....
біразырақ қарассаң демек ем.
– Мияу! – Қарала баж ете қалған. –Жомарт
болсаң өз жүніңді жұлып бер! Ал менің тастайтын
мамығым жоқ! Өзің білесің, қожайынның үйі болса да
суық.
– Қап, енді қайттім! Сені бір шөкім мамыққа
бола сараңдық жасай қоймас деп ойлап едім. Ал мен
түлегенше қай заман...
– Жә, жә, бос сөзбен басымды қатырма! Мейірімді
екенсің өзіңнің құйрық жүніңді жұлып бер!
Ақпарақ намыстанып қалды. Өйткені, оның
құйрығы шолақ болатын. Қарала қу соны меңзеп,
мазақ қып тұр.
– Жарайды. Ақылың кірген күні осы қылығың
үшін әлі-ақ бармағыңды тістейтін боласың!
– Пішту, маған ақыл үйретушінің түрін қара!
Ақпарақ сөз таластыра бергенді бойына лайық
көрмей, тілі удай Қаралаға тап берген. Ол да
Ақпарақтың әр қимылын аңдып, сақ тұр екен, сол
заматта-ақ биік теректің басына өрмелеп шығып кетті.
– Абай бол, ендеше, Қарала! Берсең – қолыңан,
бермесең – жолыңан аламыз мамығыңды!
Қарала жауап орнына «мияу» деп, тұмсығын тыр-
жита айбат шекті де, әп-сәтте зау теректің бұтақтары
арқылы шатырдың үстіне шығып, зым-зия жоқ болып
кетті.
Үшінші тарау
Қызыл Айдар да шікірейе қалыпты.
Қарлығаштар Шәргез Қаралаға неге
шүйлікті?
Сол жерде Қаралаға әбден ыза болып, кіжініп
кеткенімен былай шыға бере Ақпарақтың алды дауыл,
арты шуақ өткінші жауындай ашуы тарқады да кетті.
«Енді не істеу керек? Кімге барып ақылдасқаны жөн?»
Ал Қарлығаштарға мамық ауадай қажет. Өйткені,
олардың жұмыртқа басатын мезгілі әне-міне деген-
ше жақындап қалатын түрі бар. Ау, айтпақшы, Қызыл
Айдарға барып жағдайды айтып, түсіндіріп көрсе
қайтеді? Мекиендерінің бір-бір ұлпасын сыйламас
деймісің! Ең бастысы, бұл мамықты өзінің қарақан
басының қамы үшін сұрап жүрген жоқ қой.
Ақпарақ ауланың бір бұрышын жайлап жатқан
Қызыл Айдардың патшалығына қарай аяқ басқан.
Көкейінде «Патшасынып паңданар болса да Қызыл
Айдардың алдынан өтіп көрейін. Ошарлы жанның бас
иесі ғой, түсінер» деген ой, ниет баяғы.
– Ассалаумағалейкум, ақылы айбатына сай, аса
көрікті алдиярымыз Қызыл Айдар хан! Күн сәулетті
патшалығыңыз һәм сұлу бибілеріңіз бен шөжелеріңіз
сау-саламатта болсын!
Бір аяғын бауырына тығып, кірпіктерін ашып-
жұмып, әскер басыдай оқшау биікте тұрған Қызыл
Айдар Ақпараққа: «Тағы да тынышымды алуға келдің
бе?» дегендей, қабағынан қар жауып, шүйілге қарады.
Бірақ, Қарлығаштардың шарасыз халін ойлаған
Ақпарақ Қызыл айдардың қаһарынан қорыққан жоқ.
Өзінің салтанатты мақамын жалғастыра берді.
Қызыл Айдардай кекірейген, кербез патшаны
бір жеңсе, оны қызылды-жасылды бояуға малынған
қанатындай сұлу сөзбен ғана жеңетіні хақ.
– Датым бар, тақсыр! Егер, мейіріміңіз құлап,
«дат» десеңіз, баян етейін.
– Айт, датыңды! Бірақ, қысқа сөйле! Қызыл Ай-
дар бауырына тығып тұрған сирағын баппен жер-
ге тіреп, қызылала қанаттарын сатыр-сұтыр еткізіп
қағып-қағып жіберді.
– Сөйлесем, сонау алыс қиырлардан өлкемізге
бейкүнә Қарлығаштар пана іздеп, ұшып келіп жа-
тыр. Солардың бір жұбы жылдағы әдетінше біздің
қожайынның босағасына келіп қонақтады. Жақында
ұя баспақшы. Соған ұябасар Қарлығаштың бауырына
жұмсақ, жылы болсын деп...
– Сөйлей бер...
– Соған... Қаралаға барып, ақыры түлеп жүрсің
ғой. Қарлығаштарға мамығыңан қарас деп едім,
көнбеді. Қайта өзімді мазақ қылып, қашып кетті. Енді
Сіздің патшалықтан бір шөкім мамық табылар ма екен
деп келіп тұрмын.
– Хоқ, хоқ, хоқ... Мамық Қаралаға керек болғанда,
маған адыра деп көкіп жүрген кім саған!? Жоқ, бере
алмаймын, мамық менің шөжелеріме де керек! Қысқа
біз де қам жасағалы жатырмыз...
Қызыл Айдардың мақамынан оның бұдан арыға
сөз шығындағысы да келмей тұрғанын түсінген
Ақпарақтың салы суға кетті. Үйшігіне келіп бүк түсіп,
жатып қалды. «Апырай, бұлардың бәріне не болған?
Қарлығаштардың да қас қылғандай мұның түлейтін
кезіне тап келмегенін көрдің бе?»
Қамығып
жатып
көзі
ілініп
кеткен
екен,
Қараланың баж ете түскен ащы даусынан шо-
шып оянып, орнынан атып түрегелді. Оған деген
бағанағы ашу-ызасын ұмытып кеткен. Оны айтасың,
мешкей мысық мекиендердің дәмі тіл үйіретін
жұмыртқаларынан дәметіп, қаһары қатты қанатты
патшаның кәріне ұшырап қалса, көмектеспек те
ойы бар-тұғын. Сөйтсе, мына қызықты қараңыз!
Басқа жер жетпегендей кең ауланың қақ ортасын-
да «мені көрдіңдер ме» дегендей көсіліп жататын
Қарала от басқандай орнынан ұшып тұрып, баж-баж
етеді. Сол кезде барып байқады: Қаралаға шүйлігіп
жүрген Қарлығаштар екен! Екеуі екі жақтан жебе-
дей зуылдап келген бойы көз ілеспес шапшаңдықпен
Қараланың арқасындағы қобырап түсіп жүрген жүнін
іліп алады да, аппақ, омырауын жарқ еткізіп көкке
қайта самғайды. Ондайда бопыраған түге-түге жүнді
іліп әкетпекке әрекеттенген Қарлығаштардың өткір
тұмсығы Қараланың денесіне қаттырақ батып кете ме,
мысекеңнің әшейінде күжірейіп жүретін жон арқасы
қайқаң ете қалады. Мұртын тікірейтіп, айбат шегіп,
азу тісін Қарлығаштарға білеп-білеп қояды. Бірақ
оған үрке қоятын Қарлығаштар қайда, шықылықтап
Қараланың төбесінде ойнақ салып жүр.
Ақпарақ аң-таң. Мына тосын оқиғаға сенерін де,
сенбесін де білмейді. Ақыры Қарлығаштардың ба тыр-
лық тары балалардың ерке қылықтарын есіне салған
да, са қылдап тұрып күліп жіберген. Ақпарақтық кө-
ңілді күл кісін құлағы шалып қалған Шәргез Қарала
Қар лы ғаш тарды тастай бере бұған қарай шапшысын.
Ызадан екі көзі шоқтай жайнайды.
– Әп, бәлем, сен екенсің ғой, шағыстырып
жүрген!
Ақпарақ та шалт қимылдың иесі еді. Әбжіл
әрекетке көшіп, қорғанып үлгермегенде тап сол жер-
де беті Қараланың нысанасына айналып, қанжоса
болары хақ тұғын. Әйтсе де Ақпарақ әп-сәтте болып
өткен оқиғадан ес жиып:
– Әй, Қарала, бері кел! Менің бұл оқиғаға қатысым
жоқ, – деп айғайлағанша ол қалың жоңышқаның ара-
сына зып берген. Әшейінде бойындағы бар маңызы
сонда тұрғандай желпуішше бұлғап-бұлғап қойып
жүретін ұзын құйрығын бұ жолы аспанға тік шаншып
алыпты.
Төртінші тарау
Тынымсыз-Тышқан Қызыл Айдардың
патшалы-ғынан не көрді?
Қарлығаштар қандай аяулы құстар!
Ақпарақ та тым ақкөңіл-ау...
Қызыл шатырлы еңселі үйдің бұрышына жап-
сарластыра соққан сенектің іші әсет-шілденің өзінде
денеңді тітіркендіргендей салқын. Қабырғасы қызыл
кірпіштен өріліп, күннің көзі түспейтін көлеңке
тұсынан терезе орнына кішкене ғана саңылау
шығарса, оның үстіне отқа жаға-жаға еден ағашы ада
болса, салқын болмағанда қайтсін енді. Әдетте, мұндай
сенектердің ішіне ескі-құсқы заттар тән. Сондықтан
олардың бәрін жіпке тізіп, санап жатпаймыз.
Тынымсыз-Тышқан бүгін осы сенектің ішінен
тамағына талғажау қыларлық ештеңе таба алмаған
соң, есіктің табалдырыкпен қиюластан жеріндегі
тесіктен баспалап далаға шықты да, Қызыл Айдардың
патшалығына қарай жорытты. «Жүргенге жөргем
ілінеді» дегендей, ылғи аста-төк болып жататын Қызыл
Айдардың патшалығының маңайынан бір-екі түйір
дән табылып қала ма деген үміт те баяғы. Бірақ Қызыл
Айдардың патшалығына тұмсық тірей бергені сол
еді, Қызыл Айдар кеудесін керіп, өткір тырнақтарын
шеңгелдеп дәл желке тұсынан төніп келді де: «Хоқ,
хоқ, хо-оқ!...» деп бар даусымен қиқуға баспасы бар ма!
Аяқ астынан тап болған Қызыл Айдардың қаһарынан
иманы ұшып, зәресі зәр түбіне кеткен Тышқан өзінің
кері қарай қалай құстай ұша жөнелгенін білмей де
қалды. Тек сенектің түбіне келгенде ғана өзін күштеп
тоқтатып, ентігін басты. Сөйтсе, соңында әні-міне
дегенше ұстап алатындай болып білегін сыбанып,
әлекедей жалаңдап келе жатқан қуғыншы жоқ екен.
«Ұят-ай! Әсіресе, мұны Қарала ести көрмесін!»
Әйтсе де Тынымсыз-Тышқан қарап тұрмады. Ол
енді Қызыл Айдардың патшалығына алыстан дүрбі
салып, маңайындағы қауіпті-ау деген қалтарыс-
бұлтарыстарды бір шолып шықты. Жоқ, көңілге қор-
қыныш ұялататыңдай күдікті ештеңе байқалмайды.
Дүрс-дүрс соққан дыбыс та өзінің алып-ұшып тұрған
жүрегі екен. Бірақ «Қорыққанға қос көрінеді» де-
гендей, Тышқан дүрбінің әйнегіне бәрібір байыз
тапқызар емес. Дүрбінің ұңғысындағы шыныдан ал-
дарына шашқан дәндерді асықпай шоқып жүрген
мекиендер мен астау орнына қойылған ернеуі кетік
ескі табақтағы шөп-шалам аралас суға тұмсықтарын
батырып, шөл басып жатқан шөжелерді көргенде
Тынымсыз-Тышқан тамсанып-тамсанып қойды.
«Ой, мынау кім? Ақпарақ қой! Бұл қайдан жүр
мұнда? Өзінің жүзі сынық, қабағы салыңқы ғой, жүдә.
Әшейінде, селтиіп, өзін сүйкімді көрсетіп тұратын
құлақтары да салпиып қалыпты».
Тышқан дүрбісін жылжытып, басқа «қарауыл»
іздеді. «Ә-ә, енді түсінікті болды. Қызыл Айдар екен
ғой қоқиланып тұрған. Қызық, оның алдында айып-
ты болатындай Ақпарақ не жазып қойды екен? Жоқ,
Ақпарақ, керек десең, тұмсығына қонақтап, мазасын
алған шыбын екеш шыбыңды да қаппайды.
Ән-нә-ні қара, әтешпісің деген, қолын сермеп-сер-
меп қояды өзі Ақпараққа. Қой, мынаңдай жаңалықты
естімей құр қалғаным болмас. Неде болса жақынырақ
барып тындайын. Нартәуекел!»
Тынымсыз-Тышқан дүрбісін иығына іле сал-
ды да, таса-тасамен бұқпантайлап жүгіре жөнелді.
Ол сарайдың жанына ентігіп жеткен кезде манағы
біз әңгіме етіп кеткен Қызыл Айдардың қаһарына
мініп тұрған кезі болатын. Бұл оқиға сендерге белгілі
болғандықтан тоқ етерін бір-ақ айтайын.
«....Сөйле, тобық жұтқандай неғып түйіліп қалдың?
Қызыл Айдар кеудесін керіп, олай-бұлай ойқастап,
Ақпараққа шекесінен қарайды. Дүрбі алдамапты –
Ақпарақтың жүні жығылып, мұңайып қалыпты. Үні де
пәс.
– Содан... Қаралаға барып, ақыры түлеп жүрсің
ғой, Қарлығаштарға мамығыңннан қарас деп ем
көнбеді. Енді Сіздің патшалықтан бір шөкім мамық
табыла ма екен деп келіп тұрмын.
– Хоқ, хоқ, хоқ... Мамық маған адыра деп көкіп
жүрген кім саған? Жоқ бере алмаймын...»
Тынымсыз-Тышқан Қызыл Айдардың бұдан арғы
сөзін шала-шарпы тыңдаған. Өйткені, өзінің ата жауы
Қараланың да, бұлардың көкжасыл көркем өлкесіне
жыл сайын сәуірдің соңын ала ұшып келіп, боғаттағы
ұяларына қонақтап, шүйіркелесе ме кім білсін, дау-
ыстарын мың құбылтып, түтін түтете бастайтын екі
Қарлығашты да жақсы білетін. Бұрышта жатып алып
Қарлығаштардың моншақтай қап-қара көздеріне,
тамақтарының астындағы мойындарын бұрған сайын
мың сан түске боялып, көздің жауын алатын қызыл
қоңыр мамығына, одан соң аспандағы қазбауыр
бұлттарға ұқсас аппақ бауырына сүйсіне қарағаннан
бір жалықпайтын. Екеуінің құдық басындағы лайдың
шетіне бауыр төсеп, одан балшық аралас шөптің
бірер тал сынығын тұмсығына іліп алып тыным тап-
пастан отауларының қабырғаларын жөндейтұғын
еңбекқорлығы да, таңғы һәм кешкі тымық ауада
жоғары-төмен құлдырай ұшып, бір-біріне еркелеп,
асыр салатындары да жарасымды емес пе? Әсіресе,
татулықтарын айтсаңшы, татулықтарын!
Тышқан өзінің қалай күрсініп жібергенін байқамай
қалды. Шіркін, осыны Қарала неге түсінбейді екен?
Қашан көрме, өзінен кішіге де, үлкенге де көз алартып
жүргені. Онымен қоймай, қыбын тауып тырнақ баты-
рып алатынын қайтерсің. Өзін қойшы, Тышқан тағы да
ауыр күрсініп қойды, мұны ол көзі шалған заматта-ақ
тарпа бас салуға бар. Ал оның Ақпарақты жек көретін
қай жөні бар? Сондай аяулы, ақылы асқан күшікпен
күндес болатындай не жетпейді десейші өзіне!
Ақпарақ та ақкөңіл. Әйтпесе, Қараланың мінезіне
сырағалы болатын кезі болды ғой. «Мамығыңнан
қарас...» деп, жетіп барыпты. Ау, тоқта, осы мамықтың
Қарлығаштарға не керегі болды екен сонша? Әй, бірақ,
Ақпарақ алаңдаса тегін болмағаны ғой. Қой, мен мұны
Оқымысты-Тотықұстан сұрайын. Бұл жұмбақтың
шешуін бір білсе, сол Оқымысты-Тотықұс біледі.
Тышқан қожайынының салқын сенегіне қарай до-
маланып, жүгіре жөнелді. Қияндағыны қасына әкеліп,
көзіне шұқығандай ғып тұрып көрсететін дүрбісі ол
секіріп-секіріп жүгірген сайын жалп-жалп етіп, жам-
басын соғып барады.
Бесінші тарау
Күн-Ананың құдыреті. Алғашқы тарауда
айтылған Айдаһармен танысатын да
сәт туды.
Қою қараңғылық бірте-бірте сейіліп, сәресі
әлетіндегі тайқазанның түп күйесіндей қап-қара
түсті бозғылт бояу алмастырды. Сол бозғылт бояудан
айналаға тіршілік белгісі тарап, түні бойы көзге түртсе
көргісіз «соқыр теке» қараңғылықтың құзырында
демдерін ішіне тартып, тым-тырыс тұншыққан тал-
дар бой түзеп, қолаң шаштай ұйысқан жапырақтарын
самал сілкіп, жел тарай бастаған. Сонау күншығысты
көлбеп жатқан алып қырда хабаршысы – ақ самалдың
желөкпе мінезі еліктірмей қойсын ба, жапырақтар да
бір-бірімен жапырласа бас изесіп, өзара жарасым-
ды бір жылы сыбырға көшіп жүре берді. Әлбетте,
қанаттарын жел көтеріп, бұтақтан-бұтаққа ұшып-
қонып, дегбірсіз шырылға басқан шымшықтардың
үнін естісеңдер, оны да осы таң хабаршысының
сүйіншісінің шашуы деп біліңдер.
Таңғажайып таң арудың еншісіне ғана тән осынау нәзік көріністің әрбір нақышынан әсем әуен тындағандай бір рахат сезіммен қанағат алып, маужырап жатқан Ақпарақ айналаға көзін төңкеріп, ойлана қарайды. Аулада тіршілік иелерінен өзінен өңге әлі қыбыр еткен жан жоқ. Қызыл Айдар, жылы төсегін қимады білем, жаңағы бір әлетте үзіп-созып таң хабарының ырымын жасаған да қойған. Қарала болса да анау еңселі үйдің ішінде, қалың көрпенің үстінде пырылдап, тәтті ұйқыны соғып жатқан шығар. Еһ, олар КүнАнаның қадірін Әлімбек атасындай білмейді ғой. Қожайындары күнде таң ертең төсегінен тұрып, қалқиып есігінің алдына шыққанда әуелі күнбағысша иіліп Күн-Анаға тағзым ететін. «Күн, – дейтін сосын қолтығындағы балдағына сүйеніп тұрып, – жарықтық, табиғаттың төсін емген тіршілік атаулының ортақ анасы ғой!» Бірде терезеден түскен жарықты азсынып электр шамын жағып қойған осы әумесер Қаралаға «Бәтшағар, сенің бұл шамыңның жарығы күннің құдыретті нұрына бәрібір жетпейді! Бұдан былай бүйтіп асылық мінез көрсетпе!» деп, зекіп тастағаны бар. Шынында жер-жаһанда Күн-Ананың сәулесінен құдыретті ешқандай керемет жоқ шығар! Иә, ешқандай жоқ! Егер Күн болмаса Қызыл Айдардың патшалығының да, Қараланың пандығының да құны көк тиын ғой. Ақпарақ шәу-шәу үріп, қораны бір айналып келді. Аппақ нұр айналада мейлінше молайып, шығыстағы тұтасқан ақшарбы бұлттардың етегі қызыл жалқын түске бояла бастаған. Бұл енді, әне-міне дегенше, КүнАна да бой көтереді деген сөз. Түу, ендеше мынау жұрт Күн-Анамызды қарсы алмай неғып жатыр? Мақұл, Қаралаға Күннің шуағы денесін аяз қарып, тоңғанда ғана керек, ал анау Қызыл Айдарға, Тышқанға не жорық? Қожайыны Күнді қарсы алу дәстүрін боса да бұзбасы анық, әйтпесе,
анау аңыз әңгімені майын тамызып айтып бермес еді
ғой.
...Мыңдаған жылдар бұрын, кім білсін, бәлкім
беріде-ақ болар, көкжасыл көркем өлкедегі тіршілік
атаулыға әмірін жүргізіп, Күннің де, Түннің де
қызығын жалғыз өзі иемденіп келген бір қатыгез
патшаның жұлдызы көк кеңістігін жарқырата ақтық
рет жанады да, жерге қарай құлдилай ағып жөнелді.
Көп ұзамай оның орнын Айдаһар сынды айбат-
ты патша басты. Бұрынғы қатыгез патшаның темір
бұғауынан Күн-Ана да құтылды. Өйткені, әлгі қатыгез
әмірші жан-жануарлар алым-салықтарын жыл сайын
бір еседен артық апарып тұрмаса Күн-Ананы шын-
жырлап, ұясынан шығармай қоятын. Сондықтан,
осы уақытқа дейін қаһарлы патшаның қысымынан
әбден зәрезеп болып, жүні жығылып қалған жан-
жануарлардың арқа-басын бір жадыратайыншы де-
гендей мейірімді Күн-Ана алтындай ақсары өңі гүл-
гүл жайнап, нұрын төгіп кеп берді.
Қолы кетпенге тиіп, аузы нанға жарыған жан-
жануарлардың қуанышында шек жоқ. Қуанған хай-
уанаттар кездескен жерінде тұра қалып Айдаһардың
аманшылығы үшін дұға оқып, тәу етуді әдетке айнал-
дырды. Олардың өз ықтиярларынан айырылғандары
сонша бір-бірінен «ау, осымыз ертең өзімізге таяқ бо-
лып тиіп жүрмесін» деп, ақыл тоқтатындай халде емес
еді. Қайта бір-бірімен жарысқа түсіп, Айдаһардың ал-
дында жақсы атты көрінгісі келетінді шығарды.
Әлбетте, Айдаһар да көктен аяғы салбырап түскен
әулие емес еді, оның үстіне тақтың буы бар, сондықтан
өзіне көрсетіліп жатқан осынау даңқ пен дақпыртқа
мас болып, елтімей тұрсын ба? Төңірегіне «көрдіңдер
ме, бұл өлкеде менен өткен ақылды ешкім жоқ, бәрі
менің құдіретімнің арқасы» дегендей, масаттана көз
тастайтыңды шығарды. Оны айтасың, құзырындағы
құлдық ұрушылардың жанарынан өзіне деген ессіз
табынушылықтың ұшқынын көру – оны адам айтып
болмас ләззатқа бөлейтін.
Айдаһар осылайша мейманасы тасып,көкжасыл
көркем өлкедегі тіршілік иелерін уысында ұстап, сән-
салтанатпен дәурен сүріп жатқан. Бірде уәзірлерінің
ішіндегі үндемей, көрінгеннен қауіптеніп жүретін
Шибөрі топтан жырылып қалды да, мұның аяғын сүйе
құлады.
– О, Алдияр хан ием, датым бар!
Шибөрінің жылбысқыдай жабысқан алақанынан
жиіркеніп,
қолын
тыжырына
қағып
тастаған
тәккаппар Айдаһар ақырып жіберді.
– Айт, датыңды!
– Бәрі-дағы Сіздің алтын тағыңыздың, асыл
тәжіңіздің тұрлаулы болуының қамы, хан ием! –
Шибөрі
Айдаһарға
жаутаңдай
қараған
күйі
құйрығымен жылжып кері шегінді де, шоқиып отыр-
ды. – Көк Тәңірі куә, жан-жануарларыңыздың Сізге
деген құрметін айтып жеткізу мүмкін емес. Қара
тобырыңыз Сіздің басқан ізіңізді жығылып жатып
сүюге бар. Бірақ... – Шибөрі жорта мүләйімсіп,
сөзінің аяғын әдейі жұтты. – Не дейсің?! Айт жыл-
дам, әйтпесе ... әй, жендет, ал мынаның басын!
– Ойбай, тақсыр-еке, күнәһәр пендеңіздің шы-
бын жанын қия көріңіз!
Айтайын дегенім «Іштен шыққан жау жаман» де-
ген. Сіздің әлемге әйгілі әмірші ретінде даңқыңыздың
асып тұрғанын кейбіреулер көре алмай жүр. Бұрынғы
патшаның заманын көксеп, сыпсың сөз тарататын
көрінеді. – Шибөрі аузындағы сөзін айтып болғанша
қаһарлы патшаның кәрінен қорқып жонарқасын
мұздай тер жуып кетті.
– Айт шапшаң, кім ол!? Қайдан естідің?!
Осы сауалдан қашып құтыла алмасын біліп, оған
алдын-ала жауабын қанжығасына бөктеріп келген
Шибөрі бұл жолы онша саспады.
– Жау алыста емес, хан ием! Иегіңіздің астын-
да. Түстеп берсем, Сіз ұстанған сара жол ең алдымен
Арыстанға ұнамайды.Өткенде Жолбарыс екеуі сөз
қылып отырғанын өз құлағымен естідім. Ойлары –
қайткен күнде де Сізді тақтан құлату...
Айдаһар аузынан от шашып, алпыс алты кез
құйрығымен жерді салып-салып қалғанда жер сілкініп,
тау-тас, орман-тоғай жапырылып қалды. Өзен-көлдер
арнасынан асып, егіс алқаптарын шайып кетті, жану-
арлар ешнәрсеге түсіне алмай, у-шу...
– Жоғал, көзіме көрінбей, малғұн! Жаманат ха-
бар жеткізген сені де аямаймын! Әй, жендет...
Айдаһардың алтын сарайынан Шибөрінің шыбын
жаны шырқырай шықты.
Төтеннен келген бұл нәубеттің алдында ақылды
Арыстан да, алғыр Жолбарыс та төтеп бере алмады.
Ертесіне қызыл киімге оранған жендеттің қан сасыған
шөркесінің екі жағында екі арыстың басы денесіз до-
малап жатты.
Алтыншы тарау
Ақ шашты әзіз Әулиенің шарты.
Ұйқыға кеткен Айдаһар қайтадан оянып
кетпей ме?
Екі бірдей сенімді ақылшыларының асыл текті
патша ағзамға деген «қаскүнемдіктері» әшкере болып,
бастары алынғаны жайлы оқыс оқиғадан кейін жан-
жануарлардың санасын қайғы бұлты торлап алды.
Арыстан мен Жолбарысты «ақ еді», «обал болды» деп
айтуға ешқайсысының да дәті жетпеді. Дәлірегі, бұрын
жан-жануарлардың Айдаһарға деген құрметінен шы-
найы сүйіспеншілік лебі есіп тұрса, ендігі құрметтің
астарында «пәледен машайық қашыпты» дегендей,
тылсым үрей бар-тұғын. «Біреудің жаманаты –
біреудің қанағаты» болған заманда бұған, әсіресе,
Шибөрі тектестердің айызы қанып, құдайлары берді
де қалды. Олар ұзында өші, қысқада кегі бар біреуді
көрсе бітті «міне, мынау ақылы асқан айбатты патша-
мыз Айдаһардың атақ-абыройына дақ салатын ғайбат
сөз айтты» деп, сырттарынан тұзақ құрып жатты. То-
пырлап дарға астырды. Жан-жануарлар өлкесі қан сасыды. Көк майса қурап, жапырақтарынан айрылған ну орман арса-арса болып, Алла тағаладан сауға сұрауға көшті. Өзен-көл суалып, жер қақ-қақ айырылды. Жан-жануарлар біткен талғажу қыларлық тамақ таппай туған өлкелерін тастап босып кетті.... Не істерін білмей сасқан жан-жануарлар амалдары таусылған соң небір жын-перілерді аузына қаратып, құрдай жорғалататын, тіпті қалса қара тасқа айналдырып қалшитып қоятын сиқыршы-әулиеге барып жалбарынды. Сонда Әулие ойланып отырып былай деген екен. – Иә, Айдаһар – осал жау емес. Ол өзінің қара басынан басқа біреуді мынау да мен сияқты тіршілік иесі-ау деп аяған емес. Жер-Ана үшін мұның қауіпі өте зор. Өйткені, оның бойындағы осы менмендік ұрығы бүгінде жәми тіршілік иелерінің бойына жайыла бастады. Олар да кәзір бір-біріне өктемдік жасап, бір-бірінен бақ-талайын асыруға құмар. Сондықтан, ей, менің бақытсыз жан-жануарларым, талаптарыңды орындамас бұрын сендерге қояр шартым бар. – Айтыңыз шартыңызды, – десті, жан-жануарлар күңірене шулап. – Оңай шарт қояды екен деп ойламаңдар. Асықпай ақылдасып алғандарың жөн. – Не де болса көндік, Әулием! – Әбілет басқыр Айдаһардан құтқарсаңыз болды, әйтеуір.... Әулие отқа ұмтылған ессіз көбелектей алды-артын ойламайтын тобырға қабағын түйе қарап, қолын сермеді. – Жә, олай болса, сөзіме мұқият құлақ салыңдар. Бүгіннен бастап бір-біріңе көз алартпай, ауызбірлікті, ынтымақты боласыңдар. Екінші – мынау аспан асты, жер үстінде біреудің басына қайғы бұлты төнсе, соны «ол жаттың басына түскен қайғы-қасырет» демей, ортақ қасірет деп қабылдайсыңдар. Өйткені, мынау
Домалақ Жер, Домалақ Күн тіршілік атаулының – Анасы! Домалақ Шаңырағы...Домалақ Бесігі! Жан-жануарлар Әулиенің талабы мұндай оңай болар деп ойламаса керек, шулап қоя берді. Әсіресе, Қасқыр: – Ой, бар болғаны осы-ақ па? Ха...ха... Бірбіріңмен дос болыңдар дейсіз ә, мінеки, достық құшағымыз қазірден ашық. Әй, Қыли, қайдасың? – деп, көлеңкесінен қорқып отырған Қоян байғұсты өзеуреп шақыра бастады. – Енді үшінші шартымды тыңдандар! Мен бүгіннен бастап Айдаһарды оқып, ұйықтатуға кірісемін. Ол сиқырлы дұғамда оқыған сәттен бастап, қалғи бастауға тиіс. Көзін мәңгібақи жұмғызсам да болар еді. Бірақ, мен сендерге сенбеймін. Оған анау қырғынға ұшыраған жәмиғаттарыңның рухы куә. Сондықтан, үшінші шартымның серті – өздеріңнің пиғылдарыңа байланысты болмақ. Яғни, жоғарыдағы екі шартты бұлжытпай орындайтын болсаңдар Айдаһар мәңгібақи көз жұмады. Ал зұлымдық тәңірі мәңгібақи көз жұмған кезде жер бетінде Қасқыр мен Қоян бірге жайылып, адам сенгісіз бейбіт заман орнайды. Егер өзді-өзіңмен жауласып, бейбіт тіршіліктің берекесін ала берсеңдер Айдаһардың бойындағы зұлымдық қайта күш алып, бас көтеруі мүмкін. Ал ол екінші рет бас көтереді дегенше күллі тіршілік иесі ғана емес, мынау сендерді мәпелеп асырап отырған жомарт Күн-Анаға да қатер төнді дей беріңдер. Ақ шашты әзіз Әулиенің осы сөзінен кейін көкжасыл көркем өлкеде тату-тәтті тіршілік қайтадан қыз-қыз қайнап жүре береді. Жан-жануарлар бірбіріне «сіз-бізімен» жағып, адамгершілік ұғымы мызғымас ақ туға айналды. Бір кездері өзінің басқан ізін құшып, аяғына қоғадай жапырылатын қара тобырын қынадай қырған Айдаһар болса шығыстан күлімдей көтерілетін Күн-Ананы өзімен бірге ала кетпек болып көкжиекті көлбей құлаған қалпы әулиенің дұғасына ұйып, ұйқыға кетті...
– Ата, Күн-Ананың әлі күнге дейін күлімдеп тұрғанына қарағанда жан-жануарлар уағдаларында тұра білген-ау шамасы. – Қожайынның ертегісін тыңдап біткенше не болар екенмен әр түрлі ой құшағында жаны жай таппай отырған Ақпарақ атасына әнтек сұрақ қойған. – Жоқ, Ақпарақ. Әулиенің сөзін есіңе түсірші. Ол жан-жануарларға шарт қоярда Айдаһардың бойындағы зұлымдық ұрығы басқалардың бойына да у сияқты жайыла бастады демеп пе еді. Айтқанындайақ, жан-жануарлардың бір парасы тату-тәтті өмір сүріп жүрсе, енді бір парасы әлі күнге шейін өзара бәтуаласа алмай, босқа қан төгіп жатыр. – Сонда, – Ақпарақ шығыс жақты көлбей Айдаһарша ұзыннан-ұзын созылып жатқан қырға үрейлене көз тігіп қойды, – Айдаһар әлі біржолата ұйықтаған жоқ па? – Иә, күшім, өкінішке орай, Айдаһардың алты кез азуынан қауіпсізбіз деп айтуға әлі ертелеу болып тұр. Құлағы салбырап ойланып қалған Ақпарақ кенет қыр жаққа қарады да қуана айғайлап жіберді. – Алақай, алақай! Күн шығып келеді, Күн! Ата, қарашы, әне! Күн, Күн шығып келеді! Әлімбек қария Ақпарақтың қуанышын бөлісіп, дәрменсіз тіршілік иесінің көңілін ауламаққа күншығысқа қарай мойын бұрған. Шынында мына дүние жаһанның арғы-бергі мыңжылдық тарихында ешқандай қантөгіс болмағандай қырдың үстінен КүнАна бейбіт көтеріліп келеді екен. Ақпарақтың көз алдына алтын күннің шапақтарының астында отар-отар болып жайылып жүрген аппақ қойлар, қойлардың үстінде қуана шырылдап отырған бозторғайлар елестеп кетті. Мына қызықты қара, олардың ортасында өзі де шапқылап жүр екен дейді....
Жетінші тарау
Тынымсыз-Тышқан мен Оқымысты –
Тотықұс.
«Өлке таңындағы» Сауысқанның
сандырағы...
Бәрекелді, енді манағы Тынымсыз-Тышқанымыз
не істеп, не қойыпты? Жалықпасаңдар, енді соған
аз-кем оралайық. «Оқымыстыға қалайда тез жетуім
керек» деп ойлаған Тышқан жолындағы кездес-
кен кедергі атаулыға қарамастан етегіне сүрініп-
қабынып жүретін әдетімен тапырақтап тұрып-ақ
жүгіріп еді. Соңындағы, бораған алақұйын шаңнан
қасы-көзі әппақ ақ қырау болыпты. Танауына кіріп
кеткен шаңның тозаңдары кеңсірігін жыбырлатып
Оқымыстының жанынан жете берсем сәлемдесуден
бұрын түшкіріп-түшкіріп жібергені. Әт-пүш, әт-
пүшу....
Жайлы орындыққа шалқая жайғасып, қолына
газет ұстаған Оқымысты-Тотықұс Тышқанның бұл
қылығын, әлбетте, жақтырған жоқ.
– Кісіге қарап түшкірмес болар, Тышқан мырза.
Қашанғы құлағыңа құямын осы.
– Кешірші, Тотықұс! Сәлематсың ба! Өзіңе
асыққаным сонша, жүгіремін деп шаңға әбден
малтықтым. Ақпарақ пен Қызыл Айдардың ұрыс-
керісін бақылаймын деп жүріп түс әлетіндегі тәтті
ұйқысынан қағылған Тышқан қолын керіп, рахаттана
есінеп алды.
– Кісіге қарап керілуге болмайды. – Тышқан
күйіп кетті.
– Үйтпе, бүйтпе... Қит етсең осы.
– Жарқыным, өмір дегеніміз-өсиетнамаға толы
кітап екенін білмеуші ме ең? Ал енді осы кітапты
ашқан екенсің, ендеше оның әліпбиін де меңгеріп
алғаның абзал.
– Кешірші, Тотықұс! Қызыл Айдардың мамығы
Қарлығаштарға не үшін керек?
Оқымысты-Тотықұс өзінен әлдекім ақыл сұрай
келген кездегі ісіп-кеуіп, маңызси қалатын әдетімен
Тынымсыз-Тышқанға көзілдірігінің үстінен масатта-
на қарап-ақ сүт пісірімдей уақытты өткізді.
– Әй, Тынымсыз-Тышқан-ай! Зыр жүгіргенің
болмаса, бұ дүниедегі бар жаңалықтан бейхабарсың-
ау? Мә, оқы!...
– Оқымысты-Тотықұс «Өлке таңы» деп аталатын
сарыала газетті Тышқанға ұстата берді...
СОҢҒЫ ХАБАР
ӘУМЕСЕР АҚПАРАҚ
Қарлығаштардың ұясына мамық іздеп шыққан
Ақпарақтың жолы болмады. Әуелі Қараламен шекісіп
қалды. Сосын Қызыл Айдардың патшалығына жасаған
сапары да сәтсіз аяқталды. Ақпарақ қайырымды болса
Қарлығаштарға өзінің мамығын сыйлауы керек еді.
САУЫСҚАН
Ашуланған Тышқан газетті лақтырып жібере жаз-
дады.
– Өсекші Сауысқан, Ақпараққа бекерге тіл
тигізіпті ғой.
Оқымысты-Тотықұс болса Ақпарақтың көңіл
күйі өзіне түк әсер етпегендей бұрынғыдан бетер
маңызданды.
– Олай деуге болмайды.
– Ой, болмайдыңмен бар бол сен! Жаңа ғана өз
құлағыммен естіп келдім. Қараланың мамығы түлеп,
желге босқа ұшып жүргенге байғұс Ақпарақ елпілдеп
жетіп барған ғой. Ал, ол болса...
– Дегенмен, Ақпарақтың әуелі ойланып алғаны
мақұл еді.
Тышқан Оқымысты-Тотықұстан опа таппасын
білді де мына жерден тезірек кеткісі келіп ініне қарай
жүгіре жөнелді. Жүгіріп бара жатып дүрбісі қазыққа
ілініп қалды да шаңға тағы бір аунап тұрды. Қасы –
көзі аппақ шаң.
– Әт-пүш! Әт-пі-шу!
Сегізінші тарау
Ақпарақ ақ самаурындағы өзінің
бейнесімен ойнап, Қарлығаштарға сый-
сияпат әзірледі. Тынымсыз-Тышқанның
әңгімесі біраз жәйттің шетін шығарды.
Ақпарақ іске кіріспес бұрын самаурындағы өзінің
бейнесіне тесіліп біраз тұрды. Бейне бір өзіне-өзі: «Мы-
нау құлағы селтиіп, қутың-қутың етіп тұрған күшік
шынымен-ақ мен бе?» дейтін си-яқты. Самаурындағы
жүні қағаздай әппақ, тұмсығы мен көзі мойылдай
қап-қара күшік тым көңілді. «Бір-бірімізбен осылай
«үндемес» ойнап қашанға дейін тұрар екенбіз?» де-
гендей ол да орнынан тапжылар емес. Ақыры бұл
Ақпарақ шыдамады. Күнге шағылысып жарқыраған
әппақ самаурындағы күшіктен көзін айырмаған
күйі басың оң иығына қарай әнтек қисайтыңқырап,
тікірейген құлағын қайшылап-қайшылап жіберіп
еді, мазақтағандай ол да мұның істегендерін айныт-
пай қайталады. Бұл – Ақпарақтың көңілін көтеріп
жіберді. «Енді не істесем екен?» Әп, бәлем, қазір са-
стырайын сені. Ақпарақ шолақ құйрығын астына ба-
сып отыра қалған. Қу екен, ол да шолтиған кішкене
құйрығын астына басып шоқиып отыра кетті!
Көк аспанның төріне шығып алған Күн-Ана аула
ішін жып-жылы шуаққа бөлеп тұр. Ақпарақ жападан-
жалғыз. Ол үшін қазір осы жалғыздық қолайлы.
Ақпарақ қолындағы жүзі қылпып тұрған өткір
қайшысын саусақтарына іліп, ыңғайлап алды да іске
кірісті. Самауыр-айнадан бәрі ап-анық көрініп тұр..
Ақпарақ
алдымен
құлағының
ұшындағы
шашақтарын қиып алды. Сонан соң аяқтарындағы
жалбыраған балақ жүндерін қырықты. Оһо, осының
өзі-ақ бір ұяға жетіп артылады, әуелі. Бәрінен бұрын
Қарлығаштарды айтсайшы, бір қуанып қалатын бол-
ды. Ақпарақтың Қарлығаштарға берген мамығы
жайлы естіген Қарала мен Қызыл Айдар өздерінің
сараңдықтарына ұялатын болады әлі.
Қой, енді уақытты өткізбей Қарлығаштарға барай-
ын. Әлбетте, олар сондай мейірімді құстар ғой, мұның
өздері үшін осыншама әуреге түскен хикаясын естіп
«Ақпарақ-ау, өзіміз-ақ бірдеңе ғып ілдәлдалап жазды
өткізер едік қой, түу...» деп, екеуі екі жақтан ал кеп
өкінер. Бұл болса, әрине, бәрібір сыр бермейді. «Ой,
мен қиналатындай ештеңе болған жоқ. Ә-ә, Қызыл
Айдар мен Қараланың қиқаңын айтасыздар ма? Ой,
мен олардың мінезіне үйреніп кеткенмін» дейді. Сол
кезде ұябасар Қарлығаш бұған жанарыңдағы бар жы-
луын сыйлап, мөлдірей қарайды да ата Қарлығашқа
әсем мойнын наздана бұрады.
– Қайтеміз енді, Ақпарақтай ағайдың көңілін
қалдырғанымыз ұят болар. Осы кезде ата Қарлығаш
қанатын қайшылай қозғап, ризашылығы болар,
елпілдеп қалады.
– Әрине, әрине....бірақ осы мамығы түскірді
өзіміз де өйтіп-бүйтіп жинап алып едік. Мейлі енді,
артық болмас.
Қуанған ұябасар мұның қолындағы мамықты
ұясына бипаздап төсей бастайды. Өзі балаша мәз.
Тамағын қырағыттап, назданып та қояды.
– Ой, мамық деп міне, осыны айт! Ақпарақ аға,
Сізге көп-көп рахмет!
Өзінің момын құстарға жақсылық жасағанына
жүрегі кеудесіне сыймай өрекпіп, шын қуанып тұрса
да бұл әрине, сыр бермей сабыр сақтайды. Өйткені
аға деген аты бар емес пе? Сондықтан, лажы болса
олардың рахметіне жосықсыз елпілдемей, қысқа ғана
жауап қайтарғаны абзал. Мәселен, былай: «Жар-р-
рай-ды!» деген сияқты. Жоқ, бұл тым мардымсыған
мырзаларға тән сөз сияқты. Сонда не деуім керек
енді? Былай десем қалай болады? «Оқасы жоқ, айна-
лайындар! Бір-бірімізге қол ұшын беріп, көмектесу
қай-қайсымыздың да парызымыз ғой». О-о, осы дұрыс
сияқты. Тек «Ұрпақтарыңның аспаны ашық болсын,
айналайыңдар!» дегенді ұмытпау керек...
– Ақпарақ! Ау, Ақпарақ!
Ақпарақтың балдай тәтті ойын аяғының асты-
нан шіңкілдей естілген жіңішке үн бөліп жіберді.
Бұл кезде Ақпарақ мамықтарын себетке салып,
Қарлығаштардың шаңырағына қарай енді бет алғалы
тұрған.
– Оу, Тышқанбысың! Аяққа оратылып қайдан
жүрсің?
– Ой, несін сұрайсың Ақпарақ, өзіңе айтатын
әңгімем көп.
Тышқан әбден шаршаған сыңай танытып отыра
кетті. Тышқанның әңгімесі шынында көп еді.
Әңгіме болғанда, бәрі әлгі Қызыл Айдардың
патшалығында өзі куә болған оқиғадан басталды
ғой. Оның үстіне Оқымысты-Тотықұстың ызасы
тағы бар. Шынында мұндай оқиғадан кейін Тышқан
сияқтылардың ештеңе болмағандай үйінде аяғын
аспанға көтеріп алаңсыз жатуы мүмкін емес-ті.
Сондықтан ол інінен атып шығып, жорғалай жөнелген.
Әдепкіде лағып жүріп, өзінің қайда бағыт ұстауы ке-
рек екенін де зерделеген жоқ. Бір гәбі болар деген де
қойған. Ең бастысы, әйтеуір, біреуге қастандық ойлау
ниетінен аулақ қой.
Бір уақытта қараса, құдықтың басына жақындап
қа лыпты. Дұрыс, дұрыс, дәл осы уақытта Қарлығаш тар
құ дық тың жанындағы шалшыққа келіп қонақтайды.
Ойлап қа раса, Тышқанның іздеп шыққаны да осы
Қарлығаштар екен. Қарлығаштар көп күттірген жоқ.
Тышқанның үстінен шыр айнала ұшып, төңіректен
қауіпті ештеңе білінбеген соң судың шетіне келіп
қонақтады. Қос мұң лық шөлін басып, ауық-ауық
тамақтарын қырағыт тай шықылықтап өзара әңгіме-
дүкенге кіріскен кезде Тыш қан да тіл қатқан.
– Армысыңдар, нау құстарым!
Қарлығаштар
домбыраның
шірей
бұралған
астыңғы іше гінің үніндей жіңішке дауыстан сескеніп,
орындарынан қанат қағып көтеріле берді де дауыс
иесінің Тыш қан екенін көріп, жерге қайта бауыр бас-
ты. Қар лы ғаш тардың өзінен үркіп ұшып кетпегеніне
Тыш қан ның да кәдімгідей мерейі өсіп қалды.
– Достарым, тапа-тал түсте ауланың ішінде асықпай қыдырып жүрген қандай ақымақ Тышқан деп ойлап қалмаңдар. Мен осында сендердің ұрпақтарыңның қамы үшін шыбын жанымды шүберекке түйіп келіп отырмын. Әңгіме былай. Сендердің ұяларыңа мамық қажет екенін екеуара әңгімелеріңнен естіп қалған Ақпарақ деген қожайынымыздың күшігі Қарала атты мысыққа барып, келісімін алып қайтты. Қазір Қарала ауланың ортасына келіп көсіліп жатады.Сендер болсаңдар сол кезде зулап ұшқан бойларыңда Қараланың үстіндегі бұрқырап түлеп жүрген жүндерін іліп алып, ұяларыңа біртіңдеп таси беріңдер, таси беріңдер.... «Осы Тышқан өзі рас айтып отыр ма?» дегендей, Қарлығаштар бір-біріне сұраулы жүзбен мойын бұрысып қойды. – Немене, сенбей тұрсыңдар ма? Әне, Қараланың өзі де келе жатыр. Ал, қайыр-қош, мен кеттім. Егер Қарала мені көзі шалып қалса, уәдесінен айнып қалуы мүмкін. Сондықтан өзі келісіп тұрғанда, қапы қалмаңдар, айналайындар! Тышқан осыны айтты да, тіпті Қарлығаштардың жауабын да күтпестен шарбақтың қуысына қойды да кетті. Қарлығаштар қанат қағып, бірден ұшып жөнеле қоймаған. Бірақ «Құланның қасуына, мылтықтың басуы» дегендей, Қарлығаштардың осы әрі-сәрі ойына дөп келгендей Қарала да ауланың ортасына келіп, ұзынынан көсіле жатсын... Басын керенау көтеріп, түрпідей тілімен жамбас жүнін біраз сылап-сипап алды да, салқын жерге қайтадан басын қойды. Қарлығаштар байқап тұр: Қарала, Тышқан айтқандай, шынында түлеп жүр екен, жұмсақ самалдың лебі желпіген сайын мамықтары қызғалдақтың жапырағындай үлбіреп, көздің жауын алады. Ұябасар шыдамады. – Егер Тышқан өтірік айтса, Қарала ауланың ортасында бүйтіп керіліп жатпас еді. – Жә, тоқтай тұр. Тағы біраз күтейік.
Арада біраз уақыт өтті. Денесін күн қыздырып,
сүйек-сүйегі балқып, маужырап жатқан Қарала өліп
қалғандай тыпыр етер емес.
– Әне, көрдің бе, Ақпарақтың Қараламен сөз
байласқаны рас болды.
– Ойпырай, ә!... – Осы сөз ата Қарлығаштың
аузынан
шыққанша
ұябасар
аспанға
көтеріліп,
Қараланы торуылдай бастап еді...
Тышқан әңгімесін мұқият тыңдаған Ақпарақ ашу-
ланарын да, қуанарын да білмей дағдарды.
– Демек, сен екенсің ғой бәрін бүлдіріп жүрген...
– Қайтемін енді, сені аяп кеттім. Кегімді бір қай-
та райын деп едім.
Тышқанның үні айыпты жаңдай, бәсең шықты.
– Есіңде болсын, «Таспен атқанды, аспен атқан»
ләзім. Екі ортада Қараланың тырнағына мен арандап
қала жаздадым... Айтпақшы, сен осы қылығың үшін
Қарлығаштардан кешірім сұрамаушы ма едің?
– Әрине, кешірім сұраймын.
– Олай болса, жүр...
Ақпарақ өзінің Қарлығаштарға апарып бергелі
отырған себет толы жүнін көрсетіп еді, таңғалғаннан
Тышқанның көзі бағжаң ете қалды. Сөйтті де адымдай
жөнелген Ақпараққа «Өлке таңындағы» хабардың
жай-жапсарын айтып, соңынан құлдыраңдай ілесе
жөнелді. Ақпарақтың ауладан Қараланы көрген кезде
есіне түскен оқиға, міне, осы еді.
Тоғызыншы тарау
Қожайыны далаға шықты дегенше
Ақпарақ үшін тылсым дүниенің өңі
кіріп, түрленіп жүре береді. Аспандағы
айшықты кемпірқосақты қауыздың
үстінен кез-келген уақытта көруге
болады. Осы өлкедегі ең қырсық адам...
Сықырлай ашылған есіктің ар жағынан есіктің
ар жағынан бой көрсеткен қожайыны балдақтарына
сүйеніп табалдырықтан бері аттағанда қап-қара
сүйкімді
көзін
ойнақшытып,
селтиген
шолақ
құйрығын қал-қадерінше бұлғаңдатып, еркелей қарсы
алу – Ақпарақтың сүйікті әдеті. Өйткені таң атып,
қожайыны далаға шықты дегенше Ақпарақ үшін тыл-
сым дүниенің өңі кіріп, түрленіп жүре береді.
Ақпарақтың қожайыны үйінен шыққан кез-
де қуанғанынан секіріп-секіріп түсетіні – екінші
сөмкеге тезірек ие болу. Ал сөмкеге ие болу дегеніңіз,
көшеге шығып, дүкен аралап дегендей, бой жа-
зып, қыдырып қайту ғой. Бұған атасы да үйреніп
алған. «Қалай, Ақпарағым, түн тыныш өтті ме?»
деп, құлағының түбінен қасылап, еркелетеді де,
қолындағы сөмкені ұстата береді. Әрине, Ақпарақ ата-
сы сөмкені өзіне ыңғайлы болу үшін бауынан тістеп
алады да, шалдың алдына түсіп, үйреншікті жолы-
мен жортақтай жөнелді. Ақпарақ содан соңындағы
қос балдақты жерге шегеше қадап, жалғыз аяғымен
қасқая адымдап келе жатқан атасына жалтақ-жалтақ
қарайлап қойып, әуелі газет сатушының шағын
күркесінің тұсына аялдайды. Атасы бұл күркеден
түрлі газет-жорналдармен бірге «Қазақстан» деген
ақ қорапшалы темекі сатып алғанша Ақпарақ анадай
жердегі көк майсаның ортасындағы фонтанды тама-
шалап қайтады. Фонтанның аспанға атқылаған мөп-
мөлдір моншақтарға ұқсас кәусар суы – айналаға
салқын дым бүркіп, Ақпарақтың көңілін одан сайын
сергітіп жібереді.
Кейде фонтан әлдеқайдан леки соққан самалдың
лебімен мұның үстіне жаңбыр жаудырып, көңілді
ойынға шақыратыны бар. Жаңбыр демекші, бір
ғажабы аспандағы айшықты кемпірқосақты қауыздың
үстінен кез-келген уақытта, тіпті қол созым жерден
көріп, тамашалай беруге болады. Қай түсін қалайсың:
көгін бе, сарысын ба, жасылын ба, қызылын ба, ерік
өзіңде.
Ақпарақ көшеге шыққан кезде әнтек көңілденіп кететін. Өйткені шарбақтас көршілері Қарала, Қызыл Айдардай емес, көшеде Ақпарақты сыйлайтындар көп. Олар кездескен жерінде бұған тоқтап, жол береді. Көздерінен шуақты нұр төгіліп, ерекше құрметпенен қарайды. Енді өзінен үлкен сөмкеге азық-түлікті сықита толтырып ап, балдақты қожайынының алдына түсіп тыпыңдап келе жатқан күшікті кім жек көрсін. Бірақ, бүгін Әлімбек атасы сөмкені беруін бергенмен, бұ болса сөмкені бауынан салбыратып тістеуін тістегенмен, қожайыны дүкеннің үйреншікті жолынан бұра тартты. Қайда барады? Ол жағын жанындай жақсы көретін Ақпарақтан әләзір жасырып келеді. Ақыры қожайыны бір үйдің жанына тоқтады да: «сен осында күте тұр» деп, бұны есіктің аузына қалдырып, өзі ішке еніп кетті. Таудай үйдің қасында, түймедей ғана болып көрінетін Ақпарақ жападанжалғыз елегізи бастады. «Еһ, осындайда Тышқан болар ма еді?» дегенше болған жоқ: – Мен мұндамын! – деген Тышқанның шіңкілдеген көңілді үнін естіген. – Ой, сен қайдан сап ете қалдың? Мына үйде кім бар еді? – Е, мұнда осы өлкедегі ең қырсық адам отырады. Жұрт оның түр-түсі Қабаннан айнымайтын болған соң Қабан деп атайды. Ал, сенің қожайыныңның ол немеде қандай зәру жұмысы бола қалғанын кәзір білеміз. Тышқан жамбасындағы дүрбісімен бірге жүретін қорапты алды да, тетіктерін сарт-сұрт бұрай бастады. – Тышқан-ау, бұның не өзі? – Мұның атын сиқырлы қорапша, яғни видеотелефон дейді. Қазір іске қоссам болды, мынау үйдің ішіндегі қожайыныңды тура телевизордан көргендей боласың. – Ойпырай, ә! – Ақпарақтың таңғалғаны сонша көзі бақырайып, аузы аңқиды да қалды. Шынында Тышқанның сиқырлы қорапшасының экраны біруақ жыпылықтап тұрды да, кенет жарқ ете
түскен көгілдір шыныдан бөлме іші көрінді. Бөлменің қақ ортасында қаққан қазықтай түрегеп тұрған қожайыны көзіне оттай басылған Ақпарақ ұмтылыпақ қалған. Тыңшы: «Әй, абайла, сындырасың» демегенде, кім білсін, сиқырлы қобдидың түбіне жететін бе еді. Бөлменің төріндегі емен столдың ар жағында желкесі күжірейіп біреу отыр. Қабаннан айнымайды екен. Жұрт қалай тауып қояды атты. – Сен кімсің? – Әй, береке тапқыр, неғып танымай қалдың? Осыдан бір апта бұрын келген жоқпын ба? – Жұмыс деген шаш-етектен, қайсы бірің есте қаласың? Шаруаңды айт! – Айтсам, майдангерлерге тиісті отынымды әлі алғам жоқ. – Так... келесі аптада кел. – Өткенде де өстіп уәде бергенсің. Келесі аптада тағы ұмытып кетесің. Қабанға ұқсас адам ашуға булығып орнынан атып тұрды. Көзілдірігі секіріп барып мұрнының ұшына қонақтады. – Бар, боссың! Ол столды жұдырығымен қойып қалған кезде сауыт-саймандары еденеге ұшып-ұшып түсті. – Ырр-р-р... Ақпарақтың сиқырлы қобдиды бұдан ары тамашалауға шыдамы жетпей, қожайынына дауыс көтерген тоңмойын пәлені жағадан ала түспекке шапшып есікке ұмтылды. Есік ішке қарай шалқасынан ашылып, Ақпарақ бөлменің ортасына төрт аяқтап дік ете түскенде Қабанның жан дауысы шыға баж ете қалды да, терезеден қарғып жоқ болды. Ақпарақ адымын аштырмай қуып жетіп, желкесінен бүре түсейін деп еді «Ақпарақ, тоқта!» деген қожайынының мейірімді үніне еріксіз қайырылды.
Оныншы тарау
Қабандікі дұрыс па? Айтпақшы, Тышқан
қайда? Шіркін, құстың бекзаты деп
Қарлығаштарды айт! «Жан-жануарлар
театрын» ашу үшін не істеу керек?!
Әйтсе де ақылы асып туған Ақпарақтың жаны
нәзік болатын. Кебеже қарын Қабанға байланысты
әлгі аяғы насырға шапқан оқиғадан кейін қамкөңіл
шіркін ал кеп ойға батсын. «Қалай болды өзі? Дұрыс
істемедім білем, сірә. Әлде, қожайынымның әмірін
күтуім керек пе еді? Әй, не де болса бас шұлғи
қоймас... Бірақ Қабандікі дұрыс па? Бұдан былай
кісімен жөндеп сөйлесетін болсын өзі».
Айтпақшы, Тышқан қайда? Тасыр-тұсыр шыққан
жерден жаны азар да, безер байғұс зытқан ғой ша-
масы. Тышқанбастың деген, таппайтыны болсайшы
өзінің! Қожайынын бұған тура алақанында тұрғандай
ғып көрсеткен жоқ па? Тіпті құлаққа жағымды қоңыр
даусына дейін санасына жатталып қалыпты. «Үйім
суық...тауықтарымның
күркесі
құлағалы
тұр...»
Бәле, бұл сонда Қарала мен Қызыл Айдарға бекер-
ге өкпелеп жүрген болып шықты ғой. Тышқан болса
тіпті Қарлығаштардың аңқаулығын малданып Қарала
байғұстан шыңғыртып тұрып өшін де алды-ау...
Қарлығаштар... Шіркін, құстың бекзаты деп,
міне, соларды айт! Жүздерінен имандары төгіліп
тұр-ау! Біреуге деген жаман ой олардың санасына
сірәғысында кірмес. Қараладан өшін алам деп өтірік
айдап салған Тышқанға өкпелегендерінің бар болғаны
сол: «Ұятты болып қалдық» деген жалғыз ауыз сөз
болды. Тышқанға осының өзі де жетіп жатыр, қарадай
жерге кіріп кете жаздады. Қарлығаштардың сондағы
айтқаны ғой, кіп-кішкентай болып алып бастарына
осынша ақыл-ой қалай сиып жүр десейші!
– Көкжасыл жапыраққа оранған өлкелеріңіз шы-
нында да ғажап! Күн-Ана да ерекше мейірімді. Бірақ,
біз түсінбейтін бір жәйт-мұнда әркім өз бетінше өмір
сүреді екен. Біреудің – біреуде шаруасы жоқ....
– Неге, мәселен, Ақпарақ екеуміз...
Тышқан шыдамсыз әдетіне басып ақтала берді
де ата Қарлығаштың қас кере қалғанын байқап,
оның үстіне өзі айыпты ғой, әрі біреудің сөзін бөлу
әбестік деп отыратын Оқымысты-Тотықұстың ақылы
есне түсіп, аузын жұма қойды. Ата Қарлығаш сөзін
жалғастырды.
– Ақпарақ аға, Сіз балаларды жақсы көресіз бе?
– Әлбетте.
Ақпарақ бұл қай сұрағаның дегендей иығын қу-
ши тып, алақанын жайды.
– Ендеше, олардың әрбір күнін көңілді өткізуге
неге атсалыспаймыз?
– Олар онсыз да көңілді емес пе?
Ақпарақтың есіне қожайынымен бірге дүкенге
барып жүргенде қауыздың көкпеңбек мөлдір суы-
на шомылып, төңіректеріне күмістей сыңғырлаған
күлкілерімен шашу шашып, өздерінше жәрмеңке
жасап жататын қара сирақ балалар түскен. Олар
мұның екі бүйірі тыңқиған қара сөмкені қайқайта
көтеріп келе жатқанын анадайдан көрісімен масадай
қаптап қоршап алатын әуелі. Бір-біріне Ақпарақты
нұсқап, ым қағып: «қандай ақылды, ә» деп, жары-
са мақтайтындары да жадында. Ал қастарына ата-
сы келіп тоқ сөмкеден бас-басына ыссы бәліш
алып үлестіргенде – олар үшін бұл дүниеде мынау
жұдырықтай күшік пен Әлімбек аталарынан асқан
мейірімді адам болмайтын. Ендеше неге көңілсіз бола-
ды олар?
Ата Қарлығаш Ақпарақтың ішіне түсіп шыққандай
өзінің Тышқан сүйіп тыңдайтын әдемі мақамын одан
әрі жалғастырады.
– Рас, балалар мұнда сабақ оқиды, Бау-бақтарды
аралап, компьютер ойнауға барады, кафеден балмұздақ
сатып алып жейді. Ғажап-ақ! Бірақ сендердің мына-
дай көркем өлкелеріңнің балдырғандары үшін осы
ғажайыптар да көп болып па?!
– Сонда не істеуіміз керек?
Ақпарақ пен Тышқан ата Қарлығашқа аңтарыла
қарады.
– Ол оп-оңай. Азырақ тер төксеңдер болды.
Мәселен, осы ауладан неге «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕ-
АТРЫН» ашпасқа?...
– Сонда қалай,дәл цирктегідей ойын көрсетеміз
бе? – Ақпарақ ойланып қалды.
– Цирктегіден де қатырып жіберуге болады. Бірақ
бұл үшін көп достар табуымыз керек. Анау Қарала
мен Қызыл Айдардың шікірейіп, кеуде қақанына сен-
дер де қырын қарай бермеңдер. Тілдерін тауып, дос
болуға шақырыңдар.
– Ой, – кенет Ақпарақ мұңайып отыра кетті, –
біздің өлкемізде Піл жоқ қой. Ал бала біткеннің бәрі
циркке Пілге бола баратын әдеттері.
– Түу, Ақпарақ аға, мұндай уайымшыл боларсыз
ба? – Ата Қарлығаш қасын керіп, ренжігендей кейіп
танытты. – Гәп Пілдің бар, жоғында емес, сіздердің
ойындарыңызға байланысты ғой. Орайын тауып
еліктіре білсеңіздер балалар үшін сіздерден асқан
шын дос жоқ.
– Алақай, алақай! Мен таптым!
– Нені? – Кенеттен айқай салған Тышқанға жалт
қараған Қарлығаштар қосарлана үн қатқан.
– Ирек мойын ше?
– Қай ирек мойынды айтасың?
– Түйенің баласы...
Ақпарақ сықылықтап күліп жіберді.
– Оны Түйенің баласы демейді, Ботасы дейді.
Сосын осындай әп-әдемі аты бар түлікті Ирек мойын
деуің жараспайды.
Тышқан жорта бұртиып қалды.
– Онда мені неге Тынымсыз-Тышқан дейсіңдер?
– Ол үшін өкпеңді Қаралаға айт.
– Жә, мынау ұсынысың жақсы екен Тышқан. Бы-
лай, жөндеп айтшы, ол неғылған Ботақан өзі?
Өзінің жаңалығына ата Қарлығаштың ден қойып, әуестене сұрағанына кәдімгідей марқайып қалған Тышқан көп іркілмеді. – Ой, бұл бір аянышты оқиға. Ақпарақ, сен Қабанды білесің ғой, Ботақанның қазіргі иесі сол. Енесінен адасып қалған жерінен ұстап алыпты. – Қабан дейсің бе? Ата Қарлығаш таңғала сұрады. – Осында Қабаннан аумайтын біреу бар. Өзінің қара басының қамын ғана ойлайды. Міне, сол Ботақаңды күнде көшеге алып шығады да, кешке дейін тап-тақыр тастың үстіне шөгеріп қояды. Ал Ботақанды тамашалап, үстіне мініп суретке түскендер әлгіге ақша төлейді. Бота да шыдамады ғой, Қабанның дегеніне бағынып, кешке дейін тыпыр етпей жата береді. Қазір көрсең түрі адам аяғандай. Өркештері жығылып, әбден арықтап кеткен. Ана Қарлығаштың мойылдай мөлдір жанарына лезде жас үйіріліп шыға келді. – Ойпырмай, неткен қатыгез еді! – Мен мұны білген жоқ едім. – Ойланып қалған Ақпарақ шынын айтты. Өткенде қожайынына жақтасам деп Қабанмен қақтығысқалы есіне анасы Аққаншық орала беріп еді. Иә, иә, дәл сол күнгі алып тіршілік иесі, аузынан от бүріккен темір таяқ... Ол мұның анасына жазықсыз оқ атып, ұяластарын тірідей көмген болатын. Ал мынау аспан да, жер де от болып жанып тұрғанда Ботаны тірідей тулаққа айналдырып тас алаңның үстіне байлап қояды екен. Ұқсас... түрі де, тірлігі де ұқсас... Ата Қарлығаштың да жаны тым нәзік екен, демде шыр-пыр болды да қалды. – Олай болса, Ботақанды тезірек құтқару керек. Меніңше, жаңа ғана сөз еткен ойымызды осы Ботақаңды құтқарудан бастағанымыз абзал. Ата Қарлығаштың ұсынысына ешқайсысы қарсы болған жоқ.
Он бірінші тарау Аққаншық – Ақпарақтың анасы. Қала сыртындағы үйдің қасындағы оқиға... Ақпарақтың жарық дүниенің қадірін ертерек біліп, өзі құралпы жан-жануарлардан ақылды болып өсуінің әлі ешкімге айтылмаған сыры бар еді. Онда оның әлі ана бауырының жылылығы деген ұғымның не екенін айырып білмейтін сары езу шағы болатын. Санасында қалғаны, бір топ ұяластарымен бірге бірінбірі жұмсақ бүйірге түрткілеп, енесінің борпылдақ емшегін іздейтін де әбден шаршаған кезде бұйығып, ұйқыға бас қоятын. Содан енелері Аққаншық әлдеқайдан оралғанша тәтті ұйқыны соғатын. Енесінің келетін сәті де есінде: ол бұлар жатқан ұяның қуысына зып беріп асығыс енетін де бауырын күшіктерінің аузыңа тосып, аяқтарын созып тастап, тыпыр етпей жататын. Сол кезде күшіктері енесінің бауырындағы қатар-қатар тізілген қып-қызыл емшектерге қомағайлана ауыз салушы еді. Ал енесі болса жұмсақ ырылдап қойып, бұлардың езулері ақ көбікке малынып емшегін ашқарақтана борп-борп сорған тәтті қылықтары арқылы ілуде біреу ғана сезініп, түсіне алатын беу, дүние-ай, бір бақытты күйді басынан өткерер еді. Ақылды Ақпарақ болса мұны тәніне тарап жатқан енесінің қанжылым қышқыл сүтінен айыратын... Өстіп жүргенде Ақпарақ пен басқа да ұяластарының көздері жартыкештеніп ашылды да, тірсектері майысып бауыр көтерді: сосын бір аттап, екі аттап, жығылып-тұрып жүре де бастаған. Ақпарақтың құлдыраңдап жүгіретін халге жеткен кез дегі ашқан алғашқы жаңалығы – ұяластарының ішіндегі анасына ұқсас, қардай әппағы өзі екен. Екінші жаңалығы, неге екені белгісіз, бұлардың мекендері қаладан алшақ, бір жақ қабырғасы құлаған ескі үйдің қуысына орналасыпты. Тағы бір байқайтыны, енесі тіршілік сарыны күндіз-түні дамылсыз естіліп жа-
татын сол қалаға қарай ертелі-кеш бүлк-бүлк желіп
бара жатады. Ондайда Ақпарақтың тентек қиялы
алып-ұшып, тезірек өсіп, ит болсам екен, сөйтіп сонау
көрінген шаһардың думаңды қызығына мен де ара-
ласып, тыныс-тіршілігіне етене бауыр басып кетсем
екен деп шарқ ұрушы еді. Бірақ, кейіннен бұл тәтті
арманынан жер май ішкендей өзінен-өзі қараптан-
қарап жеріген...
Сол күні басына әні-міне төнгелі тұрған қауіп-
қатер айдады ма, кім білсін, Ақпарақ әйтеуір
ұяластарынан жырылып, ескі үйдің маңайынан
шалғайлау шығып кетті. Төңіректі қызыға тамашалап,
көрінген қарайғанға әуестікпен алып-ұшып жетіп ба-
рады. Міне, мынау енесі жортатын сүрлеу: табанға
жабысатын май топырағында енесінің ізіне дейін сай-
рап жатыр. Ол осы соқпақпен анау сағымға шомылған
сиқырлы шаһарға барады....
Кенет,
Ақпарақ
ойының
ұшығына
жетіп
үлгерместен қарсы алдынан бір мойны күжірейген
алып тіршілік иесі көктен түскендей пайда бола кетті.
Бірақ Ақпарақ одан қорыққан жоқ. Қайта өзіне тән
әуестікпен әлгіге арсалаңдап-ақ ұмтылған. Бірақ
ғажайып тіршілік иесі исі қолқа қабатын былғары
етігімен
мұны
маңына
жолатпай,
кейін
қарай
шеки лақтырып тастады. Ақпарақ қыңсылап, қайта
ұмтылды. Анау мұны тыңқиған жұмсақ қарнынан
әлгі иісі қолқа қабатын етігінің бақа бас тұмсығымен
іліп алып, тағы да лақтырып жіберді. Бұл жолы тәніне
тепкі кәдімгідей батып кетті. Міне, Ақпарақтың жа-
нары өзі бұрын көрмеген тіршілік иесінің жанары-
мен осы кезде тұңғыш рет тоқайласып еді. Бірақ,
Ақпарақ одан енесінің көзіндегі жылы ұшқыңды
көре алмай, денесі дір етіп, жалт бұрылды да келген
ізімен қорбаңдап қаша жөнелді. Жұмбақ тіршілік иесі
соңынан құйрық тістесіп қалар емес, өкшелеп оты-
рып ескі үйге Ақпарақпен қатар жетті. Жеткен бетте
өзіне топырлай ұмтылған, әлі ештеңенің мәнісін ажы-
рата қоймаған күшіктерді қолындағы темір таяғымен
жандарына батыра нұқып, жасқап тастады. Оғаш
қылығын мұнымен доғарса жақсы ғой, қыңсылап-
қыңсылап қарадай жүні жығылып қалған ұяластарын
бірінен соң бірін құлақтарынан тартып, желкесінен
шымшып, жоғары көтеріп ойнай бастады....
Осы кезде қала жақтағы кезең үстінен бой
көрсеткен енесі бір сұмдықтың болатынын сезген-
дей шарасыз үнмен ұлып-ұлып жіберген. Сол-ақ екен
әлгі алып тіршілік иесі жүрелеп отырған қалпы арты-
на жалт бұрылып, мұның енесіне темір таяғын кезене
берді.... Сосын оның қырылдаған үнін құлақ тұндылар
тарс еткен дауыс пен әлгі темір таяқтың ұшынан лап
ете қалған жалын мен көк түтін алмастырып жүре
берген. Сол кезде анасының жанұшыра қыңсылаған
үні жеткен құлағына. Ақпарақтың жүрегін осып-осып
өткен анасының бұл қыңсылы темір ұңғылы таяқ
екінші рет құлақ тұндыра тарс етіп, екінші рет қызыл
жалын араласа көк түтін көңірсіп қолқаны қапқанда,
бірте-бірте саябырсып барып, біржола семген...
Темір таяқты мұнымен де қанағат таппады. Қан
аңсаған қорқау қасқырдай құтырынып алған ол «Осы-
ларды қайтсем екен?» дегендей, бейкүнә күшіктердің
төбесінен тесірейіп төніп тұрды да «қорғасыңдарымды
шығындап қайтемін» деген болуы керек, темір таяғын
апарып былай қойды. Сөйтті де жамбасындағы шолақ
күрегін жұмсақ топыраққа кірш-кірш қадап, шұңқыр
қаза бастады.
Аналарының емшегін аңсап аянышты қыңсылға
басқан күшіктер әп-сәтте не болып, не қойғанын
білмей, ырс-ырс етіп асығыс жер қазып жатқан оның
аяғына оратылып, одан күректің жүзіне түсе жаздап,
бір-екеуі тіпті әлі дайын болмаған шұңқырға домалап
түсіп кетіп әбден қорлық көрді. Өйткені жаңа ғана
енелерінің түбіне жеткен қанішердің енді өздеріне
ажал апанын дайындап жатқанынан көзін жаңа ғана
ашқан ұяластары да, өзі де бейхабар еді.
Шұңқыр дайын болған. Ылғалы мол, сап-салқын
топырақ шағын ордың шетінде қарауытып көрінеді.
Жүректері әлдебір жаманшылықты сезгендей бір-
біріне ұйлығыса тығылып, толассыз қыңсылған
күшіктерге қарап тосыннан тап болған тіршілік иесі
сөйлеп қояды.
– Тұқымның түгесілгірдің, тұқымының береке-
лісін көрдің бе сонша! Қанша өздері, құдай-ау? Бір, ек,
үш... бес... сегіз! Ойбай-ау, мыналар ертең өріп шыға
келсе, тауықтарыма бір зауал келді дей бер. Мынаны
қара, мынаусы өзінен айнымай қалыпты!
Ол орнынан кенет ышқына атып тұрды. Атып
тұрған
бетте
мұның
ұяластарының
домаланған
жұмсақ қарнынан күректің басымен ұрып, шұңқырға
құлата бастады. Ақпарақ әлсіз қарсылыққа көшіп,
шұңқырдың ернеуіне тырнақтарын батырып жіберіп,
ажалға ал мойын ұсынсайшы! Енді болмаса осы
тырбаңдаған қалпы сыртқа шығып та кеткендей еді,
бірақ әлгінің күрекпен бірге аяғы да жұмыс істеп,
керзі етік тұмсығына сарт ете түсті де, сорлы Ақпарақ
ұяластарымен бірге шұңқырдың түбіне тұмақтай бо-
лып ұшып кетті. Көзін әрең дегенде ашып, жарық
дүниеге соңғы рет үңілгенде жүзін тер жуып кет-
кен белгісіз тіршілік иесі әлденеден сескенгендей
жанұшыра асығыс қимылдап, мұның үстіне сап-
салқын топырақты түйдек-түйдегімен қарша бора-
тып жатыр екен. Жентектелген бір уыс топырақ
тәлтіректеп, кеудесін шұңқырдың сыз табанынан әрең
көтере берген Ақпарақты ұшырып түсірді. Сол сәтте
жарық Күннің бетіне әлдекім байқаусыз қара сия
төгіп алғандай айнала соқыр қараңғылыққа оранды
да, Ақпарақ шыр-көбелек айналып, түпсіз тұңғиыққа
шым-шым батып бара жатты....
Он екінші тарау
Қарала қараптан-қарап қапа болды.
Қызыл Айдар неге Ақпарақты мақтайды?
Ақтиін де ақылды ә...
Қарала күншуаққа қыздырынып жата-жата жа-
лықты. Егер біреу-міреу сыртынан сөз қылып, әр
қылығына тамсана таңдай қағып тұрса, онда одан бе-
тер керіле түсер еді. Бірақ қас қылғандай аула тым-
тырыс. Күн сайын неше түрлі мінез шығарып, қырық
құбылып жүретіні – әшейін Ақпараққа көрсеткен
қыры екен. Ақпарақ та мұның әр қылығын жалықпай
бақылайтын. Енді ол жоқ. Әнеукүнгі оқиғадан кейін
көңілі қалған ғой, сірә. Осылай жаны жүдеу тартқанда
бұрыштан-бұрышқа қуып, көңілін көтеріп алатын
Тышқан да құмға сіңген судай жым-жылас болып
әлдеқайда құрып кетті. Сірә, бұлардың бәрі бүйте бер-
се бұл түптің түбінде жалғыз қалар тегі. Ал жападан-
жалғыз қалғаннан кейін сенің аяқты шеки басатын
әйбат жүрісің, көзді ашып-жұмғанша зау теректің
басына өрмелеп шығып кететін әбжіл қимылың кімге
дәрі!?
Кеше жападан-жалғыз қалған бұл аулаға сыймай
Қызыл Айдарға барған. Үй, бүйтіп барғаны бар бол-
сын! Қызыл Айдар мұны қонақ екен деп төрге шақыру
түгілі, үйге кір деп те айтпады. Табалдырықта тұрып
сөйлесті. Сенбегені ғой.
«Мен, – дейді кербезденіп, – өткенде Ақпарақты
бекерге ренжітіппін. Ол біз жаман болсын демейді
екен. Өзің ойлашы, біздің сарайымызды жөндету
үшін көмек сұрай барған қожайынымыздың жер-
жебіріне жеткен Қабанды бұдан былай адамға қарап
дауыс көтермейтіндей ғып үрейін ұшырыпты».
Демек Қараланың енді Қызыл Айдарға да керегі
жоқ болғаны ғой.
– Әй, Қарала. Неғып мұңайып отырсың? –
Желкесінен шыққан оқыс үннен Қарала шошып кет-
кен. Артына жалт бұрылғанда байқады, қалың ойдың
әсерімен Ақтиін мекендейтін қалың қарағайдың ара-
сына еніп кетіпті. Жаңағы өзін селк еткізген оқыс
үннің иесі де сол Ақтиін болып шықты.
– Кел, ойнайық. Жалғыз өзімнің әбден ішім пыс-
ты. – Қарала ағынан жарылып, Ақтиінге жабыса
кетті.
Бірақ бұтақтарға кептіріп қойған саңырауқұлақтарын ұясына көз ілеспейтін шапшаңдықпен тасып жүрген Ақтиіннің ойнауға мұршасы жоқ еді. – Еңбекпен айналысуың керек, Қарала. Ал сенің дастарқаның жаюлы, төсегің салулы. Ештеңеге бас ауыртып, қиналмайсың... Тіпті күн сайын таңертең тұрып ішіп алатын сүтіңді де дүкеннен ақылды Ақпарақ таситынын білгің келмейді... – ? – Еһ, Ақпараққа ешқайсымыз жетпейміз ғой. Кеше осы қарағайдың түбінде Тышқан екеуінің, иә, айтпақшы жанында Қарлығаштар да бар екен ғой, құпия әңгімелерін естіп таң-тамаша қалдым. – Ол қандай құпия? Айтсаңшы маған да. – Жоқ, ежелгі жаулығыңа басып, істеріне кесіріңді тигізіп жүрерсің, айтпаймын. – Үйден жаңғақ әкеліп берейін, айтшы енді, Ақтиін. – Жаңғақты әлдеқашан жинап алғанмын. – Кәмпитті де алмайсың ба? – Кәмпит дейсің бе? – Ақтиін ойланып қалды. Барлық балалар сияқты конфетті Ақтиін де жақсы көретін. Конфетке үйреткен де осы баққа қыдырып келетін сол балалардың өзі. Кейде олардың бірбірімен бәсекелесіп көп конфет әкелетіні соншалық Ақтиін ұясына тасып үлгере алмайтын. Бірақ бұл жолы Ақтиін аузының суы құрып, тамсанып тұрса да келіспеді. – Жоқ, маған жаңғақтың да, конфеттің де керегі жоқ. Маған сенің оларға бұдан былай тиіспеймін деген уәдең керек. – Оллаһи, білләһи! – Қарала екі қолын кеудесіне айқастыра жүгінді де Ақтиіннің алдына тізерлеп отыра қалды. – Күн-Анамыз куә! – Бұл – уәде емес. Сен оларға деген достық ниетінді іспен дәлелдеуің керек. Сенің берген уәдеңнің шындығына сонда ғана көз жеткізуге болады. – Ол үшін не істеуім керек?
– Ақылың болса өзің ойланбайсың ба? Осын-
да келгеніңе міне, аттай бір сағат болды. Ал маған
көмектесу ойыңа да кіріп шығатын емес. Осыдан
кейін қалай сенуге болады саған?!
Қарала өмірінде бірінші рет шынымен ұялды. Тіпті
қысылғаннан қап-қара тұмсығының ұшына дейін тер-
леп кетті.
Он үшінші тарау
Ақпарақтың қуанышында шек жоқ
«Ботақан» операциясы сәтті өтті.
Ақпарақ бүгін өте көңілді. Көңілді болмай
ше? Біріншіден, Қабанның құрсауында жүнжіп
жүрген Ботақанды құтқарып әкелді. Қазір Ботақан
бұрынғысына қарағанда әл жинап, диланып қалған.
Енді біраз күнде түбіттері құндыздай құлпырып,
көздің жауын алып шыға келетін түрі бар. Екіншіден,
Ботақанды құтқару операциясына Қарала да келіп
қатысты. Бәрекелді, айтпақшы оны Ақтиін ертіп
келгенге ұқсайды. Тышқанның сөзіне бақса солай.
Мейлі ғой, әйтеуір Ақпарақтың өздеріне қастық ой-
ламайтынын қайсысы болса да ұққандары жақсы.
Үшіншіден, Қарлығаштардың ұсынысы да іске асатын
сияқты. Міне, бір жеті болды «ЖАН-ЖАНУАРЛАР
ТЕАТРЫНЫҢ» алғашқы ойынына дайындалып жа-
тыр. Театрдың сахнасы, әрине, Әлімбек қарияның
ауласы болмақ. Есіктің аузында Әлімбек атайдың өзі
тұрады. Өйткені теріс ойлы, бөгде жандарға мұнда
орын жоқ. Өткенде мекиендері мен шөжелерін бас-
тап кербез әтеш-Қызыл Айдар да келіп кетті. Құр қол
емес, сахнаға шыққанда Ботақанның кекіліне байла-
сын деп қызылды-жасылды әсем қауырсындарын тар-
ту ете келіпті. Кеш те болса түсінгенін айтпайсың ба!
Ботақанды құтқаруға Әлімбек аталарының да
көп көмегі тиді. Қалай болып еді? Бәрекелді, бұлар
келгенде тас алаңқайдың беті оттан суырған таба-
дай күйіп тұр екен. Анда-санда үп еткен керімсал
әлгі ыстық лепті үйіріп әкеліп жүзіңе ұрады. Тамыр-
ларын тереңге жайған кәрі емендер болмаса, балаң
өскіндердің жапырақтары нәр аңсап, бүрісіп-бүрісіп
қалған. Осындай шыжыған ыстықта қимылдауға әлі
жоқ Ботақанды көру қандай аянышты десеңші! Бірақ
бұлар Ботақанды да, қасындағы қожайынын да жор-
та елемегенсіп, өздерімен-өздері ән салып, би билеп,
асыр салып ойнай бастады.
Сол сол-ақ екен су сататын күркешіктің алдында
кезек күтіп топырлаған балалар бұларды лезде қоршап
алды. Әлімбек атайға да керегі осы еді. Балаларды
жан-жануарлардың жанына кезек-кезек тұрғызып
суретке түсіре бастады. Балалар болса қолдарындағы
тәттілерін бұлардың аузына тосып мәз. Өйткені олар
ақылды күшік Ақпарақты, кіп-кішкентай болса да
пысық Тышқанды, Оқымысты-Тотықұсты, көкжасыл
көркем өлкенің қонақтары қос Қарлығашты, Ақтиін
мен Қараланың қол ұстасып, бірге жүргенін өмірі
көрмеген еді.
Кенет Ақпарақтың көзі Ботақанға түсіп кетті.
Көңілді топты көріп, Ботақанның да жанары
жасқа толып шыға келген екен. Ақпарақтың да көңілі
босап кетті. Қалай жұбатқаны дұрыс? Ол өзінің доста-
рына білдірмей жырылып оңаша шықты да Ботақанға
жақындады.
– Ботақан, сәл шыда. Біз сені құтқаруға келдік. –
Өзінің бас бостандығы жөнінде ойламақ тұрғай,
түсінде де көрмеген Ботақан қапелімде не дерін
білмей сасып қалды. Оны лезде сезе қойған Ақпарақ
егер Ботақан сөйлесе көңілі босап, бірдеңені бүлдіріп
алатынын сезді де:
– Жә, мен кеттім. Анау қожайының сезіктеніп
қалар, – деп лезде өзінің көңілді тобына қосылды.
Алайда Қабанның Ботақанмен ісі де жоқ еді. Оның
есіл-дерті мынау кішкентай достардың ойынында бо-
латын. «Егер бұлар менің қолыма түссе Ботақанның
бір айда тапқан табысын бір күннің ішінде табар
едім», – дейді күбірлеп. Тәтті қиял түрткілеген ол
Әлімбек атайға «мына жан-жануарларыңды маған
сат» деп жата кеп жабысты. Әлімбек атайға да керегі
осы болатын.
– Сатайын, бірақ ақысына не бересің? – деп, тақ
ете қалды.
– Үйіңе отын түсіріп беремін, тауықтарыңның
күркесін жөндетемін....
– Жоқ, – Әлімбек атай басын шайқады, – оларға
енді сенің көмегінсіз-ақ шамам келеді.
– Ендеше ақшаға келісейік.
– Ақшаның да керегі жоқ. – Әлімбек қария
«көрдің бе, міне» дегендей, өзінің кішкентай жан-
жануарларының бірер сағаттың ішіндегі ойынынан
түскен теңгелерін миығынан күліп тұрып нұсқап
қойды.
– Енді не қалайсың? Өзің айтшы?
– Жарайды, қадалып қоймадың ғой. – Әлімбек
атай өтірік қиналған бола қалады. Қандай қу өзі. Егер
Бо та қан ның басына бостаңдық берсең, мен бұ ларды
са ған берейін. Бірақ бір шартым бар: анау Қар лы ғаш-
тардың самғайтан аспаны, Ақтиіннің сайран салатын
орман-тоғайы бар екенін ұмытпа. Ертеңгі күні олар
сол мекендеріне қашып кетсе, онда маған өкпелеме!
Ары қарай бәрі алдын-ала ойластырғандай болды.
Ақпарақ Әлімбек атасы екеуі Ботақанды бұйдасынан
жетелеп үйлеріне қайтты да, Қарлығаштар Қабанның
иелігінде қалды. «Ботақан» операциясы бойынша
олар кешке дейін балаларды қызыққа бөлеп, түнде
Қабанның қорасынан қашып кетуі керек. Бәрі соғыста
барлаушы болған Әлімбек атайларының ойластырып
жүргені ғой....
Он төртінші тарау
Ботақан күшті болып шықты.
Сауысқанның жағымсыз жаңалығы.
Ботақан нағыз ойынпаз болып шықты. Тіпті
«ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫНЫҢ» барлық нөмірі
соған қа тысты десе де болады. Өркешіне Ақпарақтан
бастап Тыш қанға шейін жабыла мініп алғанда мыңқ
демейтін
кү шін
айтсаңшы!
Өлкемізде
осындай
түліктің бар екенін айт қан Тышқанға рахмет! Ол
болмағанда Ботақанның күні ендігі не болар еді?
Бәрекелді, енді театрдың ашылғаны жөнінде ха-
барландырулар жазып, көшедегі афиша біткенге жап-
сыра берсе де болады. Ақпарақ қолына қылқаламын
алды да, өзінің ойланған сәттегі сүйікті әдеті бойынша
басын оң жағына әнтек қисайтыңқырап қойып былай
деп жаза бастады.
ҚҰРМЕТТІ БҮЛДІРШІНДЕР!
Ертең жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де
Әлімбек атайдың ауласында «ЖАН-ЖАНУАРЛАР
ТЕАТРЫНЫҢ» ойыны болады. Ойыннан Ботақанның,
Ақтиіннің, бекзат Қарлығаштар мен кербез Әтеш-
Қызыл Айдардың ойынын көріп тамашалайсыздар.
Оқымысты-Тотықұс та қатысады.
Театрдың ашылуына келіңіздер!
ӘЛІМБЕК АТАЙ.
Ақпарақ хабарландыруға соңғы нүктені қойып,
столдан белін жаза бергені сол еді құлағының түбінен
Сауысқан:
– Ойын болмайды, – деп, саңқ ете түсті.Ақпарақ
күтпеген қонақтың жайсыз хабарына ашуланып
қалды.
– Неге болмайды?
– Қабан сендердің қожайындарыңның өзін ал-
дап соққанын біліп ашуланып жатыр. Ертең ойын
басталған кезде келіп, жұрттың алдында соны жария
етпекші....
Осылай деді де Сауысқан жалбаңдап ұша жөнелді.
– Қап, жамандық хабар жеткізбесең тыныш
жүре алмайтын қашанғы әдетің ғой сен өсекшінің. –
Ақпарақ ызадан жылап жібере жаздады.
– Саспа, Ақпарақ. Қайта Сауысқанның дер
кезінде хабар бергеніне алғыс айтайық. Сен қазір
Тышқанға барып хабарландыруды ілгізе бер. Ал
мен Қабанды бұл ауланың маңынан жүрмейтіндей
қылатын бір амалын ойластырып көрейін.
Қараланың қиналғанда қасынан табылып, көңіліне
дем бергеніне Ақпарақтың кәдімгідей мерейі өсіп
қалды. Ал Қараланың өз есебі бар болатын. Себебі,
өткенде Ақтиін өзін әбден ұялтқалы бері Ақпарақ
пен Тышқанның сеніміне кіретіндей бір жақсылық
жасағысы келіп армандап жүрген. Міне, соның сәтті
осы жолы түскен сияқты.
Он бесінші тарау
Қарала көмекке келді. Қу түлкі Қабанды
жер қаптырды.
– Қабан десе, маған бір ой келіп тұр. Бүгін аңға
барсақ қайтеді? – Өзінің бұрынғы достығы бойынша
Қабанның үйіне еркін енген Қарала сенімді түрде тіл
қатты.
– Аңға шығатын көңіл күйім болмай жатыр.
Естіген жоқсың ба?
– Пәлі, Ақпарақтың алдап соққанын айтамысың.
Соны да сөз деп. Егер сәтін салып Түлкіні ұстап алсаң,
әлі-ақ ісің оңғарылып жүре береді.
– Жарайды, қай жақтан аулаймыз.
– Қаланың сыртындағы тоғайдан.
– Қараланың күткен жауабы да осы еді. Өйткені
ол алдын-ала тоғайды мекендейтін Қу Түлкімен келісіп
келген болатын. Түлкінің міндеті Қабанның алдына
түсіп біраз қашқаннан кейін кез-келген үңгірге кіріп
жоқ болса болды, одан арғы іс Қараланың өз қолында.
Қарала қаққан дабылдан әуелі тоғайдағы қарғалар
азан-қазан көкке көтеріліп, әлден уақытта шоқ талдың
түбінен құйрығы жарты кез қызыл Түлкі сылаңдап
қаша жөнелді.
Түлкіні көрген бетте соңынан тұра ұмтылған
Қабан әні жеттім, міне жеттіммен әбден сілесі қатты.
Уәде бойынша Түлкі де бірден қара үзіп кетпей, не
темір ұңғының қарауылына ілінетін ұрымтал тұсқа
жақындамай, Қабанның әбден зықысын шығарды. Бір
кезде Қабанның өзін бұдан арыға қууға шамасы жоқ
екенін байқады ма Түлкі бірінші кездескен үңгірге
зып берді де, екінші шетіндегі жасырын тесіктен атып
шығып, өз жөніне зулап кете барды.
Ырс-ырс еткен Қабан мен Қарала Түлкі кіріп кет-
кен үңгірге қатар жеткен.
– Қап, құтылып кетті, – деді Қабан Қаралаға
ашуланып.
– Құтылған жоқ әлі. Іннің ішінде жатыр. Мен бұл
үңгірді жақсы білемін. Аузы тар болғанмен, іші кең.
Ертеде осында Айдаһардың алтын көмбесі болған
дейді. Қалай түсіп көреміз бе? Бәлкім, Түлкіден де
қымбат қазынаға кез болармыз.
Қабан мұрнын шұқылап ойланып қалды.
– Қайдам, бекерге әуре болып жүрмесек.
– Түу, сен де жоқты айтады екенсің. Кәні, бас-та!
Қабан жүрелеп отырды да, қорбаңдап үңгірдің
ішіне басын сұға бастады.
Оның қазандай басы үңгірдің ішіне толық кіргені
сол тынысы тарылып қоя берді. Басын қайтып суырып
ала қояйын деп еді, келсаптай басы іннің тар аузына
кептелді де қалды. Кебеже қарнын қозғау да қиынға
соқты. Қабанның енді қайтып тысқа шыға алмайты-
нына көзі анық жеткен.
Қарала сақылдап тұрып күліп жіберді.
– Ха-ха.... Ал, достым, жер бауырлап жата бер
осылай. Ертең келіп іннің аузын қазып, шығарып ала-
мыз.
– Құт-қа-рың-дар! – Өкіре айғайлаған Қабан
сыртта қалған екі аяғын дәрменсіз тырбаңдатып айда-
лада қала берді. Айғайын ешкім естіген жоқ.
Он алтыншы тарау
Ақжүрек Ақпарақтың жеңісі. Оның
достарының нықтарынан бір зілмауыр
жүк түскендей болды.
Қарақтарым!
Көкжасыл көркем өлкедегі ертегімізді осымен
аяқтасақ та болатын еді. Бірақ ақжүрек Ақпарағымыз
Қараланың айласына риза болғанымен Қабанды
үңгірге тұңшықтырып тастап кеткенін онша құптай
қоймады. Әсіресе, бүгінгідей мереке күні! Ақпарақ
жалма-жан сағатына қарады да:
– Достарым, дайындығымызды бастауға дейін әлі
уақыт бар екен. Жүріңдер, егер қарсы болмасаңдар,
Қабаңды іннен шығарып келейік, – деді, достары
ұлардай шулап қоя берді.
– Оны босатсақ өзіміз құримыз ғой.
– Теартрдың ашылуына қырсығы тиіп кетпесін.
– Менің сөзіме сеніңдер, осыдан кейін ол бізге
тиіспейтін болады.
Ақпарақтың кішкентай достары тағы да шулап
кетті.
– Қалайша?
– Ол – нағыз жауыздың өзі ғой.
– Білем, сондықтан да қазір Қабан жатқан үңгірге
баруымыз керек. Кәні, қайсың ілесесің?
– Мен, – бірінші болып Тышқан алға шықты.
– Мен де, – бұл Ботақан еді. Жанары жәудіреп
тұр.
Келесі сәтте бәрі қол ұстасып қала сыртындағы
тоғайға қарай келе жатты. Көк аспанның төріндегі
Күн-Ана өзінің кішкентай достарының тіршіліктеріне
сүйсініп, күлім қағады.
Қабанды олар талаурап жатқан жерінен тапты.
Басы үңгірдің аузына кептеліп былқ-сылқ еткен денені
тар қыспақтан әрең дегенде құтқарып алды. Аузына
су тамғызған кезде Қабан кірпігін қимылдатып, аяқ-
қолын созды.
Ақпарақ достарынан қалам-қағаз алып, үлкен
әріптермен:
«Қабан, – деп, жазды. – Біз сені кешірдік. Егер
осы ақымақтығың бүкіл көкжасыл көркем өлкеге
жарияланып, масқара болмайын десең, бұдан былай
Әлімбек атай мен оның кішкентай достарына жо-
лаушы болма! Марқұм анамның атымен ант етемін,
екінші жолы аямаймын!
Бір топ куәлер қол қойған қол-хаттың
бір данасы өмір бойы менде болады!
АҚПАРАҚ.
Ақпарақ достарын қолхаттың мазмұнымен та-
ныстырды да бәрін қол қоюға шақырды.
– Тышқан, мә, мына қолхаттың бір данасын
Қабанның қалтасына салып қой. Есін жиған кезде
оқысын, – деді Ақпарақ қолхатқа бәрі қол қойып
болған кезде.
– Алақай!
Ақпарақтың достары иықтарынан бір зілмауыр
жүк түскендей қуанып, көңілдене айғайлап қоя
берді....
Ақпарақтың көзі жасаурап, көңілі босап кетті. Ана-
сын атып өлтіріп, ұяластарын тірідей көмген қарала
күн есіне түскен. Ақпарақ есін жиғанда Әлімбек
атасының алақанында жатыр екен. Көзін ашқан бетте
санасына сіңісті әдетпен жұмсақ алақанды түрткілеп
енесінің емшегін іздеген. Одан кейін ұяластарының
тұмсық қытықтар ашқылтым иісін аңсаған. Аңсаған
да босанбаққа ниет қып бұлқынған. Бірақ қанша
бұлқынса да атасының шырыш алақаны басынан,
құлағының түбінен сипалап босатар болмады. Мұны
босатпай бауырына басқан күйі үйіне кіріп ыдысқа
сүт құйып әкелді.
– Кәні, іш, іше ғой, күшім!
Бұл тартыншақтаған. Денесі дір-дір етіп, әлсіз
қыңсылайды. Адамзат атаулыдан әбден жүрегі ұшып,
қорқып қалса керек.
– Әппағым, Ақпарағым менің, – деген сол кезде
атасы алғаш рет...
Он жетінші тарау
немесе Ертегінің тобықтай түйіні
Ақпарақ ертеңіне таң аққаймақтанып атып келе
жатқан кезде тұрды. Көңілі алып-ұшып Әлімбек
атасының ауласындағы өздері безендірген театрдың
қызылды-жасылды сахнасына Күн-Ананың алтын
сәулесі түскенше тағат тауып отыра алатын емес.
Әні, Күн-Ана да ұясынан көтеріліп келеді. Ал
Айдаһарға ұқсас қыр баяғы сұлық түскен қалпы қара
жонданып қозғалмай жатыр. Мейлі, қозғалмаса,
қозғалмай-ақ қойсың. Қазір қара да тұр әдемі киінген
әйбат балалар Әлімбек атасының ауласына қарай
ағылады. Өйткені, бүгін 1 МАМЫР күні көкжасыл
көркем өлкедегі бұл қызыл шатырлы үйде тұңғыш рет
«ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫ» өнер көрсетпекші......
МАЗМҰНЫ Бірінші бөлім .....................................................................3 “Оқшаулау” ........................................................................4 Әбдіқадірдің моншасы ....................................................17 Жылқыбай жездемнің сақалы ......................................37 Сәтсәлізімнің дерті .........................................................51 Қайнарбектің дерті .........................................................56 Аран ...................................................................................73 Шаншудың балконы .......................................................89 Соп-тиак-ти ....................................................................100 Шарбақтының жалғызы ..............................................127 Электорат .......................................................................140 Шопанбайдың шарбағы ...............................................158 Шал ..................................................................................167 Қызғаныш ......................................................................182 Тас тұғырға өскен тікен ................................................186 Астана әфсәнәлары .......................................................194 Қырандар мен құзғындар .............................................207 Екінші бөлім ..................................................................220 Шеткері үйдің жарығы .................................................270 Үшінші бөлім .................................................................289 Тәтті ертегі ......................................................................290 Бірлікті іздеген бала ......................................................325 Елгезек бағдаршам, тоқ-қуат және басқалар ...........345 Күнге ғашық өлкеде ......................................................370
Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ
Әңгімелер, хикаяттар, ертегілер
ИБ №571
Тегуге 15.02.2012 ж. Басуға 05.06.2012 ж. қол қойылды.
Пішімі 84х108 1/32. Əріп түрі “DS Baltіca” Офсеттік басылыс.
Қағазы офсеттік. Көлемі 22 шартты баспа табақ.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №378/6843.
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
Жангелдин–Мұхамеджанов көшесі, 30/26.
“ҚАЗақпарат” баспа корпорациясы
Тел.: (8-727) 397-41-63, 397-41-62
Эл. пошта: Kazakparat@іnbox.ru
“ҚАЗақпарат” баспа корпорациясының баспаханасы
“ҚАЗақпарат” баспасының директоры
Алмас АБУОВ
Редакторы Қуандық ТҮМЕНБАЙ
Корректоры Толғанай АУҒАЛИҚЫЗЫ
Көркемдеуші редактор Əсел БАТЫРБАЙ
Техникалық редакторы Нұркен СҮЙЕУБЕКҰЛЫ
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру