Мазмұнға өту
Home

Шағала-жырды бағала

Берімбай Ысқақұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Шағала-жырды бағала

Авторы: Берімбай Ысқақұлы

Алғы сӛз орынына

Қу тағдыр талақ етті құштарымды! Аяққа таптап асыл арманымды. аяусыз азаптады тіс қағылды. Талады талай «қасқыр» пұшпағымды. Кесепат кештім теңіз сезім селін. ел білсін іші-бауырым езілгенін. Тағдырдан таяқ жедім, берілмедім! Қам жедім, қапаландым кҿз ілмедім. Сіңіріп жҿргек иісін бір бесіктің, Асыр сап үш құрбымен бірге ҿсіппін... Жеңіліп, бірде жеңіп «ит жығыспен», Тірлікте итіс-тартыс күн кешіппін. Ҿлеңде ҿз ҿрнегім, шабысым бар, Ҿмірде ҿз арнам бар, ағысым бар. Жүйрік бар алуан-алуан..., оқырманым, Менімен кітапты оқып танысыңдар! Кҿтеріп намыс туын тҿбемізге, Білмеймін дұрыс жүріп келеміз бе?!... Бақытты менен асқан жан болмайды, − Жараса ҿлеңдерім кҽдеңізге. Оқып кҿр, түрлі-түрлі басқан «із» бар, Олқысын сынап алар баспаңыз бар. − Шықпаса кҿңіліңізден: − Ҿлгенім ол! Аямай, жыртып-жыртып тастаңыздар.

Оралу Шын жүйрік емен ҿреннен, құр жаяу да емен дегенмен. Қиянат екен мен үшін, қол үзіп кету ҿлеңнен. Ағайын, айып етпеңдер, алдымда мұнар кҿк белдер. Сіркіреп жауар жанбырлы, сҿзіме жомарт кҿктем бер! Ҿлеңнің шыңын бетке алып,

жүруге сенім атқарып, Сапарға шықтым аттанып, ағызып келем шаттанып! Түсімде менің тұр-тұрлап, Оятып келіп сыр шумақ, Кеудемде толқып жатады телегей теңіз жыр тулап! Кіршіксіз таза арым бар, Жүректе жалын, дарын бар. Жауқазын жырлар ұшырдым, ел-жұртым, қабыл алыңдар, Сусаған қауым қаныңдар! Кҿгілдір кҿңіл сағама, Кҿк жиек арман жағама, Кҽдімгі құстай шаңқылдап, Қонды ұшып, ҽн, жыр – “шағала”! Жырымда – сҽби, тілі бар, балауса талдың бүрі бар. Жаныңа сырын түйіп ал, Жүрекке қалқып құйып ал! Шапағы нұрлы таңым бар, шарқ ұрған сыршыл жаным бар. Шабыттың шабыс, жүрісін, шумақты оқып таныңдар. Туған жер, суың арасан, Шҿптерің шипа орасан. Туған ел! Менде арман жоқ, Кҽдеңе сенің жарасам. Биігін жырдың бетке алып, Жүруге сенім атқарып, Ҿлеңге қайта ғащық боп, ағызып келем шаттанып.

Жүрегім қазақ паспортым Жау да емен келген астыртын, емеспін бҿгде басқа ұлтың! ‒ Сұрама паспорт, сан тізім! Жүрегім менің ‒ алқызыл, алқызыл қазақ паспортым! Саясат қумай қауымға, Қазақтың соры қалың ба? Қалаға мейлі ауылға,

Кҿп талап қоймай қабылда! Қазақ боп ҿтсем ҿмірім, Кҿл-кҿсір кҿктем кҿңілім, Зерттеп кҿр, паспорт нҿмірімтолық тұр,таза қанымда!! Жанымда жасын жалыным, даусымнан есті зҽру үн! Құдіреті күшті киелі, Жадымнан шықпас бір елі, Ана тіл ‒ атом қаруым!! Қарасаң зер сап құныттап, Ата салт, ҽдеп-ғұрыпты ап, Бабалар мұра базынасын, Қазақи халық қазынасын, Кеудеме келдім құлыптап! Дарынымды селдей тасытты ел, Жүрегім белін асып кел! Кҿкірек күмбез аш кілтін, Қазақи қаным – паспортым, Тамырымды жалғыз басып кҿр!! Зердемде мұңнан ҽн басым, Бақ құсым кҿкте самғасын: − Кҿзіме ыстық от елім, Қабыл ал, атамекенім,− Жүрегім, жаным, қандасым! Жау да емен келген астыртын, емеспін, бҿгде басқа ұлтың! ‒ Сұрама паспорт, сан тізім! Жүрегім менің ‒ алқызыл, алқызыл қазақ паспортым!

04.10.2005ж. Астана . Бірлік туралы жыр Ағайындар құрметті, аландамай бұр бетті. Атамекен ансаған – саяла алтын діңгекті. Қиыр қонған бар халық топырағын қолға алып, бір құшуға зар болып, тозтоз болған күн кетті.

Желтоқсаннан жасқанып, басқыншылар сұм кетті. Бар қазағым бас қосса бастырмайды күлбетті! Ынтымақ пен бірлікті Қастерлейтін жыл жетті. Шекарадан ең соңғы, Кҿшті асқанын тойлатсам, бірі қалмай шет елмен қоштасқанын тойлатсам. бір арнадан ойлары астасқанын тойлатсам. Кҿрер едім қалғанын, болмас еді арманым: Атажұртта бар қазақ, бас қосқанын тойлатсам!! Байтақ елін қорғаған сан ғасырдан айналдым. Жалпақ жерін аялап, басып жатқан бабамның жамбасынан айналдым. Тұтам жерін бермеген, Жан досынан айналдым, Кҿшкен ұрпақ қамы үшін Қандасымнан айналдым. Кҿк байрақ пен елімнің, Таңбасынан айналдым. Нұрын тҿккен киелі Елбасымнан айналдым. Ынтымаққа талпынған, айналайын халқымнан. Бүгін елдің бірлігі артық боп тұр алтыннан! ...Сабаздарды сарғайтты, Зынданға сап нақақтан. Боздақтарын бетке ұстар, Шүршіп, шегір жат атқан. Алаяқтар арандап, Талайды ұстап мататқан!... Талқан етіп қас жауды, Құтылсақ та опаттан. Құтыл алмай келеміз алауыздық шатақтан! Бүгін жиып есіңді, түзе, халқым кҿшіңді.

Бірлік қана қазақты құтқарады апаттан! Қас дұшпаның қамалап, дос күлмесін табалап! Бірлігім мен берекем болашаққа аманат! Атамекенде Бұлақтары бикештің бұрымындай, Сүйір жартас сұлудың мұрынындай. Айна кҿркі сүйкімді жанарындай, Кҿрмеп едім кҿрікті бұрын мұндай. Туған айы ҽкемнің шақшасындай, тіл үйірген алмасы ат басындай! Шауып ҿткен тұлпардың тұяқ ізі шұңқыр тастап кетіпті от тасындай! Мазалайды ел тағдыры

О Алла, Ел сенеді нарқы асылға, Ҽркімнің ҽр тағдыры ҽр ғасырда Кҿп қазақ – кҿңіл алаң кҿшіп жүр ме? Кҿк ала тағы қалған арқасында. Желпілдеп жаулығымен кимешегі Арманға мҽз боп келген үй кешегі Басылып қайран кҿңіл су сепкендей Адамдар аяншты күй кешеді. Барлық һҽм бақыт отын жаға алмадық Былайша тұл ҿмірді тағы алдадық. Азабы аз ұлтымның аянышты Мазағы ағайынның маған қанық. Термелеп телміргенде несібемді Қайдағы «қайың сауған» есіме енді. Қарғыбау қайта түсті қас мойынға Тағдыр-ау табалайсың не үшін елді? Күнім тұл, күмҽнім кір, тамақ қайғы Іңірге ілінгендей таң атпайды Жырымды жылы ҿңірден кеткен елге Жылғадан жылан-азап жалақтайды.

Тау жайлап талай қазақ қыр қыстады Бұйырмай ата мекен бір пұшпағы, Тау жайлап талай қазақ қыр қыстады.

Армандап, ата бабам аңсап ҿтті, Туған ел топырағынан бір құшқалы. Бұйырмай атамекен бір қыстағы, Бейнетті тартып келді тұрмыстағы. Жылытып жүрегімді қуантады: Аз-аздап оралғаны «жыл құстары». Ағайын ағайынан жырақтанып, Тұра лмай туған жерде тұрақтанып. Табылмай бір ықтауға тал, қайыңдар, Зар болған ұрттам суға таңдайым бар. Туған жер тҿгіп тұрса шұғыласын, Кіршіксіз рияға жылынасың... ...Шашылып, шалғай кетіп шетте жүрген Қазақтың шаттығынан мұңы басым. Ҿз ұлтын бас қосуға тырмысқаны, Белгілі моңғолдардың Шыңғысханы... ...Аялап атажұртын шыр-шыр етіп, Құс-екеш кҿлін қорғар қызғыштағы. Кҿп болды ұлттығыңды сезінгелі Кҿп болды бодандықтан безінгелі. Абылай ақтуының астын да енді Қазағым бас қосатын кезің келді!

Бала күнгі ӛзіңнің бал күніңнен Ізгілікті алып қайтыңдар

Кҿңіліңді қап-қара түн басқанда, Тұла бойға арамдық жымдасқанда, Шекшигенде қарамай құрдастарға , Иттігіңді білдірмей сырлас жанға. Тез ауылға асығыс қайтыңдар да, Сҽби барда күнҽсіз қартың барда, Іздеңдер де ізгілік бала күннен, Жеткілікті үлгі-ҿнеге алып қайт алып қайт, тартынбаңдар. Кҿкіректі топастық билесе егер, Еш адалдық еншіңе тимесе егер, Тым болмаса иненің жасуындай Ой санаңда жақсылық жүрмесе егер. Тез! Кешікпей асығыс қайт ауылға! Қою қара, кҿзіңді қан басса егер! Қулық-сұмдық, арам ой арбаса егер, Жетім, жесір, жеп мүскін несібесін, Баса берсең ақшаны жамбасқа егер! Қарапайым халықтан алшақтасаң,

Қара бастың қамын жеп жан сақтасаң, Құлы болып құлқыңның жалтақтасаң, Адалдықпен кҿк тиын мал таппасаң, Тез, кешікпей, асығыс қайт ауылға, Мұңыңды шақ, қатеңді айт ауылға! Адамшылық ар-ождан , тҽрбиемен Кҿмектесер есеңді қайтаруға! Мақтаншақтық дертіне ұшырасаң, Қарапайым халықты қысып алсаң. Үкіметтің дҽулетін ішіп алсаң Асқақтаймын – деп, жүріп үсік алсаң! Тез, кешікпей, асығыс қайт ауылға, Жалбарынып, қатеңді айт ауылға. Мұңыңды шақ, адалдық ар-ұжданмен Кҿмекстесер есеңді қайтаруға. Жүр едің кеше жайраңдап...

Кҿтере алмай қазаны, Қайғы алды – мазамды. Үш ұйықтасам ойда жоқ Оқимын деген шер – ҿлең Бүгінгі күні азалы! * Қайрымсыз, қатал қу ажал! О, сұм ажал! Сұм ажал! Келгенің бе, шын ажал?! Қабырғасын халықтың, Қайыстырған сын ажал! Сенбейін бе, сенем бе? Кҿнбейін бе, кҿнем бе? Мүмкін қалғып кеттің бе? Жан бар шығар денеңде?... Қимай тұрмыз, бауырым, – Сені ҿлді! – дегенге!! Ақ шабақтай қайрандап, Туған жерде сайраңдап, Кҿпке сыйлап жарық күн, Қамын ойлап халықтың, Кеше ғана, шіркін-ай, Жүр едің ғой жайраңдап?! Сенерімді де біле алмай, Сенбесімді де біле алмай, Тұрғаным-ай, қайран қап! Жалған осы – жалғаған,

Қас пен кҿзде алдаған, Тура келсе сұм ажал, Ешпір пенде қалмаған! Анаңды да жалмаған Бабаңды да жалмаған Жақсыңды да жалмаған Жаманды да жалмаған, Ісіне Алланың бар ма айлаң?! Сүйікті Отаным Ҿз Отаным – ҿскен үйім, от басым, Отан – деймін мектебімнің қақпасын. Отыратын орындығым – ұлы Отан Отан – деймін сыныбымның тақтасын. Сүйікті Отан – ҽр бастауым су алған, Кең жазира қол бұлғайды қыр алдан. Ұстаздарым – менің қимас Отаным, Отан – тауым, шалқар кҿлім, ну орман. Туған жердің күні де ыстық, түні ыстық, Мектеп – Отан, жанашырым, тым ыстық. Достарымнан басталады Отаным, Отанымда болсын, мҽңгі тыныштық!

Аялайық, ағайын, бағымызды! (Нұрсұлтан Назарбаевқа) Жан емессіз айналған жай аңызға, Құдай берген данасыз даламызға! Қазақ елі келеді гүлге оранып, аяңызда, құлпырып саяңызда! Алтын орда орнатып қаламызға, Тартып тудың, Абылай бабамызға, Үш айналсақ Меккені ҿзіңіздей Есіл ерді біртуар табамыз ба? Алтайдан жолданған Ақ бата Сҽлем, сізге, Елбасым! Қасиетті Қолбасым! Еш уайым болмасын! Аман болсын жан басың! Ақбас Алтай қарлы шың, Басын иеді бар кісім! Ал, сҽлемін, алғысын,

Айналайын, армысың! Жүректерден от алдың, Ҽулиеден бата алдың. «Аймағымның Ардақты Азаматы» атандың!! Болашағы, арманы ‒ Атамекен қорғаны. Қазағыма мҽртебе Сіздей ұлдың болғаны! Заманымыз тар болған, Бодандықтан қор болған. Ҿзіңіздей басшыға Ҿмір бойы зар болған! Еркіндік ‒ ел керегі! Желкілдесін желегі! Қазақ елі қаз тұрып, Тҽй-тҽй басып келеді. Терезесі теңелді, Теңдік алып кенелді. Ҿз алдына ел болып, Кҿсегесі кҿгерді. Таңын ойлап табыстың, Кҿздің майын тауыстың. Қиын-қыстау кездерде, Ел қамымен қауыштың. Жақындатып елесті, Кҿпке беріп кеңесті, Ел басқару ‒ дегенің ‒ Оңай шаруа емес-ті! Бар қазақпен біргесің, Сҽнін түзеп жүр кҿшің. Жақсы қымтап жатырсыз Тҽуелсіздік іргесін! Шарықтатып ұлт құсын, Жұмылдырған жұрт күшін, Біздің биік Нұрағаң Берекеге ұйтқысың!! Кҿпшілікпен санасып, Болашаққа жол ашып, Шартарапқа шашылған Жинадың қазақ баласын!

Кедей керей Мақтанғанмен Керейлеп, Халық кетті кедейлеп. Жоғарғыға жаутандар Тиын-тебен берер! – деп. Босқа сенім артады, Белгісіз шер тарқары. Жұмыс шықса алдымен, Қол қарнына тартады. Ҿз туысын демейді, Құр уҽде кҿбейді. Кҿкке мұрын шүйіріп, Елемейді кедейді! Парламентке жайланып, Кезек-кезек сайланып, Қандалаша халықты Сорып жатыр айналып. Дауасы жоқ дертінің, Шектен асты еркі мың!... Ҿзі жетіп алған қыз: “танымайды тҿркінін”! 16 мамыр, 2002 ж. Ағайыннан ағайын жырақтанып

Болмаған соң бұл жерде кісің оңды, Еске аламыз алдымен кҿші-қонды. Еңіреген ерлердің ел-жұртына Қойғаны ма жандары ашығанды?! Келмеді ме, шамасы боздағыңның?! Абақ керей! Тоз-тоз боп тозғаның мұң! Алматыда үй сұрап жүр – деді ме, Кҿптің қамын жоқтайтын аз ғалымың. Мҽнсапқорлар: Кҿшпе, не кҿш! – демейді, Түсінбейді жай халық ештенені. Шетте қалу – шерменде жетім еткен, Мұңымызды енді кім ескереді. Ағайыннан ағайын жырақтанып, Туған жерде тұра алмай тұрақтанып, Бҿліп қалды, шекара! Жолап кетсең Жан алатын ҽзірейіл сияқтанып! Түсіне алмай тағдарды, бастан кешкен, Алаңдаған күй кештік кҿкей кескен! Жау шаппай-ақ жолықтық зар заманға, Астаң-кестең, дүние, астаң-кестең!

Сызда, менің жүрегім, сызда жаным

Сызда, менің жүрегім, сызда жаным, Жүзін кҿріп жез ҿкше – жүзі қараның! Он екіде бір гүлі ашылмаған түрін кҿріп шылқа мас қыз баланың. Сызда, менің жүрегім, арсыз ұлға, ата-анасы айналған жалшы қызға. Бикештері кҿкектей «жұмыртқалап» дақ түсірген қазақи салтымызға. Сызда, менің жүрегім аласұр да, жарамайтын туысқа, жанашырға. Айуанға, адамдық ардан безген. Қараниет қатыгез қарасұрға! Сызда, менің жүрегім, маскүнемге, балта шапқан ҿзіне, қаскүнемге! Сыздағанда ағайын ҿсегіне, «ҿз қолымды» ҿзіме кестірем бе? Сызда ұрыға саңылау жоқ жылынарға, Қара таппай жүретін ұрынарға! Жесір малын соярда, бейшараға, баукеспенің бүйрегі бұрылар ма?! Сызда менің жүрегім алаяққа, Пайдаланған жетімді қолаяққа! Сызда, менің жүрегім құзғындарға, Қанішерлер ҿмірде жан аяп па?!.. Сызда менің жүрегім сыздадың-ау, ҿресізге ҿкпелеп мұздадың-ау!!... ...Аласарды адамдар сонша неге? Қарай берем : биік шың, құзға мынау!

Қимасым Бозтайлықпын мен сенің жетегіңде, Бір сҿйлеспей қарағым кетемін бе?! Жыл он екі ай жүрейін азық етіп, Бір сүйгізші бетіңнен кетеріңде! Қара кҿзді баладым қимасыма, Тұнып қалды жүрекке тұлғасы да! Ұшып барам аялап арманымды, – Бір жыл – деген тең екен, бір ғасырға! 24. 03.1978 ж Кірпігіңе сыйлайын сынық сәуле Жүрегіңнің ҽн қосып дүрсіліне, Нұр қондырып гүлдердің бүршігіне,

Шомыла ғой алтын күн шұғылаға, Сынық сҽуле сыйлайын кірпігіңе! Тҽтті ойлар биледі бойды, мына, Келші, жаным, оралшы айдыныңа! Кҿмейіңе ҽн болып үйрілейін, Кҿкірегіңді жыр болып күйдірейін. Кірпігіңе сыйлайын сынық сҽуле, Шат-күлкі боп сылқ-сылқ күлдірейін. Тҽтті ойлар биледі бойды, мына, Келші, жаным, оралшы айдыныңа! Қанатыма қона ғой кҿтерейін, Жанарыңа ып-ыстық от ҿрейін. Қыран тағдыр ҿмірден нҽр алсын деп асқақ-асқақ арманға жетелейін. Тҽтті ойлар биледі бойды, мына, Келші, жаным, оралшы айдыныңа! Құшағымды айқара ашып тұрып, Жүрек қанын қайнатып тасыттырып, Жіберейін кҿңілге күй толтырып, Алыстағы арманға асықтырып. Тҽтті ойлар биледі бойды, мына, Келші, жаным, оралшы айдыныңа! 02 мамыр, 2009 ж. Астана, Қара-Ҿткел. 10 сағ30 минут

Кӛл-кӛсір кӛңіліңмен шығарып сал Кҿңілім сені ойлап, алай-дүлей! Жылаймын! Еңіреймін! Кҽдімгідей! Біріміз сыйлайықшы бірімізді, Біз жүрміз шат ҿмірдің мҽнін білмей! Қайырмасы: Мҽнін білмей, Дҽмін білмей ҿте шықты қу жалған, Болмады, ҿмір, шіркін, бір күнгідей Дүние бекер екен Ойнап, күлмей. Біз неге түсінбейміз, ұға алмаймыз? Біз неге айтқан сҿзде тұра алмаймыз? Қамшының ғұмыры қысқа сабындай-ақ, Кҿңілден неге осы біз шыға алмаймыз?! Қайырмасы: Кетерде кең пейілмен суарып қал! Жүректен естелікке жыр алып қал! Жүрейін жыл, он екі ай азық етіп, Кҿл-кҿсір кҿңіліңмен шығарып сал. Қайран әкем

Қайран ҽкем! Қабағыңа қар жауып, Сақалыңа мұз қатқан. Бейнетіңнің салмағы Нар кҿтермес зіл батпан! Тҿзіміңді тауысып, Жүйрік уақыт зыр қаққан! Кенезеңді кептіріп, Тар құрсауда қыл батқан! Кҿзге ұялап кҿк шыбын, Балағыңа зҽр қатқан! Досыңнан кҿп жауларың Құрды жолға қыл-қақпан!... Жүрегіңе қадалды Атқан оғы сұм жақтан! Тарихтың тікені табаныңа шын батқан! Жазықсыздан қаралап, Семсердей боп сын батқан! Жегідей жеп жаныңды Кҿкірегіңе мұң батқан! Зар заманнан түңіліп, Күндерің кҿп зар қаққан! Жан қоярға жер таппай Кезің есте түн қатқан. Басқаға арзан болсанда, Маған сендей жоқ қой, сірҽ, қымбат жан! Қайран ҽкем! Асқар тауым қамқорым! Кҽрібозым, сізді аңсап, Кісінейді салторың! Қайран ҽкем! Ҿзегіңді сағыныш, мұң оты ҿртеп, Нұр жүзіңді күн қаққан! Арманыңды жау шауып, Бар бақытың суға аққан!

Тартып ҿттің тағдырдың Тауқыметін мың батпан! 13. ХI. 2006 ж. Астана. Қара-Ҿткел Асыл анам Қарапайым биязы қалыбымен, Тіл табысқан қара орман халығымен. Асыл анам арманымның ақ сұңқары Тҽтті қылған тамаша тағылымымен. Күн нұрындай аймалаған Сіздей адам қайда маған? Айналайын қайран анам! Қайран шешем! Қайран анам! Ауыртпалық нар жүгін артып ҿттің, Мехнатын ҿмірдің тартып кеттің. Балқып ҿттің, сара жол тарту еттің, Басымызға нұр сыйлап, шарпып ҿттің. Күн нұрындай аймалаған, Сіздей адам қайда маған. Айналайын қайран анам! Қайран шешем! Қайран анам! 6. IX. 2000ж. Жыр күмбезім салынбай

Жыр күмбезім салынбай, Қамал қалды алынбай. От боп жанып ҿзегім Ҿтті-ау қайран, Берімбай. Жарқылдаған жалындай Ҽсем ҽнге жаным бай. Арманына жете алмай Ҿтті-ау қайран, Берімбай. Күй күмбірлеп зердеде, Ҽн қалықтап кеудеде, Желмен ұшып жырларым Үнім қалды пернеде. Ақтарылмай кҿп сыры Кҿзін салмай ешкімі. Ҽні жетпей құлаққа Ер кҿңілі ҿксіді. 02 маусым, 2009 ж. Асыл дінім Ой, менің асыл дінім! Ардағым-ай! Қолымды жеткізбеді барға құдай! Итеріп ҿңменімнен талай діндер, Ҿгей боп, шет қақпай боп қалғаным-ай! Алтын той

Айналайын шырайлым, Арнап келдім жыр-айдын. Алтын тойды құттықтап, Қол соғуды сұраймын! Жиналыпты бар туыс, бар жанашыр, Той боп жатыр ғажайып, ұлан-асыр. Ақаң ұл мен Жҽкең қыз үйленгелі Құтты болсын, ҿтіпті жарты ғасыр! Ақаң бойшаң тұлғалы ұл болыпты, Жҽкең сұлу сары алтын гүл болыпты. Ағайыннан бата алып отасқалы, Табаны аумай дҽл елу жыл болыпты. Бикеш екен бұл Жҽкең бұраңдаған, Кҿрген адам кҿз сүзбей тұра алмаған. Сүп-сүйкімді талдырмаш қу қыз бопты Ақаң сынды мықтыдан сыр «аулаған»! Арман отын бұл Ақаң жандырыпты, Қыздарды естен ҽзілмен тандырыпты, Жалынымен жастықтың қоймай жүріп, Жақсы құсты қолына қондырыпты. Жылдар жылжып, зымырап ҿтіп жатты, Ҿздерінің ҿмірден орнын тапты. Ұл ҿсіріп, немере еркелетіп, Болды үлгілі жанұя тату-тҽтті! Қиял құсы шарықтап ұшып отыр, Бастарына нұр-шуақ түсіп отыр. Қозы-Кҿрпеш Баяндай жайы жарасып, Тізе қосып, бірге шай ішіп отыр!

Мойындау Ұмытылды арулар, есімдерің, есіл күндер ҿтті ғой, кешір мені!... Бала-шағам, басына бақыт сыйлап, Аман-есен болса екен кҿші ілгері! Қартайғанда қайғы мұң жолатпасын! Тағдыр нұрлы сыйласын ҽр аптасын! Жаман қара кемпірім, аман болсын! Құдай қолға телміртіп қаратпасын! 10 сҽуір, 2005 ж. Қазақстан байрағы Ҽні: Берімбай Ысқақұлы Сҿзі: Мұзафар Ҽлімбаев Зеңгір аспан кҿгілдір, Алтын күні тҿрінде. Тамылжытып тҿгіп нұр, Шаттық сыйлар кҿңілге. Қайырмасы: Кҿк аспандай кҿгілдір, Қазақстан байрағы. Нұрын күндей тҿгіп тұр Жадыраймыз жайдары. Кҿк байрақтың бетінде, Қыран бүркіт қанаты. Сол қырандай еркіндеп, Ұлан ҿсер талантты. Қайырмасы:

Тәуекел Сол кез заман, тар болды ғой тҿңірек, болмады ғой бүгінгідей кеңірек. Суретіңді сызып тура, шімірікпей, Хат жазатын шҽкірт қыздар еңіреп! Жауап күтті жүректері шайлықпай! Қасарысты! Қатал тағдыр жайды ұқпай! Қайдан бітті нҽзік жанға алып күш?! Неткен ҿткір! Сҿз сҿйлейтін қаймықпай! Заң да қатты!Жан да тҽтті! Жеңілдім! Қыспағынан қорықпады олар ҿмірдің! Бірақ! Бірақ! Ҿрт боп жанған жүрекке сонда білдім, жүрмейтінін ҽмірдің. Ой жарадан ҿршіп кеткен күйігі! Оны жазу қиынның ең қиыны! Кетті ұшырып, кҿкке ұшырып қаңбақтай Алай-дүлей сезіміңнің құйыны! Кезігесің күндіз күтіп, түн күтіп,

телміресің жіберердей шын жұтып! Жалт қарасам, тартып бара жатасың сезіміңнің иіріміне сүңгітіп! Жақ қарысты! Тіл байланды күрмеліп! Сол хаттармен кеткендейміз бірге ҿліп! Қарсы алдыңнан қарайды кеп, ішіп-жеп! Ҿкінемін! Не болса да бір кҿріп, Артық еді, кетсек хатпен бірге ҿліп! Кінҽсізсің жүрек ҽмірі арқылы, Мҽңгі аяймын! Дҿңбекшимін ҽр күні! Ҿмір бойы мені ұрып келеді Сенің асау сезіміңнің толқыны! 12 сҽуір, 2005ж. Соқыр ішек

«Ақындар» кҿп дарыны бойында бай, Оралады ҿлең, сҿз ойында оңай. Мың ҿлексе бір жолға татымайды Сҿйте тұра келеміз мойындамай. Қара құлмыз, ел үшін басы байлы, Қуыс кеуде, қу сүйек, жасы-қайғы. Біз баптаған мың тұлпар ұлы Абайдың Мҽстегінің ізіне татымайды! Біле тұра шындыққа «осқырынар», Шамасы жоқ, кҽрі мен жасың ұғар! Бақталастық – бір сайқал сұлу бикеш! Үлгі алмайды ақыннан тасқыны бар! Жылбысқаға келеміз бастырылып, Ойламаймыз, жазбаймыз «бас тіріліп» Күліп тұрып, ҽзҽзіл – ҽділ қазы Қауып алар ішінде «Қасқыр ұлып»! Умен күйіс қайтарып, жатыр күйсеп, Қоң еті жоқ, кҿкшандыр қотыр ісек!... ... Сезімдерден сиырып, сылып таста Санадағы ол – сасыған соқыр ішек! 30 сҽуір, 2000 ж. *** Қаламым қолымдағы – Күн кҿрісім, Тҿгілген маңдай терім ілгері ісім. Толы алтын түсінгенге гүлзар ішім, Берімбай ақын ағаң, журналистің. Сҿздерім – суырылған тіл жағымсың, сыңсыған сұлу, кербез сырғалымсың. Сарп еткен бар ҿмірін жырлар үшін

Берімбай ақын ағаң, журналистің. 15 тамыз, 2006 ж. Түс (Баллада)

Басымыз түгел аманда, баяғы ҿткен заманда, үш бастық болған сұмпайы сан жылдар бұрын қоғамда. Пұшық, таз, қыңыр қырт быдық, Қылығын кҿзге түрткі қып, Орынсыз, олақ, істерін Мазақтап жүреді жұрт күліп. Қырт быдық – жынды, есуас, тҿбел таз – топас, бітеубас, Пұшығы – зҽлім, зымиян, үшеуі – арсыз ұялас! Сҿзінде тұрмей сырғиды-ай, Ҿтірік соққан шылғидай. Зомбылық, зина, парамен Халықты қырған қырғидай. Асыра сілтеп қашаннан, Шашын ал, – десе, бас алған. Меңгере алмай жұмысын қиянат кҿпке жасалған. Ел бастап сірҽ, оңдырмас, Қос үйді қоса қондырмас! Халықтың шҿлін қандырмас Шырағын кҿптің жандырмас! Құр пасық мҽнсап кҿк тесер, Кҿрінген жанмен кектесер. У жылан оймен, жат қолмен, Ойран салып, от кҿсер... Бес баттам қолы күс екен, Жандары да арам кісі екен... ...Қараңғы түннің іші екен, ояна келсем: – түс –екен. 15. 09. 1982ж

Ары таза ару Жайнап жүрген кіршіксіз арын сақтай, Табылмайды сендей жан жалынсақ та! Сені тапқан анаңнан айналайын, Аққу саның аршыған сарымсақтай. Қайырмасы: Тілің балдай, Белің талдай. Ақ тамағын Аппақ қардай. Кҿлде жүзген аққудай кҿрінесің, Кҿзге сұлу сағым боп ҿрілесің. Ұшып кетсең ұядан алыс, шалғай Ҿртенеді ҿзегің езілесің. Қайырмасы: Маржандайын тістерің тізген кҿркем, Жаңа піскен алмадай жүзің еркем. Ұят, иман, жан таза пҽктігіңді Жалғастырсын жас ұрпақ ізіңді ертең. Қайырмасы: Асылыма арналған арман, ойым! Ардақтайын, сүйейін аймалайын. Жүрегімнің тҿріне ұяладың Қайда жүрсең аман жүр айналайын. Қайырмасы:

Елігім мҽңгі Еріттің жанды. Тазасың мҿлдір, Тамшы шық − таңғы! Кӛзімнен бұлбұл ұшты-ау, қайран заман (Халық ҽні нақышымен) Дүние ҿтті-ау,кетті-ау, қайран заман, Кҿңілде еш кірбің жоқ, жайрандаған. (Бір асау тайлақдайын емін-еркін, Асыр сап, сарыжайлауда сайраңдаған.) 2 рет (дүние ҿтті-ау, кетті-ау, қайран заман) 2 рет Дүние ҿтті-ау, кетті-ау, бұлғақтаған, Сұм жалған ҿтерінде сырғақтаған,

(Кҿзімнен бұлбұл ұшты-ау, қайран заман Киіктей кең даланы сайрандаған. ) 2 рет (кҿзімнен бұлбұл ұшты-ау, қайран заман) 2 рет Кҿзімнен бұлбұл ұшты-ау, қайран заман, Кҿңілде еш кірбің жоқ жайрандаған. ( Күміс күн кісінеумен барады ҿтіп Құлындай асыр салып байланбаған. ) 2 рет (кҿзімнен бұлбұл ұшты-ау, қайран заман. ) 2 рет Балдызым Айналайын балдызым, Жанға шипа жалбызым! Күндіз ойдан, түн түстен шықбай қойды бал жүзің. Қайырмасы: Баурап алдың, Жаулап алдың, Жүрегімнің кең тҿріне Жайлап алдың балдызым. Мҿлдір бұлақ күлкісі Жайнап тұрған түр-түсі, Кҿздің жауын алатын Қырдың қызыл түлкісі. Қайырмасы:

Гүл жайнаған бал жүзің, Құлпырасың балдызым. Кҿркің толып кҿңілге, Жүрегімде қалды ізің. Қайырмасы: Кетпесең де жанымнан, Сипатпайсың жалыңнан. Дҽметпеймін, ҿзіңдей Салымым жоқ арудан. Желтоқсан дүмпуі Алматыда алып күшті Желтоқсанда жалын ұшты. Есіл жастар жалын құшты Жер жаһанның, жарып үстін. Намыс лаулап, ары күшті! Мұң-қайғының зҽрін ішті. Талқан етіп, тас бұғауды Шер, шеменнің зарын ішті. Қорықпады еш ҿлімнен! Басқыншының кеселінен! Қайсар қазақ қаймықпады мұз қарулы есерінен! Алатаудай асқаралы атымтай данаға

Жырыма елім елеңдер еді, Оқыса ғалым тереңдер еді! Бай болса атын мінгізер еді! Ал, ақын сыйға ҿлең береді. Ҿмірім ҿтті! «Бесін келеді»! Сіздердей жомарт есіл ер дер еді! Сіңірі шыңып, сірісі кепкен, Ал, ақын байғұс, ҿлеңнен басқа несін береді?! Қайырымы жоқ күн ҿтіп келеді, Кҿкірек жасын күретіп келеді! Арымды таптап, алаяқтарым, «Аязға», «мұзға» түнетіп келеді. Ел іздеп еңіреп келдім! Атамекен! − деп аңырап келдім! Қазағым! – деп, қара жүрегімді қақ жарып келдім! Тағдырдың тауқыметін кҿбірек кҿрдім. Ел мұңын шағып, қамын жедіңіз! Биіктен билік сенім артты еліңіз. Жүрегім жұлым! Мұң зарым − жырым! Атақты жомарт атымтай едіңіз! Бай ҿлсе артында несі қалады, Ҿлеңімді оқып ел есіне алады!.. Кҿңілімді кҿктем ете кҿріңіз? Болашақ алғыспен тосып алады!!

Хош бол, хош қайран сабаздар! Тҽрік етіп тағдыр тепкізді Бір суық сыбыс жеткізді. Жоғалып Ҿлгей ұшағы Ел-жұртты елең еткізді. Ұзақ жол жүріп аспанда,

Іздеді таудан, тастан да. Қиналған кезде аянбай Қол үшін берді достар да! Ала алмай хабар мандытып, Он бес күн тостық таңды ұтып! Жай түсіп, кҿктен ақыры, Қан жұтып қалдық, қан жұтып! Жоғалған ұшақ табылды... Үміттің тауы шағылды! Қайғыға халық ұшырап, Кҿз жасы кҿл боп ағылды! Қасірет ҿртеп кеудені! Уайым басып кеудені! Осы ма аяқ-астынан Қара бұлт торлап тҿнгені! Құлады жерге кҿктегі ай! Сұм ажал айтпай жеткені-ай! Мерт болып қайран боздақтар, Арманда бҽрі кеткен-ай! Кҿріп пе ең, жұртым, мұндайды, Кҿріс пен жылау тынбайды! Бұдан да ҿткен қасірет, Болар ма екен мұң қайғы! Ағайын, атаң, анаң бар Күйзелді барлық адамдар! Шырқырап жетім қалғандар Анырап қалды адал жар! Жайрандап жүрген жандарды, Ҿлді деуге аузың бармайды! Амал не, шіркін, қимайсың Жүрегің сезіп зарлайды! Кҿкорай кҿктем бүрі ғой, Мезгілсіз созған гүлі ғой! Елінің мҽңгі есінде Ҿлген жоқ, олар тірі ғой! Қамыққан халық үшін бір, Есіңді жина кісім бір! Қайратпен бекем бу белді, Бҽріне соны түсіндір! Опасыз мынау жалғанға Мойынсынбасқа болған ба?!

Бекболат Тілеухановқа Қайран дарын тар кеңседе шектелмей, Адамдардың арасында кептелмей, Емен-еркін самғасаңшы аспанға, Алатауға, асқақ шыңға, тҿске ҿрлей! Бұлбұлдарға сҽйкеспейді жылы орын, Байтақ дала асқақтатқан жүрегін. Бабалардың кҿзімісің қыраным, Бар қазаққа береке бол қырағым! Айналайын Тӛлеуғазы!

Ер екенсің, қарағым, еңіреген! Тҿбем кҿкке жетеді сеніменен! Ұлт бағына жаралған жан екенсің, Елжіреймін! Мақтанам! Еміренем! Бҽрі сендей болмайды елге інім?! Кҿктем етті кҿл-кҿсір кең пейілің!! Жабырқаған жаныма жаз сыйладың, Маған қанат бітірді ер кҿңілің! Талай тұяқ қу тағдыр батыртты да, Арақ құйды қымызға басыртқыға! Қазақ едік қоң етін кесіп берген, Хан кҿтерген тҿбеге жат ұлтты да!! Мұң жалмаған, мен байғұс Асан қайғың! Тҿзім бітті! Таусылған қасаңдаймын! Батыр Ана, кемпірім, соған қара, Шолақ аяқ, шойнаңдап баса алмаймын!! Айналайын қол созғын атаға аса! Қиналған елім − деген отағасы! Сенім артып ,сізге арнап, қазақ айтқан: −Жақсылықты жасасаң жете жаса!

Іңкәр сезім (Қыдырҽлі, Қарақатқа) Құйқылжыған тылсым ҽн, Қос аққудай сыңсыған. Тамсандырып талайды, Жүректерді шымшыған. Сезім отқа шарпылып, Кірпікке жас сарқылып, Іңкҽрлікті лаулатып, Шарықтайды шарқ ұрып! Шат ҿмірге ұмтылып, Қуанады құлпырып, Шығады алдан сҽбиі Бір жығылып, бір тұрып! Еш кіршік жоқ ойында, Қол ұстасқан бойында, Ұшып бара жатады Ҿмір атты айдынға! Ҿмір үшін, салт үшін, Тамылжыған тал түсің! Армандарың алаулап, Шарықтасын! шалқысын! 08 тамыз,2008 ж. Астана, Қара-Ҿткел Бір есепшіге

Қанталап етке кҿзі тұнып алған, қалталап «рұхсатты» тығып алған. Шекшиген, сҽлемі жоқ, кҿз тҿбеде Кҿрсоқыр, кҿкке қарап тұрып алған! Келіспен шең құмардың кей ісімен, Арс етіп, сырт қарады келісімен, Бастыққа, танысына жорғақ қағып, таратып жатыр етті жеңұшымен! Мҽнгі емес, оны ҿзің жақсы ұғарсың, безуден ағайыннан сақсынарсың! Шегелеп қойған жоқ қой, сен құдайдың құлағын ұстап тұрған жоқ шығарсың! * Қой емес, лажсыздан ешкі бердің, қай жерден білмей тұрмын, кескілерін ! Кҿгендеп жындыларын жинап апты, Саудадан қуып шығып естілерін! 26 сҽуір,1982 ж.

Замана кҿшін жетектеген жігіт

Танымаймыз біріміз бірімізді, Жан екенсің сүйкімді жылы жүзді Бірден баурап алатын қасиетті, Нағыз жігіт екенсің інім, ізгі! Ұлтшылдық от – сағыныш баса кҿктеп, Туған жерді тҽрк етіп, кҿшем ептеп, Атамекен құшақты айқара ашып, Қарсы алады алдымнан қошеметтеп!

Аспаны да кішпейіл таң керіле, Орманы да жан тартып кҿмкеріле, Ағайынның бізге ауып ықыласы, Шақырады бабамның кең тҿріне! Болмаса да ҽзірше кҽсіп оңды, Тартып алам тағдырдан нҽсібемді. Түзу алып барасың болашаққа Жазылардай тарихқа кҿші-қонды! Жанарыңнан жақсылық ҿрілетін, Келбетіңнен нұр шуақ тҿгілетін. Кҿңілің кҿл дария, дархан дала! Аузыңды ашсаң жүрегің кҿрінетін. 18 желтоқсан, 1998 ж. Алматы Қосағыңмен қоса ағар

Тату жандар қиындықтан аса алар! Тату жандар ҿз үлесін қоса алар! Кҿңілдегі кең жайылсын «керегең»! Қос құлыным, қосағыңмен қоса ағар! Бақ сыйлапты сендер алғаш туғанда, Жауап күшті! Дара болар тұлғаң да! Екеулерің бҽрінен де үлкенсің, Менің қара шаңырағым тұрғанда! Қызғаныштың қызыл итін жолатпа! Сенімнен шық! Бізді жерге қаратпа! Қасиетті шаңырақты аяла! Болысады құдайың да жолы аққа! Жарқыраған кҿздерде тұр ұшқын! Екеулерің бҽрімізге тыныссың! Арман асқақ! Берік болсын босағаң, Бақытты бол! Түтіндерің тік ұшсын! Ере берме! Сумаңдаған ҿсекке! Жамандардың басы сыймас тҿсекке! Ашу дұшпан, ақыл патша, сыйлап ҿт! Адамдардың алдарынан кесе ҿтпе! Ақ кҿңілің жарқыраған Күн – досың! Жақсылықтың жаршысы бол күнде осы! Нұрға бҿлеп, жырға бҿлеп құлпыртсын, Былдырлаған сҽбилердің іңгасы! Екеуіңмен шат ҿмірім жарасар, Екеуіңмен болашағым бас алар. Шаңырағың биік болсын жарығым Қос құлыным, қосағыңмен қоса ағар!

Жас жұбайларға жүрек жарды ақ тілек

Ҽкеңнің самайы ағарған, Орындалды пҽк арман. Құтты болсын қадамың құтты болсын Ақ Ордаң! Тілемейтін қүтім кҿп, Тік ұшсын – деп, түтін – деп, Жабырқаған кҿңілді Бала келді бүтіндеп. Ақсарбас қой маңырап Тойға келді жамырап. Қарсы алып тұр иесін Құтты қара шаңырақ! Дақ түсірмей бетіңе, Дақ түсірмей етіңе, Қарсы тұрып жүз қарғам, Дауылдардың ҿтіне! Қолғабыс қып еліңе, Жақсылықтан кҿріне, Парасатты үй қарғам, Жүрегіңнің тҿріне. Адам тілін ала біл, Болашақты шола біл. Жас-кҽріге қайырымды кішіпейіл бола біл! Сарқып бойда барыңды, Мҽңгі сыйла жарыңды. Ҽзҽзілге берілмей сақта, асыл арыңды. Кҿзіңді ашып оян да, Жарың тұрсын саяңда. Ерме, қарғам, ҿмірі Жаяу ҿсек-аяңға. Танып алыс, жақынды, Шығармаңдар атыңды. Екуің де тектіден, Екеуің де ақылды! Ата тілін алсаңдар, Айтқанымда қалсаңдар. Сҿз ҿтпейді! Ҿздерің, Тату-тҽтті болсаңдар! Қасиетті бұл ауыл, Жүректері жылы ауыл.

Жаңа түскен келіннің Арқалайтын жүгі ауыр. Түй осыны ішіңе, ұқыпты бол ісіңе. Мың кісілік орын бар Ҿзі жақсы кісіге! Сақтамау жҿн еш ҿкпе, Мың қайта ақыл есепте. Алды, артын үлкеннің, Кҿлденеңдеп кесе ҿтпе! Жатпасын үй шашулы, Артқа таста ашуды. Мейман келсе бҽйек боп Қазан тұрсын асулы. Тҽтті тілің – балдай жыр, Ел кҿңілін аулай жүр. Үлкендер мен баланы Шамаң келсе алдай жүр. Болса да жат, алты алаш, Іске кіріс қарбалас. Абысын мен Ажынмен Араласып бал жалас! Дос емесің жүз күнге! Мҽңгі жарсың Сіз мүлде. Буырқансаң біреуің Бірің ашу тізгінде! Құт боп осы босағаң Жарқырай бер, бас аман! Ұзағынан сендерді Сүйіндірсін жасаған! Жан ҽкең бір туыссың Жанашырсың, тыныссың! Берік болсын босағаң түтіндерің тік ұшсын! Екеу болды біреуім, Берік болсын тіреуің! Айналайын, ағайын Қабыл болсын тілеуің!

Күз Жел шапты кең даланы кҿсілдіріп, Құс қайтты құба жонның тҿсін түріп. аспанды ақ шандыр бұлт билеп алды, ағашты жалаңаштап шешіндіріп! Тҿседі жапырақ кілем аяқ асты, Қаңғыртып, қаңбақтарды ала қашты. Маңайды қорғасын зіл тұман басып, Толқындар асау желмен жағаласты. Кеппеген шҿптің қырау шығы бойдан, Қысқа күн қызуы жоқ сығырайған. Қазір қар, қазір жаңбыр, қазір боран бұзылып ауа райы тымырайған. ...Қатайып бара жатыр күн мінезі Қытымыр қарт сияқты қыңырайған. 25 қараша, 2004 ж. Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді

Болашаққа ат басын бұрғызғалы, Екі жасқа шат ҿмір құрғызғалы, Бҿбектерді қаз-қаз тұрғызғалы Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді. Кҿгершінді кҿгіме ұшырғалы, Бҽрімізге жақсы ҿмір ұсынғалы Самғасын – деп, ақ арман құсымдағы, Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді. Кедейлер мен байларды теңегелі, Үлгі беріп ұрпаққа ҿнегелі, Халқымызды шаттыққа бҿлегелі Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді. Бірлігіңді қастерлеп жүр! – дегелі, Шалқысын! – деп, қазақтың іргелі Елі Мҽртебесін, дҽулетін арттыруға, Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді. Астананы салуға қатысуға, Айналсын! – деп, аңызға аты шуға. Несібесін Елімнің тасытуға Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді! 20 желтоқсан, 2004 ж.

Күміс Айнала күміс теп-тегіс: Ақ күміс тарих ҿткен іс. Күлкі де күміс, бу күміс, Сағымда күміс, су күміс. Басында таудың қар күміс, Ҿрісте ақ қой мал күміс,

Сҽукеле киген асылдан қосылған жаңа жар күміс. Кҿмекей күміс, күй күміс, Ақшаңқан ақбоз үй күміс. Шағала, аққу бір күміс, Аспанда ұшақ сый күміс. Ақ сҽуле шашқан ай күміс, Ақбұлақ аққан сай күміс. Ақша бұлт – шҿккен ой күміс, Отасқан қырық жыл той күміс! Ақ жорға күміс тайпалған, Аппақ сүт күміс шайқалған Ата жұрт күміс кҿзге ыстық, Алтын дҽн күміс жайқалған. Ақбасты ана, шал күміс, Ақ жаулық күміс, сал күміс. Ақ кҿңіл күміс, ар күміс, Айнала күміс, бҽрі күміс! Ақ арман күміс – қанатың, Ақ күміс – бақыт қонатын. Адамның аппақ кҿңілін Басқаннан сақта қара түн!! 5 сҽуір, 2000 ж. Жансырым

Керемет кештім теңіз сезім селін! Ел білсін іш бауырым езілгенін! Тағдырдан таяқ жедім безілдедім! Қам жедім! Қапаландым кҿз ілмедім! Бар ҽлем ақиқаттан нҽр алса егер, Тереңге тамырымыз таралса егер Арманым бұл жалғанда болмас еді, Бар адам ҽділеттен жаралса егер. Шарпыды ұяластар оты ілезде, У шашып түк қалмады басы ‒ кҿзден! Қиянат шегіп келем күні бүгін: ‒ жылан ‒ ой, қасқыр ‒ ниет қатыгезден!.. Бақса да тұншықтырып қанша үнімді, Тамызып кірпігімнен тамшы мұңды, Аяулы, айналайын оқырманым алдыңа жая салдым жансырымды. Жау алды жүрек ‒ жайлау, қыстауымды, Қу тағдыр талақ етті құштарымды. Аяққа таптап асыл арманымды

Арсыздан аузым күйіп, «тіс қағылды»! Жесір жыр Мінезімді қу заман ашындырды, Шибұттарға кешегі басындырды. Қайыршы қып ақын мен жазушыны Жүрегімді жаман-ақ шошындырды. Дҿй бастықтар болмады досым ғұрды, Құрт жеп қойған бҽрінің басы – үңгірді! Халық емес, қара бас қамын ойлар, Қан жоса қып бетімді жасым жуды! Мінезімді бетсіздер ашындырды, ашындырды, асаудай шошындырды... Бірге ҿледі, онсызда ҿзімменен Жаза беріп қайтейін жесір жырды. 04 мамыр, 2003 ж. *** Екі кҿзін қою қара қан басып, Жатқанымен бүгін жауым арбасып. Еңбек қорғап жатар ертең талайлар Менің ҿткір ҿлеңіме жармасып!! 15 тамыз, 2005 ж. Жүрегімнің жаумай тұр жаңбыры әлі

Қайран менің жүрегім, қайран менің, Түсіне алмай таусылды айлам менің. Кейде жүйткіп, ағызып шабасың кеп, Кейде тасып арындап ағасың кеп! Алып байтақ далаға сыймай кетіп, Шат ҿмірді барасың қимай кетіп. Кейде жаным тауларын бос қопарып, Соғасың кеп аямай тасқа апарып! Кейде асқақтап аспанға самғайсың кеп, Тҿменгіге бірақ, кҿз салмайсың, тек. Самғай алмай кей кезде тым биікке, Батасың кеп тіреліп тұңғиыққа. Кейде кетсе алаяқ пендеде ҿшің, Ҿрге жүрмей қояды кейде кҿшің! Қайран байғұс жүрегім шерлі менің, Серпілмедің, неліктен сергімедің?! Қайран менің жүрегім алқынғанда, Тау, тау биік соғасың толқындарға!

Кейде дұрыс жолдарды қуалайсың, Жақсы адамның жанына ұялайсың! Кейде тасып керемет лепіресің, Болымсызға қуанып секіресің. Жүрегімді аямай ала ұшқанда, Кҿңілім қалды достан да, алыстан да! Болар жақсы ҿмірдің бір елесі, Қайран менің жүрегім жүдемеші! Шап жүрегім, зуласын кете берсін, Асқақ,асыл арманға жетелерсің! Қайран менің жүрегім шапқылай бер Ақ, қараны айырып атқылай бер! Болмашыға жүрегім, ҿкпелеме! Шарықтамай жатырсың кҿкке неге?! Қайран менің жүрегім самғасаңшы, Болашаққа жанымды жалғасаңшы! Неге менің жанарым жаудырады, Қайда менің кҿңілімнің қалбырағы? Неге менің жүрегім дір етесің, Ақ кҿңілді арсыздар қалдырады! Жүрегімнің жаумай тұр жаңбыры ҽлі, Кҿңіл құсым шағылдан сан құлады. Келмегенде данышпан айтқандары, Жамандардың келеді сандырағы. Неге менің жүрегім жылап тұрсың? Арман еді шаттығым ‒ бір ақ құсым. Неге, неге тыншымай дҿңбекшисің, Кімнен кҿмек құдай-ау, сұрап тұрсың?! Бақыт, байлық, жүрегім, тұр ақылда, Ақылды берер тосқауыл сұрапылға! Ҿзгеге емес, сен! Ҿз күш, қуатыңа, Сонда ғана жетесің мұратыңа! Талай жанның жанары мҿлдіреуде, Бақ құсы боп, жүрегім, қон біреуге! Сүйіктісін бағындыр алып есін, Жүрегіне кҿмектес елжіреуге! Қайран менің жүрегім жүдемегін! Күт жанарға жақсылық түнегенін! Не тілеген тілегін қабыл етіп, Адамдарың бере кҿр, тілегенін! Қайран менің жүрегім алаңғасар, Сезік берсін, тҽңірім, санаңды ашар! Бермесең де байлықты, ар сыйлай кҿр, Пҽк адамдар ілгері қадам басар! Бар жүрегім кҿмектес сҽбилерге,

Аналарды түсірме ҽбігерге! Маған емес, жүрегім, басқаға бар, Қолұшын бер, шалқуға, дҽуірлерге! Қайран менің жүрегім алас ұрма! Бұл ҿмірде орын кҿп ҽр асылға! Ҿз ұлтынан жерініп мҽңгүрт болған, Тамшыдайын түйсік бер, санасызға! Жүректердің жаза кҿр жаралысын! Кеңіте кҿр сараңның тарамысын! Арманым жоқ, жүрегім тазаласан, Қара ниет адамның арам ішін! Ӛмір заңын ӛрнектеген от ӛлең

Ай мүйізді айшықталған от ҿлең, Оқырманы ойсыз, мисыз кҿтерем, Жүректерге, бірақ демде жетер ең, Жеткізбеген, жалған неткен бекер ең! Жұтатын бал, нҽзікке нҽр ҿлеңдер, Түсіне алмай, түйсік алмай кереңдер. Тағзым алмай, тамыр жаймай емендер, Адасып жүр, арбасып жүр тҿбеңде ел! Талай ғасыр, жалғасар жыр сағымдай, Тына алмайсың, тұра алмайсың сағынбай. Күшін алмай, тұшын алмай қаңқа бас, Кҿз іледі, езіледі сабындай. Ҿмір заңын, алтындаған қан – жырмен, Қанатына жарқылдаған ҽнді ілген. Мың жылдан соң, шыңғырған соң замана, Ұран салып, жыр-ҽн «сауып» таң күлген. Аңырады-ай, мамыра жай тіл – бесік, Тазалап тҽн, ажар ап жан күнде ҿсіп. Шұрқырасып, дидарласып, ғарышпен, Арман бар ма, қалғандарда тілдесіп! 29 сҽуір, 2000 ж. 23сағат 10минут

Алтай тойына толғау Алтын Алтай алқалы, Жерұйықтың шалқары. Салтанатты сҽнімен, Думандатқан ортаны. Құтты болсын 40 жылдық, Тойларыңыз торқалы!

Шабыт кернеп кеудені, Атақ, даңқың артады. Шалқып, тасып кҿңілдер Шаттық күйін тартады. Кемпір, шалдар бас пірі! Еске түсіп жас күні, Дүрсілдетсін жүректі, Қуаныштың тасқыны! Жалаңаштың жайлауын, Шат тойшылар басты үні. Сҽйгүлігі жарысып, Палуандары алысып, Садақтарын сайлаған, Ақындары сайраған. Мҽре-сҽре болатын, Ырғап-жырғап қалатын, Бұл ‒ халқымның дҽстүрі! Ыстық лебіз шарпыған, Ен дҽулеті шалқыған, Айналайын ақкҿңіл, Алтайымның халқынан!! Аталардың жиылып, Аруағына сыйынып, Тойға келген халыққа, Сҽлем бердім иіліп!! Дүние бірақ ҿзгерді, Ҿзгергенді кҿз кҿрді. Зуха батыр рухына, Бас иетін кез келді!! Құдай, аруақ қолдаған, Ел намысын қорғаған Туды Алтайдан талай Ер Бұрын-соңды болмаған! Асқақ Алтай, Ҿр Алтай! Кҿркі сұлу, Сері Алтай! Той қызығын кҿр, Алтай!! Ақ батаңды бер, Алтай!!

Ағаттық Аспанын кҿңілдің бұлты торлап, Кенеттен найзағай шықты ойнап. Жазира, жазық түз даламды, Ағаттық билеп ап қараңғы. Сенімге: бір мезет қой – деші, Кеп қалды күдіктің бҽйгесі. Кҿктемдей тұп-тұнық кеудені, Кҽдімгі ағаттық кернеді! Шықты бір сол сҽтте дҽу ірі, Бұрқ етті адалдық дауылы. Бар ҽлем қайтадан құлпырды, Тыныштық тілеп тек гүл тұрды. Ҿлгейұшақта жазылды. 20.07.1968ж Лебіз

Кҿзім кҿрді туыстар саялы ҽлі, Атамекен құшағын жая алады. Ынталыда бір тҽулік болып қайттым, Марат аға кҿмегін аямады. Айналайын, бауырым, Шаймерденім! Кҿрдім мінез, сымбатың кез-келгенін Мҽуе болып салбырап күттіңіздер, Кҿрдім адам санасы ҿзгергенін! Қайта құру – тек құр сҿз жалау болды, Соңғы кезде адамдар қарау болды. Жалғыз ғана айтарым кҿп күткенім ‒ Жарты кесе шай менен палау болды! Оқасы жоқ, кҿш жүре түзеледі, Елге жомарт мінеки, күз келеді. Кемістігін табыспен қымтап тастап, Біздің қазақ парасат ізденеді. ақын (Жаңжұңұлы Кәкейге)

Ҿмірде ақылшым, Ҿнерде ақын, жыршым. Момақан кҿгершін Жақсы кҿршім, қайран Кҽкейім! Тҽні нұрдан, Жаны жырдан жаралған. Ақын еді-ау арқалаған ақ арман! Еске алсақ Кҽкей сынды ақынды Ағыл-тегіл жас ағады-ау жанардан! * Ҿмірінде біреуді күндемеген, Оранбаған, торғынмен, бүлдеменен! Жыры сайыста оралған жүлдеменен,

Ренжітіп ешкімді тілдемеген. Басын алмай баспадан, ойланатын, Кҿгершін –деп басқадан қойған атын. Қыз мінезді, қарайтын күліп ғана Қарапайым, ақ кҿңіл, қайран ақын! Беймаза еді жүргендеақ есен-аман, Қолы ҽсте жазудан босамаған. Ақын еді бергенінен берері кҿп, Еш адамға қиянат жасамаған! Бар жақсылық бойынан басталатын, Ақындарды баулыған жас қанатын. Елін сүйді! Елі сҿзін жырлап ҿтер, Қайда, шіркін! Кҽкейдей асқақ ақын! Рухымен ақынның үндесуге, Алу үшін ел-жұрты бірде есіне. Шын жүректен айтамыз рахмет, Келгендерге құрметтеп жыр кешіне! Қоңыр үні, жырлары санамызда, Мінез құлқы айналған ары – аңызға. Зымыраумен сегіз ай ҿте шықты, Кҽкей –бұлбыл ақын жоқ арамызда!

Орден алу хикаясы Орден – деген темірді, Пысықтар алып «кемірді». Бизнес жасап сонымен Басекеңдер семірді. Орденді ҽр іспен алады. Сұмдық ҽдіспен алады. Жалғасып, жең ұшпен алады. Шашбауын кҿтерсең, сайлауда аласың. Қымызын қылғытсаң жайлауда аласың. Басекеңнің сҿзін сҿйлесең, Қызған дауда аласың. Тентегіне құлын мінгізсең Бие бауда да аласың. Шімірікпестің алтынын қазып, Құлы боп азып, Малын бақсаң, Отын жақсаң, Ұлтарағын сатсаң саудада аласың. Орденді кімге береді? Жез ҿкше арапшыға береді.

Қоғам мүлкін қылғытқан Қарақшыға береді. Қымыз бен сүтке су қосып сатқан шалапшыға береді. Бҿле ішіп, Құр қалмаған ҽр астан Бүлік етпеспен ауыз жаласқан арақшыға береді. Қымқырғанын, Жымқырғанын білетін, Бірге жүретін сарапшыға береді. Қатынына, баласына, Меншік компаниясына Шеттен, Ҿкіметтен, Аударған ақшасын Білетін, Езуін тілетін санақшыға береді. Кҿңілшек басекеңе Орден қолқалағандар жамалды. Алдымен Бесіктен белі шықпаған бала алды. Сырмақ шетіндегі, Желдің ҿтіндегі, Аузын ашпас жағымпаз жан алды. Суқаны сүймейтіндердің Анықтамасы Темір сандыққа Қамалды. Орден алғаны құрысын! Шаймен, Семіз қоймен, Еркетотайына таймен Бұраң беліне асыл бұйымдар толып жатқан сыйың бар, Басекеңе қайта айналып, Тоналды. Тоналғанда мол алды. Жамандық жата ма?

Ҿсексіз таң ата ма? Ел білді. Біліп апты жасырын Атағын да дүлдүлін. Орден таратқанға Адам тұр ғой ит-құста, Даладағы аң болып, Олар да Аң-таң болып Момын қой байғұс та Мазақтап, сақ-сақ күлді. Бұдан кейін:ел ескер!-деп, Болды ҿрескел! – деп, Сасықкүзендер қаптап күлді. Қырда түлкі, Кҿлде бақа бақ-бақ күлді. Қорқау қасекең Ішіне бір жаман ой Сақтап күлді. Қара күшік қайта-қайта, Ҿтінішін айта-айта, Шҽуілдеп жақтап күлді. Мыңқ етпес алжыған Бҿрібасар Күңк-күңк етіп, Дүңк-дүңк етіп, Бір екі рет шақтап күлді. Ашықтамасыз, Атақ, орден алған шарасыз Сорақыларға қиянатқа мҽз дарақыларға Екі кҿзі мойылдай Дҿң сойылдай Қара қатын ерінін сылп еткізді. Бастыққа жаққан екен, Сыйлайтын кісіні тапқан екен – деп, Кҿңілі ала Тазша бала Айтпай аржағын, Кҽдімгі бармағын Саусағының арасынан жылт еткізді. Ала мысық Күйіп-пысып,

Сүт екен – деп, Бір кесе сыраны сылқ еткізді. Безбендер! Ардан безгендер! – деп, Құсадан ішкі Ұяты күшті Қораз таң атпай Мезгілсіз шақырып жіберді. Елдің мысығының мысығын, Күшігінің күшігін сыйлағанда Кем болыппын ба, жеміріңнен?! Тот басқан теміріңнен Мені неге қалтырасың? Табаның жалтырасын! – деп, Сҿзге тұтығып, Ызадан түтігіп, Қоңыр аю ақырып жіберді! Ұятсыз, тексіз! Ҿңшең бетсіз! – деп, Сары атан Шімірікпестің бетіне Былш еткізіп қақырып жіберді. Қақысы жоқ ҿсекте Есек екеш, кҿк есекте ұяттан қызарды. Ҽңгіме ұзарды. Иесін таппаған атақ, орденмен Таптадық-ау, біз арды. Басқаға болдық-ау, масқара! Алдаубекке

Алдау, бала, аман ба? айтар сҿзің тҽмам ба? Ту бие, ту сиырға Келмес, білем, шамаң да! Келтіресің не пайда Ҿтірік айтып қоғамға? Сен жетпейсің ұшпаққа Қиянат жасап адамға. Айтсам сҿздің расын Келешегіңе алаңда! Сыбыр етсем ҿрт шығар Таныс қалың ағаңда. Сосын бетті жыртасың,

Жақтасыңды құртасың! Жалманыңнан түсесің аспай жатып «қырқасын»! Барар жері темірдің ұста – бала демекпін. Мұндай жаман қулықты Таста! – бала демекпін. Айтар ақыл ҿзіңе Қысқа – бала демекпін. Омақасып биіктен Ұшпа! – бала демекпін. Бауыры едің нақ достың, ағаң үшін кҿп тостым. Сҿзіне еріп жақтастың екі жылдай ап қаштың! − «Шамасы, енді, келмейді, − − деп, ойлама, қақпастың» Бергенімді есептеп, Кеп тұрғам жоқ соттасқым! Оңалмадың от бастың! Шылғи сҿйлеп шоқ бастың! Ту сиырыңды алмаймын, демен: − Бие жалмаймын , Обалыңа қалмаймын, енді, ойлама : − тағы да, жаман шалды алдаймын! Сыртқа салып жаяңды, ........ саптап кетсең «нояңды» Түсіремін қояңды! Саған тықыр таяңды! *** Аямаған ҿз бетін, Қан жоса ғып ҿзге етін, Кісі бетін түйедей Тырнайды екен шиедей!... 11 сҽуір, 2004 ж. Таңғы 05 сағат 00

Жалқаубек Сабаққа қырын қарайтын, Басқадан бұрын тарайтын. Тапсырманы ұмытатын, Базарға жылдам зытатын.

Жалқаубек бар бізде бір. Аңсары ойынға ауып тұратын, Оп-оңай сылтау тауып тұратын. Сүйреңдеп тілін безеген Бар бізде бір кезеген. Жалқаубекке ол сҿз емен! Кемде күн сабақ үзбегені, Тҿбелес, шатақ іздегені. Беттен алып, Арс етіп, қауып алады Кере қарыс тырнағымен шауып алады. Қара базарда қаңғып жүрді. Шетке шыққанды аңдып жүреді. Менменсіген шалқақ келеді, Үсті-басы салтақ келеді. Қоғамдық жұмысқа жалтақ келеді, Ҽбден кешке бҽрін тындырғандай, Үйіне ҽбден шаршап келеді. Тақтаға шықса ерні жыбырлап тұрады Сҿздері сыбырлап тұрады. Мінезі қыңыр болады. Тіркістігі сіңір болдады. * Мұндайлардан сақтанып жүріңдер. Дұрыс адам болып шаттанып жүріңдер!

Алтынның сынығы туралы жыр немесе кісі ұстаған ‒ қырғын жыл қайғысы (Толғау) Күні құлап, кҿктен ай түсті! Тҿбеден жасын жай түсті! Жақсы мен ұстап жайсаңды, Торлады тұман тал түсте! Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдыр күн! Бақ тайып бастан сырғыр күн! Зҽресі ұшқан халықтың, Запыран толы тұлдыр күн! Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдырды! Жүректі қайғы тілдірді! Бейуаз бейғам Ерді ұстап, Кҿк қалпақтылар бүлдірді! Кҿгендеп қойшы ұстапты! Зауал боп тиді күш қатты!

Жер таппай жанды қоярға, Жалмауыз темір тіс батты! Қарадай қан, жас тҿгеді! Аһ! ‒ ұрып, қайғы шегеді! Ішкені елдің ірің боп, Зҽр болды ‒ желім жегені! Ҿртейді үрей ҿзегін! Үстінде жаны шҿженің! Қорыққанда халық қан сиді! Күтумен күнде кезегін!! Жүрсе де үйден қашқақтай , Тосады ажал қас қақпай! Ерлердең шығып естері, Кеудеге қалды ас батпай!! Ұсталған хабар таратып! Ел гу-гу ҿсек боратып! Аяқ, қол, кҿзі байлаулы, Таңылған теріс қаратып!! Кҿкірек қарс айырылған! Қалың жұрт қажып, қайғырған! Ұсталды Себет жеті адам! Қырғындай тиіп Ойғырдан! Болмасқа қайтсін бекінді ел! Себетке қатты ҿкінді ел! Ұлар-шу қалды артында, үш ҽйел, тірі жетімдер! Оқиға сұм, шым-шытырық! Жан алғыш алған құтырып! Қарамай жетім-жесірге мал мүлкін кетті сыпырып! Бірегей батыр нарға тҽн, Ұсталып Себет молда атаң, Шырылдар қалды қалың қыз, Бес ағасымен Қобдахан! Бұғанасы да қатпаған, Он жаста тағдыр таптаған! Қобдаған қатігез ҿмірдің, Есігін солай аттаған. 20 тамыз, 2006 ж.

Генералға бергісіз, биік тұлға Қабдырашқа (ғұмырнамалық дастан) Қажымайтын қара нар, Қобыландыға пара-пар.

Асылдар ел бағалар ҿтті-ау, талай ағалар. – 1 – Туған жердің таңы алтын, тола тарих бар мұнда, Сҽби келген сары алтын Сексен жылдың алдында. Мың-мың жасап, түп-түгел, Жүрер – дейсің – тұтас кім?! Қабаң сынды мықты да ер, туды үйінде – Мұқаштың. Күзететін ай түнін, Қытай қазған алтынын, Құйғанында туыпты «Сүңгіті» мен «жолтының». Қаптап аю, бұғысы, Тола түлкі, құнысы, ну ормманнан білінбес, батысы мен шығысы. Бал жемісін теріп жүр, ел қызығын кҿріп жүр, Тоғайына сыймайды аң қорада ҿріп жүр. «Жолты » барсаң бір рет, Тұнып тұрған – сурет. Сұлулықты аямай, берген екен құдірет! Ҽсем жері шалқытты, бала болды тҽртіпті. Аумай Қабаң ағай да Табиғатқа тартыпты. Ата-анасын тыңдайды, балапан құс сілкінді. Шаруаға ыңғайлы бала болған сүйкімді. Алтай, Қобда бетінде, бел шешіне кіріскен, Жүріп желдің ҿтінде бас тартпаған бір істен. Жасық болу ұлтқа жат, Мінез-құлқы күміс кең. Майын жалап, құрт қажап, Зҽмзҽм сусын – су ішкен. Бал дҽурен де жетіпті, басылмаған ҽптігі.

«Сүңгітіде» ҿтіпті балалықтың шат күні. Асау тағдыр бұлқына, Кҿнбей ҿмір ырқына, Жанталасып жан бақты Бұзылсада шырқы да. Тҿп-тҿрт бұрыш дембелше, Кҿз салсаңыз тұрқына, Сом алтындай тұлғасы Қарасаңыз сыртына. Бірде жастай қой жайса, бірде ие жылқыға. Жана берді лыпылдап, Жалын атып жұлқына. Үлкендерден үлгі алып, Үйренеді ынтыға. Қазанында ҿмірдің Ҿсті сана, жылты да. Отау тікті арманы балалықтың жұртына . Кҿк жиекке қол созды алға қарай ұмтыла – 2 – Ҿмірдің заңын мақұлдап, Шоғырқан, Шҽмкей, үшеуі, Ҽкеден ерте жетім қап, Қиындық басқа түседі. Асырап, сақтап бағады, Рҽзи сынды анасы. Мал жайып зыр-зыр қағады Шоғырхан, Шҽмкей ағасы. Екі жүз малы жұтаған, Алтайда «Бурыл тоғайда». Күйінді қатты құсадан! Қу тағдыр оған қарай ма?! Моңғолға сонау қиырдан, Жиюға кҿшті жұрт есін. Бір атпен , екі сиырмен, келеді артып күркесін Күзетіп түнде жатады, Шоғырхан жолда үш малын. Басына сүйек батады Тастауға қолмен ұстады. Ішінен сол бір сүйектің, бір нҽрсе түсіп қалады,

астына қойып білектің таңертең байқап қарады: – Сап-сары ҿңі тас ауыр, Жып-жылтыр үлкен асықтай. Ұқыппен зер сап аса бір таныды шешей асықпай. Ішінен шыққан сүйектің сом алтын жойды күмҽнды. Тҿрінен терең жүректің Керемет қатты қуанды. «Ҿлмеген құл қас қағымда, табылған ҿлі балығы-ай». Қиналған осы шағында, құдайдың берген бағын-ай! Кҿш келіп Уланхусынға, Жетеді ҽрең «Білеуге», «Кісі ұстап » – жүрген тұсында сатады орыс біреуге. Алтынға кҿзі қызарды, кҿрді де , дереу бас салған. Тҿрт сиыр берді бұзаулы, екі атпен, қалың ақша алған. Қорқады : «кісі ұстаудан», ақшаны тығып қояды. Жалшы боп, кҿшпей қыстаудан, азғана малын аяды. Ақшаға кейін мал алды, тіс жарып, түк те демейді. ...Құлашын еркін жая алды алтыннан тынысы кеңейді. *** Біреуге кҽсіп даладан, біреуге кҽсіп қаладан. Біреуге кҽсіп тауда екен, біреуге кҽсіп сауда екен. Біреуге кҽсіп молда екен, біреуге мынау қолда екен. Біреуге ҿзен, кҿлде екен, біреуге жүрген жолда екен. Кҽсібі бірдің елде екен, кҽсібі бірдің жерде екен. Кҽсібі бірдің кенде екен Нҽпақа дайын пенде екен. Болған соң пенде ырғай бас, Ҿңешке лайық құлдайды ас,

Болсаң да бақтан жұрдай бас, Жаратқан құдай құр қоймас. Берді де алтын асылды, Жетімдер бағы ашылды. ... Аспа да , таспа! Ойлап жүр: – бұрыңғы – соңғы жосынды. – 3 – Босқа ҿтпей бір күні, басқаға ойын лақтырды. Жүдеубастау тірлігі байдың малын бақтырды. Туузин урианхайда осы, жоқ зҽбірі, айласы. Бір қой тҿлеп ай басы , болғанымен пайдасы. Ақ қар, кҿк мұз тҿсенген, жайы қиын малшының. Кір-кір тулақ тҿселген Күні құрсын жалшының! Ҿз басыңда жоқ ерік, Күзетесің, бағасың . Тезек теріп кезеріп, Қожайынға жағасың. Кҿзі ашылды осы кез, не – десе де моңғолды. Ҿмір кҿрді қатігез, Ҽжептҽуір тіл білді. Есігінде моңғолдың, зулап екі жыл ҿтті. Жан жігерін құм қылды Жалшы тағдыр жүдетті. Сырқап, суық ҿткенін, аямайды ешкімі. Ақбалшықтың мектебін аяқ асты естіді. Оқуға ауды аңсары, түсті нұры шуақтың. Тұрып ерте таңсҽрі қашып кетті бір-ақ күн! Тықыршыды неше күн, кетуге зар ҿлердей, Алып киім-кешегін жоғалады мал ҿрмей. Ақбалшыққа келді де, кҿңілі ҿсіп, марқайған.

Мектепке кеп енді де, сабақ алды Шолтайдан. Оқу үшін күні-түн, жүгіреді дедектеп. Шокең мақтар «жігітін», −Машай – сынды зерек деп. Білім алды қорғанбай , Күтіп құрал, дҽптерін. Жазу – деген маржандай Хат таныды кҿп-кҿрім. Оқи берді талпынып, Ҿтті кҿктем, кыс қыстар. Бар сабақтан артылып, бала болды бетке ұстар. − Машай – Шолтай ұстаздың сҿз салты *** Мұғалім боп шықты да, кетті ҿмірді бет алып. Ел сүйсінді мықтыға «бала ұстаз» атанып. Ақбалшықтан бастапты, білім нұрын сепкенін. Ҽкім болып жақсартты Ақкҿл, Тұлба мектебін. Ауыр жауап! Сақ болды – аянышты тағдырлар. Чекистлік атқарды Шекарада сан жылдар. Сіңді іскерлік бойына, жұмыстамай ат үсті. Жиырма бес жыл тойына делегат боп қатысты. Озаты боп озаттың, болды тойдың қонағы. Куҽлікті ғажап күн: Маршалдан кеп алады. Жүрген қазақ батыста, Кҿп, қолдаған тҽңірді. Бірінші боп атыста, астанаға танылды. Кҽлабірмен сыйланды, сары дұрдын он метр Чойбалсаннан сый алды! Кҿңіл –деген кҿл кҿсір! Осы жолы пір қонды,

Ҽбдіғажы «піл» болды! Он үш ҿкіл ду болды Ҿмір бойы жыр болды... – 4 – Партияның мектебін, Кілең беспен тауысқан. Ақталып тер тҿккені, басшылыққа ауысқан. Қолдап үлкен қолбасшы, Тапсырма алды Отаннан. Аймағымның алғашқы полковнигі атанған. Орыс , моңғол құрметті шекарашы даңқы бар. Орындауда міндетті Кҿмектесер халқы бар. Орыс, моңғол ардақты, Чекистісі екі елдің . Атқарды істер жан-жақты, алған міндет ҿтелді. Шекарада жұмыстау – Қиын шаруа ісі ердің. Ебін тауып ұғысты-ау Комиссары үш елдің. Бұзбай ешбір ереже, Жұмыстаған шынбайлы. Қырық жылғы , атақ-дҽреже романға сыймайды. Орден , медаль тау тҿбе, сыйлық қалың үюлі . Кҿп сый алған тер тҿге, Жүректерге түюлі. «Соғыс Қызыл ту» да бар, «Алтын жүлдыз» қос қостан. «Еңбек Қызыл ту» да бар, талай дҿкей достасқан. құптай берген бас шұлғып, Ешкімі ауыз ашпастан... Жарқырап тұр тҿсінде «Соғыс даңқы» ордені. Барлығы елдің есінде ер еді ғой зерделі! *** Сыйға оранып кепсіз-ау, Халық қамын жепсіз-ау!

Кҿңілің кҿл дария, Мейірімің шексіз-ау! – 5 – Увслық ҽскер «қолбала» Қушыкеш жігіт болатын. Жұмысты жылдам қозғала тындырып істей алатын Бір күні келсе үйіне, Парадтық форум киіне, Ол : – Жолдас шерік ата –деп, рапорт берді иіле. Ұлымен ойнап бір жүрген, Үйде де, түзде күлдірген. Ойынмен ойын білдірген, бұл жолы тҽртіп бүлдірген. – Адамға жай бір теңейсің, Полковник неге – демейсің? – Балаң боп кеттім үш жылда, ҿз балам , мені – дегейсің. Дегенмен ҽскер қорқады. ал,ағай ақыл айтады... ... Баласы болып шынында үйіне кейін қайтады. Қызығы мұндай ҿте кҿп, Тіл қатпас ешкім тҿте кеп. Мҽуе боп бҽрі салбырап, Сыйлайтын : – Шерік ата! – деп. *** Ҽр ісі сҽтті басталды, Жүргізді жұмыс астарлы. Ҿте бір шебер ҽдіспен Отрядтарды басқарды. Табысы таудай тасқындап, Шекара алған тас қымтап. Жүзеге асты бұйрығы Офицер тыңдап, жас тыңдап. Елінің сақтап іргесін аямай жанын жүргесін, Отрядтарға үкімет Ұсынды талай жүлдесін. Моңғолда жалғыз мұсылман Комиссар еді ысылған. Лувсангомбо министр Мылтықты сыйға ұсынған. – 6 –

Шығу да зейнет ақыға, Ҿмірде жалғас сахна. Ұсынды сыйлық ҽр түрлі жүрсін – деп , қалмай қапыда . Сыйлады алты ат, жау дүргі, елжұрты алғыс жаудырды. Ҽн шырқап, тҽтті күй тҿгіп, Құлақтың құрышын қандырды. – Шыққанда зейнет ақыға, шықтыңыз биік шоқыға. Дүргімен – депті, – ҽлі де Шекараңызды бақыла! Жүреміз сізді ес кҿріп , Сыйладық еңбек ескеріп: – үш аяқ мотоциклмен Қайттыңыз күзет тексеріп. Ұстаңыз тіп-тік еңсені! Кеңесің шексіз ҿлшемі! Шекара алған жоқпыз ғой, алсақ та сізден кеңсені! *** Сіңірді еңбек еліне, Зар емес арман, мұраттан. Генерал болар шеніне Жан екен қалған бір аттам! Күлдари жары аяулы Серігі болды сая бақ. Ҿсірген сегіз баланы Мҽпелеп , күтіп, аялап. Толтырса нұрмен пҽк жанын, балалық парыз ақталар. Ҽкенің қуып ақ жолын ұядан қанат қақты олар. «Талапты ерге нұр жауар», табанды таймай тең түсер. «Ҽкені кҿрген оқ жонар», «Шешені кҿрген тон пішер». *** Сағынды ауыл-аймағы, бұлақ – жасы саулады. Терең ойға батып тұр Қабаңды ойлап таулары. Аңсап бұлты кҿшеді, Сабазды ойлап кешегі. құйып-құйып кетеді

Сағынғанда нҿсері. Сабазды ойлап кешегі, Самал желі еседі. Шыңы да аңсап ширығып, бұлтқа маңдай тҿседі. Бҽрімізге ес еді, аға да еді, дос еді. – Артта қалған ұрпақ бар, елі ҿлмеген – деседі. *** ...Толарсақтан саз кешіп, Қабаң ағай «шешті етік». ... Қырда жүр ғой із кесіп, келіп қалар кештетіп... *** Естімеген сенгісіз, еңіреген ер едің! Генералға бергісіз. биік тұлға дер едім! 26-27.06.2003 ж. Алтын аймағым

Базыналы шуағым, Бай-Ҿлгейім тұрағым. Құт мекені қазақ пен Ұранхай, Дҿрвҿт, Туваның. Кернеген күй, сыңғырлы ҽн, Кҿркі кҿзді тұндырған. Жасыл бағы жайқалып, Малы ҿрісте мыңғырған. Сайын дала. Ну орман, Құлпырады қыр алдан. Зҽмзҽм – ҿзен, кҿлдері, Бұлағы мың бұралған. Бақ, дҽулеті тасыған, Аңы қойдай жосыған. Арасаны шипалы Май ағады тасынан. Жерұйықтың атасы ‒ Алтай таулы жотасы. Халығыма дарыған Қыдыр Ата батасы. Адамдары періште, Алтын толы теріскей.

Қорғағанда Отанын Беріспеген ҿліспей! Қазақстан ірі елі, Ажырамас бір елі! Орын тепті бҽрінің Бауыр еті, жүрегі! Еселі еңбек тынбаған, Күнде ҽлемді тыңдаған. Дарияда балығы Асау тайдай тулаған. Ҿндірістер сап түзеп, Тың игерді текпілеп! Ҿркен жайды аймағым, Ғимараттар кҿк тіреп. Шабыт сыйлап «Бес тҽңір», Шаттана алға басты ҿмір. Тау қопарып, ерлерім, Қазып жатыр тас кҿмір. Таулы жерде қырқадан, Күнге жақын бір табан. Шаттандырып кҿңілді Кҿкте құсы шырқаған. Милиондап мал басы, Ҿнерде кҿп олжасы. Қанат жайды қалықтап, Білім, ғылым ордасы! Ұланғайыр ұлысым! Атамекен тынысым! Алпыс жылда асқақтап Арта берсін ырысың! Ақсақалдар данышпан, Ғылым жеттік, тауысқан. Ҿлгейімнің ақ шаңын, Швейцарияға ауыспан!! Сауық құрған халқы үшін, Жалын нұрың шарпысын! Гүлденетін дер шағың ‒ Тамылжысын тал түсің!

Ӛлгей деген қала бар Ҿлгей – деген қала бар, Менен сҽлем ала бар. Қобда ҿзенді сағынып, От боп лаулап жана бар. Ҿлгей – деген қала бар, Менен сҽлем ала бар. Ел сағынып, егілген Осы ҽніме сала бар. Ҿлгей – деген қала бар, Менен сҽлем ала бар. Алыс кетсем аңсатып, Жүрегімді жаралар. Ҿлгей – деген қала бар, Бҿкен тау мен дала бар. Кҿріскенше қош аман! Менен сҽлем ала бар. Бақытты адам бақытты білмейді екен

Бақытқа да адамдар тҿзбей ме екен?! Бақытты адам бақытты сезбейді екен. Жалпағынан жалғанды басып тұрып, місе тұтпай биікті кҿздейді екен! Бақытты адам бақытты түсінбейді, Баса берсін ілгері ісім – дейді. Ашылғанда араны аш қасқырдай Тҽкаппарлар кҿзіне кісі ілмейді! Бақытты адам бақытты білмейді екен, дер кезінде ойнап та, күлмейді екен. Басынан бақ қайтқан соң сонда ҿкініп, Жасағанды жатта кеп, тілдейді екен! 23 қазан, 2000 ж. Арыз-парыз (реквием)

Қатын балаң, мал-жаның, дҽулетің де, Тҿтеп бермей ажалға ҽуре етуде! Сұм тағдырға сеп болмай ҽл кетуде, Дҽм таусылса: батыр да, бай да ҿтуде. Қайран қызық ҿмірді қимасаңда, Аттанасың, күрмеліп тіл қашан да; Сҽнді тастап, кетем-ау, ҽнді тастап, Шабытымды шалқыған мҽңгі тастап! Артта қалған алты ұлым, бір қызым бар, Бейітіме бір белгі тұрғызыңдар! Дарынымды жау қайтіп үркіте алсын! Жанымдай пҽк жайнасын құлпы тасым! 15 тамыз, 1999 ж. Реквием: (құлпы тасыма жазыңдар:) Ғұмырын тағдыр тҽрк еткен, Бір жұлдыз сҿнді жарқ еткен! Ҿр ақын ҿтті дүниеден, Ар үшін жанын сарып еткен!! 15 тамыз, 1999 ж. 5 қыркүйек, 2004 ж. Халқым мені бағалайтын күн туар

Уақыт күншілдерден ҿшін алар, Кҿліксіз қиянаттың кҿші қалар. Тіріде түсінбестер кҿз жұмған соң, Күн туар, халқым, мені есіне алар. Күндестер! Қызғаншақтар! Табалайтын! Қарадай қан жаудырып қаралайтын! Аузына ақымақтың құм құйылып, Күн туар халқым мені бағалайтын!! Күн туар топастар да тұралайтын, Кез келер керенаулар қиялайтын. Жақсы күн – алыс емес, ҿлеңдерім ‒ Халқымның жүрегіне ұялайтын! 26 тамыз, 2002 ж. Әділетсіз әділ қазыларға

Кҿрісті де, оқытты жамап қайғы, Іштарлықсыз қашанда таң атпайды. Кісендеуі дарынды масқара ғой, Мені неге бҽйгеге жолатпайды?! Тҿрешілер жапалақ жалақтайды, Шығара алмай шешімін алақтайды. Тыйым салып торқалы тойда ҿлеңге, Неге бізді бҽйгеге жолатпайды?! Ҽділдікке жетпейтін ҿресі де, Тас байланған қу құлқын ҿңешіне, Күйкі болған күйкентай тҿрешіге, Бетке тартып, бетсіздік жасамауды, Ескертемін осыны келесі де! 30 наурыз, 1999 ж. Шипагер Тҿнген қатер – маза алған, Арашалап ажалдан, Айықтырып сырқатты Құлан таза жаза алған. Жан досыңдай сыралғы, Дҽрігер кҿп шыдамды. Дҽрігерлердің ҿзінен Дерт келді де сын алды. Дәрібике

Жұп-жұмсақ сҿзі, жүрісі, Болмайды оғаш бір ісі. Дҽрібике – аурухананың Басынан кетпес ырысы. Дҽрібике ҿмір тынысы, Бұзылған күн-түн тынышы. Ешқашан кҿзге кҿрінбес Дҽрібикелердің жұмысы. Бірі жоқ сҿзді ұқпаған, Бірі жоқ серттен шықпаған. Жазады ыстық жүрекпен Ешкімге қабақ шытпаған. Ажалмен ҽркез айқасқан, Дҽрібикең нағыз марқасқаң. Еліне еңбек сіңіріп Алады алғыс науқастан. Сырқаттың тектеп ҽр бірін, Таңертең сұрар жай күйін. Сағынып қалар бір күнде-ақ, Дҽрібикелердің «ҽлдиін». Түн бойы кірпік қақпайды Баспайды қатты тақтайды. Осындай дҽрібикені Ел-жұрты қатты мақтайды. Болса да озат адалы, Таңдаулы, шебер адамы. Ешкімнің сонда тҿсінде болмайды орден, медалы! Болмайды дҽулет, байлығы, Жетпейді нан-тұз шайлығы. Кезінде қолға ұстатпас Айлығы құрғыр айлығы!

Жақсылық жанға жасаған. Кезі жоқ, қолы босаған. Ажалдан арашалаған Дҽрібике қамқор бас адам. 14 сҽуір, 2000 ж. Туберкулез немесе кӛкірек ауруы

Сезілмес ауру жанардан, Туберклез сан алуан. Асқындырса емдемей, Қай-қайсы да жан алған. Дауаламаса бір ептеп, Ҿлтірер ажал түнек кеп; Туберкулез бҿлінер кҿкірек ауру, сүйек – деп! Ақсақалдар кҿп кҿрген, Айтқандары дҿп келген. Ҿкпенің туберкулезін Кҿкірек ауруы – деп, келген. Ҿкпеден суық ҿтеді, Жаныңа қас боп жетеді. Кҿкірек ауру науқастар, Күліп отырып кетеді. Ауадан жылдам жұғады, Бҽрі де мұны ұғады. Емдетпей қойсаң салақсып Сҿнеді ҿмір шырағы!! Сырқаттың ҿлім арғы аты, Ескермей алма алдатып! Кҿкірек ауру сырқатты, Қалдырма ашық албаты. Сымбатты бұзып бір ҿзі, Қисайтып тастар ілезім. Керемет жаман үрейлі Сүйектің туберкулезі. Тҿсекте тартып жатқызар, Кҿрер таңды кҿзбен атқызар. Қарға адым жер мұң болып, Керемет бейнет тартқызар. Гимнастика істеп ақ таңнан, Адамдар жақсы баптанған. Үш рет вакцина егіліп, Сақтанған дұрыс сақтанған!!

Қиял қанатында Үлкеннің ап, батасын, Бола қалып жас сҽби. Ойнайсың да жатасың, Кейде тігіп тастан үй. Кейде тулап жар таста, Тасқын болып тебесің. Кейде кезіп тау тасты, Болдырып-ақ келесің. Ақ кептерге еліктеп, Абзал жанға сүйініп, Құйқылжисың бҿліп кеп Қыран болып түйіліп... Мен бір жүрген пақырмын бағы жанбай

Қанша жыр жазсам да ҽн-ұрандай, Қырсыққандағы іриді қымырандай! Ҽділ қазы ҽділдік жасай аламай, Мен бір жүрген пақырмын бағы жанбай! Жазсамда жыр Шҽкҽрім, Мағжандай, Ұшып түсем баяғы тағы да оңбай! Тҿбе бисіз, тҿреші арқасында Мен бір жүрген адаммын бағы жанбай! Жазып жүрмін, жылы сҿз жан ұғардай, Түсіп келем бҽйгеге жалығардай. Бедірейген бетсіздер бетке тартып, Мен бір жүрген ақынмын бағы жанбай! Жазып берсем біреуге жаңылардай, Бҽйге алады ел-жұртқа танылардай. Ҿз атымнан жыр жазсам құр қаламын Не кінҽм бар, ҿзге есім жамылардай?! Қаншама жыр жазсам да ҽн-ұрандай, Қырсыққандағы іриді қымырандай! Тҿбе бисіз, тҿреші тең ҿлшемей, Мен бір жүрген пақырмын бағы жанбай!

Құлазу мен күрсіну Ҽділеттен жаңылып маза қашса, Кҿздің құртын ұшырса адал асқа! Ар заңымен ҿртеніп ҿлем отқа, Ақиқаттан адасып жаза басса!! Кҿкіректі пасықтық жаулағанда,

Құндылығын ұлтымның жалмағанда. Оямын да тастаймын ҿз кҿзімді, Қасіретті кҿрсетпей жау қоғамға!! Ақ, қараны айырмай сорлағанда, Күнҽсіз бен кінҽсіз зарлағанда, Қан жоса ғып бетімді тырнаймын кеп, Саясаты құтырған зор қоғамда!! Басып алды кеудені бірақ тұман! ‒ Сезік бер! ‒ деп, тҿсектен жылап тұрам! Қара ниет, ұятсыз бастық кҿрсем, Шыбын жанды шыңғыртып лақтырам!! Ашымаса адамға іші қанша, Тұла бойын тұңғиық ұшық алса, Талақ еттім тас түйін жүрегімді, Азап тартса үлкен мен кіші қанша! Қиянаттан шіріді сана, миым! Пана болмай құлазып барады үйім! Ертеңіне халқымның алағызып, Жанымызды жайлайды ала құйын!!... 22 желтоқсан, 2008 ж. Ұлықбекке

Сезім бұлты – сел ақын Ұлықбегім, Жүрегіме жырыңды құлыптадым! Бір бозторғай шырылдап шет жүргенін, Ҿмір бойы, бауырым, ұмытпағын! 23 желтоқсан, 1989 ж. Іңкәр сезім Кҿрікті едің, недеген кҿрікті едің?! Бұрын мұндай кҿрікті кҿріп пе едім?! Еліктіріп еріксіз елік – кҿзің, Желпіндіріп тастады желік сезім! Еліктірдің, керемет желіктірдің! Кҿкірегіме күй толы кҿрік құрдың! Арманымды аспанға лақтырып, ақ жүзіңді Айдағы кҿріп тұрмын! Кҿрікті едің недеген кҿрікті едің?! Кҿктем етті кҿңілімді кҿрікті ҿңің! Іштарлықтың орнына құштарлық Күн сыйлағалы сен Ай боп келіп пе едің! Кҿрікті едің, недеген кҿрікті едің?!

Найзағайды ұшырды жерік кҿзім! Аспаныңда күркіреп желік сезім кірпігіңнен бір ұшқын бҿліп бердің! 05 мамыр, 2005 ж.

  • * Аңқаулықтан атымды жығып та алам! Ауыз күйген! Қарадай құлыпталам!! Адам ойды кей-кейде ұғып қалам! Бармағымды ішіме бүгіп қалам!

Немереме

Жаңа ғасыр, жайдары ғасыр қарғам, Мҽртебеңді асқақтап асыр қарғам. Ақеркедей еркелеп келші атаңа, Сен де атаңның мойнына асыл қарғам! Жігеріңді ҿткірле дірілдетіп, Жеті қатқа қуантсын үнің жетіп! Жарқырап ҿт! Ез болмай жасын боп ҿт! Ҿміріңді ҿткізгін дүрілдетіп! Ҿлтіреді адамды құлқын құрғыр, Ұлтың дүлдүл – жайнап ҿт! Ұлтың білгір! Сақ бол! Бұзар кейбіреу күлкің құрғыр! Алыстағы самғай бер, армандарға, Дүниені, жарығым, дүр сілкіндір! 25 желтоқсан, 2002 ж. Кӛрімдік

Ҿлеңінен жүрекке кҿрінді Күн! Жырларыңа ел-жұртың зҽру бүгін. Журналыңның жайқалсын жапырағы Кҿзіңдей кҿр, ағаңның кҿрімдігін! Жырларыңнан жүрекке кҿрінді Күн! Тҽтті ҿлеңге ел-жұртың зҽру бүгін. Журналыңның жайқалсын жапырағы! Кҿзіңдей кҿр, ағаңның кҿрімдігін! Күндей күлдің кҿңілімің тҿрінде інім! Сара жолсың ҿмірдің ҿрінде інім! Құралады тамшыдан теңіз – деген, Сіркіреген сезімім – кҿрімдігім! Нарық қысты ҿкпеден қазір таңда, Кҿрімдігім – он-ақ мың азырқанба! Жанарымнан жарқ етіп нұр құйылды Күш, дем берер ҿзіңдей сезімталға! Зар замана ағымы

Бұл жалғанда алыптардың күші – ағын, Үлкен балық жұтады екен ұсағын Би,тҿренің кім біледі ісі «ақ» – ын?! Мүсҽпірге ашпай қойды құшағын! Бастық кҿрсем елестетем қырғиды. Кҿп алдында жҽдігҿйсіп шұлғиды! Сайланған соң жел уҽдемен құр биді Қайта айналып, биің елді қылғиды! Май шам, сірҽ, жарық болып жарымас! Жеткен қыздар тҿркіндерін танымас! Орнында бар оңалар – деп, алдайды. Тарихты талқан қылып талдайды. Қара бастың қамын ғана ойлайды, Қоғам мүлкін тып-типылғып жалмайды. Бҽрі шылғи – құр уҽдең, түбі игің! Ҽділет жоқ қу қоғамнан түнілдім! Жетім-жесір, мүгедектер құсалы! Шал-кемпірді жіпсіз байлап тұсады. Жұмыссыздар қаңғып қалды ызалы. Аш «күшіктер» ұлып шырқын бұзады! Бастық болып шығып келді ойы аздар! Ҿңшең есек – айқай құмар қораздар! Кедей сорлы қалды оқусыз қаранғы, Қайран дҽулет қорқауларға таланды. Заң адамы ақша кҿрсе алақтар, Батты олжаға арамзалар, жҽлаптар! Зауыттармен ҿндірістер «шетінеп» Ел бірлігі бара жатыр сетінеп! Ҿтірік, шын – ақ пен қара екі бет, Тҽлтіректеп ҽреңақ тұр ҿкімет! Қарыз алды: – Алаяқтар, қылқұрттар! Байып алды: – топас, сотқар, шибұттар! Кҿшкен елдің бұқаларын «мұз білек», Еру елдің танасы жүр сүзгілеп! Еш бағыт жоқ қоғам жолы қым-қуыт, Жастар кетті ашты су мен жын қуып. Есің жинап серпілмесең алашым, Енді мҽңгі оянбастан қаласың!

Ҽкесіндей еркелетті «шүршітті»! Тозған елді тоң қарға кеп үркітті! Тұрғанда осы арам ойлы құлқыны үйімізден қуып шығар бір күні!! 16 тамыз, 1999 ж.

Жағымпаз

Құрақ ұшып елпектеп, Мүлҽйімсіп мҿлтектеп, Ішіңе кіріп алады, Ҿтірік бетке кҿлкектеп! Сездірмей қорқау аранын, Оп-оңай тауып амалын, Жағымпаз жалап жүреді бастық пен байдың табанын. Жандай-ақ жаны ашыған, Табылар ҽркез қасынан. Жалбақтап, жақын тартқан боп, Кҿпіртіп ҿсек тасыған. Күлкісі удай зҽр екен, Зымиян, Зҽлім пҽле екен. Қоғамда зиян, қауіпті Атылғай тұрған дҽрі екен! 03 сҽуір, 2000 ж.

  • *

Аспанға шырқаса да тҿбемде ҿлең, Ҿтті кез талабымды кҿгендеген. Ақ бұлтты аралайын, нҽр алайын, Аяулы арманымнан тҿмендемен! 29 желтоқсан, 2002 ж.

  • *

Ей, қызғыш құс,қызғыш құс! Кҿкірек шер мұз бұзғыш! Атамекен! – Арманым! Киеңізбен бізді ұшқыз! 29 желтоқсан, 2002 ж.

Қайран адал достар-ай!

Жүрегі пҽк, жаны пҽк,

Ұяты пҽк, ары пҽк. Қайран адал достар-ай! Тұла бойы – бҽрі пҽк. Ашық аспан кҿк зеңгір ‒ Шуақ күндей тҿккен нұр. Қайран адал достар-ай! Кҿңілдері мҿп-мҿлдір. Аппақ тамшы сезімдей, Ботаққанның кҿзіндей. Достарымды жүріппін Дер кезінде сезінбей.

Ӛткінші Ӛмір (Ҽні, сҿзі: автор)

Мерейіңді шырқыратып, Сай-сүйегіңді сырқыратып, Сезбедің-ау, сүйіктіңді Кететінін бір күн атып, Қызыл қанын бұрқыратып!! Адамдарды тұралатқан, Пҽле! ‒ деген бір-ақ аттам! Сезбедің-ау, сұм дүние, Тұратынын қиянаттан, Ажал ‒ тажал бір-ақ аттам! Жан болмады сырыңды ұққан, Қасқыр – ҿмір жұлып жұтқан. Сезбедің-ау, тағдыр ‒ талақ Жаралғанын зұлымдықтан! Қапелімде дымын құртқан!! Күл-талқан боп бар арманың, Қастан ҿшті ала алмадың! Сезбедің-ау, сұм жалғаның Жауыздықтан жаралғанын! Қас-қағымда жан алғанын! Сезбедің-ау, сұм жалғаның, Жауыздықтан жаралғанын! Айналайын бейуазым, Быт-шыт болды-ау, бар арманың! 16 қазан, 2007 ж. Астана, Қара-Ҿткел.

Сақтану керек спидтен Қарамай бейғам үстірттен, Сақтандық тайлай күшті «Иттен». Қабынса ҿкпе қатерлі! Қорғану керек СПИД-тен! Ақылдың алсаң: нақ шыны, Беттемей балгер ‒ бақсыны, Жұқпалы дерттен алыс жүр Тыйғаның дұрыс нҽпсіні! Сағынкӛгім, құлыным! Арнаған асыл батамды, Сағынкҿк бақтым ботамды Қалса екен жаның жарығым! Қаңғырта кҿрме атаңды!! Қанша таң кірпік ілмедім, Қайтерімді ҽттең білмедім! Сарыла күткен сҽттерде, Сағат та, шіркін, жыл ма едің?! Қорыққанда түрім-ақ жеммін, Ес-ақыл қалмай мең-зеңмін. Зар жылап жанын тілеймін, Сағынкҿк сынды кенжемнің!!

Жатырсың шҿлдеп, қаталап, Жылайсың бас сап аталап! Ағыл да тегіл боздаймын, Ботам ‒деп, ботам, баталап!! Атаңның шыбын жанысың Ағарып атар таңысың!! Құлақтан қайдан кетеді-ау, Сыңғырлы сұлу дауысың!!

  • * Айналайын күлкіңнің сыңғырынан, Шыбын жаным сен үшін мың қырылған! Жетектеп ап, жетер ем болашаққа Жүрегіңнің ұстатсаң «шылбырынан»!
  • * Іздемеңдер жігіттер, қызды алыстан, Күдер үзбе, ауылдас, жүз таныстан.

Бір құдайдың болады бұйыртқаны Таңдап, сірҽ, кҿрмедік біз де алыстан. Сезіктеніп ақыры жаман адам ‒ Ҿледі екен жарылып қызғаныштан!

Кӛңіл айту Даладай дархан жүрегі, Жүрегі Күндей жылы еді! Желкілдеп ҿскен ботадай Сүйкімді жанның бірі еді Аялап арман құшқанда, Ұядан жаңа ұшқанда, Жолықтың, қайран жарығым, Аяусыз ажал дұшпанға!! Маңдайымызға сыймадың! Жаз бейнең, есте, дидарың. Жарқ еттің жарық жұлдыздай! Жолдасың болсын ‒ иманың! Аман жүрсін қарттарым! (терме жыр) Еңбек етіп, түбі игі, Маңдай терін сіңірді. Талай-талай күрделі, Бастан кешті ғұмырды. Ол бірлікте: қырық кісің, Жұмылдырған жұрт күшін. Берекенің ұйтқысы Мықтының ең мықтысы. Еліжұрты паналар, Қариялар, даналар!

Қаһаралы аяз қарда ҿскен, Сұрапылда саз кешкен. Шайқаста бел шешпеген, Бейнеті жоқ кешпеген. Ақ арманға сүйреген, Қатарлары сиреген. Кеудесі кең даладай, Мінездері баладай. Елі, жұрты паналар, Аман жүрсін, даналар. Ақыл айтқан пайдалы, Жаны жомарт жайдары. Ҽр ауылдың кҿсемі Үлгі ап, ұрпақ ҿседі. Асқар таудай саялы, Алақаны аялы, Қадау-қадау тұлғалы, Адалдық жол қуғаны. Елі жұрты паналар, Қариялар даналар. Арқа тұтар ҽр ұя, Кҿңілі кҿл дария. Жақсылыққа бас болған, Жауға қатал қас болған. Ҿмір кҿркі – аналар, Ана кҿркі – бабалар. Бҽрі үлгі ала алар, Аман жүрсін, бабалар. Елі жұрты паналар, Қариялар, даналар.

Кҿнекҿзім кҿреген, Арта берсін, ҿнегең! Бақыт сыйла, сая бер, Құшақты кең жая бер. Шуағысың, нұрысың, Жүрек жарған жырысың. Жалғастырған ұлы ісін, Ірінің ең ірісің! Елі жұрты паналар, Қариялар, даналар. Құлақ салғын сҿзіне, Кҿкірек күй – шежіре. Қамқорлықты аяма, Қарт адамды аяла! Бойларында бұла күш, Балалары құрақ ұш! Құтты болсын 70 жыл! Құтты болсын қуаныш! Елі жұрты паналар, Аман жүрсін, даналар! Данышпансың елдегі ( Тасболат Қасеновке арнаймын.) Тасболатым, Қос қанатым! Кҿші-қонмен осынау Кҿкше тұрғой Дүйім елге жігітсің, Бас болатын!

Ең аяулы адамсың – жиырма бірінші ғасырдың! Жалынынан жаралыпсың, жалын шашқан жасынның! Асқар, асқақ ата-анаң! Сынығысың асылдың! Қасиетіңе бас ұрдым! қасиетіне бас идім! Мүмкін емес сендей жанды хан тағына сайламау, Мүмкін емес сендей жанды сарғайып бір сағынбау! Нұр шаша бер, жарығым, мекемеңнен шағындау, Жүре берші, бауырым, аман-есен жанын сау!! Саған - деген сарғайған cағынышым сарқылды, Ардақ тұтып халқыңды, асқақтаттың салтыңды. Ішкен асын сен – десе, жерге қойған ел-жұртың Жазсын саған, құдайым, шаттануды шалқуды!!

Ең силы да, сыпайы, ғажап жансың елдегі! Сен – дегенде кернейді ыстық сезім кеудені! Шыққан кҿңіл мыңнан – шуағың мен шұғылаң ‒ Нұрландырған зердені данышпансың елдегі!! Ізгі тілекпен, ыстық жүрекпен Ақын ағаң, Берімбай Ысқақұлы 2007. 12. 14 ж. 13 cағ 10 минут, поезде жазылған.

  • * Мен едім қазағымның бел баласы, Кҿп сорған ҿлгейліктің қан даласы. Сыйғызып жетім құсын кең даласы, Күн бар ма бұйырар үй Жолдамасы?!?!

Ұлы күні ұлыстың

Мҽз-мейрам, мҽре-сҽре іргелі елі, Табылып жаңа жылда іздегені. Наурыз құтты болсын думаныңыз, Кісінеп жарқыраған жыл келеді.

Бақытты шат-шадыман ел екенбіз, Тасқындап арта түссін берекеміз. Шалқысын шарықтасын шаттығыңыз Наурыз құтты болсын мерекеміз!

Жалындап жана жылда жайнадыңыз, Думан той құшағында аймағымыз. Жыл киелі мал-бас аман, ауыл – аман, Наурыз құтты болсын мейрамымыз.

  • * Инеден тайып, піл жығылып, қирайды, Дарияда жүріп, екі елі тілің құрғайды. Оймақтай кҿзге бар ҽлем сыйып тұрғанда Алып кең дүниеге адамдар неге сыймайды?!

Кӛңіл құсым

Айға шапты арманым неше күндей, Дарын құсым сайрайды кешегідей! Кҿңіл құрғыр дҽмесі құз басында! Ойым мырза бір елдің кҿсеміндей.

Қанша таяқ жесе де ұтылудан! Кілең қара кҿк сынды тұқымынан, Шаппай бҽйге қазір-ақ алатындай, Есіл кҿңіл қарадай құтырынған!

  • * Шҿлін басар сусаған мал да, халық, Кҿктетемін қураған талға барып. Тіршілікті бұлақтар оятады Қайтер едім жоқ болсам шҿлде қалып?!

Игі жандар қуанам, сұйылғанда, Дарияға тамшы боп құйылғанда!! Сылқ-сылқ күліп аққанға тҽуба деймін Бұлақ – ғұмыр құдайдан бұйырғанға.

Алатаудың тәп-тәтті алмасы едің

Айналайын ақ күміс алмас едің, Алатаудың тҽп-тҽтті алмасы едің. Сенің ыстақ ҿлсем бір құшағыңда, Бұл жалғанда арманым болмас еді.

Кҿркем едің, Еркем едің, Еліктей еркеледің.

Кҿлге жүзген аққудай кҿрінесің, Кҿзге сұлу сағымдай ҿрілесің. Ұшып кетсең ұядан алыс шалғай, Ҿртенеді ҿзегің езілесің.

Аяулым-ау аңсаймын берілемін, Түйіп алдым жүрегім тҿріне мен. Күндіз ойдан шықпайсың түнде түстен Тан атқанша түсімде сені кҿрем.

Саумал, самалым, Сенсің жаңа ҽнім! Сағынбасқа жоқ амалым!

  • * Адам құдайдың бұйырығынан аспайды, Асам – деген кісіні салындығып тастайды. Басқа тепсе ҿз бағын, Жамандыққа бастайды.
  • * Екеумізді құдайым жолықтырды, Жолықтырды, жүретін жол ұқтырды. Жыртық-жыртық жүрекке жамау таппай, Мҽңгі бізді ит – ҿмір жалықтырды.

Жұбайлар жыры

Тҽттілігі сүттегі, тек, кілегей, Бағымызды басымнан текпілемей, Қарапайым жар боп Күн кешсек болды Елден ерек тҿбеміз кҿк тіремей. Татулықта жол табар, Бақыт құсы сол болар. Кҿзге түспей ерекше сылақтанып, Қос жүректен қосылған шырақты алып, Кҿтере алмай мҽуеміз салбыраса Жеміс ағаш бұтағы сияқтанып. Сыйластыққа жол табар, Бақыт құсы сол болар. Аққу шарлап, айдынын да елегізді, Ҽн қалықтап тербетті ҽуемізді. Болашаққа ұмтылып бара жатсақ Кҿкжиеке ұшырып «Мҽуемізді»! Бал ұясын аялап, бал «отанын», Туын жықпай мҽңгілік нар атаның, Қосағымен жар болсақ қоса ағарған Болашаққа ұшырған балапанын. Арманы бір жол табар, Бақыт құсы сол болар.

Біреу ерте, біреу кеш құлар ма екен?! Біреу ерте біреу кеш құлар ма екен?! Бірер жылға денсаулық шыдар ма екен?! Дария дарын қайтейін қайран жүрек Бір-ақ күні соғысың тынар ма екен?! Біреу ерте біреу кеш құлар ма екен?! Күн күлімдеп, бірер жыл тұрар ма екен?! Мың күн сҿнбас шҿлмегің бір-ақ күні Бір-ақ күні мезгілсіз сынар ма екен?! Біреу ерте біреу кеш құлар ма екен?! Тағдыр тарлан кҿңілден шығар ма екен?! Жүйрік аттай жүйткіген қайран жүрек, Бірақ күні соғысын тынар ма екен?! Жаңа жыл Мен жаңа жылмын! Бағыңмын Балауса шағыңмын. Балғын бҿбегім Сендерді сағындым! Мен жаңа жылмын! Берекесі елдің Алдыңа келдім. Сыңғырлаған Дауысы – тҿлдің.

Мен жаңа жылмын! Баласы ғарыштың Басы табыстың. Бар жақсылықты Сендерге ала ұштым!

Мен жаңа жылмын! Жаңа ғасырмын! Сынығы асылдың. Ортаңа еніп, шуақ боп шашылдым.

Мен жаңа жылмын! Нұрмын! Жауқасын жырмын. Бірге тойлағалы Алдыңа келіп тұрмын.

Мен жаңа жылмын! Сҽбимін! Есігін қақтым сан үйдің! Алдыңа ақ қармен Сан шырақ сҽн үйдім. Мен жаңа жылмын! Сҽбимін!

  • * Тартым кҿп азабын сағыныштың, Жүрегімді сен жаққа алып ұштым! Алып ұштым ҿрт дауыл жарып ұштым! Лапылдаған, лаулаған жалын іштім!!

Тоқтатпайды кҿңілдің құс-пырағы.

Қара жорғам құлағын қайшылады, Қалың бұлттан жарқырап Ай шығады. Дала меңіреу ел кҿшкен айнала мұң! Кҿңіл кҿктем құлазып ойсырады.

Тайпалады, жануар кҿсіледі, Есінеді бірақ жол кешігеді. Ақ кҿгершін арманым алға сүйреп

Асығуда кҿңілдің кҿш легі.

Қара терге шомылып пысқырады, Алып қашып, сҽл тартсаң күш қылады. Тау асырып, ілгері алып-ұшып Тоқтатпайды кҿңілдің құс-пырағы.

  • * Жайшылықта білмейміз, біз ғаламда Аудармаймыз кҿңілді ізгі адамға! Адамдықты сеземіз сонда ғана, Бас ауырып, балтырың сыздағанда.

Ізет берген құдайым мұсылманға, Арашышы ардақты кісің жанға Мұрынының ұшында жан тұрғанда, Қол созады жақсы адам қысалғанда.

Ұядан ұштық Кеше ғана бүлдіршін ек қаршадай, ‒ Мектебімнен білім алдық шаршамай, Қызық қуып, қиял қуып ер жеттік, Адам ҿмір сүрмес арман ансамай! Ҽкем келді біріншіге жетелеп, Ол кісіде ҿз борышын ҿтемек, Жҿнімді айтып, кетті мені тапсырып, Ұстаздарға кҿп сҿйлесіп жекелеп, Сыныпқа ҽкеп, отырғызды партаға, Қолында бор ұзтаз тұрды ортада, Үйретуде бізге қалам ұстатып, Мадақтайды қағып қойып арқаға. Суыртпақтап сұрады халжайды. Түсіндірді мектептегі жағдайды. Тараған соң бізге сабақ жаттатып Бар уақытын оқушыға арнайды.

Міне осылай, жазып-сызып үйрендік, Жатақ-деген мұнтаздай бір үйге ендік, Ала таңнан кеш батқанша жоқ тыныш, Мектептгі таусылмайтын күйбеңдік.

Білім алдық, тҽрбие алдық, есейдік. Артта қалды дым сезбейтін мешеулік. Ұстаздардың арқасында аялы Адам болдық бҽріне де тҿселдік.

  • * Жүрек тулап, тұр кеудеге сия алмай, Мақтанамын біліміммен ұялмай, Рақмет, алтын ұя мектебім, Қашып бара жатырмынмен қия алмай!

Зу-зу етіп, ҿте шыққан ҿмір-ау. Той боп жатыр, бүгін соңғы қоңырау. Армандарға қанат қағып барамыз, Жолымызды оңдай кҿрсін, тҽңір-ау!

Қайран менің туған жерім, шіркін-ай!

Аспанымен таулары таласатын. Биіктігі паш еткен парасатын, Ҿзен, кҿлі жарқырып жарасатын, Болашаққа белінен жол асатын. О-о-Ой! Қайран менің, туған елім! О-о-Ой!Қайран менің,туған жерім!шіркін-ай Қорасынан мыңғырып мал ҿретін, Ойын-күкі, думанға бҿленетін. Кҿзден бұлбұл ұштың ғой, айналайын, Қайран туған ауылым, кереметім! Қайырмасы: Сағыныш мұң сарғайтып ой салдырды, Кҿкірегім ҿртеніп қарс айырылды! Жүрегімнің самалы желпігенде, Асқақ арман-ақ бұлттан ҽн салдырды! Қайырмасы: Қайран Алтай тауымның қыраттыры, Жүрегімнің түбіне тұрақтады. Түсімде де туған жер демеп мені, Сағыныштың құзынан құлатпады!! Қайырмасы:

  • * Ұстазбын сұрасаңыз іс-бабамды,

Ҿзенмін буырқанған күшті ағынды Талаған талай қасқыр пұшпағымды, Берімбай ақын атаң Ысқақұлы!

Бұйырмай атамекен бір пұшпағы, Тау жайлап талай қазақ қыр қыстады, Зар болды ата бабам туған елге! болды топырағынан бір құшқалы!

Ҿткіздік түркістанда жиын-тойын, Қазақтың қасиетті құрылтайын! Айтайын айналайын тындасаңыз, Бар еді кҿңілде бір бұйымтайым:

Аяулы бауырым, асыл қандасым!

Текті атадан тегі күштітектесім! Ҿміріңнің елге арнадың кҿп кешін. Айналайын бағымызға аман жүр! Кҿңіліңде кҿктем гүлі кҿктесін!

Келгенімде Сізді таудай ес кҿріп, Қабылдап та үлгердіңіз ескеріп! Жан екенсіз ҿте үлкен жүректі! Мынау сізге-болсын мҽнгі естелік!

  • * Тҽубаңызға түсіретін қалыпты ой; Тҽңіріңіз таразысы халық қой. Асып тасып бара жатқан кезінде, Таз кебіңді есіңе бір алып қой! Жер мен кҿктей адалдық пен арамдық! Қолдағыны қанағат тұт, шамаңды ұқ! Қанша байып кетсең дағы шелейіп, Кеше күңгі кезіңді еске ал, жалаң бұт!

Жаралады бұл жалған

Жаралады бұл жалған кҿленке мен жарықтан. Жағымпазбен ел кұртқан, Қарапайым халықтан.

Жаралады бұл жалғанТопастардан, данадан. Бастықтардан сұмпайыҚандалаша қанаған:

Жетім қарыны ашқанын, елдін құты қашқанын, елемейді есуас, күйттер қара бас қамын! Жаралады бұл жалғанҾтірік пен шындықтан. Хан кҿтеріп суайтты, Шындықтарды шыңғыртқан. Жаралады бұл жалғанБейуаздан, сұмдардан! Адал ҿліп, сұмырайы секіреді сындардан. Жаралады бұл жалғанКедейлерден, байлардан. Бай шаптырып аспанға, Жарлы мұңға байланған. Жаралады бұл жалған, Адамдық пен жауыздан. Пҽгі жүдеп, жауызы Қанын судай ағызған! Жаралады бұл жалған Момындардан, озбырдан. Момын жер боп, озбыры Құм қаптырып жазғырған!! Момындарды сҿз қылған, алдынан ор қаздырған Саясаттар бүгінгі: Күн жасаған озбырдан!!

Жаралады бұл жалған, Кҿреген мен соқырдан. Кҿрмеген боп кҿрсе де, Кҿзін жұмып отырған!! Жаралады бұл жалған Ақтан, түндей қарадан. ...Кҿздің ағын шел басып, түндей кҿкке қараған!!... 29. IV. 04ж Бақыттылар бақытты білмеіді екен Бақытқа да адамдар тҿзбей ме екен?! Бақыттылыр бықытты сезбейді екен, Жалпағынан жалғанды басып тұрып, Місе тұтпай биікті кҿздейді екен! Бақытты адам бақытты түсінбейді, Баса берсін ілгері ісім-дейді. Ашынғанда араны аш қасқырдай, Такапарсып кҿзіне кісі ілмейді.

Бақытты адам бақытты білмейді екен, Дер кезінде ойнапта, күлмейді екен, Басынан бақ қайтқан соң сонда ҿкініп, Жасағанды жатта кеп тілдейді екен! 12.10.2000ж.Ҿлгей Ұстаздарды аялайық Кҿшбасшың білімде ел кҿшінің, Жылуы мол жүрегі кең бесігім. Қасиетті ұстаздар шҽкіртінің Алтын күні – нұр құйған зердесінің! Алғыр, адал, ақ кҿңіл аңқылдаған, Жаны жайсаң, жаз мінез жарқылдаған. Шұғылалы шуақпен жас ұрпақтың Кҿңілінің күмбезін алтындаған. Қиянатқа баспаған тумысында, Аямаған қол ұшын «Жыл құсына» Кҿкжиекке ұшырып балапанын Сағым-қиял кҿзінің тұр ұшында.

Мҽнсап, билік, байлықтан мақұрым жан, Тұлпар-кҿлік кҿрмейсің тақымынан. Түбі терең тұңғиық теңіздейін, Дҽріс сыйлап жатады ақылынан. Жүрісі нық, қашанда жұмысы нақ, Құдай берген осынау ырысы бақ. Бір кездегі ұстазың сан жылдан соң, Тұрады ылғи кҿзіңе жылы ұшырап. Бұдан артық бақыттың керегі жоқ, Артық бақтың адамға берері жоқ. Білімдерін шыңдайды жатпай-тұрмай Бұл жалғанда білімнен тереңі жоқ. Аулақ болар пысқырып ісінуден, Қызғаныштан жан емес іші күйген. Ҽрбір ұстаз алдағы еңбек жолын Адам жанын бастайды түсінуден.

Қызғанбаған, міндетсіп бұлданбаған Ары таза ешқашан былғанбаған. Тізе берген маржанын ҽр ҿнерден Сегіз қырлы, бір сырлы құр қалмаған.

Қашан кҿрсең қағылез, қарапайым, Саясаттың кҿп кҿрді солақайын. Алпыс жасқа келсе де ҿкіметі Ескерусіз тастайды дара тойын.

Құрау-құрау етек, жең күн кҿрісі, Жүргенімен қиналып күнгей іші. Басы байлы, ел жаны ашымайды Тар шеңберде жүрсе де, ілгері ісі.

Шҽкірт арман − артында басқан ізі, Орындалып мақсаты асқан ізгі. Отанына ер жетіп оралғанда Қуаныштан ұстазы жас тамызды.

  • *

Балаймын тамшы мұңды – азды алтынға, Саламын кҿз қырымды қыз қырқынға. Жүрегім иіріміне үңіліп кҿр, Кҿңілім бҽз-баяғы, қаз-қалпында. Жайлады жүрегімді алақұйын, Тарайып күннен-күнге барады үйім. Кетсең де егде тартып, қу кҿңіл-ай, Есімде бҽз-баяғы бала күнің. Қаз-қалпы сезімімнің мҿлдірі де, Келмейді: оңай-оспақ кҿндіруге. Кҿңілім ҿзің жаққа ұшып кетіп, Кетіп жүр күннен-күнге дегбірімде! Аяқ қолы, қанаты да жоқ кҿзі, Кҿк теңіздей құтырады пҽк сезім. Жүрегіңді жаулап алған, күйдірген Алаулаған жалыны да, от та ҿзі! Ой-жарадан ҿршіп кеткен күйігі, Оны жазу қиынның ең қиыны! Тоқтатпайды дедектетіп қаңбақтай Алай-дүлей сезіміңнің құйыны.

*** Ҿлеңге де күні-түн толғатасың, Мида ғана түзейсің бар қатесін. Дҽн татпастан қайғыңды тарқатасың, «босанған соң» сергисің, тіл қатасың. Шырылдап ой-торғайым арада ұшты, Сарғайған сағыныштан сана күшті! Кҿңілдің жеткізбеген кҿбелегін Уақыт – аяулы да, аянышты! Ҿз ұлыңды жебесең Тойған қозыдай томпиған, Момақаның монтиған. Кеп тұр міне, Болаттай Тағы да бір қолтумаң! Адалдықтың жолында Ҿскен тумаң жоныңда Иісі сіңген тоныңда Шығарсаң да қолыңда Сірҽ, жерге қаратпа Тағдыры ҿз қолыңда Ҿткен ата-бабаның Киесі бар қаныңда Кҿз қырың сал, Бокеңдей

Жақсы адам жүр жаныңда! Шығармай жүр есіңнен Халығыңның қамын да! Болатыңды соғып ал Қызған осы шағында. Ақсақал да, бала да, Осы Бҿкең жағында Досқа күлкі дұшпанға Таба қылып қағынба Болатта тұр бағың да! Айырылып қап ҿкініп Қапы қалып сағынба! Кҿздің қырын салмаса Обал болар момынға! Айналайын ағайын Осы киелі Ойғырда Намысыңнан айырылма! Сын болады ойғырға Майыспа да майырылма! Құдағиға арнау Жүзіміздің сҽулесі шағылысып, Бірімізді – біріміз сағынысып, Айдынына асыққан аққудайын Құдаларға жетуші ем алып ұщып! Ҿткенімен ҿмірден құдам асыл, Бҽрімізге бақ сыйлап жаңа ғасыр, Сексенге кеп аяулы құдағиым, Той боп жатыр шалқыған ұлан-асыр!

Сҽнді ҿмір ұрпаққа кҿкседіңіз! Жүзге жетсін құдағи сексеніңіз! Құтты болсын тойыңыз! Айналайын Немереңіз, шҿбере, шҿпшегіңіз! Құрбыға тілек Тҿл ұямнан тауысқан, Тете ҿсіп, тең ұшқан. Құтты болсын орденің Жалын құшқан Жеңісхан! Терезесі тең келген, Тҿрт құбыласы кең келген. Халығына дем берген Қалың жұрты тең кҿрген. Талабымен топ жарған, Табыстармен таңды алған. Адал туған, ақ кҿңіл «Алтын жұлдызды» Жеңісхан! Ахметұлы Жеңісхан! Құтты болсын орденің!! 30. IV.2000.ж Қайран әкем Мұң жайлады, кҿкіректі, ҿзекті! Жасқа кҿміп, бір жыл, қалмай тез ҿтті! Аңсағанда ҿзіңізді ҽке жан, Жанжүректен сағыныштың сазы ҿтті!

Атың қалды қос құлағын қайшылап, Кҿне кҿз жоқ, кел дейтұғын жай сұрап! Балаларың кҿңіл күйден құлазып, Орның қалды, үңірейіп ойсырап. Мҽңгі есте жарқын жүзің, дидарың! Есімізде күлімсіреп тұрғаның! Асыл ҽке, жҽннатта болсын жаныңыз Құдай қолдап, жолдас болсын иманың! *** 1921 жылдан бұрын

Қалың кедей халықтан озған оңай, Шынжыр балақ, шыбар тҿс аз ғана бай. Кҿзге ілмейді жас жетім, жесірлерді, Сұлуды алды бай шалдар бозбаладай. Сұрау сұрап пақырлар дала кезген, Зар заманнан білімсіз бала безген. Тҿңкерістен бұрынғы Моңғол елі Кҿз ашпады ауру, құрт мерезден. Қалың елді жайлайды қараңғылық, Жалшы болды ҿрім қыз, балаң жігіт. Жұрдай болды ҿндіріс, ҿнеркҽсіп, Оты маздап жанбады санаңда үміт. 1921 жылдан кейін

Артта қалып, бар бейнет жыл бұрынғы, Кедейліктен құтылып ел құрылды. Армандаған ашты да түңлігіңді, Жарқыраған арайлы туды күні. Тартқанында сазайын жазасының, Қарсыласып бай алды таз ашуын. Мейірі қанып жұтады жас ұрпақтар, Кҽусар бұлақ білімнің «таза суын»! Орнады да бірлестік ең алғашқы, Ҿкіметке бар мүлік ортақтасты. Ҿнеркҽсіп, ҿндіріс бой кҿтеріп Аймақ, сұмын, қалаға ел топтасты. Бүр жарғанда бақыты бүршігінің Бостандықта ел қойды күрсінуін. Шарапаты шалқыған шат заманда Революция жақсарты тіршілігін. Ырыс, құтқа ел жырғап кенеледі, Тақыр кедей байлармен теңеледі. Ҿнер, ғылым, ҿркендеп мҽдениет кҿсегесі халықтың кҿгереді. Шұғылалы шуақты нұрға толы, Партияның бастаған сара жолы. Моңғолия ҿзгеріп танылмастай Халқымыздың ҿркенге жетті қолы. Молшылық кеп, дастархан астауыма Аспа тҿк боп, ел тойды қас-қағымда. Зор бақытқа халықтың қолы жетті, Партияның кеменгер бастауында. Ардагерлер ардақты ел еркесі, Жас ұрпаққа мақтаныш ҿнегесі. Жүректерге жақсылық ұялатқан Құтты болсын партия мерекесі! Болғанымен бҽсеке аты шулы, Кҿздемедік мін тағып, атысуды. Партиямыз күнінде думандатып, Мақсат тұттық жарысқа қатысуды. 28 ақпан, 2004 ж.

Қамарға Жүректегі жан арна, Дұғай сҽлем, Қамарға! Үш ҽнімді бүгінгі Сиғыза сал хабарға! 18 Наурыз, 2004 ж. Құдағиға (Ҽзіл) Ҿтініш кҿп замандас құдағиым, Ҿртеп отыр кеудемді бұла құйын! Күнде кешке сыдыртып барар едім, Сарыбҿктерде, шалғайда бірақ, үйің! Бүгін шалқып, құдағи самғасын ҽн, Ыстық ҿтіп барады жамбасыңнан. Құрдастарда болады күбір-сыбыр, Отырайық ұзақтау шам қасынан. 7 қазан, 2000 ж. Берімбай Ысқақұлы мен Құдағиының айтысынан үзінді

Б.Ы: Кҿңілің болса кең жайлау тҿсінде кел, Екінті ақшам тасалап бесінде кел! Шыныменен жеңілсең, жас құдағи Құдаңыздың қойнына шешінде кел! Құдағи: Жақсы адамның шалқыған тілеуінде, Отыр аға ата-енем, күйеуім де. Ұяламын халықтан, болса оңаша Елемес ем құрдастың біреуінде! Б.Ы: Жан тартамын жанымды құйып тұрып, Естідіңдер ҽніме ұйып тұнып! Ұлы сҿзде ұят жоқ қымсынбай-ақ, Мауқымды бас, бетімнен сүйіп тұрып. Құдағи: Той тойладық, ел жұртты жиып тұрып, Қалай айтам:- кҿңіліңді қиып тұрып. Ар ұяттан адамдық аттамаңыз, Нҽпсіңізді ҽзҽзіл тыйып тұрып! Б.Ы: Мҽселені жібермей ұшықтырып, Орныңыздан, құдағи ұшып, тұрып, Мейірімді, шіркін-ай, қандыршы бір Алма кезек бетімнен құшып тұрып!? Кұдағи: Жан сырыңды жаныма түйіп тұрып, Еркелейтін, басымды иіп тұрып.

Шамаң болса, құдажан, келші, кҽне! Қандырайын мейіріңді сүйіп тұрып. Б.Ы: Ҽнге бастың, ҽріптес, қызықтырып, жан сырыңды жүректен үзіп тұрып. Ақ тҿсіңді айқара аш, аймалайын. Айдындағы аққудай жүзіп тұрып. Құдағи: Нҿсерлеттің, құдажан, нҿсерлеттің, Ертесімен болмайды кеші еңбектің. Неге екенін білмеймін, мысың басты, Дауыл тынып, дағдарып бҽсеңдеттім. Б.Ы: Таң атқанша айтыстым, нҿсерлеттім, Қиясына ҿлеңнің неше ҿрлеттің. Мҽнгі қалсын, осы айтыс белгісіндей, Ақ тҿсіңді жалаңаш тҿсей кеткін! Құдағи: Кҿп алдында кҿпірмей бҽсеңдеткін, Дұрыс сҿйлеп, ҽніңді ҽсерлі еткін! Терісіне симаған шу асаудай Билеп апты, бойыңды кеселді екпін! Б.Ы: Тартысындай айтыстың ҿткелектің! Кҿпірме!- деп кҿңілімді кҿктеп ҿттің, Кҿңлің болса – деуші еді – кҿш жҿнекей «Не себептен тартындың, ҿкпелеттің?!» Құдағи: Жүйрік едім алдыма жан салмаған, Болмаған ел, ҽніме тамсанбаған! Аяқ асты тасырқап қалдым бүгін, Ақын едім, атқақтап, ҽн саулаған! Б.Ы: Тасырқадың, ҿлеңде, тастақтадың, Шабыттандым, шалқыдым, асқақтадым! Мҿлт-мҿлт етіп кҿздерің мҿлдіреп тұр Жанарыңды аяумен қас қақпадым. Құдағи: Шарапатты құдадай шешен кепті, Амал бар ма, ҿлеңде есем кетті. Ҽзіл күлкі ҽдемі айтыс болды Сҽн келтіріп, сазымен ҽсемдетті. Б.Ы: Бұза кҿрме! Айтыста шартымызды, Ата дҽстүр ойлай жүр, салтымызды.

Жеңілмеңіз, осымен, айналайын, Беріп кеткін, орамал-шаршымызды! Құдағи: Жырларыңмен жанымды жанап ҿттің Естеліке орамал ала кеткін. Қала кеткін. мейлі дала кеткін, Мейман болып, дҽм татып, қона кеткін! Кҿңіліме кҿл-кҿсір қана кеткін, Сыңғырлаған ҽніме сала кеткін Сағынғанда сары жайлау самал кешін, Сылқылдаған күлкімді ала кеткін! Б.Ы: Домбырамның бір күй бар шанағында, Айталмаған бір ҽн бар тамағымда. Май берсе де жей берер қонақта ес жоқ, Не берсеңде, ҿзің біл, қонағыңа. Қытықтайды кҿзімді бҿксең, денең, Айдын кҿлге арман кҿп жетсем –деген, Ҿртеңгірдің жайлауын жайлап шіркін, Емін-еркін аймалап ҿтсем – деп ем.

Кҿкірегіңе кҿңілімді құлыптай жүр, Аймақ барып, қыдырып, жуықтай жүр. Қайда жүрсең, аман жүр, айналайын, Осы айтысты еске алып, ұмытпай жүр! *** Ата жұртта шырқағанмен тап-таза ҽн, Басымда үй, бауырымда жоқ қазан! Кҿкке қарап ұлығанды шығардым, Кҿңіл күйден кетіп-ақ жүр кҿп мазам!! Бара жатыр күннен күнге күн азып, Ақиқаттан қу қиянат жүр озып! Ҽділетті таптаған соң табанға, Жыным келіп құтырынам құлазып! *** Мүсәпір ақын ба, мүсәтір ақын ба? Жыр мүшҽйра салтанатпен басталып, Ел жиналды. Қазақ жырға ҿш халық. Оқылуда арнау ҿлең телегей: бірі інісін, бірі досын еске алып. «Жылайды» ақын ҿзен тасып, тау құлап!

Тыңдайды жұрт ұйып, тынып, маужырап. «Егіледі» ол, мүлҽйімсіп, сиқырсып, «Жасқа» толы жанары тұр жаудырап. «Нҿсер жасы» ‒ нақ жас болса жанбыр-ақ! Ақша болса, алдап тұрса сандырақ! Тірісінде ҿтіп еді тіресіп, Ҿлгенінде «еңірейді қан жылап»! «Жылай, жылай» ақын, ҽне, бҽйге алды, Кілем жапқан қастерленген тайды алды. Тамшы жас жоқ! Жымың-жымың қағады, Сахнадан түсіп келеді айбарлы! Бҽйге үшін «еңіреген» кекшілің, Керек емес, енді, оған ешкімің. ‒ Момын елді сендірдім ‒ деп, ішінен, Мардымсиды дүниеқоңыз жексұрын! Ӛтініш ( Білім департамент бастығы Ҽсима Темкенқызына)

Арманымсыз ‒ Атажұрт ‒ аңсарымсыз, Кҿмектесіп кҿп бізге шаршадыңыз. Қызымызсың қақ жарған қара қылды Құтты болсын, қарындас, мҽнсабыңыз!! Қол ауызға жетпеген сағағынан, Шҽкірт қалған киім жоқ сабағынан! Мүрит болған кҿрінген бастықтарға Қайыршымыз таусылған табанынан!! Ҿздеріңдей мықтыны тҽңір еттім, Сағыныш жыр жүректен еңіреттім!! Айналайын, алдыңа келіп тұрымын, Ақ тұлпарын жетектеп Ҽділдіктің!! Пысықтардың ауызын аштырмыңыз! Тозған шалды енді кҿп тоздырмыңыз! Адалдықтың ақ құсын самғатыңыз, Періште ғой киелі ол ‒ басқа ұрмаңыз! Адамдардың пейілі бұзылғанба? Ішің қыж-қыж қайнайды қызыңғанда!! Кең пейілді алдыңа жая салдым, Зар боп қаңғып жүрсекте үзім нанға! Жанашырым, қандасым, қаруласым! Басыңыздан бақ дҽулет арылмасын! Жүрегімнің жылуын сыйла жаным, Қасиетті, қадірлі қарындасым! Ұрпақ үшін табынып тҽңірге біз,

Қайысады қамын жеп, қабырғамыз. Кҿп балалы үй деген отбасымыз, Немеремді бақшаға қабылдаңыз. Жерұйық Ойғыр мекенім

Жерұйығы бұл Ойғыр – Шҿбі раң, суы бал, Бестҽңірдей шыңы бар. Қасиетті халқы бар Іс тындырған қыруар. Үш Ойғыр мен Баянның Май шығатын түгі бар. Оралбайдай байларға Мыңғырылып мал біткен Несібенің түбі бар. Жерұйығы киелі Ата-баба туы бар. Қойша ҿрген арқары Қызыл түлкі, құны бар. Сілеусінің жібектей Шұбарала жүні бар. Бұзылмаған халқымның Жалпақ қара тілі бар. Қастерлеген дҽстүрі Сол қалпында біліп ал! Шолтай ұстаз, Құрметбек Жол сыйлаған бұл мектеп. Мұрат ақын кешегі орын алған бұл мектеп. Үш Ойғырын жыр еткен Қобдахан мен Мҽсали Ҿңіріне гүл екен. Қасиетті бұл Ойғыр Сарай сында ұлы бар. Шұбатып малын айдаған Желілеп бие байлаған, Тауданбектей ақыны, Суырылып сайраған. Шҽңгішбайдай күрескер Жауға қылыш қайраған. Жықаң сында батыры Халық қамын ойлаған. Жасыл кілем айналаң Қасиетті бай далам!

Айналайын халқымнан Мектеп салып тойлаған. *** Ежелден құт мекенім сырғалы, Жусанды, бетегелі, шыралжынды. Қараша дауылында ҿткізеді Мойтыбас баурайында біраз күнді. Құттықтау (Қазақтың қара шаңырағы 1-10 жылдық мектебінің 60 жылдық торқалы тойына)

Қара шаңырақ ардақты, мархабатты, Құлаш сермеп білімге ҽр таң атты. Дүбірлеткен 60 жыл шартарапты, Құтты болсын тойларың салтанатты! Құр қалмаған қызулы тайталастан, Нұр құюда жүрекке жан таласқан. Құтты болсын торқалы тойларыңыз! Жаңа ғасыр есігін айқара ашқан. Сонау алыс ғарышқа екпіні ҿтіп, Қол жеткізіп, тҿбесін кҿк тіретіп. Ҿзі ұшырған барады ғалымдарға, Табиғатты игертіп, текпілетіп! Жететіндей мҽнгілік ғұмырына, Ғылым сыйла қазақтың қыз, ұлына. Атақ, орден онсызда бұйырмайды, Жылыныңдар жүректің жылуына! Бір ақынға

Бір ақын бар шырайлы, Кҿрінгенді сынайды. Арын сатып ақшаға Жыр жазған боп шұрайлы. Тірісінде тіресіп, Ҿлгеніңде жылайды. Алдап ақша алған соң, Шалқасынан құлайды. Беті күйген бейшара, Ұмытады құдайды... * Расында кеш екен!

Ҿлгенде де ҿш екен! ...Мен ҿткенде ҿңкілдеп, Етті тойып жесе екен!! 20 сҽуір, 2000 ж.

Бір әкімге

Ақымды жазған бермей жүрсің! Адамгершілікке келмей жүрсің! Қу құлқынның құлы болып, Ақшадан туып, арам тамақ қуып, Ақшадан ҿлгелі, ақшадан ҿлгелі... Бірақ, ҽйтеу, ҿлмей жүрсең, мешкей! * Шындықты шырқыратып айтатын ҽркез, Бетке тура періп қалатын мінезім шалгез, Парасаты да, пайымдауы да артық ҽкім, Патриотсыз! Тигізбейтін зақым! Түсінсеңіз – билік теңіз! Бауырым маңғаз, Кҿмектесетін кезің келді шалға аз! 31 қазан, 2006 ж.

Тӛңкеріс жемісі

Жай халықтар кешегі, Жауға бермей есені, Қол бастайды құлшынып, Сүхбаатар кҿсемі. Ел күреске ұмтылды, тілек тілеп, жыл тұрды Жаңа мизам таңы атып, Кедейлерге күн туды. Тҿңкеріс кеп жеңісі, толды елдің ҿрісі. Базыналы бақытқа Кҿп кенелді ел іші. Базар болып барына дақ түсірмей арына. Ҿкіметтің билігін Халық алды қолына. Қанаты кең жайылды ұлы мақсат қойылды. Кҿзін ашып, оянды Сауатсыздық жойылды. Жойып таптық егесті,

бай мен кедей теңесті. Қара кедей баласы бай баламен тең ҿсті. Терезесі теңеліп, Кҿсегесі кҿгеріп, гүл жайнады еліміз шұғылаға бҿленіп. Саясатты ел ұқты, еңбек билеп халықты. Сырқаттардан кҿп жылғы құлаң -таза айықты. Ҿмір сүрді ел дұрыс, Қонды бақ пен елге ырыс. Зҽулім мектеп кҿк тіреп бой кҿтерді ҿндіріс. Үгіт айтып жалынды түзеп тҽрбие, тҽлімді. Шипажайлар сап түзеп, Ғимараттар салынды. Баласы оқып сан үйдің, Жарқырады шам игі! Кҿк тіреді кҿз тартып, бақшалары сҽбидің. Жетім мұңы сан қайғы, Шаранадан шайқалды. Бірлестіктер құрылып, Қорасына мал толды. Қырда толқып теңіздей Жасыл егін жайқалды. Жан аямай кҽсіп қып, Белсенділер байқалды. Ғылым, білім шыңдалды, Кешті талай сындарды. Тау қопарып, мыс қазып, Игерді істі шымбайлы. Жақсылықтыр жол алып, Қаз-қаз тұрды қала алып. Шетті ауызға қаратып, Ғылымда ашты жаңалық. Қолы жетіп табысқа, Елім жетіп дамысқа. Азаматын ұшырды арман болған ғарышқа! Дамысыма сырт күйді! Техника ҿсіп, кілт тиді.

Поездары аңыратып Шойын жолмен жүйткиді! Ҿркен алып сан салаң, Арман асып, аңсаған. Шҿлден құдық қазылып, Электрі самсаған! *** Бүгін думан , бүгін той! Тек, ҽн-күйден бұйымтай! Шаттық билеп, ҽр үйде, Жасалуда жиын той! Мол қуаныш! Той кҿңіл! Кҿтеріңкі жай кҿңіл! Дастарқаны даладай Қанатын кең жайды ҿмір! Биыл құтты, мол жауын! Жасыл шалғын жан-жағың! Аққа тойып, ел аузы, Кҿркем бие баулары. Ел тынысты! Ҿріс кең! Бал қымызын ел ішкен! Кҿтере алмай желінін мал қайтады ҿрістен! Сайлап берген садағын, Палуан жасап «сабағын» Сҽйгүлігін жаратып, елді ауызға қаратып, Мейманхана дайын тұр Қарсы алуға қонағын. Асау сезім бұлқынып, Кҿңіл-жорға жұлқынып, Ел мҽз-мейрам, кҿз тартып, Стадион құлпырып! Бойға күлкі шуақты ап, Қолға қымыз, шұбатты ап, Бүгін шаттық! Бүгін той! Ел киінген сылақтап! Бура санды палауанды, Шабындырып алайық. Қол кесердей кҿңілін бағындырып алайық. Ҽн мен күйге халықты Шомылдырып алайық! Берекелі ел екем! Кҿңілдері кҿл екен!

Мінездері ҿр екен! Жүрегі кең тҿр екен! Құтты болсын тойыңыз! Құтты болсын мерекең!! Әлі есімде, Қажы Ағаң, қайран ақын

Қайран ақын білемін Қажыбайды, Мінезінің болатын жазы жайлы. Есіл күнді еске алсақ бірге жүрген, Кҿңілде мұң дауысы азынайды! Кҿптен биік еңсесі, асыл еді, Кҿкіректе жыр – ҿзен тасып еді. Топтан азып күлкіге тойдыратын, Ҽзілі мен қалжыңы басым еді. Жігіт еді қырқында қылшылдаған, Тайсалмаған, ешкімнен қымсынбаған. Болмаса да тауысқан дипломы, Қазынасымен халықтың сусындаған. Домалаған кез еді ҿрге тасы, Бара қалсаң дастархан жаюлы асы, Қызыл күрең ҽдемі келбетімен, Қой кҿзіне жарасқан қою қасы. Бойға біткен мінезі бала жастан, Бал жаласып адаммен араласқан. Үлкенді де, сыйлаған кішіні де, Дарыны мен болатын талабы асқан. Кісілігі басқадан асып еді, Биіктігі алынбас асу еді! Жүзі жарқын, жанары жайнап тұрған, Жарқылдаған, найзағай жасын еді. Болашақты ойлайтын іс кейінгі, Дидарлассаң жадырап іш сейілді. Жүрегіңнен алатын лезде орын, Жаны жайсан жан еді кішпейілді. Қолы ашық, береген айдан айқын, Қарап қалам – дегенді ойламайтын. Достарынан еш нҽрсе аямайтын, Терең еді түбіне бойламайтын. Орта бойлы, дембелше, кісі болған, Бақытының басына құсы қонған. Жан жары да жан еді қасиетті Қабақ шытпас кезінде: − ішіп алған. Жақсы кҿрді жанындай балақайын, Ҽр сҽбидің жасайтын дара тойын,

Кҿңілі кҿл дария жомарт еді, Ақын еді, қадірлі, қарапайым! 9 қаңтар, 2003 ж. Бір бастыққа Кҿктен түскен періштенің қызындай, Жаңа түсен келіндерше сызылмай, Топас бастық жауабынды бер жылдам, Сҿз таласып, болмай тұрып қызыл май! Жеті атаңды жездей қақтап кетемін, Жауабын бер! Ҿңі-түсің бұзылмай! 17 тамыз, 2002 ж. Рауанға Мен шырқайтын ҽн ғой, Шұғылалы таң ғой. Бір сүйкімді жан ғой Атасындай даңғой, Ой, даңғой, даңғой! Бүлдіршіндей бұлбұл құс (Гүлназ Қабденқызына)

Адамдардың ой ҿрісі кеңейді, Бірақ, бүгін «қарға ҽншілер» кҿбейді. Халық ертең ҿкінерін білемін, Қолдамаса сендей күміс кҿмейді. Гүлназым, жайнап тұрған бір гүлім, Кҿрерменіді дүр сілкінтіп жүр, күнім! Аямасын жақсылықты ел-жұртың, Аяласын бүлдіршіндей бұлбұлын! Болашаққа талантыңнан тамбай бар, Ҽлі-ақ ҿсер, ҿзіңдей жез таңдайлар. Шырағы бол, жұлдызы бол ҿнердің Мҽдинадай ҽнші апаңнан аумай қал! Жақсы ҽншіні жанға балап, таңдайды ел, Қанша естісе шҽрбатына қанбайды ел. Айналайын бүлдіршіндей бұлбұл құс, Армандарға, асуларға самғай бер! * Балапаным! Шырылдай бер! Шырылда! Сендей талант табылмай жүр шынында! Екі беткей ит ҿмірде осынау

Ҽн тыңдайтын құлақ бар ма ырымға! 30 мамыр, 2002 ж. Аманкелді Капитанға Айналайын жігіт едің ұнамды, Кҿп келтіріп тауыстың ғой шыдамды. Жазып беріп жатырсың ғой басқа елге, Ескеретін кезің келді-ау құдаңды! 4 қараша, 1993 ж. Орал Шәріповаға Кейбіреулер сҿз сҿйлейді ҿрекпіп, жүр дейсіңдер Берағаңды елеп кім?! Асыранды мен емеспін! Біліп ал! Ағатайың бел баласы Тҿлектің! 4 қараша, 1993 ж. Жақтырмаймын жалтақ, желіс, бұлаңды Мойындатшы бар болса егер кінҽңді. Алыспайық, жұмыстайық ағайын, Бір кез келді-ау ескеретін құдаңды!! 4 қараша, 1993 ж. Тұрсынға

Жаз жүресің жалаңбас, Қыста кҿрсем жалаңбас. Тұрсын − ақын қаламдас Қызылтауға барғанда Қол ұшын бер, амандас! Қанша таныс болса да Бір ҿзіңдей бола алмас! Нарауға Бүгін сайлау кешке дейін шаршадың, Дҿй директор болатұғын нұр − шағың. Он жылдыққа бастық болу − оңай ма?! Құтты болсын Нарау бала, мҽнсабың! *** Қонақ үй талғамас, Құда күй талғамас. Құда күй талғаса да Сый талғамас! 17 наурыз, 2003 ж. Сайлау бастығы Мұратқа Болды үлкені – ұят-ай масқараның! Ашылмады шай ішпей қас-қабағым! Ұлан-асыр жеңіске қол жеткенде: Неге бізді ұзақ күн аш қамадың? Іңкәр сезімді ақын

Бұл жалған баянсыз екенін ұқсын! – деп, Ҿмірді қадір тұтсын –деп, Сақина тілегендер сау басына, Түссін – деп, тҽубасына, Қойдан қоңыр, бейуаз кҿгершін – деп, Тұла бойың толған ҿнерсің – деп, Ақындықтан сан-саққа ауыса бергенде, Кҿз майын ғылымға тауыса бергенде, Қуашты ертерек ҽкеткен сияқты. Бетке тартқан бетсіздерден, қиянат тартқан соң тексіздерден, Тас керең, кҿр соқырдан, жапа шегіп, биден тҿрде отырған. Шыбын жаны шұрқыраған соң, Сай-сүйегі сырқыраған соң, суқаны сүймейтін үшін зҽлімді, сҿндіріп жігерін жалынды, Қуашты ертерек ҽкеткен сияқты. Жемтік қуған құзғыннан да жексұрын, Ұялатқан кҿзімізге кҿк шыбын, Тұнығымызды лайлаған, Арды таптап, ақшаға бас байлаған, Ҽдебиетке ысқырып, Қарамай пысқырып, Қарақан басының қамын ойлағандарды, Халықтың тағдырымен ойнағандарды, Кҿзі шалмасын – деп, Кҿңілі қалмасын –деп, Қуашты ертерек ҽкеткен сияқты. Қарапайым, қайран інім, жарықтық, Тірілерді жүр – деймісің қарық қып! Қолда барда бағаламай алтынды, Енді, міне, бір кҿруге зарықтық!

Жаны жайсан жігіт едің келіскен, Ҿзің барда ҿрем биік, ҿріс кең, Талай ыстық күндер ҿтті кҿріскен, Қайран Қуаш қасиетті періштем! Кҿз тіріде ақындарды езді илеп, Сырқат емес ҿлтіреді сҿз түйреп. Аяғыңнан іштей шалып тезірек, Құлатады топас бастық безбүйрек! Еш алаңсыз! Мҽңгі ұйықта, ақыным! Қу дүние! Дҿңгелейді ақырын. Бір-бірімен жұлысқаннан тып-тыныш Мызғып жаның, қызғаныштан мақрұм. Ҿте шықты ҿмір – солай сағымдай, Ар алдында жарқылдадың шағылмай! Ақын ғұмыр содан шығар тым қысқа, Қазағымның қамшысының сабындай. Арманы асқақ , іңкҽр сҽби сезімді, Қайран ақын ҽнтек ерте кҿз ілді. Аңсай-аңсай дарыныңды, ҿзіңді, Жан жүрегім елжіреді езілді. Бос ҿтпейтін бір жыл тұр ғой, бір аптаң, Кҿз ілместен атырушы ең ұзақ таң. Қандай құдырет бар екенін кім білсін, Қасиетті, қимас ақын Қуат жан!

Аққу күйші (толғау) Қасиетті қайран Миқыбай! Мінезі тұлпар жылқыдай. Кеудеден аққан күй құлап Керемет күйші, шіркін-ай! Айдында жүзген аққудай Кҿндірген күйді ырқын-ай! Ауызға елді қаратқан, Ортасы думан, жұрты май! Күй тұнып, толқып тұратын Талына ҽрбір мұртының. Іші де сом, сом, сом алтын! Кҿз тартқан нұры сыртының! Күмбірлеп, сылқым күй тҽтті, Сұлу да, сері сымбатты. Сегіз де қырлы, бір сырлы сҿйлесе шешен тілжақты! Саусақпен ҿтіп ҽр таңы

зымырап ұшып жыл жатты. Тыңдауға ғажап күйшіні шалғайдан шалдар түн қатты. Құдірет кҿзі алақтап, Жүректе күйді сараптап, Су жаңа аппақ атлас Жейдесі, шықты бҽрі аппақ. Құйқылжып күйі құйылып, Тамаша талай таң атты-ақ! Қандырып құлақ құрышын Парызын ҿткен ҽрі ақтап. Мейірі қанып халқының жұтыпты күйден бал аппақ! Тыңдарман ұйып тыңдайтан, Құйылған қымыз, тамақ қап. Тарихын күйдің толғайтын Ҽр бірін ҽсем парақтап. Қырандай кҿкке шарықтап, Шертеді сырды сабақтап. Кҿкірегінен күмістеп, Құс жолын түзер жолақтап! Керуен кербез бір күйден бір күйге кҿшкен сҽл аттап. Жаңа күй тартса тебіреніп, арманы аппақ, жаны аппақ Құс жолы сынды күйдің де, Жүрекке жетер жол аппақ! Кеудесі алтын шежіре Сҽулесі аппақ,сана аппақ, Нҿсер күй сел боп жауатын, Саябыр ғана толастап, Жаныңыз жайлап жай табар, Кеудеден кекті аластап. Құландай қүйды құйғытып, Бабалар ҿтті сан асқақ, Жүйткиді асыл аталар Жалғаны жылда шолақтап... ...Бүгінгі кейбір күйшілер барады босып бҽрі ақсап, ...Ақсаса күйден ақсасын жүрмесе екен ары ақсап!... Жақсыға зар ма , О дүние Қоймапты ажал балақтап! Жалғаннан ҿтті жарықтық Ҿмірге аз күн қонақтап!

  • * Етене жатпен, туыспен, мінезі күндей күміс кең. Қайырма жаға шапаны Қатипа қара пүлістен Қыдырып қымыз ұзақ күн, Қызығын кҿрген құр аттың. Желкілдеп келе жатады үкісі пұшпақ тымақтың. Мҽуе боп халқы бас ұрған, Жалғаған күйді ғасырдан. Киетін киім асылдан, белбеуі сҽнін асырған. Құс жастық орын тҿрдегі, ең сыйлы адам елдегі Алтыннан құйып аптаған оюлы түйме зерделі. Серілер кілең топтасып, тірейді тойға ат басын. Күміспен күптеп сҽндеген, жалатып алтын шақшасын. Сұңғақ та, сұлу денелі Тамсантқан күйдің ҽуені Тартады кҿзі ҽуелі Саптама етік ҽдемі. Ҿнерін елге арнады, барма екен, сірҽ, арманы. Бҽйгеде жүйрік жүйткітіп, тайпалтып мінді жорғаны. Ҽспеттеп күткен құранды пір тұтқан күйді, жыр, ҽнді, Қызығын кҿрген аялап, Самғатып кҿкке қыранды. 18 мамыр, 2004 ж.

Ақиық ақынның ақттық үні (Имашхан Байбатырұлына) Асылды қадір тұтамын, Сағыныш ‒ саумал жұтамын. Жолдапты маған алыстан «Ҿрт шалған жүрек» кітабын. От орап, дене ‒ сауытты, Кеудеге жалын шауыпты!! Жүректі қорқау ҿрт шалып, Ҿртепті қайран шабытты!! Батпан ой қарып, үскірік! Бойына ғажап күш кіріп! Ақтарған екен жыр ‒ моншақ, Ішінде ҿрттін ышқынып!! Серпілтіп, аға, сертіңді, Санаңда ҿлең ‒ сел тұнды. Сезіне жазып кетіпсіз, Сергек жыр ‒ соны серпінді! 13 маусым, 2001 ж. Арман боп қалды Нұр сағым (Үзбен, Әскерге кӛңіл айту)

Ауырып жатқан сүзекпен, Баласын ағаң күзеткен, Бара алмай содан жырменен Айтамын кҿңіл ізетпен. * Сабыр да, сабыр, сабыр-ау! Сары уайым салған тҽңір-ау! Апат боп қайран аяулың, Толды ма жасқа омырау?! Бір мезет тиып жасыңды, Кҿтерші, кҽне басыңды! Ағайын, досы қиярма? Айболдай, шіркін, асылды! Суалып айдын бұлағың, Мезгілсіз сҿнді-ау, шырағың! Жемісі пісіп жеткенде, Жайқалған солды-ау, құрағың! Емдетіп дереу кезінде, Мҽпелеп бақтың кҿз ілмей. Жүрегің, жаның елжіреп, Бауырың қайтсын езілмей! Қолыңнан бердің сусынды-ай! Қалған да жоқсың құлшынбай! Күтсең де күн, түн жан салып, Кеткені-ай, шіркін, қыршындай. Тілекті құдай бермеді, Кҿзіңнің жасын кҿрмеді. Амалың бар ма, Аллаға, Болдырды қайғы, шерменді! Сай сүйектері сырқырап, Ағайын, туыс шұрқырап.

Жалбарынса да болмады-ау, Құлын да құлын шырқырап! Бір кесел болды кҿлденең Егілді халкың, ел деген! Жан едің Үзбен ешкімге Қиянат жасап кҿрмеген! Кедейге берген қолұшын, Айтатын алғыс сол үшін. Бір бата шипа болмады-ау, Аяулы Айбол жаны үшін! Жанғырта зарлап тау, шыңды, Тағатың ҽбден таусылды. Қаншама боздап, күйсең де, Естір ме енді даусыңды?! Найзағай ойнап кҿгіңде, Егілдің ағыл-тегілде! Есіңді жина, бас болғын, Қалғанын ойла, тегінде! Ҿмірде қимас ізі – алуан, Жадыңда қалды-ау, жүз арман?! Есіңнен кетпес есіл кез – Оқыған алғаш Құзардан! Жан еді марқұм сүйікті, Ұқсатам сұлу киікті! Тоқтықты адам кҿтермес, Кҿтерер пенде күйікті! Ай болып туып, ай батты, Жүрекке қайғы бойлатты! Жұбатып үй-іш балаңды, Жолдас ет, жаным, қайратты! Бҽрі де ҿткен қараңыз, Кҿз жұмған ата-бабамыз. Жылап та қайдан табамыз, Ажалға келмес шамаңыз! Бермеген тілек бір рет, Қайрымсыз екен құдырет! Жҽннатта болсын жас жаны! Сабыр ет, қалқам, сабыр ет! тамыз, 1998 ж. Ҿлгей қаласы.

Құдаға ″Ақши″ деген ҿзенде Тұратын бір кезеңде Тракторшы құдамыз Дұғай, сҽлем Бҿженге! Тҿрт жылғы құр ат майланар Бие болса байланар Жақсы да құда едіңіз Кез келді-ау, бір ойланар. Сондағы құлын ат болды. Жап-жақын құда жат болды. Құда, сізді күтумен Құдағиыңыз «мат» болды... Сол атпен бері ойысып Келсеңіз күтем майысып. Сыйлаймын сізді бҽйек боп Кетіңіз құда шай ішіп!

АШЫЛБҰЛАҚТАҒЫ ТОЙҒА ШАШУ

Жайлауы ауылымның «Ашылбұлақ», ағады Ашылбұлақ таудан құлап. Ардақтап ағалардың тілеуінде Айтайын алты ауызды ҿлең құрап. Жайлауы ауылымның Қаракҿлді, Ҽскерден аман-есен бала келді. Ҿлгейден ағалары тосып алып Дайынға зор қуаныш ала келді. Осында отырғанда ауылым жайлап, ҽскерге аттандырдық тойын тойлап. Ақсарбас жібергеміз ақ жол тілеп, ақ құйып, үш жыл бұрын ақтық байлап. Қос бауырым аман-есен келіп қалды, Аңсаған арманымыз орындалды. Ақ бата беріп асыл ақсақалдар Ағалар сойып жатыр айтқан малды. Комиске бүгін тойды басқартамыз, жамбасқа таластырмай бас тартамыз. Ағалар тілеулері қабыл болып ұлассын дастарқаның дастарқанға. Ҽскерде құрылысты қолға ап келді, Батасы кҿпшіліктің қолдап келді. Бҽделхан, Оңалханым екі бауырым Отанын аман-есен қорғап келді. Біреу екеу, үшеу... кҿп-кҿп болсын, ұрпағы сусындайтын мектеп болсын. Тілеуі ағалардың қабыл болып басына жақсылықтың құсы қонсын!

Жайлаған Ашылбұлақ ауыл болсын, Ақ тілек тілеп келген қауым болсын. Жыл құсы қос қарлығаш аман келді Тілеуі ағалардың қабыл болсын! Тойдағы ҿлеңнен үзінді ( Бұл ҿлең 1988 жылы Даян жайлауындағы Қаракҿлдің жағасында Құрман Тұрғанбайдың қасиетті де, киелі қоңыр үйде той болды. Тойға Аққорымнан Мұратхан, Дҿңдей бірге келеді. Тҿрдегі бірінші табақта кілең үлкендер отырғандықтан Мұратқан қадірлі ақсақалға бас, жамбас тимей ерегес шыға жаздайды. Бірақ екінші табақта Дҿндей жамбас кеседі. Жүйелі сҿз жүйесін тауып, осы ҿлеңнен соң сҿзге келіп, сабасына түсті ағалар.)

Сҿзімді ақсақалдар аңдаса екен, бір-бірін сҿз шығарып шалмаса екен. Қонақтан ұят болды-ау, Шҽкер ағай, Мұратхан кесетұғын жамбас екен. Таласып бас, жамбасқа кеу-кеулескен, Қатені ақылды адам бірден кешкен. Мұратхан ҿкпе айтпаңыз, оң табақта Жамбасты жан жолдасың Дҿндей кескен. Ҽзілмен қыздырайық тамашаны, Сіздерге қалжың ғана жарасады. Бҽрі де ет емес пе, кесе берсе, Жамбас пен басқа неге таласады?! Үлкендер жамбас, басқа таласады, Ҿкпелеп, кҿз алартып қарасады. Дауласпай, жастарға ақыл беріңіздер жас ұрпақ ақсақалдар болашағы. Той жасап, сауық-сайран құрған қара үй, Бас алды тоқсандағы Иманғали. Бұйырмай Сақайға да, Мұратханға, Кесіпті бас, жамбасты құрманы ылғи. 20 шілде, 1988 ж.

Ел үшін туған Ер (Тасболат Қасеновке) Тағдырласым, қандасым, Тасболатым! Болашағым ҿзіңнен басталатын. Жал-құйрығым, жарығым, қос қанатым! Кҿкшетауда кҿші-қон басқаратын. Жан екенсің жайдары, жаның ізгі,

Ел мақтайды парасат, арыңызды. Қабақ шытпай қарсы алған бҽрімізді, Жұлдызымсың жылытатын жанымызды. Ардағымсыз қонбаған кҿгіне түн, Жалын атқан жырымсың тҿгілетін. Азаматсыз аяулы, түсің игі, Аузын ашса жүрегі кҿрінетін! Қаламыңды қолдады елің ұштап, Оралманның келесіз жолын нұсқап. Сағынамын арқалап, халық үшін, Жүгіресің жүректі қолыңа ұстап! Сҿйлегенің керемет дұрыс тілде, Ұлтың үшін ұқсайсың Күміс күнге! Жаралыпсыз жарқырап жалын атып, Жан екенсіз лайық министрге! Күш, қуатың, жігерің-жаның да ерен! Жанарыңнан алаулы жалын кҿрем! Ер кҿңілді бастықсың сҿзін тыңдап, Мұңын шағып, халқының қамын жеген! Бірегейі қазақтың баласысың, Тал бойыңа жинапсыз бар асылын! Келіп тұрмыз ер кҿңіл сізге сеніп, Қол ұшын бер қадірлі жанашырым! Қазақ жанды қандасым, қаруласым! Халық үшін қатты ғой жарым басың! Аман болсын үй-ішің, бала-шағаң, Басыңыздан бақ, дҽулет арылмасын! Кҿп жасаған адам бол ҿмірі ұзын! Қалсын мҽңгі тарихта тҽуір ізің! Құтты болсын мейрамың келе жатқан! Асыл інім! Оң болсын Наурызың! 16 наурыз, 2006 ж.

Алтайымның қыраны Бұлбұл әнші Кӛгершінге Ҽн шырқаса Кҿгершін алты қырдан, Тындараманын таңғалтып тҽнті қылған. Еліміздің таңдаулы ҿнерпазы, Дҽріс алған қазақи салтымыздан. Қыр мұрынды, қияқ мұрт, орта бойлы Кҿкірегі күй сандық, кҿзі ойлы. Ҿткірлігі сияқты тау қыраны. Бір кҿргенде-ақ кҿркіне кҿңіл тойды.

Жан күйердің жан тебіренісі: Нар жігітсің зерделі Елімнің шебер зергері. Сегіз қырлы, бір сырлы Алтайдың адам дҽрігері! Қыздан да нҽзік мінезі, Парасаттың күмбезі. Қырық жігітке тең келер, Кҿгершіннің бір ҿзі. Сен болмасаң келмеймін, Намысыңды бермеймін! Тҿтенше елге сыйлысың, Тҿлегені – Ҿлгейдің! Талабың таудай, қарқынды, Бұйра шашты толқынды! Ҽсем, асқақ ҽніңмен. Шаттандырдың халқыңды! Сахнада ойнақ қағыпты! Кҿрерменге жағыпты. Бір күміспен қос алтын! Ҿнерден медаль тағыпты! Жарына адал жар болған Қосағына пар болған. Жан ұяның ұйытқысы Бес балаға нар болған. Домбырасын алғанда Кҿгершін ҽн салғанда Бір жасайды ел, жұрты Ұйып, тындап қалғанда. Кҿгершін ҽн салғанда ұмытып фҽни жалғанды. Кҿргені де арманда Кҿрмегені де арманда! Сал серісің Кҿгершін Кеудең толған ҿнерсің. Бұлбұлымсың сайрай бер Елің тындап кенелсін! Тамаша ҽнші Кҿгершін Талай ҽн, күй тҿгерсің! Алғыс алып халықтан Кҿсегеңіз кҿгерсін! Қолдағы алтын қадірсіз, Құрмет тұтпай қазір сіз.

Халық ҽртісі екенін Ҿлгеннен соң танырсыз! Кҿкеңнен жігіт ҿтпейді! Қайсысы мұның беттейді! Сексен сұлтан болса да! Кҿгершінге жетпейді! Күлкі патшасы (Атақты ҽртіс Ҽбдіраш Тҿреханұлының ҿмір жолынан үзік сыр)

Сүйін, мейлі, сүйінбе, Тумай осы күйінде. Іңгҽлапты бір сҽби Тҿреханның үйінде. Тойдан маңдай жарылды, Ойдан күдік арылды. Ҽбдіраш – деп, атапты, Жұдырықтай қара ұлды. Жырмен тербеп бесікті, Ҿмір желдей есіпті. Қозы жайып, қой бағып, Арман қуып ҿсіпті. Ортасында құрбының, Ұстап ҿнер шылбырын, Театрға кіріпті Қырық екі жыл бұрын. Ұшырамай қуғынға, Кетпей ісі құрдымға. Жұмыстапты бұл Ҽбең, Отыз сегіз жыл мұнда. Қарсы ап, ҽрбір таңды аман, Арман алға самғаған. пьесаларда сексендей Бас рҿлін сомдаған. Қарсы ап, ҽрбір айды аман, Жүйрік «жылдарды айдаған». Ол жиырма үш пьесада Екінші рҿлін ойнаған. Жаттап бҽрін жатылған, ұйқысыз таң атырған. үш жүздейін күлдіргі Сатираны «қатырған». Жасап образ мысалы: Оқып талай қиссаны.

Кҿзге түскен ойнауда Бір перделі пьесаны. Ел ішінде, ҽр шетте, Болмас жолын ҿлшеп те. Шебер ойнап қатысқан, Жүз жиырма екі концертке. Ел аралап жүрет те, Бірге ҿмір сүрет те. Концерт қойған халыққа Үш жүз қырық жеті ретте. Басынан бақ таймаған, Ҿсу жолын ойлаған. Қырық жетідей іш-сырттың Кҿркем сҿзін ойнаған. Ҿнер сыйлап, нақ бақты, Ел сенімін ақтапты. Жандандырған тым шебер Жүзден астам тақпақты. Танытып қазақ ірі елін, Арнаған таза жүрегін. Жасаған Еңлік-Кебекте Кҽдімгі Абыз ролін. Бас ролін ойнап бақ тапты, Ғабиттің ойын сақтапты. Жалмұхан болған пьесада «Ақан сері, Ақтоқты»! Пьесасында Ҽбішов, Роль үшін жаны ұшып. «Кім менің ҽкем? пьесада» Василий болған танысып. Шығармасында Шыңғыстың, «Жер – Анада» ойнап тұңғыш бұл. Сұлтанқұл сынды рольді Ойнаған екен тым күшті. Бар билігі қолында, Байлық толы жолында. Абдрахман кҿпес болыпты Гогольдің «Ревизорында». Кҽдімгі «Жұмбақ тҿбеде» Ойнаған ол мас тҿреге. Операда осы тамаша Жетіпті арман мҽреге! Козы-Кҿрпеште ойнап Жантықты,

Жантықты елге танытыпты. Жүрекке Ҽбең ұялап Сонымен беделі артыпты. Ойнаған соң Жантықты Ҽбеңді ел жан тартыпты. Қазақтың ҿнер шыңында Жантықтың орыны артық-ты! Қапан Сатыбалдин-ды, «Қабаған итін» алдырды. Арғынбай болып пьесада Асыра бағын жандырды. Сҽті жоқ бағы жанбаған, Су – жорға ол, ҽсте танбаған. «Қыз-Жібекте» Базарбай рҿлін жақсы сомдаған. «Сандуғашта» Ізбасар, Кҿрінбейді бізге осал. Шеберліктің белгісі Ел жадында жүз жасар. Жаманмен Байыт сырласпас, Пернесін ойдың құр баспас. Бас есепші пьесада «Бажалар бас тырнаспас»! Киносында Уламбаярдың, Атағы елге жайылды. Сағатбай болып, «Хилдээр» - де, Шығарма жақсы қойылды. Дастархан даяр жаюды, Чеховтай ойлап баюды. Алыпты алғыс ел-жұрттан «Аюда» ойнап аюды. Хикаясында бойдақтың, Талайды бірге тойлаттың. Кҿріністерге күлдіргі күлкіге елді бойлаттың. Белгілі актер қашаннан, Ҽйел де болып босанған. Мысқылымен елді қарық қып, Күлкіден елі шашалған. * Ел сағынып келіпті шет қиырдан, Күлкі – деген жүрекке шат құйылған. Бойжеткен боп кей кезде бұратылып, Күрең айғыр тудырған ақ сиырдан! Мынау сыйлы бесінде,

Бҽрі де елдің есінде. «Еңбек Қызыл ту» ордені Жарқырап тұр тҿсінде. Ала алмай жүрген атағы, Қабырғамызға батады. Кешікпей Ҽбең таңдары Шуағын шашып атады! Еңбегі егер, еленсе, Кҿтерер еді ел еңсе! Атанып Халық ҽртісі Алғысқа Ҽбең бҿленсе! Алтай тойына толғау

Алтын Алтай алқалы, Жерұйықтың шалқары. Салтанатты сҽнімен, Думандатқан ортаны. Құтты болсын 40 жылдық, Тойларыңыз торқалы! Шабыт кернеп кеудені, Атақ, даңқың артады. Шалқып, тасып кҿңілдер Шаттық күйін тартады. Кемпір, шалдар бас пірі! Еске түсіп жас күні, Дүрсілдетсін жүректі, Қуаныштың тасқыны! Жалаңаштың жайлауын, Шат тойшылар басты үні. Сҽйгүлігі жарысып, Палуандары алысып, Садақтарын сайлаған, Ақындары сайраған. Мҽре-сҽре болатын, Ырғап-жырғап қалатын, Бұл ‒ халқымның дҽстүрі! Ыстық лебіз шарпыған, Ен дҽулеті шалқыған, Айналайын ақкҿңіл, Алтайымның халқынан!! Аталардың жиылып, Аруағына сыйынып, Тойға келген халыққа, Сҽлем бердім иіліп!!

Дүние бірақ ҿзгерді, Ҿзгергенді кҿз кҿрді. Зуха батыр рухына, Бас иетін кез келді!! Құдай, аруақ қолдаған, Ел намысын қорғаған Туды Алтайдан талай Ер Бұрын-соңды болмаған! Асқақ Алтай, Ҿр Алтай! Кҿркі сұлу, Сері Алтай! Той қызығын кҿр, Алтай!! Ақ батаңды бер, Алтай!! Қорғауда елді шарқ ұрдың, Қас батыры халқымның ‒ Еске алайық есімін, Дамба, Намнан марқұмның! Бабалардан бата алған, Кеуде толы от-арман! Ителіден туыпты Қазанқаптай қаһарман! Ұлтарақ би бай болған, Тҿрт түлігі сай болған. Қамқоршысы қалықтың Ожығына Ай болған! Жыраулардың жырынан Елге ҽйгілі бұрыннан. Хабдыл молда шығыпты Шұбарайғыр руынан! Ерлерді есте қырғаны, 25-те пҽле шырмады. Жазатыр ұлы жас Хамит, Нҽубеттің болған құрбаны! Хэнтийден «Бэрх» шахтадан 24-те халқы мақтаған Сыйланып Сүхбатыр орденмен, Сенімін елдің ақтаған. Алтайдан түлеп ұшқан ‒ ол, Еңбектен бақыт құшқан ‒ ол, Тырнахан ұлы Құспан ‒ ол!

  • Ел-жерін, шіркін, кҿре алмай, Бҽйтігте қалған оралмай, Қазақтың болған ұлы опат ‒ Мҽметхан ұлы Рахат! Пір тұтқан халқы, Отаны, Бай еді асқақ ‒ атағы! Бас иіп еске аламыз, Ардақты Тоқпан атаны!! Білеміз сұрап, анықтай, Айтады ел, талай алыпты-ай Мақтанышы Асқар Алтайдың Хажекбер, Тоқтар, Балықбай! Құйғанында Бардамның Ікей батыр туыпты Алтайдың шҽрбҽт суымен Кіндік қанын жуыпты! Жиырмасыншы жылдарда Ақ орыстан үрікті. Тарихтан бұл сыр анықты, Хобдаға үркіп барыпты. Оралғанда ел мекенге, Зҽңгі Қажы ауылы Ұлақшыңда қалыпты. Дэлүүнде ертеде, Жұмыстап жүн мойкеде, Алтайдың Ікей батыры Дэлүүндік болыпты! Бас идік батыр рухына! Сұраса егер ел бізден, Мыңғыртып малын ҿргізген, Істеген еңбек жұмылып, Равсал, Жұмаш, Чинрев! Ақсақалдар бір маңдай, Ай болып жайнап тұрғандай. Ардагер еді, кеше ҿткен Қыстаубай, Мҽлік, Кұрманбай! Ҿткенге иман, тілейік. Құрметтеп рухын жүрейік! *

Еңбегі ерен, еселі, Тамаша адам деседі. Саңылақ болған елімде, Бектұрғанның Мешелі! Бабалардан бата алған, Сыйлық алған отаннан, Сарбас, Борхүү, Дампилдер «Еңбек Ері» атанған. Еңбегін елі бағалар, Кҽрібоздай шаба алар. Еліме еңбек сіңірген Сейсенбай, Дондог ағалар. Есіне алар ел енді, Бірегей саңлақ дегенді. Еңбегі үтсем білеміз Цэдээ, Ҿтнҿҿ, Цэбээнді. Бүгін Алтай қырықтың қырқасында, Құт мекенде нұр құшқан жұрт осында. Ел намысын қорғаған ақын туған Дархан апа, аяулы Бұрқасындай! Бҿліскен қуаныш, қайғыны, Халыққа жаққан майда үні! Зүлкҽпіл, Ғашық, Лишээлер Бастықтар болған ҽйгілі! Шарықтап бақ боп қонатын, Парламентте – қанатым. Сайланған қатар үш дүркін, Ажыхан ұлы Болатым! Соғыстағы ер, ардагер Қасықтай қаны ақты бір Ақанай, Сейілхан, Қойтиың, Сүхээ, Ҽбділ, Кҽп, Дүгэр! Соңында кешті шат ғұмыр. Малды жақсы баққаны үшін, Орден, медаль таққаны үшін, Сҽкей, Яай – елге сыйлы, «Екі батыр» – мақтанышым!

  • Ҿртке кеткен панасы, Ҿртке кеткен баласы, Алғаш дҽрігер болыпты Қабидолдадай ағасы! Бастарын қосып халықтың, Жиналып үйінде Мҽліктің. Бірлестікті алғаш орнатқан Атасақ атын алыптың: Байқоныс, Құсайын, Аяған, Мүшеге Салық сай адам. Батчулуун, Үсен, Ожайды Қатары сиреп азайды Авирмэд, Зейнолла, Татайды, Алғашқы мүше атайды. Имажан, Зундуй, Қомшалар, Кҽмештай, Гончиг жан салар. Қалыпты тағы бір кісі, Алғашқы мүше Зүлпіші. Кҽгібат, Шҽріп, Пүрэв, Забайды Бааст, Оросоо ілесу оңай-ды Қапсатар бастап ұйымды, Мүшенің саны молайды. Еңбек еткен аянбай, Ақанай, Ҽбіл, Қоянбай, Жақай мен Мұқаш, Қалтайым, Ҿркендетті Алтайын. Нұғыман ұлы Қабайды, Сыйлады ел, бейуаз ағайды, Есепші болған Қабайды Алып – деп елім санайды! Қос Қабай марқұм, жарықтық, Сіңірген еңбек талайды!!! * Туған жер Алтай мекені Мақтаймыз – Бааст, Нҿхҿҿні. Сүкірлік, Пийлэн, Алданыш, Жасаған бҽрі қолғабыс Жанымхан, Самыраттай қайда адам?! Тҽте ағаң малын айдаған, Ҿкіметтік саңлақ Тҿлеген, Ешкім жоқ оны елеген!

Хорлоо, Сүх, Ҽнішай, Кҽрімхан, Халман, Жҽлел, Базархан, Кҿшекей , Мұқай, Рүстем, Мамырхан қалмас ірі істен. Лэгцэг, Бҽтила – еңбек дүлдүлі, Есінде елдің бұл күні. Баян, Қабыл жарқыным! Аямай қалта сарқыдың! Кҿкен, Танай, Қуандық, Сьездер Жалыныңмен шарпыдың. Станбул, Үзбен, Етекбай Асыл ұлы халқының! Қатар – екі – жылында Эверест шыңына Ҿрмелеп – бақ қоныпты Нҿхҿҿнің Жуков ұлына. Кҽдесіне елдің жараған Тҿсіне орден қадаған Сүйеніш пен Қапсҽлем Мықты офицер, бол аман! Күшті палуаным Мұратым, бетіңде бар ұятың. Чулуунбат та ҿзіңдей, Дарияға құятын. Күш атасы кҿрінді Алыптарға сиятын! * Алтын Алтай алқалы, Жерұйықтың шалқары. Құтты болсын 40 жылдық Тойларыңыз торқалы!

Алтынның сынығы туралы жыр немесе кісі ұстаған ‒ қырғын жыл қайғысы (Толғау) I Күні құлап, кҿктен ай түсті! Тҿбеден жасын жай түсті! Жақсы мен ұстап жайсаңды, Торлады тұман тал түсте! Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдыр күн! Бақ тайып бастан сырғыр күн!

Зҽресі ұшқан халықтың, Запыран толы тұлдыр күн! Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдырды! Жүректі қайғы тілдірді! Бейуаз бейғам Ерді ұстап, Кҿк қалпақтылар бүлдірді! Кҿгендеп қойшы ұстапты! Зауал боп тиді күш қатты! Жер таппай жанды қоярға, Жалмауыз темір тіс батты! Қарадай қан, жас тҿгеді! Аһ! ‒ ұрып, қайғы шегеді! Ішкені елдің ірің боп, Зҽр болды ‒ желім жегені! Ҿртейді үрей ҿзегін! Үстінде жаны шҿженің! Қорыққанда халық қан сиді! Күтумен күнде кезегін!! Жүрсе де үйден қашқақтай , Тосады ажал қас қақпай! Ерлердең шығып естері, Кеудеге қалды ас батпай!! Ұсталған хабар таратып! Ел гу-гу ҿсек боратып! Аяқ, қол, кҿзі байлаулы, Таңылған теріс қаратып!! Кҿкірек қарс айырылған! Қалың жұрт қажып, қайғырған! Ұсталды Себет жеті адам! Қырғындай тиіп Ойғырдан! Болмасқа қайтсін бекінді ел! Себетке қатты ҿкінді ел! Ұлар-шу қалды артында, үш ҽйел, тірі жетімдер! Оқиға сұм, шым-шытырық! Жан алғыш алған құтырып! Қарамай жетім-жесірге мал мүлкін кетті сыпырып! Бірегей батыр нарға тҽн, Ұсталып Себет молда атаң, Шырылдар қалды қалың қыз, Бес ағасымен Қобдахан! Бұғанасы да қатпаған, Он жаста тағдыр таптаған! Қобдаған қатігез ҿмірдің,

Есігін солай аттаған.

II. Алтынның сынығы

Ағасы Шолтай аялап Бауырына құшақ жаяды-ақ! Ҿнеге үлгі алумен Қобдахан ҿсті саялап. Білініп бала жалыны Жігерін қайрап жаныды. Ағадан ҽріп үйреніп, Кҿз ашып, қара таныды. Үлкеннен алғыс, бата алды, Сүрінбей сыннан ҿте алды, Қаршадайынан еңбекқор, Зерделі бала атанды. Бағада жүріп, бай малын, Оралды арман, ой қалың. Бір-ақ күн қашты мектепке, Қайырып тастап қойларын. Сабаққа кҿңіл бҿліп, тек, Тҽрбие, тҽлім кҿріп кҿп, Ҿмірге қанат қағады, Ағасына ол еліктеп. Білім де алып, кҿп кҿрім, Ҿтіп те ҿмір ҿткелін Алғашқылардың бірі боп, Тауысты кадр мектебін. Еңбекте ерен мақталған Абыройы биік сақталған, Аймақтың орынбасарын Увсда жақсы атқарған. Талай жыл бастық болды аға, Еңбекпен ҿсіп, толды аға. Идеология хатшысын, Істеді сан жыл Қобдада. Мҽнсапқа талай ауысты, Арманын алға ала ұшты. Бірлестік курсын ту сонау Мҽскеуден аға тауысты. Ҿлгейде туған елінің, Басқарды кадр бҿлімін. Бірлестік құрды «Туяа» деп, Орындап алғаш ел үнін. Ҿмірден талай сыр ұқты,

Биікке ҿрлеп шығыпты. Ҿркендетуге қосты үлес Қазынашаруашылықты. Берген соң жүктеп ел сенім, Отырмай тҿрінде кеңсенің. Станцияларда бастық боп Қамдады халық жем-шҿбін. Қолпаштап қолдап жастарды, Еңбеке баулап астарлы. Коммуна шаруашылығын Ногоонуур сұмында басқарды. Ҿмірлік мектеп тауысты, істеді мықты ҽр істі. Қолданып озат ҽдісті Қондырды қолға табысты. Биікке қомдап қанатын. құздарға самғап қонатын Арманның асса асуын, Кҿңілі солай толатын. Тасыса теңіз телегей, Аға жоқ кҿңілім жүр ҿгей. Қайырлы болсын берген ас, Бірегей еді, бірегей! * Кҿмкерген жыр мен атасын Жырлаған бабаны ет асым, Ас берген асыл ағаға, Болаттай мақтап батасын. Шалқыған шалқар тамызда, Айналған асқақ аңызға. Ұмытып неге кетті екен, Шақыру бермей абызға?! Мойындар ма екен қатесін?! Жырлады ерді ет асым, Қайырлы болсын осы Асың Сыйласын бізге батасын!! 20 тамыз, 2006 ж. Тыныш болсын айналам, тҿңірегім Қандай ыстық жайқалған ҿмір − егін. Сақта құдай соғыстан, алапаттан Бала-шағам сақта! ‒деп еңіредім.

Не жетеді туған қара мекенге Биік кҿрсең «Бес Тҽңір» деп ұға бер, Талпына бер, ҿрмеле де, шыға бер. Ел, жеріңді сағынғанда сарғайып, Есіңе алып, кҿз жасыңды сыға бер! Дария кҿрсең Қобда ҿзен екен де! Сондай терең, тұнық болып ҿтем – де! Бір Қобдаға жетпейді екен мың ҿзен! Не жетеді туған қара мекенге! Дария кҿрсең Қобда ҿзенді есіңе ал! Арындап ал! Ақ жал толқын тасып ал! Асаулығын ҿн бойыңа сіңіріп, Дария бол – аяғы егін, басы мал! Қасиетті Қашекең (Ел билеген еңселі ардагер Қашқынбай Мҽлікұлына толғау)

І Қилы заман бҽрі есте, Қашекеңдей нҽресте, Қарапайым халықтың туды үйінде Мҽліктің. Жоқшылыққа ұсталып, Қу кедейлік қысқа жіп. Келгенімен күрмеуге, келмей қойды сүйреуге. Малай болып, мал жайып, Қара бала түзде ҿскен. Ақ бұрқаққа оранып, ит, бҿріге таланып, Мұз тҿсеніп, сыз кешкен. Байдан талай жеп таяқ, Қалдық жалап саптыаяқ тар жол, тайғақ із кешкен. Құр қалмай жат тілден де, жалшылықта жүргенде, ата-анасы мҽз болды Монғол тілін білгенге.

Алтай, Қобда араға, суыт жүріп қонаға күн-түн қатып, жүз кҿшкен. Жалақыға қой алып, елмен бірге оянып, қашып барған мектепке. Үміт отын үзбестен, Білім қуып, із кескен. Ақбалшықтан кешегі тҽлім алып еселі, сусындаған деседі. Дүгрэгтен дҽріс ап, ой-санасы ҿріс ап, Мықты адам болғанын, Ҿмірге бет алғанын шығармаймыз біз де естен. Білім алып саналы, ағай бағы жанады. Барып Қобда аймаққа тілмаш болып қалады. * Ҿмір жолын пайымда, арман толы ойында, Меңгеруші іске ерен Ұзтаз боп та істеген. Дэлүүн, Бұлғын бойында, Мына Қызылқайыңда. Алсақ еске жас күнін, Оқу бҿлім бастығын, Қауіпсіздік ұйымда жұмыстапты тас-түйін. Жақсы жұмыс жасарын, сезіп үлес қосарын, Берген аймақ ҽкімнің бірінші орынбасарын. Заң қатты сол тұстағы, Қатал тҽртіп ұстады. Ҿрлей берді беделі, Мҽнсап, билік, іс-бабы. Іскерліктің нақ сыры, Қолдады елі басшыны. Он жыл мінсіз атқарған, тек, бірінші хатшыны.

Жасап жақсы күш, қадам, Адалдық жол ұстаған. үш жыл жарым білімін Алматыда ұштаған. Құрылтайға хатшыға елі сеніп нұсқаған. Ел билігін ұстаған басқармада күшті адам! Таққа солай жайланған, аты аңызға айналған, депутатқа Қашекең Неше дүркін сайланған. Хан тҿбесі кҿк тіреп, дүркіретіп ҿтті, тек! Ҿкіметтің тҿрінен Орын алған текпілеп! Дүниеге кҿзін сүзбестен, елге бақыт іздескен. Сталин, Мао Цзе Дуңдай талай дҿймен жүздескен. Соғыс ашып, қас қылған, Жауды бірге басқа ұрған Ел тартуын қолма-қол Сталинге тапсырған... Қарағайдай мүйізі Қой бастаған серке еді! Басқаны алтын бір ізі, Ел бастаған ерке еді! Жалын атқан жұздызы, Керейімнің кҿркі еді! Ардагері заманның, күрескері табанды! Сүйікті ұлы халқының, Қайраткері қоғамның! Замананың заңғары, Ардақтайтын мҽңгі елі: – Еліміздің таңдаулы саясаткер, заңгері! Қашекеңдей ел қамын, жесе екен – деп, жүреміз. Ел кҿгерткен бастықты бас екен – деп, білеміз. Халық үшін жан салса

Дос екен – деп, білеміз. Бос ҿтпейтін бір күні, Жастар кҿрсек үлгілі, Қашекеңнің ізбасар кҿш екен – деп, қаламыз. Қҿрсек мыңнан бір адал ағамыздың рухы осы екен – деп, қаламыз! ІІ. Ағаға шағым

Қызықпайтын жан аға, алтын, күміс, қолаға, елге басшы жол аға, басқа бақ боп, қон, аға! Ақ батаны ал, аға! үлкенге де балаға, қыл кҿпір бол, араға. Кҿл дария ақылға тұла бойы толы аға! Отырса да мың бастық орыныңыз тола ма? Ҿкірсе де жүз дҿкей ҿзіңіздей бола ма? Бетке тартқан бетсіздер Кетсін, сізден, садаға! Қонбай қойды бір де құс, Ҽділетсіз «жағаға»! Саусағыңа тати ма? сан тҿрелер бүгінгі, Негізі жоқ санада! «Ит жоқ жерде қорсылдап, Шошқа үреді қораға. Би жоқ жерде бір сіздей, Құл-құтан жүр, жораға! Сарғайдық-ау, сағынып, Кҿз қырыңызды сал, аға! Қара басын күйттеген, Қаптап кетті ит – деген! Қорқаулардан халықты, Құтқарып, бір қал, аға! Сүрінгенді демейтін, Жетімдерді жебейтін, Тарыққанға табылып, Таудай пана бол, аға!

Толған айдай толы, аға! Шарапаты мол, аға! Түзу жолға сал, аға! Иманды бол, жарықтық! Береке бер, далаға! Алтын күн боп рухың Мҽңгі жайнап жан, аға! Берімбай ақынның алғашқы ҿлеңдер топтамасы Туған жерге Тасыған мұнай, нефтім атылар құмнан, Гүл құшқан жазиралы атырабыңнан. Бақытпен базыналы байлығыңда бойыңа Туған жер айналайын топырағыңнан. Таң мырза сығаласа асыла түнен, Шашыңдай жартастарың қасыңа тҿнген. Тұндырған кҿркіңменен кҿздің нұрын Туған жер айналайын қасиетіңнен. Орман желдің ҽнімен тербетілган, Тал қайыңы иектеп кҿлге мінген. Бойыңда дҽл осындай бар сұлулық Туған жер айналайын келбетіңнен.

Ҽнімен тоғай желдің тербетілген, Бұлттар кҿшіп барады кҿлге мінген. Тамсана тамашаңа таңырқаймын Туған жер айналайын келбетіңнен. *** Шыққанда шаранадан «Жуысты» құм, Туған жер, ол – менімен туыстығын. Сондықтан орман, ҿзен, тау, кҿл түгіл Сезінем жан-тҽнімен уысты құм. Дҽулетті құт дарыған ҿлке екенсің, Сҽулетті кҿңілге біркелкі екенсің. Қызың мен қызыл гүлің бірдей ҿскен Туған жер отанымның кҿркі екенсің.

Жамылып кезбез тауың нұр тҽжісің, Шырынды, шыралжынды шырағысың. Қызың мен қызыл гүлің бірдей ҿскен Туған жер, отанымның нұр сҽнісің. *** Туған жердің мҿлдір тымық түнінде, Ну орманда қарағайдың түбінде. Сонда келген ҽсем тҽтті арман, ой Кҿз жүгіртед, ертеңіңе, бүгінге. Бүгінгі түн аспан неткен ашық тым, Сыр шертісер құмартатын түні-ақ екен ғашықтың. Тағаттапай аласұрған сҽттерде Кҿңіл шіркін, неменеге асықтың?

Рубайлар Кейбіреулер бірін бірі күндесе, Кейбіреулер қуар ҿсек, келемаж. Адамдарды қадір тұта білмесе, Адам болып жүрудің де керегі аз. *** Кҿтергенге жеңіл ҽмбе, «Шайнағанға жұмсақ» ‒деп, Жүрмесінші кейбір пенде «Іштей түтін жұмсақ»‒деп.

Адал адам кҿшін кҿр, Адалдыққа кҿшіңдер! *** Ҿмірде кҿп кезігер Уайым, қайғы, қасірет. Сол кездерде сезілер Нақ адамдық қасиет. *** Бақытымды қайғым тағы Етсін мейлі күл-талқан! «Ержігіттің мойнындағы Шірімейді қыл арқан». *** Шырт ұйқыдан тұр-тұрлап Оятып жыр боп жүрегім Кеудемде тұрса жыр тулап Мҽңгіге тірі жүремін. *** Кердең-кердең келбетін, Кекжиетін бастық бар. Кҿп ішінде тек ҿзім,‒ деп жүретін бастық бар. болса ондай бастықтар бірер ақыл естп қал! Жырдың кешіп теңізін Мұра боп соңғы ұрпаққа Салынып жырмен тек ізің. Ақыры кешіп келдің бе Поэзияның теңізін?!

Маңғол мен қазақ жалғаса Жататын бейне сырласым. «Ту 104» сірҽ болмаса Жырларың сыймай қалмасын. Алтайдың тауын аралап Қаншалық нҽрлі сыр таптың. Қазақ тіл білмей тұрғанда Ізгілік жанмен тіл қаттың. Күз Тұрыпты тастан суға күзет деген, Ежелден тамылжымай күз ҿтпеген. Егін тұр Күн атадан ұялғандай Иіліп сҽлемдесім ізетпенен. Аспанда ақша бұлтар түней келіп, Қара жел ұйтқып соқты дүлейленіп. Кетем бе, мерт боп желге дегеніме? Қалтырап жапырақ тұр үрейленіп. *** Құс қайтты жазды күйін шерте қырдан, У-шусыз, дала жым-жырт ҿлке тынған. Қазір қар, бірде жаңбыр, кейде боран Күз басқа мезгілдерден ерке туған.

Қайтуға құста бір кез сапқа тұрған, У-шусыз, дала жым-жырт шатқал тынған. Қазір қар, бірде жаңбыр, кейде боран Күз басқа мезгілдерден сотқар туған. Кетседе күз қуартып гүл бақшасын, Кҿктесін! Қызу еңбек. ...Күн батбасын! Күз қайта тасқындаған еңбегімен Ақының ашып жатыр жыр қақпасын. *** Жүрсеңіз осы атпен сапар шығып, Бітетін жас балаға сақал шығып. Мың бес жүз жылқы тұрып осығұрша Тартады аттан қайтып тақаршылық. Күз бен қыс Жидені сабағынан үзді жұлып, Құйынымен шомылдырып ізді жуып. Жамауға жыртық бұлтын ырық беремей Барады қара дауыл күзді қуып.

Келді сенімен кҿшіп ҽр қыс басым, Ҿзімнен күздің сезіп тартыспасын. Қабағы қатулы екен кім біледі Күзбенен хош айтысар, айтыспасын?! Жанның сақшысы Барамын шҿлдеп қаталап, Тағдыр-ау неткен жақын ең Түңіліп жанан қапа боп Қиналып жаңа жатар ем... ...Мүмкін бе, дерттен айықпақ, Жатырмын міне тыныстап. Қорқыныш үрей ғайып боп, Барады кҿзден жылыстап. Шыдады қайтіп тойтарып, Қандай күш дертке тҿтеп кеп?! Ҿмірге мені қайтарып Кім алып келді жетектеп. Күзеткен жаным лайықтысың Керемет екен дҽрменің. Жанымды алып қалыпсың Сүйікті менің дҽрігерім. Ақ жанын ылғи халықтың, Күзетіп қана тұрасың. Жанымды алып қалыпсың Рақмет! Шура дҽрігерім.

Жемір Бізідің бір «бұзық» Қалам ұшын бұзып, Отырады ылғи Қаламсабын мүжіп. Құралдарын кемірген, Сақтаныңдар жемірден. Шарлау Үлкенің ап, батасын Бола қалып жас сҽби Ойнайсың да жатасың Кейде тігіп тастан үй. Кейде қуып жылғаны, Тасқын болып ағасың. Кейде тартып шырғаны Таудан түлкі қағасың. Кейде тулап жар тасты Тасқын болып тебесің. Кейде кезіп тау-тасты Болджырып-ақ келесің. Ақ кептерге еліктеп, Абзал жанға сүйініп, Құйқылжисың тҿніп кеп Қыран болып түйіліп. Ойға шомып қаласың Кҿз жібертіп алысқа. Кейде қажып қаласың Қожайын боп марсқа. Кейде бірге бҿлісті Ғашықтардың сырларын. Сен де бірмен кемісті Құшақтасып тұрғаның.

Қарыс жері қалмаған, Баспаған да, бармаған. Бұл ‒ ақының қиялы ғой Шабыты ғой шарлаған. 28.XII.1965г *** Саған түсім айтып барлық жҽйтты, Ар жанымды ҿз алдыңа жайыпты. Оған сірҽ мен емеспін турасы Кешіргейсің, жан жүрегім айыпты. Анықтама Білімнен тыс қалдың деп алып есті Кірсмесің үйірмеге деп жүрмесін. Берімбай Бұғытыдан Ҿлгейге кеп Оқып жүр ҽдебиет үйірмесін. *** Кітап жарар науқастың серігіне Ҽңгіменің басуға серігіне. Сары ауыру меңдетіп жатқан кезде Кітап ем ғой сырқаттың «жерігіне». Кітаптан ап, қаласың үміт тасын, Кітаптан ап, ҿмірге гүл ұстасын. Кітаптан ап, бойжасар жан азыған Ауырудан айықсын. Тыныстасын!

Бір күнде Біреулер тастыда ҿкпелетіп, Сан жаның адамдығы кеткен ҿтіп. Кей кезде тұрып қалам, ұйып қалам Шарықтап арман құсым кҿкке жетіп. *** Ҿмірдің қызықтырып тҽттілігі, Қосылды қос жүректің тҽтті жыры. Сиысу екі жүрек бір кеудеге Ҽрине ол – махаббаттың пҽктілігі. Талқандап қиыншылық бҿгеттерді, Табысты жақсы күні, сҽтті күні. Мҽңгілік тілектерің қабыл болып Естілсін махаббаттың шатық үні. *** Міне, достар, қараңдар бұл ант ұрды, Кҿрмейтұғын адамды бір аң тұрды. Қарам жүрсең жыныңды түйреп-түйреп Алатұғын адам бар жылан тілді.

Ҿңір ҿркені ‒ Ҿмір ҿркені Ҿлгейде антен кҿкпен таласады, Ҿр қиял шындықпен толысады. Елімнің еңбегінің жырын тҿкті Сорғалап күй асқағы, ҽн асқағы. Жел ұйып, ҽсем үнге тынып қапты, Тау-тас түгел құлағын түріп қапты. Тағы да аспандағы Марс пен Күн Тамсанып тамашалап тұрып қапты. Ҿмірдің ҿрнегінің тың хабары Ҿлгейден тартып ҽлем тыңдағыны. Қуаныш! Зор мақтаныш отанымда Ҿркенің тау бұлағы тулғаны. Сумкама Ҿзіңе бҿлеп құралды, Тоздырмай күтіп оқығам. Досымсың сен сыралғы Сабақты бірге оқыған. Зымырап ҿмір лезде, Айналып сағат аптаға. Ауысқанын қай кезде Байқамаппын қаншама. 1964 ж «Ж.Т» №4 Уланқұс

*** Тағдырдың жүрек таптап тас қалқанын, Шығарып сезім айдын тас-талқанын. Кешіргей, кешір бикеш, кешір мені Кҿңлімнің жаясалдым дастарқанын. Ҽлемнің қызбен жігіт жасар бағы, Ҽрине ол – заманың жасарғаны. Жайлып қалса егер кешір бикеш Алдыңа бір даламның жас арманы. Жыл тӛрелігі Құт жиған ойдағыдан түздегіден, Қуанып жарқын жылдың біз лебімен. Жаңа жыл, бақыт жылы тағы келді Жетектеп он екі айды тізбегімен. Жаңа жыл – кҿңілдің гүл қызғандығы, Жаңа жыл – адамдардың ізгі арманы. Жаңа жыл – бостаныдық мен бақыт ҽкеп Жүрегін кҿгершіннің бізге арнады.

Жаңа жыл – шаттық үні таратылған, Жаңа жыл – ақ тілекке жаратылған. Жаңа жыл – отанымды гүлдендіріп Жасампаз еңбек болып дара туған. Дала музыкасы Білініп кҿктем нышаны Бетімді самал құшады. Тҿгілген малдың үніне Ұласып кетіп құс ҽні. Сыр шертіп, нҽзік жасырын Ҽндеттім бейне ғашығым. Құйқылжып кетті-ау, дауысы Табиғат музыкасының. Апрель 1966 г Бугат Достық әні Асқар шыңнан асқақтаған дос ҽні, Ақ кептердің қанатымен асады. Қан алмасқан, қол алысқан дос ҽні Алуан-алуан ғажаптарды жасады. Күміс нұрдай кҿкті тіле, Кҿктемеде құйылып Жидектердің түптеріне Гүл боп қалдың үйіліп.

Шырқалсада ҽрбір тілде достық ҽн, Жанмен ұғып, лҽззат алған дос мұңнан. Достық ҽні, құдіретті ҽн, бейне жыр Тарап жатқан кең даланың астынан. Қыздарда хатты боратты-ау Сиқыр бар нендей кім білсін, Талайды жүрдік қаратып. Албырттық ыстық құшақпен Жатты ғой талай таң атып. Ҿмірдің босағасынан Мүмкін бе, достарым дҽл аттау. Түсініп ҽлде, түсінбей Қыздарда хатты боратты-ау. *** Қиығынан жанарыңның Жақсылықтың лебін ескен. Бірге ҿткізіп бала күнін Ҿзіңменен тел ҿскем. Жанарыңның қиығында Сұлулықтың сыры бар. Құдіретің күй мында Махаббат бар қыруар. Шыдамасаң сүйіп ал,

Қиығынан жанарыңның. Жақсылықтың лебін ескен. Жастайыманан жаралымын Жастан ғашық емес пе ем?! Қиығынан жанарыңның. Жақсылықтың лебін ескен. Сыр шертісіп ойнап-күліп Бірге талай кеңескен. Жарысқанда бұрын жеттік Су да шашып, күліп қаштық. Талай кешті дүрілдеттік Соның бҽрін ұмытпаспын. Бал дәурен (Ҽні бар) Махаббат оты лаулаған Жас құрақ жаңа қаулаған. Бой жеткен едің сүйкімді Қарақат – кҿзің аумаған. Алыста шалғай жүрсемеде Ақ ниет кҿңілім бір сенде. Сағындым сені керемет Сағындым сені жан сҽулем Күртіксіз ұлпа ақ қардай Кіршіксіз жаным мақпалдай. Сыр сандың аузын ашып бір Сыр шертсем кешір, ақ маңдай.

Неге осында кездестім саған жаным Неге осында кездестім саған жаным, Неге аңғардым қара кҿз қадалғанын. Кетер жерде амал не бір ҿзіңді Кҿп досымның ішінен таба алмадым. Таба алмадым артыма алаңдадым, Неге жаным шығарып сала алмадым. Қиялмадым, қимадым алаңдадым Неге жаным шығарып сала алмадым. Кҿп іздедім, кҿп күттім кҿре алмадым, Кете берді кеудемеде кҿп арманым. Сүйіктім боп неліктен жаралмадың Сүйгенім боп құшаққа оралмадың. Кете бердім жаутаңдап жанарым мұң, Терезеңнен кҿзімді ала алмадым. Неге мҽңгі қалмадым осы арада Кҿлеңкең боп неліктен жаралмадым.

Ӛртейді ӛзегімді Ҽні, сҿз: Автордікі Қызғаныштар ҿзгертті ғұмырымды, Аямайды, аңдиды сыбырыңды! Естігісі келмейді ешкімді де, Шырылдаған бозторғай шырылымды! Қайырмасы: Шыбын жаным, Жүрегім қызыл жалын. Ҿртейді ҿзегімді, Ҿсегі, ызыңдары.

Ата дҽстүр салтым бар бұзылмаған, Аянышты тағдырым сызылмаған. Қанаша түзу жүрсемде «соналарым» Бетке күліп, ыртымнан ызыңдаған.

Қайырмасы: Білдірмейді ешқашан ізін маған, Жол табады, бірақта түзу қадам. Ести-ести ҿсектің теңізінде, Үйренеді екен ғой жүзуге адам!

Қайырмасы:

Алыптар әулеті

(деректі дастан)

  1. Түйе палуан

Ел Алтайда тұрыпты, Ҽрең ҿмір сүріпті. Кедей Қасен үйінде, Арыстай ұл туыпты.

Баласына шешесі, Бал аштырған деседі. – Нҽресте адам болама? – Жоқ па, жолда кеселі? Бақсы сҽби баланы, ұстап тұрып шамалы: – Аман-есен ержетіп , жақсы палуан болады. Мұны естіп тұрған ел, болған екен дүдамал. Кҿп жылдан соң айтқаны, келген екен дҽлме -дҽл. Бойда қаны тасыпты-ай, елге жаны ашыптыай. Түйе палуан атанған, Қанкелдіде Мешітбай. Дҽу! – ат алған тұс екен. бір қозғалту күш екен. Аюдайын денелі, тҿртпақ, жалпақ кісі екен. Сол күш жайлы кешегі, талай аңыз еседі. Ҿр Алтайда ҿгізді, арқалаған деседі. Қара күші – теңіз-ді, шҿпке түскен ҿгізді, лақтырып мысықтай, Алып бала! – дегізді.

Ҿсті еңбекпен ҽр күні, жабырқаған жарлыны. Сҿйте, тұра ҿзі де, кедей болған бар міні. Бір саусағы білектей , Азу тісі күректей. балтырының жүндері, желкілдейтін жібектей. Жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай. Жанарынан жалынды, от шашатын шақпақтай. Бұлшық еті шоқпардай, денесі аппақ ақ қардай. Аты тістеп алса да, сезбес шыбын шаққандай. Айтса айтқандай күшті еді, қаһарлы еді сұсты еді. Сҿзге сараң, сырларын, ақтармайтын іштегі. Тарамысы оқтаудай, талаптанған тоқталмай. Қандай палуан болса да, тұра алмайтын оқталмай. Жау шапқанда есалаң, ел қорғаны осы ағаң. Жездесінің орнына , аттаныпты Мешағаң.

Партизанда жүргенде, тас қараңғы түндерде, Қардай борап тұрғанда оқ, тіл ҽкелген бір пенде.

Кейін шықты дерегі, Мешағаңдай ер еді. Тұншықтырып тыңшыны, ұстар ҽкеп береді.

Тұрған кезде оқ борап, келген кҿп-кҿп ақпар ап. Жаудан талай құтылған, Кҿкжелке атпен шапқылап.

  • *

Қажымайтын ҽр істе, қой да жайған ҿрісте. Қара күштің атасы, қарапайым періште .

Жан салмаған жарыста, түскен талай арысқа. күйкі, күйбең тірлікпен, мал айдаған орысқа .

Мал айдаған шақта осы, кілең жігіт қасқасы. Ҽрең сүйреп бұрамға* бір қой салса бас-басы.

Шаршағанды білмейтін, жалғыз ҿзі сүйрейтін. Еркек қойдың тҿртеуін , қолына да ілмейтін.

Мінезі де тұйықты, кҿптен ары биік-ті. Ел-жұртына аяулы, адам болған сүйікті.

Сүйегі де ірі еді,

күш атасы киелі. Жұлып алған батпақтан, құнан атан түйені.

Қалған кезде тарландап, қозғалатын қорбаңдап. Сондай мықты болуды , біз жүруші ек армандап.

Кең -мол жайып құлашты, талаймен күш сынасты. Түйе палуан дарыны , ұлдарына ұласты.

  • – бұрам – паром
  1. Ағайынды үш алып

Мешағаңның алдағы, орындалып арманы. Ҽзікей мен Нҽжікей, палуан болды Борбаны.

Күреспен жаз, қыс алып, бірбірінен күш алып. Тартып туған ҽкеге, ағайынды үш Алып!

Күш, қуаты орасан, бұқа мойын, бура сан. Қызып кетер жүйріктей, айғай салып шуласаң.

Тойларда кҿп алысты, қолдан бермей намысты. Кҽдімгі асау жамбаспен , талайларды жанышты.

Саусағымен салалы , қылтасынан шалады. Кезек-кезек сан рет, Бас бҽйгені алады.

  1. Қайтпас – қайсар Борбан палуан

Жеңу үшін ҿмірдің шырғалаңын, ҿрге тасы кҿрдің бе, сырғанауын. Архангайдан тауысып техникум, гидрогеолог игерді су маманын.

Бҽрі бір ғой шықса да бҿліс қайда, салт бас, сабау жігітке жұмыс пайда . Күресем – деп, жүргенде елде тойда , аяқ асты бҿлінді Говь-Алтайға.

Архангайдай палуан кҿп жерде ҿскені, ҽсер етіп, талаймен теңдескені. Говь-Алтайда қаймықпай қалмақтармен, естілетін тамаша белдескені.

Жалын атып, толысып күреседі, жағаласып, алысып жүре ҿседі. Шымырланып, шыңдалып, бұл ҿнерде, жылжи-жылжи зымырап жыл еседі. Күндіз - түні бар ойы күрес еді, талайлармен тамаша тіреседі. Алпыс бесте Ҿлгейде тойда ағалап, ҿмір кҿшке осылай ілеседі. Шымырланды, шыңдалды , ширығады, ҽдіс-айла, күрестік күйді ұғады. Азаматты жетелеп армандарға, алдан тосты ҿмірлік сыйлық ҽлі. Талаптанды, күрессіз таң атпады, тоқтамады тықыршып тағат тағы. Күрескенде қар жауып қабағынан, еш адамды бетіне қаратпады. Ерен тұлға еріксіз сұсы басты, дірілдетті, талайдың түсі қашты. Тҿтеп бере алмады дүлей күшке, ҽдісі де, айласы, күші де асты.

Зодог, шудаг* сҽнденіп киінеді, күресіне ел-жұрты сүйінеді. Кейде шалып лезде сүріндірсе, кейде сілкіп, балаша иіреді. Кейбіреуін жалғызақ бұрап тұрды, ҽлсіздерді кҿрмеді тымақ құрлы. Кҿп алысты Лувсан ұшқышпенен, Ақырында оны да лақтырды. Жігер құм боп, кеудеде намыс ойнап, асып-тасып сарқылдап күші қайнап. Ҿкіметтік атақты палуан еді, самолетті қондырды тісін қайрап. Аямады Лувсан білек күшін, жағаласты қарай кҿр жүректісін. Екі-үш сағат алысты, тізе бүкті, сындыртады тҿрт бірдей күрек тісін. Жеңіледі, жігері құм болады, Беттемейді! Одан соң жым болады. Ҿзі тілеп келіп ап, осылайша, құм қабады Ҿлгейдің бір қонағы.

Бас бҽйгені аймақта сан алады, қадалғанды қоймайды, қан алады. Ҽкесіндей күш толып, қуат асып, күресінің тҽсілі жаңарады. Ат алады, сыйлыққа тай да алады, асыл бұйым, ақсарбас қой да алады. Нұр жұдызы жарқырап бас бҽйгені, елу жылда торқалы тойда алады. Ҿкше басып, жас палуан жағалаған, ҿмір екшеп жыл сайын жаңалаған. Аймақ тойда үш рет екінші боп, табаны аумай, тҿрт рет ағалаған. Үшеуіне еш адам беттемеді, күш тасыған керемет кҿктем еді! Кҿп жылдан соң жеңісті берді ҿзгеге, палуан деген ҿмірдің ҿткелегі. Артта қалып, талайғы жарыс таңы, есте қалды тамаша алысқаны. Мҽңгі қалды атағы, ҿзі ҿлсе де, аймағымның атақты Арыстаны.

  • – Зодог, шудаг – моңғолияның ұлттық күрес киімі
  1. Жанашыр бастық, жалынды палуан

Ҽзікей де алымды, күш қуаты қарымды. Жастайынан жалынды, жігіт болды салымды.

Алшы түскен асығы, азаматтың асылы. Жағаласып жататын, бала кезден машығы,

Берекешіл, ұйымды, күн ҿткізген тиімді. Бүлдіршіндей ұл болды, тҽрбиелі зиынды.

Ҽкесі үлгі береді, жастай ақыл енеді. Сүйкімді де сымбатты, палуан болды денелі.

Ұстап күрес күтімін, сезді жүрек лүпілін. Арыстанға бергісіз, алпамсадай бітімі.

Түлкідейін ілгендей, қырандайын бүргендей. Екі иыққа еңселі, екі кісі мінгендей.

Тұлабойы шымырлы, түйедейін сіңірлі. Қаруына шақ келмей, қарсыласы түңілді.

Еңгезердей бойы бар, терең, түпсіз ойы бар. Тік кҿтеріп тҿбеге, баяу жығар жайы бар. Сірҽ, екі айтпайтын, айтқанынан қайтпайтын. Жомарт еді бірегей, сұрасаң қол тартпайтын. Адамдарды қимайтын, кішпейілмен тыңдайтын, Атын да ел атамай, «Ҽз-ағаң» - деп, сыйлайтын. Жұмылдырып достарды, тҽрбиелеп жастарды. Аймағымның саудасын, ұзақ жылдар басқарды. Қамын ойлап басқаның, – деп, кҿрмеген: – шаршадым. Бҽз біреуше шенденіп, сатпайтұғын мҽнсабын. Аңқылдаған ақ кҿңіл, жан еді ғой жансебіл. Сыйлап ҿтті жарықтық, ел-жұртына шатты ҿмір! Ағалардан бата алған, күрес – десе, жата алман. Аймағымның екі рет жеңімпазы атанған.

Тҿбесінен тік тұрды, Жастарға ҽдіс ұқтырды. Күш атасын тани ма? талай тізе бүктірді. Тойда арысқа түседі, бҽрі мықты кісі еді. Ҽрбір тойдың соңында, қалатұғын үшеуі. Қорғап Борбан кешегі, той күресін шешеді. Ҽзікей мен Нҽжікей, дара шыққан,- деседі. Терезесі тең еді, ардақты еді, ҿр еді. Хан кҿтерген халығы, еңіреген ер еді! Қатал тағдыр қинады, қайғы бұлты шырмады. Маңдайына халқының, қайран Ҽзің сыймады. Таусылсын!- деп шыдамы, тағдыр бірін сынады. Қос ағадан кҿз жазып, қалды Нҽкей сыңары. Атақ, абырой жинады, Ұрпақ, даңқты сыйлады. Марқұмдардың құдайым, Жолдас болсын иманы!

...Сондай мықты арысын, келер ұрпақ танысын. Күш-қуаты болашақ баламызға дарысын! 20.12.2001 ж. Үлкен жүрекпен, сағынышпен еске алып жаздым. Моңғолия жазушылар одағының мүшесі, ақын Берімбай Ысқақұлы. Жасындай жарқыраған Жәнабілхан батыр (поэма) Пролог

Қобландыдай айқасқан, Ертҿстіктей шайқасқан, Алпамыстай атылған, Жалғыз ырғып жар тастан. Ертегінің батыры Жҽнабілхан марқасқаң! Мыңмен сегіз алысқан Нағыз Қалиарыстан! Саспайтұғын сағыз Ер, Жҽнабілхан нағыз Ер! ... «Жал-құйрығы түйілген, Қырандайын шүйілген, Қанатынан жел ескен, Самұрықпен теңескен! Отқа салса күймейтін, Суға салса батпайтын, Сары аязда қатпайтын», Алмас қылыш шаппайтын, Жҽнабілхан нағыз Ер!

I. Жер жәннаты – Жерұйық Жер жҽннаты – жерұйық, Тасемшекті бер иіп! (автордан)

Жатырқаған жат қолды, Сипаттасақ Аққолды... Кҿркі сұлу керемет, Табиғатқа бақ қонды. Асқақ шыңы бұлт емген, Ну орманмен бүркенген. Арқар, құлжа, жирені Қорасынан күрт ҿрген. Кҿлі ғажап айдынды, Ұлы палуан айбынды. Қасиетті Ақсудай, Арасаны ҽйгілі. Тоғай толы жемісі, Малға толы ҿрісі. Қытықтаған кҿзіңді Қызы қырдың перісі! Жасыл кілем қиясы, Бестҽңір бес құдасы. Шаңырақтан кҿрінген Қырандардың ұясы. Шырқ үйірген салыңды, Ҿзені асау арынды. Суы зҽмзҽм бір жұтсаң, Жадыратқан жаныңды. Сылқ-сылқ күліп сылақтап, Бұлағы аққан бұрақтап. Ақ кҿңілін паш еткен

Ҿзені - аппақ, суы -аппақ! Шыршалары түрілген, Жасыл торғын киінген. Тайыншадай балығы, Түлкіге кҿз сүрінген. Тырналары қиқулап, Аққулары сылқылдап, Кҿздің жауын алады Үйректері сусылдап. Шағаласы шаңқылдап, Сарыала қаз қаңқылдап, Құлақ құрышын қандырған Қырандары саңқылдап. Күркіреме күркіреп, Жаңбыр жауған сіркіреп, Бұлбұл, кҿкек ҽн шырқап, Аңы ҿрген дүркіреп. Шҿбі шүйгін құнарлы, Тауы толған ұларлы. Бестҽңір мен Ақсуы Ҽлемге атын шығарды. Сағымы – алтын жарқылдақ, Адамдары аңқылдақ. Жайлауға кеп жырғайсың Шіліңгірде салқындап. Ақ үйге кҿз тойдырып, Ҿреге құрт жайдырып, Тамашаға тамсанып, Сығалайды ай күліп. Малын баққан тойдырып, Аты жүйрік сҽйгүлік! Мейман мінген тұлпарын бағланын сойдырып. Жапырағын жапырып, Сары қымыз сапырып, Ел мҽз-мейрам Аққолда, Сауықпен таң атырып. Ауыл қонған аталас, Тува жат – деп, атамас. Алаңқыда қорасы, Қарағайы – атағаш. Тауы ақ қар бҿрікті, Жері сұлу кҿрікті. Мұнша сұлу кҿрікті, аямай-ақ беріпті!...

Жіберетін ҿте емдеп, Жерұйығы екен – деп, Малқыбайдың ұлдары, Қоныс тепті мекендеп. Отын дайын, су дайын, Жеміс толы, ну дайын, Жүргізбейді қарағай, Аттап бассаң қу қайың.

II. Балалық шақ, бал дәурен

Шалалық жоқ ісінде, Жақсыларды кісім де! Байбол – деген аз ел бар, Саңыраудың ішінде. Молқыбайдың үш ұлы: Байбазары кіші ұлы, Жанбазар мен Сексеннің, Ҿр тұлғалы пішіні. Алтайдан кеп алыстап, Біраз ғана мал ұстап, Жанбазар мен сол Сексен, Қалды Ақшиді*1 қоныстап. Ол ел қамын жеуші еді, Адам еді еңселі. Хан кҿтеріп халығы: Жҽкең ата! – деуші еді. Келсе алдына кісілер, Кҿзінен-ақ түсінер. Қарапайым, қайырымды, Қолы шебер ісмер. Сексеннің зор беделі, Қол ұшын ол береді. Кҿмектесті екі ұлы, Тұрысхан мен Бҽделі. Жҽкең, отын жандырып, Кҿшіріп те, қондырып, Күндіз жүріп, түн жүріп, Жүрді ісін тындырып... Қобда ҿзен сол күйінде, Су жағасы иінде, Борбұрғыста ұл туды,

Жанбазардың үйінде. Құт боп барыс жыл келді, Ақ сазандай ұл берді. Шілдехана жасалып, Атын қойып үлгерді. Түзей кҿр! – деп, кҿшімді, Жҽнабілхан есімді, Жалғыз ұлын Жанкҿкің, Еркелетіп ҿсірді. Жай етікші бұл кісің, Беріп тҽртіп үлгісін, Еңбекқорғып ҿсірді, Тұлабойы тұңғышын... ...Дін таратқан талайдан, Қазақстан, Ноғайдан, Үйге ҽкеліп тұрғызып: -Сабақ ал, - деп, - ағайдан. Сегіз жасар жалғызды, Тура шҽкірт болғызды. Қарақата молдадан, Жақсы дҽріс алғызды. Екі жылда молдаға, Кҿңілі ҽбден толды аға. Шапан жауып, ат сыйлап, Шығарып салды Қобдаға. Жан ҽкесі таңғалды, Зеректігін аңғарды. Жаназаны шығарып, Құранды да аударды. Молда разы ат алып, Бала разы бата алып, Бедел алды кҿп-кҿрім. «Молда бала» атанып. «Жар құлағы жарғақ-ты2 Жастайынан мал бақты Сүйкімді еді, тіл алғыш, Мінезі де салмақты. Кҿптің тілін табатын, дінге кҿңілі ауатын, Ел баласын оқытып, ашып жүрді сауатын. Ҿсек ҿрбіп қараңғы, -алады-деп, - баламды, Отыз бірде3 қой жылы Алтай асып Ел ауды.

Ел қыстады Сауырды, Бірақ, жағдай ауырды. Қайтып келді келер жыл Жұт жайлады ауылды. Ҿгізге жүк тиеген, Екі ат, жалғыз түйемен, Жҽкең келіп, етікші Кҽсіпке иек сүйеген... ...Шҽкене мал ұстайтын, Шаруа да жоқ күш қайтым! Ағаш үй жоқ, күркедей Кигіз үймен қыстайтын. Алғаннан соң кҿш есін, Аңнан алып есесін, Асырайды жалғызы Ҽкесі мен шешесін. Тұра сала таң атып, Шитіменен аң атып, Аш отырған халыққа береді екен таратып... Мына байға жалданып, Күні бойы қой бағып, Бала оқытқан астыртын Түні бойы айланып. Қорғап халқы жас ұлын, білдіртпейді асылын; бала оқыта береді Жҽнабілхан жасырын. Байдан аздап астық ап, Мешін жылы бас құрап, ата-анасын қуантып Жайқалады жас құрақ! Қор болдырмай алашқа, түсірмей-ақ таласқа, үйленіпті айттырған Нұғманқызы Қамашқа*4 Шыққан Найман рудан, атастырған бұрыннан, айдай сұлу келін кеп Шымылдығы құрылған. Той жасалды аянбай, Сезім оты оянды-ай! Бірін-бірі ұнатқан, Қозы-Кҿрпеш, Баяндай! Ойын-тойда сыр аулап,

Тотықұстай сылаңдап, Жеті ұлдың ішінде Ерке ҿскен бұлаңдап! Қарасаң кҿз тойғандай, алдан шырақ жанғандай, сұлу еді сүйкімді бетінен нұр тамғандай. Ай мен Күнге теңейтін, Сҿзі нұрға бҿлейтін, елі сыйлап, есімін: -Қамария – демейтін. Жҽнабілхан сүйкімді, Жанарға нұр іркілді! Сұңғыла да, сұңғақ бой, Ҽр жұмысқа икімді. Бҽрін құдай берген-ді, Бозбала еді кҿргенді. Құралайды кҿзінен Атқан сұлу мерген-ді. Ҽн саулаған таңдайы, Кере қарыс маңдайы. Кҿрсе талып қалатын перизаттың қандайы! Қыр мұрыны жарасқан, Жирен шаш бой таласқан, Кҿркі кҿзді тұндырған Жүйріктейін таң асқан. Кҿпке күшті беделі, Алпамсадай денелі. Тілейді екен тілеуін: -Аман жүрсін! – деп, елі. Жаратылған ҿлең деп, Сҿз саптаған тереңдеп, Тоқтай алмас айтысқа Жүйрік аттай елеңдеп. Шертіп бҽсең, кейде ҿктем, Жүректерді тербеткен, Бұлбұл құстай сайратып, домбыраны сҿйлеткен. Бала оқытқан бұл маңда, Жүзін бұрған иманға, алғыстарын жаудырды Қаршадай жас имамға*5 Мақтап Жҽкең атасын, Қошеметтеп ботасын,

Үйіп-тҿгіп береді Ақсақалдар батасын: -Кҿп тауқымет кҿтердің Тұрса сҿнбес оты елдің. -Жҽнабілхан жүр аман! Жалғызысың Жҽкеңнің.

  • Кҿк жалқаулық – түрпі екен, Шебер сыншы – жұрт екен. Уақыт ұтып, табысты ал, «Талап-табыс кілті екен»6 Тілемейтін қақы, тым, Уақыт-деген, - жаһұтың. Ұштай білген талабын, Ұстай білер бақытын. Жастайынан бүлінген, Ақылы аз ез болар. Ел аузына ілінген Ертең дарабоз болар! Имандыққа бет бұрған, Кеудесін нұр, от қылған. Сайтанға ерген мұсылман Ҿзін-ҿзі жоқ қылған! Имандыққа бет бұрған, Құр қалмайды бақ, нұрдан. Сен! Мұсылман: -Құран-хақ! Жасқан Құдай – тақсырдан!

III. Жас хатшы

Кҿз жіберсек ҿткенге, Жайма шуақ кҿктемде, «Аққол» сұмын орнаған Сонау «Жеті ҿткелде». Барыс*5 жылы туғанда, Жаңа сұмын құрғанда, Жҽнабілхан жастарға, Хатшы болып тұрғанда, Алға қадам басады. Кҿп жұмыстар жасады: Сауатсыздың алдымен үйірмесін ашады. Қарап қалмай именіп,

Кирилше де үйреніп, ескі моңғол жазуын ұққан екен үлгеріп. Бастап он бес інісін, Жүргізеді ірі ісін, Жаңа белге кҿтерді Жастар ұя жұмысын. Насихаттап халықты, белсенділік танытты. Адамдарға сауатсыз үйретеді ҽріпті. Үйретеді ҽріпті, Оқып, жазып бҽрі ұқты. Жас мүшелер ілесіп, Қатарлары толықты. Ел мақтады басшысын, ҿзіне сай тапты ісін, Кҿзге түсті жақсы істеп, Жастар ұя хатшысын. Сағатынан қалмайтын, Айтқанынан таймайтын, Қанша хатшы болса да, Қызыл тиын алмайтын Агент боп дұрыстап, Саудада да жұмыстап, Қабат міндет атқарып, алды ісін уыстап. Тіршілігі түледі, Орындалып тілегі, Туып тұңғыш сҽбиі Мҽз-мейрам боп күледі. Қуантады атаны, Қуантады апаны. Жалғыз ұлдың тұңғышын Күлшаран деп атады.

  • *

Жапон, Қытай «қонағы», елге сұғын қадады. Шабуылдап жан-жақтан баса кҿктеп тонады. «Қонақтары» жаңағы, шекараға шабады. Кісілерді ҿлтіріп,

Малын қырып, тонады. «Құтырған ит» талады, Елдің есін алады. Болмаса Отан кҿмегі Үлкен қауіп тҿнеді. Отыз тоғыз...маусымда Ел шарасы таусылды, ҽ! Азаматтан қол жинап, етек, жеңін «қаусырды»! Жауап берер кез келді Қаптап кеткен «жансызға». Халық жаудан қорқады, Жиын істеп алқалы, Күш жетіспей қазақтан алғаш ҽскер тартады. Күйзеледі, сасады, Кҿп жиналыс ашады. Бҽрі шошып ҽскерден, Зҽре құты қашады. Кҽріге де, жасқа да, Үгіт айтып досқа да, Жҽнабілхан аттанды Мұрындық боп басқаға. Жастар ұя хатшысы, аттанған соң басшысы, Біреу қалмай аттанып, Жүзеге асты басты ісі. Қысылғанда кісі есін Жинап, жолға түсесің. Жҽнабілхан орнына Қойды Шҽкей мүшесін.

IV. Әскер әлегі

Лау*8 атпен жол жүріп, Жол жүргенде мол жүріп, Сонау Улаанхуаранға Ҽрең жетті болдырып. Содан барған күйінде, Қолы жетпей киімге, Жан қиналып 45 күн, Жатты карантинде. Жҽнабілхан ер еді, Кҿп қиындық кҿреді.

Карантин кезінде Кҿзге түскен дер еді. Бҽрі тілді сезбейтін, Қазақтарды ез! –дейтін. Моңғол бастық барлығын басынуды кҿздейтін! Жҽкең тілге зыр еді, Ескіше де біледі. Қазақтарға тілмаш боп, Кҿмектесіп жүреді. Шынында ол ер еді, артық ҽскер ҿнері. Атыс, қылыш, найзада артты кҿпке беделі. Мінезі де ҿр еді, Ол бірбеткей ер еді! Ақылы асқан дария Ҿте маңғаз тҿре еді! Кҿпке тиді кҿмегі, Су кҿже еді қорегі! Ҽскер қатты ашығып, ауру боп ҿледі! Қорғап қазақ арысын, береді ол қол ұшын. Кҿп қинады қалмақтар айтқанымның бҽрі шын!.. Бастықтары тоңмойын, Жібітпеді таңдайын! Қақтап күнге тұрғызып, Неше түрлі «салды ойын»! Асқа берді шандырды, естерінен тандырды! Сҿз шығарған ҽскерді Түрмелерге салдырды!.. Кҿңілдерін қалғызды, Естерінен танғызды!! «Эсэргүүлер»*9 ҿлтірді талай жарты, жалғызды. Ҿте қатты ұстады! Жанға батты қыспағы. Ауруын емдемей Сүйреп-сүйреп тастады! Бейнет шекті бүргеден, бетер болды түрмеден! Азаптаған адамды...

болды сондай дүрбелең!!... Науқасқа кҿп шалдықты-ақ, Тартып сазай тарықты-ақ!! Сүйектері саудырап, бҽрі қалды арықтап! Қорғаушылар Отанды, бейнет тартты! Маталды! Қастық қылды қазаққа Тҽртібі ҿте қатал-ды! Берді сасық кҿжесін, Амалсыздан тҿзесің. Түбі құрту қазақты Саясатын сезесің!!.. Есеңгіреп жұрт қалды, Шайқап ішті құрттарды!!.. Сайдқа*10 айтып ақыры Жҽнабілхан құтқарды! Қырық бес күн «күткен» соң, Карантині біткен соң, «Эсэргүүді» ұстатып, Жауыздарды құртқан соң: Тек, шығысқа бҿледі, Мықтыларын тереді, «Ротаға бастық қып», Жҽкеңе шен береді. Кіші лейтенант атанып, болды офицер ҿрелі.

V. Жол азабы

Жазылмай кҿп хат қалды, бірақ түнде аттанды. Жолда жасап жаттығу талай міндет атқарды. Шаршап тозған қалжырап, Қарыны аш, жол ұзақ. Күн-түн жүрген азабы-ай! ұйқы қысып, маужырап. Шыдай алмай шҿлге де, сылқ етеді жерге де... «Үйренеді деген ғой, Үш күннен соң кҿрге де». Ҿңшең арық сүзілген, Сүйектері тізілген.

Аруақ боп қалса да, Ҿшірілмес тізімнен... Неткен ұзақ жер еді! Сүйретіліп келеді. Құлай жаздап келеді Кҿңілдің кҿк терегі... Ҽрең жүріп келеді, Талайды адам кҿреді. «Басқа түссе баспақшыл» бҽріне де кҿнеді. Ҽскер арық, ат арық, «Жүргендейін от алып», Келе жатыр асығыс Қаулап тұрған соғыстың Ошағына бет алып. Іш ауру тарады, Алға жылжып барады. Қаталайды кҿн кеуіп, Кҿңіл күпті, жаралы! -Сағынамыз ұдайы, айналайын құдайым! Енді қайтіп шыдайын?! Жайлап алды уайым! Антқа біз қол қойдық, қол қойғанда мол қойдық. Туған жер мен үйді аңсап, Сағыныштан сарғайдық. Қаптаған жау жолымыз, Қайнар ма екен, сорымыз?! Елге қайтар күн бар ма? Қалар ма екен жанымыз?! Қалар ма екен жанымыз?! Алаңдаймыз бҽріміз. Ата-ана, бала мен артта қалды жарымыз! Күн тҿбеден шақшиған, Ҽуе айналып, кҿк күйген! Тіл ауызға сыймайды! Қандай қиын шет жүрген! Сағыныш ҿрт бойды алып, тіл қалады байланып, алда сағым теңіз боп, бас кетеді айналып. Күн тҿбеден қариды, Жаның жасып ариды.

Сағынасың, туған жер! Сағынасың, қара үйді! Таусылмайды сары дала, Жатырқайды паңдана! Елемейді ҿздері күйзелесің сен ғана! Қиыры жоқ, шегі жоқ, Шҿлдегенде себі жоқ! Тыр жалаңаш шҿлейттер паналайтын жері жоқ! Ойдың түсіп кҿліне, Ой ойлайсың беріле. Сағыныш от жүректің Лапылдайды тҿрінде. ...Туған жерді мен, ҽлде, Кҿрмеймін бе, кҿрем бе?... ...Халхын голға жеттік-ау, Ҿлдім-талдым дегенде. Үзгеміз жоқ күдерді, Ат қып міндік жігерді... ...Ҽскерлерді жан-жаққа бҿліп-бҿліп жіберді. Сапарлары күй-дастан, достар қалып сырласқан... Баянтүмэн, Тамсагқа Кете берді қимастан.

VI. Жас бастық

Қолдан бермей намысты, Жаумен талай алысты. Жҽнабілхан бетпе-бет Самураймен соғысты. Халық қамын жеді ғой, Жаным пида,- деді ғой. «Ерді намыс, қоянды қамыс ҿлтіреді ғой!» Тауып ҽскер жан кілтін, аялайтын, баулитын, Жансыздардан қорғаштап, Таңға жақын қалғитын. – Ҽскер ойдан жұтайды, Сағыныш ҿрт тұтайды, Бала ғой – деп,-балапан,

кҿрсетпейтін құқайды. Тілге бастық-аға зу, -Жоқ –деп: -Ақыл ҽлі азу! «Сыраға бал, сыйға сый» Кҿрсетпейтін қағажу. Кҿңілі болып жаға жай, Жапырылып қоғадай, Ҽскерлер де сыйлайтын Бірге туған ағадай. Соғыс тактикасынан Үйрететін асынан. Ұқтыратын үнемі, Ҿш алуды қасынан. Тыңшылықты игертіп, Сынап кҿрді «тілге ертіп», Бақылайтын ҿкшеден Ҽскерлерін түнде ертіп. Тҽртіп қатал! Сынапты. Мейірімі - күн шуақты. Елжірейтін ҽскерге Ата-анасы сияқты! Баса берсе мылжалай, Қайдан тҿзсін, қу жан-ай!? ...Ҽскер бастық болса ғой Жҽнабілхан мырзадай!!

VII. Офицер курсінде

Оқығанда курсті, Меңгеруге ірі істі. білу үшін барлығын Жанын сала кірісті. Оқығанда курсті, Қолға ап найза, қылышты, аяқтамай тынбайтын бастағанда бір істі. Жас болса да мүшелі, Ҿте ғажап кісі еді! Офицерлік курсте кҿп кҿзіне түседі. Еңіреген ер еді! Елден артық ҿнері. Атыс, найза, қылышта Шебердің ең шебері.

Техника дамысын, тактиканың табысын, үйренеді курсте ҽскер бастау ҽдісін. Асау-асау ат мініп, «Жау» талдарды шаптырып, Сынайды екен керемет ат үстінен аттырып. Ҿнер құдай бергені, Кҿп-кҿп болды кҿргені. Ол – атақты найзагер, Мергеннің ең мергені. Түк жоқ жатсаң қозғалмай, Талпынсаң кез болғандай; «Білім табу – инемен терең құдық қазғандай». Білім болса басыңда, Сүйсінеді досың да. Досың тұр ғой ҽуелі Қызығады қасың да. Курсанттардың ең алды, Игерді ҽдіс, амалды. «Талаптыға нұр жауар» Лейтенант шен алды. Сынын беріп табысты, Қырқыншы жыл тауысты. Жұмыстауға шығыста Шекараға тағы ұшты. *** Жҽнабілхан осылай, Шекарада жасымай, Жұмыстады бес жылдай асып, ҽлде, тасымай. Кҿзден талай ұшты күн, бірі болды күштінің. Сақылдаған сары аяз, атқарды аптап ыстығын. Іргесінен күн ұшқан, ту-ту сонау шығыстан, Жылда кеп, ай дем алып, Қайтып тұрды туыстан. Кешіп шайқас, ұрысты, Кҿп майданға кірісті... Хобда аймаққа бет алды артқа тастап шығысты.

Танып қытай пиғылын, Кілең мықты тұйғынын, Орындауға жіберді Чойбалсанның бұйрығын. Аласапыран дҽуірде, Осы батыс ҿңірге, Біздің Жҽкең бет алды Мешін жылы сҽуірде. Қанат жайып ҽр ісі, Кеңіп білім, ҿрісі, шалғай тартты шыңдалып, Тактикасы, ҽдісі. Хобда келді мешінде, Орден, медаль тҿсінде. Гоминданнан ел қорғап, алмақ болып ҿшін де. Тактикасы артық-ты, беделі де артыпты. Үенч, Бұлғын, Бҽйтігке аттың басын тартыпты. Отанға жау ұштырмай, Жұмыстапты үш жылдай... ...«Ерлердің ісі бітер ме»? Мұра болар іс қылмай?!

VIII. Мың жылан

Жау жатқанда мұндалап, Жатады екен кім қарап? Суыт хабар келеді таяп қалды сын сағат. Шекарадан аттаған, Жерімізді таптаған, Келе жатыр мың жауыз, Қара құрттай қаптаған. Қалың қолын ендіріп, Отымызды сҿндіріп, тас-талқан ғып қайтпақшы бізге қауіп тҿндіріп!! Темір тҽртіп ұстанып, Мұздай қару күшті алып, Жалаңдайды айдаһар Мың жалмауыз сұстанып!! Үлес алып жерінен,

бірақ, шықпақ тҿрінен... Қара тас та балқиды Жалмауыздың зҽрінен!! Қолда дайын айғағы, Сол Хужирт сайдағы, Ұстағаны қытайдың Америка сайманы! Жатып алды асуда, Аспанға уын шашуда! бекініп ап, асуға, Кҿңілі кҿл тасуда! Тігіп алып тасқа «үйін», бекініп ап, «кҿш-құйын»! Шекарада жау жатыр дайындалып тас түйін!! Соғыс – деген тең тұру, ҿлу, ҽлде, ҿлтіру. менменсіген дұшпанды тҽубасына келтіру! Маусымында доңыздың, Шиырын сап, сан іздің ойы жаман қаптаған Қара қытай қоңыздың! Қарамай құз, қар, суға! бізді қырып тауысуға. Шабуылға шықпақшы бесі күні маусымда. Жау келеді анталап, Кҿз қызарған қанталап! Жерімізге анталап, Сұстанады сан талақ!! Жылан басы қақшиып, Ысқырады шақшиып! Менсінбейді сұмырай Кҿкке қарап шекшиіп! Еркінсиді қол қалың, Мекендемек жау зҽлім! Ҽкесінің үйіндей Моңғол жерін, тауларын! Кҿңілі неткен ҿктем ед! Киіп-жарып кҿктемек! Айға шауып үреді Мың жалмауыз кҿк тҿбет!! Хужирт сай шатқалын, Тас-талқан ғып атқалы!

Жалмауыздай жұтқалы! Мың жылан тұр шаққалы! *** IX. Cұрапыл алдында

Екі кҿзі жаудырап, екпінінен тау құлап, Моңғолия ҽскері келе жатыр жаужүрек. Зайсановы шүйіліп, Қырандайын құйылып, Қалың жауды шҿмшек қып, Бомбаламақ сиырып! Ҽзірленіп егеске, Оқ тіремек ҿңешке! Сүйем жеріне Отанның Жаны пида емес пе? Жауынгердің – жаны шоқ, Қызып алған қаны – шоқ! Жігер, қайрат жалындап, Лапылдайды намыс от! Бойда тасқын күш тулап, Кҿзден жалын ұшқындап, Бір сұрапыл соғысты Тұрғандайын іш тыңдап! Нҿсер болып құюға, Жауға оқ боп тиюге, Отан үшін, ел үшін, Ҽзір жанын қиюға! Үлес қосып қоғамға, бақыт сыйлап адамға Отаны үшін арман жоқ ҿліп кетсе табанда. Қорқынышты қуалап, Майдан күтіп тұр алап, Ҽр ҽскердің сенімі от Жүрегінде ұялап! Ҿз ата-ана ҿз үйін, Бала-шаға, боз үйін, Қорғау үшін күшін сап, Тауысады тҿзімін. Тұңғиықтай батырып, Арыстандай атылып,

Тастағалы тұр бҽрі Жауды жайпап жапырып! Аруағын шақырып, аюдайын ақырып, бауыздамақшы қолма-қол Қанын судай сапырып!! Аруағы асып тұр, Күш-қуаты тасып тұр, Тісін қайрап, кек қайнап, Кҿзден жалын шашып тұр. Елемейді егесті, дес беретін емес-ті! Жеңеріне сеніп тұр, Кемеріне келіп тұр, Сескенетін емес-ті!! Қалың жауды қаптаған ескеретін емес-ті! Шақырылмаған «қонағын», бойда тулап мол ағын, Қош кҿретін емес-ті! Қазір соғыс бастауға, атылуға ҿш жауға, Сақадай сай дайын тұр, Жауды жайпап тастауға! Бес қаруын асынып, сайлап-сайлап алмақшы. Буырқанған бурадай шайнап-шайнап алмақшы. Жүрегіне жігерін Қайрап-қайрап алмақшы. Жон терісін сыпырып, тулақ етіп алмақшы. Бұлшық етін қуырдақ қып, Кесіп-кесіп алмақшы! Кҿкірегінен қызыл қан, Кҿсіп-кҿсіп алмақшы! Жетелеуге мұрнынан, Тесіп-тесіп алмақшы! Мұрша бермей ойлауға, Тыр жалаңаш айдауға, Киімдерін түк қоймай Шешіп-шешіп алмақшы!! Ҿкпе, бауыр, қолқасын, Кесіп итке тастаса! Естімейтін құлағын

Қосып итке тастаса! Кҿзін ойып тойымсыз, Шашып итке тастаса! Қанжоса ғып борбайын ашып итке тастаса! Басын кесіп қағынған ашық итке тастаса! Саудыратып сүйегін тасып итке тастаса! Кҿтерілген кеудесін таптап-таптап табанға Басып итке тастаса!!.. Сонда ҿтеліп парызы, Сонда ҿтеліп қарызы, Сараланып ҽр ізі, қанар еді-ау, айызы!! Құтырып келген кеше бір, Гоминданның неше дүр, Талқан етіп тілегін, Кісі аямас жүрегін, Қақтап-қақтап жесе бір! Қақтап-қақтап жесе бір! Қайтар еді-ау есе бір!!..

X. Алапат шайқас

Бесі күні таң ата-ақ, болмақ шайқас алапат! Шагдаржавтың бұйрығын бір күн бұрын таратад: -Бұрын келген мол жауға, түнде қамдан, жан сауға! Хужиртның ҿзенін, Жауға айрылып қалмауға; Осы ҿзен бойын да, Хужиртның сайын да, Жаудан тартып биікті ал!- -деді, ешкімің тайынба! -Шығармаңдар есіңнен: Отанды ойла ҿсірген! Бас құласын тҿсіңнен! «Таймас судан шешінген»! Жағдайымыз нашар-ақ! Күшіміз де осал-ақ! Үлгер түнде тез жетіп, Қараңғыны тасалап! Жағдай жаман бұл түнгі, Жері қиын! Іркілді! Түнде жетер түрі жоқ Шамасынша-ақ ұмтылды.

*** Мың жау жатыр қаз қалпы, Шайқасуға аз қалды... ...Күні бойы қамданып, бҽрі ымыртта қозғалды. Жау кеңейтіп ҿрісін, Тосуда қол келісін... ...Білді ҽскерлер таң ата, Тҽсілдерінің терісін!.. Таң да атып, күн шықты, Алдан мың жау сұм шықты! Алты аса Зайсанов бомбаларын ыршытты! Кҿк түтінге ел тұншықты, Жағдай мүлдем қырсықты! Иемденіп жау алған: -биікті де, тұмсықты! ...Біздің ҽскер шеп бұзып, араларын кетті үзіп!... ...Қараңғыда жау ҽдей жіберіпті ҿткізіп!.. ...Басталды ұрыс таң алды, Күннің кҿзі «тоналды!» Азан-қазан жан-жақтан тау-тас құлап жол алды! Қопарылыс қан алды! Жарылыстар жан алды! Кҿзге түртсең кҿрінбес басты түнек, қараңғы! Хужирт сайы лезде-ақ, От жалынға оранды! Қасың тұр ғой досыңа Кҿрсетпейді қараңды! Қайсысы жау, қайсы дос Айырмайсың адамды! Астаң-кестең алапат кҿзді басып шаң алды. Тҿңкеріліп аспан, жер!

Келтірмейді шамаңды! Ақырады айдаһар үрей билеп санаңды. Кескілесіп бетпе-бет аңғармайсың жараңды. Жауда, доста бағыт жоқ, Қараңғыға қамалды. Ескеретін мұрса жоқ Ҿлі-тірі заманды!! Кҿзді ашып-жұмғанша Бар ғұмырың тҽмам-ды! Соғыс-ажал! Алапат! Соғыс сондай жаман-ды! ...Қарсы шапты қасқайып, Қыран – Жҽкең табанды! Ҿрт дауылға оранып, Сауысқаннан жаралып, Қолайлы жер таба алды. Пулеметтен жаудырып, алақанға шоқ алды! Бірге кірген достары ғайып болып жоғалды... ...Бірақ Жҽкең жеті ҽскер Намыс отын жаға алды! Жігер беріп жетеуге Тотыдайын таранды. Сыйынады Құдайға Сақтай кҿр,-деп, балаңды! Ғайып болған достарға тҿге кҿр - деп, панаңды! Ҿзіне емес, бұл Жҽкең достарына алаң-ды! Жаудан кегін алмаққа Жолбарыстай жаланды! ...Ұмытар ма тарих Жҽкеңдей Ер, данаңды?! Талқан етіп шатқалды, Шайқас солай басталды. Пулеметтер сақылдап, тҿңкергендей аспанды. Күші басым жау дүлей, Қорқақтарға салды үрей. Келе жатқан секілді Қопарылып тау күрей! Жан-жағынан кимелеп,

Жау таяды іргелеп! Ең алдында шайқастың Жҽнабілхан бір бҿлек. Пулеметтен жаудырып, айызы қанған жау қырып. Қалың қара қытайды естерінен тандырып. Жеті ҽскері жанында, гранаты қолында. Ұшып түсіп жау жатыр Жиырма, отыз-ақ адымда. Ең қолайлы орында, жолатпайды қорымға! Екі кҿзі Жҽкеңнің Ұқсап кетті жалынға. Отыз үш-ақ жастағы, асып қыран жоспары. Қаншама жүз қытайды Қойша қырып тастады. Жауды қырды, жайпады! Жолауға жау қорқады. Бір қараса достары шегінгенін байқады! Шегінгенін байқады, жақтырмай бас шайқады. -Отан сатқан опасыз! Елге не? – деп, айтады! Қай бетімен қайтады?! Басбармағын шайнады, Ыза кегі қайнады. Бірақ, досқа жаны ашып, Құтқаруды ойлады. -Ҿлсек біз-ақ, ҿлейік! Ҽуселесін кҿрейік. Тойтарыңдар жауды алдан досқа кҿмек берейік! Тҿтеп болмай сегізге, Жҿңкілгендей теңіз де! Жакең айтты жауды құрт Отан үшін жан үз де! Осал тұсы осыдеп, Солай қарай жосы!- деп, Дұшпан күшін жояйық! ұзап алсын досым кҿп! Тойтарайық жауды алдан

Жау болмасын сау қалған! Жаргалымыз оққа ұшты Қыр!Жауды қыр! Қанға қан!! Арыстандай ақырды! Жауға қарсы лап ұрды Оқты құйып пулемет Гранаттар атылды! Жер жастанды дұшпандар! Қос бүйірден қысқандар! Тау болды оққа ұшқандар! Тасты сүзіп құшқандар Кҿрмеседе мұндайды, дос шегінген мың қайғы! Ерлігіне Жҽкеңнің тұрған жері ыңғайлы! Алты айрықтан тер аққан! Балағынан қан аққан! Бастан зулап жатса да, Сескенбейді ер оқтан! Жауға тұзақ құрады, таятып ап қырады. Сайып қыран қырағы басқа ҽдіске бұрады. Қас кҿңілі басыңқы, Су сепкендей басылды. Жҽнабілхан сұр мерген Тактикасын асырды. Жауға ҿнерін кҿрсетті, Ақылын да ҿлшетті. Лезде орнын ҿзгертіп биікті алды ең шеткі! Алпыс екі айлалы, тамаша жер «жайлады»! Жан-жағынан қыруға болды осы жер пайдалы! Командирде айла кҿп, ерде жігер бойда кҿп. Табад -деген мұндай жер үш ұйықтаса ойда жоқ! Келмеді арттан күш, міне! Намыс-жалын ішті де! Қыра берді қас жауды үсті, үсті, үстіне! Жан жағына анталап, Қоршап алды, жау қамап.

Тірі ұстауға жан салды Оңай олжа ауламақ! Есіл ерлер айлалы, күшін жиып бойдағы, енді, олар, жастығын ала жатуды ойлады. Ҽне, Зодов оққа ұшты! Ол жастығын ап құшты! Ҿліп бара жатып та, Жауды атқан нақ күшті! -Ат! Зодовтың кегін ал! Жау жүрегін сҿгіп ал! Қанын судай тҿгіп ал! Ҿлмей қанға бҿгіп ал! Қатарлары сиреді! Отаны алға сүйреді! туған жерге бұрылды Ҿлгенде де бүйрегі! Міне, Пунцаг құлады! Жаужүрек ед, қырағы! Ымдады:- Қыр! Қыр! Қыр!-деп, Осы Моңғол қыраны!! Жабысқаннан жан алды, Қадалғаннан қан алды! Дамдинсүрэн жаралы Гранатын жара ҿлді!! Қалың жау жер жастанды! Жаудан ұшып бас қалды! -Ұстадық-деп,-тірі тіл! Қатты опық жеп қас қалды! Готовты жау атыпты, ...сыбағасын татыпты! Ҿлген болып домалап, Готов үнсіз жатыпты! Ұстағандай балықты, Ұстағалы барыпты. Ҿліп бара жатып ол: Гранатты жарыпты! Қанды елемей шапшыған, Жауға ұмтылды нақ қыран! Есіл ердің Жҽкеңдей беті-аузын жапты қан! Жҽнабілхан – осы алып! Қолға гранат – «тас» алып, биіктен кеп құлады.

бірнеше жау қоса алып! Елін сүйген кҿзсіз ер! аруағы ел сүйер. ҿліп бара жатып та,- деген – осы жер сүзер!! Жономоо, Чимид соңында, Жаудың қалмай қолында, атты ҿздерін: -Отанның жан садаға жолында! Тарихта аты қап, Қанмен жазған хаты қап,... ...Ұстай алмай тірі «тіл», Жау ҿкінді қапы қап! *** Жономоо мен Чимидті, елі неге ұмытты? Қос наводчик, қос қыран, еленбей кҿп жыл ұтты!! Ерлер еді ел күткен, Соғысқа ҽбден кҿндіккен! Қателіктен негізі бірі қалмай сегізі Қаза болды ерлікпен!! ***

Жҽнабілхан есіл ер! Жұмбағы ҽлі-ақ шешілер! Аққан қаны, жас жаны – Ерлік даңқын ҿсірер! Мыңға жетті батылы, Қиналды жау ақыры! ҚаҺарманы халықтың! Батырдың ең Батыры!!! *** Жауды сұсын қайтарып, тоғыз сағат тойтарып, Оққа тҿсеп кеудесін, Мың мен сегіз белдесіп, Қиян-кескі «сел» кешіп, Қыршын кеткен есіл Ер! ...Намыс отын тамызып, Қанын судай ағызып, Отаны үшін жан үзіп, Ел қорғаған есіл Ер! ...Бала-шаға жас қалған... – десекте: – орны бос қалған! Ерлік ісі – ӛнеге Жҽнабілхан басқарған! *** XI. Күнә

Шайқас болды сұрапыл, Ішіңізден тына тұр. Генералға бір мезет Мойныңызды бұра тұр. Жаудың мысы басады, Шагдаржав кҿп сасады, теріс жоба жасады, Зҽре құты қашады Жетпей қалды кҿп ҽскер, Жау алдынан тосады. Шашылса күш, тактика Қайдан іске асады?! Қорқып асау жамбасқа Генералың басады. Бұйрық берді, шара жоқ, Шегінбесе жасағы! Алыс қалды ҿзінен алапаттың ошағы! Бір байқаса жоқ болған Қорғаушысы – қосағы! Тайып тұрды бетке алып, бас сауғалап тасаны... ...Беріп теріс рапорт арқа жүктен босады. Цэрэнжавты шаужайлап, Жауып қойды «шашаны»!... ...Ондай шақырым алыста, «Үш қарада» қалыста. Шагдаржавтай генерал кірмей білек сыбанып, Теріс шешім шығарып, Қара басын сауғалап, Жоламаған соғысқа. – Байланысы қалды ары, – Түсте жетті жау жағы. Қатенің ең қатесі: қараңғыда барлады!

...Оралғандай жеңіспен, Қысылғанда: «кҿп іспен» алдап-арбап кетіпті дала сотын «жеңұшпен»! Цэрэнжавты жаныпты, Ҿзі таза қалыпты, айдан сұлу, ақ сүттен, монтаны боп: -артық –кем, жаңылды-деп, тҽртіптен, Ванчигты алға салыпты. Залиландай бейуаз Қанына ортақ болыпты... ...Басып ҿсек-кҿрікке, Сұм генерал желікпе: – Қателікті сол күнгі Арта салған ҿлікке!!... Басын қорғап безектеп: – Берілді – деп, – қазақ – деп, Қолбасшыға жан-жақтан Жамандаған кезектеп!... Тексеруде дҿп келді, кҿріп жалған беттерді, Ұлты қазақ болған соң шалағай-ақ тектелді. Қанағатсыз тексерді. Тексеруді кҿз алдап, оп-оңай-ақ ҿткерді... ...Алдай алмай халықты, Генерал сұм тарықты! Кешікпей-ақ, арты оның ашылып-ақ қалыпты...

XII. Қиянатқа жауапты қара беттер!

Командирлер «сауатты», білмей соғыс «сабақты», Обалды ғып, қырса ҽскер, Жандарына жауапты! Қандарына жауапты! Генерал жоқ жасқаған, ҿзі теріс бастаған! Тактикадан сауатсыз кҿпті қырып тастаған! Шагдаржав пен Цэрэнжав

Дамдингаалар топастар Жандарына жауапты, Қандарына жауапты! Мойындамай қылмысын, Кҿрсеткенге «піл» -күшін, Жазғаны үшін дау акт, Жандарына жауапты, Қандарына жауапты! Дала сотын тосып ал! Мҽселені ашып ал! Шагдаржавтай генерал Шамаң келсе басын ал! Тарихта таңба тұр, барып тұрған оңбағыр! Генералға жандайшап – Цэрэнжавты қойма құр! Бұрған емес қалжыңға, Үлкен ұйым бар мұнда, Қосылады Дамдингаа! Келер ұрпақ алдында Үшеуі де жауапты Қайғы-қасірет, зар-мұңға!! Кҿмектеспей дереу кеп, жатып алды – алау дерт! ...«Есіргенде ҽмірші Сорлайды екен ҽлеумет»! ...Кҿкірегі қара кҿк! Үш қарақшы арам ет! Болашаққа қара бет!!

XIII. Ӛз қанымен, жанымен қорғаған батырын, Отаны ұмыта ма?!

Ел қорғаған батыр ер, тұңғыш қазақ офицер, ерін ойлап, ел-жұрты еміреніп, еңірер! Еңіреген ер еді, жігер, қайрат тең еді. Күні бүгін ерлігі бағаланбай келеді! Архивті шаң басқан-ды, Ұмытатын бастанды: – Тек, тӛккен тер, аққан қан,

Жылаған кӛз жас қалды!! Ел мойнында ер құны, Батыр болды белгілі. Тиісті емес ҿлуге, Ҿлген адам ерлігі!! Бетке ап, шығыс, батысты, Орап ылғи от үстін! Қызыл жалын шарпыған Сан ұрысқа қатысты! Арғымақтай ойқастап, кілең қыран марқасқа ап, ең алдыңғы фронтта Шайқасты ылғи қол бастап. Кҿп шайқасқа кіреді, Қолмен жалын күреді! Ең от қызған ошақта Жұмыстаған үнемі! Отанға – деп, – жан сауғаң, Жалықпаған шаршаудан. Жолдастарын құтқарған талай рет қоршаудан! Тартып ата-енеге, алғыр болды кҿреген! Болашақта ерлігі Жас ұрпаққа ҿнеге! От кҿседі қолымен, Жауап берді жанымен, Атын жазды тарихқа Қызыл шоқтай қанымен! Қиын-қыстау жол жүріп, Жол жүргенде мол жүріп, Баулыды ҽскер ерлікке Отансүйгіш болдырып! Лаулаған жас шағында, Оранып от, жалынға, Отан үшін қанын да, аямаған жанын да! Талайды естен тандырды, Тактикасы сан қилы. Елін қоғап, есіл ер, Отан үшін жан қиды! ...Кҿп күйзелді жан апаң! Кҿп күйзелді жан атаң!... Қанмен, жанмен қорғаса ол Ұмытар ма, оны Отан?!

Жаны ашымай жанына, Жаны ашымай қанына, бермей батыр атағын Отаны ұмытқаны ма? Қарамай аш анаға, Қарамай жас балаға, Жетім-жесір кҿз жасын Кҿлдетуге бола ма? Қасірет – кҿл күн қайда? Сан жылғы шер, мұң қайда? Жетім-жесір сорлының Отан, сҿзін тыңдай ма? Қайғы жанды езген-ді! Толқып теңіз сҿз келді! Хас батырын отаны ескеретін кез келді! Тарихты парақтап, тексеретін кез келді! Таразыда: - Ақ.Қара. екшелетін кез келді!! Жанғырған жоқ аты ҽлі! Түзеген жоқ қатені! Ел қорғаған батырын Ұмыта ма, Отаны?! Боздап ҿткен атаны, боздап ҿскен ботаны! Қаһарманын қадірлі ұмытар ма, Отаны?! Бастықтар кҿп! Терең ғой! Құлақтары керең гой!! «Ойшыл білмегендерді Қойшы білер» – деген гой!... «Шолақ мылтық шаңқылдақ», «Ақылы аз шарқылдақ» Сҿз жетпейді бастыққа, Қанша айтқанмен каңқылдап! Болды осындай керемет! келер ұрпақ кҿре кет! Моңғол болса Батырын Неше мҽрте берер ед! *** Қайғыдан ай, күн ҿтпей, Кҿрген күні түнектей! Қалды артында үш бала! Үшеуі де шиеттей!!...

Ҿр мінезді, ҿр үнді, Елі сүйді ер ұлды, Тайсалмай ол үнемі алғы шептен кҿрінді. Басынан оқ асырмай! Жарқыраған жасындай! Отаны үшін от кешкен – Батыр болды осындай. Жҽнабілхан жас батыр, Қаһарман Ер! Хас батыр! Атын жазған ҽспеттеп, Үенчде таста тұр! *** Жоғалмайды жыралар, Жоғалмайды ұралар, Жылдар жылжып ҿткенде, алтын заман жеткенде, түзетілер күнҽлар, орнында бар оңалар, Батыр атақ бір алар. Ол – болашақ үлесі, Бір тірілер, баба Нар!

XIV. Қаралы ауыл, қара ту

Естірткені ҽкені, ҽлі есінде екені! Айтып берді түк қоймай Жалғыз ұлы Бакелі: – Ҿткердік те тойды11 аман, Еш нҽрсе жоқ ойлаған, Үш үйіміз отыр ек, «Ақбҿстікте» жайлаған. Үш үй бірге жүреді, бірге ҿмір сүреді. Тоқаң – қарашаңырақ12, «Ағам» үйі*13 біреуі. Қара туды ұстаған, ауылға кҿп түсті адам. Алдан шығып, байлады ат, Тоқаң атам – күшті адам. Атам бұрын кірді де, тҿрге таман жүрді де, – Айырылдым! – деп, – жалғыздан,

Тҿбеден құдай ұрды! – деп. Ҿңі қашқан, түсі аппақ, Тоқаң атам үш аттап, Ойбай салып, бас салды атамды кеп, құшақтап! Солай ҽкемді естіртті, зар жыладық, ес кетті! у-шу болды үй іші! Кҿз жастан ап, ҿш-кекті! Азан-қазан шулаған, ойбай салып, тулаған! Астан-кестен ҿкіріп, Қайғы бұлты шырмаған. Ҿлім – атты қас кірді, Қайғы – таспен бастырды. Атам, апам, шешемдер, бетін жыртып, шаш жұлды! Қолын салып, қылқынды, Бҽрі: - ҿлем! – деп, бұлқынды. Жай түсті де тҿбеден дүние дүр сілкінді! Ұмтылды атам: – Ҿлем! – деп, Апам: – жанды берем! – деп. Ес жоқ! Шешем еңіреп, – Арманда кетті-ау, тҿрем – деп. Қасіретті естіртті! Сақал жұлды, бет жыртты! Қайғы жайлап, жалғыз күн, Ажал – атты ҿш құртты! Бҽріміз де ҿкірдік, еңіредік ҿкіндік! – Ҽкеміздің орнына Бізді ал! – деп, ҿтіндік. Қаралы күн! Мұз қатты! Кҿзден жас боп қан ақты! Жесір! Жетім! Атанып, Құдай қолға қаратты! Зар иледік! Қайғырдық! Құс қанаттан қайрылдық! Жайраңдап жүрген ҽкеден Жалғыз күнде айрылдық! Қайғы жұттық, зарладық! Кҿріс айтып, сарнадық Қасіреттен құса боп, бір-ақ түнде сорладық !

Ҽкем болып қара жер, Кҿкіректі басты шер! Шемен болған жүректің үсті күйік, асты сор! Кеуде мұңға толғаны-ай! Қу кҿңілдің қалғаны-ай! Жайраңдап жүрген жан кҿкем Кҿзден ғайып болғаны-ай! Қасірет келді ҿте ірі! Аққол сұмын ҽкімі, естіртуге жетпепті Мұғадастың14 батылы. Қайғы солай тҿніпті, Кҿзден жасты тҿгіпті. Хатшы Шакей15, Сейітпен16 Бҿкен17 бастық келіпті. Бастық тҿртеу келіпті, Кҿкіректен шер ұқты. Бір қанар ұн, бір шайды Кҿмекке ҽкеп беріпті. Сол кез заман тар еді, елде аштық бар еді. Қанды соғыс зардабы – ұн мен шайға зар еді. Ата-ананы аңыратқан, Мұң, зар түсті шаңырақтан. Бұрын естіп отырған ел құйылды жан-жақтан. Сай-саладан құйылды, Лезде ел жиылды. Кҿңіл айтып уатты, Бізге жылау бұйырды! Ел қайғыны кҿтерді, Жоқтап жатыр ҽкемді! Құран хатым түсіріп, Науқандары ҿтелді... Қиырға ҽке жерледік, басты қара шер келіп! Бір қанар ұн, бір шайдан басқа кҿмек кҿрмедік! Ата-ана, үй-іш сорлады, Қайғы, қасірет торлады. Ҿкіметтен ҿмірі ешбір кҿмек болмады! Жесір шешем жас қалды,

Шерлі ҿмірі басталды. Тұрмыс құрмай басқаға, болып бізге баспана, үй шаруасын басқарды. Жан шырағы жалп етті, тағдыр талақ тҽрк етті! Басқа теуіп бақытын Бізге ҿмірін сарп етті! Жар қызығын кҿрмеді, Үшеу болды ермегі. Еш ҿсекке ермеді, ешкімге ой бҿлмеді! Талай болды жалынған, Қолын бір-ақ сермеді! Сүртіп, сипап қояды суретін тҿрдегі!!...

*** Бастан ұшып бақтары, Зарлап кірпік қақпады. Аза тұтып үшеуі Ай бойы нҽр татпады! Басқа қайғы жүк түсіп, Кеудеге мұң құрт түсіп! Намаздарын оқымай, Жатып алды бүктүсіп. Кҿңіл күйден күрт түсіп, Жатса олар бүктүсіп. Жетім қалған іргеде, Ұлып жаттық үш күшік... Мұң жүректі қасиды, Қайғыдан жан жасиды! Кҿрсең елдің ҽкесін, Ішің удай ашиды! ...Ҿңеш басқа, жан басқа, Тамақ арсыз, жҿн басқа... Тағдырға жоқ кҿнбеске, Болаттай боп болмасқа. ...Белін бекем буды да, Орнынан тұрды да, – Ҿсірем! – деп, - жан салып, Үн қатты, атам, булыға! Суымның ең тұнығы, Алтынымның сынығы – Кҿрсем болды, енді, мен, Бакелімнің қызығын.

** Қайғы – деген «кір» сіңді! Аһылады, күрсінді, – Қу жетім, – деп, – қалар деп, Кҿрінгеннен қымсынды! Ҽкесі бар мақтаншақ! Жетім байғұс жасқаншақ! Сҽл жасқасаң, кек кҿріп, Саулайды екен қос моншақ! Жетімдік-ай ҽттеген! Бастан не күн ҿтпеген?! Кедейшілік күн кешіп, ту Цэнгэлден мінгесіп, Келдік, атам екеуміз, Сары бауыр атпенен. Болмады ешкім, шіркін-ай, Бізді аяп, тектеген... Қатенің ең қатесі: – Шайқастарда жеке осы, Жанын қиып отанын, Қорғады – деп, – ҽкесі. Жаны ашып мүсіркеп, Қызбады ешкім шекесі! Жас қалдық, – деп, – ботасы, Кҽрі ғой – деп, атасы, Қарт ана – деп, апасы, Ҿкіметтің болмаса, Бұйырмады батасы18. ...Ауырған да, сырқаған, Кезде келіп шипа жан. Еш адам да болмады, Маңдайдан кеп сипаған...

*** Қиылды да тамыры, Батып тағдыр айылы, Ҿксік басып, Ҿкімет, Болмаса да қайыры! Халыққа бас! Елге бас! Қасиетті жерге бас! Жан болмады Аққолда, Жан атамды қолдамас. *** Бастан кешкен талайды, Жанбазар мен Тоғайды, Есіркейді ел-жұрты, Сыйлап, қатты аяйды. Жалғызынан айырылып, Мұңмен алған ҽр айды, Жоқ болса да берері, Жаны ашып қарайды!

XV. Әкесі Жанбазардың зары

Қайғы жұтып күндерім! Қалды ғой құр сүлдерім! Жалғызымнан айрылып, Қанатымнан қайрылып, кҿңіл жер боп қаймығып, алмас жүзім майрылып, Қайтерімді білмедім! Ағаң жоқ қамқор болатын, інің жоқ артта қанатың, біз сорлыда салым жоқ, бойда қуат жалын жоқ, үш жетім қалды шырылдап, Құйрығың жоқ! Жалың жоқ! Аңырап қалды ата-анаң Қауқары жоқ! Шалым жоқ! Саялайтын ҽке жоқ! аялайтын ҽке жоқ! тҽрбие жоқ, тҽлім жоқ, Үш жетім қайтіп күн кҿрер?! Сегізден жаңа аттаған, бұғанасы қатпаған, қу тағдыр дҽмін татпаған, Отыңның алды, тұнығың, шағылғанда сынығың, Кҿре алмаған қылығын, Мұрагерің – құрығың, Бакелің қалды құлының! Жетім болар құдайға Қай қылығы жақпаған?! Тас қараңғы тҿңірек, үш жетім қалды еңіреп,

Қол ұшын, енді, кім берер?! Еңіредім, босадым! Отыз үш-ақ, жасадың! Қалды артыңда аңырап, Құдай қосқан косағың! Ақ тҿсегің салулы, ақ кҿрпесі жаюлы, Қалай қидың аруды?! Кеттің кімге тапсырып, Құдай қосқан жарыңды?! Маңдайынан бір ҿппей, тҽрбиелеп, түлетпей, Қайтып қиып жҿнелдің үш қарғаңды шиеттей?! Жан апаңды ұйытып, омырауын иітіп тым болмаса ҿтерде Таңдайды алмай жібітіп! Аңыратып кеттің-ау! Жан апаңды үгітіп! Зар қақсатып кҿз жұмдың, Бҽрімізді ұмытып! – Аташым – деп, аңырап, Апашым – деп, аңырап, енесіне жамырап, Жас қозыдай маңырап, Енді бізге кім келер?! Қайтқан қаздай қаңқылдап, Қырандайын саңқылдап, –Аташым – деп, аңырап, Апашым – деп, аңырап, Боташым – деп, аңқылдап, Екі кҿзі жалтылдап, Нұрлы кҿзі жарқылдап, Енді бізге кім келер? Айналайын күнішім! танау жарған иісің! Апаң кімге береді сақтап қойған сүрісін?!

XVI. Шешесі Тоғайдың зары

Жайраңдап жүрсе тұстасы-ай, бұйырмай ҿз жер үш тасы-ай! Жарығымды жалмаған

Қу жалғанның қысқасы-ай! Қан болып жасым құйылды-ай! Сүйегің қалды қиырда-ай! Топырақ жалғыз балаңнан бұйырмай калды-ау, бұйырмай! Қыршының кҿктей қиылды-ай! Кҿл болды кҿз жас тиылмай! Қолымнан қарғам бір уыс топырақ қалды-ау, бұйырмай! Қасірет бұлтын сиырмай, қайғылы жыл жоқ биылдай! Жанындай кҿрген ҽкеңнен топырақ қалды бұйырмай! Қанішер сұмдар жауыз-ай! Тоймады қанға ауызы-ай! Таусылар емес арманым, аузына сусын тамызбай! Суалып шалқар айдыным, түнек боп жарық ай, күнім! Кеудеде шерім шемен боп Жүрекке құйды-ау, қайғыны! Кҽпірдің діні қатты екен! Аққуды қайтіп атты екен?! Жалғызын ойлап ҿтерде! Жапанда қайтіп жатты екен?! Кҿзімнің жасын кҿлдеттім, Қара тас қайғы меңдетті! Алмайды неге құдайым, аққуды атқан жендетті! Қай жауыз оғы тиді екен?! Қандай сыр ойға түйді екен?! Балауса балғын баламды Ҿлімге қайтіп қиды екен? Батты ғой қайғың жанға аса, арманым жетпес самғаса? Зар болдым жалғыз иіскеуге, Киімің қалды-ау, қан жоса! Аузына түстің қасқырдың! Ажалға неге бас бұрдың! Шегінбей қойдың сен неге?! Бакелді кімге тапсырдың?! Қалуға досты құтқарып, Шайқастың жаумен сұқтанып! Кҿрсеттің ерлік! «Арғымақ аунаған жерде түк қалып»!..

Қиды екен қайтіп жаныңды? Сапырып судай қаныңды! Қарғам-ау, кімге тапсырдың Жас қалған жайсаң жарыңды? Таусылды-ау, шіркін амалым! Қарғамды қайдан табамын?! Үш ұйықтасам ойда жоқ! Келеді-ау, - деген «хабарың»! Есіктің алды қара су, Жалғанда жоқ-ау, жаны ашу! Естіртед – деген ойда жоқ, Кҿтеріп келіп қара ту! «Топырағыңды кҿрмедім!*19 Ҿз қолымнан кҿмбедім! Артыңда сорлап қалғанша Ҿзіңнен бұрын ҿлмедім!!»

XVII. Жанжары Қамарияның зары

Кҿктегі күнге теңеймін, аспандағы айға теңеймін. Жарығың жалғыз Бакелің Қайда ҽкем? – десе не деймін?! Қайғыны қайтіп тҿлеймін?! Іштегі шерім шелейдің! Бесікте қалған Күлайың Қайда ҽкем десе не деймін?! Уайым кҿк дерт кҿбейдің! Есіл Ері едің – Керейдің! Бейіті қайда?- десе егер, бетім-ау, елге не деймін?! Кҿз жасым қан боп кҿлдеген! Еріне қамқор ел – деген. Ежелден халқы батырдың сүйегін жауға бермеген! Қайтарып ұшқан құзғынды! Алмай ма қолға тізгінді?*20 Қолұшын Елім бермесе, Шама жоқ барар біз мұңды! Бейітің жоқ! Ізің жоқ! Ҿлгенде де тізім жоқ! Тіріде де тізім жоқ! Сҿніп қалды қызыл шоқ! Жоқтай, жоқтай жарымды,

кҿп ақтардым зарымды! Қайтіп, шіркін сҿндірем, іштегі қызыл жалынды?! Жесірдің зарын тыңдайтын, Жетімнің зарын тыңдайтын, Ҿкімет бар ма? Күн бар ма, Сорлының сағы сынбайтын?! Кҿз сүздік, бастық!-дегенге, Кҿз сүздік кілең тҿменге, Қайғының бұлты тапжылмай тұрып-ақ алды тҿбемде! Қанатына алмай ма? Кҿздің қырын салмай ма? Бермей ме батыр атағын Қала ма, қаны шалғайда?! Ерін тастар далаға, Кҿзсіз Отан бола ма? Ел қорғаған есіл Ер ескерусіз қала ма? *** Бақыты үшін басқаның, Ұмытты батыр бас қамын? Отаны үшін, ел үшін қиды ғой қыршын жас жанын! Айналайын ҿкімет далаға неге тастадың?! Ата-ана кҽрі, бала жас, Кедейге ешкім қарамас! Ҽзірейіл – шекара! Рұқсатсыз бара алмас! *** Ал, Бакелі кҿсілді, Күзнайға қосылды. Алты ұл мен бес қызды мҽпеледі, ҿсірді. Екі мектеп тауысып, ҿз тағдыры шешілді... ...Жалғасы бар бір дастан: «Жалқы тағдыр» есімді...

Эпилог Кҿтере алмай күйікті, ұлын аңсап сүйікті, апасының емшегі

Бозінгендей иіпті! Омыраудан аққан сүт Қара тасқа ұйыпты! Кҿздің жасы кҿл болып, Қобда ҿзенге құйыпты! Сағыныштар сарғайып Күн кҿзінде күйіпті! Қайғылары – қара бұлт Бестҽңірге*21 тиіпті! Қасіреті мұз болып, Мекендепті биікті! Шемен болған шерлері Теңізге ҽрең сыйыпты! Шҿгіп қалған тау болып, басқан мұңдар иықты! Қайтіп қиып кетті екен Осынау жер ұйықты?! Туған жер мен досы үшін Мыңға қарсы тұрыпты! Ақ кҿңілі Батырдың Ақ жауын боп құйыпты! Ақ арманы алыстап, Айдың бетін сүйіпті! Нұрлансын –деп, бар ҽлем, Оттай жанған жүрегін Күнге апарып іліпті! Запырандай кегінен Орман – жасыл киіпті! Шұғыла боп мейірі Кең далаға тұныпты!

*** Ары таза, ҽрі асқақ Гималайдан биік-ті! Қасиеттің алтынын, тал бойына жиыпты! *** Ел қорғаған айбыны, Қара тасты тіліпті. Кҿзсіз батыр екенін, Кҿп жылдан соң біліпті. Кҿрмеген боп кҿрсе де, шел басыпты тұнықты! *** ...Батырлығын Баукеңдей, Кім мойындап, кім ұқты?.. 1-10.04.2004 жыл Моңғолия жазушылар одағының мүшесі, ақын БЕРІМБАЙ ЫСҚАҚҰЛЫ

1 – Ақши - Кҿкбастау 2 – жар құлағы жастыққа тимей 3 - отыз бір – 1931 - жыл. Мектепке, ҽскерге бала алады – деп, ауған. 4 - Қамаш – Қамария 5 – имам – Жҽнабілхан 6 – Ағылшын мақалы 7 – барыс жылы – 1938 жыл 8 – Лау – ат ҿртең. 1950-жылға дейін, тығыз жұмысты уҽкіл – қызыл, жай жұмыспен жүргендер жасыл түсті қағазбен ат мінеді. 2 аттан жоғары аты бар адам ат ҿртең ұстайды. 9 – іштің жаулары 10 – сайд – министр 11 – той – 1921-07-11 ел орнаған ҿкіметтік дҽстүрлі той 12 – Тоқтаған ақсақал немере ағасы 13 – Ағам үйі – атасының туған інісі Сексен ақсақалдың үйі 14 – Мұғадас – Аққол сұмын ҽкімі 15 – Шакей – Аққол сұмын хатшысы 16 – Сейт – партия ұясы хатшысы 17 – Бҿкен – бақ бастығы 18 – Батасы – бұл жерде: жҽрдем, кҿмек деген мағынада 19 – осы бір шумақ апасының кҿрісі 20 – бұл жердегі мағынасы –жер *21 –Бестҽңір – Таванбогд

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙