Ана жырлары
Гүлжауhар Сейітжан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Автордың жаңа жыр жинағы ана махаббатынан туындаған көркем де ойлы өлеңдерден құралған. Қарапайым да кестелі сөздермен өрнектелген жыр шумақтары жеңіл оқылады әрі терең әсерлерге бөлейді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Гүлжауһар СЕЙІТЖАН
Өлеңдер, толғаулар, балладалар, әндер
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
С 31
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
ІSBN 978-601-7337-24-7
Сейітжан Г.
С 31
Ана жырлары: (Өлеңдер, толғаулар, балладалар,
әндер) – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2012. – 232 б. ІSBN 978-601-7337-24-7 Автордың жаңа жыр жинағы ана махаббатынан туындаған көркем де ойлы өлеңдерден құралған. Қарапайым да кестелі сөздермен өрнектелген жыр шумақтары жеңіл оқылады әрі терең әсерлерге бөлейді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. © Сейітжан Г., 2012 © «Ан Арыс» баспасы, 2012 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ «ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
Ана жырлары
Өлеңдер
(Жанарыма)
Таң атты ғой,
Ояншы, құлыншағым,
Оян енді, боташым, балам, гүлім.
Балалықтың жетелеп шырын шағын,
Келді, міне, Жаңа жыл саған бүгін...
Қанған шығар ұйқың да, жарығым-ау,
Қарасаңшы даланың аппақ қарын...
Ауладағы баланың бәрі мынау,
Айтып жүр ғой Жаңа жыл тақпақтарын...
Дариясында думанның жүзіп бәрі,
Құлаш ұрып жүргендей қияға шын.
Оян, күнім,
Жаңа жыл қызықтары
Көкірегіңе сенің де ұяласын...
Қалған уақыт жүрмесін аздық етіп,
Қонақтармен бүгінгі жолығалық.
Аяз ата алдында тағзым етіп,
Үлгірейік Ақша қар қолын алып...
Гүлжауһар Сейітжан
Ояна ғой,
Ояншы, күнім менің,
Шаттық назын ойнатсын үнің, демің.
Тілегі көп ортада күлімде мың,
Толтырмай-ақ ұйқыңның бүгін кемін...
Бастады өмір сен үшін ,
Жолға шықтың,
Табиғаттың жазына жалғас қысы.
Бастамасы болғай-ақ зор бақыттың,
Сен қарсы алған жылдардың алғашқысы...
* * *
Еңбектегің келеді,
Талпынасың,..
Бір сүйемге жетпейді-ау әр құлашың...
Тіршіліктің иесі-ау, қызығамыз,
Бақадай тырбаңдаған қалпыңа шын...
Қызық болар қалтаңдап жүрген мүлде,
Неше түрін көрсеттің күлгеннің де.
Құртақандай менің сол, тынымсызым,
Адам болып келесің күннен күнге...
Уілдейсің үн қатып,
Сөйлегенге,
Тіреліп тұрғандай-ақ ой кемерге.
Қос саусақты жүгірте берме ауызға,
Түсінесің сен қашан «қой» дегенге...
Кел... келе ғой,
Ал енді жыладың ба...
Не қалайсың...
Қызық-ау сұрағың да...
Қойшы, күнім, бір жаққа шыға қалсам,
Үнің тұрар шырқырап құлағымда...
Ана жырлары
* * *
Көктем келді,
Жер – кілем, көк те кілем,
Із де жоқ аласапыран өткенінен.
Тұңғышымды далаға шығарайын,
Жүздестіріп алғашқы көктемімен...
Ауасымен тұп-тұнық тыныстасын,
Бәйшешектен қолына гүл ұстасын.
Бір уыс дән аулаға септірейін,
Алсыншы деп осыдан ырыс басын...
Отыруға енді үйде шыдамаймын
Тұңғышымды далаға шығарайын.
Көрімдік бер алғашқы көктеміне,
Біздің жаққа мойныңды бұр, ағайын.
Осындай шуақты боп өмірі де,
Жаз орнасын мәңгілік көңіліне.
Сәби шағын дүниенің көрсін деп ем
Енді келді сонымның жөні, міне...
Кешікпейік,
Уақыттан кейін келіп,
Жағасында теңіздің сейілделік.
Күн-ана құшағын кең жайған шақта,
Жер-ана тұрған шақта мейірленіп...
Жүр, күнім,
Шығарайын далаға бір,
Сепкен шақта дүние далаға нұр.
Шағалалар шаңқылдап ұшқан кезде,
Толқынның қызығына қара да тұр...
Сұлулық жоқ бұл маңда оларға тең,
Кеудеңе содан шаттық қонар ма екен.
Көңілің көкжиектей көзді тарап,
Теңіздей,
Жаның шалқар болар ма екен...
Гүлжауһар Сейітжан
Жүр, күнім,
Апарайын жағаға бір,
Сепкен шақта дүние далаға нұр.
Өмір күйін толғаған туған жердің,
Көктемгі,
Шат кейпіне қара да тұр...
* * *
Түн ішінде жыладың,
Ұйқыңды ашып,
Әншейінгі сүйкімді күлкің қашып.
Сен туралы лепірген қуанышты,
Кеткендей болды осы бір күн басып.
Мазам кетті,
Жайыңды түсіне алмай,
Сусыныңды айтшы енді,
Айтшы енді, ұсынам қай...
Құртақандай сәбидің хал-жағдайын,
Қиын екен ұқпаса кісі дардай...
Ақ бесікке жыла деп бөлеп пе едім,
Сен осындай жылауық бөбек пе едің...
Сенімен бірге мен де көзді шылап,
Жаныңда таң атқанша өбектедім...
Көрмеп едің қиналып әлі бұлай,
Ауырды ма бір жерің,
Жарығым-ай....
Қорқамын мен...
Қорқамын, зәрем кетіп,
Болмаса да осылай халің ұдай...
Дейді ғой. «Ана мықты...
«Ана мықты...»
Айтайын , мен саған бір, жаңалықты.
Мамаңның сеніменен бір теңселген,
Бір түнде бір тал шашы ағарыпты...
Ана жырлары
* * *
Жетердей-ақ,
Жүруге күшің анық,
Жер тепкілеп,
Мамаңның құрттың да әлін,
Қалтиып,
Тұрсың жерге түсіп алып,
Айқайыңа қаратып жұрттың бәрін...
Көп дырдуды бір сенің даусың басып,
Бірі күлсе,
Изейді бірі басын.
Әрбіреуге бір қарап, аузыңды ашып,
Бері тартсам,
Кейінге бұрыласың...
Қызық-ау қылығың да,
Мінезің де,
Қайсарлық танытуға жарағаның.
Билігі дүниенің бір өзіңде,
Көнбейсің,
Болмаса егер қалағаның...
Қамқорлықтың бүгінгі түрі мынау,
Шаршатты да,
Еріксіз жалбарындым.
Шыныменен бұл сенің, құлыным-ау,
Белгісі ме адам боп қалғаныңның....
* * *
Қадам бастың, құлыным,
Қадам бастың...
Жөргегіңнен бір сүйем араңды аштың.
Түкке тұрмай қалғандай қасында оның,
Бұған дейін қуантқан,
Бар «алғашқың...»
Гүлжауһар Сейітжан
Нәрестелік бұғауын талқандаған,
Қадамына бақ тіле,
Дархан далам....
Туған жерден сүйеніш,
Демеу тауып,
Жүрісіңнен айналдым, қалтаңдаған...
Аяғыңды бір бастың...
Екі бастың...
Міне, енді оған да жетіп, астың...
Сеземісің сен өзің, боташым-ау, десіп,
Балалықтың алғашқы бетін аштың...
Ала жіптен арнайы тұсауды есіп,
«Құдіретті, табиғат күші-ау,» – десіп
Біз отырмыз мереке тауып енді,
Қадам құтты болсын деп,
Тұсау кесіп...
Қадам бастың,
Бір күні жүгірерсің,
Дулы топқа ду болып бірігерсің.
Кез де келер балалық қызығына,
Маңыз беріп,
Үлкен боп үңілер шын.
Кездестірмей өмір еш түнегіне,
Қарашығым,
Жет менің тілегіме.
Ойлаған сәттеріңде балалық шақ,
Жылылық қана құйсын жүрегіңе...
Ана жырлары
* * *
Бөбегім-ау,
Жатырсың ба балбырап...
Ұйқтағанша әлде жылап,
Қалжырап...
Сеземісің отырысын анаңның,
Қалып сенсіз бүкіл әлем,
Сән жырақ...
Мамаңды іздеп,
Бал ұйқыңды аштың ба...
Мамаңды ойлап жанарыңа жас тұнды, ә.
Жалғыз рет шомылуға зар болған,
Құртақандай кеудеңдегі тасқынға...
Тықыр шықса есік жаққа елеңдеп,
Ойнады ма сағыныш боп денеңде от...
Ақтар,
Ақтар, альбомдарды,
Құлыным,
Альбомдарда мамалар жоқ менен көп...
Ұнамай-ақ өзгелердің сый ісі,
Бұрынғыдай болмай жүр ме үй іші...
Күрсінді әкең
Қымбат болды, – деп, – иә,
Үйде қалған көйлегіңнің иісі...
Сәби жүрек сүйе алмаса жаңылыс,
Менде де жоқ сенен қымбат,
Жаным, еш...
Ұлы өмірге құлшындырып тұрған да,
Сенің құйттай кеудеңдегі сағыныш.
Сенің құрттай тіршілігің,
Барлығың,
Білдіртпейтін дүниенің кең,
Тарлығын.
Әрбір күнім сені ойлаудан басталып,
Аяқталар сені ойлаумен әр күнім...
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Сеземісің бөбегім,
Ойымда тек сен ғана...
Жанымдасың қашан да,
Қанша алыс жүр, мейлі.
Сен дегенде жан дүнием керілген бір кең дала,
Сол даланың самалы сағыныш боп үрлейді.
Сен жүрген жер – иран бақ,
Сен жүрген жер – астана...
Көңілімнің күнісің,
Жүрегімнің әнісің.
Жұмыстамын,
Шамам жоқ бұрылуға басқаға,
Сенен көрем бірақ сол жұмысымның мәнісін...
Жарық жұлдыз түндегі,
Атқан таң сен кештегі,
Кім айтады дәл сені бақыт құсы емес деп.
Асығамын бақшаға –
Қуантайын деп сені,
Асығамын үйіме – сенің жүзің елестеп...
* * *
Менің жерім...
Эфирден ән естілді,
Қайталадың сол үнді сен неліктен...
Жерім деп сол ән салған нәресте үнді
Естідім де,
Кеттім бір тебіреніп мен...
Қайталадың сен шырқап:
«Менің Жерім!»
Қайталадың,
Түрің жоқ кідіретін...
Қайталадың сан рет,
Ерінбедің –
Сездің әлде сол сөздің құдіретін...
Ана жырлары
* * *
Сен туған жер,
Біліп қой,
Ұлылықтың отаны,
Қойны толы қазына,
Қойға толы қотаны.
Мұнда бәрі бар, жаным,
Құм мен шалқар теңіз де,
Ұшқыр машиналар да,
Аруана да боталы...
Қиырына жүгіртсең көзің талып,
Шаршаған,
Болса деймін мен соның мерей нұры тән саған.
Туған жерің – әсем бақ,
Құм белдеулі көк айдын,
Бір жағында мұнайдың мұнарасы самсаған...
Сен туған жер ғажайып,
Ұлы істердің аймағы,
Махаббат пен достықтың,
Игіліктің қайнары.
Бұл арада тоғысқан барлық ізгі тілектер
Бейбіт сүйгіш жердегі,
Марстағы,
Айдағы...
Мәртебесі жоғары,
Мерейі үстем елденсің,
Оған қандай жақсылық бұл дүниеде тең келсін...
Абай,
Абылай,
Абылдар
Туы болған халқының,
Ғажап елде, боташым,
Сен дүниеге келгенсің...
Қандай елде,
Қай шақта туғаныңды біліп қой,
Гүлжауһар Сейітжан
Басталады дәл содан сындарлы сөз,
Білікті ой.
Сенікіндей елі мен жері бардың қашан да,
Көкірегінен ізгі арман көтереді күліп бой.
Сол арманың сені ылғи жетелесін алға шын,
Тілегіңді үмітке,
Өр мақсатқа жалғасын.
Туған жердей қастерлі,
Туған елдей мерейлі,
Қымбат шақтар толтырсын ғұмырыңның арнасын...
* * *
Менің күпір ойларымды кешіре гөр,
Тәңірім,
Кешір-дағы,
Тыңда жайын ананың мұң-зарының.
Рас болса егер мені жаратқаның адам ғып,
Сауықтыра гөр баламды,
Суалмасын тамырым...
Сырқат балам төсегінен тұрсын-дағы,
Күлсін кеп
Ана, саған жараспайды қиналу мен күрсінбек,
Мен, мінеки, сауықтым ғой,
Алаңым жоқ ешқандай,
Неге ендеше күндіз – түні сен жылаумен жүрсің, – деп.
Мен айтайын,
Құлыным-ау, қуанғаннан жылаймын,
Сенің жаның қиналды- ау деп,
Соған ғана мұңайдым...
Сосын...сосын...
Шүкіршілік етемін де пенде боп,
Сені маған екінші рет бергеніне құдайдың...
Сонда балам,
Күліп тұрып,
Түсер еді егеске,
Дер еді ол.
Ана жырлары
Айтшы өзің қабырғаңмен кеңес те,
Маған алғаш өмір берген сен едің ғой,
Анашым,
Ал қайтарып берген оны дәрігерлер емес пе...
Сол бір шақта өмір заңы елес беріп көзіме,
Мен бірақ та теңдік бермес едім оның сөзіне.
– Балашым-ау,
Құдай деген әділет қой жердегі,
Оған мен де бағынамын,
Дәрігердің өзі де...
Өмір берем деп бекерге қиналды ма жан мына,
Жеткізем деп ұзақ жолға,
Қарым бекер талды ма...
Бала өмірі керек ылғи анадан,
Тілегімді бер, әділет,
Келіп тұрмын алдыңа...
* * *
Жанарындай көктемнің,
Жаның сенің мөлдір-ақ...
Елестейді жымисаң –
Жаз-табиғат, көл-құрақ...
Күн сипатты кейпіңді,
Күнім, кірбің шалмасын,
Бұртитып қос ұртыңды,
Өкпелеп те көр бірақ...
Күлкің сенің – қуаныш,
Былдырлаған тілің – жыр,
Көрдім бе екен дәл сендей сұлулықты бұрын бір...
Аппақ сенің жаныңа,
Күнім, қаяу түспесін,
Еркелікпен тек қана сәбилігіңді ұғындыр..
Келешегің көз тартып,
Көк күмбезбен таласқан...
Табиғаттың гүлі сен жапырағын жаңа ашқан.
Гүлжауһар Сейітжан
Есеймей-ақ ерте сен,
Балалықта бала бол,
Сәбилерге қашан да сәби қылық жарасқан...
Ілестірмей жаяуды,
Шалдырмайтын аттыға,
Қайта айналып келмейтін,
Балалық шақ – бақ-мұра.
Қамсыз ойнап,
Қапысыз өткіз қымбат шағыңды,
Ақ лақтай секіріп,
Құлын-тайдай шапқыла...
* * *
Экран алды,
Отырдың көзіңді алмай,
Алай-түлей түтеген оқ-бораннан.
Шырқырады бір сәби төзім қалмай,
Қар үстінде анасы отқа оранған...
Алай- түлей оқ боран ышқынады,
Көгілдір экран алды тым-тырыс тек...
Бір ғана өксік көмейде қыстығады,
Оқ-боран улы зәрін жұлқына үстеп...
Сен кенет мама дедің,
Түрің кетіп,
Шошынған үніңменен түршіктіріп.
Бір қадам жерге – саған әрең жетіп,
Жығылдым,
Мен де орнымнан ыршып тұрып...
Көзіңнен ыстық жасың саулап ағып,
Мойнымды орап алды білектерің.
«Қоя ғой, қорықпа!» –деп қаумаладық,
Сананы осып түсіп шыр еткенің...
Ана жырлары
Ой-көңілден өзге жай кетті де еріп,
Отырдық, ұзақ бақылап реңіңді...
Экрандарда қалсын тек деп тіледік
Сол сурет түршіктірген жүрегіңді...
* * *
Жарығым-ау, алдыңда кінәлімін –
Күмістей боп шықпаса бұлақ үнің,
Өзгертсе егер ажарын бұла күнің,
Шаттық деген сырт берсе шырақ-ұғым...
Шаттандырмай жүрсе егер бүгін кешең,
Құлдыраңдап, қуанып жүгірмесең,
Ұйқтамасаң балбырап түніңде сен –
Күнәһәрдің қапалы күнін кешем.
Сен шат болсаң байсалды, байыптымын,
Кірбің тартсаң болады ғайып тыным.
Жас өмірің жайқалтып жайып гүлін,
Бола алмасаң бақытты, айыптымын...
Күн суретін күлдіріп сала алмасаң,
Ойнай алмай қапысыз, алаңдасаң,
Балалықтың бағында жана алмасаң-
Ісімде мән қалмайды, ғаламда сән...
Бәрі маған қатысты – мұңың, ісің,
Өмірдегі жеңісің, жығылысың.
Жауаптымын ертеңгі күнің үшін,
Өмірге өзім берген құбылысым.
Айналайын түріңнен, жүрісіңнен,
Былдырлаған тіліңнен, күлісіңнен.
Игі нышан білінсе бір ісімнен,
Саған деген сезімнің нұры сіңген.
Сен көретін қызықтың баршасы алда,
Жауаптымын сол үшін әрқашан да.
Гүлжауһар Сейітжан
Салым кетіп, сарғайып, шаршасам да,
Бұл өмірден базар боп, тарқасам да.
Жауаптымын, жауапты бәрі адамның-
Ертеңіне үмітпен қарағанның.
Ұрпағын келешекке балағанның,
Жалғасы өмірінің санағанның.
Көрші болу әр іске зауықты елмен,
Түрлі ойлармен әр бастан ауып келген-
Қорқытады бірақ та қауіптерден
Зұлым ниет әлемге тауып берген.
Айыптымын алдыңда сол үшін мен-
Сол себептен тарылса өрісің кең,
Жас жүрегің шайлықса соғыс-үннен,
Қарсы тұра алмасам өр ісіммен.
Жарығым-ау, алдыңда кінәлімін –
Күмістей боп шықпаса бұлақ үнің.
Өзгертсе егер ажарын бұла-күнің,
Шаттық деген сырт берсе шырақ-ұғым,
Жарығым-ау, кінәлімін...
* * *
Айналасың бір тынбай
Шырша маңын қуанып.
Төгетұғын күлкіңді-ай
Шаттығыңа суарып.
Есітемін түрлі үнді...
Билеп жүрсің көлбеңдеп.
Осы күйің бір күнгі
Маған он күн болды еңбек.
Сөйлей алмай лепіріп,
Еге алмай ойға егін.
Ана жырлары
Тіктім ұзақ отырып
Жаңа жылдың көйлегін.
Етек-жеңін зерледім,
Кеудесіне гүл тігіп.
Олпы-солпы жерлерін
Қайта істедім мың тұрып.
Бантигіңнің шетіне
Алтын шашақ тақтым да,
Сәйкес қылып бетіңе
Бөлеп қойдым ақ нұрға...
* * *
Айтқанымды түзейсің сөйлеп менің,
Өзгереді кей шақта ойға еккенім.
Ашуымды басасың орынсыз деп,
Сыймай қалды былтырғы көйлектерің...
Болса да сәбиліктің шарты басым,
Өзіңше ой айтуға талпынасың...
Болмаған кездеріңе артып жүрмін,
Мен қазір болмысымның бар кінәсін.
Алаңдап тірлігіңнің әр қамына,
Бой бермей түрлі ойдың салмағына,
Егер сен сәл ертерек туған болсаң,
Болмас па ед шаштың аппақ талдары да...
* * *
Тәтті ұйқыда жатырсың,
Балбыраған,
Көзім тоймай қараймын келбетіңе...
Күн астында жаралған барлық адам,
Неге әртүрлі деймін мен енді өкіне...
Гүлжауһар Сейітжан
Болса егер дәл сендей барлық адам,
Мүмкін жалғыз тілекке тоқтар едік.
Кетпес еді адамдық ар мұрадан,
Бейбіт баққа жүрмес ед оқтар еніп...
Көтерер ек бірлесіп уақыт жүгін,
Болар еді әлемде елге тыным.
Балдырғаны түп-түгел жер бетінің
Айтар еді тек қана бақыт жырын...
Түрлі ойлар бастағы,
Сыйқың басқа,
Ызыңдасаң ойда тек ызыңда, сұм...
Ұйқта...
Ұйқта,боташым,
Ұйқыңды ашпа,
Тәтті пысыл түндегі бұзылмасын.
Ойнасын бақыт-сәуле жүзіңде асыл,
Сенем мен әділеттің күші берік.
Әсем әуен – пысылың бұзылмасын,
Жүрсін ақ көгершіндер түсіңе еніп...
АНАНЫҢ ТІЛІ
Сүтіменен анамның бірге сіңген,
Шығартпайтын күй менен жырды есімнен,
Тілімменен жөргекке бірге оранып,
Тілімменен бірге ылғи күн кешіргем...
Тәтті сазын жеткізіп сырдың терең,
Түсініскен әзілдеп құрбымменен,
Тілім маған «әке» деп тіл қаттырып,
Домбыра боп сөйлейді күмбірлеген...
Жүрегімде сайраған сұлу құсым,
Сенсің маған ұқтырған жылуды шын...
Ана жырлары
Керек сенің жаныма егіз тұлғаң,
Шын жадырап,
Жарқылдап күлу де үшін...
Бәрін бөліп өзіңмен қайғы-мұңның,
Бәрін алғам өзіңнен байлығымның...
Бірге өскем еркелеп, еміреніп,
Тебіскені секілді тай-құлынның...
Ұмытып,
Бірің білмей, бірің білген,
Қазақшам көрер екен мұңын кімнен...
Азуы алты қарыс билеріңді,
Алдына жалғыз сөздің жүгіндірген.
Әкелген Абай болып таңғы лепті,
Тербеген Мағжан болып жан жүректі,
Желбіреп,
Жамбыл болып қан майданда,
Жеңіске жұмылдырған бар білекті...
Қуанышын, шаттығын, сан алғысын
Өзің сыйлап, баптаған санам құсын.
Өзіңнен алдым қанша қуатты мен,
Сайраған сандуғашым, самал мүсін...
Сүтіменен анамның бірге сіңген,
Шығартпайтын күй менен жырды есімнен,
Құрмет тұтса әр қазақ, айналар ең,
Жебеушіме, мерейді күнде өсірген...
Гүлжауһар Сейітжан
ҰСТАТПАЙДЫ ТОРҒАЙЛАР
Секектейді торғай асфальт үстінде...
Томпаңдайсың соған қарай сен де ұшып...
Құлыным-ау,
Қанат кімде,
Күш кімде,
Ойладың ба,
Тұрған жоқсың тең түсіп.
Секектеген торғай ұшып барды да
Қона қалды бұтағына жас талдың.
Дейді саған:
«Жетемін деп қарғыма,
Ұстатпаймын,
Келгенімен бас салғың!»
Жыладың сен,
Болмаған соң дегенің,
Торғай түсті жерге қайта секіріп.
Жақсылыққа жорып оның себебін
Қайта ұмтылдың мақсатыңа бекініп.
Ұстатпас деп көзің соған жетті ме,
Тұра қалдың, тас лақтырдың асыға.
Ал торғайың секек-секек етті де
Қонды барып биік талдың басына.
«Неге түстің сонша менің соңыма, –
Дейді ол енді,–
Жай ойнасақ болмай ма?!
Дап-дардай боп тас аласың қолыңа
Сес көрсетіп кіп-кішкентай торғайға!» –
Балақан-ау,
Кендесің ғой ойға әлі,
Бірақ та сен ойыныңнан бас тартпа!
Ұстатпайды тас атқанмен торғайлар –
Дәнің болса шаш одан да асфальтқа...
Ана жырлары
ЕГЕР КӨКТЕМ КЕЛМЕСЕ ҚАЙТЕР ЕДІ...
Деді маған сәбиім ойланып қап:
«Егер көктем келмесе қайтер еді?!»
«Онда,- дедім, – су ақпай, сай кебеді,
Шайқалады тірліктің бәйтерегі...»
Егер көктем келмесе қайтер еді?...
Қыс ызғарын, қаһарын түгеспейді,
Аққу, қазға балапан ілеспейді,
Тірлік үшін Жер шары күреспейді.
Көктем жоқта табиғат жасармайды,
Тау өзені сарқырап таса алмайды.
Бақшаларды жапырақ, гүлдер емес
Тұнжыратып қабақтан басар қайғы.
Егер көктем келмесе жерімізге
Жете алмаймыз жайсаң жаз, сері күзге.
Көктемдерің сондықтан келсін, жаным,
Көктемім келеді деп сеніп ізде.
Көктем жоқта ойын мен күлкі де елес,
Көкірекке сыр ұйып, жыр түнемес.
Мен не дейін,
Әйтеуір білетінім –
Өмір сүру көктемсіз мүмкін емес!...
ҚОС ҚҰЛЫНШАҚ
(Бекарыс пен Айсәулеге)
Бекарыс пен Айсәуле,
Құлындарым,
Тіршіліктің сездірген шырын дәмін.
Білмеймін мен осынау дүниеде,
Сендерсіз,
Қалай болды бұрын халім...
Гүлжауһар Сейітжан
Беске келдің,
Біреуің жастан астың,
Той жасадық,
Шулатып,
Аспан астын.
Сендер үшін бұл өмір мәңгі солай,
Болсын деп,
Тілегімді тасқа бастым...
БЕКАРЫСҚА
(10 жасқа толуына жыр-шашуым)
Сен туғанда бүкіл дүние жарығын
Сенің ғана барлығың деп таныдым.
Аппақ болған құртақандай,құлыным,
Онға толдың,
Қызығы боп бәрінің.
Аталарың, әжелерің мәз болып,
Отыр төрде,
Он жолдыңнан жаз қонып
Жарқыраған жарқын жүзді дос, туыс,
Сыйлағандай бүгін саған наз, көрік.
Он жыл бопты,
Сен туғалы, жарығым,
Бір өзіңсің қуанышы бәрінің.
Қарындастар бар ғой, жаным,
Енді біз,
Күтудеміз дейтін күнді бар «інің»
Айналаның бәрі қалған жараса,
Қарайтындай сәніменен таласа.
Құттықтаймын он жасыңмен құлыным,
Бүгінгідей болсын бәрі Тамаша.
Ана жырлары
ДҮНИЕГЕ ЗЕРЕ КЕЛГЕНДЕ...
Бекарыс пен Айсәуленің артынан,
Зерем келді дүниеге шалқыған.
Атасы мен әжесі оған ат қойды
О, құдайым, айырма осы қалпынан.
Нәрестеміз кірген осы жаңа үйге,
Қуаныштан шашу шаштық, әрине.
Тілегіміз ғұмыр жасы ұзақ боп,
Бақытты өмір кешсін – дейміз сәбиге.
Айтар мұны ойланбай-ақ әркім-ақ,
Аққан судай лап еткізер сарқырап.
Аман-есен жүрсінші тек жанында
Ақ папа мен ақ мамасы жарқырап.
Зере – атың,
Жайласын тек тартымды ой,
Көрсететін содан ылғи жарқыл бой,
Зере деген Ұлы Абайдың әжесі,
Абай деген қазақ үшін алтын ғой.
Тауыспаспыз атап бәрін салтының,
Есім беру бірі ізгілік шартының.
Құтты болсын айтамыз біз, Зережан,
Жарқырай бер,
Жарқырай түс, Алтыным!
ЕКІ ҚАНЖАР
...Жүрегіме екі қанжар қадалды,
жүрегімді екі қанжар тілді кеп...
Жойылды ма маған деген адалдық,
Мойыныңда әлде басқа бір білек...
Екі қанжар...
Жамандық бұл деймін бе?!
Неге мөлдір көңілімді кір етті?!
Гүлжауһар Сейітжан
Бейкүнә, пәк қызғаныш та кейбірде
Қанжар болып түйрей ме екен жүректі...
Не сыры бар біле алмадым түстің бұл,
Көңілімнен бірақ ұзақ кетпеді.
Жан дүниеге түсті де жат ұшқын бір,
Киілді лез белгісіз мұң шекпені.
Ұйқы қашты...
Сырласайық кел, жүрек,
Жасырайын сенен оның мен несін-
Түсте көрген екі қанжар енді кеп,
Жыртар ма екен мұңның мұнар пердесін...
САҒЫНЫШ
Құтқара алмаған соң сені өлімнен,
Жаныңның жараларын неге білгем.
Есіме түскен сайын өзекті өртеп,
Жүрекке у себумен келемін мен.
Түсінбей дегеніңе:
«Сәл сабыр ет!»
ауырттық жүрегіңді қаншама рет.
Қыртысы маңдайыңның тізу үшін
Қарсы алмай жанап өтті қанша әділет?!
Несі екен сені сонша іздеткені,
Ойымнан бірнеше күн сыз кетпеді.
Қалдың ба ұмытылып бір төмпешік,
Басыңа кім барды екен біз кеткелі!?
Ойымның бірі лай, бірі тұнық,
Бір ұтып бұл өмірден бір ұтылып
жүргенде алпарыспен
Айдалада,
Тасада қала бердің ұмытылып.
Ана жырлары
Басқандай қарайды өмір бізге аптығын,
Қанша жүз таңдар атып,
Жүз батты күн.
Сағынып құшағыңның тәтті иісін
Отырмын сол сезімнен сыздап бүгін.
Жылдардың түкпіріне құлақ түріп,
Есіме алдым неше жылап тұрып.
Бірақ та уақыт саған жолатпайды
Кейінге қайта-қайта лақтырып...
СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕ
Өмір сені келтірді көп күттіріп,
Әбден... әбден бар менен жоқты ұқтырып.
Ай тілеген жандардың Айы болдың,
Жан шуағын жаныңа төктің күліп.
Шаңыраққа шаттықтың шырағы еніп,
Салтанатын паш етті бұла көрік.
Сенің сөзің, күлгенің бұл үйде енді
Сұлу қыздың бұрымын тұрады өріп.
Қараңғы отау түндігін жайнап ашып,
Шаттық, бақыт қалды бір аймаласып.
Анаң жүзін жайлаған мейір нұры
Айналаңнан шықпайды майда басып.
Өркенінен нәп-нәзік гүл шыбықтың
Күні ертең жайқалар бүр шығып түр.
Қоңырауы сияқты соғып тұрған
Бұл үйдегі бақытты тіршіліктің...
Гүлжауһар Сейітжан
ШІЛДЕХАНА
Сәби келді, дүниеге сәби келді,
Бір-бір хабар тарайды әр үйге енді.
Бір-бір шаттық құшақтап туыс жандар,
Күй табақтар ойнайды «Наригенді».
Той болады, қуаныш тасып бүгін,
Абыр-сабыр күшейер, қашып тыным.
Ұзақ ғұмыр тілесер тойшы қауым,
Аспанының тілейді ашықтығын.
Ақ тілектер көлкөсір ақтарылып,
Жат тілектер үлгірер шаққа бұғып.
Ата-ананың жүрегі лүпілдейді,
Көзге елестеп нәресте жаққан үміт.
Ән-күймен, шат күлкімен таңды атырып,
Қызады шілдехана ардақ ғұрып.
Ұлы дырду үстінде қояды жұрт
Бір сүйкімді есімді таңдап тұрып.
Шай қайнатып, қой сойып, күбі пісіп,
Абысындар қалар бір жүгірісіп.
Ыдыс-аяқ оң-солды сабылады,
Қоярдай жұрт бәрін жеп, бүгін ішіп.
Иіп ылғи алдында тау-шың басын,
Ете алмайтын өзгенің даусын басым-
Шілдехана бітпесін жер бетінде
Шілдехана қызығы таусылмасын...
Ана жырлары
БАЛА БОЛУ
Ештеңеден тітіреп, дір етпеген
Бала болу сүю пәк жүрекпенен.
Тап басып кеудеңдегі жылылықты
Тани алар даналық бұл ептеген.
Ізгілікке қуанып дір-дір еткен
Бала болу шаттану шын жүректен.
Бұлт қонбайтын мәңгілік аспан сынды
Өмірдегі мөп-мөлдір гүлді көктем.
Тұрсадағы жаныңа батып нала,
Қысылтаяң кездессең уақытқа да –
Бала жаны тілейді мейірімді,
Керек оған алаңсыз бақыт қана.
Өткен шаққа мен ұзақ қарап ұқтым:
Кетседағы қаншама жаңарып күн,
Айнымайды сол бір пәк тілегінен-
Тәттілігі сонда екен балалықтың.
ТЕЛЕФОН СЫМЫНДАҒЫ АНА ҮНІ
Місе тұтпай хаттардың жасық халін,
Сөз емес деп самолет асыққанын,
Даусы анамның жетеді құлағыма
Теңіздердің, таулардың басып бәрін.
Маған қарай ұшады бір құс аппақ,
Түн бүркеніп немесе Күн құшақтап.
Жіп-жіңішке сымдардың бойына сол
Лақтырады сағыныш сырды ұсақтап.
Пәк сезімін жанымның күтімге алып,
Тамырындай ауаның лүпіл қағып
Үні анамның жетеді маған ылғи
Туған үйдің тынысы сықылданып...
Гүлжауһар Сейітжан
БАЛАМА ТІЛЕК
Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен,
Күнім,
Денсаулықтан төмен тұр өмірдегі теңдігім.
Бүйірімнен түртеді сол ақауым кейбірде,
Жарытымсыз бір сәтті іске келе қалса кергігім...
Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен, күнім,
Мұқалғам жоқ, әйтсе де,
Болар ма сол ерлігім...
Әйтседағы есем бар содан кеткен өмірге,
Сен болмасаң,
Толтырар ол есемді енді кім...
Сұрайтыным сондықтан –
Күнім менің, ауырма!
Тоңдырмайтын боранда, әл бермейтін дауылда
Серік болсын өзіңе денсаулық пен өр талап
Белдерінде өмірдің, арман-тілек тауында.
Көрсеңдағы өмірдің қанша, суық, ыстығын,
Көлеңкем боп қалма сен,
Менен биік ұш, күнім.
Қадамыңды нық бассаң алаңдамай, сеніммен
Қуат алам мен содан,
Сонда мен де күштімін.
Тіршіліктің азабын аз тартқам жоқ мен, күнім,
Анаң жайлы жадағай болмас бірақ сенде ұғым.
Сенен күтер үмітім ортаймайды еш менің
Бір өзіңмен толтырам істерімнің кемдігін.
Сен жылтасың жанымды, жылытса егер Жерді-Күн,
Сен – бақытым, қызығым,
Сен – аналық теңдігім.
Өмірім де ертеңгі, үмітім де өзіңсің –
Әрқашан да ұш биік, денің сау боп, сен, күнім!
Ана жырлары
ІНІМЕ
(Інім Азатқа)
Әкел дейтін аспанның Айын барып,
Жан емес пе ең сен бізге,
Жайың қанық.
Көтеруге бір үйдің шаңырағын
Жүрсің енді,
Мінеки, дайындалып...
Өткен жылдар алып қап балалықты,
Алыстағы сенімен аралықты.
Балғын шақтың шәрбаты өзгеріп кеп,
Жастық нұры боп саған таралыпты.
Басылама бұл жастық арындамай,
Нұрың төгіп,
Талпынбай,
Жалындамай...
Көңіліңнің осынау ақ сәулесі
Өміріңе сән болып,
Арылмағай...
* * *
Тез керісіп,
Тез келісіп,
Тез кеңіп,
уақыт қалай тез өткенін сезбедік.
Мен бойжеткен атанғанда,
О інім,
Жігіт аты саған қалды кез келіп...
Айқыш-ұйқыш өткен ізді жауып күн,
Сен іздедің өзге түрін сауықтың.
Бұл шаңырақ,
Екеумізбен ду болған,
Өз қызығын өзгелерден тауыпты...
Гүлжауһар Сейітжан
АНАМА НАЗ
Күндер зырлап,
Көктем келіп,
Күз келіп,
Ауылда өстік,
Ұяң болып, қыз болып.
Кештерге де барушы едік ұяла,
Шешелер көп бермейтұғын бізге ерік.
Сұрайтынбыз ұзақ-ұзақ жалынып,
Ашуланып,
Басылғанша арыны.
Жұмбақ тұнып әр кеш шыққан шуына,
Телміртетін тойлы үйдің жарығы.
Тыйымы көп қысастыққа біз көніп,
Өстік солай...
Өстік солай қыз болып...
Балауса шақ қызықтарын біз онда,
Көбінесе қиялдан тек іздедік.
Ұштық сосын,
Он сегізге жас толып,
Жүрдік сосын,
Жастық буға мас болып.
Кеттік сосын алыс-алыс тұстарға,
Бір-бір үйлік шаңыраққа бас болып.
Бірде ұрсып,
Енді бірде наз қылып,
Дейді анам енді мені жазғырып,
«Отауыңды неге жақын тікпедің,
Қандай сайтан кетті сені азғырып...
Ауылдық бір жанға неге шықпадың,
Алыс кеттің ,
Бар ма сонда ұтқаның?!»...
– дейді...дейді... дейді мені жазғырып,
ал мен оны былай ғана құптадым:
Ана жырлары Рас, Иә, Алыс кеттім дәм айдап, Маған қарсы шығып тұр ғой бар айғақ. Әйтседағы ұмытпаймын сендерді, Келем ылғи... Жүрем ылғи қарайлап... Қарайлаймын ауылдасқа, бауырға, Сағынудың өзі кейде ауыр да. Сәл жиірек жібергенде кештерге, Мүмкін мен де жүрер ме едім ауылда... Мен бәрін де өз сөзіңнен түймеп пе ем Сөйтіп жүріп сан сезімді күйреткем. Ауылдастың көңілде атын өшіріп, Сен емес пе ең қаталдыққа үйреткен..?! Келеді ғой... Келеді ғой бізге әлің, Сездірмеші сонда да ашу-ызғарын... Мен сияқты көп қыспаққа алма енді, Жақын жерде жүрсін десең қыздарың... ҚЫЗ ҰЗАТҚАНДА Не айтайын, халайық, сендерге мен, Жан бар ма бұл қызықты жөн көрмеген. Береді ана қолынан балапанын, Он ұлына өзгенің теңгермеген. Тұрсадағы қимастық халіңді ұғып, Ақ көйлекті киер ол малындырып. Жас мөлдірей көзінде күлер ана, Өмір заңы еріксіз бағындырып. Сезседағы жаныңның ауырғанын, Қимаса да ата-ана, бауырларың.
Гүлжауһар Сейітжан
Өз еркімен аттар жат босағадан,
Өзі қалап тірліктің ауырлауын.
Жігер құйып бойына жүрек күші,
Өзге аулаға келеді гүл еккісі.
Өзге үйдің айналып шырағына,
Өзге үйдің болды енді тілекшісі.
Не айтайын, халайық, сендерге мен,
Қыз бар ма ер жігітке сөз бермеген.
Ата-ананың болса да жалғыз гүлі,
Еш ұлына өзгенің теңгермеген.
Өмірдің өз заңы бұл өзгермеген,
Не айтайын, халайық, сендерге мен.
Келін болсын деп енді тілейік біз,
Келініне ешкімнің теңгермеген.
ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ
«Ерке бала», «Кенжетай», «Мырза жігіт»
дейді жеңге қайнысын ырза ғылып.
Инабат пен ықылас астарынан
жанға жайлы ерекше бір наз ұғып...
Әзілдесе тыңдайды қайынды ұйып,
сыр айтады қыз, жігіт жайында үйіп.
Жақын одан жаны жоқ,
өбектейді
бар тәттісін ұсынып,
шайын құйып...
тайсақтайтын болмайды айла-амалы,
кішік жанға бірінші айналады.
Кірпігімен көздерін көлеңкелеп,
жолын кеспей өткізіп қайнағаны...
Ана жырлары
«Көсе аға» деп, болса егер сақал қырған,
талайларды күлкіге шашалдырған.
Күйеуінің есімін ауызға алмай,
«өзіміздің үйдегі» атандырған...
Түскен жерін шаттыққа қарық қылған
оларға
өмір сын күйін сан ұқтырған:
қабағынан атаның сыр ұқтырып,
емеурінін ененің таныттырған...
Түйіп ішке жақын кім, алысың кім,
бола білген жоқшысы намысыңның.
Келі түйіп, құрт жайып, күбі пісіп,
Оң қолына айналған абысынның...
Инабатты ту еткен түсінікпен
бабын тауып бәрінің,
кісі күткен.
Қызықтарын іздеген қиындықтан,
кісілікті іздеген кішіліктен.
Адаспастан салулы сара жолдан,
Қайыспаған толғанша балаға ордаң,
Ат қойғыш сол қазақтың келіндері
Асыл жар да, Ардақты ана болған...
КЕЛІННІҢ ЕНЕГЕ НАЗЫ
Осы жақтан туған екен жұлдызым,
Қадамашы, жүрегіме сын бізін.
Аялашы, құшағыңда жатсынбай,
Болайыншы ең сүйікті бір қызың.
Менің қазір айтқан әрбір сөзім мін,
Қадамашы сұғын маған көзіңнің.
Маған деген анашымның жылуын,
Тапсам деп ем құшағыңнан өзіңнің.
Гүлжауһар Сейітжан
Жақын болсын екеуміздің аралық,
Сен «қызым» де,
Мен жүрейін ана ғып.
Құшағыңнан тауып ынтық мейірім
Суымасын пәк сезімім балалық.
ТЕҢІЗ ӘУЕНДЕРІ
Күн сәулесі ойнайды бет жүзінде
Сық-сық күліп,
Жымыңдап кетті мүлде.
Ғажайып келмес еді дәл осындай,
Қолынан,
Ең бір шебер,
Ептінің де.
Ойнайды толқын сұлу су бетінде,
Міні жоқ жалт-жұлт еткен суретінде.
Ол бейне мың құбылған келбетімен,
Теңізді сұлулыққа үйретуде.
Ойнайды мың сан толқын ырғатылып,
Ажары көз тартатын сырға тұнып,
Ұдайы жарқ-жұрқ еткен келбетімен,
Иығын бір шығарып,
Бір батырып.
Барады әлдеқайда жағаласып,
Күн күле қарайды оған қабақ ашып.
...Менің де от көңілім алып ұшып,
Кеткендей соларменен араласып.
Ана жырлары
* * *
Тып-тыныш-ақ,
Толқын біткен сап бопты.
Жаймашуақ,
«Қойдық», – деп тұр ақ-көкті.
Аппақ көбік,
Ақ моншақтар төгілген,
Көңілдердің түпкірінде қап кетті.
Көз тартады теңіз қазір көкпеңкөк,
Жарқырайды,
Көңіліңнен төккенде от.
Жарқ-жұрқ сол суреттің алдында,
Тұрасың сен,
Бастан күйің өткен деп.
Қарай берем,
Сұлу еді су қандай,
Иір-иір әлденені жуғандай,
....Ұзақ уақыт қарап қалдым мен оған,
Ойға шомып,
Мен де сонда туғандай.
* * *
Желмен бірге долданыпты көк теңіз,
Мұндай шақта одан пайда жоқ деңіз.
Тек ашулы дидарына көз салып,
Тұрайын мен өзге ойға боп негіз.
Көкке шапшып,
Бет қаратпай толқыны.
Өрекпиді өршелене солқылы,
Еске түсіп сонда кейбір адамдар,
Ұйқың қашар,
Көпе-көрнеу ол түні.
Гүлжауһар Сейітжан
Буырқанған алып толқын жұлқынып,
Жағалауға ұрып еді,
Күлкі ғып.
Шашыратты оны сонда әлдекім,
Тұрған қарап, жымыңдады жұрт ұғып...
* * *
Толқын ұрып,
Бірқалыпты ырғақпен,
Ән салғанын,
Жағалауда тыңдап па ең!
Теңіз шуы дейді оны біреулер,
Жай шу емес,
Ол әсемдік, сымбатпен.
Жүгіреді жағалауда жарысып,
Жарастығы мол бір күймен табысып.
Қайда жортып барасыңдар,
Толқындар,
Бір тыным жоқ теңізбенен алысып.
Жалт-жұлт етіп,
Сағым түссе жарқырап,
Зерлегендей,
Судың бетін алтын ақ.
Кетеді оның жүзі кенет нұрланып,
Кереметін дүниенің бар тартып ап...
* * *
Ойнайды ол,
Толқындары көкпеңкөк.
Жарқырайды,
Күн аспаннан төккенде от.
Жалт-жұлт етсе,
Көк теңізді әсемдей,
Ана жырлары
Қараңызшы
Мойын бұрмай өткен жоқ...
Буырқанып,
Бірде тасып, тулайды,
Айналаға тыным бермей,
Шулайды.
Құлақ түре дыбысына,
Мүлгисің,
Ұмыт болып,жүректегі у қайғы.
Түйдектелген сезім қалып соңында,
Шулайды тек теңіз оң мен солыңда.
Бірте-бірте ұмыт болып өзгесі,
Түсінесің тұрған күшті қолыңда.
О, теңізім, Тула мейлің жарқырай.
Қарсы тұрмас ешкім сенің қалпыңа.
Айдыныңда мың сан толқын ойнайды,
Жарқ-жұрқ етіп,
Сыр жасыра артына.
Сырға толы, жырға толы өз тұлғаң,
Үн-түнсіз-ақ қанша ғасыр оздырған.
Талай сойқан болып сенің төсіңде,
Талай адам құлап,
Сенде көз жұмған.
Сөз емес, ау,
Қайғы-мұңнан туған жай,
Қалатұғын жүректерде у бардай...
Қарағанды жадырата беріңдер,
Толқын,..
Толқын,
Толқын жаңа туғандай,..
Гүлжауһар Сейітжан ӘЖЕ (Қазыкей әжеме)
Әже, сені көрдім сонда түсімде,
Айырылған соң,
Қолдан келер ісім бе,
Олай емес!
Сені маған көрсеткен,
Бар құпия,
Тағдырымның күшінде.
Өмір мені қиындыққа тап қылды,
«Өзің шық! – деп,
Бір тереңге лақтырды.
«Бітті бәрі!» – деген едім
Болмады,
Қорғаныстар жібермеді,
Сақ тұрды.
Айтсам егер сөзімді мен басынан,
Табылдым ғой жебеушінің қасынан,
Үш-төрт адам отыр екен құранмен
Құдіреті ернеуінен тасыған.
Ес жинаған кезде алғаш көргенім,
Сен отырсың,
Өз көзіме сенбедім.
Отырсыңдар,
Қол созымдай биікте.
Қайта әкелген бұл өмірге сен бе едің?!
Деген үнің құлағымда «Уһ, Алла,»
Дегендейін көрінесің:
«Мұқалма!»
«Мүмкіндігің әкетеді әлі талайға,
Мықты болғын,
Естен мұны шығарма!»
Ана жырлары
Маған деген ізгі ниет,
Бар игі үн,
Жүрегі ақ,
Дархан әрі жаны игім.
Қылау шалып, кір жұқпаған жүзіңнен,
Мен деп соққан жүрегіңді танимын,..
АҚКЕТІГІМ –
АРҚАУЫ ӘН-ЖЫРЫМНЫҢ
Өзге емес ел атаған Ақкетігім,
Соны айтқанда басқа ой жапты есігін.
Ақкетік уақыт өзі ойып салған,
Басқа емес өзіңе сай сәтті есігің.
Сұлулық еккен сенің келбетіңе,
Көк теңіз бір бүйірде тербетіле,
Талай асыл өзіңде күн кешіпті
Сәулесі түсер бүкіл жер бетіне.
Айналайын Ақкетік келбетіңнен,
Еңбегінен халқымның жерге сіңген.
Бақ егіп көк майсалы айналаға
Сонымен өзгелерден дербес іргең.
Ақкетік Адайымның мекені бұл,
Ал кәне тарихты жете ұғын.
Зерделі Есбол-аға тұрғын болған,
Жерлестер ұмытпас-ау бекем ұлын.
Кітап жазған тарихи қаласына,
Арнаған соны баланың баласына.
Өткен өмір ертеңгі сара жол – деп,
Құйып өткен солардың санасына.
Білмедік кім келгенін сонда мұнда,
Әміршілдер болған ғой соңдарында.
Гүлжауһар Сейітжан
Новопетровск атанса алғашында
Есте ғой Форт-Александровск болғаны да.
Білмедім қоса алам-деп өзге нені,
Ол форттың рас көпке төзбегені.
Тарасқа 125 жыл болған шақта
Шевченко Форты болып өзгереді.
Келеді басып бәрін Ақкетігім,
Ақкетік деген сенің жақсы есімің.
Тербелсін деймін сенің нақ төсіңде
Аналар аялаған ақ бесігің.
Дәл саған өкпелемес Тарас атам,
Атты ғой жер бетінде жаңаша таң.
Лүпіл қаққан жүректер шырқасыншы
Күй келген көңіл менен парасатты ән.
Болмасын мәңгі есімдер солар ғайып,
Мақтануға ісімен болар ылайық.
Орден алса Мұхан аға, Несібелі
Еңбек ері Із-аға Оразбаев.
Тітіркене қозғалып ой-арманда,
Дүние алтын нұрға боялғанда,
Сәуле шашып тұрмай ма айналаға,
«Ұйқыдағы аруы» оянғанда.
Барлығы-барлығы бар сұрағаның,
Майлығы, сулығы да бұл араның.
Айналды өр еңбектің ортасына
Сөзіндей Әбіш-аға Ғұламаның.
Не болмады өлкеде бұрын мынау,
Болса да бірде мұздақ, бірде қырау.
Қырымның 40 ерін үзбей жырлап,
Тауыса алмаған жер Мұрын жырау.
Шебер қолды Зейнепті білесің бе?
Сан өрнекті әшекей үлесінде.
Ана жырлары
Серігі оның Тілеген Өрісбаев,
Сәйгүліктер орден мен тұр есімде.
Жарқырап жақындады қиядағы,
Көп нәрсе құшағына сыя алады.
Шат өмір, шалқар көңіл болған жерде,
Көбеймей ме бақыттың ұялары.
Айналаға қозғалыс жар сап ішкі,
Шығармауға сыртқа түк жар салысты.
Бүкіл әлем көз салып байлығына,
Қызығын тамашалап тамсаныпты.
Жыр еткен төскейіңде әнші бабам,
Көрінеді қайың сапты қамшы маған.
Уақыттың сабалаған ауыр сыны,
Бақыттан бал ағызды тамшылаған.
Ежелден әйгілі елге Ақкетігім,
Келеді тербетумен Ақ бесігін.
Төрің дайын,
Төсегің салулы боп,
Бұйырса деймін ылғи бақ несібің.
Көк теңіз күндіз-түні иіскеген,
Жағалау жазды өзіңе тиісті өлең.
Ибаш-апа басшы боп бұл қалада
Халқына тіршілікте сый істеген.
Жүретін еңбек десе дабыл қағып,
Кететін мал соңынан «сан ұрланып»,
Мемлекетік сыйлықтың иегері
Ел есінде Ер-аға Табылғанов.
Туса егер топырағында арда құлын,
Бағы бар-дейді ғой жұрт бармағының.
Сенде бар Шахта атты орта мектеп
Ұшырған Әбіш атты саңлақ ұлын.
Гүлжауһар Сейітжан
Аймағым, айналайын кең мекенім,
Сенемін еңбегімнің сенде екенін.
Сенің күнің мәңгілік туып келеді,
Жаңалық болмақ емес елде тегін.
Ойласам көз алдымда тұрады олар,
Жандай-ақ менен келіп сұрақ алар,
Айқыш-ұйқыш кемелер жүзіп жүрген,
Теңізде елестейді мұнаралар.
Қаласы көз тартатын қарағанда,
Өзгерген өзгеше пәк балалар да.
Айнала жаңаша күй, жаңа орта
Дейтіндей өлеңіңді маған арна.
Таңырқайды, қарайды бар адамдар,
Қабылданып жатқандай жаңа заңдар.
Танысыңдар дегендей жаңа күнде,
Бәрін көріп қуана аралаңдар.
Форт-Шевченко атаған қалаларын,
Ұмытпасын-деп кейін балаларым.
Әлі де бізбен бірге Ұлы Кобзарь
Суретші, ақын ол да дана дарын.
Форт пенен Черкаск бауырластар,
Барғанмын кездескен-ді тәуір достар.
Тілейміз бар жақсылық екі елге де
Замандастар, таныстар, қауымдастар.
Он бес жыл біз барғалы орманды елге,
Көз тастап тамсанғанбыз қорған белге.
Қонаққа шақырғанбыз таныстарды
Ұлы ақын ғұмыр кешіп болған жерге.
Кез келді десек егер басты нықтар,
Сен оған шашуыңды шаштырып қал.
Шахталық Зейнолла бар, Жұмат та бар,
Хайролла, Ләззат пен Жақсылықтар.
Ана жырлары
Тұрғандар риза боп кеңдігіне,
Ғажап-ау ақыл-парасат кеңдігі де.
Серік пен Айкүмістің жүзі жарқын,
Жел еседі айдарынан енді міне.
Күн туды, жаңа кезең, жаңа заман,
Ұл менен қыз да туды жан анадан.
ХХІ ғасырдың бастауы бұл,
Жаңылғандай есептен санамаған.
Үйімде отырмадым ұйып мен де,
Сыйлығым осы болды сүйікті елге.
Арайлы Ақкетікке ақ тілегім
Шырқай бер, биіктерден биіктерге,
Шырқай бер, биіктерден биіктерге!
МАҢҒЫСТАУ ДЕГЕН КИЕЛІ
ҚАЗЫҚ АТ БАЙЛАР
Маңғыстау қара алтынды аймағымсың,
Атына ерлік туын байладың шын.
Алыстан қарағанның көзін тартқан
Сен менің қолымдағы байрағымсың.
Сұлудың ақ жүзіндей жарқылдаған,
Қап-қара майға бөккен алтын далам.
Теңізің мөлдіреген айнадайын,
Әр тасың мәрмәр сұлу алтындаған.
Мұнайы «Қара алтын» қазынамыз,
Қаталдау табиғаттың назы нағыз.
Халықтың игілігі – ен байлығы
Қара қошқыл жер нәрін ағызамыз.
Ей менің әнші далам, жыршы далам,
Кімдер бар өздеріңнен сыр сұраған.
Оларға жеткізіңдер не ғажапты,
Алдында әсемдіктің кім шыдаған.
Гүлжауһар Сейітжан
Бұл өлке маңғаз жатқан баяғыдан,
Болмаса да сұлулық саялы маң.
Сызылтып жататұғын ән сап желі
Күн сүйетін әйтеуір аяғынан.
Жағасын оның қанша араладық,
Қаншама күн өткенін санамадық.
Лықсиды бір ілгері, бірде кейін,
Көк теңіз жағалауға қарап алып.
Аймақ бұл мәңгі өшпес босағам бар,
Өнердің өлмес жолын жасаған бар.
Мәңгілік нұрын шашқан күндей жарық,
Өскінбай, Абыл, Есір, Қашағандар.
Тағдырды, тарихты тыңдайықшы,
Кім батыр, кімдер басшы, кім байыпты.
Әлиев атты әскердің қолбасшысы,
Кім білмейді ел басқарған Мыңбаевты.
Төсіңде талай сенің тұр емендер,
Маңғыстау талай ерлер түлеген жер.
Өсірді мәртебең мен мерейіңді
Тайшықтар, Ержігіттер, Тілегендер.
Күріш, Сержан, Ізбасар ағаларым,
Өнердің биік шыңы бағалары.
Ағасы осы топтың Орын-көкем
Түрлендіріп жіберген сана бағын.
Роза, Рухия мен Тамаралар,
Шаңырақтың шаттығы жан аналар.
Домбыра, ән мен күйдің құдіреті
Жандардай көрінеді маған олар.
Әділбек Наталия, Ердос мықты,
Әлемдік сайыстарда үздік шықты.
Атағын аймағымның асқақтатқан,
Ұстатпас енді ешкімге ауыздықты.
Ана жырлары
Таралып мың сан тарау жолдарыңда,
Көп ұлтты қойның толы қыз бен ұлға.
Көтердің сен де еңсе Маңғыстауым,
Қазақ елі тәуелсіз болғанында.
Алданып құшып қалған көп сағымды,
Ұрпағың қызу қанды, от жалынды.
Намыстың туын ұстап Жаңа Өзеннен
Түгендеп шықты сенің жоқтарыңды.
Біз елдің шекарасы теңіздегі,
Маңғыстау ұлылықпен егіз бе едің?
Әйтеуір бұл арада қалып жатыр,
Ешқашан қайталанбас соны іздері.
Теміржол Шалқар-Ақтау таңдағаны,
Қосады ауыл-ел мен бар қаланы.
Құла дүз, құтты қоныс болып енді
Қос құрлық біз арқылы жалғанады.
Құйыл күш. Асыл сезім қайрат талма,
Бойға қуат құяды байрақтарда.
Құрықта, Ақтау менен Баутинде
Жарқыраса теңіздің айлақтары.
Ақтауым әуеледің асқақтадың
Келесің ізгіліктің бастап бәрін.
Каспийдің жағасында сұлу қала,
Тамсанттың қарағанда қас қақпадым.
Жып-жылы жымиғандай дала мына,
Шашып тұр алтын арай алабына.
Жол бойы қаптап кетті қайың-талдар,
Үлбіреп гүл өскендей сабағына.
Қашаннан жерің жұмақ сырың тұнық,
Алғандай тереңіне шырын құйып.
Жар болып Бекет Ата қай кезде де
Енді әлем тыңдап жатыр жырыңды ұйып.
Гүлжауһар Сейітжан
Қояйын мен сөзіме сәнді нүкте,
Тұрсыншы жұлдыз жайнап, таң күліп те.
Маңғыстауым, мақтаным, алтын ордам,
Жайнай бер, жасара бер мәңгілікке!
АЛПЫС БЕС ЖАС
Басымнан жарқыраған дәурен өтіп,
Барады көздерімнен сәуле кетіп.
Бұл уақыт жетсе егер қиын екен,
Өзіңді өзіңменен әурелі етіп.
Жас болдым...
Көрдім жақсы, жаманды да.
Кезікті жарық күн де,
Қараңғы да,
Әйтеуір,
Өтіп келем алпыс бес жыл.
Көңілім бірақ әлі алаң мына.
Білмеймін,
Неге жаным тыншымады,
Шешілмей қалды ма әлде бір сұрағы...
Ойласам,
Кемшілігім жетеді екен,
Болар мүмкін солардың шымшығаны.
Алпыс бес жас,
Астымдағы арғымағым,
Енді қанша тыңдаймын жаңбыр әнін...
Белгісіз,
Тек әйтеуір,
Ойымдағым,
Шығару көкейдегі ән бұлағын.
Ана жырлары ӘКЕ Жан әкем, Не көрсеттім балаң болып, Бұл жөннен бермеген ғой адамға ерікЕркімде болса егер сыйламас пе ем Жартысын ғұмырымның саған бөліп. Жоқсың сен, Барлыққа ем табылмады, Алданам жанымдағы сағымға әлі. Жан әкем, Сеземісің саған деген Сезімнің қызу табын жанымдағы. Иә, сені жақсы көрдім... Жақсы көрдім, Сезімді саған деген тапшы дер кім!? Бір пайда бар ма бірақ саған одан, Болмаса махаббатқа нақты белгім. Қуанттым, Қанша рет жадыраттым, Келсе де шаттығың боп жалын атқым. Балаң боп сыйламасам бір мәртебе, Өзімді кім деп енді танымақпын. Десем де әке алдында жазықты емен, Балалық сезімім де нәзік-ті ерен, Шығады ренжіткен кей істерім, Ойлансам өткенімді қазып терең. Санамда қалмаса да ұрысқаны, Толғанам еске алсам бір істі әлі. Отырған сәті басын изеп қойып, Деп алып: дұрыс балам, дұрыс бәрі... Баста жоқ намыс көру, Жершіл ұғым, Құртам деп нас әдеттің ең шірігін –
Гүлжауһар Сейітжан
Жазыппын сынап бірде директорды,
Совхоздың көрсетіп кей кемшілігін.
Сол үшін өткен талай істі ақтарып,
Біразын айлығынан ұстап қалып,
Совхоздың директоры сылтауменен
Ағайды көп жүріпті қыспаққа алып...
АБАЙҒА
Талабы мен зердесі тамсандырған талайды,
Тани алған ұлының ұлысына балайды.
Санасына халқының саңылау болсам деп кеткен,
Бір қазақтан туса да,
Әлем білген Абайды.
«Мыңмен жалғыз алысқан», қинар демей бұл ісім,
Айыптапты жарамсақ күй кешкенді күні үшін.
Күйкі тірлік,
Мылжыңмен бос сандалған жастарға:
«Өнер үйрен, – депті ол, – еңбек ет,
Сол – ырысың».
Надандыққа күйініп,
Жалқаулықты мінепті,
Талаптыға сүйініп,
Арнапты ақ тілекті.
Ұлы Абай ұлылық пірі екенін сезбестен,
Қан жылаған жүрекпен қазақ мұңын жыр етті.
Ұлы Абай!
О, Абай!
Зармен өткен ғұмырсың,
Надандықпен алысып,
Түнге айналған күнің шын.
Тұрсың бізге әлі сен бағыт беріп,
Жөн сілтеп,
Дейсің әлі бақшаңның арам шөбі жұлынсын.
Ана жырлары
Перзентіміз біз бүгін жаңа,
Озық ортаның,
Беріп жатыр заманым талай білім,
Мол тәлім.
Сен іздеген қазына қайда бірақ,
Білмеймін,
Сен аңсаған биіктік алыс па деп қорқамын.
ТАСКЕСКЕНДЕ
Жан әжешім жетпей-ақ келер күзге.
(Бұл сөзін көп көргенге теңерміз де?!)
«Жаз шығып,
Ел аяғы кеңіген соң,
Таскескенге көшіңдер!» – деген бізге.
Таскескенге жаз шыға келдік көшіп,
Бұйырған шығар бізге сондай несіп.
Үйіме мәңгі тұрақ болды ақыры ол,
Баллары құйылатын желдей есіп.
Өскемен, Ақтауы бар,
Алматысы,
Семей мен Аякөздің бар қатысы.
Талдықорған жеріне қонғаны бар,
Таскескен бәрінің де ардақтысы.
Қалды сонда ата-анам,
Қалды мәңгі,
Мәңгі мекен етуге жарлық алды.
Таскескен сол себепті қымбат маған,
Кешіріңдер дейтұғын бар кінәмді.
Көрмеппін мен ешқашан ұзақ тоңып,
Шошығам жоқ еш жерден тұзақ көріп,
Бірақ менің
Есіме түседі ылғи
Сия көк түсті
Сол пальто сызат болып.
Гүлжауһар Сейітжан
Ешкімнің жазығы жоқ бұл арада
Бірақ та көңіл айтпай тұра ала ма?!
Анамның жанына бұл батқан болса,
Ол үшін мені ешқандай кінәлама.
Әдемі сұлу шақтың әр кешінде,
Кисем оны
Ұрынбай сан кесірге,
Жүрер ме едім,
Кім білсін,
Сара жолмен,
Сия көк түсті сол пальто мәңгі есімде.
ОЙ ЖҮГІРТСЕМ АЙНАЛАМА
Ақыл-теңіз, зұлымдық та шексіз-ақ,
Өмір жібін олар қатар есті ұзақ.
Бір-біріне тізгін бермей келеді,
Жүзіне ақыл салмаса да еш сызат.
Ақыл теңіз, шапағатты дарытқан,
Әуеніне қолдау тауып халықтан.
Ал зұлымдық бейкүнә пәк тірліктің
Қызығы мен қуанышын арытқан.
Ой жүгіртсек айналаға тінткілеп,
Шығар шақ аз жан семіріп, жұрт түлеп.
Қайғырмайды екен шын-ақ ешкім де
Зұлымдығым жазықсызды құртты деп...
Әлде бітпей ақ, қараның сен, мені
Бола ма адам сезімінің ермегі-
Таңдайында қалу үшін мәңгілік
Ұмытылмастай ащы тағдыр кермегі.
Ана жырлары
* * *
Өмірге келмесем де сорлы болып,
Мұң жолы жатыр артта мол күреліп.
Отызға жетпей жатып, аяқ ақсап,
Сүп-сүйрік саусақтарда солды көрік.
Жүрекке шемен болып мұң қаттың да,
Алмады шаттығым да шырқап тұра.
Қымыздай сан қуаныш шалап болып,
Еңсемді көтертпеді сырқат мына.
Күн кештім ептеп-септеп, дәнекерлеп,
Қатардан қалмайын деп және терлеп.
Алдымда бақыт күтіп тұрған шығар,
Бір күні көрген азап бәрі өтер деп.
Өмірдің аязына тоңдым шыдап,
Бірақ та жеткізбеді-ау сол бір шырақ.
Таңдайға басып тұрып тәттілігін
Сезбеген бұл өмірдің болдым шын-ақ...
* * *
Жазығым бар алдында менің кімнің,
Тым ерте үлесімнің кемін білдім.
Өмірдің маған тартқан «сыйларынан»
Есімді білмей жатып жеріп жүрдім.
Өмірдің қымбаттығы бек мағлұм
Десе де көп нөсерді өпті арыным.
Саусағы қабырғама батқан сәттер
Тудым ба азап үшін деп налыдым.
Қойнында қалып қойып тұман, қардың,
Туғанда жас басыма жыларман күн –
Әкенің қамқорлығын қораш көріп,
Ананың мейіріне күмәндандым.
Гүлжауһар Сейітжан
Өкпелеп жүрдім бірақ, таппадым түк,
Ауру одан шошып, жатпады үркіп.
Болымсыз қуаныштың қызығын да
Қимастан жіберетін жатқа бүркіп.
Сұп-суық желі алдымнан ескен мұңның,
Қызуын тостым ылғи от жанымның.
Балалық бақытынан шала таттым,
Аналық қуанышты көп сағындым.
* * *
Кемшілік жетіп жатыр бір басымда,
Міні көп істерімнің тұлғасында.
Соңында өткен күннің қалдым талай
Қол бұлғап өкінішпен қыр басында.
Көңілде ақ сазандай туласа үміт
Кіреуке, кірбіңдерді жуды асығып.
Қалған күн өкінішті құр уыстап,
Бәрі де ғайып болды буға сіңіп.
Келгенмен қайнап, тасып, бұрқылдағым,
Көмейде талай рет іркілді әнім.
Созғылап тағдырым да көрді талай,
Әйтеуір жұқарсам да жыртылмадым.
Деп айта алмасам да әр құтты күнім,
Тек осы болды-ау менің мықтылығым.
Маңдайда жарқыраған жұлдызым бар,
Кейбірде біреу үшін тіпті «ұлымын».
Үміттің алдап соғып талайлары,
Тілектің желкілдемей сан айдары –
Алты қыр асып кеткен сол бір шақтар,
Ауырта жүрегімді қарайды әлі.
Қалайда керек екен жанға тірлік,
Десең де бойыңда жоқ, бар батырлық.
Ана жырлары
Талай түн кірпік ілмей, сырқыраған
Сүйектің зарын тыңдап таң атырдық.
Арманға жеткізер деп бір күндері
Өмірдің мойытпады кірбіңдері.
Ауру аяқ тұсап артқа тартса,
Сананың сергектігі білдірмеді.
Бір күлсем, он бес рет күрсіндіріп,
Өмір-ау мені талай жүрсің бүріп.
Сонда да көзді тартып ертеңімен
Келеді үміт-шырақ ұмсындырып...
* * *
Көп көрдім тіршіліктің азабын мен,
Демедім бірақ, өмір, ғажабың кем.
Қиыр жолда қыспаққа ап қинасаң да,
Былғанбадым, арыммен тазамын мен.
Мінезім бар алынбас тас қамалдай,
Келемін, бұғып, қашып, жасқана алмай.
Ренжимін, қуанамын, бірақ тағы
Пенде де болып жүрем басқалардай.
Рас...
Рас, қайтемін құр мақтанып,
Ұзақ жылда аз-ақ күн бұлғақтадық
Әттеген-ай дегізген сан өкініш
Көкіректің түбінде жүр қатталып.
Білмеймін таптырды ма бар керегі,
Нешеуі болды жастың мәртебелі.
Қараймыз өткенге емес,
Ертеңге ылғи,
Жайқалып тұрса үміттің нән терегі.
Жылдарым аз ба екен бұл көп емес пе,
Алдым ба айналдырып сені елеске.
Гүлжауһар Сейітжан
Әйтеуір ғұмыр кештім деп жүргенім,
Уақыттың қуалаған желі емес пе?!
Жылдарым жыртып алған жырық парақ,
Әкеттің балғын күйді ұрып-талап.
Қалдым мен соңдарыңда қиралаңдап,
Сияқты сыры өшпеген сынық табақ.
Түк те емес самайдың да ағарғаны,
Болмаса жүректерде қалар дағы.
Басыма қанша жақсы күн туса да,
Ажардың қиын енді жаңармағы.
Тірліктің сүрінсем де бір тасына,
Бірі демеп шығарды қырқасына.
Ризамын туған жердің топырағына
Бастырмай жүрсе де ылғи ұлпасына.
Десем де емен биік шың, жай төбемін,
Жылдарым тұрған биік бәйтерегім.
Ризамын әр күніне тіршіліктің,
Өмірге келмей қалсам қайтер едім?!
* * *
Қинаймын кейде орынсыз жан «шыбынды» –
Көпсініп көзге ілінбес тамшы мұңды.
Ойлама алаңғасар емес пе деп,
Аңқылдап айта салсам бар шынымды.
Қалқан ғып қара басқа өз жүрегін
Танимын жүргендердің озбыр өңін.
Аяман маймөңкеге басқан жаннан
Көңілде тыпыршыған сөздің оғын.
Тұрамын жалған күлсең жаратпай тым,
Кезім аз артын ойлап алақтайтын.
Мінезім жаман ба екен осы менің,
Еш жанның бет-жүзіне қаратпайтын.
Ана жырлары
Жерінде шындығына жетер күшің,
Қажет те болмас жасау бекер қысым.
Дегенмен турашылдау, қайран мінез,
Бір күні орға жығып кетермісің...
* * *
Шырт ұйқыдан оятады бір ойларым кейбірде,
Шыр айналып сосын оны шығара алмаймын ұзақ түн.
Қанғанынша құмары бір шарласыншы деймін бе –
Асықпаймын ағытуға кілтін сол ой-тұзақтың.
Деймін сосын өзіме ұрсып: «Дәл мұныңды құптаман», –
Бұдан былай ақыл-биге бағынуға бекінем.
Сол ойларым, шындығында, қажет емес түк маған,
Шаршап босқа күндерімнің берекесін кетірем.
Ұрсып кейде сәбиімді жылатып та жүрмін мен,
Жас төккенде бірақ ылғи ауырады жүрегім.
«Түгің жоқ қой, түгің жоқ қой, жарығым-ау бүлдірген,
Кім табады, – деймін сосын, қаталдықтың бұл емін?»
Сапар шегіп көп жүрдің де Алтай, Кавказ, Қырымда,
Күдік артып сан томсардым,
Назым жүрді қатталып,
Кімнің кімге өкпесі үлкен болар еді, шынында,
Жан сырымды егер менің қарай алсаң ақтарып.
Ізгілікті деймін қалай өзіме мен: «Аңсама!»,
Белгілі ғой, ойлап көрші, осылардан ұтпасым.
Бәрін терең ұғып тұрып, қайталадым қаншама,
Шығара алмай қолдан тіпті әлсіздіктің тұтқасын.
Қайта орнына келтірдім деп
Жүрер бәрін бұзып ап,
Ойлап тұрсақ
Басымызда қанша олқылық бар мына.
Билей алмай жүріп өзін,
Адам деген қызық-ақ,
өзгеге ақыл айтқызса егер жан салмайды-ау алдына...
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Кейбір күйді түсіндіру тым қиын,
Ақыл-ойдың айтқанына бағынбай.
Іс қылдым да –
Ерегеске тұнды үйім,
Сонда-дағы таба алмады жаным жай.
Аласұрып торға түскен торғайдай,
Кейде тіпті кең дүниеге сыймадым.
Іздеймін бе бір керемет –
Ол қандай?
Нені аңсадым?
Жанды неге қинадым?
Табиғаттай дархандықтан дәмем бе –
Айналамнан таба алмай бір серікті,
Шаттығымды шашу етіп әлемге
Шашып – шашып жібергім де келіпті.
Шіркін көңіл,
Сырың сенің тым терең,
Тәттің де бар,
Бар ащың мен сортаңың.
Бар күйіңе құлып салып іркер ем,
Самарқаулық салқынынан қорқамын....
МӘРТЕБЕСІН ТҮСІРМЕСІН БИІКТЕР...
Ебін тапқан екі асаған заманда
Талай талант жүрер әлі табанда.
Көрсеткенді ғана көрер талайлар
Мән бермесе жақсыға да, жаманға...
Саралауға мұршасы жоқ тәптіштеп,
«жақсы» десең сенер бәрі жақсы іс деп.
Ана жырлары
Сондықтан да азулылар алға озып,
Алаяқтар атанып жүр «тапқыш» деп.
Өмір құйын,
өтер бір-ақ мұрсатта,
(сол құйынның әр сәтінен сыр сақта).
Ұмытпағын ең бақытты кездерің-
жатқан кезің көрде және құрсақта.
Намыстының басын жерге иіп көр,
Айырмаса айырмасын сұйықты ел.
Жағаласып, жағасына жармасып,
Мәртебесін түсірмейді биіктер...
ТАБИҒАТ МЕНІҢ СЫРЛАСЫМ
Мұнда жер бусанбайды жазғытұрым,
Сайлардан жүгірмейді бұлақтар да.
Бірақ та табиғаттың назды түрін
Көріп қал,
Көктемгі үнге құлақ сал да.
Бозарған шөп шықпаған қырға да әлі,
Лайсаң бола алмайды тым құрыса маң.
Тек қана балғын терек бүр жарады,
Бұрымын дауыл жұлып,
Құм құрсаған.
Келгендей желектерін бүркенгісі,
Тарқатып үйеңкі тал бұрымдарын.
Киінген қызыл-жасыл үлкен-кіші
Көресің теңіз жаққа шұбырғанын.
Сияқты маңғаз жүзді Ардақты ана,
Көк теңіз қозғалады байыпты, нық.
Қарайды биік үйлер салмақтана,
Бет-жүзін жауын-суға шайып тұрып.
Гүлжауһар Сейітжан
Даланың шаң-тозаңын мол уыстап,
Сал самал құм үстінде жүгіреді.
Көктемгі шырақтарын қолына ұстап,
Тұңғиық түн теңізге үңіледі...
* * *
Жаңбыр нәзік саусағымен шертеді:
Тырс, тырс...
Тырс-тырс...
Қайтерсің бұл еркені...
Жер-ананың бетін жуа келді ме
Табиғаттың тазалықшы көркемі?..
Әлдиі ме әлде айтқан оның бұл,
Көтерілер дей ме содан көңіл дүр...
Сәлемі ме немесе бұл жеткізген
Күн жайлаған ұлы әлемнің көгілдір?..
Ел қуантар жақсылықтың өзі ме –
Құлақ түрем тырс-тырс жаңбыр сөзіне.
Қарағандай қарап тұрмын мен оған
Дархан пейіл молшылықтың көзіне...
Толастамай нәзік саусақ тырсылы,
Төгілуде табиғаттың бір сыры.
Үй ішінен жауап қатып тұр оған,
Сағат пенен жүрегімнің дүрсілі...
* * *
Бет қарып, суық тілін жалаңдатқан,
Билейсің, қарлы құйын омыраулап.
Бейне қыс ойынындай табандатқан,
Сәні кіріп шаттанған, қоңыраулап.
Жүздесуге өзіңмен жан шыдамас,
Ығысамыз қызулы қалпыңды ұғып.
Ана жырлары
Қарлы құйын өршелен, қамшыға бас,
Эстрадаң тұрғанда алқындырып.
Міне, тағы бір құйын кетті алақтай,
Дей тұрғандай. «Үйге қайт! Барды киін!»
... мен бүгін тұрғаным бет қаратпай,
Жан дүниемде менің де қарлы құйын...
* * *
Жаз дәурені азайып қалғасын ба,
Селдіреген жапырақ тал басында.
Жер-ананың қойнына жөнелді, әне,
Отырып ап ауаның арбасына.
Алыс тартып, азайып жігер, қызық,
Сар түсінен сарала жыр өргізіп.
Жапырақтар қоштаса қол бұлғайды,
Жаз-әлемнен біржола күдерді үзіп.
Жапырақтар...
Сарыала жапырақтар...
Әрбірінде қаншама жатыр ақпар!?
Күнің өтіп барады-ау...
Күнің өтіп...
Шашу болып соңғы рет шашырап қал...
Жапырақ тал басында селдіреген,
Жаңа ғана бүр жарған өндір өлең.
Жаз қызуы жасартып кетіп еді,
Күз қазаны қуырып,
Солды денең...
Топырақтан қайта орнап сән басыңа,
Айналарсың тіршілік жалғасына.
Жер-ананың қойнына жөнеле бер,
Отырып ап ауаның арбасына...
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Аптап қысқан қаланың тарылғандай тамыры,
Бет шарпиды бар тұстан күннің ыстық жалыны.
Өткір сәуле қарасаң жанарыңды қариды,
Емін-еркін көрсетпеу шақырымның арыны.
Көшелерде көбейіп әйнектердің жарқылы,
Шапқылаған сәбидің баяулайды қарқыны.
Шашымызға сіңіріп күннің құрғақ иісін,
Дүниеге қараймыз көзілдірік арқылы...
Күннің сол сәт қабағы шытынды да аз ғана,
Соңғы рет қарады сағым жаққа наздана.
Сосын оны ертті де,
Ар жағына бұлттардың
Кете берді жайына маң-маң басып жаз – қабақ...
Аспан қалды қап-қара болды-дағы түтігіп,
Дала жатты шөліркеп,
Бір сусынды күтініп.
Сәлден кейін шелектеп бар қаһарын төкті де,
Маңғаз тартты көк жүзі тұрғандай іс бітіріп.
...Тағат таппай бір кезде,
Бұлттар көшті жөңкіліп,
Моп-момақан боп қалды жаңбырдан соң көл тынып.
Сусындаған кең дала кеуде кере күрсінді,
Көк жүзінде байқалды әлдеқандай олқылық...
Сол мезетте күн қайта шыға берді күлімдеп,
Қуанғаннан бар маңай кетті бір сәт дірілдеп.
Күн мен бұлтқа кең дала қарады да кезекпен:
Деді: «Маған ешқашан жат емессің бірің де!»
О, ұлы күн қарайсың күнде осылай кешкілік,
Содан бері талай күн кетсе-дағы ескіріп-
Не сыйқырың бар сенің,
Кездесу сол сәттерде
Оянады көңілде ежелгі бір ескі үміт...
Ана жырлары
Арайланып, толғанып қалам содан әрқашан,
Содан қуат тарайды есім кетіп шаршасам.
Көңілім бір тояттап, нұрланады жанарым-
Сол үмітте тұрғандай бүкіл мұрат, барша сән.
Тереземнен кешкілік қарап тұрсың тағы да,
Қуаныштың шамы ма, үмітіңнің таңы ма?
Жоқ әлде ол арман ба, нұр құйсын деп жаныма,
Іліп қойған суарып қиялымның қанына...
* * *
Өршігендей қар менен құйын әні
Маңғыстауға қара жон қысы келіп.
Үн-түнсіз жағалаулар бұйығады
Көгілдір көктем шуы түсіне еніп.
Тегістері біржола қақырап күз,
Алып кетті аймақтан бар шырайды.
Желпіне алмай балғын тал жапырақсыз,
Жел өтінде дәрменсіз қалтырайды.
Қытымыр сырын алғаш қыс ұқтырып,
Алыпты суық лебі орап бақты.
Қарсыз жер, қара суық құшаққа алып,
Төбеге сұрғыл аспан қонақтапты.
Тапжыла алмай, бұзаудай арқандағы,
Қара жондар іздейді қарлы ішігін.
Қара жерді жаратпай қаңтардағы,
Қабағы кіржиеді шаңғышының.
Қырқаны күз керуені барады асып,
Қағады терезені жаңбыр әлі.
Күндермен күреңқабақ жағаласып,
Шат өмірдің шуы тек жаңғырады...
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Қара...қара...
Дала неткен...дала неткен көрікті,
Аппақ әлем билеп алып бара жатты ерікті.
Түніменен терезенің отырып ап түбіне
Аяз ата әйнегіне сурет салып беріпті.
Бейнелепті дала шөбін, таудың биік шыңдарын,
Сілемдердің мойнын соза көкке қарап тұрғанын...
Төрге ұстаған тұскиіздей енді бір түс бедері,
Көрсеткендей табиғатта таңғажайып сыр барын...
Қалың жауған қар соңынан ауа қандай тұп-тұнық!?
Салғырт күйді барады ол әлдеқайда ықтырып.
Талда басқа бүркеп алған ақ желекті сілкіген
Балаларға торғайлар мәз,
Қуана шық-шық күліп...
Жуасып қап асау боран, қол апартпас жалына,
Күн шығыпты...
Күн шығыпты, дүние күткен зарыға.
Тек қана үйлер төбесінен ұшырған ұнтағы
Жер ананың ақша бетін опалап тұр тағы да...
* * *
Ақ мамық көктем – деммен күмістеніп,
Жатыр жер ақ күмістен ырысты еміп.
Іштің шерін тарқатып будақ булар,
Дүние жарқырады, тыныс кеміп.
Ап-ашық қабағынан құйылып ән,
Күн ару қарар күліп миығынан.
Шапаны жер-ананың тоз-тоз болған
Барады сыпырылып иығынан.
Жай кеткен көз салмайтын көп ешкімге,
Көзінің алды қыстың көгіс мүлде.
Тәкаппар, сықыр-сықыр күй жоғалып,
Жасық қар жылап жатыр жол үстінде...
Ана жырлары
* * *
Жарқын жүзді,жайдары, шапағатты,
Көзді тартып, бойдағы қуат, көрік-
Жер – ананың келді ізгі махаббаты,
Жапырақ пен гүл болып,
Шуақ болып...
Мол дайындап өрнектік гүл, жібегін,
Табиғатқа жазыпты көңілді үнін.
Жер тербейді жылыта Күн жүрегін,
Алма ағаштың ақ қанат нәзік гүлін.
Келе жатыр Маңғыстау аңызағы,
Қыс сүйегі қалыпты қаусап кәрі.
Жаңбыр суын жерге үнсіз тамызады
Үйеңкінің сүп-сүйір саусақтары...
* * *
Көктем келді,
Көктемнің бүгін таңы,
Билейді ғажайып бір сын ынтаны.
Табиғат шапағатын құйып жанға
Алаурап ұсынады гүлін тағы.
Құдырет кеп көктем деп аталатын,
Жаңғыртыпты қайтадан жаһан атын.
Гүл шоқтары жүр тағы тасымалдап
Жүректердің жылуын, махаббатын.
Таң ...
Көктемнің ғажайып бүгін таңы,
Ұсынады ол нәзік гүлін тағы.
Жас жүректің лүпілін, қуанышын,
Тереңірек хақ оның ұғынтары...
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Нәзіктігін, пәктігін, ізгілігін ұқтырып,
Мөлдірейді күн көктем жанарындай тұп-тұнық.
Ынтымақтың,
Бірліктің,
Махаббаттың бұлағы,
Қарсы аламын мен сені аяғымнан тік тұрып...
Төріме шық, сүйіктім, мәртебем боп, үміт боп,
Жүрегіме өзіңнің жалыныңдай тұныпты от.
Жанарымды, жанымды шаттығыңмен суар да,
Пәк күйлерді өзіңдей көңіліме күліп төк!
Лепіремін содан мен, қуаныш боп тасам да,
Кел, көктемім керілген,
Шаттық шашып бас алға!
Жібек жел мен ұлпа ауа жадыратқан дүниені
Жұмсақ болғым келеді мен өзіңдей қашан да...
Ізгілік пен мейірім, жасампаздық-қаруың,
Іздейсің сен тіршілік мұратының дәруін.
Ізгі болғым келеді мен өзіңдей әрқашан,
Ынтымағын әлемнің арқалаған, аруым...
* * *
Құба жонда жөнелді сағым ойнап, жарысып,
Еркіндікке көсіліп, құмарлана алысып.
Ұзақ уақыт қапаста қалып қойған торғайдай,
Шексіздікпен, даламен емірене табысып...
Шуағымен дүниені емірене аймалап,
Іздегендей әлдене, жүгіреді «қайдалап».
Осы мезет алыстан келе жатты бұлт төніп,
Жарқылдата қолдағы айбалтасын қайрап ап...
Уақыт мүжіп айналған жағасында тас құмға
Майда толқын сусыған аяғымның астында.
Ана жырлары
Құшағына теңіздің қойып кеттім алаңсыз,
Бетті қари шыжғырған Күн көзінен қаштым да...
Аптап қысқан далада тарылған-ды тынысым,
Күн шыжғырып, көз қарып мандымаған жүрісім –
Теңіз енді аймалап, салқын сұлу ернімен,
Әлдилейді тербетіп сылдыр сұлу күміс үн...
Айналайын, табиғат, теңізіңнен, шөліңнен,
Бірде апшыны қуырса, бірде рахат көрінген.
Ыстық, суық сезініп,
Ысылып біз келеміз,
Қызығың да сонда екен,
Қымбатың да сонымен...
* * *
Басқан сайын аяғымды,
Ізіме су іркілді.
Өзен де өз күшіне еніп
Мұзды сырып жұлқынды.
Жан біткендей ұйқыдағы табиғатқа кенеттен,
Қыс көрпесі бірте-бірте жұқарды да, жыртылды.
Айырылды қаһарынан ызғарлы қыс кешегі.
Майда ғана өбіп беттен көктем лебі еседі.
Дүр сілкініп сайда ағаштар, қуаныса сыбырлап.
«Кез де келді көріктенер, күтіне бер», – деседі.
Жадыраңқы жасаң, жұмсақ табиғат бір түрге енді,
Соныменен көңілім де бірге түлеп түрленді.
Сүйем, көктем, сол үшін де әкелесің сен маған
Арманшыл жас жүрегіме серік болар гүлдерді.
Гүлжауһар Сейітжан
АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ ЖАНЫНДА
Жүрегімде мәңгі осылай тік тұлғаң,
Биіктердің не екенін ұқтырған.
Иірімдері даналықтың сан тарау,
Сені әрқашан заңғарлықпен жұп қылған.
Ғұмырыңды торласа да азап, мұң,
Жүрегіңнен сырға толы саз аттың.
Биік өскен бәйтерегі сен енді,
Шыңда тұрған шынары сен қазақтың.
Жаның сенің көз ашпаған тепкіден,
Сөзің сенің лапылдаған от кілең.
Шарпысқаны екеуінің өмірге
Мәңгі күрес талын екті деп білем.
Балгер сынды салып жүрген елге дем,
«Қазағым-ау қор болма»-деп терлеген,
Зарлы үнің қалды мәңгі құлақта,
Жүректерді мұңыменен тербеген.
Данышпаным, құдіреттім, заңғарым,
Елден бұрын елдің жайын қамдадың.
Арқаладың күл-қоқысын заманның,
Көтердің сен надандықтың салмағын.
Тиді етіңе қараңғылық қамшысы,
Батты етіңе топастықтың бар тісі.
Жүрегіңе жара салды қанша рет
Ізгілік пен зұлымдықтың тартысы.
Бәсеңсімей ақ пен қара көкпары,
Түсетін көп сен сияқты отқа әлі.
Әділет пен жанұшырған жандарға
Тиеді әлі озбырлықтың шоқпары.
Бұл өмірден тауып ылғи ортағын,
«Сазанды алсаң, маған бер деп шортанын».
Бірақ тағы жүз жыл өткен кезде де
Ақ пен қара айтысар деп қорқамын.
Ана жырлары
АЙГЕРІМ МЕН АБАЙЛАР
Қыздың бәрі Айгерім,
Ұлдың бәрі Абай ма?!
Ата-ана бәрін де ай, жұлдызға балайды, ә!
Қызды болған аналар,
Ұлды болған әкелер,
Арманына биікті азық етер қалайда.
Қызылшақа бөбектің ұқсатты екен қай жерін,
Шүкімәннің бәрі де бола ала ма Айгерім?!
Қайтер екен ажарлы атына сай бермесе
әншейін бір қара қыз, дегізе алмас «әй керім!»
Ойланбай-ақ дайынға ие болу қолайлы, ә.
(күн көреді десек те бұл заманда солай да),
Бірақ, бірақ өзіңе толар ма өз көңілің,
атақтының атағын алып жүру оңай ма?!
Абай менен Айгерім орын алған төріңнен,
Егіз бейне даналық сұлулықпен өрілген,
Бірі оның шуақ қой құйылатын жаныңа.
Екіншісі жұлдыз ғой дара туған көгіңнен.
Қыздың бәрі Айгерім,
Ұлдың бәрі Абай ма,
Ата-ананың арманы бала деген шарайна.
Абай болсаң, Абай бол,
Айгерім де бол,
бірақ...
аттарыңа әйтеуір сай болыңдар
қалайда...
УАҚЫТ СЫРЫ
Уақыт сыры таусылмайтын сыр терең,
Ісі тосын, атауы көп, ғұрпы ерен.
Көпсінбейді әр күн сайын болса да
Бір жаңалық атып шығар іргеден.
Бірде желі кеулеп соғып іргеден,
Таңқалдырар бірде ашып сырды ерен.
Гүлжауһар Сейітжан
Қопарылыс жасап жатыр замана,
Мың ойласаң түсіңе де кірмеген.
Бәзбіреудің күні айналып қараңға,
Бәзбіреулер алғыс айтып заманға,
Адамдардың қайшыласқан сөзінен
Алуан толқын құйқылжиды санамда.
Қулығына құрық жетпес тұлғадай,
Уақыт деген ғажап-ғажап сырға бай.
Аппақ-аппақ көңілдерді бірақ та,
Жүре алмайды боқтығына былғамай...
* * *
Жандармыз біз құрсаған пендешілік,
Кеткен бұл дерт бірге емес,
Елге сіңіп.
Ұйқылы-ояу күн кешіп жылдар бойы,
Күшеймекпіз бір күнде енді есіріп.
Қызықпыз біз,
Халықпыз тіпті қызық.
(қырық жылда бір сырын ұқтым үзік):
Мәнін біліп жатпай-ақ ой білтелеп,
Килігеміз кенеттен жүкті бұзып.
Аңғал бала тәрізді аңқау халық
Жүргенімен аяңдап, жалқауланып,
Есептеспес досымен ел болам деп,
Бірді беріп кетсе де алтауды алып.
Момын деді,
Кей-кезде ынжық деді.
Кетпесе де түп-түге жүнжіп тегі.
Мал соңында сабылған бұл қазақтың
Ғұмырына жыр болған бірліктері.
Ана жырлары
Сабырлымыз,
Шыңдарға асықпадық,
Өзендердей қайтсақ та тасып барып.
Шалқармыз деп далиып отырамыз,
Озғандардың етегін басып қалып.
(Бәлкім барлық себебін біз ұқпадық),
Қызықпыз біз,
Екенбіз қызық халық,
Тыншымайтын көңілі бірін-бірі
Ойда жоқта жүрмесе сүзіп қалып.
АРМАН ДА АРМАН, АРМАН-АЙ...
(інім Азатқа) 22 наурыз, 1995 жыл.
Соңымнан ерген сыңарым,
Соңыңда қалып жыладым.
Сарқырап ағар шағында
Сарқылып қалған бұлағым.
Арман да арман...
арман-ай...
Арманда жаным қалғаны-ай...
Армандай сұлу шақта да
Алады-ау ажал талғамай...
Айналайын, жан інім...
Санамда қалды сағымың.
Толысқан әбден шағыңда
Таусылып қалды-ау
Жарығың.
Неліктен кеттің!? Неліктен!?
Қарт емес ең ғой деміккен.
Жарқырап мынау дүниеге
Өкінту үшін келіп пе ең?
Өртенді-ау жасыл орманым,
Бүлінді-ау берік қорғаным.
Гүлжауһар Сейітжан
Армандай сұлу шағыңда
Таусылып қалды-ау
Жолдарың.
Қанатың әлде талды ма,
Үмітің отқа жанды ма.
Қу тірлік қинай берген соң
Шақырып әкем алды ма!?
Көңілің уайым терді ме,
Түсті ме санаң кергіге.
Қор етпей сұлу тұлғаңды
Жас болып қалғың келді ме!?
Жалғыз қап жапа шектің бе,
Жүрекке улар септің бе.
Опасыз екен өмір деп,
Түңіліп содан кеттің бе!?
Айналайын, бауырым.
Қайғының көрдік ауырын.
Құрбаны болдың әлде сен
Тірліктің бітпес дауының.
Дүниеден мынау кетерде
Татқаның у ма, шекер ме.
Өкпелеуші едік тірлікте,
Өкпелеппіз-ау бекерге.
Мән бермей ұлы ұғымға,
Іс болмай шаттық, мұңыңда,
Сүйеміз деппіз ойланбай,
Білмейміз соны шынында.
Кеңітті-ау ойлар етегін,
Түбіне қалай жетермін.
Ұқпаппыз бала, бауырды,
Сүюдің қандай екенін.
Ана жырлары
Атаның жоқ деп салтында,
Деппіз ғой «ұшпа!», «талпынба!» –
Қабылдай алмай сені біз,
Құйылған сол бір қалпыңда.
Деп лайлап судай тұнықпыз,
Ұғуға жанды құлықсыз,
Өзімшіл ылғи пенделер
Өрекпіп қарсы тұрыппыз.
Дүниеде сенің барыңды,
Аз көріп пейіл тарылды.
Жүрмейсің айтқан жолмен деп,
Ауырттық қанша жаныңды.
Адамды ұқпау – тағылық,
Ұқпаудан өлген сан үміт.
Ұқтыра алмай наладан
Кетті әлде жүрек жарылып.
Мақсатқа жеткен там-тұм-ақ,
Мәңгілік кімге бақ-тұрақ.
Жас өттің жарық дүниеден,
Бірақ та өттің жарқырап.
Алдында болып құрбыңның,
Бақшасын көрдің бұлбұлдың.
Тәттісін таттың тірліктің,
Шырыны дерлік мың гүлдің.
Адамның ұрпақ сәні шын,
Ғұмырлық үлкен табысың:
Көз тартар көркем ұл-қызың –
Жазира, Дархан, Арысың.
Соларда қалып дулы әнің,
Қорғаны болар туғаның –
Әкенің қалған орнында
Қос інің Еділ, Думаның.
Гүлжауһар Сейітжан
Кеткенде дүние дөңгелеп,
«Шырағы жаққан, сөнбе?» – деп.
Соларға құшақ жаярмыз,
Көңілге енді сол медет.
ӘКЕ ПОРТРЕТІ
Оны ойласам жай болмай шешенденер,
Күй де жоқ жұртта кеткен есемді елер.
Бір түйткіл көңілімді жайлайтұғын,
Жанына жақындайын десем де егер.
Үркектеп өз өзімнен қашқақтадым,
Кең толғар бір әңгіме бастатпадым.
Алдымнан өзі де емес, өзге де емес,
Шаршаулы жанарлары шашты ақпарын.
Дейді олар. «Құлыным-ау күнім жақын,
Ілгері емес кейінге бұрылды атым.
Көлеңке түсе ме деп көңіліңе,
Көрдің бе, шыға алмайды үнім батыл».
Деді тағы: «Шүкір ғой, шүкір балам,
Басқа түсер бір іске күтін балам.
Уақыт жақын,
Қаласың бәрің-дағы.
Қалады жарық дүние, бүкіл ғалам!
Әкенің ұқтым жайын, ойын-бәрін,
Ұқтым мен келмесе де мойындағым.
Бірақ та су-су етіп қолға тұрмас,
Торғындай тұрақтамады ойымдағым.
Солай мені үркітіп өз күдігім,
Өмір өтіп ілгері озды күнім.
Өлім деген бір сөзді жойғым келіп
Аласұрдым адамдар сөздігінің.
Ана жырлары
Арман егіп қондырған қолға үмітті,
Әкем бірақ қалмады...
Өлді, бітті...
Көнесің-ау...
Бәріне көнесің-ау,
Көңіл бірақ тағы да болды күпті.
Бір күні сіңлім жылап тұрып маған:
Сырым бар, – деді – терең құлыптаған.
«Өсірген балаларым бар-ақ еді,
Ескеріп бір сен ғана ұмытпаған!» –
Деп еді әкем маған елге бірде
Үлкейткен суретін ап келгенімде,
Апыр-ай бір суретін үлкейттіріп,
Сен-дағы ала келіп бермедің бе!?
Мына сөз маған қайта қара жапты,
Көрмеген адам едім жаны азапты.
Кенеттен өкініштен бойым сыздап,
Жүрегім қатты ауырып бара жатты...
Қайтейін амалым бар бірақ қандай,
Жанымды не бар кәне жұбатқандай?!
Жүрегімді езеді-ау,
Жүрегімді...
Апыр-ай мына қатал сұрақтарды-ай.
Сезімтал бұл көңілім кейде керең,
Немене ол суреттегі бейне деген.
Бір күні кетесің ғой ортадан деп
Ескерткіш жасап жүрсің дей ме деп ем.
Ойымнан шықпады сол, түске кірді,
Өкініш өзекті өртеп, күшке мінді.
Портрет төр алдында күндіз-түні
Бақылап тұрса да енді істерімді.
Гүлжауһар Сейітжан
Сіміріп махаббатын толы арнадан,
Жүрген шақта ашығып тоңар ма адам?!
Қандай!
Қандай өкініш ата-ананың
Тірлігінде қуаныш бола алмаған!
КЕЙДЕ…
Бір күндері тірлік біткен сарқылып,
Қалар тыныш жүрген күндер шақ ұрып.
Көзі біткен жылғалардай кебеді-ау
Лүп-лүп соққан тамыр біткен тартылып.
Жатса-дағы жер сілкініп, тау құлап,
Түк сезбестен, сарсытпастан дау құлақ.
Бір күн жерде жатамын-ау қаңқа боп,
Иттен қалған сүйектердей саудырап.
Жеңіп шығып, жетпей қалып бірде әлім
Алысқаным, ұрылғаным, ұрғаным
Болмағандай, сезбегендей ешқашан
Бұл өмірдің ең құйтырқы сырларын.
Өшпегендей жан ұйытқан жақсы леп,
Еш мойынға оратылмай ақ білек.
Тіршіліктің қазанында шыжғырған
Болмағандай ыстық жүрек, пәк тілек.
Жылдар мені өз отына шарпылған
Келеді айдап тура жолмен тартылған.
Сол бір шаққа жеткізем деп тездетіп
Алдап-сулап,
Алып кейде алқымнан...
Ана жырлары
* * *
Өлең жазу-өрмек тоқу гүл құрап,
Алтын іздеу жерді терең бұрғылап.
Көкжиектен көлбең еткен ойлардан
Бұлақ жасау ағып жатқан сылдырап...
Өлең жазу –
Жүрек жарды сырменен
Жиһаз жонып, отау тігу іргеден.
Жыр боп ағып керегіңе жараса
Кем демесің үлде менен бүлдеден.
Өлең жаздым жүрегімді жайып сап,
Оқы оның әрбір сөзін байыптап,
Кешір бірақ сала алмасам суретін
Көңілдегі көп сезімге лайықтап.
Кеуде соғып пенделікке бас ұрып,
Дауға барып, көрсете алман асылық.
Көз алдымда көлбеп-көлбеп ойларым
Гүл сияқты жаста болды шашылып.
Өлең деген күншуақ қой тілдегі,
Самал жел ғой желпитұғын іргені!
Болды маған көлбең етіп сұлулық
Ізгі ойдың есіп өтсе бір лебі...
ТУҒАН КҮН ТОЛҒАНЫСТАРЫ
Тағы бір жыл шығады алдан мені қарсы алып,
Бүгініме отырсам да үлгіре алмай тамсанып.
Жеткізбеген армандарға арыз айтып, еске алып,
Келші, досым, отырайық от басында ән салып.
Уақыт бізден жүйрік қой, алға озады екпіндеп.
Ұйқтап жүрсең оятпайды.
Айтпайды екен кеттім деп.
Гүлжауһар Сейітжан
Қара үзіп жоғалғанша бір-ақ қалып өкініп,
Ұмсынасың...
Ұмсынасың жеткізбеске жеткің кеп.
Бірақ уақыт қайырылмайды, аямайды бізді түк,
Жаз тірлігін қуып жүрсең, қалып жатар күз бітіп.
Осындайдан айтады-ау өмірді қас қағым деп,
Құйын ғой бір өмір деген өте шығар ызғытып.
Келші, досым, сырласайық, жан сырыңды жайшы бір,
Арманың не жанға жақын тұтатының қайсы гүл!?
Мал табу да, жан бағу да тіршіліктің сәні емес,
Айтпа оларды,
Оның бәрі жан сыр емес, жай сыбыр.
Айтшы, жүрек нені аңсайды, нені іздеп торықты,
Айтшы, көңіл қандай сырмен, қандай күймен көрікті!?
Айтшы маған күндеріңнің ажарын не келтіріп,
өміріңде естен кетпес қандай сәттер жолықты?
Ұятыңмен ылғи-ылғи таба алдың ба келісім,
Досың бар ма жаныңды ұғып, түсінетін сені шын? –
Қолдан келер бар көмегін қару етіп ұсынар,
Дертті болса жүрегіне дауа болар ем үшін.
Нені күтіп, нені іздедің, не тіледің зар илеп,
Пәктік болып жүрегіңде шалқи ма әлде сәби леп?
Келші, досым, осы кеште отырайық екеуміз,
Сыр аша алу ақтарылып ол-дағы бір ғанибет.
ОЙЛАР...
Уақыт ертіп келеді тау басына,
өлім өмір алысқан ауласына.
Бара жатқан сияқты кейде адам,
Сақина іздеп сол таудан сау басына.
Ертіп келеді әйтеуір дедектетіп,
Жарайсың ба, жарама керекке түк.
Ана жырлары
Жұмысы жоқ –
Разы-хош боп жүрмісің,
Не қайғыртты,
Қиналдың нені өкпе етіп.
әсер етпес күлкің де, жылауың да,
қанша күнге тоқтадың бұл ауылға.
Оған, сірә, бәрібір,
Билейсің бе,
Кетесің бе жоқ әлде шылауында.
Ортақтасып бір шаттық, бір мұңыма,
Ызғармен жүздестіріп, Күн нұрына.
Уақыт бастап келеді бір жақтарға,
Жармасып әрең келем шылбырына.
* * *
Сеземін өтіп жатыр қымбат күнім,
Зар етер өрсізі де бұлдап мұңын.
Ұсынар деп жүргенде бір бақ гүлін,
Келер-ау деп жүргенде бір шаттығым.
Сеземін, көп қызығым келмейді енді,
Қайтсін-ау қанаты әлсіз мендейлерді.
Жанымды жұбатуға сараң үміт,
Сабыр мен сағынышты теңдейді енді.
Айналып тіршіліктің бір құлына,
Қарамай қулығы мен сұмдығына.
Асаудай арпаң-тарпаң бұл өмірдің,
Жас буын жармасады шылбырына.
Арбамыз ескіріпті, толған сынық,
Сеземін жастық кетті, қолдан шығып.
Иә, иә біз де оның қан базарын,
Кешкендей төрлерінде болғансыдық.
Отырдым деп жүрсем сан тақтарында,
Мән бермей мақтамадым, мақтадың ба.
Гүлжауһар Сейітжан
Ұстатпай талай қызық мен шықпаған,
Сан биік қалыпты ғой қапталында.
Жастығым сарай десем – тамшы ағардай,
Алдымнан шығар күн аз арсалаңдай.
Қаншасын қуыс кеуде еттім екен,
Өлтірдім қаншаларын жан сала алмай.
* * *
Неліктен қуқыл тарттың сонда, жаным,
Соңғы рет қоштасқандай көз қададың.
Мен саған жалтақ-жалтақ қарай бердім,
Таба алмай жұбатудың өзге амалын.
Бір кірбің қабағыңды баса қалды,
Көңіл өз құпиясын жасап алды.
Лезде бозғыл тартқан бейнең сенің,
Алыстап барды-дағы тасаланды.
Неліктен қуқыл тарттың сонда, жаным,
Соңғы рет қоштасқандай көз қададың.
Найзадай шаншылатын кірпік әлде,
Жасырып тұрды ма екен өзге алаңын.
Әлде ол қимастықтың белгісі ме,
Көңілдің жоламайтын бергісіне.
... Солай-ау жараспайды екен де ғой,
Қыздарша жылай салу ер кісіге.
* * *
Биіктік пе аңсайтының, асқарлар ма жан бармаған,
Қиялдайтын қияндар ма, адам тіпті аңғармаған.
Көз жеткісіз жиектер ме қыранда да қаймығатын,
Әлде сенің шөлдегенің көлбеп жатқан мәрмәр далаң.
Нені күттің, нені аңсадың, нені, жаным, армандадың,
Әлде сенің көкірегіңді шемен болып алған ба мұң.
Ана жырлары
О, құдірет, алдыңдағы тұнып тұрған нұрлы сырға,
Жетейін деп ең болмаса, жетейін деп қарманбадың.
Әлде сенің жан дүниең жатты ма екен жыр шұбатып,
Жас жүрегің мейір төгіп, тыныс тауып, тыншығатын.
Сонау ішкі сарайында күміс күндей сәуле тартып,
Жас махаббат шықты ма әлде көктемедей бүршік атып.
* * *
Тежемей аңқау арынды,
Айырмай ақ пен қарасын.
Түсінбей менің жанымды,
Түсінбей кетіп барасың.
Мелшиген мынау таулар да,
Сезбейді менің сырымды.
Е, оған, досым, дау бар ма,
Емессің сен де бұрынғы.
Бұрынғы күлкің жоқ тіпті,
Сезбеймін сенен түзу ым.
Жоғалтып алып оттықты,
Жойдың ба солай қызуын.
Өткенге беріп барлығын,
Тағдырды бағып жүрсің бе?!
Өзгеріп кепсің дәл бүгін,
Күрсінбе, досым, күрсінбе.
Сағыныштарға толса маң,
Айтпайық, мейлі, ол жайлы.
Өкініш кейде болса да,
Өкіну қажет болмайды...
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Нәзік бір толқын дір еткен,
Кеудеге нұқып қалды да.
Жасырын бір сыр жүректен,
Домалап түсті алдыма.
Көңілдің қойған сұрағын,
Қайталай айтып бір күбір.
Кеудеге сыймай бір ағын,
Атыла жаздап қалды бір.
Тұрды да сосын түйіліп,
Құйыла берді жас болып.
Кенеттен бейғам күй ығып,
Елжіреп кетті тас көңіл.
Сенімнен сезім нәр алып,
Сұлулық біткен тең келмей.
Жан-дүнием шықты жаңарып,
Жайраңдап көктем келгендей.
АДАСУ
Артық дедім мен сені өзгелерден,
Қолыңды алдым ұсынған құрметпенен.
Айтқаныңа ұйығам, сөз де бергем,
Шаттық едің мен үшін, гүл-көктем ең.
Бір-біріне қос бақыт күле білді,
Марқайды да қауышқан көңілді ұғып.
Жүрді менің сезімтал жүрегімді,
Жанарыңның жылуы жылындырып.
Айырылдым кенет сол тірегімнен,
Сезімімнің тастадым тұсап бәрін.
Желкілдеген қос талдың бірі едім мен,
Аңдаусызда өрт шалған бұтақтарын.
Ана жырлары
Артық дегем мен сені өзгелерден,
Тең де көргем өзімді саған бұрын,
Айтқаныңа ұйығам, сөз де бергем,
Бәрі өзгерді, таусылды амал бүгін.
«Қош» дедім мен, ақылға салып бәрін,
бақытыңды ортайтқым келмеді де.
Бірақ одан шаттыққа жарытпадым,
Қуанышың тұрмады еңбегіме.
Көкірекке жинап ап бар мұңыңды,
Жүректі сен қайтадан тұтатпадың.
Қымбат екен, білмеппін, тал бұрынғы,
өрт шалса да аңдаусыз бұтақтарын.
ҚЫЗ СЫНЫ
1990 жылы Ақтау қаласында өткен алғашқы
«Қыз сынында» оқылған сынаққа түскен қыздардың
кіріспе сөзі
Қандаймыз біз: мықты әлде нашармыз,
Өмір жалғап, іздеріңді басармыз.
Той тойлатып, думандатып бір күні,
Ата-ананың жоралғысын жасармыз.
Қандаймыз біз: көріңіздер ал бүгін,
Ақылды да, ажарды да – барлығын.
Сұлулықты қыз атынан құшақтап,
Алып шықтық алдарыңа бар мінін.
Болса-дағы ниет түзу, арман ақ,
Ой-қиялға бітірсе де ән қанат.
Замананың сан бұралаң жолдары,
Бізді-дағы кетті анық таңбалап.
Десек-тағы заманымыз жаңғырды,
Табылмастан дұрыстыққа мәңгі үлгі.
Гүлжауһар Сейітжан
Өз халқының әдебінен қол үзіп,
Ана тілден айырылды сан құрбы.
Ата-ана, сендерден жоқ жан ыстық,
Құшағыңда қуанышпен табыстық.
Бірақ қайдан шықты қыздар тұратын,
Қазақпын деп айтуды да намыс қып!?
Сана қандай, мініміз бар қаншалық,
Салмақтайық алуан ойға жан салып.
Ата-ана, бірге толқы бізбенен,
Ренжіме, қала алмасаң тамсанып.
Ойла!
Ойла тек бізде ме бар кінә!?
Тыңда! Қара!
Мүкіс кетіп, қалғыма!
Бойжеткен боп, есейдік деп қыз болып,
Тұңғыш рет шығып тұрмыз алдыңа.
Талшыбық қыз,
Шынар қыз бен қайың қыз,
Өздеріңнің Күндеріңбіз, Айыңбыз!
Қандаймыз біз?!
Ал салыңдар сарапқа,
Қарсы алыңдар,
Сындарыңа дайынбыз...
ҚАРА ШАҢЫРАҚ
(Еділге)
Інім менің қуат берген анама,
Туған үйге көрік болған шағала.
Сен бар жерде өсе түсер көңілім,
Қуаныштың дәні егіліп санама.
Інім менің әкем еккен бір терек,
Сені оны көзі дейді жұрт елеп.
Ана жырлары
Сен отырсың шаңырақта анаммен,
Көрінеді іші құтты, сырты ерек.
Інім менің бүршік атқан бір бұтақ,
Татымайды өз орныңа күллі тақ.
Мен кеткенде туған үйде сендерсіз,
Қалар еді-ау шаттық өліп, жыр жұтап.
Жер бетінде пана маған, әрі бақ,
Шаршағанда оралатын дамылдап.
Сендер болып күтеді ол мені ылғи,
Мұра әкемнен қымбат қара шаңырақ.
ӨЗІММЕН ӨЗІМ ҚАЛҒАНДА…
Сырғанайды сездірмей сағаттарым,
Байқамаймын кеш батып, таң атқанын.
Көріп, білген санада жатталып тек,
Қалдыруда ойда сыз, қабақта мұң.
Қауырсынын ұшырып қанаттарым,
Шығара алмай сыртына жан аптабын.
Пенделіктің шаңына ілесем деп,
Қанша уақыт құр босқа далақтадым.
Талабымның жазықсыз сағы сынып,
Сынды қанша сытырлап қамыс үміт.
Аласапыран заманда алпарысып,
Жақсылықтар іздедім жан ұшырып.
Жау тигендей ойрандап гүл бағыма,
Айналдым ба әлде бір құрбанына.
Түсіне алмай дал болдым қанша рет,
Замананың құйтырқы сырларына.
Қанша рет бойымның бұзып қанын,
Сағым болып жоғалды қызыққаным.
Гүлжауһар Сейітжан
Тақ-тұқ болды таңдайға меймілдемей,
Көрсем деген пенде боп қызықтарым.
Жоғалмасын, жоғалсын тамаша үміт,
Озбас еш жан заманнан дара шығып.
Аласапыран уақыттың құшағында,
Өтем бәлкім осылай аласұрып.
* * *
Күн өтеді, түн өтеді – алуан ізі артында,
Алпарыста қанша пенде ілесе алмай қарқынға,
Тіршіліктің сол жолында айналады марқұмға,
Қанша пенде,
Қанша пенде ес жимаған қалпында.
Ойхой, дүние, жеткізбейсің,
Шек те, шет те жоқ сенде.
Ұрындырдың қанша жылды ес жидырмай от, селге.
Жеткізбен деп еш түбіме қанша жолды өтсең де,
Ұмтылдырдың сан берікті еш жақсы деп кештен де.
Ұғына алмай құштарлығы соры әлде бағы ма,
Байлық шіркін күле түссе, байимын деп тағы да.
Қанша пенде ғайып болды қанағатсыз барына,
Енді ғана қол жеткенде тұлпарының жалына.
Шіркін дүние мың құбылып, қызыл-жасыл малынған,
Қорып сені қанша пенде қызғаныштан тарынған.
Дегізбестен: дүние – боқ, артық емес арымнан,
Дегізбестен: басым қымбат, садақа деп жанымнан...
Қанша пенде сені қуған тәрік етті бәрін де,
Уа, адамдар, білсең егер...
Білсең егер мәлімде...
Ана жырлары
АЗАТТЫҚ ЖЫРЫ
Табыстырған әділет, теңдігіме,
Қол жеткіздік қазақтың елдігіне.
Құтты болсын күттірген жаңа заман,
Азаттығым аңсаған келді, міне.
Аспан зеңгір қарасам,
Қызығың көп санасам.
Жаны жайсаң халқым-ау,
Таусылмасын тамашаң.
Боп жүргенде күлкің аз, уайым басым,
Жаңа күнің жақсылық дайындасын.
Көсіп қалған қолыңды көп дүниені,
Тоқшылықтың жалынан айырмасын.
Болсақ-тағы сан ығыр,
Көктемдердің жаны гүл.
Айналайын, халқым-ау,
өмір қымбат бәрібір.
Сұры қашып қанша рет тірлігіңнің,
Қанша рет бір тұрып, бір бүгілдің.
Енді қанша келсе де күңгірт заман,
Берекесі қашпасын бірлігіңнің.
Артып елдік айбынын,
Жарқырасын Ай-күнің.
Ырыс құйып, халқым-ау,
Үстей берсін байлығың.
Тереміз деп сенейік ырыс гүлін,
Төзімділік дегенің ұлы іс бүгін.
Аман болсын еліміз алдыменен,
Тілейікші заманның тыныштығын.
Гүлжауһар Сейітжан
БАҚЫТПЫСЫҢ...
Қиындыққа бел шешіп кіріспесем,
Кеткендейін көремін ұлы істе есем.
Сонда менің жаныма келіп тұрып,
Қуанамын «Айныма! Дұрыс десең!»
Білемін жүрген жоқсың ер еткелі,
Жүрегің бәрінің де себепкері.
Қиындау тағдырымның көп салмағын,
Білдіртпей келесің сен демеп мені.
Сенімнің жоя алмады уақыт күшін,
Жүргенім сол танытып жақұт күшін.
Сенбісің әлде оңынан туған жұлдыз,
әлде сен маған келген бақытпысың!?
Жолықсақ, езуіңде тұрар күлкің,
Неге екен сол күлкіңе құмармын тым.
Шарқ ұрғызар, шынында, бақыт деген,
Сен сияқты болатын шығар мүмкін.
СЕЗІМДІ ТОТ БАСАДЫ
Сезімді тот басады, тот басады,
Болады оның да жас, қатпа шағы.
Оның да жұлдыздары жанып кейде,
Басынан күні өтіп, бақ қашады.
Сен мұны ойладың ба, ойламадың,
Егеді ол шабыт болып бойға дарын.
Шырқатар кейде үздіксіз арқасы бар,
әншідей басылмаған тойдағы арын.
Шақтарын таусып алып шат, тамаша,
Тозады-ау бұл да күтіп, баптамаса.
Кейбірде аспанға ұша шарықтаса,
Кейбірде жусаннан да жатты аласа.
Ана жырлары
ҮМІТ
Лапылдап,
Жанып-сөніп,
Көңілді арбап,
Өзіңе ерекшелеп орын барлап-
Сен ылғи жылтырайсың тұңғиықтан,
Жүресің келешектің төрін қармап.
Деміңмен жан дүниені жандырасың,
Лебіңмен мейірімді қандырасың.
Көз жұмсам қиялыма шырматылып,
Күніне жүз қайтара жаңғырасың.
Көңілге көрік берер тамса майың,
Әпсәтте нұрландырып жан сарайын.
Мен қалай сенің ыстық құшағыңда
Қызығын дүниенің аңсамайын...
НЕГЕ СҮЙДІҢ СЕН МЕНІ
Неге сүйдің сен мені!? –
Артықтығым жоқ еді өзгелерден,
Сыныңа да кейбірде төзбегем мен.
Пенделікпен кейбірде сөзге де ергем.
Білмеймін, неге сүйдің,
Айыбым көп әйтеуір білетінім.
Болмаса да ісім жұрт күле-тұғын,
Кезім де бар жеңілтек жүре-тұғын.
Көңілім қалса егер –
Мейірімсіз бар тағы қаталдығым,
Мәңгілікке батса да батар күнім.
Білмеймін, қандай күйге тақар мұным.
Бірақ сен сүйдің мені –
Дей алмаймын білмедің соның бәрін,
Гүлжауһар Сейітжан
Біле тұрып бір сәт те қорынбадың,
Қалауымның бәрін де орындадың.
Сондықтан сол үшін де
Мүддесі үшін адамдық парыздардың,
Өтінен сақтап мені сан ызғардың,
Сүйгенің үшін саған қарыздармын.
ОЙЛАП ЖАТТЫМ
Ойлап жаттым ұзақ таң,
Ойлап жүрдім күн бойы.
Шырматылып тұзаққа,
Ой-өріске гүл қойып.
Ойлап жүрдім бақта да,
Ойлап жүрдім үйімде.
Ажыратылмай ақ-қара,
Дел-сал болған күйімде.
Ойлар қалды жаңғырып,
Шарықтады түрлі үміт.
Басым қалды мәңгіріп,
Көңіл қалды дүрлігіп.
Сосын, сосын шабандап,
Шаршап кеттім бәрінен.
Ойлар жатты табандап,
Ойнап шыққан әріден.
Тұрмай төзім шығындап,
Жатпай текке тіл безеп.
Қатқан басты сығымдап,
Ұйқтап кеттім бір мезет.
Ана жырлары
ТҰМАН БАССА КӨҢІЛІҢДІ...
Тұман басса көңіліңді қоюланып, мұнарланып,
Сенбейтұғын арман болсын, үміт отын тұрар жағып.
Өр қиялдың жетегімен кірсең соның құшағына,
Сонда сенің жан дүниеңді шұғылаға ол тұрар малып.
Орталанған көңіл қайта соныменен демделеді,
Ойлай білу мұндай шақта ойлай білу ең керегі.
Ал әйтпесе тыпыршыған жүрек шіркін байыз таппай,
әр жағаға бір соғумен бір соғумен сенделеді.
Буып-түйіп сырларымның жақсысы мен жамандарын,
Ажыратасың сар тісі мен солқылдаған балаңдарын.
Сосын ғана қою тұман ыдырайды бірте-бірте,
Сосын ғана жоя аласың көңіліңнің алаңдарын.
КӨҢІЛСІЗ ОЙ
Дала күңгірт, үй іші одан да өткен,
Мен де сондай көңілсіз болам деп пе ем.
Қашан менің жанымда жаз шығады,
Қашан келіп жаныма қонар көктем.
Дала күңгірт, көңіл де күңгірт бүгін,
Әлі біткен жоқтай-ау жым-жырт түнім.
Қашан маған шаттық нұр әкеледі,
Қашан маған келеді бір құтты күн.
КҮТЕМІН БІР КҮНДІ...
Күтемін бір күнді, күтемін үмітпен,
Көңілге шұғылалы қуаныш іріккен.
Ол мүмкін келеді сәулелі таңдармен,
Ол мүмкін келеді жаңбырлы бұлтпен.
Гүлжауһар Сейітжан
Гүліндей құлпырған райхан бағымның,
Күтемін сол күнді, сол күнді сағындым.
Бар мұңнан жандағы арылғым келеді,
Жылдармен тотыққан бар мұңнан арылғым.
ҚУАНАМ ҮМІТ КӨРСЕМ
Жалт-жұлт сезім, жастық нұр толқымалы,
Көзді жұмсам көңілде сол тұрады.
Өтті күндер, мөлдір шақ өтті емес пе,
Балғын дәурен құштарың олқы ма әлі.
Елегізіп, шарқ ұрып тыншымадың,
Сездің бе әлде алдыңнан күн шығарын.
Лебізінде жалын бар, қуатың мол,
Содан ба екен мен саған құлшынамын.
Түс көремін, қуанам үміт көрсем,
Көтерілсе ұйқыда жүріп те еңсем.
Махаббаттың мөп-мөлдір тамшылары,
Ізгілікпен әрқашан күліп кел сен.
ТІЛЕЙМІН КӨКТЕМДІ…
Сараласам мазмұнын күндерімнің,
Толтырмаққа орынын бір кемімнің.
Жасап алып қайтадан екіншісін,
Өкініштің сүйегін мың кемірдім.
Бетін ашсам жайратып шындығымның,
Қызығы кем қуантар тірлігімнің.
Адаммын ғой парызды өтейін деп,
Бүгілмейтін жерлерде мың бүгілдім.
Талайын-ақ жоғалтып сырлы күннің,
Шыға алмадым қойнынан бір мұңымның.
Ана жырлары
Келмейді енді көлбеңдеп көз алдыма,
Көктем тілеп жаныма мың құбылғым.
Қызармаймын кенеттен күлкі қысып,
Алып ұшып жүрегім, сыртым ысып.
Кептерлері кетті ме шаттығымның,
Көкірегімнен мәңгіге пыр-пыр ұшып.
ЖҮРЕК КҮЙІ
Не күтесің, жаудырап қарайсың сен,
Кетіресің мазамды соныменен.
Кездеседі өмірде талай сын деп,
Демегені болар деп, көңілденем.
Қадаласың сонан соң бірақ тағы,
Дыз етеді жүрегім сезіктеніп.
Тік ұстаған туымды құлатқалы,
Жүрген жоқ па төзімнен безіп берік!?
Деймін-дағы қаламын қапаланып,
Жүрек күйін тағы да оятты деп.
Ал тереңде бір сезім жатады алып,
Тыным таппай, дөңбекшіп, тоят тілеп.
МЕН ҚАНДАЙМЫН…
Ойласам – жақсымын да, жаманмын да,
Ақ әрі айыптымын ар алдында.
Бір күні тас түнекті өзім жасап,
Бір күні жарық болдым қараңғыда.
Біледі бұл жәйіттің кім айқынын,
Бұраса екі көңіл бұлай тілін.
Жығылдың өзің келіп аяғыма,
Кешірім жайым барда сұрайтынын.
Гүлжауһар Сейітжан
Ойласам білгірмін де, наданмын да,
Бөленем қиялға да, жаман мұңға.
Бір күні құрақ ұшқан кішіпейіл,
Бір күні жауап қатпан хан алдында.
Көп жөні, жөнсізі де істерімнің,
Айырып ақ, қарасын түстедім мың.
Кейбірде тас атқанды елең қылмай,
Кейбірде сәл жай үшін күшке міндім.
Бәріне бірақ қалай жар сала алам,
Ұқсайды бір біріне қаншама адам.
Біреудің биіктігін мәртебе деп,
Біреудің биіктігін ар санаған.
Сан ұлттан, сан қаладан, сан саладан,
Ұқсайды бір біріне қаншама адам.
Қолында пенделіктің ойыншық боп,
Жүрегін бір бірінің паршалаған.
МЕЗГІЛ МЕН ҒҰМЫР
Өткен күндер жоғалған секілді үміт,
шашақталған шақтардың шетін бүгіп.
Жым-жылас боп сырт қарап жөнеледі,
Қарамастан кейінге бетін бұрып.
Өткен күндер секілді көшкен арман,
Елес беріп жаңаның ескегі алдан.
Ұмытасың сен де тез, ұмытасың,
Кей сәттерді талмап тек есте қалған.
Өткен күн мен келер күн – жалғас бәрі,
жаңа келсе, ескіні дарға асқаны.
Тіршілікке қарасам бір үмітпен,
Мезгіл менен ғұмырдың арбасқаны.
Ана жырлары
Талап жасап, армандап алға басқан,
Қала алмайды ғұмырды жалғамастан.
Сондықтан да келеді адамменен,
Мәртебесін бөлісіп заңғар аспан.
Кеудесіне бабалар құйып теңіз,
Сол күндерден жасапты түйіп негіз.
Өткен шаққа табанды тіреп тұрып,
Құмартамыз қашан да биікке біз.
ОЙЛАР
Еш армансыз өткен адам жоқ па шын-ақ өмірден,
Дегеніне жете алмай қанша көз жас төгілген.
Қаламасын қаншалық – құтылған жоқ өлімнен,
Қанша қимас болса да қазып алмас көріңнен.
Өлім деген өртейді өзегіңді от болып,
Арашалап қалмайды ешкімді ешкім көп болып.
Қанша жайсаң, даналар өкінішпен кетті өліп,
Қанша қимас ғұмырын беретіндер жоқ бөліп.
Амалың жоқ, шара жоқ қайғырсаң да қаншалық,
Бере алмайды өліге ешбір тірі жан салып.
Тәтті дәмді сезе алмас ешкім де құр тамсанып,
Басқа түссе, зұлматты қуа алмассың қамшы алып.
Жармассаң да жастық шақ ұстатпайды тізгінін,
Оралмайды қаншалық іздесең де қыз күнің.
Бір күніңе татымас ойсыз өткен мың күнің,
Қысталаңда танырсың қасиетін ізгінің.
Аңсап жүрсең ылғи да жақсылықтың жарқылын,
Бейімдейсің сен оған ғұмырыңның тәртібін.
Тигізбесең, жаныңа жат дүниенің салқынын,
Текшеленер көз тартып, қоштасатын әр күнің,
Қуанарсың тірліктің үйренгендей бар тілін,
Әрқашан да есіңде сақта соны, алтыным...
Гүлжауһар Сейітжан * * * Буын-буын тәтті ұйқыға елжіреп, Көк пердені бірі көріп, бірі ұстап, Алақанға салып бейне кең, жібек, Тербегендей, Бейғам еркін тыныстап, Рахат – теңіз тұңғиығын шарлауда, Шырылдап тек уақыт – жұлдыз ұрысқақ. Рахат-теңіз тереңіне шым батып, Тәтті ұйқыға еш алаңсыз тіл қатып. Ұмытарсың бұл дүниенің шаттығын, Қайғысын да, көздің жасын құрғатып. Буынды алса тәтті ұйқыдай бал сезім, Күй төксе де қайтара алмас әр сөзін. Бал сезім мен бал ұйқыға себепсіз, Қоя алар қандай адам қарсы өзін. Өлең жаздым мен тәттілер жайында, Бой алдырмай мұң мен сары уайымға. Тәтті сезім, ұмыттырма басқаны, Тәтті ұйқы, тәтті өмірден айырма... СӨЗ Ақтарғысы келсе де айтпас адам көп шынын, Талай сөзді іркем деп менің де сол өшті үнім. Әр адаммен әрқалай сөйлессем де ашылмай, Құлыптаулы жататын көңірсіген жоқ сырым. Сұхбат серті бірімен жетеді көп күттіре, Екіншісі кездейсоқ құрылады түп-түге. Ең қызығы, қарашы, ажарындай әркімнің, Бір біріне айтарым ұқсамайды тіпті де. Бір әңгіме өрілсе, бұрымындай сұлудың, Біреуінің арнасын ортақ бетке бұру мұң.
Ана жырлары
Шірік жіптей біреуі үзіледі бырт етіп,
Бұзып жолын жанына құйылатын жылудың.
Шыға келіп бұрыштан қол жұмсардай жоқ қасым,
Сескенбеймін мылтығын оқтамасын, оқтасын.
Кей әңгіме бірақ та атып шығар кенеттен,
Бұзып жарып бүркеулі сырларыңның топсасын.
Күндіз-түні мазалап қоймай жүрсе беймаза үн,
Қалдырады-ау қардағы қояндайын ойға ізін.
Соншама сөз бұрқақтап, жауып берсе кенеттен,
Қайда бұғып тұрғанын ұқпай қалам кейде өзім.
Сөз дегенің бабамның қалдырған мол дастаны,
Шешендіктің шарықтап шығатұғын аспаны.
Құралы да, мүлік те, бесқару да емес пе,
Толып тұрса оқ-дәрі оқшантайда бастағы.
Айып тағып жатсаң да жасықсың деп, ерсің деп,
Тұратұғын кезі көп адасқанға жөн сілтеп.
Оң, терісін дөп басып ойната алар қолында,
Нысанасын жібермес әккі мерген болсын деп.
САҒЫНАМЫН АҢҚЫҒАН
ДАЛА ЖЕЛІН
Еркін құшқан елімнің бар әлемін,
Сағынамын аңқыған дала желін.
Сағымдана тербелсе кең алқапта,
Сағынысқан жандардай самал – егін.
Қамшы өрген бидайдың сары дәнін,
Саумал ауа тербесе, бәрі мәлім.
Жалау етіп шашымды қыр басында,
Желіп жүрген шағымды сағынамын.
Гүлжауһар Сейітжан
Ыдырап, қалмай көкте шөкімдей бұлт,
Сап-салқын саумал ауа бетімді өбіп.
Жаныма рахат құйса, жауған жаңбыр
Өрнектер суын бұрым секілді өріп.
Сурет сап жерге сол бір бұлақ бұрым,
Басқанда зеңгір аспан бір аптығын,
Жел тұрса судың бетін шымырлатып,
Келгендей болмысының сұрап түбін.
Қалма деп жер бетінің халқы үлестен,
Даламда керімсал леп аңқып ескен.
Жанымнан мекен тауып қалар мәңгі,
Шықпастан бетіме ұрған салқыны естен.
* * *
Күн шуағы – табиғаттың күлкісі,
Күлсе адамның – күн сәулелі түр-түсі.
Ылғи ғана сондай түсін сыйлайтын,
әр әйелге керек дейді бір кісі.
Жетеледі ол қанша жанды елеске,
Соның күші әйел күнге теңессе.
Түспесе егер ондай сәуле жанына,
Күнсіз қалған жердің беті емес пе!?
Күн шуағы аймалады жер бетін,
Күнді сүйем демесем де келме, түн.
Келтіреді ол көз алдыма әрқашан,
Бір адамның жарқыраған келбетін.
Ана жырлары
БІР ОЙ
Түс көріп, содан бүгін кірлі көңіл,
Елес-ай қозғайтұғын сырды небір.
Мен бейне жерден кетіп әлдеқайда,
Сен бейне жерде менсіз сүрдің өмір.
Бір күні, неге екенін оралыппын,
Кеткендей көкірегімнен жоғалып күн.
Тұрыппын бейтаныстың жанына кеп,
Келіпті хал-жайыңды содан ұққым.
Өзімше білдірмеске құрған айла,
сұраппын жол берместей «бұл қалайға».
«Осындай бір адамдар болған еді,
солардың қызы бар ма бұл маңайда?»
деппін жай, елеусіздеу, немқұрайды,
сөздерді іздемей-ақ ең шұрайлы.
«Иә, бар, аман-есен» – деп ол-дағы,
кідірмей жауап қатты мен сыңайлы.
Құлазып, жаным жүдеп, бір сырды ұғып,
Салмақ сап, жүрегімді күрсіндіріп.
Ояндым сол күні мен таңғы ұйқыдан,
Бір шындық жан дүниемде тұр шыңғырып.
Бір күні менсіз, күнім, шын қаласың,
Қалдырар жалғыз ана бір баласын.
Бәлкім сен үгілерсің бордай болып,
Бәлкім сен қатаярсың, шыңдаларсың.
Қаласың, әйтеуір сен жалғыз, күнім,
Жарама дәру болған жалбыз гүлім.
Батады-ау сені тастап кеткенімде,
Шошайған жер бетінде жалғыздығың.
Бақытым болып менің құралмаған,
Сәбилер қиқу салып ұрандаған,
Өзіңнің от басыңды дырду қылсын,
Тілерім жалбарынып бір алладан.
Гүлжауһар Сейітжан
МЕЗГІЛ. АДАМ. ҒҰМЫР
Кеше деген кеше емес былтыр енді,
Жаңа белге шығарды бұл күн елді.
Өмір жаңа ән бастады уақыт жайлы,
Уақыт салды тың жерге жыл түренді.
Кеше деген бір күні жылдың өткен,
Көшкен сәуле өткенге нұрлы беттен.
Жинайды оны тағы да мезгіл көші,
Жинайды оны тағы да тірлік еткен.
Әр сағаттың өткенде бар қазығы,
Бүгінгінің кешеде қалды азығы.
Бір біріне ғұмыр боп жалғасады,
Тіршілікте күндердің салған ізі.
Уақытқа мен қараймын, уақыт – маған,
Қайғы жұтам кей күні бақыт табам.
Кеше менен бүгінсіз қайғы-мұңсыз,
Тіршіліктің у, балын татып па адам.
Бір күні ашық, бір күні күңгірт далам,
Бақыт дәмін таттым да, мұң да ұрттағам.
Шүкір етіп өтсін деп ғұмырыма,
Екеуін де сыйлаған тірлік маған.
Айта алмаймын қайғымен қаным бір деп,
Үміт жүрер жанымда жалынды үрлеп.
Біреуімен тек қана қалсаң егер,
Қиын болар адамға әлін білмек.
Қиын жүру – ылғи тек көріктеніп,
Қайғы тұрса тек ылғи төніп келіп.
Сондықтан да шығар-ау тағдыр бізге,
Жүретіні екеуін бөліп беріп.
Ана жырлары
* * *
Кім біліпті не сыйларын жаңа күн,
Сезінем бе салтанатын, сәні, әрін.
Қолдан келер не бар көңіл тоғайтар,
Неше ойдың шырағданын жағамын.
Нешеу теріс, нешеу болды оң қадам,
Санай алмай күндерімді сорлаған.
Немен енді толтырамын көңілді,
Қанағатсыз өмірде бір толмаған.
Сыпырылып сол дегенде зілдей мұң,
Құйғым келіп жүрегіне күн мейірін.
Күндіз-түні сығып берген сөлімді,
Сәбиімнен кім шығарын білмеймін.
Жүректердің жойса-дағы құр дауын,
Қоя ала ма бақытқа қол бұлғауын.
Кім біліпті қиыр-шиыр жолдарда,
Сыналмаған махаббаттың тұрлауын.
Іздеймін деп қымбатымды ең керек,
Ұмтылсам да ертеңіме ентелеп.
Кім біліпті желаяқ бұл уақыттың
Енді қанша қуаларын желкелеп.
* * *
Тағы айналып жаз келді,
Тағы айналып қыс келер.
Көп пе енді, аз ба енді,
Жаз бен қыстар түстенер.
Белгісіз-ау бірақ-та,
Күн өткізу – ол мұң ба?
Өмір қойған сұраққа,
Жауап тауып болдың ба?
Гүлжауһар Сейітжан
Арман деген арман ақ,
Шықпады ма тағы үзік.
Үмітімді арқалап,
Кеткен жоқ па қара үзіп.
Шыйыр қылып қорамды із,
Еге алдым ба тал шыбық?
Жауапты ек деп соған біз,
Қай құдықты аршыдық?
Десек-тағы нәзікпіз,
Бұздырды ма сан бірлік.
Дос көңілін жазықсыз,
Неше мәрте қалдырдық.
Түкке алғысыз әр күнім,
Дей алмаймын бірін нар.
Ойлап кетсем барлығын,
Төбе құйқам шымырлар.
* * *
Шығарып салсам-дағы жарқын үнмен,
Сезілмей құн жетпейтін нарқы бірден.
Ешқашан қайтып енді оралмайтын,
Қоштаспай қалай жүргем әр күніммен.
Шынымен болғаны ма салқын қаным,
Оп-оңай ұмыттым ба жарқылдарын.
Жаныңның сөлін сығып бермедің деп,
Өкпелеп кеткен жоқ па алтындарым.
Салақтық үшін бәлкім сөктің налып,
Өтімен жанарыңның өттің қарып.
Кезінде ұстап қала алмаған соң,
Жоғымды іздеп жүрген кеттің бе алып.
Бүгін де бір таң атты, кеш те келер,
Ойда өшіп, қалар екен есте нелер.
Ана жырлары
Қайтермін ұнамаса өңіріңе,
Өрнектеп салып берген кестем егер.
Әр күнім мен қонақтар оң босаға,
Әйтеуір маған мекен болды осы ара.
Өкпелей алмайды екем ешқашан мен,
Көңілім толса мейлі, толмаса да...
Риза ма емес пе әлде жылдар маған,
Толды ма шаттыққа әлде ызғарға маң.
Әйтеуір тірлік құрған шақтарымда,
Уақыттың құлы екенмін тырбаңдаған.
* * *
Қайтемін бұл жүрегім теңдесе мұң,
Адасқандай бойында кең көшенің.
Теңселеді ойларым қалатындай,
Шығара алмай өмірдің енді есебін.
Теңселеді ойларым ауыр басып,
Аспан сынды бұлт тұнған жауынға асық.
Ыдыратам қалайша іргелерін,
Жөңкілу үшін қыр мен тауыңды асып.
Ойлар...
Ойлар...
Мұңменен қабаттасқан,
Өмір өріп, санамен сабақтасқан.
Елестейді көзіме боркемік боп,
Ал кейде жаралғандай ғажап тастан.
Жарқылдап, сүйінеді жан жүрегім,
Кейбірін көтере алмай талды белім.
Қиыр-шиыр ойлардың іздерінен,
Шимай болып көңілім қалды менің.
Гүлжауһар Сейітжан
АҚ ҚАЙЫҢДАР
(Үржар естелігі)
Топ қайың бар интернаттан алыстау,
Әйтсе-дағы бізге жақсы таныс па.
Демалыс күн жөнелеміз бәріміз,
Қызық әлде басқалардан қалыспау...
Ақ қайыңдар нұрланады сонда бір,
Қойны толы көп қуаныш, мол дабыр.
Әткеншектер аспанға ұшып, мәз болып,
Бақты көрді – қызғалдақ қыз, толған ұл.
Әлдиіне табиғаттың шаттанып,
Біз де мәзбіз болады бір бақ қарық.
Жатады екен сонда тұңғыш армандар,
Жүректерден келешекке аттанып.
Түседі ғой бал балалық ойға сан,
өткеніңнің тереңіне бойласаң.
Ақ қайыңдар, мен сендерді іздеймін,
Алаңсыз сол шақтарымды ойласам.
Айта алмаппыз бақытқа біз арызды,
Ақша бұлттар, асқар таулар – бәрі ізгі.
Әлі-дағы сол күндерді туған жер,
қызықтап кеп қарап тұрған тәрізді.
ЕРЛІК
Ерлік жасап мерт болыпты бір батыр,
Кім жүректі, кім табанды, кім батыл
екендігін сөзсіз көпке дәлелдеп,
Жүре берген көз алдымда тұлға тұр.
Ерлік дейді бұл адамға мақсат па,
Ие болу үшін тек бір жақсы атқа?!
Ана жырлары
Оның қайда екенін біз көрмейміз,
Жасалған соң ізін бірден тапсақ та.
Ерлік, ездік арасында бір қадым,
Айтып бітпен олардың көп сырларын.
Сезбейді екен, сезбейді екен, о ғажап,
Көп адамдар ерлік жасап тұрғанын.
Бір ме оған – оқыс жібер, қате атпа,
Айта алмаймын – дәреже ме, атақ па.
Сатылмайтын әйтеуір ол сом алтын,
Ұстай алмас еш жан байлап, матап та.
Сұраса деп, ерлік-жұмбақ, шеш мұны-
Көз алдыма елестеп ер кескіні.
Дер едім: «ол торабында жолдардың»
Сын сәттердің қойып берген бестігі».
НАМЫС
Мақсат мүлдем, ойларым мен арманым,
Қанша гүлдеп, қанша бағы жанғанын
өлшейді екен мені әкелген ортаның,
безбенімен тірлігімнің салмағын.
Мәртебесін адам деген ардақты ат,
Ұстадым ба, былғадым ба арды аппақ.
Алуан сынға салып өзі оңды-сол,
Өмір мені көреді екен салмақтап.
Мұны ұқпай-ақ жүріп соған алаңдап,
Намыс туы болмағандай маған жат.
Мәнін терең түсінбейтін кезде де,
Қатарымнан қалдырмапты ол табандап.
Өз ісіне жауапсыздау жау санап,
Тексеруші ем басталарда әр сабақ.
Гүлжауһар Сейітжан
Бірге жүрген, бір класта оқитын,
Көрші қыздың «екі» алғанын ар санап.
Қыз болған соң бір ұят деп бір мұңым,
Бірге қуып қабақтағы кірбіңін.
Себеп іздеп, түсіндіріп, ақтаушы ем,
Қолайсыздау мінездерін құрбының.
Бөліп жүрген қуанышын таңдардың,
Сенген досым соққы көріп, қалған күн.
Хал білем деп табылмаса жанымнан,
Сырт айналса – мойындауға арландым.
Намыс қуып, суайтпенен алыстық,
Сөзге келдік пысықпенен қаны ыстық.
Талай рет килігіппіз дау-шарға,
Жағымпазбен тілдесуді намыс қып.
Намысымды сатқан жоқпын сыйға еріп,
Жүрек сөзі біреу – сүйдік, сүймедік.
Илікпедім көңіліме жақпаса,
Біреулердің мансабынан именіп.
Иілмедім, кез болса да жылаған,
Намысқа ие болар мендей бір адам.
Керек болса, құдайдың да көзіне,
Сол себепті тура қарап тұра алам.
КӨЛ ЖАҒАСЫНДА
Баяғыша бет жүзіңе толқын күлкі жүгіртіп,
Байқатпайсың қимылыңнан қысылу мен кібіртік.
Неге бірақ көңіліме үйірілді қорқыныш,
Неге, неге құрақ ұшпай, неге сонша тұр үркіп.
Сұлулықтың көз сүрінткен қадірі бар қаншалық,
Қастер тұта алмаса оны қарағанмен тамсанып!?
Ана жырлары
Дей ме әлде, әй, көк айдын, айтшы маған шыныңды,
Күдігім бар жатсаң-дағы жайбарақат қарсы алып.
Уақыт мынау қармақ салып, тұнығыңа сенің де,
Туған жерге тастап кеткен жоқ па орап кебінге.
Ей, көк айдын, мөлдіреген келбетіңе қарасам,
Жүрек қозғар бір қорқыныш дір-дір етер демімде.
Баяғыша көкжиекті сұлулықпен көмкеріп,
Күн сипайды маңдайынан нұрлы көзін төңкеріп.
Тыншыр емес күпті көңіл, тыншымады бірақ та,
Көкірегім әлдеқандай өкініштен өртеніп.
Жетті ме екен дей ме індет, жетпеді ме бұл маңға,
Аз емес-ау шәрбәт суын улап алған мұңлы арна.
Қуанышқа құлып салып адамдардан қол үзген,
Көлдер келді көз алдыма тасталғандай зынданға.
Ей, сұлу көл, баяғыша қарсы алсаң да жарқырап,
өзің жаққа тігілгендей күдіктене сан құлақ.
Мойыныма оралатын сүйіктім ең қашаннан,
Сен сыйлайтын шаттығымды кім әкетті тартып ап.
Сұлу айдын жарқыраған сағынышым сен менің,
Майда мөлдір алақанға салып қанша тербедің.
Енді, міне, үрей орап, мұң торлаған көңілді,
Сеніменен қауыштырып, жүрегіме теңдедім.
Үйренді адам қазір таптап сұлулықты табанға,
Тірі өлік күй кешуде көзді тартқан сан арна.
Жер жүрегін жұлмалаған жиырмасыншы ғасырым,
Қорықтым ба әлде қолды салды ма деп саған да...
Гүлжауһар Сейітжан
МАХАББАТ ӘЛІППЕСІ
Көнетін ол отыр десе, тұр десе,
Жалғыз қалып, аулақ кетіп үрлесе.
Сағат сайын кішірейіп, төмендеп,
Арланбады кетірсе де күнде есе.
Орындайтын әр бұйрығын елпеңдеп,
Тапсырма айтса, көрмепті ғой, ертең деп.
Аяқтарын жас балаша аялап,
Жуатұғын ойға келмей жеркенбек.
Балағатын шырын судай сіміріп,
Анамын деп көрсетпепті ірілік.
Киімі мен тамағын дер кезінде,
Дайындауға жүреді өліп, тіріліп.
Айғайласа – көзге түспей бұғып қап,
әр бұйрығын күтті әскерше тұрып сақ.
Адам еді, ана еді, әйтсе де,
Еркін мәңгі тастады ол құлыптап.
Құрбан болып сүйген жүрек құл болып,
Өз тілегі көмейінде сүрленіп,
Өткізіпті көп жылдарын сол әйел,
Жапырақтай солып жүзден нұр-көрік.
Дастарханда шарап әзір, шарап мол,
Бәрі де үйде ал басқаға қарап көр!
Мені қойшы, осы киіп, осы ішсін,
деп, мұнысын сүйгендікке балапты ол.
Ғайып болып жанын жылытқан нұр-елес,
Тастады әрі селт етпестен жүрегі еш.
Бөлісетін жан сыры мен сезімін,
Серік керек еді оған, құл емес.
Ана жырлары
ҚЫЗЫҚТАУ
Тыныштықтың көрпесін жамбасы илеп,
Манаураған сал түнді таңға сүйреп.
Сағат тілі тағатсыз қуалайды,
Бұлттан шық деп кербез ай сарбас үйрек.
Ай да жүзіп барады таңға қарай,
Қимылында асқақтық бар ма қалай?!
Жұлдыздармен безенген алып аспан,
Жамыраған шамдары сән қаладай.
Деп ойласам, – қала да, халық та бар,
Жұлдыздары – жаққан от, жарық фонарь.
Арасында жүргендей жұлдыздардың,
Әрбірінен Ай жүр ме алып хабар.
Бір біріне болмас деп менен жақсы,
Мен – сұлумын, сенде ажар деген тапшы.
Дегендей тартыс туса, іштерінде,
Апырай, не болмақшы, не болмақшы?!
Жымың-жымың жоғалса наз айтқаны,
Менсінбесе жоқ қой деп мәз айтпағы.
Аңдысуға көшсе егер бір бірімен,
Анау есем жарығын азайтқалы.
Көрген жанды толқытып, бұл сәнді алап,
Тауыспайды қызығын мың сан таң ат.
Дәл осындай жердегі қалалар да,
Қандай әсем сыртынан тұрсаң қарап.
ҚЫЗЫМА
Өзіне бір беріктеу болмас па адам,
Мазалайды бұл өнбес іс несіне?!
Бала көрсем ағасы қорғаштаған,
Жалғыздығың, жан ботам, түсті есіме.
Гүлжауһар Сейітжан
Соны ойлау – жүзімнен күлкі қашар,
Көңілімнің өшпейтін болды алаңы.
Тай құлындай тебісіп, шұрқырасар,
Аға, бауыр жаныңда болмағаны.
Қуыршақпен ойнатсам үйге келе,
Көбейтейін дегем жоқ ырым санын.
Жанға жақын тұтуды үйрене ме,
Дегенім ғой содан сәл, құлыншағым.
Жақсылыққа тірлікте құнықпас кім,
Қолдан келер болмаса нетем, күнім?!
Қапа қылса жалғыздық, ұмытпассың,
Тек тағдырдың кінәлі екендігін.
ЖАҚСЫЛЫҚ
Жақсылық – бейбіт күн, ізгі арман,
Қуаныш күтетін бізді алдан.
Ақ ниет, созылған достық қол,
Сақтайтын сатқыннан, ызғардан.
Жақсылық – ынтымақ, бірлігің,
Естуің сәбидің нұрлы үнін.
Сыйласу қадірлеп барыңды,
Күлкісі дос-жаран, құрбының.
Жақсылық – баршылық, тоқтығың,
Көңілден жойылу көп мұңың.
Өсіріп мәртебе, мерейді,
Биіктей түсуі шоқтығың.
Жақсылық – жаңа үміт, талабың,
Келетін жаңа таң, жаңа күн.
Еркіндік, теңдік пен саулығың,
Зерделі қуаты сананың.
Жақсылық – мол жаңбыр, қалың қар,
Жақсының жанында жалын бар.
Ана жырлары
Әркімнің бойынан әйтеуір,
Жақсылық іздеңдер, табыңдар.
Адамдық кейпінің сән реңі,
Сонда ғой ізгілік дәндері.
Айқындап кісілік болмысты,
Білінер ішіңнің тар, кеңі.
Жабырқар ол жоқта пенделер,
Қаңғырар, жол таппай сенделер.
Бақыт жоқ, қызық пен рахат жоқ,
Жақсылық болмаса жерде егер.
Жақсылық жайылсын, төлдесін,
Үміті, шырағы сөнбесін.
Жайнасын жалындай жарқырап,
Жаны оның жамандық көрмесін.
Жол салып, жүрекке сенім із,
Көркейді сол келіп еліміз.
Мәңгілік туысың халқымның,
Сондықтан сүйеміз сені біз.
АДАМ МИЫ – ҚҰДІРЕТ
Өмір қандай тамаша,
Адам қандай керемет!
Бір өзінен табылар, бір басыңа не керек.
Тыныштықтың тұтқасын шығармаса қолынан,
Бейбіт шуақ дүниеге тұрса ылғи себелеп.
Адам қандай керемет,
Адам миы ғаламат!
Білгірліктің шыңына ақыл ойды барады ап.
Өмір қандай тамаша –
Еңбегімнің жемісі
Қару болып қуатты қарамаса табалап.
Гүлжауһар Сейітжан
Миы мықты адамның,
Бірақ әлі кенже еркі.
өзімшілдік, ынсапсыз, жазылмаған сан дерті.
Билік, байлық тұтқасын, бөлісе алмай жүргенде,
Адамдарға атылмақ санасының перзенті.
Өмір қандай құпия, әлем қандай күрделі,
жақсылық пен жамандық орын тепкен іргелі.
Қандай қиын ойласаң, мынау ғажап заманда
Ізгілік пен зұлымдық бірге өмір сүргені.
Мерейленіп әділет көтергенде тік басын,
Ашылған-ды есігі дүниенің құтты, асыл.
Адам өзі салдырып ізгіліктің сарайын,
Адам өзі тұр ұстап бүліншілік тұтқасын.
Ақыл ойдың жемісін жауыздыққа дәру деп,
Жүрген талай жүректе ыза кектен жануда от.
Жер ананың жазықсыз жарақат сап тәніне,
Құрсап алды құбыжық алуан түрлі қару боп.
Бұрын соңды пендеге кезікпеген алапат,
Жауыздыққа жалғаспақ бітірмеген әлі отап.
Жер ананың бойына жегідейін жабысып,
Күндіз-түні мазалап сыздап тұрған жарақат.
Өмір сондай тамаша,
Адам миы керемет,
Сан жеңісті келеді ол жер бетіне шегелеп,
Ойлап тапсын бәрін де
Ойлап тапсын тек қана,
Зұлымдықтың қолына ту ұстатып не керек...
Ана жырлары
КЕЙДЕ
Түсіргенде қиналам жылдарға дақ,
Бой көрсетсе бос күндер тұрған қарап.
Таңды атырып, кештерін батыра алмай,
Қайтеді екен күн кешкен ілдәлдалап.
Мен күніме қараймын, күнім маған,
өкпе артқандай кезіме бұрылмаған.
Ала алмаса өз өзін қолына егер,
Берекетсіз хайуан ғой шынында адам.
Білем мұны, сөзіме ұйымақ кім,
Тіршіліктің мұңына жиі баттым.
Адаммын деп жүргенмен бұл заманда,
өмір сүру адамша қиын-ақ тым.
ҚҰБЫРЛАР
«Маңғышлақ, Гурьев және Орал облыстары территорияларына
орталық және республикалық телевизия программалары трансляция
жасалатын. Шевченко-Гурьев-Куйбышев мұнай құбырының
технологиялық байланысын қамтамасыз ететін магистральдік кабель
жүргізілген...» Газеттегі хабарландырудан.
Даламның қолы сияқты досқа ұсынған,
Құбырлар өтіп барады менің тұсымнан.
Тебірене түлеп жаңғырған жаңа кейпімен,
Танытқандай-ау тегеурінді мол күшін маң.
Ару өлкенің мойнынан орап құбырлар,
Жетелер жүрек дүрсілін неше ғұмырлар.
Шөлдерін кезіп, аптабын бастан өткеріп,
Барады жортып, желеді жортып жұмыр нар.
Жоқ мұнда көлдер, өзен мен жасыл орман бай,
Қарашы, бірақ еңсесі оның зор қандай?!
Гүлжауһар Сейітжан
Таспадай тіліп қара жондарды сұлапты,
Қасқайып небір заңғарға тартқан жолдардай.
Жортады олар күндерді қуып, таңды асып,
Малшынтып жаңбыр, сабалап боран, қар басып.
Қуатын бірақ кеміте алмас ештеңе,
Бойында жатса жүректер күйі жалғасып.
«Аралап өткен жанымның терең қатпарын,
қуатым сонда, сендерге арнап сақтадым», –
деп жатқандай-ақ жер ана маңғаз қарады,
құбырдың бойын қуалап бара жатты әнім...
КӨКТЕМДЕ
Демінен мөлдір ән ағылып,
Көк жасыл пердесі малынып.
Перизат аруы көктемнің
Келді, әне,
Айлы түн жамылып.
Аппақ ай балбырап,
Нұрланып,
Жарыққа дүниені тұр малып.
Әлемнің қойнына осы сәт,
Кірді кеп,
Ай сұлу ұрланып.
Жұлдыздар қарады,
Жымыңдап,
Көз қысып,
Қуана қырындап.
Сан сезім түрегеп тезінен,
Май сұлу барады тынымды ап.
Көкейге күміс үн құйылып,
Орнады жүрекке би үміт.
Ана жырлары
Беймаза қонақтың демімен,
Барады тып-тыныш күй ығып.
Салтанат жай үшін бұл күні,
Бүрлерін жарды бар қыр гүлі.
Көктемнің жып-жылы денесін,
Құшаққа ап, Кең дүние мүлгіді...
МАХАББАТ КҮЙІ
Махаббатпен неге ылғи бірге мұң,
Тоғысады жолдар неге, білмедім.
Өмір бойы көлеңкедей көлбеңдеп,
Кетіруге мазамды тек жүр ме едің!?
Қандай күйден жарқыраған жанарың,
Неге соған келеді ылғи қарағым?
Неге сонда кірпігімнен қорған сап,
Қиғым келді балғын сезім сабағын?
Бір жұмбақ сыр көкіректерде көктеді,
Шарпығандай жастық шақтың от лебі.
Неге бірақ сырт айналдық екеуміз,
Жүректердің қуанышы көп пе еді...
* * *
Үмітімнің аяғын тұсадым ба –
Айналдырып шаттықты құса-мұңға.
Көңіліме орнатып шөл аптабын,
Тек сағыныш қалдырып құшағымда.
Тынышымды кетірдім тек отырып,
әр сыбдырға құлағым неге түрік.
Неге итерем кеудеңнен, түсінбеймін,
Жоқтарыма соңынан сене тұрып.
Гүлжауһар Сейітжан
Өткінші деп қараймын бәріне де,
Мәңгіліктің сезбестен мәні неде.
Менің күткен бақытым кетті ме өтіп,
Ертеңде әлде одан әріде ме.
Сенбісің ол,
Білмеймін алыс па әлі,
Бәрі бөтен сияқты, таныс бәрі.
Көп көлеңке ербеңдеп мазамды алды,
Арманмын деп мен күткен ғарыштағы...
* * *
Үзбе, жаным,
Үзбе еш менен күдер,
Сен ғанасың іздерім,
Шақырарым.
Шаттықпенен суар да демеп жібер
Солғын тартқан жанымның жапырағын.
Күдеріңді үзсең сен, қиын халім,
Үйлеспейді ешқандай сән басыма.
Қуаныш боп келдағы,
Құйыл, жаным,
Көңілімнің ортайған арнасына.
Айыбы бола ма екен мұның тегі,
Сезінемін ып-ыстық тілек табын.
Қурап қалған үмітті тірілтеді
Білгенім сенде өзімдік жүрек барын.
* * *
Сүйікті жүзің елестеп,
Елеңдеп қалсам әркімге-
Бәрі де өзің емес боп,
Сағына түстім бәлкім мен.
Ана жырлары
Ұмытқым тағы келіп мен,
Өршіді ойда таласым.
Күн өткен сайын неліктен
Ыстық боп тіпті барасың!?
Қиял да, ой да, арман да-
Өзің боп елес тізбегім,
Өзіммен өзім қалғанда
Өзімнен сені іздедім.
Отырып ылғи бал ашам,
Мақсатсыз түзге құр лағып.
Өңімде теріс қарасам,
Түсіме ендің ұрланып...
* * *
Жүрегімде гүл жапырақ дірілдейді демменен,
Ырғағына қалып мен де гүлмен бірге тербелем.
Жақұт құшқан жанарыңның жарқылдаған сәттерін
Елестетіп: «Жаным!» – деймін
Жеткізер деп желге мен.
Жан дүниеге Күннің аппақ сәулесіндей құйып нұр,
Тіл үйірер тәтті шырын көкірегімде ұйып тұр.
Күтіп тұрған сияқтанып мені алдымда асыға
Табысам деп өзім күткен көптен аңсап биік бір.
Кездесер ау бір қуаныш...
Кездесер ау бүгін нақ,
Шығармын мен қарсы алдынан...
Шығармын мен гүлімді ап.
Елегізген көңілімнің әуеніне елжіреп:
«Келші, күткен бақыттарым, келші,» –
деймін сыбырлап...
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Күндей күліп шықтың сен...
Таң боп атып тұрдың сен...
Кешір мені-
Күттірсем,
Қуана алмай, құр күлсем.
Дүр сілкініп түлепсің –
Шексіздей ғой шаттығың.
Мен де сенің тілекшің –
Басылмасын аптығың.
Сүю деген адамға
Сондай ғажап бұйым ба ең!?
Қанат бітті маған да
Сенің дархан күйіңнен.
Шын-ақ қазір таптың ба
Сезіміңнің оттығын!?
Мұң қақпағын жаптың да,
Нұр сәулесін төкті Күн.
Ә!? Не дейсің!?
Үндеме!
Ұқтым бәрін көзіңнен.
Жүрек деген түрмеде
Оянды сыр көз ілген.
Менің де шат кезім – Күн,
Қуанышпыз, әзілміз.
Құдіретті сезімнің
Тұтқынымыз қазір біз...
Ана жырлары
* * *
Ақ төсекке күндіз-түні арқандалып,
Дәрігердің жүзіне жаутаң қағып –
Сағат тілін шығарып салдық біраз,
Келе алмадың, сен, бүгін қалқам неғып?!
Ақ төсектен күндіз-түн ұзай алмай,
Кейде шыдай, кей кейде шыдай алмай –
Азабымен аурудың алыстым мен,
Жөніңді де еш жақтан сұрай алмай.
Қар жауды жапақ-жапақ далада аппақ,
Ал менің көңілімде қара батпақ.
Ой қиял жүре алмады аяқ алып,
Кім маған жан сарайды аралатпақ!?
Сен келсең ерер едім жетегіне,
Аяңдап арман таудың етегіне.
Осылай қайран күндер қайырылмастан
Күттіре...
Өкіндіре кетеді де...
* * *
Сағынып жүрек сыздатса
Қуалап өзге бар күйді –
Кездескен шақта жүзді отша
Самала сезім шарпиды.
Шапқылап жетсе бір хабар
Оятып алау жалынды
Жүгірер ыстық жылғалар
Қуалап тамыр-тамырды.
Қуаныш жуған жүректің
Демінен өрген жақұтты ой.
Сағыныш деген ұлы екпін
Жаныңды өпсе бақыт қой...
Гүлжауһар Сейітжан
Сағыныш, шаттық алмасып,
Жаныңның шөлі қанбаса,
Көңілді жатса қар басып,
Қызықтың бәрі далбаса...
* * *
Жүзіңді бір кіреуке мұң шалыпты
Іштегі көлеңкеден хабар беріп.
Көктемнің ерке желі тұрса мықты
Бәрі де кетер еді-ау жанарда еріп.
Қуылмай қалды ма екен көңіл кірі,
Жүр әлде белгісіз бір күдік мүжіп.
Кір болса жуып әкет, өмір нұры,
Қуаныш, жет есікті бұзып кіріп.
Тұр мүмкін алда бізді бір бақ күтіп,
Кейбірде пәс көңіл боп жасығанмен.
Мұңайған сәттеріңді қымбат тұтып,
Шаттанған сәттеріңе асығам мен...
* * *
Жүрегімді ауырттың неге менің,
Жарқылдай келгенде әлде елемедім.
Қалағаным бір ғана сен едің ғой,
Не дейін мен,
Не десем сенер едің!?
Жанарымнан салқындық таныдың ба,
Таба еттің өкпе атты тар ұғымға.
Жүрегімді ауырттың неге менің,
Жалған ұшқын болды ма жалынымда!?
Салмағымен жаныша салғырт ығып
Өткен сәттер соңында қалдым тынып.
Ана жырлары
Кеттің бе әлде ып-ыстық жүрегіңмен
Жүрмін бе деп самарқау жанға ынтығып.
Біле алмадым,
Не кетті көңіліңде,
Белгілі қапамның бұл жөні кімге?
Сыздайды әйтеуір бір ауыр сезім
Жүрегімнің кішкентай бөлігінде.
* * *
Дала күңгірт,
Үй іші одан да өткен,
Мен де сондай көңілсіз болам деп пе ем!?
Қашан менің жанымда жаз шығады,
Қашан келіп жаныма қонар көктем!?
Дала күңгірт,
Көңіл де күңгірт бүгін,
Әлі біткен жоқтай-ау жым-жырт түнім.
Қашан маған шаттық нұр әкеледі,
Қашан маған келеді бір құтты күн...
* * *
Күтемін бір күнді
Күтемін үмітпен,
Көңілге шұғылалы қуаныш іріккен.
Ол мүмкін келеді сәулелі таңдармен,
Ол мүмкін келеді жаңбырлы бұлтпен.
Гүліндей құлпырған райхан бағымның,
Күтемін сол күнді,
Сол күнді сағындым.
Бар мұңнан жандағы арылғым келеді,
Жылдармен тотыққан бар мұңнан арылғым...
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Көңілімде дүдәмал бар,
Күмән бар,
Күңгірт тартты кеудемдегі нұр аңғар.
Не өзгерді бұл әлемде мен үшін-
Жүрегімнен сұраңдар.
Көңілімде шаттығым бар,
Бір ән бар,
Мойымаймын –
Ұрысыңдар, сынаңдар.
Не өзгерді бұл әлемде мен үшін –
Жүрегімнен сұраңдар.
Бір татқызып ащы менен тәттіні,
Алабұртып,
Басталмастан аптығы
Мені мүлде ойыншық қып алды-ау
Жүрегімнің мұңы менен шаттығы...
* * *
...Самал соқты.
Жан сарайды желпіді.
Қызыл шапақ нұрға малды пердесін.
Бақыт қысқан жүрегімнің ентігі
Қағып қалды сал сезімнің делбесін.
Сол бір мезет шыландық та шаттыққа,
Тәтті тұман ой-сананы торлады.
Сен екеуміз жанға сусын таптық та,
Қоршап алды ұлы ләззат орманы.
Кенелгендей ыстық шалқар пейілге,
Салқындықтың сөгілген-ді көбесі.
Әлем бізден қалып еді кейінде,
Уақыт бізге емес еді төреші.
Ана жырлары
Ғайып болды бәрі...
Бәрі кенеттен.
Сылып алған шаттығымды не менің?!
Қуаныштың түйнектері сен еккен
Қайда кетті?!
Қайда кетті, білмедім.
Ыстық күйлер орынына мұз қатып,
Көкіректе толас тапты бар дүбір.
Жүрегімді әлсін-әлсін сыздатып,
Жан дүнием қуыс болып қалды бір...
* * *
«Қайырлы күн!» – дедің сен күліп тұрып,
Дедің де кеттің бәрін ұмыттырып.
Кеудеңде дірілдеген ыстық күйді
Демің де жанарың да тұр ұқтырып.
Ұшқалақ күйін жүрек кешір деді,
Түйіннің бұл мендегі шешілгені.
Қырандай қиядағы, асыл құсым,
Қинадың үнсіздікпен несін мені...
* * *
Жымисаң жанарыңда Күн күледі,
Қабаққа таң шапағы іркіледі.
Бүгін түн, жасырмастан айтшы, жаным,
Жаныңның түкпірінде кім түнеді!?
Күлсең сен шашыратып таң шапағын,
Таң болып мен де саған қарсы атамын.
Ұзақ түн,
Жасырмастан айтшы, жаным,
Кім сенің қиялыңды шаршатарың!?
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Бір өкініш сыздатып жан жүректі,
Ыстық бір сезімімді жаңбыр етті.
Осы рет ұмыт қылар бәрін-бәрін
Аңсадым тап-таза бір таңғы лепті.
Бір өкініш жайлап ап тыншытпады,
Ой салады, қинайды шымшып тағы.
Білемін...
Білемін мен бұл –
Жүректе
Аяулы бір сезімнің тұншыққаны.
Дір еткенде жүректің құрыш қылы
Жойылған-ды сонымен тыныштығы.
Тұтады да қайтадан сөніп кетті
Жалт еткен сал сезімнің бір ұшқыны.
Сол еді ойға қамап, мазалаған,
Артық па жалғыздықтың азабы одан!?
Қасиетті сезімді тәрік етіп,
Қол көтерсе, шынымен, таза ма адам!?
Ендеше жүрек қайда талпынады,
Нені аңсап,
Неге бола шарқ ұрады!?
Тарқамайды неліктен бір-ақ жолда
Тірлікте бұл көңілдің бар құмары!?
* * *
Қай жақта жоғалттым сөзіңнің сыйқырлы тұманын,
Қай тұста қалдырдым көзімнің сәулелі шырағын.
Құйылып кетті екен қандай жат арнаға
Сен келсең бойымды билейтін бір ағын.
Сен емес бұл күнде, соларды іздеймін, сағынам,
Күндерім қайда деп кенелген шаттыққа, жарыған.
Ана жырлары
Сен келдің тағы да,
Айттың сол баяғы сыр толы сөздерді,
Мен тұрдым жүрегім салар ма екен деп тағы да ән.
Қымбатсың,
Ыстық әлі сол бұрынғы қалпында,
Деймін мен өзіме: «Қуаншы! Шаттаншы! Жарқылда!»
Бірақ та селт етпей сабырмен қарадым мен саған,
Тұрғандай: «Жетер!» деп сеспенен біреу дәл артымда.
* * *
Діріл қаққан сезімнің жапырағы
Тереңінде жүректің жатыр, әні.
Мүмкін емес сияқты көрінеді-ау
Бір күні оның тозып, қақырары.
Көк жүзінен көз тартса толысқан Ай,
Айдын көлмен қуана тоғысты арай.
Көңіл шіркін сүйіне өрекпіген
Басылмайтын сияқты-ау соны ұстамай.
Таяса да кей шақта өтіне тым,
Шарпымайды-ау сезімнің оты бетін.
Суынарын көңілдің сезбеп едік
Сұлулықтан сабынша көпіретін.
* * *
Сенімен шат,
Тек сенімен бірге едім,
Қайдасың сен, не ойлайсың, білмедім.
Жүректі де жылытатын бүгінде
Тек сен ғана шырай берген күндерім...
Тек сен ғана шырай берген түндерім...
Қуансам да асып-тасып арнамнан,
Мендегі күй адатұғын жалғаннан.
Гүлжауһар Сейітжан
Өмір бойы жоқ іздеген көңілдің
Қалағаны сен бе екен деп қарманғам.
Шынымен-ақ самал болсаң ығар мұң
Деген едім,
Қуантпады құмар күн.
Кім біледі көзді жұмып бәріне
Өзімді өзім алдаған да шығармын.
Иә, өмір, шаттығыңмен бірге әурең,
Түнің тыныш болса, өткен күн даумен.
Еш алаңсыз...
Еш алаңсыз күй кешіп,
Алданған да шығар мүмкін бір дәурен...
* * *
Бірінің жайын біреуі мүлде кеш ұғып
Қалады екен жүректер кейде кешігіп.
«бір күндер қымбат болған осы бейнені
Мүлде ұмыт енді!
Көңіліңнен жой!
Кес үміт!»
Ішімнен атой салады біреу өңештеп,
Жалынып тұрмын басқа ғой, ол емес деп.
Ашу мен ақыл белдескен осы сәттерде
Кетеді өткен аяулы сәттер елестеп.
Міне, біз тұрмыз –
Өзеннің бойы, жарқабақ.
Сүйкімді назбен әзілді бүтін жаңқалап.
Сүт көңілдерге бақыттан құйып бал шырын,
Қуаныш, ләззат біткенді бүкіл арқалап.
Міне, біз жүрміз өзенді үнсіз жағалап,
Гүл тұнып тұрар, құлпырып тұрар бар алап.
Келеміз бізді опасыз деген көктайғақ
Талдырмасын деп сезімдерімізді тағалап.
Ана жырлары Біз күлген шақта бұлақтар сылдыр қағатын, Қырда таң атып, Бүршігін гүлдер жаратын. Шаттықтың жасы жанарды сулап кетсе егер Дүниеден бүкіл нұр болып тамшы таматын. Ол кезде солай дархан боп біздің жанымыз Гүл күреп жүрдік, Күлкімен жүрдік бәріміз. Ұялар деген ойда да болмай бір сәтке Көңілге келіп қара бұлт пенен кәрі күз. Ендігім, міне, қалдырмай соның бірін де, Отырмын тастап жүректі мүлде тілімдеп. Кешегі шаттық өкініш болып жаралап, Гүл атқан көңіл айналып кетті іріңге. Мен үшін барлық қалғандай қызық таусылып, Тек қана сыртқа шығатын көңіл даусы нық. Сондағы мынау құлпырып тұрар дүние Бүгін ол емесӨзен де баяу, тау сұлық. Дүниеден мынау өзгеше сырлы тарап үн, Биіктен тұңғыш махаббат жаққа қарадым. Ол болса сонау ағыста қалт-құлт сырғанап, Сәт сайын менен алыстай ағып барады... ТОЙ Шашу! Шашу! Құтты болсын қадамың, Шашу! Шашу! Бақ сыйласын жаңа күн! Оңыңнан Ай, Күнің тусын солыңнан, Үбірлі бол, шүбірлі бол, қарағым. – дейді әже уыс-уыс дәм шашып, әр жүрекке қуаныштан нәр тасып.
Гүлжауһар Сейітжан
Үлкен-кіші жапыр-жұпыр үймелеп,
Жатыр содан ауыз тие тарқасып.
Шашу-шашу! Балақалайлар, қаптаңдар,
Кәмпит, тоқаш, әдемі күй, тәтті ән бар.
Өз тойының елесіне жармасып,
Асығады бұл шашудан татқандар.
Келін түсті босағадан жаңа аттап,
Той басқарған жігіттер жүр жалақтап.
Қаптап кетті әжейлер мен жеңгейлер
Қолдарында шашу дорба салақтап.
Қызыл-жасыл көйлек киіп құлпырған
әркім дердей тойдың сәні түр-тұлғам.
Ең жаңасын біреу бастап кеткенде,
Қалыспайды одан сұлу былтырғы ән.
Тәтті ауада тәтті ән, күй алмасып,
Басылмайды кешке ұласып, таңға асып.
Бір жағында зіркілдейді рок әуен,
Күй, терменің құлағына жармасып.
Бақытты шақ жайын көзге тосып бір,
Осы маңға қонғандай бар көшіп нұр.
Мұнда бүгін естен кетпес ешқашан
Қуаныштың бір шыбығы өсіп тұр...
ЖҮРЕК СЫРЫ
Жүрек неге ауырады қимаса,
Қыстай ма екен сезім ішке сыймаса...!
Сағынышын,
Ықыласын көп күндер,
Төкпей-шашпай,
Шашыратпай жинаса..?
Ана жырлары
Күткен бейне көзге түспей қамықсаң,
Жаның неге тыпыршиды зарықсаң..?
Секілденіп сол тірліктің кіндігі,
Әлемдегі баға жетпес жарық шам...
Безек қағып,
Ада болып сабырдан,
Қасірет ішіп,
Сөгіледі қабырғаң.
Асықтырып,
Өзегіңді өртейді,
Ыстық жалын лап-лап ұрып тамырдан.
Көңіл неге қобалжиды күпті боп,
Кей шақтарда азабы оның тіпті көп
Жалғыз күйдің құрбаны боп кетеді-ау,
Бұл өмірде жоқтай өзге құт-тілек.
Айнымайтын алуан күйлі тайгадан,
Жүрек сыры көрінбейді айнадан.
Кейбірде ол қатпар-қатпар жер сынды,
Өртке бастар жанартаулар жайлаған...
СЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІҢ
Қосбасым деп бетке ұстап,
Ауытқымай шешімнен,
Кішірейіп алдында – кешірместі кешірген.
Әйел сенің әрқашан намысыңды ту етіп,
Сұлулық пен ізетті шығартпайтын есіңнен.
Мәртебеңді сездіртіп,
Көтертер сол еңсені,
Сол арқылы табылған сезімнің де сеңсеңі.
Бақыт күліп алдыңнан шыққан сұлу сәттерде,
Қанат болып байланып,
Көкке ұшырар сол сені.
Гүлжауһар Сейітжан
Шапағат пен теңейсің мейір аққан бұлаққа,
Әйел ие әрқашан ана деген ұлы атқа.
Өркеніңді өсіріп,
Ғұмырыңды жалғаумен,
Дырду жасар үйіңді айналдырып жұмаққа.
Алыс жүрсең – тілекшің,
Сақтайтұғын сені есте,
Сөзіңе ден қоярсың,
Қабырғаң боп кеңессе.
Жайнап шығар алдыңнан қысылтаяң сәттерде,
Демеушің де,
Пірің де,
Қамқорың да емес пе!?
Мойындарсың осыны тапсаң-дағы бір кемін,
Отбасының ажары,
Қызығың мен дүрмегің.
Әйел деген ешқашан үздірмейтін шідерді,
Тірлігіңе жан берер сенің алтын діңгегің...
СЫРЛАСУ
Түн сырласым келді тағы шам көтеріп жай басып,
Қалдырыпты сыртта жазғы көк аспанды айлы, ашық.
Енді отырмыз оңашада үнсіз ғана ұғысып,
Ғашықтардай кездесетін күнде уәде байласып.
Шам түбіне мен үңілсем, ол да төніп желкеден,
Батырады қиял деген тұңғиыққа ең терең.
Отырамын тағы да сол орнынмда ойға алып
Сол тереңнен қандай асыл шығардым деп ертемен.
Алғаннан соң тапқанымды іріктеп я жіліктеп,
Деймін тағы сырласыма: «Кел, жайымды біліп кет.»
Ылғи маған оралады ол,
«Отырайық тағы да, –
Дейді сосын, – үнсіз ғана»,
Үнсіз ғана кіріп кеп...
Ана жырлары
ӘЙЕЛ
Әйел,
Атың марапатқа кенде емес,
Бола аласың еріңе де, елге де ес.
Өзің жаққан шаңырақтың шаттығы
Дауыл тұрып,
Қан жауса да сөнбеді еш.
Әйел деген атың сенің жылылық,
өмір өзі сенен көп сыр жүр ұғып.
Бәрі саған қарайтындай
Күн жаққа
Күнбағыстар қарағандай бұрылып.
Күлкің сенің Күн нұрындай шуақты,
Жасампаздық тек өзіңнен ту апты.
Қажет болса биіксің сен бәрінен,
Қажет болса өзіңнен жоқ қуатты.
Әйел, атың марапатқа кенде емес,
Бере алмайсың өз жолыңды пендеге еш.
Сен өсірген бәйтерегін ешкім де
Дүниеде еш бәйтерекке тең демес.
Шаңыраққа сен арқылы құт кіріп
Көркейерін келеді өмір ұқтырып.
Сені ылғи пір тұтады сондықтан,
Саған бәрі бас иеді тік тұрып.
САМАЛ
Ерке қыздай оратылып мойынға,
Белден құша еніп кетсе қойынға
Құшақтаса билейміз біз далада,
Жағалауда,
Көктем – ана тойында.
Наздана ұстап мезгіл-қайық ескегін,
Гүлін зерлеп көңілдегі кестенің,
Гүлжауһар Сейітжан
Көк айдында серуендейміз екеуміз,
Таңдап тауып жаздың жайсаң кештерін.
Ой сабақтап, кітап бетін бірге ашып,
әсем кештің ақ білегін түнге асып,
жарқабақтан көкжиекке көз тігіп
отырамыз рахаттанып, сырласып.
Қанша рет қарсы алса да төсті ашып,
Қарсы алады жібек жанмен досқа асық.
Серуеннен соң есігімнің көзінде
Тұрады ылғи қимай әрең қоштасып...
ТҮРШІГЕМІН...
Жас өскіндей бойлаған,
Қызыма қарап ойланам.
Көрінген сайын қылтиып,
Үйіріп жүр-ау ойға алаң.
Қалғанда оңнан күн шығып,
Мазақтай ма деп бір шірік.
Ашылды-ау ұйқым түндерде,
Жүрегім мұздап, түршігіп.
Көңілді мұңмен тербетем,
Тарылып жердей кең мекен.
Зұлымдық көп бұл өмірге,
Қыз болып несін келді екен...
СҰРАҚ
Сұрақ қойды ол сан сөздің шынын күткен,
Болмаса да одан көп сырым бүккен.
Оралды сан... сол сұрақ оралғанда
Айыптыдай қаламын күмілжіп мен.
Ана жырлары
«Неге менің сіңлім жоқ, бауырым жоқ?
Болар еді сонда үйің, ауылың көп.
Отырар ең сен күнде ортамызда
Біріне ұрсып, біреуін тәуірім деп.
Дейді бірде: «Көңілсіз маған қандай,
Көп болсақ қой Әлия, Анарлардай.
Тағы отырам сөз таппай жауап қатар
Ауырса да жүрегім, амал қалмай.
Уақыт тағы өтеді, жылдар ағып,
Аңдушыдай мені ылғи тұрған бағып
Сап етеді тағы да әлгі сұрақ
Сәби көрсе жататын тырбаң қағып.
Моншақ боп көзге түссе шық талайғы
Жамайды әр сұрағы шыққа қайғы.
«Маматай, жарасады. Көтерші», – деп,
баласын біреулердің тықпалайды.
Жанын жеген бір өшпес арман барын,
Талай-талай соны іздеп қарманғанын
Талай-талай бірақ та алданғанын
Қайдан білсін... қарғашым қайдан білсін
Анасы жалғызға да зар болғанын...
ӘРБІРЕУДІ АЛҒА СҮЙРЕП
ӘР КЕМЕ...
Мен адаммын...
Сен адамсың...
Біз неге –
Саған, маған дейміз шаттық іздеме...
Хақылы оған...
Хақылы оған бәрі де,
Үлкен – кіші, жігіт деме, қыз деме...
Гүлжауһар Сейітжан
Мен – адаммын,
Сен – адамсың,
Біз неге,
Саған, маған дейміз шаттық іздеме.
Қуаныштар сусыны ғой жүректің,
Қажетсінер адам оны жүзде де.
Сен – пысықсың,
Мен – ақылды, ол – білгір,
Ал мынау ше,
Байлығымен көл бұл бір.
Бірақ та біз ортаға сап бәрінен,
Жинай алмай келеміз-ау, мөлдір нұр...
Әрбіреуді алға сүйреп әр кеме,
Өз шаттығын байлап әркім дәртеге.
Өзі шыққан төбешігін айналып,
Соны өзінше көреді екен мәртебе...
Жеке мұрат,
Жеке мүдде,
Жеке дау,
Болмас кейде ізгілікке екі орау.
Шылауына шырматылып жүргенде,
Өмір шіркін мазақ етіп кетеді-ау...
* * *
Қап-қара түн тереземнен тұр қарап,
Соған көзім түсе беред сырғанап.
Құбыжықтай,
Бейнесінен қаймығып,
Көңілден сыр оятамын,
Жұлмалап...
Қап-қара түн тереземді тұмшалап,
Көңілімді келіп тағы құрсамақ.
Ана жырлары
Жарқын күйлер,
Тербеңдерші жанымды,
Мен мынаумен қала алмаймын бір сағат...
Қап-қара түн,
Тереземді бүркеме,
Ай-сырғаңды тақ,
Болсыншы нұр төре...
Үріккен құс сияқтанып үрейім,
Шаттық толсын көңіл деген күркеме...
* * *
Беймәлім құпиялар көркін ішкен,
Қап-қара түн, сен неткен қорқынышты ең.
Бір қолыңмен ләззатты бал ұсынып,
Зұлымдықты жасырған сол тыныспен,
Қап-қара түн,
Сен неткен қорқынышты ең...
Кенет шыққан тықырдан секемденіп,
Қуаныштан мезетте кетем жеріп...
Тұрғандығын не күтіп айырмаған
Қорқытасың адамды бекер не ғып!?
Түспесе де салмағы мойынға әлі,
Күтсе де сенен бақыт тойын бәрі,
Зұлымдықтай кей кезде сезілесің
Пиғылы жат адамның ойындағы...
Қап-қара түн көп сырды білгені үшін
Құпиялар табардай бір келісім.
Сондықтан да ой-шұқыр бар маңайы,
Қатпары көп көңілдей күрделі шын.
Көңіл ылғи күндізге алаң мына,
Үйрене алман тірлікте қараңғыға.
Не керек түн?!
Әлде ол жарық нұрдың
қымбаттығын сезсін деп жаралды ма...
Гүлжауһар Сейітжан
ТІЛЕК
Таса болсаң көзімнен қорқамын-ау,
Қорқамын
Қайғы-жегі өзімнен табардай бір ортағын.
Жүрегімді жылытқан Күнім менің сен бе едің,
Күндіз-түні соңымда томпаң қаққан торпағым.
Болмағандай еш сәби сен сияқты бұрын шат,
Тауыспасын қызығын,
Тауыспасын шырын шақ.
Жанарыңның жарқылын сөндірмесін ештеңе,
Құлдыраңдап соңымда шауып жүрген құлыншақ.
Жүрегіңе нұр құйды жаралғаннан шатты от ән,
Бақытыңның шырағын қарсы алдыңнан жақты Отан.
Көңіліңе ештеңе түсірмесін көлеңке,
Ақтаудың ақ құмында серең қаққан ақ ботам.
ЖОЛАУШЫ
Құс сияқты ол ұшып шығып ұядан,
Болайық деп бәріміз де дін аман.
Өзгелердің мейірімінен жанына
Жол үстінде жылылық пен жияды ән.
Құс сияқты жүреді ылғи қонақтап,
Жолда мені қинама деп шөл, аптап.
Тілейді есен оралуды қайтадан,
Тілейді ылғи болғанын ол жолы аппақ.
Жат пиғыл жоқ жолаушының ойында,
Жасырмайды кесірлі тас қойынға.
Сөзге салмақ қосқан қазақ сондықтан
Ұзын жолдың тұрмын ғой деп бойында.
Қорқытпаған боран соғып, қыс келіп,
Қонақ келсе дейді қазақ іске-кұт.
Ана жырлары
Жолаушы жан әр үйіне қазақтың
Сондықтан да жүре берген түстеніп.
Туындай бұл қонақжайлық ғұрыптың
Таңданбаған жомарттығын біліп кім!?
Кім келсе де орын сайлап төрінен
Дейді екен бірі Қыдыр қырықтың.
Кел, жолаушым,
Сұрағың не, сөзің не,
Екі ұшты от ойнамасын көзіңде.
Сен құдайы қонағымсың бүгінгі,
Дейді қазақ өз несібең өзіңде.
СЫР АША АЛАСЫҢ БА...
Сыр аша алған жанды қатты сыйлаймын,
Көрсетердей сонысымен мұңға айбын.
Сонысымен тауып тағы жанашыр
Сенесің бе, жеңілдейді мың қайғың.
Ал жан сырың қуаныштан тұрса егер
Тағы да бір жүрекке ол нұр себер.
Таразылап артық-кемін алдыңа
Орнына қойып берер бұл шебер.
Жан сырың жай болса егер жұрт айыптар
Алар әркім өзіне бір лайық нәр.
Егер сенген досың болса алдына
Іште барды жалғыз рет жайып сал.
Жүрсең де ылғи бар досыңды жиып ап,
Бір-біріңе қошеметі, сыйы ұнап.
Арасынан сыр аша алар біреуін
Таба алмасаң қиын-ақ...
Гүлжауһар Сейітжан
МАҢҒЫСТАУ ЕЛІНЕ МЕН
КЕЛІН БОЛАМ...
Маңғыстау еліне мен келін болам,
Мен үшін артық ел аз тегінде одан.
Бергені жетіп жатыр бір басыма,
Берерім болса деймін менің де оған.
Ол менің көп нәрсеге көзімді ашты,
Сыйлады тәттіні де, сезім де ащы.
Оқытты өмірдің көп сабақтарын,
Болсын деп жеңілге ауыр кезің басшы.
Кісіге қандай болса кісі ұнайды,
Ауызың кейде неге тұщымайды.
Сөзі сырдаң тұрса да кейбірінің
Жеріндей Маңғыстаудың іші майлы.
Шығар деп күтіп ем сан,
Адаспадым,
Дос болдым талайымен,
Жарасты әнім.
Қуансам бір қуанып,
Көтерісті
Төндірген қайғының да қара аспанын.
Мен мұнда туыс таптым, жұрат таптым,
Жүрекке сенім биді тұрақтаттым
Кездескен соққысына тіршіліктің
Мен соның қуатымен шыдап бақтым.
Айналған астанаға жері бүгін,
Маңғыстау елінің мен келінімін.
Бірақ та сәлем етіп үйренгем жоқ,
Кешірсін ерсі болса, тегі, мұным.
Ана жырлары ЖАЗ Бермейтұғын жаны ызғарлы жатқа қол, Жас келіншек алтын-күміс таққан ол. Жаздың жанын көрем десең сыртқа шық, Ай жамылып далада жүр, бақта бол. Мінезге бай сол келіншек ақ тамақ, Қонақжай-ақ танытпайтын жат қабақ. Қалы кілем төсеп тастап алдыңнан, Күтіп тұрар дархан күліп, шат қарап. Қойып алға теңіз, өзен, көл – леген, Жуар бетті жылы-жұмсақ қолменен. Дүниені кемеліне келтіріп, Тіршілікке сусын берер шөлдеген. Келбетінен көңіліме күй енген, Ерке көзбен иығыма сүйенген Күнде ертемен күліп шығар алдыңнан Жайдары сол келіншекті сүйем мен... ЖАЛҒЫЗ БАЛА Жалғыз бала... Тілек те осы, ұрпақ та, Жалғыз қылдық кінәні артып сырқатқа. Жалғыздықты сыйлаған деп балаға Ие етті енді бізді жұрт атқа. Жалғыз бала... Ол да бізге кінә артып, Отырады көпшілікке құмартып. Көнбейді еш бала асырап алуға, Көрінбейді өз қанынан бірі артық. Мұңайтты бұл, Жүрмін кейде жылап та, Таппадым уәж бірақ осы сұраққа.
Гүлжауһар Сейітжан
Дір етемін бала жайы сөз болса,
Бала үні келсе кенет құлаққа.
Айыбымның білмесем де көлемін,
Жаза артып қойғандай-ақ көремін.
Шала ғой деп топырақ салмай қолымнан,
Роддомына тастап кеткен бөбегім.
Көрмесем де жылағанын, күлгенін,
Сәби болып сәнмен өмір сүргенін,
Айыптаңдар! Айыптаңдар, адамдар!
Надандығым! Надандығым бұл менің!
Азсыну да бізге енді күпірлік,
Жұрт айтатын өсекке де түкірдік.
Болмай қойса қайтер едік біреу де,
Жалғыз бала болғанына шүкірлік...
НЕСІБЕ
Ықыласпен қариялар көпті көрген
«Несібең ғой, қарағым, тартынба,» – деп,
Ас қойғанда алдына жоқ шіренген,
Ежелден бар осындай халқымда әдеп.
Зорлық, ұрлық тәсілін қолданып кім,
Кесесінен өзгенің жиі ұрттаған –
Қарғысына ұшыраған сол халықтың,
Несібесін өзіне бұйыртпаған.
Адалға да, арамға сүйікті оны,
Таппаса көрініп тең көзге өлімен,
Сұғанақтар қол салса-күйіп қолы,
Теріп жейді адалдар өз жөнімен.
Көз жұмылса, жеткізбей күткен қадам,
Бұзғанда ма жоқ әлде жау шырықты –
Ана жырлары
Дәмі бітті дейді екен біткенде адам,
Тіршілікпен бірге ол да таусылыпты.
Сұрайтұғын өлгенде қарызыңды
Біздің қарттар көргені, сөзі бөлек
Отырады мәтелдеп әлі күнгі
Өзімдікі бұйырсын өзіме деп.
Несібеңді ал өмірден алынбаған,
Несібеңіз тірліктің несі керім!?
Биік ұста бірақ та арыңды аман,
Сатылмайды ар оған да, Несібелім...
КӨРІМДІК
Тамаша бір дәстүрмен елге біткен
Қайнысынан ілтипат жеңге күткен.
Сұрағанда көрімдік сырғасына
Деді онысы: «Шашылам мен неліктен?!
Сырға сенде, қуаныш сенде емес пе.
Жарамаған сақтасам жеңгені есте.
Сәлемдессем етін жеп, шайын ішіп,
Жу, – деп, – өзің», – бет бұрды енді егеске.
Жеңге қалды қысылып сөзге мына,
Жылт еткендей мөлдіреп көзге кінә.
Енді өзі де дағдарып,
Алмағандай
Бұ ғұрыпты шығарған өзгені ұға.
«Тұрғандай өмірге өзім теліп мен бір,
біреу ме ойлап тапқан еріккен құр!?
Ғасырдан жүруші еді сіңіп салтқа,
Көрінді жаңа ерсі неліктен бұл!?
Тарылтып кетті-ау мынау кең көшемді,» –
Деп сосын ойға қалды жеңгесі енді.
Көңілге қонбаса іс болмайды ғой.
Ыңғайға көндірмессің ендеше елді.
Гүлжауһар Сейітжан
Куәсі болған талай салттың қызық,
Шығуы қалай мына шарттың бұзық?
Қазақтар жоралғыдан қашпаушы еді,
Ежелден жүрмесе де ат мінгізіп.
Күтетін ата-бабам нәсіпті елден
Кірем деп жарқын жүзбен есіктерден,
Қолыңда түк болмаса
Қуанышқа
Шапанын үстіндегі шешіп берген.
Ете алар бұл дәстүрді кімдер мазақ,
Байлаған көрімдікті жырмен ғажап.
Байғазы – байғазы емес,
Көңілдерге
Дәнекер екендігін білген қазақ...
МАЗАСЫЗ ТҮНДЕ
Түн басып тұр иығымнан,
Мазам кетті мүлде менің.
Ауырлау бір күй ұғынған
Сезем көңіл дүрбелеңін.
Ұйықтаймын да елес көрем,
Онда да жоқ күлкі тегі.
Бәрі ештеңе емес дер ем,
Бәрі мені үркітеді.
Туыс,
Достар,
Жанашырым,
Сау ма екен анам,
Көршім?!
Құртақандай қарашығым,
Әйтеуір сен аман болшы..!
Жасаңдаршы бәрің де мың,
Жүрмесінші жау сағалап.
Ана жырлары
Әйтеуір сен,
Жарым менің,
Болшы әрқашан сау-саламат.
Зұлымдық! Қол қатпа соған,
Оқ ұшпасын,
Жер тітіреп...
Отанымды сақта содан,
Тілегімді бер, құдірет!
НАУРЫЗ
Көтеріп қыс түсірген ұнжырғасын,
Ұзартқан бой жаздырып күн мырзасын,,
Оятқан Жер-ананы ұйқысынан
Наурыз депті қазақ жылдың басын.
Талаппен елге құтты,
Ізгі,
Ардақты
Қадайтын жерге түрен біз бармақты
Наурыз келеді екен жылда бізге
Із тастай қадамына қызғалдақты.
Ажыратып қыспен ірге жұраттықтан,
Батырдай қатал, үлкен сынақта ұтқан,
Айнымас табиғаттың анасындай
Мәңгілік тіршілікті мұрат тұтқан.
Бұл күні сәлем беріп, төс қағысып,
Бір бірін еске алар, дос табысып.
Наурыз көже құйып қазанынан,
Отырар жарастықпен қостап ішіп.
Адамның мерекелі, шат күлкісі,
Жайдары үй арасы,
Бақтың іші.
Гүлжауһар Сейітжан
Сандықта жатып қалған,
Әжелердің,
Алмасты көк пүліші,
Ақ пүліші...
Қолқалап,
Жердің жүзін мұң баспауын,
Болсын деп сырлас халық,
Сыйлас – қауым,
Құратын жасампаздық салтанатын,
Қазағым осы депті жыл бастауын...
* * *
Сен мынау көкірекке сыр қамаған,
Сағыныш,
Маған келген жыршы-қайғы.
Көңілдің нәрестесі,
Іңгалаған,
Сен болып,
Күндіз-түні,
Тыншымайды.
Рауандап,
Таң атқанда,
Мың құбылып,
Тұрамын таңмен бірге,
Арайланып.
Секілді,
Нұрлы шапақ күлгін үміт,
Таң асқан хабаршыдай, қарай қалып.
Құстарға, ұшып өткен,
Қол бұлғаймын,
«Қалайсың, көк достары,
Кеңеске сен...»
Бүркейді көкірегімді торғындай мұң,
Сағым боп,
Сар даладан елестесең...
Ана жырлары
СЕН АЛЫСТА ЖҮРГЕНДЕ
Қызғалдақтар жаудырап алыс қырда,
Таудың басы көкмұнар тарта қапты.
Кербез самал жайымен қамысты ырғап,
Ен далаға күй сазын арқалатты.
Тығылды да басқа ой үркіп інге,
Шымырлаған көп елес қаулап шықты.
Шық мөлдіреп көңілдің кірпігінде
Тыныш жатқан көңілді аунақшытты.
Батырдым-ау тағы да мұңға күнді,
Сағынышпен әлдилеп үміт әнін.
Далам еске түсірген қымбатымды,
Жерді ұмытпай қалай мен ұмытамын.
КЕЙ ШАҚТАРДА
Кейбірде сен жүрсеңдағы,
Жанарыңа мұң құйып,
Көрінесің...
Көрінесің қол жетпестей тым биік...
Көңіл шіркін ойран-топыр боп жатқанда мызғымас,
Көздерің бір тұңғиық-ау...
Тұңғиық...
Кейбірде сен жүрсеңдағы жалын атып,
От болып,
Сабырдан тек тұрғандайсың жинап бойға көп көрік.
Көзіңдегі шашыраған алмас сынды ұшқындар,
Секілді ғой жүректерге махаббаттың өткелі.
Сенің жаның биік болар аспаннан да шырқаған,
Дейміндағы, қуанамын,
Жақын тұрсам бір табан.
Көздеріңе қарағанда жай оғына кездесіп,
Жан дүниеңе үңілгенде,
Таусылмайтын жыр табам...
Гүлжауһар Сейітжан
БІР ОЙ
Табынардай ерек күйім жоқ-ты асыл,
Бірақ түстің өзгелерден көп басым.
Уақыт мұнша қатайтады деп пе едім,
Саған деген ықыластың топсасын.
Табынбаған мықтыларға тәтті үшін,
Танытпаған сын сәттерде сақ пішін.
Сен сияқты ма екен әлде сан жылдар,
Жүрегіме қона алмаған ақ гүлім.
Толтырмай-ақ қойынына бақ шіреп,
Сезінетін ізгіліктен тәтті леп.
Сен сияқты ма екен әлде әркімнің,
Жүрегіне қонса дейтін ақ тілек.
* * *
Ұрсам саған, күнім-ау,
Кім өзіме ұрсады.
Ақылымның түрі – дау,
Жай ескертсем бірсәрі.
Сөзімді сан боядым,
Мейірімді тұсап қап.
Қабақ шытып қоямын,
Қалмасаң да құшақтап.
Төкпей жаным арайын,
Қуаныш көп екпейім.
Салқынырақ қарайын,
Жасып жүрер деп кейін.
Бағым әлде сорым ба,
Жасадым ба қолдан шөл.
Қалатұғын соңымда,
Жалғыз өзің болған соң...
Ана жырлары
* * *
Ала алмайды тағдыр еш бәрін менен,
Биікпін мен рухыммен, арымменен.
Сондықтан да қадамым нықтау менің,
Сондықтан да жүзім шат, әнім де ерен.
Көтерермін тағдырдың батпан жүгін,
Солдырсам да арманның таққан гүлін.
Бірақ маған бәрібір қымбат өмір,
Жүрегімде адалдық жатталды ұғым.
Кездесермін қиындық, шырғалаңға,
Таусылмайтын ешқашан бұл ғаламда.
Ізгілікті бірақ мен жоғалтпаспын,
Ұзамаспын шындықтан бір қадам да.
Ала алмайды тағдыр еш бәрін менен,
Алса-дағы қымбатын дарын деген.
Тік ұстаймын еңсемді сондықтан да,
өйткені мен биікпін арымменен!
ӨЗІМ ТУРАЛЫ
Қолымда – қаламым,
Алдымда – жол даңғыл.
Құйылып тұратын оңнан нұр, солдан – нұр.
Аспаным арайлы,
Көңіл де зәңгір-ақ,
Кеудемде тағулы мақсатты арман гүл.
Талаптың қашан да сүйрейді өрге аты,
Жүректе сондай өр талаптың қолхаты.
Қолымда – қаламым,
Алдымда – жол даңғыл.
Келемін мен де бір Отанның солдаты.
Ісім – оң, біледі, сенеді шартарап,
Жетелеп келеді ілгері әр талап.
Кеудемде жүрегім соғады бұлқынып,
Келемін өзімше ел жүгін арқалап.
Жылтырап алыстан үміттің шырағы,
Қуантып, күш беріп, шақырып тұрады.
Гүлжауһар Сейітжан
Ұмтылам мен де оған мақсатты ту етіп,
Ашылып көкейде бақыттың бұлағы.
Алдымда тек қана жақсылық – сенемін,
Сенемін, алдымда тек қана керегім.
Заманым сыйлайды мен үшін бәрін де,
Бойымда барымды мен де оған беремін.
Талаптың қашан да сүйрейді өрге аты,
Жүректе сондай өр талаптың қолхаты.
Қолымда – қаламым,
Алдымда – жол даңғыл,
Келемін мен де бір Отанның солдаты.
«ВОЛГАЛЫ ҰЛ»
Сол күндері жер бетіне қан бөккен,
Тіршіліктен сұлу шырай сән кеткен.
Келе жатты тоқ кейіпті бір адам,
«Волга» мініп, іштен күліп, әндеткен.
Сол күндері мыңдап адам қырылған,
Айырылып бірі қыздан, бірі ұлдан.
Ортасымен зар илеген халқының,
Келе жатты ол байлық тілеп ғұмырдан.
«Волгасына» сықай дүние толтырып,
жанын жайлап жалақтаған бөлтірік.
Келе жатты ол тоқ пейілді шыраймен,
Тіршіліктен сезінбей еш олқылық.
Іздеп жүрген, қалғанында қайғыға ел,
Ұрлағанын жасыруға жайлы жер.
Көрінетін, саналатын жұртының,
Жақсы күнде азаматы, айбыны ол.
Арам пиғыл арсыздықпен ашына,
Жинайды екен әлсіздерді қасына.
Осындайлар шығар сатқан Отанын,
Туған елдің күн туғанда басына.
Ана жырлары ОЙЛАСАМ ЖЕТКІЗБЕЙДІ… О ғажап-ай, естігенім миыма бір-ақ аттап, Сәл нәрсеге қалушы ем қызарақтап. Тұра берем ал енді мізбақпастан, Сезімімді қанжар үш сызады аппақ. Жаралайды жанымды, жүректі езіп, Жөнелгендей жүрегім түнек кезіп. Тұншыққанда қапасқа қамалғандай, Сабыр тұтам байлап ап тілекке жіп. О, ғажап-ай, шыдамсыз секілді едім, Жеңілгенім бұл әлде жетілгенім – Арсыздықтан аттап-ақ кеттім неше, Көрмей-ақ сабырымның кетілгенін. Шаршады ма, мінезге күш түсті ме!? Бәсеңсітті бойдағы ұшқышты не!? Қорамсақта асау сөз қалыпты тек, Атып шығар кейде тек үсті-үстіне... АРУ Табынбаған атына оның ер тегін, Басталады содан ғажап ертегің. Бабам қазақ қастерлеген қызды ерек, Ару деген Ай мүсінді көркемін. Кездессе де тағдырынан сан қысым, Қайратымен сүйіндірсе тал мүсін. Бабам қазақ көрсе көзі тоятын, Ару деген ажарлы әрі арлысын. Ойлылықпен тартымды ғой бет пішін, Ақыл жоқта көз қуантпас еш мүсін. Бабам қазақ ең алдымен қызының, Ару деген көркіне сай естісін.
Гүлжауһар Сейітжан
Ат қойыпты саған, құрбым, Ару деп,
Тұратындай содан әсем ән улеп.
Солар ғана тербеп ылғи көңілді,
Ессін алдан ән-самалдай ару леп.
Дүниеден сан ару қыз өтті, өтер,
Мынау халық: ондай қайда деп кетер.
Көрсет бізге болмысыңның қырларын,
Ару есім телінбейді тек бекер.
Тіршілікте өткен күннен қалуда із,
Біз де соған қосулармыз, алумыз.
Арамызда жүргеніне сендірші.
Бабам қазақ сыйлап кеткен ару қыз...
* * *
Ересегін кісінің, баласын да,
Бірде мінеп, бір теңеп жаны асылға.
Сумаңдайды қу сөздер, желдей есіп,
Адам менен адамның арасында.
Дос та, қас та, жай ғана жанашыр да,
Пенделіктің көп жүрер панасында.
Күні өткенін сезбейді кейде адам,
Мойнын созып жүргенде әр асылға...
АЛАҚҰЙЫН
Не керек атақ деген пайдасы жоқ,
Дейді бір алақұйын айласы көп.
Көріну керек оған артықтығы,
Ас беріп жатса да ел қайғы асы деп.
Сөйлейді ылғи ірі тасып, толып,
Беделін салмағанды жасық көріп.
Ана жырлары
Ғарышқа ұшайын деп отырғандай,
Жердегі құпияны ашып болып.
Өсектің өрті кенет түтіндесе,
Бермейді жөн сөзіңе, бітімге есе.
Бәйгеде оза шапқан жүйріктей,
Қарайды бәрі оған ол күпілдесе.
Күтуге сөздің соңын жоқ шыдамы,
Састырмайды «ойыннан от шығары».
Сол күні сол маңдағы жақсылықтың
Бәрін де сол жасаған боп шығады.
Сияқты ең қарымды, ең білікті,
Талайды қисынсызға сендіріпті.
Өздерінен өздері ұялысқан,
Сұйықтығын білетін ел күліпті.
Татымды бір дәні жоқ, жуынды іші,
Ортадан келмес оңай қуылғысы.
Егіндегі арамшөп сияқты-ау,
Заманның мұндай шикі туындысы...
СҮЙГЕНДЕРДІ ҚАДІРЛЕ…
Махаббатты қорлама,
Сүйгендерді қадірле.
Сүймегенді зорлама,
Жол берме еш жебірге.
«Сүйем» деген жігітті,
«Сүйгішін» деп, күлдің сен.
Үлпілдеген үмітті,
Қуаныш па – бүлдірсең?!
Сезімдерден гүл еккен,
Сергектікті білмепті.
Гүлжауһар Сейітжан
Сүйе алмаған жүрекпен,
Пәк көңілді кірлі етті.
Қаламаса жүрегің,
Ұнатпасаң өзің де.
Іштегінің түгелін,
Көрсетпей ме көзің де.
Көңілден бер қонысты,
Адамдық бір ғұрыпқа.
Сүйгендерге борышты,
Екеніңді ұмытпа!
ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЖЫРЫ
Шежірелі құлан жортқан құм далам,
Белес-белес белдерден қол бұлғаған.
Болат жолдар жер бауырлап төсіңде,
Жер ананың жүрек күйін тыңдаған.
Уақыт жүрдек,
Поездар да тым жүрдек,
Таңды атырған екпінімен түнді үрлеп.
Желмен бірге құйындатқан составтар,
Доңғалақтан күй төгеді күмбірлеп.
Болат жолдар – тіршіліктің тамыры,
Болат жолдар – армандардың сағымы.
Зуылдаған болат жолдар бойында,
Тұлпарлардың басылмасын арыны.
Заула...
Заула, тепловоздар,
Заулаңдар,
Тоқтатпасын нөсер жаңбыр,
Жауған қар.
Сағыныштың тасымалдап жүктерін,
Қуаныштың дестелерін баулаңдар...
Ана жырлары
Болат жолдар – тіршіліктің ырғағы,
Болат жолдар – шақырымдар сырлары.
Рельстердің тал бойында мәңгілік
Тербетілсін болашақтың нұрлы әні...
ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ
«Ерке бала», «Кенжетай», «Мырза жігіт»,
Дейді жеңге қайнысын ырза қылып.
Инабат пен ықылас астарынан,
Жанға жайлы ерекше бір наз ұғып.
Әзілдесе тыңдайды қайынды ұйып,
Сыр айтады қыз, жігіт жайында үйіп.
Жақын одан жаны жоқ,
Өбектейді,
Бар тәттісін ұсына шайын құйып.
Тайсақтайтын болмайды айла, амалы,
Кішік жанға бірінші айналады.
Кірпігімен көздерін көлеңкелеп,
Жолын кеспей өткізіп қайнағаны.
«Көсе аға» деп, болса егер сақал қырған,
Талайларды күлкіге шашалдырған.
Күйеуінің есімін ауызға алмай,
«Өзіміздің үйдегі» атандырған.
Түскен жерін шаттыққа қарық қылған,
Оларға өмір сын күйін сан ұқтырған.
Қабағынан атаның сыр ұқтырып,
Емеурінін ененің таныттырған.
Түйіп ішке жақын кім, алысың кім,
Бола білген жоқшысы намысыңның.
Келі түйіп, құрт жайып, күбі пісіп,
Оң қолына айналған абысынның.
Гүлжауһар Сейітжан
ӨЗЕН МҰНАЙШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫРЫ
Саясынан тыныс тауып, тыншыған,
Мұнаралар тал-қайыңдай сыңсыған.
Аптап, ызғар кенішінде Өзеннің,
Керек ылғи мұнайшыға шын шыдам.
Мұнай мен газ – ұраным,
Мұнай мен газ – жыр әнім.
Сарқылмағай ешқашан,
Алтын дария – бұлағым.
Сан күресте дәмін татқан жеңістің,
Өзен кені ұясындай тек істің.
Құбырлары ақ тілектей айшықтап,
Құшаққа алған асты менен Жер үстін.
Өзеніммен егіз туып жарқын күн,
Біреулерге жетіп, кейде артылдым.
Үстем етіп, азат елдің мерейін,
Ырыс, құты атана бер халқымның.
КӨҢІЛ ӘУЕНДЕРІ
Көз жұмулы, көз алдымда жарық нұр,
Қызғалдаққа, шат жүздерге қарық қыр.
Арман-қиял бой көтеріп кеудеме,
Алып-алып картиналар салып тұр.
Көз жұмулы,
Көңілімде сұрақ тұр,
Қызғалдақтар жайқалатын жырақ қыр.
Дәл қай тұста аңғара алмай жатырмын,
Шақырады жүрек жылытар шырақ бір.
Көз жұмулы,
Көкірегімде бір тілек,
Ана жырлары
Алып ұшып,
Алыс қарап тұр түлеп.
өзге күйдің селт ететін түрі жоқ,
сілікпесін шығарсаң да сілкілеп.
Ауызыма түсе бермес тойда ерен,
Кетпей-ақ бір көкірегімнен қойды өлең.
Көз жұмулы,
Көңіл ояу болған соң,
Сан қиырға бастайды екен ой деген...
БІРЕУГЕ
Шашты қойдың қайырып, шалқалатып,
Өктем-өктем сөз айтып қалқаңа тік.
Нығыз басып, қарайсың қабақ түйе,
Артпасаң да зор салмақ арқаға түк.
Ойхой, шіркін, жампоз ең жалпылдаған,
Безбен көрсе, ұятың қалтылдаған.
Қалай-қалай шіреніп басасың, ей,
Сырың мәлім болса да, артыңда – адам.
Тұрсаң-дағы тәуір мен нашарды ұғып,
Жүре алмайды жалған күй тасаңда ығып.
Еліктегіш актерсің сахнадағы,
Жайлап алған жаныңды жасандылық.
Сендейлерге жетеді бетке күлсе,
Өзді өзімен түк емес шетте жүрсе.
Талай налып сендейден айныр жүрек,
Өмір шетін лақтырып кеткенінше.
Гүлжауһар Сейітжан
СҮЙІНШІ
Қойынына қуаныш күйін шіреп,
Кіріп келді бір әйел сүйіншілеп.
Қарап тұрмын сол сезім оны ұшырған,
Менің-дағы жаныма құйылды кеп.
Осынау жан жанары бал-бұл жанған,
Сый алған-ау дерліктей тағдырдан нән.
Қуанышты хабарын лепіре айтып,
Сүйіншісін алып жүр әрбір жаннан.
Сыйын іздеп біреуі тұрды асыға,
Бір апамыз жармасты сырғасына.
Шытыр-шытыр сомдары көбейді лез,
Сүйіс сыйлап қарап тұр құрдасы да.
Бір үйлі жанды түгел дүрліктіріп,
Сол әйелмен келді үйге бір құт кіріп.
Жадырадық жанымыз бірге түлеп,
Қуанышқа мәз бола тұрдық күліп.
Кеткендей-ді у-шудан құлақ тұнып,
Болар емес бір сөзді бірақ та ұғып.
Кенет қарап қалып ем... әлгі әйел,
Барады екен есіктен жылап шығып.
Білдірмеген қуаныш дүрбелеңі,
Мұнда да қайғы шіркін бірге ме еді.
Деген сөз тіл ұшына үйіріле,
Шығуға дәрмен жетпей күрмеледі.
Бұл екеу кімге жақын, кімге бөтен,
Алмасар бір қайғыңа бір мерекең.
Қуанышын баланың жеткізген ол,
Әйелдің өз баласы түрмеде екен.
Ана жырлары
ПАСЫҚТАР...
Пасықтар қай кезде де сүрген өмір,
Жақсылық болмаса да бірге көңіл.
Ол да адам,
Тек жанының шапағаты
Көрінбес,
Қамалғандай түрмеге бір.
Жасырып тереңірек ішкі амалын,
Жүзінде жүргендей-ақ,
Ұстараның.
Аңдады,
Жатса – тұрса,
Жұрттың бәрін,
Лайлап көзіменен күстәнаның.
Күдікпен,
Астар іздер,
Әр ісіңнен,
Етудің жолын қарап, мәнісін кем.
Күн кешкен ондайлардың жүрегіне,
Нұр емес,
Пасықтықтың зәрі сіңген.
ТАЛАЙЛАРДЫҢ ОЙЫНДА...
Талайлардың ойында талай түйнек жатыр ғой,
Тербей қалсаң,
Адамның адамдығы хақында ой.
Айран-асыр қаласың кейбіреудің құлқына,
Жанашыры болып жүрген,
Өзінше шын ақын ғой.
Сияқты еді – ау,
Жанына ізгіліктен күй еккен,
Мейірімі шүпілдеп,
Келетіндей иектен.
Гүлжауһар Сейітжан
Сөйтсем...
Сөйтсем,
Ол жаным әншейін бір пенде екен,
Тұрған бойы құралған,
Арам ет пен сүйектен.
Жан деуші едім,
Ой әсем көкірегін зерлеген,
Болып шықты,
Өзгені естімейтін ең керең.
Бір уыс нұр сыймапты-ау,
Жүрегінің тұсына,
Шүйке бойлы болса да,
Мақтап ылғи кең деген...
Оқтан емес,
Алдымен,
Сондайлардан сақтанам,
Ондайлардан аулақтап,
Мені әуелде тапты анам.
Жан дүниесін нұр емес,
Қара балшық қаптаған,
Көз алдымда кенеттен,
Шөгіп бара жатты адам...
ТІЛЕК ГҮЛІ
Зұлымдық!
Қолыңды көтерме бейбіт күнімізге!
Жайқалған бақтардың,
Жаудыр көз гүлін үзбе!
Ошағын ортасына түсірме адамдардың
Көктемнің құшағында,
Сары алтын ұлы күзде.
Ақ қырау дана қыстың мазасын алғаныңды,
Қаламан,
Жайсаң жазға қасірет боп қалғаныңды.
Ана жырлары
Шуақты күндерімнің шаттығын ұрлама сен,
Елеске айналдырып,
Бақ тұтқан алдағымды.
Зұлымдық!
Көтерме қолыңды аппақ арманыма,
Әнімен бұлбұл оятқан,
Сәулелі таңдарыма!
Ізгілік дәнін ғана теремін деп білетін,
Кедергі келтірме сен ешқашан жанға мына!
Өмірдің көз тоймайтын,
Ажарын кетірме сен,
Кеткен жоқ көз жасы мен шулаған жетімде есең.
Лағнет айтады олар қанды сол шеңгеліңді
Бүгіп ап,
Өз ұяңа мәңгіге бекінбесең.
Уларың бар ма сенің,
Қасірет пен ел ішпеген,
Бейбіт күн дейді: «Жерде мәңгіге қоныс тебем»
Тілектің осы гүлі ешқашан солмасыншы,
Жойылып соғыс деген,
Жойылып соғыс деген...
УАҚЫТ ЖҮЙРІК...
Бәрі өткінші,
Қайтемін қуып, күнім,
Ертең алыс – бүгінгі жуықтығың.
Үміт қызық бәрінен,
Жүр одан да,
Әлі алда деп ләззатты,
Уытты күн.
Бәрі өткінші,
Тұрақ жоқ қызықта түк,
Қиял суда жүрер тек жүзіп – батып.
Гүлжауһар Сейітжан
Өткен күндер оқ болып ұшыпты да,
Көп мейрамды,
Тарихқа тізіпті атып.
Қуанышқа болсаң да,
Қалқам, асық,
Бәрі өткінші қайтесің жанталасып.
Уақыт – жүйрік,
Одан да сол шіркіннің,
Бос жібермей тізгінін,
Қал таласып.
АУЫЛДЫ АҢСАҒАНДА
Сарайыңды ашар саумал леп,
Құйылар үйге таудан кеп.
Көңірсіп кеткен жоқ па екен,
Бітті ғой менің саудам деп.
Аймалап беттен өпкен кіл,
Аңсатқан ылғи көктен нұр.
Жауынның иісі қайда екен,
Рахатқа үнсіз бөккен қыр.
Құйрықпен кербез желпініп,
Ауылдың көркін келтіріп.
Аққудай мойны тұлпарлар,
Желе ме сонда жөңкіліп.
Толтырып тылсым бір күйге,
Әкемнің орны тұр ма үйде!?
Егінін үнсіз тербетіп,
Ен далам әлі мүлги ме!?
Еркелеу, тентек ұлдар-ай,
Анашым қазір жүр қалай!?
Сағыныш, реніш күйзелтіп,
Ақпай ма жасы құрғамай!?
Ана жырлары
Туыстар бар ма орныңда,
Ойлай ма мені олар да.
Болған соң таса көздерден,
Көңілден ұмыт болдым ба!?
Қиын-ау алыс жер деген,
Көре алсақ сана, зердемен.
Мазамды алды көп сұрақ,
Жас шақта ойға келмеген...
ЖЕЛДІ КҮНДЕ
Ысқырына соқты жел,
Жауды жаңбыр төкпелеп.
Қатталып күн – от кілем,
Ұшып кетті өкпелеп.
Бүрсең-бүрсең жас-кәрі,
Безектеп жүр жан-жаққа.
Жапырақтар бастары,
Ілініп тал – қармаққа.
Мазасын бұл қойды алып,
Жанына ұмыт жайды еккен.
Тентек шағын ойға алып,
Шал қарап тұр әйнектен.
АҚ НИЕТ
Ниетің ақ болса егер,
Менен жақын жаның жоқ,
Қатар келсе қос сәуле,
Ойнар арман сағым боп.
Семіртетін жаныңды ізгілігі ниеттің,
Жүректерді, қашанда,
Жарқылдатқан жалынды от.
Гүлжауһар Сейітжан
Бұқпантайлап күн кешпес,
Аппақ ниет тіпті де,
Көрінеді бар бойы нұрға шома,
Түп-түге.
Ақ бояудан айырсақ,
пенделікке бой ұрып,
Санай бергін рухты да,
Қанат берер біттіге.
ЖЕҢГЕТАЙ
(Майлыбай мен Бибіажарға)
Қондырғалы қайнымның аспанына Ай,
Жеңгетай боламын деп,
Сасқаным-ай.
Жауаптылық сездірген,
Қысталаңда,
Не салды – деп, қорқыппын, – басқа құдай.
Шықса егер,
Туыс, жат бәрі ысқырып,
Білмейсің жақын ба әлде алыс па үміт.
Жеңгелік жасаған сол бір күндерім,
Кетті әйтеуір екеуін табыстырып.
Таныстықтың ширатып жібін бұлар,
Той жасатты қазаққа,
Шығын құмар.
Той дегенде,
Қу басты домалатып,
Әлмисақтан жол салған бұрынғылар.
Екіншісі көбейтіп бір баланы,
Үйлерінде сан сәби іңгалады.
Отырып ап енді мен марқаямын,
Игерген бір жандай-ақ тың даланы.
Ана жырлары
Сияқты бірі құлын,
Бірі ақ елік,
Шаңыраққа сый етіп бұла көрік.
Бара қалсам,
Шуласып бір топ бала,
Дәумамалап алдымнан шығады өріп.
Келінім мен қайным да жүгірісіп,
Құр шайын да тарқаймыз күліп ішіп.
Қыз салмақты,
Түрі де өзімдей ғой,
Саған тартқан жылпос деп ұлы пысық.
Жұпты таппай,
Қандай сор, семсең жүрек,
Кім талпынбас,
Көтерем еңсемді деп.
Қорқамын мен...
Қорқамын бұл сәттілік,
Болған шығар деп мүмкін ең соңғы рет.
Өз отауын қаншама жан сағынып,
Жеңгетайын күтіп жүр қанша жігіт.
Келді қанша үміттің қақпасына,
Тілек қуып арман мен сан сабылып.
Жүрмеу үшін жүректер жетімсіреп,
Бол дейді жұрт жеңгетай екінші рет.
Жәудір көздер бірақ та тұратындай,
«Өзім іздеп көрейік,
Кешірші», – деп...
Гүлжауһар Сейітжан
ІШІ ТАР ҚҰРБЫҒА
Ниет қандай сендегі,
Ниет қандай!?
Ас тыққандай аузыма сүйекті алмай.
Көпе-көрнеу итердің тұңғиыққа,
Кеткенімде сүрініп,
Сүйеп қалмай.
Ойланғанда күндіз-түн жеке отырып,
Дей ме шын-ақ осыдан өт опырып.
Шыныменен құлатады екенсің-ау,
Сүрінбесем әлгінде өп-өтірік.
Мәртебем алып ылғи өз қасына,
Қоймайды көп мыртықтан өз басыма.
Арамның оғы маған өтпей жүр ғой,
Көрінбесе игі еді өз басыңа...
ҚАЗАҚ ПЕН ТӨРТ ТҮЛІК
Төрт түлік мал,
Қазақтың төрт құбыласын жайлаған,
Бірін сойып,
Біреуін белдеуіне байлаған.
Есен-саулық сұрасса,
Аман ба деп мал-жаның,
Адам түгіл,
Шаруаның жайын білген,
Әй бабам.
Қамымен сол малының ойға түсіп,
Қыр асқан,
Тіршілігі жылдан жыл,
Ғасырларға ұласқан.
Төрт түлік мал соңында салпақтаған халқымның,
Талай-талай халіне куәгер ғой бұл аспан.
Ана жырлары
Біреулердің алдынан жағып малы сан шырақ,
Таңдайына өтіпті тірлік балы тамшылап.
Байлығына құл болған барын аяп өзінен,
Жолда қалып біреулер өліпті ғой қансырап.
Достығына белгі деп астындағы атты алмасып,
Жаңа туған сәбиге бір-бір тұяқ арнасып.
Баба жолын ұрпағы әлі ұстанып келеді,
Сый жасаса алдымен түлігіне жармасып.
Барымта деп бір-бірін жаудай шапқан,
Түн торып,
Күн өтсе де жүр әлі мал соңында бірге еріп.
Ақ шағылдар ішінде аптап қысып,
Жел айдап,
Әлі таумен тілдесіп,
Төрт түлікпен күн көріп.
Үйренсе де өмірден шат тұрмыстың әр жолын,
Босатпайды матап мал өз қамымен бар қолын.
Қайырылар өзгеден қайыр жоқ бұл түлікке..
Қанға сіңген кәсіптен қалғысы жоқ әлде оның...
ӨЗІН ҰСЫНУ
Ақын еді ол жап-жақсы,
Ақын еді ол зерделі,
Болмаса да кіл маржан сөзстаннан тергені.
Талай бәйге өзіне тиісті-ақ деп дәметкен,
Бірақ ешкім ескеріп,
Оған сыйлық бермеді.
Өлеңдерім десе де,
Жай жыр емес,
Жыр – бұлақ,
Көшесіне бірақ та жарық түспей тұнжырап,
Жүрген ақын түсінді жаныменен бір күні,
Ешқашан да өзінің сый алмасын білді нақ.
Гүлжауһар Сейітжан
«Көрейінші тағы, – деп, – бәйге алып тасқан ең,» –
салыстырып еңбегін сыйлық алған басқамен.
Қырсық буып олар да: «Сөйлеспейміз, – дегендей, –
Сен сияқты ешқашан бағы жанбас қасқамен».
Көңілінің қалауы көкірегіне жақтасып,
Енгізбеді көркем ой,
Сұлулықты қақпа ашып.
Тани алмай талантты дүние екен деп бірін,
Көре алмады әйтеуір жақсылығын тап басып.
Қоя тұршы десе де кісілік пен тектілік,
Ойға келген шешімді ірікпеуге бет бұрып,
Өзін-өзі сыйлыққа ұсынады сол ақын,
Менікінен осылар артық емес деп біліп.
Күлді халық не десін бұл заманда ондайға,
Ақын ақын емес пе еш сыйлығы болмай да.
Үкі бұлбұл атанса,
Бұлбұл десе несі бар,
Деді біреу, – қысы-жаз шырылдаған торғай да...
ФЕСТИВАЛЬ
Фестиваль.
Мереке.
Күншуақ.
Қалада жүргендей жыр шұбап.
Дүрліккен шат әуен,
Шат күлкі,
Фестиваль,
Мереке,
Күншуақ.
Кеудеге шуақты таққан күн,
Фестиваль,
Қанша сыр ақтардың.
Ана жырлары
Гүл жайнап дүние кетіпті,
Бүркеніп бояуын бақтардың.
Фестиваль кеудеге таққан таққан Күн.
Бұл күні сен де ерек,
Төр де ерек,
Ынтымақ,
Мәңгілік сөнбе деп.
Билейді, шырқайды,
Жер, теңіз,
Қуанып асқақтап,
Дөңгелеп.
Жүректің сусынын бөліскен,
Бұл күні шаттыққа өріс кең.
«Сәулем-ай» латыштың аузында,
«Қамажай» қауышқан орыспен.
Ойда жоқ еш марка,
Еш динар,
Шаттыққа суарған кеш,
Күй бар.
Жүректің жалынын жарқырат,
Фестиваль,
Фестиваль,
Фестиваль.
ЖАҚСЫЛЫҚТАН КҮДЕРІН ҮЗІП ПЕ АДАМ...
Жақсылықтан күдерін үзіп пе адам,
Есейгенін сезіну қызық маған.
Тартасың алдыма әкеп кей жайларды,
Дер кезінде мән беріп,
Біз ұқпаған.
Ренжисің,
Қуанып,
Күліп кейде,
Айта аласың ойыңды ірікпей де.
Гүлжауһар Сейітжан
Айқайым көп,
Мен жайлы,
Қуатым-ау,
Жақсы ойларың кейде одан үрікпей ме!?
Түсініп шаттығыңды,
Бірге налып,
Дем беріп көңіліңді Күнге малып.
Бола алмасам шын досың,
Құлыным-ау,
Шағар едің мұңыңды кімге барып.
Кейде еріп ашудың жат тіліне,
Түсірдім бе көлеңке шат күніңе.
Шек келтіре көрме тек,
Шек келтірме,
Саған деген сезімнің пәктігіне.
ҚҰБЫЛМАЛЫ ОСЫ КҮЙ...
Кейде жақын, кейде жат құбылмалы,
Кешегіден өзгеше бүгінгі әні.
Шеше алмадым бір күйдің жұмбағын мен,
Кейде кермек,
Кейде бал шырын демі.
Қуанамын кейде оған есім кетіп,
Тілегімді айтам да кесімді етіп.
Неге айнып қаламын бірақ қайта,
Кейде таңнан үлгірмей,
Бесін жетіп.
Жүректің алғым келіп жиі алғысын,
Сол үшін сезімімнің жиям күшін.
Қолымнан сірә өзімнің жасалған-ау,
Сынына баға жетпес қиял мүсін.
Ана жырлары
Құбылмалы осы күй құбылмалы,
Қай тереңге тығылған мұның мәні?!
Басқа қырын көзге ілмей тек керегін,
Іздей ме екен жан дүнием жылынғалы.
Сөкпе мені,
Жүрегім,
Сөкпе мені,
Осы ма еді ендігі жетпегені!
Алғысымды алмай-ақ қояйын мен,
Алдамшының маған түк жоқ керегі...
Алдамшының маған түк жоқ керегі...
КЕЙДЕ
Көргендей ек жалындап біз,
Жанып та,
Кездескенде қысылып,
Қызғанып та.
Өзгермеспіз дегендей күйде едік-ау,
Түсірсе де күніміз жүз қалыпқа.
Жақындасаң – келмеген алыстағым,
Алыстасаң – сендей-ақ жан ұшпағым.
Ойға түсіп,
Сан ізгі қасиетің,
Босатушы ем сезімнің қарысқанын.
Бірақ енді бәрі де басқа мүлде,
Ілесе алмай қалдым мен асқан үнге.
Моншақ-моншақ көзімнен жас үзеді,
Ең жақының көмгендей жас қабірге.
Жақындасаң бәрібір жуыспадым,
Көргендей-ақ әншейін туыс халін.
Толтыра алмадың сен, алмадың сен,
Жанымның қаңыраған қуыстарын.
Гүлжауһар Сейітжан
ДІРІЛДЕЙСІҢ НЕГЕ СЕН...
Тілектерге заман салған түренін,
Кезді естіп бейғамдыққа күй келмей
Дірілдейсің неге,
Неге, жүрегім,
Болат жолдың бойындағы үйлердей?
Құлақ түрем күмбір қаққан күйге ерен,
Ұқсай ма екен деп солардың шертісі.
Бір жақсылық қол ұсынса – именем
Емес пе деп сол жандардың еншісі.
Мына жұрттың сыйлап тұрған Сізі кім?
Сөзі бар ма,
Ісі көп пе мақұлдар.
Марқасқалар көре алмаған қызығын,
Көруге, оу, қаншалықты хақым бар.
Дегім келер: мына біз кім,
Олар кім,
Десек-тағы ізгіге мен, сен де асық.
Қысыламын кейде орнында солардың
Айыптыдай жүргеніме Жер басып...
Ана жырлары
Толғаулар
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ
Табаныңнан өтіп сан азап сызы,
Жүрегіңді қарыған мазақ мұзы.
Сонау түнек заманда малға сатқан
Не өтпеді басыңнан қазақ қызы?!
Пана тұтып тек қана ар қамалын-
Бойын соза алмады сан талабың.
Аяздай боп арқаға батқан жүкті
Өмір бойы мыңқ етпей арқаладың.
Көріп бәрін қайғының, құсаның да,
Бал денені лақтырдың кұс ағынға.
Қайталанбас сәттерін өміріңнің
Жат адамның өткізіп құшағында.
Мойныңа сап мұң менен зардан құрық
Жалған ойнап, қуандың, жалған күліп.
Қарапайым адамдық тіршілікті
Бұл дүниеден еттің-ау арман қылып.
Ақылдысың әлде іске ептісің бе-
Бәрібір жүрдің тірлік тепкісінде.
Ашылмаған қазынаң, талант күшің
Қаншалықты кім білсін кетті ішіңде?!
Гүлжауһар Сейітжан
Қанша рет заманның жасытты үні
Таптырмастан дертіңе басытқыны.
Маңғыстауда әлі де елес боп жүр
Ақбөбек пен Қайыптың ғашық мұңы.
Көлеңкелі ертеңнің жалаң қамы
Осып-осып кеткенде әр арқаны-
Сара сынды саңлақтың бетіне де
Шіркеу болып түсіпті заман табы.
Тұман торлап, бұлт бүркеп айналаңды,
Жан түршігер өмір сан жайға барды.
Кісен салған еркіңе сол күштіңіз,
Өткізіпті өксумен Майраларды.
Зымиян сол күндерің сырдаң күліп,
Қоймапты ғой сендерді бұлдандырып.
Қарсы шықсаң еркіне шалған дейді
Надандықтың жолына құрбан қылып.
Сендер үшін сол күнге кектіміз де...
Өмірлерің тарихтық кетті ізге.
Әділетсіз дүниеден тағдырларың,
Тарих болып, аңыз боп жетті бізге.
Табаныңнан өткенде азап сызы,
Жүрегіңді қарыған мазақ мұзы.
Не көрмедің сол бір тар заманыңда,
Не өтпеді басыңнан, Қазақ қызы...
* * *
Айтады әжем сендер жайлы аңызды,
Қиналады сонда оның, жаны ізгі...
Кәрі жүрек толғанады, жылайды,
Еске алып, алыс қалған әр ізді...
Жанарынан моншақ-моншақ жас тамып,
Кетер талай көне тарих басталып.
Ана жырлары
...Сонда сонау түкпірінен көңілдің,
Қарап тұрар қатал заман қасқарып...
Қайғы, мұңға бөккендей боп тіршілік,
Сонда бойым қоя берсе түршігіп,
Ойға аламын заманымның шуағын,
Сонда қайта келе жатар Күн шығып!
Сонда менің сәулеленіп жүзім де,
Ғажап,-деймін, – көктемім де,күзім де.
Жаңа күнмен бірге туған бақытым,
Ешқашан да!
Ешқашан да!
Үзілме!
Жаңа дәуір өз құшағын жайды да
Дәру болды заман берген қайғыға.
Жаңа күнмен бірге келген бақытым,
Ешқашан да!
Ешқашан да айныма!
ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДА
Өңіріңе арман-гүл қадап алып,
Түсіріп жан дүниеге жаңа жарық,
Келеді Әділет жолы сәулеленіп,
Жаңғырып, жасаңғырап, сараланып.
Әйтсе де не көрмеді-
Көрді бәрін,
Білді өзіне зұлымдық тор құрарын.
Ежелден-ақ ол жолды салу үшін
Ұлы күрес қажеті болды мәлім.
Бұл жол нені көрмеді,
Көрді бәрін,
Деместен бірақ – нашар, сорлы халім,
Гүлжауһар Сейітжан
Әділеттің өмірден ойып алар
Анықтады өзіндік орны барын.
Кешірген бұл жол бастан барлығын да,
Саудаға салғандар бар арды мұнда.
Жылан болып шаққандар болған тағы,
Ойнап жүріп шашбау мен тал бұрымда.
Еркі мықты өр жандар салған күшпен
әділетін теңгеріп арманды іспен.
Қайыспаған қиындық салмағынан,
Беріспеген дұшпаны шалғанда іштен.
Дейді олар өзіне: «Жоғал, тыным!
Орал, күнім, еңбекпен
Орал түнім,
Себу үшін ізгілік дақылдарын,
Табу үшін шындықтың сом алтынын.»
Десек те сырына оның әркім қанық,
Сәулеленіп жолымыз,
Жаңғырды анық.
Тұрса да оған бастар жол бойында
Ізгілік,
Шаттық гүлі мәңгі ырғалып.
Соқса да тау самалы шыңдар жақтан,
Көлегейлеп көкейде тұнған мақтан-
Тазармады-ау.
Әлі де тазармады-ау
Адам жаны ғасырлар тұрған қақтан.
Көп көкірек жүрсе де сырға тұнып,
Ақ пен қара таңдарды бірге атырып,
Күткен биік жеткізбей,
Кейбіреулер
Жол ортада сүрінді-ау шырматылып.
Пенделікті жанына серік еткен
Күндер қалды деуші едік,
Ана жырлары
Телімек пе ең!?
Бақыт жолын бастаушы деп сеніммен
Соңына ерген «жақсылар» кері кеткен.
Өз басының аспаған пайдасынан, –
Деген сәтте, –
Ойы арам, айласы нән,
Жай түскендей қиналып тас төбеден,
Қайда барам деп қалдық,
Қайда асығам!?
Найзағай ойнап,
Аспан жалттанған күн
«Мойынға бақыт жүгін артқан нармын»,
Деп шығып,
Сатқындарға құрбан болған,
Жазықсыз жан азабын тартқандар кім!?
Аппақ арман,
Үмітті айла ластап,
Тапталғандай сан ойлар қайран асқақ,
Апарады дейді ел боп күңіреніп,
Әділет жолы дегені қайда бастап?!
Қой! Жоқ! Неге?! Қателер болған білем,
Ізгі ниет оң, солым толған кілең.
Халықпыз қиындықтан қаймықпаған,
Айықпайды сәулелі жолдан рең.
Қате бар деп біз неге іркілмекпіз,
Ұға алады өмірді жұртым кексіз.
Арылармыз жанға жат пиғылдардан,
Аластармыз арамды біртіндеп біз.
Уақыт-күрес қашан да жеңе білген,
Өткіз ұлы уақыт елегінен.
Қарсы алады армандар күліп алдан,
Жеткізеді мұраттар сенемін мен!
Гүлжауһар Сейітжан
ӘДІЛДІК
Ғажайып бір сезімі бар жүректің
Кадірлейтін,
Келер ылғи түлеткің.
Жақсылыққа сусап жүрген жандардың
Кеуделерін, «сол бір сезім», гүл еттің.
Сол бір сезім – жалғандыққа төзбеген,
Сол бір сезім – игі жолды көздеген.
Сол бір сезім – жәбірлеген жандарға
Тұра ұмтылған, көмек күтпей өзгеден.
Сол бір сезім – бойға намыс жинапты,
Теңсіздікке себеп не деп қинапты.
Ауылының абыройын қорғаған
Азаматты хан көтертіп, сыйлатты.
Сол бір сезім, көпшілікке сүйікті,
Ойға – сана, бойға қуат құйыпты.
Адамдықтың арғымағын қамшылап,
Болған екен ізгілікке ұйытқы.
Ғажайып бір сол сезімін жүректің
Қадірлейтін,
Келер ылғи түлеткің.
Жақсылыққа сусап жүрген жандардың
Кеудесіне, сол бір сезім, гүл ектің.
Сол бір сезім – шындықтың да семсері,
Сол бір сезім – көтеретін еңсені.
Сол сезіммен ажыратылып келеді
Даналық пен надандықтың «мен», «сені».
Сол сезіммен тарих көші қозғалды,
Сол сезіммен туған дейді сөз де арлы.
Сол бір сезім мақсатқа үлкен тұтқа боп,
Оятыпты намыс пен ожданды.
Ана жырлары
Бұзылмайтын қамалдарға тең сесі,
Сезімнің ең қуаттысы, серкесі,
Жылынды да әділеттің отымен,
Көтерілді Ынтымақтың еңсесі!
Жер бетінде күліп, міне, таң атты,
Қазақ жері дүниені қаратты.
Әділеттің иығына сүйеніп,
Теңдік жайды тегеурінді қанатты.
Туды ақыры...
Туды ақыры Жарық күн,
Жер бетіне сұлу сезім дарып тың.
Ғасырларды...
Ғасырларды күттірген
Бақыт келіп қақты есігін Халықтың!
Туды ақыры...
Туды ақыры Жарық күн,
Сезімдердің ұлылығын таныттың.
Бостандықтың көк туы боп желбіреп,
Қарайды енді ол төбесіне халықтың!
Адал,
Шыншыл,
Ынтымақты,
Ізетті
заман туып,
Ел мүддесін күзетті.
Асыл мұрат жетегімен қазағым,
Келешекке – Күнге бетті түзетті!
Гүлжауһар Сейітжан
ӨТКЕН КҮНДЕР
Тереңнен өмір өзі қозғап бәрін,
Дегенде өтірікке: тозды ақпарың-
Құрметпен халқы қайта алды есіне
Жазықсыз құрбан болған боздақтарын.
Ақтарып өмір өзі қайта бәрін,
Қойғанда әділетке сай талабын.
Жаңғырдық естігендей шежіре бай,
Уақыттың жүрек жарды байтақ әнін.
Тастаған шындық сонда тұншықтырып,
Тістеді жанды жерден қыршып тұрып.
Демімен удай ащы өзекті өртеп,
Сыйқымен жанымызды түршіктіріп.
Шындығым көтергенде қасқа басын
Мөлтілдеп бірақ көзден жас тамасың.
Оны ұзақ айналсоқтап шыға алмадық
Анадай еңбектеген жас баласын.
Күтіп ек әділеттің жарқын лебін
Бейне бір іздегендей алтын кенін-
Ысырып шымылдықты шыға келді
Қорлықтан қан жылаған халқым менің.
Ойымен алыстырып жаны барды,
Жүрегін қанды суға малып алды.
Шындықтың сыр сандығын ақтарғанда
Өшпейтін өкініштің табы қалды...
* * *
Бұлдырап жетсем деген асқар белі,
Аштықтан да қасірет жастанды елі-
Ұрпағын шығарсам деп бұл белеске
Бабалар өткермеген бастан нені?!
Ана жырлары
Көкейге қонсын онда несіне арман,
Демепті күтпесе де несібе алдан.
Сол шақта жалғыз тілек жайлап бәрін
Жастың да, кәрінің де есін алған.
Жайлатып бір тілекке құлшын адам,
Бір содан сай сүйегі сырқыраған.
Қариялар содан екі бүктетіліп,
Сәбилер бесігінде шырқыраған.
Тар кезең суық қолын малды ырысқа
Дегенде жай күн ұқсап қанды ұрысқа,
Аштықтан ажал тауып үлкен-кіші
Қалыпты домаланып әр бұрышта.
Зар болып сыбызғының сырды үні де,
Ұқсатып хайуандардың тірлігіне.
Аштықтың қысымымен күн де өтіпті
Жегізген адамдарды бір-біріне.
Ісі тек болып жеке бас қамында
Биліктен мейманасы тасқан ұлға
Қарсы тіл қата алмастан, қайран халқым,
Сөнді екен қанша жұлдыз аспаныңда!?
О уақыт! Қаталдығың болды ұққаным,
Көрсеткен елге қанша қорлық кәрін!
Аштықты, қиянатты,
Сатқындықты
Халқыма сыйлапсың ғой сор қып бәрін.
Бұлдыра шықсам деген асқар белі,
Тұйықтан жол таба алмай,
Сасқанды елі –
Ұрпағын жеткізгем деп ертеңіне
Бабалар өткермеген бастан нені!?
Гүлжауһар Сейітжан
* * *
Бабаларға ту болған әрбір үміт
Мәңгі жылап немесе мәңгі күліп.
Тарих болып ғасырлар түкпірінен
Жүрегіме жетеді жаңғырығып.
Сөзі болып,
Ескерткіш көзі болып,
Іздеп, тауып үмітін,
Озып, өліп
Жылжытыпты бабалар тарих көшін,
Бермесе де бұл күнге сөзі көрік.
Жаңғырады әрекет,
Болжамдары,
Көп ойлары қатталған томдардағы.
Жетіле түседі қозғалысқа
Ертеңіне тағы да жолданғалы.
Мәңгі ғұмыр биігі көріншілеп,
Күшейеді әуелгі болымшы леп.
Ойға толы ұрпақтар көкейінен
Нәр жинайды өмірден орын тілеп.
Қуат, күшін,
Мақсатын анықтап ап,
Өмірден мынау жылы танып қабақ.
Туады екен жақсылық жаңалық боп,
Ұшады екен бір күні қағып қанат.
Бабалардан өсиет,
Мұра қалар,
Білесің бе деп заман сынақ алар.
Жүрер жолды ұрпаққа сызып берген
Келер әлі оянса ғұламалар.
Сыйқын бұзған ойларын сан құбылып,
Десек, егер бабалар қалды біліп-
Ана жырлары
Қан жылаған жүрекпен басты шайқап,
Айтқан сөзі жетер ме жаңғырығып.
Қоя қойып өзге ой,
өзге арманын,
Көргендей-ақ ойран боп тозған бағын.
«Әттең!Әттең!»-деп алып,
күйзеліспен
өзі шайнап тастар ма ед өз бармағын!?
* * *
«Даласын-ай, кең-байтақ қазағымның!»
дегенге де жол тауып,
жаза, қырғын,
Шырқын бұзған, шырайын көкке ұшырып,
Елімнің, жез таңдайлы ғажабымның.
Біреуді-біреу қорлап,
Аңдып бағып,
Қасиет-қадыр тұтар барлық халық,
Қорқақ пен қу,
Зымиян сілетуімен
Бір күні жетеді екен жарлықты алып.
Сұсты жүз,
Суық сөздер,
Суыт жүріс,
«Жауларды» ел ішінен қуыпты-мыс.
Жаламен,
Шолақ оймен,
Щорт кесумен,
Халықты сақтайтұғын туыпты «күш».
О, ғажап,
Болыпты ғой мұндайдағы
Сол заман үйретті екен кімге айланы!?
Себебін сол нәубеттің талдашы деп,
Ұйқысын талайлардың ұрлайды әлі.
Гүлжауһар Сейітжан
Жай сөзді әрекетке бұзық теліп,
Қанша адам азғындаған күдік теріп.
Қор болған ағалар-ай,
Ағалар-ай,
Түп-түзу сара жолмен жүріп келіп.
* * *
Құлақ түрсем өткенді білгім келіп,
Атылғандай тығыны сырдың берік,
Лақылдаған бір тасқын алып кетті,
У ішкізіп,
Қабаққа кірбің беріп.
Аш-жалаңаш айналам,
Азан-қазан,
Қасірет толы кеседей маған заман.
Әлдекімдер барады айдап малды,
Адамды да,
Шығарып табанда заң.
Қайдан?!
Қайдан, зұлымдық, алдың тізгін,
Ауызыңды қай жақтан салдың құзғын!?
Әне тағы,
Бір жынды шықты шауып,
Етін жеген алдында балғын қыздың.
Бірі келіп,
Жоғалса бірі асығып,
Талай мінсіз мойынға кінә асылып,
Қанын жұтқан тобымен боздақтардың
Қалып жатыр сайлардың сыры ашылып.
Жүрек қозғар,
Көз көріп мол ертегі,
Күңгірт тартып үрейлі ел ертеңі-
Қорқытқанда сыпырды шындық келіп,
Қилы заман түсірген көлеңкені.
Ана жырлары
Зұлымдықтың қашан да жат қой демі,
Тандырса да есімнен сәуле берді
Әділеттің көлбеңдеп ақ көйлегі.
Қорықпан не сыйлар деп таң келесі,
Секілді асыл,
Биік ән төресі,
Болса да қанша ащы бұл шындықтың,
Қашанда биік екен мәртебесі.
МАҢҒЫСТАУҒА
Талпынған саламын деп жыр шаһарын,
Қызымын Абай керей Нұрсапаның.
Дем беріп қасиетті Маңғыстауым,
Басталды сенде өмірге шын сапарым.
Жинақтап тіршіліктің сан ақпарын,
Алыппын сенен өмір сабақтарын.
Ұмтылып, бірде жылжып, бір сүрініп,
өзінше жүзді ілгері талаптарым.
Жақсыны, жаманды да тыңдап бәрін,
Қойныңда өмір ырғақтарын.
Адайға келін болып келсем-дағы,
Абайдың қызы болып бұлғақтадым.
Бұрып болашаққа алып кемем,
Жаңа заман нарық деген –
Алдым бірге сенің құшағыңда,
Үміт пен күдік толы халықпенен.
Қойныңда құлаш ұрып көк теңізге,
Ес біліп, ой жүгірттім өткен ізге.
Жолықтым тілі менен дінін іздеп,
Ойды өртеп, жан шыжғырған от лебізге.
Десем де қайтем тағып қоғамға мін,
Келгенде жағасына соны арнаның.
Гүлжауһар Сейітжан
Өзіңмен бірге менің көзім көрді,
Алыптың партиядай жоғалғанын.
Октябрь салушы еді жылда дүбір,
Сол еді көздегі от, жырлағы – нұр.
Елеске айналса да сенім талай,
Ұлы той көппен көрген бұл-дағы бір.
Тарихың мың сан тарау, жолдарың да,
Көп ұлтты қойның қыз бен толған ұлға.
Көтердің сен де еңсе, Маңғыстауым,
Тәуелсіз қазақ елің болғанында.
Алданып, құшып қалған көк сағымды,
Ұрпағың қызу қанды, от жалынды,
Намыстың туын ұстап Жаңаөзеннен,
Түгендеп шықты сенің жоқтарыңды.
Әкелді жаңа заман әркімге үміт,
Ұлт біткен қуанысты жарқын күліп,
Өзінің кім екенін таныды олар,
Ананың тілін, дінін, салтын біліп.
Көрген көп мазағын да, азабын да,
Пісіріп өмір әбден қазанында.
Жаңа күн сәуле құйып санасына,
Оянып келе жатыр қазағың да.
Толғанар азамат көп сен дегенде,
Болымсыз болса да еңбек берген елге.
Риза бол, Маңғыстауым, топырағыңа,
Тамшыдай тамса егер тер менен де.
Төсіңде талай есім тұр – емендер,
Мекенім – талай заман түлеген жер.
өсірді мәртебең мен мерейіңді,
тайшықтар, Ержігіттер, Тілегендер.
Кеудеңде жаңа заман ашты гүлін,
Жадырап қайта оралды жастық үнің.
Ана жырлары
Шығарды сені әлемдік аренаға,
Мұнайдан теңіз жасап Жақсылығың.
Секілді түбектегі дара қайың,
Аялап, әлпештеген бар ағайын.
Мұнайдың банкін ашып тұңғыш рет,
Әкелді бір жаңалық Жаңабайың.
Халқына істерінің бәрі ұнаған,
Сақтаған пенделіктен жанын аман –
«Маңғыстаумұнайгаздың» зор тұтқасын,
Ұстады елі сенген Сағын ағам.
Халқына десе егер жанашыр кім,
Бейнесі көрінгендей дара шыңның,
Таратқан құбырлардан қазынаңды,
Есімі аталады Тарасыңның.
Маңғыстау, алда әнің көп басталатын,
Ақтауда иемденген астана атын.
«Ертеңдер – ұрпақтардың қолында!» – деп,
Серіктей жарқырайды жас қанатың.
Биіктеп жылдан жылға шығар белің,
Толтырды олқылықты, сыңар, кемін,
Біріккен кәсіпорын «Арманымен»
Тың іске құлаш ұрып Құралбегің.
Өр талап бар ұрпақтың түрлерінде,
Үмітің көп келешек күндерінде.
Өз атыңнан сөз алып Астанада,
Қайроллаң тұр Мәжіліс мінберінде.
Үнімен жібіткендей ғасыр мұзын,
Жүрекке ән, күй болып басылды ізің.
Арқасында Күрішің, Ізбасарың,
Сержан, Роза, Рухия – асыл қызың.
Тұрғанда мұнайыңның ағысы аман,
Қол созар талай биік әлі саған.
Гүлжауһар Сейітжан
Жалғасып абыройың шыңдарына,
Шырқаған Кекілбаев Әбіш ағам.
Іздеумен есеюдің тың арнасын,
Ұсынар әлі талай шығармасын.
әйтеуір ізгі ниет жолындағы
армандардың шалмасын мұнар басын.
Жазылар әлі талай дастаның да,
өтеді заманалар қас-қағымда.
Үстейтін мәртебеңді мәңгілікке
Жұлдыздар азаймасын аспаныңда...
Ана жырлары
Балладалар
СӘБИ МЕН КҮШІК
Бір сәби ойнап жүрді күшігімен,
Екеуі де риясыз көңілді еді.
Алаңсыз ойын қуған пішінімен,
Жуғандай бар кірбіңді өңіндегі.
Жүгіріп, асыр салып, доп қуалап,
Жүрді олар үй алдында құмар қанбай.
Талай жан қызығумен өтті қарап,
Дегендей: «Сүйкімді еді бұлар қандай?!»
Ойыннан сәби жүзі бал-бұл жанып,
Құйрығы күшігінің бұлғақтайды.
Бір тұрып, бір жүгіріп, дәлдұң қағып,
Бір сәтте жата қалып тырбақтайды.
Заманы өзге болса бүгінгіден,
Дәл бұлай ойнап олар жүрмес еді.
Қызықтап соларды аспан түрілді кең,
Бақытты айналадан нұр көшеді.
Алдыңа кеп өмірге ғашық күнің,
Бақыттан кірпігіңе шық тұрғандай.
Аспаныңның көрсетіп ашықтығын,
Бейбіт өмір тынысын ұқтырғандай.
Гүлжауһар Сейітжан
Бірақ та тағдыр деген бір мықты бар,
Тұратын ылғи өзін еске салып.
Күш жоқ оған адамдық тілді ұқтырар,
Өзіне ғана ылғи кестесі анық.
Кім қарсы тұрады оның аранына,
Жаман ой келер дейсің демде кімге?!
Күшік түсті машина табанына,
Бұлт етіп жолға шыға келгенінде.
Сәбидің даусы шықты құлындағы,
Боялып қалды күшік қызыл қанға.
Өмірдің сәтте өзгеріп бұрынғы әні,
Дүние толып кетті ызыңдарға.
Нәресте пәк жүректі жасқа құрсап
Айырып айналадан қызық лепті!
Кездейсоқтық бір ғана қас-қағым сәт
Сәбидің қуанышын үзіп кетті!
Күн өтті, сәби жалғыз, үнсіз бүгін.
Томпиып тұрды ұзақ үй алдында.
Тауып маң сиректеу ың-шыңсыз күнін
Өрісін тарылтқандай қиялдың да.
Томпиып тұрды сәби қоңырайып,
Үн-түнсіз әлдеқандай ойға қалып.
Болған соң күшігі мен добы ғайып,
Ойын да үйде қалып қойғаны анық.
Өмір сан тосар әлі сұрақтарды,
Тағдырын да көркейтер сәнмен пішіп
Ұмытылар бәрі де, бірақ мәңгі,
Көкейінен кетер ме қан мен күшік?!
Сол сурет көкейінде тұр сезгенді,
Сол сурет одан берік тапты мекен.
Ойына салайын деп бір кездері,
Әлде оны тағдыр жазып жатты ме екен!?
Ана жырлары
Осылай бұл өмірде барлығы да-
Алдыңнан кезігетін тосын жай көп.
Тағдырың жазған сөздер жарлығына,
Айта алмас ешкім: «Міне, осындай!» – деп.
Бірақ та күрес керек адамдарға,
Жанға қаяу салмайтын жағдай үшін.
Әрқашан жетелейтін санаңды алға,
Мақсаттың қолға алсаң да қандай ісін.
Ізгіліктің әрқашан атып таңы,
Еңкейтпесін ешқашан бұла басын.
Адамдардың бүлдіршін бақыттары
Жанына қаяу түсіп жыламасын.
Жер бетінде оңдырар әлі ызғар бар,
Қарсы тұрып оларға тіл қатыңдар!
Сәбилердің көз жасын ағызбаңдар,
Сәбилердің көз жасын құрғатыңдар!
Тып-тыныш кетпесінші таңдар көшіп,
Ұйқтарда да бесігін жай ырғаңдар.
Оларды қан көрсетіп, шошытпаңдар,
Ойнайтын күшігінен айырмаңдар!
АНА МЕН БАЛА
Сен онда, білесің бе,
Кішкенесің,
Белгілі, сондықтан да күшті емесің.
Жүгіретін болғансың, тек әйтеуір,
Қорқыта алмайтұғын ештеңе шын...
Жылы ма, суық па деп, күнді барлап,
Серуенге алып шығып, жүрдім арнап.
Көшеде келе жаттық бірде солай,
Жүгіріп кеттің кенет, құлдыраңдап...
Гүлжауһар Сейітжан
Жібермей қалуға еш жоқ-ты амалым,
Бөгеуге, құлай ма деп, оқталамын...
Қуып ем – жеткізбедің және тағы,
Дауыстап шақырғанға тоқтамадың...
Еш жанға шалдырмаған талай сында,
Өзіңді желаяққа балайсың ба -
Шықылықтап, ілгері жүгіресің,
Жалтақ—жалтақ артыңа қарайсың да...
Жүгір деп сенен осы сұраған кім,
Соңыңда жете алмай мен сірә қалдым.
Ал енді қайтер екен дедім-дағы,
Біреуді тасаланып, тұра қалдым...
Қойдың да бәрін күлкі, жүгірістің,
Кейінге сол сәтте-ақ бұрыла ұштың.
Күнім-ау, дәл осылай сасқаныңды,
Көрмеген болар, сірә, бұрын ешкім..
Сықылық атқан күлкі, ұят қалып,
Кеудеңнен өзгеше бір күй ақтарып,
Көшенің ортасында «мамаладың»,
Жапанда жалғыз қалған сияқтанып...
Көзіңе түспестен-ақ бірі адамның,
Көкесін көрсеттің бір жылағанның.
«Құлыным, ойнап едім, мен әшейін, –
Деп қоям, – жүгірші деп сұраған кім...»
Болсақ та ақылмен тау құлатардай,
Ойынды алмаймыз-ау, сірә, таңдай.
Көшеде, көп ішінде орындықта...
Отырдым сені ұзақ жұбата алмай.
Жүрміз ғой десек-дағы бұрын біліп,
Бойлатпай кетті-ау, күнім, сырың құрық.
Ананың кім екенін маған тағы
Кеткендей болдың сол сәт ұғындырып...
Ана жырлары
* * *
Түн іші.
Қала шеті.
Аялдама.
Сол жерге бала ерткен таянды ана.
«Мама, біз енді қайда барамыз?» – деп,
Анасын мазалайды Аян бала.
«Қой, жаным,
Аз қыдырған жоқпыз бүгін,
Үйде де бірер сағат өткіз, күнім.»
Ананың басу айтқан сол үнінен
Қамқор да,
Аяулы да жоқ-ты ізгі үн.
Өзге бір көңілінен гүл ашылып,
Қиялы кетті қайта құлаш ұрып.
Әлгінде қыдырғысы келген бала,
Енді үйге алып-ұша тұр асығып.
Болмайды-ау асығыстық, атүстілік,
Қарасақ іске тегіс қатысты ұғып.
Автобус күткен ана қараңғыда,
«Бір» менен «жетіні» алды шатыстырып.
Сонан соң ашып бірін көп «қойманың»,
Отырып «қазынасына» жекті ойларын.
Сәлден соң байқады тек терезеден
Автобус ен далаға бет қойғанын.
«Апырау, қайда кетті?! Мұнысы не?!
Деген ой келді қарап түн ішіне.
Тым баяу әншейінде автобустың
Кеткендей жылдам болып жүрісі де.
Таңдана қарағанын тұрған халық
Еске алып,
Қалды жайды бұл да аңғарып.
Гүлжауһар Сейітжан
Өзінің қателігін ұққан сәтте
Сигналға қолын созды жылдам барып.
Бір кезде жалт қараған баласына,
Қорқыныш кірді ме деп санасына.
Бірақ та жайбарақат келе жатты ол,
Көрінбей үрейлену қарасы да.
Кенеттен...
Сол бір мезет кетті елжіреп,
Ананы кім бекерге депті ержүрек!?
«Қорықсын өзім барда балам неге?!»
Деп тұрған-ды мақтана тепкен жүрек...
СӘЛЕМДЕМЕ
«Анаң саған сәлемдеме салыпты», –
Деген еді жолдасы,
Әйел оған қатқыл сыңай танытты:
«Адам өзі істемейтін сол басы!
Өмір заңын түсінбеген жан әлі –
Ойламайды деп: мен қандай күйдемін?!
Алты сомға сатып алып салады
Үш-ақ сомның үйрегін.
Дейміз ылғи: Біз үшін сен шашылма,
Бізде бар ғой бәрі де!
Жанашыры болмаса да қасында
Қарамайды ешқашан өз әліне.
Біздікі ғой өзімізге жетеді,
Бәрі де бар, мол бүгін.
Сәлемдеме салған деген не теңі,
Өз пайдасын түсінбейтін сорлының!?»
– деп, анаға әйел сонда кіжінді,
Кеткендей-ақ сонда өші.
«Тыңдашы өзің, жөн бе осы?!
Сәлемдеме үшін ана айыпты
Бола алмайды тіпті де.
Ана жырлары
Деп білсе де ол: Қызым әбден байыпты,
Санама оның махаббатын біттіге!
Іренжімей,
Сәлеміне жүрші ұйып,
Сонда бәлкім кірлі көңіл аршылар.
Өз қолынан тамақ беріп,
Бір сүйіп,
Бір көруге, қайдан білдің, зар шығар.
Қайдан білдің?!
Қайдан білдің сен мұны,
Білмей тұрып неге түстің егеске?!
Аналардың мұқалмайтын ерлігі
Махаббаты емес пе?!»
АНА, НӘРЕСТЕ ЖӘНЕ ХРУСТАЛЬ
Үйленді де, жайлағандай үйін нұр
Болған жігіт бастапты бір қиын жыр.
Жас келіншек сүйіп келген жарына
Дейді екен «келдім, енді киіндір»!
Бәрі керек жас адамға, ойласаң,
Жастық бақыт, қызығымды жоймасам.
Неге қажет барлық деген егер де
Бере алмаса жанға – ләззат, бойға – сән.
Етік керек, көйлек керек, тон керек...
Бір киім ал теңіз бенен көлге деп...»
Жар көңілін қимаған жас жігіттің
Бар табысы кетіп жатты дөңгелеп.
Сияқты еді барлығы да жетерлік,
Бұл ойымыз болып шықты бекерлік.
Өз алдына киім біткен бір төбе,
Гарнитурлар келіп қалды шетелдік.
Қалай шыдар тұрса егер жар сұрап,
Айтса бітті жігіт жетеді артып ап.
Гүлжауһар Сейітжан
Кіре қалсаң көз тартады хрусталь
Люстралар самаладай жарқырап.
Сарып қылып тек жиһазға тапқанды:
«Өмір сүру керек қой!» – деп, ақталды.
Жас жігіттің төрт бөлмелі үйінде
Кілемдердің неше түрі қатталды.
Бұл жағынан болмады әсте қаталық,
Тұрды дүние кеңірдекке тақалып.
Айналасы бірер жылдың ішінде
Шықты олар «пысық жандар» аталып...
Қайтейік біз бар шындықты бұрмалап,
әділеттің ауласынан сырғанап.
Бәрі жақсы болатұғын оларда-
Келді өмірге бір қыз бала іңгәлап.
Ұмытылғандай ұлы бақыт шамына,
Жақсылықтар болып жатты тағы да.
Байлық та бар, бала да бар, бәрі – бар
Өмір сәні келе түсті бабына.
Қуаныш боп әр көктемі, әр күзі
Әлденеше жылдың тағы қалды ізі.
Сөйтіп жүріп...
Сөйтіп жүріп бір күні
Беске толды әлгілердің жалғызы.
Қалса-дағы басқа әдет, басқа ырым,
Тойламайды бұл күндері жасты кім!?
Бұлар соны атап өтпек болды енді,
Қалт жібермей бүгінгінің дәстүрін.
Қонақ үшін барын жасау – бас ғұрып.
Сервантының кілтін қойды аштырып.
Бір мақтанып қалу керек мұндайда
Барлығыңды,
Барлығыңды паш қылып.
Ана жырлары
Хрустальдың сыңғыры бір тамаша ән,
Хрустальдан өзге қоймау – жаңа сән.
Мөлдіреген аяқ-табақ бірөңкей
Көздің жауын алатұғын қарасаң.
Қызы жүрді томпаң қаға жүгіріп,
Анда-санда әр нәрсеге үңіліп.
Хрустальдың шынайысы, шынында
Тұрады екен көзді арбай құбылып.
Тұрды бәрі столында тізіліп,
Тиіспейтін айтқан сөзді қызы ұғып.
Алды кенет бір табақты қолына,
Балалықпен кеткен еді қызығып.
Аяқталып кенет солай бар таңы...
Түсіп кетті, шықты ыдыстың талқаны.
Әйел жетті сол мезетте жүгіріп
Қолына ұстай ет шабатын балтаны.
Мұндай кезде ашуға күш артасың,
Соңынан тек сазайыңды тартасың...
«Неге ұстадың ұстамайтын нәрсені?!» –
деп, анасы сілтеп қалды балтасын...
Дүниеқорлық ашуменен бірігіп,
Ақыл, сабыр қалып еді сырылып.
Шырқыраған сәби үні сол күні
Тұрып қалды ауада ұзақ ілініп...
Ана жүрек кетті енді езіліп,
Қандай күйге тап болғанын сезініп.
Аз ақылды ашу буған сәтінде
Құрғыр балта қалды қайдан кезігіп?!
Өт сөндірген адамдай боп тұрды өңі,
Тағдыры кеп өз қолымен ұрды оны.
Аялаған, ардақтаған, жан жеген
Талқан болды сәбиінің бір қолы.
Гүлжауһар Сейітжан
Жан азабы түсіп мүлде тереңге
Айналғандай еді ана кереңге.
Біржола естен танды:
«Түк амал жоқ,
кесу керек сәби қолын», – дегенде.
«Жақсы, – деді ол есін жиып бір кезде, –
оздырмайық уақытты онда құр сөзге.
Сәбиімнің жаны қалсын әйтеуір,
Не десе де көтерем ғой жұрт өзге»...
Тұра алмады бірақ та ол сөзінде,
Қаншалықты бой ұрса да төзімге.
Шыдатпады тұнатын мұң, күйініш
Ғұмыр бойы сәбиінің көзінде.
Алыса алмай тағдыр атты күштімен,
Тістесе алмай тағдыр атты тістімен –
Таңып алып тас қып қызын өзіне
құлап түсті биік үйдің үстінен...
Осылайша қос өмірден көшті нұр,
Дүниеқорлық алды адамнан өшті бір.
Осылайша қаламызда бір күні
Кетті үзіліп...
Кетті үзіліп қос ғұмыр.
Дүние жақсы,
Дүние керек адамға,
Керек бірақ қанағат та,
Балаң да,
Кім біліпті сүрінерін қай тұста
өмір деген үлкен сынақ алаңда.
Жиналса да айтпас мұны бар мықты,
Мықтаса дер:
«Сана бір сәт қалғыпты».
Ең бастысы көзіңді шел баспасын,
Көтере алмай,
Бақыт пенен барлықты...
Ана жырлары
ГУЛФАЙРУЗ
(Ақтауда болған оқиға ізімен)
Гулфайруз кішісі еді үйіндегі,
Әкесінің еркесі, сүйінгені.
Не істесе де ұнайтын оған бәрі,
Сөйлегені, күлгені,киімдері.
Әкесінің болды ол бір сенгені,
Көзінен от ұшқындап,
Нұр сөнбеді.
Дипломын әкелген күн сүйіп оны,
Арманым жоқ, сенше өмір сүрсем деді.
Әкесі аймалады балапанын,
Құлыным, менің атқан жаңа таңым.
Осылай жүрсең болды көз алдымда,
Тек аман бол,
Сақтасын жаратқаным.
Гулфайруз,
Әдемі қыз,
Түрі аппағы,
Әкесін күліп келіп, құшақтады.
Анам менен екеуің аман болсаң
Ала алмайды тірліктің еш аптабы.
Әкесі сүйді оны маңдайынан
«Тұр екен бағы жанған қандай ұлан?!»
Деген ой жылт етті де, сөнді мезет
Хабарын берді қызы хал-жайынан.
Қызында бәрі жақсы, бәрі қызық,
Көрген жоқ тірлігінің сәнін бұзып,
Тірліктің бәріне мәз,
Ақ көңілді
Ойында жоқ жолар деу қаны бұзық.
Гүлжауһар Сейітжан
Гулфайруз жұмысына мығым болды,
Айыра білетұғын оң мен солды.
Шын жүрекпен атқарған істеріне,
Гулфайруздың шыныменен көңілі толды.
Осылай өте берді уақыт жылжып,
Мойынынан түскендей бейне бір жүк.
Қарап еді,
Не бар деп маңайымда
Тұра қалды бір жігіт,
Сырғып, сырғып.
Лүпіл қаққан жүрегі тына қалды,
Неге? деп бұл өзінен сұрақ алды.
Ешбір жауап таба алмай
Қапа болды,
Шүбәланды, әйтеуір шүбәланды.
Шүбәланды, ол неге?
Ойда күмән?!
Күмәншіл болдым ба әлде қайдағыдан?!
Бұл не, тегі,
Орынсыз емес пе деп,
Қайтпақ болды бастапқы байламынан.
Байқап тағы көрейін жөн–жобасын,
Деп ойлады себебі болмағасын
Бір қараған адамға,
Жөні түзу,
Әрине, алғашында толғанасың.
Уақыт өтті,
Сияқты жақсы бәрі.
Ештеңе жоқ жетпейтін нақ шыдамы,
Осылай өте берді күндер жылжып,
Гулфайруз жүргенінде екі ойлы боп,
Түс көрді,
Кімге айтпақ мұны сыр ғып.
Ана жырлары
Сыр ма бұл?
Түс қой,
Тіпті қорқынышты,
Қарап тұрып тарылтар мол тынысты.
Айта салар оңай сөз емес екен,
Емес екен сондай-ақ,
Ол – пұл ішкі.
Білмейді өзі,
Бұл судың жағасы ма?
Кенет бөгде ой келді санасына,
Су ма өзі? – деді ол жігітіне,
Тұрып қалды,
Бергенде жағы ашыла
Орнында,
Қасқыр қарсы адымдады.
Шошынған содан даусы шығып қатты,
Әрең деп басып өзін дамылдады..
Апырай-ай, қандай сұмдық ұшырағаның,
Тірліктің көрдің қандай қысталаңын.
Лапылдап жанып оттай жалын атқан,
Неліктен болды сенің қысқа бағың?!
Апырай ,қарап саған төзе алдым ба,
Сергідім, бір ақ сәтте бозардым да,
Көздері жігіттікі сол қасқырдың
Әлі де жалтылдап тұр көз алдында.
Шошынды,
Қыз жүрегі діріл қақты,
Ештеме естімеген бұрын қатты.
Қалайша білмеді екен оның сырын,
Құдайым оны неге қырындатты.
Гулфайруз ешкімге сыр ақтармады,
Басынан өшіп жатты тәтті арманы.
Жігітті шақырды ол сол күн кешке,
Жетті деп қоштасатын шақтар мәңгі.
Гүлжауһар Сейітжан
Бірақ та жігіт тұрған көңілді тым,
Бейне оған тым сиқырлы көрінді түн.
Сабырлы қыз бейнесін елең қылмай,
Деді оған:
«Меншігімсің менің, бүгін.»
«Жоқ!» – деді, жұлқынып қыз құшағында,
Лақтырғалы тұрғандай күс – ағынға,
Бұлқынған ол сытылып шықты мезет,
Білген жоқ бұлай жігіт ұшарын да.
Қорықты.
Қорықты ол шыныменен,
Білген де жоқ бітерін мұның немен.
Сезгені тек орын жоқ жүрегінде,
Сүйген жоқпын мен сені,
Құры! – деген.
Жігіт тұрды тепсініп,
Есікті ұрып.
Өзінше қызға күшпен сес ұқтырып.
Айнымады бірақ ол шешімінен,
Айтар сөзін айтты да, кесіп тұрып.
Бүгін сені арнайы шақырғаным,
Болатұғын сен жайлы ақырғы әнім,
Бұдан былай түк те жоқ арамызда,
Қажет емес ендігі бақырғаның.
Жай айтып, түсіндірмек ойым бар-ды,
Бірақ та көріп тұрмын тойынғанды,
Соңғы рет кездесуге келіп едім,
Орнында дәл осындай ойын қалды.
Бірақ та жігіт бұлай тыйылмады.
Қыз үшін еркін жүру қиындады.
Әрең жетіп үйіне, жұмысына
Жан ұшыру боп жүрді бұйырғаны.
Уақыт өтті біртіндеп ,айлар ағып,
Жүрегіне түйір ой байлап алып,
Ана жырлары
Жүрді ол қандай жерде кездессе де,
Айтары бір ауыз сөз,
Айдан анық.
Бірақ та жігіт енді жолықпады,
Айлар өтті арада сол ұққаны,
Жаңа Жылды қарсы алып үй-ішімен,
Естен шыға бастаған қорыққаны.
Осылай жүзге күлкі қайта оралып,
Қиялы жүйткіген-ді байтақ алып.
Жаңа жыл жаңа бақыт елшісіндей,
Қарсы алған келген жылды жайтаң қағып.
Бар еді бір ашықтық жанарыңда,
Кейістік болмағандай қабағыңда.
Көздері ылғи күліп тұратұғын,
Жалтылдап сырғалары сағағында.
Жұмысқа бару ойы шыққан бойда,
Қорқынышты тереңдеу тыққан-ды ойға.
Жүгіріп кеп тоқтатып бір көлікті,
Ойда жоқ жолығары тіпті ондайға.
Гулфайруз отырды да танып қалды,
Машина жүріп кетті жағып фарды.
Тоқтат деп айқай салған Гулфайрузды
Желкеден әлденемен салып қалды.
Сол екен қыз қимылсыз қалды мезет,
Жігіт зулай жөнелді барды безеп.
Әйтеуір жолы болды сол күні оның,
Тексермей, күттірмеді алды кезек.
Өмір өзі шығарар қалтарыстан,
Тұрмайды ғой тіптен ол алпарыстан.
Деп жұбатып жігіт те дәмеленді,
Биігіне жетердей аңсап ұшқан.
Бәрін берген үйінің құжаттарын,
Тек қана көлік үшін тұсап халін.
Гүлжауһар Сейітжан
Егер аман өткізсем бүгін күнді,
Демес едім ешқашан ұсақтадым.
Бірақ та ол сөзінде тұра алмады,
Өзін де, өзгені де құр алдады.
Есінен танды деген Гулфайруз қыз,
Сол бойы орнынан тұра алмады.
Тілге де келе алмады содан қайтып,
Адамша ең болмаса қолданбай түк.
Тым болмаса қабағын бір түйе алмай,
Тіл де жоқ күстаналар, болғанды айтып.
Гулфайруз еш қимылсыз жатты алдында,
Дейтіндей,
Жеткеніңе мақтандың ба?!
Сорғалаған көз жасы жас жігіттің,
Дейді оған:
«Қор болдым, тапталдым да!»
Жиырма үш-жасы оның басындағы,
Жас жігіттің өксігі басылмады.
Бір ой келді күтпеген оған кенет,
«Жоғалтқан жоқ екенмін басымды әлі...»
«Өлтіріп алдымда иә, сүйгенімді,
Кінәлай алам осы күйге кімді...
Өзім ғой,
Өзім бәрін ойластырған,
Сыртыма шығармайын үйдегімді.»
Сөйтіп, ол өз ісіне кіріскен-ді,
Еш жанға сыр бермеуге тырысты енді.
Сыпырып бар киімін ,өртеп қызды,
Сонан соң ғана өзіне тыныс берді.
Қыз жоғалды,
Іздеді оны бәрі.
Үміті бар,
Білмейді соңын әлі.
Ана жырлары
Әкесі оның ойлады сол бір сәтте,
Сырт еткен-ді сананың қоңырауы.
Жігіт оның сол мезет түсті есіне,
Емес еді ол оның істесі де.
Тек қана өз қызымен жүрген бұрын,
«Сол маған берді дейсің күш несіне?»
Екі ай өтіп,
Үшіншісі аяқ басқан,
Жақын жерде жүрді ол таяқ тастам,
Білсе де кінәсін , мойындамай,
Жан еді өзін-өзі аяп қашқан.
Дей алмаймыз жұрт тіпті дамылдады,
Тыншымады халықтың ағылғаны.
Ұсталған жігіт түк те мойындамай,
Өзіне тура дәлел табылмады.
Босатты,
Оны біраз ұстады да,
Дәлелсіз ала алмаған қыспағына,
Бірақ та қыз әкесі себеп болған,
Дәлелменен қайтадан ұстауына.
Жоймаққа артта қалған ізін мүлде,
Шыққанда ,
Ұқсатты екен жүзін кімге?!
Білдірмей жүрген екен аңдушылар,
Соңында еді олар тізімнің де.
Саяжай қайдасың деп тартты жігіт,
Үйге барып жуынбай, салтты бұзып.
Соңындағы адамдар көз алмастан,
Бақылауда мүлтіксіз.
Артты қызық.
Жігіт шықты,
Даладан кірді дағы,
Жасырғысы келді ме бір күнәні.
Гүлжауһар Сейітжан
Сыпыртқы алып қайтадан ішке қайтты,
Сонадайдан көз салып жүрді бәрі.
Біршама уақыт өтті, жылжып тағы,
Белгілі өзі жігітке кір жұққаны,
Ізшіл ит әкелуге адам кетті,
Жасырын бұл жердегі сырды ұққалы.
Иіскелеп ит бәрін жүрді дағы,
Өлі көл жаққа қарай құлдырады.
Тапты ақыры денесін сол арадан,
Айтылмаған жай еді бұл бір әлі.
Гулфайруз, Гулфайрузжан, қарағым-ай,
Мына ажалдың ,қарағым, ауырын-ай!
Ең бір сорлы ананың, әкенің де,
Шағылмаған шығар-ау, тауы бұлай...
Мойын бұрып жүргенде сәл күдікке,
Орнында оның бір үлкен қалды нүкте.
Жиырма үш жастағы Гулфайруз қыз,
Кете барды осылай мәңгілікке.
Гулфайруз – қазақтың бір әрлісі еді,
Алғаны айналадан алғыс еді,
Жиырма екі жасында жанып тұрған,
Құдайым неге ғана алды сені.
Гулфайруз – қазақтың бір шырайлысы,
Үлкенге, кішіге де ұнайды ісі,
Жетпеді неге әділет,
Дегеніне
Неліктен жетпеді екен құдай күші
Гулфайруз – қазағымның бір баласы,
Лайық-тын әуелеген жырға басы,
Тап болды қандай күйге, ей жарандар
Көзімен әділеттің бір қарашы,
Бейғам, пәк, аппақ жаны жүрегінде,
Күлкі ойнаған жайқалып гүл ерінде,
Ана жырлары
Жиырма екі жас еді шыққан шыңы,
Білмей кетті қанша өмір сүрерін де.
Гулфайруз,
Гулфайра қыз, қарағым-ай,
Күңіреніп көрмегендей дала бұлай,
Бар маңай тұрған сынды аза тұтып,
Бұлттардан әрең жылжып барады Ай.
Кетті мәңгі Гулфайруз,
Мәңгілікке,
Нүкте қойып сан болжам, сан күдікке,
Көзінде күлкі ғана жүрген қыздың,
Тағдырына қойылды мәңгі нүкте.
Жан білмесе қанша өмір сүрерін де,
Айтса да бұл өмірден тілерін де.
Мәңгі қара дақ болып қалды ақыры,
Жігіттің оны сүйген жүрегінде.
Сүйген қыз кек алды, сасқызды оны,
Тұрғандай-ақ бұл өзін бассыз көріп,
Жігіттің түсіне ол әлі кіреді,
Жиырмадан жаңа асқан жас қыз болып.
ТАҒДЫР
(Естен кетпес естелік)
(Қарақолда)
Есетін Қарақолда жүздерінен мерей лебі,
Аякөз ауданының керейлері –
Біз онда тұратынбыз фермасында,
Қарақол совхозының,
Семейдегі.
Қазыкей әжем,
Шағат атам менің,
Қыздары сыйға тартқан жаһан демін.
Гүлжауһар Сейітжан
Содан бері мен бармын тіршілікте,
Қазақпын,
Қазақстан атанды елім.
Ата өлген,
Әжеме еш жоқ талабым,
Айтуға тек жағдайын оқталамын.
Төлеухан мен Ауданхан –
Екі қызы,
Қалған екен ішінен көп баланың.
Күрсінісі көп,
Бірақ берік адам.
Кішкентайдан өскенбіз сеніп оған.
Бауырында қалған қос қыздың бірі-
Ауданханы болыпты менің анам.
Азайса да күші оның білектегі,
Жоғалсын деп дүниеден тілеп пе еді?!
Ұлдарынан айырылу оңай боп па,
Сол азаптың уы ғой жүректегі.
Күрсінгенде,
Шыққандай бүкіл демі,
Шашалтқандай адамды түтіндері.
Біліп тұрып оның сол ауыр халін
Жүрегім талай рет лүпілдеді.
Кейбір де жан сияқты нұр сіңірген,
Ада болар қайғыру, түршігуден
Бірақ та көбінесе,
«Уһ!» деп алып,
Жүрек жара танбайды-ақ күрсінуден.
Қазыкей әжемнің бар,
Құрдастары,
Бар оның өз қатары,
Сырлас бәрі.
Отыратын бір үйге жиналып ап,
Басталар еді сонда жыр бастауы.
Ана жырлары
Көңілді тым,
Езулер жиылмайды,
Өлеңнің неше түрі құйындайды.
Секіріп біз жүреміз ортасында,
Кеш батқанша әлгі күй тыйылмайды...
...Бір күні хабар келді көрші ауданнан,
«Жетіңдер!» –
Деген суық белгіменен.
Өзге ой,
Басқадай іс,
Шаршау қалған.
Шама жоқ болсам дейтін енді немен.
Әжемді алып,
Ата-анам жүріп кетті,
Аллаға тапсырды да бізді кенет,
Көз жасына малынтып тұнық бетті,
Үйлі жанның үмітін үзді дер ек.
...Тәңірберген ағамыз,
Жұмыстағы,
Жақын жерге барамыз үйге депті.
Қош айтқысы келді ме,
Ырыс бағы,
Төлеухан омырауын түймелепті,
«Жаңа ғана еміздім,
Енді ұйықтайды,
Сыртқа шығып ойнаңдар, басқаларың,
Оятып жібермеңдер бұл құйттайды,
Шақырғанша келмеңдер асқа бәрің»,-
Деді де,өзі кетті жолдасына,
Тамағын беріп келмек өз қолынан
Білмейді ғой апаттың ол басы ма?!
Хабары жоқ оған қол созғанынан.
Арада өзен оны жатыр бөліп,
Өтті дағы
Қарады,
Қайта айналып
Қарады ұзақ,
Гүлжауһар Сейітжан
Биледі ақырғы ерік,
Көрді оны Әдәлі,
Жай таңданып.
Бір кезде бұрылды да,
Жылдам басып,
Жөнелді.
Барар жері таяп қалған.
Сезді кенет,
Көңілі тұрған тасып,
Білмей қалды,
Қай жерде аяқталған.
Жаны сезді болатын тосын жайды
Лүп-лүп соғып жүрегі дірілдеді
Алғаш рет сезгені осындайды,
«Алла, өзің сақта!» – деп, күбірледі.
Ол келіп кірді есіктен алдындағы,
Иен үй,
Қаңыраған бөлмелері.
«Қолда тұрса,
білінбес бардың мәні,
Айтпақшы, тітіренткен ол не мені?!»
...Төлеухан келген үйдің пешін бұзып,
Тас кірпішін алмақшы,
Жолдасы оның.
Бірақ та осы арада кесілді жіп,
Тұр екен ар жағында аңдаса өлім.
Ешкімнің ойында жоқ бірақ, ондай,
Жаман ой,
Жанға қаяу түсірердей.
Дегенмен көңілдегі, сірә, болмай,
Бұл тағдыр аһ ұрғызар ісімен кей.
Іс бітіп,
Отырды олар астарына,
Үш адам,
Болды бәрі дастарханда.
Ана жырлары
Қандай ой болды олардың бастарында
Жетпеді-ау тым болмаса ас тарқарға!
Кенеттен Тәңірберген бар даусымен,
Айғайлап,
Тұра зытты:
«Қашыңдар!» – деп
Асықпай,
Ас ішкенде аңдаушы ма ең?!
Атқандай болды екеудің басын дәлдеп
Жүгірген Тәңірберген үлгермеді.
Бір аяғын қабырға қалды басып.
Аналар үлгермеді-ау
Үлгермеді-ау!!!
Жатты ол ес танғанша салғыласып...
* * *
Жоқ болды ана сол сәтте-ақ,
Тілге келмей,
Ол бейне жас босанып жүрмегендей,
Ол бейне жеті-сегіз бала туып,
Солар үшін тәтті өмір
Сүрмегендей.
Ананың әлдеқайда аттанды ойы,
Шынымен бітті ме есте сақтар тойы?!
Сәбиі жылай-жылай жан тапсырды,
Шырқырап,
Сол орнында жатқан бойы.
Үш адам өтті өмірден,
Бір-ақ күнде,
Амалың жоқ,
Барасың сұрап кімге?!
Қандай күш үйден оны сүйреп шыққан,
Жас босанған ананы сұлаттың не?!
Гүлжауһар Сейітжан
Бітпепті ғой сол бір жыл мұнымен де,
Әжемді алып ұрған шынымен не?!
Жатты ол кісі, нәр салмай, ай бойына,
Сырқат келген таныс-ақ бұрын елге,
Қымыз еді, әжемнің аңсағаны.
Соны айтса ескендей таң самалы.
Соны ішсе кетердей тамақ жүріп,
«Шіркін-ай,
Бір жұтсам» – деп тамсанады.
Қыс кезі,
Ауыл жақтан таптырмады,
Кеткен шығар шалғайға бақтың бәрі,
Әкем менің Нұрсапа іздеп шықты,
Тапты,
Бірақ болды әжем нақ құрбаны.
Әжесі,
Қызы,
Сосын немересі,
Бір жылы қайтты үшеуі,
Неге деші?!
Үшеуі үш буынның өкілі еді,
Келіспей қалды екен неменесі?!
* * *
(Үржарда)
Осылай басталды өмір Үржардағы,
Жылаумен өткен күнді күн жалғады.
Бір кезде алға қарай тартты жайлап,
Жүректің жарық беріп ізгі арманы.
Ояндық,
Келдік қайта қалпымызға,
Бүтінделді алдымыз.
Артымыз да
Ана жырлары
Бір күні орталыққа мамам келіп,
Қарады біздің шама-шарқымызға.
Оқу жылы басталған,
Ай боп қалды.
Киінетін күй қайда, ойлап барды?!
Қараған бізге үнсіз келбетінен,
Анамның ақ жүрегі айғақталды.
Азат пен Гакку, Жәзен төртеуміз де,
Ештеңе аңғармайтын,
Селкеуміз бе?!
Жоқ әлде ана жанын сездік пе екен.
Қиын соқты әлде оны өртеу бізге.
Әйтеуір жалғыз соның соңындамыз,
Соның ғана оңында,
Солындамыз.
Не киеміз,
Не жейміз, не ішеміз
Тілек көп,
Әйтеуір сіз орындаңыз.
Дегенмен бір ой көңіл дүрліктірген.
Менің өз айтарым бар сыр ғып мінген
Бірақ та ауызымды аша алмадым.
Көп сырын білмеймін ғой тірліктің мен.
Әлі де кішкентаймын,
Баламын мен,
Ата-ана айтуымен аламын дем.
Солардың дегендерін істеп ылғи
Сөздерін қайтармайтын бола білгем.
Сол ма екен бір себебі,
Түсінбедім,
Айтпадым білгенімді,
Ішімде мұң.
Гүлжауһар Сейітжан
Бірақ ешкім сезбеді жан сырымды.
Ақтаруға жетпеді күшім менің.
Түсінем
Жай күй емес,
Күлкі кеміп,
Келмейді ешкімді де сілкілегім.
Мамамның өзі жақсы біледі ғой,
Болғаны орындалса бір тілегім.
Гакку мен Жәзен жүр ғой дәл жанымда,
Солар не ойлайды деп болжадым ба?!
Шығармай дыбысымды жүре бердім.
Қазірге дейін жатты сол жанымда.
Дүкенге кірдік тағы шұбатылып,
Білмейміз біз күтуді,
Тұра тұрып,
Қатар-қатар тізіліп,
Пальтолар тұр,
Әсіресе көгі бар.
Сірә, тұнық..
Сия түстес,
Көк пальто алдымдағы,
Көз ала алмай мен содан қалдымдағы,
Мамамның жанына мен тез-ақ жеттім,
Сол бойда кері қайттым,
Бардымдағы
Бір-ақ нәрсе,
Бір-ақ күй мәлім маған,
Қарсылық жоқ оларға қабылдаған,
Өлшеп жатты Гакку қыз бір пальтоны,
Қалай айтам,
«Алшы, – деп бәрін маған!»
Айтпадым...
Айта алмадым анама мен.
Айтсам ше?!
Айтсам – жанын жаралар ем.
Ана жырлары
Анасы қайтыс болған жанға тисіп,
Тас жүрек,
Безбүйрекке саналар ем
Бірақ та сол сәт менің мәңгі есімде,
Өшпейтін ескерткіш боп қалды есімде.
Қыс күні,
Сары аязда киіп барып,
Шешініп жатқандаймын бал кешінде.
Сия көк түсті сол пальто жарқыраған,
Қарайтындай көз сүзіп әркім оған,
Жетпейді ғой ақшасы анашымның,
Болмаса да кез оны талқылаған...
...Жаз шыға ауырдым мен салқын тиіп,
Интернатта жатамын жанып-күйіп.
Сап-сау едім,
Жаныма қаяу түсіп,
Аласарды арманым алып, биік
Ғайып болып ой-қиял жараса аққан,
Алыс кеттім зиялы парасаттан.
Атпайтұғын сияқты енді ешқашан,
Күліп шығып алдымнан тамаша ақ таң,
Он екі жыл құлынша шапқылатты,
Содан кейін тағдырым атқылапты.
Арманға қол созатын тұсқа жетпей,
Ауырғаным жаныма қатты батты.
Жетпейтін жоқ дейді шын талаптанса,
Обалы өзіне кім қарап қалса
Жататынмын төсекте ұйқы көрмей,
Аңқам кеуіп,
Ағарып таң атқанша
Талай күндер өтті ғой мына бастан,
Дей алмаймын көтердім,
Гүлжауһар Сейітжан
Жыламастан,
Бірақ келдім мен міне алпыс беске
Бір жығылып, бір тұрып,
Құламастан.
Осындай күй тағдырым еншілепті.
Өзгеше болуды ол ерсі депті.
Ей, Алла,
Бұйырғаның осы болса,
Жастарыңды бере бер,
Бер тілекті.
Сол жылдар өшпестей боп қалды есімде,
Мүмкін мен жолықпас ем сан кесірге
Мүмкін мен өлең оқып жүрер едім,
Бақытты, шат күндердің әр кешінде
Болмады...
Қалды кейін шат күндерім,
Жетпедім ернеуіне бақ, жүлденің.
Аяусыз аяқасты болды ақыры.
Армандап, аялаған ақ гүлдерім.
Ана жырлары
Әндер
ТҰСАУ КЕСЕРДЕГІ ТІЛЕК
Әні: Данияр Аралбаевтікі
Тұсау кесер...
тұсау кесер той бүгін,
Еңбектеуге ниет етпе,
қой, күнім...
Тәй-тәйіңды алмастырсын жүгіріс,
Былдырыңды алмастырсын ойлы үнің...
Тәй-тәй басқан,бал бөбегім, балдырған,
Күліп шыққан күнімсің сен алдымнан.
Аймалаған саусақтарың, нәп-нәзік,
Жүрегіме өшпес ізін қалдырған...
Бал тіліңнен көкірегіме жаз қонып,
Лебізіңнен жатыр жанға саз толып.
Қызықтасақ, көрген сайын қуансақ,
Қалтаң-қалтаң жүрісіңе мәз болып.
Сен бар жерде күнім де бар,
Айым бар,
Орманым бар,
Қаптаған тал, қайыңдар.
Гүлжауһар Сейітжан
Қаз-қаз тұрған, құлыншағым,
Бас енді,
Тәй-тәй болып,
Үлкен жолға дайындал...
Думан етіп ата-ананың ордасын,
Бүгініңнен көріп тұрмын жол басын.
Қолтығыңнан ақ ниеттер демесін,
Ұзақ жолда Қызыр баба қолдасын...
Тәй-тәй, қозым,
Аппақ ботам,
Құлыным,
Тәттім менің, бал-шәрбәтім,
Шырыным...
Өз өмірін тәй-тәйменен бастаған,
Бәрі-дағы дүниедегі ұлының.
Мүмкін сен де қазақтың бір мақтаны,
Мүмкін сен де ғылымның бір ақ таңы...
Кім болсаң да сүрінтпесін, боташым,
Балалық пен есеюдің шақтары...
Жасағанның құлағына жет, тілек,
Қуанайық құлынымыз епті деп.
Тұсауыңды кестік бүгін, балдырған,
Құлдыраңдап шауып кетсін деп тілеп...
Тұсау кесер...
Тұсау кесер...
Той бүгін...
Еңбектеуге ниет етпе,
Қой, күнім...
Тәй-тәйіңді алмастырсын жүгіріс,
Былдырыңды алмастырсын ойлы үнің...
Қайталанбас балғын дәурен шақ мына,
Бабалардан қалған мәңгі бақ-мұра...
Шаттығыңмен жұпты жазбай, құлыным,
Жүгір, ойна, құлын-тайдай шапқыла...
Ана жырлары
ЖАЗИРА
Әні: Сая Оразалинованікі
Алдыңда өмірдің жолдары,
Сан қызық өзіне тартады.
Тағдырдың тізгінін қолдағы
Жебесін тілектің дарханы.
Жазира... Жазира... Жазира...
Жазира – даламның кеңдігі.
Жүзіңнен сөнбесін наз, иба,
Жазира, жанымның ем гүлі...
Орайтын жүректі жалынға,
Тамсантар таңдайды шырыны-
Солмасын армандар жаныңда,
Сөнбесін махаббат дірілі.
Жазира... Жазира... Жазира...
Жазира – даламның кеңдігі.
Жүзіңнен сөнбесін наз, иба,
Жазира, жанымның ем гүлі...
Қараймыз қуанып, үмітпен,
Жаралған өзің деп бар нұрдан.
Теңейміз биікпен, тұнықпен,
Асылым Азатым қалдырған.
Жазира... Жазира... Жазира...
Жазира – даламның кеңдігі.
Жүзіңнен сөнбесін наз, иба,
Жазира, жанымның ем гүлі.
Гүлжауһар Сейітжан
ЖАСАЙ БЕР, ЖАН АҒА
Әні: Айтқали Жайымов
Ұқсаған шежіренің бұлағына,
Сөзіңнің сүйінемін құнарына.
Естілсе есіміңіз әр шалғайдан
Сырлы саз құйылғандай құлағыма.
Қайырмасы:
Өсірген Арыс ана,
Жолыңның бәрі сара.
Мәңгілік Маңғыстаудай
Жасай бер Әбіш аға.
Білімің жігерің де күшің де ерен,
Үлгісін жаңа елдің мүсіндеген.
Салса да қай қиынға алып шығар
Қуат бар сізде көп жан түсінбеген.
Қайырмасы.
Туған ел, туған жерің шын құштарың
Мақтаным, ағажаным, үлгі ұстарым.
Көре бер мерейі өскен қазағыңның
Шаттықтан шалқып жаны жыр құшқанын.
Қайырмасы.
АЛТЫНАЙ
(Құралбекке)
Әні: Жиде Жеткізгенованікі
Айдың нұры арқалаған сан арман,
Ай нұрында сұлулық бар сан алуан.
Саған деген көңілімнің іңкәрі
Айдың аппақ сәулесінен жаралған...
Ана жырлары Аспанымның алтын Айым ғажабы, Отбасымның Алтынайым ажары. Тарқамайды өзің барда ешқашан, Тарқамайды бақытымның базары... Бағынатын жүректердің еркіне Айдың нұры махаббаттың серті ме!? Ғұмыр берген әр пендеңді, жаратқан, Ұшырата гөр махаббаттың дертіне... ӘКЕ Әні: Г.Құлсариеванікі Өзіңсіз бар ма сән, Көркісің орданың. Керексің әрқашан, Қамқорым, қорғаным. Қайырмасы:
Әкем деп білемін,
Өмірде тірегім.
Алдымен арнаған,
Жылуын жүрегім.
Өсірген гүліңмін,
Ұл-қызың орманым.
Өнер мен білімнің,
Бағына жолдадым.
Қайырмасы.
Жасай бер жаңғырып,
Үзілмей күлкі-әнің.
Қастерлер мәңгілік
Өрімдей ұрпағың.
Гүлжауһар Сейітжан
АЛТЫН ТОЙ
Әні: Г.Құлсариеванікі
Аяулы әкежаным, анажаным,
Айдыны сияқтанған шағаланың.
Көгіңде емін-еркін шарықтайды,
Масайрап жаны – көктем балаларың.
Қайырмасы:
Алтын той,
Алтын той – мерекем,
Алтын той құшағың кең екен,
Ата-анам аман бол әрқашан,
Сендерде сәнім мен берекем.
Қайырмасы.
Үлкен үй бір кездегі қыз бен жігіт,
Дайын жүр кездесуге жүзбен күліп.
Жайнаған ұл-қыздары жанындағы,
Алтын той күт дейтіндей, бізден үміт.
Алтын той бұл жеткізген мұраттарың,
Артқа сап ызғарын, күн аптабын.
Ардақты, мәртебелі ата, ана,
Мәңгілік сарқылмайды бұлақтарың.
Қайырмасы.
АНА ТУРАЛЫ ӘН
Әні: Г.Құлсариеванікі
Ақ тілек, үмітті оң жақтан
Әкеліп жол басына.
Өзің ғой бәйтерек орнатқан,
Әкемнің ордасына
Қайырмасы:
Өзің ғой өсіріп, баптаған,
Өзің ғой аялап сақтаған.
Ана жырлары
Мейірмен жанымды суарып
Аман жүр, ақ мамам...
Аға мен ініге қарықпын,
Апа мен сіңлі де бар.
Ұмтылар сен бейне жарық күн,
Өзіңе әр күні олар.
Қайырмасы.
Бір өзің сыйлаған жарасым,
Тоймаспыз мейірімге.
Жүрейік әрқашан анашым,
Шомылып пейіліңе.
Қайырмасы.
АПАЛАРЫМА
Әні: Г.Құлсариеванікі
Балауса қыз, балғын едік,
Жастықпен жандық еріп.
Бір-бір үйлік шаңыраққа,
Бас болыпты барлық елік.
Қайырмасы:
Қатар көрген тіршіліктің
Қызығы мен азабын да.
Аман жүрші, апаларым,
Жезделердің қатарында.
Сылқым, сұлу апаларым,
Бір мұңлы, бір шат ажарың.
Бақыт тілеп қариялар,
Берген талай баталарын.
Гүлжауһар Сейітжан
Қайырмасы.
Жеңешелер, келіндерсің,
Мені де сен теңім дерсің.
Ана болған бәріңізге
Қуат пенен сенім берсін.
АЗИЯ ДАУЫСЫ
Әні: Г.Құлсариеванікі
Ғасырлардың көш керуені тынбаған
Құмға толы, сырға толы бұл ғалам.
Жібек жолын ұзатып сап қиырға
Келешекке мәңгі қолды бұлғаған.
Қайырмасы:
Сан ғасырдың сырын бүккен бір тасы
Азияның таулары мен қырқасы,
Күн нұрына малып тұрып жанымды
Шырқа бүгін...
Шырқа бүгін, шырқашы...
Уақыт сені алақанда тербеген
Заманаға ешбір тыным бермеген.
Азия дауысы естіледі әлемге
Жалғастыра аспан астын Жерменен.
Қайырмасы.
Күңіреніп жетеді үнің шалғайдан,
Елес беріп сан құпия, сан майдан.
Аласапыран таңғажайып тарихтың
Сезінемін кермек дәмін таңдайдан.
Қайырмасы.
Ана жырлары
ҚҰДАҒИЛАР ЖЫРЫ
(Мәрзияға)
Әні: Г.Құлсариеванікі
Құдағижан атандым құрмет көріп,
Көңіл шіркін шалқыды дүрмекке еніп.
Ағытайық өлеңнің тамашасын,
Көкейімнен ұшар деп тұр кептеліп.
Қайырмасы:
Бақыт жырын құйды үнім,
Думан толы үй бүгін.
Айналайын құдағи,
Қымбат маған сыйлығың.
Жалғыз қаздай баламның жұбын бердің,
Келер соның ұлы мен қызын көргім.
Отау тіккен әдемі шаңыраққа
Сүйсіну бар қараса жүзінде елдің...
Алтын құсым, ақ гүлім,
Арманым жоқ тап бүгін.
Қосағыңмен қоса ағар,
Таусылмасын шаттығың...
Тағдыр, бізді бұл күйден мәңгі айырма,
Көтергізіп сыныңның қандайын да.
Ұл мен қыздың қызығы сөнбейтұғын,
Жарқырасын жұлдыздай маңдайымда.
Өмір қандай тамаша,
Жадырадық балаша.
Тіршіліктің қызығы,
Таусылмашы санаса...
Гүлжауһар Сейітжан
АСТАНАМ
Әні: Гүлнар Құлсариеванікі
Тербесе сал самалы Сарыарқаның,
Кезгендей туған жердің бар алқабын.
Астанам әуеніне үн қосады,
Атқызып сағыныштың жанартауын.
Қайырмасы:
Сарыарқа лебін
Жеткізген демің,
Тарихы – теңіз,
Астанам менің...
Жұлдызың жанды,
Сәулетті, сәнді
Астанам болып –
Жасай бер мәңгі...
Астанам – жаратылған тұлғаң нұрдан,
Сан ғасыр Есіл бойын нұрландырған.
Аққайрақ тас-күмбездер өрнектері
Бойыңа сұлулығын шын қалдырған...
Көрсеткен қазағымның өр намысын,
Сен енді тәуелсіздік қорғанысың.
Ту болып тербелесің төбемізде
Халқымның Қазақ атты ожданы үшін...
МАҢҒЫСТАУЫМ – МАҚТАНЫМ
Әні: Айтқали Жайымовтікі
Ғасырлар теңізбен сырласқан
Аймағым сусыған құм басқан.
Күй толған кеудеңе күмбірлеп,
Жаныңды жайлаған жыр-дастан.
Ана жырлары
Тамсандырған баршаны
Сәнің – Самал, Тамшалы.
Маңғыстауым қашанда
Жүрегімнің аңсары.
Мұнайың даңқыңды жасаған,
Сәулетті, киелі босағам.
Кеудеңде шамшырақ сөнбейтін –
Абылың, Есір мен Қашаған.
Әулиелі мекенім,
Кең жайылған етегің.
Жетібай, Өзен, Қаламқас
Мәңгі мақтан етерің.
Самғай бер биікке, дарып бақ,
Ұрпағың әлемге танытпақ.
Мерейін үстесін халқымның
Шағала- атағың шарықтап.
Әбіш тапқан жол басын,
Сан халыққа ордасың.
Иілмес өр басың,
Бекет ата қолдасын...
ШІРКІН ӘН
Әні: Марат Ордабаевтікі
Шықпайтұғын ешқашан сұлулықтың ырқынан,
Жүрегіңді сәнімен сырлайтұғын, шіркін ән.
Бар ұрпақтың табынтар тәңірісі бола алған,
Әйгерімге Абайды ғашық қылған сыртынан.
Асыл болса шынымен көрмеген ол бір де оңып,
Шашасына шаң тұрып, тырнағына кір қонып.
Келе жатыр ежелден жүректермен сырласып,
Келе жатыр ежелден махаббатқа пір болып.
Гүлжауһар Сейітжан
Сұлу сазы тербесе жан тебіренген, шіркін ән.
Жалғыз ауыз сөзіне астар болмас қырық ұран.
«Ән көңілге ажар» деп, қастерлеген өнерді
Айналайын данышпан қазағымның ғұрпынан...
ҚҰСТАР ҚАЙТҚАНДА
Әні: Сағын Нұрқожаевтікі
Гүл қадап мөлдір аспан өңіріне,
Сусылы қанаттардың ән шұбатып.
Қиқулай ұшқан құстар көңіліме
Барады сағыныш саз тамшылатып...
Жүрген шақ қайдасыңдар-
Бақтарда ойнап,
Ойыннан басқа жоқтай ғұмырда түк.
Бақытты,
Бал балалық шақтарды ойлап,
Бір сезім бара жатыр шымырлатып...
Неге екен,
Неліктен бұл толқығаным-
Алаңсыз шақтарымды іздедім бе...
Ысырып өзге күйдің мол тұманын,
Мөлдір саз мөлтектейді іздерінде...
Маусымның ұқтырады кезі нені,
Көп сурет елестейді таныс беттен.
Балалық шақ құстардай сезіледі,
Күз салқынын қалдыра алыс кеткен...
Ана жырлары
ӨЗЕН КЕНІ
Әні: Рахат Мадреевтікі
Өзенім – құт мекен, аймағым,
Жинаған қазынаның қаймағын.
Маңғыстау атынан әлемге,
Көтердің қазақтың байрағын.
Қайырмасы:
Өзенім, жарқыра,
Нұр шашып халқыма.
Жайнай бер мәңгіге,
Даңқ қосып мұнай даңқына.
Құйылып бойына сан арман,
Үміт боп, тілек боп жаралған.
Кеніші Өзеннің гүл бағы,
Тамыры қан тартқан ғаламнан.
Қайырмасы.
Өзіңде асыл да, алтын да,
Күндерің малынған жарқылға.
Мерейін асырған қазақтың,
Мұнай, газ, бұлағым, сарқылма.
Қайырмасы.
Гүлжауһар Сейітжан МАЗМҰНЫ Өлеңдер АНА ЖЫРЛАРЫ (Жанарыма)....................................................................... 3 «Еңбектегің келеді...»..................................................................................... 4 «Көктем келді...»............................................................................................ 5 «Түн ішінде жыладың...»............................................................................... 6 «Жетердей-ақ...»............................................................................................ 7 «Қадам бастың, құлыным...»......................................................................... 7 «Бөбегім-ау...»................................................................................................ 9 «Сеземісің бөбегім...».................................................................................. 10 «Менің жерім...»........................................................................................... 10 «Сен туған жер...»......................................................................................... 11 «Менің күпір ойларымды кешіре гөр...»..................................................... 12 «Жанарындай көктемнің...»........................................................................ 13 «Экран алды...»............................................................................................ 14 «Жарығым-ау, алдыңда кінәлімін...»........................................................... 15 «Айналасың бір тынбай...».......................................................................... 16 «Айтқанымды түзейсің сөйлеп менің...»..................................................... 17 «Тәтті ұйқыда жатырсың...» ........................................................................ 17 АНАНЫҢ ТІЛІ............................................................................................ 18 ҰСТАТПАЙДЫ ТОРҒАЙЛАР.................................................................... 20 ЕГЕР КӨКТЕМ КЕЛМЕСЕ ҚАЙТЕР ЕДІ................................................ 21 ҚОС ҚҰЛЫНШАҚ (Бекарыс пен Айсәулеге).............................................. 21 БЕКАРЫСҚА (10 жасқа толуына жыр-шашуым)...................................... 22 ДҮНИЕГЕ ЗЕРЕ КЕЛГЕНДЕ..................................................................... 23 ЕКІ ҚАНЖАР ............................................................................................. 23 САҒЫНЫШ................................................................................................ 24 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕ................................................................... 25 ШІЛДЕХАНА.............................................................................................. 26 БАЛА БОЛУ................................................................................................. 27 ТЕЛЕФОН СЫМЫНДАҒЫ АНА ҮНІ....................................................... 27 БАЛАМА ТІЛЕК.......................................................................................... 28 ІНІМЕ (Інім Азатқа)................................................................................... 29 «Тез керісіп...».............................................................................................. 29 АНАМА НАЗ................................................................................................ 30 ҚЫЗ ҰЗАТҚАНДА...................................................................................... 31 ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ........................................................................... 32 КЕЛІННІҢ ЕНЕГЕ НАЗЫ......................................................................... 33
Ана жырлары ТЕҢІЗ ӘУЕНДЕРІ...................................................................................... 34 «Тып-тыныш-ақ...»...................................................................................... 35 «Желмен бірге долданыпты көк теңіз...».................................................... 35 «Толқын ұрып,............................................................................................. 36 «Ойнайды ол, .............................................................................................. 36 ӘЖЕ (Қазыкей әжеме) ................................................................................ 38 АҚКЕТІГІМ – АРҚАУЫ ӘН-ЖЫРЫМНЫҢ.......................................... 39 МАҢҒЫСТАУ ДЕГЕН КИЕЛІ ҚАЗЫҚ АТ БАЙЛАР............................... 43 АЛПЫС БЕС ЖАС...................................................................................... 46 ӘКЕ.............................................................................................................. 47 АБАЙҒА....................................................................................................... 48 ТАСКЕСКЕНДЕ.......................................................................................... 49 ОЙ ЖҮГІРТСЕМ АЙНАЛАМА.................................................................. 50 «Өмірге келмесем де сорлы болып...»......................................................... 51 «Жазығым бар алдында менің кімнің...»..................................................... 51 «Кемшілік жетіп жатыр бір басымда...»...................................................... 52 «Көп көрдім тіршіліктің азабын мен...»...................................................... 53 «Қинаймын кейде орынсыз жан «шыбынды...»......................................... 54 «Шырт ұйқыдан оятады бір ойларым кейбірде...»..................................... 55 «Кейбір күйді түсіндіру тым қиын...».......................................................... 56 МӘРТЕБЕСІН ТҮСІРМЕСІН БИІКТЕР.................................................. 56 ТАБИҒАТ МЕНІҢ СЫРЛАСЫМ............................................................... 57 «Жаңбыр нәзік саусағымен шертеді...»....................................................... 58 «Бет қарып, суық тілін жалаңдатқан...»...................................................... 58 «Жаз дәурені азайып қалғасын ба...».......................................................... 59 «Аптап қысқан қаланың тарылғандай тамыры...»...................................... 60 «Өршігендей қар менен құйын әні...»......................................................... 61 «Қара...қара...»............................................................................................. 62 «Ақ мамық көктем – деммен күмістеніп...»................................................ 62 «Жарқын жүзді,жайдары, шапағатты...»..................................................... 63 «Көктем келді...».......................................................................................... 63 «Нәзіктігін, пәктігін, ізгілігін ұқтырып...»................................................. 64 «Құба жонда жөнелді сағым ойнап, жарысып...»....................................... 64 «Басқан сайын аяғымды...»......................................................................... 65 АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ ЖАНЫНДА............................................................. 66 АЙГЕРІМ МЕН АБАЙЛАР........................................................................ 67 УАҚЫТ СЫРЫ............................................................................................ 67 «Жандармыз біз құрсаған пендешілік...».................................................... 68 АРМАН ДА АРМАН, АРМАН-АЙ............................................................. 69 ӘКЕ ПОРТРЕТІ.......................................................................................... 72 КЕЙДЕ…...................................................................................................... 74 «Өлең жазу-өрмек тоқу гүл құрап...»........................................................... 75 ТУҒАН КҮН ТОЛҒАНЫСТАРЫ............................................................... 75 ОЙЛАР......................................................................................................... 76 «Сеземін өтіп жатыр қымбат күнім...»........................................................ 77 «Неліктен қуқыл тарттың сонда, жаным...»................................................ 78 «Биіктік пе аңсайтының, асқарлар ма жан бармаған...»............................ 78 «Тежемей аңқау арынды...».......................................................................... 79
Гүлжауһар Сейітжан «Нәзік бір толқын дір еткен...».................................................................... 80 АДАСУ......................................................................................................... 80 ҚЫЗ СЫНЫ................................................................................................ 81 ҚАРА ШАҢЫРАҚ....................................................................................... 82 ӨЗІММЕН ӨЗІМ ҚАЛҒАНДА…................................................................ 83 «Күн өтеді, түн өтеді – алуан ізі артында...»............................................... 84 АЗАТТЫҚ ЖЫРЫ....................................................................................... 85 БАҚЫТПЫСЫҢ......................................................................................... 86 СЕЗІМДІ ТОТ БАСАДЫ............................................................................. 86 ҮМІТ ........................................................................................................... 87 НЕГЕ СҮЙДІҢ СЕН МЕНІ........................................................................ 87 ОЙЛАП ЖАТТЫМ...................................................................................... 88 ТҰМАН БАССА КӨҢІЛІҢДІ..................................................................... 89 КӨҢІЛСІЗ ОЙ............................................................................................. 89 КҮТЕМІН БІР КҮНДІ................................................................................ 89 ҚУАНАМ ҮМІТ КӨРСЕМ.......................................................................... 90 ТІЛЕЙМІН КӨКТЕМДІ….......................................................................... 90 ЖҮРЕК КҮЙІ.............................................................................................. 91 МЕН ҚАНДАЙМЫН…............................................................................... 91 МЕЗГІЛ МЕН ҒҰМЫР............................................................................... 92 ОЙЛАР......................................................................................................... 93 «Буын-буын тәтті ұйқыға елжіреп...» ......................................................... 94 СӨЗ............................................................................................................... 94 САҒЫНАМЫН АҢҚЫҒАН ДАЛА ЖЕЛІН.............................................. 95 «Күн шуағы – табиғаттың күлкісі...»........................................................... 96 БІР ОЙ......................................................................................................... 97 МЕЗГІЛ. АДАМ. ҒҰМЫР........................................................................... 98 «Кім біліпті не сыйларын жаңа күн...»........................................................ 99 «Тағы айналып жаз келді...»......................................................................... 99 «Шығарып салсам-дағы жарқын үнмен...»................................................100 «Қайтемін бұл жүрегім теңдесе мұң...».......................................................101 АҚ ҚАЙЫҢДАР (Үржар естелігі).............................................................102 ЕРЛІК..........................................................................................................102 НАМЫС......................................................................................................103 КӨЛ ЖАҒАСЫНДА...................................................................................104 МАХАББАТ ӘЛІППЕСІ............................................................................106 ҚЫЗЫҚТАУ...............................................................................................107 ҚЫЗЫМА ..................................................................................................107 ЖАҚСЫЛЫҚ.............................................................................................108 АДАМ МИЫ – ҚҰДІРЕТ..........................................................................109 КЕЙДЕ........................................................................................................111 ҚҰБЫРЛАР.................................................................................................111 КӨКТЕМДЕ...............................................................................................112 МАХАББАТ КҮЙІ......................................................................................113 «Үмітімнің аяғын тұсадым ба...».................................................................113 «Үзбе, жаным...»..........................................................................................114 «Сүйікті жүзің елестеп...»...........................................................................114 «Жүрегімде гүл жапырақ дірілдейді демменен...»......................................115
Ана жырлары «Күндей күліп шықтың сен...»...................................................................116 «Ақ төсекке күндіз-түні арқандалып...».....................................................117 «Сағынып жүрек сыздатса...».....................................................................117 «Жүзіңді бір кіреуке мұң шалыпты...»........................................................118 «Жүрегімді ауырттың неге менің...»...........................................................118 «Дала күңгірт...»..........................................................................................119 «Күтемін бір күнді...»..................................................................................119 «Көңілімде дүдәмал бар...».........................................................................120 «...Самал соқты...».......................................................................................120 ««Қайырлы күн!» – дедің сен күліп тұрып...»............................................121 «Жымисаң жанарыңда Күн күледі...».........................................................121 «Бір өкініш сыздатып жан жүректі...»........................................................122 «Қай жақта жоғалттым сөзіңнің сыйқырлы тұманын...»..........................122 «Діріл қаққан сезімнің жапырағы...».........................................................123 «Сенімен шат...»..........................................................................................123 «Бірінің жайын біреуі мүлде кеш ұғып...»..................................................124 ТОЙ.............................................................................................................125 ЖҮРЕК СЫРЫ...........................................................................................126 СЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІҢ.......................................................................127 СЫРЛАСУ...................................................................................................128 ӘЙЕЛ..........................................................................................................129 САМАЛ.......................................................................................................129 ТҮРШІГЕМІН............................................................................................130 СҰРАҚ.........................................................................................................130 ӘРБІРЕУДІ АЛҒА СҮЙРЕП ӘР КЕМЕ....................................................131 «Қап-қара түн тереземнен тұр қарап...».....................................................132 «Беймәлім құпиялар көркін ішкен...»........................................................133 ТІЛЕК.........................................................................................................134 ЖОЛАУШЫ................................................................................................134 СЫР АША АЛАСЫҢ БА............................................................................135 МАҢҒЫСТАУ ЕЛІНЕ МЕН КЕЛІН БОЛАМ..........................................136 ЖАЗ.............................................................................................................137 ЖАЛҒЫЗ БАЛА..........................................................................................137 НЕСІБЕ.......................................................................................................138 КӨРІМДІК.................................................................................................139 МАЗАСЫЗ ТҮНДЕ.....................................................................................140 НАУРЫЗ.....................................................................................................141 «Сен мынау көкірекке сыр қамаған...»......................................................142 СЕН АЛЫСТА ЖҮРГЕНДЕ.......................................................................143 КЕЙ ШАҚТАРДА.......................................................................................143 БІР ОЙ........................................................................................................144 «Ұрсам саған, күнім-ау...»...........................................................................144 «Ала алмайды тағдыр еш бәрін менен...»...................................................145 ӨЗІМ ТУРАЛЫ...........................................................................................145 «ВОЛГАЛЫ ҰЛ»..........................................................................................146 ОЙЛАСАМ ЖЕТКІЗБЕЙДІ…...................................................................147 АРУ..............................................................................................................147 «Ересегін кісінің, баласын да...»................................................................148
Гүлжауһар Сейітжан АЛАҚҰЙЫН...............................................................................................148 СҮЙГЕНДЕРДІ ҚАДІРЛЕ…......................................................................149 ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЖЫРЫ....................................................................150 ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНДЕРІ..........................................................................151 ӨЗЕН МҰНАЙШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫРЫ..................................................152 КӨҢІЛ ӘУЕНДЕРІ....................................................................................152 БІРЕУГЕ.....................................................................................................153 СҮЙІНШІ...................................................................................................154 ПАСЫҚТАР................................................................................................155 ТАЛАЙЛАРДЫҢ ОЙЫНДА......................................................................155 ТІЛЕК ГҮЛІ................................................................................................156 УАҚЫТ ЖҮЙРІК.......................................................................................157 АУЫЛДЫ АҢСАҒАНДА............................................................................158 ЖЕЛДІ КҮНДЕ..........................................................................................159 АҚ НИЕТ....................................................................................................159 ЖЕҢГЕТАЙ (Майлыбай мен Бибіажарға).................................................160 ІШІ ТАР ҚҰРБЫҒА...................................................................................162 ҚАЗАҚ ПЕН ТӨРТ ТҮЛІК........................................................................162 ӨЗІН ҰСЫНУ.............................................................................................163 ФЕСТИВАЛЬ.............................................................................................164 ЖАҚСЫЛЫҚТАН КҮДЕРІН ҮЗІП ПЕ АДАМ........................................165 ҚҰБЫЛМАЛЫ ОСЫ КҮЙ........................................................................166 КЕЙДЕ........................................................................................................167 ДІРІЛДЕЙСІҢ НЕГЕ СЕН........................................................................168 ТОЛҒАУЛАР ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ............................................................................................169 ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДА..................................................................................171 ӘДІЛДІК.....................................................................................................174 ӨТКЕН КҮНДЕР.......................................................................................176 МАҢҒЫСТАУҒА АРНАУ..........................................................................181 БАЛЛАДАЛАР СӘБИ МЕН КҮШІК..................................................................................185 АНА МЕН БАЛА........................................................................................187 «Түн іші...»...................................................................................................189 СӘЛЕМДЕМЕ............................................................................................190 АНА, НӘРЕСТЕ ЖӘНЕ ХРУСТАЛЬ........................................................191 ГУЛФАЙРУЗ (Ақтауда болған оқиға ізімен)..............................................195 ТАҒДЫР (Естен кетпес естелік)...............................................................203 «Жоқ болды ана сол сәтте-ақ...».................................................................207 «Осылай басталады өмір Үржардағы...».....................................................208
Ана жырлары ӘНДЕР ТҰСАУ КЕСЕРДЕГІ ТІЛЕК......................................................................213 ЖАЗИРА.....................................................................................................215 ЖАСАЙ БЕР, ЖАН АҒА............................................................................216 АЛТЫНАЙ (Құралбекке)............................................................................216 ӘКЕ.............................................................................................................217 АЛТЫН ТОЙ .............................................................................................218 АНА ТУРАЛЫ ӘН......................................................................................218 АПАЛАРЫМА............................................................................................219 АЗИЯ ДАУЫСЫ.........................................................................................220 ҚҰДАҒИЛАР ЖЫРЫ (Мәрзияға)..............................................................221 АСТАНАМ..................................................................................................222 МАҢҒЫСТАУЫМ – МАҚТАНЫМ.........................................................222 ШІРКІН ӘН...............................................................................................223 ҚҰСТАР ҚАЙТҚАНДА.............................................................................224 ӨЗЕН КЕНІ................................................................................................225
Өлеңдер, толғаулар, балладалар, әндер
Бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы
Редакторы Саттар Ерназаров
Көркемдеуші редакторы Кенжеғазы Айтжұманұлы
Суретші Нұрмұхамбет Наурызбаев
Басуға 06.09.2012 ж. қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32.
Басылымы офсеттік. Қаріп түрі «DS Tіmes».
Шартты баспа табағы 12,18 б.т. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Ан Арыс» ЖШС, 050000, Алматы қаласы,
Абылайхан даңғылы, 105.
Тел.: +7 (727) 272-51-84, 261-60-67, факс: +7 (727) 261-62-13.
Гүлжауһар СЕЙІТЖАН
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру