Мазмұнға өту
Home

Қамбар батыр. Ә.Шоқатаев нұсқасы

Ә.Шоқатаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қамбар батыр. Ә.Шоқатаев нұсқасы

Ә.Шоқатаев — «Қамбар батыр. Ә.Шоқатаев нұсқасы». «БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН

/uploads/412e1bdc-d454-559e-8c3b-5d1424d01388/cover.png

«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН

ЖҮЗ ТОМДЫҚ

ҚАМБАР БАТЫР

/Ер Қамбардан біразырақ басталды/

Бұхардан бақшасымен бөз келеді,

Атқан оқ ажалдыға кез келеді.

Әлеумет, салып құлақ тыңдасаңыз,

Басталып ер Қамбардан сөз келеді.

Сөйле десең біздерге,
Не сөйлейін сіздерге,
Көп те сөзім жоқ еді,

Айтпай да бойым тежерге.

Қара бір таудың үргіні,
10. Сайрайды екен бұлбұлы,
Сөйлегенде сөзімнің,
Қызыл жібек қырмызы,

Олар да қалар бір күні.

Ақ төстерін аңқитып,

Аққу да қайтар күз күні.

Қызыл турам дәм болса,

Аямайды қарындас

Қырық күн шілде жаз күні.

Кімнің малы бар болса

20. Қызығын көрген аз күні.

Тыңдасаңыз, сөзімнің

Келеді енді мазмұны.

Бұрынғы өткен заманда,
Барлық халық аманда,
Он екі баулы өзбекте,
Он сан ноғай елінде

Ер Қамбар деген бар екен,
Әзімбай деген бай екен,

Солардан қалған сөз міні.

30. Құлақ салсаң, әлеумет,
Сол уақытта ноғайда,
Он екі баулы өзбекте
Алпыс үйлі арғын бар,

Жетпіс үйлі жебір бар,

Тоқсан үйлі тобыр бар.

Мал дегенде Қамбарда

Қара тұлпар аты бар,

Он сегізде жасы бар.

Көп тобырдың қамы үшін
40. Ұйқы менен күлкі жоқ,
Киік, құлан аң атып,

Ер Қамбар бәрін асырар.

Тағы тыңда, әлеумет,
Сол уақытта ноғайда,
Он екі баулы өзбекте
Әзімбай деген бай болған,

Төрт түлігі сай болған,
Ішкендерін сұрасаң,

Бал мен секер, шай болған.

50. Байлығы шалқар көл еді,
Көп ноғайдың биі еді,
Алты ұлы бар еді
Бәрі бірдей бөрі еді,

Ең кенжесін сұрасаң,

Алшораз деген ер еді.

Алты ұлының ішінде
Нұр қызындай пішінді
Назым атты жалғыз қыз,

Алтауымен тең еді.

60. Алтын күйме ішінде

Тоты құстай түледі.

Шықпаған өзі сайынға,

Салмаған көзін айынға.

Табаны жерге тимеген,
Маңдайы күнге күймеген,
Күймеден басқа нәрсеге

Жорға екен деп мінбеген.

Сол секілді сұлудың айтамын жайында.

Сол секілді қыз Назым
70. Емін-еркін ер жетті,
Күйеуге бермей күн өтті,
Ақ орданың ішінде

Ақ сұңқар құстай түлетті.

Ат шаптырды Әзімбай
Он екі баулы өзбекке,
Жұрт шақыртқан мәнісі –
Әлпештеген Назымды

Сүйгеніне бермекке.

Бай тойына бармаққа,
80. Жетсе Назымды алмаққа,
Аз да кетіп барады,
Көп те кетіп барады,

Алтын тақтың үстінде
Бек те кетіп барады,
Сақал-мұрты қуарған,
Үйткен күшік секілді

Шал да кетіп барады.

Самайынан кір аққан
Таз да кетіп барады,
90. Алаңғасар нәуетек

Текке кетіп барады.

Алты қойға ат алып,
Он бес қойға мата алып,
Сылдыр моншақ, сықақ қой

Жарлы да кетіп барады.

Бай тойына барғалы,
Сүйсе Назым алғалы,
Шара бар ма кедейге,

Борышқа қалың қалғаны.

100. Түске жақын болған соң,
Ұйқысы әбден қанған соң,
Маужырап дария толған соң,
Ордадан шығып қыз Назым,

Аққудай мойнын толғады,

Барайын деп ойлады.

Алтыннан қамыт доғасы,
Сом алтыннан жағасы,
Седелке, шлия күмістен,
Божы, арқан жібектен

110. Қызметкері тез жеккен.

Жегіп алып қара ат,

Киіп алды қос манат.

Алтын арба сырылдап,
Қос арғымақ арындап,
Базары бар қалаға,

Назым келді қырындап.

Белде, белде бел асар,

Ерлерге садақ жарасар.

Базарда тазша, көп елдер,
120. Жаяу жүрген адамдар
Алтын арба Назымның
Соңынан еріп басады,

Алтын менен күмісті
Әзімбайдай әкесі

Көшесінде шашады.

Бесінге дейін аралап,
Бәрін көзбен саралап,
Тал бойына бір қайран,

Таба алмады бағалап.

130. Бесін кезі болғанда
Қайтайын деп қыз Назым
Ақылға енді тұрғанда,
Әзімбайдай әкесі

Жетіп келді қасына.

Сонда Әзімбай сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

– Жиып алдым өзбекті

Ақарал шаһар қалаға,

Шақыртып ем барлығын

140. Назым сынды балаға.

Шақырттым өңкей сап қасқа,
Келсін деп те айтпадым
Бурыл сақал қақбасқа,
Халқым жаман болды ма,

Біреуі саған жақбасқа,
Ақылсыз бала тудың ба,
Біреуді таңдап таппасқа,
Өтіп кетсең күніңнен,

Өзің де, балам, саппаспа.

150. Сонда Назым сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

– Айғыр емен, ат емен,

Айналайын, атеке-ау,
Жал-құйрығым сезіліп,
Базарыңа салғандай,
Он екі баулы өзбекті

Сынап келдім, атеке-ау,
Таба алмадым ешкімді,

Дәл көңілге алғандай.

160. Жамандарға көз салсаң,
Даңғыл жолдан адастық,
Теңім болса сүйгенім,

Өмірге гүлдей жарастық.

Сонда Әзімбай бөгелді,
Бір жауапқа бөгелді,
Бір жауапқа кенелді,
Ақылды туған қыз Назым

Ауылға таман жөнелді.

Әзімбай асқан ақылды,

170. Жел маядай ақырды,

– Он екі баулы өзбекте

Келмеген тойға кім бар?– деп,

Шақырушыны шақырды.

Шақырушы сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

–Төрт аяқты біз көрдік

Қара тұлпар малдарды,

Өңшең тобыр ел көрдім,

Кемпір менен шалдарды.

180. Шақырғанмен келмес деп,
Әзімбай оған бермес деп,
Назымжан оған тимес деп,
Шақырмадым бұл тойға

Он сегіз жасар Қамбарды.

Әзімбай оны айтқанда үндемеді,
«Жаным-ау, ол айтқаның кім» демеді,
Қамбардың әкесінің орнын алған,

Себебі сол екен ғой күндегені.

Қамбарды естіп сырттан білген Назым,

190. Өзгені сол себептен сүймегені.

Ақарал шаһар қаладан халық тарап той тарқап, Назым өз бойына ешкімді лайық көрмей қанша уақыт өтіп жүре береді. (Қамбардың әкесінің орнын Әзімбай байлықпен тартып алған болу керек жырдың кейбір жерінде) Қамбар тойға кедейліктен шақырылмағандығын ойға алып, жүре береді.

Түскен жолы Қамбардың

Шұбырған малдың ізі еді.

Жағалай құлын байлаған,
Теңіздің бойын жайлаған
Қыз Назымның аулының

Үстіне түсті көздері.

Мұны көріп Қамбардың

Жоқшылық жануар.

Ауылға тоқтамай кетіп бара жатқанда, Назым артынан дауыстап, тоқтатып сөйлегені мынау.

Сонда Назым сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

– Қара қасқа атты Қамбар-ау!

240. Қара атыңның мойнында
Өкпе-бауыр, жал бар-ау,
Біздің үйге түсе кет,
Шай самаурын іше кет,

Қанша бізге келсең де,

Күткендей бізде жай бар-ау!

Подностың үстінде
Алуан секер, бал бар-ау,
Арызыма менің құлақ сал,

Ақылың болса аңғар-ау.

250. Тоқтап Қамбар сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

– Ағайыным тауысты

Қара аттан бөлек малымды.

Сыртым бүтін, іш түтін,

Білмейді ешкім әлімді.

Жолдас қылды Құдайым
Кедейлік деген залымды,
Қой бағу қолдан келмейді,
Ат үстінде соғыс қып,

Жемесем тауып нанымды.

Екі аяғым салақтап,

Аш бөрідей жалақтап,

Қинайды жоқтық жанымды.

Ұядан жалғыз баламын,
Құс етін беріп бағамын
Үйдегі екі кәрімді,
Оған да назар саламын,

Қабатына аламын

269. Алпыс үйлі Арғынды.

Осыны айтып, ер Қамбар жүріп кетеді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙