TELEGEI

Home

Бақтыбай Жайлау. Оң мен сол

Бақтыбай Жайлау

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бақтыбай Жайлау. Оң мен сол

Бақтыбай Жайлау — «Бақтыбай Жайлау. Оң мен сол».

Бақтыбай ЖАЙЛАУ Алматы Алматы мен ОҢ мен СОЛ

УДК 821.512.122-1

ББК 84 (5Қаз)-5

Ж 19

УДК 821.512.122-1

ББК 84 (5Қаз)-5

ЖАЙЛАУ Б.

Ж 19 ОҢ МЕН СОЛ. Өлеңдер. Алматы: «TURAN» баспасы, 2026. – 176 бет.

ІSBN 978-601-366-733-1

Бұл – ақынның 2010 жылы жарық көрген «Кедергісіз
кеңістік» атты тұңғыш жыр жинағынан кейінгі жылдарда
жазылған
өлеңдерінің

топтамасы.
Кітапқа
енген
туындылар хронологиялық тәртіппен берілгендіктен,

оқырман ақынның шығармашылық эволюциясын, әр
кезеңдегі көңіл күйін, сезім иірімдерін, азаматтық
ұстанымын, өмір мен қоғам туралы толғаныстарын
аңғара алады.

Автор ойларының оң келгенін оң, сол келгенін сол
қалпында жеткізуге бейіл. Сондықтан ол өз шындығын
бүкпесіз айтып, жүрек сырын жасырмай жеткізуге
ұмтылады. Өлеңдерінен қуаныш пен үміттің лебі, мұң

мен сағыныш, қоғамдағы құбылыстарға алаңдаушылық
пен азаматтық үн көрінеді. Замана тынысы мен кезең
келбеті де көрініс тапқан. Жеке тағдыр мен қоғамдық
ой, лирикалық сезім мен публицистикалық серпін өзара

астасып жатыр.

ІSBN 978-601-366-733-1

© Жайлау Б.С., 2026
© «TURAN» баспасы, 2026

ОҢ МЕН СОЛ АРАСЫНДАҒЫ ЖОЛ

Қазақ өлеңінде әр ақынның өз тағдыры болады.
Кейбіреулер поэзияға ерте келіп, ерте кетеді. Кейбіреулер
өмір бойы өлеңнің айналасында жүріп, бірақ ақындықтың
өзегіне жете алмай өтеді. Ал енді біреулердің өлеңі өз

өмірімен бірге өседі, өзгереді, кемелденеді. Мен қазақ
поэзиясының айдынды өлкесі Маңғыстаудан түлеп
ұшқан, өз соқпағын, өз қолтаңбасын қалыптастырып
келе жатқан Бақтыбай Жайлаудың қолжазбасын оқып

отырып, осы ойға қайта-қайта оралдым.
Оның «Кедергісіз кеңістік» атты тұңғыш жинағындағы
өлеңдердің дені мектеп пен студенттік шақтың қойын
дәптерінен алынған болатын. Жас ақындардың көбі

ұлыларға ұқсауға тырысады. Біреу Мұқағали, біреу
Төлеген, енді біреу Жұмекен болып сөйлеуге құмар.
Мен ол кітапты оқығанда ең алдымен ақынның
шынайылығына назар аударып едім. Бақтыбай сол

кездің өзінде тек Бақтыбай болып сөйлеуге тырысты.
Содан бері арада біраз уақыт сырғып өтіпті. Уақыт кімді
де болсын өзгертеді, толықтырады. Ол ақынды қайрауы
мен жігері қатар жүретін үлкен сынға салады.

Қолымыздағы «Оң мен сол» жинағы – сонау шақтағы
балаң арманның өмір сынағынан өткеннен кейінгі заңды
жалғасы. Бұл кітаптағы ақын – басқа. Тұңғыш кітаптағы
ақын өмірге таңырқай қараса, бұл жинақтағы ақын

өмірдің өзіне сұрақ қояды. Ол өткеннің де, келешектің
де алдында жауап беретін жасқа жеткен.

Бұл кітаптың атында үлкен мән бар. Неге «Оң мен сол»?
Көпшілік бұдан жақсы мен жаманның, ақ пен қараның
тартысын көрер. Иә, ол да бар. Бірақ Бақтыбайдың «Оңы
мен солы» – бұл адам баласының өз-өзімен, өз ішіндегі

жұмбақ әлеммен бетпе-бет келуі. Қазақ баласының
өміріндегі ең алғашқы сабақтардың бірі – оң мен
солды ажырату. Әкесі қолынан жетектеп көшеге алып
шыққанда алдымен соны үйретеді. Бірақ адам өскен

сайын оның мәні өзгереді. Бір кезде ол бағыт болса, кейін
ол таңдау болады, одан кейін тағдырға айналады.
Ақынның:
«Жетіге келіп білдім – жолдан өтсем,

Алдымен солға қарау керектігін...» – деп басталып,
«Оң жақпен жүруді де үйреткен-ді...» деп жалғасатын
естелік өлеңі сырттай қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ
өлеңнің соңындағы:

«Алла, әкем қалаған жолға салшы,
Қашанғы адасайын, ау, мен қасқа?!» – деген жеріне
жеткенде, бұл шығарманың жол ережесі жайлы емес,
өмір ережесі жайлы екенін түсінесің. Ол өлеңдерін

әшекейлемейді, қалай жазылды, солай алдыңызға
жайып салады.
Кітапты парақтай отырып, сіз рухани саяхатқа
шығасыз. Ең қызығы – бұл өлеңдер хронологиялық

тәртіппен берілген. Бұл нені білдіреді? Бұл – сіз бен біз
ақынның жылдар бойы қалай өскенін, қалай мұңайып,
қалай есейгенін көре аламыз деген сөз.
Бұл жинақтағы ең қуатты арналардың бірі –

азаматтық үн. Оның азаматтық үні бүгінгі қоғамның
тамырын дәл басқан емшінің диагнозындай дөп әрі
өткір. Қазіргі поэзияда жеке сезім, жеке мұң көп. Ал
Бақтыбайдың өлеңдерінде ұлттың жадын тірілтуге деген

талпыныс байқалады. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханға
арналған өлеңінде ол:
«Қос уыс боп қала берді, өзі айтқан
Екі жарым кез жері де бұйырмай...» – дейді. Осы екі

жолда тұтас бір халықтың қасіреті тұр. Өйткені туған
жердің топырағы бұйырмау – қазақ үшін ең үлкен
трагедия. Сол сияқты Мұстафа Шоқайға арналған:
«Жер қадірін жат топырақ жамылған

Әлихан мен сенен артық кім білер?!» – деген жолдарда
да үлкен тарихи салмақ жатыр. Оншақты жыл бұрын –
Алаш Орданың 100 жылдығына арналған республикалық
ақындар мүшәйрасының қазылар алқасына төрағалық

еткенімде, Бақтыбай Жайлау осы екі өлеңімен қатысып,
Бас жүлдені жеңіп алғаны есімде.
Кітаптағы тағы бір ірі арна – атамекен. Ол қай жерде
жүрсе де Маңғыстауды өзімен бірге алып жүреді.

«Қожаназар мырза мазары басында» атты өлеңінде
Маңғыстаудың
тасқа
жазылған

тарихы,
бабалар
рухына құрмет тұр. Бұл кітаптағы жыраулық дәстүрдің,
арнаулар мен толғаулардың құр мадаққа құрылмай,

артында тағдыр мен уақыттың тұруы – осы Маңғыстау
жыр мектебінің ықпалы.
Бақтыбайдың махаббат лирикасы мүлде бөлек
әлем. Ол сезімді жалаңаштамайды, ол сезімнің киесін

ұлықтайды. «Сырға таққан», «Кербез керік», «Эмилия»
секілді өлеңдерден ақынның нәзік сезімді бейнелеудегі
қабілеті көрінеді. Мысалы:
«Кірген ізің сақтаулы жүрегімде,

Жоқ бірақ кері қарай шыққан ізің...» – деген жолдар
қарапайым көрінгенімен өте сәтті табылған образ.
Ғашықтықтың бүкіл табиғаты осы екі тармақтың
ішінде.

«Жүректе жазылмаған шарт тұрады, Махаббат тараптарды тарттырады. Жеткізді сағынышым көзімді анық – Қашықтық ғашықтықты арттырады...» – деген шумақта да өмірден сүзілген шындық жатыр. Ақынға сендіру үшін шырайлы сөз емес, шынайы сөз керек. Бақтыбай өз көргенін, өз жоғалтқанын, өз аңсағанын жазады. Сондықтан оқырман оған сенеді. Уақыт өткен сайын кейбір өлеңдер ескіреді. Ал кейбір өлеңдер уақытпен бірге тереңдей түседі. Меніңше, «Оң мен сол» жинағындағы ең жақсы өлеңдердің тағдыры – осы екінші жол. Бұл кітапты асықпай оқу керек. Өлеңдердің арасындағы үнсіздікті де тыңдай алу қажет. Сонда ақынның жүріп өткен жолы мен жүріп бара жатқан жолы көз алдыңызда қатар ашылады. Ал өмірдің ең үлкен сабағы – адамның өз оңы мен солын ажырата білуі. Бұл кітап дәл сол сабақ туралы. Парақтаныз, ойланыңыз, құпиясын бірге ашыңыз... Көмек ЫБРАЙҰЛЫ, ақын, композитор. Қазақстан Жазушылар және Композиторлар одақтарының мүшесі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

* * *
Бұрынғылар айтқан екен неге тек:
«Білім – теңіз, ал мектепті – кеме» деп?
Бір саяхат тәмамдалса керемет,

Екіншісі тосады алдан, ере кет.
Шексіз әрі терең ғылым сапарын –
Дұрыс болар мұхитыңа теңемек.
Сонда гауһар, сонда жауһар, маржан да,

Бұйырмас ол оңайға һәм арзанға.
Студенттік шақтың өзі – бір дәурен,
Жазылмайтын тағдыр ғой ол бар жанға.
Жастыққа тән бұлжымайтын заң бар ма?

Болса егер күшінде оның мән бар ма?
Қызығы мол куәсі оның жатталар
Батқан күн мен атқан әрбір таңдарда.
Күндер өтті көктем-келбет, күз-көрік,

Қадіріне жеткен оның біз бе едік?
Жігіттік қып, рас, сұлу қыз дедік,
Үміт күттік, күдерді бір үзбедік.
Бұл зәрулік ғылымға да әуес қып,

Әйтеуір біз көп нәрсені іздедік.

Жастық жігер көгеніңе көнген бе?
(Көп нәрседен қалдық, рас, шерменде.
Оған бола дей алар кім «көркеуде?»)
Білім, ғылым жағалауға келгенде,

Құшақ жайған паналауға келгенде
Біз әр күні дүниеге зер салдық,
Жатақханам, сенің құрттай бөлмеңде.
10.05.2010

ЖАҢА ЖЫЛҒЫ ЖАҢА ЖЫР

Сен жырымның айналдың өзегіне,
(Мен ұғындым. Басқалар сезеді ме?)
Тал бойыңа бал мінез жарасады –
Ұқсап туған қоянның көжегіне.

Болмысыңда болса да қоян-қылық,
Бұл шіркінге алма тек бой алдырып.
Өзің енді билеуші өз-өзіңді,
Кезің келді көңілден жояр күдік.

Қабағыңа қымсынған, кірпік-қасқа,
Сыр ашқам жоқ қарайлап, іркіп баста.
Енді шетін шығарсам сол ойымның,
Сезіміңмен селт етпе үркіп қашпа.

Кезім жоқ-ты қиялға кенде қалған,
Жеткізген бе тірлікте пендеге арман?
Міне, тағы күдікті үміт жеңген
Аңсарым бар аяулы сенде, қарғам.

Кешімізде қарсы алған жылды жаңа
Есімізде бір арман тұрды дара.
Сөз айтылмай оқтаулы ойдан оқшау,
Тіпті іштей тыныстап тынды дала...

Жүрсем дағы қорқақтап, көжек-құрбым,
Өкіміне жүгіндім өжет жырдың.
Көкіректі кернеген күйді шертіп,
Өлеңіме өзіңді өзек қылдым.

Жеңіп тұрар туар ма ғашыққа күн,
Қалды қанша адыра асықтарым...
Осы жылы түсер ме сақам алшы,
Үстем болып мерейім, тасып бағым?!

04.01.2011
«Ақтау ақпарат» газеті, 19.07.2012

ҚАРАТАУ

(Нағашым Қылышбай Көшербайұлына)
Адамның бір белесі – алпыс деген,
Алпысты біздің халық «тал түс» деген.
Мен оны теңер едім Қаратауға

Басына әлі қалың қар түспеген...
Жігерің жетілдіріп жөргегіңнен,
Танылдың азамат боп ерге мінген.
Жазылған нәсіп болды әулетіңе

Артқан сәулет-дәулетің еңбегіңмен.
Бұйырып мақсат-мұрат, асыл арман,
Алсын тек қуаныштар тосып алдан.
Жалында желе жортып жетпіс жастың,

Жеткізгей сексеннің де көшіне арбаң!
Жол нұсқап ұл-қызың мен ұрпағыңа,
Сыр бермей тоқсаныңда жүр тағы да.
Кәсібің нәсіп болып тіршілікте,

Шаба бер қамшы басып тұлпарыңа.
Бесіктен тамырымды танығанмын,
(Батыр ма бәрі бірдей оғы бардың?)
Жайлы жұрттың жұрнағы – нағашыға

Ниеті бұл жиенің – Шоғылардың.
Айналып дүниенің дөңгелегі,
Жас ұрпақ ұлы өмірге өң береді.
Екені «Қыз – тілекші» рас болса,

Назары жиеннің де оң келеді.

Шалдары баяғының «тал түс» деген,
Бұйырды сізге асу алпыс деген.
Мен сізді көрем, аға, Қаратаудай,
Басына әлі қалың қар түспеген.

Адамға емес бірақ қар бастысы,
Өзгермей бір орында қалмас кісі.
Алатау деген атқа бастап барар
Бұл биік – асулардың алғашқысы.

«Жаңаөзен» газеті, 26.01.2011

СЕЛТЕТКІЗЕР

Десем дағы – өміріме өкпем жоқ,
Есем бардай, өткен күнде кеткен көп.
Мен өзіңді тосып жүрдім қыс бойы,
Енді маған оралсаңшы көктем боп?!

Құсалықпен өтпесінші әр ай, күн,
Жүре берсек, оздырармыз талай жыл.
Құлпын ашқым келеді енді, тағат кем,
Кілтін тауып кеудеңдегі сарайдың.

Бізді асығыс шақырып тұр келешек,
Келешекті күн ілгері елесек,
Есіл күннің қайтарайық есесін,
Екеуміз де жандармыз ғой ересек.

Іздеп жүрер ақылы артық қызды есті ұл,
Ес кіргелі мен де сондай күн кештім.
Сыр сандығын бірге ақтарар сәт туды,
Келеді енді өзіңмен бір тілдескім.

Сырға толы жанарыңнан жылт көріп,
Төзімімді беймәлім бір құртты ерік...
Жүрегімді қолыма алып жеткенде
Жүрмеші тек теріс қарап, сырт беріп?!

P.S.: «Селтеткізер»1 сый сөзімді арнадым,
Сезіндің бе сырымның сен салмағын?
Мені үйіңе шақырғайсың мейман ғып,
«Ұйқыашарың»2 дайын болса, ардағым!

14.03.2011
«Ақтау ақпарат» газеті, 19.07.2012
1 «Селтеткізер» – Наурыз мейрамында жігіт ұнатқан
қызына айна, тарақ, иіссу сияқты сыйлық ұсынып, сол арқылы

өзінің көңілін, сезімін білдірген.
2 «Ұйқыашар» – Наурыз мейрамында қыз көңілі қалаған
бозбалаға арнайы дәм әзірлеп, сол арқылы ықыласы мен
ілтипатын жеткізген.

* * *
Көзір қылып халқымнан мен үйренген анығым:
Төзімділік – тарихтан ел игерген тағылым.
Көзін жұмып дүниеге қарау емес бұл бірақ,

Сезім тұнық – бойдағы сары алтындай сабырым!
Қараңғыдан сабырым жетеледі жарыққа,
Қуаныштың қадірін еселеді халыққа.
Жеткізеді Жаратқан тілегіне қазақты,

Ниетіңді оңға бұр, пейілге тек тарықпа!
04.04.2011

СЫРҒА ТАҚҚАН

Тіршілікке ойларым жүр маталып,
Келмей қойған көптен түк жырға шабыт.
Жаңалықты тосындау жария қылдың:
«Құлағыма кетті, – деп, – сырға салып...»

Ол пысықтың, қарашы, жол тапқышын,
Тым ерекше сый екен моншақты сым.
«Селтеткізер» – сен үшін сырға болса,
Мен-ақ таққызар ем ғой он шақтысын.

Сезіміңді бұл сыйлық сиқырлады,
Сөзің менен күлкі мен ұйқы ұрлады.
Ертең сені ап кетсе сырғасымен –
Саған емес, өзіне сый қылғаны.

Сырға салу – ол да салт, әдеп еді,
Бірақ осы жолы бұл кәде мені
Тұнжыратты...
Бұрынғы тағып жүрген

Сырғаларың өзіңнің әдемі еді.

«Күзге таман ұзату тойым дайын,
Қырық күн тойда отыз күн ойын дайын», –
деп кеттің...
Одан бұрын мен айтатын

Ақиқатым бар еді, мойындайын:
Мен сені әуел бастан «сүйген емен»,
Сүйем деп алдыңда бас имеген ем.
Есіміңді естіген кезде ғана

Бөленеді басқаша күйге денем.
Жамандық атаулыдан жырақ ойым,
Бар бірақ өзімшілдеу бір-ақ ойым.
Ол билесе санамды,

Ток жүгіртіп
Өткізгендей болады тұла бойым.
Мен саған «ғашық болып жарытпадым»,
Сенен сезім күтпедім, зарықпадым.

Жарық қамын іздеген қараңғыда
Жүрегім сәулеленді... бар ұққаным.
Демеймін өзгедей тек қызығамын,
Мен сені көре қалсам, бұзыламын,

Улайды жан-тәнімді қуалай қан,
Тулайды бойымдағы қызу ағын.
Осы аз ғана баққа көнші, көңілім,
Енді кейбір ісімді ерсі көрдім –

Ойланбастан үйімді айырбастап,
Саған жақын, іргеңе көрші қондым.

Күн сайын келіп тұрсам, көріп тұрсам,
Жаныма серуенде серік қылсам,
Деп жүргенде...
Қап, әттең, табан асты

Үлгертпей қалды оған ерік-мұршам.
Айтылмастан қаншама сырым қалды?
Жазылмаған соншама жырым бар-ды.
Енді тек тілеп өтем бақытыңды,

Қалқатай, түсін халді, ұғын жанды.
Сен бақытқа бөленсең бар ма қайғым?
Енді саған түк тарту таңдамаймын.
Циклді одаларым шегерілді,

Осыдан кейін өлең арнамаймын!
12.06.2011
«Ақтау ақпарат» газеті, 19.07.2012

* * *
Саған бұрым, маған кекіл өскенде,
Өзің сүйдің, аймаладың алдымен.
Мамық жел боп бетіме леп ескенде –

Елестеттім Самал деген жанды мен.
Емес мұным ойдан айтқан ертегім,
Астарында бір шындығым бар анық.
Шақырып тұр қолын бұлғап ертеңің,

Қалды артта кешегі бал балалық.
Мен өзіңмен болған екем қызметтес
Дәл сегіз жүз сексен сегіз күн бірге.
Құрдасыңа сірә сендей қыз жетпес,

Тым болмаса өткізбеппіз түн бір де.
Әрине, бұл менің жай сөз, қалжыңым,
Күлдірейін деп жазып ем құрбымды.
Енді қайттім, ұстап кетті, ал, «жыным»,

Қайдан ғана ойладым ол құрғырды?!
«Жаралдың тек мен үшін» деп жар салдың.
Онша қатты қызғанбап ем сол күнде.
«Сағындың ба?» деп жақында ән салдың,

Айтшы, қалқам, арналады ол кімге?

Тыңдағандар жүр сыртыңнан бал ашып,
Қайта-қайта құлақ қойып сөзіңе.
Ал жігіттер бір-бірімен таласып,
Әрқайсысы қабылдайды өзіне.

Бәрімізге Ай, Күн ортақ көктегі,
Ортақ және жердегі бар жақсы адам.
Сөге көрме иемденді деп мені,
Жақын құрбым деп халыққа мақтанам...

05.08.2011

* * *
Мен сүйген ақынсың ба?
Ақтарғын тек шыныңды.
Қазір де жатырсың ба

Құшақтап көпшігіңді.
Танадай көзің күлген,
Қозыдай бұйрабасым.
Көл-көсір сезіміңнен

Дәметтім илана шын.
Өткендей болды маған
Екі күн екі есе тез.
Қиялға толды санам...

Сол сәтті өтесе сөз.
Екеуміз қол ұстасып
Қыдырған тұманды түн
Сезімнен толып-тасып,

Биледі-ау шыдамды жын.
(Адастым шалыс басып,
Артады күнәмді кім?)

Құлақта – бала даусың,
Ернімде – дәмің... бірақ
Алыстап барады-ау шын
Тәнің мен жаның жырақ.

Табысып едік еппен,
Ләззатқа қаталап біз.
Тоймадым, тегі, неткен
Тәтті едің, шоколад-қыз?!

20.09.2011
«Ақтау ақпарат» газеті, 19.07.2012

* * *
Эһ, Бану, Бану!
Арман болған ару.
Жанымда бар сырқат,

Дертіме сен – дәру.
Менің аппақ құрбым,
Арқауысың жырдың.
Шығарайын шетін

Жүректегі сырдың.
Беймәлім бір сезім
Құртты бойдан төзім.
Діңкелетті дертім,

Оның емі – өзің!
07.10.2011

* * *
Жас қалам, жасын қалам – Жаңаөзенім,
Жай түсіп өртенуде жан-өзегім.
Алла қорғап, аруақтар қолдағай тек,

Өз дертіңнің төзімнен тап өз емін.
Маң далам, маңғаз ғалам – Маңғыстауым,
Әрқашан асқақ қылып арды ұстағын.
Жымысқының жыртысын жыртыспа тек,

Жат пиғылдың арқанын тартыспағын.
Өр елім, өжет елім – Қазақия,
Аңсайды балапаның азат ұя.
Өз ұяңда өзгелер билік етсе,

Алмассың көңіліңнен аза тыя...
17.12.2011
17.12.2011

БАЛАПАН-ҚЫЗ

Сіз университет шаңырағында, журналистика
саласында жүрсіз ғой. Мені қанатыңыздың астына
алып, бағыт беріп, жол көрсетіп жіберуге қалай
қарайсыз?

Maіl.ru агенттегі әңгімеден,
01.01.2012; 23:36
Өктемдік көрсетіп тұр өрісте қыс –
Жеткендік жер үстінде жеңіске күш.

Балапан көз алдымда бүрсеңдейді –
Қанаты қатаймаған періште құс.
Үлпілдеп қауырсыны – жел үп етсе,
Желпіп өтсе – елпілдеп, еркі кетсе,

Беймаза балапанға қарап тұрып,
Тұрпатына тоймас көз көркін өпсе.
Тағылар жас екен деп тыншытты ма?
Қауіпті – қанатты да, тұмсықты да.

Бұлқынып бұла сезім бой бермейді,
Тағатсыз талпынады ыршып бұ да.
P.S.: Талаптан, балапан-қыз, жассың анық,
Көк аспан – екеумізге басты бағыт.

Баптауға мен бейілмін болашаққа
Қырандай қанатымның астына алып!
28.01.2012
«Ақтау ақпарат» газеті, 19.07.2012

БАЛЫҚШЫ МЕН АЛТЫН БАЛЫҚ

ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ

(Нұржігіт пен Ақботаның үйлену тойында)
Қармағы алтын балық алып шығар
Тойларың құтты болсын, Балықшылар!
Дүбірлі, ұлан-асыр бүгінгі той –

Салынған олжаңызға «салық» шығар?!
Бұл күнді барлығымыз көп күткенбіз,
«Қашан тойдан тоямыз?» деп күткенбіз.
Тезірек әкелмесе «свежиін»,

«Кепкен балықтың» бәрін жеп біткенбіз.
Балық келсе, ел-жұртың жиналады,
Ал, одан үй иесі «қиналады».
Сүбелі сыбағадан бүгінгідей

Алдымен қонақтары сыйланады...
Қолында Нұржігіттің қармақ болды,
Нұрхан да жағаласып бармақ болды.
Нұржаубай шыққан кезде ауын алып,

Көкешке кәдімгідей «салмақ» болды.
Ақбота – алтын жеңгем, алтын балық,
Қармаққа іліндің-ау жарқыл қағып.
Алтын балық екенің рас болса,

Үш тілек орындайтын салтың бар, ұқ!

Екеуің еншілеңдер тең бақытты,
Бақытты болса ағам, сен бақытты.
Қол ұстасып барыңдар болашаққа,
Тоқтата алмайды ешкім жел-уақытты.

Абыройды тақ қылып, тұғыр қылып,
Көтере бер биікке туыңды нық.
Көп болсын екеуіңнің балаларың,
Әр жыл сайын шаша бер «уылдырық».

Жиеннің «қылтыңы мен сылтыңына»
Не дер екен нағашы жұрты мына?
Олар сенсе қолдағы қармағына,
Мен сенем өзімнің қырық мылтығыма.

Қалмасам болғаны тек жоққа налып,
Құр қайтсам «осалсың» деп боқтары анық.
Құдашаның біреуін иемденем,
Мылтықты махаббатпен оқтап алып...

Ағайын әзілімді пайымдасын,
Қорытайын жырымның қайырмасын.
Алтын балық арқылы құт боп келген
Бағынан Құдай енді айырмасын!

07.04.2012

* * *
Біздер үшін ең ерекше күн бүгін,
Ай жымиып, шықты қағып Күн күлім.
Даламыз да асығады сыйлауға

Анамызға көктем еккен қыр гүлін.
Келсін ала үйге бақ пен шат егіз,
Көрсін ана көрмегенді әкеміз.
Терсін жаңа жемістерін мәуелі,

Сонда біз де армандарға жетеміз.
Отбасым деп жұмсады ол бар күшін,
Беріп кетті ата-әжеміз алғысын.
Берік етті өмір өзі емендей

Ғазиз жанды анамызды тал мүсін.
Төзіп бақты көрсе де көп қиынды,
Жәрдем күтіп, Жаратқанға сиынды.
Бұйырсын тек бейнетінің – зейнеті,

Жаратушы, енді аяма сыйыңды!
Бізге сенен артық адам бар ма, ана?
Тәубе дейміз әр кез – түнде, таңда да.
Алдымызда аман жүрсең болғаны,

Сол ең басты тілегіміз Аллаға!
01.05.2012

АҚЫН АТЫ КЕҢІТТІ КЕРЕГЕМДІ

(Төлеген Айбергенов атына
көше беру рәсімінде)
Әлқисса, сүйіншілі жаңалық бұл,
Қарсы алды дала түлеп, таранып қыр.

Төлеген Айбергенов Маңғыстауға
Қырық жеті жылдан кейін оралып тұр!
Ажал ерте алса да Төлегенді,
Жыр өміршең, өлмейді өлең енді.

Қаламызға жаңа бір көше болып,
Ақын аты кеңітті керегемді.
Қарсы алды кейіпкері – мұнаралар,
Жол тосып (бізден гөрі қырағы олар).

Жиырмасыншы ғасырда жаққан шырақ
Келер замандарға да мұра болар.
Қауышты Каспийіне сағынышпен,
Жүректегі жанартау-жарылыспен.

Теңіз де тебіреніп қарсы алды ұлын –
Көретін сағыныштың заңын үстем.
Көрмеген қиял тұсап, ойын жасқап,
Жомарттық жатыр шексіз бойында асқақ.

Көзі барда артында тарқамайды,
Өзі барда кеткен бір тойын бастап.

Орман деп қарасақ біз әлемге кең,
Оның да бір сипаты бар ерге тең –
Не түрлі «ағаштардың қисықтықтығын
Дарақтай түзу тұрып дәлелдеген».

Ұлғайып шаршым тағы, төрім толды,
Лайықты тұғырға сол ерім қонды.
...«Ақ жаңбырлар тоздырған тау» басындай
Биігінен естілген өр үн соңғы...

Арнаған өлкесі бұл нар алып жыр,
Лебізінен жатады таралып нұр.
Мейман емес, мәңгілік Маңғыстауға
Төлегеннің рухы оралып тұр!

15.07.2012

РАМАЗАН

(жаңа туған сәбиге ат қоярда)
Өзгерсе де күн сайын мына заман,
Бұлжымайтын бір ғана Құран, ә, заң?!
Иман, намаз, зекет һәм қажылық бар,

Бес парыздың біреуі – рамазан!
Он екі айдың сұлтаны – рамазан!
Бұл кезде жуымас көп күнәға жан.
Жамандықтан тыйыла білсең егер,

Көңілден қаша қоймас сірә мазаң.
Намазға деп шақырып тұрады азан,
Тарауих – сый, кезінде рамазан.
Мінәжат қылсаң қабыл құлшылығың,

Бар күнәңнан тазартар бір оразаң.
Айтылар мұндайда жыр – жарамазан:
«Жыл жаңартып қош келдің, уа, рамазан!
Ниет етіп өткізген отыз күнің –

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!»
Туса дағы ұлы ата, ұлы анадан,
Дәурені көшпей бастан тұра ма адам?
Рахман күт бұл айдан, тәубеге кел,

Бойыңды тазартады рамадан.
Сынақ боп беріледі мұраға жан,
Құлпырады иманнан нұр ала жан.
Осы айда туған ұлға ат қойғанда,

Ең дұрыс шешім – есім Рамазан!
27.07.2012

* * *
Сені күзде келер деп күткен едім,
Оған дейін сыр ашпай, түк демедім.
Құпиямды келемін іште сақтап,

Ақын жаның ұғады түп дерегін.
Әуес болдым ақ дидар, жамалыңа,
Ұғынықты сезім бұл саналыға.
Езуіңе әдемі күлкі үйірген

Суреттегі үңілем жанарыңа.
Көңілім бар көркіңе көрмей ғашық...
Жатса да жыр еркіме көнбей тасып,
Тіл байланып қалады, сенемісің,

Бұрын-соңды кім көрген мендей жасық?!
26.12.2012

ПОЛЯК ҚЫЗЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН

ӘДЕБИЕТІ МАМАНЫ ЛУИЗАҒА

Полонияға келдім деп ем дәм айдап,
Сөйтсем, тартқан екен саған қарай бақ.
Құпиясын ашып жатыр сен болып
Бұған дейін маған жұмбақ әр аймақ.

Көрікті қыз, көңілім бар саған ақ,
Құлағыңа сырдан сырға тағам ап.
Кетерімде қол ұстасып кемді күн
Серуендейік Висла бойын жағалап.

Бағынып біз заман атты абызға,
Мүмкін, бір сәт оралармыз аңызға...
Кейіпкер боп кездесейік қиялдап,
Мейлі ол күн – ақпан, сәуір, тамыз ба?!

Шілде – ыстық, суытады қаңтар – күн,
Сондай сәтте пана болар қамқор кім?
Сен – Чарноха1, Бялканың2 сіңлісі,
Мен болайын бір інісі – Чантордың3.

Көркемдесін өзеннің қос ернегін
Көмкерген гүл – өзің салған өрнегің.
Сұлулықты – сұлулықпен суарсаң,
Дей алар кім – мұныңды жай ермегің?!

1 Чарноха – Висла өзенінің пайда болуы туралы көне
поляк аңызының кейіпкері («Podanіe o Wіśle». J. Chrząszczewska,
J. Warnkówna).
2 Бялка – бұл да.

3 Чантор – бұл да.

Толқыныңмен алдан күлім қағып шық,
Күн нұрымен үмітімді жағып шық.
Жағаңдағы өзің баптап өсірген
Гүлзар бақтан гүл тәжіңді тағып шық.

Содан кейін... аңыз жігіт, арман қыз,
Өзіміз боп оянайық таңнан біз.
Менің ана тілімде сыр айтысып,
Астанаңды аралайық армансыз?!

P.S.: Варшаваға барайық... Висла өзеніне...
Poznań, Polska, 15.01.2013
«Маңғыстау» газеті, 15.08.2013
«Маңғыстау» газеті, 15.08.2013

БОЙЫҢДА БАР ӨЖЕТТІК ТЕ, ӨРЛІК ТЕ

(Ержан бөлем екінші мүшелге толғанда)
Дүниенің есігінен еніпсің,
Көктем келіп, Күн шуағын төккенде.
Меніменен жағаласып келіпсің

Арамызда бір жарым ай өткенде.
Сен туғанда қуанғаным соншалық –
Бесігімнен аунап түсе жаздаппын.
Анам айтқан сөзі рас болса нық –

Жөргегімде жырдан жалын маздаттым.
«Ержан! – дедім мен шырылдап, – Қош келдің!»
Бірақ ешкім түсінбепті мұнымды.
«Екеуміз де жігіт болып өскен күн

Өз аузымнан айтам, – дедім, – жырымды!»
Содан бері келеді жыр жазылып,
Менде қазір жоқ жасырар сыр тіптен.
Ата-анамыз қуантты алғаш разы ғып,

Сен сыйлаған ойыншық мәшін, мылтықпен.
Сол кезден-ақ таэквондошы екенсің,
Өзің емес, даңқың жетті Өзенге.
Мен әлі де соны мақтан етем шын –

Спортшы боп танылыпсың тез елге.
Қойған жоқпыз іске бейім бола көп,
Бәлкім, осы – екеуміздің қатеміз?!
Еркелеткен біздерді әлі бала деп,

Ерте кеткен есіл екі әкеміз.

Бірге бастап, бір бітірдік мектепті,
Содан кейін жөні бар ма жатудың?
Еңбегіміз, шүкір, зая кетпепті,
Ізіне біз түстік тағы оқудың.

Ес білгелі ауғызған көп аңсарды
Мамандыққа грант алып шаттандым.
Мені Ақтау құшақ жая қарсы алды,
Ал сен ару Алматыға аттандың.

Эһ, Алматы, арман қала Алматы!
Аттанғаны кеше ғана... Күзде еді.
Көшесінде Еркіндердің қалды аты,
Ержанның да жүріп өткен іздері...

Қос ұл келді оқуларын бітіріп,
Күләш апа, қызықтай бер енді тек!
«Көз тимесін!» – деп қойып жұрт түкіріп,
Екеуңізге үміт артып, сенді бек.

Ән боп шықты қуаныштың мол үні,
Қыз ұзатып, келін келді алғашқы.
Енді, міне, ұл мен қыздың орыны
Жиен менен немереге жалғасты.

Ұлдың алды бөлек отау үй болды,
Қонақ күтті... сырын терең ұғын сәл:
Шаңыраққа шаттық дарып, күй қонды,
Болар бәлкім,

«Қырықтың бірі – Қыдыр шал».

Енді кезек келді Ержан бөлеме,
Мұның да бір сұлу қызы бар, білем.
«Үйлен» десем, айтқаныма көне ме?
«Өзің баста, – дейді күліп, – алдымен».

Екеуміз де жиырма бес жастамыз,
Бойымызда қызу жігер, жүр жалын.
Әлдеқашан екеумізден басқамыз
(Пысық екен), қатырыпты бір жағын.

Оны қойшы, сол да сірә ерлік пе?
Ең бастысы – азаматсың аймаңдай.
Бойыңда бар өжеттік те, өрлік те,
Керек кезде намысыңа қайралғай!

Аға бөлем – Айбек пенен Құралбек,
Құрдас бөлем – Мейірбек бар тағы да.
Ырымдап ат қойған билік құрар деп,
Ата-анасы балап елдің бағына...

Ішіндегі қарапайым – екеуміз,
Ішімдегі таратайын лебізді.
Інім Нұрсұлтан бар – біздер жетеуміз,
Арамызда сенсің жаны ең ізгі.

Туған күнің құтты болсын, ақ бөлем!
Қуанышпен өтсін әрбір уақытың.
Іздеген бар мұратыңды тап, бөлем,
Нәсіп қылсын екі дүние бақытын!

11.03.2013

* * *
Аруым, оянғайсың таңнан күліп,
(Жағынып, көрсетпеймін жалған қылық).
Бүгінгі туған күнің құтты болсын,

Жаратқан Аллам маған арман қылып.
Ақбөбекті Қайыптың жұбантты әні,
Бұл тағдырдың серіге сын артқаны.
Мен қалай көңілімді сездіре алам?

Өлшей алмас сезімді Квант заңы.
Бар жоғалмас, жоқтан бар пайда болмас,
Махаббатқа емес һәм айла жолдас.
Айдай сұлу аруға арзумын деп,

Асығыс қол созыппын Айға, ол рас.
Десем дағы қияли кезім ол күн,
Тартпапты қазір де түк сезім солғын.
Студент ек, алғашқы курстағы

Алғашқы махаббатым өзің болдың.
Арқама артып сынар жүк парызын,
Сенде күш, тартып тұрар жіп бар ұзын.
Кірген ізің сақтаулы жүрегімде,

Жоқ бірақ кері қарай шыққан ізің.
Бұйырса, бақытыңа жол табарсың,
Жүрегім, сол күндерден бол хабаршым.
Мен тілекшің, ниетім қабыл болса,

Жаратқан ақ жолына оң салар шын!
03.07.2013; 06:38

* * *
Бөліп жүр ойымды мың, ұйқымды жүз
Ап-арық, қараторы, сүйкімді қыз.
Жаныма сол бір жанды жақындатып,

Ақтауға Жаңаөзеннен сый қылды күз.
Қысқарса да жетпестей шақырымға,
Бұл жолда тайсақтайды батырың да.
Аяқ бассам барар жер – таяқ тастам,

Мұң болды мендей мәжнүн пақыр ұлға.
Еліктің лағындай еркем менің!
Арта алар кім ол қыздай көркемге мін?
Сенделіп көшесінде жүрмін жалғыз,

Серік қып серуенге ертер ме едім?
Қалқамды көп күн өтті көрмегелі,
Жанарым жамалына шөлдегелі.
Жүрегім шарт жүгініп, жауап таппай,

Алдында ақылымның тергеледі.
Мақтаған ел үмітпен елеулің – мен,
Жараспас ер жігітке желеу мүлдем.
Еркеме көңілімнің көркем үнін

Келеді ұқтырғым-ақ емеурінмен.
Атқанша арайланып таң толыға,
Аспанда айналады Ай – қамқорыма.
Қоямын көздерімді күзет қылып

Екінші қабаттағы балконына.

Жүргендей жүздесуді аңсатқалы
немесе құр сандалтып, шаршатқалы...
Үйіме қайтып келем көңілсіздеу,
Жаратқан, бастырма тек жаңсақ тағы.

03.12.2013

КҮЙШІ ҚЫЗ

Өзі – күйші, өзі – қыз,
Ал, мақтамай көріңіз.
Жұмекен
Әйелден ақын шықпайды,

Биші не күйші болмаса.
Есенғали
Көктемнің көркем күнінде
Мен үшін қымбат сый болды.

Қоңыр домбыра үнінде
Көкірегіме күй қонды.
Әнші не жыршы, ақын бол,
Бөлеген баққа серіні,

Жүрекке бастар батыл жол –
Домбыра болған серігі.
Ән мен жыр – ауыр қалай да,
Әйелге өзім тең көрмен.

Құрметім бөлек алайда
Қыздарға күйді меңгерген.
Ерітті сезім ойымды,
Желігу бірақ ерге сын.

Елітті сазың бойымды,
Жүректің басқан пернесін.
Шанағың шапқан шаңдатып
Тыңдатты дүлдүл шабысын.

Тамағынан тапқан ән бақыт
Үн қатты бұлбұл дабысың.
Түсінбес, сірә, жырға кім –
Тіл білсең, кемі, жетерлік.

Түсіну күйдің ырғағын –
Түйсіне алмасаң, бекерлік.
Дер болсаң маған: «Баға бер» –
Келтірдің күйдің нақышын.

Риза болысты саған ел,
Хас шеберлердің хақы үшін.
Бойымды билеп, баурады,
Жүрекке жетіп ақырын.

Жанымды илеп, жаулады,
Жүрген ем күйден мақұрым.
Ұрпағы жолын қумапты,
Бабамыз – Құлшар, Қарасай.

Домбыра ұстап тумапты,
Атаға тартып бала сай.
Ол шалдар елге мәшһүр ғой,
Мұраға бірақ бай-ақпын.

Қаныма сіңген дәстүр ғой,
Қалқам, сен соны ояттың.
Жүреді ылғи ойлантып,
Өнерпаз қыздың тағдыры.

Тәңірі артып қойған жүк,
Сонда бар бақыт, зар-мұңы.

Күдікті үміт жеңдіріп,
Көңілімді қош, қабыл көр.
«Бақыттымын» деп сендіріп,
Бәйек жаныма дамыл бер.

Дидарың нұрлы, ақжелең,
Тыныш па ғазиз күй-жаның?
Болашағыңнан бақ көрем,
Келеді соны сыйлағым!

Биікке ерткім келеді,
Алда әлі біз шығар шың.
Мендегі дерттің сен емі,
Емеурінімнен ұғарсың...

01.05.2014

ШАЙЫРЫҢ ШАРШЫ ТОПТА ИМЕНБЕЙДІ

(Нұрхан мен Әлияның үйлену тойында)
Қос жүрек – махаббатқа иген пейілі,
Ғашықтар бірін-бірі сүйген дейді.
Көшербай әулетінде той боп жатыр,

Кім бүгін бұл думаннан сый көрмейді?
Нағашымның тойында жырламасам,
Басқа жұрт маған сөйле дей бермейді.
«Сөз шығару – Үсенбай атамыздан

Осы Шоғы жиенге тиген», – дейді.
Жақсылықтың жыршысы болып жүрген
Шайырың шаршы топта именбейді.
Мұхаммед Пайғамбар да хадисінде:

«Үмметім, өс-өн, көбей, үйлен!» – дейді.
Әлия бағың болып қонсын, Нұрхан,
Ер азамат үйленбей, күйленбейді.
Тәуекел еткендерің дұрыс болды,

Таршылық көрсең дағы үйден мейлі.
Жарыған жұрт би мен бай, батырға бек,
Бұл ауылда айтулы ақын да көп.
Шалдардан көген емес, өлең қонған

Біздер де бір жел сөзге жақын жан ек.
Жүрегіме қазына берген Құдай
Қойғандай онсыз да аз ақылға шек.
Сонда дағы Нұр Ханға жарайтындай

Тілегім мен айтатын датым бар ед:
Шалт бассаң, шалып жығар заман боп тұр,
Шатаспа шайтанға еріп, шатылма тек.
«Тек жүрсең – тоқ жүресің» деген екен,

Кеңес берем мақалды мақұлда деп.

Көзі жеткен сөзі бұл жиеніңнің,
Ақылға аш болғанмен нақылға тоқ.
Оқшантайын толтырып, көздеп отыр,
Артық кетсем, артымнан атылмақ оқ.

Жиенің мықты болсын десең егер,
Сенің осал болуға хақың да жоқ!
Өйткені нағашың бар жаны дана,
Жақсы сөз айтып жатыр бәрі жаңа.

Төртеуің де түскендей ауызынан,
Қараштар да жиенге жарыған, ә?!
Тек түсіңді өзіне тартып тұр-ау
Жарықтық Ақыл әжем – кәрі ана.

Әкең – қара, ал шешең – қараторы,
Жалғыз өзің ерекше сары бала.
Ендігі Құнанорыс жиендері
Ұқсасын орыстарға саны ғана.

Бойдағы талант ерді қинар, ұстап,
Қалайша бұлар оны қиды, алыстап?
Жеті жыл домбырадан сабақ алған
Өкінтті Нұржігіттен күй қалыс қап.

Мұнайшы боп жүр дейді ол ағамыз,
Мейлі сол кәсібіңді сүй, табыс тап.
Өнер жолын қумадың сен де, Нұрхан,
Ән айтушы ең жасыңнан, гитар ұстап.

Оқуды Ақтөбеден сырттай оқып,
Барып-келіп жүрдің көп «сый» табыстап.
Әйтсе де, өзің сұмдық биші екенсің,
Тойларда жеңдің өткен би жарыспақ.

Ендігі үмітіміз – Нұржаубайда,
Сол кенже озса болды үйді алып қап.

Риза болғын азды-кем «шатпағыма»,
Тілек қылып толғаған «тақпағыма»,
«Үйленуге жарамай жүріп алып,
Ақыл айтып жатыр», – деп тақпа кінә.

Өзің барда көзіңше сынап алдым,
Күмәнданба сыртыңнан мақтарыма.
«Жар-жардағы» тілекке қосыламын,
Сенемін – сені күткен бақ барына.

«Ата-анаңның үмітін ақтарыңа,
Махаббатты мәңгілік сақтарыңа».
Айтып-айтпай не керек, бүгінгі той
Менің дағы сыйлады шат жаныма.

Алғысым шексіз саған, Ағза апаңды
Қуантып, келін әкеп жатқаныңа!
08.06.2014

* * *
Артық мінез көрмей-ақ қылығынан,
Сұлулардың сыны мен сырын ұғам.
Болсын мейлі бейтаныс, таныс болсын,

Бойжеткенді білемін бұрымынан.
Құбылмалы күніндей көктем-күздің,
Сөзіміз көп артықтау кеткен біздің,
Келте емес ақылы деп сенемін

Шаш қимауға санасы жеткен қыздың.
Сәніне сай сұлудың сезім керек,
Бағалаймыз байсалды кезін ерек.
Байқағанмын о бастан – болатынын

Бұрымдының бойында төзім бөлек.
Көзде – билік, өзіңде – ерік, сына,
Бұрымдыда кенде емес көрік, сірә.
Сарқырама бейнебір! Сарқыла ма,

Арқырап тау басынан төгіп тұр, ә?!
Құрбан қызыл сөз кербез келбетіне,
Жіберілген сый олар Жер бетіне.
Белін орап бұрымы, тұрғаны да,

Жүргені де бір керім тербетіле.
Сұлу қызға сұқтану – салты бойдақ,
Іркілемін жырымның артын ойлап.
Соның бірі сырымды ұға алар ма,

Бұрымынан білдірсем тартып ойнап?!
20.09.2014
«Ақтау ақпарат» газеті, 19.07.2012

БҰРЫНҒЫДАЙ ЗАҢ ҚАЙДА, ЗАМАН ҚАЙДА

(Нұрлан мен Индираның үйлену тойында)
Сән боп жүр қазір қосып атау «Нұр»-ды,
Көптен ел назарын сол ат аудырды.
«Нұр үстіне нұр» дейтін заман туып,

Сол «Нұрлар»-дың біреуі отау құрды.
Атыңды Нұрлан десе, нұрлана бер,
Жеткенде жетістікке жырланар ер.
Ақ тілек арнап саған айту үшін

«Өлеңмен сөйлеші» деп тұр маған ел.
Әлқисса, ауылыма келін келді,
Жас келін жаңа түскен елін көрді.
Шүкір, тағы бір түтін артып отыр

Адай, оның ішінде Келімберді.
Мұңал-ошақ – иесі шаңырақтың,
Төрт құбылам қалмағай қаңырап тым.
Күндіз көктен Күн нұрын төгіп, түнде

Шоғының шоқ жұлдызын жамыратқын.
Ерлерден кеткендей ме есе кей күн?
Қырықмылтықтың үлкені Есекейдің
Жарас деген жас ұлы жаудан мерт боп,

Жөні бар өкінішті десе дейтін.
Артында қалған бірақ Тікенек ұл,
Бабалар ерден үміт күте ме құр?
Белінен тараған бес баласынан

Сармыс атын атайды ел, біте көңіл.

Ер Сармыстан туыпты Бірекеміз,
(Басқасын кейін бөлек жыр етеміз).
Бірекеден жалғыз ұл – Жарылғап бар,
Одан біз Дауылбайды дүретеміз.

Дауылбайдың кенжесі Жылдамбайдан –
Ниет тәтем. Көрді ол да ұлдан қайран.
Ниетов Төлегеннен туған екен,
«Шықты, – деп сұрасаңдар, – Нұрлан қайдан?»

Шоғының барлық шалы емес бөтен,
Мен бәрін бұрынғыдай елестетем.
Бірақ енді біздерге бата берер
Ауылдың ақсақалы – Төлеш көкем.

Асып-тасып салтанат-сәулетіміз,
Жатпаса да артып бақ-дәулетіміз.
Кем болмай, ел қатарлы ырысымен,
Кең болып келе жатыр әулетіміз.

Берекесі бола ма тек дәулеттің?
Ол – еншісі таласқан көкпар-көптің.
Қымбатырақ одан да құндылық бар
Ұрпағы үшін бүгінгі текті әулеттің.

Ер туады негізге тартып ерден,
Ел сенімін еріне артып келген,
Бұрынғыдай заң қайда, заман қайда
Туған ұлдан туысты артық көрген?

Бұл кезеңнің болжаған кейпін бабам,
Есті сөзді ескермес бейпіл қоғам.
Бара жатыр алыстап жылдан-жылға
«Атасы басқа, аттан түс!» – дейтін заман.

Ақ параққа із салып зырла, қалам,
Екі жасты жөн болмас жырламаған.
Ата-анасын, ел-жұртын қуантып тек,
Болғай мәңгі бақытты Нұрлан ағам.

Бір-бірінің ұғысқан күйін жаны,
Индира екен бақ болып бұйырғаны.
Шаттық дарып, құт қонып шаңыраққа,
Тойға ұлассын енді бар жиындары.

Орындаған ұл менен қыз мұратын
Сәт туды сендерге жұрт жүз бұратын.
Бізден бұрын өмірде көргені көп
Айтып жатыр үлкендер жүз бір ақыл.

Болмаған соң келіншек қазір үйде
Мен айтатын жоқ ешбір тәжірибе.
Ең бастысы бақыттың жырын жаттап,
Сөзіне сай сарын мен сазын игер.

Болсыншы бұл, Индира, тұрағың бақ,
Парыз ғой ата жолын мұра қылмақ.
Үлкен қара шаңырақ енді бұл үй,
Ал сен осы әулеттің шырағын жақ!

Қосай деген белгілі елге тегің,
Бола алмайсың сондықтан сен де тегін.
Жасы кіші болғанмен, жолы үлкен
Осы үйдегі сен енді кенже келін.

Бәйтеректің жайылар тамыры әлі,
Жақсы атымен азамат танылады.
Берік болсын, ылайым, биік болсын
Нұрлан менен Индира шаңырағы!

27.09.2014

* * *
Жүректе жазылмаған шарт тұрады,
Махаббат тараптарды тарттырады.
Жеткізді сағынышым көзімді анық –

Қашықтық ғашықтықты арттырады.
Осылай сынап Құдай-Уақыт құлын,
Ұқтыра түсті маған бақыт құнын.
Бірге болу бір бөлек, бір қалада

Зор бақ екен таң атса, батып түнім...
27.11.2014

ЭМИЛИЯ

Бақыт талғап, тағдыр ие таңдай ма?
Тумай тұрып жазылады маңдайға.
Тылсымнан кеп аян берген түсінде
Анаң білер құпиясын қандай да.

Ібілістің бөгеп барлық бағытын,
Періштелер күзететін шағы – түн.
Есіміңді Муза қойған шығар-ау,
Бір ақынның оятсын деп шабытын.

Қалам алып қолға құлқын сәріде,
Қиялыммен ой жүгірттім әріге...
Тал бойыңнан табылады іздесем,
Атыңа сай қасиеттің бәрі де.

Берілмейтін қайсар мінез – өрлік те,
Жеңілмейтін намысқойлық – ерлік те.
Сезімтал да нәзік мінездеріңмен
Лайықтысың ханшайым қыз дерлікке.

Атыңды оқып пьеса, ода, дастаннан,
Алғашында жанарыма жас толған.
Бізге дейін Эмилиялар тағдырын
Жазу сонау Шекспирден басталған.

Білсең, маған – сен бір биік белессің,
Өзгелермен салыстырды демессің.
Лессинг жазған қасіретті кейіпкер –
Эмилия Галотти де емессің.

Лермонтовтан жыр оқуым жөн емес,
Ол сөз еткен сұлу саған тең емес.
Тамсана һәм мүсіркейтін аруы –
Графиня Эмилиясы сен емес.

Ажыратып өркениеттер арасын,
Көріп жүрсің адамның ақ-қарасын.
Грекия, Италияда көп шығар,
Жұлдызды жан қазақта сен дарасың.

Ұрпағысың текті тұқым – Қожаның,
Қожаларды құрметтеген қазағым.
Жазылмаған ата-баба заңы бар,
Тең – тегімен, ұмытпағын о жағын.

Қожа жырақ жібермейді әр қызын,
Жатқа қимас жақсысы мен жалғызын.
Білім алдың Шығыста да Батыста –
Ульсан менен Эдинбургте қалды ізің.

Жүрсең дағы түрлі тілмен тас жарып,
Адам ресурстарын басқарып...
Бір жігітке бағынуың керек қой,
Бұл сөзімнен жақсы оймен астар ұқ.

Жайдары жүз, жайсаң мінез – жан емі,
Үміт артқан ата-анасы һәм елі.
Алтын басты ару қыздан өзіңдей
Бақыр басты ер азамат дәмелі.

Қайтпасыншы сол жігіттің меселі,
Жазылса тек махаббаттан кеселі –
Таңдайдағы жыры болар еселі,
Маңдайдағы бағы артар бес елі.

Шақша басын шарадай ғып қатырып,
Көптен бері жүрсің ойға батырып.
Сен де бір сәт ол туралы ойлашы,
Бәлкім, бақыт тұрған шығар шақырып?!

14.02.2015

* * *
(Берік Дауеновке)
Қырағы сіздей ер тұрса – сырттан жау еніп,
Елімді бұза алмайды іштен дау өріп.

Құтты болсын туған күн, жаңа жасыңыз,
Тояннан туған ноян ұл – Берік Дауеніп!
Әлеуметті ауызына қаратқан жігіт,
Сейілтіп күдік, көңілге таратқан үміт.

Шабандоз аға, жортқанда жолыңыз болсын,
Темір тұлпарды тізгіндеп, жаратқан күлік.
Мақтанып біздер жүреміз осы деп ағам,
Ел іші, желі ішінде досы көп адам.

Адайдан туып, Алашқа аты жайылған
Азаматтың болсыншы басы тек аман.
Бес бала туған жеңгеміз – асыл жан екен,
Он беске саны жеткенше басылма, көкем!

«Батыр ана» боп, алтыннан қос алқа тақсын,
Әзірге ойы болмасын басында бөтен.
Біз ұлттық өнер, ойынға салқын қарасақ,
Сіз жүрсіз дәріптеп дәстүр, салтын тамаша-ақ.

Осы үлгіні жалғасын ұл-қыздарыңыз,
Басты тілек – бақыт пен жарқын болашақ!
24.04.2015

БАҒАЛАСАҢ, АЗАМАТТЫ БАҒАЛА

(Қожахмет Шақабаевқа)
Ағам биыл қырық белесті қыр асып,
Кеше еккен тал шыбығы бүр ашып,
Қос қуаныш мерекемен қатар кеп,

Жатыр бүгін тойы тойға ұласып.
Көптен бері жүрген сөз ед ойымда,
Мақтағаным емес бұл тек тойында.
Қан бар ұлы аталардан тараған

Қамбарұлы Қожа-Ахметтің бойында.
Тағаласаң, қазанатты тағала,
Бағаласаң, азаматты бағала.
Қырық күн той ғып, жыр арнасақ көп емес,

Қырыққа толған Қырықмылтық ағама.
Жасы келіп кемел кезең қырыққа,
Басы бәлкім көнер ердің ырыққа.
Бірақ біздің Қожа-Ахмет ағамыз

Бағынбайды қу тірліктей құрыққа.
Иман берер Алла сүйген құлына,
Алған ағам мұны ерте ұғына.
Қырық үйден тыйым салып қызына,

Қырық парызын үйретеді ұлына.
Жасыратын жоқ мұнда еш сыр бөтен,
Жасыл MERC мініп алып жүр көкем.
Күні кеше көзім түсті кездейсоқ,

Көлігінің нөмірі де қырық екен.

Ілия жеңгем – тап өзіне сай ердің,
Жаңылмасам, қызы емес-ау жай елдің?
(Шаршауды бір білмей ме екен шынымен?
Әй, бірақ та қырық жаны бар әйелдің).

Қонақ күткен қабақ шытпай, ерінбей,
Құрметтейтін босағасын төріндей,
Жеңгем жайған дастарқаннан дәм татқан
Қырықтың бірі – Қыдыр болып көрінгей!

Қабыл болып бабалардың батасы,
Тамыры бір, мыңнан асты шақасы.
Қожа Ахмет Ясауидің қасында
Қожа-Ахметтің Шоғы батыр атасы.

Туыс десе – жүгірер жан қинап зыр,
Жаздым бүгін ағамызға сыйлап жыр.
Қырық пышақ боп жүрген кезде көп ру,
Шоғыларды шашыратпай жинап жүр.

Шоғы-Жолай-Темір – түпкі тақтасы,
Бас піріміз – Әзіреттің аттасы.
Сыйлы жігіт үлкенге де, кішіге,
Бес балалы, өнегелі отбасы.

Ағиламыз – перзентінің тұңғышы,
Інісі Асан – азаматтың үлгісі.
Қос ұл, қос қыз ортасында Лаура бар,
Ару – одан кейін туған сіңлісі...

Кіп-кішкентай бауырлары Сайпұлла
Болғай дейміз есіміне сай тұлға.
Ер боп өссін қиып түсер қылыштай,
Біздер оны тең көрмейміз жай ұлға.

Жылдан жылға өсіп-өніп жан басы,
Несібе боп арта бергей мал басы.
Ниетіне Құдай беріп қалауын,
Толы болғай жақсылыққа жалғасы.

Қожа-Ахмет елге қожа, би болғай,
Шаңырағы – би түсетін үй болғай!
Ағайынның ынтымағы артып тек,
Бірлік пенен бақ-береке, күй қонғай!

09.05.2015

* * *
Елге әсем әсер
Сыйлап жүрсің, Әсем!
Жеті жылдай бұрын

Мен де сендей жас ем.
Қарындасым көркем,
Сол кез қайда ең, еркем?
Ерте туып, кеш қап,

Өртен, жүрек, өртен!
19.05.2015

ҚАНДЫКӨЙЛЕК

Әр жылдың келсе екінші қыркүйегі,
Кеудемнен ағытылар жыр тиегі.
Жүрегіме жүгініп, кісі таныр
Ой-санам сен туралы сыр түйеді.

Бүгін де «Достығымыз мәңгі ғой», – деп
Санама қалбым көркем салды ой көп.
Өтті кезім балалық, жетті көзім,
Алмасым – аға-досым қандыкөйлек.

Жамылып жатыр әлі шаһар түнек,
Ауды күн сәрсенбіге, саһар түлеп.
Дұға қылып қол жайдым құбылаға,
Ел мен сенің бағыңды қатар тілеп.

Шақырып тұр өзіңді алыс бақтар,
Қарқыныңмен қадам бас, қарыштап қал.
Жарық болсын жолына,
Айымбетов!1

Менің ақ тілегімді ғарышқа ап бар!
02.09.2015; 04:15
1 Осы таңда Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты.

ОҢ МЕН СОЛ

Бала кезім. Мектепке барған жылым,
Жетектеп әкем мені – арманды ұлын
Өткізіп жіберетін үлкен жолдан
Бағытқа бұрылмаған арнам бұрын.

Шәкірт едім шамалы зеректігім,
Болған жоқ қатарымнан ерек түгім.
Жетіге келіп білдім – жолдан өтсем,
Алдымен солға қарау керектігін.

Жаяулатып көшені кезіп кей күн
Әкем жол ережесін ежіктейтін.
Оң жақпен жүруді де үйреткен-ді,
Отырмын сол сәттегі сезіп кейпін.

Ол кезде айтылғандай заң үшін тек,
Жастықпен ұғынбадым мәнісін көп.
Үйреткендей өмірдің жолында да
Баласы оң мен солын танысын деп.

Танығанмен, дей алман – қатеміз кем,
Күн туды қамсыз кезден қапер үзген.
Бастауышпен қоштасам деп жүргенде,
Қоштастық ұлы ұстазым – әкемізбен.

Көңіліңіз қалмағай, әке, менен,
Сирек екен сіз жайлы сәт елеген.
Жетімдікті сезінбей өстік біздер,
Анамның арқасында мәпелеген.

Кейде өзімше келеді алысқа асқым,
«Әкесі бар ұлдардан қалыспаспын», –
деп далақтап, алақтап, көп жерлерде
Оң-солды ажыратпай, шалыс бастым.

Жасымды көрсетпен деп жау мен досқа
Басымды соқтым талай тау мен тасқа.
Алла, әкем қалаған жолға салшы,
Қашанғы адасайын, ау, мен қасқа?!

09.12.2015

* * *
Қайда жүрсек жол ашты көкте күліп кербез Күн,
Жолға шықса білінер айырмасы ер-ездің.
Жақсылармен жолдас боп, керуеніммен сап түзеп,

Асан қайғы бабамдай ел аралап, жер кездім.
Сапарымның басында Батысымды барладым,
Солтүстікті түгендеп, Шығысымды шарладым.
Жетісудың бойында жеті күндей жер шолып,

Жүріп өткен жолымды Оңтүстікте жалғадым.
Қалды артта ну орман, көк тіреген тау, өзен,
Алтай, Арқа, Алатау, арта бергей дәрежең!
Айшылық жол артқа сап, Маңғыстауға оралдық,

Керуенімді қарсы алды Бейнеуім мен Жаңаөзен.
Көз жеткізіп білгенім – бүтіндігі іргенің,
«Төрт құбылам түгел» деп, қамсыз көңіл бірледім.
Аңсап жеткен Ақтауым сағынышын сыр қылып,

Менің дағы кеудемнен ақтаруда жыр кенін.
Ел адақтап жүргенде көзім жеткен анығым:
Туған жердің тау-тасы – тұнған тарих, тағылым.
Киесімен даңқы асқақ, иесімен көрікті,

Бар тілегім – баянды болуы сол бағының.

Берекеге бастайтын бірлік болса – бақ жалғас,
Қуаныштан кепсінші қасіретпен аққан жас.
Өткен күнге тәубе деп, келешектің қамы үшін
Айтулы күн ақ тілеп, атап қойдым ақсарбас!

Мәңгілік ел арманы жүректерде жүр барша,
Сол арманға әлі де арналады жыр қанша?!
Болашағын елімнің мәңгілікпен өлшеймін,
Қазақ елі жасайды дүние-жарық тұрғанша.

06.11.2014
«Егемен Қазақстан» газеті, 01.12.2014

* * *
Бір өзі бір алқа жанға тең ағам,
Жұмсақ жүрек, көңілі де кең ағам.
Тұлабойы – ілім-білім қоймасы,

Даналыққа көкірегі кен адам...
14.02.2016

ХАН БАЛАСЫ НЕМЕСЕ

ДОН МОЛАСЫ БАСЫНДА

(экспромт)
«Тірі болсам, хан баласында қазақтың
хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай
қоймаймын...»

Әлихан Бөкейхан
«Адайлар Әлекеңнің алдынан ту алып
шығып:

– Ханымыз келді! – дегенде, Әлекең:

– Қойыңдар! – деп ақылын айтып қойғызған...»

Әлиханның інісі Смахан төренің
«Әлекеңнің өмірі» атты естеліктерінен
(үшінші дәптер)
Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастары бас

қосып, Әлихан Бөкейханның дүниеге келгеніне
150 жыл толған күні оның өртелген денесенің
күлі жерленген репрессия құрбандарының
ортақ моласына туған жерінен топырақ

салдық.
Бақтыбай Жайлау
Талтүсте біз тоналдық та ұрландық,
Талай текті тұлғалардан тұл қалдық.

Мәскеу шәрі...
Дон моласы...
Осында
Жатыр дейді Әлихандай құрбандық.

Жиырмасыншы ғасырда бір жік шыққан,
Таз басынан қос құлағы тік шыққан.
Оған тағы тажал келіп қосылды –
Беттеріне тікендей боп түк шыққан.

Телінгенде бұл екі хас құл «ханға»,
Не тағдырлар шешілмеді бұл маңда?
Сенді ме екен ақты қара жеңді деп,
Ақсүйекті қара күйе қылғанда?!

Тектілік бар төре тұқым қанында,
Қағида бар жазылмаған заңында:
«Қазағыма қызмет қылам өлгенше,
Қарашының есесі бар ханында», –

деп анты мен айнымаған жолынан,
Адаспаған оңы менен солынан.
Ұлт көсемі – Алаш Орда арысы
Шаһит кешті кәпірлердің қолынан.

Ол кеткелі бармақтары шайналып,
Тәні – күлге, жаны – гүлге айналып...
Қара Жерге жасын төгіп тұрғандай
Көкте – күндіз Күн мен түнде Ай налып.

Дала кезіп, су кешіп ер етікпен,
Шекарасын өзі сызып бекіткен
Туған жердің топырағынан тыс жерде
Өмір бойы өксікпенен өтіпті ер.

Тар маңдайға жазған тағдыр шиырлай,
Жазмышынан оза алмады қиырлай.
Қос уыс боп қала берді, өзі айтқан –
«Екі жарым кез жері» де бұйырмай.

Бағындыра алмаған еш бұғалық
Менің ата-бабаларым қуанып,
Төбесіне көтеріпті бір кезде,
«Ханымыз!» – деп тосып алдан, ту алып.

Сол ханыма тиген жер – бір жапырақ...
Жастар бас боп жиналды бар атырап,
Сезінсін деп туған жердің тынысын,
Барлығымыз салдық уыс топырақ...

Москва, Россия, 05.03.2016
«Маңғыстау» газеті, 27.10.2016

* * *
«Жер сатылмасын!» – деп алаңда

жүрген жандар атылмасын,
«Сатылсын!» – деп шулағандар

шайтанға еріп шатылмасын.
«Жеріміз жалға берілмесін!» –

деушілерді еш соттамасын,
«Жалдайық!» – дейтін, өз қамын жейтін

опасыздар оттамасын!
20.04.2016

ХАЛЫҚ ОРНЫН ТӨРДЕН БЕРГЕН ТӨРАҒА

(Ерлан Қаринге)
Қырық жасыңыз құтты болсын, Ер-аға!
Болмысынан өжет тұлға, өр аға.
Басқалардай билік қуған басшы емес,

Халық орнын төрден берген төраға.
Жан емеспін жағынып жыр арнаушы,
Ертекші емен ойдан құрап сарнаушы...
Түп атаңыз – Есек мерген баһадүр –

Ел қорушы, жер шолушы, барлаушы.
Әлқисса, бір сапарында ер үлгі
Танытты да қаһарман боп көрінді.
Жезтырнақ пен Таутайлақты өлтіріп.

Аластаған ел қонатын жерімді.
Саясатта құбыжықтың түрі бар,
Жез тырнақ пен Таутайлақтың тілі бар.
Жалғастырып келесіз сол күресті,

Ал сіздің бас қаруыңыз – ілім-ар.
Бағалайтын басындағы бақ құнын
Жеңешеміз – жалғасы екен жақсының.
Жаратушы жақсылықпен сынапты,

Баянды ғып бергей мәңгі Хақ сынын!
26.05.2016

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, УА, МҰСТАФА!

Тежей алмай құйын-көңіл бұрқағын,
Тамырымда тулай толқып тұр қаным.
Уа, Мұстафа, ассалаумағалейкум!
Іздеп келді ізіңнен бір ұрпағың.

Айналмауы үшін елің отарға,
Түркі жұрты қосылса деп қатарға,
Жалғыз жортып ұлы жорық бастарда
Маңғыстаудан аттанып ең сапарға.

Ғасыр өтті сен кеткелі, нар тұлға,
Түркістан мен Алаш қалды артыңда.
Арыстарын жұтқан жетім жұртыңның
Жетімегі айтар зары бар, тыңда!

Қозғамаймын жетпіс жылдың азабын,
Сөз қылмаймын азаттықтың ғажабын.
«Азапты да, ғажапты да көп көрген»
Бейбіт күнде бүлінуде қазағым.

Үш тұғырдан тұрақ іздеп тіл кетті,
Тамырынан айырдық дін-діңгекті.
Барын беріп, нәрін беріп емізген
Жер-ананы саудалайтын күн жетті.

Біздей жасық ұрпағыңда дәрмен жоқ,
Заң ұстаған пәленшеден пәрмен боп,
Тіл тұсаулы, күресерге қайрат кем,
Тұтқындалдық өткен күні-ақ армен сот.

Шынымды айтсам, шарасыздан шамданам,
Қиын бізге сенің жолың таңдаған.
Сталин мен Гитлерден ықпаған
Ерлігіңе, өрлігіңе таңданам.

Аруағыңнан айналайын, ақ шейіт!
Бұйырыпты саған жалғыз тақ – бейіт...
Білмесек біз қолда бардың қадірін,
Ұшпайды ма басымыздан бақ кейіп?!

Ата, соны ұлықтарға ұқтырғын,
Жігеріңнен бізге жұғын жұқтырғын.
Тасынғанды тапсырамыз Тәңірге,
Басынғанды рухыңмен бұқтырғын.

Жарық Күннің қадірін тек түн білер,
Қара түннің қадірін тек Күн білер,
Жер қадірін жат топырақ жамылған
Әлихан мен сенен артық кім білер?!

Berlіn, Deutschland, 29.05.2016
«Маңғыстау» газеті, 27.10.2016

КӨШЕРБАЙДАН ҚАЛҒАН ҚАРА ШАҢЫРАҚ

(Нұржаубай мен Түймеханның құдалығында)
Көтерді жас шаңырағын Адайдың,
Құдалығы Балықшы мен Жаңайдың.
Нұржаубай мен Түймеханның отауын

Таудай қылды тілектері талайдың.
Мән болмаса, сөз айтады бекер кім?
Сендер де үлкен үй болатын жетер күн.
Ағайынның алғысына бөленген

Жолын берсін Әбдірахман-Шекердің.
Нұржігітің бөлек шықты енші алып,
Нұрхан кетер мал-мүлікке ен салып.
Нұржау інім, енді ие боласың

Әулетің мен дәулетіңе, сен қалып.
Енді сенің үш жұртың ол – үш таған,
Үш тірегің берсін дәйім күш саған.
Жаңаөзенге келін қылып бұйыртып,

Балапанын ұшырыпты Ұштаған.
Түймеханжан, бақ пен құтқа кенелгін,
Жас болсаң да, бас келінге теңелдің.
Ақыл-ойын берсін Ақыл әжеңнің,

Бал мінезін берсін Шекер енеңнің!
Қашан көрсең, қорада қой маңырап,
Үйге кірсең, ұл мен қызың жамырап.
Қуаныштан азан-қазан боп жатсын

Көшербайдан қалған қара шаңырақ!
24.09.2016

* * *
Табылдының артындағы жоқшысы –
Тастүлектің қата берсін топшысы.
Ұясынан көргені көп балапан

Болғай енді қиядағы бақ құсы.
Айналайын Әділбекжан бауырым,
Жүрсің артып аманаттың ауырын.
Берсін Алла ағалардың ақ жолын,

Қырда туып, мойындатқан тау ұлын!
09.12.2016

* * *
Мендік маусым Жедіні үптеп алып,
Дәлу көшті, үміт тұр Үтке қалып.
Келер күннен көңілдің күткені – Анық,

Өткеніме өкінбен, түк те налып!
Тәубе!
28.01.2017

* * *
Темірқанат түлегі Түркістанның
Сәлем жолдап Түстікке жүр құстан мың.
Басылар ма бойында сағынышы

Маң қыстаудың ойында жыр құшқан күн?!
Көк күмбез көк тіреген шәһәріңнің
Көремін шәрбатын – дін, зәһәрін – мін.
Айырар бал мен уды ілімің бар

Қызысың Абай менен Шәкәрімнің.
Шағың бұл шеге алатын еркін сапар,
(Танытпас ұзасаң да төркін қаһар).
Бағына туған Алаш аруысың,

Таласқан ақылың мен көркің қатар.
Болмысың бейнелейді тал қайыңды,
Ақ қайың қақтырады таңдайымды.
Оқыр ем есімімді пешенеңнен,

Кекілің жасырып тұр маңдайыңды.
Аздап мұңлы һәм ойлы көзің күлген,
Жасырып тұр ол да сыр өзің білген.
Құпияңа келеді ортақ болғым,

Таусылуға шақ мендік төзім мүлдем.
Қос жүректе сыр болып сақталайық,
Қос санада жыр болып жатталайық.
Рухы ортақ өлкеден тағдыр жазған

Бұрма кері басыңды баққа лайық!
04.04.2017

* * *
Мен – Жермін.
Жүрегі Көк саласының,
Күн-Анамның үшінші баласымын.

Биіктік пен тереңдік, кеңдік өлшем
Сипаты – тау мен мұхит, даласының...
Жаратты Құдай маған серік қылып,
Айдай сұлу ғаламшар көрікті ғып.

Күндіз Күннің нұрынан жылу алып,
Түнде жарық сәулесін беріпті жұп...
Апаларым – Меркурий, Шолпан атты
Ұзап кетті салтымен салтанатты.

Қарындасым Марс та бойжеткен соң
Жалғады мұратымен сол талапты.
Ер жетті Юпитердей бауырым да,
Артып Көктің бар жүгін жауырынға.

Қоңырқай қыз Сатурн қарындасым
Еркелеп өсіп жатыр қауымымда.
Уран ағам туа сап шетінепті,
Нептун інім құрсақта шетінепті.

Ғарыш-Әкем – ғайыпта.
Жалғыз бақты
Күн-Анам алты бірдей жетімекті.

Бала кезде жалғыздық сезінбедім,
Бозбала шағымда да көз ілмедім.
Думандатқан дүниенің дүрмегінде
Жүріппін,

Өз қызығым – өзімде едім.
Бірақ-бірақ бүгінгі таңда мына
Бажайлап бір қарасам жан-жағыма.
Орбитамда айналып жүре бергем,

Өмірімде жоқ басты мән-мағына.
Түс ауа аян келді:

– Қайғы жеме!

Жер үшін тіпті мұны «қайғы» деме!
Жалғыздықтан құтқарар жұп болмаса,
Жаратты Құдай сонда Айды неге?!

– Айтпақшы, Құдай маған серік қылып,

Жаратты-ау ару Айды көрікті ғып.
Күндіз Күннің нұрынан жылу алып,
Түнде жарық сәулесін беріпті жұп.
Неге мен Айымды бір іздемегем?

(Аянмен туды бірге күзден өлең).
Көз алдымда күлімдеп Күнді айналып,
Айым жүр жұлдыздарын тізбелеген.
Ай-Керім, жарығыңды молынан шаш,

Көлденең кедергілер, жолынан қаш!
Бұлт, араны торлама!

Ай жағымды
Алды-арты, оңы менен солынан аш.
Алқаракөк аспанды мөлдіреткен,
Нұр тілегін сезініп Жер дір еткен

Ай-Керімнің бейнесі қиялымда
Елестеп тұр ару боп ерді өпкен...
07.10.2017; 17:30

* * *
Ақылды қыз,
Ойлы бар жазбаларың,
Ақтарасың көңілдің қазбаларын.

Әлі де үлкен өмір мектебінен
Үйреніп, азық қылып аз ба аларың?!
Оңашада оқылар жыр-дастанша
Мен асықпын кеудеңнен сырды ашқанша.

Кел, қалқам, қымсынбағын, тілдеселік,
Көңілден күмән деген кір қашқанша...
Шықпаса шауып біреу алға мыңнан,
Табылар жан бар ма екен талғамыңнан?

Тартынып, тежеп жүрмін өзімді әрең,
Талабыңа сай болмай қалғанымнан.
Арусың тәнті қылған айналасын,
Көркіңді көзім сүйіп, аймаласын.

Сән көрсетіп жүретін подиумда
Модельдердей майысып, айналасың.
Қадамың – дефиле деп атағандай,
Жанарың – көрген жанды матағандай.

Не кисең де жарасар тал бойыңда
Малынып шыға келер мата қандай?!
Үстіңе үлде менен бүлде бөлеп
Жүрісіңді балаймын жүлдеге елеп.

Тұра қап иық қағып, бұраңдайтын
Қылығың мен қимылың мүлде бөлек!

Қиялдасам қыз қуып кетем кенет,
Жортысқа желіспенен жетем бе деп...
(Артынан арман атты арғымақтың
Талаптың тұлпарымен тепеңдемек).

Үгіттеп көндірмесе жеңгелерің,
👍Жігіт деп сендірмесе жеңгелерім.
Үміткер атына сай ханшайымға
Күмәнді менің дағы тең келерім.

Басымды махаббатқа иейінші,
Ғашық боп – бір суып, бір күйейінші.
Тартыңқырап шапқайсың тізгініңді,
Қуып жетіп бетіңнен сүйейінші...

16.06.2019

ҚОЖАНАЗАР МЫРЗА МАЗАРЫ БАСЫНДА

(Әбіш Кекілбайұлына арнаймын)
«Сейсем – елдің есігі,
Сейсем – ердің бесігі».
Ой мен қырды жалғаған,

Көр болса да талай жанды жалмаған –
Заманында кімге арман болмаған?!
«Қырық қадамнан» берілетін бағасы,
Бар «жақсының» жете бермес шамасы,

Тұлғаларды тірісінде талғаған:
Мәшһүр болған есімі,
Дәстүр болған кесімі,
Қара басы хан-сұлтанға бара-бар,

Би мен батыр, даңқы асқан даналар,
Игі жақсы барша біздің бабалар
«Сейсемге барып көлбеген».
Тәнін жерге көмгенмен

Жаны мәңгі өлмеген.
Үрейімен суарады рухыңды,
Пенде болсаң парасатқа шөлдеген.
Барсам ылғи басына сол зираттың –

Өтердеймін көпірінен сираттың.
Жан-жағымды шарлай қарап,
Табан астын барлай қарап,
Әр қадамды аңдап басар ширақпын.

Бойға тоқып тәлімді,
Таһаратпен тазартамын тәнімді,
Талабынан шығу үшін тирақтың.
Сөйте тұра, өз-өзімді сендіріп,

Пейілімді пенделікке жеңдіріп,
Деп ойлаймын – қу нәпсімді қираттым...

Міне, тағы апыл-тапыл келемін,
Әулиелердің әлеміне енемін.
Оң жағымда ердің пірі –
Сейсем ата, көрдім тірі,

Мен өзіңнің аруағыңа сенемін!
Тұс-тұсымнан жанарларын қадаған,
Бабаларым, кетейінші садағаң!
Бар болмысым мәлім мына сендерге,

Алдарыңда кірердеймін мен жерге,
Қандай кінә артсаң дағы көнемін.
Тек өтінем, қалдырмағын кәріңе,
Отыра қап бет сыйпаймын бәріңе,

Жүздеріңді қиялыммен көремін.
Шапағатшы болыңдаршы балаңа,
Шарапатты төгіңдерші далаңа,
Санап кетсем таусылмайды керегім...

Ары қарай болса да тар ара тым,
Анау төрге қарай бастап баратын
Жалғызаяқ жолға түсіп еремін.
Күмбезі көкке шаншылған,

Сағанасын салған жері жаншылған,
Мырзамызға тоқтап сәлем беремін.
Бой көтерген бәрінен оза мазар
Иесі – Жаңайұлы Қожаназар!

Жатқан жері көне қорым жиегі.
Бабасына бағыштап бәйіт бұрсақ,
Баласына сөз беріп айттырсақ –
Толғай төгіп ағытылар тиегі:

«Қосағынан ат кетпей,
Ошағынан от кетпей,
Қыздырған талай жиынды,
Жидырған талай дүйімді.

Арғы тегін сұрасаң –
Алай менен бұлайда
Абыройын жоймаған.
Ұйқастырып Құдайға

Атын тегін қоймаған
Асылдан еді сүйегі.
Бергі тегін сұрасаң –
Рахымы жауған Алланың

Үш Назардың бірі еді.
Мыңғыртып жылқы айдаған,
Мыңнан бота байлаған
Қос теңіздің арасын

Қора-қора қой қылған.
Бексауытты әскерді
Бір өзі атқа қондырған.
Айғыр салған Суыннан,

Табақ тартқан құлыннан,
Дос жинаған қиырдан,
Жол табатын шиырдан;
Төресіне би келген,

Таласына пір жүрген;
Қарасына хан келген
Заманының дүрі еді...»
(Ә.Кекілбайұлы)

Сол заманда өзі болған бабаның
Ұрпақтарын әр шалғайдан табамын,
Сүйектері қала берген шашылып.
Жүргендері балпаң басып,

Кеткен бір кез Балқанға асып,
Тұр деймісің онда құшақ ашылып?!
Сонау тұста үркіншілік
Іздеп кеткен біркүншілік

Тескентаудан әрі қарай асып ық.
Тағы қалды бірі қайран арыстың
Майданында орман басқан орыстың
Жүзін жапқан жат топырақ жасырып.

Дидарынан сәуле тамған,
Тірісінде әулие атанған
Әбіштей ер шыққан даңқын асырып:
Мәртебесін арттырмаққа,

Сейсемдейін салт құрмаққа,
Сарыарқамыз алып қалды бас ұрып...
Тағзым етіп тау шалдарға,
Азық алып аңсар жанға,

Хақтан рахым, пірден медет тілеймін.
Өткеніме өреуіл деп,
Қалғаныма салауат деп,
Шырақ жағып, бастарында түнеймін.

Қуат алып әрі қарай,
Жол жүрерміз әлі талай
Дәм бұйырса, жердің жүзін шиырлай.
Бабаларым себепші боп,

Даналарым медетші боп,
Атажұрттың топырағы бұйырғай!
09.09.2019
«Маңғыстау» газеті, 17.10.2019

* * *
Болсам дағы көп үлестен қалыс қалушы,
Жан емеспін еңбек етпей табыс табушы.
Атақ беріп, жүктеді ел жауапкершілік,

Биылғы алған зор бағам – «Әбіштанушы».
21.11.2019

* * *
Пайғамбарым зарласа үмметім деп,
Қалбай ақын шырлап жүр міллетім деп.
Тірісінде ол қазаққа керек емес,

Көрсетеді өлген соң құрметін тек...
07.12.2019

ТІРКЕШ АҒА РУХЫМЕН ТҮНГІ ТІЛДЕСУ

– Ассалаумағалейкум, Тіркеш аға!

Рухыңды мазалап тұрмын кенет.
Тілдесумен өтсінші бір кеш, аға,
Көкейімде айтатын жүр мың себеп.
Сергелдеңге салды ғой сарсаң қайғым,

Сезінер ме өзіңдей өзге сырды?
Ескі үйінде отырып Сәрсенбайдың,
Ескі үйіңде еске алам кездесуді.
Жиырма бес жыл өтіпті одан бері,

Ана жақта бұл уақыт аз ба, көп пе?
Мына жақта кетті ме қоғам кері?
Жаралап жүр жүректі – азған өкпе.

– Уағалейкумассалам, Бақтыбайжан!

Аман-есен жүрсің бе, айналайын?
Тілеуіңді берсінші Хақ Құдайжан,
Жаным тыныш боп мен де жайланайын!
Жәрдем сұрап, мұң шағып, жалынасың,

Жағдайыңды тек өзім түсінемін.
Жақыныңа көңілің налымасын,
Барлығының кірермін түсіне мың.
Білем, шерді ешкіммен бөліспейсің,

Сенің мұңың оларға ауыр болар.
Тіпті жүкті бөлуге келіспейсің,
Көтеріссе, арқасы жауыр болар.

Ең оңай іс – кісіге ақыл айту,
Бірақ сенің құлқың жоқ абалауға.
Жанашырлық – оңаша нақыл айту,
Ел көзінше болмайды табалауға.

– Аға, мінді түзеуге дерек болса,

Барлық уәжін көңілге тоқып көрем.
Санасу мен сынасу керек болса,
Жұмекеннің өлеңін оқып берем:
«Жалғыз едім студент кезімде мен,

Біреуіңнен жылылық сезінбеп ем...
Сонда сендер қайда едің, қайда, ағайын?
Енді неге бұлдандың, айналайын?!
Өкпе айтысу – бар мақсат, болса тірлік,

Сапырайын мен дағы, ал, сапырдық.
Менің өкпем – қазандай, сол қазанды
Төңкерейін басыңа қолшатыр ғып...»
(Ж.Нәжімеденов)

Қайсыбірін айтайын өткен істің?
Он екі жыл далада қаңғып жүрмін.
Соқпақты жолдан шығар теп-тегіс кім?
Қасқа басты қалада даң ғып жүрмін.

Білем кеткен көп есем, хақым барын,
Сыртымыздан ғайбат сөз сыналайды.
Құтты күні жат түгіл, жақындарым
Өзі айыптап, өздері кінәлайды.

Жағдайда емеспін ел сынайтындай,
Ұнайтындай ешкімге жоқ талабым.
Ішімде кетер барша мұң айтылмай,
Бірақ оның несіне ақталамын?!

– Жә, жарайды, сабыр ет, ұқтым, балам,

Сен де мендей жаның қас жасандыға.
Түсірместен еңсеңді тік тұр, балам!
Көрмегейсің қайғыға бас алдыра!
Жаңа үйіме мен де енбей кетіп едім,

Сәрсенбайдың ескі үйін торып жүрмін.
Жандарыңа үрей боп жетіп едім,
Барлығыңды қолдап һәм қорып жүрмін.
Екі дүние пердесі шідерлейді,

Тұрғанымен аядай әлем қолда.
Сөзім барсын, өзімді жібермейді,
Сен мен болып оларға сәлем жолда!
13.12.2018; 03:00

АДАМ АТА – ҺАУА АНА

Сөз болып па қыс, көктем, жаз, күз деген?
Сыңарынан үмітін бір үзбеген
Адам атам Жер бетіне түскен соң
Һауа анамды үш жүз жылдай іздеген!

Атамызға тартып тусам айып па?
Үмітсіздік адамзатқа лайық па?
Бұйырмысың көндіреді жазмышқа,
Ғашық жүрек сендіреді ғайыпқа.

Күмән болса иманыңды құртар дүр,
Сенім кәміл – қайталанып тұр тағдыр.
Бастан кешкен Адам атам жарықтық
Халін ұғып артында бір ұрпақ жүр.

Шын ғашықтар оңай бақыт тапқан ба?
Текке тартып, сіңіріпті Хақ қанға.
Үш жүзге тең отыз жылын өтеппін,
Мың жыл жасын жүз жылыма шаққанда.

Енді менің кездесуге хақым бар,
Жұбым дағы маған қарай жақындар.
Пайымдайтын Пайғамбар жоқ тек қазір,
Уайымдайтын – кейін келген ақындар.

Ауам қайда кеудем керіп тыныстар?
Һауам қайда бүйірімді жылы ұстар?
Сапарыма серік болып ермей ме,
Күтіп қалды бізді талай жұмыстар.

Жер үстінде жаңалық көп біз ашар,
Одан бұрын сәт туып тұр жүз ашар.
Дидарыңды Күн танысын, Ай көрсін,
Сен екеуміз – дүниеге ізашар!

Күн мен Айдай нұр шуағын таратқан,
Жарық шашып шықпақсың қай тараптан?
Жұлдыздарын жамырату керек Көк,
Жұмағына қайтарғанша Жаратқан!

21.01.2020

КЕРБЕЗ КЕРІК

Келбеті көркем, қылығы кербез керігім,
Көңілім құлап, аңсарым ауған керімім.
Мөлдір көздерің тұңғиығына батырып,
«Мені сүй!» – деп тұр қымсына күлген ерінің.

Болмысы ерек, бітімі бөлек, бұрымдым,
Өзіңді көріп, бағытымнан кілт бұрылдым.
Сан сұлуларға қайырылмай кеткен қатты едім,
Қазір қандаймын? Болғанмын сонда бұрын кім?!

Еңкеймей жүрген еркімді көркің жеңді ме?
Еркелей күлген назыңа көңілім көнді ме?
Айыра алмай жүрмін бе жол мен жөнді де?
Айтам ба кейде әрпіл де тәрпіл әңгіме?

Ендеше, қалқам, өзіңе ерің ғашық, ұқ!
Аруын аңсап, арманына жүр асығып.
Алағызба жан алып-ұшуда, аңғарсаң,
Тулаған қаны тамырға сыймай тасынып.

Таңдағай дағы жұлдызды жұбын жаңылмай,
Жанғай да бағы, бет қайтып тауы шағылмай.
Тағат табар ма құшағына алмай ол енді,
Қолаң шашыңды жастанбай және жамылмай?!

Сөзіне емес, көзіне қарап көргейсің,
Санаңа сеніп, сезімге билік бергейсің!
Атына заты лайық па екен, байқашы,
Ақыл мен жүрек жетегіне тек ергейсің!

Еліктей еркем, керіктей көркем кербезім,
Елікпей жүрген тұсадың қалай ерді өзің?
Болашағыңа бүгіннен бастап жол ашқай
Бақытты болар, бақытты қылар дер кезің!

23.01.2020; 05:35

* * *
Сыңарымсың сызылған маңдайыма,
Жыр-әнімсің жазылған таңдайыма.
Бірге, жаным, өзіңмен төтеп берем

Болсын мейлі сынақтың қандайына.
Талғам мен арманыңды шын ұққасын
Көңілімде күдік емес, үміт басым.
Мені жалғыз қалдырма, тілегім – сол,

Дос табалап, кетпегей күліп қасым...
Жатқанда далам ұйықтап, қалғи көгім
Ақтарып кеудемдегі хәл күйлерін,
Тербетіп керімімді құшағымда,

Келеді түні бойы әлдилегім.
Ұғады мендей сенің жайыңды кім?
Ұғады сендей менің жайымды кім?
Қайырлы түн – екеуміз бір болған түн,

Әзірге алмастырсын Айымды Күн!
24.01.2020

СІЗДЕЙ ЖІГІТ КҮНДЕ ТУЫП ЖАТҚАН ЖОҚ

(Ісенбай Қалдамановқа)
Ағаларым көп – ақшасы пішен, бай,
Кейбіріне деймін іштей – «Күшен жай!»
Ал бәріне айтатыным үлгі ғып –

Жаңаөзендік Қалдаманов Ісенбай.
Тұңғыш ұлы туған кезде Әбидің,
Ісенбай деп қойған атын сәбидің.
«Ісі ең бай» деп түсінсең де болғандай,

Жалғасыпты дәстүрі мен дәбі үйдің.
Азандатқан қабыл екен дұғалы үн,
Ісенбайы болды мықты мұғалім.
Келін келді Зылиһадай, о да ұстаз,

Мінезі бар қасиетіндей шұғаның.
Құндылығын біліп білім бәсінің,
Осы жолда бастапты ағам кәсібін.
Колледж ашып, зияткерлік мектептен

Тауып келе жатыр адал нәсібін.
Шоғы батыр, Ер Дәуімшар – нақ тегі,
Болмағай да Құдай берген бақ шегі!
Бәйгелерден қайтпаған еш жүлдесіз

Ағам – елге аты мәлім атбегі.
Мұра болған жүгені мен ноқтасы,
Арқа сүйер тауы – мектеп тақтасы,
Педагогтер – Қалдаманов әулеті –

«Маңғыстаудың ең мерейлі отбасы».

Әке жолын жалғап жүрген Парахат,
Тигей саған жақсылардан шарапат.
Ұлттық спорт ойындарын дамытып,
Ит жүгіртіп, құс сал, жүйрік жарат ат!

Жас болса да бас боп жүрген Аманжол,
Мемлекеттік қызмет ісі – саған қол.
Білімің мен тәжірибең жетіліп,
Елің үшін еңбек етер маман бол!

Қыздарымыз – барған үйге аманат,
Төркініне келтірмегей жаман ат.
Аман-есен өсіп жатыр жиендер,
Нағашының нар тұлғасын бағалап.

Тыным таппай, еңбек еткен күні-түн,
Ел-халқының ақтаған ақ үмітін
Ісенбайдай іскер болса деп ылғи
Тілеп жүрем қазақтың бар жігітін.

Бастамамен оянар әр таңда тың,
Сүйген ісі сіңіп кеткен қанға тым.
Ағам қоғам сөзін сөйлеп жүр көптен,
Алға тартып депутаттық мандатын.

Ата-ана мен ағайынға мақтан боп,
Ісіңізге сауап жауғай Хақтан көп.
Аға, сізге бір ауыз сөз арнадым,
Сіздей жігіт күнде туып жатқан жоқ!

10.05.2020

ЕР ШОҒЫНЫҢ ШЕБЕР ҚЫЗЫ

(Тәрбия Айдымбаеваға)
Қарлығаштай таңдап салар жарға ұя,
Құтты үй – біздің қыздар түскен бар қия.
Ер Қосайдың тәрбиелі келіні –

Ер Шоғының шебер қызы Тәрбия!
Тігіншілік, сән өнерін қуыпты,
Оюынан өрнекті ой туыпты.
Жастайынан батыл басып қадамын,

Мойындатқан алыс, жақын-жуықты.
Саусағында – оймағы мен инесі,
Құнды оның қадаған әр түймесі.
Көйлектерін, сәукелесін, бешпентін

Қыздардың жоқ сүймесі һәм кимесі.
Ұлт киімін жаңғыртудың қамында,
Бұл кәсібі – өнер ғой бар қанында.
Есен жездем есен болғай, апамды

Қолдап-қорғап жүрген ылғи жанында.
Қасиетін білген жанға киенің
Берері көп Жаратушы Иенің.
Ата-ананың көріп өскен тәлімін

Жалғастырғай өз жолымен жиенім.
Тәрбияның аты мәлім бүгінде,
Абыройы – артқан ауыр жүгінде.
Құдай берген бағы болғай баянды, –

деп тілеймін оның туған күнінде!
29.06.2020

* * *
Волонтер боп жүрген інім Мұқашым!
Жанашырсың, жан-жүрегі жұқасың.
Сертті берген қызметіңе адалсың,

Дерттілермен бір ауаны жұтасың...
Айналайын сені тапқан анаңнан,
Айналайын ақыл толған санаңнан.
Періштелер шарқ ұрып жүр шырылдап,

Айырмағын, Ұлық Алла, панаңнан!
Танылдыңдар бейбіт күнде қаһарман,
Табылдыңдар ең алғашқы қатардан.
Жанұшырып жәрдемші боп жүрсіңдер

Бітпегей деп көрер жарық, татар дәм.
Жеткіздіңдер талайлардың зәруін,
Содан тапты көп жан дертке дәруін.
Елді қорғап келесіңдер сырқаттан

Асынып ап батырдың бес қаруын.
Жорықтарда бастап шыққан талай қол
Ер Қосай бол, Шоғы батыр, Шабай бол...
Олар жеңген жауынан да қатерлі

Адамзаттың дұшпанынан абай бол!
19.07.2020

* * *
Қыраны қонбай, құр тозған зая тұғыр-ай,
Жүреміз жиі жүйеге кейіп іштейін.
Қадірін біздер білмеген Саят Ыбырай –

Қазақтан шыққан бүгінгі Эйнштейн!
14.10.2020

ТІЛЕКТЕРІМДІ ӨЛЕҢМЕН ӨРСЕМ,

ШУМАҚҚА СЫЙМАС

(Жаңбырбай Дәрменовке)
Жаңбырбай аға, құт болып келгей жаңа жасыңыз!
Аман болғай да жақын-жуыққа пана басыңыз.
Шиырлап жүрген адам көп қала мен даланы шарлап,

Сіздей жан сирек қалдырып жүрген санада шын із.
Талай сыншымен түн қатып жүріп, таң асырып ек,
Сіз жайлы ашық айтқан солардың, аға, сыры көп.
«Дәрменов деген демеуші жігіт қазақтың қамқор

Өзеннен шыққан жомарт жүректі жанашыры!» – деп.
Бақ-дәулет кетпес бұйырған ердің пешенесіне,
Қолы ашық жанға артары сөзсіз есе несібе.
Перзенттік парыз – баба рухына қызмет еткізген,

Қалатқан кірпіш Адай атамның кесенесіне.
Қарашаңыраққа кереге мен уық болдыңыз,
Ақсарайға һәм қызмет етем деп, жуық қондыңыз.
Мұңал-Ошақтың тағандарын нық, тең қылу үшін

Жазында – ыстық, күйіп; қысында – суық, тоңдыңыз.
Қамқор боп талай, қажетін көпке үйіп-төктіңіз,
Бұл күнге игі істерден сауап жиып, жеттіңіз.
Мұңалға кенже, барша қазаққа қарашаңырақ –

Шоғы батырдың мәрмәр тұғырын биіктеттіңіз.

Қазақтың барлық аймағын арбаластырамын деп,
Арқа, Алтайға ел-жұртты орналастырамын деп.
Жетісу мен Сыр, Маңғыстау, Жем-Сағыз, Жайық
Жалғап жүргенде көрдім мен қарбаластырарын көп.

Тілектерімді өлеңмен өрсем, шумаққа сыймас,
Жүректен шыққан жырым буын мен бунаққа сыймас.
Ақарысың мен Жанарыс және Бекарыс қалып,
Төре мен Қожа құрметтер жансыз, Сунаққа сыйлас!

Амандық-саулық тілеймін, аға, әулетіңізге,
Береке бергей Жаратқан Алла дәулетіңізге.
Ұл-қыздарыңыз ата-анасының үмітін ақтап,
Зәузаттарыңыз мән мен сән бергей сәулетіңізге!

20.10.2020

ӘЛДИ-ӘЛДИ, АҚКЕРБЕЗ!

(Әйгерімнің бесік жыры)
Әлди-әлди, Ақкербез,
Ақ бесікке жат, Кербез.
Жөргегіңе құндақтап,

Жайлы қылып бөлейін,
Тәтті ұйқыға бат, Кербез!
Әлди-әлди, Ақкербез,
Ақ бесігің – ат, Кербез.

Ғажайыптар әлемін
Аралатсын түсіңде,
Тербетіліп шап, Кербез!
Әлди-әлди, Ақкербез,

Ақ бесігің – тақ, Кербез.
Падишаға балаймыз,
Қабағыңа қараймыз,
Тақта отырған шаһ Кербез!

Бала Кербез, бал Кербез,
Жаным Кербез, жан Кербез.
Ел билейтін хан Кербез,
Жаман менен жәутікті

Менсінбейтін паң Кербез!
Әлди-әлди, Ақкербез,
Құшағыма шақ Кербез.
Дүниеге тыныштық,

Әулетіңе ырыс-құт

Ала келгін бақ Кербез!
Әлди-әлди, Ақкербез,
Тіл мен көзді қақ, Кербез.
Бесігіңнің басына

Қауырсынын үкінің
Үлпілдетіп тақ, Кербез!
Бұл Ақкербез – қай Кербез?
Біздер үшін жай Кербез,

Әжесіне Ай-Кербез,
Төрт түлігі сай Кербез,
Ақшасы көп бай Кербез!
Ақтаулық қыз Ақкербез,

Қолдағай сені Хақ, Кербез!
Жақсыларға жақ Кербез,
Жамандарға жоқ Кербез.
Ақ сүт емген тоқ Кербез,

Шоғыдан туған шоқ Кербез!
Біздер үшін қара қыз,
Әжесіне дара қыз.
Оранып үлде-бүлдеге,

Шардараға шілдеде
Нағашылап барамыз.
Ақкербезім – керігім,
Көркемімсің, көрігім.

Басымдағы бөрігім,
Қасымдағы серігім.
Құрсақтағы жерігім –
Көктемеде егіліп,

Күзде піскен өрігім.

Әлди-әлди, Ақкербез,
Ақ бесікке жат, Кербез.
Ұйқың сені іздеп жүр,
Сен де оны тап, Кербез!

30.11.2020

* * *
Егіз ел мен жер,
Жерді сақтаңдар.
Жалға бермеңдер,

Жатқа сатпаңдар!
25.02.2021

* * *
Демеймін адамзаттан алыстап өтем,
Бірақ мен болашақта ғарышқа кетем.
Қадірін Жұмақ-Жердің сезіну үшін

Біраз жыл етсем деймін Марста мекен.
02.03.2021

НАРКЕСКЕН ҚЫЛЫШТАЙ

ТЕК ЖАРҚЫЛДАЙ ТҮС

(Әли мен Әйгерімнің құдалығында)
Уай, кешегі Көшербайұлы Қылышбай,
Өткірлігін ел көрді –
Қиып түсер қылыштай.

Мойындатты жер-жерді
Ешкіммен де алыспай-ақ, жұлыспай.
Ер бағасын ер берді:
Тау тұлғалар тұрар жерде тұрысты-ай,

Күресе жүріп көрге енді,
Басын бағып жатпады үйде тыныстай.

Бес қарудан көрмеген талып қары,
Білек пенен біліктен – салықтары.
Ер Қармыс, Балуанияз, Тұрыш ишан –
Тегіне тартып туған алыптары.

Құдайдың қолдағаны – сапар оңса,
Әулие шарапаты – бата қонса.
Қылышбай бола ма осал, нағашысы
Пір Бекет пен Аманбай ата болса?!

Сұрасаң, қайнатасы – Асау-Барақ,
Қызына қосқан сынды жасау – жарақ.
Ер мен пір шапағатшы болған жанның
Жауының да жанары жасаурамақ.

Сөзі аз, атқаратын ісі дардай,
Жүгіңді ауырсынбас күші нардай.
Үш жұртын ғана ойлар жігіт емес,
Үш жүзге үлгі қылып ұсынардай.

Елдік іс, шараларға еп еді ғой,
Сауапты жұмыстарға сеп еді ғой.
«Қылышбай кенжесіне қызымды алып,
Құда болсақ...» – дейтіндер көп еді ғой.

Сол кенже шықты әке даңқыменен,
Әли, саған артты үміт халқың ерен.
Міне, сенің арқаңда Шегемдермен
Құда болдық мыңжылдық салтыменен.

«Тойды әкем көрмеді», – деп өкінбегін,
Ел-жұртқа мерей – сенің жетілгенің.
Наркескен қылыштай тек жарқылдай түс,
Нан кескен пышақтай боп кетілмегін.

Ер болсаң, тұғырыңа ту қадағын,
Әзілдеп ақыл айтсам, туламағын:
Жақсы болсаң – әкеңе ұқсағаның,
Жаман болсаң – тек тартып тумағаның.

Тап осы сөзім менің имандай шын,
Иманға имамдайын иланғайсың.
Мұхаммед пайғамбарға күйеу болған
Аттас атаң Әлидей сыйланғайсың.

Сенің көзің түспеді қай керімге?!
Жолығыпсың анаңа сай келінге.
Екеуміз де Тобышқа күйеу боппыз,
Үйленіп бір-бір аттас Әйгерімге.

Балдарың Балықшыға би болсыншы,
Би болмаса, би түсер үй болсыншы.
Шаңырақ тек шаттыққа тола берсін,
Бақ дарып, береке мен күй қонсыншы.

Тойға ұлассын бүгінгі тойларыңыз,
Той үшін сойылсын тек қойларыңыз.
Қол жетіп арман, мақсат-мұраттарға,
Оңымен орындалғай ойларыңыз!

18.12.2021

* * *
Yessenov Unіversіty, сен менің Көк Ордам,
Өзіңде орындалып жүр – аңсаған көп арман.
Шақырып шәкірттеріңді – бағытын дөп алған,

Тұрасың құшақ жайып кең, күлімдеп тек алдан.
Мақтаныш Маңғыстауыма, Ақтаудың ажары –
Yessenov Unіversіty, еңселі Көк Ордам!

Yessenov Unіversіty, сен альма-матерім,
Ел ішін аралап жүріп, мен таңдаған төрім.
Бақытты сенде оқитын – барша студенттерің,
Өзіңді сағынады әлі – бітірген түлектерің.

Жыл сайын асығып жетер – абитуриенттерің,
Білім мен ғылым дәнін суарып келе жатыр,
Ұстаздар, маңдайларыңнан тамған әрбір терің!

Өткіздік жатақханаңда – достармен қызық күн,
Талайын тәрбиеледің – тентек пен бұзықтың.
Таңдайдан дәмі кетпейді – жүргенде ашқұрсақ
Кей кезде таласып жеген – қуырдақ, шұжықтың...

Болашақ асықтырады, қалады қимастан –
Универ артқан сенім мен үмітін үзіп кім?!

Шаһмардан Есенов ата – үлгі жан біздерге,
Профессор-оқытушылар, алғыс мол сіздерге!
Әр жазда шығарып салып, күтетін күздерде –
Өзіңдей университет – болса да жүз жерде,

Көк Ордам бәрінен қымбат, шығарған бізді өрге!
01.10.2022

* * *
Қазір жастар үшін ермек – ғаламтор,
Атым шықсын деп болып жүр арамтер.
Игі істердің иелері тым сирек,

Сол сиректің бірі Гүлназ – волонтер!
Кәріге де, сәбиге де жанашыр,
Жүрегі кең, көңілі көл, жаны асыл.
Бастамашыл топтың дара басшысы,

Креатив ойға жүйрік жаңашыл.
Ылғи көмек қолын созар ерікті,
Жаны нәзік, гүлдей көркем көрікті.
Арқалап жүр ауыр жүкті жалғыз-ақ,

Көтере алмас көп жігіттер бөрікті.
Мойынына міндет артып жауапты,
Әрекетін жүргізеді сауатты.
Аймақтарда су тасыған, өрт шалған

Сан істерді атқарды ол сауапты.
Жол алыс па, тегіс әлде шоқалақ,
Қарамастан жетер көзі боталап.
Қылықтары тәтті көңіл тойғызар,

Қазақтың бір қара қызы – шоколад.
Оны жар ғып алған ердің бағы бар,
Ханшасы бар – ханға лайық тағы бар.
Астына тақ, басына бақ қонған жан

Тағдырына болмас мұңы шағынар.

Ата-анасы мақтан тұтар бұл қызын,
Бауырлары көріп өсер үлгі ізін.
Жақсылығын айту парыз жақсының,
Жарқыратып жағу үшін жұлдызын.

23.01.2023

ЖАЛДЫҚАРА

(Талғат Атшыбаевқа)
Уай, кешегі есіл ер Талғат ақын!
Талантты талғамымен талғататын.
Жүректен ән-перзенті туарында

Шабыттан толғанатын, толғататын.
Жыр бағы тебірентіп әз жүректі,
Ырғағы қатар келіп саз дүретті.
Құстың қос қанатындай егіз өнер

Талайды тамсануға мәжбүр етті.
Жантөре күмбірлетсе «Шалқыманы» –
Жұпары масайтады аңқымалы.
Ән-төре шырқап салған «Шалқымалы»

Көңілді жасартады толқымалы.
Сазымен өлең өрсе шайыр қатар –
Оясыз жанның өзін ойырқатар.
«Сағыныш» – жүрегі бар адамдардың

Балқытып тұла бойын байырқатар.
Болса да бәйгелердің алды дара,
Жүйріктің жанына көп салды жара.
Бас бермей, жас көрсетпей ағып өтті

Топ кекілді, күдіре «Жалдықара».
Сондағы сайран дәурен аңыз бүгін,
Ағызды көк жұлдыз...
Нұр тамызды түн.

Арысты аңсамасақ, жоқтамасақ,
Қазаққа қайта берер абызды кім?!
11.02.2024

* * *
Әжінияз, Бердақтың жұртындамын,
Жатырқамас туыстың ғұрпын жаным.
Бұл елменен тіліміз, діліміз бір,

Айтпағанда ұқсауын түр-тұлғаның.
Табан тіреп төріне Бесқаланың,
Ұлыларды ұлықтап еске аламын.
Қоңсы тұрып тағлымын танымасам,

Рухани еншімнен еш қаламын...
Nókіs, Qaraqalpaqstan, 22.02.2024
«Маңғыстау» газеті, 15.01.2026

* * *
Ыстанбұлдан көрсек те жүз әулие,
Қызықтырды қалқыған Қыз әулие.
Мұнарасы шақырды менмұндалап,

Аңыз болған, уа, кімсіз, сіз, әулие?!
İstanbul, Türkіye, 06.05.2024

* * *
Кім білмейді Серікбол Қондыбайды?!
Бар қазаққа қазасы болды қайғы.
Қайтқанына жиырма жыл толып биыл,

Еске алып ел есімін, қолды жайды.
Мифті біздер жүрсек жай аңыз көріп,
Ол тарихты тірілтті маңыз беріп.
Дүн-дүниенің дерегін талмай іздеп,

Ақпар алды тылсымнан, сан ізге еріп.
Қисын тауып қиянға барды ғажап,
Бола қоймас болжамы шарғыға жат.
Дәйегіне жүгінсек, сөйлеп берер –

Былай қалып бергісі, Арғы Қазақ!
Оқығанның көздері жетер еді,
Серікболды серігі етер еді.
Адамзаттың үлгі қып ұлағатын,

Ұрпағының рухын көтереді.
Қалдырған құнды мұра кітаптары –
Мәңгі өлмес бәйтеректің бұтақтары.
Мезгіл, жыл, ғасыр, дәуір алмасса да

Солмайтын тамырынан жұтап нәрі.
Зерттеді туған елін, Маңғыстауды,
Үйретті ұлт мұратын алға ұстауды.
Тілегін тірісінде тыңдап кетті,

Артынан аруағына алғыс жауды.

Береген өмір неткен жомарт еді?
Алаған ажал неткен нәмәрт еді?
«Әулиеге екі дүние – бір-ақ қадам»,
Жауабын өзі оңай табар, тегі.

Кім білмейді Серікбол Қондыбайды?!
Алты Алашқа атағы болды әйгі.
Жаратылыс жұмбағын тану үшін
Іздеп мәңгі кеткендей ол Құдайды...

27.08.2024

ҚҰДАЙЫМ ҚҰРСАҒЫНА ҚҰТ ДАРЫТҚАН

(Жансұлу әжемізге берілген астағы арнау)
Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Тумалас, жақын-жуық талайың бар.
Аман ба ауылымның үлкендері,

Шалыпты біразының самайын қар.
Мынау маңғаз даламыз сағым өрген,
Төсіндегі елімен сәні келген.
Не замандар өткен жоқ бастарынан

Төгілген көз жасы боп зары шермен.
Бұрынғы бабаларым ырым қылып,
Жасырған бала мен мал санын елден.
Өйткені адамзатқа сынақ үшін

Әулет пен дәулет – Алла бағы берген...
Әлқисса, үш ұл Орал анамыздан –
Біреке, Күсеп және Тағыберген.
Жасынан жауынгер боп, жорық шығып,

Батыр бабам Сармыстың жанына ерген.
Қосшы мен Меруерт, Шашты анамыздан
Төрт ауыл болатын ұл тағы берген.
Тағыберген бабамның ұрпақтары

Өз алдына құрайды бір тақтаны.
Әрбіріне жеке сөз арнар болса,
Тауыса алмас небір жүйрік жыр тақтағы.
Абдолла атамызды көре қалдық,

Бала болсақ та, біраз өнеге алдық.
Атажұртқа ат басын бұрған бойда

Әкеммен бірге сәлем бере бардық.
Ежіктеп ереже сөз айтқан қария
Елесін есіме мен келем артып.
Сондағы тәлім сөзі тілмен еккен

Санамда тамыр жайды терең әр түп.
Ол – көктем. Алда менің жазым әлі,
Қара шал – қартым еді қазыналы.
«Тірі жүрсе ғой...» деймін балалықпен,

Тағдырға артып барлық базынаны.
Көктем менен өткеннің белгісі боп
Енді тек естеліктер жазылады.
Онда дағы оңды ғып айтарым кем,

Әлбетте, аз тыңдаған аз ұғады.
Дүние бір қалыпта тұра алмайды,
Түлкінің құйрығындай бұлаңдайды.
Қарынды қара көже жемдегенмен

Байыздап жүрек шіркін жұбанбайды.
Әй, бірақ алаң көңіл жан аз боп тұр,
Көпшілік ойламайды бұған қайғы.
Сананы тұрмыс билеп тұрған кезде

Жүректің бұйырғанын тіл алмайды.
Басында «Сармыс құдық» қауға қалып,
Жыл сайын жеміс берер бау да қалып,
Келіндер басқа тірлік бастап кетті,

Енелері төрт түлік сауғаны анық.
Әйтеуір несібеңді тапсаң болды,
Кәсіпті басып озды сауда, нарық.
Біреуге мал, біреуге жан қайғы боп,

Қу басын тасқа соғып, тауға жарып.
Еңбегінің ақысын талап еткен
Ерлерім жүр бітіспес дауға қалып.
Жетімнің несібесін жегендер де

Ілінер «ана жақта» ауға барып.
Дұшпаның іштен шықса – тілің қысқа,
Қайтеміз даладағы жауға налып?!
Қанағат – барға, жоққа – сабыр дейік,

Жүректерді жүгінтіп тәубаға нық.
Алладан разылық алу үшін
Берген жөн садақаны сауда шалып!
Осыны үйрететін арамызда

Абдулла атамыздың ұлдарына
Ақсақалдық аманат ауғаны анық.
Көпті көрген – заманды салғастырар,
Диірмен-дүние кезек алмастырар,

«Ата көрген – оқ жонар», әке жолын
Абдолланың тоғызы жалғастырар.
Әрқайсысы бір төбе, ақсақал боп,
Шаңырақтың төрінде малдас құрар.

Жансұлу әжем марқұм – батыр ана,
Сары ишан қорамында жатыр ана.
Құдайым құрсағына құт дарытқан,
Сармыстың төрт жарына татыр ана!

Келіндерге әжеміздің жолын бергей,
Бесігіне ұл-қыздың онын бергей.
Ұрпағымыз өніп-өсіп, бар қызықты
Қазағым мен Адайым, Шоғым көргей!

Талапты ер көп ішінен жарып шығар,
Топ алдына шыққанды халық сынар,
«Жігіттің жақсылығы – нағашыдан»,
Жөн білетін тұлғалар танып, сұрар:

Қармағы алтын балық алып шығар
Нағашы жұртым – Жүйрік Балықшылар.
Өзім – Сармыс, нағашым – Қармыс батыр,
Балуанияз, Тұрыш ата – алып шынар!

Кәрі нағашым – Жары Сүйінғара,
Дұшпаны да сыбаға салып тұрар!
Пір Бекет – нағашымның нағашысы,
Мұсылман мен қысылған бағыт бұрар!

Арнау айттым, ағайын, алқаңызда,
Күдірейіп жүреміз қалқаңызда.
Ата-әже, рухыңыз риза болғай,
Осының бәрі сіздің арқаңызда!

10.08.2024

РЕСЕЙ АТҚАН ӘЗІРБАЙЖАН ҰШАҒЫ

АҚТАУҒА ҚҰЛАҒАНДА

Қасірет кешіп жатқан қардашларым,
Қайғыңа ортақ қазақ қандастарың.
Су сеуіп қанатымен қарлығаштарым,
Кінәлі сезініп тұр қанды аспаным.

Бұл апат қанша жанды құса қылмақ?
Кім білген бастарынан ұшарын бақ!
Шәһиттер, шарапатшы болып рухың,
Тірілер, тік тұрып кет күш арындап!

26.12.2024

* * *
Жаны жұмсақ адамды жазғырмаңдар,
Ақ пейілді қаралап, аздырмаңдар.
Кең Әбіш бар қазақты сүйіп кетті,

Жас ұрпаққа жамандап, азғырмаңдар.
30.12.2024

* * *
Көз көргендер,
Өзгермеңдер.
Жалт бермеңдер,

Сөзге ермеңдер.
11.02.2025

* * *
Берлинге жолым түсті төртінші рет,
Жүргем жоқ желік қуып, еркінсіреп.
Өткіздім ер кезегін,

Енді есейіп,
Ақылға берді ерік пен сертін жүрек.
Мол мұнда аларым да, қосарым да,
Қаумала, маңайымнан дос арылма.

Қайтайын қысқа күнде қарық болып,
Германия, құшағыңды аш, ошарылма!
Berlіn, Deutschland, 26.05.2025

* * *
Чехияның астанасы – Прага
Күтіп алды жатырқамай, жатсынбай.
Құмарым жоқ шарапқа да, сыраға,

Көшесінде еркін жүрмін сақсынбай.
Шаһар ғой бұл тарихы тым тереңде,
Музейлері атағына сай кілең.
Тарлық етіп жатса дағы жері елге,

Көңілі кең, халқы сірә бай, білем.
Кітапхана, архив – бізге керегі,
Қауыштырды қазынаға олар да.
Жиналыпты дүниенің дерегі,

Мұншалықты жұрты құнтты болар ма.
Шаңырағын көрдік Франц Кафканың –
Қолжазбалар, жәдігерлер, бұйымдар...
Аты дардай, ғимараты шап-шағын,

Бұл жақта көп екен мұндай ұйымдар.
Әуенімен тербеп Карл көпірі,
Бейнелейді суретшілер кескінді.
Сиремейді сан нәсілдің нөпірі,

Елемейді мұнда ешкім ешкімді.
Қаланы қақ жарып аққан Влтава,
Жағалауы қайнап жатқан тіршілік.
Жер бедері толы қырат-қырқаға,

Әр дәуірден сыр шертеді күрсініп.

Шіркеулері қоңырауын қағып тұр,
Қақпаларын айқара ашып күні-түн.
Балауыз шам, шырақтары жанып тұр,
Сөндірмеуге серт қып қауым үмітін.

Араладық трамваймен, қайықпен,
Көліктердің міндік небір түрлерін.
Қимай артта қалдырамын байыппен,
Ертегідей Алтын қала түндерін...

Praha, Česko, 04.06.2025

ШҮКІРЛЕРІМ

Құдайым бере салған шүкірлерім,
Былдырлап, шүлдірлеген шүпірлерім.
Жанымды жарық еткен жауһарларым,
Танымды түзеп туған пікірлерім.

Бесік пен құндақтағым, жөргектегім,
Дайынмын әперуге жер-көктегін.
Сендерге бар жақсыны табу үшін
Тілеймін маңдайымнан тер кеппеуін.

Көзімнің қарашығы – мөлдірлерім,
Гүл жарып өсіп шыққан өндірлерім.
Жыласа жұбатуға жан етемін,
Қуаныш – көңілін тауып көндіргенім.

Өмірдің мәнін ұқтым өздеріңмен,
Құдірет көрем күнде көздеріңнен.
Қызықтап тілдеріңді тыңдай берем,
Бақытқа бөлейсіңдер сөздеріңмен.

Қылықты, есті тентек, сүйкімділер,
Мазасыз сәбилерім, ұйқымды бер.
Қояды «бояндырып» әкелерін,
Оянған сәтімдегі сиқымды көр...

Әр таңнан аман-есен өре бергей,
Шаттықты перзенттерім көре бергей.
Жаратқан жарылқаудан кенде емес-ау,
Құшағымды толтырып бере бергей!

27.07.2026

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСТІҢ

ЖАҢА БЕЛЕСІ

Бақтыбай Жайлау – жиырма жылдан бері көз алдымда
өсіп, қалыптасып келе жатқан шәкіртім. 2006 жылдың
қыркүйегінде университет табалдырығын студентім болып
аттаған ол кейін менің магистрантым, докторантым болды.

Бүгінде өзі білім алған қарашаңырақта ұзақ жылдан бері
қызмет етіп жүрген әріптесім. Сондықтан оның қалыптасу
жолына куәгер ұстаздарының бірімін.
Бақтыбайдың ақындық жолы 2010 жылы жарық көрген

«Кедергісіз кеңістік» атты тұңғыш жыр жинағынан басталды.
Содан бергі жылдары сирек жазса да, үздіксіз ізденіп, өмірден
түйген ойларын, қоғамға қатысты көзқарасын, ұстанымын
өлеңмен өрнектеп келеді. Қолдарыңыздағы «Оң мен сол»

жинағы – шығармашылық ізденістің жаңа белесі.
Бұл жинақтан оқырман ақынның жылдар бойғы ой эво-
люциясын, дүниетанымының өзгерісін, өмірге, қоғамға, адам-
ға көзқарасының толысуын бірге аңғара алады. Өлеңдерінен

лирикалық сыр, азаматтық үн, тарихи таным, ұлттық рух және
өмірлік тәжірибеден туған толғаныс қатар көрінеді.
Мені қуантатыны – жас ақынның өз үнін табуға ұмтылысы.
Сондықтан бұл жинақтағы жырларға жеке-жеке шолу жасап,

шағын талдаулар арқылы оқырманға таныстыруды жөн деп
білемін.
«Бұрынғылар айтқан екен неге тек?» – ақынның
ғылым жолына бет бұрған студенттік кезеңінен сыр шертетін

өлең. Дәстүрлі «білім – теңіз» метафорасы «жоғары мектеп –
мұхит» ұғымымен тереңдей түсіп, ғылым әлемінің шексіз
кеңістігін танытады. Жатақхананың тар бөлмесі мен білімнің
шексіздігін қарама-қарсы қойған автор ғылым жолының

жеңіл емес екенін нанымды суреттейді. «Студенттік шақтың
өзі – бір дәурен» деген түйін жастық кезеңнің рухани маңызын
айқындап, кітаппен сырласудан басталған ізденістің кейінгі
ғылыми жолдың берік іргетасына айналғанын көрсетеді.

«Жаңа жылғы жаңа жыр» – этнопоэтикалық таным мен
нәзік сезім лирикасын табиғи ұштастырған шығарма. Жаңа
жыл тақырыбы, уақыт пен мезгіл алмасуы адамның ішкі жан
дүниесімен, аңсар-үмітімен сабақтасып тұр. Қоян жылының

символикасы мен арудың «қоян-қылық» болмысын, «көжек»
образын шендестіріп, өлеңге көркемдік шешім енгізген.
«Қоянның көжегі», «қоян-қылық», «селт етпе сезім», «үркіп
қашпа» тәрізді образдар кейіпкер ұнатқан қыздың нәзік

те қымсынғыш мінезін дәл ашады. Табиғаттың үнсіздігі
мен адамның ішкі толғанысын қатар өрбітуі шығарманың
психологиялық әсерін күшейтеді. Ал қазақтың дәстүрлі
асық ойынына қатысты ишаралар лирикалық кейіпкердің

тағдырын сынауға бел буған жігіттік мінезін танытады. «Сөз
айтылмай оқтаулы ойдан оқшау, / Тіпті іштей тыныстап
тынды дала...» жолдары сезімнің тереңдігін үнсіздікпен
бейнелесе, «Жүрсем дағы қорқақтап, көжек-құрбым, / Өкіміне

жүгіндім өжет жырдың» тармақтары жүрек толқынысы мен
ақындық еріктің тартысын көркем жинақтайды.
«Қаратау» – нағашысына арналған жиеннің жыры. Ақын
рухани сабақтастықты жырлай отырып, уақыт, адам ғұмыры

және өмір белестері туралы философиялық ой қозғайды.
Өлеңде қазақы шешендік дәстүр, әулеттік сыйластық пен
шежірелік таным табиғи өріліп, ұлттық дүниетаным айқын
көрініс табады. Шығармада асқаралы алпыс жас Қаратау

бейнесімен астасқан. «Басына әлі қалың қар түспеген»
деген сипаттамасы кейіпкердің қайраты мен рухының
мұқалмағанын аңғартады. Ал соңында Қаратаудан кейінгі
асуды Алатаумен сабақтастырып, алдағы өмірге сенім мен

үмітті арттырады. Осылайша алпыс жас жаңа белестерге
бастайтын асу ұғымында алынып, шығарма оптимистік
түйінмен аяқталады.
«Селтеткізер» – ұлттық этнография мен махаббат

лирикасын табиғи ұштастырған шығарма. Жыр иесі қазақтың
ұмытылып бара жатқан «Селтеткізер» мен «Ұйқыашар»
дәстүрлеріне сүйене отырып, екі жастың арасындағы нәзік
сезімді ұлттық таным аясында кестелейді. Табиғаттың

қыстан көктемге ауысуы адам көңілінің жаңаруыменастасып,
махаббаттың кездейсоқ құбылыс емес, саналы таңдау
екені айқындалады. «Екеуміз де жандармыз ғой ересек»,
«Іздеп жүрер ақылы артық қызды есті ұл» деген жолдар

осы ойды тереңдете түседі. Өлең композициясы күту мен
үміттен басталып, көктемгі тәуекелге, одан ұлттық дәстүр
арқылы сезімді ишарамен білдіруге қарай бірізді өрбиді.
«Бізді асығыс шақырып тұр келешек, / Келешекті күн ілгері

елесек» тармақтары лирикалық кейіпкердің болашаққа
деген жауапкершілігін танытса, «Мені үйіңе шақырғайсың
мейман ғып, / «Ұйқыашарың» дайын болса, ардағым!» деген
қорытынды қазақы әдеп пен ұлттық салтты романтикалық

шешіммен сабақтастырады.
«Көзір қылып халқымнан мен үйренген анығым...» –
жинақтың «Оң мен сол» атауымен өзектесіп жатқан, нақылдық
қуаты жоғары туынды. Ақын қазақ дүниетанымындағы

«Төзім» мен «Сабыр» ұғымдарын рухани беріктіктің басты
өлшеміне балайды. «Көзін жұмып дүниеге қарау емес бұл
бірақ» деген жолдар төзімділіктің дәрменсіздік емес, саналы
таңдау екенін аңғартса, «сары алтындай сабырым» тіркесі

сабырды адам болмысының асыл қасиеті деңгейіне көтереді.
Өлең нақыл сөз бен шешендік толғау мәнерінде өріліп, қысқа
көлеміне қарамастан терең ойды жеткізеді. Саналы сабыр
мен тағдырға мойынсұнудың аражігін ажырата көрсетуі

шығарманың идеялық салмағын арттырады.
«Сырға таққан» – жинақтағы эмоционалдық қуаты
мен драмалық шиеленісі айқын сезілетін лирикалық өлең.
Алдыңғы «Жаңа жылғы жаңа жыр», «Селтеткізер» өлеңдерінің

табиғи жалғасы іспетті. Алғашқы екеуінде үміт пен ишара
басым болса, мұнда кеш қалған сезім мен айтылмай қалған
сырдың өкініші алдыңғы қатарға шығады. Лирикалық
кейіпкердің ішкі қайшылығы «Мен сені әуел бастан сүйген

емен», «Мен саған ғашық болып жарытпадым» деген
парадоксты жолдармен ашылып, махаббаттың сыртқы
мойындаудан гөрі терең рухани тартылыс екені аңғарылады.
«Сырға салу» дәстүрі бұл жерде қуаныштың емес, үзілген

үміттің символына айналады. Өлеңнің айқын сюжеттік желісі
(диалог, хабар, көрші болып көшу, тойдың белгіленуі) оған
балладалық сипат береді. «Селтеткізер» – сен үшін сырға
болса, / Мен-ақ таққызар ем ғой он шақтысын» деген жолдар

алдыңғы өлеңмен сабақтастық орнатса, «Ойланбастан
үйімді айырбастап, / Саған жақын, іргеңе көрші қондым»
тармақтары сезімнің адамды нақты әрекетке жетелейтін
қуатын нанымды бейнелейді. Шығарма жеке адамның ішкі

драмасын ұлттық салт-дәстүр аясында шынайы өрнектеген.
«Мен сүйген ақынсың ба?» – сезім психологиясын
батыл әрі шынайы ашқан шығарма. 7-8 буынды ырғақ пен
шалыс ұйқас өлеңге динамика беріп, лирикалық кейіпкердің

ішкі толқынысын табиғи жеткізеді. Автор дәстүрлі қара өлең
өлшемінен саналы түрде бас тартып, сезімнің құбылмалы
табиғатына лайық поэтикалық форманы қолданған.
Өлең махаббатты мұң мен сағыныштың, жан мен тән

тұтастығының көркем бейнесі етіп ашады. Лирикалық кейіп-
кер өз сезімін бүкпесіз мойындап, құштарлық пен сабырдың,
нәпсі мен ардың тартысын психологиялық дәлдікпен жеткізеді.
Қыз бейнесі ұлттық танымға жақын, жылы портреттік

штрихтармен бедерленген. Ал соңғы жолдардағы «шоколад-
қыз» метафорасы – жастық сезімнің тәттілігі мен ерекшелігін
танытатын сәтті шешім. Өлеңнің ішкі драматизмі де осы тұста
тереңдей түседі. Жеңіл әрі жарқын бейнемен аяқталғанымен,

«Алыстап барады-ау шын, / Тәнің мен жаның жырақ» деген
жолдар айырылысудың алғашқы нышанын аңғартады.
Шығарма қуаты лирикалық кейіпкердің өз-өзімен арпа-
лысын ашатын мына жолдардан анық байқалады:

«Биледі-ау шыдамды жын.
(Адастым шалыс басып,
Артады күнәмді кім?)»
Бұл шумақта адамның табиғи әлсіздігі мен ар-ождан

таразысы қатар көрініс тауып, өлеңнің салмағын арттыра
түседі. Жинақтың лирикалық әлемін байытып тұрған,

поэтикалық ізденісі мен психологиялық дәлдігі үйлескен
сәтті шығармалардың бірі – осы өлең.
«Эһ, Бану, Бану!» – сезім күнделігінің ең нәзік беттерінің
бірі. Бар болғаны үш шумақтан тұрса да, эмоциялық қуаты

жоғары бұл өлең өзінің 4-5 буынды ырғақтық құрылымымен
кітаптың поэтикалық өрісін кеңейте түседі. Қысқа форма
арқылы терең психологиялық әсерге қол жеткізіп, ішкі сырды
барынша жинақы жеткізген. Шығыс поэзиясындағы дәстүрлі

таным қазіргі поэтикалық тілмен жаңаша көрініс тапқан.
Қысқа тармақтар жүректің лүпіліндей жиілеген ырғақ
туғызып, өлеңге романсқа тән әуезділік береді. Бірыңғай
дыбыстық үндестікке құрылған ұйқас жүйесі де шығарманың

музыкалық табиғатын күшейтіп, оның есте сақталуына ықпал
етеді. Көркемдік құндылығы – көлемінде емес, сезімнің дәл әрі
шынайы берілуінде. Автор аз сөзбен көп мағына сыйдырып,
адресатқа тікелей бағытталған монологымен махаббаттың

мұңды әрі мөлдір күйін айшықтайды. Бұл лирикалық
миниатюра – ақынның форма ізденісі мен психологиялық
дәлдігін қатар танытатын сәтті шығармалардың бірі.
«Жас қалам, жасын қалам – Жаңаөзенім!» – ақынның

азаматтық ұстанымы мен қоғамдық жауапкершілігін айқын
танытатын шығарма. 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде
дүниеге келген бұл шағын туынды тарихи сәттің эмоциялық
әсерін, ұлт тағдырына қатысты терең алаңдаушылықты сез-

діреді.
Өлеңнің поэтикалық қуаты – жеке күйзелісті ұлттық
деңгейдегі ой-толғанысқа ұластыруында. Бақтыбай траге-
дияны сырттай баяндап қоймай, оның астарындағы ел бір-

лігі, тәуелсіздік, қоғамдық тұрақтылық мәселелеріне назар
аударады. Уақыт пен тарихи сананың да айғағына айналған
шығармадағы азаматтық үн әсіресе мына жолдардан айқын
аңғарылады:

«Жымысқының жыртысын жыртыспа тек,
Жат пиғылдың арқанын тартыспағын...»

Бұл – халықты арандатушылықтан сақтандырып, бірлік пен парасатқа үндейтін саяси-философиялық тұжырым. Сондай-ақ: «Өз ұяңда өзгелер билік етсе, Алмассың көңіліңнен аза тыя...» деген жолдар ұлттық тәуелсіздік пен елдік сананың мәнін ықшам жеткізеді. Көлемі шағын болғанымен, бұл өлеңнің салмағы зор. Онда лирикалық үн тарихи жауапкершілікпен астасып, ұлттық мұратқа қызмет ететін азаматтық поэзияның көркем үлгісі жасалған. Жинақтағы қоғамдық ойды тереңдететін, уақыт таңбасын сақтаған маңызды шығармалардың бірі деп толық айтуға болады. «Балапан-қыз» – жастыққа, талантқа және шығармашылық болашаққа арналған ізгі тілекке құрылған сыршыл шығарма. Университет студентінің хатына жауап түрінде жазылған бұл өлең оқытушы мен білім алушы арасындағы рухани байланысты бейнелейді. Эпиграфта электронды хат үзіндісі мен жазылған уақытының көрсетілуі шығарманың өмірлік негізін айқындап, заманауи цифрлық кеңістік пен дәстүрлі поэзияның табиғи тоғысқанын аңғартады. Тұтас метафоралық жүйе құс бейнесіне құрылған. Ақын жас талапты «балапан-қыз», «періште құс» деп бейнелесе, өзін оны өмірдің дауылынан қорғайтын әрі биікке баулитын «қыран» кейпінде танытады. Осылайша шығармашылық сабақтастық, ұстаздық жауапкершілік пен ағалық қамқорлық көркем шешім тапқан. Өлеңнің дыбыстық үйлесімі де ерекше әсер қалдырады. «Өктемдік көрсетіп тұр өрісте қыс», «Үлпілдеп қауырсы­ны – жел үп етсе...» тәрізді жолдардағы үндес дыбыстар жас кейіпкердің нәзіктігін, ал сырттағы «қыс» өмірдің қатал сынақтарын аңғартады. Табиғат пен адам болмысының осындай астасуы шығармаға психологиялық тереңдік береді.

Ақынның өмірлік тәжірибесі мен тәлімгерлік ұстанымы:
«Тағылар жас екен деп тыншытты ма?
Қауіпті – қанатты да, тұмсықты да...»
деген жолдарда айқын көрінеді. Бұл – жас таланттың жолында

кездесетін
қауіп-қатерлерді
астарлы
түрде

ескерткен
салмақты ой. Өлең:
«Көк аспан – екеумізге басты бағыт,
Баптауға мен бейілмін болашаққа...»

деген жолдармен түйінделеді. Мұндағы «көк аспан» – еркіндік
пен шығармашылық биіктік.
«Балықшы мен алтын балық туралы ертегі» –
халықтық юмор мен театрлық элементтерді сәтті ұштастырған

шығарма. Нағашысы Нұржігіт пен жеңгесі Ақботаның үйлену
тойына арнап жазылған бұл өлеңде автор әйгілі «Балықшы мен
алтын балық туралы ертегі» желісін қазақы ортаға, Балықшы
руының өмір салтына лайықтап жаңаша түрлендірген.

Шығарманың ерекшелігі – балықшылыққа қатысты ұғым-
дардың махаббат пен отбасы тақырыбымен табиғи астасуында.
Келін бейнесін «алтын балыққа» балап, күйеу жігітті ертегі
кейіпкерімен шендестіреді. Осы арқылы той лирикасына

дәстүрлі құттықтаудан өзгеше сюжеттік серпін енгізген.
Балықшылық кәсібіне тән «қармақ», «ау», «уылдырық» сияқты
сөздер өлеңнің юморлық табиғатын күшейте түседі.
Өлеңнің тартымдылығы оның өмірлік нақтылығында

да көрінеді. Әулет мүшелерінің есімдерін оқиға желісіне
шебер кіріктіруі шығарманы жасандылықтан алыстатып,
экспромтқа тән еркіндік пен шынайылық дарытады. Әсіресе:
«Үш тілек орындайтын салтың бар, ұқ!» деген ертегі мотивін

сақтай отырып, жас отбасының өмірлік жауапкершілігін
әзілмен астастырады. Ал көпбалалы болуға арналған ақ
тілекті «уылдырық» бейнесімен жеткізуі – астарлы юмордың
сәтті үлгісі.

«Олар сенсе қолдағы қармағына,
Мен сенем өзімнің Қырық мылтығыма...»

деген жолдарда қазақы қалжың мен рулық әзіл жарасымды
өрілсе,
«Құдашаның біреуін иемденем,
Мылтықты махаббатпен оқтап алып...»

деген түйін көңілді атмосфераны шарықтау шегіне жеткізеді.
Жалпы, бұл – халықтық әзіл және суырыпсалмалық дәстүр
үйлесім тапқан, той мәдениетінің поэтикалық үлгісін жасаған
сәтті шығарма.

«Біздер үшін ең ерекше күн бүгін...» – отбасы жылуы
мен ананың қадір-қасиетін әсерлі бейнелеген лирикалық өрім.
Кім-кімге де отбасының бақыты – ең алдымен ата-ананың
амандығы мен қара шаңырақтың берекесі. Осы ой өлеңнің

өн бойына табиғи өріліп, оған шынайылық пен тәрбиелік мән
дарытады.
Ана бейнесінде отбасының тұтастығы, ұрпақ сабақтастығы
мен қазақы дүниетанымның негізгі құндылықтары көркем

жинақталған. Ана жеке тұлға ретінде, сондай-ақ әке, ата-әже
және қара шаңырақ тарихымен сабақтастыра бейнеленген.
Сондықтан перзент бақытының ата-ана амандығымен өлше-
нетіні көрсетіледі.

Өлеңде психологиялық параллелизм мен қарама-қарсы
образдар сәтті қолданылған. Алғашқы шумақтағы көктемнің
шуақты көрінісі ана мейірімімен астасып жатса, кейінгі:
«Берік етті өмір өзі емендей,

Ғазиз жанды анамызды тал мүсін...», –
деген жолдарда сырттай нәзік ананың рухани беріктігі
контраст арқылы ашылады. Бұл – шығарманың сәтті
поэтикалық шешімдерінің бірі.

Өлеңнің эмоциялық шыңы «Көрсін ана көрмегенді әкеміз...»

– деген жолдарда көрінеді. Бір ғана тармақпен перзенттік

алғыс пен тілек-арманын жеткізген.
Дәстүрлі қара өлең үлгісімен жазылған, тілі табиғи,
ұйқасы жатық, композициялық құрылымы жинақы, артық
пафосқа ұрынбай, қарапайым сөзбен үлкен адамгершілік

ойды жеткізе алған бұл шығармада отбасылық құндылықтар
терең әрі шынайы баяндалған.

«Ақын аты кеңітті керегемді» – ұлттық руханиятқа,
қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Төлеген Айбергеновке
арналған тағзым жыры. Жаңаөзен қаласында ақын есімі
берілген көшенің ашылу рәсімінде оқылған бұл арнау

рухани сабақтастықты көркем өрнектейді. Т.Айбергеновтің
шығармашылық әлемі мен Маңғыстау өңірінің рухани
байланысы бейнеленген. Ақынның жырларында аңсаумен
суреттелген өлкенің бүгінде оның есімін құрметпен қарсы

алуы тарихи әділеттің орнағанындай әсер қалдырады. Осы
тұрғыдан алғанда: «Қырық жеті жылдан кейін оралып
тұр...» – деген жолдар ақын мұрасының халық жадындағы
мәңгілік өмірін танытатын мәнге ие.

Шығармада табиғат пен өндірістік кеңістік те поэтикалық
сипат
алады.
Мұнайлы

өңірдің
белгісі
саналатын
мұнаралардың ақынды қарсы алуы мен теңіздің тебіренуі

туған жердің де, халықтың да рухани құрметін дәріптейтін
детальдар. Әсіресе: «Қарсы алды кейіпкері – мұнаралар...» –
деген жол өндіріс орындарын қарапайым нысан деңгейінен
көтеріп, ұлттық поэзия символына айналдырады.

«Рамазан» – исламдық таным мен қазақы салтты
табиғи сабақтастырған ғибратты жыр. Жаңа туған сәбиге
ат қою рәсіміне арналған бұл өлеңде бір ғана есімнің мәнін
ашумен шектелмей, Рамазан айының рухани қадір-қасиетін,

имандылықтың
өмірлік
маңызын
өрнектейді.

Сәбидің
дүниеге келуін қасиетті уақытпен сабақтастырып, шығармаға
тәрбиелік мазмұн дарытады.
Авторлық шешімнің құндылығы – ат қою дәстүрін діни

сенім-наныммен шебер байланыстыруында. Бес парыз бен
оның ішіндегі оразаның мәні, Рамазан айының адамды рухани
тазаруға жетелейтін қасиеті ашылады. Осы айда туған балаға
қойылған есімнің де өмір бойы иманға, ізгілікке бастайтын

бағдар болуы тиіс деген ойды алға тартады. Бұл шығарма – ақ
тілек, ұлттық тәрбие мен діни танымды сабақтастырған толғау.
«Сені күзде келер деп күткен едім» – ақынның сыршыл
лирикасының нәзік әрі психологиялық терең үлгілерінің

бірі. Бұл өлеңнен лирикалық кейіпкердің ішкі әлемі, сезімді

қабылдау мен жеткізу мәдениетінің жаңа деңгейге көтерілгені
анық байқалады.
Шығарманың салмағы – дәстүрлі махаббат лирикасының
шеңберінен шығып, заманауи психологиялық құбылысты

суреттеуінде. Лирикалық кейіпкер сүйген жанын жүзбе-жүз
көрмей тұрып-ақ, оның суретіндегі жанары мен күлкісінен
рухани жақындық сезінеді. Күзді күту, сезімді іште сақтау
сияқты классикалық романтикалық сарындар бүгінгі өмір

шындығымен табиғи ұштасып, шығармаға жаңаша тыныс
береді.
Өлеңнің қуаты сыртқы сабыр мен ішкі толғаныстың
қарама-қарсылығынан танылады. Сырт көзге сыр білдірмеген

кейіпкердің жан дүниесінде сезім мен сана арпалысады. Қара
өлең үлгісінде жазылған шығарма жеңіл оқылып, ұйқастары
да мағыналық салмақ көтеріп тұр.
Ең әсерлі тұстардың бірі – қозғалыссыз суретті тірі сезімге

айналдыра білуі. «Езуіңе әдемі күлкі үйірген, / Суреттегі
үңілем жанарыңа» деген жолдар арқылы суретпен іштей
сырласып, үнсіз диалог орнатады. Ал соңғы «Тіл байланып
қалады, сенемісің, / Бұрын-соңды кім көрген мендей жасық?!»

деген риторикалық сұрақ лирикалық кейіпкердің махаббат
алдындағы дәрменсіздігін шынайы әрі нанымды ашады.
Үш-ақ шумақтан тұратын бұл шығарма психологиялық
дәлдігімен ерекшеленеді. Мұнда әсіре сезім де, жалаң

құштарлық та жоқ. Махаббатты мөлдір сағыныш, үнсіз күту
мен рухани жақындықтың көрінісі ете отырып, сыршыл
лириканы жаңа белеске көтерген.
«Поляк қызы, қазақ тілі мен әдебиеті маманы

Луизаға» – халықаралық мәдениет, рухани дипломатия
және сыршыл лирика табиғи тоғысқан туынды. Қазақ тілі
мен әдебиетін меңгерген поляк қызы Луиза Банахқа арналған
бұл өлең екі халықтың рухани байланысын поэзия тілімен

бейнелеп, ұлттық мәдениеттің шекарамен шектелмей өмір
сүретін құндылық екенін дәлелдейді.
Шығарманың ерекшелігі – ұлттық рух пен әлемдік кеңістікті
шебер ұштастыруында. Лирикалық кейіпкер Польша жерінде

жүрсе де, оның темірқазығы – ана тілі. Басқа ұлт өкілінің

қазақ тілін құрметтеуі – ақын үшін мақтаныш. Әсіресе, «Менің ана тілімде сыр айтысып, / Астанаңды аралайық армансыз» деген жолдар қазақ тілінің халықаралық рухани кеңістіктегі орнын айқындайтын тұжырым болып шыққан. Ақын шығармаға Висла өзенінің пайда болуы туралы көне поляк аңызын орынды енгізіп, Чарноха, Бялка және Чантор бейнелерін жаңа көркемдік қызметке бағындырады. Өзін Чантордың інісі, Луизаны Чарноха мен Бялканың сіңлісі етіп суреттеуі – екі халықтың фольклорлық дүниетанымын поэтикалық тұрғыдан табыстырған сәтті аллегория. Бұл тәсіл өлеңнің танымдық салмағын арттыра түскен. Висла өзені, гүлзар жағалау, Познань мен Варшава қалалары шығарманың географиялық кеңістігін де, кейіпкерлердің рухани әлемін де айқындайтын детальдарға айналған. Ал «Сұлулықты – сұлулықпен суарсаң...» деген жол өлеңнің эстетикалық өзегін жинақтап тұрған түйін іспетті. Қара өлең үлгісінде жазылған шығармада уақыт пен кеңістік үйлесімді өрілген. Маусымдардың алмасуы лирикалық кейіпкер сезімінің тұрақтылығын танытса, «Полонияға келдім деп ем дәм айдап, / Сөйтсем, тартқан екен саған қарай бақ» және «Бағынып біз заман атты абызға...» тәрізді бейнелі тіркестер ақынның ойлау өрісі мен ізденісін айқын көрсетеді. «Бойыңда бар өжеттік те, өрлік те» – өмірбаяндық лириканың шынайы болмысын танытатын жыр. Өлеңде әкеге сағыныш, анаға құрмет, туыстық байланыс пен адамдық құндылықтар табиғи өріліп, екі бөленің бозбалалық шақтан жігіттік кезеңге дейінгі өмір жолы баяндалады. Шығарма жалаң арнаудан гөрі тұтас бір әулеттің тағдырын, ұрпақтар сабақтастығын суреттеуімен құнды. Автор екі жастың өмір жолын, қазақ отбасының рухани әлемін, аналардың үмітін, әкелердің аманатын және ерте есейген ұрпақтың жауапкершілігін терең ашады. Әсіресе: «Еркелеткен біздерді әлі бала деп, Ерте кеткен есіл екі әкеміз...»

деген жолдар шығармадағы эмоционалдық шарықтау шегіне
айналып, қос шаңырақтың ортақ қайғысын әрі сол қайғыны
жігермен жеңген ұрпақтың болмысын айқын көрсетеді.
Өлеңді құрдастық әзіл мен өмірлік шындықтың табиғи

үйлесімі күшейте түседі. Балалық шақ, жастық кезең, отбасы
құру сияқты өмір белестері шығармаға шынайы, өміршең
сипат береді.
«Ең бастысы – азаматсың аймаңдай» деген түйінде

тұрмыстық жетістіктен бұрын адамдық қасиет пен азаматтық
биіктікті жоғары қояды. Ал «Қырықтың бірі – Қыдыр» сияқты
халықтық танымның табиғи қолданылуы ұлттық бояуды
тереңдете түседі.

«Аруым, оянғайсың таңнан күліп...» – Бақтыбайдың
сыршыл әрі интеллектуалдық лирикасының жарқын үлгі-
лерінің бірі. Композициялық құрылымы жинақы, қара өлең
ұйқасы табиғи өріліп, сезім психологиясы ғылыми астармен

тереңдетіледі. Студенттік шақтағы алғашқы махаббатқа ар-
налған бұл шығарма ақынның жеке сезімін жалпыадамзат-
тық таным деңгейіне көтереді.
Бұл жердегі негізгі ой – махаббатты ғылым заңдарымен

сабақтастыруда. Ақын физиканың іргелі қағидаларын көр-
кемдік құралға айналдырып, сезімнің өлшеусіздігі мен
мәңгілігін жеткізеді. «Мен қалай көңілімді сездіре алам? /
Өлшей алмас сезімді Квант заңы» деген жолдар махаббат-

тың ғылыми өлшемге сыймайтын рухани табиғатын танытса,
«Бар жоғалмас, жоқтан бар пайда болмас» деген тұжырым
материяның сақталу заңын мәңгілік сезімнің поэтикалық
баламасына айналдырады.

Өлеңнің ұлттық болмысын Ақбөбек пен Қайыптың тра-
гедиялық махаббатына жасалған ишара тереңдете түседі.
Ал «Сенде күш, тартып тұрар жіп бар ұзын» деген жол
бүкіләлемдік тартылыс заңын сезім кеңістігіне көшіріп,

ақынның тосын ойын танытады. Сол сияқты «Кірген ізің
сақтаулы жүрегімде, / Жоқ бірақ кері қарай шыққан ізің»
деген психологиялық деталь алғашқы махаббаттың адамның

жан дүниесінде өшпейтін із қалдыратынын өте әсерлі
бейнелейді.
Шығармадағы «Асығыс қол созыппын Айға, ол рас» және
«Жағынып, көрсетпеймін жалған қылық» тәрізді жолдар

лирикалық кейіпкердің арманшыл, бірақ шынайы болмысын
айқындайды. Сезімге адалдықты, табиғилықты жоғары қоя
отырып, махаббатты адам рухын кемелдендіретін құндылық
деп таниды.

Бұл – жинақтағы махаббат лирикасының көркемдік
деңгейін биіктеткен өлеңдердің бірі. Ғылыми ұғымдар мен
нәзік лиризмнің табиғи үйлесуі шығармаға өзіндік поэтикалық
өріс беріп, автордың іргелі ізденісін айқын аңғартады.

«Бөліп жүр ойымды мың, ұйқымды жүз...» – сезім
лирикасы мен қала көрінісі табиғи тоғысқан, драмалық сипаты
басым шығарма. Ішкі психологиялық динамикасы біртіндеп
өрбіп, Жаратқанға жалбарынумен аяқталуы туындының

адамгершілік әрі рухани салмағын арттыра түседі.
Көркемдік тірегі – махаббат сезімін нақты географиялық
кеңістікте айшықтауында. Ақтау мен Жаңаөзен арасындағы
өмірлік байланыс лирикалық кейіпкердің ішкі әлемімен

астасып, шығармаға шынайылық дарытады. Жаңаөзеннен
Ақтауға білім іздеп келген аруға сезімі бар бозбала дәстүрлі
ғашықтық мотивін бүгінгі қалалық өмірмен ұтымды
сабақтастырады. «Аяқ бассам барар жер – таяқ тастам» деген

жолдарда физикалық жақындық пен рухани қашықтықтың
қарама-қайшылығы дәл айқындалған.
Шығармадағы портреттік және тұрмыстық детальдар
да нанымдылығымен ерекшеленеді. «Ап-арық, қараторы,

сүйкімді қыз» деген қарапайым кескіндеме мен «Қоямын
көздерімді күзет қылып / Бесінші қабаттағы балконына»
деген көрініс өлеңге заманауи урбанистік сипат беріп,
оқырманның көз алдына нақты өмір суретін әкеледі.

Өлең жүрек пен ақылдың мәңгілік тартысы арқылы
ашылады. «Жүрегім шарт жүгініп, жауап таппай, / Алдында
ақылымның тергеледі» деген жолдарда ішкі қайшылық
сот үдерісінің көркем бейнесімен беріледі. Бұл – ақынның

психологиялық талдау жасау шеберлігін танытатын сәтті метафоралардың бірі. Лирикалық кейіпкер сезім жетегінде кетпей, жауапкершілікті жоғары қояды. «Мақтаған ел үмітпен елеулің мен, / Жараспас ер жігітке желеу мүлдем» деген жолдар оның мінезіндегі ұстамдылық пен намысты көрсетсе, «Жаратқан, бастырма тек жаңсақ тағы» деген ақырғы тілек сезімнің тазалығын имандылықпен ұштастырады. Бұл шығарманың өмірлік нақтылығы басым, психологиялық тереңдігі жоғары. Жасанды драмадан емес, адам жанына тән қарапайым толғаныстардан қуат тауып, Ақтаудың түнгі тынысы мен жастық шақтың алаң көңілін поэтикалық кеңістікке айналдырған. «Күйші қыз» – өнер философиясы мен нәзік психологиялық лирика тоғысқан салмақты туынды. Көктем мерекесі қарсаңында жазылған бұл өлең күй өнерін ұлттық мұрамен, тектік сабақтастықпен және адамның ішкі рухани серпілісімен байланыстыра көркемдік шешімге айналдырады. Шығарманың басына Жұмекен мен Есенғали ақындардың сөздерін эпиграф етіп алуы идеялық ауқымды кеңейтіп, күй өнеріне құрметін айқындайды. Лирикалық кейіпкер үшін күй – ата-баба аманатын оятатын рухани күш. Осы ойды Құлшар мен Қарасай күйшілер арқылы тереңдете түседі: «Ұрпағы жолын қумапты, Бабамыз – Құлшар, Қарасай...» «Қаныма сіңген дәстүр ғой, Қалқам, сен соны ояттың...» Күйші қыздың орындауындағы күй лирикалық кейіпкердің бойындағы көмескіленген ұлттық жадты қайта жаңғыртқан рухани құбылыс болып танылады. Ақын өнерді қабылдаудың табиғаты туралы да дәл пайым айтады: «Түсінбес, сірә, жырға кім – Тіл білсең, кемі, жетерлік. Түсіну күйдің ырғағын – Түйсіне алмасаң, бекерлік...»

Бұл жерде сөз өнері мен күй өнерінің табиғаты салысты-
рылып, күйді қабылдау үшін білімнен бұрын жүрек пен түйсік
қажет екені тұжырымдалады.
«Жүреді ылғи ойлантып,

Өнерпаз қыздың тағдыры.
Тәңірі артып қойған жүк,
Сонда бар бақыт, зар-мұңы...»
Мұнда өнер әрі қуаныш, әрі үлкен жауапкершілік пен

рухани миссия болып бағаланады. Сондықтан күйші қыздың
бейнесі жеке кейіпкерден гөрі ұлттық өнерді жалғаушы тұлға
деңгейіне көтеріледі.
«Дидарың нұрлы, Ақжелең» тәрізді тіркестер күй атауын

кейіпкер портретімен шебер сабақтастырып, ұлттық бояуды
күшейте түседі.
«Шайырың шаршы топта именбейді» – ақынның
халықтық, шешендік әрі шежірешіл болмысын айқын

танытатын айрықша жырлардың бірі. Нұрхан нағашысы мен
Әлия жеңешесінің үйлену тойына арналған бұл жыр дәстүрлі
құттықтаудан әлдеқайда кең өріс алып, әулет тарихын,
туыстық қатынасты және ұлттық тәрбиені тоғыстырған

поэтикалық толғауға айналған.
Қазақтың нағашы мен жиен арасындағы еркін қалжыңын,
ақыл мен әзілді қазіргі той мәдениетіне сай жаңғырта
жырлаған. Балықшы Көшербай әулетінің шежіресін тарата

отырып, жиені әр кейіпкердің мінезі мен болмысын жылы
юмормен бедерлейді. Соның нәтижесінде шығарма деректілік
сипатын сақтай отырып, көркемдік қуатын жоғалтпайды.
Өлеңнің алғашқы шумағындағы:

«Сөз шығару – Үсенбай атамыздан,
Осы Шоғы жиенге тиген», – дейді...
деген жолдар ақындық өнердің атадан балаға, әсіресе, нағашы
жұрттан даритын рухани мұра екендігін меңзейді. Бұл – қазақ

дүниетанымындағы тектілік пен өнер сабақтастығын тұғыр
еткен сәтті образ.
Шығармада әулет мүшелерінің есімдері, мамандықтары,
өнерге жақындығы, өмірдегі қызықты сәттері шынайы әзіл-

мен өріліп, той үстіндегі еркін атмосфераны дәл жеткізеді.
Осы тұрғыдан алғанда өлеңнің интонациясы қара өлеңнен
гөрі жыраулық толғау мен желдірме дәстүріне жақындай
түседі.

Өлеңнің тәрбиелік мазмұны да айқын. Отбасы құндылығын
исламдық дүниетаныммен сабақтастырып:
«Мұхаммед Пайғамбар да хадисінде:
«Үмметім, өс-өн, көбей, үйлен!» – дейді...»

деп, шаңырақ көтерудің рухани мәнін алға шығарады. Ал:
«Жиенің мықты болсын десең егер,
Сенің осал болуға хақың да жоқ!»
деген жолдар – туыстық жауапкершілікті ықшам әрі әсерлі

түйіндеген тұжырым. Бұл өлеңде ақын көпшілік алдында
сөз бастайтын, шежіре мен әзілді қатар өрбітетін шайырлық
болмысын да танытады.
«Артық мінез көрмей-ақ қылығынан...» – ұлттық

эстетика мен нәзік психологиялық лириканы табиғи ұштас-
тырған мазмұнды туындылардың бірі. Ақын қазақ дүние-
танымындағы қасиетті ұғымдардың бірі – бұрымды сыртқы
көрік белгісі, ұлттық тәрбие, парасат пен сабырдың символы

етіп бейнелейді:
«Келте емес ақылы деп сенемін,
Шаш қимауға санасы жеткен қыздың...»
Бұл жолдар халық арасында орныққан «шашы ұзын,

ақылы қысқа» деген жаңсақ түсінікке жауап іспетті. Бұрым-
ды қыздың сұлулығын, оның ішкі мәдениеті мен ұлттық
болмысын жоғары қояды.
Бұрымды сарқырамаға теңеген тұстар өлеңнің бейнелілік

қуатын арттыра түседі:
«Сарқырама бейнебір! Сарқыла ма,
Арқырап тау басынан төгіп тұр, ә?!»
Қимыл-қозғалысты білдіретін етістіктер ұзын шаштың

табиғи сұлулығын көз алдыңа әкеліп, динамикалық сурет
жасайды.
Ақын бұрым мен мінездің арасындағы байланысты да
нанымды пайымдайды. Ұзын шашты күтіп-баптаудың өзі

төзім мен ұқыптылықты қажет ететіндіктен, «Бұрымдының

бойында төзім бөлек» деген тұжырым өмірлік қисынымен
сенімді шыққан.
Өлең еркін өріліп, тілдік табиғилығын сақтаған. Соңғы
шумақтағы жеңіл әзіл мен бозбалалық еркелік шығарманың

сыршыл
әуенін
бұзбай,
оған

өміршеңдік
дарытады.
Сондай-ақ:
«Құрбан қызыл сөз кербез келбетіне,

Жіберілген сый олар Жер бетіне...»
деген жолдарда қыз баланың сұлулығы Жаратқанның
аманаты саналып, «Іркілемін жырымның артын ойлап»
деген түйін лирикалық кейіпкердің әдеп пен жауапкершілікті

бәрінен жоғары қоятын зиялы болмысын аңғартады. Бұл да –
қазақ қызының сұлулығын ұлттық таныммен сабақтастыра
отырып, сыртқы көрік пен ішкі парасаттың үйлесімін
тұлғалаған, тәрбиелік мәні айқын сыршыл шығарма.

«Бұрынғыдай заң қайда, заман қайда?!» – жыраулық
дәстүр мен философиялық толғаныс тоғысқан туынды.
Нұрлан ағасы мен Индира жеңгесінің үйлену тойында
оқыған арнауында Бақтыбай жеке отбасының қуанышын

ұлттық құндылықтар, тектілік және ұрпақ сабақтастығы
мәселелерімен ұштастырады.
«Бұрынғыдай заң қайда, заман қайда?!» деген сауал бүгінгі
қоғамдағы туыстық байланыс пен дәстүр сабақтастығының

әлсіреуіне алаңдаушылықты білдіреді. Осылайша тойға
арналған арнау әлеуметтік толғаныс деңгейіне көтеріледі.
Ақын жаңа шаңырақтың құрылуын екі жастың бақытымен,
әулет тамырының жалғасуымен, ата-баба аманатының

сақталуымен сабақтастыра пайымдайды. Үшінші шумақтан
бастап тарихи-генеалогиялық арна тереңдеп, шығарма
шежірелік сипатқа ие болады.
«Бара жатыр алыстап жылдан-жылға

«Атасы басқа, аттан түс!» – дейтін заман...»
Бұл жолдар – қазақ қоғамындағы туыстық ынтымақтың
әлсірегеніне өкініш.
Жаңа түскен келіннің үлкен шаңырақ алдындағы жауап-

кершілігін еске салу да табиғи өрілген. Сонымен қатар:

«Болмаған соң келіншек қазір үйде,
Мен айтатын жоқ ешбір тәжірибе...»
деген жеңіл әзіл шығарманың байыпты әуенін жұмсартып,
лирикалық жылылық дарытады.

«Берекесі бола ма тек дәулеттің?
Ол – еншісі таласқан көкпар-көптің.
Қымбатырақ одан да құндылық бар...»
деген жолдар материалдық байлықтан гөрі рухани тұтастықты

жоғары қоятын ақындық ұстанымды танытады. Ал «Шоғының
шоқ жұлдызын жамыратқын» тіркесі дыбыстық үндестігімен
де, мағыналық астарымен де есте қалады.
«Жүректе жазылмаған шарт тұрады...» деп бас-

талатын егіз шумақ – жинақтағы мазмұны қою махаббат
лирикаларының бірі. Ақын сезім табиғатын заманауи ұғым-
дармен («шарт», «тараптар») сабақтастырып, махаббаттың
адам еркінен жоғары тұратын ішкі заңдылығын пайымдай-

ды. «Жазылмаған шарт» – жүрекке жазылған үнсіз серттің,
ал «тараптар» – тағдыр тоғыстырған екі адамның символы.
Махаббат құқықтық байланыстан гөрі рухани келісім деп
түсіндіріледі.

«Қашықтық ғашықтықты арттырады» деген түйінмен
ол арақашықтықты сезімді әлсірететін емес, оның шынайы-
лығын айқындайтын рухани сынақ деп бағалайды. «Көзден
кетсе – көңілден кетеді» деген қалыптасқан түсінікті жоққа

шығарады. Ал «Құдай-Уақыт» тіркесі уақытты Жаратқанның
адамды сынайтын құралы деңгейіне көтереді.
«Бірге болу бір бөлек, бір қалада / Зор бақ екен таң
атса, батып түнім...» деген жолдар қарапайым бірге

болудың өзіне үлкен рухани мән дарытады. Өлеңнің қуаты

– ойдың ықшамдығы мен дәлдігінде және сезімнің табиғи

үйлесімінде.
«Эмилия» – өркениеттер диалогын, ұлттық таным мен
заманауи дүниетанымды табиғи тоғыстырған парасатты
лирика. Бұл – әлемдік әдебиет пен қазақы тектілік ұғымын

сабақтастырған интеллектуалдық махаббат жыры.

Лирикалық арқау – әлемдік әдебиеттегі Эмилия бей-
несін қазақ қызының болмысымен шендестіруінде. Автор
Шекспирден басталатын әдеби дәстүрге ишара жасап, өз
кейіпкерін батыстық білім мен мәдениетті игерген әрі ұлттық

тамырынан ажырамаған текті ару етіп сомдайды.
«Тең – тегімен...», «Қожа жырақ жібермейді әр қызын»
деген жолдар ата-текке, ұлттық сабақтастыққа құрметті
танытса, Ульсан, Эдинбург секілді нақты атаулар мен ұғымдар

кейіпкердің заманауи, халықаралық деңгейдегі тұлғасын
нанымды ашады.
Өлеңдегі «Алтын басты ару қыздан өзіңдей, / Бақыр басты
ер азамат дәмелі» деген жолдар халықтық бейнелеу дәстүрін

бүгінгі өмірмен шебер ұштастырса, «Жүрсең дағы түрлі
тілмен тас жарып...» деген тұжырым отбасы құндылығы
мен адамдық жарасымды мансаптан жоғары қоятын қазақы
дүниетанымды білдіреді.

Тілі жатық, образдары нақты бұл шығарма – жинақтағы
зиялылық пен эстетикалық талғамды қатар танытатын сәтті
лирикалардың бірі.
«Қырағы сіздей ер тұрса...» – азаматтық рух пен ұлттық

құндылықтарды ұлықтайтын, замандас тұлғаның қоғамдық
келбетін сәтті сомдаған өлең. Белгілі қоғам белсендісі Берік
Дауеновке арнауда оның ұлттық спорт пен салт-дәстүрді
дәріптеуін шығарманың өзегіне айналдырады.

Авторлық шешімнің құндылығы – жеке тұлғаның еңбегін
елдік мұратпен сабақтастыруында. Кейіпкердің қоғамдық
белсенділігі, ұлттық ойындар мен дәстүрге жанашырлығы
қазіргі қоғамның рухани сұранысымен табиғи байланыста

көрсетілген. «Біз ұлттық өнер, ойынға салқын қарасақ, / Сіз
жүрсіз дәріптеп дәстүр, салтын тамаша-ақ» деген жолдар
осы идеяны дәл жинақтайды.
Ақын заманауи қоғамдық кеңістікті де назардан тыс

қалдырмайды. «Ел іші, желі ішінде досы көп адам» тіркесі
әлеуметтік желі мен нақты өмірдің шындығын поэзия тіліне
сәтті енгізсе, «Қырағы сіздей ер тұрса – сырттан жау еніп,

/ Елімді бұза алмайды іштен дау өріп» деген жолдар – ел
бірлігі мен қоғамдық жауапкершілікті азамат тұлғасымен
сабақтастыратын тұжырым.
Сонымен қатар көпбалалы отбасы құндылығын әзіл

мен ақжарма тілек арқылы өрнектеуі шығармаға ұлттық
жылылық пен тәрбиелік сипат дарытады. Тілі жеңіл, екпіні
серпінді бұл өлең жинақтағы лирикалық арнаулардың сәтті
бір үлгісі.

«Бағаласаң, азаматты бағала» – ұлттық дүниетаным,
шежірелік сана және замандас тұлғаның қоғамдық келбетін
тоғыстырған салмақты арнау. Қожахмет Қамбарұлының қос
қуанышына арнаған бұл толғауында інісі қазақы танымды

қазіргі қоғамдық құндылықтармен табиғи сабақтастырады.
Қазақ мәдениетіндегі «қырық» санының киелі мәні
кейіпкердің жасы, әулет тарихы және өмірлік ұстанымымен
ұштастырылады. «Қырық» ұғымы рухани кемелдік пен

сабақтастықтың белгісі болып көрінеді. Ал «Тағаласаң,
қазанатты тағала, / Бағаласаң, азаматты бағала» деген
жолдар – шешендік дәстүр үлгісіне айналарлық көркем
тұжырым.

Ақын тарихи жады мен шежірелік кеңістікті де шебер
пайдаланады. Қожа Ахмет Ясауи, Шоғы батыр туралы
ишаралар кейіпкер тұлғасын ұлттық рухани сабақтастықпен
байланыстырып, шығарманың салмағын арттырады. Сонымен

бірге «Қырық пышақ боп жүрген кезде көп ру, / Шоғыларды
шашыратпай жинап жүр» деген жолдар ағайынның ынтымағы
мен ел бірлігін жоғары қоятын ұстанымды паш етеді.
Өлең

қуаты
халықтық
нақылға
жақын

тілінде.
«Бағынбайды қу тірліктей құрыққа» секілді жолдар еркін
рух пен болмысты, соңындағы бата-тілек ұлттық тәрбие мен
дәстүр сабақтастығын айқындай түседі.

«Елге
әсем
әсер...» – сыршыл әрі романтикалық
лирика үлгісі. Екі-ақ шумақтан тұратын бұл шағын өлеңде

уақыттың өткіншілігі, бозбала шаққа сағыныш пен мөлдір
сезім жырланған. Әсем есімі сұлулық ұғымымен табиғи
астастырылған. «Елге әсем әсер» тіркесі мен «Әсем» есімі

дыбыстық әрі мағыналық үндестік құраған. Арудың сұлулығына сүйсіне отырып, автор оны өзінің жастық шағымен, қайта оралмас уақытпен байланыстырады. Лирикалық толғаныстың шарықтау шегі «Ерте туып, кеш қап...» деген түйінде көрінеді. Мұнда уақыт сәйкессіздігі мен кешіккен сезімнің драмасы ықшам жеткізілген. Ал «Өртен, жүрек, өртен!» жолы сыртқа айтылмаған сезімнің ішкі жан айқайын ашып, өлеңнің эмоциялық қуатын күшейтеді. Шағын буынды ырғақ пен жеңіл ұйқас экспромттың табиғатын айқындай түседі. Аз сөзбен терең сезім мен өмірлік ойды жеткізе алған бұл өлең – жинақтағы ықшам әрі әсерлі лирикалық миниатюралардың бірі. «Қандыкөйлек» – достық лирикасы мен ұлттық тарихи сананы тоғыстырған туынды. 2015 жылғы 2 қыркүйекте, қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовтің көкке көтерілген сәтінде дүниеге келген бұл өлең нақты тарихи мезетті поэзия тілімен бедерлеген. Шығарманың салмағы – жеке достық сезімін тұтас халықтың қуанышымен сабақтастыруында. Бақтыбай қандыкөйлек досына тілегін А. Айымбетовтің ғарыш сапарымен астастырып, достықтың рухани қуатын ұлттық мақтаныш сезімімен қатар өрбітеді. «Дұға қылып қол жайдым құбылаға, / Ел мен сенің бағыңды қатар тілеп» деген жолдарда ақынның дүниетанымы да айқындалады. «Жарық болсын жолына, Айымбетов! / Менің ақ тілегімді ғарышқа ап бар!» деген жолдар шығармаға символикалық биіктік дарытады. Ақ ниет иесі тілегін зымыранмен бірге көкке жолданған рухани аманат сипатында бейнелейді. Ал «Әр жылдың келсе екінші қыркүйегі...» деген түйін достықты уақытпен бірге жаңарып отыратын өмірлік құндылық деңгейіне көтереді. Бұл өлең жинақтағы достық лирикасына жаңа мазмұн мен уақыт тынысын әкелген сәтті шығармалардың бірі. «Оң мен сол» – жинақтағы титулдық шығарма. Бұл – адамның рухани қалыптасуы, әке тәрбиесі мен өмірлік

таңдау туралы терең толғаныс. Балалық шақтағы қарапайым
жол ережесінен басталған ой өмірдің «оңы мен солын» тану
мәселесіне ұласып, бүкіл кітаптың мазмұнын ашып береді.
Күнделікті

тұрмыстық
ұғымды
өмір
философиясының

деңгейіне көтереді. Әкенің баласына жолдан өтердегі
«алдымен солға қара, оң жақпен жүр» деген қарапайым өсиеті
уақыт өте келе адамның дұрыс жолды таңдауына бағыттайтын
рухани темірқазыққа айналады. Әке бейнесі өмір мектебінің

алғашқы әрі мәңгілік ұстазы болып сомдалады.
Композициялық тұрғыдан шығарма балалық шақтан
басталып, өмір сынақтары арқылы кемелдікке жетелейтін ішкі
драмамен өрбиді. «Үйреткендей өмірдің жолында да / Баласы

оң мен солын танысын деп» деген жолдар өлеңнің өзегін ашса,
«Бастауышпен қоштасам деп жүргенде, / Қоштастық ұлы
ұстазым – әкемізбен» деген шумақ шығарманың эмоциялық
шарықтау шегі болып тұр. Әкеден ерте айырылу, ананың

мейірімі және өмір жолындағы қателіктерді жасырмай
мойындауы лирикалық кейіпкердің болмысын шынайы әрі
нанымды етеді.
«Алла, әкем қалаған жолға салшы...» деген мінәжат

өлеңнің тәрбиелік және рухани салмағын тереңдете түседі.
Мұнда әке аманатына адалдық, адамдық жауапкершілік пен
Жаратқаннан дұрыс жол тілеу бір арнаға тоғысқан.
Тілі

қарапайым
болғанымен,
жүгі
ауыр

шығарма
жинақтың атауымен қоса, оның тұтас концепциясын арқалап
тұр. «Оң мен сол» атауының мәні де дәл осы өлеңде толық
ашылып, кітаптың барлық мазмұнын біріктіретін рухани

кілтке айналған.
«Қайда жүрсек жол ашты көкте күліп кербез Күн...»

– ақынның азаматтық ұстанымы мен отансүйгіштік рухын

танытатын тағылымды патриоттық толғау. Бұл шығармада
ел аралау Асан қайғының Жерұйықты іздеу миссиясымен
сабақтас рухани экспедицияға айналған. Лирикалық кейіпкер
Қазақ елін аралап қана қоймай, елдің бірлігі мен болашағына

алаңдайтын зиялы азамат деңгейіне көтеріледі.

Қазақстанның географиялық кеңістігін ұлттық тұтастық
символына айналдырған. Батыс пен Шығыс, Арқа, Алтай,
Алатау, Жетісу, Оңтүстік пен Солтүстік біртұтас Отан
бейнесін құрайды. Соңында ақынның қасиетті Маңғыстауға

сағынышпен оралуы атамекенге перзенттік сүйіспеншілікті
айқындай түседі.
Шығарма салмағын күшейтетін тұстардың бірі – тәубе,
ақсарбас және ел амандығы туралы ұғымдардың табиғи

сабақтасуы. «Өткен күнге тәубе», «келешектің қамы»,
«ақсарбас» секілді ұлттық-діни ұғымдар ел болашағына деген
ақ тілектің көркем көрінісіне айналған.
Өлеңнің философиялық биігі соңғы жолдарда ашылады:

«Болашағын елімнің мәңгілікпен өлшеймін,
Қазақ елі жасайды дүние-жарық тұрғанша...»
Ақын ел тағдырын мәңгілік категориясымен өлшейді.
Сондықтан шығарма қарапайым сапар жырынан биіктеп,

тәуелсіз Қазақстанның баянды болашағына сенім тұжыры-
мына айналған.
«Бір өзі бір алқа жанға тең ағам...» – көлемі шағын
болғанымен, мазмұны терең портрет. Мемлекеттік қызмет

ардагері,
өлкетанушы
Алқажан
Еділханның

тұлғалық
болмысын небәрі төрт жолға сыйғыза білген.
Өлеңнің ұтысы – кейіпкердің қоғамдық салмағын бір ғана
теңеумен ашуында. «Бір өзі бір алқа жанға тең» деуі оның ел

ішіндегі беделі мен зиялылық деңгейін дәл танытады.
Келесі жолдарда автор кейіпкердің адамгершілігі мен
парасатын қатар өріп береді: «Жұмсақ жүрек, көңілі де кең
ағам. / Тұлабойы – ілім-білім қоймасы...» Мұнда тұлғаның кең

жүрегі мен терең білімі алдыңғы қатарға шығады.
Соңғы жолдағы «Даналыққа көкірегі кен адам...» деген
түйін өлеңнің салмағын арттыра түседі. Аз сөзге көп мағына
сыйғызған бұл өлең – автордың портреттік лирикадағы дәлдік

пен мінездеме жасау шеберлігін танытатын сәтті экспромт.
«Хан баласы немесе Дон моласы басында» – Бақтыбай
Жайлаудың азаматтық-патриоттық лирикасындағы шоқтығы

биік туындыларының бірі. Әлихан Бөкейханның 150 жылды-
ғында Мәскеудегі Дон зираты басында жазылған бұл толғау –
Алаш тағдыры мен ұлттық қасіретті терең толғаған шығарма.
Өлеңнің ерекшелігі – кеңестік тоталитарлық жүйені астарлы

портреттік штрихтармен тұлғалауында. Ленин мен Сталиннің
түр-сипаттары тарихи зұлматтың көркем жинақталған
образына айналып, Алаш зиялыларының қасіретті тағдырын
ашуға қызмет етеді. Шығарманың ең әсерлі тұсы – Әлихан

Бөкейханның қазақ жерінің тұтастығы үшін күрескен ұлы
еңбегін оның жеке тағдырымен шендестіруі. «Екі жарым кез
жері» туралы жолдар туған жерден топырақ бұйырмаған ұлт
көсемінің трагедиясын жеткізеді.

Өлеңде ақынның «Оң мен сол» философиясы да жаңа
мазмұнмен жалғасады. Әлиханның «антынан айнымаған,
оңы мен солынан адаспаған» тұлғасы адалдық пен ұлтқа
қызмет етудің ең биік мұратын айқындайды.

Дон зиратына қазақ жастарының туған жерден апарып
бір уыс топырақ салуы – ұрпақтар сабақтастығы мен Алаш
рухына тағзым.
«Жер сатылмасын!» – азаматтық ұстанымды өткір

әрі ымырасыз жеткізген саяси-әлеуметтік лирика. Жер
тағдырына қатысты ақынның қатаң көзқарасы бір шумаққа
сыйған. Өлеңнің көркемдік қуаты қарама-қарсы ұғымдарды
қатар қою арқылы күшейеді. Автор жерді ұлттың аманаты

деп танып, оны қорғаушыларды қолдап, өзінің жеке мүддесін
халық мүддесінен жоғары қоятындарды ашық айыптайды.
Бұйрық райдағы етістіктер мен шешендік интонация өлеңді
жай пікірден көтеріп, елдік ұстанымды жариялаған азаматтық

үнге айналдырады.
«Халық орнын төрден берген төраға...» – мемлекет-
шілдік идеясы мен тарихи сабақтастықты ұштастырған аза-
мат Ерлан Қаринге арналған бұл өлеңде кейіпкердің қайрат-

керлік қызметі оның ата-бабасының тарихи миссиясымен та-
биғи сабақтастырылған.
Өлеңнің ерекшелігі – Е.Қариннің стратегиялық ойлау
жүйесін баһадүр Есек мергеннің ел қорғау жолымен байла-

ныстыруында. «Ел қорушы, жер шолушы, барлаушы» бейнесі
бүгінгі ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік идеология қызме-
тімен сәтті үндеседі.
Тарихи-фольклорлық образдардың заманауи саяси маз-

мұнға айналуы шығарманың идеялық салмағын арттыра
түседі. «Жезтырнақ» пен «Таутайлақ» қазіргі заманның ақ-
параттық және геосаяси қатерлерін меңзейтін символдар.
Өзекті түйін – қайраткердің басты қаруын билік пен ман-

саптан емес, білім мен ардан іздеуі. «Ал сіздің бас қаруыңыз –
ілім-ар» деген жол кейіпкердің тұлғалық болмысын танытып
тұр.
«Басқалардай билік қуған басшы емес, / Халық орнын төр-

ден берген төраға» деген тұжырым мемлекеттік қызметтің
өлшемі – халыққа адал еңбек ету екенін айқын көрсетеді.
«Ассалаумағалейкум, уа, Мұстафа!» – Бақтыбай
Жайлаудың азаматтық-патриоттық лирикасындағы салмақты

туындыларының
бірі.
Берлиндегі
Мұстафа

Шоқайдың
мәңгілік мекені басында жазылған бұл толғау – рухқа тағзым,
бүгінгі ұрпақтың тарихи жауапкершілігі туралы ой.
Шығармада Мұстафа Шоқайдың күрескерлік тұлғасы

ХХ ғасырдағы ұлт азаттығы жолындағы қайсарлықтың
көрінісі болып танылады. Ақын тарихи тұлға алдында бүгінгі
қоғамның ең өзекті мәселелерін – мемлекеттік тілдің тиісті
тұғырына нық орныға алмай жатқаны, рухани тамырдан

ажырау, жер тағдыры сияқты ұлттық түйткілдерді ашық
қозғайды.
Өлеңнің тарихи нақтылығы Мұстафа Шоқайдың Маңғыстау
арқылы шетелге өткен тағдыр жолын еске түсіруімен

тереңдейді. Бұл дерек шығарманың азаматтық пафосын
нақты тарихи негізбен ұштастырады.
Ең қуатты тұс – ақынның өз атынан жауапкершілік сезімін
білдіруі. «Біздей жасық ұрпағыңда дәрмен жоқ...» деген

жолдарда ар алдындағы адалдық пен ұлттық намыс айқын
сезіледі.
Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай тағдырларының
тоғыстырылуы шығарманы кең көлемде ашып тұр. «Жер

қадірін жат топырақ жамылған / Әлихан мен сенен артық

кім білер?!» деген түйін туған жердің қасиетін, азаттықтың
бағасын аталар аманатының мәңгілік мәнін терең танытады.
«Көшербайдан қалған қара шаңырақ» – ұлттық дәстүр
мен отбасылық құндылықтарды терең толғаған тағылымды

арнау. Жас отаудың құрылуы – әулет сабақтастығы мен қара
шаңырақтың қасиетті міндетінің жалғасы.
Өлеңде отбасы тарихы Маңғыстаудың шежірелік кеңіс-
тігімен сабақтастырылған. Балықшы мен Жаңай руларының

құдалығын сөз ете отырып, тілек иесі екі әулеттің ынтымағы
мен ұлттық дәстүрдің өміршеңдігін алдыңғы қатарға
шығарады.
Шығармадағы қара шаңырақ ұғымы ерекше мәнге ие.

Әулеттің үлкендері мен ағайындарының есімдері табиғи
өріліп, кенже ұл Нұржаубайға жүктелетін жауапкершілік
ұлттық таным тұрғысынан нанымды ашылған.
Ең әсерлі тұстардың бірі – жас келін Түймеханға айтыл-

ған ақ тілек. «Ақыл-ойын берсін Ақыл әжеңнің, / Бал мінезін
берсін Шекер енеңнің!» деген жолдарда қазақ отбасындағы
тәрбиенің алтын арқауы – үлкендердің өнегесі мен аналар
мектебі дәріптелген.

Бұл – жинақтағы отбасылық-арнау лирикасының тәрбие-
лік мәні терең, ұлттық болмысы айқын көрінетін сәтті шығар-
маларының бірі.
«Табылдының артындағы жоқшысы» – ұлттық өнер-

ге адалдық пен рухани аманат тақырыбын арқау еткен тағы-
лымды арнау. Өлең қазақтың тұңғыш бард ақыны, компози-
торы Табылды Досымовтың рухына тағзым жасап, оның шы-
ғармашылығын насихаттап жүрген Әділбек Қайыржанның

еңбегіне құрмет білдіреді.
«Жоқшы» мен «аманат» ұғымдарының мәні зор. Мұнда
өнер мұрасын жалғастыру кейінгі ұрпақтың қасиетті борышы
саналады.

Өлеңнің көркемдік қуатын қыран құсқа қатысты қасиет-
тер арттыра түседі. «Тастүлектің қата берсін топшысы»,
«қиядағы бақ құсы» сияқты образдар тұлғалық кемелдену
мен өнер жолындағы биік мұратқа айналған.

«Берсін Алла ағалардың ақ жолын, / Қырда туып, мойындатқан тау ұлын!» деген жолдарда Табылды Досымовтың шығармашылық биігі мен оның ізін жалғастырушы буынға артылған жауапкершілік табиғи сабақтастықпен беріледі. «Мендік маусым Жедіні үптеп алып...» – автордың танымдық лирикасындағы ең ықшам әрі мазмұны терең туындыларының бірі. Небәрі төрт жолға уақыттың өтуін, адам жанының толысуы мен өмірдің мәңгілік айналымын сыйғызған. Қазақтың дәстүрлі амал күнтізбесі мен халықтық астрономиялық танымы адамның ішкі рухани әлемімен ұштастырылған. Жеді, Дәлу, Үт атауларындағы табиғат құбылыстары өмірдің ауыр кезеңі мен жаңа үміттің символына айналған. Ақын қыстың аяқталуын адамның рухани жаңаруымен сабақтастырады. «Үміт тұр Үтке қалып» деген жол халықтық «Үт кірді – құт кірді» танымымен болашаққа сенімнің көркем бейнесін жасайды. Дыбыстық үйлесім мен ішкі ырғақ өлеңнің салмағын күшейте түседі. Бұл – халықтық күнтізбе мен ұлттық дүниетанымды заманауи поэзия тілімен жаңғыртқан шығармалардың бірі. «Темірқанат түлегі Түркістанның...» – жастық сезім мен рухани жақындықты ұштастырған нәзік лирика. Арудың сыртқы сымбатымен қоса, оның парасаты мен болмысы алдыңғы қатарға шығады. Түркістан мен Маңғыстауды, Абай мен Шәкәрімді қатар өріп, кейіпкерді тұтас ұлттық рухтың заңды жалғасы етіп бейнелейді. «Бал мен уды айырар ілімің бар, / Қызысың ғой Абай мен Шәкәрімнің» деген жолдарда жас жігіт сұлулықтың өлшемін білім мен парасаттан іздейді. Ал «Таласқан ақылың мен көркің қатар» тіркесі – кейіпкердің толыққанды рухани портретін ашқан сәтті түйін. Өлеңнің лирикалық қуаты сыртқы бейнеден ішкі әлемге біртіндеп тереңдеуінде. «Кекілің жасырып тұр маңдайыңды»,

«Аздап мұңлы һәм ойлы көзің күлген» сияқты детальдар
кейіпкердің жұмбақ табиғатын айқындап, сезімді психоло-
гиялық деңгейге көтереді.
«Қос жүректе сыр болып сақталайық, / Қос санада жыр

болып жатталайық» деген жолдар махаббаттың ең биік
мәнін рухани үндестіктен іздейді.
«Мен – Жермін!» – Бақтыбайдың көркемдік құрылымы
ерекше туындыларының бірі. Ақын Күн жүйесін тұтас бір

отбасының бейнесіне балап, ғаламдық кеңістікті адамзаттық
сезіммен астастырады.
Шығарманың жаңалығы – ғаламшарларды кейіптеуінде.
Күн – ана, Ғарыш – әке, ал өзге планеталар отбасы мүшелері

сипатында табиғи үйлесіммен өріліп, Жердің атынан
баяндалған оқиғаға терең мән үстейді. Әсіресе ең алыс Уран
мен Нептунды «шетінеп кеткен бауырлар» бейнесінде беру –
ақындық қиял мен ғылыми танымның сәтті тоғысуы.

Өлеңнің композициясы да біртіндеп дамиды. Алғашында
Жердің ғарыштағы тіршілігі суреттелсе, кейін өмірдің мәнін
іздеу мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Лирикалық кейіпкер
шексіз кеңістікті шарлап жүріп, өз бақытының қасында –

Айда екенін ұғынады.
Осы тұстан бастап ғарыштық кеңістік махаббат лирикасына
ұласады. Айдың сұлу бейнесі арқылы үйлесім мен рухани
тұтастық идеясы өрбиі. «Алды-арты, оңы менен солынан

аш» деген жолдар жинақтың концепциясы – «Оң мен сол»
философиясымен табиғи сабақтасып, өмірдегі үйлесімнің,
махаббат пен жарықтың мәңгілік мәнін танытады.
Бұл – ұлттық поэзияда ғылыми таным мен ғарыштық

символиканы шебер ұштастырған шығарма.
«Ақылды қыз, ойлы бар жазбаларың...» – қазіргі қазақ
аруының рухани әрі эстетикалық болмысын бейнелеген өлең.
Жігіт қыздың көрікті келбетін, ақыл-парасатын, ой

тереңдігін алдыңғы орынға шығарады. «Ақылды қыз, ойлы
бар жазбаларың» деген алғашқы жолдың өзі кейіпкердің
танымдық портретін айқындайды. Осыдан кейін ғана сұлулық
пен нәзіктік суреттері табиғи жалғасады.

Дәстүрлі қазақ лирикасы бүгінгі заман құралдарымен
ұштастырылған. «Подиум», «модель» секілді заманауи ұғымдар
өлеңге жасандылық әкелмей, арудың сымбатын әсерлі
жеткізуге қызмет етеді. Сонымен қатар қазақы дүниетаным

да сақталған. «Қыз қуу» ойыны, жеңгелер институты, жігіттің
әдеп пен жауапкершілікті жоғары қоюы ұлттық тәрбиенің
табиғи көрінісін құрайды.
Лирикалық кейіпкер асқақ пафосқа ұрынбайды. Керісінше,

сүйген жанның алдында өзін таразылап, «Күмәнді менің
дағы тең келерім» деп кішілік танытады. Бұл шығарманың
психологиялық шынайылығын күшейтіп тұр.
Тілі жеңіл, ырғағы ойнақы, қара өлең ұйқасы табиғи өрілген.

Заманауи өмір мен ұлттық құндылықтарды жарасымды
қабыстырған бұл шығарма жинақтағы ең тартымды махаббат
жырларының бірі саналады.
«Қожаназар мырза мазары басында» – ұлттық рух

және имандылық тақырыптарын тоғыстырған көркемдік
қуаты жоғары туынды.
Шығарманың әсерлі тұстарының бірі – лирикалық
кейіпкердің Сейсем ата басындағы рухани күйі. Сират көпірін,

дәрет алып тазаруды, нәпсімен күресті суреттеу өлеңнің
имани тереңдігін айқындайды. Осы ішкі толғаныс тарихи
таныммен табиғи астасып жатыр.
Қожаназар әулетінің талайлы тағдыры арқылы Маңғыстау

жұртының қилы кезеңдері, үркіншілік жылдары мен бабалар
қасіреті еске алынады. Ал Әбіш Кекілбайұлының тұлғасы
тарихи сабақтастықтың үзілмеген арнасын айқын көрсетеді.
«Сарыарқамыз алып қалды бас ұрып» деген түйін ұлттың

рухани тұтастығын таңбалайды.
Өлең еркін өлшеммен жазылғанымен, ішкі ырғағы мен
сатылай құрылған тармақтары жыраулық дәстүрдің екпінін
сақтайды. Бұл – тарихи сана және рухани толғаныс табиғи

үндескен шығарма.
«Болсам дағы көп үлестен қалыс қалушы...» – өмірлік
ұстаным мен кредоны ықшам да қысқа-нұсқа түйіндеген

тағылымды шумақ. Небәрі төрт жолдан тұратын бұл
өлеңнің иесі өз болмысын, еңбекке көзқарасын және рухани
құндылықтарға адалдығын айқын аңдатады. «Көп үлестен
қалыс қалу» – өткінші мансап пен материалдық мүддеден

биік тұрудың белгісі болса, «еңбек етпей табыс таппау» –
адал еңбек пен ар тазалығын өмірлік қағида еткен тұлғаның
ұстанымы.
Төрттағанның салмағы соңғы екі жолда жинақталған.

Бақтыбай «Әбіштанушы» атағын өзіне артылған ел сенімі мен
жауапкершілік деп біледі. Бұл оның ғылымға, әдебиетке және
ұстаздық жолға деген парасатты көзқарасын аңғартады.
«Пайғамбарым зарласа үмметім деп...» – азаматтық

ой мен ұлттық жауапкершілікті өткір түйіндеген шумақ.
Небәрі төрт жолдан тұратын бұл шығармада ақын ұлтқа
қызмет еткен тұлғаның қоғамдағы тағдыры туралы ащы
шындықты айтады. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) үмметіне

жанашырлығы мен қаламгер Қалбай Әбдіраманның ұлтының
мұңын мұңдауы бір арнада тоғысып, ел үшін өмір сүрудің биік
өлшемін айқындайды. Талантты тұлғаларды көзі тірісінде
қадірлей алмай, олардың еңбегін өмірден өткен соң ғана

бағалайтын қоғамдық мінез сынға алынады.
«Тіркеш аға рухымен түнгі тілдесу» – сағынышты,
рухани сабақтастықты және адам жанының ішкі таразысын
терең ашып көрсеткен әсерлі баллада.

Шығарманың ерекшелігі – тірі адам мен аруақ арасындағы
диалогқа құрылуы. Бақтыбай Тіркеш ағасының рухымен
сырласа отырып, өткен өмірін, бүгінгі қоғамды және өз
жүрегіндегі мұңды салмақтайды. Аруақ бейнесі кеңесші,

рухани тірек әрі ар-ожданның символына айналады.
Өлеңде өткен мен бүгін табиғи астасады. Сәрсенбайдың
ескі үйі, жастық шақ естеліктері, жалғыздық пен уақыт салған
жаралар ақынның ішкі толғанысымен сабақтасып, шығармаға

психологиялық тереңдік береді. Жұмекен ақынның жырына
сүйенуі де осы ішкі драманы күшейтіп, кейіпкердің жан
күйзелісін ашады.

Балладаның түйіні соңғы диалогта жатыр. Тіркеш
ағасының рухынан жеткен медет сөздер ақынға рухани демеу
болып, аманат жүгін жалғастыруға жігер береді.
«Адам ата – Һауа ана» – махаббатты адамзат тарихы

мен мифологиялық таным аясында терең толғаған туынды.
Адам ата мен Һауа ананың мәңгілік махаббат хикаясы
бүгінгі
лирикалық

кейіпкердің
ішкі
сезімімен
шебер

астасады. Мифтік уақыт пен жеке өмір тәжірибесін қатар
өріп, махаббаттың адам жаратылысының ең басты рухани
негізі екенін паш етеді.
Адам атаның үш жүз жылдық ізденісі мен ақынның «үш

жүзге тең отыз жылы» махаббаттың уақыттан биік, мәңгілік
құндылық екенін әсерлі жеткізеді.
Өлеңнің сырға толы салмағы «Пайымдайтын Пайғамбар
жоқ тек қазір, / Уайымдайтын – кейін келген ақындар» деген

жолдарда айқын көрінеді. Мұнда ақын жүрек пен қоғам
арасындағы рухани көпір әрі адамзаттық мұраттарды іздеуші
тұлға болып танылады.
Соңғы шумақтардағы Күн мен Ай бейнелері шығарманың

гуманистік мазмұнын тереңдете түседі. Адам ата мен Һауа
ананың табысуы арқылы махаббат пен адамзат үйлесімінің
бастауы көркем жинақталады.
«Кербез керік» – ғашықтық сезімі нәзік психологиямен

және ұлттық эстетикамен астасқан жыр. Қияли жігіт керіктің
сымбаттылығы мен кербез болмысын арудың көркі мен
мінезінің баламасына айналдырып, қазақтың күй өнерінде
кездесетін сұлулық бейнесін поэзияда жаңаша қырынан

ашады.
Шығарманың психологиялық әсері лирикалық кейіпкердің
ішкі өзгерісінен шынайы көрінеді. Ғашықтық сезім бұрынғы
еркін мінезді өзгертеді, жүрекке жаңа толғаныс пен

жауапкершілік әкеледі. Ішкі арпалыс артық пафоссыз, табиғи
өрнектеледі.
Тілі жатық, әуезі жеңіл болғанымен, өлеңнің астарында
байыпты да терең сезім жатыр. Таңғы мезгілдің мөлдір ат-

мосферасы шығарманың эмоциялық табиғатын толықтыра
түседі.

«Сыңарымсың сызылған маңдайыма...» – ақының
махаббатты сенім, серіктестік және рухани тірек тұрғысынан
терең толғаған сыршыл туындысы.
Бұл – «Кербез керік» жырының табиғи жалғасы. Алғашқы

әсер мен сүйсінуден басталған сезім мұнда өмірлік сенімге,
тағдыр қосқан серікті мойындауға ұласады. Махаббат
өмірдің барлық сынағында сүйеніш болатын рухани күш деп
тұғырланады.

«Бірге, жаным, өзіңмен төтеп берем / Сынақтың болсын
мейлі қандайына» деген лирикалық кейіпкер сүйген жанын
бақыты, тағдыр жолындағы сенімді тірегі, өмірлік сыңары
деп қабылдайды.

Шығарма сезімді сыртқы әсерден гөрі ішкі жауапкершілік
пен қамқорлық арқылы танытады. Бұл өлеңде махаббат
адамның өміріне тыныштық, беріктік және үміт сыйлайтын
құндылық деңгейіне көтеріледі.

Тілі қарапайым, лиризмі табиғи, эмоциясы шынайы бұл
шығарма – жинақтағы сенім мен адалдықты арқау еткен
махаббат жырларының бірі.
«Сіздей жігіт күнде туып жатқан жоқ» – тұлға бол-

мысын еңбек, парасат және ұлттық құндылықтар тұрғысынан
сомдаған тағылымды арнау жыр.
Педагог-ғалым, қоғам қайраткері Ісенбай Қалдамановтың
азаматтық

келбеті
елге
сіңірген
еңбегімен

ашылады.
Шығарманың сәтті табыстарының бірі – Ісенбай есіміне
берілген поэтикалық түсіндірме. «Ісі ең бай» деген мағыналық
астар адамның байлығы еңбегі мен тәрбиелеген ұрпағында

екенін әсерлі жеткізеді. Осылайша есімнің ішкі семантикасы
кейіпкердің болмысымен табиғи қабысады.
І. Қалдамановтың ағартушылық қызметі, ұлттық спортқа
жанашырлығы және ұйымдастырушылық қабілеті біртұтас

тұлғалық портрет түзеді. Тілі салмақты, тәрбиелік мазмұны
терең бұл шығарма жинақтағы тұлғатану бағытындағы
тағылымдық мәні жоғары арнау жырларының бірі.

«Ер Шоғының шебер қызы» – қазақ әйелінің ісмерлігі
мен ұлттық өнерге адалдығын лайық бағалаған тағылымды
арнау жыр.
Тәрбия Айдымбаеваның тұлғасы қолөнер шебері, ұлттық

құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуші жан болып
сомдалады. Оның шыққан тегі мен келін болып түскен әулеті
сабақтастырыла отырып, ұлттық киім өнерін жаңғыртудағы
еңбегіне жоғары баға беріледі.

Шығармада қолөнердің қарапайым құралдарының өзі
символдық деңгейге көтеріледі. «Саусағында – оймағы мен
инесі, / Құнды оның қадаған әр түймесі» деген жолдарда
оймақ пен ине кәсіптің, төзімнің, ұқыптылықтың әрі ұлттық

мәдениеттің мәнін жинақтайды.
Өлеңнің тәрбиелік мәні де айқын. «Ата-ананың көріп
өскен тәлімін / Жалғастырғай өз жолымен жиенім» деген
тілекте өнер мен тәрбиенің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын

қасиетті аманат екені сезіледі. Тілі қарапайым, ырғағы жатық,
мерейтойлық салтанат пен шынайы ілтипат табиғи үйлескен
арнау жинақтағы ұлттық өнер мен әйел болмысын дәріптеген
жырлардың бірі.

«Волонтер боп жүрген інім Мұқашым» – азаматтық
жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеген
заманауи патриоттық туынды.
Пандемия

кезеңінде
елге
қалтқысыз
қызмет

еткен
еріктілердің еңбегі шынайы құрметпен жырланады. Волонтерлік
қызмет сауапты да жауапты қоғамдық жұмыс, ел басына күн
туған шақтағы ерлік деп бағаланып, Мұқаш бейнесімен тұтас

еріктілер қауымының рухани портреті жасалады.
Шығарманың табысы – заманауи волонтерді дәстүрлі
қазақ батырларының заңды мұрагері деңгейіне көтеруінде.
«Асынып ап батырдың бес қаруын» деген жолдардағы «бес

қару» жанашырлық, мейірім, адал еңбек, жауапкершілік пен
қайсарлықтың символына айналған.
«Қыраны қонбай, құр тозған зая тұғыр-ай...» –
ғылым мен дарынның бағалануы туралы азаматтық үні өткір,

метафоралық қуаты жоғары туынды.

«Қыраны қонбай, құр тозған зая тұғыр» метафорасы –
өз елінде лайықты бағаланбай, әлеуеті толық ашылмаған
таланттардың орны. Мұнда «Қазақтан шыққан бүгінгі
Эйнштейн» Саят Ыбырайдың әлемдік деңгейдегі ғылыми

әлеуеті бағаланады.
Ал «Жүреміз жиі жүйеге кейіп іштейін» деген жолдар
жеке өкпеден гөрі, дарынды бағалай алмай отырған
қоғамдық жүйеге айтылған сын болып естіледі. Шағын

көлеміне қарамастан, өлең ғылымға құрмет пен азаматтық
алаңдаушылықты қатар көтерумен әсерлі.
«Тілектерімді өлеңмен өрсем, шумаққа сыймас»

– елдік мұратты арқау еткен мазмұнды арнау. Жаңбырбай

Дәрменовтің елге сіңірген еңбегіне нақты істерімен баға
беріледі. Адай ата кесенесінің құрылысына қолдау көрсетуі мен
Шоғы батырдың ескерткішін орнатуға атсалысуы ата-бабаға
деген құрметті айқын аңғартады. Арқа, Алтай, Жетісу, Сыр,

Жем-Сағыз, Жайық атаулары кейіпкер қызметінің кең
ауқымын танытса, «Ақарысың мен Бекарыс, Жанарыс қалып,
/ Төре мен Қожа құрметтер жансыз, Сунаққа сыйлас» деген
жолдар оның ру мен жүз шеңберінен биік тұрған елге ортақ

беделін айқындайды.
«Әлди-әлди, Ақкербез!» – отбасылық құндылық пен
ата-аналық мейірімді нәзік өрнектеген бесік жыры. Отағасы
келіншегінің атынан дәстүрлі жанрдың табиғатын сақтай

отырып жазған жырында заманауи лирикалық тыныс сезіледі.
Ақкербез есімі арқылы сәби бейнесі көркемдік-эстетикалық
мәнге ие болса, «Көктемеде егіліп, / Күзде піскен өрігім» деген
метафора баланың өсіп-жетілуін табиғат заңдылығымен

сабақтастырады. Сәби – отбасының бақыты мен өмір
жалғастығы. Жылы лиризм мен бесік жырына тән әуезді
ырғақ табиғи үйлескен бұл шығарма жинақтағы мейірімге
толы өлеңдердің бірі.

«Егіз ел мен жер...» – ұлттық тұтастық пен жер тағдырын
арқау еткен, қуатты азаматтық үн сыйып тұрған төрттаған.
«Ел мен жер егіз» ұғымы халық пен атамекеннің ажырамас
бірлігін танытса, «сақтаңдар», «бермеңдер», «сатпаңдар»

деген бұйрық райдағы етістіктер өлеңнің үндеу сипатын
күшейтеді. Ақын жерді экономикалық ресурс емес, ұлттық
болмыстың тірегі деп пайымдайды.
«Демеймін адамзаттан алыстап өтем...» – Жер-анаға

сүйіспеншілікті ғарыштық кеңістік аясында пайымдаған өлең.
«Қадірін Жұмақ-Жердің сезіну үшін / Біраз жыл етсем деймін
Марста мекен» деген жолдар Жердің адамзат үшін теңдессіз
мекен екенін салыстыру тәсілімен жеткізеді.

«Наркескен қылыштай тек жарқылдай түс» –
тектілік, ұрпақ сабақтастығы және отбасылық құндылықтарды
арқау еткен салмақты арнау. Мұнда Әли мен Әйгерімнің
отау құрған қуанышын әке өсиеті мен ата-баба аманатының

жалғасуы деп бағалайды. Нағашылары Ер Қармыс, Балуанияз
батыр, Тұрыш ишан, Пір Бекет, Аманбай ата сияқты тарихи
тұлғаларды еске алу өлеңнің рухани-тарихи өзегін күшейтеді.
«Наркескен қылыштай тек жарқылдай түс, / Нан кескен

пышақтай боп кетілмегін» деген жолдар ер азаматқа қойылар
биік өлшемді әсерлі метафорамен өрнектейді. Дәстүрлі бата,
тағылым және өмірлік ұстаным табиғи тоғысқан бұл толғау
қазақы арнау поэзиясының сәтті үлгілерінің бірі.

«Yessenov Unіversіty, сен менің Көк Ордам» – ақынның
білім ордасына шынайы құрметі мен шәкірттік ықыласын
танытатын
лирикалық

арнау.
Университет
ғимаратын
«Көк Орда» деп, оқу орнын білім мен ғылымның, рухани

қалыптасудың қасиетті мекені ретінде даралайды. Өлеңнің
әсерлі тұсы – студенттік өмірдің шынайы атмосферасын
қарапайым детальдармен беруінде. Жатақхана, достық,
ортақ дастарқан, қызыққа толы күндер шығарманы өміршең

әрі нанымды етеді. «Талайын тәрбиеледің – тентек пен
бұзықтың» деген жолдар университеттің кәсіби маман
дайындаумен қатар, жастарды тәрбиелейтін өмір мектебі
екенін айқындайды. Сағыныш пен ризашылық табиғи

астасқан студенттік кезеңнің әсерлі шығармасы.
«Қазір жастар үшін ермек – ғаламтор...» – еріктілік
қызметтің қоғамдық мәнін жастар бейнесі арқылы ашатын
лирика. Ақын волонтер Гүлназға қарап жауапкершілік пен

жанашырлықты жаңа буынның басты қасиеті қылып көрсетеді. «Қазақтың бір қара қызы – шоколад» теңеуі кейіпкердің табиғи сұлулығы мен жарқын болмысын заманауи образбен бейнелейді. «Арқалап жүр ауыр жүкті жалғыз-ақ, / Көтере алмас көп жігіттер бөрікті» деген жолдар оның қайсарлығы мен табандылығын айқындай түседі. Ал «Жақсылығын айту – парыз жақсының» деген түйін ақынның игі істі насихаттау ұстанымын білдіреді. Заманауи тақырып пен тәрбиелік ой табиғи үйлескен бұл ода еріктілік мәдениетінің шежіресіне айналған. «Жалдықара» – журналист, ақын, композитор Талғат Атшыбаевтың жарқын тұлғасы мен өнердегі орнын айшықтайтын тағзым жыры. Кейіпкердің сөз бен сазды қатар меңгерген сирек болмысы «Құстың қос қанатындай егіз өнер» деген әсерлі метафорамен айшықталады. Өлеңнің өзегі – қазақ әдебиетінің классигі Қадыр Мырза Әли берген «Жалдықара» атауының мәнінде. «Бас бермей, жас көрсетпей ағып өтті» деген жолдар Талғаттың жарқын да қысқа ғұмырын әсерлі жеткізеді. «Шалқымалы», «Сағыныш» әндері – оның мәңгілік мұрасы. Ал «Арысты аңсамасақ, жоқтамасақ, / Қазаққа қайта берер абызды кім?!» деген түйін талантты тұлғаның қадірін ұмытпауға үндейді. «Әжінияз, Бердақтың жұртындамын...» – түркі халықтарының рухани тұтастығын терең сезіммен жырлаған тағылымды туынды. Қарақалпақстанның астанасы Нөкісте жазылған бұл жырында Бақтыбай көрші елді рухани туыстық тұрғысынан таниды. «Қоңсы тұрып тағлымын танымасам, / Рухани еншімнен еш қаламын» деген жолдар ортақ тарихи-мәдени мұраны бағалаудың мәнін дәл ашады. Әжінияз бен Бердақ есімдері екі халықтың рухани сабақтастығының символына айналған. «Бұл елменен тіліміз, діліміз бір» деген түйін түркі дүниесінің ортақ тамыры мен тұтас болмысын айқындайды. Ықшам пішінде жазылған шығарма жолжазба лирикасының аясынан асып, бауырлас халықтардың рухани бірлігін арқау еткен ұстанымға айналған.

«Ыстанбұлдан көрсек те жүз әулие...» – көлемі
шағын болғанымен, танымдық жүк көтерген сапар лирикасы.
Ыстанбұлдағы әйгілі Қыз мұнарасы (Kız Kulesі) «Қыз әулие»
деп қазақы танымға жақындап, тарихи нысан мифтік бейнеге

айналады.
«Мұнарасы шақырды менмұндалап» деген жолда мұнара
жанды кейіпке еніп, лирикалық кейіпкерді өз тарихына,
өз аңызына жетелейді. Ал соңғы жолдағы: «Аңыз болған,

уа, кімсіз, сіз, әулие?!» деген риторикалық сауал ақынның
сәулеттің
астарындағы
ғасырлар

қойнауындағы
сырға
қызығушылығын аңғартады. Төрт-ақ жолға Ыстанбұлдың
тарихи атмосферасын, түркі өркениетіне іңкәрлікті және аңыз

бен ақиқаттың тоғысқан рухын шебер сыйғызған. Өлеңнің
ықшамдығы оның әсерін күшейтіп, оқырманды өз жауабын
өзі іздеуге жетелейді.
«Кім білмейді Серікбол Қондыбайды?!» – ұлттық

мифтанудың
негізін
жаңа
деңгейге

көтерген
ғалым
С.Қондыбайға арналған тағзым жыры. Өлеңде оның «Арғы
қазақ» концепциясы мен мифті тарихтың ең көне қабаты деп

танытқан ғылыми жаңалығы жатыр.
«Мифті біздер жүрсек жай аңыз көріп, / Ол тарихты
тірілтті маңыз беріп...» деген жолдар ғалымның ғылымдағы
орнын дәл айқындайды. Ал «Арғы қазақ» ұғымы арқылы

ақын Серікболдың тарихи таным көкжиегінің кеңдігін көркем
тілмен жинақтайды.
Кітаптарын бәйтеректің бұтағына, ғылыми мұрасын
сарқылмас тамырға балаған метафоралар оның еңбегінің

өміршеңдігін терең ашады. Соңғы шумақтағы «Жаратылыс
жұмбағын тану үшін, / Іздеп мәңгі кеткендей ол Құдайды...»
деген түйін Серікбол Қондыбайдың өмірін ақиқат пен таным
жолындағы мәңгілік ізденістің символына айналдырады.

«Құдайым құрсағына құт дарытқан» – ақынның өз
ата-тегіне тағзымы мен ел бірлігіне арналған толғау. Жансұлу
әжесін еске алу асына орай туған бұл шығармада шежіре,
ұрпақ сабақтастығы және ұлттық құндылықтар бір арнада

тоғысқан. Сармыс батыр, Тағыберген баба, Абдолла ата

сияқты тұлғаларды поэтикалық тілмен сабақтастырып, әулет тарихын шежіреге айналдырған жыр иесі жеті ата дәстүрінің рухани мәнін жаңғыртады. Сонымен бірге шығарма бүгінгі қоғамның да тынысын айна-қатесіз сипаттайды. «Сананы тұрмыс билеп тұрған кезде, / Жүректің бұйырғанын тіл алмайды» деген жолдар материалдық мүдде мен рухани құндылық арасындағы қайшылықты өткір түйіндеп, арнаудың тәрбиелік мәнін арттыра түседі. «Ресей атқан Әзірбайжан ұшағы Ақтауға құлағанда» – апат жағдайындағы түркі жұртының ортақ қасіретін жырлаған реквием. Қазақ пен әзербайжан халқының тарихи тағдырластығы қайғы үстінде терең сезіледі. Өлеңнің ең сәтті шешімі – «қардаш» және «қандас» сөздерін қатар қолдануы. «Қасірет кешіп жатқан қардашларым, / Қайғыңа ортақ қазақ қандастарың» деген жолдар екі халықтың тілдік үндестігі мен рухани бауырластығын табиғи өрнектейді. «Қанатымен су сепкен қарлығаш» метафорасы жанашырлықты көрсетіп, «Шәһиттер, шарапатшы болып рухың, / Тірілер, тік тұрып кет күш арындап!» деген түйін қайғыны қайратқа ұластырады. Шығарма азадан үмітке, мұңнан рухани серпіліске бастайтын композициялық тұтастығымен әсерлі. «Жаны жұмсақ адамды жазғырмаңдар!» – ұлы тұлғаның адамдық болмысын ардақтауға шақыратын азаматтық үн. Небәрі төрт жолға Әбіш Кекілбайұлының кемеңгерлігіне құрмет пен оны кейінгі ұрпаққа дұрыс таныту жауапкершілігін сыйғызған. «Жаны жұмсақ», «ақ пейілді» деген тіркестер Әбіштің кең жүрегі мен парасатты болмысын ашса, ақын қоғамды ұлы тұлғаны қараламай, түсініп, қадірлеуге шақырады. Ал «Кең Әбіш» эпитеті оның ой кеңдігін де, адамзатқа деген мейірімін де бір сөзбен түйіндейді.

«Кең Әбіш бар қазақты сүйіп кетті, / Жас ұрпаққа жамандап, азғырмаңдар» деген қорытынды – ақынның өз замандастары мен кейінгі ұрпаққа арнаған аманат-өсиеті. «Көз көргендер...» – рухани беріктік пен адамдық ұстанымды арқау еткен төрттаған. Бар болғаны төрт жолға ар-ожданнан айнымау, ақиқатқа адал қалу идеясы сыйып кеткен. Ықшам құрылымы мен дыбыстық үйлесімі өлеңге нақыл сөздің қуатын дарытып тұр. Ақын замандастарын екіжүзділікке, өсек пен жалаға ермеуге, қандай жағдайда да адамдық қалпын жоғалтпауға үндейді. Бұл шумақ – рухани мызғымастықтың қысқа да нұсқа поэтикалық жарғысындай. «Берлинге жолым түсті төртінші рет...» – ақынның ғылыми ізденісін астастырған сапарбаяндық лирика. «Өткіздім ер кезегін...» деген жолдар жастықтың қызу кезеңінен парасат дәуіріне өткен тұлғаның болмысын танытады. «Ақылға берді ерік пен сертін жүрек» тіркесі – сезім мен сананың үйлесімін білдіретін шығарманың түйіні. «Германия, құшағыңды аш, ошарылма!» деген жолда саяхатшы бөтен елге жатсынбай, ғылым мен мәдениеттің ортақ кеңістігіне еркін үн қатады. Сапардың мақсаты – ізденіп, елге рухани олжа әкелу. Осы қасиеті өлеңді танымдық әрі публицистикалық қуаты басым сапар лирикасының сәтті үлгісіне айналдырады. «Чехияның астанасы – Прага» – тарихи қалаға арналған танымдық-сапар лирикасы. Бақтыбай Праганың сәулеттік келбетін, Влтава өзені мен Карл көпірінің көркін әсерлі штрихтармен бейнелеп, қаланың ғасырлар қойнауынан сыр шертетін рухын сезіндіреді. Өлеңнің өзегі – саяхаттың ғылыми миссиясында. «Кітапхана, архив – бізге керегі» деуі ақынның рухани қазына іздеген зерттеуші екенін сездіреді. Франц Кафканың музейін аралауы мен архив қорларына ден қоюы оның әдебиетші-ғалым болмысын айқындайды. «Елемейді мұнда ешкім ешкімді» деген түйін үлкен қаланың салқындығын да, жеке еркіндік пен демократиялық

мәдениетті де ашып көрсетеді. Өлең – сәулетке сүйсінуден
басталып, ғылым мен руханиятқа ұласатын мазмұнды
сапарбаян.
«Шүкірлерім» – әкелік мейірім мен перзентке шексіз

сүйіспеншілікті шынайы әрі табиғи өрнектеген өлең. Алғашқы
шумақтағы «шүкірлерім», «шүпірлерім», «жауһарларым»,
«пікірлерім» қатарлары перзенттің әкелік қуанышты еселеп,
дүниетанымды өзгерткен рухани құндылық екенін аңғартады.

Екінші және үшінші шумақтарда ата-ананың мұраты
көрінеді. «Сендерге бар жақсыны табу үшін, / Тілеймін маң-
дайымнан тер кеппеуін» деген жолдарда баланы еңбекпен
асырап, адал жолмен өсіруді мұрат еткен әкенің жауапкерші-

лігі көркем өрілген.
Өлеңнің ең әсерлі тұсы – төртінші және бесінші шумақ-
тар. «Өмірдің мәнін ұқтым өздеріңмен» деген жол лирикалық
кейіпкердің ішкі рухани өзгерісін дәл ашып береді. Ал бала-

лардың әкесін «бояндырып» қоятын сәтін әзілмен суреттеуі
шығармаға табиғилық пен жылы юмор дарытып, тұрмыстық
детальды көркем образ деңгейіне көтерген.
Соңғы шумақ дәстүрлі қазақ батасының сарынымен

түйінделеді. Шығарма әкелік сезім мен қазақ отбасының
береке-бірлігін, дүниетанымын көркем өрнектейді.
«Оң мен сол» – ақынның бүгінге дейінгі шығармашылық
жолын, дүниетанымдық ізденісін айқын көрсететін жинақ.

Мұнда азаматтық лирика да, махаббат жыры да, тарихи таным
да, сапар әсері де табиғи тоғысқан. Бастысы – Бақтыбай Жайлау
өзіне тән поэтикалық өрнегін, ойлау машығын және ұлттық
дүниетанымға негізделген өзіндік әлемін қалыптастыруға

ұмтылған. Бұл кітап – ақынның шығармашылық ізденісінің
белгілі бір кезеңін қорытындылап, алдағы биік белестерге
бастайтын жаңа тынысын да аңғартады.
Әділет ҚАБЫЛОВ,

филология ғылымдарының кандидаты,
Yessenov Unіversіty профессоры.

МАЗМҰНЫ Оң мен сол арасындағы жол ...............................................3 «Бұрынғылар айтқан екен неге тек...».............................7 Жаңа жылғы жаңа жыр .........................................................9 Қаратау .........................................................................................11 Селтеткізер ..................................................................................13 «Көзір қылып халқымнан мен үйренген анығым...»......................................................................................15 Сырға таққан .............................................................................16 «Саған бұрым, маған кекіл өскенде...»..........................19 «Мен сүйген ақынсың ба?..» ...............................................21 «Эһ, Бану, Бану! .........................................................................23 «Жас қалам, жасын қалам – Жаңаөзенім...».............24 Балапан-қыз ...............................................................................25 Балықшы мен алтын балық туралы ертегі ...............26 «Біздер үшін ең ерекше күн бүгін...»..............................28 Ақын аты кеңітті керегемді ..............................................29 Рамазан .........................................................................................31 «Сені күзде келер деп күткен едім...»............................32 Поляк қызы, қазақ тілі мен әдебиеті маманы Луизаға .........................................................................................33

Бойыңда бар өжеттік те, өрлік те ...................................35 «Аруым, оянғайсың таңнан күліп...»...............................38 «Бөліп жүр ойымды мың, ұйқымды жүз...»...............39 Күйші қыз ....................................................................................41 Шайырың шаршы топта именбейді ..............................44 «Артық мінез көрмей-ақ қылығынан...»......................47 Бұрынғыдай заң қайда, заман қайда ..........................48 «Жүректе жазылмаған шарт тұрады...»........................52 Эмилия ..........................................................................................53 «Қырағы сіздей ер тұрса – сырттан жау еніп...»......56 Бағаласаң, азаматты бағала .............................................57 «Елге әсем әсер...».....................................................................60 Қандыкөйлек...............................................................................61 Оң мен сол ...................................................................................62 «Қайда жүрсек жол ашты көкте күліп кербез Күн...»................................................................................64 «Бір өзі бір алқа жанға тең ағам...»................................66 Хан баласы немесе Дон моласы басында ..................67 «Жер сатылмасын!» – деп алаңда...»..............................70 Халық орнын төрден берген төраға ..............................71 Ассалаумағалейкум, уа, Мұстафа! .................................72 Көшербайдан қалған қара шаңырақ ............................74

«Табылдының артындағы жоқшысы...»........................75 «Мендік маусым Жедіні үптеп алып...».......................76 «Темірқанат түлегі Түркістанның...»..............................77 «Мен – Жермін...»......................................................................78 «Ақылды қыз...».........................................................................81 Қожаназар мырза мазары басында...............................83 «Болсам дағы көп үлестен қалыс қалушы...»............87 «Пайғамбарым зарласа үмметім деп...»......................88 Тіркеш аға рухымен түнгі тілдесу .................................89 Адам ата – Һауа ана ..............................................................92 Кербез керік ................................................................................94 «Сыңарымсың сызылған маңдайыма...»......................96 Сіздей жігіт күнде туып жатқан жоқ ...........................97 Ер шоғының шебер қызы ....................................................99 «Волонтер боп жүрген інім Мұқашым!..» ................100 «Қыраны қонбай, құр тозған зая тұғыр-ай...»........101 Тілектерімді өлеңмен өрсем, шумаққа сыймас ..102 Әлди-әлди, Ақкербез! .........................................................104 «Егіз ел мен жер...»................................................................107 «Демеймін адамзаттан алыстап өтем...»..................108 Наркескен қылыштай тек жарқылдай түс .............109 «Yessenov Unіversіty, сен менің Көк Ордам...».......112

Жалдықара ..............................................................................115 «Әжінияз, Бердақтың жұртындамын...»....................116 «Ыстанбұлдан көрсек те жүз әулие...»........................117 «Кім білмейді Серікбол Қондыбайды?!.» .................118 Құдайым құрсағына құт дарытқан ...........................120 Ресей атқан Әзірбайжан ұшағы Ақтауға құлағанда .................................................................................124 «Жаны жұмсақ адамды жазғырмаңдар...»..............125 «Көз көргендер...»...................................................................126 «Берлинге жолым түсті төртінші рет...».....................127 «Чехияның астанасы – Прага...».....................................128 Шүкірлерім ..............................................................................130 Шығармашылық ізденістің жаңа белесі .................131

Бақтыбай ЖАЙЛАУ

ОҢ МЕН СОЛ

Көркемдеуші дизайнер:
Ермек Мейірбеков
Беттеген:
Жанетта Кенжебекова

Өлеңдер

Басуға 01.08.2026 ж. қол қойылды.
Пішімі: 84х108 1/12
Офсеттік қағаз. Офсеттік басылым.
Көлемі: 11,0 б.т. Таралымы: 1000 дана.

«TURAN» баспасының орталығында
беттеліп, басылып шықты.
Мекенжайымыз: Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143-үй, 112-офис.

Моб.: +7 707 735 09 82.
e-maіl: turan-baspasy@maіl.ru,
altaіr82@іnbox.ru

БАҚТЫБАЙ ЖАЙЛАУ

1988 жылы дүниеге келген.
Жаңаөзен мектеп-лицейінде білім алып, Ш. Есенов
атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг
университетінде бакалавриат, магистратура және

докторантураны тәмамдаған.
Қазіргі таңда Yessenov Unіversіty аға оқытушысы.
«Кедергісіз кеңістік» өлеңдер жинағы, «Сұрағандарың
сөз болса…» мақалалар мен сұхбаттар жинағы, «Әбіш

Кекілбайұлы кім?» және «ІQ+EQ интегративті интеллект
моделі» атты еңбектердің авторы.
Пір Бекет атаға арналған Батыс аймақтық және Алаш
Ордаға арналған республикалық ақындар мүшәйра-

ларының жеңімпазы. Маңғыстау облысының «Жыл
адамы» атағының иегері. «Ана тілін дамытуға қосқан
үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

ІQ+EQ Test Center негізін қалаушы.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙