TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 23 том

Әзібаева Бақытжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 23 том

«Бабалар сөзі» сериясының 23-томына «Нәзігүл», «Нұрден мен Мәриямның хикаясы», «Алтын балақ ақсұңқар», «Қамарзаман», «Әбдікерім», «Сәнуар патша», «Бердібек пен Шаһизат», «Ақиық», «Қайраңдаған кит» атты хикаялық дастандар енді. Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................6 Қытайдағы қазақ фольклоры (алғы сөз)...................................8 Мәтiндер Нәз

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.

Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.

Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының

кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы

23 том

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Қытайдағы қазақ
фольклоры (1)
Хикаялық дастандар

ББК 82.3 (2 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әзібаева Б. (жауапты редактор), Елеукенов Ш., Қасқабасов С., Салтақова Ж. Қытайдағы қазақ фольклорын жинап, баспаға дайындаған: Егеубаев О. Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Әзібаева Б., филология ғылымдарының докторы, Алпысбаева Қ., филология ғылымдарының кандидаты, Ақан А., Егеубаев О., Салтақова Ж. (жауапты шығарушы). Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2005. Т. 23: Хикаялық дастандар.—2005.—360 бет, суретті.

ІSBN 9965-35-074-4 «Бабалар сөзі» сериясының 23-томына «Нәзігүл», «Нұрден мен Мәриямның хикаясы», «Алтын балақ ақсұңқар», «Қамарзаман», «Әбдікерім», «Сәнуар патша», «Бердібек пен Шаһизат», «Ақиық», «Қайраңдаған кит» атты хикаялық дастандар енді. Б 00(05)—06

ББК 82.3 (2 Қаз)
ІSBN 9965-35-074-4 (т. 23)
© Әдебиет және өнер институты, 2005

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2005

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті:
Тағдырдың жазуымен туған топырақтан шеттеп кетуге
мәжбүр болған ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ

жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуы­
мыз, оны атажұртқа және барша әлемге таныстыру аса маңызды
шаруа.
Қытайдағы бір жарым миллионнан астам бауырларымыздың

бүгінгі таңдағы ұлттық өркендеу үрдісі жақсы. Ана тіліміздің
бай, шұрайлы ортасы сонда қалыптасқан. Қазақтың ежел­
гі мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы қаймағы бұзылмай
сақталып отыр. Қазақ халқының баға жетпес, асыл мұрасы—

ауыз әдебиетінің де басты бір бөлігі Қытайдағы бауырлары­
мызда. Қазір Қазақстанда Қытай қазақтарының ауыз әдебиеті
үлгілерінің 30 томдық жинағын шығару қолға алынды.
Дүниежүзі қазақтарының

ІІ құрылтайында жасаған баяндамасынан

 Құрастырушылардан М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемле­ кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жариялана­ тын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда. Серияның жарық көрген жиырма екі томы фольклорымыз­ дың бай, маңызды саласы—дастандық эпосқа арналды. Атап айтқанда осы күнге дейін хикаялық дастандардың сегіз томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың алты томы дайындалып, баспа бетін көріп, оқырман қауымның тарапынан жылы қабылданды. Әрине, дастандық эпос жарияланған үлгілермен шектелмейді. Қолжазба қорларында сақтаулы тұрған мәтіндер жинақталып, дайындалуда. Олар кейінірек баспаға ұсынылады. Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 23-томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналады. Олар бір­ неше том болады деп жоспарлануда. Бұл томға «Нәзігүл», «Нұрден мен Мәриямның хикаясы», «Алтын балақ ақсұңқар», «Қамарзаман», «Әбдікерім», «Сәнуар патша», «Бердібек пен Шаһизат», «Ақиық», «Қайраңдаған кит» атты хикаялық дастан­ дар енді. Аталған дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, парсы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілік­ ті оқиғаларға негізделген. Солардың арасында, сюжеттері ер­ теден белгілі, әңгіме түрінде ел арасында бұрыннан таралып, ауызша айтылып жүрген, көрнекті ақын Таңжарық Жолдыұлы нәзира үлгісінде қайта жырлаған нұсқалар бар екенін айта ке­ туіміз керек. Тағы бір ерекшелігі—бұл мәтіндерде араб, парсы тілдерінен енген сөздермен қоса, жергілікті сөздер де жиі кез­ деседі.

құрастырушылардан
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған—Оразанбай Егеу­
баев. Ол 1935 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Шағантоғай
ауданы, Ойқұдық ауылында туылған. Қытайдағы әсіре

солшылдық, «Мәдениет зор төңкерісі» нәубеттерінде 1958
жылдан бастап ауыр саяси соққыға ұшыраған. 1980 жылы
түбегейлі ақталған. Қытайдың мәдениеті мен өнеріне үлес
қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі.

Қазіргі таңда елімізге оралып, Қытайдағы қандастарымыздың
мәдениеті мен өнерін насихаттауға өзіндік үлесін қосып жүр.
«Бабалар сөзі» сериясының принциптеріне сәйкес аталмыш
жиырма үшінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды.

Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған
түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кезде­
сетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,
дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары тура­

лы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және
ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлем—22,5 б.т.

 Қытайдағы қазақ фольклоры Қазір Қытай Халық Республикасында қазақ ұлтының үлкен бір бөлігі, бір жарым миллионнан астамы ірге теуіп отыр. Олар қоныстанған мекендер—Хычи өңірі, Аспантау мен Алтай, Іле, Тарбағатай, Еренғабылға, Боғда тау сілемдері; Жоңғар, Іле, Құлыстай, Сәйдам ойпаттары; Ертіс, Еміл, Іле, Манас өзен бойлары; Үліңгір, Қызылтұз, Сайрам, Қорымды, Саяпыл көл жағалаулары. Бұл байтақ өңірлер қазақ халқының ата-тек­ тері—сақ (скиф, сай, сака), ғұн (Һұн, хұн, хұну), үйсін (усын, асян), жүз (хатше), қаңлы, қыпшақ, алан, дулат, түркеш, қарлық, теле жұрттарының біздің жыл санауымыздан неше ғасыр ілгері құндақталып келген алтын бесігі, көшіп-қонып жүрген шалқар өрісі, ат ойнатқан жорық майданы, бей­ біт дәурендеген құт-мекені. Ондағы қазақтар өздерінің сол ежелгі ата-тектерінің қонысында жалғасын үзбей жасап ке­ леді. Бұл тарих Қытайдың байырғы жазбаларында өте айқын көрсетілген. Енді қазақ хандығы құрылған 1456 жылдан кейінгі тари­ хына келсек, Қытайдағы қазақтардың ол тұстағы ата-баба­ лары сол қазақ хандығының құрамында болды. 1758 жылға дейін Жоңғар шапқыншыларына қарсы тұтас ұлт халқымен бірге жан алып, жан берген қан майдан, қанды жілік жорықта өмір өткерді. 1757 жылға келгенде Абылай хан мен Қытай Чиң патшалығы арасында достық, бейбітшілік келісімшар­ ты жасалды. Бір мезгіл қазақ өмірінде жылымық тіршілік байқалды. Шыңғыс хан, жоңғардың қанды шайқастарында батысқа—Алатау, Қаратау, Шу, Талас, Ыстық көл, Балқаш өңірлеріне ығысып кеткен қазақтар бетін қайта бұрып, ежел­ гі ата-қоныстарына жапырыла ірге тебеді. 1864 жылы орыс

 қытайдағы  қазақ  фольклоры патшалығы мен Қытай Чиң патшалығы ұлан-ғайыр қазақ даласынан сара тіліп, өз мемлекеттерінің шекарасын бөлді. Келісімшарттағы «Жер қайсы мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында бо­ лады» («Қытай-Ресей шекара келісім-шарттарының жинағы») деп белгіленген тармақ бойынша, ондағы қазақтарға «қытай қазағы» немесе «Қытайдағы қазақтар», байырғы қазақ жеріне «Қытай жері» немесе «Қытай территориясы» таңбасы басыл­ ды. Содан бастап қазірге дейін Қытайдағы қазақтар ұлт болмы­ сын—ділін, тілін, дінін, әдет-салтын берік сақтап, дамытыпгүлдентіп, ол жақтағы ұлыс-ұлттармен бірге қоян-қолтықта ұлт ретінде өмір сүріп келеді. 1916 жылы Қазақстандағы ұлт-азаттық төңкерісі кезінде және 1920-1930 жылдардағы ашаршылық, сталиндік қырғын тұсында Қытайға босып барған қандастарымен ұлттық қатары толысқаны да бар. Да­ муларында мұның да әсері көп болды. Ондағы қазақтар ХХ ғасырдың алғашқы жартысының соңғы кезінде Қытай Гұминдаң үстемдігіне қарсы басқа ұлыс-ұлттармен бірлесіп төңкеріс ашты. Жеңіске жетіп 1944 жылы Іле, Тарбағатай, Алтай, Бұратала өңірлерінде «шығыс Түркістан үкіметін» құрды. жылы қазан айында Қытай коммунистік партиясының басқаруына өтіп, коммунистік қоғамдықәлеуметтік құрылым жолына түсті. Осы құрылымда 1954 жылы қазақ ұлты шоғырлы қоныстанған жерлерде ұлттық аумақтық автономия жүзеге асты. Сол жылы 25 қаңтарда Шинхай өлкесінде Хайчи Моңғұл-Тибет-Қазақ автономиялы облысы құрылды. 27 ақпанда Гәнсу өлкесінде Ақсай Қазақ автономиялы ауданы дүниеге келді. 17 маусымда Үрімжінің (Үрімші) шығысында Морей Қазақ автономиялы ауданы шаңырақ көтерді. 30 қыркүйекте Оңтүстік Шыңжаңның Құмыл аймағында Баркөл Қазақ автономиялы ауданы жүзеге асты. 29 қарашада Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтары мен қазір Бұратала Монғол автономиялы облысындағы Жың, Бұратала, Арасан аудандарын өз аумағына алған Іле Қазақ автономиялы облысы құрылды. Орталығы Құлжа қаласы болды.

хикаялық  дастандар Міне, тарих беттерінде сойдақтап жатқан, үзіліп көрмеген осындай ұшы-қиырсыз ұзақ іздер де Қытайдағы қазақтардың ежелдегі ата-тек кең-байтақ қара қонысында әлмисақтан бері жасап келе жатқандығын толық айғақтайды. Таңғажайып осы тарихтары олардың фольклоры, мәдениеті мен әдебиеті арқылы да дәлелденеді. Ру-ұлыс, тай­ па, қағандық, хандық, оның мекені, гүлденген қалалары— астана, кент, қорған, өртеңдері (дұнхуаң—Дөңхан, Қызыл қорған, Іле балық, Күнгес, Төрткүл, Қойлық, Алмалық, Бойлық т.б. орыны әлі сақталған көне қирандылар), ондағы сан алуан тарихы, бастан өткергендері фольклорлық аңыз-ер­ тек, шежірелерінің тарам-тарам алтын арқаулары болған. Мы­ салы, Сарғұсын (ол жақтағы жер аты)—сарыүйсін ұлысына, Долаты (жер аты)—дулат тайпасына, Жәйір (жер аты)—жа­ лайыр еліне, Үйсін (тау аты) үйсін қағанатына телініп, оларға аңыз-ертегі арналып, шежіре шертіледі. Аратүрік ауданының (Құмыл аймағында) аудан атауын жергілікті халық VІІ ғасырда ұлы Түркі қағандығы Шығыс және Батыс деп екі қағандыққа бөлінген кезде шекара осы жерден аралық бел­ гіленгендіктен «Аратүрік» аталған деп, оның шығысындағы ішкі Қытайға қарасты Гәнсу өлкесінің жер атауы кейінгі кез­ де дыбыстық өзгеріске ұшыраған түркілердің ежелгі «кеңсу» сөзі деп хикаят етеді; ата жұртты, елін жан тігіп қорғаудағы ата-баба ерліктері, жорықтары, жеңістері, жеңілістері, көрген қорлық-зомбылықтары, бөлініп қалған тұстардағы мұң мен зары, қасірет-қайғысы отбасы-ошақ қасында, мал өрісінде, қонақ кәдесінде, әдейілеген бас қосуларда дастан, қисса, өлең-жыр түрінде әуенмен айтылып, оларды қазіргі ұрпақтар өздеріне құлай өнеге-үлгі тұтады; бұларға қосыла әңгімеленетін әркездегі салт-сана, сенім-наным, сан түрлі фольклорлық ұғымдары мен білімдері, тағысын тағылары және бар. Қытайдағы қазақтарда өздеріне тән бір үлкен мақтаныш бар десек, ол осы бай фольклор қазынасы. Бұл қазынаның көл-көсірлігін сегіз түр бойынша жатқа айтып бергендерден, қолжазбалардан және көне-жаңа газет-журналдар мен кітап беттерінен жинап сақталған, өзім тікелей көз жеткізіп, куә болған мына фольклор туындыларымен дәлелдеуге болады: 1.Миф—жер мен көктің, аспан денелерінің, адамзаттың,

қытайдағы  қазақ  фольклоры
жәндік, хайуанаттардың жаралуы, мәдениеттер тегінің,
топан суы, зілзала сияқты табиғат құбылыстарының пай­
да болуы т.б. туралы ертедегі ата-бабаларымыздың мифтік

ұғымдары (қағазға түскені 76 нұсқа).
Жер мен көктің, тіршілік дүниесінің жаралуы туралы бір
мысал:
«Сонау соны меңіреу заманда, арғы-арғы аңғырт тұйық

алаңда, ерте-ерте, ертеден ертеде аунаған лай теңіз ішінде
жұмыртқадай жұмыр малта тасжүзіп келе жатыпты. Жалғыз
жаратушы Жасаған бұл тасқа ынта-мейірімен таңырқай
қарапты. Қолына алып байқаса оң беті оттай қызыл, астар беті

судай мөлдір таңғажайып тамаша тас екен. Жасаған өзінің
шебер қолымен бұл таңғажайып тамаша тасты қоспасынан
қақ жарыпты. Тарс етіп айырылған жұмыртқадай жұмыр
тастың қақ жартысы отқа, қақ жартысы суға айналыпты да,

от пен су қайта қосылып, қайнап одан көтерілген будан көк
аспан, қайнап тандыр болған қабыршағынан қара жер жара­
лыпты. Ең алғашында жер де, көк те тым кішкене—«әуе ай­
надай», «жер тебінгідей» ғана болған екен.

Жер мен көк бірте-бірте өсіп үлкейе беріпті. Өскен сайын
көк аспан кеңейіп, көтеріле беріпті де, қара жер қатайып,
қалыңдап, салмағы ауырлап төмендей беріпті. Жасаған
қара жерді көк өгізге көтертіпті. Қара жер көк өгіздің

үстінде орнықпай, ауып-тала бұлғақтай беріпті. Жасаған
оны орнықтыру үшін жалпақ жердің өңіріне ұлылы-кішілі
таулар тұрғызып, салмағын теңгеріп, ауып қалмайтын етіп
тиянақтандырған екен.

Жер мен көк жаралғаннан кейін қара түнек айыға
қоймаған. Жасаған жер мен көкті жылы мереймен есір­
кеп, жарық нұрмен жарылқап, олардың арасынан екі асыл
перзент—Күн (ұл) мен Ай (ару) екі жарықты тұрғызыпты.

Сөйтіп ажынаға (әлемге) таң атып, күн шығып, қара түнек
айығыпты. Күн мен Ай әлемді алма-кезек айналып, жер-
көкті жылу, жарығына бөлеп, қақаған аяз бен қараңғылықты
айдап отыратын болыпты.

Алғаш айыққан аспан әлі де аласа еді. Қара жер тыр
жалаңаш тақыр қалпында қаңырап жатқан еді. Көк еңсесін
көтеріп, қаңыраған Жерге тірлік көркін енгізу үшін алдымен
жер бетіне жалғыз ағаш—«киелі терек» жаратыпты. Өмір-тір­

хикаялық  дастандар
лік алғаш осы теректен жапырақ жайып мәуелепті. Жасаған
Жердің иесін жарату үшін Жер кіндігінен топырақ алып, бір
ер, бір әйелдің мүсінін жасап, күнге кептіріп, аузынан үрлеп

жан кіргізіпті. Олар адамзаттың ата-аналары Адам ата мен
Әу ана екен. (Мысалдың тақырыбы—«Жасаған». 1935-36
жылдардағы Үрімжідегі Шыңжан қазақ-қырғыз мәдениет
ұйымының қолжазбалар қорынан көшіріп алып, Ниғымет

Мыңжанұлы сақтаған. Алғашқы нұсқаның қайдан келгені
беймәлім.).

2. Сенім-наным, тұрмыс-салт, дәстүр-кәде өлең-жырла­

ры—жалбарыну, арбау, бәдік, бақсы сарыны, шариғат, қара
өлең, ата өлең, жұмбақ өлең, заман, бата, наурыз, естірту,
көңіл айту, жоқтау, той бастар, сарын, жар-жар, сыңсыма,
көріс, бесік жыры, жарапазан, әдеп-иба, адамдық, қоғамдық

қарым-қатынас, пендешілік, ұрпақ жайлы өлең жырлар
(қағазға түскені 806 нұсқа).

3. Аңыздар мен ертегілер—пайғамбар, әулие, әнбие,

машайық, қаһарман, патша, хан-ханшалар, оқымыстылар,
жын-шайтан, жадыгөй, ән-күй, атамекен, табиғат құбы­лыс­
тары, Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Қожанасыр туралы
аңыздар мен қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс-

салт, күлдіргі ертегілер (қағазға түскені 721 нұсқа).
Мысалға «Аю биінің» пайда болуы туралы аңызды
көрсетуге болады. Ертеде бір аңшы жігіт қалың қарағайлы тау
өңірінде аюдың киікті өлтіріп алып, оның жемтігімен ойнап

жатқанын байқайды. Жемтікті жемей, біресе олай аунатып,
біресе былай аунатып, кейде көтеріп алып, кейде жартасқа
сүйеп қойып, ұзақ жұлмалап ойнаған аю әбден болдырады.
Түз тағысының қалжырауы мен қаперсіздігін пайдаланған

ержігіт аса шапшаң, ерекше ерлікпен қимыл жасап аюды
ұрып алады. Өзінің мынадай кездейсоқ үлкен олжасына
шаттанған жігіт аюды бас терісіне дейін бүлдірмей сойып,
терісін киіп алады да, ауылына келіп мақтанышпен, аюдың

қимылын және аюды соғып алған өз қимылын әрекетімен
көрсетеді. Жас жігіттің ерлігіне, әрекет-қимылына сүйінген
қауым ұран салып құттықтайды. Оған арнап мал сойып, ті­
леу тілейді. Содан бастап ел көңілашарда осы қимылды ылғи

қайталайды. Оған «Аю биі» деп ат қояды. (Айтып беріп қағазға
түсірткен Алтай аймағындағы Қази Мағзиұлы. Жазып алып

қытайдағы  қазақ  фольклоры
1988 жылы «Мұра» журналының № 1 санында жариялаған
Арғын Қанапияұлы мен Мақан Қыдырбайұлы.)

4. Дастандар мен қиссалар—тұнық қазақ өмірінен

туындаған, нәзиралап жырланған діни, ғашықтық, батырлық
және тарихи дастан-қиссалар (қағазға түскені 368 нұсқа). Төл
туындылар жөнінен үш мысал келтірейін:

1) «Үйсін ауған» дастаны. Дастанда жыл санауымыздан

бұрынғы және кейінгі бірқанша ғасырда үйсін тайпасының,
оның ұрпақтарының Хыши, Аспан тауы, Іле алқабы қанаттас
тағы басқа өңірлерде жасағаны, бірде дәурендеп, бірде
құлдырап, соғыстарда кейде жеңіп, кейде жеңіліп, тайпа-

ұлыстармен бірігіп-бөлініп, кейінтінде олай ауып, бұлай
ауып ХVІІІ ғасырға жалғасқандығы, бұл ұзақ сапарда бастан
өткерген ұлан-ғайыр тарихының естен кетпес кейбір тұстары
жырланады.

Жеңілген соң үйсіндер көшіп кеткен,

Бұған ұзақ жылдар-заман өткен.

Үрімжі, Ерен тауға тұрақтамай,

Сол беті Балқаш көлге барып жеткен.

Шонжыда көшке ере алмай қалған елден

Бірталай өсіп-өніп ұрпақ берген.

Шөкен ақын солардың бір ұрпағы,

Осы бір шежірені елден терген.

Жалғыздық сындырды ер қанатын,

Артымда қалды осы аманатым,—деп бізге жет­
кен нұсқада көрсетілгендей, бұл дастанды Шөкен ақын деген
кісі жырлаған. Ескі қолжазбадан Түркияда жуық жылдарда
дүние салған Жиренше Түкіманұлы көшіріп алып, ұзақ жыл­

дар сандығында сақтаған. Ол кісіден 1927 жылы інісі Тайыр
Түкіманұлы деген азамат көшіріп алып, әрі жаттап алған.
1980 жылдары сол жаттағаны бойынша ұмытқан жерлерін
еске ала қағазға түсіріп, 1992 жылы жарық көрген «Үрімжі

ауданының қисса-дастандары» кітабында жариялаған. 2) «Жеті қаған» эпосы. Эпосты паш еткен Қытайда жа­

сайтын, тоқсанды алқымдаған, қырғыз халқының атақты
манасшысы Жүсіп Мамай деген ақсақал. Ол кісінің айтуын­
ша, ерте-ертедегі аңыз-ертегілерден эпосты алғаш жырлаған

хикаялық  дастандар
адам қырғыз жерінде өткен Қылыш молда деген ғұлама ақын.
«Жеті Қаған» эпосының бас кейіпкерлері—Қызыл арыс­
тан (Түк табан), Мәлік Хатам, Мәлік Зат, Мұхамет Бинин

Мәлікзат, Бидайық, Мұзбұршақ, Аққұлақ. Бұлар ұрпақ қуып
жоғары билік басында болған қағандар. Оларда батырлық та,
даналық та, тайпа көсеміндік те құдіреттер көрініс табады.
Осы қағандардың бастан кешкендері арқылы Аму мен Сыр­

дария орталығындағы Жиделі Байсын жерінде және оған
ұштасатын аймақтарда жасаған қазақ халқының негізін
құраған үйсін, қыпшақ, керей тектес байырғы тайпалардың
қоғамдық-әлеуметтік тіршіліктері жыр болады. «Жеті қаған»

көлемі жағынан жеті том болуы мүмкін. Қазірге дейін бірінші
томы—«Қызыл арыстан—Түк табан» ғана жазылып алынып,
жарық көрді. Алғашқы томды Қызыл Арыстанның Самарқан
жерін билеп тұрған Қартаң ханның сеніміне бөленіп «Түк

табан» атанғаны, оның ел-жұртының мән-жайы, Мият хан­
мен жауласқаны, соңында сайқал тоқалы—Жезмаңдайды
жайратқаны жыр жолдарына түскен.

3) «Жыр роман». Дастанды ақын Арғынбек Апашбайұлы

(1876-1946) жырлаған. Дастанда тұтас қазақ ұлтының, өте-
мөте орта жүздің ХVІІ-ХVІІІ ғасырда өткерген қоғамдық-
әлеуметтік ірі тарихи оқиғалары сөз болады. «Сөзім сол
естеріңе салатұғын», «Орта жүздің Сырдариядан аууы»,

«Абақ-керейдің төре шақыруы», «Шәудің батасы», «Мин­го­
ның заманындағы Абақтың ел билеген ұлықтары» деген та­
раулардан тұрады. Көлемі—1606 жол.

Талапты жас өспірім сұлтан бала,

Атасының қолында шолпан бала.

Қарағым, бұл кітапты топта оқып жүр,

Сөз асылын білетін болсаң дана,—деген ама­
натпен ақын қолжазбасын өзінің молда шәкірті Сұлтан
Тасекеұлына табыс етеді. Сол шәкірт арқылы алғашында
Абақ керейдің Сарбас руы ауылдарына, кейін Алтай,

Тарбағатай, Құмыл, Еренқабырға, Іле өңірлеріне тарайды.
1932 жылы Қасымхан Мешінбайұлының қағазға түсіруінде
Кәбен Буратайұлы жаттап алған сол нұсқа 1992 жылы «Мұра»
журналының № 2 санында жарық көреді.

Қытайдағы дастан-қиссалар арасында «Төрт қырық»

қытайдағы  қазақ  фольклоры
немесе «Төрт алып» деп аталып кеткен тоғыспалы дастан-
қиссалар тобы бар. Мұндай дастан-қиссалар бірімен бірі мата­
сып, желілесіп, мазмұндасып жатады. Олар—«Бақтиярдың

қырық бұтағы», «Қырық уәзір», «Қырымның қырық баты­
ры», «Тотының қырық тарауы».

5. Жаңылтпаш, жұмбақ, шешендік сөздер (қағазға түскені

234 нұсқа). 6. Мақал-мәтелдер (қағазға түскені 5000-нан астам). 7. Байырғы айтыс (қағазға түскені 22 нұсқа). 8. Ата-жөн шежіресі (қағазға түскені 36 нұсқа). Шежіре­

лерде күллі қазақтың, Қытайдағы қазақ ру-тайпаларының
шығу тегі, бұтақ-тармақтары, бір өңірден тағы бір өңірге
қоныс ауыстырған үркін-қорқыны, ондағы ұрыс-жанжал,
халықтың хал-күйі, тұрмыс-тіршілігі, салт-сана, ғұрып-әдеті,

сол тұстағы елбасылары, батырлары, ақын, жырау, шешен­
дері, олардың асыл, даналық сөздері, естен кетпес тарихи бол­
мыстары таратылады. Қытайдағы қазақтарда қанша ру болса,
бүгінгі ұрпақтарына дейін жалғасқан сонша шежіре бар десек

асыра айтқандық болмайды.
Қытайдағы қазақ фольклорын түр жағынан екі үлкен
топқа жіктеуге болады. Алғашқы тобы—өлең үлгісіндегі
халық жырлары; екінші тобы—қара сөз үлгісіндегі халық

шығармалары. Жасалу әдісі бойынша да екіге айырылады.
Біріншісі—ауызша туындаған, фольклор үлгісінде жасалған
туындылар. Мұндай туындыларда ауыз-екі тілдің ырғақ,
бояуы айқын сақталады. Екіншісі—нәзираланған кітаби

мұралар. Кітаби мұраларда «Бастайын Алла атымен сөздің
басын», «құсни хат», «Пәни», «Үшбу сөз», «Ғар», «Тәмәт-
тәмам» деген тәріздес кітаби тілдің айшығы молынан кезде­
седі.

Қытайдағы қазақ фольклорының дәуірленуі: Ежелгі—
әлмисақтан тартып жыл санауымыздың VІ ғасырына дейін,
ертедегі—VІ ғасырдан ХVІІІ ғасырға дейін, таяу және қазіргі
заманғы—ХVІІІ ғасырдан ХХІ ғасырдың басына дейінгі бо­

лып жіктеледі.
Қытайдағы қазақ фольклорында тарих қалыптастырған
өзіндік белгілі ерекшеліктер де жоқ емес. Қандай ерекшелік­
тер? Басты-бастыларына тоқталып көрелік.

«Қытайдағы қазақ фольклоры» деп отырғанымызбен,

хикаялық  дастандар
ол—тұтас қазақ фольклор байлығының бір тарауы. «Ерек­
шелік» жанама құбылыс. Уақыт, кеңістік нәтижесі. Тұтас
қазақтың әдеби, мәдени баға жетпес құндылықтарының бір

саласы болу—Қытайдағы қазақ фольклорының бірінші ере­
кшелігі.
Екінші ерекшелік—кеңістік әсері. Қытайдағы қазақтар
қоныстанған

мекен
дүниедегі
төрт
өркениет

жүйесінің
тоқайласқан ортасы. Бұл төрт ірі өркениет—Үнді өркениет
жүйесі, Ислам өркениет жүйесі, Қытай өркениет жүйесі, Еуро­
па-Америка өркениет жүйесі.

Бұл алқапты ертеде-ақ Шығыс пен Батысты тұтастырған
«Ұлы Жібек жолы» қақ жарып өткен. Ағылған осы ке­руенге
ілесіп, сауда айналымына салынып, сол өркениеттер өнегесі,
әсіресе араб, парсы, үнді классикалық басылымдары бұл

кеңістікке кең таралған. Кез келген жаңалықты іліп әкетіп,
өлеңдете жөнелетін қазақ ақындары сол классикалық
туын­дыларды нәзиралық әдіспен қазақиландыра жырлап,
ел арасына жаппай жайған. Мысалы, Ақыт Үлімжіұлы

(1866-1940) араб, парсы, үнді классикалық мұраларынан
«Ғаділ ханның хүкімі», «Мұса пайғамбардың мойындауы»,
«Жиһанша», «Екі уәзір», «Сәйпілмәлік—Бәдіғұлжамал»,
«Мұсаның Қызырға жолдас болуы», «Жауыз патшаның

жаңылысы», «Шолаққол қатын», «Смағұл қиссасы», «Ес­
кендір Зұлқарнайын» қатарлы қыруар шығармаларды
нәзиралаған.
Үшінші ерекшелік—фольклордағы ертедегі және кейінгі

діни наным-сенім ықпалдары. Мысалы, кейбір малшылар күні
бүгінге дейін жылқысын бүйі шағып алса:

Бүйі, бүйі, бүйішық,

Бүйі қамбаршық.

Заһарыңды жаймай шық,

Отыз омыртқадан шық.

Қырық қабырғадан шық,—деп, жылан шағып
алса:

Мәрі, мәрі, мәрі жылан,—деп, малдары құрт ау­
руына шалдықса:

Шиге түскен шидей құрт,

қытайдағы  қазақ  фольклоры

Күйе өңдес қара құрт,

Жайлауыңды жау алды,

Қыстауыңды өрт алды,

Қарабас құрт шық бері!

Шық дегенде қалмай шық!—деп фольклор жы­
рын айтып жазылуын тілейді. Ал ауру-сырқауды, дерт-дербезді
қуалау жолында:

Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті,

Қара мақпал тоным бар, барша әдіпті.

От оттамай, су ішпей жата берсе,

Бәдік емей немене—бір кәдікті,

көш, көш!

Бәдік кетіп барады отқа таман,

Жүген ала жүгірдім атқа таман.

Кезі келіп бәдікті қолға берсе,

Итере салар едім отқа таман,

көш, көш!

Көшер болсаң, көш бәдік,

тауларға көш!

Таудың артын жайлаған

жауларға көш!

Көшер болсаң, ей, бәдік,

Шетенге көш!

Кемпір миын мүжіген

Шекеге көш, көш, көш!—деп бәдік жырын айтады.
(Шағантоғай ауданындағы Сағадатхан Мақұлбекқызының
аузынан 1979 жылы жазылып алынған.)
Мұндай өлең-жырлардың айбарлы, жалынышты, адам

жанын шошытатын тым тосын әуендері болады. Жеке де,
топтасып та, екіге бөлініп алма-кезек айтыс үлгісінде де
айтылады. «Ата-баба аруағына табыну», «Күн жайлату»,
«Жел шақыру», «Арбау», «Жадылау», «Бұлт шақыру»,

«Тасаттық» сияқты фольклорлық өлең-жыр нұсқалары да
бар. Осы заман ерекшеліктері мен жаңа саналармен оларды
жаңғыртып, жаңартып жалғастырушылар да ел арасынан
мол кездеседі.

Дін белгілерінен, әсіресе ислам дінінің ықпалы ерекше. Бұл

хикаялық  дастандар
күнде «Мұхаммет расул Алланың дүниеге келуі және Хадиша­
мен некеленуі», «Расул Алланың дәрул фәниден дәрул бақиға
рихлаты», «Кербаланың шөлінде», «Қиямет қайым», «Адам

ата», «Мұхаммед пайғамбардың ғарда жылағаны», «Миғраж»,
«Мәуліт жыры», «Жан бермек», «Жеті әулие» сипаттас ислам
діні мен оның шариғаты уағыздалатын неше ондаған, тіпті
жүздеп саналатын фольклор туындылары адамдар жүрегінен

кең де терең орын алған. Ол кітаптар Жаратушымен, Мұхаммет
пайғамбар рухымен табысуға, адами өркениетке жетелейтін
Алла нұры деп қабылданады,
Төртінші ерекшелік—тіл және тіл қолданудағы парықтар

[айырмашылықтар]. Исі қазақтың ұлттық тілінің мыңдаған
жылдар барысында қалыптасқан ортақ заңдылықтарымен,
төл дыбысталуымен, сөздің өзіндік тіркесімен салыстыра
қарастырғанда, қазіргі Қазақстан қазақтары мен Қытайдағы

қазақтар тілінде, тіл қолдануында ерекшеленетін біршама
парықтар бар. Ол парықтар фольклор нұсқаларының тілі мен
тіл қолдануларында да кездесіп отырады.
Бесінші ерекшелік—нұсқалардың молдығы. Тұтас қазақ

ұлтына тән және Қытайдағы қазақ фольклорының төл
шығармаларының, әсіресе тарихы ұзақ туындыларының
нұсқалары недәуір мол. Мысалы, төл тума «Арқалық батыр
дастанының» бес нұсқасы бар. Бұлар көлемінен ғана емес,

уақиға, сюжет құру, көркемдік жақтарынан да нұсқалық түс
алған. Исі қазақ фольклорының алтын қоры «Алпамыс», «Ер
Тарғын», «Қобыланды», «Қыз Жібек», «Қалқаман-Мамыр»,
«Еңлік-Кебек» т.б. батырлық, ғашықтық эпостар бірнеше

нұсқаларымен белгілі.
Алтыншы ерекшелік—Қазақстанда үш ғасырға созылған
орыс отаршылдығының бет-бейнесін әшкерелейтін фольклор­
лық дастан-жырлар недәуір қомақты сақталған. Ондай дастан-

жырларда «Сәтбек» атты дастандағы сияқты:

Батыстан орыс шықты өрлей көшіп,

Сүйретіп көк арбасын жерді кесіп.

Қазақтың қыстау, жайлау, көктеулігін,

Келеді кеміріп жеп, бөліп-пішіп.

Қазақтың кең даласын басып алмақ,

қытайдағы  қазақ  фольклоры

«Бағын» деп боданға алып, мөрін баспақ.

Сайлаған солдаты бар сан мыңдаған,

Көнбесең бесатардан оғын шашпақ,—деген жыр
тармақтары молынан кездеседі.
Атап айтатын жайт—Қытайдағы қазақ диаспорасының
фольклорын ХХІ ғасыр ғылымының талабына сәйкес, жоғары

теориялық деңгейде зерттеу қажет. Түп-төркінінің алыстығы,
қорының ұшан-теңіздігі ондағы зерттеушілерге ырық бер­
мей, тереңіне бойлатпай, ақиқатына құрық салдырмай келеді.
Олардың зерттеуінен Қазақстан мен Қытай ғалымдарының

пайымдауларын
үзіп-жұлып
қайталау,
соларда

бұрын
қалыптасқан теориялық жүйеге, оның кейбір қағидаларына
тастай қатып жармасу, фольклор мәдениеті жөнінде жәй сауат
ашу, жалпы шолу байқалады. Шындығында, Қытайдағы қазақ

фольклоры біліктілікпен, ыждаһатпен, таза ғылыми деңгейде
саралауды, терең де жан-жақты пайымдауды, шынайы тану­
ды, теориялық тұрғыда қорытындылауды күтіп тұрған мол
қазына.

Десек те, Қытайдағы қазақ фольклорын қастерлеп жина­
уда, басылымдарда жарық көрсетіп, жұртшылыққа қайталай
табыс етуде, зерттеп-зерделеуде мақтан тұтарлық табыстар да
жетерлік. Атап айтсақ, қазірге дейін өлке деңгейінде қисса-

дастан, тарихи жыр, батырлық жыр жанрлары бойын­ша
жиырмадан астам, ғашықтық жырлардан оннан астам том,
ертегі-аңыздан 7 том, шежірелерден 5 том, айтыстардан 4
том, мақал-мәтелдерден 3 том жарық көрді. Аудан сайын өз

көлемінде сақталған фольклор мұраларынан төрттен, барлық
саны жүзден астам кітап басылып шықты. «Шалғын» атты
журнал ауыз әдебиеті мұраларын жинауға, жариялауға,
насихаттауға 1980 жылдан 1987 жылға дейін қызмет етсе,

«Мұра» атты журнал 1982 жылдан күні бүгінге дейін тал­
май осы салада қызмет етіп келеді. Фольклор жөніне 250-ден
астам зерттеу, таныстыру мақала жарық көрді. 1984 жылы
«Ауыз әдебиеті жайлы байымдаулар», 1985 жылы «Қазақ

әдебиеті тарихының таңдамалы үлгілері» мен «Ауыз әдебиеті
туралы», 1998 жылы «Ауыз әдебиеті тарихы» атты кітаптар
жарияланды.
Қытайдағы қазақ фольклорының той бастар, сарын, жар-

хикаялық  дастандар
жар, сыңсыма, көрісу, беташар, естірту, жоқтау, бата, наурыз
жырлары, жарапазан, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш,
әзіл-қалжың сияқты шағын жанрлары қазірде жаңа заман ру­

хымен ұштасып, қарқынды даму үстінде, шетел сюжет­терін
нәзиралай, тарихта өткен оқиғаларды жаңғырта жырлау
дәстүрі де жалғасын тауып келеді. Айтыс түрлерінің жемісі де
ұшан-теңіз.

«Бабалар
сөзі»
сериясының
23-томынан

бастап
Қытайдағы қазақтардың фольклорлық үлгілері жарияланып,
халқымыздың рухани мұрасына құйылып, толықтырады.
Олар

оқырман
қауымның
көзайымына
айналатынына,

ғалымдардың назарына ілігіп, өз зерттеушісін табатынына
сенімдімін.

Оразанбай Егеубаев,
жазушы, Қытай фольклор зерттеу

қоғамының мүшесі, профессор.

М Ә Т І Н Д Е Р

Нәзігүл
Таңжарық, қаламыңды ал, жатпа қарап,
Ғибрат болсын сөзің жұртқа тарап.
Орындап Фазылжанның тапсырмасын,

Қалдырмай жолдас сөзін іске жарат.
Болмаса ауыз желі ауысқаны,
Бір нәрсе алған емес сенен қалап.
Қалмасын сөзі жерде, сағы сынып,

Ынталы жігіт еді жаңа талап.
«Қазақша Нәзігүлді жаз» деп еді,
Оқуға өлеңдетіп тамашалап.
Жағынан әдебиет хабары бар,

Қатарда жүрген жігіт жанасалап.
Аямай қолда барын қысылғанда,
Бар жігіт аларлығы арашалап.
Ақ көңіл, ашық мінез, таза жігіт,

Біреуге қас қылмайтын қара санап.
«Тағы да қаламыңды бір сілтеп қал,
Ақындық даңқың шыққан іске жарап.
Бар шығар әлде болса бір шабар ет,

Бас қатып, қиялданып, болма салақ.
Қиссасын Нәзігүлдің жазып шықшы,
Болмай ма ұрпаққа үлгі тараса хат.
Бір күні айтқанымды жаздың ба» деп,

Ақтарар сандығыңды бара сала-ақ.

хикаялық  дастандар
Жігітке жазу—кесте, оқу—өнер,
Өнерге талаптының көңілі төнер.
Жатқанға жан жуымас деген сөз бар,

Еңбектенсең несібе өнер берер.
Артыңа тіршілікте қалдыр белгі,
Шырағың мың күн жанған бір күн сөнер.
Жазудан артық бір іс болған емес,

Қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер.
Өтпес өмір, сынбайтын темір болмас,
Өтіпті хан, падиша, сұлтан нелер.
Өзгеріп бәрі дағы бұл дүниенің,

Бірі кетіп, бірі оның ізін төлер.
Өзгерген зат өзінші жоғалды деп,
Біздің жұрт білместіктен солай сенер.
Дүние түгелденбес, түгелсілмес,

Орнына бірі кетсе, бірі келер.
Құраған осы шексіз жер мен көктей,
Заты пәк жаратылыс неткен шебер,
Әлемді қызыл-жасыл түрлендіріп,

Жансызға жан кіргізіп, нұрын себер.
Жер бетін ай нұрымен нұрландырса,
Күн шығып түнгі тұрған шықтар кебер.
Жамандық-жақсылықпен бастан егіз,

Бірде пайда, ал бірде зиян шегер.
Күн мен түн—қайғы, шаттық мысалында,
Таң айдап қара түнді сыртқа тебер.
Тереңдеп осы істерді ойлағанда,

Жыбырлап жылы жүрек әсерленер.
Қисайтып түзу жолды қыңыр молда,
Адалдың арамдықпен жолын бөгер.
Өмірде аз алданып арам боққа,

Ант ішіп, иман ұрлап, арын төгер.

нәзігүл
Сырласы—жын, шайтандар—сабақтасы,
Өзгені өзгерткіш деп өзі сөгер.
«Жылатып жанның бәрін мен қалам» деп,

Алдымен түпсіз көлге молда шөгер.
Осы деп шын шариғат бетін бояп,
Нәпсі үшін елді бұзып, жерге көмер.
Баста сәлде, аузында Алласы бар,

Көз жұмса күлгір молда халық сенер.
Бұзылмай дүние осы қайтіп тұрсын,
Алдамшы сенген молдаң болса егер.
Тыңдасаң көңіл қойып өткен күннен,

Айтайын аз әңгіме құлаққа енер.
Сараптап залым қандай, момын қандай,
Көсемдер көңілі жүйрік сынап көрер.
Оқып көр Нәзігүлдің хикаясын,

Салмақтап асыл ой мен алтын кемер.
Өтіпті бір уәли Махмұт атты,
Мысырдың шаһарында араб затты.
Кем сөзді, көңілі берік адам екен,

Ұстаған туралықтың жолын қатты.
Сұрапты қара демей, төре демей,
Тең көріп алыс, жуық, жақын, жатты.
Ұлдар жас, тете өскен үш қызы бар,

Бірінен бірі сұлу нұр сипатты.
Өзі бай, өзі уәли болғаннан соң,
Қыз емес иттері де салтанатты.
Жүргізіп күндіз үкім таққа мініп,

Істейді туралықтың жолын біліп.
Кеш болса үш қызымен отырады,
Кеңесіп, пікірлесіп, ойнап-күліп.
Мейірбан перзентіне көңілі тойып,

Өрнектеп оқу оқып, ою ойып.

хикаялық  дастандар
Қыздарын сынап көріп отырады,
Мәселе неше түрлі сауал қойып.
Жетпеген бәлиғатқа ұлдары жас,

Бір үйде бас-аяғы он шақты бас.
Отырар қыздарынан сауал сұрап,
Бір жерде, бір табақтан ішіп-жеп ас.
Қуанып балаларын ермек етіп,

Отырған нелер қызық сөзге кетіп.
«Бір сөзбен үш қызымды сынайын» деп,
Бір қиял көңіліне келді жетіп.
Әр сауал қыздарынан көп сұрады,

Мысалдап нелер қызық кеп сұрады.
«Ерден бе, тұрмыс түзу әйелден бе,
Осыны шешіңдерші» деп сұрады.
Алдымен үлкен қызы жауап берді:

—Жақсы әйел баға алмайды жаман ерді,

Не тапсын үйден шықпас әйел жазған,
Аралап көрмеген соң бөтен жерді.
Таба алмас күндік істеп жармақ ақша,
Қолында болмаған соң мал мен бақша.

Болса да әйел жаман ер бағады,
Біреудің жалға жүріп малын бақса.
От жағар әйел байғұс, сиыр сауып,
Жері жоқ бәйге алған, байтал шауып.

Немене қыз байғұстың көрген күні,
Бермесе ата-анасы теңін тауып.
Жаманға бермес әтей жылатқалы,
Сол ма, ата, айтқан сөзің сынатқалы.

«Дұрыс» деп ортаншы қыз қуаттады,
Ішінен кіші қызы ұнатпады.

нәзігүл
Жотаға қақты «қызым, жарайсың деп,
Данышпан, кең кеуделі сарайсың» деп.
Сұрады кіші қыздан:—Сен не дейсің,

Қалайша көзің сүзіп қарайсың?—деп.
Сол кезде қыз Зүбилә:—Ата,—деді,
Қар болмас алса атадан бата,—деді.
Жауабы сұрауыңның үйлескен жоқ,

Айтқаны екі әпеке қате,—деді.
Жалғаншы аққа қара жаға алмайды,
Жақсыға жаман атақ таға алмайды.
Әйелі жаман, егер ері жақсы

Болса да еркек оны баға алмайды.
Құрбымен тең туса да құрдасынан
Пайданы кім асырмас бір басынан.
Пұл таппас еркек болмас еңбек етсе,

Сөйтсе де тұрмыс түзу ұрғашыдан.
Жаманды шатылмаса дау ала ма,
Ер тапса, әйел бақса жау ала ма?
Тапқанмен еркек алтын, шартын таппас,

Жамау жамап, сиырын сауа ала ма?
Жақсы еркек жүргенімен сыртта тоқсып,
Шаң-тозаң болып жатса үйі қоқсып.
Жуылмай аяқ-табақ арам тұрса,

Жиреніп ел іше алмас асын лоқсып.
Киім жыртық, кір-қоңы жуылмаса,
Бірі екі боп береке туылмаса.
Бола алмай тап-тұйнақтай үйдің іші,

Жалаңаш жас баласы шуылдаса.
Аралас асын ішсе адам мен ит,
Бір істі өзі біліп демесе «сөйт».
Береке тұрмысында қайдан болсын,

Жеп жатса тапқанын ит, арқасын бит.

хикаялық  дастандар
Айтпас едім әкеміз сұрамаса,
Кешіріңіз, айтқаным ұнамаса.
Баға алмай жақсы еркектің қалғаны сол,

Әйелі бірді бірге құрамаса.
Уәли сонда:—Сөзің теріс,—дейді,
Таласып қылма бекер керіс,—дейді.
Жақсы әйел жаман ерді бағады деп,

Айтқаның балалықпен келіспейді.
Сөзіме,—ашуланды,—кірмейсің деп,
Қалайша айтқаныммен жүрмейсің деп.
Қыз әкесін «ақылсыз» деді сонда,

«Уәли болып соны да білмейсің» деп.
Сөз қумады уәли артық жоқтап,
Ұрсатын жөні жоқ қызын боқтап.
«Асықпа, көрсетемін кейін саған»

Деп, іштей ашуланып қалды тоқтап.
Мұнан соң бірсыпыра заман өтті,
Толықсып үш қыз бірдей бойға жетті.
Той жасап ұзатыпты екі үлкенін,

Баласы екі байдың алып кетті.
Бермейді Зүбиләні сұрағанға,
Епті ғой деп дүние құрағанға.
Бермекші заты жаман бір кедейге,

Сөйлессе жуытпайды бір адамға.
Қалмай жүр баяғы сөз көңілінен,
Өлсе де бірге кетер өмірімен.
Екі қыз бір-бір манап ерге тиіп,

Дүниені шайқап отыр кеңірінен.
Екі қыз жақтырмайды кіші қызды,
«Кеттік,—деп,—таңдап тауып кісімізді.
Сөзіміз атамызға ұнаған соң,

Берді,—деп,—өзі жөндеп ісімізді».

нәзігүл
Екі қыз екі байдың баласында,
Барлығы бір Мысырдың қаласында.
Жақтырмай кіші қызды қойды тастап,

Тентекке текті қыздар қарасын ба?
Баласы екі байдың болды бажа,
Қырда мал, шаһарда дүкен, үйі таза.
«Мен баймын» деп, жігіттер, мақтан қылма,

Келуі қылдан оңай пәле-қаза.
Сонымен бұлар тұрсын оттай шалқып,
Саф байлар қорғасындай бойы балқып.
Сөйлейін Зүбиләнің әңгімесін,

Сұлулар жата тұрсын иісі аңқып.
Мұнан соң бірсыпыра заман өтті,
Толықсып қыз Зүбилә бойға жетті.
«Бір жаман, өзі кедей тауып кел» деп,

Уәли уәзіріне жарлық етті.

—Болсын ол тыр жалаңаш, қалған жетім,

Көрместей екі қарап адам бетін.
Жақынсыз, жанашырсыз болсын,—
Деді ол арғы сырдың ашпай бетін.
Уәзір:—Жарайды,—деп кетті шығып,

Уәлидің тапсырмасын әбден ұғып.
Бір жалғыз шаһар шетінде келе жатыр,
Қонақ жеп, қолтығына қолын тығып.
Жалаңбас, жалаңаяқ, жалтақ қағып,

Көзінен жас, мұрнынан маңқасы ағып.
Жыртық жарғақ, жағасы опәйкедей,
Маңқасын мұрынының сүйкей жағып.
Қол-аяқта сау жер жоқ тілінбеген,

Күн ыстықта, күн жаумай дірілдеген.
Мойын кірі төрт елі, бет жарылған,
Тырнақ өсіп, көбесі іріңдеген.

хикаялық  дастандар
Қышынып келе жатыр қонақ шайнап,
Қарайды жан-жағына көзі жайнап.
Аттылар, арбалылар жүрген заулап,

Тастайды қағып-түртіп шетке айдап.
Уәзір келе жатыр қудай жайқап,
Сыртынан әлгі жанның әбден байқап.
Қасына қадаланып келді жетіп,

Тұр еді бір бұрышта басын шайқап.
Қасына жақын келіп:—Кімсің?—деді,
Не қылып бұл арада жүрсің?—деді.
Сасқаннан жауап таппай әлгі сорлы,

Мелшиді, жүрегі тек дүрсілдеді.

—Жөніңді қорықпай айт, балам,—деді,

Адассаң тура жолға салам,—деді.
Егерде ата-анасыз жетім болсаң,
Асырап бала етіп, алам,—деді.
Жан тартты естіген соң жылы сөзін,

Жылтитып жыртық тоннан ашты көзін.

—Жетіммін, бауыр, туған ата-анам

Жоқ,— деді,—жанашырым, жалғыз өзім.
Жасым бар он сегізде, атым—Қасым,
Келеді қорлықпенен өтіп жасым.
Жан бағып, қайыр тілеп жүрмін, ата,

Қалған соң қапалықта ғаріп басым.
Алмайды жұмысына ешкім мені,
Сау емес деп ойлайды, тіпті дені.
Келгелі бұл шаһарға бір жыл болды,

Атажан, жөн сұраған көрдім сені.
Зарланып жылауменен жүрдім қақсап,
Әкелген бір саудагер мұнда бастап.
Әкелген кірекеш қып Бағдаттан,

Мені алмай қайтарында, кеткен тастап.

нәзігүл
Күнелтем күндіз болса тамаққа істеп,
Бермейді ешкім тамақ мынаны іш деп.
Тілеймін кейде қайыр көше кезіп,

Күнелтіп жылауменен бармақ тістеп.
Бір жанмын қасіретке түскен мүлде,
Жатамын бір күн сыртта, бір күн үйде.
Бара алмай өз еліме зарлауменен,

Келемін күн өткізіп мұндай күйде.
Жан ата, жалғаны жоқ осы сырым,
Ата-анам жас күнімде өлген бұрын.
Адам сынды адамнан туып едім,

Еш әулетте көрмедім мұндай ырым.
Арғы сөзді қояйын бастамай-ақ,
Қайдан теріп отырам тастамай-ақ.
«Жүр» деді де уәзір алып кетті,

Барлық сырды ұққан соң бастан-аяқ.
Уәлиге тапсырды алып барып,
«Қандай іс» деп шошыды әлгі ғаріп.
Жөнін сұрап уәли ұққаннан соң,

Киіндірді жауабын ашпай жарып.
Киім беріп бір қабат жуындырды,
Бір ақ мата беліне буындырды.
«Сенің әйелің осы» деп, алып келіп,

Қызының от жүрегін суындырды.

—Әр істі мен алдыдан тосам,—деді,

Қайғырып болма, балам, босаң,—деді.
Түзейтін барлық істі ұрғашы екен,
Түзеп ал, сені осыған қосам,—деді.

—Құлдық!—деп атып тұрды Зүбилә қыз,

Болса да аузы арзан, жүрегі мұз.

—Жалғыз-ақ батаңды бер, ата,—деді,

Бала боп татып едім қолыңнан тұз.

хикаялық  дастандар
«Ұзақ болсын жасың» деп бата берді,
Жігіт түрін қыз сынап әбден көрді.
Жетім қыздың тойындай шашу шашып,

Ауылдастан шақырды біраз жерді.
Қосты қызын молда әкеп, неке қиып,
Жасамады үлкен той жұртын жиып.
Бір ауызды үй берді сол шаһардан,

Отыратын екі адам әзер сыйып.
Уәлидің жұрт қайран бұл ісіне,
«Наразы,—деп,—қызының бір ісіне».
Өзі уәли, өз қызы, еркі өзінде,

Мұныменен басқаның жұмысы не?
Аяқ-табақ, бір-екі көрпе-жастық,
Шәугім болды ыдысы, қазан бастық.
Киім беріп бір қабат жолға салды,

Азырақ азықтық беріп астық.
Әкесі қаттылық қып шыдаса да,
Орнынан боздап ана тұра сала:

—Жасау-жабдық еншісін жетік беріп,

Болмай ма,—деді,—артынан сынаса да.
Зүбилә айтты:—Жылама, апа,—деді,
Бір мен үшін болмаңыз қапа,—деді.
Алмаймын мен дүние берсе дағы,

Тартпа албаты қайғырып жапа,—деді.
Бұл сөзіне анасы қайран қалды,
Не қылады уәли мұнша малды?
Керек-жарақ салатын ұсақ-түйек,

Қол қобдиы бар еді соны-ақ алды.
Бір қашарға барды-жоқ жүгін артып,
Жетеледі беліне арқан тартып.
Екі-үш қатын көшіріп әкеп салып,

Бұйрығынша уәлидің кетті қайтып.

нәзігүл
Сыпырылып үйі де тазаланды,
Бір сөз үшін Зүбилә жазаланды.
Бір Құдайға сыйынып, намаз оқып,

Жаратқанды жад айтып назаланды.
Күн батқан соң пысырып*, асын ішіп,
«Құдай қосқан жарым» деп қолын қысып.
Төсегіне жайланып жатқаннан соң,

Жігіт жайын сұрады сөзге түсіп.
Бір көпестің бұл Қасым баласы екен,
Көп оқыған, ең кенже данасы екен.
Жетім болып, бұл күйге қалған түсіп,

Бұған да қорған ата-анасы екен.
Әке-шеше, ағасы бәрі де өліп,
Бір ағайын бағыпты мұны теліп.
Дүниесі жасында шашылыпты,

Ұстағанша ер жетіп, жасқа келіп.
Оқу оқып ол кезде жүрген екен,
Бір сұлу қыз бірге ойнап-күлген екен.
Қыз екеуі ғашық боп сол шаһарда,

Дертті дәурен аз жылдар сүрген екен.
Ол бір байдың қызы екен жұрттан асқан,
Нашарларға көз салмай көңілі тасқан.
Қасымды «жетімсің» деп қызын бермей,

Ата-анасын сұлудың қара басқан.
Он жетіге сол кезде келген екен,
Қыз да бұған көңілін бөлген екен.
Шер, күйікке шыдамай әйел нәзік,

Ғашықтықтың отынан өлген екен.
Ол өліп, бұл да өлуге жеткен кезде
Қаңғырып осы жаққа кеткен екен.
* пысырып—пісіріп

хикаялық  дастандар
Ата дәулет, байлығын сол қыз үшін
Қайғымен түгел тәрік еткен екен.
Бау-бақшасын, үй-жайын түгел тастап,

Тұл дүние болуға өзін қастап.
Көрінгенге ақысыз, пұлсыз істеп,
Бір саудагер әкелген мұнда бастап.
Еш адамға көрмеген сырын ашып,

Дүниеден безген ол мүлде қашып.
Құдай қосқан жарына айтып жатыр,
Бір төсекте жатқан соң құшақтасып.

—Осы менің өткізген ісім,—деді,

Өртенеді ойласам ішім,—деді.
Ісімді Алла оңғарып сені қосты,
Сенен басқа жоқ сүйген кісім,—деді.
Зүбиләнің мұны естіп іші күйді,

Жан екенін нарықты жаны түйді.
«Алла әдейі арнаған жан-жарым» деп,
Жасын сүртіп жігіттің аузын сүйді.

—Өкінбе,—деп,—өткенге,—айтты көңіл,

Тағдыр қосып бір әйел алдың жеңіл.
Досқа күлкі болмастай іс істелік,
Үлкенге иман, өзіңе берсін өмір.
Алла қосты, міне, сен болдың байым,

Жүрек жанды сырыңды айтқан сайын.
Не себепті өзінің қосылғанын
Бастан-аяқ қалдырмай айтты жайын.
Қасым айтты:—Зүбилә, жарым,—деді,

Ақыреттік қосылған парым,—деді.
Дүниеден қам жеме, Зүбиләжан,
Енді менің жойылды зарым,—деді.

нәзігүл
Танушы едім көз көрген талай байды,
Өткізелік дем алып бірнеше айды.
Бір патшаның Бағдатта мүлкіндей бар,

Сатар болсақ бау-бақша, қора-жайды.
Қыз айтты:—Олар онда тұра берсін,
Душар болған бағыма сен бір ерсің.
Еңбек істеп Мысырдан пұл табалық,

Қайтіп тұрмыс түзеуді халық көрсін.
Сыр шертісіп екі жас мауқын басты,
Қасым жатыр құшақтап қаламқасты.
Кесте, бізін қолына алды сұлу,

Намаз оқып, ішкен соң ертеңгі асты.
Бір жайнамаз барқыттан кестеледі,
Өз үйі, кімнен қорқып, сескенеді.
Өз бетінше Қасым жүр тамашалап,

Ерте барып базарға, кеш келеді.
Дайын болды жайнамаз алты күнде,
Күндіз істеп, сергиді салқын түнде.
Адал ниет кісіге еңбек жолдас,

Абырой болсын дейді кімде-кімге.
Қасымға:—Түк істемей жүр,—деп қойды,
Аз заман тамашалап, күл,—деп қойды.
Әйелдің жолдастығы қандай екен,

Зер салып барлық істі біл,—деп қойды.
Біткен соң жайнамазды берді еріне,
Базардың алып бар деп ең төріне.

—Жүз сомнан артық сатпа, кем де сатпа,

Беріп кел жүз сом ділдә бергеніне.
Аққа орап қыз еріне оны берген,
Жабысты талай адам көрген жерден.
Нақ беріп жүз сом ділдә алды біреу,

Таңданбай қалған жан жоқ көрген елден.

хикаялық  дастандар
Пұлды алып Қасым үйге қайтып келді,
Кімнің, қалай алғанын айтып келді.

—Бұған ылғи саф барқыт алып кел,—деп,

Ақшаны өз қолына қайтып берді.
Базардан барқыт алып Қасым келді,
Көргендер жайнамазға асылды енді.
Жүзден өрлеп, кейіндеп мыңға жетіп,

Екі жастың бақыты ашылды енді.
Жайнамаз бен тақия, жаулық сатып,
Бел бөкседен ақшаға қалды батып.
Төрт ауызды үй алды қала ішінен,

Үйдің ішін жасады гүл жайнатып.
Бірі тігіп, біреуі сата берді,
Белуардан табысқа бата берді.
Күннен-күнге саудасы күсет болып,

Пұлды басып екі жас жата берді.
Шығармады сырларын сыртқа жайып,
Деген осы жігіттер «неке ғайып».
Екі қыздың ерінен сөз сөйлейік,

Жата берсін ғаріптер мұнда байып.
Бірігіп екі мырза шеріктескен,
Біреуі біреуіне серіктескен.
Жүргізіп шет жерлерге саудаларын,

Бұзбастай уәдені беріктескен.
Бірнеше жыл арада өтіп еді,
Ойлаған ойларына жетіп еді.
Екі қыз бір қорада, үйі бірге,

Ерлері французға кетіп еді.
Сауда қып олар кеткен малыменен,
Қоштасып таңдап алған жарларымен.
Екі қыз екі сырлас тауып алды,

Шыдамай жай жатуға парларымен.

нәзігүл
Табылды екеуіне екі бойдақ,
Бақшада күндіз-түні жатады ойнап.
Тауысты қолда барды жыл жарымда,

Ойнастың оттан ыстық көңілін ойлап.
Ерлері келмекші еді жыл жарымда,
Екі есе өсірмекші пұлдарын да.
Пайдаға қыза-қыза ұзай берді,

Қайтармай барған малай, құлдарын да.
Қос мырза тең шерік боп сауда сатты,
Шығармас қолдан тиын тастай қатты.
Соңынан дүниенің түсе-түсе,

Пәраңның шаһарында үш жыл жатты.
Саудасын олар сонда сата тұрсын,
Пайдаға белшесінен бата тұрсын.
Не болды екі ханым соны айталық,

Қос мырза Французда жата тұрсын.
Әсерін жасшылықтың жойғыза алмай,
Нәпсіні нысап тыйып қойғыза алмай.
Үй, мүлік, көрпе, кілем бәрін сатты,

Достарын жақсы көрген тойғыза алмай.
Таусылды өлшеп берген алтын ақша,
Күндіз-түн қалай шыдар судай ақса.
Түп-түгел үйдің ішін сатып болып,

Қаңқайып қалды құр там, бау мен бақша.
Сезбеді уәли бұл қылықтарын,
Мидай боп қыздарының былыққанын.
Үй бөлек, көрмеген соң қайдан білсін,

Төбетке өлекшіннің ылыққанын.
Қиын ба дүниені қолдан шашпақ,
Сандықтың өзі салған құлпын ашпақ.
Тұрмыстан ері келмей қысылған соң,

Ханымдар ойнасымен болды қашпақ.

хикаялық  дастандар
Кетуге көпе-көрнеу бата алмайды,
Тамақ жоқ ішіп-жейтін, жата алмайды.
Мүлікті басқа барлық сатып болды,

Бау-бақша мен қораны сата алмайды.
Ат-көлік, азық-түлік алды жайлап,
Өткізді біреулерге үйді майлап.
Бір күні қашып шықты ол төртеуі,

Әйтеуір тәуекелге белді байлап.
Екі еркек жол білмейтін қорқақ сері,
Жүрсе де қашамыз деп көптен бері.
Бір жолмен керуен жүрген кетті жортып,

Белгісіз қалай, қайда барар жері.
Әйтеуір шығып кетті олар қашып,
Бет бұрып құбылаға жолын ашып.
Төрт атпен азық теңдеп жолға түсті,

Жоғалтып дүниені төгіп-шашып.
Осылай бұлар қаңғып кете берсін,
Жеріне көңілге алған жете берсін.
Ерінен сыртта жүрген сөз қозғалық,

Қашқындар тіршілігін ете берсін.
Пайданы неше есе қып өсіреді,
Ақымақ өскен сайын есіреді.
Артып ап жүз түйеге дүниесін,

Жол тартып Мысыр жаққа көшіреді.
Алтынның артты нарға талайларын,
Пайдамен алды жұрттың талай малын.
Кигізбей жақсы киім, дәмді ас бермей,

Ұстайды қатты қысып малайларын.
Жол тартты, өтіп жатыр күндер талай,
Демейді малайына халің қалай.
Кеңесті «біз қашайық осыдан» деп,

Сорлаған екеуінде қырық малай.

нәзігүл
Ойлайық құтылудың бұдан шартын,
Көрелік тәуекел деп істің артын.
Басқасы кезмал, сайман, торғын тауар,

Саф күміс он түйеге артқан алтын.
Алалық алтын, күміс, он түйені,
Өздері білмеген соң жөн-жүйені.
Он түйе кезмалымен осы араға,

Тасталық,—деді,—біраз дүниені.
Малайын ұрып-соғып қинаушы еді,
Ұрса да тіл қайырмай сыйлаушы еді.
Екі бай бір қосшымен кейін қалып,

Бір жерге басты кешке жинаушы еді.
Бекітіп бұлар сөзін алды мықтап:

—Қорлыққа жүрмелік,—деп,—жылап-сықтап.

Он түйе алтынменен бір күн кеште,
Бөктерлей үлкен тауды жөнелді ықтап.
Тастады басқа малды түйесімен,
«Барсын,—деп,—тапса бірге иесімен».

Малайлар түзде өскен жол танығыш,
Бір жолдың кетті жүріп жүйесімен.
Олар кеп ұстағанша қашан жетіп,
Барады тоқтамастан бұлар кетіп.

Неше күн әмір, тағат қылмай жүріп,
Жоғалды басқа елдің жеріне өтіп.
Жоқ адам ұстайтұғын оны қуып,
Күн ыстық, кеші салқын, түні суық.

«Ақ малы атасының» болды мүлде,
Бұлардан енді байға бұлт жуық.
Қырық құл он түйені айдап алып,
Алтынды кете тұрсын пайдаланып.

Байлардан кейін қалған сөз сөйлейік,
Кез болды қандай күйге, қайда қалып.

хикаялық  дастандар
Екеуі бір-бір жігіт қасына алып,
Қоржынға науат, шекер басып алып.
Кеш келсе қонар жерде дәнеңе жоқ,

Салт ат пен өздерінің басын алып.
Астында азық-түлік, қамшы қолда,
Дыбыс жоқ алды-артында, оң мен солда.
Болғанын бір сұмдықтың бұлар сезді,

Түйенің ізі де жоқ қара жолда.
Сол жерде түнде жатып демін алды,
«Кейін бе, ілгері ме, қайда қалды?»
Келмеді түске дейін тосып еді,

Ізімен түстен кейін қайта салды.
Келсе ізін бір тауға бұрған екен,
Түйелері жайылып тұрған екен.
Жүгін бөгде жүргінші әкетіпті,

Сөйтіп Құдай бұларды ұрған екен.
Ойлады олар: «бәрін жау алыпты,—деп,
Машақатты басына салыпты,—деп.
Малайларды қырды екен қандай жерде,

Жүгін алған түйелер қалыпты» деп.
Ішкен асы бойына тарамады,
Сабыр сақтап тұруға жарамады.
«Егер көрсе, бізді де өлтірер» деп,

Тұра қашты, түйеге қарамады.
Бұлар жолын тоқтамай баса берсін,
Адыр-қырқа, тау-тастан аса берсін.
Махмұттан азырақ сөз қозғалық,

Құл қуанып, мырзалар қаша берсін.
Тұра тұрсын осымен бұлар тоқтап,
Тұрған жау жоқ ешкімге мылтық оқтап.
Ханымымен бір күні Махмұт келді,

Екі бірдей ұзатқан қызын жоқтап.

нәзігүл
Келсе есікте құлып тұр, үйі берік,
Айтпап па едік кетті деп майға беріп.
«Бұлар қайда кеткен?» деп, жөн сұрады,

Қасындағы уәзір келген еріп.
Айтты тұрғын:—Біз алдық үйін майға,
Отыруға осында бес-алты айға.
Екі ерменен екі әйел шығып кеткен,

Біле алмадық барғанын қандай жайға.
Екі еркекті екі әйел «ерім деді,
Баратын бар алыста жерім» деді.
Жарым айдай боп қалды кеткеніне,

Содан бері қайда екен көрінбеді.
Екі жігіт ат алып сырттан келіп,
Азық-түлік астына салып-бөліп.
Шығып кеткен қорадан күн батарда,

Екі еркектің соңынан екеуі еріп.
Деп ойлаймыз біз дағы қайда кеткен,
Азық алған май тоқаш, пысқан еттен.
Кім екенін біз жақсы танымаймыз,

Адам едік өзіміз келген шеттен.
Осыны айтып тауысты олар сөзін,
Танымайды Махмұттың олар өзін.
Бұл сөзді естіп, біле алмай не болғанын,

Жас пен қанға толтырды екі көзін.
Уәзірге қарады:—Қандай іс?—деп,
Адам қуып қарасын, ізге түс,—деп.
Жерге кіріп кетсе де табасыңдар,

Әр тарапқа ат шаптыр, құстай ұш,—деп.
Қайтып келді ол асығыс адам жинап,

—Бір қызмет ет,—деді,—мені сыйлап.

Қайдан тапсаң сол жерде ұстап-байла,
Келтіріңдер алдыма жанын қинап.

хикаялық  дастандар
Тірі келтір алдыма екі қызды,
Ойламаған ар-намыс, имансызды.
Әбірет қып халыққа, дарға асып,

Өлтіремін кескілеп қаражүзді.
Сыйлап едім кәріңді, жасыңды да,
Төрден тартты есікке басымды да.
Кіші қыздың болды,— деп,—сөзі рас,

Зүбиләні шақырды, Қасымды да.
Кейіген боп жиылды жақын-досы,
Жүре-жүре түзелер ердің қосы.
Зүбиләні Қасымға ұзатқалы,

Екеуінің дидарын көргені осы.
Қараса қыз-күйеудің нарқы жақсы,
Бір нәрсеге кісідей емес тапшы.
Көрмесе де бұрыннан сезіп жүрген,

Қайдан ақша тапты деп екі арапшы.

—Бір жұмысқа бұйырам, Қасым,—деді,

Ұзын болсын өтесең жасың,—деді.
Ойнасымен екі қыз қашқан екен,
Тапсаң кесіп алып кел басын,—деді.
Сонда ол:—Орындаймын, тақсыр,—деді,

Бұл істі бір Құдайға тапсыр,—деді.
Қолында Зүбиләнің қаражат жоқ,
Келгенше сізден жанын бақсын,—деді.
Уәли Зүбиләнің қолын сүйіп,

Айтқаны еске түсіп, іші күйіп:

—Сарайдың бір бұрышын өзің ал да,

Сонда тұр,—деді,—ішіп, киім киіп.
Қуларды Қасым барып тапсын,—деді,
Жілігін ұстап алып шақсын,—деді.
Аздырған екі кәззап, әзәзілдің,

Қылышпен қыл мойыннан шапсын,—деді.

нәзігүл
Қасына қосып берді екі батыр,
Іздеуші әр тарапқа кетіп жатыр.
Жол тартты Бағдатқа Қасым бала

Екі атқа азық-түлік, артып шатыр.
Артып ап керек-жарақ қосар атқа,
Қиын ба тынбай жүру азаматқа.
Бетке алып Бағдатты келе жатыр,

Қашқындар кетпеп пе еді сол тарапқа.
Артынан Қасым қуып жете берсін,
Арада бірнеше күн өте берсін.
Байына екі әйелдің тоқталайық,

Қашқындар Бағдатқа кете берсін.
Қаңғырып екі мырза қанша заман,
Таусылды азық, ақша, халі жаман.
Малай боп көрінгенге керуенге еріп,

Барыпты Бағдатқа бұлар да аман.
Жүріпті олар сөйтіп керуенде,
Қашқындар жатыр келіп еру елде.
Қасым да келіп жетті Бағдатқа,

Жол жүріп сергелдеңде—серуенде.
Түнде кеп өз қорасын тура тапты,
Көз жасы көрген елдің судай ақты.
Адамдар майлап алған күтіп ұстап,

Тұр екен сарай, мүлік, бау мен бақты.
Оларға бастан-аяқ айтты сырын,
Жіберген хат та тіпті бұдан бұрын.
Екі күн сонда жатып демін алды,

Мекенін атасының етіп ырым.
Қасым да бір сезікті біліп кірді,
Талайды ақша беріп жініктірді.
«Тапсаңдар сүйіншіні көп берем» деп,

Бағдаттың сарайларын тініттірді.

хикаялық  дастандар
Кеп еді туған жерге көңілі ауып,
Күндіз-түн іздеушілер кетті шауып.
Бекініп жатыр екен бір сарайда,

Әкелді байлап-матап ақыр тауып.
Талапты ер әр нәрсеге жарайды екен,
Мысырың Бағдатқа қарайды екен.
Жеті уәли үстінде бір халифа,

Сол кісіден бар жұмыс тарайды екен.
Елдің ішін екі қыз бүліндірді,
Ақыр мойынын тұзаққа іліндірді.
Махмұттың сәлем жазған хатын алып,

Қасым кеп халифаға біліндірді.
Халифа ұғып-біліп Қасым жайын,
Бірер күн мейман қылып, берді шайын.
«Махмұтқа төртеуін де алып бар» деп,

Жарлық жазып қолына берді дайын.
Халифадан жарлық ап келді дағы,
Сөйлеттірмей онша көп елді дағы.
Қорасына алып кеп қойды сақтап,

Бір-бірінен оларды бөлді дағы.
Тамашамен дем алып аз күн жатты,
Ұстаған жоқ оларды қысып қатты.
Алтын, күміс, есепсіз ақша, пұлға,

Бау-бақша, қора-жайын тағы сатты.
Базардан көп сауда алды жайын сатып,
Аралап өскен жердің дәмін татып.
Таныды бір сарайдан екі байды,

Несие пұлын жинап келе жатып.
Қасына жетіп барды сәлем беріп,
Танымай тұрды олар ұзақ көріп.
Жөн сұраса:—Мысырдан келдік,—дейді,

Малай боп саудагерге жүрміз еріп.

нәзігүл
Қасым тұрып оларға:—Бажа,—деді,
Басыңа кепті пәле-қаза,—деді.
Қалайша малай болып істеп жүрсің,

Бай едің екеуің де таза,—деді.
Танимын мен сендерді сырттарыңнан,
Кеткелі үш жыл болды жұрттарыңнан.
Жөніңді айт, мұндай халге неғып түстің,

Май ағып жүруші еді ұрттарыңнан?
Мен дағы Мысыр жақтан келіп едім,
Сіздерді көріп көңіл бөліп едім.
Мені ұқпайсыз, сіздерді мен танимын,

Сол үшін келіп сәлем беріп едім.
Шет жерде татыпсыздар әуре-сарсаң,
Ел жаққа қайтасыздар енді қашан?
Сырын айтып жылады екі мырза:

—Күніміз біздің барар емес асан.

Олардың әңгімесін ұқты Қасым,
Жұбатты:—Сүртіңдер,—деп,—көздің жасын.
Сіздерді іздеп ханымдар мұнда келді,
Тастап онда дүние, ата-анасын.

Жөнін айтып танытты:—Бажамын,—деп,
Тартқан бейнет көп екен азабың,—деп.
Шықпаңдар сарайдан,—деп қайтып кетті,—
Дертіңді ертең келіп жазамын,—деп.

Қасым кеште үйіне келді қайтып,
Ханымдарға ұқтырды жөнін айтып.

—Сендерді іздеп келдік деп қойыңдар,

Жүр екен өздері де азап тартып.
Оларға басқа сырды білгізбеңдер,
Досты егілтіп, дұшпанды күлгізбеңдер.
Еріп келген екеуі малай деп қой,

Бейшараның езуін тілгізбеңдер.

хикаялық  дастандар

—Құлдық,—деп зар жылады екі ханым,

Көрдік,—деп,—қайтіп бетін ата-ананың.
Қасым, сен жауып кетсең осы сырды,
Жолыңа болсын құрбан шыбын жаным.
Қасымға жылағаны жаман батты,

Қылмасын Құдай мұндай адамзатты.

—Сездірмеймін сендерді ешкімге,—деп,

Қасым тұрып уәде берді қатты.

—Айт,—деді екеуіне,—малаймыз,—деп,

Бұлардың жұмысына қараймыз,—деп.
Істе десе істеп кет қызметін,
«Не бұйырсаң жұмысқа жараймыз» деп.
Жүр деген соң жүрдім де соңына еріп,

Шатымаңдар жоқ сөзді босқа теріп.
Барған заман Мысырға босатамын,
Екеуіңе қызмет, ақы беріп.
Сөзді осылай олармен бекітті енді,

Қос сорлыға жан кіріп, тетіктенді.
Мырзаларды керуеннен босатып ап,
Қасым ертіп ертесі жетіп келді.
Ханымдармен жыласып көрісті енді,

Бастан-аяқ мұңдарын терісті енді.
Ерін іздеп, сағынып келгеннен соң,
Қылықтары ұнасып, келісті енді.
Аз күн жатып жайланып алды демін,

Бәрінің де тауып жүр Қасым ебін.
Қайта аттанды Мысырға көп саудамен,
Айта беріп қайтеміз артық-кемін.
Алды Қасым Бағдаттан қанша сауда,

Олжа тапты жүрем деп ұзын дауда.
Сау-саламат Мысырға келді жетіп,
Ешбір сырды білмеді дос та, жау да.

нәзігүл
Уәлиге білдірді хатқа жазып:
«Кетіпті,—деп,—жастықпен жолдан азып.
Өз сырыңды шашқандай болма өзіңіз,

Көмілгенді шығарып, жерден қазып.
Кейімесін мырзалар тартқан азап,
Білімдіге көп емес, бұл іс аз-ақ.
«Ерін іздеп барған» деп елге ұғындыр,

Бұған ашу шақырып, болма мазақ.
Дос разы бұл сөзді қабылдаса,
Табыла ма кеткен жау сабылмаса,
Ел мен жұртқа масқара болар едік,

Сәті түсіп егерде табылмаса.
Ерін іздеп қыздарым тауыпты деп,
Жалған пәле дұшпандар жауыпты деп.
Маған айтпай кеткен, балалықпен,

Жібермес деп ойлапты қауіпті деп.
Сізге ұнаса осы сыр шашылмасын,
Дұшпан шығып иыққа асылмасын.
Қазан қалсын жабулы қақпағымен,

Түңілік солай бүркеліп ашылмасын.
Сізге айтқан шын сөзім, ниетім ақ»,
Уәлиге деп жазып жіберді хат.
Жұртын жиып ұқтырды уәли де,

Сенді түгел бұл сөзге жақын мен жат.
Халық сенді жүйелі жайды көріп,
Екі малай барған деп қасына еріп.
Разы етіп екеуін жолға салды,

Қасым дереу екі айлық ақы беріп.
Он шақты ауыз Қасымға сарай берді,
Қабағына не десе қарай берді.
Зүбиләні құрметтеп қасына алып,

Жеке өзіне күтуші малай берді.

хикаялық  дастандар
Қасым шалқып Құдайға қылды тәуба,
Болды кегі қайтқандай кеткен жауға.
Екі бажа Қасымға қызмет істеп,

Дүкен ашып жүргізді, қылып сауда.
Қасым нұсқап оларға тура жолды,
Берекемен барлығы бірге болды.
Тұрмыс түзеу әйелден екендігі,

Мәлім боп Зүбиләға қолды қойды.
Қайынбике екеуі тірі қалып,
Сескенсе де Қасымға жайы қанық.
Жүріп кетті сыдыртып, күйеуді алдап,

Беттің арын белбеуге түйіп алып.
Осылай бірсыпыра өтті заман,
Зүбилә жүкті болды кейін таман.
Көтеріп бір ұл, бір қыз егіз тапты,

Босанып сау-саламат, есен-аман.
Той жасап шақырыпты жақын-жатын,
Жиылды жас пен кәрі, қыз бен қатын.
Ат қойды Зияда деп ұл балаға,

Қойыпты Нәзігүл деп қыздың атын.
Келгенде екі бала он жасына,
Беріпті оқысын деп молдасына.
Ұл—аға, қыз—қарындас оқып жүрді,

Жаттығып жастайынан жөн-жосынға.
Бірде зиян дүние, бірде пайда,
Өтпес өмір, таусылмас дәм-тұз қайда?!
Екі бала он беске шығарында,

Зүбилә қайтыс болды бақи жайға.
Нәзігүл дәл он беске келген еді,
Оқуға ой-санасын бөлген еді.
Науқастан Зүбиләнің шешесі де,

Өзінен бір жыл бұрын өлген еді.

нәзігүл
Әйелі Махмұттың дүние салып,
Тұрғанда үй, семья иен қалып.
Орнатып жаңа тұрмыс бас құраған,

Бұйрықша тағы да бір қатын алып.
Кім қалар қаза жетсе ақыры өлмей,
Өлмеймін деп жүрмеңдер көңіл бөлмей.
Бір жыл болды алған жоқ Қасым әйел,

Жүр алуға адамның жөні келмей.
Еш пенде келген баққа таласпайды,
Жетімдік қыз балаға жараспайды.
Өлген соң нағашы апа, Нәзігүлге

Суықтап өгей қатын қараспайды.
Бұрынғыдай үйде жоқ ойын-дүрмек,
Сауық құрып, тамаша дәурен сүрмек.
Сауда қылар және де іздеп әйел,

Қасым мырза Бағдатқа болды жүрмек.

—Бірге еріп Зияда да барсын,—деді,

Елін танып, жол көріп алсын,—деді.
Біз келгенше Нәзігүл сізге аманат,
Нағашының қолында қалсын,—деді.
Нәзи қыз бойына мін тақтырмады,

Сенім қып басқа жанға бақтырмады.
«Өсегі қыз баланың көп болар» деп,
Қалғанын өгей ханым жақтырмады.
Ханымның Қасым білді тырысқанын,

Жақтырмай құйқасының құрысқанын.
Өзі де қалдыруды қаламады,
«Осының көрмесін,—деп,—ұрысқанын».
Бір ұстазы бар еді Ешен молда,

Жүрген бір жан көз жұмып діни жолда.

—Шәкірт балаң Нәзігүл сізге аманат,

Қалса қайтеді,—деп айтты,—сіздің қолда?

хикаялық  дастандар
Сауда қылып барамын өзім шетке,
Келмесін деп ойлаймын шіркеу бетке.
Жетерліктей расход қолында бар,

Һәм оқытып, салыңыз қызметке.
Үйі жақын көршілес әлгі Ешен.
Дінге мықты, тақуа, өзі шешен.
Нәзігүлді аманат бақпақ болды,

Қасым қайтып келгенше есен-аман.
Өзі ұстаз, өзі имам, өзі молда,
Ақ сәлдесі басында, таспиқ қолда.
Пайғамбардай көретін халық оны,

Жүрген жан деп пір тұтып тура жолда.
Аралап елу ішін келген жасы,
Бәйбішесі, бір-екі бар баласы.
Жұртты сүттей ұйытып, сүзілтеді,

Зікір соққан тәкуир мен зілзаласы.
Нәзігүл тұрмақ болды қолдарында,
Бас тартпас ақиқаттың жолдарында.
Расход, төсек, орын алып келді,

Бар еді артық үйі молданың да.
Ол жұрттың нақ тұтқаға балаушысы,
Бұзылса иман, қайта қалаушысы.
Үйлерін құлыптады Қасым мықтап,

Бар еді қора-жайын қараушысы.
Зияда жүрмек болды ол да бірге,
Оқыған, неше түрлі жетік тілге.

—Үйіңді анда-санда қарап жүр,—деп,

Кілттің бәрін берді Нәзігүлге.

—Аманат балам саған, молда,—деді,

Қаражат бар жетерлік қолда,—деді.
Оқытып Нәзігүлді, таза сақта,
Боламын мен риза сонда,—деді.

нәзігүл
Аманат бір Аллаға, балам,—деді,
Қам ойлап болма бекер алаң,—деді.
Бұйырса бір-екі айдан көп ұзамай,

Айналып мен де келіп қалам,—деді.
Қош айтып жүріп кетті барлығына,
Молданың Нәзи көнді жарлығына.
Қалғаны жат қолында қиын болып,

Заманның жолыққандай тарлығына.
Бағдатқа Қасым мырза жүріп тұрсын,
Сапарда қызық дәурен сүріп тұрсын.
Молда мен Нәзігүлден сөз басталық,

Тыңдаған ел құлағын түріп тұрсын.
Қыз жүрді күндіз оқып, түнде жатып,
Жабырқап, жалғыздығы жанға батып.
Нәзидің сұлулығы туған айдай,

Таңырқар көрген адам көзін сатып.
Ақ маңдай, алтын иек, қалам қасты,
Шырын сөз, қарақат көз, жібек шашты.
Ілінді он алтыға осы кезде,

Өткізді балалықпен он бес жасты.
Алма бет, ақ торғындай, қырғи қабақ,
Түрленіп қызыл гүлдей өңін ашты.
Ақ танау, қарақат көз, тауық тамақ,

Көрікті, мінезі артық, жаннан асты.
Дауысы тоты құстың дауысындай,
Сағаттай сыртылдаған он бес тасты.
Бір көріп әр қылығын іші күйіп,

Сұм Ешен ғашық болып, қара басты.
Ойында Нәзігүлдің еш нәрсе жоқ,
Әйтеуір сабақ оқып, көңілі тоқ.
Аздырып, шайтан бастап тура жолдан,

Молданың жүрегіне түсті бір шоқ.

хикаялық  дастандар
Қарайды, тесіледі, қамығады,
Көрмесе жарым сағат сағынады.
Сыртынан Нәзігүлді иемденіп,

«Жарым» деп жанын қиып бағынады.
Айта алмай жүрді зар боп, жауап ашып,
Қозғалып көрген сайын қаны қашып.
Ұйқы жоқ, тамақ жеуден қалды мүлде,

Сарғайып сағат сайын қайғы басып.
Білмейді бұл жұмысты Нәзи бала,
Оқып жүр тек әкесін есіне ала.
Бір күні молда дәрет аламын деп,

«Құман» деді даладан келе сала.
Құманды беріп жатты Нәзи ғаріп,
Тұр екен Ешен молда көзі аларып.

—Бетімнен сүйші!—деді сонда молда,

Шап беріп білегінен ұстай алып.
Дірілдеп Нәзігүлдің іші күйді,
Болғанын бір сұмдықтың көңілі түйді.
Қолынан ұстай тартып, мекіреніп,

Ақ бетінен ұялмай Ешен сүйді.
Тигендей жылан тісі жұмсақ бетке,
Тартса да жібермеді қызды шетке.
Сонда қыз ұстап тұрған құманымен,

Ешенді сарт еткізіп салды бетке.
Жығылды кәрі молда естен ауып,
Қызыл қан беті-аузын кетті жауып.
Нәзігүл шыға қашып сол бетінше,

Өзінің кірді барып үйін тауып.
Үйіне молда кірді, есін жиып,
Бетінің сорғалаған қанын тыйып.
«Ат соғып, бет-ауызды қанатты» деп,

Дел-сал боп жатты үйде іші күйіп.

нәзігүл
Нәзігүл бұл молдадан безді дағы,
Үйіне барып жатты ашты дағы.
Жатады күндіз-түні кітап оқып,

Азуын Ешен жүрді басты дағы.
Таң атса намаз оқып, ішіп шайын,
Басқа ел түсінбеді Нәзи жайын.
Түн болса дарбазасын бекітеді,

Бір үйлі күтуші бар тұрған дайын.
Бұл істің көз жетпейді есебіне,
Тағдырдың қарашы бұл кеселіне.
«Зерігіп үйде болса қорқады» деп,

Тастаған сенім байлап Ешеніне.
Кіруге жер қатты боп, алыс аспан,
Нәзидің ақ жүрегін қайғы басқан.
Ешен мен Нәзи сұлу соғысқанға,

Бір айдан болып еді төрт күн асқан.
Қасым да Зиядамен келе жатқан,
Сағынып Нәзиім деп түспей аттан.
Асығып қала ішіне келіп кірді,

Кезінде қас қарайып, шапақ батқан.
Ешенге бұрын сәлем беру үшін,
Көргенін әңгімелеп теру үшін,
Ешеннің тақ қасына келді кіріп,

Сағынған Нәзігүлді көру үшін.
Кіргізді біреу шығып есік ашып,
Ешенге қол қусырып, кірді басып.
Ешеннің беті жара, түсі суық,

Сақалы тал-тал болып өңі қашып.
Деді ол:—Бақтырыпсың жалап қызды,
Жоғалып күндіз-түні ниет бұзды.
Мені ұстап ойнастары мұндай қылды,

Сен үшін қоримын деп имансызды.

хикаялық  дастандар
Жоламай сонан бері қызың кетті,
Байына талқандатып мына бетті.
Үйіңді топыр қылып жалап жатыр,

Мінеки, сонан бері бір ай өтті.
Келсін деп тосып едім жанабыңды,
Мен қақтым қашан сенің талабыңды.
Мені өлтір жалған десең, не болмаса,

Тез жоғалт бұл шаһардан жалабыңды!
Біле алмай не болғанын қалды Қасым,
Тыя алмай отыр Ешен көздің жасын.

—Зияда, шапшаң барып қызды өлтіріп,—

Деді,—әкел көйлегі мен кесіп басын.
Тез жоғалт, дұшпан естіп, дос күлмесін,
Күндейтін менің дағы бар күндесім.
Өлтіріп, көміп таста қара жерге,

Бұл сырды бізден басқа жан білмесін.
Осындай үкім жасап асықтырды,
Дүниені молда бүгін сасық қылды.
Зияда жалғыз өзі қылыш алып,

Нәзи жатқан аулаға ашып кірді.
Жатпапты терезеден көрсе бағып,
Зияда еңіреп жүр көз жасы ағып.
Қамығып, қыз мұңайып кітап оқып,

Қиялда отыр екен шамын жағып.
Баса алмай аяғының буыны құрып,
Зияда дауыс берді есікті ұрып.
Таныды Зияданың дауысынан,

«Аға» деп, Нәзігүл де қарғып тұрып.
Шыға кеп құшақтады Зияданы,
Қалтырап жаралы аңдай қиядағы.
Егілмей бауырын көрсе қайтіп тұрсын,

Балапан жалғыз жатқан ұядағы.

нәзігүл
Қайғымен жүзі солып болған сары,
Қайғырмай қайтсін кетсе беттің ары.
Егіле мықынына қолын тіреп,

Сондағы мынау қыздың айтқан зары.

—Аман-есен келдің бе,

Дәтке қуат, бауырым.
Тапсырған молда Ешенің
Қайғының салды ауырын.
Тоқалдыққа алам деп,

Жүргізді кәрлі дауылын.
Бұл сырымды білмейді
Ағайын, туған бауырың.
Бір құрсақтан шығып ек,

Зекенім, сені сағындым.
Қасқырға қойын бақтырған,
Әкеме сонша не қылдым.
Айналайын, бауырым,

Айла таппай аңырдым.
Қасірет алды бәрін де,
Алпыс екі тамырдың.
Құдай атып молданы,

Ұстады бір күн білектен.
Есім шығып адастым
Ақыл, сабыр, тілектен.
Суық еті тигенде,

Бетімнен келіп сүйгенде,
Жаным кетті түршігіп,
Бір сұмдықты білгенде.
Аямадым бір жанды,

Сілкіп едім, долданды.
Осындай апат болған соң,
Жұлып алып құманды
Сілтеп едім мыртыққа,

Жолыққандай қырсыққа,
Мұрнынан қан дір етті,
Тигенінде тұмсыққа.

хикаялық  дастандар
Қашып шығып қасынан,
Келіп таптым үйімді.
Жалғыздық өтіп басымнан,

Кетірді баға, күйімді.
Қасірет соғып, жаралап,
Жүрегім менің тілінді.
Қалдырып мені алалап,

Апамның жоғы білінді.
Апам болса осындай,
Көрер ме едім бейнетті.
Азап үшін беріпті,

Маған деген зейнетті.
Амал бар ма, қайтейін,
Залым Ешен еңіретті.
Арызымды айтатын,

Әкем қайда, келмепті?
Зияданың айтқаны

—Жыламашы, қарағым,

Әкем де бар осында.
Әзірейіл молдасы,
Отыр Ешен қасында.
Мен келдім, міне, сабыр қыл,

Енді, Нәзен, шошынба.
Естіген сөзді айтайын,
Саған мәлім болсын да.
Әкең келді алдымен,

Ешенге сәлем берем деп.
«Сағындым Нәзи жанымды,
Ақ дидарын көрем» деп.
Келсек Ешен жылап жүр,

«Көрдім ғой қорлық сенен,—деп,
Ойнасы ұрды қызыңның,
Жүрмеймін тірі өлем» деп.
Ашуланды әкеме

«Бақтырдың,—деп,—бұзықты».
«Күндіз-түні жоғалып,

нәзігүл
Ниетін қызың бұзыпты.
Он бес жігіт ішінде
Барсам бір күн қызыпты,

Келгенін істеп ойына,
Осы да іс пе қызықты?
Ортасында бәрінің
Сүйіп отыр құшақтап.

Жабылып мені сабады,
Өлтірердей пышақтап».
«Сағындым жаным Нәзенді
Көремін деп кеп еді.

Аман ба екен күнім» деп,
Сен үшін қайғы жеп еді.
Ешеннің сөзін ұққан соң,
Сұмдық сөздер шыққан соң,

Өлтірмесем өзіңді,
Өлтіремін деп еді.
Бермеді Ешен ерікті,
Әкеңді майдай ерітті.

Өкпесіне жел беріп,
Гулетіп басты көрікті.
Молдаға әкең нанды да,
Жалғанға әкең желікті.

Осындай пәле салды да,
Келтірді ашу, керекті.
Молдаға сенді әкеміз,
Жоқ еді қылған қатеміз.

Басқа пәле келгенде,
Енді қайтіп жатамыз.
Мен қалғанша, сен өліп,
Кетелік бірге екеуміз,

Бір болсын көрген татамыз!
Нәзігүлдің айтқаны

—Өлтірмесең мені егер,

Саған зақым жетеді.
Залым молда өзі үшін,

хикаялық  дастандар
Кімге рақым етеді.
Ешен айтса, сөзіне
Халық еріп кетеді.

Разымын өзіңе,
Ақыр дүние өтеді.
Мен өлейін, сен өлме,
Тұқым қалсын Қасымнан.

Өлтірмесең осы жол,
Кетер дәурен басыңнан.
Мен үшін сен қал тірі,
Бейнет тартпай жасыңнан.

Зияданың айтқаны

—Өйтпе, Нәзен, сен үйден

Көтергенше азық ал.
Тоқталмастан сол күйден
Бұл шаһардан кетіп қал.
Жан бағарсың қосылып,

Шеттен біреу тауып ал.
Енді тұрма тосылып,
Бұл сөзіме, құлақ сал.
Тілеу тілеп артыңнан,

Мен тәуекел қылайын.
Ізіңді қуып соңыңнан,
Тірі жүрсем табайын.
Бір тауықты бауыздап,

Көйлегіңді малайын.
Әкең менен Ешеннің
Алдына жайып салайын.
Ұяттан безген Ешеннен

Кегіңді сенің алайын!
Бұл сөзге мақұл болып азық алды,
Қоштасып Нәзи жылап, кетіп қалды.

нәзігүл
Бауыздап бір тауықты өлтірді де,
Нәзидің шыт көйлегін қанға малды.
«Өлтіріп, өзін көміп тастадым» деп,

Көрсетті көйлегі мен қызыл қанды.
Алданған залым молда, Қасым ғаріп,
Өлді деп бұзылған қыз әбден нанды.
Сөйтсе де Қасым қимай «перзентім» деп,

Езіліп ет жүрегі оттай жанды.
Әзәзілден оқыған залым молда
Басына нақақ жанның қайғы салды.
Молдаға жұрт алданып сеніп тұрсын,

Мұратқа залым Ешен жетіп тұрсын.
Нәзиден қашып кеткен сөз сөйлейік,
Арадан бірнеше ай өтіп тұрсын.
Нәзігүл кетті қаңғып иен түзге,

Айналды суық түсіп, қоңыр күзге.
Ай өтті, азық бітті, киім тозды,
Сарғайып, сағым түсті нұрлы жүзге.
Жапанда жалғыз өзі зар жылады,

Даусынан тау менен тас жаңғырады.
Айырылған туған жерден мұңды Нәзи,
Киіктің лағындай қаңғырады.
Шөп жейді, су ішеді, зарланады,

Басады талай шөлейт сары даланы.
Өзіне мәлім болып келе жатыр
Ажалдың барған сайын арбағаны.
Бір күні шаршап келіп қалды жатып,

Шал көрді ақ сақалды ұйықтап жатып.
«Жетесің мұратыңа, тұр» деген соң,
Оянса қалған екен таң да атып.

хикаялық  дастандар
Аяңдап тағы жүрді үміт күтіп,
Талықсып көз қарайды, халі бітіп.
Біле алмай айналасын аз жүрген соң,

Шөліркеп сілекейін тұрды жұтып.
Кіресі-шығасылы есі қалды,
Табанды шөгір тіліп, тесіп алды.
Ішіне көзі кірді, қан сұйылып,

Сорлының өлмегенде несі қалды.
Бір тұрып, бір жығылып келе берсін,
Қайтеміз, қиындыққа көне берсін.
Азырақ басқа жақтан сөз сөйлейік,

Нәзігүл жер емшегін еме берсін.
Бағдатта халифа бар демеп пе едік,
Бағана бір аралап келмеп пе едік.
Қасымды қонақ қылып бірнеше күн,

Шай ішіп, қантын жемеп пе едік.
Бар еді сол кісінің жалғыз ұлы,
Саят қып ауға шыққан осы жолы.
Аралап тау мен тасты шетте жүрген,

Неше жүз бар қасында әскер қолы.
Он жеті, он сегізге келген жасы,
Аға-іні жоқ, ардақты жалғыз басы.
Көзге атар өзі мерген, палуан, батыр,

Қиылған көркем сұлу көз бен қасы.
Аң қуып тау мен тасты аралайды,
Сұлуы сан қаланың жарамайды.
Қоятын іштей сын мен сымбаты бар,

Жолыққан жамандарға қарамайды.
Неше күн әр қалаға еру жатып,
Қонақ болып, ырыздық дәмін татып.
Саятпен жер көруге тауды кезіп,

Жүр еді ит жүгіртіп, киік атып.

нәзігүл
Сейілдеп, сайран салып, құрып сауық,
Қылмайды өзі мерген түктен қауіп.
Нәзігүл келген таудың алабында

Құс салып, ит жүгіртіп, жүрді шауып.
Сұңқары бір ұларды кетті қуып,
Келеді шаһизада қалмай жуық.
Ала алмай бір шынарға барып қонды,

Сұңқардың қалған сынды көңілі суып.
Келмеді шақырса да сұңқар ұшып,
Сілкініп жалтылдады мойнын құшып.
Бұл кезде шаһизада жалғыз еді,

Шынарға шықпақ болды аттан түсіп.
Тырбанып келе жатыр бұтақ ұстап,
Шақырып анда-санда қолмен нұсқап.
Шап беріп аяқбаудан ұстарында,

Ұмтылып қанат қомдап болды ұшпақ.
Қысылды тағы ұшып кете ме деп,
Ұстатпай әуре-сарсаң ете ме деп.
Сол кезде ыңыранған бір үн шықты

«Құдай-ау, шын ажалым жете ме!» деп.
Шаһизада шошып қалды «сайтан ба деп,
Сұңқарды ұстамай-ақ қайтам ба» деп.
Азырақ құлақ салып тұрды тыңдап,

«Бір жауап, адам болса, айтам ба» деп.
Сұңқары өзі келіп қонды қолға,
Қарады ер шаһзада оң мен солға.
Тыңдаса әлгі дауыс тағы шықты,

«Баста,—деп—өзің, Алла, тура жолға».
Жиыпты есін Нәзи талып қалып,
Құлағы бір дыбысты шалып қалып.
Шаһизада тыңдаса сөзі мынау,

Келіп тұр құлағына анықталып.

хикаялық  дастандар

—Ей, Алла, жаратып ең жоқтан бар ғып,

Бердің кең дүниені маған тар ғып.
Нақақтан жас басымды мұңға салып,
Ұрттам су, тістем нанға қойдың зар ғып.
Хадистан аятпенен оқымап па ем,

Өлтірмес бейкүнәні онша қар ғып.
Кетпейді дүние ісі дүниеге,
Таба алмай бір жақсылық өлдім қаңғып.
Күйдірсең залым үшін мүмініңді,

Пенде қып жаратасың несін жан қып?
Жас жанды күйдіргенің лайық па,
Зұлымың күнде қастық жүрсе де аңдып.
Талайлар өстіп өтті-ау өкінішпен,

Сұм дүние жердің бетін қызыл қан қып.
Рақым етпеймісің осындайда,
Қорлықпен өлгенім бе тау мен сайда.
Рақым етем деп ең шын тілесең,

Естілмей зарым саған кетті қайда?
Салла Алла, иман айтып, қылдым дұға,
Іштегі кетіре гөр кірді жуа.
Қарадай ақтан күйіп өлгенім бе,

Тау мен тас, ағаш пен шөп, өзің куә.
Жанымды адал жолға қиғанымды,
Білесің жастай нәпсі тиғанымды.
Жас кеттім, нақақ өлдім, өзіңе аян,

Жолдас қыл ақыретте иманымды.
Ешенге сенді менің мүмін әкем,
Ей, Алла, жоқ еді ғой қылған қатем.
Саламат Зияданы сақта, Құдай,

Шын ниет, ең ақырғы тілек етем.
Жылатпа, сақта, Құдай, Зекенімді,
Медеу қып келдім нақақ екенімді

нәзігүл
Деп, талықсып дауысы бәсеңдеді,
Жұмақтан қыл,—деп,—Алла, мекенімді.
«Адам ба, сайтан ба,—деп,—тұрған бұғып»,

Шаһзада жерге түсті сөзін ұғып.
Сөзінен адамдығын айырған соң,
Іздеді ағаш ішін есі шығып.
Сабырлы, саспайтұғын өзі батыр,

Бір өзі мың кісіге жеке татыр.
Аралап ағаш ішін келе жатса,
Ыңырсып шалажансар бір қыз жатыр.
Жаны бар шығар-шықпас, жатыр өлмей,

Сөйлеуге қалған екен тілі келмей.
Жөнелді атқа мініп, алдына алып,
Шатырға жеткізді оны көп бөгелмей.
Байқады қыз екенін ай мен күндей,

Шаштары құбылады тоты жүндей.
Әлденіп, есін жиып, тамақтанып,
Нұрланып ашылды өңі қызыл гүлдей.
Жиналды барлық әскер, батырлары,

Ұлы ду, абыр-сабыр шатырлары.
Қыз сөйлеп әңгімесін жылағанда,
Есіркеп бірге жылап жатыр бәрі.
Шаһзада қызға киім киіндірді,

Бір жалын жанын өртеп күйіндірді.
Құрметтеп Нәзігүлді жақсы күтіп,
«Жарым» деп жас жүректі сүйіндірді.
Түрленіп, қан жүгіріп шырайына,

Нәзігүл қылды тәубе Құдайына.
Бағдатқа күн-түн демей келіп жетті,
Неше күн тынбай жүріп ұдайына.

хикаялық  дастандар
Алып кеп халифаға мәлімдеді:
«Қаңғыртқан Ешен молда-залым» деді.
Қуанып халифа да қызды көріп:

«Мүбәрак болсын, балам, жарың!» деді.
Ғайыптан іздегені табылғаны,
Осындай бір қыз еді сабылғаны.
Қыздан кеп ризалық сұрап еді,

Ол сөзін шаһзаданың қабылдады.
Той қылып жеті уәли елін жиып,
Бағдатқа жиылған ел әрең сыйып.
Қырық күн той-тамаша тараған соң,

Қосыпты қыз-жігітті неке қиып.
Қосылды Нәзігүлдің көңілі тасып,
Ішінен жалын шықты, мауқын басып.
Тілегі орындалып, теңін тапты,

Нұрланды толған айдай сәуле шашып.
Көрмесе бірін-бірі тұра алмаған,
Мақұл боп жар тілегін кім алмаған.
Қойғызды шаһзадаға аң қарауды,

Майысып Нәзи сұлу бұраңдаған.
Тілегі Нәзігүлдің орындалды,
Білмейді бұрынғыдай қорынғанды.
Болғанда жыл уағы күндер өтіп,

Жас келін жүкті болған порымдалды.
Босанды аман-есен бір ұл тауып,
Қыз еді әйел болды бетті жауып.
Ат қойды Ғайыпбек деп баласына,

Жамбы атып, тойын жасап, бәйге шауып.
Көңілдер көтерілді аспанға ұшып,
Махаббат толқынының суын ішіп.
Жылады сұлу Нәзи бір күн кеште,

Әкесі, Зиядасы еске түсіп.

нәзігүл
Шаһзада сырттан келсе жылап отыр,
Көл қылып көздің жасын бұлап отыр.
Айтпайды сырын ашып, бетін басып,

Шаһзада:—Не болды?—деп сұрап отыр.

—Көңілге қашан қаяу салғаным бар,

Ренжіп маған қашан қалғаның бар.
Болса да не мақсатың орындаймын,
Жасырмай айтшы, қандай арманың бар?

—Шаһзада, ақыреттік досым едің,

Жолдас бол ғайыптан бас қосып едің.
Айтпайсың ел-жұртыңды көріп кел деп,
Неше жыл сабыр етіп тосып едім.
Бар ма екен аман, тірі жазған әкем,

Өзіне-өзі шұңқыр қазған әкем.
Алданып ақ көңілді ниетімен,
Тіліне әзәзілдің азған әкем.
Бар еді бірге туған жалғыз ағам,

Тапшы еді алды-артында етек, жағам.
Бір көрсем осыларды арманым жоқ,
Сол үшін мұңым шағып айтам саған.
Басқа бөрік, мойныма жағам еді,

Тасырқатпас табанды тағам еді.
Жейдемді тауық сойып, қанға малып,
Жіберген мені тірі ағам еді.
Жүрсем аяқ, сермесем білегім сол,

Жан, қолқа, денемдегі жүрегім сол.
Бір көрсет тіршілікте досым болсаң,
Сұрайтын менің сенен тілегім сол.

—Осы ма бар тілегің,—деді,—жаным,

Бір қасық керек десең даяр қаным.
Көріп кел ел-жұртыңды жіберейін,
Алайық рұқсатын халифаның.

хикаялық  дастандар
Шаһзада халифаға айтты барып:

—Рұқсат сұрайды,—деп,—балаң ғаріп.

Келінін өте жақсы көруші еді,
«Барсын» деп, жауап берді ашып-жарып.

—Баланың барып шөлі қансын,—деді,

Қасына қырық әскер алсын,—деді.
Жайлап бер керек-жарақ, мінер атын,
Бірі еріп уәзірдің барсын,—деді.
Бар еді бір уәзір Қаһар атты,

Жан еді арам пейіл, діні қатты.

—Сол бас боп қырық әскермен ертіп барсын,

Мұнда қал,—деді—өзің шаһизатты.
Аттанды қолбасшы боп Қаһар батыр,
Жүк алды азық-түлік артып шатыр.
Бір жасар Нәзігүлдің баласы бар,

Мысырға шеру тартып келе жатыр.
Бұл Қаһар һәм уәзір, әскербасы,
Қырыққа осы кезде келген жасы.
Сыртынан Нәзігүлге ғашық болып,

Тарамай жүруші еді ішкен асы.
«Болды,—деп келе жатыр,—жолым енді,
Жетті деп сілтегенге қолым енді.
Барады көнбей қайда жалғыз әйел,

Билігі менде ғой,—деп,—оның енді».
Бір күні мезгіл еді дәл күн батар,
Шатырын су бойына тікті қатар.
Үстіне Нәзігүлдің кіріп келді,

Төсекке мезгілінде енді жатар.
Кіргенге баса көктеп қайран болды,
Көрмеген бұдан бұрын мұндай жолды.
Арманын, ғашықтығын түгел айтып,

Мойнына Нәзігүлдің салды қолды.

нәзігүл
Нәзігүл «тәртіпсіз» деп қолын қақты,
Әр түрлі сөгіс беріп, ұрсып бақты.
«Халифа осыған да мансап беріп,

Адам деп жүрген екен ақымақты».

—Көріп пе ең өзің мені биыл,—деді,

Екінші бұл ниеттен тыйыл,—деді.
Халифа, шаһизада сезсе бұны,
Болады жан бағуың қиын,—деді.
Қайтарды осыны айтып осы түні,

Қиқаңдап келе берді әрбір күні.
Кеш болса таң атқанша ұйқы бермей,
Білмеді не қыларын енді мұны.

—Болар,—деп,—намахрам зарлап бақты,

Әр жолын шариғаттың талдап бақты.
Бір жазым қара ниет қыла ма деп,
Кейін деп әне-міне алдап бақты.
Намыс қып Нәзи назар салмағанын,

Арман қып қойынына алмағанын.
Уәзір күш қылуға айналды енді,
Білген соң айламенен алдағанын.
Кешірім қылар емес жүзін аяп,

Соғысатын түрі бар аянбай-ақ.
Әне-міне деуменен көп күн өтті,
Жақындап Мысырға да қалды таяп.
Уәзір бір күн түнде келді жетіп,

Қолына алған қылыш дірілдетіп.
Орнынан Нәзи сонда қарғып тұрды,
«Бір жазым қыла ма» деп, шошып кетіп.

—Бола ма, болмай ма,—деп тісін қайрап,

Құтырған аш қасқырдай көзі жайнап.

—Немене күнде-күнде алдай бердің?—

Дейді ол ашуланып, іші қайнап.

хикаялық  дастандар
Не дауа мұндай мылқау алапеске,

—Алам,—деп жолға салды,—ертең кеште.

Қайткенде құтылады ертең бұдан,
Түсірді амал-айла, закон еске.
Нәзігүл ары ойлады, бері ойлады,
Қайтсе де құтылуға еп ойлады.

«Тартайын екі араға Ғайыпбекті,
Баланы аяйды ғой» деп ойлады.
«Қайтсем де арамдыққа былғанбайын,
Аллаға болсын аян тұрған жайым.

Аз күндік дүниенің алдауымен,
Нәпсі үшін иманымнан құр қалмайын.
Болмайын екі мінез, екіжүзді,
Көреді Алла қалыс өзі бізді.

Бәрі де мақшар күні мәлім болар,
Жаппайын арамдықпен адал ізді.
Бар Құдай, өзіңе аян қылған ісім,
Шаһзада екі әлемде сүйген кісім.

Ажалдан алып қалған хақ досым сол,
Табайын тағы шара көрсем қысым.
Бұл жалған баста тұрмас, өтер кетіп,
Өлсем де оқасы жоқ арлы өтіп».

Осылай бекітті ойын тиянақтап,
Уәзір тағы кеште келді жетіп.

—Жоқ шығар сылтау айтар енді сөзің,

Дәл бүгін уәделі келді кезің.

—Уәзір, айтарым бар,—деді Нәзи,

Осыны тыңдап көрші әуелі өзің.
Түсіп бір ойлаңызшы сабаңызға,
Кем емес басқалардан бағыңыз да.
Ғайыпбек емшек еміп жүрген еді,

Жатса егер күнә болар арамызда.

нәзігүл
Бұл істі ретіне келтіруге,
Берейін мұны апарып төркініме.
Уақыт онан соң да бар емес пе,

Екеуміз кетсек дағы жер түбіне.
Баланы Қаһар сонда жұлып алды,
Қысып ап қолтығына кетіп қалды.
Имансыз, рақымсыз, ұждансыз ит,

Басын кесіп шұңқырға тыға салды.
Қайтып келді:—Бұл істі бітірдім,—деп,
Баладан күнә болар құтылдың,—деп.
Нәзігүл еңіреуде жасын тыймай,

«Қан ішіп, қара ниет, құтырдың» деп.
«Не шартың бар?» деп тағы келіп отыр,
Бар ниетін әйелге бөліп отыр.
Орындап бар арманын—құшақтауға,

Шұбырып сілекейі өліп отыр.

—Уәзір, бүгінше тұр таза,—деді,

Келтірдің жас сәбиге қаза,—деді.
Өзің ойла Құдайға жөн бола ма,
Қылмасам бір күн дұға, аза,—деді.
Уәзір амалсыздан:—Мақұл,—дейді,

Жарайды, ол айтқаның—ақыл,—дейді.
Бүгінше мауқын басып жылап ал сен,
Емес пе менікі ертең—ақыр,—дейді.
Нәзи жылап: «Арманда өтем бе,—деп,

Құтылатын бір айла етем бе,—деп.
Алдап жүріп ақыры әттең, дүние-ай,
Мысырдың шаһарына жетем бе,—деп.
Әрең ғана құтылдым екі күннен,

Айламен өттім аман талай түннен.
Зар жылады таусылып бар сылтауы,
Ақыл, айла алам деп енді кімнен».

хикаялық  дастандар
Алдауменен өткізді талай күнді,
Уәзір жүр бетке ұстап келер түнді.
Кешке жақын болғанда сумаң қағып,

Кіріп келді есіктен Қаһар жынды.

—Бірнеше күн балаңа қылдың аза,

Сабыр, тағат қалмай тұр, менде маза.
Деді Нәзи:—Төсекке сен жата тұр,
Мен шомылып келейін болып таза.
Мамық төсек үстіне жатты Қаһар,

Өз ойында қызыққа батты Қаһар.
«Нәзи қашан төсекке жатады» деп,
Телміріп есікке көз сатты Қаһар.
Құман алып Нәзігүл шығып кетті,

Қолтығына аз тамақ тығып кетті.
«Қаңғып жүріп өлейін, былғанбайын»
Деп, жөнелді құбылаға бұрып бетті.
Келе жатыр, түн іші, жаяу қашып,

Ат-көлігін артына тастап, сасып.
Үйде қалған Қаһардан сөз қозғалық,
Жүре тұрсын Нәзігүл арып-ашып.
Есікке көзін тігіп Қаһар жатты,

Тықыршып шыдамайды, дерті қатты.
Келмеген соң іздеді, таба алмады,
Бір мезгілде күн шығып, таң да атты.
Кеткенін Нәзи қашып сезінді енді,

«Айырылған,—деді,—кесел өзімде енді».
Қорқып жүр ес таба алмай дойыр Қаһар,
Бұл істің соғатынын өзіне білді.
Жан таппай сабыр кетіп, қатты састы,

Іздетті әскерлерге ішпей асты.
«Түнде басып бұлаңшы әкетті» деп,
Айту үшін бәрі де бел байласты.

нәзігүл
Осыны айтып Бағдатқа бұлар барсын,
«Айырылдық» деп, сұлудан хабар салсын.
Нәзігүлдің сөйлейік не болғанын,

Қаһар барып үйіне демін алсын.
Сорлы әйел келе жатыр дамыл алмай,
Жалтақтап алды-артына жаны қалмай.
«Бір жетсем ел шетіне аман-есен,

Бағдатқа жатпаспын,—деп,—хабар салмай».
Не өлейін, не еңбек жансын,—дейді,
Өлсем де ниетім пәк қалсын,—дейді.
Ей, Алла, өзіңе аян барлық ісім,

Рабби, өзің қалыс барсың,—дейді.
Қайғырып кетірмейін сабырымды,
Шығардың жас басымнан дабырыңды.
Жаратқан жанға салып ауыр жара,

Көрсеттің маған талай жәбіріңді.
Шын иман әуелде, Алла, салған десем,
Ақ сөйлеу Пайғамбардан қалған десем.
Азапқа мені қалай салдың мұнша,

Қорқамын аятыңды жалған десем.
Жылады осыны айтып, ағызып қан,
Басуға келмей қалды аяқ пен сан.
Еңбектеп бір күн кеште келе жатса,

Қарайған көзге түсті, бірталай жан.
Жүруге халі келмей өзін қыстап,
Білмейді жолды әйтеу жүрді тұстап.
Бейне бір көгендеулі көк лақтай,

Қарақшы жүрген жортып әкетті ұстап.
Қуанды қарақшылар жүзін көріп,
Алып кеп әлдендірді тамақ беріп.
Қызғанып бір-бірінен «мен алам» деп,

Оңаша бір қораға түсті келіп.

хикаялық  дастандар
Көп екен жиғандары елден талап,
Таңырқап бұлар отыр қызға қарап.
Жиылып бас-аяғы болғаннан соң,

Ет асып, ішті келіп арақ-шарап.
Қызға да арақ берді:—Ішіңіз,—деп,
Кіреді арақ ішсең күшіңіз,—деп.
Қалайсың қайсымызды, өзің таңда,

Бар болса мұнда сүйер кісіңіз,—деп.
Қыз айтты:—Бәріңізді де сүйем,—деді,
Ойласам өткен істі күйем,—деді.
Көп ішсең әрі оған мас болмасаң,

Мен, әне, сол жігітке тием,—деді.

—Жарайды, жауабыңыз кетті сыйып,

Тоқтайық айтқаныңа сүттей ұйып.
Біреу артық, біреулер кем ішпесін,
Беріңіз қолыңызбен қалыс құйып.
Қыз тұрды «көрейін,—деп,—күшіңді енді,

Оп-оңай бітірейін ісіңді енді».
Толтырып шыныларға арақ құйып,
Майысып тал шыбықтай ұсынды енді.
«Озам» деп бір-бірінен сілтеп ішті,

Қызуы қыз шіркіннің қандай күшті.
Болғанда түн ортасы қылжың қағып,
Біреу емес, бәрі де мұрттай ұшты.
Нәзігүл, міне, осылай жайғастырды,

Келтіріп қисынына қиын істі.
Қосарлап бір жүйрікті, бірін мініп,
Шықты да аман-есен жолға түсті.
Ешқандай дақ түсірмей етіне енді,

Тағы алды құбыланы бетіне енді.
Жүргенде дем алмастан бір күн жарым,
Мысырдың келіп жетті шетіне енді.

нәзігүл
Жасынан түзде жүріп ысылды енді,
Таныды сырт жағынан Мысырды енді.
«Ұқса егер Ешен тағы өлтірер» деп,

Біле алмай не қыларын қысылды енді.
Әр түрлі айламенен еп ойлады.
«Біреуден жөн сұрайын,—деп ойлады.
Көргенде танымастай өзгерейін»

Деді де, сол қиялды көп ойлады.
«Құтылдым не пәледен жан шығарда,
Жақсылық тағы көрер бар шығар да».
«Саудагер сырттан келген адаммын» деп,

Келді де жөн сұрады малшыларға.

—Білмес жердің көп болар ойы,—дейді,

Алда болар көп істің тойы,—дейді.
Мысырдың уәлиі Махмұтты,
Білемісің, бұл соның қойы,—дейді.

—Өтіпсің қойшылықпен бала жастан,

Айтайын кеңесім бар құлақ ассаң.
Қойыңды мен жаяйын, еліңді тап,
Екі атты берсем, мініп елге қайтсаң.
Қуанды «жарайды» деп қойшы ғаріп,

Неше жыл малайлықпен жүрген арып.
Қағазға бәрін сұрап жазып алды,
«Не жұмыс істейсің,—деп,—кешке барып».
Қойшыға өз киімін киіндірді,

Тастай ғып етек-жеңін түйіндірді.
Мінгізіп атын беріп, жолға салып,
Қуантып Құдайына сыйындырды.
Қойшының бар киімін алды киіп,

Әкелді кешке таман малды жиып.
Таңертең ерте кетіп, кеш келеді,
Сіңісіп бірте-бірте алды сыйып.

хикаялық  дастандар
Аумалы-төкпелі бұл заман екен,
Айласы қыз шіркіннің жаман екен.
Әкесі Қасым да бар, Ешен де бар,

Сәлемет Зияда да аман екен.
Көрсе де танымады олар қызды,
Жасырын неше жылап, көңілін бұзды.
Кетеді кегі қайнап көрген сайын,

Баяғы Ешен бұзық, имансызды.
«Аһ» дейді арманда боп қаны қайнап,
Туған жер, өскен дала тұрған сайрап.
Бағдатта халифадан сөз сөйлейік,

Нәзігүл жүре тұрсын бармақ шайнап.
Алақтап Қаһар барған өңі қашып,
Шошынып, зәресі ұшып, асып-сасып:
«Айрылдық бірнеше ат пен Нәзігүлден,

Қарақшы әкетті,—деп,—түнде басып».
Қайғырды халифа мен ер шаһизат,
Әр жерге адам іздеп шаптырды ат.
«Жауды ұстап, келінімді әкелсін» деп,

Жұртына жеті уәли таратты хат.
«Теңгедей тесік қоймай тазаласын,
Ұстап ап бұлаңшыны жазаласын.
Келтірсін келінімді алдыма аман,

Біреудің былғамасын таза басын.
Адамды ұстап берген оңалтамын,
Көтеріп мансап беріп, қол артамын.
Залымын ішіндегі таба алмаса,

Жазалап жеті уәлиді жоғалтамын.
Халықты табылады қатты қысса,
Өледі жасырғандар сөзді ұқпаса.
Жүрмесін кейін маған өкпе қылып,

Жоқ деген өз жұртынан жендет шықса».

нәзігүл
Халқына осыны айтып салды дүрмек,
Тыныштық енді қайтып дәурен сүрмек.
Ертіп ап жүз әскермен шаһзаданы,

Мысырға халифа өзі болды жүрмек.
Хат жазды әр шаһарға «ойлансын,—деп,
Іздесін, қырын-пырын болмасын,—деп.
Кісіні бұлап алған тез ұстасын,

Кетсе де жерге кіріп қоймасын»,—деп.
Осындай жарлық жазып әмір етті,
Әр жерге әскерлер мен жоқшы кетті.
Халифа жүз әскермен тынбай жүріп,

Мысырға неше күнде келіп жетті.
Жолықпақ уәли менен молдасына,
Деп қойған «сыр сақтаңдар» жолдасына.
Қасында әскербасы Қаһар да бар,

Махмұттың келіп түсті ордасына.
Айбынмен үлкен патша жүргеннен соң,
Уәли құрақ ұшты кіргеннен соң.
Жиылды бай мен манап, Ешен молда,

Келгенін халифаның білгеннен соң.
Уәли күтуші боп басында жүр,
Жиені Зиядасы қасында жүр.
Мейманын атасының күтіспекке,

Жорғалаған құрдай боп Қасым да жүр.
Халифа:—Саяхатпен келдім,—дейді,
Білуге амандығын елдің,—дейді.
Жолығып үлкен-кіші қауыметке,

Кетуге көңілімді бөлдім,—дейді.
Бұл кезде Нәзи жүрді қойын бағып,
Жалбарып Жаратқанға, көз жасы ағып.
Кеш болса ертек айтып, күндіз малда,

Алыпты уәлиге әбден жағып.

хикаялық  дастандар
Қой келді қорасына кеш кірген соң,
Келеді мехнатпен ес білген соң.
Қуанды есі шыға Нәзи сорлы,

Келгенін халифаның естіген соң.
«Ойлап ем шыққан күнім бата ма,—деп,
Шаһзада шын іздемей жата ма,—деп.
Зұлжалал тілегімді қабыл қылып,

Тағы да таң жарқырап ата ма» деп.
Көз жасы ақты оның көлдей жосып,
Сабырлық қылды істің артын тосып.
Кеш болып, тамақтан соң отырысты,

Барлығы меймандармен басын қосып.
Халифа баласы мен Қаһар залым,
Махмұт, Қасым, Ешен жұртқа мәлім.
Не шешен, не білгірлер түгел келіп,

Шығарысып жатыпты іште барын.
Халифа айтты:—Бос сөзді тастаңдар,—деп,
Өтірікке өлсең де баспаңдар,—деп.
Не көрген, не естіген әңгімеден,

Қызықты бір хикая бастаңдар,—деп.
Әрбірі әрбір түрлі айтты кеңес,
Сөйтсе де сүйінерлік қызықты емес.
Махмұт айтты сонда:—Бір қойшым бар,

Ол сөйлесе, еш адам бұрыс демес.
Күндіз-түн жайлы малға бақтырсаңыз,
Жұмбақшыл нелерді айтып таптырсаңыз.
Болса да өзі жаман, сөзі дәмді,

Халифа, алдырайын жақтырсаңыз.
Халифа:—Алдыр—деді,—малайыңды,
Қандайлық біз білмейміз талайыңды.
Кімнің сөзі жарамды, кім жарамсыз,

Қанеки, ашшы бәрің сарайыңды.

нәзігүл

—Жарайды,—деп алдырды, келді қойшы,

Орда толып отырған өңкей тойшы.
Жүгініп кеп отырды:—Не айтам,—деп,—
Емес едім, алдияр, мен бір ойшы.
Мүлде өзгеріп шаш түйіп, киген тымақ,

Сөз бастады әдеппен бағып сынап:

—Көргенімді айтам ба, естігенді,

Қалар екен қайсысы сіздерге ұнап.

—Жақтырамын талдауды бергеніңді,

Шақырғанда тартынбай келгеніңді.
Естігеннің көп болар өтірігі,
Сөйле,—деді халифа,—көргеніңді.

—Болды сенің, тақсырым, алтын,—деді,

Естіп болып сынарсыз артын,—деді.
Орындасаң айтамын әуел, тақсыр,
Қоятын бар үш түрлі шартым,—деді.

—Айт, әуелі шартыңды, балам,—деді,

Инабатқа сөзіңді алам,—деді.
Жағар болса көңілге айтқан сөзің,
Әзір жөндеп ізіне салам,—деді.

—Құлдық!—деді Нәзігүл қусырып қол,

Ерік беріп, сөйле деп аштыңыз жол.
Бірінші шарт—айтқан сөз түгегенше,
Ешкім сыртқа шықпасын, сіз ие бол.
Бір адамға рұқсат қылынбасын,

Шала қалып хикая бұзылмасын.
Екінші шарт—біткенше сөздің соңы,
Жеңілдік қып біреулер қызынбасын.
Әділ сөзді тыңдайды халық сүйе,

Үшінші шарт—жақпайық аққа күйе.
Болғаны рас ақиқат сөзді айтамын,
Осы шартқа болыңыз, тақсыр, ие.

хикаялық  дастандар

—Жағыспалық, жарайды, күйе,—деді,

Қойшы екенсің білетін жүйе,—деді.
Бұл шартыңның бәрін де орындайын,
Ал сөйлей бер, мен өзім ие,—деді.

—Халыққа дүние неше толған екен,

Шайқалып талай көлдер солған екен.
Жүргенде толып-солып неше өзгеріп,
Бір шаһарда бір уәли болған екен.
Алдынан талай жұмыс тарайды екен,

Турашыл, әрбір іске жарайды екен.
Осындай жеті бірдей уәлидің,
Үстінен бір халифа қарайды екен.
Бірінің үш қызы бар, ұлдары жас,

Кісі екен ойламайтын ешкімге қас.
Аздырған шариғатты адам болса,
Аямай атады екен аузына тас.
Үш қызын бір күндері сынайды екен,

Бір мысал сұрақты ойдан құрайды екен.
«Ерден бе, тұрмыс түзеу әйелден бе,
Осыны шешіңдер» деп сұрайды екен.
Үлкен қыз, ортаншы қыз «ерден» депті,

Жақтырмай кіші қызы кердеңдепті.
«Жақсы еркек қор әйелді түзей алмас,
Берсе де алтын тауып жерден» депті.
Жақсы әйел жаман ерді бағар,—депті,

Жүн түтіп, тоқыса да дағар,—депті.
Ері жақсы, әйелі жаман болса,
Құралмай дүние селдей ағарң,—депті.
Уәли кіші қызын «қата—депті,

Таласып, алма теріс бата»,—депті.
Кіші қыз «уәли боп соны білмей,
Адамсың ақылың аз, ата»—депті.

нәзігүл
Уәли жеңілген соң сөзден жасып,
Тоқталып қалған екен тісін басып.
«Алдыңа келтірермін бір күні» деп,

Жауабын жүреді екен айтпай ашып.
Беріпті екі қызын екі байға,
Сән түзеп салтанатпен тұрар жайға.
Беріпті кіші қызын бір жетімге,

Әкенің тілін алмай кету қайда.
«Көңіліне айтқан сөзін салсын депті,
Тұрмысын өзі түзеп алсын депті.
Түзетіп жаман ерді ала алмаса,

Арманда тілін шайнап қалсын»—депті.
Беріпті ыдыс-аяқ, шәйнек, шыны,
Жасаусыз семьяның кірмей сыны.
Көрпе, жастық, қазаннан басқа түк жоқ,

Түсіпті осы күйге қыздың күні.
Бір ауыз үй беріпті тынысы тар,
Әдейлеп «ақылды қыз болсын,—деп,—қар».
Қыз байқұс кесте тігіп күнелтіпті,

Болмай ма ғаріптерге Жаратқан жар.
Жайнамаз, жаулық тігіп сатқан екен,
Сонымен күн кешіріп жатқан екен.
Саудасы күннен күнге күсет болып,

Дүниеге бел бөкседен батқан екен.
Екі қыз екі мырза байлары бар,
Салдырған бір-ақ жерден жайлары бар.
Білмепті кіші қыздың халін сұрап,

Шекер, қант, ішетін шайлары бар.
Екі қыз жүрген кезде әбден шалқып,
Толықсып қорғасындай бойы балқып.
Кетіпті французға күйеулері,

Жүргізіп бар саудасын керуен тартып.

хикаялық  дастандар
Әкеткен артық ақша үйге қоймай,
Дүниені кетті қуып ойлай-ойлай.
Саудаға қыза-қыза үш жыл жатты,

Байлыққа батқан сайын көзі тоймай.
Қырықтай ертіп алған бар екен құл,
Оларды қысып ұстап бермепті пұл.
Тізесін батырыпты малайларға,

Зорлықпен ұрып, сабап, тигізіп тіл.
Жатқанда елге келе, қайта басып,
Шаршаған байқұс құлдар арып-ашып.
Алып ап алтын, күміс дүниесін,

Кетіпті Африка жаққа қашып.
Қос мырза матап мінген сәйгүлікті,
Бір күнде-ақ дүниесінен айырылыпты.
Бара алмай ел-жұртына қарабет боп,

Талай таң бас қатырып қайғырыпты.
Қалыпты ие болып бір-бір атқа,
Бұл сырын айта алмапты жақын-жатқа.
Көрінген саудагерге малай болып,

Барыпты екеуі де Бағдатқа.
Елінде ханымдары қалған дейді,
Тамаша сауық-сайран салған дейді.
Екеуі екі бойдақ жігіт тауып,

Әншейін әуейі боп алған дейді.
Жоғалтып дүниенің бәрін шашып,
Аранын алған нәпсі әбден ашып.
Келмес деп ерлерінен күдер үзіп,

Кетіпті жігіттермен олар қашып.
Уәли қыздарынан көңілі суып,
Ашуланып, қайратқа белді буып.
Баяғы кіші қыздың жаман ері,

Ұстапты Бағдатқа барып қуып.

нәзігүл
Бажасын қашқындармен жиыстырып,
Қиюын бұл жұмыстың қиыстырып,
Алып кеп уәлиге тапсырыпты,

Жөн көрсетіп, ақылға сыйыстырып.
Кетіпті бұл жұмыстың артын жауып,
Жұртына ойлатқызбай ешбір қауіп.
«Күйеуін қыздар іздеп барыпты» деп,

Халықты сендіріпті ақыл тауып.
Әкелген жетім күйеу бәрін жиып,
Көңіліне еткен ісі әбден сыйып.
Уәли кіші қызын құрметтепті,

«Айтқаның шын болды,—деп, жанын қиып».
Сол кезде Махмұт уәли:—Әдеп—деді,
Далаға барам, қысты дәрет,—деді.

—Баланың шартын әсте бұзбайсың!—деп,

Халифа жіберуге ұнамады.

—Онан соң жетім күйеу болыпты бай,

Еш нәрсе кемшіліксіз, дүние сай.
Бажасын қасына алып дүкен беріп,
Қылыпты олардың да көңілін жай.
Осындай қызық дәурен сүрген кезде,

Үш бажа берекеге кірген кезде,
Кіші қыз бір ұл, бір қыз егіз тапты,
Болмапты кейін бала бұдан өзге.
Оқыпты екі бала он жасында,

Неше жыл тағылым алды молдасында.
Келгенде он үш жасқа анасы өліп,
Қалыпты қайғы-қасірет сор басында.
Жетім қап уәлиден екі жиен,

Кетіпті байғұстардан күлкі, күй, өң.
Анасы анасының ол да өлген,
Әйелсіз екі үй де қалыпты иен.

хикаялық  дастандар
Бұйрыққа тоқтайтын бұл жалған екен,
Уәли тағы да әйел алған екен.
Жиен деп жетімдерге қарамапты,

Неше рет «апатайлап» барған екен.
Бағдатқа жүрмек бопты әкелері,
Өзіне мәлім жанның қателері.
Қоймады балаларын уәлиге,

Ықылас болмаған соң баталары.
Қараушы қорасына малай қойып,
Мал берді, киім-кешек, жейтін сойып.
Сауда қып, ұлын ертіп, әйел іздеп,

Қайғының кетіпті әке бәрін жойып.
Әкенің ерткен бала жолдасы бар,
Әйел алса талабы сонда ашылар.
Балалардың ұстазы һәм хазірет,

Ешен дейтін сыйынған молдасы бар.
Көзін жұмса Ешенге ел нанушы еді,
Сөзін естіп шөлдері қанушы еді.
Пайғамбардай пір тұтып, құрметпенен

Барлық халқы қаланың танушы еді.
Аралаған кісі еді елу жасты,
Молдалығы десетін жұрттан асты.
Қызын соған аманат қою үшін,

Әкесі кеп молдамен ақылдасты.

—Сіздің үйде бір-екі ай тұрсын,—депті,

Қыздың күні шешесіз құрысын,—депті.
Жетерліктей берейін расходын,
Оқысын һәм қызмет қылсын,—депті.
Бекітіпті өз үйін құлып салып,

Бір үйлі жан қараушы қалды бағып.
Барлық үйдің кілтін қызға беріп,
Бағдатқа кетті ұлын қасына алып.

нәзігүл
Бағдатқа кеткендер барып тұрсын,
Іздегені табылса алып тұрсын.
Қалған қыздан, Ешеннен сөз бастайық,

Ел құлағын зерікпей салып тұрсын.
Дегенде қозғалды Ешен қарғып тұра,
Шаһзада ұшып тұрды қылыш ала:
«Сыртқа шықсаң айтқан шарт бұзылады,

Болмайды,—деп,—тастауға сөзді шала».
Хикаясын қойшы айтып кезіп отыр,
Шаһизада, халифа сезіп отыр.
Махмұт, Қасым, Зияда аң-таң қалып,

Ешен жауыз жанынан безіп отыр.

—Қолында қыз Ешеннің тұрды,—дейді,

Асқан сұлу, келбетті, нұрлы,—дейді.
Шәкіртіне хазірет ғашық болып,
Құдай сөйтіп Ешенді ұрды,—дейді.
Сөз айтуға таба алмай істің жөнін,

Біле алмай есі кетіп оң мен солын.
Дәрет суын бір күні әкеп тұрса,
Қызды беттен сүйіпті ұстап қолын.
Қыз жұлқынып Құдайға қылды зарды,

Имансыз жан білмейді ұят, арды.
Жұлып алып құманды қыз бейшара
Бір-ақ қойып Ешеннің басын жарды.
Ешен талып сонымен қалған екен,

Өз үйіне қыз жылап барған екен.
Күндіз-түні үйінен шықпай жатып,
Қайғы-зарын еңіреп салған екен.
Тісін қайрап жатыпты залым Ешен,

Мәлім болар бұл сөзім жалған десең.
Бірер айда әкесі ұлыменен
Қайтып кепті еліне аман-есен.

хикаялық  дастандар
«Бұрын сәлем Ешенге берейін,—деп,
Ұрпағыма байқайын мерейін» деп.
Қорасына молданың келген екен,

Жалғыз қызын сағынтқан көрейін деп.
Орнынан сонда Ешен тұрыпты ыршып,
Әке ойлайды «болды,—деп,—қандай қырсық?»
«Жалап қызды сен маған бақтырдың» деп,

Әкесіне зіркілдеп кетіпті ұрсып.
«Ойнасына жалап қыз барды,—депті,
Жойды ұят, нысапты, арды,—депті.
Іздеп барып бұзықты ұстағанда,

Жабыла ұрып басымды жарды,—депті.
Астан-кестең үйімде салды топыр,
Қыла жаздап ойнасы мені соқыр.
Мені өлтір, не болмаса қызды жоғалт»

Деп, Ешен ашуланып жылап отыр.
Ұшыпты әкесінің иманы енді,
Қалғандай селге кетіп жиғаны енді.
Ашумен өз ұлына бұйырыпты:

—Өлтір,—деп,—барып қызды жылдам енді.

Көрсетпей өлтір,—депті,—дереу барып,
Қарасын өшір,—депті,—көме салып.
Ешенді разы етіп батасын ал,
Көйлегін әкел,—депті,—қанға малып.

Амалсыз ұлы барған, қатты жарлық,
Қыз танып ұмтылыпты бір-ақ қарғып.
Қан жылап ағасымен көрісіпті,
Көргенін бастан-аяқ айтып, зар қып.

Ағасы бастан-аяқ ұқты жайды,
Адасып ақылынан естен тайды.
«Кетейік екеуміз де» дейді еңіреп,
«Сен қал» деп зар-зар қағып қыз болмайды.

нәзігүл
Жөнелтіп қарындасын жолға салды,
Ол байқұс көтергенше азық алды.
Ағасы бір тауықты сойды дағы,

Көйлегін қыздың қызыл қанға малды.
Барды да «өлтірдім,—деп қылды мәлім,
Жетті деп әлсіз қызға қаптал әлім».
Әкесі «перзентім» деп іштен жанып,

Мұртынан күлген екен Ешен залым.
Қозғалды осы кезде Қасым енді,
Тия алмай Зияда отыр жасын енді.
Кетпек боп Ешен тағы тұрып еді,

Халифа қойды тағы тосып енді.

—Арада неше заман өткен кезде,

Әлсіреп қыз өлуге жеткен кезде.
Құдайым бір жақсылық кез қылыпты,
Бойынан қуат-қайрат кеткен кезде.
Баласы бір халифаның серуен салып,

Жүріпті аң қуалап, құсын алып.
Дауысын ыңыранған естіп қыздың,
Ішінен қалың ағаш алған тауып.
Жүрегі шаһзаданың қайнады енді,

Көздері арыстандай жайнады енді.
Ешен, Қасым, Қаһардың есі шығып,
Бармағын өкініштен шайнады енді.

—Баласы халифаның қызды көріп,

Нұрына ғашық болып, көңіл бөліп.
Тойын жасап қырық күн, қызды алыпты,
Әкесінің қасына алып келіп.
Рахатты ол байқұс ақыр көрді,

Тапқаннан соң сайма-сай асыл ерді.
Қыз бейшара жүкті боп төсекпенен,
Ай мен күндей Құдайым бір ұл берді.

хикаялық  дастандар
Қыз бейшара нұрланды күннен-күнге,
Жақсы көріп падиша кетті мүлде.
«Атам менен елімді, жан ағамды,

Сағындым» деп жылапты бір күн түнде.
«Жылама» деп, күйеуі айтыпты ақыл,
Денсаулықтан айырылып қалма қапыл.
Халифаға баласы айтқан екен,

Тілек бұзбай халифа көрді мақұл.
«Қырық әскер қасына алсын депті,
Бір уәзір, бас болып барсын депті.
Ел-жұртын сағынса көріп келсін,

Азық-түлік мол қылып салсын» депті.
Бір уәзір, қырық әскер берген қосып,
Шыққан екен сапарға бәрі жосып.
Сөз сөйлейік қыз бенен уәзірден,

Тыңда мұны, жамағат, сөзді тосып.
Сонда Қаһар түршікті, жүрек білді,
«Сыртқа шығып келсем» деп тілек қылды.
Ашулана орнынан түрегеліп,

Қылыш алды шаһзада, білек түрді.

—Нашар түссе қолыңа нықтайсың,—деп,

Жетім зарын жылаған ұқпайсың,—деп.
Қыл мойныңнан тырп етсең кесіп алам,
Сөз біткенше бір адам шықпайсың,—деп.
Асықпай қойшы сөйлеп созып отыр,

Дүниеден Ешен, Қаһар безіп отыр.
Жүрегі айтқан сайын оттай күйіп,
Халифа, Қасым, Зияш сезіп отыр.

—Уәзір айтқан екен армандарын,

Ғашық боп әлгі әйелге жанған жанын.
Депті әйел «Басқа жанға көз салмаймын,
Өзімнің асыл, абзал, алған жарым».

нәзігүл
Сөйтсе де өңмең қағып келе берген,
Мазасын ұйықтатпай бөле берген.
«Көнбесең өлтіремін мен сені» деп,

Қылышын жалаңдатып, төне берген.
Қорықты пиғылынан бейшара қыз,
Рақымсыз уәзір, жүрегі мұз.
«Тілімді енді алмасаң өлесің» деп

Шошытты онан арман әлгі имансыз.
Кісі жоқ айтатұғын мұңын шағып,
Өзі бастық-қожайын жүрген бағып,
Бүгін, ертең дей түсіп, әне-міне,

Келе жатты айламен неше қағып.
Ойлайды ол бір ақыл табайын деп,
Лажын тауып былғанбай қалайын деп,
«Сәбидің жанын аяр, мұсылман ғой,

Баламды екі араға салайын» деп.
Сонымен деді енді «басыңды тарт,
Алмасаң тілімді егер обалыңды арт.
Бала бар емшектегі, сабыр сақта,

Әзірше саған осы қоярлық шарт».
Деген заман қылышын қолына алды,
Көтеріп жас баланы кетіп қалды.
Тайсалмай шырылдатып басын кесіп,

Апарып бір шұңқырға көме салды.
Қайтып келді баланы қылып қаза,
Пендеге мұнан артық болмас жаза.
Рұқсат алды әйел бала үшін—

«Қаралы тұтамын бір күн аза».
Ертеңі келді уәзір кеуде керіп,
Бейшара әйел састы оны көріп.
«Шомылайын далада тазаланып,—

Шығып кетті,—жатам,—деп—қайта келіп».

хикаялық  дастандар
Сол кеткеннен келмеді, қаша берді,
Адыр, қырқа, таулардан аса берді.
Уәзірдің білмейді не болғанын,

Алыс жолды жаяулап баса берді.
Қарақшылар бір жерде алды ұстап,
«Маған қатын бол» десіп қатты қыстап.
Жемтік көрген құмайдай өңмеңдесіп,

«Қайсымызды сүйесің» депті сұрап.
Айтыпты әйел «Бәріңді сүйемін деп,
Сүйген үшін бәріңе күйемін деп.
Кім көп ішсе арақты, мас болмастан,

Әне, соған әйел боп тиемін» деп.

—Ондай болса құйып бер қолыңыздан,

Біз құтқардық өлетін жолыңыздан.
Бірдей құйып, өлшеп бер, тексер және,
Жақсы ақыл жоқ екен соныңыздан.
Жалынды әйел ішінен жалғыз Хаққа,

Шыныларды толтырып ол құймақта.
Түн ортасы болғанда қылжаң қағып,
Әрбіреуі құлады әрбір жаққа.
Әйел таңдап қос тұлпар мінді дағы,

Қуа алмасын бұлардың білді дағы,
Аман-есен жетті ол туған жерге,
Тоқтамастан неше күн жүрді дағы.
Дертке айналған күйік пен іштегі арман,

Қалды жүзі сарғайып қайғы-зардан.
Шәрі шетіне келген соң тоқтады да,
Қой баққан жөн сұрады қойшылардан.
Қала ішіне асығып кірмепті тез,

Өз шаһарын көрген соң таниды көз.
Нағашысы уәли баста айтылған,
Қойшысына дәл соның келіпті кез.

нәзігүл
Қойшы айтты әйелге бәрі мәлім,
Ат, киімнің қойшыға берді бәрін.
Түсін мүлде өзгертіп, қойшы болды,

«Көрсе өлтіріп тастар,—деп,—Ешен залым».
Разы ғып қойшыны жолға салды,
Шаруасын істейтұғын жазып алды.
Жүріпті нағашысына қойшы болып,

Шаһизада, әкесі қайда қалды?
Әкесімен көреді бауырларын,
Қайғының тартып небір ауырларын.
Қойшыға сап-сап ешкім қарамайды,

Ол дағы білдірмейді сағынғанын.
Күндіз ол кетіп жүрді қойына еріп,
Қайтемін айта беріп жоқты теріп.
Түн болса отырады сорлы қойшы,

Уәлиге хикая айтып беріп.
Еліне қайта уәзір барса керек,
Айырылып аманаттан қалса керек.
«Бір түнде келініңнен айырылдық» деп,

Жалғанды қиыстырып алса керек.
Халифа өзі аттанып қаласынан,
Айырылған соң келіні баласынан.
Жер қалдырмай іздетіп жатқан шығар,

Бұл өлкенің тауы мен даласынан.
Ғаріп келін іс артын тосса керек,
Жасы қазір беттерін осса керек.
Әке, бала, уәзір, Ешен залым,

Басын бүгін халифа қосса керек.
Уәлидің жиналып ордасына,
Әңгіменің түсті бір қордасына.
Сөзім бітті, халифа, сіз шешіңіз,

Көрген адам осыны ол да осында.

хикаялық  дастандар
Дегенде халифаның ақты жасы,
Қаһарланып тік тұрып сақал-шашы.
Қолын сүйіп қойшының «шырағым» деп,

Иіліп зор қайғыдан кетті басы.
Қараса шаһизат та көзі жайнап,
Отырған арыстандай қаны қайнап.
Қолына қанжар алып тұр тықыршып,

Өте алмай халифадан сабыр әйлап.
Халифа отыр қойшының қолын сүйіп,
Елжіреді, еңіреп іші күйіп.

—Уәлидің үйіне шапшаң барып

Кел,—деді,—лайықты киім киіп.
Сейілді қыз қайғыдан есін жиып,
Төбесі қуанғаннан көкке тиіп.
Киініп ибаменен кіріп келді,

Сәлем ғып халифаға басын иіп.
Боздады Зияда мен Қасым ғаріп,
Бас салып құшақтады қызын барып.
Уәли бір жағында еңіреп жүр,

—Бұл сырды айтпаған,—деп,—маған нағып.

Айтпаса қайдан білем елді—деді,
Ауырып жиеніңіз өлді—деді.
Бұрыңғыға қайғырман, керегі жоқ,
Құдайым тілегімді берді,—деді.

Аллаға бүгін өлсем разымын,
Баламды тірі көзім көрді,—деді.
Уәзір, Ешен молла—екі бұзық,
Тіліне Әзәзілдің ерді,—деді.

Нәзігүл, шаһизада екі жұбай,
Кек алып шығарсын бір шерді,—деді.
Мүмінді жазалағын залымдардың
Кезегі жаза көрер келді,—деді.

нәзігүл
Әзәзілмен осындай имансыздар,
Аздырар түзу істен елді,—деді.
Халифа елді жиып ұқтырды істі,

Халықтың мұны естіген кегі қысты.
Бір-бірден қылмыстарын жариялап,
Мойнына залымдардың тұзақ түсті.
Ешеннің алдыменен тілін кесіп,

Бұйдалап жетеледі мұрнын тесіп.
Ойды да екі көзін қоя берді,
«Осылай азап тартып жүрсін» десіп.
Қаһардың қолын кесті, көзін ойып,

Үлгі етті елге осылай тірі сойып.
Көп ұзамай Ешен мен Қаһар өлді,
Жемтікке қарға, құзғын жатты тойып.
Халыққа жариялап жазды хатты,

Ұстап ап қарақшының бәрін атты.
Қасым мен Зиядаға құда болып,
Халифа бұл қалада бір ай жатты.
Адал кім, адалды алдап аздырған кім,

Жазықсыз жанға шұңқыр қаздырған кім?
Өктем күш, озбыр залым үкім сүріп,
Қамығып, қайғы жұтып, қаңғырған кім?

Шайтанға жолдан азып ерген қандай,
Мүмінге нақақ жаза берген қандай.
Адал мен айырыңдар арам ісін,
Түбінде ақиқатқа сенген қандай?

Фазылжан, тапсырмаңды ал, қолды жайып,
Солар да дүниеден болды ғайып.
Жылында мың тоғыз жүз қырық алтыншы
Жазып шықтым Таңжарық Жолдыбаев.

Мысырда бір үлкен бай болған екен,
Қазынасы алтын, күміс толған екен.
Төңірек төрт бұрышқа даңқы шығып,
Сайрандап ойын-сауық салған екен.

Бақшаны салдырыпты жасыл түсті,
Жайнаған ұжмақтай жердің үсті.
Не түрлі гүл ашылған, бұлбұл сайрап,
Барлықтың құдіреті қандай күшті.

Бұл байдың аты екен Мәжит деген,
Жасынан бай болудың қамын жеген.
Көп мехнатпен сауда қылып,
Иесі мол дәулеттің болған екен.

Бұл байдың қолы сөйтіп жеткен екен,
Дәулет те ұшан-теңіз біткен екен.
Мәжиттің Нұрден атты бір ұлы бар
Тым сұлу жігіт болып өскен екен.

Бұл жігіт байлықпенен сайран салған,
Қасына нөкерлерін жинап алған.
Өзі бай, төрт түлігі сай болған соң,
Адамға не істетпес мынау жалған.

Бір күні бақша жаққа барған екен,
Бақшада сауық-сайран салған екен.
Барлығы шарап ішіп, қатты мас боп,
Үйіне әрең жетіп алған екен.

Нұрден мен Мәриямның
хикаясы

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Мас болып үйге Нұрден әрең барды,
Әкесін үйде отырған көзі шалды.
Әрі қорқып, ойланып, үрейленіп,

Еңбектеп төсегіне жата қалды.
Баланың әке көрді мас болғанын,
Бұзылып сыйқы кетіп бек солғанын.
Деді ол:—Жақсы іспен шұғылданбай,

Арақ ішіп, мас болып, не қылғаның?
Айтпаққа балаға ақыл жақын барды,
Баланы тұрғызуды ойына алды.
Еркелеп бұлаң өскен бала емес пе,

Байқаусыз жұмған қолын сермеп қалды.
Ұйқылы-ояу ол қолын сермеп еді,
Көзіне әкесінің дәл тиеді.
Жұдырық тигенінде көзі шығып,

Көзінен қаны саулап қоя берді.
Баласы көзге ұрған соң ашуланды,
«Мұны мен өлтірем» деп қатуланды.
Қанды тыйып, дәрілеп, таңып алып,

Қаһарланып балаға жетіп барды.
Құданың құдіреті қандай күшті,
Келтірген қас қағымда мұндай істі.
Баласын өлтірмек боп барып еді,

Шырылдап екі араға ана түсті.

—Бұзықтың ертең қолын кесем,—деді,

Мұны естіп анасының зәресі ұшты.
Хан айтқанын істеуі айқын еді,
Әйелі бұл туралы қайғы жеді.
Баласы мастығынан оянғанда,

Қасына ана келіп зар иледі.
Ана айтты:—Балам, сенің не қылғаның,
Әкеңді басқа ұрып, көз шығардың.

хикаялық  дастандар
Ертең әкең қолыңды кеспек болды,
Екі қолдан айрылсаң не болғаның?
Бұл сөзді Нұрден естіп шошып кетті,

Осып тұр жас сорғалап екі бетті.
Анадан болған істі ұққаннан соң,
Жан қалмай денесінде селкілдепті.
Ана айтты:—Өткен өтті, шошымашы,

Мың алтын берейін мен осыны алшы.
Кестіріп екі қолды кем болғанша,
Жан бағарсың, ұзаққа кетіп қалшы.
Кетуге бала амалсыз бел байлады,

Алтынды ана берген қолына алды.
Жолда жейтін азығын арқалап ап,
Қош айтып анасына кетіп қалды.
Артынан ана шығып, зар еңіреп,

Көрісіп жалғыз ұлын жолға салды.
Бала келіп кемеге түсіп алды,
Кеме де қозғалған соң зымырады.
Бірталай жол жүрген соң бала дағы,

Ескендір қаласына жетіп барды.
Шаһар екен кілемнің өрнегіндей,
Биіктігі досыңа сенгеніңдей.
Ауа райы шипалы дәрідей боп,

Әтей іздеп өзіңнің келгеніңдей.
Шәріге Нұрден түсіп аралады,
Тамаша етіп көп істі саралады.
Алдынан таныс жандай бір қарт шығып,

Амандасып үйіне ертіп барды.
Қарт деді:—Үйіңе мен барған едім,
Әкеңнің жақсылығына қанған едім.
Саудам сынып көп зиян тартқанымда,

Көмекке мың ділдәсін алған едім.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Мысырдан бұл араға қашан келдің,
Мен үйіңе барғанда жас бала едің.
Жақсылыққа-жақсылық мен де істеймін,

Көп жақсылық істеген әкең сенің.
Әкең Мәжит жомарттық істегенде,
Сенен аяр нәрсем жоқ ешбір менің.
Нұрден естіп бұл сөзді қуанады,

Өткізген қателікке жұбанады.
Есқатар, аяушы адам табылған соң,
Қайғы-қасірет, жылаудан уанады.
Нұрденге бір ауыз үй сайлап берді,

Орын, көрпе, жастығын жайлап берді.
Бір үйдің керек-жарақ бәрі дайын
Тұруға енді осында байлап белді.
Тұрақты бұл балаға болды мекен,

Енді ол жан бағуды ойлайды екен.
Базарға жетіп барса, дабыс шыққан,
Баға қойып қыз сатқан делдал екен.
Нұрден де бұл араға жетіп келді,

Сұлуды сатылатын көзі көрді.
Бөлекше жаратылған бір сұлу қыз,
Делдал оны суреттеп былай деді.

—Делдал болдым жетпіс жыл,

Саттым күң мен талай құл.
Сан сұлуды сатсам да,
Көргенім жоқ мұндай гүл.
Жүзін көрсең ай дерсің,

Қасын иген жай дерсің.
Ұлпа жібек ерінін,
Тілді үйірер бал дерсің.
Күміс дерсің тұлғасын,

Сиқыр дерсің сырғасын.

хикаялық  дастандар
Қандай адам алсаң да,
Көңілің хош жырғарсың.
Кесіп айтар бағам жоқ,

Базар айтар бағасын.
Теңдессіз асыл түймені,
Қайсының алып тағарсың.
Жұртшылық көп жиналды құртша қайнап,

Әркім де алайын деп баға сайлап.
Нұрден де қызды көріп ғашық болды,
«Алам,—деп,—шамам жетсе, а, Құдайлап».
Кәрі-жас саудагердің бәрі келді,

Әрқайсысы жүзден өрлей баға берді.
Бірінен-бірі асып өрлей-өрлей,
Бір кәрі шал тоғыз жүзге баға берді.
Иесі айтты:—Мен пұлыңа қызықпаймын,

Сірә да қызым көңілін суытпаймын.
Сүйгеніне тиеді, еркі өзінде,
Қыз сүймесе ешкімді жуытпаймын.
Делдал қызға қарап ап былай депті:

—Тоғыз жүзден бағаңыз асып кетті.

Барасың ба, мынаған өзің айтшы,
Патша қыздай бағаң да барып жетті.

—Делдалым, есің ауып дал болды ма,

Артыққа сататұғын мал болдым ба?
Осынша көп адамнан тапқаныңыз,
Ақсақал, күйреген бір шал болды ма?
Бай екен деп қызықпа кісесіне,

Сүйкімді астың қарама кесесіне.
«Теңін тауып тегін бер» деген сөз бар,
Қалай барам моллаңның мүшесіне?

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Алушы бұл сөзді естіп қатуланды,
Делдалды көзге шұқып батылданды.
«Көп алдында масқара еткіздің,—деп,

Әдепсіз, неткен қыз?»—деп ашуланды.
Қыз айтты:—Көп ақшаға ер алмаймын,
Өз сүйгенім болмаса көне алмаймын.
Ақсақал, құрметіңе құлдық етем,

Ренжіме, сізге пейіл бере алмаймын.
Делдал айтты:—Ей, қызым, есіңді жи,
О болмаса, мынау бір шәріпке ти.
Бұ дағы елімізде ардақты адам,

Көресің бұған барсаң көптеген сый.

—Делдал, не деп айтасың,

Қайтіп теңеп сатасың.
Күйреп тұрған дуалдың,
Түбіне қайтіп жатасың?
Тозығы жеткен торқадай,

Сөлі кеткен боршадай,
Шөбі кеткен аршадай,
Қалайды оны жан қалай?
Илалаған ақауын,

Жасырмақ боп жасауын.
Алдап сатқан малындай,
Бояп қойған сақалын.
Бұл шалды бағалап қыз осыны айтты,

Сөз естіп пұлы аздар кейін қайтты.
Ентелеп мен алам деп келгендердің,
Бәріне қыз бағалап өлең айтты.
Тағы бір шал кеп:—Қызды алам,—деді,

Он ділдә артық берер бағам,—деді.
Егерде маған тисең көңілің сүйіп,
Басыңнан құс ұшырмай бағам,—деді.

хикаялық  дастандар

—Басың таз жүні түскен тулақтайын,

Ағып тұр самайыңнан ірің-майың.
Бет аузыңда жалғыз тал сақал да жоқ,
Қатын басты көсесің, не қылайын.
Беті күйген шанаштай,

Бүдірі көп ағаштай.
Қатын бетті көсені,
Қайдан таптың адаспай?
Осылай деп ол шалға баға берді

Өзі қорықпас, тайсалмас ханша еді.
Дуылдап айғай салып шалдар қаптап,
Делдалды төпештесіп сабай берді.
Делдалға көптің күші басым шықты,

Таяқтан әрең зорға қашып шықты.
Көп шалдар ортаға алып сабаған соң,
Делдалдың нараздығы асып шықты.
Бұл делдал қызды ертіп шықты былай,

Соққыдан қашып шықты әрең шыдай.

—Ойпырмай, оңбаған-ақ қыз екенсің,

Сен үшін жұртқа болдым мен сұмырай.
Жүр енді иеңе мен тапсырайын,
Несібеме тигенін ап тұрайын.
Мен сатпасқа сен қызды тәубе қылдым,

Хақыны сенен алған не қылайын?
Соны айтып қызды делдал алып жүрді,
Алдында қызға қарап Нұрден тұрды.
Қыз көріп бұл жігітті, ынтық болып,

Көз жазбай телмірді де мойын бұрды.

—Іздегенім табылды-ай,

Сұрамаймын малыңды-ай.
Мені алушы сен болсаң,
Сен үшін қиям жанымды-ай.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Соны айтып қыз делдалға:—Тоқта,—деді,
Мына жігіт саудамда жоқ па,—деді.
Қайтсең де осы адамға сөйлестірші,

Тілегім, делдал аға, құп па?—деді.
Делдал айтты:—Сөйлесе ғой өзің бар да,
Оның да сені аларлық күйі бар ма?
Сен оған өліп-өшіп ынтыққанмен,

Жанында ол байқұстың пұлы бар ма?
Ол өзі Мысыр жақтан жаңа келген,
Өзінде тұрақ та жоқ, дала кезген.
Пұлы болса неғып тұр саудаласпай,

Алса ол, болар еді, баға берген.

—Атыңнан айналайын, делдал аға,

Сөзіме құлақ салып берші баға.
Амалдап осы адамға жолықтырсаң,
Берейін алтын жүзік қосымшаға.
Ынтық боп қыз делдалды тақымдады,

Делдалды алтын жүзік алқымдады.
Қызды ертіп бұрылып Нұрден жаққа,
Жігітке делдал мен қыз жақындады.
Қыз Нұрденнің жанына,

Жетіп жақын барғанда.
Нұрден айтты алқына:

—Бері келші, жаным, жақында.

Ұнап едің ойыма,
Жақындашы жаныма.
Беретінім көп емес,
Риза болсаң барыма.

Қуанып кетті толықсып,
Кеткендей болды жарыла.
Нұрден айтты:—Сені шын сүйген едім,
Көріп ғашық отыңа күйген едім.

хикаялық  дастандар
Ел таласып, шуылдап жатқаннан соң,
Жалғыздықтан қорғанып үндемедім.
Мен, сірә, бұл қаланың адамы емес,

Мысырдан жалғыз келген жолаушы едім.
Сондықтан саған баға бермеп едім,
Өмірде сендей жанды көрмеп едім.
Құдай қосып, сені алсам, арманым жоқ,

Сені құшып армансыз өтер едім.
Қыз айтты:—Ғашық болдым, айналайын,
Жолыңа қара лақ боп байланайын.
Сенсіз тірі жүруім екіталай,

Өмірлік жар қып құшып аймалайын.
Қуанып Нұрден бала қасын керді,
«Өмірлік жар болам» деп қолын берді.
Делдалмен бағасына тоқтам жасап,

Қалтадан мың алтынды алып берді.
Сонымен қызды Нұрден алып кетті,
Сүйісіп, ойнап-күліп үйге жетті.
Отырған үйі жайсыз болса дағы

Сарайға екі ғашық лайық етті.
Қыз айтты:—Құдай қосқан мейірбаным,
Өзіңе құрбан болсын менің жаным.
Құдайға сені қосқан шүкір еттім,

Тілегім орындалды, жоқ арманым.
Базардан жақсы ас әкел, той қылайық,
Істесең той ырымын сонда лайық.
Бас қосқан қуанышты күн ғой бүгін,

Тұрмысты жаңартуды ойға алайық.

—Осыған ұяттымын, ғашық жарым,

Сенсің ғой менің дағы ынтызарым.
Мың алтынға өзіңді алмадым ба,
Сол-ақ еді қолымда бар болғаным.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы

—Қарызға елу теңге сұрап келсең,

Болмаса неше жерден құрап келсең.
Мұнан былай қайтуді мен үйретем,
Қайтсең де осы ақшаны алып келсең.
Нұрден дереу қартына жетіп барды,

Елу теңге бұл қарттан пұл сұрады.
Мың алтынға қыз сатып алғандығын,
Мән-жайын толығымен ұқтырады.

—Базарға бүгін ерте бардым,—деді,

Бір француз қыз сатып алдым,—деді.
Өте көркем жан екен асқан сұлу
Сондықтан мың теңгеге алдым,—деді.
Шал естіп мына сөзге көңіл бөлді,

Жігіттің қуанышты жүзін көрді.
«Алғаның құтты болсын, балам-ай» деп,
Сандықтан елу теңге алып берді.
Қыз айтты:—Бұл ақшаны қалтаңа сал,

Қазір дереу кешікпей базарға бар.
Жиырма сомға тамақ пен шарап алып,
Отыз сомға әртүрлі жіп сатып ал.
Нұрден барып айтқанын алып келді,

Нәрсесін алып келген қызға берді.
Екеуі ойнап-күліп тамақ ішіп,
Мас болып Нұрден жатып ұйықтай берді.
Қыз тұрып үй ішіне өрмек құрды,

Жақсы орамал тоқуға көңіл бұрды.
Керемет гүлді орамал тоқып болып,
Қойынына ғашығының барып кірді.
Екеуі бір төсекте жатқан екен,

Қызыққа естен кетпес батқан екен.
Таңертең тұрып тамақ ішкеннен соң,
Базарға орамалды сатқан екен.

хикаялық  дастандар
Бір делдал орамалды қолға алды,
«Арзанға сатылад» деп айғай салды.
Бағасы орамалдың өрлей-өрлей,

Бір демде жиырма сомға біреу алды.
Жаулықты тоқып сату кәсіп болды,
Біртіндеп қалтасына ақша толды.
Күніне жиырма сом кірім кірді,

Сонымен жоқтық кетіп, бақыт қонды.
Қыз айтты:—Саған айтам мен бір істі,
Өзің біл, басқаға айтпа бұл жұмысты.
Бұл сырым сыртқа айтылса жақсы болмас,

Ел білсе, кім аяйды біз байқұсты.
Боламын патша қызы білер істі,
Кемеміз тонаушының қолына түсті.
Жеті ықылым өнерін бәрін білгем,

Менің атым—Мәриям оқымысты.
Ай мен күн, бұл екі нұр, болыпты пар,
Дұшпанның көре алмаған пейілі тар.
Екеуі қол ұстасып сыр айтысты,

Серт етті айырылмасқа мәңгілік жар.
Қыз айтты:—Бір өнерімді білгізейін,
Мен саған тоқып шапан кигізейін.
Сен барып жеті түрлі жібек әкел,

Кигізіп салтанатпен жүргізейін.
Түсті саған мерейім,
Шапан тоқып берейін.
Бұл шапан кімде бар екен,

Кереметін көрейін.
Қара көзің мөлдіреп,
Бері қарат қалам қасыңды.
Жүрегіңе байладың,

Айрылмастай шашымды.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Жібекті Нұрден әкеп қызға берді,
Жеті күнде бір шапан тоқып берді.
Киіп ап Нұрден сыртқа шыққанында,

Тамашалап шапанды ел кеп көрді.
Бір күні Мәриям қызық түс көреді,
Түсінде бір сұмдықты іс көреді.
Өзінің көрген түсін өзі жорып,

Ойлайды «зұлым сап бір күш келеді».
Мәриям сонда жылайды,
Ауызға алып Құдайды.

—Ғашығымнан айрылсам,

Жаным қайтіп шыдайды?
Бөлінбес сүйген жүрегім,
Айрылмас мәңгі тілегім.
Айырылсам сүйген жарымнан,

Қандайда тірі жүремін.
Жаратқан, өзің бер жәрдем,
Көңіл бөлші мен үшін.
Сүйгенімнен айрылсам,

Жан берермін ол үшін.
Мұны айтып еңіреді, зарлық етті,
Көз жасы екі бетін осып кетті.
Төсекте Нұрден ұйықтап жатыр еді,

Оянып зәре қалмай шошып кетті.
Нұрден айтты:—Не үшін жылағаның,
Зарланып көздің жасын бұлағаның?
Қандай іске зар болдың, ғашық жарым,

Өңің қашып қиналды неге жаның?

—Айтайын, бүгін бір түс көрген екем,

Артымнан іздеп адам келген екен.
Әкемнің жіберген бір уәзірі,
Сол бізді іздеп тауып алған екен.

хикаялық  дастандар
Оң көзі соқыр еді, асқан залым,
Сол сені айландырып төнген екен.
Сен мені соған сатып жіберіпсің,

Ақшаңды ол артығымен бергендіктен.
Мен байқұс лажсыздан зар-зар жылап,
Артынан соқыр айдың ерген екем.
Нұрден айтты досына:

—Көрген түсің осы ма?

«Түс—түлкінің боғы» деп,
Бекер босқа шошыма.
Егер соқыр көрінсе,
Жоламаспын қасына.

Сатқанды қойып мен оның,
Бір тебемін басына.
Маған сенсең сүйіктім,
Бекер босқа жасыма.

Соны айтып Нұрден мырза жүріп кетті,
Орамалын сатуға бұрып бетті.
Қыздың түсі кәперге келген де жоқ,
Үйінен шыға бере ұмытып кетті.

Кәперсіз көшеге ол еніп еді,
Қасына бес саудагер жетіп келді.
Нұрденнің шапанына көзі түсіп,
Жабырлап бұл шапанды ұстап көрді.

Нұрденнің сатпауына ерік бермей,
Мың алтын бұл шапанға баға берді.
Нұрденге саудагерлер есе бермей,
Еріксіз мың алтынды санап берді.

Бұл уәзір бірнеше күн бұрын келген,
Аралап бай мен бектің бәрін көрген.
Аяусыз алтын, күміс төккендіктен,
Нұрденді сырттан олар айтып берген.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Уәзір айтты:—Қуанышты той қыламын,
Жеп-ішкізіп бәріңді де тойғызамын.
Ешкім киіп көрмеген шапанды алып,

Еліме апаруды ұйғарамын.
Мұны естіп саудагерлер бәрі кепті,
Көп боп гулеп Нұрденді тентіретті.
Нұрденнің бармауына ерік бермей,

Сүйрелеп отырысқа алып кетті.
Нұрденді сөйтіп құдай атқан екен,
Дәмді арақ таңдайына татқан екен.
Бәрі қаптап масайтты арақ беріп,

Мас болып Нұрден сұлап жатқан екен.
«Бізге енді қатының сат» десіп олар,
Нұрденнің көңіліне у жаққан екен.
«Айландырған ауру алмай қоймас»,

Сөйтіп он мың алтынға сатқан екен.
Таңертең есін жиып қайғыланып,
Өкініп уайымға батқан екен.
Бұл уәзір шынында асқан залым еді,

Шаһардың бастығына ол барып еді.
Аямай көп адамға пара беріп,
Өзіне баурап елді алып еді.
Сол түні барлығына мөр басқызып,

Куәлік қағазын да жазып еді.
Таңертең Нұрденді ертіп алып жүрді,
Болғанын бір сұмдықтың қыз да білді.
Бармағын қатты шайнап қайғы жұтып,

Көзінен жас сорғалап жылай берді.
«Не үшін қыр соңымнан қалмайсың?» деп,
Уәзірді шапалақпен періп жіберді.
Уәзірге қыз қаһарын көрсетеді,

Сенделіп уәзірден хал кетеді.

хикаялық  дастандар
«Күйеуің сізді өзі сатқан ед» деп,
Таңбалы қағазды алып көрсетеді.
Қыз айтты:—Сен бір залым адам едің,

Қайда жүрсең қылғаның арам еді.
Алдап-арбап Нұрденнен мені айыру,
Ойың сенің осылай қараңғы еді.
Өмірің жауыздықтың ұясындай,

Келесің заман-заман мұрасындай.
Қуаныш бір сағаттық, қайғы бір жыл,
Алданған жандар өтті көзі ашылмай.
Нұрденім, ұмыттың ба айтқанымды-ай,

Ұқтырып мен өзіңе айтпадым ба-ай?
Сол жерде маған айтқан сертің қайда,
Шынымен мені бұған сатқаның ба-ай?
Нұрден айтты:—Кеш мені, күн мен айым,

Басты мені қасірет, қайғы-уайым.
Мас қылып, айламен алдап-арбап,
Түсірді тұзағына құрған дайын.
Айырылдым маңдайдағы жұлдызымнан,

Өмірді сенен қалған не қылайын.
Тілесем Құдай тағы қосар ма екен,
Жарыңнан күдеріңді үзбе лайым.
Осылай Нұрден мырза зарлық етті,

Қоштасып, құшақтасып сүйді бетті.
Күшпенен бес адам кеп ажыратып,
Сүйрелеп Мәриямды алып кетті.
Дарияға әкеп қойған кемесі бар,

Түсіп ап теңізбенен жүріп кетті.
Асығып бірнеше күн тынбай жүзіп,
Француз қаласына келіп жетті.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Осымен бұл уақиға тұра тұрсын,
Көңілін тыңдағандар бұра тұрсын.
Бұл қыз кім, бұны іздеген уәзір кім,

Мұны айтып қандырайын құлақ құрышын.
Бір патша французда болған екен,
Қазынасы мол алтынға толған екен.
Билеген бүкіл елін үлкен патша,

Қолына бақыт құсы қонған екен.
Мәриям бұл патшаның қызы еді,
Көргені ойын-сауық, қызық еді.
Дүниеде оқу-өнер бәрін білген,

Жасынан үйренуге ынтық еді.
Мәриям кәмел жасқа келген еді,
Көңілін үйренуге бөлген еді,
Бірнеше ұлттың тілін толық біліп,

Соңынан қанша нөкер ерген еді.
Мәриям өсе келе көркем болды,
Сыпайы таңқалдырды қалың ерді.
Құдалық сөйлесуге даңқын естіп,

Бай мен хан дәмеленіп бәрі келді.
Патшаның жалғыз қызы болғандықтан,
Қызын қиып ешкімге бермеп еді.
Ханыша өстіп жүріп науқас болды,

Жазылмай көп уақыт көңілі солды.
Бар екен бір арада бір пұтхана,
Осыған емделуге бармақ болды.
Сонымен пұтханаға бара жатты,

Патшаның қызы емес пе парасатты.
Қасына қырық-елудей нөкер ертіп,
Толық ап азық-түлік, қаражатты.
Жақындап пұтханаға таяғанда,

Арабтың тонаушысы араласты.

хикаялық  дастандар
Кемені дүниесімен бұлап алып,
Қыруан қаласына барып сатты.
Үрейі Мәриямның ұшып кетті,

Басына қайғы-уайым түсіп кетті.
Жауынның жерге сіңген суындай боп,
Бу болып алтын тағы ұшып кетті.
Патшаның шолжаңдаған ерке қызы,

Бір демде күңдік халге келіп жетті.
Мехнат рахатпен жұпты деген,
Асқақтап аспансуы басқа тепті.
Тоқтықтың аштығы бар деген осы,

Қас қағымда мүсәпір болды дертті.
Ханыша енді, мінеки, күңге айланды,
Құдайдың кезіктірген құдіреті.
Дүние төңкерілген жалған екен,

Мәриямды бір қария алған екен.
Ғажабы бір үйдегі жалғыз адам,
Қыз етіп қолқанатқа алған екен.
Бұл қайғы Мәриямға жаман батты,

Қожасы бара сала ауру тапты.
Өзінің әкесіндей жақсы күтіп,
Ауру ажалынан алып қапты.
Мәриям күндіз-түні күте берген,

Қария риза болып бата берген.

—Орындайтын мақсатыңды айтшы маған,

Не тілесең тілегің берем деген.
Жасқанбай тілегіңді айтшы, балам,
Керек болса тағы да адам алам.
Жаратқан Құдай артық жан екенсің,

Мені күткен еңбегің қарыз маған.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Ержеткен бала екенсің нұр жайнаған,
Бола ма ерге тисең, айтшы маған?
Мақсатыңа жеткізіп хош қылайын,

Қайтсем де лайықты жолға салам.

—Атажан, тілейтінім қормалым бол,

Өмірде сүйенішім, қорғаным бол.
Егер мені сатуға ұйғарсаңыз,
Сүйгеніме сатыңыз—арманым сол.
Шал қыздың келешегін ойлап кетті,

Сөзіне Мәриямның құрмет етті.
«Тілегіңді орындау міндетім» деп,
Сүйгеніне баруға рұқсат етті.
Ертесі олар базарға барған еді,

Делдал келіп сатуға салған еді.
Базардың алушысын таңдап жүріп,
Шын сүйіп Нұрденге сол барған еді.
Патша сөйтіп қызынан айрылады,

Ұйықтамай, не дәм татпай қайғырады.
Әшкере қызды іздеуге намыстанып,
Жасыған жездей болып майырылады.
Бір күні уәзірлерін шақырады,

Іштегі уайымын сапырады.
Барлығы хан сарайда ақылдасып,
Соқыр уәзір табуын тапсырады.
Осы соқыр айлакер пәраң еді,

Тым залым, қара жүрек адам еді.
Патшаға сертін беріп, қасам ішіп,
«Қайтсем де қызыңызды табам» деді.
Табудың амалын ол тапқан еді,

Жасынан қулық-сұмдық баққан еді.
Жансыз боп ел ішіне кіріп алып,
Мәриямды ақыр іздеп тапқан еді.

хикаялық  дастандар
Нұрденнен Мәриямды ол сатып алған,
Көңіліне екі жастың қайғы салған.
Қаласына жеткен соң қызды ертіп,

Алдына әкесінің алып барған.
Шешесі Мәриямға жылады енді,
Бар көңілін бұл қызына бұрады енді.

—Аман-сау қалыбыңда келдің бе?—деп,

Хал-жайын Мәриямның сұрады енді.
Мәриям аман сөзге құлақ салды,
Басынан кешкен істі ойына алды.
«Сатылған нәрсе ұсталмай тұра ма?» деп,

Шындығын шешесіне айтып қалды.
Шешесі ұқты қыздың мәні-жайын,
Басына түсіп кетті қайғы-уайым.
Тікірейіп қарады Мәриямға,

Өз қызын жұтатұғын қорқаудайын.
Падиша ашуланып бұйрық етті,
Қызының күй-жайына көзі жетті.

—Кеме бұлап, қызымды және былғап,

Арабтың,—деді,—маған қорлығы өтті.
Осы істеген қорлық пен зорлығына,
Жүз арабты өлтір,—деп бұйрық етті.
Қызыма құрбандыққа бауыздаймын,

Алдыма алып кел,—деп дір-дір етті.
Нұрден байқұс үйінде қалған еді,
Қыз кеткенде ол құлап талған еді.
Аздан соң есін жиып түрегеліп,

Кемежайға ол дағы барған еді.
Жағаға зыр жүгіріп жетіп барды,
Жүріп кеткен кемеге көзін салды.
Олай-бұлай жүгірді о да ізденіп,

Қасына бір кеменің жетіп барды.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Францияға баратын кеме екен,
Ыршыды да кемеге түсіп алды.
Сол күні бұл кеме де жолға шығып,

Жол жүріп неше күнде жақын барды.
Өштескен француздың кемелері,
Бұл араб кемелерін бұлап алды.
Жүз адам кемесінен ұстап алып,

Падишаның зынданына қамап салды.
Екі күн Мәриям да бұрын барды,
Патша өлтір деген осыларды.
Тоқсан тоғызды өлтіріп бірі қалғанда,

Шешесі падишаның жетіп барды.
«Сарайға малайлыққа істетем» деп,
Біреуін осы кемпір сұрап алды.
«Қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер»,

Соңғы адам Нұрден еді, өлмей қалды.
Құбылған құдіретпен мына жалған,
Нұрден жүрді бұл жерде бірталайдан.
Мәриям бұл апасын көрейін деп,

Кенеттен кең сарайға жетіп барған.
Нұрденді көзі шалып тұрып қалды,
Мәриям сөйлесуді ойына алды.
Сарайға қатын-қызды «бара бер» деп,

Қасына ғашығының жетіп барды.
Қыз айтты:—Бұл жер саған қолай емес,
Залым ғой соқыр уәзір оңай емес.
Бүгін түнде кетейік бұл арадан,

Қатты сақ бол, сездірме, титтей елес.
Келіпсің мені іздеп шын сүйген жар,
Сені ойлап күндіз-түні болдым ғой зар.
Бүгін түнде дарияға жетіп барсаң,

Байлаулы тас түбінде бір кеме бар.

хикаялық  дастандар
Ішінде ол кеменің он адам бар,
Кеменің ақсақал шал бастығы бар.
Бұл арадан құтылу ойың болса,

Кідірмей сол кемеге тез түсіп ал.
Соны айтып Мәриям қыз кетіп қалды,
Сағынған апасына жетіп барды.
Шіркеуіне дамылсыз тәуап қылып,

Айламенен кемпірдің көңілін алды.
Лайықтап асыл бұйым, алтын, күміс,
Нәрсесін керек-жарақ жинап алды.
Жанындағы қыздарды алдап тастап,

Кешке таман ертерек кетіп қалды.
Нұрден де түн жамылып жетіп еді,
Кемеден он адамды көзі көрді.
Ақсақал қолдан тартып отырғызды,

«Кемені жүргіз» деген бұйрық берді.
Ақсақал шал:—Кемені айда,—деді,
Біреуі:—Патша қызы бар ма?—деді.
Келмесе Мәриям қыз жүре алмаймыз,

Қызсыз енді барамыз қайда?—деді.
Қарады сонда ақсақал бұрып бетті,
«Қызды тоспай, айда» деп бұйрық етті.

—Сендер маған қарсылық қылдыңдар—деп,

Тоғызын қылышпенен шауып кетті.
Әлгі шал айбаттана ақырады,
Өлікті су ішіне лақтырады.

—Енді тұрмай, кемені сен айда,—деп,

Нұрденді өз қасына шақырады.
Нұрденде зәре қалмай шошып кетті,
Кемені зымыратты бұрып бетті.
Не десе ебелектеп істей берді,

Таң атқанша шығанға шығып кетті.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Таңда атып, ертесінде түс боп қалды,
Шал басынан пердені жұлып алды.
«Шал ғой» деп шошығаны Мәриям екен,

Келді де құшаққа алып, ол бас салады.
Қыз айтты:—Сенен бұрын келген едім,
Патша атынан бұйрықты берген едім.
Жүйрік кеме бастығы ақсақалдың,

Жазасын бердім де өзім перделендім.
Жазықсыз он адамды қырып салдым,
Осылай істеуді жөн көрген едім.
Осылай құрбан беріп жолға шықтық,

Жазықсыз он адамды суға тықтық.
Бұлар да жазықсыздан қырмады ма,
Кісіні өлтіруді бұдан ұқтық.
Болса да соқыр уәзір тентіреткен,

Аман-сау қаласына келіп жеткен.
Кемеден киім киіп шықпақ болып,
Киімді әкелмекке Нұрден кеткен.
Мәриям патша киімін киген еді,

Киімді ауыстырмай болмас еді.
Шетелдік патша киімі көзге түссе,
Бұларды бұлжытпастан ұстар еді.
Көксеген мекеніне бұлар жетті,

Нұрден киім алуға үйге кетті.
Дәл осы кез қуғыншы жетіп келіп,
Мәриямды кемесімен ұстап кетті.
Кеме екен өте жүйрік осы келген,

Патша тез ұстауға бұйрық берген.
Мәриямды айдап олар еріксізден,
Алдына әкесінің алып келген.
Әкесі «Сен бір азғын қыз болдың» деп,

Мәриямды өлтіруге жаза берген.

хикаялық  дастандар
Мұны естіп соқыр уәзір жетіп келді,
Мәриямға ол сыртынан ғашық еді.
«Бұл қыздың жанын маған қиыңыз» деп,

Патшаға шын тілегін айтып еді.
Патша бұл соқырдың антын алып,
Уәзірге қызды ұстатып қоя берді.
Бұл залым қызды үйіне алып келді,

Қуанып кең сарайдың ішіне енді.
Алса да осы қыздан қорқушы еді,
Сондықтан бөлек жерден бір үй берді.
Әңгіме осы арада тұра тұрсын,

Соқырдың өмешегі құра тұрсын.
Кейінгі Нұрден жақтан сөз айталық,
Қандырып тыңдаушының құлақ құрышын.
Нұрден де «тез жетем» деп жорғалады,

Күйбеңмен талай уақытын ол алады.
Бір уақытта келсе қыз жоқ, кеме де жоқ,
Зар жылап көзден жасы сорғалады.
Еңіреп жиекті ол жағалады,

Әр түрлі жәйттерді ойға алады.
Жөн сұрап көрінгеннен қузаса да,
Нұрденге мына кепті біреу деді.

—Жалғанда залымдардың қорлығы өтті,

Залым соқыр пәраңның кемесі кеп,
Кемені бір қызбенен алып кетті.
Қуғыншы әкеткені анықталды,
«Аһ» ұрып Нұрден құлап, талып қалды.

Көрген ел аң-таң болып етті көмек,
Аздан соң о да есін жинап алды.
Құдіреті Құданың неткен күшті,
Ертесі бір кемеге тағы түсті.

Пәраңның кемесіне жақындап ед,
Бұл жерде бұл кеме де қолға түсті.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Бұларды ұстап патшаға алып барды,
Барлығын қамаққа алды, кісен салды.
Соқыр уәзір осы кез патшаға кеп,

Нұрден мен үш адамды сұрап алды.
Уәзір айтты:—Алдияр патшаһым,—деп,
Салдырдым қызыңа арнап сарайды бек.
Мақсатым—босағасын қандамақшы ем,

Бұларды сонда апарып жайғаймын,—деп.
Патша айтты:—Хош екен мына сөзің,
Апар да дереу жоғалт Нұрден көзін.
Басқа ешкім мұндайда ес қатпайды,

Сүйенерім сен ғана жалғыз өзің.
Уәзірдің жағымсынып сенімі асты,
Танымай қара басты Нұрден жасты.
Соқырдың жалғыз көзін көлегейлеп,

Алланың бұйрығына кім таласты.
Нұрденді ол сарайына алып келді,
Техника сарайдағы хабар берді.

—Сарайдың ішкі жағы сырланған жоқ,

Бітпей тұрып қандауға болмайд,—деді.
Уәзір, мына сөзге көңіл бұрсаң,
Асықпай екі-үш күн тоқтай тұрсаң.
Біткен соң үш адамды бір-ақ жайла,

Оған дейін бір жерге қамай қойсаң.
Үшеуін ат қораға қамап кетті,
Нұрденнің енді өлуге көзі жетті.
«Бір көрмей сүйгенімді кетем бе» деп,

Көңілінде соны ғана арман етті.
Нұрденнің жүрегіне қайғы толды,
Қырсыққан бір оңалмас заман болды.
Өлмеске өлі балық жолыққандай,

Бір тағдыр өлмеуіне себеп болды.

хикаялық  дастандар
Патшаның екі тұлпар аты бар-ды,
Аттарын Сабық, Лабық деп атайды.
Бұл атқа сырт патшалар бек қызығып,

Алуға істейтін көп айла-шарғы.
Аттары асқан жүйрік, көркем еді,
Көп халық мұндай атты көрмеп еді.
Қанша ұры әр жерден келіп аңдып,

Ала алмай дымы құрып шөлдеп еді.
Жер-жердің бәрі білген бұл хабарды,
Шел қаптап бір атының көзі ағарды.
«Бұл аттың қайтсем көзін жазармын» деп,

Сарайға соқыр уәзір өзі апарды.
Елдегі емшілерге хабарлаған,
Сөйтсе де ешқандай ем таба алмаған.
Нұрден де ақшық аттың көзін көріп,

Ойында бір қастықты амалдаған.
Бір кезде соқыр уәзір келген еді,
Тексеріп ат қораны көрген еді.
«Мына аттың көзін жазсам бола ма» деп,

Уәзірге Нұрден сұрау берген еді.
Уәзір:—Егер жазсаң жақсы болар,
Хақыңа жан қалтаңа алтын толар.
Бұл аттар патшамыздың жұлдызы,—деді,

Өлімнен басың дағы азат болар.
Нұрденге «атты жаз» деп міндет артты,
Уәзірге уәде берді берік шартты.
Қарлығаштың боғынан бір уыс ап,

Қайнатып пияз суымен көзге тартты.
Ертесі пәраң уәзір жетіп келді,
Келе сап аттың көзін шешіп көрді.
Қараса аттың көзі жазылыпты,

Кеудесін қуанғаннан шаттық керді.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы

—Ойпырмай, сен не деген емші едің,

Шамасы келмеген ед бүкіл елдің.
Керемет асыл адам екенсің ғой,
Басына енді ерекше ерік бердім.
Қорлауға сендей жанды қайтіп болсын,

Саған мен ендігәрі мүлде сенем.
Соқтыққан адам болса мұнан былай,
Ондайдың кереметін өзім көрем.
Әзірше ат қораны басқарып тұр,

Өткізіп жұмыскерді саған берем.
Сонымен Нұрден байқұс есін жиды,
Қуанышпен көзінің жасын тыйды.
Бәйшешектей құлпырып қайта өң кіріп,

Жақсы ішіп, жақсыдан киім киді.
Бір күні уәзірдің қызы келді,
Ол дағы теңдесі жоқ сұлу еді.
Нұрденді осы бір қыз көре сала,

Жүрегіне ғашықтық оты енді.
Осы қыз Мәриямды баққан екен,
Көңіліне Мәриям да жаққан екен.
«Шіркін-ай, көркем жігіт көрдім» деп ол

Бара сап Мәриямға айтқан екен.
Мәриям «Ол қайда?» деп бұрды бетті,
Қарай сап терезеден тани кетті.
«Көркем болса сен барып тиіп ал» деп,

Үйінен қызды қуып қызық етті.
Ән салды Нұрден:—Өстіп өлемін бе,
Сүйгенім дидарыңды көремін бе?
Табамын қайдан іздеп ғашық жарым,

Әзір жоқ өзің тұрмақ дерегің де.
Кездесіп ақ жүзіңді бір көрмеген,
Өмірдің енді маған керегі не?

хикаялық  дастандар
Мәриям терезеге қайта барды,
Естіді Нұрден айтқан мына зарды.
Күйдіріп ғашық оты шыдай алмай,

Әтейге естісін деп әуен салды.

—Қыл көпірдің астында,

Тозақтың шарпыр жалыны.
Шалқыған жалын өрлесе,
Күңгіртке түсер жарығы.
Мұндайда, достым, сабыр ет,

Көрерсің әлде жарықты.
Аңғырттық тағы болмасын,
Дүрліктіріп халықты.
Бұл әнді Нұрден естіп алаңдады,

Жалтақтап Мәриямды таба алмады.
Алақтап жан-жағына тұрған шақта,
Бүктеулі көктен түскен қағазды алды.
Хатында: «Өмірлік жар болдың ғашық,

Кетейік бүгін түнде, бұған асық.
Өткенде ұзақ түннің үштен бірі,
Екі атты ерттеп алып далаға шық.
Ұмытпа кейбір істі еске аларлық,

Өте сақ бол, болмасын еш шалалық.
Азық-түлік, қаруды мен ап шығам,
Шәріден шығып кетіп, жоғалалық».
Мұны айтып ол қуантты сүйген жарды,

Кешінде уәзірге қыз жетіп барды.
Кербез қыз кіріп кеткен тоты құстай,
Уәзір көріп қатты таңырқады.
Қыз айтты:—Өзің едің ынтызарым,

Ажалдан арашалап қалған жарым.
Неше күн жалғыз қамап қайткеніңіз,
Әміріңе ал, сүйсең мені, талды жаным.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Келед деп екі көзбен сізді күттім,
Болды ғой зарығумен көңілім жарым.
Бір үйде жалғыз жатып от боп жандым,

Бір келмей жүрегіме неге от салдың?
Жар сүю, ойнап-күлу ойыңда жоқ,
Шыдамай мен өлуге жақын қалдым.
Көңілің жақтырмайтын болса егер,

Құтқардың неге өлімнен, неге алдың?
Уәзір айтты:—Кеш, жарым, өзің бері кел,
Сөзіңді естіп, ұялып болдым ғой жер.
Деді де күтушіні шақырып ап,

«Бол, шапшаң бізге ас пен шарап әкел».
Бір демде арақ пенен тамақ келді,
Уәзір қатарланып тұтты белді.
Арақты қуанышпен сілтеді көп,

Мас кезде дәрі қосып тағы берді.
Уәзір бұл арақты көтермеді,
Соңғы арақ өңменінен өтеді енді.
Жалғыз көз шапыраштап қылжиды да,

Ес кетіп өлген иттей бүктеледі.
Қылжитып уәзірді қыз жығып салды,
Кетуге Мәриям енді дайындалды.
Қару мен екі адамдық азық алып,

Алтын, күміс, ақшаны оны да алды.
Атты алып Нұрден сыртқа шыққан еді,
Қос жүрек бірін-бірі ұққан еді.
Бір ұры атты аңдыған осы түні,

Көрінбей таса жерге бұққан еді.
Мәриямды тоса-тоса қалжыраған
Нұрден де там сүйеніп ұйықтап еді.
Ұры атты алып, тақымға қысқан еді,

Дәл сонда Мәриям да шыққан еді.

хикаялық  дастандар
Ұры екенін Мәриям біле қойып,
Бір шауып қылышпенен жыққан еді.
Дүрсілден Нұрден шошып түрегелді,

Мәриям «атқа сал» деп қоржын берді.
Қоржынды атқа салып жабданып ап,
Екеуі мінді де атқа жүре берді.
Ұйытқып қос тұлпармен жүріп кетті,

Жалайды салқын самал сүйіп бетті.
Бір тоғай бар еді алда аса көркем,
Дәл түсте сол тоғайға келіп жетті.
Бұлар кеп бұл тоғайға дамылдасты,

Оңғарған құдай жолын екі жасты.
Демалып осы арада, тамақ ішіп,
Екі жас ойнап-күліп мауқын басты.
Жүруге атын ерттеп дайындалды,

Сауыт киіп, қаруын қолына алды.
Аспаннан будақталып тозаң шығып,
Қуғыншы қуалаған келіп қалды.
Әкесі ед қуғыншыны алып келген,

Болмайды енді ешбір рақым деген.
Иә, өліп, иә, құтылар осы жолы,
Көрмекші әр тағдырды басқа келген.
Мәриям соғыс салып алмақшы кек,

Өлем деп тайсалмайды уайым жеп.

—Шаманың келісінше соғысайық,

Сұрады ол:—Нұрден жарым, қандайсың?—деп.
Нұрден айтты:—Білмеуші ем соғыс жөнін,
Тегіннен құрал ұстап көрмегенмін.
Қыз айтты:—Ат ойнатып арт жақта тұр,

Бұлардың сыбағасын мен берейін.
Екеуі аттарына мініп алды,
Алдына қуғыншының жетіп барды.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Соғысатын адамның салтыменен,
Кес-кестеп жекпе-жекке тұра қалды.
Бөленген көк темірге дәу перідей,

Нұрден де қылыш үйіріп ұран салды.
Падиша ат ойнатқан қызын көрді,
Денесін ашуланып намыс керді.
«Тез барып басын кесіп, алып кел» деп,

Ең үлкен батырына бұйрық берді.
Бұйрықты алысымен ұмтылды ол,
Құтырып арыстандай жұлқынды ол.
Елеуреп алқын-жұлқын барған шақта,

Алдында қыздан көрді тым мықты қол.
Шауып кеп тұлпар атпен айқасады,
Жарқырап найза ұрылып шайқасады.
Бір-біріне қылышты қатал шауып,

Аңдысып қағысады, байқасады.
Аямай тұлпар атты сабалады,
Тіркеседі тең келіп шамалары.
Бір кезде Мәриям ашумен шапқанында,

Батырдың басы жерге домалады.
Орнына тағы бірі жетіп барды,
Мәриям қылышпен тез шауып қалды.
Бұған тіпті іркіліп бөгелместен,

Кідіртпей келген жерден жанын алды.
Батырдың үшіншісі шыға келді,
Сырын да Мәриямның ұға келді.
Қашқақтап қанша айла істесе де,

Бір демде бұл да құшты қара жерді.
Мәриям үш батырды өлтіреді,
Патшаға қайғы-уайым келтіреді.
Қараса әскерлері шошып кеткен,

Падиша ақыл таппай тентіреді.

хикаялық  дастандар
Бұл келген елу әскер бағлан еді,
Үш батыр ішіндегі саңлақ еді.
Ең мықты үш батырды өлтірген соң,

Бұл қыздан қорқып жаны қалмап еді.
Патшаны өлім-қауіп үрей басты,
Қызының өнерінен қатты састы.
Билеген бір мемлекет падишасы,

Жалғыз қызға күші жетпей қара басты.
«Көп күшпенен қайтып кеп ұстаймын» деп,
Әскерін ертіп алып қайта қашты.
Мәриям таңқаларлық ұрыс етті,

Майданда көрсетті ол құдіретті.
Бір демде үш батырын өлтірген соң,
Үрейі қуғыншының ұшып кетті.
Қайтарып қуғыншыны жолға салып,

Майданнан шығып алға жүріп кетті.
Болмады қылығында еш шалалық,
Мүлтіксіз бастан-аяқ дұрыс етті.
Екі жас ұзын жолға түсті солай,

Туралап Мысыр жаққа бұрып бетті.
Осылай екі ғашық алады жол,
Мұндай қыз жарала ма қайраты мол.
Ғашық үшін елін де құрбан еткен,

Тас қайрат адам болсаң, осындай бол.
Осындай бұрын өткен батыр нелер,
Қай қыздан шығып көрген мұндай өнер.
Өлімге неше барып, неше қалды,

«Қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер».
«Ісі ақтың Құдайы жақ» деген сөз бар,
Шын сүйген құлын Құдай қолдап, демер.
Қиуадан қисынын қиыстырған,

Жаратушы ісі еді неткен шебер.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Патша да қыздан қорқып қайта қашты,
Бір қыздан сонша қорқып қара басты.
«Қалың қол аттандырып, ұстаймын» деп,

Жиып ап уәзірлерін әмір шашты.
Біреу айтты:—Мұндай іс ұят,—деді,
Бұл қайтіп заң мен жолға сияд,—деді,
Мұны естісе жат елдер масқаралар,

Бір қыз үшін қанша әскер жияд,—деді.
Менше мұны былайша басқаралық,
Һарон Рашид патшаға хат жазалық.
Алтын, күміс, күң мен құл, көп тартуды,

Құрметпенен патшаға ап баралық.
Сонымен Һаронға хат жазған еді,
Терең ор екі жасқа қазған еді.
«Қызымды ұрлап кетті» деп пәле қып,

Шындықтан жалған айтып азған еді.
Депті ол: «Патша, сізден өтінемін,
Бір іске қорланамын, өкінемін.
Қызымды Нұрден деген ұрлап кетті,

Тапсаңыз, әкеп мұнда өлтіремін.
Ол өзі мысырлық бір жігіт екен,
Астыртын біздің елде қылған мекен.
Жай бір жан патша қызын ұрлап кетсе,

Патшалық намға тура бола ма екен?!
Дүниеде мұнан қорлық іс бола ма,
Осы істі өзіңізден талап етем».
Осылай жазып патша, мөрін басқан,

Қыз үшін өтірігі жаннан асқан.
Осындай айламенен алып келіп,
Өш-кегін алмақ болды екі жастан.
Хатты алып бас уәзірі жүріп кетті,

Бірнеше күн жол жүріп келіп жетті.

хикаялық  дастандар
Жат елдің бір уәзірі келгеннен соң,
Қастерлеп Һарон елі құрмет етті.
Міндетін пәраң уәзір атқарады,

Мұны ертіп халифаға ап барады.
«Пәраңды елші ғой» деп бек құрметтеп,
Халифа алдан шығып қарсы алады.
Уәзір кеп халифаға бас ұрады,

Айласын алдиярлап асырады.
Амандасып, орнығып отырған соң,
Қойнынан хатты алып тапсырады.
Халифа хатты алып оқып көрді,

Қалшылдап теуіп қалды қара жерді.
«Мұндай да залым ұры бола ма?» деп,
Сол замат ұстауға оны бұйрық берді.
Бұйрық хат бүкіл елге таралады,

«Нұрден—асқан ұры» деп қаралады.
«Кім көрсе бұл екеуін ұстасын» деп,
Жер-жерге бұл бұйрықты жариялады.
Халыққа бұл міндет боп артылады,

Атқармай қандай адам тартынады.
Егерде аялаған адам болса,
Жазаға тіпті қатты тартылады.
Хабарды естімеген жан қалмады,

Бұл бұйрық Дамашыққа тез аңланды.
Екі жас жаңа ғана жеткен шақта,
Аттан түсер-түспесте ұсталады.
Алдына халифаның алып келді,

Халифа бұл екеуін байқап көрді.
«Неткен жан бір сабақтан өнген гүлдей,
Бұларда бір сыр бар,—деп баға берді.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Жаралған адамдар ғой өте бөлек,
Бар болса жасырын сыр ашу керек.
Алдымен өз еркімен жөнін айтса,

Сонан соң болған істі сұрау керек».
Осылай жөн сұрайтын ойға келген,
Әуелі өздеріне сөйлеткізген.
Пәлендей ашық жауап болмаған соң:

—Ханышаны ұрлаған сен бе?—деген.

Бір сенен мұның жөнін сұрайық та,
Патшаның қызын ұрлау лайық па?
Ұрлатып патша қызын қорланған соң,
Артыңнан келсе қуып, бұл айып па?

Нұрден айтты:—О, тақсыр, айналайын,
Патшаның қызын ұрлап не қылайын.
Алдияр, құлақ салып тыңдасаңыз,
Айтайын бастан-аяқ мұның жайын.

Деп бәрін бастан-аяқ айтып болып,
Деді ол:—Өтірік айтсам басым дайын.
Халифа айтқандарын тыңдады анық,
Нұрденге құлақ салды мейірі қанып.

Шындыққа көзі жетіп отырса да,

—Мәриям, сен де айт,—деді бір сөз салып.

Екеуің бұл араға қалай келдің,
Естісін, шындықты айт мына халық.
Қыз айтты:—Алдияр бас, патшам,
Сөйледі Нұрден істің барлық жайын.

Әкеміз өтірік айтып обалды етсе,
Қайтейін, амалым жоқ, не қылайын
Жазықсызды жаламен жазаласа,
Не амал, жар болмаса бір Құдайым.

Ақ көңіл, әділ, падишам,
Жалпыға бірдей мерейлі.

хикаялық  дастандар
Кәпірлер еккен құрманы
Мұсылман арам демейді.
Ешкіге қозы телісе,

Мүйізі жоқ демейді.
Сүйгеніме қосылсам,
Елдің несі кемиді.
Мұсылманға тиді деп,

Менімен әкем егессе
Кездейсоғы тағдырдың
Бізді қосқан емес пе?
Падишам, болды менің заманым тар,

Айтайын сізге көптен арызым бар.
Нұрденді өз еркіммен сүйіп тисем,
Қандайлық елге тиер кесірі бар?
Мені ешкім ұрлаған жоқ, бұлаған жоқ,

Арабқа өз еркіммен келгенім бар.
Осы істерім өлімге лайық болса,
Қанеки, өзіңіз біл, бұйрық шығар.
Сізден басқа айтатын жерім де жоқ.

Жас жаным зарлауменен өліп тынар.
Нақақтан екі жастың жанын алсаң,
Періште ахиретте мұны сұрар.
Зорлыққа амалым жоқ, келмес шарам,

Мұңымды айтып болдым сізге, тамам.
«Немерең Һарон Рашид өлтірді» деп,
Ахиретте Мұхаммедке арыз шағам.
Халифа мұны естіп қарғып кетті,

—Пәраңға бермеймін,—деп бұйрық етті.

Жалған айту патшаға лайық па,
Көрмеппін бізді алдайтын қарабетті.
Деді де уәзірге айтты:—Қосамын,—деп,
Жалғанға жол бермеймін, тосамын,—деп.

нұрден  мен  мәриямның  хикаясы
Қосылған өз еркімен жұбайлардың,
Көрейін кім бұзады қосағын,—кеп.
Пәраңға «қайтыңдар» деп мойын бұрды,

Ол дағы жанталасып қарсы тұрды.
«Арабтың патшасын мен басқарам,
Мынаны шауып өлтір» деп бұйырды.
«Пәраңды өз патшасы өлтірсін» деп,

Араға Мәриям түсіп тындым қылды.
Халифа екі жастың тойын қылды,
Ел жинап, неше күндей ойын құрды.
Қосылып екі ғашық жетті арманға,

Молла әкеп екеуіне неке қиды.
Қосылып екі ғашық жайланады,
Пәруана боп халифадан айналады.
Мысырда әкім жақсы болмаған соң,

Орнына Нұрден әкім сайланады.
Мұратына екі ғашық сөйтіп жеткен,
Көп зардап қорлық-зорлық күйін шерткен.
Халифа Һарон Рашид арқасында,

Бүтіндей азат болған қайғы-дерттен.
Мұратқа азап шегіп қолы жетті,
Бұларды Мысыр халқы құрмет етті.
Мысырда бірталай жыл сұлтан болып,

Ақыры ажал жетіп бұлар да өтті.

Адамзат бірде малды, бірде жарлы,
Кімде-кім қолда жоққа болар зарлы.
Бұрыннан ел аузында аңыз болған
Айтайын алтын балақ ақсұңқарды.

Дейтұғын Сұлтанмахмұт хан болыпты,
Атағы әлемге аян жан болыпты.
Байлық пен дүниеге қолы жетіп,
Құрғаны салтанат пен сән болыпты.

Бір күні Сұлтанмахмұт түс көріпті,
Түсінде бір ғажайып іс көріпті.
Әлемде сымбатына зат тең келмес,
Ақсұңқар алтын балақ құс көріпті.

Оянды патша ұйқыдан көзін ашып,
Төсектен ұшып тұрды асып-сасып.
Елестеп көз алдынан сұңқар кетпей,
Есі ауып бір көруге болды ғашық.

Бұрынғы дағдысындай тұра алмады,
Таққа отырып патшалық құра алмады.
Жұртын жинап қаншама сұраса да,
Бір адам құстың жөнін біле алмады.

Бар еді қол астында екі уәзір,
Біреуі—Сам, біреуінің аты— Сабыр.
Сұңқарды іздетуге серт қылды да,
Сабырға «тауып кел» деп қылды әмір.

Алтын балақ ақсұңқар

алтын  балақ  ақсұңқар
Уәзір жарлық алып іздемекке,
Жапан түз жортпақ болып жырақ шетке.
Серт қылып, құс іздеуге тоғыз жылды,

Сиынды бір Жасаған Құдіретке.
Хан жарлық қылғаннан соң іздеп кетті,
Азапты жолдар жүріп мехнат шекті.
Кең дала, асқар асу, таулар асып,

Сұңқардан біле алмады еш деректі.
Алты жыл жүрді Сабыр сұңқар іздеп,
Мойнына дүние кезбек болды міндет.
Бойына бір өзеннің келіп жетті,

«Ақсұңқар алтын балақ құс бар ма» деп.
Уәзірге бұл бір тылсым сынға айналды,
Жетінші құстар қайтар жылға айналды.
Таңертең ерте тұрып қарап тұрса,

Көреді бір ақсақал кәрі шалды.
Алдына қарсы барып сәлем берді:

—Кездім,—деп,— сұңқар іздеп талай жерді.

Осы шал құстың жайын біледі екен,
Мәнісін түсіндіріп айтып берді.
Шал айтты:—Тыңда,—деді,—Сабыр, жаным,
Іздеген құс патшасы ақсұңқарың.

Жолы осы қайтатұғын жылында бір,
Көресің тосып жатсаң құстың бәрін.
Шырағым, жан екенсің көптен зерек,
Туысың тағы артық, затың бөлек.

Құс деген тамақ ішіп қолға түсер,
Тор құрып, жасырынып жатсаң керек.
Осы ақыл ұнаған соң уәзірге де,
Бір торғай ұстап алып тікті жемге.

Айтқандай құсқа торды құрып тастап,
Көрінбей жата берді таса жерге.

хикаялық  дастандар
Ай өтті, содан былай күндер өтті,
Құстар да қайтқан ұшып келіп жетті.
Ешбірін ақсұңқарға ұқсата алмай,

Бәрін де өткізіп сап тағат етті.
Телміріп жатты уәзір қарай-қарай,
Құстар өтіп болды, арты арылғандай.
Екі құс шыға келді ең соңында,

Аппақ боп жап-жаңа таң жарылғандай.
Біреуі екі құстың баран болды,
Көңілі уәзірдің алаң болды.
Екеуі зымғап ұшып келе жатып,

Торғайды жемге түскен көзі көрді.
Уәзір жеті жылға жасымады,
Ал бүгін бағы ма екен басындағы.
Аппағы алтын балақ сұңқар болды,

Жолдасы қаршыға екен қасындағы.
Ақсұңқар айтты сонда қаршығаға:

—Байқашы, маңнан шырыл, ән шыға ма?

Торғайға түсіп біраз қорек етсем,
Ойлаған ойымыздан дәл шыға ма?

—Мұнымыз,—қаршыға айтты,—мақұл емес,

Қылмайық жолда тұрған торғайға егес.
Сіздің жем—аққу, үйрек, қаз, бөдене,
Сізге, тақсыр, бұл торғай лайықты емес.
Ұнады бұл ақылы сұңқар құсқа,

Ақсұңқар ұша берді күнбатысқа.
Уәзірді құс сипаты баурап кетті,
Лажсыз аялдады келер жылға.
Сабырмен сегізінші жыл да толды,

Құс қайтар мезгіл уақыт тағы болды.
Жалынып Жасағаннан үміт етіп,
Қайтадан торғай байлап торын құрды.

алтын  балақ  ақсұңқар
Тізіліп құстар қайтты тап-табымен,
Бірінің бірі артынан топ-тобымен.
Бар құстың соңын жиып ұшып жетті,

Ақсұңқар шабарманы лашынменен.
Торғайды жемге тіккен тағы көрді,
Ақсұңқар шыр айналып нәпсіге ерді.

—Мынаны аз кідіріп жеп кетейік,

Қоналқа білеміз ғой жерді,—деді.
Лашын да қаршығадай сөзге шебер,
Құс емес қарапайым болар бекер.

—Онан да құлан, киік ұстап жеңіз,

Тақсыр-ау, қандай аңға шамаң келер.
Лашынның бұл ақылын қабыл алды,
Ақсұңқар кідірмеді кетіп қалды.
Ал, қазір қапаланып, назаланып,

Мехнатпен тіккен торын жинап алды.
«Сипаты ақсұңқардың дүниеде жоқ,
Тамаша жаралғанң деп қайран қалды.
Құс емес қызықпайтын көрген адам,

Уәзір де патшадай-ақ құмарланды.
Сұңқарды қиып тастап кете алмады,
Сегіз жыл тілегіне жете алмады.
Патша әмірін орындау қиын болды,

Көп тартты мехнатты шыбын жаны.
Серт қылған тоғызыншы жылы болды,
Құс қайтар мезгіл уақыт тағы болды.
Жалынып Жасағаннан үміт етіп,

Қайтадан торғай байлап, құрды торды.
Тізіліп құстар қайтты будақ-будақ,
Биікте, кейі аласа, умақ-шумақ.
Бар құстың соңын жиып ұшып жетті,

Ақсұңқар кезқұйрықты жолдас қып ап.

хикаялық  дастандар
Тұрса да көрінеуде тор құрылып,
Айналды құс патшасы жемді көріп.
Кезқұйрыққа сөз салды:—Жеп кетейік,

Тамақты мына тұрған аз кідіріп.

—Патшам-ау, көрім болды-ау бұл даяр жем,

Айтуға, тақсыр, сізге бата алмап ем.
Аз да болса етін жеп сіз тойыңыз,
Қаужанып мен қалайын қан-жынымен.
«Иә, сәт» деп Сабыр жатты көзін салып,

Ақсұңқар түсті торға шыр айналып.
Жаңылып құс патшасы торға оралды,
Жолдасы кезқұйрықтың тілін алып.
Оралған ақсұңқарды уәзір көріп,

Қуанып жетіп келді зыр жүгіріп.
«Жеттім,—деп,—тоғыз жылда тілегіме»,
Келтірді Жасағанға мың шүкірлік.
Уәзір Сабыр бұл құсқа қайран қалды,

Құрметтеп бөлегішке бөлеп алды.
«Патшам» деп алтын балақ ақсұңқарды
Тағзым етіп патшаға алып барды.
Сұңқарды Сұлтанмахмұт ап қуанды,

Айығып ішкі дерті уанады.
Сабырға риза боп сый береді,
«Орнына келтірдің,—деп,—сен уағданы».
Патшаның көңілі тынды сұңқарды алып,

Таң қалды сипатына көрген халық.
Сам келіп құттықтады ақсұңқарды,
Хан алдына таралғы-тарту салып.
Сам айтты:—Құттықтаймын бұл бір істі,

Аңға да сұңқарыңыз болар күшті.
Қаратып босқа сақтап отырғанша,
Сонарға алып шығу бек тиісті.

алтын  балақ  ақсұңқар
Патша да Самның сөзін есіне алды,
Қайырып ақсұңқарды аңға салды.
Ақсұңқар алтын балақ қыран шығып,

Көзіне көрінгеннің бәрін алды.
Түлкі алды, қасқыр алды, аю алды,
Көрінген құтқармады хайуанды.
Жолбарыс көрінсе де түсетін боп,

Ақсұңқар аңнан қашып айнымады.
Неше жыл аңға салды ақсұңқарды,
Көрінген аң баласы құтылмады.
Қайырып тағы бір жыл алып шықса,

Алтын құс бұрынғыдай ұмтылмады.
«Сұңқарым бұзылды» деп емдетеді,
Балгерге о ғып-бұ ғып жөндетеді.
Қайырып салып еді тағы ұшпай,

Мейлінше патшаны да әуре етеді.
Ап шықты Сұлтанмахмұт құсты бір күн,
Сұңқардан үміт етіп дүркін-дүркін.
Көрсетіп бір киікті қоя берсе,

Теріс ұшып келмей кетті әлгі шіркін.
Падиша ашуланды ыза болып,
Суыққа кешке дейін әбден тоңып.
Ақсұңқар таңға жуық қайта айналып,

Мешіттің төбесіне шықты қонып.
Намазға Сұлтанмахмұт ерте тұрды,
Дәрет алып, мешітке таман жүрді.
Жоғарғы мұнараның биігінен,

Ақсұңқар алтын балақ құсты көрді.
Айтады патша сонда сұңқарына:

—Сені мен өкпелеткен жерім бар ма?

Бабыңды ренжітіп таппадым ба,
Басқаша маған қояр кінәң бар ма?
Айтамын, сұңқар, сені ішім қимай,
Аң көрсең ұмтылмайсың бұрынғыдай.

хикаялық  дастандар
Кетесің теріс ұшып, айналмайсың,
Бұзылдың, алтын балақ, неге мұндай?
Жем беріп шақырсам да қарамадың,

Ұстаған бір әдеттен айрылмадың.
Тоғыз жыл құмар болып іздетіп ем,
Екі жыл қатты егілді менің жаным.

—Бәрі рас,—деді ақсұңқар,—тақсыр патша,

Қызметіңді орындадым мен шамаша.
Бір аңға әуелінде түспес едім,
Тоғыз жыл Сабыр уәзір шаршамаса.
Сізге мен қош айтуға тұрмын, сұлтан,

Жүрмейді тоқта деген маған қолқаң.
Айтайын үш сөзім бар кетерімде,
Айтайын шын ұнатып фаһим қылсаң.
Кетерін ақсұңқардың білді патша,

Ойланып іші қимай тұрды патша.

—Айтып кет үш сөзіңді ұғындырып,

Тыңдайын керек екен маған қанша?
Ақсұңқар алтын балақ бастап сөзін,
Патша тұр құсқа тігіп екі көзін.

—Әрқашан қолдағыңның қадірін біл,

Жақсы екше өмірдің бар мыс пен жезін.
Ақымаққа ешқашан ақыл салмағайсыз,
Тіліне еріп ғапыл қалмағайсыз.
Өкінбе өткен іске үшіншісі,

Іс өтсе басыңыздан қандай жайсыз.
Патша құсын қимай қайғы жеді,
Тоқта деп айтқанына көнбей енді.

—Үш сөзің маған айтқан ақыл екен,

Айтып кет анық ашып жайын деді.
Ақсұңқар тағы бастап сөзін айтты:

—Патшасы ем тамам құстың сіздей затты.

алтын  балақ  ақсұңқар
Көзі—тар, көңілі—заһар уәзірге еріп,
Салғаның аңға қайырып маған батты.
Дос едім мен өзіңе шын, ақиқат,

Міндетім емес еді аң ұстамақ.
Басқаша ақылменен пайдалансаң,
Мағлұм ғой табылар ед сізге тамақ.
Сұлтаным, ұнамады маған ісің,

Мен едім алтын балақ көрген түсің.
Түсімде мен де өзіңді көріп едім,
Торғайды біле тұра торға түстім.
Ақсұңқар алтын балақ менің атым,

Белгілі құс болсам да текті затым.
Әрқашан қолдағыңның қадірін біл,
Сынаңыз шала болса қалған артын.
Екінші—түстім келіп торыңызға,

Неше жыл тұрдым шыдап қолыңызда.
Сам менен кезқұйрықтың тілін алған,
Себеп қой айрылыспақ сорымызға.
Кезқұйрық құс ішінде қор болатын,

Білесің Самның дағы арғы затын.
Қаскүнем, қара ниет екеуі де,
Жеткен жоқ кезі оның тазаратын.
Ондайға қашан да ақыл салмаңыз деп,

Осы еді менің айтқан ишаратым.
Қаршыға, лашындар құс төресі,
Екі жыл себеп болған құтылатын.
Айтамын сізге, патша, ақыл қылып,

Сөз емес қарапайым ұмтылатын.
Үшінші—түйін етіп қойған сөзім,
Өкініп тұрсың маған білсең өзің.
Қолыңа менен басқа асыл түссе,

Әрқашан қадірін біл деген сөзім.

Болыпты бір падиша Ханзада атты,
Халыққа мейірбанды, инабатты.
Бар екен жалғыз ұлы Қамарзаман,
Үйленбей осы ханға қатты батты.

Жүріпті қайын алмай Қамарзаман,
Жасы асып егделепті талай заман.
Әкесі сөйлескенін алмайды екен,
Ханзада қайғыменен болып жаман.

Шақыртып ол падиша уәзірін:

—Алайын мен баламның разылығын.

Егерде разы боп үйленбесе,
Тентіреп кетсін берем жол азығын.
Ойлары бұлардың да болып парша,
Көнбейді Қамарзаман ақыл айтса.

Падиша:—Мақұл десең ақылым сол,
Балаға ой түседі зындан жатса.
Жиылып бұл ақылды бәрі қостап,
Жасады зындандарын әуел бастап.

Түседі жалғыз жатса деп ойласып,
Зынданға ол Қамарды салды тастап.
Түсіпті ғой бұл Қамарға ақырзаман,
Зынданда жатып тұрды талай заман.

Қылмыссыз әкесіне наразы боп,
Құса боп, ашу кернеп қатты жаман.
Қамарзаман

қамарзаман
Сол заман дию-пері жүреді екен,
Қамарды зындандағы көреді екен.
Кездесіп екі пері сөйлескенде,

Айқындап көргендерін айтады екен.
Аралап дүниенің бәрін кезді,
Зынданда бір адамды көрді көзі.
Артық қой адамзаттан оның өзі,

Жарқырап сәуле шашқан нұрлы жүзді.

—Мен жүрген жерім үлкен татыр екен,

Сарайда бір сұлу қыз жатыр екен.
Аймалап маңайында нөкерлері,
Сұлу қыз ортасында отыр екен.
Ой мен қырды аралап басайық біз,

Қырқаны, құзар таумен асайық біз.
Екеуміз осы көрген екі жасты,
Әкеліп осы түнде қосайық біз.
Перілер «мақұл» деп қызды құшты,

Түн іші, ұйқыда қыз алып ұшты.
Болған жоқ өйткенінше көз ілердей,
Зынданға жігіт тұрған келіп түсті.
Жігітті көрсетеді қызды оятып,

Тамсанып, таңырқайды о да жатып.
Көргенде сол жігітті салауатты,
Кетеді иігендей бойы балқып.
Көңілі жадырады, шарықтады,

Әлгі қыз жігітті кеп иықтады.
Жанында маужырап біраз тұрып,
Қасына бір заманда ұйықтады.
Жамылған киімін ап басындағы,

Оянды енді жігіт қасындағы.
Тамсанып о да тұрды есеңгіреп,
Сұлуға көзі түсті қасындағы.

хикаялық  дастандар
Бұл пері екі жасты кезіктірді,
Жандарын бір-біріне үзіп тұрды.
Сол жерде ақылдасып екі пері,

Жүзікті қолындағы ауыстырды.
Қосты ғой осылайша екі жасты,
Түсіндей шала көрген таңырқасты.
Бір кезде пері қайта ұйықтатып,

Ол қызды сарайына алып ұшты.
Перілер оянғанша алып барды,
Көрсетіп түсім бе деп ғашық жарды.
Оянса қыз қасында жоқ боп шықты,

Салады Қамар айғай, мұң мен зарды.
Ұйқыдан Қамар тұрды, таң да атты,
Қараса қыз жоқ қаста, өзі қапты.
Қорлығы дүниенің осы болып,

Ашылмас қалың тұман, мұңға батты.
Таңертең тамағына біреу келді,
Зарлаған қайғы-мұңын көзі көрді.
Айғайды көргеннен соң шошып кетіп,

Қамардың бұл қылығы тым өзгерді.

—Бар екен кәмшат бөркі басындағы,

Қыз еді қайда кетті қасымдағы?
Мен көріп ғашығымды кезігіп ем,
Кім ертіп кетіп қалды осындағы?
Мазалап шыбын жанын тұр ғой қинап,

Келгенге «тауып бер» деп тұр айқайлап.
Не сұмдық, ол келгендер, немене деп,
Елі тұр мұңға батып, қайғы жайлап.
Сары таң айғайменен атырды кеп,

Әкесі көріп мұны:—Құтырды,—деп.
Шығарма сол зынданнан оны,—деді,
Бастарын бүтін елдің қатырды кеп.

қамарзаман
«Бер,—дейді,—қызды тауып» Қамар көпке,
Табылмай шипасы да осы дертке.
Күшейіп бұрынғыдан мына дерті,

Ханзада тірі түсті жанған өртке.
Қан шығып жас аралас ағып көзден,
Ақылға келмей Қамар қалып сөзден.
Осымен Қамарзаман жүре тұрсын,

Азырақ сөйлесейік әлгі қызбен.
Жайланып сарайынан тұрады қыз,
Нөкерден:—Жігіт қайда?—сұрады қыз.
Шақырып нөкерлерін жиып алып,

«Жігітті табыңдар» деп ұрады қыз.
Тіл тиіп, сөзбен шағып, ақырды кеп,
Шошиды қалың нөкер «құтырды» деп.
«Шуласып не болды» деп қалың нөкер,

Алмайды еш адамның ақылын көп.

—Табыңдар қасымдағы жігітімді,

Ұқпаймын сендер айтқан үгітіңді.
Жоғалып әлгі жігіт қайда кетті,
Тоса ма мына қыздар бақытымды?
Сонымен Есім ханға хабар кетті,

Лүпілдеп жүрек қағып әрең жетті.
Сөйлеген құтырықтай қызын көріп,
Аңырап Есім ханның есі кетті.

—Не болды, ей, шырағым, балам,—дейді,

Болды ма әлде кімнен жалаң,—дейді.
Жұлдызым аспандағы өзің едің,
Басымда ай мен күндей панам,—дейді.
Қызына әке жаны ашиды енді,

Әкесі қызын көріп шошиды енді.
Түскен соң хан баласы осы күйге,
Тоқтау қып елі келіп бас иді енді.

хикаялық  дастандар
Хан тұр ғой қызды көріп, елі састы,
Ханына елі келіп қойды басты.
Елінен іздестіріп балгер-бақсы,

Келген соң балгер балын ашты.
Жанына қыздың елдер бара алмады,
Емсектер қызға емді таба алмады.
Балгер ханнан қорқып, жаны шошып,

Ұшық сап әйтеу қызды амалдады.
Бұл қызға балгерден ем қонбады,
Күн-түні зарлап, ұйқы бір қанбады.
Ем іздеп қыз әкесі сандалады,

Еңбегі әкесінің бір жанбады.
Ағады Есім ханнан жас домалап,
Кетіп ед қыз ағасы жолаушылап.
Шақырып сол ағасын қуғызады,

Шақырту жетіп барды оқша зулап.
Шақырған сөзін айтып сартылдайды,
Жүрегі ағасының тарсылдайды.

—Сарайда қарындасың ауырып қап,

Ханеке сені шапшаң қайтсын дейді.
Ағасы жете алмады жолдан қайтып,
Науқасы қарындастың оған батып.
Айқай сап, көп сөйлейді ұйқы көрмей,

Желігіп көтерілсе ел сандалып.
Жүреді «не болды-ау» деп екпіндетіп,
Үйіне кешке жақын келді жетіп.
Әкесі қарсы алдынан шығып айтты:

—Ауырды іле-шала сен де кетіп.

Сарайға қыз ағасы тура тартты,
Қысылып қыз да тұрды жаман қатты.
Алдынан қыз нөкері құрмет етті,
Келгенін ағасының инабатты.

қамарзаман
Ағасы жақындады қызға таман:

—Не болды, о, қарағым, енді саған.

Жолығып арылмайтын үлкен дертке,
Жүдепсің өңің кетіп тіпті жаман.
Күлкісі шықты қыздың әйтеу қызық,
Кім бұзбақ бір Алладан болса бұйрық.

Отырған қасындағы ағасы онан,
Сұрады көрейін деп қолдан жүзік.
Қыз дағы ағасының қасына кеп,
Жүзігін берді қолдан ұсына кеп.

—Кезіктім осындай бір ауруға,

Дерт болып орналасты басыма кеп.

—Қарағым, жазыласың есен-аман,

Қайғы-дерт араласты тіпті жаман.
Бұл жүзік өзіңдікі емес екен,
Аты бар жазылыпты «Қамарзаман».
Көреді қолынан қыз жүзікті алып,

Тұра алмай сенделектеп тұрды қалып.
Осындай біраз тұрып қалған кезде,
Жығылды сонда барып естен танып.
Аздан соңда тұрып есін жиды,

Шақырып әлгі жігіт халқын жиды.

—Баланың, міне, емі табылды—деп,

Шүйінші барлық елге берді сыйды.
Басында бүтін елі қатты састы,
Падиша елін жиып ақылдасты.
«Жүзікті алып біреу іздесін» деп,

Жұрты кеп осы сөзге мақұлдасты.
Жүруге қыз ағасы ыңғайланып,
Қасына жігіт алды сығайланып.

—Жата тұр сарайыңда, ей, қарағым,

Келемін аман болсам жыл айланып.

хикаялық  дастандар
Ағасы жүзікті алып жолға шықты,
Сайланып сәйгүліктер өңшең мықты.
«Сапарың сәтті болсын» деп ап бата,

Кәріден жүрер жолды сұрап ұқты.
Қасында жолдасымен болып алты,
Қосарға жетектеді бірден атты.
Жолшыбай сұрай-сұрай келе жатыр,

Бір жылда көрінеді елдің шеті.
Бір шаһардың жетіп қонды шет жағына,
Артылған азық-түлік аттарына.
Жөн біліп қонған үйі сұрап отыр,

Дем алып бірнеше күн жат тағы да.

—Келеміз болып біз де балгер-бақсы,

Айтамыз біз айырып жаман-жақсы.
Көреміз ауруды шөгелденіп,
Кетеді ұшық болса дем сап қақса.

—Ханзада еліміздің падишасы,

Ауырған көтеріліп бір баласы.
Баланы бақсы-балгер жаза алмады,
Бұл елден табылмайды бір шарасы.
Баланы ханға айтайын көріңіздер,

Дауалап қолдан келсе беріңіздер.
Хабарын ханға барып тез айтайын,
Ұшық сап мақұл десе беріңіздер.
Падиша естіген соң мақұл депті,

Әлгі адам хабарына барып кепті.
Падиша сарайына барғаннан соң,
Қадірлеп, құрметіне алып күтті.

—Бар еді жалғыз ұлым—күн мен айым,

Сөйлейін бұл баланың біраз жайын.
Осындай жалғыз балам күйге түсті,
Сұраған жазар болсаң бәрі дайын.

қамарзаман
Шарт жасап шетке сарай салады енді,
Қамарды ол өткізіп алады енді.
«Дауалап қырық күндей көреміз» деп,

Иенге түгел балгер барады енді.
«Ер-тоқым, дайындасып қырық атын,
Көреміз қырық күндей етіп шартын».
Айтқанын балгерлердің істеп берді,

Күтейік біз аялдап мұның артын.
Қуанып хан, падиша болады дал,
Қайғысы арылғандай бұрыннан сәл.

—Жан пенде бұл араға бастырмаңыз,

Өзің кеп қырық бір күнде хабарын ал.
Бар екен алтауында бір жезтаңдай,
Қамарға ұғындырып айтып жағдай.
Жүзігін алып келген Қамар көрді,

Серпілді ол дертінен айыққандай.

—Ей, Қамар, алдыңыздан өтеміз,—деп,

Сені ертіп елімізге кетеміз,—деп.
Дертке сонда шипа табылғандай,
Дәм тартса, жыл айланып жетеміз,—деп.
Падиша қырық күндей үйде жатты,

Қылығы баласының қатты батты.
Есептеп қырық бір күн толған шақта,
«Хабарын білейін» деп алдырды атты.
Арада, міне, осылай күндер өтті,

Падиша баласына жүріп кетті.
Екі арасы ұзақ ед күншілік жер,
Қонаға бұл сарайға келіп жетті.
Жазық ед мидай дала жатқан татыр,

Падиша жетіп келсе орны жатыр.
Қайғысы бұрынғыдан қатты болып,
Өкіріп аттан ұшып құлады ақыр.

хикаялық  дастандар

—Қайда кеттің, құлыным,

Үзілді қолқам, жұлыным.
Ізіңді көріп даладан,
Келді ме тағдыр Алладан.
Мендей жандар бар ма екен,

Тірі айырылған баладан.
Өлі ме балам, тірі ме,
Түспедім бірге көріңе.
Көрмей де қалдым артыңнан,

Айықпай кеттің дертіңнен.
Түк емес дертке кезіктім,
Зар болдым Қамар атыңнан.
Аллаға жаның аманат,

Дертіңе болмай шапағат.
Артыңда сенің мен қалып,
Жолықтым дертке қабағат.
Кетті ғой менің Қамарым,

Жоқ болды менің амалым.
Тірідей мені өлтірдің,
Білінгенше хабарың.
Жазылды ма құлыным,

Бұрынғыдай ес кіріп.
Ізің өшіп қалыпты,
Көрінбейді ескіріп.
Байқасам тірі кетіпсің,

Аллаға айтам шүкірлік.
Білінбей кетті бетің де,
Болды ма дауа дертіңе.
Шүйінші деп ел келсе,

Тәж-тақытым дайын сертіме.
Ханзада осыны айтып үйге кетті,
Баланы таба алмасқа көзі жетті.

қамарзаман
Баласын балгерлер алып кетіп,
Арқалап қала берді үлкен дертті.
Хан қайтты иендегі қаласынан,

Баланың құсаланды наласынан.
Осымен хан үйінде жата тұрсын,
Сөйлейік ахуалды баласынан.
Болмысты бастан-аяқ Қамар ұқты,

Жазылып осыменен дерті шықты.
Апарып өз еліне көрсетуге,
Көндіріп бұл Қамарды алып шықты.
Ұзақ жер, ерте жүріп, кеш кеп қонды,

Жете алмай бұлар елге жыл да толды.
Қиын тау, құзар биік, қырқаны асып,
Жүріпті нелер қиын басып шөлді.
Бір жылда қыз еліне келді жетіп,

Хабарға біреу кетті екпіндетіп.

—Ол елден біз шыққалы бір жыл болды,

Келеміз осы араға Қамарды ертіп.
Алдынан күні бұртын хабар тиді,
Мұны естіп патшасы елін жыйды.
Бұл хабар сарайдағы қызға тиіп,

Бүтін ел күтіп алып берді сыйды.
Осымен елі жайға қайтып жатыр,
Шүйінші қызға барып айтып жатыр.
«Тілегін екі жастың берді Алла» деп,

Ханға кеп «құтты болсын» айтып жатыр.
Падиша елін жиып ақылдасты:

—Келтірді Құдай айдап мына жасты.

Баламның бала теңі болды ғой,—деп,
Некелеп қоспақ болды екі жасты.

хикаялық  дастандар
Келісті Қамарзаман енді жайын,
Құрылып ойын-сауық болып тойын.
Той болып ұлан-асыр, сауық-сайран,

Салдырған бөлек етіп қора-жайын.
Қосылған теңін тауып екі ғашық,
Жүруші ед түс көргендей болып асық.
«Тегін бер теңін тауып» деген осы,

Іздесіп қосылыпты мауқын басып.
Сол Қамар осы елде бір жыл тұрды,
Әкесін көптен ойлап мойын бұрды.
Асығып бір көруге өз әкесін,

Ақыл ғып жолдасына айтып сырды.
Арада көп уақыт және тұрад,
Ырыс-құт дайындады іштей құрап.
Келісіп жолдасымен тиянаққа,

Барыпты атасына рұқсат сұрап.

—Атажан, мен барайын өз еліме,

Әкеме тағдыр, шіркін, кез келді ме.
Қан жұтып әкем артта қалып еді,
Өртеніп от түскендей өзегіне.

—Дәм айдап біздің елге келдің-ау кез,

Болмаған артық кемді айтылған сөз.
Еліңе баруыңа қосылам мен,
Қосшы ал қорғаушыға бірнеше жүз.
Бұл елден шықты Қамар, көп жамағат,

Тілейді бір Алладан бер шапағат.
Атасы қолын жайып берді бата,

—Қос құлын, барыңдар,—деп,—сау-саламат!

Келеді бұл Қамардың көңілі тасып,
Көшкен ел тайғақ кезең асу асып.
Басшылар алда жүріп жол бастайды,
Жол түзеп келе жатыр көшті тосып.

қамарзаман
Кезігіп теңіз бенен шалқар көлге,
Нөсерлеп күн де жауып, соққан жел де.
Шыққалы елдерінен жылға толып,

Келіпті аман-есен бөтен елге.
Бұл елдің падишасы, аты—Мәлік,
Жағдайды ұғыныпты сұрап анық.
Еліне құрметі де сонша асқан,

Мақтайды ауызға алып оны халық.
Бұл елге көшіп келіп тікті қосты,
Кезігіп, сәлемдесіп, басты қосты.
«Сапарың қайырлы, сәт болсын» десіп,

Құрметпен қошеметтеп алды-құшты.
Бұл Қамар Мәлік ханмен жақындасқан,
Серігі уәзірімен ақылдасқан.
«Неше ай адам, көлік демалсын» деп,

Кезікті нелер қиын асу асқан.

—Ей, Қамар, дәмің айдап келдің сен де,

Жаралмас жер бетінде сендей пенде.
Айтыңдар ол Қамарға тілімді алсын,
Қызымды атастырып берем мен де.
Қамарға қызығады мына Мәлік,

Нұрына таң қалады өліп-талып.
Ішінен өз жобасын ойлайды екен,
«Қызымды беріп, алсам бала қылып».
Бұл Қамар көшіп енді қайта алмады,

Қандырып ханға жауап айта алмады.
Қамардан үміт күтіп хан сарайда,
Келгенге толық жауап қайтармады.

—Еліме сен де, Қамар, болдың пайда,

Сөзіме берген сенің жауап қайда?
Мені сен көзге ілмейтін кімсің өзің,
Тез жауап берсін,—дейді,—келер айға.

хикаялық  дастандар
Қамарға енді түсті мына тарлық,
Мәлік хан «қыз берем» деп айтып жарлық.
«Бұл қызды алмаймын» деп Қамар айтса,

Істейтін көрінеді бұл хан зорлық.
Қамар да уәзірмен ақылдасты,
Ол қызды алуға да мақұлдасты.
Бұл хабар әлгі ханға жеткеннен соң,

Мәлік хан разы боп қуанысты.
Бұл Қамар ханның қызын алып құшты,
«Тәуекел көрейін,—деп,—болған істі».
Жасалып ханның тойы біткеннен соң,

Қосына қызды алып келіп түсті.
Әкелді ай мен күндей асыл затты,
Екі әйел алып Қамар сонда жатты.
Алланың бергеніне кім таласад,

Жүкті боп екі әйел екі ұл тапты.
Екі ұлдың нұр сәулесі күн мен айдай,
Қуаныш екі ұлына болды таудай.
Шақырып елі-жұртын думандатып,

Қызықты ойын-сауық құрмақ болды-ай.
Хабарлап той боларын оң мен солға,
Шақырды азан айтып үлкен молла.
Ат қойып талқыласып балаға да,

Болар деп Асхат пенен Асхатолла.
Есейіп ер жетеді екі бекзат,
Жетпейді сипатына басқа адамзат.
Жаратқан хор қызынан секілденіп,

Таң қалды көрген адам бір ғаламат.
Ер жетіп екеуіне ақыл кірді,
Сайрандай сауық құрып жақсы жүрді.
Екеуі осылайша тамашалап,

Жаман мен жақсының да парқын білді.

қамарзаман
Ойнайды екі бала көңілі тасып,
Ойыны бүгінгіден ертең асып.
Қызығып бұл баланың сипатына,

Баяғы екі қатын болад ғашық.
Ғашық боп бір-бірінің баласына,
Бұл іске жас балалар қарасын ба?
Балалар көнбесіне көзі жетіп,

Ойлайды қас қылудың шарасын да.
Сейілдеп Қамар үйге қайта келді,
Қатындар зарлы мұңын айтып берді.
Жамандап балаларын әкесіне,

Істеген қылмысы деп айтады енді.

—Көнбейді қиқар бала әкесіне,

Қол салды екі бұзық шешесіне.
Бүйткенше жоғалт көзін, аулақ кетсін,
Болмаса басын әзір кесесің бе?
Әкесі баласына ақырады,

Уәзірді «келіңдер» деп шақырады.

—Екеуін иен жерге алып барып,

Өлтіріп белгі әкел,—деп тапсырады.
Уәзір балаларды алып кетті,
Шырылдап екі бала зарлық етті.

—Апар да көзін жоғалт, басын кес,—деп,

Әкесі уәзірге бұйрық етті.
Апарды ол уәзір иен жерге:

—Жаныңа қас қылмаймын мен сендерге.

Берейін азық-түлік қолдарыңа,
Тентіреп жан бағыңдар осы жерде.
Уәзір «өлтірдім» деп кетті тастап,
Пана боп бір Алланың өзі бастап.

Иенде қайтіп бұлар жан баға алсын,
Өткізді ұзын күнді зарлап-қақсап.

хикаялық  дастандар

—Екеуміз де баламыз,

Далада қайтіп қаламыз?
Өлтіріп кет онанша,
Кім болад біздің панамыз?
Кімге жетер мұңымыз,

Не болар екен күніміз?
Қастық істеп шешеміз,
Көреміз деп пе ек мұны біз.
Қалдық қой, шіркін, далада,

Кім болар бізге пана да.
Кең дүние тарылып,
Салмады көзін Алла да.
Мұңлы болды-ау басымыз,

Көл болды-ау аққан жасымыз.
Шерге толды-ау ішіміз,
Ақ еді-ау біздің ісіміз.
Біз едік баққан баласы,

Жасаған қастық анасы.
Жалғанда біздей болмасын,
Мұсылманның баласы.
Кең дүние тар қылды-ау,

Жоқ нәрсені бар қылды-ау.
Іштен шыққан баласын,
Ит пен құсқа жем қылды-ау.
Екі аяқты баса алмай,

Құзар мен тауды аса алмай.
Ит пен құсқа жем болдық,
Құтылып онан қаша алмай.
Шыға алмадық биікке,

Өртеніп іште күйік те.
Зарланып жүріп далада,
Кезікті сонда киікке.

қамарзаман
Киікке сонда тіл бітті:

—Үстіме кел мін,—дейді.

Бір Алла маған тапсырды,
Өтейін мен де міндетті.
Баланы киік ап кетті,
Шәріге жетті әп-сәтте.

Ілгері онан жүре алмай,
Негізін жердің көрсетті.
Шәріге келді таяулап,
Баса алмай аяқ баяулап.

Шерге толды көкірек,
Перзенттер еді-ау аяулы-ақ!
Шәріге барды ағасы қас қарая,
Бар екен бұл шәріде бір асхана.

Тамақ жеп асханадан тойып алып,
Іздейді сол шәріден басқа пана.
Інісін іздеп шықты нанын ала,
Қараңғы түннің іші шам да жана.

Орнынан барса інісі жоқ боп шықты,
Аспазға қайта келді іле-шала.
Аспазды келіп Асхат паналайды,
Шәріні сонда тұрып аралайды.

Сол кезде падишаға біреу барып,
«Аспаз,—деп,—кісі өлтірген» қаралайды.
Өтеді бірнеше күн осы арада,
Қалың ел кетіп жатыр ол дарға.

Аспазды дарға әкеп асатын күн,
Шақырды «жүр» деп біреу балаға да.
Аспазды алып барды дарға да,
Бала да түсе кетті араға да.

«Ол емес, кісі өлтірген мен едім» деп,
Жүгіріп бала кетті дар алдына.

хикаялық  дастандар
Хан айтты:—Тоқтаңдаршы, ей, халайық,
Баланың сөзін ұғып біз алайық.
Ерекше заты артық адамзаттан,

Аспазды өлтірмейік, біз таралық.
Аспазды да өлмей сонан аман қалды,
Падиша талап қылып баланы алды.

—Мен берем адам құнын,—деді,—патша,

Жиылып келген елдер құп тарады.
Асхат ұл падишаға болды бала,
Танысты еліменен тұрып қала.
Табылды осындай боп басқа пана,

Шарықтап өсе берді көңіл жана.
Інісі Асхатолла жүр сандалып,
Кезігіп бір кемпір кеп тұр таң қалып.

—Балам жоқ, ей, қарағым, бала бол,—деп,

Жүр,—дейді жабысады ол қамданып.
Кемпірмен бірге барды ол үйіне,
Қарады кемпір дағы бұл күйіне.
Таңырқап қарап тұрып балаға да,

Келеді ел таңырқап көп үйіле.
Кемпірге бала болып паналайды,
Үйір боп ол көргенін шамалайды.
Ол елден қаншалаған қажы шығып,

«Баланы сатып бер» деп қамалайды.
Қажылар сол баланы алды сатып,
Қалды ғой әлгі кемпір пұлға батып.
Келеді байғұс бала көзі жайнап,

Қажылар суға салар соры қайнап.
Қажышылар бала іздеп сатып алды,
Теңізге садақа қып суға салды.
Ежелден қажылардың ырымы осы,

Теңізге аударылмай жаны қалды.

қамарзаман
Келеді қажышылар қайық айдап,
Нұр шашып бала келед гүл-гүл жайнап.
Басында мұнараның патша көріп:

«Алып кел, өлтірме!»—дейд бұйрық әйлап.
Қажылар ол теңізден аман өтті,
Еліне Маржан патша келіп жетті.
Қажыны қонақ қылып ол падиша,

«Баланы беріп кет» деп жарлық етті.
«Баланы бермейміз» деп ақылдасты,
Кейбіреу «берейік» деп мақұлдасты.
Арада көнбейтұғын бірнешеуі,

Баланы иен тауға алып қашты.
Падиша ашуланса қаһары ащы,
«Тап» деген жарлығынан жаман састы.
«Баланы қолға әкеп тапсырғанша,

Қажылар кетпейді» деп жарлық шашты.
Қажыға адам жаны болған арзан,
Бар еді қыз падиша, аты—Маржан.
Өлімнен аман қалып әлгі бала,

Қолына алып қапты осы Маржан.
Нұрланып енді өсіпті бала жастан,
Бұл Маржан ғашық бопты әуел бастан.
Өзіне іштей тартып ыңғайланып,

Ертіп жүр, тастамайды оны қастан.
Аты еді ол баланың Асхатолла,
Бақ жанып, көзі ашылып қолдады Алла.
Маржан да разы боп некеленіп,

Некесін қиып берді үлкен молда.
Болыпты арам ниет ұрғашыдан,
Баладан безіп Қамар бұл жасынан.
Осымен екі бала тұра тұрсын,

Сөйлейік бұл Қамардың өз басынан.

хикаялық  дастандар
Бір күні ұйқыда еді Қамар өзі,
Үй ішін жарық болған көрді көзі.
Оянып ұйқысынан байқап еді,

Жарық қып тұр әйелдің білезігі.
Таңырқап алып сыртқа бұл бір істі,
Қолынан келіп бір құс алып ұшты.
Түн іші құс артынан қуа беріп,

Болдырып иен жерде жерді құшты.
Таң атып ғайып болды құс та кетіп,
Қолына түсіре алмай оны жетіп.
Қай жақтан келгендігін білмей Қамар,

Беті ауған жаққа қарай қалды кетіп.
Осымен Қамар босқа тентіреді,
Бейнетті Алла басқа келтіреді.
Адамға қастас жәндік кезіксе ол,

Ажалдан үш күн бұрын өлтіреді.
Қарайған әлгі Қамар малға келді,
Шәрінің шетіндегі шалға келді.
Сұраса шал Қамардан жолдың жөнін,

Арасы бір жылдық жол, қалай келді.
Осы шал ол Қамарға пәле болар,
Лажы жоқ Қамарзаман бала болар.
Істейді тамақ үшін әлгі шалға,

Шалдың да пұлы жоқ ед бере қояр.
Сол шалдың суын әкеп, отын жақты,
Бала боп амалсыздан шалды бақты.
Кәсібі арқалаған отын сатып,

Мән-жайды әлгі шалдан сұрап ұқты.

—Отынды күнделікті әкел, балам,

Тұрақты көңілінде болма алаң.
Баласыз бұл дүниеден өтіп барам,
Сен кетсең ішім күйіп, от боп жанам.

қамарзаман
Ол Қамар және бір отын алды,
Көк құсты күнде отырған көзі шалды.
Ол құс та кетпейді екен ұшып ұзап,

Ұстауға ептемелеп тұзақ құрды.
Алланың бергеніне кім таласқан,
Ілінді құсқа келіп әлгі тұзақ.
Қамар да алады ол құсты келіп,

Білезік жемсауда екен, қысты келіп.
Қолына білезігі келгеннен соң,
Ол Қамар жер бауырлап құшты келіп.
Қамар да отын үшін терек жықты,

Ішінен бәйтеректің інжу шықты.
Құдайдың оған берген қуаты ғой,
Қуанып «а, Құдайлап» оны тықты.
Қамарды осылайша Құдай бастап,

Ағаштан неше түрлі жәшік жасап.
Табылған інжу менен білезікті,
Қашалап сол жәшікке салды тастап.

—Рұқсат берсең маған, қария атам,

Азырақ інжу таптым соны сатам.
Ілесіп керуенмен мен жүрейін,
Тапсырып бір Құдайға берсең батаң.
Осымен шал екеуі ақылдасты,

Қосылып шалы оған мақұлдасты.
Сол қарсаңда керуенші келіп қалып,
Қамар да алып барып жүкті қосты.
Дем алды бір күн жатып керуен де,

Қамардың мақұл көрді еруін де.

—Шықпаған сен ешқайда жан екенсің,

Болады саяхаттап келуіңе.
Кетуге керуен де жеделдетіп,
Айтқандай Қамар дағы келді жетіп.

хикаялық  дастандар
Жүктерін түйелерге бөліп салып,
Қош айтып, әкесіне қалды кетіп.
Қамар да шалына кеп кезігеді,

Ауырған шалын нашар көзі көрді.
Қасына шалының кеп отырған соң,
Шалы да тілден қалып, түсі өзгерді.
Ол Қамар шалын тастап кете алмады,

Керуен кетіп қапты, жете алмады.
Сол кезде шалы кетті дүние салып,
Қайғысы мұнан ауыр өте алмады.
Кетіпті қаңғып Қамар бір күншілік,

Басына түсті қайғы, қиыншылық.
Басқадай қолынан келер еш нәрсе жоқ,
Кәсібі болды оның қайыршылық.
Өлімге басты байлап, жан қиясың,

Басыңа ажал келсе қылжиясың.
Осымен Қамар сөйтіп жүре тұрсын,
Сөйлейік артындағы семьясын.
Таңертең тұрса әйелі Қамары жоқ,

Іздеуге олай-бұлай амалы жоқ.
Ешкімге оның жоғын білдірмеді,
Бір жеті сұрастырса хабары жоқ.
Шақырып уәзірді ақылдасты,

Айтпауға намыс қылып мақұлдасты.
Бас қосып ақылменен екеуі ғана:

—Қайтеміз хабары жоқ, уақыт асты.

Қамардан білінбеді хабары кеп,
Қамардың жоғын білмей жиылған көп.
Қамардың өз киімін әйел киіп,
Билігін жүргізеді қатыны кеп.

қамарзаман
Ойын жоқ, күлкі де жоқ Қамар десе,
Мұң басты іші күйіп, қайғы жесе.
Құса боп тамақты да жеуден қалды,

«Бұл күйік басылад,—дейд,—інжу жесе».
Барады күндер өтіп кетіп зулап,
Қайғымен екі әйелі болды қурап.
Бір күні керуенші келіп еді,

—Сататын бар ма?—дейді інжу сұрап.

Керуен өз ішінен қосты басты,
«Иесіз інжу бар» деп ақылдасты.
Жүк болды мұның өзі бізге азап,
Сатуға соны алдымен мақұлдасты.

Керуен сонда келді:—Жатамыз,—деп,
Бар еді біраз інжу сатамыз,—деп.
Жоғалтып көзін мұның берейік,—деп,
Болмаса әбден азап тартамыз,—деп.

Керуен бірнеше күн қалды жатып,
Иесіз інжуді ол алды сатып.
Иесі келмесіне көзі жетіп,
Бөлісіп пұлына оның қалды батып.

Керуен сатамын деп өзі кепті,
Аңсаған інжуіне кезігіпті.
Бес жәшік інжуді алып ашқан екен,
Ішінен көрді көзі білезікті.

Жәшіктен білезікті қолына алды,
Қамардың әйелі де талып қалды.
Аздан соң есін жиып әлгі әйел,
Інжуді алған жайын анықтады.

Керуен жөншілікпен жөн айтпады,
Сөзінен қанша қысса бір қайтпады.
«Інжудің анығына келмедің» деп,
Жібермей керуенді айыптады.

хикаялық  дастандар
Жібермей керуенді жатқызады,
Сұрақ қып сары таңды атқызады.
Керуен шындығына келгенінше,

Қоршатып оны әскерге баққызады.
Керуен шынын айтты қысымменен,
Білмеген, бұл жағдайды түсінбеген.
Зарыққан жоғы келіп өз алдына,

Хабарын естіп білді осыменен.

—Керуен, шындығыңа келсең не етті,

Керуеннен адам шығып іздеп кетті.
Қамарды іздеп тауып келгенінше,
Қалғандар жата берсін осы беті.
Неше адам жолға шығып іздеп кетті,

Ай жүріп екі арада әзер жетті.
Таба алмай мекенінен ол Қамарды,
Кәсібі қайыршылық тентірепті.
Келгендер ол Қамарға жөнін айтты,

Қамарды тауып алып, алып қайтты.
Апарып ол Қамарды тапсырғанша,
Керуен артын тосып әрең жатты.
Қамарды алып келді есен-аман,

Арада өтіп кетті қанша заман.
Шүйінші тілеп елі шапқылады,
Жиылды елі түгел, келіп тамам.
Керуен ол Қамарды алып келді,

Түсініп жастан істі анық білді.
Босатып керуенді разы боп,
Қош айтып керуенге сыйлық берді.
Қамар да үйіне кеп орналасты,

Құттықтап барлық елі қосты басты.
Иелеп дүниені бұрынғыдай,
Жасалып сауық пен той қуанышты.

қамарзаман
Қалпына келді қайта Қамарзаман,
Тұрады орналасып талай заман.
Келтіріп бас-аяғын жайластырып,

Еліне және көшті есен-аман.
Ханзада шақырып ап жиып көпті,
Іздесіп адам шығып мына жақты.
Баласы дерегі жоқ табылмады,

Қан жұтып, қайғыменен үйде бұқты.
Елінен жоқшы шығып инабатты,
Жолшыбай сұрастырып келе жатты.
Бар хабар басқан елден шығып қалып,

Жоқшылар қуанышқа енді батты.
Жоқшылар Қамарды іздеп келе жатты,
Дем алып бөтен елге келіп жетті.

—Адамды бұл сұраған біз білмейміз,

Қамардың баласы бар Асхат атты.
Жоқшылар елден сұрап және шықты,
Қамардың көшкен елін сұрап ұқты.
Қамарға тура тартып келе жатыр,

Сайланған сәйгүліктер өңшең мықты.

—Іздеуге шығарды ғой бізді сайлап,

Құдайым кезіктірді сені айдап.
Артыңда елің-жұртың күйзелді ғой,
Әкең де жатыр сенің қайғыңды ойлап.
Жүрісі іздеушілер тез болады,

Көшкен ел жол-жөнекей кез болады.
Көрісіп, құшақтасып, сәлемдесіп,
Болған соң екі бала сөз болады.
Айтады жолаушылар көргендерін,

Тіршілік мекен етіп тұрған жерін.
Көрісер өліспеген дегендейін,
Алланың оған қуат бергендерін.

хикаялық  дастандар
Таң қалды жолаушының мына сөзін,
Жоғалтқан екі бала оның көзін.
Ой түсіп мұңаяды сонда Қамар,

Айта алмай жылап жіберед сонда сөзін.
Сұрайды уәзірден нағын нақтап:

—Өлтірмей қоя бергем,—деп,—жаның бақ.

Шырылдап екі бала қалған бірі,
Жанына тұра алмадым мен тұрақтап.
Әкеліп үшеуінің басын қостық,
Балаға шешелері істеп қастық.

Қамар, сен қатын тіліне ілесіпсің,
Әке боп істемепсің болыстастық.

—Тайғанда хан сөзінен қарамын,—деп,

Мен қайтіп бүйтіп елге барамын,—деп.
Қас қылған екі жасқа қос қатынға,
Жүгірді Қамар сонда «жарамын» деп.
Қамарға барлық елі қойғызады,

Бас қосып той қып малды сойғызады.
Еліне ақсақалды қариялар,
Қол жайып баталарын жауғызады.
Осындай мехнатпен қосты басты,

Тоқтатты мұң мен қайғы, аққан жасты.
Құтылып бастан-аяқ мехнаттан,
Бойына енді тарап ішкен асы.
Бір қотан ел боп келед жылқы қуған,

Той жасап неше күндей ұлы думан.
Мекенін туып-өскен аңсап келед,
Туған жер кіндік кесіп, кірін жуған.
Барлығы бірге келед күліп-ойнап,

Дүниенің қызығына кімдер тоймақ.
Әкесі қайғыменен жатып қапты,
Жоғалған тірі кетіп баланы ойлап.

қамарзаман
Алдынан хабар кетті әкесіне,
Қайғымен төсек тартқан әкесі де.
Хабарды тірі деген естіген соң,

Орнынан түрегелді әкесі де.
Қамар тірі дегенге,
Елі келді жиылып.
Шүйінші тілеп жан-жақтан,

Шапқылады құйылып.
Жатып қалған падиша,
Сонда басын көтерді.

—Тілегім бер,—деп Аллаға,

«А, Құдайлап» сыйынып.

—Айналайын Құдайым,

Бір өзіңе жылайын.
Қамар, сені көргенше,
Қайтіп қана шыдайын.
Бар ма екен Қамар аманда,

Бар екен көрер заман да.
Сені ойлап, Қамарым,
Дертті болдым жаһанда.
Ойладым, Қамар, сарылып,

Дертім шықты арылып.
Қарағымды мен көрсем,
Кетер ме жүрек жарылып?!
Көрем бе Қамар жанымды,

Құрыған жидым әлімді.
Шүйіншіге берейін,
Жиған-терген малымды.
Қамарым, аман сен келдің,

Қайғымен ойлап сенделдім.
Көзден аққан қанды жас,
Омырау жуып сел болдым.

хикаялық  дастандар
Жылай-жылай, Қамарым,
Екі көзден айрылдым.
Қабырғам менің сөгіліп,

Жасыған жездей майрылдым.
Тірі кеткен, Қамарым,
Есен-аман қайрылдың.
Қамар да еліменен келді көшіп,

Жоқшылар да келеді бірге ілесіп.
«Іздеген Қамарды біз тауып келдік»,—
Деп олар мақтанады желдей есіп.
Жиылып келді барлық ел,

Тоқтатты көзден аққан сел.

—Кеткен де Қамар жалғыз ед,

Немереңді мына көр.
Елінде бір ақсақал Есенгелді,
Ханға да тоқтау сөзін айта келді.

—Ханеке, жарықтығым жасыңды тый,

Тоқтау сөз осы жанға айтады енді.

—Ей, ханеке, жылама,

Қайғысыз кісі бола ма?
Кебенек киген келді ғой,
Бұйрығынсыз Алла бола ма?
Жылама, хан, қойыңыз,

Құтты жасап тойыңыз.
Аман келген балаға,
Көк қасқа атап сойыңыз.
Жылауды қой, той болсын,

Сойылған тай мен қой болсын.
Отыз күн ойын жасалып,
Қызықты думан сай болсын.
Ей, ханеке, жылама,

Алла берді кеңшілік.

қамарзаман
Тілеп отыр алдыңда,
Міне, келіп көпшілік.
Қайғылы болып басынан,

Ашыды рас кеңсірік.
Жыламаңыз мұншалық,
Басыңнан өтті мұңшылық,
Халқың келіп алдыңда,

Айтып отыр құлшылық.
Басылып хан жылауы жасалып той,
Ту бие, тай аралас сойылды қой.
«Дүниені бір баладан аямаймын,

Лапкада қазынамды ашқызып қой».
Хандағы тапсырығын айтып болды,
Кәртейіп хан байқұс та жатып қалды.
Тапсырық айтқанындай орындалып,

Қызыққа қала халқы батып қалды.
Осымен хан бейшара қалды жатып,
Кәрілік пен ауру да қоймай батып.
Науқасы осы ханның ауырласып,

Шақырды балаларын арыздасып.
Балалар келді алдына:—Атамыз,—деп,
Бақпаған сізді асырап қатеміз көп.
Мінеки, алдыңызға түгел келдік,

Беріңіз, жаным ата, батаңыз,—деп.

—Балалар, келіп тұрсың атаңды деп,

Беріп кет, сұрап тұрсың батаңды деп.
Ұрпақтан аз күн қызық көрем ғой деп
Ойлап ем аз күн мен де жатармын деп.
Келдің ғой алдыма да сен, ұрпағым,

Атаң да бұл арада жоқ тұрмағым.
Бірлікті береке мен бұза көрме,
Болайын бәріңнің де мен құрбаның.

хикаялық  дастандар
Қоштасып ұрпақтармен күдер үзді,
Падиша осыны айтып жұмды көзді.
Баласы алдына кеп шақырғанша,

Аузынан жалын шығып, демін үзді.
Ұрпағы, туыстары көп жыласты,
Қызық той мұңға батып қайғыласты.
Елі кеп баласына көңіл айтып,

Ханның асы осымен тойға ұласты.

Сөйлейін бір әңгіме көбіңізге,
Жамағат, құлақ салсаң сөзімізге.
Көбіңнен әңгіме аяп не қылайын,
Сөйлейтін келгеннен соң кезімізге.

Күнәні көбейтеміз бұл дүниеде,
Өзіміз тілеп алып өзімізге.
Талпындым талап қылып жазайын деп,
Елестеп бір оқиға көзімізге.

Сөйлейін құлақ салсаң тыңда, ағайын,
Демеңдер дәмсіз болса тыңдамайын.
Болса да дәмді-дәмсіз ермек болсын,
Жел сөзді Құдай берген бұлдамайын.

Айтуға Әбдікерім әңгімесін
Қаламды, қағазбенен қолға алайын.
Бұл қисса ғибрат боп қалсын жұртқа,
Жібердім Ырымбекке шорнобайын.

Заманда бұрынырақ бір саудагер
Болыпты Бағдатта білсең жайын.
Аты екен саудагердің Әбдікерім,
Келтірген ой мен көңіл сөздің әрін.

Пендеге залалы жоқ артық-ауыс,
Тек қана кәсіп еткен сауда нәрін.
Күн көргіш азын-аулақ ауқаты бар,
Базарға шығады екен бірлі-жарым.

Әбдікерім

хикаялық  дастандар
Бой ұрып жылдан-жылға қызығына,
Саудаға сап жіберген малдың бәрін.
Азды-көп, көпті азайту бір өзінен,

Пендесі не қылса да Құдірет Кәрім.
Ұғынып, жамағаттар, жақсы тыңда,
Бағы өсті саудагердің жылдан-жылға.
Базарға бұрын мұндай барған емес,

Саудамен сапар шекті алыс жолға.
Базарға Әбдікерім бара тұрсын,
Саудаға барған малын сала тұрсын.
Үйдегі кейін қалған қатынынан

Аз сөйлеп қандырайын құлақ құрышын.
Саудагер келе алмады екі-үш айдай,
Қатыны өз үйінде жатты жайғай.
Бір күні қақпасының алдына кеп,

Бір адам дыбыс беріп салды айғай.
Орнынан қатын тұрды қадам басып,
Қарайды қақпадан кеп есік ашып.
Патша уәзірінің баласы екен,

Сыртынан бұл қатынға болған ғашық.
Жігітке сөз сөйлейді қатын тұрып,
Көңілі ауып кетті Құдай ұрып.
«Үйге түс, жолың болсын, қонақ бол» деп,

Сөз берді жылы ұшырап, мойын бұрып.
Айтады жігіт сонда:—Жұмысым бар,
Сыртыңнан, жеңге, саған мен ынтызар.
Осындай жұмыспенен келдім,—дейді,—

Ұнатсаң өзің келіп түсіріп ал.
Сөйлейді гүл-гүл жайнап сонда қатын,
Мырзаның майысып кеп ұстайды атын.

—Алсаң да қара басым аямаймын,

Бар болса бұйымтайың табылатын.

әбдікерім
Жұмысын айтты жігіт сағынатын:

—Бойыңнан бұйымтайым табылатын.

Мезгілде мен келейін даяр боп тұр,
Түңілік түн қараңғы жамылатын.
Кетеді осы сөзбен ақылдасып,
Екеуі бірін-бірі мақұлдасып.

Сол күні күн батқанша жылдай болды,
Қосылып бір жатқанша жақындасып.
Қатын да асқан сұлу—туған айдай,
Пар келмес патша қызы бұған қандай.

Бұраң бел, қиылған қас, жазық маңдай,
Жайнаған екі көзі жанған шамдай.
Қиылған қаламдайын қабақ, қасы,
Мөлшері жиырмаға келген жасы.

Күмістей сымға тартқан он саусағы,
Ақ маңдай, алтын жүзі, қолаң шашы.
Арасы қас пен көздің сыңар елі,
Ақ білек, әйел заттың бұраң белі.

Құрбысы сырттан көрген ғашық болып,
«Өлсем де алсам,—дейтін,—әттең сені!»
Кісісі ойына алған табылды енді,
Кеш батып, түн болғанша сағынды енді.

Киініп асыл киім, не қымбатты,
Әтір май неше түрлі жағынды енді.
Бұралып неше түрлі сылаң қағып,
Бекініп көңілі әбден, түйінді енді.

Асығып күн батқанша шыдай алмай,
Отырды қонақ күтіп үйінде енді.
Осымен бір мезгілде күн де батты,
Баласы уәзірдің келіп қапты.

Қосылып екі ойнас бір-біріне,
Төсекте құшақтасып біраз жатты.

хикаялық  дастандар
Тағамды даярлаған неше алуан,
Құмар боп естігеннің мейірі қанған.
Ішіп-жеп тамақтарын болғаннан соң,

Жұмысын істей берді көңілге алған.
Көп заман бұл екеуі ойнап-күлді,
Қатыны жігіттің де о да білді.
Қонады бір күн онда, бір күн мұнда,

Аудармай екеуін де кезек тұрды.
Ойнастар осылайша ойнап-күлді,
Осымен тұра тұрсын бұлар енді.
Баяғы базар кеткен Әбдікерім

Сөйлейтін хикаясы жаңа келді.
Базарға Әбдікерім барған екен,
Саудаға барған малын салған екен.
Саудасы күсет болып, жол оңалып,

Нәрсесін көңілдегі алған екен.
Нәрсе жоқ базар барса көрмейтұғын,
Саудасыз бірін текке бермейтұғын.
Бір ұста ағаш тоты жасап қойған,

Хайламен неше түрлі сөйлейтұғын.
Базарды Әбдікерім аралаған,
Керексіз дүниеге қарамаған.
Тотыға жасап қойған көзі түсті,

Нәрсені кім алады жарамаған.
Тотыдан бір түсі де бөтен емес,
Сөйлейді тыңдап тұрса талай кеңес.
Осыны Әбдікерім алды сатып,

Тотыдан қалай көрсең бөтен емес.
Айырмас ешкім біліп порымынан,
Денесі, жүні, түсі, тұлымынан.
Жалғыз-ақ ұшып-қонып қозғалмайды,

Бір әкеп отырғызған орынынан.

әбдікерім
Тотыны Әбдікерім алды сатып,
Қайтады аман-есен күн-түн қатып.
Еліне аман-есен келгеннен соң,

Үйінде тыным алды біраз жатып.
Уәзірдің баласы жүр сырттан бойлап,
Екеуі ебін тапса күліп-ойнап.
Қояды қатынымен де ақылдасып,

«Тотыны алсам-ау» деп ойлап-ойлап.
Бір күні басын қосты өңкей жастар,
Бірге өсіп, бірге жүрген ойындастар.
Ішінде Әбдікерім ол да келді,

Қатардан жігіт емес ешкім тастар.
Бас қосып өрім жастар тамаша етті,
Сөйлейді Әбдікерім біраз кепті.

—Сөйлейтін қолмен жасап ағаш тоты,

Халыққа әкелдім,—деп мағлұм етті.
Баласы уәзірдің ол да келген,
Тотыға құмарланып көңілі кетті.
Қызулы, тамашалы ойын болып,

Мырзалар таң атқан соң тарап кетті.
Баласы уәзірдің «бұл тотыға,
Бір хайла, залымдықты тапсам» депті.
Бар екен сол шаһарда асқан ұста,

Таңертең сол ұстаға келіп жетті.
Үйіне сол ұстаның келді кіріп,
Отырды амандасып, сәлем беріп.
Ұстаға уәзір ұлы жалынады,

Шаруаның көңілдегі бәрін теріп.

—Ей, ұста, болып жүрмін мен ынтызар,

Көзіме кең дүние көрінер тар.
Дейтұғын Әбдікерім саудагердің
Үйінде адам соққан бір тоты бар.

хикаялық  дастандар
Сайрайды неше түрлі күйге салып,
Сөйлесе адамзаттан жауабы анық.
Әуелі көзіңізбен барып көріп,

Ұғынсаң түсін, түгін әбден қанып.
Жасап бер қайтып келіп сол тотысын,
Аудырмай үлкен-кіші, өңін-түсін.
Бірдей қып жасап берсең сол тотыны,

Ей, тақсыр, жаным құрбан сенің үшін.
Тақсыр-ау, екі есеппен ақыңды ал,
Сұрасаң аямаймын тағы да мал.
Сырыңды тірі жанға мағлұм қылмай,

Осыған ерінбестен өнерің сал.
Жігіттің ұста мақұл көрді ісін,
Көзімен барып көрді өңін-түсін.
Аудырмай тоты жасап шығармаққа,

Аянбай ұста байғұс салды күшін.
Қалдырмай бар өнерін жасап жатты,
Құдайым өзі оңлайды көңілі ақты.
Бірдей қып өңі-түсін жасап беріп,

Бірталай ұста байғұс пайда тапты.
Адамнан шығады екен қилы өнер,
Бұл дағы ұста екен асқан шебер.
Жаны жоқ, сөйлемейді, түсі бірдей,

Тотыны уәзір ұлы көңілі сүйер.
Тотыны үйіне әкеп қойды сақтап,
Көңілге бір арамдық тыққан мықтап.
Үйіне саудагердің келді жетіп,

Тотысын әкетпекке жүрген мақтап.
Іркілмей асып-сасып келді жетіп,
Қылам деп қандай хайла бұған нетіп.
Кіріп келсе ойнасы жалғыз отыр,

Саудагер үйінде жоқ, қалған кетіп.

әбдікерім
Қатынмен енді екеуі көп кеңесті,
Іштегі сырын төгіп желдей есті.
Біреу алмақ, біреуі тимек болып,

«Жарайды, осыменен мақұл» десті.

—Жасаттым мен бір тоты сөйлемейтін,

Бірдей қып бұл тотымен түсі-кейпін.
Денесі, түгі түгел аумай келген,
Айырмас көрген адам осы дейтін.
Бір күні саудагерді шақырайын,

Сұмдықты саудагерден асырайын.
Орнына сол тотыны әкеп қойып,
Мен алып бұл тотыны жасырайын.
Қатын да қимай оны мақұл депті,

Мұнымыз табылмайтын ақыл депті.
Баласы уәзірдің тотыны алып,
Ойлаған мақсатына ақыр жетті.
Не пайда осы қылған ақылынан,

Қатын да аса алмады ойнасынан.
Сөйлейтін аз әңгіме келді кезім,
Уәзірдің баласының қатынынан.
Әйелдің бұл да сұлу піріндей-ақ,

Сипаты хор қызының түріндей-ақ.
Шаһарда мұнан сұлу әйел болмас,
Болмаса патша қызы некен-саяқ.
Болғандай көрген құмар жамалына,

Әйелдің көз жетпейді амалына.
Уәзірдің баласының қатыны өзі,
Жігіттің кез болған ба жаманына?
Сөйлесе сөзі тәтті шекер-балдай,

Дейтіндей бақшадағы бұлбұл таңдай.
Бұраң бел, қиылған қас, жазық маңдай,
Жайнаған екі көзі жанған шамдай.

хикаялық  дастандар
Түскендей күн сәулесі нұрлы бетке,
Бозбала, құлағың сал мына кепке.
«Құрбыма өзім теңдес тидім ғой» деп,

Жүрген жоқ адал жолмен бұл да текке.
Әйел жоқ бұл шаһарда бұдан асқан,
Аянбас көңілі жұмсақ құбылыстан.
Дейтұғын Заһит дейтін бір жігітпен

Көңілдес болған екен әуел бастан.
Бұл жерге келгеннен соң қатын болып,
Заһитпен жүрген екен жақын болып.
Заһитке келген сайын сыр айтады,

Жанқияр күннен күнге тату болып.
Жасырмай келгеннен соң сыр айтады,
Білмеген бұнан басқа кім айтады.
«Күйеуім саудагердің қатынымен,

Көңілдес, алғалы жүр» деп айтады.
Айтады сол қатынға барғандығын,
Тотысын сөйлейтұғын алғандығын.
«Қатын—жау,— деген осы—ұрлап берген»,

Орнында мылқау тоты қалғандығын.
Бұл Заһит бәрін ұқты бастан-аяқ,
Болар-ау білмегені некен-саяқ.
Құдайға ісі мақұл ақырда оңар,

Жақындап сөз аяғы қалды таяп.
Осымен қатын, Заһит тұра тұрсын,
Оңаша сауық-сайран құра тұрсын.
Алған соң тотыны ұрлап уәзір ұлы,

Не қылар саудагерге көзін көрсін.
Тотыны ұрлап алған уәзір ұлы,
Кем емес еш адамнан жиған пұлы.
Мырзасын сол шаһардың тегіс жинап,

Қонаққа шақырыпты келер түні.

әбдікерім
Қонаққа мырзаларды келген жинап,
Жан-жаққа шапқылатты атын қинап.
Патшаның, байдың, бектің балалары

Не түрлі сый көрсетті қатты сыйлап.
Бас қосып, сауық құрған өңкей манап,
Бәрі де жасөспірім жаңа талап.
Ішінде Әбдікерім ол да келді,

Бір қызық кеңес болды тамашалап.
Айтылды бұл кеңесте талай сырлар,
Домбыра біреу шертіп, біреу жырлар.
Көргенін, білгендерін бәрін де айтып,

Сөйлейтін кезекпенен таза тыңлар.
Әркімге сөйлеп жатыр білгенін өз,
Бір кезде Әбдікерім сөйледі сөз.
Саудасын бастан-аяқ айтып келіп,

Тастамай тағы сөйлер көргенін көз.

—Базарға биыл барып келдім,—дейді,

Болмай ма артық-кемі елдің,—дейді.
Құдайым аямай-ақ өнер берген,
Бір шебер асқан ұста көрдім,—дейді.
Сайрайды неше түрлі күйге салып,

Сөйлесе адамзаттан жауабы анық.
Денесі, жүні, түсі аумай келген,
Не деген шебер ұста осыншалық.
Тамаша естіген соң болды жастар,

Құмар боп сөйлетуге құрбыластар.
Өтірік қисыны жоқ айтасың,—деп,
Баласы уәзірдің егес бастар.

—Өтірік неге айтасың нанбайтұғын,

Бұл жерде бала бар ма алдайтұғын.
Болсаң да өтірікші нысап керек,
Жасай ма адам тоты сайрайтұғын.

хикаялық  дастандар
Жасаса жасар адам тоты құсты,
Келтіріп, порым қылып ұқсас түсті.
Жансызға тіл бітіру қайдан болмақ,

Сөйлеме мұнан кейін мұндай істі.
Жігітсің өзің тәуір болатұғын,
Айтқан сөзің көңілге қонатұғын.
Көңілді қарап тұрып қалдырасың,

Қылық па осы сөзің оңатұғын.
Жалғанмен мұнша жанды алдаймысың,
Сөзіңнен бастапқы айтқан танбаймысың?
Егерде осы тотың сөйлемесе,

Ұялып көп ішінде қалмаймысың.
Саудагер сонда айтады:—Рас-шыным,
Өтірік осынша айтып бар ма жыным.
Жазаңа не десең де мен разы,

Сөзімнен жалған шығып, болса мінім.
Үйіңе шақырған соң мен де кеппін,
Бұйырған тамағыңды ішіп-жеппін.
Қайтесің, осы сөзім рас шықса,

Ішінде осыншаның мұнша сөктің.
Сөйлейді уәзір ұлы бір хайла-хал:

—Бар шаруа үй түзіңде, дүние-мал.

Сөйлесе рас болып сенің тотың,
Қатын, мал талақ қылдым, бәрін сен ал.
Баласы уәзірдің осылай дер,
Қайтпайды уәдеден саудагер ер.

—Тотыңыз сөйлемесе бар малыңмен,

Қатыныңды талақ қылып, сен маған бер.
Саудагер:—Құп, жарайды, бердім—дейді,
Алланың не салғанын көрдім,—дейді.
Ішінде осыншаның өтірік айтсам,

Не болам тірі жүріп өлдім,—дейді.

әбдікерім
Бекітті осылайша сөзді көрім,
Қол қойып, уәде қып, басты мөрін.
Баласы уәзірдің ойлап отыр:

«Тап осы болды ғой—деп,—өлер жерің».
Таң да атты, осыменен күн де шықты,
Бекітті уәдені қылды мықты.

—Падиша ертең түсте ел жинайды,

Тотыңды сонда әкел!—деп әмір етті.
Уәзір ұлы сөз байлады қағаз ұстап,
Біріне екеуінің болды-ау қыспақ.
«Сол жерде екеуің де даяр бол» деп,

Тарқасты осы сөзді бәрі қостап.
Саудагер енді үйіне кетті қайтып,
Жазайық қысқаша қып сөзді азайтып.
«Осындай бір бәс қылып келдім мен» деп,

Қатынға уәдесін білдірді айтып.
Қатыны:—Жарайды!—деп көрді мақұл,
Жарайтыны осының тапқан ақыл.
Залымның алдауымен аңғалданып,

Бейшара аяғында қалар ғапыл.
Тотыға Әбдікерім келді жетіп,
Қоймаққа сақтық үшін бір сөйлетіп.
Қозғаса ары-бері сөйлемейді,

Қайран болды қалды деп бұған нетіп.
Винтін неше түрлі бұрады енді,
Қайран боп: «Бұл қалай?» деп тұрады енді.
Қайтсе де сөйлемесін білгеннен соң,

Бейшара мұңлық болып, жылады енді.
Саудагердің зары
Адамзаттың баласын
Қырсықсыз мұнар шалмайды.

хикаялық  дастандар
Неге жазса Құдайым,
Басында өзі арнайды.
Ажал келсе алмақ боп,

Айырып ешкім қалмайды.
Ерік беріп аз күнге,
Опасыз пәни алдайды.
Опасыз пәни тұсында

Қайғысыз пенде болмайды.
Уайым-қайғың жоқ болса,
Жатсаң да ұйқың қанбайды.
Бейшара-ғаріп саудагер

Тотыдан үзіп күдерін.
Сөйлемесін білген соң,
Еңіреп-боздап зарлайды.

—Адал кәсіп осы деп,

Сауда қылдым жасымнан.
Ырыздығын Алланың
Теріп жедім шашылған.
Бай болсам деп ойладым

Дүниежүзін жасырған.
Көпес болсам саудамды,
Әр шаһардан асырған.
Деп жүргенде ойланып,

Көңіл асып тасқыннан,
Кетпек болды бұл күнде,
Дәулетім ұшып басымнан.
Мен пәлені ойлап па ем,

Келер деп басқа жасымнан.
Мал-мүлкім мен қатыным
Кететін болды қасымнан.
Айналайын, Құдай-ау,

Қаңғырып енді өтем бе?
Басыма қайта бақ қонып,
Мұратыма жетем бе?

әбдікерім
Тұңғиық жарға қамалдым,
Жолы жоқ енді өтерге.
Жасымнан жиған мал-жаным

Кетер ме енді бөтенге.
Жасымнан жаһан кезіп ем,
Үйде отырмай безіп ем.
Саудаменен мал жиып,

«Кім озар,—деп,—өзімнен».
Сайрап тұрған тотымды
Естігем, көріп көзіммен.
Енді бұған не болды,

Айырылып ділмар сөзінен.
Қаңғырып жалғыз қалған соң,
Кім білер менің жайымды.
Қайғыменен аларсың

Кеудемдегі жанымды.
Бір минутта қор болдым,
Кімге шағам зарымды.
Құдай-ау, менің күнәм не,

Құртатұғын барымды.
Басында беріп дәулетті,
Қайтардың неге бағымды!
Уәзір ұлы, міне, енді

Мал-жаныма төніп тұр.
Бір-ақ сәттің ішінде
Басымды бұл көміп тұр.
Опасыз екен бұл пәни,

Пәниден көңлім қалып тұр.
Қайғы менен қасірет
Жүрегімді қағып тұр.
Аллаға қиын болмайды,

Құтқарса мұндай тезінен.

хикаялық  дастандар
Тотым қалай айырылды
Аузындағы сөзінен!
Жалбарынам өзіңе,

«Оңғар—деп—Алла ісімді».
Сорлы болды мен құлың,
Кеше көр болса күнәмді.
Иләһи тағдырыңа қоямын бас,

Ағыздым мен көзімнен қайғылы жас.
Амал жоқ маңдайыма жазған болсаң,
Тағдырсыз зарланғанмен, сірә, болмас.
Үйінен осылай деп жылап шықты,

Тоқтатпас тағат қылып дерті мықты.
Зарланып айдалада жылап тұрса,
Бір адам душар болып жолығыпты.

—Ассалаумағалейкүм, тұрған адам,

Кеңесті жалғыз тұрып құрған адам.
Қайырлы саудагер ең, дәулетің мол,
Не іздеп тұрсың зарлап айдаладан?

—Мен тұрмын кеткеннен соң қуат-күшім,

Зарлаймын көтере алмай қырсық ісін.
Тұрған соң есім шығып танымадым,
Атың кім, шырамытам өңің, түсің.
Дүние өте шығар аттай желген,

Әркімге ырыздықты Құдай берген.
Уәзір баласының қатынымен,
Көңілдес Заһит еді осы келген.

—Мен Заһит бұл шаһарға болған таныс,

Залымдық, зорлық істен жүрген алыс.
Кім тартса залымдықтан мұң-мұқтаждық,
Өзінше сол адамға болам қалыс.

әбдікерім
Далада жалғыз жылап, тұрсың зарлап,
Қасыңа бұл қалай деп келдім парлап.
Қайғыдан түсің қашып, түрің жаман,

Басқандай ауыр кесел, ауыр салмақ.
Не болды сізге мұндай қайғыратын,
Бай едің кісі көңілін жай қылатын.
Қайғырып мұнша қатты жылағандай,

Жетпей тұр ойыңызда қай мұратың?
Саудагер сонда айтады көргендігін,
Базардан бір тоты алып келгендігін.
Уәзірдің баласымен бәске тұрып,

Бәс қылып, қағаз жазып бергендігін.

—Сен болдың Заһит енді көрген кісім,

Шын қосса кім құтқарар Құдай ісін.
Кез қылған маған сені Құдай шығар,
Себеп боп құтқаруға бар ма күшің?

—Мен жүрген Заһит атты—бір себепкер,

Болайын дертіңізге мен медеткер.
Көрсетпей еш адамға сырыңды айтпай,
Тотыңды кешке үйіме әкеліп бер.
Тотыңды сөйлетейін шамам келсе,

Сөйлемес тірі жаннан адам көрсе.
Малайың, қатын-балаң еш сезбесін,
Тіл бітпес жөндегенмен олар көрсе.
Айырылсаң мал-жаныңнан не боласың,

Қаңғырып жалғыз басың жоғаласың.
Сөйлетсем тотыңызды бұрынғыдай,
Ақыма лайық деп не бересің?

—Берейін қанша алсаң да сөзіме сен,

Бұл күнде болып тұрмын өлгенмен тең.
Баласын уәзірдің басып жеңсем,
Мал-мүлкін, қатынымен—бәрін ал сен.

хикаялық  дастандар
Бұл сөзге Заһит сонда «Құп, мақұл» дер,

—Алмаймын сізден ақы, ей, саудагер.

Баласын уәзірдің басып жеңсең,
Малының жартысы мен қатынын бер.
Екеуі ақылдасып тарқасты енді,
Көрелік не қыларын Заһит ерді.

Уәзірдің баласының қатынына,
Шыққан соң саудагерден жетіп келді.
Бекіткен басынан-ақ сөзді бекем,
Қылайын деп жүргені мұның не екен,

Үйде жоқ уәзір ұлы Заһит келсе,
Сыланып қатын жалғыз отыр екен.
Келген соң қатын жайнап түрегелді,
Келгенін бір жұмысқа біледі енді.

Қосылып екі ойнас бір-біріне,
Айқасып біраз ойнап-күледі енді.
Екеуі күліп-ойнап әзілдесіп,
Сөйлейді сонда Заһит желдей есіп:

—Жолыңа мал, басымды құрбан қылдым,

Қайтеді тисең, алсам болса нәсіп.
Сен үшін мен арнадым өмір жасым,
Батпайды сені ойласам ішкен асым.
Сені алсам дүниеде арманым жоқ,

Бәс тіктім бір жолыңа қара басым.
Сені алып мұратыма жетсем екен,
Тимесең бұл шаһардан кетсем екен.
Шыныменен құштарлыққа салды Құдай,

Қаңғырып ала-алмасам өтсем екен.

Сөйлейді сонда қатын:—Олай деме,
Жауапқа ә дегенде қатты келме.
Досым жоқ сенен тәуір көретұғын,
Көңіліңді ренжітем сені неге.

әбдікерім
Досым жоқ сізден өзге көретұғын,
Жолыңа жаным құрбан өлетұғын.
Артыңнан не десең де мен ерейін,

Өзіңе-өзің болсаң сенетұғын.
Айтады Заһит сонда ішкі сырын,
Мағлұм өзіне де бұдан бұрын.
Заһитке сонда қатын тимек болды,

Тауысам жаза беріп қайсыбірін.
Қатынды сонда Заһит алмақ болды,
Тотыны үйіне алып бармақ болды.
Жұмыстың мұндай оңай біткеніне,

Заһиттің қуанғаннан көңілі толды.
Үйіне келді Заһит тотыны алған,
Уәдесі бойынша сөз байланған.
Саудагер тотыны алып жетіп келді,

Мезгілде кешке таман көз байланған.
Тотыны Заһит болды жөндейтұғын,
Жан болмас Алла қосса көнбейтұғын.
Апарып оңаша үйге, аз кідіріп,

Тотысын әкеп берді сөйлейтұғын.
Саудагер тотыны алып қайтты үйіне,
Баяғы тоты түсті зар күйіне.
Апарып ертең түсте сөйлетеді,

Жиналған сол шаһардың хан, биіне.
Тотыны сөйлемейтін міскін-ғаріп,
Қатынға берді Заһит алып барып.
Орнына қатын оны қоя салды,

Айырмас көргенімен ешкім нанып.
Падиша ертең ерте кеңес еткен,
Саудагер тотыны алып ол да жеткен.
Баласы уәзірдің ол да келіп,

Отырды кеңес тыңдап әрбір кептен.

хикаялық  дастандар
Уәзірдің баласы отыр алам ғой деп,
Жайыңды саудагерім табам ғой деп.
Ішінен Заһит отыр мұны мықтап,

Басыңа мен қайғыны салам ғой деп.
Бір жақтан Әбдікерім ойлап отыр,
Ей, бәлем бүгін жауша шабам ғой деп.
Қағаз бар уәзірдің баласында,

Жақындап жаңа келді жанасуға.
Патшаға ол қағазын бере салды,
Кеңестің бір тоқтаған арасында.
Падиша қағазды алып оқып көрді,

Қасында бір уәзірге тағы берді.
Ерегес, жұрт көрердей бәс бар екен,
Айғайлап хабар қылды тамам елді.
Жиналған үлкен-кіші қанша халық,

Осындай бәс болғанын естіді анық.
Хатты оқып болғаннан соң саудагер мен
Шақырды уәзір ұлын айқай салып.
Екеуі шақырған соң келді жылдам,

Арызын бастан-аяқ айтып тынған.

—Тотыңды уәде еткен сөйлетші,—деп,

Падиша саудагерге әмір қылған.
Саудагер отырғызды тотыны алып,
Тотыға қайран қалды көрген халық.
Сөйлетейін винтін тауып бұрап еді,

Сайрады неше түрлі күйге салып.
Сайрады неше түрлі алуан-алуан,
Құмар боп естігеннің көңілі қанған.
Сөйлеген сөзі мұндай болар ма анық,

Артық дер көрген адам тірі жаннан.
Баласы уәзірдің «бұл қалай» деп,
Құса боп қапаланып көңілі сынған.

әбдікерім
Сөйлейді тоты сонда талай кеңес,
Адамнан бір сөзі де бөтен емес.
Падиша уәзір ұлын шақырып ап,

Тыңда деп сөйлегенін салды кеңес.
Амал жоқ уәзір ұлы өліп тұрды,
Падиша шақырған соң келіп тұрды.
Патшаның әмір-жарлық, бұйрығына,

Уәде болғаннан соң көніп тұрды.
Падиша әділет қылды Құдайды ойлап,
Үкімін ел көзінше айтты жайлап.
Уәзір ұлының қатынын алып берді,

Қалдырмай дүние-мүлік, малын айдап.
Саудагер қатты зарлап жылап еді,
Көз жасын дария қылып бұлап еді.
Ақ іске қашандағы ашылар жол,

Саудагер қуанышта тұра берді.
Ол өзі қатын менен малды алды,
Құдай беріп біреудің бағын алды.
Уәзір ұлы залымдық жасап еді,

Өзі қазған көріне өзін салды.
Осымен жиналған жұрт тарқады енді,
Бұл істі келген халық түгел көрді.
Жолымен арамдықтың жүремін деп,

Уәзір ұлы еріксіз қорлық көрді.
Қызыққан, әне, сондай дүние шіркін,
Жылады уәзір ұлы неше дүркін.
Әбдікерім Заһитпен көп олжаны

Үлесті бұлар барып бір күн, бір түн.
Заһитпен уәде бар Құдай дескен,
Уәде Құдай дескен шықпайды естен.
Жасынан сауда жасап Әбдікерім,

Басынан жақсы, жаман бәрін кешкен.

хикаялық  дастандар
Әбдікерім сөз жүзі жазған хатта,
Қалды енді ғибратқа, жамағатқа.
Той жасап ұлан-асыр күтпек үшін,

Заһитты шақырады зияпатқа.
Қатын мен малды түгел оған берді,
Қашан да опа керек уағдаға.
Біреуге қастық ойлап жүрген аңдып,

Қайғыдан уәзір ұлы кетті қаңғып.
Осыдан ғибрат ал, азаматтар,
Аяғы өзін құртты өзі зар қып.
Дүние бір қызыл жел соғып тұрған,

Нәпсінің аузын ашып опық қылған.
Күнәсіз еш адамға қастық қылма,
Шайқайсың қазаныңды толып тұрған.
Саудагер осылайша құтылды аман,

Қолыма ұстағаным сырлы қалам.
Жамағат, аз да болса сөге көрме,
Қиссасы Әбдікерім болды тамам.

Жігітке оқу—өнер, жазу—кесте,
Білгеннің зияны жоқ ерте-кеште.
Аудардым қазақшаға қарап жатпай,
Бұл өзі көне әңгіме жүрген есте.

Білгеннің білесіздер өшпейтінін,
Білгенін әркім өзі істейтінін.
Ескеріп бұрынғыны еске алмаса,
Көңілге соңғы сөздер түспейтінін.

Дүние толқып жатқан көл секілді,
Заман бір үстіндегі жел секілді.
Ағымы дүниенің аңғарғанға,
Тұрақ жоқ көшіп жүрген ел секілді.

Өмір бір топтан озған саңлақ сынды,
Ажал бір балық ұстар қармақ сынды.
Толқыса ағым қалай солай ауған,
Адам да жел аударған қаңбақ сынды.

Сенім жоқ дүниенің мүлде өзінде,
Еркі жоқ ауыспасқа күнде өзінде.
Өтіпті бір халифа атағы зор,
Ілгергі көп толқынның бір кезінде.

Шамасы жер шарының түстігінде,
Азулы патша, бектер—тісті күнде.
Болыпты Сәнуар атты бір падиша,
Тылсым мен сиқырлы оқу күшті күнде.

Сәнуар патша

хикаялық  дастандар
Отыздың жетеуінде сонда жасы,
Жаратқан нұр шырайлы көз бен қасы.
Ұзатқан падишада жалғыз қыз бар,

Туыс жоқ басқа бауыр, ата-анасы.
Бері қарай жеті атадан жалғыз еді,
Саялы тауға шыққан жалбыз еді.
Бәйбіше бір қыз тауып тоқтап қалған,

Ол дағы атақты бір хан қызы еді.
Бағыңа басыңдағы шүкірлік қыл,
Ешкімге опа бермес дүние-пұл.
Пәниден бәйбішесі қайтқан екен,

Күйеуге жалғыз қызын ұзатқан жыл.
Данышпан өзі әділ, асқан саңлақ,
Түрмеде Әнуардан ұқтым аңлап.
Таласып патшалардан тартып алды,

Баһаргүл деген қызды жұрттан таңдап.
Ол сұлу, көп оқыған өте зерек,
Көрікті көзге түсер елден ерек.
Сол жерін анық ұстап ала алмаппын,

Ол да бір патша қызы болса керек.
Шебердің мін қалмайды ұстасынан,
Алады әркім үлгі тұстасынан.
Ғасырлас Шәкәрімнен көргенім бар,

Ұзатпай ұқтырайын қысқасынан.
Баһадүр ол заманның ерлері көп,
Ақырған арыстандай шерлері көп.
Бірталай ұзын сөзді қысқа жаздым,

Ақылға сыймайтұғын жерлері көп.
Қыз алып, ғашық болған көңілін басты,
Пар қылып қосты Тәңірім екі жасты.
Патшаның білгіштігі, әділдігі,

Ашық қол, жомарттығы жұрттан асты.

сәнуар  патша
Сұлуға берген тағдыр сипат нұрды,
Ордада ойнап-күліп дәурен сүрді.
Сәнуар іші пысып, зеріккенде,

Саят қып, ауға шығып келіп жүрді.
Қазына алтын, күміс жатыр сыймай,
Береді кім сұраса ішін жимай.
Таңертең ауға шықса, кешке қайтып,

Кетуге ұзақ сапар қызды қимай.
Көрмесе елжіретіп бір күн ішін,
Сәнуар болды әуре бір қыз үшін.
Бар еді бір данышпан бас уәзір,

Тапсырып соған берді хүкім ісін.
Падиша атқа мініп сейілдейді,
Сейілден Баһаргүл де ерінбейді.
Деуші еді «жастық, мастық» қариялар,

Ренжу екеуінен білінбейді.
Білектер оралады мойынына,
Бірінің бірі кіріп қойнына.
Сөйлесіп құс төсекте жатушы еді,

Қанбай бір жастық шақтың ойынына.
Қызықты қисса болсын бұл бір жазған,
Жігітке аз деуші еді бір-екі арман.
Оқысын кейінгі жас деп ойланып,

Түпнұсқа Таңжарықтан сізге қалған.
Сұлуға кімнің жаны қызықпайды,
Мысал қыл он төртінші толған айды,
Сәнуар Баһаргүлмен күн өткізді,

Соңында не боларын, білмей жайды.
Деуші еді «сұлуға—сұқ, шешенге—тіл»,
Баһаргүл соның бірі, нақ сырын біл.
Бірі—әділ, бірі—залым екеуінен

Кейінгі ұрпақтарға таралған жыр.

хикаялық  дастандар
Келеді ауға шықса ұзақ жүрмей,
Тұрмайды келсе тіпті үйге кірмей.
Сәнуар патшаменен Баһаргүлдің,

Хүкімі халық ішіне жүрді бірдей.
Осындай ойнап-күліп өтті заман,
Шаттықта екі ғашық есен-аман.
Күн өтіп, ай ауысып, жылдар жылжып,

Бір түрлі науқас болды патша жаман.
Айта алмай көпке дейін біреуге ашып,
Сұрланып, халі азайып, қаны қашып.
Көңілі қарауланып, басы айланып,

Түн болса жату болды ұйқы басып.
Сарғайып жапырақтай болды бейне,
Бірталай күн өткізді осы күйде.
Бар еді оқымысты бір дәрігер,

Көрсетті шақырып ап оңаша үйге.
Дәрігер тамыр ұстап, кітап ашып,
Сипады бар денесін қолмен басып.

—Ай, дүние!—деді дағы жерге қарап,

Отырды ұзақ мезгіл басын қасып.

—Ашық айт, осы дерттен өлем бе екен,

Болмаса қолыңыздан келер ме екен?
Қалайша басты қасып кейідіңіз,
Айтыңыз, жарық сәуле көрем бе екен?

—Тақсыр-ай, жай айтыңыз, артық кетпей,

Кетпейсіз тіріліктен қазір шеттей.
Науқастың мен білгенде заңы бөлек,
Отырмын сол жеріне миым жетпей.
Сандалып тұрғаным сол басты шайқап,

Кетпеймін бекер алдап, шетке тайқып.
Берейін екі түрлі бүгін дәрі,
Көріңіз бір-екі күн ішіп, байқап.

сәнуар  патша
Дәріні қағазға орап қолға беріп:

—Байқа,—деп,—бүгін бірін ішіп көріп.

Ішіңіз ертең бірін ел жатарда,
Көремін бүрсігүні тағы келіп.
Алмаймын жазылмасаң дәріме ақша,
Бұлданбас сізді емші бекер бақса.

Дәріні екі түрлі екі күн іш,
Белгілеп ал жаныңа қайсы жақса.
Соны айтып, кетті қайтып беріп дәрі,
Дәрінің бірі—қызыл, бірі—сары.

Қызылын ел жатарда ішіп еді,
Ұйықтатты мас қылғандай одан әрі.
Сарыны ішті ертең жатарында,
Ұйықтамай жатты елдің қатарында.

Бір сағат күндегіден ерте тұрды,
Оянып таң сарғайып атарында.
Дәрігер айтқан күнде болды дайын,
Отырды оңаша үйде ішіп шайын.

—Қызыл дәрі жақпады, сары жақты,—

Деп ұқтырып отырды патша жайын.

—Ондай болса тағы да ал дәріңізді,

Жанға жақса әкелдім сарыңызды.
Бір хикмет бар шығар, байқаңызшы,
Ұйықтамай, сақ жатып жарыңызды.
Дәрі беріп үш ішім, жөнін айтып,

«Келемін,—деп,—үш күнде» кетті қайтып.
«Не хикмет шығады жарымнан» деп,
Өз-өзінен падиша жүр мұңайып.
Тәбет тартып соқпайды көңіл асқа,

Араласу тоқтаған қаламқасқа.
Бері қарай ауырғаннан жақындық жоқ,
Жатар орны қатынның тағы басқа.

хикаялық  дастандар
Дәріні ішіп елменен қатар жатты,
Әлгі сөзі тәуіптің жанға батты.
«Ұйықтаған боп, қорылдап байқайын» деп,

Жарын аңдып тесіліп, көзін сатты.
Қатын тұрды бір кезде қудай жайқап,
Құлақ салып патшаны тұрды байқап.
Бар киімін киді де, кетті шығып,

Қарады да сағатқа басын шайқап.
Сәнуар да киінді өзін жайлап,
Алмас қылыш ішінен алды байлап.
Арғымаққа байлаулы қатын барды,

Ере шығып артынан тұрса абайлап.
Бар еді баққан екі арғымағы,
Бірін мінді қатыны барды дағы.
Бірін ерттеп падиша өзі мінді,

Жалаң қылыш қолына алды дағы.
Шығып қатын шаһардан сырылдады,
Бір де қарап артына бұрылмады.
Таудан түскен тар шатаң сай бар еді,

Соған қарап бет алып қырындады.
Келе жатыр қарасын патша көріп,
Кейде шауып кетеді, кейде желіп.
Ауға шықса қалмайтын бар Тайғаны,

Келе жатыр қараса арттан еріп.
Сұлуынан Сәнуар көңілі суып,
Келіп қалды тар, бітеу шатқа жуық.
Әлгі тайған артынан бір қалмады,

Тастаса да неше рет қайта қуып.
Тұра қалып атының басын бұрып,
Қайта қуды Тайғанды таспен ұрып.
Не кетпеді қыңсылап, не жүрмеді,

Сол арада мұңайып қалды тұрып.

сәнуар  патша
Қара жартас шатаңға кірді қатын,
Падиша да келеді таяу, жақын.
Жапсар тасқа бір қуыс кетті кіріп,

Бір ағашқа қойды да байлап атын.
Бір сұмдықтың боларын білді патша,
Атын байлап артынан жүрді патша.
Қабат-қабат қараңғы, қуыс тасқа,

Өкше ізімен қатынның кірді патша.
Тастың арғы жағынан шықты жарық,
Біреуменен сөйлесті қатын барып.

—Неге мұнша кешіктің, сұрқия,—деп,

Кетті ұрысып қатынды қысымға алып.
Осы араға бұлар кеп тұйықтады,
Бір қара дәу қатынды иықтады.
Жалбарынып алдында отыр сұлу,

Деп айтып:—Жынды жаңа ұйықтады.

—Сенде кесел бар ғой,—деп қыспаққа алып,

Падишаны сезбеді, көзі шалып.

—Сәнуардың қойнында жаттың ба,—деп,

Шапалақпен жіберді салып-салып.
Зарлайды сұлу:—Одан тазамын,—деп,
Оның көрін аз күнде қазамын,—деп.
Оның көзін ұзатпай жоғалтпасам,

Бағып жатыр бір тәуіп жазамын деп.
Мойнына дәу сонда салды қолды,
Қауіп етіп қарамай оң мен солды.
Дәуді сүйіп, құшақтап, қатын жылап,

Өліп-өшіп жалынып, пенде болды.
Сәнуар тұр «Алла» деп қайран қалып,
Ақ алмасты ыңғайлап қолына алып.
Түсін салып, сұрланып дию отыр,

Қатын жатыр асығып төсек салып.

хикаялық  дастандар
Сұлу мұндай жолығып әлеметке,
Қай заманда табысқан пәлекетке?
Қатын мен дәу сүйісіп, құшақтасып,

Жата сала кірісті әрекетке.
Падишаның шыдамай қаны қайнап,
Бас бармағын жіберді шайнап-шайнап.
Қолға алып ақ алмасты кіріп кетті,

Арыстандай «Алла» деп көзі жайнап.

—Келді,—деді қу қатын көріп қалып,

Дәу ұмтылды қолына бір тас алып.
Ыңғайланып ол таспен ұрғанынша,
Ақ алмаспен жіберді бұрын салып.

—Менікі,—деп,—жеңгенің,—қатын ұшты,

Қашан болса адамнан дию күшті.
Сасқалақтап Сәнуар сілтегенде,
Иығымен сол қолын шауып түсті.
Болмады енді ұрғанша ұстап қалды,

Арпақ-құрпақ екеуі күрес салды.
Қоятұғын түрі жоқ бір қолымен,
Майысып Сәнуардың белі талды.
Қатын отыр күлміңдеп екі көзі,

Тасқа барып сүйеніп жалғыз өзі.
Әбден шаршап патшадан хал кеткенде,
Қатынға айтқан жалынып мынау сөзі.

—Құдай қосқан, Баһаргүл, жарым едің,

Таңдап алған ардақты парым едің.
Шығар жанға бір себеп қылмайсың ба,
Жанымды отқа сен үшін салып едім.
Жығылуға айналдым белім талып,

Ақ алмасты келсеңші қолыңа алып.
Сенің өстіп алдыңда өлгенім бе,
Оң иығын түсірші бір-ақ салып.

сәнуар  патша
Жықтың ба әкеп ақыры бітеу тасқа,
Түсті-ау, шіркін, жалғыздық ғаріп басқа.
Аға-інінің бір туған бірі болса,

Келмес пе еді жәрдемге, еріп қасқа.
Қатең болса жәрдем қыл, кешірейін,
Таза бағып өлгенше өсірейін.
Құдай қалыс, төбемнен жол берейін,

Жатам десең үстіме, төселейін.
Шығар болды қиналып менің жаным,
Құдай қосқан, қосағым, күн мен айым.
Шын-ақ қиып өлімге отырмысың,—

Тыңдамады десе де қатын залым.
Әлсіреп кетті патша барған сайын,
Ниеті бұзық қараса қатын жайын.
Дегендей дию жықса ниеті бар,

—Қай жеңгенің,—тағы ойлап,—менің байым.

Қу қатын ойламады жақсылықты,
Жалғыздық көрді патша тапшылықты.
Көтеріп алып ұрып әлгі дию,
Жартасқа қабырғасын жапсырыпты.

Жығып сап, кеудесіне алды мініп,

—Жарайсың!—деп қарап тұр қатын күліп.

Сол сәтте ар-гүр етіп бір нәрсе кеп,
Диюды жарық еткізіп кетті бүріп.
Ұшқанша алмасты алып патша ғаріп,
Тау мен тасқа соқтырды сүйреп барып.

Қараса бағанағы қалған Тайған,
Тастапты дәу диюдың ішін жарып.
Аз болса патша қаны төгіледі,
Қу дию басын мұжып кеміреді.

—Жанашырым, жақыным, Тайғаным,—деп,

Иттің мойынын құшақтап еңіреді.

хикаялық  дастандар
Патша сөйтіп диюдан кегін алды,
Ит болмаса басына не күй салды.
«Қатын—жапа, ит—опа» деген мақал,

Міне, осыдан айтылып бізге қалды.
Не қыларын біле алмай қатын сасып,
Атқа таман жүгірді шапшаң басып.
Өлтірерін отырса білді дағы,

Атқа мініп үй жаққа кетті қашып.
Тайған сүйреп тастаған диюды есіп,
Жабылып қарға, құзғын жатыр жесіп.
Итін ертіп патша да қайта жүрді,

Диюдың қыл мойынынан басын кесіп.
Баруға аяңдады енді үйіне,
Саламат Тайғанымен келді үйіне.
Арғымақ қатын мінген қорада тұр,

Қатынды көрейін деп төнді үйіне.
Оқуға сиқыр қатын әбден жеткен,
Сиқыры талайлардан асып кеткен.
Іс істеп осыншалық қашып кетпей,

Үйге қайтып келді екен не себептен?
Падиша қойды дағы атын байлап,
Құрметтеп жатқызды да итін жайлап.
Ертең күндіз ұқтырып, елді жиып,

Қатынды өлтіруге қиял ойлап.
«Жазасын ертең сөйтіп берейін деп,
Тепкілеп терең қазып көмейін» деп.
Ойды соған бекітіп үйге кірді,

Қайтып отыр қатынды көрейін деп.
Бір түнде көріп келді талай жерді,
Бір қатын сергелдең қып қайран ерді.
Алдынан қарсы шығып, бір дем салып,

Ит суретке кіргізіп қоя берді.

сәнуар  патша
Аз топырақ шашты да бір дем салды,
Патша өзгеріп үлкен ит бола қалды.
Ақылы—адам, пормасы—ит жылай-жылай,

Түнде жатып қорада демін алды.
Біліп тұр оң-сол, жақын-алыс бәрін,
Білмейді енді қайда барыстарын.
«Бір себеп солар танып қыла ма» деп,

Уәзір мен аралады таныстарын.
Итке ешкім көз салып қарамайды,
Ит пен адам бір жүру жарамайды.
Жақын келсе қуады ағаш алып,

Әрбірінің есігін аралайды.
Ордада деп патшамыз ел ойлайды,
Оқиғаны білмесе нені ойлайды.
Әмір, пәрмен жарлығы жүріп жатыр,

«Патшамыз ит болар» деп кім ойлайды.
Әскерін жиып алып қатын барлық,

—Бәріңе падишадан,—деді,—жарлық.

Ордаға күндіз-түні ит кірмесін,
Атып өлтір дуалдан түссе қарғып.
Сәнуар естіп-біліп оны да ұқты,
«Енді келсем өлтірер, жарлық мықты».

Бар еді Махмұт патша дейтін досы,
Содан жәрдем болар деп іздеп шықты.
Тоқтамай енді жүрді күндіз-түнде,
Бір тыныштық болмады жанға мүлде.

Арасы екеуінің жарым айлық,
Атты адам жетуші еді он бес күнде.
Зарлайды күндіз-түні бірдей жүріп,
Кейде жылап, кей кезде ұлып, үріп.

Жол басып он алты күн арып-шаршап,
Күн бата шаһар шетіне келді кіріп.

хикаялық  дастандар
Бір шетте жар түбіне жатса бұғып,
Ел ит дейді біліп тұр бәрін ұғып.
Таңертең қырық әскер нөкерімен,

Келеді Махмұт патша ауға шығып.
«Бұл күнде көңілге қам толды,—дейді,
Құдайым оңдар ма екен жолды,—дейді.
Ордаға ит басыммен кіре алмас ем,

Енді оңай жолығуым болды»,—дейді.
Салмаса таныр жөн бар көзге перде,
Өлшеусіз жігіт еді Махмұт ер де.
«Далада қаңғып жүрген ит дейді ғой,

Дем алып жолығайын түскен жерде».
Салпылдап саятшының жолына ерді,
Түске дейін аң қуып бұлар келді.
Дем алуға жағалап судың бойын,

Бір көгал-жасаң, шалғын тапты жерді.
Отырды қоршауланып сусын ішіп,
Әңгіме неше түрлі сөзге түсіп.
Ақырын адамдардың сырт жағынан,

Құйрығын келе жатыр бұтқа қысып.
Жүні де ұйқы-тұйқы бұта тарап,
Тамақсыз неше күндей бауыры жарап.
Махмұтқа маңдай қарсы келді дағы,

Көзіне көзін салып жатты қарап.

«Шіркін-ай, тани кетсе еп болмай ма,
Тамаққа тым болмаса сеп болмай ма?»
«Қаңғып жүрген бір ит»,—деп кім ескерсін,
Бұралқы ит түзде жүрген көп болмай ма?

Соның бірі дейді ғой көрген халық,
Жеп отыр пысырған ет, кепкен балық.
Махмұт патша бір кезде итті көріп,
Көзіне қарай қалды көзін салып.

сәнуар  патша
Көзіне жасы келіп іркілді ақпай,
Кімнің сырын кім білер мұңын шақпай.
Көзіне көзі түсіп жылы ұшырап,

Махмұт патша қарады кірпік қақпай.
Сәнуар ойламады жылайын деп,
Бас иіп не кішілік қылайын деп.
Құдай дескен дос еді аман күнді,

Үндемей қайтер екен сынайын деп.
Бар еді бір уәзір ақылдасар,
Махмұтта түк мінез жоқ одан асар.
Адамға оншалықты қайырымы жоқ,

Тұрлаусыздау неме еді алаңғасар.
Түртіп қап патша айтты:—Қара маған,
Бір сұмдық көрдім, айтам енді саған.
Сәнуарға ұқсайды иттің көзі,

Көрелікші жүр барып жақын таман.
Ол менің Құдай дескен досым еді,
Дос болып жақсы тілеу қосып еді.
Бір дұшпан қылды ма екен бұған қастық,

Шіркіннің көрер күні осы ма еді.
Ол достым алыста еді көз көрмейтін,
Ер еді серттен тайып, сөзге ермейтін.
Құбылса адам баласы неше түрге,

Деуші еді көз денеде өзгермейтін.
Осыны айтып еді мұңайып кеп,
Уәзір өзін сөкті шыңайып кеп.

—Айттыңыз ба шынымен осы сөзді,

Падиша басыңызға лайық деп.
Тақсырым, бұл сөзіңіз—бала сөзі,
Сәнуар бір халифа болса өзі.
Менен басқа тірі жан естімесін,

Адамға ұқсай берер иттің көзі.

хикаялық  дастандар
Сол сөзбенен падиша қалды тоқтап,
Ит жатыр айырмастан көзді оқтап.
Мұнан қайыр кеткенін анық білді,

«Бекер келген екем» деп мұны жоқтап.
Жылайды өстіп жүріп өтем бе деп,
Жалғаннан ит суретпен кетем бе деп.
Жаратқан жалғыз Ием жәрдем қылып,

Тірлікте мақсатыма жетем бе деп.
Айлық жол өзі ұзатқан қыз шаһары,
Ит қылды бір қатынның улы зәрі.
Сахуат, қайыр, ихсан, садақалар,

Кетер ме бір себепсіз соның бәрі.
«Қалпыма адам болып қайта келсем,
Аралап ел-жұртымды тірі көрсем.
Қалдырып кейінгіге ғибрат қып,

Кегімді Баһаргүлден алып өлсем.
Артымда не бір белгі қалмады ұл,
Жем болған ит пен құсқа дүние пұл.
Бір келтір өз қалпыма, жалғыз Ием,

Зарыққан шын ниетпен тілегім бұл!»
Қас қылып өз қатыны, дымын құртқан,
Төрт табан қатқан сірі болды ұлтан.
Жемтік жеп, қоян аңдып, кетті қаңғып,

Алтын тақ, мамықта өскен қайран сұлтан.
Осымен күнде жүрді, түнде жүрді,
Дем алмай айға жуық мүлде жүрді.
Шаһарды қызын берген зорға тауып,

Бұралып бір көшеге түнде кірді.
Көшеге күн батқанда енді дағы,
Қасына бір наубайдың келді тағы.
Наубай байқұс «заттылау ит екен» деп,

Тойғызды күйік нанын берді дағы.

сәнуар  патша
Ойлайды наубай «бағып алайын деп,
Үйіме ертең алып барайын деп.
Семіртіп жақсы ит екен, таза бағып,

Қоянға көбік қарда салайын» деп.
Жанынан орын берді тонарының,
Белгісін енді білді қонарының.
Бұл күнде есіл сұлтан мұндай күйде,

Кім білер арты қандай боларының?
Демалды мұнда жатып, тойып нанға,
Жолықпай қыз бен күйеу, құда ханға.
Таң сарғайып атқанда тұрды дағы,

Сездірмей жүріп кетті еш адамға.
Пендеден болғаны жоқ әлі көмек,
Іздеп жүр жалғыз жанға керек себеп.
Біледі, төрт жыл болды келіп қайтқан

Патшадан баласының үйі бөлек.
Салдырған күйеу сарай бақ қасынан,
Көшенің құбыла жақ нақ қасынан.
Жалтақтап, там жағалап, тура келіп,

Күн шыға кіріп кетті қақпасынан.
Кіруге дарбаза ашық келді ебі,
Тұрған жоқ бұл уақытта елдің көбі.
Түбіне келді дағы жатты кіріп,

Бар екен бөлек жиған мая шөбі.
Осы еді қыз тұрағы іздеп жеткен,
Тиянақ көңілінен медеу еткен.
Ат шабыс басқа жерде үлкен той боп,

Шаһардың бай, патшасы соған кеткен.
Бөлінбей падиша да баласынан,
Аттанған көп әскермен қаласынан.
Ұйықтап, түске таяу болған шақта,

Сілкініп тұрды шөптің арасынан.

хикаялық  дастандар
Сарайдың алдында көл, жағасы бақ,
Бір әйел ішінде отыр сол бақтың тап.
Ойнатып жас баласын көлеңкеде,

Жайнатып кілем, көрпе астына сап.
Ішінен ит ойлап жүр жақсы жора,
Есепсіз кең, іші бақ, үлкен қора.
Таныды көрген жерден падишаңыз,

Іздеген жалғыз қызы, аты—Зура.
Ойлайды енді патша «Жайланайын,
Азырақ бойды түзеп сайланайын.
Тап берсем шошып кетер неткен ит деп,

Көрініп, әрі-бері айналайын».
Падиша соны ойлап айналды көп,
Қызы отыр бала ойнатып, алмасын жеп.
«Көршілердің итінің бірі шығар,

Кеп жүрген,—деп ойлайды,—тамақ іздеп».
Зура қыз бала ойнатып селкілдетіп,
Отырғанда кекілін желпілдетіп.
Келді де қызға қарсы жатты қарап,

Ағызып көзден жасын мөлтілдетіп.
Зураның ит көзіне көзі түсті,
«Алла» деп танып қалып, зәресі ұшты.
«Иттің көзі әкемнен аумайды ғой,

Құдай-ау, құдіретің қандай күшті!»
Деді де түрегелді орынынан,
Қыз танып екі көздің порымынан.
Қыңсылап ит еркеліп, бұраң қағып,

Хал-жайын бейнеледі толығынан.
Қыз тұрып әрбір істі көп ойлайды,
Ақыл-айла табайын деп ойлайды.
«Ақылы әкем болса дұрыс шығар,

Әуелі тексерейін» деп ойлайды.

сәнуар  патша

—Тұр,—деді,—кілемге шық, жатпа жерге,

Жер—жатақ лайық па сіздей ерге.
Дегенде ит орнынан қарғып тұрып,
Секіріп көрпе үстіне шықты төрге.
Қыз тұрып тағы бір ой ойлай қалды,

Бір табақ, бір итаяқ тауып алды.
Табаққа алма, жеміс, қауын турап,
Итаяққа майлы ет пен палау салды.
Қыз тапқан ақылменен мұндай ойды,

Алма, жеміс, қауынға әбден тойды.
Бір қарап итаяққа мұңайғандай,
Тамағын ішіндегі жемей қойды.
Енді қыз істің артын созбады көп,

Ал жылап, қайдағыны қозғады үдеп.
Құшақтап иттің мойнынан аузын сүйіп,
Еңіреп саулы інгендей боздады кеп.
Айырды кім екенін тіпті сынап,

Сорлы қыз есін жиды жылап-жылап.
Таза жуып, кілем мен мамық төсеп,
Жатқызды қонақ үйге сылап-сипап.
Шекер, бал, қаймақпенен ішті сүтті,

Әр түрлі тамақ беріп таза күтті.
Ұмытты жолда көрген мехнатты,
Ұйықтады салқын үйде жимай бұтты.
Кетпейді дем алса да қайғы ойдан,

Қасірет қайдан кетсін қазір ойдан.
Бай, патша бәрі қайтып әскерімен,
Тарқасып үйді-үйіне келді тойдан.
Үйіне күйеу келсе кешке таман,

Жүдеген әйелінің түрі жаман.

—Неге мұнша жүдедің?—деп сұраса,

—Түс көрдім,—дейді,—әкем емес аман.

хикаялық  дастандар
Шаһардың үйі түгіл, маңында жоқ,
Сайраған бұлбұл құстай бағында жоқ.
Өрт кетіп орда жатыр қара түнек,

Түсімде барсам әкем тағында жоқ.
Бұл түсті бос ойлама, құлағың сал,
Біреуін молдалардың шақырып ал.
Қандайлық іс екенін біле ме екен,

Кітапта не дейді екен аштыршы бал.
Не десе ханзаданың бәрі қолда,
Ер еді бас тартпайтын тура жолда.
Оң, теріс оқуына бірдей жеткен,

Алдырды бар еді бір асқан молда.

—Молдеке, кітабыңды аш, балыңды сал,

Іркілмей қанша десең ақыңды ал.
Сәнуар сау-саламат аман ба екен,
Дәл сөйле, сыр жасырып айтпаңыз жал.

—Тақсыр-ау, өнеріңді көрсек сенің,

Сөзіңді бұзамыз ба өлсек сенің.
Сөз қоспаймын, кемітіп қалдырмаймын,
Алланың айтам тура көрсеткенін.
Соны айтып бал кітабын қолына алды,

Алдына ақ сөйле деп жайып салды.
Үш жиып, үш қайта сап, басын шайқап,
Тамсанды да балына қайран қалды.
Ханзада айтты баста пысырғанын,

Қор қылмас Құдай өзі мұсылманын.

—Айтыңыз балға түскен сөзді,—деді,

Балшының білді дағы қысылғанын.
Болмады айтпасына енді шара,
Барлық іс тұр бүлініп ашқан балда.

—Айтайын балдың сөзін, кейімеңдер,

Түсіп тұр падишаңыз қиын халға.

сәнуар  патша
Падиша қиын халде қалған екен,
Дүние, міне, осындай жалған екен.
Жетіпті ақырында сондан зиян,

Бір сұлу жұрттан таңдап алған екен.
Бір дию Сәнуармен күндес екен,
Сәнуар сұлу жайын білмес екен.
Әкеңді өгей шешең ит қылыпты,

Астыртын сол диюмен тілдес екен.
Ол сұлу өзі оқуға жеткен екен,
Әкеңе шешең қастық еткен екен.
Достардан тамыр-таныс жәрдем іздеп,

Әкеңіз өз жұртынан кеткен екен.
Кез бопты сондай күйге қайран батыр,
Басына түскен екен заманақыр.
Сіздерге тіл айқасып кезігіп тұр,

Не келді, не болмаса келе жатыр.
Тоқтатты осыны айтып балшы молдаң,
Әр түрлі хабар беріп оң мен солдан.

—Қайтадан қалыбына келтіруге,

Келе ме,—деп сұрады,—сіздің қолдан?

—Сөзіме болсаңыздар сенер,—деді,

Иншалла, бар жетерлік өнер, —деді.
Дауасы Сәнуардың осы шәрде,
Бұйырса қолымыздан келер, —деді.

—Ендеше әкем мұнда келді, —дейді,

Айтпадым сүйінші деп елді, —дейді.
Айтқам жоқ өзіңе де әлі шынын,
Келейін осында ертіп енді, —дейді.
Барды да бастап алып келді үйіне,

Алдымен адамдай-ақ кірді үйіне.
Атасын көргеннен соң күйеу ұлы,
Егіліп енді түсті зар күйіне.

хикаялық  дастандар
Құшақтап күйеуінің аузын сүйіп,
Тілі жоқ, елдің тілін іші түйіп.
Бір қатын бір патшаны бүйткеніне,

Жүрегі молданың да кетті күйіп.
Отырды бәрі жылап, мауқын басып,
Молда айтты: —Тұрмалық, —деп, —бекер жасып.
Тағы да оқуы үлкен үш молда бар,

Алдырды оларды да ақылдасып.
Төрт молда, қыз бен күйеу, итпен жеті,
Тамақтанып, сойған мал, желінді еті.
Төрт жақтан оқығалы тұрды бұлар,

Жаңа жатқан кезінде елдің шеті.
Бурадай молда даусы күбірлейді,
Жарқылдап жалын шығып гүрілдейді.
Оқудың кереметті күшіменен

Бақ, сарай, қорасымен дірілдейді.
Оқыған сайын қыз ысып сырқырайды,
Ақ көбіктер аузынан бұрқырайды.
Бұршақ жауып шатырлап, боран соғып,

Қаз бен тауық қорада шұрқырайды.
«Иттің» жүні құлпырып жайқалып тұр,
Бір сұмдықтың болғаны байқалып тұр.
Шаһар халқы иман айтып кетті шулап,

Қозғалып жер сілкініп, шайқалып тұр.
Дүниеде не күшті—оқу күшті,
Не болды деп халықтың зәресі ұшты.
Болғанда түн ортасы сағат бірлер,

Бір жарық үй ішіне сәуле түсті.
Сәнуар жатыр сұлап есі ауып,
Үстіне ақ жайнамаз қойған жауып.
Алдымен қалыбына басы келді,

Шақырған мезгілінде басқы тауық.

сәнуар  патша
Баладай бас көтерді енді оянған,
Жел басылып, жер тыншып, ел қуанған.
Ай батып, шолпан туған мезгілінде,

Жоғары адам болды белуардан.
Адасқан алғашында елесінен,
Туған жан не көрмейді енесінен.
Шақырған азан даусы естілгенде,

Адам боп түрегелді денесімен.
Алдында молдалардың қойды басты,
Көрісіп, бәрі жылап төкті жасты.
Қыз, күйеу барлығымен амандасып,

Шаттықта болды олар ішіп асты.
Алдырды падишаны хабар беріп,
Қуанды бірін-бірі тірі көріп.
Еңіреді естіген жан тоқтай алмай,

Сәнуар көргендерін сөйлеп беріп.
Ішінде құрды кеңес миуа бақша,
Кім қуанбас дертіне дауа тапса.
Риза қып төрт молданы салды жолға,

Тойғанынша ат, шапан, беріп ақша.
Той қылды қыз бен күйеу жұртын жинап,
Құрметтеп Сәнуарды жақсы сыйлап.
Ақыры жетті арман-мұратына,

Біраз күн жыласа да жанды қинап.
Таранып-тазаланып, түзеп бойды,
Іштегі қасіреттің бәрін жойды.
Сәнуар енді еліне жүрмек болды,

Қырық күн тарқатқан соң істеп тойды.
Құдасы қуансын деп елін көріп,
Ақ түйе алтын, күміс сыйлау беріп.
Еліне қошеметпен жеткізуге,

Екі жүз жүрмек болды әскер еріп.

хикаялық  дастандар
Қосарға бас айдады қанша құр ат,
Мың жылдық деген осы құда-жұрат.
Атасын өз жұртына жеткізуге,

Ілесіп бірге жүрді Шаһимұрат.
Қош айтып құда мен қыз ел мен жұртқа,
Әскермен дуылдатып шықты сыртқа.
Жүз әскер күйеуінде тағы да бар,

Қайнаған шықты ұқсап қарақұртқа.
Патшаның көтеріліп, көңілі өсіп,
Іштегі қасіреттің бәрі де өшіп.
Тамаша, шаттық, сайран-сауықпенен,

Шетіне бір шаһардың келді көшіп.
Қалған жоқ көңілінде қайғы-қаяу,
Келеді тамашамен жүріп жаяу.
Бір жерден бұрқыраған шаң шығады,

Шаһарға келгенінде жақын таяу.
Атынан шауып келіп түсе қалып,
Сәнуар қарап тұрса көзін салып,
Бір адам жаңа көмген бір моланы

Қамшының сабап жатыр астына алып.

—Мен саған күйгенімнен келдім, —дейді,

Қалайша пұлды бермей өлдің, —дейді.
Сен өлсең менде пұл жоқ, не болмақшы,
Қарызын кім төлейді елдің, —дейді.
Соны айтып сабап жатыр сартылдатып,

Моланы жас топырақ бұрқылдатып.
Сәнуар екі әскерін жұмсап еді,
Барды да қуып келді тырқылдатып.
Падиша жөн сұрайды: —Қалайсың, —деп,

Есірік әлдекімге малайсың, —деп.
Ұға ма өлген адам айтқаныңды,
Қалайша қу моланы сабайсың, —деп.

сәнуар  патша

—Мен, тақсыр, нашар едім, сауда сатқан,

Сандалып, қарыздар боп, басым қатқан.
Бір байдан жүз сом алтын алып еді,
Порым қып мен байқұсты осы жатқан.
Бар еді баласы жас, ата-анасы,

Жоқ екен барсам тіпті ішер асы.
«Балам өлді, пұлым жоқ, қайтесің» деп,
Ағып отыр сорғалап көзден жасы.
Төлемей байдың пұлын өлген екен,

Әкеліп осы жерге көмген екен.
Қысылдым, жалғыз тиын қолда пұл жоқ,
Ол байдан бүгін адам келген екен.
«Бермесең байға сүйреп барам, —дейді,

Тауып қой үш күнде кеп алам, —дейді.
Жоқ болса қазан, ошақ, мүлкіңді алып,
Өзіңді малайлыққа салам», —дейді.

—Болып ем бұған порым сүйгенімнен,

Пайда жоқ ішкен-жеген, кигенімнен.
Ата-ана, қатын-бала шулаған соң,
Келіп ем шыдай алмай күйгенімнен.
Жас бала, жаман қатын, ата-анам бар,

Сорлы едім, өзім жалғыз, алды-артым тар.
Үй-мүлік, қазан-ошақ бұлар алып,
Қайтемін олар шулап, жыласа зар?
Малай боп өзім тағы кетсем байға,

Шулатып оларды аш тастап жайға.
Ата-анам, қатын-балам аштан өлсе,
Қара жүз болмаймын ба бір Құдайға.
Сабаған ызаменен осы шартым,

Тапқандар орташа бай жүз сом алтын.
Ей, тақсыр, барлық менің осы жайым,
Білмеймін не боларын істің артын.

хикаялық  дастандар
Патша айтты: — Ажалсыз пәк жан шыға ма,
Жүрерсің пұл жоқ болса жалшыға да.
Өліпті, өлген адам лаж бар ма,

Моланы сабағанмен пұл шыға ма?
Сабама мұнан кейін моланы сен,
Құлақ қой менің айтқан сөзіме ен,
Ренжімей сен оған дұға қып қой,

Жүз сомын оның алған төлейін мен.
Өткен іске айып жоқ ұнаған соң,
Мола сабап Құдайға болмайсың оң.
Ата-анаңды бақ тағы, ауқаттан деп,

Және берді өзіне екі жүз сом.
Сені көрдік бұл жерге келсек, —деді,
Біз де сондай боламыз өлсек, —деді.
Екі жүз сом жігітім беріп келсін,

Ата-анасын өлгеннің көрсет, —деді.
Разы боп алған соң пұлды қолға,
Қайтпақ болды қарамай оң мен солға.
Падишаның жігітін ертіп алып,

Құлдық ұрып, қош айтып түсті жолға.
Сомын беріп екі жүз, сәлем айтып:

—Жүдемесін өздерін құр мұңайтып.

Аят оқып мен үшін жөніңді айт та,
Бұл араға келіңдер кешке қайтып.
Екі әскері «мақұл» деп кетті шауып,
Сомды берді екі жүз үйін тауып.

Шал-кемпір, мың рахмет сәлем айтты,
Дұға оқып падишаға ауық-ауық.
Қараңыз Сәнуарға берген бақты,
Бай қылды қарап тұрып екі жақты.

Мұратқа түбінде бір жеткізеді,
Көңілде шығармаса ақиқатты.

сәнуар  патша
Жан жетпес Сәнуардың бағасына,
Бақ қонған, қыдыр дарып бабасына.
Шаһарға таяу келіп жатты бұлар,

Бір көгал аққан судың жағасына.
Ағашқа атты байлап, тізіп қатар,
Дем алып бүгін сонда болды жатар.
Кіргенмен баса-көктеп шаһар ішіне,

Аз емес, үш жүз адам қайтып батар.
Кезінде сәске-бесін келіп жатты,
Қала емес, иен далаға әрең батты.
Жолығып Сәнуарға сәлемдесті,

Жас жігіт, өңі сұрлау, жалғыз атты.
Отырды күліп-ойнап, ішіп шайын,
Не қажет болса соның бәрі дайын.
Шетірек бір қыстақтың адамы екен,

Ұқтырды ол патшаға барлық жайын.

—Келіп ем, сіз деген соң барайын, —деп,

Жолығып батаңызды алайын, —деп,
«Сәнуар» атағыңызды естуші едім,
Бір көріп жүзіңізді қалайын деп.

—Жарайды, —деді патша, —рахмет,

Талапты бала екенсің мұратқа жет.
Келіпсің сәлем бере әтей іздеп,
Қалағаныңды ал дағы сен қонып кет.

—Қонбаймын, енді үйіме қайтам, —дейді,

Сөзім бар, тақсыр, құлақ салсаң, —дейді.
Еш нәрсе мал, дүние керек емес,
Айтамын егер қабыл алсаң, —дейді.

—Айт, —деді патша сонда, —арманыңды,

Сенен мен аямаймын жәрдемімді.
Егерде керек десең беріп кетем,
Көрінген алдымдағы мал-жанымды.

хикаялық  дастандар

—Рахмет, тақсыр, —деді, —сөзімді тос,

Шын болса айтқан сөзің көңілім хош.
Басқалай түк алмаймын, Құдайды атап,
Ұнатсаң ақыреттік болайық дос.
Дүние керегі жоқ, маған малдың,

Талайды өз қолыммен жолға салдым.
Дос болсаң Құдай үшін ақырет қып,
Тілегім сол, мен сізден тілеп қалдым.
Сәнуар оған дағы: —Мақұл, —деді,

Қалмаңыз іздеп келіп, қапыл, —деді.
Сенімен ақыреттік дос болайын,
Өмір ғой өтетұғын ақыр, —деді.
Ол жігіт Сәнуарға қойды басты,

Қолдасып көздерінен төкті жасты.
Құдай қалыс, доспыз деп ақыреттік,
Ұшып тұрып екеуі құшақтасты.
Екі дос қол алысып болып қалды,

Көңілі бұл жігіттің толып қалды.
Дос болған соң кете алмай тастап қиып,
Ақыры мұнда жігіт қонып қалды.
Жалынсыз жігіт емес жүрген жоқ құр,

Түрінен бір нышаны білініп тұр.
Жігіттің түрі бөлек, аты —Ғайып,
Бар екен кім біледі қандайлық сыр?
Бұл жігіт Сәнуарды ағалады,

Ер ғой деп Сәнуар да бағалады.
Екеуі зеріккен соң сыртқа шығып,
Су бойын тамашалап, жағалады.
Қара жол қалың адам өтіп жатқан,

Бірі оңға, бірі солға кетіп жатқан.
Ешкімнің бұларменен жұмысы жоқ,
Жансың деп сұрамайды не қып жатқан.

сәнуар  патша
Қиыны бар ма істің ебін тапсаң,
Жаныңа жан жуи ма тегін жатсаң.
Қырық қыз бір бақшадан шыға келді,

Кезінде күн еңкейген екінті-ақшам.
Бір қыз бар ортасында туған айдай,
Ойнақтап, бұраңдайды жорға тайдай.
Бұрылса беті қалай сол жақ жарық,

Ақ маңдай, алтын иек, атқан таңдай.
Қозғалған кеудедегі анар қандай,
Сәнуар қайтып тұрсын құмарланбай.
Толықсып, ыстық тартып сызылады,

Қалайы ақ табаққа құйған майдай.
Бұрылса беті қалай болып жарық,
Бақ іші жарқырайды шамдай жанып.
Сәнуар көп қиналды, ойланды іштен,

Зәмзәмнан су ішкендей шөлі қанып.
Қырық қыз шыр айналып жүр шетінде,
Міні жоқ тал бойында, нұр бетінде.
Қасынан алыстамай шыр айналған.

Қырық қыз бір сұлудың құрметіне.
Бір кезде бақтан шығып жүріп кетті,
Сауылдап шаһар жаққа бұрып бетті.
Алды-артын сақтап жүрген әскері бар,

Ән салып шаһарына кіріп кетті.
Сәнуар күйіп қалды жамалына,
Леп беріп соғып кеткен самалына.
Ойлайды «ебін таппай ма» деп,

Салайын қандай болса амалына.
Ойлайды «Досты соған салам ба деп,
Бұл қызды бұйрық болса алам ба деп.
Сұлудан көрген опам белгілі еді,

Пәлеге тағы ойлайды қалам ба» деп.

хикаялық  дастандар
Бұл қызды көрді дағы болды құмар,
Отырған жар басында кетпей бұлар.
Тылсым мен сиқыр оқу жүрмес қылып,

Баяғы төрт молдасы берген тұмар.
Патшаның қыз алмақ боп тұрысы сол,
Бұл жолда енді қалған жұмысы сол.
Жүрмейтін сиқыр оқу тұмары бар,

Сенетін Құдайдан соң тынысы сол.
Шыдамай қыз көрінбей кеткен сайын,
Қалғандай бұлт басып туған айын.

—Бұлар кім, кімнің қызы, ұқтыршы, —деп,

Досынан сұрай кетті қыздың жайын.

—Бар, —дейді, —падишамыз Тағмұр атты,

Тең көрген алыс, жуық, жақын, жатты.
Патшада жаннан асқан жалғыз қыз бар,
Дейтұғын Сақыпжамал салтанатты.
Сол қызы өзің көрген әлгі кеткен,

Секілді таң шолпаны жарқ-жұрқ еткен.
Данышпан өзі оқыған, аса сұлу,
Адамның арманы жоқ қолы жеткен.
Бағасыз байқағанға қыздың басы,

Қиылған бір міні жоқ қаламқасы.
Талайдың қолы жетпей арманда өткен,
Білемін он жетіде биыл жасы.
Көркем жан туылмайды онан бетті,

Еш адам ала алмайды, жасы жетті.
Баласы үш патшаның құда болып,
Арманда бәрі ала алмай өліп кетті.
Ақылын алам десең біз табайық,

Сұлу да сол себепті жүр мұңайып.
Алатын қолы жетіп енді адам жоқ,
Десеңіз әйел алам сізге лайық.

сәнуар  патша
Ақиқат, жалған емес осы сөзім,
Тоқтатты деп баяндап досы сөзін.
Баласы үш патшаның өлді деген,

Жақтырмай шошып қалды сол бір жерін.
Етсе де сол жерінен бірақ қауіп,
Түскен соң махаббаты, көңілі ауып.
Тапсырды екі кісі қосып беріп,

—Қайтсең де құда түс, —деп, —ебін тауып.

Жұмсады патша досы Ғайып ерді,
Қолына талай тарту сыйлық берді.
Шаһимұрат қосылып үшеу болып,
Тағмұр ордасына келіп кірді.

Бірі —күйеу баласы, бірі —Ғайып,
Жиылған өңкей жүйрік, қыран сайып.
Жолығып патшаменен амандасып,
Алдына тартуларын салды жайып.

—Ей, тақсыр, көрдік келіп жүзіңізді,

Баса алмас дұшпан сіздің ізіңізді.
Сәнуар осы жаққа келген екен,
Сұратты Сақыпжамал қызыңызды.
Әйелі ажал жетіп өлген екен,

Қыз іздеп осы жаққа келген екен.
Жіберді үшеуімізді құдалыққа,
Бақшада балаңызды көрген екен.
Баланы ұнатыпты өзі көріп,

Мынау соның күйеуі жүрген еріп.
Сәнуар шаһар шетіне келіп жатыр,
Жіберді сәлем айтып, тарту беріп.

—Жарайды, хош хабарың, балам, —дейді,

Сөзіңді қабыл сенің алам, —дейді.
Сәнуардай халифа алам десе,
«Жоқ» дейтін емес біреу сараң, —дейді.

хикаялық  дастандар
Тура емес ол кісіге қызды бермей,
Білмеймін мыжығанды басқа елдей.
Сәнуарға су бойы лайық емес,

Ордаға неге жатыр өзі келмей?
Қызымды алам десе, беремін мен,
Еш адам Сәнуарға болмайды тең.
Қызымның күйеу өлгіш кеселі бар,

Сол жерін ұқтырып айт өзіне сен.
Сылтау қылған сөз емес оған нансын,
Әуелі қыз сырына әбден қансын.
Қызымды аяп тұрғам жоқ, оны аяймын,

Сол жеріне айналып көңіл салсын.
Таңертең ордаға әкел келем десе,
Алмаймын еш нәрсесін берем десе.
Ертеңнен бастап тура той жасаймын,

Қалғанын бір Алладан көрем десе.
Ордаға өзі келсін сыртқа жатпай,
Кіре берсін ұялып, өзін тартпай.
Жазым боп қызды алам деп өліп кетсе,

Обалын кетсін деймін маған артпай.
Сөзімді айт түсіндіріп әбден ұғып,
Жасыратын сырым жоқ одан тығып.
Таңертең барлығың да ордаға кел,

Қарсы аламын қақпадан өзім шығып.
«Мақұл» деп ол үшеуі кетті қайтып,
Ұқтырды Сәнуарға бәрін айтып.
Сәнуар «тәуекел» деп бір Аллаға,,

Бекітті өзін-өзі тас шыңайтып.
Ғайып кеп Сәнуарға:—Достым,—деді,
Дос болып сізге басты қостым,—деді.
Той тарқап қашан елге қайтқаныңша,

Бар билік біздің қолда болсын,—деді.

сәнуар  патша
Падиша айтты сонда:—Достым Ғайып,
Кетсем мен сал Құдайға қылдан тайып.
Той емес өз билігім болсын сізде,

Көнемін дегеніңе осы лайық.
Дос деген дүние түгіл жанға да ортақ,
Өлгенде иман, тіріде малға да ортақ.
Жан доспыз ақыреттік мал дос емес,

Сескеніп еш нәрседен болма қорқақ.

—Қош, құлдық, болды достым,—деді Ғайып,

Сөзді ұғып бірі айтып, бірі ұнатып.
Дос деген дүние түгіл иманға ортақ,
Дос десең Құдай дескен тұрма тайып.
Өтеді ерте тұрып намаздарын,

Өңкей білгіш, данышпан, сабаздарың.
«Падиша ордасына шақыртты» деп,
Көтеріп біреу келді қағаздарын.
Тапсырды қағазды әкеп қолбасыға,

Оқытты өзі оқымай жолдасына.
Мейманға осы күндіз, сағат онда,
Шақырыпты Тағмұр ордасына.
Қағаздың оқып көріп сөзін ұқты,

Баруға қырық адаммен патша шықты.
Алдынан Тағмұр патша өзі шығып,
Құрметтеп ордасына әкеп күтті.
Бұларды ордаға әкеп күтіп қойды,

Ет асып, палау басып, малын сойды.
Ғайыптан барлық жайды ұғып Тағмұр,
Жасады жұртын жиып үлкен тойды.
Әр жерден патша, бектер келіп жатыр,

Тігілді неше түрлі торғын шатыр.
Ордада отыр мұнда қырық кісі,
Әскері су бойында күтіп жатыр.

хикаялық  дастандар
Әңгіме мұны жаздым сөз болсын деп,
Жастарға өлеңқұмар кез болсын деп.
Асықты Сәнуар еліне қайтқанынша,

«Тойымыз көп ұзамай тез болсын» деп.
Той қылған ат шаптырып, жұртын жиып,
Не десе бір-біріне сөзі сыйып,
Дегенде жетінші күн молданы әкеп,

Сарайда қызды қосты неке қиып.
Неке оқып, бата беріп, қызды қосты,
Үстіне ел жатарда кіріп досты.
Отырды таң атқанша хикая айтып,

Патшаның қызды құшар жолын тосты.
Қыз кетті таң атқан соң үйге тұрып,
Қонақпен қалды патша кеңес құрып.
Кеш бата қыз да келді, дос та келді,

Секілді аңдып алған Құдай ұрып.
Амалсыз досын шығып кет дей алмай,
Сен кетіп, бізді оңаша ет дей алмай.
Абыржып Сәнуардан маза кетті,

Ашық деуге досына бет келе алмай.
Досы кеп алда отырып күн құрғатпай,
Бұл қылық патшаға да қалды жақпай.
Не жатпай, не жатқызбай бекер сөйлеп,

Атқызды сөйтіп таңды кірпік қақпай.
Жақтырмай Сәнуар да, қыз да мұны,
Тағы да аңди ма деп бүгін түні.
Оң жақта қосыла алмай әлі арманда,

Еліне ертең патша жүрер күні.
Сәнуар неше түрлі ойға түсті,
Бір жақтан қыздың дерті жанды қысты.
Атасқан Құдай атын шын досына,

Айта алмай басқа жауап іші пысты.

сәнуар  патша
Ойлайды «әлде бізге тілеу ме деп,
Көңілі бір нәрседен жүдеу ме деп.
Болмаса осы қызға құмар болып,

Жете алмай құрып жүрген біреу ме» деп.
Демеймін ренжітіп қалайсың сен,
Бір ауыз қатты айтпайын өмірі мен.
Дос болып ақыреттік ренжітсем,

Қылығым болмай қалар Аллаға жөн.
Аз қалды айырылуға жақсы кетсін,
Болса да мейлі қастық, достық етсін.
Болған серт, айтылған сөз қиын еді,

Болса да не қателік, содан өтсін.
Жарамас ренжітсем досымызды,
Ылғайды Құдай өзі босымызды.
Алланың атын сатып қар болғанша,

Берейін алам десе осы қызды.
Жарамас сабырсыздық тебініміз,
Бөлінсін ренжімей көңіліміз.
Тіріде мал, өліде иман ортақ,

Тең еді жетіспесе кебініміз.
Не қылам бұдан аяп пұл мен бөзді,
Тоқтатты солай ойлап соңғы сөзді.
Түр болып қыз бен патша бас қосқанда,

Сып етіп кіріп келді сүзіп көзді.
Бастады бір хикая ауыз жимай,
Патша отыр арманы ішке сыймай.

—Уақыт ажырасар аз қалған соң,

Қасыңа келдім, дейді,—сізді қимай.
Сонымен тағы жатпай таң атты енді,
Қыз да кетті, оқыды бамдатты енді.
Жиылып сырттағы әскер жүрмек болып,

Орданың іші-сыртын шаңдатты енді.

хикаялық  дастандар
Есепсіз жасау-жабдық артып жатыр,
Түйеге асыл кілем тартып жатыр.
Екі жүз әскер берді жеткізуге,

Таусылмас түгел айтсам, артық жатыр.
Қырық күң, қырық құлмен аттандырды,
Көңілін падишаның шаттандырды.
Кигізіп әскер басы бір шапаннан,

Қуантып оларды да мақтандырды.
Кейімес Тағмұр патша алғанына,
Сәлемет қызды жолға салғанына.
Қуанып хан мен ханым жүр шаттанып,

Сәнуар өлмей тірі қалғанына.
Тарқады қош айтысып жиылған көп,
Әрбіреу әрбір алыс қиырдан кеп.
«Бұл қызға қосылғандар өлуші еді,

Әзелде Сәнуар бұйырған» деп.
Ағызып көздерінен көлдей жасты,
Парымен қосты Алла екі жасты.
Күңіреніп қала ішінен сыртқа шығып,

Елжіреп, еңіресіп ажырасты.
Шаһардан қалың әскер шықты қайнап,
Қоштасып жолға салды музыка ойнап.
Шыққан соң елден ұзап ыңғайланып,

Бір судың жағасына келді бойлап.
Досы кеп:—Мен сізге қош айтам,—дейді,
Жүруім бұдан былай қайқаң,—дейді.
Бір жерге жүк түсіріп, орнығыңыз,

Сізбенен ризаласып қайтам,—дейді.

—Жарайды, достым, оның ақыл,—дейді,

Болған соң ажырасар ақыр,—дейді.
Жігіттер бір кең жерге жүк түсіріп,
Тігіңдер көк майсаға шатыр,—дейді.

сәнуар  патша
Түсіріп шатыр тікті саздау жерге,
Патша айтты достына:—Отыр бірге.
Осыдан не қалайсың, не аласың,

Өзің біліп отырып бөлші түрге.

—Падишам, ажал жетсе өлмейміз бе,

Тағы да дәм бұйырса келмейміз бе?
Бар табыс екі адамға тең болған соң,
Ортадан әділдікпен бөлмейміз бе?

—Жарайды әскерлердің бәрі аманат,

Өмірі көтермеймін мен жаманат.
Өзің кеп қосылғаннан бері қарай,
Бәрін ал, бізге тастап жол қаражат.

—Қойыңыз, өйтіп артық ала алмаймын,

Өзіме онша ауыр жүк сала алмаймын.
Қызды да, олжаны да тең бөлмесең,
Мен сізге разы боп қала алмаймын.

—Жарайды, іс ақиқат айтқан сөзің,

Барлығын не нәрсенің көрді көзің.
Ілгері-кейін демей бар мүлікті,
Шаһимұратты ал дағы тең бөл өзің.

—Падишам, ниетіңді бұзба,—дейді,

Нәпсіге тіршілікте қызба,—дейді.
Мал-мүлік бөлінуі тұр ғой оңай,
Бөлінер үлкен олжа қыз да,—дейді.
Патша айтты:—Ұнатамыз оны да біз,

Өзің алып беріп ең, бір жалғыз қыз.
Өлгенше сен достымды кейітпеймін,
Бөлуге келмейді ғой, алыңыз сіз.

—Туған соң дүниеге келу керек,

Қай күні тағдыр жетсе өлу керек.
Болады маған хақы бүтін алсам,
Оны да тепе-тең етіп бөлу керек.

хикаялық  дастандар
Патша айтты:—Бөлгеннен соң қалады өліп,
Бейшара тірі жүрсін, қызық көріп.
Мен бұған разымын, Алла қалыс,

Қарызсыз жіберейін саған беріп.
Айтамын ақыреттік достық табыс,
Ақ өлім алдымызда емес алыс.
Сен алып разы бол, жақсы жаса,

Беремін мен батамды Құдай қалыс.
Ойлама қалады деп көңіл кірі,
Уәде екеу емес, болсын бірі.
Өлтіріп обалына қалма, достым,

Жалғаннан қызық көріп жүрсін тірі.

—Алмаймын мүлде бүтін бөлмесеңіз,

Тең бөліп қақ жарымын бермесеңіз.
Қалмай ма өлсе егер менде обалы,
Кетемін, жарты қыздай көрмесеңіз.
Падишам, достықпенен ойнамаңыз,

Күнәдан біздер қашып, бой бағамыз.
Егерде осы қызды тең бөлемесең,
Болар деп мені разы ойламаңыз.
Ай оңнан, күнің шықты солыңыздан,

Қалмаңыз енді бекер жолыңыздан.
Мен кетем осы қызды тең бөлмесең,
Алмаймын жалғыз жармақ пұлыңыздан.
Дүниеге келер, кетер талай пенде,

Қалмасын дос қарызы енді менде.
Көрмесең қыз жанындай қош-аман бол,
Алған қол, айтысқан серт қалды сенде.
Соны айтып:—Қош, патшам, жүрдім,—деді,

Жалғыз-ақ өкінерсің бір күн,—деді.
Сәнуар ұстай алып:—Тоқтаңыз,—деп,
Сіз, достым, не десеңіз көндім,—деді.

сәнуар  патша
Мен қайтіп ренжітем, сізді,—дейді,
Жолға сал разы болып бізді,—дейді.
Шын досым ақыреттік жалғыз өзің,

Көндірші өзің бірақ қызды,—дейді.
Қолына қылыш алып шаппақ болды,
Үрей жоқ, қыз сорлы да естен танды.
Көйлектен басқа киім бәрін шешіп,

Далаға елді жиып алып барды.
Қыз тұрды білмей дос пен дұшпанын да,
Ажалдың қорқынышты қыспағында.
Бір тақыр жерге қызды отырғызды,

Аққан тер сорғалады пұшпағында.

—Көзіңді жұмбай отыр,—деді,—ашып,

Алдынан Ғайып келді қарсы басып.
Еңіреп бейшара қыз отыр зарлап:

—Жанымды қия көр,—деп,—жалғыз қасық!

Қарап тұр елдің бәрі көзін сатып,
Көтерді ақ алмасты жарқылдатып.
Шыр етіп қыз еңкейе бергенінде,
Астынан сары бас жылан кетті атып.

Қызды қойып, жыланды Ғайып шапты,
Қыз байғұс қайтып келсе талып қапты.
Су бүркіп қыздың есін жиғызып ап,
Киімін киіндіріп, жаулық жапты.

—Кел, патшам, бері таман жақын,—дейді,

Етпей ме анау жылан зақым,—дейді.
Бәрі де бұрынғының сонан өлген,
Алыңыз енді, міне, қатын,—дейді.
Болып ем, сізге душар жалғыз қаңғып,

Жаратқан сізді Құдай артық жан қып.
Ордада сіз бен қызды жақындатпай,
Қалайша жүр дедіңіз түн болса аңдып.

хикаялық  дастандар
Қыз емес, енді сізден теңге алмаймын,
Қатардан алмасам да мен қалмаймын.
Бұрынғы қарызымды өтей алсам,

Сонда да еш нәрседен кем қалмаймын.
Сіз өстіп мен келмесем жүресіз бе,
Өлесіз қыз қойнына кіресіз де.
Хақың көп менде сіздің түгемейді,

Істеп ең не жақсылық білесіз бе?
Не көрдің шаһар шетіне келісіңде,
Адамды көр сабаған көрісіңде.
Мен үшін жүз сом алтын бермедің бе,

Мен едім сонда жатқан көр ішінде.
Төрт жүз сом және бердің екі жаққа,
Білінді ол жәрдемің жалғыз Хаққа.
Қабыл боп сол сахуат қылған ісің,

Жеткізді ақыр Құдай мұндай баққа.
Падишам, менің сөзім осы барлық,
Болады бір Алладан кеңлік, тарлық,
«Құтқарып падишаны пәлесінен,

Құтыл,—деп,—қарызыңнан» етті жарлық.
Сәнуар осы қызды алар,—дейді,
Тұмсығын жылан дұшпан салар,—дейді.
Жақсылыққа жақсылық істемесең,

Сәнуар ойран болып қалар,—дейді.
Осы еді пақырыңның барлық ісі,
Жыланның құтылдырды тимей тісі.
Кешіріңіз, хақыңызды пұл алмаймын,

Тақсыр, мен тірі емеспін, өлі кісі.
Білмеген кешіріңіз қатемізді,
Бай қылдың қатын-бала, атамызды.
Уақыт қайтатұғын болды, достым,

Беріңіз разы болып батаңызды.

сәнуар  патша
Қол алып, бата беріп, айтысты қош,
Жыласып, құшақтасты ол екі дос.
Еңіреп патша досын қимай кетті,

Кісі еді падиша да көңілі бос.
Ол жігіт дұға тілеп қолын жайып:

—Бар болса кешіріңіз өткен айып,

Қиямет мақшар күнде көріселік,—
Деп көзден таса болды досы Ғайып.
Аңырып патша қалды, кетті досы,
Орнына келді айналып көңіл хошы.

Патшаңыз ол болмаса өлмекші еді,
Жақсылық жақсылыққа деген осы.
Сол күні кетпей қонып олар жатты,
Досына құран оқып, тағам татты.

Падиша құмарынан шықса керек,
Шөлдеген жарын құшып махаббатты.
Сәнуар мақсатына солай жетті,
Осындай Ғайып досы құрмет етті.

Жеткенше Баһаргүлге сабыр таппай,
Аттанып ертеңінде жүріп кетті.
Жол жүріп тоқтамастан бір ай заман,
Сәлемет шаһар шетіне келді аман.

Әскерін артқа салып, өзі бастап,
Ордаға кіріп келді кешке таман.
Артында бес жүз әскер, алдында хан,
Келеді ретімен төрт қатардан.

«Ордада Сәнуар бар» деп ел ойлайды,
Болған істі басқа бір білмейді жан.
Ұғысты елдің жайын түспей аттан,
Ордада Баһаргүл бар тәңір атқан.

Патшаның тақ, таңбасы бар өзінде,
Әмірі баяғыдай жүріп жатқан.

хикаялық  дастандар
Ордаға жеткен заман қадам басып,
Таниды әскерлері есік ашып.
Айнала өз ордасын тұрғызды әскер,

Кетпесін деп сезінсе қатын қашып.
Алдымен падишаның кірді өзі,
Тани кетті бір қарап сайқал көзі.
Дем салды, қанша оқыды сасқалақтап,

Жүрмеді бұрынғыдай дұға сөзі.
Қатынды ұстап алып қойды байлап,
«Қонақты,—жарлық шашты,—күтсін жайлап».
Орнына Баһаргүлдің Сақыпжамал,

Келді де ие болды гүлдей жайнап.
Сағынған Сәнуарды көрмей жүрді,
Айырған қара жүрек кезеп түлкі.
«Падиша жазылыпты көреміз» деп,

Шаһардың күңіреніпті іші-сырты.
Көрсетіп қонақтарға түрлі сыйды,
Түзеді ой орнығып, әбден миды.
Жар салып «ертең елге той болад» деп,

Хат беріп жеті ықылым жұртын жиды.
Дем алып бірнеше күн қонғаннан соң,
Қонақтар үйге сыймай толғаннан соң,
Падиша таққа шығып сөз сөйледі,

Жиылып әбден жұрты болғаннан соң.
Падиша отыр тақта ойлап ойды,
Оң жақта Сақыпжамал түзеп бойды.
Уәзір, сегіз санат бәрі алдында,

Байлаулы Баһаргүлді әкеп қойды.
Қаз-қатар әскер тұрған екі жаққа,
Қисапсыз жиылған жұрт орда, бақта.
Мойнында алтын қоңырау, жақұт медаль,

Жатқызды Тайғанды әкеп алтын таққа.

сәнуар  патша
Мәжіліс байқағанға көрінді өзге,
Падиша бәрін айтты шығып сөзге.
Істерін бастан-аяқ айтқаннан соң,

Пенде жоқ жас алмаған жылап көзге.
Жұрт тыңдап айтқан сайын сөзге тоймай,
Неге отыр деп қатынды тірі соймай.
Сәнуар түгел айтып бір-ақ шықты,

Не көрді, қайда барды—бірін қоймай.
Ентелеп естігендер құлай ықтап,
Еңіреді біреу жылап, біреу сықтап.
Осыған жұрты шулап түрегеліп,

Қатынды «өлтір!» деді енді мықтап.
Ел тілегі табанда орындалды,
Опасыздың тағдыры порымдалды.
Қастандықтың қадамы ұзын болмас,

Арамдықтан адалдық кегін алды.
Тарады бәрін көріп тойдан халық,
Ұзатты қонақтарын жолға салып.
Опасыз әйелдерге сенген ерлер,

Көріңдер Сәнуардан ғибрат алып.
Халықты қайта түзеп алды қолға,
Қондырып Сақыпжамал жарды қолға.
Әкелген Шаһимұрат әскерлерді,

Қисапсыз сыйлау беріп, салды жолға.
Білмеймін қай нәсілден арғы затың,
Сәнуар—Сақыпжамал ұмытпа атын.
Екеуі қуанышты дәурен сүріп,

Болыпты Сақыпжамал алал қатын.
Демелік әйелдердің бәрін бұзық,
Кететін бар осындай ерді бұзып.
Алғаның бір мінезді әйел болып,

Жалғаннан арманың не көрсең қызық.

хикаялық  дастандар
Жігіттер, ақыл—серік, елші—жүрек,
Дертіңе дауа табар емші жүрек.
Білетін ер қадірін нысапты әйел,

Бұл күнде жоқ демеймін, кемшілірек.
Әйелге нысап керек қанағатты,
Жарына ері болсын шапағатты.
Адал боп шын көңілмен қиянатсыз,

Жұбайлар күн кешірсін махаббатты.
Ғибрат қып опасыз қарабетті,
Бұл аңыз әңгіме боп бізге жетті.
Бес күндік пәни кімге опа қылған,

Жалғаннан сөйтіп жүріп олар да өтті.
Дүние неше солып, толды байып,
Біз жүрміз арман қуып, қолды жайып.
Жазып кеп аяғына қол қоюшы:

Таңжарық Іле—Қызай Жолдыбаев.

Өмірде қайғы жаман қиялдаған,
Адам бар ел ішіне сия алмаған.
Айта алмай қасіретін аузын ашып,
Қан жұтып, шемен байлап, ұяңдаған.

Адам бар ісіп-кеуіп қияндаған,
Жоқты іздеп, барды жөндеп жия алмаған.
Бойына әмір мансап бола кетсе,
Нәпсіні өрт қаулаған тия алмаған.

Қан ақса бір ұртынан, бір ұрты жын,
Мойнына сайтан мініп бұраңдаған.
Өзгені өз алдына қоя тұршы,
Баласы өз баурына сия алмаған.

Ондайға әділдік қас, көз көргенмен,
Құр айғай құлағына сөз бергенмен.
Жолына жолдас болсаң у теңізі,
Жол қосар елден аулақ безгендермен.

Толымды толқыған күш, қайран қайрат,
Неге жау, құдіретін сезгендермен.
Өмірге опа бермес сөзге ергенмен,
Сөзге еріп жалт бұрылып өзгергенмен.

Құмайға бұлбұл қалай телінеді,
Ақ-қара қосылмайды, қаны қанмен.
Бердібек пен Шаһизат

діни  дастандар
Ақиқат бетке қалқып бір шығады,
Жаманнан қара күйе кір шығады.
Дегбірсіз ебелектей тұрақсыздар,

Өмірде ақыр бір күн тұншығады.
Жақсыдан қандай ғана мін шығады,
Жолынан шешек атып, күн шығады.
Қадірлеп, елі сүйіп, ардақтайды,

Жүректен тасқын атқан жыр шығады.
Барады желдей есіп қалың ойлар,
Шабыт кеп бебеу жанға беріп айбар.
Тілеуін әділеттің ту қып ұстап,

Кез келді қағаз жазып, қалам сайлар.
Сонда да шарқ ұрғаным қашық тұрды,
Бой созып балалықтай асықтырды.
Өткеннен мұндай аңыз еске түсіп,

Өлеңге Тәкеңді енді асықтырды.
Ашылмай, түрме есігі, тұра тұршы,
Бойыма «өлең» деген сайтан кірді.
Түйіліп найзағайлы бұлт көшкен,

Құбылып кейде жаңбыр, нөсер төккен.
Күн сүйіп маңдайыңды, кейде жайнап,
Ескектеп жібек қанат самал ескен.
Зымырап сансыз ғасыр заман өткен,

Кезегі бұл дүниенің бізге жеткен.
Көңілі асып-тасып елін сұрап,
Бір патша Имам атты Мысырда өткен.
Ол өзі көкжиекпен туысқандай,

Шалқыпты төңкерілген көк аспандай.
Оюлап алтынменен үй салдырған,
Өмірді өзі жасап, өзі ашқандай.
Дүниені кімдер жасап, кімдер ашқан,

Бай екен мал мен қазына мың-мыңдай.

бердібек  пен  шаһизат
Мұқалмай падишалық таққа мініп,
Қуаттың дариясына жуынғандай.
Байлық пен дүниені аралапты,

Өзінше ойға салып саралапты.
Келгенде орта жасқа әйелі өліп,
Артында жеті жасар бала қапты.
Қойылған бала аты—Бердібек деп,

Мұңына жетімдіктің көнді беттеп.
Порымы жанды ұйытқан бір ғажап ұл,
Ер жетті гүлдей жайнап, жердей көктеп.
Жас әйел алды патша аралықта,

Бердіге өгей ана сәналықта.
Бердібек ісі болмай оныменен,
Жүріпті мойын бұрып балалыққа.
Сейілтіп көңілдегі қайранды ашқан,

Өмірге жаңа ер жетіп майдандасқан.
Баласы уәзірдің—Шаһизатты,
Дос тұтып, күліп-ойнап жайраңдасқан.
Көңілдес, айырылмастай тату болған,

Есеп жоқ, пайда-зиян шығар қолдан.
Баласы уәзірдің Шаһи мырза,
Өн бойы мейірбандық, ақыл толған.
Бір күні екі бала садақ атып,

Қызыққа дуал аттап жүрді батып.
Бердібек ойыны қанып, үй тұсында
Көтеріп садақ атты келе жатып.
Өкінді босқа тартып қалғанына,

Дуалдың асып кетті ар жағына.
Сейілдеп бақта отырған анасының
Кеп түсті оғы барып оң жағына.

діни  дастандар
Бердібек бара жатып қайран қалды,
Ананың көз сүзілтіп қарасына.
Ойында дәнеңе жоқ қуанады,

Иіліп жерден оғын алғанына.
Бердіге ана көңлі көптен құмар,
Жете алмай жүрген еді арманына.
Ананың бала білмей сайтандығын,

Сасқалақ көзін тікті жан-жағына.
Ұялмай өгей ана былай деді,
Жүгіріп жетіп келіп дәл жанына.

—Сөзіме құлақ салшы, балашығым,

Көзімде ойнап тұрған, қарашығым.
Сен де жас, мен де жаспын, әкең кәрі,
Өмірде өзің болшы жан ғашығым.
Қимаймын, саған тіктім бір басымды,

Өзіңдей болса деймін сырласымды.
Осы бақ куә болсын бас қосалық,
Ол кәрі өлтірелік қақбасыңды.
Жармасты жас баланың білегіне,

Алысып қан ойнады жүрегіне.
Барады жаны балқып, құмарланып,
Жетуге асық болды тілегіне.
Бердібек пері ұрғандай естен танды,

Барады у-шу болып ет құлағы.

—Ұятсыз! О, арсыз!—деді дағы,

Долданып шапалақпен бетке салды.
Ызамен қолын жұлқа тартып алып,
Жүгірді бақтан шыға желдей қалқып.
Ар-намыс жүрек тіліп, жанын өртеп,

Саулады көзден жасы тарамданып.
Сұрады:—Не болды?—деп Шаһи барып,
Өңіне аппақ қудай аң-таң қалып.

бердібек  пен  шаһизат
Бердіде жауап қатар ес қалмаған,
Әрең тұр бірде ес жинап, бірде талып.
Ал ана бетін жұлып еңіреді,

Тілін шайнап, бармағын кеміреді.

—Өгей балам зорлады мені бақта,—

Деп өз басын деп төпештеп егіледі.
Падиша мұны естіп ақырады,
Айғайлап уәзірді шақырады.
Зілзала дүниені талқандардай,

Жан-жаққа әмір беріп шабынады.

—Бұл арсыз емес менің балам,—дейді,

Шыдатпас енді оны жарам!—дейді.
Уәзірге әмір етті:—Дарға ас!—деп,
Оның мен қазір жанын алам,—дейді.
Уәзір жалғыз өзі үйге барды,

Бір қайғы жүрегіне түйреп алды.
Ойнаған қозы-лақтай баласымен,
Тағдыры Бердібектің мұңға салды.
Қимады ол өлімге Бердібекті,

Тұнжырап қасіретпен шоқ боп жанды.
Шаһизаттың әкесіне айтқаны

—Ей, әке, бізге көңіл бөлмеуші едің,

Мұндайлық мұңға батып жүрмеуші едің.
Белгісі қапалықтың қабағыңда,
Не қиял, қандайлыққа душар едің?
Шошыттың жабырқатып бағанадан,

Үн-түнсіз қабағыңды бір ашпадың.
Иә, әке, біз көрікті құрақтарың,
Біз тұрмыз айтпасаң да біліп бәрін.
Жалаға, жалған сөзге бекер ерме,

Бердінің бер өзіне ырықтарын.

діни  дастандар
Ол—әділ, бұлтармастан шынын айтар,
Қара болса бастағы мінін айтар.
Ақ көңілді, әділет сен сұрасаң,

Ақтарып іште жатқан сырын айтар.
Пәлеқор өзін ақтап, бұлтартады,
Жапсырып аққа қара, кінә артады.
Бердібек қайда болса, мен сондамын,

Жәрдем етем, дүниеден бір қайтады.
Иә, әке, бұл сөзімді түсінерсің,
Түсінбесең «ыза болар ісім, дерсің.
Әділ болсаң жараның ішін жарып,

Тап-таза, судан тұнық кісім» дерсің.
Жұға ма аққа қара шаптағанмен,
Жүзі жоқ балта бекер саптағанмен.
Елдің бәрі сене ме бұл сұмдыққа,

Бетін жыртып өтірік қақсағанмен.
Қырғидай бөденені ала ала ма,
Қыранын кер құмайдың баптағанмен.
Жемтік көрсе құрғырдың көзі түсер,

Құмайды залалсыз деп мақтағанмен.
Тиеді елден қарғыс, жер сескенер,
Қараны құр айғайлап шаптағанмен.
Жебелей тау бөктерлеп ұшса дағы,

Бөктергі бөрі ала ма қаптағанмен?
Уа, әке, қасіретке түспе босқа,
Сауап бар, обал бар да қыршын жасқа.
Аттандыр бата беріп, кес дараны,

Жазықсыз адал жанға жаза қоспа.
Уәзірдің баласына айтқаны

—Иә, балам, сөзің өтті сүйегімнен,

Саулады жас сорғалап иегімнен.

бердібек  пен  шаһизат
Өлімге жазықсызды қалай қиям,
Боп тұрмын айырылардай тірегімнен.
Аман бол, тең жасаңдар, тіректерім,

Жадырап қуансыншы жүректерің.
Патшаны қырық күнде сөзге ұнатам,
Қарағым, орындалар тілектерің.
Сонымен екі қоржын алтын теңгеп,

Балалар атқа мінді «иә, Алла», деп,
Қондырып қаршығасын қолдарына,
«Шаһарға қырық күнде келеміз» деп.
Шаһардан атқа мінді екі бала,

Иенді келе жатыр бетін ала.
Қондырып қаршығасын екі тасқа,
Бір таудың аттан түсті шетін ала.
Жайнаған гүлдің шешегі,

Жұпар самал еседі.
Қалың шалғын таза ауа
Көміліп оған кетеді.
Қыбыр еткен пенде жоқ,

Иен таудың етегі.
Аз отырып Шаһизат,
Су іздеуге жөнелді.
Бердібек жалғыз қалады,

Жан-жағына қарады.
Аяңдап басып аяқты,
Бір жартасқа барады.
Тастан аққан тамшыны

Өткір көзі шалады.
Тас биікте, ол төмен,
Аз ойланып қалады.
Бұл не деген тұнық су,

Көзі оттай жанады.

діни  дастандар
Шөл әкетіп барады,
Қоржынға қолды салады,
Кесені қолға алады.

Мұндай жерді көрмеген,
Тер шүмектеп шөлдеген.
Сатыдан саты өрмелеп,
Жартасқа биік өрлеген.

Жүрек жанып от болды,
Судың түсі көк болды.
Бекіді суды ішуге,
Кесесін суға тосады.

Толған кезде кесені,
Бір қаршыға тебеді.
Ішерде енді ұмсынып,
Суы кетті төгіліп.

Қапалықпен қайғырды,
Қабырғасы сөгіліп.
Қорлығына бұл құстың,
Кетті жылап егіліп.

Заңғар құздың бауырына,
Кесені тосты тағы да.
Толуға тағы аз қалды,
Тастан тамшы ағыла.

Ішуге тағы ұмсынды,
Суға мөлдір көз тұнды.
Қаршыға келіп тепті де,
Суын түгел төңкерді.

Берді ашуға басады,
Қолына қамшы алады.
Алты таспа қамшымен
Қаршығаны салады.

бердібек  пен  шаһизат
Қаршыға өлді жалп етіп,
Ащы даусы саңқ етіп.
Жүні қалды шашылып,

Тас жаңғырды қаңқ етіп.
Қалбалақтап асынып,
Кетіп еді басынып.
Көк майсаны қып-қызыл

Қаны қалды жасырып.
Тағы тосты кесені,
Суды көзі теседі.
Енді толса кесесі,

Берді суды ішеді.
Шаһизат сонда келеді,
Қып-қызыл қанды көреді.

—Не болды?—деген сұрауға,

Бердібек жауап береді.

—Таңдайым әбден кепті,—деп,

Жүрегім қатты соқты,—деп.
Тамшыға тоссам кесені,
Қаршыға келіп тепті,—деп.
Ішейін енді дегенде,

Суымды екі төкті,—деп.
Қамшымен салдым, өлді ол,
Ызасы әбден өтті,—деп.
Шаһизаттың Бердібекке айтқаны

—Бейнетке қолды малыпсың,

Өзіңді отқа салыпсың.
Қаршығаны өлтіріп,
Қапалы дертке қалыпсың.
Ол еді сенің жан досың,

Етбетіңнен түсуге,
Аяғыңды шалыпсың.
Жартастан аққан бұл тамшы

діни  дастандар
Айдаһардың заһары,
Бір өлімнен қалыпсың.
Енді менің тілімді ал,

Су әкелдім қолыңа ал.
Көліне барсақ жат елдің,
Бер жағында аз ғана
Асатұғын белі бар.

Сол көлге барып қоналық,
Сәл икемді жері бар.
Жөнелді олар лепіріп,
Көбік шығып көпіріп.

Жүрістері аттардың
Қайғыны бастан кетіріп.
Бір төбеге жетеді,
Кейде аяңдап, шоқырып.

Төбеден аттап ары асқан,
Бұл төбеге жанасқан.
Сезіледі бұларға
Жаңа дүние, жаңа аспан.

Жас баланың келбеті
Киім киіп жарасқан.
Күн күлімдеп көзінен,
Жұрт таң қалып қарасқан.

Ой сергіді жаңалап,
Көлге жетті шамалап.
Шөлдерін басты аттары,
Шалғынды шалды сағалап.

Толқынды толқын жаңалап,
Шымырлайды бар алап.
Екі бала келеді
Көлдің шетін жағалап.

Алуан құсы сайраған,
Шоршып балық ойнаған.

бердібек  пен  шаһизат
Тұнықтығы бұл көлдің
Таза екен айнадан.
Айнала мынау жайнаған,

Сан қызықты сайлаған.
Тепсеңдеу бір көгалға
Қаңтарып атты байлаған.
Малдасты құрып, ас ішіп,

Құрсақтарын жайлаған.
Ыстықта суға шомылып,
Лашындай ойнаған.
Үйрек, қазы ойнап жүр,

Қанаттарын сабалап.
Шешек атқан гүлдерін
Құмартады аралап.
Көлге көзін салады,

Ар жағына қарады.
Алтын кеме қалықтап,
Ортасында келеді.
Күнге күйіп жалтырап,

Нұрын шашып, жарқырап,
Жанып тұрған сияқты,
Сан мыңдаған шам-шырақ.
Екеуі де таңданып,

Қарай түсті аңғарып.
Демдерін бүгіп ішіне,
Айғайлаудан арланып.
Қырық бір қыз түсіпті,

Қалды бұлар таң қалып.
Ортасында бір қызы
Бейне гүлдей қырмызы.
Тал-шыбықтай бұралған,

Секілденіп күн жүзі.

діни  дастандар
Айналасы қырық қыз,
Ай қоршаған жұлдызы.
Бейне жайнап көрінген

Тұнық судың құндызы.
Бұралады иіліп,
Қасы-көзі қиылып.
Екі бала қалады,

Құмарланып, сүйініп.
Көтерілгендей күн күліп,
Қыз қарады ұмтылып.
Ханның ұлы екенін,

Қыз да білді аңғарып.
Осы арада қалды оны
Шын құмарта, шын сүйіп.
Кесе толы су құйды,

Жанына шаншып бір шыбық.
Үш шыбық қойды үш жаққа,
Балаларды сыншы қып.
Махаббаттың дертіне,

Лаулап жанған өртіне
Қыз барады тұншығып.
Жүріп кетті қалықтап,
Бұл да қызық тіршілік.

Бердібек тұр есінеп,
Есі кетіп, есі кеп.
Шаһизат одан сұрады:

—Мыналары несі?—деп.

Шаһизаттың айтқаны

—Шығыпты бұлар ерте елден,

Қолаң шашын ерте өрген.
Оның өзі хан қызы,
Сән құрыпты ертеден.

бердібек  пен  шаһизат
Бізді олар да байқаған,
Талай істі шайқаған.
Жастай жанын балқытып,

Махаббат оты шарпыған.
Сені патша ұлы деп,
Көре сала-ақ балқыған.
Сенің ыстық лебізің

Өн бойына дарыған.
Көрсем дейді аузыңнан
Жүрегің қайтып тұрады,
Шығып кетпей қабынан.

Шолпан білер таң сырын,
Жастық тәтті бал-шырын.
Саған ғана арнады,
Іште жатқан жан сырын.

Кесеге су құйғаны,
Саған көңіл бұрғаны.
Жалғыз шыбық шаншыды,
Бар дегені бау-бағы.

Үш шыбықты қойғаны
«Сол бақшамда мен сені
Үш күн тосам» дегені.
Тездетіп сонда жүрелік,

Атқа жылдам мінелік.
Осы қыз тұрған шаһарға
Енді аялсыз жетелік.
Саған айтар ақылым:

Сыпайы бол, ақырын.
Ол жат елдің ішінде
Жалғыз менмін жақының.
Іс қыларсың сақтанып,

Сөзім шығар ақталып.

діни  дастандар
Бойды беріп, ес кетіп,
Кетпе бір-ақ дақталып.
Осы сөзім миыңда

Жүрсін қашан сақталып.
Епті болсаң қайтарсың,
Қолға келген бақты алып.
Қалпақты киіп саңғырлап,

Айылды тартып шандырлап.
Желдей есіп жөнелді,
Етектері жалбырлап.
Бақшаға бұлар келеді,

Бердіге кезек береді.
Қараңғы тартып айнала,
Күн шырағы сөнеді.
Шаһарда бар бір кемпір,

Оны Шаһизат біледі.
Бердіні жалғыз қалдырмақ,
Жолдастыққа жөн еді.
Күн де батты кешкіріп,

Кемпірдің үйін ес біліп.
Сонда барып қонуға,
Шаһизат өзі жөнелді.
Бақшада Бердібек жүр таң қалғандай,

Тып-тыныш мұнда тірлік тоқталғандай.
Айнала тартып мұңаяды,
Барлығы қараң-құраң жоқ пен бардай.
Жас жүрек тыным таппай бебеулейді,

Алдауға тұрған дайын сайтан бардай.
Қыз да жоқ, дыбыс та жоқ, өзі жалғыз,
Жаратқан кез қылмасын мұндай халды-ай.
«Япыр-ау, мұнда неге жалғыз қалдым»

Деп, Берді Шаһизатты жоқтағандай.

бердібек  пен  шаһизат
«Кемпірдің үйін менен қызғанды» деп,
Бір сәтте ашу қайнап даттағандай.
Ойлады «бұл сапарым бекер болды,

Далаға кезеген оқ қаңғығандай».
Келеді кей кездері қыз келбеті,
Қыз сөзі күміс теңге сыңғырындай.
Бердібек қайғырады ойлай-ойлай,

Бала еді бір кісілік шыдам бардай.
Балалық тәтті ұйқы шырмай берді,
Балбырап, елжіретіп шекер-балдай.
Осындай түрлі ойлармен зықы шықты,

Бір кезде ұйқы батыр алып жықты.
Содан соң көп кешікпей зарықтырған,
Күндей боп патша қызы үйден шықты.
Қыз келді ұйықтап жатқан бала үстіне,

Мезгіл сол, өз сертіне сондай мықты.
Бас салып оятуды намыс көріп,
Сақтады шыдам беріп сабырлықты.
Келгенін білдіруге Бердібектің,

Қойнына нарттай қызыл алма тықты.
Қыз қимай біраз ғана тұрды аялдап,
Бердібек оянбады жай қорылдап.
Қабағы жабырқаңқы тартып бір кез,

Ақырын үйге қарай кетті аяңдап.
Келеді таң да жиып шымылдығын,
Кемпір де үйдің ашты түңілігін.
Киінді апыл-ғұпыл Шаһизат та,

Құттықтау керек досты бүгінгі күн.
Келді ол құстай ұшып елпелектеп,
Сұрады:—Іс не болды, Бердібек?—деп.
Ұйқыдан қалай тұрды—ол белгісіз,

Ал Берді өкпе айтып, тұр безектеп.

діни  дастандар
Бердібектің Шаһизатқа айтқаны

—Шаһизат, шын сенген досым едің,

Мен мұны енді қалай кешіремін.
Түн бойы иен бақты күзеттірдің,
Қорлыққа бұл кездескен өкінемін.
Шаһизаттың Бердібекке айтқаны

—Патшаның қызы келді қасыңызға,

Шынайы құмар болған басыңызға.
Болмаса қойның қалай томпаяды,
Қол тығып қараңызшы, ашыңыз да.
Бұл сөзге Берді бала таң қалады,

Бір істің болғанын да аңғарады.
Елжіреп, нарттай қызыл, жаңа пысқан,
Қойнынан қолын тығып алма алады.
Жыққанын ұйқы мырза есіне алып,

Отырып төмен қарап арланады.
Өз кінәң,—Шаһи айтты,—болды міне,
Түнейсің екінші рет қонып және.
Ұйқыға сергек болғын, кірпік ілмей,

Ұйқы—жау, енді сөйтсең өкпелеме!
Таң атса, тағы айналып кеш те батты,
Екі дос қолтықтасып келе жатты.
Бақ екен бір ғажайып шексіз кеткен,

Көрмеген Шаһизат та мұндай бақты.
Лезде күңгірт тартты қас қарайып,
Шаһизат Берді үшін тұр мұңайып.
Жатқызып тақыр жерге сақтық жасап,

Ал өзі алтын бақтан болды ғайып.
Аспанда қалың жұлдыз жымыңдасты,
Түн құсы, түн жәндігі әнге басты.
Жапырақ, сусыл-сусыл, сыбдыр-сыбдыр,

Біреуін бірі қағып сыр ұласты.

бердібек  пен  шаһизат
Тербеліп сол бесікте қалғып кетіп,
Тағы да Бердібекті қара басты.
Бұралып тал шыбықтай қыз келеді,

Бір сөніп, бір жалындап өзгереді.
Десі кеп тауға ұрылып шағылғандай,
Бердіні ұйқыдағы ол көреді.
Сонда да қыз көздерін үзе алмайды,

Жанған от ғашықтыққа төзе алмайды.
«Жаныма жанып тұрған куә бол» деп,
Қойнына тағы салды бір алманы.
Бердібек ерте оянды ұйқы қанып,

Қыз қашан өз үйіне кеткен қалып.
Ашу, рас, кернеді тұла бойын,
Салынған қойнындағы алманы алып.
Бердібек өзіне де ашуланды,

Алманы қос шеңгелдеп қолына алды.
Таң ата ол да келді Шаһи мырза,
Не шара мына күйге болмасқа ыза.
Бердінің ойнаған боп, қолын шетті,

Тұз септі, қандауырмен терең сыза.
Астына төсеп берді түйеқарын,
Жан досы намыс кернеп, болса да ыза.
Ұйқы қайда, бұл түні маза кетті,

Шаһизат мұндай іске қандай епті.
Ай туып, түн ортасы ауған шақта,
Қасына Бердібектің қыз да жетті.
Сылдыры жүрісінің білінбейді,

Жүрегі алып ұшып дүбілдейді.

—Екі күн неге ұйықтап қалдыңыз?—деп,

Наз айтып, жанар толқып, күлімдейді.
Жас балдыр су ішінде ырғалғандай,
Мөлдірей жел шайқаған дірілдейді.

діни  дастандар
Өртенді Бердібек те оттай жанып,
Құлардай болып тұрды естен танып.
Ұмтылып қыз Бердіге, Берді қызға,

Екеуі бірін-бірі құшты барып.
Осы екен жас пен жастың аңсағаны,
Не жетер жастық шақтың жанса бағы.
Ұйқыда тұрған мүлгіп түн ораманы,

Жөнелді тынбай желпіп түн самалы.
Жадырап көз төңкеріп ай қарады,
Жұлдыздар бірін-бірі аймалады.
Бақшада тілсіз жатқан бұлақтардан,

Сыңғырлап сұлу сазды ән тарады.
Барады жер де балқып, көк те балқып,
Бойына тоқсан тарау қан тарады.
Қарашы табиғаттан үн шыққанын,

Махаббат ол да сүймес тұншыққанын.
Жастықта екі ғашық ұйықтап кетті,
Білмеді таңның атып, күн шыққанын.
Жендеттер түнде бақша аралайды,

Құмары араламай тарамайды.
Тілеуі көктен күткен жерден кез боп,
Екеуін ұйқыдағы байлап алды.
«Ұйқы тең өлімменен» деген осы,

Мерт болды аңқаулықтан Шаһи досы.
«Жігіт пен қызың бірге жатыпты» деп,
Жат хабар падишаға алып ұшты.
Патшаға оқтай тиді ойда жоқта,

Жүрегін қарығандай қызыл шоққа.

—Түрмеге қамаңдар!—деп жарлық етті,—

Байла,—деп,—қыздың басын жалғыз оққа.
Қамалды қыз бен жігіт түрмесіне,
Осындай іс кезікті бір кешінде.

бердібек  пен  шаһизат
Естіді бұл хабарды Шаһизат та,
Жап-жақын кемпір үйі іргесінде.
Бұл халдің ой жетпеген боларына,

Азаптың түсеміз деп тонарына.
Шаһиге қыз киімі ой тастады,
Шаһизат бет түзеді базарына.
Бұйыртты тігіншіге шаһар барып,

Киімдер даяр болды құп төгіліп.
Кеш батып, қас қарая күзетшіге,
Қыз болып жетіп барды бұратылып.

—Падиша қызы менің досым,—деді,

Қолыңда жүзігім бар, ісім,—деді.
Шығайын алайын да жүзігімді,
Рұқсат сіз беріңіз, кісім,—деді.
Күзетші қызды көріп жылып кетті,

Шаһизат та кірерін біліп кепті.
Рұқсат еш бөгетсіз бергеннен соң,
Түрмеге жылдам басып кіріп кетті.
Киінді Берді мен қыз бірдей болып,

Қауашақ жаратұғын гүлдей болып.
Екеуі Шаһизатқа таң қалып тұр,
Не десе айтқанына шартсыз көніп.
Бердібек қыздан артық қиылып тұр,

Бұралып жас құрақтай иіліп тұр.
Сөйлеген сөздері де қыздан аумай,
Өзіне-өзі дағы сүйініп тұр.
Шаһизат ақыл айтты:—Мен қалайын,

Берді боп сұраққа да мен барайын.
Жөнелсін патша қызы әлгі мен боп,
Былайғы айланы да мен табайын.

діни  дастандар
Жөнелді патша қызы қудай түлеп,
Түрмеде қалған еді ол да жүдеп.
Жүзігін көрсетті де шыға берді,

—Алдым,—деп күзетшіге сөзін түзеп.

Падиша:—Арам күйеу келсін,—деді,
Сыртынан көрмеген соң, менсінбеді.

—Қызымды өлімге айдап, өртке салған,

Ол менің айбарымды көрсін,—деді.
Шаһизат:—Мен жазықсыз күйгем,—деді,
Шыққалы бір ай болды үйден,—деді.
Жанымда қарындасым бірге жатқан,

Жау шауып, еліме апат тиген,—деді.
Жау шапқан падишаның баласы едік,
Күнәсіз бізді байлап алды,—деді.
Тұрғанын өзін жасап есіне алмай,

Алдынан падишаның именбеді.
Падиша шығып кетті «тез келем» деп,
Үйіне қызын көрді көзбенен кеп.
Ұялып енді арланды Шаһизаттан,

«Кемшілік менде болды, сөзге ерем» деп.
Жинады патша қайта ақыл-есін,
Өзіне жау деп білді жендет досын.
«Ұятқа ел алдында қалдырдың» деп,

Қылышпен жендеттерінің алды басын.
Патша ашу тарап жайланады,
Шаһизат бір кең сарай жайды алады.

—Қызың мен қарындасым бір тұрсын,—деп,

Өзі бас уәзір боп сайланды.
Қосылды патша қызына Берді бала,
Дүние оңға келсе бар ма шара.
Ойлайды «келешегім не болар» деп,

Жүрекке тағы келіп түсті жара.

бердібек  пен  шаһизат
Күн батып, таңдар атып, айлар аунап,
Екеуі тұра берді сайран сала.
Шаһизат падишаға ұнады енді,

Ел сұрап әділдікпен тұрады енді.
Бердібек ойнап-күліп жүре тұрсын,
Ол назар екі қызға бұрады енді.
Азырақ миға салып толғанады,

Көңілде күдік-күмән қозғалады.
Пәледен ол екеуі құтқармаққа,
Ағылып сөз маржаны сорғалады.
Тоқыды сөзден өрнек ширатылып,

Қаламы ақ қағазға жорғалады.

Шаһизаттың Бердібекке жазған хаты
«Бердібек, жүрмегейсің балалы боп,
Баланың қазір бізге залалы көп.
Қақпанға қайта түссең шығу қиын,

Қалмалық айла таппай жаралы боп.
Жақсы ғой келер істі ойлап білген,
Өзі де өз ісіне саналы боп.
Шығамыз бір күндері біз серуенге,

Тамаша ойын керек еру елге.
Киімін ер адамның киіп алып,
Ұқсап шық сол күндері сен керуенге.
Серуенде жүрген бізді табарсың кеп,

Жағамнан тура-төте аларсың кеп.
«Ақым бар, төлемесең жаныңды алам» деп,
Маған шат-шәлекей саларсың кеп.
Дүниені зілзалаға келтір сондай,

«Көрінбесең әуселеңді көремін деп.
Жаныңды қатар алып екеуіңнің,
Патшаңмен жерге бірге көмемін» деп.

діни  дастандар
Падиша:—Ал қызымды,—дейді сонда,
Боларсың сонан кейін майда-майда.
Жігітке тас жібітер айла керек,

Бас қойып аяғына жыла-бозда.
Сонымен уәде болып, той қыларсың,
Өзің де артқы жағын ой қыларсың.
Тындырсаң осы істі ебіменен,

Патшаға күйеу болып шын тұрарсың».
Падиша сейіл құрып серуендеді,
Бастаудан Шаһизат та ерінбеді.
Асқанда бір төбені қарсы алдынан,

Бір керуен қараң беріп көрінді енді.
Бір жігіт түйе айдаған жақындап кеп,
Ұстады Шаһизатты «ақым бар» деп.
Айланың Шаһи жазған бәрі болды,

Жабысты үдеп-үдеп тақымдап кеп.
Шаһизат падишаға ұнасатын,
Падиша мақтаушы еді парасатын.
Егерде Шаһизаттан ол айырылса,

Жанында ақылгөй жоқ қарасатын.
«Пейілі керуеншінің алмай кетпес,
Қызымды берсем оған түгім кетпес.
Жаннан да, Шаһидан да айырылмаймын,

Басынан тірі жанның нелер өтпес».
Бердібек қайта барды қыз қасына,
Ем болды жүрегінің сыздасына.
Баяндап қызға айтты уақиғаны,

Сенеді патша енді бұзбасына.
Падиша үйге қайтты мақұл болып,
Шаһиға онан әрі жақын болып.
Көреді тойға әзірлік патша елі,

Той күні таяп қалды мезгіл толып.

бердібек  пен  шаһизат
Той қылып берер күнге айналғанда,
Отырып кешке жақын жайланғанда.
Падиша Шаһизатты шақырады,

Оңаша, көз қараңғы байланғанда.
Патшаның Шаһизатқа айтқаны

—Шаһизат, бір сөз айтам қара маған,

Бір ойым жаһан кезіп аралаған.
Сен үшін мен қызымды берем,—дедім,
Ол сертім енді ойласам жарамаған.
Кеудеме қарс айрылып қайғы түсті,

Бойыма ішкен асым тарамаған.
Қосайын керуеншіге «өз қызым» деп,
Сен көнсең қарындасың ұнар оған.
Ұлым жоқ, бар сенерім өзің ғана,

Қызымды тойын жасап қосам саған.
Шаһизаттың патшаға айтқаны

—Падиша, мен айтайын шындығымды,

Тыңдасаң құлақ қойып сыр ұғымды.
Аз күндік өз мүддесін ойлау—бекер,
Сөзіңе мына айтқан жан түңілді.
Разымын аттырсаң да, шаптырсаң да,

Дүрелеп қара жерді қаптырсаң да.
Есікте жуынды мен қаспақ беріп,
Малай қып есігіңді бақтырсаң да.
Разымын зынданға сен салдырсаң да,

Бит, бүрге, қандалаға шақтырсаң да.
Қолдансаң қандай шара түгел мақұл,
Жалғыз-ақ өзің берген сертті сыйла.
Ол патша, мен уәзірдің баласы едік,

Бір жылы бірге туған жан дос едік.
Жаласы өгей ана басқа түсіп,
Патшамен әділдікке талас едік.

діни  дастандар
Біз жүрдік қасіретпен дала кезіп,
Кездесті кеме үстінен қызың келіп.
Бердіге көрген жерден ғашық болып,

Бастады бізді баққа сертін беріп.
Мен қызға жеңгесіндей болып тұрғам,
Бір үйге жақын жерге қонып тұрғам.
Белгімен іздеп тауып бақшаңызды,

Сездірмей екі жасты жолықтырғам.
Түрмеге салғаныңды біле сала-ақ,
Қыз болып барып едім жанасалап.
Айламен қызыңды үйге қайтарып кеп,

Өлімнен қалдырып ем арашалап.
Шығайық деген едім бір серуендеп,
Бердіге жолық дегем сен керуен боп.
Үйреткен сол ақылмен қыстағанда,

Қызыңды айтып едің «Беремін» деп.
Отырмын бар шындықты жайып болып,
Тұрғам жоқ мен шарапқа кәйіп болып.
Өлтірсең мені өлтір, екеуін қос,

Қалыпты қызың да әзір жүкті болып.
Падиша ақылды еді ол да дана,
Жақсыға жапсырғанмен мін қона ма.
Өзінен қанша қабат асып кеткен,

Таң қалды падиша да бұл данаға.
Патшаның Шаһизатқа айтқаны

—Шаһизат, бір данышпан сібер,—деймін,

Басымда мінім болса мінер,—деймін.
Осындай әдіс-айла іздеп тапқан,
Өлімге енді сені жібермеймін.
Ризамын сансыз айла тапқаныңа,

Қосылдым сарқып бәрін айтқаныңа.

бердібек  пен  шаһизат
Әкелік бата берем балаларға,
Алдағы бөгет болмай бақтарына.
Падиша той жасады думандатып,

Беріпті қырық түйе алтын артып.
Патшаның қызын алып екі жігіт,
Қайтыпты өз еліне тура тартып.
Сақтаған жастық арды жаны берік,

Иә, жастық, лапылдаған қанды жерік.
Қолыма қалам алып толғаннан соң,
Біраз сөз жазып қойдық ойды бөліп.
Ешкімге ат пен шапан болмаса да,

Түрмеде жатқандарға әңгімелік.

Есімжан жас кезінен құс салатын,
Жыл сайын құспен талай аң алатын.
«Есекең құстың тілін біледі» деп,
Рулы ел өнеріне таң қалатын.

Сонымен жылдар жылжып өтіп жатты,
Жайылды сол өңірге құсбегі аты.
Талайлар әдейілеп кеп құс сынатып,
Осыдан «құсбегі» деп атақ апты.

Қар жауса «қансонар» деп көңілденіп,
Бүркітін баптай білген жемін беріп.
Құс салу әрі өнер, әрі қызық,
Талайлар алған түлкі жанына еріп.

Қыран құс алатын көксеп жайды,
Ширығып тұғырында тыныш таппайды.
Мұнысын иесіне білгізгендей,
Сілкініп ауық-ауық пыштақтайды.

Осылай отырғанда баптап құсты,
Құс салып өткізбек боп осы қысты.
Шалғайда атағы бар құсбегіге,
Бірнешеу құс көтерген келіп түсті.

Бұлар кеп Есекеңе сәлем берді,
Амандық, ел жай-күйі түгенделді.
Бәрі де өз жерінің саятшысы,
Құс жайлы әңгіме боп жөней берді.

Ақиық

ақиық
Дәм толы дастарқаны, қаймақты шай,
Жөн білген қараған ба қонаққа жай.
Мал сойып, бас-жамбасын тартты әкеліп,

Қазақтың қоналқада жайы осылай.
Аттанды таң сәріден бүркітшілер,
Әрбірі өз құсының жайын білер.
Бүркітін Есім шыға қоя берді,

Артымнан әдеті деп ере жүрер.
Тұсына Үлкен Нұра жете бере,
Зулады Есім құсы әлденеге.
Байқауға құстың түсер беталысын,

Кезеңге шықты бұлар шаба, желе.
Көкжалды ат дүбірін ести қашқан,
Қыранның көзі шалды мойнақты асқан.
Дағдылы қыран іліп бастан ұстап,

Арланды шеңбектепті қозғалтпастан.
Жан-жақтан бүркітшілер келіп жатты,
Бағасын қыран құстың беріп жатты.
Қасқырды бүркітінен босатып ап,

Есекең мақтанғандай жымың қақты.
Біреулер «Шіркін, құстың ұшуын» деп,
Біреулер «Аңға қайтпай түсуін» деп.
Бас қосып бүркітшілер дуылдасты,

«Қасқырды көрдік бүктеп қысуын» деп.
Емес пе қыран құстың қияғы ортақ,
Олжа салу атаның жолы болмақ.
Шақырып ағайынның берекесін,

Ұсынды «Жасы үлкенің қасқырды ал» деп.
Байлады жасы үлкенге жол берісіп,
Бұл үшін тұрғаны жоқ сөз керісіп.
Тағы да сонар қуа атқа мінді,

Бүркітін әрқайсысы көтерісіп.

хикаялық  дастандар
Білетін бүркітшілер жердің сырын,
Шарлады аң бар жердің ой мен қырын.
Бәрі де осы күні олжалы боп,

Күн бата ат болдыртып, қайтты ақырын.
Үйлеріне разы-хош тарасады,
Әрі олжа, әрі қызық жарасады.
Қазақтың бұрынғы өткен құсбектері,

Өткізген өстіп талай тамашаны.
Қос тігіп бірнешеуі қыс күндері де,
Баратын аңы молаң, шалғай жерге.
Байланып оң-солына аң терісін,

Келетін шалбуырындап қайтып елге.
Өзі де құс салудың емес пе өнер,
Игерген құстың тілін адам шебер.
Өзі үшін түз тағысын пайдаланған,

Не қилы өтті деңіз құсбегілер.
Есім шал жылдар өте дүние салды,
Байлаулы тұғырында құсы қалды.
Мұрат пен Күлайы—бір ұл, бір қыз,

Майсара шалын ойлап қайғыланды.
Ел көшсе Мұрат қолға бүркіт алып,
Әкенің жолын қуды жемдеп-бағып.
Бас кезі қарашаның таяғанда,

Бүркіті етін жиды қылмың қағып.
Кей күні түн жарымнан пыштақтайды,
Тіленіп күндіз де ылғи тыныш таппайды.
Бүркіттің өткен-кеткен қимылынан,

Майсара көз жазбады бір сәт тағы.
Есағаң құсты осы кез қайыратын,
Май етін ақ жем беріп айыратын.
Бір мезгіл атқа алып, мал қайырып,

Ұшырып қанаттарын жаздыратын.

ақиық
Майсара шалын ойлап жылайды енді,
Қамығып Мұратқа кеп былай деді:

—Бүркітке аң көрсетер шақ жетіпті,

Құсты алып, сынап көрсең қалай енді?
«Оқ жонар ата көрген» деген, балам,
Өмірден әр нәрсені ұғады адам.
Атаңның атын мін де, бүркітін сал,

Пәлендей құс бабына болмай алаң.

—Атама құс салғанда ергенім бар,

Көп істі көзімменен көргенім бар,—
Деп Мұрат құс салуға мақұл болды,
Сәтті күн шықпақ болып, болса сонар.
Майсара құс салудың айтып жайын,

Ұқтырып баласына күн-күн сайын.
Күндіз-түн ерекше бір күйге салып,
Аң көрсе құтқармасқа етті дайын.
Майсара құс бабына жетік адам,

Ертеден Есімжаннан көп жаттаған.
Есекең үйде-түзде болса дағы,
Талай жыл Майсара өзі құс баптаған.
Ақша қар жауып қалды, бейне мамық,

Мұрат та атқа мінді құсын алып.
Бабына келген қыран тым үскінді,
Аң шолып жалтақтайды, қылмың қағып.
Ежелгі түлкі жатар нұраларды,

Бұл күні емін-еркін аралады.
Бүркіті кез-келгенді құтқармады,
Қызыққа батып Мұрат қуанады.
Оралды кешке таман қайтып үйге,

Қыран құс шаңқылдайды түскен күйге.
Майсара әзірлеген жемін беріп,
Боп кетті тілдескендей құспен мүлде.

хикаялық  дастандар
Сонымен ұлан құстай бүркіт салып,
Көптеген қасқыр, түлкі аңдар алып.
Атағы Мұраттың да тарады елге,

Бірлікте қыран құспен бағы жанып.
Бір күні құсын алып шықты аңға,
Қызықпен барып қалды иен тауға.
Зулаған ауа тіліп алып бір құс,

Тамаша боп көрінді көз салғанда.
Түйіліп атқан оқтай түсті сайға,
Көп жылдар келмеген құс бұл маңайға.
Баспалап келсе артынан желе шауып,

Бір қасқыр ілініпті қыран паңға.
Адамды көрді дағы ұшып шықты,
Құс екен құс болғанда ерен мықты.
Қасқырды шалажансар сүйрей ұшып,

Мұратты салған жерден елегітті.
Таң қалып Мұрат бұған қайтты үйге,
Бұл маңға келіп жүрді әр мезгілде.
Айтарға иен жерден аң қараса,

Аңсары бұл бүркітке ауды мүлде.
Ақиық, ала қанат, ала құйрық,
Шіркін-ай, ұстар ма еді болып бұйрық.
Бұлдырап зеңгір көктен көрінеді,

Зымырап аң көрінсе кейде құйғып.
Бағдарлап құстың ұшып қайтқан бетін,
Мұрат та болды әтейлеп көп келетін.
Алтайдың Ұлытауын бетке алып,

Ол құс та бір бағытпен жөнелетін.
Бір күні келді тағы бүркіт салып,
Күндегі әдетінше түлкі қағып.
Ойда жоқ әлгі арман құс шыға келіп,

Бүркітін домалатты бір-ақ қағып.

ақиық
Бүркіті түсті жерге қанат жайып,
Ақиық әдетінше болды ғайып.
Сындырып бір топшысын жіберіпті,

Еңіреп кетті Мұрат көре салып.
Бүркітін жас балаша бөлеп алып,
Үйіне қайтты Мұрат қатты налып.
Майсара ерте келген баласының,

Жүгіріп шықты алдынан көре салып.
Мұраты болған істі баян етті,
Шешесі бәйек болып құсты шешті.
Топшысын баптап таңып қойды лезде,

Мұндайға Майсараның қолы епті.

—Бұл бүркіт түлкі алудан қалды биыл,

Көрерсің кем болмаса келесі жыл.
Мертікке алаң болмай шаруаңды істе,
Мұратжан,—деді анасы,—ақылым бұл.
Осы құс еді әкенің мұрасындай,

Уайым неге бала қылмасын-ай!
Өштік пе, құмарлық па құсбегілік,
Мұратта жүрді бір ой сыры ашылмай.
Қыс өтіп таянғанда көктем жуық,

Ызғары арылған кез қысқы суық.
Екі атты ұзақ жердің жолаушысы,
Осы елге келді ұзақтан жекжат қуып.
Жанында жолдасы бар қарт Сүйімбай,

Әтейлеп келген елге жолаушылай.
Ертеде Есімжанның жолдасы еді,
Үйіне келді іздеп сұрай-сұрай.
Сүйімбай Майсараға амандасты,

Майсара көрген жерден төкті жасты.
Көп жылғы Есімжанның серігі еді ол,
Аң аулап құс салғанда қосқан басты.

хикаялық  дастандар
Өлгенге құран оқу, тіріге аман,
Жалғасқан елдің елдік салты атадан.
Досының құсын да бір көрмекші екен,

Сүйімбай бұл да атақты құсбегі адам.
Кең маңдай, қияқ мұртты, қыран қабақ,
Әр сөзін баппен сөйлеп, қадағалап.
Жарасқан келбетіне ақ сақалы,

Тұрғандай бейнесіне адам қарап.
Жасынан мол денелі, сымбатты адам,
Әңгіме айтса естіген қалатын таң.
Кішіпейіл, қарапайым мінезіне,

Разы боп қайтатын әрқандай жан.
Қыран құс, түзу мылтық, жүйрік аттың,
Әділдік, батырлықтың айтып бәрін.
Шешіліп бүгін де әтей кең отырды,

Тамызып арғы-бергі сөздің майын.
Бір кезде оралды кеп қыран құсқа,
Айтқаның бұрынғының бәрі нұсқа.
«Жарлы байып, жас өсер» дегендейін,

Мұратты да сөз етті осы тұста.
Майсара кірісті кеп сөзге іркілмей,

—Қала ма деуші ем құстың бабын білмей.

Мұратым құс көтеріп шыққанда үйден,
Екі елі төбем көкке қалды тимей.
Кешке жақын Мұратым келді қайтып,
Сол күнгі аңшылығын жыр ғып айтып.

Қанжығасы қомақты, олжалы екен,
Қуаныштан көңілім кетті шалқып.
Ана мұны айтқанда жай айтты ма
Ақ пейілі ап-анық санаттыға.

Бір үйлі жан түнімен дуылдасты,
Сүйімбайдай кез болып қарақтыға.

ақиық
Мұрат та енді сөз етті құс салғанын,
Әр жолда олжалы боп аң алғанын.
Сол таудан бір ақиық қыран құстың,

Кезінде тұлғасына таң қалғанын.

—Қасқыр менен тауешкі, еліктерді,—

Деді ол,—кез келгенін жемтіктеді.
Бір күні шалғайдан кеп бір ақиық,
Содан болды құсымның мертіккені.
Қақпан құрып, осыған тор да тіктім,

Ала қыстай соңынан талай түстім.
Ұлытау, Алтай жаққа кетеді ұшып,
Мекенін ұға алмадым сол бүркіттің.
Шіркін-ай, өзін ұстап алар ма еді,

Қайырып аңға баптап салар ма еді.
Ұшырсаң ұзынды күн қызық қуып,
Қанаты бұл қыранның талар ма еді.
Осылай қызынғандай Мұрат бала,

Қиялы кетті шарлап жырақтарға.
Ақ тілекті азамат арманына,
Отырды үйдегілер құлақ сала.
Бір кезекте Сүйімбай қарай қалды,

Сымбат тұлға түнгі отта алаулады.

—Бүркітті бұрынғылар айтуында,

Бірнеше тұқымдас деп баяндайды.
Нарынкөз Шын жерінің ақ бұршағы,
Ерентауда бар дейді өзін ұзын сары.
Қаратаудың қыраны қара шолақ,

Алтайда ақиықтың тұқымдары.
Алтай тау—атақты тау, заңғар биік,
Бұлт қонған шоқылары күнді сүйіп.
Ну орман қалың аңның мекені екен,

Сол тауды мекендейді әлгі ақиық.

хикаялық  дастандар
Мұратжан, жөні келсе ізде соны,
Бұл құстың нақ мекені Алтай жоны.
Таба алсаң балапанын ғажап емес.

Сан құсбек арман еткен жетпей қолы.
Тарихта болып өткен Байназар сал,
Салыпты ақиық құс деген сөз бар.
Құмардан шыққан екен аңды қырып,

Деп айтып жыр ететін бұрынғылар.
Сүйімбай соны айтқанда арман етіп,
Ағарып қалған еді таң да жетіп.
«Арман—қызыл түлкі ғой» деді дағы,

Домбыраны жіберді шертіп-шертіп.
Аттанды ертесінде қошын айтып,
Көрмедік Сүйімбайды содан қайтып.
Алтайдың ақиығы арманы еді,

Кетті ме орындалмай сапар тартып.
Мұраттың есі-дерті ауды құсқа,
Көктем мезгіл кеп жетті осы тұста.

—Іздесем тау аралап осы құсты,

Апа, қалай қарайсыз бұл жұмысқа.

—Ұзақ дейді Алтайды, тауы қиын,

Жүруге жалғыз қайтіп келер күйің.
Иен жер, біреу олжа қып кетер ме,
Қойсаң қалай осыны, ей, жарқыным?!

—Ей, апа, сол құсты іздеп барайыншы,

Табылса балапанын алайыншы.
Іздей алмай арман қып жүргенімше,
Іздеп барып арманнан шығайыншы.
Ұлының тоқтамасын білді ана,

Қиын-ақ елден шығу жеке-дара.

—Кешіксең анаң қалай көне алады,

Тіл алсаң осы құсқа барма, бала.

ақиық

—Анашым, рұқсат ет, бер батаңды,

Тоқтатпа, жолға шықсын мен ботаңды.
Келемін аман-есен әлі-ақ қайтып,
Сақтаса Тәңір бойда шыбын жанды.
Деп Мұрат анасына қойды басты,

Майсара қимай көзден төкті жасты.

—Кешікпей орала көр, құлыным,—деп,

Елжіреп қимай отыр ғазиз жасты.

—Астыңа Сарыбауырды мінесің ғой,

Ұзақ жер, қиын жолда жүресің ғой.
Тұлпардың тұқымы еді, жануарым,
Ежелден сырын қанық білесің ғой.
Қуса жетіп, қашса егер құтылатын,

Ат сақтар қосылғанда ердің басын.
Асқарды асып, ағынды судан өтсең,
Сенімді болсын, қозым, мінген атың.
Майсара ақсарбас қой сойды айтып,

Олжалы келуі үшін аман қайтып.
Шақырып дуалы ауыз үлкендерді,
Бата алды баласының жөнін айтып.
Сәтті күн шықты жолға Мұрат бала,

Бет алды бүркітті іздеп жырақтарға.
Баласын аттандырып, ақ жол тілеп,
Майсара қала берді жылап қана.
Жол тартты шалғай жерді алып бетке,

Дәм айдап елден алыс шықты шетке.
Не болса да нар тәуекел келе жатыр,
Көз салып алыс-жақын төңірекке.
Сарыбауыр еліреді жүрген сайын,

Мұрат та көп білмейді жер ыңғайын.
Ай жүріп, талай жерді аралап кеп,
Ілінді Жон тауына сонда Алтайдың.

хикаялық  дастандар
Ағынды өтті кешіп өзендерді,
Асқар тау асты талай кезеңдерді.
Аң атып, азық етіп жүре берді,

Күн сайын тамашалап жүрген жерді.
Жон тауын Алтай, Қобда аралады,
Ну орман, шалқар сай мен салаларды.
Құс шулап, орман бүрлеп, аң төлдеген,

Көркіне Алтай таудың таң қалады.
Жүргенмен күндегі іске аңсары ауып,
Жыртқыш аң талай жерде болды қауіп.
Елсізде жолбарыстай жортқан Мұрат,

Талайын домалатты ебін тауып.
Ержүрек Мұратта бар таудай талап,
Айбалта тақымында, белде садақ.
Тар жерден ұмтылғанда бір жолбарыс,

Тартынбай айбалтамен шапты қадап.
Терісін сойып алып жүре берді,
Даланың жыртқыш аңы біле ме ерді.
Аюды ұйықтап жатқан талай соқты,

Осындай Мұраттың бар ерліктері.
Таң атса көзбен шолып төңіректі,
Ай аунап, апта жылжып, күндер өтті.
Сан бүркіт нелер шыңнан кезіксе де,

Бәріне аялдамай жүріп кетті.
Іздегені ақиық, емес бұлар,
Көз қанған ақиыққа қуып сонар.
Бұл тауда бар ма, жоқ па жөнін білмей,

Ниеті байқалмайды үйге оралар.
Шөп гүлдеп, орман бүрлеп, айлар өтті,
Жайқалып Жон Алтайдың шөбі ер жетті.
Шың-құзға көз талдырып қарай-қарай,

Ақыры Қанас атты көлге жетті.

ақиық
Қанастың тауын құлдап жағалады,
Көзіне шалынбады қарағаны.
«Сарыбауыр демін алып тынықсын» деп,

Кемді күн жол бойында аялдады.
Көл бетін жаздың құсы қымтай жауып,
Әр тұстан қиқулайды ауық-ауық.
Жосылып қоңыр аңдар топ-тобымен,

Жағаға түсіп жатыр беттен шауып.
Майысып алуан гүлдің иісі аңқып,
Ну орман, гүл бәйшешек жатқан шалқып.
Беткейде жыршы құстар әнге басса,

Суында асыр салды ойнап балық.
Тауешкі, бұғы, марал, ақтаң елік,
Көз тартып сонадайдан беткейде өріп.
Сәулетін Қанас көлдің арттырмаққа,

Әтейлеп жиналғандай көлге келіп.
«Табиғат байлық жиған жерімісің,
Шыр еткен тау еркесі, серімісің.
Болмаса жаннат деген осы жер ме,

Жаралған бұл дүниеге көрік үшін».
Деп Мұрат әсерленді табиғатқа,
Көз салды тамашалап әрбір жаққа.
Болса да өзі жалғыз қорқыныш жоқ,

Дәм айдап келді осылай көркем баққа.
Көп жортқан үйден ұзап Мұрат бала,
Қисайды тамақтанып, демін ала.
Самал жел, салқын ауа жанды баурап,

«Шұр» етіп кетті бірден ұйықтап қана.
Маужырап түнгі ұйқыда бар табиғат,
Шақырған аң мен құстың үні шығад.
Түс көріп, тәтті ұйқыда Мұрат жатыр,

Елеңдейді анда-санда Сарыбауыр ат.

хикаялық  дастандар
Ұйқыда жатып Мұрат түс көреді,
Түсінде шырма-шату іс көреді.
Қолында жат біреудің жатқандай боп,

Оянып көрген түстен сескенеді.
Таң атты, алтын арай күн де шықты,
«Түс түлкінің боғы ғой» деп ол мықты.
«Шын іздеген табады мықан ағаш»

Деген оймен жалғасты жолға шықты.
Заңғар тау, екі беті қалың орман,
Әтейге жасағандай адам қолдан.
Күркіреп көкжал өзен шатаң бойлап,

Сан бұлақ құйып жатыр оң мен солдан.
Тартады оң қабағы дүркін-дүркін,
Жориды жақсылыққа көңіл, шіркін.
Жапанда жалғыз жүріп ойға батып,

Бір мезгіл есіне алды елі-жұртын.
Таяды күн батуға таудан асып,
Кей жерден бұғы, марал, елік қашып.
Жол қиын, ұзап тіпті жүре алмады,

Түнеді бір бұлаққа күн де батып.
Атақты Қанастағы Қаражарық,
Ақиық мекен еткен ұя салып.
Зымырап балапанға тартты қыран,

Күндегі әдетінше жемін алып.
Басынан бұлт кетпейтін бұл бір биік,
Таңсәрі сол биіктен ұшты ақиық.
Қуанып кетті Мұрат көрген жерден,

Табылып іздегені бағы жанып.
Өрмелеп қарсы бетке Мұрат шығып,
Ұяға көзін салды жолын ұғып.
Қараса отыр жалғыз дәу балапан,

Адамды көрді дағы жатты бұғып.

ақиық
Шошытпай Мұрат ұзақ бақылады,
Балапан сілкінеді, шақырады.
Қиянға көз тастаған асыл қыран,

Керіліп, таранып та отыр әлі.
Аздан соң қайта оралды әлгі ақиық,
Елікті алған екен жерден іліп.
Бала үшін бәйек болған құс төресі,

Ұяға іркілместен қонды келіп.
Қуанып Мұрат жатыр таяп бетте,
«Еңбегім кетпеді,—деп,—бекер текке».
Ұяға шығатұғын жолын болжап,

«Алармын,—дейді,—Тәңір нәсіп етсе».
Тың біткен, сұрғылт түсті қара жартас,
Қыран құс тым оңайға ұя салмас.
Бір қия сол ұяға жалғасыпты,

Жеріне бұдан басқа жан бара алмас.
Ақиық жемін тастап кетті ұшып,
Етекке Мұрат қайта алды түсіп.
Төрінде Есімжанның отырғандай,

Қуанды жалғыз өзі шайын ішіп.
Арқандап Сарыбауырды ерін алып,
Кетпестей аяғына шідер салып.
Арысқа түсетұғын балуанға ұқсап,

Тас түйін бола қалды дайындалып.
Бір үміт, бір қорқыныш ойды тербеп,
Қиямен шықты Мұрат жартасқа өрлеп.
Тұрса да қадам сайын ажал төніп,

Ерлік қып тартынбастан істеді еңбек.
Бүркіттің шықты өрмелеп ұясына,
Қараса айныр жүрек қиясына.
Құласаң барар жерің беп-белгілі,

Өмір тұр қас пен көздің арасында.

хикаялық  дастандар
Ұяға жетті Мұрат «а, Құдайлап»,
Бөледі балапанды әбден жайлап.
Шығуы ғой шықса да ет қызумен,

Енді қатты қысылды түсуді ойлап.
Әке әдісін мұндайда бір істетіп,
Жіберді балапанды еңістетіп.
Бұ да болса қолдауы Құдіреттің,

Жасаңға қанат жая қонды ол жетіп.
Сонан соң Мұрат беттен сырғанады,
Қан шығып тізе, қолдан тырмаланды.
Шығу бейнет болғанда, түсу ажал,

Үрей сұм қимыл сайын бойды алады.
«Енесі балапанын көрсе келіп,
Көзімді шоқыр ме екен етке жерік».
Деп қорқып өлмеген жан келед жылжып,

Болғандай ақылына қайрат серік.
Дірілдеп буындары тамшылап тер,
Жұтқалы тұрғандай-ақ сұм қара жер.
Қоштасып бұл дүниемен анда-санда,

Ойына қай-қайдағы түсті нелер.
Тұрғанда талып қол мен аяқтары,
Ақиық қайта айналып таяп қалды.
Үлгертпей тағы біраз қармануға,

Қиядан адамзатты көзі шалды.
Күйінген балапанға көк тағысы,
Келе ме мұндайда әсте тоқтағысы.
Зымғап кеп қанатымен қағып өтті,

Шаңқ етіп естілгендей оқ дауысы.
Қиядан ұшып кетті Мұрат бала,
Құлады бүкіл дене болып жара.
Білмейді не болғанын, ауды есінен,

Әйтеуір қалды бойда жаны ғана.

ақиық
Жапанда қауіп төнді ғазиз жасқа,
Арқандаулы ат қалған сұр жартаста.
Балапан бір жасаңда ол да жатыр,

Маңайда еш нәрсе жоқ бұдан басқа.
Үштасқа жанат елі алғаш келіп,
Мекендеп тұрған кезі қоныс алып.
Жақаның бір баласы Жал үйіне,

Қонған кез бие байлап, жылқы салып.
Жақаның бір байы бар малға бөккен,
Жәмила байдың қызы бойға жеткен.
Бір күні мал қайырып араласа,

Үйірі екі айғырдың Қанасқа өткен.
Қайраты жігіттерден емес те кем,
Толғамды, бал мінезді, ақылға кең.
Көргендер бір тамсанып қалатұғын,

Сол байдың ұлы да екен, қызы да екен.
Жәмила қамшы салып көкжалына,
Қанастың көзін салды ар жағына.
Қарасы жылқысының көрінген соң,

Өзеннен өтіп шықты қас-қағымда.
Жылқы өрлеп барған екен Қаражарық,
Қайырды алдын орап, қиқу салып.
Көз көрім бір жылқының ішіндегі,

Бір атты қалды қыздың көзі шалып.
Жылқыны еңістетіп жіберді де,
Қарашы Жәмиланың жігеріне.
Өрлетіп шауып келсе әлгі сайда,

Бір ат тұр арқандаулы, шідерлі де.
Жұп-жұмыр Сарыбауыр ат тұлпар мүсін,
Болжады маңайынан ат иесін.
Қараса бір айналып аттың маңын,

Бір із бар өрлеп кеткен сайдың ішін.

хикаялық  дастандар
Қыз қарап маңайына айғайлады,
Көтерді қара жартас айғайды ары.
Аз тұрып ат үстінде тыңдап көрсе,

Маңайда ешнәрсенің жоқ хабары.
Өрледі осы ізбен қадағалай,
Із өрлеп шыға берді бетке қарай.
Селт етіп ат үріккен жерге барса,

Жасаңда жатыр біреу өлген жандай.
Қыз көріп ат үстінен дауыстады,
Жауап сөз қарсы жақтан ауыспады.
Дерек жоқ маңайында бұл бір жұмбақ,

Жан ба деп көктен түскен қайрандады.
Қарсы алды заңғар биік қара жартас,
Бір шың екен басына жан шыға алмас.
Қараса көрінеді бүркіт ұя,

Осыдан құлады ма бұл уыз жас.
Көп қарап жан-жағына қайран қалып,
Маңайын байқап көрді тағы шалып.
Жасаңда қанат жайған балапан құс,

Ол жатыр баяу ғана тыныс алып.
Торулап жүрген анау көкте биік,
Күйінген балапанға болды ақиық.
Балаға жан-жануар бәрі бірдей,

Айналып кете алмай жүр оны қиып.
Жартастан балапан ап құлаған жан,
Серіксіз екені анық болды бұған.
«Істейін,—деп ойлады,—бір жақсылық,

Көріп ап тастап кетсем арға жаман».
Жәмила аялдамай түсті аттан,
Адамға жақындады сұлқ жатқан.
Бейбақтың халі нешік кім біледі,

Әр жерде жарақаттан қан бар аққан.

ақиық
Байқаса бір жас жігіт ер тұлғалы,
Ұнаған әлгіндегі ат, ер-тұрманы.
Жып-жинақ өзіне сай қаруы бар,

Қандай күш бұл қияға келтірді оны.
Бәрі де Жәмила үшін бұл бір тылсым,
Білмейді аты-жөнін, елі-жұртын.
Екеуін қиуасыз иен жерде,

Әйтеуір кезіктірді тағдыр, шіркін.
Жәмила көрді байқап сүйеп басын,
Көзінің сүртті аққан қан мен жасын.
Аузына су тамызды, дыбыс тыңдап,

Қолынан келер істі неге аясын.
Астына аю тері салды жайып,
Жастады жолбарысын басқа апарып.
Далада қайдан болсын жайлы төсек,

Жатқызды еппен ғана тыныстатып.
Иен тау, Мұрат жатыр тілсіз сұлқ,
Қарсы алды Қаражарық тұр түксиіп.
Алтын күн баяу жылжып таудан асып,

Күн батып түсті түнгі қараңғылық.
Атының арқандады ерін алып,
Алаңдап ешнәрседен қылмай қауіп.
Төбе қып отын жиып от та жақты,

Мұраттың қалтасынан шақпақ тауып.
Жәмила болды әбігер айдалада,
Бейнетке себеп болмай жан қала ма?
Аузына түніменен су тамызып,

Білдірді жанашырлық жаралыға.
Бай ауыл, төбешікте топты адам тұр,
Көңілінде әр адамның әртүрлі сыр.
Жәмила күн батқанша малдан келмей,

Жиналған сол қауіппен халайық бұл.

хикаялық  дастандар
Мінеки, қас қарайып, күн де батты,
Байды да, бәйбішені алаңдатты.
Бұл байдың қызы да сол, ұлы да сол,

Жігіттер іздеп кеткен таба алмапты.
Ауыл боп не болды деп алаңдасты,
Шешесі Жәмиланың төкті жасты.
Жиналып бай үйіне үлкен-кіші,

Таң сыза іздемек боп сөз байласты.
«Келмеуі Жәмиланың емес,—деп,—жай»,
Аттанды он жігітпен ертесі бай.
Сонылап жайылымнан із шалғандай,

Көп жылқы ылдилапты суға қарай.
Айдаусыз жайылған мал соны қуып,
Көз салса көрінбейді жерде жуық.
Жусаған тай, құлынның жерлері бар,

Айдалып кеткен емес, не қуылып.
Еңкейіп түсті бұлар су бойына,
Өзеннен өтер деген жоқ ойында.
Кетіпті судан өтіп ізі жатыр,

Кеңесіп тұрды бұлар аз ұйлыға.
Жылқыны Жәмила-ақ болсын қуған,
Ол жалғыз неге өтеді мына судан
Абайсыз суға кетіп қалды ма деп,

Әркімге алуан-алуан туды күмән.
Жігіттер бос ұйлықпай өтелік деп,
Жылқыға ізбен қуып жетелік деп
Тез бекіп, тез қимылдап сайланысты,

Алдыда бар қалай бір қатерлік деп.
Жігіттер ақ өркешті суға түсті,
Асты тас, шұғыл өзен, ағын күшті.
Шұрқырап ар жағына әрең өтті,

Көбінің су ішінде зәресі ұшты.

ақиық
Бітеу жер, қарашірік, баспаған жан,
Көркіне осы өңірдің қаласың таң.
Көрінді жылқы жоны аз жүрген соң,

Ішінде көк шалғынның қылтылдаған.
Үйірі екі айғырдың саяқ еді,
Ішінде мол жылқының қаракөгі.
Ұйлығып шоқтай болып тұра қалды,

Көп адам маңайына таяп еді.
Бұлардың артын ала келді бай да:

—Жәмила көріне ме,—деді,—қайда?

—Жоқ,—деді,—жылқы жатыр біз де аң-таң,

Сол бала келе алды ма осы жайға?

—Ғажап іс болып кетті бұл не деген,

Бір дерек те шықпады кең өңірден.
Сонылап із шалыңдар, айналып кең,
Осылай жоғала ма адам деген?
Ұмтылып із шалғандар тұс-тұс жақтан,

Бәрі де бас шайқасып таңдай қаққан.
Өлдік-талдық дегенде кезікті олар,
Бір ізге сайдың ішін өрлей тартқан.
Кетіпті аттың ізі өрлеп сайға,

Мұны да хабарлады барып байға.
Екпіндеп топты жігіт шыға келсе,
Екі ат тұр арқандаулы анадайда.
Тоқтады бұлар аттың басын тартып:

«Із біреу, мынау екеу болды қайтіп?
Ұры ма әлде жатқан жасауыл ма,
Ат қойып алаңқыға, шырға тартып».
Кісінеп Көкжал сонда дыбыс алды,

Аты еді Жәмиланың тани қалды.
Жайдақ тұр ер-тұрмансыз екеуі де,
Іркілмей іздеушілер жетіп барды.

хикаялық  дастандар
Салқы төс, сары бауыр ат, жалпақ жая,
Тұлғасы жануардың бейне мая.
Көргенде топты адамды елегізіп,

Айналып осқырады баяу ғана.
«Иесі мынау аттың батыр ма екен,
Ұстап ап Жәмиланы жатыр ма екен».
Деген ой әр жүректі лүпілдетіп,

Азырақ үрей салды ойға бөтен.
Шешілмей тұрған кезде бұл бір жұмбақ,
Адамға кезігеді-ау осындай шақ.
Төбесін топты адамның көрген жерден,

Жәмила айғайлады қолын бұлғап.
Бәрі де шаба, желе келді жетіп,
Арыстай жігіт жатыр естен танып.
Бұйрықша бұл адамға жолыққанын,

Жәмила сөйлеп кетті баян етіп.
Жігіттер жабырласып түсіп аттан,
Адамға көзін салды тілсіз жатқан.
Кейбірі балапанды тамашалап,

Кейбірі Жәмилаға таңдай қаққан.
Бай демде-ақ ат сабылтқан ұмытты істі,
Қызы емес балапанға төніп түсті.
Шешкен соң бөлеуінен құсты ақырын,

«Көрмеппіз,—десті,—бәрі мұндай құсты».
Сілкінді ол қанат қағып жылдам-жылдам,
Құс өтпес алып екен десті бұдан.
Қарашы, аппақ екен екі топшы,

Ақиық осы емес пе дейтін қыран.
Бір мезет Мұрат сол кез ашты көзін,
Пайда боп денесіне біраз сезім.
Қарайды маңайында тұрғандарға,

Үзіп-үзіп айтады ұқпас сөзін.

ақиық
«Су» дейді, «апа» дейді, «бүркіт» дейді,
Басқа көз тіліне әзір ілікпейді.
Айтады сандырақтап әңгімесін,

Сөздері бытып-шатып бірікпейді.
Көтеріп сүйемелмен басын биік,
Торсықтан қымыз, суын берді құйып.
Аузына ұстағанда сусын іш деп,

Қалғандай болды сонда есін жиып.
Келбетті, орта бойлы жігіт екен,
Шалқақ төс, кең иықты, бітімі кең.
Сүйекті тұтас біткен балуан дене,

Көрген ел деп қалатын батыр ма екен.
«Ас—адамның арқауы» дейді халық,
Жатқандай сусын іздеп аз тамсанып.
Айнала адамдарға көз салады,

Қалайша жатқанына қайран қалып.
Отырып топты жігіт ақылдасты,
Далада тастау қиын есіл жасты.
«Бір жақсылық жігітке істейік» деп,

Ауылға апаруға мақұлдасты.
Жігіттің сүйегі де емес аман,
Еттері талқандалған өте жаман.
Жүре алса атқа өңгеріп жүріп көрсек,

Жеткізсек жақсы-ақ еді елге таман.
Әкелді Сарыбауырды ерін салып,
Қарады сонда жігіт атын танып.
Көтеріп еппен ғана мінгізді атқа,

Бір жігіт мінгесті артқа алдына алып.
Алдына аң теріден жасады өбек,
Бір адам жүрді ақырын ат жетелеп.
Топ жігіт ортасына ап келеді,

Абайлап бірі сүйеп, бірі демеп.

хикаялық  дастандар
Бүркітті аткөрпеге бөлей салып,
Бір жігіт оны дағы алдына алып.
Бір жігіт, бір бүркіт боп бай олжасы,

Ауылға тартты бұлар қайта салып.
Қарайлап қайта-қайта ол Мұратқа,
Жәмила алдыға озбай келеді артта.
Әр жерден ат үстінде сусын беріп,

Іркіліп оралады осы жасқа.
Олжалы оралды бай ауылына,
Сыртта екен бай мен манап қауымы да.
Анталап бай үйіне бәрі келді,

Жәмила аман-есен табылды да.
Байекең жауап берді көпке қарап:

—Бар біздің Жәмилада таудай талап,

Бір жігіт, бір бүркітті тауып апты,
Жатқанда жараланып, далада қап.
Дегенше Жәмила да келді шауып,
Айықты әр жүректе тұрған қауіп.

Шешесі маңдайынан сүйіп жатыр,
Егіліп мейірлі ана шөлі қанып.
Ауылға ел келіп жатыр жапырылып,
Құйылды сары қымыз сапырылып.

Шөл қанып, күпті көңіл орнықты да,
Жүректер жайраңдады тұрған тынып.
Адамның ардақтысы ісі адамшылық,
Айрылу адамдықтан жаман қылық.

Емделіп осы үйде жатты Мұрат,
Жақыннан шапағатшы жәрдем қылып.
Оңаша оратқайға салды төсек,
Бай ауыл қамқорлығын етті кесек.

Әзірлеп жаңа киім, ас-су, сусын,
Бәйек боп жүгіргенде болмады есеп.

ақиық
Жарақат емдейтұғын сынық таңып,
Алдырды Қалдыбайды іздеп тауып.
Сау жер жоқ жаралыны көрген жерден,

Белсене араласты ол етпей қауіп.
Атақты сынықшы еді бұл Қалдыбай,
Азаттың Байғарасы емес ол жай.
Күл болған сынықтарға сүйек салып,

Адамды өлер деген жазған талай.
Түнімен жанында боп күзет қылып,
Қасына босып алды екі жігіт.
Жәмила түн ішінде неше келіп,

Тұрды оның сусын беріп, халін біліп.
Екі күн жатты Мұрат сұлық күйде,
Білмейді қайда жатыр мұны мүлде.
Жарақат, ат жүрісі жанға батып,

Бір мезет болмай қалды дыбыс, үн де.
Дегенде үшінші күн ашты көзін,
Ұқпады ешкім де оның бұлдыр сөзін.
Әйтеуір кеуде тыныс алып жатыр,

Кейде ашып, кейде жұмып екі көзін.
Болғанда төртінші күн жинады есін,
Сонда да қозғай алмай бар денесін.
Қайырып үзіп-үзіп сөз айтады,

Өмірге су ішерлік бұрып бетін.
«Япырым-ау, қайда келгем, жаттым қайда,
Жартастан өзім алған бүркіт қайда?
Иен тау емес пе еді жүрген жерім,

Бұл жерге қалай келіп, болдым пайда?»
Деп Мұрат өзіне-өзі болады таң,
Жарақат бүтін деді ол таңылған.
Қозғалу өздігінен мүмкін емес,

Әйтеуір шыбын жаны шықпай қалған.

хикаялық  дастандар
Ойлады әрбір істің басын шолып,
Жанары мөлдірейді жасқа толып.
Есіне асыл ана кетті түсіп,

Жатқан мүсәпірлік басқа келіп.
Бетіне қан жүгіріп, жайнап көзі,
Күн сайын тұнықталып айтқан сөзі.

—Қай елсің, қайдан келдің,—дегенді ұғып,

Мән-жайын, аспай-саспай айтты өзі.

—Руым орта жүзде қыпшақ елім,

Боғда тау мекен етіп тұрған жерім.
Әкеміз құсбегі еді, атым—Мұрат,
Атақты Есімжанның баласы едім.
Әкем өлген, бар шешем, қарындасым,—

Деп Мұрат ойға батып төкті жасын.
Алтайдың ақиығын іздеп шығып,
Осындай күйге түсті ғазиз басым.
Қиядан бүркіт соғып ұштым құлап,

Білмеймін одан соңғы істі бірақ.
Далада қанша жаттым, кім әкелді,—
Деп Мұрат уайымдап кетті жылап.

—Жігітім, алыста екен елі-жұртың,

Батырға лайық екен дене-тұрқың.
Әкелді жылқышылар сені тауып,
Бар осында атың да, сол бүркітің.
Бөтендік жоқ қазақтың баласымыз,

Танысып ал, таныспаған алашыңбыз.
Оташы Қалдыбай кеп емдеп жатыр,
Абақтағы біз жәдіктің жанатымыз.
Осылай келте ғана ұғылды жөн,

Дәм тартса қайда бармас адам деген.

—Күтіңдер бұл жігітті жақсы қарап,—

Деді бай,—жақсы атаның баласы екен.

ақиық
Емделіп осы үйде жата берді,
Күн шығып, талай таңдар ата берді.
Жәмила өз қолымен сусын беріп,

Қалекең жалықпастан емдей берді.
Жазылды жарақаты, сынық бітті,
Емдетіп көңіл бөле бай да күтті.
Балдақпен кіріп-шығып жүрді есіктен,

Ермегі ертелі-кеш сол бүркіті.
Бір күні Қалдыбайға қойды басын,
Көзінің мөлдіретіп төгіп жасын.
Күндіз-түн дауалаған оташыға,

Ұсынды орамал қып жалғыз атын.
Қалдекең адам еді жайсаң көңіл:

—Көп болса сынық таңдым, онда не тұр,

Алмаймын бір сабақ жіп сенен,—деді,—
Істелген талай жанға қамқорлық бұл.
Бай деді:—Осы бала бірдей көпке,
Жиналды естігендер төңірекке.

«Орамал тон болмайды, жол болады»,
Бір тайын Жәмиланың ал жетекке.
Мұрат та Қалдекеңе егіліп тұр,
Аузынан алғыс сөзі төгіліп тұр.

Қалдыбай қайтты еліне қошын айтып,
Осылай кезінде өткен тарих бұл.
Зерігіп жатты Мұрат, айлар өтті,
Кей мезгіл ән шырқады, өлеңдетті.

Қолына домбыра алып, күй де толғап,
Боздатып «Боз інгенді» безілдетті.
Бір мезгіл шертіледі «Ақсақ киік»,
Мергеннің жараланған оғы тиіп.

Шерткенде «Мұңлы қызды» тамылжытып,
Тыңдайды кәрі мен жас сүттей ұйып.

хикаялық  дастандар
Ауылдың кәрі, жасы, қыз, бозбала,
Біртіндеп жақындасты Мұратқа да.
Өнерлі жігіт екен сегіз қырлы,

Ауылда үлкен-кіші айтты баға.
Жазылды Мұрат аман жарақаттан,
Айықты ауруынан жанға батқан.
Кештерде бай, бәйбіше шақырып ап,

Күй шертіп, әндер айтып думандатқан.
Жәмила өлең менен әнге құмар,
Қол жетпес бай үйінде бұл бір шынар.
Мұратқа ән айтқызып анда-санда,

Көңілін көтерсін деп сауық құрар.
Аралап әр ауылды жігіттермен,
Ел жайын, ауыл жайын көзбен көрген.
«Жәмила тауып алған жігіт бұл» деп,

Бір жүрген жастар жағы әзіл қылған.
Ерте-кеш бүркітінің жемін беріп,
Байқайды әр тұлғасын сынап көріп.
«Қанды көз нағыз қыран боларсың» деп,

Ішінен көрген сайын көңілденіп.
Жетіліп қанат-құйрық, өсті дене,
Пыштақтап шақырады әлденеге.
Мұндай құс көрмедік деп келген-кеткен,

Аттанып жатады әйтеу баға бере.
Болған кез жайлау сүркей шөбі қашып,
Бай ауыл қонды етекке қайта көшіп.
Бүркітін қолына алып Мұрат көште,

Келеді ой қиялы асып-тасып.
Ойлайды Алтай жақсы жер екен деп,
Кең қолтық керей деген ел екен деп.
Қақпады кәрі-жасы маңдайынан,

Жарасқан ел екенсің берекең деп.

ақиық

—Мейлі мен мал қайырып, от жағайын,

Не десең қызметіңде тұрам дайын.
Ажалдан арашалап алып қалған,
Сіздерден барымды аяп не қылайын.
Деп Мұрат айтты байға жүрек сөзін,

Биледі борыштылық ыстық сезім.

—Біздікі шықпас жанға себеп қой,—деп,

Мақтаудан ұстады алшақ бай да өзін.

—Дәм тартып ұзақ жерден келдің, бала,

Білемін осы кезде көңілің де ала.
Барасың еліңе де аман болсаң,
Біраз күн тамашалап елді арала.
Бұл сөзге Мұрат іші кетті жылып,

Адамдық қасиетін тұр ғой біліп.

—Ақсақал, мейіріңізге разымын,—

Деп Мұрат тұрды орнында басын иіп.
Зеріксе атқа мініп мал қайырды,
Аралап, қымыз ішті, көрші ауылды.
Той болса жігіттермен бірге барып,

Қызықтап қайтып жүрді көп қауымды.
Бір қыз бар сол ауылда Нұржан деген,
Нұржан барған той болар думанды өлең.
Бір тойда Досбай деген ақын жігіт,

Мұратты ертіп айтысқан Нұржанменен.
Нұржан қыз сан құбылтып әнге салған,
Жоқ дейсің қай адамда асыл арман.

—Досбай-ау, жаныңдағы мына жігіт,

Емес пе Жәмиламыз тауып алған.

—Жәмила тапқан емес ұзақ жерден,

Бүркіттің балапанын іздеп келген.
Жартастан құлап кетіп мертігіпті,
Жәмила малда жүріп мұны көрген.

хикаялық  дастандар
Жәмила—бір жылғы төл замандасың,
Демеңіз тауып алған адам басын.
Тауып алса олжа деп сұрамақ па ең,

Сұрадың не мақсатпен бұл арасын?

—Жігітің жарайды екен құс салатын,

Өнер ғой бүркіт баптап, аң алатын.
Дегенге тауып апты шамдандың ба,
Зат емес оңай-оспақ байланатын.
Көргенде замандасты өлеңдетем,

Саятшың бүркіттен де қыран екен.
Әзілдеп қалжың үшін айтып қалдым,
Әйтпесе ниетім жоқ алабөтен.
Мұраттың ойнап шықты бетіне қан,

Жігіт қой ол намысшыл, жаны жайсаң.
Өтеді таяқ еттен, сөз сүйектен,
Деген сөз ауыр тиді «тауып алған».

—Атым—Мұрат, айтайын мен де аз өлең,

Бір сөзіңнен, Нұржан-ау, еттім елең.
Жоғалтқан бар ма әлде адамыңыз,
Отырсыз белең беріп әлденеден?
Әзіл үшін жарасар ойнап-күлген,

Бүркітке түлкі алдырар бабын білген.
Алтайдың қырмызысын көзім шалса,
Қыранмын жерге түспей таңын ілген.
Деп Мұрат өлеңдетті аспай-саспай,

Сөзі үшін Нұржаннан ары таспай.
Ақиық Алтай таудың қыраны боп,
Жіберді төгіп-төгіп жыр құлаштай.

—Біздің ел сіздің елмен құда-жұрат,

Жарайсың,—деді Нұржан,—ақын Мұрат.
Қайтқанша талай түлкі әпересіз,
Онда өзіңнен алармыз олжа сұрап.

ақиық
Деп тартты Нұржан ақын бауырына,
Сездірмей тойдың қалың қауымына.

—Төбеден шабыт берем, түстен тоят,

Келерсің әлденеше ауылыма.
Түлкі ішік кигізер ем, қасқыр ішік,
Егерде өзін тіксең, өзің пішіп.
Арасы екі ауылдың жақын екен,

Кетпесе құрбыларға көзің түсіп.
Айтылды талай әзіл тілді безеп,
Шоқ түсіп іштеріне, өртенді өзек.
Басқа сөз болмаса да аралықта,

Көз алмай қарасады алма-кезек.
Уақыт өтіп жатыр талай-талай,
Өткізді күздің күнін санай-санай.
Арасы екі ауылдың жақын қоныс,

Ауылға барып жүрді тамашалай.
«Жолаушы елде жүрген жалғыз атты»
Деп, өсек елдің ішін дуылдатты.
Бәрін де елемеді Мұрат мұның,

Сөздерге алып-қашпа буыны қатты.
Алтын күз жетіп келді, салқын рай,
Етекке көшті ел де таудан құлай.
Жаратып Сарыбауырды Мұрат мініп,

Бүркітін қолына алды томағалай.
Жетілген қанат-құйрық, дене толып,
Ақиық мұзбалақтың өзі болып.
Суреттей барлық бітім жарасымды,

Тұрады қызыл қанға көзі толып.
Шұбар төс, қалың топшы, кең иықты,
Шоқпар сан, аю тұяқ, күшке мықты,
Жылан бас, ине шуда, шүңірек көз,

Қылыш тұмсық, кең танау, беті түкті.

хикаялық  дастандар
Алдынан аң құтылмас нағыз қыран,
Артылмас құс баласы, сірә, бұдан.
Өзі екен ақиықтың алып тұлға,

Баға алды сан осындай саятшыдан.
Сынады талай рет қоя беріп,
Айғайласа ұшады арттан еріп.
Бір мезгіл қолына алып сылап-сипап,

Тойғызады дәндетіп жемін беріп.
Баптап жүр қылшылдатып күйге салып,
Балапан кетпесін деп бұдан арып.
Ішін тағы тазартты бірнеше рет,

Ауызына құсының қоя салып.
Қылаулап қарашада қырбақ түсті,
Баулитын мезгіл жетті қыран құсты.
Мұраттың бүркітіне түлкі алдырып,

Жәмила көрмек болды қызық істі.
Балапан ұстамаған бұрын түлкі,
Түлкі алмай болар ма екен елге күлкі.
Әйтсе де аң көрсетіп бір байқауға,

Бүркіттің еті біраз көтеріңкі.
Әділбек, Жәмила мен Мұратқа еріп,
Аң көрсетіп келмекші қызық көріп.
Ақша қар, сауысқан із сонар болды,

Бүркіт сап шықты олар үйден өріп.

—Төленсе жақсы болды еңбектерім,

Бүркіт үшін аз емес бейнеттерім.
Бау ашпаған балапан көңілі қайтпай,
Тап бермеден аң көрсе болар көрім.

—Әділбек, жер жағдайын білесің ғой,

Жыл сайын мал қайырып жүресің ғой.
Мекенді түлкі жатар жер ыңғайын,
Бетке алып қағуылдай жүресің ғой.

ақиық
Деп, Мұрат жан-жағына көзін салды,
Белеске шықты дағы томаға алды.
Бір түлкі табан асты қашып еді,

Балапан таңнан іліп басып қалды.

—Бармалық дәл үстінде желе шауып,

Түлкіден айырайық жаяу барып.
Бұрын түлкі алмаған балапанын,
Шошынып қала ма,—деп қылды қауіп.
Жаяулап енді жақын барды Мұрат,

Түлкінің аяғынан алды Мұрат.
Ақырын еппен ғана ірей салып,
Көрсетті салақтаған санды Мұрат.
Әділбек, Жәмила да көңілденіп,

Қызықтап тұр жанында жақын келіп.
Адам менен түлкіге кезек қарап,
Балапан салды ауызын аңға жерік.
Түлкіден босатпады аяғын құс,

Сан етті жұлып жатыр тым асығыс.
Жем басар тегеурінін қолмен қозғап,
Биялайға қондырды құсбегіміз.
Ақырын сылап-сипап ұстап құсын,

Жұлдырып сіңір менен тарамысын.
Бүркітті томағалап қолына алды,
Тым көркем көрінеді құс алып мүсін.
Түлкі екен қоңыр ала, күміс жүнді,

Терісін сойып алып көңіл тынды.
Жанына Жәмиланың байлап беріп,
Тағы да түлкі қағып атқа мінді.
Келеді қағуылдап әлгі жерді,

Бір ізбен талай қырат асты белді.
Еңкейіп күн бесінге таяғанда,
Түлкіні сылаңдаған тағы көрді.

хикаялық  дастандар
Балапан көрген жерден ұшты қуып,
Таңынан іліп алды бүрістіріп.
Түлкіні астындағы бұйым көрмей,

Қарайды жан-жағына мойын бұрып.
Артынан келді бұлар желе-шауып,
Құс түлкіні қанатымен отыр жауып.
Ақиық тым үскінді, күші басым,

Мытып-мытып қояды ауық-ауық.
Лезде өлтіріпті болат тұяқ,
Көрді оны салған жерден ұстап Мұрат.
Босатып құс аяғын бірден-бірден,

Қондырды биялайға еппен сылап.
Қолға алып жұлдырды жем шолақ сандап,
Түлкіні Әділбекке тастады арнап.

—Мұратжан, қанжығамыз қандай екен,

Құс салсаң жүрсең болар бізді ырымдап.
Жәмила Әділбекке сылқ-сылқ күліп,
Сөйлейді бірін-бірі қағып-іліп.
Бүркітті томағалап қолға алып,

Беттеді кеште ауылға атқа мініп.
Әділбек өлеңдетті әнге басып,
Жас жігіт көтерілді көңілі тасып.
Мұрат пен Жәмиланы әзілменен,

Қытықтап жүрек сырын қояды ашып.

—Қолында саятшының бар бүркіті,

Қыраннан құтылмайды қашқан түлкі.
Аңсаған арманға қол жетпесе де,
Әйтеуір болды көңіл көтеріңкі.
Деп, Мұрат өлеңдетті баяу ғана,

Ауылға қалған кезде таяу ғана.
Жәмила бір жымиып күліп қойып,
Деп қойды:—Болса өлеңің айтшы жаңа.

ақиық
Айтқан әзіл көңілге жарасады,
Қыз-жігіт бір-біріне қарасады.
Аяңдап ауылға да жетіп келді,

Өткізіп күнге қызық тамашаны.
Жәмила үйге кірді түлкісі бар,
Жүзінде ойнап шыққан күлкісі бар.
Әділбек бір түлкі алып ол да келді,

Қазақтың түлкі байлау үлгісі бар.
Әлімбай қыран құстай түсті төніп,
Түлкіні қолына алып ұстап көріп.
«Тымаққа жақсы екен» деп аңқылдады,

Шешесі Жәмиланың о да келіп.
Жәмила айтып жатыр бастан-аяқ,
Бүркіттің түлкі алғанын қалдырмай-ақ.
Түлкіге баға берді ақсақалдар,

Болар деп мұндай түлкі некен-саяқ.
Әлімбай осы күні көңілді тым:

—Дәл мұндай туа берсін олжалы күн.

Бұрын аң ұстамаған қол бала ғой,
Жарайды,—деді,—қыран бұл бүркітің.
Ауылдың ақсақалы, үлкен-кіші,
Үй толы дуылдаған өңкей кісі.

Жәмила бүркіт салған олжасы үшін,
Әлекең алып ұрды бір тоқтысын.
Есіктен тоқты сүйреп кірді Әділбек,
Жәмила түрегелді «әумин» деп.

Шұбыртып шешен шалдар берді бата:
«Көп жаса, жылдан-жылға бақ қонсын!» деп.
Мұратқа еріп Жәмила құс салғаны,
Бір күнде екі бірдей түлкі алғаны.

Жайылды ертеңінде күллі өңірге,
Талайдың белгілі ғой таң қалғаны.

хикаялық  дастандар
Осылай Мұрат құсын сала берді,
Ақиық қашқан аңды ала берді.
Әлімбай да сайрандап сахараны,

Талай рет құс салған балаға ерді.
Бір күні бүркіт салып келді Мұрат,
Сағынып елі менен жерді Мұрат.
Есіне түсіп кетті қайран ана,

Қайтуға байлады анық белді Мұрат.
Сағынып шешесі мен қарындасын,
Көл қылып екі көзден төкті жасын.
«Не күйде отыр екен қайран анам»,

Деп жылап мұңға орады ғазиз басын.

—Ақ сүтің тартсын елге, асыл анам,

Жасымнан әлпештеген едің панам.
Алдыңда көз жасыммен ант етейін,
Мінеки, енді үйіне қайтты балаң.
Отырған бай-бәйбіше шайын ішіп,

Түлкі ішік әңгіме боп, қасқыр ішік.
Кірісіп әңгімеге Жәмила да,
Дегендей бірі өлшеп, бірі пішіп.
Есіктен кірді Мұрат сәлем беріп,

Әлекең отыр төрде көңілденіп.
Істемей әдепсіздік жөнін айтты,
Болса да қайту-қайтпау өзінде ерік.

—Әлеке, шешей де отыр, Жәмила бар,

Жаралы жанымды емдеп жаздыңыздар.
Рұқсат етсеңіздер ықыласпен,
Үйіме қайтсам деген бір жайым бар.
Отыр ғой шешем байғұс күнде жылап,

Жыртқыш жеп өлді ме деп таудан құлап.
Хабарсыз кеткеніме болды он бір ай,
Дәм айдап ел шетінен шықтым жырақ.

ақиық
Әкемдей жайған ыстық алақанын,
Кеңпейіл көрдім сыйын әр атаның.
Өлгенше борыштымын, қалсын менен,

Сіздерге тарту болып балапаным.
Әлімбай осы сөзге көңілденді:

—Шырағым, болсын қайтсаң жолың!—деді.

Бір ат ал жетегіңе Жәмиладан,
Тапқаның жөн,—деді ол,—еліңді енді.
Жәмила сөзге шұғыл араласты,

—Құсыңды бізге беру жарамас-ты.

Шыққаның үйден іздеп осы бүркіт,
Бұлай деп өзіңді не қара басты?
Құсыңды қолыңа ал алдыменен,
Құс беріп күтпей-ақ қой шалды да ерен.

Мұндағы қауым елден ұят болар,
«Жанаттар құсын алып қалды» деген.
Бүркітті ап қапты әкем дегізбеңіз,
Азамат басын сыйлау біздің негіз.

Еліне аман барса айта жүрсін,
Жақсылық түбегейлі істесеңіз.
Әлімбай бұған тағы мақұл деді,

—Айтқаның, Жәмилажан, ақыл,—деді.

Беріңдер жол жабдығын әбден қамдап,
Баратын емес жері жақын,—деді.
Мұраттың кеткенін ел білмей қалсын,
Жәмила, бір атты бер жетекке алсын.

Артынан олжа қуып түссе жаман,
Жетімек шешесіне аман барсын.
Бір қабат киіндірді жаңа киім,
Үйіне сәлемдеме салды бұйым.

Дайындап жолда жейтін азықтарын,
Тас түйін алды әзірлеп жол жабдығын.

хикаялық  дастандар
Әлімбай көп сөз айтты ақыл қылып,
Мұрат та тыңдап отыр мақұл біліп.
Қош айтып Әлекең мен бәйбішеге,

Дүйсенбі сәтті күні кетпек жүріп.
Бүркітін ап атына мінді Мұрат,
Қош айтты қимастықпен жыламсырап.
Әділбек, Жәмила да атқа қонды,

Қош айтып қайтамыз деп шығарып сап.
Жарым күн жүріп бұлар түсті аттан:

—Мен едім өлген Мұрат, тілсіз жатқан,

Жәмила, сізге не деп алғыс айтам,
Жүрегім сіз деп соғар айнымастан.

—Кел,—деді,—қайта айналып, ұмытпасаң,

Аман бол көзден тайып суықтасаң.
Айлық жол қанша ұзақ ер жігітке,
Бұл істі мен де ойлағам әлдеқашан.

—Шешемді, бауырымды көрейін бір,

Ұзасам айналармын бір-екі жыл.
Арыммен адамшылық серт етемін,
Айтылған ат жалында уағдам бұл.
Әділбек, осы сөзге куәгер бол,

Серт еттім аттың үсті, міне, ұзын жол,
Жолаушы жалғыз атты делінем бе,
Тағы да жүректегі бір сұрау бұл.

—Қош,—деді Мұрат сонда сөзін жиып,

Құсын ап Сарыбауырға алды мініп.
Құс та болса әйтеуір бір сезім бар,
Жүрерде пыштақтады енді ақиық.
Жәмила, Әділбекпен екеуара,

Барады Мұрат кетіп жалғыз қара.
Бетке алып батыстағы көкжиекті,
Қарасы бұлдырады бара-бара.

ақиық
Көрінбей ұзаған соң мінді атқа,
Жалт беріп қайтты бұлар ауыл жаққа.
Айналды төбесінде қиял құсы,

Көзі алда болғанымен, көңіл артта.
Жәмила күн еңкейе келді үйіне,
Көңілінің жарымдығы тұр біліне.
Сонан соң-ақ әке мен шешесіне,

Мұратты әңгімелеп жүрді күнде.
Кеткелі Мұрат үйден болды он бір ай,
Мұнша ұзақ айналғаны емес қой жай.
Майсара көзінен жас моншақтатып,

Арықтап кәрі дене болды қурай.
Самайын қырау шалып, қайғы батты,
Көз ілмей талай-талай таңдар атты.
Сағынып жалғыз ұлын жүрген ана,

Түс көріп рахатпен ұйықтап жатты.
Түсінде ақсақалды келіп адам,
«Олжалы келе жатыр,—деді,—балаң».
Бір құс кеп шаңыраққа қонған екен,

Анасы мұны ешқашан ойланбаған.
Мұратын иіскегенде бетін сүйіп,
Тартылған омырауы сүт боп иіп.
Қуанып төсегінен тұра сала,

Дөңеске есік алды шықты биік.
Майсара осыдан соң тіпті алаң,
Біреу келсе дей ме деп келді балаң.
Ертелі-кеш дөң үстінде отырады,

«Мұратым, зарықты,—деп,—асыл анаң».
Көңілін бір қуаныш алды кернеп,
Емес ол бұрынғыдай өте сергек.
Өсіріп балапанын айналды ғой,

Уақыт болды дейді енді келмек.

хикаялық  дастандар
Бір үміт, бір қуаныш алаңдатып,
Ойлайды көп істерді ойға батып.
Тәтті үміт көлбең қағып көз алдында,

Көрінгенге қарайды көзін сатып.
Жапан түзде келеді жортып Мұрат,
Әр нәрседен кей кезде қорқып Мұрат.
Салқын тиіп күн сайын етін жия,

Жүрген сайын елірді Сарыбауыр ат.
Ел шетіне ілінді бір ай жүріп,
Кей жерде дем алды атын тынықтырып.
Жол бойы кезі келген қоңыр аңды,

Ақиық көрсе алады бүрістіріп.
Осылай талай түлкі, қасқыр алды,
Терісін қосарына теңдеп алды.
Азық қып арқар менен тауешкіні,

Үйіне өстіп жүріп келіп қалды.
Майсара ішіп отыр түскі шайын,
Сөз етіп анда-санда Мұрат жайын:

—Тартады оң қабағым, қуанам ба,

Мұратым келіп қалды-ау, айналайын.
Мұрат кеп омырауым иігендей,
Япырым-ай, бір қуаныш білінгендей,—
Дегенше ала мойнақ үріп шығып,

Келгендей таныс адам қалды үндемей.
«Апа» деді есіктен кірмей жатып,
Таныс дауыс, Майсара тұрды атып.
Жүрегі кеудесіне симай кетті,

Көзінен моншақ жасын жамыратып.
Боздады боз інгендей Майсара да,
Оңай ма іштен шыққан, шіркін, бала.
Ағасын құшақтады қарындасы,

Жылады шұрқырасып үшеу ара.

ақиық
Шешесі:—Ботам,—дейді,—қозым,—дейді,
Баламды аман көрді көзім,—дейді.
Жылайды омырауын жаспен жуып,

—Он бір ай қайда кеттің өзің?—дейді.

Байлаулы мама ағаштан көріп атты,
Көршілер жүгірісіп келіп жатты.
Атасы Есімжанмен дәмдес болған,
Көршілік байланыс бар аса қатты.

Біреулер жасын іркіп көздеріне,
Тығылды көмейіне сөздері де.
Жүгіріп анадайдан қолын алып,
Мұраттың қуанысты келгеніне.

Сойды әкеп арнап қойған ақсарбасты,
Шақырды алыс-жақын ауылдасты.
Ақ шашты, ақ шылауыш әз аналар,
Мұраттың қосына әкеп шашу шашты.

Шоқпардай иығына үкі тағып,
Отырды Мұрат құсты қолына алып.
Көргендер «Құс баласы бұдан өтпес»,
Деп мақтап жатыр бүркіт көзге жағып.

Мұрат та баяндады жүрген жерін,
Алтайды мекендеген керей елін.
Ұядан ұшып ессіз жатқан шақта,
Бір байдың үйге апарып емдегенін.

—Жазылдым қамқорлықпен аман-есен,

Жарайтын жандар екен қалай десем.
Өзінің баласындай аялады,
Секілді мейірлі екен туған шешем.
Сағынып апамды да, ел мен жерді,

Ақсақал, рұқсат ет, қайтсам дедім.
«Құп, сәлем айт, балам, ауылыңа»,
Жүрерде азық-түлік, бір ат берді.

хикаялық  дастандар
Шығартты жарым күндік жолға мені,
Мейірлі екен төтенше керей елі.
Секілді жер бетінің жаннатындай,

Жер екен Алтай деген мекендері.
Тамаша Алтай деген жерді көрдім,
Жанаттан Әлімбайдай ерді көрдім.
Қоштасып аттанарда, уа, дүние-ай,

Қия алмай еңіреген елді көрдім.
Қыс өтіп, жайнаған жаз аяқталды,
Күз бітіп қыстың басы таяп қалды.
Ақиық осы жазда жақсы түлеп,

Жетілді теп-тегіс боп қанаттары.
Міне, бұл оның шыққан тірнек жасы,
Жұп-жұмыр өсіп толды бар тұлғасы
Айбары барлық аңға татығандай,

Бүркіттің болды ішінде тамашасы.
Қар жауып алып шықты бүркітті аңға,
Жібермейд көрген аңын қыран паң да.
Қасқыр, түлкі, елікті қойша қырып,

Атағы тарап жатты осы маңға.
Қасқырбай—сол ортаның азулысы,
Ұштасқан байлығымен билік ісі.
Қызыл көз қарақшы еді қаны сұйық,

Мағұлым сол өңірге надан күшті.
Мұраттың мақтап барды біреу құсын,
Бұл мақтау Қасқырбайдың күйдірді ішін.
Шаптырды шабарманын тез арада,

«Келсін,—деп,—Мұрат өзі алып құсын».
Жөнелді бір желпақым бұйрықты алып,
Бір сөзді екеу қылып айтты барып:

—Қақаң би бүркітін ап келсін деді,

Құрам деп саятшылық аңға барып.

ақиық
Білмеді сенерін де сенбесін де,
Қасқырбай ол Мұраттың теңдесі ме?
Мұрат пен Майсараның жүректері,

Дүрсілдеп сыймай кетті кеудесіне.
Біледі Қасқырбайдың сырын халық,
Зарлатқан сан адамды қырына алып.
Иті де осы өңірдің оған үрмей,

Тұмсығын жататұғын ішіне алып.
Майсара ойлап отыр осы жөнді,
Қасқырбай еңіреткен талай елді.
Не шара тартып алса үйге келіп,

Бармауға бүркіт алып буды белді.
Тұнжырап Мұрат отыр терең ойда,
Арылмай ата мінез біткен бойға.
Ежелден қасқыр істер қасқырлығын,

Кездессе қашан кеткен шаппай қойға.

—Мұраттың астындағы аты да арық,

Қыс бойы азып кетті аңға салып.
Мән-жайды жеткізіңіз толығырақ,
Қақаңа жөнін айтар өзі барып.

—Бұл үйге келмедіңіз бір талай жыл,—

Деді ана бір түлкі әкеп күрең қызыл.
«Орамал тон болмайды, жол болады»,
Кигізген басыңызға тымағым бұл.
Солай деп жолға салды шабарманды,

Шабарман зар жылатқан талай жанды.
Қазірше алдап-сулап аттандырды,
Ол қалай риза етер Қасқырбайды.
Шабарман үш күн жүріп қайтып барды,

Мән-жайды түк қалдырмай айтып барды.
«Мұраттың өзін ертіп келмедің» деп,
Қасқырбай жерді неше тарпып та алды.

хикаялық  дастандар
Тістеніп, шабарманға зеки түсті,

—Қашанда бітірмейсің барған істі.

Көрермін ол жетімнің әуселесін,—
Деп Қасекең азуын баса түсті.
Арада жағымпаздр тасып өсек,
Қоздырды қастандықтың отын көсеп.

«Қақаңа құс бермеген қандай сорлы»,
Деп олар өздерінше жасады есеп.
Кейбіреу Қасқырбайға жағып жүрді,
Мұрат та сырттан тыңдап бағып жүрді.

Жамандап Мұратты әтей жаныстырған,
Ортада өсек-аяң ағып жүрді.
Құдасы Қасқырбайдың ол бір жуан,
«Қыран құс тауып берсін» депті бұған.

«Алмаймын қалыңға мал, уәдем сол,
Бергені аю алар болсын қыран».
Соны айтып кетіпті елші осы қыста,
Байекең дей ме бұған қолым қысқа.

Ат жетер жерден іздеп жүргенінде,
Дөп келіп Мұрат қапты бұл жұмысқа.
Алдымен көрмек сөзбен алдап-арбап,
Бермесе зорлықпенен тартып алмақ.

Мүбәдә, құс қолына қона қалса,
Құдаға масаттанып өзі бармақ.
Мұраттың бір жақыны келді шауып,
Деді ол:—Осы құстан төнді қауіп,

«Ұры деп елден шыққан ұстатамыз»,
Деп жатыр, кет бұл жерден ебін тауып.
Мұраттың жүрегіне күмән орнап:

—Кімім бар,—деп ойлады,—ол қалар қорғап.

Қасқырбай сары ізіме түскен екен,
Құсымнан айырылармын шын-ақ сорлап.

ақиық
Онан да кеткенім жөн Алтайға ауып,
Бір түнде кетсек аман, жоқ қой қауіп.
Кемді күн көштің қамын әзірлейін,

Сапарға қажет мүлік іздеп тауып».
Соны айтып шешесіне қосты ақыл,
Майсара жасын төгіп болды мақұл.

—Көктеуге көшем деген сылтауменен,

Ауылдың үлкендерін үйге шақыр.
Шақырды шайға бір күн ауылдасын,
Дастарқан жайып қойды достық асын.

—Көшкенде көктеулікке айтпадың деп,

Көршілер, көңілдерің айырмасын.
Деп назбен меңзеп өтті көңіл күйін,
Хош қылды ауыл, туыс, келіндерін.
Балалардың қалтасына дән толтырып,

Бәрінің аулады әбден көңілдерін.
Зираты Есімжанның дөп-дөңгелек,
Басына ай орнатқан әшекейлеп.
Жұма күн жолға шығып үш мұңлы адам,

Арнайы сол зиратқа беттеп келед.
Майсара қос қозысын қасына ертіп,
Басына Есекеңнің келді жетіп.
Қоштасып оңашада аруақпенен,

Жылады үн шығарып еңіресіп.

—Қош!—деді Мұрат жылап,—қайран атам,

Басыңа келіп тұрған мен бір ботаң.
Айналдым мүрдең жатқан зиратыңды,
Кеше гөр ағат басқан болса қатам.
Сағынып елесіңді тұрмыз келіп,

Кететін болғандықтан бастан ерік.
Жатарсың ұл-қызыңды қорғап-қоршап,
Іс түсті басымызға қатер төніп.

хикаялық  дастандар
Соны айтып Мұрат қатты еңіреді,
Көз жасы жаңбыр болып төгіледі.
Жалтақтап анасы мен ағасына,

Күләй тұр, жас қой әлі, не біледі?
Майсара үн шығарып кетті жылап,
Көз жасын мүрде үстіне төкті бірақ:

—Арысым, ақыреттік қош бол енді,

Кетпекпіз сені тастап елден жырақ.
Жау шықты Қасқырбайдай шабатұғын,
Әлсізге қанды құрық салатұғын.
Ұры деп үстімізден арыз беріп,

Ұлыққа пара беріп жағатұғын.
Талайды рақымсыз еңіретті,
Бізге де аязы оның келіп өпті.
Еріксіз елден ауып кетер болдық,

Туған жер, тастап таныс төңіректі.
Қош, енді бір Аллаға аманатсың,
Мақшарда кездесейік саламат күн.
Душар боп Қасқырбайдың қақпанына,

Орнады басымызға ғаламат түн.
Бұл жерде қосағымның басы қалды,
Қабірге тамып көздің жасы қалды.
Дүниеде Қасқырбайдай жауыздарға,

Бір зауал Тәңір жазған бар шығар-ды.
Деп ана Құран оқып қолын жайды,
Жас парлап көздерінен, бет сипайды.
«Қош-қош!» айтып ақыры түрегелді,

Басса да иығынан ауыр қайғы.
Күңірентіп қасіретпен ұлы аумақты,
Үш адам әке әруағын бір аунатты.
Кім білсін, енді олардың күні нешік,

Бір сағым алдарынан бұлаң қақты.

ақиық
Сенбі күн әзірленді ерттеп көлік,
Көршілер жүк артысты ерте келіп.
«Көктеуге көшем» деген сөз бойынша,

Қамданады ұзақ жолды сертке берік.
Артуға кедей жүгі қанша қиын,
Лезде теңдеп болды келген жиын.
Күләйға түйелерді жетектетіп,

Майсара қолына алды ақиығын.
Сездірмей еш пендеге ішкі сырын,
Еріксіз кетті шалғай елден қырын.
Мол жүріп, сол жүргеннен дамылдамай,

Жеті күн дегенде алды бір-ақ тыным.
Кезікті жол-жөнекей талай адам,
Бүркітті Майсара әтей бөлеп алған.
«Ілгері аулымыз көшіп еді»

Адамға деп қояды жөн сұраған.
Бұлыңғыр не болады жол алдағы,
Ежелден момын жұрттың қонар бағы.
Кездесті екі жігіт—бір семья,

Босқынның біреуі екен олар дағы.
Сонымен екі үйлі жан көше берді,
Еріксіз артқа тастап ел мен жерді.
Ерулеп малды оттатып талай жерге,

Кең Алтай өңіріне жетіп келді.
Қасқырбай ұлып қалды көшкен жұртта,
Жауыздық Мұратты айдап шықты сыртқа.
Айырған ұл мен қызды туған жерден,

Сұм заман, қилы-қилы өткен жоқ па?
Қасқырбай іздетсе де тінтіп елді,
Аралап шабармандар талай жерді.
Мұраттың бар-жоғынан хабар таппай,

Бұқадай жер ошақты сүзе берді.

хикаялық  дастандар
Жол қалды екі күндік елге жетер,
Шілденің қызған кезі мидан өтер.

—Алдымен тілдеселік байға,—десті,

Тосыннан жетіп барсақ олар не дер?
Іліндік ел шетіне аман келіп,
Кемді күн осы араға ерулейік.
Кір жуып, ас дайындап, еру елге

Бағдарсыз ауған елдей көрінбейік.
Айтпалық Қасқырбайдың жауыз ісін,
Бүлдірген деп жүрмесін елдің ішін.
Паналап келдік десек өзіңізді,

Қайткенмен аяй қоймас бізден күшін.
Екі адам елге қарай басты қадам,
Мұраттың көңіл-күйі біраз алаң.
Байлаған қалың бие бай ауылға,

Ілінді қоналқада кешке таман.
Әлімбай отыр еді дөң басында,
Бірнеше ақсақалдар бар қасында.
Мұрат сәлем бергенде аттан түсіп,

Кәрия танымады алғашында.

—Уағалейкүмассалам, қай баласың,

Аттан түс, елің қайда, қайда қосың?

—Мұратпын былтыр кеткен қолыңыздан,—

Деп Мұрат құрметпенен иді басын.

—Жарайды, татқан дәмді ұмытпаған,

Есен бе елі-жұртың, шешең, балам?
Бәрі кеп отырған жұрт амандасты,
Кісідей кездеспеген неше заман.
Әділбек амандасты Мұратқа кеп,

Жүрегін жылы мейір шуақ бөлеп.
Әзілдей Мәриям да қол ұсынды,
Кідірмей ортадағы сұраққа көп.

ақиық
Әділбек осы байға жылқы бағып,
Күн кешкен суын әкеп, отын жағып.
Ұнатып бай-бәйбіше екеуін де,

Малай деп көрген емес сөзбен қағып.
Бірі аға, Жәмилаға жеңге бірі,
Ағаның атасына еңбегі ұлы.
Бір үйдің адамындай күн кешіп жүр,

Толықсып татулықтың теңге гүлі.
Әлекең бастады үйге қадам басып,
Жүгірді Мұрат алға есік ашып.
Артынан үлкендердің үйге кіріп,

Қол берді бәйбішеге амандасып.
Жәмила амандасты қолын алып,
Бір жалын кеткендей боп бетін шалып.
Мұраттың келгеніне қайран қалды,

Былтырғы жыл кездескенді есіне алып.
Аяқтап аман-сәлем, елдің жайы,
Құйылды қонаққа арнап қойған шайы.
Әлекең бата жасап мал сойғызды,

Қонақта ықыласы, арман-ойы.
Таңертең шәй ішкенде үйдің іші,
Жоқ еді танымайтын бөтен кісі.

—Мән-жайды айтар болсам,—деді Мұрат,—

Басымнан барады ұшып бақыт құсы.
Үйіммен көшіп келдім ұзақ жерден,
Осылай тарттым сізге көзім көрген.
Келіп ем сәлем бере жөн айтқалы,

Айырылған оңай емес өскен елден.
Мәриям шыныларға шайын құйып,
Қарады Жәмилаға бір жымиып.
Талайды көрген жерден тамсандырған,

Жәмила—осы үйдегі ол да ақиық.

хикаялық  дастандар
Әлімбай деді:—Балам қай жерде үйің,
Көші-қон, қалай болды жай-күйің?
Жаныңа адам ал да көшіріп кел,

Жалғыз үй жолда отыру болар қиын.

—Отырған жанымдағы мынау жігіт,

Ауғанның бұл да бірі елден шығып.
Кезігіп орта жолдан бірге келдік,
Жан сақтау мақсатында тірлік қуып.

—Тау асып, өзен кешіп, шөлді басып,

Келгенде ұзақ жерден күн-түн қатып.
Ертіп ап Әділбекті мен барайын,
Мұраттың апасына амандасып.
Бұл сөзін Жәмиланың мақұлдасты,

Қымыз ала баруды ақылдасты.
Көшіріп келмекші боп ауылына,
Төртеу боп келген ізбен қайта басты.
Дүрілдеп жастар ара кетті күліп,

Мұратқа Жәмиланы әзіл қылып.
Әділбек деді:—Жұмыс басталғанша,
Сақтаңдар құпияны ішке бүгіп.

—Мінеки, біздің ауыл осы болар,

Шошайған көшкен елдің қосы болар,—
Дегенде су көтеріп Күләй келед,
Майсара таңырқап тұр кім деп бұлар.
Су алып үй қасына келді Күләй,

Сұлулық болмаған-ау, сірә, мұндай.
Жәмила аттан түсіп амандасты,
Еліктің тым сүйкімді лағындай.

—Баласы Әлімбайдың Жәмила аты,

Әділбек сол кісінің қолғанаты.
Амандық сұрап, апа, сізге келді,—
Деп Мұрат таныстырып айтып жатты.

ақиық
Майсара Жәмиланың бетін сүйді,
Жәмила әдеппенен басын иді.

—Ажалдан алып қапсың Мұратымды,—

Деді ана,—қонағым жоқ сізден сыйлы.
Өмірің ұзын болсын, жанып бағың,
Құлпырсын күннен күнге жастық шағың.
Анаңа сені өсірген рақымет,

Дүниеден мұңнан таза өт, қарағым.
Құйды әкеп дастарқанға дайын шайын,
Майсара төкті солай сөздің майын.

—«Достың асын дұшпандай же» деген бар,

Тартынбай алыңдаршы, айналайын.
Шақырды Күләй барып көрші үйін,
Мінеки, екі үйлі жан болды жиын.
Толтырды сары аяқпен жағалатып,

Жәмила сары қымызбен жасап сыйын.

—Ей, апа, қонақ келді қосымызға,

Қонақтар сияр ма екен осымызға.
Үй тіксек үлкенірек жөн секілді,
Кеңірек жатар еді досымыз да.
Лезде үй тігілді дайын болып,

Майсара бәйек боп жүр майын қойып.
Тілеп ап анасынан Мұрат бата,
Қонаққа тартты табақ, қойын сойып.
Күн шыға жүріп кетті Мұрат көші,

Талайдан қалыптасқан әдет осы.
Дәл түсте бір бұлақтан сусын ішіп,
Тігілді ықшам ғана дамыл қосы.
Шағын көш келе жатыр, аз ғана мал,

Қолында Майсараның бүркіті бар.
Сары жайлау, малды ауылға келіп жетті,
Мөлшері кіші бесін дегенде дәл.

хикаялық  дастандар
Жиналып ауыл жатыр жүк түсіріп,
Бір жақтан жас келіндер үй тігісіп.
Қазақтың мейірбандық салтыменен,

Бәрі де келіп жатыр жапырылып.
Көршінің көшіп келген тігілді үйі,
Жастар жүр әзілдесіп жиі-жиі.
Үй-жиһаз көрер көзге ұнасып тұр,

Сырлы аяқ сыры кетсе де, кетпес сыны.
Майсара жас шағынан іске шебер,
Төгілген он саусақтан түрлі өнер.
Талай жан таңдай қағып, бас шайқады,

Істелген үй-мүлкіне көркем нелер.
Біреу қой, біреу қозы сойып әкеп,
Толассыз келіп жатыр ерулік деп.
Қазақтың бұл да тәтті берекесі,

Қоятын туыстық деп, көрші едік деп.
Әлімбай кемпірімен екеу ғана,
Хал сұрап келе жатыр Майсараға.
Алдынан Мұрат шығып есік ашты,

Қол беріп амандасты жайсаң ғана.

—Бәйбіше, қонысыңыз жайлы болсын!—

Деді бай салт бойынша бұл бір жосын.

—Айтқаныңыз келсін,—деп тосырқамай,

Сөйледі Майсара да ашық-жарқын.

—Ел-жұртты артқа тастап іздеп келдік,

Соншалық алыс жерден сіз деп келдік.
Тапсырдым Мұратымды өзіңізге,
Әрқашан отырыңыз ақыл беріп.
Қоян жон жайды әкеліп дастарқанды,

Үй іші көз тартарлық көркем сәнді.
Иіліп қонағына құрмет еткен,
Ұнатты Майсарадай жайсаң жанды.

ақиық
Есіктен кірді Мұрат қозы сүйреп,
Майсара тұрды орнынан «әумин!» деп.
Әлекең ықыласпен бата істеді,

Жүрегін бір мейірбан сезім билеп.
Шақырды Жәмиланы Күләй барып,
Келді ол Мәриямды ертіп алып.
Жанына анасының кеп отырды,

Майсара қойған еді сырмақ салып.
Тартылды бас, жамбас пен асық жілік,
Отырды мейман-достар ду-ду күліп.
Тамақ жеп, шай ішіліп болғаннан соң,

Қонақтар қайтпақ болды қолды жуып.
Зер сала өзі істеген, өзі пішіп,
Алынды ақ сандықтан қасқыр ішік.
Жапты әкеп бәйбішенің иығына,

Майсара бәйек бола құрақ ұшып.

—Бұл менің сіздерге алғыс орамалым,

Қайтыңдар өкпелемей даналарым.
Баяшат күн кешкіріп бұл өмірде,
Иләһим мұңсыз өссін балаларың.
Деп ана үйдің ішін шаттандырды,

Татулық жарық берді оттан нұрлы.
Майсара, Күләй, Мұрат бәрі шығып,
Мейманын алғыспенен аттандырды.
Ауыл боп «Май апаң» деп сыйлап бәрі,

Қоғадай жапырылды жас пен кәрі.
Әлімбай, Ғазизалар өзі бас боп,
Асырды мәртебесін онан ары.
Аз күнде рулы елге шығып аты,

Құлағын тікті күллі әйел заты.
Не мырза, келіншек пен бәйбішелер,
Үйіне із құрғатпай келіп жатты.

хикаялық  дастандар
Рулы ел Мұратқа да бек таңғалды,
Қыс бойы жылқы бағып, бүркіт салды.
«Бір сырлы жігіт екен сегіз қырлы»,

Деп халық азаматты ауызға алды.
Жәмила мал шетіне шықпады көп,
Кей-кейде атқа мінді зеріксе тек.
Қамқор боп әкесі мен шешесіне,

Бекінді қартайғанда күтейін деп.
Бос кезде Майсарадан үйреніп іс,
Осылай өтіп жатты жаз бенен қыс.
Жел ауыз ел ішінде өсекшілер,

Таратты өсек-аяң сыбыр-сыбыс.

—Бетім-ай, Әлекеңнің Жәмиласы,

Ес жоқ па, қалай өзі табиғаты.
Кірме жігіт Мұратқа тием депті,
Әйелдің бұл не деген бейшарасы.
Атаның атағы бар, анау малы,

Ұлындай өсіріп ед Жәмиланы.
Маңына жолатпайтын әуел десең,
Құдалық сөйлестірген сан мырзаны.
Болса егер мырзаға кеп, байға келіп,

Әкесі айдар еді қалың малын.
Жылы судан айырмай қол-аяғын,
Атанбай ма әуелі Жәміш ханым.
Қарашы, ел ішінен тапқан байын,

Елі жоқ, туысы жоқ, несі дайын?
Көлден безген бейбақ қой, шөл аңсаған,
Деген өсек қаулады күн-күн сайын.
Рулас кейбіреулер білектенді,

Елден қуып салам деп Мұратты енді.
Туған елдің бетіне салық болар,
Құс құмар бір кедеймен қыз кеткені.

ақиық
Ғазиза бұл өсектен хабар тауып,
Білдірмей Әлімбайға қойды жауып.
Реті келген күні анасына,

Жәмила айтты жайды ебін тауып.

—Айтатын бір сөзім бар—деді,—шешем,

Өсек көп ел ішінде ала бөтен.
Кәртейген шақтарыңда бас ауыртып,
Сіздерді мұнда тастап қайда кетем?
Болармын өле-өлгенше жандарыңда,

Сіздердің есен-саулық қамдарыңда.
Ағайын айтатынын айта берсін,
Бір жазу тұрған шығар маңдайымда.
Мал емес, бүгін маған адам керек,

Мұратты ұнаттым мен елден ерек.
Қыздарды шал алмайтын, мал алатын,
Сатылу мал орынына неге керек?
Ата-ана, тек өздерің рұқсат бер,

Өсегін айта берсін арадағы ел.
Сендерді тастап алыс кете алмаймын,
Мұрат ол бізден асып қайда кетер?
Ғазиза айтты байға осы сөзді,

Бел буып бір байламға келді өзі.
Әлекең терең ойға кетті шөгіп,
Нұрланып, күлімсіреп екі көзі.

—Жәмила ұлым да осы, қызым да осы,

Сол үшін қажет маған көңіл хошы.
Бай мен би, қалың малдың қажеті не,
Айтатын әкесінің жауабы осы.
Жәмила біліп әке-шеше сөзін,

Жүрегін шарпып өтті ыстық сезім.
«Ата-ана ақ сүтіңді ақтаймын» деп,
Арманға белді байлап бекітті өзін.

хикаялық  дастандар
Жәмила Мәриямға айтты жайды,

—Айтып қой Май апама бұл мән-жайды.

Қарайды әке-шешем қабағыма,
Болмасын ала көңіл бұл іс жайлы.
Мәриям Май апа деп кірді күліп,
Күләй бар, отыр еді жіп иіріп.

—Әкелдім өзіңізге жақсы хабар,

Айтпаймын сүйіншімді алмай тұрып.

—Ал!—деді,—сүйіншіңді, Мәриямжан,

«Жақсы сөз—жан азығы» дейді, балам.
Хабарын қуаныштың тез айта ғой
Тартынбай еш нәрседен болмай алаң.
Майсара Мәрияммен ақылдасты,

Әз ана шат мерейге жақындасты.
Жәмиланың сәлемі үшін ана,
Басына Мәриямның шашу шашты.

—Шының ба, Мәриямжан, қалжыңың ба,

Сенем бе, сенбеймін бе мен мұныңа.
Әлімбай Майсарамен құда болса,
Беретін малым, қане, қалыңына?
Осындай лықсып жатқан әйгілі бай,

Адамның біреуі емес немесе жай.
«Жалғыз үй, өзі кедей» деп жүрмесе,
Мәриям сүйіншіңді ал, аузыңа май!
Тәңірдің нар тәуекел салғанына,

Көз көріп жетсем болды арманыма.
Ғазиза, Әлекеңдер көрсе лайық,
Алланың ризамын алғанына.
Сол сәтте есік ашып кірді Мұрат,

—Мәриям қалжың айтты бұрынырақ.

Майсара жеңіл ғана сөз бастады,
Бұл істің ұқпақ болып жөнін сұрап.

ақиық
Мәриям сүйіншілеп келді маған,
Қояйын бір сұрауды енді саған.
Бұл іске қосыла ма бай-бәйбіше,

Мәнісін ұғындырып айтшы, балам.
Алдында апасының Мұрат бала,
Жымиып күліп қойды біраз ғана.

—Қосылған әкесі де, шешесі де,

Сөзі бар ағайынның ішінара.

—Ағайын не демейді арадағы,

Бастысы—атасы мен ана жағы.
Сөзінде басқалардың не тұр дейсің,
Ант-серт бұзылмаса баладағы.
Деді де Майсара мәз күліп кетті,

Мәриям сүйіншісін іліп кетті.
«Ел құлағы елу» деп осы әңгіме,
Ел ішіне таралып ду-ду етті.
Бір үміт, бір қорқыныш тербеп ойын,

Майсара тік көтерді өрге бойын.
Көліне қуаныштың кетті сүңгіп,
Армандап Мұратының болар тойын.
Қабақтан сезілмейді суық ырай,

Сый-құрмет бәрі орнында бұрынғыдай.
Біріне-бірі іңкәр екі үй ара,
Шаттықпен өткізіп жүр күнін ұдай.
Майсара Ғазизаға сырын айтты,

Көңілде көптен жүрген шынын айтты.
«Бала ғып Жәмиланы аламын» деп,
Ағынан ақтарыла күліп айтты.

—Бұл жайды жақсы білем дәл осындай,

Атасы басқаларды қосар Құдай.
Сөзі бар ағайынның арадағы,
Жүріңіз бұл туралы сіз шошымай.

хикаялық  дастандар
Ықылас бермекшіміз баламызға,
Суық сөз түспеу үшін арамызға.
Майсара бек қуанды алақайлап,

Деп айтқан Ғазизаның жауабына.
Ойланды бай Әлімбай талай істі,
Өзіне зілдей ауыр салмақ түсті.
Ортада ағайынның сөзі мынау,

Қалай ғып шешеміз деп бұл жұмысты.
Ғазиза айтты сонда бір ойды анық:

—«Ат берсең ауылыңмен» деген халық.

Алдымен берекеге шақырайық,
Рулас ағайынды жинап алып.
Оларға ашық айтып көзқарасты,
Шешелік алажаңқа тайталасты.

Айтпасақ үлкен дауға шырматылып,
Істікке шанышпайық бір алашты.
Осыған бай-бәйбіше болды мақұл,
Шақырып ағайынды салмақ ақыл.

Қолына қондырмақшы берекені,
Өкініп іс артынан қалмай қапыл.
Ақсақал, ауыл басы, руласын,
Көршісін, ағайынын, ру басын.

Шақырды бұл кеңеске Әлімбай бай,
Іштегі айтпақ болып құпиясын.

—Шақырды әтей дәмге үлкен-кіші,

Өсек көп, дуылдаған елдің іші.
Жалғыз үй бір кедейге бала берем,
Сол үшін қажет елдің берекесі.
Жәмила әрі қызым, әрі ұлым,

Бәріңе мәлім еді менің сырым.
Көзімнің тірісінде өз іргеме,
Бір отау тұрғызбақпын, айтар шыным.

ақиық
Болады майлығым да, сулығым да,
Ағайын қалай дейсің ал, мұныма?
Болса деп Жақа атаңның бір баласы,

Мұны мен айтпақшымын барлығыңа.
Енжар сөз шығара алмас ел арасы,
Бәрінің болса бірдей көзқарасы.
«Қыз-күйеу» деген сөзді былай қойып,

Болса екен Әлімбайдың бір баласы.
Бұл сөзге үлкен-кіші бәрі ойланып,
Тым-тырыс бола қалды сөзден қалып.
Жетелеп ақсарбас қой «әумин!» деп,

Жәмила кірді есіктен қолын жайып.
Ғазиза «әумин!» деп ол да тұрды,
Үлкендер бір-біріне мойын бұрды.
Қол жайып алдыменен Маман ата:

—Бақытты бол!—деп,—балам,—бата қылды.

Малға бата бермеске болмай қалды,
Риза етті Жәмиланың қол жайғаны.
Ашу сөз, арынды сөз бәрі қалып,
Жүректер қуанышпен нұрға айналды.

Ақиық құсын еткен асыл арман,
Азамат бақыт тапты тосын алдан.
Замана қай-қашанда қасиетті,
Осындай жастарменен жасыл орман.

Сан алуан содан бері заман өтті,
Мұраттан талай ата ұрпақ өсті.
Ақиық соңғы ұрпаққа аңыз болып,
Қалықтап ел аузынан бізге жетті.

Іленің Күнес деген алқабында,
Көл болған қу ойнаған шалқарында.
Бір аңыз ертедегі қалған екен,
Бірнеше пакттері байқалуда.

Көл дейді бұрын шалқар Күнес басы,
Суменен жасырылған тау мен тасы.
Жауырдан бір Көлденең тау болыпты,
Бөгелген Бұғас таумен екі арасы.

Жонынан асқар таудың көріп халық,
Мән-жайын ұғыныпты біліп анық.
Қаз қонып, үйрек ұшып сұңқылдаған,
Ерекше жасайды екен жайын балық.

Батысы Көлденең тау Қасқабұлақ,
Секіріп тастан-тасқа жатқан құлап.
Аңыз боп ел аузында қалған екен,
Кезінен хандық дәуір бұрынырақ.

Сол кезде Іле алқабы қалың орман,
Әртүрлі жыртқыш аңдар лықа толған.
Көкқамыр, Борбосынды мекендеген,
Бастаған бір топбасы халық болған.

Бағынған топбасыға онда халық,
Өткені топтық қауым жалпыға анық.
Топбасы қолын бастап аң қуалап,
Жер-жерді кезеді екен түгел шарып.

Қайраңдаған кит

қайраңдаған  кит
Ол өзі озбыр екен жаннан асқан,
Секілді колбар жылан зәрін шашқан.
Бейне бір қорқау қасқыр сияқтанып,

Жалақтап жан-жағына аузын ашқан.
Дейді екен топбасының атын Ақан,
Tалайдың елін тонап, малын шапқан.
Санайды өзін асқан мықтымын деп,

Мың бес жүз семья бар бұнда баққан.
Жеті әйел алған екен бұлап-талап,
Ешкім тең келе алмапты оған қарап.
Нәсірдің бір қызы бар осы топта,

Алам деп тоқалдыққа жүрген балап.
Ол қыздың аты Күләш, туған ерек,
Қиылған қас пен көзі, ақылы зерек.
Бұралған тал жібектей әм нұр жүзді,

Талай жан үміт етіп жүрді ентелеп.
Түрленген тоты құстай Күләш бала,
Жасынан сөзге тақ-тұқ, туған дана.
Нәсірде ұл болмаған, екі қыз бар,

Балаған ұл орнына ол бейшара.
Бір қарт бар осы топта Асан деген,
Көңілдес дос-жар адам Нәсірменен.
Онда да Мәлік атты жалғыз ұл бар,

Аялап, үйіріліп мәпелеген.
Күләшпен жасы құрдас, бір жыл туған,
Жан еді жаралғандай ол да нұрдан.
Бұлардың ата-анасы қуаныш қып,

Ақ-алал жұпты етуге көңіл бұрған.
Ақырып озбыр Ақан арыстандай,
Көнбесең түсірем деп төбеңнен жай.
Түйіп ол беттің арын белбеуіне,

Күләшті алам депті намыстанбай.

діни  дастандар
Нәсірмен жасы деңгей бірге өскен,
Жолдас боп бір қазанның дәмін жескен.
Нәсірді шақырып ап қысымдады,

Ол жауыз қараниет ардан кешкен.
Нәсір айтты:—Күш қылма маған,—деді,—
Жан жолдас болған ем ғой саған,— деді.
Райыңнан қайт, бұзба ниетіңді,

Күләш та, білсең, сенің балаң,—деді.
Ашуға мінді Ақан дәті берік,
Болған соң күші басым, өзінде ерік.
Нәсірді сөзге келмей байлаттырып,

Төстіктей оны асып қойды керіп.
Жеке өзі жалғыз билеп тұрған елін,
Бастауға бір сұмдықты буды белін.
Күләшті ұстап байлап әкелтуге,

Атарман бұйырады төрт жендетін.
Нәсірмен көрші отырған Асан сонда,
Мәлік те сыбыс естіп жүрген ол да.
Төрт жендет адыраңдап келді жетіп,

Күләшті әкетуге осы жолда.
Жауыздар рақымсыз қанға жерік,
Ұстады қыз Күләшті қоймай ерік.
Жабылып шырылдатып байлаған соң,

Қайратпен қарсыласты Мәлік келіп.
Қолынан қызды күшпен алды жұлып,
Қақты ма сендер қызға зорлық қылып.
Дегенде адырақпай өңкей сұмдар,

Қамшымен жосылтады Мәлікті ұрып.
Ер еді күші басым Мәлік мықты,
Талайды егескенде жерге тықты.
Тұщы етке ащы таяқ тигеннен соң,

Үшеуін бір-бір салып ұрып жықты.

қайраңдаған  кит
Біреуі ат ұстаған кетті қашып,
Тоздырды Мәлік батыр қайраты асып.
Қорыққан тұрымтайдан шымшықтай боп,

Ақанның кете жазды өзін басып.

—Сізге жоқ құлыңыздың,—деп,—аяр жаны,

Жағдайды Ақанға келіп баяндады.

—Күләшті ұстап, байлап алған кезде,

Асанұлы Мәлік кеп тартып алды.
Бар еді осы ауылда Асан дағы,
Ақанның уысында қашандағы.
Төнгенін басқа пәле сезсе дағы,

Көрінеу көз алдынан қаша алмады.
Жазықсыз Асанды да алды байлап,
Жіберді сегіз кісі тағы сайлап.
Бурадай Ақан залым тұр шабынып,

Мәлікті қызбен қосып кел деп айдап.
Мәлік, Нәсір, Асанды болды жоймақ,
Мәлік те әзірленді әдіс ойлап.
Жанын пида қылуға намыс үшін,

Шоқпарын, азық-түлік алды сайлап.
Сегізі жетіп келді адыраңдап,
Желбірлеп танаулары шадыраңдап.
Тасаланып тұруға Мәлік, Күләш,

Екеуі екі жақсы ат мінген таңдап.
Арындап әлгі сегіз келді жосып,
Қыз Күләш оны көріп қалды шошып.
Ауылдан енді аттанып шыға бере,

Жендеттер қамалады алдын тосып.
Ер Мәлік сегізімен араласты,
Қамады қалың дұшпан екі жасты.
Біріне-бірін соғып түсіргенде,

Шыдамай жендеттердің бәрі састы.

діни  дастандар
Екі рет жауды еңсерді қайраты асып,
Ақанға тісін қайрап кегі тасып.
Тапқанша халық хабар тасалауға,

Тау беттеп Күләш, Мәлік кетті қашып.
Тұсынан Ақтүбектің қастан өтіп,
Ішіне ну орманның алды бекіп.
Қуып кеп таба алмай Ақан залым,

Із-түзін шығара алмай қалды кетіп.
Жер соғып таппаған соң ыза кернеп,
Шапса да өз еліне аты терлеп.
Нәсірді Асанменен өлтіруге,

Жендетке қылды бұйрық қолын сермеп.
Өлтіртті Нәсір, Асан басын алып,
Түңілді лағнат айтып оған халық.
Екеуінің әйелін бір қызымен,

Жендеттер айдап келді тағы барып.
Қатігез болды жаудың қимылдары,
Ақанның арам ниет пиғылдары.
Нәсірді Асан менен өлтірген соң,

Тағы да қалғандарын қырғындады.
Күйзелді ел, күңіренді қарғыс айтып,
Тұтқиыл қарсы шықсын оған қайтіп.
Шалғайда елдің көбі бытыраңқы,

Көргендер көрмегенге барды айтып.
Ертесі естіген ел түгел барып,
Жерлеуге дайындалды өлікті алып.
Ақанмен айқасалық деп кеңесті,

Сүйекті жерлеп болып көрге салып.
Жамағат бес адамды жерлей тұрсын,
Зұлымға кегі тасып өрлей тұрсын.
Қабанша күркіреген Ақан сұмырай,

Әзірге есе теңдік бермей тұрсын.

қайраңдаған  кит
Өрекпіп озбыр Ақан жата тұрсын,
Мейлінше қан қарызға бата тұрсын.
Мәлік пенен қыз Күләш не болды екен,

Соны айтып қандыралық құлақ құрышын.
Бар екен алаңқыда қос қарағай,
Басы озық басқа ағаштан мұнарадай.
Бұтағы бітік біткен дөңгеленіп,

Кәдімгі үй секілді бойына сай.
Кең түбек, ат жайылар аумағы бар,
Сылдырап мөлдір бұлақ аққан сулар.
Жеріндей бұрын таныс көріп жүрген,

Орнығып дамыл алды келіп бұлар.
Ну орман басын иіп қос батыр деп,
Бал шырын жеміс ағаш төгіп жидек.
Бұлбұл құс әсем әнін мың құбылтып,

Алуан гүл биге басып тұр желкілдеп.
Жайнаған күн нұрымен аспан ашық,
Келдің деп құт мекенге екі ғашық.
Жайдары жаздың салқын самал желі,

Тұрғандай жұпар леппен шашу шашып.
От жағып тамақтанды демін алып,
Табиғат суретіне қайран қалып.
«Қайтті,—деп,—Ақан жауыз ата-ананы»,

Кектеніп отырды олар, кейде налып.
Осылай отырғанда сыбдыр шығып,
Сескенді алғашында бұлар бұғып.
Арбаңдап бір дәу адам келе жатыр,

Сақтанып шоқпар алып тұрды бұғып.
Бұғынған ол екеуін абайламай,

—Келетін жан қайда,—деп,—өзіме сай.

Билеген жапан түзді Тау батырмын,
Ашуым—тұман, айбатым—нажағай.

діни  дастандар
Шеніме келе ала ма менің адам,
Туғызам көрсем оған ақырзаман.
Су батыр—інім аты, көл иесі,

Ешбір күш тең келе ме болсақ аман.
Келген ол жақын таман ілгерілеп,
Құрал бар үш адамдық өзімде тек.
Деді де алты құлаш айбалтасын,

Таянып мықынына тұрды тіреп.
Ер Мәлік қайраттанды көріп оны,
Ашу бар көкірегінде кегі толы.
«Тәуекел» деп шоқпарымен ұрғанында,

Тізесінің көзіне жетті қолы.
Жапанда дию, дәулер жүреді екен,
Мәлік те одан хабар біледі екен.
Адамзат бұрын көріп ұрса оны,

Жамсата ұрған нәрсе тиеді екен.
Тау батыр кідірмеген күшін аяп,
Орманнан тұр оларды көре алмай-ақ.
Серті екен диюлардың адамзаттан,

Жыланша жиырылатын тисе таяқ.
Деді дәу адамзаттың тисе қолы,
Егер біз бұрын көрмей тұрсақ оны.
Әдет боп атамыздан қалған бізге,

Деп барып талықсыды айтып соны.
Серейіп құлап түсті бәйтеректей,
Тұрғанда басқа ұруға қолы жетпей.

—Мерт болдым қапылыста абайламай,

Су батыр татыр саған көп-ақ өтпей.
Тірі жүрсем шырағым тұрған жанып,
Өлсем өшер ініме дәл байқалып.
Шырақ өшіп білген соң өлгенімді,

Іздейді ол суды сүзіп, тауды ақтарып.

қайраңдаған  кит
Жанары көз нұрымның жатыр жанбай,
Келіп тұр ата-бабам шақырғандай.
Сен болып жаналғышым жаралыпсың,

Шоқпарың ажал оқ боп атылғандай.
Ажалға жан болар ма айтатын жал,
Сөзіме сен де менің құлағың сал.
Мөлшері тағдыр жазған осы маған,

Бір жанымды қинама басымды ал.
Деп, қылыш тастап, берді айбалтасын,
Мәлік те тез қимылдап кесті басын.
Қылыш, балта ұнамды соғыстағы,

Олжа алды найза, сауыт, шарайнасын.
Дәулердің Тамысбастау жолы болған,
Бұл жерге кейде аялдап, кейде қонған.
Жартасқа дәудің басын Мәлік іліп,

Атанып «Басілген» деп сонан қалған.
Үйірілді қараңғылық, күн де батып,
Дем алды Күләш, Мәлік біраз жатып,
Аттары үркіп бір кезде жер тарпыды,

Ағашты келді бір зат шартылдатып.
Қып-қызыл екі көзі оттай жанған,
Күркіреп шыға келді ну орманнан.
Қараса жер сабалап бір жолбарыс,

Сескеніп кідіріп тұр жанған оттан.
Томарды айқастырып қойған салып,
Жыртқышқа абай болсын деп ойға алып.
Қозданып қурап жатқан қайың томар,

Алаңды жарық қылып тұрған жанып.
Қолға алды дәудің Мәлік айбалтасын,
Паналап қарағайдың бір қалқасын.
Тесіліп отқа қарап ол тұрғанда,

Көрінбей бір жағынан шапты басын.

діни  дастандар
Ыршыды балта тиіп әлгі барыс,
Секіріп әудем жерге түсті алыс.
Шаншылған балта кетті шықпай бірге,

Өздері аман қалды ниет қалыс.
Ертесі көрсе қалған барыс өліп,
Терісін батыр Мәлік сойды әкеліп.
Күндіз ұйықтап, түнінде күзет қылған,

Төрт қонды өздеріне болып берік.
Мәліктей алған батыр құралданып,
Жайынша кекке шыдап тұрар нағып.
Өлтірсе ата-анасын жауыздықпен,

Ақаннан қанды кегін сұрары анық.
Қайтуға енді бұлар ниет қылсын,
Елімен тілдесуге бетін бұрсын.
Қалған жұрт не болды екен соны айталық,

Ауылға екі батыр жүре тұрсын.
Бөлініп елдің іші екі топқа,
Жатыпты егер болып олар жоқта.
Жазықсыз өлгендердің жоғын жоқтап,

Түсуден қайтпаймыз деп жанған отқа.
Бір топқа бас болыпты Қалмен деген,
Тату дос Нәсір және Асанменен.
Ақанға қаһарланып қарсы тұрып,

Айтыпты жауызсың деп адам жеген.
Бөлініп Ақан тобы кеткен қашып,
Мойнынан Батпақтының қырқып асып.
«Мәлікті Күләшпенен іздейміз» деп,

Кеңескен Қалмен тобы ақылдасып.
Ауылға Мәлік, Күләш қайтып барып,
Қанықты болған істен хабар алып.
Айрылған ата-анадан жетімдерге,

Көрісті қойдай шулап момын халық.

қайраңдаған  кит
Жалпыға Қалмен тұрып деді былай:

—Ізделік қашқындарды бекер тұрмай.

Қанды кек жүректегі қайтіп кетсін,
Талқандап Ақан тобын типыл қылмай.
Адамдар қаны қайнап, кегі қатқан,
Аттанды Ақанды іздеп тұс-тұс жақтан.

Із жатыр шұбырынды Іле жақта,
Кетіпті із жаңылтып залым Ақан.
Шығысқа қашқан ізі кетіпті өрлеп,
Өкшелей қуды бұлар ашу кернеп.

Басына үлкен бұлақ тұйықтапты,
Күнгейлеп Абыралы тауын керлеп.
Іркілмей қолын бастап қастан өтіп,
Қашқынды Қалмен, Мәлік қуып жетіп.

Ақанды тірі ұстап байлап алып,
Шалды оны ата-анаға құрбан етіп.
Ақанға жан басқаны бос қырылды,
Зорлықпенен ілескендер текке тұрды.

Жеткізбей жарым айға жаналғышты,
Ер Мәлік кегін алып ауызға ұрды.
Күйзелген қашып жүріп ашып-арып,
Көшіріп елді қосты елге апарып.

Кетпеді Тау батырдың сөзі есінен,
Мәлік жүр бір мақсатты ойына алып.
Тау батыр інім бар деп айтқан өзі,
Есінен қалай шықсын оның сөзі.

Жайратсам оны дағы деп ойлайды,
Бір жерде тұйықсызда келсе кезі.
Өйткені дәулер тауда жабайылар,
Су батыр іздеп келсе қалай қылар.

Көрінбей бұрын ұрса жығылады,
Үйренген Тау батырдан сабағы бар.

діни  дастандар
Айтпайды жан пендеге ішкі сырын,
Ұқпаған дәулер жөнін ешкім бұрын.
Келеді Тоспа тауды бетке алып,

Айтпады барар жерін, істің түрін.
Іріктеп елу адам нөкер алды,
Ешкімге сездірмеді ойда барды.
Күләшқа жөнін айтып, үйге тастап,

Іздеуге Су батырды дайындалды.
Көрсек деп саяхаттап тауды аралап,
Құпия Мәлікте бар үлкен талап.
Шығуға Көлденеңнің жотасына,

Келеді қолын бастап әтей қалап.
Тік аққан батысынан Қасқабұлақ,
Күмістей сағымдалып жатыр құлап.
Аспаннан шұбатылған не екен десіп,

Бірінен келе жатыр бірі сұрап.
Мәлік айтты:—Мынау бір Көлденең тау,
Бәрі бар не керемет ерді сынау.
Одан ассаң ар жағы бір айдын көл,

Секілді көл тынысы бұлақ мынау.
Жол жатыр жалғыз аяқ тауды керлеп,
Бұлар да осы жолды келеді өрлеп.
Үш құлаштай келетін аяқ ізін,

Нұсқайды бір-біріне міне көр деп.
Денесін Тау батырдың көрген Мәлік,
Өлшеген өлтіргенде аршын салып.
Өз көзінен көшірген Мәлікке аян,

Көрмеген қайдан білсін оны халық.
Айқын боп құмға батқан із жөткеліп,
Ұйлығып елу адам түйдектеліп.
Ұстасып жағаларын таңырқаумен,

Кейінің өңі қашты күлбеттеніп.

қайраңдаған  кит
Оларға үрейленген Мәлік күліп,
Осының қайтамыз деп жөнін біліп.
Серт ұстап қаруларын қайрат қысып,

Алдыға ілгерілеп кетті жүріп.
Таңғалып елу адам дабырласып,
Тездетті аттарына қамшы басып.
Алдыға айқай салып Мәлік озып,

Бір үлкен тас мойнақтан түседі асып.
Көрді ол Су батырды ұйықтап жатқан,
Оянса күш бермес деп тәңір атқан.
Қылышпен басын кесіп алайын деп,

Сескенбей Мәлік батыр түседі аттан.
Су батыр ұйқысынан кетті шошып,
Тигенде найза, қылыш етін осып.
Дүрілдеп тас мойнақтан елу адам,

Төгіліп келе жатыр еңіс жосып.
Су батыр басын жерден жұлып алды,
Тау жаққа дүбір шыққан көзін салды.
Орнынан ұшып тұрып кетіп еді,

Жүз құлаш Мәлік алыс жерде қалды.
Шырағы қалған өшіп Тау батырдың,
Ойлаған «не болды деп, өлтірді кім?»
Табам деп бір дерегін жатқан ұйықтап,

Аралап болдырған соң жердің жүзін.
Жүгірді Мәлік оған тұра ұмтылып,
Қылышын сермегенше кеткен тұрып.
«Барма!» деп шуылдады елу адам,

«Ол сені жоқ қылады бір-ақ ұрып».
Тоқтамай Мәлік кетті зыр жүгіріп,
Деп ойлап қоймасын дәу мені біліп.
Қолына томпайдай тас ала салып,

Жерінен қарым жетер қалады ұрып.

діни  дастандар
Дәу көрді Мәлікті де қасындағы,
Құралы Тау батырдың асынғаны.
Қаруын ағасының таныған соң,

Дірілі денесінің басылмады.
Дәу сасып Тоспа тауға кетті қашып,
Біреу күш көрсеткендей жағаласып.
Мекені Көлденең тау үстінде екен,

Үңгірге кіріп кетті қыратты асып.
Керемет үңгір екен ін секілді,
Кеткенін соған кіріп бұлар білді.
Жиылып елу адам түгел келіп,

Ойланып әдіс-шара біраз жүрді.
Бір бөлімі кетелік десіп жатыр,
Шықса дәу құртады деп бізді тақыр.
Емес деп дәу болғанымен қорқынышты,

Оларға жігер берді Мәлік батыр.
Ін кеткен еңіс төмен сүйірленіп,
Ер Мәлік көрем деді бұған еніп.
Беліне арқан байлап, қылыш алып,

Он арқан жеткен жерге кірді көріп.
Кеңесті нөкерлері тыста тұрып,
Мәлікті жібермеске ниет қылып.
Егер жетіп соқтықса оған барып,

Дәу келіп тастайды-ау бізді қырып.
Арқанды қалың адам алды тартып,
Айқайлап енді бері кел деп қайтып.
«Өлесің қайран Мәлік» деді шулап,

Жүректен жалынышты сөздер айтып.
Олар айтты:—Пәлеге жұғыспалық,
Қайтесің пәлені іздеп оған барып.
Құйрығын жатқан жылан басқандай боп,

Жүрмелік шын пәлеге сонда қалып.

қайраңдаған  кит
Келгенде қорғап қашып қыз Күләшті,
Жыртқыштар қамағанын екі жасты.
Айқасып Тау батырмен осы жолы,

Жартасқа енді айтады ілген басты.
Баяндап әңгіменің айтты бәрін,
Тау батыр мен жолбарыс ахуалын.
Үңгірін Су батырдың бекітуге,

Тасытты таудың жақпар дәу тастарын.
Құлатты толып жатқан үлкен тасты,
Су батыр салдырды естіп тіпті састы.
Тырмалап үңгір түбін жұдырықтап,

Қайтпады, барған сайын ары қашты.
Күлдірлеп құлатқан тас кетіп жатыр,
Жайларға әлдеқандай жетіп жатыр.
Толғанша үңгір аузы тастаймыз деп,

Толассыз тас тасытты Мәлік батыр.
Су батыр қайтар емес есік жаққа,
Қашқан жау келу қайда ынтымаққа.
Көзінен Қасқабұлақтың қайнап жатқан,

Жотаға жарып шықты бір уақытта.
Су батыр шыға келді тауды жарып,
Абайлап Мәлік сезіп қалды барып.
Жоғары белуардан көрінгенде,

Балтамен маңдайынан қалды салып.
Ақтарды балта тиіп миын бір-ақ,
Таба алмай қашқан дәуім тоқтау-тұрақ.
Жығылғын түбі шіріп қарағайдай,

Созылып, сүйретіліп жатыр сұлап.
Атылды көл де толқып тұрған толып,
Толқыны қабат-қабат таудай болып.
Су батыр шыққан жерден су құйылып,

Опырып Тоспа тауды кетіпті орып.

діни  дастандар
Атылған көкке шапшып су тасқыны,
Шошыды елу адам көріп оны.
Нөкерін бастап Мәлік шықты жонға,

Бетке алып Бұға тауы—Көкшоқыны.
Су орып Тоспа тауды түп орнымен,
Сарқылды шалқар көл де қалмай мүлдем.
Күнес деп бұл алқапқа ат қойылды,

Тек Тентек мөлдіреген ағыпты өзен.
Бұл көлде жасаушы еді бір дәу балық,
Шарықтап еркін жүріп сайран салып.
Басқасы тасқын сумен еңіс кетіп,

Қалыпты кит құмға қайраңдалып.
«Сол кит Аралтөбе қайраңдаған»,
Деп халық аңыз қылып кеткен сонан.
Қанат-құйрығында бөлек төбе,

Дейді екен денесінен бөлек қалған.
Көшіріп «Алтын күрек» желмен жауып,
Айтқан бұл алқапта қалмай қауіп.
Сұлайды шөбі шүйгін жерге айналып,

Қазақ кеп мекендепті оны тауып.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Томға енген мәтіндерге түсініктеме НӘЗІГҮЛ Мазмұны ел арасында, әсіресе, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өте танымал, халық сүйіп тыңдайтын «Болат, Жанат»1 дастанымен бірдей. Бұл шығарма «жазықсыз қуғынға ұшыраған жандар» ту­ ралы Шығыс пен Батысқа кең тараған халықаралық сюжетке құрылған. Осы типтес сюжетке негізделген шығармалардың мазмұны схемалық түрде, көбіне төмендегідей болып келеді: 1. Бейкүнә кейіпкер анасының құрсағында жатқанда өлімге бұйырылады да, алуан түрлі себептермен (көбінесе, аңдардың немесе басқа да көмекшілердің арқасында) тірі қалады. Ерек­ ше ерлігімен көзге түсіп, өзінің кім екенін танытады. Сөйтіп, ақырында еліне оралып, дұшпанында кеткен кегін қайтарады. Жеңілген жауының қызына үйленеді де, әкесінің тағына оты­ рады. 2. Перзентсіздіктің зарын шеккен падиша қартайғанда «ұл табамын» деп уәде берген кедейдің қызын, я көріпкелдердің ұсынысы бойынша алыстағы бір патшаның қызын алады. Біраздан соң ханымы бала туады. Оның күндестері аңда жүрген патшаға «ханым күшік туды» деп хабар береді. Ашуланған патша «күшікті далаға, ханымды зынданға тастаңдар» деп бұйырады. Көп уақыт өтеді. Бала жапан түзде алып батыр, мерген болып өседі. Ақырында ата-анасымен қауышады, 1 Дастан «Бабалар сөзі»атты Жүз томдық серияның алтыншы томында жарық көрді: Астана: Фолиант, 2004.—9-67-б.б. Мәтінді дайындап, ғылыми түсініктемесін жазған Б.Әзібаева.

хикаялық  дастандар
дұшпандардың қастығы анықталып айыпталады. Патша бала­
сын таққа отырғызады.

3. Күйеуі [әкесі] алыс сапарға шыққанда әйелін [қызын]

сенімді, жақын көретін (ол туысы болуы да мүмкін) адамына тап­
сырады. Сенімді, адал деген адамы аманатқа қиянат жасап, оған
нақақтан-нақақ жала жабады. Бейкүнә әйел (қыз) өлім жазасы­
на кесіледі. Бірақ ол түрлі себептермен аман қалады. Ақырында,

жасалған жауыздықтың беті ашылып, жала жапқандар жазала­
нады. Осы сюжетке құрылған шығармалардың мазмұны басқа
үлгіде де болуы мүмкін.
Бірінші типтегі шығармаларда заңсыз билікке ұмтылушы

тарапынан бас кейіпкерге жасалатын қастықтың негізгі се­
бебі—қызғаныш: патшаның заңды мұрагерін өлтіріп, тақтан
аластату. Екінші типтегі дастандарда да әдеттегідей патшаның
бәйбішесі жас әйелді қызғанып жаңа туған нәрестені өлімге

қияды. Ал үшінші типтегі шығармаларда пәк, таза әйел кейіп­
керді жолынан тайдырғысы келген әзәзілдер өз дегендері
болмаған соң, оған өтірік жала жабады.
Демек, бас кейіпкер қай себеппен қуғындалса да көп тауқымет

тартады, ақырында ол: а) тақтың заңды иесі екенін дәлелдеп өз
мұратына жетіп, дұшпанынан өш алады; ә) батыр боп ержет­
кен соң алыс сапарға елін іздеп шығады; кейде қиын жағдайға
тап болған әкесін жаудан құтқарады; ата-анасымен қосылады;

жасалған қастық анықталады; соңында кейіпкер әкесінің тағына
отырады; б) сабыры мен тақуалығының арқасында қиындықты
жеңіп шығады, өзінің тазалығын, әділдігін дәлелдейді және
көбінесе өзін орынсыз жәбірлегендерге кешірім жасайды; мұндай

жағдайға кейіпкер «ғажайып көмекшілердің» арқасында я өз
басының ерекшелігімен, яғни тұлғалық қасиеттерімен жетеді.
Хикаялық дастандарда кейіпкер өте ақылды, сабырлы, төзімді,
айлалы, тіпті қу болып келеді.

«Нәзігүл» дастанында қыз кейіпкер Нәзігүлге нақақ жала
жауып жәбірлегендер—әкесінің жақын тұтқан пірі Ешен молда,
күйеуінің сенімді Қаһар атты уәзірі, жолда кездейсоқ кездескен
жеті қарақшылар. Нәзігүлдің мінез-құлқы дамуда (динамикада)

берілген. Шығарманың басында Ешен молда жаман ниет білдір­
генде жасөспірім бала Нәзігүл жауызды әшкерелеп ашық қарсы
шыға алмайды, тек жылап қашып құтылады. Кейін ол ақылмен,
айламен дұшпандарын алдап, құтылып отырады.

ғылыми  қосымшалар Ақырында бас кейіпкерге қастық жасағандардың барлығы қыздың атасы Махмұттың үйінде жиналып қалады. Олардың қастығы әшкереленіп дәлелденеді де, әрқайсысы лайықты жа­ засын тартады. Қыз әкесі, бауырымен, күйеуімен қауышады, оның пәктігі, адалдығы паш етіледі. Қазақ жерінде кең тараған бұл дастан фольклорлық шығармалар туып, қалыптасып, жырланатын ортада дүниеге келгені сөзсіз. Жеке ақындардың қосқан үлесі де анық. Сол сияқты, шығыс әдебиетінің әсері де мол. Осы тақырыптас, мазмұны біздің дастандарға өте ұқсас шығарма өзбектерде де бар екені белгілі. Қазақстанда осы сюжетке құрылған дастандар «Опасыз ишан», «Сауда ишан», «Болат, Жанат» деген атпен белгілі. Қазіргі таңда дастанның жиырмаға жуық қолжазба нұсқалары мен көшірмелері анықталды2. Олардың басым көпшілгі «Бұрынғы өткен заманда, Ноғайлы деген елінде, Шолақ деген шаһарда» деп басталады. Біздің ойымызша, бұл дастанның түп төркіні шығыс әдебиетінде кең таралған, мазмұны өте қызықты, оқиғасы шы­ тырман болып келетін, қара сөз үлгісінде айтылатын хикаят­ тардан шығуы мүмкін. Дастанды ең бірінші жырлаған—Нұралы Нысанбайұлы. Нұралыдан көптеген ақын-жыршылар үйреніп, өз репертуары­ на енгізген және дастанның ел арасында мол таралуына еңбек сіңірген. Қытай қазақтары арасында кең тараған нұсқаны жырла­ған— Таңжарық Жолдыұлы. Оның дастаны қазақ жерінде жырланған нұсқаларға өте жақын. Бірақ Таңжарық ақынның дастаны олардың варианты емес. Сюжеті бір, мазмұны ұқсас болғанымен көптеген айырмашылқтар бар, мысалы: оқиға жоғарыда айтылғандай ноғайлы елінде емес, Мысыр, Бағдат қалаларында өтеді; қызға қиянат жасайтындар—ишан, уәзір және жеті қарақшы [Нұралы Нысанбайұлынан тараған нұсқаларда: Сауда ишан, күйеуінің сенімді жан жолдасы, қойшы, пада­ шы, жеті қалендар]; қыздың шешесі ертеректе дүние салған, т.б.; тілі, сөз саптау мәнері, ұйқастары, кейіпкерлердің айта­ 2 Олар ҚР БҒМ-ның Орталық Ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталығында сақтаулы.

хикаялық  дастандар
тын монологтары екі бөлек. Атап айтатын жайт—Таңжарық
ақын жырлаған 2208 жолдық дастанның алғашқы 800 жолы
Нәзігүлдің шешесі Зүбиләнің тарихын баяндауға арналған

[мұнда көптеген фольклорлық сарындар қамтылған]: Зүбилә
әкесінің қаталдығынан еш жазықсыз қуғынға ұшырап, бей­
нет көреді, адалдығы, ақылы, тапқырлығы арқасында ақыры
бақытқа қол жеткізеді. Ертеректе дүние салады. Нәзігүл жетім

қалады. Ол да еш жазықсыз көп қайғы-қасірет көреді. Бұл—
фольклорлық тұтастандырудың айқын көрінісі.
Жырдың 3-жолында ақын «Орындап Фазылжанның тап­
сырмасын» дей келіп, 9-жолда «Қазақша Нәзігүлді жаз деп еді»

дейді. Бұдан Таңжарық ақын басқа елдің әдебиетінен ауысқан
сюжетті қазақ тілінде жырлағанын аңғару қиын емес.
О.Егеубаевтың берген мәліметі бойынша: «Өткен ғасырдың
40- жылдарында Қытайдың Үрімжі түрмесінде тұтқында жатқан

Таңжарық Жолдыұлы ақынға қасында қамауда болған Фазы­
лжан атты түрмелесі ертегі қалпында әңгімелеп береді және
дас­тан қылып жазуды тапсырады. «Орындап Фазылжанның
тапсырмасын, Қалдырмай жолдас сөзін іске жарат, Бар шығар

әлі де болса бір шабар ет» деп, ақын қазақи дастанға айналды­
рады. Түрмедегі қазақтар жабыла жатқа алады. Олармен бірге
дастан қоғамға шығады және ақынның өз аузынан ел арасына,
сондай-ақ. Моңғолиядағы, Түркиядағы қазақтар арасына кең

таралады».
Томға ұсынылып отырған мәтін «Таңжарық Жолдыұлының
шығармаларының толық жинағынан»3 алынды.
Б. Әзібаева

НҰРДЕН МЕН МӘРИЯМНЫҢ ХИКАЯСЫ

Қазақ арасында дүниеге келіп, жат елде де өз табиғатын
жоғалтпаған шығармалардың бірі шығыс сюжетімен жыр­
ланған—«Нұрден мен Мәриямның хикаясы» атты дастан.
Шығарманың қысқаша мазмұнына тоқталсақ: Мысыр

қаласында тұратын Мәжит деген байдың Нұрден атты жалғыз
3 Таңжарық Жолдыұлының шығармаларының толық жинағы. 2-том.
Құрастырған О.Егеубаев.—Астана: Елорда баспасы, 2002.—191-251-б.

ғылыми  қосымшалар ұлы болады. Мәжит баласына арақ ішкені үшін ренжігенде, ба­ ласы қолын сермеп қалып, әкесінің көзін шығарады. Содан соң анасының ақылымен Ескендір қаласына кетіп қалады. Онда әкесінің жақсылығын көрген бір қарттың ақылымен базарда сауда жасап жүреді. Базарға сату үшін француз патшасының қызын әкеледі. Қызды сатып алушылар көп. Қыз бен Нұрден бір-біріне ғашық болады. Қызды сатып алып, екеуі үйленеді. Қыздың аты—Мәриям. Бір күні француз патшасының «қызымды кім тапса, соған қызымды беремін» деп жар салғаны белгілі болады. Патшаның уәзірі Мәриямды іздеп табуға бел бу­ ады. Көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткізген екі жас соңында Һарон Рашидтің әділдігінің арқасында қосылады. Оқиға желісінің өрбуіне, кейіпкерлердің мінез-құлқына, дастанның тіліне қарағанда дастан кейінгі дәуірде, атап айтқанда ХХ ғасырдың бас кезінде дүниеге келген болуы ке­ рек. Өйткені мұнда бас кейіпкер Нұрденнің ғашығы Мәриям басқа дастандардағыдай перінің немесе алты айшылық алыс шаһардағы патшаның (немесе ханның) сұлу қызы емес, жоғалып кеткен француз патшасының жалғыз қызы. Шығыс сюжетін арқау еткен дастандардың басым көпшілігінде бас кейіп­кер жігіт білімді, өнерге бай болып суреттелсе, бұл дастан­ да асыл қасиеттердің бәрі де қыз бойынан табылады. Шешімді де Мәриям қабылдап, әрекетке бірінші кірісетін де өзі. Дастан­ да қыз өнерлі, білімділігімен қатар, тәуекелшіл. Әкесі бастаған қуғыншылармен де жалғыз өзі соғысып, ерлік көрсетеді. Соған қарағанда ана еркі дәуірінің сарыны сақталған. Тағы бір ере­ кшелік—����������������������������������������������� басқа дастандарда бас кейіпкер болашақ жарына, көбіне атағын сыртынан естіп немесе түсінде көріп ғашық болса, «Нұрден мен Мәриямның хикаясында» болашақ жарына кездейсоқ жолығады. Дастанда қыздың портреттері, Нұрден мен Мәриямның диалогтары өте көркем берілген. Және де Һарон Рашид бейнесі әдеттегідей әділетті билеуші ретінде көрінеді. Осы дастанның «Фазыл—Мәриям» деп аталатын нұсқасы ОҒК-да [Ш.836, 8-дәп., латын әрпінде] сақтаулы. Көлемі—862 жол. Қорға 1941 жылы түскен. Жыршысы—Матақов Ибади. Еш жерде жарияланбаған. Адам есімдері, жер атаулары бол­ маса екі дастанның сюжетінде ешқандай айырмашылық жоқ. Аталған дастандардың сөз саптау мәнері бір-біріне ұқсамайды.

хикаялық  дастандар
Және де «Фазыл—Мәриям» дастанында орыс сөздері көптеп
кездеседі. Ал «Нұрден мен Мәриямның хикаясында» басқа тіл­
дерден енген сөздер жоқ десе де болады. Көлемі—1128 жол.

«Нұрден мен Мәриямның хикаясы» дастаны Қытай Халық
Республикасының қазақ халқы көп қоныстанған Ерентау
өңіріне кеңінен таралған. Осы өңірдің Юңфін ауылының
тұрғыны Балаш Жанабайұлы дастанның қолжазба нұсқасын

ұзақ жылдар сақтап келген. 1980 жылдары осы кісіден Жа­
найхан Жәкейұлы мен Бейсембай Мәдіұлы көшіріп алған. Осы
нұсқа 1992 жылы Қытайда жарық көрген «Үрімжі ауданының
қисса-дастандары»4 кітабында жарық көрді.

Томға енген мәтін сол кітаптан алынды.
Ж. Салтақова

АЛТЫН БАЛАҚ АҚСҰҢҚАР Дастанда баяндалатын оқиғаның басталуы «Бабалар сөзі» атты Жүзтомдықтың 9-томында жарияланған «Қисса мәлік Ха­ сен» дастанымен ұқсас5. Дегенмен айырмашылықтар жоқ емес. Мысалы, мұнда дастан кейіпкерлері патшаның үш баласы емес, Сам және Сабыр атты екі уәзірі. Сұлтанмахмұт патша түсінде көрген ақсұңқарды тауып келуге Сабырды жұмсайды. Сабыр тоғыз жыл күтіп, аңдып жүріп құсты қолға түсіріп, патшаға әкеледі. Дастанда құс патшасы деп суреттелетін ақсұңқар уәзірі кезқұйрықтың нәпсіге ергенінің кесірінен қолға түседі. Сұлтанмахмұт патша Сам уәзірінің айтуы бойынша ақсұңқарды бірнеше жыл қатарынан құсқа салады. Бір күндері ақсұңқар ұшып кетеді. Намазға ерте тұрған патшаға ақсұңқар қайта ұшып келіп, патшаның Сам уәзірінің сөзіне еріп, құс патша­ сын құс аулауға салып қойғанын, өзінің де ниеті жаман уәзірі кезқұйрыққа сеніп адам қолына түскенін баяндайды. Дастанды жырлаушылар ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазан қаласында бірнеше рет баспа бетін 4 Үрімжі ауданының қисса-дастандары. Құрастырған О.Егеубаев.—Үрімжі қалалық кәсіптік N2 орта мектептің баспасы,1992.—230-275-б. 5 Бабалар сөзі: Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 9-том. // Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Ақан А., Әзібаева Б., Рақышева Ж.—Астана: Фолиант, 2004.—278-342-б.

ғылыми  қосымшалар көрген «Қисса мәлік Хасен» дастанымен таныс болған. Осы шығарманың сюжетін арқау ете отырып, өзгерістер енгізіп, басқа дастанды дүниеге әкелген. «Алтын балақ ақсұңқар» дастанының «Қисса мәлік Хасен» дастанынан ерекшелігі—мұнда оқиға, ой, шығарма желісі қазақы дүниетанымға жақын берілген. Мысалы, бұл дастанда Сұлтанмахмұт патша ақсұңқарды әкелуге балала­ рын емес, сенімді уәзірі Сабырды жұмсайды. Және де патшаның ынтық болған құсы таңғажайып ертегідегі сиқырлы құс емес, кәдімгі қазақ халқы қадір тұтатын құс патшасы—ақсұңқар. Шығармада айтылатын ой, идея да өзгеріске ұшыраған. «Қисса мәлік Хасен» дастанында негізгі оқиға өзегі аман-есен әкесінің тапсырмасын орындаған Хасеннің әке тағына отыруы болса, «Алтын балақ ақсұңқар» дастанында адал адам мен ниеті теріс адамдардың образдары құстармен салыстырылып беріле отырып, жақсы мен жаманның қадірін түсіне білу туралы айтылады. Бұл ой Сұлтанмахмұт патшаға ақсұңқардың сөзімен беріледі. Дастанды Қытай Халық Республикасы Алтай ауданы, Қан­дығайты ауылының тұрғыны Адай Ақтайлақұлының ай­ туы бойынша жазып алған—Асқар Асхатұлы. 1980 жылы «Шалғын» журналының 3-санында жарияланып, 1991 жылы Күйтін қаласы, Іле халық баспасында жарық көрген «Алтай қаласының қисса-дастандары» атты кітапта жарияланған (207217-б.). Томға сол кітапта жарияланған мәтін алынды. Ж. Салтақова Қамарзаман Хикаялық дастанға жататын бұл шығарманың сюжеті «Мың бір түннен» алынған [168-247 түндер]6. «Мың бір түн» жинағында «Қамарзаман» сюжетін баяндайтын өте көлемді ертегі үш бөлімнен тұрады: 1. Қамарылзаманның хикаясы; 2. Мәлік Ғұйырдың қызы Мәлике Бүдірдің жайы; 3. Әмжат пен Асғаттың басынан өткен уақиғалар. Жырлаушы осы ұзақ та қызықты оқиғаны 898 жолдық дастанға сыйғыза білген. 6 Мың бір түн. Аударған Қ.Әбдіқадыров. 2-том.—Алматы: ҚазӘдебКөрБас, 1961.—2347-б.

хикаялық  дастандар Қысқаша мазмұнына тоқталсақ: Қамарзаман—патшаның жалғыз ұлы үйленбей жүріп алған соң, оны зынданға таста­ тады. Екі пері ақылдасып, ұйықтап жатқан жігіттің қасына сұлу қызды әкеледі. Жүзіктерін ауыстырып қояды. Ертеңгісін оянған жігіт қызды таппайды. Біраз қиыншылықтардан кейін жігіт ғашығын іздеп табады. Үйленіп еліне қайтып келе жатқанда тағы бір патша оған қызын береді. Сол жерді ме­ кендеп тұрып қалады. Екі әйелі екі ұл бала табады. Әйелдер бір-бірінің балаларына ғашық болып, олар айтқандарына көнбеген соң, қастық ойлайды. Әкесі екі баласын қуып жібе­ реді. Соңында екі баласы әкесімен, Қамарзаман өз баласымен табысады. Қазақ арасында осы сюжетті арқау еткен «Шын сүйіскендер» атты ертегі бар [ӘӨИ, Ш.606. 1-дәп. Айтушысы—Омар Елеуба­ ев. Жинаушысы—Б.Адамбаев. 1951 жылы жазылып алынып, 1964 жылы қорға түскен]. Дастанды ел аузынан жазып алған—Рамазан Баяхметұлы. 1985 жылы Р.Баяхметұлы нұсқасы Бейжіңде Ұлттар баспасы­ нан жарық көрген «Қазақ қиссалары» атты көптомдықтың 3томында жарияланған7. Томға ұсынылып отырған мәтін аталған кітаптан алынды. Ж. Салтақова ӘБДІКЕРІМ Хикаялық дастандар тобына жататын бұл шығарманың нысанасы—ғибрат айту, тәрбие беру. Өмірде бәріне ақылмен, еңбекпен жетуге болады деген ойды айту. Дастанның негізгі кейіпкері—Әбдікерім атты саудагер. Шығарманың қысқаша мазмұны төмендегідей: Әбдікерім сауда жасап басқа бір елге кетеді. Үйінде сұлулығы елден асқан әйелі қалады. Ол әйелге уәзірдің ба­ ласы көз салып, екеуі көңілдес болады. Әбдікерім базардан ағаштан жасалған сөйлейтін тоты құсты сатып алады. Еліне оралған соң, бір жиында Әбдікерім өзінің тотысын мақтайды. 7 Қазақ қиссалары. 3-том. Құрастырған О.Егеубаев.—Бейжиң: Ұлттар баспа­ сы, 1985.—498-543-б.

ғылыми  қосымшалар
Уәзір баласының көңілі сол тотыға кетіп, залымдық ой­
лайды. Бір ұстаны тауып, дәл сондай тоты жасатады. Оны
саудагердің тотысымен ауыстырып қояды да оған: «Егер

тотың сөйлесе, қатын, малымды саған берем»,—дейді. Тоты
сөйлемейді. Әбдікерімге Захит атты жігіт кез болады. За­
хит уәзір баласының әйелінің көңілдесі екен. Ол саудагерге
құсты жөндетіп беріп, уәзірдің әйелі мен малының жартысын

алмақшы болады. Тоты сөйлеп, патша уәзір ұлының қатынын,
мал-мүлкін алып береді. Захит пен Әбдікерім олжаны бөлісіп
алады. Саудагер мұратына жетеді. Қастық қылған уәзір ұлы
қаңғып кетеді.

Дастан мазмұнын оқиғасы шытырман бірнеше әңгіме
құрайды. Мысалы: ерлі-зайыптылардың бірін-бірі алдай­тын­
дығы жайында әңгімелер, олардың ішінде әйелінің күйеуінің
көзіне шөп салып, оны ақымақ қылатынын әңгімелейтін хикая­

лар болса, енді бірі басқа әйелге көңілі ауып қолайсыз жағдайға
душар болатын ерлер жайындағы оқиғалар мен жасынан сауда
жасап, басынан жақсы-жаман бәрін кешкен саудагерді сурет­
тейтін әңгімелер.

Аталмыш дастанда адамгершілік пен мұратқа ұмтылу
мәселесі басты орын алады. Яғни бұл жерде үнемі әділдіктің
жеңіп, зұлымдықтың әшкереленіп отыратындығы баян­
далған.

«Әбдікерім» дастанының көлемі—616-жол. Көркемдігі
жақсы. Мәтінде оқушының түсінігіне ауыр біршама араб, пар­
сы, татар т.б. сөздер кездеседі. Ал ондай түсініксіз сөздер қазақ
тіліне аударылып, томның соңында арнайы сөздікке топтасты­

рылды.
Сюжеті шығыс әдебиетінен ауысқан бұл дастанды жырлаған
Таңжарық ақын.
Томға ұсынылып отырған мәтін 2002 жылы шыққан

«Таңжарық Жолдыұлының шығармаларының толық жина­
ғынан» алынды8.

Қ. Алпысбаева
8 Әбдікерім // Таңжарық Жолдыұлының шығармаларының толық жинағы.
Екінші том.—Астана: Елорда баспасы, 2002.—117-133-б.

хикаялық  дастандар СӘНУАР ПАТША Қытайдағы қазақтар арасына кең таралған, хикаялық дас­ тандар тобына жататын бұл дастанның негізгі тақырыбы—опа­ сыз әйел мен адал жар жайында. Шығарманың қысқаша мазмұны төмендегідей: Сәнуар патшаның әйелі өліп, жас қызымен қалады. Қыз бой жеткен соң, оны ұзатады. Баһаргүл деген сұлу әйелге үйленеді. Әйелі дәумен көңіл қосып, патшаны дұға оқып итке айналдырып жібереді. Патша біраз уақыт ит кейпінде жүріп, басынан көптеген оқиғаларды өткізеді. Қызы мұны біліп, балгерлер арқылы қайта адам қалпына келтіреді. Кейін Патша Сақыпжамал атты қызға үйленеді. Сақыпжамал адал жар бола­ ды. Ал Баһаргүл жазасын алады. «Сәнуар патша» дастанының оқиғалық құрылымы күрделі. Мұнда талай заманның елестері бар деуге бола­ ды. Олар аталмыш дастанда бірнеше тұста көрініс тапқан. Солардың бірі—оқиға құрылымында қиял-ғажайып элементтердің кездесіп отыруы. Мысалы, шығарма оқиғасында адамзаттан басқа дию, ит секілді мақұлықтар­ дың араласып жүруі т.б. Дию, пері, жезтырнақ, самұрық құс, аждаһа—шығыс әдебиетінде жиі қолданылатын тұрақты қалыпқа айналған мифологиялық образдар9. Бұл образдар өте көне замандағы адамдардың мифологиялық түсінігінің ұқсастығынан көптеген халықтардың фольклорына ортақ болып кеткен. Сонымен қатар жырдың оқиғаларында Аллаға жалбарыну мотиві де көрініс тапқан. Эпикалық жырларда бұл мотив әр түрлі жағдайларда қолданыс тауып отырады. Мұнда бұл мо­ тив кейіпкердің жан қиналысын, күйзелісін, шарасыздығын аңғартады. Талданып отырған дастандағы кездесетін тағы бір мо­ тив—бал ашу мотиві. Мысалы, патша қызы әкесін ит кейпінде көргенде, яғни не істерін білмей тығырыққа тығылған кезінде балшыларды шақыртып, бал аштырады. Сонда балшы: 9 Короглы. Х. Г. Взаимосвязи эпоса народов Средней Азии, Ирана и Азербай­ джана.—Москва, 1983.—С.25-45.

ғылыми  қосымшалар

—Бір дию Сәнуармен күндес екен,

Сәнуар сұлу жайын білмес екен.

Әкеңді өгей шешең ит қылыпты,

Астыртын сол диюмен тілдес екен,—дейді.
Бұл орайда аталмыш мотив оқиғаны байланыстырып, дас­
танды одан әрі жалғастыру үшін қолданылып тұр. Мұндай мо­
тивтер көптеген жырларда («Құсайын қиссасы», «Олжабай ба­

тыр», «Салсал» т.б.) көрініс береді.
Мұнан кейін де дастанның композициясына мазмұны шы­
тырман көптеген әңгімелер кіріп, патшаның Сақыпжамал атты
қызға үйленуімен аяқталады.

«Сәнуар патша» дастанының көлемі—1314 жол. Көркемдігі
жақсы, оқиғасы қызықты. Мәтінде араб, парсы, татар, орыс
т.б. тілдерден енген бірқатар сөздер кездеседі. Ондай түсініксіз
сөздер қазақ тіліне аударылып, томның соңында арнайы

сөздікке топтастырылды.
Шығыс әдебиетінен ауысқан сюжетті жырлап дастанға
айналдырған—Таңжарық Жолдыұлы.
Томға ұсынылып отырған мәтін 2002 жылы шыққан

«Таңжарық
Жолдыұлының
шығармаларының
толық

жинағынан» алынды10.
Қ. Алпысбаева

БЕРДІБЕК ПЕН ШАҺИЗАТ

Дастан екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімнің мазмұны
өгей шешенің зұлымдығын баяндайтын оқиға болса, екінші
тарауы тапқырлық, ақылдылық пен әділеттілікті суреттеуге
арналған.

Шығарманың басты кейіпкері—патшаның ұлы Бердібек.
Дастан патшаның ерке жас тоқалы өзінің өгей баласына
ғашық болып, оған көңілін білдіруінен басталады. Беті қайтып,
кектенген келіншек ақыры патша алдында Бердібекке жала

жабады. Сөзге еріп, алданған патша уәзірге «баланы дарға ас»
деп әмір қылады.
10 Сәнуар патша / // Таңжарық Жолдыұлының шығармаларының толық
жинағы. Екінші том.—Астана: Елорда баспасы, 2002.—134-170-б.б.

хикаялық  дастандар Аталмыш дастандағы өгей шешенің зұлымдығын баяндай­ тын көрініс «Мың бір түн» ертегілеріндегі «Жеті уәзір, бір кәнизак» туралы (579-582—аралықтағы түндер) әңгімемен, «Тотынамадағы» «Шаһзада, жеті уәзір яки шаһзаданың бір кәнизак үшін бақытсыздыққа ұшырауы жайындағы» (8-түн) хикаялармен, «Қырық уәзір»11 дастанындағы әңгімемен және «Едіге туралы» жырлардағы мотивпен т.б. сарындас болып ке­ леді. Аталмыш дастанның композициялық құрылымы өте күрделі. Бір эпизодтың үстіне екінші эпизод тіркесіп отырады. Ол эпизодтардың әрқайсысы кейіпкердің басынан кешкен бір оқиғаға құрылған. Дастанның бас кейіпкері Бердібек әкесіне күнәсіздігін ай­ тып жалбарынады. Ақырында ханның уәзірі баланы аяп, өзінің Шаһизат атты баласын қосып елден қашырып жібереді. «Осы сәттен бастап үйінен қуылған жас бала көптеген қиыншылықтарды бастан өткереді. Бір ерекшелік—бұл дас­ танда бас кейіпкер белсенділік көрсетпейді. Ол мақсатына жету үшін ешқандай әрекет жасамайды. Оның есесіне оның досы өте ақылды, зерек, тапқыр, айлалы»12. Бердібек пен патша қызы түрмеге қамалғанда, Шаһизат әйел киімін киіп оларды түрмеден құтқарып қалады. Бұл жерде киім ауыстыру мотиві көрініс тапқан. Мұндай мотив көптеген халықтардың фольклоры мен әдебиетінде төніп тұрған ажалдан құтқару үшін, зынданнан шығарып алу үшін, қалыңдықты қаламаған күйеуден құтқару мақсатымен т.б. жағдайларда пайдаланылады13. Киім ауыстыру көрінісі көптеген эпостарда («Алпамыс батыр», «Таһир—Зуһра», «Қозы Көрпеш—Баян сұлу», «Фазыл—Мәриям» т.б.) кез­ деседі. Дастанның идеясы—тапқырлықты, алғырлық пен әділдікті дәріптеу. 11 Бабалар сөзі: Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 8-том. Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Қ.Алпысбаева., П.Әуесбаева.—Аста­ на: Фолиант, 2004. 12 С.А.Қасқабасов. Колыбель искусства.—Алматы: Өнер, 1992.—С.16. 13 Бабалар сөзі. Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 1-том. Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындаған Б.Әзібаева.—Астана: Фолиант, 2004.— 315-б.

ғылыми  қосымшалар
Шығармада патша Шаһизаттың екі ғашықты құтқару үшін
тапқан тапқырлығы мен әдіс-айласына таң қалып:

—Шаһизат, бір данышпан сібер,—деймін,

Басымда мінім болса мінер,—деймін.

Осындай әдіс-айла іздеп тапқан,

Өлімге енді сені жібермеймін,—деп, екі жастың бақыттарына бөгет болмай, әкелік батасын береді. «Бердібек пен Шаһизат» дастанының көлемі—763 жол. Көркемдігі жақсы. Мәтінде араб, парсы т.б. тілден енген сана­ улы сөздер ғана кездеседі. Олар қазақ тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды. Дастанды алғаш жырлаған—Таңжарық ақын. Томға ұсынылып отырған «Бердібек пен Шаһизат» дастанының мәтіні 2002 жылы «Елорда баспасынан» шыққан «Таңжарық Жолдыұлының шығармаларының толық жинағынан» (170-191бет) алынды. Қ. Алпысбаева Ақиық Алтай, Еренқабырға, Құбыл аймақтарына кең тараған «Ақиық» дастаны 1980 жылдары Алтайдағы Әбдісәлім атты жыршының айтуынан жазылып алынған. Қысқаша мазмұны: Есімжан деген қарт құсбегі қайтыс болған соң, бүркіті баласы Мұратқа қалады. Анасы Майсараның айтуымен Мұрат бүркітті аңға салып жүреді. Бір күні бір ақиық қыран оның бүркітін мертіктіріп кетеді. Жігіт әлдекімдерден ақиықтың Алтай тауын мекендейтінін естіп, балапанын алып келуге жолға шығады. Бірнеше ай сапарлап, ақыры ізде­ генін табады. Ұядағы қанаттанып қалған балапанды төменге ұшырып жіберіп, өзі қиядан түсіп келе жатқанда ана бүркіт мұны қанатымен қағып қиядан құлатып жібереді. Оқиға болған күні сол маңдағы бір байдың жылқысы өрістен қайтпай қалып, байдың жалғыз қызы жоқ қарауға шығады да, ес-түссіз жатқан Мұраттың үстінен түседі. Оны балапанымен бірге аулына әкеліп емдеп жазады. Екеуі бір-біріне ғашық болады. Мұрат сауыққан соң еліне қайтады. Бүркіттің атағы шартарапқа жайылады. Сол

хикаялық  дастандар өңірдің шонжары амалын тауып бүркітті тартып алмақ болады. Мұны сезген Мұрат анасы мен қарындасын алып Алтайға көшіп кетеді. Алтайда қыздың ата-анасының рұқсатымен ғашығына үйленеді. Көріп отырғанымыздай, шығарма өмірде болған оқиға ізі­ мен жырланған секілді. Мұнда әсірелеп суреттеу немесе қиялғажайып оқиғалар орын алмаған. Есесіне жыр пайда болған дәуірдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы шынайы түрде беріл­ ген. Мысалы, Қасқырбай байдың Мұраттың бүркітін сұратуы, бермесе «ұры» деп жала жауып соттатпақ болуы сол дәуірдегі төменгі тап өкілдерінің қорғансыздығының дәлелі болса керек. Мұрат сонда озбыр байға ешқандай қарсылық танытпайды, бар тапқан амалы үйін жығып бір түнде көшіп кетеді де, дас­ танда жақсы қырынан көрінген екінші бір байды барып пана­ лайды. Бұған қарап дастанның бертінде болған оқиға ізімен жырланғанын, әлі аңызға айнала қоймағанын шамалаймыз. Дегенмен мұнда фольклорға тән үлгілердің де қамтылғанын айта кетуіміз керек. Мысалы, ес-түссіз жатқан жігітті байдың жалғыз қызының тауып алуы, оны мәпелеп бағыпқағуы. Оқиғаның бұлайша өрбуінен қыз бен жігіттің түбінде үйленетінін болжауға болатын еді. Мұрат келерде анасының түс көруі де фольклорлық жыр­ лар­ға тән құбылыс. Сондай-ақ дастандағы жағымсыз кейіпкер­ дің есімі Қасқырбай болуын да шартты атау деп қарастырған жөн секілді. Дастан Қытайда жарық көрген «Қазақ қиссалары»14 жинағынан алынды. А. Ақан ҚАЙРАҢДАҒАН КИТ Дастанға арқау болған оқиға Іленің Күнес деген аймағында болыпты-мыс. Негізінен «Аралтөбе», «Басілген» және тағы басқа атаулардың қайдан шыққанын түсіндіруге арналған жыр желісі шытырман, қиял-ғажайып оқиғалармен өрнектелген. 14 Қазақ қиссалары. 18-том. Құрастырған О.Егеубаев.—Бейжиң: Ұлттар баспасы, 2001.—36-136 б.

ғылыми  қосымшалар Жыр шынайы оқиғамен басталады, яғни озбыр топбасының қаһарына ұшыраған екі жас тауға қашады. Олардың ата-ана­ ларын топбасы өлімге бұйырады. Жырдың екінші бөлімінде мифтік тұлғалар пайда болып, дастанды одан әрі тартымды әрі айшықты ете түседі. Күтпеген жерден келген Тау батыр деген дәу жастарға қауіп төндіргенде бас қаһарман Мәліктің ержүректігі мен тапқырлығы анық көрінеді. Дәуді өлтіріп, басын бір ағашқа іліп кетеді. Еліне қайтқан Мәлік пен Күләш халықпен тізе қосып, жауыз топбасын өлтіріп, кектерін қайтарады. Одан соң Тау батырдың інісі Су батырды нөкерлерімен іздеп шығады. Із­ деп шығу себебі ағасы өлсе, Су батырдың алдында жанып тұрған шырақ сөнеді екен. Ол сөнгенде інісі ағасының кегін алуға серт етіпті. Осыдан қауіптенген Мәлік нөкерлерімен дәуді тауып ала­ ды. Дәу қорқып үңгірге жасырынады. Бұлар үңгірді таспен бі­ тейді. Дәу көл жиегіндегі бір бұлақтың қайнарын тесіп шығады. Мәлік оны өлтіреді. Дәу шыққан үңгірге көл суы құйылып, көл орны дала болып қалады. Онда мекендеген бір кит қайраңдап қалып төбеге айналады. Жыр мазмұнынан байқағанымыздай, дастанды шығарушы идеясы әр түрлі екі оқиғаны өзінше байланыстырғаны көрініпақ тұр. Алғашқы бөлім екі ғашықтың озбыр күштердің кесірі­ нен елден жырақ кетуі, яғни хикаялыққа жақын болса, екінші бөлім таза қиял-ғажайып оқиғаларға негізделген. Бұған қарап, автор жергілікті атаулардың атымен байланыстыра отырып өзінше бір дастан жырлауға ұмтылған тәрізді деп ой қорытуға болады. Мәтінді тапсырған—О.Егеубаевтың айтуынша дастан­ ды жырлаушы Дәулетхан Құраласұлы. 1991 жылы «Күнес ауданының қисса-дастандары»15 жинағында жарияланған. А. Ақан 15Күнес ауданының қисса-дастандары.—Күйтін: Іле халық баспасы,1991.— 1-19-б.б.

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес»*. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразы­ лап, біреулерін—жұмаққа, енді біреулерін—тозаққа жібе­ реді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед [с.а.с.]**—Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиыр­ ма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген­ дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде­ гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым­ дылығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық * Құран Кәрім. 112-«Ихлас» сүресі. ** С.а.с.—салла Аллаһу аләйһи уас салам: Алланың жарылқауы мен қолдауы пайғамбарымыз Мұхаммедке деген тілек сөздің қысқартылған түрі. Хазірет Мұхаммедтің атына жалғаса айтылады, жазылады.

ғылыми  қосымшалар
(жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі),
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ

сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулилаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз
үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге
асады.
Әзірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періштелердің

бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар алдында
Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсайды.
Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл мен
Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл ша­

руаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол жан
алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға ажал мезеті
жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаштан
әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзірейіл

қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс.
Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының,
сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни
аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық

образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне
архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе,

кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді.
Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе
жатқан түсінігі бар.

Қазақ фольклорында Қызыр баба ������������������
[Қыдыр]—����������
ел аралап
жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы,

бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Һарон Рашид [763–809]—Аббас әулетінен шыққан бесін­
ші халифа. Һарон Рашид тұсында арабтардың ұзақ уақытқа
созылған Византияға қарсы күресі одан әрі жалғастырылды,

сонымен бірге халифатта ауыл шаруашылығы, қолөнер, са­
уда және мәдениет едәуір дамыды. Сондықтан болар тарихи
тұлға—Һарон Рашид есімі халық аузында аңыз-әңгіме мен ер­
тегі-жырға айналып кетті. Көптеген ертегі мен аңыздарда ол

әділ билеуші, халық қамқоршысы бейнесінде суреттеледі.

Сөздік* * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондық­ тан мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз. Ағлам /а/—белгілі, аян Ақырет, ахирет /а/—діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тарта­ тын күн; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы. Арапшы—мәтіндерде зұлым, сұмырай мағынасында беріл­ ген Асан /а/—жеңіл; оңай Аспансу—кеуде көтеру, тәкаппарсу, менменсу Аят /а/—белгі, ғажайып, өлең; Құран сүрелерінің ең шағын бөлігі Әзел /а/—мәңгілік, бақилық Әйла /т/—жаса, істе Әйтеу—әйтеуір Әтей—әдейі Бақи /а/—мәңгі, өмірлік; о дүние Баһадүр /п/—батыр Бәй—басын құрбандыққа тігу Бәлиғат /а/—кәмелет жасқа толу Бисмилла, бисмиллаһи /а/—Алланың атымен. Мұсылмандар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды. Винт /о/—бұранда Ғапыл, қапыл /а/—қапы болу, білмеу, байқамау, аңқаулық

ғылыми  қосымшалар Ғаріп, кәріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін; кәріп, шарасыз, бейшара, жарымжан Дағар, дағара— аузын дөңгелектеп шығарған үлкен қап Ділдә, тіллә /а/—алтын ақша; кейде алтын, зер мағынасында да қолданылады Жамал /а/—сұлулық, әдемілік, көріктілік Жармақ—бақыр, ақша Жың /қ/—салмақ өлшемі; жыңдау—өлшеу Закон /о/—заң Зұлжалал /а/—мәртебелі; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Зілзала—Құранның 99-сүресі Зікір /а/—еске алу, есте сақтау; ауызбен айту, баян ету; белгі; уағыз, насихат. Көбінесе Алла Тағаланы еске алып, жалбарыну мағынасында. Зікір жүректен [көңіл], сөзбен және дене қимылы арқылы, яғни үш түрлі жолмен орындалады. Иләһ /а/—Құдай; ���І� Иләhи—Құдайым Иншалла /а/—Алла қаласа Ихсан /а/—жақсылық, қайырымдылық Кәйіп /п/—ләззат Кәрім /а/—жомарт, Алла Тағаланың 99 есімінің бірі Кезмал—кездеме, мата Кәміл /а/—толық; бүтін Кеп, гәп /п/—сөз, әңгіме, хикая; бір нәрсенің сыры, мәні; бір істің, нәрсенің себеп-салдары, тетігі Күсет—жақсы, тәуір; саудасы күсет болды—қолы жүрді, жолы болды Қабағат /п/—орасан, керемет; өте Қасам /а/—��������������� серт, ант; уәде Қаспыран—дуалайтын дұға, аят Қисса /а/—әңгіме, тарих Қонақ —жүгері Құбыла /а/—мұсылмандардың намаз оқығанда бет бұратын жағы. Алғашында Мұхаммед пен оның серіктері беттерін шығысқа, Иерусалимге қарай бұратын; кейіннен хижраның екінші жылы қасиетті Қағбаны белгілейді. Лапка /о/—������������������� сауда жасайтын орын Мақшар /а/—діни ұғым бойынша, дүние салған адамның күнәсі тексерілетін кезең; ақырет

хикаялық  дастандар
Мүбәрак /а/—берекелі
Мүмін /а/—иманды, мұсылман
Міскін /а/—бейшара, ғаріп

Намахрам /п/—бөтен, басқа; тыйым салынған
Опайке—бұзау терісінен өңделген былғары
Опы—үй; лашық
Өлекшін—өлексеге үйір үлкен қарақұс, күшіген

Пар /о/—жұп; жұбай
Пәраң (фәраң)— шығыс халықтары еуропалықтарды
осылай атаған
Пәруана /п/—түнде ұшатын көбелек. Ауыспалы мағынасы:

біреудің жолына құрбан болу, садаға болу, жанын қию
Пәни /п/—жалған, бұ дүние
Порым /о/—пішін; форма
Пұтхана—жасанды мүсінге табынатын, құлшылық ететін

жер; ғибадатхана
Рабби /а/—Құдайым
Расход /о/—шығын
Салмау тарту—мүлгіген тыныштық

Санат /а/—құрметті, дәрежелі, атақты
Саф /а/—таза
Сахуат /а/—ақыл-ой, ес, сана
Семья /о/— отбасы

Сорт /о/—сапа; түр
Тамам /а/—соңы; аяқталды
Таспиқ, тәсбих тәсбі /а/—33 моншақ тастан тұратын тіз­
бек. Тәсбі тарту—моншақ тастарды тере отырып 34 рет «Аллаһу

Акбар», 33 рет «Сұбхан Алла», 33 рет «Әлхамдулилла» деп
Алла Тағаланы мадақтап сыйыну. Бұл ерекше көркем сөздерді
Мұхаммед пайғамбарымыз [с.а.с.] қызы Фатима анамызға
үйреткен; кейіннен мұсылман әлемінде нұр сәулелі Фатиманың

тәсбісі деп аталып, әр намаз сайын айтылатын болған.
Тәкуир—Құранның 81-сүресі
Тәрік ���
ету /а/—ұмыту, елемеу; орындамау

Уәжіп/а/—міндет, борыш; қағида; шарт, парыз
Уәли /а/—басқарушы; әмірші
Үшбу /т/—осы, бұл
Фаһим /а/—түсінік, пайым, ой, зейін

Форма /о/—пішін, форма

ғылыми  қосымшалар
Хазірет
/а/—жоғары
мәртебелі;

пайғамбарлардың,
имамдардың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын
құрметті атақ
Хадис /а/—әңгіме; хикая; хазіреті Мұхаммед [с.а.с.]

пайғамбарымыздың айтқан ұлағатты, қасиетті, даналық
сөздері, өсиеттері
Халиф, халифа /а/—ислам орнағаннан ХІІІ ғасырға дейін
араб елдерінде дін мен үкімет билігін бір қолға ұстаған мемле­

кет билеушісі
Хикмет /а/—керемет, ғажайып, дана сөз
Хикая /а/—фольклордың және жазба әдебиеттің жанрлық
түрі

Шаһизада— патшалар мен шаһтардың, имамдар мен
халифтердің мұрагер ұлдарын осылай атаған
Шәріп /п/—асыл текті; ақсүйек
Шорнобай—������������������������������

черновой /о/—алғашқы жазылған
Ықылым /а/—жер; таныс емес, бөгде ел

Жер-су атаулары Алтай—Қазақстан, Ресей, Монғолия, Қытай жерлеріндегі Азияның ірі тау жүйесі. Африка—Жер шарындағы алты құрлықтың бірі. Бағдат—(кей жорамалдарға қарағанда ежелгі парсы тілінің «бага»—құдай, «дад»—берген, яғни «құдай сыйы» сөздерінен шыққан)—1921 жылдан қазіргі Ирак мемлекетінің астанасы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай салынған. Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) де­ ген атпен халиф Мансұр 762 жылы салдырған. Бағдат—орта ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары [На­ среддин Туси, Әл-Фараби т.б.] оқып, білім алған. Димашық—Сирия астанасы. Орта ғасырлардағы сауда, мәдениет ерекше дамыған араб қалаларының бірі. Ескендір—Александрия. Мысырдағы көне қаланың атауы. Қаланың іргесін атақты грек қолбасшысы Александр Македон­ ский қалаған. Қытай—Азиядағы ірі мемлекет. Астанасы—Пекин [Бейжін] қаласы. Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның не­ гізін қалаушы Мұхаммед [с.а.с.] осы қалада дүниеге кел­ ген. Мұхаммед [с.а.с.] Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла). Мұсылмандардың Меккені 630 жылы жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады.

ғылыми  қосымшалар
Мысыр—араб елінің африкалық бөлігіндегі көне шаһар әрі
ел атауы. Жергілікті арабтар Египетті де, оның астанасы Каирді
де Мысыр деп атайды. Қазақ фольклорында, сондай-ақ көптеген

шығыс халықтарының ауыз әдебиеті шығармаларында Мысыр
атауы жиі ұшырасады.
Үрімжі—1773 жылы Дихуа деп өзгертілген, 1884 жылы
Шыңжан өлкесінің орталығы болған. 1954 жылы 1-ақпанда

ежелгі Үрімжі аты қайта қалпына келтірілген.
Француз—Франция
Шыңжаң—Қытай Халық Республикасының батысында
орналасқан аймақ.

Сонымен қатар мәтіндерде Қытайдағы қазақтар мекендеген
жер-су, тау атаулары көптеп кездеседі, мысалы: Үлкен Нұра,
Ерентау, Жон тауы, Қобда, Қанас, Қаражарық т.б.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Таңжарық Жолдыұлы (1903-1947)—Қытай Халық Респуб­

ликасы, Іле Қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданының
Қамысты деген таулы өңірінде дүниеге келген. Он үш-он төрт
жасынан бастап айтысқа түсіп, «ақын бала» атанған. 1922-1925
жылдары Алматы облысы, Нарынқол ауданында тұрады. Еліне

қайтып келген Таңжарық қоғамдық-саяси өмірге белсене арала­
сады. Мектептер ашып, «Іле» газетін ұйымдастырады. Құлжа
қаласында тұңғыш қазақ театрын құрған. 1940-1946 жылдары
Құлжа, Үрімжі түрмелерінде тұтқында болған. Ауыз әдебиеті

үлгілерін жырлап, ел арасына таратушы жыршы, ақын.
Оразанбай Егеубаев—1935 жылы Қытайдың Шыңжаң
өлкесі, Шағантоғай ауданы, Ойқұдық ауылында туылған.
Қытайдағы әсіресе солшылдық, «Мәдениет зор төңкерісі»

нәубеттерінде 1958 жылдан бастап ауыр саяси соққыға
ұшыраған. 1980 жылы түбегейлі ақталған. Қытайдың мәдениеті
мен өнеріне үлес қосқан ғалым, Шыңжаң фольклортанушы­
лар қоғамының мүшесі. Қытайдағы қазақ фольклорын жинап,

баспаға ұсынушы.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр

дәп—дәптер
/а/—араб
/қ/—қытай
/о/—орыс

/п/—парсы
/т/—түркі, көне түркі

Пайдаланылған әдебиеттер 1.  Азибаева Б. У. Казахский дастанный эпос.—Алматы, 1998. 2.  Әбдуов М. Қазақтың діни эпосы.—Қарағанды, 2006. 3.  Бабалар сөзі: Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 6-том. // Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Ақан А., Әзібаева Б., Әлібек Т., Рақышева Ж.—Астана: Фолиант, 2004. 4.  Бабалар сөзі: Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 8-том. // Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Алпысбаева Қ., Әуесбаева П.—Астана: Фолиант, 2004. 5.  Бабалар сөзі: Жүз томдық. Хикаялық дастандар. 9-том. // Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Ақан А., Әзібаева Б., Рақышева Ж.—Астана: Фолиант, 2004. 6.  Короглы Х.Т. Взаимосвязи эпоса народов средней Азии, Ирана и Азербайджана.—Москва, 1983. 7.  Қазақ қиссалары. Құрастырған О. Егеубаев. 3-том.— Бейжиң: Ұлттар баспасы, 1985. 8.  Мың бір түн. Аударған Қ. Әбдіқадыров. 2-том.—Алматы: ҚазӘдебКөрБас, 1961. 9.  Таңжарық. Шығармалар жинағы. Екі томдық.— Шыңжаң халық баспасы, 2001. 10.  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы, 1993. 11.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.— М., 1968. 12.  Древнетюркский словарь.—Л., Наука, 1969. 13.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­ лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.— Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

ғылыми  қосымшалар 14.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 15.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І. К. Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 16.  Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т.—М., 1970. 17.  Татарско-русский словарь.—М., Советская энциклопе­

дия, 1966. 18.  Турецко-русский словарь.—М., Русский язык медиа,

2005.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Минис­
терства образования и науки РК продолжает работу по подго­
товке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора
«Бабалар сөзі», выполняемого в рамках государственной про­

граммы «Мәдени мұра»(«Культурное наследие»).
По состоянию на сегодняшний день институтом подготовле­
но и издано 22 тома фольклорных текстов, в том числе: девять
томов новеллистических дастанов, шесть томов дастанов рели­

гиозно-нравственного содержания и пять томов дастанов рома­
нического (любовных) содержания.
Предлагаемый вниманию читателей 23-том свода включает в
себя фольклор казахов, проживающих в Китае. В Китае прожи­

вает около полутора миллиона казахов. Волею судьбы оказав­
шиеся на чужбине, они сохранили свой язык, обычаи и фоль­
клор. В репертуаре тамошних сказителей сохранились почти
все сюжеты общеказахского эпического, сказочного, песенного

и др. творчества. Наряду с ними бытуют сюжеты, возникшие в
новых условиях, в иной среде проживания.
Данный том включает в себя дастаны новеллистическо­
го содержания, это такие произведения, как: «Нәзігүл»,

«Нұрден мен Мәриямның хикаясы», «Алтын балақ ақсұңқар»,
«Қамарзаман», «Әбдікерім», «Сәнуар патша», «Бердібек пен
Шаһизат», «Ақиық», «Қайраңдаған кит».
Сюжеты некоторых из них восходят к произведениям вос­

точной литературы, другая же часть их сложена по следам ре­
гиональных легенд и преданий. Всего планируется подготовка
и издание нескольких томов образцов фольклора казахов, про­
живающих в Китае.

ғылыми  қосымшалар
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі» том
снабжен научными приложениями, которые включают в себя:
сведения о публикуемых текстах; краткий историко-фолькло­

ристический и текстологический анализ их; данные о истори­
ческих и религиозных деятелях, имена которых встречаются в
текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов,
терминов и понятий религиозного характера, а также геогра­

фических названий; сведения о сказителях, собирателях и пуб­
ликаторах; список использованной литературы; резюме на рус­
ском и английском языках.
Тексты, печатаемые в данном сборнике в свое время издава­

лись в Китае. При этом они, к сожалению, подверглись в опре­
деленной степени, редакции, литературной обработке. Это про­
исходило, по всей вероятности, как на стадии записи текстов от
исполнителей, так и в процессе переписки рукописей (возможно

неоднократной), а также и в ходе подготовки текстов к изданию.
Вместе с тем в них сохранены особенности фольклора казахской
диаспоры Китая.
В Казахстане все тексты данного тома публикуются впер­

вые.
Объем тома—22,5 п.л.

Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Edu­catіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on pre­ paratіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Medenі Mura» («Cultural herіtage»). At present tіme the Іnstіtute has prepared and publіshed 22 vo­lumes of folklore texts іncludіng nіne novelіstіc dastans, sіx volumes of relіgіous-moralіstіc dastans and fіve romantіc (love) dastans. The proposed 23d volume іncludes folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. About mіllіon and a half Kazakh people lіve іn chіna. Hіstorіcally іt happened so that Kazakh people have left to Chіna, lіved there and preserved theіr natіve language, customs and folklore. The repertoіre of the narrators have preserved al­ most all plots of common Kazakh epіc, tale, song and other creatіve work. Alongsіde wіth them there the plots that have orіgіnated іn new condіtіons, іn a dіfferent envіronment. Thіs volume іncludes dastans of novelіstіc content such as «Nazіgul», «Nurden men Marіamnіn khіkayasі», «Altyn balak aksunkar», «Kamarzaman», «Abdіkerіm», «Senuar patsha», «Berdіbek pen Shahіzat», «Akіjіk», «Kaіrandagan kіt». Some of theіr plots orіgіnate from the Orіental lіterary works, other part іs based on regіonal legends and tales. Іn total іt іs plan­ ned to prepare and publіsh several volumes of folklore samples of the Kazakh people lіvіng іn Chіna. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the volume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіgu­

ғылыми  қосымшалар res whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Texts publіshed іn thіs volume have been publіshed іn Chіna. Regretfully they have been subject to edіtіng and lіterary proces­ sіng. Possіbly thіs happened both on the stage of recordіng texts from the narrators and іn the process of re-wrіtіng of the manus­ crіpts (possіbly several tіmes) as well as durіng preparatіon of the texts for publіshіng. However they have preserved the peculіarіtіes of the folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. Іn Kazakhstan all texts of thіs volume are beіng publіshed for the fіrst tіme. Volume іncludes 22,5 p.p.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 6 Қытайдағы қазақ фольклоры (алғы сөз)................................... 8 Мәтіндер Нәзігүл ............................................................................. 23 Нұрден мен Мәриямның хикаясы ......................................... 92 Алтын балақ ақсұңқар .......................................................128 Қамарзаман ......................................................................136 Әбдікерім .........................................................................165 Сәнуар патша ...................................................................185 Бердібек пен Шаһизат ........................................................227 Ақиық .............................................................................252 Қайраңдаған кит ...............................................................310 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................327 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................342 Сөздік ..............................................................................344 Жер-су атаулары ...............................................................348 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................350 Шартты қысқартулар ........................................................351 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................352 Резюме ............................................................................354 Summary ..........................................................................356

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 23 том НОВЕЛЛИСТИЧЕСКИЕ  ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Н. Қ. Садықова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген �������������� «������������� Баур��������� » �������� баспасы ИБ № 2093 Теруге 10.10.05 жіберілді. Басуға 24.10.05 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі ����������������������������������������������� «���������������������������������������������� Мектептік������������������������������������� ». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 22,5. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 80. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙