Мазмұнға өту
Home

Сан қырлы ғалым

Дәурен Мұхамадиев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сан қырлы ғалым

Авторы: Дәурен Мұхамадиев

Дәурен МҰХАМАДИЕВ САН ҚЫРЛЫ ҒАЛЫМ Әдеби зерттеу АЛМАТЫ «ДӘСТҮР»

М 86 УДК 821.512.122.0 ББК 83.3(5қаз) М 86 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді» Пікір жазған: Г.Ж.Орда, филология ғылымдарының докторы Мұхамадиев Д. Сан қырлы ғалым: Әдеби зерттеу/ Д.Мұхамадиев. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр», 2014.– 288 б. ISBN 978-601-7204-24-2 Зерттеуде көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, Қазақстан Республи­ касы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдары­ ның докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының абайтану, әуезовтану ғылымдарына үлкен үлес болып қосылған іргелі ғылы­ ми еңбектері жан-жақты талданып, ғалымның ұлттық болмыс мәселелерін көтерген азаматтық ұстанымдары пайымдалады. Кітап гуманитарлық сала мамандарына, жоғары оқу орындары филология факультеттерінің магистранттары мен студенттеріне, әдебиет сүйер оқырман қауымға арналады.

УДК 821.512.122.0 ББК 83.3(5қаз) ISBN 978-601-7204-24-2 © Мұхамадиев Д. 2014. © «Дәстүр» 2014. © «Каратау КБ» ЖШС 2014.

АЛҒЫСӨЗ «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әде­ биеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағ­ дарламасының негізінде жарық көріп отырған автор Д.Мұ­ хамадиевтің «Сан қырлы ғалым» атты әдеби зерттеу еңбегі белгілі әдебиеттанушы-ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымда­ рының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының сан-салалы ғылыми шығармашылығын зерделеуге арналып отыр. Әдебиет зерттеушісі абайтану ғылымының қалыптасуына негізі бар деректер көзі ретінде «Дала уәлаяты газетінің» басым салмағы барын айқындап береді. Кезінде абайтану тарихында дау туғызған келелі мәселелердің келбетін ғы­ лыми жүйеге түсіру нәтижесінде ғылымға тән қырағылық пен дәлдікті діттеп, көлеңкелі тұстарға сәуле түсіреді. Бұл мәселе Абай шығармаларын баспа арқылы насихаттаушы­ лардың бірі – Зейнелғабиден ибн Әміренің Абай мұрасын алғаш зерттеуші қазақ зиялыларының бірегейі екендігін ай­ шықтады. Осының нәтижесінде Зейнелғабиден ибн Әміре өзінің «Насихат – Қазақия» еңбегі арқылы Абайдың бір топ өлеңдер топтамасын Кәкітайдан бұрын жариялағандығына қанық боламыз. Ғалым бұрын-соңды тілге тиек етілмеген өзекті мәселе­ лерді қазіргі абайтанудың күн тәртібіне қоя білді. Ол Самат Әбішұлының «Абай термесі» атты сүбелі еңбегінің парқын пайымдап, Абай шығармаларының тұңғыш жинағынан кейінгі жарияланған екінші жинақ екендігін әрі абайтану та­ рихында өзіндік орны бар елеулі еңбек болғандығын алғаш рет дәлелдеді. Профессор Абайдың шалыс ұйқасты қалыптастыру бағы­ тында өзіне дейінгі ауыз әдебиеті мен көптеген ақындардың өлеңдерінде там-тұмдап болса да орныққан тәжірибесіне сүйене отырып қалыптастырғандығын ұғындырды. Абай­ дың қазақ поэзиясына шалыс ұйқастың түрін егізген жаңа­ лығының зерделенуі тілге тиек етіледі. Абай және мұсылмандық Шығыс дүниесі М.Мырзахметұ­ лының ғылыми сарабынан өткен күрделі һәм толымды та­

қырыптардың бірі. Ғалым аталмыш бағдардағы ұзақ жыл­ дық өнімді ізденісі мен тың талпынысын, ғалымдық қажыр қайратының жемісін «Абай және Шығыс» монографиясын­ да көрсетті. М.Мырзахметұлы Абай дүниетанымын Шы­ ғыс әлемінің жарық жұлдыздары әл-Фараби, Руми, Науаи танымдарының рухани сабақтастығымен байланыстырып, Әл-Фараби және Абай пікірлерінің түпкі тамырластығын деректер легі арқылы анықтады. Әл-Фараби қолданған «жан қуаты» тәрізді философиялық мәнге ие терминдер Абайдың өлеңдері мен 7, 17, 27, 38, 43 қара сөздерінде қазақы ұғым­ ға сай балама сөздермен берілуін, Әл-Фараби мен Абайдың ғылымды классификациялау принциптерінің өзара үндестігі мен бір тектес келуін кешенді зерделеді. Ғалым Абай мен М.Әуезов әлемінің байланысын, сонымен қатар әуезовтану саласының бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін ғылыми негіз­ де сараптады. М.Мырзахметұлының қазіргі қоғамдық жағдайларды са­ ралайтын зерттеу еңбектері өз алдына бөлек жатқан дүние­ лер. Қазіргі қоғамдық өмірдің сан саласына қатысты, ұлт мүддесіне пайдалы, зерделі, ой-пайымдарымен бүгінгі таң­ дағы қоғамдық үрдістің ілгері дамуына үлес қосып жүрген ой иесі. Қазақ қоғамындағы ұлттық сананы, ұлттық рухты қалып­ тастыруды басты мақсатқа қойған ғалым ұлттық мәселелерді көбірек қозғап, ұлттық рух пен сананы көтеруге арналған еңбектерін үздіксіз жариялап тұрады. Оқырманға ұсынылып отырған Д.Мұхамадиевтің «Сан қырлы ғалым» атты зерттеуі ғалым М.Мырзахметұлының сан салалы ғылыми еңбегін зерделеуге арналған еңбек. Серікқазы ҚОРАБАЙ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.к., доцент

ПІКІР Зерттеу еңбекте М.Мырзахметұлының ғалымдық тағы­ лымы мен ғылыми еңбектері қарастырылады. Ғалымның өмір жолы мен ғылыми бағдардағы жолын, жарық көр­ ген ғылыми еңбектерін зерттеудің негізгі принциптері мен мақсаттары баяндалып, ғылыми-зерттеу нысанының мазмұнына байланысты кешенді түрде ғалым мұрасын зерттеу мәселесінің қазіргі әдебиеттану ғылымы мен ұлт­ тық мәдениетте алатын орны талқыланады. Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде профессордың абайтану тарихына қосқан ғылыми үлесі, Абай және қа­ зақ әдебиетінің ғалым зерделеуіндегі орны, Абай және Шығыс әлемі М.Мырзахметұлының зертханасы негізін­ де жүйелі түрде қарастырылады. Әдебиеттанушы ғалым абайтану арналарында ақын шығармаларын орыс тіліне аудару, бастыру мәселесін өткір көтерген ағайынды Бе­ лослюдовтардың абайтануға қосқан өнегесін тамаша тұ­ жырымдары мен ғылыми дәлелдері арқылы танытуы үл­ кен жемістің нұрлы нәтижесі екендігін білдіреді. Профессор абайтану қайнарына қатысты барша зерт­ теуші ғалымдардың тұжырымдары мен жекелеген зерт­ теулерін назардан тыс қалдырмай, бірізділік принципімен олардың себеп-салдарын «Абайтану тарихы» атты моног­ рафиясында талдап береді. Сонымен қатар, осы тарауда ақын мұраларын танып, бағалап, насихаттау үрдісі төң­ керіске дейін-ақ басталып, зерттеу нысанына айналған­ дығы ғылым сарабына салынады. Абай өлеңдерінің баспасөз беттерінде алғаш жарияла­ нуы мен оның мұрасын зерттеп, насихаттаушылардың ең­ бектері ғылыми айналымға түсіріледі. М.Әуезовтің ақын шығармашылығын көркемдік және ғылыми жүйеде зерттеу еңбектерінің ғылыми бірізділік­ ке түсірілуі. Абайтанудың бүгінгі және ертеңгі көкейкесті мәселелерінің бағамдалуы сөз болады. М.Мырзахметұлы Абайдың қазақ әдебиетіндегі рөлі­ не кең түрде арнайы тоқталады. Абай өлеңдерінде көңіл

бөлінетін уәзін сөзі – өлең сөздің теориясы жайлы ғылы­ ми ұғым деп бағалап, ғылыми анықтама беріледі. Ғалым «қазақ поэзиясында шалыс ұйқас болмаған неме­ се Абай шалыс ұйқасты алғаш рет орыс әдебиетінен алды» деген болжамды ғылыми негізде жалғанға шығарып, ақындағы бұл тектес шалыс ұйқас өрнектің түп төркіні көне түркі поэзиясы мен қазақ өлеңінің қойнауында жат­ қан тума құбылыс екендігін дәйектеді. Ақын өлеңдерін­ дегі ежелгі түркі тілдес өлеңдерге тән ортақ құбылыстар­ дың жиі ұшырасуы ғылыми бірізділікке түсіріледі. Абайдың ойшылдық дүниетанымының кеңеюіне, ақын­ дық шеберлігінің шыңдалып, азаматтық жолының қалып­ тасуына зор ықпалын тигізген құбылыс халқымыздың бай әдеби қазынасы екендігі сарапталады. Ақын туындылары мен ауыз әдебиеті арасындағы түбірлі, тарихи тамырлас­ тықтың зерделенуі, яғни ойшыл шығармаларында ауыз әдебиеті белгілері мақал-мәтелдердің, қанатты сөздер мен жұмбақтардың көрініс табуы ғылым сарабына салынады. Абай дүниетанымындағы «жан мен тән», «жан сыры», «жан құмары», «жанның жарығы», «жан қуаты», «жанның тамағы», «хауас», «хауас сәлим», «хауаси хамса заһири», «иманигүл», «толық адам», «пенділіктің кәмалаттығы» тәрізді күрделі шығыстық ұғымдарға сындарлы ғылыми тұжырымдар жасады. Ойшыл танымындағы жүрек культі мәселесі М.Әуезов зерттеуінің негізгі нысаны болғанды­ ғын саралады. М.Мырзахметұлы Абай мен Әуезов әлемінің ішкі сыры­ на үңілер сәтте, М.Әуезов танытуындағы абайтану сияқ­ ты ғылым саласының қалай басталып, қалай дараланып шығуын бағамдап, М.Әуезов танытуындағы абайтану та­ рихын жасады. Бұл – әдебиеттанушының ғылым саласын­ дағы салиқалы үлесі. М.Әуезов Абай мұрасына қатысты зерттеулерін екі жүйеде: бірі – ғылыми жүйеде, екіншісі – көркемдік формада «Абай жолында» жасады. М.Мыр­ захметұлы осы өзекті мәселелерді бір-бірінен ғылыми негізде ажыратып, құнды мұрағаттық деректер көзімен толықтырды.

Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде ғалымның Абай мен М.Әуезов әлемінің байланысын зерделеуі сонымен қатар әуезовтану саласының бүгінгі күн таным талабы­ на сай туып отырған мәселелерін көтергендігі сараптал­ ды. Ойшыл-ақынның мұрасына байланысты М.Әуезовтің зерттеулерін ғылыми айналымға енгізіп, ақын мұрасымен қатар суреткер-ғалымның еңбектерін жүйеледі. Зерттеу еңбектің үшінші бөлімінде Алаш ұранды ұлт­ жанды тұлға М.Мырзахметұлының ұлттық сана, ұлттық рух, ұлттық болмыс мәселелерін көтерген азаматтық үні, аталмыш мәселені арқау еткен еңбектері зерттеу нысаны­ нына алынады. Қорыта айтқанда Мұхамадиев Дәурен Бақдәулетұлы­ ның «Сан қырлы ғалым» атты әдеби зерттеу еңбегін қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған үлес деп санаймыз. Г.ОРДА, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Филология ғылымдарының докторы

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым СӨЗ БАСЫ Қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттығына «тар жол, тайғақ кешулерден» өте отырып, қол жеткізуі ХХ ғасырдың ең басты жемісті жеңісі болып тарихта қал­ ды. Еліміздің егеменді ел болып, тәуелсіздікке қол жеткі­ зуі – ерлігі мен өрлігі және табандылығының нәтижесі. Сол қайсарлығы бүгінгі таңда әлем жұртшылығы мойын­ дап, тани білген, тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуына жол ашты. Әлемдік қауымдастыққа еніп, өзіндік ұлттық құндылықтарының негізінде дербес сара жолын ұстанған мемлекетіміздің қоғамдық-саяси, руха­ ни-мәдени, әлеуметтік, экономикалық өмірінің барлық салаларында түбегейлі оң өзгерістер орын алды. Егеменді еліміздің әлемдік өркениет кеңістігінде өз орнын алып, уақыт өткен сайын нығайып, таныла түсуі қазақ сөз өнері­ не де игі ықпалын тигізді. Отаршылдық бағытқа құрыл­ ған жабық қоғамның әділетсіз әрекеттері әшкереленіп, үстемдігі келмеске кетті. Бұл орайда Қазақстан Респуб­ ликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзі өте орынды айтылған: «Жабық қоғам дегеніңіз қанша үлкен болса да, тор ішінде, ашық қоғам дегеніңіз аспанда ұш­ қанмен пара-пар. Осы орайда біздің тарихымыз бен азат рухымызға үндес, қалай дегенмен де мынадай аллегория­ ға ден қоямыз – байтақ дала аспанындағы нұрлы күннің астында қанат керген қайран қыран...» [1, 233-б.]. Тұғыр­ лы тәуелсіздігіміз ұлттық құндылықтарымызды зерде­ леп, танып білуге, кешенді түрде, кең көлемде зерттеуге мүмкіндік туғызды. Мәдени мұраларды зерттеп, насихат­ тауға байланысты мемлекеттік бағдарлама жасалды. Қа­ зақ ғылымының барлық салаларында да соны серпілістер, тың бағамдар қалыптасты. Қазақ әдебиеттану ғылымы жаңа биік сапаға көтеріліп, ұлттық болмысқа негізделе отырып, көркемдік-эстетикалық, танымдық-философия­ лық, методологиялық қуаты жағынан ғылыми жүйелену процесінен өтті. Бұл оңтайлы өзгерістердің нәтижесінде қазақ сөз өнерінің қуатын арттырған, қайталанбас кесек тұлғалардың өмірін және олардың мұраларын жүйелі түр­ де, тарихи контексте зерттеп, зерделеуге жол ашылды.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ «Қазақ әдебиеті үшін ХХ ғасыр мен ХХI ғасырдың басы үлкен асулы белес болды. Бұл тұстағы қазақ әдебиетінің көтерілген көркемдік биігін барша қауым түгел мойын­ дады. Оның барлық жанрдағы идеялық-көркемдік табыс­ тары аса мол. Тотаритарлық жүйенің тұсында әдебиеттің кездескен кедергі, бөгесіндері де аз емес. Әдебиеттің көптеген алыптары репрессияға ұшырап, жекелеген аса ірі көркем туындылардың көрген қиянаттары да аз бол­ ған жоқ. Осыған қарамастан қазақ әдебиеті өсу, өркендеу үстінде болғаны ақиқат. Олай дейтініміз, қазақ әдебиетінің ең негізгі туындылары ТМД елдерімен қатар, көптеген шетел тілдеріне аударылып, дүние жүзіне кеңінен таныл­ ды. Бүкіл әлемдік аренадағы белгілі өрелі әдебиеттердің қатарына қосылды...» [2, 4-б.]. Егеменді еліміздің әлемдік өркениет кеңістігінде өз орнын алып, уақыт өткен сайын нығайып, таныла түсуі қазақ сөз өнеріне де игі ықпалын тигізді. Академик С.Қирабаев мәдени мұралардың құндылығын және оларды қазіргі уақыт талабы тұрғысынан қарасты­ ру қажеттілігі жайында былай дейді: «Өмір бойы сыртқы елдердің шабуылы мен отаршылдығына қарсы күрескен халықтың әдебиетінде тәуелсіздік, бірлік идеясы ұлттық идея болғанын еске алуға болады. Ұлт әдебиетіндегі осы идеяның жаңғырып, жаңаша естілуі бүгінгі әдебиеттік көзқараспен дәстүрдің жаңа байланысын зерттеуге жол ашады. Осы ұлттық дәстүрді қолдап, елдің тәуелсіздігін ту еткен азаматтардың, ақын-жазушыларымыздың көпшілігі кеңес заманында ұлтшыл ретінде қуғындалып, жойылып кеткені белгілі. Солардың шығармашылық жолын терең зерттеп, ой-пікірлерін, көркем образдарын бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерімен үндестіру қажет» [3, 6-б.]. Осы ретте ұлттық дүниетаным болмысынан бастау алатын әде­ би мұраларымызды ұлттық мүдде, ұлттық сана, ұлттық белсенділік тұрғысынан пайымдау бүгінгі заман талабы туғызып отырған көкейкесті мәселелер. «Рухани жаңғырудан барып туындайтын ұлттық мүдде. Ұлттық мүддені бажайлау үшін ұлттық сана керек. Ұлт­ тық санадан ұлттық белсенділік туындамақ» [4, 118-б.], – деген пікірде ұлттық дүниетаным құндылығы жатыр.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Ұлттық рухымыздың берік болуына қызмет ету тәуелсіз мемлекетіміздің әрбір саналы азаматының борышы. Өйткені, ұлттық рухтың игілігі үшін қызмет ету ұлттық бірлікті, тұтастықты сақтап, еліміздің елдігіне, болашақ ұрпақтың кемелділігіне қызмет атқару болып саналмақ. Сол себепті рухани, мәдени мұраларымызды осы бағыт­ та бүтін, тұтастық бірлікте зерттеу мәселесінің көтерілуі заңды құбылыс. Бүгінгі көзқарастар тұрғысынан қара­ лып, зерттеліп, зерделеніп, өзінің лайықты бағасын алуды қажет ететін отандық әдебиеттану ғылымындағы өзекті тақырыптардың нысанына айналуға тиісті тұлға – фи­ лология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы. Қазақ әдебиеттану ғылымына қомақты үлес қосқан ға­ лымның өмірі мен көп қырлы ғылыми еңбектері әлі күнге дейін арнайы зерттеліп, өз бағасын толық ала қойған жоқ. Әр кезеңде әртүрлі мерзімді басылым беттерінде ғалым еңбектері жайлы жеке және жанама пікірлер айтылғаны­ мен жүйелі түрде зерделеніп, ғылыми айналымға түспе­ гені белгілі. Сол себепті әдебиет зерттеушісінің өмірі мен шығармашылығы арнайы зерттеуді қажет етеді. Осыдан барып еңбектің өзектілігі мен ғылыми жаңалығы туын­ дайды. Бұл орайда, ең алдымен оның туып өскен ортасы мен тәлім, білім алған өмір кезеңдеріне тоқталып өткен жөн. М.Мырзахметұлы 1930 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас (бұрынғы Жуалы) ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Тұрар Рысқұлов ауылында (бұрынғы Ванновка селосы) Абай атындағы қазақ орта мектебін тәмамдайды. 1949-1953 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика­ лық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті – Д.М.) оқып, білім алды. 1953-1969 жылдар аралығында Қазақ ССР Оқу ми­ нистірлігінің жолдамасымен Өзбекстан Республикасы­ ның ағарту саласында әртүрлі қызметтер атқарады. Таш­ кент облысы Жоғары Шыршық ауданындағы мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, аудандық партия коми­ тетінде үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарады.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ 1957-1961 жылдары Низами атындағы Ташкент педа­ гогикалық институтында қазақ әдебиеті пәндерінен дәріс береді. 1961-1964 жылдары Абай атындағы ҚазПИ аспиранту­ расында оқиды. 1965-1966 жылдар аралығында Шымкент педагогика­ лық институтынының философия-экономика кафедрасы­ ның аға оқытушысы, 1966-1969 жылдары Ғ.Ғұлам атын­ дағы Сырдария педагогикалық институтының деканы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, оқу ісінің проректоры, ректоры қызметтерін атқарады. 1969-1975 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің доценті, 1975-1991 жылдары Қазақ ССР ҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер, абайтану бөлімінің меңгерушісі болып істейді. 1991-2000 жылдары Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі, тарих және этнофилология ғылыми-зерттеу институтының ди­ ректоры және сол институттағы Абай тобының жетекшісі қызметін атқарды. 2000-2009 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін, сонымен қатар «Түркі халықтары әдебиетінің тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры және «Бауыржантану» ғылымизерттеу орталығының қызметкері міндеттерін атқарады. 2009-2013 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Абайтану» ғылы­ ми-зерттеу орталығының директоры болды. 2013 жылдан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанынан құрылған «Б.Момышұлы мұралары – ХХІ ғасыр көгінде» ғылыми-зерттеу орталығының дирек­ торы қызметін атқаруда. М.Мырзахметұлы 1965 жылы «Абай Құнанбаевтың әде­ би мұрасының зерттелу жайы» кандидаттық (ғылыми же­ текшісі академик Қ. Жұмалиев), ал, 1989 жылы «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертацияларын қорғайды. Ол – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының (1997), Түркі

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым әлеміне қызмет сыйлығының лауреаты (2002), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Саналы ғұмырын туған халқының әдеби мұраларын зерт­ теуге арнаған М.Мырзахметұлы «Мұхтар Әуезов және абай­ тану проблемалары» (1982), «Абай жүрген ізбенен» (1985), «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993), «Абайтану тарихы» (1994), «Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю» (1995), «Абай және Шығыс» (1995), «Әуезов және Абай» (1997), «Түркістанда туған ойлар» (1998), «Түркістан Тараз арасы...» (2002) атты ірі монографиялық еңбектер мен жеті жүзден астам ғылыми-публицистикалық мақалалар жаз­ ды. «Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіш» (1965, 1989), «Әдебиеттану-хрестоматия» (1972), «Абай өмірі мен творчествосы» (1987), «Мұхтар Әуезовтің абайтанудан жарияланбаған материалдары» (1988), «Абайды оқы, та­ ңырқа...»(1993), «Абайтану дәрістері» (1994), «Жүрегімнің түбіне терең бойла» (1995), «Абайтану дәрістерінің дерек көздері» (1997), «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (1997), «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі туралы» (1991), М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1991), «Үш анық» (1992), Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» (1993), Құлмат Өмірәлиевтің «Абай афоризмі» (1995) және көпшілікке бұрын беймәлім болып келген қазақ ақыны Кә­ минә Молла Мәди ибн-Меркіш Майлыкентидің «Республи­ каға сый» (1995) еңбектерін құрастырып, алғы сөздері мен түсініктерін жазды [5, Б. 6-9]. М.Мырзахметұлының абайтану, әуезовтану салаларына байланысты жазылған зерттеу еңбектері – қазіргі әдебиет­ тану ғылымына қосылған қомақты дүниелер. Қазақ руха­ ниятының игілігін еселеу әрі ұлт рухын аспандатуға арнал­ ған еңбектері ғалымның көп жылдық тәжірибесінің мәуелі жемісі. Қазақ әдебиеттану ғылымында абайтану арнасының тууы, қалыптасуы мен дамуы, абайтанудың өзекті мәселе­ лері, оның Шығыс әлеміне қатысы әрі әуезовтанудың ма­ ңызды мәселелерін зерделеп, аталмыш салаларда моног­ рафиялар жазып, абайтану, әуезовтану ілімінің іргетасын бекіте түсті. Зерттеу еңбек М.Мырзахметұлының әдебиет­ танушылық, Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезов әлемі

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ хақындағы зерттеулерін ғылыми тұрғыдан саралап талдау­ ға негізделді. Өйткені, осы кезеңге дейін өзге көрнекті әде­ биеттанушы-ғалымдар жайында зерттеу еңбектер жазыл­ ғанымен, М.Мырзахметұлының ғылыми шығармашылығы бұрын-соңды жеке зерттеу нысанасына айналып, кешенді қарастырылмаған. Әдебиет тарихы мәселелерін М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Базарбаев, З.Ахметов, Қ.Мұхамедханұ­ лы, З.Қабдолов, С.Қирабаев, С.Қасқабасов сынды ғалым­ дармен қатар өзімен үзеңгілес әдебиет зерттеушілерімен бірге ұлт өркениетін дамытуға өнегелі үлес қосып жүрген М.Мырзахметұлының ғылыми шығармашылығын бүгінгі тәуелсіздік таңында кешенді саралаудың маңызы айрықша. Қазақ әдебиеттану ғылымында абайтану мен әуезовтану са­ лаларын терең зерттеп, Бауыржан Момышұлының мұрасын жүйелі зерделеумен айналысты. «Абай», «Мұхтар Әуезов» энциклопедияларының сүбелі мақалаларын жазуға ат салы­ сып, М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағы мен 50 томдық жаңа академиялық басылымын даярлауға белсене араласты. Ғылыми зерттеу еңбектерінде абайтану мен әуе­ зовтану саласының аса күрделі мәселелеріне: абайтану та­ рихына, Абай мұрасының рухани көздеріне, Абай мұрасын­ дағы мораль философиясына, Абайдың Шығыс әлеміне, мұсылман дүниесіне қатысына, ақын мұраларындағы Шы­ ғыс поэзиясының рухани ықпалына, Абай және исламият дүниесіне, Абай және Шығыс классиктеріне, академик-жа­ зушының ғылыми еңбектеріне, абайтанудың түрлі қырла­ рына, М.Әуезов пен абайтану мәселелеріне, абайтану мен әуезовтанудың ғылыми негіздегі өзекті қарым-қатынасына жіті көңіл бөліп, түбегейлі зерттеу нәтижесінде тұңғыш рет ғылым сарабына түсірді. Ол 1977 және 1995 жылдардағы Абай шығармаларының академиялық толық жинағын жариялауға күш-жігерін жұм­ сап, ғылыми түсініктерін жазуға қатысты, ақын туынды­ ларындағы «хауас», «хауас сәлим», «хауаси хамса заһири» сияқты терминдік мағынасы бар сөздердің мән-мағынасын жаңаша тұрғыдан талқылап, оларды бүгінгі күн талабы тұр­ ғысынан таразылай қорытып, алғаш рет ғылыми айналымға түсірді.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Сонымен бірге М.Мырзахметұлы халқымыздың мә­ дениетінде мәні зор Иасауидің, Шамсиддин Табризидің шәкірттерінің және басқалардың ел арасында екі мың бет­ тен астам қолжазбасын жинақтады. Бүкіл түркі халықтары мәдениетінің тарихын зерттей келе, олардың бүгінгі сана, руханият жағынан жақындасуына ғылыми негіз қалауды мақсат еткен ғалым аталмыш бағытта көп еңбек сіңірді. Әдебиеттанушы ғалымның еңбектерін бүгінгі тәуелсіздік дәуірінде парасат биігінен қарап, бағалаудың мерзімі жетті. Ғұмырлық тақырыпқа айналған абайтану мен әуезовтану салаларын зерттеуде өнімді еңбек еткен ғалым шығарма­ шылығының қазіргі отандық әдебиеттану ғылымы үшін ғибраты аса мол. Зерттеу еңбегімізде ғалымның қоғамдық ой-санаға қозғау салатын ғылыми еңбектері алғаш рет ғы­ лыми тұрғыда зерделеніп отырғандығын баса айту қажет. Сол себепті М.Мырзахметұлының абайтану мен әуезовтану әлеміне қосқан өнегелі үлесін қамтыған жеке монография­ лық еңбек жазу тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жаңа­ лығын аңғартады. Көрнекті ғалым М.Мырзахметұлының қазақ әдебиеті тарихын зерттеуге қосқан үлесі мол. Ғалымның ғылыми еңбектеріне Қ.Өмірәлиев, З.Ахметов т.б. белгілі ғалымдар пікір айтып, оң бағасын берген. Сонымен қатар, Ф.Мырза­ хантегі, М.Оспантегі тарапынан құрастырылған «Абайта­ нушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы: Библиографиялық көрсеткіш» атты еңбек 2001 жылы жарыққа шықты. Отандық әдебиеттану ғылымында абайтану мен әуезов­ тану салаларының өзекті мәселелерін зерттеп, ғылыми ай­ налымға енгізген М.Мырзахметұлының ғылыми еңбектері қазіргі әдебиеттану ғылымындағы орны айқындалуда. Абайтану мен әуезовтану салаларын қатар зерделеген М.Мырзахметұлының ғылыми еңбектерін жүйелеп, сарап­ тап және талдап қарастыру мақсатына орай зерттеу жұмы­ сында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: – М.Мырзахметұлының абайтану тарихында ақын мұра­ сын зерттеп, насихаттаушылардың және ХХ ғасырдың 2030 жылдары аралығында Абай мұрасын тану, бағалауда бұ­ рыс таным мен теріс көзқарастардың белең алғанына назар

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ аударуы, Абай мұрасына арашашы болған зерттеушілердің еңбектерінің ғылыми сипатын ашудағы еңбегін саралау; – М.Әуезовтің Абай шығармашылығын көркемдік және ғылыми тұрғыда зерттеген еңбектеріне М.Мырзахметұлы жасаған ғылыми талдаулардың жаңалықтарын ашып көр­ сету; – М.Мырзахметұлы еңбектеріндегі Абай туындылары мен қазақтың бай ауыз әдебиеті арасындағы сабақтастық­ тың зерттелуін ашып көрсету; – М.Мырзахметұлының Абай дүниетанымындағы «жан мен тән», «жан сыры», «жан құмары», «жанның жарығы», «жан қуаты», «жанның тамағы», «хауас», «хауас сәлим», «хауаси хамса заһири», «иманигүл», «толық адам», «пен­ деліктің кәмалаттығы» тәрізді күрделі шығыстық ұғым­ дарға жасаған сындарлы ғылыми тұжырымдарын нақты айқындау; – М.Мырзахметұлының абайтану мен әуезовтану салала­ рының бүгінгі және ертеңгі көкейкесті мәселелерін көтер­ ген тың ойларын сараптау. Зерттеу еңбекте М.Мырзахметұлының ғылыми шығарма­ шылығы алғаш рет жаңаша қарастырылып, мынадай тың нәтижелерге қол жеткізген: – Зерттеу еңбекте М.Мырзахметұлының ұлттық әдебиет­ тану ғылымындағы орны алғаш рет жүйелі түрде нақтылан­ ды; – М.Мырзахметұлының ғылыми шығармашылығы жүйе­ ленді; – Абай шығармаларын Тәуелсіздік талаптары тұрғысынан жаңаша зерттеудің М.Мырзахметұлы айқындаған ұсыныс­ тары қазіргі ұлттық әдебиеттану ғылымының талаптары тұрғысынан қарастырылды; – Абайтану мен әуезовтану саласында жазылған еңбектері жан-жақты талданды; – Ғалымның Абай мен М.О.Әуезов шығармашылығын зерттеудегі салыстырмалы-тарихи, тарихи-әдеби талдау, ғылыми жүйелеу, сипаттамалық және аналитикалық ғылы­ ми әдістері ашылды;

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым – М.Мырзахметұлының қазіргі қоғамдық өмірдің сан са­ ласына қатысты, ұлт мүддесін арқау еткен еңбектері зерде­ ленді. Зерттеу барысында әдебиеттанушы-ғалымның ғылыми еңбектерін саралай отыра төмендегідей ғылыми тұжырым­ дарға қол жеткіздік: – М.Мырзахметұлының ұлттық әдебиеттану ғылымында­ ғы абайтану мен әуезовтану салаларын дамытудағы орны айқындалды; – Ғалымның ғылыми шығармашылығы алғаш рет жүйе­ ленді; – Қазақ әдебиеті тарихы мәселелерін зерттеудегі М.Мыр­ захметұлының ғылыми эволюциясының принциптері нақ­ тыланды; – М.Мырзахметұлы – ұлы ақынның тарихнамасында құн­ ды дереккөз болып табылатын Абай шығармашылығын алғаш зерттеушілердің еңбектерін ғылыми айналымға енгі­ зуші; – М.Мырзахметұлы зерделеуіндегі М.Әуезовтің ақын шығармашылығын көркемдік және ғылыми жүйеде зертте­ ген еңбектері әуезовтанудың басты бағыт бағдарын айқын­ дайды; – М.Мырзахметұлы «қазақ поэзиясында шалыс ұйқас болмаған немесе Абай шалыс ұйқасты алғаш рет орыс әде­ биетінен алды» деген теріс болжамды ғылыми түрде дәлел­ деп, ақын өлеңдеріндегі шалыс ұйқас өрнегінің түп-төркіні – көне түркі поэзиясы мен қазақ өлеңінің қойнауында жат­ қан тума құбылыс екендігін ғылыми айналымға енгізді; – М.Мырзахметұлының Абай дүниетанымындағы «жан мен тән», «жан сыры», «жан құмары», «жанның жарығы», «жан қуаты», «жанның тамағы», «хауас», «хауас сәлим», «хауаси хамса заһири», «иманигүл», «толық адам», «пен­ деліктің кәмалаттығы» атты күрделі шығыстық ұғымдар туралы жазған ғылыми пайымдаулары абайтану саласының қол жеткізген жетістіктерінің бірі екендігі тұжырымдалды; – Абайтану мен әуезовтану салаларының бүгінгі және ертеңгі көкейкесті мәселелері отандық әдебиеттану ғылы­ мының алдында тұрған өзекті құбылыстардың бірі екендігі алдыңғы қатарға шығарылды;

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ – Ғалымның ұлттық сана, ұлттық рух, ұлттық болмыс мә­ селелерін көтерген азаматтық үні, аталмыш мәселені арқау еткен еңбектерінің мәні ашылды. Зерттеу еңбекте М.Мырзахметұлының абайтану мен әуе­ зовтану сынды қос ғылым салаларының мәселелеріне ар­ налған еңбектері жүйелі түрде қарастырылды. Зерттеу жұ­ мысының ғылыми нәтижелері әдебиеттанушы-ғалымдар мен тағы басқа қоғамдық ғылымдар салалары мамандары­ ның зерттеулеріне дәйекші дереккөз бола алады. Зерттеу жұмысының материалдарын арнаулы орта және жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде абайтану мен әуезовтануға арналған курстар, лекция, семинар сабақ­ тарын оқыту барысында қолдануға болады. Зерттеуде көтерілген мәселелердің ғылыми негізделуі мен шешімін табуында М.Әуезов [6], Қ.Жұмалиев [7], Б.Кен­ жебаев [8], С.Мұқанов [9], Ә.Жиреншин [10], З.Ахметов [11], З.Қабдолов [12], Ы.Дүйсенбаев [13], Р.Бердібаев [14], С.Қасқабасов [15], С.Қирабаев [16,17], Ш.Елеукенов [18], Ж.Ысмағұлов [19, 20], Қ.Мұхамедханов [21, 22], А.Ісіма­ қова [23, 24], С.Дәуітов [25] сынды отандық ғалымдардың еңбектері мен тұжырымдары және зерттеу жұмысымызға қатысы бар кейбір ұжымдық еңбектер [26], [27] ғылыми, теориялық және әдіснамалық негіз ретінде қарастырылды. Зерттеу еңбекті жазу барысында М.Мырзахметұлының абайтану мен әуезовтану салаларына арнаған монография­ лық еңбектері мен зерттеулері, ғылыми басылымдарда бас­ па бетін көрген мақалалары, сондай-ақ, ғалым жариялаған жинақтар мен жазған түсініктемелері зерттеу дереккөздері ретінде пайдаланылды. Зерттеу жұмысының барысында салыстырмалы-тарихи, тарихи-әдеби талдау, ғылыми жүйелеу, сипаттамалық және аналитикалық әдістер кеңінен қолданылды. Зерттеу кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріл­ ген.

Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М М.МЫРЗАХМЕТҰЛЫ ЖӘНЕ АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ 1. Ғалымның абайтану тарихын зерттеудегі ғылыми ұстанымдары Абайтану тарихы өзінің көп жылдық қалыптасу, даму тарихында тың өзгерістер мен абыройлы айдындар әлемі­ не қарай жалғасты. Абайды тану, қазақ әлемінің рухани дүниесіндегі оның ұлттық ерекшелігін, айбынды да ас­ қақ рухын жан ділімен, сезім сергектігімен, сана биігімен түйсіну – хакім Абайдың ұлттық тұлғасына, ақылманды­ ғына сүйсіну деген сөз. «...Абайды тану – өзіңді өзің тану болмақ. Бұл орайда Абай мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу мен ақынның көр­ кем бейнесін сомдауда және Абайды қазаққа ғана емес, әлемге танытуда да дара тұрған, сөз жоқ, Мұхтар Омар­ ханұлы Әуезов екені баршамызға аян. Абай мұрасын та­ нуда әр кезеңде қоғамдағы саяси ахуалдың ықпалымен әр қиырға тартқан түрлі көзқарастағы ой-пікірлер де болды. Оның кейбірі идеология қыспағымен Кеңес өкіметінің ұс­ танған бағытына икемделіп жазылса да, олардағы астарлы ой сілемдері көкірек көзі ояу оқырманға дұрыс бағыт бе­ рер танымдық пікірлерімен құнды еді» [28, 13-б.]. Ақын мұрасы қазақ халқының бағыт-бағдарын айқындап, бо­ лашағына жол сілтер белгісі болып қала беретіні ақиқат. Кемеңгердің тұлғасын, шығармашылығын әдеби-ғылыми негізде сомдап, танытып берген М.Әуезовтің еңбектері отандық әдебиеттану ғылымына қосылған құндылықтар­ дың бірі. Абайтанудың қалыптасу кезеңдері тым әріден бастау алады. Сонымен қатар өте күрделі һәм өркенді жолдар өрнегіне ұласады. Абайтанудың басында қашанда М.Әуе­ зовтің тұғырлы тұлғасы заңғарлана түседі. Ал оның ілкі бастауындағы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Ду­ латұлы сынды тағы басқа ірі тұлғалардың абайтану мұра­ сына қосқан үлестері қаншама.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Абай мұраларын танып бағалау үрдісі төңкеріске дейін-ақ басталып, күні бүгінге дейін зерттелу нысаны­ на айналған. Бұл ретте әдебиеттанушы-ғалым М.Бекбо­ сыновтың: «...Абайды өз жұртына танытып, насихаттау тұрғысындағы алғашқы мақалалар шоғырына Қазан төң­ керісіне дейінгі кезеңде жазылған материалдар жатады. Олар: Ә.Бөкейхановтың, К.Ысқақұлының, Зейнелғабиден ибн Әміренің, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, С.Әбішұлының, С.Торайғыровтың, А.Белослюдовтың ең­ бектері. Бұлардың көпшілігі 1993 жылы «Абайды оқы та­ ңырқа...» деген атпен құрастырылған жинаққа енді» [28, 14-б.], – деген тұжырымды пікірі орынды айтылған. Қазақ әдебиетінің қуатты арнасына айналған абайтану­ дың ғылыми тұрғыдан зерттелу кезеңін ғалым М.Мыр­ захметұлы үш кезеңге бөліп қарастырады: «Бірінші кезең яғни абайтанудың алғашқы дәуірі ресми түрде баспасөз бетінде 1889 жылдан басталып 1934 жылмен аяқталады. Екінші кезеңі 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұхтар Әуезов бастаған соны танымдардың заманымен аяқталады. Үшінші кезең 1961 жылдан кейінгі Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуірімен жалғаса­ ды. Яғни ұлы ақын мұрасы жолында абайтану мен абай­ танудың тарихы деп аталатын екі ғылыми арнаның пайда болуын көрсетеді» [28, 40-б.]. Ақын туындыларының зерттелу тәртібі ертеректе бас­ талғанымен, негізінен екі түрлі жолмен жүргізіліп келді: 1. «Абай шығармаларын әр түрлі көлемде топтастырып жариялау, оларды бірте-бірте толықтыру жолымен бұл мұраның тұрақтана бастаған түпнұсқасын туған халқына, дүние жүзі тілдеріне аудару арқылы тану; 2. Бүкіл әлем­ ге танылып отырған Абай шығармаларын арнайы зерттеу нысанасына алып, түрлі ғылым саласында да зерттеу жұ­ мыстарын қатар жүргізумен бірге ол мұра жөніндегі әрқи­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ лы деректер көзін де жинастырып, молықтыра беру» [29, 3-б.]. Алғашқыдағы Абай мұрасының зерттелу тарихы ха­ қындағы жанама түрде, соңына тікелей түрде пікір қозға­ ған ілкі ізденістер зерделеудің бастамасы болды. Алайда ақынның әдеби мұрасының зерттелу тарихының жайы жөнінде арнайы зерттеу жұмыстары нақтылы қолға алын­ бады. Аталмыш тақырып алғаш рет «Абайды тану тарихынан» деген атпен, жалпы Абай мұрасының зерттелу тарихынан қысқаша шағын шолу пікірлер М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.С.Сильченко, Ә.Жиреншиндер тарапы­ нан көтерілді. Х.Сүйіншәлиев «Абайтану тарихынан» ар­ найы курс пен семинарға арнап бағдарлама жасады. Осы ретте ғалым М.Мырзахметұлының өзін сөйлетсек: «...қа­ зақ әдебиеті жағдайында бұл тақырып алғаш рет «Абай­ ды тану», «Абайды тану тарихынан» деген атпен, жалпы ақын мұрасының зерттелу тарихынан қысқаша шағын шолу Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысма­ йылов, М.С.Сильченко, Әбіш Жиреншиндер тарапынан көтерілді. Ақыры келіп М.Әуезов пен Қ.Жұмалиев тара­ пынан бұл тақырыпты арнайы түрде зерттеу нысанасына алыну қажеттілігі ұсынылды» [30, 5-б.] Т.Кәкішев қазақ әдеби сыны тарихы жөніндегі іргелі зерттеу еңбегіндегі қазақ әдебиетіндегі сынның тарихы мен абайтану тарихын ұштастыра баяндайтын «Оңаша отау» атты еңбегінде абайтану саласына қатысты ғылыми мәні бар құнды ойларын ортаға салды. Осылайша нағыз абайтанудың қалыптасу тарихын зерделейтін мезет соңғы сағаттардың еншісінде қалды. Абайтану ғылымында өзіндік өрнегімен айшықталып, ға­ лымдық қарымымен танылған М.Мырзахметұлы айтыл­ мыш мақсат пен ғылыми ізденіс асқарынан өзгеше жаңа­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым шылдығымен таныла білді. Әуелі ғалым туралы айтылған пікірлер желісіне жол берелік. Профессордың еңбектері жайында: «Мировая общест­ венность по решению ЮНЕСКО широко отмечает в эти дни 150-летие поэта реформатора, мыслителя и гуманис­ та Абая Кунанбаева... Учеными изданы также фундамен­ тальные монографии и сборники научных статей, сре­ ди которых книги академика З.Ахметова «Поэтический мир Абая», доктора филологических наук, профессора М.Мырзахметова «Нравственные идеалы Абая», «Исто­ рия абаеведения», «Абай и Восток», «Восхождение Мух­ тара Ауэзова к Абаю»...» [31, С. 5.], – деп айтылған осы бір ойдың мазмұны бізге біраз мәліметтерден хабар бе­ реді. Ал жазушы Е.Әлімжан: «...марқұм Асқар Тоқпановтың «Абайды білетін үш – ақ адам бар. Бірі – Мұхтар Әуезов, екіншісі – мен, үшіншісі – Мекемтас Мырзахметов, қал­ ғандары бетінен қалқып жүр» деп серпіле сөйлейтін сөзі туралы да естігенмін. ...Мекең ақырын сөйлейді, бірақ ақырына жеткізе айтады. Мінезі биязы, бірақ азаматтық позициясы берік, үні жұмсақ, бірақ рухы күшті. Асықпай жүреді, бірақ бәріне үлгереді. Қасындағылармен кішік сөйлеседі, бірақ ойы ұлылармен үндеседі. Білместікпен артық-кем айтып қалсаң, кешірімді, ал қиянатың болса, ой қылышын кідірмей суырып, атақ-даңқына қарамай кесіп түседі» [5, 29-б.], – деп кеңірек ой қозғайды. М.Мырзах­ метұлы абайтанудың көшбасшыларының бірі ретінде та­ нылған жан. Ғалымдық қарымымен мәні бар мәселелерді қозғап, өзі де соған үлес қосып жүрген еңбек иесі. Әдебиет зерттеушісінің болмысы және оның еңбектері жайында Ә.Кекілбаев былай дейді: «Бұл кісі әскет адам. Демек, сұраншақтығы жоқ, сыпайы, таза, жұмысқа беріл­ ген нағыз ғалым, аса ірі филолог. Сондай ғұламаның қадіріне жете алмай жүрміз. Бұл кісінің еңбектерін, қазір

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ бағалау керек. Ертең бәрібір іздейсіздер» [5, 29-б.]. Өте орынды айтылған пікір және берілген әділ баға. Ұлты­ мыздың руханиятына қызмет етіп, үлестерін қосқан, қо­ сып келе жатқан еңбек иелері мен олардың атқарған жұ­ мыстарын бағасын беру бүгінгі ұрпақтың басты борышы. Осы орайда Мархабат Байғұттың: «Бірінші ерен ерлігі ретінде айырықша абайтанушылы­ ғын айттық екіншіден, профессор Мекемтас Мырзахмет – ғұлама мұхтартанушы және мұхтартанушылардың ме­ рейлі мектебінің табанды тәлімгері ретінде де жұлдызы жоғары тұрған тұлға. Бұл әлдеқашан дәлелденген ақиқат. Үшіншіден, Мекем ағамыз миссионерлікке көзқарас­ ты түбірімен өзгертіп, қасаңданып қатып қалған қағи­ дасымақтардың күл-талқанын шығарып, тағы бір ерен ерлік көрсетті...» [32, 7-б.], – деген пікірін бере кеткеніміз орынды болар. Айтылған ой-пікірлер тізбегі ғалым тұл­ ғасының биіктігімен оның еңбектерінің құндылығын та­ нытады. Руханият қайнарларының көзін ашып, ұлт үлесі­ не сүбелі туындыларын сыйлаған М.Мырзахметұлының абайтану саласына қатысты жазған еңбектері аталмыш сала тарихында орны бар рухани құндылықтар. Белгілі әдебиеттанушы ғалым И.Жеменейдің: «Менің пайым­ дауымша, оның Абай өмірі мен шығармашылығы жөнінде жазған ғылыми еңбектерінің жиынтық көлемі он томнан асып түседі» [33, 4-б.], – деп абайтану саласының ғылыми деңгейінің биіктеуіне үлкен үлес қосып келе жатқан про­ фессордың еңбектерінің мәні мен көлемі жайында айтқан пікірінің біздің зерттеуіміз үшін мәні зор. Ақын мұрасын зерттеу барысында академик-жазушы­ ның бағыт-бағдарын басшылыққа ала отырып, оның айтпаған, айта алмай кеткен тұстарын өз еңбектерінде таратып беріп отырады. Абайтану ғылымының тууы, қа­ лыптасуы мен дамуын зерттеп, сарапқа салған профессор­ дың негізгі табан тірер іргетасы жазушы-ғалымның ақын

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым шығармашылығы жайлы жазған зерттеу еңбектері болды. Бұл әрекеті ғалымның ғылым жолындағы бағытының әр­ дайым дұрыс болуына үлкен көмегін тигізді. М.Әуезов: «Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған... Абайдың өмірі мен ор­ тасын еңбектерінің әр алуан сипаттарын өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді де еске алуымыз керек» [29, 15-б.], – деген ора­ лымды ойларына сай Абай дәуірінде баспасөзде жария­ ланған кейбір өлеңдері мен аз-мұз дерек көздерінің күні бүгінге дейін ақын болмысын ашудағы елеулі мәні бар екендігін айту орынды. Ақын өмір кешкен заманда-ақ оның әдеби мұрасын та­ нып бағалауда қарама-қарсы пікірлер болғаны белгілі. Мұндай таным, әсіресе, рушылдық салт-сананың жыршы­ сы болған тобықты руының ақыны Қуанышбай шығарма­ ларында бой көрсетеді. Ол ақынды ру мүддесін қорғаушы ақын ретінде бағалап, әлеуметтік ажарын көмескіленді­ руге тырысады. Мәселен: Баласы Құнакемнің Ибраһим, Найманға не қылғаны жұртқа дайын. Пысқырған пысығының мұрнын кесіп, Мың-мыңнан айып алды топ бас сайын [29, 10-б.], – деп ақиқаттың өңін айналдырып, бұрмалауға ұрынады. Ақынның әлеуметтік келбетін бүркелемейтін рулық салт-санаға қарсы өз мағынасындағы халықтық көзқа­ растың қатар жүруі табиғи заңдылық еді. Мәселен, Қуа­ нышбай ақын Абайды рулық мүдде тұрғысынан жырласа, Біржанның: Момынға зәбір, жапа қыласың деп, Жіберген жер аударып залымдарды [29, 12-б.], –

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ деп халықтық тұрғыдан бағалауға ұмтылған тұңғыш пікір болды. Ғалым Абайды танудың алғашқы кезең­ дерінің ілкі бастауында-ақ осындай ой жоталарының тіз­ бектелгендігін ғылыми негізде баяндай келе: «Абайдың ақындық өнерін бағалау да Біржаннан басталады десе болғандай. Біржан Абайды өз заманынан иығы асқан ой­ шылы, құдіретті сөз өнерінің иесі ретінде таныған: Абайдай тумас адам сөзге зерек, Зейіні түпсіз дария көзің жетпес» [29, 12-б.], – дейді. Аталмыш бір-біріне кері ұғымды пікірлер желісі ақын дәуірінде де қылаң беріп, абайтану көшінің ұзақ жол­ дарында жалғасын тауып, бой көрсетіп жатты. Өйткені, абайтану атты алып арнаның қалыптасуы сан қилы, ха­ лықтық һәм рушылдық идеяны жақтаған екі түрлі ой тал­ ғамдардың өзара нәзік те «сұрапыл» қақтығысы өзегінде қаланды. Абай мұраларының төңкеріске дейінгі жариялану, тара­ лу жайында нақтылы ұғым, белгілі хабар беретін жазба деректердің бірі – «Дала уәлаяты» газеті еді. Бұл жайында ғалым Ү.Субханбердина: «Қазақтың тұңғыш ғалымы Шо­ қан Уәлихановтың, классик ақыны Абай Құнанбаевтың, ағартушы әрі жазушы Ы.Алтынсариннің, ғалым, тарих­ шы, жазушылары Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Шәкәрім Құдайбердиевтің, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов­ тың мақала-хабарларымен қатар, олар туралы материал­ дарды да оқуға болады» [34, 6-б.], – деп сипаттама береді. М.Мырзахметұлы абайтанудың қалыптасуына негіз бол­ ған деректер көзін табуда, тылсымын аңғаруда, аталмыш баспасөздің басым салмағы бар екендігін айқындай келе көне деректер легіне терең үңіледі. «Дала уәлаятында» «Жаз», «Болыс болдым, мінеки» өлеңдері жарияланған еді. Сөздің реті келіп тұрғанда мына бір пікірге тоқтала кеткеніміз артық болмас: «Газеттің 1889 жылғы 7-санын­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым да басылған Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» деп басталатын өлеңі «Семей оязы, Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбай ауылының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі» деген тақырыппен берілген» [35, 11-б.]. Ғалым өлеңдердің тағдыр-тарихын зерделей келе атал­ мыш өлеңдердің редакция тарапынан «өңделгендігін», яғни жұмсартылғандығын айқын ажыратады. Профессор: «Бұл редакциялау жай құбылыс емес. Абай өлеңдерінің бағыты газет танымына қайшы келуден туындап отыр­ ған жайт деп білеміз. Ресми отаршылдық көзқарасты уа­ ғыздауына демократиялық-ағартушылық жолды ұстаған Абай поэзиясының рухы, ондағы халықтық сарындар қайшы келді» [29, 14-б.], – деп ақиқаттың үніне құлақ түргізеді. «Дала уәлаятында» бұрмалану жағдайы ақын­ ның осы газетке өлеңдерін бастырудан байланыс үзуіне себепші болғаны шындық. Осындай себептердің бірін Н.Н.Белослюдов: «Абай көзі тірісінде бағаланбады, мұ­ ның себебі оның өз шығармаларын жариялауға шектен тыс ықылассыздығы болды. Ол шығармаларын баспасөз бетінде бастырмады, сол себептен оның өлеңдері өзі өл­ ген соң барып қана қазақ халқына танылды» [36], – деп көрсететіні бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей ақын өлең­ дерінің жариялануына, насихатталуына шәкірттерінің де сіңірген еңбектері өте зор болды. «Абайдың шәкірттері... Абайдың өлеңдерін халық арасында таратып, Абай мұра­ сының, өмірі жайлы мәліметтердің бізге жетуіне зор үлес қосты» [37, 125-б.] Сонымен қатар олар «...білім алуды, тазалықты, адал еңбек пен рухани мұраларды қалыптастыруды, ағарту идеясын насихаттады» [38, 143-б.]. Абай қайтыс болған­ нан сон оның әдеби мұрасын халықтық тұрғыдан зерттеп, бағалаушы қайраткерлер тобы азды-көпті оңды әрекет

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ етіп, болашақ абайтанудың қалыптасу тарихында өзіндік өрнектерін қалдырды. Ғалымның пайымдауына сүйенсек олардың бастапқы сапында: «... Ә.Бөкейханов, Зейнелғабиден ибн Әміре әлЖауһари әл-Омскауи, Кәкітай Ысқақов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Самат Әбішұлы сияқты революцияға дейінгі қазақ қауымының қоғамдық ой-санасының демократия­ лықағартушылық бағытындағы интеллигенттер тобы еді» [29, 23-б.], – деп санамалап береді. М.Мырзахметұлы осы ізбенен абайтануда дау туғызған келелі мәселелерді көтеру нәтижесінде ғылымға тән қырағылық пен дәлдікті діттеп, көлеңкелі тұстарға сәуле түсіреді. Бұл мәселе Абай шығармаларын баспа арқылы насихаттаушылардың бірі – Зейнелғабиден ибн Әміреге қатысты өрбіген өзекті жайт­ тар еді. Зейнелғабиден Абайдың бір топ өлеңдер топтамасын Кәкітайдан бұрын жариялап, ақын туралы мәселе көтеріп, оның мұраларын туысқан татар халқына таныстыруды мақсат тұтты. Оның «Насихат Қазақия» (1909 ж. Уфа қа­ ласы «Шарх баспасы») атты еңбегінің абайтану тарихын­ да маңызы зор. Айтылмыш еңбек Кәкітай бастырған Абай шығармаларының тұңғыш жинағынан бұрын жарияла­ нып, Абайды халықтық тұрғыдан бағалауымен бедерле­ неді. Бұл тұста белгілі зерттеуші Ә.Жиреншиннің пікірін келтіру өте орынды. Ғалым: «Абай туралы Зейнелғабиден әл-Жауһари деген зерттеуші «Тобықты Ыбырай марқұм­ ның өлеңдерінен» деп Абайдың бірнеше өлеңдерін үлгі қылып өзінің Қазан қаласында шығатын «Насихат – Қа­ зақия» деген жинағында 1909 жылы басып шығарды. Бұ­ ған да материал беріп, Абайды танытқан Кәкітай. Өйткені ол 1907 жылы Қазанға барып, бір жыл жатып қайтқан» [39, Б. 15-16], – деп шындыққа сай келмейтін жорамал­ дар айтумен шектеледі. М.Мырзахметұлы өзінің ғылыми

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым дәйектері мен табанды тәжірибесі негізінде Ә.Жиреншин пікірінің дәйексіздігін дәлелдейді. Өз зерттеулері бойын­ ша Зейнелғабиденнің Абай өлеңдерінің жариялануына дайын материалды Кәкітай берген деген тұжырымдарына қарсы деректер көзін пайдаланып, үш түрлі жаңсақтыққа ұрынғандығын байыптайды. Ғалым осы хақында былайша түйіндейді: «Зейнелға­ биденнің Абай өлеңдерін жариялауына себеп, оған ма­ териалды Кәкітай берген деген Ә.Жиреншиннің пікірі шындыққа үйлесе бермейді. Абай өлеңдері «Кнәз блан Зағифа», «Сұлу қыз», «Насихат-Қазақияда» жарияланып, яғни революцияға дейін-ақ түрлі жолдармен таралу жағ­ дайлары оның шын мәніндегі халық ақыны ретінде кең тұрғыдан таныла бастағанын дәлелдей түсетін деректер деп білеміз. ...Бұл – Абай өлеңінің Зейнелғабиден қолына Кәкітай арқылы емес, керісінше ел ішінде ауыздан-ауызға тарау арқылы ауызша немесе ауызша айтылуынан қолжаз­ ба түрінде ауысқан күйде жеткенін дәлелдейді» [29, Б. 2325]. Демек, Зейнелғабиден материал көздерін Кәкітайдан алмаған, одан бұрын жарияланған «Насихат-Қазақия» ең­ бегінде әуелгі болып, Абай мұрасына қатысты өзекті ой­ лары мен мәнді тұжырымдарын кестелеген. Әрі оның қо­ лына ауызша немесе ауызша айтылуынан барып қолжазба күйінде жеткендігін аңғарамыз. Ендеше, Ә.Жиреншиннің айтылған мәліметтер хақындағы жіберілген олқылықтары мен үстірт деректері М.Мырзахметұлы тарапынан ғылы­ ми қалыпта жүйеленіп, күңгірт, беймәлім тұстары ашы­ лып кешенді зерттелген. Сондықтан Зейнелғабиден ибн Әміре – Абай мұраларын алғаш зерттеуші қазақ интелли­ генттерінің бірі деген пікірге толықтай қосыламыз. Әдеби тілдің рухани тазалығы турасындағы күресті ар­ ғысы Ж.Баласағұн, А.Иасауи, А.Науаи бастаса, бергіден қазақ әдебиеті тарихында Абай бастағандығы әмсеге аян. Айтылған тіл тазалығы үшін күресті Абай дәстүрі негізін­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ де Зейнелғабиден, сынды тұлғалар өз еңбектерінде одан ары жалғастырды. Ақын шығармашылығын зерттеп, та­ нып насихаттау барысында С.Торайғыровтың Абай тура­ лы айтқан пікірлері аталмыш саланың тарихында ерекше орын алатынын профессор тілге тиек етіп өтеді. Ғалым сонымен қатар, С.Торайғыровтың рухы жағынан шұбар­ ланып бара жатқан қазақтың әдеби тілін таза сақтау, да­ мыту Абай негізін қалаған қазақ әдебиетіндегі халықтық дәстүрдің негізінде жатқанын түсінгендігін, ақын мұра­ сының жаңашыл бағыты үшін күрескенін сараптайды. Зейнелғабиден поэзияны Абай қойған эстетикалық та­ лаптар тұрғысынан түсіндіріп, мазмұн мен түрдің өзара үндестігі туралы талап қойып: «Өлеңнің іші алтын, сырты күміс болып үлгі өрнекпенен толы болсын» [29, 27-б.], – деп мағыналы пікір айтады. Төңкеріске дейінгі дәуірде Абайдың ақындық әлемін, ғұмырын танытуда ерен еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының есімі ерекше аталады. Кәкітай деректері – Абай өмірбаяны, мұрасы жайлы берілетін тың ақпарат айнасы болып табылады. Профессор оның деректерінің маңызына тоқтала отыра: «Кәкітай олқылығы – Абай шы­ ғармаларын түгел қамти алмауы демесек, Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктеуі сол дәуір жағдайына байланысты қарағанда орынды да. Кәкітай мәдениет пен білімнен кенже қалған қазақ қауымының ой-өрісін еске алып, тақырыптық принципке сүйенуді жөн көрген. Бүкіл қазақ ақындары Абай шығармалары мен өмірбаяны жай­ лы дерекпен тұңғыш рет Кәкітай арқылы ғана танысты» [29, 30-б.], – деп еңбектің кемшін тұстарын да атап өтеді. 1916 жылы Орынборда жарияланған Самат Әбішұлы­ ның «Абай термесі» атты еңбегінің абайтану саласына сіңірген қызметі орасан зор. Алғашқы 1909 жылы Петер­ бургтегі Кәкітай бастырған жинақтан тыс осында Абай­ дың бұрын-соңды баспа бетін көрмеген тың туындылары

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым болатын. Оның үстіне аталмыш еңбек авторының қолын­ дағы Абай өлеңдері ауызша түрде емес, жазбаша қолжазба деректер бейнесінде жеткізілген. Бұны С.Әбішұлы: «Бұл бір елге көп жайылмаған қазақ ақыны Абай Құнанбайұ­ лының бұрын басылмаған азғана сөздері еді. Мен қолым­ дағы барды кітапша етіп, бастырып алуымды қаладым» [29, 38-б.], – деп мағыналы мақсат қояды. Профессор М.Мырзахметұлы С.Әбішұлы құрастырған «Абай термесіне» үлкен баға беріп, Кәкітайдан кейін жа­ рияланған екінші жинақ екендігін толыққанды таныта­ ды. Шындығына келер болсақ, осы жинаққа енгізілген: «Абайдың «бірінші» қара сөзі мен жеті өлеңінен тұратын бұл кітапша екінші жинағы деп аталуға толық негізі бар тамаша жаңа басылым. ...Жинақты құрастырушының қо­ лында ертеректе жазылған Мүрсейіт қолжазбаларының бірі болғанға ұқсайды... Бұл ерекшелік – екінші жинақ ретінде ұсынылып отырған «Абай термесіндегі» айта қа­ ларлықтай сонылардың бірінен саналмақ. Өйткені Абай қарасөздерінің тұңғыш үлгі-өнегесі, түпнұсқасы баспасөз арқылы бүкіл қазаққа осы екінші жинақ арқылы таныл­ ғаны шындық қой?» [29, 39-б.], – деп «Абай термесінің» абайтанудың қалыптасу, даму сәттеріндегі мәні бар, құн­ ды еңбек екендігін тілге тиек етеді. Ғалым тарапынан осындай білікті пікір айтылуы қазіргі абайтану үшін ай­ тарлықтай соны жаңалық болуымен қатар келешек зерт­ теушілер үшін де парасаты мол танымдық мәні бар құн­ дылық деп білеміз. М.Мырзахметұлы С.Әбішұлының еңбегін Мүрсейіт қолжазбаларымен текстологиялық жағынан ғылыми негізде салыстыра келе, бір-бірін дәлдікпен қайталай­ тын ерекшеліктерді байқайды, әрі еңбекті Абай шығар­ маларының екінші жинағы деп көрсетеді. Зерттеушінің: «Абай термесіндегі» өлеңдер ұлы ақын шығармаларының бастапқы түпнұсқа қалпын дәлме-дәл қайталайтын ерек­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ шелігімен де айырықша көңіл бөлуді қажет етеді. Өйт­ кені, Самат құрастырған жинақ пен Мүрсейіт қолжазба көшірмелеріндегі өлеңдер мен қарасөздер тексті жағынан бір түсіп жатуы – екеуінің де бір түпнұсқа текске негіз­ делгенін айғақтап тұр» [29, 41-б.], – деуінде тарихи шын­ дық жатыр. Сондықтан Абай қарасөздерінің күллі қазаққа осы С.Әбішұлының «Абай термесі», яғни екінші жинақ арқылы танысқандығына ешкім дау айта алмайды. Демек, осы тұста абайтану тарихындағы «Абай термесінің» санға қосылғаны болмаса, ол жайында бұған дейін ешбір зерт­ теуші арнайы тоқталып, пікір білдірген емес. Зерделеуші ғалымдар 1909 жылы Петербургте Кәкітай бастырған ба­ сылымды ғана тілге тиек етіп келді. Алайда 1916 жылы Орынборда жарияланған абайтану тарихына соны серпін, даңғыл жол көрсететін екінші жинақ «Абай термесі» ха­ кында ешкім тіс жармады. Аталмыш еңбек абайтанушы­ лардың назарынан тыс қалып, онсыз да көлеңкелі кейбір тұстардың бояуын тым қалыңдата түсті. 1909 жылы жи­ нақтан өзге әр түрлі жағдайда жарияланып, текстоло­ гиялық ауытқуларға ұшыраған ақын өлеңдерін Мүрсейіт көшірмесіне негізделген «Абай термесімен» қатар қой­ ғанда айтылмыш еңбектің абайтану ғылымындағы орны заңғарлана түседі. Профессор ешбір ғалым көтермеген өзекті мәселені, қазіргі абайтанудың күн тәртібіне қойып, С. Әбішұлының «Абай термесі» атты сүбелі еңбегінің парқын даналықпен пайымдап, елеусіз қалған еңбектің сонылығын дәлелдеді. Абай қарасөздерінің тұтас қазаққа танылғандығын тауып, Мүрсейіт қолжазбаларымен сабақтастыра қарап, ғылыми зерттеулері нәтижесінде сенімді жазба деректердің көзін ашты. «Абай термесінің» авторы С.Әбішұлының абайта­ нудағы орнын айқындап, «Сегізаяқ» өлеңінің үлгісімен «Ойлы жұртым» өлеңін жазған ақынжанды азаматтың тұлғасын таныта білді.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Бұл – М.Мырзахметұлының өзгеге ұқсамайтын зер­ делеушілік қасиетінің, қырағы қалпының бір қыры ғана десе болғандай. Ғалымның өз тілімен айтар болсақ: «Са­ мат Әбішұлы 1916 жылы Орынборда жариялаған «Абай термесі» жинағы – абайтану тарихында ұлы ақын мұра­ сын революцияға дейінгі дәуірде қалың бұқараға тарату, насихаттау саласында өзіндік орны бар елеулі еңбектердің бірі.... Самат құрастырған «Абай термесіндегі» Абай өлеңдері сөзсіз Мүрсейіт көшірмелерінің біріне сүйенуі себепті абайтану тарихында өзіндік елеулі орны бар ерек­ ше құбылыс. Осы себепті де бұл «Абай термесі» жина­ ғы 1909 жылы жарияланған тұңғыш жинақтан соң, Абай шығармаларының екінші жинағы болып енуімен-ақ, жал­ пы абайтану тарихында өзіндік орны бар елеулі басылым ретінде бағалана бермек» [29, 45-б.]. Абайдың орыс әдебиетімен танысуын біз, көп жағдай­ да, оның орыс достарымен қатынасынан бері қарай деп білеміз. М.Мырзахметұлының келтірген деректеріне жүгінсек: «Абайдың орыс әдебиетімен танысуы тым ерте­ ректен басталған, оған Потаниннің Абайдың немере туы­ сы Халиолла туралы айтқаны дәлел. Ол бұл мәліметінде Халиолланың Тургенев, Лермонтов, Толстой, Белинский, Добролюбовтарды өз жерлестеріне насихаттаушының бірі болғаны туралы қызық деректер келтірген. Олай болса, жас кезінде-ақ Абай орыс әдебиетінің прогресшіл өкілдерімен алғаш рет туысы арқылы танысқан деуге әбден болады... Жоғарыда айтылған мәлімет бұған негіз бола алады» [29, 46-б.],- деген тұжырымында тарихи ақи­ қат бар. Ғалымның пайымдауынша, Абай өзінің шығар­ малары туралы алғаш бағаны орыс зиялыларынан алды. Ол келтірген деректер бойынша осы жайлы тұңғыш пікір 1903 жылы Петербургте Петр Петрович Семенов-ТянШанскийдің редакциялауымен басылған «Россия. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» деп аталатын ғы­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ лыми кітапта Абайды қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі ретінде қарастырған. Бұл 1903 жылғы аталмыш ең­ бекте ақын жайлы өткір де бағалы пікір айтылады. М.Мырзахметұлы өзінің ғылыми зерттеулерінде абайта­ нудың қалыптасу кезеңінде өзіндік орны бар соны еңбек­ тер мен тағылымды тұлғалардың бейнесін жаңа деректер легімен толықтырып отырады. Бұл абайтанудың қалып­ тасуында жаңа бетбұрыстардың қаншалықты деңгейде жүргізілгендігін анықтауымызға септігін тигізеді. Тіпті күллі қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу, даму үрдісінің заңдылығын тануға үлесін қосатын елеулі мәні бар тың туындыларды алдымызға жайып салады. Солардың бірі Абай шығармаларын орыс тіліне аударып бастыру мәсе­ лесін өткір көтерген ағайынды Белослюдовтардың абай­ тану әлеміне қосқан өнегесі мен тамаша тұжырымдары деуімізге болады [40, 54-б.]. М.Әуезовтің өзі рухани пікірлес әрі қызметтес болған адамдардың бірі – Николай Николаевич Белослюдовтың есімін құрметпен еске алғандығынан аңғарамыз: «Н.Н. Белослюдов өлкетануды өте жетік біліп жергілікті өлкета­ ну ісіне қызу араласты. Ол қазақ халқының тұрмысын да тамаша білетін. Қазақ өрнектерінің үлгісін жинастырып, оны жанымен сүйе білді. Қазақ әдебиеті туралы баяндама жасап, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жазып алып отыр­ ды. 1911 жылы ол Абайды орыс тіліне аударғысы келді, осы жайлы туысы Алексей Николаевичпен жазысқан хат­ тары сақталған» [29, 374-б.]. Жұбайы Ольга Дмитриевна Н.Н.Белослюдовтың қазақ ақыны Абайға деген іңкәрлік сезімдерін, қадір-құрметін былайша бейнелейді: «1919 жылы Абай туралы Николай Николаевич оқыған лекция­ ның конспектісі әлі күнге дейін өзінің актуальдылығын сақтауда. Абайға деген құштарлық Николай Николаевич­ те 1911 жылы-ақ басталған еді. Екі туысына жазған хат­ тарында Абай өлеңдерін орыс тіліне аударғысы келетінін

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым хабарлайды. Абай шығармаларының тағдыры ағайынды Бе­ лослюдовтарды көп жылдар бойы алаңдатты» [29, 374-б.]. М.Мырзахметұлының көзқарасынша ағайынды Белос­ людовтардың Абай өлеңдерін орыс тіліне аударып басты­ ру хақында өзара жазысқан жеті хаты мен ақын мұрасы жөнінде, «Абай (Ибрахим) Құнанбаев», «Қазақ-татар жа­ зушылары туралы Н.Н.Белослюдовтың қолжазба материа­ лы» деген деректері қазіргі абайтану мен қазақ әдебиетін зерттеудегі құнды ғылыми қайнарлар. Ол осы қайнарлар­ дың көзін тереңірек ашып, барлығын бүгінде жүйелі зерт­ теу қажеттігін алдыға қояды. Белгісіз себептермен жарық көрмей қалған Абай мұра­ жайындағы «Н.Н.Белослюдовтың қазақ-татар жазушыла­ ры туралы қолжазба –материалдары» деген қазақ әдебиеті туралы арнайы қолжазбасы өзінің зерттеушілік сипаты­ ның басымдылығымен дараланады. Мұнда ақын мұрасы жөнінде елеулі проблемалық мәні бар мәселелерді көте­ реді. Абайдың ақындық өнер жайындағы танымы тұңғыш рет Кәкітайдың мақаласында шет жағалап сөз болғанмен, бұ­ ған алғаш рет пікір білдірген де Н.Н.Белослюдов болатын. Бұл мәселеге 1915 жылғы «Қазақ әдебиеті туралы» деген көлемді мақаласында ерекше мән берген еді. Ал осы қол­ жазбасында ол ақындық өнер туралы Абай танымына тоқталып, өз пікірін нақтылы фактілерді келтіре отырып дәлелдеуге тырысқан. Тұңғыш рет ол Абайдың өз шығар­ масына сүйене отырып пікір толғайды [29, 65-б.]. Ғалым М.Мырзахметұлы Н.Н.Белослюдовтың ғылыми еңбектері турасында әділ бағасын беріп, оның пікірінің құндылы­ ғын дәлелдейді. Ә.Жиреншиннің пайымдауынша, Абай өз шығармала­ рын Көкбай атымен жариялауының себебі мадақтау мен менмендікті ұнатпаған әрі Көкбай есімімен беруді жөн көрген. Айтылмыш пікірді М.Мырзахметұлы шындыққа

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ үйлесімсіз деп ұғынады. Ол Абайдың тек мақтануды, мен­ мендікті ұнатпауында емес, оның басты себебі ақынның көзқарасында, дүниетанымындағы идеялық өсуінің эво­ люциясында жатыр деп дәлелдейді. М.Мырзахметұлы өз зерттеулерінде Абайдың не себепті шығармаларын алғашқы мезеттерде Көкбай есімімен бер­ гендігін саралай келе, әрбір кезең үшін келелі мәні бар ғы­ лыми байламдарын айтады. «Мұның себебі Абай қашан ақындық өнердің табиғатын терең ұғынып, ақындық өнер туралы ұғымының шеңберінен үзілді-кесілді шығып кете алмағандығында еді... Мұндай пікір Н.Н.Белослюдовта да сараланды» [29, 66-б.]. Жалпы айтқанда, Абайдың әдеби мұрасының төңкеріске дейінгі танылуы мен зерттелуіне қомақты үлес қосып, бағалы байламдар жасаған Н.Н.Бе­ лослюдов сияқты орыс зиялыларының қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі мен үлгілі өнегесін профессордың зерттеуі нәтижесінде аңғарамыз. Абайтанудың өрнекті жолдарында, оның қалыптасу та­ рихында ерен орын алатын жемісті кезеңдердің бірі – 1918 жылы Семейдегі «Абай» журналының жарық көруі. Он­ дағы Екеудің (М.Әуезов пен Ж. Аймауытов) Абай хақын­ дағы алғашқы толымды тұжырымдары мен ой-өрнектері М.Мырзахметұлы көзқарасынша, Екеудің ақын мұрасына қатысты жазылған «Абай һәм ақындық өнері» мақаласы, сонымен бірге екеудің тұңғыш рет Абайдың қарасөздері жөніндегі ғылыми мәні бар түйіндері мен парасатты бай­ ламдары ақиқатты аңғартады. Көпшіліктің назарын өзіне аударған үлкен айтыстың негізіне айналған мәселе – Абайдың әдеби мұрасына қа­ тысты даулы дүние еді. Түрлі көзқарастардың орын алуы ақынға байланысты талдаманы әртүрлі бағыттарға бөлді. Абайтануға байланысты сол кезеңдегі қуанышты жаңа­ лықтардың бірі – қазақтың ақыны Бернияз Күлеевтің Абай шығармаларының толық жинағын бастыру ісі мәселесін

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым көтеруі еді. М.Мырзахметұлы Б.Күлеевтің алдына қойған міндеттерін тізбелеп, айқындады. Ғалым: «Қазақтың қа­ лам қайраткерлерінің ішінен тұңғыш рет Абайдың әдеби мұрасын толығынан, тереңірек танытуға кіріскен Бернияз алдына тұжырымды мақсаттар қоя білді. Бұларды нақты­ лы түрде атап айтар болсақ, олар: 1. 1909 жылғы басылымға енбей қалған өлеңдері мен поэмаларын толықтырып жариялау. 2. Абайдың қара сөздерін толық жариялау. 3. Абай өмірін көрсететін фотосуреттерді қамту. 4. Абайдың өмірбаяны туралы жаңа дерек-мағлұматтар­ ды топтап, соның негізінде қайта толықтырып жазу бола­ тын-ды. Осы мақсатты орындау үшін Бернияз Күлеевтің Абай ту­ ралы деректерді топтастырудағы сүйенер тірегі – Абайды жақсы білушілер мен Абайдың өз балалары, әм туыстары­ ның дерегі. Осы себептен Бернияз олардың кейбіреулері­ мен ауызба-ауыз сөйлессе, кейбіреулерімен хат жазысып, іздестіріп уәдесін де алады» [29, 76-б.]. Абай мұрасын бастыру, шығару мәселесінің қиынды­ ғын ол былайша мәлімдейді: «Абай кітабын бастыру ма­ ған тапсырылғандықтан мен жәрдемді шеттегі азаматтар­ дан сұраймын. Тізбесін әдемілеу, емлесін түзету сияқты уақ-түйегіне мұқтаж болмасақ та, түсіп қалған жерлерін қосып, қара сөзін, әлі басылмай қалған өлеңдерін тіркеп, тәржіме халін толықтыруға қиналып тұрмыз» [29, 76-б.]. Ақын шығармаларының жаңа кітабын бастыру ниетін ұстанғанымен, оларды шығарушылар қолдарында жаңа материалдар болмай, алғашқы жинақты қайталаумен шек­ телді. Абайдың аталмыш осы жинағы хақында академик С.Қирабаев төмендегідей түйіндейді: «Бұл – Қазан баспа­ сына «Сөз басы» жазған Бернияз Күлeевтің де, қазақ-қыр­ ғыз білім комиссиясы атынан Ташкент баспасына беріл­ ген «Оқырманға ескертуден» де көрінеді Сөйте тұра екі

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ жинақ та алғашқы басылымда кеткен қателерді түзетуге тырысқан. Баспаға бұл салада А.Байтұрсынов пен М.Әуе­ зов (Қазан), Х.Досмұхамедов пен У.Омаров (Ташкент) кө­ мектескен. Бұл жинақтар Абай шығармаларының халық арасына кең таралуына, сөзсіз едәуір мүмкіндік туғызды. Кітаптарға рецензия күйінде, ақын еңбектерін насихат­ тауға, талдауға, жұртқа танытуға арналған мақалалар туа бастады. Сол тұстағы қазақ жерінде көптеп шыға баста­ ған газет-журналдар Абай туралы еңбектерге мол орын берді» [41, 28-б.]. Абайдың әдеби мұрасы хақында тарихи тұрғыдан бар­ лау жасап, ақын жинақтарының шығуына ат салысқан М.Әуезов болды. Абай мұрасының ғылыми тұрғыда таны­ луына мұрындық болған академик-жазушы, әрбір кезең­ дерде абайтанудың қалыптасуына негіз болған салмағы ауыр, ғылыми мәнді мақалаларын үздіксіз жазып, жария­ лап отырды. Қоңыр деген бүркеншік атпен жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1922 ж. «Шолпан» журналы, № 4-5.) деп аталатын мақаласында: «Абайдан бергі дәуірді орыстың реализм дәуіріндей толық реализм дәуірі деп айтпаймыз. Ол уақыт қазақ әдебиетінің аяғын апыл-тапыл басып келе жатқан кезі болғандықтан, толық реализм шартын көрсеткен жоқ» [29, 77-б.], – деп қазақ әдебиетінің енді ғана қалыптаса бастаған балаң кезеңі туралы пікір қозғайды. Яғни, осы арқылы ақын мұрасын зерттеу үрдісінің енді ғана қалыптаса бастағанын тілге тиек етеді. Абайтану арнасының қалыптасу бағытында, ақынның әдеби мұрасы жайлы алуан түрлі пікірлер шо­ ғырының бой түзегендігі белгілі. Ақынды теріс танымда таныған С.Мұқанов жаңашыл байшылдықтың ақыны, өнерге ұмтылған қазақтың ақсүйектікпен жаңалыққа ұм­ тылған жаңашыл байының тілегінен туған ақыны ретінде бағалады.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Абай мұраларын тануда жалғасқан тұрпайы социоло­ гиялық көзқарастың жандануына ықпал еткен айтылмыш бұрыс бағыттар ақын әлемін тереңнен толғауға үзілдікесілді кедергі бола алған жоқ. Кезінде жазушы С.Мұқа­ новтың «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!» деген 1923 жылы 1 мартта «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған мақаласы, ондағы ақынды бағалауы нағыз тұрпайы социологиялық көзқарастың тұтқынында тұм­ шаланған өрескел ойлардың тізбегі еді. Сондықтан да ол: «Абай жеті атасы би болған, тобықтыны бір шыбықпен айдаған тұқым...» [29, 78-б.], – деп ұғынып, ақынның мұ­ расына емес, оның әлеуметтік шыққан тегіне басты назар аударды. Ғалым абайтану қайнарына қатысты барша ғалымдар­ дың тұжырымдары мен жекелеген зерттеулерін назардан тыс қалдырмай, бірізділік принципімен олардың себепсалдарын «Абайтану тарихы» атты ғылыми еңбегінде әділдікпен діттеді. Мәдени мұраға байланысты өрбіген қилы пікірлердің қатарында Абайды қорғаушылардың байламдары да басты орынға шықты. Осы тұста ғалым­ ның көрсетуінше, Абайды қорғауға айырықша күш көр­ сетіп, оның ақындығын танытуға үлкен еңбек сіңірген адам ретінде Ілияс Жансүгіровтің есімін атау өте орынды. М.Мырзахметұлы бұл жайында былай дейді: «Ілияс Жансүгіровтың тануында, Абай – өз заманындағы жаңа­ лықтың жаршысы, халық мұңының жоқшысы болған жа­ ңашыл ақын. Ілияс Абай туралы деректерді жинап, жария­ лаушылардың бірі... С.Мұқанов Абайды оның әлеуметтік тегіне қарай бағаласа, І.Жансүгіров Абайдың әлеуметтік тегін біле отырып, Абайдың халық үшін еткен әрекеті мен ақын шығармаларының халықтық рухына сүйене отырып бағалайды» [29, Б. 78-79]. Ақын жайлы мәліметтерді жинап, насихаттаумен айна­ лысқан І.Жансүгірұлының есімі абайтануда М.Әуезовпен

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ бірге аталуы заңды құбылыс. Абай мұрасының насихат­ таушысы, жоқтаушысы ретінде көп еңбек сіңірген азамат. Зерттеуші абайтану тарихының қалыптасу кезеңдеріндегі қым-қуыт мәселелер мен түрліше кедергілер көзін айқын­ дау тұсында, Абайдың әлеміне азды-кемді үлес қосқан әрбір зерттеуші ғалымдар еңбегін назардан тыс қалдыр­ майды. Зерттеушілік нысанасынан елеп-екшеп өткізіп барып, таным таразында талқылап, болжам мен ғылыми шын­ дықтың ара жігін ажыратып барып, өзіндік ғылымға тән маңызды мағынасы бар түйінді ойларын түйеді. Абайта­ ну қалыптаспай тұрғанда-ақ пайда болған үлкенді-кішілі мақалалар, еңбектер легін саралап, салыстырып бүгінгі күннің руханиятына жарайтын салиқалы тұжырым жасау, нағыз ғалымға тән қырағылық пен өзгеше ізденіс, іздену кез-келген нысанаға алушының қолынан келе бермейтін игі іс-әрекет. Келесі кезекте Абайдың әдеби мұрасын, бағалап, таны­ туда ғылыми зерттеушілік сипатымен ерекшеленген ең­ бектің бірі Ғабдурахман Сағдидің «Абай» деп аталатын мақаласы еді. Аталмыш мақала «Ақжол» газетінің бірне­ ше сандарында (1923 жыл № 355, 356, 359, 363, 369, 372) жарияланған болатын. Ғ.Сағди да Абай туындыларын ерен құбылыс деп айқын бағалап, көпшілікке жан-жақты таныстыруды бір мұраты деп білді. «Абай» деп аталатын мақаласын: «Абай шығармалары», «Абайды жұртшылық жағынан тексеру», «Абай өлеңдерінің табиғаты һәм ішкі рухы жағы туралы», «Абайдың тілі һәм өлшеулері» деген тақырыптарға бөліп, кең түрде зерттеуге ұмтылып пікір білдірді. Сонымен қатар зерттеуші, ақын жинақтарының кемшіліктерін де санамалап атап көрсетеді. Оларды тө­ мендегідей атап кеткен жөн: 1. Абай шығармаларының жаңа өлеңдерімен толықты­ рылмауы.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым 2. Өлең өлшемдерінің екі жинақта да бірізділік прин­ ципіне негізделмеуі. 3. Ақын өмірінің рухани айнасы іспеттес болған өмір­ баянының толыққанды жазылмауы. Ғ.Сағди ақын өмірбаянын білмеу Абай мұрасын ке­ шенді зерделеуге кесірін тигізеді, ақын айдынына кеңінен құлаш сермеуге қолбайлау болатындығын таныта келе, Кәкітай жазған Абайдың өмір тарихына қанағаттанбай­ тындығын баса көрсетті. Бұл жайында ол: «Егер Абай жабайы ел адамдарындай билікке өзі ұмтылатын ынталы адам болғандай болса, зарлы тілін тап онша қадамас еді. Бұл туралы Абай билікке көзқарасының қандай болған­ дығын өмір тарихында толық айтып өтуі еді» [29, 80-б.], – деп өз пікірін дәлелдейді. Көрнекті әдебиеттанушы ға­ лым Е.Ысмайылов аталмыш автордың мақаласы жөнін­ де: «Ол Абайды қазақтың қоғамдық-әлеуметтік өміріне байланыстырып қарамады және көбінесе, Абайды татар, Шығыс ақындарына салыстырып отырады» [42, 165-б.], – деп сын айтып, өзінің көзқарасы тұрғысынан тұжырым жасайды. Бірақ М.Мырзахметұлы бұл пікір желісі жайын­ да: «...Е.Ысмайыловтың Сағдиді Абай мұрасын қазақтың қоғамдық-әлеуметтік мұрасымен байланыстыра қара­ майды деуінің дәлелді еместігі аңғарылып тұр. Сағдидің негізгі тезисінің өзі Абайдың шығармалары ақынның өзі жасаған дәуірдің айнасы, шындығы деген ойдың айнала­ сына құрылады емес пе? Ғ.Сағдидің мақаласының «Абай­ ды жұртшылық жағынан тексеру» деген бөлімі түгелдей осы ойды дәлелдеуге арналған. ...Е.Ысмайыловтың Ғ.Сағ­ ди ақынды, көбінесе, Шығыс және татар ақындарымен салыстырып отырды деген пікірі де ат үсті айтылған. Өйткені, Ғ.Сағди ақын шығармалары туралы қорытынды пікірінде: «Абайдың өзінің өлең шығарушылық дәуірін­ де ешбір халықтың әдебиетіне әрі ешбір адамға елікте­ гендігі білінбейді» деп қайта орыс әдебиеті мен шығыс

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ әдебиетінің Абай творчествосына еткен әсерін назардан тыс қалдыратыны бар. Ешқандай Шығыс не татар ақыны­ ның атын да атамайды, ешқайсысымен салыстырмайды да. Қайта қазақ әдебиетіне Абай ендірген жаңа әдеби түр­ лердің осы кездегі татардың жас ақындарына белгілі дә­ режеде әсер етіп отырғанын атап өтсе, соңғы жылдардағы еңбегінде Абайдың татар әдебиетінің классигі Тоқайдың өзіне елеулі түрде әсер еткенін нақтылы мысалдармен дә­ лелдер көрсеткен» [29, Б. 81-82], – деп Е.Ысмайыловтың аталмыш мақала авторына қарсы пікірінің дәлелсіз, ақи­ қатқа үйлеспейтіндігін тілге тиек етеді. Ғалым Ғ.Сағдидің мақаласын сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда, өзіндік орны бар зерттеулердің бірі деп бағалады. Оның ақын өмірінің әр кезеңдерінде қанша өлең жазғанын, қай жылы мол, қай жылы аз жазғанды­ ғына барлау жасап, хронологиялық қаңқасын жасағанына зерттеуші оң көзқарасын білдіреді. Оның зерттеулерінің әрбір бөлігін жіліктеп отырып, ол көп зер салып, назар аударған мәселелерге көңіл бөледі. Мәселен, Абайдың ақындық эволюциясының сырына үңіліп пікір білдіруі және оның зерттеуіндегі ақын поэзиясының тілі мен өлең өлшемі М.Мырзахметұлының назарынан тыс қалмады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының орта шені­ нен бастап қазақ руханиятының өзекті саласы – ойшылақынның шығармашылығын жүйелі берудің, халыққа танытудың әрекеті басталды. Б.Кенжебаевтың «Абай» (Еңбекші қазақ, 1925 жыл №359-360) деген мақаласы белгілі дәрежеде ақынды танытуға үлес қосты. Ғалым­ ның мақаласының негізгі нысанасы – Абайды кімнің ақы­ ны екенін айқындау, рухани мұра ретінде танытуға күш салу болды. Оны ғалымның төмендегі пікірлері қуаттай түседі: «Абай – халықтың тұрмысындағы кем-кетіктерін, жайсыз қылықтарын жазған, олардан құтылуға жол көр­ сеткен. Абайдың ұстаған жолы, көздеген мақсаты елді

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым түземек болған. Ол ілгерішіл ақын. Абай қазақтың жазба әдебиетін бастап негіз салған» [29, 84-б.], – деп ұтымды ой айта білді. М.Мырзахметұлы аталмыш ғалымның еңбектеріне көз жүгірте келе: «Бірақ Б.Кенжебаевтың Абайдың әдеби мұ­ расын дұрыс бағытта танытуда ұтымды жақтарымен қоса кейбір мәселелерді талқылауда біраз олқылықтарға да жол беріп алды. Абай шығармаларында кездесетін шетел сөздерін ақынның үлкен кемшілігі, оларсыз да қазақтың әдеби тілі қазіргіден бай еді деп, Абай шығармаларында орын алған мұндай құбылыстың сол кезең жағдайына орай қолдану ерекшелігін жете танып, баға бермеді» [29, 85-б.], – деп Б.Кенжебаевтың ақын мұрасын зерттеудегі жетістігімен қатар кемшін тұстарын да көрсетіп өтеді. Жиырмасыншы жылдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері хақында түрліше ай­ тыс-тартыстар белең алғаны мәлім. Қазақ әдебиетінің жас өскіндей жаңа арнасы – әдеби сынның да қалыптасып, өркен жаюына мүмкіндік туғызған әдеби құбылыстар аясы күннен-күнге молыға түсті. Әдеби құбылыстар аясы демекші, әдеби айтыстар жүйесі мәдени мұра негізінде жүргізіліп, қазақ әдебиетіндегі ескі мұраның ең бастап­ қыларынан саналатын Абайдың әдеби мұрасы жөніндегі тартыс күн тәртібіндегі келелі мәселеге айналып үлгерді. Бір тұсынан бағамдағанда, қазақ әдебиеті тарихындағы осы жоталы кезеңнің болуы заңды құбылыс тәрізді. Осы­ нау талас-тартыспен қабат біте қайнасып ғұмыр кешкен әдеби сын сипаты да жан-жақты бой көрсете бастады. Бұл жылдары біздің мәдени-рухани өмірімізде түрлі таным­ дық ой-тұжырымдар легі мен көзқарастар айнасы қалып­ тасты. Сонымен қатар теріс пікірлердің көлеңкесінде ше­ шек атқан ескі мұраны пайымдаудағы өзгеше қателіктер өзегі де өсіп-өніп үлгерді. Атап айтар болсақ, сол дәуірдегі

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ әдебиет мәселесі туралы тартыстарда асыра сілтеушілік солақай пайымдар шоғырланды. Абайтанушы ғалым өткен кезеңдер кеңістігіне көз жүгірте келе, күмәнді мезеттің ақтаңдақ тұстарына тоқта­ лып, аталмыш қиыншылықтардың себебін іздейді: «Бұл қиыншылықтың үстіне қазақ интеллигенциясының аз­ дығы әрі ғылыми-теориялық даярлығының жетімсіздігі, өнер жайлы ойшылдар пікірінің толық басылмауы, оны жете меңгере алмауының үстіне бізге жат танымдардың әр қилы қарсылықтары сияқты қиыншылықтар да қосы­ лады» [29, 85-б.]. Ғалым бұл тұжырым арқылы сол кезең­ де орын алған келеңсіздіктер жайлы ақиқатты сөз етеді. Қазақ әдебиеті тарихынан мәлім жағдай сол дәуірдегі әдебиет қайраткерлерінің бірсыпырасы Абай мұрасын тек тұрпайы социологиялық көзқарастың деңгейінен бағалап, кемшіліктерге ұрынды. Әсіресе, тұманды тартыстың ба­ сы-қасында жүрген С.Мұқанов екендігі баршаға аян мәлі­ мет. Ол «Көркем әдебиет туралы қорытынды пікірім», «Әркім өзінше ойлайды» (Жаңа әдебиет, 1928 жыл № 3) деген мақалаларының желісінде-ақ ақынды социология­ лық танымның бағытында танып, Абай мұралары тура­ сында айқын бағдардан адасып, ақын шығармаларындағы халықтық-прогрессивтік бағытты тани алмады. Ол: «Абай – қиялшыл. Қиялшылдықтың өзі байшылдықтың үлкен тірегінің бірі. Бұл жағынан Абай байшылдықтан қашса да құтыла алмайды. Оңдап зерттеген кісіге байшылдықұлтшылдықтың түп қазығы. Абай кедейге көріне қарсы жазған жоқ. Бірақ кедейшіл емес, байшыл. Олай болса өзінен-өзі (объективно) кедейге қарсы болып табылады» [29, 133-б.]. М.Мырзахметұлының көрсетуінше, Абай мұраларын тұтастай терістеген С.Мұқанов, І.Қабыловтың көзқарас­ тары өзара ұқсас ойлар жиынтығын құрайды. Абай мұ­ раларын зерделеу мәселесіне байыппен қарап, орынсыз

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ұлтшылдықпен сабақтастыратын кереғар пікірлерге қар­ сы күрескен Ы.Мұстамбайұлы: «Абайдың өлеңдерінің ішінде жалғыз процент ұлтшылдық не орысқа қарсы пікір жоқ, көп жолдастар Абайды апарып осы күнгі ұлтшыл­ дарға апарып жанастырады» [29, 87-б.], – деп себепсіз қиянатты әшкерелейді. Халықтық-прогрессивтік рухтағы асыл идеяларды қам­ тыған Абай туындылары өзінің лайықты бағасын күтіп жатты. Ақын мұрасын зерделеуде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғаның бірі – Ы.Мұс­ тамбайұлы болды. Ол өзінің «Абай» (Жаңа әдебиет, 1928 жыл №7) атты көлемді мақаласында: «Біз Абайды өзінің саяси жолы­ на жалау қылатындарға қарсымыз. Бір «Абай» деп бос «байбалам» салып, Абайдың атын орынды-орынсыз же­ леушілерге қарсымыз. Абай туралы әңгімені тоқтатайық» [43, 76-б.], – деп ақынның әлеуметтік тегін, оның мұра­ сын тұтастай терістеген С.Мұқановқа қарсы дау айтады. Ойшыл-ақынның ынтасы, назары жаңалықта екендігін басты орынға қойып, жаңашыл ақын ретінде баға береді. Осы арқылы С.Мұқановтың Абай жайлы бұрыс танымы­ на тойтарыс береді. Сонымен қатар бұл ретте алаштың ардақты азаматтарының бірі Қошке Кемеңгерұлының да ақын және оның шығармашылығы жөнінде С.Мұқановқа қарсы айтқан пікірі мен жазған мақаласының маңызы зор. Өзінің «Көркем әдебиет туралы» (Еңбекші қазақ, 1926 жыл 1 декабрь) мақаласында: «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» дегенде Абай, мазмұнды алтын деп, түрді күміс деп отыр. Абай пәлсапаш болғандықтан мазмұнға артық баға беріп отыр. Пікір жағынан мазмұны алтын болса, сұлулық жағынан түрі де алтын болу керек дегенді ұран қылу керек» [44, 190-б.], – деп ақын өлеңдерінің көбі мағыналы үлкен ойға құрылғандығын және ол өз заманы­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ ның ірі ақыны екендігіне тоқтала отырып, Абай туынды­ ларын жоғары деңгейде бағалайды. Келелі мәселелерді сөз етіп, ащы ақиқаттың желегін көтерген Ы.Мұстамбайұлының еңбектері, қазақ әдебиет­ тану ғылымында бағалануға лайықты ерен еңбектердің бірі екені ақиқат. М.Мырзахметұлы ғалым еңбегі туралы: «Ы.Мұстамбайұлының айтыс ретінде «Жаңа әдебиет» журналының екі санында қатар жарияланған «Абай» де­ ген көлемді мақаласы – сол дәуірдегі әдеби сындардың ішінде көлемі мен мәні, көтерген мәселесі жағынан әрі зерттеушілік бағытымен ерекшеленетін еңбек. Мұнда ав­ тор бірнеше елеулі пікірлер көтере отырып, көп жағдай­ да дұрыс шешімге келген» [29, 88-б.], – дейді. Профес­ сор өз зерттеулерінде аталмыш мақала авторының Абай жайлы жазған еңбектерінің бағытының дұрыстығын тілге тиек етіп отырады. Өйткені Ы.Мұстамбайұлының мақа­ лалары ақын мұрасын белгілі деңгейдегі дұрыс бағытта таныта білді. Дегенмен де сол саясат сіңген сахнада ақын мұралары тұрпайы социологиялық таным тұрғысынан тым өрескел бұрмаланып жатты. Ақынды тану арнасын­ дағы алмағайып пікірлер желісі шектен тыс жорамалдар­ ға бой алдырып, ақиқат жолынан алшақтай бастады. Бұл мезеттерде жарық көрген «Әдебиет энциклопедиясында» да ақынды: «Абай ведет борьбу против возникающих но­ вых общественных отношений, идеализируя прошлое ка­ захского народа. Скоро, однако, приспособился к новым экономическим условиям и стал идеологомрождающейся казахской буржуазии» [45, Б. 5-6], – деп буржуазияшылұлтшыл бағыттағы қазақ әдебиетінің негізін салушы ретінде баға береді. Осының барлығы абайтану тарихы­ ның ақтаңдақтары ретінде орын алған жайттар болатын. М.Мырзахметұлы абайтану асуларының әрбір сәттеріне ерен үңіліп, осы бағдарда жұмыс жасауға талаптанған ға­ лымдар еңбектеріне ғылыми барлау жасап отырады. Зерт­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым теу жүргізе келе сүбелісі мен жарамсызын, ақиқаты мен жалғанын айшықтады. Сонымен қатар Абай мұрасын зерттеп жинастырушы М.Әуезовтің әрекетін орынсыз айыптағандардың жалған қимыл-амалдарын ашына көр­ сетті. Осы жайында ғалым: «Ал Ілияс Қабылов өзінің ван­ дализмінің исі аңқыған мақаласында (Философия казахс­ кого поэта Абая и ее критика. Советская степь., 1928, 2 август): «...в кратчайший срок необходимо мобилизовать все культурные силы партийно-советской общественнос­ ти Казахстана против учения Абая» деп жаңа дәуірде жа­ рияланған шығармалары арқылы халық арасында кеңінен таралып отырған Абайдың халықтық-ағартушылық таны­ мына қарсы күреске шығарып өрепкіді. Абайдың ақын­ дық мұрасынан безгендер мұнымен де тұрмай ұлы ақын­ ның толық жинағының жарық көруіне де қол салды. 1932 жылы қазақ әдебиетінің жайы туралы Мәскеуде сыншыл­ дардың бас қосқан мәжілісінде жасаған ресми баянда­ масында М.Қайыпназаров: «Кейінгі жылдарда олар ескі әдебиет мұрасын жинап, мұны да тап пайдасына пайда­ ланғысы келді. Мысалы, М.Әуезовтің Абай мұрасын жи­ нап, идеалистерше бас сөз жазып, баспаға беруі» [29, 91б.], – деп ақын мұрасын танытуда, зерттеу-жинастыруда айтарлықтай шешуші еңбек еткен академик-жазушыны орынсыз айыптаған М.Қайыпназаровтың теріс пікірге бой алдырғанын әшкерелейді. Абайды буржуазияшыл-ұлтшыл әдебиеттің негізін са­ лушы, буржуазиялық ойдың атасы деп тану пікірі басым болып жатқан кезеңде сан-саққа жөнелтілген тарам-тарам тар ойлар желісі әсіресе Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, Ә.Леке­ ровтердің зерттеулерінде кеңінен баяндалды. Ғ.Тоғжанов­ тың 1935 жылы жазылған «Абай» атты монографиялық еңбегін М.Мырзахметұлы ақын мұрасын оның әлеуметтік тегімен сабақтастыратын тұрпайы таным тұрғысындағы туынды екенін дәлелдеп берді. Әрі бастан-аяқ социоло­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ гиялық рухтың негізінде жазылғандықтан, жалған таным­ ның тетігін ұстаған пікірдің бір парағы болып қала береді. ХХ ғасырдың 30-жылдарында ақын мұрасы төңірегінде өршіген талас-тартыстардың ішінде соны сипатымен, дә­ лел-айғақтарымен бой көрсеткен ғалымдар еңбектері де жоқ емес. Олардың санатында М.Әуезовтің «Абай ақын­ дығының айналасы» (Әдебиет майданы, 1934 жыл № 1112) мен Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің клас­ сигі» (Социалды Қазақстан, 1934 жыл 26 декабрь) деп аталатын зерттеу мақалалары еді. Тың танымдарға ерік беріп, жаңа дәлелдерге негізделген аталмыш еңбектер ғылыми сипатымен бөлекше. Халықтық рухтағы туын­ дылар сыйлаған ақын Абайға себепсіз күйе жағушыларды және олардың жөнсіз зерттеулерін ашына сынайды: «ХІХ ғасырда жасаған ... Абайдан пролетарлық төңкеріске бас­ шы болуды, немесе «Капиталдың» авторы болуды талап етуіміз орынсыз, бойына шақтап тон пішуіміз керек» [46, 11-б.], – дейді Қ.Жұбанов. Академик ойшыл ақынның әлеуметтік шыққан тегі арқылы оның шығармашылығы­ на баға берушілердің теріс танымға бой алдырғандықта­ рын қалам қайратымен әшкерелейді. Автордың аталмыш мақаласы абайтану тарихындағы құнды еңбектердің бірі ретінде бағасын алған және осы саланың алтын қорына қосылған жәдігер. М.Мырзахметұлы Абай мұрасын танудағы көзқарастар­ дың үш салалы арнасы болғандығын ескертеді. Біріншісі; Абайды феодал табының ақыны деп танытып, осы тұр­ ғыдан бағалаушылар: Сәбит Мұқанов, Бейсембай Кенже­ баев, Шарапи Әлжанұлы, Қадір Қуанышұлы болды деп біледі. Зерттеушінің көзқарасынша, олар Абайды феодал табының бел баласы, идеологы деген теріс танымды ұс­ танды. Екіншісі; Көркем шығармаларда орынсыз түр қуалап, Абай мұрасын бағалауда да таза формалистік таным белең

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым алды. З.Шашкин мен Е.Ысмайыловтың ақынның өлең өр­ негін сөз еткен мақаласынан көрінген формалистік ағым, әсіресе Абай өлеңіндегі дыбыстарының қайталануынан себеп іздеп шектен тыс пікірлерге жол берді. Үшіншісі; Ғалымның өз сөзімен айтсақ: «Абай мұра­ сын тануда аса зиянды компаративизмге ұрынған таным да орын алды. Бұл танымды ұстанған кейбір зерттеуші­ лер Абай қарасөздерімен және кейбір поэзиялық шығар­ маларымен толық түрде таныспай жатып-ақ (І.Қабылов, Ы.Мұстамбаев), ал кейбіреулері Абай шығармаларымен толық түрде танысып-ақ (І.Жансүгіров) ойшыл Абайды суретші Абайдан бөлек қарады. Ақынның дүниетанымы­ нан оның ірі суреткерлік қуаттан туындаған шығарма­ ларын бөле қарауы себепті Абайды ірі ақын, бірақ әлсіз ойшыл ретінде танытуға ұрынды» [29, Б. 98-99], – деп ақынның философиялық әлемін теріске шығарған І.Қабы­ лов пен Ы.Мұстамбаевтың ой-пікірлеріне сын айтады. Аталмыш байламдардың санатында І.Жансүгіровтың де: «Абайдың діні болсын, пәлсафасы болсын өз жанынан шығарып, тыңнан тапқан пікірлері емес... Абайдың сөзі айналасына жаңа сияқты болған. Олай болатыны сол жат пікірлерді қазақ құлағына дәмдеп айтушының алғашқы­ сы Абай болғандықтан. Әйтпесе, Абайдың пікірлерінің, ақылдарының, нақылдарының (афоризм) барлығы да ескі сөздер, ілгері шығыс, батыстағы гректік Аплотон, Аристотелінен, араб, еврейдің, қытайдың Будда, Иса, Мұхаммедінен, Інжіл, Құраннан басталып келе жатқан діншіл, шариғатшыл, санашыл пәлсапалардың пікірінің соқпағы» [29, 99-б.], – деген теріс пікірін атап кетуге бо­ лады. Осындай алып-қашпа пікірлердің ортасында жүріп, сан-саққа жүгіртілген дәйексіз ойлардың жорамалына айналған ақын жөніндегі бағдарсыз болжамдар уақыт желісімен жалғасып жатты. Бірі байшыл ақын десе, бірі либералдық топтың идеологы деп таныды.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ С.Мұқанов 1923-1934 жылдар аралығында Абайды бай­ шыл ақын десе, ал 1935 жылы ақынды феодал табының буржуазиялана бастаған либералдық тобының идеологы деп бағалады. 1936 жылы С.Мұқанов Абайды қазақ әде­ биетінің классигі, реалист деп бағалап, кезінде өзі дәлел­ демек болған тұрпайы социологиялық танымнан ажырай бастады. 1937 жылдан бастап Абайды халық ақыны тұр­ ғысында таныта бастады. Жазушының аталмыш әрекеті жайында профессор Ж.Ысмағұлов: «...Рас, 1923 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған «Қара тақтаға жа­ зылмаңдар, шешендер» дейтін атышулы мақаласында жа­ зушының Абайды «байлардың Абайы – біздің Абай емес», деп бір айтып қалғаны бар. Арада жиырма жылдай уақыт өткенде, дәлірек айтсақ, 1942 жылы жарық көрген «XVIIIXIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» атты еңбегінде жалғыз Абай емес, Шоқан, Ыбырай, Кене­ сары, Ахмет Байтұрсыновтар жөнінде де жаңағыдай жаң­ сақ пікір айтылған мақаланың басылуына не жағдай себеп болғанын айтып, автор қатесін мойындап жазған-ды. «Ол кезде мен саяси шала сауатты едім, менің ол кездегі сая­ си білімім де, жалпы білімім де бастауыш көлемінде еді» дейді Сәбең ағынан жарылып» [47, 5-б.], – деп С.Мұқа­ новтың өз қателігін мойындап қазақ зиялылары туралы, оның ішінде Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнін­ дегі теріс танымнан арылып, ақынды қазақ ұлтының кең мағынадағы ақыны ретінде бағалағанын зерделейді. Ақиқат әманда жеңімпаз, өміршең болғандықтан жалған, тұманды һәм күмәнді ойлардың ортасы опырылып, сана­ ға шындықтың шуағы түсті. Жылдар бойы қалыптасқан тұрпайы социологиялық таным құрсауынан аздаған уақыт мөлшерінде арыла қою мүмкін емес еді. М.Мырзахметұлы айтылмыш шындықты былайша баға­ лайды: «Жалпы Абай шығармалары ақынның қайтыс бол­ ғанына 30 жыл уақыт өткен шақта халықтық мұра ретінде

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым мойындалғанымен, Абай мұрасының әлеуметтік мазмұны мен дүниетанымы әлі де дұрыс бағытта шешілмей жатты. Сондықтан Абай мұрасын жан-жақты терең зерттеу тала­ бы Қазақстан Жазушылар Одағының І съезінің қарарын­ да: «Съезд считает необходимым развертывание углублен­ ной научно-исследовательской рaботы над богатейшим наследием казахской устной и письменной литературы, в первую очередь над исследованием литературного насле­ дия Абая Кунанбаева» [29, 106-б.], – деп айрықша талап қойылуы барынша заңды да, орынды еді. Съездің ескі мұра туралы арнаулы қаулы алуының үлкен себебі де бар. Әртүрлі саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты қазақ халқының ғасырлар бойы сұрыпталған рухани, мәдени мұрасы ғылыми тұрғыдан зерттеліп, өзінің тиісті бағасын ала алмай келеді. Әрқилы танымдағы бұрмалауларға ұшы­ рады. Мұра мәселесінде халықтық ғылыми дәстүрлерге сүйенбейінше, қазақ әдебиетін ойдағыдай дамытудың өзі екіталай іс еді. Осы тұрғыдан келіп жазушылар съезі ескі мұраны, оның ішінде, алдымен Абайдың әдеби мұрасын тереңірек зерттеудің міндетін алға қойды. Өйткені, Абай­ дың әдеби мұрасы өзінің орны мен мазмұны жағынан да ерекшеленетін, әрі қазіргі өмір үшін де үлкен тәрбиелік мәні бар, уақыт жағынан жақын еді» [29, 100-б.]. Айтылған тұжырымды ойдың ақиқатына жүгінер болсақ ақын мұрасының зерттеліп, насихатталу жұмыстарында кездескен кедергілердің қолдан жасалғандығына куә бо­ ламыз. Бірақ, әлеуметтік, қоғамдық өмірдің ақиқаты өзек болған ақын туындылары әр кезеңнің талаптарына өзінің лайықты жауабын бере білген өміршең мұра екендігін дә­ лелдеп берді. С.Мұқанов 1939 жылғы «Абай – халық ақыны» (Әдебиет майданы, 1937 жыл, № 4-5) деген мақаласында Абайды жаңаша тұрғыдан тануға мүмкіндік беретін қадам жаса­ ды. Ақынды халық мұңының жыршысы ретінде бағалап,

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ оның ақындық қызметі мен әдеби тілді жетілдірудегі ерен еңбегіне назар аударды. М.Мырзахметұлы пікірінше, С.Мұқановтың айтылмыш мақаласының кемшін тұстары да болды. Олар: «Автор Абайдың әдеби мұрасының үш арнасы болған рухани қазына көздерінің біріне айналған Шығысты еске алмай өтеді. Осы себептен де Абайдың қазақ өлең құрылысына ендірген жаңалықтарын сөз ет­ кенде, оларды тек қана қазақ пен орыс әдебиеті көлемі­ мен шектелетіні бар. Шығыс-шағатай поэзиясынан енген кейбір өлең түрін өзі мысал ретінде келтіре отырып, оған көңіл бөлмей өтетін тұстарын көреміз. Қазақ өлеңіне Абай ендірген жаңалықтарды даралай, жіктей көрсеткендіктен, оларды белгілі бір өлшемдік жүйеге түсіріп барып баян­ дауға бара бермейді. Абайдың дінге көзқарасы рациона­ листік тұрғыда болғандығын айтса да, ары қарай тарата бермейді» [29, 107-б.]. Айтылған ой желісінен С.Мұқа­ новтың ақынға және оның мұрасына деген көзқарасының өзгергендігін, сонымен қатар Абай шығармашылығы жа­ йында мәні бар еңбектерді дүниеге әкелгендігін хабардар етеді. Абайтану әлемінің көш басында өзінің ғалымдық һәм даралық болмыс-бітімімен ерекшеленіп, қуатты арнаға саналы сөз, оралымды ой қосқан биік тұлғалардың са­ пында М.Әуезовтің орны ерекше. Жастайынан Абаймен рухтас, ішкі үйлесімімен өзара үндес, жүрегімен жақын болған академик-жазушының Абайды өзгелерден оқ бойы озық тұрып зерделеуі, бөгде зерттеушілерден те­ реңірек танымымен түйсіне тануы рухани құбылыс еді. Өйткені, Абай жер-жаһанға суреткер-жазушының әдеби және ғылыми еңбектерінің негізінде танылды. Сондық­ тан, Абайтану әлемін М.Әуезовтен бөле-жара қарап тану мүмкін емес. Абайтану мұхитында ғұлама ғалымның мұзжарғыш кемесі кемел сипатымен, өрнекті жүрісімен, ұлттық нақышымен әсемдене түседі. Демек, кемеңгер ға­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым лым еңбегінсіз ақын ғаламын елестету, зерттеп, зерделеу қиынның қиыны болмақ. М.Әуезовтің өткен ғасырдың 30-жылдардағы тың із­ деністері абайтануға қосылған елеулі үлес ретінде ерек­ шеленеді. Кемеңгер ғалымның тұжырымдары арқылы байлам жасаған М.Мырзахметұлы академик-жазушының ұзақ жылдар бойы ақынды танытудағы үздіксіз ізденіс әрекетін өзара үндес төрт салаға бөліп қарастырады: 1) Абай шығармаларын жинауы, текстологиялық жағы­ нан сұрыптауы, жариялауы туралы еңбектері; 2) Абай өмірбаянын қайта жазып, ақындық қызметі мен дәуірі, заманы жайында деректер жинап, естеліктері жаз­ дырып, жоғалуға айналған өлең жолдарын қалпына келті­ румен айналысуы; 3) Абай өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы зерттеу жұмысын жүргізуі; 4) Жоғары үш саланың негізінде Абай мұрасын ақын ту­ ралы көркем шығармалар жазу арқылы танытуы. Профессордың пайымдауынша, М.Әуезов ақын мұра­ сының жиналуы мен зерттелуі туралы мәселеге Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардан бастап-ақ кірісе бастаған. Әрі ол Абай туған өлкеде өсіп-өніп, жастайынан ақын шығармаларын құлағына құйып өскендіктен, оқиғалар­ дың сырын, ақын мұрасын насихаттап, зерттеушілердің көбінен жетік білген. А.Құнанбайұлының шығармашылығын танып-білуде 1909 жылғы ақынның алғашқы кітабынан кейін біршама жинақтың шығарылғандығы мәлім. Соның ішінде толық жинақтардың баршасына негіз болған 1933 жылғы тұң­ ғыш жарияланған толық жинақ ақын мұрасын бағалауда септігін тигізген маңызы зор мәдени құбылыс. Өйткені 1933 жылға дейін ақын мұрасы туралы айтыстар, кейбір зерттеушілердің 1909 жылғы, 1922 жылғы жинақтарға сүйеніп зерттеуі себепті үлкен қателіктерге жол берілді.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Текстологиялық жағынан өзгерістерге бой алдырған ай­ тылмыш жинақтар мен ақынның ғылыми тұрғыдағы өмірбаянының жоқтығынан теріс айыптаулар мен таластартыстарға ұрынды. Әркім бұл жинақтарды дегеніне қа­ рай пайдаланып, түпкі ойлардың тамырына көз жүгіртпей ат үсті, алып-қашпа қорытындыларға бет түзеді. Өйткені, Абай мұрасы хақында ғылыми дәрежедегі ұстанымды айшықтайтын еңбектің болмауына байланысты әркім өз бетінше бағамдауға тырысып бақты. Ақынның өмірі мен шығармашылығының қасиетін танытар ақиқатқа негіз­ делген еңбек ауадай қажет болды. Абай мұрасын дұрыс танытуды қолға алып, ұзақ жыл­ дар бойы тер төгіп, сарыла еңбек еткен М.Әуезовтің алма­ ғайып кезеңдегі қатерлі қиналысы мен өнімді әрекетінің нәтижесінде жарық көрген 1933 жылғы толық жинақ пен Абай өмірбаянының жазылуы болды. Айтылмыш толық жинақтың 1909, 1916, 1922 жылғы Қазан мен Ташкентте басылған жинақтардан елеулі айырмашылықтары бар еді. Атап айтар болсақ, 1933 жылғы жинақта ақынның бұрын соңды жарияланбаған тың туындылары, өлеңдері, поэма­ лары, қарасөздері жарық көрген. Әрі поэмалары, өлеңдері, қарасөздері жіктеліп жазылды. Тұңғыш рет фотосуреттер беріліп, түсініктер көрсетілді. Ақынның эволюциялық даму жолы хронологиялық жүйені ұстанғандықтан Абай­ ды жүйелі түрде тануға молырақ мүмкіндіктер туғызды. Ақынның ғылыми өмірбаяны көпжылдық зерттеулер нәтижесінде толықтырылды әрі тұңғыш естеліктер беті ашылды. Ақын өлеңдерінің құрылысы, өлең өлшемі ал­ ғаш рет табиғи қалпына келтірілді. 1933 жылғы тұңғыш жинақтың негізінде 1939, 1940 жылдары екі том болып бастырылған Абай шығарма­ ларының толық жинағы – абайтану тарихындағы соны серпілістердің бірі санатында саналады. М.Мырзахметұ­ лы осы жинақты дайындау барысындағы М.Әуезовтің

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым тың талпыныстарын тілге тиек етеді: «Абай мұрасын те­ рең де жан-жақты тануда елеулі мәні бар мәселенің бірі – ақын шығармаларында кездесетін шетел сөздері мен тарихи кісі аттарына арнаулы түсініктер де тұңғыш рет М.Әуезов тарапынан беріліп, ақын шығармалары 1086 тың өлең жолымен толығып, жаңадан қосылған естелік­ тер саны да молыға түсті. Әсіресе, назар аударар ерек­ шелік Абайдың композиторлық мұрасын аша түскен 16 өлең тексіне берілген ноталар мен Абай туралы әр түрлі фотосуреттердің тұңғыш рет берілуінде жатты, бұл мә­ селелердің бәрі жиылып келіп, Абайдың әдеби мұрасын танып бағалаудағы, оны ғылыми тұрғыдан зерттеп таныпбілудегі басты алғы шарттардың бірі – Абай шығармала­ рын толық түрде бастыру болса, бұл саладағы күрделі де қиын жұмысты М.Әуезовтің ұзақ жылдар бойы сарыла ізденіп, жиған дерек-мағлұматтары толықтырып отыр­ ды» [29, 110-б.]. Осындай қажырлы еңбек пен табанды ізденістің нәтижесінде суреткер-ғалым ақын мұрасының алтын қорын құнды, тың дүниелермен толықтырды. М.Әуезов абайтану айдынына барар тұста ақынның әлемін кеңірек, жүйелірек таныту мақсатында Көкбай, Тұрағұл естеліктерінен өзге Мадияр, Қатпа, Әрхан, Мұ­ сылманқұл т.б. естеліктерін қосып, өзгеше өң беріп ажар­ ландыра түсті. М.Әуезов эпопеясының оқиға желісінде бұл есті естеліктерді шеберлікпен пайдаланған. Белгілі зерттеуші, профессор Ғ.Сағди 1923 жылдың өзінде Абай­ дың толық өмірбаянының жазылмауы осы саладағы басты қиыншылықтардың бірі екендігін ашық айтты: «Не үшін қазақтың қалам қайраткерлері Абайдың өмір тарихын толықтырып жазуға сараңдық жасайтыны аса түсініксіз, аянышты нәрсе». Задында, ақынның өмірбаянын толық­ қанды зерделеп, білмейінше оның мұраларының терең иірімдеріне бойлап, ақын хақында дәйексіз ой айту қиын­ ның қиыны еді. Себебі, Абай туындыларының көбісі оның

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ өмір сүрген ортасымен, дәуір келбетімен тікелей өзектес болды. Академик-жазушының зерттеулері негізінде айтылмыш жағдайларды ескере отырып, сан жылдық байламдары бойынша түгендей, түйіндей келе Абайдың ғылыми өмір­ баянын жазуға бел байлады. Ғалымның көп уақыт бо­ йындағы ішкі ізденістері мен тамаша талантының, әсерлі әрекетінің нәтижесінде туындаған Абайдың тұңғыш өмір­ баяны абайтануға жаңаша леп әкелді. М.Мырзахметұлы ғұлама ғалымның зерттеулері жайын­ да былайша пайымдайды: «М.Әуезовтің айрықша зерттеу нысанасына алып, көбірек көңіл бөлгені Абай шығарма­ ларының идеялық нәр алған рухани қазына көздері жай­ лы күрделі мәселе еді. М.Әуезов 30-жылдар ішінде екі рет қайта оралып, дұрыс шешімге келіп отырды. Бұл туралы алғаш рет 1934 жылы «Абай ақындығының айналасы» де­ ген мақаласында барлау жасап, өз байламын ортаға сал­ ды. Абай шығармаларының рухани нәр алған арналарына тоқталып өтеді. Абайдың ақын шәкірттері туралы тұңғыш рет айтылған ой-пікірлері қадау-қадау айтылса да келе­ шек ғылыми-зерттеу жұмыстарының желісіне арқау бо­ лып өріліп, қызу пікір таласын да тудырып жатты. Абай­ дың дүниеге танымының қалыптасуына әр түрлі дәрежеде ықпал еткен құбылыстардың ішінде басымы шығыстық рухани қазына көздерінде жатыр деген пікірді ұстануы себепті де: «Абайда батыстан кірген белгіден гөрі Шы­ ғыс белгісі басымырақ, нығырақ» деп қарады. Бірақ автор ұсынған осы таным көп жылдар бойы абайтану тарихын­ да өткір сынға алынып, әрқилы пікірлер айтылып келді» [29, 112-б.]. Ақынның нәр алған рухани қазына көздерін зерделеу өте маңызды құбылыс. Осы арқылы оның дү­ ниетанымының, ақындық шеберлігінің эволюциялық өсу жолынан хабардар боламыз. Сол себепті М.Әуезов Абай

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым шығармаларының идеялық нәр алған рухани қазына көз­ дері жайлы күрделі мәселені көтерген. Абайтану әлемі баршаға таныс А.Байтұрсынов, Ә.Бө­ кейханов, М.Дулатов, К.Ысқақұлы, Т.Құнанбаев еңбек­ терімен тығыз байланыста болса, келесі кезекте М.Әуезов есімімен, оның мұрасымен рухани байланыста екендігі айдан анық. Дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М.Әуезов тағдыры – талай ақи­ қатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі. Кемеңгер ғалымның азаматтық, жазушылық тағдыры қазақ халқы­ ның ұлттық сана-сезіміндегі түбегейлі өзгерістермен тіке­ лей байланысты болды. Абайтанушы ғалымның бағамдауынша, М.Әуезов ақын жайлы зор еңбекке кіріспес бұрын Абай өмірі туралы деректерді жинап, талдап сырына сүңгу нәтижесінде әңгімелесу, сұрау барысында және естеліктерді жазып алу жолымен ұлан-ғайыр деректерді топтастырады. Дәл осындай зор көлемдегі деректерді ешкім еш жерде жи­ нақтамағанын М.Әуезов те ескертіп отырған. [48, 35-б.]. Осындай ерекшелікке ие болуына академик-жазушының Абай әлемімен рухани үндестігі, бір топырақта дүниеге келіп, тамыры тереңге тартқан тектілік рухында, жан дү­ ниесінің ғажайып егіздігінде болар деп білеміз. Профессор А.Еспенбетовтың осы хақындағы зерделі ой­ лары да ақиқаттан хабар береді. «Абай мен Әуезов! Ұлы­ лық ұлағаты, даналық табиғаты, сөз құдіреті, ұлт қасиеті сияқты егіз қатар ұғымдарды екеуінсіз қалайша көз алды­ мызға елестете аламыз?! Бөлек жаралып, біте қайнаған, тұтасып кеткен есімдерді қалай айырасыз?! Бүгінгі таңда М.Әуезов жан дүниесімен қуаттап, негізін қалаған абай­ тану ғылыми дараланып ұлы ақынның өмірбаяны таралу жолдары, психологиялық қат-қабаттары, текстологиялық ізденістері, адамгершілік, имандылық философиясы өз арнасын тауып, сала-сала тармақтарға ұласса Абайды

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ танудың қуатты ғылыми-әдістемелік салаға жеткендігін пайымдауымыз шарт. Басқаша айтсақ, М.О.Әуезов негізін қалаған абайтану ғылымы – дұрыс бағытқа, қалыпты арна­ ға түскен әдебиеттанудың құнарлы тармағы» [49, Б. 66-68]. Көріп отырғанымыздай, М.Әуезов есімімен тығыз һәм рухани үндестікте болған абайтану айдыны сан жылдық қажырлы еңбек пен өнімді істің мәуелі жемісі. М.Әуезов үшін тыңнан даңғыл жол салып, өшкенді жаңғыртып, ескі дерек көздерді жаңарту оңайға түспегені мәлім. Ұзақ уа­ қыт бойына жалғасын тапқан тынымсыз талпыныс пен күрмеуі басым бұралаң кезеңдер келбетінде Абайдай дала данышпанының өмірбаянын жасап, ондағы тарихи дерек­ тер көзін таным таразысында ұлттық талғаммен талқы­ лау зейіні мол зерденің, ұғымы теңіздей терең дарынның ерекше қыры еді. М.Мырзахметұлының тұжырымына жүгінер болсақ: «М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында Абайдың ғылыми өмірбаянында берілген 95 нақтылы деректерді, ірілі-ұсақ­ ты тарихи оқиғаларды, өзіндік соны ой тұжырымдарын эпопея желісінде творчестволық қиял күшімен қайта жа­ сап, тарихи шындықты көркемдік болмысқа айналдырған. Осы аталмыш 95 деректің 10-ы Абай өмірбаянына қосым­ ша деректер ретінде берілген әр түрлі естеліктерден алын­ ғаны да байқалады. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясының (12 томдық бойынша) бірінші кітабындағы: 169, 327-бет, екінші кітаптағы: 151, 342-343, 402 бет, үшінші кітаптағы: 209, 355-бет, төртінші кітаптағы: 345, 369-370, 396-бет­ терде аталмыш деректер көрініс береді» [50, 27-б.]. Профессор «Абай жолы» эпопея желісіндегі тың де­ ректер көзімен салыстыра келе, М.Әуезовтің еңбектері­ не ғылыми барлау жасалды. Тіпті Абай өмірбаянында қамтылған кісі аттарындағы өзгерістер санына кезең-ке­ зең бойынша жіті қадағалаған. «Шындығында, жазушы Абайдың өмірбаянына, әсіресе, романға қажетті деген

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым деректерді, оқиғалар мен ел аузындағы тарихи мәні бар әңгімелерді, антропонимдер, этнонимдер, топонимдерді, билік атауларын т.б. деректер көзін 1937 жылдан бастап қайта қарап сұрыптауға қызу кіріскенін өзі де атап өтеді. Осы сұрыптаудың нәтижесін әсіресе өмірбаянның 1940, 1950 жылдары қайта жазылған нұсқаларынан сезініп отырамыз» [50, 31-б.]. Абайтану саласының іргелі ғы­ лым болып туып, өркендеу жолында М.Әуезов ғылыми еңбектері мен ақын жөніндегі көркем шығармаларының ақырғы белгісін қойғанға дейін Абай мұрасының рухани нәр алған көздерін анықтау, нақтылы деректер көзімен молықтыру мезетінде салмағы үлкен, ой-ордасы тереңнен нәр алатын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. М.Мырзахметұлының тілімен айтар болсақ: «М.Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу жолындағы ізденіс­ тер, зерттеулері арқылы қол жеткен жетістіктері «Абай жолы» эпопеясында одан ары дамытылып, шоғырлана түскені, зор көлемдегі көркемдік ой желісінде берілгені – абайтану саласындағы шоқтығы биік табыстар ретінде саналады» [50, 41-б.], – деп баға береді. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Арап Еспенбетовтің: «Абайтану ғылымы – бір ғалымның, бір ұйымның, бір дәуірдің еншісіне сыймайтын аса мол дүние. Төңкеріс ал­ дында жазылған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Кәкітай Ысқақов, Тұрағұл Құнанбаев еңбектерінің маңыз-қасиетін әрдайым есте сақтауымыз керек, өйткені жоғарыда аттары тізіп көрсетілген қалам қайраткерлерінің зерттеулері – Абайды тану жөніндегі ғы­ лымның бастауында тұрған дүниелер. Дей тұрсақ та, ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылық мұрасын тір­ нектеп жинап, зерлеп, тұтас бір жүйеге салған абайтану ғылымының негізін қалаған Мұхтар Әуезов екендігі та­ рихи шындық» [49, Б. 66-67], – деген қордалы ой, құнды пікірі жоғарыда М.Мырзахметұлы тарапынан айтылған

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ тұжырымды бекіте түседі. Абайтанушы ғалымның көр­ сеткен деректері негізінде М.Әуезовтің Абай өмірбаяны­ ның бір нұсқасынан келесі бір нұсқасына көшкен сайын қайта-қайта зерттеу, ой жүгірту, жаңа табылған мұрағат деректерін пайдалану үстінде ел аузынан естіген әңгіме сарынымен, ол оқиғаның болған мерзімін тынымсыз ізде­ ну үстінде дәл анықтап отырғанын аңғарамыз. [50, 53-б.]. Мұрағат деректерін сергек сана безбеніне салып, ғылым жүйесіне түсірген М.Мырзахметұлы абайтану саласының ілкі кезеңнен бастау алған әрбір қалтарыс-құпияларына жіті мән берді. Абай хақындағы қалам тербеген алғашқы мақалалардан бастап, әр мезетте абайтануға үлес қосып жүрген зерттеуші ғалымдар еңбектеріне, мақалаларына һәм жекелеген пікірлеріне ерекше мағына беріп өзіндік ой-байламдарымен толықтырып отырды. Абайтану асқарының ең асқар белесі ілгеріде біз сөз еткендегідей, М.Әуезов мұраларымен егіздес келетіні ақиқат. Келешектегі абайтану заңғары да осы академикжазушының тағдырымен рухани сабақтастығын әрдайым үзбек емес. Осы ақиқат жайды жетік білген абайтанушы ғалым ақын әлемін мұхтартану дүниесімен рухани үн­ дестікте қарап, М.Әуезов еңбектерін зерделеу барысында абайтану мәселелерін ғылым таразысына қоя білді. Ай­ тылмыш әрекеті нәтижесінде абайтанудың көп тұңғиық жақтарын жаңаша танып-білуге бағдар берді. Ғалымның қазіргі қазақ әдебиеті жайында айтылған қуанышты көңілінің айшықталған ой-жүйесі мәдени, мұ­ раға деген ыстық ықыласы мен сезімтал жүрек лүпілінің кескіні екені күмәнсіз. «Не бары жарты ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ әдебиеті әлемдік көркем ойға салған озат әдебиеттер қатарына қосылып та үлгірді. Бұндай ға­ жап рухани құбылыс советтік дәуірдегі қазақ әдебиетінің жалпы даму жолына тән қасиет және мұны өзі салалана даму жолына түскен күрделі ғылыми арналарын да қам­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым тиды. Осындай қуатты күрделі өскелең ғылыми арналарға айналып, үдере даму жолына түскен қазіргі күндегі абай­ тану, жамбылтану, сәкентану, мұхтартану сияқты т.б. са­ лалары халқымыздың аз уақыт ішінде рухани дамуының қаншалықты терең сана танытарлық айғақты дәлеліндей көрініс» [50, 3-б.], – деп қазақ әдебиеттану ғылымының дау эволюсиясы туралы, оның ішінде абайтану саласы­ ның да биік деңгейге көтерлігендігі жайлы ой толғайды. Академик С.Қирабаев: «Абайды әр тұрғыда тану үшін оның мұрасын зерттеу ісіне тарих, тіл білімі, өнер тану, заң ғылымдарының тағы басқа ғылым салаларының өкіл­ дері де қатысуы орынды. ...Ақын шығармаларының алғаш газет беттерінде («Дала уалаятының газеті», 1889 ж.) жа­ риялауынан бастасақ, бүгінде абайтанудың жүз жылдан астам уақыты бар. Абай шығармашылығы жайындағы алғашқы ғылыми ой-пікірлер де ХХ ғасырдың басында туған. ...Абайтану ісін негіздеп, ғылыми жүйеге түсірген М.Әуезов. Ол кісінің ұзақ жылдық еңбегі де бағаланба­ ған, бағаланбай сынға ұшыраған ой-пікірлері аз емес. Бұл салада Ы.Мұстанбаевтың, Ғ.Тоғжановтың, І.Қабыловтың, Қ.Жұбановтың, Б.Кенжебаевтың, С.Мұқановтың, Қ.Жұ­ малиевтің, Е.Ысмайыловтың, З.Ахметовтың, Қ.Мұхамед­ хановтың тағы басқа абайтанушылардың еңбектерін атап айтуға болады. Бүгін осылардың бәрін жинақтап, қоры­ тып абайтану тарихын жасау міндеті де алда тұр. Бұл тұрғыда соңғы жылдары М.Мырзахметов бастап жүргізіп келе жатқан істі қолдау әбден қажет» [51, Б. 17-18], – деп абайтану мәселелеріне, бұл салаға үлестерін қосқан ға­ лымдарды санамалай отыра, профессор М.Мырзахметұ­ лының еңбегін айрықша атап өтеді. Сонымен қатар: «Абайтану... ұзақ мерзімге бағыттал­ ған, әрдайым жаңарып отыратын ғылым. Әр дәуір, қо­ ғамдық өзгерістер, көзқарастардың жаңаруы оған өз мін­ детін жүктейді. Әр ұрпақ Абай жөнінде өз сөзін айтатын

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ болады. Осы тұрғыдан ғылымға тек советтік ұрпақтың ғана емес, бүгінгі өзгеру дәуірі ұрпағының да ой-пікірі, көзқарасы қажет. Абайтану есігі кімге де болса, ойы бар, пікірі бар оқырманның бәріне ашық» [51, Б. 17-18], – деп жас ұрпақтың алдында тұрған абайтанудың жаңа міндет­ терін сөз етеді. Ғалым тұжырымының құнды ғылыми ма­ ңызы бар. Абайтанушы ғалым З.Ахметов: «Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамедханов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзах­ мет, А.Ысқақов, Р.Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты» [11, 7-б.], – деп абайтанушылардың қатарын­ да өзіндік орны бар, мазмұнды еңбектерімен үлес қосқан М.Мырзахметұлының да есімін атап өтеді. Өзінің ұзақ жылдық зерттеу еңбектерінде абайтану саласына қатыс­ ты ұшан-теңіз еңбектерін және қазақ ғылымының өрлеу жолына сүбелі үлес қосты. Атап айтар болсақ, «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары», «Абай жүрген із­ бенен», «Абайдың адамгершілік мұраттары», «Абай және Шығыс», «Абайтану тарихы», «Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю», «Әуезов және Абай», «Түркістан Тараз арасы...», «Тараз Ой толғаныстары», «Түркістанда туған ойлар» сияқты тағы басқа зерттеу еңбектері – қазақ әде­ биеттану әлеміндегі шоқтығы биік құндылықтар. М.Мыр­ захметұлының абайтану ғылымына қосылған мағыналы еңбектері М.Әуезов қалап кеткен берік іргетастың үсті­ не қаланып, аталмыш саланың сапасын одан әрі көтере түсті. Абайтанушы ғалым өмірлік мән-мағынаға айнал­ ған қазіргі абайтанудың көкейкесті мәселелерін бүгінгі уақыт талабы тұрғысынан бағамдайды да келешек абай­ танушыларға нысана болар бағытын сілтейді. Аталмыш мәселелер жөнінде ғалым: «Ал Абай мұрасының рухани нәр алған көздерінен: 1) көне дәуір, европа, орыс мәде­ ниетіне байланысты қаралатын ақындық кітапханасының

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым жайы мен Абай және орыстың классикалық әдебиеті; 2) Абай және қазақ әдебиеті; 3) Абай мұрасының халықты­ ғы; 4) Абайдың реализмі; 5) Абайдың ақындық дәстүрі және оның қазіргі әдебиеттегі орны жөніндегі тағы басқа көптеген мәселелер өз алдына жеке-жеке арнайы зерттеу­ лер мен көлемді монографиялық еңбектерді талап етеді» [50, 290-б.], – деп абайтану ғылымының кезек күттірмес бүгінгі және өзекті мәселелерін санамалап, оған арнайы тоқталып өтеді. Аталмыш ғылым саласының алар асуы мен бағындырар биігі әлі алда. Жоғарыда аталып өткен тақырыптар өз зерттеушісін күтуде. Абайтанушы ғалым бүгінгі отандық әдебиеттану ғы­ лымында абайтану саласының қалыптасып, өркен жай­ ғанын, оның ғұмырының қуатты, ғасырлық тағдырының тағылымды, М.Әуезов қалаған іргетасының берік һәм баянды болғандығын паш етеді. М.Мырзахметұлы: «Міне, осындай мақтанышты руха­ ни мұрамызға айналған Абай шығармалары... жан-жақты зерттеліп, қазақ әдебиетінің бұл күнде «абайтану» деп аталатын қуатты саласы қалыптасты. Абайтанудың негізін салған, әрі ол мұраны ғылыми тұрғыдан меңгеруде тари­ хи еңбек атқарған академик Мұхтар Әуезов болатын» [50, Б. 3-4], – деп қазақ ғылымының бүгінгі жағдайынан қуа­ нышты хабар беріп, абайтану ғылымының өркенді жолда­ рына өзінің ешкімге ұқсамайтын, һәм қайталанбайтын ғұ­ мырлық қолтаңбасын қалдырады. Абайтану тарихындағы М.Әуезовтің орны мен осы бағытта жазылған ғылымизерттеу мұрасын саралап, академик-жазушының атқарған тарихи еңбектерінің желісін қалың оқырманның назарына ұсынады. Осы арқылы отандық әдебиеттану ғылымында алар орны биік абайтану атты өмірлік мәні бар ғылым са­ ласының туу, қалыптасу, даму тарихынан хабардар етеді.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сонымен, қол жеткізілген мәліметтер негізінде жасал­ ған талдауларды қорытындылай отырып, мынадай тұжы­ рымдар жасауға болады: Біріншіден, ақын мұраларын танып, бағалап, насихаттау үрдісі төңкеріске дейін-ақ басталып, зерттеу нысанына айналғандығын ғылым сарабына салынуы; Екіншіден, Абай өлеңдерінің баспасөз беттерінде алғаш жариялануы мен оның мұрасын зерттеп, насихаттаушы­ лардың еңбектерінің ғылыми айналымға түсірілуі; Үшіншіден, ХХ ғасырдың 20-30 жылдар аралығында Абай мұрасын тану, бағалауда бұрыс таным мен теріс көз­ қарастардың белең алғанын және ақынға, оның мұрасына арашашы болған зерттеушілердің еңбектерінің сарапта­ луы; Төртінші, М.Әуезовтің ақын шығармашылығын көр­ кемдік және ғылыми жүйеде зерттеу еңбектерінің ғылыми бірізділікке түсірілуі; Бесінші, абайтанудың бүгінгі және ертеңгі көкейкесті мәселелерінің бағамдалуы.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым 2. Абай және қазақ әдебиеті Абай нәрленген рухани қайнарлардың бірі – халық ауыз әдебиеті. Ақын өзінен бұрынғы күллі көркемдік байлық­ ты саралап, олардың кемшін тұстарын зерек зерде биігі­ нен көре біліп, тағылым ала білді. Оның «Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, сөзінің бірі – жамау, бірі – құ­ рау» деген өлең жолдарын тек бір бағытта ғана бағамдап келдік. Алайда бұдан Абай, Бұқар, Шортанбай, Дулат тәрізді ақынның сөз кестесінен мүлде өнеге алмады деп бір жақты түйіндеуге болмайтындығын ескергеніміз жөн. М.Әуезов өзінің зерттеулерінде ақынға жастық кезеңін­ де ақындар мен шешендердің тапқыр сөздерін тыңдап, со­ лардан үлкен сырлар ұққандығын түсіндіреді. Академикжазушы Абай сусындаған күллі фольклор байлығын, ауыз әдебиеті жанрларының әрқайсысына тоқталып өтеді. Мә­ селен: «Ең алғашқы өлең жайын баяндаған жырында Абай Шортанбайды, Дулатты, Бұқар жырауды ауызға алса, со­ лардың сөзін бала күнінен естіп, танып, жаттап өскенін сезуге болады. Әрине, осындай ақындық мұраларымен қатар мысал, мақал, аңыз, дастан, айтыс сияқты сан қазы­ наны әжеден, анадан, қонақ, жолаушылардан көп есітеді... Бір айтқанды ұғып алу, ұққанын ұмытпау, ел сөзінде олар­ ды керекке жаратып, әңгіме арасына кірістіріп отыру – шешендерге көп жайылған әдет еді. Абайға да сол парыз сияқты болған. Жас жігіт білген өнерін орнымен керегіне жаратып, келістіріп, көркейтіп сөйлейтін болады. Ел көзі­ не шешен болып көріне бастайды» [6, 44-б.]. Ақын балалық шағынан бастап, ауыз әдебиетінің мол мұраларынан еркін сусындап, өз шығармашылығында шеберлік шыңына жетіп, көркемдік тұрғысынан дамыта, өзгеге дарыта білді. Ақиқатында, туған әдебиеттің тұнық тұмасынан нәр алып, өз тағдырына темірқазық ете білген ақынның асқақ рухы тума әдебиеттің кәусар бұлағынан

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ нәрлене білді. Ақынның қазақ әдебиетінің сан қырлы қай­ нарларынан тамаша тағылым, рухани бастау алуы – та­ биғи, заңды құбылыс еді. Бірақ ақын нәр алған қазақтың бай ауыз әдебиетімен байланысы әлі де кең тұрғыда то­ лық зерделене қоймағаны белгілі. Осы мәселе жайында М.Мырзахметұлы былай деп ой тұжырымдайды: «Әдет­ те, Абай нәр алған үш арнаның бірі ретінде қазақтың бай әдеби қазынасы аталады. Бірақ, ақынның шығармашылы­ ғын жан-жақты зерттегеннің өзінде оның осы төл рухани қазынаға қатысы дұрыс сөз болмай жүр» [52, Б. 270-271]. Әрине, бұл жерде біз Абайдың қазақ әдебиетіне қатысы жөнінде жазылған еңбектерді жоққа шығарудан аулақпыз. Негізгі айтайық деген ойымыз ақынның қазақтың бай ауыз әдебиетіне қатысын бүгінгі тәуелсіздік таным тұр­ ғысынан зерделеу мәселесін басты орынға қою еді. Халқымыздың бай әдеби қазынасы ақынның азаматтық жолының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңда­ луына зор ықпалын тигізген құбылыс болды. Абайдың ойшылдық, ақындық эволюциясының өсу жолы туралы айтылған мына бір пікір желісіне кезек берейік: «Абай қазақтың бай ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті бесігін­ де тербеліп өсіп, Шығыстың исламдық ақыл-ойының, мұсылмандық адамгершілік – жәуанмәрттік, иманигүл, хауас ілімдерімен қаруланып барып Батысқа бет бұрып, оны сыншыл ой елегінен өткізе қабылдаған болатын. Ұлы Мұхтар мен Мекемтас тапқан шындық осы болатын. Бұл абайтану ғылымы жеткен ұлы жетістік ретінде қазақ әде­ биетінде орнықты» [53, 10-б.]. Ақын нәр алған ең негізгі арна – қазақтың бай әдебиеті. Осы рухани құндылықтар­ мен қордалана отырып, өзі де қазақ әдебиетіне жаңа леп әкеліп, жаңа тыныс қосты. Абай нәр алған үш арнаның басты, негізгі өзегі халқымыздың әдеби мұрасы – қазақ­ тың бай әдебиетінің қазынасы болып қала береді.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым М.Әуезов Абайдың төкпе ақындыққа ерте бейімдел­ гендігін анық суреттейді: «...Абай ақындығы оның жас кезінен көп мұралар қалдырмаса, «ол кезде Абай ақын емес еді» деу қате болады. Абай сол уақытта да ақын. Ақындығын және мол қолданған, күнде сынға салып, өз өнерін күнде безеп отырған ақын. Онысы және өмір құбы­ лысына күнбе-күн, қолма-қол ұштасып отырған ақындық. Бір жағынан жағынан, жүйрік, шешен, әсем, ұтқыр сөздің ақындығы. Көбінесе қара сөзбен айтылған тапқырлық, ал­ ғырлық. Өлеңді, суырып-салма айтысты Абай ойында да, шынында да көп қолданып жүрген. ...Жігіттік шағында көп жастың салтын қолданып, көкейде ақындық өнерін ашық шығара жүрген Абай ел келесіне ат салысып, шешендік пен алғыр, жүйрік билікке де ұста болады» [6, 45-б.]. Абайдың өткір өлеңдері кез-келген жағдайға орай туын­ дап отырған әрі түрліше тапқыр, төкпе өлеңдері сақтал­ маған. Бұған себеп ақынның өзі белгілі бір кезеңге шейін ақындық өнерге салмақты түрде бойламағандығынан болса, келесі бір себебі мысқылға құрылған өлеңдердің ел арасында жайылмауын қадағалаған ақынның қасын­ дағы адамдардың әрекеті болса керек. Осындай себептер­ мен Абайдың көптеген арнау өлеңдері де сақталмаған. Ел тірлігіне ерте араласып, алғашқы ақындық пен тапқыр­ лық талантын танытатын ақынның көптеген туындысы айтылмыш себептер салдарынан біздің кезеңімізге жет­ пеген. Халқымыздың сан қырлы, бай ауыз әдебиетінің көркем нышандары Абай мұраларында молынан айшық­ тала түседі. Осы пікірімізді мына бір тұжырыммен бекіте түсейік: «Жаңа жазба әдебиетіміздің бастауы – Абай мен Ыбырай шығармаларында фольклордың алар орны ерек­ ше. Олар фольклорға саналы түрде барып, оны шығар­ машылықпен пайдаланған. Халық поэзиясының өлеңдік өрнектерін, ертегілері мен мысалдарын Абай... белгілі бір мақсатпен шығармаларына арқау еткен. ...Абай көркем

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ сөзді жетілдіру мен әдебиетті байыту үшін пайдаланған» [27, 19-б.]. Замана көші ілгері жылжыған сайын ұрпақ жадында ел ұранындай жатталып, күнделікті сөйлеу тілінде, жиі-жиі қолданылып, оралымды ой, қанатты сөздерге айналған пікірлер қаншама! Мәселен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», «Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, өлмейтұ­ ғын артына сөз қалдырған», «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Өлең – сөздің патшасы...», «Пайда ойлама, ар ойла», «Жат айбынар ісі жоқ, жау айбынар күші жоқ», «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес да­ лаға», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез», «Ұзақ өмір не берер, көрген-білген болмаса», «Досыңа достық – қа­ рыз іс, дұшпаныңа әділ бол», «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», «Нанымы жоқ, анты бар» сияқты өзге де оймаржандарын алуға болады. Ақын қарасөздерінде ауыз әдебиеті белгілерінің көрініс табуы – Абай туындылары мен ауыз әдебиеті арасындағы түбірлі, тарихи тамырластықты танытады. Ақын балалық шағынан бастап ауыз әдебиетінің мол мұраларынан еркін сусындап, өз шығармашылығында шеберлік шыңына жетіп, көркемдік тұрғысынан дамыта, өзгеге дарыта білді. Ақын халық даналығының айнасы деп айқындалатын қа­ зақ мақал-мәтелдерінің іске татырлығы мен татымайтын­ дығын терең талғам көзімен таразылып, үстем тап сана­ сынан туындаған өзгешеліктерді айқын ажыратып, сын талқысына салды. «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», «Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Берген перде бұзар», «Байдан үмітсіз – Құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса – қа­ ралы үйге шап», «Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жа­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым тыр. Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен, ал малды қалайша табуды білмейді екен... Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық?...» [54, 284-б.]. Өнегелі өрнектердің келесі бір түрі ақын өлеңдеріндегі ежелгі түркі тілдес өлеңдерге тән ортақ құбылыс ырғақ, дыбыс қуалау – аллитерация, ассонанстардың жиі ұшыра­ суы. Мәселен, дауыссыз «Ж» дыбыстарынан басталатын өлең айшықтары осыған дәлел. Жалын мен оттан жаралып, Жарқылдап Рәғыд жайды айдар. Жаңбыры жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайнар... [54, 180-б.]. Немесе: Жаманға «жар» деген-ақ ән көрінер, Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер? Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп, Жабырқаған көңілің көтерілер [54, 152-б.]. Сонымен қатар: Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай таппаса, сен неге, Жат мінезсің жабырқау?!... [54, 60-б.]. Дауыссыз дыбыстардың қайталануы ақынның бірқатар туындыларынан байқалады. Соның тағы бір өрнек – үлгісі «Жүрегім менің қырық жамау» өлеңінен аңғарылады. Қан жүректі қайғылы-ау, Қайрыла кет сен маған.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Қасиетін ойлан-ау, Қам көңілдің тынбаған [54, 168-б.]. Немесе: Сүйсіне алмадым, сүймедім, Сүйегім жасып, сор қалың. Сүйісіп саған тимедім, Бола алмадым сенің жарың [54, 169-б.]. Абай мұрасының ұлттық көркемдік дәстүрмен үн­ дестігін, тығыз байланыстылығын, көркемдік дәстүр жал­ ғастығы деп ұғынамыз. Бұл жайында М.Мырзахметұлы: «Егер біз осы үндестікті бірлестіктің ізі, дәстүрдің дами жалғастық табуы деп қарастырар болсақ, Абай мұрасы­ ның өз топырағында да терең тамыры бар мұра екенін таныр едік, танытар едік» [55, 275-б.], – деп салиқалы пікір айтады. Ақын мұрасын ұлттық көркемдік дәстүрмен рухани сабақтастыратын айқын айшықтар мен бедерлі белгілер Абай шығармашылығында басым орын алады. Оған төмендегі өлең жолдары нақты мысал бола алады. Айттым сәлем, қаламқас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас... (Жігіт сөзі) [54, 80-б.]. Немесе: Қиыстырып мақтайсыз, Ойласаң, не таппайсыз? Бізде ерік жоқ, өзің біл, Әлденеге бастайсыз. Біз де әркімді байқаймыз, Тап бергеннен тайқаймыз. Сіздей асыл кез болса, Қайтіп басты шайқаймыз?! (Қыз сөзі) [54, 81-б.].

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Ақынның айтыс өлең түрінде жазған шығармалары ауыз әдебиетінің ерекше бір дамыған түрі. Өйткені, құ­ нарлы ауыз әдебиетінің тұнығын жете меңгерген Абай­ дың терең талғамдылығы оның шығармашылығынан ай­ қын танылып отырады. Фольклор даналығының рухани нәрін толымды пайдаланған ақын шығармаларында ауыз әдебиетіндегі жоқтау жанрының үлгілері де баршылық. «Әбдірахман өлгенде» өлеңдері ауыз әдебиетіндегі жоқ­ тау жанрын жадымызға түсіретіндігі шүбәсіз. Өлмейтін атақ қалдырып, Дүниеге көңілін бөлмепті. Жарлығына Алланың, Ерте ойлаған көнбекті. Олар да тірі қалған жоқ, Тірлік арты өлмек-ті. Оны да алды бұл өлім, Сабырлық қылсақ керек-ті [54, 137-б.]. Абай туындылары мен қазақ ауыз әдебиеті арасындағы рухани түбірлестікті танытатын белгілер түрлі тақырып­ тардан кездеседі. Ауыз әдебиетінің ерен бір түрі жұм­ бақтар болса, айтылмыш мәселе көлемінде де көптеген мысалдар ұшырасады. Жұмбақ – тума ауыз әдебиетінің бөлекше жанры, оның өзіндік табиғаты, ерекшелігі Абай мұраларында өзгеше өңмен өріліп, тың түрге ие болады. Алла мықты жартқан сегіз батыр, Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек–кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр. Шешуі: Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Таба алмасам, ақылды болар неміз? Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп, Жақсылық пен жамандық – болды сегіз. Жұмбақ: Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің, Сәулең болса, бермен кел талапты ерің. Жан құмары дүниеде немене екен? Соны білсең, әрнені білгендерің. Шешуі: білмекке құмарлық [54, 109-б.]. Қазақ әдебиетін тек Абайдан ғана бастау қате көзқарас екені белгілі. Өйткені ақын шығармашылығының тамы­ ры оған дейінгі қазақ әдебиетінде жатқандығын біз жоққа шығара алмаймыз. Сол XX ғасырдың бастапқы кезеңінен бастап, дәл бүгінгі күнге дейін тіл көркемдігі, өлең құры­ лысы жөнінен Абайдың әсерінсіз әдебиет әлеміне қосыл­ ған ақынды кездестірмейтіндігіміз хақ. Ғалым М.Мыр­ захметұлының: «Жұртқа белгілі, Абай қазақтың жаңа сипаттағы әдеби тілін жасады. Және де мұны біз әдеби тіліміздің тарихындағы зор жетістігіміз деп мақтаныш тұ­ тамыз. Бұл заңды да» [55, Б. 259-260], – деген мағыналы тұжырымының біздің зерттеуіміз үшін мәні зор. Ақиқа­ тында өзіне дейінгі қазақ әдеби тілінің дәрежесін әлде­ қайда жоғарылатып, мәдениетті елдердің поэзиясының тілдерінің қатарына жеткізуі – баршасы қордалана келіп Абайды қазақтың классик ақыны етті. Өзіне дейінгі ауыз әдебиетінің үлгісіне үңіле отырып, қазақ әдеби тілін жа­ ңартып, жаңғыртып, дамытты. Абайдан кейінгі қазақ әде­ биеті ақынның өрнек-үлгісінде өсіп, өркен жайды. Жетпіс жылға созылған тоталитарлық, әкімшіл-әміршіл жүйе қазақ әдебиетін, қала берді күллі қазақтың рухани мәдениетін орны толмастай етіп ойсыратып кеткендігі әмсеге аян. Догматикалық жалған жорамалдар, тұтас та­ рихты таптық тұрғыдан «қақ бөліп» қарау, адамзаттық

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым құндылық дегендерді тәрк ету жартыкеш зерттеулер мен біржақты қорытындыларға әкеліп соқты. Ұлттық рухты көтеруге, ұлттық мәдениеттің көздерін тексеруге көңіл бөлінбеді, өзіміздік төл тарихымызды мансұқтап, өзге­ лерді дәріптеумен көңілімізді марқайттық. Ғылымда, саясатта евроцентристік ұғым үстемдік етті. Өткен өмір мен қазіргі күннің барлық игілігі Ресейдің ықпалымен жасалды деген құлдық мінез, құлдық дүниетаным қалып­ тасты, өзімізді өзіміз кем көрдік, өзге жұрттардың түйме­ дей дүниесін түйедей етіп, таңырқап, таң қалдық. Асылы өзіміздің болмысымыздағы бар асылды мансұқтап, тәркі еттік. Дегенмен солақай саясат ызғары кімді де болмасын шарпымай қалмады. Кім де кім өз тарапынан бұл қимылға зәредей күмән келтірсе, ол хас жауыз, жау саналып, за­ пыран ішті. XX ғасырда халқымыздың арасынан шыққан ең ірі ойшылдар мен қайраткерлер жауыздық құрбанына айналып, ақыл-ойдың кенересі күрт төмен түсті. Айтылмыш жағдайда әдебиет тарихын, оның көрнекті өкілдерінің мұрасын зерттеу жұмысы ерекше зардап шекті. Бұл жағдайлар қазақ руханиятындағы «ақтаңдақ» тұстар болатын. Осы жайында академик С.Қирабаев бы­ лай дейді: «Ақтаңдақтар – қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің жеке бір проблемасы емес, оның бүкіл даму жолын түгел қамтыған күрделі мәселе» [17, 3-б.]. Барлық мәселені алдын ала сызылған нұсқаларға иіп әкелушілік, жаттандылық, шындықтың өзін айналдырып көрсетушілік қарқын алды. Ел азаттығын аңсағандар, отаршылықты сынағандар, жаман атқа ұшырады, ең таң­ даулы шығармалар оқытылмай, жарияланбай, мұрағат қоймасында шаң-тозаң басып жатты. Қазақ әдебиетінің сан ғасырлық байлығына жеткілікті мән бермей, «совет әдебиетін» ғана бірыңғай дәріптеп, әспеттедік, оны ақи­ қат айнасы деп марапаттадық, өлі туған шығармаларды озық туынды деп ұран салдық, бояма туындыларды табыс

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ деп таңдай қақтық... Айта берсек, адасу мен мың түрлі ал­ жасудың сан мысалы табылады... Қазақ әдебиетінің жайкүйі осындай деңгейде болғанда, сол қазақ әдебиетінің әсем туындыларын жасаушы зиялы қауым өкілдерінің қа­ зақ өнерін аспандатқан ақын, жазушылардың хал, қадірі қандай болып, қандай кезеңдерді басынан кешірді? Қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдызы Абайға, оның мұрасына байланысты айтылған алыпқашпа жора­ малдар, тағылған жалалар ақынның азаматтық тұлғасын ешқашан аласартпақ емес! Демек, қазақ әдебиеті болған күнде Абай есімі атала бермек. Сондықтан хакімнің тағы­ лымы қазақ әдебиетімен, алтын желідей астасып, өрнекті өріммен өріліп жатқандығы осыдан туындайтын ақиқат. Қазіргі кезеңде ұзақ жылдар бойына қалыптасқан кейбір жаңсақ түсініктерден арылу қажеттілігі алға қо­ йылды. Қателіктің бірі – Абай мұрасының қасиетін орыс европа әдебиетінің ауқымында ғана алып қараушылық еді. Абай мұрасын таптық та, евроцентристік те көзқа­ растың қанжығасына байлап жібермей, оны адамзаттық құндылықтар деңгейіне алып, шығару басты мұрат. Ол өз шығармашылығында шығыс пен батыстың жетістік­ терін байланыстырып, екі әлемнің руханиятының арасын дәнекерлеуші бола білді. Екі дүниенің құндылықтарын ойшылдық талғаммен қарап, жүрегінің көзінен, сынның тезінен өткізе отыра өз тұжырымын, көзқарасын білдіріп отырған. Оған ақынның өлеңдері мен ғақлиялары бірденбір дәлел. Абайдың мұрасымен таныс болған өзге ұлт өкілдері жер бетінде қазақ деген халық барын, оның қандай ха­ лық екенін, ұлттық мінезін, болмыс-бітімін, өзгешелігін, қысқасы күллі қадір-қасиетін тасқа таңба басқандай апанық танып білуге болады. Айталық, Абайға дейін неме­ се Абайдан кейін ақын болмап па? Абай қандай қасиет, ерекшелігімен ақындардың ақыны бола алды? Ұлт ақы­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ны болу үшін оның шығармаларындағы жекелеген ұлт­ тық сипаттарда, бояуларда, өрнектерде ғана жатпайды ұлт ақыны болу үшін сол ұлттың сөзін ғана айтып қою жеткіліксіз, сол ұлттың өзіне айналу қажет. Абай осы дең­ гейдегі тұлға. Абайдың ұлт ақыны екендігі мұнымен де бітпейді. Ақынның қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау­ шы ұлт ақыны екендігі сол өз өлеңдеріндегі ұлттық ерек­ шеліктердің бүкіл адамзат мәдениетінде биікке көтеріп, Абай өлеңдерінің мазмұны мен пішініне назар аударуы­ мыз керек. М.Әуезов өз зерттеулерінің бірінде былай деген еді: «Абайдың өлеңдер мен поэмалардан, аудармалар мен ғақлиялардан тұратын әдеби мұрасы үлкен-үлкен екі том болып басылды. Ақынның көп жылдар бойындағы ойла­ ры мен толғаныстарының, ізгі жаны тебіренуінің аса бір қымбатты нәтижесіндей бұл еңбектері енді тарихи тұр­ ғыдан қарағанда, қазақ халқының рухани мәдениетінің жиынтығы сияқты болып көрініп отыр. Туған халқының өткендегі ауызша, жазбаша ескерткіштерде сақталған ақындық мұрасына терең бойлаған. Абай сол мөлдір бұ­ лақтан құнарлы нәр алып, өзі таныс бола қоймаған тәжік, азербайжан, өзбек сияқты шығыс халықтарының классик поэзиясы да Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады» [56, 15-б.]. Абайдың ақындығы өзіне дейінгі қазақ поэзиясының шалқып шыққан шырқау биігі, асқар белі екендігі ақиқат. Содан соң бұл ақындықтың қайнар көзі ретінде М.Әуе­ зов айтқан үш сала ұлағат мектебін – қазақтың ауыз әде­ биетін, Шығыс поэзиясын және орыс классикасын еске­ руіміз керек. Сонда Абайдың тастаққа шыққан жалғыз шынар емес, құнарлы топырақта өскен бәйтерек екенін аңғарамыз. Абай өлеңдерінің мазмұны, пішіні осы то­ пырақта қалыптасты. Демек, Абай поэзиясының негізі қазақтың кәдімгі төлтума қара өлеңіне тамыр тартып жа­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ тыр. Қазақтың ірі де іргелі ақындарының бір де бірі өзінің шыққан тегі қара өлеңнен қара үзіп алыстаған емес. Соны айшықтаған, ерен құлпыртқан, өлең мазмұны жағынан соның өлшемінде жаңалық ашса, пішіні жағынан соның мөлшерінде өнер тапқан. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Осындай асыл қазынаны қабылдаудан суретші Абайдың өзіндік айқын ерекшелігі өсіп, көркейе түсті. Абай қазақ халқы әлі меңгеріп жетпеген мәдениеттерге бой ұрғанда, жаңа көркемдік суреттеу құралдарымен ғана – толыққан жоқ, рухани дүниесін жаңа идеялармен де байытты. Өзінің идеялық және шығармашылық байлығының асылына кел­ генде, Пушкин сияқты Абай да қалың жұртқа ортақ, со­ нымен бірге анық ұлттық һәм халықтық ақын. Сол себепті ақын бейнесін бір жүйеде толық қарастыру бүгінгі күннің басты талабы деп білеміз. Әдіскер-ғалым Қ.Бітібаеваның: «Жазушы XIX ғасырдың II жартысындағы, яғни елу жыл ішіндегі бүкіл қазақ қоғамының ұлы картинасын жасаған. Ол арқылы қазақ даласындағы демократиялық, прогрес­ сивтік, гуманистік ой ағымдарды, ескі мен жаңаның кү­ ресін, қазақ даласы үшін жаңа кезең басталар алдындағы, яғни ояну кезеңің шынайы тұрғыда көрсете білген. Сол себептен де Абай бейнесін талдауды тек жеке-дара алып қарастырмай, бір жүйеде алып қарастырған жөн» [57, 73б.], – деген пікірінде көп мағына бар. Абайдың XIX ға­ сырдың сексенінші жылдарында жазылған өлеңдерінің көпшілігі қазақ қоғамының тағдырына арналды. Соны­ мен бірге, ақын халқының бүкіл рухани қазынасын терең көркемдік-сыншылдықпен қайта қарап, өзінің ақындық жаңа бағдарламасын ұсынды. Бұл шығармаларында Абай қалың бұқараға жақын ке­ леді. Алайда оның поэзиясының халық шығармашылы­ ғынан зор айырмасы барын дәл осы тұста айқын көреміз.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Абай бірде-бір өлең жолында халық шығармашылығының қалыптасқан дәстүрлі сөз жүйесі мен ақындық ой бітімін қаз-қалпында ала салмайды. Абай ауыз әдебиетіндегі сөз­ дері де, образ жүйесін де, стиль тәсілдерін тереңдетіп, жаңа ой, сезімдерін толықтырады, оның өлеңдерінде өз­ геше бір идеялар мен жан сезімдері жүреді. Сондықтан ақын шығармаларының мәнін түсіну, ұғыну және ондағы өміршең қағидаларды өмір сүрудің алғышарттары ретін­ де ұстану бүгінгі ұрпаққа өсиеттелген аманат. Аталмыш мәселе жайында ғалым М.Мырзахметұлы: «Міне, Абай­ ды осылай жан-жақты терең таныған кезде ғана, оның мұ­ расы қоғамдық, ұлттық сананың зор жетістігіне айналып, өзінің анық, шын сипатымен өркениетті еліміздің ортақ рухани қазынасын байыта түспек» [55, 277-б.], – деп қай­ раткерлік тұжырым айтады. Абай өз заманындағы әлеу­ меттік өмірдің ең бір кезек күттірмес күрделі, түйінді мәселелеріне жауап іздеп, өзін қоршаған құбылыстар­ ды, жалпы ел тұрмысын терең зерттеп, өзіндік ой тара­ зысына сала талдап, өз пікірін айтпақ болды. Бұл ретте орыс ойшылдарының азаттық идеялары және орыстың классикалық көзқарастарындағы демократтық бағытын қалыптастыруға, философиялық көзқарасындағы кейбір материалистік белгілерді жинақтауға үлкен себепші бол­ ды. Осының нәтижесінде Абай қазақ елінің әлеуметтік өміріндегі алуан түрлі қайшылықтарды көрді. Халық басына түскен зауалды – екі жақты қанауды әш­ кереледі. Осыған байланысты Абай байға да, кедейге де жай ғана ақыл, басу айтып, ымыраға мегзеумен тынады. Абайдың көптеген өлеңдерінде («Қартайдық, қайғы ойла­ дық», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...», «Күлем­ байға», «Көжекбайға» т.б) надандық, даукестік, парақор­ лық, арамтамақтық, қазақ халқын билеп-төстеушілердің рухани бишаралығы өлтіре сыналады. Өйткені, ата-анаға, жанұяға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе, жаңа көзқарас

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ қазақ әдебиетінің тарихында тұнғыш рет соншама айқын­ дықпен, соншама моральдық тереңдікпен айтылады. Ақынның әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп, соның бәріне желі боп тартылып жатқан негізгі идея – қалың бұ­ қараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімге, имандылық пен адамгершілікке бастау, ізгілік рухына тәрбиелеу, замандастарын өркениетті орта­ ның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді: Моласындай бақсының, Жалғыз қалдым, тап шыным! Бұл шындықта ерекше мән-мағына жатыр. Қандай да бір суреткер болмасын, ол өзі ғұмыр кешіп отырған қо­ ғамның белсенді мүшесі адал перзенті. Сондықтан қоғам үні, дәуір лебі кез-келген суреткер шығармашылығында белгілі бір дәрежеде өзіндік өрнегін қалдырады. Сол өмір сүрген суреткердің әлеуметтік көзқарастары болатыны баршаға белгілі жәйт. Ендеше, Абайдың саяси әлеуметтік мәні зор мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында үлкен өнеге мен өмір мектебі болып табылады. Әрбір ұлт ақыны – өз дәуірінің жыршысы, өз халқы­ ның өмірлік мүдделерінің жоқтаушысы. Абайдың өмір сүрген заманы орыс патшалығының қазақ даласын отар­ лау жөніндегі саясатының әбден асқынып, межелі жеріне жеткен кез болатын. Бір жарым ғасыр бойы жүйелі түрде жүргізілген бұл саясат ақынның ел өміріне араласа баста­ ған шағында қазақ қауымның барлық билігін тікелей пат­ ша әкімшілігінің өз қолына алуымен тынған-ды. Отаршыл әкімшіліктің «бөліп ал да билей бер» дейтін аты шулы зымияндық саясатының салдарынан тарихи ты­ ғырыққа тірелген халқының мүшкіл халін көзбен көріп, саңылаусыз болашағын санамен ұғып, іштей қан жыла­ ған ақын өз шығармаларында заманның қатал шынды­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ғын ашына суреттеді. «Қалың елім, қазағым, қайран жұр­ тым...», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...», «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап...», «Байлар жүр баққан малын қорғалатып...» сияқты өлеңдерінде ақын отаршылдықтың ел ішін бүлдіргідей бүлдіріп, тоз­ дырып бара жатқанын ауыр қасіретін бейнеледі. «Болыс болдым мінекей...», «Мәз болады болысың...», «Уағалай­ кумуссәләм...» деп басталатын шығармаларында Абай баққұмар бақай құлықпен биліктің бір шетіне қол жеткіз­ геннен кейін, халықты әділетпен басқарып, елді парасат биігіне жетелеудің орнына, өзінің мансапқорлық мүддесі­ нен аса алмай, ел жуандарының алдында құрдай жорға­ лап, қарапайым халыққа тізесін батыра түскен болыс, би­ лерді, атқамінерлерді ащы әжуамен шенейді. Бұл жайында М.Мырзахметұлы былай деп ой қорыта­ ды: «Тіпті, Абайдың саяси айланың астарын сезініп ба­ рып өкіне отырып айтқан ойының астарлы көрінісі «Сегіз аяқ» өлеңінде көрініс берген: Бір кісі мыңға, Жөн кісі сұмға Әлі жетер заман жоқ. Қадірлі басым, Қайратты жасым. Айғаймен кетті, амал жоқ. Болмасқа болып арам тер, Қорлықпен өткен қу өмір. Бұл жастай билікке араласқан Абайдың өз басынан өт­ керген, ащы кермек дәмін татып білген, бірақ нәтижесі шықпаған іс-тәжірбиесін өкіне отырып баяндауынан да көрініп тұр емес пе? Ақын осы өлеңіндегі ойларында ел билеу жүйесіндегі жеке адам тұлғасына ерекше мән бере қараған. Қазіргі күндегі «тұлға», «данышпан» деген ұғым­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ дар қазақ ұғымындағы: «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген ойдың баламасымен келеді. Бірінде лидер деп жүр­ геніміз де осының өзі; олардың арасынан оза шыққанда­ рын ел тағдырын шешуі себепті де, Абай «Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел» деген сөзі арқылы қазақы даналық ойды бір түйіп, өз алдына береді емес пе?» [4, 18-б.]. Міне, ойшыл ақын бір ғана берекелі ел жайында, өзі аңғартпақ болған ой түйінін дәлелдеу үшін, өзі нәр ал­ ған рухани қазына көздеріне сүйене отырып, ой қорыт­ қан. Профессор ақын шығармаларының қазіргі таңдағы зерттелуі жөнінде былай дейді: «Абай шығармаларының кей тұстарына жастарымыздың дендей алмай жатуының әр түрлі, әр қырлы белгілі себептері бар сияқты. Соның бірі – жастарымыз бен қалың оқырман қауымның көп жағдайда өзінің өткендегі ата-баба дәстүрінен, тілінен, халықтың тарихи жадынан, қысқасын айтқанда, көшпелі тұрмыс қалпы тудырған рухани дүниетанымымыздан қол үзіп қалуында жатқандай. Алдымен Абай мұрасын танып білу, түсініп оқу үшін жастарға керегі – Абай ғұмыр кеш­ кен заманның саяси-әлеуметтік болмысы мен дәуір ерек­ шелігін, қазақ елінің отарлану тарихын, сырттан ендіріл­ ген ел билеу жүйесіндегі талас-тартыстың әлеуметтік тамырын білу. Абайдағы: Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың... – деген образды оймен өрілген ақын пікіріне патша отар­ шылдары ендірген болыстық сатылы сайлау тарихын біл­ меген кісінің тіс батыруы қиын» [4, 10-б.]. Ғалым осы ой желісі арқылы ақын шығармаларындағы әлеуметтік сарынның тылсымы тереңде жатқанын көрсе­ теді. Абайды әсіресе қынжылтып, қатты алаңдатқан нәрсе елдіктен кете бастаған, үнемі пәле қуып, жамандық ізде­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ген, ата-дәстүрінен безген ауыл адамдарының бойындағы келеңсіздік мінез-құлықтар еді. «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Адасқанның алды жар, арты сoқпақ», «Сабырсыз, арсыз, еріншек...», «Бөтен елде бар болса..» атты туындыларында ақын ел арасын жайлап кеткен ман­ сапқорлық, басараздық, тіленшектік сияқты теріс мінез­ дерін жеке адам басындағы дерттен қоғамдық қырсыққа айнала бара жатқандығына қайғырып, ел-жұртты солар­ дан сақтандырады. «Бір дәурен келеді күнге бозбала­ лық...», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат...» сияқты өлеңдерде Абай ауыл жастарын үнемі қызық қуалаған ма­ ғынасыз думаншылдықтан, мәнсіз даурықпадан арылып, тіршілік қамымен шұғылдануға, ынтымаққа шақырады. Ақынның гуманистік көзқарасы өзінің алғашқы қалып­ тасу кезеңінде халқын сүйген, оның болашағын ойлап қам жеген, оның ілгері басуына кедергі келтіретін кесапаттар­ ға қарсы күрескен қайраткер азаматтың әрекеттері түрінде көрінеді. Бұл тұста Абай өз халқының жанашыр жоқшы­ сы, оның басындағы ауыр халін көріп мүсіркеген жанкү­ йер жақыны. Сол жанкүйер жақындарына адамгершілік мінез құлықты ұстануды өсиет етеді. Абайдың өсиеті, өзі ұстанған дәстүрі осы. Бұл жайында академик С.Қасқаба­ сов: «Ал, енді бүгінгі таңда Абай дәстүрі деген не, оны қалай түсінеміз? Меніңше, қазіргі таңда Абай дәстүрі мы­ надай сипаттарда көрінеді. Ол – әдебиетте жаңашылдық, поэзияда – әдемілік, қоғамда – әділеттілік. Осыларды ал­ дыңғы қатарға қойған Абай үшін ең басты мәселе – сын­ шылдық пен шыншылдық. ...Абай дәстүрі осы» [58, 4-б.]. Ойшыл қазақ халқының қараңғы қапасқа қамалып, елдік болмысынан айрылу қатеріне душар болып тұрғанын ес­ кертумен ғана шектелген жоқ. Ол елдің ілгері басатын аяғын кейін кетіріп отырған кертартпа күштерді әшкере­ леумен қатар, сол тығырықтан шығар жолды ежелден бері

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ келе жатқан елдігін сақтап қалудың қалыптасқан тарихи жағдайдағы бірден-бір бағытын да көрсетіп берді. М.Әуезов: «Бүкіл дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ақын­ дық мәдениетінің маңызды элементтерін қамтыған Абай шығармалары қазақ әдебиетін оның бүкіл мәдениетін ға­ сырлық оқшаулану, мешеулік қалпынан шығарып, жоғары тарихи сатыға көтерді. Абайдың халықтығы мынада: ол өз халқының рухани көзі болып, алысты көре білді, халық үшін ойлап, халық үшін сезіне жүріп, оның тарихи келе­ шегін көрсетіп берді» [56, 18-б.], – деп көрсеткен еді. Ғалым Абай шығармаларының ішкі сырын аңғарудың келесі бір қиындығын айқындап берді: «Екінші қиыншы­ лық, Абай шығармаларында қолданыс тапқан сөз қорын­ да жатыр, өйткені, онда алты мыңнан астам сөз қоры бар. Бұлардың бәрі Абай замандастарына оңай ұғылып, таны­ малы болған сөздер болса да, заман, уақыт өзгеруге орай бұл сөздердің мән-мағынасы өзгеріп, кейбірі ескіріп, көне терминдік сөздерге айналуында жатыр» [4, 10-б.]. Расында, Абай тілі – сөз маржаны, шырайлы, көркемдік қуаты мол әсерлі тіл, ол құрғақ қиял мен әсіре қызыл емес, құнарлы ойдың, асыл сезімнің, биік сананың серпіні. Ақынның қолданысындағы сөз қорының бір қараған­ да қиындығы да осында жатқан тәрізді. Абай екі сөзінің бірінде тіл табиғатын толғанады. Көркем әдебиетінің шыңдалатынын білетін зергер сол тілдің халықтығын, құ­ нарлылығын, дәмділігін, бейнелілігін дәріптейді. Қазақ топырағында «мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ на­ данның көзін қойып, көңілін ашпақ» деп мұрат меңзейді. Абай әдебиеттің түп-төркіні халықта екен өзінен бұрынғы ақындардан да жақсы білген. Сол себепті ол кітаби адам­ дарша, сырты сұлу сылдыр сөздерге бармай, ойлы ора­ лымды, жанды сөз жасаған. Поэзия сырын «қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп түйген ақын шы­ мырлық пен сұлулықты тамаша ұластырады. Әдебиет, ең

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым алдымен, сөздің тарихи төркінінен, асу, өзгеру қалпынан, қилы ұғымынан құралады. Үнділік, дәмділік, шырайлық бұл әсем тілдің көркемдік қуатын арттырып, әсерлілігін күшейтеді. Осы орайда абайтанушы ғалымның құнар­ лы ойының заңды жалғасындай, Т.Әлімқұлов былайша, түйіндейді: «Абай халық тілінің қордасынан да, болмы­ сынан да, нақышынан да терең үйренген. Жұмбақ жазуға шейін баруында гәп бар. Абай-қазақтың халықтық әдеби тілін қалыптастырушы классик. Бұл тілдің тоғыз тарауын адаспай ажыратып тұтастыра тоғыстыра білген шебер де сол – Абай. «Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» деп шабыт сәтінде өзіне өзі сүйсінген, масаттан­ ған тәкаппар ақын өз болмысының, зердесінің, дарыны­ ның, ізденімпаздығының ерекше биіктігімен ғибрат қал­ дырды» [56, 78-б.]. Профессордың атап көрсеткеніндей, ақиқатында, Абай өз шығармаларында халық сөзін көп қолданады да, өзінің ой-өрісіне келгенде тосын сөздерді жатырқамайды, бөг­ де жұрттың сөзін жымдастырып жіберуге дейін барады. «Махаббат пен ғадауаттар», «тілі ащы мен здравомысля­ щийлер» осындайдан туған. Ой өрісі кең, ұғымы терең, талғамы биік, тіл байлығы мол ақынның шығармашы­ лығы қазақ әдебиетіндегі даралық құбылыс. М.Мырзах­ метұлы аталмыш мәселе жайында: «Абай... тіліндегі мол лексикалық байлық, ақындық, тапқырлық, дәлшілдік, су­ реткерлік, сол сияқты ұлы ақынның өлең түрін жасаудағы жаңашылдық сипаты оның төл туындысында тосын да тың, берекелі айшықтар жасауынан көрінеді» [55, 276-б.]. Бірде «соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, етек басты көп көрдім елден бірақ» деп жұмбақтаса, енді бірде: «өзіңді бармен көзге ұрып, озамын деме өзгеден, күндестігін қоз­ дырып, пәлеге қалма езбеден» деп нақылдық тосынды­ ғымен, «көзге ұрыптың» қиын шешуімен таңдандырады.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Осыған сәйкес, мазмұн мен түрдің ішкі қайшылығы тілге де түгелдей ортақ екенін айта кету ләзім. Ақындық өнер – сөз өнерінің аса қадірлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы талант­ тың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттігі сезім мен сырға толы тамаша поэтикалық дәстүр мен ақын шабытының астаса келіп, өлең кестесінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі. Қай әдебиетте де поэзияға айырықша мән берілген. Ежелден-ақ қазақ халқы да өлең сөздің қасиетіне бас иіп, өнердің заңғар шыңына балаған. Өйткені халқымыздың бүкіл рухани тыныс-тіршілігі өрнекті өлең сөз – поэзия­ мен астасып жатыр. Поэзиясы болмаған халық – өнерсіз халық. «Поэзия – адам сезімінің айнасы» деп Фариза Оңғарсынова текке тілге тиек етпеген. Олай болса, Абай өлеңдерінде ақындық өнердің, өлең сөздің келбетіне сон­ шалық терең мағына берілуі осының айғағы. Өлең ақын­ ның кеудесін кернеп, жүрегін тербеген қуатты ойдың асыл жемісі, ойды сырттай сұлу етіп өрнектеп, көркемдеп жеткізу үшін Абайдай ақындық шеберлік пен шалқар ша­ быт керек. Ғалым Б.Әбдіғазиұлы бұл жөнінде мынадай ой өрбіт­ кен: «Абай поэзиясында өлең сөзге, ақындық өнерге аса жоғары баға беріледі. Өзінің «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Бі­ реудің кісісі өлсе, қаралы – ол» деген өлеңдерінде ақын сөз өнерінің қадірін, өлеңнің адамның сезімі мен қоғамда­ ғы жағдайын бейнелеудегі қызметін, жалпы ақындық өнерге қойылатын талаптар мен өлшемдерді үнемі алға тартып отырады. Ол шын мәнінде өлең сөздің мақсатын нысана тұтқан, азаматтығы пендешіліктен жоғары тұра­ тын ақынның ғана көкірегінен шыға алатын ғажайып құ­ былыс екенін айтады. Реалистік поэзияны қалыптастыру жолындағы ақындық мұратын білдірді. Абайдың өлеңге, ақындық өнерге қоятын талабы аса биік. Ол ең алдымен

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым өлеңнің көркемдік сапасына зер салады» [56, 72-б.]. Ақи­ қатында, аталмыш зерттеушілер атап көрсеткендей ақын поэзиялық туындының сыртқы пішініне ішкі мазмұны сай келуін «іші алтын, сырты күміс» болып, «тілге жеңіл, жү­ рекке жылы» тиюін айқындайды. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, сонда да солардың бар таңдамасы» деп қазақ ара­ сында ақындардың көп екенін айта тұрып, шын талантты танып, қастерлей білу қажеттілігін ескертеді. Өлеңді жеке бастың пайдасы үшін жұмсап, еріккеннің ермегіне ай­ налдырмау керектігін айтып, қазақ ақындарының алдына биік талғам пен талап қояды. Осының нәтижесінде қазақ поэзиясына, өнерге деген эстетикалық талаптың деңгейін мейілінше көтере білген. Аталмыш жайттар туралы М.Әуезов өз зерттеулерінде: «Абай жаңа поэзияның биік мақсаты, міндеті – халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп біледі. Халықтың еңбек етіп, өз правосы үшін күресуі ғана дала кедейіне тәуелсіздік әпереді, білімге, аянбай оқуға ұмты­ лу ғана жас ұрпақтың қолын жақсы өмірге жеткізеді» [56, 16-б.], – деп дәлелдеді. Абайдың бүкіл поэзиясы, оның жаңа лебізді, орамды өлеңінің, өмірлік қуатқа толы об­ раздарының күші қазақ қоғамын кертартпа идеялар мен сезімдер шеңберінен шығарады. Абайдың тікелей халық­ тығы – халықты езушілерді қаналушы бұқаралық тұрғы­ сынан көрсете білуінде. Бұл ретте ол халқымыздың ауыз әдебиетіндегі нақыл сөздерді, мәтелдерді, тілдегі мета­ фораларды, халық юморының тәсілдері мен құралдарын пайдаланады. Ол ауыл кедейін, қазақ әйелін қарапайым еңбекқор адамдардың бейбіт еңбегін жақтайды, жас ұр­ пақты жақтайды. Бұл – тікелей халықтық белгілер. Абайдың поэзиясы – кең көлемдегі мол қазына, биігі біт­ пес, тереңі таусылмас сырлы рухани құндылықтар қайна­ ры. Абайдың қазақ әдебиеті әлеміндегі асқаралы тұлғасын

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ академик З.Қабдолов былайша асқан дәлдікпен сомдап берген еді: «Алдымен Абай – ақын. Бұл аз, ол ақындардың ақыны! А.Байтұрсынов қазақта Абайға дейін мұндай ақын болған жоқ деп дәл айтқан. Бірақ бұл да аз, қазақта Абайдан кейін де мұндай ақын болған жоқ және болмай­ ды да... оның қайталанбас біртуарлығы осы арада жатыр. Абай... бүтін бір халықтың ұлттық мәдениетінің мәңгілік мерейі, әдебиетінің асқар шыңы болған кемеңгер, классик ақын. Ендеше (ақын болғандықтан) Абай шығармалары­ ның дені – поэзия. Ал сол Абай поэзиясының дені – лири­ ка. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы, лирика деген ұғым­ ға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар, ...осының бәрі түгел, тұтас жатыр» [12, 319-б.]. Абай ақындық мәдениеті биік, ақындық шеберлігі шың­ далған, қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелген кесек тұлға. Жалпы, сөз өнерінің өзге түрлері секілді, лириканың да су­ реттейтін құбылыстары сан алуан. Эпос па, драма ма, ли­ рика ма, бәрібір, мақсат-адамның мінез-құлқын, күйінішсүйінішін суреттеп қана тыну емес, сол арқылы ғұмырмен дәуірдің ақиқат шындығын суреттеп көрсету екені мәлім. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқара­ сын таным-талғамын, идеялық бетін айқындайды. Ақын таза адамгершіліктің маңызды бір шарты ретінде шынайы махаббат, таза сүйіспеншілік тақырыбын көп тіл­ ге тиек еткен. Анығын айтар болсақ, туған әдебиетімізге тура мағынасындағы махаббат лирикасын енгізген Абай. Сондағы оның көп діттегені – сүйіспеншілікке, адалдық жүрек қалауына еркек пен әйелдің бірдей қатынастылығы және тең құқылығы. Бұған ақынның махаббат тақырыбы­ на арналған кез келген шығармасын оқып көз жеткізуге бо­ лады. («Желсіз түнде жарық ай...», «Қор болды жаным...», «Жігіт сөзі...», «Қыз сөзі...», «Жарқ етпес, қара көңілім не қылса да...», «Қызарып, сұрланып...», «Көзімнің қа­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым расы...» тағы басқа). Бұл саладағы өлеңдерден Абайдың ақындық өрбу-өсу жолы, іштей шығармашылық түлеуі анық танылады. Ақынның махаббатқа, достыққа эстети­ калық көзқарасы айқын көрінеді. Ақындығының алғашқы кезеңінде, Абайдың орыс клас­ сиктерімен етене жақын емес кезінде жазған махаббат та­ қырыбындағы өлеңдері – теңеу, тіл жағынан да, махаббатдостық мәселесін сезініп, ұғыну жағынан да қазақ ауыз әдебиетінің бұрынғы көне үлгісінде жазылған шығарма­ лар. «Айттым сәлем, Қаламқас!», «Қиыстырып мақтай­ сыз», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» тағы басқа өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, осы жайды аңғарамыз. Мәселен: Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды, Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды. Ауызын ашса көрінер кірсіз тісі, Сықылды қолмен тізген іш қайнайды....[54, 15-б.]. Мұнда ақын сөзбен салған сурет, поэзияның ішкі әсемдігі мен сыртқы келісімі ұнамды үйлесім тапқан. Ақын осы мәндес өзге өлеңдерінде де қыз келбетін си­ паттағанда оның ішкі рухани жан әлемі, көңіл пәктігімен сыртқы келбетін қатар ұстаған. Абайдың сұлулыққа көзқарасы да өлеңдерінен көрініс тауып отырды. өйткені, ақын сұлулықты қиялдан емес, шынайы өмірден іздейді. Қиялдағы, «алтын иек, сары ала қызды» емес, кәдімгі адамға тән ізгі қасиет пен шынай­ лықты шыншыл жырға айналдырды:

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да....[54, 15-б.]. З.Қабдолов Абайдың махаббат жырлары хақында өзінің таным қазынасында былайша ой қорытады: «Махаббат жырларының ішіндегі Абайдың ұлылығын, асқақ талан­ тын танытқан Пушкиннен аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері. Мұнда Абай жай аудармашы емес. Алдымен, өлеңмен жазылған ұзақ романның өз ақындық кредо­ сына керек жерін ғана таңдап алады. Пушкин Абайдың үлгілі ұстазы. Тақырыпты Пушкинмен қатарласа, жары­ са толғайды. Соның нәтижесінде Абай бұл аудармасын өз өлеңдерінің нұсқасындай, өз оқырмандарының түсінігіне лайықтап шығарған. Осы арқылы қазақ қыздарына Пуш­ киннің Татьянасын үлгі етіп ұсынып, феодалдық қоғамда­ ғы әйелді әлсіз, кем тұтар кертартпа көзқарасқа біржола үкім айтып, ескіліктің торын бұзып, торын талқандайды. Екінші жағынан, қазақ жігіттеріне «әйел де өзіңнің теңін, тең өскен досың» деген өсиетін айтып, Онегиннің тағды­ рын Пушкинше қалдырмай, оны ажал ауызына апарып, оқырманды содан сақтандырады. [12, 329-б.]. Абайдың ақындығы жайлы ертеректе І.Жансүгірұлы мынадай салиқалы пікір айтқан еді: «Абай – өлең түрін жасауға қызмет еткен жазушы. Абай бұрынғы қоғамдағы ел өлең-жырларының өлшеуін, парсы, шағатай, орыс ой­ шылдарының үлгісін кіргізіп, үлгілерін кеңейтудің үстіне араб, қазақ әдебиетін жаңалаған ақын. Сол түрлерге қа­ зақша тәтті тілмен қызықты мазмұн салып тыңнан тарт­ қан өз үлгісімен қазақ өлеңін байытқан ақын» [59, 41-б.]. Жоғарыда атап өткеніміздей, Абай сөз өнерін жоғары бағалаған данышпан ақын. Оның ұғымынша, өлең тек сырты, сұлу сөз бен жалаң ұйқасқа негізделмеуі қажет,

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым өлеңнің ішкі формасының «алтын», сыртының «күміс» қана болғанын қалаған ақын. Өз шығармашылығында осы үрдісті үзбей жалғастырып, шын мағынасында өз сөзіне мың мағына жүктей білген. Екі-ақ ауыз өлеңмен айтар ой маржанын асқан кемел көркемдікпен өрнектеп, әсем кестелеген. Әдебиет зерттеушісі Ә.Жиреншиннің пайым­ дауынша, Абай ақындығын көрсететін сипаттардың төр­ теу екендігін атап көрсеткіміз келеді. «Біріншісі – тіл ше­ берлігі, сөз көркемдігі, бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, септесіп жатады. Екіншісі – ақын ойының тереңдігі, аз сөзге көп мағына, философиялық мән беруі. Үшіншісі – поэзияның адам өмірі, қоғам тұрмысы, әлеуметтің тілегі­ нен туып отырды. Төртіншісі – поэзияның сыртқы көр­ кемдігіне, ішкі мазмұнының үйлесіп «іші алтын, сырты күміс» болуы форма мен мазмұның тұтастығы. Абайда осының төртеуі де толық кездесті. Сондықтан да ол төрт түлігі сай ақын» [39, 516-б.]. Зерттеушілер меңзегендей, ақиқатында Абайдың поэзия әлеміне терең үңіліп, оның кәусар бұлағынан мол сусын­ дап, төл әдебиетіміздің дамуына қосқан үлесі жан-жақты сараланып та дараланып та тұрады. Абайдың ұлы ақын­ дық дариясына, оның құралуына себепші болған қазақ­ тың бай ауыз әдебиетінің ойшыл-ақынға тигізген шапа­ ғаты мол. Төл әдебиетіміздің тұнық тұмасынан алған нәрі және өзінен кейінгі қазақ әдебиетіне, оның өкілдеріне берген нәрі мәңгілікке жалғасып отыратын рухани құнды­ лық. [55, 272-б.]. Қазақ өлеңінің құлагері І.Жансүгірұлы бұл жөнінде тө­ мендегідей зерделейді: «Абай – біздің көркем әдебиетіміз­ ге үлкен еңбек сіңірген, көп жаңалық кіргізген ақын. Ол бұрынғы қазақ өлеңінің арнасына тыңнан табыстар тауып, үлгілер қосты » [59, 42-б.]. Қалай десек те, Абай қазақ әдебиетінің сан ғасырлық өрлеу-өркендеу жолында өлшеусіз үлес қосып, «алтын ға­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ сырдың» көз жетпес көркем биігі болғандығы баршамыз­ ға аян. Абайдың рухани мұралары, Абай әлемі, абайтану тарихы хақында өнімді зерттеу жүргізіп, Абай болмысын, ақын есімін өзекті тақырып етіп, ғылыми айналымға ай­ налдырмаған зерттеуші ғалымдар кемде-кем. Соның ең бастапқы санатында «Қазақстан үшін екінші Абай» атан­ ған М.Әуезовтің тұғырлы тұлғасы бірінші тұрады. Өйт­ кені, әлемге абайды таныту арқылы қазақ деген қанағат­ шыл, мейірбан, қонақжай, иманды халықтың болмысын айқындап берген, академик-жазушының есімі ақын әлемі­ мен тығыз байланысты. Келешек зерттеушілерге бағытбағдар болатындай Абай әлемнің сан қырлы құпиясынан хабардар етіп, даңғыл жол, өрнекті із қалдырды. Акаде­ мик-жазушы өзінің бүкіл шығармашылық ғұмырын Абай­ ға, абайтануға барар жұмбақ әлемге арнаған еді. Сон­ дықтан энциклопедиялық ұлан-ғайыр білімі бар ғұлама ғалымның ардақты есімі қазақ әлемнің көгінде, данышпан Абай есімінен кейін әрдайым атала бермек. Осы ойымыз­ ды мына бір терең ғылыми мәні бар тұжырыммен бекіте түссек: «Мұхтар дарынының кең ауқымында ұлы жазушы таланты мен ірі ғалым-ойшылдың таланты табиғи ұшта­ лып жатыр. Оның жазушылық лабораториясында бір ғана көркемдік идея – ұлы Абай тағдыры асқақ міндет ретінде оның бүкіл өмірінде құлшынысына қанат берді де, өзінің өзекті тақырыбы да Абай болды, шығармашылық өмір жолының бастауында Абай тұрса, ғылыми қызметінде де Абай тұлғасы басты зерттеу объектісі болды» [60, 5-б.]. Қос кемеңгердің есімдері бір-бірімен тығыз байланыс­ қан ардақты есімдер. Екі тұлғаны бүтін бірлікте қарасты­ ру заңды құбылыс. М.Мырзахметұлы Абай мен М.Әуе­ зов мұраларын қатар қарастырып, екі ғұламаны тану мен танытуда қажырлы еңбек атқарып жүрген ғалымдардың бірі. Аталмыш ғылым салаларын зерттеу барысында екі тұлғаның мұраларын бүтін-бірлікте, бір-бірімен байла­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ныстырып зерделеу арқылы зерттеудің нақты жолын таба білді. Профессор Абай жөніндегі алғашқы еңбегінен бас­ тап («Абай Құнанбаев» Библиографиялық көрсеткіш 1965 ж.) абайтану саласын жүйелі зерттеуді қолға алды. Зерттеуші абайтану тарихын сонау ерте кезеңдер­ ден яғни 1889 жылы «Дала уәлаяты газетінде» ақынның «Жаз», «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңінің Көкбай атымен жариялануымен бастайды. Абай есімі халық ара­ сында білімдар, әділет жаршысы, әйел теңдігінің жақтау­ шысы, қоғам қайраткер ретінде кеңінен таралғандығына зерттеуші көптеген дәлелдер келтіреді. Мәселен, «Халық мұның жырлаған Абай поэзиясы революцияға дейін-ақ қазақ даласына әсері мол аса күшті рухани құбылысқа ай­ налып та үлгерді. Туған халқының көкейкесті арманы мен мұңын жырлаған Абай өлеңдеріндегі гуманистік, ағар­ тушылық сарындар сол тұста-ақ халық санасын баурап, көкірек көзін аша бастады. Абай шығармалары баспасөз бен қолжазба жолдармен таралып жатты. Ал кейбір өлең­ дері әнмен таралып, авторы беймәлім халықтық репер­ туарға айналып кеткенін орыс ориенталистері атап көр­ сетті де» [29, 8-б.]. 1993 жылы «Абай жүрген ізбенен» зерттеуіне негіз­ делген «Абайды оқы, таңырқа» атты кітапқа 1904-1924 жылдары Абай тақырыбында әртекті басылымдарда жа­ рияланған, әркімнің қолына түсе бермейтін аса құнды ең­ бектер енді. Академик-жазушының зерттеулерінен Абай әлеміне қатысты бағыт-бағдар алмай, абайтануды жанжақты зерделеу мүмкін емес. Сондықтан «М.Мырзах­ метұлы – М.Әуезов сияқты құпиялы кілтін» тапқан абай­ танушыдан кейінгі өмір жолын ақын мұрасын зерттеуге сарп еткен, соның нәтижесінде қоғамдық қордалы ойға қомақты үлес қосқан ғылымгер. Евроцентристік көзқарастың үстемдік еткен тұсында қысым көріп, кеңестік идеологияның ызғарына ұшыраған

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ М.Әуезов сол кезеңнің қойған талабынан шыға алмай, түбіне терең бойлай алмаған алайда ұғымтал адамға бай­ қалар ұрымтал тұстарын астарлап көрсетіп беріп кеткен бағытын дөп басып, тылмысын тереңдетіп аша білді. Ға­ лымның абайтануға жаңа бетбұрыс жасаған күрделі ең­ бегі – «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» (1982 ж.) монографиясының «Абай өмірбаяны – абайта­ нудың іргетасы» деген бірінші тарауында М.Әуезов жаз­ ған Абай өмірбаянының төрт түрлі нұсқасын салыстыра өзгешеліктерін мұрағаттағы тарихи деректермен дәйектей отырып, ғылыми дәлелді ақиқат тұжырымдар жасады. Академик-жазушының қаламынан туындаған Абайдың ғылыми өмірбаяны – абайтану саласындағы өнімді, бі­ регей еңбек. Абайдың қазақ әдебиетіндегі айрықша ор­ нын айқындау барысында ғылыми дәлелдер мен ақиқат­ қа негізделген ақын ғұмырнамасын жасау М.Әуезовтің абайтану ғылымына қосқан зор үлестерінің бірі. Ал ака­ демик-жазушының Абай әлеміндегі атқарған еңбектерін, Абайдың қазақ әдебиетіндегі ерекше бір қырын келешек ұрпаққа таныту мақсатында абайтану мен мұхтартанудың жүгін арқалап жүрген М.Мырзахметұлының еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған рухани құнды­ лықтар. «Абай және қазақ әдебиеті» тақырыбы кез келген әдебиеттанушы ғалымдарды бей-жай қалдырмады. Әр зерттеуші осы салаға өзіндік өргегін һәм түрлі қолтаң­ басын кескіндеді. Аталмыш тақырыпқа байланысты ға­ лым да қалам тартып, өзінің тұжырым-пікірлерін білдіріп отырды. Профессор бұл жайында: «...Абай және қазақ әдебиеті мәселесі өз алдына жеке арнайы зерттеу мен кө­ лемді монографиялық еңбекті талап етеді» [50, 290-б.], – деп осы тақырыптың өзектілігіне арнайы тоқталып, пікір білдіреді. «Абай және қазақ әдебиеті» тақырыбы абайтану саласының бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі бо­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым лып саналады. Осындай өзекті мәселені көтеріп отырған ғалымның жоғарыда айтылған пікірі ақиқатқа негізделеді. Академик З.Қабдолов ғалым жөнінде: «Бұған қоса айта­ рымыз – Мекемтас Мырзахметовтың Абай ақындығына әр қырынан барлау жасап, байсалды зарттеу жүргізіп жүр­ ген ғалым екенін білетінбіз. Мәселен, оның ақын өлең­ дерін текстологиялық тұрғыдан тексеруі әдеби жұртшы­ лыққа кезінде әп-әдемі әсер қалдырғаны бар. Енді міне, өзінің жаңа зерттеуінде абайтанудың туу, қалыптасу һәм дамуына байланысты бірқатар келелі мәселелерді кеңірек байыптауға күш салған. Өзі Мұхтар Әуезовтің әдеби-ме­ мориалды музейінде орнығып отырып ап, ғалым-жазу­ шының әдеби-ғылыми архивін еркін аралауға мүмкіндік алғанынан болуға тиіс, М.Мырзахметовтің талдаулары мен толғаныстары қалың көпшілікке бұрын-соңды көп таныла қоймаған тың фактілерге негізделіп, эстетика­ лық ой-пікірлері мен түйін-тұжырымдары көбіне нақты да затты шыққан. Жұмыстың тартымдылығы да осынау жаңалығында, мазмұн сонылығында жатыр» [61, Б. 153156]. Шындығында профессордың Абайға қатысты көп жылдық зерттеулері ұлт руханиятын заңғар көкке көтеру­ ге себеп болатын салмақты да салиқалы дүние, бұл – ұзақ уақыт бойына сарылып ізденудің, табандылықпен тер тө­ гудің асыл жемісі. М.Мырзахметұлының аталмыш еңбегінің жемісі жа­ йында белгілі ақын, профессор Ә.Тәжібаев: «Маған Мырзахметовтың М.Әуезов архивін ұзақ мезгіл зерттеуі де ұнады. Атақты жазушының Абайға байланысты мате­ риалдарды ізденуі сол сапарларында жүздеген адамдар­ мен сөйлесіп, естігендерін жазуға, сол жазғандарын ұзақ сұрыптағандарын диссертант түгел қамтыған. Мұхаңның бір сөйлемін, бір сөзін жібермей бақылап отырып, оларды ғалымның деңгейіне лайық ғылыми жүйеге түсірген. Со­ дан болуы керек мен Мұхаңның архивін өзім зерттегендей

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ сезіндім.... Осы адамның Абай туралы романы мен Абай­ ды танытар ғылыми жұмыстарының бірлестігінде әрең аңғарылар бір нәзіктік бар... Маған мұны да дұрыстап аңғартқан Мекемтас кітабы. Соған қарап мен диссертант бізге Әуезовтің абайтану ғылымын баяндаумен қатар, Әуезовтің өзін таныту ғылымына да шындап ат салысып отырғандай көрінді....» [62, Б. 76-77], – деп пікір толғай­ ды. Тұжырымдар легін жай ғана үстірт айта салу оңай іс тәрізді. Алайда оны ғылыми талдаулар арқылы, дәйекті дәлелдер келтіріп, ғылыми ақиқатты айқындау жолында ғалымның аз еңбек сіңірмегеніне аталмыш пікірлер желісі нақты дәлел бола алады. Абай поэзиясының, ұлттық дүниетаным кеңдігін, шы­ ғыстық өрнек-үлгілерді ғылыми жүйемен баяндау тұсын­ да ғалымның сезімтал сана биігінен салиқалы ой түй­ гендігіне куә боламыз. Профессор Абайдың сөз өнерінің тегі мен түрі жөнінде білдірген құнды бағамдарын айқын­ дады. Мәселен, поэзия мен проза жанрын Абай қазақы ұғымға сай «қара сөз», «өлең сөз» деп атайды. Ақынның көг өлең өлшемімен жазылған «Білімдіден шыққан сөз» өлеңіндегі желілі ұйқас біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ға­ сырдағы түркі поэзиясында кездесетін өлең өлшемі. Осы орайда профессор Н.Келімбетовтың мына бір пікірін бере кетуді жөн санап отырмыз: «Көне түркі поэ­ зиясының көг өлшемі негізінен а-а-а-ә; б-б-б-ә; в-в-в-ә; түрінде келеді... Ежелгі түркі жырларына тән ұйқастың мұндай түрі бертін келе қазақтың ақын жыраулары поэ­ зиясынан да кең орын алғаны мәлім... Көне түркі ауыз әдебиеті тудырған мұндай жыр өлшемін ұлы Абай өзіне ғана тән шеберлікпен жазба әдебиетте көркемдік дәстүр ретінде жалғастыра түсті. Мәселен, Абай өзінің «Білімді­ ден шыққан сөз» деген өлеңінде: Әбілет басқан елерме, а Сөзге жуық келер ме? а

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Түзу сөзге сенер ме, а Түзелмесін білген ез?» ә

«Айтшы-айтшылап» жалынар, б Ұққыш жансып шабынар. б Ұқпай жатып жалығар, б Ұйқылы-ояу бойкүйез – ә дейді. [63, 37-б.]. Құпия жазу сыры ашылғанда әдебиетіміздің тарихы VII ғасырдан басталғандығын тілге тиек еткен едік, М.Мыр­ захметұлының дәйекті дәлелдері түркі-қазақ әдебиеті та­ рихын біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырға жетелейді. Абай өлеңіндегі арнайы көңіл бөлінетін уәзін сөзін – ға­ лымның өлең сөздің теориясы жайлы ғылыми ұғым деп бағалап, оған ғылыми анықтама, сараптама жасауы көңіл қуантарлық зерделік. «Абай өз шығармаларында қазақ өлең құрылысының табиғатына сай бармақ уәзінін де жа­ ғалап көреді. Өйткені өзі еліктеген шығыс классиктерінің бәрі де мәт уәзіні негізінде жазған, сол жолда теориялық ойлар да толғаған болатын» [64, 31-б.]. Абайдың шығыс классиктерінен қазақ әдебиетіне ендір­ ген өлең өрнегіндегі тың жаңалықтарды екі өлеңде, яғни «Білімдіден шыққан сөз», «Келдік талай жерге енді» өлеңдерінде жатқандығына баса назар аударған. Мәселен, «Бұл өлеңдегі сегіз шумақтың барлық өлең жолдары жеті буынға түсірілген. Бірінші шумақтан басқа шумақтардың бәрі де ғаруз ұйқасымен берілген. Бірінші шумақ кәнігі қара өлең ұйқасымен берілсе де, мұндағы ұйқастың жеті буынды өлеңде тұруының өзі көңіл бөлер ерекшелігі бар құбылыс.... Шығыс классиктерінде, әсіресе, Науаида, Қожа Ахмет Иасауида мейілінше мол қолданылған ға­ руз ұйқасын Абай ала отырып, өзіндік мүлде жаңа, ғажап өлең өрнегін жасаған» [64, 34-б.].

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Абай жасаған осындай өлеңнің бастапқы моделін, ілкі төркінін М.Мырзахметұлы сонау түркі тілді халықтар поэзиясының XІ ғасырдың арғы қойнауынан іздестіреді. Оған дәйекті ғылыми дәлелдерін айқын көрсетеді. Дәлел ретінде XІ ғасырда Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік» кітабында хатқа түскен өлең шумақтарындағы өлең өрнектерін ұсынады. Ғалым осы хақында тұңғыш батыл қадам жасап, өзіндік таным қазынасында былайша парасатты ой түйіндейді: «Бұдан шығатын пікір түйіні: Абай өлеңіндегі буын, бунақ, ұйқас әрі әр шумақтағы соң­ ғы өлең жолындағы ұйқастардың бірыңғай үндес сөздер­ мен келуі Махмұт Қашқари сөздегіндегі өлең моделімен тектес, туыстас екендігі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Бірақ, М.Қашқари сөздегіндегі өлең мен Абай өлеңін­ дегі қиыннан қиыстырып іштей түлеп жаңарған әрі ойна­ қы әсем үйлесімше құрылған өлең өрнегін сырттай қара­ ғанда қаншылықты ұқсас, тектес десек те, екі аралықтағы сапалық секірістің қай дәрежеде болғандығы жай қараған кісіге де сезіліп тұр. Бұл іспеттес сапалық өзгерісті бастан өткізіп, түбірлі өзгеріске түскен қайталанбас жаңа өлең өрнегіне айналып, қайта қорытылудан жасалған теңдесі жоқ ерен құбылыс» [64, 35-б.]. Ғалым осы қалыппен келесі «Келдік талай жерге енді» өлеңдегі бөлекше ғаруз ұйқасымен және түрліше қазақы ұйқастарды қатар қолдану арқылы жаңаша салынған өлең өрнегін дәлелдеген. М.Мырзахметұлы Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан тағы бір қомақты үлесін, ерекше өлең моделін көрсетеді, оны түркі тілді халықтар поэзиясының XІ ғасырынан іздестіреді. Ғалымның осы бағытта абайта­ нудың көкейкесті мәселелерінің тағы бір қырын айқын­ дай түскендігін дәлелдейді. [65, 118-б.]. Профессор Абай шығармаларындағы жиі кездесетін күрделі ұғымдардың қарапайым мағынада берілген түр­ лерінің сырын, ғылыми мағынасын барлай отырып аш­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым қан. Сондай-ақ ақынның көркемөнер туралы кейбір, теориялық тұрғыдан айтылған ойларының желісін «Ба­ бырнаманы», «Кабус-нәманы», «Құтадғу білікті» тікелей оқып-танысуының нәтижесі екендігін ескертеді. Атал­ мыш қайнар көздердің әрқайсысын жекеше түрде зерттеп, Абай көзқарасының іліктестігін ғылыми негізінде талдап һәм нақтылап берген. Ғалымның тағы бір ғылыми тұжырымы – Абайдың қа­ зақ поэзиясына егізген жаңалығының бірі шалыс ұйқас түріне қатысты. Нақтылы деректер көзіне сүйене отырып, қазақ поэзиясында шалыс ұйқас болмаған немесе Абай шалыс ұйқасты алғаш рет орыс әдебиетінен алды деген жалаң, дәлелсіз болжамдардың жалған екенін ғылыми талдаулары арқылы жоққа шығарады. Зерделі зерттеуші шалыс ұйқастың Абайға дейінгі қазақ және түркі халық­ тары поэзиясындағы орын алу тарихын зерттеушілердің зерделеп зерттемегендігін айқындайды. Абайтанушының өзін сөйлетсек: «Шынына келсек, Абай ендірген шалыс ұйқас түрінің түп-төркіні, шығар көзі көне түркі тілді халықтар жолында пайда болған тума құбылысқа барып тіреледі. Екінші жағынан, Абайдың орыс өлеңі уәзініне үңіле зерттеп танысуы, Пушкин, Лермонтовтарды ауда­ ру тәжірибесінің өз ықпалын, тигізген ізгілікті әсерін де көреміз. Абайдағы бұл тектес шалыс ұйқас өрнектерінің бастау алар түп-төркіні көне түркі поэзиясы мен қазақ өлеңінің қойнауында жатқан тума құбылыс әрі орыс поэ­ зиясындағы өлең өрнегін ақындық електен өткізіп барып бойға сіңіруден туған ізденістің жемісі деп білуіміз керек» [64, 189-б.]. Ақиқатында Абай қазақ орыс әдебиетінің рухани қазы­ наларын қатар алып жетіліп, өз поэзиясы арқылы қазақ өлеңінің өрнегіне, шалыс ұйқастың белгілі бір заңдылық­ тарына табан тірей отырып, оның классикалық қазақы өр­ негін қалыптастырып кетті. М.Мырзахметұлы Абайдың

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ шалыс ұйқасты қалыптастыру бағытында өзіне дейінгі ауыз әдебиеті мен көптеген ақындардың өлеңдерінде тамтұмдап болса да орныққан тәжірбиесіне сүйене отырып қалыптастырғандығын ұғындырады. Абай осы жолда күллі түркі тілді туысқан халықтар поэзиясындағы тұрақтана бастаған шалыс ұйқастың жеті буынды, жеті-сегіз буынды өлең түріндегі өрнектерін ес­ кере отырып, жоғарыда атап өткендей, ақындық тәжір­ биелерді өз мұраларында іздене отырып, жаңғарту нәти­ жесінде сегіз буыннан, соңғы бунағы да осы ізбен, ұдайы үш буынмен келетін шалыс ұйқастың бірінші түрін қа­ лыптастырған: Жастықтың оты // қайдасың, 5 3-а Жүректі түртіп // қозғамай 5 3-б Ғылымның біліп // пайдасын, 5 3-а Дүниенің көркін // болжамай 5 3-б Ал, Абай енгізген шалыс ұйқастың екінші түрі: Келді жанға // жылы тиіп, 4 4-а Жарым жақсы // киім киіп. 4 4-а Диуана болды // бұл көңілім, 4 4-б Басылмай бір // құшып сүйіп, – 4 4-а деген бейнеде екі бунақты, әр бунағы төрт буыннан ке­ летін қазақы ұйқастың мүлде соны түрі өткен дәуір поэ­ зиясында, кейде мақал, жоқтау жанрларында өлең жолы­ ның алғашқы бунағы төрт буынды, соңғысы бес буынды немесе 4-5 буынды болып келетін түрлері аракідік ұшы­ расады. Профессор ақынның осы ерекшеліктерді ескере оты­ рып, қазақы ұйқастың екінші түрін қалыптастырғанын айтады, сонымен қатар қазақ поэзиясына Абай енгізген

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым қазақы ұйқастың бұл түрін, бірінші түріндей, халық поэ­ зиясында кеңірек қолданысқа түспегендігін де ескертеді. Қалай болған күнде де абайтанушы ғалым көрсеткендей игі дәстүрді шеберлікпен дамыта отырып, Абай 1888 жылы жазылған «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінен бастап шалыс ұйқасты алғаш рет қолдана бастаған. Осы дәйекті дәлелдердің барлығы ақынның қыры мен сыры мол жұмбақ әлемінің тылсым құпиясын ғалымдық те­ реңдікпен, дәлдікпен, пікір сонылығымен талдап берген М.Мырзахметұлының еңбегінің нәтижесі. Абайтанушы ғалым Абай әлемнің қайнар көздерін қазақ әдебиетімен байланыстыра отырып, ақынның халқымыз­ дың бай ауыз әдебиетінен алған нәрін ақындық шеберлік­ пен дамыта отырып өзгенің сусындар нәріне айналдыр­ ғанын ғылым сарабына салады. Оған жоғарыда сөз еткен пікірлеріміз дәйекті дәлел. Осы еңбектері арқылы абай­ тану саласының ғылыми ауқымының кеңеюіне зор үлес қосты. Сонымен қатар профессор: «Абай мұралары төңі­ регінде жүргізілетін келер күннің істері осы бір ұлы мақ­ сатқа арналуы керек» [55, 277-б.], – деп ақын мен қазақ әдебиеті тақырыбын бүгінгі тәуелсіздік тұрғысынан са­ раптау қажеттілігін күн тәртібіне қояды. Және ақынның нәр алған арналарын зерттеудің маңыздылығы жөнін­ де: «Бұған дейін біз Абайды өзінің үш ұлы арнасында ала отырып таныту міндетін алға тарттық. Ал мұның өзі бірінші кезекте, әрі ақын шығармаларының барлық елеулі өзгешеліктерін, қасиеттерін кеңінен қамтып, тұтастай те­ рең зерттеуді, жан-жақты талдауды қажет етпек. Яғни ака­ демиялық дәрежедегі ғылыми зерттеу еңбек қажет» [55, Б. 275-276], – деп академиялық деңгейде зерттеуді талап ететін нәр алған үш рухани арналарын зерделеуді тілге биек етеді. Оның ішінде қазақтың бай ауыз әдебиетінен алған нәрінің орны ерекше екендігін баса айтқанымыз орынды.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ М.Әуезовтен кейін аталмыш салада еңбектенген ғалым­ дардың көпшілігі академик-жазушыны түрліше деңгейде қайталап, әрі бара алмағаны шындық. Абайға тереңдеп бара алмаудың себебі – М.Әуезовті толық меңгермеулерін­ де болды. Себебі, Абайды ғұлама ғалымның бағытынсыз тану қиынның қиыны әрі өте күрделі іс еді. Ақынның есімі ғұлама академик-жазушының тағдырымен тікелей байла­ нысты. М.Мырзахметұлы осы тақырыпқа қалам тартқан әдебиетшілердің көбісінің дерлік ғылыми негізсіз жалаң тұжырымдарға ұрынғанын сын тезіне салады. Профессор әркімнің тісі бата бермейтін күрделі мәселені кеңес зама­ нында-ақ қозғап, академик-жазушының тұжырымдарын зерттеушілердің естеріне ауық-ауық салып, өзі де осы ар­ қылы байлам жасады отырды. М.Мырзахметұлы – бүгінгі ғылым әлемінде абайтану мен әуезовтану салаларына ғалымдық қарымымен үлес қосып, ғылыми еңбектерімен баршаға танылып, мойын­ далып отырған еңбекқор ғалым. Хакім Абай, кемеңгер Мұхтардың өнегелі өсиеттері мен даналық маржандарын бойына жинақтап, абайтану, әуезовтану атты өміршең қос арналы ғылым салаларын зерттеп, насихаттауда табысты еңбек етіп келе жатқан тұғырлы тұлға. Қорыта келгенде, осы тарауда М.Мырзахметұлының Абай және қазақ әдебиеті мәселелелеріне байланысты берілген ғылыми тұжырымдарына тоқталып өттік. Онда мынадай мәселелер қарастырылады: Біріншіден, Абайдың ойшылдық дүниетанымының ке­ ңеюіне, ақындық шеберлігінің шыңдалып, азаматтық жо­ лының қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс хал­ қымыздың бай әдеби қазынасы екендігінің сарапталуы; Екіншіден, ақын туындылары мен ауыз әдебиеті арасын­ дағы түбірлі, тарихи тамырластықтың зерделенуі, яғни ойшыл шығармаларында ауыз әдебиеті белгілері мақал-

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым мәтелдердің, қанатты сөздер мен жұмбақтардың көрініс табуының ғылым сарабына салынуы; Үшіншіден, ақын өлеңдеріндегі ежелгі түркі тілдес өлеңдерге тән ортақ құбылыстардың жиі ұшырасуының ғылыми бірізділікке түсірілуі; Төртіншіден, Абай өлеңдерінде көңіл бөлінетін уәзін сөзі – өлең сөздің теориясы жайлы ғылыми ұғым деп баға­ лап, ғылыми анықтама берілуі. Ақын өз шығармаларын­ да қазақ өлеңінің құрылысына тән бармақ уәзінін негізге алып, өлеңдерін осы өлшеммен жазғандығының сарапта­ луы; Бесіншіден, «қазақ поэзиясында шалыс ұйқас болмаған немесе Абай шалыс ұйқасты алғаш рет орыс әдебиетінен алды» деген болжамды ғылыми негізде жалғанға шы­ ғарып, ақындағы бұл тектес шалыс ұйқас өрнектің түп төркіні – көне түркі поэзиясы мен қазақ өлеңінің қой­ науында жатқан тума құбылыс екендігін, яғни Абайдың қазақ поэзиясына шалыс ұйқастың түрін енгізген жаңалы­ ғының зерделенуі.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ 3. Абай және Шығыс мәселелерінің бүгінгі әдебиет­ тану ғылымында зерделенуі М.Мырзахметұлы – абайтану әлемінде өзіндік қолтаң­ басымен айқындалып, абайтану асқарын биік-биік заң­ ғарларға көтерген ғалым. Абайтану әлемінде ешкімге ұқсамайтын һәм ешкімді қайталамайтын бедерлі бейне қалдыруымен қатар, ұлттық рухты, ұлттық сана мен ұлт­ тық мүдде жолында тер төгіп, еңбек етіп келе жатқан аза­ мат екендігі баршаға аян. Өткен тарих қойнауы мен әде­ биет дүниесіне тереңнен үңіліп, көз тастасақ, дана Абай туралы әрі оның рухани мұралары хақында зерттеулер жүргізіп, салиқалы ой, салмақты сөз айтпаған зерттеуші кемде-кем. Алайда осы кешенді зерттеулердің баршасы да дана Абайдың, «жұмбақ» Абайдың ішкі рухани әлемін, жүрегінің тылсымға тұнған сырлы құпиясын, жанының жұмбағын толыққанды шеше алды ма? Шешкен жағдай­ да да қандай дәрежеде деген сауал әркімнің көкірегінде туындайтыны ақиқат. М.Әуезовтен кейін қаншама уақыттар өрнегі көз алды­ мызға тізбектеліп, мерзім желі өз бағытымен соқты. Сол кезеңнің сұрапыл сағаттары солақай саясат шеңберімен ғана соғып, ащы ақиқаттарды, батыл қадамдарды жасауға мүмкіндік бермеді. Академик-жазушы сол кесірлі кезеңнің қат-қабат қиындықтарын басынан өткеріп, идеологиялық тар шеңберден шыға алмады. Оған дауылды жылдардың тұманды күндері де ерік беріп, оңтайлы, ұрымтал сәт ту­ дырмады. Сондықтан академик-жазушыға дейін бір кезең болды, кемеңгер ғалым дүниеден озғаннан соң абайтану біраз тоқталды. Кейіннен академик Қ.Жұмалиев кадрлар даярлай бастады. Талапты, ғылымға бейім шәкірттердің бірі – ғалым Мекемтес Мырзахметұлы болды. Ұстазының берген бағытымен басталған абайтану әлеміндегі соқпағы бүгінде даңғыл жолға айналғаны ақиқат. Ғалымның абай­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым тану тарихына, Абай әлемінің сан қилы жұмбаққа толы күр­ делі мәселелеріне қатысты ғылыми еңбектерінің мәні зор. Ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан танып-білу жолында­ ғы ізденістердің көп тоқтаған мәселесі – Абай дүниета­ нымы мен ақын мұрасының рухани нәр алған арналарына келіп тірелетіні еді. Ақын мұрасының бұл жағы кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарынан бастап-ақ бірінші қойы­ луының себептері бар. 30-жылдардың соңына дейін Абайдың әдеби мұра­ сы жайлы болып келген пікір айтысындағы басты талас Абай дүниетанымы маңына үйірілді. Мұның дұрыс ба­ ғытта шешілуіне сол дәуірдегі біздің әдебиетімізде кеңі­ нен орын тепкен тұрпайы социологиялық, формалистік, компаративистік сияқты түрліше жат көзқарастардың зардабы аз тиген жоқ. Сондай-ақ зерттеуге даярлығы бар дарынды ғылыми мамандар жетіспеді, яғни барының өзі саналы түрде қуғындалып, өмірден аластатылып жат­ ты. Айтылмыш себептерге байланысты соғысқа дейінгі дәуірде Абайдың дүниеге көзқарасы арнайы ғылыми зерт­ теудің нысанасына алынбай, ат үсті сөз етіліп келді. Ой­ шыл ақынның дүниетанымын танып-білу, ақын нәр алған рухани бұлақ көздерін зерттеу ісі, ақынның 100-жылдық мерейтойы қарсаңында кең өріс ала бастады. Ақын мұрасының бұл сияқты күрделі саласын зерт­ тей отырып, зерделі пікір айтуға М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Н.Сауранбаев, Т.Елеуов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Жиреншин тағы басқа ғалымдар қатысты. Бұл кезең­ дерде Абай рухани нәр алған қайнар көздерді анықтаудың міндеті алға қойылды. М.Әуезов Абай шығармаларының нәр алған қайнар көз­ дерінің үш арнасы жайындағы өзекті мәселені отызыншы жылдардың ортасында көтергені белгілі. Академик-жазу­ шының бұл еңбегі жайында пікір айтқан М.Мырзахметұ­ лының: «Абайдың әдеби мұрасының рухани нәр алған үш

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ бұлағы жайлы тұңғыш рет тың пікірді М.Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянына арналған еңбегінің алғашқы нұсқа­ сында айтса, кейіннен 1934 жылы көп даярлықпен келіп жазған «Абай ақындығының айналасы» деген ғылымитеориялық мақаласында бұл ой-толғамдарын нақтылы әрі кең тұрғыдан тұжырымдаған еді» [64, 5-б.], – деген тұжырымының біздің зерттеуіміз үшін мәні зор. Ал профессор Н.Сауранбаев Абай көзқарасының қалып­ тасуына ықпал еткен құбылыстардың тарихи екі негізі бар деп көрсетсе ( бірі – қазақ халқының мәдени-рухани халін терең талдап зерттеуден туған; екіншісі – Батыс пен Шығыстық дүние ғылымымен танысудан туған), Ә.Қоңы­ ратбаев, Ә.Жиреншин, Т.Елеуовтер өз пікірлерін ортаға салғанымен, бұл дүниелерді арнаулы зерттеу жұмысы деп қарастыруға келмейді. Себебі үшеуі де өздерінен бұрын айтылған пікірлер мазмұнымен шектелген. Мәселен, Т.Е­ леуов Абай дүниетанымының нәр алған саласын: а) XIX ғасырдың 2-ші жартысындағы қазақ қоғамының мате­ риалдық болмысы мен б) озық ойлы орыс мәдениетінен іздеу керек деген. Осы арқылы өзге зерттеушілер пікірін қайталаған. Бұндай олқылықтар Ә.Жиреншин мен Қ.Бей­ сенбиевтің монографияларында тағы да қайталанады. Бұл зерттеулер Абай дүниетанымының қалыптасуында үлкен мәні бар халқымыздың рухани қазынасын ескермейді. М.Мырзахметұлы көзқарасынша: «Өйткені қандай да­ рынды өнер иесі болса да халық даналығынан нәр алмай, оны табиғи жолмен сіңірмей, үйренбей өнер тұғырына шыға алмайды, яғни бұл саладан аттап өтуге болмайды» [29, 45-б.]. Сондықтан тұрпайы социалогизмнің ықпалын­ да бір ғана бағытты ұстаған зерттеушілер Абайдың дүние­ ге көзқарасының қалыптасуында белгілі деңгейде ықпа­ лы болған Шығыстың рухани қазына көздерін мүлдемге атаусыз қалдырды.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Сондай-ақ сол кезде «Шығыс» сөзін кертартпалықтың көрінісіндей қабылдап, ат-тонын ала қашатын кесірлі саясаттың үстемдік етіп тұрған кезеңі еді. Дана Абайдың шынайы тұғырлы тұлғасы, хакім бейнесі өткен уақыттың тұманында ашылмай жасырын қалды. Алайда уақыттар тізбегі өте келе, елімізде егемендіктің самалы есіп ақын­ ның Шығыс әлеміне, мұсылман дүниесіне қатысы барын­ ша ашылып, Абайдың иманды жүрегінің құпия жұмбағы біршама шешімін тапқандай болды. Ақынның биік бей­ несі тұғырлана түсті. Аталмыш ой бедері көрнекті ғалым Р.Бердібайдың ма­ ғыналы пікірлерімен анықтала түседі. «Жылдар бойында үзіліссіз зерттелініп келген Абай мұрасының әлі күнге дейін «басы ашылмаған» немесе атүсті біржақты баян­ далған тұстары аз емес. Солардың қатарында ақынның шығыс поэзиясынан алған тағылымының орны мен мәні, діни көзқарасы секілді күрделі мәселелер бар. Рас, соң­ ғы жылдарда ақын мұрасының шығыс көркемдік мәде­ ниет дәстүрімен сан қырлы байланысы сөз бола бастады, кейбір еңбектерде арнаулы тараулар да орын алып келеді. Мұның бәрі, әрине, игі ұмтылыстар, бірақ оларды алдағы кезде жүйелі концептуальды түрде тексеруге болмайды. Біз бұл күнге дейін шығыс поэзиясы дегенді тұтасымен ғана жалпылама алып келеміз» [66, 83-б.]. Абайдың шы­ ғыспен байланысы жүйелі зерттеуді қажет ететін келелі мәселелердің бірі. Хакім Абай мен кемеңгер М.Әуезовті тану мен таныту жолында жарты ғасырға жуық өмірін арнаған М.Мыр­ захметұлы академик-жазушының ақын мен Шығыс әлемі хақында сол кезеңде айта алмай кеткен ақиқатының емеурінін түсініп, осы бағытта зерттеулер жүргізді. Зерт­ теушінің ғалымдық қасиеті жайында, ғылыми еңбектері туралы пікір айтып, баға берген Құлмат Өмірәлиев пен Советхан Ғаббасов болды. Қ.Өмірәлиев замандасы ха­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ қында: «Құбылысты көру үшін, оның өзгелерден бөлек­ тенетін, өзінің мәнін белгілейтін ерекше басты қасиеті не екенін тану үшін жалаң құбылысқа деген жүрек қа­ лауы, патриоттық сезім, жетекші көзқарас керек. М.Мыр­ захметұлында зерттеуші әрі ғалым ретінде осы ерекше дүниелердің біразы тоғысқан» [62, 116-б.], – деп жоғары баға берген болатын. Ал ғалым-жазушы С.Ғаббасовтың: «...Бұл мәселе ха­ қында тас қараңғы меңіреу ортаның фонында көрінген М.Мырзахметұлының хауас жайында кең толғап жазуы, түн қоюлығын сейілткен ой арығындай нұрлы да сүйкімді әсері барын ризашылық сезіммен атап өткенді жөн кө­ реміз» [62, Б. 148-154], – деген пікірінен ғалым еңбегінің жемісін, жетістігін аңғарамыз. Абайтанушының «Мұхтар Әуезов пен абайтану проб­ лемалары» атты еңбегінде: «Ақын мұрасы саны мыңнан асып, абайтану саласында жазылған ірілі – ұсақты дерек­ тер саны төрт мыңға жетеді» екен. Бұл 1982 жылға дейін белгілі болған екен, ал одан бері ширек ғасырға жуық уа­ қыт ішінде қанша автор қосылғанын шамалауға ғана бо­ лады, қалай болған күнде де жүздеп қосылғаны анық. Алайда, ғалымға дейін және оның тұсында абайтану мен мұхтартануға соншама қаламгер жаппай атсалыс­ қанда, солардың ішінен неліктен әдебиет зерттеушісін абайтану мен әуезовтану әлемінен есімін ардақтап, ерен құрмет көрсетіп, бөле-жара айтамыз. Себебі, М.Мырзах­ метұлы аталмыш қос саланың асқарында өткел бермес асуларды көктей өтіп, қат – қабат Абай әлемінің Шы­ ғысқа қатысын, мұсылмандық дүниесін жете танып, зерттеу нысаны ретінде алып, ғылыми айналымға енгізді. Тұрпайы социологизм тұсында қалыптасқан тар шең­ берді тас-талқан етіп егеменді елдің, бостандықты аң­ саған азат елдің асқақ рухы мен ұлттық мүддесін, ұлттық санасын оятатын рухани, ғылыми еңбектері

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым нәтижесінде өз биігінің іргетасын басқалардан өзгерек һәм жоғары қалады. М.Мырзахметұлы өз халқының пат­ риоты, шындық пен әділет жолында табаны таймаған, турашыл, иманды, ғылымға берілген адал азамат. Абай армандаған «толық адам – инсани кемел адам» үлгісін берік ұстанған тұлға. Өз халқын, өз ұлтын ыстық ықы­ ласпен, нұрлы көңілмен иманигүл (үш сүю) деңгейінде сүйе алмаған адамнан нағыз ұлтын ұлықтайтын, халқы­ ның мақтанышына айналар ғалым да, көсем де шықпақ емес. Ғалым не жазса да өз ұлтының рухани құндылық­ тарын байытуға бағыштап, еліне оның мүддесіне не ке­ рек екенін, ненің зиянды, кесапатты екенін біліп барып жазды. М.Мырзахметұлы абайтануға әуезовтану арқылы барып зор табысқа жетті. Профессор Абайды танудың, танытудың ендігі жолы М.Әуезовтің ақын жайлы еңбек­ терін танудан, соларды зерлеп, зерттеп білуден, қысқасы, әуезовтанудан басталуы тиіс екендігін тілге тиек етеді. Әдебиет зерттеушісі М.Әуезов тануындағы абайтанудың көкейтесті мәселелерін айқындап берді. Олар: Бірінші, М.Әуезов танытуындағы абайтану тәрізді ғылым саласының қалай басталып, қалай да­ муын, оның қалай дараланып қалыптасып шығуын тиянақтау арқылы абайтанудың кемел тарихын жасап берді. Екінші, М.Әуезов салған соны сүрлеуді даңғыл жолға айналдыру үшін Абай мұрасының Шығысқа қатысын анықтап, дәлелдеп беруге барша күш-жігерін, ақылпарасатын жұмсады. Ақынның Шығыспен байланысын саралауда әрдайым академик-жазушының ой тұжырымда­ рын басшылыққа алып отырады. «Абай шығармаларының нәр алған бір қайнары – Абай мұрасының шығысқа қатысын өзінің зерттеу еңбектерін­ де М.Әуезов негізінен үш салаға топтастыра, олар жайлы танымның өзекті желілеріне жеке-жеке тоқтай отырып,

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ нақтылы түрде анықтама беруге әрекет еткені байқалып тұр. Бұларды бас-басына атап өтер болсақ былайша бо­ лып шықпақ: а) Абай және Шығыс классиктері, ә) Абай­ дың исламиятқа қатысы, б) Шығыс хакімдерінің, ойшыл даналарының ортасында ғасырлар бойы мол сөз болған мораль философиясы жайлы мәселелерге қатысы» [64, 25-б.], – деп Абай мен Шығыс арасындағы сабақтастықты зерделеген М.Әуезовтің тамаша тұжырымын тілге тиек етеді. Ойшылдың Шығысқа қатысы дегеніміз, мыңжыл­ дықтарды көктей өтіп жатқан қат-қабат ислам негіздері қаланған Құран Кәрім мен Хадис Шәріптің, мұсылман ғұламаларының том-том тәпсірлері мен философиялық трактаттарының, сондай-ақ, Шығыстың жеті жұлдызы бастаған ақындарының жауһарларынан Абай нені үй­ ренді, нені игерді, оны өз шығармаларында қалай пай­ даланды дегенге саятын аса күрделі тақырып. Ақын нені үйренді, нені игерді деген мәселеге белгілі мұхтартанушы ғалым Т.Жұртбайдың: «Абайдың шығыс классикасынан дәріс алуы үш бағытта өтті. Біріншісі – таза шығыстың классикалық поэзиясынан үйренуі.... Шығыс ғұламалары­ нан сусындаған екінші қайнары – дүниетаным, жараты­ лыстаным, араб, иран, түркі, ислам тарихы, ахлах (этика), мантих (логика), фихих (право), хадистер түсінігі, діни таным, діни философия, діни поэзия ағымдары, инсандық (адамгершілік) негіздері, діни және батырлық дастандар, пайғамбарлық тарихы туралы ғұламалық еңбектер.... Шы­ ғыс әдебиеттерінің үшінші көзі діни философия болды. Бұл ретте Абай өзінің «Он алтыншы», «Он жетінші», «Он сегізінші», «Жиырма сегізінші», «Отыз екінші», «Қырық үшінші», « Қырық төртінші» сөздерінде және өлеңдерін­ де өз пікірлерін білдірді» [67, 17-б.], – деп айтқан тұжыры­ мы жақсы жауап бола алады. Шығыс жұлдыздарынан ал­ ған тәлімі, білімі ойшылдың дүниетанымының кеңеюіне үлкен ықпалын тигізген құбылыс болды. Сонымен қатар

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Абай шығыс ғұламаларымен ой жарыстырып, пікір туды­ рып отырады. Оған ойшылдың философиялық мазмұнда­ ғы өлеңдері мен осы бағыттағы қара сөздері дәлел. Профессордың абайтану мен әуезовтану жөніндегі жазғандарымен жүйелі танысқан адам Абай шығарма­ ларында кездесетін әрбір атаулар мен термин сөздерге анықтама беру үшін қаншама ізденгенін көре алады. Ол үшін арысы Аристотель мен Әл-Фарабиден бастап, күллі Шығыс ғұламаларының оған қатысты еңбектерін ерінбей ақтарып, оны қазақтың арғы-бергі ақындары мен ойшылдарының шығармаларымен салыстыра зерттегені­ не әркімнің таңданары хақ. Әдебиет зерттеушілеріне сыры беймәлім жәуанмәртілік пен имангүл, хауас сә­ лимге қатысты зерттеулерінде келтірілген дәлелдерінің көптігі мен нақтылығына қарап нағыз ғалымның қалай еңбектенетіне көзің қаныға түседі. Осы орайда: «М.Мыр­ захметовтың... табысы сол: ол – Мұхаңның ендігі өмір жо­ лында іске асырар ұлы ойларының кіші жоспарын тауып, осы «жол – жоспар» негізінде «Абай мұрасының Шығыс­ қа қатысы» деген үлкен бір еңбек жазған. Бұл – автордың анық табысы, елеулі табысы» [62, 120-б.], – деп ғалым және оның еңбегі жайында айтылған пікірді келтіре ке­ туді жөн санаймыз. Сонымен қатар М.Мырзахметұлының М.Әуезов пікірлерін негізге ала отырып, ақын шығысы жайлы өте тың топшылаулар жасағанын тілге тиек етеді. Профессор Абайдың Шығысқа қатысын мынадай тақы­ рыптар бойынша қарастырған: а) Абайдың адамгершілік мұраттары; ә) Абай мұрасының рухани көздері (Абайдың ақындық кітапханасы жайында). Аталмыш тақырыптарды жан-жақты зерделей келе ғалым мынадай қорытындыға келеді: «Абай осылайша өзінің адамгершілік ойлары жайлы ойларында бір жа­ ғынан Шығыс ойшылдарымен көбірек табысып жатса,

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарға жазған шығармала­ рында оқу-білімді, еңбекті үндеген сөздерінде, көбіне көп Белинский бастаған революцияшыл – демократтар­ дың идеяларымен, Салтыков-Щедрин сияқты шыншыл суреткерлердің дәстүрімен өзектес келеді» [64, Б. 189190]. Бұл ойдан түйеріміз, Шығыстың исламдық ақылойының «мұсылмандық адамгершілік – жәуанмәрттік иманигүл, хауас ілімдерімен қаруланып барып Батысқа бет бұрып, оны сыншыл ой елегінен өткізе қабыладаған болатын. Бұл абайтану ғылымы жеткен үлкен жетістік ретінде қазақ әдебиеттануында нық орнықты. Жоғарыда біз М.Мырзахметұлының Абай шығармала­ рындағы әрбір атаулар мен термин сөздерге көңіл бөліп, қаншама анықтама бергендігін атап өткен болатынбыз. Зерттеуші осының барлығын Абай сілтеген мұсылмандық Шығыс дүниетанымнан асықпай іздеп, сауалына толым­ ды жауап тапты. Мәселен, бір ғана мысал ретінде ойшыл өлеңінде: «Имансыздық намазда – Қызылбастық салған жол» [64, 197-б.], – деген жол кездеседі. Аталмыш сөздің мағынасын мұсылман әлемімен бай­ ланыстыру арқылы тауып, шешілмей жатқан сан сырлы жұмбақтың кілтін тауып, діттеген мәресіне де жетті. Осы тәрізді үлкенді-кішілі көптеген құбылыстарды аса ыжда­ һатпен ізденушінің нәтижесінде абайтану ғылымы бүгін­ де биік белеске көтерілді. Оған ғалымның сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екендігіне ешбір күмән жоқ. М.Мырзахметұ­ лы кезінде қоғамдық жағдайға байланысты М.Әуезовтің зерттеуге мүмкіндігі болмаған Абайдың Шығысқа қатысы жайындағы мәселелердің аз зерделенгенін ескере отырып, өзінің еңбектерінде терең талдау жасап, аталмыш мәселе­ ге ғылыми негізде өз жауабын бере білді. Зерттеуші өзінің ұзақ жылдық табанды ізденістері ар­ қылы Абайдың исламдық Шығысқа қатысын ашқанда ол жауаптылығын бүгінгі күнге қызмет еттіруді басты

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым мақсат еткен. «Толық адам» – ғылым таппай мақтанбай­ тын, оны шын махаббатпен көксеп, меңгеруге талпын­ ған адам. Ғалым бүгінгі қазақ халқының алдына Абайша, теологиялық ғылымды (Алланың ғылымы), қоғамдық ғылымды (өзінтану), табиғи ғылымды (дүниелік ғы­ лым) меңгеру қажеттігін көлденең тартады. Өйткені біздегі бүгінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің еуропа­ лық үлгіге қазақ еліктеуінің апаты зардаптарға ұрын­ дырып отырғаны өмірдің шындығы. Әсіресе, «Алланың ғылымынан» хабарсыз қалудың зардабы бәрінен ауыр. Алла Тағаланың ғылымының ең басты мазмұнының бірі «жәуанмәртілік» (әділет, рақым, ақыл) пен оған қа­ рама-қарсы бағытта тұрған адам баласының бойындағы үш жағымысз зиянды (надандық, еріншектік, залымдық) сипаттарын танып-білу еді. Профессор осыларды зерделей келе мынадай ой түйеді: «Мәселе белгілі бір шындықты қай ойшылдың болса да қаз-қалпында біліп, тануында емес, өз заманының қа­ жетіне қарай дамытып, шығармашылық жолмен жетілді­ руінде жатса керек, ойшыл бойындағы жаңалықта бұрын­ нан бар ой көздерін дәуір талады тұрғысынан жаңғыртып түлетуінен білінеді» [64, 198-б.]. Осылайша М.Мырзахметұлы тәуелсіз Қазақстан жағ­ дайында абайтану мен әуезовтану салаларының ғылыми деңгейін көтеру, қос кемеңгердің шығыс дүниесіне қатыс­ ты мұраларын Иасауи, Әл-Фарабидің ілімдерімен ұштас­ тыра зерттеу мәселелерін көтере отырып қазақ әдебиетта­ ну ғылымының алдында тұрған қазіргі өзекті мәселелерін сөз еткен зерттеулер легін жариялады. Зерттеуші ойшыл Абайдың исламдық Шығысқа қатысын, түркілік тек-та­ мырын жеріне жеткізе зерттеу арқылы қазақ әдебиетта­ ну ғылымның көкжиегін кеңейтуге ерен үлес қосты. Ға­ лымның зерттеулері абайтанушы, әуезовтанушылығымен шектелмейді, тоталитарлық режим тұсында, цензураның

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ қатаң бақылауында жүріп-ақ ұлтының санасын оятып, та­ рихи жадын қалпын келтіру мақсатымен жазылған зерт­ теулері мен публицистикалық мақалаларының, ондағы көкейкесті тақырыптардың өзі бір төбе. М.Мырзахметұ­ лы қазақтың ақыл-ойына рухани сілкініс тудырып, ұлт­ тық рухын, ұлттың санасын оятуға күш-жігерін жұмсап келе жатқан отаншыл рухтағы азамат. Абайтанудың өзекті мәселелерін зерттеумен жүйелі түр­ де айналысқан профессор ендігі кезекте дана ақынның академиялық жинағын шығару қажеттілігін басты орын­ ға қояды. Бұған дейін әр кезеңде шыққан толық жинақ­ тарға көңілі толмайтынын дәлелді зерттеулермен айтып та жүр. Абай Шығыс мәдениетінің қайраткері, нақтырақ айтсақ, мұсылмандық Шығыстың аса көрнекті ойшыла­ рының бірі. Мұхтар Әуезовтің тұжырымдауынша, Абай гуманизмінің бастауында шығыстық классикалық дәстүр жатыр. [68, 164-б.]. Абайды Шығыс мәдениетіне қатысын зерттеп, танып білу, бағытында жүргізіле бастаған ғылыми жұмыстар БК(б)П-ның 1949 жылғы космополитизм туралы шыққан қаулысынан кейін мүлдем тоқтап қалған еді. Әдебиетта­ нушы ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Абайтану мәселесінде көп уақыт орын алып келген үлкен бір кемшілік – ақынның шығысқа қатысын «күні біткен», «кертартпа» құбылыс ретінде бағалау болды. Абайдың шығысқа қатысты шы­ ғармаларын теріс ұғындырып, мәселені қоюлата берудің бергені аз» [69, 148-б.], – деп ақынның шығыспен байла­ нысындағы ақтаңдақтың ащы ақиқатын сөз етеді. Абайдың шығысқа қатысы жайлы шындықты айтқан профессор Ә.Қоңыратбаев қуғынға ұшырап, қысымға алынып, Алматыдан аластатылғаны бүгінде баршаға аян. Бұл жағдай ақынның шығыс әлемімен ара қатынасын айтамын деп басы дау-дамайға іліккен ғалым өмірінің бір көріністері еді. Бірақ қиындыққа ұшыраса да ақын

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым мұрасына қатысты ақиқаттан хабардар ете білді. Абай және шығыс арасындағы сабақтастықты саралап көрсете білген әдебиеттанушы ғалым Ө.Күмісбаевтің еңбегін де атаусыз қалдыруға болмас. Аталмыш зерттеушінің «Абай және Шығыс» [70] атты монографиялық еңбегі кемеңгер Абайдың Шығыспен байланысын зерделеудегі маңызды еңбектің бірі болып саналады. Ойшылдың шығыс дү­ ниесімен өзара сабақтастығын саралайтын М.Мырзах­ метұлы еңбектерінің бірі «Абай және Шығыс» зерттеуі. Еңбек жайында ғалым А.Сейітова: «М.Мырзахметұлы ұзақ жылдар бойы түрлі кедергілерге бой алдырмастан, «Абай және Шығыс» еңбегін жазып шықты» [71, 8-б.], – деп саналы және санасыз түрде жасалған кедергілерді жеңе отырып, дүниеге әкелген, қазақ әдебиеттану ғы­ лымында өзіндік орны бар құнды еңбек туралы ой қоз­ ғайды. Ақын мен шығыс әлемі арасындағы байланысты, ойшыл дүниетанымы жөнінде тың тұжырымдарды арқау еткен ғалымның монографиясы осы кезеңге дейін бізге беймәлім болып келген сырларды ашып береді. Абай шығармашылығының тарихи тамырын тану соң­ ғы кезге дейін жалпылама тұрғыда сөз болса да тереңнен зерттелмей ақиқаттарды, яғни ақын нәр алған рухани үш бұлақтың бірі – Шығыс мәдениеті, оған Абайдың толық­ қанды қарым-қатынасы жайлы зерттеулерді ғылыми тұр­ ғыдан жүйелеп, баяндап берді. Абайдың исламият, хауас, жәуанмәртілік, үш сүю, иманигүл, адамгершілік мұратта­ рына ғылыми талдаулар жасалып, ақындық кітапханасы жайлы мәселе арнайы сөз болды. Шығыстық кітапханасын аңғармай, хакім Абайдың «Шығыстық белгісін» табу қиынға түсері хақ. М.Мырзах­ метұлы осы турасында: «Ал, шындыққа келетін болсақ, Абайдың ғылым жайындағы танымының басым жағы мұ­ сылмандық шығыстың рухани қазына көздерімен терең тамырласқан» [4, Б. 44-45], – дейді.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Ғалым Абай шығармаларында орын алған шығыстық белгілер жайындағы күрделі мәселені ғылыми тұрғыдан толығырақ аша түседі. М.Әуезов өз зерттеулерінде Абай­ дың ақындық кітапханасының көлемі мен жайын анықтай түсудің жолдарын және берілу тәсілдерін қарастырған. М.Мырзахметұлы ақынның қай кезде не алғанын яғни шығыс жұлдыздарының әсерін, ақын шығармаларында ті­ келей аты аталатын деректер көзін пайдалану барысында жүйелі зерттеу жұмысын жүргізеді. «Тарихи шындықты батыл айту, сол туралы жазу бүгінгі өміріміздің ең басты талабы» [72, 9-б.], – дегендей М.Мырзахметұлы Абайдың Шығыс әлемімен байланысының ақиқатын тарихи, ғылы­ ми негізде таратып береді. Осы тұрғыдан қарағанда, Абай шығармаларында сопы­ лық әдебиеттің белгісі мен дүниетанымының көріністері де байқалатын тұстары баршылық. Бұлай пікір жүргізуші­ лерге М.Әуезовтің 1945 – 1946 оқу жылында университет­ те абайтанудан оқыған лекциясында айтылған ой желілері дәлел болады: «...Шығыс ақындарының шығармаларын­ да үлкен орын алған үлгі – сопылық. ...Абай жас кезінде жазған «Әлиф би» өлеңінде әріптерді алып отырып, өлең түрімен ойнатады. Жалпы өлеңінің мазмұны аспан тілегі емес, жер тілегі... құрылысы, стилі жағынан «Иузи – рау­ шаннан» басқа. «Әлиф би» мен «Иузи – раушан» өлеңінің айырмашылығы «Иузи – раушанда» жер үстінде көретін махаббат емес, сопылық сарында жазылған» [64, Б. 183184], – деп балаң ақын өлеңіндегі сопылық поэзиясының белгісін дөп басын айқындайды. М.Әуезов ақынның ал­ ғашқы өлеңін Шығыс классиктеріне еліктеп шығарғанын, 1902 жылы жазылған «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңі оның шығыстық тақырыптағы соңғы шығармала­ рының бірі екенін атап көрсетеді. [73, 59-б.]. Ақын қала­ мына ілінген сопылық сарын белгілері, тіпті кемелденген ақын дүниетанымында да орын тепкенін Абайдың «Алла­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ның өзі де рас, сөзі де рас» деп аталатын өлеңінде көрініс берген үш сүю немесе иманигүл мәселесі Абай шығарма­ ларында желілі түрде тартылатыны жай құбылыс болма­ са керек-ті. Осы орайда Ғ.Есімнің мына бір пікірін келтіре кету жөн сияқты: «Асылында Абайдың суфизмге көзқарасын ар­ найы сөз еткен жөн. Ол үшін зерттеуді Иасауиден бас­ тау керек. Ал суфизмсіз Абайдың дінге көзқарасын ашу қиын шаруа» [74, 40-б.]. Яғни ойшыл-ақынның сопы­ лық дүниетаныммен сабақтастығын зерделегенде осы ілімнің негізін қалаған Иасауимен үндестігін қарастыру қажеттілігін ескеру маңызды. Осы жерде тағы да М.Әуе­ зовтің төмендегі тұжырымын еске алу орынды: «Ақын Шығыстағы «Тассауып» (сопышылдық) поэзиясының ұрығын, ішкі-тысқы үлгісін, негізгі сарынын терең түсіне бастаған. Сондықтан бұдан былай олар үлгісін қорыта, өз ырқына көндіріңкіреп, баурай алып қолданады» [75]. Бұл түсінік ойшыл дүниетанымының басты ұстанымы болып өмірінің соңына дейін жалғасын тауып отырады. Абайдың суфизмге қарым-қатынасын білдіретін аса күр­ делі де қиын мәселенің бірі – исламият пен суфизмдегі Алланы сүюге байланысты таным болып келеді. Ой­ шылдың сопылықпен байланысының зерттелуі жайында М.Мырзахметұлы: «Абай мұрасының жалпы суфизмге, оның ішінде Иасауидің сопылық танымымен қарым-қа­ тынасы жайлы мәселе абайтанудың жүз жылдық тари­ хында тікелей де, жанама түрде де сөз болып пікір айтыл­ ған емес» [76, 15-б.], – дейді. Ойшыл-ақын өзінің «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты өлеңінде махаббатпен жаратқан Құдай Иеңді шын жүрекпен, бүкіл жан дүниемен, барлық ақыл-оймен шексіз сүюді, сонымен қатар, өзіңді сүйгендей, барлық адамзат баласын өз бауырыңдай сүйіп, әділдік жолын берік ұста­ нуды өсиет етеді. Бұл ақын дүниетанымында орын алған

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ үш сүю немесе иманигүл деп аталатын күрделі ұғымның бірі. Осы үш сүюді М.Әуезов Абайдың «адамгершілік тура­ сындағы үгіті», «мораль философиясы» деп бағалайды. М.Мырзахметұлы академик-жазушының аталмыш тұжы­ рымын «Абай және Шығыс» еңбегіне арқау ете отырып, Абай танымындағы иманигүлдің бірінші сүюі жаратыл­ ған пенде өзінің Жаратушысын махаббатпен сүюіне негіз­ делетінін талдап береді. Екінші сүю, немесе ақын шығармаларында бастан аяқ үзіліссіз таратылатын ой желісі «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» ат қойып, айдар тағуында жатыр. Абай­ дың «Және сүй хақ жолы деп әділетті» дегені 38-ші сөз­ дегі нақылия, ғақылия дәлелдерге сүйене отырып ұсына­ тын ғадлет ұғымына іліктесетін үшінші сүюді көреміз. Осы үшінші сүю ұғымын белгілі абайтанушы ғалым Ж.Ысмағұлов былай деп таратып береді: «Абайдың адам­ гершілік өлшемдерінің ішінде ерекше жоғары орынға қоятын бір ұғымы – әділет. Махаббатпен жаратқан Адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және сүй хақ жолы деп Әділетті. Осылай деп келеді де, ақын жаңағы бас әріппен жазыл­ ған үш ұғымды қосақтап айтып: «осы үш сүю болады има­ ни гүл» деп, үшеуін де имандылықтың тұтас бір шоқ гүлі­ не теңейді. Бұл оның бала жасынан ел ішіндегі дау-шараға араласа жүргенде, таразының екі басын теңдеп келіп, тө­ релігін айтарда әділет ауылынан бір айнымаған тәжіри­ бесінде елге танылған қасиеті болатын » [77, 192-б.]. Үш сүюді жүрегінің түбіне бойлатқан ойшыл-ақынның өмірінің соңына дейін ұстанып өткен басты қасиеті – әді­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым лет жолы болды. Ал 27-сөзден Абайдың бірінші сүюді яғни Алланың пендесіне деген махаббатын, солардың қамын ойлап жасаған хикметтерін танытуға арналған сезіледі және «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде Абай осы мәселеге басымырақ назар аударады. Өзіне махаббатпен қараған түп Иеге, пендесінің де махаббатпен қарап сүюі парыз екенін: Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса Тәңірі үшін [54, Б. 74-76], – деп бірінші сүюді көрсетеді. Осында назар аударатын негізгі бір мәселе, ол иман­ гүлдің бірінші сүюі: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті... [54, 178-б.] демек, иманигүлдің бірінші сүюі, Алланы сүюді, яғни жаратушы болмысына деген таусылмас пәк махаббатты көрсетіп, оған деген шынайы ғашықтықты танытады. Бұл айтылған таным, яғни бірінші сүю сопылық әдебиетте, ол әдебиеттің классикалық түріне айналған А.Иасауидің «Диуани хикметінде» сопылық поэзияның басты сары­ нына айналған ерен құбылысты көреміз. Яғни, бұл та­ ным бүкіл сопылық поэзияның басты тақырыбы, негізгі ой ағымының басты белгісі болып отырады. [78, 310-б.]. Осы себепті Абай бұл жолдағыларды, яғни бірінші сүю жолында Алланың нұрына ғашық болғандарды: «Ғашық­ тықтары сол халге жетті, дүниені, дүниендегі тиерлік пай­ дасын ұмытты. Бәлки, хисабқа алмадылар» [54, 329-б.], – дейді 38-ші қара сөзінде. Абай сөз етіп отырған бірінші сүю тақырыбы мен онда­ ғы таным Иасауи хикметтерінде:

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Алла Тағала ғашықтарға берді махаббат, Қызмет қылып зыр жүгіріп, күйіп жандым. Екі әлем көздерімде бұлдырап, Көрінбеді, жалғыз Хақты сүйдім мен... Шын ғашықты Алланы сүйіп пендем деген... Ғашық болмай танып білмес Алла сені [79, 38-б.], – деген өлең жолдарында бүкіл сопылық поэзияның бас­ ты сарыны не екенін айқын көрсетеді. Бұл өлең жолда­ рындағы пікір нысанасы суфизмнің басты шарты – Алла­ ны сүюді, яғни бірінші сүюді айқындайды. Абай айтып отырған бірінші сүю жолындағылар «дү­ ниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты» дейтін пікірі де Иасауи хикметтерінде молынан кездеседі: Шын ғашықтар жылай-жылай дидар көрді, Еш күлмеді хақтан қорқып қайғы тұтты. Түн ұйқысын төрт бөліп әзір тұрды, Дидар үшін өзін сатар, достарым... [79, 80-б.] Немесе: Ғашықтықтың амалын қылған кісі, Түнде жатпай, күндіз жылар, достарым. Бастарына жүз мың бәле апат келсе Содан қорқып белін байлар, достарым... Шын ғашық дүние азабын мойнына алмас, Менің де бұл дүниеден безгім келер. [79, 74-б.], – деген ой пікірлер желісі осының айғағы. «Абай суфизмнің аса көрнекті өкілдері – Әл-Ансари, әл-Халладж, әл-Харкани, Ғазали, әл-Хамадани, Руми­ дың ықпалымен дүниетанымдары қалыптасқан Фзули, Шәмси, Сайхали, Науаи, Сағди, Фирдоуси, Хожа Хафизді пір тұтады» [74, 39-б.], – деген пікірге сүйенсек Абай су­ физмді осы аталған ақындар арқылы қабылдаса, онымен ілім ретінде Иасауи секілді суфизмнің аса көрнекті ойшы­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым лының шығармалары арқылы танысқандығын аңғарамыз. Абай философиясы адам болмысының рухани тазалы­ ғын сақтау мен адамгершілік, имандылық сынды мінезқұлқын түзеп өзгерту мақсатын алдыңғы орынға қояды. Яғни, негізгі мәселе – адам болмысының рухани тазарып, кемелдік шыңына жетуі. Бұл туралы М.Әуезов былай деп тұжырымдайды: «Біздің білуімізше, Абайдағы филосо­ фиялық көзқарастың көбі адамгершілік мәселесіне тіре­ леді. Жеке адамдарды жаманшылықтан арылып, сол ар­ қылы өз заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзеп өзгерткен болды» [73, 40-б.]. «Жеке адамдарды... арылту арқылы» деп Мұхтар Әуезов Абай философиясының тамырын дөп басқан. Абайдың «толық адам», «таза мұсылман», «жарым адам», «кәміл инсан», «пенделіктің кәмалаттығы» деген терминдер со­ ның айғағындай. Демек, Абайдағы «толық адам» танымы­ ның генезисі (шығу тегі) неде деген сұрақ туындайды. М.Әуезовтің «Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні» деуінде ақиқаттың құпиясы жатқандығы баршамызға белгілі. Кез келген ақын, жазушының азамат­ тық тұлғасы мен ғылымдағы орнын айқындау бағытын­ да оғын ықпал еткен рухани бұлақтардың жасырын көзін таппай, сол тұлғаның бейнесін айқындау, дүниетаным кеңістігіне тереңнен бойлау еш мүмкін емес. Осы жайтты жетік меңгерген академик-жазушы ақын әлемінің жұм­ бағын шешу үшін шығыстану арнасын ұдайы алға тарта­ ды. Себебі, Абай мұсылман халқының, Шығыс әлемінің, күллі түркі дүниесінің алыбы. Сондықтан М.Әуезов зер­ делеген ислам дінінің әсері мен рухани құндылықтары Абай тұлғасын заңғарландыра түсері анық. Ақын асқарын аласартпай, асқақтатып тұрған да осы исламның баға жет­ пес байлықтары мен тұнықтары. Бұл құндылықтар Абай әлемінде басты назарда, ерекшелікте тұратыны да осыдан болса керек. [80, 262-б.].

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Аталмыш мәселелердің нәзік қырларын таза ғылыми айналымға түсірген М.Мырзахметұлы ақынның нәр алған рухани қазына көздерінің, дүниетанымының қалыптасуы­ на ықпалын айқындау мәселелеріне қатысты абайтануда түрлі қайшылықты пікірлер болғанын айқындады. Ол, әсіресе Абайдың Шығыс руханиятымен сабақтас арқара­ лын дұрыс бағалауға мүмкіндік бермеген кеңестік идео­ логия салқынынан танылады. Ғалым атап өткеніндей: «Зерттеушілер назары Абай көзқарасының қалыптасуы мен шығармашылығына әсер еткен идеялық құбылыстарды анықтауға ауғанымен, ол құбылыстардың Абай шығармашылығына еткен ықпалы­ ның тереңірек ашуға бара бермеді. Өйткені Абайдың көз­ қарасының қалыптасуына идеялық ықпал еткен шешуші идеялық құбылыс орыс мәдениеті тереңірек те нақтырақ зерттеліп, қаза халқының рухани мұралары бір сыдырғы сөз етілсе де, ақынға белгілі дәрежеде ықпал еткен Шы­ ғыс мәдениеті, негізінен, зерттеусіз, қозғаусыз қала берді» [29, Б. 142-143]. Әдебиеттің өзекті мәселелерін қазақ қоғамының саясиәлеуметтік болмыс-бітімімен біртұтас бірлікте алып, сол арқылы қоғамдық жағдаяттар мен ұлт мүддесіне ауадай қажет күрделі мәселелерді өзектес етіп, сабақтастыра қа­ растыру – М.Мырзахметұлының негізгі ұстанымдарының бірі. Абай дүниетанымының қалыптасуындағы Шығыстық, соның ішінде түрлі әлемнің рухани қазына көздерінің алар орнын терең байыптай келе «Абай дүниетанымының қалыптасу негізінің арналары-ақын мұрасының рухани нәр алған қазына көздерінде, онда оның Шығыстық жа­ ғалауында жатыр. Әсіресе, Абайдың адамшылық идеалы болған «толық адам» туралы ілімінің дерек көздерін со­ пылық классикалық поэзия мен сопылық ғылыми-тео­ риялық еңбектерден ғана таба алмақпыз. Абайдың дүние­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым танымындағы асу бермес биік белестей көсіліп жатқан адамшылық жолдағы асыл мұраттары-ислам әлеміндегі сопылық іліммен тікелей байланыста жатқан рухани құ­ былыс екенін мойындауға тура келеді» [75], – деп түйеді. Ғалым Абайдың шығыстан енген белгілер желісі өзі меңгерген шағатай (түркі) тілі арқылы өткенін ескереді. Оған себеп-шағатай тілін білу-сол кезеңдегі араб-парсы тілін меңгерудегі басты алғы шарт ретінде қаралған. Абай оқыған күллі түркі дүниесінің мұралары, ислам тарихы, тарихи философиялық еңбектер, қисса-дастан, ауыз-ер­ тегілер осы тілге аударылып, мектеп-медреседегі шәкірт­ тер осы шағатай тілін меңгеру нәтижесінде шығыс қазы­ наларымен танысқан. М.Мырзахметұлы М.Әуезов байламдары негізінде Шы­ ғыс әлемінің қатпар-қатпарларына бір-бірден дендей етіп, жұмбақ жанның құпиясын табуға тырысады, әрі бұл ғы­ лыми ізденісіне үлкен жеңіске, таптырмас қазынаға ай­ налды. Өйткені, өзі көрсеткеніндей: «М.Әуезов Абай шы­ ғармаларындағы ақын дүниетанымына сүйене отырып, абайтану саласында ұзақ жылдар бойы іздену, ой қорыту арқылы Абайдың исламиятқа қатысын анықтауға, ол жай­ лы танымдарының негізін білуге ұмтылып келді. Өйткені абайтану саласында бұл тақырып өз шешімін таппады, арнайы нақтылы зерттеулер бой көтермеді. М.Әуезовтің өзі де сол кезең жағдайына байланысты Абайдың исла­ миятқа қатысын арнайы зерттеулер арқылы ашпайды, осы саладағы ұзақ жылғы зерттеуден туған ойларын қорыту, келешек зерттеулерге адастырмас бағыт берер тезистік ой-пікірлер жемісін ұсынумен шектеледі» [64, 42-б.]. Абай дүниетанымындағы молынан ұшырасатын «жан мен тән», «жан сыры», «жан құмары», «жанның жары­ ғы», «жан қуаты», «жанның тамағы», «хауас», «хауас сә­ лим», «иманигүл» тәрізді терең мәнді күрделі шығыстық ұғымдардың бүгінгі оқушыға күңгірт, түсінуге қиын соға­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ тын философиялық мағынадағы термин сөздер екендігін әдебиетші-ғалым атап көрсетеді. «Осы аталмыш сөздер төркінін, бергі мағынасын қуаласақ, бұлар жан сыры жөнінде Абай танымының басым жағы қайда жатқанын көрсетер айғақты деректер ретінде бой көрсетеді» [64, 50б.], – деп түйіндейді М.Мырзахметұлы. Абайдағы жан сыры туралы ойларының жемісін шартты түрде төрт топқа бөліп жүйелейді: Әуелі өлең жолдарын­ дағы жан туралы сөздердің бәрін тіршілік иесі, кәдімгі адам мағынасында қолданылатын түрін көрсетеді. Екінші; жан сөзін Абай шығармаларында адам психикасы, психи­ калық құбылыс, көрініс ретінде пайдаланылатындығын паш етіп, дәйекті дәлелдер келтіреді. Үшінші кезекте жан сөзінің тағы бір қыры адамдар мен жан-жануарларға Ал­ ланың берген жаны, сыйы, рухы мәнінде қолданғанын айқындайды. Төртіншісі жайында ғалым: «Жан сыры табиғатын танудағы Абай көзқарасының басым жағы жанды сезім мүшелері арқылы санадан тыс өмір сүретін объективті дүниені біздің санамызға (Абай сөзі бойынша, «көңілімізге») сәулелену процесімен пайда болатын руха­ ни құбылыс ретінде тануында жатыр. Яғни біздегі ақыл, ой, сана атаулының бәрі де осы сәулелену процесіндегі құбылысты негізге алады» [64, 47-б.], – дейді. Осының қай-қайсысы болмасын ізденімпаз ғалымның әр нәрседен күрделі ой түйіп, оны ғылыми айналымға түсіре білетін қасиетін даралайды. Абай шығармашылығында кездесетін жұмбақтау мәнді хауас жайлы танымы хақында ғалым былайша түйіндейді: «Осы себепті біз ақын шығармаларында тәңіріні тану мен бейнелеу теориясына тікелей қатысы бар хауас жайлы та­ нымының үш түрлі мағынада алынып, хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлим деп жіктелетін ұғымдардың жайына да аялдай кетейік» [64, 58-б.], – деп хауас жөніндегі ғылы­ ми зерттеулерін жалғастырады

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Хауас танымы жайлы кезінде академик С.Мұқанов қысқаша пікір қозғаған болатын. Алайда бұл ақын дү­ ниетанымындағы хауас ұғымын толыққанды, ғылыми жүйеде ашып көрсеткен жоқ. Ғалым М.Мырзахметұлы хауас жөнінде: «Хауас табиғатын терең білмейінше, дү­ ниетанымындағы исламиятқа қатынастың, танымдағы өз­ герістің табиғатын жете білу қиындай береді. Абайдағы өлең текстін терең талдап ұғыну арқылы танылатын пікір­ лердің түп-төркінін, ақын мұрасынан елеулі түрде орын алу себебін жан-жақты ашатын тарихи-философиялық ба­ ғыттағы зерттеу еңбегі қажет-ақ» [64, 65-б.], – деп келелі мәселені күн тәртібіне қояды. Бұл бағытта тынбай еңбек етіп, аталмыш күрделі ұғымның сан сипаттарына ғылыми түсінік беріп отырады. Мәселен, Абай шығармаларында ұшырасатын «хауас» жайлы ұғым әр түрлі мағынада қол­ данылса да «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңдегі хауас түп иені көрсететін кәмалат ғаламат ұғымында берілгендігін білдірсе, 38-ші қара сөзінде ғана ұшырасатын «хауас сәлимді» (табиғи дені сау сезім мүшелері) Абай адамда туысынан пайда болатын табиғи құбылыс деп танитын­ дығын айқындайды. Абай жаратылған адам Жаратқан Иесі – Алла Тағаланың (хауастың) мәнін біле алмаса да, оны жүрекпен сезіне алады деген өзінің тың байламын, өзіндік танымын меңзеген. Ғалым: «Абайдағы бұл соны танымды ақын дүниетанымдағы елеулі өзгеріс, жаңа ба­ ғыт десе болғандай» [64, 67-б.], – деп пайымдайды. Хауасты таныту, зерделеу мақсатында М.Мырзахметұ­ лы күллі мұсылман әлеміне, соның ішінде мұтакәллимин, мантакиндердің ілкі тарихына үңіліп, мұтакәллимин­ дердің негізін салушы Абдул-Хасан Али ибн-Исмаил алАшари есімін атап, мұтакәллиминдік таным үстем болған сол дәуірдегі Әл-Фарабидің олардың танымын тұңғыш сынға алғандығын айқындай түседі. Хауасты танытуда мұтакәллиминдер ұстаған көзқарасты терістеген ойшыл

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ өзіндік таным тұрғысынан хауасты білуге жүрекке айы­ рықша маңыз беріп, салмақ артады. Ғалым осы жөнінде: «М.Әуезов Абайдың исламиятқа қатынасын зерттеу ар­ қылы «Абай діні – сыншыл ақылдың шартты дінің деген ой қорытындысына келуде, әсіресе, Абайдағы жан сыры, хауас жайлы танымға сүйенгені анық байқалады» [64, 73б.], – дейді. «Абайдың діні – адамгершіліктің діні» деген М.Әуе­ зовтің зерттеу жұмыстарында негіз етіп ұстанған тезисін профессор өзінің зерттеулерінде жан-жақты саралап, ғылыми негізде таратады. Осы мәселе жайында ғалым И.Жеменейдің: «Мұхтар Әуезов Абайдың исламият ағы­ мына қатысты көзқарасын: «Абай діні – сыншыл ақылдың шартты діні» деп білдірген болса, Мекемтас Мырзахметұ­ лы Абайдың шығыс әдебиетіне байланысын орынды дә­ лелдеген. Ендеше, Абайды шығыстық дүниетанымның, оның ішінде исламдық шығыстың ой-өрісінің әйгілі өкілі деп білуіміз шарт. Мекемтас Мырзахметұлы Абайдың исламдық ұстанымын айтып та жүр, жазып та жүр. »... Абайдың Шығыспен қатынасын, рухани тұтастығын жанжақты әлі де зерттей алмай жүрміз» дейді. Ол кісінің осы көзқарасын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, қалыптасты­ ру жолында да еңбектеніп жүрген жан иесі» [33, 4-б.], – деген тұжырымының біздің зерттеуіміз үшін мәні зор. Иманигүл мәселесі Абай әлеміндегі күрделі таным, ақын гуманизмінің шалқар шыңы. Абай өз шығармаларында­ ғы әманда жүрек культін шешуі орынға қоятыны белгілі. Оның айталмыш жағдаяттарға қарасөздері (17-ші сөз), өлеңдері айғақты дәлел. Осы жөніндегі тың байламдар жасау барысында ақынның жүрек мәселесін алдыңғы са­ натқа қою себебін М.Мырзахметұлы ежелгі Шығыс дү­ ниесінің шамшырақтарымен, атап айтқанда, Әл-Фараби, Низами, Руми, Науаи нанымдарының сабақтастығымен байланыстырады. Ғалым Шығыс әлемінің жұлдыздары

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Әл-Фараби және Абай пікірлерінің рухани тамырласты­ ғын тура және жанама деректер арқылы ашып, көздеген мақсатына жеткен. Профессор Ғ.Сағдидың пікірін көр­ сете отырып: «Ғ.Сағди: «....философияға, даналыққа зор мән берген Абай Әл-Фараби, ибн Синалармен таныс бо­ лумен бірге осы ғақылиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» [29, 150-б], – дейді. Осы орайда Әл-Фараби мен Абай танымдарындағы мен мұндалап тұратын іліктестік­ терді ғылыми қырағылықпен байқаған. Мәселен, адам­ ның «өзін танымақтық» немесе, «жан қуаты» жөніндегі ілімнің ілкі қадамы көне дүние философтарынан бастал­ са, өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Әл-Фараби, соңғы дәуірде Абай бұл қазынаға тереңнен бойлаған екен. Сондай-ақ Әл-Фараби қолданған «жан қуаты» тәрізді философиялық терминдер Абайдың өлеңдері мен 7, 17, 27, 38, 43-ші қара сөздерінде қазақы ұғымға сай балама сөздермен берілуі кездейсоқ құбылыс емес деп дөп басып тани білуі ғалымның қырағылығын танытады. Ал ӘлФараби мен Абайдың ғылымды классификациялау прин­ цип ретінің өзара үндістігі, бір тектес келуі, оны кешенді зерттеу-ғалым тұлғасын асқақтата түседі. «Абай тарапы­ нан осылайша белгілі дәрежеде жүйеленіп таратылатын ғылым салаларымен көз жүгіртсек, қатысты түрде болса да, Абайдың ғылымды жүйелеуге қатысы Әл-Фарабидің «Слово о классификации наук» деген еңбегінде принцип­ тері негізіне өте жақын, бір тектес, үндес келуі болса да ойландыра аларлықтай дәлел дей аламыз. Өйткені ӘлФараби ғылымды жүйелегенде негізінен 5 салаға бөледі де, әр саланы жеке-жеке таратып , олардың әр қайсысы­ на анықтама беріп отырады. Осы таратылатын 5 саланың екіншісі, төртінші, бесінші бөлімдері және онда қамтыл­ ған ғылым атаулары түгелдей болмаса да Абай шығарма­ ларында негізінен бар салалар» [64, 133-б].

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Ғалым түркі әлемінің рухани қазына көздерінің алар айырықша маңызын сараптайды. Абай шығармаларын­ да кездесетін мораль философиясы ұғымы жайында­ ғы ой толғаныстардың ішкі төркіндері, әсіресе ондағы жәуанмәртілік жөнінде айтылатын пікірмен іліктестік табатын рухани қазына көздері ретінде «Құтадғу білік» пен «Кабус-намені» атап көрсетеді. Абайдың ақындық кі­ тапханасының қорында аталмыш екі еңбектің болғанды­ ғын Шәкәрімнің дерегінен табады. Абай мен Шәкәрімнің қазақ тарихына байланысты еңбектерінде тілге тиек бо­ латын «сарт» сөзінің этимологиясы мен этнонимдік тари­ хын іздестіру үстінде «Құтадғу біліктен» нақтылы дерек көздерін қарастырғандығын анықтайды. Ғалым «Құтадғу білік» пен «Кабус-намедегі» ой түйін­ дердің, атап айтқанда, жәуанмәрттілік жайлы пікірлер жемісімен Абайдың (17,38-қарасөзі, «Ғылым таппай мақ­ танба», «Әсемпаз болма әрнеге» тағы басқа өлеңдерін­ дегі ойлардың төркіндес келуі-тамыры тереңде жатқан рухани туыстықты деп көрсетеді. «Құтадғу білік» пен Абай шығармаларындағы мораль философиясы ұғымын, жәуанмәрттілік, толық адам, пенделіктің кәмалаттығы, ха­ һим, мұлахаза, ғылымды жіктеу жүйесі сияқты танымалы пікірлер желісінен тауып, оған айғақты деректер тобын көптен ұшырата аламыз» [64, 138-б], – дейді М.Мырзах­ метұлы. Бұл бағытта ғылыми дәлелдер арқылы дастанда­ ғы жәуанмәртілік ұғымы «ерсиг тоңа» кейбір тұста «ахы» сөзімен беріліп, ақыл, әділет, ізгілік ұғымын қамтып отыратындығын айғақтайды. Абай шығармаларында да жәуамәрттіліктің 38-ші сөзде ақыл, әділет, рақым арқылы беріліп, осы сипаттарды түгел меңгерген кісі ғана толық адам болады деген тұжырым жасалған. Ж.Баласағұнның еңбегінде әділет, ақыл, рақымды бойына дарытқан толық адам обрызын Айтолды, Ұғдырмыш бейнелері арқылы берсе, бенделіктің кәмалаттығын аңсағандардың жиын­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым тық образын тәркі дүние жолына түскен Ұзғырмыш бей­ несі арқылы көрсете алған. Профессор: «Абайдың мағынасы аса терең, оқып-тану­ дың, мәнін түсінудің өзі қиынға соғатын шығармалары­ ның бірі 38-сөзінде («Ғақылият тасдихат») мағынасын тереңірек ашуды талап ететін ұғымдар көп-ақ. Осын­ дай күрделі ұғымның біріне абайдағы жәуанмәрттілік мәселесі жатады. Абай сүйеніп, арнайы таратуға ұм­ тылған үш сипатты (ақыл, әділет, рақымды) қамтитын жәуанмәрттілік төңірегінде ғана пікір қозғау М.Әуезов жасаған ой байламының түп-төркінін, сүйенген негізін аша түсетін деректер көзіне әкеледі» [64, 81-б], – дейді. Абай аталмыш үш сипатты, ақыл, әділет, рақымның адам­ зат бойына әрекетсіз, ізденусіз дарымайтындығын ес­ керіп, осы үш қажетті, яғни кәсіби құбылысты бойына ұялатқандар ғана толық адам атына ие болады деген тың байламға келеді. Қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері Атым­ тай жомарт немесе ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Қорқыт жайлы деректер мен Ы.Алтынсарин хрестоматиясындағы «Жомарт» әңгімесінде сөз болатын мырзалық әділеттілік, ізгілік сынды имандылыққа қатысты ұғымдардың қайнар көзі жәуанмәртілікпен үндес келуі кездейсоқ құбылыстар еместігін ғалым ерекше ескереді. «Кабус-намеден» бұрын жазылған «Құтадғу білікте» молырақ сөз болатын жәуанмәртілік жайлы айтылатын ойлар жемісімен Абай пікіріндегі сабақтастықтар арнайы зерттеуді талап ететін ғылым алдынғы келелі мәселе. «Кабус-намедегі» хакімдерді әулие, пайғамбарлар то­ бына қосып, оларды тек Алла Тағаланың ғылымымен шұғылданушы бенделіктің кәмалаттығы жолындағылар деп танытса, Абай хакімдерді жеке топ ретінде реалды өмірдің тірегі деп біледі. Осы тұста Абай мен «Кабус-на­ ме» арасындағы пікір алшақтығы көрініс беріп отырады, себебі хакимдерді бұлайша таныту Абай танымындағы

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ жаңа бағыт екендігін ғалым дәлдікпен ара жігін ажырата білген. Тіпті «Абай шығармаларында «ғалым» сөзі 15 рет, «хаким» сөзі 20 рет қолданылған. Абай пікірінше, осы екі сөздің асылы бір болғаны мен оның танымдағы мағына­ сы басқаша, өзіндік ерекшелігі бар ұғымдарға жатады» [64, Б. 87-88], – деп тұжырымдайды. Абай 38ші-сөзінде жәуанмәрттіліктің үш сипаты туралы айта келе, аталмыш сипаттарға, яғни жәуанмәрттілікке қарама-қайшы бағыт­ та тұрған үш жағымсыз зиянды нәрселерді атып таңбалар өтетіні белгілі. Оларды надандық, еріншектік, залымдық деп атап қысқаша түсінік береді. Ғалым Абайда көрініс беретін жағымсыз үш ұғымның «Кабус-намеде» де айтылатындығын білдіріп, дәйекті дә­ лелдер келтіреді. Онда «Егер жәуанмәрттіліктің жолымен жүруді қаласаң, әр уақыт үш нәрседен сақ бол: көзіңді жа­ ман назардан, қолынды жаман істен, тіліңді жаман сөзден тый» [64, 93-б], – деп жалпылай берілген. Осы себепті «Кабус-Наме» мен Абайдың қара сөздерінің жанрлық, стильдік туыстығы, өзара ұқсастығы айқындалады. Жал­ пы жәуанмәрттіліктің көне замандарда танылған негізгі үш сипаттан тұратыны «Кабус-Намеде» атап көрсетілген. Ғалым аталмыш еңбектен: «Адамның сипатын білдіретін үш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі – ақыл, бірі – әділеттік, бірі – жәуанмәрттілік» [64, 84-б], – деп айғақты дәлелдерді жүйелейді. Ал Абайдың 38-сөзінде бұл сипаттар: ақыл, әділет, рақым ретінде берілген. Осы екі деректегі сипат­ тарды аналогиялық тұрғыдан қарастырсақ, Абай үсынған жәуанмәрттіліктің сипаттары негізінен, «Кaбус-намедегі» арнайы сөз болатын 8, 43, 44-тарауларда баяндалатын ой­ лармен тікелей желілес боп келетінін көреміз» [64, 84-б]. Анығында ғалым тілімен айтсақ Абайдағы хауас, хауас сәлим, жәуанмәртілік, жан қуаты, жан сыры сияқты ұғым­ дар ұғымдар «Құтты білік», «Кабус-наме» еңбектерінде молынан кездесетін танымдармен тамырласып жатқан

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым рухани құбылыс. Профессор Абайдың адамшылық ілімін европалық қалыпқа салып шешеуге болмайтынын, бұл мәселені философ ғалымдар байқауы қажет деген сындар­ лы ескерту айтады. Ойшыл танымындағы кемел адам мәселесі сопылық ағымда ХІ-ХІІ ғасырларында-ақ қалыптасып, шырқау биігіне жеткенін, сол негізде 1069 жылы Жүсіп Хас Ха­ жыбтың «Құтадғу білік» деп аталатын дидактикалық, пе­ дагогикалық дастанында толық баяндалып суреттелгенін зерделейді. Сонымен қатар ғалым, Европада жетілген адам ұғымы бұл кезеңдерде әлі төбе көрсетпегенін, бұл мәселеге европалықтар ХV ғасырдан кейін ғана назар ау­ дарып, сөз ете бастағанын тілге тиек етеді. Сопылық «хал ілімі» саласында негізгі қаланып, даму жасына түскен сопылық адамшылық ілімді Абай заманы талабына орай дәстүрлік жалғастықпен дамытуы арқылы қазақ даласында-адамшылықтың толық адам ілімі деп аталатын жаңа түрі дүниеге келді. Профессор Абайдағы толық адам ілімінің түп төркіні, қайнар көздері ХІ ғасы­ рағы Жүсіп Хас Хажыбтың «Құтадғу білік» кітабындағы жәуанмәртіліктен бастау алатындығын таратып береді. Абай дүниетанымының адамшылық ілімінің негіздерін түркі әлеміндегі рухани құндылықтармен тығыз тарихи сабақтастықта қарастыру мәселесін көтереді. Яғни, Абай дүниетанымының мұраттарының түп негіздерін түркі ой­ шылдарының көзқарасындағы даму, үрдісінің жаңа дәуір­ дегі соны сипаттағы көрінісі тұрғысынан кеңінен зерттеу мәселесі туындап отыр. Ғалымның абайтануға қатысты жазылған еңбектерінде Абай танымын айқындауға, басты ғылыми мәселелерге назар аудару қажеттілігіне бағыт беріп отырады. Әсіресе, Абайдың ақындық кітапханасының жайы назардан тыс қалып келетіндігін, «адам болу», «жарым адам», «толық адам», «толық инсаният», «инсанияттың кәмалаттығы»

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ сияқты терең мәні бар терминдік сөздер мен ұғымдардың шығу төркіні жағынан камили инсани жайлы пікірлер та­ рихымен сабақтас жатқан құбылыстар екендігін, оған зер­ теулер жүргізу қажеттілігін көтереді. Берілген пікірімізге абайтанушы ғалым А.Сейітованың: «Инсан-е камел» яғни «толық адам» деген ұғымды шығармашылығының алтын арқауына айналдырған қазақтың ұлы ақыны кәмілдікке жетудің бір қыры – ғылым-білім, парасатта жатқандығын біліп, сол жайлы ойларды өз шығармашылығының басты нысанасына айналдырды. Абайдың осы тақырыпқа жаз­ ған шығармаларының ішінде «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ес­ кермедім» атты өлеңдері – шоқтығы биік туындылар» [71, 34-б.], – деген тұжырымының біздің зерттеу жұмысымыз үшін маңызы зор. Өйткені ойшыл осы ұғымды туынды­ ларының негізі өзегі ретінде алып отырады. Өзге зерт­ теушілерге бағыт боларлықтай белгі беріп, терең ой сала келіп, Науаидың таным процесінің көрінісін нақты талдау, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өленің зерттеу арқы­ лы ақын және Шығыс ойшылдары арасындағы дүниета­ ным сабақтастығын аңғаруға болатынын тілге тиек етеді. «Абай жәуанмәртіліктегі аталмыш үш сипатқа толық адам болудың негізі ретінде қарағанда, ұғымдарды бірлік­ те алып отырады. Осы бірлік келісімінің бұзылуы, яғни үш сипаттың бірінің болмауы тұтастықты бұзады. Яғни толық адамға жеткізбей, жарым адам дәрежесінде қалды­ рады....» [64, 100-б.]. Абай өзі өмір бойы күресіп, уағыз­ дап өткен бүкіл ойларын осы ақыл мен әділеттің көрігіне қорытып, содан шыққан асылдарын туған халқына ұсы­ нып отырған ойшыл тұлғасын көреміз. Әділет пен ақылға, Сынатып көрген-білгенін. Білдірер алыс, жақынға, Солардың сөйле дегенін [54, 152-б.].

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым М.Әуезов Абайдағы адамшылық негіздерін талдай оты­ рып, ондағы ақыл, әділет, рахым жайлы түбірлі гума­ нистік танымдарға ерекше мән беретіндіктен, Абай «мо­ ральдық философияны барлық жайдан жоғары қояды» [6, 169-б.], – деген ой қазығын байлайды. Академик-жазушы Абай санасын адамгершілік сезімін қалыптастыруда өзі өскен ортасының табиғаты, тәрбие жолы, оның парасат биігіне жетудегі шығыс кітаптарының жәрдем еткенін эпопеяға негізсіз ендірмеген. Профессор Абай шығарма­ ларындағы мораль философиясының негізгі мақсаты жү­ ректің культін көтеру, оны ізгіліктің заңғары, өзекті негізі ретінде қарастырған М.Әуезов бағдары бойынша зерт­ теу нысанасына айналдырды. Себебі, жүрек жайындағы қырлы танымдары, көбінесе, поэтикалық тұрғыдан ғана қарастырылып, ақын көздеген гуманистік бағыты сөз бол­ ған емес. Абайдағы жүрек мәселесі жайлы ұғымға М.Әуезов 1943 жылы абайтанудан оқыған дәрісінде арнайы тоқтала отырып: «17-сөзі Адамның адамгершілігі неден құрала­ ды дегенде: қайрат, ақыл, жүрек үшеуін айтып, ғылымға жүгіндірді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші жүректің сезгіштігі: мұның өзі көрегендік. Олай болса ақыл байқағанды жүрек сезеді. Абай өлеңінде де, қара­ сөзінде шабыттың адамы, сондықтан жүрек сезімі күшті» [81], – деп жүрекке бөлекше назар аударады. М.Мырзахметұлы ақыл, қайрат, жүрек тәрізді үштік ұғымның философиялық мән-мағынасынан қол үзбей, гу­ манистік астар берген Абайдың иманигүл деп атаған та­ ным тұрғысынан өзіндік ой байламдарын таратуға ұмтыл­ ған ақынның белсенді әрекетін көрсетеді: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Сонда толық боласың елден бөлек» [64, 104-б.], – дегенде Абай толық қамтитын елеулі ұғым­ дардың басты-бастыларын жайдан-жай атап отырған жоқ.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. [54, 249-б.]. Ғалым Әл-Фараби мен Абайдың жүрек, жан қуаты жа­ йындағы танымдардың өзектес екендігін ұдайы ескеріп отырады. Мәселен, Әл-Фараби жүрек жайындағы, фи­ лософиялық трактынын даярлығы мол, ұғым дәрежесі жоғары зиялаларының тобына арнап жазғандықтан, ғы­ лыми тілімен жазсса, Абай: «Бір кісі емес жазғаным жал­ пақ жұрт қой» деп қалың көпшілікке арнай сөйлегендігін ескеріп, өзінің философиялық гуманистік негіздегі ойла­ рын халық көкейінен қонымды формада беруге ұмтылған. Осы себепті негізгі ойын ақыл, қайрат, жүректін өзара тартысын көпшілік ұғымына түсінікті жеткізудің ұрым­ тал тәсілін таба білгендігін көреміз. Зерттеуші 17-ші қара сөздегі Абай танымның нәр ал­ ған көзінін түп-төркіні Әл-Фарабиде жатқандығын тілге тиек етсе, екі ойшылдың айтар ойынның философиялық мазмұннан бір тектес болғанымен, алайда өз оқушылары­ на жеткізудін формаларын түрліше болғандығын пайым­ дайды. Соның нәтижесінде Абай мен Шығыс әлемінің күрделі де мазмұнды мәселелері ғылыми шешімін тап­ ты. Профессор Шығыс поэзиясындағы ақыл мен жүрек культін мадақтаушылары, олардың жарқын жұлдыздарын ғылыми дәлдікпен айқындап таныстырады. Екі бағыт­ тағы ағымның, яғни ақылдың культін көтеріп, бастапқы санатқа қойып мадақтау, Рудаки, Фирдауси поэзиясында басым жатса, жүректін культін негізгі орынға кою, Ни­ зами, Руми, Жами шығармаларында басымырақ жатыр деген ғылыми байлам жасайды. «Толық адам» хақында ғалым: «Абай өзі өмір кешкен әділетсіз әлеуметтік ортаны және онда жасаушы жеке адамдардың ішкі дүниесін ағартушылық, гуманистік жол­ мен өзгертіп жақсартуға ұмтылған ойшыл қайраткер бо­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым луы себепті, толық адам туралы өрісі кең күрделі ойлар­ ға мейіліншe мол орын беріп отырған. Мысалы: «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Малға дос­ тың мұңы жоқ, малдан басқа», «Әуелде бір суық мұз-ақыл дерек» өлеңіндегі тікелей де нақтылы түрде айтылатын толық адам, «адам болам десеңіз» жөнінде айтылатын терең гуманистік пікірлері қарасөздерінде де желілі түр­ де іліктесіп, үндесіп жатан ойлар тобымен тоқайласқан бірлікті, тұтастықты сездіреді» [64, 115-б.]. Бұл дәстүр тұрғысынан адам болу, толық адам болу жайлы Абай танымдарының түп-төркіндеріне бойласақ, суфизм әдебиетіне қарым-қатынасынан анығырақ байқа­ лады. Иасауидің «Даналық кітабы» сарынындағы суфизм әдебиетіндегі тәркі дүние идеясын Абай толыққанды қа­ былдамаса да, жырлар бойы уағыздалып жатқан камили инсани (толық адам) мен бенделіктің кәмалаттығы жайлы пікірлер ақын танымына айрықша әсер қалдырған сезі­ неміз. Пенделіктің кәмалаттығына қол жеткізген адамдар-ру­ хани кемелдік шынына шыққан, хал ілімін игерген жаны, көңілі пәк адамдар. Олар тіршілікті өткінші, жасанды деп қабылдап базынадан баз кешіп, Ұлы Хаққа, яғни Жара­ тушымен ізгі күйде қауышуға бел буған адамдар. Алайда толық адам туралы ақын пікірінін кейбір жақтары шығу төркіні жағынан шығыс ойшыларымен іліктес болса да, Абай өз заманы талабына сай сыншыл ақыл тұрғысы­ нан екшеп, өзіндік ой-пікірге айналдырған. Осы орайда­ ғы М.Әуезов ақын мұрасындағы ой-пікірлердің нәр алар түп-төркіндерінде ой жібергенде Абай: «... өзінің ой-сезім дүниесіне әсер еткен ағымдардың бәрін өзінің өздік ерек­ ше елегінен өткізіп, қорыта өзгертіп өзіндік етіп алады» [6, 172-б.], – деген дана пікірінің терең ғылыми мәні бар. Сонымен қатар «Абайдың адамшылық ілімі толық адам мен Шәкәрімдегі ар ғылымының рухани нәр тартар түп

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ төркіні Жүсіп Хас Хажыбтың «Құтадғу білік» дастанын­ дағы сюжеттік желіге арқау етіп өрілген жәуанмәртілік ілімі мен Иасауидің хал іліміндегі инсанияттың кәма­ латтығы мен пенділіктік кәмалаттылығы деп аталатын сындарлы танымдарымен тамырласып жатқан рухани құ­ былыс» [64, 175-б.], – деген келелі пікірі Абай ілімінін негіздерін түркі дүниесіндегі құндылықтарымен тарихи бірлікте қарастыру мәселесін көтерумен бағалы. Демек, ғалым: «Абай ғұмыр бойы аңсаған адамшылықтың асыл мұраттары жайындағы ой-пікірінің басты желілерін тұтас қамтығандай. Бұл болашақ ұрпақ бойында дәл осындай дәрежеде қасиеттер болуын армандаған ақын мұратының асқақ жолы еді. «Адам болам десеңізге» сәйкес сипаттар­ ды бойына ұялатқан Әбдірақман сынды шын мәніндегі толық адам болу қажет деген өзіндік ой қорытыдысын ұсынады» [66, Б. 118-119], – деп таза ғылыми негізді қа­ растырудың адастырмас бағыт-бағдарын таным таразы­ сына салады. Ғалым Абай мен Шығыс арасындағы сабақтастықты және осы келелі мәселелерді ғылыми айналымға түсірген М.Әуезов еңбектерін зерделеу арқылы абайтану, мұхтар­ тану салаларының биік деңгейге көтерілуіне үлкен үлес қосты. «Абайтану мен мұхтартануды ХХI ғасыр көгіне алып шығу үшін ендігі ізденушілер бұл салада профес­ сор Мекемтас ашқан жаңалықтарды зерделеуі, араб, пар­ сы тіліндегі түпнұсқаларды еркін оқып, ұлы Абайдың Ис­ ламдық Шығысқа қатысын, түркілік тек-тамырын жеріне жеткізе зерттеу арқылы қазақ әдебиеттану ғылымының көкжиегін одан әрі кеңейтуге ат салысуы керек» [53, 10-б.]. Қорыта айтқанда, М.Мырзахметұлы Абайдың Шығыс дүниесіне қатысты ғылыми зерттеулерінде бүгінгі күнге дейін бізге жұмбақ болған, күңгірттеу болып келген ке­ лелі мәселелердің ғылыми шешімін тапты.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым М.Әуезовтің ақын мен Шығыс әлемі хақында сол кезең­ де айта алмай кеткен ақиқатының емеурінін түсініп, осы бағытта зерттеулер жүргізді. Бірінші, Абай мұрасының Шығысқа қатысын анық­ тап, дәлелдеуде әрдайым М.Әуезовтің ой тұжырымда­ рын басшылыққа алып отыруы; Екінші, Абай мұрасының шығысқа қатысын үш салаға топтастыра а) Абай және Шығыс классиктері, ә) Абайдың исламият­ қа қатысы, б) Абай және Шығыс хакімдері мен даналары­ ның арасындағы мораль философиясы сабақтастығының зерделенуі; Үшінші, Әл-Фараби мен Абайдың ғылымды классифи­ кациялау принциптерінің өзара үндестігі мен бір тектес келуінің кешенді зерделенуі; Төртінші, Абай дүниетанымындағы «жан мен тән», «жан сыры», «жан құмары», «жанның жарығы», «жан қуа­ ты», «жанның тамағы», «хауас», «хауас сәлим», «хауаси хамса заһири», «иманигүл», «толық адам», «пенділіктің кәмалаттығы» тәрізді күрделі шығыстық ұғымдарға сын­ дарлы ғылыми тұжырымдардың жасалуы; Бесінші, Ойшыл танымындағы жүрек культі мәселесі М.Әуезов зерттеуінің негізгі нысаны болуының сарала­ нуы; Алтыншы, Иасауи, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн дүниета­ нымдары және «Кабус-Наме» еңбегі мен Абай дүниета­ нымы арасындағы сабақтастықтың сарапталуы.

Е К І Н Ш І Б Ө Л І М ҒАЛЫМ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ӘУЕЗОВТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым 1. Абай және Мұхтар шығармашылығының ғалым зерттеуіндегі рухани үйлесімділігі Белгілі академик З.Қабдолов дана Абай мен кемеңгер Мұхтар жайында былай деген еді: «Қазақ халқының пас­ портына айналған Абай – ақын болса, Әуезов – жазушы. Әрине, бұлардың туған халқымыздың парасат әлеміндегі орны бір ғана әдебиетшіліктен әлдеқайда кең. Бұлар тіпті қазақ деген атаудың синониміне айналып кеткен. Де­ сек те, бұл екеуі бәрінен бұрын, қаламгер: Абай – ақын, Әуезов – жазушы... Абай өзіне дейінгі күллі қазақ поэ­ зиясының асқар асуы болса, Әуезов – қазақ прозасының асу бермес асқары. Екеуінің егіз ерекшеліктері, ерекше бірліктері де осы арада жатыр. Дәл осы тұрғыдан алып қарағанда «Әуезов – екінші Абай» екені рас.. Абай (Ибра­ һим) Құнанбайұлы! Мұхтар Омарханұлы Әуезов! Екі ұлы есім... Ақыл мен ойдың, сезім мен сырдың қайталанбас біртуар екі алыбы...» [12, Б. 286-289]. Демек, Абай мен Әуезов есімдері бір-бірімен тығыз байланысқан ардақты есімдер. Сол себепті екі тұлғаны бүтін бірлікте қарастыру заңды құбылыс. Ал, М.Мырзахметұлы академик-жазушы туралы: «Мұхтар Әуезов – ұлыларға тән көп қырлы дарын иесі. Оның көркемдік әлемі мен ұзақ жылдар бойы толассыз жүргізіліп келген ғылыми зерттеулерін танып білу жолы ғалымдар тарапынан атқарылар сан салалы аумағы мол арналы ізгі міндеттерді алға тартатыны бар... Қазақ әде­ биетін бүкіл әлемдегі даңққа бөлеген «Абай жолы» эпо­ пеясының табиғатын танып білу әрекетінің бір жағы әрбір зерттеушіні, сөзсіз, М.Әуезовтің ұлы ақын мұрасы туралы еңбектерін танып меңгеруге әкеп тіремек» [50, Б. 7-8], – дей отырып ары қарай тағы да: «Ақын мұрасын зерттеп, насихаттау жолында мыңнан астам қаламгер әрқайсысы өз әлінше үлес қосып жатса да, солардың ортасында абай­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ танудың негізін салушы деп танылған Мұхтар Әуезовтің орны бөлек екені, өйткені, ол ұлы ақын шығармалары­ ның «ішкі сырын аңғарғанның» өзі екені жұртшылыққа мәлім» [4, 9-б.], – деп, қомақты ой түйіндеген. Сонымен қатар ғалымның «Әуезов және Абай» деген монография­ лық зерттеу еңбегі – қос кемеңгердің өмірі мен шығарма­ шылықтарын зерттеуде таптырмас, негізгі бағыт болар құнды еңбек. Академик С.Қирабаев академик-жазушының ұланғайыр ғалымдық жолы жайында былай деді: «М.Әуезов Абайды да, қазақ әдебиетін де қорғап тұрған үлкен бір айбынды қорған сияқты еді. Абайды зерттеушілер де, қазақ әде­ биетінің жас күштері де сол кісінің маңына жиналып, атқарылар істердің орталығы, ақылшысы ретінде баға­ лайтын. Ол қазақтың ұлттық әдебиетін дүниеге танытты да, бүкіл дүние жүзі алдында оның абыройын қорғады. Абайды да әйгілі эпопеясы арқылы танытып, оны зерттеу, насихаттау ісіне мұрындық болды. Мұхтардың мезгілсіз қайтыс болуы (1961ж.) абайтануды да, әдебиетті де жетім қалдырды» [41, Б. 31-32]. Ғұлама ғалым хақында айтыл­ ған ой-өрнектерінің қайсысы болмасын М.Әуезовтің әсемдік әлемін һәм даралығын сипаттап, ой үстіне көркем ой қосып, айшықтай түседі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев академик-жазушы жайында жасаған баяндамасында: «Әуезов шығармашылығының нағыз тереңдігін, оның адамзаттың мәдениет қазынасы­ на қосқан үлесінің қомақтылығын Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде ғана емес, планетаның барша түпкірінде жақсы түсінеді. Ендеше Әуезовті қазақ әдебиетінің клас­ сигі демегенде не дейсіз. Ендеше «Абай жолын» біздің әдеби шығармашылығы­ мыздың шыңы демегенде не дейсіз» [82, 4-б.], – деп жазу­ шы мен оның роман-эпопеясына ерекше баға береді. Абай есімі, абайтану ғылымының сан қилы бел-белестері мен

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым өрнектері Мұхтар Әуезов есімімен рухани қатынаста екені мәлім. Сондықтан академик-жазушысыз Абай әлемінің жұмбағын шеше алмайтынымыз, абайтану теңізіне бой­ лай алмайтынымыз да ақиқат. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым М.Базарбаевтың: «Ұлы Абай жүрек зарын шағып, оған терең бойлауды өсиеттеді. Осы эстафетаны Мұхтар Әуезов қажырлы қолына берік ұстап, біздің қайта туған дәуірімізге жеткізеді» [83, Б .130-144] – деген пікірі жоға­ рыда берілген тұжырымымыздың бірден-бір нақты дәлелі болып тыбылады. Ақынның барлық шығармашылығына арқау болған адамгершілік туралы ілімі, оның қағидалары біздің дәуірімізге М.Әуезовтің ерен еңбегінің нәтижесін­ де ғана жеткені шындық. Қазақтың дара ақыны Абай туралы қаншама көп айтыл­ са да алдағы уақытта әлі де айтылар сөздер одан да көп болмақ. Өйткені, ақын шығармашылығы ескірмейді, әр ұрпақ оны жаңаша көзқарас тұрғысынан талдап, танып өзіндік байламын айтады. Жаңа заман талабы да оқырман алдына жаңаша міндеттер қоятыны сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі тәуелсіздік алған жариялылық заманын­ да Абайды қайтадан оқып, кешенді зерттеу міндеттері әдебиеттанушы ғалымдардың алдында тұрған өзекті, кө­ кейкесті мәселелер. Бұрынғы сөздердің бәрі бірдей ескір­ мегенмен, онда жаңаша көзқарас тұрғысынан айтарлық жаңаша конценпция да аз емес. Дегенмен де Абай жайлы жаңа ұрпақтың жаңаша сөзі ауадай қажет. Академик З.Қабдоловтың сөзіменен айтар болсақ: «Абай Құнанбаев та, Мұхтар Әуезов те – жомарт табиғаттың жа­ рық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқы­ мыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптар, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар, айтты-айтпады, қазақ әдебиетінің XІX ғасырдағы асқар белі – Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі – Әуезов. Әдебиетке ең қатал сын­ шы, ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттың өзі осыны

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ дәлелдеп отыр» [12, 229-б.]. Уақыт керуені алдыға қарай жылжыған сайын екі кемеңгердің тұлғалары заңғарлана түсетіні ақиқат. Орыс жазушысы Н.Погодиннің «Қазақстан үшін Әуе­ зов – екінші Абай» деген қанатты сөзі әдебиеттану ғылы­ мында қалыптасқан белгілі бір орынды ұғым екені анық. Орынды болатыны – Абай қазақ әдебиетінің XІX ғасыр­ дағы шыңы болса, Әуезов – XX ғасырдағы заңғар биігі. Демек, Әуезов Абайдың ізін басушы ғана емес хакімдік тағылымын дамытып, насихаттаған тұлға. Академик-жазушы қазақ әдебиетінде Абай көтерген биікті әрі қарай өрлетіп, бүкіл дүниежүзілік классиканың асқарына көтерді. Ол Абайға дана, данышпан ретінде де өз ортасынан бөлініп кеп, дара тоғысады да игі дәстүрін жал­ ғастырып, ілгері дамытады. М.Әуезов екінші Абай деген дәйектеме бірін-бірі қайталау емес, керісінше бір-бірінің жалғасы екені әрі дара таланттардың парасат әлеміндегі рухани сабақтастығының белгісі. Екі кемеңгердің ара­ сындағы рухани байланыс, сабақтастық желісі ешқашан бір-бірінен ажырамайтын, бөлінбейтін құбылыс. Соны­ мен қатар бір-бірінің көлеңкесінде көмескіленіп қалатын дүниелер еместігі де айдан анық. Ақынның хакімдік та­ ғылымын зерделеп, насихаттаушы М.Әуезовтің кезінде «шығыстың тірі данышпаны» атануына Абай мұрасының әсер-ықпалы ерекше болғандығын ешкім жоққа шығар­ мас. Бұл пікіріміздің сонылығына әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбайдың төмендегі тұжырымы нақты дәлел бола алады: «Мұхтардың балалық шағы қазақ даласында кез­ десіп көрмеген батыс елдерінде де сирек кездесетін өлең мен әнге, ертегі мен жырға, жұмбақ пен жаңылтпашқа, шежіре мен шешендіктің лұғатты сөздеріне күні-түні шо­ мылатын творчестволық ерекше жағдайда өтті. Ол Абай ауылы, Абай айналасы – Абайдың ақын балалары, Абай

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ауылына үсті-үстіне ағылып келіп жатқан ақындар, әнші­ лер, домбырашы, қобызшы-күйшілер, бишілер, шешен­ дер... Қазақ халқының қалыптасқан әдептілігі, инабатты­ лығы, мінезділігі, адамгершілігі – бәрі-бәрі осы ауылда Абай елегінен өтіп өңделгені де бар. Абай айналасында өрескел мінез, ерсі сөзге тиым салынған. Бұл ауылда кітап бар, кітап оқу бар. Науаи, Низами, Омар һаям, Фирдоуси­ лер аудармасыз, өз тілдерінде оқылады. Абай айналасын­ да осындай жағдайлар болғанын Мұхтар өзі де жыр етіп айтатын еді» [84, Б. 20-21]. Осы аталмыш жайттардың барлығы суреткер-жазушының роман-эпопеясында көр­ кемдік әдіспен шебер бедерленген. Әдебиеттанушы ғалым К.Сыздықовтың төмендегі тұ­ жырымы Т.Жұртбайдың сөздерін толықтай қуаттайды: «Мұхтар Әуезовтің болашақ суреткерлік, ғалымдық, қай­ раткерлік кемел қасиеттерінің бойға дарып қалыптасып, өсіп жетілуіне дара жаратылған ұлы тұлғаның туыстан, ата-баба нәсілінен ала келген табиғи дарын қалпымен қоса, оның туып өскен өмірлік орта өрісінің, тәлім-тәр­ бие, білім-таным алған алған оқу ордаларының, күнделік тірлік, еңбекте етене араласқан тұрмыстық, әдеби-мәде­ ни ортасының да өзіндік мол әсер-ықпалы болғандығы сөзсіз» [85, 71-б.]. Жазушы-ғалымның әлемдік тұлға дең­ гейіне дейін көтерілуіне әсер еткен құбылыстардың бірі оның өмір сүрген ортасы екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Академик-жазушы: «Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы – Абайдан. Таза әдебиет сары­ нына бой ұрғанда маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар сияқты. Абай­ ды сүюім үшін ақылдан туған, сыннан туған сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен бара-бар болатыны бар» [86], – деп азаматтық дәрежеге жетуіне үлгі болған Абай тұлғасы мен оның шығармашы­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ лығы жайында ой толғайды. М.Әуезов өзінің әйгілі «Абай жолы» эпопеясы арқылы есімін әлем оқырмандарына та­ нытып, Абайдың ақын – азамат ретіндегі шынайы көркем бейнесін жасаумен бірге, ақын мұрасын жинау, зерттепсаралау, оларды әртүрлі теріс көзқарастардан қорғап, саф қалпында бүгінгі оқырман-қауымға жеткізу, Абай өлең­ дерінің теориялық негіздерін анықтау ісінде де айтарлық­ тай еңбек етті. Абай шығармаларын зерттеуді ХХ ғасырдың 20 жылда­ рында Ленинград университетінде оқып жүрген кезіндеақ қолға алған жас ғалым 1922-1952 жылдары Ташкент­ тегі, Семейдегі оқу орындарында Абай мұрасынан дәріс оқып, «Таң» журналында ақын шығармаларын жариялап, Абайдың өмірбаяны жайлы деректер мен шығармаларын толықтыра түсу жолында тынымсыз еңбек етті. Ақын мұ­ расын зерттеу жолындағы алғашқы әрекеті Абайдың ғы­ лыми өмірбаянын жазу үшін соны деректер жинап, ақын шығармаларының тұнғыш толық жинағын құрастыру жо­ лындағы күрделі жұмысқа бағытталды. 1924 жылы М.Әуезов үшін Абай өмірі мен шығарма­ ларын зерттеп жинастыруда айырықша орны бар тарихи кезең болды. 1922 жылдан бастап ғалым ақын шығарма­ ларының толық жинағын құрастыру, Абай өмірбаянынан деректер жинау, ақын мұрасы жайлы ғылыми мақалалар жазып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде бас­ пасөз беттерінде мақалалар жариялап, оқу орындарында дәріс оқу арқылы да насихаттау жұмыстарын жүргізді. Осы жөнінде әдебиет зерттеушісі С.Қирабаев былай­ ша парасатты ой пайымдайды: «Алпысыншы жылдарға дейінгі ұзақ жылдарға созылған Абайды зерттеу ісінде М.Әуезовтің сіңірген ұлы еңбегін айрықша еске алу ләзім. ...1918 жылдан бастап Абай мұрасын бағалау, жинау, бас­ тыру ісімен араласқан М.Әуезов әдебиеттану ғылымы­ ның бұл саласындағы көз қарасы, абайтану ғылымында

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ой-пікірді орнықтырған, оның негізін салып жетілдірген бірден-бір ғалым-жазушы болды. Жүсіпбек Аймауытов­ пен бірге жазған мақаладан кейін де ол қазақ әдебиетін­ дегі Абай дәстүріне, Абайдың үлгісіне мезгіл-мезгіл оралып отырады. «Абай – қазақтағы суретті, сұлу сөздің атасы» деп жазды. Сонымен қатар ол «...терең сырлы, кең мағыналы, кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өр­ нек берген, түрін көбейтіп қалыбын молайтқан – Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан. әдебиетке, өлең-жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс ұғымның бәрін жоғал­ тып, жұрттың бәрін тәрбиелеген. Бұдан соңғы бір үлкен қызметі – қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан» [41, Б. 31-32], – деп ақын еңбегін айрық­ ша бағалаған. Абайдың мұң-зарын отаршылдық орын ала бастаған кездегі зар заман ақындарымен салыстыра келіп, автор былай дейді: «Абайдың өлеңінің ішіндегі ма­ ғынасы мен беттеген бағыты жағынан қарағанда, көшпелі дәуірдің өлеңдерінен айырылатын жері – мұнда сүлдері құрыған зар бар да, әлі құрыған уайым жоқ, оның орнын­ да қазақ өмірінің кем-кетігін түсінген көзі ашықтық бар, дәлдеп ауруын тауып, емін айтқан ширақтық бар. Бұрын­ ғыдай әр нәрсені ем көрген далбасалық орнына, Абай қа­ зақтың жасына білім жарығына ұмтыл дейді. Малыңды дұрыстап бақ дейді, атқа мінген жақсыларына елді іріткі­ ге салмай, адал еңбек қыл, қарызыңды атқар дейді. «Абай­ дың мұң мен зарын ол, бұрынғы зардың сарқыты емес, өз жүрегіндегі сырын айтқан сыршылдықтың сарыны. Ол – ашық тілек, айқын ұғымның, здоровый реализмнің са­ рыны» деп түсіндіреді. Өз кезінде бұл сөздер Абай шы­ ғармаларының сырын, құпиясын түсінуге көмектескені даусыз» [41, 31-б.]. Алғаш рет, 1933 жылы жарияланған Абай өмірбаянының тұңғыш нұсқасында биограф ақын­ ның шығармашылық, өнерпаздық жолының басталуы мен бастан кешкен түрлі әлеуметтік оқиғаларға аралас­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ қан өмір жолына байланысты 13 өлеңіне сүйенген. Бұл өлең-үзінділер жай алына салмай, олардың аталу себебі Абай араласқан түрліше оқиғалар желісімен ұштасып, кейбіреулерінің жазылу себептері де ашыла түскен. 1940 жылғы Абай өмірбаянында және осыған қосымша ретінде берілген деректерінде жалпы саны 24 өлең қамтылған, ал­ ғашқы өмірбаянмен салыстырғанда бұл жолы 8 өлең аты жаңадан қосылып «Құлақтан кіріп бойды алар...» өлеңі Абайдың композиторлық өнерін сөз етуге байланысты берілген. Абай әндері негізінен өз тарапынан қазақ өлең құрылысына ендірген жаңа түрлердің тыңдаушысына то­ сырқаусыз жетуін ойластырудан туған әрекет екенін көр­ сетеді. Осымен қатар Абай өлеңдерінің жазылу жылына да жіті назар аударады. Әрі кейбір өлеңнің пайда болу, жазылу себебін, онда айтылар ойдың төркіні Абай өмір сүрген заман шындығында, ақын араласқан белгілі әлеу­ меттік оқиғаларда жатқанын ашуға көп көңіл бөлген. 1945 жылы жазылып, бірақ еш жерде жарияланбаған Абай өмірбаянының үшінші нұсқасында ақын шығарма­ ларын қамту сан жағынан да, сапа жағынан да арта түс­ кен. Мұнда Абайдың 30 шығармасы қамтылып, аты атала­ ды. Бұрынғы нұсқаларға қарағанда мұнда 8 өлең үзіндісі, бір қарасөз қосылып, олардың ақын өмірінде орын алған қандай оқиғаларға байланысты айтылған сабақтастығы да ашыла түскен. Абай өмірбаянының ең соңғы рет қайта жазылған төртінші нұсқасында (1950 ж.) ақын өлеңдерін қамту күрт кеміп, 18 өлеңге түсірілген. М.Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянының барлығында ақын өмірімен тығыз байланысы бар: «Фзули, Шәмси, Сайхали...», «Әлифби», «Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?...», «Көңілім қайт­ ты достан, дұшпаннан да...», «Болды да партия...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты жеті өлеңдері еш жерде түсірілмей, нұсқадан нұсқаға ауысқан соны ұғым­ дармен молығып, сақталады да отырады. Бұған себеп

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым аталмыш өлеңдер тобы Абай өміріндегі елеулі бетбұры­ сын, дүниетанымдағы іштей түлеп, өсудегі өзгерістерді жітірек таныту қуатының молдығында жатса керек. Абай өмірбаянының барлық нұсқасына ақынның бала­ лық шағынан өмірінің соңына дейін бастан кешкен ғұмы­ ры түгелдей сол тұстағы қазақ елінің тарихымен, саясиәлеуметтік өзгерістермен етене байланысып өрілген. М.Әуезов пен абайтану тарихы – ілкі бастан жалғасын тапқан заңды құбылыс. Академик-жазушының отызын­ шы жылдардағы ізденістері мен Абайды танудың ғылы­ ми дәрежесін көтеруде абайтануға қосылған елеулі үлес ретінде де ерекшеленетін орны бар туындылар деп ба­ ғаланады. Жалпы ғұлама ғалымның ұзақ жылдар бойы Абайдың әдеби мұрасы жайлы үздіксіз ізденудегі әрекетін М.Мырзахметұлы бір-бірімен іштей байланысты төрт са­ лаға бөледі: Бірінші, Абай шығармаларын жинауы, текстологиялық жағынан сұрыптауы, жариялауы туралы еңбектері; Екінші, Абай өмірбаянын қайта жазып, ақындық қыз­ меті мен дәуірі, заманы жайында деректер жинап, естелік­ тер жаздырып, жоғалуға айналған өлең жолдарын қалпы­ на келтірумен айналысуы; Үшінші, Абай өмірі мен шығармалары туралы арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізуі; Төртінші, жоғарғы үш саланың негізінде Абай мұрасын ақын туралы көркем шығармалар жазу арқылы танытуы. Абай мұрасының жиналуы мен зерттелуі туралы мәсе­ леге М.Әуезов қазан төңкерісінен кейінгі жылдаран бас­ тап-ақ қызу араласа бастаған еді. Сонымен бірге ол Абай өмір сүрген ортада туып-өсіп, жастайынан ақын шығар­ маларын терең меңгеруі себепті, ақын өмірінде кездескен көп оқиғалардың сырын Абай мұрасын зерттеушілерден әлдеқайда жетік білді. Бұл жағдай Абай мұрасын жинап

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ зерттеудегі М.Әуезовтің үлкен еңбегінің жемісі болып аяқталуына мұрындық болды. Абайдың 1909 жылғы тұңғыш өлеңдер жинағынан кейінгі осы күнге дейін жарияланып келген ақынның то­ лық жинақтары мен академиялық басылымдары М.Әуе­ зовтің жинап бастыруымен, тікелей араласуымен шығары­ лып келеді. Әсіресе, осы толық жинақтардың бәріне негіз болған 1933 жылғы тұңғыш жарияланған толық жинақ ақын мұрасын жалпы бағалауда, танып-білуде орасан зор маңызы бар мәдени құбылыс. Өйткені, 1933 жылға дейін Абай мұрасы жайлы талас-тартыстар, кейбір зерттеулер негізінен, ақынның 1909 жылғы, көбінесе 1922 жылғы жинақтарына сүйенуі немесе ақынның толық өмірбая­ ны мен өзге шығармаларын пайдалана алмауы себепті, кемшін тұстарға жол берді. Мәселен, академик С.Қира­ баев бұл теріс қорытындылар хақында былай дейді: «Алаш қозғалысын қазақ халқына қарсы қою саясаты кезінде Абайды «ұлтшылардың» қатарына қосу сияқты қателіктер де орын алды. Ал, мәдени мұраны таптық-со­ циологиялық тұрғыдан сынға алған тұста ол байшыл фео­ дал ақыны ретінде бағаланды. Алғашқы көзқарас С.Мұ­ қановтың «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер!» («Еңбекші қазақ», 1923, 1-март) атты мақаласында көрін­ се, кейін қазақ жерінде таптық тартыстың ұлғаюы, пар­ тиялық, пролетарлық әдебиет жасау саясатын ұстануы бұл жіктеушілікті тіпті ұлғайтып жіберді... 20-жылдар­ дың екінші жартысында өткен Абай мұрасы жөніндегі ай­ тыстардың мазмұны негізінен осыған саяды. С.Мұқанов­ тың, І.Қабыловтың осы айтыс кезіндегі мақалалары мен сәл кейінгірек жазылған Ғ.Тоғжановтың («Абай» 1935ж) еңбектерінде Абай, негізінен, осы тұрғыда баға алды. Абайдың ақындық ұлылығын, жаңашылдығын мойындай отырып, С.Мұқанов оны қазақ даласына кіре бастаған ка­ питализмнің «Жаңашыл байшылдықтың» ақыны, «өнер­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ге ұмтылған қазақтың ақ сүйектіктен жаңалыққа ұмтыл­ ған жаңашыл байының тілегінен туған ақын» [41, 28-б.], – деп санады. Мұндай талас-тартыс Абайды тиянақты зерттеушілердің ғылыми ізденісіне тұсау бола алған жоқ. М.Әуезов сынды зерделі зерттеушілер өз позициясын қор­ ғай жүріп, ақын шығармаларын жинау, толықтыру, табыл­ ғанын біртіндеп жариялау жұмыстарымен шұғылданды. Абай мұрасын зерттеушілерді аталмыш күмәндардан сейілткен М.Әуезовтің ұзақ жылдар бойы сарыла еңбек етуінің нәтижесінде жарық көрген 1933 жылғы толық жи­ нақ пен Абай өмірбаянының жазылып дайындалған тұң­ ғыш толық жинағы болды. Ол жинаққа «Абайдың туы­ сы мен өмірі» атты ақын өмірбаянына арналған тұңғыш еңбегін қосты. Мұнда ол Абайдың шыққан ортасы, тегі, айналасы, өз өміріне қатысты деректердің бетін ашты. Әсіресе, ақынның әкесі Құнанбай хақында мәліметтер қызығарлық, өз елінің қадірлі азаматы болған Абайдың әкесінің халықтық қасиеттерін, ел басшысы ретінде ше­ шен, тапқыр, алғыр, көрегендігін, қайырымдылығын жа­ зушы-ғалым көптеген нақты фактілер арқылы көрсетті. Құнанбай мен Абай өмір сүрген ортаның қайшылықты сырын да нанымды ашады. Жинақтың алғы сөзіне І.Жан­ сүгіровтің Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мақаласы жарық көрген. Жинаққа Абайдың бұрынғы ба­ сылымдарға кірмей қалған бір топ өлеңдері мен қарасөзі берілді. Және оған М.Әуезов жазып алған Көкбай мен Тұрағұлдың естеліктері қосылды. Тұрағұлдың әкесі ту­ ралы: «Менің әкемнің биографиясына керекті сөздерді жинамақшы болған азаматқа... әкемнің өзімнің білген қадерімше жалпы мінезін алыстан алып, кең толғап жаз­ ғым келеді. Бұл сөзді керек қылған азамат, мол бұлдан ке­ регін қорытып алар...» [87, Б. 6-7], – деп естелік жазуына М.Әуезовтің тікелей өзі аралысқанын байқаймыз. Жоғары деңгейде жазылмаса да ақын өмірбаянын зерттеуде тап­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ тырмас қажетті дерек көз болып саналатыны ақиқат. Абай шығармаларының толық жинағының шығуы ақын шы­ ғармашылығымен қазақ халқының кеңірек танысуына, ол жөніндегі қайшылыты пікірлерді дұрыс пайымдауға жол ашты. Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихының М.Әуезов баста­ ған бір саласы оның өзімен аяқталады, дәлірек айтқанда, қазақ филологиясының абайтану саласын ғұлама ғалым өзі бастап, дамытып және негізгі проблемаларын айқын­ дап, ендігі зерттеу бағыттарының қай тұрғыда болуы ке­ ректігін белгілеп берді. Бұған М.Әуезов ақын мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеп, көркемдік аяда айтып беру ар­ қылы – бір дүниені екі үлкен әдіспен, екі үлкен форма­ да айтып беру арқылы жетті. Әрі ол абайтанудың ғылы­ ми жүйесін анық және берік өзгермейтін қалыпта жасап берді. Әсіресе мұны суреткер-жазушы «Абай жолы» эпо­ пеясында, көркемдік форма аясында барынша тыңғылық­ ты, жетер жеріне жеткізе орындап шықты. Дәл осындай зор жұмыс нәтижесінде барып қазақ әдебиеттану ғылы­ мында М.Әуезов танытуындағы абайтану сияқты ғылым саласы жасалды. М.Мырзахметұлы осы бір тұтас дүниені – «Абай мұ­ расы өзгелер танымында» және «Абай мұрасы – М.Әуе­ зов танымында» деп екіге бөліп, екіншісін өзінің зерт­ теу нысанына айналдырады. Және бұл таңдауын былай дәлелдейді: «Абайтану саласында жазылған осындай ұланғайыр еңбектердің ортасында Мұхтар Әуезовтің Абай творчсетвосын зерттеудегі ғылыми еңбектері мен көркем туындыларының орны ерекше бөлек. Өйткені М.Әуезовтің ақын мұрасы жайында ширек ғасырдан ас­ там уақытқа созылған ғылыми-творчестволық зерттеулері жалпы әдебиет тарихындаға ұлы классиктердің мұрасын ғылыми әрі көркем туындылар арқылы бірлікте танытып, меңгерудің талассыз үлгі өнегесіне айналып отыр. Мұны

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ғылыми тұрғыдан, танып, меңгерудің әрі практикалық мәні мейілінше үлкен» [50, 289-б.]. Ғалым академик-жазу­ шының бағыт-бағдарын басшылыққа ала отырып, абайта­ нудың негізгі өзекті мәселелерін өзінің зерттеу нысанына айналдырады. М.Әуезов қазақ әдебиетінде абайтанудың ғылыми жүйесін жасаған ғалым болса, М.Мырзахметұлы абайтанудың осы жүйесін ғылымда анықтап, таныту мен қорыту нәтижесінде абайтанудың өрісіне жол ашып, мұх­ тарлық абайтаныдың жүйесін ұсынды. Профессор М.Мырзахметұлы М.Әуезов танытуындағы абайтану сияқты ғылым саласының қалай басталып, қа­ лай дамуын, оның қалай дараланып шығуын сөз етіп, ғұ­ лама ғалымның танымындағы абайтану тарихын жасаған. Бұл – ғалымның ғылым саласындағы ерен еңбегі, салиқа­ лы үлесі. Дегенмен, М.Мырзахметұлы тек қана «Әуезовтік ой­ ларды баяндаумен» шектеліп қалмаған, өзіндік өрнегі мен қолтаңбасын да айқындап көрсете білді, ғалымның қол жеткізген табысы осы зерттеулерінде жатса керек. Ғалым бұл еңбегін былайша дәлелдейді: «Біз таңдап отырған та­ қырыптар М.Әуезов тарапынан ұзақ жылдан бойы молы­ нан зерттелгенімен, ғалымның бұл туралы ойлары толық түрде жарияланбаған. Көбінесе, тезис түрінде, не шашпа пікір не һашия түрінде берілгендіктен, жазушы архивін­ дегі деректер көзіне көбірек үңілдік. Осы ерекшеліктерге байланысты ғылыми еңбектерінде аз таратылған ойлары­ ның желісі «Абай жолында» мейілінше кең суреттелетін жақтарына мән бере қарастырдық... Осы ерекшелікке қарай Мұхтар Әуезовтің абайтану саласындағы зерттеу еңбектерінің архив қазынасында жарияланбай жатқан аумағы деректер көзін жинастырдық». [50, 9-б.]. М.Әуе­ зов абайтану саласын екі жүйеде: бірі – ғылыми жүйеде, екіншісі – көркемдік формада «Абай жолында» жасады. Абайтанушы ғалым бұл өзекті мәселелерді бір-бірінен

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ ғылыми негізінде ажыратып, құнды мұрағаттық деректер көзімен толықтырды. Зерттеуші бізге беймәлім көп қызу пікірталас туғызатын жайларға барып, М.Әуезовтің абай­ танудағы бұл күнге дейін, ғылымға белгісіз еңбектерін жарыққа шығарды. Осы орайда М.Әуезовтің абайтануда­ ғы қомақты ролі мен бүгінгі күндегі абайтанудың өзекті мәселелерін дәлелдеді. Абайтану мен әуезовтану айды­ нында ғылыми жемісті еңбектерімен қатар жүзді. Зерттеуші өзінің ғылыми ойларының жемісін айқын­ дайтын «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты еңбегінде аталмыш мәселелердің бізге бүгінге дейін беймәлім, өте күңгірт жақтарын жаңа қырынан ашқан. Монографияның бірінші тарауында – «Абай өмірбаяны – абайтанудың негізгі саласы» сөз болады. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұңғыш рет Абайға ғана баспа­ сөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле бастады. Бұл салада Абайдың тұңғыш биографы – Кәкітай Ысқақұлы жазған ақынның тұңғыш қысқаша өмірбаяны өз дәуірінде ерен қызмет атқарып, абайтану тарихынан лайықты баға­ сын алып үлгерді. Дегенмен шағын көлемдегі өмірбаян Абайдың шығармашылық жолын толыққанды көрсетіп бермеді. Аталмыш еңбектің олқылықтары туралы М.Әуе­ зов: «Биография – оның оқылықтары, Кәкітай (күнделік, хат, мемуарлардың болмауы, тіпті оның кезінде мерзімді баспасөздердің жоқтығы) ауызша естеліктер» [50, 13-б.], – деп тезис ретінде атап өтуі жай нәрсе емес еді. Акаде­ мик-жазушы Кәкітай еңбегінің кемшін тұстары ретінде ақынның шығармаларын түгел қамти алмауын атап көр­ сетеді. Бірақ ол ақын жөнінде ойлы пікірлер айта біл­ гендігіне және оның тарапынын айтылған ақын жөніндегі тұжырымдардың мәні әрқашан өзінің құндылығын жо­ ғалтпайтындығын тілге тиек етеді. Қазақ ақындары Абай­ дың өмірі мен туындылары жайлы мағлұматтармен алғаш рет Кәкітай арқылы ғана танысқандықтарына профессор

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ерекше тоқталып өтеді. Сол себепті аталмыш автордың еңбектері абайтану тарихында алар орны ерекше еңбек. Қазақ халқының рухани қазынасына жоқшы болып, та­ лантты көркем шығармаларымен әдебиеттану ғылымын қорландырған М.Әуезов сан қилы қиындықтарды жеңе отырып, Абай ғұмырнамасын тізгендей етіп ғылыми тұр­ ғыда әсем баяндады. Осы хақында ғалым Қ.Өмірәлиев былайша айқындай­ ды: «Шынын айту керек, әдебиет оқырмандары, тіпті Абай творчествосын және М.Әуезов жасаған «Абайдың өмірбаяны» деген еңбекті жақсы білетін әдебиетшілер, М.Мырзахметовтің сөз болып отырған кітабына дейін бұл ғылыми еңбектің қалай келіп туғанынан, оның жаса­ лу сырынан, ең бастысы бұл ғылыми еңбекті осылай бізге таныс формада жасап шығудың қаншалықты қиындыққа түскенінен мүлде хабарсыз еді» [88, 74-б.]. Абайтанушы ғалым осындай тұманды тұстардың сырын ашқан. М.Әуе­ зов танытуындағы «Абайдың өмірбаяны» деген еңбектің жасалып шығу күрделі тарихын, оның ғылыми жүйесін аша отырып, оқырманды өте тың, соны деректер көзімен хабардар етеді. М.Әуезов 1923 жылы Ленинград университетіне оқуға түсіп, кейіннен ұстаздық шығармашылық жұмысымен ай­ налысқан кезінде де Абай мұрасын зерттеуден, өмірбаян жайлы деректер іздестіруден қол үзбеген. Осы орайда бір­ неше мәрте экспедиция ұйымдастырып (1943ж, 1944ж) Абай өміріне қатысты жаңа материалдар тапты. Акаде­ мик-жазушы осы жайлы: «...Менің жұмысым жинастыру сияқты әуелі оның өмірін зерттедім... Көптеген деректер тобын жинастырдым. Көкбаймен, атаммен, Ділдамен, ақынның достары, жауларымен жеке-жеке кездестім.. Көкбай, Ділда, Әйгерім, Нұрғаным... оларды көрдім, әңгі­ мелестім» [89], – деп еске алып өтеді. М.Әуезов айтыл­ мыш дүниелердің баршасын тиянақты түрде салыстыра

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ зерттей отырып, ғылым сарабына салып, сын көзімен қай­ та түйіндейді. Ақын заманының қоғамдық-саяси астарын анықтаған сайын, өмірі хақында барша материалдарды толықтырған сайын суреткер-ғалым Абай өміріне ауықауық оралып, ол деректердің туу себептерін тереңірек көре түседі, ғылыми тұрғыдан да дәл тұжырымын береді. М.Мырзахметұлы салыстыру негізінде Абай өмірбаяны­ ның М.Әуезов жазған төрт нұсқасы бар екенін анықтаған. Олар 1924-27, 1940, 1945, 1950 жылдары жазылған. Профессор «Өмірбаянның» төрт нұсқасын салысты­ ра отырып бұл «Өмірбаянды» жазушы-ғалымның «Абай жолы» эпопеясымен сабақтастыра отырып, М.Әуезовтің ақын өмірбаяны мен «Абай жoлы» желісінде жатқан үн­ дестікті айқын аңғарған. «Өмірбаяндағы» кісі аттары, ру, билік иелерінің есімдері, тарихи деректер баршасы кең дәлелдермен сөз болады. Ғалым «Өмірбаяндағы» осы бірізділікті, оның үндесуін жазушының «Абай жолына» тұтас ауыстырғанын асқан шеберлікпен нақты цифрлар келтіре отырып, дәлелдеген. Бұл зерттеу жайында академик З.Қабдолов: «Абайдың өмірбаянында аты аталған адамдардың «Абай жолында­ ғы» образдарға прототип ретінде пайдаланылу жайын пайымдау – М.Мырзахметов монографиясындағы ең бір қызық деректер: эпопеяның бірінші кітабындағы «173 кейіпкердің, 32-сі, екінші кітаптағы 240 кейіпкердің, 27-і, үшінші кітаптағы 250 кейіпкердің 24-і, төртінші кітапта­ ғы 290 кейіпкердің, 10-ы Абай өмірбаянының соңғы нұс­ қасындағы аты аталмағандардан алынған» [61, 153-б.], – деп жазады. Мұның әдеби жағынан да, ғылыми жағы­ нан да құнды дерек екенін өз алдына қойғанда, моног­ рафияда осыдан тексеру түйінін түю үшін автордың өзі зерттеп отырған объектіге қандай ұқыптылықпен қарап, қаншалық еңбек сіңіргенін аңғару қиын емес. Сондай-ақ, зерттеушінің эпопеядағы рулардың, жер-су аттарының

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым қаншасы қай қайнардан алынғанын іздеп тауып, олардың санына дейін есептеп шығаруы, ал Абай өлеңдерінің қай­ сысы эпопеядағы қай фабуланың негізіне салынуы, яки «бірінші кітапта 25, екінші кітапта 25, үшінші кітапта 24, төртінші кітапта 37 рет алынуы» туралы ізденіс-табыныс­ тары да, сөз жоқ, нағыз ғалымдық ыждаһатпен беріле, са­ рыла еңбектенудің нәтижесі» [61, Б. 153-156], – деп әділ бағасын берген еді. Мәселен, М.Мырзахметұлы «Өмір­ баян» мен эпопеяның тылсымына терең бойлап салыс­ тыру арқылы үлкен жетістікке жетіп, абайтану әлемінің жұртшылық біле бермейтін тұстарын дәлдікпен көрсет­ кен. Айталық, билік жайында биографтың танытуында Құнанбайлар тобы ел сорына біткен қырсық екенін Абай ер жете келе анық біледі. Ел жұмысына жастай арала­ судан өмір талқысы оны ерте оятып, қиянатшыл топпен іштей, кейінірек тікелей алысқа түсетінін [90, Б. 379-383] ақын өмірбаянын жазуда қолданумен қатар «Абай жолы» эпопеясында образдар тартысы арқылы философиялық ой оралымдарымен беріледі. Ғалым өзінің еңбегінде өмір­ баян мен эпопеяны салыстыра отырып тамаша ғылыми тұжырым жасайды. М.Әуезовтің осы бағыттағы ізденісі жайында: «Абай­ дың ғылыми өмірбаянын жазуда шешуші орын алған сұ­ растыру, әңгімелесу, естелік жию жолымен жинастырған көл-көсір деректерді талдап, талдай қорытып алған ой тұжырымдауының көбі эпопея желісіне ендірудегі қайта­ ланбас суреткерлік өнері бірден танылып та тұрады» [50, 27-б.], – деп еңбекқор тұлғаға биік баға береді. М.Мыр­ захметұлы Абай өмірбаянында қамтылған ру аттарының «Абай жолында» кездесуінде көп нәрсенің сыры жатқан­ дығын аңғартады. Оның Абай өміріне тікелей қатысы бар рулық топтарды «олар арасындағы қым-қуыт қатынасын» білмей ақын өмірінің көп жақтарын терең танудың өзі қиын әрекет. Сондықтан зерттеушінің эпопеядағы рулар­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ дың, топонимдік атаулардың баршасын жіпке тізгендей қойып, қай арнадан алынғаны іздеп табуы, ерен еңбектің, табандылықтың нәтижесі екендігі шүбәсіз. М.Мырзахметұлы М.Әуезовтің ғылымдағы ұланғайыр еңбегінің бетін парақтап, жан-жақты жақсы ашып, жете тексерген. Мәселен, академик-ғалым атап көрсеткендей, «Абай жолы» роман-эпопеясында суреттелетін әртүрлі оқиғалар болып өткен жер аттары шындыққа сай, өмір­ де болған қалпында эпопея желісіне толық енген бола­ тын. Ақын өмірбаянының барлық нұсқаларында қамтыл­ ған жер аттары Абай жүрген немесе ақынның достары мен жаулары жайлаған елді мекендердің ең негізгілері ғана алынған. Онда жалпы 153 жер аты аталып, оның 49-ы түсірілсе де, осы алынып тасталған жер аттарының көпшілігі «Абай жолында» қайтадан аталатынын көреміз. [50, 35-б.]. Зерттеуші тіптен Абай өмірбаянындағы жер аттарын схема түрінде көрсетіп, 1933, 1949, 1945, 1950 жылдар араларығындағы жаңадан қосылған жер аттары­ на дейін дәйектеген. Тағы бір ғажабы, академик-жазушы өмірбаянда Абай жасаған ортаға тән аталмыш деректерді «Абай жолы» эпопеясында молынан қолданбауының бір­ неше себептерін М.Мырзахметұлы көрсетіп береді. Оның бірі – М.Әуезов Абай өмірбаянында ақын өміріне қатысты деректерді беріп, ақын жасаған ортаға ғана тән халық ауыз әдебиеті үлгілерін қолданса, екіншісі – «Абай жолында» халық ауыз әдебиеті шеңбердегі озық үлгі-өнегелерді ғана пайдалануды мақсұт тұтып, халық даналығы ретінде бері­ летін деректер санын 95-ке дейін жеткізіп, соны сипат қо­ сады. Зерттеуші осы орайда талмастан тағы да тың дерек­ тер көзіне үңілген. (Мәселен, І-27, ІІ-23, ІІІ-19, ІV-26). Бұл жолда ғалым мұрағат шындығына көз тастап, осы жайлы пікір айтқан Куйбышев облысынан Мая Мергалина есімді оқушының 1952 жылы 15 наурызда жазған хатынан дәлел келтіреді.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым «Романдағы көптеген даналық пен шындық мені кере­ мет таңғалдырады... Мұндай ұлан-асыр мол деректерді Сіз қалай жинағансыз? Сіздің кітабыңызды оқыған шақ­ та тыңнан ұшырасатын халық даналығының молдығы бірден көзге түседі» [50, Б. 42-43], – деген пікірден көп нәрсенің төркінін аңғаруға болады. Академик-жазушы жазған ақынның өмірбаяны мен «Абай жолы» романына тән осындай көптеген шығармашылық ішкі байланысты ашу негізінде ғалым бізге мұхтарлық абайтанудың тыл­ сымды тұстарын ғылыми дәлдікпен осылайша танытқан. Қ.Өмірәлиев сөзімен айтар болсақ: «Қысқасы, М.Әуезов жасаған «өмірбаянды» Абай жолымен бірлікте алып, оны таза ғылыми жүйеде ашып, авторлық мұхтарлық абайта­ нудың тарихын сөз етіп қана қойған жоқ, ол әрі Абай мұ­ расына қатысты тұрғыдан мұхтартанудың жаңа бір бетін ашып отыр» [88, 77-б.]. Берілген пікір желісіне ой жүгірт­ сек ғұлама ғалымның ақын шығармашылығын ғылыми және көркемдік жүйеде қарастырып, зерттегенін ғылыми негізде айналымға түсірген М.Мырзахметұлының ең­ бегінің жоғары бағаланғанына куә боламыз. Қазақ әдебиетін зерттеу тарихында текстологиялық жұмыстар жүргізудің алғашқы қадамы да Абай мұрасын зерттеу саласында жүргізілген жұмыстарымен бірге туды. Ақын шығармалары мен өмірбаянын арнайы зерттеуді жиырмасыншы жылдар басында саналы түрде қолға ал­ ған М.Әуезов Абай мұрасын тереңірек танып, меңгеру жолында сүйенер түрнұсқа дерек көздері мен текстоло­ гиялық жұмыстар жүргізуді нысанаға алды. Абай шы­ ғармаларының тұңғыш толық жинағын құрастыруға ұм­ тылған суреткер-жазушының сол тұста-ақ ақын мұрасы жайлы источниковедение, текстология жұмысымен қатар айналысты. Ақын мұрасын қарастырған көптеген ғалым­ дарға қарағанда, ол балалық шағында-ақ Абай өмір кеш­ кен рухани ортамен, ондағы ақын өмірін жақсы біліп, шы­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ ғармаларын жатқа білетін білікті адамдар тобымен ерте араласқан еді. М.Әуезов ақын мұрасы жайлы зерттеу­ лерінде асыл түпнұсқаға немесе түпнұсқаларға тірек негіз болар сан қилы деректер көзіне айырықша көңіл бөлді. Ғалым осы орайда негізгі түпнұсқа ретінде 1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба түрінде таратыла бастаған Мүрсейіт Бікеұлы топтастырған көшірмелерден алынған­ дықтан: «Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы немесе толық жинақтары болса, сол Мүрсейіттің көшірмелері» [56, 18-б.], – деп осыған меңзейді. Дегенмен Мүрсейіт көшірмелері алғашқы түпнұсқа болғанымен, көптеген текстологиялық ауытқуларға жол беріп алған. Зерттеуші мұның бірнеше себептерін атап көрсеткен. Мә­ селен, Біріншіден; Абай шығармалары толық қамтылмаған; Екіншіден; кейбір өлеңдер орынсыз біріктіріліп, кейбі­ реулері ретсіз бөлек өлең ретінде берілсе; Үшіншіден; қолжазбада Абай қаламынан тумаған беймәлім өлеңдер орын алған; Төртіншіден; ең маңызды – Абай шығармаларының жа­ зылу мерзімі, жылдары да көрсетілмеген. М.Әуезов осы олқылықтарды ескере отырып, мүлдем жоғалуға айналған Абай шығармаларын қалпына келті­ руде ұланғайыр текстологиялық жұмыстар атқарған. М.Мырзахметұлы академик-жазушының текстология­ лық түзетулер кезінде ерекше тер төккендігін айқындап, ақынның маңында өмір сүріп үлгі-өнеге алған үзеңгілес жолдастары мен ақын шәкіртттері санасында сыбағадай сақталған 45 өлеңді (1086 жол) хатқа түсіріп, қайта тірілт­ кендігін дәлелдейді. Зерттеуші М.Әуезов төңкеріске дейін Абай шығармалары үш түрлі жолмен: а) баспасөз арқы­ лы; ә) қолжазба-көшірме күйінде; б) ел арасында ауызша жатқа айтылып таралған деген пікірін басшылыққа ала­ ды. Профессордың зерттеуі арқылы бүгінгі ұрпақ М.Әуе­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым зовтің ақын өмірбаяны мен шығармаларын жинақтауда көрген азабы мен атқарған еңбегінің қаншалықты ауыр болғандығына куә бола алады. Жұртқа мәлім, бізде Абай шығармашылығы 1909 жылғы басылым мен Мүрсейіт Бі­ кеұлының қолжазбалары аясында қалыптасты деген тар түсінік орын алған. Алайда осы күнге дейін Абай тексто­ логиясы дегенде осы нұсқалар арасындағы ауытқуды ғана білеміз. Оның соншалықты ғұлама даналықпен, кешенді ғылыми зерттеулер негізінде сомдалып, толыққанды тап­ тырмас асыл бұйымға айналдырар арнада М.Әуезовтің ғалымдық азабын көзге елестете алмаймыз. Ғалым сурет­ кер-жазушының ғылыми еңбегінің тарихын жасап, атал­ мыш олқылықтарды академик-жазушының қалай қалпы­ на келтіргенін анықтап берген. Абай шығармаларының түрліше таралу жолдарымен жете танысқан зерттеуші ақын мұрасының асыл түпнұсқа қалпына түскен толық жинағын құрастыру үшін, яғни ке­ лешек зерттеушілерді адастырмас темір қазықтай бір ізге түскен канондық тексті қалыптастыруда азабы көп тексто­ логиялық зерттеу жұмыстарын басынан өткерді. М.Мыр­ захметұлы осы хақында: «М.Әуезов ұзақ жылдар бойы деректер көзін қазбалау, ақын өмір сүрген заман сырын ұғыну, оны ақын шығармаларында реалистікпен суретте­ ген өмір шындығымен өзектес үндестігін табу жолындағы қажырлы ізденістері оны тарихи қайнарлар мен ақын мұ­ расы жайлы сан салалы деректер көзіне үңілтпей қоймай­ ды. Бірақ ол қол артуға ұмтылған өзіндік ерекшелігі мол деректер көзі даяр күйінде яғни хатқа түскен архив қа­ зынасы түрінде кездесе бермеді. Бұл жағдай зерттеушіні дағдартпады. Қайта қолда бар жазбаша түрдегі деректер­ мен қоса, жанама түрде болса да, негізінен, ел ауызында, кейбір білікті кісілер санасында сақталып, қозғау түспей жатқан тірі архив иелеріндегі өлеңдерді іздеу сияқты аса қиын, азабы мол деректер көзін зерттеумен айналысты.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Осы жағдайларды мықтап ескерген М.Әуезов Абай мұ­ расын жинастырып, зерттеу жолында сүйенген деректер көзі түрі жағынан көп салалы өзіндік ерекшелігі мол, қай­ таланбас тарихи деректер көзін қамтуға тұс келді. Бұлар­ ды М.Әуезов өз зерттеулерінде, негізінен, төрт түрлі арна­ дан құралатынын үнемі ескеріп отырады. Осындай тарихи ерекшелігі бар көп арналы деректер көзінен нәр алып то­ лысатын Абай мұрасының бастапқы асыл түпнұсқа қал­ пына түсіріп, канондық текстін жасау жолындағы жұмыс­ тың негізін салған М.Әуезов ізденістері әлі де жүргізіле бермек» [50, 74-б.], – деп зерделеген. Академик-жазушы өмірінің соңғы жылдарына дейін ауызша таралған ақын өлеңдері тағдырына, ондағы текстологиялық өзгерістер сырына үңіле түсіп, оларды үнемі жинастырып отырған. М.Мырзахметұлы Абай өлеңдерінің кейде ауызша жаңа нұсқамен жырланып, хатқа түскен түрінің кездескендігін де ескерткен. Мәселен, ертеректе 1947 жылы Ақмола қа­ ласынан табылған «Хиқаят» деп аталатын көшірме қол­ жазбадағы Абайдың екі өлеңінің жалпы желісі ғана сақта­ лып, екі өлең де бөгде ақын атынан жырланған. Қолында мұндай болса салған құсың, Жұғымды болсын жұртқа қылған ісің. Кейінгі бозбалаға нұсқа қалсын, Құстың да жазып кетем түрі түсін [91]. Зерттеуші бұл қолжазбаның тек «Хиқаят» деп аталғаны­ мен, онда Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің желісі сақталып, өлең жолдарының үлкен өзгеріске түскендігін анықтаған. Профессор бұл жөнінде: «Осындай деректерді еске алудан болса керек, М.Әуезов Абай өмірі мен өлең­ дері жайлы деректерді жинастыру жұмыстарын жүргіз­ генде тек тобықты іші, Семей өлкесімен ғана шектелмей,

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым көршілес Омбы, Ақмола, Өскемен, Павлодар, Қараған­ ды аймағынан да іздеу қажет деп ескертеді» [50, 85-б.], – деген. Абай шығармаларын бастапқы ақын қаламынан туғандай қалпына келтіру жолында атқарылған жұмыста­ ры мен текстологиялық ізденістері ғалымның толық жи­ нақты құрастыру үстінде ғана емес, соңғы мезетке дейін жүргізілгені мәлім. М.Әуезов осы салада атқарған қыруар еңбектері мен текстологиялық жұмыстар нәтижесін қорыта келе: «Абай өлеңдерін биограф ретінде зерттеп жүр едім. Көп адамның ауызынан Абай өлеңдерін жазып алып, бұрын баспа бетін көрмеген шығармаларының қырық проценттейін қалпына келтірдім» [50, 93-б.], – деуінде ақын мұрасын қалпына келтіруде сіңірген текстологиялық зерттеулері еске алы­ нып отыр. Осылайша жазушы-ғалым Абай шығармашы­ лығынаң текстологы болды, ол сонымен бірге Қазақстан­ дағы әдебиеттану ғылымында текстологиялық жұмыстың да іргетасын қалап, тамаша үлгі-өнегесін көрсетті. М.Мырзахметұлы ғалымға тән ыждаһаттылықпен зерт­ тей отырып М.Әуезов қазынасының сырларын, яғни жа­ зушы мұрағатын ақтару арқылы тың деректердің қайнар көзін ашқан. Ол жайында ғалымның өзі былай дейді: «Мысалы, қолжазбадағы «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңі «Тайға міндік» деп басталатын өлеңмен қосылып, бір өлең ретінде берілген. Бұл құбылыс 1916 жылғы С.Әбішұ­ лының «Абай термесі» атты жинағында да осылай бол­ ған. Алдыңғы аталған өлеңнен мұнда жеті-ақ өлең жолы енген. Осының өзінде де бірінші шумақ дұрыс берілсе, өлеңнің қайырмасы ретінде берілген үш жол осы өлеңнің екінші шумағынан кейін берілетін қайырма еніп кеткен. Міне, қолжазбада осылайша бытысып, араласып кеткен өлең жолдары алғаш рет 1933 жылғы жинақта бастапқы түріне келтіріліп, екі өлең де табиғи өз қалпына түсті. Мүрсейіт қолжазбасында өлең атауларының өзінде де өз­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ геріске ұшыраған немесе орны алмасып түскен тұстары да бар. Мүрсейітте «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деп басталатын өлеңі «Бір сұлу қыз болыпты хан қолында» деп берілген. Әрі бұл өлең ретінде берілген. Бірінші өлең, яғни «Бір сұлу қыз болыпты хан қолында» деп берілгені 24 жолдан тұрады да, түпнұсқаны айнытпай қайталайды» [50, 96-б.]. Осы келтірілген деректер легі арқылы М.Мыр­ захметұлы біздің Көкбай жөніндегі ұғымымызды да өз­ гертіп отыр. Абайдың ақын шәкірттерінің бірі – Көкбай хақында М.Әуезов қолжазбаларында құнды деректер мо­ лынан кездеседі. Cолардың бірі: «Көкбай өзінің жадын­ да жүрген, біржола жоғалып кетуге мүмкін болған Абай өлеңдері мен кейбір шумақтарды, жолдарды хатқа түсіріп, ұлы ақынның өзге мұраларының қатарына қосты» [50, 94б.]. Сонымен қатар Абайдың көп өлеңдеріне кейінгі толық жинақтарда беріліп жүрген қосымша түсінік, деректердің көптен көбі және де сол Көкбайдың аузынан алынғанына тоқталады. Көкбайдың қазақ әдебиеті тарихына қосқан зор үлесін тілге тиек етеді. Осындай әрекеттер нәтижесін­ де М.Әуезов Мүрсейіт қолжазбаларына енбеген, онда мүлдем болмаған 45 өлең (1086 жол) алғаш рет толық жи­ наққа тыңнан қосылды. Абай мұрасы мазмұны мен көлемі жағынан елеулі түрде молығып, келешек зерттеушілер үшін мол қазына бір жерге топтастырылды. Ақын мұрасының басым бөлігін өз қалпына келтіру жо­ лындағы академик-жазушының бұл тарихи еңбегі теңдесі жоқ мол табыс екендігін бүгінгі ұрпақ қашанда ризашы­ лықпен еске алады. Осы орайда профессор Абай мұрала­ рының жоқшысы, зерттеушісі болған М.Әуезовтің сіңір­ ген еңбектерін тереңдеп аша отырып, ғылыми дәлдікпен тұжырымдаған. М.Мырзахметұлы М.Әуезовке тән, алай­ да бұл күнге дейін ғылыми ортада көп ескерілмеген осы ерекше мол дүниені ғылыми негізге түсіріп, соны жаңа­ лықтың бет пердесін ашып отыр.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Зерттеуші М.Әуезовтің «ғылыми ойларымен» яғни, мұх­ тарлық ой желісі, пікір түйіні, көркемдік шешімі шеңбері­ мен шектеліп қалмайды. Ол, біріншіден, Абай дәуірінің тарихын жетік меңгерген. «Абай жолы» эпопеясына еркін еніп кетеді де, ғалым-жазушы шеберлігінің ұштасу құ­ былыстарын тиянақты зерделейді, екіншіден, өздігінен барып ақын шығармаларының осы бетін мол зерттеп, та­ ныған. Осы екі арна зерттеушіге академик-жазушының абайтанудағы екі бағытын – ғылыми әрі шығармашылық мұрасына еркін һәм біліп баруға үлкен мүмкіндік берген. М.Мырзахметұлы М.Әуезов жасаған мұхтарлық абайта­ нудың тарихын сөз етіп қана қойған жоқ, ол әрі Абай мұ­ расына қатысты тұрғыдан мұхтартанудың жаңа бір бетін де ашып, жаңа қырынан танытып отыр. Бұл – М.Мырзах­ метұлының абайтану әлеміндегі ірі жетістігінің бір сипа­ ты. Ғалымның абайтану саласындағы еңбегі хақында: «Жалпы, М.Мырзахметов Мұхаңның абайтану саласын­ дағы еңбектерін көп зерттеушінің ойына келе бермейтін, көзіне түсе бермейтін жерден келіп барып, төтеннен көп нәрсе тапқан. Соның бірі Абай арнау өлеңдерінің жазы­ лу сыры. Ақынның 35-тей арнау өлеңі бар екен. Бұл да жаңа пікір. Ал осы арнау өлеңдердің кімге арналып қан­ дай жағдайда жазылғаны ешбір жазба деректе көрсетіл­ меген» [88, 81-б.], – деп берілген пікір желісі абайтанушы еңбегінің жетістігін сипаттайды. Зерттеушінің көрсет­ кеніндей М.Әуезов Абай мұрасының бұл сияқты тылсым­ дарын табуға барынша күш салған. Абайтанушы ғалым академик-жазушының осы еңбегін оның мұрағатын зерт­ теу негізінде анықтаған. Арнау өлең – Абай шығармаларына тән ерекшеліктердің бейнесі. Аталмыш арнаулардың шығарылуы тарихи дәре­ жеде болған. Мәселен, кейбір арнаулар аяқ астынан, әжуақалжың негізінде шығарылып жатса, келесі біреулері аса

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ өткір әлеуметтік-саяси тақырыптарға орай туындаған. Ал қайсы біреулері айтар ой түйінін жанама түрде меңзеу ар­ қылы түйіндеген. Айталық, 1909 жылғы жинаққа Кәкітай мен Тұрағұл бұл жанрдағы бес өлеңнің нақтылы кімдерге арналғандығын білдірмеген. Мүрсейіт қолжазбаларында да біршама қамтылса да, олардың кімдерге арналғанды­ ғы беймәлім күйде қалған. Міне, осындай кезеңде Әуезов абайтанушы ғалым ретінде ақынның арнау өлеңдерін жи­ нап, олардың кімдерге арналғандығын анықтағанын кө­ реміз. Бұл оңай дүние болмағаны ақиқат. М.Мырзахметұ­ лы осы орайда: «Арнау өлеңдерді мен өзім жинастырып, көптеген кісі аттарын қалпына келтірдім» [68, 20-б.], – де­ ген М.Әуезов пікірін алға тартады. Арнау өлеңдер жайлы мағлұматар 1939-1940 жылдары басылған толық жинақта молыға түскен. Жазушы-ғалым арнау өлеңдердің шығу тарихы, арналу бағыты жайлы аз еңбек сіңірмегендігін көреміз. Әрі ол баршамызды суреткер-ғалымның ғалым­ дық-жазушылық заңғарына жетелей түседі. Бұл жайын­ да профессор: «Ал соңыра Абай өлең арнаған, тарихта болған кісілердің бірсыпырасы «Абай жолы» эпопеясы­ на еніп, өткен дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығы мен оқиғаларын суреттеуге арқау болғанын да көреміз. Эпо­ пеяда кейбір арнау өлеңдердің жазылу себебі, жан-жақты екшеліп баяндалады, әрі ондағы аты аталған кісілердің көпшілігі шығармада белгілі кейіпкер дәрежесіне дейін көтеріледі» [50, 109-б.], – дейді. М.Әуезов айрықша көңіл бөліп, көп қарастырған Абайдың арнау өлеңдерінің тобы – Абайдың тікелей үй-ішілік мұң-наласынан туған шерлі өлеңдері. Оспан, Әбдірахманға арналып жазылған жоқтау сарыны басым өлеңдерді қамтиды. Бұлардың барлығы дерлік 1909 жылғы жинаққа енгізілмеген. Жалпы арнау өлеңдердің кімдерге бағышталғандығын білу арқылы ақын өмірінің елеулі бір кезеңін білуде М.Әуезов асқан білгірлік танытты. Эпопеяның кейбір тарауларындағы

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым оқиғалар желісіне арқау болған Абай өлеңдеріндегі Ос­ пан, Әбдірахман жайлы арнау өлеңдердегі нақтылы дерек көзі – М.Әуезов зерттеулері нәтижисінде сол дәуір шын­ дығын танып-білуде маңызды рөл атқарады. Абай өлеңі мен М.Әуезов эпопеясында қатар сөз бола­ тын Әбсәмет жөніндегі мағлұматтардың көзін М.Мырзах­ метұлы ары қарай іздестіріп, Әбсәмет кім болған? деген сұраққа жауапты жазушы мұрағатындағы өз қолымен жа­ зып, тоқ етер сөйлемдермен түсірілген қолжазба дерек­ терден тапқан. Ол: «...Әбсәмет үйі Ыстық көл көшесінде тұрады. Ыстанбек – Тастанбек. Әбсәмет – Ыстанбектің баласы...» [50, 114-б.], – деп қолжазба сырын паш етеді. Профессор Абай шығармашылығындағы арнау өлең­ дердің жазылу сырына ерекше үңіліп, оны анықтау үстін­ де М.Әуезов мұрағатындағы дерек көздерге жүгінген. Абай өлеңдерінің жазылу мерзімін айқындау М.Әуе­ зов еңбегінің тығылымды тұстарын құрайды. Өйткені, Абай шығармаларының жазылу мерзімдерін толыққанды анықтап алмайынша ақынның ақындық өнері мен дүние­ танымдық өзгерістерін, эволюциялық жетілу жолдарын танып білу қиынға соғар еді. Осы бағытта академик-жа­ зушы ақын өлеңдерінің мерзімін анықтау тұсында, ғылым тарихында сыннан өткен орыс, европа әдебиеті тарихын­ да көптен қолданып келген хронологиялық жүйемен беру принципін ұстанады. Әрине, Абай шығармашылығының жазылу мерзімін анықтау, тек қана хронологиялық жүйе­ мен тізе салудан тұрмайтын іс, қайта абайтану саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, хронология­ лық жүйеге сүйене отырып зерттеудің маңызы ерекше. Ғалым осы жөнінде М.Әуезов мұрағатынан соны мәліметтер легін келтіреді: «Біз ұстанатын, қолданатын әдісіміз... өмірі мен өсу, даму жолдарымен, ақынның эво­ люциясымен (творческая эволюция) жыл-жылдан тексе­ реміз... Өсе, жүре, еңбек ете, іздене, таба жүріп, қалыпта­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ сып тола береді....» [92], – деп ескертеді. Зерттеуші Абай шығармаларының жазылу мерзімін анықтауға ұмтылған әрекеттің екі дүркін жүргізілгендігін көрсетеді: Бірінші кезең 1908 жылы жүргізілді. Екінші кезең 1924-1927 жыл­ дар аралығында жүргізілді. Ғалым осы бағытта тағы да М.Әуезовтің қолжазбаларындағы деректерге сүйенеді: «Бұрынғы жылдар бір топ Абай шәкірттерінің Кәкітай, Мүрсейіт, Көкбай, Тұраш, Махмұт (көшірушілерінің) куәлігімен әуелі 1908 жылы, одан кейін 1927 жылы қо­ йылған» [93], – деп ескертетіні бар. Осылайша М.Әуезов Абай шығармаларының жазылу мерзімін анықтар ғылы­ ми мәні зор үлкен еңбек жасаған. Профессор М.Әуезовтің осындай мақсаттар жолындағы мол ізденістерін зерттеу әдістерін тапқан, қосқан табыстарын түгендеп, бұлардың абайтануда қаншалықты маңызды қызметі болғанын то­ лыққанды айқындап көрсеткен. Абай шығармаларының ақын қолынан шыққандай түпнұсқасы сақталмай, оның орнын толтырар – Мүрсейіт көшірмелері арқылы жетуі өлең өріміндегі өзгерістерді текстологиялық тұрғыдан зерттеуді қажетсінді. Осы ба­ ғытта М.Әуезов еңбегінің жемісі ұлан-ғайыр болмақ. Өлең өрнегіндегі ауытқуларды айтпағанда, дербес екі бө­ лек шығармалар араласып кетіп, бір өлең ретінде берілу тұстары да айқын ұшырасады. М.Мырзахметұлы осылар­ дың ара жігі хақында: «Мысалы 1909 жылғы жинақтың өзінде «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі мен «Ға­ шықтық, құмарлық пен ол екі жол» бір боп тұтасып кетсе, «Алланың өзі де рас, сөзі де растың» ішінде «Жүректегі қызықтың бәрі асыл тас» өлеңі араласып жүр. Немесе «Интернатта оқып жүр» мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі кітаптың 2, 8-бөлімдерінде бір шығарма ретінде ұласып берілгенін көреміз» [50, 119-б.], – деп мәлімдейді. Қалай болған күнде де Абай өлең өріміндегі өзгерісін та­ нып, оны бастапқыдай түпнұсқа қалпына келтіру жолы

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым – М.Әуезов атқарған қыруар еңбек пен маңдай тердің нәтижесінде текстологиялық күрделі жұмыстардың бір арнасы ретінде қалыптасты. Бұған академик-жазушының сіңірген еңбегінің мәні ерекше. З.Қабдолов М.Мырзахметұлының білікті ғылыми мұ­ раттарының келбетін былайша көрсетеді: «М.Әуезовтің Абай шығармаларын жинаушы және текстолог ретіндегі еңбегіне арналған екінші тарау, мұндағы Абай өлеңдерінің таралу жолдары, жазылу мерзімін анықтау, түпнұсқаны қалпына келтіру әрекеттері, арнау өлеңдердің жазылу сы­ рын ашу, Абай поэзиясының өрнек-үлгісін қалыптасты­ ру, өлең жолдарындағы сөз өзгерістерін қадағалау, ақыр аяғында М.Әуезовтің текстологиялық зерттеулері ақын шығармаларының канондық текстін жасауға негіз болға­ ны туралы зерттеуші пікірлері мен қорытулары да ойлы, кенеулі, өнімді шыққан. Ақын шығармаларының барлық басылымдарын салғастыра келе, 1909 жылы жинақтағы Абай өлеңі – 139, өлең жолы – 5399 1933ж. Толық жинақ­ та Абай өлеңі – 204, өлең жолдары – 6580 1945 ж. Толық жинақта Абай өлеңі – 223, өлең жолы – 7255 1957 ж. То­ лық жинақта Абай өлеңі – 228, өлең жолы –7487, 1977 ж. Толық жинақта Абай өлеңі – 3000, өлең жолы – 7495» екенін айтпағанда, монография авторының осы өлеңдер мен өлең жолдарының әрқайсысы қандай өрім-өрнектері арқылы Абайға хас екеніне назар аударуы – биік ғылы­ ми мұраттың нышаны» [50, 73-б.]. М.Әуезовтің ақын шығармаларының текстологиясы саласындағы осындай жұмыстарын жіктеп, ғылыми дәлдікпен көрсете отырып, өз тарапынан баға және кенеулі ой түйінін «М.Әуезовтің текстологиялық зерттеулері – ақын шығармаларының ка­ нондық тексін жасаудың негізі» деген тақырыптағы ой­ лармен аяқтайды. Ары қарай айтылмыш салада жасала­ тын қыруар жұмыстарға қарай зерттеушілерді жетелейді.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ М.Мырзахметұлы өзінің ғылымға берілген абзал көңілі­ мен ғұлама ғалым мұрағатының тылсымды тұстарына дендей еніп, абайтану мен әуезовтану әлеміне ғылы­ ми саяхат жасайды. Бұл ғалымның ұзақ жылдар бойғы үздіксіз ізденімпаздығы мен еңбекқорлығының белгісін айшықтай түседі. Абай мен М.Әуезов хақында зерттеу жүргізбеген зерттеуші кемде-кем. Солардың ішінде атал­ мыш ғылым салалары бойынша өзінің еңбектерімен ерек­ шеленетін ғалымның ғылыми шығармашылығы отандық әдебиеттану ғылымына қосылған рухани игіліктер легі болып саналады. Зерттеушінің осы бір артықшылығын сипаттайтын мына бір пікір желісіне кезек берейік: «Бұған жетудің кілті неде? Бұған автордың зерттеу әдісі жеткізіп отыр. Құбы­ лысты көру үшін, оның өзгелерден бөлектенетін, өзінің мәнін белгілейтін ерекше басты қасиеті не екенін тану үшін жалаң білім жеткіліксіздік етпек. Бұл білімге қоса сол құбылысқа деген жүрек қалауы, патриоттық сезім, же­ текші көзқарас т.б. керек. М.Мырзахметовте зерттеуші әрі ғалым ретінде осы ерекше дүниелердің біразы тоғысқан» [88, 82-б.]. Жұртқа мәлім, М.Әуезов әдебиетке әрі сурет­ кер, әрі ғалым боп келді де, осы екі саланың да шырқау биігіне бірдей көтерілді. М.Әуезов көтерілген бұл көп тұғырлардың ішінде ең биігі «Абай жолы» эпопеясы мен ақын жайлы монографиясы болды. Академик-жазушы осы еңбектерінде Абай дүниетанымының терең иірімдері­ не анықтады. Ол абайлық алып арнаның бірі – ақынның Шығыс әлемімен байланысы болатын. Профессор абайтанудың аталмыш сырларына тереңнен қанығып, ғұлама ғалымның пікірлерін негізге ала отырып, ақын шығысы жайлы тың топшылаулар жасайды. М.Әуе­ зовтің ақын шығармаларындағы шығыстық белгілер жай­ лы зерттеуіне кіріспес бұрын, әуелі академик-жазушының ғылымға келуі, ірі ғалым боп қалыптасу жолынан, әсіресе

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым шығыс әдебиетінің зор ғұлама ғалымы боп қалыптасу жо­ лынан мол мәліметтер береді. Ғалым «Абай шығармала­ рындағы шығыстық арналы белгілерді анықтау мәселесі зерттеуші атаулыдан жалпы мұсылман шығысы мәде­ ниетін, философиясы тарихы мен ұлы классиктер мұра­ сын өз дәрежесінде түпнұсқадан оқып, меңгеруді талап ететін» [64, 60-б.], – деп абайтанудың аса бір қиын жауап­ ты міндеттерін алға тартады да, академик-жазушының осы салада білгір боп шығу жолын, сөйтіп Абайды дөп басып танудың қайда жатқандығын ескертеді. М.Мыр­ захметұлы М.Әуезовтің ақын шығысын тануы жайлы па­ йымдауларына үш саладан – ғылыми-зерттеу еңбектер, архивтік қолжазба дүниелер, «Абай жолы» эпопеясы ар­ қылы еркін барып, Абай шығысы жайлы мәселені ірі-ірі төрт тақырып («Абайдың ақындық кітапханасы», «Абай және шығыс классиктері», «Абайдың исламиятқа қаты­ сы», «Абайдың мораль философиясына қатысы») аясында сөз еткен. Абай мұрасының шығысқа қатысы ғалымның терең­ деп, өрістетіп зерттеген мәселесі болғанмен, оны ғылым тілінде кезінде анық, еркін айтып үлгірмеген еді. Ақын шығармаларының шығысқа қатысы кезінде мансұқталып, негізсіз, тұрпайы социологиялық әдіске сүйенген әрекет­ тер абайтану саласында өріс алды да, кезінде академикжазушының айта алмаған ой-пікірі эпопеяда көркемдік формада жеткізілгенін таратып айтып береді. Осы орайда эпопея мен М.Әуезов пікірлері сырт көзге байқала бер­ мейтін түрде нәзік өріліп, үлкен ғылыми ақиқатты аңғарт­ қан. Айтылмыш ақиқатты зерттеуші бізге ашып беріп, ақынның өмірі мен шығармашылығын бұрынғыдан да гөрі, тереңірек тануымызға жағдай жасап отыр. Профес­ сор осы мұхтарлық кілтті дәл тауып, Абайдың бізге әлі де беймәлім шығысын аша түскені тағы айқындала түседі. Ақынның біз көз жазып қалған шығармашылық лабора­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ ториясын, яғни өнер жолындағы дамуы тарихын «Абай жолы» эпопеясынан тапқан. М.Мырзахметұлы академик-жазушының мұрағатынан тағы да тың деректер легін келтіреді. Ғалым аталмыш ең­ бегінде былай топшылайды: «Абай шығармаларындағы М.Әуезов таныған шығыстық рухани арналар көзі эпо­ пеяның төрт кітабында орын алу, арнайы аталып өту се­ бептері де бар. Осындай атаулар орыс, европа мәдениеті­ не байланысты көптеген кітаптар, ақын жазушы философ аттары да тілге алынады. Бірақ біздің объектіміз шығыс жағалауы болғандықтан, ол жағынан сөз етуден шектеліп отырмыз. Көп жағдайда эпопеяның ұзына бойғы желісін­ де Абай оқыған кітаптар нақтылы түрде аталып, еске алынып отырады. Мысалы, эпопеяның бірінші кітабын­ да шәкірт ақын өмірін суреттеу үстінде 6 кітап аты тіл­ ге алынса, екінші кітапта ақын, азамат, қоғам қайраткері ретінде толысу, ғылыми-творчестволық іздену жолында­ ғы Абай суреттелгенде осы кезеңге сай 16 кітап аты атала­ ды. Осы процесс эпопеяның үшінші кітабында да көрініс табуына байланысты 7 кітап, төртінші кітапта 5 кітап аты келтірілген. Мұндағы қырыққа жуық көркем туындылар­ дың арнайы аталып отыру жайы да, көбінесе, Абайдың ру­ хани толысу, ақындық қалыптасу жолына ыңғайлас алын­ ған» [50, 144-б.]. Профессор өзінің осындай зерттеулері арқылы М.Әуезовтің кезінде ғылыми жүйеге түсіріп ай­ тып үлгермеген ғылыми ойларды ары қарай анықтады. Ол әуелі Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы жинақты текстология жағынан мұқият зерттеп шыққан, бұдан соң оларды 1933 жылы академик-жазушы шығарған тұңғыш толық жинақпен салыстырып шыққан және осы тұңғыш толық жинаққа кейін М.Әуезов жасаған қайта түзетулерді есепке алған. Міне, осылардың бәрінің негізінде барып және жазушы-ғалымның мұрағаттық материалдарының

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым куәлігіне сүйене отырып, көптеген олқылықтардың ор­ нын қалпына келтіргенін анықтап отыр. Белгілі әдебиет зерттеушісі Қ.Өмірәлиевтің ғалымның осы ізденісі жөнінде: «...біріншіден, М.Мырзахметов М.Әуезовтің ұлы ақындар зерттеп барып шыққан жарқын жағалауын алыстан қызықтамаған, сол жерден ақын мұ­ раларының тарау-тарау жолдарына Мұхаң тұрғысынан барып еркін қарай алған. ...екіншіден, Мұхаң ізімен абай­ тануды ары қарай өрістеткен және абайтану саласынан бері қарай жалғастыра мұхтартану жолынан бастаған деп сеніммен айта аламыз» [88, 37-б.], – деп айтқан пікірі өте орынды. Ал көрнекті жазушы Ә.Нұршайықов: «Абайды елге танытуға Әуезов қандай өлшеусіз еңбек сіңірген бол­ са, Әуезовтің сол еңбегін елге жариялау үшін Сіздің де сондай ересен қызмет көрсеткеніңізге осы кітабыңыз куә деп білемін» [62 , 39-б.], – деп ғалымның еңбегіне лайық­ ты бағасын береді. Жұбан Молдағалиев: «Ғылымда қатып қалған қағида жоқ. Бұл жайды М.Мырзахметов жақсы ескерген. Ұлы ақынның ғылыми өмірбаянына байланысты М.Әуезов қаламынан туған нұсқаларын архивтен тауып, саралап шығуы біз үшін жаңалық деп білеміз. Абайдың өмір жо­ лын бірінші рет жазған Кәкітай нұсқасын келтіре оты­ рып, ғалым ақын өміріне байланысты М.Әуезов зертте­ ген деректерді салыстырыпты. Ұлы жазушы өз өмірінің ішінде ақын өміріне төрт рет оралған екен. Сол оралыс­ тарды зерттей отырып, Мұхаң кіргізген жаңалық, өзгеріс, деректерді ашуы-монографияның құнды беттері деп са­ наймыз. Әсіресе, еңбектегі М.Әуезовтің ақын өлеңдерін жинап, оның текстологиясына көңіл бөлгені де жаңалық. Өйткені, ұлы жазушы практикалық еңбек еткені болма­ са, «мен олай істедім, яки бұлай жасадым» деп жүйелеп айтып кеткен емес. Оның барлығы жекелеген қағаз бет­ терінде, редакцияларға жазған пікірлерінде, ақын өлең­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ дерінің тексті басылған қағаздарда, хаттарында, оқыған лекцияларында, т.б.деректерде ғана сақталған еді. Зерт­ теуші оларды теріп, жүйелеп, бір ізге салыпты. Ол сала­ да өзіндік ойларын да сыйымды, сыпайы баяндапты» [62, Б. 13-14], – деп бағалаған еді. Зерттеуші жайында жоға­ рыда айтылған пікірлер легі ғалымның ғылымға арнаған өмірі мен оның мазмұнды еңбектеріне берілген лайық­ ты бағалар. Ғалым М.Мырзахметұлы қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану, әуезовтану салаларына өзгеше өрнегімен, ғылыми негіздегі оралымды ой, парасатты па­ йымымен үлес қосып аталмыш арналардың ғылыми дең­ гейінің биікке көтерілуіне айтулы үлес қосқан еңбек иесі. Сонымен, осы тарауымызды қорытындылайық. Про­ фессор М.Мырзахметұлының Абай және М.Әуезов мұ­ раларын арқау еткен жаңалыққа толы ғылыми мәні бар еңбектері арқылы абайтану және әуезовтану атты қос ғы­ лым салаларына зор үлес қосқанын зерделедік. Аталмыш тарау бойынша мынадай тұжырымдарға тоқталып өтейік. Бірінші, Ойшыл-ақынның мұрасына байланысты М.Әуезовтің зерттеулерін ғылыми айналымға енгізіп, ақын мұрасымен қатар суреткер-ғалымның еңбектерінің жүйеленуі; Екінші, Академик-жазушының Абай шығармаларын жинауы, текстологиялық жағынан сұрыптауы, жариялауы туралы еңбектері; Үшінші, Абай өмірбаянын қайта жазып, ақындық қыз­ меті мен дәуірі, заманы жайында деректер жинап, естелік­ тер жаздырып, жоғалуға айналған өлең жолдарын қалпы­ на келтірумен айналысуы; Төртінші, Абай өмірі мен шығармалары туралы арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізуі; Бесінші, жоғарғы үш саланың негізінде Абай мұрасын ақын туралы көркем шығармалар жазу арқылы танытуы.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым 2. Әуезовтану тарихы және оның қазіргі мәселелері. Отандық әдебиеттану ғылымында абайтанудай абы­ ройлы, мәңгілік өшпес арналы ғылым саласының негізін қалаған М.О.Әуезовтің өмірі мен мерейлі мұрасы әуезов­ тану атты өзіндік сара жолы бар іргелі ғылым саласына айналуы заңды құбылыс. Бірін-бірі толықтырып, бір-бірімен тығыз рухани бай­ ланысы бар аталмыш екі ғылым салалары қазақ руха­ ниятының көкжиегін кеңейтер, ұлттық болмысымыздың байрағын биіктетіп, бағын баянды ететін құндылықтар. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым Мүсілім Базарбаев «Мұх­ тар Әуезов мұрасы – халық талантының жарқын көрінісі, нағыз ұлттық қазына.... Мұхтар Әуезовтің жеке басы – тым ірі тұлға, төтенше бейне. Оның мол қыры-сыры бар­ ған сайын ашыла түспек » [83, Б. 140-144], – деп аталмыш ғылым саласының дүниеге келуіне себеп болған тұлға мен оның мәңгілік мұрасы жөнінде тереңнен ой қозғайды. Ендігі кезекте әуезовтану атты өміршең, кең тыныс­ ты, арналы ғылым саласының тарихына қысқаша шолу жасайық. Халқымыздың мерейлі мақтанышы академикжазушының мұрасын зерттеуде отандық әдебиеттанушы ғалымдардың қосқан үлестері мол. Кең тынысты әуезов­ тану мұрасы жайлы ғалым М.Мырзахметұлы төмендегі­ дей салмақты ой айтады: «Ұлы жазушы мұрасын танып бағалауда туған халқымыздың әдебиетші ғалымдарының қосқан үлесі де айтарлықтай салмаққа ие. Бұл тұста ай­ рықша атап өтер ерекшеліктің бірі – Мұхтар Әуезов шы­ ғармашылығына, әсіресе 1934 жылдан бастап жиі назар аударылып, баспасөзде көбірек талқыға түсе бастауы дер едік. Өйткені, жазушы творчествосы жөнінде сын пікірлер толығып, зерттеу процесін аға буын өкілдері С.Сейфул­ лин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, Б.Кенжебаевтар бастап берді. Аға буын өкілдері салған

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ бұл дәстүрді соңыра Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, М.Фе­ тисов, Т.Нұртазин, Қ.Жармағамбетов, З.Кедрина, Е.Лизу­ нова, Ы.Дүйсенбаев, А.Нұрқатов, З.Ахметов, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, З.Қабдолов, М.Сильченко, Н.Смирнова, Б.Құндақбаев, Л.Әуезова, Х.Әдібаев, Ә.Байтанаев, Р.Нұр­ ғалиев, Б.Сахариев, Ә.Молдаханов, Қ.Тасболатов, Ө.Ты­ ныбаева, С.Мұқашева т.б. жалғастыруда» [50, 5-б.]. Биік мақсат пен мұраттың иесі болған М.Әуезовтің өмірі мен мұрасын танып білу, ғалымдық, ұстаздық, қайраткерлік қызметін зерделеу, қазақ руханиятындағы даралық сипа­ тын ашып, насихаттау қажеттілігінен қазақ әдебиеттану ғылымында әуезовтану саласының тууына негіз болды. Бұл заңдылық еді. Қазақ әдебиеттану ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, бір бойына энциклопедиялық білімді жинаған кемеңгер М.Әуезовтің көп қырлы мұралары және оның өмірі мен шығармашылығына берілген жан-жақты биік бағалар, ол жайында жазылған ірілі-ұсақты еңбектер әуезовтану атты өміршең, арналы ғылыми саланы дүниеге алып келді. Бұл жайында М.Мырзахметұлы былай дейді: «Ұлы жа­ зушы мұрасы жөнінде айтылған сын, мақала, зерттеу ең­ бектерінің алпыс жылдық (1917-1977 жж.) тарихына көз жіберсек, сан қилы ой толғаныстары мен пікірлер сырына дендеп енудің өзі көп даярлықты тілейді екен. Айтылған пікірге ілік ретінде аздап цифрларды сөйлетіп көрейікші: М.Әуезовті тану жолында 1917 жылдан бастап бірлі-жа­ рымды, кей жылдары бес-алтыдан сын, мақала жазылса, республикамыздың 15 жылдық мерекесі тұсында бір жыл ішінде ғана 52 (оның 33-і орыс тілінде) сын, мақаланың жарияланғанын көреміз. Әрине, бұлардың бәрі де түгелге жуық «Әуезов – драматург» деген тақырып айналасында жазылды. Абай шығармалары туралы зерттеулерімен, әсі­ ресе, «Абай» романының екі кітабының жазылып бітуі­ не байланысты 1949 жылы қазақ, орыс тілінде бір жыл

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ішінде ғана жарияланған сын, мақала, зерттеулер саны 1934 жылмен салыстырғанда бірден екі есеге жуық (80-ге тарта) көбірек жазылды. Әрі бұлардың басым көпшілігі М.Әуезовтің Абай мұрасы жайлы зерттеулеріне арналған» [50, 4-б.]. Әуезовтану – қырлары мен сырлары көп ғылым саласы. Бұл саланың туу, қалыптасуы жайында: «М.Әуе­ зовтің шығармашылығы жайлы тұңғыш пікір «Сарыар­ қада» (1917, № 2) шыққан «Талап азаматының», «ЕңлікКебек» пьесасының алғаш рет қойылуы жайлы жазылған «Игілікті іс» хабары. Әуезовтанудың қалыптасу кезеңі 1917-27 жылдары аралығын қамтиды. Бұл М.Әуезовтің зерттеу мақалалары, алғашқы әңгімелері, драмалық шы­ ғармалары жарық көріп, драматург, прозашы, публицист және қоғам қайраткері ретінде танылып, бірегей дарын екенін байқатқан кезі» деген тұжырымдар беріледі. Ал драмалық туындысы жайында алғашқы болып баспасөз бетінде мақала жариялағандар туралы былай деп мәлімет келтіріледі: «Осы кезеңде «Еңлік-Кебек» пьесасы тура­ лы С.Мұқановтың («Тілші», 2.10.1925ж), Мұстафаның («Еңбекші қазақ» 18.03.1928ж), «Бәйбіше-тоқал» хақын­ дағы Даниялдың («Ақ жол», 23.12.1923ж ; «Сана» 1924, № 2-3), Ғ. Сағдидың («Ақжол», 16.12.1923ж), Смағұлдың («Еңбекші қазақ», 31.01.1926ж), тағы басқалардың ма­ қалалары жарияланды. Бұл кезеңде Әуезовтің драмалық шығармаларының қойылымдары туралы мақалалар көп жазылды. Мысалы, 1917-40 жылдары Әуезов шығармала­ рына қатысты жазылған 140-тан астам мақалалардың бәрі дерлік оның драмалық шығармаларын талдауға арналған» [94, 102-б.]. Осы 1917-1927 жылдардағы уақыт аралығы әуезовтану саласының алғашқы қалыптасу кезеңі болып саналады. Әуезовтанудың саласының алғашқы қадамда­ ры негізінен М.Әуезовтің драмалық шығармаларының қо­ йылымдары жайлы айтылған пікірлер мен жазылған ма­ қалалардан басталатындығына жоғарыда айтылған пікір

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ дәлел бола алады. Жиырма жасар жазушының «Еңлік-Ке­ бек» атты драмалық туындысы қазақ әдебиетіндегі шоқ­ тығы биік дүние екендігіне ешкім шек келтіре қоймас. Әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай: «Тарихи оқиғаны көркем саралау арқылы көркемдік шындықты шынайы жеткізу және ондай дәрежеге тұңғыш шығармасы арқылы көтерілу – кез-келген таланттың маңдайына жазылмаған. «Еңлік-Кебек» арқылы М.Әуезов сол шырқау биікке кө­ терілді... Жиырма жасар Мұхтардың (1917) трагедияны таңдауы да тегін емес. Сондай «жолсыз жаза» – «ЕңлікКебек» «қайғылы халі» оның сол кездегі жүрек буырқа­ нысын, санадағы ой сабылысын, көзқарасын жеткізуге толық мүмкіндік берді» [84, 25-б.], – деп жазушының шеберлік табиғаты және драмалық туындысы жайында шынайы бағасын беріп, жоғарыда айтылған пікірдің дә­ йектілігіне дәлел келтіреді. Өмірі де, мұрасы да үздік өне­ генің үлгісіне айналған тұлғаның шығармашылық жолы қазақ әдебиеттану ғылымының көкжиегін кеңейтер құн­ дылықтар болып қала бермек. Академик З.Қабдолов: «Мұхаң – әрі жазушы, әрі ға­ лым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрін де қатар және тең ұстаған адам. Ол ғажайып бүтіндіктің, «сегіз қырлы бір сырлылықтың », Абайша айтқанда «тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің» үлгісі болатын.... Қайран Мұхаң... тиіп кеткен жері тәрбие, үлгі-өнеге болатын» деп баға берсе, О.Сүлейменов: « Мухтар Ауэзов - фигура возрожденчес­ кого масштаба. Такие проявляют себя во многих областях духовной жизни общества, они влияют на всю культуру в целом....» [95, 46-б.], - деп қоғамдағы, мәдениеттегі ал­ ған орнының биіктігін айшықтап берді. Осындай ғажайып бүтіндіктің болмысын көрсеткен парасат иесінің мұрасын

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым зерттеп-зерделеудің туу тарихына жоғарыда тоқталып өттік. Әуезовтанудың екінші кезеңі суреткер-жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясы мен абайтану саласындағы еңбектеріне байланысты. Суреткер жазушының эпопеясы жайлы өзі тұстас замандас қалам иелерінің, ғалымдардың пікірлері жарияланып, одақ көлеміндегі мерзімді баспасөз беттерінде көлемді мақалалар басылып шықты. Академик Г.И.Ломидзе: «М.Әуезовтің эпикалық туындысын Абай шығармаларын танып білудегі нағыз әдеби зерттеу еңбек деп атауға праволымыз» [96, 63-б.], – деп «Абай жолы» эпопеясын ақын мұрасын зерттеу жөніндегі іргелі еңбекің бірі екеніне мән бере қараған. Ақиқатында қазақ әдебиетін бүкіл әлемдік даңққа бөлеген «Абай жолы» эпопеясының табиғатын танып білу әрекетінің бір жағы әрбір оқырман­ ды, зерттеушілерді М.Әуезовтің Абай мұрасы жөніндегі зерттеу еңбектерін терең танып меңгеруге әкеледі. Ал, әуезовтанудың үшінші кезеңі жазушы-ғалымның туындылары әлемдік деңгейде танылып, жан-жақты зерттеу нысанына айналған мезгілден басталады. Осы жайында айтылған мына бір пікір желісіне жүгінейік: «Бұл кезеңде «Абай жолы» эпопеясы туралы М.Қаратаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, А.Нұрқатов, З.Кедрина, Ы.Дүй­ сенбаев, Е.Лизунова, Р.Бердібаев, Л.Әуезова тағы басқа ғалымдар өз монографиялық зерттеулерін жариялады. Қазақ және шетел тілдеріне көптеген зерттеулер жарық көрді. Әуезов драматургиясынан кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, көлемді монографиялық зерт­ теу жұмыстары жазылды (Р.Нұрғалиев, Б.Құндақбаев, А.Тоқпанов, С.Оразалиев). Әуезовтің дүниетанымы мен философиялық көзқарасы (Ә.Нысанбаев, А.Тайжанов), қазақ әдеби тілін байытудағы орасан зор еңбегі (Ж.Жан­ пейісов, М.Балақаев, Е.Бектұрғанов, Р.Сыздықова, тағы басқалар), психологиялық, педагогикалық, эстетикалық

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ ойлары (Қ. Жарықбаев, Қ,Еспаев, А.Тайжанов), көсемсөзі (Қ.Сыздықов), құқықтық танымы (Т.Күлекеев) жөніндегі іргелі зерттеулер жарық көрді. М.Әуезовтің абайтану, фольклортану, қазақ әдебиеті тарихы саласында жазылған ғылыми еңбектері қайта басылып, зерттеушілер назарын өзіне аударумен келеді. Ғұлама ғалымның қазақ ауыз әде­ биеті, «Манас» эпосы, абайтану жөніндегі ғылыми зерт­ теулері туралы монографиялық еңбектер жазылды, жүз­ деген мақала зерттеулер жарияланды. М.Әуезовтің әдеби мұрасын толық қамтып, әлем жұртшылығына тарату мақ­ сатында күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстары (естеліктер жариялау, жазушының эпистолярлық мұрасын жинақтау, әр салалы библиографиялық көрсеткіштер даярлау, шы­ ғармаларын шет ел тілдеріне аудару) жүргізіліп, көптеген игі істер тындырылды» [94, 102-б.]. Сонымен қатар Ака­ демик-жазушының шығармашылығы жайлы ұжымдық еңбектер жарық көріп, суреткер жазушының алты том­ дық, он екі томдық, жиырма томдық шығармалар жинақ­ тары басылып, елу томдық толық шығармалар жинағын шығару қолға алынды. Осы атқарылған игілікті жұмыс­ тардың барлығы – әуезовтану саласының көкжиегін ке­ ңейтер құндылықтар. Қазақ әдебиеттану ғылымының ішінде өзіндік орны бекіп, сара жолы қалыптасқан әуезовтану саласы бүгінгі таңда күрделі мәселелерді мақсат еткен кең ауқымды ғы­ лым саласына айналып үлгерді. Бастау бұлағы ХХ ғасыр­ дың он жетінші жылдарында басталған ғылым саласына өз үлестерін қосқан аға буын өкілдерінің жемісті баста­ маларын жалғастырып, олардың айтпаған, айта алмаған ақиқатын ашып, бүгінгі таным тұрғысынан қайта зерде­ леп әуезовтануға өзіндік білім-білігімен атсалысып келе жатқан зерттеуші ғалымдардың атқарып жатқан еңбектері ерен. Солардың ішінде бүкіл саналы ғұмырын халқы­ мыздың ардақты перзенттері, ұлы мұраттың иелері Абай,

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Мұхтар мұраларын бір-бірінен бөліп жармай, екі ғылым салаларын бүтін контексте зерттеп, ғылыми негізде бір жүйеге түсуіне өнегелі өрнегін салып келе жатқан про­ фессор М.Мырзахметұлының орны ерекше. Әдебиеттанушы ғалым әуезовтану жайындағы өнікті ой-байламдарын әр кезеңде ғылым тілімен бейнелеп, дә­ йекті дәлелдер негізінде ғылыми жүйеге түсіре білді. Ға­ лым М.Байғұттың: «...профессор Мекемтас Мырзахмет – ғұлама әуезовтанушы және әуезовтанушылардың мерейлі мектебінің табанды тәлімгері ретінде де жұлдызы жоғары тұрған тұлға. Бұл әлдеқашан дәлелденген ақиқат» [32], – деген пікірі жоғарыда айтылған тұжырымымыздың дә­ лелі бола алады. Әуезовтану саласының мәселелері жайында ғалымның өзі: «Әуезовтану жөніндегі сын пікірдің басы ертеректе басталса да, жазушының Абай мұрасы саласындағы ғылы­ ми еңбектерінің жайы әлі күнге дейін арнайы зерттелген емес. Әрине, бұл жөнінде көптеген ғалымдар өздерінің зерттеу тақырыбына орай құнды пікірлер айтты, бірақ дәл осы салада арнайы зерттеу еңбектері жазылған емес, бұл тақырыптың бүгінгі міндет тұрғысынан күн тәртібіне қо­ йылуы керектігі жайлы жазушының 80 жылдық мерекесі тұсында өткен Бүкіл одақтық ғылыми конференцияда Қа­ зақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор З.Ахметов... атап өткен болатын. ...Әрине осы арада мына жайды айрықша ескерте кетер едік: мұхтар­ тану саласында жазылған еңбектер көп, бірақ олардың қай-қайсысы болмасын жазушы М.Әуезовтің көркем шы­ ғармаларына арналады да, ғалым М.Әуезовтің абайтану саласындағы зерттеулеріне тоқтала бермейді. Немесе ай­ тыла қалған күнде жанама түрдегі пікірлер болып отыра­ ды» [62, Б. 8-9]. Кемел ой, алып талант иесінің көп қырлы мұрасы зерттеліп, зерделене келе қазақ әдебиеттану ғы­ лымына әуезовтану атты өміршең сала болып қосылды.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Әуезовтану саласы халқымыздың руханиятын еселеп, кемелді келешегіне қызмет етер ұлттық мұрамыздың бірі болып қала бермек. Ұлт қасиетін танытар мұраларымыз­ ды құрметтеп, жас ұрпақтың кәдесіне жарата білу бүгінгі күннің басты талабы. Отандық әдебиеттану ғылымында М.Мырзахметұ­ лының ғылыми шығармашылығының арқалар жүгі өте ауыр. Олай дейтін себебіміз ұлттық тұлғаларымыз ардақ­ ты Абай, мұхиттай Мұхтар сында ой алыптарының мұ­ раларын зерттеп, насихаттауда үлкен белсенділік таныта білді. Телегей теңіз мұра қалдырған Абай мен М.Әуезов әлемінің тылсым ғажайыптарына терең бойлап, ұлт руха­ ниятының заңғар биікке көтерілуіне үлес қосқан ғалым еңбегін профессор Арап Еспенбетов төмендегідей тұ­ жырымдайды: «Абай мен Әуезовті қатар зерттеп абайта­ ну, әуезовтануға айтып таусылмас ірі қызмет жасап келе жатқан «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары», «Абайтану», «Абайтану тарихы», «Абай және Шығыс», «Абай және Әуезов» сияқты жиырмадан астам зерттеу­ лердің авторы Мекемтас Мырзахметовтің туындылары – қазақ әдебиеті ғылымындағы шоқтықты дүниелер» [49, 69-б.]. Ғалымның абайтану тарихындағы ғылыми жаңа­ лықтары, бұл салада атқарған ерен еңбектері жөнінде дис­ сертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде кең көлемде тоқталып өткенбіз. Әдебиеттанушы ғалым А.Еспенбетов профессордың абайтану мен әуезовтану салаларын бөліп жармай бірге зерттеп, аталмыш ғылым салалары бойынша көптеген кең тынысты, құнды еңбектерді дүниеге әкелгенін тілге тиек етеді. Жоғарыда аталып өткен еңбектер – тек қана абайта­ ну мұраттарына бағытталып қана қоймай, әуезовтанудың да мәселелеріне арналған қомақты дүниелер. Ғалымның қарымды қалам қайратынан туған іргелі еңбектері бүгінгі таңда халқымыздың рухани игіліктерін еселейтін құн­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым дылықтар қатарындағы қазыналар екендігіне ешкім дау айта алмас. Абайтанумен қоса әуезовтануға да өлшеусіз үлес қосып, әуезовтану саласының көкжиегін кеңейтіп, ғылыми деңгейінің мазмұнды да мағыналы болуына тері төгіліп, еңбегі сіңген білікті ғалым. Абай есімі аталып, ақын мұрасы жайлы сөз қозғалғанда міндетті түрде ака­ демик-жазушының да есімі қоса аталып, оның рухани ұс­ тазы жайындағы қайталанбас еңбектері еске алынатыны сөзсіз. Өйткені Абай мен Әуезов есімдерін бір-бірінен ажыратып, бөліп жару мүмкін емес. Сол сияқты қос ке­ меңгердің мұраларына байланысты ой толғағанда ғалым М.Мырзахметұлының еңбектері парақталып, оның есімі де тілге тиек болатыны ақиқат. Бұл жерде біз әуезовтану­ ға үлестерін қосқан, қосып келе жатқан өзге де зерттеуші ғалымдардың еңбектерін ескерусіз қалдырудан аулақ­ пыз. Олардың М.Әуезовтің өмірі мен мұрасы жайындағы қабырғалы еңбектері отандық әдебиеттану ғылымында өзіндік құндылықтарымен ерекшеленетіні белгілі. Әуезовтану атты өміршең ғылым саласының тынысы­ на тыныс қосып, ғылыми деңгейінің артуына өзіндік қол­ таңбасын қалдырып келе жатқан Академик-жазушының ғылыми мұрасы жайлы жазған М.Мырзахметұлының еңбектері – әуезовтану саласына қосылған рухани қазы­ налар. Өткен ғасырдың он жетінші жылдарынан баста­ латын әуезовтану атты ғылым саласы қазіргі таңдағы отандық әдебиеттану ғылымының жемісті жетістіктерінің бірі. Даналық пен парасаттың қасиеті дарыған, кемеңгер М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасы қазақ хал­ қының мерейін аспандатар, қазақ руханиятының үздік өнегесін көрсетер ұлттық құндылықтарымыздың бірі бо­ лып қала беретіні ақиқат. Халқымыздың тілдік қолданы­ сында «уақыттың өзі емші» деген қанатты сөз бар. Уақыт өз диірменін алға қарай айналдырып, жылжыта отыра өткен тарих қойнауында қалған ақтаңдақтар ақиқатын

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ ашып берді. Отаршылдық жүйенің туы жығылып, ұлттық тәуелсіздігіміздің тұғырлы туының астындағы атқарылып жатқан игілікті істері мемлекетіміздің болмысына жаңа­ ша леп әкелді. Ұлттық мұрамызды ұлттық болмыс тұрғысынан жаңа­ ша пайымдау қажеттілігі туды. Бұл қазақ әдебиеттану ғы­ лымының алдында тұрған қазіргі алғышарттар еді. Осы өзекті мәселелерді жүрегімен түсініп, оның қажеттілігін сезініп, оған еңбектері арқылы үлес қосып жүрген әде­ биетші ғалымдарымыздың бұл бағыттарда да игілікті іс­ тер атқарып жатқандығы баршаға белгілі. Отандық әдебиеттану ғылымының алдында тұрған, бүгінгі уақыттың қойып отырған талабын дөп басып, тани білген көзі қарақты ғалым М.Мырзахметұлы: «...ұлттық рухани қазынамызға айналып отырған қайталанбас бол­ мысы бар әдеби мұрамызды жаңа заман рухы мен ғылыми тұрғыдан келіп, жаңаша бағасын тану мәселесі алдымыз­ ға тарихи міндет ретінде қойылуда» [4, Б. 33-34], – деп әдеби мұрамызды жаңа заман, жаңа көзқарас тұрғысынан баға беріп, зерделеу мәселесін көтереді. Бұл, ұлт мұра­ сы мен жас ұрпақ алдындағы зерделі ғалымдарымыздың жауапкершілігі мен парызын сезіне білуге деген ғалым­ ның үндеуі және оған берген жауабы деп білеміз. Әуезовтанушы ғалым осы мәселені сөз жүзінде кө­ теріп қана қоймай, іс арқылы да жүзеге асырып, қомақ­ ты, күрделі ғылыми зерттеу еңбектерін арнаған. Профес­ сор – әуезовтану саласының бүгінгі күн таным талабына сай туып отырған мәселелеріне жауап бере білген ғалым. Сондай-ақ әуезовтану мұраларына алдағы уақытта қосы­ луы тиіс ғылыми зерттеулердің қандай бағытта жүргізі­ лу қажеттілігіне бағдар беріп, белсенділік таныта білді. Осы арқылы әуезовтану саласының ғылыми деңгейінің көтеріліп, ауқымының кеңейе түсуіне қордалы үлес қо­ сып жүрген терең ой иесі. Пікір сонылығына дәлелімізді

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ғалымның өз сөзімен келтірейік: «Мұхтар Әуезовтің өмірі мен ғылыми-творчестволық әдеби мұрасы жөнінде қалам тербеп, ой бөліскен, ірі ғылыми зерттеулер жазған қалам иелерінің саны жазушының жүз жылдық мерейтойына дейін-ақ мыңнан асып түссе, бұл топтың қарасын жаңа­ дан келіп, зерттеу ісіне қадам басқан жастар легі молық­ тыра түсуде..., жазушы мұрасын жаңаша танып бағалауда жан-жақты, көп салалы аумақты ізденістер мен ғылы­ ми-теориялық зерттеулер талабы туып отыр» [4, 34-б.]. Абайтанудағы ортақ үндестікпен басталған М.Әуезов пен М.Мырзахметұлы арасындағы рухани сабақтастық – су­ реткер жазушының ғылыми-шығармашылық мұрасының бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында әуезовтану саласы болып, өміршең, арналы ғылым саласына айна­ луына орасан зор үлес қосқан ғалымның негізгі зерттеу нысанына алынып отыр. Жұмбағы көп Абай әлеміне ба­ рар сара жолды тауып, қалыптастырған академик-жазу­ шының жолымен ғана ақын әлеміне бара аламыз. Айтыл­ ған ойымызға төменде берілген пікір желісі дәлел болмақ: «М.Мырзахметұлы – Абай мұрасын тану ісі нәтижесінде әуезовтану саласының негізін салып берген көрнекті ға­ лым. Бұл салада ол ұлы суреткердің бүкіл мұраларын жи­ наумен қатар, ол дүниелердің жарыққа шығуына да атса­ лысып отырғанын көреміз» [97, 146-б.]. Кемеңгер Абай Құнанбайұлының мұраларын М.Әуезовтің беріп кеткен бағытымен ғана игере алатынымызды профессор өзінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Ұтымды да ұтқыр дәлелдерімен ғұлама ғалымның ғылыми-шығармашылық жолындағы құнды зерттеу еңбектеріне ғылыми талдау жүргізу маңыздылығына тоқтала отырып: «Қазіргі және алдағы кезеңдерде абайтану саласында көтерілер өзекті проблеманың бәрі де әуезовтану арқылы, соның ғылы­ ми-теориялық деңгейі тұрғысынан қаралып, таразыла­ нуы себепті де, жазушы мұрасына бойлай еніп терең тану

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ міндеті жаңа буын, жас ұрпақ алдында да тарихи міндет ретінде қойылмақ» [4, 35-б.], – деп әуезовтану саласы­ ның мәселесін және методологиясын білгірлікпен көрсете білді. Сонымен қатар әуезовтану саласының бүгінгі және ертеңгі міндеттерінің өзекті проблемаларына назар ауда­ рылу қажеттілігін былайша топшылайды: «Әуезовтану са­ ласындағы ғылыми-зерттеу жолында қол жеткен табыста­ рымыз, көлемді еңбектердегі ой толғаныстарымыз бүгінгі күн деңгейінде қалмай, алдағы кезеңнің уақыт талабына қарай әуезовтанудың қандай-қандай өзекті проблемалары зерттеу нысанасына алынбақ, оның қай жағы арнайы түр­ де сөз болып қарастырылмақ деген сұрақтардың алға қо­ йылары анық» [4, 35-б.]. Ғалым үлкен ғылымға алғаш рет қадам басқан 1960 жылдардан бастап күні бүгінге дейін мерзімді басылымдар газет, журналдарда жарияланған ғылыми-публицистикалық мақалалары, ол құрастырып, алғы сөздерімен, түсініктемелерін жазып, шығарған жи­ нақтар, кітапшалар, кітаптары, энциклопедиялық мақала­ лары, қомақты, күрделі монографиялары терең тынысты, кең құлашты, өткір, ғылыми деңгейі биік құндылықтар құбылысы болып табылады. Осы орайда М.Мырзахметұ­ лының ғылыми-шығармашылық мұраларының көп қыр­ лылығын сипаттайтын мына бір пікірді келтіре кетейік: «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ғалымдарының еңбектерін жинақтаған библиографиялық басылымдар тізбегінің жалғасы болып табылытын бұл көрсеткіш, профессор Мекемтас Мырзахметұлының туға­ нына 70 жыл толуына байланысты құрастырылды. Ғиб­ ратты өмірдеректің басты мақсаты ұрпаққа мирас абайта­ ну, әуезовтану бастауларына жол алған сарапшылардың ізденіс жүгін жеңілдету» [5, 3-б.]. Ғалымның аталмыш қос ғылым салаларына арнаған зерттеу еңбектері Абай және М.Әуезов мұраларын зерделеуді мақсат еткен зерт­ теушілерге тигізер пайдасы орасан зор.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Ендігі кезекте М.Мырзахметұлының әуезовтану сала­ сындағы бүгінгі уақыт талабынан туындаған, кезек күттір­ мес өзекті мәселелерін көтерген ғылыми идеялары мен бағыт-бағдарына тоқталсақ. Әдебиет тарихын зерттеуші ғалым әуезовтану саласында әлі зерттеу нысанына алын­ баған, арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын қажет ететін тың тақырыптарды атап көрсетеді. Профессордың пікірі бойынша оларды төмендегідей топтастырып, атап өткенді жөн санаймыз. Олар: бірінші, Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті. Аталмыш тақырып жайында ғалым былай деп ой өрбітеді: «Бұл тақырып әуезовтану саласында арнайы зерттеу нысанасына алынып зерттелген емес.... Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті жайлы тақырыпқа пікір толғау – өте күрделі де қиындығы мол проблема. Бұл мәселеге тереңдей бойлап ену үшін, кемеңгер суреткерден қалған көркем туындылары мен ғылыми публицистикалық ең­ бектерінің рухани нәр тартып қалыптасқан қазына көз­ дерінің табиғатын танып барып сырын ұғыну арқылы ой толғаса болар» [4, 27-б.]. Шын мәнінде де ғылыми зерт­ теуді қажет ететін бұл тақырып мұхтартану саласының өзекті бір мәселесі. Аталмыш тақырып М.Әуезов мұра­ сын зерттеушілерге дайын тұрған тақырып. Осы орайда ғалым тек тақырып туралы мәселені көтеріп қана қоймай, оны қалай зерттеудің методологиялық бағытын да көр­ сетеді. Суреткер-жазушының әлем әдебиетіне қатысын зерттеу, зерделеу барысында оның рухани нәр алған қа­ зына көздеріне үңіле білу аталмыш тақырыптың ашылуы­ на бірден-бір септігін тигізер құбылыс екеніне екпін қоя тоқталады. М.Әуезов Абай мұрасының рухани көздері ту­ ралы зерттегенде ақын нәр алған өз халқының әдебиеті, шығыс және орыс әдебиетінен, орыс әдебиеті арқылы еу­ ропа әдебиетінен алған нәрлерін сарапқа салса, М.Мыр­ захметұлы ғалым-жазушыға да қатысты үш қайнарды зер­ делейді: «Әрине, бұл рухани құбылыс жай ғана қайталану

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ емес. М.Әуезовтің өзіндік қайталанбас ерекшелігі мен ол ғұмыр кешкен заман талабы, уақыт тезі тудырған сан қыр­ лы саяси-әлеуметтік жағдайлармен қат-қабат астарласып жататын ерекшелігі де бар» [4, 27-б.]. Ғалым Абай мен М.Әуезов нәр алған рухани қазына көздеріне талдау жа­ сап, ұлттық тұлғалардың рухани нәрлерінің негіздері бір екендігін көрсете отыра, олардың өмір сүрген заманда­ рының ерекшелігіне байланысты ғұлама ғалымның әлем әдебиетін танып білуі Абай өмірінен өзгеше болғандығы­ на тоқталады. Академик-жазушының әлем әдебиетімен танысуын орыс мектебінде оқып білім алу арқылы сол тілдің жәр­ демімен еуропалық, батыстық әдебиеттің озық үлгілері­ мен танысуға жол ашылғандығын тілге тиек етеді. Аспи­ рантурада оқып жүргенде ғылыми жетекшісі профессор М.Гавриловтан, оқытушы-профессорлар Шмидттен, А. Семеновтан араб, парсы тілдерінен арнайы дәрістер алуы Әуезовтің шығыс әдебиеті қазыналарымен танысуына үл­ кен мүмкіндіктер туғызды. Осы жайында белгілі ғалым Р.Бердібайдың: «М.Әуезов шығармаларын оқу, түсіну, меңгеру, тағылым алу – өзінше бір университет. Бұл үшін қазақ, орыс тілін таза білу, шағатай тілін толық, парсы тілін ұғынатындай болу керек. Ал Абай мұрасын игеру үшін, бұлардың үстіне шығыс әдебиетінің, мәдениетінің тарихын және араб тілін ұғыну шарт» [14, 204-б.], – деп айтылған пікірі өте орынды. Араб, парсы тілдерімен қа­ тар неміс тілін үйренуді де басты қажеттілік деп санайды. Мұндағы мақсаты неміс тілінде жазылған түркология­ лық еңбектерді оқып білуге деген талпынысы еді. Білім, ғылым жолындағы еңбекқорлығы ізденімпаз тұлғаның өміріндегі бұлжымас тәртіпке айналып, ғұмырының со­ ңына дейінгі ұстанымы болып қала берді. Академик-жа­ зушының аспирантурада дәріс алуы оған үлкен жәрдемін тигізген кезең болды. Әуезовтанушы ғалым К.Сыздықов:

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым «Аспиранттық кезеңі туралы белгілі әуезовтанушы ғалым профессор Мекемтас Мырзахметов «Қазақстан мұғалімі» (1977ж. 14-октябрь), «Қазақ әдебиеті» (1981ж. 10-июль) газеттерінде архив материалдарын келтіріп, кеңінен әңгі­ мелеген» [98, 21-б.], – деп М.Әуезовтің аспиранттық ша­ ғындағы ізденістерін зерттеуінің бір бағытына айналдыр­ ған М.Мырзахметұлының еңбектеріне тоқталып өтеді. Әлем әдебиетінің қайнарларынан сусындауы М.Әуе­ зовтің білім мен ғылымға шөліркеген болмысының мейірін қандырды. Сондай-ақ жазушылық шеберлігінің шыңдалуына қызмет етіп, игі әсерлерін тигізді. Әдебиет­ танушы-ғалым Б.Жақыптың мына бір айтылған пікірі өте орынды: «Оның ақиқат өмірдің сырлы суреті болып қағаз­ ға түскен повестері мен әңгімелері – қазақ көркем проза­ сының көкжиегін кеңейтіп, нұрландырып тұрған дүние­ лер. Оның тарихи шындық деректерді арқау еткен кесек пьесалары – ел өмірінің өткенін бүгінге, бүгінін болашақ­ қа жалғайтын дәнекер іспетті, тіршілік сахнасынан түсіп көрген емес. Оның көлемді зерттеулері әдебиет танудың асыл қазынасы, жарық шамшырағы екендігі де шындық» [99, 148-б.]. Сарқылмас ойдың иесі, телегей талант иесінің көркем туындыларының сапасын шырқау шыңға жеткізді. Әлем әдебиетінің озық үлгілерімен таныса отырып, өзі де қазақ сөз өнерінде көркем туындылардың қайталан­ бас үлгілерін алып келді. Осының барлығы академикжазушының сусындаған қайнарларының ықпалы еді. Суреткер-жазушының кесек туындысы «Абай жолы» эпопеясы әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған кең тынысты рухани қазына. «Роман-эпопея арқылы Абай сыры Мұхтар жан дүниесіне ұласып, қасиетті қазақ то­ пырағынан нәр алған екі алып ғұлама әлемдік кеңістікке сапар шекті. Олар бізбен бірге, бізге нұр сеуіп, ақыл-ой, көңіл-күй, іс-әрекет, дініміз бен ділімізге талмас қанат бай­ лайды. Серттей сенім ұялатады» [100, 117-б.], – деп ғалым

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Б.Майтанов туындының өміршеңдігін тілге тиек етеді. Ал, Академик З.Ахметов өзінің «Роман эпопея Мухтара Ауэзова» атты күрделі зерттеу еңбегінде былай дейді: «В эпопее читатель не раз становится свидетелем яркой сло­ весной дуэли, полной остроумия, игрой слов, изображая которую писатель добивается того, чтобы ожили и засвер­ кали те или иные черты и характера пeнрсонажей» [101, с-258.]. Осындай биік деңгейде М.Әуезов қазақ өмірінің, ғасырлар сырын жинақтап, сақтап тұрған ұлан даланың ғажайып бейнесін жасады. Жазушының қалам құдіреті­ нен туған көркем туындылары қазақ әдебиетін ұлттық сөз өнерінің биігіне бастап, дүние жүзі халқына таныстырды. Бұл арқылы қазақ деген халықты әлемге әйгілеп, ұлт­ тық тұлғаларын, көне ғасырлар қойнауынан бастау ала­ тын өзіндік әдебиеті, мәдениеті, тілі, тарихы, өнері мен өркениетінен мол мағұлмат берді. Осы құбылыстардың барлығын зерттеп, өз жүрегінің көзінен өткізіп, зерделей келе М.Мырзахметұлы алып ой иесінің әлем әдебиетінен алған тарихи орнын айқындап береді. Бұған дәлел ретін­ де әуезовтанушы ғалым ХХ ғасырдың қайталанбас жәді­ герін жасаған М.Әуезовтің романы жайлы жазылған әлем халықтарының қарапайым еңбек жұмысшысынан бастап дүние жүзі таныған көрнекті тұлғалардың жоғары бағаға толы пікірлерін, ақ жүректен жазылған хаттарынан үзінді­ лер беру арқылы мысалдар тізімін келтіруі жай нәрсе емес. «...Творчество Ауэзова имело исключительное значе­ ние в процессе формирования международных литера­ турных связей казахского народа и мирового признания казахской литературы» [102, 141-б.], – деген пікірден де көп жайтты аңғарамыз. Сонымен қатар, жазушы-ғалым мұрасы жөнінде қалам тартылған еңбектердің де дүние жүзінің көптеген тілдерінде жазылып, жарыққа шыққа­ нын былайша сараптайды: «М.Әуезов мұрасы жөнінде

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым жазылған еңбектер бір ғана қазақ тілімен тұйықталмай, көптеген шетел халықтарының тілінде жазылып, баспа­ сөздерде жарияланып жатуы кемеңгер жазушы мұрасы­ ның қазірдің өзінде бүкіл адамзат баласының ортақ руха­ ни қазына көзіне айналған сипатын танытуда» [4, 34-б.]. Осының барлығы академик-жазушының әлем әдебиеті­ мен сабақтастығы жайындағы ғылыми зерттеу нысана­ сына айналуды қажет ететін тақырыптарының бірі. «В связи с обретением Казахстаном государственной незави­ симости и установлением и развитием прямых научных и культурных контактов с разным странами мира, еще больше увеличились возможности изучения творчества М.О.Ауэзова в контексте мирового художественного про­ цесса и международного резонанса его наследия. В ар­ хиве и рукописном фонда «Дома Ауэзова» за последние годы работали многие ученые-литературоведы из США, Великобритании, Франции, Японии и других стран, за­ нимающиеся изучением жизни и творчества М.О.Ауэзо­ ва» [102, 136-б.], – деген тұжырым М.Әуезов және әлем әдебиеті тақырыбы жөнінде қозғаған ойымызды бекіте түседі. Әуезовтанушы ғалым айтқан қадау-қадау ғылыми мәнді тұжырымдардың барлығы әуезовтану саласындағы зерттеу нысанының бір бағыты болған аталмыш саланың қазіргі мәселелерін көтереді. Әдебиет зерттеушісі бағытын айқындаған әуезовтану саласында зерттеуді қажет ететін, келесі екінші күрделі тақырып М.Әуезов мұраларының текстологиясы. Бұл тұрғыда академик-жазушы туындыларына, бұрын басы­ лым көрген 12 томдық, 20 томдық шығармалар жинағына, сондай-ақ сөз шеберінің отызыншы-қырықыншы жыл­ дардағы басылымдарда жарық көрген еңбектерін, «Абай жолы» эпопеясын жазу барысында өзінің мұрағатында сақталған қолжазбаларын және классик жазушының жүз жылдық мерейтойында белгіленген басты міндеттердің

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ бірі оның елу томдық академиялық толық шығармалар жинағын дайындауда текстологиялық тұрғыда кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді алға тартады. Ойымызды ғалымның өз сөзімен сабақтайық: «Ең әуелі М.Әуезовтің бүкіл әлем халықтары мерекелейтін жүз жылдық мерей­ тойы ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтіп, 1997 жыл Әуезов жылы аталуына орай қойылатын басты мақсаттардың бірі – жазушының елу томдық шығармалар жинағын даярлау­ да жатыр. Шын мәніндегі ғылыми тұрғыдан аса күрделі де қиын елу томдық академиялық толық шығармалар жинағын басылымға даярлау әрекетіне Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалды музей үйінің ғылыми қызметкерлері кірісіп те кетті. Бірақ, бұл – аса ауыр да күрделі, күрмеуі көп, атан түйе көтере алмас жауапкершілігі де бар жұмыс. Қазақ әдебиеті тарихында бұрын мұндай жауапкершілігі биік ерен жұмыстар атқарылған емес, әрі жинақталған тәжірибе де жоқтың қасы. Дегенмен, тілге тиек етер бағ­ дарымыз бұрын басылым көрген жазушының 12 томдық шығармалар жинағы; әсіресе, жазушының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған 20 томдық шығар­ малар жинағы болмақ. Бірақ бұл басылымдарда тексто­ логиялық зерттеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмей келді» [4, 36-б.], – деп академик-жазушының мұрасына текстологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса қа­ жеттілігін сөз етеді. Текстологиялық зерттеу жұмыстары белгілі бір тұлғаның қалдырып кеткен мұрасын оның ал­ ғашқы түпнұсқа қолжазба негізіне сай бейімдеп, мәтіндік жағынан, емлелік жағынан жіберілген өзгерістерін ныса­ наға алып бастапқы қалпына келтіру. Бұл жұмыстар қазақ әдебиеті, қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік өрнек ізі бар тұлғалардың әдеби, тарихи, мәдени мұраларына де­ ген қамқорлық, әрі тұлға мұрасының көпшілік қауымға және жас ұрпақ өкілдерінің рухани игілігіне айналуына мүмкіндік жасау.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым М.Мырзахметұлы әуезовтану саласында маңызды бо­ лып саналатын бұл тақырыпты көтеруінің себебі бірінші­ ден ұлтымыздың кемеңгері М.Әуезовтің өзіне, мұрасына деген құрметі әрі суреткер жазушының қалдырған руха­ ни байлығының қадірін түсініп, жанашырлықпен қор­ ғауы болса, екіншіден оның есім мен өлмес, өшпес ми­ расты мұрасын өскелең ұрпақ санасына сіңіріп, жадында жаттатуға бағытталды. Жазушы-ғалымның мұраларына текстологиялық зерттеу жүргізудің аса қажеттілігін на­ зарға ұстаған профессор бұл бағыттағы жұмыстардың не себепті атқарылу керектігіне терең ғылыми түсініктеме береді. Өйткені жетпіс жылдан астам уақыт бойы отар­ шылдық идеялогия ұстанған кеңестік-тотаритарлық жүйе әрбір ұлттың ұлттық мүдделерін, өзіндік халықтық ұста­ нымдарын басып, жаншып бір ортақ саясаттың идеяло­ гиясы қоғамдық өмірдің барлық саласында басшылыққа алынды. Оның «үлгілі» жолы қазақ әдебиетін, ғылымын өз «қамқорлығына» алды. Әдебиеттің партиялылығы, таптығы деген қоғамдық ой-санада орын алған тұсаулы ұғымдар кеңес одағының құрамында болған республика­ лардың «негізгі бағыттарының» ұстанымдары болды. Сол себепті, цензураның араласуынан ұлт мүддесін көздеген тұлғалар, олардың мұралары цензураның талаптарымен еріксіз санасуға тура келді. Баспа бетін жарық көрген көптеген туындылар қысқартылып, өзгертіліп басылып шыққаны құпия емес. Бұл үрдіс М.Әуезовтің өмірі мен мұрасынан айналып өтпеді. Тағдыры талқыға түскен тұл­ ғаның өзі де туындылары да қуғындалып, тар жол тайғақ кешулерден өтті. ХХ ғасырдың отызыншы жылдары ке­ ңес үкіметіне қарсы астыртын ұйым құрды, ұлтшыл идея­ ларды ұстанды, жоғары оқу орнының факультеттеріне арналған оқулықтарға ұлтшыл ақын-жазушылардың өмірі мен шығармаларын енгізді деген айыппен ұсталып екі жылға абақтыда отырды. 1932 жылы «Социалды Қазақс­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ тан», «Казахстанская правда» газеттерінде қазақ әдебиеті тарихы, Абай туралы зерттеулерінен, кейбір әдеби туын­ дыларынан бас тартып ашық хат жазуына мәжбүр болса, ХХ ғасырдың елуінші жылдарының бас кезінде тағы да қудаланып, тағдыры таным талқысына түсті. Аталмыш жағдайлардың барлығы академик-жазушының әдеби, ғы­ лыми мұрасына теріс әсерін тигізді. Осындай себептен туындыларының кейбір тұстарын сол кезеңнің талабына сай өзгертуге, қысқартуға тура келді. Сөздің реті келіп тұрғанда зерттеушіге де қатысы бар мына бір жайттарға тоқтала кеткенді орынды санап отырмыз. Кеңестік ке­ зеңнің саясаты ғалым өмірі мен шығармашылығынан да айналып өтпеді. ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарының аяғында Қаз­ ПИ-дің студенті болған М.Мырзахметұлы институтта өт­ кен жас ақындардың жыр сайысында оқыған «Жас мичу­ ринші» атты өлеңінің «Иранның гүл бақшасындай» деген жолы үшін «....Мырзахметұлының Иран бағын әспеттеп жырға қосқанына не жорық... шығысқа қарап шығандап отыр. Мұндайлардың түбіне балта шабу керек» [5, 27-б.], – деп сын талқысына түссе, алпысыншы жылдардың орта шенінде «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зертте­ лу жайы» атты кандидаттық диссертациясын, «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары» деген докторлық диссертациясын қорғау барысында кездескен қиындақ­ тар цензура талабының тұсауы еді. Сонымен қатар ға­ лым «Абай» журналының 1999 жылғы № 3 санында жа­ риялаған «Біліп тұрып «жаңылысу» атты мақаласында сол кезеңдегі саясат қаһарынан қаймығып, Абай мұрасы жөнінде жазылған және мақала соңына толық аты жөнін көрсетпей «ССС-ов» деп жариялаған мақаланы тауып, авторы Смағұл Садуақасов екенін анықтап (мақала авто­ ры да сол уақыттың қаталдығынан мақала соңына СССов деп көрсеткен), оны амалсыздан бұрмалап жариялауға

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым мәжбүр болған. Бұл мақаласы туралы ғалымның өзіне сөз берейік: «...ойжоба болжалмен «ССС-ов» деген инициал­ ды Смағұл Садуақасұлы Садуақасов деп, оның «О кир­ гизской литературе» деген мақаласын жариялау үшін қай баспаға барсам да жолым болмайтыны белгілі емес пе? Не істеу керек? Ақыры бұл пікірді тірілту керек деп ойладым да, бұл мақаланы А.Н.Белослюдовтың атынан жарияла­ сам кедергі болмас деп шештім, яғни саналы түрде «жа­ ңылысуым» керек болды. Мақалаға алғы сөз жазып, азда­ ған қысқартулармен 1963 жылғы «Простор» журналының үшінші санына «Братья Белослюдовы» деген тақырып қо­ йып, жариялап жібердім. 1979 жылы «Қазақстан мектебі» журналының оныншы санында «Ағайынды Белослюдов­ тар Абай туралы» деген атпен көлемді мақалам басылым көрді. Енді заман желі оңынан соғып, тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген соң, өтірік жаңылысуды былай қойып шындықты қаз-қалпына келтіру мақсатымен «Абай» журналы оқырмандарының назарына Смағұл Садуақасұ­ лының, яғни «ССС-овтың», «О киргизской литературе» деген атақты мақаласын және осы мақаланың түпнұсқа қолжазбасының үлгісінен үзіндіні қоса ұсынып отырмын. Осымен бірге бір кезде саясаттан сескеніп, біле тұрып саналы түрде «жаңылысқан» айыбыма кешірім сұрауды азаматтық парызым деп білемін. Қалың оқырман менің саналы түрде «жаңылыс» қадам жасағанымды кешірер деген үміттемін» [5, Б. 50-51], – деп сол кездегі саясат­ тың томағасына тұмшаланған әдеби жағдайдан хабардар етіп, өзінің саналы түрде «жаңылысқанын» мойындауы ар іліміне жүгінген ғалымның азаматтық келбетін, мінезін аша түседі. М.Әуезов мұрасына қатысты тағы бір ескеретін жайттың бірі отызыншы-қырықыншы жылдар аралығында қазақ әліпбиінің әлденеше рет өзгертілуі яғни, араб жазуынан латыншаға, латыннан орыс жазуына ауыстырылуына бай­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ ланысты емлелік, мәтіндік өзгерістерге түскен сол уақыт­ та жазылған туындыларын зерттеу қажеттілігін М.Мыр­ захметұлы алға тартады. Осы жұмыстарды бірізділікке түсіріп елу томдық академиялық толық жинаққа енетін шығармалардың бәрін бұрынғы шыққан туындылармен салыстыру мәселесін көтереді. Көтеріп отырған мәселе жайында ғалымның өзін сөйлетуді жөн санап отырмыз: «...елу томдыққа енетін шығармалардың бәрі де, олардың бұрын басылым көргендері де салыстырылып берілмек. Осының өзінде де біршама қиындықтар алдымыздан шы­ ғады. Өйткені, жазушы архивінде сақталып жатқан дерекмағлұматтардың бәрі де, шашпа пікірлері де ретсіз, жүйеге түсірілмеген аралас қалпында жатыр. Олар тақырыптық, жанрлық не хронологиялық бір жүйеге түсірілмеген. Осы себепті елу томдық академиялық жинақты даярлау үстінде архив материалдарын алдымен жанрлық, тақы­ рыптық, содан соң ғана хронологиялық жүйеге түсіріп, ретіне қарай, қажеттілігі өтелсе ғана жазушының тұңғыш толық академиялық шығармалар жинағын сапалы түрде шығара алмақпыз» [4, 36-б.]. Профессордың жоғарыда айтылған пікірлеріне мысал ретінде М.Әуезовтің тек қана Абай мұрасы айналасындағы ізденістері мен зерттеулері және көркем туындылары әрі ондағы әртүрлі айтылған, жазылған пікірлері, хашиялары, қолжазбалары, тезистері, баяндамалары, хаттары, сөйлеген сөздері, түрлі тақырып­ тағы тура, жанама пікірлерінің өзін жинастырып, жүйе­ лесе көлемі жағынан 15 томдық Абай жөніндегі басылым болатынын анықтап беріп отыр. Сонымен қатар әлі толық басылым көрмеген абайтану саласындағы мұрағат дерек­ тері де көлемі жағынан 30 баспа табақтан асып түсетінін негізгі зерттеу нысанының көзіне айналдыруға ерекше тоқталады. Осы тақырыптың ғылыми сипатын ашу мақ­ сатында тағы бір тоқтала кететін негізгі жайттың бірі су­ реткер жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясын жазу

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым үстінде бірнеше рет жазылып, өңделген түрлері мен олар­ дың мұрағатта сақталған көптеген қолжазбаларын нысана етіп алу қажеттілігін назарға алады. Сол кезеңнің қатал талап қойған қоғамдық-саяси жағдайына байланысты өз­ гертіліп, қысқартылған нұсқаларын сарапқа салу керек екендігіне тоқталады. Және де бұл айтылған пікірлеріне М.Әуезовтің кесек көркем туындыны жазу барысында жұртшылықтың жадында жатталып, санасында сақтал­ ған ақынның өмірі, ақындық және қоғамдық қызметі ту­ ралы жинастырылған аса қажетті әрі сирек кездесетін екі томдық деректер көзін қосады. Сондай-ақ осы қатардың тізіміне «Абай» трагедиясының, опера либреттосы, әдеби және киносценарийлердің әлденеше рет қазақша, орысша жазылған мәтіндік нұсқаларды жанрлық, тақырыптық, хронологиялық тұрғыда жүйелеп, оларға арнайы ғылыми негіздегі түсініктемелер жазу кезек күттірмес әрі, көп та­ бан еңбек, маңдай терді төккізіп, біршама уақытты талап ететін жұмыс екендігін атап көрсетеді. Атан түйенің сал­ мағындай бұл атқарылар жұмыс салғырттықты, немқұ­ райлылықты, асығыстықты көтермейтінін, оны байыппен зерделеудің маңыздылығын алға тартады. Көтеріліп отыр­ ған мәселе жайында М.Мырзахметұлы былай дейді: « Бұл аталып өткен әр қилы деректер көзінің көпшілігі арабша, латынша қатесіз, дұрыс оқып шығудың өзі бір қиямет. Өйткені, көзі үйренген жан болмаса Мұхаңның қолтаң­ басы асығыс, не қысқартылып, кейде өзі шамалайтындай болып қағазға түсірілуі себепті, оны ажыратып оқудың өзі қиын. Міне, осы қиындық келтірер елеулі кедергілерді меңгеріп, М.Әуезовтің қолынан шыққан Абай мұрасы жөніндегі дерек-мағұлматтар мен көркем туындылардың түпнұсқасын жинақтап, жүйеге түсіріп, тек қана Абай жайлы жазылған туындылардан тұратын он бес томдық басылымды даярлаудың өзі оңай шаруа емес, алдын ала даярлықты талап етеді» [4, Б. 37-38]. Профессор әуезов­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ тану саласындағы ғылыми мәнге ие осындай тақырыпты зерттеудің қажеттілігі бүгінгі күннің, бүгінгі ғылымның басты талабы екенін жүрегімен сезіне білді. Бұның өзі біріншіден ұстазы болған М.Әуезовке деген құрметі бол­ са, екіншіден ұстаз алдындағы шәкірттік парызын өтеуге деген адалдығын және сүйіспеншілігін танытатын қасиеті деп білеміз. Ғалымның әуезовтану саласы бойынша зерттелу ны­ санына айналдыру қажет деп пайымдаған үшінші тақы­ рып М.Әуезовтің жазған хаттары және өзгелердің жазу­ шыға жазған хаттарының тобын құрайтын эпистолярлық жанрда жазылған нұсқалары. Әртүрлі тақырыпты, түрлі мазмұнды арқау еткен хаттарына зерттеу жұмыстарын жүргізу жазушының өмірін, оның шығармашылық зерт­ ханасының сырын ашып, табиғатын танытуға жол ашаты­ нын тілге тиек етеді. Сонымен қатар профессор бұл мә­ селені көтеріп қана қоймай, оны қандай бағытта зерттеу жолын да ұсынып отыр. Хат авторы қаламының қолтаң­ басы қалған нұсқаларын тарихи тұлғаларға, жеке адам­ дарға, әртүрлі ресми орындарға жазылғандығын жүйелеп береді. М.Мырзахметұлының осылай жүйелеуінен атал­ мыш тақырыптың зерттелу бағытын анықтап беруімен қатар, оның әуезовтану саласына қосатын үлесінің маңыз­ дылығын да айқындайды. Зерттеуші ғалым: «Мұхаңның эпистолярлық жанрдағы төл қолтаңба нұсқалары негізі­ нен тарихи тұлғалар, жеке кісілер мен ресми орындар­ ға жазылған хаттардан тұрады. Бірақ, бұл сала – бүгінге дейін қозғаусыз жатқан, зерттеу нысанасына алынбаған тың сала» [4, 38-б.], – деп тыңнан түрен салуға сұранып тұрған тақырып туралы сөз қозғайды. Эпистолярлық әдебиет деген ғылыми атауға ие болған хат түрінде жазылған шығарма көне тарих қойнауынан та­ мыр тартады. Ірі қоғам қайраткерлерінің бір-біріне жазған хаттары, әдеби, тарихи, қоғамдық мәні бар хаттары мысал

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым бола алады. Қазақ әдебиетінде Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынса­ рин, А.Құнанбайұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Жансүгі­ ров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Қ.Аманжолов сияқты тұлғалардың халқына, достарына, туған-туыстарына арнап жазған хаттары ұлт­ тық әдебиетіміздің қорына енетін жәдігерлер. Осындай хаттарды ғылыми негізге ала отырып зерттеу жұмыста­ рын жүргізу арқылы белгілі бір тұлғалардың өмірін, өмір сүрген қоғамдық ортасын, мұраларының бізге беймәлім тұстарының қыр-сырын, сонымен қатар ол кезеңдегі әде­ би ахуалдың жай-күйін түсінуге қолайлы мүмкіндіктер туғызатын жақтары да өте көп. Бұл мүмкіндіктерді ұтым­ ды пайдалану арқылы қазақ әдебиетіне, қазақ әдебиеттану ғылымына қосылар көптеген құнды құбылыстардың куәсі бола аламыз. Сол себепті М.Мырзахметұлы М.Әуезовтің хаттарын зерттей отырып, ғылыми айналамға түсірудің проблемасын негізгі қажеттіліктердің қатарына қоя білді. Әуезовтану саласында өзіндік үлес қосар, қомақты төртінші тақырыптың бірі жазушының өмірін, әдеби, ғылыми шығармашылығы, атқарған тарихи қоғамдық қызметтері туралы жазылған естеліктерді жинақтап, бірізділікке түсіру мәселесіне арнайы зерттеу жұмыс­ тарын жүргізу. Өйткені, естелік әдеби шығарма, мемуар жанрының бір түрі. Мұнда болған тұлғалардың ғұмыры, жүріп өткен жолдары, артына қалдырған мұралары жай­ лы жазылған куәгер адамдардың көзімен көргендерін өз атынан жазып, жариялаған шығармалары. Күнделік, жол­ жазба сияқты мемуар жанрының бір түріне жататын ес­ теліктер белгілі бір тұлғаларды зерттеу үшін таптырмас дерек көздері болып саналады. Осындай дерек көздерді пайдалана білу естеліктің бас кейіпкерінің өмірі мен шы­ ғармашылығын жүйелі зерттеуге жол ашады. М.Әуезовтің қазақтың бас ақыны Абайдың шығармашылығын зерттеу­ дегі тәжірибесіне жүгінер болсақ ақынды көзі көрген тірі

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ мұрағат иелерімен арнайы кездесіп, ол туралы естеліктер­ де айтылған мәліметтердің барлығын қағаз бетіне түсіріп алып зерттеу әдісінің бір көзіне айналдырады. Соның нә­ тижесінде ақынның ғылыми өмірбаянын, өскен ортасын, әдеби айналасы тағы басқалары сияқты ғылыми сипаты бар көптеген зерттеулерін жариялайды. Мұның өзі де Абай шығармашылығын кешенді түрде қарастыруға игі әсерін тигізді. Бұл орайда М.Мырзахметұлы академик-жазушы жайында жазылған естеліктерді жинастыруға, жүйелеуге ерекше көңіл бөледі. «Қазіргі күнде М.Әуезовтің өмірі мен ғылыми творчестволық басып өткен өмір жолын те­ реңдей білуде ерекше орны бар әрі жазушы замандаста­ рының, көзкөргендерінің қатары сиремей тұрған шақта жазылып алынған естелікткер жылдан жылға молығып, қорлану үстінде» [4, 38-б.], – деп жазушы жайында жа­ зылған естеліктердің ерекшелігіне ұтымды ой айтады. Пікірді ары қарай сабақтай келе М.Әуезов мұрағатында соңғы уақыттарда жинастырылып жатқан естеліктерді бір жүйеге келтіріп, олардың әрқайсысына түсініктеме беріп, онда кездесетін адам есімдеріне, елді мекендерге, жер-су атауларына арналған көрсеткіштерді де бере кетудің ма­ ңыздылығына тоқталады. Суреткер жазушы туралы мына бір естелікке кезек берейік. Ғалым Е.Ысмайылов өзінің жүрек жарды естелік лебізінде: «Мұхтар сияқты алып тұлғалы, кемеңгер жазушының өмірі, адамгершілігі, шы­ ғармасы туралы жазушыға борышты адамның бірімін. Мені ұлы адамның өмірі де, шығармасы да әрқашан қы­ зықтырады. Мұхаңның шығармаларын қайта-қайта қызы­ ға оқып, байыбына барып терең зерттеген сайын, сол Мұ­ хаң көтерілген биікке ұмтыласың, өсе бергің, өрлей бергің келеді» [103, 325-б.], – деп естелік қалдыруы маңызды жайт. М.Мырзахметұлының пікіріне сүйенсек кемеңгер жазушының өмірі жайлы естеліктерді топтау қалың оқыр­ ман қауымның рухани қажеттілігін қанағаттандырар, әрі

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым жас ұрпақтың биікке ұмтылысының, өсу, өрлеу бағыты­ ның биік үлгісі болмақ. Ғалымның жоғарыда айтылған тұжырымды ойларын ақыл тарызысына салар болсақ М.Әуезов туралы жазыл­ ған естеліктерді қандай мақсатқа қолдана білу және қалай пайдаланудың әдіснамасын нұсқап отыр: «Толықтырыл­ ған естеліктерді келешекте бірнеше томдық басылым етіп берудің әрі олардағы деректер көзін іле-шала әр қырынан зерттеу нысанасына алудың міндеті тұр. Бұлар жазушы басынан өткен әрқилы саяси-әлеуметтік жағдайлар сырын танып білуге бастайтын аса құнды, сирек ұшырасатын де­ ректер көзіне бастайды. Зерттеушілер үшін де деректер көзіне айналмақ» [4, 38-б.]. Профессор әуезовтану сала­ сындағы ділгір мәселелерді көре білуі, оларды бүгінгі күн тәртібіне қоя білуі ізденімпаз, еңбекқор тұлғаның қыра­ ғылығы деп білеміз. Көтерілген мәселелер – М.Мырзах­ метұлы танытуындағы әуезовтанудың қазіргі мәселелері. Әуезовтанушы ғалым академик-жазушының ақын мұ­ расына байланысты зерттеулерін сараптай келе М.Әуезов танытуындағы абайтану деп ақын әлемінің құпиясын аш­ қан ғұлама ғалым еңбегінің анық ғылыми бағасын береді. Сол сияқты М.Мырзахметұлы танытуындағы әуезовтану деп осы сөзді зерттеуші ғалымның өзіне қолданар болсақ бұл сөз қайталау емес. Әдебиет зерттеушісіне берілген әділ әрі нақты баға деп білеміз. Өйткені жоғарыда беріл­ ген бағалар профессордың ғылым саласында ерінбей, зор құлшыныспен табанды атқарған еңбегінің жемісті жетістігі. Әуезовтану саласына айтып тауыса алмас ауқымды қыз­ мет жасап келе жатқан әдебиеттанушы ғалымның зерт­ теуге лайық деп назарына ілінген тағы бір кең де келелі бесінші тақырыбы Мұхтар Әуезовтің әдеби ортасы мен айналасы. Аталған тақырыптың ғылыми мәні туралы: «Жазушы мұрасын зерттеп танып-білуде кезек күттір­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ мес аса ділгір мәселенің бірі – Мұхтар Әуезовтің әдеби ортасы мен айналасына келіп тіреледі. Өйткені, кемеңгер жазушының өмір жолында кездескен, тікелей немесе жа­ нама түрде араласқан сан қилы тағдырлы тарихи тұлғалар мен оның семейлік, орынборлық, ташкенттік, москвалық, санкт-петербургтік, алматылық нақтылы әдеби ортасы болғандығына ешкім де күмән келтірмесе керек-ті» [4, 38б.], – дейді. Әуезовтанушы ғалым аталмыш тақырыптың зерттеу нысанына айналу қажеттілігін зерделі зейінділік­ пен терең ұғынып отыр. Кемеңгер жазушының әдеби ор­ тасы мен айналасы зерттеліп танылса әуезовтану саласы­ ның ғылыми деңгейінің көтерілуіне қосылар құндылық болмақ. Ғалымның бағыт-бағдары бойынша бұл тақы­ рыптың ғылыми сипатын ашу үшін суреткердің өміріне тікелей қатысы бар Семей, Орынбор, Ташкент, Мәскеу, Санкт-петербург, Алматы қалаларында әдеби ортасы бол­ ғандығын басты назарға алады. Ақиқатында да жазушы­ ның көзі тірісінде өмірінің, қызметінің, басты бағыттары болған аталмыш қалалар, ондағы әдеби орталар М.Әуе­ зовтің азаматтық, ұстаздық, ғалымдық, қайраткерлік ке­ сек тұлғасының қалыптасуына әсерлерін тигізген орта болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Бұл жайында ға­ лым суреткер-жазушының Семейдегі өмірі мен қызметі жайында былай дейді: «Мұхтар Әуезовтің қазақ педагоги­ калық техникумы мен орыс географиялық қоғамының Се­ мей бөлімшесінде бір жыл аралығында атқарған қызметі мен Абай шығармаларын жинау, толық жинақ ретінде құрастыру, ғылыми өмірбаянын жазу, зерттеулер жүргізу жұмыстарында абайтану тарихындағы зор белес пен түбе­ гейлі ізденістердің негізі жатыр деп танимыз» [52, 13-б.]. Профессордың назарына іліккен тақырыпта М.Әуезовтің есімі және шығармашылық өмірімен байланысты аталған қалалардағы оқыған оқулары мен атқарған қызметтерінің әрқайсысы өз алдына жеке-жеке тақырыптар ретінде қа­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым растырып зерттеу нысанына алуға болады. Осы орайда әдебиеттанушы ғалым А.Еспенбетов академик-жазушы­ ның әдеби ортасы туралы: «Әуезов және Семей. Бір-бірі­ нен ажырамайтын, қайта өзара бірін-бірі толықтырып тұратын ұғымдар. М.Әуезовтің Семей шаһарына, Семей өлкесіне қатынасы жазушының сол құнарлы топырақта кіндік қаны тамып, балалық, жігіттік шақтарын өткізумен шектелмейді. Кезінде мәдениеттің, ғылымның, өнердің орталығы болған, қала мен қала мәдениетін жатырқамай қабылдауға негіз салған Семейді М.Әуезов өмірбаяны­ нан бөліп алу мүмкін емес» [49, 71-б.], – деп М.Мырзах­ метұлының осы тақырып жөніндегі пікірлерімен үндесуі кездейсоқтық емес. Керісінше қос ғалымның әуезовтану саласында арнайы зерттеуді қажет ететін тақырыптың ма­ ңыздылығын қуаттайды. Жазушының Семей топырағын­ да басталған әдеби ортасының оған тигізген ықпалы мен әсері орасан зор. Сәл тарихи шегініс жасап кемеңгердің балалық шағына оралсақ атасы Әуезден бастау алатын әдеби ортасының өзі көп нәрседен мағұлмат береді. Бала­ лық шағындағы әдеби ортасы Әуездің немересіне берген бағдарынан басталатынын көптеген әдебиет зерттеуші­ лері, әдебиет сүйер қауым күмән келтірмейді. Атасының үйретуімен Абай өлеңдерін жаттап өсуі, ақын ауылына атасымен бірге жиі барып, ақын өлеңдерін өзіне айтып беруі және Абайдың «атасының қоңыр қозысы екен ғой, атаңның емес адамның баласы бол» деп батасын алуы «қазақтың перзенті болып дүниеге келіп, адамзат пер­ зенті болып өткен» даналық киесі дарыған жазушының балалық шағындағы әдеби ортасының зор ықпалы бол­ ғандығынан сыр шертеді. Ауылдан үлкен арман арқалап Семей шаһарына келіп білім алуы, ондағы тарихи ірі тұл­ ғалармен қызметтес болуы сонымен қатар бұл қаладағы шығармашылық жұмыстарының барлығы М.Әуезовтің әдеби ортасының құт қонып, бақ дарыған шапағатты ша­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ ңырағы. Аталмыш жайттардың барлығы жан-жақты білім алуға талпынуы, азаматтық тұлғасының қалыптасуы, қалам қайратының шыңдалуына игі әсер-ықпалын тигіз­ ген әдеби ортасы. Сондықтан М.Әуезовтің әдеби ортасы мен айналасы деген әлі толық игерілмеген тың тақырып­ ты көрсетіп берген ғалым М.Мырзахметұлының жоға­ рыда айтылған құнды пікірлері ғылыми негізі бар терең тұжырым. Және де әуезовтанушы ғалымның М.Әуезов есімімен байланыстырған қалалар тізімінің әрқайсысын кемеңгер жазушымен байланыстырып жеке-жеке зерт­ теу нысанына алуға болатын қомақты тақырып. Профес­ сор М.Мырзахметұлының тұжырымды пікірінің дәлдігін ғалым А.Еспенбетовтың мына ойымен бекітуге бола­ ды: «Әуезовтанудағы сала-сала міндеттердің бірі Семей өңіріндегі әдеби, әлеуметтік, ағартушылық қызметтері­ мен сабақтас» [49, 76-б.]. Бастау бұлағын Семей топыра­ ғынан алатын М.Әуезовтің әдеби ортасы мен айналасын танып-білуде мұрағаттағы деректерді пайдаланумен қатар жазушының аралас болған, оның әдеби ортасының мәнін ашуға көмегін тигізетін қазіргі таңда тірі жүрген санау­ лы, көнекөз тұлғалардың мағұлматтары да өте маңызды әрі қажетті дүниелер екендігін ескергеніміз абзал. Қазіргі таңдағы тірі мұрағат иелерінен жазылып алынған құнды мәліметтер әуезовтану саласының ғылыми деңгейін арт­ тырып, сапасын биік белестерге көтеретін құбылыс. Сол себепті профессор: «...жазушы замандастарымен сырлас, сыйлас аяулы жандардың ой санасында Мұхаңмен тікелей немесе жанама түрде қарым-қатынаста болған тағдырлас кісілердің жадында біздер үшін талай беймағлұм деректер көзінің қабаттарын да ашып, сырына қанығудың міндеті де тұр. Осы тірі архив иелерінің ой санасындағы дерекмағұлмат атаулыны қағаз бетіне түсіріп алып қалмасақ, көптеген құнды дерек көздерінен көз жазып қалуымыз кәдік» [4, 38-б.], – деп қазіргі таңда қолда бар мүмкіндік­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым терді дұрыс пайдаланып, оның игілігін көре білуге, жа­ рата білуге үндейді. Сонымен қатар осындай игілікті істі атқарудың барысында туындайтын қиындықтарынан да хабардар етеді: «М.Әуезов араласқан осы әдеби орталар мен өмір ағысында әр қилы тікелей қарым-қатынаста болған сан қилы тағдыр иелерімен қарым-қатынасын ай­ қындау міндеті де оңай шаруа болмаса керек-ті» [4, 38-б.]. Әрине, ғылым саласында атқарылар жұмыстардың өзіндік қиыншылықтары бар. Ерекше еңбекқорлықты, іскер ізде­ нушілікті, табандылықты айрықша қажет ететін мінез-құ­ лық қасиеттерімен ғана белгілі бір табыстарға қол жеткізе аламыз. Онсыз ешнәрсе мүмкін емес. Өмірі мен шығар­ машылығы тағдыр талқысына түсіп, күрмеуі көп жолдың тайғақ кешуінен өткен жазушы мұрасын зерттеп тани білу де күрделі құбылыс. Бірақ та, күрделі, қиын құбылыс деп мұхтартанудың қазіргі міндеттерін ысырып қоюға бол­ мас. Ол бүгінгі таңдағы таным талабының басты кезек күттірмес қажеттілігі. Профессор А. Еспенбетов әуезов­ тану мұраттары жайында былай дейді: «...М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жүйелі зерттеу объектісіне айналуы керек. Ашылмаған сыр, анықталмаған дерек, ай­ тылмаған сөз қалмауға тиісті. Ең бастысы – қопарылған ғылыми шындық келер ұрпақтың кәдесіне жаратылуы шарт» [49, 92-б.]. М.Мырзахметұлының М.Әуезов мұра­ сы жөнінде жазған зерттеу еңбектері бүгінгі уақыт талабы туғызып отырған міндеттерге берілген жауап деп білеміз. М.Мырзахметұлының әуезовтану саласында ғылыми негізі бар деп зерттелуге тиісті бағыт берген алтыншы тақырыбының бірі М.Әуезов шығармаларындағы Абай мұрасы. М.Әуезов – суреткер жазушы, ғұлама ғалым. Бұл бекерге берілген бағалар мен босқа айтылған пікірлер емес. Өйткені абайтану арнасындағы қайталанбас еңбек­ тері жоғарыда айтылған жазушылық және ғалымдық ба­ ғытта жүргізілгені белгілі. Осы проблеманы көтеретін та­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ қырып жөнінде ғалым былай деп ой өрбітеді: «...жаңадан туындаған өте қажетті де күрделі мәселеге саятын «Абай мұрасы Мұхтар Әуезов шығармашылығында» деп атала­ тын тақырып қазірдің өзінде іргелі зерттеу жұмыстарын талап етуде. Өйткені, бұл аталып отырған мүлде тың мә­ селе М.Әуезовтің бүкіл ғылыми-творчестволық жолында­ ғы ой-өрісі мен әулетті көркемдік танымының қалыпта­ суына әсер еткен ұлы ойшыл ақын мұрасы жазушының іштей түлеп өсу жолында рухани алтын арқау болып өріл­ ген мүлде нәзік творчестволық құбылыстардың сырын танып білуге бастайды екен» [4, 40-б.]. Академик-жазу­ шының суреткерлік және кемеңгерлік, ғұламалық деңгей­ ге көтерілуіне ақын мұрасының тигізген әсері ұшан теңіз. Жақсының шарапаты дарыған ғұлама ғалым өзінің өмірін де, шығармашылығын да шарапатты ақынның мұрасын зерттеп, танып білуге бағыштайды. Осы бағытта М.Әуе­ зовтің ғалымдық қабілетінен туындаған абайтанушылық ғылыми зерттеу еңбектері болса, суреткерлік шеберлігі­ нен туған Абай жайындағы көркем туындылары. Саналы ғұмырын абайтануға арнаған жазушы-ғалымның ақын мұ­ расын ғылыми негізде танып білуге жұмсаған ғалымдық өмірінің жиырма алты жылға жуық мерзімі жұмсалса, он екі жылдан артық уақытын Абай туралы әртүрлі жанрда жазылған көркем туындыларына бағыштады. Бұл айтыл­ ған ойлардан шығатын қорытындыны таразылар болсақ әдебиеттанушы ғалым көрсетіп отырған «Абай мұрасы Мұхтар Әуезов шығармаларында» деген тақырыпты зерт­ теу барысында академик-жазушының абайтану саласын­ да қатар жүргізген ғалымдық және суреткерлік қырларын басты нысанаға алу қажеттілігін алға тартады. Профессор арнайы зерттеуді қажет ететін тақырыпты мәселе көтеріп қоюымен қатар тақырыптың ғылыми сипатын ашар жол­ дарын да нұсқап отыр. Ғалымның ұсынған методология­ сы өте орынды. Олай деп айтуға толық ғылыми себеп бар.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Біріншіден, М.Әуезовтің Абай мұрасын ғылыми негізде танып білуін қарастыру болса, екіншіден, ақын туралы жа­ зылған көркем туындылары деген бағыттатарына ғылыми зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми айна­ лымға енгізу қажеттілігінің проблемасын көтереді. Және де аталмыш тақырыптың ғылыми мәнін ашу барысында жазушы-ғалымның Абай мұрасы жайында жазылған ғы­ лыми және көркем еңбектерін зерттеудің өзекті желісіне айналдыру қажеттілігін айқындап берді. Аталмыш тақы­ рыпты екінші сөзбен алмастырар болсақ М.Әуезов таны­ туындағы абайтану болмақ. Айтқан пікіріміздің дәлелін мына бір ой тұжырымымен бекітсек: «Абай мұрасын ег­ жей-тегжейлі зерттей отырып, ақынның өмірі мен шы­ ғармашылығы жөнінде жазылған ірілі-ұсақты ғылыми деректер мен авторларының библиографиясын жасаған М.Мырзахметұлы абайтану саласындағы тұтас дүниені екіге – «Абай мұрасы өзгелер танымында» және «Абай мұрасы – М.Әуезов танымында» деп бөліп, соңғысын өз зерттеу нысанына алады» [104, 58-б.]. М.Мырзахметұлы М.Әуезов танытуындағы абайтану жайында көптеген те­ рең-терең ғылыми зерттеулер жасап, тұғыры берік, таны­ мы мен тынысы терең еңбектерін арнады. Бұл бағыттағы негізгі зерттеулеріне тоқталсақ: «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» (1982), «Абай жүрген ізбенен» (1985), «Абайтану. Библиографиялық көрсеткіш» (1989), «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993), «Абайтану тарихы» (1994), «Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю» (1995), «Абай және Шығыс» (1995), «Әуезов және Абай» (1997), «Түркістанда туған ойлар» (1998), «Түркістан Та­ раз арасы...» (2002), «Тараз ой толғаныстары» (2005) атты ірі монаграфиялық еңбектер мен «Абай Құнанбаев. Биб­ лиографиялық көрсеткіш» (1965), «Абай өмірі мен твор­ чествосы» (1987), «Мұхтар Әуезовтің абайтанудан жария­ ланбаған материялдары» (1988), М.Әуезовтің «Әдебиет

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ тарихы» (1991), «Абайды оқы, таңырқа...»(1993), «Абай­ тану дәрістері» (1994), «Жүрегімнің түбіне терең бойла» (1995), Қ.Өмірәлиевтің «Абай афоризмі» (1995), «Абай­ тану дәрістерінің дерек көздері» (1997), «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (1997), еңбектерін құрастырып, алғы сөздерін және түсініктерін жазып, жариялады. «Абай», «Мұхтар Әуезов» энциклопедияларына мақалалар жаз­ ды. М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағы мен 50 томдық жаңа академиялық басылымын даярлап, жарияла­ ну ісіне белсене араласуда. Бірақ, бұл ізденістерімен тоқ­ талып қана қоймай әуезовтану саласының бүгінгі таңдағы кезек күттірмес өзекті мәселелерін көтеріп, академик-жа­ зушы мұрасын қазіргі жаңаша көзқараспен талдап, баға беруді негізгі міндет ретінде анықтап берді. Ғалымның әуезовтану саласына қатысты жазған еңбектері, ғылыми мәні бар пікірлері қазақ әдебиеттану ғылымына қосыл­ ған рухани құндылықтар. Ең бастысы қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңа жүйе М.Әуезов танытуындағы абай­ тануды ғылыми айналымға енгізіп берді. Бұл жайында белгілі ғалым Қ.Өмірәлиевтің: «...осындай зор жұмыс нә­ тижесінде барып қазақ әдебиеттану ғылымында Мұхтар Әуезов танытуындағы абайтану сияқты жеке ғылым са­ ласы жасалды» [62, 119-б.], – деген маңызы бар мына бір пікірі ғалымның еңбегіне берілген шынайы баға. Ал Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов: «Абайды елге танытуға Әуезов қандай өлшеусіз еңбек сіңірген болса, Әуезовтің сол еңбегін жариялау үшін Сіздің де сондай ересен қызмет көрсеткеніңізге осы кі­ табыңыз куә деп білемін... барлық жас жазушылар мен жас ғалымдарға еңбекшілдік пен зерттеушіліктің үлгісі боларлық ғылыми, тәлімдік-тәрбиелік маңызы зор...» [62, 39-б.], – деп ғалымның еңбегіне шынайы жүрегінен шық­ қан лебізін білдіреді. Жоғарыда есімдері аталған танымал

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым адамдардың берілген пікірлері ақиқатқа негізделген. Ай­ тылған тұғырлы тұжырымдар ғалым еңбегінің биік ба­ ғасы. Қазақ әдебиеттану ғылымында М.Мырзахметұлы танытуындағы әуезовтану саласының ғылыми жүйесі қа­ лыптаса бастығаны ақиқат құбылыс. Ғалым көрсетіп берген М.Әуезов шығармаларындағы Абай мұрасы деген тақырыпқа байланысты өзінің ой-бай­ ламдарын да білдіре кеткен. Бұған ғалымның Абай және Әуезов: рухани сабақтастық атты ғылыми мақаласы [105] дәлел болады. Аталмыш мақаласында осы мәселелердің кейбір өзектілігіне тоқталып өтеді. Абай мұрасы М.Әуе­ зов шығармаларында атты тақырыпты сөз еткенде екі ке­ меңгер арасындағы үндестік, сабақтастық мәселесінің де көтерілетіні ақиқат. Адамзат баласы жаратылған тіршілік ішіндегі ерекше құбылыс. Адам қашанда тіршіліктің биік шыңы болып қала бермек. Д.Кішібеков пен Ұ.Сыдықовтың бірлесіп жазған «Философия» атты еңбегінде: «...адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қаты­ настар жасайтын, өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық, әлеуметтік жағы шамадан тыс баса көрсетіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтары­ ның маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген ой тумауға тиіс. Шынына келгенде, адамның үш түрлі: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік өлшемі бар» [106, 277-б.], – деп анықтама беріліп, рухани қасиет­ тері жайында да пікір айтылады. Үш өлшемді бойына жи­ нақтаған адамның адамдық мәні әлеуметтік қатынас, өза­ ра байланыс жасаудағы қабілетінде жатса керек. Адамның қоғамдағы алатын орны мен рөліне келсек «дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозға­ лыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақ­ саты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі» [106, 275б.]. Берілген пікірлер желісі арқылы жоғарыда айтылған саналы тіршілік иесі екендігінің дәлелі болатынына көз жеткіземіз. Бірақ, бұл қасиетті алып жүре алуы, соған ла­ йықты немесе лайықсыз болуы жұмыр басты пенденнің өзіне байланысты болса керек. Бұл өз алдына бөлек мәсе­ ле. Біздің сөз етпек болғанымыз адамзат баласының руха­ ни сабақтастығының мәселесі жайында болмақ. Руханият дүниесі тек діни таныммен шектеліп қана қоймайды. Үш түрлі өлшемді бойына жинақтаған адам болмысы рухани сабақтастықты, үндестікті жалғай алатын жоғары сана­ ның иесі. Сол себепті, рухани мұраларды дүниеге әкеліп, адамгершілік мұраттарының биігіне ұмтылыс жасауда ерекше белсенділік таныта алатын қабілеті бар тұлғалар. Рухани мұралар адамзат баласының ақыл-ой туындыла­ рының жемісі. Бұл мұралар халықпен бірге жасап, жал­ ғасып отыратын құбылыс. Тілдік қолданысымыздағы рухани сабақтастық, үндестік сөздері рухани мұраларды дүниеге әкелген тұлғалардың өмірі мен танымына, олар­ дың туындыларымен тікелей байланыста болса керек. Рухани сабақтастық өміршең, жалғасын тауып отыратын құндылық. Халқымыздың мәдени мұраларын, олардың өкілдерін ұлттық болмыстың, ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктер негізінде қарастыру бүгінгі күннің қойып отырған талабы. Отандық әдебиеттану ғылымының құрамдас бір бөлігі қазақ әдебиеті тарихын халқымыздың төл тарихымен бүтін, бірлік контексте зерделеп, зерттеу бүгінгі басты қажеттілік болып отыр. Бастау бұлағы қадым замандар­ дан басталатын әдебиетіміздің тарихы жайында профес­ сор Н.Келімбетов былай дейді: «...қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихы өте ерте, қадым замандардан, ежелгі дәуірлерден басталатыны даусыз... Қазақ халқы да бүкіл дүние жүзілік ғылым мен өнердің, әдебиеттің дамуына

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым өзіндік үлес қосты, есімі әлемге мәшһүр ғалымдар мен ақын-жазушыларды, өнер қайраткерлерін тарих сахнасы­ на шығарды» [63, Б. 3-4]. Түрколог ғалым қазақ әдебиеті мен көне түркі әдебиеті арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын, байланысын «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» атты монографиялық зерттеу еңбегінде жүйелі талдап берген. Сонымен қатар, зерттеуші ғалым ежелгі әдеби жәдігерліктерінің кейбіреуінің тілі қазіргі қазақ тіліне жа­ қынырақ келетінін аңғартады. Бірақ, «...Алайда осы тілдік белгісіне қарап мұндай әдеби мұраларды белгілі бір ха­ лықтың еншісіне теліп қоюдың өзі ғылыми тұрғыдан қа­ рағанда үлкен қателік деп білеміз. Сол себепті ежелгі түркі дәуірінде өмірге келген көне түркі әдеби жәдігерліктерін бүгінгі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ мұра деп қарағанымыз тарихи шындыққа сәйкес келеді» [63, Б. 5-6], – деп жаңсақ пікірге ұрынып кетпеуімізді де ескертеді. Дегенмен де, қазақ әдебиетіне көне түркі әдеби мұраларың тигізген әсері жайында «...бертін келе қазақ халқының өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына көбі­ рек ықпал жасаған ежелгі түркі әдеби мұралары да бар екенін естен шығаруға болмайды» [63, 6-б.], – деп айтқан тұжырымының үлкен мәні бар. Түркі ұғымы тәркіленіп, түркі сөзін «құлаққа түрпідей тигізген» кеңестік кер за­ манда бұл тарихи шындықты қозғау мүмкін емес еді. Бі­ рақ тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, жариялылық зама­ нына қолымыз жеткенде осындай «ақтаңдақтардың» беті ашылып, шындықтың шымылдығы түрілді. Ендігі кезекте аталмыш бағытты ұстана білу қажеттілігі басты орында болмақ. Қазіргі уақыттың өзі туғызып отырған қажеттіліктерге жауап беріп, өз үлестерін қосып жүрген әдебиеттанушы ғалымдарымыз баршылық. Солардың арасында ғылыми, тарихи дерек көздерге сүйене отырып, мағыналы, те­ рең ой-байламдарымен өз жауабын беріп жүрген ғалым

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ М.Мырзахметұлы. Бұған оның күрделі де іргелі ғылыми зерттеу еңбектері мен Түркі әлеміне қызмет сыйлығының берілуі дәлел болмақ. М.Х.Дулати, Дулат, Абай, М.Әуе­ зов, Б.Момышұлы мұралары мен түркі әлеміне қатысы бар өзекті мәселелерге тереңдей бойлап, олардың әрқай­ сысын арнайы зерттеу нысанына алып, кең тынысты ең­ бектерін арнаған. Қай тақырыпқа қалам тартса да оларды бүге-шігесіне дейін ашып, талдап, зерттеп қалың оқыр­ манның игілігіне айналдыра білді. Ғалымның өмірлік тақырыбына айналған абайтану, әуезовтану мұраттары оның ғылым егістігіндегі жемісті жетістіктері. Түркі әлеміне ортақ тұлғалармен Абай ара­ сындағы әдеби, рухани сабақтастықты, үндестікті ғылы­ ми тереңдікпен, дәйекті дәлелдермен танытуда ғалымдық қырағылық, ерен еңбекқорлық көрсеткен шоқтығы биік зерттеуші ғалым. [107, 64-б.]. Ұлылар арасындағы руха­ ни үндестікті зерттеу нысанына айналдырған ғалымның аталмыш бағытта көп еңбектер атқарғанын көкірек көзі ояу оқырман қауымы жақсы біледі. Ендігі ретте ұлттық тұлғаларымыз Абай және М.Әуезов арасындағы рухани сабақтастық М.Мырзахметұлы зерттеуінің желісіне ай­ налғандығына тоқталмақпыз. Қос кемеңгердің арасында рухани сабақтастықтың бо­ луы заңды құбылыс. Өйткені, екі тұлғалардың арасында­ ғы әдеби, тарихи, мәдени әрі туыстық байланыстар осы құбылысқа басты себеп болғаны даусыз. Олардың өмір сүрген дәуірі, қоршаған ортасы мен айналасы арасында ұқсастықтар бар. Сонымен қатар өзіндік айырмашылық­ тары да жоқ емес. Қазақ әдебиеттану ғылымында алып арналы абайтану саласын қалыптастырған М.Әуезовтің қашанда абайтанудың негізін салушы ретіндегі тұлғасы дараланып тұратыны ақиқат. «Дүниеге қазақ перзенттері болып келіп, адамзат пер­ зенттері болып аттанған» Абай мен Әуезов арасындағы

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым сабақтастық, ұлылар үндестігі арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл тұрғыда айтылған М.Мырзахметұлының пікірі­ не кезек берейік: «Абай мен Әуезов арасындағы рухани байланыстардың болмысын танып білу кез келген зерт­ теушіге оңайлыққа түсе қоймайтын жағы да бар. Өйт­ кені бұл бір жақты емес сан қырлы болып желі тартады. Оны түгел танып тарату бір мақала не бір баяндаманың желісіне симайды. Осы себепті біз осының ең өзекті деген ұрымтал тұсына пікір білдірумен шектеліп, күрделі еңбек жазу үшін ізденісті жастардан күтеміз» [108, 63-б.]. Осы пікір арқылы аталмыш тақырыптың күрделілігін әрі ар­ найы зерттеуді қажет ететінін тілге тиек етеді. Сонымен қатар ізденімпаз жастарға үміт артады. Абай мен М.Әуе­ зов арасындағы рухани үндестік өз зерттеушісін күтуде. Алайда оған үлкен үлкен жауапкершілік, еңбекқорлық, та­ бандылық әрі арнайы білім қажет. Олай дейтін себебіміз тілге тиек болып отырған күрделі тақырыпты зерттеу ба­ рысында туындайтын өз қиыншылықтары да жоқ емес. Ғалымның пайымдауынша кездесетін қиындықтардың сыры мыналарда жатса керек. Бірінші, Абай мен Әуе­ зовтің өмір сүру кезеңдеріндегі қоғамдық құбылыстарды, олар нәр алған кең ауқымды рухани қазына көздерінің сы­ рын терең ұғынбаудан туындайтын қиыншылық. Екінші, мұсылмандық шығыстың ұстанған исламияттық руха­ ни көздерін танып білмеуден туындайтын қиыншылық. Үшінші, Олар оқып білген түркі тілді туысқан елдер мұра­ сын түпнұсқадан оқи алмаудан туындайтын қиыншылық. Төртінші, Абай және М.Әуезовтің сөйлеу тіліндегі тілдік қордың қабаттарын ашып, танып білмеуден туындайтын қиыншылықтар. Жоғарыда аталған қиыншылықтарды жеңе алмаудың салдарынан аталмыш тақырып туралы зерттеу жүргізуде жалған ғылыми танымның жетегіне кетіп қалу қауіптері де бар. Берілген пікірлер желісінен

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ аталмыш тақырыпты зерттеудің бағыты және онда кезде­ сетін нендей қиындықтар бар екенінен мағұлмат аламыз. М.Мырзахметұлы Абай мен М.Әуезов арасындағы ру­ хани сабақтастық тақырыбын зерттеу барысында қандай жақтарын қарастыру қажеттілігін алдымызға тартады. Олар: а) Абай мен Әуезовтің сөйлеу тіліндегі рухани тұ­ тастық, ә) Абай және Әуезов адамгершілік мұраттарының үйлесімділігі (Абайдың адамгершілік мұраты М.Әуе­ зовтің ғылыми шығармашылық ізденістерінде), б) Абай дүниетанымын танып білу жолындағы Әуезовтің ізденіс­ тері (екі кемеңгер дүниетанымының үндестігі). Аталмыш тақырыпты екінші сөзбен Абай мұрасы М.Әуезов шығар­ машылығында деп атауға болады. Бірақ, бұл тақырып­ тың ауқымы өте кең. Осы тақырыптың тағы бір қыры екі алыптың арасындағы рухани сабақтастықта жатыр. Бұл жайында профессор: «Абай мен Әуезовтің рухани сабақ­ тастығының басы олардың тіліндегі рухани тұтастықта жатыр» [108, 59-б.], – деген ойлары арқылы екі тұлға ара­ сындағы рухани сабақтастықтың басты белгілерін ашып көрсетеді. Ана сүті, әлдиі арқылы бойына дарыған ана тілінің құдіреті, байлығы қос кемеңгердің ұлттық тұл­ ға деңгейіне көтерілуіне зор ықпалын тигізді. Олардың сөздік қорларының бір-бірінде үндестік табуын зерттеу нысанына алған ғалым былай деп тұжырым жасайды: «Абай поэзиясындағы ақындық тіл М.Әуезов прозасын­ да жаңарып кестеленіп барып қолданысқа түскен тілдегі табиғи үйлесімді танимыз... Бірақ құрғақ қайталанбайды, қайта сыңғырлап аққан бұлақтай үйлесім тауып, өнерлі тілге айналады... Әрине, бұл – тіл өнерінің күшімен пайда болған рухани құбылыс» [108, 59-б.]. Ақын шығармала­ рындағы сөздік қор жазушы-ғалымның сөздік қорында кездесетіні заңдылық. Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі Л.Соболев: Әуезов жа­ йында жазған «Абайдың рухани інісі» атты естелік мақа­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ласында Абай мен Әуезов арасындағы рухани сабақтас­ тығынан, тілдік рухани тұтастығынан мағұлмат береді. Естелік мақаланың «Абайдың рухани інісі» деп аталуы көп жайттан хабар берсе керек. Жазушы бұл жайында: «Мұхтар қазақ тілін өте жақсы білді де, мұның өзі оған өткен ғасырдың соңы мен біздің ғасырымыздың басын­ дағы даланың кең де тамаша картинасын жасауға көмек­ тесті... Абай мен Мұхтардың арасында ортақ бір ұқсастық бар деп айту артық болмайды... Бұл романды мен сонша­ лықты рахаттанып аудардым. Образдарының бедерлілігі мен әсемдігі, тілінің айқындығы мен бояуы терең поэти­ калық сезім...» [103, Б. 17-18], – деп ой толғауынан жоға­ рыда М.Мырзахметұлының тарапынан айтылған ғылыми тұжырымның ақиқатына көз жеткіземіз. Қазақ халқы сөз­ ге шешен халықтың бірі, оның осындай рухани мұрала­ ры игілікті құндылықтар қатарында қала бермек. «...ше­ шендік сөздерді... озат ойшылдар мен ділмар шешендер шығарып, халық сынынан, ғасыр шыңдауынан өткен, сөз өнерімен соғылған әдеби мұра, асыл қазына деп түсі­ неміз» [109, 38-б.]. Бойына сөз өнерінің құдіреті дарыған академик-жазушының сөздік, тілдік қоры өз алдына жат­ қан бөлек дүние. М.Әуезовтің «шешендігі ғұлама ғалым­ дығында жатыр. Әйтпесе, күрмеуге келмейтін қысқа жіп секілді тақ-тұқ тапшылық пен жоқшылықтан шешендік туар ма? Шешендік шалқар шабыттан, шалқыған сыр мен сезімнен туады» [110, 105-б.]. Қос кемеңгер ана тілінің мәйегінен нәр алып, оның тұнығынан сусындай білген. Халық тілінің байлығын, болмысын, құдіретін Абай мен Әуезов өз туындыларында шеберлікпен, әрі «қиыннан қиыстыра» білген. Ақынның сөздік қорының жазушы тілінде бедерленіп, шығармаларында қолданыс табуы сөз зергерлерінің арасындағы рухани сабақтастыққа алтын арқау болған.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Абай мен М.Әуезов арасындағы рухани сабақтастық­ тың бір желісін: «Абайдың адамгершілік мұраты М.Әуе­ зовтің ғылыми шығармашылық ізденістерінің рухани та­ мызығына айналғанын, әрине, екі алыптың адамгершілік мұраттарының үйлесім тапқан сабақтастығынан таба­ мыз» [108, 60-б.]. М.Әуезовтің тілдік қолданысындағы «нравственная личность», «гармоническая личность» де­ ген терминдік сөздердің Абайдағы «толық адам» сөзінің тікелей баламасы екендігін М.Мырзахметұлы ғылыми та­ нымда талдап береді. Зерттеуші ғалым аталмыш мәселе жайында: «Абайдың адамгершілік мұраттарының негізіне айналған өте күрделі ұғымдар мен танымынан тұратын толық адам мәселесі М.Әуезовтің ғылыми шығармашы­ лығының ізденістерінде су асты ағыстарындай көзден таса білінер-білінбес елеусіз қалыпта көркемдік тәсілмен берілетіні бар. Мұның сырын жазушының жасаған қасі­ ретті заманы мен ала жыландай арбасқан сенімсіз орта­ сының алмағайып саяси-әлеуметтік табиғатына орай ғана тани аламыз» [108, 60-б.], – деп пікір білдіреді. Абайдағы толық адам ұғымын академик-жазушы өте терең түсініп, өз еңбектеріне арқау ете білген. Бірақ сол кезеңнің жағ­ дайына қарай «нравственная личность», «гармоническая личность» деп бейімдеп қолдана білуі ғалымның параса­ тын, суреткерлік шеберлік иесіне ғана тән қасиетін таныт­ са керек. Қалай дегенмен де М.Әуезов Абайдағы толық адам танымын дөп басып, көтере білді. Көркемдік тәсілді жетік меңгерген жазушы-ғалым осы мәселені өз еңбек­ терінің желісіне айналдырады. Абай мұрат тұтқан толық адам мәселесі адамтану ілімінің биік қағидасына айналып қала бермек. Абай танымындағы пенде, адам, жарым адам, толық адам – адам баласының кемелділікке жету жолындағы өлшемдері, ақыл, рахым, әділет қасиеттерінің бірлігінен тұратын жәуанмәртлік арқылы жүзеге асатын құбылыс.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Осы мәселелерді зерделеген М.Мырзахметұлы екі кемең­ гер арасындағы рухани сабақтастықтың бір желісі осында деп ой түйеді. Келесі сабақтастықты «Абайдың дүниета­ нымын танып білу жолындағы ізденістерінен» [108, 62-б.] қарастырамыз. Ғалым Абай дүниетанымын талдау бары­ сында М.Әуезовтің «Абай діні – сыншыл ақылдың шартты діні» деген атақты тезисіне ерекше назар аударады. Про­ фессор осы мәселелерді «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» (1982ж) атты монографиялық еңбегінің Абай мұрасының шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуінде деген үшінші тарауында кеңінен талдап берген. Абай та­ нымындағы үш сүю а) Алланы сүю, ә) адамзаттың бәрін бауырым деп сүб, б) әділдікті сүю мәселесі адам баласы өмірінің негізгі ұстанымы болып қала береді. Имани гүл немесе үш сүю ұғымы хакім Абай көрсеткен толық адам деңгейіне бастайтын құндылықтыр құбылысы. Бүгінгі күнде тілдік қолданысымызда айтылып жүрген адамта­ ну, жантану ілімдерінің желісін, мәселесін кемеңгер Абай мен М.Әуезов мұраларынан кездестіреміз. Адамгершілік мұратты мақсат еткен қос кемеңгердің өмірі мен мұрала­ ры да биік үлгі-өнеге. Жоғарыда біз әуезовтанушы ғалым­ ның әуезовтану саласындағы қазіргі мәселелер төңірегіне топтасқан арнайы зерттеуді қажет ететін тақырыптарға тоқталып өттік. Ал енді алдағы уақытта профессордың осы сала бойынша межелеп берген, атқарылуға тиісті ғы­ лыми-тәжірибелік міндеттерді қарастырмақпыз. Ғылы­ ми-тәжірибелік міндеттер деп аталуы М.Әуезов мұрасын ғылыми тұрғыда жүйелі түрде қарастырып, әрбір ұсақ-тү­ йегіне дейін зерделеп қырандай қырағылықпен, толайым таныммен атқарылатын міндеттердің реті болмақ. Осындай ғылыми-тәжірибелік күрделі жұмыстардың бірі – М.Әуезовтің библиографиялық көрсеткішін қол­ ға алу. «Библиография – әдебиет айнасы. Олай болса, жазушы туралы библиография да сол жазушы өмірінің,

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ шығармашылығының айнасы деп білген жөн. Библиог­ рафияда жазушы өмірінің, шығармашылығының барлық қыр-сыры түгелдей көрінуге тиіс» [111, 6-б.], – деп анық­ тама берілгеніндей академик-жазушының тұлғасына сай бүгінгі таным тұрғысынан библиографиялық көрсеткіш жасау негізгі міндеттердің бірі болмақ. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арнал­ ған библиографиялық көрсеткіштер баршылық. Бұл пікірімізді мына бір ғылыми тұжырыммен бекіте аламыз: «М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына тікелей не жанама қатысы бар деген баспа жүзін көрген біраз биб­ лиографиялық көрсеткіш бар. Бұлардың ішіндегі өте-мө­ те пайдалылары ретінде біраздарын атауға болады. Олар: М.Әуезов шығармашылығы бойынша М.Бөжеев құрас­ тырған библиографиялық көрсеткіш (Алматы: Ғылым, 1968), Ә.Нарымбетов құрастырған «Қазақ совет әдебиеті бойынша библиографиялық көрсеткіш (I-т. Алматы: Ғы­ лым, 1970; II-т. 1989; III-т., IY-т. 1997), Ү.Субханберди­ на құрастырған «Қазақ газеті» энциклопедиясының та­ қырып бойынша топтастырылған көрсеткіші (Алматы, 1998), Е.Тәжібаевтің басқаруымен шыққан «Произведе­ ния писателей Казахстана на языках народов мира» атты көрсеткіш (Алматы, 1989)» [112, 11-б.]. Аталмыш мәселе жайында М.Мырзахметұлы: «Мұхтар Әуезовтің ғылымитворчестволық жолының толық картинасын ғылыми тұр­ ғыда танып білу де жазушының туындылары мен олардың танылып, зерттеліп бағалануына әрі насихатталуына ар­ налған шын мәніндегі барынша толық персональды биб­ лиографиялық көрсеткішін жасаудың ғылыми практика­ лық маңызы да ерекше болмақ» [4, 40-б.], – деп кемеңгер жазушының библиографиялық көрсеткішінің әуезовтану саласы үшін, жалпы қазақ әдебиеттану ғылымы үшін аса қажетті құндылық болатындығын ғалымдық тереңдікпе­ нен пайымдайды.

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым Жасампаз жазушының библиографиялық көрсеткішін жасауда басты бағытқа алып, негізгі назарда ұстанатын жақтарын да жүйелеп берді. Бұл орайда ғалымның өзіне сөз берейік: «...алдымен, жазушының көркем туындыла­ рын, ғылыми-зерттеу еңбектерін, қоғамдық қызметі мен шет тілдерге аударылған туындыларын танып білу, зерт­ теп бағалау жолы мен мұхтартанудың пайда болу, даму, қалыптасу тарихын білуде бірінші кезекте хронология­ лық жүйеге негізделген көп томды библиографиялық көр­ сеткіштер түрін жасауды жедел түрде қолға алу міндеті алға қойылып отыр» [4, 40-б.], – деп толық тұлғалық биб­ лиографиялық көрсеткіштің қамтылу аумағын анықтап, тақырыптық жағының да жүйесін дөп басып жүйелеп берді. Сонымен қатар, толық персональды библиогра­ фиялық көрсеткіштің негізінде тақырыптық жүйеге негіз­ делген әрі әртүрлі оқырман қауымға арналған салалық библиографиялық көрсеткіштер жасауды да бүгінгі күні ғалымдардың алдына қойылған міндеттердің бірі ретін­ де көтеріп отыр. Пікіріміз дәлелді болуы үшін ғалымның сөзінен мысал келтірейік: «Ал осы толық библиография­ лық көрсеткіштер негізінде енді қалың оқырман қауым мен зерттеушілерге, магистрлер мен аспиранттарға, дип­ лом жұмысын жазатын студенттер мен баяндамашыларға, яғни күнделікті ғылыми-практикалық жұмыстарға арнал­ ған тақырыптық жүйеге негізделген салалық библиогра­ фиялық көрсеткіштер түрін жасау міндеті де кезек күттір­ мейді» [4, 40-б.]. Ғалым академик-жазушының мұрасын көпшілікке кеңінен насихаттап таныту үшін толық персо­ нальды библиографиялық көрсеткішер негізінде жасала­ тын қолданбалы библиографиялық көрсеткішерді де жа­ сау міндетін мәселе ретінде көтеріп отыр. Профессордың айтуынша бұл көрсеткішерді әр түрлі тілдерде жасау жазушы мұрасын кең көлемде насихаттау­ ға үлес қосатын еңбектердің бірі болмақ дейді. Осындай

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ ойларын өрбіте келе кемеңгердің қалам қайратынан туған әр түрлі тақырыптағы прозасына, публицистикасына, дра­ матургиясына, аудармаларына, әдебиет тарихына және әр түрлі ғылыми-зерттеу еңбектеріне арналған салалық биб­ лиографиялық көрсеткіштер түрін жасауды да мұхтартану саласының қазіргі таңдағы алғышарттары деп қарастыра­ ды. Әуезовтанушы ғалым атқарылар бұл жұмыстарды тек сөз жүзінде ғана білдіріп қоймай, ғалымның өзі де осы бағытта бірталай еңбектер атқарған. Әдебиеттанушы ғалым М.Әуезовтің ғылыми-шығарма­ шылық жолына арналған библиографиялық көрсеткіштің алдағы уақытта қандай бағыттарда жасалуына жол сіл­ тейді. Оларды ғалымның жүйелеуі бойынша төмендегі­ дей топтастырамыз: бірінші, кемеңгер жазушы-ғалымның толық персональды библиографиялық көрсеткіші; екінші, тақырыптық жүйеге негізделген салалық библиография­ лық көрсеткіш және олардың қандай бағыттарға, кімдерге арналғандығы; үшінші, М.Әуезов мұрасын кең көлемде на­ сихаттаудағы қолданбалы библиографиялық көрсеткіштің әр түрлі тілдерде жасалуын; төртінші, әртүрлі жанрлық сипаттағы ғылыми-зерттеу еңбектеріне арналған салалық библиографиялық көрсеткіш түрін жасау. Профессордың әуезовтану саласындағы атқарылар жұмыстарды айқын­ дап беруі аталмыш саланың болашағына, оның ғылыми ауқымын кеңейтіп, кең көлемде насихатталыуна шынайы жанашырлық танытқан, жүрегінде ғылым оты жанған от жүректі тұлға екендігін тағы бір айқындап берді. М.Мырзахметұлының назарына іліккен жасалуға тисті жұмыстың бірі М.Әуезовтің өмірі мен әдеби, ғылыми мұ­ расына арналған бірегей энциклопедия жасау қажеттілігі. Энциклопедияны кемеңгердің өмірі мен шығармашылы­ ғына арнап қана қоймай, бүкіл қазақ әдебиеті тарихына тікелей қатысы бар, қазақ әдебиеттану ғылымына қосы­ латын кең тынысты рухани мұра болатынын да тереңнен

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым толғап отыр. Осы аталмыш мәселе төңірегінде айтылған тұжырымды пікіріне назар салайық: «М.Әуезовтің өмірі мен әдеби мұрасына арналған бірегей энциклопедия жасау мәселесі қолға алынып отыр... Бұл жолда «Абай» энцик­ лопедиясын жасау жолындағы қол жеткен жетістіктер мен келеңсіз кемшін тұстарындағы іс-тәжірибесі мықтап ес­ керілмегі керек. Өйткені, бұл бір-ақ рет жасалынатын ру­ хани мұра болғандықтан, қазіргі дәуір талабы мен бүгінгі заман деңгейіндегі жаңа таным, соны көзқарас тұрғысы­ нан жазылмағы керек» [4, 41-б.]. Суреткер жазушының өмірі мен әдеби мұрасына арналған бірегей энциклопе­ дияны жасап шығу әуезовтану саласының алдында тұрған бүгінгі күннің алдында тұрған өте маңызды мәселелердің бірі. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған әмбебап энциклопедия қазақ әдебиеттану ғылымы үшін, кемеңгердің мұрасын көпшілікке насихаттау үшін, соны­ мен қатар суреткер туындыларын зерттейтін барлық зерт­ теушілер үшін де аса қажетті, руханиятымыздың игілігін еселейтін бірден-бір құбылыс болмақ. Бүгінгі таңда жеке тұлғаларға арналған «Абай» (1995 ж.), «Шәкәрім» (2008 ж.) энциклопедиялары бар. Ендігі кезек күттірмес күрделі жұмыстың бірі М.Әуезовтің бірегей толық энциклопе­ диясын жасау болмақ. Бұл бүгінгі уақыттың өзі туғызып отырған қажеттілік. Қазақ әдебиеттану ғылымының көк­ жиегін кеңейтіп жүрген зерттеуші ғалымдарымыз, М.Әуе­ зов мұраларын шынайы жүректен құрметтейтін басқа да кептеген азаматтарымыздың ерен еңбектерінің арқасында осы талаптарға да жауап берілетіні еш шүбәсіз. Әуезовтанудың қазіргі, өзекті мәселелері туралы сөз қозғаған профессордың ерекше мән беріп, арнайы тоқта­ лып өтетін маңызды міндеттің бірі М.Әуезов шығарма­ ларының тілін толық қамтитын жазушы тілінің сөздігін жасаудың қажеттілігі. Туындап отырған мәселе жөнінде ғалым: «Өткендегі өмір болмысын, өз табиғатына сай ай­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ рықша кім де кімнің болса да терең танып, білгірлікпен пайдаланып, сырлы сөзбен қайталанбас көркемдік әлем жасауы екіталай шығар. Мұхтар Әуезов қай заманда да көшпелі өмір болмысының қайталанбас кемеңгер сурет­ кері болып қала бермек. Міне, осы ерекшеліктердің өзі де жазушы тілінің сөздігін жасау – кезек күттірмейтін ділгір де ғылыми әрі практикалық мәні терең мәселе ретінде алға қойылуда» [4, 42-б.], – деп тұжырымды дәлелге сү­ йене отырып ой қозғайды. Ғалымның берген бағдарын ой елегінен өткізсек жазушының суреткерлік танымының кеңдігін, қордаланған тіл байлығының шексіздігін, сөздік қорының өлшеусіз тереңдігін нысанаға алып, сөз етуіміз қажет. «Жүректен шыққан сөздің жүрекке жететіндігі» туралы қағиданы ескерсек кемеңгердің бұл құбылыста қол жеткізген құндылығы биік. Жазушылық қадамының тұсауы кесілген сәттен бастап жазған алғашқы әңгіме­ лері, хикаяттары, драмалық туындылары, мақалалары мен зерттеулері және «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жасампаз, суреткерлік тіл шеберлігі М.Әуезовтің өзіндік қолтаңбасы. Терең талантының танымы арқылы қара сөздің қаймағын қоюлатып, сұлу сөзден өрнек құрып, оған жан бітірген сиқырлы қалам иесінің шалқар шабытының тұңғиығын тербете білді. «Тұңғиығын тербесе теңіз де толқиды» деген қанатты сөздің жүзеге асқандығына шын көңілден куә боламыз. Суреткер-жазушының ерекше стилі, бейнелі құрылысы, айшықты өрнекке толы бай тілі өзі нәр алған қайнар көз­ дерінің ең бастысы болған халқымыздың рухани-әдеби қазыналарынан бастау алатындығын тілге тиек етіп өттік. Туған тілінің ерекше қасиетін бойына сіңірген жазушы ана тіліне үлкен мән беріп, дарынының жемісі ретінде туындыларында асқан шеберлікпен пайдалана білген. Орыс әдебиетінің өкілі В.Белинскийдің «сөз саптауына қарап ұлы жазушыны айырасың» деген қанатты сөзге ай­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым налған пікірінен сұлу сөзден сурет салған суреткердің, шеберлік шыңына шыққан М.Әуезовтің биік тұлғасын көргендей боламыз. Кемеңгердің ұлттық сөз өнеріндегі қайталанбас ерекшелігін, шеберлігін тани білген, баға­ лай білген М.Мырзахметұлы осындай себептен жазушы тілінің сөздігін жасау мәселесін көтереді. Белгілі бір ой­ лар, айтылған пікірлер ғылыми дәлелдермен бекітілсе ол әрқашанда өзінің ғылыми құндылығын жоғалтпайды. Осы арада ғалымның көтерген мәселесінің орындылығын, дұ­ рыстығын мына бір пікір иесінің сөзімен дәлелдей ала­ мыз. Әдебиеттанушы-ғалым, қоғам қайраткері М.Базарбаев бұл мәселе төңірегінде өз пікірін былай деп білдірген еді: «Мұхтар Әуезовтің тілі, сөзі, стилі, қолтаңбасы әлі зерт­ теушісін күтулі. Бұлар – жазушының совет әдебиетінің классигі дәрежесіне көтерген факторлардың қатарынан саналады. Мұндай зерттеу – көркем-бейнелеу мүмкіндік­ терінің сырын ашып, жазу мәдениетінің ерекшеліктерін танытар еді. Мұндай зерттеу – көпшілік жазушыларға, әсіресе, жастарға, өнеге мектебі болар еді» [103, Б. 330331]. Терең талант пен даналық парасатының иесі болған М.Әуезовтің тілдік қолданысындағы айшықты теңеулер, төгіліп тұратын қанатты сөздері жазушы тілінің сөздігін құрайтын құбылыс. Сөз зергерінің осындай тамаша та­ ланты туралы белгілі ақын М.Әлімбаев: «...Мұхаң...қанат­ ты сөзді қаптата жөнелер еді. Жарқ-жұрқ еткен асылдар алтын табаққа топырлай төгіліп, үйіліп жатар еді...қанша­ ма нақыл айтып еді. «Тумай жатып, толдым деме, толмай жатып болдым деме» немесе «шала шекспирлер, толыс­ паған толстойлар толып жатыр...»...Мұхтардың даналық, дәмді сөзге ерте құмартқанын... аңғарғандаймыз» [103, 260-б.], – деп ұлттық сөз өнерін биік белеске көтерген жа­ зушының озық ойы мен кең дүниетанымының шексіздігі­ не бас иеді. Осы іспетті көптеген дәлелді пікірлер мен

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ толымды тұжырымдарды тізбектей беруге болады. Беріл­ ген бағалардың бәрін алып қарасақ, олардың барлығы бір ғана ақиқатты танытады. Ол – Мұхтар Әуезов кемел ойдың, ересен таланттың, суреткерлік шалқар шабыттың иесі екендігінің ақиқаты. Профессор: «ХХ ғасырдың ұлы жазушысы атанған М.Әуезов шығармаларының тілін толық қамтыған сөздігін жасау мәселесі әуезовтану ауқымынан асып, жалпы тіл білімі саласында кең тұрғыдан қойылатын бірегей айту­ лы мәселеге айналуда» [4, 41-б.], – деп әдебиеттану және тіл білімі салаларының зерттеуін қажет ететіндігін көре­ генділікпен нұсқап отыр. Жазушы мұрасын әдебиеттану және тіл білімі тұрғысынан кешенді зерттеп, танып-біліп, насихаттау ісі әуезовтану саласының өзекті мәселелері. Осы тұрғыдан қарастыра отырып ғалым әлем әдебиетінің классиктері Шекспир, Пушкин шығармаларындағы жеке сөздердің қолданысы мен М.Әуезовтің жеке сөздерінің қолданысын сан жағынан салыстырмалы түрде зерттей отыра суреткер жазушының жеке сөздерінің Шекспир мен Пушкиннен әлдеқайда артылып кеткендігіне ғылы­ ми негіздеме береді. Бұл ретте ғалым былай деп сарап­ тама жасайды: «...1979 жылы басылым көрген «Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының жиілік сөздігі» деп аталатын еңбекке төрт кітапта ғана қамтылған жеке атау сөздердің саны 16983-ке жеткенін анықтап берді. Ал, дү­ ние жүзі классиктерінен Шекспирдің барлық шығармала­ рында 18000, ал, Пушкиннің академиялық шығармалар жинағында 22000 жеке сөз қамтылғаны айтылып жүр. Ал, егерде жазушының академиялық елу томдық шығармалар жинағы басылым көрсе, онда пайдаланған жеке сөздердің сан жағынан қолданылуы екі-үш еседен асып түсетіні­ не күмән тумаса керек-ті» [4, 41-б.]. Танымы терең, өмір өнегесі өрелі кемеңгер жазушы тілінің көркемдік қуаты күшті. Ұлттық сөз өнерінде ешкімді қайталамайтын және

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ешкім қайталай алмайтын даралығы әлі талай келелі, қо­ мақты зерттеулерге арқау болатыны сөзсіз. Жазушының көркем туындыларын жазу барысындағы қолданған сөз­ дері, сөйлемдері қарапайым болғанымен бірақ олардан жан тебірентер жанды бейнелерді жасап шығады. Әрбір сөзді өз орнымен қолдана білуі оқырман қауымның есін­ де анық қалуына қолайлы жағдай туғызады. Кейбір қара­ пайым сөз тіркестерінің өзі мақал-мәтел, қанатты сөздер сияқты жадымызда жатталып қалуы көркем сөз зергерінің қолынан өрнектелген айшықты құбылыс. Кезінде М.Әуезовпен аралас-құралас досы болған, орыс әдебиетінің өкілі А.Пантиелевтің жазушы жайын­ да жазған естелігінде кемеңгердің сөзін былай деп ыстық ықыласпен есіне алады: «Проза жазу қаншама білімді интеллигент адам болса да, әрбір жұмыр басты пенденің қолынан келе бермейтін сөз саны мен сапасын қажет етеді. Тіл – ерекше эрудиция, ерекше тәжірибе. Бұл өмір тәжірибесі. Егер салыстыру іздесек, шешеннің тілі – бұл, шынтуайтқа келгенде, бір ғана адамның һәм бір мезгілдің ғана тілі...Жазушының тілі көп адам, көп пенденің, қа­ лың көпшіліктің, халықтың және бір ғана емес, бірнеше мезгілдің тілі...» дей отырып суреткер тілінің көркемдік қуаты туралы өзі де жоғары пікір білдіреді: «Әуезов про­ засының тілі күрделі. Әуезов прозасы оқырманның қатты назар аударуын және көп оқып, көп білуді талап етеді. Бұ­ ның «сиқыры» сөздік қордың молдығында, Әуезов тілінің метафоралық құбылмалылығында, оған тән эстетика­ лық және мазмұн-мағыналық ассоциациялардың жанжақтылығында. Әуезов оқырманның талғамына қарай бейімделуге асықпайды. Оның прозасының тілі – қатаң талғамның тілі. Онда жаргон да, жалған халықтық қара­ пайымдылық та, сондай-ақ ақсүйектікте жоқ...Оның тілі соншалық қою, оқырманның жұта, сіміре білуін тілейді. Дәмін алсаң өкінбейсің. Әуезов прозасы интонациялық

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ жағынан да жан-жақты, көп қырлы. Бұл астарлы, көбі­ несе ирониялық, адамды әрдайым толғантып, тебірентіп, ойға шомдырып отыратын лирикалы проза» [103, Б. 9798]. Берілген бұл бағалар М.Мырзахметұлының жазушы тілінің сөздігін жасау жайында көтерген мәселесінің ма­ ңыздылығын толық қуаттайтын бірден-бір негіз. Осындай қажеттілікті зейінді зердесімен зерделей білген ғалымның аса пайдалы пайымы әуезовтану саласының кемелді келе­ шегін кеңейтуге бастайтын бағамдар. Әдебиеттанушы ға­ лымның: «...жазушының академиялық елу томдық толық шығармалар жинағы басылым көрсе, онда пайдаланған жеке сөздердің сан жағынан қолданылуы екі-үш еседен асып түсетініне күмән тумаса керек-ті. Ал, М.Әуезовтің тек төрт томдық эпопеясының өзінде ғана жеке сөздердің көлемі аталмыш сөздіктің үштен біріне жуықтап отыруы таңданарлық та, ойланарлық та құбылыс» [4, Б. 41-42], – деп суреткер жазушы тілінің сөздігін жасаудың ғылымитәжірибелік мәнін ашып береді. Профессордың нұсқап, жол межесін көрсетіп отырған атқарылуға тиісті жұмыс­ тар қажеттіліктерді қанағаттандыратын, ғылыми сипаты бар өзекті мәселелер. М.Әуезов мұрасын мұрат еткен М.Мырзахметұлы бұл салада атқарылар маңызды мақсатқа негізделген жұмыс­ тың бірі деп ендігі кезекте әуезовтану тарихын жасау мәселесін алға тартады. Әдеби-ғылыми, тарихи сипатқа толы жазушы мұрасына қазіргі уақыт таным талабына сай, жаңа көзқараспен қарап, танып білу өте маңызды қажеттілік. Әуезовтану саласының туу, қалыптасу, даму тарихын жасау арқылы данышпан дарын иесінің бірегей тұлғасын тану, мұрасын игеріп насихаттау кезек күттір­ мес іс екендігі басты мақсатқа алынуы шарт. Профессор әуезовтану тарихын жасаудың аса маңызды­ лығы жайында: «Мұхтар Әуезовтің қайталанбас ұлы тұл­ ғасын бұл күнде көркем әдебиет пен өнер саласында және

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ғылымда танып білу мәселесі тармақтанып, кең тұрғыдан зерттеу нысанасына алу процесі де көптен бері жүргізіліп келеді. Бірақ мәселенің түйіні өнер мен ғылым саласында іздену, зерттеу жұмыстарының бәрін бір жүйеге түсіріп, тереңдей бойлап, мұхтартанудың сыры терең қатпарла­ рының сырын танып білуде жатса керек-ті. Алға қойыл­ ған бұл іспеттес күрделі міндеттерді орындаудың, оларды жік-жігімен танып білудің бірден бір ұрымтал жолы енді әуезовтанудың тарихын қазіргі әлемдік ғылым деңгейінде зерттеп барып, ой қорыта отырып, жасауды қолға алудың кезеңі де туып отыр. Әуезовтану тарихын жасау арқылы кемеңгер жазушының зерттелуі жайлы, қай проблеманы алдымен зерттеу нысанасына алып, келесі мәселеге аяқ басудың жолын таппақпыз» [4, 42-б.], – деп әуезовтану тарихын жасау арқылы М.Әуезов мұрасының зерттелу жай күйін анықтап, қандай көкейкесті мәселелерге басты назар аударуымызды, осы саладағы атқарылар жұмыс­ тың бағытын айқындап беріп отыр. Әуезовтану тарихы аталмыш саласының басты бағыты болмақ. Осы бағыт арқылы атқарылған, зерттеліп, зерделенген еңбектерге баға бере отырып, қол жеткізген жетістіктерді үлгі етіп, кемшін тұстарын сарапқа салып, әуезовтану саласында атқарылар бүгінгі және ертеңгі еңбектерді белгілеп, олар­ ды жүзеге асыру. Әуезовтану тарихын жасауда бұл саланың туу, қалып­ тасу, даму жай-күйін, оның өмір жолын зерделеу және прозалық, драматургиялық, публицистикалық, ғылыми зерттеулерін, жазушының суреткерлік, ғалымдық таны­ мы, ұстаздық, қайраткерлік жолын жан-жақты кешенді түрде зерттеу нысанасына алу. М.Мырзахметұлының әуе­ зовтану тарихын жасау тұжырымды пікірлерінен ғалым­ ның бұл бағытта жинаған мол тәжірибелерінен хабардар етеді. Өйткені ғалымның Абайтану саласында атқарған үлкен еңбектерінің бірі осы абайтану тарихына байла­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ нысты еді. Профессордың «Абайтану тарихы» (1994ж) еңбегін жазу барысында туындаған тәжірибесі алдағы уақытта әуезовтану тарихын жасау міндеттерін жүзеге асыруда таптырмас қажетті құндылықтар. Абайтану та­ рихы туралы күрделі еңбекті дүниеге әкелген ғалымның қалам қайраты әуезовтану тарихын жасауға да бағытта­ латынына сенімдіміз. Сонымен қатар М.Әуезов мұрасына байланысты атқарылар жұмыстардың көшін бастап, әлі де кең тынысты дүниелер алып келетініне ешкім шек келтіре қоймас. Өткен өмір құбылыстарының барын тани білген, бүгінгі күннің жоғын жоқ жоқтап, болашаққа салынар жолды болжаған ұлтжанды тұлға ұлт мүддесін көздейтін қадау-қадау мәселелерді әрдайым күн тәртібіне қоя біледі. М.Әуезов мұрасына байланысты қамтылмаған мәселе, айтылмаған сөз қалмауы қажет. Осындай мақсатты көз­ деген еңбектер әуезовтанудың сапасын арттырып, баға­ сын биіктетпек. Әуезовтану тарихын жасау бұл саланың жол нұсқасы болмақ. Сонымен қатар қазақ әдебиеттану ғылымының барлық салаларының ғылыми танымын ке­ ңейтіп, қазіргі уақыттың талабы қойып отырған деңгейге көтеретіні хақ. Әуезовтану саласының алғаш рет ғылыми айналымға түскен кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін қосылған ірілі-ұсақты зерттеу еңбектердің мәнін, мазмұ­ нын саралап, әдеби-ғылыми сипатта тануға мүмкіндік ту­ ғызады. Даналықтың киесі дарыған кемеңгер жазушыдан қалған телегей теңіз мұрасын игілікке жарата білу, қазақ руха­ ниятының көсегесін көгертіп, келешектің кемелділігіне қызмет етер қуатты құралға айналатыны сөзсіз. Тағы бір назар аударатын жайттың бірі жазушының өмірі мен мұ­ расы, қоғамдық қызметі туралы қалам тартқан әртүрлі тұлғалардың көптеген тақырыпты, мазмұнды қамтитын еңбектерді де жүйелеп, бірізділікке түсіруге көп көмегін тигізеді. Үндестік, сабақтастық заңдылығы осындайдан

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым туындаса керек. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы жал­ ғастық мәселесі бұл еңбектердің нәтижесінде жүзеге аса­ тыны белгілі. Әуезовтану мұраттарын биік белеске көтеретін, атқары­ луға қажетті маңызды жұмыстың бірі Мұхтар Әуезовтің ғылыми өмірбаянын жазу. Бұл міндет мұхтартану саласы­ ның, кең тұрғыдан алғанда қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі. Академик-жа­ зушының Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуға айрықша назар аударғанын және осы бағытта отандық әдебиетта­ ну ғылымында тұңғыш рет зерттеу еңбек жазғанын зер­ делеген профессор ендігі кезекте кемеңгер жазушының ғылыми өмірбаянын жазу мәселесіне ерекше ықылас білдіреді. Осы салада ғалымның өзі де ақынның ғылыми өмірбаянын жазған жазушы-ғалымның еңбегіне биік баға беріп, өзінің ғылыми еңбектерін арнаған. Оның айқын дәлелі ретінде ғалымның «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» (1982 ж.) атты монографиясы және құрас­ тырып, алғы сөзін жазған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (1997 ж.) деген еңбектерінде жазушы-ғалым жаз­ ған Абай өмірбаянының төрт түрлі нұсқасын арқау етіп, зерттеу нысанасына айналдырған. Ғылымда қатып қалған қағида жоқ. Әйтсе де, М.Әуезовтің ғалымдық зердесінен туған ғылыми зерттеулерінің методологиясын бағыт-бағ­ дар ретінде ұстана білу жүйелілікке, туралыққа, дәлдікке бастайтын үлгі өнеге. М.Мырзахметұлы әуезовтану сала­ сындағы негізгі мәселелерді көтергенде М.Әуезовтің ғы­ лыми методологиясын, жүйесін басшылыққа алады. Бұл қайталау емес, керісінше қазақ әдебиеттану ғылымында қалыптастырған М.Әуезовтің ғылыми бағыттағы жүйелі жолын жалғастыру. Ғұлама ғалымның ғылыми өмірбая­ нын жазудың аса қажеттілігі жайында: «Мұхтар Әуезовтің Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуға айрықша мән беріп, оны бір емес, уақыт өткен сайын, деректер көзі молығып

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ қорланған сайын қайта-қайта оралып, төрт рет қайталап жазуында зор мәні бар еді. ...бүкіл әлем халқы мойындап, мақтаныш еткен данышпан суреткер жазушы болып қа­ лыптасу жолы – ХХ ғасырдың қайталанбас дара тұлғасы Мұхтар Әуезовтің ғылыми өмірбаянын жазу міндеті де алға қойылып отыр» [4, Б. 42-43], – деп тұғырлы тұжыры­ мын білдіріп, атқарылар осы жұмыстың маңыздылығына тоқталады. Әлемдік тұлғаның ғылыми өмірбаянын өзінің биік дең­ гейіне лайықты жазу барынша ғылыми сауаттылықты, үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Арқалар жүгі ауыр ғылыми өмірбаянды жазу барысында тәжірибелі ға­ лым М.Мырзахметұлы ұстанар бағыттың жолын былай деп сипаттайды: «Мұхтардай кемеңгер ойшыл суреткердің ғылыми өмірбаянын жазудағы сүйенер ең сенімді басты тіректердің бірі – архив деректерін жүйелі түрде топтас­ тырып, бір жүйеге түсіріп, өмір кезеңдерінің сырын ашуда жатса керек. Бұл саланы бір адамның меңгеруі қиын, оны жан-жақты қарастыруда көптеген маман ғалымдардың ұжымдаса әрекет етуін күтеді» [4, 43-б.]. Академик-жа­ зушының ғылыми өмірбаянын жазудың да салмағы ауыр болмақ. Үлкен еңбектің күшін талап ететін жұмыс, бірақ игілікті жұмыс. Әуезовтану саласының ғылыми жоспары негізінде алға қойылған бұл міндеттерді атқару осы сала­ ға бүгінгі күн тарапынан қойылып отырған талаптарына толыққанды жауап болатыны сөзсіз. Белгіленген міндет­ терді жүзеге асыруда көтеріліп отырған осындай негізгі мәселелер кемеңгер мұрасын бағалап, насихаттауда пай­ дасын тигізетін құнды еңбектердің бірі болмақ. Белгілі бір тұлғаның өмірбаянын жазу отандық әдебиет­ тану ғылымында жиырмасыншы ғасырдың басында туып, қалыптасқан құбылыс. Жүйелі ғылыми негіздегі өмірбая­ нын жазу М.Әуезовтен басталатындығын жоғарыда айтып өттік. Ендігі кезекте суреткер жазушының ғылыми өмір­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым баянын жазу мәселесін күн тәртібіне қоя білген М.Мыр­ захметұлының бұл бағытта айтылған құнды пікірінің дә­ лелділігіне тоқталып өтсек. Осы орайда әдебиеттанушы ғалым А.Еспенбетовтың мына бір пікіріне көз жүгіртейік: «Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы қаншама зерттелді десек те, әлі де үңіле түсер, анықтай түсер сәт­ тер баршылық. Тіпті М.О.Әуезов творчестволық өмірбая­ нының әрекідік сөз болып, жүйелі, салиқалы зерттеу объ­ ектісіне айнала алмауы кімге де атақ-абырой әперер жайт емес. Ұлы жазушыдан қалған асыл мұраны игілікке жарату ХХI ғасыр әдебиетшілері үшін ең маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді» [49, 78-б.]. Ғұлама ғалымның ғы­ лыми өмірбаянын жазу міндеті мен қажеттілігі туралы қозғалған парасатты пікірлер тізімін көптеп келтіруге бо­ лады. Айтылған тұғырлы тұжырымдар иелерінің айтары біреу ол жазушының ғылыми өмірбаянын жазу. Зерттеуші­ лердің бұл тақырыптағы ортақ үндестігі заңдылық. ХХ ға­ сырдың қайталанбас кесек тұлғасы, әуезовтану саласының тууына негіз болған М.О.Әуезовтің ғылыми өмірбаяны ег­ жей-тегжейлі зерттеліп барып жазылуы тиіс. Әйтпесе ол орны толмас үлкен олқылыққа әкеп соғатыны анық. Аталмыш еңбекті жазу барысында жазушы-ғалымның Абайдың ғылыми өмірбаянын жазудағы тәжірибесін қол­ дана білудің де көп артықшылықтары бар. Әрине, бұл тұлғаның өмірі мен мұрасын екінші тұлғаның өмірі, шы­ ғармашылығын зерттеу барысында оған таңып қойып, ол қалыптан шықпау деген сөз емес. Әрбір тұлғаның өмір жолы, сол тұстағы қоғамдық-саяси өмірдің әрқилылығы, өздеріне тән ерекшеліктерін және ол кезеңдегі әдеби, та­ рихи, мәдени ахуалды ескерген жөн. Дегенмен де акаде­ мик-жазушының ақынның ғылыми өмірбаянын жазу ба­ рысындағы методологиясын, жүйесін жазушының өмір жолы мен мұрасын өзі өмір сүрген уақыттағы қоғамдық құбылысты ескере отырып қазіргі заман тұрғысынан жазу

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ қажет. Сондықтан мұрағат деректерінің дәйектемелерін белгілі бір жүйелік айналымға келтіріп барып қана жұмыс жүргізудің тиімділігі ұшан теңіз. Осындай табанды ең­ бектердің нәтижесінде әуезовтанудың мұраттарын жүзеге асырып, бүгінгі күн талабына жаңаша көзқарас тұрғысы­ нан жауап бере алатынымыз сөзсіз. Бұл жауапкершілікті жүзеге асыру бүгінгі ұрпақтың абыройлы міндеттерінің бірі болмақ. Өйткені М.Әуезов мұрасы ешқашан сарқыл­ майтын рухани құндылық. Академик-жазушының мол мұрасы туралы белгілі әде­ биеттанушы-ғалым Серікқазы Қорабай былай дейді: «Әуезов әлемі – таусылмас қазына. Сол асыл мұраны игеріп, тылсым сырларына тереңірек үңілу – бүгінгі ұр­ пақ міндеті. Ұлылық ұлағатын танып, мәңгі жасай беретін талант тағылымын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеп зерделеу әуезовтану көкжиегін кеңейте түсері сөзсіз» [113, 14-б.]. Жазушы-ғалымның мұрасы осы бағытта атқарылар көптеген келелі істер мен іргелі зерттеулерге арқау бола­ тыны ақиқат. Өйткені әрбір ұрпақ өз уақытында талант иесінің өмірі мен шығармашылығы және Әуезов әлемін зерттеушілер жайында өз сөздерін айтатыны анық. Және келешек зерттеушілерге жүктер жауапкершілігі де зор. Аталмыш мәселе жайында әуезовтанушы ғалым Б.Майта­ нов: «Өзінің жаратылыс, талант, ақыл-ой болмысы жағы­ нан алғанда да Мұхтар Әуезов Гомер, Геродот, Плутарх, Фирдоуси, Шекспир, Бальзак, Толстой тұрпатындағы ой­ шылдар қатарына жатады. Ал сондай тұлға жөнінде сөз қозғау, сол бір ұлы шоғырлар сапына қосылар орны мен қасиетін анықтау көп үңіліп, көп саралап, салмақтарлық жүк жүктейді» [114, 3-б.], – дейді. Ғалым Т.Әкімовтің: «М.Әуезовтің жұртшылыққа таныс емес қыры мен сы­ рының әлі де болса мол екендігі. Осылардың ашылар, та­ нылар кезі уақыт еншісіндегі нәрсе. Түбінде ол ұрпақтар жүрегінен мәңгі орын алып, жол таба береді» [115, 51-б.],

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым – деген мағыналы сөзі жоғарыда айтқан пікіріміздің нақты дәлелін көрсетеді. Сонымен, тарауымызды қорытындыласақ. Профессор М.Мырзахметұлы әуезовтану тарихының қалыптасу, даму тарихына ғалымдық қарымымен, ғылыми мәнге ие кең тынысты еңбектерімен үлесін қосып жүрген әуезовтану­ шы ғалым. Ол – ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің игілігі үшін қызмет етіп, тағылымның үздік үлгісін көр­ сете білген ұлтжанды тұлға. [116, 4-б.]. Әуезовтану сала­ сының қазіргі және ертеңгі мәселелері жөнінде сөз қоз­ ғап, М.Әуезов мұрасын ғылыми танымда, бүгінгі күннің қойып отырған талабының негізінде талдап, насихаттап жүрген еңбек иесі. Әуезовтану мектебінің тәлімгері ретін­ де академик-жазушының шығармашылығын кең көлемде зерттеп, насихаттау қызметін атқарса, екіншіден әуезовта­ ну саласындағы атқарылыр жұмыстарды айқындап, оларға назар аударды. Әуезовтанудың өзекті мәселелерін зерделеуді өзінің негізгі мұраттарының біріне айналдырған ғалым Мекем­ тас Мырзахметұлының еңбектерін ғылыми айналымға енгізіп, лайықты бағасын беру бүгінгі жас зерттеушілердің парызы деп білеміз. Сонымен, қол жеткізілген мәліметтер негізінде жасалған талдауларды қорытындылай отырып, осы тарауымызға мынадай тұжырымдар жасауға болады: Бірінші, әуезовтану саласының туу, қалыптасу, даму ке­ зеңдерінің зерделенуі; Екінші, академик-жазушының ғылыми мұрасы жай­ лы жазған М.Мырзахметұлының ( «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары»(1982 ж.), «Абай және Әуезов» (1997 ж.) еңбектері әуезовтану саласына қосылған құнды­ лықтар екендігін бағалау; Үшінші, әуезовтану саласының бүгінгі және ертеңгі кө­ кейкесті мәселелерінің сарапталуы.

Ү Ш І Н Ш І Б Ө Л І М М.МЫРЗАХМЕТҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДЫҚ ОЙ

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым М.Мырзахметұлы – ұлттық рухани мәдениетіміз бен әдебиетімізді биік белестерге жеткізу жолында өлшеусіз үлес қосып, абайтанудың алып айдынына да айқын із са­ лып, өзінің ешкімге ұқсамайтын дара һәм ерен қолтаңба­ сын қалдырды. Ғалымның қаламынан туған телегей теңіз­ дей кең тынысты рухани мұралары қазіргі әдебиеттану ғылымында бүгіннің өзінде-ақ аса құнды бағасын алып үлгерді. М.Мырзахметұлы – әдебиеттанушы ғалым болумен қа­ тар, қазіргі қоғамдық өмірдің сан саласына қатысты, ұлт мүддесіне пайдалы, зерделі, ой-пайымдарымен бүгінгі таңдағы қоғамдық үрдістің ілгері дамуына ерен еңбек сіңірген қоғам қайраткері. Бұған ғалымның әр кезеңде жазылған қоғамдық ой-пікірлерін айқындайтын ғылыми зерттеу еңбектері дәйекті дәлел. Осы сипат М.Мырзах­ метұлының кемеңгерлігін, дара тұлғасы мен ұлттық рухты биікке көтерген, халқының қамын ойлар нұрлы жүректі ардақты азамат екендігін паш етеді. Сондықтан М.Мыр­ захметұлы шығармашылығы – ұлттық рухты тірілтудің негізгі күші деп ұғынуымыз қажет. Ғалым не хақында ой өрнегін өрбітпесін, «Рухты жою – ұлтсыздану деген сөз. Ұлттықты сақтау – рухты сақтау деген сөз» деп қоғамға, халықтың көркем келешегі мен рухани жетілу жолына қа­ тысты, ұлттық рухты аспандатар салиқалы пікірлерін ор­ таға салады. Оның «Түркістанда туған ойлар», «Қазақ қалай орыс­ тандырылды?», «Тараз ой толғаныстары» деген сияқты еңбектері, ғалымның қазақ халқының қамы үшін, ел тұ­ ғырының биікте болуы үшін аянбай қызмет еткен, халқы­ на жанашыр тұғырлы тұлға екендігін тағы да айшықтай түседі. Ақиқатында, дана Абайдың исламиятқа көзқарасын, тұтастай алғанда шығыс әлеміне байланысын М.Мырзах­ метұлынан артық зерттеген ешкім болған емес. Өйткені,

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Шығыс әлеміне келгенде кез келген зерттеушілер қала­ мын сырғытып, теріс айналып қана жүрді. Кезінде Абай ақындығының үш қайнарын зерделеген М.Әуезов Шы­ ғыспен байланысын басында айтқанымен, қуғын-сүргінге ұшыраған соң, амалсыз емеурін танытып, болашақ зерт­ теушілерге қолжазба – тезис түрінде ғана қалдырды. Бұл орталықтан соққан ызғарлы саясаттың әсерінің басым болғандығынан еді. Алайда М.Мырзахметұлы абайтану ақиқатына барар жолда кездескен барша қиянаттар мен қат-қабат қиындықтарды тастай жарып, абайтанудың алып әлеміне даңғыл жол сады. Оның ерекшелігі мен жұмбағы да осында жатыр еді. М.Мырзахметұлы – қазіргі абайтану саласында орын алып келген өзекті мәселелерге дендей еніп, абайтану айдынының алып мұхитқа құяр сағасында көп айтылып, бірақ ешкімнің батылы бармаған ең күрделі де қиыны – Абайдың дүниетанымы жайлы өзекті тақырыпқа тұңғыш қалам тербеді. Осы орайда автор өзіне дейінгі зерттеу­ лердің жақсылы-жаманды нәтижесіне сүйене отырып, өзінің ғылымдағы сара жолы мен азаматтық позициясын көрсетті. Бірақ, Абайдың дүниетанымына қатысты аздыкемді ғылыми зерттеулер материалистік таным тұғырын көтеруге бағышталғандықтан, оған барлығын да тұтқиыл­ дан бастаудан тура келді. Әрі ондағы көздеген нысаналы мақсатына да жетті. Кеңестік дәуірде Абай философиялық көзқарасы ар­ найы түрде философ ғалым Қасым Бейсембиевтің 1956 жылы басылым көрген «Мировоззрение Абая Кунанбае­ ва» деп аталатын ғылыми монографиясында «Философс­ кие взгляды Абая» деген бірінші бөлімі тұтас алынып, зерттеу нысанына алынғаны бар. Аталмыш еңбекте алғаш рет Абайдың пантеистік танымы жайындағы мәселеге аз да болса назар аударған. Бұл кезең кеңестік идеологияның негізі ретінде маркстік материалистік дүниетанымның үс­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым темдік етіп тұрған қатерлі кезі болатын-ды. Зерттеуші де Абай дүниетанымын осы тұрғыдан ғана қарастырған. Ал, бүгінгі кезеңде сол кеңестік идеологияның тізгіні қолдан тайып, оның орнына пікір бостандығы кең өріс ал­ ған жариялылық заманында Абайдың пантеистік танымы жөніндегі мәселе философ, теолог ғалым Д.Омаровтың «Ұлылар үндестігі немесе ой алыптарының дүниетаным­ дарына философиялық жаңаша көзқарас» деген еңбегінде ведалық дүниетаным тұрғысындағы кришнайттық бағыт­ та қайта көтеріліп, Абай дүниетанымын кришнаиттық та­ ным тұрғысынан тануға ұмтылған әрекетіне куә боламыз. Д.Омаров Абай ілімдерінің негіздерін ведалық дүниета­ ным тұрғысынан талдап, ойшылды кришнайттардың кар­ ма, атма, реинкарнация т.б. заңдарын өз шығармаларын жазуда басшылыққа алып, сол тұрғыдан ой түйіндеген деп орынсыз бағдар берген. Автор кришнайттық танымдағы насихатшылар тәрізді, өз пікіріне нандыру үшін негізгі іргетас ретінде Абай ілімі мен веда іліміндегі сырттай аналогиялық ұқсастықтар мен ортақ белгілерді іздейді. Себебі, веда ілімі кез келген гуманистік жүйемен жана­ суға жақын келетін тәсіл екендігі белгілі. Зерттеуші осы тұрғыдан Абай іліміне, яғни, толық адам жөніндегі руха­ ни кемелдену мәселесіне байланысты ұқсастықтар іздеп, Абайдағы иманигүлдің бірінші сүю туралы пікіріне ерен көңіл бөлген. Абайдағы бұл бірінші сүю, сопылық таным мен сопылық поэзиядағы кең қолданысқа түскен. Алланы шексіз сүю туралы дүниетанымдық тақырып. Бұл Абайда: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті [54, 178-б], – деген бейнеде өлең өріміне түскен. Міне, осыған орай­ лас ведалық ілімде шешуші орын берілетін «бһакти» (Жа­ ратушы Иені сүю дегенге келеді) іліміндегі басты мақсат

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Жаратушы Иеге шексіз берілу танымындағы сыртқы үй­ лесім, ұқсастықты салыстыра қарайды да, Абайды осы ве­ далық дүниетанымындағы бһакти ілімін қабылдап, өзге дінді насихаттаушы ойшыл ретінде танытуға, сол бейне­ де көрсетуге бар күшін салады. Немесе кришнайттық та­ нымдағы «атманы», яғни, адамдағы тән, жан, ақыл туралы ұғымды Абайдың: «Ақыл мен жан «мен» өзім, тән «менікі», «Мені» мен «менікінің» мағынасы екі» [54, 136-б], – деп берілетін өлең жолдарындағы пікірмен салысты­ рып, бір-біріне ұқсайды деп, табиғаты екі бөлек құбылыс­ ты бір танымның негізінде түсіндіруге ұмтылады. Жал­ пы еңбекте осыған өзектес өзге пікірлер деп белең алған. Айтылмыш ой-пайымдаулардың барлығы дерлік Абайды өзге діннің өкілі етіп көрсетпек болған мақсаттан туында­ ғаны айқындалды. Осы орайда абайтануда орын алып отырған кришнайт­ тық дүниетаным жайындағы қоғамдық пікірлерде дабыл қағыла бастаған тұста Д.Омаровтың аталмыш еңбегінің ғылыми негізі айқындалып, М.Мырзахметұлы сынды көзі қарақты, озық ойлы ғалымдарымыз алғашқы болып, жат діннің сойылын соққан сыры тереңде жатқан «өзге­ ше» идеяны тас-талқан қылып сынап, ақиқатын ашыққа шығарды. Сырт қарағанда көпшіліктің көзіне көп елене бермейтін астарды анықтап, М.Мырзахметұлы өзінің қо­ ғамдық мәні зор пікірлерін қалың көпшіліктің ортасына бірінші болып жайып салды. Теолог ғалымға бармас жер­ ге барғандығы үшін «Буынсыз жерге пышақ ұрмас болар» деп халықтың сөз маржанын құлаққағыс етті. Ғалым Абай дүниетанымын зерттеуде ақын рухани нәр алған мұсылман әлемінен қиырға аттанып, мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан қарастырудың орнына өзге дінге

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым құлаш ұрған Д.Омаров еңбегінің қазіргі қоғамдағы ролін айқындады. Абайтану саласында қандай зерттеу жұмы­ сы болмасын, оны зерделеуде ең негізгі іргетас ретінде Абайдың ақындық кітапханасына бармай, ондағы дерек көздеріне сүйенбей тұрып құнды пікір айтудың өзі оңай шаруа еместігін ескертеді. Осы хақында ғалым: «Осы тұр­ ғыдан қарағанда, Д.Омаровтың екі кітабында Абай ілімін ведалық дүниетанымдағы кришнайттармен байланысты­ ра қарап, Абай мен Мұхтардың дүниетанымына жаңаша көзқараспен келдім деуіне не дерсің? Өйткені, Абайдың кітапханасының көлемінде дерек-мағлұмат ретінде тыр­ нақ ілер кришнайттар туралы еш нәрсе де жоқ қой. Тек аналогиялық сыртқы ұқсастықтарына қарап пікір айту, Абай танымын кришнайттармен сабақтастыру аса қатерлі қателіктерге ұрындырмақ. Абайдың ақындық кітапхана­ сынан іздеп тауып, табан тірер ірге тасың болмаса, бұлай етуге құқың жоқ!» [4, 66-б], – деп түйіндейді. Абай дүниетанымын әуелі исламият дүниесі арқылы та­ нып-білу, ақынның шынайы танымдық негізінің бағдар­ шамы іспетті. Себебі, Абай – исламият әлемінен рухани нәр алып, қасиетті құран аяттары мен пайғамбар хадис­ терінен сусындаған, әрі соның негізінде дүниетанымы қалыптасқан ойшыл. Ақын шығармашылығындағы Алла, иман, иманигүл, толық адам, жарым адам тағы басқа мә­ селелер соның дәйекті дәлелі. М.Мырзахметұлы: «Абайдың дүниетанымы 30-40 жас арасында негізінен қазақы болмыс пен ислам мәдениеті негізінде қалыптасқанын да ескеруіміз қажет. Осы себепті Абай дүниетанымын алдымен исламият әлемі арқылы зерттеп біліп, толық таныған соң ғана басқа қайнамдар­ ға жанама түрде салыстыру үшін керек шығар» [4, 61-б], – деп әуелі исламият дүниетанымының тамырын таппай, Абай әлемінің сан қырлы, түйіні шешілмеген жұмбақта­ рын табу мүмкін еместігін тілге тиек етеді.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Ведалық ілімге бой алдырып, оны Абай мен Мұхтардың дүниетанымына орынсыз тықпалай берген зерттеуші­ ге тағы да: «Автор Абай дүниетанымын мұсылмандық әлемнің ақыл-ой жетістіктерімен сабақтастыра зерттеп, танып білуден алыстай береді. Оның орнына веда, иога, будда және спиртуалистік еңбектердегі танымға сүйеніп беруге бейім. Неге біз Абайдың дүниетанымын өз қал­ пында, табиғи, ғылыми объективті шындық тұрғысынан өзінің өсіп-өнген рухани ортасымен танып білуге күш салмаймыз» [4, 64-б], – деп М.Мырзахметұлы халқының рухани дамуына кесірін тигізер келеңсіз құбылыстардың ащы шындығын өзінің осындай ұлт мүддесіне аса пайда­ лы қоғамдық ой-пікірлері арқылы көпшілік назарына са­ лады. Халқының болашағын ойлаған абзал азамат қоғам өмірінде белең алып ұлт тамырына балта шабатын «қор­ қынышты» құбылыстарға қарсы тұрып, ұлттық рухты көтеру мәселесіне үздіксіз өзіндік жанайқайын қосып отырады. Себебі, ұлт өзегіне усойқы сепкен «өзімшіл» көріністер күш алып кетсе, бүкіл қазақ халқының ұлт­ тық санасы мен дүниетанымы, сан ғасырлық тереңде жатқан рухани тамыры түбірімен оталып, халық рухани құлдыққа кіріптар болары хақ. Осыдан қауіптенген озық ойлы азамат, қоғамдық процестің түрлі жақтарына терең­ нен үңіліп, «Біз ержүрек ел едік, бірақ 300 жылдан астам тепкіде иленіп, рухымызды сындырып алған жағдайымыз бар» деп өзекті өртер өкінішті жаны ауыра еске алады. Әрі кемел келешекті өзгенің қамын ойлар «өзімшілдік­ тен» сақтандыра үн қатады. М.Мырзахметұлы тіл мәселесіне келгенде, бүгінгі қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтарды үш топқа бөліп қарас­ тырады: «өзімнің талдауым бойынша қазақтың үш түрі бар: таза қазақ, шала қазақ, ада қазақ. Таза қазақ деп қа­ зақы ауылдан шыққан, салт-дәстүрге берік, діні мен ділі

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым таза адамдарды айтамыз. Шала қазақ орысша ойлап, қа­ зақша айтатын, я қазақ емес, я орыс емес, екі ортада жүр­ ген аумалы-төкпелі қоржын сияқты болады. Ал ада қазақ дегеніміз мәңгүрт қазақ, ол ортамызға оралмайды, сол кеткені кеткен, ендеше өтініп шақырудың да қажеті жоқ, қайта оның баласын қатарымызға қоса алсақ, соның өзі үлкен жеңіс» [4, 305-б], – дейді. Қазақ қоғамындағы ұлттық сананы, ұлттық рухты қа­ лыптастыруды басты мақсатқа қойған ғалым, Ресейдің отарлау идеологиясының ұлттық сананы құртуға негіздел­ гендігін дәйектеп берді. Ол жылдар бедерінде халықтық, ұлттық мәселелерді көбірек қозғап, ұлттық рух пен сана­ ны көтеруге септігін тигізетін өте құнды да терең ойлы ғылыми мақалалары мен туындыларын жарыққа шығар­ ды. Қазақстанның саяси-әлеуметтік, қоғамдық өмірінің әр қилы саласына арналып жазылған өткір публицистік ма­ қалалары халық жүрегіне жарықжол тапқан дей аламыз. Мәселен, соның бірегейі 2001 жылы «Ана тілі» газетінің №6 санында берілген Петр Своиктің мемлекеттік тілдің болашағына күмәнді екендігін білдіретін мақаласына дә­ йекті дәлелмен жауап ретінде жазған «Петр Своик, бұл қай сасқаның?» атты көлемді мақаласы. Державалық астам сана тұрғысынан келіп, бойынан миссионерлік, отаршылдық ұғымның сарқыншағы арыл­ маған Петр Своик: «Қазақтардың қазақша сөйлемейтіні­ не басқалар кінәлі деген тенденция орын алып келеді... Мен қазақ тілінің болашағына пессимистік көзқараспен қараймын және оны қалпына келтіруге кеш қалдық» [4, 248-б], – деп Ресей империясының ғасырлар бойы қазақ­ тарды орыстандырып, ұлттық рухы мен санасынан ажы­ рату мақсатында жүргізіліп келген астыртын айлалы сая­ сатының бұл жағдайға айыпты екендігін мойындағысы келмейді. Әрі мемлекеттік тілдің келешегіне үрке қарап, жүзеге аспайтындығын алдымызға тартады.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Алайда М.Мырзахметұлы бұған: «Біздер бұл саясиәлеуметтік жағдайдан туындап отырған уақытша мәселеге басқаша көзқараспен қараймыз... Тамыры аман қазақ тілін ада қазақтар мен шала қазақтар қанша бұтаса да, табиғи өсуін тоқтата алмайды. Мемлекеттік тілдің жүзеге асуы­ на басты кедергіге айналып отырған шала қазақтар мен ада қазақтардың қолындағы билік құралы алынса, яғни оларға қазақ тілін меңгерудің қажеттілігі тудырылса, олар қайда барар дейсіз, үйірін табады ғой... Аурудың емі – Мемлекеттік тілді меңгеруге қажеттілік тудыруда жатыр» [4, 249-б], – деп дәл танып, сүйекке жетердей қып айғақты дәлелдерді санамалап көрсеткен. Кеңестік дәуірлерде өз тілінен, ұлттық дәстүрінен қол үзіп, қағынан жеріген құландай қатерлі құбылыстардың қоғам өміріндегі қасіретті із қалдырғандығы белгілі. Сол қатерлі құбылыстардың нәтижесінде мәңгүрттеніп ұлт­ тық рухы жағынан космополиттік, нигилистік танымның тұтқыны болып қалғандар баршылық. Ғалым осы төңі­ регінде: «Ал қазіргі күндегі қазақтан шыққан шала қазақ­ тар мен ада қазақтар ұлттық өнері мен ұлттық мәдениеті­ не, әсіресе, ана тілінің мемлекеттік тілге айналуына зияны тимесе, пайдасы тимей отыр» [4, 252-б], – деп ашына әрі жаны ауыра ақиқатты айқындайды. Аталмыш жағдаяттардың барлығы дерлік орыстың отаршылдық сырты жылтыр, іші мұз саясатынан туында­ ғаны мәлім. Тарихтың ұңғыл-шұңғылына терең үңілген Мекемтас Мырзахметұлы, өзінің ғылыми зерттеулерінде нақты дәлелдер арқылы осы өзекті ойының желісін үзбей ұдайы насихаттап отырады. Ғалым Т.Кәкішев ғалымның бұл қасиеті хақында: «Орыстың отаршылдығына қарсы ең қаны қатып қалған адамның бірі – осы Мекемтас. «Қазақ қалай орыстан­ дырылды?» деген кітабында ол Алекторов, Ильминский сияқты біздің ғылымымызды жасады деген қате тұжы­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым рымдарға қарсы тұрады. Отаршылдық пиғыл жатқан­ дығын ашына отырып дәлелдейді. Мен оны осы қасиеті үшін қастерлеймін» [4, 361-б], – деген еді. Қазіргі қоғамдық өмірде күн тәртібінде тұрған қазақ әліпбиін латын жазуына көшіру туралы шешімін таппай жатқан күрделі де даулы мәселеге ғалым өзіндік пікірін білдірген. Осы жөнінде: «Мен пайымдауымша, латын жазуын батыл әрі тез қабылдауымыз керек... Ұлттық құн­ дылықтарымызды латын жазуына түсіріп, ауыр жүк бо­ лып мойнымызға ілінген таптық, партиялық көзқарастан туындаған қоғамдық санадағы рухани ауыр жүктен құ­ тыламыз. Ақырында латын жазуына өту шала қазақтар­ дың таза қазақтарға айналуына игі әсерін тигізеді. Міне, осы себептерге байланысты латын жазуына өтпей тұра алмаймыз. Бұл – уақыт талабы тудырған тарихи, рухани қажеттілік» деп тұжырымдайды. Осылайша М.Мырзахметұлы қазіргі қоғамның түрлі саяси-әлеуметтік әлпетіне маңыз беріп, халықтың мүд­ десіне ауадай қажет болған парасатты ой-пайымдауларын түйіндеген. Оның жоғарыдағы тіл, дін хақындағы зерделі пікірлері осының айғағындай. Мекемтас Мырзахметұлын ұлттық рухани мәдениетіміз бен әдебиетіміздің қарыштап дамуында таусылмас тағы­ лым мен өшпес өнегенің ең үздік үлгісін көрсеткен тұлға әрі ұлтын сүйер ұлтжанды кемеңгер қайраткер деп ұғы­ нуымыз қажет. М.Мырзахметұлының ғылыми мұралары қоғамдық қордалы ойға қомақты үлес қосып, ұлттық рухты асқарға аспандатуымен де ерекшеленеді. Ғалым қалам тербеген қоғамдық үрдістің даму бағытындағы сан қилы өзгеріс­ тер, өткен тарихымыздың ақтаңдақ тұстары, Қазақстан халқының сан ғасырлық тарихи даму кезеңдеріндегі бұ­ ралаң бетбұрыстар, орыстандыру, шоқындыру саясат­ тары да профессор назарынан ешбір тыс қала алмаған.

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ Кешегі кеңес дәуірінде біздер жалаң ұрандарға бой алдырып, кеңестік кезеңнің зиянды зардаптарын көзіміз көріп, көкірегіміз сезініп тұрса да елемедік, терең мағына бермедік. Жұртпен бірге ақ-қарасын ажырат­ пай «мынау кереметтей екен» деген жасанды идеяны өмірімізге темірқазық етіп, осының кесапатынан дәл бүгінгі дәуірге дейін арыла алмай келдік. Бұл ызғар­ лы саясаттың ұлттық жадымыз бен ұлттық рухымыздан айырып, руханиятымызды тәркілеген «сырты жылтыр, іші зымияндыққа толы» саяси идеологиясы қазақ хал­ қын мәңгүрттендіріп, космополит қазақтармен рухсыз, ұлтсыз ұрпақ өсіруімізге мәжбүр етті. Соның зардапта­ рынан егеменді ел болған күннің өзінде, шайдай ашық аспан астында да Махамбет суреттеген «Мұнар да мұ­ нар, мұнар күннен» әлі арыла алмай келеміз. Алайда Ма­ хамбет заманы патша үкіметінің өркендеп, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып дәуірлеген «алтын ға­ сыры» болса, қазіргі таңдағы ел тізгінін қолына алып, өркениетке қадам басқан жаһандану дәуіріндегі «Мұнар күнге» не дауа? Осы тұстағы қазақ руханиятының өркендеп, қазақ­ ты оятуға сіңірген азаматтық һәм залымдық тұрғыдағы игілікті істерінде Мекемтас Мырзахметұлының орны мен ғылыми жетістіктері жоғары бағасын алуға тиіс. Өйткені ұлттық сананы оятуға қозғаушы күш сала­ тын «Қазақ қалай орыстандырылды?» еңбегінің өзіндеақ ұлт руханиятының қаншалықты қым-қуат, шытырман тарихтың ауыр тезінен өткенін санамызға тың пікірлер­ мен жаңғырта түседі. Мәселен, біздер осы уақытқа шейін қазақ халқына сіңірген үлкен жемісі деп Ильминскийдің есімін әспет­ теп, беделін оңды-солды дәріптеп келдік. Ақиқатында «Ильминскийдің негізгі көздеген мақсаты – осы арқылы татарлардың ұлттық рухани мәдениетінен қол үздіріп,

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым рухани жағынан шөктіріп жіберуден басқа еш нәрсе де емес еді» [117, 28-б]. Сырты жасанды, іші миссионерлік саясатқа, қазақ халқын рухсыздандыру мен шоқындырып, ұлттық бол­ мыс – бітімінен айыруға белді бекем буған Ильминский тәрізді қой терісін жамылған «момақан» қасқырлар сол кезеңде қазақтың кең сахарында емін-еркін сайраң­ дап, өздерінің сұм саясаттарын педагогикалық, дипло­ матиялық негізде жүзеге асырыпты. Мұны біз тек ға­ лым М.Мырзахметұлының айғақты ғылыми дәлелдерге негізделген, ғылыми шешімін тапқан рухани мұралары арқылы ғана кейіннен түсініп, «аһ» деп санымызды со­ ғып жатқандығымыз ақиқат. Әрбір ұлттың жоғын жоқтайтын, ұлттық намысы мен ұлттық рухын алға көтеретін, сол ұлты үшін ғана қа­ паланып, халқы үшін ғана қуанып, жабығатын нағыз жоқтаушысы мен ұлт жанашыры болатындығы даусыз. Ондай тұлғалар халқының көзін ашып «Оян, қазақ!» деп ұрандап, құр ғана ұрандамай, өткен тарихымыздағы орны толмас өкініштерді ащы ақиқаттар арқылы айқын­ дап, кешегісі мен бүгінгі барар бағытын бағдарлайтын, жалаң идеяға бой алдырғанда көпшілікке «мынауыңыз дұрыс» деп жөн сілтейтін бірегей азаматтар екендігі шындық. Осындай бірегей тұлғалардың бірі болған Ме­ кемтас Мырзахметұлының ардақты есімін атауымызға болады. Алайда кез келген тұлғаның орынсыз асқақтату, жөнсіз көтермелеу ғылымға жат еліктеушілік болып табылады. Халық үшін сіңірген еңбегі ұшан-теңіз бол­ са, ол шын мағынасында Абай аңсаған «жылы жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақылдан» туындаса, бәз біреулер тәрізді пенделік ғылыми атақ іздеуден емес, пәк періш­ те ниеттен туса, ондай дарынды, иманды тұлға есімі әрдайым еске алынып, ескерілуі артық етпейді. Қайта

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ нағыз отаншыл, халықшыл азамат еңбегін асыра сілте­ мей бағалағандық, құрметтегендік болар. М.Мырзахметұлы еңбектерінде қазақ қоғамдық өмірінің саяси әлпеттері, әсіресе, патшалық Ресейден бергі жалғасып келе жатқан қазақ жерін отарлаудың сан түрлі жасырын тәсілдері мен әрекеттері, көпшілік біле бермейтін нәзік сырлары баяндалады. Айтылмыш дү­ ниелердің баршасы жалаң бейнеде баяндалмай, дәйекті дәлелдер мен мұрағат деректерінен түп нұсқа ретінде ғылыми шеберлікпен берілген. Бұл автордың, публи­ цист – ғалымның нағыз ғалымға тән ерекше қырларын танытады. Зерделі ғалым өзінің түпкілікті мақсатын былай бейнелейді: «Осы себепті енді оның тарихына қысқа шолып тоқтала кетуді мақұл тапқанда оқырман­ нан өтінеріміз айғақты дәлел ретінде архив мағлұматта­ рынан үзінділер молырақ қамтып, түп нұсқа қалпында беруді қажет деп білдік. Нақтылы тарихи дәлелдерсіз, архив мағлұматынсыз тұжырым айту да, ой түю де қиын болмақ» [117, 12-б]. Түркістанның қайта түлеуіндегі ғалым пікірлерінің өшпес ізі мен өрнектері, ұлт мүддесіне қатысты ойла­ рының жемісі бүгінде ұлттық рухты тірілтуде рөл атқа­ руда. Түркістан идеясы қазір де бүкіл түркі халықтарын біріктірудің, өзара жақындастырудың қайнар көзіне ай­ налса, атылмыш идеяны жаңғыртуға да М.Мырзахметұ­ лы аз үлес қосқан жоқ. Мұрағатты түбегейлі ақтарып, жалпақ жұрттан жасырылған көптеген көлеңкелі мә­ селені қоғамдық санаға сәуле түсіретіндей етіп жазды. Әрбір зерттеу мақалаларында қоғамдық ойдың тараза­ сына бір соны дерек алып келіп салып отырады. Қоғамдық үрдістің өркендеуіне, қоғамдық сананың сәулеленуіне үлес қосқан ғалымның көптеген зерттеу мақалалары әр кезеңде жарық көріп жатты. Мәселен, «Қазақ тілі туралы» (1982), «Отаршылдық елді мекен,

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым жер атаулары» (1990), «Ванновка аталуының сыры неде?» (1983), «Право на родной язык» (1990, қосалқы автор), «Санамызды құрсаған сең бұзылса» (1991), «Біріңді қа­ зақ бірің дос» (1990), «Әріптер неге өзгерген?» (1992), «Ұлттық сана – ұлттық рух өзегі» тағы басқа көптеген ғылыми-зерттеу мақалалары ұшан теңіз. Ғалымның бұл бағыттағы «Қазақ қалай орыстандырыл­ ды?» атты еңбегі секенінші жылдары жазылғанымен көп редакторлар оны жарыққа шығатын күн әлі туған жоқ деп есептеді. Тек 1990 жылы ғана «Қазақ әдебиеті» (сол кездегі редакторы Төлен Әбдіков) тәуекел етіп жарияла­ ды. Ал 1993 жылы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед кі­ тап етіп шығарды. Аталмыш еңбекті публицист-ғалым үш тарауға бөліп көрсетеді: 1. Ел қалай орыстандырылды? (Мұхтар Әуезовтегі бір автоцензура тарихынан). 2. Жер қалай орыстандырылды? (Жер тарихы – ел та­ рихы). 3. Сана қалай орыстандырылды? (Әріптер неге өзгер­ ген?). Аталмыш еңбекте ғалым патшалық Ресейдің қазақ хал­ қын отарлау ниетінде жүргізген орыстандыру саясаты­ ның түпкі құпияларын ашып, нақты мұрағат деректері мен бұрын жасырын сақталған патша өкілерінің құпия құжаттары негізінде талдап зерделейді. Мысалы, ғалым бұл хақында: «Ресей испериясының бұратана халықтар­ ды отарлаудағы ең сенімді әрі нәтижесі тез көрінетін әдісі – возворение, яғни орыс шаруаларын бұратана ха­ лықпен араластыра қоныстандыру, мүмкіндігінше қо­ ныстанушылардың санын жыл өткен сайын молықтырып отырудың саяси астарын жақсы ұғыну себепті де, бұл мә­ селеге шешуші мән беріле қаралды. Шоқындыру, орыс­ тандыру мәселесі де осы әдіс арқылы жүргізіліп келді»

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ (Вощинин В. Очерки нового Туркестана. СПб 1914, с.77). Бұл саяси әрекетті қазақ жеріндегі генерал–губернатор­ дың бәрі де жергілікті жердің тарихи ерекшелігіне сүйе­ не отырып аспай, саспай әрі өте сақтықпен талассыз түрде біртіндеп ендіру арқылы жүргізуді көздеді. Мұ­ ның, тіпті декабристердің көрнекті өкілі П.И.Пестель тарапынан да қолдың тауып: «... барша халықтардың бір халық түзіп, Ресейдегі мекендегендердің барлығы орыс болуы тиіс» // «Русская правда», Спб. 1906, с.77» [117, 18-б], – деп жазуы бұл түбірлі де дәстүрлі мәселенің саяси астары, тарихи тамыры қайдан келе жатқанынан хабардар етсе керек дейді. Ғалым Ресейдің орыстандыру саясатының түрлі сыр­ ларымен қанықтыра отырып, түрліше себептеріне же­ ке-жеке тоқталып отырады. Соның бірі – миссионерлік мүддедегі кәсіптік оқу орындарының ашылуы. Аны­ ғында орыс емес халықтар үшін ашылған мектептер, қазақтарды сауаттандыру, ғылымға жетелеу үшін емес, керісінше миссионерлік жолмен жіңішкелеп шоқын­ дыру арқылы орыстандырудың бір саясаты екен. Ғалым осы орайда өте құпия деген белгі соғылған Ағарту ми­ нистрлігінің арнаулы инструкциясында аталып өткен мына бір пікірді дәлелге келтіреді: «... народное образо­ вание на окраинах русской державы есть своего рода миссионерство... Министерство есть своего рода духов­ ная война, воюющие стороны никогда не разглашают своих планов» [117, 20-б], – деп жазылып, өздері ерте бастан-ақ алдын ала ойластырылған әрі өте сақтықпен жүргізіп келген ағарту жұмысындағы мисионерлік сая­ сатын шама келгенше бұратана халықтардың алдыңғы қатарлы өкілдеріне сездірмеуге тырысқан. Орыс жазуы негізінде оқытылатын аралас мектептер арқылы тезірек ассимиляциялау міндетін қолға алған патшалық Ресейдің бұратана халықтар тағдырын жаса­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым ған зардаптары осымен ғана бітпейді. Сонымен қатар Ресей империясы балалар жастайынан аралас мектептер­ де оқыса, оның дүниетанымы шоқындыруға бейім, ұлт­ тық рухани тамырынан қол үзіп, ұлт тағдырына селқос қарайтын деліқұлы, мәңгүрт тобырға айналады деп үміт­ тенген. М.Мырзахметұлы бұл жөнінде былайша парасатты пайымдаған: «Ал бүгінгі күндерде Қазақстандағы ара­ лас мектептердің арғы төркіні – осы миссионерлік мақ­ саттан туғанын академик Аманошвили айтатын ұлттық рухы, ұлттық ерекшелігі жоқ қазіргі кезде айыпталып отырған ұлттық тамырынан қол үзген нигилистік пи­ ғылдағыларды шығаратын жарымжан мектептер екенін көбіміз біле бермейміз. Ғылыми негізі дұрыс қойылма­ ған миссионерлік идеяның желісі болған аралас мектеп үлгісін интернационализм ұясы деп көкірек ұра желі­ гетініміз бар» [117, 30-б]. Н.С.Хрущевтің кезіндегі: «Біз бәріміз неғұрлым тезірек орыс тілінде сөйлесек, соғұрлым коммунизмді тезірек орнатамыз» деп ұрандауынан қазіргі ұлттық нигилистер мен космополистік ниеттегі топтың өрістеп кетуіне се­ бепкер болғандығын, әрі барлық халықтардың бәрі бір тілде сөйлеп, бір дінде болуын қатты армандаған Ресей империясының дегеніне жете алмауын ғалым айқын­ дайды. Ғалым отаршыл патша үкіметінің келесі бір сола­ қай саясатының астарын айқындайды. Ол – орыстанды­ ру саясаты және оны жүзеге асырудың ұрымтал буы­ ны бұратана елдердің ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын, яғни алфавитін өзгерту, оны кириллицаға ауыстыру саясаты еді. Себебі ескі жазуын өзгерту – олардың тарихи есінің сақталу дәстүрі мен тарихынан қол үздіру арқылы мәңгүртке айналдыру - Ресейдің негізгі мақсаты болып табылатын ортақ құ­

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ былыс екендігін байқаймыз. Теріс ниеттен туындаған Сталиннің жасырын сұм саясаты ақиқатты айшықтай түседі. М.Мырзахметұлы: «...Сталин өзіне тән суық ақылдың тезіне сала отырып әрекет етті, әсіресе орыс жазуын бірден алу түркі тілді халықтардың қарсылығы­ на ұшырауы мүмкін деп уақытша латын жазуын ендіре тұру керек деген кеңеске құлақ асып, 1930 жылы латын жазуын қабылдатты... 1940 жылы халықтың қолауы бо­ йынша деген жасанды сылтаумен латын жазуынан енді орыс жазуына көшіріп те үлгерді» [117, 23-б], - дейді. Кезінде А.Байтұрсынов саяси мақсаттың шоқындыру мен рухсыздандыруға әкелетінін біліп: «... Хүкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың жазуы-сызуы, тілі, діні бір болу. Ресей қол астында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Со­ лардың бәрі тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке онан артық іс болмас» [118], - деген еді. Өткен отаршылдық дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихын жазу жолында қоғамдық санада орын алған миссио­ нерлік құбылысты боямаламай, шындықты өз қалпында көрсетіп, әділ бағалауда – М.Мырзахметұлының еңбек­ тері, қоғамдық санаға шуақ шашатын соны байламдары мен парасатты ой-өрнектері қазіргі алмағайып заманда өткенді жаңғырту, тәркі дүниемізді жаңадан түлетудегі ерекше құбылыс болып табылады. Ғасырлар бойы патшалық Ресейдің сан қырлы саяса­ тымен суарылып, оның бір қырын білсек те қалған жүз түрлі қырларының түпкі қояр мақсатын, кімдердің мүд­ десін көтеруге бағытталғандығын, нендей нәтижемен тәмамдалатынын біле бермедік. Кешегі кеңес дәуірін тек көркемдеп, зиянды жақтарын жасырдық. Қой терісін жамылған «момақан» қасқырлардың шын мағынасын­ дағы тұлғасына, қазақтың дархан даласына оқу-ағарту ісімен дипломатиялық, педагогикалық негізде қарым-қа­

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым тынас жасап, қазақтарды орыстандыру, мәңгүрттендіру саясатын астыртын жүргізгендігіне назар аудармадық. Ақиқатында қазақ даласына келіп қазақтарды шоқын­ дырып, орыстандыру әрекетін өте сақтықпен жүргіз­ ген кешегі Ы.Алтынсариннің «досы» профессор Иль­ минскийдің, мектеп арқылы орыстандыруды ұлықтаған «Противомусульманское отделениенің» меңгерушісі бол­ ған профессор Н.П.Остроумовтың һәм Ильминскийдің миссионерлік идеясын жалғастырған, қазақтарды мектеп пен ағартушылық жолмен адастырғысы келген миссионер А.С.Алекторовтың нағыз бейнесі, ұлтымызды өркендету­ дегі еңбегі, шынайы саясаты боямасыз бет-пердесі қандай екен? Зерделі ғалым М.Мырзахметұлы аталмыш мәселе­ лерге нақты мұрағат деректері мен осы кезге дейін жасы­ рын келген патша өкілдерінің құпия құжаттарын, өзінің ғылыми бай пікірлері негізінде сұрқай әрекеттердің жа­ мылғысын ашып, сұрқия сипаттарын айқындайды. Профессор М.Мырзахметұлы ащы ақиқаттарды, ақтаң­ дақ тұстарды былайша бейнелейді: «Қазақ әдебиеті тари­ хындағы аса бір осал тұсымыз –Ильминский мен Ыбырай Алтынсариннің ара қатынасын шынайылықпен сынай қа­ раудың орнына тарихи шындықты бүркеп, бұрмалап жал­ ған танымның тұтқынында қалып келеміз. Яғни ащы да болса шындықты ашық айта алмай келеміз. Ы.Алтынса­ риннің мұрасын зерттеушілер бұл қолдан жасалған ақтаң­ дақ мәселенің шын мәніндегі мағынасын ашудың орнына одан саналы түрде айналып өтіп, ғылыми негізі жоқ жа­ санды ұраншыл ұғымдарды насихаттап келеді. Мысалы, қазақ зиялылары Ыбырай алғаш рет қазақтың орыс гра­ фикасы негізіндегі жаңа алфавитін жасаушы деген жал­ ған ұғымның шеңберінен де шыға алмай отыр. Бұл мәселе жан-жақты зерттелуі, саяси астары бар құбылыстың түптөркінін сол кезеңнің тарихи болмысымен тікелей байла­ ныста ала отырып, ғылыми негізде шын бағасы берілмегі

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ керек. Әрине, бұл үшін мұрағат қазынасын қайта сын көзімен сүзе отырып, ғылыми тұрғыдан талдау арқылы ғана шындықты айта аламыз» [117, 42-б]. Ильминскийдің мақсаты: Ресей империясының орыс­ тандыру саясатын жүзеге асыруды қазақтардың өз қолы арқылы іске асыру саяси жағынан өтімді болатынын бағ­ дарлағандықтан, Ыбырайды осы іске пайдалануды көзде­ ген. Оны Ильминскийдің 1869 жылы ағарту министріне жазған хатында: «...Алтынсарин... қазақтардың ортасын­ да өзі мектеп ашса, орыс алфавитін сонда қолданса, оны орыс елінің адамдары істетіп отыр дегізбей, өзі аш­ қан болса... оны орыс бастықтарының талабы деп ха­ лық ойламайтын түрде жүргізсе... ең әуелі жаңа идея Алтынсариндікі болады. [117, 44-б], – деуінен анық көре аламыз. Ғалым бұл мәселелерді тұжырымдап, шындық­ ты баршамызға жайып салады: «Ал қазақ әдебиетшілері тіпті осы күнге дейін «Жаңа идея Алтынсариндікі» деп жазып, насихаттап келуі аса нәзік астарды мәселеге сын көзімен қарай бермегенін аңғартады. Қазіргі кезде қазақ тіліндегі басылымдар, мектеп пен жоғары оқу орындарының оқулықтарының бәрінде қа­ зақтар үшін орыс графикасының негізіндегі алфавитті алғаш рет жасаған Ы.Алтынсарин деген ғылыми негізі жоқ арнайы жүргізілген миссионерлік саясаттан тыс алынған қасаң ұғым қалыптасқан. Шын мәнінде түркі тілді халықтар үшін орыс алфавитінің алғашқы нұсқа­ сын миссионер ғалымдар жасап ұсынғанын профессор М.Мырзахметұлы дәйекті дәлелдері арқылы дәлелдеп шығып, көлеңкелі кезеңдердің келбетін ашады. Өйткені Ильминский дипломатиялық жолмен Ыбырайды өз мүд­ десіне, яғни миссионерлік жолға пайдалану үшін қолы­ нан келгеннің бәрін жасап, мектеп ісіндегі мұқтаждығын пайдалану, «қамқоршы» болып көлгірсу, ұстаз болып

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым жәрдемдесу – барлығы Ыбырайды уысынан шығармай пайдаланудың амал-тәсілдері екендігін ұғынамыз. Ильминскийдің елеулі бір мақсаты, қазақтарды татар діншілдерінің әсерінен ажыратып, араластырмауды мақ­ сат тұтты. Себебі татарлар мектеп, медреселерде сабақ беріп, дін тартты, тілмаштық қызмет тағы басқа істерді атқарды. Олардың араласпағандығы астыртын саясатты жылдам жүргізуде пайда келтіреді деп есептеді. Сол тәрізді миссионер Н.П.Остроумов Қазақстанды Ре­ сеймен дін жағынан біріктіріп, орыс мектептері арқылы орысандыруды жеделдетті. Қазақ арасында А.Алекто­ ровтың таптық позициясына сын көзімен қарамай, ел қамқоршысы ретінде бағаланып келді. Кезінде жазушы Ғ.Мүсірепов «Қазақ әдебиеті» газетіне «Қазақ халқы А.Е­ .Алекторовқа үлкен қарыздар» деген мақаласында мис­ сионер Алекторовты асыра мақтап, оның саяси астары­ на үңілмей жасанды пікірлердің жетегінде кетсе немесе Қазақ Совет Энциклопедиясы (ҚСЭ І томы 267 бетінде – Д.М.) оның қазақ мәдениетін, тарихын зерттеген ғалым деп таныстырған. Ал оның басты монархистік, миссио­ нерлік мақсатын ашпай кеткен. Мұның баршысы ғалым атаған «Ұлт тарихын көрсетудегі қате танымдардың шылауында кетуші деп қараймыз». М.Мырзахметұлы ол хақында: «Алекторов...«Наши газеты о деятельности православной миссии на русс­ ком Востоке» (Народ. 1897, № 237) деген мақаласында мейілінше ашық миссионерлік отарланған Шығыс ха­ лықтарын орыстандыруда алдымен олардың қызда­ ры мен әйелдерін шоқындырудың мәселесіне шешуші мән бере қарайды. Өйткені Шығыс халықтарының үйіші мен болашақ ұрпақтарының бесігін тербетіп, халық­ тық рухтағы тәрбиенің тетігін ұстап отырған әйел-ананы шоқындырып орыстандырудың рухани нәтижесі әрі

Сан қырлы ғалым Дәурен МҰХАМАДИЕВ сенімді, әрі өнімді болатынына аса назар аударылған» [117, Б. 52-53], – деп анықтайды. Сонымен М.Мырзахметұлы патша үкіметінің отар­ лау саясатының түрлі тәселдерін, қазақтарды дінінен бездіріп шоқындыру, орыстандыру әрекеттерін миссио­ нерлік мақсаттардың астарын, аралас мектептер арқылы орыстандырып, рухсыздандыру мен ұлтсыздандырудың улы зардаптарын өзгенің қолымен от көсеген екіжүзді миссионерлердің тарихи тұлғасын әшкерелеуде барша­ мызға ғылымға тән адалдықпен, қырағылықпен ащы ақи­ қаттарды айқындап берді. Соның нәтижесінде қоғамдық санамыздың төл тарихымыздың тұнықтарымен жаңғы­ руына, жаңаруына үлкен үлес қосып, жаңаша бетбұрыс жасады. М.Мырзахметұлы өзінің әрбір зерттеу еңбектерінде қо­ ғамдық ойдың талқысына бір тың дерек алып,оқырман санасына үлкен бір қоғамдық ой-тұжырымдардың легін ағытып отырады. Белгілі қазақ жазушысы Елен Әлімжан бұл төңірегінде зерделі зерттеулері негізінде былайша таратады: «Қайта құру кезеңінен басталып егемендік жо­ лындағы күреске ұласқан жылдардағы қазақ баспасөзінің қоғамдық санаға әсерін зерттейтін адам табылар болса, бұл тұстағы ақпарат құралдарының белсенді авторла­ рының бірі филолог Мекемтас Мырзахметұлы» болға­ нын атап өтпеуі мүмкін емес.Тіпті ғалым еңбектерінің қоғамдық санаға әсерінің өзіарнайы зерттеуге сұранып тұрған қызық тақырып. Кезінде кемелденген социализм, кейіннен тоқырау аталған кезеңде оның «Оңтүстік социа­ лизм» газетінде (1983 жыл 11қаңтар) «Ванновка аталуы­ ның сыры неде?» деген мақаласы жарық көрді. Онда ға­ лым ел әспеттеп жүрген елді мекен атауларының кезінде кімнің есімімен, қалай аталғанын, олардың бәрі халқы­ мызды қуғын-сүргінге салған отаршылдар екенін нақты құжаттар арқылы көрсетіп, Оңтүстік Қазақстандықтарды

Дәурен МҰХАМАДИЕВ Сан қырлы ғалым бір ойлантып тастады. Тіпті олардың есімдерін ауыстыру керек деген ойын батыл қойды. Көп ұзамай-ақ қайта құру кезеңі басталып, аяғы егемендікке ұласты. Енді, ол елді мекен атауларына ел, жер, тіл жағдайын қосып, тұтасы­ мен алғанда ұлт тағдыры туралы тынбай сөз етті. Ұлт тағдырына өзінің өткір жан айқайымен өнегелі үлес қосып, тарихи кезеңдердің ақтаңдақ тұтастарының көмескі көріністерінен әр мезеттерде ғалым сыр беріп отырады. Қазақ жеріндегі топонимикалық атаулардың сі­ ресіп жатқан тарихи тоңын ашып, олардың тылсымына үңілгенде, монғол, қалмақ, қытай, парсы, орыс тілдерінде қойылған жер атауларының қарасы қоюлана түсетіні де белгілі. Әрине бұлардың астарында апайтөс алып дала­ ның тарихында болып өткен атаулы оқиғалар мен тарихи жағдайлардан туындаған жағырафиялық жер атаулары­ ның қойылу, алмасу салдары жатыр. Ғалым зерттеу еңбектерінде халықтық, отаршылдық топонимдер тарихының қазақ сахарасындағы астыртын қырларына қанықтырады. Халықтық, отаршылдық, тота­ литарлық топонимдердің ара жігін ажырата отырып, ғы­ лыми негізде талдаулар жасап отырады. «Отаршылдық топонимдер – халықтық елді мекен, жер атауларының антиподы ретінде пайда болатын өмірдегі саяси–әлеуметтік, басқыншылық пен зорлық-зомбылық­ тың көрінісі». Ұлан-байтақ қазақ жеріндегі елді мекен, жер атауларының қалыптасқан түрлі қабаттарынан (Қы­ тай, парсы, грек, араб, монғол, қалмақ, орыс) назар аудар­ сақ, немесе ол қабаттарды парақтап сырына шомсақ, әрқи­ лы басқыншылық, жаулап алушылықтан келіп туындаған отаршылдықтың қанды іздерін, зорлық-зомбылықтың таңбаларын байқаймыз. Алайда, туған жеріміздің топони­ микалық тарихи қабаттарындағы елді мекен, жер атаула­ рының пайда болу, қалыптасу және өзгерістерге ұшырау себептері тарихи шындығының бар болмысын ономасти­

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙