TELEGEI

Home

Бесінші жатақхана

Абай Аймағамбет

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бесінші жатақхана (Абай Аймағамбет, #6476)

Бұл кітапта студенттік жылдардың жарқын естеліктері жазылған. Оқиғалардың ешбірі қиялдан туған емес, шынайы. Жатақханадағы студент өмірінің сан қырын бейнелеп, бастан өткен шытырман жағдайларды әңгіме етеді. Кейіпкерлер де – автордың бірге оқыған құрдастары. Негізінен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды...

Абай Аймағамбетов
Бесінші жатақхана
Нұр-Сұлтан 2019

3

Бесінші жатақхана
ҚазҰУ-ға сағыныш...
Алатауды шарбы бұлттар тұмшалар,
Алтын күн де ұясына жылжыған.

ҚазҰУ жақта асқақтайды шыршалар,
Кеудені кеп шымшылайды тұнжыр ән.
Бұлдырайды өткен шақтың елесі,
Тәуір достың естіле ме ей, ән-мұңы..?

Артта қалып Биофактың белесі,
Басталғанда Жұмағали даңғылы.
Ойланады өтті осында дәурен деп,
Алысушы ек, армандаушы ек алаңсыз,

Сұлуларға сүйсінуші ек сәулем деп,
Сол шақтардан алыстадық амалсыз.
Анау тұста бет-жүзіне мұң үйіп,
Вахтерша апай із кесуші еді қадалып,

Балкондарға қарайды үнсіз жымиып,
Еске түсіп аңғал, таза балалық.
ҚазҰУ мынау – жастық оты жанған жер,
Анашымдай – сәби шақта сүт емген,

4

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Тамағымыз жоқ болған соң талғап жер,
Нан тасушы ек анау сары дүкеннен.
Қазір кетті-ау сан қызықтан мән тайып,

Көктем еріп, көңіліме күз кірдің,
Абдраев тұрушы еді шалқайып,
«Кураторы мен болам, – деп 101-дің».
Тәтті сезім, алдау-арбау, ащы үміт...

Бәрі де қу: бар деуші еді жүз айлам,
Бұл жатақта өлең жазған Жақсылық,
Ойнап-күлген, ішкен талай, мұз ойған...
Ерке Есентай күлер, кейде күрсінбек...

Көңілімнің түкпірі – мұң, тұмандай,
Атқақтайды жүрек шіркін дүрсілдеп,
Қарсы алдымнан ескі достар шығардай.
Көнбіс көңіл сонау шалқар шақтардың,

Жылмен бірге жылыстарын сезіп жүр,
Ерке күндер ескірмесін дей ме екен,
ҚазҰУ жақты сағынышым кезіп жүр.

5

Бесінші жатақхана
Балмұздақ атанған күн

Журфакқа түсе салған беттегі әсер
мен ынта-жігер күллі әлемді аяғынан тік
тұрғызатындай еді. Қайда барсақ та қойын
дәптеріміз

бен

қаламымыз
қолымыздан
түспейді. Әйтеуір, бірдеңелерді шимайлап,
мерекелік кештер мен жарыстарға шу десе шаба

жөнелеміз. 3-ші залда жұлдызбен кездесу десе,
ішкелі отырған «роллтонымызға» қарамай,
жетіп баруға дайынбыз. Сол алғашқы тау
қопарардай

екпінімізбен
қатырып
оқитын
адамдай, кітапханадан талай әдеби кітаптар мен

ғылыми жұмыстарды алып-алып тастағанбыз.
Кейін 4-курсты тәмамдап, есеп беретін кезде
қай кітаптың қай бұрышта қалғанын білмей
әуре-сарсаңға

түстік.
Аңқаулығымыз

бір

басымызға жетіп артылатын. «Семинар» деген
атауды мектептен азды-көпті естіп келіп едік,
ал мынау «СРСП дегенің қандай сабақ?» деп бір
апта сабылғанымыз да есімізде.

Уақыт өте

Алматыға да,

сабаққа да,

жатақханаға да үйренісіп, адамдармен азды-
кемді араласа бастағанда «ұлы құрылтай»
шақырылатыны
хабарланды.

Жиынды
өткізетін студенттік кеңестің төрағасы Жәнібек
Ғалым екен. Бізден екі курс жоғары оқитын,
шын мәнінде одан да жоғары шамада бізден

жасы үлкен жігіт. Жиынның мәні – бірнеше
күннен соң 1-курстарды таныстыру рәсімін
өткізу жайы. Төрдегі үстел басында Жәнібек,
тағы да басқа белсенділер отыр.

Кімнің жүргізуші болғысы келеді? –
дейді Жәнібек.
Бастапқыда
ешкімнің

батылы
бармады

6

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
ма, жиналған бір шоғыр ұл-қыз үнсіз қалған.
Кейін әр-әр тұстан қолдар көтеріліп, үміттілер
көріне бастады. Бәріміздің жүргізуші, диктор,

былай айтқанда бет-жүзімізбен танымал болып
шыға салғымыз келеді. Бұл кезде әлі рухани
тереңдікке, кемелдікке бойлап тұрған ешбіріміз
жоқ. Дегенмен студкеңес бастығының көзі бізге

де түсіп, Құдай қарасып, Ботагөз Икрамова,
Олжас Тахан және мені концерттің жүргізушісі
етіп тағайындады. Сол кезде Жәнібекке не
айтып, не қойғанымыз қазір есте жоқ, бірақ

күллі арман-мұратымызды жайып салғанымыз
жасырын емес еді.
Бір аптадан соң №5 жатақхананың алдында
ұлан-асыр

концерт
жасап,
«балмұздақ»
атанғанымызды тойлаттық. Сол күні Ырыс

екеуміз үтікке таласып қалып, артынан қайта
достасып, ыру-тыру далаға атып шығып едік.

Әне бір

мойнымдағы
қызыл
беторамалды
кімнің, қашан байлап тастағанын да еске түсіре

алмадым. Үстімдегі қолпылдақ кәстөм ауылдан
Алматыға
өзіммен
бірге

жеткен.
Таңдап
жататын жағдай жоқ, қолпылдап көпшіліктің
алдына атып шықтым. Бірақ ұялатын түк те

жоқ екен. Анау бұрышта қып-қызыл кәстөмінің
ішіне тұмсығын тығып, өзі сол киімінің ішінде
еркін жүзіп кетердей болып Жақсылық тұр.
Мынау

бұрышта
70-жылдардағы
стильмен
Қозекең көлбеңдейді. Маған қарағанда Олжас

біраз сәндірек киінген. Кәстөмі мен шляпәсі
ғажап үйлесім тапқан. Харизмасы қандай.
Бәрінен де Ботагөздің беліне жүгірткен қолын
айтсаңшы. Әйтеуір сабылып жүріп, 1-курс

атанғанымыздың құрметіне болған кеш те
аяқталды. Жатақхананың алдында біз концерт

7

Бесінші жатақхана
қойып
жатырмыз,
жатақхананың

артында
Айдос «концерт» қойып жатыр... қызық онымен
бітпей таңға дейін жалғасқан. Түнгі сағат 1-ден
ауып бара жатыр. Жатақханада бұл уақыт

– тапа-тал түске бергісіз сәт еді. Америкада

күн

батқанда,
бізде

таң

атып
жататыны
секілді – Алматы түннің құшағына сіңіп бара
жатқанда,

жатақханадағы
марғасқалардың
екінші тыныстары ашылып, күндізгі уақыт
енді басталғандай тайраңдайтын. Дәл осы

сәтте
талай
бөлмеде
(әсіресе

ұлдардың)
қазан көтеріліп, кешкі астың қамы жасалып
жататын. Роза болгар бұрышын, Маржан екі
картоп, Ботагөз бір сәбіз сыйлап, Ая да бетімізді

қайтармай сұрағанымызды бере салушы еді.
Осылайша, бір бөлмеде тамақ жасалып жатады,
бір бөлмеде ызы-шу «мафия» ойнап жатады.
Сен өлтірдің де, мен өлтірдіммен таң ататын.

Сол күнгі қызметімізден кейін Бота екеуміз
тағы бір мәрте кеш жүргіздік. Сосын бұл
тұрғыдағы кәсіби мансабымызды аяқтадық.
Неге екенін қайдам, осыдан соң факультет пен

жатақханадағы «саяси-қоғамдық» шараларға
аса қатты араласпаппыз. Оған да күш керек,
белсенділік қажет. Біз өз бойымыздағы қалған-
құтқан күш-қуатты шығармашылық тарапына

бұрғанды жөн санаған сияқтымыз.
Күртеше «қырғыны»
1-курста дүкеннен қайтқан «сдачалардың»
басын құрап жүріп былғары күртеше сатып

алдым. Барахолкадағы қырғыз апай «кучту
жарашады» деп 5000 теңгемді қағып алған.
Жалт-жұлт еткізіп корпусқа күнде киіп келемін.

8

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Көп ұзамай былғары күртешеме үлкендердің
де көзі түсті. Үзіліс кезінде 2-курста оқитын
«көкем» келіп тұр: «күртешеңді бере тұршы»

дейді. Ибәй-ау, су жаңамды қалай ғана сенің
үстіңе жауып жіберемін деймін. Онсыз да
шамалы ай бұрын жоғары курстағы Жансерікті
кәстөм-шалбармен

«жарылқап»,
жүрегім
шайлығып қалған. Әлгі болса қылқылдап
қоятын емес.

Көріп тұрсың ғой, дала жаңбыр. Бір
жерге барып келейін, – дейді ақылды ағатай.

Ол жаңбыр менің үстіме тимей ме екен?

Сен бірдеңе қыларсың, маған бер деймін
курткаңды?!

Сол бірдеңені өзің-ақ қыла салмайсың ба?

Дардай
басыңмен
менің
курткама

жабысқаның қызық екен...

Өй, сен неғып менімен тіресіп тұрсың?

Сен ғой сіресіп тұрып алған, сосын
тіресеміз де... (соңғы жағы сиырқұйымшақтана
күмілжи айтылды).

Бермейсің ғой?

Берген болсам осы кезде аялдамада
жалт-жұлт етіп тұрушы едің!

Тауыпсың әзілдейтін уақытты, кешке
жолығармыз, – деген әлгі жігіт шарт бұрылып,
көзден ғайып болды.
Бір сойқанның болары анық еді. Алайда сол

сойқан тым кешке созылмай-ақ, түскі астың
уақытына «белгіленіпті». «У ішсең руыңмен».
Тайлы-тұяғымыз қалмай, сағат түскі 2-ден
кете штаб-пәтер 511А бөлмесіне жиналдық.

Күн тәртібінде біраз мәселелер қордаланып
қалыпты: Біреу «бір звонок» жасауға телефон
бермеген, біреу тамақ істеп беруден қашыпты,

9

Бесінші жатақхана
енді бірі дүкенге жұмсаған ақшаға балмұздақ
сатып алып жеп қойыпты. Ішінде курткамды
шешіп бере салмаған мен де бармын. «Осы

қателіктерің үшін таяқ жейсіңдер», – дейді
Айдар деген дәу көке. «Жесек жеп тастайық»

деп

тас-түйін
тұрмыз.
Шетімізден
ұрып

келе жатыр. Мұндайға үйреніп қалған біз,
соққы тиер-тиместен үнді киносындағыдай
шалқалаған күйі, тарс-гүрс етіп әсерлендіре
құлап

жатырмыз:
Анау-мынау
каскадерің
жолда қалар еді. Шын мәнінде соққының әсер

етіп жатқаны да шамалы...
Сыбағаның кезегі Үмбетәліге де жеткен.
Айекең жұдырығын оған да аямай сілтеп, кеуде
тұстан қойып қалды. Үмбетекең былқ етпейді.

Ұзатпай екінші рет ұрып еді, ол соққы да өтпеді.
Үшіншісі де, төртіншісі де солай. Ыңғайсыз
болды-ау деп біз тұрмыз. Азулы старшактың
тісі досымызға батпай-ақ қойды. «Мынаның

бокстан чемпионмын дегені рас-ау», – дейді
Есхат тісінің арасынан сыбырлап. «Армияға
барғаны да шын сияқты», – деді шеттеу тұрған
шегір көз перваш. Ақыры осал тұсын таба алмай

пұшайман болған дәу көке «өй, қойшы» деп
қолын бір-ақ сілтеді. Біздің де көңіліміз жібіп
сала берген.

Одан да бір шай қойсаңдаршы, – дейді
Айдар тісі ақсиып.
Іле-шала

бас

аспазымыз
Есхат
асай-
мүсейін арқалап, екінші бөлмеге кіріп кетті.

Қалғанымыз дастарқанның қамына кірістік.
Ех, Андарбаев
ҚазҰУ-да

қан

сорпасы
шығып
футбол

10

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
ойнаған жамағатқа «Андарбаев» деген фамилия
жақсы таныс болса керек. «Футболшы болу»
деген арманымды осы Андарбаевтың алдында

орындамаққа тарс бекініп, жаттығуға кірісіп
кеткенмін. Бұл жақта «физра» деп мәдениетті
атайды екен, біз ДЫШЫ деп лақ еткізетінбіз.
Онымен қоймай, мектепке шалбардың ішінен

трико киіп барып, пысынап жүруші едік.
Менімен
бірге
футбол

үйірмесіне
курстастарым Қозыбай Құрман мен Нұршапағат
Несіпбаев та жазылған. Әйтеуір, журфак пен
биофакты мидай араластырып бірге ойнататын.

Жасыл алаңға бірден жібере салмай, алдымен
жарым сағат жүгіртеді, секіртеді, норматив
талаптарын орындатады. Кешіксең, төбеңнен
төніп

тұрып
жаттығу
жасатады.
Онысы

5-10 болса ештеңе емес, кеуде көтеру деген
сүйкімсіздің үйіп-төгіп елу-алпысын бір-ақ
береді.
Футболдың машақаты көп екен. Нақтысын

айтқанда,
Андарбаевтың
талаптары

мен

үшін тым қатал, тым өрескел болып көрінді.
Басында шабуылда ойқастап, кейін қорғанысқа
жылыстап, ақыры қақпадан бір-ақ шықтым.
Біржолата алаңның сыртына шығып кетпей

тұрғанда қарамды батырайын дедім де, бағымды
шахматтан іздейтін болып шештім.
Мұнда рахат екен. Кілең өзім сияқтылар.
Жүгірмейсің, ентікпейсің, миыңды шуылдатып

істетіп отырсаң (егер істесе) болды. Шахмат
үйірмесінде жүргеніме бір жарым ай толғанда
орыс
ағайыма

барып,
бағамды
көрмекші
болдым. Қарасам, менің тұсым егін шықпаған

алқаптай тап-тақыр тұр. «Ау, мұныңыз қалай?»

– деймін аң-таң болып. Сөйтсек, ұстазым мені

11

Бесінші жатақхана
тіркеуді тарс есінен шығарып алыпты. Ал керек
болса! Семестр болса бітуге тақау. Зуылдап тағы
үйірме іздеп кеттім. Әр есіктен бір сығалап

жүріп Асқарбекті кездестіріп қалдым. Ол да
тауы шағылып, табанынан таусылып жүрген
беті екен. Екеуміз ақыры мұңдас екенбіз деп,
көбінесе қыздар мекендейтін үйірмеден бір-

ақ шықтық. Нағыз рахат осында дерсің. Күш
те жұмсамайсың, миыңды да қозғамайсың.
Үндемей
жүріп

үйдей
нәрсе
тындыратын
Мақсат Раджұлы да біраздан бері осы мекеннің

тұрғынына айналып үлгерген. Үшеуміз шардың
үстімен домалап, скакалка лақтырып ойнап,
сабақ сайын бір жасап қаламыз. Апайы да
жайлы кісі. Күліп қарсы алып, күліп шығарып

салады.
Мұншама
мейірбандыққа
жаман

үйреніп қалып, ақырында апайдың басына
шығып кетіппіз. Күндерден күн өтіп «Өй, физра
ғой» деп бармай қалып, оның орнына пырылдап
жатақханада ұйықтайтынды шығардық. Ілініп-

салынып жүріп семестрдің соңында келсем,
баллдан балл жоқ. Жүзінен мейірімі төгіліп
тұратын апайымның қабағы түксиіп кеткен.
«Саған балл жоқ!» – деп өңмеңдейді. Басқа-

басқа дене тәрбиесінен баллсыз қалам-ау деген
ой, өңім түгіл түсіме де кірмеген. Жалынып,
жалпайып жүріп, әрең дегенде 75-тен әрі асып
жығылдық. Сөйтіп, бұл сабақты да тәмам

қылғанбыз. Анда-санда футболда бірге ойнаған
балалар кездесіп қалып, мүмкіндігі төмен,
денсаулығы нашар студенттердің үйірмесіне
барып

жазылып
алғанымызды
бетімізге
басатыны болмаса, ол дәурен де қызық өтті.

12

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Ашқарақ Руслан
Заманның заманында Еркебұлан екеуміз
310А-ны мекен еттік. Көрші бөлмеде тура

тамақтың үстінен түсетін «ерекше қасиетке»
ие, 4-курста оқитын Руслан деген жігіт тұрды.
Бір күні Ерекең екеуміздің әліміз жеткенінше
артынып-тартынып дүкеннен келген бетіміз еді:

нан мен май, биос, айран, колбаса, сыр, басқа да
тәтті-пәттілерді барынша толтырыппыз. Ерекең
едел-жедел спагетти, яғни бермешел дайындап
та үлгерген. Сағат кешкі 5-ке таяп қалған

мезгіл. Дастарқан жайылып, шайдың буы
бұрқырай бастағанда-ақ, есік айқара ашылып
Руслан кіріп келді, «дәстүрінен жаңылмайтын
сабаз-ай».

«О-о-о,
қалайсыңдар,
жігіттер!»

деп

біссімілләсін бастаған Руслан, нанға қалың етіп
май жағып, қарпып жеп алды. Бұл – әшейін
ауыз тигені. Жалпылдап қарсы алған болдық.
Кеше бір қызбен танысқаны туралы әңгімені

соғып отырып, нан мен сырды бірінің үстіне
бірін қойып, бірнеше қабат бутерброд жасап та
алды. Содан кейін әлгі бутербродты әдемілеп
ауыз қуысына ыңғайлады да, әңгімесін бастап

кетті:

Кеше
жатақханаға
сыныптас
досым

келіп тұр. Не істеп жүрсің десем, біреулермен
ерегісіп қалдым, кешкісін бірге барып сөйлесіп
қайтайық дейді. Барайын десем аздап қорқып
тұрмын, бармайын десем қапелімде аузыма дені

дұрыс сылтау да түспей қалды. Барайық дедім.
Екеуміз аялдамаға қарай беттеп келе жатырмыз.
Бір кезде тура алдымнан ауылдас қыздың
шыға келмесі бар ма?! – деп өз әңгімесіне өзі

13

Бесінші жатақхана
таңырқады да, бұл таңғалыстан соң айран
ішпесе болмайтынын анық аңғартты. Қырлы,
қалың стаканға айранды мелдектете құйды да,

тоқтамай сіміріп алды.

– Мынау ауылдың айраны ма? – дейді.

Біліп
тұрып
сұрайтынына
күйіп

кетесің.
«Иә, ауылдың айраны», – деп КЕФИР деген
жазуы бар қорапшаны Русланға жақындатып
қойдық. Мұндай мысқылға пысқыратын ол ма,

сампылдап аузы жабылатын емес.

Осы қуырған тамақ зиян дейді, ә, – деді
бермешелді қасықпен көсіп алып жатып.

Зиян болса жемей қоя салуға да болады,

– деп Еркебұлан міңгір етті.

Перваш болған соң, пәлен деп батырып
айтуға бата да алмаймыз.

– Жо-о-оқ, – дейді ол, – дегенмен тәтті екен.

Мектеп кезінде жей алмайтын едім. Жатақханаға
келгелі бері үйреніп алдым. Тіпті жемесем тұра
алмаймын. Әрі мына Еркебұлан тамақты өлтіріп
жібереді емес пе?! Дәмі тіл үйіреді.

Осы

сөздерді
айтып
боламын
дегенше,

сойдақтатып шағын тәрелкенің ішін шарлап
шықты. Біз де жеген боламыз, бірақ көршіміз
шаңына ілестіретін емес. Тамақ жеу үшін әр
әңгіменің басын бір шалған көршіміздің есіне

әу бастағы оқиғасын салып кеп жібердік. Ол
бұл уақытта колбасаны жақсылап кесті де,
сырмен қабаттап нанның ортасына салды.
Сосын жап-жаңа «биосты» ашып, әлгілерді қоса

бұралақтатып ауызға аттандырып салып отыр.

А-а, иә, содан келе жатырмыз аялдамаға
қарай...

Жоқ, одан бұрын бір қызбен кезігіп
қалып едіңіз ғой?

14

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ

Е-е-е, физфактағы Айкамен танысатын
кез ғой...

Физфагы нес, ауылдас қыз қайдан пайда
бола кеткен?

А-а-аа, Жұмагүл ма? Иә сол ғой Айка
деген... Ауылдан бірнеше күн бұрын ғана
келіпті. Арбаттың қайда екенін айтшы дейді.
Айтайын деп ертіп Арбатқа тартып кеттім, –

деді де «биосты» шайқап-шайқап өңешіне бір-
ақ лақтырды.

Екеуіңіз ғана ма?

Иә, екеуміз ғана, – дейді аузын асығыс
сүртіп жатып.

Ау, әлгіндегі көмек сұрап келген мүсәпір
досыңызды қайтпексіз? Разборка ше?
Әңгімесінің
негізгі

желісінен
ауытқып
кеткенін енді түсінді-ау деймін. «Шерхан да
қызық қой, болмайтын нәрсені дабырайтады да

жүреді», – дейді түк болмағандай.

– Анау қызбен асығыс қоштастым да,

Шерхан екеуміз Көк базар жақтан бір-ақ
шығайық деп аялдамаға келдік.
Сонда
мұның

Жұмагүл-Айкамен
бірге
Арбатқа барғаны қайда қалды деп біз отырмыз.

Жігіттер, оның несін айта берейін, әлгі
кеудесін кергендерді тарс-тарс орындарына
қойып тастадық қой!

Олар нешеу екен?

Олар көп бізден. Мен духпен алып
тастаймын ғой, – дейді дабырлап.

Сіз

сөйлеп-сөйлеп,
мысын
басып
тастағансыз ғой?

Тура солай! Әй, журфактықтар күшті
сөйлейсіңдер, – деп мақтады да, біраздан бері
үстелдің шетінде тұрған талқанды толтырып

15

Бесінші жатақхана
кесесіне салып, оның үстіне айран құйды да
кетуге ыңғайланды.
Бұл кезде дастарқанның үсті де саудырап,

жып-жылмақай болып қалыпты. «Қонағымыз»
тұруға есікке беттеген соң, біз де бет сипап
кереуетке құлай кеттік.

Мынау ғажап болды! – дейді ыржиып, –
жүрек жалғап алдым-ау, әйтеуір. Қазір кешкі
асты «Кафетериден» ішіп қайтатын шығармын.
Бірге жүріңдер, – деді айран мен талқанды

былғап тұрып.

Рақмет!

Біз

іште
бола
береміз
(Жылдамырақ шығып кетсеңіз абзал болар еді).

Содан соң біраз күн бойы Руслан келмеді.
Бөлмелестері ауылына кетті дейді. Бір ай өтер-
өтпестен Еркебұланның ауылы Шаяннан бір
қап ет келді. Бабын келтіріп астық, былбырап

алдымызға келді. Сорпасын бөлек құйып,
сілекейіміз шұбырып, асқа әне-міне қол салғалы
жатқанбыз. Есік ашылып «Қалайсыңда-а-а-
ар, бауырларым!» – деп, екі қолын кере жайып

Руслан кіріп келді.

Мен сендерге қызық айтайын, – деп
біздің сәлемімізді күтпестен әңгімесін бастап
кетті. – Кеше жатақханаға сыныптас досым
келіп

тұр.
Біреулермен
ерегісіп
қалдым,

барып қайтайықшы дейді. Мә-ә-ә, Шерхан да
қызық қой, – деді жайнап тұрған дастарқанға
жайланып отыра бастап.
Аршынның намаз оқуы

Біз оқуға түскен жылы қыс қаһары қатты
еді. Қаһардың қаһары одан да қатты тұғын.
Қаһар – ұлттық университет қалашығының

16

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
тәртібіне жауапты кісі. Кейін ұстаз болып
кеткен Жұмағали ағайдың қаһары Қаһардан
да кем түспейтін. Бірақ біз үшін қыстан да,

Жұмағалидан да, Қаһардан да қаһарлысы

– әлбетте жоғары курстар болды. Мезгілсіз

уақытта жұмсау, орынсыз ақша талап ету,
болымсыз жиналыстар – осының бәрі жүйкеге
тиіп, шаршатып жіберетін. 1-курстың ортан
беліне жеткен кезде перваштар жаппай намазға

жығыла бастады. Арасында тиіп-қашып мен де

бармын.
Старшактардың
жайнамазын
құшақтаған,

момақан
кейіптегі
ұлдарға
тиіспейтінін байқаған курстастар бұл әдісті де

қолданып көрмекке бекінсе керек. Әрине, асыл
дінді ұстанып, тәртіпті болып жүру кім-кім
үшін де жарасымды. Бірақ әшейінде төбелестің
бел ортасынан табыла кетіп, бейәдеп тіркестерді

күніне бірнеше мәрте қолдану тұрғысынан
кәсібиге айналған кей достарымның тақуалық
келбеті
еріксіз

жымитып,
кеңкілдетіп
күлдіртіп-ақ жіберетін. Апыр-топыр дін жолын
ұстанғандардың қатарында Аршын да болды.

Қолында тәспісі, басында тақиясы, мейірбан
бейнесі алыстан менмұндалап, көркем жігітке
айналды да шыға келді. «Имандылықтың
айнасы

осы

Аршындай
болса
керек,

әп,

бәрекелді!» деп риза болысып қалдық. Кейде
бәріміз жамағат болып оқиық деп бірлікке де
шақырады. Онысына келісіп, қатарласа тұра
қаламыз. Аршын имам, біз қаздай тізіліп оған

ұйып тұрамыз. Ғажап көрініс.
Жатақхана, оның ішінде 1-курстың ұлдары
қашан тып-тыныш отырып тамақ ішуші еді.
511-дің Б бөлмесінде ұлы айғай, ұлы шу. Дәу

қазанға тамақ істелген екен: кіл ашқұрсақ

17

Бесінші жатақхана
перваштар балға үймелеген арадай қазанға
төңкеріліп тамақ ішіп жатырмыз. Ауыз шіркін
тамақ ішіп те, сөйлеп те үлгереді. Аршыннан

өзгесі
сабыр
атаулыдан
жұрдай.

Арекең
тамақты кейіндеу ішермін деп, көрші бөлмеде
ғибадатын өтеп алмақшы болды.
Жайнамазын жайғалы жатып, жігіттерге

тынышталыңдаршы деп ескерту жасағандай
ишарат білдірген. Ешкім құлақ та асқан жоқ.
Бірі кіріп, бірі шығып, у-шу болып жүре берді.
Аршын екінші рет өтінішін айтты. «Жігіттер,

намаз оқып алайын, сәл тыныштала тұрасыңдар
ма?» деп мәдениетті түрде жеткізді. Әлгілер
сәл тыйылады да, қайтадан араның ұясындай
гуілдей жөнеледі.

Аршын
жайнамазын
жаяр-жаймасын
білмей желпілдетіп әлі тұр.

Үшінші рет айғайлаңқырап айтып еді,
бірі естіді, бірі естімеді, қысқасы нәтиже жоқ.
Арекең шыдамады:

Ей, тап әкесінің ауыздарын қызыл
етігіммен
ұрайын,
өңшең

ептібайымайды,
лібәттар, қанды іштіңдер ғой... намазымды
оқып алайын да тынышталсаңдаршы! ҚАМАТ,
АЛЛАХУ ӘКБАР, АЛЛАХУ ӘКБАР, – деді де

құлшылығына кірісіп кетті...
Есей ағай және куәлік
«Ұлан»
газетінің

жас

тілшісі
болып,
жалындап жүрген шағымыз тұғын. Сүйікті
Сұлтан ағайымыз (Қалиұлы) зейнетке шыққан

соң,
Есей
Жеңісұлы
басшылыққа

келді.
Алыстағы ауылда жатып мына өзгеріске есіміз
шығып шын қуандық. «Жас Алашта» жас

18

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
шағымыздан мақалаларына мейірлене қанып
келе жатқан Есей ағаймен етене араласатын
болдық деп. Тезірек Алматыға барып, өзімен

жүздессек деп

арман
ететінбіз.
Оның

да

сәті келді. Жүздескенің не, кезігіп отырып
жаймашуақ әңгіме-дүкен де құрады екенбіз.
Студент кезде де жиі-жиі редакцияға барып,
арқа-жарқа болып кетіп жүрдік. Біз 1-курс

оқыған жылы ағай факультетте сабақ беретін.
Дәл біздің топқа дәрістері жүрмегенімен, күнде
көріп тұратынбыз. Ауылдан Алматыға артынып-
тартынып

келген
қағаз-кітаптарымның
арасында «Ұланның» жас тілшісі» деген тілдей
куәлік те бар еді. Сондай ыстық құжат. Зор

мақтаныш. Бала дәурен мен бозбала шақтағы
азды-көпті жазбаларыңа берілген бір марапат
секілді.
Сол құжатты бір күні ұшты-күйлі жоғалтып

алдым. Әрі-бері аударыстырып таппай қойдым.
Бағалы
затымнан
айырылғандай

өз-өзіме
ренжіп, көңіл-күйіп түсіп кеткен. Әйтсе де
көнуге тура келді. Бір күні бір жерден шыға
келер дедім де, достарыммен қайтадан қызық

қуып кете барғанмын. Арада біраз күн өткен.
Тіпті айға жуықтап қалды-ау деймін. Сабақта
отырсам, Есей ағай шақырады. Қасына жедел
жеттім.

Қалтасынан
алып,

жас

тілшілік
куәлігімді ұсынып тұр.
Сөйтсем, жұмысқа келе жатып қар үстінде
жылтырап жатқан әлденені көреді. Сырттан

қарағанда
түсі
жеке
куәлікке

ұқсайтын.
Көтеріп алып қараса – бадырайып беті күнге
тотыққан менің бейнем шыға келген ғой. Мына
сәйкестікке таң-тамаша болып, ағай екеуміздің

қатар риза болысқанымыз бар. «Ұланның»

19

Бесінші жатақхана
куәлігін ақ қар, көк мұзда сол «Ұланның» бас
редакторының өзі тауып алып тұрса, қызық
емей немене.

Біз «десантшылар» едік...
Екінші курста баспа ісі кафедрасында
оқитын курстасымыз Маржан Сейсенбаева «20-
ға толған мерейлі жасымды атап өтпесем, несіне

журфакта оқып жүрмін» деп, думанды кеш
жасауға бекінген. Оның бұл ұсынысын бөлмелесі
Роза Әрен он саусағымен қолдап, одыраң-
одыраң етіп ұйымдастыруға белсене кірісіпті.

Кешке тақау жігіті бар, қызы бар Тимирязев
пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы
«Жәмиләға» кеп төгілдік. Дүркін-дүркін тілек
айтылды, ән шырқалып, би биленді, туған күн

дүркіреп өтті. Дауыс ырғағын секіртіп-секіртіп
жіберіп, адамды ерекше баурап күлетін туған
күн иесі риза, әйтеуір. Ду-думанмен сағат түнгі
3-ке таяп қалған.

Түн ортасында тобымызбен «Қағанатты»
жайладық. Бірақ танымал асхана құдды басқа
бір уақыт белдеуінде орналасқандай, сағат
жылжымай қойды. Содан соң өзіміз жатаққа

қарай жылжыдық. Кенет Үмбетәлі жерден
екі піл тауып алғандай қуанып, «Жұмағали
даңғылы» бойындағы бетон тақтайшаларды
санап шығайық дейді: Уақыт өткізбекке ойлап

тапқан тың әдісі. Биофак ғимаратының тұсынан
басталып, қазіргі «Керемет» орталығына дейін
жалғасатын ұзын жолға студенттер «Жұмағали
даңғылы» деп атау берген бір заманда.

1, 2, 3, 4 деп бастап санап келеміз, санап
келеміз. 766-ға, 777-ге ме келген кезде шатастық

20

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
та қалдық. Қайта бастауға ешкімнің құлқы бола
қоймаған соң, сапарды әрі жалғадық. Сол күнгі
ауысымда вахтерша Роза апай екен. Ол кісі таңғы

сағат 5.55-те барсаң да есікті ашпай, бес минут
күттіріп қоятын, тәртіпке бекем вахтерша еді.
Сондықтан бірден жатақтың артқы жағын бетке
алып, 406-бөлменің тұсына келіп, ішке кірудің

қамын жасап жатырмыз. Айдос пен Үмбетәлі
4-қабатқа өрмелеп шығып, төсек жаймаларын
бір-біріне жалғап ұзын арқан жасады. Енді шарт
бойынша мен төменнен қыздарды көтермелеп

жіберіп, жоғарыдағы екеу тартып алып тұруы
тиіс. Төбедегілердікі әрине, оңай емес. 20 шақты
қызды тартып шығару қандай оңай іс болсын.
Бірақ менің шаруамды да жеңіл деп айтуға

еш келмес еді. Қыздарды қапсыра құшақтап
көтеріп, анау жоғарыдан салбырап кеп тұрған
«арқанға» қолдарын іліктіріп жіберу керек.
Жатақхананың маңы қорқыныш араласқан

шыңғыруға
көміліп-ақ
жатыр.
Сырттан

қараған жанға тым күлкілі көрініс. Осылай да
осылай қыз біткенді төбеге шығарып тауысуға
айналдық. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» деген
тәмсіл рас екен. Әрі бұл тәмсілді осы жолы тура

мағынасында қолдануға да болатындай. Әрине,
Розаны түйеге теңеп отырғаным жоқ. Бірақ оған
дейінгі қыздарды демеп жіберемін деп әбден
қалжырап қалыппын. Жерлесімді қиралаңдап

әзер
көтергеніммен,
бірінші
мүмкіндікте

еңсере алмадым. Тура бір ауыр атлет секілдімін

– көтеріп жатырмын, көтеріп жатырмын.

Екіншісінде
барып
Роза
сәтті

жалғанып
кетті. Айдос пен Үмбеттің де әбден шаршап-
шалдыққаны байқалады. Ең соңғы болып мен
қалдым. Бұл кезде шынында да әлім құрып,

21

Бесінші жатақхана
сілелеп қалған кезім. «Арқанға» жабысуын
жабыстым. Бірақ 2-ден өтіп, 3-қабаттың тұсына
жеткен кезде соған икемделудің орнына, өзімді

игере алмай, шыр айналдым да қалдым. Бұл
көрініске қарап жоғарыдағы екеу езулерін
жия алмай, шиқылықтап мәз болып жатыр.
Күлкілерін доғарып, сосын қайта кіріседі.

Межелі биіктікке де әупірімдеп көтерілдік.
Бұл да студенттік ғұмырдағы мамыражай
естеліктердің бірі. Студенттік «альпинизм»
бағытындағы кезекті «ерлігіміз».

Жатаққа кірудің әлегі
Қай курста екені есімде жоқ, Үмбетәлі мен
Аршын бірінші қабатта тұрды. Мұның жақсысы

– жатаққа кірген бетте шаршап-шалдығып,

баспалдақпен
көтеріліп
жүрмей,
бірден

бөлмеге бас сұға кетесің. Әлдеқалай таңертең
асығып жүріп бір затыңды ұмытып кетсең,
зыр етіп қайта орала қоясың дегендей. Әйтсе
де, ыңғайсыз жағы да аз емес еді. Мәселен, түн

ортасы шырт ұйқыда жатқаныңда біреу келіп
терезеңді
тықылдатар.
Бейуақта

қағылған
тарсылға елегізей оянып, терезені амалсыз
ашасың. Сөйтсең, жоғары курстағы көкең.
Не ақша сұрайды, не ішке кіргізіп ал дейді

немесе төбеде тұратын біреуді оятуға жұмсап
қалар. Әйтеуір, елеулі себебі бар. Екінші бір
ыңғайсыз тұсы – балконның жоқтығы. Кірді
қайда

жаярыңды,
қазан-табағыңды
қайда
сыйғызарыңды білмей абдырап қаласың.

Достарымыз тұрған 1-қабаттағы бөлменің
терезесі
темір
тормен

жабылған
болатын.
Әлбетте, сақтық үшін жасалғаны түсінікті.

22

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Тағы бірде тобымыздың бір топ ұл-қызы кезекті
көңілді кештен тым кеш қайтады. Бұл жолы
ешкімнің десанттық әрекетті қайталауға ынта-

ықыласы бола қоймады ма, барлығы темір
тор терезеден бірінші қабат арқылы кіруге
уағдаласады. Әрбір шаршы тордың кеңдігі
шамамен екі-екі еліден. Яғни, 20*20 (см) боп

қалады. Сөйтсек, терезе арқылы кірудің де
өзіндік технологиясы бар екен. Ол үшін бір
аяқты бойлатып кіргізіп, сосын еппен иығыңды
өткізіп алуың шарт. Содан кейін басыңды

да ыңғайға көндіресің. Әрі қарай түсінікті.
Рет-ретімен
қол-аяғыңды
тартып

аласың.
Айтқанға оңай болғанымен, істеген кезде асқан
ыждағаттылық пен мұқияттылықты талап
ететін әрекет. Қолапайсыз қимылдап қалып,

ебедейсіз ербеңдеймін деп басың бір жақта,
аяғың бір жақта тұрып қалуың да кәдік. Қып-
қызыл математика дерсің. Осылайша, барлығы
ішке сәтімен кіріп жатыпты. Тек толықшалау

келген, ірі денелі бір қызымыздың әрекеті сәл
ыңғайсыздау боп қалыпты деседі. Сыпайылап
айтқанда, тура бөксе тұсы кептеліп әрі қарай
өтер емес. Оны Үмбет пе, әлде Аршын ба,

әлде бір құрдасымыз қос қолдап ішке қарай
итеретін көрінеді. Ұялайын десе, қыз далада
қалғаннан бөлек, не іште емес, не сыртта емес
күйде кептетіліп тұр. Ұялмайын десе, қыздың

бөксесінен қос қолдап ұстап тұр. Әйтеуір,
тырысып-тырмысып жатып, арнаулы операция
сәтті аяқталған.
Ендігі

міндет

вахтерша
отыратын
кабинканың алдынан аман-есен өту. Ол кісі
не сол жерде қақшиып отырады, не болмаса

теледидар
тұрған
бөлме
іспеттес

орында

23

Бесінші жатақхана
жатады.
Кабинканың
алдынан

бүгежектеп
өткен
студент
аяғының

ұшымен
жүріп,
мысық табандап екінші қабатқа көтеріліп бара
жатады. Тіпті қатты қорыққан бір досымыз,

баспалдақпен төменге қарай пыр ете түсіпті. Ол
жақ – жертөле, яғни, душ орналасқан жер ғой.
Іле-шала зәре-құты қалмастан қайта көтерілер
еді көзі бақырайып. Мысық табандамақ тұрмақ,

елеске айналып сырғып өтсең де сезіп қояр
еді біздің тісқаққан вахтерша тәтелеріміз.
Айғайлайды. Ырымдап. Зілсіз. Біздікі де
ырым. Кешіріңіз дейміз. Сонымен бітті. Әрі

қарай ырқыл-тырқыл жалғасып, бөлме-бөлмеге
тараймыз. Не болмаса бәріміз бір бөлмеге
жинала қалып, шай ішейікші дейміз. Азық-
түлік пен дастарқанға мәттақам қыздар тәтті-

дәмділерін шығарып, шәй берер еді. Дастарқан
да, көңіл де жайнайды. Айтпақшы, дәмді ас
пен туған күннің тәттілерінен апайға апарып
беруді де ұмытпаймыз. Риза. Осыдан соң-ақ

жатақхананың ішіне жаймашуақ көңіл-күй
орнап қоя береді.
Шаянның еті
Еркебұлан екеуміз оқуға түскеннен бастап

бітіремін дегенше мейлінше бірге тұрдық.
Мейлінше дейтін себебім, ортада ара-тұра
бөлініп кеткен, түрлі себептермен орын әр
бөлмеден бұйырған сәттер де болды. Дегенмен,

арамыз ажырап қалған емес. Ол өзі жатақханада
құр жатпай, бөлмені әдемілеп жинап, тамақты
дәмді қылып істеп қоятын. Кіріп келсем, аядай
бөлме көзге жылы ұшырай кетеді: қазанда

кешкі ас бұрқылдап қайнап жатыр, іш тап-

24

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
тұйнақтай, жартылай ашылған терезеден кірген
самал бетіңді өбеді. Ал Ерекең осы бір керемет
картинаның негізгі бөлшегі болып бір бұрышта

мөлдіретіп өлең жазып отыратын.
Бірінші курста Бәйдібектен (Еркебұланның
ауылы) бір дорба азық келіп жетті. Сол күні-
ақ қазанға түскен сыбағадан жатақтағы күллі

еркек кіндік ауыз тиіп, бір мәре-сәре болдық та
қалдық. Ертесіне Жақсылық келді бөлмеге.

– Жәке, біз шаянның етіп жеп үйренгенбіз,

білесің... саған біртүрлі көрінетін шығар, сонда
да ауыз ти, – деді Ерекең қазанын қамдап жүріп.

– Әй, шаянның еті несі?! Жақсылық оқып

отырған кітабынан басын жұлып алып.

– Біздің жақ енді солай, Майбұлақтан

алдырып шаянның етін көп жейді... сендерге
таңсық ғой аздап...

– Аздабы нес, шаянның етін жемейді ғой

мүлде, – дейді қонағымыз қызылкеңірдектеніп.

Өй, жейсің! Заттыбек те, Жарылқасын
Дәулет те жеген шаянның етін, сен жемей не
көрінді? Кеше Абай да бір рет дәмін татып еді,
үйреніп кетті, – дейді Ерекең баппен.

Жалпы, Еркебұланның Шымкенттен екенін
білсе де, аудан, ауылын аңғара қоймаған бірінші
курстың алғашқы кездері еді ғой. Сол кеште
«Шаян» деген ауылдың атауы екенін білген соң

барып қана Жәкеңе ас батты.
Емтихандағы «хат»
Біздің «БҮГІН ЖАҚСЫЛАП ҰЙЫҚТАП

АЛАЙЫҚ, ЕРТЕҢНЕН БАСТАП САБАҚҚА

БАРАМЫЗ

2013»
деген
стратегиялық
бағдарламамызға Ерекеңнің қосқан үлесі ұшан-

25

Бесінші жатақхана
теңіз. Жатақханада жатып мөлдіретіп өлең
жазып, оған Мөлдір Дарханбаева «жарайсың»
деп баға беріп, мәз болып жүрген шағы. Оның

ақындығынан ұстаздар қауымы да хабардар
екен. Ұйықтап қала беретін Ерекеңді осы
бір қасиеті үшін Қойшыбек ағай талай мәрте
кешіріп жіберген. Бірақ кешірімнің де шегі

бар. Еркебұлан енді емтиханға келмей еркелей
бастапты!
Бөлме іші алакөлеңке... Қойшы аға қоймай
қоңыраулатып жатыр. Бір рет Ерекең өзі басып

тастады. Енді бір ала бергенде саусағы басып
тастады. Үшіншісінде үзіліп кетеді. Әйтеуір,
төртінші қоңырауда тәуекел деп тұтқаны көтеріп
қалған ол, сасқанынан: «Алло, Қойшыбек,

қалайсың?» деп ұйқылы-ояу дауыспен қойып
қалған ғой. Ағай: «Қалайсыңды көрсетейін
саған, емтиханға кел!» – деп тастай салыпты
тұтқаны.

Екі өкпесін қолына ала жүгіріп корпусқа да
жетіп, емтиханның сұрақтарын қарап миы ашып
отыр. Жазайын десе, біреуі де басына кіретін
емес. «Баспа ісінің» сауалдары да басқашалау.

«ТҮСТЕРДІҢ ҚОСЫНДЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ

ЖАРЫҚПЕН АРАҚАШЫҚТЫҒЫ НЕМЕСЕ

АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ» деген сұраққа міңгірлеп
бірдеңе сүйкеп келіп, әрі қарай не деп толғатарын
білмеген Ерекең, әңгімені мүлде басқа арнаға
бұра салыпты. Сондағы хаты былай өріледі:

«Ассалаумағалейкүм,
Қойшыбек
аға!
Қалайсыздар? Не жаңалық? Үй-іші аман ба?

Мына сұрақтар қандай қиын еді... Жарық пен
түстердің арақашықтығы қанша шақырым
екенін біле алмай отырмын. Бірақ бір-бірінен
алыс бола берсін. Айталық, ақ және қара

26

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
түс, қоссаң бұдан ала түс шығады. Мынау
заманауи зар ғой. Ақ жүректілер мен қара
ниеттілер әбден ауыз жаласып, екіжүзділердің

қатарын көбейтуде. Құдай сақтасын. Ал енді
жалындаған көкөрім жасыл түсті сағыныштан
сарғайып кеткен сарыға қосақтай салсақ,
көгілдір

түс

шыға
келеді.
Қысқасы,

әр

адамның тағдыры әр түске ие ғой, ағай. Мынау
қоғамда түстер өз реттілігін әбден жойған:
қиюы қашып, өңі қожыраған десек те болады.
Бір-бірімен баттасқан бояулар. Енді осыған

әлгі Жарықты әкеп түсірсек, жағдай мүлде
шиленісетін сияқты. Күнәнің көркін қыздырып
жатқан адамдардың беттеріне Құдайдың өзі
кеп фонарик жаққандай болмай ма? Құдай

сақтасын...
Жақсы,
Ағай.

Мен

осымен
тоқтайын. Сау болыңыз. Жақсыға бағалайсыз
деп үміттенемін. Алдын ала рақмет!!! Маған
алаңдамаңыз», – депті де емтихан жұмысын

тапсыруға оқталып жатса, қасындағы бір досы
«не жаздың, көшіріп алайыншы» деп зәресін
ұшыра жаздаған көрінеді. Одан бері қанша
уақыт зымырап өтті... Сол жұмысы үшін

қанша алғанын білмеймін, бірақ, «емтиханнан
құладым» дегенін де естімедім.
Беташар
Өмірімде

бір рет

қана
дауысымды
күңгірлетіп, домбырамды діңгірлетіп кездейсоқ
бет ашқаным есіме түссе, әлі күнге бетім дуылдап

ала жөнеледі... Қу ақша әп-сәтте Жақсылық
екеумізді жатақхананы шыр айналып домбыра
іздеткізіп жіберді. Таптық. Төрде тұрғаннан
гөрі,

музейде
тұрғанға
көбірек
лайықты

27

Бесінші жатақхана
демесең, домбыра былай дыбыс шығаратын
сияқты. Алайда әуре-сарсаң онымен де бітпеді.
Сыртта қыс қақап, қытымыр аяз, жаңағы

қылыш па... бірдеңесін сүйретіп тұр деген соң,
әлгі аспапты қаптамаға салып шықтық.
Ертесі екеуміз таң бозынан Алматының
шетіндегі «Қалқаман» ықшам ауданына қарай

аттанып кете бардық. Жанар Дұғалованың әні ол
кезде әлі шықпағанына қарамастан, дірілдеудің
не екенін бір кісідей сезініп келеміз. «Қалқаман»

– Алматының бір шеті. Аяз қысып, автобустың да

есік-терезесі сықырлап, жылуы әлі бір қалыпқа
түспегені байқалады. Екеуміздің бір-бірімізбен
сөйлесуге зауқымыз соқпай, тұмсығымызды
шарфқа тығып, үнсіз келеміз. Жақсылықтың

жанарынан «бекер шықтық-ау осы» дегенді
айнытпай оқуға болатындай. Әйтеуір, бір-бір
жарым сағат дегенде Сібір ормандарынан барған
адамша, сүрнігіп жеттік. Бет ашатын сәт те

таяды. Қай бір сайрап тұрған ақын дейсіз, келінге
айтатын жарты тонна ақыл-кеңесті бірнеше бет
қағазға жазып алғанбыз. Жәкең парақтарды
ұстап тұр, мен домбыраны қағып жібердім

де, бастап кеттім. Айтып жатырмын, айтып
жатырмын. Бір кезде қарасам, «ал енді осының
бәрін есіңде сақтап жүр, біраз өсиет айтылды»,
«енді бетіңді келіп енең ашсын», «беташар да

өз мәресіне жетті» деген сөздерді будақтатып
ұрып
жатырмын.
Сөйтсем,

екеуміз
қатар
толқимыз деп, Жәкең ең соңында айтылатын
қағазды, бірінші ұстап тұра қалыпты. Оған мен

де мән бермей, сарнай беріппін. Дереу есімізді
жиып алдық та, келіннің «бетін ашып қойып»
беташарды қайтадан басынан бастадық. Той
біткен соң ақшасын қағып алып тайып тұрдық,

28

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
қайтеміз енді. Ашқұрсақ жүрген студентке 15
мың да талғажау. Ол кезде ұлттық валютамыздың
да құны баршылық заман еді.

Жақсылық әнші болса...
Жақсылықтың еш жерде жарияланбаған,
баспа
бетін

көрмеген
суреттерін
қолыма
түсіріп, таңырқап отырмын. «Қып-красный»

әншілерский фото. Жоқ, мәселе оның қымбат-
арзандығында емес, образы туралы айтып
отырмын. Суреттеріне мейірлене қарап отырып,
мынадай ойлар кеп қалды.

* Жақсылық ӘНШІ болса, онда бүгінде өзі
басқарып отырған журналдың бетінен түспейтін
жұлдыз болар еді.
* Жақсылық ӘНШІ болса, тура Саят

Медеуов сияқты болар еді. Терісінің түсін емес,
салмақтылығын
айтам.
Жәкең

аққұбаның
қараторысы ғой.

Жақсылық

ӘНШІ

болса,
«мәтінге
талғаммен
қарайды»

деп біз

тамсанатын
Төреғали жолда қалып кетер еді. Поэзияның
тілін бұрап әкеп, эстрадаға ыңғайлап өң берген
кезде, Жәкеңнің хиттары «Жұлдыз» ФыМы-

дан түспеуші еді.
* Жақсылық ӘНШІ болса, міндетті түрде
Нұрлан Еспановпен дос болар еді.
* Жақсылық ӘНШІ болса, менің жаман

әндерім орындалып кетуші еді.
* Жақсылық ӘНШІ болса, Медеу мұз
айдынында коньки теуіп жүріп концерт беруші
еді... тірі дауыста.

* Жақсылық ӘНШІ болса, өзі тартқан
скрипкамен қосылып ән орындайтын тұңғыш

29

Бесінші жатақхана
қазақ баласы атанушы еді.
* Жақсылық ӘНШІ болса, шетелден ән
ұрламайтын еді.

* Жақсылық ӘНШІ болса, инстаграмда
«ұшып барамыз», «қонайын деп жатырмыз»,
«жоқ, әлі ұшып бар жатыр екенбіз» деп сурет
сала бермейтін еді.

* Жақсылық ӘНШІ болса, Құдайберген
Бекішпен бірге міндетті түрде дуэт айтар еді.
600 теңге ұтқан жыл
Қай бір жылы Қозыбай, Еркебұлан үшеуміз

Людмила әпшеміздің пәтерін жалдап тұрдық.
Сол жаз «Шахтердің» Еуропа футболының
шаңын қағып жатқан сәті еді: Кумыков
бастаған

мықтылардың
«Астана-Аренада»
тырқыратып қой қуалап, әйгілі «Селтиктің»
екі аяғын бір бутсыға тығатын кезі ше. Үшеуміз

жатып алып (кейде отырып) футбол қараймыз.
Ақыр аяғында «ойын мына есеппен бітеді»,
«мынша бұрыштама болады» деп сәуегейситінді
шығардық. Екеумізге қарағанда Қозекеңнің

болжамдары дәл

келіп,
бізді
таң-тамаша
ететін. Кей кездері құдды Вангадан бата алып

келгендей, «ой, бұл матч 3:2 болып аяқталады»
деп айтады да ұйықтап қалатын. Айтқандай,
дәл сол есеп тіркеліп, Еркебұлан екеуміз оның
көріпкелдігінен шошиын дедік.

Бір рет айта салып, дәл келсе мейлі ғой,
бірнеше рет тура айтып есті шығарды емес пе?!
Содан екеулеп отырып, Қозекеңе қолқа салдық.

Қозы дос-ау, мынадай талантыңызбен
пәтерде
жатып
алып

пәтуа
айтқаныңыз
жарамайды...

30

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ

Іі-і-і... неге жарамайды?

Ойбай-ау, сарт-сарт еткізіп дәл айтатын
қасиетіңізді анау букмекерлік кеңсеге барып

паш

етсеңіз,
ақшаның
астында
көміліп

қалмаймыз ба?

Ибәй, шынында да ә, ондай кеңсе қай
жерде бар өзі?

Қай жерде бар деріңіз бар ма, мынау
Тимирязев

пен

Гагарин
көкемнің

иық

түйістірген тұсында тұр емес пе қасқайып, –
дейді Еркебұлан осы да сұрақ болып па дегендей.
Қозекеңнің ондай кеңсенің қай жерде
орналасқанын

да

білмеуі бір

жағынан
заңды. У-шу жерге жоламайтын, ибалылық,
сыпайылық жағынан қыздың алдын орайтын,
биязы жүнді еділбай қойы... туһ, не айтып

кеттім, биязы мінезді жігіт ғой.
Ақыры, екеулеп отырып Қозекеңді көндіріп,
салып ұрып кеңсеге келдік. Кассадағы қыз аузы-
аузына жұқпай, қанша коэффициент қойғанда

қалай ұтыс шығатынын түсіндіріп жатыр.
Әрі-бері Ерекең екеуміз бас сұғып көрдік те,
болжамшы көкеміздің бабын бұзып алармыз деп
араласпай, шеткері тұрдық. Ұтысты донерлетіп

атап өтсек деген қиял екеуміздің көкейімізде де
қылтиып тұр...
...Бәс тігілген чекке тіпті қарамадық та.
«Шахтердің» түздегі матчы еді. «Селтик»

бәрібір мықтылығын көрсетіп, 3:0 мен ұтып кете
барған түн ғой... Әлгі бір жапырақ қағазға матч
біте салысымен жапа-тармағай жармастық. Өзі
ақшаның көзіне қарамай тіккені – 500 теңге.

Максималды ұтыс 600 теңге деп тұр. Сөйтсек,
сабазымыз «Селтик» жеңеді деп шуылдатып
өте шығыпты. Ал мықты командаға букмекер

31

Бесінші жатақхана
заңдылығы бойынша аз коэффициент беріледі
екен де, маңдыған ұтыс шықпайды-мыс. Сөйтіп,
өкінішке

қарай
Қозекеңнің
букмекерлік
саладағы мансабы 600 теңгемен аяқталды.

Біздің де көңіліміз пәс болып қалды. «Досым-
ау, мұндай ұтысқа тіккеніңді білгенде, 600
теңгені мен-ақ бере салатын едім ғой», – дейді
Еркебұлан күйініп. Ал мен өзіне кезіккен сайын

айтамын, «600 теңгеңді барып алып кетсеңші,
жерде жатқан ақша жоқ», – деп. Биязы жігіт
қой, ұялып жүр.
Құламай қалған Құлиев

Оқуға
түскелі
бері
қасымнан

бір елі

ажырамаған, көңілі кең, пейілі патшадай
Еркебұлан досым қазір қайтадан шымкенттік
болды. ҚазҰУ-ға топ етіп түсе қалсақ деген
«арам ойды» бірге ойлап, түскен соң да бір

бөлмеде тұрдық. Темір етікті теңгедей қылып
тоздырып, журфакты бітіріп шыққан соң да
пәтерде бірге күн кештік. 4 жылда екеуміз не
көрмедік. Түн ортасы ауғанда шақырусыз жетіп

келетін
«алтын
ағаларымызға»
бөлмемізді

босатып беріп, басқа секциядан пана іздеп
кететінбіз. Кейде әлгі ағалар «ата дәстүр
сабақтастығын»
жалғастыру

мақсатында
жиындар өткізеді. Ондай жиында міндетті
түрде ортамыздан бір адам түн ортасында
«мәгәзін көріп қайту бақытына» ие болады.

Бірақ ол «бақытқа» ешкімнің жолай қойғысы
жоқ... Әлгілер бұйрықты айта бастағаннан,
бәрінің ұнжырғасы төмен қарай құлдилайды.
Осы кезде шеттеу отырған Еркебұлан үн-

түнсіз аяқ киімін киіп, бауын байлай бастады.

32

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Бір топ бала сыртынан болмаса да, іштерінен
«уһ» дейтін. Өстіп жүріп, Еркебұлан бесінші
қабаттағы балконнан жерге дейін мініп-түсуді

бұйым құрлы көрмей, көзін жұмып тұрып
жасай беретін әдетіне айналдырып алды. Оның
бұл өнерінің кейін кө-ө-өп ретте көмегі тигенін
несін жасырайық.

Бірде, Ерекең сырттан қыдырып келіпті.
Сәл тойлатып... Есік жабық. Түнгі сағат
2-лердің шамасы. Бұл уақыт – студенттер үшін
тал түспен тең. Әне-міне «альпинист» атанғалы

жүрген бауырымыз, әуп деп екінші этажға
шығады.
Сұрынан сескенген студенттер айғайлап,
улап-шулап ұстап алып, ішке кіргізбекші

болады. Бұл кезде ол зыр етіп 3-ші қабатқа
шығып алады. Қызы бар, жігіті бар бәрі үшінші
қабатқа
жүгіреді.

Секунд
болмай
жетеді.
Бұл кезде Ерекең 4-ші қабаттың балконында

тұрады күлімдеп. Құлап кету қаупі тым жоғары
сырттай қараған адамға. Үшінші қабаттан ұстай
алмасын анық сезген студенттер, төртке қарай
зулайды. Келсе, досым ең жоғарғы бесінші

биіктікте балконды бір қолмен ұстап тербетіліп
тұр екен. Ешкімде зәре-иман қалмаған. Ол болса
әне-міне шатырға шығуға шақ тұр. Соңында
бәрін әбден қорқытып алып, «маған ешқайсың

жете алмайсыңдар» деп әзілдеп ішке қарай топ
етіп түсіпті.
Осыдан біраз жыл бұрын журфакта белгілі
бард әнші Табылды Досымовтармен қатар

оқыған ақын Жұмабай Құлиев те Ерекең сынды
өрге өрмелеп, абайсызда құлап кетіпті екен
дейді білетіндер. Мына жағдайды сол оқиғамен
сабақтастырған филфакта оқитын ақын жігіт

33

Бесінші жатақхана
Әріби Әрібек «Құламай қалған Құлиев» деп
айдар тағыпты Ерекеңе.
Еркебұланның таланты бірінші курста-

ақ танылды. «Система жиналысқа» өзінің
«Рухтың адасуы» атты кітабымен бірге келген.
Өлең жазады екенсің деп, үлкендердің де іші
жылып қалған сол кезде. Кейін келе әнге

сөз жаза бастады. Қазір әндері қазақ эстрада
жұлдыздарының аузымен елге тарап, танылып
жатыр. Бұл да үлкен қуаныш.
Әкесі Қазымұрат тікелей

демеушілік жасапты...
Жақсылық
Қазымұратұлы
деген

ақын
бар. Сонау Қытай өңірінен есек арытып елге
жеткен. Әдетте ол жақтағы қауымның бәрі
бірдей, бұл жаққа білім алуға келе бермейді.

Бірақ Жәкіштің мұрнын пыс еткізіп қойып,
Қазақстанға құстай ұшуына – әкесі Қазымұрат
тікелей демеушілік жасапты. Рухани тұрғыдан
да, материалдық жағынан да. Бәріміз 1-ші

курсқа түсе салысымен, 3-ші залда жаппай
«ақындық дәуірдің» жаңа парағын ашып
жатқанымызда, ол миығынан күліп отырған.
Өлең де оқи қоймады. Адаптация жасап отыр

дейін десек, Алматыға бізден бір жыл бұрын
келген. Сөйтсек, біз шырақты онша-мұнша
менсіне қоймаған екен ғой. Жатақханада
бірге тұрдық. Әкесі алып берген сары тонына

оранып алып, домалап жүретін де қоятын.
Кейде тәп-тәуір домалап келе жатып, қисаң-
қисаң ете қалатын. Сөйтсек, сары тонын одан
сайын жылыта түсу үшін, «моторын» сырамен

майлайды екен ғой. Мәссаған дедік біз. Ішеді!!!

34

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
«Ақын ғой, ақындар ара-тұра сыралатады» деді
арамыздағы ақылдымыз. Кейін, Жақсылыққа
қосылып өзіміздің де қызық қуалап кетерімізді

білмедік қой сол кезде.
Бірде факультетте кеш өтіп, маңғаз басып
Жәкең ортаға шықты. Аузына қарап жұрт
отыр. Оқи жөнелді: Бұл өзі ерте жетілген екен.

Жасы 14-ке толар-толмастан үйленемін деп
қиғылық салыпты. Ол үшін сырмақ керек
болған. Көршінің қызын көздеген. Сол қызды
сырттай иеленіп, ауылда аяғын талтайып

басамын деп талай тайып құлаған... Сөйтіп кете
береді. Өлең бітісімен аудитория гу ете қалды.
Шапалақ. Аудиторияның қасынан өтіп бара
жатқан электрик ағай, «Жақсылыққа соғылған

шапалақтың
вольттық
күші

Қабатовқа
соғылған шапалақтың күшімен бірдей» тоқ
еткізді. «Жынды өлең екен» дестік жастардың
тілімен айтқанда. Ортамыздағы қу тілділер бұл

сәтті іліп әкетті. Әлі күнге айтады. Тіпті Руслан
Есмағамбет өлеңнің аты «14 жастағы эротика»
деп жарияға жайып жіберген. Қит етсе «14
жасыңды» оқышы» дейміз. Ол кезде сөзге

келмей оқи беретін. Кейін ғой, «хошым болмай
отыр» деп кергитінді шығарды. Барлық жерде
осы өлеңді оқығанға, кейбіреуіміз жалғыз өлеңі
бар батыр болды ғой деп ойлағанбыз. Сөйтсек,

бір кітапқа жүк боларлық жырлары бар екен.
2-ші курста-ақ алғашқы кітабын жарқ еткізді.
Оған да әкесі Қазымұрат тікелей демеушілік
жасапты.

Жахаңның біздің буындағы өзге ақындардан
бәсі биік тұратыны жасырын емес еді. Жазғанда

да

жайқалтып
жазатын.
Өлеңдеріндегі
қазақилық – жырларын тіпті көркем ете түсетін.

35

Бесінші жатақхана
Кітабы шыққалы бері «Ақындық деген...» деп
әңгімесін әріден бастап, ойды-қырды шолып,
шалдарға ұқсап толғанатынды шығарды. Бірде

анаған ғашықпын деп толқиды. Бірде мынаған
ғашықпын деп күңіренеді. Әрқайсысына бір-бір
өлең атқылайды. Ат дегенге ата береді. Нағыз
зеңбірек-ақынның өзі дерсің. Жатақханада

атылмаған қыз қалмай қала ма деп қорқа
бастадық. Сырт келбеті көркем қыздың бәрі –
өздеріне арналған өлеңмен мақтанады. Сырттай
айтпаса да, іштей қуанышты екенін жасырып

қалмайтын бұрымдылар... Өлеңі өзінің беделіне
айнала бастады. Елена Петровнаның орысша бір
ауыз сөз ұқпайтын Жәкеңе, өлең оқып бергені
үшін балл қойғанын да талай көрдік. «Тұқымым

тегін емес», – деді бірде Жәкең. Өзінің «авторы»
(әкей)
жын-шайтанмен

де

жекпе-жекке
шығып, бетін қайтарыпты-мыс. Ақындығы ата
жағынан дарыған. Талантты болуына да – әкесі
Қазымұрат тікелей «демеушілік» жасапты.

Универді
бітірер
уақытқа
таяу,

Жақсылықтың жалы күжірейіп, атағы Алашқа
жайылмаса да, Алматыға әжептәуір танымал
болып қалды.

«Жас
Қазаққа»
тәжірибеден
өтуге

барамын деп мөлдір шынылы есікке барып
соғылатын;

1-ші курста Павел Лиді (орыс тілі
мұғалімі) көрсе, көзі шарасынан шығып кететін;

Жатақта аздап «сыралатамын» деп,
старшактардың алдында тұрып кесе-кесе су
ішетін... аңқаулықтан ада болып, азаматтық
бейнесі қалыптаса бастаған кез еді бұл.

«Азаматтық бейнесі» деген ұғымға оның
аздап толығып, салмақ қоса бастағанын да енгізе

36

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
кетуге әбден болады. Бұл сәтте факультеттің
гүлі болып алған. Кеш онсыз өтпейді. Тіпті
әділқазылыққа

сайланатынды
шығарды.
Ақыры не керек, оқуға Жақсылық түскенімен,
оқуды оның авторитеті бітіріп шықты деген

байлам жасайтындай дәрежеге келтірді бұл
пақыр...
Менен қалыспай (немесе мен одан қалыспай)
магистрант та атанды. Қазір қалың оқырман,

әдеби орта Жақсылықты жақсы ақын деп
таниды. Басым көпшілігі оның жырларының
өзгеден озық, бір саты жоғары тұратынын да
мойындайды. Көңіл, сана көкжиегінің кең екені

рас. Оған шәк келтірмейміз. Білімін толықтыру
үшін қазір көпвекторлы саясат ұстанып та жүр.
Оны жария етпейік. Өзінің өмірі – нәтижесі
кейін көріне жатар. Ең бастысы –өлеңдері

жыл өткен сайын сүйкімдене, сүйірлене түсті.
Салмақ қосылды. Айтар ойы тіпті айқындалған.
Яғни, төрт аяғын тең басқан поэзия дүлдүлі
қалыптасып шықты деп айта алар едік.

Аршын мен Аманқос ағай
1-курсқа түсе салған бетте белгілі ғалым,
түркітанушы ұстазымыз Аманқос Мектептегін
ашуландырған Аршын еді. Кілең ержеткендер

мен бойжеткендер бір аудиторияға жиналып
отырғанбыз. Аманқос ағайдың сабағы. 1-курс
болғандықтан ағай бізбен танысып жатыр.
«Шымкенттен үш қыз келдік», – деп Сымбат

саңқ етті. «Тараздан жалғыз жортып жеткенім
осы», – деп Толғанай атып тұрды. Үмбетәлі:
«Ұзынағаштан пойызбен келдім», – дегенді беті
бүлк етпестен айтып отыр. Бір кезде Аршын

37

Бесінші жатақхана
есік қағып, бір аяғымен ішке қарай аттап
тұрып қалды. Ағай, кір деп меңзеді де: «Сен
қайдан келдің?» – деді. Көздері доп-домалақ

болып әлі есіктің аузында состиған Аршын:
«Есіктен», – деп қарап тұр. Әй, мынау күйдірді-
ау дедік. «Ағай «менімен қалжыңдасып тұр»
деп ойлайтын болды-ау». Кейін барып, Алматы

облысындағы Есік қаласынан келгенін айтып,
әңгімесін тарқатты.
Тағы бірде ағай сабақ өтіп жатыр. Пардың
белортасынан асып кеткен кезі. Әлі бір семинар

бар. Топтың еркетайы Аршын келді кешігіп.
Тоқ-тоқ. Әуелі басы көрінді.

– Кір енді... қайда жүрсің? Сабақ аяқталайын

деп жатыр, – деп ағай аздап ашуланып алды.
Аршын, осының алдында ғана ағылшын
апайына айтқан сылтауларын айна-қатесіз
қайталап

жатыр.
Ағай
«отыр»
деді

де,

лекциясын жалғастыра берді. Үшінші пар
басталды. Кенет, қақ ортадан жарқ етіп
Аршекеңнің қолы көтерілді.

– Ағай, сыртқа шығып келейінші... бір

шаруа...
Ұстазымыз ашуланды. «Сен өзі кешігіп
келесің, тағы сабақтың ортасында сұранасың...
бар енді!». Құстай ұшып, зу ете қалды. 20 минут

дегенде қайта келді. Семинар соңына қарай ми
жүйемізде сабақты қабылдаумен бірге қарын
ашу процесі де қатар жүріп жатқан. Бәріміз
ағайдың айтқанын ұйып тыңдап, ара-тұра сабақ

айтып, сондай бір берекелі күй кешіп отырмыз.
Әне-міне 20 минуттан соң сабақ бітіп, Гүлшат
апай шырағын маздатып отырған мекенімізге
барып, ыстық шәйді қиялымда ауызға апара

бергенім сол еді, Аршын бұл жолы қолын да

38

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
көтерместен орнынан атып тұрды. Бәріміз
селк ете түстік. «Шәйдің» быт-шыты шықты.
Ағайдың түрі қатулы.

Тағы не болды?!

Кешіріңіз,
3-залда
сөмкем
қалып

кетіпті. Бағана бірінші парды сонда өткізіп
едік, сол күйі ұмытыппын...
Аманқос ағай бір сәт мелшиіп, түтігіп кетті.
Бұдан былай менің сабағыма келуші болма деп

айтатын шығар деп бәріміз қаһарлы үкім күтіп
отырғанбыз.

Баршы бар! – деді ағай жүзі түтігіп.
Дауысы өте қатқыл шықты.
Көмейіне
лықсып

келген
ашу-ызасын
аямай төккісі келді де, өз-өзін тежеп маң-маң
басып бара жатқан Аршынның соңынан ұзақ

тістене қарап тұрып қалды. Қанша буырқанып
тұрса да, онша-мұнша ашуланғанын білдіре
қоймады. Бір сабақта үш рет сұранған адамға не
десін енді. Ал досымыз сол кеткеннен келмеді.

Келсем, тағы да сұранып қоярмын деп қорықты
ғой деймін.
«О-Бай» тобы неге тарады?
Атакент пен ҚазҰУ-дың арасында неше

аялдама бар екенін әзер жаттаған жылы –
Олжекеңмен таныстық. Олжас Қасым. Біздің
старшагымыз болды. Алайда сыртқы һәм ішкі
болмысы бұл ұғымды бере алмас еді. Құдды

құрдасымыз сияқты.
Бірінші
курстың
екінші

жартысында
«қой, жұмыс іздейік» деп шошып оянған
кезде көзімнің алдында жарқ еткені – «Заман-
Қазақстан» газеті болды. Түркілерге деген

39

Бесінші жатақхана
бауырмалдығымның
қаншалықты
деңгейде

болғанын қайдам, әйтеуір, сол жерде Олжас
жұмыс істейтін болған соң тартып отырдым. «Тіл
неге әлсіз?», «Қазақ қайда барады?» деген сынды
ел болашағына алаңдаулы, «толқынысқа» толы

мақалаларды ұсынамын. Олжекең түзеп-күзеп
жариялатады. Бір күні жұмыстан қайтып келе
жатып, төбеден түскендей «давай, ән жазайық»
дедік. Өлеңді өлтіріп жазатын, мақаланың

да майын тамызатын Олжекеңнің әнге деген
де махаббаты бар екен. Екеуміз тәуекел деп
тартып отырып, Октябрь Алтаев ағамыздың
студиясынан бір-ақ шықтық. Сәтбаев пен

Түркебаев көшелерінің қиылысындағы жерасты
студиясын да тіміскілеп жүріп тауып алдық.
Есік ашылғанда босағаға ілінген сылдырмақ
салдыр-гүлдір етіп, іштегі бар адамның назарын

бізге аударды. Сөзбе-сөз есімде жоқ, әйтеуір,
қандай шаруамен жүрсіңдер дегенге келтірді
Өктем аға. «Ән жазамыз», – дейміз біз тақ етіп.
«Қандай ән жазбақсыңдар, әлде аранжировка

жасатасыңдар ма?». Аранжировканың не екенін
білмейтін, ол не өзі деп ойланып та жатпайтын
уақыт
ғой,

«не

берсеңіз
соны
жазамыз»
дейміз

құдды
консерваторияны
тәмамдап
келіп

тұрғандай.
Ағамызбен
ақылдасып,
сенікі баритон, менікі тенор деп дауласып

отырмай-ақ, «Сәулем, сәулемді» таңдап алдық.
«Жанарымның, жанарымның, жанарымның
нұры сен» деп бітетін әдемі әнді оңды-солды
орындап тастауға дайын отырмыз. Бірінші

болып студияға Олжекең кіріп кетті. Бастан-
аяқ құйқылжыта орындап шықты. Сосын мен
кірдім. Кірдім де әнді бастап кеткем. Терезенің
ар жағынан Өктем аға ышқына айғай салады.

40

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ

Аға, не болды?

Әй, анау құлаққапты киіп айтсаңшы!
Аңыратып айтып бердік. Өктем аға өзімізге
тыңдатты. Түр-әлпетіміз «қойыңызшы, мынаны
біз айттық па?» дегенді тілсіз-ақ ұғындырып

тұр. Ағамыз «дауыстарыңды тазалап, туралап
қояйын. Екі-үш күннен кейін соғыңдар» деді.
Осылайша,
ойда-жоқта

құрылған
«О-Бай»
дуэтінің алғашқы және соңғы хитын жазып
тастап, ҚазҰУ-ға жаяу қайттық. Бір қызығы,

содан кейін Өктем ағаның студиясына аттап
баспадық. Ән де жайына қалды. Сол күйі
алынбады. Есімдеріміздің басы мен соңынан
құралған «О-Бай» дуэтінің де ғұмыры тым

қысқа болды. Олжекеңмен сөйлескен сайын «сол
әнді барып алып кетейікші» деп әлі айтамын.
«Бір күні жол түсер», – деп қояды өте сабырлы
Олжас ағам. Не үшін бардық, не үшін белсендік,

не үшін ән жаздық, өзімізге өте түсініксіз.
«Қисынсыз» ережелер
Өткен жолы журфактың жатақханасына
жол түсті. 5-ші емес, жаңа қонысқа. Коммендант

апайды күтіп тұрып қабырғадағы «жатақхана
жарғысына» көз түсіп кеткен. «Тұрғындарға
тыйым салынады» деп басталатын бұйрықтар
легі бүй дейді. Мен ол жарғымен әрине,

келіспедім.

БІР

БӨЛМЕДЕН

ЕКІНШІ

БӨЛМЕГЕ

АУЫСУҒА БОЛМАЙДЫ

Бұл деген студенттің «намысына тию» ғой.
Бір жатақхананың ішінде тұрып, жыбырлап
бір бөлмеден екіншісіне ауыспауға бола ма?
Өз басымыз талай мәрте старшактар 5-ші

41

Бесінші жатақхана
қабаттың балконынан лап етіп кіріп келгенде,
«люксымызды»
асқан

мәрттікпен
босатып
беретінбіз. Сосын көрші бөлмеге барып, Үмбет
пен Аршынға тиесілі екі кереуетті қосып төрт

адам ұйықтаймыз. Ертеңіне Гүлшат апайымыз
«әй, көгершіндер, тұрыңдар» деп талай оятқан.

ЖАТАҚХАНАҒА МАС КҮЙІНДЕ КЕЛУГЕ

БОЛМАЙДЫ

Кім сау күйінде келгісі келмейді дейсіз...
Менің асыл достарым вахтаның жанынан талай
мәрте өтірік күлімсіреп, бойларын тік ұстап
(қисалаңдамай) өтуге тырысқандарымен, ақыры

түк шығара алмай қойған. Талай студентті
қолдан ұзатып отырған қырағы вахтершалар,
«шығармашылық топтың» қандай күйде келе
жатқанын иіскемей-ақ сезетін еді.

АЗАРТ ОЙЫНДАР ОЙНАУҒА, СПИРТТІК

ІШІМДІКТЕР ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ

Бұл тармақтың тура жаңағы ережеден
айырмашылығы шамалы. Семестрді ойдағыдай
аяқтап (өйтіп-бүйтіп), сессияны өз білімімен
тапсырып (көшіріп), көңілдері бірленген біздер,

әй да бір алтылықтан жіберетінбіз. Үмбетәлімен
талай рет шахмат ойнап та қызылкеңірдек
болдық. Аршын «мафияның» кім екенін қалай
да табам деп таңға дейін аласұрып ойнай беретін.

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖЕРЛЕРДЕ ТЕМЕКІ

ШЕГУГЕ БОЛМАЙДЫ

Біздің жатақхананы тек журналистер ғана
мекен еткен жоқ. Мехмат, химфак, физфак
секілді бірнеше «ұлт пен ұлысты» ұйытқан
шаңырақ

едік.
Сонда
әлгі
факультеттің

балалары, «апайларыңның мұрындары неткен
сезгіш» деп таңғалатын. Со-но-оу 5-ші қабаттың
қай бөлмесінде темекі тұтанып жатқанын

42

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
жазбай тапқанына өзіміз де талай куә болдық.

ҚОНАҚТЫ

ТҮНГЕ

ҚАЛДЫРУҒА

БОЛМАЙДЫ

Бұл тармақты «қонақты түнге қалдырМАУҒА
болмайды» деп өзгертіп қойса жөн болар ма
еді. Мейірбан жүрегіміз талай құдайы қонаққа
(жоғары курстар) есігін ашып тұратын еді

ғой, елжіреп. Түнгі сағат 2 мен 3-тің арасында
шақырусыз жетіп келетіндер, көбіне – жатақта
бұрын тұрып, шығып кеткен; немесе пәтерде
тұратын үлкен курстың балдары; не болмаса

шұғыл түрде жиналыс ашатын «шенеуніктерді»
де құрақ ұшып қондырып жібердік. Қала берді
пәтерде тұратын, бірақ жатақхананың өмірін
аңсайтын достарымыз да жиі келеді. Оларды да

бейресми жолдармен ішке кіргізіп алатынбыз.

АЙҚАЙЛАП

ӘН

АЙТУҒА,

РАДИО,

ТЕЛЕДИДАР

ДЫБЫСЫН

КҮШЕЙТУГЕ

БОЛМАЙДЫ

Теледидар дейтін қасиетті құрал ілеуде
біреудің бөлмесінде кезігетін. Ал айқайлап ән
айту дегенді шектеу, енді жүдә ұят. Оның үстіне
шығармашылықты серік еткен сабаздарға ондай

шектеу жүрмейді. Ойда-жоқта шабыт қысқан
талай бала гитара сабалап шыға келетін.

БӨЛМЕ

ҚАБЫРҒАЛАРЫНА

СУРЕТТЕР

ЖАБЫСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

Бұл шектеудің қыздарға жүрмесі анық.
Жүрек болып қиылған талай қағаз жапсырулы
тұратын. Ұлдар да қалыспайды. Азық-түлік
пен жеміс-жидек толып тұрған картина Үмбет

пен Аршынның бөлмесінде 2009 жылдың 3
қыркүйегінен 2013 жылдың 15 маусымына дейін
ілулі тұрғанына тарих куә. Қарын ашқанда сол
суреттің алдына барып «жан шақыратын» едік.

43

Бесінші жатақхана
Үмбетәлінің ұйқыдан оянуы
Жатақта жатқан жылдары не көрмедік

– Үмбетәлінің гитарамен «Балбырауынды»

тартамын дегенін де көрдік. Оң-солымызды
алғашқы әскери дайындық сабағында танып
алдық деп мәз болып келсек, қаладағы «оң-сол»
мүлде басқаша екен. Үмбетәлі үнемі сабақтан

қалмау туралы серия-серия уағыз айтатын.
Бізден бірер жас үлкендігі бар. Сонысын асыра
пайдаланып, көп ұйықтамау, маубастықтан
айығудың қандай тәсілдері бар екенін жете

түсіндіріп отыратын. Ерте тұру, киімді жатар
алдында дайындап қою, сабақтан қалмау... бәрі-
бәрі ежіктелді. «Ерте жатсақ та, кеш жатсақ та
таңғы 7-де оянып, корпусқа бару міндетіміз»,

– дейтін абыз ағай. «Өйткені, біз ұйықтау үшін

емес, білім алу үшін келгенбіз. Ауылдағы
ата-анамыз сенім артып отыр. Арзан ойын-
күлкіге салынбайықшы, достар. Сабақ оқиық,
жақсы стипендия алайық, бірдеңе жазып-

сызуға талпынайық. Біздің мақсатымыз да
сол ғой», – деп аяқтайтын сөзін. Сосын үстелді
тарс еткізіп, бөлмеден шығып жүре беретін.
Мынадай көңіл толқытарлық сөздер етімізден

өтіп, сүйегімізге жетіп, 4-5 бала дел-сал болып
отырып қаламыз. Жүйке-жүйеміз шымырлап
кеткен. Мынадан кейін қалай ерте тұрмассың,
қалай сабаққа бармассың, қалай талпынбассың

алға! Мотивация сыйлағыш, көш сүйрейтін
осындай бір досымыздың бар екенін шүкір
етеміз де, бөлме-бөлмемізге тараймыз. Сондай
бір әдеттегі ақылын тыңдап болып ұйқыға бас

қойдық.
Көзімді ашсам бөлме ішіне алакөлеңке

44

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
сәуле
түсе
бастапты.

Жалма-жан
ұялы
телефонымның сағатына қарап едім, сағат 7
жарымға таяп қалыпты. Сағат 8-де алғашқы

дәріс басталады. Жастықтан басымды жұлып
ап Үмбетті ояттым.

Ойбай, кеттік... қаламыз!
Бір-екі

рет

жұлқылап,
түрттім

де

киімдерімді киіп, дайындала бастадым.

Үмбет, сабаққа барайық, кешігеміз!
Данышпандық қасиеті тек таңға дейін ғана
күшінде тұратын досым, селт етпей пысылдап
жата берді. Тағы да жұлқыладым.

– Абай, қызықсың.... таң атпай бірінші

парға кім барады дейсің!? Қазір жақсылап
жуынып-шайынып, бір-екі кесе шәй ішіп, 9
жарымда екіншіге барайық.
Ұйқы желке тұсыма айт-шу деп мініп алып,

әзер тұрған маған да мына жауап жаға кетті.
Бірақ бір сағат – үш сағат емес қой. Тез-ақ
бітіп қалды. Тағы да шала-пұла киінген күйі
Үмбетке жетіп бардым.

– Кеттік, досым! Екінші пар басталады.

Сәл ғана басын көтерген группаласым, көзін
қайта жұмып 4-5 секунд жатты да, «екінші пар
кімнің сабағы?» деді. Екінші пар Молдахан
ағайдың дәрісі екенін сабақ кестесі жазылған

дардай плакатқа сығалап қарап тұрып, әзер
айттым. Түнімен тас шауып шыққандай көзім
удай ашып барады. Үмбет дереу басын көтеріп
алды. Ә, сабаққа баратын болдық қой деп ойлай

бергенім сол еді, досым «Молдаха-а-а-ан» деді
де ұзақ ойланып отырды.... әлі отыр... Әр сөзін
бағып мен тұрмын.

Иә, сабақ – Молдахан ағайдікі, – деймін
аяқсыз қалған әңгімесін жалғағым келіп.

45

Бесінші жатақхана

Молдахан – өзіміздің ағай ғой, сен де
ұйқыны бұзып... – деді де тарс бүркеніп қор ете
түсті.

Ол кез

Молдахан
ағайдың
«Такси
тулаған түн» атты туындыларын «жадымызда

жаңғыртып» өсіп келе жатқан буынның жарқын
өкілі атанып жүрген кезіміз. Менікі де бекер
болды-ау деп, кереуетіме қарай аяңдағаным
сол еді, «келесіге барайық!» деп айқайлады

досым. Кеп тұрған ұйқының бетін қайтаратын
біз бе, қорылдап, түс көріп, ұйқысырап,
олай-бұлай аунап, көрпені әрі-бері лақтырып
ұйықтап алдық бір сағаттың ішінде. Үшінші

пар басталатын уақытта тағы ояндым. Бірақ
бұл жолы орнымнан тұрып, Үмбеттің қасына
дейін баруды артық деп таптым ба, жатқан күйі
сұрадым.

Әй, Үмбет үшінші сабаққа барайық...
тап қазір басталайын деп жатыр....

Қазір басталайын деп жатса... ұят қой, –
деді өте ақылды дауыспен. – Сағат 11 жарымда
универге барып тұрғанымыз ыңғайсыз болады,
досым! Ертеңнен бастап кірісеміз!

Сол күні тал түске дейін ұйқы соғып, кешке
қарай абызымыздың кеше түндегі ақылын
айна-қатесіз қайтадан тыңдап шықтық.
Шоу жасау

Осыдан пәленбай жыл, түгенбай ай бұрын...
жаңа жылдың қарсаңы еді. Құдай қосқан досым
Еркебұлан екеуміз әлдебір кештен думандатып
келеміз.

2009-2013
жылдар
аралығындағы
«ҚазҰУ-дағы

көңіл
көтеру
стратегиялық
бағдарламасының»

басты
қолдаушысы

46

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Жақсылықтың бұл жолы қасымызда неге жоқ
екені өзіміз үшін де әлі түсініксіз. Вахтерша
апай мезгілсіз уақытта келген бейбақтарды

ішке кіргізуден бірден бас тартты.

Апай, тал түс қой! Сағат енді ғана 3 болды,
ашсаңызшы, – дейді Еркебұлан дар-дар етіп
айғайлап.

Түскі үш пен

түнгі
үшті
ажырата
алмайсың ба?! – деп апай да саңқ етті.

Роза апайдың ашуы қатты еді. Жүзіне күлкі
үйірілген кезін байқамаппыз. Сол аяғын сылти
басып, салмақты қалпынан айнымаған күйі
жүретін де қоятын. Қабырғадағы сағаттың тіліне

қатты сенеді. Ол сағат ескірді-ау немесе батареясы
отырды-ау деп ойламайды ғой, ойламайды. Тіпті
таңғы 5:57-де келіп жалынып-жалпайсаң да
қыңқ етпеген. Сағат 6 болғанша тұр солай дірдек

қағып дейді.

Апай түнгі үшті ажырата алмай не
көрініпті, – деп досым диалогты әрі қарай соза
түседі. – Тәубә, үшінші курсқа келдік қой,
бір кісідей ажырата аламыз. Тек, сіз... есікті

ашсаңызшы!

Ашпаймын дедім, ашпаймын! Алматыда
әкелеріңнің

үйі

барға
ұқсап
қаңғисыңдар,
тұрыңдар енді солай!

Бұл – апайдың кесімді сөзі. Одан әрі иліктіріп,
жұмсарту мүмкін емес. Ол кезде не ватсап, не
инстаграм жоқ, жұрттың бәрінің назары бізге
ауып балконға шығып алған. Енді екеуміз

жатақхана билігіне қарсы оппозиция өкілі ретінде
шыршаның түбіне жатпаққа бекіндік. Иә, кәдімгі
шыршаның. Наразылық! Мәңгі жасыл ағаштың
түбіндегі қарды реттеп жатырмыз. Балконға

шығып алған қыздар шу-шу етеді.

47

Бесінші жатақхана

Сәл шыдасаңдаршы, ішке кіргізеді ғой,

– дейді әлдебір ару шырылдап.

Үлгілі студенттерді суықта тоңдырып
қойған өздері кінәлі. Біз осында жатамыз, –
дейді досым дауысы найзағайдай күркіреп.
Қайтпас, батылмыз. Оның үстіне бүкіл қыз

атаулы қарап тұрғанда, шыршаның жанында
тура
мағынасында
«қар

жастанып, мұз

төсеніп» ерлік көрсетпекпіз. Арада көп өтпей-
ақ, жатақтың абажадай темір есігінің айқара
ашылғаны естілді. Артынша Роза апай көрінді.

Әй, қараң қалғырлар-ай… дымдарыңды
білдірмей кіріңдер тез! – деді оқты көзін қадап
тұрып.
Біздің де әрі қарай «ерлік жасауға» ынтамыз

қалмады-ау, бір қарасақ, дос қыздың бөлмесінде
қос танауымыз пыш-пыш етіп ыстық шай ішіп
отыр екенбіз.

Түк білмейсіңдер! – деді әлгі құрбы
ұрысып. – Келерде апайға бір шоколад, не тәтті-
пәтті ала келсеңдер қайтеді…
Досым бұл пікірмен келіспейді екен, ернін

сылп еткізді.

Біз жай… шоу жасайық дедік… сол ғана.
Айдос ақын – Айдос әнші
2009-2013 жылдары ҚазҰУ журфагында
Айдос Игіліков деген «падишаһ» өмір сүрді.

Ауылда дауласып, төбелесіп жеңе алмайтын
адамға «өй, оған сот жоқ» деп тілдей анықтама
беріп, жүре беретін едік ғой. Міне, Айдос –
сол «сот жоқ» адам. 1-курсқа түсе сала «мен

ақынмын, өлең оқимын» деген кезде аңтарылып
қарадық. Жүрген жерін шу, қарабайыр шу

48

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
емес, шоу қылып жүретін Айдос, туған жерін
таныстырып жатып: «Мен өзі Созақ ауданы,
Қыземшек ауылынанмын», – деген кезінде

күлкіден қырылып қала жаздап, терезенің
жақтауын, есіктің тұтқасын жағалап жүріп
аман қалғанбыз. Қашанда айтып тұрғаны
шындықтан 10 шақырым алыс жатса да сенімді

сөйлей беретін әдеті өзіне таяқ болып тиген
де, оң жамбасына келген де кезі аз болған
жоқ. «Қыземшектен» келген соң «ақын болса
ақын шығар» деп тыңдап отырмыз. Сөйтсек,

Айдосымыз
«Әй, қыздарым, темекі шекпеңдер, жаман
болады.
Арақтан аулақ жүр», – деп соғе-е-еп отыр.

Айтайын дегенім сол Айдостың ақындығынан
ұнағаны екі-ақ жол өлең болды:
Меймештің сен баласы Үмбетәлі,
Мойныңда көп атқарар міндет әлі,

Күні бойы монтиып жүресің де,
Қыздарды мазалайсың түнде тағы, – деп
қойып қалғаны бар бірде шабыттанып отырып.
Айдостың бұл өлеңіне әдеби сын тұрғысынан

қарайтын болсақ, ол әрине, өзінің ақындық
мерейін үстем ету үшін аздап «қосыңқырап»
жіберген. Оның күні бойы монтиып жүретіні
рап-рас.

Бірақ
«түнде
мазалайды»
дегені

толыққанды шын емес. Бұл жолдарды оқыған
кезде Үмбетәлінің түн ортасында жортып
қыздарға кіріп, қылмыңдап, қолын белге
жүгірткені

көз

алдыңызға
келуі
мүмкін.
Сондықтан, Айдос аздап оқырманның миына

«салмақ» салып отыр. Ал соңғы қатармен
келісетін бір себеп – тамақ ішу үшін қыздардың
бөлмесін жағалап, кешкі астың өтеуі ретінде

49

Бесінші жатақхана
гитарасымен, бірде домбырасымен ыңылдап
отыратыны рас енді.
Айдостың

ақындығы
туралы
толғаныс
осымен тәмам болсын. Енді әншілік қыры

жайлы да айта кетейік.
...Бір күні барлығымыз аудиторияда сілтідей
тынып отырмыз. Апайымыз ынты-шынтысымен
жаңа сабақтың дәрісін оқып жатыр. Бір сәтте

журфактың ұзын дәлізінде біреудің ыңылдап
ән айтып жатқаны құлаққа еміс-еміс естіле
бастады. Біртіндеп әлгі көмескі әуен шарықтай
жөнелді. Бір фальш жоқ: «Мен әйелмі-і-ін,

әлемнің анасымын...». Осы әннің қайырмасы
әдемі мақаммен, нотасы қисаймастан Айдостың
шырқауында екі рет қайталанды. Жырқ-жырқ
күлкінің соңы дүркін-дүркін қарқылға ұласып,

тағы да сабақтың «берекесі» қашты.
Тағы бірде ағылшын тілі пәнінен Балауса
есімді
апайымыз

сабақ
өтіп
жатты.

Өзі

жақында ғана тұрмысқа шыққан, уыздай
жап-жас келіншек. Сабақ енді ғана басталып,
соның өзінде есікті әркім келіп бір ашып,
ұстазымыздың сөзі қайта-қайта бөлініп жатқан.

Арада 10 минут өтер-өтпестен есік тағы ашылды.
Бұл жолы сарт етіп емес, баппен шиқ етті де,
арғы жақтан көзі күлімдеп тұрған Айдостың
бейнесі жарқ ете қалды. Балауса апайға риза

кейіпте біраз уақыт қарап тұрды да: «Балауса,
қыз едің бір кезде-е-е», – деп тамылжытып
бастап кетті. Тым жақсы әнді ашуға булыққан
апайымыздың «Жап есікті!» деген дауысы үзіп

жіберді. Айдос та сөзге келместен есікті тарс
жапқан, бірақ, бір минут өтпей жатып қайта
ашты. Бұл жолы әнді бірден жалғастырып
кетті: «Шашыңа ақ бантик байлаға-а-а-ан...».

50

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Мазаққа
шыдамаған
Балауса

апайымыз,
есікке қарай тұра ұмтылған, Айдос қашып
бара жатып «Өзгеріп кетіпсің бұл күнде» деген
қатарын айтып үлгерді. Дәріскеріміз Айдосты

біраз жерге дейін тырқыратып қуып тастап,
онсыз да берекесі қашқан сабағын ықылассыз
жалғастыруға кіріскен. Бірақ біз Айдостың істі
дәл бұлайша аяқсыз қалдырып, ұзап кетеріне

аса сене қойған жоқпыз. Болжамымыз теріске
шықпады. Қайта айналып кеп, есікті ашпай-ақ,
болмашы саңылаудан нақышына келтіре созып
тұрып «Көркіңе көз тастап ойлана-а-а-ам» деді

де, әрі қарай кете барды. «Нұрлы бейнең қандай
жарқы-ы-ы-ын...».
«Ақ бантик» әнінің қайырмасы біртіндеп
Балаусадан да, бізден де алыстап бара жатты.

Біз

екінші
курсқа
көшкеннен
кейін

інішектерді дүкенге жұмсау, оларды арасында
дікілдетіп ұрып алу, жиналыс жасап ұйқы
бермеу деген бейресми міндеттерімізге «салдыр-
салақ» қарап кеттік. Міне, сол «қателігіміздің»

орнын толтырып, жуып-шайған Айдос еді.
Арасында жақсылығын да айту керек.
Жақсылық пен Аяның танысуы
Екеуінің алғаш қалай танысқаны есімде

жоқ... Терезені ашып далаға қарадым, ыстық
шайға нан батырып жедім... бәрібір есіме
түспеді. Жә, ол енді аса маңызды да емес.
Біз Алматыға 2009-да келдік пойыз арытып.

Жақсылық 2008-де келіп алып, бір жыл
дайындық курсын оқыған. Пысық қой. Ол кезде
қазіргіге қарағанда аздап ұяңдығы бар екенін
ескере отыра, танысу мақсатында Аяға әдеппен

51

Бесінші жатақхана
қолын ұсынды делік. (Мәселен, жатақхананың
алдында).
Алғаш

кезіккенде-ақ
бәрімізді
көзбен бір шолып өтіп, «өй, өңшең дүбәралар!»
деп пәтуа шығарған Ая, Жақаңдай ақынмен

қайбір жетістіріп танысты дейсің. «Атымды
неғылмақшысың?» деп шап ете қалған болар.
Әлде кілең абыздар орныққан 303-ші бөлмеге
(№5 жатақхана руханиятының штаб-пәтері)

барғыштай беретін еді, сөйтіп жүріп Аяның
өзі танысып алды ма екен?.. Қой, болжасаң
болжай бересің. Шайханада ма, майханада ма
әйтеуір, танысты ғой. Таныстықтары тереңге

кетіп,
әңгімелері

жиі

жарасатын.
Бірақ
соған қарамастан сөзге де келіп қала береді.
Аяның айтқанын Жақсылық мойындамайды,

Жақсылықтың айтқанынан Ая ат-тонын ала
қашып, безіп кетеді. «Осыдан сенің қолыңды
алмақ түгілі, көзіңе тура қарасам бір апта самса
жемей кетейін» деген күндері де болған. Жанын

түсінетін жан таппай, еліріп кете жаздағанда
Ая менің бөлмеме келіп: «Анау Жақсылық –
жынды екен», – дейтін жер тепкілеп. «Иә, ол
сондай», – дей жаздап, тілімді тістеймін. Кешке

думандатып жүргенде Жахаң айтады:

Анау Ая қып-қызыл екен!

Қып-қызыл киініп алып па?

Жоқ ей, қып-қызыл жынды екен.

Сендердікі
рахат,
бір-біріңе
тегін

мінездеме беріп жүре бересіңдер.

Ой, ақын жанын түсінбейді...
Бірақ
бұлай
томсырайғандары

тым

ұзаққа
созылмайды.

Ары

кетсе бір

күн,
ашулары қатты болса бір жарым күн. 48
сағаттан кейін алдындағы ашудың ізі де жоқ,
ыржалақ-ыржалақ етіп театрға бара жатады.

52

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Білімдерінің мол болуы, бірақ пікірлерінің
көп ретте ала-құла өрбуі, соған қарамастан
арадағы көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын

рухани жақындық бәрібір бір-бірін іздеттірмей
қоймайды ғой. Бір күні Жақаң Аяға арнаған
өлеңін алып келді. Аз уақыт бұрын ғана
жазыпты. «Ел аралап» кететін ноутбугін таппай

қалып, төтешелеп қағазға түсірген түрі екен:
Жалықты ма екен қаладан қабағы ғарып,
Мұңайып тұрды Ая қыз жанары налып.
Бұрымын тербеп, жанына еркелейтұғын,

Сағынды ма екен Семейдің самалын мамық.
Талпынып еді арманның жырақ таңына,
Жолықты жаны ызғарлы жыл ақпанына.
Ұяттан, жаным, Алматы өртеніп жатыр,

Семейдің ерке елігін жылатқанына.
Мұзбалақ емес қанатын дауыл шыңдаған,
Жасүлпек еді қайырылды, қауырсын-қадам.
Бір қызды несін жылаттың, нән шахар

едің,
Миллион адам әуенін ауырсынбаған...
Әрі қарай, «мынау қала қыздың көз жасын
сіміріп

жатыр»,
«қыздың
ерні
үлбіреп»,

«Алматы атаукересін ішті» дей ме... сондай
бірдеңелерді толғайды. Өлеңге қарап, Аяның
жылағанын аңғаруға болады. Баспалдақтан
түсіп келе жатып аяғын қайырып алды ма, әлде

комменданттан сөз естіді ме, не болса да бір
жағдай болған.
Олардың
рухани

байланыстары
соңғы
уақытта да белгілі бір тоқырауға ұшырады деген

53

Бесінші жатақхана
сөз әрегідік естіліп қалатын. «Тіпті әлеуметтік
желіде

де

байланыстарын
үзіп
алыпты»
дейтін Роза сұлу ішегін тартып. Оған қосылып

ішегімді
тартайын
десем,
денсаулығымды

ойлап жай ғана таңғалып қоя салатынмын.
Сол екі досым 2017 жылы ақыры достасты-ау.
Жақсылық таң атпай достық жіберген екен, Ая
хижра жыл санауы бойынша 1439 жылдың 19-

шы сафарында, кешкі сағат 18:00 шамасында
қабылдапты.
Достықтарың
берік

болсын,
достарым!
Тегін темекі
Көрші бөлмеде 4-курстың жігіттері тұрды.

«Құдай бізді көршіге «жарытқан» екен», – деп
Еркебұлан екеуміз терең күрсініп алып, өмір
сүріп жатырмыз. Көзіміз ілінсе болды «511-де
жиналыс болады» деп тұрған Аршын түсімізге

кіріп, шошып оянамыз. «Көнеміз ғой қайтеміз,
көнбегенде» деп «Сәт» тобы жырлағандай,
«көресімізді көріп алайық, шамалы айдан
соң ыптораш боламыз ғой» дейтін Еркебұлан

иығына түскен шашын тарап тұрып.
...4-курстағы
көршілеріміз
ептеп

бұйымтайларын
айтып
келе
бастады.

Қысылтаяң шақ орнап, қу темекіні табу үшін
басымызды тауға да, тасқа да соғамыз. Бір
күні сасқанымнан курстағы бір қыздан «темекі
бар ма?» деп сұраппын. «Кетші, осы сен әзілді

қатырасың», – деп сыңғыр етіп күлді де ол өте
шықты.
Бір күні ойламаған жерден «мол байлыққа»
кенелдік. Пақырларыңыз Қаскелеңнен бір қап

темекі көтеріп келді жатақханаға. Оны әпкеме

54

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
жұмысынан берген – әлеуметтік сауалнама
жүргізу мақсатында. Шегуге, құшырланып
тартуға, сол тартқаннан ләззат алуға болатын

кәдімгі таза сигарет. Қап толы «қазынаны» алып
келдім де, шифанердің ішіне атып ұрдым. Рахат.
Жоғары курстардың қайсысы келсе де, 2-3
талын суырып берем. Бірақ Еркебұлан екеуміз

мол темекінің бар екені туралы ақпарат жария
болмас үшін, көп көзінен тасада қызғыштай
қорып ұстаймыз. Мұндай молшылықтың бар
екенін көрші Русланның өзі білсе болды емес

пе: әп-сәтте талан-таражға түсіп кете барады.
Руслан – физика факультетінде оқитын, бізден
2-3 жас үлкен жігіт. Өзі ірі денелі, айбатты,
мінезі

ақжарқын.
Темекінің

көп

болғаны
сонша, таусылатын емес. Бір ай өтті, екі ай өтті
қаптың түбі көрінбейді. Ақыры шыдамымыз
бітіп, Русланға өзіміз айттық. Онда да көршіміз

тамақтан кейін темекі таппай, тапқан күнде
де оны сатып алатын тиын таппай безек қағып
жүр екен... Шақырып алдым да, қаптың аузын
ашып, лып еткізіп қайта жаптым. Русекеңнің

көзі шарадай болып: «Жаным, достарым!» – деді
көзі жасаурап, көңілі толқып: «Жақсы көрем
ғой сендерді!». Қап ішінен темекіні уыстап алып
шықты.

– Ойбай, Рус, анау бір уысты солайымен

аузыңа
салмайтын
шығарсың...
бір-бірлеп

неғылсаңшы...

– Енді запасқа ...

– Жарайды... тек өз арамызда қалсын!

– Оған сөз бар ма... жан баласы білмейді!

Сөйтті де, жатақхананың коммендантына
да, күзетшісіне де пысқырмайтын бірбеткей
мінезіне салып, балконға шығып будақтата

55

Бесінші жатақхана
жөнелді. Тапа тал түс. Езуінің салымы бар
ма, оның дәл бұлай көпе-көрнеу тәртіп бұзып
тұрғанын да ешкім байқамады.

Мынауың түк

болған
жоқ,

деп

екінші темекінің «ғұмырына балта шапты».
Денсаулыққа түк қатысы жоқ көзілдірігінің ар
жағынан көзін бақырайтып:

Ал енді тамақ болса, жігіттер, – дейді.
Бірақ осы кез өзіміздің де экономикалық
дағдарыста
жүрген

шағымыз
еді.
«Рус,
ренжіме,

сені
темекіден
басқа
ештеңемен

жарылқай
алмаймыз,
шынымыз
осы»,

дедік Ерекең екеуміз қосарлана. «Бұл да бір
ақкөйек сорлы ғой» дегендей, Рус денесі сонша
дәу болғанымен, жаны нәзік, ауызын ашса
асқазаны көрінетін жігіт еді. Шыдай алмай

темекі туралы әпсананы жариялап жіберіпті.

Сол

күннен
бастап
бөлмемізден
«қонақ»

арылмады. Қашан көрсең қолына 3-4 тал темекі
алып, 310 бөлмеден мейірлене шығып бара
жатқан студенттерді байқауға болатын. Көптің
аты көп, темекі тәмам болып, қаптың іші күл

сасып бейшара қала берді. Екі айға созылған
дүрілдеген біздің дәурен де бітті...
Жатақхана – ортақ мекеніміз
Жатақханада Жайнаш деген апайымыз

болды. Вахтерша. Түнгі сағат 11-де бүкіл
бөлмені
аралап
тазалығын

тексеріп,
студенттерді түгендеген соң, бірінші қабаттағы
диванға барып қисаяды. Ел орнына жатты-
ау, апай да көз іліндірді-ау деп, түнгі сағат

3-те, үшінші қабатта тәй-тәй басып кетіп
бара жатсаң, «Жатсайшы Абай! Не жүріс,

56

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
түнгі үште!?» деген дауыс саңқ ете түседі. Сол
орныңда қалшиып тұрасың да қалатынсың. Әрі
ана дауыс жаңғырып, құлағыңа эхомен жеткен

кезде тіпті әсерлі. Тура кинодағыдай. Біздің
ұлы сапарымыздың түн ауа басталатынын беске
білетін апай, кімнің жүріп бара жатқанын да
жазбай танитын. Қай бір жылы дәл осы апай

туралы біздің Роза Әрен «Вахтерша» деген
атаумен мақала жазып, «Алматы ақшамы»
газетіне де жариялады.
Жігіттер себеппен, кейде себепсіз, бой

жазып қайтайық деп сабақтан соң сыралатады
ара-тұра. Кейде тіпті қаттырақ та сілтеп
жіберсе
керек.

Мұндайда
жатаққа
дейін
думандатып жетуге әбден болады. Ол кезде

қазіргідей
қалашықтың
ішінде
қаптаған

сақшылар да жоқ. Камера да ілінбеген дәурен.
Алшаңдап басып, айғайлап ән айтып келсең де
ешкім алдыңды кеспейді. Бірақ вахтершаның
алдынан өту қиямет-қайым. Бір топ бала бірер

минут кіреберісте өз-өздерін психологиялық
дайындықтан өткізіп алады. Мас адамнан сау
адамға «айналу» оңай болып па еді, еңселерін
тіктеп, жүрістерін түзулеп, көздерін оңалтып,

салихалы тұлға секілді кабинканың алдынан
желіп өтіп кетуге тырысады. Әлемтапырақ
жүздерін «жасырғанмен» әлемді алған иіс
кейде «сатып береді». Келесі жолы алыстан

орағытып өтуге тырысқан. Бірақ Жайнаш апай
ешқашан алданған емес. «Ал да жарықтықтар-
ай, ненің құрметіне тойлатады осылар?» деп
дүрс еткізеді. Бітті. Денелерін күшпен ұстап

келе жатқан әлгілер, әрі қарай ардың-гүрдің
етіп, өз-өздерін «тастай салады».
Перваш кезімізде балконнан түсіп, түнгі

57

Бесінші жатақхана
сағат 2-де дүкенге алғаш жұмсалған Аршын
екеуміз
едік.

Тапсырманы
орындап,
2-ші
қабатқа

өрмелеп
бара
жатқанда,
күзетші

«ей, түсіңдер» деп айтты екен деп, түсіп қала
беріппіз. Тәжірибенің жоқтығы ғой. Не
істеп жүрсіңдер десе, қоқыс төгуге деп былш
еткізгенсің (Түнгі сағат 2-де қоқыс төгуге деген

неткен
құлшыныс
десеңізші).
Аға-көкелеп

әзер құтылғанбыз, әйтеуір. Онда да Жайнаш
апай алдымыздан шығып, күзетшілердің пәтін
қайтарып жүріп, арашалап қалды. Сақшылар
кеткен соң, өзімізді де әбден жөнге салып,

ұрысты. Бірақ жолымыз болмай, тауымыз
шағылды екен-ау деген біз жоқ. Кеш қарая
басталатын жорығымызды жалғастыра бердік.
Балконнан түсіп келе жатқан, өрмелеп бара

жатқан пақырлардың да саны азаймады.
Обалы не керек, жатақтағы 4 жылдың біраз
уақытын ұйқымен өткіздік. Таңымызды түскі
сағат 12-де аттырып, 1-ге таяу есік алдындағы

скамейкада маужырап отырамыз үш-төрт бала.
Пысық жұрттар сабақтан келе жатыр тақ-тақ
етіп. Біз құдды ардагерлерге ұқсап күн шуақтап
отырмыз. Анау тұстан біздің курстың қыздары

да төбе көрсетті. «Түске дейін ұйқы соққанша,
сабаққа барсаңдар қайтеді? Түнімен еліріп
жүресіңдер, ертең сессияда шырылдайсыңдар
ғой», – дейді қасымызға келген Жайнаш

апайымыз.
Дауысынан
жанашырлықтың
емеуріні айқын байқалып тұрады. Сондай

жылы. Кейде әңгімелесіп, сырласып та кетеміз.
Газеттен мақаламызды, теледидардан өзімізді
көрсе, балаша мәз болып отырады. Бірақ түнде
бөлмеде «түтіндеп» отырып ұсталып қалсаң, не

балконға өрмелеп бара жатқаныңды байқаса,

58

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
аямайтын.
Адамгершілік

пен

тәртіптің,
қамқорлық пен жазаның тізгінін қатар ұстаған,
қайткен күнде де біздің жақсы болуымызды
қалаған шынайы кісі еді.

Ең мейірімді профессор
Журналистика
факультетінің,

№5

жатақхананың адамға сыйлап қоятын алабөтен
сағынышы бар. Кейде еш себепсіз осы екі
нысанға қарай тартып отырамын да, өзіме
«мол материал» жинап қайтамын. Рас, түрлі

оқиғалар тізбегі, өткен шақтың іздері осы екі
нысанда сайрап жатыр. Құр қалқиған естеліктер
емес, өткеніңді бағдарлап, алдағыңа арман
қосақтайтын

ойлармен
қауышасың.
Кейде
мақсатты түрде аяқ басамын. Ондай сәтте Кәкен

Хамзин, Мұрат Шаймаран ағайларыммен шай
ішіп, еңсе көтеріліп, көңіл серпіліп қайтады.
Бірер ай бұрын Студенттер сарайының ішінде
Кәкен ағаймен ұшырасып қалдым.

Абайжан, сен жазғандарыңды жинақтап
кітап шығарсаңшы, – деді күлімсіреп.

Сол дүние ойда бар, бірақ «естелік айтып
отыруға» әлі ертелеу емес пе? – деймін.

Тіпті де ерте емес, оны оқитын жастар
көп, – деп шабыттандырып қойды.
Мұндай мотивациядан соң қалай жазбассың.
Осындай ірі ұстаздан, талай мықтыға тәлім

берген адамнан жылы пікір есту расында ғажап
нәрсе.
Ең алғаш оқуға түскен мезетте Кәкен ағай
біз үшін ең қатал ұстаз болып көрінген. Уақыт

өте келе ол кісінің ең мейірімді профессор
екеніне көз жеткізе бастадық. Әр сабағынан, әр

59

Бесінші жатақхана
дәрісінен қайралып, шар болаттай шыңдалып
шығатынбыз. Ақырында сабағынан қалмауға
тырысып, сұхбаттасуға асық болып тұратын

күйге жеттік. Дәрісті бір сарынды өткізіп
шыға салмайды. 50 минуттың ішінде сабақ та
сұралады, тапсырма да беріледі, пікірталасқа
да уақыт табылады, өткен уақыттан естеліктер

легі де ағытылады, керек десеңіз ән де айтылып,
күй де тартылатын. Мұндай ұстаздан білім
алмауға қалай ұмтылмассың. Кейде сабақ
түсіндіріп жатқан кезінде, сөзіне жағаласып,

қосамжарлана берген студентке жылы жымиып
қарап тұрып «Сіз сөзді бөле бердіңіз ғой, Бекежан
мырза» дейтінінің өзі аудиторияны сілтідей
тындыруға жетіп жататын. Журналистиканың

арғы-бергі
тарихын
қаузап,
деректер

мен

дәйектерді тұшымды түрде санаға сіңдіруі,
арпалысқан
ақпарат
арасынан

ілкімдісін
алуды, тақырыпты қалай таңдау керектігін –
майдан қыл суырғандай етіп үйрететін ерекше
әдісі, адамға нағыз шәкірт бақытын сыйлайтын

қасиеттер деп айтар едім.
Кейде
осындай
күрделі

тақырыпты
түсіндіріп болған соң, бір уақ жылы естеліктерге
де орын береді. Ондай кезде біздің шекеміз
қызып, алға қарай тіпті еміне түсеміз. Бірде,

қалай «Қыз Жібек» фильміне түскендерін
де баяндап берді. Тарихи киноның түсірілімі

– ағайдың студенттік жалынды жылдарына

тұспа-тұс келген. Курстағы біраз жігіт шұбап
кастингке барады. Түсірілім басталған соң
көбісі массовкаға қатысады. Сабақтан бірде
сұранып, бірде сұранбай, әйтеуір уақыттың

ебін тауып, біршама күн түсірілім алаңына
қатынап жүрген. Кейін фильм жарыққа шығар

60

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
сәтте
халық
ағылып-төгіліп

«Целинный»
кинотеатрына қарай бет алады. Кассаның алды
нөпір адам. Олардың арасынан кимелеп өтіп те,
мәдениеттілік сақтап кезек күтіп те билет алу

мүмкін емес. Ақыры, ішінде ағайымыз бар, бір
топ жігіт айлаға көшеді. Дене тұрқы ықшам,
жеңілдеу деген Кәкен ағайды құрдастары
алқалап көтеріп алады да, алдыңғы лекке қарай

лақтырады. Операция ойдағыдай жүзеге асып,
көптің қолы жетпей тұрған билет әп-сәтте уысқа
түскен. Оқиғаны елестете отырып тыңдаған
біз, ал кеп күлеміз. Мұндай сәтте ағайдың

өзі де мейірленіп қалады. Жасыратыны жоқ,
кейде сабақтың осындай ду-думанмен өріліп,
тезірек аяқталуын тілейтін есек дәме де пайда
болмай қоймайтын. Бұл да бір жастыққа тән

әдет қой. Бірақ ұстаз талап пен тәртіптен
ешқашан айныған емес. Осылай естелік айтып
бір күлдіріп алады да, тізім бойынша тапсырма
сұрай

бастайтын.
Ондай
кезде
қайтадан

құнжыңдап дәптер ақтарып, сабақ орындап
келді-ау деген қыздарға жаутаңдап қаламыз.
Дегенмен, ұстазымыздың сабағынан өте алмай
қалып, соры қайнап жүрген жан баласын

көрмеппін. Ағай ең алдымен мамандыққа адал
болуды, өз кәсібіңді сүюді, қалам мен қағаз
құдіретін шынайы сезінуді үйретті.

Бір

жолы
емтиханға
келмей
қалған

Наурызгүл Мырзахметованы кешіре салғаны
да есте. Маңызды емтихан басталғалы жатыр:
2-курстан
бастап

бизнес-ледиге
айналған
Наурыз
қызымыздың

қарасы
көрінбейді.
Жарты
сағат

өтті.
Ақыры
болмаған

соң

топтағы Руслан Есмағамбет қоңырау шалған:
«Наурызгүл,
қайдасың?
Кәкен

ағайдың

61

Бесінші жатақхана
емтиханы басталғалы жатыр!». Мырзахметова
еш саспастан қоңыраудың ар жағынан: «О-о-о,
Рус, мен бір шаруалармен кешігіп жатырмын.

Орныма жаза салшы, бір иіссу менен!» деп
қарап
тұр.
Ашуға

мінудің
орнына,
ағай
шәкіртіне кеңдік танытып сала берген сол

жолы. Қай-қай студентке болсын дем беріп,
қолдау көрсетіп, жөн сілтеп жүретіні – дара
дегдарлық, аңқып тұрған адалдық. Кей сәтте
ішкі жан-дүниеміздің қалауымен, жүректің

жетелеуімен осындай ұстазға қарай өзінен өзі
асығып, жай ғана сәлем бергіміз, сырласқымыз
келіп тұратыны да сондықтан. Әдемі әзіл,
әсерлі әңгімеден ажырамай аман жүре беріңіз,

ағай! Кісі туралы жазу үшін оның туған күні
болуы маңызды емес. Жақында ұстазымыз
Астанада біздің топтың аруларымен кездескен
екен. «Сол кездесуде Абай да болғанда, әдемі бір

жазба жазар еді» депті. Бұл – жай ғана сөз емес,
бұл – дара ұстаздың кеудеңе келіп орден тағып
кеткеніндей бір әсер. Жақсы адамдар жайлы
жазудан жалықпайық!

Жер сілкінген түн
2011 жыл еді. 2-курсқа келіп, бой-сойымыз
біршама келісіп, «втораш» деген абыройлы
мандатқа кір шалдырмауға тырысып жүрген

шақ. Сәуір айы тұғын. Жаймашуақ күндердің
бірінде кенет, «жер сілкінісі болады» деген
әңгіме желдей есті. Сейсмологтар «бұл бір
емес, бірнеше күнге созылады, сақ болып

отырыңыздар» деген. Бізде ес жоқ, жатақхана
ол дүрлігіп жатыр. Біреулер сөмкесін көтеріп
кетіп барады. Құдды жер сілкініп болғанша

62

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Марсты мекендей тұратын адам сияқты. Біз
сияқты
жүрегіне

жүн

біткен
ержүректер
қасқайып қала бердік. Бірақ жатақтағы күллі
пендеде ұйқы жоқ, бәріміз жердің сілкінгенін

тағатсыздана күтудеміз.

Тау

түгілі
төбе

жоқ

Қызылорда жер

сілкінгенін көрді дейсің бе, бізге қызық болып
тұр енді. Таулы аймақта өскендердің қабағы
кіржиіп кеткен. Несі қызық, сілкінгенде зәрең
зәр түбіне кетеді дейді. Не болса да көрейік деп,

жатақ алдындағы бордерді жағалай шуылдасып
отырмыз. Сабақ та, басқасы да қызық болмай
қалды. Бір кезде жүрегі тарсылдап, «сілкіністі»
күтіп жүрген төменгі курстың бір қызы

далаға атып шығып «Ой, бүгін түнгі сағат 3-ке
таман сілкінеді дейді, мен ол кезде ұйықтап
қаламын ғой», – деп ашуланады. Сілкіністі
сезіне алмайтынына өкініп тұрғаны көзінен

байқалады.
Табиғаттың
тосын
мінезін

өз

мақсаттарына пайдаланып жатқандар да аз
емес. Тәуірбек сияқты қуақы тілді, ішінің бәрі
«жымысқы саясатқа» толған кей жігіттер:
«Қарындасым, қорқып отырсың ба... қорықпа,

мен осында боламын, керек десең бөлмеңде
отыра тұрайын», – деп жақсы көретін қыздарын
жағалап жүр. Құдды жер сілкінгенде дәп сол
қыздың бөлмесін қорғап қалатын батырларша.

Шуылдасып-шуылдасып
болып
жан-
жағыма қарасам, Жақсылық жоқ. Қапияда

досымнан көз жазып қалармын деп, жан-дәрмен
жоғарыға жүгірдім. Өзінің бойы да кішкентай,
жер сілкініп қалғанда допша серпіліп аспаннан
бір-ақ шықса не істеймін деген ой дегбірімді

тіпті қашырып жіберді. Жолай, кеше оның
әлдебір туған күннен біраз тойлатып келгені

63

Бесінші жатақхана
есіме түсті. Әп-сәтте бөлмесіне кіріп барғаным
сол еді, Жәкең тефаль ұстап алдымнан шықты.
Сөйтсем, бұ жазған дәрет алып жүр екен.

Басында тақия. Жер сілкінеді дегенді ести сала,
құлшылық жасап жатқан беті. «Жалғанның
қызығы – жастық шақта ойнап-күлу» деуден
жағы талмайтын досымның бір сәтте тәубеге

келгеніне әрі таңырқап, әрі ырза болдым.
«Алланың қалауымен, бүгін түнгі сағат 3-те
келеді деп жатыр, күтеміз, Иншалла», –
дейді Жәкең. «Кім келеді 3-те?» десем, «Ау,

жер сілкінбей ме?» дейді бажырайып. Сағат
тілі көптен күткен 3-ті де көрсетті-ау. Әуелі
лампалар тербеліп, сосын шкафтар танго билеп,
сілкініс дегеніңіз 7-8 секундта өте шықты. Қап,

қызық болмай қалды дедік бәріміз жамырап.
Жахаң да ертесіне қайтадан «Ал давайға» қарай
жортып бара жатыр екен деп естідік...
Біздер құрған трио

Сабаққа барайын десем мойным жар бермей,
бөлмемде шалқамнан түсіп, потолокқа қарап
жатыр едім, апыл-тапыл басып Жақсылық кіріп
келді. Қолына домбыра ұстап, оның басына

екі баклашка іліп алыпты. Топ құрайық дейді
ентігіп. «Кім-кім құрамыз?» дедім самарқау
ғана потолоктан көзімді айырмаған күйі.

Мен, сен, Қозыбай – үшеуміз, – дейді
Жәкең. Бол, бол, тездет деп асықтырып қояды
тағы. Содан жолдан Қозекеңді ертіп алып
корпусқа келдік.

Менің үстімде ұлттық оюы бар киім.
Қозыбай шамалы батысша киінеді. Сен кәстөм-
шалбармен классикалық стильді ұстанасың. Үш

64

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
бағытты тоғыстырамыз, – деп сайрады Жәкем.

Тоғыстырғанда... ол қалай болар екен?..

– дейді Қозекең асып-сасып.

Жөпелдемеде топ құрамыз деп дедектетіп ап
келген соң, әлі не боп жатқанын түсінбей тұрған
сияқты.

Жо, құруын құрамыз ғой, – дедім бір
жөткірініп алып. Жәкең ал кеп ашулансын.
«Сенің құрамыз ғой дегенің не ол?!» дейді
ақырып. «Қазірдің өзінде құрылып тұрған

жоқпыз ба?».
Мынадан кейін Қозыбай екеуміз шындап
сасайын дедік. Түнде «ролтонға» тойып алып
ұйықтап кетіп, азанда «жұлдыз» боп ояну

расында қызық нәрсе екен. Әп-сәтте білдей
бір топтың мүшесі боп шыға келгенімізге сене
алмай тұрмыз...

Әй, Жақсылық, сен сандала берме! – деді
аздап ренжіген Қозекең, – Қарап жүрмей топқа
тыққаныңды қарашы, ал не ән айтамыз сонда?

Сен де проблеманы тапқан екенсің, –
деп әрі солисіміз, әрі продюсеріміз миығынан
күлді, – Қазақта не көп, ән көп емес пе? Айта
береміз, айта береміз! Алдымен фотосессия

жасап алайық, – деп фойедегі орындыққа отыра
кетті. Біз де отырдық. Сосын суретке түстік.
2-3 аттам жердегі аудиториядан Кәкен ағайдың
дауысы талып естіледі:

Отырыңдар солай! Көрсетейін сендерге
сабаққа кешіккенді...
5-ші қабаттағы орыс кемпір
Қайсар

Қауымбек,
Жақсылық
Қазымұратұлы және дарынды әнші Қайнар

65

Бесінші жатақхана
Қатпай – бәрі Тимирязев пен Марков көшелерінің
қиылысындағы
пәтерде,

5-қабатта
тұрды.
Күнде кешкілік Қайнар гитарасын қолына ала
бергенде,

Қайсекең:
«Қайнар,
жоғарыдағы
орыс кемпір ренжиді. Кеше сені айғайлап ән

шырқап маза бермеді деп біраз әңгіме айтты.
Мынауыңды
дыңғырлатпай-ақ
қойшы»,

дейді екен. Қайнекең дереу гитарасын амалсыз
қабырғаға сүйей салады. Пәтерде тұрып көрген
адамға айқай-шу шығарғыш орыс әжейлердің
жайы белгілі ғой.

Бір жолы қолына енді домбырасын алып, сал
Біржанның «Ақ тұйғын құс қолымда сырғақты
ма» деген әнін шарықтата жөнелгенде, Қайсар
шыр-шыр ете қалады: «Ойбай, досым, орыс

кемпір өлтіреді ғой...». Қайнардың әні тура
сол жерден кілт үзіліпті. Араға күндер салып,
төбедегі әжейді тарс есінен шығарып алған
Қайнекең әлгі әнді тағы бастай бергенде,

Қайсар тағы да араласады. Бұл жолы ұзын
сөзді шұбатып жатпай-ақ, «Орыс кемпір!»
дей салады. Қайнардың да әні «Ақ тұйғ!» деп
шорт кесіліпті. Кейінгі кездері Қайнар қолын

музыкалық аспабына жүгірте бергенде, Қайсар
тіпті де сөйлеместен, сұқ саусағымен төбені
көрсете салатын болыпты. Ән де жоқ, әңгіме де
жоқ, Қайнар не теледидар қарайды, не кітабын

парақтап жөніне отырады.
Сол күннен бастап біраз уақытқа дейін
үйдегі музыкалық аспаптар біржола тыныштық
тауып, қол тимеген күйі бір бұрышта тұрады да

қояды. «Аш пәледен қаш пәле» деп Қайнар да
аспаптарына жоламайды. Алматыны аралап
әзер тапқан пәтерлерінен айырылып қалса,
тірліктің берекесі қашпай ма? Осыны ойлаған

66

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Қайнар сабақта (Өнер академиясы) домбыра мен
гитараны аямай тартып, үйге келгенде тыныш
қана жататын. Күндер өте береді... Бір жолы

Қайнар баспалдақпен көтеріліп, өз пәтерінің
есігіне ашуға ыңғайланып жатады. Кенет,
төбеге қараса, пәтер түгіл, дәнеңе де жоқ.
Потолок тура бұлардың есігінің үстінен тәмам

болған. Тек салбырап қауіпсіздік баспалдағы
байқалады. «Орыс кемпірдің» шатырды мекен
етпейтіні анық қой енді. Осы кезде барып,
өздерінің ең жоғарғы 5-қабатта тұратыны

есіне бір-ақ түсіпті. Ал Қайсекең бір ай бойы
Қайнарды қалағанынша алдаған. Әйтсе де, орыс
кемпірден қорқып жүріп-ақ Қайнар талғамды,
танымал әнші болып кетті. Қайсар келіншегімен

бірге Америкаға аттанып кеткен. Пәтерлес
басқа балалар да жөн-жөнімен тарқаған. Қазір
Тимирязев пен Марков қиылысынан өткенде
ғана осындай оқиғалар, бірге өткізген күндер

ойға оралады, жылы естеліктер сыйлайды.
«Агенттен» шыққан дәу
Олжас
Қасым

мен

Уәлихан
Жайлау
курстас. Екеуі де бізден үлкен жігіттер. Біз
1-курсқа түскенде олар 3-курс оқып жатты.

Ол кез м-агенттің хит кезі. Уәли агентке
басқа есіммен кіріп алып, Олжастың біраз
мазасын қашырыпты. Анығында бір бандит
болып қорқытады. Анау деп, мынау деп

әжептәуір тергеуге алып, қатты-қатты сөздер
айтып, тіпті жақсылап тұрып балағаттап та
тастайды. Сөйтсе, Олжекең еш саспастан «Аға,
боқтамаңыз» депті. «Әй, сен мені кім деп

тұрсың? Қазір тауып аламын, бөлмең қандай?»

67

Бесінші жатақхана
десе, «Ол – жұмбақ» деп қатырған көрінеді.
Содан Уәлихан зыр етіп астына түсіп, Жайнаш
апайға өтінішін мақұлдатып, минут өтпей қайта

бөлмесіне оралады. Ақыры, әңгіме өрби келе,
әлгі «бандит» – «төменге түс, жатақтың алдына
келіп тұрмын» деп қысқа қайырады. Осы кезде
Жайнаш апай да дауыс зорайтқышпен өзінің

байсалды мақамына салып тұрып: «Олжа-а-
ас Қасы-ы-ы-ым, астына түс, саған адам келіп
тұр» деп жүрегін одан әрі селк еткізген. Ал
Уәкең болса өзі көрші бөлмеде отырып алып

сықылықтап кеп күлсін. Шықпай отырып
алғаным ұят қой деп Олжас бірінші қабатқа
беттейді. Кездейсоқтық дегенді қойсаңшы,
түссе расымен де Уәлихан өтірік сипаттай

салған адамның нақ өзі мес қарнын сипалап,
жатақтың алдында тұр дейді.
«Рухтың адасуы»
Біз шетімізден топырлап 1-курсқа түсіп

жатқан
кезде,
Бауыржан
Әлқожа

ағамыз
бөлмесінде шалқасынан құлап, самарқау ғана
кітап кеміріп жатты. Топ-топ етіп түсіп болды-
ау деген кезде, «Кабинетіме бас сұғып кетсін»

деп шақырту жіберіпті. Өзіміз үлкендердің
қаһарына
ұшырап
жүрегіміз

шайлығып
отырғанда, 3-курстағы Бәукең шақырып жатыр
деген соң ес қалмай, ентелеп жетіп бардық.
Бірақ күткендегідей емес, жылы қарсы алды.

Алғашқы күнгі Ілескеннің сұсты бейнесінен
қаймығып
қалсақ
керек,

Бауыржанның
күліп отырғанына ерекше ырза болыстық.
Бірақ өзі тым салмақты екен. Бір-екі ауыз
сөйлескен соң «өлең оқысаңдаршы, ақын

68

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
екенсіңдер ғой» дейді. Осы кезде ортамызда
отырған Еркебұлан досымыз қолтығынан жарқ
еткізіп кітабын суырып шығарды. Бәукеңмен

қосылып көзіміз алақандай болды да кетті.
Кітабының атауының өзінен ат үркеді: «Рухтың
адасуы». Біздер Алматыға келіп, кока-кола
ішкенімізге мәз болып жүргенімізде, Ерекең

күндей күркіреп, найзағайдай жарқылдап,
алдаспан жырлар тудырып тастапты. Бірақ
таңғалысымыз
мұнымен

тәмамдалмады.
Кітабына басқа-басқа емес, айтулы Мұхтар
Шахановтың өзі алғысөз жазған. Дәл осы
сәтте қасымызда отырған Жақсылықтың жүні

жығылды да қалды. Қазақстанды сағынып,
Шахановты пір тұтып келгенде, аңыз адамы
Шымкенттің кішкентай бір баласына алғысөз
жазыпты деген ой жанын жеп барады. Құлағы

тарс
бітеліп,
жер-дүние

шыр

айналып,
мең-зең
болып
кеткендей.

Еркебұланның
өлеңдерінен де аздап Шахановтың сарыны
еседі екен. Бірақ дәл сол ағыс, дәл сол бағыт
емес, басқаша бұрылыстар, өзгеше өрімдерді

байқайсың. Осылайша, ақынбыз деп келген
біраз ағайынның аузына сол кеште қап-қап құм
құйылды да қалды. Құйылса құйылсын, шын
таланттың мойындалғаны да ерлік емес пе.

Бірақ Жәкең өз ойымен өзі арпалысып отыр.
Сонда осы кезге дейін махаббат туралы жазып
келгенім бекер ме деп аласұрады. Ау мен «он
төрт жас эротикасын» жаздым емес пе дейді көзі

жәутеңдеп: «Қарала сырмағым да бар». Жас
ақынның қарымын байқаған Бауыржан ағамыз,
өз қолымен қолтаңба жазып беруін сұраған. Өзі
етжеңді, саусақтары да ірі Ерекең, азғантай екі

сөйлемді сойдақтатып бір бетке толтыра жазды

69

Бесінші жатақхана
да, Бәукеңе сыйлаған. Қолтаңбадағы сөзі «Көз
қырыңды сала жүргейсің, соңыңнан ерген
ініңбіз» дегенге саяды. Әрі қарай біз де өлең

оқыған болдық. Мұнымыз тура теңіздің қасынан
құдық қазғандай әуре екенін ойлап, ішіміз
қыжылдайды аздап. Еркебұланның бенефисіне
айналған сол кештен кейін Жақсылық ас-су

ішпестен үш күн жатыпты...
Төртінші күн дегенде тұрып, корпусқа бара
жатса алдынан Еркебұлан шығып, жабыса
кеткен көрінеді. «Ойпой Жәке, өлеңдеріңізге

сындым» дейді ғой әй-шәй жоқ. Сол кезде барып
Жақа досымның маңдайы жіпсіп, көзіне от
ұялайды. Сырбаз Бәукеңнің сол бір жиынын бас
қосқан сайын ылғи айтамыз да, күліп аламыз.

Әсіресе, Еркебұланның қолтығынан кітапты
қылыштай
суырып
алып,

Жақсылықтың
көзінің отын жарқ еткізгені ұмытылмас кадр
болып қала бермек.
Өзіміз бір ішейікші

Ақындар,
журналистер

эмоцияның
адамдары, олар шығармашылық тұлғалар,
олар ішу керек деген әңгіме ара-тұра әр тұстан
естіліп қалатын. 1-курсқа түсіп жатақхананың

өміріне біраз бой үйреткен соң, біздің жігіттер
де «өзіміз болып отырып, бір ішейікші» дейді
ғой, жасыратын несі бар. 303А-ның есігін тарс
бекітіп алып, сырадан сілтейді. «Сыр айтқанда

болмай ма сыра тәтті» деген осы емес пе деп,
қазақ поэзиясы мен прозасының кешегісі, бүгіні
һәм келешегі туралы сол кеште ірі-ірі ойлар
айтылады. Біраз мәселенің түйіні шешіліп,

«бауырым да бауырым, ішімдегі тәуірім»

70

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
сарынындағы сөз тізбектері жиі қайталанып,
бір-біріне жүректері одан әрмен елжірей түседі.

Сәл

шегініс... біз

«балмұздақ»
болып
жүрген дәуірде физфактың үш жігіті біздің
жатақханада тұрды. Үшеуі өте сыпайы, қамқор

еді. Әрі намазхан. «Жігіттер, қолдарың тисе
келіп тамақ ішіп кетіңдер, сосын бірігіп бәріміз
жамағат болып намаз оқиық», – дейтін. «Ойбай,
көке, қазір десең қазір барамыз», – деп Аршын,

Серік, Үмбетәлі, Еркебұлан бастаған перваштар
іркес-тіркес
жетіп
барамыз.

Қаншалықты
намазға жығылып, сауапқа кенелейік деп
ойлағанымызды қайдам, бірақ тамақ ішу үшін
барып тұрғанымыз, бұл енді анық еді. Терлеп-

тепшіп тамағын ішіп алған соң, «намазға
қатыса алмаймын» деп кетіп қала алмайсың
ғой. Асын ішіп, аяғын тепкендей боласың.
Жамағат болып оқимыз... бұған біртіндеп

кәдімгідей илана бастап, біраз балалар өз
бөлмесінде де құлшылық қылуға кіріскен. Бір
жолы – тамағымызды жеп кете беретін көрші
бөлмедегі Руслан мен Еркебұлан бірге оқыпты.

Күн сайын езуі жиылмайтын Руслан имамның
міндетіне кірісіп, Еркебұлан оған ұйып тұр. Бір
кезде намаздың қақ ортасына жете бере екеуі
жарылып тұрып күліпті дейді. Қайтсін енді,

шыдамаған ғой. Бұл жағдай басқа балалардың
арасында да қайталана берген соң, біздің
жігіттер қайтадан діншілдіктерін қойып, баяғы
өмірлеріне орала бастаған...

Тура осы кезде әлгі «ішу» туралы идея
көтеріліп, ол да уақытында орындалады ғой.
Ертесіне сабақтан келсек, старшактар кешегі
думан туралы естіп қойып, ашуланып жатыр

екен. Біздің жігіттер «ішсек өзіміз іштік,

71

Бесінші жатақхана
соларға бірдеңе деппіз бе?» дейді. Не керек,
кешке жиын болды. Төрде әлгі үш намазханның
аса белсендісі қабағын тарс түйіп отыр екен.

«Сендерді иманды, тәртіпті адам бола ма десек,
бұларың не сыра ішіп?! Сендер басқа шығайын
депсіңдер» деді де, жуан жұдырықтарымен
жазалауын

бастап
кеткен.
Бастамашылдар
мен түбінде бір тамшы қалғанша сілтегендерді

ортаға шығарып қойды да, алдарына кесе-кесе
су қойып, «мыналарды тауысыңдар» дейді.
Әлгілердің
көзі

бақыраяды.
Қырсыққанда
ортамыздағы біреуі, байқамады ма, әлде әдейі
істеді ме қайнап тұрған ыстық су құйып әкепті.

«Үп-үп деп суытып ішіңдер, тауысыңдар, сыра
ішкенде бәлесіңдер», – дейді старшагымыз.
Бір жағы күлкі қысып барады, бір жағы
өкініп те тұр жігіттер... ең соңында үлкендер

кете салысымен өздерімен өздері қалған соң
«бұл жағдай – біздің шығармашылығымызға
бағытталған соққы, мұнымен күресу керек» деп
түнделетіп дүкенге тартып отырыпты дейді бір

топ перваш.
Айтыскер
1-курстың
алғашқы

күндері
домбыра
арқалап жүргенге жұрттар мені әжептәуір
айтары бар айтыскер екен деп қалса керек.

Алқа-қотан
отырып
алып,
өлең

айт деп

қолқалайды. Мұндай қошеметті көрген кезде
жүрегім езіліп, көзіме жас келіп бастап кетемін.
«Сенің атың Есхат, Жазып берші бес хат» деген
сияқты жауһар теңеулермен арпалысамын да

отырамын. Ақыры бір күні аласұрып қарсылас
іздедім. Дап-дардай сал-сері қарсылас таппай

72

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
отыр деген жаман атқа қалмайық деп, Үмбетәлі
мен Аршын бөлме кезіп кетті. Бұрын бөлме-
бөлмеге жылтиып бас сұғып «сәбіз бар ма, пияз

бар ма?» деп қана сұрайтындардың «айтысатын
ақын бар ма?» деген сұрағына біраз жұрт
үйренісе алмай, үрпиісіп қалыпты деседі.
Амалдары таусылып 303-тегі марғасқаларқа

жат та кеп жабысады. «Жақсылық көке» деп
жалыныпты
Аршын:
«Домбыра

өзімізден,
тек айтысып берсең болды». Жәкең, «мен
жазба ақынмын» деп келіспей қояды. Әйтеуір,
бұлардың ақын іздеген дабыры ауа жайылып

Зорагүлдің де құлағына жеткен. «Қыз болсам
да қаймығатын мен емес» деп сәлем жолдап
жіберіпті. Содан қолымыз қалт етсе 511-ге
жинала қалып, айтыса кетеміз. Екеуміздің

бұзып-жарып бара жатқанымыз шамалы болса
да, жиылған жұрттың қарасы қалың, қошеметі
ыстық сияқты. Ол кезде қазіргі дүрілдеген
әлеуметтік желі атаулының бірі де жоқ, бәрі

қолдары алдарына сыймай жүргендер, біздің
айтысты тыңдамағанда қайда барсын.
Бір күні университет аралық студенттер
айтысына факультет ұзақ ойланып жатпастан

Зорагүл
екеумізді
жібере
салды.

Қызық
болғанда жеребе екеумізді қарсылас қылып
түсіріпті. Жақсылық: «саспа, өлтіріп заготовка
дайындап беремін» деді. Соған сеніп тұрмын.

Түстен кейін қолыма бір жапырақ қағазды
қыстырып, асығыспын деп тайып тұрды:
«Ақынсың деп ел-жұрты мақтаған қыз,
Қасиетін сары майдай сақтаған қыз,

Талай-талай бәйгеде олжа салған,
Сайыстың алдын бермес ақтабан қыз,
Қарсы келген қарсыласты бет қаратпай,

73

Бесінші жатақхана
Кіммен дағы айтысса да таптаған қыз...
Осылай деп тізбелеп алып келіпті де:
Жасы шіркін, келсе де жиырмаға,

Ешкімнің қойнына жатпаған қыз!» – деп
қойып қалыпты.
Мәссаған, мына тіркесті айтсам ба, айтпасам
ба деп сенделдім де қалдым. Айтайын десем

ұялам, айтпайын десем залды дүр еткізем
ғой деген қу нәпсі жеңіп барады. Көзімді бір
ашсам «үйренген жау атыспаққа жақсы» деп,
мехматтың сахнасында Зораға қарсы «ұрыс

салып» отыр екем... Бір кезде әлгі шумақтың
алдыңғы
қатарларын
шырқай

бастадым.
Аяқтайтын
финалдық
ұйқасқа

да

тақап
қалғам... аузым өлең айтып отырғанымен,
ойым әлі сан-сақта: құрғыр «қойын туралыны»
айтсам ба, айтпасам ба деп отырдым да...

ақыры, тәуекел деп түйінді тіркесті лақ еткізіп,
домбырамды
қағып-қағып
жіберіп

тұрып
кеттім. Зал у-шу, қым-қиғаш... Айтыстың
нәтижесін де күтпестен, Зорагүлдің көзіне
де түспестен, туралап жатақханаға тайдым.

Ертеңіне
Сағатбек
ағай:
«Әй,

«ешкімнің
қойнына жатпаған қыз» деген не сөз?! Сахна
мәдениеті деген болмай ма?!» деп ұрсыңқырап
алды. Содан кейін-ақ айтыстағы карьерамды

аяқтап жібердім. Жатақханада салтанатты кеш
беріп, жұрттың мен туралы мақтаулары мен
жылы лебіздерін естіп барып айтыстан кетейін
деген ойым сол күйі іске аспады.

Автокөлік алған күн
Жақсылық
досымның
алғаш

автокөлік
алған
кезі
еді.

Бәріміз
темір
тұлпарлы

74

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
болғандай бөрікті аспанға атып қуандық. Аппақ
«Мерстің» қасында әңгіме-дүкен құрып тұрмыз.
Көліктің иесі Жақсылық ойлана келе, тізгінді

Еркебұланға ұстатып, ресми түрде «шопыр»
қылып тағайындады.

7-сыныптан
көлік
руліне
отырған

тәжірибең бар әрі Алматының да ой-шұңқырын
жақсырақ білесің ғой, – деп сеніп тапсырған.
Көлік
айдауға

келгенде
көңілі
айқара
ашылатын Ерекең, орғып мінді де зырлап

ала

жөнеледі.
Алдында
Жәкең,
артында

журфактың
күллі
пақырлары
улап-шулап

Алма қаланы кеземіз де жүреміз. Мақсат –
бұлыңғыр, бағыт – белгісіз... көз алдымыздан
ұшырасқан кафеге кіріп, жайғаса кетеміз, одан
шығып, тартып отырып шаштараздан бір-ақ

шығамыз. Сол көлік болмай тұрғанда да өмір
сүрдік қой... Мынауымыз – қызуы басылмаған
көліктің қызметін қалауымызша тұтынып,
өзімізше ләззатын сезіну секілді. Әйтеуір,

аппақ «Мерспен» алып қаладағы бүкіл шаруаны
тындырып жайпап жүрміз.
«Анау
жерде

ақындар
жиналып
отыр
екен, барып қайтайық». Аппақ «Мерс» гүр ете

қалады, бір қарасақ әлгі ақындардың ортасында
отырамыз. Қазақтың пайда болуы, қара өлеңнің
тамыр-тарихы, әдебиеттің бүгіні мен ертеңі
туралы толғамдар гу-гу етіп, кафенің ішін

жайлап барады. Жайнаған көздер, сайраған
тілдер, көңірсіп төбеге көтеріліп ауаға сіңіп
кетіп жатқан темекі түтіндері... Бұл ортадан
шықсақ, тағы бір думан тосып тұрады. Аппақ

«Мерс» тұрғанда ол жаққа жету проблема болып
па... бір қарасақ Төле бидің бойымен жүйткіп
бара жатамыз.

75

Бесінші жатақхана

Арада біраз күн өткенде Жәкең мектеп
директорына ұқсап көліктің алдында құр
отырғаннан жалықты-ау деймін. «Қой, рөлге
өзім отырайын», – деп, мәшинесінің сол жағына

жайғасты. Екеуміз №5 жатақханаға қарай келе
жатырмыз. Тарих факультеті жатақханасының
қасындағы бұрылыстан өрге қарай көтерілетін
жерге

келгенде
машинамыз
мықшыңдады
да қалды. Жәкең аппақ «Мерсін» өрге қарай

шығара алмай әуре. Сцепление, тежегіш, газ

– үшеуін кезек басып, жылдамдықты мың

ауыстырса да нәтиже шықпай қойды.

Әй, сен неғып отырсың? – дейді маған
ашуланып, – мына бәленің тілін білсең, бірдеңе
істесеңші!

Ойбай Жәке, білсем көлігіңді алғаннан
бері «бір айналып келейінші» деп айтатын едім
ғой...

Ой, сен де...
Артымыздан еріп келе жатқан көліктің бізді
күтіп иіріліп тұрғанына да біраз болған. Ақыры
шаршап кетті-ау деймін, жігіт ағасы көлігінен

түсіп бізге қарай келді.

Жігіттер, не

болды...
ұзақ
тұрып
қалдыңдар ғой, шыға алмай жатырсыңдар ма?

– деді жұмсақтап.

Сонда Жәкең көліктен атып шықты да:
«Ой, аға, братанның машинасын мініп кете
қойып едім, сырын білмеген соң қиын екен»,

– деп қойып қалды. «Мән-жайды» түсінген

әлгі кісі: «Еее, ондай болса түсінікті», – деді
де, аппақ «Мерсті» зыр еткізіп шығарып бере
қойды. Мойнымыздан жүк түскендей уһ деп, әрі
қарай кете бардық. Қайтарда жолдың шетінде

тұрған бір-екі көліктің айнасының «мұрнын

76

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
бет қылып» кеткеніміз болмаса, сол жолғы
сапарымыз былай жаман болмады.
Күтпеген қонақ

Будақтатып
темекі
тартып
келе

жатқан Абдраев Молдахан ағайымыз бір күні
жатақхананың алдында Толғанаймен ұшыраса
кетіпті.

Аға-а-ай, сіз не, темекі шегесіз бе? –
дейді Толғанай ішегін тартып таңғалып.
Сонда кураторымыз самарқау ғана қарап
тұрып:

– Сендер шектіртіп жібердіңдер ғой, – деген

екен.
Ағайымызға
шектіртіп
жібергендердің

ішінде бәріміз де бар шығармыз. Ол кісі сабақ
сайын әңгімесінің әлқиссасын «Мен «Егемен
Қазақстанда»
істегенде...»

деп

бастайтын.
Сосын әрі қарай «ой, ол кезде от едім ғой» деген
мазмұнда жалғастырып әкетеді. 2-курстың
өңшең

сары
ауыз
студенттері
аузымызды

ашып, көзімізді жұмып тыңдаймыз. Сондай
бір күні Ая аузын ашып, көзін жұмып тұңғиық
әлемге беріліп кетіпті. Тек бір уақытта барып
ағайдың қарсы алдында бұған әлдене деп сөйлеп

тұрғанын аңдайды.

Иә, ағай?

Мен неге Аямын!

Сіз қалай Аясыз?

Әй, сен Аясың ғой. «Мен неге Аямын?»
деген тақырыпта шығарма жаз деп тұрмын, –
деді ағай дауысын өктемдетіп.
Көздері жыпылық-жыпылық етіп, онша

жақтыра қоймаған Ая не жазарын білмей

77

Бесінші жатақхана
қаламын ұстаған күйі отырды да қойды. Расында
әп-сәтте өз аты туралы не толғата қойсын.
Есімінің әріптері де біркелкі емес, алфавиттің

басындағысы мен аяғындағысы қолтықтасып
қосыла салыпты. «А» мен «ю»-дің немесе «А»
мен жіңішкелік белгісінің қосылып кетпегеніне
шүкір деп қояды іштей. Содан кейін Әйгерімнің

қасынан өтіп бара жатып «Такси тулаған түн»
деді. Жазу керек мақаланың аты. Жатақта да,
сабақта да көсіле сөйлеп отыратын Шынаргүлдің
қолына «Сандуғаш ғұмыр-сандуғаш ән» деген

тақырыпты ұстата салды. Осылай, бәрімізге бір-
бірден ерекше тақырыптар үлестіріп шыққаны
бар-тын. Сөйтсек, оның бәрі кезінде өзінің
баспасөздегі мақалаларының атаулары екен.

2-курс
кезімізде,

2010

жылдың
8-наурызында жатақхананың VІP-бөлмесінде
группамыздың қыздарына керемет кеш жасап
беріп едік. Аумағы есек шаптырым бөлмені

Үмбетәлі өзінің азды-көпті беделін пайдаланбай,
Гүлшат апайдың о жақ, бұ жағына шықпай-
ақ алып алған. Бұл бөлмеге аяғының қалай
жеткені әлі күнге құпия қалып келе жатыр.

Және оны ашуға ешкім де ғылыми тұрғыдан
талпына қоймады. Ал керемет кеш сол кездің
деңгейімен салғастырғанда – жақсы емес, өте
жақсы мәнерде өрбіді. Бұл күннің тарихта

Аршынның опера айтуымен есте қалғаны да
«шымбайымызға
бататындай-ақ»
шындық.

Аршынмен монтаждас, камералас, стендаптас
болып жүрген ағайын, оның Ла-Скалада ән
шырқай
алмағанына

әлі

күнге
өкінетінін
айтады. Бірақ оның неге Ла-Скаладан бұрын
Абай атындағы опера және балет театрына

шығуды армандамайтыны сәл түсініксіздеу.

78

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Жә, ол уақыт – Үмбетәлінің «Алтын бөрігінің
де» әлі дәмі кетпеген, группамыздың жарты
қызының

әлі

маникюр,
педикюрге
бара
қоймаған, Ырыстың әлі Лондондағы сүйіктісі

Дельма Дездомонамен таныспаған кезі еді.
2010 жылдың алғашқы жартысы – Розаның
«Алматы
ақшамына»

кіріп
кетіп
сәл-пәл
салмақ тастай бастаған, Аяның қара дүрсін діни

ойларынан арыла бастаған кезімен де тұспа-тұс
келді. Сөйтіп, өзімізбен-өзіміз ырду-дырду етіп
мерекелік концерттің орта тұсына енді жете
бергенде, деканаттан қоңырау түсті. Құдай

бере салған эдвайзер Молдахан ағайымыз келе
жатыр екен.

Құр өзі емес, декан Есберген Алауханов
мырзаны ертіп алыпты, – деді көздері
жыпылықтаған топ басшымыз Толғанай.
Қашанда

сабырлы
қалпынан
тайып
құламайтын Үмбетәлі ұзақ ойланып отырды

да «келсін» деп тоқетерін айтты. Құдды
деканаттағы дөкейлер Үмбетәлінің «келсін-
келмесініне»
пысқыратындай.

Сондықтан
абыздың бұл түйіні әдеттегі пәтуаларынан
салмақсыздау
шықты.

Молдахан
ағайдың
қадірлі деканымызды «менің группам осындай,
шетінен ұйқыба... то есть өнерлі» деп мақтанып

айтуы үшін ертіп келе жатқаны анық еді.
Арада 10 минут өтер-өтпестен бір топ
басшылар сау етіп кіріп келді. Жайылып
простина, иіліп подушка болдық та қалдық.

Бағанадан бері қыздарға жасаған концерттік
нөмірлерімізді тағы қайталауға тура келді.
Бірді-екілі өлең оқығаннан кейін, Асқарбек
төгілтіп тұрып күй тартты. Төгіп тастағаны

сонша, еденнің бәрі күй-күй болып қалды. Одан

79

Бесінші жатақхана
қалса, деканымыздың өзін қапелімде шабыт
қысып, өлең оқимын деді. Өлеңін тыңдадық.
Танымал ән мәтініне ұқсайды екен. Жарайды,

ең бастысы шын ниетімен толғанып отыр ғой
деп жапатармағай қол соққанбыз.
Ес-ағаны біраз студент біледі. Бірер жылдай
факультетке басшылық жасап, іргелі істер

атқарды. Бірақ бәрінен де қызығы «режиссер
Туканың образындағы әрекеті» елдің есінде
көп қалған шығар: Түнгі сағат 11-де жатақтың
алдына келіп, жарықты өшір-жақ, өшір-жақ

деп мазамызды алғаны қалай естен кетсін.
Студент, оның ішінде журфактың студенттері
түнгі сағат 11 бола салысымен жарығын өшіріп
жата сала ма. Журфактықтар үшін түнгі 3 тал

түс болып есептеліп, таң қыла бере жуынып-
шайынып
ұйықтап
қалатын.

Мақаласын
жатақта жатып-ақ бұрқыратып жаза береді.
Нью-Йорктің
уақытымен

өмір
сүретін
студенттердің қылығына вахтер апайлар да
үйреніп қалған. Түнгі сағат 12-ден таңғы 6-ға

дейін қиқ-шиқ еткізіп сыртқы есікті ашады
да жатады. Әйтеуір, бәрі сырттан думандатып
келе жатқан бір қауым. Тіпті бір студент түнгі
сағат 2-де шығып кетіп, сағат 3-те телефонымды

ұмытып кеттім деп қайта келіп тұр дейді...
Концерт әрі қарай жалғаса беретін еді,
қонақтарымыздың уақыты тығыз екен. Болмаса
Аршынның ариясын тыңдайтындай-ақ жөндері

бар еді. Осыған аздап қынжылғанымыз болмаса,
біз де аса жадыраңқы күйде шығарып салдық.

80

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Пәтер мен жатақхана

Пәтерде
тұратын
балалардың
өмірі

қандай рахат, ә, – деді тентек Есқат мұрнын бір
тартып тастап.

Оның несі рахат бопты?

Рахат емей немене, – деп екіленген
Есекең саусақтарын бүгіп ала жөнеледі.

Ұлардай шулаған студенттер мазаларын
алмайды. Мұны бір де. Өз тамақтарын өздері
ішеді. Екі. Үшіншіден, киіміңді біреу киіп
кетпейді.

Төртіншіден,
ешкім
ешқайда
жұмсамайды,

деп

аузы-аузына
жұқпай
зуылдаған
бұжыр

бет

досымның
бесінші
тармаққа келгенде тілі тұсауланды да қалды.

Енді ақыры айтқан соң, бесіншісін де
айтсаңшы?

Ой, енді оның несін айтасың, рахат қой,

– дейді бесіншіге дәлел таппай қиналған ол,

«тәулік бойы қызмет атқаратын» танауымен
алысып отырып.
Әлгінде ғана Гүлшат апай ауыстырып берген
тап-таза төсегіміздің үстінде шалқамыздан түсіп

жатып, үнсіз келіскендейміз. Қазір құлаққа
ұрған
танадай
болып

тұрған
жатағымыз,

кеш

түскеннен-ақ
азан-қазанға
айналады.
Жұрттың бәрі сабақтан келе монтиып бөлмесіне

кіріп кетіп, тып-тыныш шәйін ішіп, жазуын
жазып отыратын Руслан мен Құрметолла
деймісің.
Небір

пысықайдың
бөлмесінен
көрмеген дүниелерді солардан көріп, көзіміз
аударылып-төңкеріліп шаршайтын. Ашқарақ

көзге теледидар мен тоңазытқыш бірден ілігер.
Анау бұрышта қазан бұрқылдап қайнайды,
дастарқанның үсті тәтті-пәттіге толы, терезеге

81

Бесінші жатақхана
перде ілінген, жерге әспеттеп кілем жайылған,
сөреде рет-ретімен кітап жинаулы. Жатақтың
бөлмесіне емес, «Қазақстан» қонақүйіне кіріп

кеткендейсің.
Құрметекең
жылы
жымиып

қойып газет оқып, Руслан пернетақтасын аямай
сабалап «Аламанға» материал салумен әуре.
Көздің жауын алар көрініс.
Ал өзге ұлдардың бөлмелері дәл осы бөлмеге

антоним мағынада ғұмыр кешіп жатты. Сол
кезде біреу келіп «әй, кещелер, пәленбай
жыл өткен соң осы кешіп жатқан өмірлеріңді
сағына еске алып, қызық күндер екен ғой

дейсіңдер» деп ақылманси қалса ит қосып қууға
дайын едік. «Не дұрыс тамақ жоқ, біріміздің
киімімізді біріміз киіп кетеміз, бір кереуетте
үш адам ұйықтаймыз, түнгі сағат 3-те дүкенге

жортып барамыз, ал мұның несі қызық!» деп
Аршын шыдамай атып тұрып, әлгі ақылдының
алқымынан ала кетер ме еді, кім білсін.
Ә, айтпағым пәтердегі балалар туралы еді

ғой... «Жатағыңды қойшы осы» деп еншілерін
бөлек алып кеткен достарымыз, арада ай
өтпестен қайта-қайта келгіштейтінді шығарды.
Бір жолы картоп пен сәбіз алып кетеді, келесіде

күріш сұрай келеді, үшінші жолы бір тонна
«бұйымтайды» ортаға тастай салып қарап
отырады. Араласып жүрген соң көмек етесің.
«Пәтерақы қинады... Гүлшат апайдың айқайын

сағындық» дейді. Тағы бір жылы сөз айтып
жұбата қалсаң, кемсеңдеуге шақ отыр. Осы
кезде «Әй, Есқат аспаз!» дейміз даусымызды
қатаңдатып:

Осы күніңе шүкір де! Азан-қазан болса
да қазаныңнан ас кетпейді, бөлмеңнен адам
арылмайды,
айналаңнан

күлкі
үзілмейді.

82

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Қуықтай пәтерге қамалып отырғанда не табар
едің, а?!
Есқат дос ләм-мим деместен, пышылдақ

мұрнының өтінішін жерге қалдырмаған күйі
басын изей береді.
Жатақхана қызықтары
Бір досымыз бастан-аяқ аппақ киініп, түнгі

сағат 4-те жатақхананың төртінші қабатынан
түсіп келе жатыпты. Балкон арқылы. 3-ші
қабатқа жете бере әлі жарығы сөнбеген бөлменің
тұсына

тұрақтап
қалады:
Курстағы
көзі

тостағандай, бұрымы қос иығына төгілген сұлу
қыз терезе тұсқа арқасын беріп, боянып отыр
екен. Түн ортасында мынадай сұлулыққа кез
болған досымыз аздап абыржып, айналшықтап,

қыздың
балконының
жанында
тұрақтап

қалса керек. Кенет, қыз қолындағы айнасын
жайлап үстелге қояды да, артқа қарай шұғыл
бұрылады. Бұрылады да терезеге қараған күйі
екі көзі шарасынан шығып қатады да қалады.

Жеті түнде терезенің арғы жағында аппақ
киінген әлдекім ұзыннан түсіп салбырап тұрса,
кім-кімнің де жаны қалмас. Әлгі қыз «бейтаныс
періштенің»

кім

екенін
біле
салысымен
шағымданып, вахтершадан бір-ақ шығыпты.

«Ойбай, мен әдейі қорқытайын демедім, өз
маршрутыммен кетіп бара жатыр едім ғой», –
деп досымыз әзер құтылған көрінеді.
* * *

Бір курстасымыз бір күні біраз тойлатып,
студенттік дәурендегі алғашқы махаббатының
есігін қоймай тарсылдатады. Қыздар ашпайды.
Өршелене қаққан досымыз шыдамай ағаш

83

Бесінші жатақхана
есікті жұдырығымен бір қойып қалып, үңірейте
тесіп жіберіпті. Қолы қан-қан. Ертеңіне есін
жиып, жуасып, моп-момақан күйде емтиханға

келеді. Оң қолынан алған ауыр жарақатына
байланысты орнына жауаптарды құрбы қызы
жазып берген көрінеді.
* * *

«Жатақханада елес бар екен». Бұл сөзді
әрбір үшінші студенттің аузынан естуге болады.
Есхат бізбен бірге бір курс ғана оқыды. Сол
айтады: «Түнгі сағат 2-3 шамасында бірінші

қабаттағы бір танысымнан сабақ сұрап кері
қайттым. Шығып келе жатып үшінші курстағы
ақын Олжасты кезіктірдім. Амандасып әрі
қарай кете бергенмін. Ол болса бөлмесіне кіріп

кетті. Жылдам үшінші қабатқа шығып, өз
мекеніме қарай шауып келе жатсам әлгі Олжас
қарсы алдымнан ұшырасты да, қасымнан
желдей есіп өте шықты» деп. Сілтідей тынып

отырған біз, «апырай, ә» дестік.
Үзік сыр
Алматыда
тоңып

қаларсың
деп,
анам
ауылдан монтитып киіндіріп жіберген. Қалалық

жүріс-тұрыс һәм киіну мәдениетінен әлдеқайда
алшақпыз. Біз үшін бәрі таңсық. Марғасқалар
табалдырығын
тоздырған

журфакта
шынымен жүрміз бе деп, көзімізді қайта-
қайта сүрткілейміз... жоқ, сөйтсек көзіміз
ұйықтамағандықтан

ашып
жатыр
екен...
Корпустың ішінде қыз бен жігіт қол ұстасып

кетіп барады. Ол ештеңе емес, анау бұрышта
қос ғашық бір-бірін жаңа көргендей сүліктей
жабысып тұр. Журналистика факультетінің

84

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
корпусында!
Жоқ,

ол

жарықтықтар
филологияда оқыса түсінер едім. Тарс еткізіп,
қолымызбен көзімізді көлегейлейміз. Ұят қой
енді. Сөйтсек, мүлде тас қараңғы қылмай-ақ,

саусақ арасын ашып тастап «қарамай» тұруға да
болады екен. Сыптиып сабаққа келеміз, сол ізбен
жатақханаға қайта кетеміз. Кей достарымыз
сабақтан соң қыдырайық дейді. Қарын аш,

ақша жоқ, қайдағы қыдырған. «Онсыз да
түнімен

көз

ілмедік,
ұйықтайық»
дейміз
келісіп алғандай бес бала хормен. Мен екінші

дауысты ұстап тұрамын. Қазіргі «Керемет»
орталығының орнында ол кезде кереметтей екі
дүкен бар тұғын. Сол жерден бір бөлке нан мен
бір лапша, кейде қалта қалың болса қасына

бір май, бір печенье қоса аламыз. Ондайда
ешкімнің көзіне түспей бөлмеге зып етіп кіріп
кеткен абзалырақ. (Болмаса сайтан сияқты
сап ете қалатын «құдайы қонақтар» жетіп

артылады). Әрқайсысымыз талғажау етерлік
ас көтеріп келгенбіз. Сабақтан соң көңіл-күй
көтеріліп, бір қаужаңдасып қаламыз. Көңіл-
күйіміз тіпті күшті болса, түк жоқ болса да,

тамақ істейік дейміз. Жуаның құр өзін қуырсақ
та «тамақ істеп жатырмыз» деген аты дардай
емес пе! Ондайда Аршын, «айтшы жігіт, қызды
неге жылаттың» деп басталатын мағынасы

мен мазмұны көңілсіздеу естілетін ескі әнді
көңірсітіп отырып, кәртөшке турай бастайды.
4 жыл жатақта тұрса да тамақ істеуді үйрене
алмай кеткен мен сабаз, дүкенге шапқылаймын

да жүремін.
Тамақтану комбинаты деген ғимараттың
есігіне ол жылдары тыным жоқ еді. Тамағы
да арзан, өзі де бір жайлы мекен. Қит етсе сол

85

Бесінші жатақхана
жерге бару хит болды. Үстінде интернет-кафесі
тағы бар. Кафесін неғыламыз, интернетінің өзі
бізге былай жетеді. Күн сайын түк хат келмесе

де поштамызды тексеріп, ойынымызды ойнап,
агенттің вдук-вдук деген дыбысын жаңғыртып
қою парызымыз.
Сабақтардың сабағы біз үшін – Жидегүл

апайдың
дәрістері.
Қыздар
мұрындарынан

шаншылып, срсп-семинарлатып жатқанда, біз
ұлдар қауымы бап-пе-е-ен кәстөм-шалбарды
үтікте-е-еп отыратынбыз. Сабаққа деген бар
дайындығымыз сол. Апай жігіттерді ерекше

бағалап, әрдайым қыздарға үлгі ететін. Әдемі
киініп барсақ болды, әдемі балл қойып беретін.
Мұрнымыздың
шүйіріліп,

көкке
барып
шаншылып
қалатын жұлдызды сәті сол 50 минутпен

тәмам. Келесі сабақта экономикадан беретін
Айгүл Сәдуақасова бет-бетімен кеткен ұлдарды
«етпетінен түсіреді». Өзімізге де обал жоқ.
Кәстөм-шалбар үтіктей бергенше, сабақ та оқу

керек еді дейміз міңгірлеп. Бір досымыз жазғы
емтиханның кредиті қанша екенін білуге кетіп
барады...
Қалай ақын бола жаздадым

1-курсқа ақын болып түскен кезіміз. Қалам
бейшара қағазға сүйкелуден босамайды. Күндіз-
түнге қарамай бұрқыратып өлең жазамыз да
жатамыз. Әйтеуір, алып бара жатқан бұрқасын

шабыт. Шабыттың бұрқасындығы сонша, кейде
көзіміз удай ашып кетіп, ұйықтап қаламыз.
Сосын ертеңіне сабақтан кешігеміз. Сабақтан
кешіккен соң баллдан айырыламыз. Балл

86

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
болмаған соң хәл болмайды. Тәртіп төмендеп,
сабақ үлгерімі нашарлап, рубежканың соңында
жанталасып, ақ тер-көк тер болып жүргенің.

Ойлана келе мына ақындықтың пайдасынан
зияны көп екен деген шешімге тоқтағалы жүрген
кезім еді. Бірақ Шәмші туралы шимайлап
қойған өлең-сымағым бар болатын. Соны аяқтап

тастайын деп қызу жұмысқа кірісіп, айналасы
екі күннің ішінде жазып бітірдім. Енді оны
көрсету керек.
Әуелі бөлмелесім Еркебұланның назарына

ұсындым. Оның тамсанғаны сонша, «мына
өлеңді сіңіру, жылқының етін сіңіруден де
қиын болды. Бір айналып келейін» деп кетіп
қалды. Содан, журфактағы ағайлардың біріне

көрсетпек болдым. Ә дегеннен Аманқос ағай ойға
сап ете қалды. Салып ұрып факультетке барсам,
ағай көрінбейді. Кафедрадан бастап, бүкіл
кабинетті тінтіп шықтым. Сөйтіп жүріп өмірі

сабағына бармаған апайға ұсталып қала жаздап,
әзер құтылдым. Не керек, ол күні ағайды таппай
бос қайттым. Екінші күні барып едім, сабақ
беріп жатыр екен. «Бері шығып кетесіз бе, өлең

оқып берейін» деген тағы ыңғайсыз. Ол күні
де сәті келмеді. Қолымдағы ақ қағаз бүктеле-
бүктеле
көнеріп,

қарая
бастаған.
Үшінші
күн дегенде қара пальтосын киіп, отбасылық

жатақханаға қарай кетіп бара жатқан ағайды
алыстан байқап қалдым. Байқадым да ақ
қағазым желбіреп, құстай ұштым. Осындай да
осындай өлең жазып едім, құлақ салыңызшы

деймін ентігіп. Ағай асығыс секілді, бірақ менің
көңілімді қалдырмай баппен тыңдайын деп,
ықылас танытты. Мен қос қолымды сермеп,
филфактың жатақханасына баратын жалғыз

87

Бесінші жатақхана
аяқ жол үстінде күркіреп өлең оқып тұрмын. Сол
кезде ағайдың қос құлағын тарс жауып алып,
тайып тұрмағанына әлі таңғаламын. Әйтеуір,

өлең де бітті-ау. Ағай жақсы екен де, жақсы
екен деп бағасын беріп жатыр. Мен мәзбін.
Басқа тақырыптарға қалам тербемей, Шәмші
тақырыбын таңдап алғаныма да ризашылық

білдіріп қояды. (Роза Әренге ұқсап «дала»,
«жаз», «табиғатқа» деп қуып кетпей, ірі-ірі
тақырыптарға қалам тербеппін, шүкір). Мен
одан сайын асқақтаймын әлгі жерде қараптан-

қарап. Сол жерде ол кісі біраз кеңестерін беріп,
арқамнан қағым қанаттандырып-ақ қойды.
Кейін бір жылдан кейін әлгі өлеңді қайтара
оқып, шыдамай күйіктен ап-ащы үш «роллтон»

ішіп тастадым.
Статистика
бойынша
журфакқа

түскен
80 студенттің 81-і ақын болып келеді. Таңды
таңға
ұрып

жыр

жырлауға
бар.
Өлеңге
қатысты өрт әңгімені лапылдатып, соның

жалынына шарпылғанды жаны сүйеді. Тіпті
қолдарына бір-бір жинақ ұстап келетіндері де
жетерлік. Бәріміз де сол кезеңнен өттік. Бірақ
сол кезеңнің де, ақын болып келудің де түк

зияны жоқ, меніңше. Есесіне тым құрығанда
бір семестр өзіңді ақын сезініп, алшаңдай
басып, мәз болып қаласың. Бас бармағыңмен
иегіңді ұстап суретке түсетін үрдіс те тура осы

уақытқа тән. Біздің ақындығымыз бен шынайы
ақындардың
айырмашылығын
әсілінде,

оңай
аңғаруға
болады.
Олар

поэзияның
ішіне індете еніп, жапырақтың сыбдырынан,
судың сыңғырынан ой тудырып, тағдырдың
өзінен, ғашығының көзінен жыр іздейді. Ал

біздер көбінесе «Күз», «Ағама», «Ауылыма»,

88

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
«Отаным Қазақстан» деген тақырыптарға жиі
қалам сілтейміз. Мұнымыз үшін бетіміз аса
«помидорланбастан», 303-ші залдың төрінде

күркіреп
тұрып
оқығанымызды
қайтерсіз.

Уақыт өте келе біртіндеп бұл өнерден алшақтай
бастайсың. «Өлең жазбай кетіпсің ғой?» деп
келетін салихалы сарказм араласқан сауалдарға,
«Еркебұлан, Жақсылық, Мөлдірлер тұрғанда

бізге не бар!» деп жауап беріп, сытылып тайып
отырасың. Сөйтіп, 4 жыл түгесілгенде «сен
отыр, мен жатайын» деген 5-6 ақын іріктеліп
шықса, міне нәтиже. Бірақ журфак бітірген

ағайынның салалық тұрғыдағы басты міндеті

– журналист болып шығу. Қуанышқа орай, әу

бастағы бағытынан адасып ақын болып кете
жаздағандар, «е-е, біз журналист болуымыз
керек екен ғой» деп сабасына түсіп, микрофоны
мен қаламын құшақтап кете барады...

Жұмағалидан қашу
Үлкендердің ұзын-сонар жиналысы, дүкенге
жұмсау, үйді сағыну сезімі, бәрі қосылған
кезде «әй, осы 1-курс өзі бітер ме екен, бітпес

пе екен?!» деп қажып кететін едік. Сондай
күндердің бірінде старшактар бөлмемізге келіп
қонақтайтынды шығарды. Жарығыңды өшіріп,
ұйқыға енді бас қоя бергеніңде балконды

тасырлатып біреу қағып тұрады. Ашсаң –
әлгі көкең. Еркебұлан екеуміз оларға люксты
босатып беріп, түннің ортасында көшіп-қонып
көрші бөлмеге барамыз. Бөлмеміз 511А. Екі

адамдығы.
Бір күні қауіпсіздікке жауапты Жұмағали
ағай біздің бөлмеге бөтен қонақтардың келгіштеп

89

Бесінші жатақхана
жүргенін байқап қалды ма, мені ұстап алып,
«есікті аш, тексеремін» дейді. Ашайын десем,
бөлмеде дәу көкеміз жатыр. «Іште Еркебұлан

ғана бар, ұйықтап жатқан шығар», – деймін
дауысым дірілдеп. Жұмекең әй-шайға қарамай
есікті тарсылдатып ұрып жатыр, ұрып жатыр.
Осы уақытта тарсылды естіп старшагымыздың

да табанын жалтыратқаны анық еді. Жәймен
сытылып шықтым да, Ерекеңе хабарластым.
Ерекең Қалқабаева Маржанның бөлмесінде
думандатып шай ішіп отырған жерінен жүгіріп,

411-ге барады. Ол жақтағы ағайынға өтініш
айтып, 511-ге зу етіп көтеріліпті. Сөйтті де,
ұйқыдан
әзер

оянып,
кірпіктері
бір-біріне
айқасып тұрған адамның кейпіне еніп іштен

есікті ашып қалды-ау, әйтеуір. Уф дедік. Ал
Жұмекең қанша жерден келіп, «ұрыны» таппай
қалғанына ренжулі сияқты. «Байқаңдар, тағы
тексеремін», – деді де амалсыз кете барды.

Алайда жоғары жақтан келетін «тосынсыйлар»
мұнымен таусылған ба. Ұйқылы-ояу таңертең
өз бөлмемізге келіп тұрамыз. Іште старшак пен
оның «ханымы» ұйықтап жатады. Есікті тық-тық

еткізіп ашып: «Саламатсыздар ма, қайырлы таң!
Біз киініп алсақ деп едік», – дейміз жәймен ғана.
Рұқсат берілгеннен кейін, «жас жұбайларға»
арқамызды беріп тұрып шырттай болып киініп

аламыз. Тіпті келе-келе бұған етіміз де үйреніп
кетті. Құдды өзіміздің аға-жеңгеміз сияқты. Әй
енді, етене араласып, ет жеп, шай ішіп кетеміз-
ау деп жүргенде, 1-курс та өз мәресіне жетіп

қалып кәйіпті құртты. Ал 2-курс – бұл 2-курс.
Втораштық ғұмыр. «Нұрлан, біздің бөлмеде нан
таусылып қалыпты», «Әзиз, кола ішкім келіп
жатыр-ау деймін» деген емеуріндердің дәурені.

90

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Біртүрлі достарымыз жайлы
1-курсқа түскен кезде тамақ жасаудан еш
проблема

туындамады.
Қатарластарымның
барлығы шетінен аспаз. Жақсылықтың екі
метр қамырды құлаштай созып, үстелдің үстіне

ашуы басылғанша ұрғылайтыны қатты есімде
қалыпты. Жасап берген лағманын да талай
жегенбіз.
Аршынның

түрлі
дәмдеуіштерге
бола ерінбей әдемі шалбарын киіп, дүкенге
баратынын айтсаңшы. Үмбетәлі өте аз, бірақ

саз жасайтын. Бір рет тамақ істесе, оны 6 ай 15
күн жырлап барып тауысатыны да өз алдына бір
хикая.
Ал осы жігіттердің арасында Есхат деген

жігіт аспаздығымен ерекше дараланды. Еш
себепсіз сабақтан қалып, есесіне бізге дәмді
қылып тамақ жасап қоятын. Қазаны да дәу.
25 бала еркін ауқаттанамыз. Бір қызығы,

ойыны қайсы, шыны қайсы – адамға қарай
пышақ,
шанышқы
лақтырып

зәре-құтты
қашыратын әдеті бар еді. Бір рет дәлдеп
лақтырған суық қаруы тура қасымнан өтіп,
есікке барып қадалып қалғанда, бөлмесіне

енді келместей болып тайып тұрғам. Содан
кейін бүкіл жігіттер болып «ас үй құралдарын»
жөнді-жөнсіз лақтырудың тым қауіпті екенін
құлағына құйғандай болдық. Құдды кішкентай

балаға түсіндіргендей. Алайда Есхат екінші
курста оқудан шығып кетті де, содан ұшты-
күйлі жоғалды. Корпустағы кезі онша есімде
қалмапты... тек Павел Лидің сабағында орысша

түсінбей, көзі бақырайып отырғаны ғана елес
беріп өте шығады.
Бекжан деген бір жігіт болды. Үнемі қабағы

91

Бесінші жатақхана
түксиіп жүретін, бірақ адаммен бір кісідей
араласатын курстас еді. Төбелес, жанжал, ұрыс-
керіс десе бір иығын беріп тұратыны аздап есте

сақталыпты. Кейін сабаққа бірде келіп, бірде
келмей, сиырқұйымшақ етіп жүріп бітірді.
Соңғы рет көргенімде, «екі-үш балам бар»
деген. Ғарыштық жылдамдықпен көпбалалы

әкеге қалай айналып үлгерді деп ойлағанымша
болған жоқ, таппай қалдым.
Нұрсұлтан Шертаев деген бұйра шашты,
ұзын бойлы қатарлас та көптің есінде болар.

1-курстың
алғашқы
күндерінде
қатты

араластық.

Өзі

МузАРТ
ансамбіліндегі
Кенжебек Жанәбіловтің жақын інісі екен.
Түрлері де айтып тұр туыс екенін. Ауылдан

жаңа келген біз қасқа, «Кенжебек қандай
адам?», «Күлген кезде кәдімгідей тісі көріне
ме сонда?» деген сарындағы сұрақтар қойып,
басын

қатырғанбыз.
Алайда
Нұрекең

де

оқудың қақ ортасына келген кезде журфактан
еншісін бөліп кетті. Бізбен сәлемі түзу болды,
бірақ тонның ішкі бауындай араласпадық.
Оның араласқан, арқа тұтқан жалғыз адамы –

Ақылбек Нұрлан есімді курстасымыз. Қаланың
баласы. Үнемі ақ жейде, костөм-шалбарын
тастамай, жіптіктей болып жүретін де қоятын.
Қолында – портфель. Жұртқа ұқсап джинсы,

үстіне свитер, водолазка кие салу деген... жо-
жоқ, атама. Тек классикалық стиль. Бір күні
ұстазымыз
студенттерді

түгелдеп
отырып,
«Семинарға неге келмеген?» деп Ақылбекті
сұрапты. Сөйтсе қыршаңқы тілді Олжас Оқас:

«Ағай, Ақылбектің костөм-шалбары кеппей
қалған шығар», – деп ду күлдіргені бар.

92

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Мемлекеттік емтихан
1-курстың алғашқы күндерінде суретке
түсіппіз. Әйгілі журфактың фойесінде. Ол

жерде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов
сияқты Алаш арыстарының суреті қашалып,
мүсіншелері орнатылған. Оның алдын биіктете
қоршап, шынтағыңды сүйеп тұратындай етіп

жасаған. Өмірхан Әбдиманов ағай декан болған
кезде «Әлиханның алдына қисайма, Ахметтің
алдына жантайма» деп осы жерден қуып шыға
беретін. «Анау сары қабырғаның үстіне шығып

алып, аяқты салбыратып отырмағасын несі
қызық» деп біз бұртыңдайтынбыз.
Әңгімеден
әңгіме

шығады...
бәріміздің
қолымызда
бір-бір

абажадай
портфель.
Арманымыз – Алматы, бағытымыз – ҚазҰУ,
көздегеніміз – журфак бола тұрып, сопайып

өзіміз келе салғанымыз ұятты деген сияқтымыз.
Сөмкенің ішінде студентке керекті дүниелер
қаз-қатар
салынып,

ынта-ықыласымыз да

солай пәттеленіп тұрған сәт тұғын. Қабырғада
суреттері ілінген марғасқаларды көріп аузымыз
бір ашылады, олардың факультетке кездесуге
келгенін көріп көзіміз екі есеге бадыраяды.

1-курс дегенің сонысымен-ақ аяулы ғой.
Келе-келе әлгі портфельдер күресінге кетіп,
қолымызда жапырақтай бір-бір дәптер қаларын
кім білген. Аяғында бір парақпен 4 сабақ оқып

кеттік емес пе. Орнында қалып қоя жаздап,
аға-көкелеп жатып оқуды әзер тауысқандар

да

жетерлік.
Мемлекеттік
емтиханға

түк

дайындала алмадым. Тәуекел деп жетіп бара
салғанмын. Сол кезде кафедра меңгерушісі
болып істейтін Құдайберген Тұрсын ағай, ал

93

Бесінші жатақхана
кеп қинасын. Нұрлы жүзім терге малшынып,
қипалақтап кеттім. Құдайберген ағай одан
сайын лепіріп, намысымды жаныштап, төпелей

түседі. Комиссия төрағасы Нұртөре Жүсіп:
«Әй, негізі Абай біліп отыр, қәне былай айтып
жібер», – деп сүйемелдеген болады. Бірақ
дайындықтың аз екені көрініп тұр. Әйтсе

де

жиған-тергенімізді
жүйелеп,
жеткізуге
тырысып-ақ жатырмын. Журфакты төрт жыл

тоздырғанда диплом алмай қалам ба деген
қорқыныш та желдей есіп өткен. Абырой
болғанда «4»-тің деңгейіне жетіп жығылдық.
Ағайым сонда да бой бермей, «бұл баланы

биылша қалдыра тұрайық» деп маңғазданады.
«Құдайберген көке Құдай тілеуіңізді берсін,
жібере салыңызшы» деп жатып, аудиториядан
атып шығып құтылғанмын. Содан бар күшімді

дипломға салып, жетекшім Мұрат ағайға сөз
келтірмейін деп тырысып-ақ бақтым. Қатырып
диплом жаздым, қосымша шағын видео түсіріп,
оны да ұстазға ұсындым. Әйтеуір, ол жолы бәрі

сәтті өте шықты.
Мемлекеттік емтихан тапсырып отырып,
Аршынның «31 мамыр қандай күн?» деген
сауалға «пятница ғой» деп жауап беріп,

ұстаздарды
шалқасынан
түсіргенін
қалай

ұмытайық. Сөйтсек, комиссия мүшелері сол
күнге тұспа-тұс келіп отырған атаулы датаны
меңзепті ғой. Түсірілімі мен монтажын ойлап
мең-зең болып отырған Аршын, оны қайдан

ұқсын. Ол кезде бәрі қиын, ал қазір бәрі қызық...

94

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Жатақханадағы алғашқы күн
Жатақханаға алғаш қоныстанып жатқан
кез. Көрінгенге қос қолдап амандасып, жан-

жағымызға
жалтақ-жалтақ
қарап
жүрміз.

Былай...
психологиялық

һәм

физикалық
тұрғыдан дайын секілдіміз. «Сойқан кез-келген
сәтте басталып кетуі мүмкін» дейді жігіттер...
Әйтсе де, алғашқы екі-үш күн тып-тыныш өтті.

Төртінші күн дегенде өзіміз өз, көйлегіміз бөз

болып
группамен
жиналып,
танысу

кешін
жасадық.
Аршын
атып

тұрып,
«Мен Есіктенмін», – дейді. «Қойшы, естіп
қойғанбыз», – деп оның аптығын әзер басамыз.
Ортамыздағы сыпайылардың бірі Шынаргүлге

қарап: «Сіз қайдан боласыз?» – деді-ау деймін,
бұйра шашты аруымыз беташар сөзін поэзиямен
бастап, ал енді тежей алсақ ше. Осындайда
оның өзін таныстыруды сұраған апайға берген

жауабы да еске түсіп кетеді.

– Мен айтар болсам, туған жерім туралы

толғана сөйлеп кетемін. Біздің өңір – Алматыға
алыс та емес, бірақ жақын да емес. Төле би-
Момышұлының
қиылысына

барсаңыз, сол

жерден 200 теңгеге такси ұстап кетуге болады.
Өзім солай қайтып жүрмін.

– Ол қай жер болды сонда?

– Ол – ақындар мен батырлар елі. Қасиет

қонақтаған, тектілік тұнған аймақ дерсің.
Айбыны мен абыройы асқақтаған, кие жайлап,
құт дарыған мекен – «Ақындар мен батырлар
елі».

Басқамыз
қасиет
қонбаған,
тектілік

тұнбаған, ақын мен батырдан жұрдай өңірден
келген адамша, сүмірейіп отырмыз.

95

Бесінші жатақхана

– О, керемет! Ол қай жер болды сонда? –

дейді апай.

– Ол... қасиетті Ұзынағаш! – дейді терең

тыныс алып.

– А-а... Ұзынағаш па бағанадан бері айтып

тұрғаның?
Шынаргүл енді ашуға мінеді. Берекесін
кетіріп,
қайта-қайта

көзіне
түсе
беретін
дудыраған шашын ашулана жинап тастап,

екілене сөйлеп, түсіндіруге кіріседі.

– Апам тағы бастады, – деп Роза бұрқ ете

қалады.

– Ол сөйлеп болғанша сабағымды бір

қайталап алайын, – деп Ботагөз дәптерін аша
бастайды. Аршын есінеп терезеге қарайды.

– Сен осы терезеден не көріп отырасың? –

дейді Үмбет оған сыбырлап.

– Даланы! – дейді Аршын одан сайын

дауысын бәсеңдетіп.
Ұзынағаштық әпшеміз әлі сөйлеп жатыр.
Аялдамайды, тоқтамайды, сөзден сүрінбейді,
доғармайды, аяқтамайды, айылын жимайды.

Ұзынағаштың шын

мәнінде
қасиетті

жер

екенін қазір дәлелдемесе, тарихта ақтаңдақ
күйде қалып кетердей аласұрады. Келер ұрпақ
алдында
өзін

кінәлі
сезінердей
арпалыса
баяндайды. Одан да баян тартып бергені

жақсы еді. Апайдың бағана миы ашып кеткен.
Шынар әпшем толқынды шашы селкілдеп,
көйлегінің жағасы желпілдеп, бір заматта
барып сөзін түйіндейді. Онда да кілт тоқтай

салмаған. Екпіндеген күйі арынын баса алмай,
қарқынын тежей алмай, күшпен, зорлықпен,
табаны жерді қинала тіреп, оның өзінде біраз
жерді сыдырта сызып өтіп, алты айналымды

96

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
шауып шыққан ат сияқты буырқанып, бусанып
барып тежеледі. Біз де қараптан қарап отырып
ентігіп кеткен екенбіз, маңдайымыздан төменге

құлап, әне-міне көзімізге құйылғалы тұрған
суық терді сылып тастаймыз. Сол күннен бастап
Шынаргүлге «әлбеттеден» бөлек, «ақындар
мен батырлар елі» деген тура мағынасындағы

созылмалы
атау
қатар
таңылды.

Онымен
бәсекелес болу үшін Роза екеуміз Қызылорданы
мақтап, Асқарбек Ұлытау туралы бәдіктеніп
көріп еді, өтпеді. Біз сол кезде Шынар сияқты

«фишковый» сөз таба алмаппыз...

Сөйтсек, әлгі танысу кешіндегі сөзі –
жай ғана тыныс ашар екен. Бірді айтып, бірге
кетем... Бірсыпыра танысып алған соң, думан
қыза бастады. Құдды түгенбай күн, пәленбай

жылдан бері таныс секілді ортамыз толып,
қыз-қыз қайнап барады. Розаның «доста-а-ар,
мынау Аралдың құрты» деп шашу шашпақшы
болып, группаластарының басын жарып қоя

жаздағанын да қалай ұмытайық.
Журналист болуды бала кезден арман еткен
мұхтарам жамағат, бір-бірімен жалпылдай,
жаны қалмай сырласып жатыр. Бір үйдің

баласындай, бір қолдың саласындай болып
отырған топтастарын көріп, «бауырларым-ау,
осы бірліктерің ажырамасыншы» деп Үмбет
абыз да көзінің жасын сығып алыпты деседі...

Тәп-тәтті кешті есіктің тоқылдаған дауысы
бұзды.
Старшак!? Жоқ, бұл Ая екен. Иә, кіріп
келіп,

«не

ыржың,
ақырзаман
жақындап
қалғанда, анау-мынау» деп айтатын кезі ғой.

Жарты сағаттан соң тағы да тоқ-тоқ. Көптен
күткен ағаларымыздың шақырып жатқаны

97

Бесінші жатақхана
хабарланды. Қабақтары түксиіп, түрлері сүт
қатпаған шай секілді күреңітіп кеткен екі
жігіттің бөлмесінде кілең ұлдар қаздай тізіліп

отырмыз. «Қайдан келдің?», «не үшін келдің?»,
«қай жылғысың?» деп әрқайсымыздан жеке-
жеке сұрап жатыр. Төбелесі қашан басталар екен,
мыналар көп сөйлеп кетті ғой деп біз отырмыз.

Екеуі де күлкіге сараң. Суық келбеттеріне
қарап, әңгіменің түбі жекпе-жекпен бітерін
болжағандаймыз.
Ақырында

сұрақтарын
жаудырып болып, шашын желкесіне дейін
өсірген
қараторы

жігіт
орнынан
жәймен
көтеріліп, есімізді бір шығарып қойды... Сөйтті

де, шкафтан «Болашақ» газетінің бір бумасын
алып шығып, алдымызға жайды. Қандай газет,
не жазады, бәрін тәптіштеп таныстырды да, «осы
газетке мақала беріп тұрыңдар, шеберліктеріңді

шыңдаңдар» дейді. Мұндай жылы сөз күтпеген
біз байғұстың жүрегіміз қуаныштан атқақтап
кетті. Шляпамызды жоғары атып, Олжас Қасым
мен Ілескен Әлбатырдың бөлмесінен шаттанып

қайтқанбыз сол түні....Бірақ шаттық ұзаққа
созылмады. Нағыз «шоумендер» ертесіне келеді
екен ғой қонаққа...
Кәуаптың зары

2-ші
курста
достармен
бірге

беташуға
бардық. Ашатын біреу, қалғанымыз өңшең
қолдаушылар. Бет ашып, енесіне келіннің
маңдайынан

сүйгізіп,
күйеуінің
қолына
ұстаттық та тайып отырдық. Қалтада ақша.

Зеріккен адам не істемейді, сүп-сүйкімді таныс
қызды ол кездің хиты «агент» арқылы әңгімеге
тартып отырып, ақыры жолығатын болдық.

98

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Есте жоқ ескі заманда оған «шашлық жейік»
(аш жүргендей) деп жазыппын. Соны сылтау
етіп, кездесудің қисынын таптым емес пе?!

Сондағы әл ете алмай отырғаным бес-ақ мың
теңге.
Жоспарлап
қойған

нысаным

Ремизовкадағы кәуап пісіретін кафе: Тура
ҚазҰУ-дың Әл-Фараби даңғылы жағындағы
беткейі. Әжік-гүжік ананы айтып, мынаны
талқылап әңгімені жандырып-ақ келеміз. Мен

журналистикада оқимын, оның ептеп әңгіме
жазып, би билейтіні бар. Әйтеуір, арамызға
үнсіздік келіп аса киліге қоймады. Желіп
отырып әлгі кафеге жетсек, бүкіл есік-терезесін

тарс жауып, қымтанып алыпты. Алдымыздан
қарсы алған күзетші ағай: «Түнгі сағат 11-ден
кейін істемейміз», – деді.
«Қап» деп, тағы да таксилетіп қаланың

орталығына келсек, әшейінде менмұндалайтын
кафе атаулының бәрі бұйығы, үнсіз қалған.
Әзер деп отырып, кафе тұқымдас асханаға
тұмсық тіресек, ол да жабық... Шындап сасайын

дедім. Түн ортасынан ауып кеткені өз алдына,
таксистерді жарылқаймын деп қалтаның да түбі
көріне бастаған. Осы кезде Құдай жарылқағыр
бір ағай кезіге кетіп, тәулік бойы екі иінінен

демалып шәшлік пісіретін бір мекенге әкеп
тастап, 500 теңгемді қағып алды. Жеп отырмыз,
жеп отырмыз. Сусын-пусынды қоса есептегенде
есеп-шоттың айғайлап отырып біраз жерге

барып қалғаны анық. Соны ойлап қылпылдап
барамын. Жетпей қалса қайтпекпін. Стипендия
түспеген кез... қызға «сенде тиын бар ма еді?»
деп қалай ғана айтарсың. Кафенің бастығы

қарызға жазып қоя салатын ауылдағы Ләтипа

99

Бесінші жатақхана
апай да емес. Ақыры төлем жасайтын уақыт
та келіп жетті ғой. Салтанатты түрде ашып
жатып, «қап, Тука сияқты норка бас киім де

киіп келмеппін-ау» деп ойлап үлгергенім сол
еді, «3850 теңге» деген цифр көзімді жарқ
еткізді.
Қалтамды

қарманып,
тиын-тебен
біткенді сілкілеп жатырмын... Ойда-қырда
қалып кеткен ақшаның басын құрап, әйтеуір

жеткіздім-ау.
Қызды
үйіне
жеткізіп

салып,
қимай
қоштасып (әлде сондай кейіп таныттым ба) жаяу
тартып келемін. Такси ұстауға бет те, ақша

да жоқ. Пәтер қаланың келесі бір қиырында.
Таңғы ауа тоңазытып барады... қанша уақыт
жүргенімді білмеймін. Бір білетінім, ертеңіне
күні бойы түйе таптаса да тұрмай ұйықтағаным.

Авторадиодан хабарланған ауа райы
2-курстың көктемінде Авторадиода екі-үш
ай диктор болып жұмыс істедім. Өзім бұрыннан
қызығатын болған соң ба, тікелей эфирге

бірер күннің ішінде-ақ бейімделіп кеттім.
Бір күні Жақсылық екеуміз кешкі эфирге
келдік. Сәтбаев пен Есентайдың қиылысында
орналасқан

ғимараттың
жиырма
төртінші
қабатында

эфирге
дайындалып
отырмын.
Терезеден

қарасаң,
Алматы

көз

шараңа
оп-оңай сыйып кетерліктей. Оған қанағат
қылмасаң, шатырға шығып шапқылауға да
болады. Жәкең: «Қандай ақпараттар оқиын

деп жатырсың?» – деп сұрады. Мынау, мынау
деп ақпараттық сайттардан сұрыптап алған
ілкімділерін
көрсетіп

едім,
«Бүгін
Олжас
Сүлейменовтің туған күні ғой. Соны қосып

100

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
жіберсейші», – деді... Негізі, талап бойынша
күннің өзекті деген өрт ақпараттары оқылатын.
Пәленшенің туған күні, түгеншенің әдебиеттегі

үлесі деген жаңалықтар «Қазақ» радиосынан
берілсе жарасып тұрады ғой. Дегенмен қолда
билік тұрғанда белден басайық деп, Олжекең
туралы арқыратып оқып тастап, енді ауа-райы

мәліметтеріне ауыспақ болдым.
Қарасам, дайындық кезінде Қазгидрометтің
ресми сайтынан мәліметтерді алмаппын. Енді
ашып, көз жүгіртіп отыруға тым кеш, тікелей

эфир жүріп жатыр. Апыр-топыр терезеден
сыртқа назар салдым. Уақыт кешкі сағат 6-дан
ауып кеткеніне қарамастан, даланың ыстығы
әлі басылмағаны байқалады. Жаз да әне-міне

жақын қалып, күн тас төбеден шыжып тұрған
сәт еді. Содан сәуегейсуге тура келді. «Бүгін-
ертең Алматының аспаны ашық болады» деп
бастап, еш жауын-шашын болмайтынын, тіпті

тамшы тамбайын деп тұрғанына сендіре сөйлеп,
эфирді аяқтап жібердім.
Екеуміз Есентайдың жағалауымен ҚазҰУ-
ға жол тарттық. Жерасты жолына түскенімізде

күн шайдай ашық еді, мына бетінен шыққанда
түнере бастапты. Аса мән бермедік. Көп
өтпей тырс-тырс етіп, айналамыз жаңбыр
тамшысына толып, бірер сәттен соң тасырлап

кеп жауын құйды. Бағанағы болжамым есімде
жоқ. Тездете басып, бұта-бұта, ық-пананың
астымен безіп келеміз. Жаңбыр тіпті екпіндете
түсіп, құйын-перен нөсерге ұласты. Құдды

бассейннен киімшең шыға келген секілдіміз. Ол
ол ма, жатақханаға жақын қалғанда теннистің
шаригіндей
бұршақ

жауып,
арқамызды
оңдырмай осқылап берді. Тиген жерін тесіп

101

Бесінші жатақхана
жіберердей бұршақтың соққысы сол кезде
барып, бағанағы қате болжам айта салғанымды
есіме тарс-тарс еткізіп түсіріп жатқандай болды.

Жалған болжам жасағаным үшін жазаланып
жатқандай күй кешіп, қинала жүгіріп келемін.
«Көріпкелдігім» досымның да есіне енді түсті
ме, маған қарап күліп, әлдене айтқысы келеді.

Бірақ тұншықтырардай жауған жаңбыр мен
араға
секунд
салмай

арқамызды
ұрғылап
жатқан бұршақ, бірдеңе деп ауыз аштыруға
да мүмкіндік бермеді. Бастан да, беттен де

тиіп
жатыр.
Жатақ
алдындағы

ағаштар
құлап, айран-асыр. Біз сияқты зардап шеккен
студенттер топ-топ болып, жөңкіліп барады.
Сол жауын мен сол бұршақ Алматыны ертеңіне

де аямай «сабады». Табиғаттың тосын мінезі
мұнымен де тоқтамай, үшінші күні Медеудегі
ағаштар құлап, тұрғындар мен әкімдікті әбден
әбігерге салды. Ағаштар құр құлай салмай,

электр желілерін қиратып кетіпті... Ал мен
болсам «бәрі тамаша болады» деп хабарлай
салыппын. Ұят-ай...
Әлем әдебиеті

Журфакта бізді ең бір қинаған пән –
Әлем әдебиеті болды. Том-том кітапты оқуға
бастапқыда құлшына кірісіп-ақ едік, артынша
арынымыз басылып қалды. Үмбетәлі мен

Аршынның қаннен-қаперсіз теңкиіп жатқанын
көремін де, ынта-ықыласым құлап сала береді.
Кітап десе саптыаяғын терезеден лақтыратын
Жақсылық не істеп жатыр екен деп, үшінші

қабатқа көтерілдім. Өздерінің бөлмелері де
тұрақты. Бірінші курста 303-ке қонақтаған. Сол

102

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
бөлмеден 4-курста бір-ақ шықты. Оның өзінде
коммендант Гүлшат апай: «Айналайын Жақам-
ау, оқу жылы аяқталды, сен диплом алдың ғой»,

– деп, арқасынан қағып жүріп шығарып салып

еді. Сәл қырсықса ақынның иығына шапан
жабуға аз қалып тұр апайымыз.

Иә,

айтайын
дегенім,
Жақсылықтың
ұйқыдан жаңа тұрғаны байқалады. Шашы

ұйпа-тұйпа күйде, ноутбуктың ішіне әне-міне
кіріп кеткелі отыр екен: 68-ші арумен танысып
жатса керек. «Сабаққа... барасың ба?..» деп
айта бергенім сол еді, «тұра тұршы!» дегенді

емеурінмен аңғартты. Жарайды, мазаламайын
деп төменге қайта түстім.
Бағана «жер-дүниедегі тыныштық деген
ұғым осындай болады» деп керанау жатқан

Үмбет көкем, апыр-топыр бес қаруын сайлап
жатыр. Оған Аршын екеуміз бізді тастама деп
қатар ілестік. Бағытымыз – оқу корпусы, салып
ұрып келеміз.

Әлем әдебиеті апай шақырып жатыр
екен. Бүгін келмесеңдер, енді қабылдамаймын,
қанша балл бар, сонымен қорытып жіберемін
депті, – деді Үмбет жолай.

Айтатын түгіміз жоқ еді расында. Қазір
сұрай қалса шығыс прозасы туралы да, орта
ғасырдағы романдар хақында да ләм-мим дей
алмайын деп тұрмыз. Кіріп отырғаннан кейін

сылтау іздей бастадық. Ешқайсысы қолайға
келетін емес. Кенет Үмбет орнынан тұрды.
Өтініш айтқалы тұрғанын бірден сездік: «Ах,
алдымызды орап кетті-ау» деп Аршын жеңіл

күрсінді.

Апай! – деген сөзін нығарлай айтып,
ұстазымызды өзіне қаратып дайындап алды.

103

Бесінші жатақхана

Мен

қатты
ауырып
тұрмын...

екі

бүйрегім шыдатпай барады. Тіпті қазір осы
жерде құлап қалуым да мүмкін, емделіп жүр
едім.. – дейді жанарына мұң үйіріп.
Мың жерден қатал көрінгенімен, ұстазымыз

негізі мейірімді адам екен.

Айналайын, ауырсаң тезірек көрінгенің
дұрыс. Баллыңды да қойып берейін, бара ғой, –
деп елп ете қалмасы бар ма.
Аршын екеуміз өкініштен өзегіміз өртеніп,

санымызды
ұрғылаймыз
кеп.
Расымен

ауырып, дәрігер қолын тілеп бара жатса бір
жөн ғой. Қазір кете сала не істейтіні екеумізге
аян. Аудиториядан шығып бір жымияды да,
жатақхана қайдасың деп тартып отырады.

Жарайды, бізді Үмбетәлінің қулығы емес,
апайдың
аңқаулығы
таңғалдырды.

Анау-
мынау сылтауыңа селт етпейтін, кешіксең
кешірмейтін, тәппіштеп сабақ айтсаң баллыңды
еселеп қоятын, әділеттің туын желбіреткен

апай, қалай ғана студентінің мына сөзіне шын
илана қалды. Сірә, сендіре білу де өнер сияқты.
Бұл жерде де аттылы адам атынан түсіп, жаяу
адам жатып тыңдайтын Үмбеттің харизмасына

тағы бір бәрекелді демеске шара жоқ. Ал Аршын
екеуміз қайттік? Ол екеуміз «жалпы, Әлем
әдебиеті аса айшықты, көркем шығармаларға
толы» деп алыстан орағытып, жалпылама

сөздермен апайдың зықысын шығарғанымыз
есте қалыпты.
Орындалмаған жоспар
Оқуға түскен алғашқы жылы үлкендердің

беретін тапсырмасы тым жиілеп кеткендіктен,

104

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ кіл

перваштар
бірауыздан

бас

көтеретін
болып
шештік.
Кәдімгідей,

бас-аяғы бар

жоспар құрылды. Қыстың кезі. Дала қақап
тұр. Түнгі сағат 12-ні соққанда жиырмадан
астам жігіт апыр-топыр балконнан түстік.
ҚазҰУ қалашығының ішінде Айдос бастаған

жігіттер қайда жүгірсе, ізіндегілер солай қарай
далбақтаймыз. «Біз өзі не істеп жүрміз, «жау»
жатақта емес пе?» деп қоямын іштей. Содан
жүгіріп-жүгіріп,

түн

ауғанда
жатақханаға
қайта оралдық.
Қолбасшымыз

Айдостың
айтуынша,
сырттан көмектесуі тиіс топ, толық құрамда
келмей қалғандықтан, ішке қайта оралыппыз.

Өзіміз
шамамыз
жетпейтіндігін
сезген

соң, құдды бір Жәңгір ханға көмек қолын
созып келетін «Жалаңтөстің 600 әскерін»
күткенбіз ғой, далаңдап жүгіріп. Ақыры шикі
жоспарымызды

старшактар
сезіп
қойып,
Айдосты өздеріне шақыртыпты. Қалғанымыз

демімізді ішке тартып, 513-те отыра тұратын
болдық. Оқуға түскелі бері өзін біресе боксшы,
біресе каратэ-до шебері деп таныстырған бір
құрдасымыз да Айдосқа ілесе кеткен. Бара

сала ашуға булығып, ызаланған көкелеріміз
«сендер құтырайын деген екенсіңдер» деп
дүрсе қоя береді. Арындары тым қатты
көрінеді.

Есіктен
кірмей
жатып,
бір-екі

жұдырық та сілтеніп үлгергенге ұқсайды.
Мына қарқындары басылмаса, бұл бөлмеден
бет-ауыздары көгермей шығу мүмкін емес
екені анық бола бастайды. Барлық дерлік

шабуыл Айдосқа бағытталып жатыр. Кенет,
артқы
жақтан
еңкілдеп

жылаған
дауыс
естіледі. Қапелімде кімнің көзіне іркіліп жас

105

Бесінші жатақхана
келе қалды деп таңғалған Айдос жалт бұрылса,
өзімен келген жігіт (біздің курстас) бұрышта
жантайып алып, қорс-қорс етіп өксігін баса

алмай жатыр екен. Сонда старшактардың
бірі: «Ей, неге жылайсың? Сені емес, Айдосты
ұрып жатырмыз ғой», – десе, әлгі жігіт:
«Бауырымды аяп кеттім», – дейтін көрінеді

солығын баса алмай. Оның осы сөзі себеп болды
ма, әлде өздерінің де көздеріне ұйқы тығылып
тұрды ма, үлкендер біздің шалалығымызды
жылдам кешіріп, екеуін де қоя беріпті.

Рауан сыйлаған костюм-шалбар
Перваш болып топ еткенде жатақхана
этаждарының бірлескен отырысын бір «спикер»
басқарған.

«Сен
неге
сәлемдеспейсің?»
дегеннен бастап, ірілі-ұсақты қателіктерді

ортаға салып, таңды атырудан жалықпайтын.
Талай рет түн ұйқымызды төрт бөлген Рауан
старшагымыздың, есте жақсы сақталған үш
жақсылығын бөле-жара айтсам деймін.

«Старшак ретінде мен сендерді кез келген
«бұқадан»
қорғап
аламын.

Тек

өздерің
қателік жасамасаңдар болды!» – деді алғашқы
жиналыста. Расында кез келген сәтте қорғап
шығатын. Алайда екінші семестр бастала

салысымен,
оның
қоғамдық-саяси
пікірі

күрт
өзгеріп
сала
берді.

Жатақханадағы
«барып кел, шауып кел» қарым-қатынасы
сақталса

да,

«қатаң
жұдырықтар

мен

мезгілсіз
жиналыстардың»
көбесі
сөгіліп,

мамыражай шақ орнады. Біз де кейінгілерге
көп едіреңдемеппіз. Екінші курс екеніміз еске
түскенде ғана «Нұрлан, нанға барып келші»,

106

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
«Әзиз, әй, бір шөлдеп жатқаным-ай» деп
перваштардың қызметіне жүгініп қаламыз.
Онда да айына бір-екі рет.

Тек

Айдос
қана
шыр-пыр
болып,

старшактардың абыройын кемітпейін деді ме,
перваштарға «дікең-дікең ету» жиналыстарын
ұйымдастырып
тұратын.

Оның өзі

кейде
үлкен екенін ұмытып, бірінші курстармен
қуаласпақ, тығылыспақ ойнап «баламен бала»
болып кетеді. Рауанның жатақханада еркін

форматтағы саясат орнатуы, талап етуден
өтініш айту жүйесіне біржола көшіп, көмек
сұрағанынан көмек бергені көбейіп, ол туралы
«ее, бұл да жақсы адам екен ғой» деген ізгі ой

қалыптаса бастады.
Қыстың кезі. Оқу корпусынан жатақханаға
жетем дегенше қалтырап қаламыз. Әрі жатаққа
бару үшін тауға қарай жоғары көтерілесің.

Қытымыр аяз бетті қарып, одан әрі дірдектете
түсетін. Жылдамдата басып, ішке кіргенім сол
еді, алдымнан Рауан шықты.

Оу, Аймағамбетов! Цирктің әртісі құсап
қызарып кетіпсің ғой, жүр біздің бөлмеге.
Шәйнек қайнап тұр, – деді арқамнан қаға
сөйлеп.

Шай беріп алып, мойныма шаруа іліп
жібермес пе екен деген қауіп, әлі де сейілмеген
кез. Бірақ бұл күдік бекер екен. Бекерің не,
бір күндері сабақтан келе сала Рауанға барып

«тамақ бар ма?» деп төтесінен қоятынды
шығардық. Бірінші көрген игілікті осы деп
бағамдадық.
Екіншісі – екінші курстың басталуым

тұспа-тұс келді. 2010 жылдың тамыз айында
елден бұрын Алматыға келіп алдым. Ауылға

107

Бесінші жатақхана
аттанарда «Жас Қазақ» газетімен серттесіп
кеткенмін. Серт бойынша оқу маусымынан
біраз бұрын келіп, газет жұмысына араласуым

қажет. Ол міндетімді адал атқару үшін ерте
жетуін жеттім, бірақ баспана мәселесі алдан
шықты. Ордер алмай жатақханаға тұрғызбайды
екен. Алматыда жүргеніме бір жыл ғана, сол

себепті пәтерлес таныстардың да реті шыға
қоймады. Қаскелеңнің ар жағында тұратын
әпкемнің
үйінен

қатынауды
қиынсынып,
жағдайдың қисынын таппай жүрген кез еді.
Ақыры, дәу де болса Алматыда жүр ғой деп

Рауанға хабарласып едім, расымен қалада,
жатақханада жатыр екен.

Ешкімге де хабарласпа, тіке жатақханаға
кел! Вахтершамен келісіп, өзім кіргізіп аламын,

– деді сөзге келместен.

Ең

мазмұнды
деген
қисынның
өзіне

келіспейтін Роза апайдың тілін тауып, Гүлшат
апайды көндіріп, мені өзінің жанына біржолата
қонақ етті. Тіпті бөлменің кілтін де өзім
меншіктеп, бір апта, он күн шамасында бөлмелес

болдық. Бұл уақыт Рамазан айының кезі.
Күндіз жұмыста болып, кешке кезігеміз. Мені
өзімен бірге ауызашарға ертіп барады. Ораза
тұтпаған мен бейбақ, оныма еш қысылмастан

барша мұсылман қауыммен бірге апыр-топыр
кешкі астың қамына кірісіп кетемін. «Оразаңыз
қабыл болсын!» дегендерге «Әумин» деуді де
ұмытпаймын. Мұны екі деп қойыңыз.

... 1-ші курс кезімізде Жансерік есімді
старшагымыз
Алматыға
келді.

Оқуды
оңдыртпай факультеттен шығып кеткенімен,
ара-тұра «материалдық жағдайын реттеп алу
үшін» арман қалаға ат шалдырып тұрады

108

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
екен. Ол келді дегеннен-ақ, жүрісіңді түзеп,
жүгеніңді сылдырлатпай жүру – парыз.
Сондай

күндердің
бірінде
«команди­
ровкамен»

жүрген
көкем
жатақхананы
армансыз аралайды. Құдды базарда жүргендей

«қой, мынауың тар», «мынаның түсі онша
емес», «мынау кең сияқты ма, қалай өзі» деп
жүріп-ақ, біраз киімді алып тайып тұрыпты.
Бірін сұрап алған, бірін ұрлап алған. Кәдімгі

ашық тонау. Басқалардың бас киімін, джинсы
шалбарын алумен шектеліпті де, қырсыққанда
менің костюм-шалбарымды солайымен өңгеріп
кетіпті. Дереу Рауанға хабарласып, «ал қорға!»

дедім: «Мың жерден курстасыңыз болса да,
өзіңіз айтқан «бұқадан» бір мысқал кем болмай
тұр» дедім батылданып. Рауан сөзге келместен
тауарларды қайтаруға тырысқан. Бірақ ол

ендігі Алматының шекарасынан асып, Қордай
асуында жүйткіп барады екен. Тым кеш.
Ертеңіне Рекең базарға барып, өз ақшасына
тура менің өлшемімдегі су жаңа костюм-шалбар

әкеліп берді. Тұп-тура, құйып қойғандай. Содан
бері мені көрген сайын «сол костюм-шалбарды
киіп жүрсің бе?» деп үнемі сұрайтын. Бірнеше
жыл аямай кидік. Одан бері де қаншама заман

өтті, киім ескіріп, өңі шықты. Енді той жасап
жатсам, Рекең тағы бір костюм-шалбар сыйға
тартпас па екен деп тәтті қиялға беріліп қоямын.
Несі бар, тойда старшагым сыйлаған су жаңа

киіммен тұрсам, айып па?
Аралдан келген базарлық

Группаласым Роза Әреннің әке-шешесі
ауылдан үнемі азық-түлікке толы кәрзеңкені

109

Бесінші жатақхана
жібереді де тұрады. Аралдан әрбір «сәлемдеме»
келген сайын, 403-ті думанға айналдырып,
астын үстіне шығарып шаңдатамыз. Дәмнен

ауыз тиетін «сыйлы қонақтардың» алдыңғы
қатарында
қасқайып
Жақсылық

екеуміз
тұратын едік.
Күн кешкіріп, асқазан шұрылдай бастаған
сәтте

талғажау
етер

ас

іздеп,
тыпырлай
бастаймыз. Мұндай сәтте аса сенімді мекен-
жайлардың көш басында, әрине – Роза мен

Маржанның бөлмесі тұрады. Розаның ерекше бір

жақсы
қасиеті
болды:
дастарқанның

үстіндегі
тәрелкеге
үнемі
тәтті-пәттілерді

салып қоятын. Мұны біз сияқты ашқұрсақ,
азық
таппай
аласұрған

студенттер
жесін
деген «қайырымдылық жобасы» деп атаса да
болады. Кіре сала, әңгімеге тартқан болып,

біреуін ауызға салып, біреуін қалтаға сүңгітіп
дастарқан үстін сылап-сипап, жайғастырып
тұра беруші едік.

Бір

күні
Роза
хабарласты.
Ауылдан

Сексенбай көкеміз, сексеуілдің шоғына піскен
қазы-қарта мен базарлықты үйіп беріп жіберіпті.
Стипендияның түспей, зар заман ақындарын
жастана оқып кетуге шақ қап жүрген кезіміз

тұғын. Мынадай қараңғы күнде жарқ еткен
жаңалықты дереу Жақсылыққа жеткіздім де,
апыл-ғұпыл дайындыққа кірістік. Мәртебелі
дастарқанға қалай болса солай бара салуға әсте

болмайды. Соңғы бірнеше күнді «Ал давайға»
түнеп өткізіп, кафенің шырақшысымен бауыр
болып кеткен Жәкең дәрет алып, тақиясын
киген кезде тура найб-имам болды да қалды. Мен

де туған күнге киермін деп сақтап жүрген көк
водолазкамды суырып алып, кәдеге жараттым.

110

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Дабырлай сөйлесіп, жоғарыға қарай беттеп бара
жатқанымыз сол еді, алдымыздан Аршын шыға
келді. Бойы-сойы келіскен «модель» көкеміз,

2-ші қабаттың қыздарын екі қайтара қарғап-
сілеп үшінші қабатқа үмітпен көтеріліп бара
жатыр екен. Әрине, тамақ бермегені үшін. Әп-
сәтте трио болып жетіп бардық. Трио демекші,

бұл өте аз құраммен барғандағы түріміз. Кейде
«квартет», кейде «квинтет» тіпті ара-тұра
«оркестр»
болып

жатақхананы
басымызға
көтеру де түкке тұрмайтын бізге. Еркебұлан мен
Аршынның өзі-ақ сазды-ұрмалы аспаптардың

рөлін атқарып, даңғаза жасай салатын. Түннің
бір уағына дейін Аралдың дәмі де таусылмай,
әңгіме де түгесілмей көл-көсір көңілді кештің
куәгерлері һәм бас кейіпкерлері боламыз. Және

мұндай сәттер жиі қайталанады. Кейде тамаққа
тойып шаршап қалып, қыздардың кереуетіне
қисайған күйі қорылға басатынымыз тағы бар.
Мұндай

кештер
Розаның
арамыздағы
беделін арттырды. Көрген жерде иіліп сәлем

беріп, алдынан кесе өтпей, дипломатиялық
өнеріміздің озық тұстарын оған бағыштаумен
болдық. Әлбетте, біржақты емеспіз. Бізге де
сый-сыяпат келсе, оны да Розамен бөлісіп,

көңіліне жағып қалуға тырысамыз. Бір күні
қақап тұрған қыс айында «мамам Алматыға
келді, жатақханаға да соғады» деді. Аралдан
келген апаны құшақ жайып қарсы алып,

шығарып салғанша салып ұрып қызмет еттік.
Құлдыраңдап сөмке көтеріп бара жатамыз,
ерте
жетіп

есік
ашып
тұрамыз,
әсерлі

әңгіме, әдемі ән айтып көңілдерін көтереміз.
Мамасы мәз. «Өркендерің өссін, елгезек, мың
болғыр балалар екенсіңдер», – дейді ол кісі.

111

Бесінші жатақхана
Біз апамыздың еті мен кәмпит-сәмпитінен
дәмеленіп жүрміз. Шындықты айту парыз,
Розаның анасының қолынан талай дәм таттық.

Біздің жатақханадағы өмірімізді нұрлы ете
түскен ауылдағы сондай ата-аналарымыздың
тілегі мен тәттілері еді ғой.
Жоғалған куәлік

2009 жылдың қыс айы еді. Аққала жасап,
қар атысуға деген ынта-ықыласымыз әлі кеми
қоймаған, ауылдағы балдәурен балалықтан
әлі толық арылмаған сәтіміз. Біз оқуға түскен

жылы жатақта старшактардың да «сталинизм»
саясаты
күйіп
тұрды.

Мұны
алғашқы
күндерден-ақ сезінген соң әр қадамымызды
аңдап басамыз. Алыстан жоғары курстарды

көрсек не

алақанымызды ала

жүгіреміз,
егер тым алыстан көрсек, «сені желкемнің
шұқыры көрсін» деп айналып өтетінбіз. Сондай
күндердің бірінде, жоғары курста оқитын,

«хандардың ханы» болып есептелетін бір жігіт,
менің жеке куәлігімді сұрап келді. Анау-мынау
деп қипақтағанға да келтірместен, арғы күні
әкеліп беремін деп алды да кетті. Жеке куәлік!

Әлгі жігіт кеткен соң, ашуланамын келіп. Нағыз
«жау кеткен соң қылышыңды тасқа шаптың»
кері.
Бөлмелесім

Еркебұланға
айқайлап,
бөлмедегі үстел-орындықты да «төмпештеп»
алдым. Бәрібір түк шықпасы белгілі ғой. Жеке

куәлікті қандай мақсатқа пайдаланар екен,
ертең ізімнен полиция келіп тұрмасын деп
зәрем зәр түбіне кетіп, неше күн бойы ас та, су
да батпай қойды. Әлгі жігіттен еш хабар-ошар

жоқ. Сөйтіп, шамамен бесінші күні-ау деймін,

112

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
еріне басып бірінші қабатқа түсіп, сыртқы
есікке қарай беттеп бара жатқанмын.

Аймағамбетов,
қалайсың?!

деген
қаһарлы дауыс суық ауаны тіліп өтіп, тура
маңдайыма қадалғандай болды. Коммендант
Гүлшат апай.

Онсыз да әрең жүрген қасқа бала, әрең есімді
жиып:

Аман-есен алдыңызда тұрмын, – деймін.

Жеке куәлігің қайда? – деп төтесіне бір-
ақ көшті.
Енді
шындап

қобалжып,
қорқайын
дедім. «Жатақхананың өн бойында не болып
жатқанын, бірін қалдырмай сезіп отыратын

комменданттың құлағына менің куәлігімнің
де қолды болғаны жеткен екен ғой». Бірақ,
мәселе соның қалай жеткенінде болып тұр. Осы
сәтте сенімді түр жасап алдым да, «өзімде!»

деп тақ еттім. Алайда, қанша тақылдамақ
болғаныммен, құдды даусым өзімдікі емес
сияқты. Содан үнсіз кабинетіне ертіп кірді де,
тартпасынан суырып алып, куәлігімді қолыма

ұстатты. Қазақ «көзім атыздай болды» деген
тіркесті осындайда қолданса керек. Содан
айқайлап берді дейсің.

Осы сен тым аңқаусың! – деп үстелді бір
ұрды. Селк ете түстім.

Әй, әлгі көкеңнің қалтасына бар ақшаң
мен уыстап соңғы бермешеліңді салып берсең
де, құжатыңды ұстатушы болма! Хорошо что,
бұл жолы аман-есен оралыпты! – деп ұрсып

алды.
Ақыл айту мәніндегі өте жағымды ұрсу
еді. Айтқан сөзінің құлағыма бірі кіріп, бірі
кіретін емес. Ең бастысы, құжаттың бүлінбей,

113

Бесінші жатақхана
бір дауға ұрындырмай өзіме оралғанына мәзбін.
Коммендантымыздың ұрсуында мән бар екенін
кейін аңдадық. Расымен, көкеміздің көңілін

қалдырмаймыз деп, орны толмас былықтың
апанына өз аяғымызбен түсе жаздаппыз. Алла
сақтаған!
Жазира Жаппарқұл – менің

махаббатым
Жалпы менің спортшы қыздардан жолым
болмаған. Өзім де түріме қарамай анау-мынау
емес, бокс, ауыр атлетикамен айналысатын

қыздарға соқтығыппын.
Үш-төрт жыл бұрын, ауыр атлет Жазира
Жаппарқұлдан сұхбат алмақшы болып, телефон
шалдым. Тұтқаны көтерді де, ар жағынан

«Алло» деп гүр ете қалды. Тосын дауысқа
тосырқап қалдым да: «Бұл кім... Жазираны
шақырып жіберіңізші?» – дедім еш саспастан
саңқ-саңқ етіп. Сөйтсем, «мен Жазирамын,

айта беріңіз!» дейді әлгі дауыс. Ұялып тұруға
да уақыт тапшы, жеделдетіп бұйымтай айта
жөнелдік.
Ертеңіне

спортшы
қыздан
сұхбат
алғанымызбен, басшылары жаттығу залына кіру

үшін федерация басшысының рұқсаты керек
деп келіспей қойды. Әрі басшылықтың бір ауыз
пікірін де жазып алсақ, артық болмас еді. Өзімізді
осылай жұбаттық та, Қайрат Тұрлыхановтың

атына хат жолдап, жауап күтуге тура келді.
«Хабар» арнасындағы «Таразы» бағдарламасына
тырнақ алды сюжетімді жасап жатқан кез еді
бұл. 2-курстың күз айы. «Жас Қазаққа» сол күйі

тұрақтамай, телеарнаға қызығып «Хабардан»

114

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
бір-ақ шыққан албырт кез. «Икемің бар, білігіңді
шыңда», – деп ақыл берген журналист Мәулен
Алғазы еді. Ретін тауып, үлкен басшының да

қабылдауына кіргізген. «Хабар» агенттігі бас
продюсерінің орынбасары Арман Сқабылұлы:

Жасың
18-де,
өзің

әлі

сарыауыз
студентсің... телеарнада істеуге тым жассың, –
деген түйіндемеме қарап отырып.

Аға, жұмысқа алсаңыз бірден меңгеріп
кетемін, – деймін талпына түсіп.
Осы талпынысымды бағалады ма, Арман
ағам бірнеше күннен соң хабарласып, жұмысқа

шығу
керектігімді
хабарлаған.
Қуанышта

шек болмады. Ол кез – біздің курста әлі ешкім
ресми түрде журналистика бойынша жұмысқа
араласпаған
кез.

Қателеспесем,
Роза
Әрен
екеуміз еңбек жолымызды бірге бастағанбыз.

Ол 2010 жылдың қазан айында «Алматы
ақшамы»
газетіне
ресми

түрде
жұмысқа
тұрып, мен «Хабар» агенттігінің қызметкері
атанып, «Таразы» бағдарламасының журналист

міндетіне кірістім. Кіл марғасқалардың ортасына
топ ете түстім. Арман ағадан бастап, Ерлан
Әбдірұлы, Мақпал Мадиярова, Мұрат Есжан,
басқа да журналист-режиссер аға-апалардың

қамқорлығы еш ұмытылмақ емес.
Мөлиіп, ауыр атлетикадан қоңырау күткеніме
2-3 сағаттан асып кеткен. Түс ауа редакциядағы
телефон шырылдай жөнелді. Көтергенім сол еді,

ар жағынан: «Саламатсыздар ма, Абай ма бұл?»

– деген жуан дауыс естілді. «Саламатсыз ба, иә,

бұл мен», – деп елең еттім. «Қайрат ағаң ғой,
Астанадан». Білдей бір федерация басшысының
өзі хабарласқанына әрі таңғалып, әрі қуанып
тұрмын.

115

Бесінші жатақхана

Алматыдағы ауыр атлеттердің жаттығу
орталығында түсірілім жасауға рұқсат алсақ
деп едік?

Әрине,
оған

сөз бар ма!

Қалаған
уақытыңда барып түсіре беріңдер, – дейді
Тұрлыханов.

Сосын,
өзіңізден

бір

ауыз
сұхбат
жазып алу мүмкіндігі бола ма? Астанадағы
тілшілерімізге айтсақ...

Ол жағын былай істейік, сен бір күнді
белгілеп шақыр, мен өзім ұшып бара саламын,

– деп қарап тұр ағамыз.

Мына сөзге не дерімді білмей қалдым. Әрі
федерацияның басшысымен тікелей тілдесіп
тұрмын ғой деген әсер әлі буын-буынымды
босатар емес.

Сосын, анау Жазира Жаппарқұл деген
қыздан сұхбат алдың ба? – деп сұрақ қойды
әңгімелесушім.

Иә, кеше алдым Жазирадан, жақсы
болды...

Қалай екен Жазира?

Жақсы екен... – деймін сәл тосырқап.

Ә-ә!

Қыз

ретінде
қалай
екен,
қарым-

қатынастарың жақсы ма былай? – деп төтесіне
көшті бір кезде.
Ал енді кібіртіктеймін келіп. Сөйлесіп
тұрғаным

Қайрат
Тұрлыханов.
Республикалық
ауыр

атлетика
федерациясының президенті. Айтып тұрғаны –
қыз-пыздың төңірегіндегі жадау әңгіме. Не деп
жауап айтарымды білмей, бас қатты.

Енді
қарым-қатынас
болғанда…

116

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
сол журналистік тұрғыдан ғой, – деп сөзім
сұйылып, әбіржиін дедім.

Аа, дұрыс екен! Негізі оның басы бос,
жігіті жоқ, Абайжан. Былай аралассаң болады,

– деп соғып тұр, бастық ағамыз.

«Иә, иә» деп мен де елітіп кетіппін. Бір кезде
барып селк етіп оянғандай болдым. Әлденеден
секемденіп, көңілге күдік ұялап, бойымды
толқу мен қорқу сезімдері аралап өтті. Тұтқаны

құлағыма тосқан күйі, артыма жалт қарағаным
сол еді, кабинеттегі екінші жұмыс телефонының
үстіне мініп алған Мәулен көкем тұп-тура
«Тұрлыханов болып», көсіліп-ақ отыр екен.

Бағанадан бері, буынып-түйіліп әзер отырған
әріптестер де күлкіге қарық болды. Менің бетім
бағдаршамның қызыл түсінен бір мысқал кем
түспей сәулесін шашып жіберді. Оңбай алдану

деген осы болса керек.
Сөйтіп, «түсірілімге рұқсат бере салған,
сұхбат үшін Алматыға ұшып келе салған тәтті
ертегінің» быт-шыты шығып, тағы бірнеше

күн шын

Тұрлыхановтың
ресми
хатын
тостық.

Сөйтіп,
ойда-жоқта
«махаббатым»
болған

Жазираның
спорттық
жолы
тәуір

басталды. Кейін сәтті жалғасын тапты. Рио
олимпиадасында олжа салып, күміс еншіледі.
Әр жарысын көрген сайын «Алға, махаббатым
менің!» деп шабыттанып отырамын.

Боксшы қызбен «құпия кездесу»
2011 жылы «Хабар» арнасындағы «Таразы»
бағдарламасына арнап спортшы қыздар туралы
сюжет жасадым. 8-наурыз қарсаңында. Ауыр

атлет, дзюдошыларды түсіріп болып, кезек

117

Бесінші жатақхана
боксшы қызға жеткен. Спорттық мансабын енді
бастаған, қимылы ширақ, жас болса да біраз
жүлде алып үлгерген қарымды әрі сүйкімді

қыз екен. Есімі – Айжан. Спорт және туризм
академиясында оқиды әрі жаттығады. Қала
сыртындағы үйіне барып түсірілім жасадық.
Үйіне барған кезде сызылып шығып шай

құйып, анасына көмектескенін көріп «сындым»
да қалдым. Спорттық киіммен жүргенінде аса
мән бермеген екем. «Альбом қарап отырыңыз»,
«Медальдарыңызды ұстап отырыңыз», үйтіңіз-

бүйтіңіз деп оператор Ғалым ағаны да әбден
шаршатып, қызды да діңкелетіп, күні бойы
түсірілім жасадық.
Сюжеттегі

басымдықты да

Айжанға
беріп
(бағдарлама
заңын

сақтай
отыра),
«жас боксшы, хас боксшы» деп мақтауын
жаудыруға

тырыстам-ау
деймін.
«Эфирге
мына күні шығады» деп бір қоңырау шаламын,

«шыққалы жатыр, қарап отырсыз ба?» деп екі
хабарласамын. Әр сөйлескен сайын, ұяң қыз
сұрағаныма сызыла жауап берумен шектеледі.
Қарап жүрмей, сол кездегі танымал әлеуметтік

желі m-агенттен де тауып алдым. Межелі
8-наурыз жеткенде, біраздан бері сөйлесіп
жүрмін ғой, кездесуге шақырып гүл сыйлайын
деп шештім. Әспеттеп сөйлесіп, уәделі жерде

кезігуге келістік. Үстіме Үмбетәлінің плащ
тұқымдас күртешесін киіп алдым. Менімен
бірге Аршын да шыққан. Ол да көңіліндегі
сұлуға гүл сыйламақшы. Қызық болғанда

Аршекең гүлді алуын алып, қыздың бөлмесіне
баруын барып, соңғы сәтте тайқыпты. Сыртқы
есікті ашып қыздың атын атап шақырады, ол
енді шығуға ыңғайлана бергенде гүлді секцияға

118

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
тастапты да тұра қашыпты. Бұл кімге бергенін
білгенімен, қыз кімнен келгенін білмейді. Аң-
таң. Жауабы жоқ математиканың сауалындай

болады да қалады әлгі оқиға. Ал мен шашты
жақсылап
қайырып,
Байтұрсынов-Сәтбаев

қиылысынан гүл сатып алып, Спорт және
туризм академиясына қарай құстай ұштым.
Межелі жерге Айжан да келе қойды. Гүлді
алып ол мәз, беріп мен риза, екеуміз тротуармен

әңгімелесіп келеміз. Дайындығын, сабағын
сұрап, әңгімені өзімше өрістеткен боламын.
Осылай жүріп-ақ, біраз уақыт өте шығып, онсыз
да қысқа күн қараңғылана қойды. Соңына таяу

батылданып «қай жерде тұратын едің, жеткізіп
салайын?» дедім. Тұрағы бұл арадан алыс емес
болып шықты. Ең қызығы – оның одан кейінгі
сөзі еді.

Осы

академияның
жатақханасында
тұрамын, алыс емес. Жігітім де осында тұрады,
ол да боксшы, – деп қарап тұр. «Гүліңе көп

рақмет! Қазір ол да шығып қалуы керек...», –
деп үстемелетіп қояды тағы. Ауызға сөз түсер
ме осындайда. Әдептілік сақтаған сыңаймен
«Саған да рақмет, айналайын», – деп апыл-

ғұпыл қоштасып, жаяулап жортып отырып
Қаз-ҰУ-дан бір-ақ шықтым.
Ішке
келіп,

ойланамын.
Студент
кез,
қайбір шекеміз шылқып жүр дейсің. Сол гүлді

курстас қыздардың біріне сыйлай салсам,
мұндай қошеметке бастары айналып, дәрк етіп,
терлетіп-тепшітіп бөлмелерінен шай берер еді-
ау. Мейрамдатып гүлмен келіп қалған екенсің,

тамақты да тастап кетпе деп өбектейтіні сөзсіз
еді. Одан қала берді, ауыздарынан тастамай 5
ай, 36 күн бойы айтып жүретініне де шүбә жоқ.

119

Бесінші жатақхана
Мынау не болды? Не шай жоқ, не басқа жоқ.
Аршын екеуміз сол күні тәтті қиялды талғажау
етіп ұйықтап кетіппіз.

Тәуірбек пен Маржан

Папкаларымды ақтарыстырып отырып,
ескі суретті тауып алдым. Жамбыл атындағы
қазақ мемлекеттік филармониясының алдында
Ая, Тәуірбек, Маржан төртеуміз түсіппіз. Ая

осы кездің өзінде маған ғашық болған сияқты.
Жөпелдемеде жанығып фотографтың алдына
тұра
қалғанымызға

қарамастан,
қолымнан
жұмарлап ұстап үлгерген. Оң жағымызда тұрған
Тәуірбек пен Маржан да ғажап жараса қалыпты.

Бұл кез – Толиктің гитарасын асынып, бір
көтеріліп-бір басылып, қыздар десе шашылып
жүрген кезі. Тукаша айтқанда – «лап-лап!».
Біздің

Құдай
бере
салған
5-ші

жатақханамызда Ая мен Маржан бір бөлмеде
тұрды. Жалпы, біз жатақта тұрған кезде
қыздардың бөлмесіндегі пісіп жатқан тамақтың,
енді құйылып жатқан ып-ыстық шәйдің үстінен

«кездейсоқ» түскен кезіміз аз емес қой. Сондай
«кездейсоқтық» осы қыздардың бөлмесінде

жиі

қайталанатын.
Әшейінде,
тайталасып,
айдаладағы

біреулер
үшін
қызылкеңірдек
болатын біз, мұндайда олардың туған жерінің

қасиетін жеріне жеткізе мақтап, абыройын
асыра
түсеміз.
Құртын

жеп,
талқанынан
татып, қазысынан асап отырып қалай ғана
«дебат» жасауға болады. Не айтса да «иә»,

олар да «жігіт» тұрғысынан бір көмегі тиер
дей ме, әйтеуір, сызылып шай құйып беруден
жалықпайтын.

120

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Тәуірбекпен жақсылап достасып, араласып
алғаннан кейін осы қыздарға алып келдім де,
«сендерге сюрпри-и-и-из!» деп айғайладым.

Олар мәз. Журфактан бір емес, бірден үш
қыз тапқанына Толик те мәз. Үшіншісі – сол
бөлмеде тұратын Ботагөз деген қызымыз.
Үшеуінің біреуін қаратам ғой деген сенімділік

Тәуірбектің танауынан астынан аңқып тұр. Қас
қарайып, жатақхананың алды қараң-құраң
адамға толғанда әтірін себініп, шашын қайырып
Тәукең де жетеді. Үстінен бір мін таппайсың.

Мұнтаздай. Костюм-шалбар, жағасы қақиған
жейде, қолындағы гитара тіпті үйлесім тауып
тұр. Вахтерша апайдың сыйлығын алдын ала
тас қып қоямыз. Дастарқанды бір емес, үш

қыз жасаған соң «оңсын ба!»: Жайнатып кеп
жібереді. Үйдің наны, дүкеннің сүті, қолдың
пирожкиі,
тағы

басқа
тәтті-пәттілердің
«кесірінен»
Павлов

ашқан

ТӘБЕТ

СӨЛІ

алқымға кеп тіреліп тұр. Шай да ішіледі, ән
де басталады, қызу сөз таластыру да болмай
қоймайды. Әрине, алыстан «ат арытып» қонақ
келгенде қушиып үш-төрт адам отырғанымыз

ыңғайсыз болар деп, ду-дүрмекке жаны жақын
қыздар мен ұлдарды да қоса шақырамыз. Олар
да кештің ажарын арттырмаса, кемітпейді.
Жалпы, журфак пен филфакқа бекер адам түсе

ме, кілең қысыр сөзден айылын жимайтын,
«марғасқалар» ғой. Бір сөз айтсаң, оның он
түрлі баламасын тауып береді. Бір пікір айтсаң,
екі сағаттық дебаттың ортасына топ еткізеді.

Кештің гүлі – Тәуірбек. Өзінің құрметіне
осындай дастарқан жайылып, бәйек болып
жатқанын ол пақырың да сезеді екен, сәл
маңғаздана

сызылтып
әнін
орындайды.

121

Бесінші жатақхана
Арасында
Аяға
қарап

қояды.
Жоқ,

бұл

байламым бекер ме деймін... Маржанға көп
қарайтын сияқты. Әй, мына әнін Ботаға қарап
шырқады ғой! Құрсын, өзім іштей «шыр-
пыр» күйге түсіп, өлетін болдым. Қайсысына

қарағанын тап баса алмай, бұл миссияны келесі
кештің еншісіне қалдырамын. Араға күндер
салып Тәуірбек тағы келеді. Бұл жолы киімі де
басқаша, репертуары да жаңарған. Шай ішіліп,

әңгіме айтылғаннан кейін, тағы да әнге басады.
Орындаушылық міндетті түгелдей оған арттық
та, өзіміз тыңдаушы функциясын бұлжытпай
орындадық. Тәукең де мықты ғой, еліттіріп-

еліттіріп баяу әнді тамылжытады да, бір кезде
құйқылжытып көңілдіге көшеді. Әндері бірінен
бірі өтер. Көңіл пернесін дөп басып, жан-
дүниені арбап барады. Қыздарға қарасам, ішкі

эмоциялары жүздеріне тұнып, көңілдерінде
кіршіксіз нәзік сезім ұя салғаны аңғарылады.
Одан кейін де сан рет сол бөлмеден Тәукеңмен
қосыла шай іштік, ән айттық. Әй, сабазың да

бәле екен, ақыры, қай қызға қарағанын маған
да аңғартпай кетті емес пе!
Ех, ол бір керемет кездер емес еді деп
қайсың айта аласыңдар, айта алмайсыңдар ғой,

айтыңдаршы.
Мейіржан
Мейіржан,
Жақсылық

және
биология
факультетінде оқитын Ерасыл деген жігіт,
төртеуміз 303б бөлмеде тұрдық бір кездері.

Бөлменің көлемі ат шабуға болатындай кең.
Бірақ бәрібір ат шаппайды ғой деп өзіміз
шабамыз: Күресу, у-шу, біреу кіреді, біреу

122

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
шығады, біреу келіп алып өлең оқып отырады.
Тыңдап отырсың ба, әлде құлағыңа наушник
тағып алып ән тыңдап отырсың ба, бәрібір.

Негізінен қиялилар мекендейтіндіктен журфак,
сондай ерекшелігімен қызық.
Бірде бір достарымыз кештетіп келеді.
Есіктен кіре алмайтындарын анық аңғарған

соң, балконмен өрмелепті. Өрмелеп бара жатып,
қыздардың бөлмесінің тұсынан өткен кезде өлең
оқып бара жатыр дейді. Ержүректік+Романтика.
Альпинист-ақындардың бұл тірлігіне тәнті

болған қыздар балконға шығып тамсанып,
жатақхананың іші мен сырты әп-сәтте абыр-
сабыр болып кеткен. Көрші 6-шы жатақханада
тұратын

магистранттар
«түсінейік,

бұл

журфактың
жатақханасы»
дейтін
көрінеді

сонда бір-біріне.

Бір оқиғаны бір естелік жалғап, аздап
ауытқып кететін әдетіме басатыным үшін,
ғафу өтінем. Негізгі айтпағыма оралайын.
Жақсылықтың ноутбугы ерекше ноутбук еді.

Оған Жәкең әспеттеп пароль қойып қойған.
Бірақ онда пароль бар екен-ау деп жатқан адам
баласы жоқ. Әркім келеді де қалағанынша
пайдаланады. Аса қатты сұранысқа ие әлгі

ноут, біресе 505 бөлмеде кино көрсетіп жатады,
бірде 404-тегі ұлдардың бөлмесіне кіріп барсаң
көрсетпейтінді көрсетіп жатады, бір қарасаң
3-қабаттың қыздарының тізесінде отырады,

бір қарасаң 4-қабаттағы Үмбеттің бөлмесінде
жай әшейін тұрады. Қысқасы, тыным жоқ.
Үнемі гастрольде. Ноутбук керек болған адам,
бөлмеге кіретін де алып кете беретін. Ақша

төлеп сатып алған меншігін Жақсылықтың
өзі таппай жүреді. «Ноутбугым болып еді» деп

123

Бесінші жатақхана
айтқаны болмаса, онысы төрт жыл бойы ел-
жұртқа қызмет етіп шықты. Бір қыңқ демепті
жарықтық. Сол ноут шатаспасам әлі күнге

тірі. Ал ноуты өзіне, өзі ноутына нағыз адал
жан – Мейіржан болатын. Таңғы алакеуімде
қарасаң да, сабақтан қашып шығып түсте
келсең де, кешкі астың уақытында да, көзімізге

ұйқы тығылып маужырап тұрған түннің бір
уағында да шұқшиып ноутбугының алдында
отырады. Байғұс «шиқ» етіп шаршай қалса,
Мейіржан көкем қуаттағышын қосып қалып,

ноуттың көзінің отын жарқ еткізетін. Сосын
пернетақтаны олай да бұлай ұрғылап, жұмысын
жалғастыра береді. Мекеңнің мінезі біртоға, өзі
бізге қарағанда әлдеқайда етжеңді, салмақты

жігіт.
Біздің не жұмыспен, не сабақпен шаруамыз
жоқ.
Адам

болайық,
Мейіржанға
ұқсап
интернет игерейік деген ой да санамызға

кіріп-шықпайтын
секілді.
Содан
отырып

алып, болмайтын әңгімемен Мекеңнің миын
ашытамыз. Әрі шыдап, бері шыдап, ақыр
соңында бәрімізді тырқыратып қуып шығатын
бөлмеден. Оның бұл ашуына әбден ет үйреніп

қалған. Бір күні екі қолым алдыма сыймай,
ішім пысып бөлмеге келдім. Тағы сол көрініс:
Орнынан не былай, не олай 5 сантиметр болсын
жылжымайды.

Ноутбугына
тесіле
қарап
Мейіржан отыр. Қабағы қатулы. Жоқ, өзінің

түрі сондай. Сұсты. Арагідік кеседегі шәйінен
ұрттап қояды. Мынау дүниемен ісі жоқ. Ішімнен
түлен түртіп, Мекеңе әй бір тиіскім келді.
Алдымен сыртқы секцияның, ішкі бөлменің

есігін айқара ашып, қашатын бағытымды
айқындап қойдым. Сосын бастадым:

124

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ

Меке, пысықсың! Бірақ тапжылмай
отыра бергенше, бір уақ бой жазып көңіл
көтермейсің бе?
Мекең ләм-мим демеді, тіпті маған көз

қырын да салған жоқ.

Өзің адам менсінбейсің. Әй, адам құсап
айтып тұрмын ғой, қанша сұлу қыздар жүр
сыртта. Өзіңдей Жақсылық танысып, қыдырып
жүр. Сен отырсың омалып!

Көзін алартып бір қарады да, отыра берді.

Бауырым, бері қарай шықшы өзі, –
дедім одан әрі қитығына тие түсіп. – Неменеге
қорқақ болып қалғансың!
Осы кезде ішке Жақсылық кіріп келді де,

ізінше есікті де жауып алды. Ал Мекең орнынан
тұра қусын. Қашайын десем алдым – жабық,
артым – жау. Қолға түстім де қалдым.

Ойбай, Меке, сіздей адамзаттың асылын
сыйлаймын ғой, – деймін қолымды темір
білегінен босатуға тырысып, – міне маған қарай
жүгіремін деп, бойыңызға қан жүгірді. Күні

бойы ноутқа үңілемін деп, беліңіз шойырылады
ғой, – дедім шырылдап. – Менікі сізге деген
қамқорлық қой!
Мекең күліп жіберді де, оңай босата салды.

Мейір достың еңбегін кейін білдік. Интернет
журналистика саласында сол кездің өзінде
ерен жұмыс атқарып бастаған екен. Қазір бұл
салада нағыз көшбасшы маманға айналды деуге

семіз негіз бар. Ал Жәкеңнің жыбырлақ ноуты
қолға тиген кезде, біз де қаужаңдап бірдеңе
қараған болып, жұмыс істеген кейіп танытып
қалатынбыз.

125

Бесінші жатақхана
Лақап ат
Біздің қатарда азан шақырып қойған есімінен
гөрі, жұрт қойған атауы жиі аталатын ұл-қыздар

болды. Әрине, ол «есімдерді» өз арамызды жиі
айтамыз. Сонымен «ЦОН-ның» ығынан шығып
кеткен лақпа-сараптамаға зер сала отырыңыз.
Асқарбек – «Қосып кетейінші». Асекең осы

сөзді аса сүйсініп айтатын. Осы сөздің арқасында
дайындықсыз келген талай сабағында балл алып
жырғап қалды. Бұл сөздің Асекеңнің тағдырында
ерекше рөл ойнағаны соншалық, пардан парға,

баллдан баллға, жылдан жылға аман-есен жетіп,
4 жылды тура өз ойындағыдай бітіріп шықты.
Әуелі Әйгерім сабақ айтады, сосын Толғанай
жалғастырып жатады. Бір кезде Асқардың

сүйріктей ұзын саусақтары семсердей жарқ ете
қалады. «Апай, қосып кетейінші», – дейді де,
ұстаздың рұқсатын күтпестен, бастырмалатып
жалғастыра

жөнеледі.
«Қосып
кетейінші»
дегені – осы тақырыпқа қатысты сабақ айтайын,

ойымды жеткізейін дегені ғой.
Наурызгүл

«Бизнес
леди».
Алматы-
Үрімші-Алматы бағытында жиі сапар шегетін

осы бір пысық әрі аса жылдам қыз туралы
айта берсек, тоқтай алмаймыз. Қажет дегендер
«Лейтенант Мырзахметова» атты жазбамызды
қайта оқып алса болады. Жалпы, сабыннан

бастап сөмкеге дейін сатқан, сауданың қыр-
сырын терең меңгерген ортамыздағы жалғыз
қызды «бизнес леди» демегенде не дейміз.
Қалғандарымыз 500 теңгеден қайтқан 400 теңге

«сдачаны» шытырлатып санап алғаннан басқаны
қатырмаймыз. Қаржылық сауатымыз сол жерге
дейін жеткен.

126

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Шынаргүл

«Әлбетте.
Майл.
ру».
Группамыздың

«атасы да,

әжесі де»

Ұзынағаштан шыққан. «Әжеміз» – Шынаргүл.
Әңгімесі «әлбеттемен» басталып, «әлбеттемен»
аяқталады, әлбетте. Қай сұрағыңа да осы сөзбен
жауап беруге машықтанған Шынаргүлге, осы

сөз «танымалдылық» әкеле бастады. Ақыры
не керек, атақ пен абыройдың буына мастанған
Чина, поштасын да дәл осылай ашыпты.
Albette@maіl.ru.

Ая – «Шешек бегім». Бұл енді Аяның
өзін тарихи һәм әдеби кейіпкер Ай-Шешек
Бегімге ұқсатқанынан туындаған есім. Бір
жағынан бұл атауды біздің группаның өкілдері,

оның алғашқы пәттегі аса діндарлығымен де
байланыстырады. Бірінші, екінші курстарда
діни тұрғыдан пессимизмнің озық үлгісін
көрсеткен Аяны, осынау қазақи атаумен атап

шақыру өте-мөте ыңғайлы еді.
Ботагөз Икрамова – «Фотогөз Экранова».
Бұл енді Ботаның техника мен темір-терсекке
үйірсектігіне байланысты. Темір-терсек дегенге

«ее, тефаль жөндейді екен ғой» деп ойлап
қалмаңыз: Фотоаппаратты жақсы көреді. Сол
себепті, суретке түскенді де, түсіргенді де сүйеді.
Дәл осы екі критерийді салыстыратын болсақ,

әлбетте, түсіргеніне қарағанда түскені көптеу.
Түсіргеніне қарағанда түскені сүйкімділеу.
«Суретке түссе Ботагөз түссін» деп қойып,
көріп отыра беруге болады. Жалықпайсыз,

тамсануыңыз түгесілмейді.
Үмбетәлі – «Шал». Шал десе шал енді,
көңіліне келмесін. Базар жоқ, мыжитын.
Белгілі себептермен қазір көп көрмеймін,

бірақ, әлі сол баяғы мыжу әдетін қоя алмай жүр

127

Бесінші жатақхана
дейді білетіндер. Түнімен «сабаққа барайық та,
сабаққа барайық» деп миыңды қағып алып,
ертеңіне өзі түскі 14.25-те оянатын адамды

басқа қалай атауға болады.
Жақсылық – «Он төрт жастағы эротика».
Бұны Жәкеңе ешқашан өшпестей етіп қашап
берген

Руслан
Есмағамбет.
Жақсылық
жазған өлеңнің шын тақырыбы – «Он төрт жас

романтикасы». Өлеңді бәріміз қыркүйектің
алғашқы күндерінде 3 залда тыңдап отырмыз.
Әсіресе:
Бола білдім жүректі, төзімдірек,

Құлағымда өтінген сөзің жібек.
«Шаршап біттім» дедің де «арқалап ал»,
Мойныма арттың, о, ғажап, өзің білек, –
деген жолдары, әлі пәк, үлкен ортаға енді ғана

араласқан, 17-18 жастағы кілең бозбала мен
бойжеткеннің жүрегін аунатып түсіре жаздаған.
Руслан

да

тура сол

сәтте
тапқырлық
танытып кетті емес пе?! Іле-шала, өлеңнің
«романтикасы» үзіліп түсті де, «эротика» сөзі

берік орнығып алды. Кейін Жақаңды көрсе
жұрттың бәрі «эротикаңды» оқып берші деп
қолқа салатынды шығарды. Жәкең де меселді
қайтармай, әуелі «қара ала сырмақты» «жайып»

жіберіп, сосын «14 жасын» еске алатын. Кейін
эротика тұрмақ одан зорғы тақырыпқа арқау
болар өлең жазбады емес, жазды ғой, бірақ,
бәрібір алғашқы туындысы ыстық екен.

Жақсылықтың қызыл костюмі
«Келесі жылы да киесің» – ең үздік қазақша
киім бренді ғой. Өзіміз де осы брендтің талай
рет «шарапатын сезіндік». Созсаң өзіңдей тағы

128

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
бір адам сыятын, ұзын етек, кең жағалы қанша
көйлекпен шауып жүрдік емес пе?! Әй, биыл
кисең болды, келесі жылғыны көреміз демейді.

«Кішкене кең болып тұр ма, ештеңе етпейді,
қайта келесі жылы шап-шақ болады!» деп бас
бармағын көрсетеді анаң немесе әкең. Сатушы
да қалыспай, «тура осы киімді сен келіп

алмағанда, әй, иесін таппай қалушы еді» деп
гөй-гөйлеткенде ет-бауырың елжіреп, базардан
толқынысты күйде шыға келесің. Келесі жыл
келгенде, тағы да келесі жылы киетін киім

алуың мүмкін. Сөйтіп, жалғасып кете береді.
Осылайша,
Алматыға
«келесі

жылғыларымнан» сәл ыңғайсызданып, именіп
келсем,
«келесі
жылы

киесіңнің»
көкесі
Жақсылықтың үстінде жүр екен. Уф дедім.
Қуаныштан жүрегім атқақтап кетті. Салпаң-

салпаң етіп жүретін мен сияқты бір пенде бар
екен-ау деп көңілім орнына түскен. Тіпті, менің
кең деп ыңғайсызданып жүрген киімдерім
«приталенный» ма деп қалдым. Бірақ атақты

қызыл костюмін «кең екен-ау» деп тұрған
Жақсылық жоқ. Ойға да, қырға да соны киіп,
қызыл түлкідей боп жортып бара жатады.
Түсі де нақты қызыл деуге келмейді... ашық

қызыл түсті. Сөйтсек, мұнысы жай костюм
емес екен. Матасы сетінеп сөгілмейтін, мықты
екені бір қарағанда көрінбейтін, анау-мынау
брендтерден жеңілмейтін сапалы костюм екен.

Мұны Қытайдағы менмін деген маркеттен сатып
алыпты. Бағасын айтсам, бармақтарыңызбен
у жалағандай боласыздар. Мұнысы бір сыр
болса, костюмнің екінші құпиясы тағы бар.

Тура осындай костюм ақын Маралтай Райымбек
ағамызда да бар еді. Кең болса кең болсын, ең

129

Бесінші жатақхана
бастысы «ем болсын» деп, Алматыға аяқ басқан
жас ақынның, алдыңғы толқын ағаға еліктеген
бір түрі екен бұл. «Осындай костюм Маралтайда

бар, сосын менде бар» деп шіренбек болып,
талай мәрте белін ауыртып алған. Бұл костюм
бізбен қатар, сәл жоғары... сәл төмен оқыған
ағайынның есінде болуы тиіс. Тек жатарда

және душқа түскен кезде шешеді, қалған кездің
барлығында үстінде. Тастамай екі жылдай киді.
Алайда кейінгі жылдары бұл кәстөмді
ұшты-күйлі таппай қалдық. Есесіне Жәкеңнің

киім ілгіші еуропалық мазмұндағы, қазақи
ою-өрнектегі, өзіне құйып құйғандай шап-шақ
киімдермен толыға бастады. Үйленгелі бері
тіпті, модель секілді киінетін болған. Қанша

дегенмен өзіне жол ашқан, сәттілік әкелген
костюмі ғой, су жаңа үйінің кіреберісіне немесе
төріне Аяз би сияқты қарап отыру үшін іліп
қойған шығар деп ойладым. Өткенде барып,

әрі қарап-бері қарап таба алмадым. Баяғы
кезін ұмытпай, іліп қойса болушы еді ғой.
Сірә, кейін май жинап, қарын ілгенде киемін
деп сандықтың түбіне атып ұрған секілді. Кім

біледі...
Тамақ тапқыш Үмбетәлі
Менімен қатар оқып, студенттік ғұмырдың
әр сәтін бірге кешкен Үмбет туралы, бір бастаса

айтыла беретін әңгіме көп. Бокстан чемпион
болғам, армияда батальон командирі болғам,
ауылда теңдессіз атаман болғам деп кете беретін
қалың «болғамдарды» есептемегеннің өзінде,

журфакка бір жыл түсе алмай кеткені, бірақ
сол кеткеннен мол кетпей Түркістанда бір жыл

130

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
оқып қайта оралуы – бәрі-бәрі екі алақанды
бір-біріне
ұрып-ұрып

алуға
болатындай-ақ
дүниелер. «Қолғабымды өз еркіммен қаламға
айырбастадым...»

деп

биографиясынан
жібергенде «биологияңды» елжіретіп жіберетін.
Қолғап болғанда, отын жаратын қолғап емес,
бокстасатын қолғап. Осылайша, бізге қарағанда

өмір көргендігін пайдаланып, көп нәрседе
пысықтық танытып алға озып кететін. Мәселен,
бірінші курста 27 балаға дастарқан жайылып,
54 қол бір табаққа «шабуылдағанда», әрі кетсе

екі жарым минуттың ішінде әп-әжептәуір
былқылдап тұрған ыстық тамақ ғайып болатын.
Біріміз тоймай, біріміз тойған сияқтанып жан-
жағымызға көз сала бергенде, бөлек тәрелкеге

тамағын салып алып, ойлы көздерімен терезеге
қарап қойып ас ішіп отырған Үмбетәліні көруге
болады. Мынау қалай басымызға келмеген деп,
желкеңді қасы не, қасыма не бәрібір пайда жоқ.

Көбіміз жатақханада тұрдық. Қарнымыз
ашса, Үмбет пен Аршынның бөлмесіндегі алма,
жүзім, торт, тәтті сусындардың түр-түрі, банан,
бауырсақ бейнеленген суретке (қабырғада ілулі

тұратын) қадалып қарап отырып, «ролтон»
ішіп алатынбыз. Қарын ашатын. Ашқанда
да қатты ашатын. Жатақханада жатырмыз.
Күнде құр шай сұрап бара бергенге өп-өтірік

ыңғайсыздана
отырып,
қолымызға
лекция

жазатын дәптерімізді ұстап барамыз. Қыздар
жаққа. Содан бірінші олардан сабақ сұраймыз,
сосын шай сұраймыз, болып жатса тамақтың
да аңысын аңдаймыз. Мейірбан қыздардың

бөлмесінен
осылай
ішке

ел

қондырамыз.
Сосын ұйқымыз келіп, рақмет айтып аз-кем
әңгімелесіп, шығып жүре береміз. Дәптер

131

Бесінші жатақхана
қалады жайына. Талай рет қаншама дәптерді
жоғалтып, талай лекцияны жұрттың дәптеріне
жазып тастағанбыз.

Осы орайда Үмбеттің тағы бір ерекшелігін
айтудың сәті келеді. Түйсігінің, әлде иіс сезу
қабілетінің мықтылығы... қай бөлмеде қазан
көтеріліп жатқанын елден бұрын сезіп қоюшы

еді. Кешкі жиналыста өзінің танауы мен ақыл-
ойының сезгіштігіне сүйене отырып, шамамен
5-6 бөлмені тізімдейді. Алқа-қотан отырып,
«кімнің бөлмесінен тамақ ішеміз?» деген күн

тәртібінен түспейтін мәселені талқылаймыз.
Сосын, мені және Аршынды кезек-кезек сол
бөлмелерге бақылап келуге жұмсайды. Сонда
Үмбеттің түйсігі 90 пайызында алдамай дәл

түсетін. Барып қалған соң, олар тамақ іш дейді,
әңгіме айтамыз, ән айтамыз, айтпайтынды
айтамыз, әйтеуір кешкі ас үшін еңбек сіңіруге
тырысып-ақ бағамыз. Өзің бір-екі қасықты

жөнелткеннен
кейін,
білдірмей
Үмбетке

смс лақтырасың. Бір кезде жүздеріне күлкі
үйірілген
Үмбет

пен

Аршын
үстімізден
«кездейсоқ
түскен

адамдардың
кейпінде»
кіріп келеді. Үшеуміз бір-бірімізбен бүгіндікке
бірінші рет жүздесіп отырғандай, қауқылдасып

амандасамыз. Сөйтіп, «протокол» бойынша
басында аздап қысылып, кейін қыздардың
өзін
ысырып,

ойран-топырын
шығарамыз.
Қыза келе Үмбет өзінің тізгіншілік қызметін
мықтап қолға алады. Қыздарды жалықтырып

алмау әрі «немене келе береді?» деген теріс
пікір қалыптастырмау үшін әр күн сайын
су жаңа «шығарма» дайындап барады. Өзі

– жатақханадағы кештердің гүлі. Қолына

домбырасын алып, қоңыр даусымен ән салады.

132

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Біз риза боламыз, қыздар «сынады». Үмбеттің
төлқұжат әні – «Алтын бөрік» болды.
«Басыңа жарасқан алтын бөрік,

Қалқатай өзіңді қалдым көріп,
Мінезің жұмсақ деп ойлаушы едім,
Білмедім, не деген дәтің берік», – деп
келетін. Сол ән.

Қандай кеш, туған күн, мереке болсын,
осы әнді бастай жөнелетін. Оған үйреніп те
қалғанбыз. «Үмбетеке, «Алтын бөрігіңнен»
баста», – дейміз біз де. Туған күн кеші ме –

«Алтын бөрік» шырқалады, жаңа жыл мерекесі
ме – тағы «Алтын бөрік» әуелейді, Наурыз
мейрамы ма – онда да «Алтын бөрікті» естисің.
Сол орындаушы, сол мақам, сол қоңыр үн, сол

домбыра. 4-курсқа таяу қыздардың ол әннен
ығыры шыға бастаса керек, жалығайын деді.

Үмбет, сен түгілі Заттыбектің әні де
екі жылдан артық хит болмайды. Кішкене
репертуарыңды
жаңаласаңшы.

«Басыңа
жарасқан алтын бөрікті» қашанғы айта бересің?

– деп қалған ғой. Сөйтсе Үмбетәлі, кілт тоқтап,

қыздардың бетіне ойлана қарап отырып:

Басына жарасып тұрса, неге айтпасқа, –
деп әнін бастап кеткен көрінеді.
Бұған да көндік деп, әңгіменің буына түсіп,
тамағын құйып беріп қыздар қала беретін. Тіпті,

басқамызға айтпаса да Үмбетәліге қылымси
қарап, келіп тұрсаңшы деп қиылып қала
беретінін қайтерсің. Бізге қарағанда ересектігі
көзге ұратын, керек жерінде байсалды жігітке

айнала
алатын,
ақыл-парасаты

мен

әзіл-
қалжыңын қатар ұстайтын мінезі, оны шынында
да ортамыздың лидеріне айналдырған.

133

Бесінші жатақхана
Аралға сапар
2010 жыл. Қыстың шілдесі түсіп, аяздың

бет

қаратпай
тұрған
шағы.
Жақсылық

екеуміздің
бірігіп
алғаш

рет

сапарға
шығуымыз.
«Тоқылдақ»
пойызы

сендерді
қазір-ақ жеткіземін дегендей зымырап келеді.
Қызылорда облысының аудандары арасында
ғана қатынайтын пойыздарды осылай атайды.

Бағытымыз – Арал. Кезінде арқырап аққан,
қазір
табаны
сортаңданып,

кеуіп
кеткен
теңізді көрсем дейді досым. Аралдың «жан
подружкасы» Қазалыда туғаныма қарамастан,

ол жақты менің де жарытып көргенім шамалы.
Мынау дұрыс себеп болды дедім өзім де. Бірақ
ол жақта Роза болмаса, Аралдың құрғап қалған
табанын көрейік деп тартып кетуіміз екі, тіпті

үшталай еді. Роза үйге келіп ет жеп, аунап-қунап
кетіңдер деген соң алып ұшып келе жатқан
бетіміз. Жақсылық баратын пойызымыздың аты
«тоқылдақ» дегенде жақсылап бір күліп алды

да, артынан аузы үйреніп кетті. «Тоқылдақтың»
бір жақсысы – сондай мейірбан отарба. Билет
алмай-ақ, жолсерікпен келіспей-ақ, кез келген
вагонға қарай қойып кетесің де, ыңғайлы орын

тауып отыра саласың. Жас қыздың қасына
отырасың ба, әлде шәй-пәйі бар әжемен дәмдес
боласың ба, оны енді қалауыңа қарай таңдап
ала бересің. Сөйтіп, Аралға да ат шалдырттық.

Розаның бізге деген құрметі ерекше, толық бір
делегациялық құраммен келеді деп ойлады ма
кең «Газель» жіберіпті. Ішінде 16 орындығы бар
көліктің ішіне Жақсылық екеуміз оңай сыйып

кеттік те, салдырлатып үйге бардық. Ата-анасы
да алып ұшып қарсы алды. Розаның өзінде де

134

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
ес жоқ. Бұлайша жігіттің сұлтандары үйге ат
басын тірей бермейді ғой десе керек.
Мына сапарымыз «Боранды күні ит пен

бала құтырадының» кері болды-ау деп бір
ойлаймын...
Өмірі
ондай

қыс

көрмеппіз.
Аралдың
табанына
табан

тигіземіз
деп,
мүсін өнерінің озық үлгісіне айнала жаздап,
әрең жылындық. Ас-ауқат жеп, түні бойы

көз ілмедік десе де болғандай. Жәкең өмір
жайлы да ой толғады, өлең жайлы да шешіліп
әңгімеледі.
Оның

бұрын-соңды
мұншама
шешіле сөйлегенін тіпті «Ал-давайдың» ең
әспетті үстелінде отырғанда да, «Е маенің»

вип-залында отырғанда да естімеппін. Аузым
ашылып, көзім жұмылып мен қала бердім.
Студент жігіттің қария секілді сияқты сөзуар
екенін аңдаған Розаның әкесі Сексенбай аға да

Жақсылықты әлсін-әлсін сөзге тартты. Мұндай
кезде состиып қарап қалатын ол ма, қазақтың
арғы-бергі тарихынан сөз қозғап, әңгімені
Керей мен Жәнібектен бастап, бүгінгі заманға

әкеп бір-ақ тірейді! Мәссаған дедік! Қазақтың
есіне кештетіп түскен тарихты Жәкең сол кезде-
ақ жатқа соғып, 550 жыл туралы термелетіп
тастапты. Тақырып тауып берсең, сайрай береді

ғой...
Ертеңіне Роза Аралдың көрікті жерлерін
аралатты. Жақсылықтың самокатқа мініп,
карусельге отырып, KFC жеп, Мегадан барып

3D көзілдірікпен кино көрсем деген армандары
орындалмағаны болмаса, бәрі ойдағыдай өтті.
Роза екеуінің әңгімесі жарасымды, көбіне
оңашалап сырласып кете береді. Менің қасыма

Айкоша деген құрбысын қосып қойды. Е, мейлі
дедім, менің де қасымда бір қыз бар, көңіл тоқ.

135

Бесінші жатақхана
Сайран салып жүрміз. Сайран салып жүріп,
ойладым... Жәкеңнің Розаға жақын жүруі, ана-
а-ау Алматыдан Қазалыға келіп, одан Аралға

барайық деуі тегін емес қой. Осы ойдың ұштығын
шығарғаныма өзім мәзбін. Осы жолғы келісіміз
құдандалықтың алғашқы баспалдағы шығар
деп топшылаған күйі Жәкеңе қарап бір жымың

етем. Ол ештеңе байқап, ештеңе білдірмегенсиді.
Сөйтіп жүріп, екі күн де өте шықты. Бір-бір
пакетімізді ұстап ауылға аттанатын болдық.
Алматыда кездесеміз деп Роза, қолын бұлғап

Айкоша, артта Арал қалды. Сол кеткеннен мол
кеттік. Аралға одан кейін қайта аяқ басудың
әзірге реті келмеді. Жақсылық та Розаны
алмады, алғаның не, тіпті Аралға арнап жыр

да жазбапты... Айкошаға арнап мен де ештеңе
түртпеппін... Айтпақшы, сол жолғы сапар
кезінде кешке қарай үшеуміз жапа-тармағай
«Жұлдыздар отбасының» бір санына үңіліппіз.

Үңілгенімізді айғақтайтын сурет те бар. Сонда
Роза әзілдеп отырып: «Мынау журналға мен
қашан шығамын?» – деген. Жақсылықтың да
жауабы тез болды: «Жаным-ау, мен бас редактор

болып алайыншы, сол да сөз болып па?!» – деген
маңғазданып отырып. Сол уәдесін орындайтын
уақыт әлдеқашан келді-ау деп ойланамын
кейде. Еліміздегі таралымы ең көп журналды

басқарып жүргеніне үш жылға жуықтап қалды
емес пе? Ал берілген уәде орындалуы керек.
Біздің топ
Бәріміз

жапа-тармағай
әлеуметтік
желілерге тыпыр-тыпыр етіп жүріп тіркеліп
алғанымызбен,

қалай
жүйелі
пайдалану

136

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
керектігіне мән бере бермейміз. Мәселен, әдемі
видео-блогтар жүргізіп отыруға да болады.
Осыған келгенде біздің Роза Әрен біршама

пысығырақ. Кішкентай кезінен (2 курстан)
Youtube
видеохостингіне
бейнематериалдар

салып, видео блогтар жүргізіп, көпшіліктің
батасын алып, көпшілігіне еңбек сіңіріп бас
қойып жүр.
Бұл өзі визуалды дүниенің әсері ерекше

емес пе?! Видео каналының ішінен дәу арық
қазып, студенттік дәуірдегі бейне-мұрағаттарды
да нығыздап жинап тастаған. Ноутбугында
студенттік шаққа қайтадан «топ еткізіп түсіруге»

қауқарлы суреттер кені қаншама. Жалпы,
1-курстан бері кімнің фотоаппаратына суретке
түспедік, кіммен билемедік, кімді сүйремедік
десеңші. Соның түгелі болмаса да, 90 пайызға

жуығы Розадан еркін табылады. Розадан бөлек,
студенттік жылдардың «Алтын мұрағатын»
шаң тигізбей ұстап отырған санаулы қызымыз
бар. Нақты көзім жетіп көргенімнің бірі –

топтағы 21 зачетканы 4 жыл бойы сөмкесінен
тастамаған Толғанай Байысбекова болса, бірі –
төрт жыл бойы әрі кетсе төрт рет қана шашып
тұрып билеген Ботагөз Маратқызы. «Айтайын

дегенім... үйге қайтайын деп едім» демекші,
айтайын дегенім сәл-пәл басқашалау еді.
3-курста ақыл-есімізді жиып, «Қара сөмке»
атты фильм түсірдік. Бұл уақыт – топтастардың

топ-топқа бөлініп жұмыс істеп, бір-бір арна мен
бір-бір газеттің әжептәуір тілшілері атанып
қалған кезі еді. Сапа, мазмұн тұрғысынан
керемет деп айта алмаймыз. Дегенмен, қаншама

жылдар өтсе де тобымыздың ескірмейтін естелігі
болып қала береді.

137

Бесінші жатақхана
Сол Розаның видео каналына кіріп отырып,
баяғы «Қара сөмкені» көремін ғой. Группаның
бүкіл студенті атсалысып, артысып-тартысып

жүріп түсірген кино-сымағымыз еді. Ол да
әп-әжептәуір
естелік
болып,

көзге
жылы
ұшырайды екен. Өзімше режиссура тілімен
сойдақтататын болсам: фильмде Аршынның

асханада тамақтанып отыратын «сценасы»
бар еді. «Тамақтанады» деген жай әшейін аты
ғана, ас-ауқаты – самса мен шай. Оның өзін
ақшамыздың басын құрап сатып алып тұрмыз.

Аяққа шалынып жатқан техника мен құрал-
жабдық, қаптаған жарық пен кадр сыртында
топырлаған адам болмаса да, өз-өзімізбен
шала бүлініп, сүрініп-қабынып жүрміз. «Ал

Аршын, баста!» дейміз. Ол самсасын жеп, шәйін
сораптап іше бастайды. Үмбетәлі қолын бұлғап
қалған кезде, бір топ қыз апыр-топыр кіріп,
Аршынның қасына жайғасуы тиіс. Олар біресе

ерте кіреді, біресе кеш кіреді. Әуреленіп бірнеше
рет түсірдік. Сондағы проблемамыз қайта-қайта
түсіру емес, самса мен шай сатып алу болды.
Түсіріп бола беремін дегенше Аршекең самса

мен шайді сап қылады. Енді оны да түсінуге
болады: өтірік ойнай алмайды ғой. Алдында
былбырап, дәмі тіл үйіретін кесектей самса
мен шай тұрса қалайша «көрерменді алдамақ».

Оның орнында өзіміз де болғымыз келіп тұр.
Қарны шұрқырап жүретін,
Самсамен өмір сүретін,
Асханаға ақша жоқ боп бармайтын,

Үйдегілермен сөйлессең
«Қазір ғана ас іштім» деп алдайтын сәттер
еді.
Айтпақшы, күллі фото-видеоларымызды

138

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
сары
майдай
сақтап

отырған

«Мұрағат
иелеріне» сөздің реті кеп отырғанда айтып
қояйын. Жылдар жылжып, уақыт сырғып өмір
өз дегенін істейді, түсінеміз. Ноутбуктарыңызда

біртіндеп сүйікті күйеу, сүйкімді бала-шаға,
салихалы
қайынжұрттың
суреттері

пайда
болады. Бірақ сол суреттер біздің дәурендегі
естеліктерді
біржолата

«ысырып
жіберіп»
жүрмесін. Ол суреттер қазір емес, бірнеше
жылдардан соң «девальвацияға» ұшырайды.

Соған аман-есен жетейік!
Егер бұл 1970 жылдар болса...
Жалпы, біздің бірінші курстағы өміріміз
әскерден кем болды деп айтуға ауыз бармайды.

Өмір бойы «балмұздақ» болып жүре беретіндей
сезінуші едік. Үлкендердің жүгірткені мен
әтеш шақырардан бұрын оятып алып мораль
оқитынының өзі қызық екен-ау. Отан үшін

отқа да, суға да түсуге дайын едік! Отты қайдам,
суға еш қиналмай түсіп берер едік... Қазір сол
арманымыз, сол қарқынымыз пәсейіп қалды
демеймін. Дегенмен, өрекпіген от жылдардағы

жалынымыз да, көзқарасымыз да басқаша
еді-ау. Біз – бақытты уақытта білім алған,
бақытты
ұрпақпыз.

Бұрынғы
студенттер
қандай еді? Бірі әскерден келіп оқуға түсетін,
каникул сайын егістікке жұмысқа баратын.

Ұялы телефон, әлеуметтік желі, компьютер,
смартфон дегендерің атымен жоқ. Егер біз
1970 жылдар кезінде студент болсақ қайтер
едік деп ойға батамын кейде. Сол уақыттарда

жазғы демалыс кезінде қызылша, картоп теруге
аттандырып жіберетін болған ғой. Меніңше,

139

Бесінші жатақхана
нағыз демалыстың көкесі сол сияқты. Жұмысты
жалғыз өзің емес, көппен бірге атқарасың.
Улап-шулап, құдды бір экскурсияға келгендей

әсер аларың да сөзсіз. Студент кезімізде бірді-
екілі ғана рет көкке шығыппыз. Оның өзіне
«қызмет бабыма» (ұйқы) байланысты бара
алмай қалған едім. Егер, біздің группа алыс

бір ауылға жұмысқа аттанғанда, картоптың
басында отырып жұрттың бәріне терлеп еңбек

ету

керектігін
пәлсапалық
теорияларымен
сәйкестендіре баяндап беретіндердің қатарына

әлбетте, Үмбетәліні қосар едім. Ая да тұштаңдап
жүріп қайбір жұмыс істейді дейсіз. Розаның
салмақты, байыпты болып қызылша теріп
жүргенін елестету – менің ми, мишық жүйеме

ауырлық түсірері айтпаса да белгілі. «Туу,
күннің мына ыстығына жұмыртқа қуыруға
болады ғой» деп Әсияның көңілсіз күрсінетінін,
Сәния

мен

Әйгерімнің
аулағырақ
барып
конвергентті журналистика заңдылықтарын

қайталап
отырарын
сезетіндеймін.
Аршын

ше?! Аршын... ол былай істейді. Ол Үмбеттің
қасында отырады, әрине. Абыздың пәлсапасын
тыңдап, бас шұлғитын да бір адам керек шығар.
Не ол далаға айтып отыр деп ойлайсыздар ма?

Сонда не, ешкім жұмыс істемей ме? Жалпы,
не істеп жүрміз қызылша жақта? А-а, бәрі
салыстырудан басталған екен ғой. Ботагөз
Таңатарова

«Социалистік
Қазақстанның»
белді тілшісі ретінде шопандардың тыныс
тіршілігін жете зерттеп, қанша қойдан қанша

қозы
алынғаны
жайында
жалпақ-жалпақ

мақалаларды бірінен соң бірін көлдетер еді.
Ал Сымбат ше? Мүмкін, сол кездегі қоғамдық-
әлеуметтік жағдайлар әсер етіп, Сымбаттың

140

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
1-курсты бітірер-бітірместен байға тиіп кетуі
де кәдік. Бәлкім, Молдахан ағайымен «Ел
газеті Егеменде» әйгілі «Такси тулаған түн»

туындыларын бірге жазар ма еді. Мүмкін
ғой... Мөлдір Дарханбаеваның Кеңес дәуірінде
өмір сүргенін елестету сәл қиындау болып
отыр. Оның жансерігі – өлең ғой. Жазушылар

Одағының белді мүшесіне айналып, Компартия
съездерін жырға қосып, өңір-өңірлерді аралап,
тың игеру жылдарында жалынды өлеңдерін
дүниеге әкелетін секілді. Айтпақшы, оның

спортқа жақындығын да ескере отырып, атақты
Әмин Тұяқов, Әбдісалан Нұрмұхамедовтардың
аузынан
әдемі-әдемі

сұхбаттарды
жазып
аларына да еш күмәнданбаймыз. Орталық
стадиондағы

Тимур
Сегізбаев

пен

Олег
Блохиндардың тартысына Аяны ертіп барып,
футболға деген көкірек көзін ашар еді.
Шынаргүл

Оңашыбай

Кеңес
Одағы
тұрмақ, алғашқы рулық-тайпалық кезеңде
өмір сүрсе де, бейімделіп кете алатын қыз

ғой. 70-80 жылдары Шынарды іздеген адам
шамамен, газет-журналдар арасынан тауып
алуға кепілдік берер едім. Әлбетте, әркімге
өз өмір сүрген уақыты қызық, сол уақыты

берекелі. Ертең пәлен ай, түген жылдан соң
біздің де студенттік жылдарымыз ескіреді, көне
шежіреге айналады. Солай...
Руслан Меделбекпен танысу

1-курсқа
түскен
алғашқы
жылдың

алғашқы
күндерінде
сұрынан
қаймығып,

сырттай қорыққан адамым – Руслан Меделбек
болды. Қазір айтып отырғаным көп адамның

141

Бесінші жатақхана
күлкісін тудырар, бірақ шындығы солай еді.
Оны тіпті де оқымысты бала деп ойламаппын.
«Ұланның» тілшісі болғанын білемін, бірақ

суретін көрмегенмін. Көрсем де есімде қалмаған
болар. Осы жігіт қашан жеке шақырып алып,
жұдырығын түйер екен деумен күндер өтіп
жатты.

Бір күні жатақтың фойесінде кездесіп
қалып, таныстық. Сөйтсек, оңбай қателесіппін.
Мейірімді, білгенімен бөліскіш, иманжүздінің
нағыз өзі. Сол күннен бастап Русланмен біржола

достасып, ағалық ақылын тыңдауға шындап
кірістім. Оның ешқандай да «кландық» топтарға
қатысы жоқ екенін менен естіген, таныған
достарым да Русланмен араласуды бастап кетті.

Бәріміздің ортақ шапағатшымыз пайда болып,
бір жасап қалғанымыз рас.

1-курсты тәмам қылған 2010 жылдың
мамыр айында «Жас Қазақ» газетіне барып,
өндірістік
тәжірибеден

өттік.
Алғашқы
тапсырманы Өркен Кенжебек берді. КИМЭП-
тің дипломдарына қатысты шикілік шығып

жатқан кез еді. Сондай ірі мәселемен танысып,
мақала дайындап келуге жұмсады да жіберді.
Баспасөз мәслихаты түгелдей орысша өтті. Бір-
екі сарапшыдан сұхбат алған болып едім, оным

тіпті сәтсіз шықты. Қолда бар материалды
құшақтап, 209 бөлмедегі Руслан ағатайыма
жеттім.
Материалды

орысшадан
аударып
бергені бір бөлек, мәселенің мәнін түсіндіріп,
мақаланы қалай бастау керек, шарықтау шегін

қалай бейнелеген дұрыс, қандай ой қорыту
керек, түп-тұқиянымен түсіндірді. Ал жазбай
көр. Бас алмай отырып, 3-4 бетті толтырып едік,
тәуір мақала жазылғандай болды. Ертеңіне кеше

142

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
ғана келген практиканттың мақаласы газеттің
бас тақырыбы болып шыға келмесі бар ма?!
Осылай газеттегі жолым ашылып, бас редактор

Срайыл Смайыл ағам тіпті қаламақы беріп
тұратынын айтты. Қуаныш еселене түскен. Өзің
1-курсты енді тәмамдаған студентсің, мақалаң
республикалық газетке шығады, оған тағы

қаламақы аласың. Бұдан артық не керек? Өзінің
тікелей қамқорлығына алып, жанашырлық
танытқан Ағабек Қонарбайұлының да еңбегін
ұмыта алмаспын. «Мына тақырыпты қозға»,

«мына кісілерден сұхбат алғаның жөн» деп
ақылын аямай отыратын. Ағабектің маған
тым қамқор екенін сезетін Срайыл аға да:
«Абай қаламақы алмай қалса, Ағабектің көңіл-

күйі болмайды», – деп әзілдейтін. Сөйтіп,
Русланның көмегі журналистикадағы алғашқы
сүйекті туындымның баспа бетіне шығуына
себеп

болды.

Оны

біздің
қатарластардан
шыққан кәсібилігі жоғары журналист ретінде
бағалаймын. Қазірдің өзінде бармаған жері,

баспаған тауы жоқ. Спорт десе махаббатының
өзін ұмытып кетердей. Бірнеше жылдан соң
Еуропа мен Азиядағы спорт жарыстарын түгел
шарлаған Русланның сары күртешесі аукционда

саудаланып жатса, таңғалмау керек шығар.
Біздің уақыт
Біз оқуға түскен уақытта maіl.ru-ды ғана
талғажау

еттік.
Қалған
әлеуметтік
желі

атаулыдан мақұрым едік. Есесіне тып-тыныш,
алаңдаусыз студенттік шақты өткіздік. Содан
ба, офлайн естеліктер жетіп артылады. Өзім
Алматыға 9-сынып оқып жүргенде әпкем

143

Бесінші жатақхана
сыйлаған 6233 деген Nokіa маркалы телефонмен
келгенмін. Немесе ол менімен келген. Оның өзін
жарты жылға жетпей Жансерік ұрлап кетіп,

жоқ қылды.
Ұялы телефонсыз жабырқап жүрген шағым.
Сондай
күндердің

бірінде
шаруаларымды
ыңғайлап, студенттік емханадан шығып келе
жатқанмын. Менен 3-4 жас үлкен шамадағы

жігіт, есік алдында тура менікіндей телефон
шұқылап отыр екен. Жансерік пе дейін десем,
оған ұқсамайды. Қасына жақындап барып қарап
едім, дәл менікі: маркасының 6233 екені көзге

ұрады. Артқы жағындағы сырылған, жырылған
кемістігіне дейін «мен солмын ғой» деп тұр.
Көңілім алабұртып, жүрегім қаттырақ соғып
кетті. Қапыда айырылып қалған телефонымды

жақыннан көріп, көңілім босай жаздады.
Қанша дегенмен ауылдан енді ғана келіп, көңіл
жетімсіреп жүрген шақ қой. «Бауырым, мына
телефонды саған Жансерік бермеді ме?» деп

сұрай жаздап, өзімді әрең ұстадым. Одан соң «о
несі ей?!» деп өзіме ұрыстым, «құдды маған ғана
арнап шығарылған телефонға ұқсатып». Nokіa
6233-ті жалғыз дана етіп шығармағаны белгілі,

оның өзге жұрттарда да болуы заңдылық деп,
екпінімді басып әрі қарай кете бардым. Бірақ
артыма әлсін-әлсін жалтақтаймын. Екі-үш күн
өтпей Аршын базарға апарып, керемет телефон

сатып әперді. Әпергенде, өзім сатып алдым, тек
досым ондай техниканы таңдауға керемет кеңес
бере алады. Ішінде агенті бар, камерасы түсіреді,
керегіңді кез келген адамнан «блютуз» арқылы

көшіріп аласың. Ол істемесе, екі телефонды бір-
біріне етпетінен жатқызып, «ик-порт» арқылы
тыңқ еткізсең, бітті. Ол заманда бұдан асқан

144

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
қандай телефон керек адамға! Телефонның
төресі қалтама түскен соң, көңіл де көтеріліп
сала берді.

Алайда интернеттің әлі де болса күш
алмағанына байланысты, біз бар уақытымызды
бір-бірімізбен сырласуға, кітап, газет кеміруге
арнай алдық. Жатақханаға кіреберісте түрлі-

түрлі газеттер жайрап жатады. Біреу шұқшиып
сол жерде оқиды, біреу бес-алтауын бір-ақ
алып бөлмесіне көтеріліп бара жатады. Енді-
енді

газетте
істей
бастағандар,
шығарған

мақаласын сүйіншілеп келіп көрсетеді. Жапа-
тармағай газетті жеп қоя жаздап, бәріміз
үңілеміз. Пікірлесеміз, ой айтқан боламыз. Біз
де мәз, автор да риза. Жатақта жүрген әрбір

екінші адамның қолынан шиырланған газет
көруге болатын. Онымен шыбын ұрайын деп
жүр ме, әлде шынымен оқиын деп жүр ме,
әйтеуір газет ұстайды, журналға қызығады.

Бәрінің баспасөзге жаны жақын. Біз сондай
махаббаттың,
газет-журналға
деген

сондай
ілтипаттың
соңғы
сарқыншағын

сезініп
үлгергендейміз.
Біздің «болашақтықтар»

Біздің 101 топ «Болашаққа» түсуді
қатырды. Мәртебелі көшті Ырыс Амангелді
бастап
берген.

Кейін
оның
ізін
Ботагөз

Икрамова, Толғанай Байысбекова және Роза
Әрен жалғады.
Молдахан ағайдың түн қатып жатақхана
аралап, жағдайларыңды білгендегі еңбегін ақтап

жатқандарыңның өзі неге тұрады. 1-курсқа
түскен бетте, шет елде оқу дегеннің не екенін

145

Бесінші жатақхана
тап басып білмесем де, Толғанайға қарап тұрып
«әй, осы қыз болашақта «Болашаққа» түседі-
ау» деп болжап едім, дәл келгенін қарасаңызшы

енді. Тоха біздің 101-топтың старостасы ретінде
ұйымдастырушылықтың ерен үлгісін көрсетті.
Сөйтсем, бастық болу оның қанына әбден сіңіп
қалған екен. Сонау балабақшада «Қарлығаш»

әдеби бірлестігін басқарып, мектепте 11 жыл
бойы сыныптастарын жусатып-өргізіп келген
Тохабай, журфакта да сол әдетінен жаңылмады.
Оның бастық болған тұсында біздің, әсіресе,

ұлдардың ерекше күй кешкенін айту ләзім.
Енді шетелге оқуға түскен Толғанай, осы
әдетінен жаңылмай, «Болашақта да» бастық
болып жүр ғой деп ойлаймын. Джон, Альберт,

Ричард,
Джеймс,
сосын
Азиядан

келген
Абдулла, Абдаль, Ким Сен И, Лиза, Шахризада,
барлығының зачеткасын жинап алып, зытып
жүрген шығар. Әбден әдет болып қалған ғой,

енді. Арасында «Әй, Джон сені teacher Амилия
іздеп жатыр... тым құрыса екінші парға
үлгеріп кел» деп, сосын дереу келесі студентке
хабарласып: «Ричард, оңбаған-оооу сенің-ақ

артыңды жабамын деп өлетін болдым» деп
әбден ұрсып-ұрсып алатын шығар. Әй, бірақ ол
жақта оқитын студент мырзалар мен ханымдар
біздер

сияқты,
түнде
жартылай
ішілген

«роллтонының» майы іркілдеп ертеңге дейін
қатып, шыбындар үшін шағын «мұз айдынға»
айналғанша ұйықтамайтын болар. Біз өзіміз
Тоха

екі

айқайлағаннан
кейін-ақ,
қалай
оқымысты болып кеткенімізді білмей қалатын

едік.

Әсілінде
ұл-қыздардың
шетелде
білім алуға деген махаббаты Асхат Еркімбай

146

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
ағайдың дәрістерінен соң бастау алды. Асхат
ағайдың сабағы – сабаққа бармай қашып-
пысып жүретін, тал түске дейін Тайлақ құсап

ұйқыны соғып, табанынан қытықтамайынша
тұрмайтындар мен жолы болып жұмысқа
тұрып кеткен, махаббаты оянып тұрмысқа
шығып кеткен студенттердің басы қосылып,

мамыражай болып қалатын ғажайып сәті еді.
Ағай үнемі дәріс үйрете бермей, арасында
үзіліс те жариялайтын. Ондай кезде Наурызгүл
әңгімені жандырып, «Орифлейм» дәуірін

аяқтаған соң, донер сататынын, «донер сату
да өнер» екенін тәптіштеп түсіндіріп отырады.
Айтып отырып күледі. Не үшін күліп жатыр,
оны өзі де онша білмейді. Қасындағылар тіпті

аң-таң. Ол «әр сәтті әңгімемен гүлдендір»
деген ұстанымға адал болған күйі универді
тәмамдады. Және үнсіз қалған әрбір секунды
өзіне күнә болып жазылардай, жаман қорқады.

Үзілісті пайдаланып Сымбат пен Розаның
ауызын аңқайтып Толғанай да әлденені соғып
қалады. Сірә, «Мисс Сарыөзек» байқауына
қалай жолдама алғанын, бірақ, әділетсіздіктің

құрбаны болғанын тізбелеп жататын секілді.
Розаға мұндай әңгіме аса таңсық емес, мектеп
кезінде тіпті «Жігіт сұлтанына» қатысып
көрген. Группамыздың ең кішкентай қызының

(Тоха) айтқан балаң әңгімесіне одан бақандай екі
жасқа үлкен Нұршапағат «әй, әлі жассыңдар-
ау» деп кеңкілдеп күлетіндей... Бақанаста туған
батыр езуіне күлкі үйірілгенде жұдырығын

түйіп, бас бармақ тұсымен көзін көлегейлейтін.
Қыздардың көзінше ұяң болып көрінгендегісі...
әйтпесе, былайғы өмірде әзілқой. Көбіне өзі
ғана күлетін анекдоттарды қатырып айтады.

147

Бесінші жатақхана
Жалпы, сабаққа келер болсақ, біз әлемге
басқаша қарай бастадық. Журналистикада
білім алған санаулы жылдардағы санамызды

серпілткен бірегей дәріс екеніне Аршынның
өзі күмәнданбаймын деп отыр. Maіl.ru-ға деген
адалдығымыз шектеліп, мына жер бетінде блог
деген нәрсенің бар екенін, интернетті пайдалану

мен ақпарат жариялаудың қыр-сыры қандай
болатынын біліп, тамсана түстік. Сабақ жалғаса
берсе дейтінбіз және Асхат ағай студенттерді
үнемі ел-жер көруге, шетелге оқуға баруға

шақыратын. Бірде «сендер де мен сияқты
шетелде білім алып, қызмет істеңдер» деген
кезде қазір «Болашақтық» атанып отырған Бота,
Ырыс, Роза, Толғанай – төртеуі қосылып «ә-ә-

ә-әумин» депті. Сол кезде қосыла айтқанымда,
мен де кетіп қалар ма едім?! Бірақ мен ағайдың
«Дегенмен бәрің бірдей топырлап шетел аса
бермей, біреу-міреуің елде де қалыңдар» дегенін

аңдып отырып «әумин» деп қалғам ғой. Міне,
соның арқасында Алматыда жүрмін.
Журфак – ЖенПУ емес
«Журфак бұрын құдды қыздар университеті

секілді еді» дейді біздің алдыңғы толқын.
2009 жылы жігіттер көп түстік. Сау етіп
20 шақты жігіттің апыр-топыр кіріп келуі,
ұстаздарымызды да дүр еткізбей қоймады.

Ойпырмай десті: біраздан бері мұнша ер балаға
көзіміз үйренбеп еді. Ынталы боп келуін келдік.
Жұмысы болса да, болмаса да журфактың
фойесінде әрі-бері, ерсілі-қарсылы жосып жүру

журналист-студенттердің әдеті ғой. Бір пар
біткеннен кейін келесі сабаққа тыңғылықты

148

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
дайындалып,
дәптерін
мұқият

ашып,
лектордың келуін асыға күту деген қасиеттер
бізде жоқ еді. Бар болса да бірен-саран. Сол
«бірен-саранды» күлкісі сонау радиостудияға

дейін
еркін
жететін,
пікір

таластырып
даурығысқан,
стендапшыл,
мүшәйрашыл,

системашыл
(жатақхана)
студенттердің
«мысы» басып кете беретін. Оқуға қалам ұстап

түсіп, планшет ұстап бітіріп шыққан біртүрлі
буынның өкілдері атанғанымызды жасырып
қала алмаймыз. Ұлдардың көп болғаны жақсы.
Жалғызсырамайсың. Ыптораштар ысқырса да,

қыңқ демей екі-үшеу болып барып қорбаңдап
тұрғанға

не

жетсін.
Жігіттер
жағының
факультетте әжептәуір басымдыққа ие болғаны

мұғалімдерге де жақсы болды. Перваштықтың
«қадір-қасиетін»
сезіндіріп,
«аста-төк»

аялаудың астында қаламыз деп кім ойлаған.
«Қәне, парта көтерісіп жіберіңдер», «апай,
екі жігіт бере тұрыңызшы», «әй, 1-курстар,
мыналарды 230-ға тасып тастаңдаршы» дейді де

жатады. Мұндай міндеттемелерді оқу жылының
алғашқы семестріне дейін құлшына орындадық
та, екінші жартысында «қой, сабаққа ден
қояйық» дедік.

1-курсқа түсе салған бетте студкеңес бәрімізді
жинап
алып,
армандарымызды

айтқызды.
Жартысынан астамы теледидардан жаңалық
хабарлағанды құп көреді екен. Концерт те,
құдалық та жүргізе берем дейтіндер де табылды.

Не керек, көкейдегі армандарымызды ағылтып-
төгілтіп ортаға тастай салдық. Сөйтіп, бәрі
жұлдыз болуға апыл-ғұпыл кірісіп кеткен кезде
Үмбетәлі мен Аршын «оқыс мінез» танытты.

Сөйтсек, олардың мақсаты ОПП қатарына

149

Бесінші жатақхана
кіру екен. Аталған ұйымның міндеті – ҚазҰУ
қалашығы
аумағындағы

тәртіпті
найзадай
кірпіктерін қақпастан қадағалау. Осылайша,
екі группаласымыз әп-сәтте СҚЖ штабының

жетекшісі Жұмағали Есенбек ағайдың сенімді
серкелеріне айналып шыға келді. Үстерінде –
форма. Табандарындағы керзі етікті тақ-тақ
еткізіп, кербездене басып бара жатады. Кәдімгі

әскерилерден бір мысқал кем көрінбейді. Оларға
қызығып, отыратын кеңселеріне бірге барамыз.
Кәдімгі әскерилер сынды. Телефон шырылдап
шұғыл хабар түссе, жедел түрде оқиға орнына

жетіп, мәселенің ақ-қарасын айыруға әбден
маманданып алған. Түстері де сұп-суық. Бізге
де салқын қарайды. Ресми сөйлесу, тек шаруа
бойынша жауап қатысу шеңберінен шықпайды.

Шамалы
уақыт
бұрын
ғана

ойнап-күліп
сабаққа барған, түстен кейін әзілдесіп отырып
сорпа ішкен достарыма ұқсамайды. Қайтеміз,
қызметтің аты қызмет. Ол жерде достық

жүрмейді.
Қысқасы, ОПП-ның қатарында қызмет ету –
жігіттер үшін абырой болды. Бұл да бір кішігірім
әскери қызмет! Өзіміз әскери өмірдің дәмін

татпасақ та, дәмін татқандармен дәм-тұздас
болдық. Біздің жігіттер өте ұйымшыл болды.
Сен 102, мен 103 деп бөлінбей, бәріміз 101 болып
араласайық деп бірлігімізді жарастыра білдік.

1-курстың аз-маз қиындықтары артта қалып,
әскери кафедраға құжат тапсыру басталған.
Қатарластарымыздың
біразы

үміттенді.
Армияға барып сандалмай-ақ, осы жерден тып-
тыныш бітіріп алайық дейді ғой баяғы. Бірақ
әлгі кафедраның табалдырығынан аттаймын

дегенше-ақ сілең құрып бітеді екен. Қып-қызыл

150

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
құжат жинау, нормативті ойдағыдай тапсырып
шығу тағы бар. Түскеннен кейінгі мехнаты да
бір басыңа жетіп артылады. Тәртібі қатал, бірақ,

біраз жерге құзірет ашып беретін ғажайыбы
тағы бар емес пе?! Айтып-айтпай не керек, осы
кафедраның әскери билетін сол жиырма шақты
жігіттен екі жампозымыз ғана алды. Бірі –

Руслан Есмағамбетов болса, екіншісі – Айбар
Жақсыбаев. Журфактағы төрт жылында оқу
мен тәжірибені және әскери бөлімнің шаруасын
шатқаяқтатпай бітіріп шыққан екеуінің ісі,

әжептәуір ерлікке балануы тиіс. Ал қалғанымыз
қайттік? Қалғанымыз осы екеуінің ерлік ісіне
қол шапалақтап тұрдық. Құрмет көрсете білу
де – өнер. Курстасым Руслан Есмағамбетке

журфакта оқыған барша қатарластарымның
атынан шын жүрегіммен сеніп, көзді жұмып
тұрып «Ең көңілді жігіт» деген Жақсылық
Қазымұрат

атындағы
номинацияны
бере
аламын. Оның ешқашан мұңайып, әлденеге

қабағын шытып тұрғанын танысқалы бері бір
мәрте болсын көрмеппін. Сөмкесіндегі СРСП-
сын таппай, семинарда не шатпақ айтарын
білмей сасқалақтаған студенттерге күле қарап,

солар қиналып өткен белестен, Рус ылдым-
жылдым

өте

шығатын.
Ылдым-жылдым
дегенге сапасыз екен ғой деп қалмаңыз. Керек
десе, сабақты бастан-аяқ айтып беруге әзір.

Тек өзгелердің алтын уақытын алмайын деп
қысқа қайырады немесе мүлде айтпай-ақ отыра
салатын. Оның орнына апайға немесе ағайға
жақсылап көңіл-күй сыйлап береді. Сонда күн

сайын үйден әдейілеп бір әзіл дайындап әкеле ме
десек, өзі КВН-шик екен ғой. Оны кейін білдік.
Бакалаврда жай әшейін курстас болғанымызбен,

151

Бесінші жатақхана
магистратурада «туған группалас» болудың
сәті түсті. Айбар екеуміз әнші болып, дуэт
құра жаздап «аман қалған «ескі достармыз».

Мынадай жаһанданған, минуттан секунд озып
ұшынған аса жылдам уақытта, адамдар біріне
деген құрметін ұмытып, жанталасқан уақытта
Айбардікіндей сабыр берсе ғой деп тілейсің.

Аман болайық, достар!

ЖАТАҚХАНА ЖЫРЫ - 1

Басқа орта, басқа қала,
Сирек барып асханаға,
Қатқан нанды қытырлатып,
Жатушы едік общягада.

Ояу жетіп әр таңдарға,
Перваш солай жол таңдар ма.
Каскадердей тым кәсіби,
Секіруші ек балконнан да.

Жұмсалушы ек сыраға кей,
Жекіргенге тұнама ми,
Зор ұямыз – жатақхана,
Фобиямыз – Жұмағали.

Қызық сол кез, әттең қысқа-ақ,
Сыйласатын сәттер күшті-ақ.
Қыздарға көп барушы едік,
Тамақ сұрап – дәптерді ұстап.

Қиналамыз таң келгенде,
Пар дейтұғын паң көмбеде.
Ал дәптерлер қалушы еді,
Тамақ ішкен әр бөлмеде.

152

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Қиқулатқан түнді өткеріп,
Жеткен кезде дүрмектетіп.
Роза апай есікті ашпай,

Қоюшы еді дірдектетіп.
Бізге таңсық тоқшыл қауым,
Шуақты күн, шоқ сырларым.
Болмағандай тымпиясың,

Өрекпіген от жылдарым.

ЖАТАҚХАНА ЖЫРЫ - 2

Жатақхана – жыры бітпес естелік,
Түсте оянып, жүруші едік кеш келіп.
Вахтерша апай талай алды қолтаңба,
Ешкімде жоқ «тәртібімді» ескеріп.

Жайнаш апай қалам ұстап жалынар,
Гүлшат апай етегіне шалынар,
Бірақ, бірақ бұл тұрғыдан алғанда,
Еркебұлан досым біраз – «танымал»!

«Стресс» мол, сол бір қызық күндерде-ей,
Сонда дағы жымиюшы ек сыр бермей.
Маңғаз басып «Мәкең», «Сәкең» келетін,
Тас көтеріп, тауды қозғап жүргендей.

«Сыйластықты» ұға бастады өр кеудем,
Старшактар бәрімізді тең көрген.
Достарым да, мен де, тіпті Жахаң да –
Альпинизм алғышартын меңгерген.

Замананың тез аңғарар ағымын,
Арулардың дөп басатын тамырын,

153

Бесінші жатақхана
Асқарбек те талай қонды жатаққа,
Сылтауратып «Ана тілі» аруын».
Қалмай майда жетістікпен шектеліп,

Таңғы төртте келуші едік көп болып.
Сирақтылар өрмелейді жоғары,
Сымбаттылар жерде күтер топ болып.
Бойдақ кезде балкондарға шеп құрып,

Өз-өзімен Аршын жүрер өрт болып,
Темір торлы терезеге бір қыздың,
Естен кетпес қалғаны да кептеліп.
Кеш түскеннен әр қабатта адымдай.

GPS пен картаға да бағынбай,
Қай бөлменің қазан ұстап жатқанын,
Табушы едік бағытынан жаңылмай.
Офшор

Жақсылықтың
қызыл
костюмі
туралы

айтып, оның қасында менікі «приталенный» деп
мақтанып едім ғой. Бірақ менің костюмімнің
де денеме жабысып тұрғаны шамалы екен.
Далаң-далаң етеді. Менікі сондай болғанда

Жақсылықтікі
қандай
болғанын
елестете

беріңіздер. Құдды Жақсылық емес, екі аяғы бар
қызыл костюм кетіп бара жатқандай сезілетін.
Қойшыбек Мүбәрак аға мистикалық әңгімесіне
өзек қылар персонаж дерсің.

Сыйлы жерге шақырса қиқиып сол кең
костюмді киіп аламын. Осы костюмді киіп Бота
Икрамовамен бірге екі концерт жүргіздім. Бірі

– журфакқа түсе салған беттегі «балмұздақтар

кеші».
Екінші
жолы,
ҚазҰУ

студенттер

154

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
кеңесінің төрағасы Арайлым Өмірбек апайымыз
Алатау ауданындағы бір шараға жұмсады.
Барып,

жүргізіп,
екеуміз
бес-бес
мыңнан

қылдай бөліп алып, шала байыдық та қалдық.
Алматыға келгелі тапқан тұңғыш табысымыз.
Ол кезде теңгенің күші қазіргіден мығым, 5000
теңгені біраз кәдеге жаратуға болады. Ақшаны

қайтіп жұмсаймыз деп жоспарлап келеміз.

– Әуелі өлтіріп балмұздақ жеп тойып

алайын, қалғанын сосын көремін, – дейді Бота
секең-секең етіп.
Мен дағдарып, ойланып қалдым. Жатақта
ақша жинау науқаны мен старшактар билігінің

қызып тұрған кезі. Бота балмұздақ жесе де,
дүкеннен
қалта-қалта
бермешел

арқалап
шықса да, оған ешкім ештеңе демейді. Ал
мен сөйтіп шығайыншы, бөлмеміз жалпы
халықтық асханаға айналып кетсін... Қашан

көрсең «инвестицияға» зәру Ерлан, Жандостар
алдымнан шығып қалса, бес мыңнан береке
қашты дей бер. Қатты ойланып кетіппін. Тіпті
Ботаның маған ыржиып қойып, балмұздағын

жалап-жұқтап келе жатқанын да байқамаппын.
«Әкеш, бір тістейінші», – дегем қарап тұрмай.
Екі күрек тісімді ызғар шалып, аузымды бастым
да қалдым. Бота: «Өзіңде де ақша бар ғой, алып

жесейші», – деп айтпады. Жүрегі Қазақстанның
картасы ғой, шіркін.
«Әлде қазір Барахолкаға тартып отырып,
көздің жауын алатын джинсы шалбар сатып

алайын ба?» деп те ойладым. Әсіресе, Жақсылық
пен Қозыбай қызығып, бір киіп көрейікші
деп жалынар еді. Сосын галстук сатып алып
(Жидегүл апайдың сабағы үшін), ауысқан

ақшаға бір-екі жейде кисем деген де ой бар. Сосын

155

Бесінші жатақхана
жатақханаға дейін шалқып таксимен келер
едім. Осылай ойланып келе жатқанда ортақ
мекенімізге де таяппыз. Бота сөйлеп келеді.

Жүзі жадыраңқы. Концерттен шыққаннан бері
екеуміздің аузымыз жабылмаған.

– Неғып ойға батып кеттің? – дейді

жатақхананың
бұрышындағы
баспалдақпен
көтеріліп келе жатып.

Офшор! – дедім айғайлап.

Офшоры несі?

Ақшаны
офшорға
саламын.
Тауып

көрсін!
Алдымен
дүкеннен
кәмпит-сәмпит

сатып
алайын.
Қазір
Еркебұлан,

Аршын,
Есхаттар алдымнан жүгіріп шығады ғой, «не
әкелдің?» деп.
Бота түкке түсінбей қарайды.

Ішке кірген соң кәмпиттен ауысқан ақшаны
Розаның қолына ұстаттым. «Мынау сенде
болсын! Керек кезінде аламын».
Мұндайға ол да үйренген. Рахат қой, ақшаң

«офшорда» жатады. Ешкім таппайды, ешкім
сұрамайды...
Ая және Қызылорда

От

кезіміз.
Шырпы
тигізсең
болды,

лапылдап ала жөнелейін деп тұрмыз. Оқуға
түскенімен әлі Алматыға бойы үйреніспей,
оның үстіне группаластарының өңшең «шала
сауаттылар» екеніне ашуланған Ая, бізден

жырақта, саяқ жүрді. Жақтырмайтын тағы бір
фактор-сымағы – курста қызылордалықтардың
көп екендігі. Роза, Ботагөз үшеумізді жүдә
жақтырмайды. Әйгерім Ердәулетті алматылық

деп жүрсе, шыққан тегі Сыр бойы екен. Оны

156

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
біліп, тіптен тылтияды. Қызылорда десе, ала
тайдай тулайтынын білген Руслан Есмағамбет
пен Ақбаян Өтепова «біз де сол жақтанбыз,

ал қайтесің» деп құлағына сыбырлап кетіпті.
Қасынан өтіп бара жатып. Арандатушылар
десейші.

Немене
журфакта
қызылордалықтар
қаптап кеткен! – деп бұлқан-талқан болған

көрінеді бірде бөлмесінде май былғаған талқан
жеп отырып.
Мұны Аршын айтып келді, сондықтан дерек
көзі сенімді. Аршынға талқан бермей қойған

ғой. Берсе аузын ашпас еді. Ол да бір жүрген
қып-қызыл саясаткер. Қарап жүрмей Маржан
да құрбысының жынына тиеді. Құрбысы дейтін
себебім – екеуі ұрысса да, керіссе де, бірнеше

жыл бір бөлмеде тұрды. Бірде бөлмелеріне
кіріп
қалсам,
ауыздарынан

от

шашырап
әлденеге келісе алмай жатыр екен. Бірінен
бірі тайсалмайды. Тура Жүрсіннің жүйріктері
сияқты – шаппа-шап. Құдды жүлдеге «тойота

карина» тігілгендей айқасып жатыр.

Әй, қойыңдар, – деп едім, қоймады.

Әй, Гүлшат апайға айтып берем, – деп
едім, селт етпеді.

Әй, қазір Молдаханға звондаймын, – деп
едім, кішкене кідірді де:

Звондаш ал! – деді Ая.

Қазір, единица салып алайын, – дедім
мен де саспай.
Сөйтсем, бұл екеуінің дауасы – Ботагөз
Таңатарова екен. Өзі сондай сабырлы, биязы,

қой аузынан шөп алмайтын, керісінше қой
аузына шөп салатын, сондай ғажап қыз.
Ешкіммен ұрыспайды, тәжікелеспейді, қашан

157

Бесінші жатақхана
көрсең, сабырлы қалпынан айныған емес. Бұл
жолы да жай ғана орнынан тұрып:

Қызда-а-ар,
міне

шәй

әзір
болды,
келіңдер, – дей салып еді, бөлме ішіне береке
еніп, татулық шуағына шомылып сала бердік.

Ая мен Маржан да мамыражай мәз бола қалды.

Ай, Бота! – дедім тамсанып отырып, –
Тура бір БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты
емес мүшесі болатын қыз екенсің бар ғой. Екі
тарапты татуластыру тәсіліңе ризамын, – дедім

елжіреген көңілімді баса алмай.
Сөйтсем, дауды бастаған Маржанның өзі
екен. Мені жақтай сөйлеп:

Ая, мен негізі Жамбыл облысынанмын,
бірақ Қызылордамен шекараласпыз. Ал не
істейсің?! – деген ғой көзіне қан тұнып.
Сосын қарсыласы да басына дулыға киіп,

қолына найза алып атқа қонған. Мен де лағып
жүріп, шайқастың үстінен түскем. Сол кезде
Бота болмағанда қайтер ем деп ойланамын әлі.
Ал Аяның Қызылордаға деген көзқарасы қазір

өзгерді ме... мейлі өзгермей-ақ қойсын, одан
Сыр елінің бірдеңесі кете ме, а?!
Мұрат ағай
ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде

оқитын барша студент Мұрат Шаймаран ағайды
жақсы көреді. Асқақ тұлғасына жарасқан
азаматтығы, адамгершілігі ол кісіні бізге одан
сайын жақын ете түсетін. «Мұздай қаруланып»

журфакқа түсе салған бетте жылы жүзбен қарсы
алып, жөн сілтеген де осы ағайымыз. Әйтеуір,
үйірсектеп қасынан шықпаймыз. Қолымыз
қалт етсе ағаймен әңгімелесеміз.

158

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Өзінен
бір-екі
өлшем

үлкен
костюм-
шалбарды
қолпылдатып

киген
ұлдар

мен

қолаң шашын әлі «музейге өткізе қоймаған»
қыздар, студент бола салған бетте жан-жағына
жалтақтау
процесін

бастан
өткереді
ғой.
Жоғары курстар өз-өздерімен жер теуіп жүреді.

Құдды, дүниенің шаруасын қылша мойындары
талша болып, өздері атқарып жүргендей. Демек,
жақын арада олардан қайран жоқ. Мейірім
де күтпейміз. Ортақ мекеніміздің басшысы –

коммендант, ол сілкініп тұрады. Келген кезде-
ақ «Гүлшат апай тым әккі кісі екен» деген
әңгіме естідік. Өзі күлмейді екен. Қашан көрсең

– қатулы. Ал деканат тіпті «землетрясение»

болып жатады... Ісіміз түспесе ол жаққа да
жуымаймыз. Бұған қарап, «бейшаралардың
өмірі қара түнек болыпты ғой» деп ой қорыта
көрмеңіз. Дегенмен, көп ретте жабырқаңқы

болып
жүргеніміз
жасырын
емес-ті.

Осы

кезде бізді жеңіл депрессиядан алып шығып,
мейірімділік шуағын сепкен – Мұрат ағай
болды. Дәл осы ой, дәл осы сөзбен 2009 жылы
оқуға түскен, әсіресе жатақханада тұрған

ұлдар қауымы келісетін шығар деп ойлаймын.
Ол кезде ағай – деканның тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары. Бәріміз сол кісіге ә дегеннен
жақын болып, бауыр басып кеттік. Ағай да

ешкімді жатырқамайды, жатсынбайды. Қалын
сұрайды, жағдайына қанығады, ақыл-кеңесін
аямайды. Не қалашықтың ішінде, не корпуста
ұшырасып

қаласың да,

әңгімелесіп
жүре
бересің. Мұндай бауырмалдылық бәрімізге
майдай жақты, әрине.

Біз оқуға түскен жылы стипендия көлемі 7-9
мыңның шамасында болды. Мына әлемде «4»

159

Бесінші жатақхана
деген бағаның бар екенін білмейтін, тек «5»-ке
оқуды мақсат тұтқан – көп қыздар 11 мың теңге
алады. Түскен шәкіртақыны шап беріп ұстап

алып, «ғайыпқа аттандырып салу» әсіресе,
ұлдардың қанына сіңген әдет емес пе? Не
сабақтың ортасында, не сабақ соңында топтасып
алып тағы да ағайға барамыз. Материалдық

күйіміздің шатқаяқтап, берекесі кетіп тұрғанын
айтқызбай ұғады. Сосын, әдеттегі бірер ауыз
әңгімеден кейін бірден асханаға қарай бастайды.
Бізге де керегі осы. Құлдыраңдап алып соңынан

ереміз. Қарын шұрылдап тұр. Түнде оңдыртып
тамақ істемеген едік. Қанағаттанбай қалдық,
тез таусылды. Ол кезде сағат 11-12-ге таяп
қалған. Қайтадан картоп турап, сәбіз аршып,

нан кесіп, май шыжғырып, қазан көтеруге
ерінбес едік... Қырсығы сол, мынау айтып
отырғандардың бірі болса, бірі жоқ. Барының
өзі – бар деуге келмес. Бөлмедегі қабырғаны

алып тұрған шкаф екіге бөлінген. Бір жағына
бірыңғай – киім іліп, киім жинайсың. Екінші
жағына – азық-түлік орналастыруға болады.
Сол екінші қапталын ашып қалып едік, шаң-

шаң болып жатқан қаптың өзі ғана көрінді.
Нан жарты бөлке... оны да ешкім орап қоюды
құнттамапты. Шайға батырып жемесең, тіс
батпайды. Ақырында «Ұйықтайық. Ұйықтасақ,

қарнымыз ашқанын ұмытып қаламыз» деп
төсекке қисайғанбыз. Тамақсыз күндері өзімізді
осылай жұбататынбыз. Одан ертеңіне сабаққа
келдік. Аш қарынға оқу қона ма, шұбатылып

жүріп ағайды тапқан себебіміз сол. Енді, міне
асханаға бара жатырмыз. Бұл көрініс 2009-2013
жылдар аралығында жиі қайталанды. «Сендер
жайғасып отыра беріңдер» дейді де өзі есептеседі.

160

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Біз апыл-ғұпыл алақанды ысқылап кірісіп
кетеміз. Тамақ бойға сіңіп, бусана бастағаннан
кейін әңгіме тиегін ағытамыз. Тақырып –

сол журналистика, сол әдебиет, сол өнер. Аш
жүрген соң екен ғой үндей бермейтініміз,
тамақ ішсек – әңгімешіл һәм ақылды екенбіз.
Қызды-қыздымен

Төрегелді
Шармановтың
дұрыс тамақтануы туралы әңгімені де гөй-
гөйлететіндер бар. Мұрат ағай көбіне тыңдайды.

Сосын біртіндеп жағдайымызды сұрап, тақырып
аясын кеңейтіп, кеңесін береді. Мейірбандылық
пен ағалық махаббат шуағына шомылып біз
отырамыз.

Оқу бітірер жылы диплом жұмысыма Мұрат
ағам жетекшілік етті. Тақырыбым – «Хабар»
арнасындағы әлемдік спорт жаңалықтарының
таратылу

ерекшелігі».
Ағаймен
бірігіп
жоспарын түзіп, диплом жұмысының мән-

маңызын таразылап, тақырыпқа қай қырынан
келу керек деген жұмыстарды зерделедік.
Одан кейін мені көп мазаламады. Бұл орайда
көптеген құрдастарым жетекшісімен келіспей,

мазасызданып жүрді. Менде ондай жайсыздық
болған жоқ. Ағай толығымен сенді. Қорғау
жұмысы – комиссияның көңілінен толықтай
шықты. Риза болды. Мұрат ағам одан бетер

қуанды. Ал біз Мұрат ағайдың жетекшілігіндегі
студент ретінде ҚазҰУ-ды тәмамдағанымызға
мәз болдық.
Журналистика

корпусының
артында
демалып отыратын, темекі тартатын арнайы
орын бар. Егер ағайды корпустан таппасаңыз,

міндетті түрде сол орынға бару керек. Ол жерді
студенттер «Мұрат ағайдың кабинеті» деп атап
кеткен. Міне, сол кабинетте құшағымыз айқара

161

Бесінші жатақхана
қабысып, жиі кезігеміз. Барған сайын оқуды
әлдеқашан бітіріп кеткен, біз құралыптас
жігіттерді ағаның қасынан табасыз. Ұстаз

бақыты да осы болса керек. Шәкіртінің өзіне
ынтызар болуы, ақылын тыңдауға асығуы,
құрметтеуі, сыйлауы және ең маңыздысы

– іздеп тұруы. Біз іздеп тұрамыз. Қарбалас

тіршілікпен хабарсыз кетсек, өзі іздейді. Біз
ұстаз бен шәкірт емес, аға мен ініміз. Арадағы
алтын арқау үзіле көрмегей.
Біздің старосталар

Біздің топ – Алматыдағы алғашқы
жылын
ауылбайлау,
урбанизация

үрдісіне
әлі ілесе алмаған күйде бастады. Осы кезде
бізге түзу жөн сілтеп, сыртқы және ішкі
саясатымызды бір ретке келтіріп, ауызбіршілік

пен

жауапкершіліктің
мызғымас
дәстүрін
қалыптастыра алатын, менеджерлік қасиетке

ие топбасшысы керек болды. Былай қарасақ
үміткерлер көп сияқты, былай қарасақ жоқ
сияқты. Өз басым топ ішілік сайлау додасынан
бірден бас тарттым. Басымды ала алмай жүріп,

басшы болып не теңім десем керек.

Тобымыздың
тарихы
туралы

сөз

қозғағанда, оны екі

кезеңге
бөліп
қарастырамыз. Бірі – Асқарбек таққа отырған
жылдар. 2009 жылдың басынан (қыркүйек)

2010 жылдың бақайына дейін. Екінші кезең

– Байысбекованың билік еткен тұсы. Ресми

түрде 2011 жылдың күзінен – университетті
тәмамдағанша. Осы екі кезеңде де жаман
болдық дей алмаймыз. Әрқайсысының өзіне тән
ерекшелігі бар. Асекең басқарып тұрған кезде

162

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
кеудеміздегі лапыл басылмай, романтиканың
ұшқыны сөнбей, жастықтың жалауын армансыз
желбіреттік. Өйткені басшымыз сондай еді. Бұл

кез – Асқарбектің мектептегі амбициясының
басылмай, ә дегеннен старостолыққа сайланып
кеткен кезі. Өте жеңіл қозғалатын. Ширақ.
Құжатымызды

өткізейік
десек,
топтың
шаруаларын ақылдасайық десек жиі таппай

қалатынбыз. Ұшарын – ректорат, қонарын –
деканат білетін. Бірақ бойына біткен табиғи
пысықтығы, көшбасшылығы – топты алға
сүйреуге жетіп жатты. Асқардың бойындағы

пысықтық, алғырлық біртіндеп бізге де жұға
бастағандай. Өзі сайлауалды бағдарламасында
үйіп-төккен:

102, 103, 104 - ші топтармен
лайықты бәсекелесеміз;

Мақалаларыңды «Ана тілінің»
редакциясына апарып беремін;

Сабаққа бармай-ақ балл алудың
қыр-сырына қанықтырамын;

Қаланың қай жерінде қандай
клубтар бар екенін үйретемін;

Қоғамдық
шараларға
атсалысамыз деген уәделерін де орындауға
күш салып бақты. Тіпті «өйтем, бүйтем»

деп сарнап тұрып, «айлықты 10 пайызға,
зейнетақыны

15

пайызға
көбейтіп,
шәкіртақыны

да

үстемелейміз;
Базар
бағасын тұрақтандырып, баспана санын
арттырамыз» деп жазылған Жолдаудың да

мәтінін байқамай оқып тастайтын. Бізді
жиі-жиі сенбіліктерге бастап шықты. Бір
мәрте ғана тырма, күрек ұстап сап түзеген
бізге қарап тұрып – «білім қалашығымызды

163

Бесінші жатақхана
жасыл желекке бөлеу біздің ғана қолымыздан
келеді» деген сөзі әлі құлағымызда. Бірақ
дәл осыдан кейінгі сенбіліктер – Асекеңнің

де, біздің де «маңызды шаруаларымыздың
шығып
қалуымен»
тұспа-тұс

келді де

тұрды...

Алайда
оның
қоғамдық
шараларға

белсене араласуы, «қыздардың да көңілін
қалдырмау» керек деген ұстанымы – саяси
позициясын
әлсіретіп,

билік
транзитіне
жақындатты. 2010 жылы көктемге тақау топ
ішінде күбір-сыбыр басталып, билікке кім

келер екен деген әңгіме желдей ескен. «Староста
жанындағы саяси зерттеулер институтының»
сарапшысы Әсия Мұрапбаева: «Бұл жерде қандай
да бір кландық билік бар деп айтуға келмейді.

Асқарбек – билікке өз еңбегімен жеткен адам.
Бірақ оның тым жиі махаббатизациялануы,
топтың саяси-экономикалық белсенділігінің
төмендеуіне

әкеліп
соғып
жатыр.

Оны

басшының өзі де түсініп отыр. Таяу күндері
тиісті билік ауысу процесі басталуы тиіс. Мен
басты үміткер ретінде Әйгерім Ердәулетті айта
аламын», – деген болатын Аршын Кемелжанға

берген сұхбатында. Сол кезде Әсиядан сұхбат
алып отырған Аршын, диктофонын ұстаған күйі
ұйықтап қалыпты деген әңгіме де шықты...

Кейін көптеген сарапшылар алысып-
жұлысып болса да Үмбетәлі билікке келуі
мүмкін деп қауіптенді. «Өзі салихалы, тереңнен
ойлай

алады,
ісіне
мұқият»

деп

мақтап
Сәнияның староста болу ықтималдылығын
болжағандар

да

болды.
Дегенмен
жағдай
олар болжағандай болған жоқ. Асқарбектің

көмекшісі міндетін атқарып биліктің дәмін

164

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
татқан Әйгерім, бейтарап позицияда қалды.
Тағы бір кандидат Альмира: «Мен өте жақын
уақытта

байға
тиіп
кетемін,

сол

себепті
бәсекеге түспеймін», – деп ашық мәлім етті.
Осылайша, Толғанай Байысбекова билігі орнап,
басшылықтың ауысуы еш революциясыз, 3D

төңкеріссіз жүзеге асты.

Тоха топ тізгінін қолға алған тұста –
білім өрісіміз кеңейіп, ойпырмай
журфакта оқиды екенбіз ғой деп қалдық.
Әр мұғалімнің соңынан жүгіртетін зачетка

қиындығынан құтылған кез де – осынау
2011-2013
жылдар
аралығы

еді.
Бірақ
мұны
тарихшылар

қазір
әрқилы
айтып
жүр. Факультеттегі ең бір кассалық фильм

болған
экшн
жанрындағы
«Қара

сөмке»
туындысы да – Тоханың тұсында түсірілді.
«Емтиханға
дайындық,

шпаргалка
жазу
науқанына бір кісідей жұмылғанымыз да»

– жаңа басшымыздың арқасында одан бетер

құлпырып, гүлдене түсті. Бұрын Асқарбек
құпия ақпаратты қай жерге тығып апаруды
ғана үйретсе, Толғанай оны қалай пайдалануға
болатынын көрсететін. Мәселен, «шұлықта

жасырулы тұрған жауаптарды қалай суырып
алу керек» деген сияқты.

Толғанай
түнімен
шапқылап
ұйықтап

қалатындардың,
ерте
жұмысқа
араласып

кеткен
пысықайлардың
«артын
жабу» міндетін де адал атқарды. Біздің срсп

тапсырмасын толық орындап, семинарларға
дұрыс дайындалуымызды қамтамасыз ететін.
Керек кезде өз дәптерінен көшіртеді. Топтағы
әр студенттің туған күнін атаусыз қалдырмау

керектігін де баса түсіндіріп, мерейін өсіріп

165

Бесінші жатақхана
отырады. Кейде жүрегі елжіреп өз бөлмесіне
тамаққа
шақырады.

Барамыз.
Сымбат
Баймырзаева,
Мөлдір

Дарханбаева
үшеуі
мөлдіреп күтіп отырады. Дастарқан олардан
бетер мөлдіреп тұрады. Мұндай кездесу Үмбет,

Аршын үшеуміз сияқты сандалбайлар үшін
тамаша
мүмкіндік.
Тамақтанып,

әртүрлі
тақырыпта
әңгімелесіп,
сабақтарымызды

пысықтап бірнеше шаруамызды бір кеште
шешіп аламыз. Толғанай сабағын да, тамағын
да қызғанбайды. Өзі әр сабақтан 100 балл
алады. Егер алда-жалда 99 балл ала қалса,

аспан төңкеріліп жерге түскендей күңіренетін.
Оған қоса, өзінен басқа 20 студенттің сабақ
үлгерімінің, тәртібінің, көңіл-күйінің жақсы
болуы үшін аянбай күресіп, сарабдал саясат

жүргізді.

Асқарбектің де, Толғанайдың да еңбегі
тарих қойнауында бедерленіп жатыр. 101
жасасын!
Жақсылық және қарлығаш қыз

Жақсылық
деген
шырақты
Абай

соншама жарнамалап кетті ғой деп сөккеніңіз
дұрыс бола қоймас. Өзі оқыс оқиғаларға тап
болып, саусағымды жиі қозғалтуға мәжбүрлейді
де жүреді. Тобымыздағы қарағандылық қызға

ғашық боламын деп, бәрімізді қырып жібере
жаздады. Тіпті дүркін-дүркін өлең де жазды.
«Естімей ешкім ақынның абаданды үнін,
Қарақшы тірлік жанымның тонаған жырын,

Жалын кеудеме су тамыз қанатыңменен,
Қарлығаш
қызы,
қайдасың,

Қарағандының», – деген бірде.

166

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Осы өлеңін
өзек қылып, жауап хат
жаздым:

Ақындығыңмен, көп жерде бағаланды үнің,
Ал сенің көптеу, арналды – оған ән-жырың.
Бір көріп сүйіп, толассыз өлең арнадың,
Қызына ғашық боп қалып Қарағандының!

«Жоқ» дей ме деп, кей сәтте қорқып та қалдың,
Фойеде кейде жолықсаң, балқып та жандың.
Ғашық
болғаның

соншалық,
жаның

жай

таппай,
«Жоңғардың тылсым жонынан жортып та
бардың».
Сөздер борады не түрлі, сұлу пішінді,

Өлең деген – ақынның тентек, қылығы сынды,
Жақсылық өзі көзбе-көз жете алмай жатып,
Жырлары барып сезімнің гүлін ұсынды.
Уақыт жылжып, көрсетті күндер дерегін,

Өлеңмен сірә, бір секунд – өрлеу дегенің.
Альмираның алдында жатты – ғашықтық
жырлар
Және дереу, аңғарды кімнен келгенін.

Жүйрік жырлары, тірліктің жолында желсе,
Жібек сөздері сұлудың жанына келсе.
Жақсылық солай, сөзімен сындыра салар
Қайта жинап аласың, қолыңнан келсе.

Өзіне арналған өлеңді оқып, нұрланды рең,
Қайта тыңдады, майдай жаққан жырларды
кілең.

167

Бесінші жатақхана
Қыздарға тән әдет қой, қайтесің енді,
Бір ауыз пікір білдірмей, бұлданды, білем.
Сүйгенін ойлап, Жәкең жөндеп тамақтанбады

Бір бұрышта төңкеріліп шарап та қалды,
Оқылмаған, срсп сабақтар қалды.
Жақсылық жиі жүреді мазасызданып,
Альмира арудан, алайда жауап болмады.

Уақыт тоқтап тұрмайды, жылдарым зула,
Ғашықтық деген «ауыр жүк» – тұлғалы ұлға.
Жақсылықтың жазғанынан, бастап санасам,
Сол үнсіздік созылды бір жарым жылға.

Алмасам да суырып тұйықтан бірден,
Мазаларды алмайын, суыртпақ оймен,
Туған күнінде Жақсылық, Аршын үшеуміз
бардық,

Суынған араларды – жылытпақ оймен.
Үркіген асау, жалынан сипата ала ма?
Жәймен бастадық, көңілді сосын, сипат ала ма?
Күлдіруге тырыстық, жыр кейіпкерін,

Әзіл айтқан боп отырмын – типа тамада.
Жата бермес, шынайы – алмас қынында,
Мұнысы да ұқсайды, алғашқы жырға,
Кітабын сыйлап, Жақсылық жыр оқып берді,

Жолдама етіп – достықтарын жалғастыруға.
Ғашық болса да, сұлуларға мыңдаған қанша,
Сен деп біледі, қосылмаса да нағыз сыңары.
Жүрегінен таусылмай жалын жыр-әні,

Қарлығаш қыз! Ұшып өтсең бір бөшке су ақтара
салғын,
«Жақсылықтың жалын кеудесі жанып жүр әлі».

168

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Лейтенант Мырзахметова

Сендер ә-ә-әлі автобусқа мініп жүрсіңдер
ме? – деп дүңк еткізді әлгі қыз.
Қалай жауап қатарымызды білмей, ожырая
қарасып қалдық. Сосын барып ес жинап, «иә»

дедік.

Автобуспен жүрмегенде ғарышқа ұшып
кетеді дедің бе енді?

И жоға, тым құрыса маған ұқсап
қазірден қам жасасаңдаршы. Бизнес бастап
кеттім. Журфак бітіріп ақша тауып, байып
кетем десеңдер, жүре беріңдер солай... өздеріңе

жақсы болса. Ой, менің бизнесім қазір гүлденіп
жатыр.
Қаншама
адамды

өзіме
тарттым.
Жақында лауазымды қызмет бергелі жатыр.
Пысық қыз осылай аузы-аузына жұқпай

айтып жатыр, айтып жатыр. Бір сөзі ұғынықты,
бірі ұғынықсыз. Осылай бастағаннан тұп-тура
10 минут сөйледі. Сөзін енді аяқтай беріп еді,
Аршын:

Кепеде тауық жатады,
Аяқ-қолы қатады,
Қыз он беске келгенде...

деп

жалғастыра
жөнелген.
Бірақ

бұл

тақпақтың тақырыпқа түк қатысы жоқ екенін
түсінді де, доғара қойды.
Сонымен,
Наурызгүл

алдағы

6

жылға
болжам жасай отыра, барлығымызды қоғамның
төменгі, әрі кетсе орта табы болатынымызды
кесіп айтты. Арыстың қызы екінші курстан

бастап оқуды тоқтатты да, бизнес әлеміне күмп
берген. Келген сайын аузымыздың суын құртып,
сілекейімізді шұбыртып кетеді. «Жалақымен
күн көрем деу бекершілік, қарекет қылыңдар»

169

Бесінші жатақхана
дейтін нығыздап тұрып. Оның ізімен жүргіміз
келіп-ақ тұр. Алайда шешуші сәтке келгенде
зорға түскен оқуымызды тастап, кәсіпкер боп

кетуге ешбіріміздің батылымыз бармады. Оның
үстіне бизнес жасау үшін бастапқыға қаражат
және қабілет те керек қой. Жарайды, Ая сияқты
пысықтар өтірік күлсе де, тауарын өткізер. Ал

Нұршапағат, Мөлдір, мен сияқты пенделердің
«баспен қадалмасына» кім кепіл? Жақсы, 21-
іміз де саудаға кеттік делік, бізге куратор болып
жүрген Молдахандай асыл ағамызға обал емес

пе? Осыны ойлай келе, «автобуспен-ақ жүре
берейік, әгәрәки Наурызгүл байып кетсе, оған
да қуана білейік» деген шешімге келдік.
Группаласымыз сол кезде бізге желілік

маркетингті
жеріне
жеткізе
мақтайтын.

Әңгімесіне зер сала отырып, қалам ұстап нәпақа
табамыз деу бекер ме деп те ойланасың. Бір
күні жатақханада тамақтан тарығып, сабақтан
береке қашқан кезде Аршын «болды, шыдамым

таусылды! Наурызға хабарласамын» деп шу
шығарған. Ұлдар болып Аршынға жат та кеп
жабысамыз. «Бизнесіңе тарт деп айтамын» дейді.
«Әй, аңысын аңдайық. Осындай қоңыртөбел

тіршілік кеше берейікші. Қызыл трикоңмен қай
маркетингті қарық қылмақсың?» деп аптығын
басқанбыз. Сөйтіп жүріп, Наурыздың да нақты не
жетістікке жеткенін біле алмадық. «Орифлейм»

саудасынан қандай пайдаға кенелгені туралы
тарихи құжаттарда да нақты ақпарат жоқ. Оны
тастай сала Қытайдан сөмке тасуға көшті деп
естідік. Кейін Арыс қаласынан дөнер сататын

дүңгіршек жұмысын дөңгелетіп жатыр екен
деген әңгіме тарады. Қызық болғанда, 2-3 жыл
бұрын заң саласына жұмысқа орналасқан.

170

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Кейін білгендей, саудамен жағаласып жүріп ол
саланың да оқуын тауысыпты. Қазір Алматыда
атағынан ат үркетін ішкі істер департаментінде

қызмет етіп жатыр. Былтыр жыл соңында
лейтенант шенін алып, мәртебесі биіктепті.
Журфактың
арғы-бергі

тарихында
лейтенант атанған әйел заты бар ма, жоқ па
білмедім.
Топтасымыздың

осындай
атаққа
жетуі расында қызық әрі қуаныш болып тұр.
Бірінші

кезекте
Наурызгүлдің
тәуекелшіл
қыз екенін айту парыз. Алматыға журналист

боламын деп келіп, ақыр аяғында заң саласының
беделді, кәсіби қызметкеріне айналу – шынында
ғажап. Ортада қаншама сауда-кәсіптің сырына
қанықты. Онысы жалғасар-жалғаспас, пайда

берер-бермес, ең бастысы өмірлік тәжірибе
болары сөзсіз. Шеніңіз құтты болсын, лейтенант
Мырзахметова!
Аяның монологы

Ая таңертең көрпесін ашпастан, бықырсып
жатып
смартфонына
қарап

еді,
лента
Төреғалидің әрекеті туралы видео, пікірлерге
толып кетіпті. Мұрнын пыс еткізіп бір тартты

да «о несі ей, сонша құтырып, сахнаға шықсам
менің өзім бұлай істемеймін ғой» деп күңкілдеді.
Терезеге қарап еді, қара қошқыл қырау
өрнек салып тастапты. Осы кезде барып өзінің

Астананың қақ ортасындағы даңғарадай үйде
жалғыз екенін сезінді. Сосын күрсініс пен
толғаныс аралас күйде терең тыныс алды.
Мұрнына көмірдің иісі келе ме, қалай өзі...

Төсектен әзір тұрғысы жоқ. Телефонға қайта
үңілді. Әлі сол әңгіме.

171

Бесінші жатақхана
«Жұртқа да керегі әйтеуір осы, бұларды
инновациялық даму, ақпараттық технологияны
жетілдіру,

экономикаға
терең
бойлау
ойландырмай ма сонда? Оның осы бүлдіргені

мен келесі бүлдіргенінің арасындағы кеңістікте
өмір сүріп жүре бермекпіз бе?! Әншілерге
сүйсініп hәм күйінуді бір сәт доғара тұрып, басқа
құндылықтарды қастерлесек қайтеді. Өсудің

өзгеше тетіктерін неге іздемейміз» деп іштей
ұрсып берді. Сөзін тыңдар жан болсайшы...
Тыңдағанда да кімге айтпақ. Сосын көңілі
жібіп әдемі дауысы бар әншіні ақтағысы келе

қалғаны.
«Ашуға бір ерік бергені де, ну и что кешірім
сұрай салсын. Болды ғой. Біз де қадалып аламыз
ғой тегі...». Бірақ өз ойынан өзі шошып кетті.

Жоқ! Болмайды! Есіне бұл әнші анау Абай мен
Розаның жерлесі ғой деген ойдың түскені сол еді,
әлгіні қылығы үшін жек көре жөнелді. «Ищо
қызылордалық екен, ищо әкесінің әкесіндей

адамға дікеңдейді. Өзіне де сол керек!». Ойының
соңғы жағында бір хабарласып ізім-қайым
жоғалған әнеукүнгі жігіт түсе кетіп, оны да
қоса араластырып сыбағандай болды... қайтесің

тіршілік қой... жаманат пен жақсы ат қатар
жүреді де...». Көрпесін ашып орнынан тұрды
да, бір адамды есіне алғысы келді. Оған «сен
барсың тек менде, келмейтіне шектеуге» дегісі

келетіндей ме. Құдай-ай...
Шәкәрім ұшқан ба?
Ая 1-курс оқып жүргенде тосын ойларымен,
қисынсыздау пікірлерімен таңғалдыра беретін

еді. Бір күні айтады: «Кезінде Шәкәрім ұшқан!»

172

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ

– деп. №79 автобус Фурмановтың (қазіргі

Назарбаев даңғылы) бойымен жүре ме, жүрмей
ме деп жаһандық мәселені талқылап отырған
едік... бәріміз үдере жалт қарадық.

Ойбай, ұшқаны несі, адам ұша ма екен?

– дейміз дабыр-дұбыр.

Иә, ұшады, Шәкәрім ата ұшқан!
Бетіне қарасақ, айтқанынан қайтатын түрі
жоқ. Реті келсе атасын тағы бір рет ұшыртып
жіберердей. Аяның қытығына тиюге келгенде

алдына қара салмайтын Үмбет, бұл жолы да
қарап қалмады.

Ая,

Шәкәрім
атаң
сонда

қай әуе

компаниясында
ұшқыш
болған?

дейді
салмақты түрін бұзбастан.

Оны сендер түсінбейсіңдер, жүректің
көзі ашылғанда адам солай ұшып кетеді, – деп
түсіндірді Ая.

Е-е-е, дейді, – Үмбет салмақты қалпын
бұзбастан, – қазіргі ұшқыштардың бәрі жүрегі
тесік-тесіктер екен ғой!
Жалпы, Аяның не айтқысы келгенін, сол

арқылы нені меңземек болғанын ұқпайды емес,
жалпылама түсінетінбіз. Дана Абайдың (мен
емес):
Жүректің көзі ашылса,

Хақтықтың түсер сәулесі
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі, – деген өлеңін
білмейді емеспіз ғой (жаңа ғана Google-дан

қарадым).
Аяның
айтпақ

ойы осы

мазмұнмен
қиысатындай.
Бірақ
онысын

салиқалы,
салмақты әңгіменің ыңғайында емес, қапелімде,
төбеден түскендей етіп бастап жібереді. Сосын

173

Бесінші жатақхана
қалжыңға жеңдірмей көр. Оның үстіне бет-
жүзінде еш қалжыңның райынсыз Шәкәрім
ұшады деп тұрса. Бұл күндері Ая былқ-

сылқ етіп жүріп 27-ге келіп қалғанына әлі
таңырқап қарайды, бірақ сенуіне тура келеді.
2009 жылғы етегіне шалынып-сүрініп жүріп,
ақырзаманның келуін «асыға тосатын» әсіре

діншіл әрекеттерінің уақыт өте келе сылынып
түсіп,
бүгінгі
толықтай

фармацевтикаға...
ой формацияға ұшыраған, заманауиланған,
бірақ миы уланбаған қазақ қызы деңгейіне
көтерілгеніне қуаныштылардың бірімін.

Өзіңе еліміздегі күллі діни конфессия мен
қоғамдық-саяси
партиялардың,
үкіметтік

емес ұйымдар мен шалғай ауылдардағы шаруа
қожалықтарының, сондай-ақ, сүйікті ұстазың
Молдахан Абдраевтың атынан сәлем жолдап,
біз үшін сұлулық пен ақылдылықтың, наздану

мен сылқымданудың символы болып қала
беретініңді айтқымыз келеді. Сенің 1-курстың
қыс айындағы қақаған суыққа қарамастан
жатақхананың

алдына
Үмбетәлімен
бірге
жүгіріп шығып, «Шәкәрім ұшқан, шын айтам

Шәкәрім ұшқан дейм!» деп айғайлағаның
студенттік шағымыздың ең бір көркем сәті
болып қала бермек. Ал Үмбеттің сол кезде саған
«Қумаш! Шәкәрім ұшатын құс па саған?!» деп

ала көзімен бір атқаны одан да көркемірек еді-
ау...
Роза Әрен мен Ая Өміртайдың сұхбаты
Есімің кім?

– Аямын! Өзгермегем баяғым.

Ерін сүйіп жігіт бар ма гүл берер?

174

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ

– Бар, әрине... жоқ деу күнә – мүлдем ер,

Бірақ ауыр зат көтере қалсаңыз,
Сан жігіттің сапа жағы сыр берер.
Бұл енді Ая, басқа әңгіме,
«Айтуға оңай» жырлайтын.

Жалтармастан жауап қатшы,
Сүйіктіңіз бар ма айқын?

– Бұрын болған, боп-бос қазір бұл басым.

Менен үміт ететіндер, құлақ түріп
тыңдасын!
Ал айтыңыз,
Менде адам көп,

Парақшамды парақтар,
Осыдан соң сізді іздейді,
Лайк басқыш жомарттар.

– Болашақтан үміт етіп,

Бақыт күтем зор алдан.
Кітапқұмар байға тисем,
Деген арман жоғалған...
Міне Аяның, осы дейтін күйеуі,

Болу керек бір көлігі, бір үйі.
Сезімінің көрсетем деп жемісін,
Біраз тірлік жасау керек мен үшін.
Алтын жүзік, кымбат көйлек әперсе,

Не тұрады, бере салам келісім...
Ая, сен әнші бол!
Ая деймін де, сен негізі әнші болуың керек
еді. Ақыры мен сияқты пиаршигің бар екен,

жұлдызың жанған үстіне одан сайын жанып,
лапылдап, жан-жағын күйдіріп бара жатушы
еді. Арасында бықсып кетіп жатса, не өзің

175

Бесінші жатақхана
Төреғали
секілді
«космостан

кіргендей»
таңдайыңа келгенді тақ еткізіп бықсытып
алып жатсаң, фб-да отырып алып үрлеп,
бірдеңе тамызып, қайта жандырып, даңғыл

жолға сап жіберіп отырушы едік. Президенттің
кеңесшілері секілді, «негізі ол былай деген еді,
сіздер олай түсінбеңіздер» деп маңғазданып
отырмаймын ба мен мұнда ел-жұртты екі ауыз

сөзіме қаратып. Сосын халық қайта жөніне
кете барады. «Еее, Ая андай ма десек, мындай
екен ғой, уфф..» деп. Түр, фактура, шаш, қас,
көзқарас, ерін, кеуде... ой құрсын төмендеп

барам ғой тегі, қысқасы бет-әлпет, дене бітімің
сахнада гөй-гөйлетуге кеп-ақ тұр. Дұғалова бен
Меденовадан бір мысқал кем деп айта алмас
едім. Неше түрлі бәлені білетін стилистер,

сені одан сайын құлпыртып жібереді. Содан
соң «көк дискідегі бесінші трек» деп сахнаға
жыртық шалбармен атып шықшы, көрейік
еркек біткеннің есінен танбағанын. Төу, «көк

дискідегі бесінші трек» дегенді мен айтады
екенмін ғой ұйымдастырушыларға, кешір.
Сенің
танымалдылығыңды

арттыра
түсу үшін неше түрлі жұлдыздармен дуэт
жаздыртамыз. Мысалы, Кентал екеуің қол
ұстасып

сахнаға
шыға
келсеңдер,
қандай

жарасымды жұп болар едіңдер. Асан Пердешов
екеуің
бірігіп
Шымкенттің

аудандарына
концерт қойып келсеңдер де ғажап қой. Сосын
еліміздегі сайттар мен желілерге өтірік-шыны
аралас ақпараттарды ағызамыз. «Ая Өміртай

мен Қайрат Нұртас кездесіп, шай ішті» деген
сияқты. Оған адамдар қырылып лайк басып,
жойылып пікір жазып, ентіге-ментіге бөлісіп,
инстаграмыңдағы оқырмандарың «алты жасар

176

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
алпамыс» құсап «есейіп» кетіп, нап-нашар
айфон 5 смартфоның «уведодан» көз ашпай
қалғанда, сен бір уақ сүт қатқан кофеден еріне

ұрттап, менімен келешектегі жоспарларың
туралы талқылап отырасың. Несі жаман. Өзің
жайлы жазылған нашар пікірлерді оқып алып,
бастапқыда әрқайсысына жауап жазып, кейін

оған да қолды бір сілтеп, не жазса да тұшынып көз

салып
отыра
беретін
боласың.

Тіпті
жұлдыз болып бара жатсаң, пікірді де оқып
әуре болмайсың. Есесіне, олардың сені тегтеп,
белгілеп жанұшыра «қылқынғандарына» ләм-

мим деп тіл қатпастан, шұбатылған көйлекпен
түскен кезекті суретіңді салып қойып жата
бересің. Астына Ерке Есмахан секілді «осы
көйлекті ұсынған мына сән үйіне рақмет»,

«тырнағымды тазалап берген пәленшеге мың
алғыс» деп қысқа қайыра саласың, бітті.
Оқырмандарың сені мақтап-мадақтап, әйбат
сөздер айтуға кірісіп кетеді. Сенде сонда да

эмоция жоқ. Дұрыс, енді сен жұлдызсың ғой.
Кейде өмір туралы жазып қою керек болады.
Бірақ сенің қаптаған концерт пен дөкейлердің
тойынан

қолың
тимейтіндігі
себепті,
Алматыдағы мен деген мейрамхананың вип-

залында сені күтіп отырып өзім-ақ жаза салам.
Сөйтіп-сөйтіп, бүгін «Айтуға оңайда», ертең
«Айта берсінде» өнер жайлы өрісі кең әңгіме
айтып, «тірі дауыста айтуды қолдаймын»

деп майысып отырғаныңды өзің де білмей
қаласың. Айтпақшы, дауыс демекші, киім-
пиім, инстаграм деп отырып, дауыс мәселесін
ұмытып кетіппіз ғой... Оны қайтсек екен.

Шынымды айтайын, журфактағы төрт жылда
сенің ыңылдағаныңды да естімеппін. Онда

177

Бесінші жатақхана
былай істейміз... Алматыда Паша, Валек деген
саусағынан музыка тамған аранжировщиктер
бар. Пах еткізіп, жоқ дауысты бар, бар дауысты

нар қылып береді. Не тұрыс, тезірек ақша
табайық ән айтып.
Ая туралы
Бұған дейін Ая туралы бірде асырып, бірде

жасырып айттық. Бірде тулап, бірде басылып
айттық. Әйтеуір, айтып келеміз. Бір жыл
орнында қалып қоймай, не менен бір жас үлкен
болып тумай, тұп-тура 2009-да оқуға түсіп, онда

да басқа-басқа емес, дәл менімен топтас болғаны
үшін өзінен көрсін...

Аяны сындырып алмайсың ба?! – дейді
Жақсылық бірде. Жабайы десейші, «сындырып
алмайсың ба?» деген не сөз деймін де.
Сыпайылап «Анау Ая деген қызға сөз салып

көрмедің бе, ыңғайы қалай екен?» десе болады
ғой. Жоқ, ол төбеден түскендей тосын сөзбен
қақ маңдайыңнан періп кеп қалады. Бұл енді
ілгеріде, студенттік дәуірде болған «болмай

қалған» диалог. Ондай сөз қақтығысы Роза
екеуміздің арамызда да талай болған. Өткізіп
қойғаным бардай жерлесімнің бөлмесіне жиі
баратынмын тамақ сұрап. Соңында тамақты

ұмытып, идея сұрап баратын болдым. «Сюжетті
қандай тақырыпқа түсірсем болады?», «Не
туралы мақала жазсам болады?» деп кете
береді. Қашан көрсең, бөлмесінде «Роза-а, идея

айтшы» деп қиылып отырғаным.
Сондайымнан шаршаған ба, мен кіріп
келе жатқаннан «Идея жоқ! Идея жоқ!» деп
есігін тарс жауып алатын болды, қараң қағыр.

178

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Сосын оны «тастап кеттім де» Аяға баратын
болдым. Сөйтсем, Ая жап-жақсы қыз екен.
Тіпті, тәп-тәуір десе де болғандай. Құрақ

ұшып тамақ береді, әңгімесін айтады, пікір
алмасады, сызылып-ақ тұр. Бөлмесіне елжіреп
кіріп, елжіреп шығамын. Сондай бір күні ішкі
сезімімді тежей алмай, Жақсылық досыммен

бөліспеймін бе?! Сонда ғой жарықтықтың
«Сындырып алмайсың ба?!» деп сарт еткізіп
жүргені.
Ая бірінші курсқа түскен кезде сондай нәзік,

ұяң әрі асыл дініміз исламның насихатшысы
болып түскенін осыған дейін де айттым. Десе
де Ая өзгерді. Заманға сай, сұңғақ бойының
сұлулығын паш ететін, құлын мүсінін елден

ерекшелеп, жұрттан даралап тұратын киімдер
киіп, көздің жауын ала түсті. Әрине, өзгеріп
жатқан жалғыз Ая емес. Бірақ мен көп
қыздардың арасынан Аяны ғана танитындықтан

жиынтық образ ретінде алып отырмын. Жалпы,
салпыншақ таққан, шолпысы бар, сәукеле
киген қыздарды неге аз кездестіреміз деп
ойға шомуымыз заңдылық. Бірақ заман оған

ырық бермейді. Ая да сондықтан, халықтың
(жігіттің)
көңілінен
шығу

үшін
осындай
«қадамға» барады. Болмаса шолпысы да, ожауы
да, сәукелесі де бар деп ойлаймын.

«Мұхтар
Мағауиннің
көптомдығын
тауыспаған жігітке тұрмысқа шықпаймын»

дейтін Ая, соңғы уақытта өзі туралы ақпараттың
көбейіп кеткенін аңдап, бұл жағдайды реттеу
үшін бірнеше ай бұрын Роза Әренді баспасөз
хатшысы етіп тағайындапты. Осы ретте Ая,

Розаның ылдым-жылдым қасиетін бағалап
отырғаны сөзсіз. Бұл – тарихи таңдау. Мың

179

Бесінші жатақхана
ойланып, он толғанып барып, алды-артын,
жан-жағын
бағдарлай

келе осы

шешімді
қабылдағанына еш шүбә жоқ. Осылайша, Ая
кадр таңдауда қателеспейтінін байқатты. Тым
талапшыл екен. Болмаса неге дудыраған шашы

өзіне жаман жарасатын Шынаргүл Оношбайды,
томпаңдап жүретін Нұршапағат Несіпбаевты
тағайындай салмайды. Себебі, Роза екеуі бірге
тұрған. Су жаңа баспасөз жетекшісі бастығының

қандай тамақ ішетінен бастап, қандай тышқан,
мысық асырайтынына дейін жатқа біледі.
Ақпарат таратуға да шебер. Мәселен, Аяның
шуба алғанын Аралда жатқан Розадан естідім.

Ұйқысын қиып маған хабарласып, соны айтты
да қайтадан қор етіп ұйықтап қалды. Қалай
ырза болмассың. Жеделділік, ептілік деп осыны
айтса керек. Кезінде сессиядан сессия қоймай

сыпыра «5»-ке тапсырып жүруші еді, бекер
емес екен-ау. Бірақ қазір баспасөз хатшымыз –
Англияда. Алайда сол жақта жүріп-ақ атқара
беремін дейді. Бәрі де Ая үшін!

180

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ

ТҮЙІН СӨЗ

Бұл – біздің 101
Ректораттың
төбесіне
шығып,

қанаттарымызды
қомдап-қомдап,
пыр-пыр
етіп ұшып кеткенімізге де 6 жыл болыпты.

Студенттік қызықтар туралы толғанып, ерке
күндердегі
естеліктердің
біразын

ағытқан
сияқтымыз. Кітапқа енбей қалғандары да
біршама. Бұл жинақ – соңғы емес деп те
үміттенемін. Курстастар жайлы аз айтылып,

негізінен
тобымыздың
(101)
ұл-қыздарына

қатысты оқиғалардың бейнеленгені заңдылық
деп ойлаймын. Өйткені мен төрт жылдың ең
тәтті, ең балғын, ең көркем уақыттарын өзімнің
жаныма жақын осы жақын достарыммен бірге

өткердім. Көңілімізді қалдырған, арамызға
сызат
түсірген
жағдай

болмапты,
шүкір.
Ауызбіршілігіміз бен ынтымағымыз үзілмейді,
жалғаса, нығая түседі деген сенім бар. Топ

мүшелері қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде
журналистика саласы бойынша белді-беделді
қызметтер атқарып жатыр. Көбіміз Алматы
мен Астанадан алшақтай қоймадық. Оның

есесіне, алдымыз Америка мен Ұлыбританияға аяқ

басты.
Мамандығынан
жырақ
кеткен

ешқайсысы жоқ. Біздің топ – журналистика
саласына заманауи игіліктер мен технологиялық
өзгерістерге бейімделген жаңашыл, жалынды
буынның өкілі ретінде аяқ басты. Қазір есімдері

еленіп, аттары айқын болып қалған білікті
тілшілер. Бәрі де тұрмыс пен қызметтің жүгін
қатар көтеріп жүр. Бірқалыпты тіршілік кешіп
жатырмыз. Аршынның көлік сатып алғаны,

181

Бесінші жатақхана
сосын «машинамнан неге түтін шыға береді?»
деп алаңдағаны сияқты жаңалықтарды айтып
уақыт алмай-ақ қояйын... Достарыма қатысты

қысқаша сипаттамамен сөзді де түйінделік. •

Роза сияқты ешкім тарқылдап күле
алмайды;
Өзі көңілді, білімді, ақжарқын досымыз
қазір

Англияда,
«Болашақ»
бағдарламасы
бойынша білім алып жатыр. Өзіндік стилі

қалыптасып қалған дарынды журналист. •

Толғанай сияқты пысықты дәл қазіргі
қоғамнан шаммен іздесеңіз жұрт күлуі мүмкін

– «шам ұстап жүргенің не?» деп. «Мына суретті

мына уақытта түскенсің! Суретке түсердің
алдында екі бургер жеп, бір кола іштің, түсіп
болғасын үш рет кекірдің» деп айтып бере
алатын қабілетке ие;

Ол да қазір «Болашақтық». АҚШ-тың Сан-
Диего қаласында білімін шыңдап жатыр.

Сымбат секілді үш-төрт әзіліңе жинап-
жинап бір рет күлетін салихалылық бұл қоғамда
азайып барады;
Отандық

бірнеше
арнада
журналист,
продюсер болып еңбек еткен қызымыз қазір

бала тәрбиесімен айналысуда. •

Ботагөз сияқты ешкім майыса алмайды.
Майысқан кезде құдды әне-міне үзіліп түсетін
шық сияқты, әне-міне еріп кететін балмұздақ
сияқты болып тұрады;

Шиелілік ару да «Болашақ» грантының
иегері. Англияда білім алды. Қазір «Астана
ақшамы» газетінде жұмыс істейді.

Альмира сияқты ешкім «қарлығаш қыз»
бола алмайды, болған күнде де Жақсылықтың
жалын кеудесін «суыта» алмайды;

182

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Талантты досымыз бұл күндері «Ұлытау
өңірі» газетінің жауапты хатшысы.

Сәния сияқты ешкім мейірімді бола
алмайды. Қарттар үйіне барып, ол жердегі
ақсақалдармен танысып, бақ аралап кететіні –
оның жүрегі ерекше нәзік екенін айғақтайды;

Қазір
Сәния
MedіaNet
Халықаралық

журналистика орталығында жобалар жетекшісі. •

Қазіргі
жастарға
Әсияның
ақылы

жетіспейтіндей.
Ерте
тұрмысқа
шығып,

отанасы болудың үлгісін көрсетті. «Маржан
тезірек тұрмысқа шық!», «Шапағат қашан
үйленесің?» деп қайта-қайта ескерту жасап,
группаластарының

тағдырына
алаң
болып
отырады;

Әсия басылымдарда еңбек етті. Қазір жары
мен балаларының бақытын ойлап, отбасының
ұйытқысы болып отыр.

Асқарбек сияқты ешкім «қосып кете
алмайды». Ол секілді ешкім бір уақытта бірнеше
арумен таныса алмайды;
Қазақстандағы ең білікті тележурналистердің

қатарынан ойып тұрып орын алатын Асекең,
қазір КТК телеарнасы жаңалықтар қызметінің
журналисі.

Нұршапағат сияқты ешкім аса қатал
Андарбаевтың көңілінен шыға алмайды;
Нұршапағат

Нұр-Сұлтанда.
«Хабар»
арнасы жаңалықтар қызметінің журналисті.

Маржан сияқты ешкім Аямен ұрыса
алмайды;
Тобымыздың ең пысық қызы «Еуразия»
бірінші арнасының продюсері.

Ырыс сияқты ешкім «Іңкәрім-айды»
айта алмайды;

183

Бесінші жатақхана
«Болашақпен» білім алып келген Ырыс,
қазір ҚазҰУ журналистика факультетінде дәріс
береді.

Мөлдірдің түске дейін спортты шашып,
түстен
кейін
мөлдіретіп

поэзия
жазатын
қабілетін түсінбейсің, аса таңырқайсың;
Мөлдір

қазіргі
кезде
El.kz
интернет

жобасының редакторы атты абыройлы міндетті
атқаруда.

Үмбетәлі сияқты ешкім абыз болып
ақыл айта алмайды;
Абыз десе абыз екен. «Алматы» телеарнасы,
ақпараттық-сараптамалық

бағдарламалар
департаментінің шеф-редакторы.

Наурызгүл
сияқты
ешкім
журфак

бітіріп, бизнесмен атанып, сосын полицей
болып кете алмайды;
Заң саласына біржола кіріккен ол, Алматы
қалалық ІІД кадр жұмысы бөлімінің инспекторы

болып істейді. •

Әйгерім сияқты ешкім Сәнияның жан
досы бола алмайды. Студенттік кезде екеуінің
жұбы жазылып, аралары ажырағанын көрмедік
десе де болғандай;

Әйгерім бірнеше жылдан бері табан аудармай
«Алматы» арнасының жаңалықтар қызметінде
еңбек етуде.

Ботагөз Таңатарова секілді ешкім биязы
бола алмайды. Ашуы бойына сыймай келген
талай тентектің жүзіне күлкі үйіріп жібергеніне
талай куә болдық;

Бұл уақытта Fіdelіty Fіt&Well фитнес-
клубтар
желісінің
маркетинг-менеджері.

Ағылшын тілі курстарын ұйымдастырушы. •

Зорагүл сияқты ешкім менімен айтыса

184

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
алмайды. Зорагүл сияқты ешкім мені жер
қылып жеңіп кете алмайды;
Қазір

ол

отбасылық
тәрбие

мен

өнер
адамының жары болу деген міндеттің озық
үлгісін көрсетіп отырған бекзада жан.

Ая сияқты ешкім бірінші курсқа түсе
сала уағыз айта алмас еді. Ол сияқты ешкім
тышқанына Қалдан-Церен деп ат қойып, айдар
таға алмайды-ау;

Ая «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі. •

Шынаргүл сияқты ешкім Ұзынағашты
жеріне жеткізіп мақтай алмайды;
Республикалық
басылымдарда,

«Жас
Қазақ» газетінде еңбек етті. Қазір қолөнерді
қолға алған.

Аршын
сияқты
ешкім
ария

айта
алмайды. Журфак тарихындағы тұңғыш опера
әншісі. Бірақ оны біз ғана білеміз;
Қазір

«Хабар»
агенттігі
ақпараттық
сараптамалар дирекциясының тілшісі.

Мейлінше жиі бас қосып тұруға тырысамыз.
Бірер ай бұрын ғана жолықтық. Алматының
қақ ортасы. Әспетті мейрамхана. Енді жиналып,
түгенделдік-ау дей бергеніміз сол еді, Ая кіріп

келді. 9 жыл бұрынғыдай ызбарлана қараған
жоқ. Бұрынғыдай «өй, өңшең дінсіздер, бұл не
ырқыл-жырқыл?!» деп те айтпады. Сәл тосылып
тұрды да «Үкілім-ай, жеңеше-ай, сағындым

сәуле-е-ем» деп ортаға ойқастап кірісе берді.
Заманның құдіреті қандай деймін де...
Тәуірбек пен Ая қалай танысты?
Тәуірбек пен Ая қалай танысты екен деп

ойланғанда, мына бір уақиға еске түседі...

185

Бесінші жатақхана
Шараптан басы айналған Тәукең желдей есіп,
ҚазҰУ қалашығында келе жатқан. Кенет
өзі өлердей кумир тұтатын Табылды №5

жатақхананың артында гитарамен ән шырқап
отырғандай сезіле кетті. Сезілді емес, оның
сол жерде отырғанына түк те күмәнданған
жоқ. Лезде тура сонда тартқан. Барса жан адам

көрінбейді. Жаңа ғана отырған адам, лезде қайда
кетіп қалуы мүмкін... алпамсадай денесімен
темір торлы терезеге де сыймайды. Не де болса
алысқа ұзай қоймағанын сезген Тәукең, бар

дауысымен «Табылды-ы-ы, Табылды-ы-ы» деп
айғайға басады. Елең-алаңда айқайды естіген
күзетші, фонаригін ұстап шауып келген:

– Әй, неменеге айғайлап жатырсың?

– Табылдыны іздеп жүрмін!

– Қай Табылды?

– Досымов...

– Ол кісі қайтыс болып кеткен ғой...

– Тірі! Жаңа ғана осында гитара тартып

отырды.
Енді кумирін жатақтың бергі жағынан
іздемекке кері жүреді. Алдына келсе балконда
сәмбі талдай майысып Ая тұр екен. Көзін

ойнақшытып, бұған қылымси қарайды. Бір сәт
көздері мен көздері түйісіп, сезімдері бұларға
ескертпестен шарпыса жөнелгендей болды.
Тәуірбектің «қазір балконға секіріп мініп,

аппақ білегінен ұстап, аш белінен алақаныммен
сипасам» деген арам ойын Аяның «Асыл
жігітім» деген сөзі бөліп жіберді.

– Асыл жігітім, анау жатқан нәскиімді алып

беріп жібермес пе екенсіз?
Басы
әңкі-тәңкі
болып

тұрған
Толик,
нәскиім дегенді бас киім деп естіп, алақ-

186

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
жұлақ қарайды. Бірақ не шәпкі, не тымақ жоқ
айналада. Абдырап солай деген.

– Нәски дейм, нәски! Шұлық ше кәдімгі,

анау жатыр жарқырап, – деді Ая долданып.
Ашуының өзінен әдемілік аңғарған Тәуірбек,
аппақ нәскиді аялай ұстап, Аяға қарай лақтырып
жіберді. Содан бері жатақхананың сол жеріндегі

төмпешік «Нәски әперген» деп аталады. Осыдан
соң екеуінің таныстығы басталып жүре берген.
Бірақ екеуін әр кез тату жүрді деуге келмес.
Шарт-шұрт

ұрысып,
қырылып
қалатын.
Олардың қырылғанына біз күлкіден қырылып

қалатынбыз. Ая оған «жігіт деген мынадай
болу керек» деп лекция оқиды. Тәуірбек жүдә
түсінбей бара жатса, Жақсылықты мысалға
келтіреді

дегендей.
Тәуірбек

те

қалыспай,
лықсып келген «запыранын» аямай төгеді.
Гитарамен Аяның басынан бір қоймады демесең,
былай «төбелестері» сондай тартымды өтетін.

Бір жолы Қозыбайдың туған күнінде екеуі
тағы да қызу пікірталасқа кірісіп кетті. Бір-бірін
мойындар емес. Бірінен бірі тайсалмайды. Ая
тұрып: «Сені енді желкемнің шұқыры көрсін.

Жолама қасыма», – деген. Тәуір де қалыспай:
«Көрмегенім сен болсын. Бір топ әулиеңмен
қосып құры», – деген. Бірақ ертеңіне Тәуір-
дос ағаттау кеттім-ау деп, татуласу үшін Аяны

шайға шақырады. Екеуі арқа-жарқа шай ішіп,
әңгіме-дүкен құрып, сыры мен мұңын бөлісіп,
отырыс соңына қарай бір тақырыпты талқылап,
оған қатысты пікірлері екіұшты шығып, әркім өз

позициясын қорғаймын деп, соңында қайтадан
ұрысып қалыпты!
Ашудан түтігіп кеткен Ая тағы да маған
келеді.

187

Бесінші жатақхана

– Анау досың таза жынды! – дейді ентігіп.

– Келісем, – дей жаздап, – жындысы нес,

тағы не бөлісе алмай жүрсіңдер? – деймін
сабырлы қалпымды бұзбай.
Кешкілік гитарасын шертіп отырып Тәуір
айтады:

– Мына әнді Аяға арнап шығардым...

– Ойбай, ол сені жынды деп кетті бағана!

– Дей берсін... мұның бәрі шығармашылық

адамының басынан өтуі керек досым...
Бірақ бұлай томсырайғандары тым ұзаққа
созылмайды. Ары кетсе бір күн, ашулары
қатты болса бір жарым күн. 48 сағаттан кейін

алдындағы ашудың ізі де жоқ, күлкіге көміліп
театрға бара жатады. Ұятсыздар десей .
Олардың
рухани

байланыстары
соңғы
уақытта да белгілі бір тоқырауға ұшырады деген
сөз әрегідік естіліп қалатын. Тіпті «әлеуметтік

желіде де байланыстарын үзіп алыпты» дейтін
Роза сұлу ішегін тартып. Оған қосылып ішегімді
тартайын десем, денсаулығымды ойлап жай
ғана таңғалып қоя салатынмын. Өткенде сол

екі досым қайта қауышыпты. Тәуірбек түскі
асқа
шақырыпты.

Ая

жалап-жұқтап жеп

алған. Екеуі Хижра жыл санауы бойынша 1439
жылдың 16-шы Джумәдүл әууәлында достасып
отыр. Құттықтап қоялық.
Джаным ей, сүйем сені!

Үмбетәлінің азды-көпті мырзалығы болды.
Көңілі
қаласа,
дүкеннен

мәмпәси
алып,
арулардың көңілін көтеріп тастайтын.

– Қыздар, сендер болмасақ біз кімбіз?!

Ештеңе де емеспіз! – деп тұрып әңгіме бастап,

188

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
ұзағынан толғайды. Аздан соң алшаңдай басып
шығып бара жатады. «Еден таза, мысық та
риза» деген сияқты, көңілі де тыныш, қарны

да тоқ. Жарты күн бай, жарты күн кедей
студентке бұдан артық не керек. Басқамыз аш
қалсақ қалған шығармыз, бірақ Үмбетәлі аш
қалған емес. Оның туа бітті түйсігі ешқашан

алдамайтын. Күн сайын қыздардың бөлмесіне
бара бермей, геосаясатты өзгертіп, төменгі
қабатқа да түседі.

– Ай, Реке, қатырасыз ау, – дейді тарқылдай

күліп, – сіздің де айтпайтыныңыз жоқ осы,
өткенде де осылай күлдіріп едіңіз, ах-ах-ха...
плитка қызарып кетті че-то, тамақ қайнады-ау
деймін, ах-ах-ха...

Қазан быжылдап жатыр екен.
Старшак Рауанның мекені бірінші қабатта,
жатақтың
артқы

қапталында
орналасқан.
Ұмытпасам, 108 нөмір. Ол бөлменің терезесіне
тор темірлер қойылған. Рауан мен Үмбет

терезені ашады да, табиғатқа көз тастап қойып
ас іше бастайды. Ортада – макарон. Еті жоқ
демесең, картошкасы да, пиязы да бар. Әлгінде
Үмбетәлі ашық тұрған бөлменің бірінен кетчуп

қағып кеткен. Бұл – ұрлық емес. Қазір қайтар
жолда орнына тастап кетеді. Бөлмесін ашып
кеткендер өздерінен көрсін. «Тефаль» екі
иінінен демалып, екеуі қызыл күрең шайды

сораптайды.
Әлгінде
дүкенге
барып

сүт

алмақшы болған. Ақшаларын қосып-шатқанда
да жетпей қалды.

– Бауырым, сүт қосқан шай зиян ғой,

одан да рахаттанып қызыл шай ішейікші, –
деген сатушыға білдірмей. «Сыртқы жүнін
қампайтып».

189

Бесінші жатақхана
Сметанның
қалбырына
толтырып

қант
салынған. Маргарин майға күлсалғыштан орын
бұйырыпты.

Бұл

уақытта біз

Рауанмен
онша
араласпаймыз. Аралассақ бір жаққа жұмсап
жібере ме деп тайсаламыз. Ал Үмбетәлі олай

істемейді. Батылдау. Мұнда Аршын гитарасын
сабалайды. Ол да өзінікі емес. Қанша сабалағанда
бір әуезді ән айтса бір жөн. Жоқ, дөй-далаға
лағады. Тым құрыса «Ақмаржанды» үйреніп

алшы дейміз. Көңілді отырайық. Айта беретіні

– «Айтшы жігіт, қызды неге жылаттың» деген

құрып кеткір көңілсіз ән. Адамның көңіл-күйін
түсіріп, онсыз да қарын аш, сабақ оқылмаған,
постель тапсырылмаған, бөлме жиналмаған
көңілге мына бір ащы запыранды ән келіп

төгіліп, солқ-солқ етіп жылай жаздаймыз.
Аршын да қайбір жетіскеннен зарлайды, мынау
көңілсіз тіршілікке налиды да... Басымызға
Үмбетәлі сияқты пысық болу бұйырмағанын

ойлап өкіне зарлайды. Қайтеміз, көнеміз.
Кешке бөлмеге Үмбет келеді. Көне соткасын
алып, қызымен сөйлесуге кіріседі.
Джаным-ей, жақсы көрем сені! Сен ше?

Джаным-ей, Челектен кеп қойдыңдар ма? Ааа...
иә, тамақ іштім, тоқпын. Джаным-ей, сүйем
сені! Джаным-ей, сен мені сүйесің бе? Мен сені
сүйем ғой, джаным-ей! Джаным-ей, ұйықтайын

деп жатырмын!
Әңгімесі
«Джаным-ей»

мен

басталып,
«Джаным-ей»

мен

аяқталады.
Біздің
«Джаным-ей» дейтін де адамымыз жоқ екен.
Аршын балконға атып шығады. Ізінен мен

де ілесем. Күзетшіден тығылып, алдымызға
ілінген кілемнің артына жасырынып отырып

190

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
түтіндетеміз
келіп.
Ішке

кірсек
Үмбетәлі
ұйықтап жатады. Жүзі сондай бейкүнә...
Аршынның монологы

«Ағаларым салып берген сара жол үзілмесін
деп күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым.
Жасым
14-15-ке

толғанда
қатарымнан
ерте
жетіліп,

көшеге
шығып
кететінмін.
Қайда бара жатқаным белгісіз, әйтеуір, кезе

беремін.
Ауылдың
қыздарына
қырғидай

тиіп, «Қырбалтабай серісі – 2007» сайысын
ұтып алдым. Одан универге оқуға түсіп,
тағы ұйықтамадым. Ұйықтатпады. Баяғыда
Қырбалтабайда қыдыра бергенше, жақсылап

ұйықтап алуым керек еді деп ойладым. Екінші
курсқа жетіп, енді ұйқымды қандырамын
ғой дей бергенде – ОПП қатарына кіріп
кеттім. Үмбет желкелеп өзімен бірге кіргізіп

жіберді. Үмбет мені тартқан соң, мен Абай мен
Жақсылықты тартайын деп жүргем, сөйтсем
ол Пирамида емес екен. «Сен жындысың ба,
бұл ҚазҰУ қалашығын күзететін ұйым ғой»

деп еді сонда Үмбет шырпыны жағып-сөндіріп
ойнап отырып. Сөйтіп, оқу бітіремін дегенше
әскери адам болдым. 3-курсқа жете бергенде
«ұйықтап, дем алатын шығармын» дегем.

Болмады. Жұмысқа араласып кеттім. Съемка,
монтаж. Бір қарасам, үйленіп алыппын. Тағы
ұйқы жоқ. Қазір білдей журналистпін. Күн-
түн демей шапқылай беремін. Машина алдым.

Басында глушителінен түтін шығып біраз
қорқытты. Сөйтсем, ол өзі сондай машина
екен. Бірақ таксовка жасамаймын. Басыма
PRESS деген жазуы бар киімді киіп аламын

191

Бесінші жатақхана да,

камерамды
арқалап
тайып
тұрамын.

Журналистік парызыма адал боламын. Бұл
ақиқат. Жақсылықтың бойының енді бұдан
артық ұзармайтыны сияқты ақиқат. Болды!»
Жатақхана – жыры бітпес естелік...

Жатақтың алды думанды кеш болатын
да жататын... Бізден бір курс төмен оқыған
Нұрдәулет
деген

жігіт
болды.
Ортақ
шаңырағымызда алты ішекке икемі бар, жөні

түзулеу тарта алатын сол еді. Болмаса мен де,
Аршын да, Еркебұлан да дарылдата береміз ғой.
Керек десең Жақсылық та тартады... ішектерін
бырт-бырт үзіп, гитарамен басыңнан бір салуы

мүмкін. Жә, айтайын дегенім, жатақхана
алдындағы кешкі көңіл-күй туралы еді. Сол
Нұрдәулеттің ән салып отырғаны есте қалыпты,
әйтеуір. Ол жігіт өзі біздің санамызда бойы тым

ұзын, көзі бақырайған, пейілі кең, қыздардың
көңілін тапқыш сері ретінде сипатталады.
Салған
әндері

де

шылқыған
махаббат
тақырыбында.
Айналасында

қаумалап бір

топ ұл-қыз отырады. Әрине, бір адам сарнай
бермес. Гитара қолдан қолға ауысып, сан түрлі
әндер айтылатын – күрсінтетін, қуандыратын,
толғантатын, ойлантатын, қайта сергітетін.

Әйтеуір, сан алуан көңіл-күйдің құшағына топ
еткізеді. Ән тыңдап отырасың. Балконға шығып
алған арулар да әуенге құлақ қойыпты. Анау
тұстан бір қарагөзді көзің шалады. Алдында

бір-екі рет корпуста, оның алды жатақта
баспалдақпен мініп бара жатып кезігіп қалған...
елеусіз тілдескендей болғансың. Бұл жолы тағы
да жанарларды тайдырып әкетістік. Жартылай

192

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
қуаныш,
жартылай
мұңға

толы
сезімнен
айығып, қайтадан ән салушыға көңіл бұрып
жымиған кейіпке енесің. Осындайда гитараны

құйқылжыта ойнап, әндете жөнелмейтініңе
налисың. Болмаса арулардың жүрегін әнмен
жаулап, шалқып жүргеннің несі жаман.
Кей жолы домбырасын арқалап Үмбетәлі

шығады далаға. Мені кім көрер екен дегендей
айналасына бір уақ көз тастап тұратын. Сосын
жанына арадай құжынап студенттер жинала
бастайды. Сабақтан келе жатқандар сөмке-

кітабымен, дүкеннен келе жатқандар «роллтон-
бөлкесімен» жайғаса кеткен. «Үкілі кәмшат»
шырқалып жатты.
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп
Иықтан шашы төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге...
Анау

бір

шарықтап
көтеріліп,
әуелей
жөнелетін тұсында ерекше күй кешесің. Құдды

музыка аспандап барып, төбемізге бірер секунд
тұнып тұра қалғандай әсер етеді.
Тағы біреу гитараға қол созған. Қара
аспанды тіліп өтпесе де, үзіге, сызыла шыққан

қоңыр дауыс пен гитараның нәзік қағысы
үйлесім тауып жатты. Ән құрғыр созыла түссе
екен дейміз. Сөйтіп елітіп отырғанда соңына да
жетіппіз. Гитарасын қорыта бір қағып жіберіп:

- Қара шашың иығыңа төгілге-е-е-ен,

Қара көзің не жылаған, не күлген,
Толғап өтті менің тұла бойымды,
Бала кезден саған ғашық едім мен, - деп
әуендеткен ақын шалыс бір досымыз Аяға қара-

а-ап отырып.
Көп сөйлей бермейтін, бірақ бір сөйлесе

193

Бесінші жатақхана
тәубеңе келтіретін, әйтсе де ұяңдығы мен
нәзіктігі басқа қылықтарынан басым түсіп
жататын Ая кім-кімді де бірден баурады. Қой

көз, қыр мұрын, ұзын кірпік, ал тісі «меруерттің
тізген тасы» іспетті.
«Қып-қызыл жұқа ерін, оймақ ауыз,
Қиылып құмырсқадай белі үзілдінің» нақ

өзі. Қыз алдында сызылып көрмеген, өзін
«бұқа» санайтын әлгі жігіт те иіліп сала бермеді
ме. Тіпті Есхаттың гитарасын ыммен сұрап
алып, ән салды. Бұл бәлки сезімнің құдіреті,

бәлки өзін қалайда жақсы қырынан көрсетудің
амалы...
Мамыражай
көктемде,

кеш

батқанда
жатақхана
алдында
думан

құрып
отыру
біздің тамаша бір әдетіміз еді. Бұл кезең –
студенттердің әне-міне не ауылына, не тегін

тамақ беретін құрылыс жасағына кеткелі
отырған
сәті.
Одан

бұрын
сессия
дейтін
«қылкөпірден» аман-сау өтіп алу парыз. Бірақ

дәл журфакта сессия екен-ау деп жаныққан
жан баласын көрмедім. Рас, дайындалады,
кітапқа көміледі, қойны-қонышын шпормен
толтырады,

бірақ
мынадай
думанды

да

ұмытпайды. Ең оқымысты, кітап кеміргіш деген
қос бұрымды қыздың өзі осы думанға келіпті.
Ендеше басқамыз неге бөлмемізде тығылып
отыру керекпіз. Әне кердеңдей басқан Аршын

да көрінді. Сәл болмағанда ұзын тұра бойымен
бұтаққа соғысып, төтенше жағдайға ұшырай
жаздады (Көз жоқ қой).
Жатақтың қақ алдында тура шығып кететін

шағын тротуар бар. Аталмыш «транзит дәлізі»
бізді тарих, биология, география факультеті
жатақханаларымен тікелей байланыстырады.

194

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Сол тротуардың екі жағына әрі кетсе үш
скамейка қойылған. Орын бұйырмағандары
отырып, тұрып тыңдауға бейіл. Ең бастысы, ән

айтылса, қыз-жігіттер әрнені айтып сыңғырлай
күліссе, қоюланған кешті пайдаланып бірінің
сырын бірі біліссе, ең ғажабы – сол.
Арамызда ернін қызарта, бетін ағарта бояп,

кішкентай сөмкесін иығына іліп, көзі жыпылық-
жыпылық еткен төменгі курстың қыздары да
отырады. Олар ешқайдан келе жатқан жоқ,
сыртқа қарай шығып бара жатқандар. Бәлкім,

құрбыларымен серуен, бәлкім кездесу... «қайда
шықтың?» деп сұрамаппыз, батыл жетпепті.
Осылай отыра береміз. Көңіл тоғайып, қас
қарайғанша. Жатақтың шамдары жанғанша.

Гүлшат апай «кіріңдер» деп айғайлағанша.
Ертең де сабақ бар екені есіңе түскенше...
Өнерпаз Аршын
Даладан

үйге
қарай
ентіге
жүгірген

кішкентай Аршын, «әке, әке!» деп айқайлап
кіріп келді. Дауысы тым ащы шықты ма,
шошып кеткен үйдегілер: «Не болды Аршын,
ара шағып алды ма?!» деген үдере қарап. «Жоқ...

мен өскенде кім болатынымды шештім!» деді
әлі де аптығын баса алмаған күйі. Әп-сәтте
болашағын айқындайтындай, мұның басына
не күн туды деп үйдегілердің абдырап қалғаны

рас еді. Сосын барып, «иә, кім боласың?» деді
сабырмен.

Мен өскенде музыкант боламын! – деп
қойып қалды.

Қандай музыкант болмақшысың?

Діңгір-діңгір... ой, ондай емес, андай...

195

Бесінші жатақхана

Қандай..?

Ыз-з-з, у-у-у деп дыбыс шығаратын
тартамын, аркыстрде жұмыс істеймін!

Қой, тәйт әрі! Ыз-з-з, у-у-у нес тағы...
біздің үйден желп-желп еткен жын-ойнақ
шыққан емес! «Саламатсыздар ма! Сіздерге
жаңалық айтқан Аршын Кемелжан!» дейтін

журналист боласың, – деді әкесі байыппен.
Ұнжырғасы түскен Аршын салы суға кетіп,
сыртқа беттеді. Сонда да ешкім жоқ кезде саз
балшықтан жасап алған сазсырнайын тартып

ермек қылатын. Кейін университетке түскеннен
кейін де әуенге деген әуестігі артпаса кеміген
жоқ. Алдына талай ән сұрап келгендерді, «мен
ән сатпаймын, айтсаң махаббатпен айт» деп

қуып шыққан. ҚазҰУ-дың оркестріне барып,
қолы домбырада, көзі қыздарда отыратын
Асқарбекке қатты қызығатын. Ақыры 2-курста
8 наурыз мерекесі қарсаңында шыдай алмай,

қыздарға арнап опера шырқап берді. Көмейінен
бүлкілдеп шыққан заңғар дауысқа қызыққан
біз, «пәлі, ұртына келіп кептер ұя салған» талант
осындай болса керекті деп, еріксіз қол соққан

едік. Одан кейін 3-курста қасиетті қобызбен
«Норманд төрттігіне» арнап күй жазғанын
да қалай ұмытайық. Енді, міне бала күнінен
махаббатына айналған сазсырнаймен, ересек

болған кезінде қайта қауышып отыр. Бірде
үйіне барғанда бірнеше халық әнін нақышына
келтіріп тартып берген. Аршекеңнің ешкім
ескермей жүрген қыры осы. «Куә болыңыздар,

тыңдаңыздар! Біздікі сол ел ішіндегі таланттарға
аяқтан келгенше нәсихәтлі жасау!» деппіз бір
жазбамызда.

196

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
«Ана тілі» байқауын
«ұйымдастырушылар»
Студенттік алғашқы жылдарда ортамыздан

бір лидер сайлап алайық дедік.

Жігіттер, қолдауларыңа рақмет, мен-
ақ сендерге басшы болайын, – деп ортамыздан
суырылып Жақсылық шыға келген.
Бірақ үлкен жиындар мен қалың нөпірдің

арасында
Жәкеңді
таппай
қалармыз

деп,
Аршынға тоқтадық. Аршын билік басына
келген
уақыттан

бастап,
бірінші
кезекте
қыздардың

жағдайына
«көңіл
бөлетінін»
қадап айтты. Сөйтті де, екінші курстың қазан

айында-ақ, «Қыздар! Мен «Ана тілі аруы»
ұлттық байқауының ұйымдастырушысы едім.
Қасымдағы мына бала – көмекшім», – деп
Жақсылықты көрсетіп, бесінші қабатта асыр

сала бастады. Сондағы екеуінің шаруасы –
бірінші курсқа топ етіп түскен қыз біткенді
телефон нөмір, логин (агент), аты-жөнімен
қосып

тізімдеп
алу.
Ондай
байқаудың

болатынын екеуінен басқа жан адам білсеші.
Олардың мұндай тапқырлығына қызыға әрі
қызғана қарап қалғанымыз да рас.
Кезекті жиында «қой, мұнымыз болмас,

қыздарға шынайы қамқорлық танытайық»
дедік. Сол кезде Аршын орнынан ұшып тұрып:
«Ендеше қыздарға дастарқан жаяйық. Неге
міндетті түрде 8-наурызды күтуіміз керек», –

деді. Ғасырлар бойы аңсап күткеніміз де осы
сөз еді. 503б бөлмесінің іші ду қол шапалақ пен
у-шу-ға толып кетті. Аршын расында сөзінде
тұрып, дастарқан жайып қонақ етті. Бәріміз

зыр жүгіріп, қызмет қылдық. Қыздардың

197

Бесінші жатақхана
тамаққа риза болып, құлқыны мен көңілдері
қатар толса қуаныштан шаттанушы едік. Кетіп
бара жатқанында әрқайсысына қос-қостан алма

ұстатып жіберетінбіз. Енді бөлмемізге келіп,
қашан шай ішеді деп армандайтынбыз. Риясыз
көңілмен қыздарды сыйлап, қарындасымыздай
қарадық. Соның бәрі Аршынның сарабдал

саясатының арқасы еді. Мұндай басшымыз бар
қандай бақытты едік деп, Жақсылықтың бір
кеште өлең оқығаны да есте. Осы өлеңінен соң
Жәкең Аршынның үшінші этаждағы сенімді

өкілі қызметіне тағайындалып, лауазымын
универ бітіремін дегенше абыроймен атқарып
шықты.
Ақ жейде

Жақсылық шатанадай аппақ жейде сатып
алған күні ерекше қуанды. Сатушының: «Ой,
Алла! Киім де адамға осынша жарасады екен-
ау», – деген лебізі есіне түскен сайын одан әрі

дегбірі қашып, үстіне кигенше асыға түседі.
Автобус

та

жайбасарланып
қалды.
Енді
«уақытпен жүреміз» деп бір аялдамаға келіп,

«жантайып жатып алады». Қолында самсасы
мен қойын дәптері бар, өзі құралыптас бір жігіт
шопырға келіп, «алдыңа – 5, артыңа – 15» деді
де, 200 теңгені қағып алып, келесі автобусқа

қарай беттеді. «Мынанікі жақсы екен», – деді
Жәкең іштей. «Артыңа – 5, алдыңа – 15» деп
200 теңге ала берсе рахат қой... Ойы қайтадан
«су жаңасына» ауды. Жалт-жұлт етіп, қыз

біткенді арбайтынын ойласа жанын қоярға жер
таппай, шаттықтан жер-дүниені шарлап кетуге
бар. Тіпті шопыр келіп, «әй, шаршап кеттім,
мына аптобысты ең болмаса ҚазҰУ-ға дейін

198

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
айдап баратын кім бар?» десе, ойланбастан рөлге
отыруға әзір. Ауылда талай мәрте мотоциклмен
жылқы қайтарды емес пе... Автобус әлі жүрер

емес. Қалтадан жейдені суырып алып, қазір кие
қойса ше: Артта отырған қыздар бірінен соң бірі
шалқасынан түссін! Жо-жоқ, Жақсылықтың
дене бітіміне қарап емес, көйлекке қарап.

Сөйткенше болған жоқ, автобус тұрған орнынан
жер тарпып қозғалып, қалтадағы жейдесі
шаң-тозаңдар баттасып жатқан төменге қарай
құлдилай жөнелді. Жан-дәрмен ұмтылған.

Үстіне аппақ көйлек киген қыз бұдан да әбжіл
екен, орта жолдан жейдені пакет-макетімен
қағып алды. Неткен сұлулық!
«Әсем

басы
мүсініне
шап-шақ»
қызға

тамсана, тұрып қалыпты. Сәл болмағанда, ақ
жейде «екінші планға» ысырыла жаздады.
«Әй, бір өлең арнайтын ару екенсің!» деді
іштей. Сырттай айтуға жігері жетпеді. Аты-

жөнін сұрауға оқталған... агенттің «поиск»
деген жеріне теріп кеп жіберсе болды емес пе?!
Осылай өз ойымен өзі арпалысып тұрғанда әлгі
қыз Байзақов аялдамасынан түсті де қалды. Дәл

осы көрініс бірнеше рет қайталанған секілді.
Дежавю... бірақ, Жақсылықтың дежавюлері
бір-біріне өте ұқсас – тек қыздар ғана ауысып
отырады...

Жатақханаға
жете
салысымен,
алдынан күлімдеп қарсы алатын Жайнаш

апайына жаңа жейдесін көрсеткісі келген, бірақ
бұл ойынан тез айныды. Жоқ жерден пайда бола
кететін Айдос алдынан шығып «О Жәке, бір
киіп көрейінші» деп қолқа салса, оған «жоқ» деп

айту, айтқан күнде де «аман-есен» тауарды өз
бөлмеңе жеткізу, қиынның қиыны: Не болса да,
киіп, біржола шыққан дұрыс.

199

Бесінші жатақхана
Ақыры жейде де кешке киілді. Жақсылар
мен жайсаңдар жүреді-ау деген жердің бәріне
осы ақ жейдесімен желпілдеп жетіп баратын.

Тіпті бір күні қасына Розаны ертіп алып, театрға
да барыпты. Сахнада қызу спектакль болып
жатыр, көрерменнің көзі сонда, ал бұл екеуі бір-
біріне бас сүйесіп ұйықтап жатыр. Театрға ең

бастысы су жаңа жейдені киіп барса болды емес
пе, сахнада не қойылғанын сұрап-ақ ала салады.
Журпак-ертегі
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі.

Адамдардың
терімшілікпен
айналысып,
тасты тасқа ұрып от жағып жүрген заманы.

Айдала. Пәленбай ғасыр, түгенбай жылдан
кейін салынатын зәулім үйлер, букмекерлік
кеңселер, самса сататын дүңгіршек, жарқ-жұрқ
еткен кафе-мафелердің орындары қаңырап

бос жатыр. Терімшілік дәуіріндегі адамдар
от тұтата алмай әуреге түсіп жүрген кезде,
оттығын шырт-шырт еткізіп Үмбетәлі бастаған
бір топ адам сау ете түседі.

Уа, кімсіңдер? – деген жабайы адамдар
бұларға таңырқай қарап.

Қойш, тура бұлай сөйлеп кетпейтін
шығарсыңдар?! Журпакта оқимыз, – деді Үмбет
онша менсінбеген күйі.
Бұлардың

сәнді
киімдер,
музыкалық
асай-мүсейлерін асынып жетіп келгеніне таң-

тамаша болған жабайы адамдар біраз түсінбей
қарап, милары қорыта алмай қиналған деседі.
Бірақ оған қарайтын біздікілер ме, миллиард
жас үлкен братандарына жүре сәлемдесіп,

қыдырыстарының жайын ойластыра кетеді.

200

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Сонымен... Аршын өзеннен су тасиды, Үмбет
от жағады, от жағу үшін... иә, отынды Роза
жара салады. Маржан Қалқабаева тығып алып

шыққан бермешелін қазанға тастап кеп жіберсе,
тамақ мәселесі шешілгелі тұр. Осы кезде Үмбет
маңғазданып: «Қыздар, құр бермешел бере
салады екен демеңдер, қазір Аршын екеуміз

кәуап жасаймыз», – деп қалтасынан уыстап
ет шығара бастады. Сөйтіп, тамақ мәселесі бір
ретке түсті.
Енді қалғандары да қарап отырмау керек. Ая

ойынға кірісіп кетті. Әдеттегі жүйке жүйесінің
талшықтарын іске қосып, далаға, гүлдерге,
тауға қарап ойында шырмалған ұйқассыз өлең
шумақтарына елітіп, көбелек қуалап біраз

жерге барып қалғанын да байқамапты. Қараса,
ешкім жоқ. Тек анадай жерде, тастың үстінде
осы округтің бастығының баласы бұған тесіле
қарап отыр екен. Ая жалаңаш денелі (тек лыпа

киген), бұлшық еттері бұлтыңдап тұрған, шашы
ұзын жігітке көзінің қиығын тастап, наздана
күлген. Сол-ақ екен, анау тұра жүгірсін бұған
қарай. Әне-міне жақын қалды. Ая да тырқырап

қашқаннан басқа амал қалған жоқ. «Неге
бүйтті?» деп ойлай бергенше, бұлардың жабайы
адамдар екені тырманың басы келіп маңдайына
сарт еткендей есіне түсіп, одан сайын өршелене

қашты. «Алматыда бұлайша ешкімнен қашпап
едім, жігіттерден қашсам да олар сондай
сүйкімді қуып, мен сүйкімді қашатын едім.
Мына күйімді Үмбет көрсе, кем дегенде 3

жыл 56 күн мазақ қылады-ау» деп ойлады.
Әйтеуір, әлгі жабайы, айдалада өзімен-өзі шай
қойып күйбеңдеп жүрген Аршынды көріп
аптығын басты. Ая да жүгірген күйі бұрқырап

201

Бесінші жатақхана
пісіп жатқан кәуаптың жанына құлай кетті.
Аршынның сонда да бұнымен шаруасы жоқ.
Біртіндеп әркім өз әдеттеріне басты. Мөлдір

Дарханбаева өлең жазып, Ботагөз суретке
түсіп, Толғанай шегірткелерді өлтіріп дегендей.
Қалған қыздар да асыр салып ойнап жүр. Әрі-
бері ақсүйек ойнайық деп еді, оған жұмысбасты

болып жүрген Үмбет пен Аршын көне қоймады.
«Сүйектерді
тауып
алсақ,

бекерге
өкініп
қаласыңдар», – деді Үмбет қай кезде де өзіне
сенімді дауыспен. Досының мына сөзі көңіліне

жағып
кетті

ме,

Аршын
танауын
көкке
шаншылтып тұрып, басын бір изеді. Мұнысы

«Үмбет әлбетте дұрыс айтады!» дегеннің үнсіз
нұсқасы.
Роза болса, әу баста осында келгенде өзгелер
секілді құр секеңдемей, бір іс тындырып

қайтайын деп келген. Онысы – жабайы адамдар
өмірінен жанды репортаж жасау. Сосын өзендей
қылып «Алматы ақшамына» жариялап кеп
жібер! Сенсация! Осы ойды негізге алған ол,

дереу жабайы адамдар округі басшысының
офисіне тартты. Кірді де, сайрап қалған қасқа
таңдайы тақылдап тоқтамай 10 минут сөйледі.
Анау жабайы мелшиіп тыңдап отырған. Бір

мезетте ыршып тұрып бұған ұмтылып, сүйреп
шығып, ортаға лактырды. Кіл жабайылар
мұны бір-біріне итеріп, ермек қылып қорқыта
бастаған. Тілдері де түсініксіз, шаңқылдап

мұны шапалақтай бергені сол еді, тер-тер күйі
қалшылдап жатып оянып кетті. Сөйтсе Роза,
ойнап жүріп қарны ашып ұйықтап қалған екен.
Бұл кезде бағанағы жабайыдан қашқан Ая,

құр аттай боп шауып жүрген еді. Аршынның
кәуабының иісі ұйқысын тез ашты.

202

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Қараңғылық түсті. Дастарқан жайылып,
от жағылып кештің сәні кірді. Үмбет те
қолына гитарасын алған. Әуелі ән айтпай

тұрып, көпіріп ұзақ сөйлейтін әдетіне басып,
шығарманың тарихын, қазақ фольклоры туралы
біраз сөз қозғап барып, Энрике Иглесиастың
репертуарынан әндер орындай бастады. Бұл

кезде рахат, ешкім әлі фейсбук пен инстаның
кәйпін сезінбеген, ватсап дегеннің не екенінен
бейхабар шақ. Олар болса да, бұл жерде желі
жоқ. Енді тек кімнің қасына кім жатады деген

сұрақты шешіп алу керек. Мына жағдайлары

сегіз
қызға

бір

еркектен
келетін
тура
Қазақстанның статистикасындай. Ақырында,

екі жігіт «қыздарды қорғағанымыз дұрыс болар»
деп, лашықтың ішіне жатыпты дейді білетіндер.
Қырғауыл аулауға шыққандар...
XXІ ғасырдың 11-ші немесе 12-жылы.

Бозарып атқан таңның саф ауасы Маржанның
мұрнын қытықтап оятып жіберді. Қатты керіліп
есінеймін деп жағы жабылмай қала жаздап, енді
олай істемеуге бекініп, жан-жағына көз салған.

Күбірлеген дауыс шыққан жаққа қараса, Ая
тәспісін шыр көбелек айналдырып, құлшылық
жасап отыр екен. Ара-тұра иығы селк-селк
етеді... Көзін тарс жұмып алыпты. Мүлгіген

тыныштықты лашықтың ішіне одыраңдап кіріп
келген Үмбет бұзып жіберді:

Ая, не оқып отырсың?!

Тәйт, қоржынымыз майлансын деп дұға
етіп отырмыз да.

Әуелі дұрыстап атуды үйреніп алшы! –
деді Үмбет жақтырмай.

203

Бесінші жатақхана
Сосын әлі екі дүниенің ортасында жатқан
Маржанға қарап:

Қалқабаева, сен мылтықтарды майлай
бер, – деді де едел-жедел шығып кетті.
Даладан Шынаргүлдің есекке мініп шауып
жүрген дүбірі құлақты тесіп барады... Ала

көзімен ата қараған Үмбет: «Чынар!» деп
айғайлаған. Оны Чина құлағына да қыстырмай,
есекпен шауып жүре берген. Үмбет шыдамай
кетіп: «Шынара-а-а-ау!» деген кезде барып,

жалт қарады.

Сені бұл жаққа есекке мініп шапсын деп
алып келдім бе, кеттік қырғауыл аулаймыз!
Үшеуі қыратты бойлап, азық іздеп келе
жатыр.

Иығына
мылтығын
асқан
Үмбет

жолбасшы. Одан кейін бір-біріне сүйеніп, ілби
басып үш қыз келеді. Бір кезде Ая қалт тұра
қалды да, өз-өзінен: «Сыңғыр, сыңғыр су ағады,
сай-саланы жылғалап», – деп бар дауысымен

шыңғыра жөнелді.

Не болды Ая, жын түртті ме сені? – деді
Үмбет.
Жолбасшының ткескін-келбетінен Аяның
осындай

мінезіне
үйреніп
қалғаны

да

байқалады. Айтуын айтты да жоғары қарай
өрлеп жүре берді.

Одан да бағана дұғаңды оқыған күйі сені
лашықта қалдырып кету керек еді, – деді сосын.

Ой, қойш! – дейді Ая, – Анау сенің Аршын
деген досың, сосын миымды қағып алсын. Өзі
бір сөзуар екен, қайдан тауып алғансың?

Тауып алатын ол саған зат па? Құдай
кезіктірген досым! Жарты нанды бөліп, бүтін
нанды толық жеген баукеспем ғой, – деді Үмбет
біртүрлі елжіреп.

204

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ

Баукеспеңіз қатты қорылдайды екен!
Мәдениеттен жұрдай! – деді Маржан әңгімеге
араласып. Бұл сәтте біраз жерді артта қалдырған
төртеуі де шаршағандай еді. Тоқтап артына

қараған Үмбет:

Тал түсте адам құс аулай ма? Біз неғып
жүрміз? – деді үш қызға қарап.

Ибәй-ау, сізге еріп келе жатыр емеспіз бе
бірдеңе біледі деп, – деген Ая құрал-сайманды
жерге лақтыра салды да, сұлқ отыра кетті.
Артынша тау жаңғырып, қар көшкендей

ұлы дүбір басталды...

МАЗМҰНЫ

ҚазҰУ-ға сағыныш... ................................................... 3
Балмұздақ атанған күн .................................................. 5
Күртеше «қырғыны» ..................................................... 7

Ех, Андарбаев ................................................................ 9 Ашқарақ Руслан .......................................................... 12

Аршынның намаз оқуы ............................................... 15
Есей ағай және куәлік ................................................. 17
Біз «десантшылар» едік... .......................................... 19
Жатаққа кірудің әлегі ................................................. 21

Шаянның еті ................................................................ 23

Емтихандағы «хат» ..................................................... 24 Беташар ........................................................................ 26

Жақсылық әнші болса... ............................................. 28
600 теңге ұтқан жыл .................................................... 29
Құламай қалған Құлиев ............................................... 31
Әкесі Қазымұрат тікелей демеушілік жасапты... .... 33

Аршын мен Аманқос ағай .......................................... 36
«О-Бай» тобы неге тарады? ........................................ 38
«Қисынсыз» ережелер ............................................... 40

205

Бесінші жатақхана
Үмбетәлінің ұйқыдан оянуы ...................................... 43

Шоу жасау .................................................................... 45

Айдос ақын – Айдос әнші .......................................... 47
Жақсылық пен Аяның танысуы ................................. 50

Тегін темекі .................................................................. 53

Жатақхана – ортақ мекеніміз ...................................... 55
Ең мейірімді профессор .............................................. 58

Жер сілкінген түн ........................................................ 61 Біздер құрған трио ....................................................... 63

5-ші қабаттағы орыс кемпір ....................................... 64
«Агенттен» шыққан дәу ............................................. 66
«Рухтың адасуы» ........................................................ 67

Өзіміз бір ішейікші ..................................................... 69 Айтыскер ...................................................................... 71

Автокөлік алған күн ................................................... 73 Күнтпеген қонақ ......................................................... 76

Пәтер мен жатақхана .................................................. 80
Жатақхана қызықтары ................................................ 82

Үзік сыр ...................................................................... 83

Қалай ақын бола жаздадым ........................................ 85
Жұмағалидан қашу ..................................................... 88
Біртүрлі достарымыз жайлы ...................................... 90
Мемлекеттік емтихан .................................................. 92

Жатақханадағы алғашқы күн ..................................... 94 Кәуаптың зары ............................................................. 97

Авторадиодан хабарланған ауа-райы ........................ 99 Әлем әдебиеті ............................................................ 101

Орындалмаған жоспар .............................................. 103
Рауан сыйлаған костюм-шалбар .............................. 105
Аралдан келген базарлық ......................................... 108

Жоғалған куәлік ........................................................ 111

Жазира Жаппарқұл – менің махаббатым ................ 113
Боксшы қызбен «құпия кездесу» ............................. 116
Тәуірбек пен Маржан ................................................ 119

Мейіржан .................................................................... 121

206

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ Лақап ат .................................................................... 125

Жақсылықтың қызыл костюмі ................................ 127
Тамақ тапқыш Үмбетәлі .......................................... 129

Аралға сапар ............................................................. 133 Біздің топ .................................................................... 135

Егер бұл 1970 жылдар болса... ............................... 138
Руслан Меделбекпен танысу ................................... 140

Біздің уақыт ............................................................... 142

Біздің «болашақтықтар» ........................................... 144
Журфак – ЖенПУ емес ............................................. 147
ЖАТАҚХАНА ЖЫРЫ – 1 ........................................ 151
ЖАТАҚХАНА ЖЫРЫ – 2 ........................................ 152

Офшор ....................................................................... 153

Ая және Қызылорда .................................................. 155 Мұрат ағай ................................................................. 157 Біздің старосталар ..................................................... 161

Жақсылық және қарлығаш қыз ................................ 165
Осы өлеңін өзек қылып, жауап хат жаздым: .......... 166
Лейтенант Мырзахметова ........................................ 168
Аяның монологы ....................................................... 170

Шәкәрім ұшқан ба? ................................................... 171
Роза Әрен мен Ая Өміртайдың сұхбаты ................. 173

Ая, сен әнші бол! ....................................................... 174 Ая туралы .................................................................. 177

ТҮЙІН СӨЗ

Бұл – біздің 101 ......................................................... 180

Тәуірбек пен Ая қалай танысты? ............................. 184
Джаным ей, сүйем сені! ........................................... 187
Аршынның монологы .............................................. 190
Жатақхана – жыры бітпес естелік... ....................... 191

Өнерпаз Аршын ........................................................ 194
«Ана тілі» байқауын «ұйымдастырушылар ........... 196

Ақ жейде .................................................................... 197 Журпак-ертегі ............................................................ 199

Қырғауыл аулауға шыққандар... ............................. 202

207

Бесінші жатақхана

208

Абай АЙМАҒАМБЕТОВ
Абай Аймағамбетов
Бесінші жатақхана
Көркемдеуші әрі беттеуші – Ербол Байболов

Редактор –
Корректор –
Басуға 7.10.2019 ж. қол қойылды.
Қалыбы 75x100 1/32. Офсет қағаз.

Офсеттік басылыс. Таралымы 500 дана.
Тапсырыс

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙