TELEGEI

Home

Баянғали Әлімжанов шығармалары. 7-том

Баянғали Әлімжанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Баянғали Әлімжанов шығармалары. 7-том

Баянғали Әлімжановтың шығармаларының жетінші томына ақынның толғаулары мен арнау өлеңдері, қағазға түспеген, толық нұсқасы қолда жоқ айтыстарда айтылған бірер өлеңдері, кейбір айтыстары және «Деген екендері» толықтырылып топтастырылған.

Баянғали
Әлімжанов
ШЫҒАРМАЛАРЫVІІ том

Деген екен

Толғаулар, арнаулар. Айтыстардан шашу.

Көкшетау 2016

ӘОЖ 821.512.122-1

КБЖ 84 (5Қаз)-5

Ә 55

Әлімжанов Б.

Ә 55

Шығармалары: Көп томдық. Б. Әлімжанов. – Көк-
шетау: Келешек-2030, 2016.

ІSBN 978-601-302-125-6

Т. 7. Деген екен: Толғаулар, арнаулар. Айтыстардан ша-
шу. – 2016. – 284 б.

ІSBN 978-601-317-065-7

Баянғали Әлімжановтың шығармаларының жетінші томы-
на ақынның толғаулары мен арнау өлеңдері, қағазға түспеген, то-
лық нұсқасы қолда жоқ айтыстарда айтылған бірер өлеңдері, кей-
бір айтыстары және «Деген екендері» толықтырылып топтасты-

рылған.

ӘОЖ 821.512.122-1

КБЖ 84 (5Қаз)-5

ІSBN 978-601-317-065-7 (Т. 7)

ІSBN 978-601-302-125-6 (жалпы)
© Әлімжанов Б., 2016.

ТОЛҒАУЛАР

Наурыз
Ерітіп қыс қырауын, жарып мұзын,
Қош келдің, қайран Наурыз, жарықтығым.
Ұмытпай жылдың басы – Наурыз тойын,

Қазағым сақтап қалған халықтығын.

Шығыспен бірге сен де тоналып ең,
Ескілік сарқыншағы саналып ең.
Жүректің тереңінен орын алып,
Календарь беттерінен жоғалып ең.

Халқымыз жаңа өмірге аттанғанда,
Азаттық жыл құсындай оралып ең.

Көп көрдік тар кезең мен көк тайғақты,
Ел болдық әлем білген көк байрақты.
Көкке ұшып, көк мұхитты көктей өтіп,
Ұл-қызың көк байрақты көкте ойнатты!

Солқ-солқ еткен Ситиде жеңгеміз жоқ,
Жеңбедік деп бірақ та өлгеміз жоқ.
Кәңкиден кейін қалып қойсақ тағы,
Ән-күйден кейін қалып көргеміз жоқ.

Ән-күй мен бесік болсын тербететін,
Ұл-қыз болсын елім деп ержететін.
Жаңа жыл жарқын жүзді елге құт боп,
Көркейтсін қазағымның мемлекетін!

Кел, кел, Наурыз, кел Наурыз,
Пейілі елге кең Наурыз,
Нулы болып жеріміз,
Сулы болсын көл наурыз,

Еш қылмай елдің еңбегін,
Ырысын мол ғып бер, Наурыз!

Жаңа жылың құт болып,
Қадамы елдің нық болып,
Молынан болып ағымыз,
Баянды болып бағымыз,

Ұзағынан болсын де,
Тыныштық мына шағымыз!

Тіршілікті құртатын
Ракета мен бомбаның
Қанаттары қиылсын.
Зарлаған ата-ананың

Жоқтаулары тиылсын.
Ел басына тумасын
Ер сыналар қиын сын.
Жақсы істерің көп болып,

Дос қуанып, сүйінсін.
Адамзаттың жемісі
Ұрпағына бұйырсын.
Барлық ұлттың тілегі –

Наурызкөже секілді
Бір арнаға құйылсын!

Қазақ пен Қазанат
Арғы атаң түрік пен ғұн, батыр сақ та,
Хандықтың жартысын берген тұлпар атқа.
Адамзат алты қырдан бір-ақ асты,

Ең алғаш адам атқа қонған шақта.
Пырақты шырақ қылып түнек кезде,
Тәңірім берген шығар біздің баққа!

Күлтегін Алып шалшы арғымақпен,
Сан ғасыр сеңгірінен орғып өткен.
Қобыланды Тайбурылды тебініп қап,
Қазанның қамалынан қарғып өткен.

Зынданнан суырып ап Алпамысты,
Байшұбар жау заманын тар ғып өткен.
Шыдамай шабысына жер жарылып,
Шалқұйрық Ер Төстікпен ағып өткен.

Абылай Бөкең берген Нарқызылмен,
Шарыштың шойын басын қағып өткен.
Құйғытса Қубас атпен ер Қабанбай,
Аумаған қауға тиген қалың өрттен.

Көсілтіп Кенесары Көкбурылмен,
Қазақты бодан қылмай, бар ғып өткен.
Сүліктей қаракермен Иманжүсіп
Бір өзі бір селоны дірілдеткен.

Құлагер серке санды, сері мінез,
Сергітіп сар даланы дүрілдеткен.
Қанат қып қазанатты қазақ елі,
Жалғасқан бергі бетпен, арғы бетпен.

Жарықтық бабаларым өз тарихын
Тұлпардың тұяғымен жазып өткен!!!

Кең дала жеңген талай жауыздықты,
Жеңгенін жаулары да аңыз ғыпты.
Тарихта ұлы өзгеріс болған екен,
Атаң ойлап тапқанда ауыздықты.

Жалғанның талай-талай жұрты болған,
Кең дала көздерінің құрты болған.
Тұлпар ат түрік үшін танкі десек,
Ауыздық басқаратын кілті болған.

Тұрғанда тізгін қолда, ерде тақым,
Кетпеген кең даланың құлпы қолдан.
Қазіргі тілмен айтсақ, ат-ракета,
Ауыздық электрон пульті болған!

Табиғат жаратса да көп ғажапты,
Ежелден ынтықтырған ат қазақты.
Жылқының жұлдызға да атын беріп,
Көкке ұшырған ақбоз ат, көк боз атты!

Қазағым қазанатпен еркелескен,
Ежелгі шығар ма екен ертегі естен.
Жүрісі су жорғаның жанға жайлы,
Кем бе еді «Джип» пенен «Мерседестен!»

Қыз қуып, көкпар тартса дала тынбай,
Қазақтың қанына от толатындай.
Доп қуса ат үстінде, шөген ойнап,
Жұлдыздар жерге таяп ағатындай.

Тұлпарлар құйғытқанда дүрс-дүрс етіп,
Жүрегі кең даланың соғатындай.
Мұндайда қиқу салып, селт етпеген
Жігіттер қазақ болмай қалатындай.

Жым болып жауыздық та жол береді,
Жүйріктің тізігініне оратылмай.
Шау тартып, шал болғанша шабандоздың
Тәні де, жаны да сау болатындай.

Жел қаққан жан сарайын азаматтың,
Қуатты қазанаттан алатындай.
Кентаврдай тұтасып тұлпар, жігіт,
Келешек ғасырларға баратындай!!!

Жеңе алмаған жылқыны,
Жиырмасыншы ғасырдың
Гүрілдеген темірі.
Қазанат пен қазағым

Бір-бірінің айнымас
Мәңгі-бақи серігі.
Бөлініп сірә, көрмеген,
Бір-бірінен сенімі.

Иен жатқан даланың
Еркелей басқан елігі.
Шоқтығына қол тисе,
Жігіттің ұстар желігі.

Көлбете шауып өткенде,
Көкке кетер қазақтың
Көк дөненнен жүйрік көңілі.
Ат болмаса алаштың

Не болар еді өмірі?!

Қыза шапқан ат қандай,
Жыр мұхиты-дастандай.
Жел көріктей кеудесі
Гулеп бара жатқандай.

Қос танауы делдиіп,
Даланың қанын қыздырып,
Үрлеп бара жатқандай!

Жылқы – малдың жүйрігі,
Түрік – елдің тұйғыны.
Әуелден бірге жаралып,
Бір болғандай бұйрығы.

Қыл аяғы қобыздың
Қылы болып бебеулеп,
Тұрған жоқ па құйрығы,
Жылқы деген жарықтық –

Жаратқанның қазаққа
Айрықша берген сыйлығы!

Атсыз қалдық дегенше,
Тақсыз қалдық десеңші.
Байтақ қазақ баласы,
Бақсыз қалдық десеңші.

Кең далада тұлпарға
Үкілеп моншақ тағатын
Мөлдіреген қыз болсын.
Дүбірлете шабатын

Желбіреген ұл болсын.
Ерікті еркін халқымның
Орындалып арманы,
Басында бейбіт күн болсын!!!

Тіл туралы толғаныс
Тілімнен артық бізде бар ма мұра,
Ойласам көңілге мұң толмады ма?
Сүюге, құрметтеуге өз тіліңді,

Арнайы қоғам керек болғаны ма?

Сөнбесін енді жанған алдан үміт,
Жүруші ек көптен бері арман қылып,
Мәз болдық өткен жылы қазақ тілін,
Алғанға әупірімдеп заңдандырып!

Ана тіл өмірімнің мәні емес пе,
Қазақтың ары емес пе, бары емес пе?
Сөйлеуі әр халықтың өз тілінде,
Алланың өзі жазған заңы емес пе?!

Тең болса қазақ егер өңгелермен,
Дүние, сен басқаша дөңгелер ме ең?
Еркіндік, теңдікті біз сұрамайық,
Алланың заңын бұзған пенделерден!

Күтсек те ақыры бір қайырын да,
Батамыз ауық-ауық қайғы-мұңға.
Бір кезде өз тілінен үріккен қазақ
Оралсын деп тілеймін айдынына.

Әлі де талай қазақ мәңгіріп жүр,
Елігіп, әр нәрсені сән қылып жүр.
Кіре алмай өз үйіне қазақ тілі,
Далада жаутаң қағып қаңғырып жүр.

Аяққа ана тілі тапталған соң,
Болмақшы бізде қандай мәнді ғұмыр?!

Ұлдары біздің елдің арыстандай,
Бір өзі мыңмен жалғыз алысқандай.
«Қазақша оқып, жаза білмеймін», – деп,
Шіркіндер мәз болады-ау намыстанбай!

Олардан ертең қандай ат қалады,
Білмеймін және не деп ақталады?
Аяққа ана тілін таптап тұрып,
«Ананы сыйлаймыз» – деп мақтанады.

Қазбалап кетсем егер қата істі көп,
Ойлама мына бала шатасты деп.
Аталар ақсақалды тік тұрады,
Алдында келіндердің «аташкі» боп.

Аталар немереге «деда» болды,
Ағасы інісіне «дәдә» болды,
Әжелер, әулиедей, о, дариға,
Аузымен балалардың «баба» болды.

Шүлдірлеп, шұбар сөйлеп үлкен-кіші,
Қазағым өзгелерге таба болды!

Бауырлар, ойласаңдар, уайым қайда,
Әлдиді ауыстырдық «баю-байға».
Аяулы ана әлдиі ұмытылса,
Халқымның болашағы жойылмай ма?!

Ойласам, мұның бәрін күйеді ішім,
Бұл ұрпақ қайдан таппақ сүйенішін?
Орыстың «баю-байы» өзіне ыстық,
Әлдиім – қазағымның киелісі!

Әу бастан әлдилеңдер сәбиіңді,
Жалғайтын болашаққа ән күйіңді.
Қазақтың табиғатын танытатын,
Ұмытпа, айналайын, әлдиіңді!

Жастары жүргеннен соң жатқа елігіп,
Бір қазақ бір қазаққа жат көрініп,
Қорқамын ішімізден басқа ұлт шығып,
Қазағым кете ме деп қақ бөлініп?!

Тамырын қазағымның жұлған дағы,
Өз көрін өзі қазар ұл қамдады.
Озбырлық құрбандығы деп ойлаймын,
Бір ұрпақ тыңнан кейін туғандарды.

Тапталып ата-баба салты қалып,
Танымай өзі туған халқын да анық.
Алданып, арман-мұрат адыра қап,
Ескексіз қайықтай боп қалтылдады.

Ортақ боп бұл ұрпақтың күйігіне
Жіберме сора тартқан иірімге.
Саяқтай сыртқа теппей, сырын ұғып,
Аялап қосу керек үйіріне!

Жөн болар, сөз түйіндеп бітіргенім,
Әрдайым түзу ұшсын түтіндерің.
Қазақ тілі мәңгілік жасай берсін,
Қабырғаң сөгілмесін бүтін елім!

Көкшетау облыстық қазақ тілі қоғамы ашылғанда
айтылған өлең. «Оқжетпес» газеті, 1991 ж.

Көкшетау картасына көз салсақ...
Айтатын шындықты ашып шақ келгендей,
Жеріме хақы бар ма ат бергендей?
Заураловка деген де ат қойыпты,

Көтеріп Орал таудан ап келгендей.
Донской, Невскийге совхоз бердік,
Ел қорғап, олар біздің жақта өлгендей!

Байлайтын есіміне елді мекен,
Қазаққа Киров қорған болды ма екен?
Чапаев Көксеңгірдің кегін қуып,
Гагарин осында кеп қонды ма екен?

Даланың ыстығына күйіп Щорс,
Буденный суығына тоңды ма екен?

Антонов, Алексеев, Николаев
Қазаққа көңілін көп бөлді ме екен?
Чехов пен Максим Горький Көкшетауды
Мағжаннан артық жырлап берді ме екен?

Мағынасыз Еңбекшілдер орынына
Біржан сал заңға томпақ келді ме екен?!

Бергендей бір ауылды Ждановқа,
Ізгілік жолында одан із қалып па?
Ленинград, Ленин, Ильич, Коммунизм,
Комсомол атын әбден тұздадық па?

Разгульное, Раздольное, Привольное,
Озерное мекен бопты жүз халыққа.
Нагорное, Совхозноеға берген атты
Восходское, Западноедан қызғанып па?

Приречное, Заречное, Подлесное
Деп жердің сәнін әбден бұзбадық па?
Басқасы аз болғандай ауыл атын
Бердік қой Карась деген бір балыққа.

Қырымбет ауылына қырын кетіп,
Ұялмай Баррикада құрмадық па?
Мәні жоқ жер аттарын түзетуді
Ойлайық, салынбай құр қызбалыққа!

Жүрмейік бірақ ұзақ ырғалып та,
Келдік қой ырғалғаннан құр қалып та.
Жерімді орап әкеп түсірді ғой,
Целинное, Дружба деп бұғалыққа.

Көптігін, күштілігін міндет қылып,
Бір халық би болмасын бір халыққа.
Тек қана тең халықтар арасында,
Сыйластық болатынын ұғалық та.

Ақыл-ой, ар-ұятқа жүгініп біз,
Жолына азаттықтың шығалық та.
Әркімге білгенінше ат қойғызбай,
Кез келді түсіретін бірқалыпқа!

Ат қою жоғарыдан нұсқалыпты,
Нұсқауға қарсы шыққан «қысқарыпты».
Өшіріп ел тарихын санасынан,
Мәңгүрт қып билеу жолы ұсталыпты.

Сол оймен ұмыттырып бабаларды,
Көтерген Келлер менен Чкаловты.
Ардақты Смағұлдай есімдерге
Кісен ғып салып қойған үш қаріпті!

Жер алса Балкашин мен Ломоносов,
Ойыңды отты қамшы алады осып.
Куйбышев, Котовский, Рузаевтар
Аталып, ұмыт қалды ағам Досов.

Жиналып қырдан келген, ойдан келген,
Даланы ат ойнатар майдан көрген.
Теңіз, мұхит түгілі, көлшігі жоқ,
Далаға Краснофлот қайдан келген?

Красноармейск, Краснодольское, Красный Яр,
Краснокиевка, Краснокаменка, Поляны бар,
Көгілдір Көкшетауды жан-жағынан
Құрсаулап тастапты ғой «красныйлар»!

Чаглинка деп аталып Шағалалы,
Көкшетау Синюха боп саналады.
Синюха-минюхадан келер ұрпақ
Көкшені қалай іздеп таба алады?

Степняк, Станционныйдың мағынасы
Әйтеуір бірдеме ғой даладағы!

Шынымен, қазақ аты жоғалар ма,
Жоқ әлде жағдайымыз оңалар ма,
Атамнан Айыртау боп қалған жерім,
Айналды-ау бір-ақ күнде Володарға,

Торы атты тағы өлтіріп, Придорожный
Дегенің сыя ма жөн-жобаларға?

Щучье, Боровое, Чистополье,
Қазақтың жерінің аты бола ала ма?
Далаға азаттықтың ақ туы боп,
Ақиқат, әділеттік оралар ма?!

Ел үшін Абылайлар атқа қонған,
Кенесары, Наурызбай отқа барған.
Би Қанай, Аңғал батыр, Науан хазірет
Кем бе еді қос-қос жұлдыз таққандардан?

Орынбай, Шөже, Арыстан, Балуан Шолақ,
Жырлары жадта қалған, хатта қалған.
Жақан, Еркеш, Мұса, Шахмет, Мусин, Саин,
Басқа да тұлғалар көп соқталанған,

Атында сол ерлердің бір белгі жоқ,
Аршылмай шындық жатыр оппа қардан.
Далада аяқ алып жүре алмайсың,
«Ский» мен «ое», «евка», «овкалардан»!

«Овкасы» бітсе, тағы «овосы» бар,
Өзгертпек болсаң оны, «но-носы» бар.
Дауысқа салып дұрыс шешпек болсаң,
Үніңді өшіретін «го-госы» бар.

Теріске көп екен деп көнбеу керек,
Тізгінді бетсіздікке бермеу керек.
Бір кезде бір указбен бүлдіргенді,
Бүгінде бір жарлықпен жөндеу керек!

Қазақтың жүрегінде мұңы көп қой,
Әлемге әйгілейтін жыры көп қой.
Жерімнің атына да, затына да,
Басқаның таласатын жөні жоқ қой.

Өзінің білгенінше билеп-төстер
Арқалап алып келген жері жоқ қой.
Бабамның қаны сіңген даламызда
Ешкімнің әкесінің құны жоқ қой!

«Оқжетпес» газеті, 1991 ж.

Ақ сөйле, ақыным
Ақ сөйле, ақын болсаң, биік сөйле,
Басыңды туған елге иіп сөйле,
Айтыстың жөні осы деп салғыласпай,

Әдеп пен әділетке сыйып сөйле.
Астамсып, алты Алашты алаламай,
Ақиқат ту астына сыйып сөйле.
Ұяты қалғып кеткен ұлықтардың

Азырақ нервісіне тиіп сөйле.
Әр шөптің басын шалып шұбатылмай,
Қамшының өріміндей түйіп сөйле.
Нұр шашып дүниеге өнеріңмен

Баласын адамзаттың сүйіп сөйле!

Жүргендер сендер ғана ақын-ақ деп,
Ойлай ма басқа жұртты ақымақ деп?
Тамыры ұлы өнердің терең жатыр,
Желкілдей беріңдерші жапырақ боп!

Мақтанып анаумын деп, мынаумын деп,
Ақпа-төкпе ақынмын, жыраумын деп.
Бос бөшкедей даңғырлап келсең дағы,
Мен сені керемет деп тұрғаным жоқ!

Әркімді әр нәрсеге теңейсің кеп,
Өзіңше кекеп-мұқап, шенейсің кеп.
Үрген қарын секілді күмп-күмп етіп,
Күшеніп өзіңді-өзің егейсің кеп.

Мұқату мұрат па екен ақындыққа,
Ойланам қандай мақсат көздейсің деп?!

Біреуді өңкілдеген өгіз дейсің,
Біреуді көң итерген қоңыз дейсің,
Қылжақпен алдап-сулап аңқау елді
Ойыңды әлденеге негіздейсің.

Жырдың жаны емес пе имандылық,
Ал сен болсаң, өмірде нені іздейсің?!

Тоқтаусыз фәни дүние өтері шын,
Мұратқа жаман сөзбен жетемісің.
Ақындар ізгіліктің қарлығашы,
Сен кеп пе ең адамдарды кекеу үшін.

Әркімді мазақтаудан басқа өмірде
Мағыналы түк бітірмей өтемісің?

Сен осы көп ештеңе оқымайсың,
Оқысаң да жөн сөзді тоқымайсың.
Көрінгенге компромат жиып-теріп,
Көң-қоқысты ақтарып шоқылайсың.

Шалшыққа шала-пұла шомылдырып,
Аптапқа қақтап қойған тотыдайсың.
Абайсызда намазын бұзып алып,
Байбаламдап бақырған сопыдайсың!

Аталы сөзден қашып сырғақтайсың,
Күйелеп адамдарды құр даттайсың.
Шалшықтан шөп-шаламды қалқып сөйлеп,
Тұп-тұнық тұңғиыққа бір батпайсың.

Біреудің тағдырына төреші боп,
Құдайдың заңын бұзып қылжақтайсың.
Қайдағы-жайдағыны тауып алғыш,
Денеден кір жинаған тырнақтайсың!

Жақсы сөйле халыққа сыр аңдатып,
Жаман сөз жараспайды қыранға түк.
Кір жұққан андай-мындай жерді көрсең,
Тіліңді жүгіртесің сумаңдатып.

Тіліңді тыға берме әр тесікке,
Қарай сөйле мәдени контекстке.
Тіліңді әр тесікке тыға берсең,
Айналып кетесің ғой тампекске!

Қойсаңшы құр желігіп жұлқынуды,
Ұмытпа ізгілікке ұмтылуды.
Біреудің тесігіне тіл жүгіртпей,
Өзіңнің бүтіндеп ал жыртығыңды!

Аңсайды ақын адамзат сыйласқанды,
Ойлы сөз, нұрлы әзілмен сырласқанды.
Қай мұратқа жетпекші адам ұлы
Мақсат қып бет жыртысып, тырнасқанды?

Жаман сөз жамандықты қоздырғасын,
Былғанып бұл дүние ыластанды.
Ұрыс-жанжал көбейіп, ашу-ыза,
Торлады қара түтін нұрлы аспанды.

Қайткенде тазартамыз бұл әлемді,
Деп толғайды шын ақын жыр-дастанды!

Астана
Астана!
Небір тарих көрген қала,
Арқада

Ақмола боп өнген қала.
Тілгенде
Дала төсін темір түрен,
Жалаулап,

Жаңа
Қауым енген қала.
Атанып
Целиноград бір-ақ сәтте,

Үміті
Ұлтымыздың сөнген қала.
Ресейге
Басыбайлы қосамын деп,

Шеңгелі
Хрущевтің төнген қала.
Ажалға басын байлап,
Қарсы шығып,

Тәшенов бермей қалып,
Жеңген қала.
Ту ұстап Назарбаев,
Алты алаштың,

Аруағы
Қайта айналып келген қала!

Он жылда
Ой жеткісіз өскен қала,
Есілден
Еркін самал ескен қала.

Дос түгіл дұшпаның да
Таңдай қағып,
«Ойпырмай, қалай өскен?!»
Дескен қала.

Өткенсіз
Болашаққа жол болмайды.
Өз жерің
Өзгелерден кем болмайды.

Баспанасыз адамдар
Болса дағы,
Астанасыз
Жаһанда ел болмайды.

Өзінің
Астанасын сыйламаған,
Ешқашанда
Азамат, ер болмайды!

Жалғанда халық бар ма
Торға көнген,
Басқа елге басқыншылар
Сорға келген.

Алдымен астанаға
Оғын кезеп,
Сөз сыны,
Көз сұғымен торлай берген.

Алсаң да қай тарихты,
Ер ұландар
Атойлап,
Астанасын қорғап өлген!

Болған соң жүректе от,
Баста тәртіп,
Күпілдеп жүрген жоқпыз
Босқа шалқып.

Пекиннен,
Вашингтон,
Парижден де,
Біз үшін

Астананың көк тасы артық!

Қазағым
Қиырларға аттанатын,
Болды ғой
Астанамен мақтанатын.

Сүрінсе де өкпелеп
Астанаға,
Сүйінсе
Астанамен шаттанатын!

Өрендер
Астана деп әнін айтқан,
Балқытып
Боз даланың күйін тартқан.

Жан сыры жетпесе де
Жабыққанда,
Астана жаққа қарап,
Мұңын шаққан!

Қарамай
Көбігіне, күрмегіне,
«Шүкір» деп,
Үзілмеген күдері де.

Ауылдың
Ақ тілегі Астанада,
Қысқа жіп
Келмесе де күрмеуіне.

Айнала Ақорданы
Атқа мінген,
Аман-сау
Азаматтар жүргеніне,

Жасай бер, Сарыарқада
Сәнді қала,
Айналған
Ел қазақтың жүрегіне!

Үңілмей үрдісіне,
Түр-түсіне,
Төр берген
Қытайға да, үндісіне.

Ауылдың аңғал
Атпал азаматы
Қайнаған
Құрылыстың жүрді ішінде.

Көзге ыстық,
Көңіл қылын шертетіндей
Іргесі ғимараттың,
Кірпіші де!

Болғанда ер тілегі
Елмен жалғас,
Керуеннің жүгі де аумас,
Жолдан таймас.

Шыққанда Бәйтерекке
Басы айналды,
Шалдардың
Ауыл жақтан келген алғаш!

Ақорда күміс кеуде,
Алтын басты,
Әлемге
Қазақ атын жарқылдатты.

Қуатты қол,
Ордалы ойдан туып,
Көп елге
Көк мұхиттан даңқың асты.

Басында
Бәйтеректің қариялар
Разы боп,
Көздеріне алды жасты.

Берлинді
Бұзып қайтқан қаһармандар
Баянды бақыт тілеп,
Қауқылдасты!

Барыңды бағалай біл,
Салмақтай біл,
Қызғыштай
Өз көліңді қорғаштай біл.

Алшаңдап
Азат ел боп жүрем десең,
Аяулы Астанаңды
Ардақтай біл!

Бүгінгі толғау
Ақсақалды данаңыз,
Атағы асқан ағаңыз,
Ақын, жыршы, жазушы,

Ақыл, қайрат, санаңыз.
Ар жағында бәрінің
Тұрған жоқ па таудай боп
Алаш пен Манас бабамыз.

Ізгілік ой мен сезімді
Қорғаныңа балаңыз.
Жалпақ жалған жабыла
Жаһанданып жатқанда,

Қазақ пенен қырғыздың
Рухани таза әлемін
Қалай қорғап қаламыз?!

Қазына қанша жиналған
Қазақ пен қырғыз тілінде,
Асыл ой, таза қуаты
Тұнып жатқан түбінде.

Адамзатта тіпті көп
Аңыз бен жырдың мұрасы.
Ұқсағанмен мазмұны,
Ерекшелеу түрі де,

Толып жатыр ішінде
Ұсағы да, ірі де.
Тазасы да, кірі де,
Кереметіне талас жоқ.

Біз үшін бірақ солардың,
Аталардың сөзінен
Артық емес бірі де!

Қағынды мен соғынды
Қаңғып келіп қай-қайдан,
Қазынаңа қол салып,
Азғындықтың түр-түрін

Насихаттап жатқанын
Көргенде жаның мұздай ма?
Небір сұмдық жасалар,
Арақ-шарап, наша бар.

Ақыл-есін жастардың
Аздырмай ма, бұзбай ма?
Адастырмай балдарды,
Тура жолға қайткенде

Салам деп қаның қызбай ма?
Жақсыдан қалған із қайда?
Еліксе жастар өзгеге,
Барамыз ертең біз қайда?

Атадан қалған асыл сөз
Жанды улайтын жаманнан
Қорған болып тұрмай ма?!

Жастарға айтар тілегім –
Имандылық жолынан
Басқа жаққа бұрылма.
Құмар болмай арзанға,

Қолыңды соз ғылымға.
Жігер-қайрат жұмсай біл,
Ұлтым деген ұғымға.
Араздықтан аулақ бол,

Татулық тіле ғұмырға.
Ана тілін құрметтеп,
Еліңнің өсір мерейін.
Ұшсаң да ұлдар Ұрымға,

Қонсаң да қыздар Қырымға.
Өзіңнің туған халқыңнан
Жалғанда жақын таппайсың.

Жылтыраққа алданып,
Жеріңнен шетке жырылма.
Тайталасқан заманда
Тыныштық іздеп жаныңа,

Түбіне пештің тығылма.
Жамандыққа қарсы шық,
Сенің де болсын үлесің.
Жақсылықтың туында,

Сабырмен ойлап жұмыс қыл.
Байбаламдап жұлынба,
Сынап-мінеп шетінен
Бәріне жұрттың ұрынба.

Кешірімді болып кеңдік қыл,
Келісімді болып теңдік қыл.
Өштесіп босқа қырылма,
Жақсылық қусаң жалғанда,

Жақсылық шығар алдыңнан.
Осыны мықтап ұғын да,
Алла деп алға баса бер,
Деп айтамыз біз бүгін,

Аталар айтқан бұрын да!

Толғау
Азаттық алған біздің ел,
Әлеммен бірге өрісім.
Тағдырлас тату көршіміз,

Орысым мен немісім.
Тарихтың тізбей терісін,
Терейік өмір жемісін!
Түркімен, тәжік, өзбегім,

Сендердей ыстық көзге кім?
Он сегіз мың ғаламда
Қырғыздан жақын табам ба?!
Қаһарман халқы Кавказдың,

Баласы бір атаның,
Жалпақ бетті, жанкешті,

Көк мұхитта жапоным,
Соғыстың көрген атомын,
Қапаланып жүрсе де,
Көркейтті бүгін Отанын.

Түбі бірге түрігім,
Діні бірге арабым,
Алланың түсіп назары,
Ғаламға нұр боп тарадың.

Күн сүйген, қара маржаным,
Үнді, парсы, француз,
Толған халық жан-жағым,
Бәрінің де түбі бір.

Адам-Ата, Хауа-Ана,
Қаза берсең ар жағын,
Мен қазақтың баласы.
Ешкіммен жоқ жанжалым,

Өлең-жырмен осылай
Аспандата берейік
Ата-баба аруағын!

Әлемдегі бар елмен,
Сіз-біз десіп тұрамыз,
Америка, Канада,
Бразилия біраз ел,

Аргентина, Қытайым,
Олардың сырын ұғамыз.
Ирландия, ағылшын,
Болып та жатыр құдамыз.

Қиыр шетте көрейім
Секілді ғой керейім.
Тату болсаң бар елмен,
Биіктей берер мерейің!

Адамзаттың баласы,
Бір жағыңда цунами,
Толқытып жатыр теңізді,
Тулап жатыр тайфуның,

Гүрсілдеген жарылыс,

Бір жағыңда зілзала,
Бактерия, СПИД-пен
Тұмауы шықты тауықтың,
Бір-біріңе қастық қып,

Соншалық неге жауықтың?

Жебедей жүйрік уақыттың
Жүйемізді тескілеп,
Киемізді кескілеп,
Зырқырауын көрдің бе!

Былық-шылық батпағы
Уын жайып әлемге,
Бұрқырауын көрдің бе?
Ауылдың аңқау құлыны

Қоршауында қорқаудың
Шырқырауын көрдің бе?
Жарылыс пен апаттан
Жер-Ананың сүйегі

Сырқырауын көрдің бе?

Ғарышты кезіп барады,
Домалақ Жер-Анамыз.
Барлық ұлт пен ұлыстар
Жер-Анаға баламыз.

Шет-шегі жоқ ғаламда
Жер-Ана біздің панамыз.
Бір Тәңірім жаратқан
Адамзаттың баласы-ау,

Жер-Ананы ойрандап,
Адасып қайда барамыз?!

Адамзаттың баласы
Не мұратқа жетпекші,
Бірін-бірі мұқатып,
Балағынан ілгенде,

Мазақ қылып күлгенде,
Бетін тырнап тілгенде?

Не жетеді жалғанда
Жер бетінде жарқырап,
Сыйластықпен сыйысып,
Сіз-біз десіп жүргенге!

Өлең шөптің өрнегі
Атам қазақ Алла деп атқа қонған,
Азаттықтың жолында отқа барған.
Аймауыты жарқырап айлы аспанда,

Айбалтасын сілтесе, тасты жарған.
Айдалада аяңдап алмауытпен,
Айбалдырған айлауық шөпке қонған.
Аймағыңды айналған андыз, алқа

Атқа да, атаңа да азық болған.
Адыраспан аластап албастыны,
Ашудастың дәмінде маңыз болған.
Ажырықтың ар жағы апан-топан,

Айрауықтың ащы күй аңыз болған!

Баялышқа бас қойған мал татымды,
Бұйырғынның бүршігі бал татиды.
Буыршынның бойына қуат бітіп,
Бұйра жонда бұйдасы тарқатылды.

Баяғының байлары байырқалап
Баябан шөлде айналып айтақырды.
Боз биені бозаңда айтып шалса,
Байталынан есесі қайтатын-ды.

Байыбына бармаса бай бола ма,
Боз қауданнан мал сере тартатын-ды.
Бұлдырықтай бұлдырап өткен күнге,
Бұрылғанда байрағы шайқатылды.

Байырғыдан жоба деп бізге қалған,
Бұйырғанға қанағат айтатын-ды!
Тыныш кезде алаштың тай-құланы,
Толқығанда аспанда айшық әні.

Тайталасып түнімен тұмша бұлтпен,
Таң алдында толықсып ай шығады.
Талықсыған тоқалды тағы да иіскеп,
Таудай болып боз үйден бай шығады.

Таңқурайдың тамсанып дәмін татып,
Тораңғыдай тарбайып қалтырады.
Тобылғының түбіне түрен салып,
Темір заман тамырды қайшылады.

Топырағын тозаң ғып ұшырса да,
Түйір тұқым құнарға шашырады.
Тарихыңның талшынын түгендесең,
Тасжарғандай талай сыр ашылады.

Жаужұмырды жеген жұрт күлге жауып,
Жыңғыл жесе, арымас жүйрік шауып.
Жерұйықты жер-көктен іздегендер
Жиделісін сағынар ауық-ауық.

Жарға біткен жантақты жаннан кешкен,
Жалғыз жампоз жалмайды ебін тауып.
Жанға дауа даланың жусан иісі,
Жұрт жазылар жалбыздан емін тауып.

Жићанкездер жабыла жазып кеткен,
Жапан түздің шөбінен жоғын тауып.

Өлең шөпте өмірдің өрнегі бар,
Өзегіңе дермене кермегі бал.
Өз еліңнің қурайы ән-сыбызғы,
Өрен жырау қаңбағын терме қылар.

Шөп те өлең, шие де өлең, шөңге де өлең,
Шынар-дастан шырғанақ, шеңгелменен.
Шөлқияқ пен шілігің, шырғайың жыр,
Шырмауық та өлең боп өрмеленген.

Шабдалы да, шытыр да жегізетін
Шіркін дүние, өлең боп дөңгеленген!!!

АРНАУЛАРЗаңғаразамат
Мақсұт Темірбаевтың 70 жылдығына

Көркем боп тудың,
Мерей боп елге жаралдың,
Ақ көйлек абзал,
Саналы заңғар саналдың.

Әулиекөлдің
Әуесі биік өрлетті.
Шапағаты тиіп,
Киелі бабаң Маралдың!

Атыңды атаң
Дәл тауып қойған Мақсұт деп,
Азамат болып
Ақталсын емген ақ сүт деп.

Ғұмырлық адал
Еңбегін елге арнаған,
Мақсұттарымен
Нығайған қазақ жақсы ұлт боп!

Біліммен бойлап,
Ойладың өмір жемісін.
Әлемді шарлап,
Кеңейді ғылым өрісің.

Зерделеп бәрін,
Немісше кітап жазғанда,
Зер салып оқып,
«Зер гут!» деп тұрды немісің!

Түзеттің қанша
Қисайған жұрттың ауызын.

Арыстандардың
Ауыстырып бердің азуын,
Ауызын ашып,
Көмейін көріп тұрған соң,

Заңды ғой енді,
Тереңдеп тарих қазуың!

Жаныңмен таза
Жақсылық істі жақтырдың,
Сарабдал саңлақ,
Ерлермен саһиб сап құрдың.

Шіріген сөзді
Іріген ауыз көргенде,
Келеді бәрін
Әкеліп сізге тапсырғым!

Стоматологияда
Жаңалық тағы бастасаң,
Күміспен қаптап,
Алтынмен мықтап аптасаң,

Жемқор ауыздарға
Сиқырлы тастан тіс салып,
Хақысын елдің
Жемейтін қылып тастасаң!

Тұрсынбек ағаң
Көтерген тауды толағай,
Дәл танып сізді,
Қадірлей білген мол ағай.

Бой созып көкке,
Жұпарың шашып көктей бер,
Тамырын жайып,
Қазаққа біткен қарағай!

Асқарға жеттің,
Алдыңнан шығып арманың,
Өркенің өсіп,
Көркейді бағың, орманың.

Атаның жолын,
Алаштың туын нық ұстап,
Жақсы атты болып,
Мақсатқа жетсін балдарың!

Ақша бұлт ақын
Серік Тұрғынбекұлы 70-те

Жыр жазса түскен жаңылмай жорға бүлкілге,
Қауырсын сезім,
Қорғасын ойды,
Қондырған қолға бір түнде.

Серік ақынды Серікше мақтап көрмесек,
Басқаша жазып, жеткізу оны мүмкін бе?!

Ардагер ақын, балқытқан елді балтаңдай,
Астанада ақ бас бурадай басқан балпаңдай,
Кешегі Ғафаң,
Сырағаңдардың сары ботасы,

Суатқа тартса, соңынан ерген томпаңдай!

Жоқтау жырына жыласып жұрты қалатын,
Мақтау жырдан да бәйгені шаппай алатын,
Секең мақтаса
Шынымен сондай екем деп,

Талайлар тіпті есінен мүлде танатын.
Ақын сөзінің қызуы шарпып кеткенде,
Қу ағаш түгілі,
Су ағаштардың өзі лапылдап біраз жанатын!

Қазақы шапандай пішілген қызық мол кісі,
Өзіне ғана жарасып тұрған олпысы менен солпысы,
Жалт қарап, жортып кетуге тіпті шақ қалар,
Сыңғыр ете қалса алыстан қыздың шолпысы!

Өмірі жанмен егесіп, яки төбелесіп көрмеген,
Үндемей жүріп, намысын қолдан бермеген.

Жаласын жауып, жұлмалап жатса пенделік,
Жымиып қойып, одан да биік өрлеген!
Өлең-әлемде қырандай жайған құлашын,
Жалған сөйлемей, жүрекпен жазған ырасын.

Уақыт-ай шіркін,
Ақындар бір кез оқитын еді-ау өлеңді,
Алматыда,
Подвалдардың

Бұрқыратып қойып сырасын...
Жұрт мақтап жатқанда, жымияды жеңгей де,
Көрдік деп талай, классигіңнің класын!

Ақын деп танып, ардақтап атар жұрт атын,
Дыбысын қостап, намысын елдің жыртатын,
Шаттығын елдің шарықтай жырлап шалқитын,
Толғайтын және

Жазбақшы болып өлеңмен елдің сырқатын.
Ақ жауын жырмен
Ақ сезіміңді төге бер дархан халқыңа,
Көгінде жырдың

Қалқыған ақша бұлт ақын!
31.03.–2.04.2016 ж.

Сөзжұмбақ ағай
Жанат Елшібеков 70-те

Балалық шақта уайым жоқ,
Қуамыз талай тайм доп,
Кешкілік газет, журнал да,
Оқуға тұрар дайын боп.

Ақтарып іздеп, табамыз
Анаграмма, чайнворд!

Әр сөзі түйнек, бершімек,
Түйінін шешіп көрші деп,
Кроссворд, ребус күллісін

Алғандай өзі еншілеп,
Күлетіндей алыстан
Авторы Жанат Елшібек!
Әріптен әріп туындап,

Қуалап сөзді буындап,
Баламыз, бізге бір қызық,
Дауласып кейде, шуылдап,
Тапқанда мәз боп қаламыз,

Қонғандай басқа бүгін бақ!

Балалық шақтың күйі шын,
Білмекке сөздің қиысын,
Іздейміз газет, журналдан,
Кроссворд, ребус мүйісін.

Айтамыз алғыс ағайға,
Қызықтап сызған сыйы үшін!

Сызбаған оны ерігіп,
Көрмеген тіпті ерініп,
Өнеге берген балаға,
Тәлімге көңлі бөлініп,

Сөзжұмбақ ағай атанып,
Өзі де жұмбақ көрініп!

Жұмбақ сөз іздеп кеншідей,
Тапқанша көңлі көншімей,
Өзгеше қызық өлкеге
Іргелес қонған көршідей,

Кроссворд корольдігіне,
Жол салған алғаш елшідей!

Көркейтіп бала шағымды,
Кеңейте түскен танымды,
Сол кезден серік сөзжұмбақ,
Жаңғыртып тұрар жадыңды,

Балаға шаттық сыйлаған,
Қуантсын құдай жаныңды!
26.02.–7.03.2016 ж.

Әже, қандай аппақсыңай нұрындай!
Парида Рақымжанқызы Нәбиева 90 жасқа толғанда

Әже, қандай кеңпейіл,
Әдемісің,
Ежелгінің
Ескірмес сәлемісің.

Әлдилеген
Әуелден мейіріммен,
Әуелеген
Әлемнің әуенісің.

Ер атанып жүрсем де ел алдында,
Сәби болып кетемін әжем үшін!

Әр беріп
Атамыздың айбынына,
Алдырмай
Қапталдасқан қайғы-мұңға,

Қос аққудай жарасып,
Жүзіп өттің,
Мөп-мөлдір
Махаббаттың айдынында.

Байырғының
Ізімен бағалармын,
Әулиедей,
Бағын ойлар балалардың.

Босағасын бекітіп
Боз орданың,
Байрағына
Байланған бабалардың.

Ай әлемді,
Келсе де алты айналып,
Әжеден
Артық атты таба алар кім?

Ежелден
Кие қонған әжімді сөз,
Әже деген
Анасы аналардың!

Қыздар қуып, жетпеген
Құр қиялды,
Бақыт қой –
Сәби күлген үйдің алды.

Әйел болу аяулы –
Қыз арманы.
Әже болу –
Әйелдің идеалы!

Өзің ғой –
Үзілмес жыр, үлгілі аңыз,
Әжіміңнен
Сәулелі сыр ұғамыз.

Бұлағынан
Сусындап әңгімеңнің,
Шуағынан
Жаныңның жылынамыз,

Шүйкімдей боп,
Сен неткен сүйкімдісің,
Саяңа кеп
Сайғақтай тығыламыз!

Жеп-жеңілсің,
Мамықтай үлпілдеген,
Ізгіліктен жүрегің лүпілдеген.
Тұнық көкте

Қалқыған ұлпа бұлттай,
Елдің бағын
Әжедей кім тілеген?!
Әже, қандай аппақсың

Ай нұрындай,
Немере мен шөбере
Тай-құлындай,

Шұрқырап,
Үні қандай әжелеген,
Жүрегіңді
Жылытқан жайлы ұғымдай,

Қасиетке
Бөледің төрімізді,
Бір өзің
Бір әулеттің байлығындай,

Аялаған
Айнала дүниені,
Аппақ болып жасай бер
Ай нұрындай!

Алаштың ақиығы
Марат Нәбиев 60-та

Қайраттанса,
Қара дауыл, бұрқасын,
Балуан Шолақ
Елу бір пұт кір тасын

Бір-ақ ырғап көтергенде,
Базарда,
Қайран қалып,
Керген екен жұрт қасын...

Сол Балуанның айдалада бейіті
Ескерусіз,
Ұмыт қалса – ұлтқа сын,
Елу бір пұт тас көтерген Балуанға,

Қоя алмаған екі пұттық бір тасын.
Амал қанша, заман болған осындай,
Ұстағандар елде билік тұтқасын.
Басына да бара алмаған Балуанның

Ұлығынан ұлы жұрттың ыққасын.
Санасы бар,
Намысы бар,
Қаны бар,

Елден қалай
Бір азамат шықпасын?

Агрономы
Атқа мінді ауылдың,
Атасының
Ұлылығын ұққасын.

Елу бір пұт боп қалатын жобасы,
Шомбал таспен
Бейіт басын мықтасын.
Атасының

Ардақтаған аруағын,
Қыран Марат,
Даңқың көкке шырқасын!

Қан майданда өмір, өлім қас-қағым,
Отан үшін құрбан етіп жас шағын,
Әскен аға Сталинград түбінде
Төккен жаудың...

Өзінің де жас қанын,
Гранатты
Қағып тастап басымен.
Беріп қайтқан

Төбесінің қақпағын...
Он бір бала
Өсіп, өніп, өркендеп,
Жалғастырған

Ата-баба дастанын!

Толықтырып ел қазақтың санатын,
Жайсам деген дүниеге қанатын,
Өркен жайған Әсекеңнің орманы,
Ортасында өр тұлғалы Маратым!

Арғы атаңыз асып туған жан болған,
Нағашыңыз Нұрмағамбет Паң болған.
Қаршадайдан намыс үшін қарысып,
Көңіліңе Алаш деген ән қонған.

Өсірсем деп туған елдің мерейін,
Өміріңде үлкен арман, мән болған.
Ақселеулі даламызда толқытып,
Ақ самалмен өсіргенің дән болған!

Жастай оқып, мүмкіндігін адамның,
Ашамын деп алдында бар ғаламның,
Еркін самғап шексіз ғылым көгіне,
Қиял жетпес қызық іске бара алдың.

Менделеев айтып кеткен жобамен,
Келді, тіпті, көмірден де газ алғың!

Араладың ғаламшардың жер, көгін,
Есептесек, төбе-төбе еңбегің.
Кең даланы дүбірлеттің тұлпардай,
Хан қазына халқымызға бергенің.

Бәйтеректей тамыр жайдың тереңге,
Иә болмақ, ер болмаса, жерге кім?!

Серік еттің Баян сұлу – гүл қызды,
Баяндылық Баян саған білгізді.
От пен судан алып шығып, тайғақта,
Алақанын төсеніш қып жүргізді.

Жан-жарыңды сен де ерекше қадірлеп,
Аспандағы алып бердің жұлдызды!

Биігіңе сүйінсін тек ел қарап,
Ақиықтай кең әлемге кер, қанат.
Бақ жұлдызың жоғарыда жарқырап,
Әулетіңмен мың жасай бер, ер Марат!

14.04.–17.05.2016 ж.
Қызыма
Ақкенже тұрмысқа шыққанда
Сүйемін десең еліңді,

Киелі туған жеріңді,
Боламын десең аяулы,
Алдымен сыйла еріңді!

Ардақта ата-енеңді,
Айрықша бөліп көңілді.
Батамен, балам, көркейіп,
Бөлей бер әнге өмірді!

Құлпырар гүл де бөктерде,
Нәр алып жасыл көктемде.
Әйелсіз ер де бір ғаріп,
Еркексіз әйел көктер ме!?

Мақтауға мас боп, тасыма,
Жан-жарың барда қасыңда.
Аялап сүйсе, асқақтап,
Еріңнің шықпа басына!

Әжелер көкке өрлеген,
Бетіне ердің келмеген.
Алыстан көрсе, бөгеліп,
Жолынан өтіп көрмеген.

Бес жасар ұлдың алдында,
Дәмге де бата бермеген.
Аталық рухты сыйласа,
Кем болып содан өлмеген!

Дүние тәтті адамға,
Дәмінен алда дәме мол.
Көнеден қалған өнеге,
Болсын де ұзақ кәде жол.

Азаматыңды сыйлауға,
Аяулы қызым, уәде бер,
Әспеттеп әулет өсіріп,
Әулиедей әже бол!

Немере
Мұрат пен Гүлнұр Көпеновтерге

Қылығы тәтті,
Баурыңа кіріп алдайтын,
Иіскеген сайын
Мейірің мүлде қанбайтын,

Тілі де балдай,
Немере деген бар болғыр,
Балаңнан туып,
Бабаңның жолын жалғайтын!

Әр сөзі қызық,
Тамсанып, талмап сағыздай,
Айтасың жұртқа,
Атаңнан қалған аңыздай.

Бала мен келін
Бірдеме десе, шыр-пыр боп,
Түсесің ара,
Көзінен тамшы тамызбай!

Даусынан үркіп,
Дүрілдеп келген әкенің,
Үлкен үй жақтан
Табатын жайлы мекенін.

Қулардың іші
Ойпырмай қалай сезеді,
Шешеден гөрі
Әженің жұмсақ екенін!

Адамға ортақ
Жақсылық жолын тілейік,
Шүкірлік қылып,
Қадірін бақтың білейік.

Көркейіп өсіп,
Көбейе берсін немере,
Аталар ат боп,
Арқалап шауып жүрейік!

ШАШУАйтыстарда,жиын-тойларда айтылғанкейбір өлеңдер

Иа, Алла, ауызыма сөз сала көр,
Мүдіртпей топ алдында тез сала көр.
Барлығы алтын болса артық болар,
Ішіне жылтыратып жез сала көр,

Жолының оң-терісін айыратын
Халқымның көңіліне көз сала көр!

Біздің ел Біржан елі аталады,
Біржанның атынан ел от алады,
Бізді ешкім жеңе алмайды, ұмытпасақ
Бір Алла, пайғамбар мен аталарды!

Ұлы жеңістің 40 жылдығына арналған Алматы облыстық
айтысында Қажытай Ілиясовпен айтысқанда. (Мамыр, 1985 ж.
/магнитофоннан)
Қалдырмай қас дұшпанның табасына,

Қамаған фашизмді моласына.
Туысқандай тұтасып ел қорғаған
Бас ием барлық ұлттың баласына!
Сонда, Ерік Асқаровпен айтысқанда:

Дей көрме, беу, ағайын, неге келдің,
Желкілдеп сахнаға келе бердің,
Ағайын, елі-жұртым, қолдамасаң,
Мен шіркін жанбай жатып сөнер ме едім?!

Басқалардың беделін
Басайын деп келгем жоқ.
Өзгелерден абыройым
Асайын деп келгем жоқ.

Өздеріңе жыр-шашу
Шашайын деп келгенмін.
Меніменен айтысып,
Нағыз ақын осында

Жүлде алсын деп келгенмін.
Мені көріп кейінгі
Жасөспірім жас бала
Үлгі алсын деп келгенмін!

Тоған болған ойларды
Бұздырғалы келгенмін.
Суып қалған қандарды
Қыздырғалы келгенмін!

Кеудемдегі жалыным
Сөнбесін деп келгенмін.
Қазағымның киелі
Айтыс дейтін өнері

Өлмесін деп келгенмін!
Қазақстанның 70 жылдығына арналған 3-республикалық ай-
тыста айтылған кейбір сөздер. (Алматы, тамыз, 1990 ж.)
Павлодарлық Сабыржан Ахметовпен айтысқанда:

Бөлек қой бұл айтыстың ырғақтары,
Ерекше ашылатын сыр қатпары.
Ассалаумағалейкум, амансыз ба,
Өртенген ну орманның жұрнақтары!

Ей, әлем, мен халықпын қазақ деген,
Дүниеде қазақ болу ғажап дер ем.
Тағдырдың жазуы ма, мазағы ма,
Ұйқасам өлеңде де азаппенен!

Қырғыз ақыны Болот Тоқтомәмбетовпен айтысқанда:
(магнитофоннан)
Ағайын, бәрің тыңдадың,
Болот деген бауырым

Ырды айтады шалқайып.

Келе сала мені мақтады,
Мен де бір қалдым қалпайып!

Ойласаңыз, бауырым,
Айкөл Манас жырларын
Шоқан атам кемеңгер
Жазып алып кезінде.

Орысшаға қотарып
Ай-әлемге жолдаған.
Ер Манастың жырларын
Жамбыл менен Кенен де

Өз кезінде жырлаған.
Одан кейін кемеңгер
Мұхтар атам Манасты
Жауларынан қорғаған.

Марғұландай бабамыз
Зерттеп оны талдаған.
Осылардың ұрпағы
Дәстүрлерін солардың

Мен боламын жалғаған!

Аузыма алдым жаңа Жамбылымды,
Өлеңге дария шіркін даңғылымды.
Біреулер даттап атам Жамбылымды,
Бүгінде, Болат, мені зарлы қылды.

Біреулер Жәкең жайлы кеп айтады,
Қайталап, бірін-бірі көп айтады.
Қазақтың өлең қуған қара шалын
Мақтапты Сталинді деп айтады.

Ойласа халықтардың шын достығын,
Осындай бұзық сөзді неге айтады?!
Айтқанның өздері де аласарды,
Жамбылға қай бір есті таласады?

Саясат құйтырқысын қайдан білсін,
Қазақтың өлең қуған қара шалы?!

Оны да, Болат батыр, ойға аласын,
Бұл сөзге келіседі қазақтың қай баласы?

Бірдеңе айтса айтқан шығар Жәкең,
Ұлы деп жатқаннан соң айналасы.

Бұлдыр ғой өткен күннің деректері,
Деректі екшеп алу керек тегі.
Барғанда Кремльге ұлы Жамбыл,
Көрмегенді көргізген,

Демегенді дегізген,
Жемегенді жегізген,
Қызыңды ұрайын Сталин демеп пе еді!

Осы сөз түсінікті зерегіңе,
Үңіліп түсінерсіз тереңіне.
Жәкеңнің жан шындығы жатқан шығар,
Жаңағы қатты айтқан сөздің тереңінде!

Тазартып бүгін біздер санамызды,
Жазып та жатырмыз ғой жарамызды.
Бауырым, қазақ пенен қырғыз болып,
Қорлатпайық ешкімге бабамызды!

Орбұлақ шайқасының 350 жылдығына арналған айтыста Жа-
натбек Бегімбетов, Қаныша Райысовамен айтысқанда: (Талды-
қорған облысы, Панфилов ауданы. 2 шілде, 1993 жыл.)
Шіркін-ай, қандай жарқын елдің беті,

Бұрылсын соған қарай сөздің реті.
Көкшетау, Жетісуым ойлағанға,
Кең-байтақ даламыздың екі шеті,
Бірі – орыс, бірі – қытай түбінде тұр,

Көкшетау, Жетісуым – желдің өті.
Жазира, жайсаң Жаркент амансыз ба,
Суанның суверенный мемлекеті!

Шындықты айтсақ, жұртым қате көрме,
Той қуып, аңғал-саңғал жата берме.
Атаны еске алғанның жөні осы деп,
Малыңды оңды-солды шаша берме!

Ілияс Жансүгіровтың 100 жылдығына арналған республикалық
айтыста алматылық Оразалы Досбосыновпен айтысқанда: (Тал-
дықорған обл. Ақсу ауданы, Қоқты, 1994 ж.)
Біреулер қалың елді алжастырмақ,

Құрыққа сырықты әкеп жалғастырмақ.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет бар адамды,
Болған ғой дос пен бауыр, жолдас қылмақ.

Қойдық та жолдастықты, болдық мырза,
Мырза десең, мықтының бәрі де ырза.
Халыққа мырзасынам деп жүргенде,
Тағы да боп жүрмейік мылжа-мылжа!

Болғанда мықтыларың хан мен сұлтан,
(Мен өзім осындайдан жаман қорқам).
Ауылда еңбек еткен қара қазақ
Соларға боп қала ма құл мен құтан?!

Бейімбет Майлиннің 100 жылдығына арналған республикалық
айтыста ақтөбелік Нұрлыбек Қалауовпен айтысқанда: (Қоста-
най обл. Таран ауданы. 6 тамыз, 1994 ж.)
Азамат алдыменен жұртын ойлар,

Өз басын күйттегендер мұртын майлар,
Заманда нарық қысқан не болады,
Елдегі қаратабан Мырқымбайлар,
Жағдайын Мырқымбайдың неғылады

Қолында билігі бар қыртымбайлар!..

Туған ел түгі қалмай тоналыпты,
Ар-ұят, әділеттік жоғалыпты.
Кешегі комсомол мен коммунистер,
Тымпиып капиталист боп алыпты!

Ұлытауға барғанда: (3 наурыз, 1994 ж.)
Ұлытау – таулардың ең ұлы қарты,
Бөлек қой қазақ үшін оның нарқы.

Ассалаумағалейкум, амансыз ба,
Киелі Ұлытаудың ұлы халқы!

Өткен ғой талай-талай кер замандар,
Ел үшін арпалысқан ер бабалар,
Ұлытау – ұлылардың өткен жері,
Тұруға тиіс мұнда ұлы адамдар!

Ордабасыда: (1992 ж.)
Ойландыр, Ордабасы, естілерді,
Үш баба – қазағымның үш тірегі.
Түспей ме шаңырағың ортасына,

Ырғасаң, қайсы екен деп күштірегі!

Сырым батырдың 250 жылдығына арналған республикаара-
лық айтыста өзбекстандық Темірхан Әлихановпен айтысқанда:
(Ташкент, 1992 ж.)
Армысыз, бауырларым, Тәшкендегі,

Тәшкенім, сірә бізге басқа ел ме еді?!
Төле би, Шайхантауыр жатқан жері,
Кеудеңді талай қанды жас кернеді.
Еске алып Сырым батыр атамызды,

Бір-бірін қазақ-өзбек дос көргені.
Ойлаймыз күңіреніп өткен күнді,
Бөлініп қала берген бас-кеудені!

Тәшкенім талай ұлтқа мекен бүгін,
Барлық ұлт, жоқ қой маған бөтендігің,
Кигені ала тақия, ала көйлек,
Ал, қане, мықты болсаң айырып көр,

Қайсы өзбек, қайсы қазақ екендігін!

Ерсілік көрсек тағы кей ісінен,
Туыстық үзілмесін ел ішінен.
Қай жерде, қандай күйде жүрсе дағы,
Танимын қазағымды иісінен!

Шұбыртпалы Ағыбай батырдың 190 жылдығында қараған-
дылық Рамазан Сәттібаевпен айтысқанда: (Ағадыр, Айыртау,
шілде, 1992 ж., магнитофоннан)
Замандар алай-дүлей өтпеп пе еді,

Түбіне арыстардың жетпеп пе еді,
Ақжолтай Ағыбайын ұмытқан соң,
Қазақтың жолы болмай кетпеп пе еді?!...

... Көкшеден тойға шашу шаша келдім,
Еншалла, ағын судай таса келдім,
Жол тартып Көкшетаудан жалғыз өзім,
Жолшыбай Ақмоланы баса келдім.

Аяулы Ақмоланы көрген кезде,
Сандығын талай ойдың аша келдім!

Ар жақтан дүлей теңіз шайқалғандай,
Нышаны жақсылықтың байқалғандай.
Еншалла, Кенесары, Ағыбайлар,
Мінеки, Ақмоласын қайта алғандай!

Кенесары ханның 190 жылдығында: (Шортан, Абылайхан сов-
хозы, Көкшетау қаласы, маусым, 1991 ж.)
Еліме бір жақсылық келді ақыры,
Сүйінші сұрауға оған мен хақылы.

Ауылын қайтарып ап Кенесары,
Александр патшаны жеңді ақыры!
----------------------------------------
Александровка селосына Кенесарының аты берілгенде.

Ілияс Омаровтың 80 жылдығында талдықорғандық Қаныша
Райысовамен айтысқанда: (Қостанай обл. Урицкий ауд. Сарыкөл,
қараша, 1992 ж.)
Ақынның тілін енді алыңыздар,

Барыңды елдік іске салыңыздар.
Қарынның тасасында қалып қоймай,
Халықтың жүрегіне қоныңыздар.
Беу, менің қайран бастық ағаларым,

Ілияс Омаровтай болыңыздар!

Иса Байзақовтың 90 жылдығында семейлік Сембай Жаңса-
қовпен айтысқанда: (1990 жылдың жазы, Павлодар облысы.)
Өр Иса, асқақ Иса, байтақ Иса,
Жырлаған дәйім басын шайқап Иса.

Бір Иса шығар ма екен, кім біледі,
Бүгінгі айтыскердің бәрін жинап,
Ерітіп, бір адам ғып қайта құйса?!

Махамбет жүлдесі үшін айтыста оралдық Қатимолла Берді-
ғалиевпен айтысқанда: (Гурьев, қазан, 1990 ж.)
Кім біледі, ұлы болса ұлы шығар,
Ұлы ғып тұрған күш пен тілі шығар,

Біреудің жерін бөлу ұлылықтың
Бір жаңа, біз білмейтін түрі шығар?!
(Солженицын туралы)

Абайдың 150 жылдығына арналған айтыста оралдық Александр Қауеновпен айтысқанда: (Ақтөбе, қыркүйек, 1994 ж.) Абайдай туған елін сүйіпті кім? Ойлашы, ақыл-есті жиып бүгін. Қазақтың арман, ойын, мұң мен зарын, Абайдай жүрегіне жиыпты кім?! Көрсетіп кемшілігін, жүрер жолын Халқының санасына құйыпты кім?! Абайдың тойын бастап айтыспенен, Ақтөбе бір көрсетті биіктігін! ***

Қазаққа бәле боп тұр Александр,
Қатыны күнде үйінде әлек салғыр,
Орыстың парасатты, әділ жұрты,
Іргесін о бәледен бөлек салғыр!

(Солженицын туралы)

Үкілі Ыбырайдың 130 жылдығында айыртаулық Есенбек Ер-
деновпен айтысқанда (Көкшетау обл. Айыртау, маусым, 1990 ж.,
магнитофоннан)
Ағайын, байқасаңдар, осы тойың

Кімдердің кім екенін мәлім етті.
Елім деп еңіреген ұл-қыздардың
Жиналып осы тойға бәрі кепті!

Қияда қалықтаған қыран кепті,
Елім деп еңіреген ұлан кепті.
Қасында алты-жеті серігі бар,
Істейтін КГБ-да құдам кепті!

Сүйемін лықып, тасып сөз келгенін,
Бөгелмей қуып бірін тез келгенін.
Атамды НКВД ұстағанын
Біледі осы елдің кез келгені.

Тойына келіп жатса КГБ-лар,
Заманның бұл дағы ғой өзгергені.

Демеңдер сөзің қисық кетіп жатыр,
Шығып ап мына бала нетіп жатыр.
Қазаққа КГБ-ның керегі не,
Айтуға өздері де жетіп жатыр!

Думанның көп болғанын көп тілейік,
Жақсылық бола берсін деп тілейік.
Дұғаға КГБ-ның келгендігін
Кешірім сұрағаны деп білейік!

Сөзімді, бауырларым, саралағын,
Тереңде жатқан сырын бағалағын.
Ыбырай, Молдахмет, Мұсалардың,
Атында ешбір ауыл таба алмадым.

Ағалар, еңбектерің өсер ме екен,
Есімін ұмытсақ біз бабалардың!?
----------------------------------------
Якуда Есжанов – подполковник.

(Молдахмет Тырбиев, Мұса Асайынов – халық ақындары.)

Көкшетау облыстық айтысында Құдайберлі Мырзабековпен
айтысқанда (1987 жылдың жазы):
А десе көмейінен жыр атылған,
Көкендей сабақ алған сұрапылдан.

Айтыстың үзілмеген үмітіндей,
Қаршадай қара бала мына отырған.

Ал, сайра, айналайын, балақаным,
Ізімді басып шыққан балапаным,
Тастүйін жұдырыққа айналдырма,
Ағаңның аялаған алақанын!

Металлургтер күнінде Қабдыжәлел Сахариямен айтысқанда
(Теміртау, шілде, 1992 ж.):
Күндіз-түні от ішінде бірқалыпты,
Төгілген терден талай із қалыпты.

Өзі өзін өртеп жатқан Теміртаудың
Тойына Көкшетау да қозғалыпты,
Светлана, Нұргүл, Мәрзия – бір топ сұлу,
Алға салды Айсары директоры –

Дойман қара Тоқтабай Қозғановты.
Құрметтеп, құттықтаймын металлургті
Ақ адал еңбек еткен әз халықты!

Металлургтер күнінде қарағандылық Қойлыбай Асановпен
айтысқанда: (Жезқазған обл. Жезді ауданы, шілде, 1994 ж.)
Бүгінгі ашқан музейің,
Он сан ұлттың баласы

Төсін тесіп даланың,
Кен алудың тарихы,
Ұлан-байтақ даланың
Асты-үстінен түк қалмай

Тоналудың тарихы,
Қан мен тері төгіліп,
Адал еңбек еткендер
Қаналудың тарихы,

Елдігіңе ес жиып
Оралудың тарихы!

Жездідегі бауырлар,
Шақырған соң әдейі,
Көкшетаудан тойыңа
Көп-көп сәлем ап келдік,

Көп қызыққа тап болдық.
Қаныш атам қызына
Құрметпенен ат бердік,
Бәріміз оған шат болдық,

Өзге жұрттар алсын деп,
Өкпелемей біздерге,
Разы болып қалсын деп,
Дөкей бастық Урумов

Темірланға ат бердік,
Бәріміз оған шат болдық,
Өзімізді қойшы деп,
Кәкімбек пен Хамзаға

Міне осылай мат бердік!

Халық батырлары құрметіне өткізілген айтыста шымкент-
тік Жәкен Омаровпен айтысқанда: (Павлодар, желтоқсан,
1991 ж.)
... Ақындар жатыр міне жанталасып,

Машина тігілгесін бас бәйгеге
Емтихан тапсырғандай шопырлыққа!

Жюрилер мына отырған ГАИ сияқты,
Көңілі кей шопырдың жай сияқты,
Машина тіккеніне қарағанда,
Кереку қазақтары бай сияқты,

Отырған ағайынның осындағы
Қос-қостан машинасы бар сияқты!

Беу, халқым, айтылмаған жырымыз бар,
Ашылмай жатқан сыр мен мұңымыз бар.
Бұл бетпен кете берсек бір күндері
Бәйгеге кісі тігер түріміз бар!

Дүниеге таласуды ойламайық,
Ізгілік жыры болып жалғанайық,
Тігілген осы айтысқа машинаны,
Халықтық бір ескерткіш қою үшін

Қорына батырлардың аударайық!

«Зілзалаға бір жыл» айтысында шығысқазақстандық Медел-
хан Хасеновамен айтысқанда: (Шығыс Қазақстан обл. Зайсан,
шілде, 1991 ж.)
Беу, Меделхан, бері қара,

Бізден бұрынғы ақындар
Үлестіріп алды балықты,
Он ұпайдың барлығын
Түгел солар алыпты.

Екеумізге байқаймын,
Алты-жеті қалыпты,
Бәйгелері бар болсын,
Әзілдесіп екеуміз,

Бейнет көріп жүдеген
Күлдірейік халықты!

Сенен артық бәйгені
Бұл айтыста таппаймын,
Басқаларды қайтемін
Меделханды мақтаймын.

Меделханды мақтасам,
Залда отырған құрдасым
Секретары райкомның
Айгүлсімге жақпаймын.

Айгүлсімді мақтасам
Меделханға жақпаймын,
Ортасында қыздардың
Қайтіп жаным сақтаймын?!

Замандасым Айгүлсім,
Заманына сай Гүлсім,
Зардап шеккен Зайсанға

Үкімет көмек берсін деп,
Көбірек көңіл бөлсін деп,
Ақындардың атынан
Дайындаған үндеуді

Айгүлсімнің есімін
Әлем білсін, ай білсін!...

Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдығына арналған республика-
лық айтыста талдықорғандық Айтақын Бұлғақовпен айтысқанда
(Солтүстік Қазақстан обл. Булаев ауданы, Сарытомар):
Екі метр бойы бар

Әкіміңіз Гартманға
Дұғай сәлем айтыңыз.
Құрметтеген Мағжанды
Жұмысың елге ұнайд де,

Елге жаққан ісіңді
Ақындар мақтап жырлайд де,
Батыр Баян мен Мағжанның
Ардақтамасаң аттарын,

Баянғали келед те
Түгіңді қоймай сынайд де!

Ұқпаймыз деп Булайды,
Бауырларым шулайды,
Менің де қаным тулайды,
Сары менен Баянның

Атын беріп ауданға
Неге құрмет қылмайды?
Ауданға атын қойсаңдар
Көптік қылмас, ағайын,

Мағжандай ұлы ақындар
Екінші рет тумайды!

... Рахмет Сұлушаш пен Розаларға
Бұл тойда қан мен терін төгіп жүрген,
Орыстың қыздарына алғыс айтам,
Мағжанға құрметпенен қызмет қылып,

Ақындарға шай құйып беріп жүрген.
Сыйласа берсін ұлттар қиындық пен
Қызықты бірге бөліп көріп жүрген!

Сара Тастанбекқызының 115 жылдығында талдықорғандық
Қаныша Райысовамен айтысқанда: (Талдықорған обл. Ақсу ауда-
ны, Қосағаш. 1993 жыл.)
Көкшетау – Жетісуға талай дастан,

Айтылып келе жатыр әуел бастан.
Жетісу топырағында Шоқан жатыр,
Жұлдыздай аспанында Біржан аққан.
Жетісу – Көкшетаудың достығына

Бір қызын алып мен де үлес қосқам.
Тереңнен жалғастырып тамырларын,
Жетісу – Көкшетауды құдай қосқан!

Біржан салдың 160 жылдығында айтылған арнау өлеңнен:
(Көкшетау обл. Степняк, шілде, 1994 ж., магнитофоннан)
Сиынып бір жаратқан Алламызға,
Жырлайын Біржан жайлы алдарыңда.

Алдымен туған елге сәлем бердім,
Ас берген Біржан атам аруағына.
Және де сәлем бердік Көкшетаудан
Кеп қалған орыс-қазақ шалдарына!

Туған ел, қуат берер маған саяң,
Алдыңда еркін құстай қанат жаям.
Мінеки, сахнада жолығыстық,
Бірі сексен, бірі қырық екі Баян,

Ардақтап сәлем берем ақсақалға,
Еңбегі Көкше менен алашқа аян!

Біржандай ас берген соң бабасына,
Қуаныш келді қазақ даласына.
Бір сәлем біз берейік ел атынан
Қасымдай ел басқарған ағасына.

Ардақты Біржан салдың немересі
Мұхаметқали Теміртас баласына!

Аузына Алла десе, толатын ән,
Біржан сал – сиынатын дара тұлғам.
Атама бір ескерткіш қойып берген
Рахмет, саған Қызыр, ел атынан!

Есіңе ала жүргін Алланы да,
Тәуап қып Біржан баба аруағына.
Ауданға Біржан атын беріңіз деп...
Өтініп Президенттен алмадың ба?!

Беу, Біржан, өтіп едің зар заманда,
Тойың да тура кеп тұр тар заманға.
Халайық нарық қысып бүйірінен
Бүгінде түскендей ғой шырғалаңға.

Ағайын, осы тойға шүкір дейік,
Әйтпесе Біржан баба жөні бар ед,
Той жасар сауын айтып бар ғаламға!

Беу, Біржан!
Қан тамған қылышынан хан емессің,
Байлық пен мансап қуған жан емессің,
Аққу боп қалықтадың көк аспанда,

Соңынан ілестің де ән елестің.
Әндерің жұлдыздармен сырласады,
Көнбейді ыңғайына әр өңештің,
Сенің орның мәңгілік аспанда тұр,

Ешкімнің қаулысына зар емессің!
Е-ей, ағайын, туыс, құлақ сал,
Менің атам Біржан сал,
Сегіз сері, Нияз бен,

Ұстаз тұтып өзіне,
Қазағымның еліне,
Көкшетаудың жеріне
Серіліктің негізін

Салып өткен Біржан сал.
Ақан сері, Ыбырай,
Балуан Шолақ, Мәдиге,

Ұстаз болып бір кезде
Танық еткен Біржан сал.
Ұлылығын Біржанның
Абай, Шоқан мойындап,

Анық еткен Біржан сал!
Сараменен айтысып,
Айдынында қазақтың
Қос аққудай жарасып,

Ағып өткен Біржан сал.
Бүркіттінің басынан
Кешке таман ән салса,
Таң алдында дауысы

Қиыр менен қиянға
Анық жеткен Біржан сал,
Қазағымның ән-жырын
Мәңгі-бақи аспанда

Жарық еткен Біржан сал!

Біржанның әні жеткен атырапқа,
Тойын біз тойлап тұрмыз осы шақта.
Біржан сал – бар қазақтың мақтанышы,
Жаралған, шүкіршілік, біздің баққа.

Біздерге күле қарап отыр, бәлкім,
Өнердің төріндегі алтын тақта.
Рахмет, келгендерге басын иіп,
Біржан сал туып-өскен топыраққа!

----------------------------------------
Баян Жанғалов, Қасым Тәукенов, Қызыр Жұмабаев.

Исатай Тайманұлына – 200, Әбубәкір Кердерге – 130, Әкімәлі
Қаржауовқа 100 жыл толуына арналған айтыста маңғыстаулық
Сабыр Адаевпен айтысқанда (Ақтөбе, шілде, 1991 ж.):
Кей ақын биік сөйлеп ағылады,

Кей ақын төмен сөйлеп қағынады.
Біреуге айтқан сөзі мен теңеуінен,
Адамның өз өресі танылады!

Тама Есет батырдың 325 жылдығында торғайлық Әлфия
Орманшинамен айтысқанда: (Ақтөбе обл. қыркүйек, 1992 ж.,
магнитофоннан)
Бас иіп бабамыздың есіміне,

Еске алды Ақтөбеде елі, міне.
Бабамыз қайта оралып ортамызға,
Патша мен партияны жеңді міне!

Бабасын қазақ еске алған жоқ па,
Өмірде енді міне, арман жоқтай,
Ливенцов, Соломенцев құлап қалып
Есеттер мәңгі-бақи қалған жоқ па!

Халық ақыны Қалия Жұбандықовтың 120 жылдығында көк-
шетаулық Бақытбек Нұралинмен айтысқанда: (Шортан ауданы,
Абылайхан совхозы. 12 маусым, 1993 ж.)
Ел болып дұға оқыдық Қалияға,

Жыр-мұхитқа құйған бір дарияға,
Көкшенің жоғын жоқтап, барын мақтап,
Рахмет жүрген Естай қарияға!

Сәкен Жүнісовтың 60 жылдығында айтылған арнау өлеңнен:
(Көкшетау обл. Қызылту ауданы, 1994 ж.)
Ұлылар Көкшетауда аз тумады,
Дұрыс қой соған лайық сөз туғаны.

Тойында Сәкен ағаң сөйле деді.
Жазушы, ақын Төлеген Қажыбаев
Көкшенің қарға бойлы Қазтуғаны!

Аман ба Қызылтудың заңғар елі,
Сәкеннің кіндік қаны тамған жері.
Ақ шаңын аспанға атып жалаңаяқ,
Тасында балаң ізі қалған жері!

Беу, Сәкен, суреттеген кер заманды,
Сері Ақан түскен талай шырғалаңды,
Ұшынан қаламының от ұшқындап,
Тірілткен бер заман мен ар заманды.

Бұлқынып арыстандай шынжыр үзген,
Қайткенде кеңітем деп тар заманды,
Қайда да туған елдің сөзін сөйлеп,
Аузыңа қарата бер бар ғаламды!

Беу, Сәке, сен де тентек, мен де тентек,
Атамыз тентек десе, көкке телпек.
Әкімі Көкшетаудың Қызыр ағам
Кім сенер, момын десем, ол да тентек.

Шәй деспей, шүкіршілік, сіз-біз десіп,
Сиысып келеміз ғой өңкей тентек.
Тымпиған қорқақтардан не шығады,
Тентектеу болу керек нағыз еркек!

Осы тойы Сәкеннің
Жинады қанша халықты,
Келем деген жазушы
Пойызға сыймай қалыпты.

Басшылардың атынан,
Хатшылардың атынан
Ғаббас тура келіпті,
Жақсылардың атанан

Рамазан мен Серіктей
Екі бура келіпті.
Басқалардың атынан,
Қасқалардың атынан

Болат ағам келіпті.
Осылайша Сәкеннің
Алпыс жасқа толғаны
Қызылту мен Көкшеде

Бір тамаша болыпты!
----------------------------------------
Ғаббас Қабышев, Рамазан Тоқтаров, Серік Тұрғынбекұлы, Бо-
лат Жанәділов.

Сарбас Ақтаевтың алпыс жылдығында айтылған арнау өлең-
нен: (Көкшетау, желтоқсан, 1994 ж.)
Тарылып кетсе дағы замандарың,
Сеземін қайрат барын, амал барын.

Тойларың құтты болсын, журналистер,
Түспесін қолдарыңнан қаламдарың!

Қазақтың оймен шолып кең даласын,
Тағдырын туған елдің толғағасын.
Құттықтап отыр бүгін барлық қазақ
Сарбастай Қарауылдың сар баласын!

Белгілі қайыспайтын нарлығың да,
Ақылмен байыптадың барлығын да.
Халқыңның алтыны боп жарқырадың,
Жеңгейдің қалып қоймай сандығында!

Е-ей, ағайын-туыс, құлақ сал,
Алпысқа келген Сәкеңнің
Жан-жағында қарашы,
Жақсылар өңшең топталған.

Ақын аға Есләм,
Жырлары қанша хатталған,
Жүректерде жатталған,
Қос ғұлама жазушы

Қойшығара, Ақселеу,
Тамырын ұстап тарихтың
Көмбесі мен күмбезін
Тереңінен ақтарған,

Ер парызын атқарған,
Еңбегі талай мақталған,
Мемлекеттік сыйлыққа
Қол ұстасып аттанған,

«СҚ»-да зам. боп Сарбасың
Сықиып тұрған кезінде,
Осындай данышпандардың
Мың шақтысын басқарған!

Айналайын Сарбасым,
Аман болсын мал-басың,
Мұқалмасын алмасың,
Ғұмырыңыз ұзақ боп,

Күресінде өмірдің
Тимесін жерге жамбасың!

Кәкімбек Салықовтың алпыс жылдығында айтылған өлеңнен:
(Айыртау, 1992 ж.)
Ел-жұртың тілеуіңді тілеуде, аға,
Әніңмен ажарлансын жүдеу дала.

Оқжетпес жер бетінде біреу болса,
Кәкімбек Салықов та біреу ғана!

Көкен Шәкеевтің жетпіс жылдығында ақсақалдың иығына
қызыл шапан жауып тұрып айтқан өлеңі: (Көкшетау обл. Крас-
ный Яр, 1994 ж.)
Бейнеттің бәрін жеңіп, аттай заулап,

Жетпіске келдің бойдан өлең саулап.
Жығылып Дәржан апам ыңғайына,
Жасай бер, қып-қызыл боп, оттай лаулап!

Нұрмияш Көбеновтың алпыс жылдығында айтылған өлеңнен:
(Щучье ауд. Абылайхан совхозы, 1993 ж.)
Көпшілік ақынды онша ұғынбаған,
Дұрысы – оған жасып, бұғынбаған.

Алпысың құтты болсын, беу, Нұреке,
Даланың бозторғайы шырылдаған!

Нұрмияштай ағамыз
Үйде, түзде тұқымын
Мезгілімен сап тұрған.
Тонналап астық бастырған,

Томдап кітап аштырған,
Арасында жеңгейге
Алты бала таптырған!

Е-ей, осы ауданның әкімі –
Досанов Мұрат ағамыз,
Асқар таудай бойың бар,
Одан да биік ойың бар,

Нұрекеңнің жаңа үйін
Бітіріп бер тезірек,
Замглава Болаттай
Дөкей-дөкей ағаның

Жүз шақтысы сыйғандай,
Жетпіске Нүкең келгенде,
Ғафу ағамды бас қылып,
Алматы мен Көкшенің

Бар ақынын жиғандай!

Көкшетау облысының елу жылдығы мен тың игерудің қырық
жылдығына арналған салтанатта айтылған арнау өлеңнен:
(Көкшетау, 1994 ж.)
Беу, менің Көкшетауым, ән ауылым,

Қазақтың маңдайында сән ауылым.
Тезірек коммунизм құрамыз деп,
Әлемнің жинап алған бар ауылын.
Бір сәлем орыс, неміс, белорус пен

Украин, татар, поляк, басқаларға
Көтерген Көкшетаудың жаңа ауылын,
Аман ба ел иесі, жер иесі,
Керей, Уақ, Атығай мен Қарауылым!

Ел мұңы Абылайды күңіренткен,
Кенесары, Наурызбайды еңіреткен,
Көкшеден көкке атылып Шоқан шығып,
Тағлымы сан ұрпақты тебіренткен.

Біржан сал, Ақан сері, Ыбырайдың
Аққуға аспандағы үні жеткен.
Хандарды жөнге салып Шөже, Орынбай,
Оязды Балуан Шолақ дірілдеткен.

Беу, шіркін, неткен заңғар, байтақ еді
Ұлдары Көкшетаудың бұрынғы өткен.

Солардың сынықтары, амансыз ба,
Той жасап тар заманда дүрілдеткен!

Құрметтеп сыйлаймыз біз аталарды,
Елінің өрендері аталған-ды.
Тойына Көкшетаудың қош келдің деп,
Қарсы алайық Бәйекең мен Мақаңдарды!

Ел-жұрты Ерекең деп еркелеткен,
Еңбекпен жүрген жерін көркем еткен.
Қош келдің, Еркін аға Әуелбеков,
Көкшені өрге сүйреп өркендеткен!

----------------------------------------
Бәйкен Әшімов, Мақтай Сағдиев, Еркін Әуелбеков.

Қазақстанның аграрлық партиясы ұйымдастырған «Ауылым

– алтын бесігім» атты аймақтық айтыста Әлфия Орманшина-

мен айтысқанда: (Солтүстік Қазақстан обл. Қызылжар,
1999 ж.)
Жағдайы әбден төмендеп, қиындаған,
Тіреліп тығырыққа, шиырлаған.

Қазақтың ауылынан сорлы бар ма,
Өзіне өз байлығы бұйырмаған!?

Атадан қалған кең жайлау,
Өріс толы мал қайда?
Қара шаңырақ, қара орман,
Ауыл толы жан қайда?

Жем болып дала кетпек пе,
Қытай менен Қаңғайға,
Андай менен мұндайға?
Ел басқарған жігіттер,

Намыс қайда, ар қайда?!
Өртеніп ел мұңына жаны күйсе,
Арманын алты алаштың ойға түйсе,
Ауылды сүйеу керек азаматтар,

Қазақты өз халқым деп шындап сүйсе!

Бұл айтысты ұйымдастырушылардың бірі ақын Жарасқан Әб-
дірашев Мәжіліс депутаттығына кандидат, ал әнші Нұрғали Нү-
сіпжанов, жазушы Қуандық Түменбаев аграрлық партияға тілеулес
болып келген екен. Сөздің бір орайы келгенде Баянғали былай

депті:
Нүсіпжанов Нұрғали,
Өмірдің бәрін ән қылған,
Жүрген жерін сән қылған,

Бозторғайы даланың
Шырқағанда дауысы
Шыңыраудан атылып,
Шыңдарға барып жаңғырған,

Ай-әлемді таң қылған!

Өнермен жеткен биік арманына,
Ел риза саңлақ әнші, заңғарыңа,
Миллион доллар береміз, бізде қалсаң,
Депті оған бір шетелге барғанында.

Жат жұртта қала ала ма асқақ әнші,
Байланған атам қазақ аруағына,
Басқалар үлгі алсын де Нұрғалидан
Шетелдің сатылмаған долларына.

Разымыз және бүгін ауыл менен
Жарасқандай ақынды қолдауына!

Жетес бидің жалғасы,
Үмбет бидің ұрпағы,
Жарасқандай ақыннан
Ел күтетін үміт көп.

Досы түгіл, дұшпаны
Мойындайды Жәкеңді
Шегедей мықты жігіт деп.

Шудасындай бураның
Жалбырап шашы жүргенге,
Ойламаңдар, ағайын,
Бұл қайдан шыққан жүлік деп!

Ойлаймын ақын сырын ұғындың деп,
Ұғынсаң, солай қарай бұрылғын деп,
Жарасқан компартия заманында
Мағжаншыл, ұлтшыл ақын деп атанып,

Жырлаған «Дала, сенің ұлыңмын» деп,
Ел мұңын, дала мұңын парламентте
Айтам деп алып отыр бүгін міндет!

Жанайдар Мусиннің алпыс жылдығында айтылған өлеңнен:
(Көкшетау, ақпан, 1996 ж.)
Замана ерді еркіне жібермеген,
Тізгіндеп, тұсау салған, шідерлеген.

Сонда да ретін тауып Жанайдарлар,
Бар-жоғын Көкшетаудың түгендеген!

Жанайдар әдебиеттен ырыс тапты,
Жері жоқ дейтін оны бұрыс тартты.
Қаншама жердің атын, судың атын,
Қаймықпай қаламымен дұрыстатты.

Жәкеңді сағынышпен еске алады
Сексен көл, Бурабай мен Жұмбақтасым,
Зеренді, Қыземшек пен Қылышақты!

Абай атындағы орта мектептің алпыс жылдығында айтыл-
ған өлеңнен: (Степняк, 1 қыркүйек, 1996 ж.)
Абайым, алтын ұям, ақ мектебім,
Кетпесін басыңдағы бақ, мектебім,

Қараша үй, қарашаңырақ, сен тұрғанда,
Басқаның не қыламын көк мектебін.
Қазақтың елдігі үшін, теңдігі үшін,
Өшірмей білім отын жақ, мектебім!

Сен бізге көп дүние бастауысың,
Білім мен кісіліктің асқарысың.
Рахмет, саған мектеп, түлеп ұшып,
Адам болған қазақтың жастары үшін!

Өмірге ел баласын жолдағанда,
Ризамыз, қолтықтасып, қолдағанға,
Ортайып, үңірейдік, сүмірейдік,
Класқа қара бала толмағанда.

Қазақ боп қалар ма едік, қалмас па едік,
Мектебі ұлы Абайдың болмағанда!

Басыңнан қилы-қилы өтті дәурен,
Қызығың, қуанышың, көп түрлі әурең.
Жарқырап, жалғассын де болашаққа
Шәкірттің жүрегіне жаққан сәулең!

Аяулы ардагерлер ортамызда,
Біздер өстік сіздердің арқаңызда.
Бүгінде ұстаз боп жүр шәкірттерің,
Күні кеше отырған партаңызда.

Не деген дархан едің, мұғалімдер,
Көк тиын болмағанмен қалтаңызда!

Е-ей, бал дәурен, шіркін, балалық,
Айналды бұлдыр сағымға.
Қыздарға тұңғыш хат жаздық,
Мәуелі сенің бағыңда.

Тақырбас қара балдар мен
Кекілді қыздар күлімкөз
Айналды ата-анаға,
Айналды ақ бас ғалымға.

Заманың бүгін тарылып,
Болмай жүр, мектеп, бабың да.
Жігерленіп, серпілші,
Жүдеген мына шағыңда!

Құрметтеп ұстаз қауымын,
Келіп тұрған бұл тойға
Мағауия әкім ағамыз,
Мұғалімдердің айлығын

Уағымен бер сұратпай,

Жалындырып жылатпай,
Ақшаға да қарамай,
Басқаға да қарамай,
Мектебім, жаса мәңгілік

Қазақтың туын құлатпай!
Қадіріңді ел білсін,
Ай мен жұлдыз, жер білсін,
Тәуір ой, терең біліммен

Ізгілік рухы алаулап,
Өсе берсін бүлдіршін!
----------------------------------------
Мағауия Рахымбергенов – Еңбекшілдер ауданының әкімі.

Жамбылдың туған күніне арналған айтыста Әселхан Қалыбе-
ковамен айтысқанда: (Алматы, ақпан, 1996 ж.)
Ауылдағы қазақтың
Мойны болды ырғайдай,

Биті болды торғайдай,
Ел басқарған ағалар
Құрметтеймін бәріңді,
Істеріңе кей-кейде

Бір түрлі көңілім толмайды-ай.
Нарық дейтін қасқырдан
Ауылдың аңқау қазағын
Айтшы, кімдер қорғайды-ай!?

Кейбір, кейбір бастықтар
Бетіменен кетіп тұр,
Өз қолдары өзінің
Аузына ғана жетіп тұр.

Ызасы елге өтіп тұр,
Ел ағасы Нұрсұлтан,
Тон жағасы Нұрсұлтан,
Тайраңдатпай соларды

Реті келіп қалғанда,
Ептеп, ептеп нетіп тұр!

Жамбылдың 150 жылдығына арналған республикалық айтыс-
та Қаныша Райысовамен айтысқанда: (Жамбыл, шілде, 1996 ж.)
Ауылдар қалды бүгін қалың сорға,
Түскендей тырп еткізбес темір торға,

Жағдайды біле ме екен азаматтар,
Әйтеуір сөйлегенде бәрі жорға.
Ауыл құрып барады, ауыл құрып,
Ағайын, алмасаңыз дереу қолға,

Ең аяғы электр жарығын да
Жағады кісі өлгенде зорға-зорға!

Қайтеміз, бұрынғыдай бұғайық па,
Ұрандап ереуілге шығайық па?!
Ауылдар дауылды өмір мұхитында
Ұқсайды қалт-құлт еткен желқайыққа.

Маңдай тер, табанақы берілмесе,
Обал ғой, осыны біз ұғайық та.
Жарығын жағу үшін уағыменен
Күн сайын біреуіміз өліп тұрайық па?!...

... Кетіріп өмірдегі сәнімізді,
Бүлдіріп әсем, асқақ әнімізді,
Өсек, ғайбат, бәлеқор, жалақорлық,
Құрт аурудай жайлап алған бәрімізді.

Жаман ой, жаман сөз бен жаман сезім
Улайды, бұздырады қанымызды.
Беу, жұртым, жүз жасайық жігіттей боп,
Тазартып тәніміз бен жанымызды!

Осы айтыста жамбылдық Айнұр Тұрсынбаевамен айтысқанда:
Қызымдай ғана Айнұрмен
Айтысып, жұртым, нетермін?!
Әкесіндей боп өңкеңдеп,

Баланың жолын ұялмай,
Қалай қиып өтермін,
Не мұратқа жетермін?!

Жолын кесіп қызымның,
Күпір болып кетермін,
Айналайын Айнұрға
Таласпай-ақ мен бүгін

Жолың болсын, қалқам, деп,
Батамды беріп кетермін!

Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықаралық айтыста
монғолиялық
Сүйініш
Жеңісбаймен

айтысқанда:
(Алматы,
тамыз, 1996 ж.)
Бойын созып биікке,

Тамырын тартқан тереңге,
Жамбылдай ұлы жыраулар
Туа да бермес әр елде.
Құдай берген Жамбылды

Мақтаныш етіп қазағым
Көрсетсін деп бар елге,
Қабыл ап, халқым, қолың соқ,
Жер шоқтығы Көкшетау,

Оқжетпес пен Жұмбақтас,
Бурабай мен сексен көл
Жолдаған ыстық сәлемге,
Құтты болсын, қазағым,

Ұлы тойың бүгінгі,
Жамбыл, Жамбыл, Жамбыл деп,
Ұран салған әлемге!

Алғысын алып халықтың,
Жүрген жерін дулатып,
Қызықты еткен Жамбылым,
Шонжарлардың шынжырын

Үзіп кеткен Жамбылым,
Ел тағдыры сөз болса,
Қызып кеткен Жамбылым,
Ақырып тұрған саясат

Атын алып бергенде,

Әулиеата басында
Үш күн жатып, кешірім
Сұрап та кеткен Жамбылым,
Алғадайдан айрылып,

Жылап та кеткен Жамбылым,
Қастек пенен Қаскелең,
Майтөбеден жырласа,
Кавказ, Памир, Гималай,

Альпіден асып дауысы,
Жыраққа кеткен Жамбылым,
Ақ сақалы жайқалып,
Қулана күлген көзінен

Даналығы байқалып,
Ғасырында космостың
Көк дауыл жырын соқтырып,
Жақсылыққа от қылып,

Көк есекпен тепеңдеп,
Машина мен самолет,
Ракета мен корабль,
Бәрінен озып, киелі,

Пыраққа жеткен Жамбылым,
Әлемдегі бар елдің
Теңдігі жайлы көп жырлап,
Бір халық пен бір халық,

Ішінде біздің орыс бар,
Ішінде сіздің монғол бар,
Басынбасын деп жырлап,
Жүрегінен халықтың

Орын алып мәңгілік
Мұратқа жеткен Жамбылым!...

*** Алыстағы ағайын Аңсап көшіп келгенде, Қатарымыз көбейіп, Айбынымыз асар деп, Қуанып еді Алашым.

Қиындыққа шыдамай,
Қоластына басқаның,
Қайта көшіп барасың,
Кіріптар болып біреуге,

Не береке табасың?
Аш-жалаңаш болсақ та,
Азат туған жеріңде
Не жетеді алшаңдап,

Емін-еркін жүргенге.
Асқақ әнмен жаңғыртып,
Байтақ қазақ даласын,
Жазайық та бірлесіп,

Даламыздың жарасын.
Келгенің қайта кетті деп,
Ел болмайсың сендер деп,
Бәле қуған біреулер

Жауып та жатыр жаласын,
Дұшпанның ойла табасын,
«Көппен көрген ұлы той!»
Төзімді болсақ түбінде,

Түзелерміз біздер де.
Сендер де бай боларсың,
Ойыңа алшы даланың
Сайы менен саласын.

Өзен де өзен, өзен су,
Бастауы мен сағасын,
Асқар-асқар таулардың
Жасыл бұйра жағасын,

Қиып тастап еліңді
Керейім, қайда барасың?!

Бауырым, сен де Керей, мен де Керей,
Қазаққа қазақ қалай болмақ өгей?
Тұрсаңшы табан тіреп туған жерде,
Шашылып әр жерде бір жүре бермей!

Осы айтыста қырғыз ақыны Туғанбай Әбдиевпен айтысқанда:
Жамбыл той ел жігерін жани түссін,
Жамбылды бүкіл әлем тани түссін.
Қазақ-қырғыз қос қанаты Жамбылдайын,

Әлемдегі феномен-феникстің!
Е-ей, қырғыз ағам Туғанбай,
Іші де оның ақ екен,
Сырты да оның ақ екен,

Мына да жалған дүниеге
Аппақ болып туғандай,
Ағара түссін дегендей,
Аттанарда қазаққа

Жеңгеміз әбден жуғандай!

Туғанбай байке, бері қара,
Бұл айтысты екеуміз,
Айкөл Манас, Алмамбет,
Алпамыс пен Қобыланды

Ортақ тудың түбінде
Табысқандай қылайық.
Құлагер мен Мәникер
Жарысқандай қылайық.

Қажымұқан мен Қожамқұл
Алысқандай қылайық.
Жамбыл менен Тоқтағұл
Түсінісіп тар жерде,

Қауышқандай қылайық!. .

*** Туғанбай байкем жырды төкпеледі, Ұққанға мағыналы, отты өлеңі, Жақсы қырғыз қазаққа бөтен емес, Я күйеу, яки жиен боп келеді!

Е-ей, жазушының заңғары,
Қазақ пенен қырғыздың

Асқар тауы, қорғаны,
Адамзаттың алыбы
Айтматов Шыңғыс ағамыз.
Әкесі оның Төреқұл,

Ол да жиен қазаққа.
Тұрамыз қалай мақтанбай,
Тұрамыз қалай шаттанбай!
Күндіз шықса далаға,

Күн сәулесі ойнаған,
Түнде шықса басында
Ай сәулесі ойнаған.
Жатса-тұрса қырғызды

Күшейтуді ойлаған,
Президент-ғұлама
Ақаев Асқар ағамыз
Ол да жиен қазаққа.

Тұрамыз қалай мақтанбай,
Тұрамыз қалай шаттанбай!
СССР Халық артисі,
Қырғыздың Халық артисі,

Қазақтың Халық ақыны
Ағыл да тегіл Естемес
Ол да жиен қазаққа.
Тұрамыз қалай мақтанбай,

Тұрамыз қалай шаттанбай!
Барлық жақсы қырғыздар
Қазақша айтсақ, нағашы,
Қырғызша айтсақ, білесіз,

Тайекесіне тартқандай!

Туғанбай байке, бері қара,
Қазақ пенен қырғыздың
Дос, дұшпаны аз емес,
Ши жүгіртіп араға,

Бір болатқа бір болат,
Қайрап салып жүрмесін,

Бір бауырға бір бауыр
Айдап салып жүрмесін,
Соларға еріп сорымыз
Қайнап қалып жүрмесін!

Өсиет қылған аталар,
Қазақ пенен қырғызға,
Бір-біріңмен жарас деп,
Даналығына бұл сөздің,

Білесіз, байке, талас жоқ,
Қазақ-қырғыз баласы
Айбынданып тұрайық,
Ай-әлемге ұрандап

Абай, Жамбыл, Манас деп!

Осы айтыста жамбылдық Алтынкүл Қасымбековамен ай-
тысқанда:
Кекесінді сөзіңді
Көңіліме алмаспын,

Сен жаман деді екен деп,
Мен жаман болып қалмаспын!...
Демеңдер жұртым мынаны
Қандай қара басты екен,

Айтыстан қорқып қашты екен.
Тұңғышымыз Құралай,
Мына отырған Алтынкүл
Құралайыммен жасты екен!

Айналайын Алтынкүл,
Туған күнің құтты боп,
Өрден-өрге шаба бер,
Бәйгелерді ала бер,

Домаланған қыз едің,
Қасиет қонып басыңа
Домалақтай ана бол!

Елжас Бекеновтың 100 жылдығында Мереке Сейітқалиев,
Айтжан Оразбаевамен айтысқанда: (Қарағаш)
Құрметтеп жазушы Елжас Бекеновты,
Туған ел төбесіне көтеріпті.

Аяулы азаматты зерттеп жазған
Тұрсынбек ғалым ағам өте мықты.
Көкшетау ас берген соң әкесіне,
Парызы Болаттың да өтеліпті!

----------------------------------------
Тұрсынбек Кәкішев, Болат Бекенов

Жұмағали Саинның 80 жылдығында: (Көкшетау обл. Арықба-
лық ауд. Златогор совхозы, Мәдениет ауылы. 1992 жылдың
қысы.)
Златогор дегеннен соң алтын ба деп,

Кеп қалсақ, алтын түгілі, бақыр да жоқ,
Орнына Златогордың ақын, батыр
Саинның атын қойшы, ақылға кеп! – дей келіп, Алма-
тыдан келген Қасым Қайсеновке қарата:

Жолдасы Жұмекеңнің қандыкөйлек,
Тірі аңыз Қасымды да көргендейміз.
Қар басқан Мәдениетке келгенде біз,
Партизан лагеріне келгендейміз!

Қасекең туған елін сүйіп деймін,
Сол үшін қайтқан отқа күйіп деймін,
Москва бермей қалған жұлдыздан да
Бауыржан мен Рақымжан, Қасымдарың

Тұрады әрқашан да биік деймін! – деген екен.

Мәлік Ғабдуллиннің 80 жылдығына арналған салтанатты
жиналыста айтылған арнау өлеңнен: (Степняк қаласы, 28 қара-
ша, 1995 ж.)
Батыр Мәлік ағамыз

Қобыланды батыр секілді
Дұшпанына оқ атқан,
Тырқыратып фашисті,

Қабырғасын санатқан,
Алқалы топта сөйлесе,
Елді аузына қаратқан,
Арғы атасын сұрасаң,

Қарауылдың қамқоры
Қанай биден таратқан,
Жазушы, ұстаз, ғұлама,
Біртуар батыр Мәлікті

Маңдайына қазақтың
Жарқыратып жұлдыз ғып
Құдайым өзі жаратқан!

Ойласаңыз бұл тойың,
Мәліктің тойы емес пе,
Алыптың тойы емес пе,
Халықтың тойы емес пе?!

Батыр, берен Мәліктің
Майдандас, замандастары
Қас дұшпанды іреген,
Бүгінгі бейбіт заманда

Пенсиясын ала алмай,
Әкімдердің есігін
Күнде-күнде жағалап,
Амалсыз қайыр тілеген!

Қайран кемпір-шалдар-ай,
Отан үшін қан берген,
Денсаулық пен жан берген,
Сендердің жүдеу халіңді

Көрген сайын ұялам,
Түк бере алмай қиналам,
Бастықтардың сендерге
Беріп жатқан малы жоқ,

Балалардың қолдағы
Жалақысы тағы жоқ,
Теңгесі жоқ болған соң,
Көбік сөздің нәрі жоқ!

Көкшетау облыстық қазақ музыкалық-драма театрының
ашылу салтанатында айтылған арнау өлеңнен: (наурыз, 1996 ж.
магнитофоннан)

Салтанатты жиында басшылар сөз сөйлеп, облыстық әкімдік-
тің тапсыруымен өнер ордасын қамқорлыққа алған Көкшетау ас-
тық қабылдау пунктінің директоры Александр Третьяков театрға
бес жүз мың теңге ақша сыйлапты. Содан кейін сөз алған Баянғали

іліп әкетіп, былай деген екен:
Домбыра қолға алғасын,
Ақын сөйлеп толғасын,
Құтты болсын, театр,

Құрып жатқан ордасын,
Көп рахмет айтамыз,
Шашу шашқан жаңағы
Александр болғасын,

Мұратбек те мінеки,
Байып қалды бұл жерде
Бес жүз мың теңге ақшаны,
Қалтасына салғасын,

Айналайын Александр,
Театрға қамқорлығың
Осымен бітіп қалмасын!

Жаман күндер жетпесін,
Той-думаның бітпесін,
Артистерің күні ертең
Элеватордың ауласында

Тауық құсап әрқайсы
Бидай теріп кетпесін!

Болса да бұл әлемде көп театр,
Ағайын, дәл осындай жоқ театр,
Қадамың ұлы жолда құтты болсын,
Аты жоқ көкшетаулық Көк театр!

Үлгі алып жатырмыз ғой он сан ұлттан,
Қиындық аулақ болсын елді құртқан,

Театр ашып отырған жоқшылықта
Шынында Көкшетауым жүрек жұтқан!

Көкшетаудың ойласаң,
Елдері де театр,
Мөлдір бұлақ армандай
Жерлері де театр,

Көкшетаудың білесіз,
Даласы да театр,
Қарағай мен қайыңның
Арасы да театр,

Көкшетаудың білесіз,
Аспаны да театр,
Тастары да театр,
Жастары да театр,

Қисаңдаған көшеде
Мастары да театр!
Ойлай білсең, ағайын,
Ойнай білсең, ағайын,

Алдыңда талай қия тұр!

Айналайын, ағайын,
Еңбек қылған осыған
Көп рахмет айтайық,
Жұмабаев Қызырға,

Жанәділов Болатқа,
Балмұқанов балуанмен,
Түсіп қалған орнынан
Ыдырысов Мұратқа!

Көп жауапты береміз
Заман қойған сұраққа,
Айналайын Қызаға,
Сегіз артист үй алды,

Тоғызы жүр қаңғырып,
Соларды ертең әркімнің
Алдына бір апарып,
Үйдің жайын сұратпа,

Өңкілдетіп өгіздей
Оспановты жылатпа!

Ақ тілек өнерпаздың шабысына,
Жарасын қазақ елдің намысына,
Ұл-қызы Көкшетаудың ой-қырдағы
Театр туы астына тоғысуда,

Театр ашылғанда шыдай алмай
Келіпті Сәкен аға арысың да,
Сыр бойынан мінеки, туған жерге,
Келіпті Жібек апам Бағысова,

Жезқазғаннан жезтаңдай Мара келіп,
Туған ел ұл-қызымен табысуда!

Мұратбек, келдің міне туған елге,
Шығарды туған елің сені төрге,
Еңбегің жемісті боп, айналайын,
Өрлей бер әрдайымда өрден-өрге,

Қызметің жаға берсін Оқжетпес пен
Жұмбақтас, Бурабай мен сексен көлге!

Бір думаның, мінеки,
Болып жатыр, ол анық,
Айналайын ағайын,
Жақсы-жақсы пьеса

Болған күні осылай
Төрт көзіміз түгелдей
Жиналып бір тұралық.
Көкшетаудың елінде,

Туып-өскен жерінде
Бір театр ашам деп
Талай еңбек сіңірген
Жасасын деп айтайық

Жақып аға Омаров!
Жасасын Жақып Омаров,
Театрға осылай
Көмек қылғын оралып,

Ашуын мен аштым деп,

Тұра қашып күні ертең
Кете көрме жоғалып!

Айналайын ағайын,
Артистердің еңбегі
Қызығыңа жарасын,
Туған елдің көгінде

Таланттарың самғасын,
Алдымызға шығады,
Толқып тұрған мына жақта
Ақан сері – Ақтоқты

Жанар менен Жарасым,
Жарас тентек, айналдым,
Сахнада Ақтоқтыны
Ақан болып қалай сүйсе,

Өмірде де Жанарға
Тура солай қарасын!

Жастарым, айдындағы аққу, қаздар,
Алдыңда бола берсін көктем, жаздар,
Ақ шашты ата-ананың батасымен
Ілгері жүзе берсін өнерпаздар!

Естай Мырзахметовтың 70 жылдығында айтылған арнау
өлеңнен: (Көкшетау, сәуір, 1997 ж.)
Жетпіс жыл – ғұмыр-дария, ғұмыр-дастан,
Есаға, қилы дәурен өтті-ау бастан,

Тағдыр мен тарих артқан ауыр жүкті,
Көтеріп келе жатсыз мұқалмастан.
Көкшенің күзетшісі секілденіп,
Отырсыз орныңызда тапжылмастан.

Жетпіске келдің үлкен абыроймен
Алғыс алып еліңнен, кәрі-жастан!

Қарт қыран тұғырдағы қарайды алға,
Ой жіберіп жаңа жыл, жаңа айларға,

Есағаң қаламына риза шығар
Абылай, Кенесары, Қанайлар да.
Шарболаттай шыныққан шымыр аға,
«Медетің» медет болды талайларға.

Ойыңның оты менен жан шуағың
Үзілмей келешекте тарайды алға!

Туса егер тарих жайлы тосын сұрақ,
Есағаң жазар бәрін ашыңқырап.
Өткендердің жанында жүргендей боп,
Қиялдан да жібереді қосыңқырап!

Естілер аз болған ғой қай кезде де,
Қадірі білінбейді жай көздерге.
Қағидамен жүретін тікбақайлар,
Оларды ұқсатады айкезбеге.

Біреулер жүрсе дүние-қоңыз теріп,
Сен жүрдің шежіре мен аңыз теріп.
Еңбегің еліңе әбден жаққаннан соң,
Отырмыз мемлекеттік маңыз беріп!

Құттықтап Көкшедегі данышпанды,
Алматы сәлем айтты алыстағы.
Жазушы аға Қабышев Ғаббас кепті,
Есағаңмен жанымен табысқан-ды.

Әбілмәжін Жұмабаев аға кепті,
Танитын тереңдегі ағыстарды.

Жетіпті Көкшетауға Сәкен аға,
Даланы дүбірлеткен шабыстары.
Ғабиден Құлахметов дана кепті,
Екі бүктей салатын алысқанды!

Сырыңды ақсақалды атай ұққан,
Жырыңды ақ жаулықты апай ұққан.
Назарбаев құрметті атақ берді,
Есаға, хабар жоқ па Ақаевтан!?

Есаға, мақтағанға бөсіп кетпе,
Дұшпаның күндегенге өшіп кетпе.
Тойымда бір машина бермедің деп,
Өкпелеп Алатауға көшіп кетпе!

Жырладың жаныңменен ізгілікті,
Отыңмен жеңе білдің ызғырықты.
Өзіңе Гүлжәмиланы жолықтырып,
Махаббат айдынында жүздіріпті.

Өмірлік серік болған ақ жеңешем
Жетпісте де жаныңда қыз қылықты.
Биыл қыс Көкшетауда қиын болып,
Тоңдырып, Есағаңды мұз қылыпты,

Қызуы домна пештей ақ жеңешем
Есағаңды ақылымен бәрін қосып,
Бауырына басып алып қыздырыпты!

Қажымай, ел-жұртыңның қамын ойлап,
Немере, шөбереңіз гүлдей жайнап,
Жасай бер жүзге дейін, Естай аға,
Жарасып, жеңгемізбен күліп, ойнап,

Мерейің өсе берсін туған елім,
Дарынды ұл-қызыңның тойын тойлап!

Есмағамбет Ысмайыловтың 80 жылдығында айтылған өлең-
нен: (Щучье ауд. Мәдениет ауылы. 1990 ж.)
Тарихын әдебиеттің терең қазған,
Тағдырын ақындардың зерттеп жазған,

Із-түзсіз жоғалатын қазынаны
Інжу, маржан секілді аршып алған,
Қазақтың ғұламасы Есмағамбет
Мұра боп ұрпақтарға хаты қалған!

Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдығына арналған республи-
калық айтыста: (Қостанай, қыркүйек, 1998 ж.)
Құтыла алмай құрсаудан,
Заманда қазақ қысылған,

Ақылмен Ахаң жол нұсқап,
Білім мен ғылым ұсынған.
Ұйқыдағы даланы
Оятуды ойланып,

Мысалдап «Маса» ұшырған,
Ұлылығын Ахаңның
Танып отыр бүгінде
Орыс, түрік, басқа да

Кәуір менен мұсылман!

«Мыңжылдық – Астана-Думан» бағдарламасы аясында өткі-
зілген «Айтыстың сағындырған саңлағы» атты айтыста шы-
ғысқазақстандық Егеухан Мұхамедиқызымен айтысқанда: (Ас-
тана, 25 желтоқсан, 1999 ж.)

Осы айтыстың алдында жыршылар фестивалі өткізіліпті. Дәл
осы кезде Көкшетауда Қазақстанның Халық ақыны Көкен Шәкеев
өмірден озған екен.
Алты Алаш қанық Көкен есіміне,

Бөлек еді бітімі кесімі де,
Домбыра мен мылтықты қатар ұстап,
Фашисті қуып тыққан тесігіне.
Асайынов Мұсамен қол ұстасып,

Аттанған жыр мерейін өсіруге,
Мыңжылдыққа бір аттам жетпей кетсе,
Тағдырдың амал бар ма шешіміне?!
Алаштың ақсақалы сәби болып,

Бөленді Жер-Ананың бесігіне,
Бақиға кетті аттанып оразада,
Ол жақтың жюрилері жәбір қылмас,
Жіберер тура жұмақ есігіне!

Ат бола ма дүбірсіз,
Ел бола ма түбірсіз,
Дүбірлі дүлдүл Көкенім,
Түбірлі жерден жаралған,

Ақан сері, Біржан сал
Арасынан таралған!

Асқар таудай тұлғасы,
Асыл сөздің тұнбасы,
Ақ сақалы желбіреп,
Ет жүрегі елжіреп,

«Айналайын балам» деп,
Арқаңнан қағып жүретін
Қадірлі Көкен ағаң жоқ!
Өткінші фәни жалғанда,

Атамыз қазақ айтқан ғой
Болаттай бол деп болғанға,
Жаратқан жаббар құдайым
Иман берсін Көкенге,

Береке берсін қалғанға!

Көнеден үн келеді уілдеген,
Қазақтың жүрегі оған дірілдеген,
Ескі жыр, көне сарын үзілген жоқ,
Ғасырда темір-терсек гүрілдеген.

Атадан қалған асыл сөз бен әуен
Көкеннің кеудесінде күмбірлеген,
Көкендей қарияларға мың рахмет
Ұшқыны ұлы өнердің сөндірмеген!. .

... Қалихан, Манап, Көпбай, Көкендерден,
Үлгі алып, ұлы өнерді бекемдеген,
Саңлақтар сағындырған әлі сапта
Кім оларды «списайт» етем деген?!. .

... Атасын іздеп балдар күрсінеді,
Бәйтерек құлағанмен, бүршік өнді,
Өмірден Көкен ата озған күні
Өнерге Дидар бала жыршы келді.

«Алпамысты» жатқа айтқан он бір жасар
Балаға ағалары сүйсінеді!

Жыршылар жұрт алдында ағындады,
Батырдың қағылғандай дабылдары,
Мың жылдың жырын тыңдап, құрметтейтін
Жүз қазақ Астанадан табылмады!

Сөйлейді ақын шындықты шарайна ғып,
Ағайын, іс қылайық мың ойланып,
Миллениум-миллениум деп билеп жүріп,
Кетіпті бастықтардың миы айналып!

Сөзімді менің дұрыс ұғар ма екен,
Ұқса егер бір нәтиже шығар ма екен,
Астана батырлардың жырына емес,
Басқалардың жынына құмар ма екен!?...

Қазақтың бір-біріне бәрі бауыр,
Сүйеніш, пана болған соқса дауыл,
Бұл күнде алты алашым ала-құла,
Бірі тәуір болғанда, бірі жауыр,

Астана жалт-жұлт етіп жарқырап тұр,
Жартылай қирап бітті біздің ауыл!

Керей Қожаберген жырауға арналған республикалық ғылыми
конференция күндерінде айтылған жырлардан. (20-21 желтоқсан,
2000 жыл. Қызылжар қ. Солтүстік Қазақстан облысы.)
Болғанмен ызғары мол, қары қалың,

Ежелден қаны қызу, жаны жалын,
Қожаберген бабаны есіне алып,
Келтірген елдің сәнін, сөздің дәмін,
Толыбай сыншы бабам туын тіккен,

Армысың, қасиетті Қызылжарым!

Даналар шыққан талай қазақ елден,
Солардың бірегейі Қожаберген,
Найзағайдай жарқылдап күркіреген,
Жырлары заманынан оза берген.

Найза ұстап, қол бастаған батыр жырау
Жаралған Солтүстіктей таза жерден.
Жолында азаттықтың арпалысып,
Қанатын бар қазаққа жаза берген!

Ат аунаған жерлерде түк қалады,
От орнында өшпейтін шоқ қалады,
Аруағынан айрылған ел азады,
Аруағы бар елдерге құт қонады,

Өз елінің өткенін ұмытпаған
Азаматтың қадамы нық болады,
Азат күнің, Алашым, құтты болсын,
Ақылмен айыратын ақ-қараны,

Елім-ай деп егілген қайран бабам,
Елмен бірге ертеңге аттанады!

Тарихтың шындығы мол, аңызы көп,
Біз үшін, ұрпақ үшін маңызы көп,
Түпнұсқадан қоспасы артып жатса,
Қожаберген бабамның жазығы жоқ,

«Елім-ай, елім!» деген жалғыз-ақ сөз
Қалады жыраулықтың қазығы боп!

Е-ей, осындай ерлер жаралған,
Солтүстік менің өз елім,
Ежелден кие дарыған
Құт-береке қонған жер,

Тұрсынбай, Сары, Баянның,
Сегіз сері, Нияз бен,
Шал ақын мен Мағжанның,
Сәбең менен Ғабеңнің

Кіндік қаны тамған жер.
Ортасында орыстың
Аманатқа қалса да,
Жаманатқа қалмаған

Аруағы биік болған жер.
Тыңына түрен тисе де,
Түп-түбірін қаздырмай,
Тұқым, тегін тоздырмай,

Қаны мен жанын аздырмай
Қазақ болып қалған жер.

Қажымұрат ағамыз
Әкім болып келген соң,
Жұлдызы жарық жанған жер.
Қожаберген тойында

Қармен бірге аспаннан
Академик жауған жер!

Президенті ғылымның
Айтқожина Нағима
Ол да арманшыл жас болған,
Ағасы Мұрат ғұлама

Еңбегі елге ақ болған.
Лениндік сыйлық алғанда,
Мерейін елдің көтеріп,
Бар әлемге даңқ болған,

Әулетінен бес-алты
Шықса ғылым докторы,
Бастарына бақ қонған,
Қыз да болса Нағима,

Ығай-сығай марғасқа
Ғалымдарға бас болған!

Сүттей ұйып студент
Тыңдады бүгін қазақтың
Қозыбаев Манашын,
Зерделей зерттеп танытқан

Қожаберген бабасын,
Тұңғиығына тарихтың
Жүрегінің отымен
Сәуле беріп тазартқан

Бүгінгінің санасын.
Тарихтың туса таласы
Айырған ақ пен қарасын,
Асқар тау деп өзіңе

Қарап отыр Алашың,
Алашқа аға болсаң да
Солтүстікке баласың!

Бұл тойға Ерекең мен Зекең келді,
Әбекең, Ғазекең мен Рекең келді,
Тұрағы басқа жерде болғанменен,
Берендер Солтүстікке бөтен бе еді?

Сан алуан еңбек етіп әр салада,
Беделін мемлекеттің көтерген-ді,
Мұтанов мұрындық боп, бар қазақтың
Ғылыми ойы СКУ-ді мекендеді!

Темірхан, Бүркіт пенен Блок келді,
Тілеуін ел қазақтың тілеп келді,
Генерал, профессор Абай сөйлеп,
Баяғы сардарлардай үдеп келді,

Қызылжар атын қайтар қалаға деп,
Азуын Марат айға білеп келді.
Көп жұмыс оңға басар, ағалардың,
Қосылса бір арнаға тілектері!

Мұратын әдебиеттен тапқан ағам,
Жастардың жүрегіне от жаққан адам,
Дөкейі ғалымдардың Нұрғалиев –
Тереңнен ой мен сырды тартқан ағам,

Мағжандар он бес жылда ақталар деп,
Жиырма бес жыл бұрын бізге айтқан ағам!

Орайы үлкен істің табылыпты,
Ақыл-ой Қызылжарға ағылыпты,
Осындай үлкен іске ұйтқы болған
Мұтанов елге жақсы танылыпты.

Әрі ұстаз, әрі ғалым, һәм қайраткер,
Ректорлардың ішінде Ғалым мықты.
Мың жерден мықты болсын, бірақ бүгін
Ғалым да бір шаруадан жаңылыпты!

Нәбиден Есентемір елден келді,
Сегіз сері сап кеткен жолмен келді,
Солтүстік сұңқарларын зерттеп жазған
Еленсе екен дейміз зор еңбегі.

Құрметті профессор атын берсең,
Дүйім жұрт бұл ісіңді жөн көреді!

Адамдар тек еңбекпен теңессе екен,
Өлеңмен көп нәрсені елестетем,
Нәбиден керейлерді жақсы көрсе,
Сегіз сері Кіші жүзге көп барып еді,

Содан қалған жұрағат емес пе екен?!

Атақ берсең, бір ізгі шараң болар,
Жететін оған, Ғалым, шамаң болар,
Және де берер болсаң тезірек бер,
Әне-міне деп созып жүргеніңде

Нәбиден өліп қалса, жаман болар!

Әкімі Солтүстіктің Қажымұрат,
Жатыр екен жақсының басын құрап,
Қызметіңіз халыққа қайырлы боп,
Көк мұзды жарып өссін жасыл құрақ,

Ел тілегін құйған соң арнасына,
Өзенге айналады мөлдір бұлақ!

Қырандай дауысы бар саңқылдаған,
Қожаберген бабадай жарқылдаған,
Өмірлі боп, өркендей бер, жайсаң аға,
Аталы сөзге тоқтап, ән тыңдаған,

Бар әлемге көрініп, биік тұрсын
Жұлдызы Солтүстіктің жарқыраған!

Іргесі еліміздің бекем болсын,
Ырысты, ынтымақты мекен болсын,
Көтермелеп сөйлейік жігіттерді,
Атамыздың аруағын көтергесін,

Желбіреп көк байрағы зеңгір көкте,
Қазақстан мұратына жете берсін!
----------------------------------------
Конференцияға қатысқан ғалымдар: Нағима Айтхожина, ҚР ҰҒА

президенті, академик.

Манаш Қозыбаев, Еренғайып Шайхутдинов, Зейнолла... ., Аманжол
Қошанов, Ғазиз Тәшенов, Рахым Оразалиев, Рымғали Нұрғалиев – ҚР
ҰҒА академиктері.
Темірхан, Блок, Бүркіт Аяғанов – ғалымдар.

Абай Тасболатов – профессор, генерал-лейтенант.
Марат Кенжеғозин – профессор.
Ғалым Мұтанов – СҚУ-дың ректоры, академик.
Қажымұрат Нағыманов – СҚО әкімі.

Нәбиден Әбутәлиев – жазушы, Сегіз сері, Қожаберген жырау тура-
лы кітаптардың авторы.

2008 жылы 1 Мамыр – халықтар достығы күні Көкшетауда
Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алғанда айтылған
толғау.
Ассалаумағалейкум деп,

Ардақтап сәлем беремін,
Қош келдің деп, Нұреке,
Ақмола, Көкше жеріне,
Ынтымақ айы мамыр деп,

Барлық ұлттың баласы
Жарасып жүр бауыр боп,
Сары орыспен әкеміз
Қалжыңдайтын тамыр деп,

Барлық ұлттың баласы
Киелі қазақ жерінде
Өркендеп отыр дәуірлеп!

Арғы жағын ойға алсақ,
Осы жұрттар бір кезде,
Қол-аяғы бұғауда,
Көздері болып жылауда,

Екі қолы байланып,
Жер түбінен айдалып,
Жерімізге келгенде,
Мейірбан қазақ баласы

Құшақ жайып қарсы алған
Қарамай аяз-қырауға,

Жақсылығын қазақтың
Жастайынан көргенін
Айтады әкім Рау да,
Жалпақ елге жар салып

Жырлайды біздей жырау да!

Президенті қазақтың,
Достықтың жырын жырлатып,
Бейбітшілік, ынтымақ,
Жұлдызы болып жандыңыз,

Көк байрақты көтеріп,
Көктей өтіп мұхитты,
Көп қабатты жерлерге,
Көктен түсіп бардыңыз,

Кемеңгерлі көп елде
Келелі кеңес келтіріп,
Ай-әлемнің барлығын
Алты Алаштың аузына

Бір қаратып алдыңыз,
Астана жұртын айналып,
Астарын әбден ойланып,
Жайнатып қала салдыңыз!

Алатаудан Арқаға
Ақордасы қазақтың
Көшкен қала Астана,
Еркін самал Есілден

Ескен қала Астана,
Ой жеткісіз он жылда
Өскен қала Астана,
Досың түгіл, дұшпаның

Таңдай қағып, таңғалып,
Қалай өскен, ойпырмай,
Дескен қала Астана,
Ақындардың аузында

Дастан қала Астана,
Он сан ұлттың бастарын
Қосқан қала Астана!

Жан-жағыңда орысың,
Украин, белорус,
Татар, поляк, немісің,
Балкар, ингуш, кәрісің,

Жаһандағы жұрттармен
Жарасымды келісім,
Соның бәрі түбінде,
Атамекен жер үшін,

Қасиетті ел үшін,
Атадан қалған дін үшін,
Анадан қалған тіл үшін,
Аман бол, аға, сол, үшін!

Ақмола облысының Омбы облысындағы күндерінде «Мөлдір»
мәдениет орталығында өткен кездесуде айтылған өлеңдерден. (А.
С. Пушкин атындағы кітапхана. Омбы қ. 2003 ж.)
Шырқаған шарықтатып мөлдір әнді,

Қазақтар осал емес Омбыдағы,
Ақмола, Көкшетаудан аттанғанда,
Еріксіз елеңдеген ел құлағы.
Араздық аздырады адамзатты,

Ынтымақ бар халықты ел қылады,
Орыспен Омбыдағы бауырларым
Дос болып жүрер жолын кең қылады.
Қайыспай қилы-қилы кезеңде де,

Жоғалтпай игі дәстүр, мол мұраны.
Омбылық бауырларға ризамыз
Құран мен сақтап қалған домбыраны!

Іргесін еліміздің бүтіндеген,
Аулақ ұстап бықсыған түтіндерден,
Қол қойды орыс-қазақ достығына
Елбасы Назарбаев Путинменен!

Басыңа күн тумасын алмағайып,
Кетпейік жазатайым жолдан тайып,

Дос болып әлемдегі бар халықпен
Өсе бер, туған елім, қанат жайып,
Путин мен Назарбаев бастаған соң,
Қостап тұр Кулагин мен Полежаев!

Е-ей, Омбыдағы бауырлар,
Кездестік бүгін сізбенен,
Қарсы алды бізді қуанып,
Құрметтеп нанмен, тұзбенен.

Желбіреген ұлменен,
Мөлдіреген қызбенен,
Аласапыран кезде де
Жүре білген адаспай,

Атадан қалған ізбенен,
Көгінде күні тұтылып,
Айын бұлт басса да,
Тегінен тамыр үзбеген,

Өркендей бер аман-сау,
Омбыдағы бауырлар
Еңбектің теріп жемісін,
Көңілдің әнін келтіріп,

Өмірдің мәнін іздеген!

Тәушен Әбуова апаның тойына сәлем-хат:
Сынығындай асылдың,
Әуеніндей көненің,
Жиырма бірінші ғасырға

Алшыдан түсті асықтай,
Толағай төкпе өлеңің,
Аталардың тобында
Анадан шыққан сен едің,

Торқалы болсын тойың деп,
Орайлы болсын ойың деп,
Ардақты Тәушен апама
Көкшетаудың атынан

Құттықтап сәлем беремін!

Агросервис «Клаастың» жиынында Германиядан және рес-
публикамыздың облыстарынан келген меймандардың алдында ай-
тылған арнау өлеңнен: (Көкшетау, 27 маусым, 2002 ж.)
Қазаққа мейман келсе, күту міндет,

Болмайды біздің елде бөтен әдет.
Атынан Көкшетаудың сәлем бердік,
Здрәсти, амансыз ба, гутен абенд!

Алыстан келген мейманға,
Жырдан шашу шашатын
Үлгі еді қалған үлкеннен,
Біздің қазақ аумайды

Аспандағы Үркерден.
Аңқылдаған ақкөңіл
Қулығы жоқ бүркенген,
Даласына қонақжай

Қош келдіңіз, вилкоммен!

Елдестірмек – елшіден,
Жауластырмақ – жаушыдан,
Ой өспегі – ойшылдан,
Қой өспегі – қойшыдан,

Тойдың сәні кіреді
Қыздыратын тойшылдан,
Табыстарың мол болсын
Ынтымақпен жарасқан

Қазақстан – Дойчланд!

Аспандағы ай ма еді,
Ой, сезімге бай ма еді?!
Мәйекті сөзі майлы еді,
Өз халқына сайлы еді.

Өлең-жырдың маржаны
Адамзатқа жайлы еді,
Қадіріне жеткен соң,
Аударған Абай атамыз

Гете мен Хайнрих Хайнені!

Әуені қиыс кетпеген,
Әуейілік етпеген,
Бар әлемде оларға
Композитор жетпеген,

Жетсе де асып кетпеген,
Табысқан асыл текпенен,
Құрманғазы, Тәттімбет,
Моцарт пен Бах, Бетховен!

Олардан бері немістің
Атақ-даңқы ұласты,
Комбайн ойлап шығарған
Айтайық Август Клаасты,

Комбайны Клаастың
Көрсетіп тұр класты.
Бар әлемге таралып
Клаасыңыз қыр асты,

Мықты екені ырас-ты,
Үйреніңдер немістен
Жазуды кеңге құлашты!

Бөтендігі болмайды,
Озған елдің үлгісін
Оймен өлшеп біле бер,
Комбайн қымбат болса да

Ебін тауып әйтеуір,
Бір-бірлеп мін де жүре бер,
Ар жағын жөнге келтірер,
Назарбаев пен Шредер!

Замана мынау өзгерген,
Түсінер бізді бұрынғы ер,
Бір-бірімен табысып
Жатқан жоқ па бүгінгі ел.

Пайдалы қызмет қылам деп
Көкшеге келді көшімен
Хер Тишер мен Дюрингер!

Айтайын кеше танысқан
Құрдасым Уве Нойманды,
Көргендей болдым Найманды,
Құрылысшы-инженер,

Қираған үйді қолға алып,
Жарқыратып қойған-ды.
Мұрат пен Милованова
Құрметтеп ақын шақырып,

Жырлатуды ойға алды,
Орыс, неміс, қазағым,
Ынтымақпен бас қосып
Тойлай бер бірге тойларды!

Мейманға ел қадірін білгізейін,
Жаныңа шуақ-ойды кіргізейін.
Танкілер таптамасын даламызды,
Бәріңді комбайнмен жүргізейін.

Аман-сау болыңыздар көріскенше,
Осымен, ал енді ауф видерзейн!

Абай атындағы орта мектептің 70 жылдығында айтылған
өлең:
Біздің ел өте мықты ел болатын,
Сал Біржан көкке жайған ән қанатын.

Рамазан «Жас қазақ» боп жанып кеткен,
Досов ағаң – қайтпаған шарболатың.
Осы елдің бас мектебі – Абай мектеп,
Беделі ел ішінде зор болатын.

Ағайлардың барлығы ақылгөй боп,
Апайлардың тұлғасы өр болатын.
Абайдың мектебінде сабақ беру –
Райкомды басқарумен бір болатын,

Осындай ұлы мектеп шәкірттері
Жөні жоқ ешкімнен де кем болатын!

Республика күніне арналған салтанатты жиында айтылған
арнау өлең: (Көкшетау, 24 қазан, 1995 ж.)
Тарихта не көрмедің, қайран далам?!
Ел болмас өткен күнін ойға алмаған.

Жабылып орыс, қытай, қалмақ, монғол,
Даланың ой мен қырын ойрандаған.
Құтылдың тәуелділік тырнағынан,
Төбеңнен төрт-бес ғасыр тарбаңдаған.

Азаттық тойың құтты болсын, халқым,
Қан кешіп ата-бабаң армандаған!

Шүкірлік қылам Аллаға,
Атыстырмай ешкіммен,
Шабыстырмай ешкіммен,
Азаттық бізге берді деп!

Азаматтар ұрандап,
Ел дегенде елжіреп,
Аспан таудың ар жағы,
Дастан таудың бер жағы,

Көк аспанның астында,
Көк мұхиттың төрінде,
Америка жерінде,
Көк байрағың желбіреп,

Әйгілеп тұр ғой әлемге
Қазақтың елі келді деп!

Біріккен Ұлттар Ұйымы
Мінбесінен бүгінде,
Адамзатқа тілегін
Арнайтұғын ел болдық.

Ядролық бомбаны
Жармайтұғын ел болдық.
Ұлы Абайға той жасап,
Адамзат пен даланы

Жалғайтұғын ел болдық.
Құшақтасып далада
Бірге жүрген орыспен

Ғарышқа да бірлесіп
Самғайтұғын ел болдық.
Айлап, жылдап бірақ та,
Пенсия мен айлығын

Алмайтұғын ел болдық.
Газеті мен журналы
Сорлап жатқан ауылға
Бармайтұғын ел болдық.

Жүз долларға сатылып,
Бірімізді біріміз
Алдайтұғын ел болдық.
Көсемдердің сөзіне

Нанбайтұғын ел болдық.
Бәрін айт та бірін айт,
Жұма сайын депутат
Сайлайтұғын ел болдық!

Депутат сайланарда дей бастайды,
Сайланып алғаннан соң жей бастайды.
Депутат па, жоқ әлде жепутат па,
Білмеймін, қайсы қалай ел бастайды?

Депутат өзгеріпті сенатор боп,
Сенейік көп жақсылық келе жатыр деп,
Күні ертең естімейік депутаттан
Қалған елді сенатор жеп жатыр деп!

Айналайын ағайын,
Бұл сайлауға барайық,
Көп кандидат ішінен
Біреуін таңдап аларсың.

Көңілің соғып жаратып,
Бюллетенін салайық,
Ағаларға санатып,
Жаман болып бара жатса,

Әзер болса Нұрекең
Жіберер қайта таратып!

Көп алдында сөйлесек,
Ағындайтын ел болдық,
Баласына басқа ұлттың
Тарылмайтын ел болдық.

Капиталын шетелдің
Қабылдайтын ел болдық.
Халық жүдеп жатқанда
Жұма сайын той жасап,

Мыңдап малды сойдырып,
Даланың бетін ет қылып,
Вагондап арақ төктіріп,
Дарылдайтын ел болдық.

Шүкіршілік, әйтеуір,
Мәймөңкелеп Мәскеуге
Жағынбайтын ел болдық.
Бір Алладан басқаға

Бағынбайтын ел болдық!

Айналайын, туған ел,
Ағын судай тасарсың,
Талай белден асарсың,
Адамзатқа ақ тілек

Әлі талай қосарсың.
Бәрін айт та, бірін айт,
Жалаңаяқ жүрсек те,
Әлемнің бар алтынына,

Сатылмайтын, сатпайтын,
Қазақтығым жасасын,
Азаттығым жасасын!!!

ҚЫРҒЫЗ ЖЫРЛАРЫ

Түйе шешкен келіншек
Шоқан Уәлиханов жазып алған «Манас» эпосының бір эпизо-
дын Баянғалидың жаңғыртып жырлаған нұсқасы.
Хан Көкетай асына

Жер-жаһаннан жиылған
Халайықтың бәрісі,
Жасы менен кәрісі.
Жалпы жұртқа жар салған

Жаршыға қарай бұрылды,
Ыраманның ыршы ұлы
Ылашындай жарқылдап
Ақ сұңқардай саңқылдап,

Қыздыра түсті дүбірді:
«Хан Көкетай асында
Қайнатып ой мен қырыңды,
Қай-қайдағы жыныңды,

Байырғының салтымен,
Бабадан қалған бұрынғы,
Жалаңаш қатын түйені
Көпшіліктің алдында

Қолын қойып төбеге,
Тісіменен шешеді,
Шығармай қара дымыңды!»
Жалаулаған жаршының

Алаулаған сөзінің
Тоқетерін тобықтай
Толқыған тобыр ұғынды.

«Қуырдақтың көкесін
Көресің түйе сойғанда»
Дегеннің кері келді деп,
Майданға қарай шұбырды.

Санатты елден сескенбей,
Сыпырып тастап киімін,
Сымпиып шығар сылқымдар
Шыныменен бар ма деп,

Ауыздары аңқиып,
Таңдайлары тақылдап,
Демдерін алып ішінен,
Тоқтатты қыбыр-жыбырды.

Күл сабаған көкайыл,
Қамшыдан қайтпас көкдолы,
Ымды баққан ырыңды,
Жымды баққан жырынды,

Небір қасқыр қатындар
Қанша бетпақ болса да,
Тыр жалаңаш тоңқайып,
Топ алдында түйенің

Бұйдасын тіспен шешуге
Дәттері бармай тығылды.
Қаймықпайтын кім бар деп,
Қоздатып тұрды күбірді!

Айкөл Манас бас болып,
Батырлар тұрды топтанып,
Бітер деп қалай бұл істі?
Түзге отырған жерінде

Байы түгіл, үстіне
Бөтен келіп қалса да,
Бетінің қаны қашпаған,
Етегін жиып саспаған,

Сазбет қатын бұл елде
Қалмапты-ау деп күлісті.
Осы кезде ортаға
Орғып шықты оқтаудай

Қатын балуан Ораңқы,
Ерлерге салып жұмысты.

Анасынан туғандай
Айдай ашық әйелге
Қарауға тіктеп қалың жұрт
Бір-бірінен қымсынып,

Бетін басып тұрысты.
Біраздан соң емініп,
Көздерімен ішіп-жеп,
Қадалса да қыңған жоқ,

Қатын балуан Ораңқы
Құшақтап өскен қылышты,
Қаптап келген ерлермен
Қайқайтып салған ұрысты!

Сансыраған сан қолмен
Сайысқалы шыққандай,
Айбарланып алыпты,
Марғасқаны майдалап,

Майысқалы шыққандай
Жайраң қағып алыпты.
Қалмақ, манжу, қытайды,
Қырғыз, қазақ, ауғанды

Бөксесіне қаратып,
Майданды сызып келеді.
Өкшесіне қаратып,
Мойын қандай, төс қандай,

Жота қандай, жон қандай,
Жоннан арғы жол қандай,
Жан рахаты жалғанның
Осы жолға қонғандай.

Оны көрген ерлердің
Естері ауып қалғандай,
Ессіздік оты жанғандай.
Сөйткен елді Ораңқы

Нар екенсің деген жоқ,
Шал екенсің деген жоқ,
Өзінен басқа адамды
Бар екенсің деген жоқ,

Бурабайдай тұлғасы,

Ақша бұлттай көктегі
Желп-желп еткен шудасы,
Алтын, күміс бұйдасы,
Қалы кілем жабуы,

Жампоздың жанға қимасы
Түйеге жетіп барғаны,
Екі қолы төбеде
Шиелеп төмен байлаған

Түйініне бұйданың
Еңкейіп тісті салғаны,
Абайлап тұрған қалың жұрт
Ойран-асыр қалғаны!

Ескіден қалған бұл бір жол
Көрмеген әзір ел тиып,
Түйені шешіп алам деп,
Тартса қатын тоңқиып,

Сақалдары шошаңдап,
Шалдар отыр шоңқиып.
Атаңның көрі дүние
Қалай өтіп кетті деп,

Ойға батып омпиып.
Батырлар тұр тықыршып,
Қандары қызып қомпиып.
Оның бәрін Ораңқы

Ойына да алған жоқ,
Көз қиығын салған жоқ,
Қас-қағымда қайқайып,
Жетелеп алып түйені,

Қалың топты қақ жарып,
Бұраң белі былқылдап,
Бура саны бұлтылдап,
Тоқпақтай қара бұрымы

Тоқ балтырға сартылдап,
Қарыс түкті құндызы
Күн сәулесі шағылып,
Құбылып ойнап жалтылдап,

Келе жатқан кезінде
Қарылар қалды қалтылдап.
Қаһармандар қасқайды,
Қайрат қысып қалшылдап,

Назар салмай біріне,
Өте шықты Ораңқы
Қара көзі жарқылдап,
Қатын-қалаш, қыз-қырқын

Қиқулады қуанып
Аққу-қаздай қаңқылдап!

Анда Манас қабылан
Қатқырып күліп алғаны,
Қайырып кетпен салғаны:
«Ой, атаңның көрі, Ораңқы,

Жалаңаш топқа барғандай,
Түйені шешіп алғандай,
Не күн туды басыңа?
Адыр тола жылқың бар,

Аңғар тола түйең бар,
Қора толы қойың бар,
Жетпеді ме асыңа?
Үңірейтіп бәтеңді,

Көрсетердей не болды
Досың менен қасыңа?
Бәтеңе сенің қарасам,
Қарауытқан үңгірдің

Сұлбасындай көрінед,
Үш Меркенің үрейлі
Жылғасындай көрінед!»

Анда Ораңқы кеп айтад,
Кеп айтқанда деп айтад:
«Жұрт алдына жалаңаш
Бармайтұғын несі бар?

Қараша қаймал, ту інген
Алмайтұғын несі бар!
Жауды жеңген батырлар
Ауда қандай өшің бар?

Өшің болса бәтемді,
Қолыңнан келсе, кесіп ал!

Малың үшін шыққам жоқ,
Баю үшін шыққам жоқ,
Ерде намыс болғанда
Қатында намыс болмай ма?»

Жарқ-жұрқ етіп Ораңқы
Жалтылдатып бөксесін
Шапаттап тұрып бәтесін,
Деді: «Ерлерім, мұнымен

Ерегесіп нетесің,
Манас пенен Алмамбет,
Шуақ пенен Сырғағым,
Сені де тапқан бұ көтім.

Ер Көкше мен Қосайым,
Ағыш пенен Қырғылшал
Аузы-мұрныңды қан қылып,
Сені де тапқан бұ көтім.

Бақай менен Төстігім,
Мұзбұршақ пен ер Үрбі,
Сені де тапқан бұ көтім.
Осы көтім болмаса,

Найза ұстаған ерлерім,
Көктен түстім деймісің,
Жерден шықтым деймісің?!»

Келтіріп сөздің жүйесін,
Жетелеп алып түйесін,
Қатын балуан Ораңқы
Жайына кете барғаны.

Айкөл Манас бас болып,
Батырлардың бәрісі
Әбден күліп алғаны.
Қайтпас қайсар қатынның

Сөзі менен ісіне
Разы болып қалғаны!
2000 жылдар.

Қырғызым
Ақ қалпақ киіп ат мінсе
Таудай болған қырғызым,
Кәдімгі біздің қазақтан

Аумай қалған қырғызым,
Жайлауда желмен жарысып,
Мыңғыртып малды баққансың,
Көкпар тартып, қыз қуып,

Тау, далада бәйгеге
Дүрсілдетіп шапқансың.
Қомыздан күйді төгілтіп,
Саба, саба қымызды

Саптаяқтан татқансың,
Самалға төсеп кеудеңді
Киіз үйде керіліп,
Жомоғыңды айтып жатқансың.

Азаттықтың ақ орда
Қазығын мықтап қаққансың,
Іргесін берік жапқансың,
Өнерің өсіп өрелі

Аспанда жұлдыз жаққансың,
Мұхитқа құяр өзендей
Әлемге даңқың жайылып,
Айбынданып аққансың.

Қиындардың түйінін
Ақылмен ойлап тапқансың.
Міне, біз мындай елміз,
Мақтанса қырғыз мақтансын,

Өйткені бізге тартқансың!

Ақ қалпақ киіп, ат мініп,
Алатауды айналып,
Ән сап жүрген қырғыздың
Біздер де дәмін татқанбыз.

Әпесер болып әскерде,
Әнжияннан асқанбыз.

Оштың жерін армансыз
Керзі етікпен күн-түні
Күрпілдетіп басқанбыз,
Ать-дваны айтқанбыз,

Ала-Арчаны тартқанбыз,
Аптабына шыдамай,
Аспанға қарап жатқанбыз.
Қыздарына қырғыздың

Өлең айтып жаққанбыз!
Енді бүгін қарасақ,
Біз жүрген жерде бір кезде
Алшаңдап жүр ғой басқаңыз.

Басқалар басып кетті деп,
Бауырым, бірақ саспаңыз,
Аманат қалған Манастан
Қырғыздың атамекенін

Аман-есен сақтаңыз!

Қырғыз жұлдыздары
Жиенім, жыр жүйрігі Естемесім,
Өнерден аямаған ештемесін,
СССР, қазақ, қырғыз ел әртісі,

Жүздірген жыр мұхитта дос кемесін.
Манасты айтқан қазақтың баласы деп,
Өзімді әрқашанда хош көретін!

Жалғасы жорғалардың Зәмірбегім,
Өлеңде аса соққан дауыл едің.
Алымқұл, Оспанқұл мен Халық ақын,
Аталарың ардақты тәлімгерің.

Екеуміз Алматыда айтысқанда,
Мен сені бір көргеннен бауыр дедім!

Аяулы ақын ағам Әшірәлі,
Жайлауда «Жылқышы әні» жосылады,
Назарқұл Манасты айтса күңірентіп,
Ыстықкөл айлы түнде тасынады.

Ұрқаш пен Асанханым жырлағанда,
Маржандай асыл жырлар шашылады.
Базарбай, Әлімбай мен Сәлімбайдың
Дауысы ұраныңа қосылады.

Қаба мен Шабай атам қатар келсе,
Көненің тірілгендей ғасырлары.
Сапарбек, Қуанышбек ақсақал мен
Жастары – осы күнгі асылдары,

Үн қосса дарындары, ел қырғыздың
Атағын жұлдыздан да асырады!

Бір бөлек тау көремін Туғанбайды,
Ақпейіл, қазақпен бір туғандай-ды,
Оразбек – актер, ақын, бізге жиен,
Тұлғасы маң-маң басқан бурадай-ды.

Қарыстан сүйем жақын дегенді айтып,
Қазаққа нағашы деп қалжыңдайды,
Өзімді Көкшетауға іздеп келген
Анарбек сүйіп еді Бурабайды.

Абылда, Амантай мен Абдыбали,
Болоттың әуендері жанға жайлы.
Бұрынғы ақындардың бір жақсысы
Жақсылық бір-бірінен қызғанбайды.

Мен сенен артықпын деп кеуде соғып,
Кекетіп кейбіреудей сұрланбайды.
Ақындар дос болмаса, Тоқтағұл мен
Жамбылдың дәстүрлері жалғанбайды!

Танытып ақындықта мықтылықты,
Үшкіріп өлеңімен үскірікті,
Астана аязымен аймаласып,
Елші боп абыройлы іс қылыпты.

Қазаққа бауыр болған, тәуір болған,
Сағынамыз біз Әкбар Рысқұловты!

Ақындар сөйлесін деп топта шалқып,
Айтысқа өз үлесін қосқан артық.

Ақтаңдай – тоқсан үште төс қағысқан
Ардақты Ахун аға Тоқтасартов!
Күйлері «Қырғыз көші», «Қазақ елі»,
Асанбек қомызшы ағам ғажап еді.

Жоланның Долан асқан өр дауысы,
Заманмен алға қарай озады енді!

Қайраткер аяулы жан Шерімбегім,
Танытқан асылдықты тегіндегі.
Ең алғаш Ақтаңдайдың айтысында
Манасты айтқанымды көріп еді.

Құшақтап, мыңжылдыққа шақырам деп,
Жаныма жан жылуын беріп еді,
Өткізіп Манас тойын кете барды,
Ол күндер ыстық болып көрінеді,

Жақсылардың жүрегі жанып тұр ғой,
Жұлдыз болып қырғыздың көгіндегі!

Қажымұқан мен Қожамқұл
Қожамқұл асып туған ер болыпты,
Бар ма екен одан асқан елде мықты?
Етігінің размері – елу екі,

Жүз алпыс килограмм шоң болыпты,
Түйедей жартастарды жерге шөккен
Ырғап-ырғап, ылақтай өңгеріпті,
Қажымұқан екеуін күрестіріп,

Қызықтауды қырғыздар жөн көріпті.
Бішкекте қонақ болған ағасына
Қожамқұл құрметпенен қол беріпті,
Бәсеке жараса ма бауырларға,

Бойы да, ойлары да тең келіпті,
Шаңдатпай жердің бетін, елдің ішін,
Қожамқұл Қажымұқанға жол беріпті!

Көңілін Қажымұқан бөлді дейді,
Ерлігін Қожамқұлдың көрді дейді,
Құшақтап, арқасынан қағып тұрып,
Ағалық ақ батасын берді дейді,

Жүлдесін жоқ-жітікке үлестіріп,
Алыптар разы қыпты елді дейді!

Не таппақ қазақ-қырғыз жағаласып,
Қалмай ма жағаласса, қара басып!?
Бақытқа бақталастық жеткізбейді,
Жүрейік сіз-біз десіп бағаласып.

Әзілдеп, мен үлкен деп, сен үлкен деп,
Бірімізді біріміз ағаласып,
Егіздей бір-бірінсіз тұра алмайтын,
Айтысып, ойнап-күліп араласып!

Сорпа мен шорпо
Қазақтар айтад сорпа деп,
Қырғыздар айтад шорпо деп,
Қалжыңдасып қояды,

Бірін-бірі маңқа деп,
Қазақ-қырғыз жасай бер,
Қымыз ішіп, қыз қуып,
Қазы менен қарта жеп!

Он сегіз мың ғаламда
Қырғыздан жақын табам ба?
Аспаннан жауған нұр ортақ,
Атадан қалған жыр ортақ,

Маған дағы, саған да,
Бабалардың жыр-әнін
Жоғалтпай жырлай берейік
Компьютерлі заманда!

Күреңкейден күй қалған,
Атайдан ақық ән қалған,
Бурулча темір қомызшы
Күй шалса, дүйнө ырғалған,

Тоғолоқ Молдо, Тоқтоғұл,
Молдо Қылыш, Ниязбен,
Барпыдан бұрқап жыр қалған,
Жолынан жазбай ерінің

Елім деп еткен еңбекті
Қаныкейдің жалғасы
Анаңыз датқа Құрманжан,
Тарихыңды толғасаң,

Ұрпағыңа жалғасар,
Қатпар да қатпар сыр қалған!

Жеңіжоқ пен жеңі ұзындар
Өлең жырдың жорғасы,
Ғұлама ақын Жеңіжоқ,
Жақсылыққа жол нұсқап

Жарық берген сөзі көп,
Насаат-ақыл жырының,
Алтыны көп, жезі жоқ,
Жеңсіз қамзол киініп,

Небір жүйрік ақынмен
Жекпе-жекке шыққанда,
Жеңіліп көрген жері жоқ.
Зар заманда елім деп,

Өткен екен еңіреп,
Төкпе жырын тербеліп,
Тыңдайды екен төңірек.
Манасты айтса күн-түні,

Киіз үйдің түндігі
Кетеді екен желбіреп.
Алқалы топқа түскенде,
Жеңі жоқтың кеңесі

Келеді екен кеңірек.

Жиырма бірінші ғасырдың
Жаңалығын түгелдей
Жиып-теріп әкелсең,
Қазақ пенен қырғыздың

Аталары секілді,
Ағыл-тегіл өлеңді
Төгіп айтар бірі жоқ.
Бүгінгінің балдары

Насихатын атаның
Тыңдамайтын жөні жоқ!

Жеңіжоқтың жырлары
Жадында жүр халықтың,
Жеңі ұзындар жалғасып
Маңында жүр салықтың!

Домбыра, қомыз және автомат
Мың сәлем қырғыздың тау, даласына,
Хан Манас мекендеген Таласына,
Ата-ана, аға-іні, құрбы-құрдас,

Ардақты елдің барлық ағасына!

Аспанда ай менен күн, жұлдыз бар ғой,
Ал жерде қазақ пенен қырғыз бар ғой,
Азаттық ата жолын жалғастырып
Ғаламға қанат жайған ұл-қыз бар ғой!

Жұлдызсыз аспанда да сән болмайды,
Ай, күнсіз адамзатта ән болмайды,
Жарқырап қазақ, қырғыз жүрмесе егер,
Жер шары өмірінде мән болмайды.

Қырғыздар құрметтесе қазағымды,
Қазақта қырғыз десе жан қалмайды.
Бірінен бірі қалай аумайды деп,
Қалайша бүкіл ғалам таң ғалмайды,

Домбыра мен қомызсыз менің қазақ,
Сенің қырғыз екеніңді аңғармайды!

Жақсымен жаһандағы жолдас еді,
Әділет, адалдықпен жалғас еді.
Әлемге билік айтса қазақ, қырғыз,
Жаулаушылық соғыстар болмас еді!

Мұратқа жетпейді адам тартысқанмен,
Өштесіп, ерегісіп шарпысқанмен.
Аңдысып автоматпен атысқанша,
Домбыра, қомыз тартып айтысқан жөн!

Басқа елдің алғаннан да жерін тартып,
Тату боп өз жеріңде жүрген артық.
Тең тұрып сыйлас болу барлық жұртпен
Біздерге бабалардан қалған тәртіп.

Ғаламның дау-шарына қазақ, қырғыз
Төрелік берсе тура, көлдей шалқып,
Бар әлем отырар ма ойнап-күліп
ООН-ның ордасында өлең айтып!

АЙТЫСТАР

Республика күніне арналған айтыс
Алматы, 1990 ж., тамыз

Баянғали мен Мұқаш Сейтқазынов
(Жезқазған обл. Ұлытау)

Баянғали:
Жүрсем де қиырында кең даланың,
Ағайын, әрқашанда елге алаңмын.
Ішінде финалдағы ақындардың

Ақын емес, жазушы мен ғанамын!

Мен ұқсап Көкшетаудың жартасына,
Отырмын ақындардың ортасында.
Жарқырап финалға да шыға келдім,
Еншалла, қазақ-қырғыз арқасында!

Айтыстың, ағайындар, өткелі көп,
Ақынның арманда боп кеткені көп,
Айтайық оларға біз мың сан алғыс
Бүгіннен жақсы болсын ертеңің деп!

Бәйгені біздің қазақ ұлы іс көрген
Аяғын кейде дау мен ұрыс көрген,
Қазағым бәйге бөліп жүрген кезде
Құр қалып қоймас па екен ұлы істерден?

Егер де ел арасын алыстатса,
Дұрысы – айтыспай-ақ тыныш жүрген!
Ойласам, ел жағдайын аһ ұрамын,
Елімнің найзасы боп атыламын.

Отырған жюридегі қазыларды
Тауына Ордабасы шақырамын!

Уа, халқым, қыран болып самғаңыздар.
Алдыңда талай-талай арман із бар.
Барғанда әдейі іздеп Ордабасын,
Бір күні орнын сипап қалмаңыздар!

Ағайын, айдың-күннің аманында,
Бүгінгі әділеттің заманында,
Белгісін бірлігіңнің жарып жатыр,
Тастарын салмақ болып табанына!

Ағайын, мен жырлаймын Ордабасын,
Ешкім де киемізді қорламасын.
Көп сәлем Нұрекеңдей ағамызға,
Елімнің берекесін сақтар болса,

Алдымен Ордабасын қорғап алсын!

Ал, бауыр, сен де сөзді жалғап жібер,
Азырақ осы жайлы толғап жібер.
Киелі Ұлытаудан келіп едің,
Сен дағы Ордабасын қорғап жібер!

Мұқаш:
Ей, халқым, ақынбысың, батырмысың,
Дейді ғой бізде бүгін ақырғы сын.
Кеше біз келгендей-ақ едік қой, ә,

Ал енді қоштасқалы жатырмысың?!

Ақынға шабыт берер мұндай мекен,
Бұл мекен жыр мен күйге тұнбай ма екен,
Жүрексіп басында біз келсек тағы,
Қайтарда астананы қимайды екен.

Ал, Бәке, бірге жүріп самғайықшы.
Алған бір мақсаттан біз танбайықшы.
Айтысты күлкі етіп, әжуа етіп,
Бағасын арзандатып алмайықшы.

Алатау менің биік асқарым дер,
Өлеңді ақындары дастаным дер,
Күлетін, әзіл айтар тағы басқа,
Біздерге табылады басқа күндер.

Шындықты ақындардың айтуы шын,
Демеймін сен жігіттің жай бірісің.
Ұлытаудан мен де келген жоқпын осы,
Қалжыңдап сахнада қайту үшін.

Ел жайлы ойланасың, толғанасың,
Кей жайға кейде әрине қорланасың.
Мен қалай тыныш үйде отыра алам,
Ойран боп жатқан кезде Ордабасым!

Ініңмін қатар жүрген қапталдағы,
Бұл шаруа небір жағдай ақтаңдағы,
Орданы бұзып жатсақ, деймін оны
Қазақтың тарихының тапталғаны!

Соңыңа ерген сенің інің босам,
Халқымның аузындағы жыры босам,
Ұлытаудай баба таудан, ата таудан,
Орданы қорғайық деп үнім қосам!

Ау, Бәке, мен өзіңді дос көремін,
Ағаның саясында өскен едім,
Естідім, өзің айттың мына жұртқа,
Құйрығын ұстап жүрсің қос кеменің!

Жүрсің ғой екі өнерді будан етіп,
Тұрмыз біз сахнаны думан етіп,
Айтқандай атам қазақ қалмайсың ба
Көкшенің бір көліне суға кетіп?!

Демеймін жазушылар жүр азайып.
Жақсылық жағасынан ұзамайық.
Ал бұған не деп жауап береді екен,
Халайық, тыңдайықшы прозаик!

Баянғали:
Өлеңі Мұқаш інім төгілгенде,
Бірақ та оған ағаң сөгілген бе?
Айтысты менен несін қызғанасың,

Мен сенің түскем жоқ қой егініңе.

Ей, ботам, асырмассың амалыңды,
Тілеймін дөйім сенің аманыңды,
Айтысып жүрейін де бір азырақ,
Жазуға үлгірермін романымды!

Айтысқа сенен бұрын келген едім,
Сан түрлі думандарды көрген едім,
Ерікпен айтысқанда баяғыда,
Әй, інім, мен мынадай деген едім.

Меніменен айтысып
Нағыз ақын осында
Жүлде алсын деп келгенмін,
Мені көріп кейінгі

Жасөспірім жас бала
Үлгі алсын деп келгенмін,
Кеудемдегі жалыным
Сөнбесін деп келгенмін.

Айтыс дейтін киелі
Қазағымның өнері
Өлмесін деп келгенмін.
Тоған болған ойларды

Бұздырғалы келгенмін.
Суып қалған қандарды
Қыздырғалы келгенмін!
Айт десеңдер, ағайын,

Жалғансын тағы бұл әнім,
Осы тойға келгенде

Думанын көріп жастардың.
Сүйсініп өзім тұрамын,
Арада өткен бес жылда
Байқап тұрсың, Мұқашжан

Сол кездегі мен айтқан
Қабыл болған секілді
Жаңағы оқыған ұраным!

Еріктей өр інімнің алыптығын,
Анықтап танып отыр халық бүгін,
Сен оны пірім-пірім деп қоймаған соң,
Қолына құран ұстап, ақ боз мініп,

Қажы боп кете барды жарықтығым!

Ол қазір жүрген шығар жорға мініп,
Өлеңді отырғам жоқ зорға құрып,
Айтысты менен дағы қызғанасың,
Мені де жібермек пе ең молда қылып!

Жүруші ед Ерік ылғи алып бәйгі,
Өлеңде қыран болып қалықтайды,
Баланы қайтарайық біз айтысқа,
Ол бәрібір молда болып жарытпайды!

Мұқаш:
Отырыс қандай жақсы жарасым, а?
Мен бармын, Бәке, сенің таласыңа,
Сен түсіп кеттің бе әлде, мен білмеймін,

Әдетпен айтатын бір Манасыңа?

Бұл жерде отырған жоқ бала-шаға,
Айтысқа түсем мен де арашаға,
Егер де ондай ұзақ жырың болса,
Жазылсайшы ертең барып “Тамашаға”.

Білемін неше түрлі өнер елде,
Рахмет, халық деген көрегенге,
Жоғары лигадағы футболшыдай
Кеудеңді мына бізге кере берме!

Баянғали:
Мұқашжан, бөгелген соң ән шықпайды,
Өзіңді қинағаннан мән шықпайды,
Дұрыс қой мені шымшып сойлегенің,

Шымшығаннан ешқашан жан шықпайды.

Мен саған сірә кеуде керген жоқ ем,
Артық-кем мініңді де терген жоқ ем,
Бұл қалай, Мұқаш інім, теріс кеттің,
Ешкімге жала жауып көрген жоқ ем!

Барайын енді сөздің нұсқасына,
Қызып мен шаба берсем күш тасуда,
Жарайды, қолма-қолға біз барайық.
Қызығад ел-жұртым да қысқасына.

Сен өзің қысқа айтысты аңсадың ба,
Отырсың төкпе болып қарсы алдымда,
Кәнеки, бірер ауыз сөз шығаршы
Мына менің, Мұқашжан, саусағыма!

Мұқаш:
Бұл Мұқаш жырын қашан таусад дейді,
Әрине, небір ойға барсақ дейді,
Андағы шошаңдатқан бір бөлшекті,

Байеке, айтып берсем саусақ дейді.

Бұл Мұқаш небір ойды табатұғын,
Ұйқасқа жеңіл-желпі баратұғын,
Саусаққа әйел жағы сонан кейін,
Сақина жақсылап бір тағатұғын!

Баянғали:
Демессің Мұқаш маған есе кетті,
Бұл айтыс екеумізді шешен етті,
Нұсқаумен, сілтенумен, безелумен,

Бізді құртқан сұқ саусақ десең етті!!!

Баянғали мен Әсия Беркенова
(Қостанай обл.)

Баянғали:
Бисмиллә, сөз бастайын сыр ақтарып,
Сөзімді айналайын, ұнат, халық,
Жаңағы баллардан соң сөйлеу қиын,

Дәл маған атан түйе сияқтанып!

Баллардың сөзі жақсы құп болғаны,
Дұрыс қой және дағы жұп болғаны,
Жүгі ауыр соңғы түйе дейтін еді,
Байқаймын солардан түк жүк қалмады!

Болады түрлі-түрлі пікір дейік,
Таласпай бірақ дұрыс бітім дейік,
Бір-екі ұпай үшін дауласпайық,
Жастардың өскеніне шүкір дейік!. .

Сәлем ал, Көкшетаудай заңғар елден,
Асқақ ән Ақан, Біржан салған елден,
Сор болып байлығы мен сұлулығы,
Басқаның табанында қалған елден.

Оқжетпес, Жұмбақтасым, Бурабайым,
Бір көру талайларға арман елден,
Еңсесін тіктеп дұрыс жолға түсіп,
Ақ туын Абылайдың алған елден!

Сөзімді, ағайындар, шынға сана,
Көңілден туып жатқан жырға сана.
Республика күнімен құттықтаймын
Күніміз, қазақ әлі тумаса да!

Айтайын егеменге өлеңімді,
Демеңдер «Мынау ұлға не көрінді?»
Өз басым, шынымды айтсам, түсінбеймін,
Ағайын, егемендік дегеніңді.

Егемен деген осы не қылған сөз,
Бұл өзі қайдан, қалай табылған сөз?
Еркіндік, тәуелсіздік тұрған кезде,
Халықты алдау үшін қағынған сөз.

Шынжырды мойындағы босатпауға,
Қазық боп жерге мықтап қағылған сөз!

Ұмтылды азаттыққа қазақ бүгін,
Қазақтың мен білемін ғажаптығын.
Егемен-сегеменді мен білмеймін,
Қазақтың беру керек азаттығын!

Ұмтылған азаттыққа ұлы ел үшін,
Күрескер қыздың, апай, біреуісің,
Бүгінде ел біледі айтысымның
Қазақта көк тіреген тіреуісің!

Айтыста еркінсің ғой, заулайсың ғой,
Шабытпен нөсердейін саулайсың ғой,
Мен сені құрметтеймін, сен өйткені
Сұлушаш апайымнан аумайсың ғой!

Апамдай шын сырымды ұғыныңыз,
Айтады талай жырды бұл ініңіз,
Еркелеп отырамын мен алдыңда
Болмайды сізге теріс қылығымыз.

Екеуміз туыс болсақ артық емес,
Өйткені бір қазақтың құлынымыз,
Туыстық, ұқсастықты көрсетіп тұр,
Апатай, екеуміздің мұрынымыз!. .

Әсия:
Айтыста кезек деген ырым бар ғой,
Таусылмас, ақын інім, жырың бар ғой,
Осылай жалғыз өзің сарнай берсең,

Бір өзің айта берер түрің бар ғой!

Армысың, егеменді елім менің,
Астықты, қазыналы жерім менің,
Халқымның мәртебесі – асқақтығы,
Өнерде менің биік көрінгенім.

Тамаша, қызық-думан құрған бүгін,
Шашуым өздеріңе жырдан гүлім.
Арман не жеткізе алсам жырымменен
Жүрегім бірге соғып тұрғандығын.

Естісін бүгін елім ізгі үнімді,
Жайнаттым Сарыарқада қыз гүлімді.
Қайырлы болғай, елім, құтты болсын,
Ұстадың өз қолыңа тізгініңді!

Өнердің мен де ұшқан қарлығашы,
Байлығым-бойымдағы ән мұрасы,
Міржақып «Оян, қазақ!» деп өтінгсн
Ояндың, енді, халқым, қалғымашы!

Жігіт аз айтысам деп ұстаспаған,
Талайын қызыл тілмен қысқаштағам,
Баянжан, дұрыс айттың мұрын жайын,
Өнерің, өзің дағы ұқсас маған.

Жырым бар сайыс сайын пысықталған,
Жырым бар көп айтыстың ізін салған,
Қайтесің қыр мұрындар көп қой сірә,
Не пәле шығады ғой пұшықтардан!

Шайқашы өлең-жырда тұнығыңды-ай,
Көрермен тұрсын танып шын ұғымды,
Сал Біржан, Ақан сері асылдардың,
Келдің ғой қолда қалған сынығындай.

Атырған айтыспенен ала таңын,
Халқым-ау, қандай ыстық алақаның,
Мен дағы мама қазға ұқсап тұрмын,
Өргізген жайлауына балапанын.

Ойыңа өрнек болып ілінемін,
Сайыста тек дарынға жүгінермін.
Мәртебем өсті менің бұл жерде бір,
Өнерін көріп жеткін інілердің.

Ағылса аққу сөзді сүйеді шын,
Өздерің бүгін сөздің тиегісің.
Осынша дарын туған халқым, сірә,
Шынымен басымды ием, киелісің!

Сенемін маған қарап қалмасыңа,
Кезіктім жыр-айтыстың алмасына.
Арқаның ақиығы болшы бүтін,
Сүйсініп Ыбырайдың самғасына.

Тұсауды сала алмадым бір көңілге,
Айшықтап әшкере ғып жыр көгінде.
Баянжан, баянды жыр бағытын біл,
Сыйластық сандығының кілтін ізде!

Баянғали:
Қызық қой көкейіңнен ой ұшқаны,
Оралып әніңізбен мол ұшқаны.
Сөзінін ұзақтығы жағынан да

Байқаймын апам маған тағы ұқсады!

Бар бәле шығад дедің шонтиғаннан,
Шонтиып, төмен қарап томпиғаннан.
Десек те талай бәле келді дейді,
Еліме мұрындары қоңқиғаннан!

Әсия:
Айтылар саған жауап жырым дайын,
Қалайша бір сөзіңе бұрылмайын.
Азамат атың бар ғой, кесек сөйле,

Қайтесің айта беріп мұрын жайын...

Ғарышқа қалдырғалы қолтаңбаны,
Бір ұлың ұшты елім ортаңдағы.
Қазақтың қиғаш қасты жігітіне
Қызығып көз салыпты Шолпан дағы!

Ай сұлу көк түндігін түрсін депті,
Ғарыш та қазақ барын білсін депті.
Ақ кірпік, жез мұрттылар талай келген,
Қаракөз, сендер қайда жүрсің депті?

Күн бүгін бар әлемге сырыңды ашқан,
Еліме төгілердей жырым дастан.
Еліме егеменді ерулік боп,
Жұлдыздар заңғар көкте жымыңдасқан.

Қазағым, игі істерден қалыс қалма,
Қанатты өміріңде алыс қақ та,
Елімнің егемендік арқасында
Қазақтың сыры естілді-ау ғарыш жақтан.

Қылса да тарих тәлкек түңілмедің,
Ашылар алда дағы гүлім дедің.
Ғарышқа қазақ тілін жеткізгенде,
Айналдым асыл ардақ тілім дедім.

Інім-ай, жырмен елді байытар едің,
Бұл ойға қандай ойды айтар едің?
Қайтесің ұсақ сөйлеп, тағы да айтам,
Бұл тойға ұлы сөзді айта келдім!

Баянғали:
Қазақтың мұң-шері көп даласында,
Алтай мен Атыраудың арасында,
Космосқа Тоқтар ағам ұшты кеше,

Ресей мен Австрия арасында.
Ғарышқа ұшқан ағам тамшы дәрі,
Болар ма қазағымның жарасына!

Біз мақтап ол ағаны көп айтайық,
Әрқашан елдің жайын еп айтайық.
Ұшырған Нұрсұлтандай ағамызды
Ғарышкер-Президентім деп айтайық!

Шын сөзді айтар ой бар Баяныңда,
Кремль таныды енді аяғында,
Сағынтып ұшты батыр сол ғарышқа,
Ұшуға тиіс еді баяғыда!

Бұл сөзді ағайынның ұға алғаны,
Анық қой осы арада құп алғаны,
Ғарышқа баяғыда ұшар қазақ,
Қайтесің, шырмауықтан шыға алмады.

Ғарышқа ұшса өстіп ерлеріміз,
Мәз болып жатамыз ғой жердегіміз,
Дүние қайта орнына келер ме екен,
Тартылған Арал, Балқаш көлдеріміз,

Өзіңе емін-еркін тиер ме екен,
Тапталған басқа жұртпен жерлеріміз!

Әсия:
Бастағы жыр ортадан көшіп еді,
Сайыстың сұлу жыры есіледі,
Осылай шаппайсың ба, хас тұлпарым,

Шын тұлпар шапқан сайын көсіледі.

Қазақта тойдың сәні ән болады,
Сыйластық ақындарға тон болады.
Мақтама бір басшыны есте болсын,
Тақтағы халқыменен хан болады.

Тереңнен жыр маржанын сарқасың ғой,
Сайыс қып осындайда тарқасын ой.
Ғарышқа қара қазақ ұшып жатса,
Хан емес, халқымыздың арқасы ғой!

Сайыста қызыл тілді қолданармыз,
Жарысып жыр күмбезін жағалармыз.
Қираттық қолымызбен қабірлерін,
Аруағын тебірентіп бабалардың!

Өнері ақындардың жанар болды,
Шырқырап шындық жырға салар болды,
Көп көшкен сүйектері бабалардың
Таңба боп қазағыма қалар болды.

Жүргем жоқ кейбір жайды мен түсінбей,
Сөзім бар қыз болсам да ер кісіңдей,
Мүсінін батырлардың қорғасайық,
Қазақтын қаһармандық белгісіндей.

Жел есіп тұрса дағы шоқтығынан,
Не пайда құр көңілдің тоқтығынан.
Басынды баса-көктеп басқа ұлттар
Қабанбай, Бөгенбайдың жоқтығынан.

Естері елімізге ес беретін,
Қабақтан қаһар төгіп дес беретін.
Керек-ақ әр кезеңге бір Қабанбай,
Көз тіккен қазақтарың сескенетін.

Шығарма-ай елден бүгін ерек те үнім,
Көрсетіп көкейімнің зеректігін.
Халқым-ау, көп қатең бар дәлелдеген,
Төле би әр ғасырға керектігін.

Жарыста хас жүйріктей жосар едің,
Көмбеден сені, інім, тосар едім.
Бабалар жайын жырға қосшы қане,
Мен айтқан сөзге нені қосар едің?!

Баянғали:
Фариза апам тілін алу керек,
Қысқартып, жылдам сөзге салу керек.
Әсия мына жақтан қолқаласа,

Байсалды әңгімеге бару керек.

Әрине, бір арнаға түсу керек,
Еліме ерлік керек, күшің керек.
Келесі ұшқан кезде ол ғарышқа,
Қазағым өз кемесімен ұшу керек!

Әрқашан жақсылықты тосу керек,
Сонан соң барып қана босу керек.
Ғарышқа жігіттерің ұшып жатса,
Ішіне Әсияны қосу керек!

Қыздарға ғарыш жаққа зырлау керек,
Бөгеліп жерде ғана тұрмау керек.
Сонан соң ғарыш жақта айтыс жасап,
Қазақтың мұң-мұқтажын жырлау керек.

Айтылған уәжге бүгін көну керек,
Әрқашан жақсылыққа сену керек.
Ғарышта біз осылай айтысқанда,
Жюри ғып ағаларды қою керек.

Сонан соң біз жырлаймыз алыстарды,
Көз жетпес, қиял жетпес ғарыштарды.
Бар халық ынтымақпен көкке ұмтылса,
Тоқтатар жер де сонда марштарды!

Жырладық біз екеуміз алыстарды,
Алыс қой әрине енді ғарыш жағы.
Өлеңге қосып өтші дедің, апай,
Бөгенбай, Қабанбайдай арыстанды.

Бөгенбай, Қабанбайлар өткеннен соң,
Еркіндік қазағымнан алыс қалды.

Оралып еркіндігің келсін деймін,
Жас баллар бабаларға сенсін деймін.
Қабанбай, Бөгенбайдай батырлықты,
Ұл-қыздың жүрегіне берсін деймін!

Айтайын енді сөзді өрлеп тегі,
Құлашты қияларға сермеп тегі.
Қазақтың ұл-қызының батырлығын,
Кешегі желтоқсанда көрмеп пе еді.

Жастарым бір биікке жетпеп пе еді,
Қамалды бұзып сонда өтпеп пе еді.
Колбиндей Кремльдің көк төбетін,
Қайқайтып құйрығынан теппеп пе еді!

Бұл сөзім байқайм елге ұнады кеп,
Сөкпеңдер мені шырқап ұзады деп.
Айтамын сол жастарды, беу, апатай,
Абылай, Бөгенбайдың тұяғы деп!

Бақ-дәулет қайта айналып келсін деймін,
Қазағым, бір өзіңе ерсін деймін.
Ерлігін бар әлемге бір көрсеткен,
Қазақтың жастары аман болсын деймін!

Біз – мына тыңнан кейін туғандармыз,
Шаламыз, бәріміз де будандармыз.
Темірін терең салып тың түрені,
Тамырдан бәріміз де туралғанбыз,

Ұмытып Алла менен аталарды
Ат басын теріс жолға бұрғандармыз.
КПСС-тің көсемдерін құдай санап,
Жас кезден бәріміз де уланғанбыз,

Бүгінде сенгеніміз адыра қап,
Азаттық жол таба алмай тұрғандармыз,
Ақыры қалың елмен жолды тауып,
Алланың жолына бет бұрғандармыз!

Тағы да қолдарыңды ұрыңыздар,
Айтатын қызба кейде жырымыз бар.
Партия-сартияңды мен білмеймін,
Жүзіңді бір Аллаға бұрыңыздар!

Сөзімді отырсаңыз тиылсын деп,
Мен айтам тумасыншы қиын сын деп.
Тойларың тойға ұласып барлық қазақ,
Осылай басын қосып жиылсын деп,

Ғарыштан азаматың аман келіп,
Тойлауға ал, ағайын, бұйырсын деп!

Әсия:
Демеймін сірә інім бұғар деймін,
Астарлы сөзді сірә, ұғар деймін.
Ғарышқа ұшып келген көккөз қыздар

Қазақтан артық емес шығар деймін!

Сөз құрау Әсияға қиын ба екен,
Жырымды сайысқанда сиымды етем.
Әлия, Мәншүктердің сіңлісіне
Ғарышқа ұшып бару қиын ба екен?

Несі бар, ай қонаққа шақырады,
Қызыққа жұлдыздарды батырады.
Жымыңдап сұлу жұлдыз қыздар сонда,
Тағы да көршілерін шақырады.

Айтысты Күн де сырттан көрер деймін,
Жырларын сырттан естіп келер деймін.
Қазақтың тойбастары болсын деп те
Сатурн сақинасын берер деймін.

Көрермен, ақынға үміт арта аласың,
Демеймін асыл сөзде бар таласың.
Қош-сау боп тұрыңыздар көріскенше,
Думаны даламыздың тарқамасын!

Қосжан Мүсіреповтың 60 жылдығы мен Нұралы Нысанбайұлының 135 жылдығына арналған республикалық айтыс. (Оңтүстік Қазақстан обл. Бөген ауданы, Темірлан, 1992 ж. 7-10 мамыр)

Баянғали мен Қаныша Райысова
(Талдықорған)

Баянғали:
Бисмиллә, сөз бастайын а, құдайлап,
Жақсының арғы-бергі, бәрін ойлап.
Ассалаумағалейкүм, бауырларым,

Пейілді Оңтүстіктің өніріне,
Кеп тұрмын Көкшетаудан Абылайлап.

Той жасап жатса бүгін өңірініз,
Өлең боп бәріңіз де өріліңіз.
Орталау залды көріп алғашында,
Ортайып қалып еді көңіліміз.

Сонда да мен сөйлейін қарап күліп,
Айтпайын есебіңді санап тұрып,
Сөйлейін осы отырған ағайынның,
Әрқайсын он кісіге балап тұрып.

Иіліп амандастым өлеңменен,
Өлеңге елі-жұртым елеңдеген,
Есімін аталардың сыйлайтұғын
Бұл өзі бір керемет Бөген деген.

Еске алып бұрынғы өткен бабаларды,
Тазартып ұйықтап жатқан саналарды,
Бастады осы тойды жарасыммен,
Жиналған алты алаштың балалары.

Еске алып Нұралы мен Қосжан атын,
Ақындар өлеңіне қосқан атын.
Бөгенім ұқсап тұр ғой алып құсқа,
Қияда еркін жайған қос қанатын.

Біз кеше ең алдымен Бірлік бардық,
Ағылдық ол араға ірілік танып.
Есімін Қосжан аға ардақтайтын,
Ұрпақтың бар екенін біліп-қандық.

Еске алып Қосжандайын берендерін,
Мәнісі енді сөздің тереңдеген.
Өлеңін Қосжан ақын жатқа соқты,
Мұсабек, Сапақ бидің өрендері.

Бөгеннің ауасына, даласына,
Қосжанның сіңген екен өлеңдері.

Біз бүгін еске алдық Нұралыны,
Ол дағы өлең сөздің бір лағылы.
Біздерге Көктөбеде қызмет қылды,
Тік тұрып директор мен мұғалімі.

Өнерге талай өрнек басып келдік,
Құпия талай сырды ашып бердік.
Болатын биіктігі он метрдей,
Ескерткіш Нұралыға ашып келдік.

Ескерткіш Нұралыға ашып келдік,
Қалықтап өткенді біз, тасып келдік.
Мектебі Чкаловтың атында екен,
Соны ойлап біразырақ жасып келдік.

Заңсыздық талай-талай болды ма екен?
Қазағым еріксіз оған көнді ме екен?
Жоқ, әлде Москваға жағамыз деп,
Мектепті Чқаловқа берді ме екен?!

Солтүстік полюске ұшқан ер Чкалов,
Адасып оңтүстікке қонды ма екен!

Ағайын, бұл сөзіме сену керек,
Ақынның айтқанына еру керек.
Басшылар жалтақтамай тез арада,
Мектепті Нұралыға беру керек.

Ереке, бұл сөзімді қолға алыңыз,
Қалқан боп ел-жұртыңа тұрғаныңыз.
Мектепті Нұралыға беру жәйлі,
Жарлықты осы қазір шығарыңыз!

----------------------------------------
Еркін Сатқанбаев – Бөген аудандық әкімшілігінің басшысы.

Ағайын, құлақ салсаңдар,
Әкімнің жайын тастайын,
Ақыннан сөзді бастайын,
Мына отырған Қанышам,

Ақын етіп, әсем ғып,
Құдай өзі жаратқан.
Әппақ күміс өн бойы,
Бас жағына қарасаң,

Сары алтыннан жалатқан.
Сахнаға шыққанда,
Бар жігітін Бөгеннің,
Бір өзіне қаратқан.

Қанышажан, білесің,
Біз екеуіміз әр жерде,
Бел жайлауда айтыстық,
Ен жайлауда айтыстық,

Хан жайлауда айтыстық,
Сан жайлауда айтыстық.
Бір көргеннен бір-бірімізді,
Қанышажан, сағындық.

Аз болғандай басқасы,
Кеше ғана Бірлікте,
Екеуміз тағы айтыстық.
Бірталай жұртқа танылдық.

Соңымнан менің қалмастай,
Қаныша, саған неғылдым?
Айналайын, Қаныша,
Айтысам деп менімен,

Соңымнан ылғи қалмадың.
Байқап жүрмін айтысу
Менімен бопты-ау арманың!
Зарламай енді қояйын,

Әрі қарай енді жалғағын.
Сөйле, кәне, қымбаттым,
Жетісудан келген бұл жерге,
Әппақ менің ардағым,

Күңірентіп сөйлеші,
Ата-баба аруағын!

Қаныша:
Ал, кәне, ақтарайын жыр кенішін,
Ежелден өнер тұнған жыр кенісің.
Мекені қазағымның десе болар,

Армысың, ақ мақталы Шымкентім.

Жетпеген жан екенсің арманыңа,
Айналған ұрпағының ардағына.
Жасына пайғамбардың келген атам,
Сыйынып сөз сөйлейін аруағына.

Ақындар, аямайық барды қолдан,
Айтайық алмас жырды жанды жонған.
Оңтүстік – оттай ыстық Шымкентке,
Арайлы сәлем берді Талдықорған!

Көргенде елдің жүзін салам жайнап,
Алсыншы әр сөзімнен далам қайрат.
Сен келсең Көкшетаудан Абылайлап,
Мен жеттім Жетісудан Қабанбайлап!

Отырған осы кешті көңілді ғып,
Отырмын саған, Баян, сенімді іліп.

Ал, енді, сөз кезегі өзіңізде,
Өрерсің өткір жырдан өмілдірік.

Баянғали:
Қаныша, сөйле десең, сөзім міне,
Мен сенің төтеп берем әзіліңе.
Негізі алыптардың маманы едім,

Жолықтым келіншектің нәзігіне.

Әр сөзін бұл Қаныша айтады анық,
Тоқтамай, алға қарай тартады анық.
Мен сөзді оған сілтеп отыр едім,
Бұл қашты жүкті маған арта салып.

Екі елдің біз, Қаныша, ақынымыз,
Өлеңді сүйген елдің жақынымыз.
Қорықпай топ алдында Баяныңа,
Шеңгелді, беу, Қаныша, батырыңыз.

Сөйлейік біз екеуміз толғағасын,
Ағайын қолын соғып қолдағасын.
Ал, кәне, қандай пікір түйіп қайттың?
Қаныша, көрген кезде Ордабасын?

Қаныша:
Келтіріп айтайықшы сөз жүйесін,
Баласы едің елдің сөз білетін.
Басшының құлағына іле кеткін,

Білсін ол қашан дағы жер киесін.

Мұны жұрт қалай енді қолдамасын,
Осындай кезде болған жанға басым.
Қансырап жатыр екен кеше көрдік,
Кәдімгі жатқан сонау Ордабасым.

Қашан да ақынбыз жол оңнан болған,
Қашқанда қазағына қорған болған.
Сіз болып, біздер болып қорғайықшы,
Кезінде қазағыма ордам болған.

Қашанғы жүреміз біз сайда бұғып,
Айтайық, әділдіктің айғағы ғып.
Арымыз мазалайды қанымызды,
Намысым бара жатыр найза сұғып.

Білмеймін, бұл өткелден аса алам ба,
Не дейсің қолдан келмес жасағанға?
Тау-тасы бұзылып жатса дағы,
Қанағат қылған қазақ бас аманға.

Көргенде мұң мен зарға кенелемін,
Байқаймын тарылғанын керегенің.
Мен дағы толғап кеттім өзімше бір,
Ал, Баян, өзің толғап не дер едің?

Баянғали:
Ей, ағайын-туыс, құлақ сал,
Ордабасыны жырласам,
Көңілім менің бөлініп,

Қан жылайды жүрегім.
Қанды жасым төгіліп,
Бер жағынан білдірмей,
Ортасынан үңгіп жеп,

Ордабасыны ойрандап,
Жатқан да бүгін көрінед.
Ей, ойлап тұрмын, ағайын
Жағдай бар ма бүгінде,

Заманды ойға алғандай,
Бұл әрекет қайдан-ды,
Ордабасыны жарғандай?
Қасиетіңнің бірлігі,

Жойылып кетсе бір күнде,
Келер күнің не болмақ?
Ұрпағыңа мұра боп,
Қандай қасиет қалғандай?

Жағдайы бар орыстың,
Тасың түгілі, басыңды
Табанына салғандай.

Ордабасыны жаратын,
Ойлап тұрсам бұл мінез,
Кешегі СССР империядан қалғандай.

Ей, ағайын-туыс, ойласаң,
Ордабасыны ойрандап,
Жатқан кезде, аруақтар
Күңіреніп жатпай ма,

Бірлігіңнің белгісін,
Жойып алсақ күні ертең,
Құдай, аруақ біздерді,
Оңдырмай, жұртым, атпай ма?

Бұл жайды Назарбасв білер ме екен,
Жағдайын Ордабасы көрер ме екен?
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,
Түсіне Нұрсұлтанның кірер ме екен,

Әй, балам, Ордабасыны сақтап қал деп,
Ескертіп Нұрсұлтанға жүрер ме екен?

Айтайын, бұл сөзімді тереңірек,
Ұғатын ағайынның зерегі көп.
Қазақтың қасиетін сыйламайтын,
Үкімет дейтініңнің беу, ағайын,

Бүгінде қазағыма керегі жоқ.

Қаныша, талай жағдай сөз болды ғой,
Ішінде алтын менен жез болды ғой.
Осылай таңға асып тұрамыз ба,
Байқасаң, ұйықтайтұғын кез болды ғой.

Бір елдің құрметтеген өрені едім,
Өзіңе туысымдай сене келдім.
Айтқандай, ана жолы бір айтыста,
Ауылыңа, қолыңдағы әкеңізге

Өкіртіп үнді шәйін посылкамен,
Ауылдан өзім салам деген едің.

Қаныша, әзіл қайда, ойым қайда,
Бүгінде шал-кемпірге уайым қайда?
Өткенде уәде беріп, салам деген,
Қаныша, индийский шәйің қайда?

Қаныша:
Ойларым, Баян, қайым-ды,
Білесің менің жайымды.
Қателесіп мен салыппын,

Сонау индийский шәйімді.

Өтерміз өмір өткелін,
Тағы да келер көктемім.
Қырғызша әнмен жалғасам,
Өткенмін Баян мектебін.

Жыр болып бүгін ұшты арман,
Шабыт боп көңіл қысты алған.
Бес рет айтыссам да Баянмен,
Айтысқан сайын ұшталғам.

Отырмыз бүгін жыр төгіп,
Әсем жырмен нұр төгіп.
Айналып қайта келгенше,
Аман-сау боп тұр, Шымкент.

Айылға қайта келгенше,
Аман-сау боп тұр, Шымкент.

Баянғали:
Ілесем деп, Қаныша,
Қырғызшалап толғайсың,
Сөзді түрлі жалғайсың,

Неше әуенге салсаң да,
Қырғызшаға келгенде,
Бәрібір мендей болмайсың.

Бұл жоқтауың, Қаныша,
Қай жоқтауың, Қаныша?

Топ алдында мінекей,
Шай жоқтаған, Қаныша.

Естіп тұрмын хабарын,
Ауылыңа барыпсың,
Баянжанның үйдегі
Әкесі қанып ішсін деп,

Он бес пәшкі үнді шәй,
Қадірлеп тұрып салыпсың.

Қанышажан, шынында,
Шәйді маған салыпты,
Көкшетауға барыпты,
Бірақ тағы поштаның

Қызметшілері иісін
Біліп қойып ол шәйдің,
Орта жолда түк қоймай,
Түгел ұрлап алыпты.

Шәй ішем деп біздің шал,
Содан кейін дым да жоқ,
Сақалын сыйпап қалыпты.

А, Қаныша, тыңдасаң,
Тағы жайды көп айтам,
Бекітіп тұрып бек айтам.
Бұдан былай әкеме,

Шәй беруге сен өзің,
Ниет қылып шын тұрсаң,
Посылкамен салмай-ақ,
Мен осылай келгенде,

Беріп жібер деп айтам.

Айналайын, Қаныша,
Бөген дейтін еліңе,
Өлең-жырын неше бір
Арнап келген Қаныша.

Тоқталмастан пойызбен,
Заулап келген Қаныша.

Темірланға жетем деп,
Мың теңгеге таксиді
Жалдап келген Қаныша!
Өзі айтуға ұялад,

Содан кейін күн сайын,
Айтыс болса Бөгенде,
Мынау отқан Нәкеңнен,
Мың теңгесін Қанышаның

Даулап келем, Қаныша.
Өлең менен жырыңа
Қанып келем, Қаныша.
Құрметіңді мен сенің,

Танып келем, Қаныша.
Мың теңге шығын болды деп,
Сірә да, жаным, саспағын,
Нармахандай ағаңнан,

Бұйырса мен мың сомды,
Екі мың ғып өзіңе
Алып берем, Қаныша!

Қаныша:
Ақындар мұндай кезде сыр ақтарған,
Шын айтса, халқына ол ұнап қалған,
Бірлігі Ордабасының бұзылмасын,

Ошақтың үш бұтағы сияқтанған.
Жамандық өзге жұрттар ойламасын,
Орданы ақын тағы қайдан алсын?
Шымкент, сөз соңында айтарым сол –

Тойларың ордаңызда тарқамасын.

(Бұл айтыс «Ордабасы оттары» газетінен алынды. \ 7 шілде,
1992 ж. \ Дайындағандар: Базаргүл Қалбырова мен Сәрсен Нар-
тбаев.)

Баянғали мен Нұрхан Түймеқұлова
/Өзбекстан/

Баянғали:
Өзіңсің беу, ағайын, сүйенер көп,
Қолыңды соғарсыңдар сүйемелдеп.
Бекарыс ботақанның орынына,

Отырдым ұялмастан түйедей боп.

Білесіз ақындардың мұңды бәрі,
Оны да ашып жұртым сыр қыламын.
Қосжан мен Нұралыны есіне алған,
Бөгенді әр жерде мен жыр қыламын.

Монтиып, жұп-жуас боп алдыңызға,
Кеп қалды кешегі енді жындыларың.

Ағайын, енді мені қоштағасын,
Ақының құлаш қалай тастамасын.
Сыртыңнан біреу арыз жазып жатса,
Ақ жының қалай енді ұстамасын!

Бөгенім, айналайын, аталым ең,
Сүюші ем бәріңді мен қатарыңмен.
Сахнаға енді шыға бергенімде,
Ту сырттан біреу енді арыз жазып,

Орыстың атты мені мақалымен.

Ағайын, қолың соқсаң, самғаймын ғой,
Өзіңе талай жырды арнаймын ғой,
Артына аты-жөнін жаза салса,
Мен оның басын кесіп алмаймын ғой.

Жалғаннан ақын да өткен, ғалым да өткен,
Мұңды боп асылдардың бәрі де өткен.
Сұм заман, білесіңдер, қазағымның
Асылын талай-талай жазым еткен.

Солардың біле-білсең түбіне енді,
Әлгіндей доп-домалақ арыз жеткен.

Елбасын жадылатпай, дуалатпай,
Ондайлар ел арасын былғамақ па-ай.
Ондайды ортаңыздан қуу керек,
Шірітер қарын майды құмалақтай!

Бәйгеге достығымды сала алмаймын,
Мен өзім арсыздыққа бара алмаймын.
Еңбегім сіңбесе егер, беу, ағайын,
Достықпен мен бәйгені ала алмаймын!

Алдыңда, ағайындар, өлеңді өрем,
Қымбатты жерім еді Бөген деген.
Азырақ ыза болсам айып етпе,
Жанымды жайып салдым өлеңменен!

Жігіттің біреуі едім еліме алаң,
Бөгенім, бөтен емес мен де балаң.
Мен болсам, бәйге алатын бұл айтыста
Алмаймын жюридегі достарымнан,

Отырған Бөген елі, сенен алам!

Бұл сөзім елге тарап кетер деймін,
Жаңағы арызды енді бекер деймін.
Бәйге іздеп келгенім жоқ Бөген елге,
Ел-жұртым, разы болсаң, жетер деймін!

Айтысқа құрметтеген асығар көп,
Дауысы ақындардың ашылар деп.
Шығарды бүгін мені апамызбен,
Ақ жыны бұл тентектің басылар деп.

Нұр-апа, жарқырасын атар айың,
Қасына жақсылардың апарайын.
Өзіңді Абаш кеше жеңгелеп ед,
Мен сені туысым деп апалайын!

Айтысқа апам бүгін шықты-ау деймін,
Мәнісін әңгіменің ұқты-ау деймін.

Өзі-нұр, өзі-хан ғой мынау апам,
Бұл өзі Нұрсұлтаннан да мықты-ау деймін.

Е-е, айта берсем, ағайын,
Айтатын сөзім ағылад,
Апамызбен айтысып,
Көрсем бүгін нағылад.

Деген шығар жюрилер
«Жігітпенен шығарсақ,
Мына жынды тағы да
Ағыл-тегіл қағынад».

Десек тағы апаммен
Әзілдесіп айтыссам,
Бұған да жыным табылад!

Е-е, апатай, құлақ сал,
Сіздерменен айтысса,
Кейбіреулер әзілдеп,
Сөз қозғайды өзбек деп,

Айта берсем ар жағын,
Кетеді ғой сөз көп боп,
Мен айтамын, апатай,
Оның бәрі әншейін

Қылжақ қана, мазақ деп,
Е-е, Қытай менен Қырымда,
Балқан тау мен Ұрымда,
Шығыс пенен Батыста,

Канада мен АҚШ-та,
Қай жерде де жүрсе де
Қазақтың аты қазақ деп!

Сөз сөйлейін алдыңда
Айналайын апам деп.
Толғап жібер жырыңды,
Сен де мені айналып,

Кәдімгідей «ботам» деп!

Нұрхан:
Жақсы екен үлкендердің баталары,
Болмасын қос ақынның сахнада қаталары.
Алдыма шығып отқан Баянғали,

Білесіз жындылардың бұл өзі атаманы.

Болмайды, Баян інім, көсілмесең,
Маған да болмас деймін шешілмесем.
Інім-ау, ақылың сенің қайда деймін,
Осында ақылсызды кешірмесең.

Дәл бүгін осы жерде жайланайын,
Інім-ау, қалай ғана алдыңда сайрамайын?
Жалықпай үш күн бойы келіп отқан
Халқымнан осындағы айналайын.

Өткіздік қос алыптың ұлы тойын,
Боп жатыр біз келгелі, бауырлар, үлкен ойың,
Баянжан, сен боп, мен боп сахнада
Айтыстың көтерейік абыройын.

Алдыңда отырмын ба бөтен елдей,
Бір елдің ақыны едім намысын көтерердей.
Алдымен қос алыпқа жыр арнайын,
Ылағып мен бір жаққа кете бермей.

Бұл апаң қалай айтсаң төзінеді,
Мықтысың, апаң да ғой өзіңді сезіп еді.
Алпыста Қосжан ағам жас қайтқан ғой,
Ойласам сол ағаны бауырым езіледі.

Бауырлар, қиын екен өлім деген,
Бұл ажал еш пендеге көрінбеген.
Осындай асылдарды жырлағанда,
Жүрегі жан бар ма екен езілмеген.

Кеп қалдым Қосжан аға ауылына,
Бас ием қос алыптың қауымына.

Осында Қанат інім отыр дейді,
Шықсыншы бір қысайын апа боп бауырыма!

Білемін сен де, інім, арман едің,
Алдында бұл апаңның ардақ едің.
Апаңды әрмен қарай жалғап жібер,
Ішінде ақындардың тарлан едің.

Баянғали:
Ағайын-туыс, құлақ сал,
Жалғамасам ұят-ты,
Апамыздың кеудесінен

Ақындарға арналған
Ағыл да-тегіл күй ақты.
Қуандым мен де, ағайын,
Бауырыма басып жаңа бір,

Қанат деген осында
Қосжаннан қалған тұяқты!

Айтатын болсам, ағайын,
Көңілден өлең саулайды.
Маңдайына қарасам,
Жаңа келген Қанатым

Қосжан ағамнан аумайды!

Қосжан ағама қарасам,
Ай маңдайы ашылған,
Көздеріне қарасам,
Мейір, шуақ шашылған.

Мына жақтағы Нұралы
Атамызға қарасам,
Ақ сақалы жайқалған,
Маңдайдағы әжімнен

Ойшылдығы байқалған.
Кім біледі, бұлар да
Өз кезінде қорлықты
Көрді ме екен әлгіндей

Арыз жазғыш сайтаннан!

Айналайын алдымда
Мына отырған ападан.
Айнал дедім бұған да
Мендей ерке ботадан.

Бірақ тағы апамыз
Жаңа маған ат қойды –
«Жындыларға атаман».
Айналайын апамнан

Артындағы інісін
«Атаман» деп атаған!

Айтуға да болады
Осы тойда жырауға,
Болмайды ғой апаңды
Қатты-қатты бұрауға.

Е-е, жынды жайын қозғап ем,
Сау емес қой мынау да!

Айтайын тағы сөзімді,
Жырымыз бірдей ұғылған,
Көңілім саған бұрылған.
Жасыл бөркі басында,

Қызыл шапан үстінде,
Көк көйлегі көлбеңдеп,
Кең Тәшкеннің көшесін
Апам басып шыққанда,

Өтіп бара жатқанның
Бәрі бұған бұрылған.
Өзбектердің барлығы
Апамызға ғашық боп,

Талып бәрі қырылған.
Беу, апатай, айналдым,
Сөзге көңіл бөліңіз,
Шындықты айтам, сеніңіз.

Барғаннан соң, апатай,
Мына күндей келбетпен
Өзбектердің Президенті Каримовты
Айналдырып көріңіз!

Мен, апатай, өзіңе,
Жүк болатын кеп айтам,
Ел алдында бек айтам,
Каримовпен дос болып,

Өзбек қылып жаздырған
Қазақтардың барлығын
Қазақ қылып берсін де,
Міне осындай деп айтам!

Нұрхан:
Отсың ғой жақсылықты жеткізе алмай,
Ойыңнан асыл сөзді, демеймін көп тізе алмай,
Соншама мақтай бердің бұл апаңды,

Інім-ау, отырсың ба бұл елге өткізе алмай!

Алдыңда, асыл халқым, толқып тұрмын,
Мінеки, жыр өзенде осылай шалқып тұрмын.
Кешегі Шорабектей ұра ма деп,
Халқым-ау, артық сөйлеуге інімнен қорқып тұрмын!

Баянғали:
Беу, апатай, құлақ сал,
Тағы да қызық ән қылам,
Әр сөзімді мән қылам.

Бұзық болса қылығың,
Мына сені сабауды
Жездемізге қалдырам!

Мен сізге елге қызмет қылсын дедім,
Қиялын үлкен сөзге бұрсын дедім.
Өзбек боп жазылған енді талай қазақ,
Қайтадан қазақ болып жүрсін дедім!

Айтып ем мақтауыңды жеткізбек боп,
Отқам жоқ мына көпке өткізбек боп.
Ел жайын апатайым айтып едім,
Кеттің ғой өз жайыңды көп тізбектеп!

Байқаймын, беу, апатай, арқалысың,
Арқалы топ алдында жортары шын.
Қазақты қазақ қылып жаз деуге сен,
Немене өзбектерден қорқамысың?!

Нұрхан:
Алдыңда мына апаң сайрайды ғой,
Жаңағы өзің айттың, сондай боп жайнайды ғой.
Ертең-ақ экранда көрсе, інім,

Біздерді сол өзбектер сен жаққа айдайды ғой.

Бұл апаң қалай ғана төгілмесін,
Жүректен жыр найзаны Баянжан төндіргесін.
Өзбек деп отырсың сен осы арада,
Экраннан бұл сірә, көрінбесін!

Баянғали:
Апамыз төгіп-төгіп сайрайды ғой,
Бұл дағы елдің жайын ойлайды ғой.
Өзбектер қанша ұрсады десең дағы,

Өзбек боп жазылуға болмайды ғой!

Дейсіңіз өзбек бермен айдайды ғой,
Олардан қорқуға да болмайды ғой.
Елің бар өсіп жатқан қазақ деген,
Кеп қалсаң, жанын салып қорғайды ғой!

Ағайын елдің жайын толғайды ғой,
Әрине, теріс сөйлеу болмайды ғой.
Ақындар ел ішіне дәнекер боп,
Әрқашан достық жібін жалғайды ғой!

Отырып осы жерде боздаған көп,
Әр нәрсе елдің жайын қозғаған көп.
Өзбекті қазақ халқы құрметтейді,
Әр кезде бірге туған өз ағам деп!

Демегін бір сөзді сен қайталадың,
Мен өзім сөзді талай айта аламын.

Тәшкенге, қалың өзбек бауырларға
Біздерден достық сәлем айта барғын!

Бұл сөзді, беу, ағайын, бағалағын,
Білемін, жардың шетін жағаладым.
Біз енді өз ағамыз деген өзбек,
Сіздерге көрсетсін дейм ағалығын!

Нұрхан:
Деп едім апаң сөзге төзінеді,
Құлпырып заман шіркін кезі еді.
Соншама өз ағам деп жүрсек тағы,

Інім-ау, білесің ғой, ретінде сезіледі.

Аулыма мен шақырсам, келесің ғой,
Апаңның адалдығын сонда сен білесің ғой,
Сарайда айтыс жасап жатсақ тағы,
Өзбектің өзбектігін сезесің ғой!

Отырмын осы арада көңілім тасып,
Тойына қос атаның үлес қосып.
Жиылып өңшең қазақ той жасасақ,
Жүреді өзбек сонда ішінде араласып.

Кеп отыр осы араға аналарым,
Жақсысын айтып мен де сараладым.
Өзіңдей келешекте ақын болып,
Жалғасын өнеріңді, інім-ай, балаларың!

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 100 жылдығына арналғанреспубликалық айтыс (Павлодар обл. Баянауыл, Мойылды, 1-8 шілде, 1993 ж.)

Баянғали мен Әбдікәрім Манапов
(Оңтүстік Қазақстан обл.)

Баянғали:
Тойында Сұлтанмахмұт ағылайын,
Көңілінен туған елдің табылайын,
Ауылына Бұқар менен Мәшһүр Жүсіп,

Елінен келіп тұрмын Абылайдың.
Смағұл сәлем айтты Жүсіпбекке,
Ағызған қара сөзбен тілдің майын,
Оқжетпес Жасыбайға қолын бұлғап,

Бас иді Баянтауға Бурабайым,
Ассалаумағалейкум, қалың қазақ,
Өзіңе жар болсын тек бір құдайым!

Ей, Баянауыл, бар қазақ,
Есіне алды бүгінде,
Сұлтанмахмұт заңғарды,
Кіндік қаны заңғардың,

Көкшетауға тамған-ды,
Алаламай қазақты,
Халықтың ұлы болған-ды,
Кедейдің мұңын көп жазып,

«Адасқан өмір» деп жылап,
«Кім жазықты?» деп сұрап,
Елдің жайын зарлады.
Тазартпақ болған өлеңмен

Қарайып кеткен қандарды,
Өлеңменен сынаған,
Халықтың малын алғанды,
Қалтасына салғанды,

Ағып өтіп жұлдыздай,
Қалдырған артқа арманды,
Пушкин менен Лермонтов,
Тоқай, Байрон, Шелли мен,

Петефи мен Бернстің
Шоғырына барған-ды,
Жиырма жеті жасында
Мұншама дана болды-ау деп,

Бүкіл әлем таңғалды,
Тарихында қазақтың
Мәңгі-бақи қалған-ды!

Ей, ағайын-туыс, құлақ сал,
Еске алған жөн бүгінде
Өмір бойы Махмұтты,
Зерттеп өткен кешегі,

Бейсембай мен Қалижан,
Бүгінгі Дихан тарланды.
Құттықтаймын бұл тоймен,
Баянтауға жиналған

Аталар мен аналар,
Құрбы-құрдас, замандас,
Мынау кішкентай балларды!

Ей, ағайын-туыс, құлақ сал,
Тіршіліктің қадірін,
Білдіріп тұрады өлгендер,
Сұлтанмахмұт өлеңі

Өліп еді-ау демеңдер,
Сұлтанмахмұтты еске алып,
Тәубасына бір келсін,
Мойындамай Алланы,

Құдайсынып жүргендер!

Алдыңда біразырақ тақылдадым,
Құрдасым Әбдеш, саған жақындадым,
Бір кезде Сұлтанмахмұт айтыстырған,
Дала мен қалалардың ақындарын!

Дауысың Атырау мен Алтай барды,
Жұбаттың жас бала мен қартайғанды,
Тірілтіп сырнайыңмен жүрсің өзің,
Кешегі Көпбайлар мен Нартайларды!

Өлеңнің жылқы ұстайтын құрығысың,
Кешегі Манап атам сынығысың,
Киелі Түркістанда тұрып жатқан,
Қаланың көк тіреген ұлығысың!

Әбдешім қала ақыны бола алады,
Біздермен түйдей құрдас саналады,
Ал, қане, серпілтіп бір жырлап жібер,
Отырған аталар мен аналарды.

Қаланың ақыны боп айтып көрші,
Ауылдар ылғи неге тоналады?
Ет пен жүн, сүт пен майын тегін алып,
Жатқаны анық бүгін қалалардың,

Әділет қашан бізге оралады?!

Әбдікәрім:
Алқалы ел, аманбысың-ау,
Арқа сүйер қорғаным,
Әріптесім, аман ба,

Бала-шаға, үй-жайың?
Бау-шарбағың, орманың,
Финалға алып шығыпты-ау,
Ақынның кілең зорларын.

Баянауылдың төрінде,
Сұлтанмахмұт өскен жерінде,
Келіп тұр сөзді толғағым.
Қызыл көрген қырандай,

Қанатымды қомдадым,
Көкшетаудың серісі,
Ән мен жырдың перісі,
Баянмен түстім сайысқа,

Әзірет Сұлтан бабам қолдағын!

Торқалы мынау тойына,
Сұлтанмахмұт атаның,
Танытқалы келгенмін
Түркістанның шаһарын,

Екінші Мекке аталған,
Қазақтың Тәж-Маһалын,
Біле білсең, жұртым-ау,
Баян да менің қатарым,

Шығарып салған ел-жұртым
Сәлем айтып сіздерге
Оң болсын деп сапарың,
Бір-екі ауыз мен айтып,

Кетпек болдым ағайын,
Елге мәлім атағын!

«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?»

Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кіремін,
Осылай ақын талқыда,
Алқына айтқан жері бұл,

Білім менен ғылымға,
Өнерге үндеп қазағын
Шарпыла айтқан жері бұл,
Жасамаймын еңбектің

Жемісін көзбен көрем деп,
Жасаймын бір қолғабыс
Кейінгіге берем деп,
Осылай ақын халқына

Үнін қосқан жері бұл,
Жаңашаға бет бұрған
Егеменді жұртына
Жырын қосқан жері бұл,

«Адасқан өмір», «Кедейді»,
Жазып берген жері бұл,
Өзің айтқан жаңағы,

Қала мен дала ақынын,
Айтыстырып, татуластырып,
Бағыт берген жері бұл,
Талайларға қуаныш

Алып келген жері бұл,
Талай-талай ақынға,
Шабыт берген жері бұл,
«Кім жазықты?» бұған деп,

Қамыққан да жері бұл,
Айдай мынау әлемге,
«Қамар сұлу» секілді
Шығармасын ақының,

Танытқан да жері бұл!

Біразырақ тоқталдым
Ағамызға баяндап,
Енді өзіңе, Баянжан,
Оралайын аяңдап,

Бір басыңа қырық өнер
Жиналардай жансың ғой,
Па, шіркін деп, әр уақыт
Сыйлағандай жансың ғой,

Кейбіреулер сыртыңнан
Түсіне алмай сандалад,
Қазақ түгілі, қырғыздың
Манас жырын жырласаң,

Шоң қырғыз ба деп қалып,
Сыртыңнан сенің таң қалад,
Мықты екенін Баянның
Әркімдер-ақ аңғарад,

Баянмен түсер сайысқа
Ақындар да қамданад!

Қала ақыны бол деп сен менен,
Өтіндің бе, Баянжан,
Дала ақынның мәртебесін
Өсірдің бе, Баянжан,

Алматыдан кетіп ең,

Қалада үйір болдың да,
Далаға барып, қарағым,
Дала ақын боп, Баянжан,
Жетілдің бе, Баянжан?

Алматының намысын
Талай жерде қорғадың,
Алматыда қалған жоқ па,
Бау-шарбағың, орманың,

Қалай бүгін аяқасты
Дала ақыны боп қалғаның?
Қалай да бүгін толғадың?
Қалай бүгін қырандай

Қанатыңды қомдадың?
Алдымен келісіп алалық та,
Сонан соң түйдектетіп көрерсің,
Өлеңіңнің жолдарын!

Баянғали:
Айтысты енді қызық салайын кеп,
Алдыңда туған елім, ағайын кеп,
Мен кеткем Алматыдан ауылыма,

Ауырған анашымды бағайын деп,
Қолымнан аттандырып анашымды,
Ықылас ақ батасын алайын деп,
Қалада қу аяқ боп жүргенше мен,

Аттанғам туып-өскен ауылымда,
Еңбекпен адал тамақ табайын деп!

Жағдайын туған елдің білейін деп,
Өзіңді айтыстарда ілейін деп,
Аттанғам туған елге, Әбдікәрім,
Ішінде қойшылардың жүрейін деп!

Ей, ағайын-туыс, құлақ сал,
Әрлі-берлі өлеңмен,
Әбдешті біраз зарлаттық,
Сырнайымен сарнаттық,

Талай сырды аңдаттық,

Ауылдың жоғын жоқтап біз
Сұлтанмахмұт орната алмай кеткен әділетті
Ауызбенен орнаттық!

Ей, ағайын-туыс, құлақ сал,
Қырғызша жырлап бер десең,
Қырғызша жырлап көрейін,
Әбдешімнің бүгінде

Жанына таман келейін,
Әбдешжаным далада
Талай да талай күй қылған,
Халықты талай жидырған,

Көмбедегі көп күйін
Сырнайына сыйдырған!
Әбдешімді көргенде,
Туған елі қуанған,

Жылаған бала жұбанған,
Меніменен айтысқа
Шығып кепті балуандай,
Қос білегін сыбанған,

Айта берсе Әбдештің
Өлеңі әр кез үдеген,
Қиындықтарды тілеген,
Отыз жеті жасында,

Әкесінен айырылып,
Жетім қап әбден жүдеген!

Ей, Әбдешжан, әр кезде,
Жырлап жүрсің елім деп,
Мен өзіңді сыйлаймын
Алтынды туған ерім деп,

Ұрынатын саған да
Менің де бүгін жерім жоқ,
Менің де үйде әкем бар,
Жетпістен асқан бір жетім,

Оны тастап, халықтың
Алдында мәз боп өлең айтып,
Қыдырып жүрер жөнім жоқ,

Әбдешім, саған айтатын,
Сөзден менің есем бар,
Алдыңызға қараңыз,
Қымыз толы кесең бар,

Менің жетім әкем бар,
Сенің жетім шешең бар,
Бір қызықты жасайық,
Батасын алып халықтың,

Кемпір-шалды қосайық!

Ей, Әбдешжан, айналдым,
Келер болсаң еліме,
Әкемді менің сүйіп кел,
Мені шіркін бауыр деп,

Тілегіңмен ұйып кел,
Қожа-молда жиып кел,
Өзің оқып дұғасын,
Кемпір-шалдың некесін

Мына өзің қиып бер!

Әбдешжан, өлең сөзде өрлейміз бе,
Отырған ағайындар күлмейміз бе,
Екеуміз кемпір-шалды қосып қойып,
Қыдырып, қол ұстасып жүрмейміз бе?!

Әбдікәрім:
Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір бөлек,
Тұлпарда да тұлпар бар,

Қазанаты бір бөлек,
Жасыңнан-ақ, Баянжан,
Мен өзіңді әрдайым
Азамат деп таныдым,

Алты ай шапса арымас
Қазанат деп таныдым,
Манас жырын жырласаң,
Ғаламат деп таныдым,

Десек те кейбір сөзбенен
Келеді мені жанығың,
Алдырмас бір жаңғақ қой,
Оңайлықпен Кәрімің,

Айтыспасақ бұл жерде
Қос боз атқа тағы мін,
Меніменен айтыста
Құрдас болып Баянжан,

Сенің де бар ғой салымың,
Көңілдердің толтырдың,
Жетім де болған жарымын,
Сүйеймін деп әкеңді,

Артылды ғой халыққа,
Қазір де мынау қадірің,
Айтайын бірер сөзбенен
Әзілдің де анығын!

Ақымаққа мен сені
Тұрған жоқпын балап та,
Ілініп жүрген бір ерсің
Қазақтағы санатқа,

Десек те тоспай болмады,
Жолыңды бүгін, Баянжан,
Жарат мейлі жаратпа,
Нең бар еді марқұм боп

Кеткен ағаң Манапта?
Қай-қай жерде мықты деп
Жұрт та аузыңа қарап па,
Десе тағы әзілің

Келер ме екен талапқа?

Деп айттың ғой шалым бар,
Асқаралы бағым бар,
Шал жүрген жерде қадірмен,
Қасиет бар, таным бар,

Менің дағы анам бар,
Алысқа кетсем алаңдар,

Қандай адам ата-анасын
Перзенті болып туғасын
Сірә дағы жамандар,
Перзенттік борышын

Өтеп жүрген адам бар,
Мені де соған санаңдар,
Байқап тұрсам Баяннан
Бізге қарай басатын

Әзілге қалжың қадам бар.

Құда түсіп отыр ғой
Шешемізге байқадым,
Осы ма еді, Баянжан
Көптен тосып айтарың?

Дұрыс бопты ендеше,
Мен де бір жүрген байтағың,
Деп отыр ем әзілмен,
Қалжыңменен бітіріп,

Бұл айтысты қайтамын.
Құда түсіп шешеме,
Дайындалып жатыр ме ең,
Бере ме, әлде бермей ме деп,

Уайым басып жатыр ме ең,
Ыңғайланып әйтеуір,
Жинақталып жатыр ме ең?
Жарайсың ба, әке, деп,

Қинап тағы жатыр ме ең?
Мына отырған құрдасты
Сыйлап тағы жатыр ме ең?

Талай жерде жорытқан,
Ақындықтың қыр-сырын
Жас едің ғой мол ұққан,
Сырдың суы келмейтін

Сен де бір ерсің тобықтан,
Десек тағы қарсы алдыңда
Қазған ормын жолыққан.

Қырық жасқа жеткенде
Ақылың жетсе, оны ұққан,
Әлі дағы күйдім-сүйдім,
Аса алмай жүрген секілді

Көрінесің солықтан,
Десек тағы әзілге
Шын жауапты берейін,
Сенің дағы қалмасын

Пәс түсіп те мерейің,
Шапқан да аттай деп отсың
Осы да жерде-ау желейін,
Әкең әлі жараса,

Ауылға барып анаммен
Ақылдасып келейін!

Баянғали:
Әбдештің ақындығы анықталар,
Мен дағы жан емеспін салып қалар,
Өзіңнен жылы хабар келіп жатса,

Әкеміз ауылыңа барып қалар!

Демеймін біздер босқа түтіндейік,
Әбдешжан, жаман сөзбен күтінбейік,
Әзіл ғой, жарым-жарты екі қарттың
Көңілін күлкіменен бүтіндейік!

Анаңды мен құрметтеп, ана көрдім,
Алдында ойға-қырға шаба бергін,
Әкеңнің орнын ұстап анашыңыз,
Әлпештеп анаңызды баға бергін!

Халықтың мен тілеймін жарасымын,
Ел-жұртым тапсын тойда бар асылын,
Мен дағы әке бағып үйде жүрмін,
Орынын бастырмайм деп анашымның!

Бірталай жайды біздер баяндадық,
Тағы да айтам сізге, оян, халық,

Жюрилер уақыт бітті дейді мұнда,
Қайтеміз, Әбдеш, енді тәмамдалық,
Көп болса қадірі де кетіп қалар,
Қос құрдас құшақтасып аяңдалық.

Туған ел, сендерсіңдер бас иетін,
Өсіре бергін елдің қасиетін,
Ағалар елді алға бастай берсін
Еске алып Сұлтанмахмұт өсиетін!

Әбдікәрім:
Батыр адам сөйлесе,
Жауға шапқан ұрандап
Байрағын да айтады,

Шаштараз адам сөйлесе,
Пышағын алған өткірлеп
Қайрағын да айтады,
Ақымақ адам сөйлесе

Ақылыңа қонбайтын
Қайдағыны айтады,
Деп ойлап ем алдында
Өкпелеп, досым, қалдың ба?

Сен дағы бір асылы
Едің мынау жанның да,
Әкеңді, қалқам, сенің де,
Әкемнен кем көрмеймін,

Ал әке мен ананың
Алдында деймін өрлеймін,
Деп отсың ғой анамның,
Орынын да бермеймін,

Оған сені қалайша,
Баян ақын, көн деймін?
Әкемнің орнын жоқтатпай,
Өзім енді емдеймін,

Бақытты бол, Баянжан,
Деп тілеймін сен деймін!
Әрқашан да табысың,
Табыстан тек өрлесін,

Еш жамандық досымыз,
Деп ойлаймын көрмесін!
Сөйлейтін де уақыт жоқ,
Мына отырған жюрилер

Уақытты шектеп бергесін,
Сыртқа шығып көрерміз,
Жалғастырып екеуміз
Қалған сөз болса өңгесін!

Жүрген жаным бұл еді
Бұрыннан-ақ достасып,
Әзілмен талай шоқ басып,
Әзілмен талай от басып,

Жюрилер айтты деген соң,
Сөзден де қалдық тоқтасып,
Кім бар, кім жоқ келгенше,
Қайта айналып көргенше,

Мына отырған қауыммен
Кетейік енді қоштасып!

Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған республикалық айтыс
(Семей, 1995 ж. )

Баянғали мен Дәмеш Омарбаева (Семей)

Баянғали:
Алла деп тағы келдім осы тұсқа,
Ел-жұртым мән беріп тұр бұл айтысқа.
Оятып байтақ елді, бейғам миды,

Келтірген жалғыз өзі қозғалысқа.
Абайдың ұлы тойы болған кезде,
Абырой берсін құдай алты алашқа.

Ақылды Абай атамыз
Оятам деп даланы,
Тазартам деп сананы,
Адамды адам қылам деп,

Көпті жөнге салам деп,
Тілдескені Толстой,
Сырласқаны Сократ,
Оқымасаң Абайды,

Ойың қалар тоқырап,
Сөзің қалар шоқырап,
Аман-есен бармысың,
Абай, Мұхтар, Шәкәрім

Ұлыларды тудырған
Қасиетті топырақ!
Абай атам атағы
Алты бірдей құрылық

Түк қоймастан дулатқан,
Төрт мұхитты тулатқан,

Ай, әлемнің бәрісін
Осы күні шулатқан,
Адамзатқа Абайдың
Өлең-жыры тіл қатқан,

Ұқпағанды қайтеміз,
Ұққанның бәрі үн қатқан
Адамзатқа рахмет,
ЮНЕСКО-ға рахмет

Ұлы Абайдың тойына
Бір кісідей үн қатқан,
Семейіме рахмет,
Мынау қиын заманда

Ақындарды жинап ап,
Үш күн бойы жырлатқан!

Қаталық жоқ сияқты еді ісімізде,
Қайралған жоқ сияқты еді тісіміз де,
Семейдің суы құрып қалатындай,
Сұмырай жоқ сияқты еді ішімізде.

Мадақтап біз жырлаймыз елімізді.
Көтеріп сөз сөйлейміз ерімізді.
Ағайын, қолың соғып отырсаңдар,
Сусыз-ақ ықыласыңмен басармыз шөлімізді.

Айналайын ағайын,
Міне, осындай алдыңда
Еркелікпен жасадым,
Мен қонақтың кәдесін.

Шықты міне жарқырап,
Көптен сыйлап жүретін
Семейдегі апайым,
Ай мен күндей Дәмешім

Інісіне сақтаған
Дәмеш апам дәмесін
Ықыласы түссе өбеді
Желбіреген апайым,

Әлі күнге қыздай боп,

Үлбіреген апайым,
Біржан салдың ұрпағы
«Інім келіп қалды» деп,
Кезек беріп маған да

Жүрегі де мінеки
Елжіреген апайым,
Құттықтап мен кеп тұрмын,
Көкшетаудан тойыңды.

Осы тойың, апажан
Қалай-қалай басталды?
Білдіре кет сол жайлы
Халайыққа ойыңды.

Дәмеш:
Көрмеген Көкшетаудан келіп тұрсың,
Дүркіреген тойымызды көріп тұрсың.
Төгілтіп жырларыңды ақ көңілден,

Сәлемді ел-жұртыма беріп тұрсың.
Жорғадай тайпалаған өзің дағы,
Ізіңнен жаңылмастан желіп тұрсың.
Қарағым, қазақтың бір майталманы,

Сен дағы өз күшіңе сеніп тұрсың.
Алдымен сөз бастадың, сен қарағым,
Апаңды қасыңдағы көріп тұрсың.
Жолың да бола берсін, Баянғали,

Мен сені бауырым деп сеніп тұрмын.
Баян да Көкшетаудың сұңқары екен,
Мақтауға бұл жігіт те тұрады екен.
Үкілеп осы тойға алып келген

Көкендей ағамыздың тұлпары екен.
Үлесін мына тойға қосып жатыр,
Сөздерден не тамаша тосып жатыр.
Жарысқан адамдарды қасындағы,

Пілдей боп мысы дағы басып жатыр.
Семейдің жағдайын сен көрмейсің бе?
Бағаңды дұрысырақ бермейсің бе?
Су жоқ деп мұнда келіп сөгіп тұрсың?

Ертіске жуынып-ақ келмейсің бе?

Үлкенге сол Ертіс те алыс емес,
Қарағым, оны дағы білмейсің бе?
Артық-кем бәрімізге ортақ еді,
Ойыңа түйіп соны жүрмейсің бе?!

Үкілі Ыбырайдың ұрпағысың,
Қазақтың бар салмағын бір көтеріп,
Өзің де азамат боп жүрмейсің бе?

Осыны саған айтып ескертемін,
Артығы жоқ сияқты ескерткеннің.
Тойдың да көріп тұрсың басталғанын,
Не дүлдүл асыл сөздің тасталғанын.

Тойды да бұл Семейім бастап кетті,
Ақындар дүркіретіп қостай кетті,
Не дүлдүл тілге жүйрік асылдарым
Ішінде осалдарын жасқап кетті.

Сөздің де асыл-асыл соғып нұсқаларын,
Осынау жақсы істі тастап кетті.
Қасыңда Дәмешіңді апам дейсің,
Ел-жұртқа тие берсін батам дейсің.

Өлеңді небір жақсы сомдап соғып,
Үлесті сен де өзіңше қосам дейсің.
Бейне бір қырғыз елінен келгендейсің,
Қырғызша сөз нұсқасын бергендейсің.

Басыңа айыр қалпақ киіп алып,
Еркелеп Семейімде жүргендейсің!

Баянғали:
Айналайын ағайын,
Сүңгіп шықсам Ертіске,
Абай атам шомылған

Мен өзіме бақ көрем,
Атамызды құрметтеп,
Осы айтысқа шақ көрем.
Ал егер де қалада,

Суың болмай жатса егер,

Келер жолы келгенде
Бір-екеуін Көкшеден
Сексен көлдің ап келем.
Айналайын апатай,

Аулақ тұрсын мазақтан,
Айырмасын ғажаптан.
Қалпағыма тиіспе,
Қалпағым да қазақтан.

Басым дағы қазақтан,
Жаным дағы қазақтан,
Қаным дағы қазақтан.
Апамызды осылай,

Әзілменен ілемін,
Жай-жапсарын білемін.
Осы тойды өткізіп,
Болғаннан соң, ағайын.

Ұлы Манас тойына
Бішкек жаққа жүремін.
Інісі кеп қалғасын,
Күлімдеген апайым

Толқуын да баса алмай,

Дірілдеген апайым
Қараңызшы мінеки,
Дір-дір етіп апамыз,
Сахнаны тепкендей,

Қызық жайдан өткендей.
Қарап отыр, кәніки,
Велосипед тепкендей.
Айналайын, Семейім,

Толғау етіп көрейін.
Келіп қалдым еліңе,
Жақсы-жақсы жайларды
Көргеннен соң алдыңда,

Мен дағы айтып берейін,
Алдыменен ағайын.
... Семей елінің ұл-қызы,
Қадірлерін білгізді.

Құшақ жайып қарсы алып,
Төбесінде жүргізді.
Таймас дейтін фирмадан
Алтын-хан мен Мәдина,

Қарлығаш пен Жанаркүл,
Бауыржан мен Гүлмайра,
Қасиетін білгізді.
Ол фирманың бастығы

Сөткенбаев Рафигім
Дәуірбектің баласы
Бөлек екен бағасы
Талай сырды, ағайын,

Мен осылай аңғартам,
Рафиктейін мырзаны,
Мақтап-мақтап бұл тойда
Журналына «Абайдың»

Теңге менен долларды
Вагонымен аудартам.
Айналайын, ағайын,
Ризамыз бүгінде

Семейдейін қалаға,
Құшақ жайған ағаға,
Қолын соққан біздерге,
Ата менен анаға,

Ал, апатай, бір ауыз
Айтып көрші еліңе,
Мұхтар менен Жүсіпбек
Негізін салып бір кезде

Өліп қайта тірілген
Ұлы «Абай» журналын
Ауылыңыз ала ма?

Дәмеш:
Ол журнал бәріміздің қолымызда,
Ақ тілеу тілеп жүрген жолымызға.
Кейінгі ақындар да еріп жүр ғой,

Журналға көмекші боп соңымызда.

Жүсіпбек ұлы Абайдың шәкірті ғой,
Тілеген ақ тілеуін жанкүйері,
Өзінің асыл бауыры нақ сүйері,
Тілегін сол журналға айтып кеткен.

Оны да мына отырған ел біледі,
Өзің де ақпа ақын болғандайсың,
Жырдың да асыл негізін салғандайсың.
Велосипед мен теуіп отырсам-ай,

Артыма сен мінгесіп алғандайсың.
Сексен көл Ертісіме тола ма екен,
Бірақ та ол Ертістей бола ма екен.
Көкшетау Тарбағатайдың өкшесіндей,

Ағайын, оның артық болады екен.
Мақтанба сексен көлім бар ғой деп сен,
Аясы мына Ертістің тар ғой деп сен.
Абайдың жырларындай арқасында

Төгіліп жатыр бәрі оны білсең.
Бәріне бірдей болсын көзқарасың,
Көсіліп сен де менен сөз аласың.
Көкшетау көркіменен биік болса,

Абайым жырмен биік еске аларсың.
Абайдың табиғаты жыры еді,
Ішінде терең оның сыры еді.
Қасиеті ұлы Абайдың қарасөзі,

Көңілдің жанып тұрған нұры еді.
Қарағым, ала жүрші оның есіңе,
Абайды оқып әлде жүресің бе?
Тереңдеп қарасөзі шырақ жақса,

Әр сөзін жатқа сен-ау білесің бе?
Көремін ашық нұрды көзіңдегі,
Асыл бір мағыналы сөзіңдегі
Білсең сен, айта ғойшы Абайдың-ау

Он жетінші ойды «Қарасөзіндегі».
Егер де шыныменен болсаң қазақ,
Басқаға болмайықшы біз де мазақ.
Абайым тереңдетіп әр өлеңді,

Төгілтіп жүрегімен көпке жазад.

Осыны шешіп маған бере қойшы,
Болсаң сен жүрегіңмен анық қазақ.

Баянғали:
Айналайын, апатай,
Бір тамаша еттің ғой,
Аңқылдаған ініңе,

Жала жауып кеттің ғой.
Көкшетау мен Ертісті,
Қарсы қойған жоқпын ғой,
Айналайын, апатай,

Мен сөйледім доспын деп,
Сексен көлді әкелсем,
Айтып едім тілекпен
Бар қазақтың баласы

Ақ тілегін осылай
Бір арнаға қоссын деп.
Ұлы Абайдың өлеңі,
Жаралған ғой, ағайын,

Елім деген уайымнан,
Қарасөзін Абайдың
Сұрап отырсың, апатай,
Мен шығармын ойыңнан,

Көсемсініп бірақ та
Ол жайында сөйлеуге
Ұяламын, апатай,
Асқақ ғалым Қайымнан.

Қалғандай халық міне елең етіп,
Апамыз отыр сөзді өлеңдетіп,
Сол сөзде не айтқанын өзің айтшы,
Берейін содан кейін тереңдетіп.

Дәмеш:
Адамға терең білім керек екен,
Абайдың қарасөзі бөлек екен.
Жүрек пен қайрат, ақыл дауласқанда,

Билікті ол ақылға береді екен.

Ақыл да жүрек сөзін сөйлегенде,
Сол жүрек бәрін дағы жеңеді екен.
Кей кезде толқып кетем өзім дағы,
Болса да тым тереңде сөзім дағы.

Ағайын тыңдар ма екен қарар болсаң,
Тереңнен толғанасың өзің дағы.
Жүрекке жаттап алып Абай сөзін,
Сақтарсың есіңе-ай кезін дағы.

Абайдың тағы оныншы сөзіндегі
Отыр ғой жаттанды боп есте қалып.
Оны да Баянғали байқар ма екен,
Мағынасын шешіп бүгін айтар ма екен,

Бір ауыз қарасөзді оқымаса,
Апырмай не деп елге қайтар екен?
Қалайша ол есінде қалмайды екен,
Құрдан-құр мұнда Абайды сарнайды екен.

Абайды толық оқып келмегендер
Қалайша жалаң-жұтаң қалмайды екен?
Тіпті айтшы ең бірінші сөздеріңді-ай,
Осынау толқып тұрған кездеріңді-ай.

Қалайша көз жүгіртіп шықпадыңдар,
Қарағым, түсінбедім өздеріңді-ай!

Баянғали:
Абайдың барлық өлеңін,
Қырық бес сөзін және де
Неше қайта оқығам,

Жүрегімде тоқығам.
Ұзақ-ұзақ сөйлесек,
Лекция оқып кетті деп,
Мына халық шошыған.

Айналайын, апатай,
Абай атам айтқандай,
Ақыл жолы бір бөлек,
Жүрек жолы бір бөлек,

Қайрат жолы бір бөлек.
Осы үшеуін тең қатар
Ұстамасаң жалғанда,
Адам болып не керек?

Абай атам тұрғанда,
Мұхтар атам тұрғанда,
Шәкерім қажы тұрғанда,
Екеумізге, апатай,

Философия соғып не керек?
Көсілтіп бір жырлау да
Төкпе ақынға оңай ма?
Жырлай берсе өзі де

Кетеді ғой талайға.
Талай жақсы сөздер де
Айтылып тұр мінеки
Ұлы Абай заңғарға.

Ал, сұрайын, Дәмешжан,
Өзің білген бұл күнде
Ортасында жүріп жатқан
Адамдардың ішінде

Ақыл, қайрат, жүректі,
Бірдей ұстар жан бар ма?

Дәмеш:
Бауырым, осы жерде алдырды ғой,
Көңілін апасының қалдырды ғой.
Ұлы Абай қарасөзін ел-жұртына

Оқып ап, тоқысын деп қалдырды ғой.
Және де өзі қысқа, өзі нұсқа,
Қарағым, осыны да есіңе ұста,
Лекцияға ол ешқашан жарамайды,

Тегінде ғақлия сөздің орны басқа.
Ондайлар арамызда көп емес қой,
Көп болмаса да жоқ емес қой.
Мына жұртты қалайша қаралаймыз,

Бәрін де түсінгені сол емес пе,
Халықтың түсінігі мол емес пе?
Абайдың салып кеткен жолы емес пе?
Қалайша оны білмей мына халық,

Бақ құсын елемесем, жараса ма,
Болсаң да Абай, Мұхтар, Шәкәрімім,
Ақылы басымдардың бірімен-бірін

Шәкәрдей асыл бабам тағы өткен,
Өлеңмен көңілдерге төгіп нұрын.
Әнеки, Қайым аға толқығандай,
Осының талдап берген бізге бәрін.

Келтіріп өлеңменен көңіл сәнін,
Ақындар жүрегімен тоқып алып,
Отыр ғой сөзін қосып, толғап әнін.
Бауырым, сен де бүгін толқып кеттің,

Мен дағы Абай жайлы шалқып кеттім.
Абайдың қарасөзін айтқанда,
Сен де соншалықты шошып кеттің.

Баянғали:
Айналайын, апатай,
Ұлы Абай бабамыз
Ұрпағына өсиет

Адам болғын деп айтқан,
Адал болғын деп айтқан,
Таза болып жүруді
Ұрпағына өзі айтқан,

Ұлы Абай сөздерін
Ел-жұртына арнаған.
Және де жоқ бір сөзі
Жүрегіне елдің қонбаған,

Бола ма екен айтыста,
Оның бәрін талдаған,
Талай-талай ғалымдар
Сөздеріне Абайдың,

Өмірлерін арнаған.
Айналайын, Дәмешім,
Ақыл, қайрат, жүректі
Парасатты бір ұстап,

Қастасып біз қайтеміз,
Табылайық әрдайым
Достық дейтін арнадан.
Айналайын, апатай,

Қызы едің Семейдің,
Екі бірдей қызымен

Айтыссам да бұл тойда
Демейін мен таластым,
Әзілдестім, жарастым.
Алла жазса мен енді

Тойына жүрем Манастың.
Ықыласын елімнің,
Есіме алып жүрейін,
Жүрген кезде бойында

Ыстықкөл мен Таластың!
Ағайын, өлең-жырың өрістесе,
Айтайын Дәкең маған ерік берсе,
Жарқырап күндей күліп жүрейік біз,

Бұлт болып төбемізден төніскенше.
Алшаңдап адам болып жүрген жақсы,
Таласып бір бәйге үшін керіскенше.
Ал, енді айналайын, қайран Семей,

Хош-аман болып тұрыңыз қайтадан көріскенше!

Дәмеш:
Мен қалай басым түссем басыламын,
Сен дағы аман болшы, асыл бауырым.
Көзіңде көрініп тұр жыр шумағы,

Сенің де жүрегіңнен тасығаның.
Пейілің маған деген ақ қой сенің,
Осынау тілегіңе қосыламын.
Сөздерің төгіледі таңдайыңнан,

Бәрін де айтып бүгін мән-жайынан
Апа деп аялап сен отырсың ғой,
Сүйейін жарқыраған маңдайыңнан.
Мен дағы бауырларды сыйлаймын ғой,

Азырақ әзілменен қинаймын ғой,
Дегенмен көңілің менен бөтен емес,
Мен сені бөтен сөзге қимаймын ғой.
Осылай жырыңменен достасайық,

Апа мен бауыр болып қоштасайық.
Әлі де талай-талай асулардан,
Сол кезде дүркіретіп көш бастайық, –
Деп бүгін, аман бол, енді қоштасайық.

Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған «Отан үшін отқа түс –күймейсің!»атты республикалық айтыс (Тараз, 2000 ж.)

Баянғали мен Кәрима Оралова (Шымкент)

Баянғали:
Е-ей, Әулиеата, кең Тараз,
Сәлем беріп сіздерге,
Жер шоқтығы Көкшетау,

Сексен көлден кеп тұрмыз.
Ақмола боп ұлғайып,
Өскен елден кеп тұрмыз.
Оқжетпес пен Бурабай

Бауырынан кеп тұрмыз.

Бауыржанның тойына
Абылай мен Бөгенбай,
Сағадат пен Мәліктің
Ауылынан кеп тұрмыз!

Бауыржан батыр бабамыз
Жаратылған асылдан.
Қиын-қыстау заманда
Қазақтың даңқын асырған.

Москваның түбінен
Бір ақырса Бауыржан,
Берлиндегі бункерде
Бұғып отқан қас дұшпан

Гитлер менен Геббельс
Гиммлер менен Борманның
Үрей-құтын қашырған.
Өзінің халқын сүйгенін

Жасырмастан тік айтып

СССР-дің маршалы
Баграмянды састырған.
Куба жаққа барғанда
Алшаң басып Баукеміз

Кастроны састырған.
Талайларды мат қылған,
Сұлулардың алдында
Офицердей тақ тұрған.

Көңілін оның шат қылған,
Мың жасасын қазағым
Бауыржандай біртуар
Батыр ұлды таптырған!

Бауыржан туған елін сүйетұғын,
Тек қана елге басын иетұғын.
Халқының бар жұмысын атқарған соң,
Кәримадай қыздарды сүйетұғын!

Айтыстың ақ туындай желбіреген,
Аққудай аспандағы үлбіреген.
Ақ мақтадай бұл қызды ұстаймын деп,
Қолы да талайлардың күлдіреген!

Айналайын Кәрима,
Көріп отсың, ағайын,
Екі беті томпиған,
Моп-момақан монтиған,

Осы сұлу қызбенен
Айтысам деп білесіз,
Талай жігіт омпиған,
Шаруасы кетіп шоңқиған.

Айтыстарда Кәрима
Таңдай болып атқан қыз,
Күндей болып батқан қыз.
Талай-талай жарыста

Дүбірлетіп шапқан қыз.
Енді бүгін айтыста
Кең Тараздың бойында,
Бауыржанның тойында

Баянғали ағамен
Қатарласып шапқан қыз.

Айналайын ағайын,
Дүбірлі әнге салайын.
Жарқыраған жас қыздың
Жанына таман барайын.

Жасым үлкен екен деп,
Сескенбейін, ағайын,
Баукең батыр секілді
Мен де батыр болайын.

Асып кетсе Кәрима,
Жығылып қалсам бұ қыздан,
Арманым жоқ, ағайын.
Осы жерде қалайын,

Әсем әнге салайын.
Осыменен мен тоқтап,
Сұлу қызды алдыңда
Бір сайратып алайын!

Кәрима:
Жыр менен өлең қаптаған
Ақындардың жүрегі.
Қайысса қалың халқы бар,

Жыраулардың тірегі,
Амандығы ел-жұрттың,
Ақынның басты тілегі.
Бас иіп тағзым етейін,

Армысың, Жамбыл – жыр елі!
Көрші ел едік о бастан,
Малымыз болған қоралас.
Қыз алысып, қыз берген,

Ауылымыз болған аралас.
Дәстүр мен салты жаңғырған,
Жағдайымыз да шамалас.
Әулиеата еліне

Сүйсініп өткен бар Алаш!
Бисмиллә деп бастасам,
Сіздерге арнап сөз басын.
Жырға толы жүрегім

Тілегін елдің толғасын.

Өтеген, Қайрат, Дулати,
Шыққан жер осы болғасын.
Бауыржандай батырдың
Аруағы да қолдасын!

Жүрегін елдің жайы жаншылаған,
Адасқан салт-дәстүрге сыншыл адам.
Тәртіпті басты тірлік деп таныған,
Бауыржан болған екен шыншыл адам.

Қаталдық қанында бар болғаннан соң,
Алмастай сөзі өткір жан шығарған.
Батырдың әрбір ісі тірлігімнің
Көкпар тартып кеткендей шаң шығарған.

Жүрегі мейірімді азаматың
Табиғи тазалыққа таңсық адам.
Халықтың қамын жеген Бәукең батыр,
Ел үшін өз тағдырын қамшылаған!

Табылмайтындай қайтадан
Іздесек те жер-көктен.
Тек қана батыр емес ед,
Ер атанған еңбекпен.

Киелі осы топырақ
Бауыржан батыр ержеткен,
Ұрпағың мың жасасын
Аруағыңды тербеткен!

Айтысамын деп сізбенен
Жылып менің қалды ішім,
Жетер ме екен ағаға
Салса да бұл қыз бар күшін.

Көрінбей кеттің айтыста,
Баян аға, бармысың?
Көкшеден келген керіліп
Кербез ағам, армысың!

Біз де осал емес ек,
Сөйлер сөзге өткірміз.
Қарындас сізге болған соң,
Кішіргелі кеп тұрмыз.

Жасыңыз үлкен болған соң,
Түсінгелі кеп тұрмыз.

Жиырма бесті есіңе
Түсіргелі кеп тұрмыз!

Баянғали:
Айналайын Кәрима,
Жаныма жағып барады
Жылы-жылы сөздерің.

Жүрегімді өртейді
Қарақаттай көздерің.
Көрінбей кеттің демегін,
Көрінбей жүрген мен емес,

Көрмей жүрген өздерің!
Айналайын Кәрима,
Аға тұтып қадірлеп,
Сырымызды біздің де

Ұғынғаныңа рахмет.
Ішіңіздің бізге де
Жылығанына рахмет!
Осы жерде жарыста

Қалдырсаң да разымыз.
Жылымақ түгілі ішіңіз,
Өртеп кетіп біздерді
Жандырсаң да разымыз!

Баукеңнің жырлап өттің батырлығын,
Осыдан танылып тұр ақындығың.
Орден, жұлдыз алғанның бәрінен де
Біледі Баукең елге жақындығын.

Шыншылдығын біреулер жақтырмапты,
Таңған екен бірталай сандырақты.
Еңбегі Бауыржаннан көп төмендер
Төсінде темір-терсек салдырлатты.

Бірақ та ер Бауыржан барлығынан
Асқақ болып бекерге ән қылмапты.
Қадірін халқы қазір танып отыр,
Басқалар танымаса өкпеміз жоқ,

Шошқа баққан танымас арғымақты!
Бауыржан арамдықпен араз еді,
Құйтырқы саясатқа наразы еді.

Ауытқып теріс кеткен талайлардың
Кінәсін бетке айтатын таразы еді.
Қан майданда аямай қан мен жанын,
Баукеңдер сақтап қалған қара жерді.

Осындай батыр берген бар әлемге
Мың жасасын айналайын қазақ елі!

Кәрима:
Бауыржандай батырдың,
Көзінен ерлік байқалған.
Бауыржандай батырдың

Сөзінен ерлік байқалған.
Жырла десе бұл ағам,
Сыйдырып сөзге айта алман.
Тамыры терең бәйтерек

Жапырағы жайқалған!
Құдіретіне батырдың,
Басымды иіп, бас ұрдым.
Тіліме тиек еткенде,

Теңіздей толқып тасындым.
Тұлғасы болған ең ірі
Жиырмасыншы ғасырдың.
Бір туатын Бауыржан

Сынығы ғой асылдың!
Жылу бердік, ағасы,
Сіз жаққа деген жанға біз.
Қарындас боп отырмыз,

Артық ойға бармаңыз.
Кішкене-ай қызды оданша
Мақтап-мақтап алдаңыз.
Мақтасына бірақ та

Бауыздалып қалмаңыз!
Жасыңыз үлкен болған соң,
Келмейді сізбен таласқым.
Жарқырап отыр өзбекше

Туфлиіңе қарастым.
Шапаның екен нағыз-ақ
Шапанындай Алаштың.

Киіпсіз бірақ, ағатай,
Бас киімін Манастың!
Орныңыздан кеп отыр
Селт еткізіп тұрғызғым.

Сырын білмей кетпеңіз,
Демекпін сізге бір қыздың.
Ә дегеннен көзіне
Түсті қалпақ бұл қыздың.

Өкіліндей боп отсыз,
Су бермей қойған қырғыздың!

Баянғали:
Ақынның жолықтым деп жуасына,
Разы боп отыр едім құлашыңа.
Ағаңды осы жерде күйдірмексің,

Су бермеген қырғыздың күнәсына.
Бұл шаруаны, Кәрима, маған емес,
Айтсаң қайтед Ақаевтың құдасына!

А-а, е-ей, басыма кидім ақ қалпақ,
Ақ қалпақ бізге бөтен бе?
Ойлап тұрсаң, Кәрима,
Жамбыл да киген ақ қалпақ,

Баукең де киген ақ қалпақ.
Осы залға қарасақ,
Шалдар да киген ақ қалпақ,
Ақ қалпағым басымда,

Алаштап ұран саламын.
Жалпы түрік сөзімен
Бар ғаламға сөйлесем,
Манастап ұран саламын!

Аяғың келіп өзбек деп,
Ортаң сенің қазақ деп,
Әзілдедің, Кәрима,
Оныңа қайран қаламын,

Жарасып тұр бұл жерде,
Кәриманың толғауы.
Аяғымыз өзбек боп,

Бас жағымыз қырғыз боп,
Ұнамай сізге жатса да,
Орта жағы қазақ боп
Ұнап жатса болғаны!

Кәрима:
Қайнатып отыр ағамыз,
Сұлу сөздің сорпасын.
Қатты айтуға үлкен деп,

Жасынан бірақ қорқасың.
Наз етіп бізге әзілдеп,
Кеңітіп отыр арқасын.
Ешнәрсенің, ағатай,

Айта көрме ортасын!
Айта берсең ортасын,
Түсесің білем шалқасын.
Әдемі айтыс боп жатыр,

Әдепті аға, құртасың!
Қадіріңді отқам жоқ,
Мына жерде кеш біліп,
Болған соң сұлу сіз бізге

Отырсыз-ау көз тігіп.
Қырғызды айтсам суды да
Талғамым шығар естілік.
Қырғыздардың қыздарына

Көп барад деп естідік!
Ал, ағатай, мен сізге,
Қарындас болып жарайын.
Бір көйлек бұрын тоздырдың,

Көргенің бар талайын.
Қинап мені отқаны,
Ағарып қапты самайың.
Жас шағыңды еске ал,

Жұлқылап біраз алайын!

Баянғали:
Жарасып біз отырмыз сыйымызбен,
Жақсы сөз күтеді ғой жиын бізден.
Самайымыз ағарса, айналайын,

Азырақ ой ойлаймыз миымызбен!
Ағасы қарындасын мақтасын де,
Қарындас ел үмітін ақтасын де.
Ақ шаштылық ақылдың белгісі ғой,

Талай жыл ел басқарып жүрсе дағы,
Шашы қара шолақтардан сақтасын де!
Айналайын Кәрима,
Жақсылықты әрдайым,

Ағекеңе тілеп қой.
Ортасы деген сөзімді
Көңіліңе алмағын.
Сен қай жағын ойладың,

Менің айтқан сөзіміз –
Айналайын жүрек қой!
Бұл ағаңның сөзіне,
Кәримажан, нанарсың,

Айтқан тілін аларсың.
Ізетті болсаң үлкенге,
Бұл жалғанда, шырағым,
Бақытты жан боларсың.

Қырғыздардың қызымен
Әзілдесіп біз жүрсек,
Маған еріп сен дағы,
Құдаша боп барарсың!

Ақаевтың алдында
Әсем әнге саларсың.
Бермей жатқан суларын
Сонда даулап аларсың!

Кәрима:
Өйтіп-бүйтіп әйтеуір,
Түсірдік қой ырыққа.
Сыйлап отсам мен сізді,

Жасыңыз таяу қырықта.

Ал, аға, берсең ақ бата,
Деңіз маған шынық та.
Тәспиден, аға, жаңылып,
Құдайыңды ұмытпа!

Жіберіпті Көкшетау
Ер жүректі Баянын,
Ақ тілек айтсам мен сізге,
Несін енді аядым?

Жыныма бірақ тисеңіз,
Кеп отқам жоқ аяғым.
Аулыңа зорға жетерсің,
Әр жерден тиіп аяғың!

Тұлпарда да тұлпар бар,
Қазанаты бір бөлек.
Жігітте де жігіт бар,
Азаматы бір бөлек.

Ізгілік сізге етейін,
Көңіліңіз, аға, толсын деп,
Әрбір қыздың ағасы
Дәл сіздей-ай болсын деп!

Бізден гөрі екі-үшеу
Жасыңыз келген мүшелі.
Сыйластық елдің тірлігі.
Мақтасы жақсы деседі,

Айта берсек таусылмас
Ауыл-үйдің өсегі.
Болатын елдің қыздары
Ағасын сыйлап өседі!

Тебірентіп ел-жұрттың
Жырладың батыр тілегін.
Бізге де айттың жақсы сөз,
Жайсаң да болып жүрегің.

Ал енді, аға, сұрандым,
Ақ тілек бізге айт, аға,
Айта алмасаң сыйласып,
Осы сыймен қайт, аға!

Баянғали:
Кәрима бірде шымшып, бірде мақтап,
Отыр-ау ел де бүгін соны жақтап.
Қызымызбен жасты сен қарындас ең,

Отырмын мен де әдеп, ізет сақтап.
Демеңдер мұны не нәрсе шідерлейді,
Айт, айт деп ар жағымнан дігерлейді.
Қызымызбен жасты бұл Кәримаға

Сөз айтуға бірдеме жібермейді?!
Мен сізді жамандыққа қимағам-ды,
Сыйлаймын әрдайымда ойлы адамды,
Аяғың әлтек-тәлтек болад деме,

Ойлама қорықты деп сыйлағанды,
Ер жігіт оттан, оқтан қайтпайтұғын,
Қатты сөз бірақ қызға айтпайтұғын.
Мен түгілі, Бауыржан батыр дағы

Әдепті қыз сөзіне тоқтайтұғын!
Мен сөзді көп созбайын құным бардай,
Айта берсем қыздарға жырым балдай.
Әдеппен осыменен аттанайық,

Әп-әдемі айтысты бұзып алмай.
Даңқың шығып қазақ пен қырғызыңа,
Қазақтың айнала бер жұлдызына.
Разы боп оңтүстіктен аттанайын,

Кәримадай қазақтың бір қызына!
Аруағы бабалардың қолдай берсін,
Ақ тілегін ақындар жолдай берсін.
Өміріңде көрмегін жаманшылық,

Жұлдызыңыз аспанда жана берсін!

ДЕГЕН ЕКЕН...

Аяғыңды тоса қоймадың ба?
Баянғалидың әкесі Тақан ақсақал – Ұлы Отан соғысының
екінші топтағы мүгедегі, соғыстың басынан аяғына дейін қатысып,
Берлинге дейін барып қайтқан. Екі рет ауыр, бір рет жеңіл жара-

ланған. Бір жолы танк снарядының жарықшағы шекеден тиіп, әрең
аман қалған екен.
1996 жылдың жазында соғыс мүгедектеріне жеңіл автомобиль
берілетіндігін естіп, ауырып жатқан ақсақал Баянғалиға: «Мені

комиссияға апар», – депті. Аудан мен облыстағылар әрлі-берлі қа-
рап, ақынға: «Анда барып өйтіп жіберсеңіз, мында барып бүйтіп
жіберсеңіз, біреу-міреулер көмектесіп жіберсе, атай машина алуы
мүмкін», – деп ақыл беріпті. Сонда ақын: «Менің әкем қанын

блатпен төккен жоқ, машинаны да блатпен алмайды!» – деп,
дәрігердің әділ шешіміне жүгініпті. Дәрігерлер дұрыстап қарап:
«Әкеңіздің сырқаты бір емес, бес кісіге жетерлік екен, он машина-
лық еңбегі бар екен! Мұндай ардагерлер қазір өте аз қалды ғой,

бәріне де машина берсе, артық емес», – деп жылы сөзбен шығарып
салыпты. Сөйтсе, заң бойынша, аяғынан ауыр жараланған кісіге
машина беріледі екен де, Тахаңның жарақаттары ол заңға жатпай-
ды екен. Ақсақалды үйіне әкеле жатып, Баянғали: «Ал, енді маза-

ны алмай тыныш жат үйде. Осының бәрін әуелде ойламаған өзің-
нен көр! Оққа басыңды тосқанша, аяғыңды тоса қоймадың ба!?» –
деген екен.

Қара шалдар
Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыста (Алма-
ты, 1997 ж.) шымкенттік Әселхан Қалыбекова Баянғалиға әкесі
Тақан ақсақалдың қазасына көңіл айтады. Сонда сөз кезегі келген-

де, Баянғали былай жырлаған екен:
Менің әкем Тақанның
Ерлігі көп айтатын,
Жауған оқтың астында

Жау тылынан «тіл» іздеп,
Түнде талмай жортатын.
Тоғыз танкі талқандап,
Таң атқанда қайтатын,

Бейбітшілік заманда
Бір телешке шөп сұрап,
Қолтықтап ап шалдарды,
Канторға қарай тартатын.

Барлығын жеңген батырың
Қайран анам Бәтима
Марқұмнан жаман қорқатын!

Менің әкем Тақан шал
Фашистке ойран салыпты,
Берлинге дейін барыпты,
Қиратушы еді оны да,

Қырық шақырым қалғанда,
Соғыс бітіп қалыпты.
Гитлер менен Геббельс:
«Тақан келсе болмайд, деп,

Жағдай енді оңбайд!» – деп,
Атылып өліп қалыпты!
Менің әкем секілді
Қара шалдар жасасын

Халық қылған халықты!!!

Шалдар жайы мәселе саналмай жүр,
Әлі де үкіметте қаралмай жүр.

Бір кезде Берлинді алған хас батырлар
Банкіден пенсиясын ала алмай жүр!
Кемпір менен шалдарды
Осыншама жүдетіп,

Сорлатуға болмайды.
Кемпір менен шалдарды
Тарықтырып тұрмыста,
Зарлатқандар оңбайды!

Содан Әселхан сөзді бір кезекте бүгінгі ел байлығын тонап ал-
ған ұры-қарыларға бұрып, «сырттай қарасаң, бәрі әп-әдемі, галстук
тағып, тап-таза, сып-сыпайы боп жүреді, ал өз құлқындарын ойла-
ғанда керемет!» – деп ашына жырлайды. Сонда сөзді іліп әкеткен

Баянғали былай депті:
Ұрының ең жаманы сыпайысы,
Болмайды ондайлардың құдайысы,
Ұрының қолын шауып тастайтұғын

Бәрінен жақсы екен ғой Қытай ісі.

Билікке аз ғана күн кетсе жолап,
Алады ел байлығын түгел тонап,
Қытайдың заңын егер бізге енгізсе,
Болар ед бастықтардың көбі шолақ!

Елбасымен ең алғашқыкездесу
1994 жылдың жазында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На-
зарбаев Көкшетауға келгенде, облыс басшылары Баянғалидан Қа-
расуға барып, өлең айтып беруін өтінеді. Келесі күні қой бағудың

кезегі келіп тұр екен, оны әкесіне тапсырып, ақын Бурабайға бара-
ды. Президенттің қайықпен жүзгенін көрген адамдар: «Мықты
адам екен, соңынан жүзген екі адамға жеткізбеді», – дейді. Біраз
уақыттан соң дастархан басында кезек ақынға келеді:

Алла деп мен кірейін өлеңіме,
Ризамын бүгін Сізді көргеніме,
Өскемен, Семей жағын орағытып,
Көгілдір Көкшетауға келгеніңе,

Заманның тозаңынан тазардың ба,
Бір сүңгіп Қарасудың тереңіне!

Құдайым аулақ қылсын қайғы-мұңнан,
Еліміз айрылмасын байлығынан.
Алып өт аман-есен қазағымның
Кемесін заманыңның айдынынан!

Көмекшің Иманғали қара бала,
Ұқсасын ой мен ісі даналарға,
Нұрекең саясында жүргеннен соң,
Бәйтерек болад шығар жеке-дара.

Президент суда жүзіп жүрген кезде,
Ұйқыдан тұрып жатқан жаңа-жаңа!

Ақылмен жүрер жолды нұсқап жүрген,
Халықты жақсылыққа бастап жүрген,
Рахмет Нұрсұлтандай ағамызға,
Амалдап орыс-қытай арасында

Абылай саясатын ұстап жүрген!

Беу, Нұраға, бері қара,
Дүрсінгенді горбиттің,
Ерсінгенді ербиттің,
Қазағыңды көркейттің,

Қумадың жолын егестің,
Қумадың жолын өңештің,
Ақылдың жолын ұстадың,
Алшаң басып Ақ үйде

Клинтонмен де кеңестің,
Жапонның көрдің патшасын,
Ағылшын, испан басқасын,
Әлемдегі патшаның

Бәрімен бүгін теңестің!

Ақынмын алдыңызда әнге басқан,
Атынан туған елдің шашу шашқан,
Көп сәлем әкеп тұрмын ауылдағы
Қаракөз, қандас бауыр қарындастан.

Асығып тұра шаптым Сіз келді деп
Қойдың да кезегіне қарамастан,
Жағдайын жақсартсаңыз ауылдардың,
Жалғанда хан болмайды Сізден асқан!

Нұрекең рахмет айтып, демалуға кеткен соң, көмекшісі Иман-
ғали Тасмағамбетов қасында отырған тұлғалы кісі – Амангелді
Шабдарбаевтың Президентті қорғау бөлімінің бастығы екенін,
Колбиннің тұсында Қонаевқа қарсы арыз жазбағаны үшін қуғын

көргенін айтады. Оның ерлігіне риза болған ақын:
Қайтпаған КГБ-ның наганынан,
Сол үшін айырылған погонынан,
Тар жерде Димекеңді сатпай қалған,

Айналдым, Амангелді, табаныңнан!

Басыңнан, Амангелді, бақ кетпесін,
Ақының сөзді қалай нақты етпесін,
Мәз болып өлең тыңдап отырғанда,
Бір сұлу Президентті ап кетпесін! – деген екен.

Содан елге келсе, аудан активі Президент ауданға келіп қалар
ма екен деп күтіп отыр екен. Ақынның әңгімесін тыңдап, мән-
жайға қаныққаннан кейін, аудан әкімі Кеңес Мұқатов: «Бізге де
бірдеңе айтсаңшы», – дейді. Сонда Баянғали:

Айтайын әкімдерің құлақ қойса,
Жиналып отыр екен жағып монша.
Президентке өлең айтып келгеннен соң,
Әкімге айтқым келмейді менің онша! – деген екен.

Елбасымен әзіл
1995 жылдың тамызында Нұрсұлтан Назарбаев Еңбекшілдер
ауданына келеді. Ол кісіні қарсы алуға дайындалып жатқанда
аудан әкімі, түбі кеңащылық Кеңес Шәмшіұлы Мұқатов Баянғали-

дан: «Президентке не айтасың?» – деп сұрапты. Сонда ақын:
«Сіз келеді дегелі,
Біздің елге көп болды,

Күте-күте өзіңді
Елдің көзі төрт болды,
Сізге сойған жылқыны
Әкімдер өзі жеп болды!» десем қайтеді! – деген екен.

«Ойбай, бізді жұмыстан шығарасың, айта көрме!» – депті әкім.
Нұрекең келген соң, Ғабдісәләм қажы атындағы жаңа мешітке
кіріп, кілем сыйлайды, Біржан салдың басына барып, құран оқыта-
ды. Степнякты аралап, аудан жұртшылығымен кездеседі. Кездесу

барысында зайыбы Сара Алпысқызының Степняк маңында туға-
нын айтады. Жұртшылықтың сұрақтарына жауап беріп, Мекке мен
Мәдинаға барғанын, пайғамбарымыз Мұхаммед ғәләиссәләмнің
қабіріне тәуәп қылғанын әңгімелейді. Ақсақалдардың Еңбекшілдер

ауданына Біржан сал атын беру жөніндегі тілегін құптайды.
Кездесуден кейін, дастархан басында Баянғалиға өлең айтқы-
зады. Әуелі Елбасы ақыннан Қырғызстанға қалай барып келгенін
сұрап, содан кейін: «Елінде отырмыз ғой, Біржан атаңның бір

өлеңін айтшы», – депті. Баянғали «Теміртасты» айтып беріпті.
«Осындай адамды да керегеге байлаған-ау біздің қазақ!» – депті
Елбасы мұңайып. Бұдан кейін Баянғали Президенттің келгеніне
арнап біраз өлең айтыпты:

Ел-жұртың қарсы алып тұр Нұрекелеп,
Келгенің жатыр үлкен мереке боп.
Нұреке, қадамыңыз құтты болып,
Дарысын біздің елге береке боп!

Келген жерің, Нұреке,
Абылай орда еткен жер,
Қазақтың соңғы көсемі
Кенесары, Наурызбай

Күңіреніп өткен жер!
Аспандағы аққуға
Біржанның әні жеткен жер!
Ұрпақтары солардың

Белін бекем буған жер,
Атаның жолын қуған жер,
Жаңа өзіңіз айтқандай,
Апамыз Сара туған жер!

Шүкіршілік, Аллаға Жақсы-жақсы менің де Жезделерім көп еді, Бірақ тағы ішінде, Президенті жоқ еді! Апамыздың қадірін Патша жездем ұққан ғой, Бар әлемнің бөбегін Бауырына басатын Жақсы-жақсы қасиет Сара апамның бойына Біржан жатқан киелі Топырақтан жұққан ғой! Бұдан кейін Президент бірге отырған ел адамдарымен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап береді. Әңгіме барысында кейбір басшылардың араққа үйірлігі жөнінде де сөз болыпты. Бір кезде аудан әкімі Кеңес Мұқатов пен аппарат жетекшісі, Баянғалидың жиені Еркетай Жомартов мипалау әкеліп, меймандарға сыйлапты. Сол кезде Баянғали домбырасын алып: Әкімнің мипалауы әзір болды, Бірталай о да бізге әзіл болды, Қосылып Елбасымен мипалау жеп, Сәніміз, ағайындар, қазір келді, Басқаның Президенті іше берсін, Біздікі, шүкіршілік, қажы болды! – депті. Сонда Нұрекең: «Мына жерде арақ құйғызбады деп отырсың ғой», – депті күліп. Бірге отырған Болат Бекенов, Тасболат Алпысов сынды ақсақалдар, Ауыл шаруашылық министрі Жәнібек Кәрібжанов, облыс әкімі Қызыр Жұмабаев, КНБ, милиция генералдары Мәжит Жанділдинов, Амангелді Жармағанбетов және басқалары да: «Енді не айтар екен?» – дегендей ақынға қарап қалыпты. Болғанмен кемшілігі зор басымның, Әрдайым жақсылардың жолдасымын, Арақ пен темекіні қатар қойған Мен де, аға, Көкшетаудың молдасымын! – депті ақын. «Бұрын өкірткенсің ғой!» – депті күліп Нұрекең. Сонда ақын:

Арақтан бұрын ептеп алатынбыз,
Қиялмен әр нәрсеге баратынбыз,
Ол кезде генералға қол жетпейтін,
Қолында сержанттардың болатынбыз,

Далада жатып қалған жеріміз жоқ,
Күнара КПЗ-ға қонатынбыз! – деп әзілдеген екен.
«Милициямен онша емес екенсің ғой», – депті Нұрекең күліп.
Сонда Баянғали:

Арақты мен онша көп ішпейтінмін,
Ал ішсем талай қызық істейтінмін,
Өкпем жоқ милицияға, жаяу жүрмей,
Үстінен ППМ-нің түспейтінмін.

Айбатты арыстандай ақырмаса,
Аруағын аталардың шақырмаса,
Жігітті жігіт деу де қиын, кейде
Сәті түссе, түрмеге де отырмаса! – дегенде, Нұрекең күліп

жіберіп, ақынның өнеріне риза болып, алғыс айтып, ағалық ақ
тілегін білдіріпті.
Бурабайда
1995 жылдың күзінде Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетауға аз

уақытқа демалуға келгенде, Баянғали Бурабайға барып, Елбасы-
ның алдында өлең айтыпты. Президент әуелі ақынға Біржан сал-
дың «Теміртасын» айтқызып, содан кейін: «Мына ағаң – Премьер-
Министр Әкежан Қажыгелдин, Көкшетауға тұңғыш келіп отыр,

мына ағаң – КНБ-ның бастығы, генерал-лейтенант Сәт Тоқпақ-
баев. Бұл кісілерге қош келдің деп, бірдеңе айтпайсың ба?!» –
депті. Сонда ақын былай деген екен:
Құдайым кез қылсын деп жақсы кезде,

Сөйлейін бұрылмастан басқа сөзге.
Айтамын қош келдің деп ағаларға,
Қош келдің, Көкшетауға, патша жезде!

Орындайын бұлжытпай,
Президенттің жарлығын,
Премьер-министр көрсетсін
Елімізге нарлығын,

Ақыл, қайрат, жігермен,
Ағалар, жеңіп шығыңдар,
Заманның мына тарлығын!
Қажыгелдин Әкежан –

Премьерлердің ішінде
Жаңадан шыққан жас пері,
Алысқанын жығатын
Дзюдоның мастері,

Сол күшіңді халықтың
Қажетіне жұмсай бер,
Нұрекеңнің ләшкері!
Премьер аға, өзіңе,

Пенсиямызды берсін деп,
Сәлем айтты шалдар да,
Папамыздың айлығын,
Жылдамырақ берсін деп,

Сәлем айтты балдар да!

Әрдайым әсем әнге сап жүрейін,
Дау-шардан аулағырақ ақ жүрейін,
КНБ бастығымен ойнаймын деп,
Мен осы бір бәлеге қап жүрмейін!

Айналайын, Сәт аға,
Ақындармен алыспай,
Атаның жолын жалғай бер,
Тәй-тәй басқан қазақтың

Мемлекетін қажымай,
Жауларынан қорғай бер!

Қарсы алды өздеріңді Көкше жері,
Оқжетпес, Бурабай мен сексен көлі,
Аман бол, ел басқарған ағаларым,
Жақсылыққа бастар деп, өздеріңе

Үмітпен қарап отыр қазақ елі! – деген екен.

Үш президент пен ақын
1996 жылдың шілде айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов, Қырғызстан
Президенті Асқар Ақаев Көкшетауда бас қосты. Үш президенттің

алдында жыр толғаған ақын Нұрекеңді туған күнімен құттықтапты.
Нұреке, құтты болсын ер жасы – елу алты,
Өркендеп, туған елмен бірге шалқы!
Сіздерге ақ тілегін қосып отыр

Бір туған қазақ, қырғыз, өзбек халқы!

Ислам аға, қош келдің,
Алдыңнан шықтым әкалап,
Ордалы он сан өзбекті
Ту астына жидырдың,

Бір арнаға сидырдың,
Ұры менен қарыны
Бір жарлықпен тидырдың!
Өзбек, қазақ, қырғызға

Туыстықты күй қылдың!

Құрметті ағаң Асекең,
Ел қырғыздың басы екен,
Қош келдің Көкше жеріне,
Сұлу сексен көліне,

Өз еліңдей жарасып,
Шыға бер, аға, әрдайым,
Дархан қазақ төріне!!!

Қазақ, қырғыз, өзбегім – туған бауыр,
Бөтен бе сіздің қышлақ, біздің ауыл?!
Тұтасып, бір-біріңе пана болып,
Тұрыңдар, аннан-мыннан соқса дауыл,

Ұрпағым, бөлінбе деп жатқан шығар
Ташкенде Төле би мен Шайхантауыр!

Бар әлемнің алдында
Жарқырай берсін жүздерің,
Ұзағынан болсын алдыңда,
Бұдан да жақсы кездерің,

Қол ұстасып жасай бер,
Қазақ, қырғыз, өзбегім!!!

Президенттер ақынға алғыс айтыпты. Ислам Каримов ұшып
тұрып, Баянғалиды құшақтап: «Тошкенге келиң!» – деп, қонаққа
шақырыпты.
Қызыл қамзол мен лампас

Қазақстанның Қорғаныс министрі, Совет Одағының Батыры,
Қазақстанның Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрма-
ғамбетов 1995 жылы жазда зайыбымен, балаларымен Бурабайда
демалғанда, Степнякқа келіпті. Меймандар моншадан шығып, дас-

тархан басына келеді. Ашық терезеден жел соғып тұрғандықтан,
Сәкең қақ төрге отырмай, ықтау жағынан отырса керек. Содан
әңгіме-дүкен, мәжіліс қызған кезде, кезек Баянғалиға келіпті.
Қош келдіңіз еліме,

Аты аңызға айналған
Қаһарман батыр, қолбасы,
Сағадаттай батырды
Төбесінен түссе де,

Жеңе алмаған фашистің
Снаряд пен бомбасы,
Жетпістен жасы асса да
Қылшылдаған капитан

Секілді түр мен тұлғасы.
Қаһарманның балдары,
Әкенің жолын жалғашы,
Айналайын ақ жеңге,

Сәкеңді жақсы бақ, жеңге,
Оңай емес болу да
Қолбасының жолдасы.
Біле білсек Сағадат

Бөгенбай мен Қабанбай
Батырлардың жалғасы.

Тұғырдан таймай сардарым,
Сарбазды сапқа тұрғызып,
Қазақтың елін қорғашы!

Бар қазақ үлгі алады, жауға шапқан,
Бауыржан, Мәлік, Қасым, Сағадаттан,
Сағадат жастайынан от-жалын боп,
Бата мен алғыс алған жамағаттан.

Қара нардай қаһарман ұлым бар деп,
Қазағым, ай-әлемге жырла, мақтан,
Ұланның үміті көп, жетпісінде
Жігіттей жарқыраған азаматтан.

Сызды окопта саспаған сардар аға,
Қаштың ба Степнякта сквозняктан! – дегенде, қонақтар ду
күліпті.
Сәкең ақынның жырларын ықыласпен тыңдап, оның Манастың

мыңжылдық тойына баратынын естігесін, «Манасты» айтқызыпты.

– Қырғыздарға барғанда қандай киім киіп барасың? – деп сұрапты.

– Қара шапан, қара шалбар, қызыл қамзол!

– Жігітке қызыл не керек? – депті Сәкең.

– Аға-ау, сіздің лампасыңыз да қызыл емес пе? – депті ақын.

Батыр күліп жіберіп, сәт-сапар тілеп, ағалық алғысын айтыпты...
Арада бірнеше ай өткен соң, 1995 жылдың күзінде Сағадат
Нұрмағамбетов жұмыс бабымен Көкшетауға тағы келеді. Шортан-
да, демалыс үйінің дәмханасында Баянғалиды: «Алимжанова надо

встречать стоя!» – деп, құшақтап қарсы алыпты. Ол кісінің қасын-
дағы бүкіл генералдар мен офицерлер де, басшылар да тік тұрып-
ты. Қаһарман аға ақын інісін Қырғызстанның Абдылас Малдыбаев
атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты болуымен құттық-

тайды, жорықты жылдардан сыр шертеді. Кезекті ақынға беріп,
әлгі әңгімелерін арқау еткен әзіл өлеңдерін ықыласпен тыңдайды.
Қан майданда жүргенде
Сағадат батыр капитан

Бейбіт күнді аңсаған.

Сол күнге жетпей арманда
Құрбан боп кетті қанша адам.

Көрсе де соны мойымай,
Ротасын бастап «уралап»,
Жеңіске батыр жол салған.
Кешіп өтіп Висланы,

Қуып шығып фашисті,
Самогон ішкен Польшадан!
Қас дұшпанды талқандап,
Жойғанша көзін қоршаған

Сағадат батыр, генерал,
Қорғаныс пен әскерін
Тапсырып отыр ел саған!!!
Қашан да жақсы сөзді жырлағам-ды,

Біреулер оны ұнатпай сұрланады,
Манастың тойына мен аттанарда,
Сөмкемді машинадан ұрлап алды.
Дәм жазса, жақсылықпен кездесерміз,

Сыйласып, әзілдесіп сөйлесерміз,
Ақынды ешкім қорғайтын түрі жоқ-ау,
Беу, Сәке, өзімді-өзім қорғау үшін,
Именной бір пистолет бермесеңіз!!! – деген екен.

Сонда Сағадат батыр ағамыз: «Считай, что пистолет уже в
кармане! Енді Алматыға келсең, тек өзіме хабарлас!» – деп, Баян-
ғалиды құшақтап, ағалық ақ тілегін білдірген екен.
Үкімет пен аппарат

1995 жылдың жазында Көкшетауда идеология қызметкер-
лерінің аймақтық жиналысы болып, оның жұмысына Қазақстан
премьер-министрінің орынбасарлары Иманғали Тасмағамбетов
пен Нағашыбай Шәйкенов бастаған бір топ басшылар қатысады.

Алматылық қонақтардың самолеті кешігіп келіп, жерге қона ал-
май, көкте біраз жүріп қалып, көкшетаулықтар қонағасыны түн
ортасында береді. Біраз отырған соң кезек қонақтардың әңгімесін
тыңдап, үндемей отырған Баянғалиға келеді. Сонда ақын өлеңмен

қонақтарды құттықтай келіп, Иманғалиға бұрылып, былай депті:
Ассалаумағалейкүм, Иманғали,
Көкшеге идеолог жиған Ғали,

Аспаннан самолеті түспей қойып,
Бензинді бұлт ішінде құйған Ғали.
Иманғали келген соң Көкшетауға,
Қарсы алды өлеңдетіп Баянғали.

Қорқып едік, Имеке,
Бұл жиналыс Көкшеде
Болмай кетер ме екен деп.
Самолетің біржола

Қонбай кетер ме екен деп.
Иманды екен атың да,
Иманды болсын затың да,
Қызметіңіз құтты боп

Пайдасы тисін халқыңа!
Одан кейін вице-премьер әрі Әділет министрі Нағашыбай
Шәйкеновке бұрылып:
Ассалаумағалейкүм, Нағашыбай,

Еңбегің сіңе берсін алашыңа-ай,
Тұрасың экраннан закон соғып,
Қоясың шалдармен де таласып-ай.
Қайтесің сол шалдармен көп таласып,

Жүрсеңші алашыңмен жарасып-ай! – деген екен. Содан кейін
сол жерде көрген, естіген жағдайларды әзіл өлеңге айналдырып,
жырлап келіп, Жастар ісі, туризм және спорт министрі Бірғаным
Әйтімоваға:

Айналайын, Бірғаным,
Арналсын сізге жырларым,
Спортсмен министр
Келген кезде, қарашы,

Менің дағы рекордсмен
Болғым келіп тұрғанын.
Жастарына қазақтың
Таныта бер әлемнің

Ойы менен қырларын,
Спорттың сансыз сырларын,
Еліңе еңбек етуден
Қажымағын, тынбағын,

Тоқталайын осымен,

Әйтпесе, менің, байқаймын,
Бірғанымды келіп тұр,
Күндіз-түні жырлағым! – депті әзілдеп. Президент аппа-
ратының жауапты қызметкері Оралбай Әбдікәрімовке арнап:

Айтайын жақсы тілекті,
Орекеңдей ағаға,
Қолындағы билігін
Жұмсасын ізгі шараға.

Пана болсын Орекең,
Мына қиын заманда
Қысылып тұрған далаға,
Жүдеген ата-анаға,

Қамқор болсын балаға,
Ізгілік құйсын санаға,
Айтпасақ оны бола ма?
Өкпелеп қалса аппарат,

Үкімет қалар далада! – деген екен. Ақынның өнеріне риза бол-
ған басшылар қол соғып, алғыс айтыпты.
Оқжетпесте
Ғафу Қайырбеков ағамыз Бәдеш жеңгемізбен жылда Көкше-

тауға келіп демалады екен. Бір жолы сәлем бере барғанында Баян-
ғали ақын ағасына:
Жырлары ұялаған ел ішіне,
Көз жетпес құлашы мен өрісіне,

Әзілдеп айтып кеткен әрбір сөзі
Айналған кең даланың кенішіне,
Сәлем бердік Оқжетпес – Олимптегі
Ойлы өлең, өткір сөздің Зевсіне!!! – деген екен.

Баян-сапар
1987 жылы анасы Бәтима қатты ауырып, Баянғали амалсыз
Алматыдан ауылға көшетін болыпты. Анасына қарау керек, ертең
бір жағдай болып кетсе, жалғыз қалған әкенің халі не болмақ? Ал-

матыдан аттанарда барлық ақын, жазушы ағалары, жолдастары
жылы сөздерін айтып, қимай-қимай шығарып салыпты. Өзі қызмет

істейтін «Жұлдыз» журналының коллективі жақсы тілектерін
білдіріп, естелік сыйлапты. Жолдастарының атынан Серік Тұр-
ғынбеков өлең жазыпты.
Жүректің табар дауасын,

Табиғат деген ең шебер,
Туған жер жұпар ауасын
Жұтып бір қайтқың келсе егер.

Жол болсын дейміз, Баянжан,
Жырларың жатсын жосылып,
Даусыңнан сенің оянған
Қазақ пен қырғыз қосылып.

Қызметке адам қонақ қой,
Көңілің көлдей, мәрт жаның,
Қырғызға кетпей, жөн-ақ қой,
Көкшеге қарай тартқаның!

Емессің көңіл қалдырған,
Жеріңдей туған дархансың,
Сексен көл сенің алдыңнан
Сексен қыз болып қарсы алсын.

Көкшенің биік құздары,
Сол құздай біз де қайсармыз,
Сағынған кезде біз дағы,
Көкшеге барып қайтармыз.

Тілектес іні, жақсы аға,
Жемісін жырдың терерсің,
Сағынтқан кезде астана,
Өзің де жетіп келерсің!

Ақын ағасы Ғафу Қайырбеков «Жұлдыздың» атынан, бүкіл
ақын-жазушылардың, Алматының атынан арнаған өлеңін оқып
беріпті:

Баян-сапар
Інім Б. Әлімжановқа
«Жұлдыздың» кенжетайы, сүйкімдісі,
Мың күнге азық болған бір күнгі ісі,

Жан-жағын дауылдатқан, дабыл қаққан
Келгенде қыранға ұқсап сілкінгісі.

Шабыттың шын перзенті, қол баласы,
Ежелгі жүйріктердің олжаласы,
Қызметке туған жерге шектің сапар,
Қолдасын жолдың пірі, жол данасы.

Көзіңде жарқыраған болашағың,
Алдыңда болар шағың, толар шағың,
Қалықта аспан жердің арасында
Тұрмыста саз кешпесін толарсағың!

Рахмет «Жұлдызға» еткен еңбегіңе,
Жұлдыздай шыға бер сен ел көгіне,
Оранып мауқыңды бас, бала қыран,
Көк майса Көкшетаудың жөргегіне!

Даланың данышпаны, ол да ағасы,
Қазақтың ортасында мол бағасы,
Көкшеге қанат болып алып ұшсын
«Жұлдыздың» жырмен жазған жолдамасы!

Әрине, сендей жанды көз қия ма Ұқсаған бойы биік боз қияға, Махаббат, шапағатты қатар жинап, Қайтарсың аман-есен өз ұяңа! – Ойбай-ау, Ғафеке-ау, мынадай өлең арнасаңыз, біз де ауылға көшіп кетер едік! – деп жіберіпті бір қаламдастар әзіл-шыны аралас. Сонда Баянғалиды қолтықтап кетіп бара жатқан Ғафекең: – Айналып кетейін, Баяшка, сен менің балам сияқтысың ғой, мен сені Бақытымнан кем көрмеймін ғой! Өлең деген жүректен

туады, әйтпесе, әнебіреулер көшіп жатса, мұндай өлең қайда-а! –
деген екен!
Кейін Ғафекең бұл өлеңін «Шұбалаң» атты кітабына енгізіпті.
Бауырлар

2007 жылы Көкшетауда, Бурабайда қазақ-қырғыз Парламенттері
бас қосады. Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов
бастаған он үш депутат пен Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің төраға-
сы Марат Сұлтанов бастаған он үш қырғыз депутатының кездесуіне

сол кездегі Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев Баянғалиды
арнайы шақырып, сөз сөйлеп беруін өтінеді. Сонда ақын:
Қырғызды бала күннен білетінбіз,
Бірге ойнап, Көкшетауда, күлетінбіз,

Мемлекет екендігін білмейтінбіз,
Қазақтың руы ғой деп жүретінбіз!

Қырғыздар Омбы барды, Үркіт асты,
Неліктен Ыстықкөлден үркіп қашты?
Сібірдің сақылдаған аязында,
Сауда ғып, сықырлатып күртік басты,

Жырларын ер Манастың ұғар ма екен,
Вагонда өскен балдар үрпек басты,
Жағдайын жақсартпай ма сол халықтың
Тоқтатып басшыларың тақталасты,

Жоқ әлде Енисейден іздеп жүр ме,
Қырғыздың атын жазған түркі тасты?!

Ежелден қырғыз аты тасқа түскен,
Оқыдық Орхондағы ескерткіштен,
Одан да он ғасырдай бұрынырақ
Арғын, Керей, Үйсіндер хатқа түскен!

Тастардан қырғыз атын таптырдыңыз,
Шаттанып, көкке қалпақ лақтырдыңыз,
Қазақтың аты жоқ деп ол тастарда,
Келеді ағамын деп мат қылғыңыз,

Қырғыздың атын қашап тасқа жазған,
Біз қазақ сол тастардың авторымыз!

Айналайын қырғызым,
Өзіме тартқан түрің бар,
Ерке бала сияқты
Тәп-тәтті болған тілің бар,

Теңдесі жоқ әлемде
Телегей теңіз жырың бар,
Байтақ жатқан қазаққа
Ағаңдай көріп еркеле,

Ініңдей көріп еркеле,
Он сегіз мың ғаламда
Еркелігіңді көтерер
Қазақтан басқа кімің бар!?

Бұдан соң Баянғали Манасты айтқанда, жиналғандар риза бо-
лып, қырғыз елшісі жылап жіберіпті. Қырғыз депутаттары қалта-
сына бір уыс ақша салыпты.
Сонда ақын:

– Құдай берейін десе, Алатауға бармай-ақ, қырғыздар Көкше-

тауға өздері-ақ әкеліп береді екен ғой! Как хорошо быть акыном,
берешь открыто, с почетом! А акимы берут скрытно! – деген екен.
Ақынның өнеріне риза болған қос Парламент тік түрегеп қол
соғып, алғыс айтыпты.

Мәдениетті қойлар
Баянғали Алматыда қызмет істеп жүргенде Москвада оқитын
Монғол елінің жазушылары Жағдалын Лхагва, Гунсен екеуін ха-
лық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қыдыртып апарады.

Сонда сарық қойлардың беттері бері қарап түскен суретін көріп,
екі қонақтың бірі:

– Почему так снимали? Где курдюк? – деп сұрайды. Оның қа-

зақтың құйрықты қойларын іздеп тұрғанын түсінген Баянғали:

– Наши овцы цивилизованные, гостям не показывают свой зад!

– деген екен.

Ғабиден мен Нәбиден Бір күні Шерхан Мұртаза, Нәбиден Әбутәлиев екеуі келе жатып, Баянғалимен кездеседі. Сонда Баянғали інісін «Палуан» деп еркелететін Шерхан: – Әй, палуан, осы сен жұрттың бәрін сабап жүрсің ғой, мына Нәбиденді сабап берші, – дейді. Оның сөзіне наразылық білдірген Нәбиден: «Неге мені сабайды, ол менің інім, мен оның атасы Сегіз серіні жазғам» – деп, өзіне тартады. Баянғали екі ағасының алдында тұрып: «Қалай сабаймын, Шераға?» – дейді. Сонда Шерхан: – Мынаны сабау керек. Бұл «СҚ»-да местком болған. Сонда: «СҚ»-да не көп, салық көп» – деп отыратын. Бір жолы картоп әкеліп беремін деп елдің ақшасын, қабын жинап алып, соңынан бәрі жайымен қалған. Сосын қабырға газетіне өлең шығарғанбыз: Жылу жинап әр үйден, Кетіп едің, Нәбиден, Картоп та жоқ, қап та жоқ, Атаңа нәлет, Нәбиден! – деп! Мұны сол үшін сабау керек! Содан «Нәбиден құрдасымды саба» деп, тағы бір кездескенде айтады. Үшінші жолы топтың көзінше Шерхан Мұртаза Баянғалиға әзілдеп: – Әй, палуан, сен менің бір тапсырмамды орындамадың ғой. Анау Нәбиденді бір сабап бер дедім, сабамай жүрсің. Бір бабыңда жүргенде қолыңа түсіп қалса, сүйкеп жіберсейші, – деп, тағы айтады. Сонда Баянғали: – Шераға, үш айттыңыз ғой, егер официальный жағын мойныңызға алсаңыз, мен сізге Нәбиден түгілі, Ғабиденді сабап берейін! – деген екен. Жұлдыз бен арт Жазушылар Одағы үйінің астыңғы қабатындағы «Қаламгер» дәмханасында әдебиет сыншысы, марқұм Төлеген Тоқбергенов Баянғалимен кездесіп қалады. Ол кезде Баянғалидың «Жұлдыз» журналына жұмысқа жаңа тұрған уақыты екен. Сонда Төлеген қарлығып шығатын дауысымен Баянғалиға: «Әй, «Жұлдызға»

келдің... «Жұлдызға» келдің... Енді артыңды қысып жүр!» – депті,
иығынан жұдырығымен қойғылап тұрып.
Баянғали ағасына қарап: «Ойбай, Төке-ау, жерде қыспаған арт-
ты жұлдызға шыққасын қысқан ұят емес пе?» – деген екен.

Қарауыл мен сарауыл
Қырымбет ауылында ақын Шәкен Отызбаевтың 100 жылдық
тойы болғанда аудандық тұтынушылар одағы, шаруашылық бас-
шылары (бәрі орыс екен) тік түрегеп қызмет жасап, қонақтарға

құрмет көрсетеді. Сөздің бір орайы келгенде Баянғали:
Рахмет, той жасаған Қарауылға,
Қарауыл үлгі болсын бар ауылға.
Қарауыл атасына той жасап еді,

Сары ауыл тұрған жоқ па карауылда! – деген екен.
Шейхтың сыйлығы
1998 жылдың шілде айында Біріккен Араб эмираттарынан
шейх Наиф Мұхаммед Көкшетауға келеді. Алыстан келген

құрметті меймандарды Бурабайда, Абылайхан алаңында ата
дәстүріне сай өлең-жырмен қарсы алған Баянғали араб-қазақ дос-
тығы, мұсылман елдерінің ынтымағы жайында толғайды.
Сыйынып жаратушы бір құдайға,

Хош келдің теңдесі жоқ Бурабайға.
Жерінен пайғамбардың сәлем әкеп,
Рахмет, құрмет қылсаң Абылайға!

Жолына тосқауыл боп ұшынғанның,
Дұрыс қой, достық қолды ұсынғаның.
Сыйласып, ынтымақпен өсе берсін,
Баласы ғаламдағы мұсылманның!

Ақынның бұдан да басқа әзілдеп айтқан біраз өлеңдерін Эко-
логия министрі Серікбек Дәукеев мәртебелі мейманға ағылшын
тілінде аударып беріпті. Аттанарда ақынға ризашылық білдіріп,
«Шүкрән!» («Рахмет!») деп қолын алған шейх бір мың швейцар

франкін сыйлаған екен.

Мешіт
1995 жылы Еңбекшілдер ауданының тарихында тұңғыш мешіт
ашылып, оған Ғабдісәләм қажының (халық Әбсәләм қажы дейді)
есімі берілді. Дұға оқылып, жиын тараған соң, дастархан басында

өлең айтқан Баянғали мешіт ашуға ұйтқы болған азаматтарға ри-
зашылын білдіре келіп, Шортан қаласының әкімі Владимир Бор-
гульге былай депті:
Рахмет, болса дағы діні басқа,

Мешітке келген Боргуль дәу құрдасқа.
Мұса, Кәшөн, Мұқашқа алып барып,
Піштіртсек, болар еді нағыз қасқа!
Осы жиында «Васильковка тау-кен байыту комбинаты» ашық

акционерлік қоғамының президенті, Әбсәләм қажының немересі
Хасен жаңа мешітке кілем сыйлаған екен. Баянғали ол кісіге:
Президент Қасекеңмен бір елденбіз,
Киелі Біржан жатқан бір жерденбіз.

Жол басы, өмір басы – Бұлақ басы,
Ауылының кемпір-шалын бір көргенбіз,
Бұлақтың бал суынан қанып ішіп,
Доп қуып, қыр астында жүгіргенбіз.

Қиялмен көкте жүзіп, жұлдыз санап,
Жан-жаққа арман қуып жөнелгенбіз!
Қасеке, хақтың жолын тұтынғайсыз,
Ізгі болсаң, өмірде ұтылмайсыз.

Әбсәләм қажы атаңның мешітінен,
Бірақ та бір кілеммен құтылмайсыз!

Жаяу жүр өңшең молда шалдарыңыз,
Жағдайын олардың да аңғарыңыз.
Шамалап, Васильковтың бар алтынын
Жолына ізгіліктің аударыңыз! – депті.

Ақын інісінің сөзіне риза болған Қасекең: «Реті келгенде, бо-
лады, болады!» – деген екен.

Көңіл күйі
Металлургтер күнінде (Теміртау, шілде, 1992 ж.) бір киіз үйде
Баянғали Айман Мұсақоджаевамен жүздеседі. Дастархан басында:
«Ақын неге үндемейді?» – депті әйгілі скрипкашы. Сонда Баянғали:

Кім десем мына сұлу – Айман екен,
Әлемге қазақ атын жайған екен,
Дүниені көркейтіп күйіменен,
Күлімдеген қыз жайлы ойға кетем.

Әні мен сәні ғажап үйлескен жан,
Күннен бе екен, жоқ әлде айдан ба екен?!
Айманымды әйбәттап барады деп,
Жанындағы жолдасы қызғанып қап,

Сорымыз Теміртауда қайнар ма екен?! – деп әзілдеп, отыр-
ған меймандарға біраз өлең шығарыпты. Қоштасарда Айман Баян-
ғалиға алғыс айтып, ризашылық сезімін білдірген екен.
Стоматологтың үйінде

Бір жолы Баянғали Степнякта нағашы апасы Бақыттың үйінде
бір топ дәрігерлермен қонақта болыпты. Жездесі Қайыргелді Қиы-
қов – тіс дәрігері. Қонақтар ет жеп болғасын, қалжыңдасып, кең
отырады. Қыз-келіншектер: «Стоматологтың үйіне келген соң ба,

тісімізді тазалағымыз кеп барады», – деп, тіс шұқығыш алдырыпты.
Кейін өлең айтқанда Баянғали:
Емес бұл құр жиналып ет жегендік,
Ойласаң, ата жолын ескергендік,

Қазақтың дастарханы болмаса егер,
Алыстап ағайыннан кетер ме едік?
Үйіне стоматологтың келгеннен соң,
Шұқылап тісімізді еркеледік,

Стоматолог болғаныңа шүкіршілік,
Гинеколог болғанда нетер едік! – деген екен.

Сенатор мен велосипед
1997 жылы Степнякта Біржан салдың қайтыс болғанына 100 жыл
толуына орай жиналыс болыпты. Оған басшылар мен бірге сенатор
Қайролла Ескендіров қатысып, сөз сөйлеп, жұртты өзіне дауыс беру-

ге шақырыпты. Халыққа қызмет қылатынын, өмір бойы адал еңбек
еткенін, дача, машина жинамақ түгілі, велосипед те алмағанын ай-
тыпты. Содан сөз кезегі Баянғалиға келгенде, жұртшылық өлең ай-
туын өтініпті. Ақын біраз толғап келіп, былай деген екен:

Біржансыз әннің оты жағылмайды,
Ақансыз сөз арнасы табылмайды,
Көкшенің ел мен жері аман болса,
Дарынды талай жастар жалындайды.

Көкшетау облысын жауып тынды-ау,
Ұмытып Кенесары, Абылайды,
Ағалар Көкшетауды жауып тастап,
Ұялмай Бурабайда дамылдайды.

Облыстық әкімшілік таратылып,
Бытырап бастықтары қашқанымен,
Тұрғанда Ақан, Біржан асқақ әні
Көкшетау ешқашан да жабылмайды!!!

Содан ел жайын жырлап келіп, сенаторға ауысады:
Сайлауға ертең халық барып тұрсын,
Қағазын Қайрекеңе салып тұрсын,
Сенатор Парламентте ел жағдайын

Айтқанда, жалтақтамай ағып тұрсын.
Әйтеуір адал жігіт көрінеді,
Артында сүйеу болып халық тұрсын,
Әйтпесе велосипед ала алмаған,

Қайрекең бізді қайдан қарық қылсын!
Ақынның машинасы
Баянғали елге келгелі айтыстарға, жиындарға жаяулап-
жалпылап, жол-жөнекей кездескен көлікпен баратын. Ақынға бір

машина беру керектігі туралы ел ішінде көп әңгіме болады. Осы
сөз аудан басшылары арасында да болған екен. 1992 жылы шілде

айында Кенесары-Наурызбай тойынан келе жатып аудан басшылары Жөкей ауылының іргесіндегі «Кирзуха» деп аталып кеткен тасты жерге тоқтайды. Сол жерде аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Василий Грохвадатский, ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қайрат Жұмабековке: «Ақшасын тауып берсеңіз, бір жұмада Омбыдан жапонның шағын автобусын әкеп беремін» – дейді. Қайрекең «ақша болады», – дейді. Сол «боладыдан» кейін бір жұма емес, бірнеше ай өтеді, жоқ. Сол жылы күзде аудан активі ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні бас қосып, сөз кезегі келгенде Баянғали жерлестерін құттықтай келіп: Ас беріп Кенесары-Наурызбайға, Ұрандап, Абылайлап халық тұрған, Қайтарда біздің елдің басшылары Басына «Кирзуханың» барып тұрған. Біз сені алақанға саламыз деп, Арқамнан Қызыр ағам қағып тұрған, Ляпота райсоветің хан Кене үшін Жүз грамм тас үстінде алып тұрған, «Мына орыс құлап кетсе, сөз болад» деп, Сансызбай әр қимылын бағып тұрған, Машина бір жұмада болады деп, Қайрат пен Василийің қарық қылған, Жыл өтті жұма түгілі, машина жоқ, Екеуі суайт екен барып тұрған! – деген екен.

Содан аудан әкімі Қызыр Жұмабаев, «Баймырза» шаруашылы-
ғының басшысы Есімбек Махметов, ауылдың әкімі Амандық Ахме-
тов, атақты бригадир Қазыбек Смағұловтың демеушілігімен 1993
жылы ақынға қызмет машинасы – жаңа «Жигули» алып беріпті.

Шалбай мен далбай
Ақтөбеде өткен Абайдың 150 жылдығына арналған айтысқа
(1994 ж.) облыс әкімі Пачин келмепті. Соған орай Баянғали былай
деген екен:

Ертіп алып қасына,
Жеті-сегіз далбайын,

Кеп тұратын айтысқа
Оңды-ақ еді Шалбайым!
----------------------------------------
Шалбай Құлмаханов – Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі.

Виски, арақ, жүң-жүң
Бішкекте, «Ақтаңдай-93» айтысында қырғыз ақынымен айты-
сып отырып, Баянғали сөздің бір реті келгенде былай деген екен:
Қазақ пенен қырғызды,

Жеңе алмаған жаулары.
Мылтық, қару-жарақпен,
Түбімізге жетпесін
Жүң-жүң, виски, арақпен!

Атташе
Жазушы Рақымжан Отарбаев Бішкектегі қазақ елшілігінде ат-
таше болып қызмет істеп жүргенде Манастың мыңжылдық тойына
барған Баянғали досына былай деп әзілдепті:

Рақымжандар – біртуар,
Бітеді ондай ұл кімге?!
Қошқарбаев от кеше,
Берлинді алса бір кезде,

Отарбаев – атташе,
Бішкекті алды бұл күнде!
Алпыс жыл мен алты сағат
Баянғали бір топ кісімен ағасы Мейрамның үйінің алдында

тұрса, бір-екі орыс келіп: «Где улица Аймаутова? Целый день ищу,
не могу найти», – депті ренжіп. Сонда Баянғали: «Аймаутов – реп-
рессированный великий казахский писатель. Шестьдесят лет пре-
давали его имя забвению, теперь можно шесть часов поискать его

улицу!» – деген екен.

Керей-поляк достығы Еңбекшілдер ауданының әкімінің орынбасары Владислав Станиславович Бочковскийге бір күні Баянғали кіріп келіп: «Керейско-польская дружба под угрозой! Ее надо срочно укрепить!» – депті. «Что случилось?» – депті шошып кеткен Бочковский. «30 литров бензин надо», – депті ақын. Бензиннің әр тамшысын санап отырған қиын уақыт болса да, бұл жолы Бочковский қуана-қуана берген екен. Тұңғыш ат 1984 жылдан бері айтысқа қатысып келе жатқан Баянғали тек қана 1991 жылы, елу сегізінші рет айтысқанда (Зайсанда) тұңғыш рет ат мініпті. Сонда: Болған соң басымда ми, жүрегімде от, Әрқашан толғанамын ұлы елім деп. Ұлы елім маған міне ат мінгізді, Қашанғы Баян жаяу жүреді деп! Рахаты қандайлығын сүйрелгеннің Білмеймін, өйткені өзім сүйрелмедім. Құрметтеп, ат мінгізіп жатырсыздар, Негізі жаяу жүріп үйренгенмін! – деген екен. Үкі 1991 жылы Зайсанда өткен айтыста Баянғалимен айтысқан шығыс қазақстандық Меделхан Хасенова: Мен саған қолым түгілі, саусағымның ұшынан да ұстатпаймын! – депті әзілдеп. Айтыс үстінде Меделхан өлеңдетіп, үкі сыйлапты. Үкіні алып тұрып Баянғали Меделханға ризшылығын білдіріп, сахнада бетінен сүйіпті. Орнына отыра сала, айтысты жалғастырып әкетіп: Басымды туған елге иіп алдым, Көңілге талай сырды түйіп алдым. Саусағын ұстатпаймын деген қызды, Үкісін сылтау қылып сүйіп алдым! – деген екен. Сол үкіні Баянғали 2004 жылы айтысты қойғанша домбырасына тағып жүріпті.

Бұлақпен құлақ
Степняк қаласында өткен ақындармен кездесуде бүгінгі таби-
ғат жөнінде жырлаңыздар деген жұртшылықтың тілегіне орай
Баянғали былай деген екен: (Аудандық «Ауыл өмірі» газетінен, 30

қыркүйек, 1992 ж.)
Бүгінде Жөкей көлі ылайланды,
Аруағы Ақан, Біржан былай қалды.
Түбінде келер ұрпақ, ағайындар,

Біздерден көлдің құнын сұрайды әлі!
Бұл сөзді көрініп тұр ұнатқаның,
Жөкейдің аршу керек бұлақтарын,
Жөкейді тап-таза ғып алу үшін,

Талайдың ашу керек құлақтарын,
Лайлаған осы көлді бастықтарды
Жөкейдің лай суына малып-малып,
Шіркін-ай, алар ма еді бұрап бәрін!

Бір коньяк пен екі коньяк
Бір жолы Баянғалиға сатирик ақын Көпен Әмірбековтың неме-
ре туысы әрі құрдасы, фототілші Берсінбек Сәрсенов: «Көпенді
сабап берсең, бір коньяк қоямын», – депті.

Баянғали: «Көпен екі коньяк қойса, қайтем?» – деген екен.
Сиырдың тілі мен екі кәлөш
Баянғалидың көршісі Молдабай Ресейдің Қорған қаласында
сиырдың тілі қымбат дегенді естіп, ауылдағы сойылған малдың

тілін жинапты. Оны көрген ақын көршілеріне: «Байқаңдар, Мол-
декең қорадағы сиырдың да тілін кесіп әкетпесін!» – дейді қал-
жыңдап. Содан, екі қап тілді арқалап, баласы Бауыржан екеуі Қор-
ғанға сауда қылуға тартады. Ол кісінің гаражында бір ауылдасы-

ның «Волгасы» тұрады екен. Поезға Баянғали «Жигулимен» шы-
ғарып салып тұрып: «Қайтарда хабарласыңыз, өзім қарсы ала-
мын», – депті. Сөйтсе, ол жақтың да бағасы біздегі бағамен шама-
лас екен, Молдекеңнің саудасы онша мәз болмай, қайтарда хабар-

ласпай, бір күні кешке жаяу-жалпылап жетіпті. Қылған саудасы-
ның ең дөкейі – Баянғалидың әкесі Тақан ақсақалдың тапсыруы-
мен бір пар жаңа галош алыпты. Сонда Баянғали:
Жүрем десе қашан да жолға дайын,

Мінем десе «Жигули», «Волга» дайын,
Қорғаннан екі кәлөш қолына ұстап,
Кешкісін жаяу кепті Молдабайым! – депті.
Омбының газы

Кеңащының газовигі болып істейтін Молдабай мұрынды кісі
екен. Біраз уақыт өткен соң Омбыға газ әкелуге барып, шаруасын
жартылай бітіріп, оны-мұны алуға ақшасы болмай, жүдеңкіреп
келсе керек. Сонда Баянғали ағасына:

Қорғаннан келдің қомпиып,
Омбыдан келдің омпиып,
Қоңқиып, аға, жүре бер,
Сатулы мына заманда

Қалмасаң болды шонтиып! – деген екен.
Аш қоғам
Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының Болат Бекенов бастаған
қызметкерлері бір жағы творчестволық кеш өткізу, бір жағы «Қа-

зақ тілі» қоғамына қаржы жинау мақсатымен ХХІІІ партсъезд
атындағы совхоз орталығы Баймырзаға Баянғалиды алып барады.
Біраз әңгіме, өлең айтылып, кеш аяқтала бергенде, ақын былай
депті:

Ағайын, ажарыңды көріп тұрмыз,
Бар ғой деп азаматтар сеніп тұрмыз.
«Қазақ тілі» қоғамына ақша сұрап,
Алдыңа төрт қайыршы келіп тұрмыз!

Ағамыз Болат деген бас қайыршы,
Қасында Төлеу деген жас қайыршы,
Бүгінгі «Қазақ тілі» қоғамдары
Өмірі тоймайтұғын аш қайыршы!

Көп шаруа болмай тұр ғой ойдағыдай,
Жүрміз-ау жол іздеумен толғанып-ай.
«Қазақ тілі» қоғамдарын өз жерінде
Дариға-ай, қайыршы ғып қойғанын-ай!

Бұл сөзге әрі күліп, әрі күрсінген совхоз директоры Есімбек
Махметов, селолық совет төрағасы Амандық Ахметов, бас зоотех-
ник Кеңес Мұқатов ақылдасып келіп, «Қазақ тілі» қоғамына бес
мың сом ақша аударыпты. Сонда Баянғали:

Совхоздың директоры Махметов,
Селсәбет төрағасы Ахметов,
Аудандық «Қазақ тілі» қоғамына
Аударды бес мың теңге рахым етіп! – деген екен.

Мұсылмандық
«Жұлдыз» журналына Баянғалидың «Қиқыматтың қиссасы»
атты повесі шыққанда журналист Кәрібай Мұсырманов ақынның
үйіне телефон соғып, құттықтапты. Ол кезде Баянғали «Көкшетау

правдасы» газетінің меншікті тілшісі, ал Кәрібай газеттің ауыл
шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болса керек. Тағы да жұмыс
бабымен мазалап, мақала сұрайды-ау деген інісінің жүрекжарды
жылы сөздеріне разы боп кеткен ақын:

Айналдым, Кәрібайым Мұсырманов,
Бұл дағы достық қолды ұсынғандық.
Келгелі Көкшетауға Алматыдан
Көрдім-ау сенен тұңғыш мұсылмандық! – деген екен.

Қош, бөтелке
Баянғали Алматыда тұрған кезінде жоғарғы партия мектебінде
оқып жатқан курстасы Болат Дәулетовке қонаққа барады. Ойнап-
күліп отырғанда бір жартыны бітіріп, Болат екіншісін қояды дас-

тарханға. Босаған шыныны әкете бергенінде, Баянғали оны сәл
бөгеп, былай деген екен:
Алдыма келіп қапты қос бөтелке,
Бірі толық, ал бірі бос бөтелке.

Барыңды сарқып алдық ішіңдегі,
Ал, енді, айналайын, қош, бөтелке,
Артыңнан мынаны да жібереміз,
Ұзап кетпей, ән жерде тос, бөтелке!

Ақынның әзіліне риза болған жігіттер қос бөтелкеге бес бөтел-
ке қосып, әбден тойлаған екен.
Малшы мен жаршы
Бір жылы Баянғали көп бейнет көріп жүріп, әрең-әрең «Кітап

жаршысы» газетіне жұмысқа тұрғанда досы Шахи марқұм (Шәй-
мерден Дәуренов): «Бұл күнде біреу – малшы, біреу – жаршы... »
деген екен. Жүзу бассейні
Баянғалидың досы Шахи (Шәймерден Дәуренов) Жамбыл об-

лысы, Жамбыл аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі
болып істеп жүрген кезінде, (сексенінші жылдар, партияның күшті
кезі) бірінші хатшы болып бір орыс азаматы келеді. Жаңа хатшы
аппаратын жинап, танысып отырып: «В партийной работе я пока

плаваю, у меня нет опыта, я пришел учиться у вас!» – депті. Сонда
Шахи жұлып алғандай: «Партийная работа не плавательный бас-
сейн, это вы должны нас учить!» – деген екен.
Соңғы директор

Қалиасқар Әйткенов «Кеңащыға» директор болып келгенде
Мамау Әубәкіров ақсақалдың үйінде Баянғалимен бірге қонақта
болыпты. Ақын директорды құттықтап, былай деген екен:
Қалиасқар шыныменен асқар ма екен,

Ауылды бір биікке бастар ма екен,
Тері де, жері де ащы Кеңащыны
Құлатып біржолата тастар ма екен?!
Шынында да, көп жылдан соң совхоздар жабылып, Қалекең

Кеңащының соңғы директоры болыпты.

Арық балық пенкит Арықбалық ауданында Жұмағали Саинның 80 жылдығы болады. Ауатком төрағасы М. Шәйкенов ұзын бойлы, ірі денелі адам болса керек. Бұл аудан кәдімгі Арықбалық екен, Қонақжай, өзі еңбекқор халық екен, Ауданы арық балық болғанымен, Бастығы кит секілді алып екен! – депті Баянғали. Ми мен бастық Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Сансызбай Балтабеков Баянғалимен әзілдесе береді екен. Бір күні бір тойда Баянғалиға: – Өңшең ішкендердің ішінде отырып, миың ашып кеткен шығар? – депті. – Бастықтың масы не, сауы не, бәрібір миды ашытады ғой! – депті ақын. * * * – Самайды аққа берейін дегенсің бе? – депті бір күні әкімнің орынбасары Сансызбай Балтабеков. Өзі елуге келсе де, шашында бір тал ақ жоқ екен. – Біз ептеп мимен жұмыс істейміз ғой, – деген екен Баянғали. Ұрлап –жырлап... Бір жолы бастықтардың бірі Баянғалиға: «Сен бірінші орынға ат мініп, кілем алып жүрсің, баитын болдың ғой!» – депті. Сонда Баянғали: «Үкіметті жегендей болмайды екен», – депті. Тағы бір әкім: «Осы сен бір жерге барасың да, бір-екі ауыз өлең айтып, ат мініп, дүние алып келесің. Елден алып жатсың, алып жатсың... » – депті Баянғалиға. «Иә, аға, екеуміз де халықтан аламыз. Бірақ мен жырлап аламын, сіз ұрлап аласыз!» – депті сонда ақын. Суырып салу Осы заманның Балуан Шолағы, жылқышы Өзаман Исатаев туралы деректі фильмге материал жинауға Жаңарқаға барғанда,

Баянғали Сәкен Сейфуллин атындағы совхозда механизатор, спорт
шебері Ғазиздің үйінде өңкей балуандармен бірге қонақта болады.
Ойнап-күліп, қонақтардың арқайсына өлең шығарып отырады.
Біраздан соң сыртқа шықпақ болып, аяқ-киімінің бауын байлап

жатқан ақынға үй иесінің зайыбы: «Қайным-ау, жұрттың бәріне
суырып шығарып жатырсың, бізге де суырып шығармайсың ба?» –
депті әзілдеп. Сонда Баянғали:
Суырып салуға мен ойланбағам,

Өкпелеп қалмас па екен қайран ағам?
Суыр-суыр дейсің де еш қоймайсың,
Жеңеше-ау, суырғанда қайда салам? – деген екен.
Ром мен құдағи

Баянғалидың машинасына байғазы деп құдасы Қаскей коньяк
сыйлап, етжеңді, мол денелі Сапура құдағиы ром берген екен.
Оның күйеуі, шағын денелі Қазез құдасы осыларды ішіп жуайық
депті. Оған Баянғали:

Құдағи ром беріп ед лайық көріп,
Қалмасын бұл сөзімді айып көріп,
Қазеке, осы ромды неғыласыз,
Қызылсары құдағи ром емес пе?

Сора бер болпылдатып, кәйіп болып,
Құдағи ұйқысырап аунап кетсе,
Бір күні кете көрме майып болып!

Ал, құда, таласуың жөн бола ма,
Сапура ана болған он балаға.
Сары алтындай он бала тауып берген
Сапурадан артық сізге ром бола ма? – деген екен.

Өлең мен МАИ
Баянғали бір жарым жылдай шопырлық правосыз жүріп, оны
алу үшін Шортан қаласына барады. Куәлік беретін Қосымбай
Әутәліпов: «Ертең келіңіз», – дейді. Сонда Баянғали қабырғада

ілулі тұрған схема суреттерді көрсетіп:
Қосағамыз дегенде Қосағамыз,

Өзіңді қашан келсең хош аламыз.
Жаман ГАИ жолықса тырқиямыз,
Жақсы ГАИ жолықса бес аламыз.

Мына жер оңға қарай бұратын жер,
Мына жер солға қарай бұратын жер.
Қай жаққа барарыңды білмей тұрсаң,
Артыңа ГАИ таяқ тығатын жер,

Сол жерден есі шыққан ақындарды
Жақсылар сүйеп алып шығатын жер! – деген екен. Ақын-
ның сөзіне риза болған майор куәлігін жазып беріпті.
Әнсәмбіл ауыл

Сәуле ауылында өткен бір кездесуде Баянғали былай деген
екен:
Ауыл бар біздің елде Сәуле деген,
Толған күй, толған аңыз, толған өлең.

Әр үйі, әр көшесі бір әнсәмбіл,
Сәуленің шөбіне де қонған өлең!
Кішіпейіл шопыр
Бір күні Баянғалидың машинасына мінген бір тәжірибелі шо-

пырлар: «Мынадай бұрылыста қайтесің? Мынадай қиылыста мына
жағыңнан машиналар келіп қалса, қайтесің? Қай жерде кім бірінші
өтуі керек?» – деп сұрай беріпті. Сонда Баянғали: «Мен өзі
кішіпейіл адаммын, ешкіммен таласпай, тоқтаймын да, бәрін өткізіп

жіберемін. Олар кеткесін жол өзіме қалады ғой! – деген екен.
Қасқабастар
1992 жылы Краснофлот селосының тұрғындарымен кездесу
өткізуге бардық. Қасымызда Болат Бекенов ағамыз бар, Баянғали

үшеуміз*
* Ақынның әңгімелерін жазып алған журналист Төлеу Дүй-
сенбаев. Шаруашылық директоры Байқаш Төлебаевтың кабинетіне
кіріп келсек, қарсы алдымызда Лениннің кісі бойындай портреті

қабырғаға сүйеулі тұр екен. Байқаш ағамыз (өзі де қасқабас) ілулі
тұрған портреттің өз-өзінен құлап түскенін айтты. Кездесуде мұ-
ның бәрі өлеңге айналды:
Алдында ағайынның өлеңдетем,

Сөзімді желпілдетем, тереңдетем,
Бағана келген кезде қарсы алдымнан
Жарқырап бір қасқабас шыға келді,
Байқаш ағам екен десем, Ленин екен!

Байекең Теміртаспен қос қасқабас,
Жөкей-дөкей дегенің үш қасқабас.
Шәужан мен Бекеновты бұған қоссаң,
Болмай ма осыменен бес қасқабас.

Ескірмес ежелгінің елесіндей
Сөзіме туған елім сенбесін бе, ей,
Осында Краснофлотқа келе қалсаң,
Қаптаған қасқабастың көрмесіндей!

Сөзімді ағайындар ұғар деймін,
Көңілін шындық сөзге бұрар деймін,
Ілініп қабырғаға Ленин атам,
Тұрудан да шаршаған шығар деймін.

Ағайын, түзу жолға оралайық,
Жабыса берсек оған болар айып,
Мазалай бермеңіздер Ленинді де,
Оны да пенсияға шығарайық!

Кісіге табынуды бекер деймін,
Табынсаң қасиетің кетер деймін,
Ленинді мазалама, Краснофлотта
Онсыз да қасқабастар жетер деймін!

Тағы да біраз өлеңдер айта келіп, совхоздың бұрынғы партор-
гы, мектеп пен институтты орысша бітірген Ермек Ысқақовқа қа-
рата былай деді:

Ермекті мен ініме балап келгем,
Ауылдас, жақын туыс санап келгем,
Әкесі Зейнолла ағам, қайран ұстаз,
Біздерге қазақ тілінен сабақ берген.

Сөйлейміз әр нәрсені салыстырып,
Халқыма жақсыларды таныстырып,
Қазақша сөйлей бастап Ермек тағы,
Жатыр ғой әке жолын жалғастырып.

Жатса да талай-талай пікір шығып,
Шегінуге айналды күпіршілік,
Орысша өсіп-өнген парторгтар
Қайтадан қазақ болса, шүкіршілік!

Уылдырық пен тұмылдырық
Баянғалидың досы Рақымжан Отарбаев Атырауға барарында:
«Мен саған уылдырық әкеп берем!» – депті. Содан Алматыға біраз
кешігіп оралады. Сөйтсе, уылдырығымен әуежайда милиция ұс-

тап, әрең құтылған екен. Сонда Баянғали:
Досыңа әкелем деп уылдырық,
Кие жаздап қалдың-ау тұмылдырық! – деген екен.
Қолсағат пен ЧеКА

1984 жылы жазушы Кемел Тоқаев алпыс жасқа толуына бай-
ланысты Баянғали екеуі Маңғыстауға барады. Бір ауылда Кемелге
қолсағат сыйлайды. Кешке дастархан басында Кемекең әлгі қолса-
ғатты Баянғалиға байлайды. Сонда ақын:

Кемеке, алпысқа кеп, болдың ата,
Ініңе жұрт алдында бердің бата.
Ерекше тақырыпқа еркін бардың,
Қазақты құпиямен шырындата,

Еселі еңбегіңе ел риза,
Прокурор, милиция және ЧеКА,
Өлеңді соза беріп неғыламын,
Қолсағатқа осы да жетер пока! – деген екен.

Құнажын мен бұқа
Еңбекшілдер ауданының Кеңащы ауылының әкімшілігі Мон-
ғолиядан көшіп келген ағайындарға ерулік береді. Шаруашылық
басшысы Қалиасқар Әйткенов әр отбасына бір құнажын, бес қой

беретінін айтады. Жиын соңында жұртшылық Баянғалидан өлең
айтуын өтінеді. Сонда ақын алыстан толғай келіп, сөз соңында бы-
лай деген екен:
Қалеке, бұл сөзіңіз нақты ма екен,

Туыстың құлағына жақты ма екен?!
Құнажын берем дейсіз ағайынға,
Соларың биыл дұрыс қашты ма екен?!

Туысқа қамқор болдың жөн білгесін,
Қалайша жөн білгенді ел білмесін.
Қашар сиыр қай уақта бұзаулайд деп,
Артына құнажынның телмірмесін.

Сөзімнің мен барайын қысқасына
Туысты шындап жақын тұтасың ба?
Құнажын берер болсаң ағайынға,
Үстіне қосып берсейші бұқасын да!

Ақынның бұл сөзіне отырғандар риза болады, Қалиасқар Әйтке-
нұлы: «Дұрыс, қашқан мал берем», – деп уәдесін береді. Айтқанын-
дай, он үйдің де құнажындары бұзаулап, ауыздары аққа тиген екен.
Айтыс пен арыз

Көкшетау қаласында «Темірқазық» жастар орталығының ұй-
ымдастыруымен өткен Абылай ханның 280 жылдығына арналған
айтыста қазылар алқасына хат түседі. «Баянғали қып-қызыл мас,
оны сендер неге сахнаға шығарасыңдар?» – деп біреулер жала

жауыпты. Осыны естіген Баянғали сахнаға шыққан соң өлеңін бы-
лай бастаған екен:
Арақты мен бір кезде алып ішкем,
Қиялмен әр нәрсеге барып ішкем.

Әлгіндей елін сатқыш жазғыштарды

Дап-дайын закускасы болсыншы деп
Ішіне стақанның салып ішкем.
Арақты достарыммен күліп ішкем,
Мәнісін әр нәрсенің біліп ішкем.

Әлгіндей елін сатқыш жазғыштарды
Өкіртіп, дірілдетіп ұрып ішкем.
Болғанмен кемшілігі зор басымның,
Әрдайым адалдардың жолдасымын.

Арақ пен темекіні қатар қойған
Мен қазір Кеңащының молдасымын!
Балалармен әзіл
Әкесі Тақан ақсақал қайтыс болғаннан кейін Баянғали қыздары

Құралай, Ақмарал мен Ақкенжеге: «Енді сендер мені еркелетің-
дер! Менің әкем жоқ, сендердің әкелерің бар!» – деген екен.

* * * Баянғалидың баласы Нұрлан мен оның достары Бейбіт пен Азамат мектепке барған жылы жөндеп оқи алмай, жиі-жиі екілік баға алып жүріпті. Әрине, оларға шешелері ренжіп, ұрсады. Сонда Баянғали: «Дұрыс, айналайындар, алғашқы кезде екінің бәрін алып алыңдар, екілері біткен соң мұғалімдер өздері-ақ төрт пен бестерін қояды!» – деген екен. Шынында да біраздан кейін балалардың оқулары жөнделіп, тәуір бағалар алатын болыпты. Апа мен жезде Баянғали жездесі Өсербайға шығарған өлеңінде былай депті: Үлкен апам Ләйләнің Үйіндегі жездеміз Өсербайды айтпай бола ма?! Уазигінен түсірмей, Күні-түні тасыған, Тастамай бізді далаға, Дөкей бала болдыңыз, Сүйіндік пен Күлшаттай Қадірлі ата-анаға,

Арқасында апамның
Гүлмира мен Өміртай,
Еркетай мен Ерболдай
Әке болдың балаға,

Мұхитына спирттің
Батып кетпей аман-сау,
Жүзіп шықтың жағаға.
Қоқаңдасаң апама,

Қаларсың босқа далада!
Жездежәнеөгіз
Тассуда тұратын Қайыр деген малшы бір дөкей өгізін сатайын
десе, алушы таппай қиналады. Баянғалидың Ұғыш деген жездесі:

«Өгізіңді банкир бажам Талғатқа өткізіп беремін, ол мал іздеп
жүрген», – деп, Қайырдың машинасын тегін мініп, Степнякқа
бірнеше рет келіп, баласы Шегейдің үйіне оны-мұныларын
жеткізіп тастайды. Бір жағынан Талғатпен сөйлесіп, малды алатын

болып уәделеседі.
Уәделескен уағында Талғаттың үйіне келсе, ол айнып, Қайрат
пен Майкенің малын алатын болғанын айтады. Біраз дауласып-
дауласып, сабаларына түскесін, сол үйде отырған Баянғалиға

Ұғыш жездесі: «Осыған бірдеңе айтпайсың ба?» – депті жай отыр-
май. Сонда Баянғали домбыраны алып:
Жездеміз Ұғыш молда жөнін білген,
Банкирге делдал болып келіп жүрген,

Қайырдың машинасын тегін мініп,
Степняк – Тассулатып желіп жүрген.
Талғатқа өгізіңді өткізем деп
Өзінің жұмысына жегіп жүрген.

Талғатжан уәдесінен айнып кетіп,
Қайрекең алданғанын енді білген.
Қайреке-ай, өзіңде де бар-ау енді,
Молда менен банкирге сеніп жүрген,

Қайтейін, қазағымның малшылары-ай,
Малыңды жөніменен өткізе алмай
Алданып, әркімге жем болып жүрген! – деген екен.

Халық пен әкім
Көкшетауда ауыл шаруашылығы күніне арналған үлкен жиын
болып, облыстың сол кездегі әкімі Жәнібек Кәрібжанов бас болып,
бүкіл аудандардың әкімдері, совхоз директорлары қатысады. Сол

жиында өлең айтқан Баянғали толғап келіп:
Айтайын дөкейлердің ортасында,
Ойлаңдар, оңға-солға тартасың ба?
Біз жүрміз ақын болып, әкім болып,

Халықтың қарапайым арқасында! – деген екен.
Алтын ауыл
Кеңащы мектебінде өткен кездесуде (1993 жылы) Баянғали:
Әркім-ақ өз ауылын алтындайды,

Жырласа, мадақтаса сарқылмайды.
Шыққанда қайқаң етіп Намазғұлға,
Кеңащым қарсы алдымнан жарқырайды! – деген екен.
Темір мен көңіл

Бірде Баянғали құдасы Нүркеннің үйінде қонақта болады. Құ-
дағиы Орынтай баласы Серкеннің інісі Шахманға (Өмірсерік) ма-
шинаның бір бөлшегін бермей жүргенін айтады. Сонда Баянғали:
Қалдырма бір-біріңнің көңіліңді,

Өксітпе, өкпелесіп өміріңді.
Серкенжан, Шахманнан аяп қалып,
Бауыр қылам деп пе едің теміріңді! – депті. Әке-шешесінің,
бауырларының тілін алмай отырған Серкен орнынан ұшып тұрып:

«Байекең айтты, бітті!» – деп, темірін жұлып алып, інісіне берген
екен.
Бөле
Баянғалидың бөлесі Әнуарбек бір күні ақынның бір шаруасына

қолғабыс жасаған екен. Риза болған ақын:
Әнуарбек Әленов,
Еңбегің жүрсін еленіп,

Көп құрметке бөленіп, Сен жүгірмей кім жүгіреді, Құдайым бізді жаратқан Тату-тәтті бөле ғып! – деген екен. Қисаңдаған әкім Ордабасында үш баба – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге ас бергенде Көкшетау делегациясын (облыстық кеңес төрағасы Чапай Әбутәліпов, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Күміс Мұратбекова, Халық ақыны Көкен Шәкеев, т. б.) қарсы алған Шымкент облысының бір ауданының әкімі көңілденіп жүріп қызып қалыпты. Дастархан басында шылымын бұрқыратып отырып: «Әй, ақын болсаң, өлең айт, әйтпесе, бізде ақындар жетеді», – депті. Сонда Баянғали толғап келіп: Алдында қазақ пенен қырғыздардың, Жырласам, елдің қолын ұрғызғанмын. Сен түгілі, облсовет төрағасы Чапайды да орнынан тұрғызғанмын.

Ағамыз жағамызға жармасып тұр,
Азырақ ақылынан алжасып тұр.
Киелі үш бабаға ас бергенде,
Мас болып, шылым сасып, қисалаңдау

Қазақтың әкіміне «жарасып» тұр! – депті. Сонда әлгі әкім
шылымын сөндіріп, қателігін мойындап, кешірім сұраған екен.
Фантомас
Облыс әкімінің орынбасары Болат Сүлейменұлы Жанәділов –

алып тұлғалы қасқа бас кісі. Мінезі кең ағасына Баянғали әзілдей
береді екен. Бір жолы сахнада өлең айтып отырып, залда отырған
Бөкеңді көріп қалып:
Дәрігерсің адам үшін арпалысқан,

Сендей ұл сирек туар алты алаштан,
Бүгінде парасатты әкім болдың,
Жақсылар жан-жағыңда анталасқан.

Атқа мініп, дулыға киіп шықсаң,
Аумас едің Қобыланды мен Алпамыстан,
Ал қазір осы күйде аумай тұрсың,
Кәдімгі кинодағы Фантомастан! – деген екен.

Қой баққан құрдас
Баянғалидың Кеңащыдағы құрдасы Сара – директор Қалиасқар
Әйткеновтың қарындасы екен. Оның күйеуі Қанат – механизатор,
ол да құрдас. Бір жылы қайнағасы Қанатты Қарасорға бір айға қой

бағуға жіберіпті. Сонда Баянғали Қанаттың атынан Сараға былай
деп өлең шығарыпты:
Өзіңмен жүруші едім ойнап-күліп,
Шіркін-ай, сабар ма едім байлап тұрып,

Ағаң бастық болғанда пайдасы ма,
Мінеки, қойды маған қой бақтырып!
Содан Сараның атынан жауап береді:
Төсіңді тұрсың, Қанат, босқа қағып,

Сөзіңді тұр ғой дұшпан, дос та бағып.
Ағама бұл сөзіңді айтып барсам,
Қой түгілі, кетесің ғой шошқа бағып!
Құлай кететін құда

Баянғали Асқар деген құдасы әрі құрдасымен әзілдесе береді
екен. Бір күні Асқардың әйелі Күләй екі-үш күн жол жүріп келеді.
Сонда ақын Асқардың атынан былай деп өлең шығарыпты:
Айналайын, Күләйім,

Сағынғаннан жылаймын.
Күләй келді дегенде,
Өз-өзімнен құлаймын,
Апырмай неге бұлаймын?!

Батырдың жүлдесі
Махамбеттің құрметіне Атырауда өткен айтыста бас жүлдеге
тігілген желмаяны әйел ақынға беріпті қазылар. «Батырдың

жүлдесін қатынға бергендері несі?» – деп, жігіттер ренжісе керек.
Сонда Баянғали:
Ақылды жеңер кейде сезім дуда,
Айтылмай қалды-ау талай сөзім тура.

Аруағы Махамбеттің қолдай жүрсін,
Түйеңді неғыламын, өзім бура! – деген екен.
Ұйқыдағы жау
Сол сапарда алматылық жас ақын Ермек Жұматаев Баянғалиға

еркелеп, әзілдесіп айтысып отырыпты. Бір кезде Қарағандыдан
келген жас ақын, қызулау болса керек, ұйықтап қалыпты. Отырған
жұрттың назарын соған аударып, Ермек әлгі жігітті бірталай өлең
қылыпты. Кезек Баянғалиға келгенде:

Бұл інім үйдеген ғой, бүйдеген ғой,
Айтыста талайларды илеген ғой.
Бірақ та атам қазақ батыр болған,
Жауға да ұйықтап жатқан тимеген ғой! – деген екен.

Спесік пен көп тесік
Қазақтың құрылтайында айтысуға шақырылған Баянғалиды ең
соңғы сәтте тізімнен сызып тастаса керек. Сөйтіп, бұл айтысқа
шықпай қалған Баянғали былай деген екен:

Ешкіммен жүрмесем де өштесіп мен,
Кей-кейде өтпей қалам көп тесіктен.
Құрылтай айтысына шыға алмадым,
Бір дөкей сызып тастап спесіктен!

Жүрсек те бабалардың ізіменен,
Халықты алалама жүзіменен.
Үкімет спесіктен сызса дағы,
Халқымның сызылмайын тізімінен!

Жеңіс пен теріс
Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған Семейдегі айтыста
Баянғали екі рет айтысып, қарсыластарынан ұпайы жоғары болға-
нына қарамастан, Қарауылдағы финалдық айтысқа өтпей қалыпты.

Көкшетаулықтарды (Көкен Шәкеев, мәдениет қызметкері Нұргүл
Нұрмышева) «Таймас-Холстен» атты фирма күтіпті. Сонда Баян-
ғали:
Өтпей қалдым финалға,

Екі бірдей жеңіспен,
Кімнің оғы тигенін
Кім біледі терістен.
Құдайдың көзі оң болса,

Табылармыз біз әлі
Талай-талай өрістен.
Жақсылықпен жасасын
Құрметтеген біздерді

«Таймас пенен Холстен»! – деген екен.
Ақан сері мен шөп
Көкшетау облыстық айтысында (1989 ж.) Баянғали айыртау-
лық Есенбек Ерденовпен айтысып отырып, Ақан серінің басын

көтеру ісі тоқтап қалғанын айтып сынайды. Оған қарсыласы:
«Бізді қайтіп сынайсың, ауданың бізден шөп алып отыр ғой!» –
депті. Сонда Баянғали:
Қайтеміз, қойса құдай көктен бермей,

Шөпті айтып. отырсайшы өктемденбей.
Ақанды айтсам шөп жаққа бұрып кеттің,
Болды ма Ақан саған шөппен бірдей?! – деген екен.
Атаны жырлау

Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Сансызбай Балтабе-
ковтың руы – қырғыз. Біржан салдың 160 жылдық тойын өткізуге
біраз еңбек қылған Сәкең бір күні Баянғалиға: «Сенің атаңды
жырлаймын деп шапқылап жатырмын, менің атамды сен қашан

жырлайсың?» – депті. «Е-е, сіздің атаңызды мен он бес жыл бойы
жырлап келемін ғой!» – депті Баянғали, Манасты меңзеп.
Поштабай мен бастық
Әнші Иран Ілияшев Көкшетауда, наурызда Баянғалимен айты-

сып отырып, бастықтардан теперіш көріп жүргенін айтқан екен.
Сонда Баянғали:
Бұл ісің елге мәлім болады де,
Тәртіпке сені халық салады де.

Ақындарға тиіскен барлық бастық
Тарихта поштабай боп қалады де! – депті, бүкіл обком,
горком, облисполкомның көзінше.
Чапай мен Петкі

Абылай ханның 280 жылдығына арналған айтыста Баянғали
осы айтысқа ұйтқы болып, Абылайдың ақ туын көтеріп шыққан
Көкшетау жастарының «Темірқазық» ұйымына жоғарыдағылар-
дың қарсылығына қарамастан қамқоршы болып, қайсарлық таныт-

қан қала мэрі Серікжан Қасымовты мадақтай жырлайды. Сонда
онымен айтысып отырған Ерік Асқаров: «Серікжан ағамызды мақ-
тап-мақтап, аюдың қызметін жасамайық, қылышын суырмасын
Чапай ағам!» депті. (Чапай Әбутәліпов – сол кездегі обкомның бі-

рінші хатшысы). Сонда Баянғали:
Ақындар азаматты мақтасын де,
Азамат ел үмітін ақтасын де,
Чапайдың ұрысқаны дәнеңе емес,

Дүниеде Петкілерден сақтасын де! – деген екен.
Атасымен нағашы
Жолдыбай ауылында бір топ қарауыл Баянғалидан: «Осы
ақындық өнер сізге қай жағынан қонды? Әкеңізден бе, шешеңізден

бе?» – деп сұрапты. Сонда Баянғали: «Атам Біржан сал болса, на-
ғашым Ақан сері болса, мен де жаман болмаспын?!» – деген екен.

Қазының жолы
«Донской» совхозының бас есепшісі Сағындық Ахметовтың
үйінде баймырзалық бір топ жігіттер қонақта отыр екен. Олар өз
ауылдарының дәстүрі бойынша қазыны кесектеп бөліп алып, жүз

граммен қосып, жұтып жіберіпті де, әйелдер жағына тимей қалып-
ты. Бір кезде Баянғалиға өлең айтқызғанда ол:
Үйінде Сағындықтың ойын-сауық,
Жігіттер қазы жұтты көңілі шауып,

Қазыдан құр қалдық деп өкпелеме,
Таң ата осы қазы, жеңгелерім,
Барады өздеріңе жолын тауып! – деген екен.
Бәйге талас

Павлодарда өткен Иса Байзақовтың тойында бас бәйгені жас
жігіт алып, дау болады. Сонда үшінші орынға ие болған Баянғали
былай деген екен:
Бәйгені біздің қазақ ұлы іс көрген,

Аяғын кейде дау мен ұрыс көрген.
Бас бәйге ап жұрттың ішін күйдіргенше,
Дұрысы үшінші боп тыныш жүрген!
Жездеге әзіл

Баянғали кіші жездесі Талғат Досымбековпен «Сексенбайдың
Талғаты, Сұлушаштың солдаты» деп құрдасындай ойнай береді
екен. Жездесі Алматыға келіп, Баянғалидың немере ағасы Жарыл-
ғасын Әбішев екеуін жатақханасына шақырады. Екеуі келсе,

жездесінің алғаны бес шыны «чекушка» арақ, «қазір жұмыртқа
қуырам» деп жүгіре береді. Ойнап-күліп отырғанда балдызының
жездесіне айтқаны:
Арақтан елу грамм тастап алып,

«Қуырып әкелем» деп тысқа барып,
Жездеміз қонақүйде жүреді екен,
Қолына жұмыртқасын ұстап алып.

Деп едің «балдыз, сені бүгін қырам» Жездеке болды мұның стыд, срам. Бір жарым литрге де шамаң келмей, Алғаның мың екі жүз елу грамм! Содан Жарылғасынға «балдызыма сыйлаймын» деп сағат береді. Баянғали біраз өлең айтады. Қызды-қыздымен, «балдызымнан аямаймын, мына сағатымды саған беремін», – деп, Талғат қолындағы үлкен көк сағатын Баянғалиға беріп жатқанда, сағат шынысының сынық екенін көріп қалған Баянғали: Мынауың сағат емес күтім көрген, Байқаймын талай жерде бүтінделген. Жездеке, берер болсаң бүтінін бер, Мен саған апайымды бүтін бергем! – деген екен. Қошқардың сәлемі Бір жылы Талғат жездесі атасы Тақанға (Баянғалидың әкесі) «жаңа қора салғанша бір жаз баға тұрыңыз» деп қойларын әкеліп тастайды. Жаз түгілі, екі қыс өтеді, жездесі қойын әкетпейді. Осылай уақыт өтіп жатқанда Баянғали жездесін Тассу ауылында, жиені Шегей Бекболатовтың үйлену тойында кездестіреді. Сонда Талғат: – Менің қойларым қалай? – деп сұраған екен. Сонда Баянғали: Аштан-аш ол қойларың шулап қалды, Сағынып сен туралы жырлап қалды. Өзіңе қара қошқар сәлем айтып, Дорбасын «привет» деп бұлғап қалды! – деген екен. Осы сөзден кейін Талғат қойларын екі күннен соң алып кетіпті. Қара қошқардың обалы Кеңащыда тұрған кезінде, бір күні Баянғали көршісі, темір пісірудің шебері, қара еңбектің қара нары Сабырмен бірге Көкшетауға жол жүреді. Қотыркөлдің шұғыл бұрылысында жолдан шығып кете жаздап, «шиқ-қ» еткізіп асфальтты сырып барып, әрең

дегенде «Жигулиін» бұрып үлгерген ақын ағасының ойға кетіп
қала беретін сырын білетін Сабыр сәлден кейін:

– Байеке, байқаңыз! Бірдеме ойлап кеттіңіз бе? – деп сұрайды.

– Әй, жаңа жолға шығарда қорадағы қара қошқар бөлек шар-

бақтағы қара тұсаққа қарап маңырап, жұлқынып қалып еді! Екеуін
бірге қамап кетпеген екенмін, қара қошқарға обал болды-ау деп
ойлап кетіп едім! – деген екен.
Распутин арағы

Қостанайда Ілияс Омаровтың 80 жылдық тойын өткізгенде
ақындарды Жітіқара ауданы күтіп, қонақ қылған екен. Дастарханға
түрлі тағамдармен қосып «Распутин» арағын қойыпты. Сонда өлең
айтып отырған Баянғали аудан әкімі Ризван Мағзұмұлына қарап:

Реке, «Распутинді» ішіп-ішіп,
Жігіттер распущенный боп кетпесін! – деген екен.
Қарсы құда
Баянғалидың ағасы Мейрам марқұмның баласы Бауыржан құ-

дашасы Жанарға үйленіпті. Қыздың әкесі Амантайдың ағасы
Өсербай Баянғалидың апасы Ләйләні алып отыр. Тойда қарсы құда
болған құдаларына өлең айта келіп, Баянғали былай деген екен:
Бауыржан мен Жанарым,

Бақытты бол, қарағым,
Құтты болсын сендердің
Жаңа өмірге қадамың.
Қуанышы болыңдар

Әйгерім, Сәуле қыздар мен
Ғалиядай ананың!
Өсіп-өніп екеуің,
Ел болыңдар бір қауым,

Бәйтеректей жайқалған,
Өсербай жездем Ләйләні
Қалың малсыз алып еді,
Бауыржан, саған рахмет,

Алып қашып Жанарды,
Есемізді қайтарған!!!

Қазан мәселесі Бір күні қонақ келгенде Баянғалидың әйелі Әлия: «Қазанға не саламын?» – деп ақынмен астың жайын ақылдасқан екен. Сонда Баянғали: Сандығыңның түбіне Түк қоймастан сарқып сал, Ертең де күн бар ғой деп, Ептеп-ептеп тартып сал, Түнде жортқан бөрідей Байекеңнің достары, Байқамай келіп қалар деп, Бір мүшесін артық сал, Не салсаң да мықтай сал, Басты ауыртып қыртпай сал! – деген екен. Содан былай әйелі ақынның мазасын алмайтын болыпты. Құдашалар Бір тойда Баянғали құдашаларды көбірек мақтап, желпілдетіңкіреп отырса, әйелі Әлия келіп қалыпты. Сонда ақын: Беу, қыздар, гүлдей жайнап көктейсіңдер, Әзілдеп бұл ағаңды ептейсіңдер, Бәрің де кереметсің, бірақ-бірақ, Өзімнің қатыныма жетпейсіңдер! – деп жұртты ду күлдіріп, құтылып кетіпті. Бажа мен балдыз Баянғалидың балдызы Ұлтай Жаркентте Айдын деген жігітке тұрмысқа шығыпты. Каникулы біткен соң Ұлтай Көкшетау пединститутына, оқуына келеді де, Айдын Жаркентте қалады. «Әне келеді, міне келедімен» екі-үш ай өтіп кетеді. Сонда ақын әзілдеп, балдызының атынан былай деп өлең шығарыпты: Айналайын, Айдын, Сүйдім, құшақ жайдым. Келмей қойды артымнан,

Түрі құрсын деп жүрмін
Бүйтіп тиген байдың!
Бұл өлең құлағына тиген соң Айдын Көкшетауға шауып
келіпті. Содан жұмысқа тұра алмай біраз жүріп қалса керек. Тағы

да балдызының атынан бажасына өлең шығарыпты:
Әкем Бақыш қой баққан,
Інім Тұраш ой баққан,
Мен боламын Жаркенттен

Көкшетауға әкеліп,
Безработный бай баққан!
Осыдан кейін Айдын әйтеуір жұмысқа тұрған екен.
Нан мен көк тас

Ақын Шәкен Отызбаевтың 100 жылдығында Баянғали «Көк-
шетау правдасы» газетінің қызметкері, ақын, жыршы ағасы Жұма-
бай Есекеевпен айтысады (той 1990 жылдың желтоқсанында Чис-
тополье ауданында, Қырымбетте болды). Сөздің бір реті келгенде

Баянғали ағасына: «Қазақтың мәдениеті мен тіліне қатысты шара-
ларға обкомың неге тарылады? Қалалық дөкейлер ауылдың жағ-
дайына неге көңіл бөлмейді?» – дей келіп:
Қалалар ауылдарды көп басынды,

Жерді ұмытып, асқақтап, көкке асылды,
Ауылым ауызыңа ас салмаса,
Нан қылып шайнар ма едің көк тасыңды! – дегенде, Жұме-
кең інісінің сөзін «дұрыс» деп құптаған екен.

Күйеу сүйреген көш
Монғолиядағы қазақтар Қазақстанға алғаш көшкен жылы
Еңбекшілдер ауданына келетін үйлерді алып келуге барған
керуенді аудандық еңбекке орналастыру, көшіп-қону мекемесінің

бастығы, журналист Орынбай Шайкенов бастаған екен. Дәл сол
кезде «Кеңащының» директоры Қалиасқар Әйткенов ауырып қа-
лып, совхозға келуге тиісті он үйді әкелуге машина болмай қалып-
ты. Содан Баянғали кірісіп, Орынбайға мән-жайды түсіндірген

соң, ол кісі: «Осы барған машиналарға сыйғызып ала келемін» –

депті. Айтқанындай, келетін үйлердің ешқайсысын қалдырмай алып келіпті. Келген соң, «Әй, балдыз, мына туыстарыңды әкелемін деп әбден қалжырадым! Қалиасқар екеуің шалқайып үйде жатырсыңдар, ал мен жүгіріп жүрмін», – депті. Сонда ақын былай деген екен: Монғолға сапар шегіп дабылдадың, Реті бар оны әйгілеп, дарылдаудың, Керейдің көшін сүйреп, күйеу бала, Өтедің бір ширегін қалың малдың. Қалжырасаң апамның қолтығына Кіріп алып екі-үш ай дамылдағын! Қасқабас пен тамшы «Искра» совхозының директоры Михаил Иванович Орлов ірі денелі, қасқабас кісі екен. Сол совхоздың Қызылұйым бөлімшесінде Баянғалимен кездесу болады. Өлең айтып отырған ақынға бір кезде халық: «Моншамыз нашар, соны бастықтарға өлеңмен айтсаңыз», – деп өтініш білдіреді. Сонда ақын: Бастықты моншаға алып бару керек, Жабылып сыпырғышпен сою керек. Төбеден тамшылаған ыстық тамшы Орловтың жалтыр басын ою керек! – деген екен. Бұл сөзді түсінген директор: «Будет баня, будет», – дей беріпті, күліп. Бастықтың ойы Бір бастық Көкшетауға барғанда Баянғалидан: «Қазір не істеп жүрсің?» – деп сұрапты. «Жазуымды жазамын, елге өлең айтамын», – десе: «Мәндірек бірдеме істемейсің бе?» – депті. Баянғали: «Сонда не істеуім керек, байлық пен билікке таласуым керек пе?» – деген екен. Зәкөн Бір жолы біреулер Баянғалиға: «Екі әйел алу туралы заңға қалай қарайсыз?» – деп, сұрақ қойыпты. Сонда ақын әзіл-шыны аралас былай деген екен:

Кесір сөз кімге керек бас қатырған?
Кесектей қараңғыда босқа атылған,
Ешқандай зәкөніңе қарамастан,
Еншалла, төрт балам бар қос қатыннан!

Алматыда біреуі,
Балдарымды бағып жүр,
Балалар да шүкірлік,
Шетелге де барып жүр,

Озып жүлде алып жүр,
Көкшетауда біреуі,
Әкем менен шешемді
Төсек тартып қалғанда,

Мәпелеп қолдан атқарып,
Отымды түзу жағып жүр,
Ортасында солардың
Өлең айтып Байекең

Ел аралап шауып жүр!
Халық пен балық
Баянғалиды біреумен шатастырған бір бастық: «Әлгі балық
аулаудың рұқсат қағазын қашан әпересің?» – депті. «Мен балық-

тың емес, халықтың адамымын», – депті сонда ақын.
Көкшетау мен президиум
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында Қосжан
Мүсіреповтың 60 жылдығы мен Нұралы Нысанбайұлының 135

жылдығына арналған айтыс болады. Сонда қонақ ақындарды атап-
атап президиумға отырғызып, Баянғалиды ұмытып, атамай кетеді.
Содан өлеңнің кезегі келгенде Баянғали:
Басқалар сығылысып сыйғанымен,

Көкшетау президиумға сыймайды ғой! – деген екен.
Үндемей біткен жұмыс
Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдық тойында (Солтүстік Қазақ-
стан облысы, 1993 ж.) өткен айтысқа Көкшетау облыстық

әкімшілігі ресми түрде бір жас ақынды апарыпты. Ұлы ақынның
«Батыр Баян» поэмасын алаш арыстары ақталмай тұрған кезде,
1975 жылдан бері ел арасында жырлап келе жатқан Баянғалидың
бұл тойдан шет қалғанына қандары қызған Көкшетаудың мәдениет

саласындағы қыздары Күміс Біләлова мен Мағрипа Әбілқасова
Қызылжардағы мәдениет қызметкерлері Роза Шоланова мен Сұ-
лушаш Темірғалиқызына хабарласады. Өңкей қыздар өзара
келісіп, Баянғалиды ақындардың тізіміне ақырын ғана жазып

жібереді. Қызық болғанда, қосалқы құрамда барған Баянғали ай-
тыста жеңімпаз атанып, бас бәйгеге ие болып, Көкшетауға Мағжан
атасының қаракер тұлпарын мініп келеді. Қыздарға риза болған
ақын былай деп өлең шығарыпты:

Мағрипа мен Күмісім,
Роза менен Сұлушаш,
Қызмет қылып жыр үшін
Үндемей-ақ бітірді

Әкімдердің жұмысын!
Қолдау
Баянғали Ақтөбеде ақтөбелік ақын Айдолла Жәкешевпен ай-
тысқанда, стадионға жиналған халық өз жерлестеріне көбірек қол

соғып, қуаттап отырса керек. Сонда Баянғали өз кезегінде:
Айдоллаға жерлестері қолын соқса,
Иә, Алла, өзің жар бол жалғызыңа! – деген екен. Бұл сөзге
бүкіл ел дүрілдеп, Баянғалиды қолдаған көрінеді.

Дос-дұшпан
Бір облысқа барғанда Баянғалиға біреулер бір ыңғайсыз сөздер
айтса керек. Сонда ақын:
Бар шығар дос, дұшпан да күндейтұғын,

Кейбіреу қадірімді білмейтұғын.
Бірақ та Көкшетауда жүргенімде,
Иті де маған қарап үрмейтұғын! – деген екен.

Прокурор мен майор
Бір жиында Баянғали аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына
әзілдеп:
Айналайын, майырым,

Ұрының қолын қайырдың.
Талай жақсы жігітті
Ұстап алып, қаматып,
Семьясынан айырдың! – депті.

Сонда қасында тұрған ауданның прокуроры: «Бұған дұрыс
болды!» – деп күліпті. Ақын оған:
Бұл өлеңнің бер жағы,
Айтылады ар жағы,

Айналайын прокурор,
Сау емессің сен дағы! – деген екен.
Сонда майор: «Міне, жаңа дұрыс болды!» – депті, күліп.
Құбырдың суы

Баянғалидың нағашы апасы Күлмәрәнің күйеуі Болат Қалқы-
шев кезінде облыстағы су шаруашылығына қатысты жобалау-
зерттеу институтының директоры, жалпақ тілмен айтқанда, судың
бастығы болған екен. Бір күні пенсиядағы апа-жездесі ақынның

үйіне келіп, әңгіме-дүкен құрып отырғанда, жездесі үйлеріне
суесептегіш қойғанын, оның тиімді екенін айтады.
Сонда Баянғали:

– Бүкіл Көкшетаудың ағыл-тегіл суын емін-еркін билеп едіңіз,

сізге де кранның суын санатып қойған заман-ай! – деген екен.
Министрдің пәтері
Көкшетаудағы қазақ театрының директоры Мұратбек Оспанов
зайыбы Айжан Бәдірқызы екеуі Кеңащыға арнайы келіп, Баянға-

лиға: «Ата-анаңызды атқардыңыз, енді қалаға, Көкшетауға
көшіңіз! Театрда өнерпаздар ортасында болыңыз!» – деп, тілек
білдіріп, 1998 жылдың жазында Көкшетауға көшіріп әкеліпті.
Театр қызметкерлеріне тұрғын үй ретінде бөлінген «Самал»

балабақшасынан үлкен пәтер беріпті. Алғашқы кезде ол үй жайлы

болғанымен, кейін жылу мен жарықтан таршылық бола бастапты. Бір күні Экология министрі Серікбек Дәукеев театрға келіп, Баянғали мен Мұратбектің «Құдалық» спектаклін көріп, риза болады. Театрдың мұң-мұқтажына бейтарап қалмай, жанашырлық танытқан министр үй мәселесін 1999 жылдың 1 сәуіріне дейін шешуге көмектесетінін айтады. Бірақ, қысқа дейін реті келмепті. Бұл кезде тұрғын үйге лайықталмаған балабақшада біраз қиындық көрген театр қызметкерлері бет-бетіне көшіп кетуге мәжбүр болады. Олар кетісімен маңайдағы жұрт балабақшаны дымын қалдырмай бұзып алады. Іс жүзінде үйсіз қалған Баянғали уақытша балдызының үйінде тұра береді. Сөйтіп жүргенде министр 1999 жылы 25 қарашада театрға келеді. Сөздің бір орайы келгенде, ақын министрге былай депті: Дәу министр Дәукеев, Еңбегі оның көп түрлі, Интеллектуал – зиялы, Меңгерген жетік шет тілді. Тоқтар батыр екеуі Протонға қарсы шеп құрды, Ала жаздай алысты Жеңемін деп гептилді, Театрға сәуірде Үй беремін деп тұрды, Сүмбілеге дейін сандалтып, Әдемі сөзбен ағамыз Ішімізді кептірді, Секеңе сенген Байекең Жиырма бірінші ғасырға Баспанасыз кеп кірді! Бұл сөзге күліп жіберген министр: «Жоқ, жиырма бірінші ғасырға дейін болады!» – депті. Айтқанындай, Мұратбек Оспанов арқылы 30 желтоқсан күні ақынның жаңа үй алуына жағдай жасаған екен. Әкенің досы Ақын Ұлықбек Есдәулетов пен Баянғали түйдей құрдас. Бұлардың әкелері Оразбай мен Тақан да, қыздары Назым мен Ақ-

кенже де құрдас. «Әкесі құрдастың – баласы құрдас», соғыс ардагері, филолог-мұғалім Оразбай ақсақал 1985 жылы Алматыға келгенінде Баянғалиды жақсы көріп, екеуі әбден сыйласып, дос болып кетіпті. Кейіннен Баянғали Ұлықбекке: «Әй, мен сенің әкеңмен ішкенмін! Мен сенің әкеңдеймін!» – деп қалжыңдайтын көрінеді. Оразбай ақсақал қайтыс болғаннан кейін, Астанада тұратын Ұлықбектің үйіне келіп құран оқып, көңіл айтып отырып, Баянғали: «Айналайын, Ұлқашым, атам қазақтың «әкең өлсе, өлсін, әкеңді көрген өлмесін», – деген сөзі бар ғой, енді Баянғали аман болсын деп тілей бер!» – деген екен. Ашылған тыныс 1999 жылдың желтоқсанында «Халық қазынасы – үшінші мыңжылдыққа!» айдарымен «Алпамыс батыр» жырының мыңжылдығына арналып, Астанада өткізілген республикалық жыршылар фестиваліне аттанарда Баянғалиға «Тыныс» ашық акционерлік қоғамының президенті Қайырбек Құсайынов демеуші болып, қаржы бөліпті. Ол кісінің ағалық ниетіне риза болған ақын былай деген екен: Оңына бассын жұмысың, Жалынды болсын жүрісің. «Тыныстан» көмек болған соң, Ашылып кетті тынысым! Манасшылардың мақтауы Жамбылдың 150 жылдығына арналған Халықаралық жыршылар конкурсында қырғызстандық дүлдүл манасшы Назарқұл Сейдрахмановтан Баянғали: – Осы қырғызда Манасты айтатын адам мыңнан біреу шыға ма? – деп сұрапты. – Оба! (Иә!) – депті Назарқұл. Сонда Баянғали: – Ал мен он миллион қазақтан біреумін ғой! – дегенде, риза болып кеткен Назарқұл ағасы құшақтай алып, «Азамат!» деп, арқасынан қаққан екен. Арада жиырма жылдай уақыт өткенде, осы әңгімені естіген қырғыз манасшысы, манасшылар қоғамының төрағасы Рысбай Иса-

қов Бішкекте өткен манасшылардың 1-халықаралық фестивалінде:
«Баянғали аға, сіз жер бетіндегі қырғыздан басқа алты миллиард
адамзаттан шыққан жалғыз манасшы емессіз бе?!» – деген екен.
Қылыш пен зеңбірек

1993 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Есет Көті-
барұлының 190 жылдығы тойланады. Сол тойда Баянғалимен ай-
тысқан ақтөбелік ақын Нұрлыбек Қалауов: «Қане, Есет пен Дәрі-
байды жырлайық», – дейді. Сонда Баянғали:

Кешегі Есет пенен Дәрібайдың
Атағы әрқашанда өрлей берсін!

Шақырдың осы тойға ақындарды,
Ақындар алдарыңда тақылдады.
Есет пен Дәрібайды мақтау үшін
Алдымен мақтау керек Көтібарды!

Ақындар бөтен сөзді бастап па еді,
Қарсылас тура келсе жасқап па еді?
Білесің, мұғалімім, бір кездерде
Қазақтың зиялы бір оқығаны

Атынан Көтібардың қашпап па еді?!

Ойлаймын, талай сырым ашылар деп,
Ақындар топ алдында тасынар деп.
Мұқаңның өзі дағы қысым көріп,
Жазған ғой Көтібарды Басыбар деп!

Ақынның айтқанынан ой аңдаңдар,
Бауырлар, жамандыққа қия алмаңдар.
Айқайлап, мақтан етіп айтыңыздар,
Атынан Көтібардың ұялмаңдар!

Көтібар дұшпанына ат ойнатқан,
Ел үшін қайтпаған ғой жанған оттан.
Көтібар батырлардан біз қашпаймыз,
Сақтасын тайғақтардан, көті жоқтан!, – деген екен.

Осы тойдан кейін Шалқар мен Ақтөбенің азаматтары Көтібар
батыр қорын құрып, арада жеті жыл өткен соң батырдың кесенесін
көтеріп, ас беріпті. Сол айтысқа арнайы шақырылған Баянғали фи-
налдық айтыста бір сөздің орайында:

Көтібар қас дұшпанын еңіреткен,
Ел үшін қан мен терін төгіп өткен.
Аждаһадай ажалға қарсы шауып,
Қайтпаған қылыш пенен зеңбіректен! – деген екен.

Сонда біраз үлкен кісілер айтыстан кейін: «Апырмай, Көкше-
таудың ақыны әсірелеп жіберді-ау, неше батыр болса да, қылыш
пен зеңбіректі қалай жеңсін?!» – десе керек. Сол кезде Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың бірге оқыған досы, экономист-ғалым,

профессор Үкетай Байжомартов: «Ленинградта оқып жүргенде
архивтен көрдім. Патша әскерінің зеңбіректері ол кезде бес-алты
доп атқаннан кейін қызып кетіп, жарты сағаттай демалады екен.
Көтібар батыр осыны аңдып тұрып, зеңбірек суығанша шабуыл-

дап, талай рет жеңіп шыққан көрінеді. Ақын сөзінің жаны бар!» –
деген екен! Ең қызығы, ақын бұл фактіні білмей айтса да, дәл айт-
қан!
Ғарышкердің ақбоз аты

Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына бір жыл толуына ар-
налған айтыста (Қарағанды, 1992 ж. Қазан айы) қарағандылық Дәу-
лет Сатибековпен айтысып отырып, сөздің бір орайында Баянғали:
Ер едік, көп елжіреп босамайық,

Қайтадан қолдан мүсін қашамайық.
Жабыла мақтап, мақтап Президентті,
Тағы да культ личность жасамайық! – деген екен.
Келесі бір сөздің ретінде залда отырған батырға арнап Баянға-

ли былай депті:
Қазаққа құдай өзі берген Тоқтар,
Қайыспай қиындықты жеңген Тоқтар,
Қырандай шүйіліп кеп самолетпен,

Үстіне кеменің дәл мінген Тоқтар.
Қазақты ұнатпайтын Москва да
Амалсыз Алтын Жұлдыз берген Тоқтар.

Содан соң батырлықпен ғарышқа ұшып,
Күнді де бір айналып келген Тоқтар,
Күн нұрын кеудесіне жиып келіп,
Шашу ғып туған елге берген Тоқтар.

Мынауың қалай-қалай мақтайды деп,
Қысылып, қыздай болып күлген Тоқтар!
Келесі күні финалдық айтыста Қабдыжәлел Сақариямен айты-
сып отырғанда, Тоқтар ағамызға қаратып:

Беу, Тоқа, жақсы болды тап келгенің,
Шүкір де құдай мұндай бақ бергенін.
Жарқырап жалғыз келмей, неге, ағатай,
Аппақ қып жеңгемізді ап келмедің?!

Генерал, космонавт боп алда тұрсың,
Арманың әрқашанда айға атылсын.
Генерал түгілі, маршал боп кетсең де,
Бәрібір жеңгеміздің солдатысың!

Сөзімді ойға салып салмақташы,
Құскөңіл қайда, қалай самғатпақшы,
Генерал, маршалдан да жеңгемізге,
Көнетін смирноға солдат жақсы!

Ақынның айтқанына нану керек,
Қиялмен әрбір іске бару керек,
Генерал, космонавтың әйелінің
Саны да космический болу керек,

Даланы мекендеген он сан ұлттың,
Бәрінен бір-бір қатын алу керек,
Көбейтіп космонавт-қазақтарды,
Жаңадан Байқоңырды салу керек! – деген екен.

Содан кейін сөздің бір орайында батырдың жанында отырған
облыс әкімінің орынбасары Нұралы Бектұрғановқа қаратып, орал-
ман ақын Қабдыжәлел Сақарияның тұрмыс жағдайына назарын
аудара келіп:

Нұреке, Қабдыжәлелге құнажын бер,
Және де кешіктірмей сразым бер.

Қай уақта қашар сиыр бұзаулайды,
Деп телміртпей біржола буазын бер! – деген екен.
Айтыстан кейін Тоқтар Әубәкіров Баянғалиды құшақтап, ал-
ғыс айтып, өз қолынан ақ боз ат мінгізіпті.

Академик пен бұзау
Академик Жабайхан Әбділдин зайыбымен Степнякқа келіп,
Біржан сал бейітіне барыпты. Дәл сол мезетте зират ішіне екі-үш
бұзау кіріп, оттап жүр екен. Оған облыс әкімі Қызыр Жұмабаев

қатты ренжіпті. Сонда Баянғали:
Зиратқа түскен екен тәмам бұзау,
Апырмай, бұлар неткен жаман бұзау,
Академик келгенін қайдан білсін,

Қараңғы, оқымаған надан бұзау! – деген екен.
Жұрт ду күліп, жадырап, ақынның жырларын тыңдапты. Ака-
демик ағасына әзілдеп:
Жабайхан аға, жалықпай,

Ойыңмен сүздің тереңді,
Аристотель, Платон,
Демокрит, Фараби,
Иммануил Кант пенен,

Спиноза, Гегельді,
Маркстен кейін қадалып,
Тексерген сенсің, Жабеке,
Диалектика дегенді,

Орысша да қазақша
Ағыла сөйлеп кеткенде,
Тыңдайды жұрт тамсанып,
Өзіңдей шешен өренді! – деген екен.

Ғұлама дәрігер
Халық қаһарманы, академик Мұхтар Әлиев зайыбымен Степ-
някқа келгенде Баянғали бірге болып, қонақтарға арнап біраз
өлеңдер айтыпты. Сонда:

Мұхтар аға, ғұлама,
Қанат жайып ғаламға,

Қаншама шәкірт өсіріп,
Ғылымның салдың жолына.
Мектебің бар өзіңнің,
Танылған оң мен солыңа,

Құтқарып қалдың талайды,
Ажалдың түскен торына.
Жасай бер, аға, өркендеп,
Адамдардың бағына,

Бірақ та бізді құдайым,
Бермесін сенің қолыңа! – деген екен.
Аудан әкімінауыстырған өлең
1993 жылы Еңбекшілдер ауданының әкімі Қызыр Ыбырайұлы

Жұмабаев облыс әкімі болып тағайындалған соң, аудан активін, ел
ақсақалдарын жинайды. Сол жиынға келген Баянғалиға бір топ ел
азаматтары: «Ал, ағаңа сен айтпасаң, басқа ешкім айта алмайды,
қазір өзінің орнына бірінші орынбасары Боргульді қойып кетуі

мүмкін. Біздің Боргульге жамандығымыз жоқ, жақсы жігіт, бірақ
Біржан атаңның ауданын өзіміздің қаракөз басқарғаны жөн ғой!
Осыны бірдеңе ғып орындат ағаңа!» – дейді.
Содан, жиналыс басталып, бірнеше адам сөйлегеннен кейін,

кезек Баянғалиға тиеді. Облыс, аудан, шаруашылық басшылары
қатысып отырған ресми жиналыста ақын домбырасын алып, өлең-
детіп қоя беріпті:
Құттықтап келді міне ел қасыңа,

Үміт пен міндет артып ер басыңа,
Қызаға, құдай қолдап әкім болдың,
Абылай, Кенесары ордасына!

Келіп тұр бүкіл аудан өзіңді іздеп,
Қызырға алғыс, баға береміз деп,
Еңбегің сіңген мына ауданыңды,
Бүгінде басқарудан дәмелі көп,

Өзіңіз облысқа өскеннен соң,
Орныңа кім келер деп зәреміз жоқ!

Еліңді сүйсең, аға, жүрегіңмен,
Ел сені тастамайды тілегінен,
Атығай басқарған соң облысты,
Әкімі бұл ауданның болу керек

Керей мен Қарауылдың біреуінен!

Сақтасын құдай сізді іс-қатадан,
Әкімді қоясыз ғой жақсы атадан,
Өзіңіз облысты ұстаған соң,
Әкімді қойып жүрме басқа атадан!

Ақын өлеңін осылай бітіргенде, жиналған халық дүркірете қол
соғып, кейбір ақсақалдардың көзінен жас шығып кетіпті. Содан,
жиналыстың соңында Қызыр Жұмабаев елге рахмет айтып, интер-
националдық достық жөнінде сөз қозғап, бірақ аудан әкімін тағай-

ындамай, жиналысты бітіріпті. Осыдан біраз уақыт өткен соң Ең-
бекшілдер ауданының әкімі етіп Кеңес Мұқатовты (Қарауыл, осы
жердің тумасы) тағайындаған екен.
Көп сары мен Ақсары

Көкшетау облысының елу жылдығын тойлағанда құрметті қо-
нақтардың ортасында өлең айтқан Баянғали сөздің бір орайында
облыс әкімі Қызыр Жұмабаевқа:
Мен өзі жігітімін Ақсарының,

Алдыңда өлең айтып ақтарылдым,
Атығай, Қарауылдар әкім болып,
Дұрыс қой Көкшетауды басқаруың,
Бір-екі Ақсарыны алмайсыз ба,

Орнына қасыңдағы көп сарының?! – деп әзілдеген екен, об-
лыстық әкімдікте басқа ұлт өкілдерінің басымдылығын меңзеп.
Кенесары мен тентек сары
Шұбыртпалы Ағыбай батырдың 190 жылдығында Баянғали

жезқазғандық ақын Қуаныш Мақсұтовпен айтысады. Ол сөзін
«тентек сарымын» деп бастаған екен. Сонда Баянғали:
Қалай деп мақтанады мына сары,
Өзіне бұлай деген жарасады,

Бір кезде сары болу моды болған,
Ұмтылған сарылыққа жұрттың бәрі.
Мақтанып керегі не сарымын деп,
Дариға-ай, болмаған соң Кенесары! – деген екен.

Ақын мен балдыз
Ілияс Жансүгіровтың 100 жылдығына арналған республикалық
айтыста алматылық Оразалы Досбосынов Баянғалиды «жезде»
деп, балдыз жолымен әзілдеуге айналады. Сонда Баянғали:

Бір елдің бетке ұстаған ақынысың,
Қайтесің балдыз болып кішірейіп! – деген екен. Сөздің мәнін
аңғара қойған Оразалы салмақты әңгімеге ойысыпты.
«Алпамысты»жырлау

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Мәңгілік сарыны» айдарымен
халық қазынасы – жыр-термелерді жарыққа шығаруды қолға алып,
алғашқы хабар – «Алпамыс батыр» жырын Қызылорда қаласында
түсіріпті. Жұмыс барысында техникалық себептермен кідіре бер-

ген соң, ренжи бастаса керек. Сонда хабардың авторы әрі жүргі-
зушісі Баянғали:

– Алпамыс батырдың көргенінің жанында біздікі айт пен той

емес пе!? Жер түбіне жортып, жеті жыл зынданда жатып, жүз мың
қалмақпен соғысып, көрмеген қорлығы, жеңбеген жауы жоқ. Ал
соның ерлігін жырлап шығуға шаршағанымыз қалай болар екен?!

– дегенде, ду күліп, шабыттанған жыршылар таңғы сағат оннан

кешкі тоғызға дейін талмай жырлап, хабарды ойдағыдай аяқтап
шығыпты.
Әкімнің мұрты
2003 жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық «Ға-

сырлар үні» жыршы-жыраулар конкурсында жүлдегерлердің сый-
лығын облыс әкімі Серікбай Нұрғисаев тапсырыпты. Қасы қалың,
мұрты қою әкімнің қолынан екінші жүлдені алып тұрып, Баянғали
былай деген екен:

Барлық адам баласы
Бейбітшілікті сүйсе екен,
Біздің қазақ ұлтындай,
Барлық қазақ баласы

Ата жырды сүйсе екен,
Сыр бойының жұртындай,
Жұмыстарың оң болып,
Күріштерің мол болсын

Серікбайдың мұртындай!
Сүндет
Ақтөбеде өткен бір үлкен айтыстан кейін Баянғалиды құрдасы,
облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қази Жасекенов бір

туысының үйіне қонаққа шақырыпты. Әлгі үйдің екі баласын сүн-
детке отырғызған екен, жиналғандар қолқалап, ақынға өлең айтқы-
зыпты. Бәрі де Шектінің Жақайым руынан екен. Сонда ақын:
Айналайын балалар,

Құтты болсын тойларың,
Піштірілген тәтәйің,
Тілеуіңді тілеп тұр,
Апайың мен атайың,

Тәтәйларың қатайып,
Көбейе берсін Жақайым! – деген екен.
Төте жол
Көкшетау қаласының құрметті азаматы Серікжан Қасымов бір

жолы мәжіліс сайлауына түседі. Ол кісіні қолдаушы топтың үлкені
Бөгенбай Жанайдаров кезінде өзі басшы қызметте істеген Щучье
ауданын аралап келе жатқанда орман ішіндегі демалыс үйіне тіке
тартамыз деп жол нұсқап отырып, жаңылып Көкшетаудың сырты-

на шығып кетсе керек. Сонда Баянғали:
Дауысын Серікжанның санай барып,
Ту сыртын Көкшетаудың жанай барып,
Түбіне қара судың тірелгенде,

Тұңғиық ойға батты Жанайдаров!

Жол жүрсең жалықпайсың Бөкеңменен,
Тартады кейде Бөкең төтеменен,
Тұп-тура төбесінен түсемін деп,
Шығады шыр айналып бөтен жерден! – деген екен.

Жөнделу
Астаналық дипломат, кәсіпкер Абай Әбуов Баянғалиды туған
жері – Мақтарал ауданы, Жетісай қаласына қыдыртып, ел, жермен
таныстырыпты. Барған бетте жергілікті кәсіпкер досы Жүсіптің

үйіне түседі. Сөйтсе, ол үйде түнімен қонақтар болып, Жүсіп әб-
ден шырқаған екен. Сол қызуынан айықпаған ол жаңадан келген
меймандардың мазасын ала бастапты. Амалын тауып ол үйден ке-
тіп қалған қонақтарды жетісайлық Мейірбек, Айдар, Болат деген

жігіттер жақсылап құрметтеп, сыйлайды. Сонда Баянғали Абайға
қарап:
Жетісай деген жер көрдім,
Жүсіп деген ер көрдім,

Меніменен ішпейтін
Қандай қызық қазақсың
Деп қиғылық салғанда,
Қайтерім білмей сенделдім,

Қазына халқың тұрғанда,
Қазымырға апарып,
Абайжан, неден қор болдың?! – деген екен. Ертеңіне ес жи-
ған Жүсіп меймандардың алдына келіпті. Сонда ақын осы өлеңін:

Жол болсын айтып таңертең,
Жүсібім енді жөнделдің! – деп түйіндеген екен.
Айдаһар мен ағалар
Көкшетаудағы демалыс паркінде балалардың тамашалауы

үшін ертеде салынған үш айдаһардың үлкен мүсінін бір кәсіпкер-
лер қиратып, орнына ресторан салыпты. Соны көрген Баянғали:

– Айдаһар айналасын жұтады дегенді естуші едік, біздің ағала-

рымыз айдаһарды да жұтып қойыпты ғой! – деген екен.

Министр мен шегіртке
Бір жиында бір шегіртке келіп Баянғалидың киіміне қона қал-
ғанда, Экология министрі Серікбек Дәукеев:

– Мына шегіртке неғып жүр? Осыған бірдеме демейсіз бе? –

депті.

– Е-е, Кәрібжановтан кейін Әлімжановқа келген шығар! Бүкіл

министр жабылып жеңе алмаған шегірткені енді өлең айтып жеңе-
міз бе? – деген екен.
(Жәнібек Кәрібжанов – сол кездегі Ауыл шаруашылық минис-
трі. Сол жылдары шегіртке қаптап, үкіметте үлкен әңгіме болған

екен.)
Жайықтың қанаты
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына орай
Қарағандыда өткен айтыста Баянғалимен айтысқан Қойлыбай

Асанов әдебиетіміздің ақсақалдарының бірі Жайық Бектұровтың
есімін құрметтеу жөнінде ой қозғайды. Сонда Баянғали көрермен-
дермен бірге залда отырған облыс әкімі Камалтин Мұхамеджанов-
қа қарата былай деген екен:

Өрге мұрты шаншылып,
Ел басқарған азамат,
Кәмекеңді қадірлеп,
Өзімсініп Өскемен,

Абаш қанша бөскенмен,
Қарағайдай Камалтин
Әкім болып көркейіп,
Өсіп шыққан Көкшеден!

Алаштың бір ардағы Жайық еді,
Құрметке қандай үлкен лайық еді,
Тірідей темір үйде өртегенде,
Жаланы мойындамай қалып еді,

Түгендеп әдебиет пен тарихыңды,
Қанатын бар қазаққа жайып еді,
Сол Жайыққа бір көше бере алмаса,
Камалтин ағамызға айып енді!

Ақындар айтқан елдің тілегі әкімнің де ойына дөп келсе керек,
ұзамай бір кітапханаға Жайық Бектұров есімі беріліпті.
Күйеубалалар
Ұлағатты ұстаз, ғалым, балалар жазушысы Сейтен Сауытбе-

ковтың 95 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы Балуан
ауылының орта мектебіне есімі беріліп, той жасалады. Осынау
игілікті шараға ұйтқы болып жүрген «Алаш» партиясының төраға-
сы, Көкшетау университетінің ректоры Жанат Қасымов пен оның

жары, Сейтекеңнің қызы Гүлнәрдің еңбегіне ел разы болады. Ке-
зінде Сейтекең өзінің қайнағасы, қазақтың үлкен ақыны, колчак-
шылардың қолынан 21 жасында қыршын кеткен Баймағамбет Із-
төлиннің шығармаларын жинап, сақтап, зерттеп, жарыққа шығару-

ға көп еңбек сіңірген. Ақсақалдың көзін көріп, сыйлас болған
Баянғали тойда айтқан арнауында осының бәрін түйіндей келіп:
Нұр шашып шәкірттердің санасына,
Жол тартып алыстағы Алашынан,

Жырларын қайнағасы Ізтөлиннің,
Өрттің де алып шыққан арасынан,
Сейтеннің атасына жасағанын,
Қайтарды құдай күйеу баласынан! – деген екен.

Соттау мен мақтау
Бірде бір юрист пен журналист жолдастары Баянғалиға:

– Сіз кейде өлең айтқанда жұртты желпілдетіңкіреп, мақтаң-

қырап жібересіз-ау осы! – депті.
Сонда ақын:

– Жұртты соттап я даттап жүргеннен гөрі, мақтап жүрген ар-

тық емес пе?! – деген екен.
Сауат

– Осы біз ру дегенді білмеуші едік, сен келіп үйреттің, – депті

біреулер.

– Е-е, аталарыңды білмей жүр екенсіңдер, көздеріңді ашқан

екенмін ғой! – депті ақын.

Ақын мен палуан
Қызылтулық балуан Бауыржанға:

– Чемпион, менімен күресесің бе? – депті Баянғали.

– Көруге болады, – дейді балуан. Сонда ақын:

– Әй, қазақ ақынмен алыса ма екен? Ақынды алақанға салмай

ма? – деген екен.
Таусылмайтын тақырып

– Бір үлкен кітабым шығайын деп жатыр, – депті ақын Қорған-

бек Аманжолов. – Оның ішінде қазақтың ұлттық намысын қайрап
жазған бірталай мақалаларым бар!
Сонда Баянғали:

– Жарықтық қазақтың ұлттық намысы таусылмайтын тақырып

болды ғой, – деген екен.
Түрме мен терме
Шымкенттік кәсіпкер азамат, базардың бастығы, бұл заманда
терме жазып жүрген бірден-бір ақын Шалқар Әбішұлы облыс

әкімшілігімен бірлесіп, бірнеше жылдан бері Шымкентте респуб-
ликалық «Шалқар термесі» конкурсын өткізіп келеді. Өз қаржы-
сын халықтық өнерді өркендетуден аямаған мәрт ағасына риза
болған Баянғали:

– Шәке, біреулер базардан түрмеге кетуші еді, сіз термеге ке-

ліп дұрыс қылған екенсіз! – деген екен.
Айықтырғыш автобус
Баянғали жаз кезінде қызып алса, кей-кейде достары Шәймер-
ден Дәуренов, Масат Беріков, Фазыл Шаухаровты іздеп, түнгі ав-

тобуспен Алматыдан Жамбылға кетіп қалады екен. Достары құшақ
жайып қарсы алып, мауқы басылған соң:

– Әй, Алматы – Жамбыл автобусы айықтырғыш сияқты, түнде

мас болып мінесің, таңертең сауығып түсесің! Алматыда ысқырып
жүріп ұсталып қалсам, милиция бүйтіп мәпелей қоймас еді, сен-
дерге тартып кеткенім дұрыс болған екен! – дейтін көрінеді.

Арабша мен қазақша
Баянғалидың жездесі Ұғыш қақаған аязда Кеңащыдан Тассуға
жете алмай, балдызының үйінде бөгеліп қалса керек. Бір кезде
қалтасынан бір қағазды суырып алып, бір дұғалықты самбырлатып

оқи жөнеліпті. Арабшаға тілі жөнді келмесе де, бұзып-жарып қай-
та-қайта оқи беріпті.

– Иә, жезде, не оқып жатсың? – деп сұрайды балдызы. Жездесі

жымың-жымың етіп, жауап беріпті:

– Зейнолла молдадан екеуміз де жолда көп жүреміз ғой деп,

әдейі қолқалап жаздырып алдым. Осыны оқи берсең, Құдай тағала
көлік кездестіреді деп еді!
Сонда Баянғали:

– Дұрыс қой, бірақ тіліңді бұрап, жаныңды қинағанша, қазақша

тілей бермейсің бе? Алла тағала қазақша да білетін шығар! – деп,
жездесін Шайдолла құрдасының «Беларусь» тракторына мінгізіп
қоя беріпті.
Формализм

Жаңадан молда болған бір бір замандастарымыз бір жиында
«әйтуге болмайды, бүйтуге болмайды» деп тақуасынып, жұртқа
мән үйрете беріпті.
Сонда Баянғали:

– Алла тағала формалист емес қой, ұсақ-түйекті есептемей,

адамның шын ниетіне қарайтын шығар! – деген екен.
Түгендеу мен жүгендеу

– Жас кезде шырқадыңыздар ғой... Арақты да өкірттіңіздер...

қызумен талайды қағып-соғып кеткендеріңіз де болды-ау, ә? Енді
кеп ораза ұстайсыздар... – депті біреулер. Сонда Баянғали:

– Иә, осы күнгі қажы, молданың бірталайымен бірге ішкенбіз.

Алланың кәрі күшті, рахматы мол деген ғой бұрынғылар. Шын
ниетімізбен қылған тәубемізді қабыл ете гөр, – деп тілейміз дағы.
Ал сендер жұрттың иманы мен тәубәсін түгендегенше, өздеріңнің
теріс пиғылдарыңды жүгендеп алсаңдаршы! – деген екен.

Мент пен молда
Бір ауылдың молдасы зират басында жұртшылыққа дауыс кө-
теріп, өйтіңдер-бүйтіңдер деп ұрсып, берекені алыпты. Ауылға
келгесін, ас үстінде әлгі молдадан:

– Аға, дін жолына түскенше, қандай жұмыс істедіңіз? – деп сұ-

рапты Баянғали.

– Шопыр болдым, милицияда істедім, – депті молда.

– Е-е, бәсе, көрініп тұр... Ол кезде бір жартыны қағып алып,

біреу-міреуге ашулансаңыз, монтировканы да жіберіп қалған шы-
ғарсыз?

– Болды ғой енді жастықта! Құдай таупих берді, қойдық бәрін!

– Иә, қойғаныңыз жөн... Монтировка мен ментовский «мето-

дыңыз» молдалық жолға жараса қоймас, – деген екен ақын.
Қазақтың мұсылмандығы

– Осы біздің қазақтың мұсылмандығы да бір түрлі ғой, – депті

біреу.
Сонда Баянғали:

– Неге бір түрлі? Фанатик емес, бірақ құдайын ұмытпайды. Бә-

рін бір Аллаға тапсырып, емін-еркін өмір сүретін біздің қазақтыкі
де дұрыс-ау осы! – деген екен.
Кереметтер

– Біздің саясат, әдебиет, өнер адамдарының бәрі өздерін керемет

санайтындары несі? – деп ренжіпті бір жолдасы. Сонда Баянғали:

– Санай берсін, содан келіп-кетер не бар!? Кереметпін деме-

генде бейшарамын деуі керек пе? Тек қана солардың бәрі өзгелерді
кемсітпей, өзінше керемет бола берсе, шын керемет сол болар еді,

– деген екен.

... изм мен сезім

– Абстракционизмге қалай қарайсыз? – деп сұраған біреулер-

ден Баянғали:

– Абстрактно! Өйткені біз измнің емес, ой мен сезімнің ақы-

нымыз ғой, – деген екен.

Кітап пен кісі ақысы

– Осы күнгі ақын-жазушылар жазғандарын жарыққа шығара

алмай, шығарса, кітабын өткізе алмай, өздері сатып жүрген жоқ
па? – депті бір байшыкеш атқамінер. Сонда Баянғали:

– Әйтеуір кісі ақысын жегеннен гөрі тәуір ғой! – деген екен.

Достық
Жақын достары Баянғалиды бір маңызды мәселелерде қапы
қалдырса керек. Кейін ұялып, ыңғайсызданады ғой баяғы. Сонда
ақын.

– Жарайды, аман болайықшы. Мен достарымды атақ пен ақша-

ға айырбастамаймын, – деген екен.
Ақын мен шекара
Ақын Әбубәкір Қайранов Баянғалиға:

– Бір кітапта мені Қытайда туған деп жазып қойыпты, ал мен

Семейде туғам, – депті.

– Е-е, жаза берсін, нағыз ақында шекара болмайды! Сен арғы

бет пен бергі бетке бірдей қазақтың ақыны емессің бе?! – деген
екен Баянғали.
Жұлдыздар мен аспан
Әбубәкір Қайранов шығармашылық кешін өткізуге дайында-

лып жүріп, әнші Сүлеймен Ибрагимовке:

– Сендердің аттарыңды афишаға қалай жазсам екен? Белгілі,

әйгілі әнші деймін бе, әлде эстрада жұлдыздары десем бе екен?! –
депті.

– Ой, аға, жай әнші дей салыңыз, тіпті, жазбай-ақ қойыңыз, –

депті Сүлеймен. – Жұлдыз десеңіз ұят болар, жұлдыз деп еңбегі
үлкен аға-апаларымызды айтсақ жарасар...
Сонда Баянғали:

– Жұрттың бәрі жұлдыз болып жатқанда, өзіңе қимайсың ба?

Сен де жұлдызсың, қазақтың аспаны кең, бәрің де сиясыңдар! –
деген екен.

Жалаңаш мәдениет
Жақсы-жаманына қарамай, шетелдік мәдениетке көзсіз құла-
ған бір замандасы жөн-жосықсыз соларды үлгі қыла берсе керек.
Сонда Баянғали:

– Немене, шетелдіктер жалаңаш жүрді екен деп, біз де арты-

мызды ашайық па?! – деген екен.
Әртістерге арнау
Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ театры-
ның әртістері Төлеубек Көңбайұлының кішкентайы Ерқасым бір

жасқа толғанда Баянғали ағаларынан өлең айтуын өтініпті. Сонда
ақын біраз әртістің атын қосып:
Құдайым бақыт берсін Ерқасымға,
Кез қылмай ызғырық пен бұрқасынға,

Жайқалып бәйтеректей бойлап өссін,
Ормандай туған елдің ортасында.

Жүрісі Төлеубектей балпаң болсын,
Көңілі Сафуандай дархан болсын,
Қайрат пен Құмарбектей ойлы болып,
Айбектей шымыр, ширақ, тарпаң болсын,

Мұратбектей ісіне мығым болып,
Мұраттар мен Ерландай маркаң болсын,
Аң атса арттан тиіп, алдан шығып,
Көңбай менен Сауандай қартаң болсын!

Жарастай сахнада сәнді болсын,
Ербайдай сөз ұғатын дәмді болсын,
Бағлан мен Бақытбектей көңілді боп,
Елтай менен Талғаттай әнді болсын,

Балдарың бәріңнің де өсіп-өніп,
Қызықты өмірлерің мәнді болсын! – деген екен.

Уағыз
Дін жолына түскен актер Сафуан Шәймерденов кездескеннің
бәріне уағыз айтыңқырай берсе керек. Бірде Баянғали:
Достарың молда, сопы бәрі кілең,

Бір жағыңда Мауляна, кәрі Гүлен,
Құдайым иманыңды кәміл етсе,
Солардың бәрінен де Дәрігүл ем! – деген екен.
(Сафуанның әйелі Дәрігүл – Мағжан Жұмабаевпен аталас, қа-

зақы тәрбие алған, әдепті, момын адам, төрт баланың анасы).
Екікішкентай
Шағын денелі, аласа бойлы актер Сафуан Шәймерденов Ан-
туан де Сент Экзюперидің «Кішкентай ханзада» повесін сахналап-

ты. Бір өзі бірнеше рөлді ойнап, әдемі спектакль шығарған екен.
Әзілі жарасқан Баянғали ағасы Сафуанға:

– Кішкентай ханзада мен кішкентай әртіс қосылып, үлкен дү-

ние жасаған екен! – депті.
Кемпір-шалға әзіл
Әртіс Сафуан Шәймерденовтың әкесі Рысбай ақсақал Алматы-
дан Көкшетауға келеді. Театр директоры Мұратбек Оспановтың

үйінде бір той болып, үлкен-кішілер бас қосады. Сонда өлең айт-
қан Баянғали құрдасы Күлпаштың шешесі мен Мұратбектің әкесі
Үкібай, Рысбай ақсақалдарға әзілдеп былай деген екен:
Беу, апа, шал қылсаңыз Ырысбайды,

Қорада бар шаруаңды тыныштайды,
Қалтаңа пенсиясын салып беріп,
Қай жаққа жұмсадың деп ұрыспайды,
Қойыңды кешке дейін бағып-бағып,

Кешке таман өзіңді дұрыстайды! – депті. Сәлден соң ойла-
нып кеткен апамызға тағы да әзілдеп:
Апамыз көзімен жер шұқылайды,
Үндемей, іштей ғана аһылайды,

Кім білсін, Ырекеңе көңлі соқпай,
Көздей ме тау тұлғалы Үкібайды!? – деп бір күлдірген екен.

Бастық пен жол
Облыстық деңгейде жоғары қызметтер атқарған Амангелді
Жақыпбеков бір күні Көкшетауда Баянғалидың машинасына оты-
рады. Біраз жүргесін бір көшеден бұрғызады, бірақ баратын жерін

таппай қалады. Сөйтсе, жаңылысып басқа жаққа шығып кеткен
екен. Ыңғайсызданып, жолды қайта іздеп табады. Сонда ақын:

– Аға, қысылмаңыз! Талтүсте адасу бастықтарға тән нәрсе ғой!

– деген екен.

Әкім мен ақыл
Көкшетау қаласының әкімі Рәшит Әкімов, Қызылту ауданы-
ның әкімі Есенгелді Кәрібаев, облыстық әкімдіктің аппарат же-
текшісі Қайыргелді Сәрсекеев Баянғалимен түйдей құрдас екен.

Бірнеше ай үлкендігі бар әкімдер ақынға әзілдеп:

– Ақын елдің еркесі, сен бізге аға бол! – дейді.

– Әкім елдің серкесі, сендер аға болыңдар, – дейді ақын.

– Жоқ, ақынның жолы үлкен, қазақ ақынды сыйлаған, сен аға

бол! – дейді әкімдер. Сонда Баянғали:

– Жарайды, ақыл берерде мен аға болайын, ақша берерде сен-

дер аға болыңдар! – деген екен.
Азық пен қазық
Астанада бір үлкен ғимараттың қабырғасына (Момышұлы, 25)
жазылған «... ық-түлік» деген сөзді көрген Баянғали:

Әп-әдемі сөз еді азық-түлік,
Әуелде оны дұрыс жазып тұрып,
Артынан түсіп қалған екі әріпті
Артына қағар ма еді қазық қылып! – деген екен.

Фейерверк
Жаңа жылда шаһарлардың бәрінде тарсылдатып аспанға фей-
ерверк атады емес пе?
Ертеңіне күкірт сасыған қорғасын ауаға қарап тұрып, Баянғали:

– Күштінің арты диірмен тартады деуші еді атам қазақ. Қазір-

гілердікі фейерверк атады! – деген екен.

Үш шек пен екі шек Қырғыз адвокаты Саипжан Мырзахметов: – Қазақтың домбырасының шегі екеу-ақ қой, біздің қомыздың шегі үшеу! – депті. Сонда Баянғали: – Бір шек – ол сендерге берілген фора ғой! Қырғыздардың үш шекпен тартатынын біздің қазақ екі шекпен де тарта береді! – деген екен. Құмыра мен шәйнек Есмағамбет Ысмайыловтың 80 жылдығына Алматыдан Көкшетауға Тұрсынбек Кәкішев, Зейнолла Қабдолов, Қабдеш Жұмаділов, Оралхан Бөкеев, Дәуітәлі Стамбеков, Сайлаубек Пернебаев сынды айтулы тұлғалар келеді. Щучье ауданы (қазіргі Бурабай), Мәдениет ауылында, мектепте үлкен салтанатты кеш өтеді. Үлкен ағаларымыз аталы сөз айтып, Есмағамбет Ысмайыловтың асқақ тұлғасын әспеттейді. Содан кейін ағыла сөйлеген «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Оралхан Бөкеев мектепке үлкен құмыра сыйлайды. Концертті өлеңмен бастаған Баянғали толғап келіп: Балалар, жақсы оқысаң толасыңдар, Есағаңдай ғұлама боласыңдар, Есағаңдай ғұлама болғаннан соң Орекеңнен құмыра аласыңдар! – деп, бір күлдірген екен. Дастархан басында ақын Дәуітәлі Стамбеков ептеп қызыңқырап сөйлейді. Сонда Зекең, Зейнолла Қабдолов: – Мұхаң, Мұхтар Әуезов: «Көшелі кісі деген сөз бар! Кісінің қандай екенін білгің келсе, көшесіне қарау керек!» – деуші еді. Дәуітәлінің де көшесі бар екен, бірақ кейде шаңдатып тұрады екен! – депті әзіл-шыны аралас. Сонда сөзді іліп әкеткен Баянғали: Қазақтың мықты ақыны Дәуітәлі, Келмей тұрған сияқты шабыты әлі, Шабытына шынымен мінген кезде, Көшесі оның біраз шаңытады, Сол кезде көшесіне кіргендердің Әкесін Дәуітәлі танытады! – дегенде жұрт ду күліп, жадыраған Дәуітәлі жанжал шығармапты. Содан, той тарқарда облыстық

мәдениет бөлімінің бастығы Күміс Мұратбекова құрметті қонақ-
тарға Көкшетау фарфор заводында жасалған бір-бір үлкен, әдемі
шәйнек сыйлапты. Сонда Баянғали:
Аузынан сөз, басынан ой кетпеген,

Аман бол, ағаларым ай, беттеген.
Осы той құмырамен басталып ед,
Аяғы аяқталды шәйнекпенен! – деген екен.
Той жақсы тарап, алматылықтар аман-сау үйлеріне жетеді. Бір

қызығы, қызып жүрген Дәуітәлі емес, сап-сау жүрген Сайлаубек
Пернебаев сувенирін сындырып алыпты. Соны естіген ақын:
Шәйнегін сындырып ап Сайлау жездем,
Барды екен апайыма қай бетпенен! – деген екен.

Шарап пен шұжық
Бір топ жас ақын-жазушылар Оспанхан Әубәкіровтың үйіне
барыпты. Ол бір Осекеңнің арақты қойып жүрген кезі екен. Жас-
тарды жаны қалмай қарсы алып, колбаса турап жатқан Осекеңе

Баянғали:

– Осаға, винзаводты қойып, колбасный цехқа ауысқансыз ба? –

деген екен. Қара қой
90-жылдардың басында Көкшетауға шығармашылық сапармен
келген Қадыр Мырзалиев облыс әкімінің орынбасары Амангелді
Жақыпбековпен бірге Еңбекшілдер ауданына келеді. Ол кезде

ауылда тұратын Баянғали ағасының алдынан шығады, қонақасы
дайындайды. Демалыс үйінде жайылған дастархан басында облыс,
аудан басшылары, жұртшылық Қадекеңнің әңгімесін тыңдап, арқа-
жарқа болады. Бірақ, қонақасының «авторы» кім екенін айтпайды.

Біраздан соң Баянғалиға жыр айтқызады. Қыза-қыза, біраз толға-
ған ақын сөз арасында:
Алатаудан жасырған қарға бойын,
Алты Алашқа асырған заңғар ойын,

Қадырдай қадірліге құрбан болған
Менің де бақытты екен қара қойым! – деген екен.

Мұхаң біледі ғой
Ақын Қорғанбек Аманжоловтың елу жылдығына келген Мақ-
тай Сағдиев оған шапан жауып, Мұхтар Мағауин өзінің он үш
томдық шығармалар жинағын сыйға тартыпты. Тойда досын құт-

тықтап өлең айтқан Баянғали Қорғанбекті мақтап-мақтап:
Тойыңа Мақаң менен Мұхаң келсе,
Қореке, онша жаман болмағаның! – деп бір күлдіріпті.
Үзілісте Қорғанбек:

– Мұхаң көп ешкімге кітабын сыйлай бермейді ғой! Елу жыл-

дығымда он үш том шығармаларын сыйлағаны жайдан жай емес
қой! Сенде бар ма еді?! – деп күпілдепті.

– Жоқ! – депті Баянғали.

– Е-е, Мұхаң біледі ғой кімге беру керек екенін! – деп Қорекең

одан сайын желпініп қойыпты.
Содан, бұлар Мұхтар ағаларын ортаға алып, әңгімесін тыңдап
тұрады. Сөзден сөз шығып, әңгіме Мұхаңның айтысып жүрген
адамдарына ауысады.

– Мен емес, өздері ғой тиісетін. Содан кейін, шындық үшін

сыбағаларын беруге тура келеді! – депті Мұхаң.
Сонда Баянғали:

– Аға, ұлы жазушы басыңызбен еңбегіңізге татымайтын кісі-

лермен тартысып қайтесіз?! – деген екен. Мұхаң күліп жіберіп:

– Ертең «Жұлдызға» келіп, ала ғой! Он үш томдықты сыйла-

дым саған! – депті. Сонда Баянғали:

– Мұхаңның он үш томын елуге келмей-ақ алдық қой! Мұхаң

біледі ғой, кімге қашан сыйлауды! – деген екен жанында тұрған
Қорғанбекке.
Ұшақтағы құшақ
1995 жылы Манас эпосының мыңжылдығында біраз мемлекет-

тік делегациялар Бішкектен Таласқа арнайы «ЯК 40» ұшағымен
шығады. Мол денелі Әбіш Кекілбаев қатар отырған Баянғалиға:

– Қолымды былай... сенің орындығыңның арқасына салып

отырсам бола ма? Әйтпесе, мына орындық тарлау екен! – депті.
Сонда Баянғали:

– Жұрт сіздің қолтығыңызға қалай кірерін білмей жүргенде,

өзіңіз ағалық құшағыңызды жайып жатсаңыз, одан қашып мен
жынды болыппын ба!? – деген екен.

Танау 1982 жылы «Қиқыматтың хикаялары» атты тұңғыш кітабы шыққанда, Баянғали, жанында ақын Әбубәкір Қайранов бар, «Қаламгер» кафесіне келеді. Ол жерде отырған Асқар Сүлейменовке кітабын көрсетеді шаттанып. Асекең имек тұмсығын саумалап қойып, кітаптың сыртындағы Баянғалидың таңқиып түскен суретіне қарап отырып: – Қазіргі жігіттер қызық, бір кітап шығарса болды, танауларын көкке көтеріп шыға келеді! – депті. Сонда Баянғали: – Біреудің танауы көкке қарайды, біреудің танауы көтке қарайды! – деген екен. Асекең: «Класс!» – депті, мырс етіп. Кемшілік пен артықшылық Ақын Жарасқан Әбдірашев бір жиында қызыңқырап қалып, біраз шу шығарса керек. Ертеңіне жанында бірге болған Баянғалидан: – Баян, кеше менен біраз кемшілік кетті-ау білем?! – деп сұрайды ыңғайсызданып. Сонда Баянғали ағасының көңілін аулап: – Жарасқанға бәрі жараспай ма, сізде кемшілік болмайды ғой! – депті. Сонда Жарасқан: – Кемшілік болмағанмен, ағаңнан біраз артықшылықтар кеттіау! – деген екен. Ақындық салыстыру Бірде ақын Кеңшілік Мырзабеков Баянғалиға аяқ астынан: – Мен сенен де мықты ақынмын! – депті. Сонда Баянғали: – Ақындығыңызды енді суырыпсалма ақындармен салыстыратын болғансыз ба?! – деген екен. Бірден классик атанасыз... Ақын Жұматай Жақыпбаев бірде сырласып отырғанда: – Қандай керемет өлеңдер жаздым! Ешкім бағалап, қадірлеп жатқан жоқ! Бұл қазаққа енді не істеуім керек? – депті.

– Сізге енді өлу керек! – депті Баянғали. – Өлсеңіз, бірден

классик атанасыз! Өмірі көрмеген құрметіңізді көресіз, естімеген
жылы сөзіңізді естисіз, мінбеген мәшинәңізге мініп, өмірі жатпа-
ған тыныш жерге барып жатасыз!
Жұмекең классик болудан бас тартып: – Қой, одан да коньяк

ішіп алайықшы! – дей берген екен.
Прописка
Ақын Әбубәкір Қайранов Алматыда пропискаға тұра алмай
қиналып жүргенде, Жұматай Жақыпбаев оны өз үйіне тіркетіп ал-

мақшы болады. Әй деп, бүй деп жүргенде, реті келіңкіремей біраз
уақыт өтіп кетсе керек. Бір қызу басқосуда өңшең жазба ақындар
Баянғалиға өлең айтқызады. Сонда сөздің бір ыңғайында Жұмекеңе:
Ертеңгі бас жазарың қамдандырып,

Жүргенше мыннан жұлып, аннан жұлып,
Әбішті шыныменен інім десең,
Үйіңе алмайсың ба заңдандырып! – деген екен. Жұмекең кү-
ліп жіберіп: «Болады, болады!» – дей беріпті.

Нағашы мен жиен
Жазушылар одағының үйінде ақын Иранбек Оразбаев жаны-
нан сәлем беріп өте берген Баянғалиға:

– Өй, жаман жиен! – депті.

– Нағашыма тартқам! – деп, кете беріпті Баянғали.

Иранбек оны тосып тұрып, қайта өте бергенінде:

– Өй, жақсы жиен! – депті.

– Әкеме тартқам! – депті Баянғали.

Ирекең күліп:

– Әй, мен сені бұдан былай әкесіне де, шешесіне де тартқан

жақсы жиен деймін! – деген екен. Олай дейтіні, Иранбек Оразбаев

– Қылды Қарауыл, заманында аталары Кенесары қолымен бірге

аттанып, Сыр бойын мекендеп қалыпты.
Баспа-бас
Иранбек Оразбаев Қызылордада «Қорқыт ата және Ұлы дала
сазы» атты түрік халықтары жыршы-жырауларының фестивалінде

Баянғалиға он үш томдық шығармалар жинағын сыйға тартыпты. Баянғали оған 64 беттік жұп-жұқа «Деген екен» кітабын сыйлап тұрып: – Нағашы, мына кітабым бұрын да абыройсыз емес еді, енді жұртқа Иранбек Оразбаевтың он үш томына баспа-бас айырбастадым деп айтамын! – деген екен. Шегіністер Ғалым, сыншы Асқар Егеубаевқа «Жұлдыз» журналы бес беттік мақалаға тапсырыс берсе, ол кісі он бет қылып жазып әкеліпті. Төгілдіріп, лирикалық шегіністермен жазған мақаланы қалай қысқартудың ретін таппай, редакция қиналып отырғанда, Баянғали Асқар ағасына телефон соғып: – Асеке, Керей басымызбен шегіне бергеніміз қалай болады? Тікелей алға тарта берсек қайтеді?! – дегенде, Асқар күліп жіберіп, мақаланың лирикалық шегіністерін алып тастап, өзі қысқартып берген екен. АлатауменКөрнекті Сатирик Көпен Әмірбековтың әйелі Алма Үмбетова – Көкшетаудан, Көрнекті ауылынан, Абылай заманында келген қырғыздардың ұрпағы. Ол Баянғалидан бес-алты ай ғана үлкен, бірақ, соны алға тартып, Баянғали Көпен ағасын жезде деп қалжыңдайды екен. Бір күні Көкшетауға келген Көпенді Баянғали Көрнектіге іздеп барады. Келсе, Көпен мен Алма есік алдында бір топ туыстарымен тұр екен. Құшақтасып, арқа-жарқа амандасқан соң, Көпен: – Апырмай, адаспай қалай таптың?! – депті. Өзі кездейсоқ тұрып қалды ма, әлде, күйеу жолымен әдеп сақтаған түрі ме, есіктің босаға жағында тұр екен. Көрнекті Көпеннің Көрнектіде көпекөрнеу көпейленіп тұрғанын көргесін, Баянғали: – Алатаудың қырғызын адаспай тапқанда, Көрнектінің қырғызын таппай не бопты? Мені қырғыздың төріне шығарған Алла ғой, сені қырғыздың босағасына отырғызған Алма ғой! – деген екен.

Халық пен ру 1992 жылы қазақтың тұңғыш құрылтайында Монғолияның Баянөлгий аймағының әкімі Мизамхан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа: «Керей халқының атынан!» – деп, шапан жауыпты. Жиын аяқталған соң жазушылар Мереке Құлкенов пен Рақымжан Отарбаев Баянғалиға: – Сендер қашан халық боп алғансыңдар? – депті әзілдеп. Сонда ақын: – Иә, біз баяғыдан Керей деген халықпыз! Ал сендер Есентемір, Ысық деген русыңдар! – деген екен. Шындық пен мақтан – Баянғалидың мақтанғаны да өзгеше, ешкімге тиіспейді, таласпайды, өз бетінше мақтана береді, – депті ғалым Тұрсын Жұртбаев. – Жоға, мен мақтанбаймын ғой, бар болғаны шындықты айтамын! Ал егер мен туралы шындықтың өзі мақтан сияқты болып жатса, шынымен осал болмағаным ғой! – деген екен ақын. Ң Ақын Ақылбек Шаяхметов «ң-ды» «н» деп сөйлейді. Қостанайда өткен 50 жылдығында Әлфия Орманшинамен айтысып отырып, той иесін жезде деп әзілдейтін Баянғали: Ақылбектің жырымен Аналар бесік тербейді, Өлеңін жаттап балалар, Қазақша жатық сөйлейді, Баланың тілін ұштаған Сол Ақаңның өзінің Ң-ға тілі келмейді!

Балдарды қорғаймын деп тіл шұбардан,
Үлгілі, өнегелі жыр шығарған,

Ақаңның ң-ға тілі келмейтіні –
Тілінің ұшын апам қыршып алған! – деген екен.
Ақылбектің әйелі Бақыт – Керейдің қызы, бес баланың анасы.
Бір өлең

Бір ақын ағасы Баянғалидың «Аңыз бен аспан» деген кітабын
оқып, телефон соғыпты:

– Кітабыңда керемет бір өлең бар екен... Қалғандары жай ғана

жақсы дүниелер... – депті.
Сонда Баянғали:

– Рахмет, аға! Сізде ол да жоқ қой! – деген екен.

Қылыш пен коньяк
Жас кездерінде сыншы, ғалым Әуез Бейсебаев Баянғалимен
бірге біраз шырқаса керек. Бір кезде Баянғали қынаптағы қылы-
шын әкеліп көрсетіпті.

– Жүзі өтіңкіремейді білем, қайрау керек, – депті Әуез, қы-

лышты әрлі-берлі қарап.

– Кел, бәстесейік, қайрамай-ақ осы қылышпен басыңды бір

тартқанда шауып түсіремін! – дейді ақын.

– Басымды осы қылышпен бір тартқанда шауып түсірсең, мен

саған бір коньяк қоямын! – дейді қызып алған Әуез қайтпай.

– Онда мен оны кіммен ішемін? – деп, Баянғали қылышын қы-

нына салған екен.
Қара көзілдірік
Ордабасыдағы жиында қара көзілдірік тағып алған ақын Ерік
Асқаров Баянғалиға:

– Кеше шырқап кетіппіз! Қара көзілдірік тақсам, басым айна-

лады! Сіз ішіп жүргенде қара көзілдірік тақсаңыз, басыңыз айна-
лушы ма еді?! – депті.
Сонда Баянғали:

– Білмеймін! Мен ішіп жүргенде қара көзілдірік тақпайтын-

мын! Қара көзілдірікті жұртқа таққызатынмын! – деген екен.

Қылмыстық топ
Ақын Әбубәкір Қайрановтың Алматыдағы «Мамыр» ықшам
ауданындағы үйінде ақындар жиі бас қосып, поэзия кештерін өткі-
зіп тұрады. Бір жолы Семейден ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов

келіпті. Оларға сәлем бере келген жас ақындар қандай, емін-еркін
бір жұма дүрілдетсе керек. Бір күні Баянғали звондаса, телефонды
Әбубәкірдің сабырлы, парасатты зайыбы Гүлзия алып, болған
жайды айтады. Сонда Баянғали.

Қосылса Әбубәкір, Тыныштықбек,
Кетеді қаңтарда да күн ыстық боп,
Мамырды азан-қазан қылады екен
Секілді басын қосқан қылмыстық топ! – деген екен.

Көл мен ақын
Ақын Құдайберлі Мырзабеков бір күні Кеңащыдағы Баянғали-
дың үйіне келіпті.

– Аға, елдегі бір көлді меншіктеп алайын деп жатырмын... Жа-

ғасын жайлап, ондатр өсіріп, шаруашылықпен айналысатын ойым
бар, – деп, естен тандыратын біраз идеяларын ортаға салады. Баян-
ғали үндемей тыңдап болып, ең соңында:

– Қарауылдан ақын шықса, көл жағалайтын әдеттерің бе? – де-

ген екен. Құдайберлі күліп жіберіп, ақыры көл шаруашылығымен
айналыспай кетіпті. (Ақан сері – Қарауыл).
Айтыстан кейінгі айтыс
1984 жылы Кенен Әзірбаевтың жүз жылдығына арналған рес-

публикалық айтыста Алматы қаласының атынан айтысқа тұңғыш
рет шыққан Баянғали шымкенттік Әселхан Қалыбековамен айты-
сады. «Сен Көкшетаудан келіп, Алматыны меншіктеп алыпсың
ғой!» – деп қалжыңдаған Әселханға Баянғали:

Адамбеков Садықбек,
Бақбергенов Сәуірбек,
Найманбаев Қалдарбек,
Тұрсынқұлов Қалаубек,

О да келген Шымкенттен!

Әлімқұлов Тәкен мен
Сүлейменов Асқар да,
Исабеков Дулат пен
Талай мықты басқаң да

О да келген Шымкенттен!
Өтебаев Тынысың,
Бізден тауып жұмысын,
О да келген Шымкенттен!

Әмірбеков Көпенің
Одан басқа бөтенің,
Ергөбеков Құлбегің
Одан басқа сан бегің,

О да келген Шымкенттен,
Мықты болса қалаңыз
Неге келген Шымкенттен?! – деген екен.
Содан, айтыстан кейін, жазушы Тұтқабай Иманбеков, аудар-

машы Қайсар Жорабеков, сыншылар Сайлаубек Жұмабеков, Әуез
Бейсебаев, фототілшілер Сайлаубек Пернебаев, Берсінбек Сәрсе-
нов, Баянғалидың курстасы, аудармашы Лесбек Нұрымбетов, жур-
налист Қалыбек Атжанов, сатирик Базарбек Түкібаев, тағы да бі-

раз шымкенттік жолдастары өкпесін білдіріпті.

– Шымкенттік мықтыларды айтқанда, бізді неге айтпай кет-

тің?! – деседі. Сонда Баянғали:

– Сендер анау сан бектердің ішіндесіңдер ғой! – деген екен.

Үзілдік пен Гүлжайна
Жұбан Молдағалиевтің 80 жылдығына арналған республика-
лық айтыста (Орал қаласы, 2000 ж.) ақындарды алдын ала жұпта-
ғанда Баянғали батысқазақстандық ақын құрдасы Үзілдік деген

келіншекпен айтысатын болады. Дәл айтыс басталарда Үзілдіктің
ауданнан келе алмай қалғаны белгілі болып, қазылар алқасы Баян-
ғалиды өзінен көп кіші оралдық ақын қыз Гүлжайна Бисенғалие-
вамен айтысқа шығарыпты. Жаңа ғана танысқан қарсыласына

Баянғали:
Құрдасымыз Үзілдік,
Жолына қарап сүзілдік,

Үзілдігім келмей қап,
Үздігіп босқа бұзылдық!

Гүлдей нәзік Гүлжайна,
Күндіз жайна, түн жайна,
Жалғыз өзің жайнамай,
Меніменен бір жайна! – деп әзілдеп, екеуі әдемі айтысып

кеткен екен.
Өлеңнің жаңғырығы
2015 жылы Баянғалидың «Сен ешқашан өзгерме» деген өлеңі-
не фейсбукта біраз жақсы пікірлер айтылыпты. «Керемет! Өлеңнің

төресі» (Сұңғат Әліпбаев), «Ой, пәлі! Сіз де ешқашан өзгермеңіз!»
(Ақмарал Ноғайбаева) деп, сүйсінген қауыммен бірге, Ақ Жайық-
тан айтыс ақыны Шолпан Қыдырниязова да өзінің ризашылығын:
«Байекең білә-ә!» деп білдіріпті. Сонда Баянғали:

Самалдай соққан теңізден,
Жыр жазып мөлдір сезіммен,
Қыздардың жанын толқытып,
Шолпанға білә-ә! дегізген! Ай, да, Байеке! – деген екен.

Әсем шал
2016 жылдың қаңтарында фейсбуктан Баянғалидың домбыра
ұстап түскен суретін көрген Сәуле Әбжанқызы деген оқырман:
«Әсем шал деп өзіңіздей адамды айтатын шығар!» – деп жазыпты.

Оған Баянғали:
Бұрынғыдан сабырлымыз, бәсеңбіз,
Баян емес, Байекеңбіз, Бәкеңбіз,
Сіз де қандай нәзік жанды едіңіз,

Әсем шалдан әсерленген әсем қыз! – деген екен.
Төрткүл дүние мен Толыбай
Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Ақтөбе облысында
Халықаралық этнофестиваль да өткізіліпті. Алтай, хакас қайшыла-

рымен бірге соған қатысқан Баянғали Әйтеке би ауданының ең

қиыр шеттегі Толыбай ауылына бара жатқанда домбырашы Аб-
дулхамит Райымбергеновтен:

– Әлемнің қанша елінде күй тарттың? – деп сұрапты.

– Австралиядан басқа жердің бәрінде болдым! – депті, өзі ақ-

төбелік күйші.

– Толыбайда болдың ба? – депті ақын.

– Жоқ! – дейді күйші.

Толыбайға келіп түсе бергенде, Баянғали Абдулхамитке:
Созады нағыз дарын қолын айға,
Өнердің бастамайды жолы қайда?
Әлемді аралаған Әбділхамит

Ақыры келді-ау міне Толыбайға! – деген екен.
Омбыдағы кездесу
Баянғали Көкшетауда біраз жыл әнші, сазгер Иран Ильяшев-
пен тоғыз қабатты үйде көрші тұрыпты. Қаланың жағдайы белгілі,

көршілердің өзі бірін-бірі біле бермейді ғой. Бір күні Ақмола об-
лысының үлкен делегациясы Омбы облысына достық сапармен
барады. Оның құрамында Баянғали да, Иран да бар екен. Омбыда
кездесіп қалған ағасына Баянғали:

Көрші боп, Ирекеңмен оңды болды,
Кездесетін жеріміз Омбы болды! – деген екен.
Кім кінәлі?!
Бір күні Баянғали «Ана тілі» газетінің бас редакторы, жазушы

Самат Ибраимға телефон соғып, редакцияға жолдаған өлеңдерінің
жайын сұрайды. Сонда Самат:

– Өлеңдеріңізді басамыз! Бірақ, Абылай ханның 300 жылдық

тойында, Көкшетау мәдениет сарайында бір амандастым, иппод-
ромдағы салтанат кезінде тағы бір амандастым! Сәлем алғаныңыз-
бен, мені танымағаныңыз қалай?! – депті. Сонда, талай өлең-
жырларын жариялап жүрген, дос көңіл замандасына Баянғали:

– Апырмай, қызық болған екен! Көрмегелі көп болды ғой! Не

мен алжиын деген шығармын, не сен қатты өзгеріп кеткен шығар-
сың! – деген екен.

Ржевтің батыры
Баянғалидың курстас досы Масат Беріков – «Нұр Отан» пар-
тиясының Жамбыл облыстық бөлімшесі төрағасының бірінші
орынбасары. Студент кезінде шындық үшін КазГУ-дің мұғалімде-

рімен дауласып қалады екен. Әсіресе, Брежнев награда алған сай-
ын, маршал атағын алғанда: «Осындай өтіріктің қажеті не?!» – деп
сұрақ қояды. Мұғалімдер оның бәрін дұрыс, халыққа керек деп
түсіндіріп бағады. «Қажеті жоқ!» деп, қаны қайнаған Масат кейде

жатақхананың үлкен шыны әйнектерін шағып тастайды екен. Бір
жолы ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский келгенде қарсы
алыпты. Келесіде Ржев маңында қаза болған жамбылдықтарға Та-
раз қаласында ескерткіш қоюға демеуші болып, дауға да қалады.

Сөйтіп жүріп, көптен хабарласпай кеткен досына Баянғали былай
деп СМС жазып жіберіпті:
Аталы жерде ержеткен,
Атағы шыққан Ржевтен,

Шыныдан маржан шаштырып,
Шырылдап шындық іздеткен,
Жаныстан шыққан жолбарыс
Жириновскиймен жүздеткен,

Масатжан, аман-саумысың,
Хабар-ошарсыз мол кеткен!
Хатты алысымен, Масат телефон соғыпты.
Қол мен шанышқы

Баянғалидың бір бастық балдызы етті қолымен жемей, ша-
нышқы сұратып алыпты.
Сонда ақын:

– Қайтсін, қолы таза емес қой, – деген екен.

Қажы мен тазы
Бір жиында бір ақсақал ағамыз бетімен сөйлеп, әркімді бір кекеп-
мұқап, ғайбаттап, мазақ қылып, арасында бәдігін сапырып отырыпты.
Өзі кезінде үлкен қызметтер атқарған, кейіннен қажыға барған кісі

екен. Онымен кім тайталасып жатсын? Жұрт үндемеген сайын әб-

ден көсіліп: «Менің тілім ащы, сұғып алсам, тиген жерін сойып
түсіреді!» – деп, біраз жерге барып қайтса керек. Сонда Баянғали:
Айтайын бір ауыз сөз әзіл үшін,
Ағасы, сен шынымен қажымысың?

Талай жыл хатшы болып, басшы болып,
Құдай жоқ дегеніңе разымысың?
Түлкідей мың құбылған заманыңды
Қажы боп шалып жүрген тазымысың?!

Жиналған осы тойға алқа топқа,
Айтатын жөні түзу сөзің жоқ па?
Өзіңнің жыртығыңды бүтіндеп ал,
Біреудің тесігіне тілің тықпа.

Қажы боп Қағба тасты сүйіп едің,
Аузыңды жүрсің бе әлі былғап боққа! – деген екен.
Түн ішіндегі күріш
Ертеректе бір топ жас ақын түнделетіп бір ағаларының үйіне

келеді. Үй иесі құрақ ұшып, шөлмегін шығарып, әйелі қалған кү-
рішін жылытып, шай береді. Сонда ақындардың бірі әзілдеп.
Жеңеше, көп рахмет күрішіңе,
Жарады күрішің де бір ісіңе, – дей бергенде, Баянғали:

Күріштен артық қандай ырыс керек,
Қаңғып жүрген кісіге түн ішінде! – деген екен.
Рауменжырау
Ақмола облысына Альберт Рау әкім болып келіпті. Бір күні

әкіммен кездесіп, танысқанда Баянғали.

– Вы – Рау, я – жырау! Меня зовут Баянгали Алимжанов, поэт,

писатель, драматург, акын-импровизатор, жырау-сказитель, един-
ственный казах-манасчи, режиссер, сценарист и актер кино, Зас-
луженный деятель Казахстана, лауреат Международной премии
Кыргызстана, боксер, борец и на дуде игрец! Будешь меня уважать

– то ты молодец, если не будешь уважать – то тебе... конец! – де-

ген екен.

Бастық пен құлақ
Бір күні Баянғали сырқаттанып, Астанада дәрігерге келсе, Ең-
бекшілдер ауданында басшылық қызметте істейтін құрдасы Те-
мірбек Омаров отыр екен. Жөн сұрасқанда:

– Асқазан ба, шек пе, бауыр ма, әйтеуір іш құрылыс мазамды

алып тұр, – дейді ақын.

– Е-е, жей бересіңдер, жей бересіңдер! Содан ауырасыңдар! –

депті Темірбек. Сонда Баянғали:

– Сендердің жегендеріңнің жанында біздікі не дейсің? Жеген-

нен ауырса, бастықтар баяғыда мүрдем кетер еді ғой! Өзің неғып
жүрсің? – деген екен.

– Құлағым ауырып... – дейді әкім құрдасы. Сонда ақын:

– Бастыққа құлақтың керегі не? Бәрібір ешкімді тыңдамайсың-

дар! – деген екен.
Жем мен тарих
Құрдасы Темірбек Омаровқа Баянғали: «Апайыма жем тауып
бер!» дейді.

Бір күні Темірбек звондап:

– Әй, құрдас, биыл құрғақшылық болды ғой, жем дефицит! Бі-

рақ, сен айтқасын бес қап жем тауып бердім! Өлеңіңе кіргізіп, кі-
табыңа жазып қой! – депті.

– Немене, бес қап жеміңді арқалап, тарихқа кіре қояйын деп пе

едің? – деген екен ақын.
Ештен кеш...
Біржан салдың туысы, Бертіс биден тарайтын Ермек Нұғыма-
нов аудан әкімі боп тұрғанда Баянғалидың апайы Майкеге бір ма-

шина бидай жемін беретін болыпты. Біраз уақыт өткен соң, бидай
болмай тұр, ешмен берейін дейді. Оның да аяғы созылып кетіп,
қыс ортасында кездесіп қалған Ермекке Баянғали:
Мен Көкшетауға көшкенде,

Сен әкім болып өскенде,
Әуелі бидай берем деп,
Артынан түстің ешменге,
Мақұл боп ек оған да,

Сөзіңіз мүлде өшкен бе? – дегенде, Ермек:

– Ойбай, аға, жұмыстан қол тимей кетті, ертең жеткізіп берем!

– депті. Сонда Баянғали.

Мұныңа да ризамыз,
Кеш жақсы деп ештен де! – деген екен.
Сәлем беру
Бір күні Баянғали баласы Нұрланмен бірге Степнякқа келеді.

Аэрофлот кассасының алдында аудан әкімінің орынбасары Сан-
сызбай Балтабеков пен облыстық мәдениет басқармасының басты-
ғы Күміс Мұратбекова кездесіп қалады. Ақын олармен амандаса-
ды. 7-8 жасар Нұрлан Сансызбайға қос қолдап сәлем береді де,

Күміске сәлем бермейді.

– Тәтеңе неге сәлем бермейсің? – дейді Баянғали. Сонда кіш-

кентай Нұрлан:

– Өй, ол қатын ғой! – депті, шынымен таңғалып. Әйелге қол

бермейтін қазақ салтын ұстанған ауыл баласының қылығына бас-
тықтар әбден күлген екен.
Нұх пайғамбар мен қой, жылқы
Баянғалидың кішкентай немересі Ғабдолла:

– Ата, Нұх пайғамбар қазақ па? – деп сұрапты. Сонда атасы:

– Кемедегі қой мен жылқыны жеп қоймай, аман алып шыққа-

нына қарағанда қазақ емес-ау! – деген екен.
Үш қатын мен күшті ақын
Ақын Әбубәкір Қайранов телефон арқылы сөйлескенде:

– Гүлзия Семейге тойға кетті. Қасында Ғанимат құдағи, тағы

бір әйел бар, – депті. Сонда Баянғали:
Тойға кетті үш қатын,
Үйде қалды күшті ақын,
Енді қандай амал бар,

Отырып ал да қыс тақым! – деген екен.

Иттің ірісі

– Анау ағамыз бетіңе күлгенмен, сыртыңнан сен туралы жаман

сөз айтады, байқап жүр, – депті бір кісі. Сонда Баянғали:

– Артыңнан үрген иттің де ірі болғаны жақсы! – деген екен.

Жүру
Бір үлкен кісі алқа топтың ішінде әркімге бір ұрынып, аузына
келгенін айта берсе керек. Сонда Баянғали:

– Аға, біз жүре берейік, сіз... – деп, шығып кете беріпті.

Қызық-ай!
Кеңащы ауылында тұрған кезінде бір жолы Баянғали Абай де-
ген жылқышы, Жамбыл деген тракторшымен жылқыға, соғым әке-
луге аттанады. Шығарда інілері ақын ағаларына еркелеп, бір-екі

жүз грамм ішіп алады. Қысқы далада Жамбыл тракторын бұрқы-
ратып, жылқыға келеді. Абай бір айғырға қарғып мініп, шу асау
жылқыларды шыр айналдыра қуып, құрықпен семіз байталды ұс-
тайды. Ауылға алып келгесін, Молдабай, Серғазы, Нығмет, Нұр-

сұлтан, Сабыр деген көршілері жабыла кетіп, соғымды сойып, ра-
хаттана қуырдақ жеп отырғанда Баянғали:

– Жігіттер, бір қызық әңгіме болып тұр. Абай мен Жамбыл,

Баянғали үшеуі соғымға барыпты, Абай мен Жамбыл өлең шығар-
майды екен, Баянғали ақын екен, Абай мен Жамбыл ішіп алыпты,
Баянғали ішпепті дегенге ешкім де нанбайтын шығар?! Сөйтіп,
Абай мен Жамбылдың әкеліп берген соғымын Нұрсұлтан сойып

беріпті десек, тіпті қызық-ау, ә?! – деген екен.
Керей мен Қарауыл
Баянғалидың анасы Бәтима – Қылды Қарауылдың қызы. Мек-
тепте оқып жүрген Баянғалидың тілін қызық көріп, бір күні:

– Керейдің атасы кер жорға ит деген сөз қалыпты бұрынғыдан!

– дейді.

Сонда бала Баянғали:

– Мама, Қарауылдың атасы қарала ит десем, жақсы көресің бе?

– дегенде, анасы әбден күліп, ризашылықпен басынан сипаған екен.

Керей мен Найман
Баянғали оныншы класта оқып жүргенде Степнякта, апасы
Ләйләнің үйінде тұрыпты. Бір күні бір жолаушы келіп, Семей жақ-
тан келе жатқанын, жүк машинасы сынып қалғанын, енді бүгінше

қонып шығатын үй іздеп келгенін айтады. Содан апа-жездесі ата-
аналары Сүйіндік пен Күлшатты шақырып, әлгі кісіні тамақтанды-
рып, қонуға үлкен үйге жібермек болады. Ас үстінде сөйлесіп, жөн
сұрасады.

– Мен Найман жігітімін, – дейді қонақ. – Сіздер кім боласыздар?

– Керейміз, – дейді Сүйіндік ақсақал.

– Е-е, Керей болсаң, Керей бізде де бар! Біз оларды: «Керей,

шертіп қалсаң, серей!» дейміз! – депті қонақ.
Үйдегілер не дерін білмей, үндемей қалса керек. Сонда, Ке-
рейдің үйіне кіріптар болып келіп, кекетіп отырған қонақтың қы-
лығына қаны қызып кеткен оқушы Баянғали:

– Мына Найман не деген хайуан! – деген екен.

Жұрт ду күліпті.
Қыземшектің қызуы
Көкшетауға бара жатқанда, жол бойындағы бір төбеден өте
бергенде:

– Мына төбенің аты Қыземшек! Қазақ ат қоюға шебер ғой! Қа-

лай дәл қойған! – дейді Баянғали рөлде келе жатқан жас музыкант
Мейрам Тәлімұлына.

– Кәне? Кәне!? Керемет! – деп, Мейрам қызыға қарап, мойнын

бұрып, ұмтылып-ұмтылып қойса керек. Сонда ақын әзілдеп:
Қыземшекті көргенде қыз-қыз қайнап,
Жөнелдің мәшинәңді жүзбен айдап,
Сіздей кезде біздер де шырқағанбыз,

Түлкіні қарға аунатып, мұзбен ойнап,
Қол жетпеске мойныңды созамын деп,
Жолдан шығып кетпегін сорың қайнап! – деген екен.

Аталмай атым қалмас-ты...
2014 жылдың 16 қазанында алпыс жасқа толған Баянғалиды
ағайын-туыс, дос-жаран, қазақ, қырғыз оқырман-көрермендері қы-
зу құттықтап жатқанда, туған жері Ақмола – Көкшетаудың, тұрған

жері Астананың ресми билік өкілдерінен, Жазушылар одағынан,
баспасөз құралдарынан еш хабар болмапты. «Халқым үшін қызмет
қылам қалтқысыз, мақтамаса мақтамасын бізді ешкім» деп жыр
жазған, осы жылы бірнеше жақын адамдары қайтыс болып, көңілі

қаяулы жүрген ақын біраздан соң былай деген екен:
Талғамның көріп талқысын,
Қияда жырым қалқысын,
Асқарым болдың айтулы,

Атаусыз кеткен алпысым!
Өнерім менің алмас-ты,
Асылға өткен жалғас-ты,
Алты ауыз сөзін қия алмай,

Бастықтар да, БАҚ-тар да
Апырмай, неден алжасты,
Аруағы барда Алаштың
Аталмай атым қалмас-ты!

Үміт пен сенім
Белгілі кәсіпкер Марат Нәбиев қамқорлық жасап, қаржылай
көмектескен талапкерлердің біразы алға басып, азамат атаныпты.
Олардың ішінде әр салада елеулі тұлғаға айналғандары да бар. Се-

німін ақтамай, алдап кеткендері де жоқ емес екен.
Бір тойда сапқа тізіліп, сөйлеп тұрған бір топ адамға қарап
отырып, Мараттың жақын ағасы Айтбай:

– Осылардың көбін адам қылған Марат! – депті Баянғалиға.

Сонда ақын:

– Е-е, біздің Марат адам еместерді де адам қылған ғой! – деген

екен.

Айтысқа неге келдің!?

– Сен жазушысың ғой, айтыс пен жырға кеткенің қалай? – деп-

ті бір жазушы жолдасы.
Сонда Баянғали:

– Бұл сұраққа 1985 жылы айтқан мына өлеңіммен жауап берейін:

Тоған болған ойларды
Бұздырғалы келгенмін,
Суып қалған қандарды
Қыздырғалы келгенмін,

Кеудемдегі жалыным
Сөнбесін деп келгенмін,
Қазағымның киелі
Айтыс дейтін өнері

Өлмесін деп келгенмін! – деген екен.
Арыз
Ақмола облыстық филармониясына Ұлы Отан соғысында
қыршын кеткен композитор, әйгілі «Жас қазақ» әнінің авторы,

Көкше өңірі, Құдықағаш ауылының түлегі Рамазан Елебаевтың
атын беру жөнінде үлкен дау болады. Қазақтың біртуар азаматы-
ның ардақты есімін ардақтау ісіне белсене араласқан Баянғалидың
үстінен біреулер облыс әкімі Мәжит Есенбаевқа ақынды «ұлтшыл,

рушыл» деп айыптап, арыз да жазады.
Сонда Баянғали:
Біздің ел қазақ елі аталады,
Ана тіл әуенінен от алады,

Бізді ешкім жеңе алмайды, ұмытпасақ
Бір Алла, пайғамбар мен аталарды!

Өлеңнің ашсам бұлағын,
Азаттық менің ұраным,
Жасымнан жырлап келемін,
Даланың байтақ жыр-әнін,

Түбі бірге түрігім,
Қырғыздың Манас қыранын,
Тату-тәтті көршім деп,

Қыздарымен орыстың
Қалжыңдасып тұрамын,
Жалпыға шаштым жарқырап,
Жанымның әзіл шуағын!

Жақсылықтан қашпаймын,
Жамандыққа баспаймын,
Мақтағанға таспаймын,
Әуелі Алла жар болып,

Алашым қолдап тұрғанда,
Манасым қолдап тұрғанда,
Басқалардан саспаймын! – деген екен.

МАЗМҰНЫ

ТОЛҒАУЛАР ................................................................................ 3 Наурыз ......................................................................................... 3 Қазақ пен Қазанат ...................................................................... 4 Тіл туралы толғаныс .................................................................. 8 Көкшетау картасына көз салсақ... ........................................... 10 Ақ сөйле, ақыным .................................................................... 14 Астана........................................................................................ 16 Бүгінгі толғау ............................................................................ 20 Толғау ........................................................................................ 22 Өлең шөптің өрнегі .................................................................. 25 АРНАУЛАР ................................................................................. 27 Заңғар азамат ............................................................................ 27 Ақша бұлт ақын ........................................................................ 29 Сөзжұмбақ ағай ........................................................................ 30 Әже, қандай аппақсың ай нұрындай! ..................................... 32 Алаштың ақиығы ..................................................................... 34 Қызыма ...................................................................................... 36 Немере ....................................................................................... 37 ШАШУ ......................................................................................... 39 Айтыстарда, жиын-тойларда айтылған кейбір өлеңдер ....... 39 ҚЫРҒЫЗ ЖЫРЛАРЫ .............................................................. 97 Түйе шешкен келіншек ............................................................ 97 Қырғызым ............................................................................... 103 Қырғыз жұлдыздары .............................................................. 104 Қажымұқан мен Қожамқұл ................................................... 106 Сорпа мен шорпо ................................................................... 107 Жеңі жоқ пен жеңі ұзындар .................................................. 108 Домбыра, қомыз және автомат ............................................. 109 АЙТЫСТАР .............................................................................. 111 Республика күніне арналған айтыс ...................................... 111 Баянғали мен Мұқаш Сейтқазынов .................................. 111 Баянғали мен Әсия Беркенова .......................................... 117

Қосжан Мүсіреповтың 60 жылдығы мен Нұралы Нысанбайұлының 135 жылдығына арналған республикалық айтыс. ............................................................................................. 127 Баянғали мен Қаныша Райысова ...................................... 127 Баянғали мен Нұрхан Түймеқұлова ................................. 137 Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыс ................................................................... 146 Баянғали мен Әбдікәрім Манапов .................................... 146 Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған республикалық айтыс ................................................................... 159 Баянғали мен Дәмеш Омарбаева (Семей) ........................ 159 Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» атты республикалық айтыс ........ 171 Баянғали мен Кәрима Оралова /Шымкент/ ..................... 171 ДЕГЕН ЕКЕН... ......................................................................... 182 Аяғыңды тоса қоймадың ба? ................................................. 182 Қара шалдар ............................................................................ 183 Елбасымен ең алғашқы кездесу ............................................ 184 Елбасымен әзіл ....................................................................... 186 Бурабайда ................................................................................ 189 Үш президент пен ақын ......................................................... 191 Қызыл қамзол мен лампас ..................................................... 192 Үкімет пен аппарат ................................................................ 194 Оқжетпесте ............................................................................. 196 Баян-сапар ............................................................................... 196 Баян-сапар ............................................................................... 198 Бауырлар ................................................................................. 199 Мәдениетті қойлар ................................................................. 200 Ғабиден мен Нәбиден ............................................................ 201 Жұлдыз бен арт ...................................................................... 201 Қарауыл мен сарауыл ............................................................ 202 Шейхтың сыйлығы................................................................. 202 Мешіт ...................................................................................... 203 Көңіл күйі................................................................................ 204 Стоматологтың үйінде ........................................................... 204 Сенатор мен велосипед .......................................................... 205 Ақынның машинасы .............................................................. 205 Шалбай мен далбай ................................................................ 206

Виски, арақ, жүң-жүң ............................................................ 207 Атташе ..................................................................................... 207 Алпыс жыл мен алты сағат ................................................... 207 Керей-поляк достығы............................................................. 208 Тұңғыш ат ............................................................................... 208 Үкі ............................................................................................ 208 Бұлақ пен құлақ ...................................................................... 209 Бір коньяк пен екі коньяк ...................................................... 209 Сиырдың тілі мен екі кәлөш ................................................. 209 Омбының газы ........................................................................ 210 Аш қоғам ................................................................................. 210 Мұсылмандық......................................................................... 211 Қош, бөтелке ........................................................................... 211 Малшы мен жаршы ................................................................ 212 Жүзу бассейні ......................................................................... 212 Соңғы директор ...................................................................... 212 Арық балық пен кит ............................................................... 213 Ми мен бастық ........................................................................ 213 Ұрлап – жырлап...................................................................... 213 Суырып салу ........................................................................... 213 Ром мен құдағи ....................................................................... 214 Өлең мен МАИ ....................................................................... 214 Әнсәмбіл ауыл ........................................................................ 215 Кішіпейіл шопыр .................................................................... 215 Қасқабастар ............................................................................. 215 Уылдырық пен тұмылдырық................................................. 217 Қолсағат пен ЧеКА ................................................................ 217 Құнажын мен бұқа ................................................................. 218 Айтыс пен арыз ...................................................................... 218 Балалармен әзіл ...................................................................... 219 Апа мен жезде ........................................................................ 219 Жезде және өгіз ...................................................................... 220 Халық пен әкім ....................................................................... 221 Алтын ауыл ............................................................................. 221 Темір мен көңіл ...................................................................... 221 Бөле.......................................................................................... 221 Қисаңдаған әкім ..................................................................... 222 Фантомас ................................................................................. 222

Қой баққан құрдас .................................................................. 223 Құлай кететін құда ................................................................. 223 Батырдың жүлдесі .................................................................. 223 Ұйқыдағы жау ........................................................................ 224 Спесік пен көп тесік ............................................................... 224 Жеңіс пен теріс ....................................................................... 225 Ақан сері мен шөп .................................................................. 225 Атаны жырлау ........................................................................ 225 Поштабай мен бастық ............................................................ 226 Чапай мен Петкі ..................................................................... 226 Атасы мен нағашы ................................................................. 226 Қазының жолы........................................................................ 227 Бәйге талас .............................................................................. 227 Жездеге әзіл ............................................................................ 227 Қошқардың сәлемі ................................................................. 228 Қара қошқардың обалы ......................................................... 228 Распутин арағы ....................................................................... 229 Қарсы құда .............................................................................. 229 Қазан мәселесі ........................................................................ 230 Құдашалар............................................................................... 230 Бажа мен балдыз..................................................................... 230 Нан мен көк тас ...................................................................... 231 Күйеу сүйреген көш ............................................................... 231 Қасқабас пен тамшы .............................................................. 232 Бастықтың ойы ....................................................................... 232 Зәкөн ........................................................................................ 232 Халық пен балық .................................................................... 233 Көкшетау мен президиум ...................................................... 233 Үндемей біткен жұмыс .......................................................... 233 Қолдау ..................................................................................... 234 Дос-дұшпан ............................................................................. 234 Прокурор мен майор. ............................................................. 235 Құбырдың суы ........................................................................ 235 Министрдің пәтері ................................................................. 235 Әкенің досы ............................................................................ 236 Ашылған тыныс ..................................................................... 237 Манасшылардың мақтауы ..................................................... 237 Қылыш пен зеңбірек .............................................................. 238

Ғарышкердің ақбоз аты ......................................................... 239 Академик пен бұзау ............................................................... 241 Ғұлама дәрігер ........................................................................ 241 Аудан әкімін ауыстырған өлең ............................................. 242 Көп сары мен Ақсары ............................................................ 243 Кенесары мен тентек сары .................................................... 243 Ақын мен балдыз ................................................................... 244 «Алпамысты» жырлау ........................................................... 244 Әкімнің мұрты ........................................................................ 244 Сүндет ..................................................................................... 245 Төте жол .................................................................................. 245 Жөнделу .................................................................................. 246 Айдаһар мен ағалар ................................................................ 246 Министр мен шегіртке ........................................................... 247 Жайықтың қанаты .................................................................. 247 Күйеу балалар ......................................................................... 248 Соттау мен мақтау.................................................................. 248 Сауат ........................................................................................ 248 Ақын мен палуан .................................................................... 249 Таусылмайтын тақырып ........................................................ 249 Түрме мен терме ..................................................................... 249 Айықтырғыш автобус ............................................................ 249 Арабша мен қазақша .............................................................. 250 Формализм .............................................................................. 250 Түгендеу мен жүгендеу ......................................................... 250 Мент пен молда ...................................................................... 251 Қазақтың мұсылмандығы ...................................................... 251 Кереметтер .............................................................................. 251 ... изм мен сезім ...................................................................... 251 Кітап пен кісі ақысы .............................................................. 252 Достық ..................................................................................... 252 Ақын мен шекара ................................................................... 252 Жұлдыздар мен аспан ............................................................ 252 Жалаңаш мәдениет ................................................................. 253 Әртістерге арнау..................................................................... 253 Уағыз ....................................................................................... 254 Екі кішкентай ......................................................................... 254 Кемпір-шалға әзіл .................................................................. 254

Бастық пен жол ....................................................................... 255 Әкім мен ақыл ........................................................................ 255 Азық пен қазық ....................................................................... 255 Фейерверк ............................................................................... 255 Үш шек пен екі шек ............................................................... 256 Құмыра мен шәйнек ............................................................... 256 Шарап пен шұжық ................................................................. 257 Қара қой .................................................................................. 257 Мұхаң біледі ғой .................................................................... 258 Ұшақтағы құшақ .................................................................... 258 Танау ....................................................................................... 259 Кемшілік пен артықшылық ................................................... 259 Ақындық салыстыру .............................................................. 259 Бірден классик атанасыз... ..................................................... 259 Прописка ................................................................................. 260 Нағашы мен жиен ................................................................... 260 Баспа-бас ................................................................................. 260 Шегіністер............................................................................... 261 Алатау мен Көрнекті .............................................................. 261 Халық пен ру .......................................................................... 262 Шындық пен мақтан .............................................................. 262 Ң ............................................................................................... 262 Бір өлең ................................................................................... 263 Қылыш пен коньяк ................................................................. 263 Қара көзілдірік ........................................................................ 263 Қылмыстық топ ...................................................................... 264 Көл мен ақын .......................................................................... 264 Айтыстан кейінгі айтыс ......................................................... 264 Үзілдік пен Гүлжайна ............................................................ 265 Өлеңнің жаңғырығы .............................................................. 266 Әсем шал ................................................................................. 266 Төрткүл дүние мен Толыбай ................................................. 266 Омбыдағы кездесу.................................................................. 267 Кім кінәлі?! ............................................................................. 267 Ржевтің батыры ...................................................................... 268 Қол мен шанышқы ................................................................. 268 Қажы мен тазы........................................................................ 268 Түн ішіндегі күріш ................................................................. 269

Рау мен жырау ........................................................................ 269 Бастық пен құлақ .................................................................... 270 Жем мен тарих ........................................................................ 270 Ештен кеш... ............................................................................ 270 Сәлем беру .............................................................................. 271 Нұх пайғамбар мен қой, жылқы ........................................... 271 Үш қатын мен күшті ақын ..................................................... 271 Иттің ірісі ................................................................................ 272 Жүру ........................................................................................ 272 Қызық-ай! ............................................................................... 272 Керей мен Қарауыл ................................................................ 272 Керей мен Найман .................................................................. 273 Қыземшектің қызуы ............................................................... 273 Аталмай атым қалмас-ты... .................................................... 274 Үміт пен сенім ........................................................................ 274 Айтысқа неге келдің!? ........................................................... 275 Арыз ........................................................................................ 275

Баянғали Әлімжанов

ШЫҒАРМАЛАРЫ ДЕГЕН ЕКЕН

VІІ том
Толғаулар, арнаулар.
Айтыстардан шашу.
Жауапты редакторы Р.Ж. Әбдірахманова

Редактордың көмекшісі Н.Х. Шакен
Корректоры Г. Шаймергенқызы
Басып шығаруға 27.10.2016 ж. қол қойылды
Пішіні 60×84 1/16. Қағазы офсеттік.

Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 17,6.
Таралымы келісім бойынша.

020000. Көкшетау каласы, Абай к-сі,112.

тел. 8(7162) 40-21-55, e-maіl: techno@keleshek-2030.kz
«Келешекторгснаб» ЖШС баспасында басылып шығарылды

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙