TELEGEI

Home

Ақұштап Бақтыгереева 2-том

Ақұштап Бақтыгереева

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақұштап Бақтыгереева 2-том

Бұл жинаққа ақынның нәзік те сыршыл өлеңдерімен қатар ел ардақтыларына арналған арнаулары топтастырылды. Жақұттай жырлар оқырманның жан сарайын жадыратып, туған елдің бар ажар-көркі шапақ атқан жазира жайлауына тап болып, боз жусан далада еркін тыныстағандай күй кештіреді. Жинақ жырқұмар оқырманға арналған.

Бақтыгереева А.
Шығармалары / А. Бақтыгереева.

– Астана: Фолиант, 2014.

ІSBN 978-601-292-968-3

Т. 2: Боз жусан дала. Өлеңдер. – 376 б.

ІSBN 978-601-7568-04-7

Бұл жинаққа ақынның нәзік те сыршыл өлең­
дерімен қатар ел ардақтыларына арналған арнаула­
ры топтастырылды. Жақұттай жырлар оқырманның
жан сарайын жадыратып, туған елдің бар ажар-көркі

шапақ атқан жазира жайлауына тап болып, боз жусан
далада еркін тыныстағандай күй кештіреді.
Жинақ жырқұмар оқырманға арналған.

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз)-5

Б 21

© Бақтыгереева А., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014

Б 21

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Каз)-5

ІSBN 978-601-7568-04-7(Т.2)

ІSBN 978-601-292-968-3

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді

АЙДЫНДА ЖҮЗГЕН АҚ ЖЕЛКЕН О ралда Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп бар екен. Ауласы да, ғимара­ ты да тап-тұйнақтай таза. Сынып бөл­мелері де, зертхана, кітапханалары да, са­ уықжайлары да әп-әсем. Жатақханасының қай бөлмесіне бас сұқсаңыз да, қыздың жиған жүгіндей, көз жауын алады. Кіреберісте үл­ кен сурет жаймасы тұр. Орта тұсында бір бүл­ діршін қыз меруерт тістерін түгел ақситып күлімсірей қарайды. Бет-әлпеті таныс көрін­ ді. Жақын барып қарап едік – жас кезіндегі Ақұштап Бақтыгереева болып шықты. Сөйт­ се, ол осы мектепті 1961 жылы бітіріпті. Дәл осы жылдың күзінде Алматыда өткен бір әдеби кеш есімде қалыпты. Қыздар инсти­ тутының бір топ талапкер жастары сахнаға кө­ теріліп, өлең оқыды. Арасында әлгі суреттегі

баданадай тістерін тегіс ақситып күлімсірей
қарайтын аққұба бойжеткен де болған-ды.
Әлі студенттен гөрі мектеп шәкіртіне көбірек
ұқсап, үлбіреп тұрған-ды. Мөлт қара көйлегіне

омыраулай құлаған қоңырқай ұзын бұрымы­
на көзім түскен. Көйлегі қаншалық шымқай
қара болса, өзі соншалық уыздай ақ еді. Неге
екені белгісіз, жадыма әйгілі әнші айтатын

«Жайықтың құба талы секілденіп» дейтін сөз
орала кеткен-ді.
Өңіне көңіл тойып, өлеңіне құлақ тостық.
Көзінің жылты мол, бет-әлпеті батыл көрін­

генімен, үнінде жүрексінгендік бар. Ауыл, ана,
албырт жастық шақ туралы ағынан ақтарыла
айтқан ақпейіл сырлар. «Өзі де, сөзі де тым
нәзік екен. Көктемнің қызғалдағындай тез

құлпырып, тез солып қалып жүрмесе...» – деп
ойлағанмын ішімнен.
Арада он шақты жыл өтті. Киностудияға
қызметке келсем, ол да сонда істейді екен.

Әріптестер ретінде үйірсектік танытып жаз­
ғандарын оқып беріп жүрді. Сөйтсем, ол жай­
ындағы қызғалдақтай тез солып қалып жүре
ме дегенім бекер болып шықты. Өзімен бірге

өлеңі де есейіп келеді екен. Көп ұзамай қабы­
рғалы қаламгер болып алды.
Әдетте «Қыздың жолы жіңішке» деседі ғой.
Ал әдебиетте ол тіптен қылдырықтанып ке­

теді білем. Арғы-бергіде талай таңдайынан
жарылған апаларымыз болыпты. Тіпті, Сы­
рымды, Абылды, Шалды, Біржанды, Нұржан­
ды, Майкөтті, Жамбылды сөзден сүріндір­

ген сұңғыла арулардың өлеңдегі ғұмырлары
бірер айтыстан аса алмапты. Ондай жағдай
тек бізде ғана емес екен. Байқап қарасаңыз,
қара ормандай қалың орыс әдебиетінің өзін­

де «алтын ғасыр» атанған XІX ғасырда жырға
арқау болған талай ару табылса да, өзі де жыр
жазған ару кездесе қоймапты. Бір шоқ ақ қа­
йыңдай арулар аллеясы тек XX ғасырдың бас

шамасында ғана бой сылапты. Оған оқыр­
ман қауым да, жазарман қауым да ойда жоқта
астана іргесіндегі қалың қарағайдан бір үйір
бұлан шығып, Нева даңғылының бойымен

жосыла шапқылап бара жатқандай айран-
асыр қалыпты.
Таң қала бас шайқағандар да, шамдана бас
шайқағандар да аз болмапты. Ұрынарға қара

таппай отырған әйгілі футурист Владимир
Маяковский әдебиеттің «кесте тоқу» еместі­
гін айтып осқырынса, әдебиет салонына аяқ
аттаған бойжеткендердің қай-қайсысына да

құрағыта қарағыштап баққан айтулы джен­
тельмен Александр Блок ақын қарындастары­
ның өлеңдерінен гөрі өздеріне көбірек көңіл
аударған сыңайлы. Олардан гөрі әлдеқай­

да салқынқанды дегдар кісі болған Валерий
Брюсовтың өзі, басқаларды былай қойған­
да, әу бастан-ақ өзін «бонопартистка» санап,
жұлынып келген қияңқы мінез Марина Цве­

таеваның алғашқы жинағын оқығанда «қара­
байыр тұрмыстың жай-жапсарына үйір үй­
жандылығына» айрықша көңіл бөліп, әрқилы
«сүйкімді ұсақ-түйектерді» жазып, өз талан­

тын «әдемі болғанымен, қажеті шамалы» қай­
дағы бір «ылдырмақ-шылдырмақтарға» сарп
етіп жүрер ме екен деп сескеніпті. Ал алабөтен
жылы қабақ танытқан Николай Гумилев пен

Максимилиан Волошин М. Цветаева өлең­
деріне бі­реуі «махаббат аңсаған аңғалдығы»
үшін, біреуі «жан-тәнімен қуанатын албырт­

тығы» үшін, қысқасы, екеуі де «қыздардың сы­
рын қалтқысыз айтып бергендігі» үшін тәнті
болыпты.
Қыз ақындарға көзқарас орыс әдебиетін­

де осындай болғанда бізде қандай болған­
дығын айтпай-ақ аңғара беруге болатындай.
Көптің көкірегіне көптен орнығып қалған он­
дай көзқарасты жеріне жеткізе келеке қылған

азуы алты қарыс Фариза ақын: «Не ақын болу
керек, не қатын болу керек», – деп, біржолата
тұқыртып тұжырымдаған еді. Қалжың да бол­
са, қатқыл, бопса да болса, батыл айтылған

сөз. Бұзау тіс дойырдың ізіндей жон теріңді
жонып түсіретін жойқын тұжырым.
Иә, әйелдер мен әдебиет, дәлірек айтқан­
да, әдебиеттегі әйел мәселесі сонау бағзы

замандағы Сапфо ханымнан бермен қарай
қызылшеке айтыс тудырумен келеді. Атақты
драмашы Софоклдың «Әйелдердің ең басты
көркі – үндемегені» деген сөзі мемлекетшіл­

діктің алғашқы қисыншысы Аристотельдің
құлағына майдай жағыпты. Ол енгізген «мем­
лекет адамы», «мемлекеттік тұлға» ұғымдары
ғасырлар бойы тек еркектерге қатысты қол­

данылып келіпті. Әйелдің көпшілік алдында
суырылып сөйлеуі шектен шыққан көрген­
сіздік саналыпты. Әйелге біткен ділмарлық
әлеумет басына қаралай қатер төндіретін сұм­

дық есептеліпті. Мұндай жағдайда әйел сая­
сатта да, әдебиетте де не тындыра алмақшы?!
Еркек тұрып, әйел сөйлегеннен безген қа­
уым жалғыз ежелгі гректер болмаса керек.

Бағзы бабалар мұндай жағдайды әйелді ман­
сұқтау деп емес, қайта әспеттеу деп ұққан
сыңайлы. Сырын әлі түгел ашып болмаған
жабайы жаратылыспен күнбе-күн бетпе-бет

кездесіп отырған атам заманғы қауымдарда
әйелдер үй мен балалардың қасында ұстау­
ды қорлағандық деп емес, қастерлегендік деп
білген. Бала мен әйелдің басын қатерге тік­

пейтін бабалар оларды жау мен дауға салу­
ды ел бетіне қарай алмастай масқара көрген.
Әйелдің жау қайтаруы мен дау тоқтатуы қай
заманда да күнбе-күн кездесетін үйреншікті іс

болмағанға ұқсайды. Оқта-текте аса шетін жағ­­
дайларда ғана амалдың жоқтығынан жасала­
тын мей­ілінше төтен қылық ретінде аңызға

айналып, ауыздан ауызға ілігіп жүрген түрі
бар. Ежелгі әдебиет әр күн сайын әркімнің ба­
сында бола беретін жағдайларды атымен ауыз­
ға алмаған. Сондықтан да Эсхил мен Софокл

трагедияларындағы әйелдерге тән қылық пен
құлықты сол кездегі грек қауымындағы әй­
елдер үшін үйреншікті іс екен деп қалмаған
дұрыс. Ол кездегі әйелдердің жағдайын олар­

дан гөрі Софоклдың үндемейтін әйелдерді тө­
бесіне көтерген әлгі бір ауыз сөзі әлдеқайда
дөп жеткізіп тұрғандай. Әзелгі грек-рим өр­
кениеті негізінде өрбіген Еуропа тарихын­

да жау қайтарған Жанна д’Арк қандай сирек
болса, сонау Сапфоның бергі жағында ауызға
іліккен ақын әйелдер де сондай сирек.
Сол ежелгі өркениеттік өрмектің бір тіні

болып есептелетін орыс әдебиетінде осыдан
жүз жылдай бұрын ақын әйелдер бірінен соң
бірі бас көрсете бастағанда, қалған қауымның
жайбарақат қарай алмауының басты себебі

де сонда жатқан сияқты. Семсер ұстап, серке
болып қалған ноян ақын бұл жағдайды әйел­
дердің айбалта ұстағанындай көріп, қатты шо­

шынды. Сөз өнерінің қадір-қасиетіне әбден
жетік ғұлама ақын әлеуметпен тек өрелі тақы­
рыпта сөйлесуге тиісті өлең өнері бұдан бы­
лай үй ішінің күлді көмеш гөй-гөйіне ауысып

кете ме деп уайымдады. Жаңа дәуір әдебиеті
жаңа мінез бен жаңа пиғыл қалыптастырады
деп дәметкен екі елгезек ақын бұған дейін өз
сырын өзі ғана біліп, өзгеге тіс жарып көрме­

ген қыздардың сыры енді қыздардың өз ауыз­
дарымен айтыла бастағанын әрі қызықтады,
әрі қуаттады.
Бұрын-соңды ұшыраса қоймаған бұндай

оқшау оқиға өзге топырақтарға да тамыр са­
ла бастады. Оған дейін өз сырларын тек Сағ­
ди, Хафиз, Низами, Науаи, Абайдың аузымен
айтып келген Шығыс қыздары да XX ғасырда

қаламға жармасты. Расында да, Низами мен
Науаи тек Мәжнүн болып алабұртып қоймай,
Ләйлі болып та үздіге шер төкпеп пе еді?!
«Ақылыңа сөзің сай,

Cіз – жалын шоқ,
Біз – бір май,

Ыстық сөзің кірді ішке,
Май тұра ма шыжымай...
Көңілің тұрса бізді алып,
Шыныменен қозғалып,

Біз – қырғауыл,
Сіз – тұйғын,
Тояттай бер, кел де алып.
Тал жібектей оралып,

Гүл шыбықтай бұралып,
Салмағыңнан жаншылып,
Қалсын құмар бір қанып...» –
деп қазақ даласында талай қыз аңсағаны­

мен, бірақ Абай секілді аузы барып айта алмап
еді ғой.
Бұған олардың XX ғасырда ғана тәуекел­
дері тұра алды. Өйткені әуелі Батыстың әлеу­

меттік ойын дүркін-дүркін дүрліктіріп баққан
феминизм Шығыс жарты шардағы жағдайды
да жайбарақат қалдыра қоймады. Әлемдік
ауқымда етек жайып жатқан феминистік

қозғалыс әуелі әйелдердің мұңын айтып, жы­
лап-сықтаумен басталды. Одан әйел теңдігін
көксеушілікке ұласты. Бірте-бірте жыныса­
ралық текетірес әуені күшейе түсті. Келе-ке­

ле езуші тап – еркектерге қарсы наразылық
сарыны орын ала бастады. Ара-тұра өткенді­
гінің өшін алуға тырысатын әйелдік реван­
шизммен астасып тұрды. Қалпақ кигендердің

ит терілерін бастарына қаптау үрдіске айнал­
ды. Ол кешегі кеңестік кеңістікте де шаң беріп
қалып жүрді. Өмірде шашы желкесіне жет­
пейтін, езуінен едірейген шылымы кетпейтін,

айғырдай азынап, буыршындай буырқанған
әңгүдік жеңгейлер мен қарындастар қандай
көбейсе, әдебиетте де әйелдердің қолынан
шыққан бөріктілерді бөрідей бөріктіріп тас­

тағысы келетін, қаралай екі иығын жұлып
жеп, зіркілдей сөйлейтін «еркекжал» шығар­
малар көбейді. Ондай әдепсіздік айыпталу­
дың орнына әспеттелді. Абырой болғанда, бұл

сарын қазақ топырағында соншалық дәурен
құра қойған жоқ.
Қазақ аруларынан шыққан ақындар әуе­
лі ғасыр басындағы ағаларының сарынына

түсіп, қолында бір басының билігі жоқ қыр
қыздарының мұңын мұңдады. Сосын әйел
теңдігі жолындағы күреске үндеді.
Алпысыншы жылдардан бастап, әйелдер поэ­

зиясы мұндай өзін-өзі алдарқататын өтірік
идиллиядан арыла бастады. Ақын апа-қарын­
дастарымыз қай заманда да оңай болмаған
және болмайтын әйелдік тылсым тауқымет­

терді ашық айта бастады. Өз сезіміне өзі же­
текші бола алмай, дәйім басқаның емеурініне
емексіп қалғандықтан абайсыз опық жегізіп,
алданып не арбалып, жер соғып қалатын баян­

сыз махаббат, жолы жіңішке әйел баласының
табынып тұрғанына өзі барып табыса алмай­
тын, құмартып тұрып, құшағын жая алмайтын
әрі ұялшақ, әрі намысшыл тәкаппар махабба­

тының жай-жапсарын риясыз жа­йып салатын
шыншыл шығармалар көбейді. Бұрын «төсек
тақырыбы» деп қалтарыс қалдырылып кел­
ген тылсым перденің ар жағын­дағы жан тау­

қыметін жалтақтамай айта білген интимдік
лирика тек поэзияның ғана емес, күллі әде­
биетіміздің гуманистік уытын күшейте түсті.

Қалтқысыз айтылған қыз сы­ры – қазақ әде­
биетінің де тартымды тарауына, ажарлы ар­
насына айналды.
Солай болуына көрер көзге қомақты үлес

қосып келе жатқан айтулы тұлғаларымыздың
бірі Ақұштап Бақтыгереева екендігіне ешкім
дау айта қоймас. Оның жырлары біздің әде­
биетіміздегі күні кешеге дейін үстемдік құрып

келген тірілей ұшпаққа шыққан балалар мен
жұмаққа жолыққан аналар туралы әлеуметтік
көлгірліктен де, бүгін жан-жағымыздан жаға­
лай бас көтеріп жатқан жыныстық антого­

низм мен феминистік әулекіліктен де атымен
ада.
Ол әйел тақырыбын ежелден бар жыныс­
тық дихотомия арнасында қарастырумен

шектелмейді. Әйелді тек интимдік қатынас­
тардың бір тарабы ретінде қаузастырған ген­
дерлік поэзия мен философия өрелі ұғымды
өресіздендіріп, көрікті ұғымды көріксізден­

діргеннен басқа ештеңе бітірмейді. Сондық­
тан да шынайы гуманистік әдебиет үшін ұлт­
тық, нәсілдік, таптық тұйықталу қандай жат

болса, жыныстық тұйықталушылық та сондай
жат. Ақұштап Бақтыгереева – бұл ақиқатты
жете түсінетін және мейілінше жақтайтын
ақын. Ол әйелдер тақырыбына басым мағына

беріп, баянды түрде зерделеп келеді.
Оның сонау балалық шақ туралы өлең­
дерінің өзінде «Екі жарты – бір бүтін» жарас­
тықтың қыр-сырлары нышан беріп отыра­

ды. Ұл орнында ұстап, «Ертең келіншек алып
берем» деп еркелетіп өсірген әкесі мен қос
бұрымы төгілген қыз болып шыққаны үшін
кешірім сұрайтын өлеңінен басталатын қыз

сырының нәзік өрмегі бүкіл шығармашылық
жолының негізгі арқауына айналған. Ол алыс­
тағы ауылын да:
Іздерім қайда құмдағы

Су алып қайтқан құдықтан?!
Алқызыл гүлдер қырдағы
Бантигім шығар ұмытқан, –
деп сағынады. Еркекшора болып көрінгісі кел­

мей, дүниеге тек қыз көзімен үңілгісі келеді.

Мойнындағы орамалын ала қашқан жүйрік
жел қолынан қуыршағын жұлып алып, жыла­
тып кететін көрші баланы еске салады.
Сол кезгі сенің тентек мінезіңді

Мен бүгін сағынам деп ойладым ба? –
деп егілетін бүлдіршін қыз аймалаған жібек
самалды да әлі бейтаныс ғашығының өзіне
үздіккен сағынышындай көреді. Осындай ба­

лаң сезім бірте-бірте есейе түседі.
Әр үйдің бір-бір нәні едік,
Ақылға өзге көнбейтін.
Бәріміз онда бала едік,

Ұл-қыз деп ешкім бөлмейтін.
Таласа кешіп көлдерді,
Жарыса шаптық жолдармен.
Бұл күнде мінез өзгерді,

Сотқарлық бірдей болғанмен...
Шинелін киіп атаның,
Жалына тұлпар жеттіңдер.

Толтырып аға қатарын,
Әскерге сендер кеттіңдер.
Қағысып қатар өскен ек,
Ендігі сырды қызғандық.

Қызғалдақ гүлін кестелеп,
Орамал тігіп біз қалдық.
Әуелі ұлдар мен қыздар болып, жарыса өр­
леген ұрпақтар өрмегін үзіп алмау – Бақтыге­

реева өлеңдерінің басты тақырыбы және бас­
ты әуені.
Читаға, Киевке, әр жаққа,
Владивостокқа, аулаққа,

Қыздар-ау, ұмытпай,
Жиі хат жазыңдар солдатқа, –
деген қарапайым сөздердің ар жағында да
тек қыздарға тән мейірімді уайым қылтиып

тұрғандай. Айтқандай, осы өлеңі газетке шық­
қан соң Ақұштапқа сүйіктісінен хат күте-күте
көзі талған солдаттардың және хаттары жа­
уып кеткен кезі де болғаны бар.

2-237

Барша асыл мұрат пен әдемі сезімдердің
бас­тауы – балалық шақ. Ең қымбат қасиет –
қимастық сезімі де сол балғын шақта өркен
жая­ды.

Қалмаған есейгенше еркелігі,
Мен едім осы жердің ерке гүлі.
Сен болдың сол ауылдың аты шыққан,
Кезінде теңдесі жоқ тентек ұлы...

Оралмас шақты есіңе аласың ба,
Енді арман ағаш атқа таласу да.
Мен сенен дара гүлдеп бөлек қалдым,
Әзілқой жеңгелердің арасында.

Кінәлі зулап өткен күндер ғана,
Өзгеше күй шертеді гүл мен дала.
Ақылды әке болып жүрсің бе енді,
Кеп-кеше төбелесіп жүрген бала...

Қай кезде де есіңе түсіп, елжірете сағына­
тын сәби кездің періште жарастығы қандай
әсем жеткізілген!

Көрші үйлердің ұл мен қызының бір-бірі­
не бауыр басқан қимастығынан басталатын
жарастық – бүкіл адами тіршіліктің басты си­
паты. Соны шынайы жырға қосқан ақын қыз

бірте-бірте жүректер үндестігінің тұңғиық
тереңіне бойлай түседі. Оның әкесіне, анасы­
на, жеңгелеріне, құрбылары мен достарына
бағышталған қай өлеңі де бүкіл адамзаттың

басын біріктіріп тұрған рухани магнитизм­
нің аты да – мейірім мен қимастық екенді­
гіне қапысыз иліктіре алады. Ол бұл сиқыр
күштің махаббат екендігін дәл басып, оны тек

әйел мен еркек арасындағы құштарлық ая­
сымен шектемейді. «Екі рет оралмайтын бір
ғана өмір, өмірді ғашықтықпен сүю керек»
деп ойлайтын ақын «Бақыт, сый табу үшін

жер бетінен, алдымен сүю керек адамдарды»
деп санайды. Мұндай ауқымды махаббаттың
бәрібір басты тірегі әйел деп ұғады. «Ерге жар,
балаға ана болмай ма қыз, қыз жоқта қызық

жоғын ойланбаймыз», «Жарын сүйе білмейтін
жасықтардың елін сүйетіндігіне күмәндімін»

деген жолдарды бүгінгі феминистік поэзия­
ның басты пафосына айналып бара жатқан
жыныстық шовинизм мен расизмге жатқыза
алмайсыз. Өйткені бұл – үстемдікке емес, жа­

растыққа шақыратын өлеңдер.
А. Бақтыгерееваның өлеңдерінде сүйе білу –
ең үлкен бақыт, сүйікті болу – ең жоғарғы
мәртебе ретінде сипатталады. Мұның екеуі де,

оның ұғымынша, тек әйелдерге ғана бұйыра­
тын мерей. Ендеше бұған қанағаттанбай, қай
заман, қай қоғамда да желдің өтінде, жаудың
бетінде жүретін еркектік тағдырға құмар­

тып, шала бүлінушілікті ештеңемен түсінді­
руге болмайды. Тіптен бүгінгі заманғы әсіре
феминизмге ұрынғандардың арасында еркек­
тердің әйелге деген махаббатының өзін әйел

теңдігін аяққа басқандық деп намыстанатын­
дар толып жатыр. Сондықтан да еркектерден
батылырақ көріну үшін еркектерден де асы­
рып дөрекілік пен әулекілік жасауға тырыса­

ды. Бұл тек әйелдердің ғана емес, бүкіл адам­
заттың басына төніп келе жатқан қауіп.
Бұрын отбасыдан басталатын адамзат қа­
уымдастығы бір тараптың әсіре бұйығылығы

мен екінші тараптың әсіре өктемдігінен зар­
дап шексе, енді екі тараптың да жыныстық
нигилизмге ұрынып, бір-бірімен дөрекілік
жарыстырған әсіре әулекілігінен зардап ше­

гуі ықтимал. Бақтыгереева бұл топалаңды да
тек әйелдіктің әзелгі түс мінездеріне уақтылы
қайтара оралу арқылы ғана тойтаруға болады
деп ойлайды. Ол «Сіңліге сыр» деген өлеңін:

«Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік», –
деп түйіндейді. Оған салсаңыз, бұған дейін:
«Дүниені сұлулық құтқарады», – деп келсек,
енді: «Дүниені нәзіктік құтқарады», – дейтін

кез келді. Өйткені нәзіктік жоқ жерде сұлулық
жоқ. Ал оның екеуі де әйелде. Ендеше әйел
жаратқан тіршілікті тек әйел ғана аман сақтап
қала алады. Олай болатыны: қай пенде өзінен

басқаны жақсы көріп, анасына жаны ашудан
үйренеді. Анасын аялаған адам қалғандарға
қараулық жасай алмайды. Ал ондай аяушылық
адамдардың бойына аналардың ақ сүтімен да­

риды. Аяушылықты білмейтін дөрекі әйел ана
бола алмайды. Ана бола алмайтын әйел адам­
затты өсіп-өндіре алмайды. Демек, әйелдердің
дөрекіленуі күллі адамзаттың тұрпайылануы,

сол арқылы күллі тіршіліктің тұқымының
тұздай құруына әкеліп соқтырады.
Сондықтан да Ақұштап Бақтыгереева әйел­
дерді емес, әйелдікті жырлайды. Әйелдерді

емес, әйелдікті қорғайды. Сол үшін де әйелді
әйел етіп тұрған ең басты қасиет – нәзіктікті
дәріптейді. Оның Отан, туған жер, бауырлары
мен балалары жайындағы жүрек тебірентер­

лік жырлары да сол нәзіктіктің түлектері. Тек
нәзік жүректер ғана ел мен жердің, заман мен
адамдардың қадір-қасиетін терең түсіне ала­
ды. «Жарасады екен қатал қыс адамы өжет ай­

маққа», «Анадан ерке туғанмен, Өмірге қиын
еркелеу», «Мәні болмас өмірдің бір сағыныш
өртемей», «Маңқиған дала мінездің қадірін аз-
ау аңғарған», «ЭВМ-ға махаббат бағынбайды»,

«Жаным» деген жігітті жат көрмеңдер, Өзі сүю
қыздардың соры ғана», «Боз үйдің ық жағын­
да кемпір отыр, Сәбидің күлде қалған қуыр­
шағындай», «Бар адамға, қарағым, баға берме

бір ақымақ қалдырған көңілменен», «Көк тас
та жып-жылы боп көрінді, ана, Бетіне сенің

бейнең салынғасын», «Ең қызық романның
беттеріндей қыз дәурен өте шықты парақта­
лып»... Міне, мұның бәрі тек нәзік жүрек түй­
сініп, нәзік көңіл айта алатын тылсым сыр­

лар.
Бұл жағынан келгенде, Ақұштаптың тіл
жетпеске сөз тауып, қиыннан қиыстырып
айта білген аса сиқырлы өлеңдері баршылық.

Ақ ұлпа дала төсінде
Салт атты көрсем дір етем.
Сонау бір жағдай есімде
Сақталып әлі жүр екен...

Ақ түндер барлық жарығын
Аяусыз жерге төккендей.
Аққулар біткен мамығын
Осында төсеп кеткендей.

Қарасын із жоқ қайда да,
Теп-тегіс болып ағарған.
Қар емес, мынау айнала
Тұнып бір тұрған ақ арман.

Дүние көшкен көзімен
Қараймын қарлы моншаққа.
Ақ дала мендік сезіммен
Үндесіп кеткен сол шақта.

Ақ ұлпа жапқан бақ үстін,
Ақ нұрға бояп шатқалды.
Алғашқы жауған ақ ұшқын
Үлбіреп қана жатқан-ды.

Жыр болып мен де төгілдім,
Тұрдым ба әлде күй күтіп.
Сен сонау белден көріндің,
Жаныма жеттің құйғытып.

Малшынған терге көк дөнен,
Қарысқан қолың тізгінде.
Ентіге шауып жеткенмен,
Тілдеспей қалдық біз мүлде.

Жаңағы аппақ арманды
Ес-түссіз қайта іздедім.
Көрдім тек ойған қарды әлгі
Тұяқтың ғана іздерін.

Ішімнен жанып күйінем,
Үн қатар бойда күш қалмай.
Жаңағы аппақ дүнием
Көзімнен бір-бір ұшқандай.

Қайда әлгі шағы даланың,
Қайда енді әлгі пәк күні?
Талдырып көздің жанарын
Күрмейтін тілді ақтығы?

Жоса боп жатыр ақ дала,
Көңілімнің көлі бұрқанды.
Ізіне қарап қап-қара
Жек көріп кеттім тұлпарды.

Ұрыстым сені өзімше,
Қай жақтан ғана тап болдың?
Жыртылып қалды көзімше
Үлбіреп жатқан ақ торғын.

Қинайтын тұяқ түскірді
Не шаруа болды мұнша асық?
Алғашқы аппақ ұшқынды
Таптайтын сонша құм шашып?

Ақ нұрға аймақ шат күліп,
Рақатқа тұңғыш батқанда
Несіне шаптың ат мініп
Үлпілдеп жатқан ақ қарға?..

Көз алдыңда күйреген ақтық пен пәктік қасі­
ретін бұдан нәзік қалай жеткізуге болады?!
Немесе мына бір өлеңге құлақ салыңыз:
Аппақ-ау өңі даланың,

Тап-таза қардың ұшқыны,
Ақтықтан талар жанарың
Сәулелі еді қыс түні...
Болған соң өзің қасымда

Мен келе жаттым жалындап,
Ақ түбіт шәлі басымда
Ағара түсті қалыңдап.
Көктемнің басы болар ма,

Сен мені алғаш сүйген күн.
Ұмытып қысты содан ба –
Қақпастан қарды үйге ендім.

Үлгертпей мені не деуге,
Сен қарды еппен қаққаның.
Сау ете қалды еденге
Иығыма қонған ақ қарым.

Бір жалын шарпып өткендей,
Селк етіп шоршып түстім мен.
Қапыда сусып кеткендей
Ақ торғын көйлек үстімнен.

Расында да, өң мен түстей сирек бақыт
қаншалықты дәл, қаншалықты нәзік, қанша­
лықты әдепті жеткізілген.
Шын бақыт пен шын ренішті тек осылай

нәзік түсіне алатын ақын ғана әйелдер тақы­
рыбын ешқандай әлеуметтік қарадүрсіндікке
ұрындырмай, аққудың балаң жүніндей ма­
мық та, майда жеткізе алмақшы. Мұндай ас­

қан ұсынақтылықты бір кезде Маяковский
айт­қандай, «кесте тігушілік» деп, В. Брюсов
айтқандай, үй ішілік «сүйкімді ұсақ-түйек» деп
те, «өмірдің ұсақ-түйектеріне есі кетіп арба­

лу» деп те айта алмайсыз. Ондай әсіре макси­

мализм бүгінде жаппай рухани гермафроди­
тизмге ұрындырып отыр. Әйел әйелдігін, күйеу
күйеулігін ұмытпай, күліңнің басы күпсіп
отыратын үй ішілік береке орнамай тұрып,

жалпыадамдық жарастықтан дәметуің құрғақ
қиял сияқты. Ана бақытсыз, бала жетім қоғам­
ның төсенгені ошаған, жастанғаны жантақ
болмақшы. Тұла бойы тұнып тұрған аппақ

арман Ақұштап Бақтыгерееваның әбден гүл­
деп тұрған әсем алма бағындай жыр әлемге
көктемгі мұзғалақтай оқтын-оқтын оқыс шо­
шындырып тұратын «түсі суық» тақырып та –

осы әйелдің арын, баланың болашағын оп-
оңай тапап тастайтын опасыз махаббат пен
топас тоят, арзымсыз сүю-күю. Тек махаббат
аясымен шектелмейтін қатыгездік пен аш­

көздік. Жоқ, біздің заманымызда адами жарас­
тық пен үй ішілік бақыттан асқан әлеуметтік
мәселе жоқ. Ендеше, Ақұштап Бақтыгереева – ең
қажетті бағытта, ең қиын майданда шайқас са­

лып жүрген ержүрек суреткер. Оның жеңіске
жете алар, жете алмасын кесіп айту қиын. Бұл

бәріміз үшін де өкініштісі. Бірақ үмітсіз шай­
тан деген.
Осы орайда, өз басымнан өткен бір оқиға
еске түседі. Орта мектепті бітірген Ұштаған

ауылында көліктен түсіп жатып, қаздай тізіліп
тұрған екі топты көзім шалды. Біреуі – өңшең
мосқал еркектер мен әйелдер. Екіншісі – өң­
кей бүлдіршін жігіттер мен қыздар. Бірінші

топты еміс-еміс шырамытқандай болдым.
Екінші топ көзіме оттай басылды. Бір кезде­
гі өзіміз секілді. Шетінен алабұртып, үлбіреп
тұр. Мосқал топ қарап тұрмай, маған айқай­

лап: «Әй, Әбіш, біз ғой сені танып тұрмыз. Ал
сен бізді танып тұрсың ба?» – деп қиқарлана­
ды. Дауыстарынан таныдым – менің бір кез­
дердегі парталастарым. Ал екінші топ – со­

лардың ұлдары мен қыздары. Мен де қиқар­
ландым. «Жоқ, сендерді танымадым. Ал мына
қыздармен, жігіттермен бірге оқығанмын», –
деп бұрылып барып, балаларының беттерінен

сүйдім. Сол айтқандай, Ақұштап, қазір бір кез­

дегі бізге балаларымыздан гөрі немерелері­
міз көбірек ұқсап барады. Біздің уайымы­
мызды тек солар ұғып, біз жетпегенге тек со­
лар жеткей! Туған күнің құтты болсын! Бар

бол, пейілдің ақтығы мен сезімнің пәктігін
жырлап ғұмыр кешкен Ару Ақын! Шалқарың
шалқи бергей, айдында жүзген Ақ Желкен!
Әбіш КЕКІЛБАЕВ,

Қазақстанның Халық жазушысы,
Қазақстанның Еңбек Ері

Боз жусан дала,
бозаң қыр...

ТУҒАН ЖЕР

Сен жайлы ақ бесікте күй тыңдадым,
Тыңдадым сандуғаштың сүйкімді әнін.
Мен сенде сұлулыққа ғашық болып,
Гүліңе саусақ жайып ұмтылғанмын.

Мен де бір гүлің едім қырқада өскен,
Өзің деп арманым жоқ шырқап өтсем.
Көркіңе көктемдерде сән қосатын
Қырыңа өз қолымнан бір тал ексем.

О, менің ардақты әкем, асыл анам,
Қызыңмын пәк үмітпен асыраған.
Өзің деп қобалжыған жүрегімнің
Дүрсілін сенен қалай жасыра алам?!

3-237

* * *
Қызу бар екен от құмда,
Жігерге түрткі болатын.
Көгілдір көлдер көп мұнда,

Сусасаң шөлің қанатын.
Бозторғай көктен төккен жыр,
Тыңдайсың қалмай тағатың.
Өзендер анау мөп-мөлдір

Таулардан құлап ағатын.
Есейген сайын сезіндім,
О, менің туған мекенім,
Адамың түгіл,

Өзіңнің
Құсың да жыршыл екенін.

СҮЙЕНІШ

Алғашқы көрген қиындық
Жүрекке тас боп қатқанда,
Қабағым қарс түйіліп
Үйіме келе жатқанда

Жанардан төгіп жылуын,
Айтқаны маған анамның:
«Қолыңнан келсе, құлыным,
Мінезін үйрен далаңның».

Өнеге алып әншіден,
Өнерді қудым сан сала.
Жүйрікті төпеп қамшымен,
Бәйгеге түстім қаншама.

Тайғанда аттың табаны
Естіген сөзім әкемнен:

«Сүйгендер, балам, даланы
Қорықпас болар қатерден».
Еркін боп содан өстім мен,
Оранып жаным жалынға.

Жасқанар емен ешкімнен,
Сүйенер Далам барында!

ДҮЛЕЙІҢДІ СҮЙЕМІН-АУ,

ТАБИҒАТ...

Қорықпаймын найзағайдың отынан,
Кейде өзім соны тілеп отырам.
Кейде маған жалғыз гүлің ой салып,
Ұзақ таңды кірпік ілмей атырам.

Жасқамайды қаңтардағы ақ боран,
Өр толқын да сәтке толас таппаған.
Сапар шықсам бұрылыспен, өткелмен
Қорқытпайды иірімдер қаптаған.

Маған төнсін бар дауылы Арқаның,
Осал деме, бар азабын тартамын.
Дүлейіңді сүйемін-ау, табиғат,
Ал жасқаншақ адамыңнан қорқамын.

БОЗ ЖУСАН ДАЛА,

БОЗАҢ ҚЫР

Боз жусан дала, бозаң қыр,
Тірлікте жоқ-ау мазаң бір.
Алыстап кетсем өзіңнен,
Сағыныш атты жазам жыр.

Сөз таппай қалам мақтауға
Қызғаныш қысқан шақтарда.
Қыранға қимас қырыңнан
Қарғалар ұшып жатқанда.

Кеңсің-ау қыста, жазда да,
Жатасың кербез наздана.
Жылан да жылы ұясын
Салады саған, боз дала.

Шындықпен жаны өштер де,
Алдаумен өмір кешкен де

Мекендеп сені жүреді,
Өгейлік көрмей еш пенде.
Өзіңде тау да, көлдер де,
Көк майса жапқан белдер де.

Пана боп, барлық жәндікті
Сыйғызды сендік кең кеуде.
Боз жусан дала, боз белдер,
Құландар еркін кезген жер.

Маңқиған дала-мінездің
Қадірін аздау сезгендер.

ШАЛҚАР

Ыстық құм, бойда бар табың,
Жаныма жақын әр талың.
Өзгеге шағын бір көлсің,
Мен үшін айдын Шалқарым.

Шағалаң аппақ самғаған,
Сезімдей саған арнаған.
Жағаңда талай ой кешкен
Тарихи күнмен Хамза ағам.

Өзге үшін аптап жаз айың,
Мен үшін бұл жер наз, ойын.
Тұз көлі – шипа, шөбі – ем
Шап-шағын ауыл Бозайым.

Ыстық құм, бойда бар табың,
Жол түссе-ақ саған тартамын.
Туған жер атты ұғымның
Тамшысы мөлдір – Шалқарым.

ӨРІМТАЛ

Ақ боранын далаңның
Сен де бастан кештің бе?!
Ерке назды самалдың
Әнін тыңдап өстің бе?

Долы дауыл, күн аптап
Дақ салмай ма әріңе?
Сүйгендіктен бірақ та,
Көнесің бе бәріне?

Жұлқыса жел есіріп,
Майысқанмен, сынбадың.
Сыр айтпадың шешіліп,
Неше келіп тыңдадым.

Қысты жеңіп, шуаққа
Жайраңдаған кезіңде,
Бойыңдағы қуатқа
Қайран қалам өзім де...

АСЫЛ АРМАН

Қашан да жеткізбеген асыл арман,
Тұрмаған бақыт құшақ ашып алдан.
Өмірге нағыз ғашық болғандардың
Қайғысы қуаныштан басым болған.

Тайғанап шыққан шыңның асқарынан,
Көп төніп нөсер бұлты аспанынан.
Әділет жолындағы күрескердің
Дұшпаны артық болған достарынан.

Қайсарды жетелесе үміт тұнық,
Жолынан тайдырмаған күдіктілік.
Маңдайын соқса да олар қара тасқа,
Қарсы алған келер таңын күліп тұрып.

Болмаса лаулап жанар жанында от,
Осалды жығып кетер дауыл да көп.
Жүрексіз жасықтарға оңай өмір,
Олардың досы да жоқ, жауы да жоқ.

ДАЛАНЫҢ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ-АЙ

Кеудемді жанап өттіңдер,
Жүр едім жырды бастамай.
Азайып неге кеттіңдер,
Даламның қарлығаштары-ай?!

Қырларды әнге бөлеген,
Сұлуы бейне жәннаттың.
Арудың қасын теңеген,
Қайдасың, қиғаш қанаттым?!

Қайдасың бүгін, қанаттым,
Зияны тимес ешкімге?!
Ұрпаққа пана болатын
Тыныштау жаққа көштің бе?!

Ұяңа маза бермеген
Шошындың ба екен жыланнан?
Сапардан қайтсам, менде де
Көп емес алдан шығар жан.

Өзіндік титтей жүрекпен
Қатерді қандай сездіңдер?!
Көктемде бәрің жыр еткен
Даладан неге бездіңдер?

Топталып ұшқан үйірің
Достардай еді-ау жаны ізгі.
Адамнан кеткен мейірім
Сендерде қалған тәрізді.

Кеудемді жанап өттіңдер,
Жүр едім жырды бастамай.
Азайып неге кеттіңдер,
Даламның қарлығаштары-ай?!

ҚАРЛЫҒАШ

Жалтылдақ қанаты нұр құшып,
Ақбауыр қарлығаш жүрді ұшып.
Байқаусыз бұтаның астында
Жасырынып отырды бір мысық.

Армансыз шарлап кеп аспанды,
Дегендей балапан аш қалды,
Жерден бір дән көріп қонғанда
Сұр мысық сорлыға бас салды.

Бас салып басынан тістеді,
Зұлым-ай, өз ойын істеді...
Қос қанат құтыла алмастай,
Бұл ажал не деген күшті еді...

Көзден жас, бастан қан жосады,
Қиын-ау тырнақтан босауы.
Шашылған қауырсын үстіне
Шырылдап келді ұшып қосағы.

Жоқтады, қайғырды, зарлады,
Өзінше тәңірін қарғады.
Кеп-кеше қосыла сайраған
Сәттерде жоқ еді арманы.

Ал бүгін тап болды жесірлік,
Қызықты тірлікке кесір қып.
Амал не, қайырсыз ұядан
Балапанын әкетті көшіріп.

Балапан қызықтап аспанды,
Биіктеп ұшуын бастады.
Енді оның бақытын армандап,
Ананың көзінен жас тамды.

Қайғыны уақытпен емдеген,
Көңілді ақ үміт кернеген.
Ертеңге ұмтыла беретін
Өмір-ай, тәтті едің не деген!..

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҰЯСЫ

Еске түспей кең жайлау дала бары,
Жеткізбестей алыс жол арадағы.
Ұшып келіп, қарлығаш, ұя салдың
Балконына ескі үйдің қаладағы.

Бастамақ боп тірліктің қызық әнін,
Ұя соқтың тыншымай ұзына күн.
Білген жоқсың, сонда сен сезген жоқсың
Көп кешікпей бұл үйдің бұзыларын.

Деп келіп ең құтты бір қоныс табам,
(Балкон салып саған шын болысты адам).
Сол адамдар қолымен құлады ұя,
Балапандар ай-күні толыспаған.

Естіместен шырылын балалардың,
Жасын төгіп қасірет, нала, зардың.
Құлап түскен ұяны көріп тұрып,
Шарасыздан шырылдап қала бардың.

Келер күн боп үмітті жалғайды арман,
Тәтті қиял қанатын самғайды алдан.
Кейде өте қатыгез тағдыр деген
Тұрады екен күтпеген жағдайлардан.

* * *
Қыранға құздан келген
Сай оғаш сезіледі.
Ұясын бұзған жерден

Қарлығаш безінеді.
Өзендер тасып кетсе,
Арнаны құм басады.
Сүйгені қашып кетсе,

Жігітті мұң басады.
Тұяғы қайрылғанда
Жүйрік те оза алмайды.
Ғашықтар айрылғанда

Құшағын жаза алмайды.
Шыңдалар уақыт жетсе,
Көзден жас тамбайды екен.
Ақ айдын сатып кетсе,

Аққулар самғай ма екен?..
4-237

ТЫРНАЛАР

Айтқандай күзден бір хабар,
Үнінде біраз мұң да бар.
Барады өтіп төбемнен
Тыраулап ұшқан тырналар.

Қимайтын көңіл таныс жақ,
Кеткісі келмей алыстап.
Жаңғыртып астын аспанның,
Барады түгел дауыстап.

Бірінен бірі оза алмай,
Қанатты қатар жазардай.
Тізілген көштен татулық
Тапқандай тұрмын көз алмай.

Тізіліп ұшқан жақсы да,
Бұзушы қатар жоқ, сірә.
Дегенмен көшті бастаған
Қызығып тұрғам басшыға.

Шаршады ол қанат қаға алмай,
Қалды әні алда бола алмай.
Екінші тырна шықты озып,
Дәл бағы жанған адамдай.

Әп-сәтте ол, міне, жетілді,
Мақсаттап алда өтуді.
Мәні де мына тірліктің
Үздік бір самғау секілді.

Есіме менің бұл көштен
Достарым түсті бірге өскен.
Кеудемде тұрды бір әуен
Даусымен тырна үндескен.

АСАУ ҚҰЛЫН

Жан әке, көктем келер, ақ қар еріп,
Жүрер деп сауыққан соң атқа желіп.
Өзіңнің «тұқымы асыл» деп мақтаған
Биеден бір құлынды сақтап едік.

Отырдың заулаймын деп сайдан ағып,
Бәйгеге қоспақшы боп тойға барып.
Біз сені жер көгере сол асауға
Ер-тоқым салмайды деп ойламадық.

Жүйрікте иесіз қалған бап бола ма,
Лайықты қамшыгерін таппады о да.
Ол сені жоқтайтындай кей күндері,
Таң алды кісінейді ат қорада.

Қуаты тұқымына тартқан-дағы,
Төздірмей үзді барлық арқандарды.
Ішіне талай жүйрік түнеп келген
Бір күні тал шарбақты талқандады.

Білмеймін қандай өмір еліктірді,
Ойнақтап кеткенін жұрт көріп тұрды.
Еркіндік аңсап шыққан қайран асау
Қайта өзі шарбағына келіп кірді.

Ол қолдан шелектен су ішті бүгін,
Өжеттің кім түсінсін ішкі мұңын.
...Асаудан жуас болдық,
Өмір деген

Қояр ма мойындатпай күштілігін?!

* * *
Деді әкем: «Арпалыс, асауға мін,
Көңіліңді баспайды қашан да мұң.
Мен оралдым соғыстан мүгедек боп,

Енді сенің бейбіт күн – жасауларың».
Асыл бұйым тимеді мұра маған,
Жасау бер деп мен де, әке, сұрамағам.
Менің еншім – бейбіт күн сен сыйлаған,

Сенен қалған ақ бесік – мынау Далам!

ӘКЕМЕ

Болса да нәзік гүл өңім,
Өсірдің еркек баладай.
Қыз деуді, әке, білемін,
Көңілің жүрді қаламай.

Қалмадым елі қасыңнан,
Мен болдым қызың, ұлың да.
Үйір ғып қойдың жасымнан
Қамшыға, асау құлынға.

Жатпадым ана қойнына,
Сен келмей тамақ ішпедім.
Оралып тыста мойныңа,
Тізеңнен үйде түспедім.

Жарқырап бір от көзіңде,
Ұсындың сусын бал қатып.
Жол жүріп қайтқан кезіңде
Алдыңнан шықтым шаңдатып.

Тұлпарды жексең шанаға,
Делбесін қақтым елеңдеп.
Сен жүрдің: «Ертең балама
Келіншек алып берем», – деп.

Мылтығың болды қосауыз,
Мен оны қолға алмадым.
Ақ қарда қалды жосып із,
Сенімен аңға бармадым.

Жинамай асық қалтаға,
Ерекше сенің өсті «ұлың»...
Бір күні менің арқама
Төгіліп кетті қос бұрым.

Тағдыры қыздың мүлде өзге,
«Жаралды жатқа» деме сен.
Асығып күткен бір кезде
Армандай балаң емес пе ем?!

* * *
Жаныңның бар қызуын,
Жастықтың бал қызығын
Жолыма құрбан еткен

Мен – сенің жалғызыңмын.
Барамын сапар шығып,
Кеудеңде жатар күдік.
Жазбаған, әке, бізге

Өтуге қатар жүріп
Үрей тұр жанарыңда,
Сауал бар қабағыңда,
Ол не, әке, үмітің бе,

Қоятын талабың ба?
Жақсы іске тырыспас кім,
Бір қадам дұрыс бастым.
Өмір ғой...

Тайып кетсем,
Сен маған ұрыспассың.

ТОСЫН СҰРАҚ

Қызыл нұр тайып көлдің бетіндегі,
Күн барып ұясына бекінген-ді.
Кешқұрым жолаушылап барып түстік
Ақ үйге бір ауылдың шетіндегі.

Шал отыр қоралап кеп кешкі малды,
Қоржынын әңгіменің шешті де әлгі,
Толғанып бір шежіре бастай беріп:
«Шырағым, әкең бар ма?» – деп сұрады.

Деді қарт: «Ойлы сөзге құмар жаным,
Жастарға әңгіме айтпай тұра алмадым.
Сен мені түсінесің әкең болса,
Сөзімнің әке көрген ұғар мәнін».

Басымды изеп қалған секілдімін,
Тек іштей тынышымды кетірді мұң.
«Бар әкем...» – дедім қартқа осы жерде,
Жанымды қинаса да жетімдігім.

Келеді кем болғысы қатардан кім,
Рас қой «Әке еркесі» атанғаным.
Қимадым осы жолы мен өзіңді,
«Жоқ» деуге, «өлді» деуге бата алмадым.

Байқадым ақсақалдың иланғанын,
О, әке, сенің арқаң сыйланғаным.
Білсең ғой, әттең, дүние, бұ сұраққа
Ботаңның жаны қанша қиналғанын.

Амал не, өліміңе өкінген ем,
Атақты алғым келмей жетім деген.
Мен содан есіміңді өшірмейтін
Бір шаруа тындыруға бекінген ем.

Өмір ғой, жапа шеккен, жала көрген,
Шырмалып өсек деген пәлелермен,
«Көргенсіз, әкесі жоқ» дегізбеуге
Сонда да өзіме өзім уәде бергем.

Келеді құлағымнан қалмай әлі,
«Шырағым, әкең бар ма?» – сол баяғы үн.
Сондықтан жаңадан бір өлең жазсам,
Соңына атыңменен қол қоямын.

Сұрады-ау адамдай бір ақы кеткен,
«Әкем бар!» – дедім үнмен батыл, өктем.
Осы бір намыс қысқан тосын жауап
Сияқты бүгін мені ақын еткен.

ТАПСЫРМА

Кейін бір сапарға шығарда
Шақырып алды анам жанына.
Аналық жүрегі шыдар ма,
Жылар деп ойладым тағы да.

Жоқ, анам бұл жолы ойлана,
Қарады сабырлы мейірмен.
Шашымды сипады жай ғана,
О, ғажап, бас тартты сүюден.

Хат жаз деп өзіме, көршіге
Тапсырып жатпады әр нені.
«Сен үйден кетерде еншіге
Өз ана тіліңді ал!» – деді.

«Өзгеріп кетерсің өзің де,
Өзгерер бұрым мен көйлектер.
Бірақ сен оралған кезіңде
Өз ана тіліңде сөйлеп кел!

Тіліңді ұмытсаң, оралма,
Болсын тек жұрт тыныш, ел аман.
Сен мені іздеме одан да,
Атымды атама!» – деді анам.

ЕСКЕ АЛУ

Өтсем де талай белестен,
Көңілден бір сәт өшпеді
Балалық күнгі елестер
Мәңгіге қалған естегі.

Матасы емес жат елдің,
Анамның жамау көйлегі.
Соғыстан қайтқан әкемнің
Иықта – жалғыз шинелі.

Шытқан жоқ бірақ қабағын,
Мұңайған емес көйлекке.
Егінін егіп даланың,
Ертемен кетті еңбекке.

Қонаққа берді тапқанын,
Бөлісті барын достармен.
Аязында да ақпанның
Ән салушы еді жас дәурен.

Сыйлайтын еді бір-бірін,
Шын ғашық солар екен-ау.
Көңілін қимай құрбының,
Сапарға шығып кетеді-ау.

Бұл күнде, шүкір, бар бәрі,
Адамдар сәл-сәл жатбауыр.
Өзінің тою арманы,
Өз қолы жету таққа бір.

Жиренше айтқан шешендік
Сендермен бірге кеткен бе?
Біреуден көрсем есерлік,
Оралам ойша өткенге.

Қайырым толы қайда ол күн,
«Сауатсыз» сендер аталған?!
Ниетке неткен бай болдың,
Дүниеге кедей ата-анам.

Мейіріммен өтті жылдарың,
Пана боп жетім-жесірге.
Бұл күнде өзі туғанын
Тастайды санап кесірге.

Емес пе өмір алда ұзақ,
Сыйдан ол күндік тұра ма?
Соғымға сойған жалғыз ат –
Ауылға тегіс сыбаға.

Бұл күнде жұртта тоқ қарын,
Шарлап жүр еркін ғаламды.
Қолында билік жоқтардың
Достары бірақ санаулы.

Мінез бар салқын менде де,
Қате ісім болса кеш, бабам.
Кездессем кейбір пендеге,
Сендерді жиі еске алам.

5-237

ҚЫСҚЫ ТҮН

Аппақ-ау өңі даланың,
Тап-таза қардың ұшқыны.
Ақтықтан талар жанарың
Сәулелі еді қыс түні.

Ораған ақ түн өңірді,
Жоқ әлі белден таң атқан.
Екеуміз бүгін көңілді
Оралдық түнгі қонақтан.

Үйлерге, талға, жолға да
Ақ көрпе жауып тастаған.
Үлпілдеп ұлпа қар ғана
Құлайды жайлап аспаннан.

Он екі айда сағынта
Табиғат берген сый мына.
Қонады келіп ақ ұлпа
Сені мен менің иығыма.

Болған соң өзің қасымда,
Мен келе жаттым жалындап.
Ақ түбіт шәлі басымда
Ағара түскен қалыңдап.

Көктемнің басы болар ма
Сен мені алғаш сүйген күн.
Ұмытып қысты, содан ба –
Қақпастан қарды үйге ендім.

Үлгертпей мені не деуге,
Сен қарды еппен қаққаның.
Сау ете қалды еденге
Иығыма қонған ақ қарым.

Бір жалын шарпып өткендей,
Селк етіп шоршып түстім мен.
Қапыда сусып кеткендей
Ақ торғын көйлек үстімнен...

АҚ ҰЛПА

Аязды шат күлкіге алмастырар
Шаңғыға сендей ешкім болмас құмар.
Орманға шақырғаның әлі есімде,
Жауғанда біздің жаққа алғашқы қар.

Алаулап екі бетің оттай жанып,
Қызынып іңкәр жүрек шоққа айналып.
Сен тұрдың құшағында дүниенің
Кіршіксіз жатқан түгел ақ қар жауып.

Өзіңше жаңа ізбенен жол бастадың,
Ал менің сенше зулар болмас халім.
Шаңғы түгіл, жай басқан қара жерде
Сәтті бола бере ме алғашқы адым...

Құладым, ізге түсіп ағылмадым,
Мүмкін аяқ алыстан жаңылғаным.
Ақ қарға күмп бердім де қайта тұрдым,
Сезінбей еш жерімнің ауырғанын.

Үреймен ұлпа қарға батты деп мен,
Жеттің де маған құмар ақ тілекпен?!
Жұп-жұмсақ алақанмен үстімдегі
Ақ қардың ұшқындарын қақтың еппен.

Үйренбей шаңғы тебу заңын бірден,
Сан рет қадамымнан жаңылдым мен.
...Сондайда дала пейіл адамдарда
Ақ ұлпа алақандар барын білгем.

АҚ БОРАН

Алдымнан шықшы, ақ боран,
Шабытың болар сақтаған.
Менің де жаным мазасыз,
Бұрқанбай тыныш таппаған.

Алдымнан шықшы, ақ боран!
Сенің де келер көктемің,
Менің де бар ғой өткенім.
Даланы сүйген бозторғай

Жасқана қояр деп пе едің?!
Сенің де келер көктемің!
Суытпа жүрек жалынын,
Күтуге жетсе сабырың.

Өмірден ызғар көрмеген
Жылының білмес қадірін.
Суытпа жүрек жалынын!

Қайратымысың даламның,
Ашуымысың адамның?!
Сенің де даусың шырқайды-ау
Әніндей Мұхит бабамның.

Қайратымысың даламның?..
Ақ боран, маған ұнайсың,
Далаға қысқы құмарсың.
Мінезі қатал жандардың

Сағыныш күйі шығарсың.
Ақ боран, маған ұнайсың!
Алдымнан шықшы, ақ боран,
Шабытың болар сақтаған.

Менің де жаным мазасыз,
Бұрқанбай тыныш таппаған.
Алдымнан шықшы, ақ боран!

АҚҚАНАТ

Ақ ұлпа дала төсінде
Салт атты көрсем дір етем.
Сонау бір жағдай есімде
Сақталып әлі жүр екен...

Ақ түндер барлық жарығын
Аяусыз жерге төккендей.
Аққулар біткен мамығын
Осында төсеп кеткендей.

Қарасын із жоқ қайда да,
Теп-тегіс болып ағарған.
Қар емес, мынау айнала
Тұнып бір тұрған ақ арман.

Дүние көшкен көзіммен
Қараймын қарлы моншаққа.
Ақ дала мендік сезіммен
Үндесіп кеткен сол шақта.

Ақ ұлпа жапқан бақ үстін,
Ақ нұрға бояп шатқалды.
Алғашқы жауған ақ ұшқын
Үлбіреп қана жатқан-ды.

Жыр болып мен де төгілдім,
Тұрдым ба әлде күй күтіп?!
Сен сонау белден көріндің,
Жаныма жеттің құйғытып.

Малшынған терге көк дөнен,
Қарысқан қолың – тізгінде.
Ентіге шауып жеткенмен,
Тілдеспей қалдық біз мүлде.

Жаңағы аппақ арманды
Ес-түссіз қайта іздедім.
Көрдім тек ойған қарды әлгі
Тұяқтың ғана іздерін.

Ішімнен жанып күйінем,
Үн қатар бойда күш қалмай.
Жаңағы аппақ дүнием
Көзімнен бір-бір ұшқандай.

Қайда әлгі шағы даланың,
Қайда енді әлгі пәк күні?
Талдырып көздің жанарын,
Күрмейтін тілді ақтығы?

Жоса боп жатыр ақ дала,
Көңілімнің көлі бұрқанды.
Ізіне қарап қап-қара,
Жек көріп кеттім тұлпарды.

Ұрыстым сені өзімше,
Қай жақтан ғана тап болдың?
Жыртылып қалды көзімше
Үлбіреп жатқан ақ торғын.

Қинайтын тұяқ түскірді
Не шаруа болды мұнша асық?
Алғашқы аппақ ұшқынды
Таптайтын сонша құм шашып?

Ақ нұрға аймақ шат күліп,
Рахатқа тұңғыш батқанда,
Несіне шаптың ат мініп
Үлпілдеп жатқан ақ қарға?..

ЕСЕЮ

Қалмаған есейгенше еркелігі,
Мен едім осы жердің ерке гүлі.
Сен болдың сол ауылдың аты шыққан
Кезінде теңдесі жоқ тентек ұлы.

Балалық бүгін елес ұмыт қалған,
Басқа арман күтіп бізді тұрыпты алдан.
Сен кеттің өжет мінез жігіт болып,
Адуын асау тайға құрық салған.

Оралмас шақты есіңе аласың ба,
Енді арман ағаш атқа таласу да.
Мен сенен дара гүлдеп бөлек қалдым
Әзілқой жеңгелердің арасында.

Кінәлі зулап өткен күндер ғана,
Өзгеше күй шертеді гүл мен дала.
Ақылды әке болып жүрсің бе енді,
Кеп-кеше төбелесіп жүрген бала?..

СӘБИ МЕН ЖЫЛАН

Көрсеткен орман, даланы,
Кинода кейде болады.
Бесікте жатқан сәбиге
Сұр жылан келіп қалады.

Ысылдап жылан жанында,
Шаққалы тұрған шағында
Сан қилы жағдай сәбиді
Қалады сақтап тағы да.

Жыланның қатер баққаны,
Болмаса да одан тапқаны.
Естілген емес бейкүнә
Сәбиді бірақ шаққаны.

Себебін айтса мұның жұрт,
Аңыз деп кейде ұғындық.
Сәби мен жылан сияқты
Адалдық және зұлымдық.

* * *
Ерте өскен гүлден қорқамын –
Аязға ұрынады-ау деп,
Мезгілсіз жұлынады-ау деп.

Меңіреу түннен қорқамын –
Жанарлар жұмылады-ау деп,
Аңқаулар жығылады-ау деп.
Жалтақ жанардан қорқамын –

Жүректі жаралайды-ау деп,
Қиналсаң қарамайды-ау деп.
Жағымпаз адамнан қорқамын –
Тайсаң табалайды-ау деп,

Достыққа жарамайды-ау деп.

МАҢҒЫСТАУ

Маңғыстау деген – маң дала,
Теңізге төнген сән қала.
Мұнайлы биік мұнара,
Алдыңнан өткен аруана.

Маңғыстау деген – толғаныс,
Ұйқыда жатқан жолбарыс.
Шөлдеген дала, өкініш,
Кеудеңді керген ар-намыс.

Маңғыстау – ойпат, тау, жыра,
Әсем ән, сазды домбыра.
Ұрпаққа келер ертеңгі
Несібе болар мол мұра.

Маңғыстау деген – сан оттар,
Карьер, мазар, заводтар.
Бабалар Дала – музейге
Жинаған экспонаттар.

ЖҰМБАҚТАС

Аспанға да, асқарға да тіл қатпас,
Батырмен де, ақынмен де сырласпас.
Жалғыздықтың қасіретін көп көріп,
Тасқа айналған арумысың, Жұмбақтас?

Тасқа айналсаң, бар қайғыға шыдарсың,
Сенен жағдай сұрамайды мынау шың.
Іштей жылап Көкшетаудың қойнына
Көз жасыңнан көл жасаған шығарсың.

Көрдің бе екен бұл өмірдің жалғанын,
Махаббаттың сатқындығын, алдауын?!
Билік, байлық, алтын тақ та бір күнде
Хандар менен әулиеден қалғанын?!

Шындықты айтсаң, шырылдай ма дауысың,
Бағындыру қайда мынау тау ішін?!
Ұйқыдағы жатқан «Жеке батырды»
Оятуға жібермей ме намысың?!

Қолдау көрмей адамнан, не аспаннан,
Күдер үздің және сатқын достардан.
Барымтада жау қолында кеткенше,
Артық па екен туған жерде тас болған?!

Батырға да, ақынға да сырды ашпас,
Бүгін сені қуаныш та, мұң баспас.
Мен болжасам, елін сүйген қазақтың
Тасқа айналған аруысың, Жұмбақтас.

ҚҰЛСАРЫ

Бір талы жоқ,
Кеуіп жатқан сұрлана,
Гүл көрмеген,
Қабағында мұң-нала.

Сан ұрпаққа мекен болған ежелден
Атамекен атанады бұл дала.
Келушіден деп сұрасаң:
«Ұнай ма?»

«Керегі жоқ мекен, – дейді, – Құдайға».
Ащы сор мен шеңгел өскен құм асты
Тұнып жатыр мөлдіреген мұнайға.
Жапондарың,

Ағылшының,
Венгрің,
Осы өлкеге санап болмас келді кім.
Сұлу қызға қатар түскен құдадай

Құлсарыға қызығып тұр ел бүгін...
6-237

ЗАҢДЫЛЫҚ

Жұмбақ сырын шеше алмайтын жас ұрпақ,
Жер үстінде сияқтанып асыл бақ,
Бабалардың қолыменен салынған
Күмбездер тұр даламызда ғасырлап.

Аямаған өрнегі мен алтынын,
Әрқайсысы туындысы жалқының.
Ойлап тұрсаң, салыныпты барлығы
Өлмеуі үшін күштілердің даңқы мың.

Таласың жоқ, құдіреті өнердің,
Мұрасы боп қалады, рас, сол елдің.
Әттең, ондай болмау үшін басқада
Ең соңында көзін ойған шебердің.

Құрсын дейсің бұлай жеткен мұратың,
Өз даңқым деп өзгелерді қыратын.
Бірақ өмір жалғасуда дәл солай
Даналық пен жауыздықтан тұратын.

ҮШ АҚҚУ

Үш аққу қыстап қалды Бағырлайға,
Қыс келіп, айдын мұзды жамылмай ма,
Осы бір табиғаттың нәзіктері
Күні ертең жылы жақты сағынбай ма?

Үш аққу қыстап қалды Бағырлайға.
Жұп еді.
Төртеу еді.
Көктем еді.

Жағаның жас бүр ашқан көк терегі.
Жаз өтті біреуіне қайғы сыйлап,
Бір қосақ арманына жетпеді енді.
Жұп еді.

Төртеу еді.
Көктем еді.
Бір аққу осы жазда сыңарланды,
Арудай қосағына ол жылар мәңгі.

Қос аққу қимастықпен қатар жүзіп,
Кетуге ұшып сыңарды қия алмады.
Бір аққу осы жазда сыңар қалды.
Айдын мұзды қыс келді, дала қарлы,

Құс көңілге ақ боран қарамады.
Адамдардан үмітін үзбеген-ау –
Үшеуі қой қораны паналады.
Айдын мұзды қыс келді, дала қарлы.

Қайтпады олар құс кеткен жақтарға ана,
Асықпады саялы бақтарға да.
Кей пендеде жоғалған аяушылық
Жүрегінде аққудың сақталған ба?!

Қайтпады олар құс кеткен жақтарға ана.
Үш аққу қыстап шықты Бағырлайға,
Қыс келіп айдын мұзды жамылмай ма?
Сырттай нәзік көрінген өжет жандар

Кейде тағдыр заңына бағынбайды, ә!
Үш аққу қыстап шықты Бағырлайға.

МЕДЕУ МҰЗ АЙДЫНЫ

Биік шың, шырша – таулардың көркі,
байлығы,
Ұмытар мұнда келгендер мұң мен
қайғыны.

Делебең қозып, тұрасың елтіп бұл жерде,
Жарқырап жатқан шақырып мұздың
айдыны.
Шарпиды жігер, денеңді бір от қыздырып,

Айдынға тұрсаң арманның құсын жүздіріп,
Мәңгіге бейне айнымас сертін бергендей
Барады сырғып, жазбастан жұбын
қыз-жігіт.

Қалт басты әні, тобығы қыздың қайрылып,
Ұстаған жігіт қолынан қалды айрылып.
Анау бір пысық қайрылмай өтті көмекке,
Анау бір адам барады жеке жәй жүріп.

Біреулер – олақ, біреулер – жылдам,
бейімдеу,
Біреулер озып, біреулер қалып кейінде.
Жас толқын келіп қосылып жатыр

жаңадан,
Шаршаған біреу қайтқалы отыр үйіне.
Сүрініп біреу, біреулер оқтай зымырап,
Біреулер құлап, кетеді оңай тұрып-ақ.

Кішкентай қызым қосылып кетті
сол топқа,
Құлдырап барып қолымнан менің
шығып ап.

Үрей ме, бұл не, дірілдеп неге барамын,
Мен сені мұнша толқыннан қалай
табамын?!
Осы ма еді, құлыным, менен бөлініп,

Өмірге сенің өзіңше басқан қадамың?!
Үлгермей қалдым айтуға жүр деп
жайлап-ақ,
Құласаң қайттім қатыгез мұзға тайғанап?..

Қорқыныш маған, ал саған бәрі оп-оңай,
Ойың бар жалтыр айдында билеп,
ойнамақ.
Кетеді қазір біреулер мына алаңнан,

Кейбіреу мұнда сан рет қайта оралған.
Ұқпайсың әлі бірін де оның, қарағым,
Тағдыр да қиын, адамдар сонша сан алуан.
Мазасыз жанға осының бәрі жыр-дастан,

Аналық жүрек жақсылық тілер тынбастан.
Керегі маған – құламай сенің келгенің,
Керегі маған – ертеңгі сендік нұрлы аспан.
Мұз айдын мені батырды ойға не түрлі,

Зулай бер, ботам, буының енді бекіді.
Сен үшін бірақ жарқырап жатқан
жалтыр мұз
Мен үшін нағыз өмірдің өзі секілді.

АҢШЫНЫҢ ЗАРЫ

Бала жастан бірге ойнап-күліпті,
Құмға шықса бірге қазған құдықты.
Бір ауылда татулығы аңыздай
Ағайынды екі жігіт тұрыпты.

Бірге көнген жоққа да олар, барға да,
Татулығын айтыпты ел таңдана.
Тойға да олар бір-бірінсіз бармаған,
Шығады екен бірге екеуі аңға да.

Тастай салып бағып жүрген жылқыны,
Сол екеуі аңға аттанған бір күні.
Ақ маралдың ізін кесіп үлкені,
Ал кішісі қуып кеткен түлкіні.

Бір көрініп, құйрығымен бір алдап,
Бояуымен, қулығымен мың арбап,
Қызыл түлкі кішісіне әйтеуір
Кетті ұстатпай, олай-бұлай бұлаңдап.

Түлкі кетті алдап тастап, аулаққа,
Оңайлықпен ілінер ме ол қармаққа?!
Енді інісі іздемек боп ағасын,
Аттың басын бұра шапты тау жаққа.

Бір шатқалға енген бойы осы еді,
Бұл тауда бұлт астан-кестен көшеді.
Ә дегенше төбесінен жігіттің
Шағын бұлттың төкті өткінші нөсері.

Шап-шағын бұлт жауды келіп есіріп,
Жігіт қойды қалдым-ау деп кешігіп.
Бұлыңғырлау сулы көзбен қараса,
Қарсы алдында жатыр марал көсіліп.

Ойланбастан, қарамастан оқ алды,
Сүрткен де жоқ жауын жуған жанарды.
Көз ілеспес жылдамдықпен жас жігіт
Көздеместен атып салды маралды.

Осылай деп мергендік пен ер ісі,
Осы ғой деп аңшылықтың жемісі,
Жетіп келсе мұның атып алғаны –
О, ғажайып, сойған марал терісі.

Ойламаған қателікті қарашы,
Ажалдың да жеткен жері, шамасы...
Сойған марал терісінің астында
Өліп жатты дәл өзінің ағасы.

Еңіреумен әзер жиды ер есін,
Тауға қонды, елге келіп не десін.
Ойлап-ойлап, келесі күн сол тауға
Жерлеп қайтты ағасының денесін.

(Бір-ақ күнде ошақ басын ойрандап,
Бір-ақ күнде таясың-ау, қайран бақ.)

– Тентегім-ау, келдің бе? – деп алдынан

Асыл жеңге шыға келсін жайраңдап.
Жігіт састы, жұмған аузын ашпады,
Мінезінен секем алды жас-кәрі.
Сонда ол қолға домбыраны алды да,

Мұңлы күйді күңірентіп бастады.
...Мұндай халді айтар дана болды ма,
Өткен күндер жазылмастан қалды ма?
Қасіретін қалдың сақтап халықтың,

Қос шегіңнен айналайын, Домбыра!

ҚАЙЫҢ КҮЙІ

Өзгермейтін тәкаппар қалпы мына,
Дір етпейтін аяздың салқынына.
Мынау жаздың аптабы қиын соғып,
Шөлдеп тұрды қайыңның балтыры да.

Соқты аңызақ, түннен де сәл ығыспай,
Ақ қайыңнан ақ сәуле жарық ұшпай.
Бір тамшы су аспанға телміртеді,
Қақыратқан жүректі сағыныштай.

Содан бір күн сағынтқан нөсер құйды,
(Кейде осындай нөсер де кесел дейді).
Нәзік қайың шынында өз басынан
Бірінші рет өткерді есер күйді.

Құйды нөсер, шаққа оны құлатпады,
Көшті аңызақ, бәсеңдеп күн аптабы.
Шөлдеп тұрған бейкүнә жапырақтар
Сол жауынның соңынан жылап қалды.

ЕНЕ КИІК

Ұйымшылдық басым-ау киіктерде,
(Төне берген тағдырдан күдіктен бе?)
Дүрліге кеп қашады бірі қалмай,
Оқыс шыққан дауыстан үріккенде.

Таныс мекен, өз көлі, өз асқары,
Өз даласы, үстінде өз аспаны.
Көкжал қуып, ит қуып, адам қуып,
Қуғын көріп жүргені көз ашқалы.

Қуғыншымен жарыса жанасады,
Көтеріліп тұяқтан дала шаңы.
Жанұшырып шапқанда бет алдына,
Жас лақтар енеден адасады.

Жоғалды лақ.
О баста егіз еді.
Амалы жоқ күдерін Ене үзеді.

Жатырқауды білмейді жануарлар,
Екінші Ене жетімді емізеді.
Шөлдеп қалған адасқан лақтарды
Ене киік емізді, құлатпады.

Ертіп алға кетеді дала кезіп,
Болмаған соң баянды тұрақтары.
Туған дала, паналат киігіңді,
Тұяғы оның көк тасқа жиі ұрылды.

Бөтен лақ емізген Ене киік
Жоғалтпасын сен берген мейірімді.

* * *
Таптадық желкілдеген құрақ-талды,
Самалдан басым түсті күн аптабы.
«Керек, – деп, – қорғауымыз» жар саламыз

Өзіміз лайлаған бұлақтарды.
Аңқау деп мазақтадық жайсаңдарды,
Қулардың пысықтығы ой салмады.
Шалқар деп аталатын көлдердің де

Орнында көкшіл тартқан майса қалды.
Азайып ойлы жанар күй тыңдаған,
Көбейіп сөзі майда сиқырлы адам.
Бетінен өзен-көлдің естілмейді

Аққу мен қаздың үні қиқулаған.
Ер жігіт ертеңгісін ойланбайды,
Әр жерде шындық деген қол байлайды.
Пәк сезім «махаббат» деп аталатын

Есеппен үйленетін тойға айналды.

Дана деп ойламаппыз қарияны,
Ұмыттық аялауды әр ұяны.
Сақтаудың қажеттігін жаңа білдік
Толқыны жарға соққан дарияны.

Үй санап өсірдік те тас қаланы,
Қалдырдық өз бетінше жас баланы.
Меніңше, қайта құру осылардың
Барлығын қастерлеуден басталады.

СҮМБІЛЕ

Май өтті, көктем өтті, гүлдер өтті,
Сыбдыр тал, ай сәулелі түндер өтті.
Қарлығаш сайрауымен келген арман
Тырналар қиқуымен бірге кетті.

Кеп-кеше ұшқан едік қанаттанып,
Жылдарды енді отырмыз санап қалып.
Ең қызық романның беттеріндей
Қыз дәурен өте шықты парақталып.

Таңдантпай баяғыша кереметтер,
Жүректі жасқамады терең өткел.
Торғайдың аузындағы балапан жем,
Көңілді көп қуантқан көбелектер.

Үгіттеп жуасуға қайсарларды,
Ұнаттық ақыл айтып, ой салғанды.
Тойларда ұшып-қонып билемейміз,
Тыңдаймыз баяу сазды байсалды әнді.

Жастарды қойсақ дейміз ойландырып,
Сабырға, салауатқа бойды алдырып.
Думанмен күте алмаймыз таң атуын,
Бет алды кете алмаймыз сайран құрып.

Тып-тыныш оңашаны армандаймыз,
Жақсыға, жаманға да таңданбаймыз.
Сыбдыры ақ қайыңның сыршыл емес,
Сан рет бәрін тыңдап алғандаймыз.

Ұмыт боп махаббаттың бал айлары,
Кей жанар көзәйнектен қарайды әлі.
Тек қана қатар өскен жігіттердің
Бізге онша байқалмайды самайлары.

Басылды алып ұшқан бұла көңіл,
Гүл емес, енді егінге тұнады өңір.
Қайғы боп, қуаныш боп өтіп жатыр
Өз заңын мойындатып мынау өмір!

7-237

АЙДЫН КӨЛДІҢ АРЫЗЫ

Қонатын қаздар қаңқылдап,
Мөп-мөлдір еді айдыным.
Ойнайтын сазан жарқылдап,
Есепсіз еді байлығым.

Бетімде самал шайқаған
Билеткем түнде ай нұрын.
Қамысты нудан байқағам
Жолбарыстардың айбынын.

Менімен сұлу кеші де,
Нұрлы еді дала таңдары.
Салатын ойнақ төсіме
Аққудың балапандары.

Қамысты шапты адамдар,
Өртеді біреу қалғанын.
Жойылды тірлік жағамда,
Мен енді шалқи алмадым.

Тартылдым, жағам тозғанда
Тайғандай бастан бар бағым.
Мергендер атқан қаздарға
Пана да бола алмадым.

Жоғымның орны толды ма?
Көркім жоқ жолшы мақтаған.
Қарала үйрек орнына
Шүрегей мынау қаптаған.

Шалқып бір жатқан күндерде
Құшақты жайдым баршаңа.
Сусының болып шілдеде
Ләззат бердім қаншама.

Жалынам бүгін бәріңе,
Үмітпен ұрпақ баққандар.
Қолыңнан келсе, әлі де
Жоғалтпай мен сақтаңдар!

ЖҰЛДЫЗДЫ ӘЛЕМ

Қырларына гүл өсетін не түрлі,
Жарылқайтын жесірлер мен жетімді.
Біз мекендеп жүрген осы жер үсті
Кейде маған жұлдызды әлем секілді.

Өз-өзіңмен өтіп жатыр әр кешің,
Күндіз тағы өз ісіңмен әуресің.
Жұлдыз сынды жарқыраған адамдар
Жақын барсаң түсірмейді сәулесін.

Бірде батыл, бірде дана, ақынбыз,
Жүректегі армандармен жақынбыз.
Жолықпайтын метеориттер тәрізді
Әр бағытпен ағып бара жатырмыз.

Айналасын қорғап әркім үйінің,
Тілеп кетті өзі шығар биігін.
Жанып біткен планета сияқты
Шаша алмадық басқаларға мейірім.

Жұлдыз, жұлдыз!
Биіктіктің сәні еді,
Алыс қарап тұрсақ, сондай әдемі.
Неге салқын болады екен, япырмай,

Жарқыраған жұлдыздардың әлемі?..

АҚ ШЫҢДАР

Жанымды еліктірген дала, сағым,
Бар менің бала шағым, болашағым.
Сендермен таласпаймын, асқар шындар,
Сендерден әлденеше аласамын.

Армандай шақыратын қияларың,
Өмірде сендер менің қиял-әнім.
Сендерден кішкентаймын, аппақ шыңдар,
Қолымды созуға да ұяламын.

Төбеңе төніп көктен Ай қараған,
Ұмтылған қарағайлар айналадан.
Мәңгілік селт етпейтін сабыр менен
Сендегі айбарлылық қайда маған?!

Ақ самал, ашулы ызғар аймалаған,
Ақ бұлттар, аппақ мұздар жайлап алған.
Еңсені аласартпай өздеріңше,
Жалғасу ғасырларға қайда маған?!

Бірақ мен қуанамын, ұяламын,
Жүремін еркін кезіп би алаңын.
Толқимын, тебіренем, өлең жазам,
Ән салам, елжіреймін, сүйе аламын.

Тағы да қайғыра алам жылап-талып,
Қайтадан бой түзеймін құлап барып.
Әйтеуір дүниені белден кешем,
Достармен сайран салып, сыр ақтарып.

От жанып жанарымнан күлімдесем,
Одан соң қорқыныштан дірілдесем.
Әйтеуір жер бетінде із қалдырып,
Лапылдап жанып-сөніп ғұмыр кешем.

Шығармын үлесімнен кеш қалған да,
Жетпеспін сендей анық еш жалғанға.
Шыңыңа бірақ кейде қызықпаймын,
Өн бойың тас екенін еске алғанда.

Кеш мені, бауыры тас, жұмбақ мекен,
Қасірет сені осылай шындап па екен?!
Кім білсін, менің отты аз ғұмырым
Сенің мәңгі даңқыңнан қымбат па екен?..

КҮЙ ТЫҢДАП ОТЫРҒАНДА

Қос шекті күмбірлетіп күй ағады,
Даланы дүмбірлетіп тұяқ әні.
Жас жігіт жалт қарайды,
Сұлу қыз ұялады.

Қас жүйрік бір-біріне қарсы ағады,
Тарайды құйрық-жалын таң самалы,
Ата-ана күдіктеніп,
Жеңгелер ән салады.

От көңіл лапылдайды қас қағымда,
Жастық шақ күн сөнбеген аспанында.
Жігіттің кетті арманы
Кербездің шашбауында,

Пернелер дірілдейді күдік еніп,
Тағдырға біреу көнбей, бірі көніп.
Айтады алуан сырды
Домбыра күңіреніп.

Алдыңнан есілдіріп көктем желін,
Баяндап қайта өмірдің өткелдерін,
Тағдырын салады еске
Арманда кеткендердің.

Қос шекті кейде саусақ баяу қағып,
Көңілдің алуан күйін жаяды анық.
Әр күйде бір-бір дастан
Бітеді баяндалып.

Бойға бір әсер құйып дуылдаған,
Күй бітті. Көңіл әлі суынбаған.
Күй-өмір қысқа неткен,
Уақыт-ай зуылдаған!..

АҚСАҚ ҚҰЛАН

Кірпік қақпай атырды хан таңды бұл,
О, дариға, үзілмек пе ән-ғұмыр?!
Апта бойы неге хабар бермейді,
Оралмайды аңға кеткен жалғыз ұл.

Өлсе неге зарламайды мынау ел,
Ер-тоқыммен оралмай ма құлагер?!
Не болмақшы алтын тақтың ертеңі,
Мүмкін емес жоғалуы мұрагер.

Қойды ештеңе жұбата алмай көңілін,
Той базары оралар ма төрінің?!
Сезді жүрек бір пәлені, хан бірақ
Естігісі келмеді ұлдың өлімін.

Сезді іштей енді ісінің оңбасын,
Ұлдың орны еш байлықпен толмасын.
Сөйте тұра: «Жаман хабар айтқанның
Көмейіне құям, – деді, – қорғасын».

Ханнан солай қатал үкім болды да,
Естірту сөз тиді күйші «сорлыға».
Өнер тілі айтты ұлдың өлімін,
Бәрі-бәрін берді сайрап домбыра.

Айтты екі шек барлығын да зарлана,
Көз алдында күңіренді маң дала.
Жиналған ел ұқты бәрін, егілді,
Көзіне тек жас алмаған хан ғана.

Күту керек зарлы күйдің бітуін,
Сездірмеді қашқанын да құтының.
Хан болған соң, айтылған соң о баста,
Орындату керек енді үкімін.

Күйші үнсіз күйін тартып болғасын,
Ханға ұсынды домбырасын – жолдасын.
Шанағына домбыраның әділ хан
Құйғызыпты балқытылған қорғасын.

Жүректегі мұң-наланы жаза алған,
Кеудесіне ұялатқан саз-арман.
Осы жолы қасиетті домбыра
Талайларды құтқарыпты ажалдан.

Жырлауға адам қасіретін, шаттығын,
Домбыраны алғаш ойлап тапты кім?
«Ақсақ құлан» күйін тартқан кім еді,
Бұ күндері білмейді ешкім авторын.

Халық сүйсе, талантыңның расы,
Халықтікі атанады шын асыл.
«Ақсақ құлан» – халық күйі бұл күнде,
Домбыра да – сол халықтың мұрасы.

АҚСАҚ ҚЫЗ АҢЫЗЫ

Жүздері гүл жайнаған, жайраңдаған,
Қырық қыз саябақта сайрандаған.
Сан талай теңдесі жоқ сұлулықтың
Қашаннан куәсісің, қайран далам.

Қырық қыз – әнші көмей, жыршы көңіл,
Бәрін де ерке өсірген сыршыл өңір.
Еркіндік, ойын-сауық, бірақ, шіркін,
Адамға қымбат емес мұңсыз өмір.

Кең дала.
Ауа тыныш кешкідегі.
Даланың самал болмақ кешкі желі.
Алаңсыз серуендеген қырық қызға

Сыңсыған қобыз үні естіледі.
Сол әуен тағы естілді таңнан бұрын,
Бір көру әуен иесін арман бүгін.

Жүректі шымырлатқан сиқыр әуен
Айтқандай бұл фәнидің жалғандығын.
Көңілің мұңданады, шаттанады,
Сол үнсіз жанның сая таппағаны.

Қобыздың үні естілген беткей жаққа
Қырық қыз мекенінен аттанады.
Әрине, батылданды бекер бәрі,
Құм белден ешқайсысы өте алмады.

Шөлдеді, таңдай кеуіп көзін жұмды,
Арманға қыздар солай жете алмады.
Ауылға бір қыз жетті ең әдемі,
Азырақ шыдағанда, ел бар еді.

Дариға-ай, бірақ оның аяғы ақсақ,
Сәл ғана өзгелерден кемтар еді.
Қорқытқа жетті ақсақ қыз, қобызға да,
Бәрінен мықты болды со қыз ғана.

Моласын көрдік, өзін көрген жоқпыз,
Бұл солай бізге жеткен аңыз ғана.

Ақсақ қыз ұзақ жолдан әрең келген,
Қорқытқа жетіп өлген, сәлем берген.
Өнер мен өнер сүйген адамдарды
Ажалдың жеңе алмасын дәлелдеген.

САМОЛЕТТЕ

Көп адам айтқан да жоқ оған өкпе,
Мұндайда сөз де шығын қарабетке.
Итеріп балалы әйел, қарт ананы,
Жас жігіт көтерілді самолетке.

Басқалар дегендей-ақ көрді «ерлігін»,
Байқатып өз күшіне сенгендігін,
Керіліп орындыққа жата кетті,
Жеріне жететіндей елден бұрын.

Түрі жоқ тілдесетін ол басқамен,
Қыз үні жалт қаратты:

– Жолдас! – деген, –

Болмай тұр денсаулығым, терезеге
Бір орын жылжысаңыз болмас па екен?
Жас жігіт қыз бойына қарап көрді,
Айнала бос орынды санап берді:

– Билетте көрсетілген өз орнымда

Отырмын, тұрмаймын! – деп жауап берді.
Шалқайды соны айтты да ерегісіп,
(Адамдар көргенсіздеу неге пасық?)
...Қанатты лайнерлер ғасырында

Аспанмен қанатсыз да келеді ұшып.
8-237

МАШИНА САТУ

Саудалы базар, жан-жақтан адам құйылған,
Аумайды бейне тірлікте қызық жиыннан.
Бәрінің мұнда тек ұтып кету арманы,
Дүние, шіркін, құралады екен тиыннан.

Алушы кетпек түсті деп арзан қуанып,
Сатушы қалмақ өтті деп қымбат жұбанып,
Өмірде өзін мәңгілікпін деп ойлаған
Саудагер тұрмақ білегін таңнан сыбанып.

Сатушы болып базарға алғаш келуім,
Сататын мүлкім – сапарлас болған көлігім,
Ағылған топтан алданар екен кім маған,
Шұбырғандардан алдамақ бүгін мені кім?

Ат-көлік әр кез жарлыға ханның тағындай,
Бақыт-ау жүрген кейбір жандарға
жалынбай.

Зулатып жүрген машинам кетті сатылып,
Жау мініп кеткен батырдың

арғымағындай.
Көл-көсір байлық енді алақанға сыйғаны,
Үйренген көлік көңілді сәл-пәл қинады.
Дедім мен іштей: «Болды ма серік жанына

Әкемнің сонау жоқ-жұқа жылғы жиғаны?»
Біреулер келіп, біреулер кетіп жатады,
Біреулер арзан, біреулер қымбат сатады.
Базардан қайттым есіме түсіп әкемнің

«Дүние, шіркін, опасыз» дейтін мақалы.
Бір жаяу келіп ат мініп кетті үйіне,
Мән берген жан жоқ менің де жаяу күйіме.
Осы екен дедім тірлікте мың-сан естіген

Қас қағым сәттік, дөңгелеп тұрған дүние.

КӨРШІЛЕР

Қыдыратын әжеге таласа еріп,
Ертегісін тыңдайтын дара серік.
«Үлкендердің алдынан кесіп өтпе»
Деп өсірген ауылдың баласы едік.

Кей ағайын қиырда көріспеген,
Дәм-тұз түгіл, қайғыңды бөліспеген.
Әжем бізге: «Іргелес көрші сыйлау
Тіршілікте адамға борыш», – деген.

Бір-бірінің аңсайтын сәлемдерін,
Бір-бірінің жаттайтын өлеңдерін.
Сары майдай сақтайтын базарлықты,
Ауыз тимей қалар деп бәлен келін.

Анам келіп қалаға таңданғаны,
(Оған жұмбақ әрқилы жандар бары).

Дейді маған: «Түйіскен есіктері
Көршісі көп адамның бар ма арманы?!»
Далаңдаған кең оның киімі де,
Дархан көңіл қалды өз биігінде.

Сыйластық деп ұғатын тірлік сырын
Сүйсінемін қашан да пейіліне.
Қайран апа, жоқ мұнда дала ғұрып,
(Қатал айтсам, тым теріс қалар ұғып).

Жақын деген есіктің әр жағында
Ілулі тұр бірнеше қара құлып.
Арпалыспен, шабыспен күн өтеді,
Әркім өзі білгенше күнелтеді.

Өлім болса естиміз көршілерде,
Тірілердің беймәлім кім екені.
Дәл сендерше үлкенді сыйлау да аңыз,
Қам жемеңіз, біз үшін қиналмаңыз,

Көрпе төсеп күтпейміз артық қонақ,
Құлып салып, әйтеуір, жинаудамыз...

* * *
Анау көрші сөз ұқпас қиқар адам,
Шаруа баққан, өзінше үй қараған.
Маңдайына біткені – бір машина,

Мүлкі болды ерте-кеш сипалаған.
Келеді айдап, қабағын қалыңдатып,
Дәл осы деп ойлайды нағыз бақыт.
Нәрестедей әйелге өбектетті,

Ақ матамен күнгейін жабындатып.
Балшық тисе көрсең-ау дірдектеуін,
Соны жуып өткерді бұл көктемін.
Тіршілікте бұл сорлы сезе ме екен

Қанша адамның көңілін кірлеткенін?!
* * *
Бірін көріп мейірім сезінесің,
Бірін көріп адамнан безінесің.

Көп қатарлы үйлерде көрші де көп,
Алуан-алуан түріне кезігесің.

Мына есікті ашпайды кісі бүгін,
Қожайынның білмейсің түсінігін.
Өз тұқымы жөнінде хабары жоқ,
Асыл дейді тұқымы күшігінің.

Ол үйде ешкім қызығын тойламайды,
Итпен ғана кезеді айналаны.
Еш адаммен, о тоба, шаруасы жоқ,
Ертелі-кеш ит қамы ойлағаны.

ЖОСАЛЫ

Жүрекке жігер қосады,
Жолшыға құшақ тосады.
Қызғалдақ толы беткей деп
Айтады сені, Жосалы.

Адамның жоқ деп осалы,
Мақтауың тағы асады.
Жер асты тұнған бояу деп
Айтады сені, Жосалы.

Қырыңда киік жосады,
Көліңде құстар қосағы.
Сыры мол туған даламның
Бөлігі сенсің, Жосалы.

Шырқалған сенде дос әні,
Қоштассам қайта тосады.
Айналып қайта келгенше
Аман-сау болшы, Жосалы.

ҚАСҚЫР

Өтетін сырт айналып мұнар белді,
Соқпақты дала жолы бұраң еді.
Жүйткіген машинаның алдын орап
Бір қасқыр қыр астынан шыға келді.

Мәз болды мұны көріп шеткі жігіт,
Қызынып денесіне от жүгіріп,
Жолшылар қиқуласып машинамен,
Жолсызбен сол қасқырды кетті қуып.

Білдірмей қуғыншыға ешбір елең,
Құбылып қылау жоны кешкі желмен,
Барады, енді қайтсін, бұл өңірде
Қасқыр соққан жүйрікті естімеген.

Жігіттер қару етіп шыбық, талды,
Жолдан шығып кеткенді ұмытқан-ды.
Бір сайдың жағасында орға түсіп,
Машина оталмастан тұрып қалды.

Кеш түсті әуреленіп жүргенінде,
Табарға қандай амал білмеді де.
Жаңағы қасқыр қуған кереметтер
Жаяулап кетті тартып үйлеріне.

Келер күн бейхабардай ештеңеден,
Көмекке машина алып түсте келген.
Жігіттер сол қасқырдың ізін көрді,
Кузовты әр жерінен тістелеген.

Қуғанын ізге түсіп кектеді ме,
Жоқ өзі тағдырына өкпелі ме –
Жігіттер қарап тұрды қайран қалып
Кеміріп қарағайды кеткеніне.

Гүрілге тыныштығын бұзған мына
Кім білсін кектенді ме, сызданды ма?!
Қорыған шығар, мүмкін, бөлтірігін,
Жоқ, әлде кең даласын қызғанды ма?..

НАУРЫЗ

Құлақта алыс
Алпыс жыл бойы қалды ызың.
Жыл басы деген жалғыз үн,
Қадіріңді ұқпай,

Кетіп ек тәңір танымай,
Адасып қайта
Жолықтың бізге, Наурызым!
Сен қажет болдың біздерге,

Қанағат таппай
Көктемнің түгіл, күзден де,
Мейірімнен күдер үзгенде.
Күлкісі аздау тірліктен

Қажыған шақта
Біз шықтық сені іздеуге.
Бас ию білмей асылға,
Қатыгез болған

Қария түгіл, жасың да.

Темір адамдай
Жүрегі салқын ғасырға
Сендей бір мейрам
Қажет те шығар, расында!

Далама әкел ырыс-құт,
Ақ пейіл жандар
Ақ дәмін сыйлар туыстық.
Пейіліне ұқсас халқымның

Өзіңмен келсін тыныштық!
Ұмыт боп кетіп қинадың,
Күндік той деп ең
Ғұмыр бойына жиғаның,

Үлкенді кіші сыйлауын.
Анамның тілін,
Бабамның салтын сақтаған,
Хош келдің, Ұлы Мейрамым!

ӨЛЕҢ ЖАЗАРДА

Бұлт кешіп Алатаудың басында анау,
Ақ жауын Алматыда ашылмады-ау.
Менің де жүрегімде таң атқалы
Бір сезім алай-дүлей басылмады-ау.

Кетсем бе сонау таудың баурайына,
Сырымды айту үшін бар қайыңға,
Қосылып жылайын ба ақ жауынға,
Жоқ, әлде баққа барып жаурайын ба?

Әйтеуір кеудем тынши алмады да,
Бойымда қайсар күшім қалмады ма,
Жүрегім тағдыр жүгін ауырсынып,
Жаншылып бара ма екен салмағына?

Ұқпаймын іздейтінін көңіл нені?
Шаруаға ойым мүлде бөлінбеді.
Келеді солай жаңа жырдың жолы,
Нөсерлеп ақ қағазға төгілгелі.

ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ СУРЕТ

Қиялым ұшқыр желімен дала жанасып,
Келемін таныс белестен зулап әрі асып.
Аспанның мынау астына сыймай
қалғандай,

Үстінде жолдың қос торғай жатыр таласып.
Таласып жатыр бір-бірін қуып шеткейге,
Біріне бірі жолымнан әлде кет дей ме.
Керексе қоныс кең әлем толы көк орман,

Жалғыз-ақ бұта жүзіне соның жетпей ме?
Таласып жатыр қанатты шаңға көмбелеп,
Біріне жеңіс, біріне әділ жол керек.
Қарайтын емес төніп те келген ажалға,

Қағады-ау енді зуылдап өткен дөңгелек.
Сірә, бұл талас жатқан жоқ жүріп дән үшін,
Жатқан жоқ жүріп баянсыз
бақыт-бақ үшін...

Кішкене тұмсық топшының қанын ағызып,
Торғай да болса қалмақ-ау қорғап
намысын.
Не жетпейді екен, жөнімен ұшса

болмай ма,
Тал деген көп қой, қалауын тауып
қонбай ма?
Кім білген мынау күреске толы өмірдің

Алаңы ортақ екенін тіпті торғайға...
Дөңгелек зулап төнгенде тағы кенеттен,
Сорлылар деп ем көзбе-көз ажал кереккен.
Қас қағым сәтте жан-жаққа ұшып құтылды,

Торғай да болса қанаты барға не жеткен!..

ОРАЛДЫМ САҒАН, ОРАЛЫМ!

Өнерге қанат қақтырғаның үшін,
Өмірден орын таптырғаның үшін,
Өзіңе сүйеп арқамды әр кез,
Өткір шындықты айттырғаның үшін –

Оралдым саған.
Жүректе шерді айта қалайын деп,
Көңілдер сырын байқап алайын деп,
Жалған күлкіден шаршаған жанарымды

Мөлдір айдынға шайқап алайын деп –
Оралдым саған.
Еркіндік алып, ел болған кезде,
Елдермен қазақ тең болған кезде,

Жырақтау жүріп, жас дәурен кешіп,
Жалған дүниені ойланған кезде –
Оралдым саған.

Хан Орда түгел тоналған кезде,
Қарлығаш кұстар жоғалған кезде,
Ертеңгі күннен күттіріп үміт,
Айдынға аққу оралған кезде –

Оралдым саған.
Достарым келсе, қарсы алу үшін,
Қосылып бірге ән салу үшін,
Көгілдір туға, егемен елге

Туған жерім деп тамсану үшін –
Оралдым саған.
9-237

ТАЗАЛЫҚ

Шаршадың айтыс, тартыс, жанжалдардан,
Жерде тұқым қалмады аңғалдардан.
Жерді айтасың, асқақ шың Алатаудың
Басында да ағарған қар қалмаған.

Сатулы су фонтандар атқылады,
Қалың қалта сатулы бақ құрады.
Зәулім үйлер ішінен аласа адам
Терезеден шылымын лақтырады.

Қала түтін, атады сазарып таң,
Жапырақтың қадірін аз-ақ ұққан.
Ару қала – әр талы ән салатын
Жұрдай болып барады тазалықтан.

ҚАРАШҮҢГІЛ

Көктемеде көмкерген даласын гүл,
Мекені бұл кең өлке сан асылдың.
Атыраудың алғашқы мұнайына
Бұрғы салған жер аты – Қарашүңгіл.

Қарашүңгіл – бұл күнде байлығы асқан,
Ырыс-құт боп, жүз жылдық тойға ұласқан.
Жас жүректің бұл да бір іңкәр жыры,
Қара жігіт, Шүңгіл қыз жайлы дастан.

Қара жігіт – даланың бозбаласы,
Лапылдаған от екен көзқарасы.
Шүңгіл қызға қол созған ғашық болып,
Алау сезім жүректе маздағасын.

Ғашық жандар сезімін жасырмайды,
Оған бірақ кезігер тосын қайғы.
Мұңды әуен көп далада ғасырлаған
Шын ғашықтар әйтеуір қосылмайды.

Іңкәр жүрек тұрғанда бір ән салып,
Қара жігіт кеткенде қыран бағып,
Атын айтып Шүңгіл қыз көз жұмады,
Қапияда аяғын жылан шағып.

Қара жігіт қайғыдан сенделіпті,
Зарлап өлген Шүңгілді көз көріпті.
Бір-бірімен сырласып тұру үшін
Қос төбеге қос ғашық жерленіпті.

Аз көрмеген бұл дала қасіретті,
Бұл фәниден қаншама асыл өтті.
Сол төбеден бұрқ еткен қара тамшы,
Оны халық «Жігіт көз жасы» депті.

Тербетілген жусаны самал желмен,
Қос моланың қызығын дала көрген.
Мезгіл өткен, үйінді төмпешіктен
Қара тамшы жылтылдап аға берген.

Қара жігіт – әулие жылағасын,
Қорып жүріп қазекең бұл арасын,
Көрсетіпті ел кезген ағылшынға
Қоймақ болған ағылшын мұнарасын.

Кезіп жүріп ағылшын бархан құмын,
Орнатыпты мұнайды тартар құбыр.
Кім келсе де ырысын қызғанбайтын
Бұл қазақтың қайтерсің дархандығын.

Мұнай екен жігіттің «жылағаны»,
Кімдер мекен етпеді бұл араны.
Көп кешікпей қара жер жұтып алған
Ағылшындар тұрғызған мұнараны.

Көнгенменен тірілер алдауыңа,
Қарсыласты өлілер барлауыңа.
Мұнараны бір түнде жұтып алған
Қос ғашықтың табынды ел аруағына.

Ән салып тұр бұл күнде қырқа мына,
Еркіндіктің үн қосып нұр таңына.
Қос әулие қорғап кеп табыстады
Қара алтынын өзінің ұрпағына.

Көктемдерде көмкерген жағасын гүл,
Мекені бұл бай өлке сан асылдың.
Қос ғашықтың аруағы күзетінде
Алғаш мұнай атқан жер – Қарашүңгіл.

БҰЛДЫРТЫ

Өмірдің білдім өтерін,
Бақыттың сездім не екенін.
Сан гүлдер өскен жасыл бел,
Армысың, атамекенім!

Мөлдірлік көрдім көліңнен,
Даналық көрдім төріңнен.
Егіні жасыл жайқалған,
Айналдым туған жерімнен.

Шалғынын құштым жайлаудың,
Иісіңе жұпар тоймадым.
Бабамның мәңгі мекені,
Құмыңнан тағы айналдым.

Құлақта сыңғыр мың күлкі,
Көңілдің болмас бір бұлты.
Достарым қалды-ау өзіңде,
Шақыршы қайта, Бұлдырты.

Ару Жайық,
ерке өзен...

ЖАЙЫҚҚА СӘЛЕМ ДЕ

Сен Жайыққа айт, ерке қыз келеді де,
Өлең жазып ақ көйлек желегіне.
Сағынышы басылмай жүр дегейсің,
Құлаш ұрып қайтпаса тереңіне.

Сен Жайыққа айт, көргенде анау ағын,
Аққан кезде аймалап жағалауын.
Дауылымен қанатын қайтармаған,
Келетінін сонда өскен шағаланың.

Туған жерін сағынбай шыдай ма адам?
Наз артпасын Жайығым бұлай маған.
Кез болды де өзіңдей көктемдерде,
Өмірінің арнасын ылайлаған.

Көрген жоқ де бірақ ол ойдан налып,
Ән салды де жасқанбай тойларда анық.

Елең етпей күңкілін пенделердің,
Жүреді де өзінше жайраң қағып.
Сен Жайыққа айт, жолдас боп ездерменен,
Жағымпаз боп көрмеген, сөзге ермеген

Қызың жүр де бір мінез – өмір кешіп,
Сен сияқты арнада өзгермеген.

АҚ ЖАЙЫҚ, АРНАҒА ТҮС,

АРЫНДАМА!

Ару Жайық, ерке өзен, сабырлағын,
Бұл көктемде сен неге арындадың?
Құм мен тастан өрілген жарқабаққа
Ғажап болды-ау осынша бағынбауың.

Жайсаң қызға ел сені тең деп еді,
Мінезіңді адуын көрмеп еді.
Әлде сенің жанынды қинады ма
Жарты ғасыр Нарынның шөлдегені?!

Табиғатқа, тағдырға бағындың да,
Қыста ұйықтадың мұз көрпе жамылдың да.
Ақ айдынға аққулар еркелейтін
Бір дәуренді өзің де сағындың ба?!

Суың – кәусар, өзің – нәр, ақылдысың,
Бары анық бойыңда батыл күшің.

Егеменді елге өзен болғаныңа
Асып-тасып қуанып жатырмысың?!
Қазір саған құлаштап жүзе алар кім,
Неге сонша арнаңды бұза-жардың?

Бәлкім, сенің өмірде бар-жоғыңды
Елемеген жандарға ызаландың.
Түскен талай тасқынның азабына,
Дәуір менен тағдырдың мазағына,

Етек-жеңін жинауды сен үйретші
Далаңдаған даланың қазағына.
Мекендеген жағаңды ырыстылар,
Биыл белге бидай мен күріш тұнар.

Тарихы бар, тегі бар өзеннің де
Көрсеткені бір мінез дұрыс шығар.

САБЫР, ЖАЙЫҚ!

Сабыр, Жайық,
сәл кідір,
сабаңа түс,
Көрсеткенің жөн болмас далаңа күш.

Қамыстардан балапан өргізетін
Қапылыста ұясыз қала ма құс?
Сабыр, Жайық,
өшікпе қайраң құмға,

Ел ертеңін Ана боп ойландың ба?
Өзі кедей, жаны бай диқаныңның
Қуанышын үрейге айналдырма.
Сабыр, Жайық,

басыңнан не кешпедің?
Жараспайды өзіңе өрескел үн.
Өмір сыйлап, тірлікке нәр беруді
Тағдырдан таңдап алған емес пе едің?!

* * *
Жайығың тасып жатыр, Жұбан аға,
Бірдеңе көңіліне ұнамады, ә?
Жоқтайтын ақын болмай сіз кеткелі,

Жыр сүйген арна іштей тынады, аға.
Шағанның суда қалды теректері,
Жұлынып кетті ағынға желектері.
Мың өліп, мың тірілген қазағыңа

Бұ күнде өлең-жырың керек пе еді?
Біз көрдік нарық атты бір бәлені,
Белгісіз ертеңгі елге кім керегі.
Қолында билігі бар пенделерге

Жалпылдап кейбір ақын күн көреді.
Тарқадық елдік, ерлік базарынан,
Шаршадық ой-парасат азабынан.
Таланттың осы күні бәсі арзан

Қытайлық саудагердің тауарынан.

Жайығың төгілді, аға, шарасынан,
Ағынмен жатыр мұңды таласып ән.
Жұмыссыз, жалақысыз ақын қыздың
Ақ толқын жүрегіндей аласұрған.

* * *
Мөлдірлікке, тазалыққа құмармын,
Жүрек сырын жанардан-ақ ұғармын.
Теңізге кеп құятындай екпін жоқ,

Мен өзіңе ұқсамаған шығармын.
Аңыз-дастан, сазды күйге құмармын,
Жайлы ағыстай кейде көпке ұнармын.
Құмға, шөлге пана бола алмадым,

Мен өзіңе ұқсамаған шығармын.
Бір бағытта аға алмаған бұраңмын,
Соңына ердім кейде жалған ұранның.
Баяуласа ағысым да жиірек,

Мен өзіңе ұқсамаған шығармын.
Шеңберінде қалып жүрсем шыдамның,
Сенен алған төзім-күш деп ұғармын.
Арна бұзып төгілмесем әлі күн,

Мен өзіңе ұқсамаған шығармын.

* * *
Ақ Жайық, тасы,
төгіл, көңіл қалдыр,
Аумалы-төкпелі ғой өмір бәрібір.

Айналған полигонға сор даланың
Бір рет, тым болмаса, шөлін қандыр.
Ақ Жайық, тасы,
құйыл сайларыма,

Телегей болып жайыл жайлауыма.
Біреулер еске алатын болсын сені,
Біреулер басын исін айбарыңа.
Шырылдар қарлығашың – Ақұштабың,

Қайтейін, қанатсызбын, алыстамын.
Мінезің оятар деп үміттенем
Қалғыған кейбіреудің намыстарын.
10-237

* * *
Егер біздің қазақтың:
Көп оқыған бабасы ғалым болса,
Жаңа туған баласы дарын болса,

Қыздарының барлығы ару болса,
Көргенсізге бұл қазақ зәру болса,
Өз ұлының өскенін күндемесе,
Тұрмысы шат көршісін тілдемесе,

Ру санап жан-жаққа бөлінбесе,
Тегіс қазақ Даласын Елім десе,
Атқа мінген ардақтап азаматын,
Кірлетпесе еш жерде қазақ атын,

Шетелдіктің өзгеріп көзқарасы,
Өз байлығын билесе өз баласы,
Құлақ асып жарлының шағымына,
Мастанбаса қалтаның қалыңына,

Арман қуып шетінен қанаттанса,
Өлең оқыр бәрінде сауат болса,
Қастерлесе ерлерін еңіреген –
Сол кезде мен жарылып қуаныштан,

Сенше, Жайық, арнамнан төгілер ем!..

* * *
(Сол күндері Жайық аспанында
ұшатын авиаотряд командирі,
ұшқыш Алексей Машуковқа)

Сенің де көзің көгілдір,
Менің де көзім көгілдір.
Жағасы болып Жайықтың
Созады қолын өмір-гүл.

Қызықтап өзен ағынын,
Бөлістік Ай, Күн жарығын.
Мен жүзген ерке айдынның
Сен аулап өстің балығын.

Бесіктен таныс дастаны,
Жүректе жырдың бастауы.
Сен ұшқан биік кеңістік –
Мен туған жердің аспаны.

Бір судан ішіп келеміз,
Бір суға түсіп келеміз,
Тасқынын мынау Жайықтың
Екіге қалай бөлеміз?..

* * *
Жерлестер, едіңдер ғой қайсар бәрің,
Ақынға қалдырыңдар ой салмағын.
Шыңдалған арпалыстың сан түрінен,

Тәңірім қуат берсін, жайсаңдарым.
Шыдаңдар, сыр бермеңдер, ұяттылар,
Кеудеден «көбік шашқан» күй атқылар.
Өр толқын қанша соқса міз бақпайтын

Жайықтың жарқабағы сияқтылар!

ТҮС Азынай соққан Жайықтың Бораны енді түсіме: Аяздан келіп айыққым, Жүгірдім бақтың ішіне. Онда да пана болмады, Ықтасын іздеп келген ем. Бақтың да мына талдары Кетердей ұшып желменен. Дүрсілдеп қатты жүрегім, Үрейім ұшып торықтым. Өңімде шат боп жүр едім, Түсімде неге қорықтым? Нәресте қысып қойныма, Алаңсыз ұйықтар шақтарды, Ақ Жайық сезіп қойды ма, Неге еске салды ақпанды?

Үй де бар, күй бар, дос та бар,
Кірбің жоқ мүлде көңілде.
Ақынның барға мастанар
Хақы жоқ дей ме өмірде.

Бекер ме әлде бүгінгім,
Тоқсыну, сірә, жат маған.
Жыр жазбай өткен күнімнің
Сұрауы ма екен ақ боран?

Жайыққа бүгін не дермін
Сағыныш сырын сақтаған?!
Ертеңгі туар өлеңнің
Екпіні ме екен ақ боран?!

Жыр жолы, жаса кешірім,
Алдыңда болса айыбым.
Бар қолда тербер бесігім,
Сен түсін мені, Жайығым.

Жабырқап қалдым жазасыз,
Борышым көбін сезіндім.
Мынау түн неге мазасыз,
Келмейді неге көз ілгім?!

САҒЫНУ

О, Ақ Жайық, анам сынды ардақтым,
Демалыста тағы саған бармақпын.
Неткен мұнша қастерлісің мен үшін,
Бір өзіңе бірнеше жыр арнаттың.

Сағынғанда түсіме ендің күнде сен.
Бала күнгі сенде терген гүл де әсем.
Мен өмірдің түсінбес ем маңызын,
Егер сені сағынуды білмесем.

Қай кезде де мен өзіңе баламын,
Сағыныштың саған айтқам бар әнін.
Шайпау жеңге мінезін де көтердім
Көңілі үшін сенде туған ағаның.

Өр толқының бесігімді шайқаған,
Тағы мені әлдилейді қайтадан.
Мен алдымен өзіңе қыз бола алсам,
Бар қазақтың қызымын деп айта алам.

ЖАЙЫҚҚА АРНАУ

Шырқатып дала әнін, дала зарын,
Жағаңда өмір кешкен бабаларым.
Жырақпын, бірақ түсін ұзатқан қыз
Төркінге сағынышпен ораларын.

Сен менің арманымның асқарысың,
Жүргем жоқ жырлап қана тастау үшін.
Мендегі Отан деген ұлы ұғымның
Алғашқы сезім атты бастауысың.

Жағаңда білем жас тал көктейтінін,
Жырламай ақын сені кетпейтінін.
Қинайды жүрегімді туған жерде
Өзіңше мәңгі сапар шекпейтінім.

Мен саған барып қайтсам ісім өнік,
Көрмесем бір құса дерт ішіме өліп,
Сағынсам ұйқыдан да жиі оянам,
Құмы ыстық жағалауың түсіме еніп.

ЖАЙЫҚТЫҢ СУЫ ЛАЙ-АУ...

Жайықтың мұңды қабағы,
Азайып кеткен шабағы,
Қатал боп кеткен адамы,
Бекіре біткен жаралы,

Жайықтың мұңды қабағы.
Жайыққа керек мөлдірлік,
Мөлдірге қатер төндірдік.
Бүрсеңдеп балық сатуға

Аруларды да көндірдік,
Жайыққа керек мөлдірлік.
Аңсайды шындық ақ айдын,
Куәсі болған талайдың,

Байды да көрген шалқыған,
Көз жасын жуған малайдың,
Аңсайды шындық ақ айдын.

Жайықтың мұңды қабағы,
Орманның әлсіз самалы,
Сусындата алмай тұр Жайық
Полигон болған даланы,

Жайықтың мұңды қабағы.

* * *
Жағдайың қалай, Жайығым?!
Көбейіп кетті-ау уайымың.
Алдында туған еліңнің

Жоқ еді-ау сенің айыбың.
Жағдайың қалай, Жайығым?!
Сән беріп едің жағаңа,
Ән болып тарап далаңа,

Жылдардың сынын көтермей,
Сарқылып арнаң бара ма?!
Шошынды-ау сенен шағала.
Тайыздау жерің лайлау,

Жарқабақ тозған құлайды-ау.
Анау бір соқыр кемпірден
Сұрасам халін жылайды-ау.
Жарқабақ тозған құлайды-ау...

Көктемде арнаң жылынар,
Көкке ұшар бу боп сулы қар.
Су ішкен сенен тұлпарды
Соғымға сойды ұрылар.

Көктемде арнаң жылынар.
Жағдайың қалай, Жайығым?!
Көбейіп тұр-ау уайымың.
Алдында туған халқымның

Менің де жоқ қой айыбым.
Жағдайың қалай, Жайығым?!

* * *
Мына өзен биыл тағы тасыр ма екен,
Болады-ау астан-кестен асыл мекен.
Тепкілеп көкірегін жатыр бір күш,

Айдыны суық екен, ашулы екен.
Толқын тұр жап-жас талға жармасуға,
Сыймастай не көрінді арнасына.
Ұмытқан тәңірісін біреулерді

Түсіріп алмақшы ма тәубасына?!
Тасқынсыз мынау тірлік баяулай ма,
Жағада жаяу арба аяңдай ма?
Есінеп етек-жеңін жимайтындар

Жайық бір тасымаса, оянбай ма?!
Нұрланып ай, жұлдыздың шуағынан,
Қашанғы айта бермек бұралып ән.
Туатын жуас қазақ батыр ұлдай

Төгіліп шықсын бір сәт құмарынан.

Айбыны екпінді екен, ашулы екен,
Шынымен арна бұзып тасыр ма екен?
Еркінсің.
Шөлдеп көрдің, тасып та көр,

...Басыңнан не кешпедің, асыл мекен?!

*** Донеділ, Жайық неге лай мына, Толқынға көне жаға шыдайды ма?! Тегінде қуат, айбын, мінез жатса, Ол бізден не істейін деп сұрайды ма?! Мұз тесіп өршіл ағыс аптықты да, Көшкен сең сатыр-сұтыр соқтықты ма?! Бұл ауыл жағадағы не көрмеді, Кешті ғой байлықты да, жоқтықты да. Тасысын, бір сәт су да жылап алсын, Тыншығар арнасына құлағасын. Тап биыл сенің нәзік әуеніңе Жайықтың түрі жоқ-ау жұбанатын...

ЖАЙЫҚҚА СЫР

Ақ Жайық, алыста емес, іргедемін,
Өзіңмен ақ тілегім бірге менің.
Сенің де көңіліңде алаң көп-ау,
Үңілсем, жанарыңнан мұң көремін.

Жоқ сенде асау ағыс, адуынды ән,
Тұрасың мөлдір сезім, сағынудан.
Мен сенен шыдамдылық үйренем деп,
Жалықтым бас изеуден, бағынудан.

Жасық боп тудым деген ойға қалам,
Белімді кейде бекем байлап алам.
Кеудемде өзіңе іңкәр жалғыз жүрек,
Мен оны саған тастап қайда барам?!

11-237

* * *
Ақ Жайық, бала күннен аңсарым ең,
Ең алғаш өзің жайлы ән салып ем.
Шындық пен әділдікке анам айтқан

Жағаңда жолыға алмай шаршадым мен.
Түсіндім жыр жазуды бақыт деп мен,
Достан да қалды көңіл сатып кеткен.
Мен сенің айдыныңнан ем іздедім,

Жүрекке жүрексіздер атып кеткен.
Жаныма қайтсем дауа таба алармын,
Саусақты шеңгел-гүлге жараладым.
Көгіңде көбейсін деп құстар үні,

Өзіңе қайта оралған шағалаңмын.

ЖАЙЫҚТА ТАҒЫ ЖАС КӨКТЕМ

Көйлегін киіп көгілдір,
Жаяды құшақ жағалау.
Арнаңда асау өмір – гүл,
Ағыспен жылжып барады-ау.

Үстіңмен кеткен күздегі
Қиқулы ән мен не түрлі.
Тырнаның ұзын тізбегі
Қысқарып қайтқан секілді.

Құлаған шығар ұялас,
Қайырылған шығар қанат та.
Тырналар бәлкім жыламас
Қалғанға кірмей санатқа.

Бір басшы көшті бастауда,
Оларда жоқ-ау іштарлық.
Іңкәр-ау құстар аспанға,
Биікке жақсы-ау құштарлық.

ЖАЙЫҚТА МҰЗ

Ақ Жайыққа қыс келді...
Алаулаған жапырақтар түске енді.
Қайратымды көрсетем деп ең соңғы,
Шұнақ аяз тістенді.

Терезеге өрнек салып не түрлі,
Ақ сәулемен айтысқа аяз бекінді.
Мұз астында тұншығады ақ толқын
Шалға тиген жас келіншек секілді.

Шатырларға қуып қала кептерін,
Көрсетуде қыраулы қыс өктем үн.
Жапырақсыз мұңаяды ақ қайың,
Аңсап күтіп қайта келер көктемін.

Махаббат, сенің
әнің тыңдағаным...

АЙНАМ ҚАЛДЫ

Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сұлу қыздар,
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.

Ақбикеш ұзатылып барады енді,
Мал берген сүймесе де ала келді.
Алғашқы алау сезім жанған жүрек
Бір кеште шерменде боп қала берді.

Сезімтал еткен тағдыр өнерліні,
Күйші Есжан тойға келді келер күні.
Сол еді-ау қалағаны Ақбикештің,
Жігіттің бақ байлады кедейлігі.

Той өтпек Нарын құмның етегінде,
Қыз кетпек мал бергеннің жетегінде.
Ақбикеш сұратып ап домбырасын,
Күй тартты әке үйінен кетерінде.

Жаңа күй тартты сұлу, ойланбады,
Барша жұрт мұңлы әуенге қайран қалды.
Шанағы домбыраның күңіреніп,
Дегенді қайталады: «Айнам қалды».

Дейді қыз: «Айнам қалды, армандамын,
Жүректің кім түсінсін зарланғанын».
Сол кезде күйді Есжан қайталады,
Көңілі екеуінің болған мәлім.

Құдалар мынау жайға секемденді,
«Күйшімен қыз көңілдес екен» деді.
Есжанға қамшы ойнатты осы сәтте
Күйеудің дөрекілеу нөкерлері.

Есжанды соқты топас тобыр келіп,
Қыз талды. Күйеу, құда отыр көріп.
Той тарқап, қызды дереу аттандырды,
Ал Есжан қалды мәңгі соқыр болып.

Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сұлу қыздар,
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.

ТАҒЫ ДА МАХАББАТ ТУРАЛЫ

Махаббат, тағы саған қайта оралам,
Сен болшы тақырыбым қайталаған.
Өмір жоқ махаббатсыз, бақыт та жоқ,
Басқалай әңгімем жоқ айтар одан.

Тірліктің кеше білсең күйін бөлек,
Ән керек, думан керек, жиын керек.
Екі рет оралмайтын бір ғана өмір,
Өмірді ғашықтықпен сүю керек.

Шын сүйсең, жарқыл бөлек жанардағы,
Бастайды батыл ағын жаңа арнаны.
Бақыт, сый табу үшін жер бетінен,
Алдымен сүю керек адамдарды.

Ақ таңды сүю керек, нұрын күннің,
Ұната білу керек түрін гүлдің.
Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен
Аңызын оқу керек бұрынғының.

Ерге жар, балаға ана болмай ма қыз,
Қыз жоқта қызық жоғын ойланбаймыз.
Есеппен үйленетін сезімсізден
Ғашықтар жөніндегі қалмайды аңыз.

Жазғанмен махаббатты бұдан бұрын,
Қорғауға соны тағы шығам бүгін.
Жарын сүйе білмейтұғын жасықтардың
Елін сүйетіндігіне күмәндімін.

СЕН БЕ ЕДІҢ?..

Сен бе едің өмірде бір жолығар ән?!
Кеудеме кетті-ау бірден толып арман.
Көңілдің тынышы жоқ өзің десе,
Қиялдан арылмайтын болып алғам.

Елестеп құшағың гүл қаумалаған,
Сенімен тасты кезем, тауға барам.
Еркелеп өзен кешем жағалауда,
Қиялмен көк шалғынға аунап алам.

Жарыссақ қатар қуып дала желін
Келеді кейінірек қала бергім.
Табаным құмға кірсе бір-ақ сәтке,
Көтеріп алғаныңды қалар едім.

Әлде «тез, өзің кел» деп тұрармысың,
Толқынға тастап, жүзіп шығармысың?!
Қиялы ұшқыр қыздың жаны нәзік,
Дариға-ай, айтқызбай-ақ ұғармысың?!

АЛҒАШҚЫ КӨКТЕМ

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы
Аққулар кетті ұшып еліне,
Ән қалды туған жер көгінде.
Солармен бірге ұшып барады,

Жүрегім жұлынып менің де.
Айналып қонар ма көліме?
Аққулар – ғашықтар өмірге.
Қайырмасы:

Жадымда жалт еткен көздерің,
Алғаш гүл сыйлаған кездерің.
Алдамшы екенін сезбедім,
Бақыты боларсың сен өзгенің.

Сезбедім бақыттың тез өткенін,
Кеудемде қуаныш жоқ менің.

Бақытым болар деп күткенмен,
Асылым, арманға жетпедім.
Ойымнан бір сәт те кетпедің,
Сен едің алғашқы көктемім.

Қайырмасы.

* * *
Өзіңе арнап жанарымның жарқылын,
Өзіңді ойлап өтті менің бар түнім.
Көктем-өмір құрбан етсем жолыңа,

Тағы да не бұйырар ең, жарқыным?
Қапа шегіп, қайғыдан да жасыдым,
Достан шеттеп, жас та төктім жасырын.
Шат күлкімді құрбан етсем жолыңа,

Тағы да не бұйырар ең, асылым?

ЖЕҢЕШЕ

(Марияға)
Не десем екен, не десем,
Күлімдеп тұрған жеңешем.
Бір кезде мынау ауылдың

Аруы едің ең әсем.
Аға үшін сұлу, көркемім,
Бір кезде сен де өрт едің.
«Еркежан» дедің, япырмай,

Дара өскен, рас, ерке едім.
Жылы сөз – жанға мол медеу,
Жарасар ма екен ол теңеу?!
Анадан ерке туғанмен,

Өмірге қиын еркелеу.

Жүзіңнің жылы, жарқыны-ай,
Өзгеру білмес қалпың-ай.
Қыздардың назын көтерген
Даламның дархан салтын-ай.

Қалсам ба тыңдап сырыңды,
Бөліссем бе екен мұңымды?!
Бір күндік ерке наз күлкі
Ұзартар ма екен ғұмырды?

Мінезің ашық ұнады,
Ұсынған шәйің тұр әлі.
Жүзіңде сенің – мейірім,
Ал менде – өмір сұрағы.

Не десем екен, не десем?
Жанымды жырға бөле сен.
Аға мен дала бағына
Жайраңдап тұрған жеңешем...

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Оңай деп пе едің, қанатым,
Ойлардан жүдеп, қажалу?!
Ұрпаққа мұра болатын
Өшпейтін жолдар жаза алу.

Қасқая қарау тағдырға,
Қатерден, сыннан қорықпай.
Не күтіп тұрса алдымда,
Өте алмау оған жолықпай.

Домбыра тартып тойларда,
Бесікті тербеп ойлану.
Әйелдің жүгін қойғанда,
Ақынға қайта айналу.

Көміліп ойға дір етпей,
Өшпейтін жолдар таба алу.
Қайтадан сүйген жүрекке
Махаббат болып оралу.

12-237

* * *
Досым едің. Көп болды көріспедім,
Қайғыңды, қызығыңды бөліспедім,
«Адал достар сирек-ау» дегенімде,

Сен менің пікіріме келіспедің.
Қолды маған бір сілтеп тастадың да
«Достар деген көп, – дедің, – жас шағымда».
Рас, достым, достар көп бақ жұлдызы

Жанып тұрған кезіңде аспаныңда.
«Бақта адам көп, сая бар терегінде»
Деген сөзді «сандырақ» демедің бе?
Күндікше дос дегендер көп екен-ау

Сен соларға күндікке керегіңде.
Дос табасың, досқа өзің танылғанда,
Достар қалар жаныңда ауырғанда.
Кімдердің кім екенін түсінесің,

Қадамыңнан оң басқан жаңылғанда.

Дос деп сеніп жүресің ел сенгенге,
(Сенім деген, сірә да, өлшенген бе?!)
Ондайлар да сыр беріп алады екен,
Шаңырағың оқыс бір теңселгенде.

Досым едің, дос болып қала алмадың,
Мен де саған қол созып бара алмадым.
Кеттің қуып шен-шекпен,
Ал мен қалдым

Сенумен ниетіне адамдардың.

* **
Махаббат, сенің әнің тыңдағаным,
Сен едің табынғаным, жырлағаным,
Бірақ мен жырлағаным үшін сені

Мақтау сөз естімедім, сынға қалдым.
Ғашықпын гүл тербеген алаңға әсем,
Жүрмесем ғашық болып жана алмас ем,
Жек көріп кетсем барлық адамдарды,

Өмірден дос та, жар да таба алмас ем.
Келемін ақ пейілді досты көріп,
Кейде ісім баспады оңға, қастық еріп.
Күндеңдер ей, пенделер,

Ал мен болсам
Өтемін барлығыңды жақсы көріп.
Алуға төрден орын асықпадым,
Жүректі даңқым жоқ деп жасытпадым.

Жырларым жүрсе аузында армансызбын
Бір-бірін сүйе білген ғашықтардың.

Оқымас жырға көңіл бөлмегендер,
Оқымас махаббатқа сенбегендер.
Оқиды жүрегінде оты барлар,
Сезімі бір-біріне сөнбегендер.

Сол менің тілегім де, тілерім де,
(Келер күн не сыйларын білемін бе?)
Бірақ мен білем жырым жүретінін
Жатталып он сегіздер жүрегінде.

Армансың алыстағы, қиялда сен,
Мінезсің бойымдағы ұяң да әсем.
Махаббат, сен болмасаң жүрегімде,
Мүмкін мен Даламды да сүйе алмас ем.

ДӘНЕКЕР

Ұмыт қып ғашық кез, мас күнді,
Бір әзіл қапыда асқынды.
Жігіттің жүзінде – өктемдік,
Жарының көзінде жас тұрды.

Қимастар бір үйге сыймады,
Келіншек күліп шәй құймады.
Жанарға ашуды толтырып,
Жігіт тез портфелін жинады.

Ұмыт боп жақсылық бәрі әсте,
Бал күндер түспеді әлі еске.
«Мамалап, папалап» сол кезде
Шықты анау бөлмеден нәресте.

Еркелеп, былдырлап, жалтаңдап,
Көзімен екеуін арқандап,

Бөлуге болмайтын «дүние»
Ортаға кеп тұрды балпаңдап.
Еске сап алау шақ жас күнді,
Жаутаң көз нәресте састырды.

Жігіттің жүзінде күлкі ойнап,
Жарының көзінде жас тұрды.

БОЛАШАҚ БОЙЖЕТКЕНДЕРМЕН

СЫРЛАСУ

Іштеріңнен шығады жаңа дарын,
Бізден биік болады саналарың.
Бізден бөлек болады ғасырың да,
Бізден бөлек болады модаларың.

Соғыс салған жараны көрмейсіңдер,
Жоқтық, аштық дегенге көнбейсіңдер.
Біздің ұрпақ әкесін жау өлтірген
Деген, сірә, «ертекке» сенбейсіңдер.

Бізден басқа ырғақта ән айтасыңдар,
Басқаша әуен аспабын тартасыңдар.
Біздер тамақ пісірген қазандарды
Тамашалап музейден қайтасыңдар.

Бірақ, бірақ…
Өзгертпес гүл өскенін,
Тоқтатпайды тіршілік күрестерін.
Адамзаттың ұрпағын тәрбиелеу –

Бар ғасырдан алатын үлестерің.
Бәлкім, бізден еркіндеу өсесіңдер,
(Бізге жұмбақ не киіп, не ішесіңдер).
Біздер кешкен азабын махаббаттың

Дәл біздерше сендер де кешесіңдер.
Мейлің, түрлі түспенен шашты боя,
Алуан тілде айтылар жастық Ода.
Білетінім: Отанын, Халқын сүю

Болу қажет қашан да басты мода!

СІҢЛІГЕ СЫР

Осал да болма, ойыңнан оңай адасқан,
Өжет те болма, орынсыз сөзге таласқан.
Алдымен қызға керегі – пәктік, адалдық,
Одан соң, жаным, жаз мінез керек

жарасқан.
Айтарым тағы, берік бол сертке, бір сөйле,
Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де.
Қыз мінез деген – сұлулық сыры өмірдің,

Жұмбақтай қиын жатқандай болсын
бір сенде.
Десек те біздер «жастықтың сырын аз
ұқтық»,

Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.
Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным,
Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік.

Қайғының жүгі жаныштап сені жатса да,
Досыңды «тағдыр талқысы сол» деп
тастама.
Дұшпаның саған ойласа алуан қастандық,

Қалай да өзің жақсылық ойла басқаға.
Қадірлер сонда қалтқысыз танып асыл ер,
Өзгелер сені «адамның бірі осы» дер.
Арыңа тиіп, жолыңды кескен тентектер

Алдыңа келіп өздері кейін бас иер.

МЕН СЕНІ ОЙЛАЙТЫНМЫН

Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын
Жастықтың базары деп.

Мен сені ойлайтынмын
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын
Тәкаппар қыран ғой деп.

Жалынның барлығына
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға
Тимес деп ойлайтынмын.

Тұрса да асқар алда,
Қайтпайтын қайсар деп ем.

Жан сырын басқаларға
Айтпайтын байсал деп ем.
Қос шектің естілмеген
Үніндей қиялдадым.

Көңіліңді ешкімге мен
Гүлімдей қия алмадым.
Демедім «көптің бірі»,
Еш кінә таға алмаспын.

Деп едім өткірлігі
Жүзіндей ақ алмастың.
Іздедім таң нұрынан
Бірі деп арайлардың.

Биіктің барлығынан
Көрем деп қарайладым.
Мен сені ойлайтынмын
Таусылмас жыр-ән ғой деп.

Төменге қонбайтұғын
Тәкаппар қыран ғой деп.

* * *
Табынбаймын мен, сірә, тау ұлына,
Қызықпаймын өзгенің дауылына.
Алып баршы сен мені армандайтын

Ақ Жайыққа, Ақбөбек ауылына.
Кең арнаға жатқанда Жайық толып,
Қуанайын жағадан қайық көріп.
Арғы беттен қолыңды созшы маған

Жете алмаған Бөбекке Қайып болып.
Қонысында осынау Жағалбайлы
Ғашық жайын айтсаң ел алаңдайды.
Мен өзімше сүйермін, не табамын

Бөбек болып тартқызсам саған қайғы?!

* * *
Сағынышым, өр көңілім
Жүрегімді қинап жүр.
Саған деген еркелігім

Тал бойыма сыймай жүр.
Сағынғанда жаза алмай жыр,
Алыстайды жақсы күн.
Сенсіз кедей адамдай бір

Қуанышқа тапшымын.

*** Аңғармай өң мен түстің не екенін де, Жүрейін бал сезімнің жетегінде. Сен мені алдарқатып, абайсызда Алып қаш алыс жолға кетеріңде. Білдірмей ішкі сырды күліп кел де, Айтып қой ат әкел деп жігіттерге. Қыздардың әдеті бар келіспейтін, Бұлқынсам, сүймейді-ау деп күдіктенбе... Жоқ, ойым жоқ ондайға көнсем деген, Алып қашсаң ермеймін өлсем де мен. Бұл менің жай әншейін қиялым ғой Жігіттен батыл мінез көрсем деген.

*** Елеңдеп үніне ағынның, Келер деп ақ шәлі жамылдым. Бұл күнде жолыңа табындым, Мен сені сағындым... Өзіңдей елестеп бар сағым, Жұлдызды санаудан шаршадым. Сынамақ ойың бар қанша күн, Мен сені аңсадым... Сен болдың қалауы жанымның, Ойға алсам есімнен жаңылдым. Бұл күнде еркіңе бағындым, Мен сені сағындым... 13-237

* * *
Нұр таңымбысың,
Гүл шағымбысың,
Тұлпарымбысың,

Сұңқарымбысың?!
Бірі де болмай, тек дала болшы,
Менің бір еркін шырқауым үшін.
Шырағымбысың,

Шынарымбысың,
Қыранымбысың,
Жыр-әнімбісің?!
Бәрі де сен бол, мен әйел болам,

Өзіңе ғана ұнауым үшін.

КӨҢІЛДІҢ ТОЛҚУ СӘТІНДЕ

Ұмытсам деп ем мен сені,
Жүректе жоқ-ау бағыныш.
Көтертпей қойды еңсені
Билеген бойды сағыныш.

Ұқтың ба халін құрбының
Жүрегі – әуен, жаны – жыр?!
Кеудесі тұнған сырлы мұң,
Ал саған соның бәрібір.

Бәрібір болса маған да
Келгенің, әлде кеткенің.
Жинаған жалын жанарға
Жалғыз сен ғана деп пе едің?!

Мейлі деп келсе, кетсе де,
Отырсам, шіркін, бейтарап.

Ойлатпай қойса ештеңе
Ойналған ұзақ күйтабақ.
Талғамай тыңдап бар әнді,
Болмасам осы жырға алаң.

Тілдеймін кейде анамды
Сезімсіз етіп тумаған.
Ал сен ше?
Қорлап сезімді,

Сөнесің, қайта жанасың.
Маған да айтқан сөзіңді
Басқаға айта аласың.
Ұмытсам деп ем мен сені,

Жүректе жоқ-ау бағыныш.
Көтертпей қойды еңсені
Билеген бойды сағыныш.
Соқпақ жоқ кейін баратын,

Тек алғыс айту қалды да
Қасірет шеге алатын
Жүректі берген тағдырға.

СҰЛУЛЫҚ

(Гулрухсор Сафиеваға)
«Қара көз, қара кірпік, қара бұрым –
Мен қазақ қыздарынан табар ұғым», –
Дедің де, қиылдырып бояп бердің

Иілтіп екі қастың аралығын.
Қара қас болғанымды қалап едің,
Ерінбей қара сүрме жаға бердің.
Тәжікке ұқсатқың-ақ келіп тұрды,

Бірақ мен сол қалпымда қала бердім.
Көрсеттің алма, жүзім бағы ішін,
Көңілін жақсы достың табу үшін.
Ал менің одан сайын үдей түсті

Өзімнің кең далама сағынышым.
«Ат табам, таудан елік қусаң», – дедің,
«Бетіңді ақ бұлақ бар жусаң», – дедің.

Кешір, дос, жүрегімді сәл қысып тұр
Ауасы ыстығырақ Душанбенің.
Дедің: «Мен қол ұсынсам алам Айды,
Мұнда ешкім бетіне ақын қарамайды.

Көресің біздің жерде тәжік халқы
Қыздардың таланттысын бағалайды».
Досым-ау, сонша неге мазаландың,
Дедің бе сағынышты жаза алармын?

Өзгенің айналайын дегенінен
Артық қой шапалағы өз анаңның.

САҒЫНДЫМ СЕНІ

Сағыныш сырын,
Мейірім жырын
Жаныма құйдың күрсінсең.
Көктемнің гүлін

Ұсынып бүгін,
Түсіме еніп жүрсің сен.
Ақ жарқын тілек
Бір маған тілеп,

Тұрдың сол бала кезімдей.
Қиналып жүрек,
Науқастан жүдеп,
Шықтың ба екен көз ілмей?

Кездесу арман,
Көз алмай жолдан,
Кешкірмей күткен күндерің.

Сарғайтып барған,
Түспейтін қолдан
Хатымды сүйіп жүр ме едің?
Үмітпен жақсы

Емін сен тапшы,
Кездерді кешір жүдеткен.
Көзіңнен ащы
Бір тамшы жасты

Көрсетпе маған дір еткен.
Қалғам жоқ жасып,
Көңілім тасып,
Сый алып барам ән-жырдан.

Сүріне басып,
Кеудеңді ашып,
Сен шығып тұршы алдымнан.

ЖАЛҒЫЗ СӨЗ

Мен емес досқа тапшы жан,
Сырым жоқ, апа, жасырын.
Бұл күнде талай жақсыдан
Естідім сөздің асылын.

Жүздері жарқын күлімдеп,
Жақыным болған жат адам.
Арқадан қағып «күнім» деп,
«Алтыным» деп те атаған.

Бақыттан ерте үміткер
Сыр айтып өлең жазғанда.
Теңеген ақын жігіттер
Қарлығаш, аққу, қазға да.

Көтерген ерке назымды
Жеңге бар елде көз көрген.

Есімім айқын жазулы
«Ақсәулем» болып өзгерген.
Толы бір сиқыр сезімге
Естірмін теңеу әлі де.

«Құлыным» деген сөзіңе
Жетпейді-ау соның бәрі де.

АНА ЖҮРЕГІ

Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,
Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым.
Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,
Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?

Ән болдың таңдайдан бал тамызғанша,
Мұң болдың көзден жасты ағызғанша.
Мәңгі жас сен жайында дастан бар-ау,
Мәңгі өлмес сен туралы аңыз қанша?!

Жалындап жас жүректің бар қызуы,
Жастықтың басталғанда бал қызығы,
Ертеде сұлу қызға болған ғашық
Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.

Сол қызға жолығатын батыл әлгі,
Бір күндер төсек тартып жатып алды.
Ұйқыға кетсе шошып, аласұрып,
Анасын айқай салып шақырады.

Гүл өңі алау тартып жайқалмайды,
Сауығу мынау халден байқалмайды.
Ол бірақ ішін өртеп жатқан жайды
Ашылып анасына айта алмайды.

Қыз атын айтса ауыздан зар шығыпты,
Құс жастық аққан жасқа малшыныпты.
Дертіне сағыныштың шыдай алмай,
Жас жігіт құр сүлдер боп таусылыпты.

Қинады қыздың шарты, бөлек екен,
О, сұлу, неткен қатал, керемет ең?!
«Анаңның жүрегін ап келген күні
Мен саған жар боламын», – деген екен.

Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,
Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың
Жүрегін жұлып алды тұрып түнде.

Сүюдің серті ме еді соның бәрі,
Ол, міне, қыздың шартын орындады.
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы.

Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным, байқасаңшы», – депті оған...

Осындай аңыз қалған халық ішінде,
Кім білсін, махаббаттың даңқы үшін бе?
Болмаса жоқ нәрсені болғыз дейтін
Қыз кездің тәкаппарлық салты үшін бе?

Осы аңыз естігенге қатал-ақ тым,
Дәстүрге қарсы анадан бата алатын,
Кім білсін, дәлелдеуге шығарды ма
Ананың айнымайтын махаббатын?..

АНА МАХАББАТЫ

Әрдайым татулықтан көңілі өскен,
Ешқашан бір-бірінен бөлінбестен,
Ертеде бір ауылға аңыз болған
Бір үйде екі абысын өмір кешкен.

Екі әйел тату болған шынында да,
Жүз шайып ұрыспаған ғұмырда да.
Тел еміп екі ананың ортасында
Өсіпті еркін ерке – бір ұл бала.

Өскен ұл өзі ақылды, арманы асыл,
Көргенде келбетіне таңданасың,
Ер жетіп, аң аулауға шыққан кезде
Ажалдан құтқарыпты ол хан баласын.

Хан барып өжет ұлды көрмек болған,
Сый сұрап жігіт өзі келмепті оған.
Батырдың анасына алғыс айтып,
Ғажайып сарай салып бермек болған.

Қайтар ма пейілінен бір ауса хан,
Қайтару жақсылығын құмар саған.
«Қайсысы екі әйелдің анасы?» деп,
Уәзірден кешіктірмей сұрау салған.

Туғалы еш нәрсені бөліспеген,
Екеуі не істе десе соны істеген,
«Екеуі – менің туған анам» десе,
Хан жігіт жауабына келіспеген.

«Анаңмен, – уәзір, – ханға жүр» дейді екен,
(Бұл халық татуды да күндей ме екен?)
Туғанын екі ананың қайсысынан
Жігіттің өзі де анық білмейді екен.

Бұл жайлы тіс жармаған бәле тіпті,
Айтпапты екі әйел де төрелікті.
«Шынында қайсысынан туды екен?» деп
Сол кезде ел де гулей жөнеліпті.

Бұл сауал қос ананы қапа қылды,
Жігіт те ханға талай апарылды.
Сыйдан да, сарайдан да бас тартып ол,
Жалынды ханға: «Қой, – деп, – шатағыңды».

Бір кезде татулықтың өлшемі еді,
Енді ол үй қасіреттен теңселеді.
«Өжет ұл туған әйел қайсысы?» деп,
Білуге жағдайды хан өршеленді.

Бір күні ханның үні жаңғырықты,
Ел жинап, сарай алдын шаң қалыпты.
Жігіттің қол-аяғын байлатқызып,
Сол жерге екі әйелді алдырыпты.

Депті ол: «Қысқартыңдар бұлдануды,
Жалындым, айтпадындар шындарыңды.
Енді мен екі сарай салғызам да,
Екіге бөліп берем ұлдарыңды».

Екіге хан жігітті шабам депті,
Айбалта әкелуге адам кетті.
Сол кезде бірінші әйел: «Мен келісем,
Жігіттің жарты жағын алам», – депті.

Еңіреп енді бірі зар жылаған,
«Бөліске түспесін, – деп, – сорлы балам.
Мен үшін бөле көрме, жер бетінде
Құлыным аман жүрсе болды маған».

Ол солай қолын жайып алға шықты,
Көз жасы ақ тілеуге жалғасыпты.
Босатқан қол-аяғын жігіт келіп,
Сол жерде анасына жармасыпты.

Сол жерде толқып кеткен халық қатты,
Сонда ана ұлын көріп талып қапты.
Тағында мәз-мәйрам боп отырған хан
Қулықпен ұл анасын анықтапты.

Шынымен хан бөліске салады деп,
Үрейден қалған екен бала жүдеп.
Өлшеусіз мейірім мен махаббатың,
Өзгеден бөлексің-ау, ана жүрек!..

14-237

ҚАЙРАН ШЕШЕ

Кеудеңнен көп жылдарғы тарқады мұң,
Толғандай қуанышқа орта бүгін.
Ақ дауыл тербетеді құмнан соққан
Бесігін тентек ұлдың, сотқар ұлдың.

Ызасы кедейліктің жүрді есінде...
Сол жігіт жатты Оралдың түрмесінде.
Сонда сен балаңды іздеп, асыл Алқа,
Нарыннан жаяу келдің тілдесуге.

Айдалып барады ұлың алыс кетіп,
Сен бірақ жыламадың дауыс етіп.
Орнына қоштасарда қиналудың
Жаныңа тұрды сенің намыс өтіп.

Жыласа балаң, өктем сен тіл қаттың:
«Ез болсаң, еркек етіп неге таптым?
Көрсетпе маған мынау көз жасыңды», –
Деп келіп, беттен сүймей, жақтан тарттың.

Кісен де тұрған қолға оратылып,
Бола алмай күйге бөгет қара құлып.
Жазылып пернесіне домбыраның,
Кеудеден кетті сол сәт саз атылып.

Қос шектен әлемге аян таралып үн,
Ғасырлар мақтаны боп қалады ұлың.
Өсірген күй атасын, қайран шеше,
Өзіңнің емес пе екен даналығың?!.

* * *
Болғанмен ден сау, бас аман,
Аққуға үн қайдан қоса алам?
Азғантай жүрген жолымда

Азғантай болса дос адам?
Жазылсын қайдан өзге жыр,
Жылынсын кімге боз көңіл?
Сатқындық көрсем досымнан

Достыққа зәру кезде бұл?
Тоңдырмас қалай ақ дауыл,
Жайқалар қайтіп баққа гүл?
Алданса достан көңілім

Шындыққа зәру шақта бұл?!
Үмітім, апа, бір сенде,
Сергімес көңіл, күлсем де.
Арқамнан қақшы бір сәтке,

Жұбанбасымды білсең де.

АНАҒА ХАТ

Менің мына хатымды алыпты анам:
«Кезім бар жүрегімді жан ұқпаған,
Достарым да алдаған кезден бері
Адамдарға сенуден қалып барам.

Ақ көңілім үшін де күйем енді,
Аңқаулығым шекеме тие берді.
Ешкім менің басымды әкем өліп,
Еңіреген кезде де сүйемеді.

Өз бетіммен жол тауып келем енді,
Қарапайым болсам да елемеді.
Адамдарға қашанғы жаям құшақ,
Сүрінгенде ешбірі демемеді.

Жалғыз саған жазамын сырымды, ана,
Сен ғана жақын едің бұрында да.
Адамдар емес мені сүйеп жүрген,
Құлатпай келе жатқан жырым ғана».

Сырласуға қол тимей бара алмағам,
Жауап күтіп сол хатқа алаңдағам.
Немересін қасына отырғызып,
Хат жаздырып салыпты анам маған.

Былай депті қолымен немеренің:
«Мен саған жалғас өмір неге бердім?
Құлыным, жақсылықтың нышаны емес
Жаманның жамандығын елегенің.

Білмеп ем, мұнша жаның күйрек пе еді,
Адал дос, рас, қызым, сирек тегі.
Басыңды сүйемеуі адамдардың –
Өзің мықты болуға үйреткені.

Тегіс жолдан тұрмайды өмір деген,
Адамға ең керегі сенім дер ем.
Бар адамға, қарағым, баға берме
Бір ақымақ қалдырған көңілменен.

Түн қарасы қашады таң атқанда,
Ақ пейіл де ұқсас ақ парақтарға.
Ешуақытта өзгені орға жығып,
Өзім көш бастаймын деп талаптанба.

Жүрегіңді ұқпаған кейін ұғар,
Өзіңнің ниетіңе сыйынып ал.
Күндеме өзгелерді, кінәлама,
Әркімнің лайықты биігі бар.

Өмір ғой, кездесесің наданға да,
Жақсыны ауыстырма жамандарға.
Сен маған жазба, қызым, бұдан былай
Сенбеймін деген сөзді адамдарға.

Дос болмайды алдыңда күліп түрған,
Қаталдау көзқараста үміт тұнған.
Алдымен адамдарға қарыздарсың,
Солар саған жыр жазар сыр ұқтырған».

Мен содан қайта күліп, шырқадым ән,
Қаламды қайта ұстадым жыр сағынған.
Немереге жаздырған мынау жазу
Ұялтқандай ертеңгі ұрпағымнан.

ЕСІКТІ ЖАППА, АПАТАЙ

Жан апа, шыңым – арман, қырымда – гүл,
Тек солар шақыратын бұрын да кіл.
Оралған мекеніне жыл құсындай
Мінеки, келіп тұрмын жылында бір.

Қуқыл өң, қашып кеткен шырай беттен,
Сен едің қуаныштан жылай жеткен.
Мен бірақ көп сөйлеспей,
«Шаршадым» деп,

Төріне туған үйдің құлай кеткем.
Тамшыны жанардағы жасырмақпын,
Көрмесін дедім барын шашымда ақтың.
Үн-түнсіз қолтаңбаң бар текеметке

Сағынған көкірегімді басып жаттым.
Бір кезде мені осы үйде дара бақтың,
Қайтейін, оралар ма ол ғаламат күн?!

«Құлыным көзін іліп алсыншы», – деп,
Есіктен жайлап шығып бара жаттың.
Келер деп дайындапсың дара бөлме,
Онсыз да рахат көп қой маған елде.

Ауылдың бар дауысын аңсап келдім,
Жан апа, есіктерді жаба көрме.
Болғанмен бесік жырың, бар қызығың,
Құлақта қалған алыс ол бір ызың.

Есікті жаппа, апатай, бұл тірліктің
Шуына бейімделіп болды қызың.
Әуреге түспе, оңаша баға алмассың,
Мұқалмай тұрмас жүзі ақ алмастың.

Сен мені бұл тірліктің дүрмегінен
Бәрібір оқшау сақтап қала алмассың.

О ДҮНИЕГЕ ХАТ

(Анам Ақзилаға)
Үстелде жетімсіреп жатқан аз күн
Бетіне көз жас тамған ақ қағаздың.
Тірілер ұқпаған соң сырымды, апа,

Бағыштап рухыңа хатқа жаздым.
* * *
Жан ана, жайлы ұйқыда жатырмысың?
Жоқ менің сен кеткелі жақын кісім.

Басыңа көк тас қойдым ақ жаулықпен,
Білмеймін еңбегіме бақұлмысың?
Мазарың зәулім емес көк тіреген,
Айқайлап қашатпадым өткір өлең.

Белгісіз туған күнің, бірақ анық
Белгі тұр дүниеден өтті деген.

Қызың жүр бітіре алмай ойдағы істі,
Өнбейтін өлең-жырмен айналысты.
Бұл күнде өлімің де бәсеке, апа,
Қалтаның көлеміне байланысты.

* * *
Зуылдап өтті уақыт, көп су ақты,
Әр жағдай адал досты топшылатты.
Дәл сенің кеудендегі жылы жүрек

Мен үшін енді өмірде жоқ сияқты.
Белгілі сендік анттан жаңылмасым,
Атыңды жырға қостым сағынғасын.
Көк тас та жып-жылы боп көрінді, апа,

Бетіне сенің бейнең салынғасын.
* * *
Мен енді өлімге де жыламаймын,
Ешкімнен мүсіркеу де сұрамаймын.

Қар-бұршақ қатар жауған жел өтіне
Сен өзің шынықтырған құралаймын.
Талдырған өмір жүгі бұғанасын,
Қызыңның мұңын тек сен ұға аласың.

Жүректі сен сыйлаған қансыратты
Тонаған адамды адам мына ғасыр.
* * *
Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар,

Ал біздерде алаяқ, асаған бар.
Тас көше бар, тас үй бар, темір қақпа,
Айқайласаң ашпайды-ау тас адамдар.
Сөзге жауап қатпайды сұрағанмен,

Әділдіктен қашқақтап тұрады әрмен.
Бәрібір, апа, мені жан жұбатпас,
Сен өлді деп шыңғырып жылағанмен.
Шындықты айтсаң, «нақұрыс, тентек» дейді,

Жүрегіңді жұлып ап көрсет мейлі.
Мейірімнен айрылған ортада, апа,
Көз жасқа да көп адам селт етпейді.
* * *

Жұмақта сені қайтсем жайлы етемін,
Жоқшылық бізде, апа, жайды етегін.
Базарда қайыршы ана қол жаяды,
Білмедім ұл-қызының қайда екенін.

Сезем мен сенің жаның жайлы екенін,
Пейілің тек жұмаққа сайлы екенін.
Ал бізде әйелдер жүр арақ сатып,
Білмедім ерлерінің қайда екенін.

Жарылған аяқ-қолы ол қасқалар,
(Бұл елдің жігітінде болмас па ар?)
Сендердің ғасырыңмен кетті ме өтіп
Аңыз ғып өзің айтқан марқасқалар?!

Бар бірақ атаққұмар, таққа құмар,
Күндікке байлығы мен бақтары бар.
«Қожасы атамекен – мына Мен» деп
Санаулы-ақ батыл кеуде соққан ұлдар.

Көзінде зейнеткердің жас тұнып тұр,
Қатыгездік дегенің басқа ұрып тұр.
Балгер, бақсы көбейіп бұл күндері,
Аурудың сан түрі асқынып тұр.

Енді ешкімге келмейді еркелегім,
Тірі болсаң, саған сыр шертер едім.
Тастандылар үйі бар сәби толы
Бүгінгі махаббаттан жеркенемін.

* * *
Ақ айдын айырбас боп тас қалаға,
Тұрсам да жанға жайлы баспанада,
Парлатып көздің жасын Жайыққа ұшқан

Мен, апа, секілдімін ақ шағала.
Тапқанша сол жағадан аңсағанын,
Жүрегім құса болып қаншама күн,
Жеткенде ұмытамын қуаныштан

Қауырсын қанатымның шаршағанын.
Кеткенмен самғай ұшып қияға асқар,
Санама уақыт елес жия бастар.
Күткендей Ақ Жайықтың жағасында

Баяғы үлпілдеген ұяластар.
Айдынның аңсап таза таңғы лебін,
Елжіреп ел дегенде жан-жүрегім.
Жан апа, сол Жайыққа сен кеткелі,

Қайтейін, барғым келмей қалды менің.
* * *
Аналық ауыр парыз атқардың да,
Артыңа қыз қалдырып батқан мұңға,

«Есімің жер үстінде өшкен жоқ» деп
Әкеме барған бетте мақтандың ба?
Іргесін салып аулақ надандардан,
Сатқын мен жағымпазға жаға алмаған,

«Баласы әй-кәпірдің» дегізбейтін
Өлсең де, бақыт шығар балаң қалған.
Әкеме айт, кеудесін ән, күй кернесін,
«Өмірді қызым менше сүйген», – десін!

Намыссыз ұлы қалған біреулердің
Алдында сөйлей қалса, именбесін!
* * *
Көз жұмдың, үміт толы әнің бітті,

Қаншама нәзік жүрек жалын жұтты.
Өсиет еттің неге мына маған
Жетпеген өз ғұмырың әділдікті?
Демеймін мына өмірге неге келдім,

Еңбегім туар, бәлкім, еленер күн.
Жөргекте сәби жылап, өлең жаздым,
Сол қалар еншісі боп немеремнің.

Өтті, апа, ой кешумен нелер кешім,
Бір кезде жоқтауы анық ел еркесін.
Жұбатып өзімді өзім өмір сүрдім,
Біреудің паналамай көлеңкесін.

Бір билік құрсам ба әлде сайланып ап,
Шындықты өтсем бе екен айналып-ақ?!
Бұл күнде талантты боп туғаныңнан,
Бастықпен таныс болған пайдалырақ.

Сен, апа, адал жандар көп деп едің,
Әділдік еш уақытта жоқ демедің.
Қулық пен сұмдық барын үйретпепсің,
Сол үшін бүгін саған өкпеледім.

* * *
Жақсылықтан үмітті едім,
Не көрмедім, анажан?!
Арақ ішкен жігіт көрдім,

Алған жарын сабаған.
Сезімі жоқ ару көрдім,
Абыройы шашылған.

Адал досқа зәру болдым,
Байлық көрсе бас ұрған.
Халін сынар парықты елдің,
Билік көрдім ақырған.

Сатып алған даңқ көрдім
Қуыс кеуде пақырдан.
Әйел көрдім орашолақ,
Ерте беттен әр тайған.

Әкім көрдім шала сауат,
«Мен білем» деп шалқайған.
Ата көрдім сақалы жоқ,
Қыз іздеген қылжыңдап.

«Шешен» көрдім айтары жоқ,
Мінбе бермес мылжыңдап.
Міңгірлеген меңіреуден
Мекен көрдім ғаламат.

«Елім» деумен, еңіреумен
Өтуде асыл азамат.
15-237

Сыздатады-ау жүрегімді
Нәзік сезім жырлары.
Әділ деуге бұл өмірді
Аузым бармай тұрғаны.

* * *
Ол жақта қалай, апа, жылы ма екен,
Бар пенде бір Алланың құлы ма екен?
Онда да бірі пысық, бірі момын,

Біреу қу, біреу тіптен ұры ма екен?
Шәй ішкіш жолықтың ба құдағайға,
Мазасыз бригадир бір ағайға...
Жұмақтың есігінде сұм күзетші

Мөр басқан мінездеме сұрамай ма?
Ол жақта жасыл көктем, гүлдер көп пе?
Күнәсін кешіре алмай жүрген көп пе?
Тіріде пара бергіш жылмағайлар

Ол жаққа барып әлі үлгермеп пе?
Бізде, апа, жаққандар аз басына май,
Анасын бала кетті асырамай.

Жетпейді қарасуға зейнетақы,
Сіздерде зәмзәм судың бәсі қалай?
Сеземін, алдың – пейіш, арқаң – тозақ,
Мінгізіп алды сені тарпаң боз ат.

Бірдеңе әкелер деп періштелер,
Жамбастап жатқан шығар жалқау қазақ.
Қабірін көмгенменен қалың қазып,
Жүр ме онда топас озып, дарын азып?!

Қазақтар өзін өзі өсектей ме,
Үстінен бір-бірінің арыз жазып?!
Сен жоқсың ішінде ондай отырыстың,
Ұқпайсың не екенін де қоқым істің.

Қайтейін, құдайға да керек болдың
О, менің әріп білмес Оқымыстым!
* * *
Үңірейтіп кеттің төрімді,

Егілтіп жыр бастаттың.
Өтпестей көріп өмірді,
Отырып сырласпаппын.

Кеудемде шерім көп екен,
Қайтейін, айта алмаппын.
Ұғатын жалғыз сен екен,
Ұрымтал байқамаппын.

Жәй тастап көзің қиығын,
Кетерде күрсінбедің де.
Ана болудың қиынын
Әлде өзі білсін дедің бе?!

* * *
Кеттің сен үлгі еттің де ғұмырыңды,
Кестім мен сен тараған бұрымымды.
Енді, апа, көрмегенің дұрыс шығар

Мына өмір шаршатқанын құлыныңды.
Аналық мейіріммен аса құнды
Кестелеп тастап кеттің жасауымды.
Енді, апа, көрмегенің дұрыс шығар

Ауыздық, жүген киген асауыңды.
Қайтейін, жақсы еді ғой өлмегенің,
Еркеңді еш адамға тең демеуің.

Дегенмен жеңіл сенің жүрегіңе
Қызыңның жуас кезін көрмегенің.
* * *
Туған жер деп өлетін ала құмда,

Сағыныштың оты өршіп жанарында,
Атамекен Еркіндік алып бүгін,
Талай қазақ шетелден оралуда.
Біреулердің түнерген күз қабағы,

Бауырларын танымай сызданады.
Келімсектер таптаған кең мекенді
Кей ақымақ қандастан қызғанады.
Өз туысын пысық деп тілдеп отыр,

Неге кедей екенін білмей отыр.
Өз бидайын ұн етіп жей алмастан,
Үй тұрғызған көршісін күндеп отыр.
Арыз-жала жазады аямай-ақ,

Өсек-дұға, алақан жаяды аяп.
Біреулерге ұнайды машинасы,
Өз тумасы жүргенде жалаң аяқ.

Таңдантатын әлемді өнерімен,
Тарихы бар қозғасаң тереңінен.
Байлығы мол, осынша даласы кең,
Пейіліне бұлардың не көрінген?

Батыл болса, достасып есерменен,
Одан қалса арақ бар кесел деген.
«Ғұннан, сақтан шықтық» деп көлгірсиді,
Сонда әлі күн қалайша есеймеген?..

* * *
Түсесің сен есіме қалам алсам,
Мұңымды саған шағам азалансам.
Тіріңде ешбір бейнет көрсетпеп ем,

Кешірші рухыңды мазаласам...

* * *
Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен,
Шындықты жақтап жүретіндермен,
Сыйластық сырын білетіндермен

Танысқым келеді менің.
Жаманға жағынбайтындармен,
Жоқтыққа тарылмайтындармен,
Арманнан арылмайтындармен

Табысқым келеді менің.
Жанары мөлдірегендермен,
Жүрегі елжірегендермен,
Үмітке сендіре білгендермен

Достасқым келеді менің.
Мұң-қайғы жеңбейтіндермен,
Өсекке сенбейтіндермен,
Наданға ермейтіндермен

Бас қосқым келеді менің.

ӨМІРБАЯН

Дейді досым: «Мән берме айналаңа,
Жан сырыңды ұғатын қайда дана?
Өлең жазар уақытты құртып жүрсің,
Бас сұққанға деуіңмен «шайға қара».

Қапа болма баланың кеселіне,
Алаң болма ошақ, үй, көсеуіңе.
Сонда менің жыр жазбай жүрген күнім
Тірлігімнің кірмей ме есебіне?

Болып кету керек пе досқа бөтен,
Даралану, оны кім қостар екен?
Ақ ниетті жандарға жолдас болып
Ән айтқаным өмірде босқа ма екен?

Мән бермеуім керек пе тосын жайға,
Сөйлесуім керек пе асыл, майда.
Мұң-қайғысын өзгенің бөліскен күн
Мендік өмірбаянға қосылмай ма?

Әзіл айтпай жеңгеге базынамен,
Құлақ асып қайнының назына әрең.
Әлде есікті ішінен кілттеп алып,
Жатсам ба екен күні-түн жазып өлең?!

Жо-жоқ, мені қоршасын барша қауым,
Мазаласын дос-жаран қаншама күн,
Адам даусы жоқ бөлме қорқынышты,
Думанды орта әрқашан аңсағаным.

Тойға барсам, кеудемнен жыр ағады,
Жолаушының біздің үй – сұрағаны.
Менің өмірбаяным –
Жақсылармен

Бірге өткізген күндерден құралады.

СЫРЛАСУ

Құлыным-ай, мамаңа қиын бұл күн,
Ал біреуге сендейді сүю бір мұң.
Қазан тасып ас үйде, ал сен болсаң
Қағазымды қуыршаққа киіндірдің.

Досы келді әкеңнің бала күнгі,
«Тез қой, – дейді, – столға шарабыңды».
Өсіп тұрған көңілі өз жарым да
Аңдамайды жыр тұнған қабағымды.

Бала баққан жылдарды мақұлдасып,
Көрші әйелдер жаны да жатыр ашып.
Сүрінгенім, сүйгенім, дұрыс, қатем,
Отырғаны бәріне қатынасып.

Дейді: «Бала – ақындық дертіне ем»,
Енді әйелге жоқ дейді еркін әлем.
Ал өздері жүргендей өмір сүріп
Құрып алған ол баста «генпланмен».

Құлыным-ай, мамаңа қиын бұл күн,
Ал біреуге сендейді сүю бір мұң.
Саған қарап мен әйел бақытының
Ана болу екенін кейін білдім.

КІММІН МЕН?..

«Мама, сен кімсің?» деп қойды да,
Асылды қызым кеп мойныма.
Сұрақпен қатырды басымды
Онсыз да шаршатқан ой мына.

Кіммін мен?..
Білмедім не дерге,
Ол мені ұғар ма, сенер ме?
«Сен бізге мамасың!» дейді олар,

Бұрылтпай кей күндер өлеңге.
Ұзақ күн сұрақпен не түрлі
Осылай мазамды кетірді.
Жыр менен баланың арасы

Екі оттың ортасы секілді.
Қинама мамаңды, құлыным,
Жағдайын тезірек біл, ұғын.

Өлеңмен бейнетқор сорлымын,
Сендермен бақытты, ұлымын.
Сендер күн, көздегі нұрымсың,
Сендерсіз өткен күн құрысын.

Сендерден басқаның барлығын
Мен құрбан етер ем жыр үшін.
Анамын бөбегін сағынған,
Ақынмын жыр болып ағылған.

Көңілмін екіге бөлінген,
Жүрекпін екіге жарылған.

ӘЙЕЛ ЖАЙЛЫ

Әйел жайлы артық сөз жатыр өтіп,
Әлпештеген анамның аты кетіп.
Кейде мынау тағдырға өкпеледім
Сезімталдау жаратқан ақын етіп.

Кейде бетке соғады жел де есіріп,
Жетелейді тек алға сенбес үміт.
Жүргеннен соң жер басып, амал қанша,
Құрсаулайды кейде бір пендешілік.

Күндей сөздер естіліп айналадан,
Сын тұрады жанарда жәй қараған.
Біз сөз таппай жүргенде тост айтатын,
Ол жыр жазар сиқырды қайдан алған?

«Қайдан алған көйлектің әдемісін?» –
Өсектің де табады дәлелдісін,
Оқшау жүрсең – тәкаппар, көкірексің,
Жақындасаң – сөзшеңсің, пәлелісің.

Жан сырыңды білсе де қалады ұқпай,
Ашуланған сәтіңді және құптай.
Еркелігін балаңның ерсі көрер,
Өздерінде ерке өскен бала жоқтай.

Кеудеңдегі ұқпайды жыр ағысын,
Жаны ашыған болып-ақ тұрады шын.
Ішіп келсе күйеуің – бақытсызсың,
Ішпей келсе тағы сен кінәлісің.

Әйел жайлы артық сөз жатыр өтіп,
Әлпештеген анамның аты кетіп.
Кейде мынау тағдырға ризамын
Сезімталдау жаратқан ақын етіп.

АРДАҚТЫ АНАНЫҢ АЙТҚАНЫ

Өмірдің мынау түсінем дейсің бәріне,
Сән, думан кешіп, айтасың әсем әнін де.
Шет елдің қымбат әтірін емес, қарағым,
Ананың сүтін, сәбидің иісін қадірле.

Мәртебең асып, таралып атың әлемге,
Сапарға шығып, жүрсең де шарлап әр елде,
«Мамалап» шыққан алдыңнан сәби дауысы
Ең үлкен бақыт, ең үлкен сый ғой әйелге.

БАЛА

Түн ұйқыңды төрт бөлдің – ауырғанда,
Жүрегіңді қақ бөлдің – сағынғанда.
Той-дүрмекке барсам да үйге асығам,
Өздеріңді ұмытқан шағым бар ма?

Күлкің болып алдымда тұрды ақ таңым,
Ұмытыппын сын айтар жыл жатқанын.
Таланттылар жүргенде өлең оқып,
Мен сендерді әлдилеп құндақтадым.

Маған ән боп естілген құндақтағы үн,
Жырлар кезде тағы да жырлатпадың.
Әке тартқан күйін де домбыраның
Тиегіне жармасып тыңдатпадың.

Ойыншық боп қағазым, қаламым да,
Жыр жолдары мөлдіреп жанарымда.
Өлең қуып өтер ем, бәлкім, мәңгі,
Ал сендерсіз шын бақыт табармын ба?

16-237

Әсем әнім, ұйқасқан жыр жолдарым,
Құлындарым, жолымды қуғандарым.
Ашу, күлкі, реніш қуанышым,
Шаршататын бейнетім, думандарым.

Ертең саған жалғасып жатар даусым,
Еркіндеусің, кейде тым қаталдаусың.
Өйткені сен о баста адамзаттың
Ең басты бақыты боп атанғансың.

ҚЫЗЫМА

Сен ең негізісің –
Жырымның тақырыбының
Кенейткен ақын ұғымын.
Сен жайлы жазатын өлең

Көкейде жатыр, құлыным.
Ойларың озықтау болып,
Менімен таласармысың,
Сен тыңға жол ашармысың?!

Әйтеуір келер таңдардың
Жұмбақтау болашағысың.
Еліңнің ертеңі – сенсің,
Меншігің мен емес, балам,

Еш нәрсе тең емес саған.
Адамзат ұрпағысың сен,
Еш байлық сенен аспаған.

Аялап өсіргім келіп,
Аймалап айналсам дегем,
Сен бірақ ойлансаң дер ем.
Аналық үміт-арманға

Әрқашан сай болсаң деп ем...
Мен саған сенем!

* * *
Кейде сараң бақытқа мына жалған,
Әр кеудеде өзіндік тұнады арман.
Біреу отыр табынып жалғыз қызға,

Оны-дағы біреуден сұрап алған.
Бір әйелді қателік мұңы қармап,
Қорықпайды: «Бірі өлсе, бірі қалмақ».
Астан-кестен алты ұлды қарғап отыр,

Қолдан келсе бір күнде қырып алмақ.
Бар далада ақ дауыл, таң самалы,
Әр жүректің өзіндік аңсағаны.
Күнделікті тірлікте, жер бетінде

Үйренетін өмірдің бар сабағы.

РИЗАШЫЛЫҚ

Тақырыбым «ұсақтау» – бала жайлы,
Әлдилеп ақ сүт берген ана жайлы.
Пәк сезімді жырлау да ескіріпті,
Қазір сөздің ірісін бағалайды.

«Көші, – дедік, – өмірді пасықтардың,
Махаббат – сандырағы ғашықтардың».
Жоғалды деп арудан нәзік қылық,
Жігіттердің сөз еттік жасықтарын.

Ал мен болсам ризамын ғұмырыма,
Гүл тағамын қызымның бұрымына.
Қарапайым жердегі ана тапқан
Ғашық болдым қазақтың бір ұлына.

Сүйдім қырдың гүлін де, жусанын да,
Жудым сәби жөргегін, қуыршағын да.
Ана болдым кәдімгі, мейірленіп,
Тыпырлатқан тірлікті құрсағымда.

Отыратын жан жарын тосып үйде,
Мазалайтын тірліктің көші кейде.
Мен әйтеуір халқымның бір қызымын
Мына өмірді сүйетін осы күйде.

Қастерлеймін адал, пәк сезімді мен,
Ой кешемін, таң алды көзімді ілем.
Ірі сөзбен сөйлейтін кей пенденің
Ұсақ өмір кешетін кезін білем.

ТҮС Түсімде ұл туыппын жүрегі жоқ, Темірден саусағы бар,

білегі көк.
Маңдайы қаңылтырмен қапталыпты,
Сәбише іңгәламай,

күледі кеп.
Қарайды айналаға қадалып құр,
Жанары мейірімсіз,

аларып тұр.
Балам ғой, емшегімді ұсынып ем,
Кеудемнен ақ сүт емес,

қан ағып тұр.
Созды да темір саусақ қолын әлгі,
Салды да ауызына омырауды,
Тойымсыз ашқарақтау жылдамдықпен

Сол қанды қас қағымда сорып алды.

Өсті де,

бесігінен тұрып кетті,
Мен жаққа қарамастан бұрып бетті.
Ойыншық тапаншаны көрші әкелген
Алды да,

есікті ашып шығып кетті.
Ұл көрем,

әп-әдемі жігіт көрем,
Түріне қарап іштей күдіктенем.
Адамның баласы ғой, хайуан емес,
Анаға оралар деп үміттенем.

Ағайын,

данаңыз бар, балаңыз бар,
Абайлап айналаға қараңыздар.
Қолында қаруы бар,

жүрегі жоқ
Қан емген жігіт кетті араңызға.
Бүгін мен ақын емес,

жәй анамын,
Ақ шашты заманға сай бояп алдым.

Ұл тапқан өңім бе,
әлде түсім бе деп
Әр таңда мең-зең болып оянамын.

ҚАСІРЕТ

Менде бір сұлу қыз бар еді,
Бұрымы өрілген әдемі.
Сәбидей жанары мөп-мөлдір,
Үйімнің көркі еді, сәні еді.

Оқуға шетелге аттанды,
Бұл күнде бар сөзі жаттанды.
Қазақтың жігітін менсінбей,
Күйеуді сол елден тапқан-ды.

Сөйлейді екеуі жат тілде,
Жат тілден қонады бақ кімге?!
Өзімнің қызымды танымай,
Ішімнен ойладым «сатқын» деп.

Бойжетіп тұрғанда жасы кеп,
Біз жақсы құданы тосып ек.
Қазақтан жиені болмауы –
Қазаққа тағы бір қасірет.

* * *
Аласарып кеткендей ме ой-арман,
Әлі азғантай ұйқысынан оянған.
Кейбір қыздар беттен кеткен ұятты

Жасап алды шетел берген бояудан.
Нардай жігіт саудаменен шатылған,
Тиын санап, айнымайды пақырдан.
Қозы – Баян біреулерге күлкілі,

Жүрегі де, сезімі де сатылған.

ЕРТЕГІДЕГІ ӘЖЕ

Бес жасар қыз ұйқысынан оянды,
Анасындай бетке жақты бояуды.
Одан кейін еңіреп кеп жылады
Жұбанбады.

Түрі сондай аяулы.
Әкесіне қайта оқытты ертекті,
Кітаптағы суретке селк етті.
«Көйлегі ұзын, жаулығы бар осындай

Әже тауып беріңдер» деп жер тепті.
Жас келіншек сәби сөзін бөлмеді,
Осы еді оның ұзақ күнгі ермегі.
«СМС»-пен сыпылдатып саусағын,

Енесіне «Бүгін кешке кел» деді.

Ене келді,
Қысқа көйлек, шаш қара,
«Бұл әже емес», – деп жылайды жас бала.
Ертегіде өмір сүрген әжені

Енді қайдан тапсақ екен?..
Масқара!..

ЖҮРЕК АУЫСТЫРУ

Біздің ғасыр – ғасыры біліктінің,
Айға аттандық көкті де тіліп бүгін.
Ал мен, достар, шынымды бүкпей айтсам,
Ауыстырған жүрекке күдіктімін,

Иемдену жүрегін басқа адамның...
Болмас па екен өзгеше тапса амалын?!
Нашарлаған жүрегі мына науқас
Алмақшы ма жүрегін жас баланың?..

Жатқан науқас өмірге адал адам,
Өз жүрегін өзге үшін жаралаған.
Ол кеудеге қонатын анау жүрек
Иесі талай әлсізді қаралаған.

Маған осы әрекет ұнамады,
Жүрек қарыз қанша өмір сүре алады?
Науқастікі өмірге ғашық еді,
Анау сүйіп көрмеген бір адамды.

Келе ала ма жүрек, ми бір ұғымға,
Бірі болса көңілде, бірі мұнда.
Мынау жүрек аяғыш адамдарды,
Дір етпеген ал анау ғұмырында.

Адал жанға сұм жүрек бағына ма,
Жылжыта ма су жүрек қанын алға?!
Машинаға салатын бөлшегіндей
Лайығы өзінің табыла ма?

Ғасыр ғажап туғызған нелер дарын,
Білем, сенем, дамыған өнер барын.
Ауыстыру жүректі деген сөзге
Мен, әйтеуір, әлі күн көне алмадым.

ТАМАДА

Өз жайына қалып өнер ақындық,
Кигендерін бәсекелеп жатыр жұрт.
Көңіл сыйлас бір таныстың үйінде
Бас қостық та, қонақтықта отырдық.

Бөтендер жоқ ат-жөндерін сұраған,
Бұл дастарқан бәріне де ұнаған.
Өйткені оның тас төрінде отырды
Лауазымы биігірек бір адам.

Тамада боп өзі кешті басқарды,
Басқалары сөз сөйлеуге жасқанды.
Ал сөз тиген «бақыттылар» шетінен
Сол мықтының саулығы үшін тост алды.

Сол бұйырса құйылғалы шай тұрды,
Сол шешеді үйге қашан қайтуды.
«Жүргеніміз дүниеде жер басып,
Сіздің арқа» деген сөз де айтылды.

17-237

Оған тура сен демекші қалай, кім?
(Қолда билік тұрған кезде бар айбын).
Өйткені ол мөр басатын қағаздар
Тағдырына қатысты еді талайдың.

Жалған тілек жүрегімді жаралай,
Еш адамның көзіне тік қарамай,
Кезегімде мен де бір тост көтердім,
Сау болсын деп төрде отырған сол ағай.

Сау болсын деп дені кербез жеңгенің,
Өзгелердің сөзін қайта жөндедім.
Мен де отырдым осы кеште амалсыз
Бірі болып екіжүзді пенденің.

Нәсіп тартпай, қате шығып есебі,
Беймәлім боп қалды ағамыз кешегі.
Сол бір кешті ұмытар-ау адамдар,
Дастарқан ше?

Бәлкім ол да кешеді...

ӨТКЕН ШАҚ

Жасқанбай тура бидің балтасынан,
Ұрының нәсіп алған қалтасынан.
Көкесі төрде отырған талапкердің
«Талант» деп қағып жүрген арқасынан.

Іскер деп танылыпты құстан қарға,
Үйренген қанатсыздар ұшқанға да.
Әтеште жылы, жарық қора болған,
Бұлбұл құс күнін көрген қысқы орманда.

Саудагер тәлім алмай даналардан,
Қалтасы қалың адам дараланған.
Онда да секем алғыш ақын жүрек
Шырылдап жыр торында жараланған.

Ойшылдың үміт тұнған жанарында,
Шындықты зорлық таптай табанында,
Күншілдік, пендешілік өткен дейді
Абай мен Науаидің де заманында.

ӨЛГЕННЕН КЕЙІН

Өлгеннен кейін
боламын нағыз таза адам,
Ақтап алады
барлық күнә мен жазадан.

«Даланы сүйген қызы еді-ау, – деп, –
бір халықтың»,
Айтады біреу азалы ән.
Айтады біреу: «Болып еді деп жалын жас.

«Қайсар дер біреу
тағдырға онша бағынбас».
Жұбатпақ біреу
Қалды деп менен гүл-көктем,

Қайта оралатын қарлығаш.
Өлім не тәйір,
Жүректің ғана мұздауы,
Достардың анық көңілдерінен сызбауы.

Жұбатады олар: «Қалды, – деп, –
жыры қағазда»,
«Қалды, – деп, – тағы ізбасарлары –
қыздары».

Өтті дер бірі,
құрмет-сыйды кеш көріп,
Жатпады жалған насихаттарды ескеріп.
Өзімен өзі өлеңін жазып өтті деп

Айтады біреу естелік.
Атақтылардан
алғысөз, мадақ сұрамай,
Алақан жаймай,

көрсетіп жасын жыламай.
Жүрегі нәзік табиғи ғана қалпында
Өтті дер қайран құралай.
Осының бәрін айтады мені білгендер,

Тірлікте талай кемшілік іздеп күлгендер.
Басқа әлем емес, айтатын маған жақсылық
Бүгінгі қатар жүргендер.

Өлгеннен кейін біреулер жоқтап сенделер,
Адамды таппас тіріден саған тең келер.
Жұмбақпыз неткен,
Ғажаппыз неткен, адамдар?!.

Қызықпыз қандай, пенделер?!.

* * *
Ешкімнен қарыз алмадым,
Еңбекпен өтті айларым.
Ешкімге тағы бармадым

Керек деп маған жайлы орын.
Талантым бар деп ерекше
Бәлденген жоқпын елге де.
Қызмет етіп, керексе,

Шай құйып берем жеңгеге.
Сығалап түрлі есіктен,
Тоздырған жоқпын босаға.
Үнімді сыйлар есіткен,

Қалғанда өзім тасада.
Емхана жаққа бұрылдым
Қалай деп халі баламның.
Қалай деп халі жырымның

Баспаға ғана барармын.

Баратын жерім – екі жер,
Бұл сырым мәлім халыққа.
Жайым жоқ, сірә, өтінер
Алақан жайып даңққа.

Ешкімге қарыз емеспін,
Ештеңе сұрап алмағам.
Кіналай алмас мені ешкім,
Жүрегім толы арман-ән.

Естілмей ол ән қала ма,
Сүремін өмір сол үшін.
Отанға, туған далама
Жыр арнау – қарыз-борышым!

ІШКІШ ӘЙЕЛ

Үкімет те алдады, дос та алдады,
Алдап кетті тағдырдың қосқан жары.
Ағайыннан, жердегі туыстардан
Жұлдыз жақын тәрізді аспандағы.

Бәрі есінде, алғашқы өкінген күн,
Ішке тартып үн-түнсіз отыр демін.
Ана болсам деп еді, үзілді үміт,
Сәби қалды үйінде жетімдердің.

Бақыт өзі немене?
Атап қара,
Тіршілігі – жәй жүрген атақ қана.
Көз ашқалы көргені – тесік қалта,

Өмір сүрген мекені – жатақхана.
Қаңбақ өмір ұстатты жел кемеден,
Сәті де жоқ бір жанға еркелеген.

Үміті жоқ, ертеңді ойламауға
Арақ ішіп алады ертеменен.
Жанарында тамшы боп тұнады арман,
Ішкіш етті, амал не, мына жалған.

Бір кезде ол аяулы қос ғашықтың
Тұңғышы еді-ау тәңірден сұрап алған.

СЕНГІМ КЕЛМЕЙДІ

Аптыққан жалын дәуреннің
Өтетініне,
Бойдағы жігер дәрменнің
Кететініне,

Гүл теріп белден сағымды
Қайтпайтыныма,
Сүйікті жарға назымды
Айтпайтыныма

Сенгім келмейді...
Ән сал деп қимас құрбыны
Қыстамайтыныма,
Қаламды қайта бір күні

Ұстамайтыныма,
Арманшыл жүрек лүпілі
Тоқтайтынына,
«Мамалап» қызым бір күні

Жоқтайтынына
Сенгім келмейді...

Сағыныш лаулап бойымда
Жанбайтынына,
Құрбының қызық тойына
Бармайтыныма,

Тек ұрпақ мені өмірге
Жалғайтынына,
Жыр жолы болып көңілде
Қалмайтынына

Сенгім келмейді...

МУЗЕЙДЕ

Қыш табақтар,
Ас ішкен кімдер одан?
Ол да біздей бір кезде жүрген аман.
Ол да біздей өмірге ғашық болып,

Тіршіліктің қадірін білген адам.
Күміс белбеу,
Тақты екен ару қандай?
Көрген адам есінен жаңылғандай.

Жетті ме екен арманға, жетпеді ме,
Сүйген жардың ауылы сағымданбай?!
Қазып тапқан
Жоғалған жүзден бірін,

Ғасыр өткен, ат-жөнін іздеу қиын.
Бұйымдар тұр музейде, иелері
Өмір сүрген сан ғасыр бізден бұрын.

Өткір қылыш,
Ойранды салған жаумен,
Бейбіт күнді өттің бе армандаумен?
Күмістелген ер-тұрман серінікі-ау,

Солардан да қалдың ба, қайран дәурен?!

ТАҒДЫР

Ұл тапты ана.
Сәбиін шат көргенге.
Жорыды тағдыры үлкен бақ бергенге.
Өтті уақыт.

Жүрді әйел той өткізіп,
Әскерден сол ұлынан хат келгенде.
Тоқ жүр ме екен,
Тоңбайтын тоны бар ма?

Соны қатер тұрғандай торып алда.
Түстен шошып оянып, жұбанатын
Жақсылыққа көршілер жорығанда.
Уақыт өтті.

Ұл келді.
Көңілді ана.
Күтпегенді сыйлайды-ау өмір-дана.

Ұнатпады әйелді алғаш күннен
Бөтен жақтан әкелген келін бала.
Келін бірден енесін ұнатпады,
Баласына хал-күйін сұратпады.

Көшіп кетті алысқа, қалды анаға
Беймәлім боп олардың тұрақтары.
Тірі бала күйігі кете ме естен,
Ел-жұртынан бөлініп жеке көшкен.

Жалғыздықтың кешкен бір қасіретін
Қариямен амалсыз некелескен.
Екі жарты бір бүтін болып әлгі
Жүрген тағдыр қимады оны-дағы.

Шал өлген соң,
«Баласыз қубаспын» деп,
Қартайғандар үйінен орын алды.

* * *
Бүгін менің туған күнім. Үйде гүл.
Он сегізім оралғандай бейне бір.
Албыраймын алғаш ғашық болғандай,

Желіккенде қызықсың-ау, ей, көңіл.
Қарап қайтап шарайнаға қайтадан,
Құйған шарап буына да шайқалам.
Күй күмбірі тербегенде еріксіз,

Жүрегім де бір нәзіктеу айтады ән.
Сырласым боп жұлдызым да, айым да,
Еске түсіп сүйенген кез қайыңға.
Өзім де бір ән бастаймын сызылтып

Қыз арманы, іңкәр сезім жайында.
Қызым жайлап миығынан күлді де,
Деді: «Мама, папа әкелген гүл, міне».
Көңіл – көктем, ән кернейді кеудені,

Күнтізбенің бетіндегі ай – Сүмбіле.
18-237

* * *
Қалмасын солып гүл-сезім,
Аяла мені, асылым,
Алдында тұрған бұл сенің

Баяғы арман – ғашығың.
Ойыңмен орал кейінге,
Көзіңді жүгірт күнге алыс.
Менімен жастар биінде

Билесем деген бір вальс.
Барлығы менің есімде
Бірге өткен күндер өзіңмен.
Оралсаң деймін кешінде

Баяғы албырт сезіммен.
«Әйелдің бірдей барлығы»
Дей көрме маған, ақылдым.
Өзгеден бөлек тағдыры,

Мінезі қиын ақынның.

Жар болсам деген жолдасқа,
Кеудесі толы ізгі арман.
Әйелдің бәрі о баста
Армандай ару қыз болған.

АЯН БЕРУ

Марқұм анам аян берді түсімде,
Жүрмін дейді кіл жақсының ішінде.
Тек сен емес анасынан айырылған,
Жанарыңа мұң-көлеңке түсірме.

Бұл жақта да жұмақтағы гүл әсем,
Бірақ оны әзір көрмей шыда сен.
Тойынғандар жақсылықты білмейді,
Өмір жайлы кедейлерден сұра сен.

Ақ кебіндей аппақ жеңіл үй деген,
Періштелер зулайды ақ күймемен.
Ақылдыны байқамадым жұмаққа
Жерлеспіз деп ақымағын сүйреген.

Жұмақта ешкім арыз жазу білмейді,
Жақында тек бір әңгіме гулейді.
Тамұқ жаққа келген екен парақор,
Бір депутат соны ақтап жүр дейді.

О, тоба!
Ақша беріп өтпекші екен жұмаққа,
Ал бұл жақта доллар деген жүрмейді.

Үн қосып
жайсаң өмірге...

МАХАМБЕТКЕ

Бөрі ме едің, тарлан ба едің,
Күрес жолы – тағдырың.
Әйтеуір, сен арманда едің,
Аңсағаның – алғы күн.

Жырлап өттің ақындықпен
Құм Нарынды айналып.
Жауларыңа батылдықпен
Түн аттандың найза алып.

Айлалыға ұсталмадың,
Денең қолға түспеді.
Сен өжет ең, дұшпандарың
Сенен гөрі күшті еді.

Ереуіл атың алып ұшса,
Білмедің бір жасуды.

Қара балта қапылыста
Шапты-ау сенің басыңды.
Өшпесе де жалын жырың,
Шәйіт кеткен ер едің.

Бір айыбың – әділдігің,
Бір айыбың – өлеңің.

СЫРЫМҒА АРНАУ

Тұтамыз жанға медеу осы күнді,
Айтқаның ақ қағазға көшірулі.
Біз тағы той жасаймыз, Сырым баба,
Ант етіп өшірмеуге есіміңді.

Таңдантып шешендігің ақындарды,
Таңдантып батылдығың батырларды.
Мәңгілік топырағы бұйырмаған
Мәңгілік туған жерде атың қалды.

Кеудеңде ар-намыс пен сезім бар-ды,
Арсыздан жеңілетін кезің бар-ды.
Қалғанша жер бетінде екі қазақ,
Тамсанып айтар тапқыр сөзің қалды.

Шаруаң жоқ алтын, күміс, жақұтпенен,
Түсіңе кірген емес бақыт деген.

Шындық пен ұлылықты өлтірмейтін
Өлшем бар халық және уақыт деген.
Өзіңді өтіп кеттің ұлысынбай,
Айбарлым, ат үстінде тұрысыңды-ай.

Өткір тіл жоқ бұл күнде кесіп айтар
Қолдағы қылшылдаған қылышыңдай.
Жарқылдап намыс оты жанарыңда,
Жөңкілтіп жау қусаң да ала қырда,

Өзіңнің ауылыңда өскен күшік
Сенің де жармасты ма балағыңа?!
Елім де, бозінгендей бозда, дарын,
Білгенсің жеңісіңнің аз боларын.

У жағып үзеңгіңе сені өлтірген –
Шет елден келген жау жоқ, өз қазағың.
Қызбай тұр Сырымы жоқ сөз базары,
Шындықтың отын ешкім қозғамады.

Бір ғасыр сенен кейін Махамбеттің
Қылышпен басын шапты өз қазағы.

Білмеймін, сол қазақта жоқ па қайғы,
Ұлысын тірісінде мақтамайды.
Күресі әділет пен зұлымдықтың
Үстінде жұмыр жердің тоқтамайды.

ТОЛҒАТСА ДАЛА...

Төсінде туған
Махамбеттер мен Абайлар.
Опық жеп өткен,
Өкініп кеткен талайлар.

Далада біздің
Сар жайлау да бар күй тұнған.
Батырған мұңға
Қарқаралы бар,

Қарой бар.
Тарихы қанша
Басынан кешкен азапты Ел.
Қызыққан әлем

Даласың қандай
ғажап кең!
Қасқая қарап,
Тауларға сүйеп арқаны,

Кезесің жайлау
Қой жайған момын қазақпен.
Үн қатты осы
Даланың ұлы ғарыштан.

Тірілді талай
Атылып кеткен арыстан.
Асау тұлпарлар
Тұқымы қалса жарады,

Бір кезде бабам
Ауыздығымен алысқан.
Ертеңге әлі
Артады арман, үмітті Ел.

Даланың желі
Тазартып бойын күдіктен.
Сертіне берік,
Әлсізге пана болатын,

Қайда екен біздің
Марқасқа деген жігіттер?!
Көнерді-ау тозып
Жиделі менен Қаройлар.

Мекенім деп жүр
Мүгедек туған талайлар.
Толғағы жетсе,
Даладан қайта қатады үн

Махамбеттер мен Абайлар.

САХНАДА «ҚҰРМАНҒАЗЫ»

Театрдың сахнасы ашылды,
Залға халық толды да.
Абақтыда Құрманғазы,
Мұңды күйді бебеулейді домбыра.

Түк жаңалық емес бұның бірі де,
Шындықты айтқан таланттардың
Сірә, жолы болды ма?
Күй кернеген көне қазақ аспаны,

Бұлттар көшті,
Ауыл көшті,
Көзден жауын – жас тамды.
Сахнада жүріп жатыр

Сұлу жырмен күй бабаны тербеткен
Адуынды Хамит ақын дастаны.

Ыңыранып басталды күй.
Дауылдатып күй бітті.
Ата-тектің намысы үшін Әубәкір
Құрмашқа кеп килікті.

Таңданатын сонша не бар,
Бағы жанып тұрғанда
Не істемейді билікші?!
Театрда ойлы мұң бар, арман бар,

Жас талант бар,
Бәрін көрген тарлан бар.
Күй атасын тәлкек етті
Ақбайлардың ұрпағы,

Дәл осылай тәлкек болды-ау
Міржақып пен Мағжандар.
Алуан пікір...
Мен, әрине, күй атасын жақтаймын,

Одан қалса қоюшыны мақтаймын.
Кейбір залдан күй ұғар жан таппаймын,
Осы сәтте Айжан қызға ғашық боп,
Күйдің сазын ұққаны үшін

Маған тіптен ұнап тұрды
Әубәкірі Ақбайдың.

Тәлім алсаң,
Бұл сахна – ғұлама.
Өз еркіңде, Құрманғазы
Күйіне де жылама.

Әртістікті қалама,
Тәңірден де ол өнерді сұрама.
Бірақ сені құтқармайды
Кейіпкері болудан

Өмір атты мәңгілікке
Жүріп жатқан драма.
19-237

ЕРЛІКТІ КӨЗБЕН КӨРГЕН КҮН

(Ақын Жұбан Молдағалиев рухына)
Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.
Өттің де астан-кестен ойда жоқта,

Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.
Айтамыз ертегі етіп ол күндерді,
Батыр деп мадақтаймыз жөн білгенді.
Халыққа Жаңа жылдық сәлем жолдап,

Жазушылар үйіне Колбин келді.
Біреулер бастық көрсе қуанатын,
Біреулер жалпылдайды сұрап атын.
Бір кезде жазушылар мінбесіне

Барады көтеріліп Жұбан ақын.

Қазақша акцент, толқыған қатал үнмен:
«Замандаспыз, – деді оған, – қатар жүрген.
Желтоқсанның көргенше он алтысын,
Бір күн бұрын батсамшы батар күнмен.

Қорғағанмын жаудан мен Совет елін,
Әлі күнгі Отанды ән етемін.
«Мен – қазақпын» деуші едім, біле тұра
«Шовинизм» дегеннің бар екенін.

Ұрпағыма халім бар не дер енді,
Қорладыңдар бұл қазақ деген елді.
Қыздарымды сүйретіп бұрымынан,
Ит таласын деп пе едім немеремді?

Ақынша айтсам, «ұлы елдің» бұл мазағын,
Менің далам көтерді күллі азабын.
Тың жерімді игерген бауырларың
Тракторге таптатты қыр қазағын.

Оныңа да шыдады халқым менің,
Берді емес пе билігін, алтын кенін.
Тұңғыш тұрсың алғашқы дәмін татып,
Түсінбейсің, замандас, салтын елдің.

Бір еместей өзіңмен жолым бүгін,
Мен айтпасам, паш етер сорымды кім?!
70 жылдай, құрбым-ау, келесіңдер
Пайдаланып қазақтың момындығын.

Деп үйреттің мәңгүртсің, бәрің надан,
Тіл мен діннен айрылды елім, далам.
Кеше алаңда сабаған – сенің тегің,
Ал таяқты жегендер – менің балам.

Ақын жүрек тартуда содан қайғы,
Шыдамаспын айтпауға жарам жайлы.
Кешір мені, замандас, осы жолы
Жұбан саған пікірлес бола алмайды».

Намыс пен кек түнеріп қабағында,
Мұң аралас жас тұнып жанарында.
Ел алдында арқадан жүгі түсіп,
Ақын тұрды тазарып ар алдында.

Тынып қалды зал тегіс күбірлемей,
Бір адамның жанары күлімдемей.
Біз отырдық төбеден жай түскендей,
Арқамыздан құмырсқа жүгіргендей.

Кетті залды ақынның өртеп демі,
Әлі есімде – біреулер селт етпеді.
«Отыз жеті» қуғынын көрген сорлы
Қол соғудан сескеніп, жер тепкені.

Жұбан – бөрі, өзгелер – қояндардай,
Колбин жүзі сәл қанға боялғандай.
Зал гуілдеп, бір кезде жер солқ етті,
Ұйқысынан бар қазақ оянғандай.

* **
Жұбан аға, ғашық ең гүл-өмірге,
Сызат түсті-ау сол күні жүрегіңе.
Әлі айтады көргендер ерлігіңді,

Қадіріңді көрмеген біледі ме?
Санасыздар тыңдады, күлді, кетті,
Уақыт өтті жаралап бір жүректі.
Сен қасқайып тұрғанда, сыр білдірмей,

Қолыңдағы ақ парақ дір-дір етті.
Сонда сенің сөзіңді ерлік дедік,
Біз ерлікті көзбенен көрдік дедік.

Одан кейін тағы да қалған қазақ
Руларға араны бөлдік келіп.
Елдік емес, ісіміз бас пайдалық,
Ертеңгіні жатпаймыз әсте ойланып.

Қол соққанмен сөзіңе, өлгеннен соң
Қабіріңе тоғыз жыл тас қоймадық.
* **
Аға, бүгін Ақ Жайығың сағынды,

Ақ толқындар іздейді ұлын арынды.
Бұл күндері айтушы да сиреді
Сауық кеште «Еділ-Жайық» әніңді.
Қазір елде тұлпар тозды бәйгілік,

Есеп білсе, жабы озды жәй жүріп.
Кітабың да, жырларың да жетімдеу,
От пен сусыз дірдектейді Сайқұдық.
Ертеңгі күн көз алдайды сағымдай,

Өмір болса қысқа қамшы сабындай.
Қамыс та жоқ, ағыс та жоқ, тым-тырыс
Айдынынан аққу ұшқан Бағырлай.

* **
Бұл күнде, аға, менің мұңым басым,
Өжеттік кездеспей тұр жырымда шын.
Қалыпты арғымақсыз сен туған құм,

Бір жазда бар жылқысы қырылғасын.
Ұшпай тұр қарағайдан таңда қыран,
Уланып өлді ауадан арда құлан.
Кем-кетік ұрпақ өсті ауылыңда

Қырық жыл полигонның зардабынан.
Құдайға қарап тағы отыр елің,
Тазартып сай-құдығын, шоқы-белін.
Көгілдір ту көтерген еркін елге

Білмеймін, сен қандай жыр оқыр едің?..

* **
Шаттыққа, тірі болсаң, кенелерсің,
Сөйлейсің бізден ірі, бөлек ерсің.
Сен тағы «Қазақпын» деп жар салар ең,

Өйткені өр ақынсың, көрегенсің.
Саңқылдап еркіндікте ғажап үнің,
Халқыңның баяндай кеп азабын мың.

Жалқауын, күншілдерін, аярларын –
Бәрін де құшақтар ең қазағыңның.
Ғажап қой пейіл деген, төзім деген,
Сен шығар бар қазақты өзім деген.

Сипасаң маңдайымнан «Қызым бол» деп,
Менің де жетімдігім сезілмеген.
Ақын ең ұлтыменен мұңдас жаны,
Қазағың әлі ешкіммен сырласпады.

Жан аға, жазылмай тұр еркін елдің
«Мен – қазақпын!» сияқты бір дастаны.
* **
Шалқақтап туыпты Ай бүгін,

Көрсетпей даланың байлығын.
Ағын ән салмайды сылдырап,
Жайықтың мұз басты айдынын.
Қасірет қатар кеп теңдікпен,

Өзен де жыр күтті ел күткен.
Күдікпен кеттің-ау, жан аға,
Қайратың ақталды ерлікпен.

Жабылған жаладан бастапқы
Жанарға тамбайтын жас қатты.
Ақбикеш коммунист болудан
Сол түні біржола бас тартты.

Мұз басып Жайықтың айдынын,
Дөңгелеп толысты Ай бүгін.
Еркіндік алдық біз бұл күнде
Орнына баяғы қайғының.

* **
Қамсыз қазақ әлі отыр беткейде ана,
Кейде тіпті қонады-ау шеткей дара.
Алыстарға айқайлап жар салатын

Сенің даусың дәл бүгін жетпейді, аға.
Заман зулап, ал олар аяңдайды,
Ақын үшін жоқ асқан одан қайғы.
Етек-жеңін жимастан есінейді,

Кейбіреуі шыңғырсаң оянбайды.
Берер оған әкеліп сыйлықты кім,
Ас беруге шулатып жидық бүгін.

Жемтігі боп жүргенін түсінбейді
Алаяқ пен жымысқы биліктінің.
Келімсекке иіліп дымы қалмай,
Аңқылдайды ешкімнің сырын алмай.

Шулап қайтты Абайдың тойынан да
Ұлы ақынның жазғанын ұғына алмай.
* **
Рас, аға, қазақтың ақын бәрі,

Ақын тойға әр аймақ шақырғаны.
Еркін елдің тірілді неше дүркін
Ұмыт қалған әулие, батырлары.
Жиналып ап шырқадық далаға ән,

Киіз үйде оюын жаңалаған.
Молаларды сәндедік о заманғы,
Жас жігітте пәтер жоқ паналаған.
Дұрыстық пен қатені ұға алмадық,

Көне берді көнтері бұған халық.
Бір жылдайын шуылдап уақыт кешіп,
Жамбылдайын бабаға жыр арнадық.

Екі тоймен қоштастық, екі күзбен,
Бір-біріне көнбеген бетімізбен.
Біріге алмай жамырап әлі жүрміз,
Жүз жасқа келетіндей шетімізден.

* **
Бар адамның мақсаты баю шығар,
Бай болғанға рахат дайын шығар.
Қазақтардың байы көп естілмейді,

Керісінше, көбейді қайыршылар.
Көрген ұлт қай аштық пен қайғыны да,
Деп түсінген қозы мен қойды мұра.
Кім кінәлі, білмеймін, туған жердің

Ие бола алмасақ байлығына.
* **
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын,
Қажет болса мінбеге шыға аламын.

Бала көңіл, момақан, қазақ деген
Елдің қызы болғанға қуанамын.
Қажет болса буатын белін бекем,
Қажет болса өлімі өмірге тең.

Желтоқсанның мұзына алау жаққан
Ұрпақ туған бұл қазақ тегін бе екен?!
* **
Тым ауыр қазағыма нарық бүгін,

Келмейтін сездіргісі арықтығын.
Өздері жем болады саудагерге,
Біреуді алдап көрмеген жарықтығың.
Арада жүргендер аз жайраң қағып,

Қария бүгілуде ойдан налып.
Қазақтың әйелдері сатады арақ
Бір кезде сен жырлаған қайран қалып.
Иманшыл намаз оқып күбірлейді,

Төбеде нарық-қожа дүрілдейді.
Даламның самал сүйген қыз бен гүлі
Қолында саудагердің дірілдейді.
* **

Даланың жөндемедік жолын әлі,
Баяғы өзің көрген оры, жары.
Беткейден аз ұшады қарлығаштар,
Қарға мен сауысқандар жолығады.

Кім білсін, көкорайға құлын аунар,
Жүгінер төре-биге ұлы даулар.
Сан ғасыр талай ұрпақ сусындаған
Қайтадан көзін ашар шыңыраулар.

Қазақтың уақыт емдер дертін бүгін
Оқитын кезең туар сертін, жырын.
Оңайға соқсын қайдан бірден алу
Кең дала, жас ұрпақтың еркіндігін.

* **
Шаруам жоқ мансапқорда ел билеген,
Сайранға шыққаным жоқ сән күйменен.
Айтқаным – ана жыры, Жұбан аға,

Үш бала үш бесікте әлдилегем.
Арқалап туған жердің сағынышын,
Жүргем жоқ бір жақсылық табу үшін.
Басшы да, депутат та болғаным жоқ

Халқыма ақын қыз боп қалу үшін.
Ермедім саясатқа алып қашқан,
Әділет жолы ауыры анық жастан.

Жайықтың бір бағытқа ағатыны
Бойыма мінез болып қалыптасқан.
Кезім жоқ бұлғаңдаған, жылмаңдаған,
Жасырын жүрегімде сыр қалмаған.

Қолында билігі бар кей наданға
Емеспін мақала да, жыр да арнаған.
Айналмай шені бардың ермегіне,
Құмартып туған жердің көлдеріне.

Мен жүрмін өлең жазып, Жұбан аға,
Бұл күнде немеремнің жөргегіне.
* **
Тастайтын талай дастан жазып бүгін,

Білмеймін өліміңе жазықты кім?
Өзіңді өжет қазақ деп жүргенде,
Сезбеппіз жүрегіңнің нәзіктігін.
Дейміз-ау ерте үзілді бекер демің,

Бір жырлап мынау күнді кетер ме едің?!
Соғыстың төрт жылына төтеп беріп,
Бір күнін Желтоқсанның көтермедің.

Ақынға жараспайды өлді деген,
Қалды ма лайланып мөлдір өлең?!
Жүрегің жазылар ма еді, көрсең егер
Көк туын еркіндіктің желбіреген!..

МҰҚАҒАЛИМЕН ТАНЫСУ

Өзің жайлы аңыз естіп жүр едім,
Өлең жазған жас таланттың бірі едім.
Алғаш көргем,
Жазушылар Одағында сол жылы

Өтіп жатқан кезектен тыс пленум.
Дайындалған баяндама оқылуда
жырланып,
Залда гу-гу,

Бір қалыпқа түспейді екен бұл халық.
Көзіңе ілмей сөйлеп тұрған шешенді,
Шалқасынан есікті ашып
Кіріп келдің ырғалып.

Мен өз басым
Бойыңдағы батылдыққа тамсандым,
(Сол ақындық еркіндікті талай жерде
аңсадым).

– Ей, ағайын,

Бұл мылжыңнан пайдалырақ бір өлең
Оқып берсем қайтеді, – деп жар салдың.
Жиналыстың төрағасы:

– Мұқағали, қой, – деді.

Сәл бұлдырап кеткендей ме көзіндегі
әйнегі.
Кімге сөзің өтіп еді ол кезде,
Тентек ақын, жалын жүрек, желбіреген

көйлегі.

– Мейлі, – дедің, – есімімді атамаңдар

мінбеден,
Шалқып жүрем өлең жазып күнде мен.
Мейлі, бүгін танымаңдар, аман болса
қазағым,

Мен әйтеуір осы ортаға ақын болып
бір келем!
...– Міңгірлеген өтірікші, естілмейді
дауысың, –

Деп сол жерде сөйлеушіге айтып кеттің
тағы сын.
20-237

Ешкім сені тыңдамады,
Қолдамады сені ешкім.
Ешкім онда деген емес:
«Аман болшы, арысым!»

– Маған орын жоқ қой, – деп, – бұл арада, –

Бұрылдың да шығып кеттің далаға.

– Мен тіріде шығартпаймын кітабын, –

Деді саған сөз бермеген төраға.
Оның сөзін құптап жатты басқалар,
(Бас изеуге көнбіс болған қасқалар).
Бір асау ғой жүген, құрық көрмеген,

Ішіп жүрген шығар, сірә, пәтшағар.
Біреу шығып жалпылдады мінбедегі
шешенге:

– Ұқсап тұрсыз, – деді, – құдды көсемге.

Не демейді ішкен ақын, тәйірі-ай,
Сырт түрі де ұқсап тұрған есерге.
Шығып кеттің отырмастан орынға,
Бүгін шыққан «Правда» мыж-мыж еді

қолыңда.

Сол қолыңды газетімен бір сілтедің,
ойпыр-ай,
Ақынмын деп мына залда отырған көп
момынға.

Қарасазды, кең даланы аңсағанмен
жүрегің,
Еркіңнен тыс «оқу іздеп» Мәскеу кеттің,
білемін.

Жоспарланған баяндама,
У-шуы жоқ, тып-тыныш,
Өтіп жатты талай-талай
Сен келмеген пленум.

Кеттің солай,
Адуынды мінезіңмен қыр асып,
Құйындатып, дауылдатып, болашаққа
ұласып.

Тек ақындар қалды сенің өрлігіңе
тамсанып,
Басын біреу сипап кеткен мысықтардай
жуасып.

ЖЫР КЕШІНДЕ

Жыр оқып тұр жүрегімен
Жанары отты жас ақын.
Біреу шетте күледі ме,
Кеш тез бітіп,

Қол соғуды тосатын.
Жыр оқып тұр жанарынан
Төгіп ғажап сезімді.
Біреу шетте қалғып кетіп,

Бір секундқа көз ілді.
Ояна сап мына әдеті
Әдепсіздік екенін тез сезінді.
Жыр оқып тұр жалынды ақын

Галстуксыз
Жай жадағай көйлекшең.
Бастық ағай ондайларды
«Формасыздар» дейді өңшең.

Жыр тоқтады, қол соғылды,
Анау шетте жылап отыр бойжеткен.
Жыр оқып тұр,
От жанары

Оқтай қазір
Залды тесіп шығатын.
Тіршіліктің жұмбағындай
Жұлдызы көп неткен сұлу мына түн!

Таңға дейін иесіз қалар кең залда
Күнде өлетін пенделерге
Мәңгіліктің жырын оқып тұр ақын.

ЖОҚТАУ

(Қадыр Мырза Әліге)
Ұлтымның мәртебесін биіктеттің,
Ұрпаққа Ана тілін сүйікті еттің.
Байтақ елді тербеткен жырыңменен

Қас қағымда қалайша қиып кеттің?
Тірліктің сан сауалын үйіп-төктің,
Жауабын тұмардайын түйіп кеттің.
Жыр-жұбаныш іздеген жүректердің

Үміт жібін қалайша қиып кеттің?
Қазынаға қанша ақыл құйып кеттің,
Жырдан жақұт сөреде жиып кеттің.
Поэзия туының бір шыңы едің,

Бір құлаш жерге қалай сыйып кеттің?!
Аға?..

КӨК ДӨНЕННІҢ КІСІНЕУІ

(Ақын Қадыр Мырза Әлі рухына)
Ана қабіріндегі жазу
Бала боп қызық көрмеген,
Баладан қызық көрмеген,

Байдан да қызық көрмеген,
Қайдан да қызық көрмеген
Бұл жерде жатыр кейуана.
Тас қойған: баласы Қадыр

Кез емес ақын іздеп сабылатын,
Тек ақын туған жерін сағынатын.
Ақ Жайық той өткізді өзінше бір
Толды деп 75-ке Қадыр ақын.

«Көп болды Жайыққа ақын бармағалы,
Аңсаған кәусарына қанбағалы».
Баяғы нөкері бар серілерше
Жанына іні-жолдас таңдап алды.

Уәдемен «Ақ Жайыққа жетем» деген
Келді ақын сөзге жүйрік нөкерлермен.
Мереке, Есенғали, Темірханы,
Қайрат пен Оңтүстіктен Көпен келген.

Шырқалып «Атамекен» сахнадан,
Балаша қуанады ақын оған.
Топырлап үлкен-кіші жолын тосып,
Шетінен қолтаңба алып жатыр одан.

Жыр кеші.
Шешенге ел басқартады.
Ақынға қошеметпен ас тартады.
Әзіл мен әнге толы берекелі,

Қазақтың қандай ғажап дастарханы?!
Ақынға күлу бақыт еркін жүріп,
Тілейді ол бұзбағанын сертін жігіт.
Әзілі мір оғындай, отырды ақын

Қауымды шабытымен желпіндіріп.
Құлағын, пейілін де тоса қалған,
Қастерлеп, қоршап-қорғап дос адамдар.

Тарихтың қалады әр кез назарында
Ақынға қиянат та жасағандар.
Сарғайтып сағындырған қыры, белі,
Қиялмен жалаң аяқ жүгіреді.

Кіндіктен қаны тамған топыраққа
Күтуде құшақ жайып Сырым елі.
Тұрса да қоңыр самал есіп алдан,
Біледі ол бұл далада несі қалған.

Жанарын сәл буланған сүртіп тастап,
Сонда ақын балалығын есіне алған.
Әкеден ерте қалып, сорлағасын,
Қу тірлік о бастан-ақ қорлағасын,

Балаға қызығатын қозы қуған
Қуатын өз қозысы болмағасын.
Ауылдың панасыз үй шетінде ана,
Енді арман – содан алыс кету ғана.

Мектебін бітірді де,
тәуекел деп,
Аттанды Алматыға жетім бала.

Жоқ еді қалтада артық тиыны да,
Өмірдің төзбек әлі қиынына.
Артында ана қалды шыт көйлекті,
Оның да жамау түскен иығына.

Арманы – дәріс алу даналардан,
Қарыз ап бірге оқыған балалардан.
Ауылдан Қадыр алыс аттанғанда
Артында жесір ана қала барған.

Келем деп туған жерге

құр сабылған,
Балалық түсіне енген

шын сағынған.
Шыға алмай қалды бірақ жігіт Қадыр
Ақындық деген дерттің құрсауынан.
Жыр жазу, іштегі дерт тарқағандай,

Көтерер ақын жүгін арқа қандай?!
Ұзақ жыл «Ой-орманға» кірген Қадыр
Көп жүрді қайта шығар жол таба алмай.
Шықпады сол орманнан, шыға алмады,

Көрмеуге туған жерін шыдаған-ды.

Әлпештер өз анасын уақыт таппай,
Тербетті ол Қазақ деген Ұлы Ананы.
Ойлы түн сұлу жырмен аяқталып,
Кетті ақын «Ой-орманға» таяқты алып.

Далада замандастар шырқап жатты,
Қадырдың ән-жырымен той атқарып.
Айналды жыр-бұлаққа кіндік қаны,
Көзінен бірақ ешкім мұңды ұқпады.

Басында жесір ана моласының
Бір шумақ өлең болып шындық қалды.
Бүгін той, жетпіс бестің есебі ме,
Созылып барады өзі неше күнге?

Туған жер сағынышын басатындай
Шомылып Қадыр-жырдың нөсеріне.
Көрсін деп елдің сыйын ақын аға,
Ақынды сүймесе олай шақыра ма?

Оюмен жабулаған көк дөненді
Мүтәлі алып шықты сахнаға.

Бір нәрсе мынау жылқы түсінеді,
Сезім бар онда жоқ кей кісідегі.
Тізгінді Қадыр ақын ұстағанда,
Көк дөнен ышқынып кеп кісінеді.

Халыққа кісінеді толып тұрған,
Ақыннан кеткісі кеп болып құрбан.
Көк дөнен кісінеді ақынды аяп,
Шал кезде шаба алмайтын жолықтырған.

Көк дөнен залға келген айдаладан
Тұрғандай жауап күтіп айналадан.
«Құйғытып атқа шабар дәуреніңде
Бұл қазақ ат мінгізсе, қайда болған?

Бұйыру бақытым ғой ақын ұлға,
Болар ең өзің ием, жақыным да.
Ал сізде төрт ай ғана ғұмыр қалған,
Мен сорлы кетем кімнің тақымында?»

Көк дөнен сахнадан кісінеді,
Сезді екен жануардың іші нені?
Заманда адамды адам ұқпай жүрген,
Тәйірі-ай, жылқыны кім түсінеді...

Ақында аз болады сайрандар күн,
Шын бақыт табады олар ойдан, бәлкім.
Асылды жоғалтқан соң,
Жоқтау айтып,

Кешігіп жүресің-ау, қайран халқым!

АРНАУ

(Әбіш Кекілбаевқа)
О, Әбеке, не нәрсе алпыс деген?
Азаматқа айбынды тал түс па екен?
Әлде мынау өмірде баяны жоқ

Әділдіктің жолында тартыс па екен?!
О, Әбеке, не нәрсе алпыс деген?!
О, Әбеке, алпыс бір өткел ме екен?
Біреу жетпей, біреулер жеткен бе екен?!

Әулиедей анаға еркелеумен
Алпыс рет оралған көктем бе екен?!
О, Әбеке, алпыс бір өткел ме екен?!
Оңай сөз бе алпыс жас бір айтуға?

Мерейтой ма өзіңдей тойлар тұлға?!
Қайта толғап тербетіп Манас жырды,
Ақ қағазға түндерде сыр айту ма?!
Оңай сөз бе алпыс жас бір айтуға?!

О, Әбеке, алпыс жас ер жету ме?
Ұялатып ұлылық келбетіңе?
Абыл тартқан күйлердей күңірентіп,
Туған елді қаламмен тербету ме?

О, Әбеке, алпыс жас ер жету ме?!.
Үлкендікпен алпыс жас достасу ма?
Жақсылармен жайраңдап бас қосу ма?
Еңсеп қазған шыңырау мөлдіріндей

Алыс қалған жастықпен қоштасу ма?
Үлкендікпен алпыс жас достасу ма?!
Өзің шыққан шыңы ма мұнараның?
Ойға шомып кезу ме жыр алаңын?

Әке болып, ата боп мейірлене,
Ыстық шәйін күту ме Клараның?
Өзің шыққан шыңы ма мұнараның?!.
О, Әбеке, не нәрсе алпыс деген?

Азаматқа айбынды тал түс па екен?!
Әлде мынау өмірде баяны жоқ
Әділдіктің жолында тартыс па екен?!
О, Әбеке, не нәрсе алпыс деген?!.

ЕКІ РЕТ КЕЛГЕН ЖИЫРМА БЕС

(Тахауи Ахтановқа)
Лапылдап сезім отына,
Жас дәурен кештік баршамыз.
Бойжетер кезде оқыған

«Махаббат мұңын» қанша қыз.
Шақырса алдан шын арман,
Ескере ме адам қиынды?!
Үйретті сенің шығармаң

Қыздарға адал сүюді.
Қалды деп жастық әріде,
Мейлі, аға, оны жазбаңыз.
Махаббат мұңын әлі де

Арқалап жүрген аз ба қыз?!

Ақ шашты анау елеме,
Көңілді бөлме мұңға да еш.
Елу жас деген немене –
Екі рет келген жиырма бес.

Өмірдің өзі шыңдаған
Кеудеде шырқар бар әндер.
Он сегіз жасты жырлаған
Қартая ма екен қаламгер?..

21-237

СӨЙЛЕЙДІ ӨКТЕМДЕРДІ

ЫҒЫСТЫРЫП

(Шерхан Мұртазаға)
Мекенде атын алған жыр алыбы
Шулатып жатырған кім Жуалыны?
Қазақтың даласы кең, сол кеңдіктен

Бауыржан, Шер-ағадай туады ұлы.
Ғасырлап отаршылық қысқан елде
Шерхан кім?
Сөз тыңдатқан күшті әлемге.

Ол – үні аруақтардың архивтегі,
Қайтадан жазған хаты Сталинге.
Сөйлейтін өктемдерді ығыстырып,
Шерхан кім?

«Қалаулым» деп білісті жұрт.
Халқының аштық көрген қайғысымен
Табыттан қайта тұрған Рысқұлов.

Жазса егер жүрегінің жарасы көп,
Шерхан кім?
Жүрген жастар ағасы боп.
Ол сырын қазақша айтқан Шыңғыс білем,

Сарыөзек, Мойынқұмның даласы боп.
Шерхан кім?
Кәрі-жаспен қол алысқан,
Бейнесін құйса лайық таза мыстан.

Әр үйдің, әр ошақтың мұңдасы ол –
Бүгінгі егеменді Қазақстан.

ҚЫРАН

(Шамғон Қажығалиевқа)
Туғаннан қатарынан дараланған,
Бойында сезім, намыс, сана болған.
Өнерлі Қажығали әулетінен

Қазаққа Шамғон атты бала қалған.
Сол Шамғон іңгәлаған Ұялыдан,
Құмшағыл құлаққа әлі құяды ән.
Ахмет Жұбановқа ізбасар боп,

Таланттың жаралғандай қиялынан.
Нарында туған бала, дала құмда,
Күй сазын алған жинап жанарына.
Тұлпарлар тұяқтарын ойнақтатты ол

Кәдімгі домбыраның шанағында.

Көкшіл көз, сұлу бітім, нар кескінді,
Жасынан айқындалды артистігі.
Дирижер Шамғонмен шықты әлемге
Дүркіреп Құрманғазы оркестрі.

Шаршатып көрерменнің алақанын,
Атырып әр кеудеде дала таңын.
Жазды ол жүректерге күй тілімен
Қазақтың Сарыарқасын, Алатауын.

Баттута сес көрсетіп құса-мұңға,
Шамғон тұр пультте, әуен құшағында.
Қырандар қомданады дәл осылай
Көгіне туған жердің ұшарында.

АБЫЛАЙ АЛАҢЫ

(Шота Уәлихановқа)
Абылай ханның алаңын
Көмкерген тау мен қарағай.
Тәкаппар туған адамын

Кеңпейіл менің далам-ай!
Сұлулық сыйлап қазаққа,
Кеңпейіл болған Тәңір де.
Айналып кейін мазаққа,

Өзіміз бұзған бәрін де.
Тұлпарды сатып жәй атқа,
Қамқа тондарды қор еттік.
Таптатып жалаң аяққа,

Алаңын ханның жол еттік.

Хан ішкен алтын кесені
Іздеген жоқпыз, таппадық.
Тексіз деп әке-шешені,
Кеудені соқтық мақтанып.

Алаңға, ханға билермен
Ескерткіш әлі-ақ ашармыз.
Тіріні сыйлап үйренбей,
Әруақты тастан қашармыз.

Құлыны озса жабының,
Амал не, тұлпар тұяқтан?
Жырласам заман ағымын,
Сұрланды тастар ұяттан.

Көкшенің көрдім шынарын,
Жәй кеуде ұқпас наз әні-ай.
Тектіден текті туарын
Айта алмай жүрген қазақ-ай!..

ЖЕЛАЯҚ

(Әмин Тұяқовқа)
Көргенде бәйге алаңын,
Жанатын оттай жанарың.
Жасыңнан жүйрік табанға

Құлығын жақтың даланың.
Кеш туса-дағы азат күн,
Қол соқса да жұрт аз-ақ тым.
Әлемге аян тұғырда

Баласы тұрды қазақтың.
Сағынып дала самалын,
Ішінде бөтен қаланың
Бір ұлы жүрді қазақтың

Көтеріп спорт жалауын.

Еске алсаң құмның дауысын,
Үдеді әр кез шабысың.
Алқынтып алау жүректі,
Қорғадың елдің намысын.

Солай бір дәурен кештің де,
Шыңдалып өзің өстің бе?!
«Бауырым, мені қорға» деп
Жалынған жоқсың ешкімге.

Көреді халқым әлі деп,
Көңілде үміт жанып ед.
Жолыққан, Әмин, өзіңе
Жасасын бүгін Әділет!

ШӘМШІНІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

Жаңғырып жүрегімде жастағы әнім,
Сазына көне вальс мас боламын.
«Шәмшінің ән кеші бар» деген хабар
Қазағын селт еткізді астананың.

Тербетіп самал әуен бетегені,
Арыстың бойына да жетеледі.
Каспийден шулап ұшқан шағаланың
Қанаты көңіліңді көтереді.

Есікке сыртта толқын ұмтылады,
Концерттік залдың іші гүл тұнады.
Шәмшінің дәуірінің арулары
Көздерін орамалмен сүртіп алды.

Айлы түн, сұлу Сырда сылқым ағын,
Бақыттың құшағында бұлқынамын.
Ұмытып дүниені сәтке мынау,
Алдағы бос орынға ұмтыламын.

Иесі концерт залдың күліп тұрып,
Танытты маған ептеп «біліктілік».
Ақынға алдан орын аз тиерін
Шәмші-әуен жіберіпті ұмыттырып.

Шаршатты-ау қасіретің, өмір, сенің,
Басамын немен, қашан көңіл шөлін?
Орныма отырғызды бір бастықтың
Қазақша түсінбейтін келіншегін.

Дүние-ай, бұл өмірден сый күтті кім?
Көңілге тағы бір ой түйдік бүгін.
Пенделер тарта алмайды-ау таразыға
Салмағын талантты мен биліктінің.

АЛМАТЫНЫҢ ЖАҢБЫРЫ

Консерватория.
Серкебаев бара жатыр аяқтаған сабақты.
Бозторғайдың даусындай
Ашық тұрған терезеден ән ақты.

Біреу енді сынамақшы талабын,
Ал жас дауыс жатты үйреніп
Махаббаттың ескі әрі жаңа әнін.
Будақ бұлттар көшіп-көшіп,

Алматының төгіп кетті нөсері.
Нөсерден соң мұнда гүлдер
Бір-ақ түнде өседі.
Сылдыр-сылдыр арықтардан су ақты,

Байқалмастан өтіп жатқан
Біздің өмір сияқты.
Біреу жауын астында тұр,
Ләззат алып нөсерден.

Біреу үйге қашып жатыр,
Такси ұстап көшеден.
Жапырағы ақ қайыңның
сылдыр-сылдыр күледі,

Саясына ғашықтардың келетінін біледі.
Келетін-ді жауын түгіл боранда,
Бірақ тегіс бақытты емес олар да.
Жауын құйды, кей студент

Тұрады алыс Тастақта,
Жауын деген сөз болып па жас шақта.
Көк аспаннан сатырлаған тамшылар
Өмір жайлы

Симфония жазып жатыр
Асфальтқа...

ТРАССАДА

(Тілек Бәдеевке)
Камазға жолда соғылып жатыр арғымақ,
Күн көріп жүрген өз даласында қаңғып-ақ.
Тұлпарды ердің қанаты деген бабаның

Болған ба сөзі сандырақ?
Шықпаған жаны, жанары жатыр
мөлтеңдеп,
Тәңірден тілек тезірек, шіркін, өлсем деп.

Совхоздың мүлкі ол, ие жоқ іздеп келетін
Бауыздасам деп, көмсем деп.
Қираған жамбас, үгіліп кеткен қабырға,
Тоқтамай жүрек, қан жүріп жатыр

тамырда.
Тұяқты малды қастерлеп өскен халықтың
Құлқы жоқ тұлпар бағуға.

Даласы тозды, қызғалдақ беткей
құлпырған,
Азайды малы жеке шаруасын тындырған.
Трасса біткен зулаған темір машина,

Ойпатын тескен шет елдік темір бұрғылар.
Аққу мен қаздар азайып кеткен көлінде,
Азайтып алды ителгі, қыран тегін де.
Елі мен жерін қорғаған тұлпар тұяқтар

Машина қағып өлуде.

БАТЫРМЕН ЖҮЗДЕСУ

(Кеңес Одағының Батыры
Садық Жақсығұлов жайында)
Батыр боп іштен тумайды, сірә, әр адам,
Батырлық, мүмкін, туады биік санадан.

Батырды көрдім –
Бақытты елдің солдаты ол,
Омырауға Жұлдыз қадаған.
Өткен күн маған сыр айтты ойлы

жанардан,
Қарады жылдар самайдан анау ағарған.
Батырды көрдім –
Қан кешіп, қару асынып

Соғыстан аман оралған.

Эфирден тыңдап майданның таныс
әндерін,
Жүректі тырнап әлде бір шаттық, әлде мұң.
Отырды батыр есіне алып

От кешіп
Өткізген жастық дәуренін.
Қан майдан кешті,
Соғыстан елге қайтты аман,

Ұмытпақ емес басынан кешкен
жайтты адам.
Қырық жыл бойы шешіліп, сірә, ешкімге
«Батырмын» деп те айтпаған.

Кішіпейіл қалпы үлкенге әрі жасқа да,
Көрген жоқ әлі кезексіз барып кассаға.
Үн-үнсіз басын шайқайды кейде мінбеден,
Үйретсе ақыл жас бала.

Қызықтап жастар сан алуан сауал береді,
Сөзге жоқ батыр,
Баяндап қанша керегі.
Өйткені Ердің еліне еткен еңбегі

Сатулы емес дер еді.
22-237

Әжім боп мына маңдайда қырық жыл
жатыр,
Майдандастарға мәңгілік белгі қырда тұр.
Басынан кешкен жайларды жырдай

баяндап
Сөйлемейді екен бұл батыр.
Қан майдан есте, қимастай ерлер
достасқан,

Қыршыннан кеткен доспен де талай
қоштасқан.
Жанардан жасын көрсетпей сүртіп алады,
Ешкімге ауыз ашпастан.

Қайтеді айтып Днепр өткен сол түнді,
Айтады несін сілкінткен жерді солқылды?
Бірге өткен сонда жолдастың бірі қалмады,
Білмеді өзі қорқуды.

Кез емес еді өмірден күдер үзетін,
Балғын жас еді, көрмеген қыздың ізетін.
Есіне қазір түспейді қалай қиратты
Немістің екі дзотын.

Жаралы жолдас.
Енді жоқ мұны қорғаушы,
«Отаным – анам, Ел үшін!» дейді жан даусы.
Шаршады. Талды. Есінен танды.

Түнде кеп
Әкетіпті екі барлаушы.
Көріпті олар батырдың ғажап қайратын,
Көріпті өлген немістің жиырма солдатын.

Плацдармды ұстады солай ерлікпен,
Танкісін жаудың жайратып.
Қорғады солдат сүйікті туған Отанды,
Жаралы болды, толтырды қайта қатарды.

Бір жылдан кейін ерлігі үшін сондағы
Кеңестік Елдің Батыры болып атанды.
Контузия алды,
Тірілей жерге көмілді,

Қорғады солай бүгінгі бейбіт өмірді.
Атқыштар олар аттанған Қазақстаннан,
Дивизиясы – 73 нөмірлі.

Айтпайды батыр соғыста көрген
сұмдығын,
Бірақ та көздің алдында бәрі тұр бүгін.
Украинада өртеніп жатқан хуторлар,

Жүздері кейбір көмусіз қалған құрбының.
Айтпайды батыр қан кешкен азап соғысын,
(Сөйлеуге біздер тиіспіз енді ол үшін).
Сыпайы ғана: «Ұл күткен туған халқыма

Өтелді, – дейді, – борышым».
Айтпайды онша санчастьта қанша
жатқанын,
Молдаван, румын, венгрден достар

тапқанын.
Қанша елді азат етпеді совет әскері,
Қанша елдің қалды мәңгіге сақтап
ақ таңын.

Соғыстан өтті ол,
Тойлады Жеңіс күнін де,
Егінін салып, даланың терді гүлін де.

Бес бала сүйді,
Бар тағы жеті немере,
Бақыты тасқан бүгінде.
Қан кешіп бес жыл, еліне туған

қайтты аман,
Ұмытпақ емес басынан кешкен
жайтты адам.
Батырды көрдім

Қырық жыл бойы ешкімге
«Мен батырмын» деп айтпаған.

МӘНШҮК

Айналдың мәңгі жалынға,
Даңқыңды тақты даламыз.
Жасқұста, сонау Нарында
Өмірге келген бала қыз.

Әлемге тарап атағың,
Құрбаны болдың ақ таңның.
Мен бүгін «Мәншүк апаның
Еліненмін» деп мақтандым.

Лап етіп жанды жас шағың,
Селт ете қалды барша жан.
Сен жайлы ерлік дастанын
Жазуға құмар қанша адам.

Өзіңмен алау сезімді
Әкеттің ару қалпыңмен.
Жырласам ба деп өзіңді,
Ұстадым қалам бәлкім мен.

Кешпестен алау сезімді,
Өттің сол ару қалпыңмен.
Ұмытпау үшін өзіңді
Атыңды жаздық алтынмен!

КӨШ БАСЫ

(Мәриям Хакімжановаға)
Білмеймін жалқымысың, дарамысың,
Білмеймін біз көрмеген Сарамысың?!
Әйтеуір көз ашқалы шыңда тұрған

Қазақтың қыздарының жалауысың.
Жалқысың, зердең – жүйрік, атың – бөлек,
Дарасың, сөз бастайтын батыл кенет.
Мәншүктей батыр қызды жыр-бесікте

Тербеуге, апа, сіздей ақын керек.
Зергерсің сөзден соққан асқан өрнек,
Шеберсің өлең құйған дастан өңдеп.
Жыр көшін өзің батыл бастамасаң,

Мүмкін біз бұл өнерден жасқанар ек.

Аналық мейірімді жүрекпенен,
Үлгі етіп жақсы өмірді жыр еткен ең.
Ақындық жолыңды да қалап алдық,
Өзіңдей болсақ деген тілекпенен.

Ақ тілеу жырларыңмен таңдарға алға
Жалғасып самға, апа, заңғарларға.
Дәл сіздей ана атанып, ақын болып,
Дәл сіздей өмір кешсек, арман бар ма?..

ТАУ ГҮЛІ

(Фазу Алиеваға)
Сен – тау гүлі, мен – елік даладағы,
Екеумізге жол да алыс арадағы.
Екеуміздің тіліміз екі бөлек,

Бірақ бірдей жүректің жаралары.
Сенде – авар, ал менде – қазақ қаны,
Ортақ бізге қысқы аяз, жаз аптабы.
Сенің әйел жаныңды жүдететін

Ауыр ойлар мені де азаптады.
Айта алмаймын қашқанын неден мазам,
Азайған да кез болды менен наз-ән.
Сен сияқты мен де, апа, жылап, күліп,

Бесік тербеп отырып өлең жазам.

Түсінікті бір саған күйім бүгін,
Ой шаршатқан қабақта түюлі мұң.
Сен білесің біздерге сәби-жырды
Толғатудың қаншалық қиындығын.

Бақыттыға жұрт бізді балайды екен,
Құбылыс деп бір оқшау санайды екен.
Сен айтшы, апа, жар болу, ана болу,
Ақын болу әйелге оңай ма екен?!

ӘКЕМНІҢ ҚҰРДАСТАРЫ

Сөйлегенде ақылды данасыңдар,
Шежіре бұлағы боп ағасыңдар.
Асыл тастай санаулы қазынада
Күннен-күнге азайып барасыңдар.

Өр мінезді, сабырлы, алып тұлға,
Күннен-күнге азайып жолықтың ба?
Балдақ даусын естісем оқта-текте,
Жалт қараймын, жанарым толып мұңға.

Айтпадыңдар көп сырды неге бізге?
Ақтай алмай үмітті келеміз бе?
Елге атқан жау оғының жарықшағы
Кейбіріңнің әлі жүр денеңізде.

Сендер жайлы қаншама жазар дастан,
Қариялар өңінен ажар қашқан.
Біз қырық жыл қарыздар боп келеміз,
Оқ орнының тыртығын жаза алмастан.

Өтер уақыт, мәңгіге тұрмас бәрі,
Сендер Отан тарихы сырластары.
Ескерткішке айналып барасыңдар,
Қайран менің әкемнің құрдастары.

ШАҢЫРАҚ

(Майданнан оралмаған нағашым
Махмудқа)
Жас келіншек жанарынан нұр ұшқан,
Күлкісінен көңілсіздік ығысқан.

Шығушы еді ән шырқатып қырманға,
Ән шырқатып қайтушы еді жұмыстан.
Көп еді оның бақыт жайлы өлеңі,
Бар еді оның ел сүйсінер өнері.

Бар еді оның сүйген жары қасында,
Құшағында былдырлаған бөбегі.
Меруерт алқа шешілмейтін мойнынан,
Көңілді еді, хабары жоқ қайғыдан.

Жұп жазбайтын көп болатын достары,
Шағын үйден тарқамайтын той-думан.

Тек бұл емес, бақытты еді барша жұрт,
Таңды жүрген еңбегімен қарсы алып.
Құшақ жая шығатын ел далаға,
Дала оларға жатушы еді ән салып.

Уақыт зулап, зулап өтіп күн деген,
Таусылмайтын тірлік атты дүрбелең.
Жас келіншек сыңғырлаған күлкінің
Тынар күні бар екенін білмеген.

Сұлу жүзі күннен-күнге гүлдейтін,
Ашық мінез қабақ шытып жүрмейтін.
Бұл келіншек жарқылдаған жанарын
Бір күндері жас жуарын білмейтін.

Тұнып тұрған дала үсті нұрға бар,
Мөлдір суға толып тұрған жылғалар.
Бейбіт жатқан даласына қазақтың
Жетті сол жаз «соғыс» деген сұм хабар.

Суық хабар жетті солай тосыннан,
Бір кем емес көктен түскен жасыннан.
Бейбіт жатқан бақытты елдің осылай
Бір-ақ күнде берекесін қашырған.

Туған елге қатер төнген шағында
Өртенеді ер ыза-кек пен жалынға.
Жас келіншек жылап тұрып сол жазда,
Қан майданға аттандырды жарын да.

Айрылысар күнді ойлаған жоқ олар,
Бәлкім жауды жеңіп, аман оралар.
Қалтасына салды жалғыз жарының
Кетер түні кестелеп ақ орамал.

Ет жүрегін азап, үрей қорлаған,
Күндерде бір тыныштығы болмаған
Жас келіншек бір хат алды жарынан
Сталинград майданынан жолдаған.

Жазған екен сағынғанын жас жарын,
Сағынғанын туған дала аспанын.
Жазған екен бораған оқ ішінде
Жоғалтқанын талай қимас достарын.

Жазған жарға көрген елес-түстерін,
Ауылдағы өткен-кеткен істерін.

Жазыпты оған қорықса да шындығын,
Жараланып госпитальға түскенін.
Жазған тағы госпитальдің көшкенін,
Дейді қазір ауырмайды еш жерім.

Мынау хатта ұзақ жазған асықпай
Жауды атқанын, етікпен қан кешкенін.
Жазған солай ауыр майдан күндерін,
«Мықты бол» деп бар ақылын, білгенін.

Қалтасында кестеленген орамал
Оқ тисе де жоғалмастан жүргенін.
Депті әлі жауды жеңер алда күн,
Елестеткен аман елге барғанын.

Жары кемпір, өзі шал боп, ұлының
Ержеткенін көру дейді арманын.
Ыстық жасқа түнде жастық боялды,
Жараланған жарды ойлайды, аяйды.

Су сұраған даусы келіп құлаққа,
Жас келіншек талай шошып оянды.
23-237

Ұлын құшып әлдилейін деп еді,
Түспеді еске жалғыз ауыз өлеңі.
Қорқынышын ұлғайтты оның тағы да
Ауырып қалған, сұлық жатқан бөбегі.

Тағы шошып ерте оянған беті осы,
Басы айналып зырқылдайды шекесі.
Кеше кеште қызып-жанып ауырған,
Бүгін таңда оянбайды бөпесі.

Жанұшырып жұлқылады, қозғады,
Дауыс салды, еңіреді, боздады.
Бүгін таңда оянбады сәбиі,
Мамасына саусақтарын созбады.

Енді ем жоқ-ау жүректегі жараға,
Айтқаныңмен айқай салып далаға.
Көз алдында сәбиінен айрылу –
Одан асқан қасірет жоқ анада.

Зарлады енді, ақ маңдайын тасқа ұрды,
Мөлдіреген жанарына жас тұнды.
Қолындағы жұбанышын, қызығын
Қара жердің қойынына тапсырды.

Қасіреттің түсіп солай торына,
Құтсыз үйге құлып салды торыға.
Баласынан «қара қағаз» келген бір
Барып кірді жалғыз кемпір қолына.

Жас келіншек бақты солай шешейді,
Өзі де ерте егде тартты, есейді.
Үйін жапты.
О, сонау бір сұм соғыс

Қалдырмады дейсің иесіз неше үйді...
* * *
Сағыныштан сарғыш тартып жүзі де,
Дәті жетпей мүлде күдер үзуге,

Естен тана жаздағанда жарынан
Бір хат келді қырық төрттің күзінде.
Ұмыт болды бар қайғысы, өз басы,
Тірі екен-ау сүйіктісі, жолдасы.

Хатты оқымай кеудесіне басты да,
Жылай берді тыйылмастан көз жасы.
Жылады ұзақ еш адамға жұбанбай,
Жылады ұзақ дауысын да шығармай.

Кешке қарай талықсыды келіншек,
Сол орнынан қайрат тауып тұра алмай.
Жатты талып, бас көтеріп отырмай,
Жанарының өшірді енді отын жәй,

Көзін жұмды, қысылды да жүрегі,
Үшбұрыш хат қалды солай оқылмай.
Білмейді енді ол кім жеңіліп, жеңгенін,
Білмейді енді ол тағы да хат келгенін.

Өз көзінің тірісінде, әйтеуір,
Естіген жоқ сүйгенінің өлгенін.
Келіншекті бар халінше ел көмді,
Қу қарағай белгі болып жерленді.

Аянышты бұл өлімге ай толмай,
Жігіттен де «қара қағаз» келген-ді.

Сол қыршын жас елге оралып келмеді,
Сәбиінің ержеткенін көрмеді.
Өз көзінің тірісінде, әйтеуір,
Алған жарын қара жерге көмбеді.

Бұл соғыста ұмыт болды қаншама ән,
Өшті осылай қаншама арман аңсаған.
Бір-бірінің тірі-өлісін отыз жыл
Өтсе-дағы біле алмай жүр қанша адам.

Мола қанша жапқан мәңгі гүл бетін,
Сақтап әр үй жас солдаттың суретін,
Отыз жылда әкесін бір көрмеген
Жер бетінде әлі қанша жүр жетім.

Не шара бар жүйрік уақыт тапса емін,
Жұбанышы болса әйелдің ақ сенім,
Әрбір үйде отыр бүгін әже боп
Жиырмасында жесір қалған жас келін.

Демесе де жоқтың орны толысты,
Көндікті олар, шүкір дейтін болысты.
Бірақ әлі кешірген жоқ өткенді,
Ұмытқан жоқ қарғыс атқыр соғысты...

ҰСТАЗҒА

(Мәрия Абдошқызына)
Үніңізді естіп дір еткен
Есімде сонау бала күн.
Тап-таза сәби жүрекпен

Шәкірт боп Сізге қаламын.
Тектілік тұнған жүзіңіз,
Қараумен келем таңырқап.
Белгі боп басқан ізіңіз,

Ұстазым дейді сан ұрпақ.
Құштар боп арман-өмірге
Ашқалы мектеп есігін,
Қаншама мөлдір көңілде

Жазылып қалды есімің.
Жалынба дейсіз жаманға,
Өзіңіз солай күн кешіп.

Өстік біз ермей наданға,
Өр мінез сізбен үндесіп.
Тақпастан орден темірден,
Әділет таппай жеңісін.

Орнымыз тапқан өмірден
Бәрінен биік мен үшін.

СОЛДАТТАР, ҚАЛҒЫП КЕТПЕҢДЕР!

Көңілдей тұнық көк аспан,
Бақыты жанған әр үйдің.
Күлкісі балғын жарасқан
Ұйқысы тыныш сәбидің.

Үн қосып жайсаң өмірге,
Бұлбұлдар бақта ән салса да,
Жазылмай жүрген көңілде
Жара бар әлі қаншама.

Қыздардың үміт-тағдыры,
Боянған гүлге көк белдер.
Сендерге сенген барлығы,
Солдаттар, қалғып кетпеңдер!

Әлі де туған жер үстін
Қазады ағаш балдақтар.
Әкелер тіккен жеңістің
Сақтаңдар туын, солдаттар!

МЕРГЕНГЕ НАЗ

Қансонарда, аппақ қар, таңда мына
Суыт кеттің қарамай жан-жағыңа.
Тілегенге сұраған дегендей-ақ,
Жолығыпсың көкжалдың арланына.

Деп жатыр ол,
Әл бермес қайратты едік.
Деп жатыр ол,
Өлімді ойлап па едік.

Өлген бастың көзі де от шашады,
Ақситады азуын айбат шегіп.
Амалым жоқ,
Аңшылық шын ұнаса,

Ерлік емес, сүйіктім,
Мұның аса.
Бұл таулардан енді кім
Сескенеді,

Бөктерінде Көк бөрі ұлымаса?!

* * *
Көкжалды атты сұр мерген, көкжалды атты,
Арқыраған азуды оқ жалматты.
Кең далада құйрығын бұлғаңдатқан

Қу түлкіден басқаға жол қалмапты.
Емін-еркін жайлаған биік өрді,
Қайтер екен ақбөкен үйірі енді?!
Жас қожайын қоршаған тікен сымнан

Жайылымға кірем деп киік өлді.
Бидай мұртын күн сүйіп жалтылдаған,
Тозаңданып тұрсың-ау, алтын далам.
Құлағымда шырылы бозторғайдың,

Көз алдымда қарғалар қарқылдаған.
* * *
Мен сүйгенде жымиған момын жігіт,
Аңшылықты меңгердің жолын біліп.

Қос мылтықпен кетесің, ораласың
Қызыл қанға қанжыға шомылдырып.

Бүгін қырды жатыр-ау жалап мұнар,
Күн ашылса, тал шашын тарап тұрар.
Құстарды атпа, сүйіктім, құстарды атпа,
Қиналып жүр онсыз да қанаттылар.

* * *
Аңға кеттің, асынып мылтығыңды,
Оқшантайға қорғасын толтырулы.
Қойға қасқыр шауыпты, қайтеді енді,

Жем сұраса оның да бөлтірігі.
Қуып қайттың, бұл жолы жетпегенмен,
Не шығады қасқырға өкпелеуден?!
Жесін қойды.

Соярда мыңқ етпейтін
Сол қойлардың мінезін жек көрем мен.
Ақыры атып әкелдің қыр тағысын,
Жеген қойдың момынын, бір кәрісін.

Ажал жетсе көкжал да өледі екен
Жем сұраған ертеңгі ұрпағы үшін.

АЗАМАТ

Азамат!
Жігіттің екінші есімі.
Жұртшылық сынының қорытынды,

шешімі.
Азамат – ауылда әр үйдің қонағы,
Ол үшін төр дайын, ашулы есігі.
Азамат көңілі туыстас ақ гүлмен,

Жайдары жанымен қуанса шат күлген.
Ол елдің таңдаулы ұлының атағы,
Азамат болмайды кез келген ат мінген.
Ауылдан шет қонып, достармен

табыспай,
Жақсылар дәміңді бөлісіп тауыспай,
Азамат емессің, сендегі жақсылық
Жүрсе егер өз қара басыңнан ауыспай.

Азамат атану – бір рет серт беру,
Тірлікте пасықтық, күңкілді жек көру.
Тек нағыз жігіттің қолынан келеді
Өзге үшін қуану, көп үшін мерт болу.

Азамат!
Көңілдің риза шешімі,
Жігіттің шыңдалып, биіктеп өсуі.
Азамат – халықтың үмітін ақтаған

Ұлына қоятын екінші есімі.

АС БЕРУ

Жеті атасын білмей келген жетесіз,
Есін жиып кірген болды санаға.
Атасына ас беруді айналдырды модаға,
Әр қалталы өзі оқытты құранды.

Сонда қалай,
Бір ұрпақта бірнеше ата бола ма?
Бәсекешіл болып алды мына ел,
Әр рудан аңыз болып шығады Ер.

Тыңдап кетсең бәрі тұлпар мініпті,
Ең қызығы, бәрінікі – Құлагер.
Ал сен оған мақтау сөзді ұра бер.
Ата-анасын жазды біреу томдарға,

Теңестіріп тектілігін хандарға.
Ақшақұмар берекесіз баспагер
Төбеттерді теңестірді арланға.
(Дейтін жан жоқ сандалма).

Қайран қазақ, далаңдасаң далаңда,
Бас сауғалар пәтер жоқ қой балаңда.
«Сиыр сатам, ас беремін әкеме,
Мен анадан қалам ба?!»

Деп білегін сыбанады алаңда...

МАЗМҰНЫ Айдында жүзген Ақ Желкен. Ә. Кекілбаев........................... 3 Боз жусан дала, бозаң қыр... Туған жер..............................................................................................33 «Қызу бар екен от құмда...».........................................................34 Сүйеніш.................................................................................................35 Дүлейіңді сүйемін-ау, табиғат.................................................37 Боз жусан дала, бозаң қыр........................................................38 Шалқар..................................................................................................40 Өрімтал..................................................................................................41 Асыл арман..........................................................................................42 Даланың қарлығаштары-ай......................................................43 Қарлығаш.............................................................................................45 Қарлығаштың бұзылған ұясы..................................................47 «Қыранға құздан келген...».........................................................49 Тырналар..............................................................................................50 Асау құлын ..........................................................................................52 «Деді әкем: «Арпалыс, асауға мін...»........................................54 Әкеме......................................................................................................55 «Жаныңның бар қызуын...»........................................................57

Тосын сұрақ........................................................................................58 Тапсырма..............................................................................................61 Еске алу..................................................................................................63 Қысқы түн ...........................................................................................66 Ақ ұлпа...................................................................................................68 Ақ боран ...............................................................................................70 Аққанат..................................................................................................72 Есею.........................................................................................................75 Сәби мен жылан...............................................................................76 «Ерте өскен гүлден қорқамын...».............................................77 Маңғыстау............................................................................................78 Жұмбақтас...........................................................................................79 Құлсары.................................................................................................81 Заңдылық.............................................................................................82 Үш аққу..................................................................................................83 Медеу мұз айдыны..........................................................................85 Аңшының зары.................................................................................88 Қайың күйі...........................................................................................91 Ене киік..................................................................................................92 «Таптадық желкілдеген құрақ-талды...»..............................94 Сүмбіле..................................................................................................96 Айдын көлдің арызы.....................................................................98 Жұлдызды әлем.............................................................................100 Ақ шыңдар........................................................................................102 Күй тыңдап отырғанда..............................................................104 Ақсақ құлан......................................................................................106 Ақсақ қыз аңызы...........................................................................109 24-237

Самолетте..........................................................................................112 Машина сату....................................................................................114 Көршілер...........................................................................................116 Жосалы...............................................................................................120 Қасқыр................................................................................................121 Наурыз................................................................................................123 Өлең жазарда..................................................................................125 Жол үстіндегі сурет.....................................................................126 Оралдым саған, Оралым!.........................................................128 Тазалық...............................................................................................130 Қарашүңгіл.......................................................................................131 Бұлдырты..........................................................................................134 Ару Жайық, ерке өзен... Жайыққа сәлем де........................................................................137 Ақ Жайық, арнаға түс, арындама!......................................139 Сабыр, Жайық!...............................................................................141 «Жайығың тасып жатыр, Жұбан аға...»............................142 «Мөлдірлікке, тазалыққа құмармын...»............................144 «Ақ Жайық, тасы...».......................................................................145 «Егер біздің қазақтың...»............................................................146 «Сенің де көзің көгілдір...».......................................................147 «Жерлестер, едіңдер ғой қайсар бәрің...».......................149 Түс..........................................................................................................150 Сағыну.................................................................................................152 Жайыққа арнау..............................................................................153

Жайықтың суы лай-ау...............................................................154 «Жағдайың қалай, Жайығым?!.»...........................................156 «Мына өзен биыл тағы тасыр ма екен...».........................158 «Донеділ, Жайық неге лай мына...».....................................160 Жайыққа сыр..................................................................................161 «Ақ Жайық, бала күннен аңсарым ең...»..........................162 Жайықта тағы жас көктем......................................................163 Жайықта мұз ..................................................................................164 Махаббат, сенің әнің тыңдағаным... Айнам қалды....................................................................................167 Тағы да махаббат туралы.........................................................169 Сен бе едің?.......................................................................................171 Алғашқы көктем............................................................................172 «Өзіңе арнап жанарымның жарқылын...».....................174 Жеңеше...............................................................................................175 Өзім туралы......................................................................................177 «Досым едің. Көп болды көріспедім...».............................178 «Махаббат, сенің әнің тыңдағаным...»..............................180 Дәнекер...............................................................................................182 Болашақ бойжеткендермен сырласу...............................184 Сіңліге сыр.......................................................................................186 Мен сені ойлайтынмын ...........................................................188 «Табынбаймын мен, сірә, тау ұлына...»............................190 «Сағынышым, өр көңілім...»....................................................191 «Аңғармай өң мен түстің не екенін де...».........................192

«Елеңдеп үніне ағынның...».....................................................193 «Нұр таңымбысың...»...................................................................194 Көңілдің толқу сәтінде..............................................................195 Сұлулық..............................................................................................197 Сағындым сені ..............................................................................199 Жалғыз сөз........................................................................................201 Ана жүрегі.........................................................................................203 Ана махаббаты............................................................................... 206 Қайран шеше..................................................................................210 «Болғанмен ден сау, бас аман...»...........................................212 Анаға хат............................................................................................213 Есікті жаппа, апатай....................................................................216 О дүниеге хат..................................................................................218 «Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен...».....................................231 Өмірбаян...........................................................................................232 Сырласу..............................................................................................234 Кіммін мен?.. ...................................................................................236 Әйел жайлы.....................................................................................238 Ардақты ананың айтқаны.......................................................240 Бала.......................................................................................................241 Қызыма...............................................................................................243 «Кейде сараң бақытқа мына жалған...»............................245 Ризашылық......................................................................................246 Түс..........................................................................................................248 Қасірет................................................................................................251 «Аласарып кеткендей ме ой-арман...»...............................252 Ертегідегі әже..................................................................................253

Жүрек ауыстыру............................................................................255 Тамада.................................................................................................257 Өткен шақ.........................................................................................259 Өлгеннен кейін.............................................................................. 260 «Ешкімнен қарыз алмадым...»................................................263 Ішкіш әйел........................................................................................265 Сенгім келмейді.............................................................................267 Музейде.............................................................................................. 269 Тағдыр.................................................................................................271 «Бүгін менің туған күнім. Үйде гүл...»................................273 «Қалмасын солып гүл-сезім...»...............................................274 Аян беру..............................................................................................276 Үн қосып жайсаң өмірге... Махамбетке......................................................................................279 Сырымға арнау..............................................................................281 Толғатса дала... ..............................................................................284 Сахнада «Құрманғазы»..............................................................287 Ерлікті көзбен көрген күн....................................................... 290 Мұқағалимен танысу..................................................................304 Жыр кешінде...................................................................................308 Жоқтау ...............................................................................................310 Көк дөненнің кісінеуі.................................................................311 Арнау....................................................................................................318 Екі рет келген жиырма бес......................................................320 Сөйлейді өктемдерді ығыстырып.....................................322

Қыран..................................................................................................324 Абылай алаңы.................................................................................326 Желаяқ................................................................................................328 Шәмшіні еске алу кеші..............................................................330 Алматының жаңбыры...............................................................332 Трассада.............................................................................................334 Батырмен жүздесу........................................................................336 Мәншүк...............................................................................................342 Көш басы...........................................................................................344 Тау гүлі................................................................................................346 Әкемнің құрдастары..................................................................348 Шаңырақ...........................................................................................350 Ұстазға.................................................................................................358 Солдаттар, қалғып кетпеңдер!..............................................360 Мергенге наз...................................................................................361 Азамат..................................................................................................364 Ас беру................................................................................................. 366

Ақұштап Бақтыгереева

ШЫҒАРМАЛАРЫ

2 том
Боз жусан дала
Өлеңдер
Редакторы Ботагөз Мұхиден

Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Фарида Уәлиева
Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Басуға 16.09.14 қол қойылды.
Пішімі 70х100 1/32. Қағазы офсеттік.
Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 15,3.
Тапсырыс №237. Таралымы 2000 дана.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙