Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының ІІ томы
Ахмет Байтұрсынұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлының шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге жазған «Оқу құралы» оқырмандар қолына тұңғыш рет 2004 жылы қазақ әрпіне түсіріліп, ұсынылған еді. Сол кітап түпнұсқамен қайта салыстырылып, толықтырылды. Бұл хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы, әдебиеті мен қазақ тілі, жағырапия, шару
УДК 821.512.122.О
ББК 83. 3 (5 Қаз)
Б 20
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
Ісімақова А.С., Пірәлі Г.Ж., Сәкенов С.Б., Мұстафаева К.
Жауапты редактор: Ісімақова А.С.
Жауапты шығарушы: Ойсылбай А.Т.
Байтұрсынұлы Ахмет
Б 20 Алты томдық шығармалар жинағы. Оқу құралы. – Алматы: «Ел-
шежіре», – 2013.
Т. ІІ: –384 б. ІSBN 978-601-7317-68-3 Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлының шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге жазған «Оқу құралы» оқырмандар қолына тұңғыш рет 2004 жылы қазақ әрпіне түсіріліп, ұсынылған еді. Сол кітап түпнұсқамен қайта салыстырылып, толықтырылды. Бұл хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы, әдебиеті мен қазақ тілі, жағырапия, шаруа-кәсіп және жаратылыстану, т.б. ғылым салалары бойынша санқырлы мағлұматтар береді. «Оқу құралы» үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Әдебиет, тұрмыс, еңбек», ал «Ғылым» атты екінші бөлім жеткіншектер ұғымына қажетті ғылыми ақпараттармен толықтырылған. «Дүние» деп аталған үшінші бөлім жаратылыстану тылсымдарымен таныстырады. Әдістемелік тәсілі мен тілі ұлттық дүниетанымға сәйкес келетіндіктен оқулық өте қызықты оқылады. Сондықтан «Оқу құралы» мектеп оқушылары мен оқытушыларына, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студент жастарға, жалпы оқырман қауымға арналады. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-7 ІSBN 978-601-7317-68-3
© Байтұрсынұлы А. 2013
ІSBN 978-601-7317-66-9
© «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013
«ЖАСТАРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ТҮЗЕЛМЕЙ, ЖҰРТ ІСІ ТҮЗЕЛМЕЙДІ» «Ұлт ұстазы» аталып, қазақ қоғамы мен мәдениетінің ілгерілей дамуына орасан зор үлес қосқан көсемдеріміздің бірі Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуы үшін көп еңбек сіңірген қайраткер. Ол өзінің 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі... Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқу ісімен түзеледі», – деп жазып, оқудың қоғамды өзгертуші күш екендігін, әділетсіздіктің көбі білімсіздіктен туындап отырғандығын тап басып, дұрыс көрсетеді. Ол осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928), «Баяншы» (1926) атты тұңғыш оқулықтар, Т.Шонан-ұлымен бірге «Оқу құралы» (1926-1927) деп аталатын әдістемелік оқу құралдарын жазды. Бұл басылымдар бастауыш мектепте оқытылатын қазақ тілінде оқу, жазу, ұлт тілі, ділі, ұлт тарихы, жағырапия, шаруакәсіп, жаратылыс, т.б. ғылым салалары жайынан көп мазмұнды мағлұматтар беріп, балаларды оқыту ісі барысында маңызды рөл атқарды. Т.Шонанұлының методикалық еңбектері А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы» сияқты еңбектерінің жалғасы іспетті. Т.Шонанұлы «Жаңалыққа жетекші», «Диаграмдар – графиктер қандай болады» деген кітаптар мен, «Орыстарға қазақ тілін үйрету әдісі жайында», «Ересектерді сауаттандыру әдісі», «Дауыстап оқытудың әдісі» атты бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Телжан Шонанұлы – тіл маманы, әдебиетші, тарихшы, дарынды педагог, әдіскер ғалым. Ол 1894 жылдың 17 желтоқсанында Торғай облысы, Ырғыз оязы, Аманкөл болысы, 4ауылда (қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ұ.Құлымбетов атындағы кеңшар, Аманкөл ауылы) дүниеге келген.
1922-1937 жылдар аралығында Т.Шонанұлының бастауыш сыныптар мен жаңа сауат ашып жүрген ересектерге, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқи бастаған өзге ұлт өкілдеріне арналған кітаптары бірнеше рет қайта басылған. Бұл еңбектерінде Шонанұлы тіл дамыту, емле, хрестоматия, қазақ тілін оқыту методикасы секілді салаларды қамтыған. 1927 жылы Ахмет Байтұрсынұлымен бірігіп, 412 беттік «Оқу құралы» атты оқулық шығарады. XX ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Оқу құралы» (19261927 жж. Қызылорда) – сол кезде қазаққа жөн сілтеп, жастардың сауатын, дүниетанымын кеңейтуге әсер еткен құнды басылым. Авторлар да бұл кітаптың оқушыға қажеттілігін жете түсініп, тілін қарапайым, мазмұнын шұрайлы беруге тырысқан. «Оқу құралының» ғылыми құндылығы: 1) ана тілінде сауат аштыру; 2) оқушылардың көркемдік талғамын, дүниетанымын қалыптастырып, жетілдіру; 3) табиғат құбылысы мен адам тұрмысының әр қырын салыстыра отырып, жасөспірімге қажетті танымдық-тәжірибелік білім беру; 4) оқушыны оқыта отырып тәрбиелеу, рухани тазалық пен жауапкершілікке баулу екені анық. Мәселе білім беруде ғана емес, оны қабылдауға ыңғайлы етіп жүйелеуде. Бұл әрекеттер оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге бағышталған. Өйткені Алаш ғалымдары айтқандай басты мақсат – оқушыны білімді ақылмен қабылдауға, оны санасымен қорыта білуге үйрету болып табылады. Кінәсіз репрессияға ұшыраған «Оқу құралының» ендігі екінші тағдыры қалай болар екен? Бүгінгі ұстаздар, әдіскерлер, жас ұрпаққа бағыт-бағдар, білім беретін зиялы қауым А.Байтұрсынұлы мен Т.Шонанұлы жазған «Оқу құралының» әдістемелік ұстанымдарын меңгерсе, оқушыны жалықтыратын жансыз оқулықтардан арылар едік. «Оқу құралы» – қазақ елінің сауатты, отансүйгіш ұрпақ өсіруіне әбден лайық басылым екені айқын. А.Байтұрсынұлының: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек», – деген ойын алға тартатын кез келді деп санаймыз. А.С. Ісімақова, филология ғылымдарының докторы, профессор.
ДӘЙЕКТЕМЕ ...бөлімі арқылы табиғат құбылыстарын қысқаша түсіндіріп, түрлі ырым, ертегі, өтірік нәрселерге сенуді жою, табиғаттың керекті заңдарын түсіндіру, пайда, зиянын ұғындыру. Бұл кітаптың төрт аяғы тең шықты деген ой бізде жоқ. Соның үшін оқу-оқыту ісімен таныс адамдар бұл кітапты екінші рет басып шығарарда қай жерін қалай толтыру керек, қандай бөлімдер қосу керек екені жайынан жазушылардың тіке өзіне я газет, жорнал арқылы білдірсе және алғыс айтамыз. Және байқатқан нәрселерін есімізде тоқып, түзетуге тырысамыз. Мұны әсіресе, бала оқытып, тәжірибе алатын мұғалімдер мен өшетілдердің (учитель) құлағына көбірек саламыз. Оқу кітабының ішіне класта оқып, бір сағатта бітіруге ұзын соғатын мақалалар да кірді. Ондай мақалаларды бөліп-бөліп оқытуға болады, қала берді үйде оқуға болады. Ұзын мақалалар кіргізілгенде мектептегі шәкірттер түгіл, үйдегі ата-аналары да есте болды. Үйткені, үйде оқырлық кітап бізде әлі жоқ, жуырда болар деу қиын. Кітап Қазақстан Ғылым ордасының мақұлдаған бірінші сәтті баулу мектебінің программасына үйлестіріліп жазылды. Тағы бір айтарымыз: кітаптағы мақалаларды пұшпағынан санап, ретімен оқытудың керегі жоқ. Басқа біліммен байланыстырып, керегінше оңды-солды, ілгері-кейін теріп оқытуға болады. Сондықтан мақалалардың арасын бөліп, ықшамдап жіктедік. Мақалалардың жіктелген бөлігі бір ойды толық суреттейді. Үзілгені білінбейді. Жазушылар. 1923 жыл, сентябрдің 10-ы. Орынбор.
Бірінші бөлім
ӘДЕБИЕТ, ТҰРМЫС, ЕҢБЕК
БАЙЖАННЫҢ МОЛДАСЫ (ескі оқу тәртібі) Жаулығының шетіне үш тиындық қара бақыр түйіп, Байжанды ертіп, шешесі Жақыптікіндегі молдаға апарды. Балалар у-шу оқып жатыр. Көсе, арықтау қара кісі отыр. Байжан үйге кіргенде не болғанын білмеді... Буыны босады, кісіге қарауға жүзі шыдамады, төмен қарады, әжесінің тасасына жасырынып тұрды. Болбыраған жас жүрегі елжіреп, буыны дірілдеп, аяғын басып тұруға шамасы әрең келді. Балалардың көзі Байжанда. Байжан ұялып төмен қарайды. Молда басын көтеріп қарады да: – Жоғары шығыңыз, бәйбіше! – деді, молда. Байжан молданың сөйлегеніне таң қалды. Молда адамша сөйлемейтін, оқуша сөйлейтін бір түрлі басқа зат деп білетін еді. Оның ойынша молда деген ол зор дәрежелі және адамның ойындағысын білетін бір кісі еді. Нұрлы күн ұясынан жаңа бас көтеріп, әлемге сәулесін түсірді. Елдің көбі қалың ұйқыда жатыр. Жазғы қысқа таңға ұйқысы қана алмай, ертеңгі қоңыр салқын мезгілде жұрт рахат пен тыныштықта. Ауылдан оқшауырақ тігілген кішкене қоста он шақты бала тыныштықтың сәнін бұзып, ың-жың шулап отыр. Балалар көздері жасаурап, жағының жүні үрпиіп, есінеп-есінеп ызыңдап, ыңылдайды, әйтеуір дауыс шығарып, ән қосқанына мәз. Сөзінен жаңылып, қалғып бара жатқан баланы төрт өрме қамшымен молдекең арқаға тартып қалғанда шошып оянады. Балалар шу ете қалады. Қасқырдан үріккен жылқыша, жұмыла шырқырап, тағы шулайды. Басында елтірі бөрік, шалбарсыз, ұзын желең айқара жамылып, сұстанып, жыландай ысқырып, шал молда балалардың зәресін алып отыр. Бір жапырақ қағаздың кірден жылтыраған бетіндегі ірі жазуға қарап, сегіз жасар Байжан ілгерікейін шұлғып, «пи-қаф», «қаф-пи» деп ызыңдайды, молданың көзі түсіп кеткенде, ұясынан кенеттен ұшқан торғай сияқтанып, қаттырақ шырылдайды. Анда-санда молда: «Оқыңдар!» – деп, есінеп қояды.
Ұйқы басып, маужырап отырған Байжан жалыққаннан жанындағы балаға сыбырлап бірдеме дей беріп еді, жаққа шарт еткізіп молда салып жіберді. Иегі кемсеңдеп жылайын деп еді, қамшысына молда қол созған соң, көзінен жасын тиып, «пиқафқа» сала бастады. Біраздан соң ұйқысын ашу үшін Байжан қағазын бүктеп серігіне берді, есік алдына барып, қол қусырып: – Молдеке, қажет раума? – деді. – Жаңа келдің, хайуан, отыр! – деді молда. Байжанның көзі жасаурап, жанындағы үлкенірек серіктеріне жалт-жалт қарап, орнына қайта отырды. Жөнеу БІЗДІҢ МЕКТЕП Мектебіміз қалың ауылдың ортасында, қыраңдау биік жерде. Сырт жағынан ақ балшықпен сыланған. Екі бөлмеде класымыз болады, бір бөлмеде шешінеміз. Қалған екі бөлмеде оқытушыларымыз бен қызметші тұрады. Әр бөлмеде үш терезеден, екі бөлмеге бір пештен. Әр класта екі бөлім, екі бөлімге екі оқытушыдан. Біздің класымызда жиырма парта бар. Бір партада екі баладан отырамыз. Парталар қатар-қатар қойылған, әр қатардың арасынан кісі жүрерлік жер қалынған. Партада отырғанда жарық сол жағымыздан түседі. Парталардың алдында оқытушыға қойылған стол мен орындық бар. Оқытушының сол жағында қара тақта тұрады. Тақтаның бір жағы сызусыз, екінші жағы қызылмен сызулы. Тақтаға біз бормен жазамыз. Тақтаның артында шкаф тұрады. Шкафтың ішінде кітап, қағаз, қарындаш, сия сақталады. Біздің қарсы алдымызда жарда көбейту мен өлшеулер сатысы ілулі тұрады. Біз төртінші бөлімде оқып жүрміз. Ендігі жылы екінші басқыш мектепке кірмекпіз. Осы күні есеп ғылымын, жағрапияны, қоғам құрылысын, жаратылыс ғылымын, ана тілін оқып жүрміз. Бұлардан басқа сүгірет (сурет) салып үйренеміз. Оқытушымыз биыл ауыл адамдарынан жер сұрап алып, бізге бақша салғызды. Жаздай бақшамызды өзіміз суардық. Күз болғанда өзіміз жинадық. Мектептегі балалар жиналып екі жетілік жорнал шығарамыз. Жорналымызды шәкірттерден басқа ата-аналарымыз да оқиды. Кейбір күндері оқытушыларымыз бізді жинап алып, кітап оқып, түсіндіреді. Я өзіміз жиналып оқып, оқылған кітап жайында сөз қыламыз. Жазды күні оқытушыларымыз ертіп жүріп жердің
құйқасы, шөбі, жандықтармен таныстырады. Егіншілер сабан
айдап жатқан жерге алып барып, жерді қалай, қашан жыртуын,
қалай тұқым сеуіп, қалай тырмалауын көрсетеді. Биыл Марқабай
деген жолдасымыздың өзі бір жерге тұқым сеуіп шықты.
Сабағымызды білмей қалсақ, оқытушымыз қайтадан түсін-
діреді. Кейіп, жазаландырмайды, кейде қасындағы жолдасына маза
бермей, тентек болған баланы оңаша отырғызып қояды. Ата-ана-
ларымыз бен оқытушыларымызды ренжітпелік деп сабағымызды
дұрыс оқимыз.
ЖАС ҰЛАН
Алшия мініп жас бала
Тобылғы күрең тұлпарын.
Қызыл туын қолға ала,
Қондырған ерке сұңқарын.
Садағын тізіп дестеден,
Бес қаруын асынған.
Көмілген тұлпар кестемен,
Шымқай қызыл асылдан.
Жайнаған ылғи қырмызы,
Сұлу тұлға кигені.
Оттан ыстық жұлдызы,
Күн сәулесі күлгені.
Тұлпары қарап шекеден,
Шұлғиды жерді тебініп.
Келгендей-ақ Меккеден,
Жұрт қоршаған төгіліп.
Түрленіп тоқсан толғанып,
Аударды көптің назарын.
Сұңқылдап үні қозғалып,
Ашты тілдің базарын.
«Еңбек өнер туысым,
Мен – табиғат баласы.
Адалат, шапағат уысым,
Мен – әлеумет анасы».
Атылып тұлпар басқанда,
Көп жөңкілді жарылып.
Адалат (арабша) – әділет, адалдық.
Шапағат (арабша) – арада жүрушілік, жақтаушылық
Шықты дауыс аспанға,
Күй құйқылжып салынып.
Қызыл ту сонда сілкініп,
Сау-сау төкті білімді.
Толқыған шаршы іркіліп,
Жинаймын деп жүгінді.
Сілтесе қамшы ұшынан,
Әділдік жауды сартылдап.
Аттаса тұяқ тұсынан,
Тұтанды шапиқат жарқылдап.
Желігіп, зулап желіп ед,
Түйдек-түйдек түсті еңбек.
Абдоллаұлы Кенжеғали
БҰЛ КІМ?
Бала, бала, бала! деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргетіп,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Алтынсарыұлы Ыбырай
ТОРҒАЙ
Ағаш арасындағы жол. Аңнан қайтып келе жатырмын. Итім
алдымда жүгіріп келеді. Бір кезде итім алдымда құс барлығын
білгендей болды. Жүрісін тежеп, ептеп басуға айналды.
Ілгері жолды қуалай қарасам, тұмсығының айналасы сарғылт,
басына жұмсақ мамық жүн шығып келе жатқан торғайдың балапа-
ны көзіме түсті. Жел ағаш басын теңселтіп тұр. Балапан ұясынан
Шапиқат (арабша) – рақым, рақымдылық, аяушылық. (Құраст.)
құлап қалып, жаңа өсіп келе жатқан сүйрік қанатын жайып, қимыл
етпестен отыр.
Итім ептеп басып жуықтап қалды. Бір кезде жанындағы
ағаштан кенет кәрі қара тамақ торғай ұшқан тастай зу етіп, тап
иттің тұмсығының алдына келіп түсті. Жүні үрпиіп, түсі қашып,
абдырап сасқан, кісі аярлық дауыспен шырылдап, ашып тұрған
иттің аузына қарап бір-екі рет шапшыды.
Баласын қорғап құтқару үшін жаудың аузына қарсы ұмтыл-
ды. Құрттай денесі қорыққаннан дірілдеп, дауысы барқырап,
қарлығып торғай өле жаздады. Торғай өзін-өзі құрбандыққа қиды!
Торғайға ит қандай зор дажал. Сонда да қауіпсіз биік бұтағында
жаны төзіп отыра алмады...
Еркінен әлдірек күш торғайды жоғарыдан төмен лақтырып
түсірді.
Менің Құтпаным тоқтап, кейін шегінді. Ит те әлгі күшті
мойындады.
Мен ұялып, сасып бүгежектеп қалған итті шақырып алдым.
Торғайды сыйлап, көңілім бұзылып, жөніме жөнелдім.
Түргенұлы
ӨЗЕН
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп, жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рахат тауып басылады,
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады.
Он мың мал айдап өтсең лай калмайды,
Тасына су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен, судың қуатымен
Көк шығып, шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жаныбында,
Дәм болар алуан-алуан балығында...
Боқ таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында!
Қынарда – жағасында.
Құдіретін міне, қызық көресің бе? Не нәжіс тоқтар өзен денесінде. Арыстан демалуга суға кірсе, Балықтар шымшып ойнар терісінде. Алтынсарыұлы Ыбырай АҚ ЕДІЛДІҢ ТАСУЫ Жазғытұры басталған соң-ақ, менің табиғатты қатты сүю сезімім оянды. Жазғытұрғы лай селдердің өрден төмен төбенің бауырымен шулап, сылдырлап жүгіргенін қарап тұрғанда өте рахаттанушы едім. Тағы бір қызық көретін нәрсем – селдің бетін шыбықпен тазарту еді, бірақ мұны маған көп лұқсат етпейтін. Есігіміз алдынан Ақ Еділ көрініп жатады. Мен өзен қашан бұзылар екен деп тыншымай күттім. Ақырында сарғайып күткен күнім де жетті! Есекең ертеңгісін мен тұрар-тұрмастан асығып кіріп келіп, қуанып: «Ақ Еділ бұзылды» – деді. Көзді ашып-жұмғанша киініп, есік алдына ырғып шықтым. Біреуді жеп жібергендей болып қарай бастадым. Екі жиектің арасымен қарауытқан жалпақ көк мұз жосып бара жатыр кейде сары мұз да зырғып өте шығады. Өзенді кесе түскен қысқы жол әлдеқашан жөңкіп асып барады, оның үстінде бір сорлы қара сиыр есінен танып, ол шетімен бұл шетіне шапқылап жүр. Шабуылдап жүрген сиыр титтей жаңылып басса, қасымдағы қыз-қатындар аяп шу ете түседі. Сиырдың өкіргені кұлаққа тиіп тұр. Сорлы малды мен аяй бастадым. Биік тік жардың сыртына бара бергенде, өзен жалтарып кетеді, жартас артында жол да, үстінде өңкілдеп жүгірген сиыр да тасаға түсті. Бір кезде мұз үстінде екі ит көрінді, бірақ олардың сасқалақтап секіргені аяудың орнына қасымдағылардың арасында күлкі туғызды. Жұрттың бәрі де иттер суға кетпейді я қарғып, я жүзіп шығар деп сенді. Мен де соған нанып кетіп, сорлы сиырды ұмытып, басқалармен бірге күле бастадым. Иттер жұрттың үмітін аяқсыз қалдырмады. Көп кешікпей жиекке өтіп шықты. Мұз әлі тұтас тізбекпен өтіп жатыр. Мұз сықырлап, дал-дал болып сынып жатыр, араларында су шалп-шалп етеді. Мұздар бірінің үстіне бірі ырғып мініседі, ірірек мықтылары әлсіздерін бүгерлеп астына салып барады. Мұздар сіресіп, буылған жерде бір қыры көкке көтеріліп, жөнеліп кетеді. Кейде соғысып кеткен екі мұз күл-талқан болып ұсатылып, астына батады. Қобыздың күңіренгені сияқты сарнап, анық құлаққа тиеді.
Сол қорқынышты зор тамашаға қарап болып, үйдегі әжеме
келдім де, көрген-білгенімді қызғындап айта бастадым. Малдан
әкем қайтқан соң, Ақ Еділдің бұзылғанын бұрынғыдан да бетер
қызғындап ұзағырақ сөйледім. Үйткені, неден екенін білмеймін,
әкем ықыластырақ тыңдады.
Сол күннен бастап, Ақ Еділге дайым қарап тұратын болдым.
Өзен арнасынан шығып, аласа жиегін жапты: теңіздей жарқырап,
даланы шая бастады. Күнбе-күн өзен түрі өзгеріп, ақырында су
сегіз шақырымнан асу жерді шайып, бұлтқа араласты. Мінер
жақта ұшына көз жетпейтін жарқыраған су, беті теп-тегіс, тап-таза
шыны сияқты. Үйдің тіке қарсы алдында судан басы қылтиып,
үрпиіп тұрған шегіршін мен емен ағаштар қарауытады, уақ аралға
ұқсайды. Тасқын су көпке дейін қайтпады.
Ақсақұлы
ЖЕЛ ҚАЙЫҚТА
Тәуекел дарияға салсаң қайық,
Қорықпай жүз, тұтқан жолда кетпе тайып.
Дарияда бірде тыныштык, бірде дауыл,
Қаңбақша кезер кемең қанат жайып.
Абықта қалқыр кемең тыныштық тауып,
Сұрапыл дауыл соқса қатер-қауіп.
Тілсіз жау қара дауыл үні құрыр,
Ескекті мықтап ұста, кетпей ауып.
Тыныштықта құлаш керсең әнге салып,
Гулеп сал, толқында да қаһарланып.
Сыр берме, жел қайыққа мінгеннен соң,
Рахатты, миқынатты да мойынға алып.
Толқында, тыныштықта да өлеңдетіп,
Дариядан қорықпай жүзіп аман өтіп.
Әділдік, махаббаттың патшалығын,
Көрерсің мақсатыңа барып жетіп.
Сәкен
ЖАЗҒЫТҰРЫ
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Миқынат (арабша) – азап, қиыншылық, ауыртпалық (құраст.)
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап, қора шу-шу,
Көбелекпен, құспенен сайда ду-ду,
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай, мамырлап қу менен қаз,
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен жүгіртіп тастағанда,
Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға,
Қыз бұраңдап, жабысып қылады наз.
Жазға жақсы киінер қыз, келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл бәйшешек,
Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,
Диқаншылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның біреуі екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер.
Безендіріп жер жүзін Тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзаттың кеңілі өсіп, көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның бейілі енер.
Ай жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы, ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер өзіне шырай беріп.
Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай.
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,
Жер толқысып, түрленер тотықұстай.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай, сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
Абай
ЖАЗҒЫ ДАЛА
Тамылжыған жас иісті,
Жазғы жасыл көк дала.
Жайылған жібек кілемдей,
Қызылды, жасыл көк дала.
Құшағын жайған кең дала,
Төсін ашқан анадай.
Қаладан келген сағынып,
Бейне мен бір жас баладай.
Далаға келіп көк жасыл,
Кестелі жібек көрпедей.
Жас балаша шаттанып,
Құлай кеттім еркелей.
Жас баладай ойнаған,
Жібек шашы жалбырап.
Солқылдақ өрім көк шыбық,
Денесі уыз албырап.
Гүл, шашақтар жапырлап,
Қытықтайды мойынымды.
Қымыз иісті жел жібек,
Таласып ашты қойынымды.
Қымыз иісті жел жібек,
Шөпті ақырын сипады.
Біресе ойнап желеңдеп,
Шөптің басын ұйпады.
Көк ала кілем, жасыл шөп,
Тамылжып иісін аңқытты.
Кеудеге толып жас иіс,
Тән мен жанды балқытты.
Бал іздеген аралар,
Қобызбен күйін күйледі.
Жұптаса түрлі көбелек,
Қызғалдақпен биледі.
Қызылды, жасыл, көк ала,
Ұшқан сорлы көбелек.
Гүлдерге ғашық диуана,
Мәжнүн байғұс ебелек.
Қызғалдақ пен сарғалдақ,
Араласып үйісті.
Желекті жас келіндей,
Ұялып басын иісті.
Сыбырласып, күлімдеп,
Бастары таяу тиісті.
Сөліне ғашық көбелек,
Олармен келіп сүйісті.
Жібек кілем кестелі
Көрпе үстінде жаттым мен.
Қаладан алыс елді ойлап,
Қалың ойға баттым мен.
Тасыған сеңдей жойқылып,
Қозғалды жүйіткіп қалың ой.
Мінекей, келді алдыма,
Өрісте жусап қалың қой.
Тамылжыды ыстық күн,
Жапанда жым-жырт күйдіріп.
Қойшы жүр жалғыз қимылдап,
Әр қойды сауып, идіріп.
Жусаған қой иіріліп,
Ыстықтайды, солықтап.
Тақырда жанад кішкене от,
Сүт пісірмек қорықтап.
Етектеп терген қу тезек,
Отқа жаққан отыны.
Мамырлап ұшад аспанға,
Отынан шыққан түтіні.
Кезерген ерні жарылып,
Қызыл шақа көн жара.
Көйлексіз тәні жаңалаш,
Күнге піскен қап-қара.
Жалақ ерні қанаған,
Қол-аяқ тағы жарылып.
Мәжнүн (арабша) – ессіз, ғашық, құмар. (Құраст.)
Денесі піскен теріде,
Шандыр боп кеуіп, қарылып.
Бұтында шалбар теріден,
Өзге дене жаңалаш.
Шоқпыт киім шешулі,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Айдалада кішкене от,
Жалғыз қойшы... тас құрық.
Ұшып тұрдым жата алмай,
Көзіме келіп жас толып.
Ұмыт қалған қу бауыр,
Меңіреу жапан далада.
Көрер ме екем сені де,
Жарық думан қалада?
«Кетпе», деп тағы көк шалғын,
Аяғыма оралды.
Жібермей бөгеп алдымды,
Майысып гүлдер бұралды.
Сұлу жібек гүл шашақ,
Етегімнен ұстама!
Бірге өскен сәулем, қымбатты,
Енді мені қыстама!
Сәкен
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ
Жайықтан Шығысқа қарай Аманқарағай ағашына шейін
Торғай дуанына аңтарылып барған сары дала. Жаман қаладан
оңтүстікке қарай тап Ырғыз қаласына шейін жеткенше екі ара жа-
зып салған кілемдей теп-тегіс, әдемі дала көшпелі қазақтардың
«шөбі мол, жері – бай» дейтін Арқасы осы. Сол кең даланы Жем,
Ор, Ырғыз деген үш өзен кесіп өтеді. Тұщы сулы уақ көлдер мың
сан, әсіресе, кең даланың тамыры – Ор маңында су көп.
Қар кете дала наурыз айының аяғында-ақ асығып, көк орай
шалғынға орана бастайды. Кең дала тұтасынан іркілдек миге
айналады, әсіресе, асты тастай жерлердің беті ми, сабыр болып,
жүрген аттың аяғын батырып отырады. Жазғытұрғы ыссы күн
даланы тез сорықтырып, кептіре бастайды. Топырағын қыздыра
бастайды, сондықтан кілем түгіндей көк майса жер бетін жасыра
бастайды. Көрмеген кісі дала шөбінің әсемдігін біле алмайды.
Сәл жел соқса, боз бен бетеге жасыл теңіз сияқты толқын-
дайды, біріне-бірі бас изеп, теңселіп, шайқалады. Қызыл, жасыл, ақ киген қыз, келіншек сықылды бәйшешектер жер бетіне өң береді, жер құлпырып, ажарланады. Ойпаң жерде қып-қызыл, жапжасыл, аппақ гүлдер шайқалады, күнге күліп, көзіңді қытықтап, шағылыстырады. Көз тоқтарлық ағаш жоқ, бірақ ескі жұрттың көңінде өскен көкқурай мен кісі бойына жақындап сорайған ошағандар алыстан ағаштай сағымданып, көзді алдайды. Сай жағасында бұраң қаққан жас талдың сабақтары, қалың жапырақты тамырша аралап, шайырдың хош иісін мұрныңа жеткізеді. Жел соқты дегенше бұталар басы шайқалады, жалтырайды, ағарады. Жапырағының асты ақ бетін аударып көрсетеді, жел тынды дегенше жағадағы алтындай жылтылдаған сары құмның үстінде қарауыта қояды. Көбелектер ерсілі-қарсылы сеңдей соғылысып, қалбақтайды, бірін-бірі қуалап, жарысып зең салады. Мың сан шегірткенің тырсылы қосылғанда құлақ сарсиды. Ара мен көк шыбындар тізбектесіп танысқан қыздарша ыңылдап, ызыңдайды. Қара қоңыздар шөп арасында ысылдап-пысылдап Тәңіріге жазады. ЖАЗ Жазды күн шілде болғанда, Көк орай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда, Күркіреп жаткан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда. Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жүні қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында құлын, тай, Айнала шауып, бұлтылдап, Жоғары төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз, келіншек үй тігер, Бұрала басып, былқылдап. Ақ білегін сыбанып Әзілдесіп, сыңқылдап. Мал ішінен айланып, Көңілі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға Аяңшылы жылпылдап. Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып, Жасы үлкендер бір бөлек Кеңесіп, күліп, сыңқылдап. Жалшы алдаған жас бала, Жағалайды шешесін «Ет әпер!» деп қыңқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап. Өзгелер басын изейді «Әрине», деп мақұлдап. Ақ көйлекті, таяқты, Ақсақал шығар бір шеттен: «Малыңды әрі қайтар» деп, Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақтап, жалпылдап.
Шапандарын белсенген
Жылқышылар кеп тұрса
Таңертеңнен салпылдап,
Мылтық атқан, құс салған,
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап, қутыңдап
Қаз сыпырса жарқылдап,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі.
Қошемет қылып, қарқылдап.
Абай
ОҢТҮСТІК
Ырғыздың оңтүстігіне қарай аттасаң, арқадағы көк орай
шалғын еркелетіп тастаған көзің бұрынғыларын көру жоқ. Сұр
кілем сияқты жазылып жатқан меңіреу шөл. Әр жерінен кірлі
көйлек көрініп тұратын, тозған, жыртық жамаулы сұр шекпен-
мен киілген даланың үстін біреу жауып қойған сияқты. Шекпеннің
ана жерін отқа, мына жерін қарамай тигізіп, ана жерінің жүнін
ұйпалап біреу әурелеп қойған сияқты. Ұйпаланған жүннің ішін-
де аң-маң да көрінбейді, байқап қарағанда ғана көзіңе бір нәрсе
ілінеді.
Жері сорға бай, топырағы ащы, тұздықтың беті сияқтанып
қаймақшып жатады. Үстінде тіс шұқырлық шөп жоқ. Жаңа ғана
шашын алдырған таздың басы сықылды. Айнала сұр жусан, бұйра
құм, бірақ арқадағы иісті көк жусандай емес, жіңішке ауру болған
адам секілді қатып қалған. Сор жағасында жерге жабысып, тыр-
бысып жатқан қына, жазылып жатқан киік оты.
Маңайындағы ауаның ылғалын тұз «ә» дегенше тартып ала-
ды, дем алу қиындалып, тыныс тарылады. Үйренбеген адам мен
көлік тез шаршап, әлі құриды. Жазғытұры, күзді күні жаңбыр
басталғанда, жер іркілдеп, ойылып кетеді. Мұның артынан ке-
уіп, тұс-тұсына жарылады, тас болып қатып қалады. Келесі жылы
жазғытұры су жарықпен ағып, кеңітіп, құлатып, сай қылады, жан-
жағына тағы ашалар шығады, кей жерлер аңғар болып қалады,
кей жерлердің жарығы лай батпақпен сыланып, тегістеліп, бітеліп
қалады. Сондай тегістеліп қалған жерлер ғана жарықсыз болады.
Бір шөп я бір бұтаға сүрінемін деп қорықпасын, асық ойнауға ке-
летін тап-таза!
Жол табаны әлдеқашан тапталып, қатып қалған, көліктің
тұяғына тигенде тасырлап отырады, темір тегермешті арба-
лардың да ізі білінбейді. Ойылып қалған жол бұраңдап соғады да
отырады. Бұрылып шығып кету де оңай жұмыс емес.
ЖАЗҒЫ КЕШ
Бұлт шықты оңтүстіктен мұнарланып,
Нұры мен батар күннің шұбарланып:
Созады жандық біткен көкке мойын,
Тұрғандай сусап, өліп құмарланып.
Ескен жел күншығыстан болып майда,
Ие ғып бар жандықты жақсы жайға.
Жыбырлап көлдің беті шағаламен,
Дауысы бар аққу, қаздың әлдеқайда.
Секілді бейне ұшпақ қарағанға,
Қаларлық абайлаған ғажап таңға.
Ыстықта бой тасалап жерде жүрген,
Шырылдап әнші құстар жүр аспанда.
Қой маңырап, сиыр мөңіреп, маң-маң басып,
Келеді еркін жүріп, көңілі тасып.
Саууға келіншектер қарсы шықты,
Қолына шелек алып, белдемше асып.
Жиналып қарттар құрды кешке кеңес,
Шығып ап, ел сыртында жерге дөңес.
Ақсүйек балалар да ойнап жатыр,
Тұратын текке қарап олар емес.
Жазғы кеш ойлап тұрсаң жанға рахат,
Әркімде көтеріңкі көңілі шат.
Ән салды қосылысып қыздар-дағы,
«Биікке алтыбақан» құрысып ап.
Ыңырсып жердің жүзі шыққан үнмен,
Тынық кеш қосылысты қысқа түнмен.
Адамзат, жан-жануар қуансын деп,
Зор сыйлық сезіледі текке берген.
Майлыұлы Бейімбет
ЖАЗҒЫ ТҮНДЕ
Судай сұлу қара көз
Сүйгеніне берген сөз:
Белгілі жерден табылмақ,
Қараңғы жаздың түнінде.
Жатқызып тегіс үй ішін,
Қысып сүйді сіңлісін,
Сырлас тете бауырдан
Айырылу жеңіл ме?
Алдыңда алтын бағың бар!
Жолдасың шын сүйген жар.
Баққа аяқты батыр бас,
Күрсінбе, сұлу, егілме,
Буыннан қалің кетіп тұр,
Тыста жарың күтіп тұр.
Ақ көйлегің көлбектеп,
Шық тезірек, бөгелме.
Шыққанда қорқып сасқаның,
Дірілдеп түсің қашқанын.
Асығып күткен жарыңа,
Білдірме, сұлу, күлімде.
Мініп жігіт жүйрігін,
Тұмарлап кекіл, құйрығын
Іңірден келіп күтіп тұр.
Серттен таяр ерің бе?
Жігітте арман қалды ма?
Алды жарын алдына.
Шу, деп шауып жөнелді,
Бір қолы сұлу белінде.
Жігіт жарын құшады,
Қолдан тізгін босады,
Сенді саған екеу
Енді жүйрік, сүрінбе!
Жетсін жастар ауылға,
Ұрынбасын жауынға.
Алдарында бір-ақ бел,
Таң, тұра тұр, білінбе!
Жұмабайұлы Мағжан
КҮЗ Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай, Ерте барсам жерімді жеп қоям деп, ЬІқтырмамен күзеуде отырар бай. Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып, Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып. Жас балаға от та жоқ тұрған маздап, Талтайып қақтана алмай, өле жаздап. Кемпір, шалы бар болса қандай қиын Бір жағынан қысқанда о да азынап. Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі, Қай жерінен кедейдің тұрсын күйі. Қара қидан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы. Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқан айналасы. Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы. Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай, Артық қайыр артықша қызметке орай. Абай ҚЫС Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр мылқау танымас тірі жанды, Үсті басы үскірік, аяз бен қар Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды. Ұшпадай киген бөркін оқшырайтып, Аязбенен қызарып, ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымас қайран жылқы! Титығы құруына тез тақалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Құр жібер міне, антұрған кәрі шалды. Абай ЖҰТ Кетер ме көпке дейін доңыз естен! Былтырғы қатты боран қыстайғы ескен. Жетпіс пен сексендегі қариялар «Көрмедік сұрапылды мұндай» дескен. Үскірік, аяз, боран араласқан, Екі үйдің арасында жан адасқан. Қабағын түйіп келген қаһарлы жұт, Салды ойнақ сахараға уытын шашқан. Мұндайда қасқыр қарап қалсын неге? Қашаннан тісін қайрап жүрген неме, Көп берді жұтқа көмек бір жағынан, Демеді қызғаныш қып жұт та: «жеме!» Қырылды қосты жылқы сорға түсіп, Омбы қар, терең сай мен орға түсіп. Әл кеткен қайыруға жылқышылар, Жанымен қош айтысқан олар да үсіп. Үстінде ұзын жолдың қалашылар, (Күн бар ма, кедей сордың көзі ашылар?) Тоқтаусыз күні-түні соққан боран, Біразын қалған басып: қазасы бар. Балалар боқша арқалап барын киген, Сабаққа бармақшы боп шыққан үйден.
Жеткенше аяқ, қолын домбықтырып, Бетінен тызылдатып аяз сүйген. Суатқа мал суара барған малай, Келеді құлақ, мұрнын о да уқалай. Кенеттен, бір мезгілде боран соғып, Ұлағып құба жонға кеткен талай. Жылқыны доңыз солай қырып кетті, Жұмысын бітірді де жүріп кетті. Сан байлар жүген ұстап қала беріп, Сабасын керегеге іліп кетті. Міржақып ДАЛА БОРАНЫ Күн батты. Жаңа ымырт жабылып бара жатқан кезі. Шығыс тұстан ақша бұлт кенет көтеріліп өсе берді. Бір кезде қар бұлты көк жартысын түнеріп, құрсап алды, уақ қарды себе бастады. Бұрқырап борасын жүріп жатыр, жел ішін тартып соғып-соғып жібергенде, біресе жас баланың ыңырсып жылағанындай, біресе аш қасқырдың ұлығанындай дауыс естіледі. – Балалар! Кеш қалдық. Енді атты қатты айдап, қинаудың жөні жоқ. Аяңдалық. Жолдан айырылып қалмасақ, Құдай сақтар, – деді шал. – Беке! – деді шал бұрыла беріп, ұзын бойлы, ұстағанды қарттау кісіге қарап, – сен артқа түс, торың жүрдек болмағанмен, сылпылға танбайды болдырмас өзің де қалғымайсың. Мен алға түсейін, кірпігіңді қақпай байқап отыр, біреу-міреу я артта қалып, я соқпақ жолға бұрылып кетіп, адасып жүрмесін, – деді. Шалдың шанасын зорға дегенде алға сүйреп шығарысты. Бекеңнің атын күртікке жолдан итеріп жіберіп, артқылар өтіп кетті. Сонан соң омбыдан шығарып алысып, Бекеңді артқа салды. Шал сары тымағын баса киіп, шанасына мінді. – Ал, Көкше! – деді қуанышты болмағанмен қатты дауыспен шал, талай рет қазадан құтқарып едің, тағы бір қызметіңді көрсет, жолдан шығып кете көрме, кіре жылжып, қозғала берді. Қардың үлкен бұлты аспанның бәрін жауып алды. Күн қызылын бұлттың ақ шәлі қаптап, көрсетпей кетті. Бар кәрін, бар қорқынышты қуатын жинап алып боран басталды. Еркін далада жел ойнақ сала бастады. Қарды үрлеп, суырып, мамықша ұшырып, аспанға шығарды. Айнала аппақ болып, дым көрінбей, күзгі
қараңғы түндей болды. Маңайдың бәрі алай-түлей. Жер, ауа, аспан
тек бұрқыраған қардың ұшқынына айналды: ұшқын кіріп, көзді
аштырмай, дем алу қиындалды, жел біресе ұлиды, біресе өкіреді,
біресе ыңқылдайды, біресе сабалап, біресе жұлқылайды, біресе
жан-жағынан, астыдан, төбеден шыр айналады, кейде жыланша
оратылып, жолындағы нәрсенің бәрін буындырып үйіріледі.
Қорықпаймын деген кісінің де жүрегі сескенеді, қан суиды.
Суықтан болмаса да, қорыққаннан қан тоқтайды, үйткені бо-
ран кезінде аяз басылыңқырайды. Арқадағы табиғат қысының
долданғаны өте қорқынышты. Кісінің үрейі қашып, есі кетеді,
ақылынан адасады. Көп байғұстардың құрбан болатын себебі де
осы.
Шаналарының үстінде жиырма пұттан жүк, кіре малтығып, көп
уақыт жүрді. Жол көміліп қалды. Аттар тынбастан омбыға құлап,
тұрып келеді. Кірешілер көбінесе малтығып, жаяулап келеді. Бір
кезде көліктің де, адамның да сілесі қатты, бірталай ат болдырды.
Шалдың Көкшесі алда жол салып келе жатса да әлі тың, сонда да
кірекестің әлсірейін дегенін байқап, шал кірені тоқтатты.
Шырақтарым! – деді жұрттың бәрін дауыстап шақырып алып
шал, амал жоқ, тоқтамасқа болмайды, енді қоналық. Шананы
қоршап, ық қылайық. Тертені жоғары көтеріп байлайық. Үстіне
киіз жауып, баспана қылып отырайық. Құдайдың күні ашылуын
я бір қайырымды жүргіншілерді күтіп алмасақ болмайды. Кім
біледі, бәріміз бірдей қатып қала қоймаспыз.
Шалдың ақылы құлаққа әрі жат, әрі шошырлық болды, бірақ
жанды сауғалауға тек шалдың ақылынан басқа шара қалған жоқ.
Талайсыздыққа кірешілердің ішінде жол жүріп, ысылмаған
жастар да бар екен. Солардың аты тыңдау біреуі шалдың сөзін
тыңдағысы келмеді.
– «Бабай! Сенің Көкшең болдырды деп бәріміз бірдей қама-
лып жатып, қырыламыз ба? Сен асарыңды асап, жасарыңды жа-
сап болдың, саған бәрібір. Біз әлі өмір сүргіміз келеді, жолдағы
ауылға шейін 7 шақырымдай қалды, онан артық бола қоймас,
жүріңдер, азаматтар! Бабай аты болдырғандардың жанында қала
берсін. Құдай сақтап аман қалсақ, ертең қайтып келіп қардан ашып
алармыз», – деді әлгі жігіт. Көкше басқалардан гөрі тыңырақ де-
ген шал сөзі де, қалыңдар деген Бекең мен бір-екі адамның сөзі
де жастардың миына қонбады. Алты кісі он екі көлікпен тартып
жүріп кетті.
* * *
Боран долданып, күшейе берді, сол түн, келесі күн бойын
тоқтамастан соқты, жүріс қалды, терең сайлар отау болды. Бір
кезде боран толастаңқырады, алақаншықтады. Аппақ болып
толқындалып жатқан қардың үстінен жаяу борасын жүре баста-
ды, аспан көгеріп, бұлттар айықса да, сырылдап қар беті жүгіріп
жатыр.
Тағы да бір түн өтті, құтырған жел тынды, жаяу боран тоқтады.
Даланың түрі бірден қатып қалған толқынды теңіз сияқты.
Жарқырап күннің көзі шықты, толқындалып жатқан қар бетін-
де күн сәулесі күлімдеп, ойнай бастады. Боранмен тоқталған
кірешілер, жүргіншілер қозғала бастады.
Тап сол жолмен Орынбордан бос кіре келе жатыр екен. Алдыңғы
көлік қар астынан қылтиып тұрған тертенің басына келіп соқты,
айналасына кебен сияқтанып жарланып қар үйіліп қалыпты.
Тертенің айналасында қар астынан жылы бу шығып жатқанын
жүргіншілер көрді. Не екенін бірден түсіне қалып, қолына түскен
нәрселерімен жұрт қарды қаза бастады.
Ең әуелі екі жолдасы мен Бекеңді қазып алды. Бұлар қысты
күні ініне кіріп, ұйықтап жатқан суыр сияқты талмаусып қалыпты.
Айнала қар еріп қалған. Жатқан жері сырттағы ауадан жылырақ.
Бұларды суырып алып, шанаға салып, жүргіншілер жолда қалған
ауылға қайтып келді. Ауылдың жақын екені де рас екен. Салқын
ауа талып қалғандардың жанын кіргізіп, ширата бастады, азырақ
қимылдап, көздерін ашты. Сонда да әлі есін білмейді, бір нәрсе
қағып кеткен тәрізді. Үйге кіргізбей, тұла бойларын қармен
ысқылап-ысқылап, арақ ішкізді, ұйықтасын деп сәкіге салды.
Әбден ұйқысы қанып тұрған соң әлгі кісілердің есі еніп,
өлмей аман қалды. Жас батырдың сөзіне еріп кетіп қалған алты
ақылсыздар шыға бере жолдан адасқан көрінеді. Жаяулаған
аяқтарымен жолдың қатты табанын іздеп, түрткілей-түрткілей,
тұс-тұсына бытырап кеткен, әбден діңкелері құрып, бәрі де қатып
қалған. Жазғытұры сорлылардың сүйегін әр жерден тауып алыс-
ты. Біреуі әлгі ауылдың қорасына сүйеніп отыр екен.
Т.Ақсақұлы
НАН (1921–22 жылғы жұттар) Осы күні кеудеде, Шықпаған құр жан, Не бар тілек пендеде: Нан, нан, нан!!!... Жұрттың бәрі жалынды Өлтірме! деп аштан, Ынтық боп нанға сағынды, Жеп үйренген жастан. Бірақ әлі нан жоқ. Ашыққан қарын ашыққан, Нансыз елде сән жоқ, Бұралып отыр аштықтан. Құдай, а, Құдай! Қырасың ба, пендеңді. Қоясың ба өңгеңді? Аштық деген бір бәлең Салды елге шеңгелді. Күнің бар ма, көретін, Жәрдемің қайда беретін. Жан берген дән берер деп, Құдайысың сенетін. Сәждеде жатыр құлдарың, Көр, ғибадат қылғанын. Еңбектерін еш қылып. Лайық па, қырғаның? Жөні басқа орыстың, Ораза жоқ, намаз жоқ, Ғибадат қылмайсың де. Сорлы қазақ қорқақ, Айтқаныңды істейді. Ендігі өкпең не? Майлыұлы Бейімбет
ТУНДРА Арқалық мұз мұхитының жағасын қуалай, ұзыннан ұзақ созылған «тундра». Тундра дегеніміз – өте зор батпақты мидей тегістік дала. Сентябрь ортасынан тундрада қыс түседі. Ірі-ірі жапырақтап қар жауады Бірнеше жұмадан соң бүтін даланы қар көміп қалады. Қарасаң көзіңе тек ұшы-қиыры жоқ аппақ дала түседі. Толып жатқан батпақтар бетін мұз жауып, қар көміп тастайды. Өзен, сулар қатқан. Күн санап аяз қатая береді, кейде 50 градусқа да жетеді. Қар басқан ми даланың үстінен оқтын-оқтын, бетіңді қарып кеткендей суық жел жүреді. Жел қарды бұрқыратып көтереді, ауаға үйіреді. Алай-түлей қылып, бүріктіре қуады, биік-биік күртік тұрғызады. Оны тағы үрлей жөнеледі. Тундрада қыс ұзақ болады, кейде сегіз, кейде тоғыз ай созылады. Ай санап күн қысқара береді. Декабрь ортасында күн жарты сағат қана көрінеді, сонан соң батып, қысқы ұзақ күн басталады. Сол кезде тундрада тұру аса қиын, қысты күні тундрада құлақ кескендей тым-тырыс. Тек, түнде анда-санда жалғыз иттің үргені я ақ жапалақтың дауысы ғана шығады. Күн тіпті көрінбей кеткен соң, тундрада бірнеше ай жұлдыз бен айдың сәулесі ғана жылтылдап тұрады, күннің орнына кейде тек арқа жарығы ғана көрінеді. Тундра халқы қашан күн көрінеді деп күте-күте сарғаяды. Бір мезгілде сарғайып күткен уақыт та жетеді. Көкжиектен күлімдеп, жылы жүзбен күн көтеріледі. Әуелгі кезде күн көкте аз тұрақтайды. Бара-бара күн ұзара береді, түн қысқара береді. Жұмалар өтеді, күн ұзаюын қоймайды. Ауа жылыныңқырайды, өзендер бұзылады, батпақтар жібиді. Қар кеміп, жер ашыла бастайды, бірақ ұзақ қыс бойы жер терең қатқан соң, қысқантай жазға, тоң бір-екі кетпен басы ғана жібиді. Апрель басынан «ақ түндер» басталады: күн қызылы сөнбей тұрып, екі сағаттан соң күн қайта көтеріледі. Июнь ортасынан бастап күн батуды қояды. Сонда барып тундрада жаз басталады. Жазды күні тундра сүйкімдірек болады. Өсімдік көрінеді, бірақ бұлар сорлы өсімдіктер! Жер бетін «иагел» деген ақ сұр шөп жабады: әр жерде сексиген бүлдірген, қарамық көрінеді. Анда-санда шая, бұраң қайың болады. Неше жүз шақырым жерге шейін баяғы ажарсыз көрік: күн жүресің, жұма жүресің, мүктен басқа дым көрмейсің. Тундраның сәнін келтіретін көп көлдері. Жазды күні мың сан құс у-шу болып көлді жаңғырықтырып жатқаны. Тундраға топ-топ тырна, лек-лек қаз, шоқ-шоқ үйрек,
тізілген қу, топтанған кегірлер қиырдан ынтасын салып ұшып ке-
леді. Біреулері тамақ асырау үшін келеді, біреулері осы жаққа ұя
салып, балаларын шайқап шығарып, кейін алып жөнелу үшін ке-
леді. Бұлардың бәрі – тундраның уақытша ғана қонағы. Жаз айлары
өтеді, құстар тундрадан кейін қарай тартады, көлдер тағы жетім-
сіреп қалады. Уылдырығын шашу үшін тундраның өзендеріне
жазға қарай теңізден түрлі балықтар өрлеп келеді. Китке шейін
бала үшін өзеннің кең сағасына жетеді. Қыраң жерлерде қасқыр,
түлкі, бұғылар көріне бастайды. Аңның соңынан қуып, тундраға
топтанып, қалың масалар аттанып келеді. Масаның көптігі сонша
болады, ауаны тұтып, дем алғызбайды. «Ә» дегенше денең үстіне
үймелеп, маса жабылып қалғанын көресің. Масаның үсті-үстіне
шаққанынан адам есінен танады, кейде өледі де.
Тундра – кедей, сорлы жер. Адамға, жәндікке, өсімдікке өте
кедей: шөбінің көбі – мүк, жандығының дені – маса бұғысын
қоралап, айдап көшіп жүрген, анда-санда көшпеліге ұшырайсың.
«Живой Родниктен»
ШӘКІРТТЕРГЕ
Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап, жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!
Бостандықта қарсы кеп тұр,
Қалқам, сенің бағыңа.
Не керегің? Алшы! деп тұр,
Тағы да алшы, тағы да.
Күнің туды қарыштап қал,
Қалма қапы қарағым.
Бәйгі атындай жарыс сап қал,
Жасымасын талабың.
Қыр қуарып, сыр суалып,
Күйзеліп ед Алашың.
Бұл уақытта тұр қуанып,
Көріп сендей баласын.
Қайғылы еді, қам көңілді,
Сені көріп, болды шат.
Көркейт жаным, енді еліңді,
Жаңа өспірім, азамат.
Көңіл хошы, көз нұрысыз, Еңбекшіл тап халқының. Жарық жұлдыз, ай күнісіз, Сәулеңді шаш, жарқыным! Шартараптан жиналыпсыз, Жаңа талап, жас ұлан. Ғылым туын қолға алыпсыз, Құттықтаймын, бас ұрам! Азамат ҚАРА КЕСЕК ТІЛЕНШІ БИ1 Арғын қаракесек Бекболат бидің бәйбішеден тоғыз ұлы болыпты, тоқалдан Тіленші деген бір ұлы және бір қызы болыпты. Би қартайыпты. Тұрғылас арғынның жақсылары көрісе келіп: «Жасыңыз болса жетіп келе жатыр, орныңызды ұстап, кісі болуға балаларыңыздың қайсысын ұйғарып жүрсіз? Көзіңіздің тірісінде бата берейік деп келіп едік», – дейді. Бекболат толғанып үндемейді, көзін жұмып отыра береді. Сонда арғындардың Бекболаттан жауап күтіп отырғанын, бидің Тіленшіні айтайын десе бәйбішеден жасқанып отырғанын шымылдықтың ішінде кесте тігіп отырған қызы біледі. Қыз шыдамай шымылдықтың бір шетін көтеріп, жиылған кісілерге қарап: – «Қаракесектен шығып, он екі баулы арғын сендерді әкем (Бекболат) билеуші еді, әйел де болса, әкемді шешем билеуші еді, әкем шешемнен қорықпаса айтпайтын несі бар? Тоқалдан туды демесе, Тіленші жанның ел ұстамайтын несі бар?» деп шымылдықты қайта жапты дейді (қыз Тіленшімен бірге туысқан екен). Манадан томсарып отырған Бекболат көзін ашып: – «Баламның сөзі рас, сол немеден үмітім бар еді, бірақ ел жұмысынан ойлаған ойы жоқ, қойшы-қолаңшымен ойнай беруші еді, бойын ұстай білмеуші еді», – дейді. Сонда бәйбішесі: – «Сол немеден менің де үмітім бар еді, түсімде бидің ақ бура иесі бар еді, оның ақ тайлақ иесі бар еді, әлі тұрып, әлі шөге беруші еді, елді бір бұзып, бір түзей ме деп ойлаймын» – дейді. Тіленші қайда? – дегенде, Нұрадан жылқы суара кетіп еді, дейді. Отырған арғынның игі жақсылары енді оған өзіміз барып жолығып, сол судың жағасында тілеу қылып, бата берейік десіпті. Тіленші «Қаз дауысты» Қазыбек бидің немересі, Бекболат бидің баласы (Шоқан кітабы. 162-б.) – (А.Байтұрсынұлының түсініктемесі).
Бекболат бәрі жүздей кісі аттаныпты. Келсе, жылқысын суға жауып шығара салып, Тіленші өзен бойындағы қойшылармен алысыпжұлысып ойнап жатыр екен. «Ағаларың келді» деген соң киініп, алдарынан шығып, Тіленші сәлем беріпті. Сонда арғынның әлгі жақсылары Тіленшіге тұс-тұстан: – «Әкең Бекболат қартайды, он екі арыс арғынды билеп еді, адам бола ма деген баласы сен едің, қойшы-қолаңшымен алысып-жұлысып жатқаның мынау», – деп ұрыса бастайды. Тіленші тосып алып, айтатын арызым бар деп, ұлықсатпен сөйлепті: – «Әкем Бекболат еді, он екі арыс арғын сені билеп еді, арғындардың жуаны келсе, қабағын ашып, жадырап отырып сөйлесіп, арыз-мұңын тыңдаушы еді. Нашар, жіңішке атаның балалары айдаһардай көріп, айбатынан жасқанып, алдына келмейтін еді. Келсе, арыз-мұңын жөндеп, бойын билеп айта алмай, көбі арам өліп кете беруші еді. Сонда ойлаушы едім: сондай өнерді қолға берер күн болса, арызы жете алмаған нашарлар жасқанбай, арманын айтатын кісі болсам деп: соның үшін осы бастан бұлармен ойнап, бойын үйір қылсам, қорықпай арыз арманын айтар еді, арам өліп кетпес еді деген ойым» – депті. Арғындар: – «Балам, біз мұныңды білген жоқ едік, сенікі мақұл екен» деп бата берісіп, тарқасыпты. ЖАНДЫҚТАР Дүниедегі жандықтардың бәрі тапқа бөлінеді: хайуан, құс, балық, бақа-шаян, құрт-құмырсқа. Хайуандар баласын тірі тауып, сүтімен асырайды. Мәселен, мал мен аңдар сияқтылар. Құстар баласын тірі де таппайды, сүтімен де асырамайды. Олар жұмыртқа салады, жұмыртқадан басып балапан шығарады. Балықтар баласын тірі таппайды да, жұмыртқа салып баспайды да, тек уылдырық шашады, судан тысқары жерде тұра алмайды. Бақа-шаяндар суда да тұра алады, құрда да тұра алады, құсша жүмыртқа салатындары да болады, балықша уылдырық шашатындары да болады, құрт-құмырсқа дегеніміз – ұсақ мақлұқтар, олардың белгісі сол – бәрі сүйексіз болады, мәселен: көбелек, құрт, қоңыз сияқтылар. Осы айтылған мақлұқтардың адамға пайдалысы да, зияндысы да бар. Пайдалыларының бірсыпырасын адам ұстап, қолға үйреткен. Көбі үйір болмай, тағы күйінде қалған. Мақлұқтардың
түрі көп. Оның бәрін білу қиын жұмыс. Адамға артықша пайдалысы қандай, зияндысы қандай? Солардың әр түрінен болмаса да, кей түрінен бірен-саран белгілерін танып қою тиіс. Пайда, зиянын анық біліп отырып, пайдалысын пайдаға асыруға тырысамыз, зияндысының зиянынан қашамыз. Біздің бағып отырған төрт түлік малымыз бар. Солардың әйтеуір пайдалы екенін білеміз, бірақ қандай пайдасы барын түгел білмейміз. Сондықтан малдың пайдалы жағының көбі пайдаға аспай, далада қалады. Мақлұқтардың ішінде шөп қоректісі де, ет қоректісі де, ет, шөп қоректісі де бар. Шөп қоректілері жердің түгін тамақ қылады, мәселен: түйе, жылқы, киік сықылдылар. Ет қоректілер мақлұқтардың етін тамақ қылады. Мәселен, қасқыр, түлкі сияқтылар. Ет, шөп қоректілер жердің түгін, мақлұқтардың етін, екеуін де тамақ қылады, мәселен доңыз. Қандай шөп қоректілерді білесіңдер? Қандай ет қоректілерді білесіңдер? Қандай ет-шөп қоректілерді білесіңдер? ҚОЙ Қой – хайуанның ішіндегі ең момыны. Ұрсаң, соқсаң бақыру жоқ, тіпті қасқыр етінен жұлып жатқанда да дыбысын шығармайды. Қой ұстауға көнімді, пайдалы хайуан болғандықтан адам ерте малданған. Қойдың толып жатқан тұқымдары бар. Бірақ түпкі тұқымы қой мен сарық болып екі айрылады. Екеуінің арасындағы айырмасы құйрығында. Қысқа құйрықтысы қой деп, ұзын құйрықтысы сарық деп аталады. Қойдың да, сарықтың да майлы құйрықтысы, майсыз құйрықтысы бар. Қойдың да, сарықтың да толып жатқан өз алдына тұқымдары бар. Олардың бірсыпыралары көбінесе еті үшін, бірсыпыралары көбінесе жүні үшін, бірсыпыралары терісі үшін ұсталады. Біздің қазақ қойды көбінесе еті мен жүні үшін ұстайды. Жүні үй жабуға керек, орыс қойларының ішінде романский деген тұқымы бар – о да жүні, еті, терісі үшін ұсталады. Бұқарда қаракөл сарығы бар – ол елтірісі үшін ұсталады. Англияда майда жүн сарық бар – ол көбінесе жүні үшін ұсталады. Сарықтың қымбат тұқымдары: меринос пен қаракөл. Мериностың жүні жақсы, қаракөлдің елтірісі жақсы. Бұлардан басқа тұқымының жүні жақсысы романский, елтірісі жақсысы – мәліш қой.
Қой мен сарықтың қай түрінің де болса, адамға пайдасы көп: етін жейді, сүтін ішеді. Терісінен тон тігіледі, бөрік істеледі, жарғақ жасалады, мес қылынады, жүнінен киіз басылады, шекпен, қап тоқылады, пабірікте (фабрика) неше түрлі қымбат маталар істеледі: аяқ киімдер, қалпақтар жасалады, мүйізінен пышаққа сап, шақша, тарақ, түйме сияқты ұсақ-түйек нәрселер істеледі, түяқтарынан желім қайнатылады. Сүтінен ірімшік, құрт, май алынады, сүзбе жасалады. Майына нан пісіріледі, сабын істеледі. Қойлармен тұқымдас қолға үйренбеген хайуандар бар. Мәселен, арқар сияқты. Олар тағы күйінде таулы жерлерде жүреді. ЕШКІ Ешкі қойға жақын мал. Қойдан ашаң, сақалы, мүйізі болады. Мүйіз қойдың еркегінде ғана, онда да бәрінде емес, кейбіреулерінде ғана болады. Ешкінің мүйізсізі сирек болады (тоқал ешкі). «Есі кеткен ешкі жияды» деп қазақ дұрыс айтқан. Ешкі уақ малдың сүттісі. Екі ешкі сүті бір сиырдікіне жете қаба болады. Ашаршылықта, сасқанда, есі кеткенде ешкі қол береді, тамағыңды асырайды. Соның үшін ешкіні «іші толған лақ болар, бұты толған бұлақ болар», – дейді. Ешкінің әсіресе пайдалы тұқымдары – анғар (ангор), кәшмер (кашмир), мамбир деген тұқымдар. Біздің қазақ ешкісі мамбир тұқымынан. Анғар ешкісінің жүні ұзын, жібектей майда, азырақ бұйралау болады. Кәшмер ешкісінің қылшығы ұзын, түбіті қысқа, бірақ түбіті өте жақсы болады. Мамбир тұқымының жүні де кәшмер жүніне ұқсайды, бірақ онан гөрі төменірек болады. Ешкінің қай тұқымы да болса пайдалы. Еті қой етінен төмен болғанымен жеуге жарайды. Ешкінің еті мен майы салқында тез тоңазиды. Сүтінен ірімшік, құрт, май алынады. Майы шам зауыттарында ұсталады. Жүнінің түбітінен қымбат бөкебай, шәлі, қолғап сияқты нәрселер тоқылады. Терісінен жақсы жарғақтар, былғарылар, местер істеледі. Мүйізі мен тұяқтары қойдікіндей түрлі нәрселерге ұсталады. Ешкі басқа малдан өсімтал келеді. Көбінесе егіздетіп, кейде үштеп, төрттеп те табады. Ешкі сүтті және сүті жақсы болғандықтан сауын үшін ұстауға қолайлы мал. Ешкінің еркегі көсем келеді. Қоралы қойды серке бастайды. Ешкінің қолға үйренбеген тұқымдары толып жатыр. Олар тауда жүреді, тау ешкі деп аталады. Ешкінің жүкке ойнақтап, жарда секіретіндері бұрынғы аталарының тауда өсіп, тауға секіретін әдетінің қанда қалғаны.
ҚАРА ШЕКПЕН МЕН ҚОЙ
Шақырды Қара шекпен Қойды сотқа,
Күймей ме, біреу үшін біреу отқа?
Белгілі Қойдың тауық жемейтіні
Жазықсыз жаза тартқан пенде жоқ па?
Түлкі екен судьясы теңшіл деген,
Атақтан сау емес ед жемшіл деген.
Бір күні талапкер мен жауапкерге,
Шақыру қағаз шықты келсін деген.
Екеуі айтқан күні сотқа келді,
Түлкі екең Қойды көріп, көңілденді.
Тексеріп әрлі-берлі жауап алып,
Тез істі бітірмекке жақаттанды.
Талапкер Мұжық айтты: – Пәлен күні,
Қотанда Қойдың жалғыз қонған түні,
Жоқ болып екі тауық ертеңінде,
Сүйегі, бұрқыраған жатыр жүні.
Дер едім сырттан ұры келген шығар,
Шықпады түні бойын иттің үні.
Ойыма, салыстырып қарадым да,
Қой екен жеген дедім, шексіз мұны
Қой айтыпты: – Шөпке тойып күні бойын
Қозғалмай жаттым ұйықтап түні бойын.
Біледі аймағымның бәрі, тақсыр,
Жоқтығын бұзық көңіл, арам ойым.
Құдайға аян, ұрлық етпегенім,
Орнымнан тұрып түнде кетпегенім,
Жалғыз-ақ тауықтардың тұсында емес,
Аслан өмірімде ет жемедім.
Ал сонда Түлкі қалай үкім етті,
Ұрлаған тануға да – деді епті.
Өзге ұры келмегенін мұнан білем,
Уақиға болысы түн ит үрмейді.
Келмесе сырттан ұры, бұл жемесе,
Жоғалып екі тауық қайда кетті?
Жан берсе, нанып болмас жақын жатып,
Жемедім дегеніне тәтті етті.
Тексерген іс түріне қарағанда
Аслан (арабша) – тумысынан, өмірінде, тіпті, мүлдем.
Мүғайын тауықтарды осы жепті. Обал жоқ өртесе де мұны отқа, Апарып өлтіріңдер, байлап отқа. Терісімен талапкерді ырза етіп, Ап келіп тапсырыңдар етін сотқа! ТҮЙЕ Түйе көптен қолға үйреткен төрт түліктің бірі. Түйенің түрлі тұқымдары бар, әр түрі жеріне қарай ұсталады. Түйе жылы жақтан шыққан хайуан, өте суық жерлерде тұра алмайды. Сондықтан жылқы мен сиыр сияқты кез келген жерде ұшырай бермейді. Түйенің түпкі тұқымы екеу: айыр өркеш, жалғыз өркеш. Екеуінен түрлі тұқым шыққан. Жалғыз өркештің жақсысы – нар. Нар – түйенің нағыз зор, мықты тұқымы, артқанда 30-40 пұт жүктерді күйзелмей көтереді, жеккенде 90-100 пұт жүктерді қиналмай тартады. Онан соңғы күшті тұқымы – қоспақ. Кей жерлерде жақсы қоспақты «құрт» деп атайды. Нардың аруана деген тұқымы бар, ол күшке онша емес, бірақ сүтке жақсы. Аруана айырдан екі үш есе сүтті болады. Нар мен аруанадан айыр мен қоспақ жүндесірек. Түйе көбінесе көлік есебінде ұсталады. Шөлсіз асу жерлердегі жүріске түйеден басқа мал төзбейді. Темір жол жоқ жерлерде бұрын да, бұл күнде де түйенің қызметі зор. Тізбек-тізбек түйе жетелеген кіркештер сулы, сусыз жерлерді талғамай, кезіп жүре береді. Сондықтан түйеге «қыр кемесі» деп ат қойылған. Түйенің шөлдемейтіндігі денесінде бөлшек-бөлшек ыдыстары көп. Бір ішкенде соларын суға толтырып алып, шөлдегенде аздап сусынын қандырып отырады. Шаң-тозаң түспеске қысып алуға түйенің мұрны ыңғайлы жаратылған. Шөлге төзімді, жүрісі өнімді, күші көп болғандықтан көлік орнында түйе егіздерден көп артық. Түйенің көліктіктен басқа да көп пайдасы бар. Еті жылқы мен сиыр етіндей дәмді болмағанымен жеуге жарайды. Сүтінен «шұбат» деген түйе қымызы істеледі. Түйе сүті қою, қаймақ сияқты болғандықтан өте жұғымды болады, кісіні тез семіртеді. Жүнінен күпі істеледі, шекпен, шұға, кілем, бау-шу тоқылады, арқан, жіп есіледі. Терісінен былғары, қайыс, таспа, көн, ыдыс істеледі. Майы балауыз шам жасауға ұсталады. Табанынан түйме, тарақ, оқшантай сияқты нәрселер жасалады, желім қайнатылады. Тезегі отқа жағылады, сүйегі қант зауыттарында ұсталады. Мұғайын (арабша) – анық, белгілі. (Құраст.)
Түйе күйісті айыр тұяқтылардың арасында көн табан табына
жатады. Сортаң жердің шөбін жаратады, тұзсыз тұра алмайды,
ыстықты сүйеді, неғұрлым ыссы болса жанына жағады. Ыссыда
түйе тез семіреді.
Жұмсауға көнімді, тағы күйінде қалған түйе – жоқ есебінде.
Тянь-Шань тауларында тағы түйелер аздап ұшырайды.
ЖЫЛҚЫ
Жылқы жер жүзіне түгел жайылған хайуанның бірі. Адам
жүрген жерінде жылқы жоқ жер аз. Жылқының түп атасы құлан
деп айтылады. Құланды қолға үйретіп, бағып, баптап, жетіл-
діріп, жылқыға айналдырған монғол мен арий жұрттары болған.
Сондықтан жылқының түп атасы екіге бөлінеді: монғол жылқысы,
арий жылқысы. Басқа жұрттарға жылқы осылардан тараған.
Монғол жылқыны қолға үйреткелі мұнан 8 мың жыл шамасы
бұрын деп айтылады.
Жылқы адамға нағыз пайдалы хайуанның бірі. Көлік орнын-
да жылқы салт мініледі, арба, шанаға жегіледі, соқаға салынады.
Жылқының күші мол, жүрісі өнімді.
Жылқы сүтінен әрі сусын, әрі тамақ, әрі дәру қымыз істеледі. Еті
дәмді, қуатты. Терісінен былғары, қайыс сияқты нәрселер істеледі.
Жал құйрығын сатсаң – пұл, ессең – арқан-жіп болады, тұяғынан
түйме сықылды нәрселер жасалады, желім қайнатылады. Сүйегі
сабын мен қант зауыттарында ұсталады. Қысқасы, пайдаға асыра
білгенге жылқы бойындағы бар заттардың іске аспай қалатыны
жоқ. Жылқының тұқымы толып жатыр. Олардың біреулері салт мі-
нуге жақсы, біреулері жүк тасуға жақсы, біреулері жарысқа жақсы.
Салт пен жарысқа жақсы жылқылар монғол мен арий жылқысынан
шыққан тұқымдар. Бұл екі тұқымнан басқа орман жылқысы деген
бар. Оның тұқымы жұмысқа жақсы болады. Монғол жылқысынан
шыққан қазақ, қалмақ, башқұрт, қара байыр, қашқар, забайқал,
дон жылқыларының тұқымы. Арий жылқысынан шыққан араб,
иран, түрік, түрікпен, серкеш, ағылшын жылқыларының тұқымы.
Орман жылқысынан шыққан Арден, Бұлан, Шерширун, Белгия,
Дания, Голландия жылқыларының тұқымы. Осы үш тұқымның
бір-біріне шағылысқанынан шыққан жылқының толып жатқан
тұқымдары көп.
Жылқы хайуандар арасында дөңгелек тұяқ тобына жатады.
Жылқымен тұқымдас үй хайуандарынан есек, қашыр, қыр хайу-
андарынан құлан, зебр сықылдылар.
АТТЫҢ СЫНЫ
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы, жоталы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салық төсті.
Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жер соғарлы, сіңірі, аяғы тік,
Жауырыны етсіз, жалпақ, тақтайдай ақ.
Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
Алды, арты бірдей келген, ерге жайлы.
Келте құйрық, қыл түбі әлді келіп,
Көтендігі шығыңқы, ала майлы.
Ұршығы төмен біткен, шақпақ етті,
Өзі санды, дөңгелек келсе көтті.
Сырты қысқа, бауыры жазық келіп,
Арты талтақ, ұмасы үлпершекті.
Шідерлігі жуандау, бота тірсек
Бейне жел тынышты, екпінді мініп жүрсек.
Екі көзін төңкеріп, қабырғалап,
Белдеуде тыныш тұрсын байлап көрсең.
Тығылмай әм сүрінбей жүрдек, көсем,
Иек қағып, елеріп, жүрсе әсем,
Шапса жүйрік, мінсе – берік, жуан, жуас,
Ыразы емен осындай ат мінбесем.
Аяңы тымақты алшы кигізгендей,
Кісіні бұлбыл қағып жүргізгендей,
Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс,
Ыза қылдың қолыма бір тигізбей! ...
Абай.
СИЫР
Сиыр да жер жүзіне жайылған хайуандардың бірі. Сиырды
адам қай уақытта қолға үйреткені белгісіз, мұнан 6 мың жыл
бұрын Қытайда Құңси деген патша болған. Сол патшаның зама-
нында Қытай жұртының малданғаны сиыр екені белгілі. Бұрынғы
Мысыр жұртының да байлығы сиыр болғаны мағлұм. Грек, рум
сияқты көне халықтарда сиыр малданғаны туралы мағлұматтар
көп. Қалайда, сиырды малдану ерте заманнан басталса керек.
Сиырдың адамға пайдасы көп. Еркегі көлік, ұрғашысы сауын.
Өгіздің күші көп, бірақ жүрісі шабан. Сондықтан жүк тасуға, жер
жыртуа салынады. Сиырдың сүтінен қатық істеледі, ірімшік, құрт,
сүзбе жасалады, май алынады, сүттей де ішіледі. Еті дәмді, бойға
сіңімді болады. Терісі жылқы терісінен қалың, бұлдырақ бола-
ды. Өгіз терісінен былғары, ұлтан және қалың қайыстар істеледі.
Сүйегімен жер тыйландырады. Мүйізінен тарақ, түйме сияқты
нәрселер жасалады. Тұяғынан желім қайнатылады. Сүйегі қант
зауыттарында ұсталады. Тезегі отқа жағылады.
Сиырдың да толып жатқан тұқымдары бар. Олардың бір-
еулері сүтке жақсы, біреулері етке жақсы, біреулері жұмысқа
мықты болса, соғұрлым жақсы болмақ. Бірақ үш жағы бірдей
толық болып, бір тұқымнан табыла қоймайды және бір тұқымды
қай жерде де болса, ұстауға болмайды. Сондықтан жер жағдайына
қарай түрлі тұқымдары ұсталады, бірақ қай жерде де болса,
қолдан келгенінше жақсы тұқымын ұстауға тырысады. Біздің
қазақы сиырдың тұқымы етке, жұмысқа тәуір, бірақ сүтке жоқ.
Қалмақы сиыр тұқымы да сондай. Сүтке жақсы тұқымдар: мөшке,
қалмагер, великорос сиырлары. Жұмысқа жақсы Гетманский де-
ген көк сиырлардың тұқымы. Етке жақсы шотгурын, деуін, шер-
каский деген сиырлардың тұқымы.
Сиыр хайуандар арасында күйсейтін айыр тұяқ табына жатады.
Сиырға жақын аталас хайуандар Үндістандағы зебу деген өркешті
өгіз және зубр, буйбұл деген адамға үйір болмаған тағы өгіздер.
МЫСЫҚ
Мысық қолға үйреткен мақлұқтың ішіндегі ең пайдасы азы.
Мысықтың қазаққа келтіретін пайдасы тышқан аулағаны. Басқа
жұрттар мысықтың терісін алу үшін де ұстайды.
Мысықты Мысыр халқы қолға үйреткеніне көп болған. Басқа
жерлерге онан кейін көптен соң тараған. Бұрынғы грек пен
рум жұрттарында мысық асырау деген тіпті болмаған. Еуропа
жұрттарына мысық тарағанына мың жылдай-ақ болды. Амери-
ке (Америка) жеріне мысықты Еуропа адамдары алып барып,
таратқан. Мысық атаулының үйде ұсталатындарының бәрі де
сол Мысыр мысығынан өрбіген. Мысырдың бұрынғы халқы
мысықты қасиетті мақлұқ деп, Құдайдай қадірлеп, табынған. Өрт
болса, бәрінен бұрын мысықты құтқаруға тырысқан. Мысық өлсе,
қайғырып, аза тұтып, қара салған. Мысықты өлтіргендер өлімге
бұйырылған. Мысық өсімтал мақлұқ. Жылында 2-3 балалайды.
Баласы көзін ашып, өсе бастағанда-ақ, енесі тышқан ұстауға бау-
лиды. Баулу үшін тірі тышқан әкеліп, баласына ұстатып үйретеді.
Мысық тырнағын жәй кезде жоғары көтеріп, жүніне жасырып,
қалжасын ұстар кезде ғана шығарады. Мысықтың мұрты – сезетін
бес сайманының бірі. Біз қолымызбен сипап білетін нәрселерді
мысықтар мұртымен біледі. Мысықтың аузын адалдаймыз деп
мұртын кесетін біздің қазақта дағды бар. Олары мысыққа зор
зәбір. Мысықтың мұртын кесу – қолымыздың саусағын кесумен
бірдей. Тышқан жеген мысықтың арам аузын мұртын кесумен
адалдаймыз деген құр адасқандық.
Мысықпен тұқымдас толып жатқан аңдар бар. Олардың ішін-
дегі қазақ білетіндері барыс, жолбарыс, арыстан, қазақ білмейтін-
дері ягуар, леопард, пума. Қолға үйренбей, тағы күйінде қалған
мысықтар да бар.
Мысықпен тұқымдас аңдардың адамға келтірер пайдасы аз,
жоқ қасында, залалы көп. Мысық тұқымды аңдардың бәрі де
қанқұмар мақлұқтар. Өздері мықты, бірақ керіне тимей, мысықша
бұғып жатып тиеді. Сондықтан олар бар жерде адамдарға да,
басқа аңдарға да зияны көп. Әсіресе, күштілері арыстан, жолба-
рыс, ягуар, леопард, пума. Бұлардың әлі жетпейтін хайуандары аз.
Арыстан ақырған кезде естіген хайуанда ес қалмайды.
ҚАСҚЫР МЕН МЫСЫҚ
Орманнан Қасқыр келді елге қашып,
Алақтап, не қыларын білмей сасып,
Соңынан бір топ аңшы қиқу салып,
Ит қосып келе жатыр, шапқыласып.
Жалынып, Қасқыр сонда Мысыққа айтты,
Шетінде бір ауылдың ұшырасып:
– «Мысықжан, бұл жердегі жұрттар қандай?
Жау қуып келе жатыр арттан қалмай!
Ит үрген, қиқу салған адамдардың
Дауысын естимісің, тартқан кернай,
Айта гөр, қайырымды ер бар болса
Тасалап, мені жаудан құтқарғандай?»
– «Бара ғой, Мысық айтты: – Қоянкөзге!
Жігіт кем, ер көңілді онан өзге.
Адамды анау-мынау тоқтатарлық,
Аузының ебі де бар сөйлер сөзге».
– «Оны қой!» – Қасқыр айтты – ол жасырмас:
Жеп едім бір ту қойын өткен күзде».
– «Барып көр олай болса, Құрамысқа,
Адам жоқ жасыруға онан ұста.
Шамасыз өзі асқан жақсы жігіт,
Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа» –
«Мысықжан, оны да қой, өзгесін айт!
Жеп едім бір ылағын былтыр қыста».
– «Иесі анау үйдің Көпберген бай,
Жақсылық-жамандықты көп көрген бай.
Қонақжай, өзі асқан дәулетті адам,
Жатсаң да ауырламас бірнеше ай» -
– «Баруға, – Қасқыр айтты: – жүрексінем
Оның да қозыларын жеп ем талай».
Білмеймін, сілтерімді енді қайда!
Барып көр Қисықбасқа, анау сайда!
Болғанмен басы қисық өнері көп:
Әртүрлі табылады онан айла».
– «Мысықжан, оны да айтып әуре болма:
Жеп едім бір бұзауын өткен айда».
– «Мен қайран, – Мысық айтты: – істеріңе!
Залалдан басқа нәрсе істедің бе?
Байдың көбі, жарлының жалғызы да,
Тиіпті, тыңдап тұрсам тістеріңе.
Залалкер жұртқа тегіс болып әбден, Енді не іздеп келдің іштеріне? Жынды жоқ, сені аман құтылдырып, Алғандай бәле тілеп үстеріне. «Не ексең, соны орарсың» деген сөз бар, Ор, енді егініңді піскенінде!» ИТ Иттің тұқымдары түрлі-түрлі. Мысықтай кішкене тұқымнан бастап, өгізшедей үлкен тұқымы мен екі арасында толып жатқан түрлі тұқымдары бар. Түрлі тұқымын адам түрлі орынға ұстайды. Біреулерін қора күзетуге, біреулерін аңға қосуға, біреулерін аң іздетуге, біреулерін суға құлағандарды құтқарып алуға, біреулерін көлік орнына жегуге, біреулерін ұры таптыруға ұстайды. Иттің түрлі тұқымы – жалғыз үлкен кішілігімен емес, тұлғасымен, түгімен де айырылады. Бірі – жантық, бірі – ашаң, бірі – жүндес, бірі – тазғыр. Бұлардың түп атасы біреу ме, болмаса бірнешеу ме, ол шешілмеген. Бірақ мұнан 4-5 мың жыл бұрын да иттің түрлі тұқымы бар екені анық. Ит атаулының қай түрі де болса, адамға үйір, достығы нағыз. Иттің бір-біріне достығы аз болғанмен адамға достығы көп. Ит адамға пайдалы мақлұқтың бірі. Пайдалы болғандықтан тіпті, атам заманнан бері адам пайдаланып келеді. Иттің таралмаған жері жоқ. Адам бар жердің бәрінде ит бар. Иттің түрлі тұқымы түрлі қызметке үйретілген және қызмет үшін ұсталады. Біздің қазақ иттің екі түрлісін ғана ұстайды. Қора күзеттіруге төбет тұқымын, аңға қосуға тазы тұқымын. Бұл екеуінің қатысқанынан шығатын дөрекі тұқымы бар. Ол төбетке жақын болса, қора күзетеді, тазыға жақын болса, аңға қосылады. Басқа тұқымдардан қазақтың білетіні барақ ит. Иттің терісін қазақ тұтынбайды. Басқа жұрттар ит терісінен жарғақ, былғары, ішік, бөстек істейді. Ит тегі ет қоректі мақлұқ. Қолға үйреткен соң ет те, шөп те жеуге айналған. Итпен тұқымдас тағы күйде қалған қорқау қасқыр, шақал, түлкі, қарсақ және басқалары ет қоректі. Бұл аңдардың адамдар терісін пайдаланады. Жаз түлеген кезде терілерінің жүні қысқа, жақсы болмайды. Аңшылар жүні ұзайған қыс күнінде аулайды. Әсіресе, терісі қымбаты – түлкі. Түлкі түгі сұлу және жылы болады, қара түлкінің терісі тіпті қымбат. Қасқыр, түлкі, қарсақты қазақ қалай аулайды?
ИТТІҢ ДОСТЫҒЫ
Бір байдың Төрткөз, Мойнақ төбеттері,
Өздері ит те болса әдепті еді:
Түнде үріп, күндіз үрмей, тек жататын,
Болады әдепті иттің әдеттері.
Түс мезгіл екі төбет тойып жатып,
Кемпір наз өкпелерін қойып жатып,
Ас үйдің алдындағы күншуақта,
Сөйлесті әр нәрсенің басын шатып.
Сөз қылды жақсылықты, жамандықты,
Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты,
Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп,
Қолға алды татулық пен араздықты.
Тілмарсып, сол уақытта айтты Мойнақ:
– Менсіз-ақ, қара Төрткөз, өзің ойлап,
Дүниеде онан артық не нәрсе бар?
Тұрғаннан татулықпен күліп, ойнап.
Дос болсаң құшақтасып, жанға балап,
Сөз айтсаң бір-біріңе, шырақ-қарақ.
Алты күн ашаршылық көрсең дағы,
Жемесең бірің жоқта бірің тамақ.
Достың дос жұлдырмаса жауға түгін,
Ешнәрсе айырмаса ара-жігін,
Бірінің қабағына бірі қарап,
Білмесе күннің қалай өткендігін.
Не бар деп дүниеде мұнан артық?
Мен қалып бір қиялға тұрмын бүгін.
Жолдыаяқ, ақсақ Құтпан, жаман Сарқұс,
Солар да тап-тату жүр, біздер түгіл.
Сөйлейді маңызданып енді Төрткөз:
– Мойнеке, мұның әбден айтарлық сөз,
Тұрмайтын бір күн тату неміз бар деп,
Мен-дағы ойлаушы едім осыны әр кез.
Не келіп, тірі жүрсек не кетпейді,
Араз боп екеумізге не жетпейді?!
Тамақ тоқ, өркені өссін иеміздің,
Тиіссіз сөгіп соқпай, құрметтейді.
Расты рас демей танамыз ба?
Бір сөтке татулық жоқ арамызда.
Тұрмайтын ренішке сәл нәрсеге,
Екеуміз таласамыз, барамыз да.
Мұндай іс арасында болған емес,
Көз салсақ бұрынғы өткен бабамызға,
Атаның жолын қумай, ылаққанда,
Тура жол сонан артық табамыз ба?
Бұл сөзге көңілденіп, Мойнақ тасты.
Ол үлкен онан... Төрткөз жасты,
– Төрткөзім! Мойнекем! – деп бірін-бірі,
Дос болып, серт айтысып, құшақтасты,
Екеуі бірін-бірі сүйді, құшты,
Қызығы басылмаған достық күшті!
Ас үйден лақтырған бір омыртқа,
Солардың нақ жанына келіп түсті.
Көрген соң майлы сүйек, ит тұрар ма?
Құшағын жайып ала жүгірісті.
Достықты, айтқан сертті бұлай қойып,
Екеуі бір-біріне салды тісті,
Досты дос мұнан артық қалай сыйлар?
Жүндері бұрқыраған аспанға ұшты,
Су құйып үстеріне, жиылған жұрт:
Екеуін зордан ғана айырысты.
БҰҒЫ
Бұғы адам малданған хайуанның бірі. Бұғы тұлғасына
қарағанда сиырға жақын. Бұғының толып жатқан тұқымы бар.
Көптен бері адам малданып келе жатқан тұқымы арқа бұғысы.
Қысы ұзақ, жазы қысқа арқаның суық жерінде арқа бұғысынан
басқа мал жоқ. Ол болмаса, Арқадағы самаед, лопар және басқа
сол сияқты жұрттар күнелте алмас еді. Олар бұғының етін жейді,
сүтін ішеді, терісін киім қылады, үйге жабады, сіңірін тарамыс
қылады. Бұғыны көлік орнына салт мінеді, шанаға жегеді. Жек-
кенде екеу, үшеуін қосарлап жегеді.
Арқа бұғысының сиыр сияқты еркек, ұрғашысы, екеуінде де
мүйіз болады, бірақ бұғы мүйізі сиыр, қой, ешкі мүйіздеріндей
емес, бұғы мүйізі тармақ-тармақ бұтақты келеді. Және сырты
тері, іші сүйек болады. Бұғы мүйізі жүн түлегені сияқты түсіп,
жаңадан қайта шығып тұрады. Жетілген кезінде мүйіздің терісі
түсіп, сүйегі ғана қалады. Шындап айтқанда, бұғынікі мүйіз емес,
шекесінен шыққан сүйек.
Бұғының өсімталдығы сиырдан гөрі артығырақ. Сентябрь
ішінде қашып, майдың аяғында я июнь басында балалайды. Бұғы
жалғыз да, егіз де табады. Қысқа қарсы бұзауы емуін қояды.
Бұғы сүті майлы болады. Лопарлар бұғы сүтінен ірімшік жасай-
ды. Бұғыны малданған жұрттар көп қылып ұстайды. 4-5 мындап
бұғысы бар байлары да болады. Бұғының тамағы аз – мүк, бұта,
шырпы сияқты нәрселерді жеп, семіреді. Қыс тебінмен шығады.
Бұғыны қыратын аусыл мен сарып. Аю мен қасқырдың да зияны
көп тиеді.
Жаз бұғының мазасын маса, сиыр бүгелек алады. Бүгелек
шыққан кезде оқыралап, арықтайды. Сондықтан, жаз кезінде теңіз
самалындағы «тундра» деген салқын жерлерге қашады. Теңіз са-
ясын жайлап, күзге қарсы ағашқа құлайды. Бұғымен тұқымдас
марал, бұлан, лос, құлжа. Арқа бұғысынан басқаларының еркек-
терінде ғана мүйіз болады, ұрғашылары мүйізсіз. Арқа бұғысынан
басқаларын адам малданбаған. Әлі күнге дейін бұғылардың көбі
тағы күйінде. Тағы бұғыларды аңшылар аңдып атады, суға
қамайды, шұқырға жығып ұстайды.
АРҚАНЫҢ ЖАРҚЫЛЫ
Сібірдің Тундрасында итпен жөңкітіп жүріп келеміз. «Термо-
метр» (жылылық пен суықтықты өлшейтін құрал) 38 градус аяз-
ды көрсетіп, тұрақтамай, төмендеп келеді. Түнге айналып барады.
Қылтанақ ағаш көзге түспейді, айнала күңгірттенген қарлы дала.
Қалың қыраудан сақалымыз шатысқан сым сықылды, кірпігіміз
мұз шашақ сияқты болып, ашып-жұмғанда көзіміз біріне-бірі жа-
бысып отырады. Иттер әбден ағарып, ақ аю сықылды бір нәрсеге
ұқсай бастады. Аяғымызды үсітіп алмас үшін шананы қабырғалап
жаяу жүгіре бастадық. Аяғымыз жаны кетуге таянып, сіресіп қатып
қалған. Кешкі сағат 8-дің шамасында көз ұшында қарауытқан
көрдік. Қуанғаннан шу ете түстік, қарауытқан өзен жағасындағы
азғантай ғана ағаш болып шықты. Тоқтадық. Тоқтасына иттер қар
үстіне жиырылып жата қалды. Біз баспана қамдай бастадық. Ай-
наласы 4 шаршы кез жердің қарын күреп жіберіп, үш жағынан ақ
қала тұрғызып, от жағылды. Асқа жүндес аң терісін төсеп, іші-
не кіріп ұйықтайтын қапшықтарымызды әзірледік. Шай ысытып
отырып аяғымызды отқа созып, әңгімеге кірістік.
Ит басына бір-бірден кебу балық тастап, аң терісінен істел-
ген қапқа кіріп, басымызға шейін тығып, ұйықтап қалдық. Біраз-
дан соң аяғым қатып бара жатқанда оянып кеттім. Шынтақтап
көтеріле беріп, жұлдызға қарап, мезгілді білейін деп қаптан ба-
сымды суырдым. Көкке қарап, таңданып айқайлап жіберіппін.
Үлкен, жалпақ доға кемпірқосақ сияқтанып, жарқылдап тұр.
Жоғары қарай оқтын-оқтын қызыл, сары мың сан сәуле атыла-
ды. Бұл Арқаның жарқылы. Жолдастарымды ояттым, бәріміз де,
біреу басымызды айналдырғандай болып, тым-тырыс жарқылға
қарадық та отырдық. Бір кезде көктегі зор доға жоғары көтеріле
бастады, мұның үстінен тағы бір доға шықты. Бұл да жарқылдап
түрлі түсті сәулелер тарата бастады.
Тамаша, адам таңырқарлық көрініс ұлғая берді. Бір мезгіл-
де кенеттен, аспанды қып-қызыл от қаптағандай болып, қардың
бетін күрең тарттырып жіберді. Мен таңырқап айқайлағаным-
ша болмады, өрттей қызыл түс жоқ боп кетті. Ауа жанғандай, енді
сары сәуле бұрқ ете қалды. Тынысымды ішіме тартып, не болар
екен деп қорқып қарадым да жаттым. Міне, жарқыл сөне бастады.
Алдымен әуелгі доға жыртылды, артынан екінші доға да айырыл-
ды. Түрлі түсті сәулелер сирегірек, күңгіртірек бұрқылдауға ай-
налды. Жарты сағаттан соң біз таңырқаған көріністен із қалмастан
жоғалып кетті.
Түсініксіз жарықтың соңғы сәулелері сөнгенде, біз де қабы-
мызға кіріп, ұйықтап қалдық.
«Живой Родниктен»
АЗАТТЫҚ
Базар күн. Сауда қызу. Базар толық. Ерсілі-қарсылы жүріп,
тұрақтамай, суша ағып жатқан халық. Жақып бүгін кешегідей
жан-жағына алақтап қарай беруді қойды. Бәйбішенің берген он
тиын ақшасын алақанына мықтап қысып алып, құс сататын жерге
қарай жүгіре берді. Уақ құстарды сатып тұрған бір шалды алыс-
тан көзі шалып, бала соған қарай жөнелді.
Шалдың жанына жетіп келіп, бала кеше көріп кеткен шыбжығын
іздей бастады. Кешегі түрінде көзі тұнжырап отырған шыбжыққа
баланың көзі түсті.
– Атеке, а, атеке, мына құсқа не сұрайсың? – деді бала шалдың
жеңін сілкіп.
– Қай құс? Құстар қымбат, сенің қалтаң жетпейді, – деді
маңдайын кіржитіп шал.
– Мына көк шыбжық.
– Шыбжық?
Шал көк шыбжыққа жаратпаған көзімен қарап, торды ала бас-
тады. Е, сол, сол, – деп бала айқайлап жіберді.
Бұл құс арзан. Сенен көп сұрамаймын. Жиырма тиын берсең
болар.
– Атеке, менің ақшам жиырма тиынға толмайды.
– Толмаса, бас қатырмай жөніңе тарт!
– Атеке, мен ол құсты қоя берейін деп едім.
– Қоя берейін деп едім! Қарай гөр! Қоя бергің келсе, он бес
тиын бере ғой. Құс жақсы, ойынпаз-ақ! – деді, торды сілке түсіп
шал.
– Болғаны, он тиыным бар, атеке, – деді жыламсырағандай бо-
лып Жақып.
– Он тиын да ақша ма! Амал жоқ! Құсты ала ғой! Шал тор-
ды алып Жақыптың дірілдеген қолына ұстатқанда, қуанғанынан
баланың жүрегі аттай тулады.
Құс тым кішкене, өте жүдеу. Жақып бір жерін езіп жібермесе
игі едім деп қорықты. Біразырақ аттап барып, ұшып кетсін деп
Жақып құсты алақанына қондырды. Ойлаған жерден шықпады,
құстың ұшып кетуге ойы да болған жоқ, баланың қолында
жайғасып, жылынып отыра берді. Бала: «пыш-пыш» деп еді, құс
басын бұрып бір қарады да отыра берді.
Енді не қылу керек? Бір қолымен құсын қысып, бала бәйбішенің
жіберген жұмысына қарай жүрді. Бейшара, тоңып қалған ғой,
жылынған соң ұшар, деді бала. Біраз жер жүріп, бала азғана
ағаштың ішіндегі көгалға келіп, демалуға отырды. Маңайда тірі
жан жоқ, анадай жерде қылтыңдап өтіп бара жатқан жүргіншілер
қарауытады, күн жылмиып, баланың арқасын қыздырып тұр. Бала
үйін есіне түсірді: еркінде ойнап жүрген шағын сағынды! Жер
жыртып, мал қуалап жүрген кезі көзіне елестеді.
Аспанда шырылдаған бір құстың дауысы естілді: баланың
алақанындағы шыбжық азырақ қозғалып қойды. «Енді ұшырып
жіберсе болар», – деді бала.
Көк шыбжық таңданып, жан-жағына елеуреп қарап, көктегі
құсқа жауап қайырғандай болып шыр ете қалды. Сонан соң
шыбжық басын көтеріп, қанатын қағып, сілкініп, кенеттен
баланың қолынан ұшып барып жанындағы бұтаққа қонды. Бала
басын көтерді. Кірпігін қақпастан құстың артынан қарай берді,
бұтақтан бұтақка ырғып мініп, құс жоғарылап көтеріле берді,
баланың ерік алып бергеніне Тәңір жарылқасын айтқандай шы-
рылдап, дауысы күшейе берді, күн сәулесі қалың жапырақты кес-
іп өтіп тұр. Жылы жел соғып кетіп, баланың бетіне тиіп, ағаштың
жапырағын желпілдетті. Көк шыбжық ағаштың ең төбесіне жетіп, құрттай қанатын сабалап, көкке көрінер көрінбес, бұлдырап бара жатқаны баланың көзіне шалынды. Жақып әрі қуанып, әрі көңілі ауырып, құстың артынан қарады. Еркіне кетті, еркіне, – деп Жақып ернін күбірлетті. Маңайдың бәрі: Еркіне, еркіне! – деген асыл сөзді сыбырлағандай болды. Бұтақтар да өзара сыбырласты. Қыстың қамытынан құтылып, еркіне шығып өсіп келе жатқан жас шөп те сыбырлады, құстар да соның жайынан шырылдап ұшып жүр. Қараған кісіге бірін-бірі қуып озып бара жатқан көктегі кірбің бұлттар да сыбырлады, – бәрінің айтқаны ерік! ерік! болды. Маңайдың бәрі де: – Ер біздің соңымыздан, шық еркіңе! деп сыбырлады. К.Баранцевич КИІК Киік айыр тұяқ, шөп жеуші, күйісті хайуанның бірі. Тұлғасы мен қарасы қой мен ешкіге жақын. Киік әлі күнге дейін адам малданбай, тағы күйінде қалған хайуан. Адам малданбаған хайуандар аң деп аталады. Аңды аулап, ұстаған адам пайдаланады. Киік біздің қазақ жерінде көп болған. Оны аулаушы да көп болған. Бұл күнде қазақ жерінде киік аз, киік аз болған соң, аулаушы да аз. Аулағандар киіктің етін жейді. Мүйізін сатады, терісінен жарғақ жасайды. Киіктің еті дәмді. Мүйізі қымбат, бірақ терісі өңді емес. Киік жүйрік болады, оны қуып ұстау қиын. Көбінесе атып алады. Қақпан құрып ұстайды, мұзға қамайды. Атушылар киіктің су ішетін, жайылатын жерін біліп, аңдып жатып атады. Қақпанды шұбырып суға баратын жолына, я шұқырлап қазып, жатағына құрады. Киік сақ болады, бірақ күн ысыған кезде оқыралайтын уақыты болады. Оқыра шанышқақ шаншып, киіктің терісіне жұмыртқасын салады. Сол жұмыртқадан шанышқақтың құрты шығып, қимылдап, терісін жеген кезде болады. Құрт өсіп, толыққан соң түсіп қалады. Құрт түскенше киіктің мазасы болмайды. Қышығанына шыдай алмай, тыпырлайды, жүгіреді. Аунайды, жер тебінеді, әбден әлекке түседі, есі кетеді, сақтық жоғалады. Сол кезде аңшының оғына да душар келеді. Қақпанына да қаңғалақтап оңай түседі. Киік жазғытұрым балалайды, баласы құралай деп аталады. Қазақтың құралай шалғыны деп айтатын шағы киіктің құралайын өргізіп, аяқтандырған кезінде болғандықтан солай аталған. Баласы жас күнінде үлкеніндей жүгіре алмайды. Атпен қуып ұстауға болады. Баласын ұстағанда енесі адамның, иттің қуғанына бол-
май, көпке дейін еріп қалмайды. Баласын біреу ұстап алып бара жатқанда шешесі төзіп тұра алар ма?! Киік те сол сияқты. Киікпен тұқымдас елік деген және басқа толып жатқан андар бар. Олардың кейі тұлғасына қарағанда сиырға, кейі жылқыға, кейі ешкіге ұқсайды. Біреулерінің мүйізі істіктей тіп-тік, біреулерінікі қапсағай қайқы, біреулерінікі бұрғыдай бұраңқы. Солардың бәрі де айыр тұяқ, шөп жеуші, күйісті хайуандар табына жатады. Ғылым тілінде бұл тұқымды хайуандардың бәрі антилоп деп аталады. АЛТАЙ Айбатты Алтай тауы бұлттан асқан! Басың қар, қысы-жазы қырау басқан. Айдынды Азияның қарауылы – Шудалы ақбас бура көбік шашқан.
Өр Алтай ызбарланған көкке тиіп,
Өр кеуде, ақ мамықтай төсің биік!
Үймелеп көктен бұлттар қоршап төніп,
Аймалап, ақ төсіңді құшқан сүйіп.
Басыңнан суы мұздай мөлдір бұлақ
Гүрілдеп көбік шашып, төмен құлап.
Мың түрлі әнге қосқан сарындарын,
Көш жерден құрыш қанып естір құлақ.
Басыңа жан шықпаған шың-құз, қия!
Жалғыз-ақ қара бүркіт салған ұя.
Төсіңде жұмсақ сая салқын иісті
Көк шалғын, түрлі шешек, ескен мия.
Бауырыңда ақ бөкеннің ылағы ойнап,
Сағымдай, сумаңдаған салып ойнақ.
Уа, шіркін! Шың, құзыңа келіп шығып
Отырсаң қызыл жібек әлем байлап!....
Бүркіттей отырсам мен келіп қонып,
Айнала дүниені көздеп шолып.
Саңқылдап Азияға салсаң ұран,
Жиналса, қызыл ерлер лек-лек болып.
Төмен тап Еуропада майдан ашса,
Серт қылып белін байлап, туын жазса.
Алтайдан жәрдем күтіп, жаудан қайтпай,
Не өлмек, не жеңбек боп ұрандасса.
Алысқан бауырларға көзді салсақ,
Ерлерін Азияның жинап алсак,
Жаңғыртып жер дүниені, жау қайдалап,
Лек-лек боп зор майданға біз де барсақ.
Қара жер қайыстырып қанат жазсақ,
Алтайдан Еуропаға қаптап ассақ.
Борсықтай қанға семіз мырзалардың,
Құтырған семіздіктен жынын бассақ.
Жауды езіп, Еуропадан өтсек аттап,
Дүниені ұрандатып алсақ қаптап.
Орнатып жер дүниеге тегіс теңдік,
Жоқ қылсақ, жуандарды езіп таптап. ...Өр Алтай, ақбас бура көбік шашқан, Төмен тап жер күңірентіп майдан ашқан. Алтайдан жәрдем күтсе кайтер едің, Бәйгіге басын тігіп, ұрандасқан? Сәкен ҚҰРТ-ҚҰМЫРСҚА Құрт-құмырсқа деп өңшең ұсақ мақлұқтар айтылады. Құртқұмырсқаға қосылатындар: бүйі, шаян, өрмекші, қоңыз, құрт, шегіртке, көбелек, инелік, шыбын-шіркей, құмырсқа сықылдылар. Бұлар толып жатқан түрлі мақлұқтар. Біреулері ұшпай, құр жерде ғана жорғалап жүреді. Біреулері ұшады. Біреулерінің ұшпаған кезде қанатын жауып қоятын қалқаны бар. Біреулерінің қанаты ашық тұрады, бірақ бәрінің ортақ бір белгісі – денелері сүйексіз болады. Бәрі де балаларын тірі таппайды я жұмыртқа сияқты қабығымен, я уылдырық сияқты қабықсыз түрде балалайды. Жұмыртқа күйде болсын, уылдырық күйде болсын, тапқаннан кейін кешікпей баласы шығады. Қоңыз, көбелек, инелік, шыбын-шіркей балалары бастапқы кезінде өздеріне ұқсамай, құрт болып шығады. Құрт күйінде баласы мешкей болады. Жазғытұры шөп басында тізіліп тұратын түкті, түрлі құрттар осылардың балалары. Бұлар түрлі нәрселерді жеп шыдатпайды. Жеп-жеп тояды, өседі. Әбден толығып ескен соң, өзінен өзі ұя жасайды да, сол ұясының ішінде бірнеше күн тыныш жатады. Ол кезі «қуыршақ» болды деп айтылады, олай деп айтылатыны қуыршақтай бейне жансыз сияқты болады. Қуыршақ болып жатқанда тұлғасы өзгеріп, қанат бітіп, көбелек баласы көбелек болып шығады, инелік баласы инелік болып шығады. Шыбын баласы шыбын болып шығады. Қоңыз қуыршақтары жаз жатып қалғаннан қыстай жатып, келесі жылы жазға қанатты қоңыз бо-
лып шығады. Қысты күні көң ойғанда арасынан шығатын ақсары
бас құрт – қоңыз қуыршағы. Құрт-құмырсқадан адам пайдалана-
тыны аз. Бұлардың басқаларға келтіретін зияны көп, пайдасы аз.
Маса, шыбын-шіркей, бүгелек, сона малға қандай зиянды бол-
са, шегіртке, көбелек, қоңыз сияқтылары ағашқа, егінге, жеміске,
шөпке сондай зиянды.
Адамға пайда келтіретіні ара мен жібек құрты. Шаруалық
жүзіндегі істеген зиянымен тұрмай, адамның өзіне де зиян кел-
тіретіндері бар, мәселен: шаян, бүйі, қара құрт, қандала, бүрге,
кене, бит, маса, шыбын-шіркей. Бұлардың ішінде жылан, шаян,
бүйі, қарақұрт шаққандарынан кісі өлуге болады. Қандала, бүрге,
бит, маса, шыбын-шіркей шаққандары да өте қауіпті. Бұлар ауру
адамды шағып, артынан сау адамды шақса, ауру жұқтырады.
Бұларды сондықтан ауру тасушылар дейді. Адам шамасының
келгенінше қырады, бірақ көп болған соң бәрін қыруға шамасы
келмейді. Сүзек аурулары бит, бүрге арқылы жұғады екен. Бит,
бүрге жоқ жерде сүзек те жоқ. Германие (Германия), Пырансие
(Франция) жұрттарында әлдеқашан бит, бүргенің қарасы өшкен.
Сондықтан, Ресейде сүзек күшейіп тұрғанда Германиеге барсаң
сүзек көрмейсің. Сондықтан бұларды ұстап жейтін, қыратын,
мақлұқтар да адамға пайдалы мақлұққа саналады. Мәселен, түрлі
торғай сияқты бұларды қорек қылатын ұсақ құстардың бәрі де
құрт-құмырсқалардың қасы, адамдардың досы. Ол құстарға зиян
тигізу, адамға зиян тигізумен бірдей.
Ұсақ құстардың сондай пайдасын білетін жұрттар олардың
жұмыртқаларын алғызбайды, балапандарына да, өздеріне де
тигізбейді.
ЕКІ ШЫБЫН
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында өгізі бар сабан тартқан.
Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, деді сен қай жақтан!
Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып жетеледі,
Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,
Мазалап, сұрап саған не керегі?!
БАҚА-ШАЯН Бақа-шаян деп үстінде түгі де жоқ, қанаты да жоқ, құр терісі бар мақлұқтарды айтамыз. Бұл мақлұқтар көзге кескінсіз, көңілге сүйкімсіз, түсі суық келеді. Бақа-шаян деп аталатын мақлұқтар: көлбақа, тасбақа, тостаған бақа, кесіртке, жылан. Бұлар адамға залалсыз мақлұқтар. Олар қайта маса, шыбын, көбелек сияқты адамға, малға, егін-пішенге зияны бар мақлұқтарды алып жеп, қыруы себепті пайдасы тиетін мақлұқтар саналады. Жыландар екі түрлі: біреулері улы, екіншілері усыз. Жыланның қайсысы да болса, тисең шағады, тимесең шақпайды. Абайламай үстін адам я мал басып кетсе, я қастап өзіне тисе сонда ғана жылан шағады. Шаққанда, улысының шаққаны қауіпті – адам болсын, мал болсын улы жылан шаққанда емдетпесе өледі. Усыз жылан шаққанынан қорқыныш жоқ. Ине шаншып алғандай ғана ауырады. Онан басқа түк зияны жоқ. Усыз жыландардың табына жататын – су жыландар. Жылан айбат шегіп, тілін жалақтатқанға қазақ тілімен шағады деп ойлайды. Онысы дұрыс емес. Жылан тілімен шақпайды, тісімен шағады. Жыланның таңдайында ұзын, өткір екі тісі болады. Тістерінің түбінде у жиылатын қалтасы болады. Тісінің ішінде ұзын бойын қуалаған қуыс өзегі болады. Шаққан кезінде қалта сығылып, ішіндегі уы тістің қуыс өзегімен келіп, тістің кірген жеріне кұйылады. Тісін суырып алады, уы тәннің ішінде қалады. Тезірек ем істемесе, у бойға жайылады. Шаққан адам я мал ісіп-кеуіп өледі. Сар даладағы жыландар көбінесе екі түрлі: сарыбас жылан, оқ жылан. Сарыбас жыланның түсі сары қоңыр, басында үлкен сары меңі болады. Көбінесе, сарыбас жылан суда жүреді. Сарыбас жыланда у да жоқ, шақпайды да. Оқ жыланның түрі қара сұр жіңішке, тісі улы, адамды да, басқа жандықтарды да шағады. Жыланның кешкі шаққанынан ертеңгі шаққаны улырақ. Үйткені, ертеңгі әзірге уы жинаулы болады, кешке қарай шөп, ол пұлға тісі көбірек тиіп уы азаяды. Бақа-шаяндар баласын тірі таппайды, жұмыртқа күйінде салады. Жұмыртқасы қабықсыз болады. Көлбақаның баласы өскенінше көп өзгерістерді басынан кешіреді. Қазақтың балық дейтіні бақа баласы. Сонан өзгеріп, өсіп барып бақа болады. Бақа-шаяндар қыс тоңазиды. Жаз жібіп, қайта тіріледі.
ҚҰС Құсты басқа хайуаннан айыру оңай. Үстінде жәй жүн емес, қауырсын жүн. Аяғы екеу. Алдыңғы аяқтардың орнында қанат, тұмсығының ұшында тері орнына мүйіз. Денесі ұшуға қайым біткен. Құс баласын жұмыртқа күйінде табады. Жұмыртқасын біраз басқан соң, балапан шығады. Кей құстардың балапаны жұмыртқадан шығысымен, тез аяқтанады, енесінің соңынан еріп, тамағын теріп жеуге жарайды. Кей құстардың балапаны жұмыртқадан шыққан соң да, көпке дейін өз бетімен тамақ теріп жемек түгіл, жүруге жарамайды. Ондай балапандарды қанаттанып, ұшқанша ата-анасы асырайды. Құс біткеннің құлағы сақ, көзі қырағы болады, бірақ дәм, иіс сезуі нашар болады. Құстар ұшып жүре алатын болған соң, қайда жүрсе де ерікті, бірақ олардың да үйреншікті жерлері болады. Көбі біздің жаққа жаз келіп, жайлап, қысқа қарсы жылы жаққа кетеді. Олар жыл құсы деп аталады. Жыл құстары да зиян көрмеген болса, үйренген жеріне қайтып келеді. Құстар толып жатқан тапқа бөлінеді. Ол таптар толып жатқан тұқымға бөлінеді. Құстың тұқым түрі он мыңнан астам. Оның бәрін білуге қиын. Құс біткен ең әуелі желінетін, желінбейтін болып айырылады. Желінетін құстардың адам етін, жұмыртқасын жейді, жүнін, түбітін, қанатын пайдаланады. Бұлардың бірсыпыралары шөл сағалайды. Адал құстардың балапандары тез аяқтанады. Бұл адал құстардың бір толық белгісі. Құс біткен 20 тапқа бөлінеді. Оның ішінде қазақ білетіндері: қу, құтан, құр, бірқазан, кегір, дуадақ, тоқылдақ, тоты, балықшы, қара құс, қарға, көгершін, көкек, торғай. Құстың бірсыпыраларын адам қолға үйреткен. Олардың біреулерін еті, жүні, жұмыртқасы үшін шаруашылықпен ұстайды. Біреулерін әуестікпен ұстайды. Біреулерін аңшылықпен ұстайды. Еті, жүні, жұмыртқасы үшін ұстайтын құстар: көбінесе тауық, күрке тауық, қаз, үйрек, қырғауыл. Әуестікпен ұстайтын: тоты, сауық тоты, көгершін, бұлбұл және басқа сайрайтын құстар. Аңшылықпен ұсталатын: бүркіт, сұңқар, лашын, тұйғын, қаршыға, қырғи және басқалар.
ҮЙ ҚҰСТАРЫ Құсты адам баласы қолға алып асырай бастағаны қай заманнан берлі екені мағлұм емес. Тек, мұнан мың жыл бұрын тауық асыраушылар болғаны ғана белгілі. Басында тауықты асырап, баққан жұрттар үнді, қытай, жапон. Басқалар солардан көріп, құс асыраудан пайда бар екенін білсе де, ол пайдасын азсынып, құс ұстауға жұрт көпке дейін көңілді болмаған. Сондықтан 5 мың жылдан бері құс бағу кәсібі ұлғаймаған. Бұл кәсіпті пайдалы зор кәсіптің біріне санап, Еуропа жұрты қолға ала бастағанына 50-60 ғана жыл болды. Бұрын шаруалар ғана отбасының керегіне деп азынаулақ ұстайтын, сатып пайда қылайын деп, сауда мақсатымен ұстамайтын. Бұл күнде құсты да мал сияқты көп асырап, көп жиып, көп сомалармен сауда жүргізіп, зор кәсіптің бірі болды. Құс кәсібі – құр асыраған құстың санын көбейтумен пайдалы болмайды, тұқымын жақсылап ұстаумен болады. Малдың түрлі тұқымын түрлі мақсатпен ұстайды. Құс та солай: етіне, жұмыртқасына, жүніне бола ұстайды. Қай жағынан болса да, артықша пайдалы құс – тауық. Тауықтың еті жақсы, жұмыртқа салуы көп, жүні де жаман емес, бағуы жеңіл, өзі өсімтал. Онан соң асырауға пайдалы құстар: күрке тауық, қаз, үйрек. Қырғауылды да асырайтындар бар, бірақ жұртқа жайылмаған, кей жерде ғана істелетін кәсіп. Осы айтылған құстардың ішінде асырау талғамайтыны тауық. Күрке тауық кеңшілік сүйетін құс, оған кең жайылым керек, қамашау орында өспейді. Қаз қолдан гөрі дала жайылымымен күн көретін, суды сүйетін құс. Оны асырауға тоғайы, суы бар жер керек. Үйрекке де солай, суы бар жер керек. Үйрек мешкей құс, қолда көп ұстап отыруға болмайды, жемі басынан асып кетеді. Сондықтан оны тезірек сатып, тұқымдығын қалдырып отырмаса болмайды. Құс асырағандар пайдасы көп болу үшін, әуелі жақсы тұқымын ғана асырайды. Екінші, тауықтан басқа жер талғайтын құстарды жеріне қарай асырайды. Асыранды құстар мен ағайындас құстар – аққу, торы ала қаз, сары ала қаз, қасқалдақ, қарабас шүрегей. Қаз бен үйрек ағайынды, аққу, ақ құр, қара құр, шіл, безгелдек, бөдене тауық пен күркетауық ағайындары.
АҚҚУ, ШОРТАН, ШАЯН
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты10 аз болмады
Жұмысы орнына келіп, мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орынынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
АҢШЫ ҚҰСТАР
Аңшылық құстары деп аң аулауға ұстайтын құстар айтылады.
Мәселен: бүркіт, қаршыға, сұңқар, лашын, тұйғын, тұрымтай,
қырғи, ителгі. Бұл құстарды аңшылар аңға салу үшін әуелі бау-
лиды, қолға үйір етеді. Құс баулу өз алдына бір өнер: кім болса
сол үйрете алмайды. Құс үйретіп, әбден әдісін білген адамдар ғана
құсты баули алады.
Құс баулудың қысқаша айтылғанда жөн жоспары мынау: құсты
ұстағаннан кейін аяқбаулап, қолға қондырып, үсті-басын сипап-
сипап қояды. Құс басында сипауға келе жатқан қолдан үрке қараса
да, біраздан соң үйір болады. Сипауға үйір қылып жүргенде, жемді
де қолға қондырып отырып береді. Құс қолдан жеуге үйренеді.
Сонан соң аяқбауын ұзын тағып, тұғырына қондырып қойып,
алысырақ отырып, жемге шақырады. Қолдан жем жеп үйреніп
қалған құс, қолдағы жемді көрген соң, тұғырынан ұшып барып,
қолға қонады. Сүйте-сүйте жүріп, алыстан жемге шақырса да ке-
летін болады. Онан әрі шақырған дауысқа үйреніп, жем көрмесе
де дауысқа келетін болады. Шақырған дауысқа келетін болған соң,
қашып кетер деген қорқыныш жоғалады. Аңға, құсқа салуға бола-
ды. Жоғарыда айтылған аңшылық құстарының арасында үлкені
де кішісі де бар. Асылы да, жасығы да бар. Асылдары алғыр ке-
леді. Бүркіттердің қасқыр алатындары да болады. Сұңқар, ла-
10 Машақат (арабша) – азап, әуре (Құраст.)
шын, тұйғын, қаршығалардың алғырлары қаз, үйрек, дуадақ, құр сияқты құстарды алады. Ителгі, қырғи, тұрымтай ұсақ құстарды ғана алады. Аңшылық құстар арам құстардың табына жатады. Балалары жұмыртқадан нашар, жалаңаш шығады. Көпке дейін атаанасының қолына қарайды. Аңшылық құстардың көзі қырағы, тұмсығы, тырнақтары өткір келеді. Аңшылық құстарымен рулас құстар: ақ иық, арлан, күшіген, қарақұс, бөктергі, құладын, күйкентай, үкі, жапалақ, байғыз. Соңғы үшеуі түнде тамақ аулауға шығатын болғандықтан, түн құсы деп аталады. САУЫҚ ҚҰСТАР Әуестік құстарын пайдасы үшін емес, әуестікке ғана ұстайды. Бұл құстардың адам әуес көретіні я сұлулығы, я дауысының әдемілігі яки қызықтығы. Жүні сұлу болғаннан адам әуестікке ұстайтын құстар – тотылар. Дауысы әдемі болғаннан адам ұстайтын құстар бұлбұл, сандуғаш. Әуестік құстарын да адам ұстауы көп заманнан берлі. Өте ескі замандарда тотыны ұстағандары мағлұм. Тоты екі түрлі: бірі – тауық тоты. Мұның еркегінің құйрық жүні сұлу, түрлі түспен құбылып, түрлі сәуле түсіріп құлпырады. Бұрынғы заманда адамдар мұны әулие құс деп ардақтаған. Батырлар жүнін басына таққан, қыздар көріктік үшін омырауларына қадаған, еті дәмді болмаса да, ұлы тойларда бас табаққа тартылған. Бұл күнде бұл тотыны қора көркіне қойған серке сияқты, құс баққандар құс қорасының сәндігіне ұстайды. Тотының екінші түрі – сауық тоты деп аталады. Бұл тотының да жүні әдемі, бірақ аты тоты болғанымен, тұқымы анау тотыдан басқа. Тұрпатында да, тұлғасында да, ісінде де көп басқалық бар. Тұмсығының асты-үсті ерін сияқты қимылдайды. Адамша сөйлеуге тілі келеді. Жерде көп жүре алмайды, өмірінің көбін ағаш басында өткізеді. Сауық тотының балапаны тауық сияқты тез аяқтанады. Сауық тотының балапаны жүнсіз шығып, көпке дейін бағым-қағым керек қылады. Сондықтан бұл екі түрлі тотының аты болмаса, араларындағы жақындық – қой мен ит арасындағыдай. Сауық тотының дауысы ащы, бірде қарқылдап күлген сияқты, бірде ысқырған сияқты, бірде бұрқылдап ашуланған сияқты шығады. Сайрайтын да тотылар бар. Мұның басқалардан артық бір жері түрлі дауысты еліктегіші. Адам дауысына еліктеп сөйлейді, сықылықтап адамша күледі. Көбінесе, осынысын қызық көріп адам асырайды.
Даусын әуес көріп көбінесе адам ұстайтын құс – бұлбұл, түріне қарағанда кішкене сұрша торғайдан артық емес. Сайрап салған әнінің әдемілігі, толықтығы, келістілігі адам айтарлық емес. Бұлбұл да екі түрлі: бірі – күншығыстық, бірі – күнбатыстық. Алдыңғысының дауысы ашық, күшті, сыңғыры көп, мерекесі молырақ, бірақ қайрымы қысқарақ, буын буынына тынуы азырақ болады. Күнбатыстық бұлбұл жайлап, сыбырмен сайрайды, буын буынына көбірек тоқтайды, дауысы майда, нәзік, мұңды келеді. Бұлбұл сайрауы жердің шырайына, күннің райына, алдындағы үлгіге қарайды. Жақсы сайрайтын бір бұлбұл келсе, бәрі сонан үлгі алып, жақсы сайрайды. Бұлбұлды аулаушылар тұзақпен аулайды. СУШЫЛ ҚҰСТАР Сушыл құстар өмірінің көбін суда өткізеді. Біреулері суда құр жүзеді, сүңгімейді, біреулері жүзеді де, сүңгиді де. Соңғылары сүңгуір деп аталады. Сушыл құстардың денелері суда жүзуге қайым біткен. Бауырлары байлаған сал сияқты жалпақ, жүні тығыз, түбітті, қалқуға қайым, саусақтары ескектей есуге қайым, аяқтары денесінің кейінгі жағына біткен (қайық ескендердің қайықтың арт жағына отырғаны сияқты). Қайықты қарамайлаған сияқты, майласа жүніне су жұқтырмайтын құйрығының түбінде майы бар. Сушыл құстар көбінесе судың аралына ұялайды. Арал табылмаған жерде я құрға, я су үстіне ұялайды. Құрға ұялайтындардың біреулері жұмыртқасын жерге салады, біреулері інге салады. Сушыл құстар жұмыртқаларының уызы қою, піскенде тығыз болады. Сушыл құстар екі тапқа бөлінеді: біреуі – қаз, екіншісі – шағала табы. Қаз табындағы құстар: қаздың өзі, аққу, бірқазан, қызыл қаз, қара қаз, торы ала қаз, сары ала қаз, қараша қаз, қасқалдақ, қоңыр үйрек, шүрегей, кегір, сүңгуір сықылдылар. Шағала табындағы құстар: шағаланың өзі, албатрұс, пайетен, пыригет, өгіз шағала, қарабас шағала, қарабауыр. Сушыл құстардың біреулері тамағын судан ғана табады, біреулері судан да, құрдан да табады, судан табатындар: шағалалар, сүңгуірлер. Судан да, құрдан да табатындар: аққу, қаз, үйрек. Шағалалардың көбі шабақ аулап күн көреді. Сушыл құстардың бірсыпыраларын адам қолға үйреткен. Тағы күйдегілерін де адам көп аулайды. Әсіресе, адам көбірек аулайтын құстар: аққу, қаз, үйрек, кегір. Бұларды көп аулайтын себебі – етінің дәмділігі, жүнінің жақсылығы. Аққу мен кегірді терісі үшін
аулайды. Аулағандар мылтықпен, қақпанмен, тұзақпен ұстайды.
Қанаты түлеп ұша алмайтын, кезінде қайықпен қуып-соғып та
алады. Бірқазан, шағалаларды жүні үшін ғана аулайды. Балық же-
гендіктен еттері балық татып, дәмді болмайды.
Сушыл құстардың адам бәрінің де жұмыртқасын жейді.
КЕШПЕШІЛ ҚҰСТАР
Кешпешіл құстар деп көлшік, шалшық суларды сағалап,
өмірінің көбін кешпеде өткізетін құстарды айтамыз. Бұл құстардың
көбі көлдің, өзеннің жағалауында жүреді, қар суынан болған
көлдің шалшығын сүйеді, су кешуге қайым біткен аяқтары ұзын
келеді. Су түбіндегі жемін алып жеуге қайым біткен тұмсықтары
да ұзын болады. Кешпешіл құстарды аяқтары ұзын болғандықтан
«сирақты құстар» деп атайды. Сушыл құстардың аяқтары қысқа
болған соң, маймаңдап жүре алмайды. Кешпе құстар сирақты,
ұзын аяқтары аршынды келгендіктен жүргіш келеді. Сушыл
құстар тіпті жүгіре алмайды. Кешпе құстары жүгіргенде зырғып,
жосып кетеді.
Кешпе құстарының табына жататын: тырна, көкқұтан, аққұтан,
оқпақ, қызғыш, тарғақ, тауқұдірет, жылқышы, балықшы, шіңкілдек,
әупілдек, бізтұмсық және басқалары. Кешпе құстарының бәрі де
сақ келеді, сондықтан оларды «бақташы құстар» деп те айтады.
Көл басына адам я басқа қорқыныш қылар біреу барса, қызғышы,
тарғағы, тауқұдіреті жау тигенде «аттан» салғандай, азан-қазан,
у-шу болады.
Бұлардың көбінің-ақ адам етін, жұмыртқасын жейді. Жүнін
пайдаланады. Ең еті тәттісі – балшықшы. Кешпе құстар суы
жақын жерге ұялайды. Жұмыртқасы үшеу, төртеуден көп болмай-
ды, түсі жусан сияқты көк шұбар болады. Жусанды, тақыршақтау
жерге ұялайды. Ап-ашық жерге салса да көзге түсе қоймайды. Ол
жермен, жердің шөбімен жұмыртқасының түстес болғандығынан.
Бұл құстарды мылтықпен ауламаса, басқа нәрсемен аулағанда
түсе қоймайды.
Тұзақ құрсаң тұмсығымен алып тастайды. Ірілерін қақпан
құрып та ұстайды.
Тамақтары: шаян, балық, ит балық, бақа-шаян, құрт сияқты
суда жүретін мақлұқтар: шегіртке, жылан сияқты құрда жүретін
мақлұқтар. Оқпақтар малдың өлімтігін де жейді.
ОРМАН ПАТШАСЫ
(Шиллер-Жуковскийден)
Қараңғы салқын түнде кім,
Аяңдамай, желеді?
Жанында жас ұлы бар,
Жолаушы жортып келеді.
Әкесіне дірілдеп,
Тығылды бір уақ нәресте.
Құшақтап қысып баласын,
Жылытады қарт әке.
– Неге қорқып, тығылдың,
Айтшы, көзім карасы?
– Көз алдымда жарқ етті,
Жан-ата, орман патшасы,
Сақалы оның қоп-қою,
Қара тәж киген, Қара хан.
– Жоқ жаным, су үстінде
Тұман ғой ол ағарған.
Мойныңды бұр, нәресте!
Не тілесең менде бар:
Сансыз қызық көп нәсте.
Хош иіске толтырар.
Березе, гүлді маңайын:
Бұлақтарым мерует,
Сап алтыннан сарайым -
– Жан-ата, орман патшасы
Сөйлеседі менімен.
Мерует, маржан, қуаныш,
– Жаным, жаңылыс естисің
– Береді алтын кенімен! –
(Береген патша ол неткен?)
– Жел ғой ол жаңа оянып,
Жапырақты тербеткен.
– Келші маған, нәрестем!
Тоғайымның ішінде
Сұлуларым көрерсің,
Көрмеген ондай түсіңде:
Ай жарықта сұлулар
Тоқтаусыз ойнар да, ұшар
Тылсымды ойын, бал шумен,
Сәулем сені ұйықтатар!
– Жан-ата, орман патшасы,
Қарашы, қара қастарын,
Арасынан бұтақтар,
Шұлғиды қыздар бастарын!
– Қорықпа, балам, қараңғы
Түнде жоқ еш қорқыныш:
Ол ақ шашты ағаштар,
Жай ғана тұр ғой, тып-тыныш.
Жараланды жүрегім,
Ғашықпын бала көркіңе:
Енді маған келерсің,
Қоймаспын сірә, еркіңе!
– Жан-ата, орман патшасы
Қуып бізге жетті ғой!...
Келіп қалды мінекей...
Қысылдым, дем бітті ғой!...
Шаппайды, ұшып келеді,
Қайғырады нәресте,
Нәресте жылай береді...
Құйындатып жолаушы,
Жолаушы енді қысылып,
Үйіне ұшып келіпті,
Бірақ оның қолында
Нәресте жолда өліпті.
Жұмабайұлы Магжан
Сауалдар: Жолаушы қандай жерде және қай уақытта келе жат-
ты? Қалай жүріп келе жатты? Алдындағы балаға түнгі ормандағы
қатты жүріс қандай әсер берді? Баланың көзіне елестеген не
нәрселер? Жәй нәрседен баланың қорқуына не себеп болды?
Бала неліктен өлді? Қазақ арасында мұндай оқиғалар бола ма?
Болуының себебі не? Ондай нәрселерден қорқу тиіс пе? Орман
патшасы бар нәрсе ме? Мазмұнын қара сөзбен айтып беріңдер!
ОРМАН ҚҰСТАРЫ Орман құстары деп орманда ұялап, орманда өсіп, өніп, өмірінің көбін ағаш ішінде өткізетін құстарды айтамыз. Орманда өсіп өнетін құстар: құр, тоты, тоқылдақ, көкек, қарға, қаршыға және басқалары. Тоқылдақтың 8 түрлі тұқымы бар. Олар ірілі, уақ болып, түрлітүсті болып айырылады. Көбінес қарала, қызыл-шұбар, қызылжасыл түсті келеді. Тоқылдақ ағаш басында ұялайды, ағаш басында тамақ тауып күнелтеді: өмірін ағаш үстінде өткізетін құстың бірі. Ондай құстардың саусағының екеуі алдына, екеуі артына қарай бітеді. Тоқылдақ деп ат қойылғаны ағашты тоқ-тоқ еткізіп, тұмсығымен шұқығанынан. Тұмсығы қашау сияқты өткір болады. Ағашты шұқығанда, ағашты жеп жүрген құртты алып жеу үшін шұқиды. Көкек екі түрлі болады: біреуі – жәй көкек, екіншісі – атшы көкек. Атшы көкек ағаш қуысына ұялайды. Жәй көкек жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салады, өзі басып, бала қылмайды. Екі түрлі көкектің аты бірлігі болмаса, түрінің ұқсастығы жоқ. Дауыстары да екі басқа. Атшы көкек үп, үп! деп дауыстайды. Жәй көкек ку, ку! деп дауыстайды. Қарға табындағы құстар: құзғын, қара қарға, ала қарға, таған, сауысқан. Бұлар ағаш басына ұялайды, бірақ, күнелтуі жерде болады. Құзғын қыс кетіп, жаз келетін жыл құсы. Таған қалай келді, солай жаз бола бастайды, сондықтан тағанды қазақтар ұзақ қарға деп атайды. Қарға, ұзақ, тоқылдақтар адамға шын дос құстар. Бұлар құрт-құмырсқаларды, шегіртке ұрықтарын жеп, қырып көп пайда келтіреді. Ала қарға мен сауысқан қысы жылы жаққа бармай, қыстап та қалады. Қыстаған қарға, сауысқандар ел сағалап күн кереді. «Құзғын мың жасайды» деген қазақта сөз бар. Құзғын мың жасамаса да 200 жылдай жасайды. Қай құстар да болса, басқа мақлұқтардан анағұрлым артық жасайды. ТҮЛКІ МЕН ҚАРА ШЕКПЕН Түлкіге тамақ іздеп сапар шеккен Жолығып, айтты бір күн Қара шекпен: – Күнің аз, тауық жемей, жай жүретін, Ұрлықка құмар жансың мұнша неткен?
Сыр ашып, сөйлеселік, оңашада,
Ешкім жоқ екеумізден басқа шеттен.
Ашиды, рас жаным, Түлкі саған
Ойлама, айтады деп, мекерлікпен
Жақсылық тырнағыңдай бар ма, сірә?
Ойласаң, кәсібіңді осы еткен.
Ұрлықтың кінә, ұяты өз алдына,
Жүргенің қарғыс, сөгіс естіп көптен.
Түлкі көп тауық ұрлап қолға түсіп,
Бір ғана тамақ үшін өліп кеткен.
Жүрсең де бұл уақытта ебін тауып,
Әр жеген тамағыңда бар зор қауіп.
Тұрмақ жоқ дүниеде бір қалыппен,
Бақ, бәле алмасатын ауық-ауық.
Бір күні қолға түсіп, өліп кетсең,
Құныңа тұрар ма, сол жеген тауық?
Түлкі айтты төмен қарап, пақырсынып11,
Ақ пейіл сопыларша көңілі сынық.
Бірде алдап, бірде ұрлап шеккен өмір,
Жақсы-ақ деп жүргенім жоқ көңілім тынып.
Қайтерсің, жоқшылықтың жолы қиын!
Әйтпесе, жын ұрып па, ұрлық қылып?
Ағарды арам аспен сақал-шашым,
Бойыма тарамайды ішкен асым.
Жоқшылық һәм шиеттей жас балалар,
Салған соң Құдай басқа не қыласың!
Көрместен күндіз дамыл, түнде ұйқы.
Қамы үшін қатын-бала азды басым.
Ұялып жұрт бетіне қарай алмай,
Өтіп-ақ бара жатыр өмір жасым.
Және де бір жағынан ойлайтыным:
Тауықпен мен бе, жалғыз ойнайтұғын?
Амалдап күнелтпесең, ауқатың жоқ,
Жайғасып алды-артыңды болжайтұғын!
Бәрі сол жоқшылықтың кесепеті,
Ұрлықта нем бар дейсің, қоймайтұғын?
Сөйлейді сонда тұрып Қара шекпен:
– Жайыңды айтсаң едің маған көптен,
Кінәдан әлі де болса құтқарайын,
Тәубаға қайтсаң, жаным, шын ниетпен.
11 Пақыр (арабша) – жарлы, кедей (Құраст.)
Беремін адал кәсіп саған тауып,
Жүрмейді қайда адам, дәм-тұз ауып?
Маған да, саған да онша теріс болмас,
Дәмдес боп, бізге жүріп бақсаң тауық.
Әдісін түлкілердің білесің сен,
Баққан соң тауықтарды жегізбес ең.
Бойыңды, тамағыңды сыйлы етіп,
Ешкімді мен де саған тигізбес ем –
Тауыса алман сөздерінің бәрін теріп,
Іс бітіп, уәдесін мықтап беріп,
Ұрлығын қойып, тауық бақпақшы боп,
Ауылға Түлкі келді Мұжыққа еріп.
Мұжық бай нәрсесі сай, қазаны тоқ:
Семірді Түлкі әбден тұлыптай боп.
Бағуға тауықтарды жаққаны зор –
Жалғыз-ақ ниет-құлқы түзелген жоқ.
Қасқырдан оңдырар ма, қойшы салып?
Тауықшыл түлкі болса сондай қалып.
Зәредей қауіп қылмай мұжық жазған
Шынымен түзелді деп жүрді нанып.
Ақтады тұзын қалай Түлкі деңіз:
Бір түнді қараңғырақ таңдап алып,
Мұжығым, ұйықтай бер, деп жүріп кетті,
Жолына бар тауығын құрбан шалып.
ҚИҒЫРЛАР
Қиғырлар деп тісі пышақтай өткір мақлұқтар аталады. Олар
13 тапқа бөлінеді. Оның ішінде қазақ білетін таптары: тышқан,
тиын, суыр, қоян, қосаяқ, құндыз. Қиғырлар жер жүзіне тегіс
тараған мақлұқтар. Бұлардың қорек қылатын нәрселері бұта-
ның жапырағы, шыбығы, тамыры, ағаштың қабығы, астықтың
дәні, жеміс және кейбіреулері мақлұқтың етін де жейді.
Қиғырлардан зиян бар, пайда жоқ. Мәселен, тышқанның қап
тесер, көртышқан дейтін тұқымдарынан түк пайда жоқ, зияны
көп. Адамның азыққа сақтаған нәрселерін жегенімен тұрмай,
қанша бұйымды қиып, турап, бүлдіріп, қандай зияндар кел-
тіреді. Суыр табына жататын саршұнақ егінді қиып, ініне та-
сып, астыққа қандай зияны тиеді. Қоянның етін, терісін адамдар
пайдаланғанмен ағашқа, бұтаға, ағаш еккен бақшаға шыбықтарын
қиып, жапырақтарын жеп, қабықтарын кеміріп, қандай бүлдіреді.
Қиғырлардың жауы көп, басын қорғар қаруы жоқ. Бұларды
аңдар да, құстар да, адамдар да аулайды. Солардан я қашып
құтылады, я ініне кіріп жасырынып құтылады. Жауы көп болса да,
тұқымы құрымайтындығы өсімталдығынан. Мақлұқтар арасында
қиғырлар төлшіл болады. Мәселен, тышқандар жылына 5-6 рет
балалайды. Әр балалағанында 5-6 баладан табады. Балалары сол
жылдың өзінде-ақ өсіп, балалайды.
Қиғырлардың қолға үйреткен бір ғана тұқымы бар, ол қоянның
көжекше деген тұқымы. Мұның көжекше деп аталатыны: үлкен-
дігі ор қоянның аяқтанған көжегінің үлкендігіндей ғана бола-
ды. Мұны еті, терісі, жүні үшін асырайды. Басқа қиғырлардың
бәрі де әлі тағы күйінде. Оларды адам көбінесе терісі үшін ау-
лайды. Қиғырлар арасында терісі қымбаты – құндыз бен тиын.
Басқаларының терісі онша пұлды емес. Тышқандардың терісі түк
пайдаға аспайды. Қазақ жерінде құндыз жоқ. Қазақ аулайтыны
қоян мен суыр. Қоянды тазы, бүркіт, қақпанмен ұстайды. Суырды
ініне су құйып ұстайды.
КҮЗЕН
Күзен табына жататын толып жатқан аңдар бар. Олардың ішін-
де қазақ білетін тұқымдары: сасық күзен, сусар, кәмшет, қаншыр,
борсық. Сасық күзен деп ат қойғаны: бұл таптағы аңдардың басын
қорғар кезде шығаратын сасық иісі болады. Ол иіс өзінен күшті
андарға істейтін қаруы. Жетіп ұстайын деген кезде иісін шығарса,
жаман иісінен жеркеніп, жоламас деген әдісі.
Күзен табындағы аңдардың бәрі ет қоректі аңдар: тышқан ау-
лайды, балық аулайды, құс аулайды. Тышқан аулаған жағы адамға
өте пайдалы, күзен адамға пайдалы мақлұқ, бірақ күзенді адам
аулағанда зияны көптігінен тұқымын құрту үшін ауламайды, терісі
үшін аулайды. Күзен табындағы аңдардың ішінде кәмшет, сусар,
сасық күзен жүндері қырылмайтын асыл болады. Сондықтан
терілері қымбат болады.
Сусардың собол деген тұқымы бар, қаншырдың корнастай
деген тұқымы бар, кәмшеттің теңіз кәмшеті деген тұқымы бар,
Собол корнастай, теңіз кәмшеттерінің терісінен істелген киімдер
қымбаттығынан адамдардың қолына түсе бермейді.
Біздің қазақ жерінде күзен табындағы андардың көбі жоқ.
Сасық күзен, қаншыр, ақ тиін, борсық қана бар. Сасық күзен мен
ақ тиінді аулап қазақтар терісін сатады, борсықтың терісін түрлі
ауруларды емдеуге ұстайды. Борсық терісінен бүркітшілер бүркіт
тұяғы өтпейді деп қолқап істейді. Борсықтың қазаққа келтіретін
зияны да бар. Көгендегі қозылардың борсықтар түнде келіп
құйрығын сорып кетеді.
АЮ Аю ет қоректі аңдардың ірісі, тұлғасы тұтас, аяқтары жуан, мықтыға біткен денесі бар. Құйрығы қысқа, ұзын жүнінен аспайды, сондықтан, сырттан қарағанда, құйрығы тіпті жоқ сияқты көрінеді. Жүргенде адамша, тірсегінен басып жүреді. Табаны адам табаны сияқты. Жәй кезде төрт аяқтап жүреді, керек орнында адамша артқы екі аяғымен тік те жүре алады. Аюдың түрлі тұқымдары бар: қара аю, сұр аю, ақ аю, ерінді аю, тау аю және басқалары. Аюдың қай тұқымының да болса жейтін тамағы – шөп, астықтың дәні, ағаштың жемісі, араның балы, құртқұмырсқа мен хайуандардың еті. Аюдың зияны малға көп тиеді. Ұсақ мал түгіл жылқы, сиырға да аюдың әлі келеді. Сиырларды сүйретіп, көп жерге дейін апаруға шамасы келеді. Аю жайшылықта адамға тимейді. Көрген жерде қашады. Қапылыста үстінен шығып қалғанда, адам өзі тиіп жаралағанда я баласын қорғар кезде адамға қауіпті. Аю баласының көзі туған кезде иттің күшігінің көзіндей жұмық болады. Туғаннан кейін бір айдан соң көзін ашады. Аю көбінесе 2-3 күшік табады. 4-5 күшік табатындары сирек болады. Қысты аюлар ұйқымен өткізеді. Үстіне аңшылар келіп қалса, басқа жаулары келсе ғана оянады. Аңшылар аюды қыс кезінде ұйықтаған ұясынан қуып шығарып атып я шаншып ұстайды. Жаз кезінде жемінің жанында бағып отырып я сұлы еккен жерде сұлы ұрлай келгенін аңдып отырып атып алады. Аюды аулаушылардың бұлардан басқа істейтін тәсілдері көп. Аюды терісі мен еті үшін аулайды. Аюдың жүні ұзын болғандықтан терісінен жылы бөстектер істеледі. Аю қазақ даласында жоқ, Ресейдің әр жерінде бар. БАЛЫҚ Дүниедегі көп мақлұқтың бірі – балық. Балық өзен, көл, қара су сияқты тұщы суларда да, теңіз, мұхит сияқты ащы суларда да болады. Балықтар түрлі тұқымды, түрлі түсті, түрлі тұлғалы болады. Үлкен ірілері де, құрттай ұсақ кішкенелері де, жылан сияқты жіңішкелері де, торсық сияқты томпайғандары да, қолша сияқты жалпайғандары да болады. Біреулерінің басы ат басына ұқсайды, біреулерінің басы балға сияқты, біреулерінің басы бақа басынан аумайды. Біреулерінің денесінде еттері сүйекке бітіп, сырты
қабыршақпен қапталған. Біреулерінің сырты сүйекпен шегеленген сияқты. Балықтар қандай толып жатқан түрлі болса да бәріне бірдей ортақ белгісі жоқ емес. Балықтардың бәрі де желбезекпен демалады. Желбезекпен демалатын мақлұқтар су ауасымен дем алады. Болмаса, құр ауамен демала алмайды. Балық біткен баласын тірі таппай, уылдырық күйінде шашады. Балық біткеннің бәрінде қол-аяқ орнында қанат сияқты айрықша қаруы болады. Ішінде ауаға толған торсылдағы болады. Балық деген судан шықса көп тұра алмай, тұншығып өледі. Балық өсімтал мақлұқ. Бір балық бірнеше уылдырық шашады. Уылдырығының көбін бала болмай тұрған шағында да, бала болған соң да басқа мақлұқтар жеп қояды, балықтың өсімі де, өлімі де көп. Балықты адам да, аң да, құс та аулап жейді. Әсіресе, адам көп қырады, бірақ балық қанша қырса да таусылмайды. Балық етін адам түрлі күйінде тамақ қылады. Судан шыққан жаңа күйінде асып, қуырып жейді. Тұздап, кептіріп, ыстап, сүр қылып та жейді. Пісіріп, майға бөлеп, қаңылтырмен қаптап, сүр қылып та сақтап жейді. Соңғы түрмен сүр қылған балықтар азбай, көпке сақталады. Балықтың қазақ атын білетін тұқымдары: жайын, шортан, сазан, бекіре, көксерке, ақсерке, алабұға, ақбалық, табан, құртпа, шабақ, шоқыр, майшабақ. Еті өте дәмділері – бекіре, шоқыр, ақсерке, көксерке, сазан, ақбалық. Балықты мал сияқты бағып, өсіріп, пайдаланатын елдер де бар. Қазақ ішінде Ақ теңіз, Арал теңізі, Балқаш айналасындағы елдердің мықты кәсібі – балық. Қазақтың басқа жерлерінде балық кемістіктен балық аулау да кеміс. ЕМЕННІҢ ТҮБІНДЕГІ ШОШҚА Түбіне бір Еменнің Шошқа келіп, Жемісін жерге түскен жеді теріп. Тойған соң келістіріп ұйықтап алып, Еменнің түбін қазды түрегеліп. Шошқаға сол уақытта сөз айтады, Ағаштың басындағы құзғын көріп: – Тамырын қазып, аршып тастаған соң, Қалмай ма емен қурап, кеуіп, семіп? – Қураса қурайды деп қиналман көп, Қурамай тұрғанменен неме ол сеп? Қурасын, маған салса күйіп кетсін, Қайғырман оның үшін уайым жеп!
Құдайым жемісінен айырмасын,
Қылатын мені семіз солар ғой тек –
Сол шақта күңіреніп сөйледі Емен
Шошқаға айтып тұрған осылай деп:
– Ие шіркін! Жақсылықты білмейтұғын!
Білсең сен не бетің бар, бүй дейтұғын.
Жоғары қарай алсаң, білер едің,
Шыққанын қайдан жеміс сен жейтұғын!
Ахмет
БЕКБОЛАТ БИ МЕН АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҮЙІСУІ
Арғын Қара кесектен шыққан қаз дауысты Қазыбектің бала-
сы Бекболат би сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта
жүргенде, жаңылыс Абылайдың бір айғыр үйір жылқысын
қолына түсіріп, сіңіріп кетіпті. Соңынан Абылай біліпті. Мені
басынғаны ғой деп, намыстанып аттанып, Бекболаттың ауылына
келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдына түсіп жорғалақтап: «...тоғыз
айыппен жолыңызды алып кешіңіз, байқаусызда балалықпен
қылынған қате шығар», – дейді.
Ханның қасындағы арғынның Бекболатпен бақ-күңдес кісілері:
«Бұл сізге бой теңелдік қылған ісі, мұны басуыңыз керек», – деп
шағыстырып отырған соң: – «Мен малменен уана алмаймын ғой,
тентек інінді өлтірмей ашуымызды баса алмаймыз ғой», – дейді
Абылай.
Бекболат: – «Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере қоймаймын
ғой», – дейді.
Абылай үндемей кетіп қалады. Қайта үш жүздей кісімен
келіп, інісін ұстап алып, мойнына арқан тақтырып жөнеледі.
Сол күні түстікке ханның шатыры бір көгал жерге келіп
қонған соң: «Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрың-
дар», – дейді Абылай. Әлден уақытта: «Бір қарайған көрінеді»
деген соң, ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар
дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Түспей, аттың басын әрі қаратып, арт жағын Абылайдың
шатырының аузына қаратып тұрып сөйледі дейді:
– «Әй, Абылай, Абылай! Мұнан бұрын жолдастыққа мен
қандай едім, қасыңдағылар қандай еді?».
– Сен бір төбе, олар бір төбе еді.
– Ендеше, – деп Бекболат келген жағына қарай қайтадан ша-
уып кетіп, әлден уақытта қайтып шауып келіп, әлгідей теріс қарап
тұрып:
– Орал таудың ор түлкісі, айнала қуса ит жетпес, Орал таудың ақ иығы, сондадағы мерт етпес, – деп, байлаулы тұрған інісін шешіп алып, жөнеле беріпті. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай, таңырқап отырғанын біліп Абылай: – Мана мен Бекболатқа, сен бір төбе – бұлар бір төбе еді дегеніме намыстанғандай болдыңдар-ау, намыстансаңдар, Бекболаттың келіп кетісінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа не айтып кетті? Айтыңдаршы! – депті. – Сол арасын аңғара алмай отырмыз, – деген соң, Абылай: – Ашы! Білмесеңдер, енді онымен талас қылып өкпелемеңдер, деп сөзге кірісті дейді: – «Орал таудың ор түлкісі» деп өзін айтты. «Айнала қуса ит жетпес» деп сендерді айтты, «Орал таудың ақ иығы» деп мені айтты. «Ақ иық келсе, тек кетпес» деп, келіп қалған соң ашумен інімді алған шығарсың» дегені, «сондадағы мерт етпес» дегені ханнан халық күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жәбірің болса айып алып бітерсің дегені депті. Айтқанындай Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. «Көп қорқытады, терең батырады» деген осы, Абылай сықылды азуы алты қарыс ханның да қалың жар көкірек қазаққа дым қыла алмай сескенгені. ЖҰБАТУ Май айы. Таң алды... Ауыл Нұра бойында. Аспанды түнерген қара бұлт қаптап, қара түнді өте меңіреу қылып тұр. Шаршап келіп жаппалап қонған ауыл ұйқы тұтқынында жатыр. Төңірек тыныш... Күн шығысынан ескен майда қоңыр жел жоталардың, шөптердің бастарын теңселтіп, ызыңдатып түнерген талдардың жапырақтарын қалтыратып, ақырын-ақырын сыбырлатып тұр. Жалғыз-ақ, жел мен бұтаның мұңды ызыңынан басқа, тал, жапырақтардың жат тілді сыбырларынан басқа, алдыңғы ауылдан бір түрлі сыңсыған ызың естіледі, үзіліп-үзіліп тыңдап, құлағымды сала, ызыңға қарай жүрдім. Бұл ызыңнан көкіректі қарсы айырған жасырын күйініш, қасірет естіледі. Мұңды, қайғылы зар естіледі. Түнерген, меңіреу қара түнде әрбір жан өзін ұйқыға, тыныштыққа беріп жатқанда, бұл нендей сызылған мұңды ызың? Бұл ызың неге жүректің мұңды тамырына тиеді? Неліктен жүрек ісініп, елжіреп толқиды? Алыстан ызың естіледі.
Сорлы ана ма бұл әлде, қарағынан айрылған, қараңғы түнде
зарлаған?!
Қулық бие бола ма? Құлынынан айырылып, құлынын іздеп
еңіреген?!
Аң ба екен, әлде оқ тиіп, жанталасып сарнаған?!
Таянған сайын сыңсыған ызың анығырақ шығады. Таянған
сайын жүрек елжіреп, ысиды.
Тез басып, дамығып келсем, өзеннің жағасында бір түп талдың
түбінде көзінен ыстық жасын ағызып, егіліп, зар жылап отырған
Мүслимажан екен...
– Қарындасым, неге жыладың? Мұңды, зарлы, арманды
қарындасым, неге жыладың? Неге зарлап ыстық жасынды төгесің?
Мұңды, сорлы қарындасым, туысқан бауырым! Меңіреу қара
түнде дауысыңды естіп келдім. Күйініш, қасіретінді естіп кел-
дім. Сенің ызыңдаған жылауың маған да қайғылы қасірет салды,
жүрегімді елжіретті... Көзіме ыстық-ыстық жастар келтірді... Жа-
ным, жаным...
Сенің қасіретінді білемін. Жылама! Жалғыз сен емес, сендей
шерлі, мұңды көзінің жасын бұлаған қазақтың сорлы қызы көп.
Сендей қабағы, бақыты ашылмаған, соры арылмаған қазақтың
қызы көп. Олар да жылайды, сенен де көбірек жылайды. Мен
білемін, қаусаған шалдың құлдығында, күңдігінде жүріп сарғайған
қазақ қызын.
Мен білемін, наданның хайуан нәпсісі үшін екі-үш қатын-
ның бірі болып, қыспақта жылап жүрген қазақ қызын. Мен білемін:
шын махаббатпен сүйген ғашығына қосыла алмай сарғайып, «уһ!»
дегенде көкірегі қарсы айрылып жүрген қазақ қызын.
Қарындасым, шерлі қарындасым, Мүслимажан! Жылама,
тый, көзіңнің жасын! Өтер қайғылы қара түн! Міне, рауандаған
таң белгісі, ашылар бақытың. Зұлмат қара түнді қуып, жарқырап
таң атар! Дүниеге алтын нұрын шашып, жер-көкті шаттандырып
қарсы алдыңнан күн шығар... Міне, ақырындап ескен, беттен
сүйген майда жел. Міне, бақыт жаршысы. Міне, жарқыраған ерік
таңы... Міне, бақыт таңы, қара алдыңа! Күтіп ал бақытыңды...
Сәкен
МАЙМЫЛДЫҢ ТІЛІ
Хайуандар бірімен бірі сөйлесе алатынын жұрттың көбі біледі,
бірақ олардың тілін үйреніп алып сөйлесуге адамға болады деп
ешкім ойлай қояр ма екен.
Американың Гарнер деген бір профессоры маймылдармен сөйлесіп үйренген. Гарнер қалай хайуандармен сөйлесіп үйренді деңіз, Маймылдармен сейлесу үшін Гарнер «фонографпен» істес болған. Фонограф деген машина не дыбыс болса да, бұлжытпай жазып алады. Мәселен, фонографтың алдына келіп бір кісі сөз сейлесе я өлең айтса, сөз дауысы бұлжымай, әлгі машинаға түсіп қалады. Соңынан бірнеше жыл еткен соң да, фонограф сөйлеген кісінің сөзін, дауысын айнытпай салып береді. Және қанша рет қайтарып сал десең, сонша рет қайтарып салады. Машина сөйлеп тұрғанда, манағы сөйлеген адамның дауысы мен сөзі естіліп тұрғандай болады. Сөйлету үшін машинаның тетігі бар. Гарнер маймылдардың қасына фонограф қойып, бос уақытта үйінде отырып, машинаға маймылдардан естіген сөздерін, дауысын біртіндеп қайтарып айтқызатын болған. Және бөлек-бөлек сөздерін байқауға тырысқан. Профессор бір күні мынадай тәжірибе жасаған: көптен бірге тұрған ерлі-зайыпты екі маймылды екі бөлмеге бөліп қойған. Гарнер әуелі, фонографты ұрғашы маймылдың қасына, сонан соң еркегінің қасына барып, айрылған жұбайының сөзін машинамен сөйлеткен. Еркек маймыл әуелі таңқалып, артынан өзінше жауап қайырған. Сондай тәжірибені бірнеше рет істеген соң, профессор маймыл тілінде үнемі сөйлесетін дыбысы бар екенін, дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты қосып айтуға болатынын аңғарған. Басқаша айтқанда, бір маймылдың неше сөздерін үйреніп, қиын да болса адамға айтуға келетінін білген. Мұнан соң профессор бірқатар сөздерінің мәнісін үйреніп, айта алатын болған. Ең әуелі түсінген сөзі – сүт болған. Сол сөзбен кез-келген сусынды атайды екен. Сонан соң маймылдардың тамақ, қол, күн дегендерді не дейтінін білген. Хайуандар күн деген сөзді көп сөйлейді, күннің райы хайуан тұрмысына өте керекті болса керек. Жеті жыл оқыған соң Гарнер енді маймылмен ауызба-ауыз сөйлесуге бел байлаған. Әуелі, маймылдар таңқалып, артынан қуанған белгілер білгізе бастаған. Профессор бір сөз үйренген, ол сөз қауіп, өлім яғни бір қорқынышты нәрсе дегенге келеді екен. Әбден қолға үйренген бір маймылдың алдына келіп, ең бірінші рет Гарнер әлгі сөзді айтқанда, маймыл қорыққаннан қалтырай бастаған: маймылды әрең жұбатып тыншайтқан, екінші рет айтқанда, әлгі маймыл шошып кетіп, тордың бір алыс бұрышына барып жасырынып қалған. Әлгі сөзді үшінші рет естігенде маймылдың қорыққаны сонша – оқымыстыны қолынан тамақ алып жеуді қойып, үстін де сипатпайтын болған. Бұл өзі бұрын
қолда өскен маймыл. Тілін оқып, Гарнер 8-9 басты дыбыстары бар екенін білген, бірақ дыбыстары түрліше екенін, барлық дыбысы 35-ке шейін баратынын білген. Маймылдың әр тұқымының тілі әр басқа, бірақ бір торға қамап қойса, әр тұқымы әр тілде сөйлегенмен де, тез арада бірін-бірі түсініп кетеді. А.М.Никольский БАТЫРДЫҢ ЖАУҒА ШЫҚҚАНДА ҮЙІМЕН ҚОШТАСҚАНЫ Қобыланды сынды батырың Тайбурыл атқа мінеді, Ақ сауытын киеді, Қараспан тауын бөктерлеп, Батыр Қобылан жөнеді. Тоқсандағы Тоқтарбай, Алпыстағы Аналық, Қарындасы, қыз Құртқа, Төртеуі қалмай соңынан, Кесіп кет деп қолыңнан, Қобыландының ізінен Бұлар да еріп келеді. Түстік жерге келгенде, Қарлығаш тұрып сөйледі: – Көңілің сүйсе қалмайсың, Жұрт ойлаған талапқа. Сыбанып білек бір алды, Балдағы алтын болатқа. Ақ сұңқар сеніп ұшады Құйрығы менен қанатқа. Жалғыз ағам, жан көкем, Белін буды талапқа. Сайға біткен қоқтымын, Бөрік ішінде шоқтымын. Осы кеткен сапардан, Жан көкем есен келгенше, Елі, жұртын көргенше, Айтып кеткен Құдайға, Қоңыр шұнақ тоқтымын. Басымда бар-ды алтын шоқ, Жан көкем барда көңілім тоқ. Көкежан, сені көрмесем, Басымнан кетер дүние бақ. Сізге деген Құдайдың Маған тисін ажал оқ. Бірге туып, бірге өскен, Кіндігімді бір кескен, Қарғаның жүні қаттасым, Үйректің жүні еттесім, Бірге туған тектесім, Қысылған жерде түптесім, Желі толған түйең бар, Оны кімге тапсырдың? Тоғай толған жылқың бар, Мұны кімге тапсырдың? Тоқсандағы атаң Тоқтарбай, Жан көке, кімге тапсырдың? Алпыстағы анаң Аналық, Ау көке, кімге тапсырдың? Өзіңмен бірге туысқан, Бірге туып, бірге өскен, Кіндігімді бір кескен, Көкежан деп жылаған, Мен сорын кімге тапсырдың? Бұл дүниеде мұңдасың, Төсекте жатса сырласың, Ол дүниеде жолдасың, Көкелеген қыз Құртқаны, Құдай қосқан жолдасың, Мұны кімге тапсырдың? Қобыланды сонда тарықты: Есіркеп көп бір халықты,
Қарлығаш дауысы шыққан соң,
Қобыландыдай бөріңіз,
Ақ найзаға сүйеніп,
Өксіп, жылап қамықты.
Көзден аққан қара жас,
Қаны, жасы аралас,
Қарлығашқа көрсетпей,
Қобыланды сүртті жеңіне.
Қобыланды сонда сөйлейді:
– Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса шығар көзден жас,
Тар қолтықтан оқ тисе,
Сүйеп шығар қарындас.
Қарындасың болмаса,
Жауда қалар қайран бас.
Арқаңды жапқан қолаң шаш,
Қарағым, сөзге құлақ ас.
Мен кешігіп, келмесем,
Сіздерде бол тілектес,
Қараспан тауын жайлаған
Қалың қыпшақ қарындас.
Қаралы жан, мен айналсам,
Ағызба қалқам, көзден жас!
Жас шығарма көзіңнен,
Сай сүйегім сырқырар
Жан көке деген сөзіңнен.
Атадан тақ баламын,
Жауға аттанып барамын,
Жасым үлкен ағамын,
Әлдеқандай боламын,
Армансыз болып кетейін,
Әйел де болсаң бір тудың
Нашар деп сені нетейін.
Қаралы жан, бұршы мойныңды
Бетіңнен сүйіп кетейін.
Қарындасым, қаралы жан,
Желі толған түйеңді,
Сары суға тапсырдым.
Тоғай толған жылқыңды.
Жасанған жауға тапсырдым.
Қора толған қойыңды,
Аш бөріге тапсырдым.
Азу тісі балғадай
Жас бөріге тапсырдым.
Тоқсандағы атаң Тоқтарбай,
Құдіретіңе тапсырдым.
Алпыстағы анаң Аналық,
Бибатбаға тапсырдым.
Қарындасым, Қарлығаш,
Қарашашқа тапсырдым.
Жар қосағым, қыз Құртқа,
Палуан қызға тапсырдым.
Сендер – төртеу, мен – жалғыз,
Орман ағаш ортаңда,
Мен сорды кімге тапсырдың?
Қарлығаш сонда сөйлейді:
– Көп қайратың тиеді
Жаныңда қоңсы – сыбайға.
Көз салмадың, жан көке,
Бірге туған жұбайға.
Адалдан жиған малыңды,
Залымдарға тапсырып,
Осының, көке, ұнай ма?
Көкем есен келгенше,
Қалқамбысың дегенше,
Елі, жұртын көргенше,
Шыбыныңды тапсырдым,
Бір жасаған Құдайға.
Құртқа сонда сөйлейді:
– Жүрдіңіз бе, серт кесіп,
Русыз менің күмісім,
Ойыным менен күлісім.
Сұлтаным сізге бас қосып
Кеңейіп еді өрісім.
Арыстаным, аман бол!
Осы кеткен сапардан,
Қиын болар келісің!
Тоқтамасқа меңзеймін,
Жалғызымның шамасын.
Кетер болсаң, сұлтаным,
Енекемнің еміп кет,
Төсіндегі екі мамасын!
Тіл білмеген дұшпанға,
Сұлтаным, жалғыз барасың!
Қош сұлтаным, аман бол,
Әлдекандай боласың!
Тоқсандағы атаң Тоқтарбай,
Бұтында жоқ ыстаны,
Тізесіне тон жетпей,
Ақ табан боп кәпірге,
Қой баққанда келерсің!
Алпыстағы анаң Аналық,
Арқан есіп, жүн түтіп,
Қайғыменен қан жұтып,
Құрт қайнатып жүргенде,
Сұлтаным, сонда келерсің!
Қарындасың Қарлығаш,
Бөтен жаудың елінде,
Қызыл бастың шенінде,
Шәй қайнатып жүргенде,
Сұлтаным, сонда келерсің!
Көп кәпірдің мықтысы,
Күзгі жердің шықтысы,
Сенен қалған мен сорды
Бір дұшпанның мықтысы,
Аламын деп тұрғанда,
Қараңғы үйге салғанда,
Көңілге қайғы толғанда,
Сұлтаным, сонда келерсің!
Бұл дүниеде көрмесең,
Құртқамбысың демесең,
Қазаң жетіп бұл жолдан,
Арыстаным, жөнелсең,
Жұбайым барды дегейсің!
Аналық сонда толғайды:
– Бір жылқыдан кем шаппас,
Келінжан баққан бурыл ат.
Денеге мылтық тигізбес,
Үстіңе киген алаңқат,
Қынаптары сары алтын,
Ұстаған жері сап алтын,
Балдағы алтын шар болат,
Шырағымның шыбын жан –
Бәріңе бірдей аманат!
Қалғып кетсе қағып жүр,
Адасып кетсе бағып жүр.
Көл иесі Қамбар ай,
Шөл иесі Қамбар ай,
Қамбар өзің қолдасаң,
Қолдамайтын кім бар, ай?!
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕН ТАЙБУРЫЛ
Әуелі, Алла анайым,
Ақ жаратқан Құдайым.
Ұшпақта үрлер сымбатты,
Үйдегі Құртқа жұбайым,
Жұбайым олқы болды деп,
Жемеймін Бурыл, уайым.
Шешең тұлпар деуші еді,
Шешеңнің сөзін сынайын.
Жан серігім, Бурыл ат!
Жайың қалай, Бурылжан,
Қалқам бүгін бұлаймын!
Жан серігім, жалғыз ат!
Төрт аяғың сом болат,
Қолтығыңда қос қанат,
Үстіңде мен аманат.
Үкілі құйрық, майда жал,
Кесер басың сары алтын,
Үстіңе біткен түгіңнің
Жары – күміс, жары – алтын,
Ырғала басып жүр, жарқын!
Құртқам баққан Тайбурыл,
Терлемессің күн салқын!...
Жылқыда тұлпар сен едің,
Жігітте сұңқар мен едім,
Сен астымда сау тұрсаң,
Қыдыра жалды, қыл құйрық
Сенен озбас деп едім.
Аяғы екеу, бір басты,
Менен озбас деп едім.
Бүгінгі күн Тайбурыл,
Жоғарғы ерні жыбырлап,
Төменгі ерні қыбырлап
Тайбурыл ат сөйледі: –
Жан жолдасым, Қобыланды ер!
Айтқан сөзің шекер – бал.
Аямай тарттың қамшыны,
Батыр туған Қобылан нар,
Өлмесем де кеудемнен
Шыға жазды шыбын жан.
Жапанда жалғыз достыңа,
Әлдеқандай кегің бар?
Қызылбастың жұртына
Мұнша болдың ынтызар!
Жалғыздық кегін менен ал,
Жамбасыма қамшы сал!
Қалалы жерде қарғырмын,
Қазып салған кең орға.
Ақ сұңқар құс түседі
Тамақ үшін ақ торға.
Төрт аяғым тең жорға,
Үстімде сен есенде,
Астыңда өзім есенде,
Қажу бар ма, мен сорға.
Ат қылып Тәңірі жаратты
Сен сықылды лайға.
Жігіт адам қысылса,
Бір Тәңірге жылай ма?!
Қырық күншілік Қазанға
Жалғыз күнде жет дейсіз,
Ұшқан құсқа да оңай ма?
Қиын да болса, Қобыланды,
Қиналамын, қайтейін.
Уәдеңіз солай ма?!
Намаздыгер өткенше,
Намазшамға жеткенше,
Қазан ағаш бағысын.
Түсірмесең жүзіңе,
Көрсетпесем көзіңе,
Жан серігің Бурылды
Сол жерде сал, Құдайға!
Сонан соң Қобылаңды қуанып:
Шырағым, Бурыл шу! деді,
Шу дегенде гуледі.
Табаны тасқа тимеді,
Тау мен тасты көрмеді,
Тер шыққан сайын өрледі.
Асқарды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан көк тасқа
Тіктеп тиген тұяғы,
Саз балшықтай иледі.
Жақын қылды алысты,
Берсін кімге намысты.
Күн төбеден аумай-ақ,
Түзеді Бурыл шабысты.
Қос құлағы тігілді,
Қайранға біткен қамыстай.
Түс ауған соң бүктелді
Илеуі жеткен қайыстай,
Байлаулы малдай шешілді
Төрт аяғын көсілді,
Айыр есімдей есілді.
Кешегі кеткен көп қолға
Жетемін деп Қобыланды,
Жоқ еді тіпті есінде.
Ағыны қатты Бурылмен
Жетті келіп бесінде.
Қобыланды батыр дем алып,
Алдыңғы жаққа қарады.
Көз ұшында бір адам,
Шауып өтіп барады.
Шауып жетіп қараса
Қол соңында барады,
Қара Боқан жауырыншы.
Боқанға келді «Арма!» деп,
Алдыңда кісің бар ма, деп.
Онда Боқан сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
– Жылқы ішінде ала-ды,
Қылшық жүнді қара-ды.
Аты қалар деп пе едің?
Өзіңнен үлкен ағаны.
Осынау дөңнің астында,
Қосдәулет кетіп барады.
Тайбурыл атты құтыртып,
Оған да келді сыпыртып:
«Үлкен едің арма!» деп,
«Алдыңда кісің бар ма» деп.
О да айтады: «Аланы,
Жоқ деп ек, Қобылан баланы!
Осынау белдің астында
Аққозы кетіп барады».
Тайбурылды құтыртып,
Оған да келді сыпыртып:
«Үлкен едің арма!» деп,
«Алдыңда кісің бар ма», деп.
Аққозы сонда сөйлейді:
«Алыстан айқын көрінген,
Жылқы ішінде ала-ды,
Қылшық жүнді қара-ды,
Адасты деп ойлап ең,
Қобыланды сынды баланы.
Оңдаса Тәңірі сапарды,
Пенденің болмас шарасы.
Қызыл тілді сөйлеткен,
Қаусырма жақтың арасы.
Жеткен-ді деп ойлаймын,
Өз көңіліме шамасы,
Кешегі күн шапқалы,
Көре алмадық шырағым»,
Құрдасының қарасын.
Енді алдыңа қараман,
Жетсең оған барасың.
Бұлаңдаған Бурылға
Тағы соқты қамшыны ай,
Тайбурылдан тер ақты,
Көктен жауған тамшыдай.
Найзасы түспей қолынан,
Жұлдызы туды оңынан,
Боқанға жеткен бесінде,
Қараманның шұбалтып,
Және жетті соңынан.
Артынан жетіп сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
– Болғаның ба, досым-ай!
Мақтаған атың осыма-ай!
Он екі күнде жетерсің,
Менің жауға тіккен қосым-ай,
Тауға біткен татыр-ай!
– Жарасар тіккен шатыр-ай!
Анау күні қатын деп,
Қарамай кеткен батыр-ай!
Қатын да болса білдің бе,
Құртқамның асыл затын-ай!
Қатынның баққан аты озды,
Қалсаң өлім жақын-ай!
Жүрмейсің бе, Қараман,
Үш күн кейін соң қалып.
Бесінде озып барамын.
Електі етсең Есенбай,
Қыс қыстауға Борсық жай,
Қобыланды шауып жөнелді,
Көп Қиятқа қарамай.
Қалың Қият көп қосын,
Бәрі қалды артында
Бір еруге жарамай.
Шынымен Қобылан шу! деді,
Құбылып Бурыл гуледі,
Аманбайдың ақ тікен,
Аса қарғып жөнелді.
Қарсы келген қабақтан,
Қарғып асып жөнелді.
Сеңгір-сеңгір таулардан,
Секіріп асып жөнелді.
Ол төбе мен бұл төбе,
Бауыры шұбар көл төбе.
Онан да өтіп жол шекті.
Бөктергілі бүкіл сай,
Су түспеген терең сай,
Сыпсың біткен қарағай,
Онан да өтіп жөнелді.
Қамыстының қазды көл,
Қоғалының қулы көл,
Жекендінің жалғыз көл,
Шабақтының шаңды көл,
Шағалалы шалқар көл,
Қызғыштының қызды көл.
Қара құтай қос көлден,
Айналасы бес көлден,
Күдердің қара дөңінен,
Бесінде өтті дөңінен.
Барлы-барлы, Барлытау,
Басы биік қарлы тау,
Би жайлаған Алатау,
Хан жайлаған Қаратау,
Түйе мойнақ Иіртау
Қыз емшекті сүйір тау,
Онан да өтіп жөнелді.
Атасу мен Манасшы,
Мал оттауға оты ащы,
Ішейін десең, суы ащы,
Бұл жерден де өтіп жөнелді.
Қампай, Күмпей қасынан,
Жем, Темірдің басынан,
Қалбағайлы Бұлдидан,
Қасқалдақты Ылдидан,
Тобылғылы Нұрадан,
Сексеуілді жырадан,
Байалышты құмайттан,
Бүлдіргенді шыңайттан,
Жалғыз өтіп жөнелді.
Астындағы Бурылдың,
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп,
Жауған күндей күркіреп,
Жаңбырдай тері сіркіреп.
Омырауы есіктей,
Ойынды еті бесіктей.
Сырты сұлу Бурылдың
Құмдаудан қазған көсіктей,
Қос құлағын қамшылап,
Бұттан тері тамшылап,
Тау суындай сылпылдап,
Ақ сауыты жылтылдап,
Тобық еті бұлтылдап,
Құбылып ойнап, жер басты.
Алдыңғыдан артқысын,
Сынық сүйем, кем басты.
Жалғасып ұшқан қоңыр қаз
Тозаңынан адасты.
Асқар төбе бел еді,
Бірде шауып желеді.
Көлденең жатқан көк тасқа,
Тіктеп тиген тұяғы
Ұршығынан енеді.
Құбылып ойнап жер басып,
Дөңгеленіп келеді.
Садақтың бауы сартылдап
Жанында қылыш жалтылдап.
Масатыдан шалбардың,
Сала құлаш балағы,
Жел соққандай жалпылдап,
Белеңнен асты былқылдап,
Тозаңы шықты бұрқылдап,
Табанына тас тисе,
Түнде шаққан шақпақтай,
От шығады жылтылдап.
Аттың жолы қазылды,
Ұмтылғанда қысылып,
Бес жүз құлаш жазылды.
Омырау тері көпірді,
Бурылжан көкке секірді.
Шаба-шаба шатылды,
Тұяғымен ұшқан тас,
Қызылбас мылтық оғындай,
Аспан көкке атылды.
Тұяғымен тоздырды
Бұтасыз майдан тақырды.
Тақиядай көрмеді
Үстіндегі мінген батырды.
Бұлаңдап шапқан Бурылдың
Маңдайында масат бар.
Марал ішсе таусылмас,
Құйрығында құдық бар.
Құлан ішсе таусылмас.
Қабырғасы қалқан тау
Хандар мінсе қайыспас,
Омыртқасы орман тау,
Ерлер мінсе майыспас.
Арандай аузын ашады
Аяғын топтап басады
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады!
Кешке таман Бурылжан
Жын қаққанға ұсады.
Құлан менен құлжаның,
Марал менен бұғының,
Ұзатпай алдын тосады.
Көл жағалап отырған
Көкқұтан мен қарабай,
Көтеріліп ұшқанша,
Белінен кесе басады.
Дуадақ пен жек қалды,
Бірқазан құс көп қалды.
Әлде өтірік, әлде шын,
Ақ-сары бас лашын
Өлген құсты жеп қалды.
Ебелек ұшпас елсізден,
Құла мидай шөлдерден,
Қан сасыған жерлерден,
Батпақ, ылай көлдерден,
Асқар-асқар белдерден,
Жалғыз шауып жол шекті
Үмітін үзіп келеді –
Қараспан тауды жайлаған
Қалың кыпшақ елдерден
Намаздыгер өткенде,
Намазшамға жеткенде,
Белес-белес бел көрді,
Астында белдің ел көрді.
Мұны көріп Бурыл ат,
Қос құлағын қадады.
Шабысын түзеп алады,
Көздері оттай жанады.
Нақ ымырттың кезінде,
Қазан ердің көп жылқы
Салып жетіп барады.
СІРГЕЛІ ЕЛШІБЕК БАТЫР
Қалмақ қазақ даласының бір үңгіріне кіріп, бекініп алып, кірер
ауызға киік ататын сирақты қара мылтық пен бір мерген қойыпты.
Мергеннің мылтығы Ертістің арғы бетіндегі киікке тиеді екен.
Бірнеше батыр адамдар оққа ұшқан соң, ешбір батырдың оқтың
бетіне баруға жүрегі дауаламапты. Сол мезгілде Сіргелі Елшібек
батыр қолдың ішінен сары атпен суырылып шығып, қалмаққа
қарай бүлкілдеп жүре беріпті. Жұрттың бәрінің жүрегі дүпілдеп,
ойпырым-ай, қазір оққа ұшып, аттан құлайды-ау деп, көз айырмай
қарап тұрыпты. Елшібек сол бүлкілімен мергенге таянып келіп,
кенеттен атының басын төгіп жіберіп ұмтылғанда, қалмақ білте
салып атса, мылтығы от бермей қалыпты. Қайтадан білте салып
атамын дегенше, батыр қылышпен екі айырып тастапты.
Қайтып келген соң, әуелгі кезде кіл бүлкілмен неге жүрдің
деп сұрапты. Сонда батыр: «Қалмақ атымды алғысы келіп, менің
жақын келгенімді күтіп тұрды: мен ойладым: жақындағанымша
мылтықтың білтесі әбден жанып, күлі көбейіп, атқанда оқ бермей
қалады ғой деп», – депті.
Шоқан
НОҒАЙЛЫ МАМАЙ ӨЛГЕНДЕ КЕМПІР ШЕШЕСІ
ҚАРЫҮЛЕКТІҢ ЖОҚТАП АЙТҚАНЫ
Ай, Орағым, Орағым!
Жалғыз қалдың қарағым.
Мамайжан еді ырысың,
Бір құрсақтан дүреген,
Екеу еді туысың.
Екеуің жауға барғанда,
Қалмақты жеңді ұрысың.
Серіксіз қалдың Орағым!
Дүние шіркін құрысын.
Қарағым, Орақ, ай, Орақ!
Ай балтасы қанды Орақ,
Алаштап ұран шақырса,
Құрбысының алды Орақ,
Мамай кетіп алдында
Туғансыз жалғыз қалды Орақ!
Атыңды дұшпан атаса,
Мамай еді серігің,
Оркөз еді көлігің,
Артында жалғыз сен қалып,
Мамайдың көрдім өлігін.
Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бөрі етін жеп,
Қанып еді жерігім.
Мамай еді қуатың,
Екі жыл шөлге қамады,
Қалмақтың бермей суатын.
Айқай, енді күн қайда?
Қойға тиген бөрідей,
Жапыра қалмақ қуатын.
Құлыны өлген ақ байтал,
Енді саған күн қайда,
Ондай бала туатын!
Мамай еді жолдасың,
Қасыңа әскер ерітпей,
Мамай тірі жүргенде,
Өткір еді алмасың.
Қалмақтың басы Қараман,
Оны ұстап өлтіріп,
Кесіп едің қан басын.
Қаты қан атты қалмақтың,
Үш аттанып келгенде,
Отқа жақтың хан басын.
Мыңы байлап атқанда,
Дарымады етіңе.
Қой боғындай қорғасын,
Сол қызықтың үстінде,
Неге өлмедім, сор басым?
Мамай еді дәрменің,
Екеуің қатар жүргенде,
Бітіп еді арманың.
Бәрін міндің қатарлап,
Елдегі сұлу жорғаның.
Есім ханның ары үшін,
Қаты қандай қалмақтың,
Жеті бұздың қорғанын.
Мамайжан тірі жүргенде,
Еліңді жауға бермедің.
Қолыңды арға сермедің
Орманбет биді қалдырып,
Ноғайлыны тергедің.
Алтын тақтың үстінде,
Ханмен қатар көлбедің.
Дерексіз дүние қайтейін,
Екеуіңнің алдыңда,
Қазам жетіп өлмедім.
Айналайын Орағым,
Жау жайлайтын жарағым,
Тайды жеген бөрідей,
Таудай еді талабың.
Тарқамаса жақсы еді,
Тау бетінде қонағың.
Дұшпандарға тіреген
Аумаса игі еді табаның.
Сары ала туың салбырап,
Қалмақтың бұздың қамалын!
Хандардың білдің амалын,
Көзімнің Мамай нұры еді.
Хан кеңесі құрылса,
Сымбаты сұлу төре еді.
Жау кеңесі құрылса,
Жасқанбай шапқан ер еді.
Сасқандар ақыл сұраса,
Ойы терең сері еді,
Хан тарығып, халық сасса,
Жабықпаңдар, ноғайлы,
Жауың қайда, дер еді!
Белдемшесін белденген,
Мамай, Көкірегі желденген,
Мамай, Қара қошқыл қан
жұтып,
Қан жұтпаса шерленген,
Мамай,
Қалмақтың жерін жерлеген,
Мамай,
Болатын шарға қайраған
Мамай,
Бедеу атын байлаған, Мамай,
Шағанның бетін шаң қылып,
Төрт түлік малды айдаған
Мамай.
Ойылдың сыртын шаң қылып,
Жылқыны топтап байлаған
Мамай.
Орданың үстін құрсатып,
Тең азамат жинаған Мамай.
Күндердің күні болғанда,
Мандайыма сыймаған Мамай!
Күмістен ожау ойдырған
Мамай,
Қасаң бір қара сабаны,
Тұс-тұсына қойдырған Мамай,
Алты қанат Ақ Орда,
Ішіне жібек жайдырған Мамай.
Егескен ханды күнінде,
Алтын тақтан тайдырған
Мамай.
Қараүлек шешең жоқтаған
Мамай,
Дүйім алаш мақтаған Мамай,
Дұшпанды жерге таптаған
Мамай,
Досты сыйлап мақтаған
Мамай,
Айеуке сынды батырдың,
Басын кесіп күнінде,
Аш бөрідей аттаған Мамай.
Ақ сүңгінің қияғын,
Күміспенен қаптаған Мамай.
Ноғайлыны жау алса,
Үйде қарап жатпаған Мамай,
Ақ кіреуке сауыттым Мамай,
Аш құрсағым ауырттың
Мамай.
Жылай, жылай жалықтым
Мамай,
Қайғы жұтып жабықтым
Мамай.
Тас емшегім жібіттің Мамай,
Қуыс сүйегім еріттің Мамай,
Өкпе бауырьм сөгілттің
Мамай.
Қараүлек шешең қайғымен,
Ағар бұлақ құрттың Мамай.
Өзің тірі жүргенде,
Дәуіріңді үздірдің, Мамай.
Тоқсандағы шешеңді,
Қайратыңмен мәз қылдың,
Мамай,
Қайғың менен күнінде,
Бұрымын желге тоздырдың,
Мамай.
Сары ала туды құлаттың,
Мамай.
Ел-жұртыңды жылаттың,
Мамай.
Құдай салды, мен көндім,
Бұл сапарды ұнаттың, Мамай.
Жұртыңды қалмақ қамады,
Мамай,
Ақ ордаңды талады, Мамай.
Артыңда қалған жас бала
Қашан сендей болады, Мамай?
Қырық ұл туса бір күнде,
Орның қалай толады Мамай?
Жұртыңды қалмақ торыды,
Мамай,
Кім мініп атқа қорыды,
Мамай?
Жерді құртқан жез аяқ,
Мінбей, түспей арыды, Мамай.
Көзінің жасы көл болып,
Қараүлек шешең қазды,
Мамай.
Ақ үйімнің арыстаны Мамай,
Боз үйімнің бостаны Мамай,
Алысқа кетіп келмедің, Мамай,
Жасым жетіп мендедім,
Мамай.
Басыма қара күн салдың,
Мамай,
Ертеңді кеш үн салдым,
Мамай.
Жасым жетіп меңдедім,
Мамай.
Жауатын күндей құрсандың,
Мамай,
Жауды көріп зең салдың,
Мамай.
Өңім, түсім біле алмай,
Ертеңді кеш тамсаңдым,
Мамай.
Артыңда қалды жиғаның,
Мамай,
Тарқап кетті мейманың,
Мамай,
Өлдің, Мамай, қор болдың,
Тірлікте зор болдың,
Дұшпанға құрған тор болдың,
Қарыүлек шешең зар болды:
Сауытың қалды сандықта,
Алғаның қалды қорлықта.
Аңдысқан дұшпан көп еді,
Елің қалды тарлықта.
Қарыүлек шешең шерменде,
Таудай болған көңілім,
Тұл бойыңды көргенде,
Нағылып тірі отырмын,
Мамайжан, бүгін өлгенде,
Өлдің, Мамай, қор болдың,
Қарадан туып хан болдың.
Ерлігің мен билігің,
Он сан атты ноғайға,
Көрсе күнде таң болдың.
Жаяуларға жол болдың,
Аттыларға тел болдың,
Өлдің, Мамай, күл болдың,
Күл ұшырған жел болдың.
Айтып-айтпай немене,
Топырақпенен тең болдың.
Әубәкірден
ӘДІЛ БИ
Бір адам далада жол жағалап келе жатса, жайылып жүрген
бір төбе түйеге ұшырайды. Өзіне жол ашпақ үшін қолындағы
таяғын түйелерге таман лақтырып жібереді. Таяғы құрғыр ұшып
барып, бір түйенің көзін шығарады.Түйеші жолаушыдан түйенің
көз құнын даулайды. Бұл бәледен құтылайын деп, түйенің көзін
шығарған адам тұра қашып, бір биік жардың кемерінен секіріп
түседі. Сол уақытта жар астында, көлеңкеде бір қарт кісі ұйықтап жатыр екен. Қашқын секіріп түскен салмағымен бейшара қартты басып өлтіреді. Мұны сол маңда жүрген қарттың баласы көріп қалады. Жолаушы қашады. Мұны түйеші мен қарттың баласы қуып келеді. Сорлы қашқын бір дарияның жиегіне келіп жетсе, қайықшыға ұшырайды. Сасқанынан қайықшыға: – «Мені дарияның ар жағына шығарып сал, бір ширек ет берейін», – дейді. Қайықшы қашқынды ар жаққа өткізеді. Ал енді қашқынның қайықшыға төлеуге еті жоқ. Не қыларын білмей дағдарды. Қайықшы қашқынды жағасынан алып, жібермейді. Сүйтіп тұрғанда кейінгі екі даугер келіп жетеді. Даугер енді үшеу болады: біреуі түйенің көзін, екіншісі әкесінің құнын, үшіншісі қайық пұлын сұрайды. Қашқын не қыларын білмейді. Қайықшы қашқынға айтады: – Егер төлеуге етің болмаса, балтыр етіңді кесіп бересің, – деп. Бұлар қанша дауласса да келісе алмайды. Ақырында сол маңдағы бір данышпан биге барып жүгініседі. Би түйешіге айтады: – Әй, балам! Бір түйені мен анадай жерге тұрғызайын, сен қолыңа таяқ алып, сол түйенің көзіне дәл тигізсең, түйенің көзі түгіл, бүтін түйенің өзін үкім қылайын, тигізе алмасаң өзің жазалы боласың. Бұл сөзді естіген соң түйеші ойға қалып, дауынан кешіп, кетіп қалады. Би енді қарттың баласына айтады: – Шырағым, мен осы адамды жардың астына жатқызып қояйын, сен жарға шығып, үстіне секіріп түс, өзіңнің салмағыңмен қашқынды өлтірсең, мен саған өз жанымнан әкеңнің құнын төлейін, өлтіре алмасаң өзің өлесің. Бұл сөзді естіп, қарттың ұлының зәресі ұшып, құн даулаудан қашады. Ал енді жалғыз-ақ қайықшы қалады. Данышпан қайықшыға айтады: – Мына адамның балтырынан бір ширек ет кесіп ал, бірақ бір ширектен бір мысқал артық та, кем де болмасын. Мұнан не артық, не кем болса, өз обалың өзіңе, басыңды аламын». Мұны естіп қайықшы қашады.
Бұл ертегіге қосымша өлең мынау:
Әділ бидің алдынан іс кетпейді,
Жәбірлікті нәпсі үшін істетпейді.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен ептеп,
Абыройын кісінің еш төкпейді.
Олар жақсы түймені түйе дейді,
Жөнін тауып әр істің жүйелейді.
Жаман болса төрешің ептей алмай,
Ақ ісіңді қаралап, күйелейді.
Дұшпандарды жақсы би дос қылады,
Дауыңа дау жаман би қостырады,
Бұ бір мақал: «Киікті ата алмаған,
Атамын деп үркітіп бостырады».
Ұрысқанды жақын адам табыстырар,
Ақылменен жапсарды қабыстырар,
Жаман адам от қылып жандырмаққа,
Сөніп жатқан шаланы қағыстырар.
Жақсыларға жалын от саз болады,
Жатқан бәле жаманнан қозғалады.
Жақсы менен жаманның парқы басқа,
Айта берсең бірталай сөз болады.
Диуайулы Әубәкір
ПАРАШЫЛҒА
Қайда жүрсең жалғыз қарын –
Ар, иманың, намысың.
Ақша десе арын төккен,
Парашылсың қарны кең!
Азап көріп жанын жеккен,
Жұмысың жоқ жарлымен.
Сен бір борсық қанды сорған,
Ақ, қарасын талғамай.
Ол бір жемтік саған болған,
Жыртық тымақ жалбағай.
Байға қарап, жылы ұшырап,
Жақын тартып, күлмеңдеп.
Ойдан, қырдан сөзді құрап,
Жарамсақтап, күйбеңдеп.
Кісі өлтірсін, ұрлық қылсын,
Жесір дауы және де.
Берді Құдай, ішің білсін,
Істің түбін қарама!
Ойлаймысың жұрттың қамын,
Болса өзіңнің табысың:
Талай сорлы, талай момын,
Көзінен жасы сорғалап.
Мұңын шағып, айтып жоғын,
Тырп ете алмай, қорғалап.
Бұлт ашылып, нұр шашылып,
Туды күні кедейдің.
Сыр жасырып, құр бас ұрып, Дерсің: «Жұртты жемеймін», Бойым еріп, көңіл беріп, Нана қалман мен саған. Жүре алмаспын енді сеніп, Батсын, жаным, кет қараң. Жөнеу ҚҰРБАН ҚИЯ (қазақшаға аударушы – Қыр баласы) Құрбан қия деген Отыз өлкесінде жүріп қайдан қарасаң, сонан көрінетін жартас. Сыртын Отыз ауылына беріп, бетін ескі Қырым орманына қаратып, еңкейіңкіреп, басын төмен салбыратып, бейне зор қалың ойға қалған сияқты көрінеді. Күн шығып келе жатқанда, ар жағынан келіп қарасаң, жартасқа бір нән адам тырмысып шығып бара жатқан сияқты болады. Бір қолымен жартастың төбесінен ұстап, екінші қолымен тастың жанжағына тіреп, өрмелеп, тасқа жабысып, құламасқа тырысқан кісі сияқты. Соны тас болған қойшы деседі. Рас, өтірігін кім білсін, бірақ солай деген жұртта аңыз бар. Отызда («Отыз» татар ауылының аты. 1779 жылы Қырымнан гректерді қуғанда, отыз үй грек қалған екен, сонан ауыл Отыз атанған... Отыз ойпаты деген – Қырымдағы ең әдемі жердің бірі деп айтылады). Құрбан мейрамы болғанда ақсақалдардың есіне сорлы қойшы түсіп, Құрбан қияға қарап отырып, соны сөз қылады. Бұрын қойшылар көп болған. Әрбір ауқатты ноғайдың өз алдына отары болған, бірақ Салахиддин малынан артығы болған емес, оның қойшысы Үсендей жағымды малшы болған емес. Үсен білмейтін тау ішінде соқпақ болмаған, ағаш ішінде алаң болмаған, сай ішінде су болмаған. Салахиддин қойшысына ырза болуы сонша, жалғыз қызын Үсенге бермекші болады. Әмина – жалғыз қыз, жалғыз қызың үшін не істемессің? Әминаның көңілі көптен Рапықжанда еді, ауылдағылар жіңішкелігінен арық Рапықжан деуші еді. Әминаның бұл жайын Үсен қойшы біліп, Рапықжанды жек көретін. Бір жетіден соң Рапықжан таудан құлап, жан тапсырады. Құрбан мейрамының күні еді, Үсен құрбанға шалатын қойды алып келеді. Рапықжан өліпті деп айтқанда, Үсен мұртынан күледі де: – Әркімнің өз күні өзіне, – дейді. Қойды бауыздап, қолын қанға жуғаннан кейін тағы миығынан күледі де:
– «Өзі жығылған өкінбес» деп бабаларымыз айтқан ғой, – дейді. Қойшының сөзі Салахиддиннің құлағына жағып кетіп, қорада кетіп бара жатқан Әминаны көрсетіп, бай Үсенге көз қысады. Үсен Әминаға кемпірден сөз салады. Кемпір Үсенге келіп: Рапықжан жығылған қияға шықсаң, саған тиемін деп айтты дейді. Әминаның әкесі Салахиддин басын қасиды: ол қияға ешкім шықпаған еді, – дейді. – Мен шығармын, – дейді. – Үсен, мақтанасың ғой, – дейді Салахиддин. Мақтанасың ғой дегеніне намысы келіп, Үсен серт қылып: – Сол қияға шықпасам, өзім қия болайын, – дейді. Кешке таман күн батарда Әмина көреді: қойшы өрмелеп, қияның басына таянғанда, бір үлкен топ тас жарылып, бұрқыратып, шаңдатып, төмен түсіп кетеді. Жұрт қойшы құлап өлген шығар деп барып қарап, таба алмайды. Екінші күні таңертең тағы келіп қараса, қойшы үлкен тас болып қатып қалғанын көреді. Жұрт аңыз қылуынша: қойшы қияның басына шығаберген кезде көзіне Рапықжанның сәулесі түседі. Қойшы қорыққаннан тас болып, қатып қалады. Ноғайлар... жартасқа Құрбан қия деп ат қойыпты. Осылай деген сөз бар, рас, өтірігін кім білсін. («Қырым сөзі», Маркстан) ЕШКІ ТАУ («Қырым сөзі», Маркстан) Қали әрі сұлу, әрі мерген! Сені кім ұмытар? Сенің істеген ісің жұрт аузында сөз болып атадан балаға қалып, құс аспайтын Қырымды темір жол жарып өткен, құстан бетер адам аспанға ұшып шарықтаған заманға келіп жетті. Жан серігің жел жетпеске мініп алып, от арбадан оза алар ма едің, оныңды біле алмаймын, бірақ адам баласын өзімнен оздырмаймын деп, атың да, өзің де мамыт болар едің. Сен жел жетпеске мініп ап жосытқанда, ұшқан құсты жазымсыз жалғыз оқпен жалпитқанда, сені көніркемейтін Отызда бозбала бар ма еді? Отыз өлкесінде сенен асқан мерген бар ма еді? Аңнан қанжыға қандамай қайтқан күнің болушы ма еді? Шиті мылтық асынып, адам аяқ баспаған ешкі таудың басында Қали көрінгенде таутекелері қалтырап, қайда барарын білмей сасушы еді. Сенің сүйегіңнің асылдығы сол: лағын емізген ешкіге еш кезде тимеуші едің. Сенің адамшылығың адам түгіл аңға да бар еді.
Бір күні тау ешкісінің жас лақтарының маңыраған дауысы естілген кезде Қали Үрмияның үйіне келеді. Үрмия Қали сүйген, Қалиға сүйікті көріну үшін тырнақ, шашын иісті қынаға12 бояған жесір, жас келіншек. Үрмияға Қали көңілі сонша кеткен, айтқанын екі етпей, тап десе құс сүті болса да табуға талап қылатын. Көбіне тап деп әурелейтін. Қалиға қиын істі істе деріндегі қарайтын мекер көзімен қарап, бір нәрсеге Қалиды жұмсайын деді. – Ертең маған тау ешкісін атып әкеп берші, – деді. – Болмайды! Лағын емізіп жүрген ешкіні атуға бола ма? Бұ не тілек! – деп, Қали таңырқады. – Мен керек қылғанда, лағын ерткен ешкі болса да, атсаң қайтеді? – деді Үрмия. – Ата алмаймын! – Ата алмасаң, кет! Сөз бітті. Қали тұрып, міне қызық дегендей болды да, есікке қарай басып: – Ақылсыз қатын! – деді. – Ақылсыз қатынға неге келіп жүрсің? – деді Үрмия, – Сейіт Мәмет бүйтіп тіл қайырмайды. Сен атып әкелмесең, сенен басқа әкелер. Әйтеуір, тау ешкісі мұнда әкелінеді. Мейлің білсін! – деді сұр жылан Үрмия. Қали үйіне қайтып келді, назаланып, қалың ойға кіреді. Ағашта бұлбұл сайрап сыңғырлатып жатыр. Бақшада шыр-шыр ән салған шегіртке дауысы. Көкте бір-біріне жылысып жақындасқан жұлдыздар. Бәрінің атқарғаны сүйіскендік борышы. Жаздың мұндай түнінде ұйқы ешкім ұйықтаған жоқ, Қали да ұйықтамады. Үрмия әбден арбап алған. Оның жаман екенін де біледі. Сонда да бармай шыдап тұра алмайды. «Сен әкелмесең сенен басқа әкелер», – деді-ау! Жоқ! Бұл – болмас. Менен бұрын ешкім әкелмес деп, Қали түрегелді. Таң жаңа белгі беріп келе жатыр еді. Қали тауға қарай таныс соқпақпен жөнелгенде, таң сімері жер бетін жаңа ғана сүйіп еді. Ешкі тау жақын. Қали тырмысып, тырмалап бір таудың басына шықты. Қарсы қабақта таутекелер бұл кезде көп болатыны өзіне аян. Арада жалғыз-ақ «Жер құлагы» бар. Ешкі тауды екі бөлген үңгірді Қырым жұрты Жер құлағы дейді. Жер құлағының тереңдігі сонша, түбі жердің нақ өзіне барып тоқтайды деседі. Жер құлағы 12 Қырымда ноғай әйелдері тырнақ, шаштарын қына сияқты нәрсеге бояйды (А.Байтұрсынұлының түсініктемесі).
дейтіндері, жер астында болып жатқан жақсылық, жамандықтың
бәрін де Жер құлағы арқылы естіп, біліп жатады-мыс.
Қали Жер құлағына жақын келген кезде, көзіне бір ақсақал шал
түсті. Сақалының ұзындығы сондай, ұшы үңгір түбіне кеткен.
– Аман ба, Қали, құлқын сәріден таутеке атуға келгенің қалай?
– деді шал.
– Солай, керегі болды, – деді Қали.
– Бәрібір ешнәрсе атып алмайсың! – деді шал. Қали шалға
жақындаңқырап еді, шал үңгірге жоғалып кетті.
– Кімсің? – деп сұрады, жауап болмады. Қопарылған тастар
төмен қарай домаланған дыбыстары ғана естілді. Қали қанша
тыңдаса да қайда тоқтағанын біле алмады. Тауға қарай көз жіберіп
еді, құлағын тігіп ап, әдемі тау ешкі Қалиға қарап тұр.
Мылтығын кезеніп, көздеп еді, ешкіні біреу сауып отыр. Сауып
отырған әйел таныс сияқты. Бейне өзінің өлген қарындасы.
Мылтықты кезенуді қойып, көзін сүртіп қарап еді, ешкі баяғы
орнында тұр, бірақ, жанында ешкім жоқ. Мылтығын тағы кезенді,
тағы ешкі жанында әйел көрінді. Әйел Қалиға да қарап қойды.
Қалидың жүзі сұп-сұр болып, түсі қашты. Қали шешесін тани кет-
ті. Шешесі Қалиға қарап бас шайқады, Қали мылтығын тастап:
– Әжекем! – деді.
Құйын жүріп қия түбін шаңдатты. Ешкі әлі тұр, қозғалмады.
Өңім бе, түсім бе? деп Қали үшінші рет мылтық кезенді. Ешкі
жалғыз, бірақ қасында бір лақ көрінді. Әншейін көзім қарау-
ытқаннан екен ғой деп ойлап, бір оқтан сеспей қатсын деп, дәл
жүректі қарауылға байлап көздеді.
Серіппені жаңа баса бергенде көзіне түсті, ешкіні еміп жатқан
Қали өз баласындай еркелетіп, жақсы көріп, сүйетін Үрмияның
жас қызы.
Қалидың тұла бойы мұздай боп, қалтырап кетті! Үрмияның
жас қызын атып тастай жаздады-ау. Есі ауып, талып қалады. Көп
пе, аз ба жатқанын білмейді. Сонан бері Қали жоғалды. Тастан
құлап өлген шығар деп жұрт көп іздейді, таба алмайды. Бұл Жер
құлағына түсіп кеткен шығар, олай болса, іздеп арамтер болмайық,
деп жұрт күдерін үзді.
Қалидың Үрмиясы жалмауыз кемпір сияқты болып қартайды.
Үрмияның жас қызы әлдеқашан бой жетіп, күйеуге тиіп, балалы,
үбірлі, шүбірлі, немерелі болды. Қалидың құрбылас жігіттерінің
бәрі өліп бітті. Кейінгі жастарға Қали туралы өтірік, шыны аралас
жұрт аузында сөз қалады.
Бір күні Меккеден Асан деген қажы қайтады. Жиылған жұртқа жақсылы, жаманды көргенін сөйлейді. Бәрінен де тамашасы сол: Қалиды Асан өз көзімен Стамбұлда дәруіш болып жүргенін көреді..................................................................................................... ....................................................................... Таныған соң «Қали» деп шақырған. Қали мұның бетіне қарап, азырақ тоқтап тұрады да, тағы жүре береді. Қазақшаға аударушы: Қыр баласы ЕЛЕС Мұнан жүз жылдай ілгерірек Мысыр жерінде соғыс болды: пырансуздар (француз) Мысырмен соғысты. Соғыс кезінде пырансуз әскеріне бір мезгілде шөлмен жүруге тура келді. Мысыр шөлі жалпақ құм болады: я су, я шөп, ағаш деген тіпті болмайды. Жері ыстық. Күн қызуының күштілігінен келе жатқан адамдардың тынысы тарылып, дем алу қиын болды. Зауал ауды. Солдаттар шөлмен өте ұзақ жүрді. Қарындары ашты, ыстық өтіп, сілелері қатты. Ауыр, құмды жол шаршатты. Әсіресе, шөлден әлсіреп, тілдері аузына сыймады. Бірсыпыра солдаттардың тіпті, жүруге әлі құрып, құлап жан тапсырды. Бір мезгілде, кенеттен, белес ар жағынан мөп-мөлдір суы бар үлкен айдын көл жарқ ете қалды. Көлдің жағасында бұталар көгеріп тұр: құрма ағаштары өсіп тұр, ағаштың саясында аппақ үйлер көрінеді. Солдаттар – «Су! Су!» деп шу ете қалды. Шираңқырап, бар күштерін жинап алып, көлге қарай жүгіре берді, бірақ мынадай нәрсенің үстінен шықты: суға қарай қаншама жүгірсе де, көл бұрынғысындай қашық көрінді. Ауыл әрі жылыса берді. Көл қашықтай берді, қанша жүрсе де суға жете алмады. Мұнан шөл қайта бұрынғыдан да бетер кептіре бастады. Жүруге бұрынғыдан да қиын бола берді. Шөлдің солдаттар келе жатқан жерінде ешқашан да көл болған емес. Бұлардың көргені елес болып шықты. Кеш болып, күн батқан соң, көл де, жағасындағы көк орай да, ауыл да дым қалмастан тұман сықылданып, жоқ боп кетті. Келесі күні түс кезінде кешегі елес тағы көрінді. Бұл сияқты елестер сирек емес. Мұны көп адамдар көрген де, осы күні көріп те жүр. Көбінесе, мұны шөлде тұратын арабтар көп көреді. Бұл елестерді сағым дейді. Мұндайлар теңіздің де, жердің де үстінде болады. Жылы, суық жақтарда да болады, бірақ, тынық күні көрінеді.
Өз көзімен көргендер елес жайында таң-тамаша қаларлық нәрселер айтады. Солтүстік теңізде бір от кеме жүзіп келеді екен. Күн тынық. Бір кезде кенеттен судың үстінде кеме көрінеді. Көрінген кеме судың бетінен жоғары жостырып келеді. Адамдары, зеңбіректері көрініп тұр. Ауада су бетіндегідей заулатып келе жатыр. Ауа кемесін көрген соң, жұрт шошып кетті. Және бұлардың арасында көптен бір елес жайында аңыз сөз де бар еді. Енді елес бәрінің көз алдына келді. Капитанды1 шақырып алды. Бөлмесінен жоғары шығып, ауа кемені көрген соң-ақ, капитан түсіне қалды. Ауадағы кеме бұларға алдындағы жолыққан кемеден айырса танығысыз, жазылған аты да тап сол. Ол кеме әлдеқашан көрінбей кеткен. Ауадағы соның сүгіреті, сәулесі екен. Аспан тап айна сықылданып, кеменің сәулесін көрсетіп тұр екен. Ол кеме елу, алпыс шақырым кетіп қалған, оны көруге болмайды, бірақ ауада сәулесін көруге болған. Егер жоғары жердің үстіне зор айна іліп қойып, айнаның бетіне жерден қарасақ та, әлгіні көрер едік. Тынық күні ауа дәл осындай айна болады. Сонымен теңізшілер аспанда көрген елес емес, алысқа ұзап кеткен кеменің сәулесін керген. Ауа айна тәрізді, кемені де, толқынды да, теңізді де көрсеткенін түсінген. Бір сүгірет салуға шебер кісі айтады: жолаушы келе жатып, бір кезде аспанда бүтін қала көрдім. Мұнарасы да, үйлері де тұр. Жоқ боп кетпей тұрғанында сүгіретші елестің сүгіретін салып ала қойған. Елес жоқ болып кеткен соң, жолымен жүре берген. Бірнеше сағат жүрген соң, бір кезде кенеттен, белестің астында әлгі сүгіретін салып алған қаласын көрген. Бірақ бұл қала ауада ілініп тұрған жоқ, жерде тұр. Мүның елес дегені сағым. Петрбордан (Петербург) отыз сегіз шақырым жерде «Арайнименбауым» деген кішкене қала бар. Жайда мұнан Петрбор әрең-мәрең қылтылдап көрінеді, бірақ кейде Петрбордың сәулесі аспанда көрініп қалады. Сол кезде айна сияқтанып, ауа Неваның өзенін де, алтын күмбезді Ысқақтың саборын, 13 жел-кемелерді де, откемелерді де көрсетеді. Мұндай елесті алғаш көргенде кісі таңырқайды, болмаса, тіпті шошып кетеді, бірақ, бірнеше рет көрген адамға таңырқарлық та ешнәрсе жоқ. Кісі жайда көрмейтін және түсінбейтін нәрсесіне таңырқайды, керемет деп ойлайды. Бірнеше рет көріп, себебін түсінген нәрсеге таңырқауды да қояды. 13 Сабор – христиандардың зор шіркеуі, онда мүфти сияқты үлкен молдалары имам болады. (А.Байтұрсынұлының түсініктемесі). Қапитан – кеме бастығы. (А.Байтұрсынұлының түсініктемесі).
Теңізшілер айтады: ауада кеменің сәулесі түскенде кейде төңкеріліп, кейде дұрыс тік көрінеді деп. Бұл да ауа айна сияқты, нәрсенің сәулесін түсіргендіктен, айнаны төбеңе ұстасаң, өзіңнің басыңды төмен, аяғынды жоғары көресің, айнаны алдыңа ұстасаң, дұрыс тұрған күйіңше, аяғыңды төменде көресің. Елес жоғарыда болмай, кейде бір бүйірден де көрінеді. Бір күні Шветсариадағы (Швейцария) Женев көлінде бір қайық жүзіп келе жатса, елес қабырғаласып, жүріп отырған. Адам айнаның алдынан кесе өткенде де тап осындай болады: кісі де жүреді, онымен қабырғаласып, айнадағы сәулесі де жүреді. * * * Айнаның жақсысы, жаманы бар екені әркімге белгілі. Сол сияқты ауа да сәулені кейде ап-анық, кейде кіреуке көрсетеді. Тынық күні теңіз де айна сықылды жып-жылтыр болып, көк те, жиек те ап-анық көрінеді. Тынық күні жақсы айна тәрізді теңіз анық көрсетеді. Желмен сәл толқындаса, сәуле көрінгенмен, көмескі көрінеді: бұлдырайды, біресе топтанып, біресе ыдырап кете береді. Тынық күні көлдің суы да, жай тұрған шелектегі су да сондай. Айнасы жоқ қазақтың кербездеу жас әйелдері жаулығын шелектегі судағы сәулесіне отырып та орайды. Ауа да әрқашан жақсы қылып, сәуле түсіре алмайды. Жақсы, анық сәуле өте тынық уақытта ғана болады. Оңтүстік Италияның Мессин деген шығанағында күн шығып келе жатқан кезде, бұлардан да тамашарақ кейде елестер болады. Кенеттен теңіз үстінде жоғары ауада әдемі сарайлар, мұнаралар, қатарланған діңгектер, терезелі, балконды14 үйлер, мал жайылып жүрген тоғайлар, сыбай аттылар, жаяу жүргіншілер көрінеді. Елестер қосылып, айырылып, шумақталып, су үстінде бірінің артынан бірі құлдилап, асығып жүгіріседі. Бұл елестер тамашалығы сондай: неше жүз жыл мұны Моргана деген пері қызының елестегені деп жүрген, шынында бұл елесте ешбір керемет жоқ. Су үстінде көрінетін сарай, мұнара, үйлер, дұрысында теңіз үстінде емес, жерде, жағада бар болған соң, мұнда тіпті керемет жоқ. Бұларды ауа көтеріп, сәулесін түсіреді. 14 Балкон – үйдің сыртқы керегесіне жапсыра шығара салған төбесі ашық орын (А.Байтұрсынұлының түсініктемесі).
* * *
Ауа дірілдеп қалтыраса, топтанып қалады. Түсінбеген кісіге
ғана бұл керемет көрінеді. Бұл жерде де ауа айна сияқты сәуле
түсіргенмен, әрқашанда жақсы сәуле болмайтынын көрсетеді.
Кейде ауа жақсы түгіл, тіпті жанды, жансыз нәрселерден айыр-
са танығысыз қылып сәуле түсіріп, оқыған, түсінікті адамдардың
да көзін алдайды. Солтүстік Априкедегі (Африка) (Алжир) Жа-
заир деген жерде екі төбенің арасында өткел жыра бар. Мұны
«Елестер жырасы» дейді. Сол жақта қызмет еткен бір пырансуз
(француз) описері (офицер) осы жыра жайында мынаны айтады:
«Бір күні демалуға жыраның кірер аузындағы тасқа отырдым.
Кенеттен менен отыз таяқтай жерде тас үстінде отырған адам
көрдім. Ол кісі де мен сықылды отыр. Мен оған қарай жүріп едім,
ол маған қарсы жүрді. Жақындаған соң, ол да описер екенін біл-
дім. Оның үстіндегі киімі де менің полкымның пормасы (форма).
Ол маған таянып келгенде, мен таң-тамаша қалдым: тап менің
өзім! Ұқсастығыма сондай шошып кетіп, мен оған қолым создым,
ол кісі де қолын созды. Қылышымды қынабынан суырып алып
ұмтылдым, ол да сүйтті, қылышты жалаңаштап алып, маған дүрсе
қоя берді. Бір екі аттап жүргенімше елес жоқ болып кетті.
Сонда ғана описер не екенін түсініпті. Қорыққанынан өзі
ұялды. Неден қорқып қалды? Өзінің елестеген сәулесінен қорқып
қалды.
Осы жырада басқа описерлер және солдаттар да сол сықылды
елестер көрген. Бір солдат қорқып кетіп, қылышын тастай
қашқан. Қорғанға келіп, артымнан бір топ елес қуды деп айтқан.
Елес жайында әңгіме жұртқа тараған. Дұрысында, мұнда да
айнадағыдай сәуле: солдат елестен қашқанда елес те артынан
жүгірген.
* * *
Тамаша елестер тау арасында болады. Германиеде (Герма-
ния) Брокен деген аласалау тау бар. Бұған көп адамдар табиғат-
тың ғажайып құбылысын қарауға барады. Бұл құбылыс таудың
астынан «Брокен елесі» делінеді. Кісі күн шығуына қарсы келеді.
Бір жолаушы айтады: Күн шыға тауға келдік. Көк жүзі ап-ашық,
судай мөп-мөлдір, тау етегінде жел тұманды айдап тұр. Күнге
артымды беріп, таудың тас төбесінде тұрып, көкке қарадым. Бір
кезде кенеттен көкте, ауада бір дәу кісі көрдім. Күн артымнан
түскен соң, әлгі дәу өте зор адамның көлеңкесі я сүлдесі сияқты
көрінді. Ауада тұрып, дәу таудан жоғары көтерілді. Сол кезде жел
соғып кетіп, қалпағымды ұшырып жібере жаздады. Қалпағымды басуға қолымды көтеріп едім, дәу де қолын көтерді. Жолдасым жақындап келіп еді, бұрынғы дәудің қасында тағы бір дәу тап болды. Біз не істесек, екі дәу соны істеді. Бұл дәулер кім? Бұл біздің көлеңкеміз, жоғары көтерілген тұманның бетіне жарға түскендей, біздің көлеңкеміз түскен. Біраздан соң жел тұрып, тұманды айдап кетті. Дәулер де жоғалды. Артынан таудың етегінен тұман тағы да жоғарлады, дәулер тағы да тап болды. Осындай елестер көп таулардың арасында болады. Мәселен: Қырымда Ай-Петри деген тауда елес көп көрінеді. Түсінбеген адамдар мұндай елесті дәу пері деп қорқуға, тіпті есінен танып қалуға болады. Есінен танып қалса, түсінбеген қазақ сияқты елдер дәудің, перінің салқыны тиді дейді. Ол жаратылыстың заңына түсінбей, түсінбегенін «керемет» деп ұғынып, қорыққанға қос көрінгеннен. Рубакиннен Сұраулар: Алдыңғы Ешкі таудағы Қалидың тауға барған мезгілін, көрген шалын, адамдарын осы мақаладағы әңгімелермен салыстырыңдар! Қали есінен неге танды? Көрінген нәрселер неліктен жоқ болып кетті? Қали оларды не деп ойлайды? Қали жаратылыстың құбылысына түсінетін кісі ме? Қали жоғалуын халық дұрыс түсінді ме? Қазақ мұндай құбылысты түсіне ме? Не деп біледі? Оларын ғылым не дейді? Тауда, жерде жын, пері, дәу бар ма? Қалидың Стамбұлда болуы мүмкін бе? Өздерің де сондай әңгіме ойлап тауып түсіндіріңдер! БЕЙШАРАЛАР Жаңбырлатқан, дауылдатқан, қаһарлы қараңғы түн. Кедей балықшының лашығында жел қайықтың ескі кенебін жамап, отқа үңіліп Жәни отыр. Жел гуілдеп, теңіз күрілдеп, су сыбдырлап, толқын суылдап, жаңбыр сатырлап, әйнектің тарс-тұрс еткені Жәнидің құлағына естіледі. Қараңғы қора. Қара дауыл сарт та сұрт. Тек, кедей балықшының лашығы жып-жылы ұядай, жинақты пештің ішінде шөпшек шытырлап жанып, от күрілдеп, маздап жанып жатыр. Үй ішіндегі септер жұпыны, бірақ тап-таза. Жерде үлкен бөстектің үстінде үйме-жүйме болып жатқан үбірлішүбірлі бес бала. Оларға күрілдеген толқынның дауысы анасының әлдилегенімен бірдей, тәтті ұйқыға батып жатыр.
Балық аулай мана кеткен Жәнидің жұбайы бұл уақытта теңізде
жүр. Мұндай дауылды, жауынды қараңғы түнде теңізде балық ау-
лау қандай қатер! Қандай қорқыныш! Амалы бар ма, қайтсін? Бір
үйлі жанды асырамай, тілентіп, қаңғыртып жіберсін бе?
Жәнидің құлағына теңіздің күрілдегені, желдің ұлығаны, оқта-
текте шаңқ еткен шағаланың ащы дауысы тиеді. Жаңбыр құйып
тұр. Жәниінде зәре жоқ. Дауыл күні теңіз буырқанып, толқын ай-
дап, тасқа соғып, талқан-талқан болған кемелердің, қалбалаңдап
жанталасып суға батып бара жатқан кемешілердің сүлдесі Жәнидің
көзіне елестегендей болды. Жәнидің үрейі ұшады.
Балалар ұйықтап жатыр. Жәниді ой басады. Ойланбайтын
қайбір жақсы тұрмыс бар? Минут сайын бәле мен қазаға басын
ұсынып, жанын бір тиындай көрмей, күнде көк теңізге балық ау-
лай кететін қосағы есіне бір түседі. Өзі болса ертеден қара кешке
дейін тыным көрмей, бейнетте жүргені есіне екі түседі. Бейнет-
пен табатын табысы қай бір жартымды? Шиеттей балалары қысы-
жазы жалаңаяқ дірдектеп бұл жүргені. Ақ нан көрерге де табыл-
майды. Қара нан кейде бар да, кейде жоқ. Бар жалбызба қылатыны
балық, бар қуанышы балаларының денінің саулығы. Ай, жасаған-
ай! Теңіз қалай күрілдеп барады? Жел нағып ысқырып күшейіп
барады? Әлгі қайда жүр екен? Соны аман сақтай көр. Жасаған
соған мейірім қыла көр?
* * *
Ел жататын мезгіл әлі бола қойған жоқ. Жұбайым көрінер ме
екен, толқын баяулады ма екен, жел толастады ма екен білейін деп,
Жәни қалың қара салысын жамылып, шырақ алып, тысқа шығады,
әлі қап-қараңғы, ұсақ жаңбыр сіркіреп, бүркіп тұр. Қаладан шет-
кері теңіздің қабағында мыжырайып, құлағалы тұрған, тозған
есігі бар, ескі үй болатын, жел ышқына соққанда әлгі үйдің есігі
сықыр-сықыр етеді. Тап жаман үйді құлатқалы соққандай. Жел
ішін тартып, екіленіп соғып-соғып қояды. Есік бір сықырлайды,
бір шыңғырады, бір ыңырсиды. Үй төбесіндегі ескі сабан бейне
жылаған адамша сыбдырлап, сыбырлап демігіп жатыр. Жәни ескі
үйге келіп, қыңырайған әйнегінен сығалайды. Үйдің іші тастай
қараңғы. «Науқас байғұсты көрейінші, ұмытып кеткен екенмін ғой,
кеше күйі дымақ, нашар еді-ау, ... Жападан жалғыз... Сорлының
келіп көңілін сұрайтын да адам жоқ...», – деп ойлап, есігін тар-
сылдатады. Тыңдаса, тым-тырыс. Жәни ойлайды: – Ой, байғұс!
Бір үйді асырап тұрған сорлы еді... Өзі ауру: не жаны жатыр екен?
Көп болмағанмен екі баланың тамағы оңай ма? Өзі жесір қатын,
сүйенер, сүйкенері жоқ, бар міндет өз мойнында. Оның үстіне ауру қабаттасып... Үһ, соры қайнады-ау, бейшараның!... Жәни көрші-көрші деп дүркін-дүркін дауыстап қақса да, дыбыс жоқ. Жәнидің бойы мұздап, қалтырап, тоңа бастап, жаңа үйге қайтарға тұрғанда, екпіндеп соққан ұйытқымалы жел есікті сарт еткізіп, шалқасынан түсірді. Жәни үйге кірді. Шырақтың кіреуке жарығы дыбыссыз, мелшиіп түнерген, қараңғы үйдің ішіне сәуле түсірді. Үй дымыққан суықтан. От жағылмаған. Қорадай азынап тұр. Есікке таяу, іргеде шөп-саламының үстінде жесір қатын өліп жатыр, түрінен адамның аза бойы тік тұрады, солған жансыз қолы бірдемеге ұсынғандай шөп-саламнан ысырыла салбырап жатыр. Өліктен екі қадамдай жерде шоқпыттың үстінде үйлігіп, бүрісіп, бозарып, шашы үрпиіп, монтиып, жас балапандай екі бала жатыр. Олар дауылдың дауысын, анасынан айырылып, жетім қалғанын сезетін емес, мызғымастан ұйқыда. Байғұстарды қымтап, ескі шапанымен жауып салуға шешесінің мұршасы келген екен. Төбеден аққан тамшы өліктің бетіне тамшылап, көздің жасы тәрізденіп ағып жатыр. Көп тұра алмай, қойнына тығып көтерген бір нәрсесі бар, біреу қуғандай артына қарауға бата алмай, жүгіре басып Жәни үйіне жөнеледі. Көтерген нәрсесін үйге әкеп, төсектің үстіне салып, жалма-жан шымылдықты түсіреді. Өңі бұзылып, жүрегі тулап, өкінген адамдай бас жаққа келіп сүйеніп отырып, анда-санда «әлгі не дер екен?... Не істедім? Өзімізде де бес бала бар... Олардың міндеті аз ба?... Неге алдым екен? Ұрып өлтірсе қайтемін?... Өлтіретін де жөні бар. Үһ!», – деп қояды. * * * Жаңбыр басылды, таң атты. Жел бұрынғысындай гуілдеп, теңіз күркіреп жатыр. Бір мезгілде есік ашылып, теңіздің қоңыр салқын демі үйді кернеп кетті. Бетін жел қағып, тотыққан еңгезердей балықшы су-су ауын сүйретіп: – Жәни, мен де жеттім! – деп кіріп келді. – Ә, келдің бе? – деп көтеріле түсіп, бетіне қарай Жәни қайта отыра кетті. – Бұл не деген түн! Неткен дауыл! – Ие, ие, дауыл күшті болды, олжаң қалай? – Ойбай, түк жоқ, текке азаптанып, ауымды быт-шыт қылдым. Мұндай дауылды өмірімде көргенім жоқ, ай, жел де білгенін қылды! Қайықты доптай лақтырып ыршытқанда, арқан үзіліп,
қайық батып кете ме деп зәрем қалмады. Балық құрысын, жаным-
мен қайғы болдым... Аман келгеннің өзі олжа болған жоқ па?...».
Екеуі де үн-түн жоқ отырысты. Біраздан соң Жәни қылмысты
кісіше жалтақтап, бата алмай қалтырап байына айтты: «Көршің
қайтқанын білдің бе? Кеше сен барғанның артынан өткен білем.
Сорлының тышқандай екі баласы қалды: біреуінің де тілі шыққан
жоқ»...
Жәни сөзін тоқтатты. Балықшы қабағы түсіп, салбырап, мұң-
айып, ірейімі келіп, қамыққандай болды. Отырып-отырып
уһілеп:
– Міне, қиын жұмыс! – деп, басын қасып:
– Енді қайтеміз, алу керек. Оянғанда өліп жатқан шешесін
көреді-ау... Не жақсы дейсің? Қайтерміз, амалдап-шамалдап күнел-
терміз. Бар, тезірек алып кел, – деді. Жәни қозғалмады.
– Сен немене, жақтырмай отырсың ба? Қорқасың ба? Алғың
келмейді ме? Жәни, саған не болды?... Жәни үндеместен түрегеліп,
байын жетелеп, төсек жаққа апарып, шымылдықты көтереді.
Шымылдықтың ішінде өлген бейшараның күйімен монтиып, оян-
бастан тып-тыныш қана ұйықтап жатыр еді. Екі сорлы жас баласы
манағы.
Виктор Гюгодан
ТАҒДЫР (ЖАЗМЫШ)
(Шығыс халқының әңгімесі)
Бір күні Ұлая, Дарну, Пурана деген үш қарт есік алдында отыр
еді. Бұлардың жанына Лишау ханның Кессеб атты жігіт баласы
келді. Жігіттің өңі қашқан, көзінің жанары сөнген, қабағын қайғы
басқан.
Қарттар біріне бірі жалтақтап қарасты да, Ұлая сұрады: «Кес-
себ, біз үшеуміз саған жақсылықтан басқа ешнәрсе ойламаймыз,
соның үшін жасырмай шыныңды айтшы, осы сені жегідей жеп
жүрген не қайғы? Бала күннен сен кемтарлық көрмесең де, кеше
ғана үлкен малайыңның жұдырығының дәмін татқан әкеңнің сор-
лы құлы Жуақ тәрізді еңсең төмен түсіп кетіпті».
– Сорлы Жуақ бізге арқасының өрім-өрім жарасын көрсет-
ті, – деп, Дарну қарт та сөз қыстырды.
– Шырағым, Кессеб, біз мұны саған айтпақшы едік, – деді Пу-
рана қарт.
Жігіт орнынан үшып түрегеліп, бұрынғы баяулығын тастай са-
лып, қарттардың сөзін аяқтатпай:
– Мүләйімсіп, мені қажамай, монтаны қарттар, тілдеріңді тартыңдар, Жуақ құлымның етіне бас малайым таңба салғаны жайында мен сендерге есеп беруге тиісті деп ойлайтын шығарсыңдар-ау. Біреудің ісі түгіл, өз ісім турасында да біреуге есеп бермекшімін деп сене алмаймын, – деді. Қарттар біріне бірі жалтақ-жалтақ қарасып, Ұлая: – Балам, өзіңе ұнаса сөзіңді айта бер, – деді. – Ұнаса дейсің бе? Бір нәрсе маған ұнайтынын, ұнамайтынын өзім де білмеймін. Өзім тілеген, өзім қалаған нәрсе ұнауға керек пе? Болмаса, мен үшін біреу тілеп, біреу қалауы керек пе? Әңгіменің шешетін түйіні міне осы, – деп жігіт шалдарды кекетті. Жігіт сөзі осымен бітті. Маңайдың бәрі тынды. Бір мезгілде жел соғып кетіп, ағаш басын қимылдатып, бір жапырақ Пурананың аяғына келіп түсті. Кессеб жапыраққа қарап тұрғанда, күн көзінің қызуымен балқыған жартастың бір мүйісінен табақтай тас омырылып түсіп, өзеннің жиегіне зырғанап барды. Сол кезде өзен жағасында бір тостаған бақа рахаттанып, көлбеп-сұлап дем алып жатыр еді... Бұл тостаған бақа күнде осы жерге шығып, алдыңғы екі аяғын көтеріп, көзін маужыратып, жұмып, қарттардың келелі сөздерін тыңдаған сияқты болып қалша қарап тұрушы еді. Сол кезде көк тостаған бақаның ішінде бір данышпан молданың жаны тұр деп ойлауға болатын еді. Бұл жолы ол жанға көк кебінінен ышқынып шығуға жұлынған тас ұлықсат етті. Кессеб біреуді кекеткендей болып езу тартты. – Ал, мүләйім қарттар, сұраңдаршы! – деді, Кессеб, – мынау жапырақ, мынау тас, мынау тостаған бақадан. Жапырақ өзі үзіліп түсті ме екен? Тас өзі ұнатып сынып кетті ме екен? Тостаған бақа өзі тілеп тастың астына түсті ме екен? Жоқ, меніңше, уақыт біткен соң, жапырақ ұшты, тас та омырылды, тостаған бақа мұнан бұлай сендердің сөздеріңді естімейтін болды. Мұнан басқа дым да жоқ. Болуға мүмкін де емес, біздің бәріміз де міне, осы сияқты. Әйтпесе, сендер мұның бәрі де басқаша болуға да мүмкін дейсіңдер ме? – Басқаша болуға мүмкін емес, неге десең болған нәрсенің бәрі де жалпы оқиғалар тізбегінің ішіндегі бір шығыршық – деді, бір ауыздан қарттар. – Олай десеңдер, Жуақтың арқасындағы таяқ таңбасы да, жалпы оқиғалар тізбегінің ішіндегі бір шығыршық болуға тиіс. Оны сұрасаң әрбір жараның өзі әуелден ақырға дейін тағдыр кітабында жазулы тұруға керек. Мен де әлгі тас, әлгі жапырақ, әлгі тостаған бақа, мына ағып жатқан өзеннің суының ішінде-
гі тамшымен бірдей, мен де жалпы өмір ағашының бұтағымын. Суды ағыстың күші құйылысқа қарай зырғытып бір ысырып бара жатыр ғой. Сендер менің өзімді ысырып алып бара жатқан ағысқа қарсы күрес дейсіңдер ме? – деді Кессеб. Айтып болып қанға боялған тасты аяғымен қағып жіберіп, суға түсіріп, Кессеб тағы қарттардың қасына келіп отырды. Кессебтің көзі қайта тұнжырап, мұнарлана бастады. Дарну қарт жұмған аузын ашпады, Пурана қарт басын шайқады, сауықтау Ұлая күлімсіреп былай деді: – Кессеб! Алдыңда отырған мына Дарну мен Пурана қарттардың ертерек заманда бастарынан кешірген оқиғаларын саған мен айтуым да тағдырға сызылған шығар. Сол оқиғалар тариқын сен менің аузымнан тыңдау да сол кітапта жазылған болар. Қарт жолдастары жайында төмендегі ғажайып әңгімені сөйлей бастады. Жолдастары я дұрыс, я бұрыс деп бұзбастан, күлімсіреп отыра берді. ІІ Лотос деген шарапатты шөп өсетін және шарапатты өзен суы сылдырлап ағып жатқан жерде Дарну мен Пуранадан данышпан, бұлардан артық «дін» шарттарының жайын білетін я ғалым, я молда болған жоқ, – деді қарт, бірақ жастары жер ортасынан ауып, сақал мұрттарын боз қырау басқан мезгілге шейін бұлардың өз көңілдері өздеріне толмады, жылдар жылжып өткен сайын, көрге бір табан жуықтаған сайын ақиқат деген нәрсе бұлардан ұзап, қара үзіп, жырақтай берді. Сол кезде өлімді жырақтату қолдан келмейтініне көздері жетіп, енді ақиқатты өздеріне жақындатқысы келді. Жолаушының киімін киіп, беліне су толтырып, асқабақтың қабағын байлап, қолына мықты таяқ алып, алдымен Дарну жолға шықты. Екі жыл кезіп, бармаған жер, баспаған тау қалдырмай бір биік тауға келді. Таудың бұлт қонып өтетін жоғарғы төбесінде құлаған ескі мешіт көрді. Келе жатқан жолынан ау дейтін жерде тоғайда малшылар мал бағып жүр екен. Соларға келіп Дарну: – Мынау не мешіт, мұнда қандай адамдар тұрған, қандай Құдайға сыйынған? – деп сұрай бастады. Малшылар не айтарын білмей, дағдарыңқырап тұрды да, тауға бір қарап, Дарнуға бір қарап: Біз осы өлкенің тұрғын елі болсақ та, саған не жауап беруге білмей тұрмыз, бірақ біздің арамызда осы тауда көптен мал бағып келе жатқан Азжа деген қартымыз бар еді, жауап берсе сол берер десті. Малшылар шалды шақырып алды.
– Қандай адамдар, қай заманда, қандай Құдайға сыйынып, бұл
мешітте құрбан шалғанын мен де білмеймін, – деді шал, бірақ
менің әкем, атамыз арғы бабамыздан есіткен екен деп айтатын
еді: бұрынғы өткен заманда таудың етегінде данышпан-кемеңгер
ел тұрыпты. Солар осы мешітті салып болған соң, бірі қалмай
қырылыпты, ол Құдайдың аты – Тағдыр екен деп.
– Тағдыр дейсің бе? Ол Құдайдың түрі қандай екенін, бұл мешіт-
те әлі тұратын, тұрмайтынын білмейсің бе? – деп жерден жеті
қоян тауып алған адамдай Дарну сұрады.
– Біз анайы адамбыз, сенің терең сұрағыңа жауап бере алмай-
мын, – деді шал, – жас күнімде, менің жас болғанымнан бері көп
замандар өтіп кетті. Осы таудың күнгейінде мал бағып жүрдім.
Сол кезде жылтыр қара тастан ойған Құдайдың пұты тұратын еді.
Таудың жайын білесің ғой. Дауылы жиі болады. Дауыл соққан
кезде малымды мешітке куып барып, қорғалайтын едім. Қатарлас
мал бағып жүрген Анғапал деген бір әйел де, дауылдан қорқып,
үрейі ұшып, қалтырай-малтырай мешітке жүгіріп тығылатын еді.
Мен құшақтап, қолтығыма қысып жылытқанымда Құдайдың ескі
пұты бізге қарап ыржиып күліп тұратын еді, бірақ ол Құдайлар
бізге зиян тигізіп көрген жок, Анғапал айналасына күл салатын
еді, бәлкім, тимейтіні де сонан болар, бірақ айтушылар... – деді
де, күдіктенгендей Дарнуға жалт қарап, айта беруге ұялғандай бо-
лып, тоқтай қалды.
– Айтушылар не дейтін еді? Аяғына дейін бітір, – деді даны-
шпан.
– Жұрттың айтуына қарағанда бұл Құдайға ғибадат ету-
шілердің бәрі тегіс қырылған жоқ. Бірсыпырасы бет-бетіне то-
зып кеткен көрінеді. Кейде солар сен секілденіп келіп, мешіттің
жолын сұрап, бұрынғы Құдайынан ақыл сұрауға кетеді. Бар-
ғанның бәрін Құдай тас қылып тастайды. Шалдар тас болып қатып
қалған, айналасын шырмауық ораған мешіт ішінде адам сияқты
тас бағаналар көрген. Бұлардың кейбіреулерінің басына құстар да
ұялапты. Біраздан соң, қатқан адамдар топыраққа айналады.
Шалдың сөзі Дарнуды қалың ойға батырды. Апырмай, ізде-
ген мақсатыма енді жеткен шығармын деп ойлады. Неге десеңіз
соқырша көрмейтін, саңырауша естімейтін, ағашша сезбейтін,
қозғалмайтын адам тыныштық алып білімнің түбіне жететіні бел-
гілі.
– Досым, мешітке алып баратын жолды сілте! – деді Дарну.
Сілтеп болып, көмескіленіп қалған жолмен тауға көтеріліп бара
жатқан данышпанның артынан біраз қарап тұрып, жас жолдаста-
рына шал айтты:
– Егер, кешікпей ескі Құдайға тағы бір құрбан шалынбаса, мені қарт малшы демей-ақ қойыңдар, қозының ең жасы деңдер, маған өгізше мойныма қамыт кигізіңдер, есекше ауыр жүк артыңдар, – деді. Тыңдап болып малшылар тарасты. Өлкеде бұрынғыдай қырағайлап мал жайылып, күн шығып, түн болып, адамдар жұмыстарын істеп, данышпан Дарнуды ойлаған жан да болған жоқ. Аз ба, көп пе заман өткен соң, таудың етегіне тағы бір соны жолаушы келіп, малшылардан мешітке шығатын жол сұрап алып, тауға көтеріліп, аса берді. Шал желкесін қасып: – Міне, тағы біреу, – деді. Пурана таба алмай ақиқатты Дарну іздеп тапты деп айтпасын деп, Дарнудың соңынан іздеп келе жатқан бұл Пурана еді. ІІІ Ақиқат іздеп, бейнеттеніп адам сирек шығады. Жолдың табанын шөп қаптап кеткен, әрең дегенде Дарну тауға шығып, құлаған қақпаның аузына келді. Қақпа маңайындағы: «Мен – Тағдыр барлық істің қожасымын» деген жазуды оқыды. Керегеде я басқа сурет, я басқа өрнектен дым да жоқ. Тек адам түсінбейтін бір есептер, сыйпырлардың (цифр) бөліншектері көрінеді. Дарну мешітке кіреді, ескі керегеден тек өлім мен жойылудың ғана иісі шығады. Бір жағында биіктеу жылтыр қара тастан істелген пұт тұр. Етегінде сылдырап су ағып жатыр. Бірнеше құрма ағаштары су жағасында көкке кеудесін көтеріп өсіп тұр. Дарнудың еріксіз ықыласы құлап, түсініксіз Құдайдың сырын білгісі келді: салқын бұлақтан қауашағына су толтырып, жерге құйылған жемісті теріп, кітап айтқанындай ақиқатты зерттеуге кірісті. Ең әуелі қарт тізерлеп пұттың қарсы алдына отырды. Түр-түсін байқайын деп көзін айырмастан көпке дейін қарады. Біраздан соң қарнын жалаңаштап, кіндігіне үңіліп қарай бастады. Неге десеңіз, жоқтық, барлықтың арасында адамның керек білімі болмақ. Соның үшін ақиқат кіндіктен білінбек. Сол қарағаннан қарап Дарну отыра береді. Күн батты, таң атты, күндер мен түндер тізбектеліп артына бұрылмастан өте берді. Тек анда-санда су мен құрмаға қолын созып, қозғалмастан Дарну отыра берді... Бара-бара данышпанның көзінің жанары сөнді, денесі сіресіп, жаны кете бастады. Алғашқы кезде қимылдамай отырғандықтан денесінің құрысып, ауырғанын сезсе де, соңынан бұл сезімнен де айырылды.
Бірақ, данышпанның көз алдында бұрын көрмеген нәрсе-
лері шумақталып көріне бастады. Көрінген нәрселер даныш-
панның тілегімен, еркімен ісі жоқ, өз бетімен тізбектеліп жүріп
жатыр.
Қанша уақыттар өткені белгісіз. Әйтеуір, қауашақтағы су кеуіп
бітті. Құрма жеуді данышпан қойды. Аштық, шөл дегенді білмеді,
ұмытты, ақырында күннің жарығын, түннің қараңғылығын айыра
алмайтын күйге жетті.
Сол кезде Дарну көзінің ынтасын құртып, іздеген ақиқаты
келіп елестеді. Кіндігінен ұзын терек өсті. Бас жағы қамыстап,
буын атты, буындарынан тұс-тұсына тағы буын шығып, ақырында
елу буын болып тоқтады.
Қарттың жасы да елуде еді.
Ағаштың басында жақынырақ гүлінің орнына бұтаққа меңзес
бір нәрсе орнады. Міне, сол нәрсе Дарнуды мысқылдап күліп,
қарап тұрып: – Бейшара, Дарнуым-ай, машақаттанып мұнда неге
келдің, саған не керек? – деді.
– Мен ақиқат іздеп жүрмін, – деді данышпан.
– Бері, маған қара, осы менің түрім ұнамай тұрған сияқты
көрінеді. Ұнамаса да іздегенің мен, – деді пұт.
– Сені түсіну қиын, – деді данышпан. Ағаштың елу буынын
көріп тұрсың ғой.
– Елу буын менің жасымның саны, – деді данышпан.
Мен барлық буынның тас төбесіне мініп отырмын: неге
десең мен – Тағдырмын, мен барлық істің қожасымын. Барлық
жандықтар, барлық өмір, дем алыс, қыбырлау, қимылдау менсіз
болмайды. Тағдыр арқасында ғана жандықтар мақсатына жетеді.
Анаңнан шыр етіп, жерге түскеннен бері, тап осы кезге дейін
жасыңның елу буынын мен билеп келемін. Өміріңде жақсылықты
я жамандықты сен өз бетіңмен, өз еркіңмен істеп көрмедің. Тілен-
шіге аяп берер аз қайырың, ашуланып біреуге тиген таяғыңның
ұшы, қолыңмен отыртқан нәзік гүл, шыбығың, кескен ағашың,
қатта бетіңді шаққан масаны өлтіруіңді – бәрін де мен күн бұрын
есептеп, жазып қойғанмын. Неге десең, мен – Тағдырмын. Кейіп,
күйініп, қуанып, сүйініп жүрегіңнің соққаны, халықты үгіттеуге
айтқан сөзің, барлық қимылдап, қозғалғаныңды күн ілгері сызып
қойғанмын. Сен мұнда ақиқат іздеп келдім дейсің. Сен қай күн,
қай сағат, қай минут келеріңді де жазып қойғанмын, неге десең
мен – Тағдырмын. Сенің қылғаныңа мен күлемін. Күлмеске бол-
майды. Сен данышпан, бейшарасың ғой!
– Сен маған ит етінен де жексұрынсың, – деді данышпан.
– Түсінемін: Сен өзіңді ерікті санайсың, мен сенің қимы-
лыңның қожасы болған соң жек көресің ғой.
Сонда Дарну ашуланып, кіндігінен өсіп тұрған ағашты ұстап
алып, лақтырып жіберді, күл-талқанын шығарды. Мен елу жыл
сенің қолыңда ойыншық болып жүрген екенмін ғой. Мұнан бұлай
мен саған бағынбаймын, мен сенен безіп, қол көтеріп шығып,
өз бетімше, өз еркімше тұрамын, – деді Дарну. Мұнар ішінде
көрінбей тұрып Тағдыр:
– Бейшара Дарнуым, сонда да сен менің билігімде боласың,
неге десең мен – Тағдырмын, – деп әуез берді.
Дарну көзін ашып қимылдап, керегедегі сандарға қарады,
құрысып қалған мүшелерін жазуға ойланғанда, ойы керегеде жа-
зылып қалғанын көрді.
Данышпанға Тағдырдың көмескі дауысы естіліп: – Бейшара
Дарну, тұрсаң тұр, денең құрысып қалды ғой, керегедегі сандар-
ды көрдің бе! Сенің туысқандарыңның 999, 998-і осыны істейді.
Осылай дененің құрысын жазу тағдырдың ісі, – деді.
– Мен еріктімін: Мен Тағдырға көнбеймін, Тағдырға тізгін
беруші көптің ішінен мен бөлек шыққан біреу боламын, – деп
Дарну қозғалмастан отырып алды. Күн көтерілді, ыстық Дарну-
ды қыздыра бастады. Дарну қауашақтағы суына қолын созды.
Дарнудың бұл ойы да 999, 998-дің ішіне кіріп, керегеге жазы-
лып қалды. Сол кезде: «Данышпан бейшарам, саған қазір су
ішу Тағдырға сызылған, сусынынды қандыра ғойшы!» - деген
Тағдырдың дауысы келді.
Дарну қауашағын қоя салып: – Олай болса, мен енді тіпті су
ішпеймін, менің өз еркім өзімде, – деді.
Сол ағаш басынан бір құрма жүлынып түсіп, Дарнудың тап
қолына келіп түсті: – Керегедегі бір сыйпыр (цифр) озгерілді.
Дарну, ие... бұл менің еркіме қол сұғайын деген Тағдырдың
амалы екен деп түсінді.
– Құрманы жемеймін, неге десең, менің өз еркім өзімде, – деді
данышпан. Мешіт ішінде тағы біреу күлді, «Дарну бейшара» де-
ген дауыс естілді.
Данышпан ашуы бойына улы әсерін жайды. Жанына том-
пылдап түсіп жатқан жеміске, бұраң қағып сылдырап, мені іш
деп ағып жатқан суға қарамай, «менің еркім өзімде, менің еркім
өзімде» деп тек ішінен қайтара сөйлеп күбірлеп отырды да қойды.
Еріксіз жемістің біреуі ауызға түсіп кетпесін деп, аузын мықтап
ернін қысып алды.
Отыра-отыра Дарну ішім-жем уақытын, түн мен күн, – бәрін де байқамады. Ұмытты. Ішінен тек менің еркім өзімде дегенді ғана қайтарып айта берді. Қозғалмай отырған адамға үйреніп, біраздан соң екі торғай ұшып келіп басына қонып, бойын үйретіп, ерікті данышпанның басына ұя салып, қаннен-қаперсіз, бір мезгілде балапандарын шайқап шығарды. – Ақымақ құстар-ай! Осының бәрін ерік өздеріңде болмаған соң, Тағдырдың заңына бағынып, істеп жүрсіңдер ғой, – деді Дарну. Иығына құс саңғыса, ақымақтар, мұны да Тағдырға көніп, еріксіз істеп жүрсіңдер ғой, – деді данышпан. Бір заманда данышпанның денесін шырмауық орай бастады. ІV Бір күні Дарну біреудің таңырқанған дауысын есіткендей болды. Көзін ашса, данышпан Пурана келіп тұр екен. Пурана да жазуларды оқыды, бірақ Пурана Дарну сияқты қасарма, ерік іздеген емес, тыныштықты тәуір көретін еді. Мешітті айналып, Құдайға сыйынып, мынау өсіп тұрған құрма ағашы, мынау ағып жатқан мөлдір су, мынау ыржиып күліп тұрған Құдай, ойлауға мұнан артық қандай жер керек? Мынау Дарну басына құстары ұялап отырған. Дарну да рахатта отырған болар ең қиындықты сүйетін еді. Бірақ мен онша қиындықпен рахат табамын демейақ, жеңілірекке ұмтылайын, елге қайтқанда бергі жердің рахатын айтсам да жетер, – деді Пурана. Ап! – дегеннен құрмаға қарнын тиеп алып, суды да құрсаққа армансыз құйып жіберіп, Дарнуға жақынырақ дұрысталып отырып, қарнын жалаңаштап Пурана да кіндігіне қарап отыра бастады. Бірақ Дарнудан гөрі мұның уақыты жайырақ өтті, анда-санда су мен құрмаға айналақтай берді. Бір кезде Пурана кіндігіне қамыс шықты. Ол ұзайды. 50 жасының санындай, 50 буын шықты. Қамыс басына тағы Тағдыр шықты. Мұнарға араласып тұрып, Пуранаға қарап күлгендей болды. – Түрің сүп-сүйкімді кім едің? – деді Пурана. – Мен,Тағдырмын, өміріңнің елу жылын билеуші қожаңмын, – деді Тағдыр. – Айтамын да-ау, бақсам, маған тең келген жоқ екенсің. Бақытты болғыр-ай, мұнан бұлай менің жұмысымды да, өз жұмысыңды да өзің істерсің! Мен тек, саған қарайын да жатайын, – деді Пурана. Соны айтты да, жақын жердегі жеміске қолын созып, аузына салып, қауашағынан су жұтып Пурана отыра берді.
Біраздан соң қол жетер жердегі жеміс таусылды. Пурана қашыққа қолын созуды жақтырмай, ашығып отыра берді. – Тағдырдың жан бергенге «дән» берем деген уәдесі бар, олай болса, мен енді өзім алып жеп, машақаттанбаймын, жазған Тағдырдың өзі жоғарыдан ауызға түсірер, – деп Пурана қозғалмады. Сүйтсе де, Тағдырдың жұмысын жеңілдетіңкірейін деп, ағаштың басына қарап аузын ашып отырды. Біраз заман өтті. Жеміс Пурананың аузына келіп өздігінен кірмеді. Данышпан арыды, сарғайды, тамыры білеудей болып шығып кетті. Бір күні, піскен бір жеміс ағаштан үзіліп түсіп, данышпанның мұрнына тиіп кетіп, аузына кірместен, секіріп жерге түсті. Пурана жемістің салмағын да байқамады, екі торғай мұның да басына ұя салып, балапандарын шығарып, мұның денесіне де шырмауық орала берді. Бірнеше заман өткен соң Пурана тағдырмен ұстасқан, қарыспа жолдасынан айырып, тануға келмейтін болды. Күндер өтті, бұраңдаған мөлдір су сылдыр қағып аға берді. Піскен жемістер бұтақтан сытылып, жерге секіріп түсе берді. Біреу Тағдыр жоқ, көнбеймін деп, біреу көнемін деп, рахаттанып, екі данышпан қатып қала берді. V Данышпандар күн мен түнді айырмайтын болды. Андасанда Дарнуды кекетіп күлген Тағдырдың дауысы келсе, Дарну біреу ішіне пышақ сұққандай болады. Бейшара Дарну, сорлы данышпан, сен менен айырылып, менен безіп, менің қамытымнан құтылып тас болып қалып, өз еркіңді өзің алғың келді-ау, – деп Құдай сықақтап қояды. Оған Дарну ішінен, менің еркім өзімде, сансыз кептің ішінде дегеніңе жүрмейтін – мен, әміріңді бұзушы – мен, деп жауап қайырып қояды. Бір кезде: – Дарну, бері қарашы, – деген дауыс келді. Сол мезгілде керегедегі барлық жазу мен сыйпырлардың мағынасы тағы Дарнудың көз алдына келді. Сыйпырлар ақырындап өзгеріп, өз-өзінен азайып, өз-өзімен көбейіп тұрғанда, бір санға данышпанның көзі түсті. Бұл, 999, 998 деген сыйпыр еді. Сол сыйпырға қарап отырғанында бұлардың үстіне тағы екілік сыйпыр келіп түсіп, бір миллионға толтырды. Дарну селк етті, Тағдыр мырс етіп күлді. Сонда тағдыр: – Бейшара данышпан, мұны түсіндің бе? Менің әрбір миллион құлдарымның ішінде сендей бір қарыспа, Пурана сықылды бір жалқау болады. Менің есебімді толтырған данышпандар, бақытты болыңдар, – деді.
Сол кезде Дарнудың сөнген екі көзінен екі тамшы жас тамды.
Күндер тағы өте бастады. Бір кезде дауыл тұрды. Бір ақымақ
қойшы бала мен бір ақымақ қыз дауылдан қашып, мешітке қорғалап
тұрып, құшақтасып сүйісіп, күлісіп, ойнасып, өздерінен басқа
999, 998 ақымақ жұбайларша, мауықтарын басты. Ой, ақылсыз
ақымақтар, мұны Тағдыр деген қожасына көніп, жағынамын деп
істеп жатыр, – деп Дарну ойлады.
Дауыл тынды, қойшы бала қойын іздеп кетті. Қойшы қыз
мешітте қалып, жаңа ғана көрген қызығының қызуымен айнала
жүріп, өлең айтып, құбылтып ән шырқады. Пұттың басына гүл
әкеліп салды, біраз өзінен өзі күлді. Соңынан бұлар да жабыр-
қамасын деп данышпандардың бастарына да гүл қоюға ойланды.
Пурананың басындағы ұяны бұзғысы келмей, Дарнудың жаны-
на келіп, құстың дәретін сілкіп алып тастап, данышпанның бетін
жуды, бұған да місе тұтпай, әлгі көрген қызықтың әсерімен қыз
Дарнудың бетін шөп еткізіп сүйіп алды. Біраздан соң қойын та-
уып, қойшы келді. Қыз бен екеуі өлеңдетіп ән қосып, күңірентіп
кетіп қалды. Сол оқиғалар кезінде Дарнудың сөнуге таянған ойы
қайнап, бұлақтай аңқып шыға бастады. Толық бір сағат ойланып
Дарну:
– Әлгілер Тағдырдың дегенімен болды, – деген сөз тапты.
Тағы бір сағаттан соң: – Ақырында мен де Тағдырға көніппін
деген сөз тапты.
Үшінші сағатта: – Жеміс жұлғаным, менің Тағдырдың заңы-
на көнгенім, – деген сөз шығарды.
Төртінші сағатта: – Тағдырдың дегеніне көнбегенімнің өзі
көнген болып шықты, – деді.
Бесінші сағатта: – Ақымақтардың бәрі де тұрады, сүйіседі,
өмір сүреді, данышпан Пурана екеуміз өлгелі қалдық, – деді.
Алтыншы сағатта: – Өлуіміз Тағдыр болса болар, бірақ, мағы-
насы жоқ, деп сөз тапты. Пурана екеуміз өлсек, қазір өліп қалу-
ымыз тағдыр ісі екені анық, бірақ қазір өлу ақымақшылық.
Менің өзімді де, жолдасымды да, құтқару қолымнан келеді.
Қазір өлімнен құтылуымыз тағы Тағдыр екені анық, бірақ қазір
өлімнен қүтылуымыз ақылдылық. Ал, біз енді құтылуымыз тиіс,
құтылуымыз үшін ерік пен күш керек, – деді Дарну.
Данышпан қалған еркінің бәрін жинап алды. Еркімен тоңазып,
сіресіп қалған қабағын ашты. Сол кезде айнала жарық болды.
Дарнудың көзіне жолдасының тас болып қатып бара жатқан де-
несі мен өліп бара жатқанда көзінен ышқынып шыққан бетіндегі
жас көрінді. Сонда данышпан жолдасы Пурананы аяп, иіп кетіп,
Дарну бұрынғыдан да бетер еркін жыйып, әуелі өзі қимылдап, жайлап түрегелді. Жолдасының қол, аяғын уқалап тірілте бастады. Жеп жатып, қайырымды Тағдыр, уәдеңді орындап, менің аузыма жемісті кіргізе бастаған екенсің, деп ойлап отырып, қасында қамын жеп жүрген тіпті, Құдай емес, жолдас Дарну екенін біліп Пурана айтты: – Айдай әлемді, сені мен мені Тағдыр өз дегенімен жүргізеді. Мені неге ояттың? Рахатқа жаңа кіріп бара жатыр едім, – деді. – Рахатың жақсы ғой, бірақ өлікке ұқсап кетіпсің, – деді Дарну. – Соқырша көрмеген, саңырауша естімеген, тасша сезбеген адам рахатқа шомғаны, достым, тамағым жібітуге маған тағы су алып берші, – деді Пурана. – Мә, су іш, – бетіңе жас тамыпты, рахат қысып шығарды ма? – деп Дарну сұрады. Мұнан соң данышпандар үш жеті тұрып, денелерін жүріс-тұрысқа үйретті. 4-ші жетінің басында құлаған мешіттің есігіне келді. Төменде көгеріп, жайқалған таудың етегі, онан әрі айнадай жалтыраған өзеннің бүгілі. Самсаған ауылдар, түрлі қызмет істеп жүрген адамдар, жан-жануарлар, жыбырлаған малдар көрінді. Данышпандар мешіттің табалдырығын басып тұрып, айналадағы табиғатқа қарасты. Көзі көруден қалған Пурана: – Достым, Дарну, қалай жүрем? Мешіттің керегесінде жол сілтеген Тағдырдың жазуы жоқ па? – екен деп Дарнудан сұрады. – Енді мешітті де, Құдайды да машақаттамай, өз жайларына қой. Оларға тыныштық бер, оңға жүрсең де Тағдырдың қосуы, солға жүрсең де Тағдырдың жазуы болады. Біздің еркімізбен ұнатып, тілеп істеген жұмысымыздың бәріне де Құдай менің қосуым солай деп бүйірден қосылып, жабысатынын достым, байқамадың ба? Тағдыр деген бізге жұмыс қылдыратын, ісімізді басқаратын қожа емес, біздің ісіміздің тек жансыз есепшісі, есепші тек болғанды есепке салады. Алдағы оқиға істерді болғызарболғызбас Тағдыр қолында емес, өз қолымызда – деді Дарну. – Олай болса... – Олай болса, ерінбесең, кім көрінгеннің өз еркімен істеген ісін мен істедім деп бүйірден кесе артылып, ерінбесең есептей бер деп, Тағдырға ұлықсат беріп, біз өзіміз адам бауырымызға адастырмай, тура алып баратын жолға түселік, – деді Дарну. Екі данышпан аялдамай, уайым, қайғы, сүйіскендік пен туысқандық, күлкі мен көз жас, тұрмыс пен өмір бұлақша қайнап, ағып жатқан өлкеге қарай таудан қуана-қуана түсіп жөнелді. Кес-
себ, сіздің бас малайыңыз Жуақ құлыңыздың арқасын тілім-тілім
қылып жатқан жерге жөнелдік, – деді кекетіп күліп, данышпан
Дарну.
Міне, сауыққой Ұлая қарттың ойымен жалқаулыққа түскен Ли-
шау ханның баласына айтқан әңгімесі. Дарну мен Пурана әңгімені
бұзбастан күлімсіреп, бастан аяғына дейін тыңдап отырды.
Кессеб тыңдап болып, қалың ойға батып, әкесінің сарайына
қарай тартты.
Короленко
ДІН ҮЙРЕТКЕНГЕ
Қарманбай қарап жатып, бақ күтуге,
Ізденбей аласұрып, тақ күтуге.
Тағдыр да бір тақтайда жазулы деп,
Әр іске кім үйретті, шақ күтуге?
Шарқ ұрып, ерікке ұмтылған ұшқыр жанды,
Қайнаған тамырдағы ыстық қанды.
Тұтқын қып кім қамады? Кім суытты?
Кім алды қалың қайрат, күшті, әлді?
Кешегі арыстандай айбыны зор,
Жүректі жолбарысты қайраты мол,
Айырып ар, намыстан күштен, естен,
Кім қылды шала жансар бір қорқақ құл?
Ақылға, жан жүрекке кісен салды,
Көрмейтін қылды қорқып, артты алды.
Үйретіп «дін» деп – құлдық, қорқақтықты,
Қандай құл бізге молда бола қалды?!
Ойламай қорқақ құлдың тіліне еріп,
Жай жатып, тәуекелге тізгін беріп.
Мінекей, айырылдық қой бақтан, ардан,
Қайтейін, әсіресе есіл ерік!
Жоқ, енді жату болмас, бос еңбексіз,
Жалбарып, Жасаған деп жас төккен кез.
Өзің де, сөзің де кет бізден аулақ,
Жаны өлген, жүрегі өлген, мұндар кексіз!
Міне, күн сәулесі алтын жарды құшты.
Жарыққа қуанысып құстар ұшты,
Ізгі ой мен ерік тілеп, жарық тілеп,
Ұшамыз біз де жиып есті, күшті!
Жұмабайұлы Мағжан
КҮН КӨРУ
Әркім күн көру үшін өзіне керегін таба білу керек. Адамға керек
тамақ, киім, үй, басқа толып жатқан нәрселер, соның бәрі қанша
болса да табиғаттан табылады. Күннің әзір жылуы мен жарығын
тегін пайдаланамыз. Өзеннің, көлдің, бұлақтың әзір суларын те-
гін ішеміз. Әзір ауаны тегін жұтамыз. Бұлар табиғатта әзір тұрған
нәрселер (тағы қандай әзір нәрселер бар?), бірақ бізге керектің
бәрі табиғатта әзір тұра қоймайды. Табиғатта шикілік, тұмсалық
бар. Дайын күйінде табылатыны аз. Көбі еңбек сіңіргеннен
кейін ғана адам керегіне жарайды, сондықтан, дүниедегі керек
нәрселерді адам баласы әуелі – таба білу керек. Екінші – ала білу
керек. Үшінші – ұқсата білу керек. Қысқасы, еңбек сіңірерге ке-
рек. Мұның бәрі бір адамның қолынан келе бермейді. Біреу оны,
біреу мұны істемек. Біреулер аң аулайды, екіншілер мал бағады,
үшіншілер егін егеді, төртіншілер қолының шеберлігімен күн
көреді, бесіншілер ой шеберлігімен күн көреді, алтыншылары
пабрика, (фабрика) зауыттарында қызмет етеді. Сүйтіп, түрлі
кәсіптер туады.
Пабрика, зауыттағылар тоқыған маталарын, жасаған маши-
на-құралдарын өздері тұтас тұтына алмайды, оларын егіншінің
астығына, малшының етіне айырбастайды. Соңғылар астығы
мен етін өздері жеп тауыса алмайды. Ауысқанын матаға, түрлі
құралдарға айырбастайды. Егінші көлікті мал бағушыдан, мал
бағушы астықты егіншіден айырбастап алады. Басқа кәсіптегілер
де сондай. Сонымен, адам баласы бірімен бірі қым-қиғаш алысу-
берісуде, қатысу-жағысуда.
Кәсіптер түрлі болуына табиғат та себепкер болады. Адамға
керек нәрселер бір жерден түгел табылмайды. Бір жерде бірі
табылғанда, екіншісі басқа жерден табылады. Бір жерде бірі көп
болса, екінші жерде ол аз. Бір жерде оңай табылса, екінші жерде
қиындықпен табылады. Мәселен: теңіз жағасы сықылды жерде
балық ауламаса болмайды. Суық, қары қалың жерлерде итті көлік
қылмасқа амал жоқ. Егісі жоқ алабын су шайып, тоғай болатын
өзендер жағасында амалсыз мал бағу керек.
Кәсіп түрлі болуына тұрмыс та себепкер болған. Тұр-
мыс – талас тартыс. «Ұшқан құс, жүрген аң, бәрі – тамаққа» де-
ген мақал. Тамақ қиындықпен қолға түседі, бірақ тамаққа мей-
ілі тартатындар көп. Бір түйір тамаққа әлденеше ауыз ашылып,
әлденеше қол созылып тұрады. Үлестен құр қалып, аштан өліп
кетпес үшін тірі жан тырбаңдап, тамақты оңайырақ, тиімдірек
табу әдісін қарастырады. Көп тәжірибелер арқылы күн көрудің
жеңіл, оңай жолына түсіп, ілгерлеп отырады.
АДАМ ЖЕР ЖҮЗІНЕ ТАРАЛУЫ
Баяғыдан бері адам баласы бір жерден екінші орынға қоныс
аударумен келеді. Неғұрлым маданияты төменгі сатыда тұрса,
адам баласы соғұрлым қонысын жиірек, көбірек аударады.
Неғүрлым маданияты жоғары болса, қонысын аудару жұмысы
соғұрлым сирек, аз болады. Кейде, қоныс аудару тоқталды деуге
де келеді. Қоныс аударудың қашанда, қайда да болса түп себебі
– тамақ іздеу.
Аңшылық пен күн көріп тұрған ел болса, адамның саны әлдене
уақытта көбейеді. Аңшылықтан түсетін тұрған жерінің пайдасы
белгілі, санды адамдарға ғана жетіп, артығына жетпейді. Мал
бағатын ел арасында да жайылым жетпей, қоныс тарылады. Егін-
шілікке айналған ел арасында да сондай күйлер болады. Ел жаңа
қоныс іздейді, бірақ аңшылық пен мал бағу ғана бар жерлерде
түскен табыс еңбекшілдердің өз тұтынуына ұсталады. Бұлардың
қонысы шын тарылады. Егіншілікке айналып, өндіріс жетілген жер-
лерде еңбекшілдер табысының көбін еңбексіз тұратын мықтылар
қақшып алады. Еңбекшілдерді аш-жалаңаш та қалдырады. Мұнда
да қоныс тарылған болады, бірақ бұл қоныстың шын тарылуы
емес, бүркемелі тарылуы болады. Қоныс қалай тарылса да адам
баласының ашаршылықтан құтылуға істейтін бір әдісі – қоныс
аудару, бос жер табу. Неге десеңіз, маданияттың жоғарғы сатысы-
на мініп, сол тұрған жерінен өндіретін табысын арттыру өте қиын
жұмыс қиыншылықпен жүзеге шығатын іс. Қоныс тарылуынан
ел бірден маданияттың, өндіріс әдісінің жоғарғы түріне шыға
қоймайды. Сондықтан неше замандарға шейін көп жұрттар қоныс
аударумен болады.
* * *
Тамақ іздеп, өмір бойы сырғанап, қыдырып жүретін жабайылар
әлі бар. Бұлар ормандарда, жазықтықтарда, шөлде де қыдырып
жүреді. Бытырап та, топтанып та, шұбырып жүреді. Бұлардың
тұрақты орны жоқ. Кейбіреулері қатын-баласы, малы, мүлкімен
кезіп жүреді. Біздің Ресейдегі жөгілер (тасығандар) осылай
күнелтеді.
Америкенің (Америка) темірқазығынан оңтүстігіне әлде-
неше мың шақырым жерге, жаяу ауып келген аңшы индейтстерді
(индеец) жолаушылар көрдік деседі. Бұл индейтстер өткен заман-
да туған елінен бөлініп шыққан. Неше жылдар аңшылық қылып,
шөлдерде жаяу кезіп жүрген. Талай зор қорқыныштарды басынан
өткізіп, ақырында, оңтүстік Америкеге келген. Бұл индейтстер
жалғыз қадақ бытырап ауып келген. Жолаушылар айтады: бір
жерден екінші жерге жалғыз қадақ жабайы аңшылар ғана ауып
келмейді, кейде бүтін рулы ел болып ауып келеді деп. Бүтін рулы
ел болып аңшы елдер түгіл мал бағып тұрған жұрттар да ауады.
Мал бағып тұрған елдер бір жерден екінші жерге қоралап
малын айдап көшеді. Қорасында әлденеше мың мал да бола-
ды. Малдары әлденеше мың шақырым жерлерге айдалып бара-
ды. Мал бағатын ел көбінесе, киіз жапқан үйлерде, лашықтарда
тұрады. Мал бағатын елдердің көшіп-қонып жүретін мерзімді
қонысы болады, бірақ қонысының ауданы кең болған соң, алысқа
көшеді. Бұрын біздің бабаларымыз солай өмір сүрген. Осы күнде
оңтүстіктегі көшпелі руларымыз, тап бұрынғыдай болмаса да, мың
шақырымдап көшеді. Сол сықылды рулар деп адайларды, Торғай
үйезіндегі (уезд) Қызылжыңғыл болысының, Атбасар үйезінің
наймандарын, Қараөткел үйезінің оңтүстік кіші жүз болыстарын
айтуға болады, бірақ бұлардың малы бұрынғыдай көп емес.
Көшпелі рулар арасында жайылым мен қонысқа талас, соғыс
болады. Күштірек ел әлсіздеу жұрттың қонысын тартып алып,
қуып жібереді. Сондай соғыстар салдарынан я жайылым кемістігі-
нен, болмаса жұт ылаңынан рулы ел қонысынан ауады. Міне, осы
сықылды қоныстан ауу қашаннан бері болып келе жатыр. Араб,
қытай, жапон, басқа тілдерде жазылған ескі кітаптарда жабайы
және көшпелі халықтардың қонысынан ауғаны жайында жазылған
сөздер көп. Ондай ауған елдер де көп болған. Олардың атын атап я
санын санап жетуге де болмайды.
Азияның ескі далаларынан Еділ мен Қара теңіз жағаларына
бұрын бір елден соң бір ел ауып келіп тұрған.
Қазақ даласының үстімен ауып өткен ел өте көп. Қазақтың ескі
жырларында: «Адыра қалғыр бұл қоныс – қайырсыз екен ежел-
ден, жеті жұрт кетіп, жол алған» дегені қазақ даласының үстін
көп ел басып кеткендігін көрсетеді, бірақ ескі тарих сөздеріне
қарағанда, сары далада тек қана бір жеті жұрт емес, әлденеше жеті
жұрт тұрып өткен. Мәселен, мұнан екі жарым мың жыл бұрын
ескі қазақ даласы жақтан осы күнгі орыс ішіне қарай «скиф»
деген ел келген. Скифті «сармат» деген халық келіп қуған. Сар-
матты «авар» халқы келіп ысырған. Мұнан мың жарым жылдай
бұрын аварды «ғұн» деген тұқым ауып келіп ысырып жіберген.
Бұлардың соңынан әлденеше жұрт келіп өткен. Мұнан сегіз жүз
жылдай бұрынырақ татар мен қазақ келіп орнаған. Сонымен түрлі
жұрттар бірін-бірі киіп кетіп, ысырып, аудырып отырған. Ауған
ел әрі қарай тағы жылжи береді. Халықтың қоныстан ауғаны да-
уыл күнгі бірін-бірі қуып, бірін-бірі итерген толқын тәрізді. Сол
сықылды талай жұрттың ауған толқынына айғақ болып қалған,
талай елге үстінен жол берген жердің бірі – осы күнгі қазақ бала-
сы. Бұрын Азиядан ауып барған елдердің тұқымы осы күнгі Еуро-
пада көп. Австралиядағы мадиярлар осы қазақ даласынан кеткен
жұрттың ұрпағы.
Бұл да – көшу, қыдыру, бірақ шумақталып, топтанып, бүтін
рулы ел тұтас көшетін көшу. Сол сықылды көшкен елдер әлденеше
мың шақырым жүріп, бір уалаяттан екінші уалаятқа өтеді. Неше
дариялар мен шөлдерден асады. Мұндай көшуді қоныстан ауу
дейді.
Кей елдер жаудан үркіп, тұтасымен беті ауған жаққа қарай
қашқан. Бұрынғы қоныстарында тек қорғандары, молалары ғана
қалған. Ескі кітаптардың сөзіне қарағанда, жұрттың қоныстан ауу
жайы үйреншікті іс сықылды екен. Тіпті, ешбір жұрт өмірінше,
бір қонысқа ие болып тұрды деуге болмайды. Ионан, неміс, басқа
славияндардың бабалары да бұрын Үндістан жақтан ауып келген.
Осы күнгі ағылшын жеріне барып орнаған сол жабайы неміс ру-
лары. Азияны адам баласының бесігі атайтыны: Елдің көбі және
осы күнгі Еуропадағы маданиятты халықтардың бабалары Ази-
ядан шыққандықтан.
Ел Азиядан тек шығуды ғана білмеген, Азияға қарай да ауған.
Бері келе, капитал туып, кісіні кісі борсықтай сору шыққан соң,
Еуропа халқы сору үшін Азияға көшіп ауа бастаған. Кейде Еуро-
падан Азияға еңбекші жұрт өз еркімен, кейде мықтылардың
зорлығымен ауған. Сібір, Түркістан, қазақ даласына Еуропалық
Ресейден әлденеше миллион қара шекпендер көшірілуі де сол
– қоныстан ауудың бір түрі.
Қысқасы, атам заманнан бері қарай қай ел, қай жұрт болса да
бір қоныста отырған емес, қозғалып, ауып, шұбырып, амалсыз,
жер жүзіне ерсілі-қарсылы кезіп тентіреген. Бір орыннан екінші
орынға, бір жерден екінші жерге ауып, ыңғайлы қоныс іздеумен
күнін кешкен. Тұруға, күн көруге, тамақ асырауға қолайлы орын
қараған.
Адам баласы жер жүзіне осылай тараған. Адам баласы атам
заманнан бастап-ақ, тек құрғақ жерде ғана басып шұбырынбай,
сумен де жүзіп күнін кешкен. Қолайлы қоныс іздеу, тамақ іздеу,
тыныштық бермей су бетін де кездірген.
Қайық жасау қашан шыққаны адам баласының есінде жоқ,
бірақ өте ерте заманда да, жабайы күйде жүргеннің өзінде-ақ,
қайық жасағаны анық. Жолаушылар айтады: ең жабайы елде де
бөренелерден сал жасап, өзен мен көлдерден өтеді деп. Кейбір
жабайылар сал түгіл, ағаш қабығынан жел қайық та жасай алады,
ағаштың үлкен-үлкен қабықтарын сыдырып алып, байластырып,
жарығын шайырмен, сазбен жапсырып, жел қайық істейді. Сондай
жел қайықтарға мініп, жабайылар өзен мен көлдерде жүзе береді.
Салқын жақта тұрған жабайылар қайықтарын аңның терісі
мен сүйегінен істейді. Сондай қайықтармен жабайылар мұхитта
жүзуге де жүрексінбейді. Ең суық жақта, мұхит жағасында «Ес-
кимос» (Эскимос) деген жабайылар тұрады. Ескимостар теріден
жасаған қайықтардың ішінде адам қапшық ішінде отырғандай бо-
лады. Жүзіп келе жатқанда, қайықтан кісінің тек басы мен қолы
ғана көрінеді. Кейбір батыл ескимостар қайығымен бірге, басы
төмен аяғын жоғары көтеріп, аударылып кетіп, қайтадан су асты-
нан дәнеме көрмегендей болып шыға келеді.
Әсіресе, теңіз я мұхит жағасында, я аралында тұрған жабайы-
лар ақ қайықты тамаша жасайды. Бұлар үлкен, мықты қайықтарды
да істей алады: Қайықтарының ұзындығы он таяқтай болады.
Мұндай қайықтар желкенмен де, күрекпен де жүзеді. Кейде қырық
шақты күрек еседі. Аумалы болмасын деп екі қайықты біріктіріп
байластырады.
Кей жабайылар төрт-бес қайықтың үстіне сал төсеп, жүгімен
бірге жүз қаралы адам жүзеді. Салдарына желкенді қолдан
тоқылған жөкеден кереді. Жолаушылар айтады: Жабайылардың
үш жүз күректі есіп жүрген қайықтарын көрдік деп.
Міне, осындай қайықтарына мініп алып, жабайылар мұхит
үстіндегі бір аралдан екінші аралға қатынасады. Бұлар әлденеше
жүз шақырым жерге дейін жүзуге қорықпайды. Сонда да айыры-
лып, адасып қалмас үшін, құрғақ жерден көз жазбайды, тек бір
аралдан бір аралға жағалап барып отырады. «Маршал» деген
аралдағы жабайылар бұлай жүзеді дейді жолаушылар: Он, он бес
қайық бірігіп алып, мың шақырым жерге шейін жүзеді, бірақ бірі-
нен бірі көз көрерлік жерден қашық жүзіп отырып, белгімен ха-
барласады. Бірінен бірі қашық жүзуінің себебі, іздеп келе жатқан
аралды байқамай өтіп кетпелік деген ой. Түнде бұлар қосылып
түнеп, күндіз тағы айырылысады, бірақ мұхиттарда, теңіздерде
де ылғи аман-есен жүзіп жүруге болмайды. Кейде қатты дауыл
тұрады. Қайықтағы ең жүректі жүзгіштер зор қазаға ұшырайды.
Кейбіреулері суға батып өледі, кейбіреулерін жел мен толқын
үлкен мұхиттарға қуып айдап кетеді, кейбіреулерін туған жерінен
мың, екі мың шақырым жерлерге әкеліп тастайды. Орыстың Кат-
себу деген жолаушысы 1816 жылы «Едек» деген аралда «Улие»
деген аралдың жабайысын көрген. Екі аралдың арасы екі жарым
мың шақырым жер. Әлгі жабайы айтқан: үш адам балық аулауға
шыққанымызда, қайығымызды жел қуалап кетіп, неше күндер аш
жүріп, осында келіп шықтық, – деп.
Мұндай уақиғалар жиі болады. Міне, осындай ретпен мұхит-
тар ортасындағы аралдарға адам баласы тарап, қоныстанған.
Бұл жолмен адам баласының жер үстіне, аралдарға таралуы
өсімдіктің дәнін жел алып кетіп, алыс жерге апарып тастағанымен
бірдей. Барған жерінде шөп те, адам да өсіп-өніп тұра береді. Ел
арасындағы ескі қиссаларда осындай кемелерін жел қуып, адамда-
ры жат жерге шығып кеткені жайында әңгімелер көп айтылады.
Біздің заманымызда от кемелерді жел алдына салып қуа ал-
майды, құралдары адастырмайды, бірақ су бетімен қыдыруын,
шұбыруын адам баласы бұрынғыдан да асырмаса, кеміткен жоқ.
Қоныстан су бетімен аууы да қалған жоқ. Қытайдан, Еуропадан
талай мың еңбекшілдер жұмыс іздеп мұхит үстімен Америкеге
барады, Америке ашылған соң Еуропаның көп жұрты сонда ауды.
Осы күнгі маданиятты Америке халқының бабалары бұрын осы
Еуропадан кеткен.
Сонымен, мұхитты, теңізді кезу өте ескі замандардан, адам
баласының есінен шығып кеткен замандардан басталып, әлі
тоқтамай келе жатыр. Бәрін жүргізетін бір тамақ.
КЕНЕСАРЫ ҚОНЫСТАН АУҒАНДА ДОСҚОЖА
АҚЫННЫҢ АЙТҚАНЫ
Қатарыңнан артықсың,
Қайраты түпсіз, тереңім!
Атаңыз жаулап өтіпті,
Қалмақтың Уса, Сереңін.
Біз қоныстан кеткен соң,
Көреміз бе, дүние-ай!
Мына жатқан Есілдің
Көк орай тартқан өзенін?
Күншілік жерден көрінген,
Көрінсе көңіл бөлінген.
Алшаңдатып ат мінген,
Мұнар болып көрінген,
Кіші ауылдың қыстауы.
Баянауыл, Қазылық,
Үдере көшкен байлардың,
Жолы жатыр қазылып.
Жазғытұры болғанда,
Жалғыз-жалғыз ауыл боп,
Отырушы едік жазылып.
Мына жатқан сарғайып,
Салынды қопа қамысым,
Салық ауылы қыстаған
Іргем тиген танысым.
Бұл қоныстан көшкен соң,
Көбеймес пе екен, налысың!
Айналайын, аралым!
Ішіңде сенің бар еді
Арқа мен құлжа, маралың.
Қонысым сені қия алмай
Үш жылдайын қамалдым.
Енді қайлам таусылды
Қош, аман бол, Қаралдым!
Айналайын, Ақ татыр!
Айнала құрдым ақ шатыр.
Тайпа аруақ бұл жатыр!
Қасыңнан қалқам, кеткен соң
Орыс та малын құлатар!
Көреді аттың таңдағын,
Арбалы-боздың шаңдағын,
Көрдіңіз бе, иесіз
Аруақтың қалғанын?!
Аман бол, қалдың көгеріп,
Бастары самал, тауларым!
Арасы бие бауларым.
Кетемін деген есте жоқ,
Кешірді дұшпан жауларым!
Сарқырап аққан тастақтан,
Сабадағы салқын қымыздай,
Сарқырап аққан, бұлағым!
Тобылғылы қалың тоғайдан
Есепсіз өрген тышқандай
Алтайы қызыл түлкі еді,
Ұлдарым киген тымағым.
Қадіріңді білмедім
Аман бол, қайран шырағым!
Жазғытұры болғанда
Әр жерге бес күн отырып,
Сауынға саба толтырып,
Ат шаптырып, той қылып
Құт мереке болған, тау!
Құтты тау деген бау еді,
Арасы бие бау еді,
Бар айыбы хайуанға
Бөрісі қатты жау еді.
Түбіне келіп қонғанда,
Байларым қос-қосы төбет
асырап,
Қораның қарсы шетінде,
Кең қабақтың бетінде,
Байтөбетім үрген тау!
Жарлы байым белгісіз
Арасы көшіп жүрген тау!
Жапырағы жалбырап,
Көлеңкесі әуеден,
Төмен қарай салбырап,
Суылдап тұрған қайыңның
Қыз, бозбала бас қосып
Саясында ойнап күлген тау!
Мұнша мақтап нетейін
А, дариға, дүние-ай!
Ақыры бүйтіп бүлген тау!
Айналасы қоғалы
Суы тұнық көлдерім!
Көк шалғынды жапырып,
Жағалай қонған, елдерім!
Артқы көшім келгенше
Ақсақал шалдар жиналып,
Бауырында атын шідерлеп,
Батыр мен билер бас қосып,
Әңгіме құрған, белдерім!
Шағырлы жусан, изенім!
Қоныстан ауып, күйзелдім!
Ылдиы жоқ, өрі жоқ,
Ат тайғанар жері жоқ,
Жазып салған мақпалдай,
Аман бол, құмайт жерлерім!
Осылар еске түскенде
Қайғырмассыз ба, ерлерім?!
Азамат аттың жалында,
Елім нардың қомында,
Көшпелі қазақ болған соң
Баланың білдің шөлдерін.
Артымда қалып барасың,
Қарағайлы Шұбарым!
Қызығын көрген елімнің
Енді білдім жыларын.
Ағашым естен кетер ме?
Жапырақ шашып гүлденіп
Көгеріп тұрған мұнарып!
Қарағайым, қайыңым!
Жоқ еді қоныс, айыбың,
Алты ай жаздай бір көшпей
Лапкеде бейне меткілдей
Кіршіксіз еді зайыбым!
Жаздың күні болғанда,
Ел өзенге қонғанда,
Балдырғанды Балқаштан
Тулатып шанышқан жайыным!
Талма тал түс болғанда
Байлар қымыз ішерде,
Сары нардай ыңыранып
Бәйбіше саба пісерде
Бірқазандай отырған
Бозбаласы құралып
Дәулетті үйге түсерде.
Ірбіті сары самарға
Сапыртып қымыз құйдырып
Салқын жерге тоңдырып,
Салтанатка төндіріп,
Сауқым салған заман-ай!
Өзеннің суы тұнығым
Асауымды тоқтатқан
Қара мойыл құрығым!
Құбыладан соққан түнеріп
Қызыл желді тоқтатқан
Қайыңның жалы сырығым,
О, дариға-ай, дүние-ай
Қайтейін жердің қылығын?
Бұл қоныстан кеткен соң
Іздесе халқым табар ма,
Бір қураған шыбығын?!
Артымда қалып барасың
Көгеріп жатқан өзенім
Өзеннің бойын бос қойып
Сыртқы көгін жегенім,
Құр атыма теңелген
Жазғы мінген көбеңім
Қонысым қолда тұрғанда
Болушы еді дегенім.
Ат мініп, жарақ асынған
Сағынар мырза өз елін.
Күнде базар Есілді
Халқыңыз нағып сағынбас?!
Бұл қоныстан кеткен соң
Кемімес пе екен, жарым жас.
Еті тәтті, сүті бал,
Иісі жұпар аңқыған,
Сары қарда жайылған,
Сары аязда жусаған,
Көк Есілден кеткен соң
Жылқының қонысы табылмас!
Семіртуші еді жылқыны
Қом жасатқан түйеге
Алабота тарлау мен
Қара ойға біткен бетеге,
Адыра қалғыр Құлманбес,
Кенекем сенен айрылды!
Қау болып дұшпан жаулары
Көрпілдеген көрпедей
Болушы еді, дүние-ай,
Балқашқа желі тарттырып
Байласаң бие баулары!
Бұрынғының сөзіне
Айтқан екен болар деп
Дәулет пен бақыт аумалы
Тұс болмасақ игі еді,
Отырушы едік Ордада
Бесті айғырдай ақырып
Орданың іші ыссы деп
Жапырағы жаудырап,
Көлеңкесі саудырап,
Сусылдап тұрған қайыңның
Түбіне кілем салдырып.
Ірбіті сары самармен
Ордадан қымыз алдырып,
Сылдырмақты сары ожаумен
Отырушы едік сапырып.
Осылар еске түскенде
Қайғырмаспыз ба, аһ, ұрып?!
Бұл барғаннан барармыз
Арқада әлім, шөменге,
Еркіндеп жайлап Есілді
Еркелеп өскен халық едік,
Бұл қоныстан кеткен соң
Зар болмасақ игі еді
Тай менен құнан, дөненге?!
Қоныстан аумақ болсаңыз
Жіберіңіз тез хабар
Жоғарғы дулат төрт ауыл:
Жазы, Саңырық ерлермен,
Байұзақ батыр, Бекенге.
Мекіредей басын тасқа
сабаған,
Аранға түскен аюдай
Қайғымен іші жараған,
Байұзақ неге тоқтасын
Сіз көшемін дегенде.
ЖАНДЫҚТАРДЫҢ ЖЕР ЖҮЗІНЕ ТАРАЛУЫ
Ешнәрсе тоқтау қылмаса, тірі жандықтың бәрі де тез өседі.
Кейбір шыбындар тамаша тез көбейеді. Еркек, ұрғашы екі шы-
быннан бір, екі айда әлденеше миллион бала туады. Құрсақты си-
рек көтеретін жандық – піл. Сол пілдің де ұрпағы бірнеше жүз
жылда әлденеше миллионға жетуге болады. Адамның көз алдын-
да ғана тез көбейген жандықтар бар. Мұнан төрт жүз жылдай
бұрын Америкеде бір жылқы да болмаған. Ең әуелі Америкеге ке-
месіне салып испан халқы жылқы әкелген. Лезде әлгі жылқылар
көбейіп, Америкеде қора-қора жылқы болған. Ол жылқылардың
көбі қашып, тағы болып кеткен. Осы күні Америкенің кең далала-
рында қора-қора тағы жылқылар жайылып жүреді. Дала кең, шөп
мол, тұруға ешнәрсе тоқтау болмайды.
Мұнан төрт жүз жыл бұрын Америкеде ит те болмаған. Иттер-
ді де Еуропадан кемемен алып барған. Сол барған иттердің көбі
тағы болып кетіп, осы күні қасқыр секілді адамға да, малға да өте
қауіпті. Араны да Америкеге Еуропадан алып барған. Осы күні
көбейіп, ара Америкенің кез-келген жерінде болады. Америкенің
тұрғын «индейтс» деген халқы араны «ағылшынның шыбыны»
деп жек көреді. Индейтстер ойлайды: Ара жүрген жерде Еуропа-
дан келген ақ өңділер жүреді деп. Ақ өңділер индейтстерді тес-
пей сорып, ығыр қылған. Сонымен көп аңдарды, жандықтарды
жер жүзіне адам баласы таратқан. Бұларды адамның өзі алып
барған. Егеуқұйрық, тышқан сияқтылар кемелерге өздері еріп
барып қалады. Кейбір құстар да кемеге еріп барып мұхит орта-
сына барғанда шаршап кемеге қонады, сонда жұмыртқа салып,
баласын шайқап шығарады. Кеме тоқтаған шет жерде солардың
қалғандарын кемешілер айтады.
* * *
Мұхит ортасында, жиектен өте алыс жерде аралдар бар. Бұл
аралдарда түрлі жандықтар болады. Олардың ішінде түрлі кесір-
ткелер, жыландар бар. Олар онда қалай барды? Жыланды, кесірт-
кені адам кемесіне салып тасып жүре ме? Әрине, тасып жүрмейді...
Адам баласы көпке шейін жандықтар жер жүзіне қалай тарағанын
біле алмай жүрді. Бұл күнде адам баласы жандықтардың жер
жүзіне қалай таралғаны жайында көп нәрселерді білді.
Жандықтарды жер жүзіне тарататын су мен жел екен. Жер
жүзіне жандықтар түрлі ретпен таралады. Мәселен, қара құрымдай
шегірткені жел көтеріп кетіп, теңіздің ар жағына шығарған
уақыттары болған. Қатты жел құс, көбелек, қоңыздарды да алып
кетеді. Қатты құйын (ісмертіш) құрт, құмырсқа, бақа, шаянның
көп жерінің үстінен шығып, талай рет көтеріп кеткен. Аспан-
да кедергі жоқ, жел қатты соғады. Сондықтан өзі ұша алмайтын
жандықтарды де жоғары шығарып, жел ұшырып кетіп, алысқа
алып барып тастайды. Сондай оқиғалар талай рет болған. Жел
толастаған кезде бұлар аспаннан құйылып, жаңбырша жауып,
тұрған елді таңқалдырады. Бұрынғы кітаптарда көктен жандық
жауғанын жазып қалдырған. Мәселен 1806 жылы Германиеде
(Германия) шаян жауған. 1841 жылы июннің 18-інде Үкке мерік
деген жерде, Шветсияда (Швецияда) аспаннан бір жарым сағат
жаңбырмен аралас шортан, алабұға, шабақ, инебалық жауған.
Әрине, ауада балық өліп, жерге жансыз түседі, бірақ шаян, құрт,
шегіртке сияқтылардың тірі түсетіні де болады. Мұнымен түрлі
жандықтар бұрын тұрмаған жерлеріне барып түсіп көбейеді.
ЖАНДЫҚТАРДЫҢ ЖЕР ЖҮЗІНЕ ТАРАЛУЫНА
ЖЕЛ ЖӘРДЕМШІ БОЛАДЫ
Ірі жандықтар да амалсыз жер жүзіне тарайды. Мұхит ор-
тасында «Әулие Үйкентүйдің аралы» деген арал бар. Мұнда
буындырғыш деген үлкен жылан бұрын болмаған (Буындырғыш
деген – ұзын, жуан жылан болады. Тісінде уы жоқ, бірақ хайуанды
орап алып қысып өлтіреді). Бір жылы сол аралға толқынмен бір
ағаш келіп тірелген. Ағашты қатты жел қопарып кеткені я өзен
жағасында өсіп тұрғанда су құлатып кеткені белгісіз. Әйтеуір сол
ағашқа оралып ұзындығы бір-екі таяқ үлкен буындырғыш жылан
келген.
Өзі ұрғашы жылан екен. Ағаш аралға келіп тоқтағанда жылан
жазылып жерге түскен. Маңында қоралы қой жайылып жатыр
екен. Аш жылан қойдан адасып қалған бір саулықты ұстап алып,
буындырып өлтіріп, жұтып қойған. Халқы қой жоғала бергенін
сезген. Ақырында жыланды көріп өлтірген. Жыланды өлтірмеген
болса, аралда біраздан соң қорқынышты жыландар көбейер еді.
Суық жақта, мұз теңізінде үлкен мұздарға мініп, ақ аюлар жо-
лаушылап, жүзмың шақырым жерлерге кетеді. Ыссы жақтарда
ағашқа мініп жандықтар жүзіп жүреді. Қатты желдер соңынан
теңіздерде ағаштар қалқып жүреді. Кемешілер айтады: ағаштар
теңізде көп жүзеді, ағысы бұларды жиектен әрі алып кете бе-
реді. Ағаштарда кесірткелер, жыландар, қоңыздар басқа түрлі
жандықтар отырады деп. Оңтүстік Америкеге жүзген ағаштар сон-
ша көп келеді, алыстан арал жүзіп келе жатқан сықылды көрінеді.
Сондай ұзындығы елу шақырым, ені жүз таяқ арал бір үлкен
өзеннің сағасына тоқтап, қырық жыл тұрған. Үстіне құм түсіп,
шөп, ағаш шығып жер болып кеткен. Құстар ұя салып, аңдар ін
қазып тұра берген. Әрине, бұлар әр жақтан тек қалай болса солай
жиналған жандықтар. Бір жылы қатты дауыл тұрып, әлгі аралдың
тасталқанын шығарған. Сынықтарын теңізге айдап алып кеткен.
Жолаушылар айтады: «Сол аралдың үстінде ағып бара жатқан
түрлі жандықтарды көрдік. Бір жерде айст (көкқұтан сықылды
құс) отыр, оған жуық бір топ маймыл тұр... Екінші бір жүзіп келе
жатқан аралда жабайы үйректер мен бір топ тиін отыр. Бұлардың
соңынан жүзіп келе жатқан бір үлкен ағаштың үстінде үлкен «кро-
кодил» (өте үлкен зиянды, тісті кесіртке) жатыр. Қасында үлкен
жолбарыс пен мысық тұр, бір-біріне екеуі сеніспеген жаулық
көздерімен қарасып қояды» деп. Бір жылы Америкенің «Манте-
виде-о» деген қаласының жанына түнде әлгідей жүзген аралмен
келіп Америкенің төрт жолбарысы (бума) түсіпті. Ертең ел тұрса,
төрт жолбарыс көшеде зең салып, тайрақтап жүр дейді. Жұрт шо-
шып кеткен.
Жандықтардың жер жүзіне таралуына су осылай жәрдем бе-
реді. Жер жүзіне таралуға бір түрлі жандық екінші түрлі жандыққа
қолғабысын тигізеді. Құстың арқасында балықсыз көлдерге
балық келеді. Жабайы қаздар, үйректер, басқа құстар жазғытұры
я күзді күні қайтқанында балықтың уылдырығын жейді. Құстың
тезегінің ішінде уылдырық болады. Бәрінен тамашасы сол кей-
де уылдырықтардың тірісі де болады. Құстың тезегі суға түседі.
Суда тірі уылдырықтан балық шығады. Балық өседі, көбейеді,
көлді қоныс қылады. Сонымен таудың биік басындағы көлдерде
де балық тап болады.
Кейде өзен жағасына шомылатын балықшы құстардың қанатына уылдырық жабысады. Құс қанатымен жабысқан уылдырықты өзеннен көлге, я бір өзеннен екінші өзенге алып кетеді. Қоңыздар да уылдырықты алып кетеді, үйткені кіл суда тұрып, түнге қарай биікке шығатын қоңыздар бар. Кейде сол қоңыздар көлден-көлге я өзеннен-өзенге ұшып кетеді. Бұлар кейде уақ уылдырықтарды өте алысқа алып барады. Құстар қоңызды да, түрлі құрт, құмырсқаларды да, басқа жандықтарды да жабыстырып алып кетеді. Ыссы жақтарда, жаңбырлы уақытта, ойпаң жерлерде көп уақыт қақ тұрады. Біраздан соң қақ кеуіп кетеді. Сол қақтарда балық болады. Балықтың аты балық, сусыз тұра алмайды. Бұл қақтарға балықты кім әкеп жібереді? Әрине, сол құстар мен қоңыздар әкеп жібереді. Қақ кепкен соң, балықтар қырылып қалады. Келесі жылы жаңбыр көп жауып қақ тұрса, тағы балық болады. Міне, сонымен жер жүзіне түрлі жандықтар тарайды. Дүниедегі тұрмыс, біріне-бірі ілініп, бірімен бірі байланысулы, өмірдің дөңгелегі солай айналып тұрады. Н.Кукиннен АҢ МЕН ҚҰСТЫҢ АУУЫ Қонысынан ауып, шұбырып, көп жерлерді кезіп кететін жалғыз адам баласы ғана емес. Аң да, құс та, мал да қоныстан ауады. Адам баласын да еркіне қоймай көшіретін, аудыратын – ашаршылық, тамақ, қызыл өңеш. Аңды да, құсты да аудыратын – сол жаулар. Суық та қоныстан аууға себеп болатын мықты жау. Оқтын-оқтын аңдар топ-тобымен қоныстан ауатыны адам баласына белгілі. Қоныстан түрлі аңдар ауатыны да белгілі. Қоныстан аңдар жалғыз қадақтап та, топтанып, мыңдап, миллиондап, миллиардтап та ауады. Аңның өте көп жиналып қоныстан аууы жиі болып тұрмайды, он жыл, кейде 20-30, 40-50 жылда бір рет болады. Не себепті аңдар қоныстан ауады? Қандай жау бұларды атақоныстан қуалайды? Бұларды қоныстан қуатын жау – ашаршылық пен суық. Көбінесе қоныс аударатын тышқанның түрлі тұқымдары Архангел гүбернесінде (губерния), суық, елсіз, батпақ далада «шұбарша» деген суыр сияқты үлкендігі саршұнақтай, әр жерінде шұбар меңі бар тышқан болады. «Шұбарша» өте өсімтал болады. Жылына әлденеше рет балалайды және бірден 5-6 бала табады. Жаз жылы,
жақсы болса, шұбарша көбейіп, жерге сыймай кетеді. Жаз тамақ
мол, көбейіп, өмір сүріп, үйін салып, шұбарша тұра береді. Бірақ
күз бола от, шөп азая береді, шұбаршаның күйі нашарлай бастай-
ды. Кейде тіпті қатты бәлеге ұшырайды, тамақ жоқ, суық түсе
шөп біткеннің бәрі құриды. Жерлік нәрсенің бәрі желініп біткен.
Жан-жақтан ажал тілін жалаңдата бастайды. Сорлы тышқандар
арасында күн санап ашаршылық артады. Тұс-тұсына сандалып
тамақ іздейді, табарлық нәрсе жоқ. Шұбаршалар арасына зор
қорқыныш, уайым кіреді. Топ-топ болып жиналып, тәуір қоныс
іздеп, тышқандар жөңкіп ауа бастайды. Беті ауған жаққа қарай
далбасалап, тіке жүре береді. Бір қорасына тышқанның тағы
бір қорасы қосылады. Қора-қора тышқан біріне-бірі қосылып,
қыбырлап, жер жүзін қайыстырып келе жатқан бір әскер сықылды
болады. Әрі аш, әрі тоңған тышқандар ілгері аса береді, ілгері
қарай жүгіріп шұбыра береді. Жазғытұрғы тасып келе жатқан
су сияқты жердің бетін қаптап, тоқтауды білмейді. Тышқандар
қатарласып алып жүгіреді, қатарларының арасы сондай жақын:
артқыларының басы алдыңғыларының құйрығын тіреп отырған
сықылды көрінеді. Шұбаршалардың құрттай аяқтары, мүкті та-
пап, терең жол қазып кетеді. Тышқан шұбырғаннан қазылған
жол алыстан білініп жатады. Ұзаған сайын тышқандар қаттырақ
жүреді. Жолда ұшыраған шөп, ағаш болса, дым қалдырмай та-
ласып, отап, жеп кетеді. Бір-екі сағатта кейбір жерлерді жылан
жалағандай қылып кетеді. Артқыларына жерлік тіпті ешнәрсе
қалмайды. Қарны ашқан сайын алдынан үмітті болып, тышқандар
жүгіре береді. Алдынан не келсе де қорықпайды, ілгері аса береді.
Есі шығып кеткен тәрізді ешнәрсені таңдамайды. Адам қарсы кел-
се, бетінен қайтпайды. Аяғының арасынан өтіп тышқандар жүре
береді. Күшті құстар кездессе жатып тұрып төбелеседі.
Жолдарында өзен, көлдер соқса да бұрылмайды, жүзіп өте бе-
реді, бірақ мыңдап суға да кетіп өледі. Босқын сорлылардың арты-
нан түлкі, қасқыр, ит, құс сияқты жаулары да еріп отырады. Сорлы
тышқандарды бұл жаулар ішіне сыйғанынша алып жей береді. Су-
дан өтіп бара жатқан әлсіреген тышқандарды шағала мен балықтар
да олжа қылады. Аурудан, аштан өлетін босқын тышқандардың
есебі болмайды. Жолай жер тезектей болып қырылған тышқандар
қала береді. Мұндай ауып, босудың аяғы немен тынады? Тамағы
жеткілікті жерге тышқандар жете ала ма, жоқ па? Белгісіз. Бір-
неше жыл бұрынғы орнында шұбарша көрінбейді. Артынан тағы
көбейе бастайды, бір белгісіз жерде жан сақтап қалған аз-мұз
тышқандардың ұрпағы өсе бастайды. Біраз жылдан соң тамақ
жетіспей тағы босу басталады.
* * * Тым көбеймесе де шөп, тамақ жоқ ашаршылық жылы жақсы жаққа қарай аңдар ауады. Жалғыз тышқандар емес, түрлі жандықтар босады. Ақ тиін, түлкі, қасқыр, киік, балық, құс, бәрі де ауады. Уақ жандықтарды жейтін аңдар, сол жейтін жандықтардың артынан, бірге еріп отырады. Неге десеңіз, жейтін жандықтары арылып кеткен соң, аштан өлемін деп қорқады. Уақ я ешкімге әлі келмейтін аңдар ашаршылықтан қашып, тамақ іздейді. Шыбын жанын қорғап ауады. Шыбын жанды қорғап, түрлі амал қылады. Тұрмыс оңай емес. Құрттай жандыққа шейін өмір бойы мұқтаждық, кемшілікпен арпалысып тыным таппайды. Тұрмыс-талас деген сол, осы күні қазақ даласына қарсақ, қасқыр толып кеткен. Бұлар да осылай ауып келген. Кейбір жандықтар жақсы жерлерді әбден біліп алып, жаз қолайлы жерде жаз тұрады, қыс қолайлы жерде қыс тұрады. Жайлауы мен қыстауының арасында өмір бойы кешіп жүреді. Сондай жандықтар деп құстарды айтуға болады. Құстар қысқа қарай тоңбайтын, қар жаумайтын, тамақ табылатын жылы жаққа кетеді. Жазды күні тұруға қолайлы, салқындау жаққа ұшып келеді, жазы-қысы бір жерде тұратын құс болмайды. Құс біздің көшпелі адай сияқты. Құс жылына әрлі-берлі әлденеше мың шақырым жер ұшады. Жылдың қай кезінде, қай жерде тұру қолайлы екенін біледі. Ресейдегі жаз жүретін қарлығаштар, қысқа қарсы Мысырға ұшып кетеді. Мысырға адам осы күні бірнеше жұма жүріп барса, құс бірнеше ғана күнде жетеді. Қырда жүретін кекілді бозторғайлар, басқа уақ құстар да Мысырға ұшып кетеді. Көкқұтандар Мысырдың ар жағында бір мезгілдей жерге ұшып барады. Көкек, бұлбұл, бөдене, тырналар онан да әрі кетеді. Әр құстың жүретін жолы, қыстайтын, жайлайтын жерлері бар. Кейбіреулері қораланып, кейбіреулері үйір-үйір болып ұшады. Ұшулары да түрлі-түрлі. Кейбіреулері өте ұшқыр болады, мәселен, қарлығаш сағатына бір жүз отыз шақырым ұшады деседі. Лашын сағатына алпыс шақырым алады деседі. Кейбір құстар қайтқанда тіпті, демалмастан ұшып, бірден қыстайтын жеріне барып қонады. Мәселен, қайтқан тырналар қыстайтын жеріне жеткенше тоқтамастан ұшады. Кейбір ұша алмайтын құстар анда-санда демалып ұшады. Ұшуға олақ құстар күндіз ұшсам, ұшқыр, жыртқыш құс олжа қылып кетеді деп, бұғып отырып, түнде ұшады. Мәселен, ұшуға олақ оқпақ деген құс қайтқанда жорғалап жүреді я түнде ұшады. Жақсы жүзетін кегір сияқты құстар көбінесе, өзендер, теңіздермен жүзіп қайтады.
Ұшуға олақ, жүзе алмайтын құстарға жалпақ енді теңіздерден өту
тіпті қиын. Олар кейде кетіп бара жатқан кемелерге қонып, де-
малып кетеді. Дауыл күні теңізден өту құстарға өте ауыр тиеді,
қанатын талдырады, әлін құртады, алысқа адастырып айдап ке-
теді, қатты жел күні теңізге жақын ұшу қауіпті болады.
Кейбір құстар қатарланып, тізген түйе сияқты, бұрыштанып
ұшады. Мәселен, қараша қаздар солай ұшады. Олардың жолды
жақсы білетіндері алда отырып, балалары мен шешелері артта
отырады.
Кейбір құстар өте көп болып ұшады. Қазақ даласында қараша
өте көп болып ұшады. Басқа жерлерде онан да көп болып ұшатын
құстар бар. Ең көп болып қайтатын Америке көгершіндері. Бір
ағылшын айтады: Бір мезгілде жан-жақты, аспанды көгершін
қаптап кетті. 3 рет аспанда ұшқанда, бірінің астында бірі ұшып,
көк көрінбей тұтасып кетті. Сондай қалың көгершін бес сағат
ұшқанда барып сирей бастады. Сонда артта қалғандары үлкен-
үлкен топ болып өтіп жатты. Он сағат өткенде құс арылып болды
деп. Көгершіннің ұшқан ұзыны төрт жүз, ені он шақырымнан асу,
егер бір қабат болып ұшса, үш миллиардтай болар еді (үш милли-
ард деген біреу күн-түн қатып, біртіндеп санай бастаса, үш мил-
лиардты бір жүз он бес жылда шаққа санап бітірер еді). Міне, осы
құстардың бәрі де бір тамақ үшін, бір шыбын жанын сақтау үшін
ауады. Дүниеде қандай үлкен, нендей кішкене жандық болса да,
тек шыбын жанын сақтап, тамақ асырау үшін тырбаңдап тіршілік
қылады, амал жасайды.
КЕЙ ЖАНДЫҚТАРДЫҢ ҚЫСТЫ КҮНІ
ЖАН САҚТАУЫ
Қыбырлап жүрген жандыққа аштықтың істетпейтіні жоқ. Аш
жандық ерте ме, кеш пе өледі. Өлмес үшін шыбын жанын қайттап,
жандықтар түрлі амал, әдіс, іс жасайды. Суық та осал жау емес.
Суыққа шыдамай да түрлі жандықтар түрлі амал қылып, жанын
аман алып қалуға тырысады. Тамақ табу мен суықтан құтылу
оңай жұмыс емес. Көп жандықтар тұрмыстың тегеуірініне шы-
дамай құрып кетеді. Тұрмыста кім сыбағасын алып жерлік бол-
са, сол аман қалып, басқалар қырыла бермек. Сыбаға алып жеу-
ге ептілердің тұқымы ғана көбейіп өспек. Жанын сақтай алатын
жандық дүниеде өмір сүрмек. Адам тұрмысы да сол сықылды. Бұл
табиғаттың заңы.
Түрлі аңдар ауып, жақсы жаққа босып, жан сауғалайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетіп, қысты күні жанын аман алып қалады, бірақ жандықтардың бәрі аштықтан қашып, ауып жан сауғаламайды, қысы-жазы бір жерде тұрып та аштықтан, суықтан қорғанады. Денесі, тұрмысы, табиғаты бір жерде тұрып та күн көруге, аштықтан құтылуға дағдыланады. Бұл сықылды жандықтар қыс бастала бір ыңғайлы жер тауып алып, ұйықтап жатып, жазғытұры қайта оянады. Құрт-құмырсқа, маса, шыбын, тышқан, жарқанат, кірпі, аю сықылды жандықтар бір ыңғайлы орын яки ін тауып алып, күзгі салқын бастала кіріп, бүріседі де жатады. Мұны қазақ өледі деп түсінеді. Ол қате. Бұл жандықтар өлмейді, тек талмаусып, жүрегі соғып, қимылдамай, ұйықтаған сықылды болып жатады. Еуропаның Альпі деген тауларының суық басындағы кейбір суырлар сегіз ай жылына інінің түбінде талып жатады. Суырлар бұлай ұйықтайды. Қыс ұйықтауға арнап, шеберлеп, терең, ұзын ін қазады. Інінің аузын тар қылып, қысқа қарай пішен я шөппен бітеп тастайды. Інінің түбінде жатағы болады. Күз басталмай тұрып-ақ, жататын жеріне пішен төсейді. Шөпті тісімен қиып, күннің көзінде кептіріп, кіргізіп төсейді. Күзге қарай суыр семіреді, суық түсе ініне кіріп жата қалады. Бір інінде суырдың үйішімен болады. Жатар алдында іннің аузын бір құлаш жерге дейін саз, пішен, таспен бітейді. Жұмыс бітіріп алып, суырлар бірінің құйрығына бірі тұмсығын таяп, тығып ұйықтайды. Жазғытұры күн жылына суырлар ояна бастайды. Ең әуелі жасырақ және қуаттырағы тұрады. Ең соңынан қартайғандары мен күшсіздері тұрады. Жарыққа, шөп арасына, інге, үңгірге кіріп қысқа қарай жылан, кесіртке, бақалар да ұйықтайды. Бұлар жалғыз я көп болып жатады. Ор қазғанда ағаш түбірінің астында жыланның ұйықтап жатқан ордалары шыққан. Балықтар, бақалар анау-мынау суыққа тіпті өлмейді. Суық жақтарда кейбір өзен мен көлдер түбіне дейін қысты күні қатып қалады. Ішіндегі жандықтары да қатады. Жандықтардың әлсіздері қырылып, әлділері, тұрмысқа қолайлылары жазғытұры қайтадан тіріліп кетеді. Солармен бірге өлмей қалған балықтар мен бақалар да тіріледі. Міне, қысқа қарай ұйықтау көп жандықтардың жан сақтайтын бір әдісі. Ұйықтағанды көтере алмайтын әлсіздері қырылып қалады да, көтере алатындары тірі қалады. Әрине, өлген жоғалады, тіріден тұқым қалады. Бұлардың тұқымының ішінде де ең күштісі қалып, әлсізі өледі. Сонымен тұқым жаңарады. Дүниеде жанын сақтай алатындардың
өзі мен тұқымы ғана күн көре алады. Дүниеде өз тамағын өзі алып
жей алмайтын, жанын қорғай алмайтын жоқ бола береді.
Жандықтың тамақ алып жейтін, жан сақтайтын қасиеттері
түрліше болған соң, сол жан сақтайтын қасиеті мықтылары мен
молдары басқаларынан артық, асыл, жақсы, күшті болғаны.
АЛҒАШҚЫ АДАМДАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ
Күн шуақ, ауа жылы. Көк шөптің арасында кішкене өзен
бұраңдап, иіріліп ағып жатыр. Орман өзенге біресе төніп келіп,
біресе қашықтап кетіп тұр, бұтақтан бұтаққа секіріп, құстар ауа-
ны жаңғырықтырып ән салып жүр. Адамзаттың тұрған белгісі
білінбейді. Бір кезде уақ аңдар мен құстар үркіп, жасырына бас-
тады. Кешікпей орманнан алаңға келбеті келмеген екі жандық
шықты: аң деуге де келмейді, адам деуге де келмейді. Алаңға
шыққан соң бұлар аң емес, адам екені анық көрінді. Алдында қаба
сақал, дембелше еркек. Қолында бұтақты таяқ, артында қолына
баласын көтерген қатын. Бұлар – ең алғашқы адамдар.
Екеуінің де үстінде түк киім жоқ, тырдай жалаңаш. Күнге
күйіп, денесінің терісі қарайып кеткен. Табандары түйенің таба-
ны сияқты болып қалған: Тау, тас, тікен үстімен қалай болса со-
лай жүре береді. Шаштары үйісіп қалған дудардай, бел буарына
түседі.
Бұлар ертеңнен бері орманда тамақ іздеп қаңғырып жүр, бірақ
қолдарына әлі жартымды нәрсе түскен жоқ. Өзен жағасына келіп,
еркек қолындағы таяғымен бұтаның, шөптің арасын шұқылап
қаза бастады. Қатын емізулі баласын жерге қойып, өзен жиегінде
өліп жатқан бір балықты тауып алып келді. Су жағасына шығып
қалған бір ұзын таяқ сүйрете келді. Алып келген балықты бөліп
жеп, қатын мен еркек жерді қазып, шөптің тамырын, құрт, бақа-
шаян сықылдыларды тауып алып, кідірместен ауыздарына қағып
салып жеп жатыр. Кейбір шөптің тамырын аузына салып дәмін
татып, жемей, лақтырып тастайды. Бір кезде еркек бақырып, жер-
ді таяғымен жазыла беріп салып қалды да, үлкен бір жыланды
қолымен көтерді. Тісімен жыланды жұлқып-жұлқып айырып, бір
бөлігін өзі жеді де, қалғанын қатынының сыбағасына қойды. Жы-
ланды жеп бітті. Бұлардың бүгін желі оңынан тұрды: Еркек тағы
бірнеше кесіртке ұстап алды, қатын бұтаның арасынан жемістер
тауып алды. Ерлі зайыпты екі адам тамаққа әбден тойып алып, сол
жердің өзінде дем алып жатты. Шешесі балаға емшек берді. Қау
қасында жатыр. Тойған адамдар ұйықтап қалды.
Бұлардың еш нәрседен қапері жоқ. Кенеттен бәле кездесер де-
ген ой жоқ, бірақ бәле жақында: Аңдап басып орманнан жолбарыс
сықылды бір зор аң шықты. Аң ауаны иіскелеп, олжаның иісін
сезіп, қуанып, көзі оттай жайнап кетті. Жер бауырлап, ептеп ба-
сып, ұйықтап жатқан екі адамға таянды. Сол кезде еркекті біреу
түртіп жібергендей шошып оянып, аңды көріп айқайлап ұшып
түре келіп, жалма-жан таяғын ұстай алды. Аң атылды. Кісі жал-
тарып кетіп сойылмен аңның басына бірді қондырды. Аң таяқтың
ашуымен өкіріп жіберіп, қайта атылды. Бұл жолы аң дөп секір-
ді: Адам да, аң да жерге құлады. Адамның бақырғаны мен аңның
бақырғаны құлақты жарып барады. Кісі аңды тісімен тістеп,
қолымен жұлқылап, шыбын жанын аман алып қалуға аянбай жа-
тыр, бірақ күштері тең емес, аң жеңіп, адамды жей бастады.
Бұлар алысып-жұлысып жатқанда, әйел біраз жерге әлде-
қашан барып қалған. Бәленің басталу бойына Қатын баласын ба-
уырына қысып алып асты. Қалың ағашты құрт жеген үңгірі бар-
ды, бұл үңгір сол адамдардың қорғалайтын жері болатын. Бала-
сымен әйел келіп сонда жасырынып калды. Әлсіз жандықтарды
тамақ қылып жүрген еркекті, өзінен әлді жолбарыс кеп тамақ қып
кетті.
Міне, ең алғашқы адамдардың тұрмысы! Құрал жоқ, өлген
балық, уақ жандық, шөп, шөптің тамыры, жеміс – жейтін тамағы.
Оларда үрдіс табыла бермейді. От жағуды білмейді, қолға түскенін
шикідей жеп жүре береді. Құралы – жүйрік аяғы, мықты қолы мен
тісі. Тамақ бүгін бар да, ертең жоқ. Бір жағынан аштан өлмеске
тамақ табу керек, екінші жағынан күшті аңдардың тісіне түсіп кет-
песке сақ болу, қорғану керек. Тұрмыс қиын. Үсте үй, бойда киім
жоқ. Үй дегені – жардың, таудың үңгірі, ағаштың жапырағының
асты. Онда да үнемі тұрмайды. Киім дегені жапырақ, аң терісі.
Мұны да үрдіс жамылып жүрмейді. Сонымен бұрынғылардың
жамылғаны – жапырақ, төсенгені – топырақ деуге болады. Сол
кемшіліктердің ортасында өліп кетпеске айла табу керек. Кезкел-
ген жерде жүреді: Жер сенікі, менікі жоқ. Кезкелген аңды ұстап
жейді: Мал сенікі, менікі жоқ, тапқан-таянғанын тең бөліп жейді.
Мүлік менікі, сенікі жоқ. Ешкімде ауысқан нәрсе жоқ: Біреудің
еңбегін біреу жей алмайды. Бар нәрсе көпке ортақ, алғашқылар
тұрмысы – коммунизм тұрмысы.
АЛҒАШҚЫ АДАМДАРДЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ Бұл күнде құралдың түрі көп. Неше түрлі жақсы, жаман құралдарымыз мол. Ең жетілген құралдармен бұл күнде адам баласы көкке ұшады, су астында, үстінде жүзеді, пабриктерде (фабрика) түрлі машиналармен жұмыс қылады, неше мың шақырым жерге отарбамен бірнеше күнде барады. Бұл құралдарды адам баласы бірден ойлап тапқан жоқ, тұрмыс итеруімен бірте-бірте неше мың жылдар ішінде тапқан. Ең алғашқы адамдардың құралы, қаруы – аяғы, қолы, тісі. Қол қысқа, биіктегі жемісті үзіп ала алмайсың я анадай жердегі кетіп бара жатқан аңды соғып ала алмайсың. Таяқ ұстасаң қолың ұзаяды, соққы ұстайды. Міне, енді ең алғашқы құралдар шықты. Бұл қарулар бойға біткен қол-аяқ сықылды қарулардың жалғауы солардың ұзайғаны, солардың күшін арттырады. Тұрмыс қиын, тамақ та табу керек. Күшті аңдардан да қорғану керек. Күнде кәсіп қылмасаң болмайды. Енді әлгі құралдардың бір адам ол жерін, бір адам бұл жерін оңдап, олардың басын құрастырып, біріктіріп, тәуірірек құралдар шығарады. Соққымен аңның басына қойып қалып, басын айналдыруға болады, егер таяқтың басына өткір тас я сүйек байлап алса, бір жерін жаралауға, тілуге болады. Бұларды байластыруға жіп мол: Өлтірген аңдарының тарамысы тарам-тарам таспа сықылды, шөптердің талы жіп болады. Үлкендігіне, ұзындығына қарай байластырған құралдары найза, балта я пышақ болады. * * * Әуелгі кезде жабайылар тас, сүйектің ыңғайлысын іздеп тауып, соңынан өздері қолдан оңдап та алады. Бір тасты бір тасқа қайраса, ұшы жұқарып, балта, пышақ, найзаның ұшы болады. Имек сүйектер қармақ, ұшты жіңішке сүйектер біз, ине болады, бірақ бұлармен де қашықтағы аңды өлтіруге болмайды: Қанша айтқанмен, алысқа лақтыруға кісінің қары жетпейді. Енді біртебірте жақ шығады. Жақтың басын тарамыс сияқты шөпті есіп, жіп байлауға қиын емес. Жақпен алыстағы аңды да атып түсіруге болады. Әлгі біз, инелермен аңның терісін көктеп, киім қылуға болады. Құрал аз да болса да түзелейін деді. Шалдар, қатын, балалар жеңілірек жұмыс қылып, шөптің тамырын я жеміс тереді. Еркектер аңға шығады. Жұмыс бөлісуінің түрі осы. Өзен, балықты көл бар жерде балық аулайды. Балық аулайтын құралының түрі имек сүйек, шыбықтардан тоқыған ау.
Темірден құрал жасау түгіл, жер үстінде темір барын да біл-
мейді. Қайдан білсін. Темір терең жер астында жатады. Жер ас-
тында не барын білсін. Өзі тамаққа жарымай, өмір бойы қарнын
тойғызуда жүрген кісі, жер астында не бар екен деп қазып жата
ма? Оған уақыты бар ма? Тамақ іздеуден қолы босап, қарны
тойса демалады, ұйықтайды. Ұйқыдан тұра тағы тамақ іздейді.
Зәуімен темір затын тапса, оны ерітіп, іс соғатын оты әзір тұра
ма? Тамағын шикі жейді. Әр нәрсені салыстырып ойлап отыруға
тамақ іздеуден қолы тимейді: Жабайылардың ақылы аз, ойы доғал
болмасқа немене?
* * *
Ірі аңды жабылып ұстамаса, жалғыз-жарым кісінің әлі кел-
мейді. Ор қазып, қамалап барып, таспен ұрып, соғып алады да,
бөліседі. Жабайы болсаң да, бірігіп, қоғам болып тұрмасқа амалың
жоқ.
Ең ерте замандағы адамдардың қайғысы – тек тамақ табу, зи-
янды, күшті аңнан қорғану. Тамақ іздеп жүріп, амалсыз әр нәрсені
көріп, ысылады, әдіс алады, айла табады, аңның, ауаның жайын
біледі, алыстан көргіш көзі қырағы, шамасынша қуса жетіп, қашса
құтылатын аяғы, жұмысқа үйренген күшті қолы болады. Міне, осы
қасиеттері алғашқы адамдарға жәрдем береді, бұлардың арасында
әлі адамды адам құл қылу жоқ. Адам – табиғаттың құлы.
Қатынас жоқ. Бір қоғам мен бір қоғам ит өлген жерге жаяу
қыдырып қатынассын ба? Көлік жоқ. Жолда жүрген жолбарыс
сияқты аң олжалап та кетеді.
Бұларды тас дәуірінің адамы дейді. Неге десеңіз, бұлар әлі
темірден құрал істеуге жеткен жоқ.
Осы күнгі ең маданиятты Англия, Пырансие (Франция), Гер-
мание (Германия), Ресей сықылды жерлерден жер астынан тас
құралдар тауып алады. Бұлар бұрын жер үстінде қалып, бірте-
бірте құм басып қалған. Бұларды кім алып келіп тастаған: Еш-
кім алып келіп тастаған емес. Сол жерде бұрын тұрған халықтың
құралдары. Олай болса, осы күні маданияты жоғары тұрған
Еуропаның елі де бұрын жабайы болған, тас дәуірін басынан
өткізген. Түрік-монғолдар да бұрын сондай болған. Сондай
құралдар қазақ жерінің астынан да табылады, бұлар музейлерде
сақтаулы.
Сондай нашар тұрмыс бірте-бірте жылжып, неше мың жыл-
дарда осы күнгі басқышына мінген.
ЗИРЕКТІК Екі жолаушы келе жатса алдынан бір адам қарсы шығып: «Бейсеует жүрген түйе көздеріңе түспеді ме?», – деп жарлайды. Жолаушының біреуі: – «Түйеңнің оң көзі соқыр ма еді?», – дейді. Жаршы: – «Ие», – деп басын изейді. Екінші жолаушы: – «Түйеңнің сол жақ артқы аяғы ақсақ па еді», – деп сұрайды. Жаршы: – «Дұрыс, сол жақ артқы аяғының ақсағы бар еді», – дейді. Сонан соң әуелгі жолаушы: – «Түйеңнің құйрығы шолақ па еді?» – деп сұрайды. Жоқшы: – «Ие, құйрығы шолақ», – деп асығып жауап береді де, ол түйені қайда көрдіңдер деп сұрай бастайды. Жолаушы: – Көргеніміз жоқ, – дейді. – Көрмесеңдер түйемнің белгісін қайдан білдіңдер, сендер түйемді ұрладыңдар ма, – деп жата жабысады. Жолаушылар: – «Ау, жаным, денің сау ма, түйеңді ұрламақ түгіл, көргеніміз де жоқ», – дейді. Жоқшы бұл жауапқа қанағаттанбай, үшеуі бір биге келіп жүгінеді. Би сұрастыра келе: – «Ұрламасаңдар, көрмесеңдер, ол түйенің белгілерін көрген кісідей және анықтап, байқап көрген кісідей қайдан білдіңдер?» – дейді. Жолаушылар: – «Біз ұры емеспіз, мал баққан, малмен көзіміз шыққан шаруаның баласымыз. Сондықтан білдік, біз тоғышар емеспіз» – деп жауап береді. – «Қалай білдіңдер?» – деп, би қайта сұрайды. Жолаушылар: – «Түйенің оң көзі соқыр ма еді? – дегеніміз, түйесі бара жатып ылғи жолдың сол жағындағы шөпті шалып жепті, оң жақтағы шөпті жемейді, артқы сол аяғының ақсақтығын білгеніміз: тұрып оттаған жерінде түйесі артқы сол аяғын көтеріп тұрыпты, түйесінің шолақ екенін білгеніміз: құмалақ тастағанда, алысқа жіберіпті, шолақ түйенің құмалағы алысқа түседі, құйрықты түйе құмалағын алысқа тастай алмайды», – депті. СЕЗІМ Кісі көзімен көреді, құлағымен естиді, мұрнымен иіскейді, тілімен татып, қолымен сипайды. Бір кісінің көзі жақсы көрсе, екінші кісінің көзі нашар көреді. Біреу саққұлақ, біреудің құлағы мүкіс. Біреудің сезімі күшті, қиырдан иіс мұрнына сап ете қалады. Біреу шіріген етті мұрнына тақап тұрып иіскесе де, ешнәрсе сез-
бейді. Біреу сипалап, көрмесе де, не нәрсе екенін біледі. Біреу сипағанмен дәнеме сезбейді, қағазды ағаштан айыра алмайды. Біреу тілінің ұшына тигізер-тигізбестен дәмді айыра қояды, біреу жұтып салса да, ащы мен тұщыны айыра алмайды. Сол сықылды, әр аңның да әр сезімі күшті болады, бірақ адамнан гөрі қай аңның болса да сезімі күштірек. Адам бір нәрсені білгісі келсе, қолына алып қарайды, дауысын тыңдайды, кейде иіскеп дәмін де татады, көбінесе адам нәрсені сипап біледі. Енді аңды алалық. Аңның қайсысы болса да нәрсені иіскеу керек. Жылқы, сиыр, қасқыр, ит, аюлар нәрсені иіскемей тұрып біле алмайды. Жылқы қорықса, жақсырақ иісін алу үшін пысқырып, мұрнын тазартып алады, әбден иісін алып болғанша, жылқы үрке береді. Ит иесінің ізімен жүгіріп келе жатып, өзін көрсе танымай қорқып үре бастайды, қашан иіскелеп танысқанша үргенін қоймайды. Сиыр туысқандарын қасапшы қырып жатқанын көре тұрып, құрбандардың өкірген дауысын есіте тұрып, не істеліп жатқанын түсінбейді, бірақ сиыр қаны төгілген жердің үстінен шығып, иіскелеп, түсінді дегенше сиыр өкіріп аяғымен құм шаша бастайды, ол жерден сиырды қуып шығара алмайсың. Бір шалдың кемпірі ауырып қалып, сиырын өзі саууға барған. Сиыр пысқырып, бәйбішесі емес екенін біліп иімеген. Сонда бәйбіше байының басына орамал тартып, үстіне ішігін киіп баруға ақыл берген. Сиыр иіп қоя берген. Шал ілгегін ағытып жібергенде, сиыр иіскелеп тағы да мелшиіп иімей қалған. Аң иттері аң қуғанда өмірде ізбен жүгірмейді, жиырма қадамдай іздің бір бүйірін ала жүгіреді. Жаңа аңға шыққандар ізге саламын деп иттің тұмсығын ізге тигізсе, ит қарғып шығып кетеді. Үйткені іздің иісі иттің мұрнын жарып кете жаздайды да, аңның қалай кеткенін айыра алмайды. Ізден қашықтау кеткен соң иістің дені қай жақта екенін сезіп, ит аңның қалай кеткенін біледі. Иттің мұнысы – біздің құлағымыздың үстіне келіп дабырлап сөйлегенде, қашығырақ барып тыңдап, не айтып тұрғанын түсінетініміз сияқты. Ит бірін-бірі біліп, біріне-бірі иіспен хабар береді. Бәрінен де құрт-құмырсқалардың сезімі нәзік болады. Ара тіп тіке керек гүліне ұшып барады. Құрт өзіне керек жапыраққа қана барып жорғалайды. Қандала, бүрге, масалар адамды қандаланың неше жүз мың қадамындай жерден сезеді. Л.Н. Толстой
ЖАНДЫҚТЫҢ АШАРШЫЛЫҚПЕН АЛЫСУЫ Кейбір хайуандар ашаршылықтан, суықтан, ыссыдан, шөлден бір жаққа ауып кетеді. Жер астына, болмаса, тиімді жерге қорғалап жатып ұйықтап құтылады, бірақ хайуанның бәрінің денесі де жаманшылық кезде талып жатып күтіп, жақсылық кезде жер үстінде тұратын болып дағдыланбаған. Талып жатып жақсы уақытта ғана түрегелу – ең оңай жұмыс. Қоныстан ауып кету мұнан гөрі қиынырақ. Бәрінен де қиыны – тұрған жеріңде қозғалмай өмір сүріп, тұрмысыңды дұрыстау. Суық пен аштықтан құтылу үшін хайуанның бәрі де жұмыс істеу керек. Жұмыс істегенде де қандай істеу керек? Міне, осы жұмысқа жәндіктің өмірі қалмастан тұтасынан кетеді. Түрлі жандықтар түрліше, қолынан келгенінше жұмыс қылады. Құс қанаты, тұмсығы, аяғымен жұмыс қылады. Маймылдар төрт қолы түгіл, құйрығын да жұмысқа салады. Жыландар барлық денесін жұмысқа қосады, бүтін денесімен олжасын орап алып қысып өлтіреді. Қысқасы, кімнің денесі қалай дағдыланса, сол солай жұмыс қылады. Кей жандықтар шөп жей алмайды. Үйткені тісі шөпті шайнай алмайды. Кей жандықтар ет жей алмайды, кейбіреулері кез келген нәрсені талғамай соғады. Қай тамақты болса да тауып алу керек. Тамақты таба беруге де болмайды, үйткені, әрбір түйір тамаққа талапкер көп. Бір түйір тамаққа жан-жақтан ауыз аңдап тұрады: Біреуі жеп қойса, басқаларына аз қалады. Сонымен барлық хайуандар тыным таппай тамақ іздеу жабдығында, әрқайсысы керек тамағын іздейді. Үлкен де, кіші де, аң да, құс та, жылан, шаян да, балық та, құрт-құмырсқа да, қоңыз да, былқылдақ та, нелер де, – қысқасы, жер үстіндегі барлық жанды нәрселердің бәрі де тыным таппай, сеңдей соғылысып, жұмыс қылуда. Әр аңның тамақ табатын әдісі, әдеті бар. Бұл жұмысқа жалғыз күштен басқа ақыл да, айла да, сақтық та, дағды да, шеберлік те керек. Әсіресе, бұл қасиеттер ет жейтін, басқа хайуандарды тамақ қылатын жандықтарға керек. Әр аңның әлденеше басқа хайуандардан жауы бар. Олжа қылып, жұтқыныма салам деп қоянды қасқыр да, түлкі де, ит те, мысық та, бүркіт те, үкі де, қарға да, құзғын да, қаршыға да, сауысқан да аулайды. Үлкен маралдың өз алдына жаулары бар. Қасқыр, жолбарыс, аю көбінесе малды қысты күні қар қалың кезде өлтіреді. Аю маралдың ордасына жақындап, бағып жатып, аңқау біреуі шетке шықты дегенше бас салады. Бәрінен де, маралға жолбарыс – бәле.
Ағаш бұтағында жанымнан марал қашан өтеді деп күтіп отырғаны,
марал өте бергенде атып барып ұстап, күре тамырын қиып жібе-
реді. Жаны шыққанша сорлы маралдан қан атқып жатқаны. Сон-
да барып жолбарыс маралдың өлген денесінің үстінде тойын
тойлайды. Бұғының артынан қасқыр күзетіп жүреді. Шұбарша
тышқандардың артынан құс, аң сықылды жаулары бағып жүреді.
Қоңыз екеш қоңызға шейін шұбаршаның шіріген денесінің
үстіне мініп алып, асап-асап жейді. Бірақ қоңыздардың да жауы
бар. Ол жауы – құс. Қоңыз жеп жатқан құсты сасық күзен сықылды
жаулары аулайды. Бірін-бірі аулап жеу – үзілмейді, таусылмайды.
Н. Рубакиннен
ҚАРҒА МЕН ТҮЛКІ
Бір түйір ірімшікті тауып алып,
Ағашқа Қарға қонды ұшып барып.
Тоқ санап ірімшікті көңіліне:
Жей қоймай отыр еді ойға қалып.
Қашаннан белгілі аңқау ала қарға!
Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма?
Шығатын шығасыға болып себеп,
Ағашты Түлкі залым аралар ма!
Тістеген ірімшігін түлкі көріп,
Аяғын ептеп басып, жақын келіп:
– «Уһ» – деді, – көретін де күн бар екен!
Жүруші ем, сырттан ғашық болып өліп.
Тамаша қарағанға түрің қандай!
Мынау көз! Мынау мойын! Мұрын қандай
Гауһардай қанаттарың жарқырайды,
Келісті қалай біткен жаңа маңдай!
Көркемдік сипатыңнан табылғанда,
Дауысың да болса керек шырын, балдай!
Көптен-ақ дабысыңды есітсемде,
Болған соң келе алмадым жерім шалғай.
Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден:
Сұлу деп мақтаған соң әркім көрген.
«Халық айтса қалып айтпайды» деген рас,
Арман жоқ жанда сені көріп өлген!
Көркіңді бітіре алман жазып хатқа,
Я сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа.
Мен қайран, нағып патша қоймаған деп
Дауысың да сипатыңдай болған шақта.
Нұрыңды күн секілді көріп тұрмын,
Шыдамай, бойым балқып еріп тұрмын,
Даусыңды тым болмаса бір шығаршы,
Естуге құмар болып өліп тұрмын!
Мәз болып, мақтанға насаттанып,
Қайтпасын деп ойлады сағы сынып.
Алыстан арып-ашып іздеп келген,
Байғұстың кетсін деді көңілі тынып.
Өтірік мақтағанға Қарға еріп,
«Қарқ!» етті пәрменінше жағын керіп
Ірімшік қарқ еткенде жерге түсіп,
Жеп алып, Түлкі кетті жортып, желіп.
ҚАСҚЫР МЕН ҚОЗЫ
Бұлаққа су ішуге келді Қозы,
Жанында серігі жоқ, жалғыз өзі.
«Бөрі жоқ десең шығар бөрік астынан»,
Бәле мен қаза алыс па, келсе кезі,
Қаңғырған тамақ іздеп бір аш бөрі,
Қозыға жетіп келді жайнап көзі.
Жемекке кінә қойып сол арада,
Жала ғып, міне Қасқыр айтқан сөзі:
– Сен Қозы! Текке қарап жүре алмайсың,
«Соқтықпа», – маған десем тіл алмайсың.
Мойныңды қазір жұлып алайын ба?
Суымды неге былғап лайлайсың?
Қозы айтты: – Қасқыр тақсыр, тоқта азырақ!
Тергеңіз кінәм болса, әділ бірақ
Ізіңіз жатқан жерден төмен келіп,
Іштім мен жүз қадамдай қашығырақ.
Бұл жерден ең аз болса бір жүз қадам,
Мүмкін бе лайлауға осы арадан?!
Сіз түгіл өзгеге жоқ қиянатым,
Не шара, жеткен болса бүгін қазам!
– Бекер ме? – Қасқыр айтты: – менің сөзім?
Білесің жалғаншы деп кімді өзің?
Әкеңді алдыңдағы танымайсың
Балам, сен байқап қара, ашып көзің
Осындай сөздер мені күйдіреді,
Десем де шыдайын-ақ етіп төзім,
Есімнен өле-өлгенше кете қалмас
Былтырғы осы арада сөккен сөзің!
– Кезек бер, біразырақ сөзге тақсыр!
Келемін жарты жасқа күзге тақсыр!
– Жаралып дүниеге биыл келсем,
– Тиемін былтыр нағып сізге, тақсыр!
– Ол әне, сен болмасаң, сенің ағаң,
Ойларың мені жоймақ келсе шамаң.
Ит болсын, қойшың болсын, қожаң болсын,
Жауыздық ойлайсыңдар бәрің маған!
– Нансаңыз, ағам да жоқ, інім де жоқ,
Уа ғайыры, нашарлықтан мінім де жоқ.
Нақақтан, мені Тақсыр, күйдіресіз,
Жауыздық сізге ойлаған күнім де жоқ.
– Ол саған әлде күйеу, әлде құда?
Сүймейді қой атаулы мені жүдә?
Иә бөлең, иә жиенің, иә нағашың
Әйтеуір саған ұқсас еді о да.
Қой заты талай жәбір берді маған,
Соларын мен де істеймін енді саған.
Кегімді қойдан алмай кімнен алам?
Тауыспа, о деп, бұ деп сөзді оған,
– Тақсыр-ай! Еш жазығым жоқ қой менің!
Жәбір ғой біреу үшін күйдіргенің
–Үндеме, жетер! қазір пұрсатым жоқ,
–Тұруға ақ, қараңды тергеп сенің.
Алыпсың жаман әдет қарсыласып,
– Сенімен тұрам ба, енді мылжыңдасып!
– Айтайын білгің келсе қозым саған –
Кінәң сол – жегім кеп тұр қарным ашып.
Шошиды Қозы байғұс құлқын танып,
Құтылар білгенменен онан нағып?
Болсын ба, Қозы жұмыс Қасекеңе,
Жөнелді иығына салып алып.
ЖАНДЫҚТЫҢ ЖАУЫНАН ҚОРҒАНУЫ
Жандықтар тек тамақ іздеп тапқанымен, жанын сақтай алмай-
ды. Әр жандықтың түрлі жауы бар. Солардан сақтану, қорғану
керек. Қазақтың «жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме
– бөрік астында» дегені жандықтар тұрмысына дөп келеді. Маса-
ны көлбақа жейді, көлбақаны көкқұтан жейді, көкқұтанды адам
атып алады. Қойды қасқыр тартады, қасқырды арыстан сияқты
күшті аң өлтіреді, арыстанды адам ұстап алады, адамды қара құрт
шағып өлтіреді. Міне, жандық тұрмысында тек тамақ тауып, жан
сақтаудан басқа, толып жатқан жаудан қорғанып та жан сақтау ке-
рек.
Түрлі аң жаудан өзін-өзі түрлі ретпен қорғайды. Кейбіреулері
жауға қарсы тұрады, кейбіреулері қашып құтылады, кейбіреулері
білінбей құтылады, ешбір жандық тегіннен тегін өлгісі келмейді.
Жазды күні қоян ор, қысты күні қардай ақ. Ор түсі жазғы
шөптен, ақ түсі қысқы қардан көрінбейді, жауы байқамайды. Тоғай
кесірткесі жасыл, қыр кесірткесі сұрғылт. Жасыл кесіртке көк
тоғайда, сұрғылт кесіртке боздың арасында жауына көрінбейді,
білінбейді.
Сәл мезгілде түрлі түске кіретін «қамелен» (хамелеон) деген
кесіртке бар. Түлкі жаудан айласымен, кірпі жаудан найзасымен
құтылады. Киік сықылды аңдар жүйрік аяғымен, сиыр сықылды
аңдар мүйізімен құтылады. Кейбіреулері қырағы көзімен, кей-
біреулері саққұлағымен, кейбіреулері күшті тұяғымен жаудан
құтылады.
Кейбір аңдардың жаудан, қауіп-қатерден қорғанатын айрықша
құралдары болады. Қазақ даласында осырақ қоңыз деген бір
жандық бар. Өзі кішкене, алысса, жұлысса жаудан жеңіледі,
қашып құтылуға жүйрік емес, шағуды білмейді. Біреу тиді деген-
ше, әлгі қоңыз сасық иісін жібереді. Маңындағы адамның бәрін
қашырады. Сырын білген кісі осырақ қоңызға тимейді. Аме-
рикеде (Америка) кішкентай ғана бір әдеміше аң болады. Бойы
мысықтан сәл биігірек, тырнағы, тісі өткір емес. Мұндай кіш-
кене аңнан қорқудың жөні жоқ сықылды, бірақ бұл аңнан адам
да, басқа аңдар да қорқады, өзі қорықпайды. Адам қасына келсе
де кетпейді. Сол әдеміше аңның атын жұрт «сасықша» қойған.
Сасықшаның құйрығының түбінде айырықша қалталары болады,
сол қалталарынан өте сасық суын шашып келіп жібереді. Жаудан
қорғанатын жалғыз құралы сол. Әлгі жаман иіске аңдар да шыдап
тұра алмайды. Бір жолаушы айтады: «Бір күні қораның ортасын-
да, ашық ауада түнеуіме тура келді. Түнде қораға сасықша келді.
Қорада сойылған қой жатыр еді. Ит көріп сасықшаны қуып жі-
береді. Бір мезгілде қораның ішінде сасық иіс келіп шығып еді,
тұншығып өліп кетемін бе деп қорықтым. Сиырлар да мөңірей
бастады» деп. Сасық суын бүркіп жіберген иттерді бірнеше күн
қораға жолатуға болмайды.
Мұхиттарда былқылдақ денелі каракатитса (каракатица) деген
жәндік болады. Каракатитсаның денесінде қара бояу толтырған
қалталары болады. Жаудан қашарда каракатитса әлгі қалтасынан
бояуын шашып жібереді. Су қап-қара болып кетеді. Қара суда ка-
ракатитса көрінбей, жауынан құтылып кетеді.
Кей жандықтар бірігіп, қосылып, күш біріктіріп жаудан қор-
ғанады. Бір жандықтар әлсіз, нашар болса да, топтанып, күшті жау-
ларынан құтылады. «Көп қорқытады, терең батырады» деген мақал
бар. Көптің қолынан қандай ауыр жұмыстар да келеді. Сиыр жуас
мал, бірақ қасқыр тисе, ірі сиырлар мүйіздерін сыртқа шығарып,
ортасына уақтарын алып айнала тұра қалады. Қасқырдан алдыр-
май, жұлдырмай аман құтылады, кейде қасқырды мүйіздерімен
жаншып өлтіреді. Америкеде «бизон» деген жабайы сиырлар бар.
Қасқырдың иісін сезсе, бұзауларын ортасына алып, айнала тұра
қалады. Сиырлар басын сыртқа шығарып, мүйіздерін ілгері қосып
тұрады. Қасқыр жолай алмайды. Аңшылар айтады: Жабайы
шошқалар да торайларын ортасына алып, басын сыртқа шығарып,
қасқыр келсе иіріліп тұра қалады. Қасқыр айналасында ториды.
Қалай іліп кетсем екен деп жүргенде, шошқа тісімен қасқырдың
ішін жарып жібереді деп. Жылқылар да бірігіп қасқырдан
құтылады. Қазақ жылқысында да қасқыр алатын айғырлар бола-
ды. Құстар да бірігіп, жаудан қорғанады. Теңіз қарлығаштары жи-
налып, топ жасап алып «теңізші» деген құсқа шабуыл жасайды.
Теңізші көбінесе басқаларды талаумен күн көреді. Қарлығаштарды
да талап кететін кезі болады, бірақ қарлығаштарды қашан да болса
талап кетуге болмайды. Уақ қарлығаштар да елдік қылып, жаудан
қорғанады. Көп болып жиналып алып, қарлығаштар теңізшінің
үстіне төніп, соғыс шығарады. Көп қарлығашқа әлі келмейтін
болған соң, басы-көзі сау тұрғанда, теңізші ұшып қашып кетеді.
Күш біріктіріп жаудан қорғанатын жандық тіпті көп. Адам да
жандықтың бір түрі. Күшті жауды жеңу үшін адам баласына да күш
қосып бірікпесе болмайды. Жандықтың, адамның күн көретін, жан
сақтайтын нәрсесіне кім қол сұқса, кім тартып күшпен алса, сол
жау. Еңбекшілдердің еңбегінен өнген нәрселерді зорлықпен ала-
мын деп қол сұғатындар болады. Олар еңбексіз жататын байлар,
капиталшылар. Сиырдың жауы – қасқыр болса, еңбекшілдердің жауы – капиталшылар. Бұл жауларынан құтылу үшін еңбекшілдер де күш біріктіреді. Ресейдегі барлық еңбекшілдердің күші біріккен соң, ата жауы капиталшыларды 1917 жылы жойып жіберді. Жер жүзінің еңбекшілдері күш қосып, иінтіресіп жауға аттанса, бүтін жер жүзіндегі капитал тұрмысы жойылмақ. Күш бірлікте: Жаудан қорғану я жауды жеңу үшін бірлік керек. ҚАМЕЛЕУІН 15 (қазақшаға аударушы – Қыр баласы) Күн ыстық. Қала базары. Дүкен ашық. Алушы жоқ. Саудагерлер қалғысып отыр. Базарда тіленшілер де көрінбейді. Палитсия (полиция) надзирателі Ошумелов базар жағалап келе жатыр. Барымталап алған бір шелек қарақатты көтеріп, қасында жандарм келеді. – Ұстаңдар! Жіберме! Сен оңбаған, қабатын немесің ғой! – деген дауыс Ошумеловтың құлағына тиді. Қыңсылаған ит, кіжінген кісінің дауысы шыққан жерге, көзді ашып жұмғанша, ұйқыдан оянған дүкеншілер, отыннан қайтқан кісілер топтанып калды. – Бұл немене, тақсыр! Жанжал болып қалды ма екен? – деді жандарм Ошумелов сол жағына бұрыла басып, топқа қарай тартты. Жиылған топқа бір шала мас адам қолын көрсетіп тұр: – «Қолға түстің, тонамай жібермеймін», – деген түрі бетінен көрініп тұр. Бұл кісі Ошумеловке таныс зергер Қырукин деген екен. Топ ортасында қалтырап, дірілдеп, бір сарала күшік жатыр. Ошумелов топты жарып кіріп келіп: – «Бұ не? Кім айқайлады?», – деді. – Тақсыр, мен келе жатыр едім, мына күшік қолымды қауып алғаны. Мен бір жеті істен қаламын, зиянымды төлесін. Күшіктен жәбір көріп, зиян тартсын деген заң жоқ. Күшік қаба берсе, бүйтіп көрген күнің құрсын? – деді Қырукин. – Жарайды, бұл өзі кімнің иті екен, а! Итті бос ұстау қалай екенін көрсетемін. Үкімет жарлығын орнына келтірмегенде, әкесін танытармын! Барса келмеске жіберемін, айып салам! Елдерин әкім, айыпты кім екенін біл, иесін тап, пратакол жаса: кім біледі, бұл құтырған ит шығар, қазір итті өлтір! Айтыңдаршы, бұл өзі кімнің иті! – деді Ошумелов. 15 Қамелеуін – азғын кесіртке. Қорыкқанда ісіп, кеуіп, қысқарып ұзарып, көгеріп, қызарып құбылады. Айнымалы, құбылғыш адамды да орыс қамелеуін дейді (А.Байтұрсынұлының түсініктемесі). Қамелеуін – хамелеон.
Біреу тұрып: – «Мен білсем, бұл жанарал Жигалов иті болса керек», – деді. – Жанарал Жигалов дей ме? Уп! Елдерин, жеңім тартшы! Терлеп, пысынап кеттім ғой. Күн қандай ыстық. Қайтер екен, жаңбыр жауар ма екен. Мен әлі түсінсем не дейсің! Бұл күшік сені қалай қапты? Күшік құрттай, сен еңгезердейсің, күшік аузы сенің қолыңа қалай жетті? Өз қолыңды озің қанатып, нәресте күшікке жала жауып, ақша алғың келді ме? Мен білемін, сендей залымның ойын, – деп Қырукинге Ошумелов жекіре бастады. Біреу тұрып: – «Қырукин оңбаған кісі, күшікті папируспен тұмсыққа түртіп ырылдатты, күшік ыза болып қолын қауып алды» – деді. – Өтірік айтып, былшылдама, соқыр! Айтқаны судай өтірік. Сен тіпті көргенің де жоқ. Тақсыр, өзі біледі, кім өтірік айтпайтынын. Мен өтірік айтсам содия (судья) табар. Содияның қолында законы бар. Бұл күнде кісінің бәрі құрдас... білгілерің келсе, менің өз ағам да жандарм қызметінде. – Үніңді өшір! – деп Қырукинге Ошумелов ақыра бергенде, – Жоқ! Бұл жанарал күшігі емес, жанаралда мұндай күшік жоқ. Жанарал итінің бөрі тазы, – деді жандарм Елдерин. –Анық білесің бе? – Анық, тақсыр... – Мен өзім де білемін, жанарал итінің бөрі тазы. Мынау бір жаман күшік қой! Не жүн, не кескін жоқ. Осындай итті жанарал ұстаушы ме еді? Осы сендердің ақылдарың қайда кеткен? Бұл я Петрбор, я Мәскеуде көзге түссе, не болатынын білесіңдер ме? Қырукин, сен бұл істі түптемей, дерексіз тастама! Итін бос жіберетін мырзаларды үйрету керек, – деді Ошумелов. Сүй деген кезде жандарм тұрып: – Ит бетінде жазу бар ма? Кім біледі, жанарал күшігі болса, болып та қалар: Жанарал қорасында осы күшікті көрген сияқты едім, – деді. – Әрине, солай! Бұл күшік, рас, жанаралдікі, – деді топ ішінде біреу. – Ишша! Жел соғып кетті ғой. Тоңайын дедім... Шенелімді әкелші, киейін. Елдерин, сен күшікті жанаралға апар, сұра! Мен тауып алып жіберді дегейсің... Енді орамға шыға көрмесін. Бұл күшік қымбат ит шығар. Кез-келген шошқа папируспен тұмсыққа түртсе, нәресте шырағыма жәбір болар... Сен қайтадан қолыңды көтерме, өзің айыптысың... – Ие! Жанарал қазаншысы келеді екен, сонан сұрайық... – Ей, пирақор, бері келші: мына күшік сендердікі ме?
– Тапқан екенсіңдер! Бізде бұл сияқты ит өмірде болып көрген
жоқ, – деді пирақор.
– Мұны сұраудың керегі жоқ, бұл қаңғыбас, бұралқы күшік енді
көп сөйлесіп, бас қатыру не керек. Мен қаңғыбас десем, қаңғыбас
болады да қояды, жылдам өлтіру керек, – деді Ошумелов.
– Бұл біздің ит емес, жанаралдың ағасының күшігі, – деді
қазаншы.
– А! Жанарал ағасы, Владимир Иваныш келіп пе еді? Мен біл-
генім жоқ еді. Қонаққа келді ме? Апыр-мау, мен білсемші мұны,
– деді Ошумелов төре.
– Ие, қонаққа...
– Япырмай, жарықтық, туысқанын сағынған ғой. Мен тіпті
білгенім жоқ деді. Мынау сүп-сүйкімді, үріп ауызға салғандай
нәресте жанаралдың ағасынікі ме? Тіпті жақсы болды. Қуанып
қалдым ғой! Қандай әп-әдемі күшік! Ап-ап деп мына біреудің
қолын тістеп алыпты. Аузыңнан-ау, сенің!, Ха-ха-ха! Күшігім-
күшігім, шырағым, неге қалтырайсың? Ешкім тимейді, қорықпа,
ырылдама қарағым! Қандай сүйкімді, – деді Ошумелов төре.
Пирақор күшікті ертіп жөнелді. Қырукин топқа күлкі болып
қала берді.
– Мен саған көрсетермін! – деп Қырукинге жекіріп, қарін тігіп,
Ошумелов төре жөніне кетті.
А.П.Шеқов.
АДАМ ОТ ЖАҒУДЫ ҚАЛАЙ ҮЙРЕНГЕН
Орманды аралап, жеміс шөптің тамырын, аң іздеп төрт-бес
аңшы жабайы – алғашқы адамдар келеді. Ауа ашық, күн тынық,
жып-жылы. Бір кезде қара бұлт көтеріліп шығып, дауыл тұрып,
күн күркіреп, найзағай ойнай бастады. Күн жауды. Жалаңаш адам-
дар бір үлкен ағаштың жапырағының астына барып қорғалады.
Күн құлақты жарғандай шарт ете қалып, анадай жерге бір ескі
қу ағаштың үстіне жай түсті. Ағаш бытырлап жана бастады.
Жел көтеріп, жалынын маңындағы ағаштарға лақтырып тастады.
Үлкен өрт басталды. Аңдар ағаштан сыртқа қаша бастады. Құстар
қапалақтап, шулап жоғары көтеріліп ұша бастады. Орман іші
құстың шуылдағаны, аңның ұлығаны, маймылдың жылағанымен
у-шу болды. Жалаңаш адамдарға да қорқу кірді. Оттан аулаққа
қашып жөнелді.
Бір күні жабайылар үлкен бір аңды ұстап алып, алаңда бөліп
жеп жатқанында, дауыл тұрып кетіп найзағай ойнап, шарт етіп,
қашығырақ жерге жай түсті. Жер өртене бастады. Түтін ұлғайды,
жалын күшейді, алыста болса да қызудың лебі алып барады.
Сыбағаларын қолтықтап, жалаңаш адамдар тағы аулаққа қаша
бастады.
* * *
Мұның бәрі ұмытылып кетті. Бір күні ағаш жағалап әлгі
жабайылар жай түсіп өртеп кеткен күйіктің үстінен шықты.
Дағдарысты. Қашуға ойланды. Сол кезде күйік ортасында өліп
жатқан бір аңға көзі түсті. Барып алуға қорқысты, алмайын
десе тамақ керек. Біраз одырайып тұрысты. Ішінен естірек біре-
уі суырылып шықты. Күйіктің үстін басып, күйіп қалған аңға
қарай жүрді. Ол аман-сау жеткен кезде, басқалары да алдыңғы
жолдасының соңынан баруға ойланды. Аңды сойып, бөлісуге
айналды. Етін жеп қараса, тіске жүмсақ, тілге дәмді, шикі еттен
артық. Тойып алып аңшылар тағы ілгері күйіктің үстінен басып
жүре берді. Әр жерден еңкейіп жеміс теріп алады. Жеміс өртпен
пісіп қалған. Дәмі ауызды үйіріп барады. Әр жерде күл астында
қызарып күйген ағаштан қалған шоқ жатыр, онымен адамдардың
ісі жоқ. Айлар, жылдар өтті. Жалаңаш адамдар талай рет өртенген
жерде пісіп қалған тәтті жемісті, аңды алып жеді. Күл астында
жатқан шоқты көрді. Тоңып келе жатқанда қасынан өтсе жылы
лебі келеді. Адамға бірақ тимейді. Зияны жоқ. Жылуы сүйкімді.
Пісіріп тастаған жемістері мен аңдарының еті дәмді. Шоқпен әлгі
жабайылардың ісі жоқ.
Бір күні сондай жаңа өртенген жердің үстіне шықты. Күн суық.
Жалаңаш адамдар тоңайын деді. Сонда тұрып ішінде ақсақалдау
біреуі шөпшек жинап алып, сөнбей бықсып жатқан шаланың
үстіне салып еді, от жанды. Жалаңаштар жылынып, мәз болды,
күлісті, рахаттанды, секірісті, қуанады.
Жылынып болған соң, жалаңаштар бір шала жанған келдек-
ті сөндірмей, үйдегі қатын, балаларына ала қайтты. Жолда келе
жатып, бұлар бір борсық соғып алды. Бүгін бұлардың дүниеге
жаңадан жаратылған сықылды бақытты күн болды. Үйіне от ала
қайтты, тамақ та тауып қайтты. Келсе, қатын, балалары үңгірде
суыққа тоңып, бүрісіп, жаурап, аңшылар қашан келер екен деп
күтіп отыр.
Алыстан жақындағаннан-ақ, аңшылар шат болып қайтқанын
білдіріп, секіріп, дауыстап, қуаныш белгісін білдіре бастады. Уақ
балалары жүгіріп алдынан шықты. Қатындары да қарсы шықты.
Оттан қатын, бала әуелі қорқайын деді. Үлкендер айтып
түсіндірген соң, бұлар да қуанысып, секіріп, күліп, мәз-майрам
болды. Бұларға еркек те қосылып, қайтадан қуанысты. Бірінен
соң бірі жаңа туған баладай қолына алып көтеріп қарап, қуанумен
отты үйлеріне алып келісті. Қатындар жүгіріп жүріп шөпшек тер-
ді. Алып келіп от тұтандырып жағып, жылынып, масайрасты. Етке
тойып, отқа жылынып, түнімен адамдар ойнап-күліп, той қылып
шықты. Жатарда отты күлге көміп бастырып қойып, ертең тұра
тағы жақты. Жалаңаштар отқа қожа болды.
Отты сөндірмейді, көміп қояды, сөніп қалса қайта тұтандыра
алмаймыз деп қорқып, күндіз ересектері аңға, жеміс тере кет-
кенде, балаға отты күзеттіріп кетеді. Әрі-беріден соң жабайылар
отқа тамақ пісіріп жейтін болды. Күндіз адамды жейтін зиянды
аң көрсе, отты түнімен жағып қояды. Оттан аңның қашқандарын
талай көргендері бар. Бұрын аң таусылса да, жылы жерде тұратын
суық жерге тоңамыз деп қорқып, іздеп бармайтын жабайылар,
жылынатын оты болған соң, аңның соңымен салқын жаққа да
көшіп кететін болды.
Адамның оттан көрмеген игілігі болмады. Аспаннан түскен
отты адам сақтауға үйренді, бірақ сөніп қалса, әлі жаға алмайды.
ОТ СӨНДІ
От күзеттіріп кеткен аш баланың құлағына қатты өкірген дау-
ыс келді. Батыл бала қолына тас балтасын ұстап, далаға жүгіріп
шыға келсе, мұз үстімен жаралы, қаны сорғалап «мамұнт» кетіп
барады екен (мамұнт – бұрын болған үлкен піл сияқты хайуан).
Үңгірге қайтып келгенде бала жүрек шошырлық бір зор бәленің
болғанын бірден-ақ сезеді: от сөніп қалған. Күл әлі жып-жылы,
бала бар күшін салып күлді үрлесе де, еңбегі зая кетті. Тым бол-
маса бір шоқ та тұтанбады. Қандай бәле болғанын бала түсінді.
Уақыт қыс. Адамдар отсыз қатып қалады. Отсыз жабайы аңдар да
кез-келген мезгілде жеп кетуге кәдік. Бала өзіне жаза болатынын
сезді, баланы күзетіп отырған отыңды сөндірдің деп өлтіреді.
Туысқандары мейірімсіз, аңшы аң аулап жүріп, аямай өлтіре бе-
руге еті өліп кеткен. Үрдіс аңшылық оларды мейірімсіз, тасбауыр
қылып үйреткен. Олардың әрқайсысы қиын тәжірибе, тұрмыстың
ауыр сабағын алып дағдыланған: ешқайсысы кінәлі балаға ара
түспейді. Бала қашуға бел байлады. Үңгірмен қоштасарда бала
тас құралдарын ала шықты. Тас құрал байлықтың барып тұрған
жері. Тас құралмен адам аңға шығады, ет кеседі, сүйек шағып,
майын сорады, ағаштан бұтақ кесіп алады, отын шабады, жара-
ды, шөптің тамырын қазып алады, басқа құралдарының сабын
жонады. Тас балта, тас балғасы болса, кісі бақыттымын дейді,
олар болмаса өледі.
* * *
Бала орманға келді. Келсе, алаңда туысқандары тамақ жеп жа-
тыр, аңшылар үйге қайтып келе жатыр екен, жанында бір бұғы,
бір шошқа олжасы бар. Алаңда алдарынан қатын, балалары
қарсы шығып, ас жеуге кіріскен. Аш адамдар тас пышақпен ет
кесіп, жапырып асап жеп, сүйек шағып сорып жатыр. Үсті-бас-
тары лас-ақ. Жуыну деген үрдісінде жоқ. Шаштары дуда-дуда,
тайпиған аласа маңдайлары бар, күштілігі түрлерінен көрініп
тұр. Мынау сақал мұртын қырау басқан шалың кім? Баланың
өмірде көрген шалы емес. Бұл аңшыларға қосылған шал. Үй, киім
жоқ, туысқандарымның бір қатары өлді. Бірсыдырғыларын жау
тұтқынға алып кетті, жалғыз тұру қиын, кезкелген аң өлтіріп ке-
тер деп келдім, дейді шал.
Шал көп жасаған, көп көрген, көп естіген, көп біледі. Бұл шал
білігімен аңшыларға пайда алып келтіреді. Соның үшін аңшылар
ішіне кіргізіп алған аш бала туысқандарының жегеніне қарап отыр.
Ақырында аштық баяғы қорқынышты ұмыттырды, аңшылардан ет
сұрады. «Отың қайда?», – деп аңшылар баладан сүрады. «Сөнді»,
– деді бала. Жұрт ішін бір-ақ тартты. Су сепкендей тым-тырыс.
Жұрт тегіс жеуді қойды. От сөнсе, қырылдық деп ойлады. Бір мез-
гілде бәрі бір ауыздан: «Өлсін, бала!» деп шу ете түсті. Тек шал
мазасызданған жоқ. Шу басылғанда, шал: «Баланы өлтірмеңдер,
мен от жағуды білемін, от тұтатып берейін», – деді. Бәрі үңгірге
жүрді. Шал ортасында шұқыры бар бір келдек алып, шұқырға таяқ
тығып, айналдыра бастады. Қатты ысқылағаннан ағаш қызып,
түтеп, от шықты. Жұрттың бәрі қуанғанынан айқайлап жіберді.
Ешкім бұлай оңай от шығады деп ойлаған емес. Бала тірі қалды.
Шал баланы, бала шалды жақсы көретін болды.
Шал сүгірет (сурет) салуды тәуір көретін, балаға мамұнт (ма-
монт) сүйегіне аю сүгіретін салып үйретті, жақ атуды, шақпақ
тастан найза, оқтың ұшын жасауды, тас балта, тас балға істеуді,
балық аулауды, құрт, жылан іздеуді үйретті. Шал мен бала бірігіп
тамақ пісіретін болды. Мес, қарын ішіне тамақ салып асады. Мес-
ке салып тамақ пісіруге шеберлік керек. Месті отқа жақын ұстасаң
жанып кетеді, алыс ұстасаң суы жылынбайды, ет піспейді. Олар
қалай пісіреді? Уақ тас жинап алып, отқа тастап қызартады да,
қызарған тасты ішіне ет пен су салған меске тастайды, су қайнап,
тамақ піседі. Бірақ піскенмен сорпа қандай лас! Таспен бірге сорпаға бірталай күл түседі. Бұл қай жерде болды деп ойлайсыңдар? Қашан болды деп ойлайсыңдар? Мұндай нәрселер мұхит ортасындағы жабайылар арасында ғана болады деп ойламаңдар. Мұндай тұрмыс бұрын осы күнгі маданиятты Еуропада болған. Осы күні Еуропада жер астынан сол тас-құралдарды тауып алады. Үңгірлерден ыдысаяқтарын, киімдерін, мал сүйектерін, оттың күлін тауып алады. Салған сүгіреттерін қазып алады. Үстін басып қалған жердің қалындығына қарай қанша жыл өткенін де біледі. Қанша жыл өткенін бұл күнде тіпті анық біледі. Бір жерде көп тұрып, белгілеп тұра берсең, сол жердің үстіне шаң, топырақ түсіп, беті өседі. Сол өскеніне қарай он жылда, жүз жылда, мың жылда қанша қалыңдайтын біледі. Мәселен, бір жерде жылына жер кітаптың қалыңдығындай өссе, екі мың бір жүз жылда бір аршын өседі. Міне, осылай жер астындағы нәрселердің қай уақытта қалғанын біледі. Тас дәуірі Еуропаның басынан өткеніне көп заман болды. Ағашты ағашқа ысып от шығару да әлдеқашан болған. Ол кезде жазу жоқ. Міне, осы айтып отырған заманымызды ғылымда «тариқтан бұрынғы заман» дейді. МАЛ АСЫРАУ ҚАЛАЙ ШЫҚҚАН Балалар жазды күні киіктің құралайын, қасқырдың бөлтірігін, түлкінің күшігін, қаздың көгілдірін, үйректің балапанын асырайды. Тамақ беріп бағады, солармен ойнайды, көңілін көтереді, мойнына, аяғына жіп тағып жетелеп жүреді, өскен соң керек болса үлкендер сояды. Бұрынғылар әуелі хайуан ұстап бағуға да осы жолмен жеткен. Аңшылар аңның енесін ұстайды. Жас баласы соңынан ереді. Сүйтіп аңның жас баласын үйіне алып келеді. Үйінде басқа тірі аңның еті бар, етіне бола жас хайуанды келу бойына соймаса да, үй іші ашығатын емес. Жас хайуанды тірі қоя тұруға болады: балалар ойнар дейді. Балалар жас аңмен ойнап, шөп жұлып беріп асырап күтеді. Жастайынан хайуан қолға үйренеді. Балалар ойнап жүрген ермегіне үлкендер тимейді. Жаз жас хайуанға көк шөп жұлып береді, қыс қу шөп береді, аң баласы өседі. Кісіге елігеді. Қол бала болады. Үй маңында жүретін болады. Ал енді қысаңшылық жыл болады. Аңға барғандар бос қайтады. Жеміс, шөп тамыры аз. Адамдар ашыға бастайды. Енді
қолда өскен аңның етін керек ететін кезі болды. Оны сойып, етін
жейді.
Істің басталуы қиын. Басталса, арты жөнделе береді. Әуелі
мал асырау да сол сияқты. Аңды асырап, мал қылу аңшылықтай
емес. Аңшылықта бүгін аң ұстасаң, ертең ұстай алмай қалуға
кәдік, аш қалуың мүмкін. Сол аңды қолда бақса, екінші әңгіме.
Даладағы аңды ұста, ұстама бәрібір тамақ қолда. Ертеңгіні ойлап
қорықпайсың.
Сонымен адам хайуанды қолға ұстап баға бастайды. Қолға
үйреткен хайуанды мал дейміз. Мәселен, қолдағы жылқыны – мал
дейміз, жабайы жылқы – құланды – аң дейміз. Қолдағы қойды
– мал дейміз, жабайы қойды – арқарды – аң дейміз.
* * *
Бірақ кез-келген анды қолға үйретіп алуға, мал қылуға бол-
майды. Мәселен, қасқыр, аю сияқты аңды қолға үйрете алмайсың.
Қолға үйретуге келмейтін аң көп. Оқымыстар санап шығарған:
құс және хайуандардың барлық 140 мың аталығының ішінен осы
күнге шейін болғаны 50 түрлі ғана атасының ұлын адам қолға
үйретіпті.
Оның есесіне кейбір хайуандар адамға пайдалы да, қолға тез
үйренгіш те, қолда тұрып өсіп өне береді. Оларды адамдар тек
тамақ беріп, жауынан қорғаса болады.
«Жеріне қарай құланы, суына қарай жыланы». Әр жердің айу-
аны әртүрлі. Соның үшін әртүрлі жерде тұрған адамдар әртүрлі
хайуан ұстаған. Қолға үйретерлік хайуаны жоқ жерде ел амалсыз
мал бағудан құр қалған. Мәселен, Америке (Америка) жылқы
баққалы тек 400 жыл шамасы болды.
Америкеде бұрын жылқы болмаған соң, халқы баға алмаған.
Жылқы Еуропадан кемемен алып барған соң ғана Америке-
де жылқы асырай бастаған. Қолайлы жайылым болмаса да, мал
бағуға болмайды. Мәселен, қалың орман ішінде, саз батпақ орта-
сында, шөлде мал бағуға келмейді. Америкеде, Аустралияда (Авс-
тралия) иттен басқа малы жоқ халықтар әлі бар.
Ит оларға аң аулауға жәрдем береді.
* * *
Неше жылдар өткен соң, мал кебейеді. Бір кезде аңшы
аңшылығын тастап, тек мал бағуға кіріседі.
Сонымен бұрынғы аңшылар бірте-бірте енді мал шаруасына
айналады.
Қай халықтың арғы аталары болса да, мал бағу дәуіріне міне,
осылай бірте-бірте түскен. Қазақ қашан аңшылықты тастап мал
асырағаны белгісіз, бірақ өте ерте замандарда қазақ мал бағады
екен.
Мал бағуға аңшылықтан гөрі жер де аз кетеді. Ғылым ай-
туынша бір аңшыға керек жерде он мал бағушы тұра алады. За-
ман ілгерілеген сайын ел көбейе береді, бірақ жер көбеймейді.
Сондықтан қонысы тарылады. Қоныс тарылса жерден өнетін
тамақ аңшының сыбағасына аз тиеді. Мал бағу аңшылықтан көп
пайдалы. Ел көбейген сайын аңшы мал бағуға кіріспеске амалы
жоқ. Болмаса аштан өліп қалады.
Мал бағу шыққаны адам баласына үлкен ырыс болды. Малға
мініп, алыс жерге жолаушы жүреді. Ел бірімен бірі араласып,
бірінің жақсы ісін бірі көріп танысып, үйінде де сол жақсы істі
істейді. Мал бақса, қолда тамақ әзір. Ертең не күйге түсемін деп
қорықпайды. Шаруашылық орнықтырақ болады. Күн-түн қатып
тамақ іздеп адам кезіп жүрмейді. Бос уақыты қалып, тұрмысын
жақсылауға, ойлауға, үйренуге қолы босайды.
ҚҰЛ ҰСТАЙТЫН ҚҰМЫРСҚА,
МАЛ БАҒАТЫН ҚҰМЫРСҚА
Жандықтар арасында тамақ үшін соғыс өте көп болады.
Құмырсқалар да басқалардан жауынгерлік жағынан қалыс-
пайды. Адам сияқты құмырсқалар соғыстарының да түрлі себеп-
тері болады.
Құмырсқалар жерге таласып соғысып, қырылысып қалады.
Құмырсқалар илеуінің маңындағы шөптің, астықтың дәнін қиып
алып ініне жинайды. Жақын жерден басқа құмырсқалар келіп
жаңадан илеу салса, тұрған халық жаңа көршілерін астыққа ортақ
болар деп жаратпайды. Жаңа салынған илеуге аттанып барып
төбелес шығарады. Соғыста екі жағынан да көп құмырсқалар
қырылып қалады.
Егінші құмырсқалардың егіп қойған астығын басқа құмырс-
қалар ұрлап, орып алып кетейін деп келсе де қатты, қанды соғыс
басталады.
Кейбір құмырсқалардың кәсібі – басқаларды талау, соғыста
қолына құл түсіріп алып, жұмысқа салу болады.
Құмырсқалардың түсі, денесінің жаратылысы, тұлғасы түрліше
болады. Солардың ішінде қып-қызыл қан сияқты бір тұқымы бар.
Міне, осы қан түсті құмырсқалар құл иеленеді. Бұлар әуелі басқа
тұқымдардың илеуіне баршы жібереді. Баршы илеудің есік-тесігін
біліп қайтқан соң, илеуінің төбесіне жиылысып, құмырсқалар
кеңес құрғандай болады. Біразырақтан соң ішіндегі соғысшыларын
шұбыртып алып шығып, жорыққа аттанады. Соғысқа келе жатқан
құмырсқа әскер сияқтанып, қатар-қатар болып, әлденеше мың
болып шығады. Төніп келгенде бұлардың алдынан басқа илеудің
соғысшылары шығып төбелес басталады.
Балаларын құлдыққа оңай бере қоймайды. Кейде аттанып
келгендердің илеуіне кіріп құрт сықылды балаларын ауыздары-
на тістеп алып қайтып құлдарына тапсырады. Құлдары бөтен
құмырсқалардың баласын асырап-сақтайды. Өскен соң жаудан
алып келген балаларды қожалары құлдыққа салады. Кейде атта-
нып келген құмырсқалар жауының илеуін қамап, қоршап жата-
ды. Мәселен, әскердің қамалды қамағаны тәрізді қамап жатып,
артынан келетін әскерлерін күтіп алады. Жауын шығармайды.
Жауын сыртқа баласын ауызға тістетіп шығармайды. Баласын
жолда тартып алып қалады. Баласыздарын қоя береді. Илеуге ба-
ласын тастап, жаулары қашып біткенде илеуге кіріп, балаларын
құлдыққа алып кетеді. Құмырсқаның құлдары да болады. Дамыл-
сыз жұмыс қылып, қожаларын асырайды. Олардың балаларын
тәрбиелейді. Кейбіреулері құлдарын жарыққа шығармай, жер
астындағы жұмысқа салады. Көшкенде ауыздарына тістеп алып
жүреді.
Кейбір құмырсқалар мыңдап құл ұстайды. Қожалары жұмысты
аз істеп, құлдарының ертеден кешке дейін жұмыстан қолы бо-
самайды. Бұлардың байы мен қатыны тіпті жұмыс қылмайды.
Соғысшылары тек соғысуды біледі. Жұмыстың бәрін құлдары
тындырады. Құл ұстайтын құмырсқалар патша үкіметінің алпа-
уыттары сияқты: өздері илеуін де сала алмайды. Балаларын да
асырай алмайды. Көшкен кезінде қожалары қонысты да қарап
таба алмайды, қоныстың жайын білмейді. Қолайлы қоныс қарап
табатын құлдары болады. Көшкенде құлдары қожаларын аузына
тістеп көтеріп жүреді. Кейбір құл иеленуші құмырсқалар өздері
аузына тамақ алып жеуді де білмейді. Қожалары мен құлдарынан
бөліп, алдарына өздерінің сүйетін балын салып қойсаң, әзір бал-
ды жей алмай аштан өледі. Бұлардың жағының дағдылануы солай
– шағуға келеді, шаюы келмейді. Соның үшін бұлар тек құлдары
аузына салған тамақты ғана жұтады.
Қожалары басқалардың жәрдемінсіз я ішу, я жеу дегенді білмей-
ді, бірақ төбелеске оң қолдай болады: жағы шағуға жаттыққан бо-
лады. Құлдарына әбден сеніп кетіп, бұлар илеу жасаудан да, тамақ
жеуден де, баласын тәрбиелеуден де құр қалған. Ол жұмыстардың
бәрі де қолынан келмейді. Басқалар істеп бермесе өліп қалады.
Тиісті жұмысын атқарып тұрмаса, дененің қай мүшесі болса
да, істен шығып қалуы, құруы табиғаттың заңы.
АЛҒАШҚЫ АДАМДАРДА ЕГІН ЕГУ ҚАЛАЙ
БАСТАЛҒАН
Бұрын адам баласы аң аулаған, басқа кәсіпті білмеген. Аң аулау
деп жеміс, шөптің тамырын жинауды да айтуға болады. Бұлардың
бәрін табиғат өзі әзірлеп ұсынып тұрған нәрсе. Адам тек әзір
нәрсені алып жеген.
Ерте заманда мал бағу шыққанын білеміз. Сол ерте заманда
егін салу да шыққан. Ойламаңдар, егін салуды адам баласы бір
күнде, бір айда я бір жылда үйрене қойған шығар деп. Жоқ, неше
жүз жылдар өткенде адам баласы бірте-бірте егін салуға үйреніп,
егінді кәсіп екен деп таныған.
Егіннің түбі бұрынғы жеміс пен шөптің дәнін жинаудан
шыққан. Аңшыларша қыдырма болғанмен, белгілі бір жердің
ішінде жүреді. «Ер көрмеймін деген жерін үш көреді, ат баспан
деген жерін үш басады». Бұрын бір жеміс теріп, дәнін алып кет-
кен жерге біраз мезгіл өткен соң қайта оралып келеді. Жабайылар
бұрын дымын қалдырмай, жеміс пен дәнін алып кеткен өсімдігінің
басында қайтадан жеміс-дән тап болғанын көреді. Тағы да бір
заманнан соң айналып соққанда тағы жеміс-дән өсіп қалғанын
көреді. Сонан дәнігіп, жабайылар, бұрынғы адамдар әлгі жерге
мерзімді кезінде келіп, жеміс-дән жинап алуға дағдыланады.
* * *
Қазақтың көшкен жұртында, қатынның тамыр қайнатқан жер
ошағының басында төгілген тарыдан, я бидайдан я басқа бір
астықтан келесі жылы астық шығып тұрғанын көреміз. Әсіресе
ондай астықтар сабаншылардың отырған жұртында көп шығады.
Бұрынғылардың отырған жұртында өз бетімен, зәуімен төгілген
жейтін жабайы шөптің дәні болады. Өз бетімен ешкім екпей-ақ,
шөп шығып, басына дән бітеді. Жұрттың орнында адам, мал көп
жүреді. Аяғымен жаман шөбін таптайды, кейде тамырын қиып,
жерді босаңсытып кетеді. Міне, бұл айдалған жер сықылды өскен
дән мұнда жақсы өнеді. Адам қайтып келсе, жұртында дән өсіп
тұрғанын көреді, алып жейді. Көп заман мұны адам баласы астық
болады екен, егін салу деген бар екен деп ойламай жүреді, бірақ
әлгідей тұқымы зәуімен шашылып шыққан жеміс-дән шыға
қалса, алып жейді. Ашыққан кезінде әлгіндей мерзімді жер-
де өсетін жемісті арнап барып жейді. Жеміс жегенде (жеміс деп
астық дәнін айтуға да болады) біразырағы жерге де түсіп қалады,
тағы өнеді. Бұрынғылар таптаған, басқа керексіз шөп араласпаған
жұрт сықылды жерде төгілген жеміс жақсырақ болып шығатынын
біраздан соң аңғарып, жейтін жеміс шығатын жерді кетерінде та-
зартып кетеді. Еркектердің аң аулаудан қолы тимейді. Жерді бала
бағып, үй айналасында қалатын әрине, әйел тазартады. Міне, бұл
егін салудың басы («Егінші құмырсқалар» деген мақаланы қара).
Сонымен, ең әуелі егін сала бастаған әйел болады.
Жылы жақта шөп тез шығады. Сондықтан ең әуелі егіншілік
жылы жақта басталды деп ұйғарысады. Әрине, жерінің түгіне
қарай біткен жабайы астықты еге бастайды. Қолда, жерде жоқты
еге алмайды. Америкеде көпке шейін жүгері егіп жүрген. Еуропа-
да көпке шейін арпа мен тары егіп жүрген. Жейтін жабайы шөпті
егіп, өсіріп үйретсе астық болады. Біз білеміз, қолдан егетін жуа
барын да, жабайы жуа барын да, құмда жабайы кешір барын,
бақшада қолға үйренген кешір барын да, жабайы бидай барын
да, егісте қолға үйренген бидай барын да. Мәселен, осы күнге
шейін жауын мол жыл Ырғыз үйезінің әр жерінде жабайы бидай
шығады. Сондай жабайы бидай өмірде адам қонбаған, айдалмаған
жапан далада 1922 жылы жазды күні Ырғыз үйезінде көп шықты.
Бірте-бірте жабайы астық айналасындағы жаман шөптерді
жұлып қана қоймай, адам баласы қолдан еге бастайды, бірақ ойла-
маңдар, осы күнгі сықылды еге бастаған екен деп. Жоқ.
Ең алғашқы жер жыртатын құрал – ұштаған таяқ болған. Жерді
таяқ ұшымен шұқыр қылады да, ішіне астықтың тұқымын тастап,
бетін жасырады. Осы күнге шейін Априкеде (Африка) астықты
осылай егетін жабайылар бар. Бұл егін салу да қатынның жұмысы
болған. Еркектер алыстан аң іздеп кезіп кетеді. Үйде баланың
қасында қалған әйел қарап отырмай, таяқпен шұқып егін салады.
Бері келе таяқтың басына көлденең тағы ағаш байлайды. Бұл
енді шот сияқты болды. Таяқпен шұқып жатқаннан да өткір шот-
пен шауып-шауып, тұқым шашқан оңай. Осы күні бақшашылар
қазақ даласында шотпен шауып бақша айдайды ғой, бірақ
бұрынғылардың шоты темірден емес. Бері келе ағаш шотты
үлкейтіп, соқаға айналдырған. Соқа бұрынғы таяқтан шыққанын
аты да көрсетеді: славян халқының тілінде соқа таяқ деген сөз.
Біздің заманымызда машина сабанмен егін айдайды. Сол маши-
на сабанымыз таяқтан шыққан. Бұған түсінбеген кісі нанар ма?
Ағаш соқаның қылышын, түренін темірден де қылатынын білеміз.
Ұстайтын жерін де темірден қыла бастайды. Жеңіл болсын деп
темір соқаны тегермешке мінгізеді. Бұл темір сабан емей немене?
Сонымен бұрынғы ата-бабамыздың жабайы күніндегі таяқ әйел
қолына түскен соң соқа, соқадан сабан болып кеткен.
* * *
Бұрынғылар егін салғанмен бір жерде отырмаған, егін піс-
кенше аңшылар аңы бар жаққа көшіп кетеді. Мал бағушы шаруа
жайылым іздеп көшіп кетеді. Егін піскен әзірде ғана отырып, орып
алып, тағы көшеді. Егін әлі кәсіптің негізі емес. Я аңшылыққа,
я мал баққан шаруашылыққа қосымша сеп болған. Жер тары-
лып, ашаршылық болғанда егін салуды күшейте-күшейте, ел
отырықшылыққа айналып, егін салады. Егін басқа кәсіптің негізі
болады. Ресей, Қытай сықылды халық осы күні тегісінен егінші.
Әрине, кез-келген жерге егін салуға болмайды, қолайлы жерге
ғана салуға болады. Өзен бойы өзен тасығанда егін шығаратын
лай тосап қалған жерлерде, қара топырақты жерлерде егін салуға
болады. Соның үшін егіншілікке жұрт сондай өзендер бойында,
қара топырақты жерлерде айналысып, сол жақсы жерлерге оты-
рып қалған.
Мал бағуға кең жайылым, тау арасындағы алаптардың көк
орай шөбі керек. Сондықтан тау, жайылымды жазық даладағы ел-
дер мал бағып жүрген.
Бұл адамның кәсібіне табиғат жағдайының беретін әсерін
көрсетеді.
ЕГІНШІ ҚҰМЫРСҚА МЕН БАҚШАШЫ ҚҰМЫРСҚА
Ісінің бәрін кәдімгі егінші сияқты жүргізетін, жер айдап егін
орып, пішен шабатын, тозған жерін тыйландыратын, ілгергі
қиыншылық күндерін ойлап, қор жинайтын жандықтар бар. Осы
істерге әсіресе, құмырсқалар шебер болады.
Құмырсқаны жұрттың бәрі біледі. Құмырсқалар илеуде тұрады.
Кейбір илеуде үлкен қаланың адамының санындай, неше мыңдап
құмырсқа болады. Бір илеуде әлденеше түрлі құмырсқалар тұ-
рады. Олардың ішінде ерлі-зайыптысы болады. Бұларының
жұмысы – тұқым көбейту. Сол илеуде тұрғандарының бір қатары
жұмысшы болады. Жұмысшыларының денесінің жаратылысы
бір басқа: жұмыртқа салып, көбеюге олардың қолынан келмей-
ді, олардың жұмысы – илеу жасау, жүк тасу, ерлі-зайыптыларын
асырау, жұмыртқа мен балаларын күту. Сонымен үй қызметінің бәрі жұмысшылар мойынында болады. Құмырсқалардың кейбір тұқымдарында «соғысшылары» да болады. Соғысшыларының денесінің бітісі бір түрлі, еркек, ұрғашы жұмысшыларына олар ұқсамайды, жағымен жауларын шымшуға, шағуға, жыртып тастауға қолынан келеді. Соғысшылардың ісі – илеуді қорғау. Сүйтіп илеудегі құмырсқалар жұмысына қарай үш түрлі болады: ерлі-зайыпты, жұмысшы және соғысшы. Бұлардың денесінің жаратылысы да, қызметтері де басқа-басқа. Істің көбі жұмысшыларының мойнында. Құмырсқаның кейбір тұқымдарының жұмысшылары егін салады. Құмырсқаның бір тұқымын соның үшін егіншілер деп атайды. Егінші құмырсқалар Америке мен Еуропаның жылы жерлерінде тұрады. Егінші құмырсқалар ұясын жер астынан салады. Ұяларын салуы өте шебер, тамаша: ішінде түрлі есіктері, ауыздары толып жатқан бөлмелері болады. Бөлмелері бірінің үстінде бірі тұрады. Ең төменгі бөлмесі кейде жер астында бір жарым таяқ тереңдігіндей орында болады. Кейбір бөлмелеріне астық жинайды, астықтың дәнін көп еңбек қылып, өздері жинап алады. Жұмысшылары дән іздеп кейде алыстағы орманға, тоғайға барады. Дән тасуға, жүруге ыңғайлы болсын деп құмырсқалар шөп арасында жол салып алады: шөпті қиып, жолдың жиегіне тастайды. Жолдарын таза ұстайды. Жолына шөп шықса құмырсқалар дереу қиып алып тастайды. Жол илеуге құлатады. Илеу үстінде үлкен киіз үйдің орнындай жерді жұмысшылары отап, қырман сияқты тазартып қояды. Тақырын тазартпақ түгіл тегістеп қояды. Бұл тазартылған жерге де шөп шығармайды, бірақ тек бір шөпке ғана тимейді. Бұл шөптің аты – құмырсқа күріш. Құмырсқа күріш ылғи тақырдың жиегінде өседі. Құмырсқаның егетін шөбі – міне, осы күріш шөп. Бұл шөп арасына басқа шөп араласып шығайын десе, құмырсқалар алып тастап, піскен соң күріш шөптің дәнін жинап алады. Барлық түскен астығын баяғы қоймаларына алып барып, жинап қояды. Кейбір көрген кісілер айтады: күрішін құмырсқалардың өзі себеді деп. Қысқасы, бұл құмырсқалардың өзінің егіні бар, егіннің оратын мезгілі бар. Жалғыз құмырсқа күрішімен місе тұтпай, бұлар қоймаларына түрлі шөптердің де дәнін жинайды. Бір көрген кісі айтады: «Құмырсқалар дәнді жинайтынын білгім келіп, илеудің жанына жерге ұзындығы он бүршіктей астықтың басын шаныштым. Сол сағатта-ақ, құмырсқалар басына шығып дәнін жинай бастады. Бір басқа яки онан да асу құмырсқа жиналып жұмыс
қылды. Дәнін қиып жерге түсіре берді, жердегілерді қағып алып
қоймасына таси берді, құмырсқалардың дәннің өзі жерге түсер
деп күтпей, орып жинай бастағанына таң қалдым», – деп.
Қоймада жатқан дәндерін екінші құмырсқалар өте қатты күтеді.
Дән дымқыл тартып, көгеріп, өсіп кетпесін деп қорқады. Дымқыл
тартқан дәнді құмырсқалар сыртқа күнге шығарып, кептіріп ала-
ды. Оңтүстік Америкеде бұлардан да гөрі тамаша құмырсқалар
тұрады. Бұларды жапырақ қиюшы құмырсқалар деп атайды. Бұлар
топтанып, ағаштың басына шығып, әрқайсысы бір жапырақты
таңдап үстіне отырып алып, жағымен үлкен бір шетін қия бастай-
ды. Қиылған жапырақ тап қайшымен кескендей болады. Қиылған
жапырақты аузына тістеп, көп еңбекпен құмырсқа жерге алып түседі.
«Құмырсқаның бұл жұмысына қарасаң таң қаласың. Ұясына бірінің
артынан бірі шұбырып қайтқанда, жүгін басының үстіне тіке ұстап
жүреді», – дейді бір көрген адам. Илеуіне жеткенде бұлардың ал-
дынан жұмыскер құмырсқалар қарсы шығады.
Жұмыскерлері илеуден қашық кетпейді, жапыраққа бармайды.
Бойлары аласалау жұмыскерлердің өз алдына кызметі бар: бұлар
кірешілерінен жапырақты алып қалып, уақ қылып турайды да,
ініндегі қоймаларына алып кетеді. Бәрінен тамашасы сол: жинаған
жапырақтарын құмырсқалар жемейді, қоймаларында жапырақты
жайып қояды. Жапырақта бір саңырауқұлақтар өседі. Міне, осы
саңырауқұлақты ғана құмырсқалар жейді.
* * *
Құмырсқалар әлгі өздеріне тамаққа керек саңырауқұлақ өсетін
ғана жапырақтарды жинайды. Бұл жапырақтар кез-келген ағашта
болмайды, құмырсқалар сол жапырақты қандай ағаштан қиып алу
керек екенін түсінеді.
Құмырсқалар әлгі саңырауқұлақтарын өте жақсы күтеді:
тұрған жерін өте ылғалды қылмайды я өте суық та қылмайды.
Саңырауқұлақ еккен бөлмелерінің ауасын жаңғыртып тұрады.
Оның үшін әлгі бөлмелерден таза ауаға бұлық шығарады. Дымқыл
күні бұлықты мықтап бекітіп тастайды. Илеуіне құмырсқалар
өмірде сулы, ылғал жапырақ кіргізбейді. Жапырақ тасып келе
жатқанда жолда жауынға ұрынса, илеуінің алдына құмырсқалар
жапырақтарын үйіп қояды, күн көзі шыққанда жайып, кептіріп
алады. Қысқасы, бұл құмырсқалар кәдімгі жақсы бақшашы сияқты
жұмыс қылады.
Н.Рубакин
САТЕМІР
Сатемір жеті жасар күнінде анасынан жетім қалыпты. Күндерде
бір күн Сатемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде
шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ
құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне
жеткенде, құлап түседі. Тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан
гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі.
Үшінші рет құмырсқа және тырмысады. Ақырында бар күшін
салып, қисая-мисая барып тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны
көріп, Сатемір ойға қалды: жан-жануардың ең кішкентайы осы
– құмырсқа, әлі тіпті аз, төрт аяғы да түгел емес, сонда да тын-
бай жұмыс жұмыс деп жүр, ақсаңдап бір тырмысып, жығылып,
ақырында қоймай, мұратына жетті. Тамның басына шықты. Мұны
көріп отырып, менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім
ақылсыздық екен деп, үйін тастап, қалаға барды. Қалада бір зор
білімді, оқымысты кісі бар еді, соған үй сыпыруға жалданып,
ақысына оқу оқиды.
Ақырында сол Сатемір асқан данышпан, білімді болып жұртты
аузына қаратыпты.
АЛҒАШҚЫ ЕГІН КӨЛІКТЕРІ
Таяқтан шот болды. Соқаға тұтқа жасаған соң, сабан сияқты
болды. Құрал өзгерді. Сабанды бір адам жүргізіп тарта алмайды.
Енді құрал өзгерген соң, соқаға, сабанға көп адам жегіліп тарта-
тын болды.
Ертеден қара кешке шейін сабан сүйреу оңай жұмыс па? Адам
енді сабанды өзі тартпай, құл жегетін болды. Бұрынғы егіншілікке
айналған халықтар құл жегіп, сабан салған. Әсіресе құлмен жер
жырту ескі құлды бір сабанға жеккен.
Мысыр халқында күшті болған. Алты-жеті, онан да артық
құлды бір сабанға жеккен. Құл қайдан шықты?
Көшпелі ел қоныс тарылса, жайылымға таласып я қонысын
кеңітемін деп көршілерімен соғысады. Қолға түскен адамдарын
тұтқын қылады.
Егінші халық та көшпелілермен я бірімен-бірі жерге таласып
соғысады. Бірінен бірі тұтқын алады. Бұрын аңшылық дәуірде
адамның бәрі тегісінен тынбай тамақ іздейтін кезде, тұтқынды
қожалары қол бала қылып өздерімен бірдей тамақ іздетеді. Сен
тұтқын едің деп қожалары шалқасынан жатып, тұтқынға жұмыс
қылдырып қоймайды, өздері бірдей істеседі. Болмаса жалғыз тұтқын тамағы бәріне бірдей жетпей, тұтқынға сенемін деп аштан қырылып қалады. Мал бағып, егін салу шыққан соң, тұтқын мен қожаның арасы өзгереді. Егінді орып алған соң, көп уақытқа шейін қарның тоқ болатынына көзің жетеді, жұмыс қылмасаң да болады. Мал бағу кәсіптері өнімді, берекетті, мал жазғытұры төлдейді, көбейеді. Төлі біраз уақытқа тамағыңды көтереді. Малды тек бағу керек. Қожасы бақпай, басқа адам бақса да болады, тұтқын бақса да болады. Қожа қарап отырса да шаруаға зиян шамалы. Енді екінші мал бағушы халықтар жұмысын ылғи тұтқынға істетіп қойып, өздері сырттан зер салып тұрса да болады. Енді түтқын ертеден қара кешке шейін салпақтап байға мал бағады я жер жыртады. Тұтқын міне, енді құл болды. Тапқан таянғаны қожанікі. Тек жұмыс қылу, бейнет шегу құлдың сыбағасына тиді. Сонымен құл соғыста тұтқынға түскен адамнан шығатын болды. Бұрынғы кезде қонысқа таласып жұрт көп соғысады (қара, адамның қоныс аударуы деген мақалаларды). Соғыстан тұтқын көп түседі. Бәрі құл болады. Міне, бұрын құлдың көп болған себебі осы. Мыңдап, жүздеп құл ұстағандар да болған. Әрине, ел бастаған ақсақалдар ғана көп құл ұстай алады. Құл бұрын малдан да арзан болған, сатып союға тиімді болған, қазақ бұрын қызын ұзатқанда шаңырақты түйесіне күң, құл мінгізіп берген. Міне, құлдың мал орнына жүргені! Құл жұмсау тиімді болған соң тұтқын ұстап, құл қылып алу үшін де ел бірімен-бірі соғысқан, жорыққа аттанысқан. Мәселен, түрікпендер Қызылбастан бала алып келіп, құл қылу үшін бұрын жорыққа шыққанын қазақ біледі. * * * Бірақ дүниеде өзгермейтін ешбір нәрсе жоқ. Не нәрсе болса да дүниеде уақытша болып тұрып, артынан өзгеріледі. Бір кезде, құлмен жер жырту қалып, малмен жер жыртатын уақыт туды. Мал адамды көтеріп жүреді, көлік болады, өзі күшті. Малды сабанға жегіп көрсе қайтер еді. Жер жыртатын кезде енді адам өгіз жетелеп шығып, мойнына қамыт кигізіп, басын ұстап тұрып, сабанға жекті. Әуелі үйренбеген өгіз өкіріп ала жөнелді. Бір-екі таяқ жерге барған соң, сабанды боразнадан шығарып аударып кетті, бірақ тілген, аударған. Боразнасы әдемі болып шықты, «Е!» мұнан бір нәрсе шығады екен. Көптеп, көмектеп өгізді тағы боразнаға түсірді. Өгіз тағы тулады, бірақ әрі-беріден соң шаршап, тулауын қойды, жуасиды. Істің басталуы қиын, басталған соң бірте-бірте түзеле берді. «Қос жүре түзеледі».
Адам енді тек көлікті басқарып отыратын болды. Соңынан сабанға жылқы, түйе салатын болды. Көлік жеккен соң жұмыс өнімді болды, жеңілденді. Ол түсінікті де. Адам қанша күшті болғанмен малдай күшті емес. Мәселен, ат адамнан сегіз есе күштірек. Енді адам орнына ауыр жұмысты мал істейтін болды. Бұл да аз. Сегіз кісінің жұмысын бір ат қылатын болды. Кісі жер жыртуды ұлғайтты. Астық көбейді. Тамақ тоғайды. Қор молайды. Кісінің тұрмысына керек басқа жұмыс қылуға ауысып бос уақыты қалатын болды. Ол бос уақытын тұрмыс жақсартуға жұмсауға да болды. Маданият артуға кең жол ашылды. Міне, тұрмыстың түрлі тарауларының бірімен-бірінің ілгешектігі. Бәрін айдап, ілгері қуалап отырған шаруашылық, тамақ іздеу. Сонымен, әуелі құрал өзгерді, өзгерген құралымен екінші түрлі кәсіп істелді, кәсіптің екінші түріне қарай адам арасы да өзгерді. Адам арасы өзгеруіне қарай тұрмыс, маданият жолы да өзгерді. КЕДЕЙДІҢ КЕЙІСТІГІ Айт!...Боразна!... Бауыздалғыр көк шолақ! Ай-ай..., Мырқымбай... жүгендемей, ноқталап... Өк-к!.. Арам қатқыр көк сиыр! Неге ентігеді? Неге жиі тоқталад?
Ай-й, Құдай-ай, көрсеттің-ау, көрімді!
Көрім қылмай берсең еді өлімді!...
Бүгін үйде жататұғын екенмін,
Мырқымбаймен жіберіп-ақ келінді.
Жатқанменен жаның тағы төзбейді:
Келін, бала күн өтерін сезбейді.
Жаңа келіп Самалықтың баласы: –
Он бес жерден бидай септік біз, – деді.
Қайт дейді екен, мен сеппейін дедім бе?!
Үйренбеген екі сиыр жегінге,
Өзі қотыр, өзі арық көк шолақ,
Мезгілімен жей алмайды жемін де.
Қайбір тұқым – үйдің саттым кейізін,
Көпсінгендей екі сиыр мүйізін.
Ай-й, ауылнай, қылдың-ау сен байсың, деп,
Нан таба алмай жүрген мені бір үзім...
Жұттан қалған екі сиыр, жалғыз ат,
Бұзау сойдым соғымыма жалғыз-ақ,
Маған дым жоқ... тұқым алды кедей боп,
Жиырма шақты қарасы бар Жанұзақ!
Ай-и, Құдай-ай, ауылнай-ақ қорлады-ау!
Соған тыю, соған жаза болмады-ау!
Айт! Боразна!... Көк шолақ ит тартпауын...
Бәрекелді-ай, сауын сиыр сорлады-ау...
Желдің тынып, түннің дағы шығуын,
Әттеген-ай, үзді көк ит шұжығын!..
Ай, Мырқымбай, жатыр ма екен байланып,
Бір келіннің көріп болмай қызығын.
Әукім-әукім... Ауызы неге көпірді?!
Қап-қара тер суға түскен секілді.
Шыжық болып күюмен-ақ өлем-ау,
Бір үй толған бағамын деп жетімді.
Әукім-әукім... шанышқақ па, немене?
Көк ит неге шегінеді, тебе ме?
Күн түс болды, жұрт соқасын доғарды,
Апырым-ай, бұл, Мырқымбай ит келе ме?
Он пұт бидай не бар жерге сіңгені,
Шашылатын тарының тұр бір жері.
Қаламбай да он таяқ жер шаштырмақ,
Ол сорлының жалғыз мен ғой білгені.
Ырысты да жіберіпті баласын,
Байғұс биыл көрді ме екен ағасын...
Ауылнайы түйір де қыл берген жоқ,
Енді қалай оған тұқым табарсың!...
Ырысбай жүр қайыр тілеп дорбамен,
Кеше көріп сөйлесіп ем жолда, мен.
Тұқымды да, малды да өздері алды дейді,
Бай-болыстар қосылып-ап молдамен.
Теңестіред дейтін еді кедейді,
Кедейді ешкім десуші еді, жемейді.
Жуандардың азу тісін сындырып,
Осалдарға неге осалсың демейді.
Мынасы кім?... Мына біздің қатын ба?
Туралайды, маған келе жатыр ма?
Дәу де болса сүт кереккен шығар ғой,
Ың-жың болған жетімдерге, пақырға.
Ашулы ғой біздің қатын бүрер-ақ,
Айналатын жер қалып ед бірер-ақ.
Көрмейсің бе, сау шу жықты өзгенің,
Бауыздалғыр, уақытында жүрер нақ...
Әукім... Әукім... шанышқақ па, немене?
Көк ит неге шегінеді, тебе ме?
Бір шақырым жерден ұрса келесің,
Ойнақтап-ақ болдың, қатын төбеме!
Айт, боразна! Бауыздалғыр көк шолақ!
Киіртіңдеп, шегінуін тоқтамақ.
Өк-к, өк-к! Арам қатқыр көк сиыр!
Неге ентігед? Енді неге тоқталад?!... Шаңқан БАСТАП ТЕМІР ТҰТЫНУ Темірден құрал жасауды ең әуелі халық қалай үйренгені я қашан үйренгені белгісіз. Бірақ Айса тумастан екі мың жыл бұрын кейбір халықтарда темір құрал болған. Темір тауып, құрал жасау адам баласының мықты бір ілгері басқан қадамы. Әр жерде темірді әртүрлі кәдеге асырған. Аңшы халықтар мен көшпелі халықтар темірден пышақ, қылыш, найза, балта, оқ, сауыт жасаған. Ілгергі кезде диқаншылар да темірден сабан сияқты құрал істеуді білмеген. Бері келген соң адам баласының темірден істемеген құралы жоқ. Темір жерде таза, өзі бірыңғай болып жатпайды, басқа нәрселермен араласып, тот басып жатады. Ондай темірді темір деп ойлау қиын, тас деп ойлауға болады. Сондай бөтен нәрсемен араласып жатқан темірді кен дейді. Аузы бітеу пешке салып, от жағып қыздырса, темір еріп, арасындағы нәрселерінен тазарып, қорғасын сықылданып балқиды. Бұрынғы кезде жерден пеш қазып, оған от үрлейтін көрік қондырған. Кенді пешке салып, от жағып көрікпен үрсе, темір балқып, айырылып шығады. Априкеде (Африка) осы күнге шейін солай темірді қорытып алатын тағы ел бар. Қай халықтың аталары болса да темірді бұрын солай қорытып алған. Бері келген соң, ағаш, тас құралдардың орнына темір құралдың тиімді екенін аңғарып, адам баласы құралдарын темірден жасай бастайды. Тас дәуірі қалып, темір дәуірі басталады. Соқаларының ұшын да, жүзін де темірден істеуге айналған, соқаларына тұтқа қондырған. Енді темір сабан болды. Темірді адам баласы қашаннан қадір-кұрмет тұтады. Темірді жәй нәрсе екен демейді. Соның үшін бұрынғы заманда ұсталар өте қадірлі болған. Қазақ ішінде ұсталар әлі қадірлі: ұста дүкенінің орнын қорқып баспайды. Кейбір аурулар дүкенге түнесе қалады деп түсінеді.
Оттан соңғы адам баласының тапқан зор игілігі – темір. Темір
ұстасын қай ел болса да бұрын қадір-құрмет қылған. Мәселен,
бұрын Англияда патшаның сарайында той болса, ұста, патша, ха-
ным бір дастархандас болатын әдет болатын. Бұл күнде адам ба-
ласы темірді қорытудың оңай әдісін біледі, темірден түрлі құрал,
машиналар, үйлер салады.
ЕРТЕ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРУ ҚҰРАЛДАРЫ
Ескі заманнан бері қазақтың екі түрлі қаруы болған. Бір түрі
жайшылықта малға барғанда ұстайтын, болмаса үй арасыдағы
төбелесте жұмсайтын құралдар. Екіншісі соғыста керек қарулар.
Әуелгі түрі қамшы, құрық, сойыл. Қамшыны бұзау терісінен өріп,
ортасына өзек салып, ұзындығын жеті тұтамға дейін, жуандығын
екі саусақтың жуандығына дейін істеген. Өрімді сапқа сап-
тап, саптың ұзындығы төрт-бес тұтам болған. Сапты ырғайдан,
көбінесе қызыл тобылғыдан жасаған. Ешкі, арқар мүйізінен де
сап істеп, кейде күміс шаптырған, бірақ мұндай қамшыны тек
әйелдер ұстаған, еркектер қамшысының сабына мыс қаптау сы-
пайы көрінген. Әйтсе де, еркек қамшысының сабы көбінесе
әшекейсіз болған. Өрім мен саптың арасында алақан болған. Өрім
жұмырда төрт қыр болған.
Күміс, мыс жалатқан сапқа астынан қалақша сүйір тіл шығарған.
Мұны бүлдіргі деген. Құрықты жіңішке қайыңнан я сойылдан
істеген. Сойыл да құрық сияқты ұзын таяқ. Бірақ бас жағында
буылтық темір болады, жіңішке жақ ұшында қарға іліп жүру үшін
бауы болады. Соғыс уақытында ұсталатын құралдар: қызылбасы,
түркі, хиуалық, бұқары қайқы қылыштар болған. Қызылбасы
қылыштарды «алдаспан» қылыш дейді. Қызылбасы қылыштарды
қазақ «наркескен» деп өте қымбатқа санап ардақтаған.
Бері келе қазақтар «сапы», «шапы» деп те айтады деген, Орта
Азияда ұсталатын түзу қылыштарды да ұстаған, бірақ қазақ бұрын
сапы ұстамаған. Қазақтардың өздері кішкене қылыш тәрізді ұзын,
түзу «селебе», «жеке ауыз» деген пышақтар жасаған. Селебеден
жеке ауыз сәл қысқарақ болады. Селебе мен жеке ауыз саптарының
төбесінде белбеуге қыстыру үшін шығыршығы болған. Өздері
соққан қанжарын я хиуа пышақтарын жанға салып жүрген.
Қанжары қайқы емес, түзу болған. Белбеуге байлап жүрмей, селе-
беше салып жүрген. Бұлардан басқа, әр қазақтың жанында, үйінде
сабын киік, ешкі мүйізінен, болмаса, ырғайдан істелген «бұйда
пышақ» деген пышақ болған. Бұйда пышақтың мойнына сақина
салып бекіткен. Найзаның сабын қарағайдан істеп, ұшына үш
қырлы сүңгі қондырған. Сүңгінің жоғарғы жағына қара жібек я
қара қылдан шоқ қадаған. Сабының үзеңгілік ұшында бүлдіргісі
болған. «Садақ», «жақты» қазақтың өзі де істеген. Сонда да
Бұқара жақ пен Башқұрттан сатып алған. Садақты артығырақ
көрген соңғы кезде Қытай жақтарда ұсталып кеткен.
Оқты қайыңның шыбығынан, түп жағына төрт қырлап қанат
жапсырып, қазақтың өзі жасаған оқтың масағы үш түрлі болған:
аңға арналғаны – екі қырлы, сауыт жыртуға арналғаны – төрт
қырлы, «сауыт бұзар» делінген. Аттан түсіруге арналғаны – жауы-
рын тәрізді қалақша «қозы жауырын» делінген. Оққа күшігеннің
қойлық жүн, күшіген мен қасқалдақ қанаттарын қадап, мұны таза
қараның тайлық «жүн» деген.
Оқты да, садақты да қапқа салып жүрген. Оқтың қабын
«қорамсақ» деген. Қорамсақты белбеудің сол жағынан, садақты
оң жағынан ілген. Ауқатты адамдар қорамсақтарын қызыл
былғарыдан істетіп, ою шаптырып, күміс тас қондыртқан, жарлы-
лары түйе қайысынан істеткен.
Мылтық далада сирек болған. Бола қалса атадан балаға қалған.
Бұрын «қозыгер», «күлдір мамай» деген мылтықтар болған.
Бұларды білте салып, қорғасын оқпен атқан. Мылтықты қазақтың
өзі де істеген. Қалмақ пен Башқұрттар жасаған бұл мылтықтар
тигіш, қарауылы мен нысанасы мыстан болған. Бұлар қазақ ара-
сында болғанын осы күнгі шалдар біледі. Бай, сұлтандарда Орта
Азияның жеті жүз қадамдағы жерден тиетін «шамғал» деген
мылтығы болған. Мылтық саймандары:
Кісе: кісеге жалғасы – құты. Кіседе шақпақ, болат, артық
білте, мылтық, майлайтын тоң май, білте тығатын мүйіз шақша
сақталған. Құтыда дәрі болған. Оған тете оқшантай, оқшантайға
жалғас қыл тұрған. Кісені шаптырып, әркім әліне қарай, алтын,
күміс я мыс шаптырған. Сүгіреттен кісенің бұрынғы замандағы
түрі салынған. Бұлардан басқа мергендер киіктің мүйізінен істел-
ген «біразар» дегенге әзір оқ толтырып мойнына салып жүрген.
Біразар орыстың «патронташ» дегеннің орнына жүреді.
Мықты бір құрал айбалта болған.
Шоқаннан
КӨШПЕЛІНІҢ ТҰРМЫСЫ Көшпелінің байлығы, жиған тергені – мал. Көшпелінің керекжарағының бәрі де малдан шығады, малдан табылады. Я малға, малдан өнген нәрсеге өзінде жоғын айырбастап алады. Соның үшін көшпелінің барлық тұрмысы мал жайына қарай болады, мал жайына үйлеседі. Малға не жайлы болса, көшпелі соны істейді. Жаз малға кең жайылым іздеп, бір жерден бір жерге қонады. Қыс жылы жаққа көшеді, бірақ бұл күнде қазақ көшпелілері қыс бір жерде шым үйде тұрып, малына пішен әзірлейді. Жаз шамалап егін де салады, бірақ егіннен қазақ ішінде әлі мал бағу кәсібі басым. Пішен жинамайтын көшпелі шамалы. Олар оңтүстікте ғана болады. Мал бақса да көшпей, көшсе де аз көшетін қазақтар да бар. Олар Омбы, Кереку үйезінде (уезд) тұрады. Арқа жақтағы үйездердің қазақтары егін де салады, мал да бағады. Бұлардың көшуі шамалы, қыстауларынан алысқа кетпейді. Малын қысты күні пішенмен асырайды. Жылқылы байлары ғана жылқыларын тебінмен шығарады. Көшпелі, шала көшпелі қазақтар жылды былай өткізеді, жазғытұры сабан айдайды. Сабан тоғарылған соң, бір айдан соң пішен шабады. Пішен шабылып біте бергенде егін піседі, енді егін оруға айналады. Егін орып болған соң, оңтүстіктегілері бастырып алып, солтүстіктегілері шала бастырып, пішенін жинауға кіріседі. Арқадағы ел баса алмай қалған астығын қысты күні бастырып алады. Пішенін жинап болып, қыстауын, қора-қопсысын түзетуге кіріседі. Азаматтары пішен, егінмен айналып жүргенде қатын-балалары, шалдары қадағаласып малға қарайды. Қыс қазақтың қатын-баласы, еркегі жабыла малға қарайды. Әсіресе, малға қазақтың қадағаласып бағатын кезі жазғытұрғы уақыт. Жазғытұры арық мал батпаққа құлап, ұрынып қалады. Мал балаласа жас төл өліп қалады. Жазғытұры бір малға екі көз қарау керек – дейді қазақ. Күнді қазақ жазда бұлай өткізеді: күн шыға тұрып, суарып, қойын өргізіп жібереді. Әйелдер ерте күнмен тұрып сиырын, түйесін сауып қалады. Мал өріске кеткенде жас төлін отқа жібереді. Ертеңгісін қозыны ағытарда құртын, битін қарап, лас қозыларын тазартып жібереді. Түйесінің де құрттаған жері болса қарап, қимайлап жібереді. Мал өргізіп жіберген соң бір қатарлары ұйықтайды, көбінесе, ұйықтаушы еркек болады. Әйелдері тезек теріп, құрт, ірімшік қайнатып, өрмегін тоқып ертеңгісін жатпайды. Қазақтың әйелдері ерте тұрып, жұмыс қып жалықпайтын торғай сияқты.
Сәскеде жылқы құлайды. Сол кезде еркектер тұрады, бие
байлап, қымыз ішуге кіріседі. Қымыз алдында қатындары шай
қайнатып қояды. Жылқы артынан суға сиыр құлайды. Қатындар
түсте сиырды тағы сауады. Түсте суға қой келеді, еркектер қой
суарады. Қойдың құртын қарайды. Су ішіп қой жатады. Көбінесе
қатындар бие сауады.
Түс ауа қой, сиыр өріп кетеді. Қымыз ішіп болып, түсте еркек-
тер тағы ұйықтайды. Кейде әйелдер де ұйықтайды. Зауал ауып,
салқын түскен соң, қойы қайта келеді, әйелдер қосақтап сауады,
балалар қозы бағып кетеді.
Кешке жақын ауылға түйе, сиыр құлайды. Еркектер мал суара-
ды. Күн батар алдында бие ағытылады, суарылып өріске кетеді.
Әйелдер сүт пісіріп, үй жұмысын қылады.
Жаз қазақ киіз үйде тұрады. Киіз үй жаз тұруға өте қолайлы:
ауасы салқын, таза болады. Көшіп, қонуға ықшам келеді. Киіз
үйдің түрі көп: үлкені де, кішкенесі де, жақсысы да, жаманы да
болады. Киіз үйдің үлкені, әдемісі Қостанай үйезінде.
Қостанай үйезіндегі киіз үйлердің іші де, керегесі де әдемі бо-
лады. Керегесі әдемі, түрлі сырға бояған биік тор көз болады.
Оңтүстік көшпелілердің үйі кішкене, отты көп жаққандықтан
қоңыр келеді. Іші де көп оңды таза болмайды. Керегесі тек жоса-
мен бояған, желкөз болады.
Арқадағы үйездердің қысқы үйлері де жақсы. Бір қатарларынікі
қаланың үйіндей болады. Ағаштан, қыш кірпіштен салатындары
да болады.
Оңтүстік үйездердің қысқы үйлері шымнан, шикі кірпі-
штен салынады. Көбінің іші лас болады. Ақмола үйездерінің
оңтүстігіндегі кейбір шым үйлерінің терезесінің көзі қарыннан да
болады. Қазақ үйі көбінесе бір бөлме, тәуірлерінікі екі-үш бөлме
болады. Арқа жақта жеті-сегіз бөлмелі үйлер де бар.
Жаз отыратын киіз үйлерінен басқа, ауқатты қазақтар ас үй,
қонақ үй тігіп қояды.
Бұрынғы кезде қазақтың бабалары да лашық тігіп жүрген.
Бері келе шанышпа қос шыққан. Бұл күнде шанышпа қоста жаз-
ды күні кейде молдалар бала оқытады, қысты күні кірешілер
ұстайды, жылқышылар тұрады. Бері келе жолмүй шыққан. Бұл
күнде қазақ жолмүйді я жылқышыға тігеді я ас үй қылады. Онан
соң желкөз үй шыққан, бұл күнде оңтүстік көшпелілері көбінесе
желкөз кереге ұстайды. Ең соңынан торкөз үй шыққан. Торкөз
үйдің сұлуы Қостанай үйезінің Тройтски (Тройцкий) қолтығында.
Оқымыстылар айтуына қарағанда, көшпелі елдер ішінде қазақтың
киіз үйіндей ыңғайлы, қолайлы, әдемі, жақсы үй жоқ. Көшпелі
халықтың үйінің ең жақсарып барып тұрған жері қазақтың киіз
үйі деседі. Көшіп жүргенде осы күнгі қазақ үйінен артық үй
тұтынуға қиын.
ДИҚАНШЫНЫҢ ТҰРМЫСЫ
(Диқаншы көше ала ма?)
Диқаншы қалай тамақ табады? Жазғытұры отырықшы ауыл
халқы қозғала бастайды. Жазғытұры оларға жұмыс уақыты бас-
талады. Қыстай, былтыр күзді күні жыртылып қойылған, енді
жазғытұры егетін астығын шашып, бақшасын отырту керек.
Бұлардан да басқа жұмыс табыла береді: мына бір жерде қисайған
керегені түзету керек, ана бір жерде үй төбесін оңдау керек. Са-
бан, тырма, арбаны жөндеу тағы керек.
Қысқы тыныстың артынан, әр қораның ішінде жұмыс қыза
бастайды. Бір кезде әзірлену жұмысы бітеді. Жер жырту бастала-
ды. Мелшиіп қарап тұрған далаға жан кіреді, ана жерде де, мына
жерде де: «А, шық, жаным, ерінбе, асық!» деген дауыс естіледі.
Сабанға таянып, диқаншы шу-шулеп тыс айдайды, боразна
соңынан боразна аударады.
Жер жыртылып бөлінді. Сұлы мен арпа себу керек. Бұлардан
соң рет картоп, кендір, гіретшиқаға (гречка) келеді. Бір жұмысты
бітірер-бітірместен, екінші жұмыс мені істе деп күтіп тұрады.
Диқаншы егіске таң сәріден кетіп, ымыртта қайтады, тез тамағын
ішіп бола сала ұйқыға кетеді. Ертең таң сарғая тағы жұмысқа бару
керек...
Жер шашылып болды. Аз-мұз демалған соң тағы жұмысқа
кіріседі: шөп шауып, пішен жинау керек.
Оның артынан астық пісіп қалғанын бір-ақ білесің. Енді жазғы
жұмысың баста деген уақыт туады. Астық қырманға жиылып, са-
райына түскенше диқаншы көп еңбек жұмсайды, көп маңдайының
терін сыпырады. Астық жиналған соң демалу керек сықылды.
Жоқ, әлі демалуға ертерек: қыстам астықты шашып тастау керек.
Жылма-жыл міне, осылай. Жазғытұрыдан бастап, күздің
аяғына шейін бір жұмыстан соң бір жұмыс кезектеседі де оты-
рады. Диқаншылар жер жыртады. Тұқым себеді, астық жинайды.
Тағы жыртады, тағы себеді, тағы жинайды. Әр жұмысты маусым-
ды кезінде істеу керек. Уақытында шашып, уақытында жинамасаң
астықсыз қаласың. Диқаншының жұмысы міне, осы. Бұл еңбек
– ауыр еңбек. Диқаншыны көшірмей бір жерде ұстайтын еңбек.
Қысы, жазы диқаншының үй-ішін егін асырайды. Диқаншы егінді «анам» деп босқа айтпайды. Егістен қашыққа кетуге болмайды, бір жаққа көтеріп кетуге келмейді. Егіннен қашыққа кетуге болар, бірақ онда қарның ашар. Диқаншы еңбегімен егін салып тұруға дағдыланған. Әкесі, бабасы сол жерді айдап кеткен. Соның үшін диқаншылар бір жерден көшпейді, отырады. Мәселен, орыс халқы осылай тұрады. Үлкен Қытай да диқаншылық жері. Қытай бейнеті орыс бейнетінен жеңіл емес. Қытайда ең көп шашылатын астық – күріш. Күрішті егу өте қиын жұмыс. Көшпелі мен диқаншы екеуі екі түрлі жолмен тамақ табады. Соның үшін тұрмыстары да түрліше. Көшпелі мен диқаншы тұрмысының арасындағы айырмашық тек біреу көшіп, біреуі отырғанда я біреуі аз, біреуі көп жүретінінде емес. Болмаса, біреуі мал, біреуі егін салғанында да емес. Диқаншы да жылына аз жүрмейді: егін салады, пішен шабады. Алыс базарға алып барып, астық сатады, недәуір алыс жерден отын алып келеді. Онан басқа да жүрістері көп. Диқаншы да мал ұстайды, көлікке мінеді, малдың сүтін ішеді, етін жейді, күшімен пайдаланады... Айырмашық еңбегінің ішкі жағында. Көшіп, мал баққаннан гөрі егіншінің еңбегі жерге артығырақ сіңеді. Мөлшері бірдей жерден диқаншы отырықшы енбегі артық сіңген соң, түсімі де артық болады. Көшпелі сол мөлшерлі жерге еңбегін кемірек сіңірген соң, ол жерден шығаратын түсімі де кеміс болады. Соның үшін егін салудан гөрі мал бағуға жер артық керек. Мал бағушылар да отырып қала болуға мүмкін. Мәселен, Еуропада ең маданиятты мемлекеттің бірі Шветсарияда (Швейцария) халқы қала болып отырып мал бағады. Жері тау, жайылымы жақсы, егін салудан да мал бағу тиімді. Шветсарияның ірімшігі, малының сүті бүтін жер жүзіне таралады. Ресейдің астығы шет мемлекеттерге де сатылады. Ресейде астығы өте-мөте көп салатын жер оңтүстік ауданындағы Украина мен Украинаның солтүстік, Мәскеудің оңтүстік жағындағы гүберналар (губерниялар). Бұлардың жері егіске қолайлы. Бұл аудан Ресейдің астығының қоймасы деп аталады. КИІЗ ҮЙ МЕН АҒАШ ҮЙ 1876-шы жылда мен би болып тұрғанымда, екі адам бір-бірімен ұрысып, арызға келді. Біреуі қазақ, біреуі мешер. Екеуі де шебер, қазақтарға жер үй, ағаш үй істеп, көп мал тауып жүруші еді. Ұрыстарының себебі. Мешер айтыпты: «Қыстың күні тоңармыз,
өзімізге бір жер үй салып алалық». Қазақ айтыпты: «Жоқ, киіз қос
істеп алалық, қысымызға да, жазымызға да қолайлы, біреу жұмысқа
шақырса, қосымызды қыс болсын, жаз болсын артып жүре бере-
рміз». Мешер айтыпты: «Ой, киіз үйің құрысын, не күндіз, не түнде
бір жылынбай, бүрісіп отырғаның». Қазақ айтыпты: «Сенің ағаш
үйің құрысын, көшсең артуға көнбейтін». Сонымен біреуі киіз
үйді, біреуі ағаш үйді мақтап, таласып отырып, бірін-бірі сөгіп,
ақырында қайсымыздың сөзіміз дұрыстығын биге сынасамыз деп
маған келіпті. Екеуі де өзіме белгілі, ақкөңіл бейнетқор адамдар
еді. Істің себебін білген соң, сұрадым: айына екеуің қанша мал
табасың? Олар айтты: «Екеуіміз 40-50 теңге табамыз». Қос пен
жер үйдің басы не болады? Олар айтты: «Екеуімізге кішкентай
ғана қос, кішкентай жер үй болса болады. Жұмысты өзіміз істей-
міз, отыздап теңгемен істеп болар», – десті. Бұрын қайда тұрып
жүруші едіңіз? Ел жайлауына кеткенде біреудің киіз үйін жалдап,
жазына 10-15 теңге беруші едік, қыс болса кез-келген үйде жа-
тып тұрушы едік, не болмаса, бір үйде меншіктеп жатсақ, оған да
ақы беруші едік. Сонан соң айттым: екеуіңіздің де сөздерің дұрыс.
Киіз үй көшіп-қонып жүруге қолайлы: жаз ел жайлауға кеткенде
сіздер қыстауда қалып, бір қыстаудан бір қыстауға көшіп жүруге
киіз қос қолайлы және жаз қостың ауасы да ағаш үйден жақсырақ
болады. Соның үшін сен қазақ бір шағын қос істеп ал, қыс қазақ
үй салқындайды, ол уақытында сіздер үйде отырып, әртүрлі уақ
жұмыс істейсіз. Күн бойы далада жүрген жұмысты адамға түнде
бір мезгіл жылы жер де керек, дұрыстап дем алып және жұмысқа
ренжімей даяр болуға керек. Соның үшін сен мешер бір жер
үй істеп ал. Сонымен жазда қосты алып жүріп сонда тұрарсыз,
қыс жер үйде тұрарсыз. Және жыл сайын кісі үйін жалдап алып
жүрген ақшаңызға неше қос пен үй істеп алсаңыз, ақырында бұл
пайдалы болар деймін. Екеуі де төре маған тиді деп, біреуі қос
сатып аламын, біреуі жер үй саламын деп шығып бара жатқанда
және шақырдым. Екеуің жер үйді бірігіп істейсіңдер ме, жоқ басқа
істейсіңдер ме? – деп сұрадым. Қазақ айтты: үйін мешер өзі істей
берсін, мен қос тауып аламын.
Сонан соң былайша төре бердім: «Сен мешер, жаз болса, мынау
қазақтың алған қосында бірге тұрасың, соның үшін қостың жар-
ты пұлын сен төле, сен қазақ, қыс болса, мынау мешердің жылы
зелмеңкесінде (землянка) бірге тұрарсың, соның үшін зелмеңкені
сен де бірге істес...».
Екеуі де менікі дұрысқа шықты деп жүріп кетті.
Алтынсарыұлы Ыбырай
ЖАНДЫҚТАРДЫҢ ҮЙ САЛУЫ
Жанды нәрселердің бәрі де (жанды нәрсенің ішіне адам да
кіреді) ең әуелі тамақты көбірек тапсам екен дейді және сол
тамағым тәуір болса екен дейді, жаудан қорынуы да мықты жұмыс.
Бұл екеуінен басқа суықтан сақтану, ыссыдан қорыну тағы керек:
үй, баспана салу тиіс. Сонымен жандықтар амалсыз шеберлік
қылып, үй салады. Адам арасында шебер, олақ жұмысшылар бол-
са, басқа жандықтар арасында да шебер, олақтары болады. Үйсіз,
күйсіз жүретін адамдар бар. Үйсіз күйсіз жүретін жандықтар
бар. Әдемі үй салып тұратын адамдар да бар. Әдемі үй салып
тұратын жандықтар да бар. Жандықтар арасында тамаша шебер-
лері, тасшылары, үйшілері, енженерлері (инженер), тігіншілері,
өрмекшілері, оюшылары бар.
Тышқан, құмырсқалардың бірқатары жер астынан қазып,
түрлі бөлме, есік, жол, ор шығарып, үй жасайды. Құстың көбі
ұяларын әдемілеп саздан жапсырып, ішіне жұмсақ нәрсе төсеп
істейді, көбісі іші-сыртын дұрыстап сылайды. Термит деген ақ
құмырсқалар кәдімгі қала салады: термиттің ұяларының биіктігі
үш таяқтай, ұзындығы он бес таяқтай болады: өзі мықтап салы-
нады, төбесіне адам түгіл мал шықса да көтере береді. Үйлерінің
ішінде балалары тұратын, тамақтары тұратын, қарауылшылары
тұратын, жұмысшылары, соғысшылары, бастықтары тұратын
бөлмелері басқа-басқа болады. Су ағызатын бөлмелерінің ішін-
де арықтары да болады. Қысқасы, термиттердің тұратын жері
әдемі салынған қала сияқты. Азияның оңтүстік жиегінде «Ява»,
«Барнев» (Барнео) деген аралдар бар. Сол аралдарда «салангана»
деген қарлығаштар тұрады. Ұяларын алуға қиын жерге салады.
Солардың ұясына қытайлар көп ақша беріп сатып алып, ауыздың
дәмін алатын тәтті тамақ жасайды. Салан ғана ұясын кіл сіле-
кейінен істейді. Сілекей ауада тұрып кебеді. Ұя желімнен істеген
сияқты болып қатып қалады. Күн түссе, кіл тарамыстан істеген
сықылды тарам-тарам болып, шағылысып тұрады. Бір ұяны ерлі-
зайыпты саланғана екі айда жасап шығарады. Міне, жұмыстың
қиындығы. Ара ұясын балауыздан жасайды: балауыз араның
денесінен шығады. Денесінен балауыз шығару үшін ара гүлдің
суына, балға тойып алып, илеуіне келіп, бірінің табанына бірі жа-
бысып қозғалмастан асылып тұрады. Сонда араның терісінің ас-
тынан қарынның үстінде аз-мұздап балауыз шыға бастайды. Басқа
аралар шыққан балауызды жинап алып, домалақтап алып қояды я
онан ұя жапсырады.
Ұяны аралар бірігіп істейді, ұя салғанда араның бәрі жұмыс-
ты бірден бастайды. Бірі жылдамырақ я жайырақ қимылдауды
бәрі білмейді. Бірдей қимылдайды. Әр ара балауыздан істеген
домалағының үлкендігін басқалардікімен дәл бірдей қылуға ты-
рысады, сол домалақтарын аралар қатарластырып үйе береді.
Илеуінде орын тар болған соң, аралар домалақтарын біріне-бірін,
арасында ашық бос жер қалмастай қылып жапсырады Аямай
ұстауға араның балауыздары көп болмайды. Соның үшін аралар
ұяларына неғұрлым аз орын, аз балауыз кетіруге амалсыз тыры-
сады. Балауыздан істелген домалақтарды ұзыннан бір қатарға
қойып болған соң, аралар екінші қатарды құрастыра бастайды.
Қанша бос жер қалдырмаймын дегенмен домалақтардың арасын-
да аз-мұз қуыс қалады. Сол қуысты аралар балауызбен сылап,
домалақтардың ішін үңгіп, артық балауызды жинап алады. Әлгі
домалақтар енді алты бұрышты ұя болады, тап сызып алып істе-
гендей қалай реттестіріп, сызықсыз алты бұрыш ұя шығарғанына
адам таң қалады.
Аралар тынбастан жұмыс қылады. Жұмысының бәрін ақылға
салып, ойлап істеп жүрген сияқты болады. Бір көзі көрген адам
айтады: «Бір ара балауызды өзгелерінің ретінен басқарақ орынға
қойып еді. Ұялардың қатары қисая бастады. Мұны бір ара байқап,
олақ араның жанына жүрмелеп келіп, жаман жасаған ұяны бұзып,
өзі түзей бастады. Түзеп берген соң, олақ ара қайтадан жұмысқа
кірісті. Сонда шебер ара жұмыстың түзелгенін көріп өз орнына
кетті».
Ұя араларға керегі сол, гүлдерден бал жинап, ұяларына сала-
ды. Балды өздері де жейді, балаларын да асырайды. Ұяның тағы
бір керегі сол, аналары ұяның ішіне жұмыртқаларын салады.
Жұмыртқадан бала шығады. Араның илеуінде құмырсқалар сияқты,
бірнеше түрі болады: әр илеуде анасы, жұмысшысы және жұмыс
қылмайтын жатып ішерлері болады. Бұлардың бәрі де әлгі анасы
салған жұмыртқадан шығады. Аналары кейбір жұмыртқаларын
ең үлкен ұяға салады, мұнысынан жаңа ауа шығады. Бір сыдырғы
жұмыртқаларын тарлау ұяларға салады, бұлардан әлгі жатып
ішерлері (тырутын) шығады. Енді бір жұмыртқаларын аналары ең
тар ұяларға салады. Бұлардан жұмысшылар шығады. Илеу сала-
тын, бал жинайтын, құрттарын асырайтын тек жұмысшы аралар
ғана болады.
Араның бәрі бірдей балауыздан ұя сала бермейді. Араның бас-
шы, ағашшы, ұстасы деген аталарының ұлдары бар. Тас ұстасы
деген аралар Априкенің темірқазық жағында Алжир деген жерде тұрады. Бұлар бақаның қабығына ұя салады. Бақаның қабығын әуелі тазартады, сонан соңы тамақ алып келіп салады. Мұнан соң жұмыртқасын салып, ауызын сементпен (цемент) тастай қылып бекітеді. Мұндай қатты сементті тек аралар ғана жасай алады. Ағаш ұстасы деген аралар ағаш ішін кеулеп тесік жасайды. Әр жерден бөлме-бөлме қылып бөледі, бөлгенде ағаштың түбін бір нәрсемен біріктіріп жапсырады. Әр бөлмеге бір жұмыртқасын салып, қасына тамақ жинап қояды. Бөлмелерінен басқа сыртқа шығатын ұзын шолан жасайды. Сол шоланмен балалары далаға күннің көзіне шығады. Оңтүстік Азия мен Априкеде бір тоқу білетін тамаша құстар бар, бұларға тоқушы деп ат қойған. Бұлардың ұялары киізден істеген сияқты. Бұлардай ұяны шебер салатын құс жоқ. Ұяларын жұқа жапырақтарды біріне-бірін өткізіп, байланыстырып, тоқып салады. Салған ұялары тығыз, жуан тоқылған кездеме сияқты болады. Индияда бір кішкене сауыққой құс бар. Аты «тігінші құс», дұрысында, өзі де тігінші. Тігінші құс олақ қатын түгіл, анау-мынау шебер қатындармен де іс тігуге бәсекелесе алады. Өзі ұясын әдемілеп тігіп істейді. Әуелі тігінші құс бұтақтың жерге жақын бір үлкен жапырағын тауып алып, айнала теседі, иненің орнына біздей тұмсығын жұмсайды. Тесіп болып жіп іздейді. Жіп көп: шөптің тарамы жіп болады. Жіпті тұмсығымен тістеп, жапырақтың бір жағындағы тесіктен өткізеді. Сонан соң екінші жағындағы тесіктен өткізіп тартып, жапырақтың екі жағын қусырады. Сонан әрі қарай екі жағынан кезекпен өткізіп тіге береді. Ақырында жапырақ қалта болады. Бір жапырақ жетпесе, екінші жапырақ алып келіп тігіп, құрайды. Әп-әдемі ұяны қалта сияқтандырып тігіп алады. Ұя біткен соң ішіне мамық төсеп, жұмыртқасын салады. Кейбір жандықтар өздері үй салмай, басқалардың үйін тартып алады. Кейбіреулері соны кәсіп қылып алады. Мәселен, түлкілер көбінесе борсықтың інін тартып алады. Борсық үйінің таза болғанын тәуір көреді. Түлкі келеді де, борсықтың інінің аузын былғай береді. Сасық иіске шыдай алмай, борсық амалсыз інін тастап кетеді. Түлкіге ін босап қалады. Бозторғай да қарлығаштың ұясын тартып алады. Сондай біреудің салулы төсек, салқын үйіне тосыннан келіп ие болатын жандықтар көп. Әркімге тамақ керек, үй керек. Тұрмыс – тартыс.
ЗИРЕКТІК Ағылшын жұртында Браун деген білімді, шебер ұста кісі судың үстіне бір қолайлы, берік көпір салуға жүріпті. Қалайша салсам ыңғайлы, нық болар екен деп ойға қалып келе жатса, жолдың үстіне кесе тартқан өрмекшінің өрмегіне көзі түсті. Мұны көріп Браун тоқтай қалып, ойланды: бұл өрмекші мынау жолдан кесе көпір салыпты, астында тіреу жоқ. Осындай көпір қолайлы болар еді деп. Сонымен келді де су үстіне екі ұзын шынжыр тартып, ортасынан тақтай салып, екі жақ басын құрғақ жерден биік, нық бағаналарға бекітіп, көпір істейді. Көпір қолайлы да, берік те болып шықты. Шынжырмен көпір салу сонан қалған үлгі. ҮШ НӘУБЕТТІ ЕГІС «Аштық ешкіммен бірге туысқан жоқ» деген бұрынғылардың мақалы бар. Жер жүзінде жандық біткеннің іздегені тамақ. Аштық салдарынан тамақ іздеп, адам баласы тағы кезінде-ақ егін салуға кіріскенін білеміз. Бұрынғы заманда ел аз, жер көп. Бір жерді тозғанша айдап, тозған соң оны тастай береді, тың жерден барып айдайды. Бес-алты жылдан соң, бұл жер тағы тозады, диқаншы үшінші жерге барып соқасын төсейді. Сонымен тозған жерді қалдырып, тың жерді жырта береді. Орман ішінде тұрған халық болса, ағашын отап я өртеп, ағаштан тазартып алып егін салады. Тозған жерін бұлар да тастап кете береді. Жер кең, ешкімнен тоқтау жоқ. Жиырма бес жылда жер қайта жаңғырады, тыйланады. Диқаншы жиырма бес жыл шамасы өткенде баяғы жерін қайта айдайды. Мұны аудармалы егіс дейді. Неше замандар өткен соң, ел көбейеді, өседі, бірақ жер өспейді, қоныс тарылады. Жұрттың бәріне бірдей егіске қолайлы жер жетпейтін болады, бірақ адамның бәріне де тамақ керек. Енді қалай қылу керек. Аштықтан құтылу үшін бір нәрсе ойлап табу керек. Айдалған жерді жиырма бес жыл тусыратып қалдырудың орнына енді, бір-ақ жыл қалдыратын болды. Жерді бір жыл егіп, келесі жыл бос жатқызып, үшінші жылы тағы сабан төсейді. Төртінші жылы тағы дем алғызады. Сонымен екі нәубетті егіс шықты. Бері келе адам баласы жердің тең жарасы жылына бос жатқызудың тиімсіз екенін түсінді. Енді диқаншы жерін үш танапқа бөліп, екі танабына егін салып, бір танабын дем алғызып
қоятын болды. Сонымен үш нәубетті егіс басталды. Екі нәубетті егісте жылына жердің жартысы бос жатса, үш нәубетті егісте жылына жердің үштен бірі ғана бос жатады. Бұрынғы қайта-қайта жер жаңғыртып, бір жерден екінші жерге тынбай, шоршып түсіп егетін егістікті бір нәубетті деуге келеді. Үйткені, жер танапқа бөлінбейді, жердің бәрі бір танап сықылды. Бұл күнде жері құмақ, тез тозатын оңтүстік аудандарда қазақ жерді бір нәубетті егіс жолымен айдайды. Арқалық қара топырақты аудандарда егіс үш нәубетті. Қазақтың үш нәубетті егіске түскеніне жиырма, отыз жылдың шамасы болды. Ресейде үш нәубетті егіс ХҮ ғасыр аяғында шыққан. Осы күні Ресейдің қай жерінде болса да, үш нәубетті егіс бар. Еуропада үш нәубетті егіс мұнан мың жылдың ар жағында шыққан. Сонымен әуелі бір нәубетті, мұнан соң екі нәубетті, мұның соңынан үш нәубетті егіс шыққан. Мұны айтуға жеңіл болғанмен, тұрмыс жүзінде өзгерулеріне көп уақыттар кеткен. Мәселен, славяндар бір нәубетті егістен екі нәубетті егіске түскенше мың жыл шамасы өткен. КӨП НӘУБЕТТІ ЕГІС Бұрынғы заманда тозған жерге неге 25 жыл дем алғызатын еді. Жердегі керек тамағын егін жеп тауысқан соң, жерде қалған тамақ егіннің жеуіне келмеген соң дем алғызатын еді. Біраз жыл өткен соң, жер астындағы тамақ бірте-бірте жұмсап, сұйылып, егіннің жеуіне келеді. Бірақ әртүрлі өсімдіктің біреуі бір тамақты көп жейді, екінші тамақты аз жейді. Екінші ананың аз жегенін көп жеп, көп жегенін аз жейді. Өсімдік те мал сықылды. Мәселен, жылқы ащы шөпті аз жеп, бозды көп жейді, түйе ащыны көп жеп, бозды аз жейді. Адам баласы соны сезген. Бір өсімдікті бір жерге қайтарып ексек, біраздан соң шықпайды. Бір жерге әлденеше түрлі өсімдікті алмастырып егіп отырсаң шыға береді. Бұл неліктен? Оның себебі, бір түрлі өсімдіктің жеген тамағын екінші түрлі өсімдік аз жейтіндіктен, соның үшін адам баласы көп нәубетті егіс шығарған. Көп нәубетті егіс бар жерде барлық жерді бес-алты я онан да артығырақ танапқа бөледі. Соның ішінде бір танабын ғана дем алғызады. Болмаса, о да жоқ. Әр танапқа әртүрлі астық, өсімдік егеді. Мәселен, бір танапқа бидай, екінші танапқа арыш, үшінші танапқа сұлы, төртінші танапқа жоңырышқа, бесінші танапқа картоп сықылды нәрселер егеді. Биыл шөп я картоп сықылды нәрсе еккен танаптарға айналдырып астық тұқымдарын егеді.
Астық шөп пен картоп сықылды дақылдардың артынан жақсы шығады екен. Үйткені, бұл дақылдардың ұзын тамырлары жерге тарап, жұмсатып босатады. Жерде қалып, сол тамырлар шіріп, жерге жем болып тыйландырады. Көп нәубетті егіс болғанда адамға тамақ, малға пішен кідірмей өніп тұрады. Жер бос жатпайды. Міне, адам баласы бір нәубеттен бастап, бірте-бірте көп нәубетті егіске түскен. Бір нәубетті егіс кезінде бір үйлі жан тамақ асырайтын жерден екі нәубетті егісте үш үйдің іші, үш нәубетті егісте төрт үйдің іші, көп нәубетті егісте алты үйдің іші тамақ асырайды. Басқаша айтқанда бір нәубет кезінде бір адам тұратын жерге көп нәубет кезінде алты адам тұруға болады. Міне, сонымен ел тығыздалады. Еуропада осы күні көп нәубетті егіс қолданады. Ресейдің көп нәубетті егіс кей жерлерінде ғана аз-мұздап бар. Қазақ ішінде жоқ. ЖҰМЫРТҚАДАЙ БИДАЙ (қазақшаландырушы – Қыр баласы) Балалар ойнап жүріп, жұмыртқадай бір нәрсе тауып алады. Ортасында бидайдың сызатындай сызаты бар, тұрпаты нақ бидай. Бір жолаушы балалардан бес тиынға сатып алып, қалаға апарады, қолға түспейтін нәрсе деп, патшаға қымбатқа сатады. Патша данышпандарды жиып: – Бұл жұмыртқа ма? Бидай ма? – деп сұрайды. Данышпандар олай да, бұлай да қарап, патшаның сұраған сөзіне жөнді жауап бере алмайды. Терезе алдында жатқан нәрсені тауық келіп шұқып, 1-2 теседі. Жұрт бидай екенін білді. Данышпандар: бұл кәдімгі арыш бидай екен деді. Патша бидайды таң-тамаша қылып қайда, қай уақытта шыққан бидай, табыңдар деп данышпандарға жарлық қылады. Данышпандар әрі ойлайды, бері ойлайды, талай кітаптарды тінтті, түк таба алмайды. Біз түк таба алмадық, кітапта бұл туралы ешнәрсе айтылмаған екен, мұның жайын мұжықтан сұрау керек десті. Патша шабар шаптырып, кәрінің кәрісі шал мұжықты тауып әкелуге бұйырады. Айтқанындай шалды тауып, патшаға алып келді. Иекте тіс, бойда күш, тәнінде ет жоқ, көз кіреуке, құлақ мүкіс, адам сыны жоқ, кеудіреп тұрған бір шал екі таяққа сүйеніп, патшаға келеді. Патша бидайды көрсетеді. Шалдың кіреукеленген көзі оңды көре алмай, көргенін көріп, көрмегенін қолымен сипап қарайды.
– Ақсақал, бұл бидай қайдан шыққанын білесің бе? Өзің
мұндай бидайды егіп көргенің бар ма? Болмаса, сатып алғаның
бар ма? Қайда, қашан сатылғанын білесің бе? – деп, патша шалдан
сұрайды.
Шалдың құлағы ауыр, айтқан сөздерді азар естиді, әрең түсініп,
зорға жауап береді.
– Жоқ, мен мұндай бидайды егіп те, орып та, сатып алып та
көргенім жоқ. Сатып алған бидай мұндай ірі емес, қу шөлмек
болатын. Мұны менің әкемнен сұрау керек, сол білмес пе
екен, – деді өлімтік шал.
Патша шалдың әкесіне кісі жіберді. Жігіттер таяққа сүйенген
бір шалды алып келеді. Патша бұған бидайды көрсетеді. Шалдың
көзі көреді екен, бидайды алып қарайды.
Патша алдыңғы шалдан сұрағанын мұнан да сұрайды,
құлағының сәл мүкісі болса да, баласынан анағұрлым қунақ, сер-
гек, жас көрінді.
– Жоқ, мен мұндай бидайды өмірімде еккенім де, сатып алғаным
да, көргенім де жоқ. Мен өмірімде ақша дегенді есіткенім жоқ.
Біздің заманымызда халық өз нанын өзі жейтін. Ашаршылықта
бар нанын көршісімен бөліп жейтін. Біздің бидай бұл күнгі би-
дайдан шығымды да, үлкен де болушы еді, бірақ, нақ мұндай ірі
болмайтын еді. Әкем айтушы еді: оның заманындағы бидайлар
өте үлкен және шығымды болушы деп. Сонан сұрасаң екен, деді
бұл шал.
Патша шалдың әкесін алдыртады. Баладай ойнап, жымпың-
даған, құп-қунақ шал патшаға жүгіріп келіп, сәлем береді. Құлағы
сап-сау, көзі жайнаған шоқтай, сөзі судай сырғиды. Патша би-
дайды шалға көрсетеді. Шал бидайды қолына алып, айналдырып
қарады.
– Шырағымды көрмегелі көп заман болды, – деп, шал бидайды
тістеп үзіп алып, шайнап, – нақ өзі, – дейді.
Патша бұрынғысын бұл шалдан да сұрады.
– Менің заманымда, – деді шал, - бұл бидай қайда болса сонда
шыққан. Менің жеп өскен наным, көршілерімді сыйлағаным – осы
бидай. Менің егетінім де, орып бастыратыным да осы бидай еді.
– Бұл бидай, ата, өзің егетін бе едің? Жоқ сатып алатын ба едің?
– деп патша тағы қайта сұрады.
Шал миығынан күлді.
– Біздің заманымызда сатқанды кім көрген? Сатқан күнә емес
пе? Онда ақшаңды кім білген? Әркімнің өз наны өзіне жетерлік
болатын, – деді шал.
– Бұл бидайды қайдағы егіндікке ектің? Ол егіндік өзіңдікі ме? – деп патша тағы сұрады. – Менің егіндігім Құдай жері. Қай жерді жыртсам, сол жер менің егіндігім. Еңбегім, терім сіңген жер менікі. Құдай жері, кім еңбек сіңірсе соныкі. Жердің сенікі, менікі болуының шарты жалғыз-ақ еңбек және табан ақы, маңдай тер сенікі, менікі болады. Жердің сенікі, менікі болуы табан ет, маңдай тер сіңуінен, – деді шал. – Тағы екі ауыз сөзіме жауап айтшы, ата, – деп патша сұрады: – Бұрын неге мұндай бидай шыққан, енді неге шықпайды? Бұл бір. Сенің немерең екі таяқпен зорға сүйретіліп келді, балаң таяққа сүйеніп келді, сен таяқсыз келдің, көзің шоқтай жайнап тұр, тісің түп-түгел, пышақтай өткір, сөзің ап-анық сақпанның тасындай, денең қунақ, кескінің жақсы, пішінің түзу, бұл неліктен мұнша екі түрлі болды? – деді. – Адам баласы.... табан еті, маңдай терімен күнелткен таза жолдан шыға жайылды. Еңбексіз мал тапқысы келеді. Бұрынғылар өз табан ет, маңдай теріне жалынған... Ендігі адам іздегені арамзалық, текке біреудің еңбегінен пайдаланбақ. Сен сұраған екі түрлі күй осыдан болған, – деді шал. Лев Николайұлы Толстой ҚҰСТАРДЫҢ МАСА, ШЫБЫН, ҚОҢЫЗДЫ ҚҰРТУЫ Көп құс ет жеп күн көреді. Қоңыз, көбелек, түрлі маса, шыбынды жеп құртатын құстар тіпті көп. Маса, шыбын, құртқұмырсқаны аса көп қыратын құс: ұзақ, қарға. Бұлар жер жыртып жүрген соқаның соңынан жүгіріп жүріп, қоңыздың құртын есепсіз көп жейді. Мұнан 50 жылдай бұрын арқалық Америкенің бір жерінде елі ұзақ, қарғаны қырған. Қыру үшін аңшыға бұлар көп ақша төлеген. Бір жылдан соң бұлар ұзаққа зар болып, сол құс жиылатын болса, бұрынғыдан ақшаны екі есе артық төлеуге бел байлаған. Ұзақ, қарға құрыған соң егінге қоңыздар мен көбелектер зор зиян тигізе бастаған. Адамға қараторғайдың да пайдасы өте көп. Бір жерде қараторғайды қырған. Қараторғайды қыру бойына қоңыздар сонша көбейіп, тоғайдағы барлық шөпті жеп құртқан. Қысқа қарай амалсыз алыстан пішен сатып алып тасуға тура келген.
Америке халқы бірқатар құстарды бақшаларына қызықты-
рып келтіреді. Неге десеңіз, бұл құстар бақшаларды зиянды құрт-
құмырсқалардан аман сақтайды. Сарғалдақ деген торғай сияқты
кішкене сары құсты үйде ұстайды: сарғалдақ мазасыз шыбындар-
ды аулайды.
Құрт-құмырсқа, маса, шыбынды жейтін құстардың адамға
келтіретін пайдасын санап жеткізуге болмайды. Бұл құстар ағаш
бақшаларын да, тоғайды да, орманды да, жүзім бақшаларын
да, егінді де аман сақтайды. Оңтүстік Ресейде егінге шегірт-
ке я басқа құрт-құмырсқалар өте үлкен зиян келтіріп тұрады.
Құрт-құмырсқа көріне бастаған жерге құстар жиналып, зиян-
ды жәндіктерді топтап қыра бастайды. Шегірткені әсіресе, «ды-
розд» деген құс көп қырады. Шегіртке қайда жүрсе, дырозд да
сонда жүреді. Бозторғайдың да пайдасы олқы емес: шөпті жау
жапырақтай қирататын түкті ала құрттар мен шыбындарды торғай
көп қырады. Ерлі-зайыпты екі торғай балаларының тамағына бір
жұманың ішінде, үш мың үш жүз алпыс түкті құртты ұстап әкеліп
берген, сонда күніне балаларын асырау үшін 480 құрт қырған бо-
лады, бұлардан басқа торғайлардың өзі де бір жұманың ішінде
тамақ ауыз тиіп жүруі керек.
Қарлығаштар тек шыбын, құрт сықылдылармен ғана қорек-
тенеді. Құрғақшылық кезде маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоғары
ұшады да, дымқыл уақытта төмендеп ұшады. Бұлардың артынан
қарлығаштар ұшып қуып отырады. Сонымен қарлығаштардың
ұшқаны ауаның я құрғақ, я дымқыл екенін көрсетеді десе болады.
Бір ағылшын сағатына қарлығаш қанша шыбын ұстайтынын біл-
гісі келіп, ұяның аузына отырып, балапанына қарлығаш неше рет
ұшып келіп, кететінін санаған. Әр келгенде қарлығаш бір шыбын
тістеп келеді. Бір сағатта қарлығаш қырық шамалы шыбын ұстап
алған.
Кейбір құстар маса, шыбынды, құрт-құмырсқаны бір түрлі
әдіспен ұстайды. Тоқылдақтар ағаш қабығының астынан аулай-
ды, әуелі қабық астындағы ағаш жейтін құртты тауып алады.
Сонан соң қатты тұмсығымен әлгі жерді тесе бастайды. Ағаш
жейтін құрт тоқылдақтан өмірде құтыла алмайды, қабықты тесе
сала, тоқылдақ тесік астына тілін тығып жібереді. Тілі ұзын және
оралымға келгіш болады. Тілімен қабық астындағы құртты суы-
рып алады. Тоқылдақтың кейбір тұқымдары, істікке шанышқан
сықылды, құрттарға тілін түйреп алады.
Құрт-құмырсқа, маса, шыбынды қырғанда құстар тек өсімдікке
ғана емес, малға да пайдасын тигізеді. Мәселен: бөгелектердің
малға тыныштық бермейтіні жұртқа мәлім. Құстар бөгелектің сазайын тарттырады, бір сиыр бөгелектен қалай құтылуға білмей, үйректер жүзіп жүрген қара суға бауырлап түсіп кеткен. Үйректер сиыр үстінде ызыңдап, ұшып жүрген көп бөгелекті көрген. Сонан соң барлық үйрек қалмастан сиырдың қасына келіп, қамап алып, бөгелекті аулай бастаған. Менің көзімше үйректер оқтын-оқтын секіріп, бөгелектерді ұстап алып жатты, – дейді, бір көзімен көрген кісі. Үйректер жан-жағын қоршап, кейде тұмсығымен шымшып жатса да, сиыр үйректің қызметін түсінген сияқты қозғалмай тұрды да қойды. Қазақ даласында шегірткенің ұрығын қарға көп қырады. Қарға бізге дос. Н. Рубакиннен ӨСІМДІКТІ ҚАЛАЙ ҚОРЕКТЕНДІРЕДІ, ТОЗҒАН ЖЕРДІ ҚАЛАЙ ЖАҢҒЫРТАДЫ Адам мен хайуанға тамақ пен сусын керек. Бұлар түгіл өсімдік те тамақ пен сусыз тұра алмайды. Әуемен тілдескен бәйтерекке де, жер бетінде тырбиып жатқан бозғанаққа да тамақ, сусын, ауа, жарық керек. Қоймаға астық жинап қойсаң, ауа мен жарық болса да көктемейді, тұра береді. Сол астықтың дәнін ылғалды жерге сепсең, біраз уақыттан соң сабақ пен жапырақ шығады. Бұл өсімдікке ауа мен ылғалдан басқа тамақ керек екенін көрсетеді, ол тамақты өсімдік жерден алып жейтінін көрсетеді. Олай болса, өсімдік жейтін тамағы жерде болады. Қаптағы астық адам жеген сайын таусыла береді. Ақырында бір түйірі де қалмайды, ол қабына қайтадан тамақ салмаса адам аштан өледі. Өсімдік те солай. Еккен егін жердегі өзіне керек тамағын алып жей береді, жердегі тамағы бірте-бірте азая береді. Бір жерге егінді қайтарып сала берсең, ол жердегі керек тамақты егін жеп болады, жерде егін жерлік тамақ қалмайды. Ол жерге енді егін жерлік тамақ салмасаң, егіндік ашығады, шықпайды. Егіндік тозды деп осыны айтады. Адам баласы мұны әлдеқашан аңғарып, жерге дем алғызатын болды. Адам жұмыс істеп шаршаса, дем алғысы келеді. Дем алса, қайтадан жұмысқа жарайды, бұрынғы күші қайтып келеді, болмаса, адам жұмысқа жарамайды. Жер де сол сықылды. Көп айдаған жер тозғаны – шаршағаны, дем алдырмасаң болмайды. Соның үшін адам баласы шаршаған жерге дем алғызып, бұрынғы қуатын қайтару үшін екі нәубетті, үш нәубетті егіс шығарған, бірақ бірекі жылда жердің күшін түгел жаңғыртуға болмайды, бәрібір, бұл
жерге астық тың жердей шықпайды. Оның бер жағында ел өсіп, тамақ бұрынғыдан да артық керек қылып барады. Енді не қылмақ керек? Енді жұрт жерді тыйландыра бастайды. Жердің үстіне алып барып көң төгеді, бірақ әркімнің жеткілікті көңі әзір тұра ма? Соның үшін айдалған жер ашыға бастайды. Ішінде тамағы мол, тоқ жер тағы жоқ. Енді астық жөнді шықпайтын болды. Шөп баласы, жер анасы сықылды аш жер – шөп баласына емшегін бергенмен сүт шыға ма? Ел өскен сайын астық жетіспейтін болды. Жерді асырайтын әдіс таппаса болмайтын болды. Шөп беріп асырамасаң, аш сиыр сүт бермейді. Тамақ беріп асырамасаң, ашыққан жер астық шығара алмайды. Жерді қалай асырап, ашықтырмас жайын үйрену керек. Соны зерттеген оқымыс неміс Либиқ деген сабаз. * * * Өсімдіктің өмірін, тіршілігін, қандай жейтін, қандай тамақ, қандай өсімдікке тиімді екенін білу үшін бейнеттеніп, тәжірибелер жасап Либиқ отыз бес жыл өмірін сарп етті. Ақырында Либиқ өсімдік жеуге поспор (фосфор), селитра, избиз (известь) сықылды нәрселер керек екенін білген. Сол нәрселер жерде жатып өсімдік жейтін тамаққа айналады екен. Сол тамақтар болмаса өсімдік ашығады екен. Мұнымен қоймай, Либиқ қандай өсімдікке қандай тамақ керек, қанша керек екенін есептеп шығарған. Сол білгеннің бәрін данышпан кітап қылып жазып, жер жүзіне таратқан. Либиқ есебімен әр нәрседен қосып жұрт жерге тамақ беріп асырай бастаған. Мұны жерді қолдан асырау дейді. Бұл күнде сол нәрселерді жасап шығаратын пабриктер (фабрика) бар. Либиқ жетпіс жыл өмір сүріп, 1873 жылы дүниеден қайтты. Әлі мыңдаған адамдар, шаруалар, агрономдар Либиқ кітабын оқып пайдаланады. Либиқты адам баласының қамқоры деседі. Либиққа туған жері «Дармиштатта» және «Мункин» деген үлкен қалада халқы ұмытпастық белгі салды. Бұрынғы заманда жер 25 жылдан соң тыңайса, Либиқ айтқан әдіспен жерді жаңғыртқанда бір жылдың ішінде тыңайды. 25 жыл бос жатқан жердей болады. Астық жақсы шығу үшін тұқым да жақсы болу керек. Ала айғырдың баласы – ала, шұбар айғырдың баласы – шұбар туады. Өсімдік те солай, жақсы тұқымнан шыққан астықтар жақсы болады, жаман тұқымнан шыққан астық жаман, мыш болады. Адам баласы мұны Либиқтан да бұрын аңғарып, сепкенде жақсы тұқым
себе бастаған. Жақсы тұқымнан астық кейде үш рет артық түседі.
«Не сепсең, соны орасың» деген осы.
Бұл күнде оқымыстар Либиқ ісін ұлғайтып, тереңдетіп,
арттырған. Ресейде жерді қолмен асырау XІX ғасырдың аяғында
шықты. Қазақ ішінде әлі жоқ, жерді қолмен асырауға әрине, көп
қаражат керек. Оған бір жағынан үкімет жәрдем бермесе, екінші
жағынан елдің өзі күшін қосып бірікпесе болмайды.
ТЕМІР САБАНҒА ҚАЛАЙ ЖЕТКЕН
Бұрын ұштаған таяқпен шұқып, адам баласы егін салған. Темір
құралды ұстамақ түгіл, түсінде де бұрынғылар көрген жоқ. Бұл
күнде темір құрал кім болса соның қолында. Ең әуелі темір балта
шыққанда адам баласына таңсық көрінген. Ұсталарды құрметтеп,
тегін кісі емес деп түсінген.
Әуелі кетпен соққан Дәуіт Пайғамбар деп қазақ басқа Пайғам-
барлардан гөрі Дәуітті киімнің ішкі бауындай көреді, артық са-
найды. Егер кетпенді ең әуелі Дәуіт соқса, Дәуітті әрине, басқа
Пайғамбарлардан гөрі адамға пайдалы деуге болар еді, бірақ
әуелгі кетпенді Дәуіт соғып, соқпағаны екі талай. Дәуіттің қара
дүкенін ұстаған деп қазақ ұстаны әлі құрметтейді, басқа елдерде
солай болған. Мұның бәрі темірдің адам тұрмысына өте маңызды
екендігін көрсетеді.
Бұл кезде темір сабан шықты. Онысымен қоймай, бірнеше
түренді болып шықты. Алғашқы темір балта, темір кетпен таңсық
болса да, әлденеше түренді темір сабан онан да гөрі таңсық. Сабан
соңынан түрлі егін құралдары, машиналары шықты. Темір молай-
ды, темір зауыттары көбейді. Адам еңбегінің өнімі артты. Ел өсіп,
қонысы тарылғанда, бұл дөбі келген іс болды. Бұрынғы құралдар
мен жұмыс істеу маданияты өте кенжелеп қалған жұрттар ғана
арасында сақталып қалды.
Бұл күнде маданиятты елдерде, Ресейде де жерді машина са-
банмен жыртады, темір тырмамен тырмалатады, машинамен егін
орады, машинамен егін басады, машинамен егін суарады, маши-
намен тұқым шашады.
Бұлардан соң өзі бірден орып, баулап кететін машиналар
шықты. Ол машина бір күнде он адамның жұмысын істейді.
Бұл машиналардың бәрі де көлікпен жүреді, адам тек басқарып
тұрады. Жаңадан жерді көліксіз өзі жүріп жыртып, тұқым шашып,
тырмалап кететін «трактор» деген машина шықты. Міне, адам ба-
ласы тамақ іздеумен тұрмыс тәжірибесі мен таяқтан бастап амал-
сыз «тракторға» келіп жетті. Соның бәрін істеген адамның екі
қолы мен миы.
ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қазақ кәсібінің негізі әлі мал. Арқадағы отырықшылыққа
айналып келе жатқан ел төрт түлік мал ұстайды. Малының ішін-
де көбі жылқы, қой, сиыр болады. Түйе аз. Оңтүстік көшпелі
қазақтар қой, жылқы, түйені көп ұстап, сиырды тіпті ұстамайды,
ұстайтындары аз ұстайды. Көшпелі сиырдан қашатын себебі, қыс
тебінмен күн көре алмайды, жаз ұзақ көшке еріп жүре алмай-
ды дейді. Ел көшпелілігінің бір белгісі – түйе көп, сиыр аздық.
Отырықшылыққа айналғанының бір белгісі – сиыр көп, түйе
аздық. Түйенің жақсысы Орал, Бөкейлікте болады. Сиырдың
жақсысын Бөкейлік қазағы бағады. Олардың сиыры киік сықылды
әдемі, кіл қызыл сиыр болады. Көк, ала, қара, тарғыл түсті қазақ
сиырын көрсе Бөкейлік мазақ қып күледі. Жылқының жақсысы
адайда болады. Бұлардың жылқысы түрікпен бедеулерімен қаны
араласқан. «Адайдың тас басқаны» деп қазақ мақтайды. Қойдың
жақсысы, ірісі Атбасар үйезінің бағаналысында. Бағаналы қой
Ресейде атаққа шыққан. Ауданға салып қарағанда төңкерістен
бұрын Ақмола, Семей жылқылы, Орал, Торғай қойлы, түйелі бо-
латын еді. Арқадағы үйездер сиырды да көп қылып ұстап келе жа-
тыр еді.
Семейде де он мыңнан асу жылқы айдаған кісілер жаңада ғана
болды. Торғай облысында он мыңнан асу қойлар да едәуір жаңа
кезде өтті. Орал, Торғайда мыңға жақын түйе айдаған байлар осы
жиырмасыншы ғасыр ішінде болды. Түйені жүздеп ұстаған, көп
айдаған Ақмешіт жаппастары.
Көшпелілер айтады: әр малдың орны басқа деп. Бұл мағыналы
мақал. Қойды алсақ, қойдың іске асырмаған жерін қазақ
қалдырмайды. Қойдың еті тәтті. Маңыздылығына қарай қойдың
сүті қорғасын дейді қазақ. Қойдың қазақ етін жейді, сүтінен
қатық, іркіт, құрт, ірімшік жасайды, май алады. Жүнінен арқан
істейді, қап, шекпен тоқиды, киіз басады, бау тоқиды, байтаба
(қой жүнінен тоқыған шұлғау) жасайды, жабағысынан күпі тігеді.
Терісінен илеп тон қылады.
«Тоғыз қабат торқадан, тоқтышағым терісі артық», – дейді.
Шаруа терісінен тағы мес қылады, ыдыс жасайды. Өлген қойдың
сүйегі де жерде қалмайды: қатындар майын қайнатып алып, са-
бын жасайды, жілігінен балаларына шүмек істейді. Қойдың
құмалағы да далада қалмайды: қимай жасайды, қи қылып отқа
жағады. Қойдың тезегінің қиқымы да жерде қалмайды: қысты
күні мал астына көң болады. Қойдың қарны, асығы да кәдеге аса-
ды: қарынға май салады, асығын балалар ойнайды. Қой бағуға
тағы оңай: қыс жақсы жылы болса аяғымен күн көріп шығады.
Ұзақ көштен қалмайды, қазақ қойы киік сықылды: жүруге, қысқа
әзірленіп туған. Орыс сарығындай қысқа тоңатын я жүргенде ті-
зесіне соғатын құйрығы жоқ, қазақ қойы етек жеңін түріп алған
кісі сияқты. «Әуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ
жаулық, үшінші байлық – жүз саулық» деп қазақ текке айтпаған.
Көшпеліге түйенің орны бір басқа. Түйе көшкенде үйін, бала-
шағасын көтеріп жүреді, ұзақ жолға, ашаршылыққа, сусыздыққа
шыдай береді. «Түйе – шөлдің кемесі» деген оқымыстылардың
нақыл сөзі бар. Түйені қазақ өте қадірлеп түйе баласын «төре
баласы» дейді. Түйе таза мал, ластықты сүймейді, жаман шөп,
жаман су ішсе өліп қалады. Түйенің еті – тамақ, сүті – шұбат,
жүні – жібек сияқты. Жүнінен шекпен, жабағысынан күпі, кені-
нен қайыс, мойнағынан – көнек, торсық істейді. Арба, шанаға,
сабанға жексең де түйе жүре береді. Қыс қатты болып кетсе, түйе
өз тамағын өзі алып жейді.
Жылқы қазақтың бұрынғы жаугершілік кезінде өте керек-
ті малының бірі болған. «Ат – ердің қанаты». Ат – қазақтың
отарбасы. Бұрын жаугершілік кезде атпен барлап келеді, қашса
құтылады, қуса жетеді. Атсыз қазақ қанатынан айырылған құс
сияқты болған. Қыс жылқы тебінмен шығады, қожасына масыл
болып, шөпке телміріп тұрмайды. Сүті қымыз болады. Жер үстіне
қазақ қымызының жақсы атағы жайылып болған. Еуропаның ау-
рулары қазақ ішіне қымыз ішіп жазылуға келеді. Терісі қайыс,
саба болады. Еті тәтті, қазақтың ескі жырларында жылқыны «еті
тәтті, сүті бал, сүрі қарда жайылған, сары аязда жусаған» дейді.
Жал-құйрығы – арқан, тұсау, шідер, шылбыр болады. Жұмысқа
жылқы әрі берік, әрі күшті.
Сиырды бұрын қазақ жазға айдауға жүре алмайды. Қыс
аяғымен шыға алмайды деп, ұстамаған. Бұл күнде көп жерде сиыр
ұстайды. Әсіресе, отырықшылыққа айнала бастаған, сатуға база-
ры жақын жерлерде көбірек ұстайды. Сиыр пайдалы мал. Сиырды
көбінесе сүті мен етіне бола ұстайды. Өгізі жұмыс қылады.
Мал бағудан басқа қазақ егін салады. Егінді Арқа жақтағы-
лар көп салады, қарашекпендерден қалыспайды деуге жақын-
дайды. Оңтүстіктегілері аз салады. Егетін астықтары: бидай, тары,
сұлы. Арпаны қыр қазағы жаңада сала бастады. Түркістанда арпа-
ны бұрыннан салады.
Қолдан жоңышқа егетін Түркістанда қазақ көп. Қырда Се-
мей гүберниясының әр жерінде салады. Егінді оңтүстікте қазақ
көбінесе қолмен суарып салады. Суды шығырмен тартады.
Қазақ арасында етікші де бар, бірақ бұлар басқа жұрттың етік-
шілеріндей кіл етік тігіп отырмайды, басқа кәсіп те қылады. Таза
етікке қараған қазақ қалада болады. Қазақ арасында үйшілер бар.
Кереге, уық, шаңырақты қазақ қолдан істеп алады. Торкөз үйдің
жақсысы Қостанайда болады. Өзіне керек заттың бәрін де қазақ
қолдан істеп алады. Темір ұсталары да қазақ ішінде көп, зергерлер
де болады.
Қазақтың әр жерінде әртүрлі іс жақсы істеледі. Бөкейлікте
оюдың әдемісі болады. Қазақ даласында оюға Бөкейліктен шебері
жоқ.
Ердің әдемісін Ырғыз үйезінде істейді. Қазақта Ырғыз қаза-
ғының көкбас еріндей ер болмайды. Ерді тарамыстан құйып,
тоқымдарына шейін бұлғарыдан шауып, ойып, кестелеп шығарады.
Ағашқа ою салудың тамашасы Ырғыз бен Қазалы үйезінде.
Ырғыз, Қазалы үйезінде оюлы кебеже, сандық, кереует өте әдемі
істеледі. Қазақ ішінде шекпеннің әдемісі шекі тоқиды. Түркістан
қазақтары мен Торғай үйезінің қазақтары тоқиды. Ақтөбе үйезі
кесте тігуге шебер. Атбасар, Ақмола үйездері текемет, киіз басуға
ұста болады. Қазақ ішінде Атбасардың «бітпес»16 деген текеметін-
дей текемет жасайтын жер жоқ. Атбасар үйезі кісе істеуге шебер.
Семей облысы өте-мөте темірге күміс шаптыруға ұста болады.
ҚОЙШЫ
Тынық түн табиғатты маужыратқан,
Қотанда қой мен сиыр жусап жатқан.
Көмескі айдын нұры күңгірттеніп,
Маржандай аспан, жұлдыз жымың қаққан.
Жел тынық, қозғалмайды шөптің басы,
Айдың көл құрағы мол елдің қасы.
Айнадай тынық суда еркін жүзіп,
Шығады сыңқылдаған құстың даусы.
Ит үрмей, адам жүрмей тынған кезі,
Тыныштық жан біткеннің қылған кезі,
Қотанда қой шетінде арпалысып,
Төңбекшіп қойшы жатыр жалғыз өзі.
Жел, құм ер жастағаны, тоқым төсек,
Үйренбей өскен жамбас көрпе төсеп,
Тақыр жер баптақ түгіл жұтсадағы
Ренжіп оны сірә қылмайды есеп.
16 Бітпес- түскиіз екеуі бір (А.Байтұрсынұлының түсініктемесі).
Ол түгіл көрген сорлы онан зорын,
Арқасын тыр-тыр қасып алмай қолын.
Үстінде кірлі көйлек пара-пара,
Қорлықтан көрмегені бар ма оның?
Келеді қойшы болып он бесінен,
Кетпестік бір миқынат зердесінен.
Ата-ана, туып өскен, құрбы-құрдас,
Еш кезде шығармайды елді есінен.
Жастанып жел, құм ерін жатса қойшы,
Қышынып ауыр ойға батса қойшы.
Жылы сөз шырағым, деп айтар жан жоқ,
Жүргенін ескереді жатта қойшы.
Анау бай жуан қарын, шүйде желке,
Қолында ақ таяғы тұрып ерте:
«Атаңа нәлет, ит-ау, тұрсайшы!» деп,
Бүйірін ауыртады түрте-түрте.
Төңбекшіп түніменен ой ойлаған,
Қиялын жан серігі қоя алмаған.
Сартылдап ақ таяқ та тиюші еді,
Кезінде тәтті ұйқыдан оянбаған.
Бәйбіше мынау жүрген былқ-сылқ еткен,
«Қойшы – иттің баласы!» деп күнде тепкен.
Жалшыны қарсыласқан қарғап-сілеп,
Жері аз ба, қуып шығып тентіреткен?
Мұншама таусылмайтын неткен қорлық!
Жаратқан мұнша неге Құдай қор ғып!
Қарғыс па, «қойшы» деген тағылған ат,
Көретін өміріне жұрттан зорлық.
Атаған бұл сорлыны қайдан қойшы?
Жақсы атты алмайтұғын байдан қойшы.
Түтіндей сар масаға қорек болып,
Ыстықта өріске қой жайған қойшы.
Жаралып дүниеге неге келмек?
Кетеді жүйрік қиял жоғары өрлеп.
Кірпігі қағылмайды бір-біріне,
Тәтті ойды таң алдында қылып ермек.
Біресе елестейді туған елі,
Көбелек балалармен қуған елі.
Өткелдің құмдарында қармақ салып,
Ойнаған асық, топай таныс жері.
Әлдилеп алдына алып сүйген ана,
Қосылып қайғысына күйген ана.
«Қалқам!» деп иманымен қабат айтып,
Мәңгілік ақ кебінді киген ана.
Кетпеген қызық дәурен онан әрі,
Езіліп көргенінің бейнет бәрі.
Қайғырып жас жүрегі қанға толып,
Жарыққа бір шыға алмай келеді әлі.
Жан болып жаралудан мақсат не еді?
Деген ой көкірегін құрттай жеді.
Қарғалған қойшы деген атты тағып,
Байға құл жүріп мәңгі жүру ме еді?
Болмаса бір жарық таң атпақшы ма?
Сорлылар еркін тұрмыс татпақшы ма?
Жойылып дүниеден қарғалған ат
Дәмінен бостандықтың татпақшы ма?
Күн қызып, минут сайын жел де тынып,
Сар маса аспан жүзі ың-жың болып,
Мейірімсіз бір жағынан мазалайды, .
Біреуі қолға, біреуі бетке қонып.
Ыстықта таңдай қатып, ерін кеуіп,
Бір жұтым саумал үшін елге келіп,
Сабаға көзді қадап ынтықса да,
Аяйтын бәйбіше ме, қымыз беріп?
Жас жанын удай жайлап, құрттай жеген,
«Тілегі қойшылықтан шықсам» деген.
Бірдей боп басқалармен күн көрісте,
«Уа, жастық! Үлесімді алсам» деген.
Ыңырсып жусаған қой, күйіс бырт-бырт.
Түрулі есіктері ұйқыда жұрт,
Талықсып табиғаттың тылсымына
Мұңданып басын иген дала жым-жырт.
Қасынып қотанында қойшы жатыр,
Тынсайшы, мазаламай бит батыр!
Таң келед, бай да келіп қала ма деп.
Кірді ол тәтті ұйқыға балдай татыр.
Бейімбет
ЖЫЛҚЫШЫ
Қысырақ желдеп кеткен. Жылқышы Күдіріс соны қарап ке-
шеден жоқ. Күдірістен өзгелері жоқ таба алмайды, ол қараудың
жөнін біледі.
– Иа-пыр-ай! Неғып келмей отыр! Таба алмады-ау, бұл! Қолды
болмаса жарар еді... – деп, Ордабай отағасы дамыл-дамыл айта
түседі.
Міне, сәске болды. Күдіріс жоқ. Жылқы келді. Бие байланды.
Күдіріс жоқ. Биенің бас сауымын сауып, көнектерін қолдасып,
биешілері де кірді. Күдірістен хабар жоқ. Қыртай үлкен сары
тегенені, аяқтарды, ожауды жинап, жуғалы тысқа алып шықты.
Әнекей, бір балағы тізесіне дейін түрулі, омырауы жалаңаш,
табалдырыққа келіп, сабаның бауын шешіп алып, күмісті піспек-
ті күннің нұрына шағылыстырып, иіндеген емізікті қара сабаны
күрп-күрп пісе бастады.
Міне, төсегінің аяқ жағында қымыз құюға әзірленіп, бес биенің
сабасындай боп, ақ манардай Айтуар бәйбіше де омырауын жел-
пітіп отыр. Төсектің бас жағында күпісін жамылып, жастыққа
шынтақтап, саусағымен сақалын тарақтап Ордабай отағасы да
жатыр. Төрдің алдында тамағын кенеп, алысқа түкіріп, күйіне
түскен қырандай, қымызға әзірленіп, қобдиланып екі қонақ та
күтіп отыр. Күндегі қымызға келетін төңіректің жаман тымақтары
да келе бастады.
Бір уақытта даладан: «Әкетті, әк-кетті! Тарт-тарт!...» дес-
кен шуылдаған айқай шықты. Бай төсектен басын көтеріп алды.
Есікке мойынын созып қараса да, есік алдында үйездеп тұрған
жылқы ештеңкені көрсетпеді. Қыртай ыдыс-аяқтарды алып үйге
кірді. Бай: – О не, даладағы айқай? – деп сұрады Қыртайдан.
– Қызыл бестіге бұғалық салып еді, бәрі жабылса да айырылып
қалды. Бай:
– Күдіріс болмаса, жылқы ұстай алушы ма еді! Қарашы, шошы-
тып алғанын. Бар! Қойсын де, атты қинамай. Күдіріс өзі ұстар.
Күдіріс – байдың сенімді, мықты жылқышысы. Ордабайдың
жылқысын баққалы міне, биыл бесінші жыл. Содан бері құрығы
құтты болды: малы – аман. Күдіріс – ер. Ұрыға жылқы бермейді.
Алдыңғы жылы үш ұры түсірген. Былтыр екі ұры түсірді. Күдіріс
жаз жылқының күндізгісіне барады. Күзге салым ел жайлаудан
қайтқанда ұры қатаяды, сол кезде күзетке барады. Қатты-қайырым
жұмысқа Күдіріс жүреді: ол боранда жылқы ықтырмайды. Бір
жетіге шейін дым татпауға пейіл, жылқыдан айырылмайды, ауызы-
на малта салып жүре береді. Асауды Күдіріс ұстайды. Шу асауды Күдіріс мініп үйретеді. Бойлауықты Күдіріс тоқтатады. Зым-зия болып шығып кеткен қысырақты, үркіп кеткен жылқыны, Күдіріс қарап табады. Жайшылықта Күдіріс жүйрік айғырларды жаратып алып қасқыр соғады. Күдірісте жалығу, шаршау жоқ: неғұрлым жан қинарлық жұмысқа жаны құмар. Қол, аяғын қайырып, домалатып байлап ұры түсіріп әкелсе, ақ көбігін ағызып сенделтіп, аузы-басын қан қып, бесті асауды бастықтырып келсе, көзін қызартып, қасқыр соғып әкелсе, ұрып жығып шықшыттан бұрап буындырып, қабырғасымен жығыла тартқызып, қашағанды ұстап келтірсе Күдірістің жағасы – жайлау, төбесі – қыстау. Күдірістің мінезі ауыр. Ойын, күлкісі тұрпайы. Ол көп сөйлемейді, қалжыңға шорқақ. Күдірісті жуырда ашуландыра алмайсың. Үнемі жымиған, күлімсіреген іспетті, жабырқамайды. «Күдіріс, аударысың бар ма?» десе, «Бала, қойсаң қайтеді» деп жымияды, «Күресің бар ма?» «Қабырғаң күйреп қалар». Кел, аударыссаң, кел күрессең деп сүйрей жөнеледі. «Өлдім, өлдім» десе, «А, солай ма?!» деп қоя береді. Оның жазы-қысы таусылмайтын бір-ақ өлеңі бар. «Маң-маң кер кекілің келте, жалың майда, Бал татыр қосса кәмпит қара шайға. Алыстан ат арытып келгенімде, Ауылы қалқатайдың әлде қайда?» Осыны қоңырлатып, әлде қайда жүреді. Ойын-сауықта Күдіріске өлең айт десе, құты қалмайды, тер одан да, бұдан да кетеді. Ең қысылғанда ғана, «маң-маң керді» қоңырлатып жібереді. Қызыл бестіге құрық жібергенде, байдың іздеген Күдіріс осы еді. Күдірістің қаруын, қайратын айтып, бай қонақтарына мақтап еді. «Жылқыны жылқыдай кісі бағады деп бұрынғылар айтыпты ғой. Солар бірдеме білген ғой?! Мұндай жылқышы қыдырлы малға кез болады ғой» деп қонақтар қошемет етті. Қымыз құйылды. Үй толды. Айтуар бәйбіше бала-шағаға шейін құр тастамай қымыз беріп отыр. Бай қонақтарына: – «Алыңыздар» – деп, біріне-бірі аяқтарын ұсынып, көтерісіп отыр. Орта бойлы, күдіс жоталы, дембелдеу келген қара сұр жігіт үйге кірді. Үстінде екі жеңін белуардан шорт байлаған, ұзын түйе жүн шекпені, белінде көнетоз былғары кісесі. Басында желін қапша жапырайылған қара елтірі тымағы, аяғында сыдырма қып тіккен байпағының қонышы салпылдаған жуан саптама етігі, қолында өрімі түйе мұрындық ырғай сапты қамшысы бар.
КӨШ Жазғытұрғы мен жазғы, күзгі көштердің арасында көп айырмашылықтар бар. Жазғытұры төл жаңа туып, аяқтанбай жатқан кезде, кез-келген жерден от пен су әзір мезгілде, қазақ көшпейді, тек бір жерден бір жерге жылжып, шоршып қона береді. Ұзақ тарта көшуге қозы шаршайды, кез келген жерде қалың боздың арасында жатып жоғалып қалады. Сәске көтеріліп, күн қыза сүтке тойған қозы тіпті жүрмейді. Көш үстінде қанша қой қоздайды. Қашан көрсең де қойшылардың екі қоржынының басы толы қозы. Жазғытұрғы көшті біз балалар аса жек көретін едік. Қалай тәуір көрерсің? Әжең ерте тұрғызып, қатыққа тойғызып, жұмырыңа сусын құйып береді де, шырағым, ауыл көшеді бала біткен бәрің де қойдың ішімен кетесіңдер, қошақандарың жатып қалады: қонатын жерге дейін ойнап қалып, қозыларыңды жоғалтпай, айдасып барасыңдар дейді. Көзіңді уқалай-уқалай, қолыңа шыбыртқыңды алып, қой соңынан кетесің. Енді сен ойнап қалмай, қонатын жерге дейін қозыны айдап баруға айла тап! Қозысы бар болғырлар ауылдан әу дерлік жерге шыққан соң-ақ, біртіндеп жата бастайды. Әр қозының қасына барып қайдан оятып тұрғызып жүресің? Қолыңдағы шыбыртқыңды орап-орап алып шарт еткізіп жібересің, қозы шошып орнынан секіріп тұрып, маңырап қойдың артынан жүгіре бастайды. Біраз жер жүрген соң қозы көбірек жата бастайды. Шыбыртқының шартылынан да қайрат болмайды: қасына барып түртіп тұрғызасың, кейбіреулері түрткенге де тұрмайды. Шаршайсың, шөлдейсің! Қойдың алдын тоқтатып, жатып демаласың. Арттан көш те келеді. Шаршаған қозыларды көшке беріп, тағы қойыңды ілгері айдап жүресің. Біраз жер өткен соң қозылар солықтап тағы жата бастайды. Тағы шыбыртқының шартылы жиірек шыға бастайды, тағы шартылдан қайран кете бастайды, тағы шаршай бастайсың, уһ! енді ауылға жетсек екен! Бітеге неден соң алдыңнан ат, қозы салуға қоржын келеді. Шаршаған қозыларды қоржынға толтырып алып, атқа мініп қойыңды айдап, ауылға құлайсың. Әлі сенің жұмысың біткен жоқ! Айран ішіп алған соң, көгал жерге қағып әзірлеп қойған көгенге әкеліп, қозыларды көгендеуің керек. Қозы әлі есі кірмеген, бөлуге келмейді, әрқайсысын қолмен ұстап көгендеу керек. Қозыны да көгендеп болдың. Қой өріп кетті. Енді ойнау керек.
Шаршап келген балаларға басқа ауылдағы жолдастарын тауып
алу да оңай жұмыс емес: уақ төл араласып кетеді, танып алуы
қиын деген сылтаумен, жазғытұры ауыл арасы далия-далия, алыс
қонады. Үлкендердің балаларға ол қылған қулығы болар тегі: ауыл
арасы жуық болса, балалар ойынға айналып, жазғытұры мал басы-
на бір адам керектей кезде, малға қарамайды деген. Жазғытұрғы
көш пен ауыл арасы қашықтығының балаларға қолайсыз-ай!...
Бірақ жазға салым көшкенде балалардың да, қыз-қатындардың
да, үлкендердің де мұралы береді. Үйді кеше кешкі салқынмен
жығып буып, түйіп қойған, түйе ай жарығымен жазыланып жа-
тыр, сүтті ерте пісіріп, ұйытып қойған. Ертең қонған жерге ай-
ран керек. Таң біліне әйелдер тұрып, түйеге жүк қойып жатыр,
қойшылар тұсаулы аттарын әкеліп суарып, ерттеп мініп алып
қойын өргізіп бара жатыр. Еркектер кеше жылқыдан алып қалған
бала-шағаларының матастырулы аттарын суарып ерттеп жүр. Ба-
лалар аттың басын ұстап тұр. Күн шығар алдында көш жөнеле
бастайды. Жұрттан шыға бере қатындар түйенің мойнына ырғып,
үстіне мініп, қатар-қатар, тізбек-тізбек болып белестен шығып
келе жатқан күнмен жаулықтары шағылысып асып бара жатыр.
Аттылар жұртта қалып, аттарына мініп, жұртты бір айналып,
бұлар да жүріп кетеді. Жұрттан шыға бере ақсақалдар көш бас-
тап, өз басын алып жүре алмайтын уақ балаларды жетектеп бара-
ды. Бозбала, қыздар бөлініп қалып, жылқы іздеуге шығады. Атқа
тақымы қатпаған ашамайдағы балалар жылқы айдауға барамын
деп жыласа, атқа жүре алмайтын немені алып қайтеміз деп қыз,
бозбала мазақтап қашады.
Шыға бере жарыс! Аттың басын жіберіп отырып, төгумен
келіп, неше ілгері шығарып жіберген жылқыны тауып аласың.
Тұс-тұсынан шауып жүріп жинайсың. Бетін дұрыстап алып,
айқайлап топтап, жөңкітіп, көштің артынан жетесің. Жердің
бетін ақ қызғалдақтай жауып кетіп бара жатқан қора-қора қой.
Қойдың ара-арасында көк теңізде жүзгендей жиырылып, созы-
лып, тізбектеліп бара жатқан лек-лек көш! Көшпелі кеңес құрып
даланы жаңғырықтырып бара жатқан қатындардың дауысы.
Жылқыны қуып, көштің алдына саласың. Жазғы салым жылқыны
қуып айдадың деп үлкендер кейімейді. Неге кейісін? «Жылқыны
жазғытұры қуып айда, күзді күні жайып айда» дейді қазақ.
Шөлдесең келіп жеңгелерің көшінен қымыз ішесің. Қыздар
оған да місе тұтпайды, ірімшік, құрт, май бер деп жабысады,
оңайда жоқ дегеніне болмай, қамшыларымен ұрып, жеңгелерінің
астындағы түйелерін тулата бастайды. Амал жоқ, көшті тоқтатып
қойып, тамақ беріп құтылады.
Жылқыға жеткенше тағы жарыс. Қыздар жорғаға мінеді,
жорғалары шапқан аттан қалып бара жатса олар да шабады.
Жарысқа тіпті сылтау табылмаса, бірінің атын бірі ұрып қашады.
Жарыс басталады. Қалың боз шапқан аттың, айдаған жылқының
дүсірімен ана жерден үйрек, мына жерден дуадақ ұшып жатыр,
ұшқан жеріне озып барғаны жұмыртқасын алады.
Міне, алыстан көгеріп қонатын көл көрінді, жылқыны ысы-
рып жіберіп, көлге қарай жөнелдік. Айнала көк орай шалғын.
Әр жерде аттарын қаңтарып қойып, бір нәрсе іздеп қыдырып
жүрген көшбасшылар, көл жағалай жұмыртқа іздеген манағы
кеткен уақ балалар. Келу бойдан кідірмей қыз-бозбала көл
ортасындағы қамысқа жұмыртқа іздеуге түседі. Су терең, аттың
қолаңсасын әлдеқашан шайды. Оған қарамайсың. Атыңды
жүздіре-мүздіре барып, қамыстан қаздың жұмыртқасын тымақ-
қа, етекке, дорбаға салып алып жүресің. Сен қайтар кезде суға
жылқы да құлайды. Күмп етіп көлдің тынық терең суына беріп
кетті. Су іші салдыр-сұлдыр, салдыр-сұлдыр тыным жоқ.
Қабақтан сол мезгілде түйдектеліп көш те құлады. Үй тігісуге
қыздар жарысып қайтып кетті. Ауыл жапырлап қонып жатыр, үй
тігіліп жатыр. Желі тартылып жатыр, ауылға сауын жылқыны ай-
дай сен де қайтасың.
Сол көшумен ел Арқадағы егінші елдер ішіне келіп жайлай-
ды. Майсыз арбаларын бақыртып-шақыртып, көк шолақтарына,
өгіздеріне, кейде аракідік түйелеріне жегіп, егіншілер де көш-
кен болады. Оны біз бақалшы ноғайдың қосы келе жатыр деп ке-
лемеждейміз, әй, бала күндегі жазғы көштей қызық нәрсе әлі кер-
генім жоқ! Әр жаңа жұртқа қонғанда құр атқа мінгендей көңілің
бір көтеріледі.
БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ
Асан деген бай баласы, Үсен деген жарлы баласы, екеуі құрдас
екен. Бір күні екеуі қыр астында асық ойнап жүрсе, елі көшіп
кетіп, ескерілмей балалары жұртта ұмыт қалыпты. Бір мезгілде
үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ. Жұрты жатыр. Асан айқай са-
лып жылай бастады, Үсен бір ойлап аз тұрып айтты: Жылағанмен
түк бітпес, онан да көшкен ауылды іздеп табалық. Енді қайдан
табамыз, қай жаққа кеткенін де көргеніміз жоқ, – деді Асан. Үсен
үндеместен, Асанды ертіп жұртқа келді. Жұртта көзі сынған бір
ине жатыр екен. Оны алды және бір пышақтың сынығын, бір-екі
уыстай қыл тауып, оны да алды. Сонан соң ауылдың жұртын ай-
нала жүгіріп жүріп, көштің кеткен сүрлеуін тауып, сол сүрлеуге түсіп жүре берді. Біраз жүрген соң сүрлеу екі айырылды. Мұны көріп Асан жылай бастады, енді қайсысына түсеміз деді. Үсен қарап жүріп біреуіне түсті. Мынау сүрлеу бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен, малдың жас тезегі жатыр деді. Біраз жүрген соң Асан қарным ашты деп жылай бастады. Үсен үндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір-екі үйрек пыр етіп ұшып, ұзамай-ақ қонып, жорғалай берді. Асанның онымен ісі болмай жүре берді, Үсен жүгіріп барып сипалап жүріп, үйректің орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып, жұмыртқаны алайын деп еді, Үсен алдырмай: – «Жолдан адасып көп күн жүрсек бізге тамақ керек болар, үйректі де ұстап алалық», – деді. «Қалай ұстаймыз», – деп Асан таң қалды. Үсен: – «Мен әкемнің ұстағандарын көріп едім», – деп, манағы жұрттан тауып алған қылды есіп, тұзақ қылды да, оны апарып үйректің ұясына құрды. Мұнан соң Асанды шақырып алып, екеуі бір таса жерге, қалың шөптің арасына барып жасырынып жатты. Көп ұзамайақ, үйрек қайта ұшып келіп мойнын созып жан-жағына қарап, адам көрінбеген соң ұясына ұшып қонды. Бітегенеден соң Үсен түрегеліп, жүгіріп ұяға барып еді, үйрек ұша алмай, далбырлады да қалды, қараса, үйрек мойнынан тұзаққа ілініп қалған екен. Асан: – «Үйректі тірі алып ойнап баралық», – деді. Үсен: – «Жоқ, әкем үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта оларды жеуге болады, бірақ тірілей байлап-матап әурелеу обал деуші еді», – деп, манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алды. Мұнан соң келе-келе жатып, түс ауған кезде, екеуі бір өзен судың бойына жетті. Су ішіп, сусындарын қандырған соң Үсен айтты: «Енді бір тамақ пісіріп желік» деп. Асан: «От жоқ, қалай пісіріп жейміз» – деді. Үсен үндемей су жағалап жүгіріп кетіп, бір шақпақ тас тауып келді, шапанның кішкентай жыртылған жерінен аз ғана мақта суырып алып, тастың үстіне қойып, бармағына қатты қысып тұрып, манағы пышақтың сыртымен қатты үріп еді, от шығып, мақта тұтанды, сонан соң айналасына аз ғана тезек үгіп салып, Үсен өзі үрлеп тұтандырып жатып, Асанды қу тал жиып алып кел деп жіберді. Тал әкелген соң, от жағып, әуелі жұмыртқаны отқа салып пісірді. Онан соң үйректің жүнін жұлып, бұтарлап, бір талдан істік істеп, үйректі отқа қақтады. Піскен соң екеуі жеп тойып алысты. Тамағы тойған соң көңілден уайымы шығып, Асан су жағалап жүгіріп кетті. Бір мезгілде дауыстады: «Үсен, Үсен! Мынау тайыз жердегі балықтарды қарашы!» – деп. Үсен оған қарамай, манағы жұрттан тауып алған инені отқа салды, ине біраздан соң оттың
қызуының күшімен еріп қызды, сол кезде пышақпен инені алып, ептеп иіп қармақ істеді. Сонан соң Асанды шақырып: «Сен шегіртке тере бер!» деді де, өзі манағы қылдан есіп қармаққа бау байлап, талдан кесіп, оған сап істеді. Қармағы абзалымен даяр болған соң, Үсен суға барып, Асанның жиған шегірткесін жемге шаншып, қармағын суға салды. Су әдемі, айнадай таза. Ішіндегі ойнаған балықтары көрініп жүреді екен. Әуелі шабақ келіп: біреуі-бір, екісі-екі жемді иіскеп, тиіп-қашып жұлқып кетіп жүрді. Сөйтіп тұрғанда шабақтар дүркірей келе қашты. Қараса, бір шортан келген екен. Шортан жемге қарамай, менменсіп, жайымен бұлаңдап етіп жүре берді. Шортан өткен соң манағы бытырап кеткен шабақтар тағы жалма-жан жиылып келісіп, жемнің айналасында ойнап, бірі-бірін қуып, жемге де тиіп қашып жоқ боп кетті. Қараса, бір бөлек алабұғалар келген екен, жемді ең бұрын көрген біреуі тоқталмастан келіп асап қалғанда Үсен қармақты тартып қалып, оны қырға шығарып тастады. Сол қалыпша Үсен бірталай алабұға алды. Балықтың алынған қызығына айналып тұрып, балалар күннің кешке таянып қалғанын аңғармаған да екен. Бір мезгілде Үсен күнге қарап, «Ох! Күн кеш болып қалыпты ғой, жарықта өткел тауып алалық» деп, ұстаған балықтарын біреуінің шапанына орап алып, пышақ, қармақтарын қалдырмай өткел іздесті. Үсен кідірместен манағы сүрлеудің өткен жерін тауып алып, сол жерден өте шықты. Біраз жүрген соң күн кеш болды және біраздан соң ымырт жабылып, жол көрінбеді. Түн болған соң балалардың екеуі де қорқайын деді. Сүйтсе де, Үсен сыр білдірмей, енді жүрсек адасармыз деп тоқтап, тезек теріп, от жақты. Күндіз көп жүріп шаршаған бала Асан әрі-беріден соң ұйықтап қалды. Үсен ойлады: – «Әкем айтушы еді, елді жердің ұрысы, далалы жердің бөрісі болады», – деп. Ұйықтамай күндізгі алған балығын пісіріп ермек етіп отыра берді. Естуі бар еді, от жағып отырса, қасқыр келмейді деп. Қарап отырса, бір мезгілде бір топ киік келді, олар анадайда одырайып қарап тұрып өз-өзінен үркіп жөнелді. Біраздан соң құлын, тайы бар бір үйір құлан келді, айғыры алдында басын тікшитіп, құйрығын шаншып, осқырынып өзгелері таңданып қарап тұрды-тұрды да, олар шауып жөнелді. Бір мезгілде жақын жерден қасқыр ұлыды. Алысырақта өгіз шағала адамша шыңғырып, біресе жылаған балаша, біресе қарқылдап күлген адамша, әртүрлі дауысқа салды. Үсен түйсініңкіреп, бойы мұздап қолына манағы қармақтың таяғын қысыңқырап ұстап және отыра берді. Сүйтіп
әр жануарларды көріп және оттың жарығына жиылған құрт-
құмырсқа, көбелектерді қарап, бұл көбелек, қоңыздар неге көріне
өлім іздеп отқа түсе береді екен деп, әртүрлі ойға қалып, сүйеніп
жатып таңды атырды.
Күншығыста таң алтынмен бояғандай қызарып, жан-жаққа
жайыла-жайыла барып, ақырғы қызылы тарап, ағара бастады. Сол
кезде Үсен Асанды оята бастады: – «Жүрер уақыт болды», – деп.
Асан далада екенін ұмытып, үйдегі қалыбынша жуық арада оян-
бай, ыңырсыса да, Үсен қоймай оятып алып, қасына ертіп жолға
шығысты.
Сәскеге шейін жүріп отырып, балалар сәскеде бір қатаң
шақаттау жерге түсіп, сүрлеу көрінбей кетті. Екеуі енді қай жаққа
жүрерін білмей дағдарып тұрды. Жан-жаққа қарап тұрса, ілгергі
алдында бір биік қыр үстінде үлкен мола көрінді. Сонда әкесінің
сөзі Үсеннің ойына түсті. Далада жүріп адассаң, молалы жерде су
болады. Сулы жерде ел болады дейтін. Сол ақыл бойынша Үсен
Асанды ертіп, молаға қарай жүрді.
Молаға жақындаған кезде қаздың қаңқылдаған дауысы шықты.
Жақын жерде көл бар екенін Үсен енді білді: неге десең, қаз су-
сыз жерде жүрмейді. Келіп, екеуі молалы дөңге шықты. Қараса,
қырдың жығылар асты үлкен көл екен. Көлдің жағасы да, іші
де жыңқылдаған мал: жиектегі жібектей жапырылған көк орай
шалғында қора-қора қой, топ-топ жылқы. Жылқының біразы көл
ішіне кіріп, белінен құрақты орып жүр. Енді бір жақ қабырғасында
сортаңда шоқ-шоқ түйелер жайылып жүр, бір қатары шаңдақтау
жерде шөгіп жатыр. Бұларды көріп, балалар қырдан түсіп, жүгіріп
малға келді. Келсе, өз ауылының малы. Малшылар Асан, Үсенді
көріп қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұраймыз деп
шауысып кетті. Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып
жүрді. Жолда келе жатып малшылар айтты: сендердің жұртта
қалғандарыңды біліп, кешеден ауылдың жан біткені қалмай іздеп
кетіп еді, деп.
Нақ түс ауа балалар аман-есен үйлеріне келіп, әке-шешелеріне
қосылды.
ҰЛЫ ОРЫС
Ұлы орыс ауылы көрмеге көріксіз. Бақша деген жоқ есебінде,
үй маңында көгал да шамалы. Көшенің екі беті үй, үй айнала-
сында қора-қопсы мен жасыл дала жаз маңындағы орман ауылды
көңілдірек қылады. Күзді күні қара жаңбыр кезінде көшелерінің
іреңкі кетеді. Қыс ауылды қалың қар басып салады: көше де,
қора да, үй төбесі де қардан көрінбейді, күртік онсыз да кішкене
терезелерінің орта белінен қылып көміп салады.
Көбінесе қара шекпен үйі жуан бөренеден салынады, бөре-
нелерді бұрышына салынған 4 тасқа орнатады. Терезелерін сыр-
тынан салады, кейде қораға да қарайды. Үй төбесі я салам, я
тақтай болады. Кірер жерде кең шолан тұрады. Үй екіге бөлінеді,
бір жағы ас үй. Ас үй ішінде зор пеш. Кей гүбернелерде (губер-
ния) пеші монша орнына ұсталады, сондықтан өте зор болады.
Ұлы орыс үй ішін әдемілеуге тырыспайды. Тек кәсіпшіл бай
гүбернелерде ғана үйлері таза, ішінде орындық сықылды мүліктері
болады. Қара шекпен үйлерінің іші көбінесе лас, тыншу болады.
Қара шекпендердің тамағы өте жұпыны, түрсіз болады. Сары
орыстың жақсы көретін тамағы ботқа мен капуста көже. «Ботқа
мен көже – біздің тамағымыз» – дейді халық. Бұлардан басқа
картоп пен арзан балықты да тамақ қылады. Ет сәндік саналады:
болса мейрамдарда ғана жейді. Мейрамда құймақ пен арасына
бір нәрсе салған нандар жейді. Ақ нанды мұжық көру жоқ, көп
гүберналарда ақ нанды пісіруді де білмейді.
Орыс қара шекпенінің тұрмысы бірыңғай жұпыны, арқасын
жазбастан істейтін жұмысы, мұжықтың нәрселерді көтеретін жас
балаларынан бастап, еңкейген шалдарына шейін еңбек қылады.
Орыс қара шекпені тұрмысының жақсы мезгілі – жылы жаз,
халық айтуынша «қызыл жаз» жаз тыншу сасық үйде отырудың
керегі жоқ, күні бойы мұжық таза ауада болады. Жазды күні
мұжықтың тамағы да әртүрлі.
Бірақ, жаз жұмыстың ең қызу да кезі. Көзді ашып-жұмғанша
жаз өтеді. Астық басылып біткен! Ұзақ қыс таянады.
Көп жерлерде қыздар қысты қарсы алуға әзірленеді. Қазақ-
тың бастаңғысы сияқты «ыссипки» дегендері басталады. Қыздар
топтанып үй қыдырып, тамақ жинайды.
Кеңірек үй тауып алып, сыра қайнатып, түрлі тамақ пісіреді.
Сол үйде қыз-бозбала жиналып өлең айтады, билейді, таң
атқанша ойнайды. Мұнан соң қазақ әйелдерінің іске бірін-бірі
көмекке шақырғаны сияқты «супириятке» деген басталады. Кен-
дірді көбірек жинаған бір бәйбіше қыздарды көмекке шақырады.
Қыздар жиналып түскі астан соң жіп иіруге кіріседі. Жұмыс өнімді
болсын деп, жұмыс қып отырып, қыздар қосылып өлең айтады.
Ертегі айтысады, түрлі нәрсені әңгіме қылып сөйлеседі.
Соның арасында жаңа жыл мен май мейрам кезінде бозбалалар
жиналып, түрлі ойын қылады. Қыздар қандай күйеуге шығамыз
деп бал ашады. Түрлі ырымдарын істейді. Оқу тараған сайын
ырымдар кеміп келеді.
КІШІ ОРЫС Жазғы ашық күнде кіші орыс ауылын аралап қалай тұратынын қаралық. Ауылға алыстан, әсіресе, таудан қарағанда-ақ жасыл ағаштың молдығына таң қаласың. Үйлерінің арасы қашыққашық, әрқайсысының айналасы толған ағаш бақшасы мен картоп, қарбыз, капуста бақшалары. Көгал ауылдың сәнін келтіріп, көңілді қылады. Әсіресе тораңғы әдемі. Тораңғы ұзын, жапырағы жоғары қарап шығатын ағаш, мұны Украина халқы өте жақсы көреді, бәрінен артық көретіні шие ағашы: шие ағашсыз бақша жоқ. Біз маңдай алдымыздағы шеткі үйге түсе қалдық. Ағаштың жасыл жапырақтарының арасынан күлімсіреп, кішкене терезелері қарайды. Бақшаның іші тап-таза, ұядай. Бақшаның арғы шетінде есік алдында үй иесі жас жігіт көрінеді. Үй қожасы рақаттанып, қысқа ғана найын тартып отыр: демалып тұрса керек. Қонақжай кіші орыстың әдеті бойынша жас жігіт бізге келіп, үйге шақырады. Жүрісі шабан, сөйлегені жай, аузынан найын да баяулау суырады. Кіші орыстың үй сыртынан тап-таза ғып сыланған, көз амалсыз сүйсінеді. Үй айналасында жауын-шашында жұмыс қылуға төбесі жабылған, жан-жағы ашық, күн қалталары болады. Үй айнала құм төккен. Мұнысы қыс суық жібермейді, жаз отырғыш болады. Үйге кірерде басыңды қаттырақ бұқпасаң болмайды, үйткені, мандайшасы өте аласа, табалдырығы өте биік болады, байқамасаң маңдайынды соғып алуға, я сүрініп кетуің оп-оңай. Әуелі шоланға кіресің. Бір жағында үй, бір жағында кілт үй болады. Міне, үйге кірдік. Жаз ыссы күнде де үй іші салқын. Салқындыққа іші мен сыртын сылаған саз демеу болады. Көбінесе әйелдер еденіне су сеуіп, иісті шөп төсеп тастайды. Үй іші тап-таза, жып-жинақы. Кереге, төбе, пеш бәрі ағартылған. Үй іші көп болмайды: бәйбіше мен бір-екі балалары. Украинада ер жеткен балалары үйленген соң, әкесінен де, аға-інілерінен де бөлініп енші алып кетеді. Сондықтан үй іші көп болмайды. Жас бәйбіше жылы шыраймен қарсы алады. Отырғызып болып қонақжай бәйбіше кешікпей мұздай сүт әкеледі, ішіп шөліңді басып, рақаттанасың. «Ішкендеріңді бойларыңа тарауға жазсын», – дейді, басын изеп бәйбіше.
* * * Кіші орыс шетінен егін салады, бірақ жаңа ешнәрсе ойлап табамын демей, ата-бабасы қалай ексе, бұлар да солай егеді. Егін салатын көлігінің мықтысы өгіз. Өгізді кіші орыс өте жақсы көреді. Қара топырақты терең аудару керек, сондықтан үлкен ауыр сабандар жүргізіледі, бір сабанға екі-үш пар өгіз жегеді. Кіші орыс егін мен жерді жақсы көреді. Жер жырту ең басты кәсібі, басқа шеберлікпен аз шұғылданады. Кіші орыс үйінде қасық, шеге, арқан сықылды тұтынуға керек нәрселерді де көресің, бірақ бұларды ұлы орыс істейді. Атам заманнан бері Украинада кіре салу бар. Бұлар кірені «шумакуание», кірешіні «шумак» дейді. Шумактар Қырымға барып тұз я Қара теңіз бен Азов теңізіне барып балық тасиды. Тасыған нәрселерін шумактар я өз ауылына алып келеді, я сыбай жәрмеңкелерге алып барады. Шумак Украинаның саудагері. Елі шумакты қадір тұтады, сөйлессең шумак көп нәрселерді біледі. Соңғы кездерде отарба таралған соң жүк отарбамен тасылып, шумактар кеміді. «Живой Родниктен» КҮРІШ Жер үстіндегі адамның жартыдан көбі күріш жеп күн көреді. Күріш бидай, сұлымен тұқымдас, бірақ жылы жақта судың күшімен өседі. Күріштің өнімі жақсы: бір пұт тұқымнан елу пұт егін жинап алуға болады. Күріш Қытайда жылына екі рет те орылады. Күріштің айдауы, күтуі өте қиын, саулыққа да зиянды жұмыстың бірі: батпақты тізеден кешіп жүріп жұмыс қылып, бұзылған ауамен демалады. Қытай, Үндістан, Жапон сияқты ыссы жерлерде күріш әлденеше миллион адамның бір жағынан тамағын асырайды, екінші жағынан жұмысшыларды да қырады, көбінесе безгек сықылды ауруға ұшыратады. Табиғаттың өзі әзірлеп қойған күріш саларлық сулы батпақ жер жоқ. Ондай жерді адам өзінің күшімен істейді. Күріш жайын ең жақсы білетін халық – қытайлар. Суды күріш еккен жерге арықпен жібереді. Арықтары керек-керегінде суды жіберіп, керек етпесе тоқтатуға ыңғайланып істелген. Судың табаны төменде болса, жоғары шығару үшін машиналар құру керек. Күріш жер бетіне шықпай я жаңа шығып келе жатқан кезде егістік бетін су жауып, көл секілденіп тұрады. Арасына шыққан
шөптерді жұлып тазартар кезде, суды бөгеп, егіске жібермей
қояды. Күрішті орғанда да тізеден су кешіп жүріп орып, қиылған
сабақтарын кішкене қайықшаға сала береді. Күріштен үн тартпай-
ды, ботқа я жалпақ нан сықылды тамақ пісіреді. Күріштен арақ,
сыра жасайды. Бізде бидай қандай болса, кейбір жерлерге күріш
те сондай. Түркістанда да күріш салады. Қазаққа ет қандай қадірлі
тамақ болса, сартқа күріш сондай қадірлі тамақ. Қазақтың басқа
жерлеріне күрішті Түркістаннан алып келіп сатады.
ШАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЗІРЛЕНУІ
Шайды бізде көбінесе Қытайдан алып келеді, бірақ басқа жылы
жерлерде де шай егеді. Соңғы кезде біздің Қапқазда (Кавказ) да
шай еге бастады.
Шайды шай ағаштың жапырағынан істейді. Жылына бір
ағаштан жапырақ үш рет алынады. Ең жақсы шай әуелгі орған
жапырақтан шығады. Үйткені, әуелгі жапырақ уақ, жас бола-
ды. Осындай жас кезінде жапырақ нәзік және бетінде күмістей
жылтыраған жүні болады. Сол жапырақтан істелген шайды
аққұйрық шай дейді, бірақ құйрығы жоқ болады. Жапырақты өте
күтіп, сақтықпен жинайды. Кей жерлерде жапырақтың кекіріп,
хош иісін бұзбасын деп жұмысшыларға балық сияқты тамақтарды
жегізбейді. Жапырақты әйелдер жинайды. Бұлардың алдында
омырауында я белінде дорбалары жүреді. Қолдары бос бола-
ды. Сол қолымен жұмысшы өзіне бұтақты тартып, оң қолының
тырнағымен абайлап әр жапырақты бөлек үзіп алып, дорбасына
салады. Жапырағы мен бүршігін жұлғаны шай ағашына зиянды,
әсіресе жаңбыр болмаса зияны мықты. Соның үшін жапырақты
аз жинайды. Сондықтан бұл шай өте қымбат болады. Әуелгі үзу
жазғытұры апрель басында болады.
Майдың аяқ, июннің бас шенінде екінші рет жұлу болады. Бұл
кезге қарсы жапырақтар зорайып өсіп, быршылдақ болады. Ең
маңыздысы – екінші үзу, үйткені осы жолы жапырақ көп жина-
лады.
Июль аяғында, август басында үшінші үзуі болады. Үшінші
ретте жапырақтар бұрынғыдан да зорырақ және жаманырақ бола-
ды. Бұлардан арзан, төменқол шай істеледі. Келесі жылы бірінші
үзу жақсы болсын деп кейде, үшінші рет жапырағы алынбайды.
Үзіп алған жапырақтарды әуелі құрамына қарай бөледі. Сүйтіп
айырып болған соң, ши сықылды тоқымаға салып, бір тәуліктей
ауаға қойып, асықпай жайлап кептіреді, жамандарын тез бөлу
үшін күнге қойып кептіріп, жауын болса тіпті шоқтың үстіне
қойып та кептіріп алады. Кепкен соң жапырақтар қоңырқай тар-
тып, хош иісті болады.
Сонан соң жапырақтарды арнаулы корзиналарға салып кеп-
тіреді. Тиіп кетсе сынып кетерлік жапырақ күйрек тартса, шай
әзірленіп болды деп есептейді. Шайды шоқтан алып, тоқыған
шарбаққа жайып салқындатады. Сонан соң әйелдер жақсы
жапырақ арасынан күйген жамандарын, сабақтарын теріп алады.
Мұнан соң әзір болған шайды көзінің тарлығы әртүрлі електерде
елейді. Сонда уағырақ жапырақтар ірірек жапырақтардан айыры-
лып, шайдың әр түрлі сорты шығады.
Көбінесе шай саудагерлері түрлі шайды өздері араластырып
жіберіп, тілеген түрін жасап алады. Соның үшін шай сататын
саудагердің шайлары әртүрлі болады.
Ескі жапырақтар мен елегенде түсетін шаң да кәдеге асады.
Оларды араластырып, ішіне құм салып, қан пен бу үстінде ұстайды.
Бұл құрама нәрсе жұмсап босанған соң, мұны төрт бұрышты ағаш
қалыпқа салады да, үстін ауыр нәрсемен бастырады. Міне, осы
қоқым-соқымнан араластырған нәрсе кірпіш сияқты болады. Кір-
піш шай деп сататыны сол. Кірпіш шайды әсіресе кейбір көшпелі
халық тәуір көреді, олар кірпіш шайды сүт, май, ұнмен қосып сор-
па есебінде ішеді.
Қытайдың өзінде шайды ешнәрсеге араластырмай ішкенді
тәуір көреді. Қытайлар бір шұқым шай алады да, ақ шәйнекке са-
лып, қақпағын жауып, әбден шығарады. Сонан соң қантсыз, еш
нәрсе қоспай ішеді. Оның орнына бірақ қытайлардың қайнатқан
шайы дәмді, хош иісті болады. Қытайдай Ресейде ешкім шай
қайната алмайды десе болғандай.
А.Л.Львовтан
КҮЗЕМ
Сентябрдың бас шеті. Күзем мезгілі таянып қалды. Ел тынбай
көшіп жері от, суы мол бұрынғы өздерінің күзеп жүрген мерзімді
құдықтарының басына, қоссорды жағалай қонған, үлкен үйлерін
тіккен, асығып-үсігіп күземге әзірленіп жатыр.
Сентябрь басы. Мизам шуағы. Күн ашық, тынық, әдемі.
Қонғалы екі күн өтті. Жұртта өлі тыным жоқ, еркектер таңмен мал
өргізіп, суарып болып, жалаңаштанып құдық қазуға тиіс еді, ой-
лары күземге су молайтпақ: жетпесе қайта құдық қазып я аршып
жүруге күзем басталған соң қол тимейді. Әйелдер, қыз-келіншек-
тер даладан тезек, тұйылғы сықылды отындарды жинап, үй ал-
дарына үйіп жатыр, отынды көбірек жинаған қатын басқалардан
гөрі марқайыңқырап жүр. Малшылар, шалдар қойларды жақын
жердегі ақ көлден тоғытуға айдап кеткен.
Еркек азамат адамы жоқ. Досекең ауылы да қарап отырмай, тір-
шілік қылып жатыр: қыз, қатын, келін-кепшіктеріне шейін жеңіл
киініп, шалбарланып алып құдық қазуда.
Досекең ауылының қыз-қатындары құдықты еркектен де бе-
тер қазады деседі басқалар. Ол рас та болар, еркекті ауылдан
қалыспаймыз деп қатты қимылдаса, қимылдар да. Үшінші күні су
әбден молайды, құдық қазылып бітті, Досекең ауылы да құдығын
дұрыстап болды. Сол күні-ақ қатындар малшыларының әзірлеп
қойған бес түйе отынын құлатты.
Ертең тұра жұрт есік алдынан, қой қырқатын жер қырши бас-
тады. Жел дауыл бола ма деп сақтықпен жүк, астық сықылды
нәрселер ауыл қонғандақ бұрын қырман орнына жағалай жиылған.
Алдыңғы кезек қойының басы бар Жәкең ауылына келді. Таңмен-
ақ күзем алатын ауылдың қойы иіріліп, көгенделіп жатыр, тұс-
тұсына қырықтығын алып, қырықтықшылар да кетіп бара жатыр.
Біраздан соң гүрсілдетіп көтере соққан сабау дауысы сордың ба-
сын жаңғырықтырды.
Сабау дауысы шыққан соң қыз қатындар да сабауға кетті, шашу
үшін табаққа құрт, майларын толтырып кемпірлер де бүкшеңдеп
асты. Құрт қажап, май жалағысы келген балалар да кемпірлер
соңынан шұбырып барады. Қырықтықшыларға келген кісілер:
«қырқар көбейсін!» дейді, үйге сабаушыларға барғанда: «сабау
тасысын!» дейді. Бұларға: «айтсын!» деп жауап қайырады.
Бала-шаға, кемпірлер жүн жинап, қапқа толтырып, сабау бо-
лып жатқан үйге үйіп жүр, шалдар бір шетте қырықтық қайраумен
болып отыр, еркек азаматтар қырқуда, кім қойды көп тұрғызды
деп бәсекелесуде, анда-санда қырықтық қойдың бір жерін жалап
кетсе, қойшылар түкіріп-түкіріп тұз, ашудас сықылды нәрселерді
сеуіп қоя береді. Көгенді бір жағынан босатып, қайтадан толты-
рып, босатпаған жағындағы қойларды жаңа көгенделгендерден
бұрын қырқып жібереді: ол отынан қалмасын деген ой. Қырыққан
кезде де қой арасында теңдік сақталады.
Анда-санда табақ-табақ май, салған құрт, қымыз келгенде ғана
сәл уақытқа жұмысты тоқтатып тамақтанып алып, тағы іске кірі-
седі, түс ауғанда мал сойылып, тайқазанмен толы ботқа асылып
жатыр.
Үйге кірсең толған қыз-қатын жағалай отырып жүн сабауда. Жұмыс қылып отырып ойнайды, ойнап отырып жұмыс істейді. Онан жұмысқа келер-кеміс жоқ. Көпіртіп сабағанда бір қыздың артынан дудаланып жүн түссе, басқалары «күйеуің сақалды болады екен» деп күлкіге көтереді, бірін-бірі қажап күліп отырғанда біраз сабам жүн алынып қалады. Күлкі артынан едәуір уақыт жайланып жүн салып отырады. Үйге жүн арқалап бала кіреді. Баланы ымдап шақырып алып, қыздар далада от жағып жүрген Қаламқас деген жеңгесін алдап шақыртып алуға айналады. Бала барып, әжем сусын ішіп кетсін деп шақырып жатыр деп, Қаламқасты үйге алып келеді. Қаламқас қу, есіктен өтсе де ілгері жүрмейді, есік алдында тұрып қымыз ішіп, кейін қайтқысы келеді, есік бұрылысында оны біреу аңдып тұр, көтеріп әкеліп төрдің алдына шығарады. Төр алдында от бардай-ақ, күйіп кетемін деп қорыққан кісідей Қаламқас тырмысып, кейін қашуға айналады, қыз-бозбала жібермейді, үйдің иесі кемпір келіп айырып жібереді. Басқа қатындар Қаламқасқа болысуға өзімізді де төрге шығарады деп қорқады. Ойнап, демалысты. Тағы жұмыс қызады. * * * Кешке айналады. Мыңға тарта қойды он екі, он үш қырықтықшы қырықса болады. Үлкен үйдің есік жағы толған үюлі сабаусыз жүн, төр жағы әдемілеп жиналған сабаулы жүн. Қой қырқылып болар алдында бестен, оннан, жиырмадан бөлекбөлек көгенделген жүнсіздеу саулық пен тоқтылар. Бұлар қойсыз үйлердің қырқып алуына қойылған қойлар. Анда-санда сыртқа шығып бәйбіше ұяң жүндес қойлардың жүнін иіруге бөлек қапқа тығып алады, бірақ баласы бұраң туады деп қошқарлар жүнін иіруге алмайды. Ет жеп, ботқаға тойған соң еркектер тарасады. Жүн сабауға бозбалалар қалады, ымырт жабыла сабаушылар да тарайды. Ертең басқа ауылдың қойы қырқылады. Кешегі ауылда ертең тұрса тағы бір жағынан сабау, бір жағынан шабақ дауысы шығады. Киізге арнап істелген енді екі қанат шиді ендестіріп, ұштарына тағы екі шиден жалғап, екі жерде екі шабаққа шебер кемпірлеу әйелдер, бір тізерлеп сабалған жүнді жұқалап шіп-шіп еткізіп шабақтап өткен соң, басқа да қатындар шабақталған жерге ыссы су сеуіп, шимен шиыршықтап, домалатып тұр. Шабақтың бір беті біткен соң, екінші бетін шабақтайды, үстіңгі бетін жинап қойып, астыңғы беті шабақталған сайын жайып, қосып домалатады.
Шабақ біткен соң, ши үстінен тағы ыссы су сеуіп, біраз мезгіл тебеді. Киіз тебу дегеннің мәнісі киізді шиге орап алып, ши сыртынан арқанмен шандып, арқанның екі ұшын екі кісі ұстап тұрып, басқалары аяғымен теуіп домалатып, киізді пысытады. Киіз шисіз ұстауға келіп пысқан соң, шиден шығарып, ұзыннан орап, жыртылып кетпеске әр жерден байлап, білектейді. Еркек, әйел қатар жүгініп отырып, білектерін сыбанып алып, алдына алжапқыш байлап алып, киізді білегімен баса береді, білекпен екі-үш ірет, әр жерден басып алып, көтеріп тастап, қайтадан білектейді. Киіздің екі шеті ауысып кетпеске, екі басында кәнігі кісілер болады. Киіз әбден пысыған соң, қайта жазып, енін орап басады, енін шығарады. Киіздің енін бірнеше рет аударып білектеген соң барып қарпиды. Қарпырда әуелі шуда жіппен ұзыннан қап сықылдандырып тігіп, жұп-жұп болып отырып, алты-сегіз адам бір ілгері, бір кейін көтеріп тастап отырады. Неше пар болса, қарпығанда сонша бұрыш түсіп отырады. Қарпып болған соң барып киізді пісіреді. Пісіру дегеніміз: киіздің үстінен ыссы су сеуіп, қайтадан ұзын кесесін білектеу. Киіз әбден қайрақтай болып пысыған соң, далаға алып барып жайып кептіреді. Киіз басылып жатқанда шабақшы кәнігі қатындар кідірмей босаған шиге жүнін шабақтай береді. Киіз басқанда да қыз-бозбала ойынын тастамайды. Қарпып отырғанда қаттырақ лақтырып, бірінің үстіне бірі киіз жауып тастап отырады. Күніне алты-жеті киіз басып шығарылады. Қазақ азаматтары сонымен ойнай жүре жұмыс бітіріп, жұмысын бітіре жүріп ойнай жүреді. Күзем кезінде жұмыс ауыр деп қабағын шытқан жас болмайды. РЕСЕЙДЕ ЖҮННЕН НЕ ІСТЕЙДІ Қазақ жүннен киіз басады, қап, шекпен, бау тоқиды, арқан еседі. Ресейде жүнмен басқарақ пайдаланады. Қойдың үстінен я илейтін терінің кесілген шет-пұшпағынан кесіп алған жүннен байпақ басады. Жүнін қырқып алған терінің шет-пұшпағын желім қайнататын зауыттарға жібереді. Терінің шет-пұшпағынан, қойдың үстінен қырқып алынған жүнді әуелі сабап, ұйысқанын жазады. Орыс жүнді қазақша сабамайды, басқа ретпен сабайды, сабау реті бұлай болады: керегеге ердің қасы сияқты имек жақ бекітіледі. Жаққа былғарыдан, теріден таспа тартылып байланады. Сонда өзі керген ішек сияқты құрал шығады. Жүнді таспаға жақын салады. Сабауыш бір оқтаумен таспаны ұрса, керулі тұрған таспа дірілдеп жүнді сабап, ұйысқанын жазады.
Сабалған жүнді жалпақ кенепке салып, сәл ғана бүркіп, түзуірек
оқтаумен кенеп үстінде жұмсақ киіздей болғанша басады және
басқанда етік түріне салып басады, бірақ керек шамасынан үлкен
қылады. Солай істелген үлкен етіктерді ыссы суға малады. Ыссы
судың әсерінен етік енді кішірейеді. Сонан соң киіз етікті жуып,
ысқылап, қолмен қырыс-тырысын жазып, қалыпқа кигізеді. Со-
нан соң кептіріп, тазартып, базарға сатады. Осылай істелген киіз
етікті байпақ дейді.
Байпақтан басқа жүннен қолғап, шұлық, сырттан киетін көйлек
тоқиды. Бұлардан басқа жүннен төмен қол «орыс мауыты» деген
мауыты тоқылады. Орыс халқының қолдан істеген ұршығы және
өрмек ағашы болады. Сол құралдарымен жүнді иіріп, тоқиды. Со-
нан соң барып жуып, кептіреді.
ЖЕЛІМ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ
Жер қазып, ішіне кірпіштен үлкен пеш салады, пешке үлкен
темір қазандар қондырады. Мысалы: қазақтың қимайы салғаны
сияқты болады. Терінің қиқымын, іске аспайтын жүнді, малдың
сүйегін қазанға салып қайната береді, бір кезде әлгі нәрселері
қайнай-қайнай, ірімшіктің сары суындай қою түске айналады.
Қайнап қоюланған соң ағаш үскілерге бөліп құяды, мұнда тұрып
суиды.
Суынған соң жылтыр ұйыған сорпа сықылды іркілдек нәрсе
болады. Сол ұйыған іркілдекті нанша тілім-тілім қылып кеседі
де, ау сықылды торға жаяды. Кептіру үшін бұл торларды төбенің
астындағы сырықтарға жаяды. Кепкен соң желім болып, базарға
сатылуға жіберіледі. Тұрмыста желім көп ұсталады. Желім
қайнатқаннан қалған қоқымдармен жерді өңдендіреді, тері, жүн
сияқты қалғандарынан көк бояу жасайды.
ТЕРІ ИЛЕУ
Салқын, суық жақтарда адам баласы тон, ішік кимей тұра ал-
майды. Ол киімдер мал мен аңның терісінен істеледі. Терісі үшін
жылына неше миллион аңдар өлтіріледі. Аңы мол жер – Сібір.
Сібірде жылына аулайтын аңның есебі жоқ, көп. Бұрын орыс түгіл
шет мемлекеттерде Ірбит жәрмеңкесіне келіп аң терісін алып сата-
тын еді. Терісі үшін қанша аң өлтірілетінін мынадан көруге бола-
ды. 1910-шы жылы Ірбит жәрмеңкесінде сатылған терінің саны:
Тиін – 6,225,000 бас,
Түлкі – 25,050
Қоян – 1,700,000,
Қасқыр – 9,900
Қунитса – 10,1000,
Аю – 1000
Собол – 19,557,
Ақ тиін –100,000
Бұл жалғыз Ірбит жәрмеңкесінде сатылған тері, бүтін жер
үстінде мұнан 20 рет артық тері сатылады деп шамаласады. Соның
бәрін терісіне бола адам баласы қырып отыр. Ол теріні илейді,
илеп барып киім қылады. Қазақ теріні бір түрлі илейді. Өзге жұрт
басқарақ илейді.
Қазақ көбінесе мал терісін илейді. Теріні әуелі малмаға салып
жатқызады. Малма деп айран, сүтке араластырып, ағаш самарға
құйған кебектен, ұннан істеген быламықты айтады. Терінің
қалың-жұқалығына қарай малмада жату мезгілі де түрліше бола-
ды. Мәселен, қоян, түлкі сияқты жұқа терілер бір күнде де мал-
мадан шығарылады. Қалыңырақ терілер мәселен, қойдікі бірне-
ше күн жатқызылады. Іріқараның терісі бір-екі жұма да жатады.
Жұқа терілерді малмаға, самарға салудың орнына көк ет жағына
малма жағып илейді.
Иі сіңген соң теріні жайып кептіреді, кепкен соң теріні қолмен
уқалап жұмсатады. Соның артынан барып келісап сияқты нәрсенің
үстіне жүнін төмен қаратып салып, сүргімен сүреді. Сүргенде көк
ет жағына күйдіріп ұнтаған бор жағады. Көк еті әбден алынып
болған соң, тері қатты болса, қайтадан уқалап жұмсатады. Тері
жұмсап болған соң жүнін бетіне қаратып қойып, ептеп сабап, жүн
арасындағы лас нәрселерін кетіреді.
Жұқа терілерге малманың орнына сорпа, жер май жағып та иі
қылады. Бірақ тері шіңілтір болады деп, қазақ бұл әдіспен теріні
көп илемейді. Иден шыққан соң теріні ақтай я тон қылады, болма-
са оң жағын бояйды, оң киімді қазақ көбінесе томар бояумен бо-
яйды. Томар бояу деп шылау жерге шығатын ұзындау ши сабағы
бар, шөптің түбірін айтады. Бояу өшпесін деп ішіне ашудас ара-
ластырады.
* * *
Ресейде тері илеуші орындар болады, дербес үйлер салынады.
Оларды иі зауыты дейді. Иі зауыты дегеніміз ұзыны 8, ені 7, биігі
8 аршындай төрт бұрышты жәй бір үй. Үйдің жоғарғы жағында
үрлік үстіне екі үлкен бөшке сияқты кеспек орнатылады. Тері
илейтін көлденең керме ағаш қойылады. Еденде тері кептіргіш
пеші болады. Теріні былай илейді: кепкен теріні әлгі кеспектің
біреуінде екі күндей сулайды. Сонан соң жүнін астына қаратып,
теріні келдек ағаштың үстіне жауып, шалғының сынығымен
терінің көк етін, майын, лас нәрселерін тазартады.
Мұнан соң теріні екінші кеспекке салады. Екінші кеспек малма
деп аталады. Бұл кеспектің ішінде тұзбен араластырған ұн бола-
ды, өзі ащы болады. Тегіс иі болсын деп, кеспекте тұрғанда теріні
малшылап, ішіне түсіп аяқпен араластырып тұрады. Иі болған
теріні қолмен ептеп сығып, жоғарғы ілгіш ағаштарға алып ба-
рып жаяды. Кепкен теріні оң жағын сыртына қаратып, арнаулы
бір имек нәрсемен ысқылайды. Сонан соң баяғы сүргімен теріні
тағы сүріп тазартып, жұмсатады. Мұның артынан теріні мұқалған
пышақпен тағы өңдеп, жүнін тарайды. Ең соңынан терінің оң
жағын «лепкивас» деген ішіне ашудас қосқан нәрсемен ағартады.
Сонымен тері иленіп, әзір болады. Кейде қой терілерін бояйды.
Бояу бұлай болады: тал қабығының суына батырып, артынан оң
жағын бояйды. Сонымен ішінің жұмысы бітеді.
* * *
Иішілер күніне төңкерістен бұрын 14-15 сағат қызмет қылатын
еді. Иі зауыттың иісі өте жаман болады. Іші аса ыссы болады. Неге
десеңіз суланған терілерді үй ішінде кептіру керек. Ауасы бас
ауыртады, шаң, лас болады. Иішілердің үстінде ыстаннан басқа
киім болмайды. Малмада тері малшылағанда тырдай жалаңаш та
жүреді. Төңкерістен бері жұмысшылар 8 сағаттан артық күніне
жұмыс қылмайды. Иі зауыты сияқты орындарда онан да кем
жұмыс қылады. Кеңес үкіметі адам саулығына зиян деп ондай
жерлерде ұзақ жұмыс қылуға қоспайды.
Иішілік Ресейдің әр жерінде де бар, бірақ өте-мөте көп жері
Владимир, Нежегород, Перм, Кур, Полтау, Шерников, Тамбов
гүберналары болады. Терішілер құр теріні илегенінен басқа, теріні
таңдап та алады. Теріні керекті түске салып бояйды. Керек теріні
сатады. Бұл сықылды кәсіптер көбінесе Нежегород гүбернасының
Арзамас княгина деген, Аланес гүбернесінің Каргопол деген
үйездерінде (уезд) көп. Тегіс болсын деп ептеп терінің жүнін кей-
де қырқады. Жұмсақ болсын деп қолмен кейде қатты қылдарын
жұлып тастайды. Қоян терісінің өңі жұқа болған соң, жыртылып
кетеді деп ысқыламай, тек қолмен ептеп қана уқалайды.
БҰЛҒАРЫНЫҢ МҰҢЫ
Етікші отырған жеріне ағаш қалып пен бұлғарының бір жапырақ
кесіндісін қалдырды да, өзі ұйықтайын деп кетіп қалды. Етікші
қор ете түсе бергенде, қалып бұлғарымен танысқысы келіп:
– Қай жақтан келдің? Иісің жақсы екен, – деді қалып.
– Несін сұрайсың! Мұнда келместен бұрын кезбеген жерім жоқ,
– деді бұлғары. Әуелі мен жауын мен суықтан қорғап сиырдың
қызметінде болдым. Сонан соң не болғаным өзімнің де есім-
де жоқ, әйтеуір зауытқа келгенімді білемін. Шірімесін деп мені
мықтап тұрып тұла бойымды ашытып тұздады, сонан соң суға
салып былбыратып тазартты. Мұнан соң екі мықты кісі қолымен
жұмсатамыз деп мені уқалады. Мен келіп тұрып сықырлап, шу-
ладым. Қорыққаннан жүрегім жарылып, тоз-тоз болып айы-
рылып қалар ма екенмін дедім. Сонда да айырыла қойғаным
жоқ. Ақырында менімен ешкімнің ісі болмай, жайыма тастады,
қорқыныштың бәрі біткен шығар деп ойладым. Жоқ, мұным қате-
ақ екен. Көп кешікпей алып барып мені апандағы суға салды да
жіберді. Суға избиз (известь) қосып қойған екен. Сол апанда аттай
бір жеті жаттым. Апанда жату маған өте сүйкімсіз болатынына
нанасың ба? Тұла бойым ыбыршып босап, жұмсап кетті. Әлім
құрыды. Онымен де тұрған жоқ, не бәлелер алдымда екен, апан-
нан шығарып, бір келдіктің үстіне етбетімнен салып, өтпейтін
жөкер пышақпен құйқа тамырымды шымырлатып сүре бастады.
Барлық түгімді қырып алып тастады. Таздың басындай жып-жы-
лтыр болдым. Жүнімнен айырылу маған оңай болған жоқ. Өткен
күндерде менің бойымды жылытып, суықтан қорғаған достарым
еді ғой. Сонан соң мені емендей бастады.
Емендей бастады дейсің бе?! – деп қалып шошып кетті – япыр-
май, не деген кісі қорқарлық сөз. Емендеу деген не нәрсе?
Емендеу деп мынаны айтады екен: мені үлкен кеспекке салды,
ішіне еменнің қабығын тастап, үстіне су құйды. Кеспекте мен бір-
неше ай жаттым. Мұнан соң мен мырсындай жұмсадым, бекідім.
Мені енді өмірде шірімейді деседі.
– Ал, онан соң не болды? – деп қалып тағы сұрады.
– Онан соң, мені ауаға қойып кептірді. Тығыздалсын деп ағаш
тоқпақпен келіп тоқпақтады. Шынында қараңғы кеспекте көп жа-
тып, ішім пысқанның артынан таза ауаға шығып сергіп, бойым
жазып, көңілім көтеріліп қалды. Мұның артынан мені бір онда,
бір мұнда тасыды, дамыл бермеді, ақырында саған қонаққа алып
келді.
Менің иісім саған ұнағанына қуанамын. Енді екеуміз күбірке-
лесіп, бал қасықтай болып тыныш тұрармыз деймін. Қорқыныштың
бәрі өтсе керек.
– Достым, сен білмей отырсың! – деді, қалып, – ертең сені пы-
шақпен тіліп, шегемен шегелей бастайды. Сонан соң сені аяқ-
қа киіп алып, кез-келген жерді кездіреді. Бұлғары қалыптың
мұнысына жауап бермеді. Мықтап бір күрсініп, болашақ өмірін
ойлап, қалың қиялға батты.
ЖЕРДЕН ШЫҚҚАН КӨЙЛЕК
Тани деген бір қыз бала әкесі егісте жылтыраған уақ дәндерді
уыстап шашып жатқанын көріп, сұрады: – Тәте, осы сен неғып
жатырсың? – деп.
– Қызым, Бәшен екеуіңе көйлек өсіп шықсын деп, кендір се-
уіп жатырмын. Тани ойға қалды: өмірде егістікте көйлек өсіп
шыққанын көрген емес.
Екі жұмадан соң салған мөлдектің бетін жібек сықылды мап-
майда жасыл шөп жапты. Сонда Тани ойлады: менің көйлегім
осындай жасыл болса жақсы болар еді деп: Танидың әжесі мен
ағасы, апалары мөлдекке бір-екі рет келіп, арасындағы жаман
шөптерін алып тастайды, келген сайын Таниға: – «көйлегің өте
жақсы болады», – деуші еді.
Тағы бір-екі жұма өткен соң мөлдек үстіндегі шөп ұзай-
ып, басына кегіс гүл шықты. Сонда Тани ойлады: «Біздің
Бәшенжанның көзі осындай көк, бірақ ешкімнің үстінде мұндай
көк көйлек көргенім жоқ» деп.
Гүл қуарып түсіп қалған соң орнына жасыл бас шықты. Бұл
бастар сарғайып, кепкен соң, Танидың әжесі мен апалары келді.
Кендірдің бәрін тамырымен жұлып алып, бау байлап, кептіруге
күнге жайып қойды.
Кендір кепкен соң, басын кесіп алды, сабағын алып барып суға
салды. Су бетіне қалқып шықпасын деп үстін таспен бастырып
қойды.
Тани көйлегін суға батырғандарына ішінен жаратпай, қабағын
кіржитті. Сүйтіп жүргенде және апалары: – Танижанның көйлегі
жақсы болып шығады, – деп қалды.
Екі жұма өткен соң кендірді судан шығарып тоқпақтай баста-
ды. Әуелі қырманға салып қойып тақтаймен төмпештеді. Соңынан
қораға алып келіп, сабаудың астына алды, жазған кендірдің
сіңірлері жан-жаққа тоз-тоз болды. Сабап болып кендірді темір
тарақпен тарай бастады. Әбден жұмсап, жібектей болғанда барып
тарауды тоқтатты. Көйлегің жақсы болады, – дейді Таниға апа-
лары. Тани ішінен бұл қалай көйлек болатын еді, бұл көйлекке
ұқсамайды. Бәшеннің шашына ұқсайды деп ойлайды.
Қыс болды. Ұзақ түндер басталды. Танидың апалары кендірді
шүйкелеп алып, ұршықпен жіптей қылып иіре бастады.
Мұнысы жіп, көйлегі қайда? – дейді ішінен Тани. Қыс өтті.
Жаз бітті. Күз болды. Әжесі үйге өрмек құрып жүгіріс керді,
тоқи бастады, адарғы қылыш сумаңдай бастады. Жіптен кенеп
шығатынын енді Танидің өзі көзімен көрді.
Кенеп тоқылып болған соң аязға қойып мұздатып, қарға апа-
рып жайды, жазғытұры күн көзіне шөпке жайды. Үстіне су бүрікті,
сұр кенеп аппақ болды. Тағы да қыс келді, әжесі кенептен көйлек
пішті. Апалары тікті. Жаңа жылға қарсы Тани мен Башен үстіне
қардай аппақ жаңа көйлек киді.
Ушинский
МАҚТА
Маталар кендірден, жүннен, мақтадан істеледі. Мақтаның
мамығы мақта өсімдігінен шығады. Мақта жылы жақта өседі. Ре-
сейде мақтаны көп егетін жер – Түркістан. Түркістан мақтасы бүтін
Ресейдің пабрикаларын (фабрика) тойындырады. Қапқазда (Кав-
каз) да мақта егеді, бірақ мақтадан атақ алған жер –Түркістан.
Мақта түрлі болады. Кейде шөп, сабақ, кейде бұта, кейде ағаш
сықылды болады. Мақтаның гүлінен тұқымы шығады. Тұқымның
түрі мен үлкендігі түйе жаңғақтай қауашақ болады. Мақтаның
ең керектісі қауашағы. Сол үшін мақтаны егеді. Пісіп болған соң
қауашағы жарылады. Қабығының шеттері ашылады. Ішінен аппақ
қар сияқты мамық шығады. Мамық ішінде ұрығы тұрады. Дода-
дода болып шығады. Міне, сол мамықты мақта дейді. Мақта тал-
тал болады: талдары ұрығына жабысып тұрады. Сол талдарынан
жіп иіреді.
Піскенде мақта еккен жерді аппақ ақ қырау басып кеткен-
дей болады. Кісінің көзін сүйсіндіреді, бірақ жұмысшылардың
көзін сүйсіндіріп тұруға уақыты жоқ. Жел қағып кетпей тұрып,
қауашақты жиып алуға асығу керек.
Мақтаны машинамен тазартады. Тазартып болған соң мақтаны
байлап буып, мақта тоқитын пабриктерге жібереді. Жерді аз ал-
сын деп бір жаққа жіберерден бұрын мақтаны нығарлап қысады.
Жіп болмастан бұрын мақтаны талай машиналардан өткізеді, ма-
шиналармен сабалады, түтіледі.
Жіп иіретін пабриктерде мақтадан жіп істейді. Жіп иіру үшін
мақтаның бірнеше талын қосып созады, ширатады. Иіру деп осы-
ны айтады.
Мұнан соң жіпті бояйтын жерге жібереді. Боялып болған жіп-
ті сатуға жібереді. Боялмаған жіпті мата тоқитын жерге жібереді.
Онда барған соң түрлі машина құралдармен жіптен меткел тоқып
шығады.
Бояйтын жерде меткелді түрлі түске салып бояйды. Шытқа
өрнек салатын жерде меткелге түрлі бояулармен кестелі өрнектер
салады.
ШҮБЕРЕК ПАБРИКАСЫ
Бір нәрсе шырт ұйқымнан түртіп оятқандай болды. Тізбектеліп
ұшқан көбелек сықылды тап құлағымның үстінде ызың-ызың
естіледі, ұзақ, үзіліп созылған, мұңды ызың шығады, аударылып
түсіп шам жағамын, көрпемді асығыс үстімнен сілке тастап, киіне
бастаймын. Он минуттай өткен соң шапанымның түймесін салуға
асығып далаға шығамын.
Есік алдынан пабрика алақаныңдағыдай тұтас көрінеді. Сол
қабырғасында желі тартып байлағандай тізбектесіп тұрған бес
қабатты иірме-тоқыма бөлімінің үлкен-үлкен үйлері, мұның арт
жағында өзенді қуалай мата бояп, сиялайтын бөлімінің мұржасы
сорайып көрінеді. Оң бетінде ұзыннан-ұзақ тартылған төрт қабатты
қазармаларды (казарма) көзім шалады, бұл жұмысшылардың
үйлері. Пабрика мен жұмысшылар үйінің арасынан үлкен жалпақ
жол кесіп етіп, азырақ ағаштың ішіне кіреді, басқа үйлерден
қашығырақ шіркеу мен аурухана тұр. Тап менің маңдай алдым-
да деректірдің (директор) әп-әдемі үйі көрінеді, оның ар жағында
қызметшілер үшін салынған үйлер көшеге сыйыспай тұр,
жұмысшыларға арнап салынған шайхана, кітапхана, үлкен дүкен,
қасап соятын үй көрінеді.
Мен пабриканың бас үйлеріне қарай жөнелдім. Мен келе
жатқан жерге үзілместен үш жағынан жұмысшылар шұбырып
келіп жатыр, аңқитып ашып қойған есік келгеннің бәрін жұтып
жатыр. Жалпақ тас басқышпен әйел-еркектер жоғары көтеріліп
жатыр, жұрттың бәрі жұмысына асығып келеді, беттері бір
нәрсені ойлаған сықылды, қабақтары жабылыңқы, адам дауысы
естілмейді. Он-он бес минуттан соң екі мыңдай кісі орындарына
келіп тұрып болды.
Тірі жан сияқты пабриканың да жүрегі болады, ол жүрегі бу
машина, жүрек болмаса я соқпаса тірі жанның қаны тоқтап, өліп
қалады, бу машинасы болмаса пабрика қозғалмайды, жұмыс
қыла алмайды, жансыз өлген кеуде сияқты болады, соның үшін
қожасы бу машинаны өте мықты күтеді. Машина кең, жарық үйде
тұрады.
Пабриканың басқа жеріндей емес мұндағы нәрсенің бәрі де
тап-таза, жылт-жылт етеді. Машина үлкен бөлімдерінен бас-
тап құрттай бұрандасына шейін кіршік жоқ, сүртулі, жарқылдап
тұрады. Қазір болаттан соғылған алып тым-тырыс қимылдамай
тұр. Соның үшін әлі барлық пабрика қозғалмай, жым-жырт. Ал,
енді барлық іс істейтін жерлерге қоңырау беріле бастады: бұл
қазір машина жүргізіледі деп хабарландырғаны. Бір минут, екі
минут өтті ме, өтпеді ме, машина теңселіп қозғала бастады, үлкен
тегірмеші бір айналдақ машинаның соңынан бар нәрсе айнала
берді. Пабрика гүрілдеді, тірілді, жан енді: тегермештер улеп,
күрсілдеп, дөңгеленіп ұйытқып жатыр, белдері қатты жел күнгі
қаңбақша асығып домаланып жатыр, тартпа қайыстар сырылдап
айналып жатыр. Өз-өзінен жіптер ызыңдап жүгіріп жатыр. Маши-
на ана жерде мақтаны сабаумен ұрып, дірілдетіп сілкіп, жұлқып
жатыр, мына жерде болат тарақпен бұрқыратып түтіп жатыр. Ана
арада жіп ширатып жатыр, мына арада ағашқа жіпті төгіп жатыр,
жіп ағаштың жаны бар сияқты өз-өзінен домаланып, айналып
жатыр. Ағаштан жіп тоқитын машинаға қолын созып, кетіп бара
жатыр, тоқыма машина ілгері кейін өз-өзінен жүгіріп, ентігіп,
минутына жүз елу рет айналып жатыр. Ана жерде машина жаңа
ғана тоқылып шыққан меткелді бүктелеп жатыр. Бүктелген мет-
кел кішкене темір арбаларға мініп, бояп өрнек салатын бөлімге
жөнеліп жатыр. Бұл бөлімде меткелді бояп, өрнек салып шыт
қылып жатыр. Жұмысшылар машинаны қадағаласып бағып тұр,
үзілген жіпті жалғап жібереді. Шүберекті алып, қозғап жібереді.
Астындағы жер ойылып бара жатқандай-ақ, пабрика ойнақшып,
секіріп, дірілдеп, қалтылдап, күрілдеп, мың кісідей шуылдап жа-
тыр. Үйдің барлық қабаты да жылыса ылғалдана, ауасы тынышу
бола бастайды, 9 сағаттан соң екінші кезектегі тың жұмысшылар
келіп, бұрынғыларды алмастырады, таза ауаға шыға бере, мен
бойым көтеріліп бір күрсіндім. Біздің пабрикамызда бес мың жа-
рым жұмысшы, 300 қызметші бар. 800 жұмысшы ғана пабриканың
сыртында, қалғандары ішіндегі қазармаларда тұрады. Көбінің
қатын-баласы бар. Сонымен, пабрикадағы халықтың саны 6
мыңға жетеді. Біздің пабрикамыздан адамы аз қалалар Ресейде
толып жатыр.
Павлов
ҚАҒАЗДЫ ҚАЛАЙ ІСТЕЙДІ
Қағазды ескі-құсқы, іске аспай қалған матадан жасайды. Уақ
балалар, шалдар арқасына қап салып жүріп кез-келген боқтық,
төгіндінің ішін ашып, керегін тауып алады. Олардың қолында
ұшына шеге қадаған таяғы болады. Қалған кәдеге аспайтын ескі
шүберектерді жинап алып, қайтып барып пабрикаға тапсырады.
Бір жерде жоғалып қалған ескі орамал, түрлі шүберектің ескі
қиқымы, далаға шығарып тастаған көне шүберек бәрін де әлгілер
теріп, пабрикаға алып барып береді. Бірнеше жұмысшылар алып келген ескі шүберектерді айырып, бөліп отырады. Қалың шүберекті жұқасынан, қатты шүберекті жұмсағынан, жүннен істегенін мақтадан істелгенінен айырады. Бір түрлі шүберектерді бір жерге үйе береді, жұмыс аяғында отыз, кейде онан да артық үйіншектер болады. Көбейіп болған соң әр үйіншектен әртүрлі қағаз жасалады. Әуелі ескі, жаман шүберекті бөліп, кесіп, тігісін, түймесін, ілгегін, сол сықылды нәрселерін алып тастайды. Ескі шүберектер лас жерде жатқан. Бәрі де кір, лас болады: жұққан нәрсенің бәрін тазарту керек. Тазарту үшін шүберекті үлкен жәшікке салады. Жәшік ішінде тұқымы жоқ. Жуан-жуан бақалағы бар тегермеш айналып тұрады. Тегермеш айналғанда бақалақтары шүберекті жасап сілкіп-ұрып, құрғақ шаңын қағады. Шаң көптігінен жұмыс қылып жатқан бөлмеде демалуға болмайды. Шаң далаға шықсын деп, жәшік үстіне үлкен қалқан қондырып, арасынан үлкен мұржа шығарып, шаңды далаға жібереді. Тазалап болған соң ескі шүберектерді қазанға салып қайнатады. Тазарып, жуылсын деп қазандағы суға сода мен (Сафардың бір атасының ұлы) избиз (известь) салады я избиз орнына күл қосады. Кір жуғанда адам кірі әбден кетсін деп су ішіне қалтаға салған күл қосады ғой. Қайнап шыққан соң ескі шүберекте таңба, дақ қалмайды, түсі өзгереді, тазарып ағарады. Бәрінен бұрын шүберек мылжа-мылжа болып жұмсап, босап, айран сияқты болады. Ең керегі міне, осы. Қайнатып жатқанда тегіс қойылсын деп былғап тұрады. Сол қойыртпақ ауызы ашық, үлкен ыдысқа құйылады. Ыдыс ішінде қойыртпаққа сұйық желім құйылады, болмаса, қағаз үстіне тамған суық нәрсені соңыра өткізіп жайып жібереді. Қойыртпақ желіммен араласып болған соң, табақ-табақ қылуға болады. Қойыртпақты жұмысшы төрт бұрышты таба мен ожауша батырып алады. Табаның түбі қойыртпақтың суы төмен сорықсын деп темір тордан жасалады. Суы сорыққан соң табаның үстінде былқылдақ, ылғал жоқ, қабық қалады. Осы қабық қағаздың табағы. Сол қабықты енді мауытының үстіне салады. Мұның үстіне тағы шұға салады, шұғаның үстіне тағы қағаз салады. Ақырында екі жүздей қабат болады. Осының бәрін преске салып (бастырық) екі жағынан қысады. Сонан соң әр табақты бөлек кептіріп, тегістейді. Бұл күнде қағазды бұлайша қолмен істеудің орнына, машинамен істейтін болды. Машинаның жасалуы бұлай: машинаның бір жағынан әлгі қайнаған қойыртпақ құйылады да, екінші жағынан
қағаздың табақтары әзірленіп шығып тұрады. Машинамен істе-
генде жұмысы елу рет жылдамырақ болады, машинаға қойыртпақ
құйылған екі минутта қағаздың табағы әзір болады. Жазатын
қағазды крақмал (крахмал) клейстірінен, сабыннан, ашудастан
қосып істеген бір нәрсемен сіңіріп желімдейді. Бұл күнде салам,
ағаш ұнынан да қағаз жасайтын болды, бірақ бұл қағаздар сынғақ,
тозғақ болады.
БҰЛШЫҚ ЕТ
Боянған, күлгір, шырайлы,
Сұлу емес сырлы бет,
Ширатылған түйіндей,
Шын сұлу күшті бұлшық ет.
Тоқпақтай түйін бұлшық ет,
Әлемді күшке қаратқан,
Сан керемет машина
Күшіменен жаратқан.
Тоқпақтай құрыш жиырылып,
Қозғалса, ойнап бұлтылдап,
Ширатылып түйіндей,
Жазылып жылдам жылпылдап.
Балғын білек, балтыр да
Ширатылған түйіндей.
Бұлтылдаса бұлшық ет,
Кім тұрады сүйінбей?
Көк темір құрыш болатпен
Асусыз асқар тау кескен.
Тас қопарып, жер үңгіп,
Шыңырау қазып, жер тескен.
Шыңыраудан қазып қопарып,
Шығарған болат көк темір.
Мыс, күміс, алтын, қорғасын,
Жер майы, алмас, тас көмір.
Аспанға ұшып су кешіп,
Дүние айналып қыдырған,
Темірден құйып жол салып,
Жер қыртысын сыдырған.
Түйіні тоқпақ бұлшық ет,
Аюды да үйреткен.
Бұғалық салып сүйретіп
Омыртқасын күйреткен.
Айғырдың тоқпақ жалындай.
Бөкеннің серке санындай,
Қайыңның қырған безіндей
Шортанның жұмыр беліндей
Ширатылып түйілген
Болаттай күшпен илеген.
Бұлшық етті білекпен
Балтырдан сұлу дене жоқ.
Сәкен
ЖЕР ҚҰЙҚАСЫ
Сабанмен жыртқанда, кетпенмен жер қазғанда үстіңгі қабаты
шым қоңырқай екенін, өсімдіктің тамырлары бірімен-бірі
ұстасып жататынын көреміз. Онан әрі кеткен соң, шөп тамы-
ры болмайды, шым таусылады. Жалаңаш құм я саз бола береді.
Қаншама тереңдетіп қазсақ та, енді шым соқпайды. Жердің шым
болып жатқан жоғарғы қыртысын жер құйқасы дейді. Сабан-
мен жер жыртқанда сол құйқадан төмен түр енді батырмайды,
үйткені өсімдікке керек тамақ тек осы құйқаның ішінде болады.
Сондықтан, шөптің тамырлары құйқадан әрі кетпейді, ағаштардың
ұзын тамырлары ғана құйқаның астындағы қабаттарға да сіңіп та-
ралады.
Құйқа түрлі-түрлі болады. Әртүрлі құйқа әртүрлі өсімдікке
жайлы. Жайлы, жайсыз болуы құйқаның ішіндегі нәрселеріне
қарай. Соның үшін құйқаның жайын және ішінде не барын білу
шаруаға өте керек.
Жер құйқасының ішінде түрлі нәрселер болады: олардың бірі
– көбірек, бірі – азырақ болады. Қай топырақ құйқада басым бол-
са, соған қарай ат қойылады. Құйқаның ішінде ең әуелі су бо-
лады, бірақ ауасына, жеріне қарай ылғалды, ылғалсыз болады.
Қалайы сауытқа топырақ толтыралық. Соны қолдан таразы жа-
сап бір басына салалық, екінші жағын бір нәрсемен теңелік, со-
нан соң қалайыны ыссы жерге қойып, топырағын кептірелік, енді
топырақты таразының басына қайта салсақ, жеңіліп қалады, екін-
ші жағы басып кетеді. Ол ішіндегі суы кеуіп кеткендіктен. Қалған
топырақты күшті оттың үстіне қойсақ, қалайының іші түтіндеп,
коңырси бастайды. Біраздан соң түтін басылып, қоңырсығаны
қойылады. Бұрынғы қоңыр топырағымыз енді бозарып қалады.
Қалғанының астына отты қанша жақсақ та, түтін шықпайды,
коңырсымайды. Қайта таразының басына салсақ, топырақ
кепкенінің артынан да біраз жеңіліп қалғанын кереміз. Олай
болса, топырақтың бір қатары жанып кеткен болды. Жанбайты-
ны қалайыда қалды. Жанып кеткені өсімдіктер мен жәндіктердің
шіріген денесінен болған нәрсе.
Топырақтың түсі қоңыр болатыны да сол шірік көңнің түсінен.
Мұнан қалған топыраққа су құйып араластырсақ, су лайлана-
ды. Сонан соң тындырсақ, су түбінде лай жайлап шөге бастай-
ды. Әрине, әуелі астына ауыр лай, үстіне жеңіл лай шөгеді. Біраз
тұрған соң, су әбден тынып, мөлдірленеді. Енді тынған суды еп-
теп төксек, қалайының түбіне шөккен құм мен сазды көреміз, құм
қиыршықтанып астында жатады, саз мап-майда болып үстінде
жатады. Олай болса, топырақ ішінде шірік көңнен басқа құм мен
саз да болды. Бұлардан басқа топырақ арасында избиз болады.
* * *
Құйқадағы топырақтың құмы жүздің жетпісінен кем болмаса,
топырақты құм дейді. Егер сазы жарыдан кем болмаса, топырақты
саздақ дейді. Егер шірігі жүздің жиырмасынан кем болмаса, қара
топырақ дейді, егер избизі жүздің бесеуінен кем болмаса избизді
топырақ дейді.
Егін шығуға, шөп өсуге ең қолайлысы қара топырақ. Бұл топы-
рақтың қасиеті суды көп жұтып, ішінде көпке шейін сақтайды.
Ауадағы ылғалды да өзіне тартып алуы күшті. Соның үшін қара
топырақты жердегі шөп пен егін оңайлықпен шөлдемейді. Қала
берді қара топырақ ішіндегі шөптің қатты түйір тамақтары су-
мен еріп, тамыр мен шөпке жетісіп тұрады. Қара топырақты
бір ыдысқа салып, су құйып шайқасаң қошқыл лай болады. Сол
қошқыл су егінге жағымды.
Құм құйқалы жерге түскен ылғал тез сіңіп, кеуіп кетеді. Құм
суыспалы болған соң шөптің тамыры бекуі де қиын, құм топырақ
дайым құрғақ болады. Соның үшін егінге, шөпке құм топырақ
қолайсыз болады.
Су тисе саз ісініп, қамыр сияқты илезітіп қалады. Астына
су өткізбейді. Сондықтан сазды жердің бетіне қақ, күл тұрып
қалады. Дымқыл болады, бірақ ыссыда суы кеуіп, саз топырақ жа-
рылып кетеді, өзі тастай болып қатып қалып, соқа сабан түспейді.
Жарылғанда саз үстіндегі шөп болса тамыры айырылып кетеді.
Саздың өте дымқылдығы да шөпке зиян. Соның үшін саз топырақ
та егінге, шөп шығуына қолайсыз болады.
Избиз құйқалы жерде дым құмнан гөрі көбірек, саздан гөрі
азырақ сақталады, күннен қатты қызады. Қызуы көпке шейін
басылмайды. Құрғақшылықтан мұндай жерге еккен егін күйіп,
қуарып кетеді. Кілең избизді жерге түк шықпайды.
Құйқаның астындағы қабатты жердің төсегі дейді. Төсектің
топырағы да түрлі болады. Соның үшін егін салған кісі жердің
төсегінің топырағына да қарауы керек.
Қара топырақ Орал, Ақтөбе, Қостанай үйездерінің Арқа
жағында бар, Қызылжар, Көкшетау үйезінің әр жерінде ала қанат
қара топырақ бар, Белағашта, Ертістің оң жағында әр жерде үзік-
үзік қара топырақ бар. Құм топырақ пен саздаққа қазақ жері
бай, бұлар қай жерден де болса табыла береді. Әр жерде избизді
топырақ та кездеседі.
ЖЕР ЖЕКСЕНІ
Өзеннің, жыраның жарына қарап тұрсақ, жардың топырағы
қабат-қабат болып көрінеді. Бір жерден тереңірек құдық қазғанда
да топырағы қыртыс-қыртыс екенін көреміз. Үстіңгі қабаты
қоңырлау, астыңғы қабаттары сарғылт, қызғылт, көкшіл де бола-
ды. Қолға алып қарасақ, бір қабаты майда топырақ, бір қабаты
қиыршақ ірі топырақ, бір қабаты қатты зат. Майда топырағы саз,
қиыршығы құм, қатты қабатын тас деп атайды.
Бұлардың бәрі жер жексені болады. Саз, құм, уақ тастар кез келген жерде жата береді. Ірі тастар таулы жерде болады. Бұлардан басқа да жер ішінде болатын нәрселер көп, мәселен: алтын, күміс, мыс, темір, қорғасын, қалайы, сынап, тұз, бор, ашудас, тас көмір, жермай және сондай пайдалы заттар. Жер жексендері түрлі-түрлі болып жатады. Біреулері сомсом, үйір-үйір болып шумақталып, біреулері тұтас ұзыннан ұзақ, қыртыс-қыртыс болып жатады. Қыртыстары мәселен, әуелі киіз төсеп, оның үстіне кілем, көрпе төсеп тастаған сықылды болып көрінеді. Әсіресе, құм мен саздан құралған жексендердің қыртысы тақиялап жинаған киіз сықылданып көзге білініп тұрады. Қыртыстар жер астында кейде тік, кейде көлбеп, кейде шоқтанып иіріліп жатады. Жер жексендерінің арасында, кейде өте тереңнен жандықтар мен өсімдіктердің қалыңдысы табылады. Жер жексенін нендей күш жер астына дестелеп жинап қойған? Бұлардың ішіне хайуандар мен өсімдіктердің қалыңдысы қалай барып түскен? Жер жексендерін қабаттастырып, дестелеп жинайтын олардың ішіне жандықтар мен өсімдіктерді салатын күш – су. Солардың бәрін істейтін су екенін байқасақ, өзіміз де білеміз. Мәселен, қара нөсер құйып өткен соң жер жүзінде не байқаймыз? Жыра-жыра, ылди-ылди, ойпаң-ойпаң жер тауып алып, өрден төмен қарай зырқырап сел ағады. Селдің ішінде саз да, құм да, шөп те, салам да, жаңқа да, сүйек те түрлі қоқым-соқым да зырлап ағып барады. Жәй бір тегіс жерге жеткен соң, сел жайылып, дырқырап, тоқайырап, жайлап аға бастайды. Шығыс тауып алып тағы ілгері жөнеледі. Селмен ағып келген нәрселер әлгі жайылма жерде айналақтап, бірте-бірте жерге шөге бастайды. Ертең су сорыққан соң қарасаң, әлгі жерде қарауытып, иіріліп қалған тосап көресің, бұл тосабымыз кешегі селмен келген нәрселер. Шөгіп қалған тосаптар ауданы үлкен де, кішкене де болады. Егер үлкендеуінің арасын шұқып қарасақ, тосабымыз толып тұрған қиқым-сиқым екенін көреміз. Жердің бұрынғы беті бір шүк, кейде онан да төмен қалғанын, үстінде қабаттасып тас, құм бұлардан жоғары жеңілірек шөп салам, жаңқа, жапырақ сықылды нәрселер жатқанын көреміз. Бәрінің бетінде тосап қалады. Бұларды қабаттарының түсіне қарай адам тез айырады. Құрттай селдің қылғанын өзендер де істейді, бірақ селден өзеннің айырмашығы суының көптігі: селдер қосылып уақ сайларға, уақ сайлар жиналып өзенге, өзендер бірігіп көлдер мен
теңіздерге құяды. Өзендер ағысының ішінде де құм, саз, тас
сықылды нәрселер болады. Ағысы қатты өзендер әсіресе,
жазғытұры тасқын кезінде сондай нәрселерді көп алып кетеді.
Кейде тасқан өзендер арнасынан шығып, жайылып, тегістік жер-
лерді шаяды. Су қайтқан соң жайылған шұқыр жерлерде бұталар
түбінде иіріліп тас, шөп, салам, ағаш, тосап секілді нәрселер
қалады. Ағыны күшті өзендер кемерін құлатып алып кетіп,
теңіздерге құлатады. Өзен ағысы мен теңізге барған тас, ағаш,
саз, құм сықылды нәрселердің бәрі де бірте-бірте тынып, түбіне
шөгеді, ауырлары астына, жеңілдері үстіне, ең жеңілдері бәрінің
де үстіне шөгіп, қыртыстанып, қабаттасып жатады. Сонымен жер
жексенінің қабаттары шығады.
Табиғатта біз көретін жердің қалың қыртыстары жаратыл-
ғанша, неше миллион жылдар өткен.
УАҚ ТАС, ҚҰМ, САЗ
Ойнап жүріп құрғап қалған сайдың түбіне түскендерің бар,
болмаса өзен жағасына барғандарың бар. Көлде я өзенде суға
шомылып жүріп, жалақ ойнайсыңдар, сүңгіп кетіп су түбінен
уыстап уақ тас алып шығып, біріңе-бірің атып жіберіп, жүзе келе
қашасыңдар. Судың түбінде де, өзен жағасында да, сайдың таба-
нында да жұп-жұмыр уақ тастарды көресіңдер. Әдемілерін теріп,
үйге алып келіп, ойнайсыңдар, жылқы қыласыңдар.
Тастың ішінде қызылы да, сарысы да, жасылы да, сұры да,
қарасы да, шұбары да, ағы да бар. Уақ тастар өте қатты, пышақпен
сызуға да келмейді, сындырайын десеңдер балғамен ұрып зорға
ұсатасыңдар.
Сол уақ, жұмыр тастарың қайдан шыққан, жақын жердегі үлкен
тастардан омырылып түсті деуге маңайында тау жоқ. Сайдың ба-
сын жағаласақ, біраз жерге барған соң төбе я тауға соғамыз, олар
да үлкен тастар болады. Көлге де сайдың суы құяды. Біздің көретін
уақ тастарымыз сол үлкен тастардан сынып түскен, қалайша?
Судың жүрмейтін, кірмейтін жері жоқ. Соның үшін су үлкен
тастардың жарығына да кіреді, қатқан соң тасты бұзады. Мәселен,
шыныға су толтырып, аузын тығып, қысты күні аязға қойып
қатырсаң, шыны быт-шыт болып сынып қалады. Тас та солай
болады. Уақ шөптердің тамырлары да тамақ пен су іздеп тастың
жарығына кіреді, тастың айналасына шөптің тамыры шырмалып,
жарығына кіріп кеткенін көргендерің бар. Сол тамырлар өсе-өсе
әлгі жарықты бұрынғыдан да кеңітіп, жігін ұлғайтады, ақырында
тасты жарады. Сонымен үлкен тастар бұзылады.
Кейбір сынықтары өзенге, сайдағы суға жылжып барады. Судың
ағысы бұларды төмен қуып кетеді. Бұл сынықтар төмен жылжи
береді, бірінің басынан бірі ырғып түсіп, сүйкеледі, мүжітіледі,
тегістеледі. Талай жылдар сынықтар ағып, қозғала береді. Жаз
өзен ағысы жайланғанда, тастар шөгіп, қозғалмай демалып жата-
ды. Жазғытұры тасқын кезінде я қара жаңбырлар артынан өзенде
су көтеріледі, ағыс қатаяды, зулап төмен жөнеледі: тастар да ор-
нынан тұрып, қатты ағысқа еріп, ілгері жылжи береді.
Ілгері жылжыған тастың сынығы кішірейе береді. Жұм-
сақтары сүйкеле-сүйкеле үгіліп, құм, саз болады. Мәселен, қол
диірменнің тастары егеле-егеле жұқарып, құритынын білеміз. Су
түбімен аққан тастар да сол диірмен тас сықылды үгітіле береді.
Жұқарып жеңілденгендері ауырларынан озып кетеді, ертерек ба-
рып теңіз бен көлдердің түбіне шөгеді.
Қатты сынықтары көпке шейін үгітілмейді. Сонда да көп жыл-
дардан соң, судың шайғанымен және біріне-бірі сүйкелумен бұлар
да үгітіле береді. Ақырында жылтыр, жұмыр, уақ тас күйінде
өзенге жылжып барады. Өзеннен біз тауып аламыз. Бұдырлы
тастың жұмырлауына өзен ағысының көп еңбегі сіңген.
Сол уақ, әдемі тастар өзенге құлаған соң да тыныштық алмай,
ілгері жөнеледі, бұлардың орнына басқа тастар келеді. Өзен ағысы
күшті болса және әлгі тастар жолда үгітіліп құрымаса, ақырында
теңізге барады.
Теңіз толқындары да уақ тастар жасайды, бірақ жасау реті
өзгеше болады. Теңіз суы толқындалып, жиектегі жартастарға
гүрс етіп соғып, келіп кетеді. Таудай толқын жиекке төніп келіп,
ақ көбігін көкке шашқанда қарауға адам қорқады.
Толқын үлкен жұмыс бітіреді. Жиекке ұмтылғанда теңіз түбінен
толқын уыстап, уақ тастарды ала шығып, сол тастармен жиекте-
гі жартастарды лақтырып ұрады. Ұрған сайын жартас бірте-бірте
үгітіліп, қажалып, төменгі жағынан жұқара бастайды, бір кезде
тастың үлкен жаңқалары да омырылып кетіп, теңізге түседі.
Теңіз толқынының түйіп кеткенімен әлгі тас та уақталып,
бөлінеді. Бұрыштары сүйкетіліп құрып, мүжітіліп, қаттылары уақ,
жұмыр тас болады.
Сонымен уақ, жұмыр тастар, жер бетінде үйіліп жатқан құм,
іркілдеп жатқан саз, бәрі де ірі тастардан судың күшімен шыққан
болады.
«Живой Родниктен»
ҚҰМ МЕН ШАРЫҚ ТАС Құм қай жерде де бар. Бір жерден бір уыс топырақ алсаң, ішінде құм болады. Құм кей жерлерде неше күншілік жерге далиып жайылады. Құм су күйінде жентектеледі, саз сияқты иленбейді, түсі ақ та, сары да, қызыл да, сұр да болады, құмның ірісі де, уағы да бар. Құмның түйірлері сазбен байланып біріксе, шарық тас болады. Құм жер астында да бар. Избиз (известь), саз, жаңбыр суымен ериді, еріген саз бен избизді шайып, су үйіліп жатқан құмға апарып араластырады. Саз бен избиз жабысқақ нәрселер. Жердің үстіңгі қабаттары салмағын салып басқанда, әлгі избиз бен саз құмның түйірлерін ұстастырып, біріктіреді, байланыстырады. Басыла-басыла құм тас болады. Міне, осылай құмнан «шарық тас» болады. Шарық тастың ішіндегі құмы ірі болса, онан диірмен тас, орақ жонушы, шар қайрақтар істеледі. Егер шарық тастың ішіндегі құмы майда болса, онан пышақ қайрайтын жұмсақ қайрақтар істеледі. Сонымен қайрақ істейтін, диірмен тас істейтін, орақ жонушы істейтін тастар атам заманда сазбен байласып, қатып шыққан құм. Шарық тас қайрақ пен диірмен тасынан басқа орынға да жұмсалады. Мәселен, үй салынады, жолдарға, көшелерге төселеді, көпірлер, бөгеттер салынады. Шарық тасты бұл күнде қолдан да жасайды. Осы күнгі шарық қайрақтың, орақ жонуыштардың көбі сол қолдан жасаған шарық тастар. Құмнан шыны зауыттарында басқа нәрселермен араластырып шыны да жасайды. ШЫНЫ Мұнан бұрын бес жүз жыл шамасында ма, теңізді жағалап, кемемен су кезушілер келе жатқан. Бір жерге келіп бірнеше күн демалып, су жағасында аялдамақшы болады. Ас пісіруге кешке от жағады. Асуға ошағы болмаған соң, қазан астына алып келе жатқан кесек-кесек селитраларын қояды (селитра мұз сықылды жылтыр, тас сықылды қатты нәрсе). Селитра тас қой, отқа ери қоймас деп ойлайды. От жаққан жерлері теңіз жағасы құм. Өрт кетер деуге шөп болмаған соң, тамақтарын ішіп, отты сөндірмей, жатып ұйықтап қалысады. Ертең тамақ асуға тағы от жағайын деп қараса, селитра жоқ. Орнында жылтыраған-жылтыраған бір нәрселер жатыр, түсі мөлдір, бозғылт. Бұ қайдан шықты, неден болды? деп жолаушылар ойға қалады. Бақса, селитра еріген екен де, құммен қосылған екен, бұл жылтыраған нәрселер сонан болған екен, анығына қану
үшін қайта от жағып, селитра салса, от қызған кезде селитра да,
құм да еріп, біріне-бірі қосылып, тағы манағыдай жылтыраған
нәрсе болып шығады.
Мұндай нәрсе жасауды білгендеріне қуанысып, үйлеріне келіп,
шыныдан нәрсе жасай бастайды. Әуелі осы күнгі сияқты пайдалы
нәрселерді жасамайды, моншақ, көр-жер істейді. Сонан соң қатпай
тұрғанда түрлі пішінге келтіруге болатынын аңғарып, ат сияқты
нәрселердің тұлғасын жасайды. Соңынан ыстақан, шыны-аяқ,
шыны табақтар, түрлі ыдыстар жасайтын болады. Шыны балқып
тұрған кезінде бір түрлі бояуларды қосса, шыны боялып, түрлі-
түсті болмақ. Неше жүз жылдардан бері адамдар шыны жасаудың
неше түрлі тәсілін байқай-байқай, ісін сонша жеңілдетіп, жетіл-
дірген, айтып отырғанда ертегі сияқты, адам нанарлық емес.
* * *
Шыны үш нәрседен істеледі: құмнан, сақардан, избизден. Осы
үшеуін араластырып, қатты қыздырса, қызудың күштілігінен
балқып, еріп, су сықылды мөлдір сұйық зат болады.
Шыны зауытында избиз, құм, сақар салатын үлкен-үлкен
қазандар тұрады. Шыныны түрлі пішінге салып қоятын қалыптар
болады. Шыны істеуге дағдыланған жұмыскерлер болады.
Бөтелкелер, стакандар, шам мүржелері сықылдылардың ішіне
ауа үріп кіргізіп жасайды, қалың сом шыныларды құйып жасай-
ды. Сүйтіп, балқып тұрған затты қалыпқа құю түсінікті. Үрумен
әйнек-пиялалар, ыдыстар жасалады деген сөз түсініксіз болар.
Оған түсіну үшін мысал көрсетелік. Шамалы су алып, азырақ
сабын езіп, шөптің қуыс сабағынан түтік қылып, сабын езілген
судан азырақ түтікпен сорып суалып, бұлай шығарып үрсе, түтік
аузында күмбез пайда болады. Шыныдан үріп, нәрсе жасағанда да
солай үріп жасайды.
Біздің алған шөп түтігіміз орнына темір түтік болады, сабын
езген суымыз орнында балқыған сұйық шыны болады. Жұмысшы
ұзын темір түтікті алып, еріген шыныға үстін батырып, аз ба көп
пе керегінше алады да үреді. Үргенде мұнда да әуелі түтік ішін-
де күмбез пайда болады. Күмбезді керекті тұлғаға түсіру үшін
жоғарылы-төменді шайқайды. Байқап жүргенде, шыны салқындап
қата бастайды. Сүйтіп бірнеше минутта бөтелкі шынылар да пай-
да болады.
Сырттан қарап тұрғанда шыны жасау жұмысы оп-оңай ойын-
шық сияқты көрінеді: ол жұмыскерлердің тәсілін біліп, жаттығып
қалғандығынан. Үріп шайқап, шыныдан нәрселер жасап, түрлі
тұлғалар беруге көп үйреніп жаттығу керек.
САЗ Саз қай жерде де бар. Өзендердің, сайлардың, жыралардың кернеуінде де көрініп тұрады. Құдық қазғанда жер астынан да саз шығады. Саз су күйінде жұмсақ, нанша иленеді. Кепкенде қап-қатты тастай боп қатады. Саз түсі түрлі болады: сары, қоңыр, қызыл, күрең, көк, ақ, сұр. Ақ саздан ақ борды айыру керек. Борды ашқылтым қымыз я айран сияқты нәрсенің ішіне салса быжылдайды, сазда ол жоқ. Жәй саз бордан иісімен де айырылады. Саздың өзгеше иісі болады, саз су күйінде илеуге көнеді бор көнбейді. Саз илеуге көнетіндіктен саздан түрлі нәрселер істеледі. Мәселен: ыдыстар жасалады, кірпіштер құйылады. Ақ саздан істелген нәрселер қымбат болады. Сұр саз күйгеннен кейін қызыл болады, мәселен: саздан күйдіріп жасаған қыш көзелер, қыш кірпіштердің түсі қызыл болатынын көрген шығарсыңдар. Кірпіштер, қыш көзелер жәй саздан жасалады. Істеуі де қиын емес, сондықтан олар қымбат болмайды. Ақ саз кезкелген жерден табыла бермейді. Ол сирек ұшырайды. Онан нәрсе жасағанда өзгеше илеп жасайды: нағыз қымбат қыш аяқ, қыш табақ, лампа қалпақтарын нағыз ақ, таза балшықтан істейді. Саздан істелетін нәрсенің пішінін келтіріп болған соң кептіреді, сонан соң күйдіреді. Күйдіргеннен кейін сырты жылтырап тұру үшін өң береді. Өңді шынымен береді. Қатты қызудан шыны балқиды. Ыдыстың үстіне ұн сияқты үлкен шынының ұнтағын жақса, отқа қойып қыздырған кезде ұнтақ балқып, ыдыстың бетіне жайылады, суыққа шығарған соң қатады. Сондықтан кеселердің, қыш табақ, қыш аяқтардың, лампа қалпақтардың беті жылтырап тұрады. Саз табиғатта тас күйінде де табылады. Жер астына саз түседі. Мұның үстіне топырақтар жауып, қалындатады, басады, салмағын салады. Аз да болса сазға ылғал барады. Салмақ пен ылғал қосылған соң саздың түйірлері бірімен-бірі қосылып, байланады. Үстіңгі қабаттардың салмағынан саз тығыздалып, қатаяды. Ақырында тасқа айналады. Тығыздалған қабаттары білінеді де тұрады. Мектепте балалар жазатын тас тақтай сол қатайып тығыздалған саз.
ТҰЗ Тұз тамақ дәмін келтіру үшін, азық бұзылмас үшін жұмсалатын керек нәрсенің бірі. Түйген тұз кірсіз болса, аппақ қардай болады. Тұзды суға салса қанша сияқтанып ериді. Тұзды суды ауаға қойып я жылы жерге болмаса күннің көзіне қойып сорықтырса, қайтадан түйір-түйір тұз болады. Тұзсыз жер жоқ, бірақ бір жерде аз, бір жерде көп, тұздың көбірек болатын орындары: теңіздер, сорлар, түнді бұлақтар, тұз қордалары. Теңіз қазақ даласында аз, сор көп, сондықтан тұзды сорлардан алады. Ең үлкен тұзды сорлар Бөкейлікте: Боғда мен Жолтын. Жолтынның ені 10, ұзындығы 15 шақырым, тұзды сорлардың көп жері Орал, Ақтөбе гүбернелері мен Торғай үйезі. Түркістанда тұздың атақтысы «Қошқар» тұзының қалыңдығы 4 таяқ бойы. Тұз қордасы тұз төбеде бар. Бүтін Ресейге мұз, тұз жеткізіп тұратын Тұзтөбе. Тұзтөбе сықылды жақсы тұзға бай жер Ресейге Бақмот үйезінде, Ависизияда «Велинишки» деген орын. Басқа жерлердің тұзы біздің Тұзтөбеге жетпейді. Тұзтөбе Орынбордан 70 шақырым, Ақтөбе жағында, тұз қордасының алабы 3 шаршы шақырым, қалыңдығы 65 таяқ. Тұзын қазып үңгіген жерде көл бар. Сол көлге суға түсуге аурулы адамдар барады. Тұзды бұлақтар қазақ жерінде әзір табылғаны аз, тұздың көбі теңіздер суында болады. Барлық теңіздегі суды алып қайнатса я кептірсе, шыққан тұзды адам баласы бірнеше жүз жылда тауыса алмас еді. Ыссы жақтарда теңіз суын жағада қазып қойған жайпақ апандарға жіберіп, сорықтырады, ысуы құрыған соң түбінде қалған тұзды сыпырып алады. Салқын жақтарда үлкен қазандарға тұзды теңіздер мен көлдердің суын құйып қайнатады. Су қайнап болған сон астындағы түрін алады. Суық жақтарда ащы суды үлкен апандарға құйып қатырады. Бетіне тұщы су мұз болып қата береді, қатқан мұзды сындырып алып тастай береді. Ақырында қатпайтын тұздық қалады. Тұздықты қайнатып, суалтып тұзын алады. Тұзды сулардың тұзы жазғытұрғы қар я тасқын сулармен еріп, күзге қарай сор суалғанында тұзы түйірленіп түбіне шөгеді. Соны ел кетпен, күрекпен омырып, сыпырып алады. Тұздың адам тұрмысы түгіл, мал тұрмысында көп әсері бар. Жері сорсыз, қара отсыз жерлерде ел малына ауызы уылмасын деп тұз жалатады. * * * Теңізге тұз қайдан келеді? Теңізге өзеңдер құяды. Өзендер суы тұщы дегенімізбен, ішінде еріген аз да болса тұз болады. Алыс жерден ағып аңтарылып келе жатқан өзенге жолдан тұз соқпай
қалмайды. Ол тұз еріп өзенмен ағып теңізге барады. Күн көзінің қызуымен теңіз суы бу болып көтерілгенде, тұз теңізде қалады. Аспанға көтерілген бу бұлт болып, жерге жауады, өзендерге су береді, теңізге тағы ерітіп тұз айдап келеді, тағы тұз теңізде қалып, су аспанға бу болып көтеріледі. Сонымен теңіз суының тұзды болмасқа амалы жоқ. Теңізде тұз болу түсінікті нәрсе. Жер астына тұз қалай түседі? Тынбай ағып өзендер теңізге құяды, жүрген жерінен жинап теңізге құм, лай ала келеді. Жиекке жақын теңіз түбінен қайыр жоғары көтеріліп, қолтық, құлақ шығарады. Бұл құлақтар теңізге қылымен қосылады. Бірте-бірте қылы бітіп, тұзды көл болады. Жылдар, ғасырлар өткен соң көл де суалады. Орнында тұз қалады. Жел тұздың бетін құммен көміп, жер астына жасырып тастайды. Жер астынан қазып алынатын мұз, тұздар солай шығады. Тұз асқа салу, азық тұздаудан басқа істерге де жұмсалады. Мәселен, шыны, сабын істейтін зауыттарда жұмсалатын орындары бар. Шыны сықылды заттарды тазартуға да тұз пайдалы болады. Жел ауруларға тұздың суы дауа болады. ШЫМ ТЕЗЕК Тасты я сазды жер суды астына сіңірмейді, сондықтан мұндай жерлердің бетіне көл тұрады. Сондай жерлер әсіресе «Ленинграт» (Ленинград) гүбернасында көп болады. Ағаш судың ортасында қалады. Ағашты көлдің жағасына кешікпей мүк шығады. Мүк жап-жасыл болып, көлді айнала орап алады: тынық көл айналасына жасыл барқыт ұстаған айна сықылданып, аспанның сәулесін түсіреді. Жасыл жібек бірте-бірте өсіп, жалпая береді. Жағадан суға түседі, бара-бара көлдің бетін жабады. Мүк суға батпайды, үйткені жабағыша үйісіп бір шеті жиекте жатады. Жабағының астында су жатады. Жағадан жиегі айырылып кетсе, мүк суға батады. Жылма-жыл мүктің жабағысы қалындай береді, үстіне жаңа мүк шығып, астындағы қабаты өле береді. Біраз уақыт өткен соң мүк қалыңдап, көлдің түбіне шейін барады. Сонымен мүк батпағы болады. Бұрын олардың бәрі де көл болып, соңынан суын мүк басып кеткен. Қалған-құтқан су мүк арасына кіреді. Мүк арасындағы суды біз көрмейтініміз, мүктің сабағына сіңіп тұрғандықтан, бірақ қолмен сықса, су шығады. Мүк суды жұта береді. Соның үшін жауынды кезде мүк тұрған батпақ ісінеді. Батпақтың беті бершімектеніп қампияды. Сол кезде жиекке шығатын «Су емес мүк» деп жаңылысуға болады.
Ағашты көлдің түбіне шейін мүк қаптап болған соң, енді төмендей алмайды. Көлдің түбі әрі жібермейді, бірақ үстіне жаңа мүк өсе береді. Астындағы жаны кеткен қабатын баса береді. Ақырында, әлдеқашан жаны кетіп сарғайған астыңғы мүк басыла-басыла тығыздалып, шым тезек болады. Соның үшін ескі мүк шыққан батпақтар шым тезек батпағы делінеді. Батпақ неғұрлым көп жыл тұрса, соғұрлым шым тезек қалың болады. Кейде қалыңдығы 4-6 таяққа жетеді. Кеуіп қалған шым тезекті кірпіш сықылдандырып тіліп, отқа жағады, шым тезек жап-жарық болып жанады, отын орнына тұтынуға келеді. Торыптың тағы бір маңызы сол ішіне түскен нәрселері бұзылмай ұзақ сақталады. Су жиегінде өсіп тұрған ағаштың бұтағы, болмаса, бір хайуан ішіне түсіп кетсе де, шым тезек ірітпей-шірітпей, неше жүз мың жылдар сақтай береді. Өте көп жасаған шым тезектер бар. Солардың ішінен түрлі нәрселер табылады. Соларға қарап, өткен пәлен замандарда көл жағасында қандай ағаштар өскені, нендей жәндіктер тұрғаны, қандай құстар үй салып балапандарын шығарғаны белгілі болды. Бір шым тезектің ішінде соғысқа шыққан салт атты адам табылған. Әрине, атының, адамның еті шіріп кеткен, бірақ сүйегі, қарулары ап-аман сақталған. Сорлы кісі атымен өтемін дегенде батпаққа батып қалса керек. Ауыр сауыт пен құралдар шым тезек батпағынан шығармай, батырып жіберген. Мүк қазақ даласында да әр жерде бар. Мәселен, осы күні Ақтөбе қаласына жақын жерде тіліп алып қазақтар отқа жағады. Ақтөбе қаласындағы көп мекемелер алдырып пешін жағады. Вагнерден ТАС КӨМІР Тым ерте заманда, ит мұрны өтпейтін, түбіне күн сәулесі жетпейтін орман ішінде, батпақта үлкен ағаш өсіп тұр еді. Орманда маса, шыбыннан басқа аң жоқ. Саз батпаққа шыққан орман іші бос, алағызып тұр. Ағаш бірте-бірте қартайып, тамырлары шіри бастады. Бір кезде жел соғып кетіп, ағашты қисайтты. Ағаш құлап, батпақта батып қалды. Сұлаған ағаш үстінен мойны сырықтай, нән бақалар шұбырып өтті. Құлаған ағашты лай тосапты су шайды. Толқындар құм мен сазды айдап келіп, ағашты көмумен болды. Ағаш жер астына тереңге түсе берді, көк жапырақтары қарайып шіріді, үстінен басқан қалың құм мен саздың салмағымен ағаштың
сабағы қысылып, қатайып, тас сықылды болды. Маңындағы
ағаштардың басына да сол күн туды.
Неше мың жылдар өтті. Батпақ үстіне шөп шықты, құрғақ
жерге айналды. Ол жерге ел орнасып, егінін егіп, бақшасын сала
берді. Астында, тереңде бір замандарда құлаған ағаштар көміліп
жатқанын ешкім сезген де жоқ. Бір мезгілде кен қазушылар, ал-
тын, күміс іздеп жер астын үңгіп қазып жатып, «қап-қара көмілген
орманның» үстінен шықты. «О, тас көмір! От табылды!» деп
жұмысшылар қуанғаннан шу ете қалды. Кешікпей тас көмір аты
жер үстіне жайылды. Өлген ағаштар қайта жер жүзіне шығып,
күн көзін көріп, қайтадан өмір сүре бастады, бірақ бұл өмірі
бұрынғысынан өзгешелеу болды.
Тас көмірдің бір түйірін ас үйге барып тамақ пісіреді. Екінші
түйірі газ пабрикесіне (фабрика) барды. Онда тас көмірді ауы-
зы мықтап газдан қақпақталған қазанға салып қыздырып, ыссы
ауа шығарды. Ыссы ауаны жер астындағы мүржелермен жіберіп,
көшелерде газдан панар (фонарь), үйлерде шам жасады. Газ қай
шамнан да жарығырақ болды. Көмірдің үшінші түйірі темір
жолдың паровозының ішіне кіріп кетті. Пешін жаққанда паро-
воз суылдап, ыңқылдап, күрсілдеп от арбаларды сүйреп, қаладан
қалаға шауып алды да жөнелді: от арбамен бірге талай адам мен
жүктерді де сүйретіп барады. Енді ең қатты жылтыр түйірі қалды.
Ұсталар мұнан әп-әдемі, жып-жылтыр, қара түймелер жасады.
Ресейде тас көмір мол жер – Дон ауданы. Қазақ ішінде де тас
көмір көп. Осы күні Ташкен темір жолына жақын Берсүгір станса-
сы (станция) түбінен қазып алады. Тас көмір Түркістанда да көп.
КҮЙЕ ТАС
Шай сықылды тас күйенің де түсі қара, бірақ шай күйедей
құр қара емес, жылтыр қара. Қолға күйеден гөрі майда тиеді. Тас
күйе кесек я шақпақ күйінде табылады. Тас күйе тегі жақсы. Тас
көмірге жақын. Тас күйенің ұясы Сібірде «Алибер» деген жерде,
бірақ басқа жерлерде де бар. Тас күйенің жақсысы Алибер ұясынан
шығады. Тас күйенің жақбағы пышақпен оңай кесіледі, тырнақпен
оңай сызылады, тиген нәрсесіне жұға қалады. Қағаз бетіне сүйкеп
өтсе, тиген жеріне қоңыр дақ қалдырады. Сондықтан тас күйеден
қарындаш істеледі.
Қарындаш істеу үшін тас күйенің бір кесегін алып жіңішке-
леп тіледі де, ағашқа орнатады. Бұлай істелетін қарындаштың
нағыз жақсы жұмсақ түрлері. Төмен жәй түрлеріне таза емес
тас күйелер ұсталады. Төмен қол қарындаштарды істеу үшін тас күйені үгіп майдалап, қаттырақ болу үшін саз топырақ қосады. Екеуін араластырып суға былғап қамырша илейді. Қамырды арнап істелген түбі тесік-тесік ыдысқа салып, үстінен қатты басады. Басқанда тесіктерден төмен қарай созылып домбыраның ішегіндей болып шыға-шыға келеді. Оларды кеуіп қатқан соң алып ағашқа орнатып, қарындаш істейді. Бірінші қарындаш жұмсақ болады, екінші нөмірлі қарындаш онша жұмсақ та емес, онша қатты да емес, орташа болады. Екінші нөмірлі қарындаш жақсы. Тас күйенің тағы бір қасиеті отқа күйе қоймайды. Сондықтан тас күйені сазға қосып, темір заттарын балқытатын ыдыс жасайды. Екінші қасиеті тас күйе жаққан темір, шойын сияқты нәрселерді тат баспайды. МҰНАЙ Мұнай жерден шығады. Жерден шығып, май сияқты болған соң жер май деп ат қойған. Мұнай жерден алынған күйінде үш түрлі болады: қара, күреңдеу, сарғылттау. Бұл жерден алынған тазартылмаған күйіндегісі. Ол күйінде мұнай «нефт» деп аталады. Мұнай көп жерлерден сумен бірге жер астынан өзі шығып жатады, бірақ көбінесе мұнай қазып алынады. Мұнай бар жерде шыңырау құдық қазып, сонан мұнай шығарады. Кейде сондай құдықтан шыққан мұнай аспанға шапшиды. Оны құюға ыдыс жеткізіп болмайды. Жерден ауыттар қазып, оған да сыйғыза алмай қалатын мұнайы мол жерлер де болады. Жерден шығарылған мұнайды темір мүржелермен ағызып, жер май зауытына жібереді. Зауытта үлкен қазан болады. Ол қазанның үлкендігі сонша, екі жүзден екі мың пұтқа шейін мұнай сияды. Қазан қақпағында үлкен дөңгелек тесігі болады. Тесікке тығыз киілетін мүрже бар. Мүрженің үш жағы төмен қарай жыланша иіріліп барып суық судан өтіп, бөшкемен жалғасады. Қазанды пешке орнатқан. Пешке от жаққанда қазандағы мұнай қайнап, буланады. Буланған мұнай мүрже бойымен барып, суық суға малынған тұсына жеткен соң салқындап, қайтадан мұнай күйіне түседі, төмен қарай мүржемен ағып бөшкеге құйылады, бірақ бұл будан жиылған таза мұнай. Сол тазарған мұнай жер майы деп аталады. Таза мұнайдың тез жанатын түрі «бензин» деп аталады. Мұнай қайнамай, құр жылынған кездегі буынан бензин жиналады. Жер май алынғаннан кейін қалған тортасынан пиронабит деген ауыр жанатын май алынады,
онан қалған тортадан ұршық май, машина май алынады. Онан қалған тортадан тоң май сияқты «вазелин» майы алынады. Бұлар өте қатты қыздырған кезде шығатын майлар. Бәрін алып болған соң смола сияқты қою қара май қалады. Ол арба майлайтын қара майға қосылады, әйтпесе, зауыттарда отын орнына жағылады. Сүйтіп, нефтіден далада іске жарамай қалатыны жоқ. Жер май шамға жағылады, басқа нәрсеге де ұсталады. Жанып тұрған шамды құлату я сындыру өте қауіпті. Жер майлап беріп, бәрі бірден жанады. Жанған жер май су құйғанға сөнбейді. Үстіне бір нәрсені жапса оңай сөнеді. Киіз, кілем, керпе, тон, шекпен, шапан сияқты нәрселерді үстіне тастап басса, жер май тұншығып сөне қалады. Жер май өте көп шығатын Қапқаздағы (Кавказ) Баку қаласы. Баку жер майы бүтін жер жүзіне тарайды. Қазақ ішінде Орал облысында Доссор деген жерден осы күні жер май алады. Түркістанда, Ақ теңіздің шығысында және Перғанада мұнай бар. ШОЙЫН, ТЕМІР, БОЛАТ Темір жерде басқа нәрселермен араласып жатады. Тап-таза темір жерде болмайды. Басқа нәрселермен араласып жатқан темір тас сықылды болады. Білмеген адам оны темір екен деп ойламайды. Басқа нәрселермен араласып жатқан темірді «руда» дейді. Мәселен, биыл қой қырыққан қырықтықты салақ қатындар киіз қапқа салады да, кез-келген жерге тастайды. Жатқан жері дымқылдау болса, ендігі жылы күземде алып қарасаң қырықтық үстіне қалың тат отырып қалады. Бұл тат не? Темірге араласқан басқа нәрсе. Егер қырықтық бір жыл жатпай, көп жыл жатса, темірі тас сықылданып кетер еді. Жер астында темір мың жылдап, миллион жылдап жатады. Бірте-бірте басқа нәрселермен қосылақосыла тас сықылданып кетеді. Темір рудамыз міне, осы. Руда күйінде темір соғуға келмейді, темірді рудадан тазартып алса ғана іс соғуға жарайды. Темірді рудадан қалай аршып алады? Мұнара сияқтандырып үлкен ұзын пеш салады. Бұл пештің биіктігі бірнеше таяқ болады. Түп жағы кең, ауыз жағы тар болады. Ең жоғарғы ауызы құстың орнынан тарлау болады. Міне, осындай пештерді «домна» дейді. Ауызы жоғарғы жағында болған соң, адамның бойы жетіп пештің ішіне руда тастай алмайды. Соның үшін ауызының деңгелінде жоғарыда адам қатынайтын көпір салады. Қол арбаға рудамен көмірді толтырып келіп жұмысшылар
арбадан пештің ауызына төңкеріп құйып жібереді. Пештің ауызы
құдықтың ауызы сияқты жоғары қарап тұрады. Пештің жоғарғы
ауызынан бір қабат тас көмір, бір қабат руда қылып сала береді.
Сонан соң астынан от жағады, тас көмір тұтанады. Тас көмірдің
қызуы жәй көмірден күшті. Отты түнде де сөндірмей жаға бе-
реді. Тас көмірдің қызуымен әрі беріден соң руда қорғасындай
балқиды. Үйренбеген кісі пештің қасында тұруға сескенеді.
Үлкен машина бір бүйірден көрік сықылданып пештің ішіне ауа
жіберіп, үрлеп тұрады. Сонда келіп пештің ішінде, оттың жалы-
ны құйынша шалқып жүреді, пештің іші бұрқ-сарқ етеді де жа-
тады. Пеш күрілдеп азан-қазан болады. Жарылып кетер ме екен
деп қорқасың. Мүржеден будақ-будақ қара түтін атқып шығып,
маңайдың бәріне жайылады.
Руданың астыңғы қабаттары еріп жатқанда, үстіне алып келіп
көмір мен руданы үйе береді. Ал, енді балқыған руданы пештен
сыртқа ағызып алу керек. Оның үшін пештің түбінде ауызы жабу-
лы екі тесік болады.
Біреуі жоғары, біреуі төмен әуелі жоғарғы тесіктің қақпағын
ашады: сонда тесіктен жалын атып-атып кетеді, сонан соң қып-
қызыл сұйық от заулап аға бастайды. Бұл – көбік. Көбіктің атын
«шлак» дейді. Шлак жүруге қазып қойған сай бар. Сол саймен
шлакты сыртқа ағызып жібереді. Шлак сарқылып болған соң
жұмысшылар төменгі тесіктің қақпағын ашады. Балқыған темір
аппақ болып төменгі тесіктен тасқан судай зырқырап құйылады.
Мұның алдына тереңдігі бір қарыстай жоя қазып қояды.
Жояның қазылу реті бақшашылардың арықтан егісіне су жіберуге
қазған жоялары сықылды: ұзыннан да, кесе де қазылған. Жояның
ұзындығы екі аршын шамасы болады. Түбіне құм төсейді. Аққан
темір жояны толтырады. Жұмысшылар толған жояның ауы-
зын бекіте береді. Аққан темірдің қызуы сонша күшті, үстіне
шәйнекпен қойған су бір-екі минутта қайнайды. Үстіне қойып
жұмысшылар тамағын да пісіріп алады. Жояларда тұрып темір
бірте-бірте салқындайды. Салқындаған соң сыртқа шығарып жи-
найды.
Бұл әлі таза темір емес. Бұл – шойын. Басқа зауытта шойыннан
темір я болат жасайды. Бұрын тағылар күніне бірнеше қадақ темір
ерітіп шығарса, бұл күнде жақсы пештер күніне 20 мың пұттай
шойын ерітіп шығарады. Шойын ішінде қоспа нәрселер бола-
ды, сол қоспа нәрсенің бірі көміртегі. Көміртегі қосылғандықтан
шойын сынғақ болады.
Шойынды соғуға болмайды. Түрлі нәрселерді құюға болады. Шойыннан таза темір мен болат шығару үшін, шойынды шойын ерітетін зауыттардағы пештерге салып, қайта еріту керек. Кейбір пештерде де шойын ішіндегі темір тегін қалдырмай жандырып жібереді. Сонда таза соғуға келетін темір шығады. Кейбір пештерде шойын ішіндегі темір тегінің жарым жартысын жандырады да, басқа қоспа нәрселерді түгел жандырады. Сонда шойыннан болат шығады. Болат темірше соғуға да келеді, шойынша ерітуге де келеді. Болат екі түрлі болады. Бірі қатты болат, ыссы күйінде суық суға батырып суарса қатты болат шығады. Қатты болаттан қылыш, пышақ сықылды нәрселер істейді. Екіншісі жұмсақ болат. Ауаға тастап, жайлап суытса жұмсақ болат шығады. Жұмсақ болаттан пружиналар, серіппелі нәрселер жасайды. Шойын зауыттарында сағатына 300 пұттай темір әзірлеп шығарады. Зауытта темірді түрлі-түрлі қылып істейді. Табақ-табақ қылып, жұмыр қылып, қырлы қылып, келдемше я басқа түрлі қылып. Жүз жылдың ар жағында темір, әсіресе болат қымбат нәрсе саналған. Бұл күнде темір мен болат сатып алуға жұрттың бәрінің де күші келеді. Мың сан зауыт темір жасап жатыр. Бұл күнде темір ағаш я тас сықылды жәй нәрсе тәрізденіп кетті. Шаруашылықта темірдің керек етпейтін жері жоқ. Темір кені Түркістанда да, Семей гүбернасында да бар. МАГНИТ ТАС Бұрынғы заманда біреу тау ішінде тасты жермен келе жатса тасқа өкшесі жабысқан сияқты бола бергенін байқады. Етігін шешіп жалаң аяқ жүріп қараған екен, еш нәрсенің жабысқан сияқты белгісі жоқ. Етігінің өкшесінде темір мықтары бар екен. Өкшесі ғана жабысып, басқа жері тасқа жабыспаған соң тасқа жыбысатын темір мық екенін сезеді. Тастың бір кесегін ауылына алып келіп, басқа темірге тигізсе, олар да тасқа жабысады, тас табылған таудың аты Магинезия екен. Сонан тасқа магнит деп ат берілген. Соңынан ондай тастар бір жерден емес әр жерден-ақ табыла бастаған. Магнит Россияда, Орал тауында көп. Оралда Башқұрт жерінің бір тауы «магнит тауы» деп те аталады. Магнит тасын қорытса магнит темір шығады. Магнит темірінің басқа темірлерді өзіне тартатын қасиеті бар. Ол қасиеті жәй темірге де жұғады. Магнит темір біткеннің бәрін өзіне тартады, бірақ тартатын қасиеті темірлердің бәріне жұға бермейді. Мәселен: жасық темірге маг-
нит жұқпайды. Магниттен алған қуатын сақтап тұруға темір болат бұларға керек. Болат темірді алып магнит сүрітсең, әлгі темірімізге басқа темірді өзіне тартатын қуат пайда болады. Солай болған соң бір магниттен бірнеше магнит істеуге болады. Олай етуге мынаны істеуге керек: магнит жұқтырамын деген болатты тақтай үстіне салу. Сонан соң бір жақ басын сол қолмен басып тұрып, оң қолға магнитті алып, басып тұрған басынан екінші басына қарай сүйкеп ысу, ысқанда қайта қарай ыспай, дайым бірыңғай ысу керек. Аздан соң болат өзіне темір заттарды тарта бастайды. Инеге, темір қаламұштарға, болат пышақ, қайшыларға да магнит жұқтыруға болады. Магнит темірлерін доға әліпті істейді. Темірдің үлкендерін, темір шегелерді, ине, түйреуіш сияқты ұсақ темірлерді алып, оларға тураған қағаз, шөп-салам қоқымдарды қосып, магнитті жақындатсақ, темір заттар ғана магнитке барып жабысады, темір еместері қозғалмай орнында қалады. Магнит үлкен болса, тартатын қуаты да үлкен болмақ. АЛТЫН Таулардың терең астында шашылып алтын жатады. Құм менен саздың я басқа тастардың қойнына тығылып алтынның түйірлері жатады. Тас арасында тарам-тарам тамырланып яки түйір-түйір болып жатады. Тереңде жасырынып, неше замандар алтын түйірлері білінбей жатқан, кім біледі, бірақ әлі көп замандар жасырып жатар. Бірақ, жел, аяз, жаңбырлар аял таппай өз істерін істей береді, бұлар бірте-бірте қақпақ тастардай аздырып, үгітіп, құлатады. Үгітілген тастар ішіндегі алтын түйірлері ашылып қалады. Бұлт құрсап, жел соғады. Қара нөсер құяды. Тасқа бірінен соң бірі сыртылдап тамшылар тамады. Тамшылар біртіндеп тастың шұқырлары мен жарықтарына кіре береді. Жаңбыр құя береді, тамшы көбейіп жарықтарды қуалап толтыра береді, көбейіп-көбейіп, тамшылар сел болып аға бастайды. Тастан-тасқа, кенерден-кенерге ырғып түсіп селдер шулап ырғи береді, ойпаңға, жазыққа қарай саз, құм омырылған тастарды қуалай береді. Сонымен неше замандар өтеді. Тас пен саздың ішінде талай уақыттардан бері жасырынып, бастырықта іш пысып жатқан алтын түйірлері жарық дүниеге шыға жаздайды, бірақ тамшылар күн сықылды жарқыраған алтын тапқанына қуанғандай, түйірлерді киіп кетіп жазыққа, сайларға, өзендерге қарай алып жөнеледі.
Алтын өте салмақты нәрсе, құм мен саздарыңнан да салмақ-
тырақ. Жылтыраған алтын түйірлері кешікпей өзен мен сайлардың
түбіне шөгеді. Мұның соңынан біраздан соң бұлардың үстіне құм,
тас, саздар шөге бастайды, өзен түбіне алтынды тағы көмеді.
Көмілген алтын түйірлерін енді кім іздеп табады, оларға кім
жарық дүниенің көзін көрсетеді?
Тау етегіне бірнеше адамдар қос тігіп қойған. Бұл қос алтын-
шылардікі. Бұлар қолына күрек, шот, сүймен, елек, астау ала
келген. Алдымен алтыншылар алтын бар ма, жоқ па деп жерді
шұқиды. Өзен астынан қазып алған саз бен құмын астаудағы суға
төгеді. Егер алтынның ауыр түйірлері астаудың түбіне шөксе, ал-
тын табылар деп өзен түбінен алтын іздеуге кірісуге болады.
Алтыншылар өзен суын бұрмалап, ұзын жояларға жібереді.
Жоядан су арнап құйылған елекке құлайды. Тас, құм, сазды су
ағызып алып кетеді, алтын түйірлері арнаулы кебежеге барып
түседі. Бұл алтынның ішінде құмның ауыр түрлері бар, мұнан соң
судың ағысына салып бұларды тағы бір ірет жуған соң, жылтыра-
тып таза алтын қалады. Алтынды сыпырып жинап алады.
Алтынның асылдығы – өмірде түсі бүзылмайды, тотықпай-
ды, басқа нәрсемен араласпайды, ішінде іреу болмайды. Алтынның
қымбаттығы асылдығынан яки өте керектігінен емес, іздеп табуы-
на еңбектің көп сіңетіндігінен. Алтын адамға ауадан керегірек
емес: ауасыз адам бір сағат та тұра алмай өледі, өмірде қолына
алтын ұстамаған кедейлер де тірі жүреді. Ауа сықылды кез кел-
ген жерден еңбексіз табылса, алтын қымбат болмақ түгіл, құны
да болмас еді. Алтынның түсі сары, жылтырауы күшті. Қатындар
аталарының атын атамас үшін алтынға «таза» деп ат қоюлары
алтынның тазалығы, іреусіздігіне дәл орынды.
Алтын кейде сом күйінде де табылады. Петрогратта (Петрог-
рад) Горный институтта екі пұт 8 қадақ сом күйінде табылған ал-
тын бар. Әрине, алтынның түріне қарай тауып алуы түрліше бо-
лады.
Таза алтын жұмсақ болады. Тез сүртіліп құриды, сондықтан
алтыннан істеген нәрселер тез қажалып таусылып қалмас үшін
басқа қатты металдар қосады. Нәрседегі шын алтын «пробамен»
көрсетіледі. Алтын пробасы екі түрлі болады: 96 және 56. Бір
қадақта 96 мысқал бар, сондықтан 96-шы проба алтын заттың бір
қадағындагы 96 мысқалы іреусіз, таза алтын болады; 56 проба бір
қадақтың ішінде 56 мысқал таза алтын, 40 мысқал қоспа бола-
ды. Күміс я мыс қосылады. Күміс қосылса алтын түсі – ақ сары,
мыс қосылса сарғылт қызыл болады. Алтыннан я ақша, я басқа
зат істейді. Сақина, білезік, сырғалар көбінесе 56 пробалы бола-
ды, Ресейдің бұрынғы 5, 10 сомдық алтын ақшаларының пробасы
мұнан гөрі басқарақ. Ақшалардың пробасы қадақтағы мысқалдың
санына қарап қойылмай, тек жүзге қойылатын еді. Жүз үлестің
тоқсан үлесі алтын, он үлесі мыс болатын еді.
Ресейде алтын көп шығатын жерлер Алтай, Орал таулары.
Қазақстанда алтын Қостанай және Семей гүбернелерінде қазып
алынады. Түркістан тауларында да алтын бар.
Орыстың бұрынғы ескі үкіметі қазақты қол астыма алып,
жарылқасынымды тигіземін дейтін тәтті созінің бір себебі –
Түркістан мен Қазақстанда жер астында алтын көп, соны аламын
деген қомағайлықтан туған.
КҮМІС
Күміс сақина, білезік, сырға, қарғыларды көрмегендерің жоқ
шығар. Күміс ақшаны көргендерің де болар. Күміс ақша көрер
көзге де әп-әдемі нәрсе. Жарпақ-жарпақ темірлер кейде көктен де
түседі, сонда да күміс ақша көктен түспейді. Күміс көп еңбекпен
жерден қазылып алынады. Күміс таза асылдың бірі болғанмен,
іреусіз таза күйінде табылмайды. Күміс жерде жатқанда басқа
нәрселер қатысады. Ондай қоспа нәрселер мыс, қорғасын
сықылдылардың да ішінде болады. Қоспасы бар күйінде табылған
іреулі күмісті кен деп атайды.
Күміс кенін жерден қазып шығару үшін көп еңбек керек. Күміс
кені бар жерде әуелі жердің бетіне жақындағысын қазып алады.
Сонан соң ала-ала бірте-бірте тереңге түседі. Ақырында күннің
жарығы түспейтін тереңге кетеді. Кен қазатын сондай терең
құйылар «шақша» деп аталады. Кен соңынан қуып, жердің ас-
тын үңгіп қаза-қаза жердің астын қуалаған қуыс-қуыс ін болып,
тұс-тұсына тарайды. Кен қазатын жұмыскерлер сол іннің ішінде
от жарығымен жұмыс қылады. Кен шыққан жер көбінесе тасты,
қатты болады, кен өзі қатты. Кейде бір жарпағын жарып түсіруге
бір сағаттай айналасың. Омырып түсірген кен жарпақтары
шақтыдан тысқа шығарылады. Оларды жұмысшылар ұсатып, күл-
талқан қылып үгеді.
Үгілген кенді су құйған үлкен кеспекке апарып төгеді. Кен
салынған суды былғап, пісіп, ылайлайды. Әбден лайлап болғаннан
кейін тындырады. Ауыр болғандықтан күміс кені ең түбіне шөгеді.
Басқа нәрселер мұның үстіне шөгеді. Үстіндегі шөккен бөтен
нәрселердің қабатын ептеп сыпырып алғанда, астындағы күміс
кені ғана қалады. Бұл әлі іреусіз таза күміс емес, кен күйінде.
Осы күйімен бұл әлі іске аспайды. Лайлап тындырумен ғана кенге
жабысқан іреулер айырылады, бірақ іреулердің күкірт, қорғасын,
мыс сықылдылары қалады. Енді соларды айыру керек, бірақ бұлар
күміспен біте қайнап біткен заттар болғандықтан бұлар үгумен,
сумен шаюмен айырылмайды. Бұларды айыру үшін кенді ерітіп,
балқытып қорыту керек. Мұны істеу үшін кенді әуелі, арналып
істелген пешке апарып салынады. Онда пештің қызуымен күкірт
буланып ұшып кетеді. Мұнан соң күкірттен басқаларын кетіру ке-
рек. Ол үшін жасалған тағы бір түрлі пеш болады. Ол пеш күні-
түні үзбей жағылып, қызып тұрады. Бұл пешке салған соң кен
ішіндегі тас та, қорғасын да, күміс те – бәрі де балқиды.
Балқыған кезде күміс пен қорғасын ауыр болғандықтан астын-
да тұрып, тас жеңілірек болғандықтан үстінде қалқып жүреді. Сол
күйінде суытса тас бетінде қатады, күміс пен қорғасын астына
шөгіп қатады. Қатқанда ақ қаңылтыр сияқты жұқа болып қатады.
Қаңылтырдың бетіндегі қатқан тасты балғамен қағып сындырып
түсіреді. Кен тастан енді тазарды. Жалғыз-ақ қорғасыннан айы-
ру қалды. Қорғасыннан айыру үшін тағы өзгеше жасалған пешке
салынады. Бұл пешке көрікпен әлсін-әлсін жел жіберіп тұрады.
Қорғасын қызуымен таза ауадан балқып, күмістің үстіне шығады.
Бетіне қалқып шыққан қорғасын ағып сыртқа шығатын мүрже бар.
Қорғасын ағып болып, күміс көріне бастағанда мүрженің шүмегін
жабады. Енді күміс барлық іреуінен тазарып болғаны.
Таза күмісті суытады. Суып қатқан табақ-табақ күйінде
ақша жасайтын жерге барады. Онда барған соң, істейтін бірта-
лай жұмыс бар. Алдымен бұл күміске мыс қоспаса болмайды.
Іреусіз таза күміс жұмсақ болады, тез қажалып, тез таусылады.
Таусылса салмағы мен бәсі кемиді. Сондықтан ақша жасарда
күміске азырақ мыс қосса қатты болады, оңай қажалып, сүртіле
қоймайды. Күміске мыс қосу үшін балқыту керек. Бұл бір жұмыс.
Ол пробалы күмістен қалыңдығы түрліше тақталар істеледі. Бұл
екінші жұмыс. Ол тақталардың қалыңдығынан бір сомдық, жар-
ты сомдық ақшалар, жұқаларынан 5, 10, 15, 20 тиындық ақшалар
жасалады. Бұл үшінші жұмыс. Міне, қанша еңбек еткеннен кейін
барып, күміс ақша болып шығады. Сондықтан да ақша шашылып
далада жатпайды. Еңбекке қарай нәрсенің күміс болатыны мұнан
анық көрінеді. Көлдің суындай я даладағы құмдай кез келген жер-
ден еңбексіз табыла берсе, күміс ақша да тегін, арзан нәрсе болар
еді.
Қазақстанда Семей, Ақмола гүбернесінде әр жерде күміс кені
бар.
ТАПТАР ТАРТЫСЫ
Таптар қалай туған? Бұрын неге барлық өндіріс қара шаруа
(мұжық) қолында тұрған? Әркім өз табында жұмыс қылған. Не-
ліктен бұрын ауылдан тек, астық, жүн, жабағы сықылдылар ғана
алынбаған, етік, кебіс, киімді де ауыл шеберлерінің өзі істеген?
Басқадан сұрап жалынбаған. Бұл күнде неге аяқ киім жасайтын
пабрикте, әзір киім сататын үлкен магізендер (магазин) көбейген?
Бұрын неге шеберлер үйлерінде отырып қана үлгерген? Үйткені,
бұрын жұмыстың бәрі де қолмен орыңдалатын еді, бұрын маши-
налар болатын ба еді? Бұрын жұрт сумен айналатын диірмендерді
ғана көруші еді, бірақ олар да аз болушы еді. Мұнан ек жүз жыл
бұрын адам бумен жүретін, сонан соң жылу, електрік (электрик)
жермаймен жүгіретін машиналарды жасай бастады. Машиналар
шыққан соң бұрынғыдан нәрсе әлденеше рет артық жасалатын
болды. Бұрын мәселен, бір жұмысшы күніне бір қадақ мақта та-
зартатын еді, бұл кезде машинамен бір жұмысшы күніне 100 қадақ
мақта тазарту қолынан келеді.
Енді жұмысшылардың дара қызмет етуі тиімсізденеді,
үйткені әр жұмысшы бөлек машина алуға қалай қолынан ке-
леді! Жұмысшылар шоғырланып, машиналар айналасына жиыла
бастады, сүйтіп ірі өндіріс пабриктер туып, жұмысшылар дара
жұмыс дегенді тастайды. Машина иелері – байлар, істің қожасы
болды, машинамен жұмыс қылатын жұмысшыларға оңбаған ақы
берген болып, жұмысшының істеген нәрселерін тегісінен байлар
қақшитын болды.
Сүйтіп жұмысшылар табы шықты.
Жұмысшылар үйінде тұрмыс қылмай, біреудің үйінде жұ-
мыс қылды. Қолымен жұмыс қылмай, біреудің машинасымен
жұмыс қылды. Жалшы деген шықты. Ал, қоғам таптарының
шығатын себептері не? Шаруашылық қалай істелуіне қарай тап
шығады. Бұрын шаруашылық уақ еді, әркім дара жұмыс қылатын
еді. Бұл – қоғамның бір құрылысы. Соңынан да жұрт қосылып,
бірігіп жұмыс қылатын болды, қоғамның екінші түрлі құрылысы
шықты. Сондықтан барлық өзгерістердің негізі шаруашылық
өзгерісі болады.
Адам неліктен шаруашылық істейді? Адам неліктен шаруа-
шылық қылатыны анық нәрсе, соның үшін көп ойланудың кере-
гі де жоқ. Мұны түсіну үшін бұрынғы қара шаруа не істегенін,
бұл күнгі пабрик-зауыттар не қылатынын байқаса болады. Қара
шаруалар астық, жүн, ет қысқа ішіп-жеуге, киінуге керек шикі
бұйымдарды өндіреді. Пабрикалар бұл шикі бұйымдарды өңдеп,
пайдалануымызға ыңғайлы қылып шығарады. Соның бәрі тұрмыс
үшін, жан сақтау үшін керек. Сүйтіп адам баласы өмір сүру үшін шаруашылық қылады. Мұны дәлелдеудің керегі де жоқ, мұны бала да біледі. Тариқтың барлық өзгерістерінің негізі шаруашылық. Шаруашылықты істетуші аштық пен суық. Бұрын тариқты басқаша түсіндіруші еді. Бұрын тариқты өзгертетін қолында байлығы мен күші бар адамдардың миында болған өзгерістер деуші еді. Бұлай деп түсінудің себебі қоғамның түрлі тәртібі неден болатынын ойламай, тек тұрған тәртіпке көнгендіктен болатын еді. Ол кезде төңкеріс те болған емес. Қоғамды, қоғамның түрлі кемшіліктерін сынға тартып қарайтын адамдар шықты, бұқараға тәртіптің дұрыс еместігін ұғындырады. Бұқара бұл үгітшілер мен басшыларды тыңдап ауалана бастады. Байлар ойынша төңкеріс осылай басталатын еді. Қысқасы, байлар істі пабрик пен магізенде жүріп жатқан жұмыс сықылды түсінетін еді, қожа ойлап, ақылға салып бұйырады, жұмысшылар мен пыркашыктер мойынсұнады деп қараушы еді. Бұл ойдың қаталығын білу қиын емес. Егер капиталшылар жұмысшылар табын қанамаса, егер капиталшылар жұмысшылардың істеген нәрселерінің құнын толықтырып берсе, қандай үгітшілердің жұмысшыларды ауаландыруға әлі келер еді. Егер құрғақ сөз, жәй үгітпен ауа көтеруге болса, байларды да ауаландыруға болар еді, қайта буржуаны тез ауаландыруға келер еді, үйткені олар оқыған, оқыған кісі үгітті жақсы түсінеді. Бұл күнде неліктен ең жарлы, ең надан тап үгітке ереді, оқымысты буржуазия төңкерістен қашады, үгітшілердің ауызынан бал тамса да, тыңдамай теріс айналып кетеді? Үйткені бұл үгіт буржуазға тиімсіз, үйткені бұл үгіт байлардың пайдасына қарсы. Сондықтан буржуазия өзінің құлқын, тамағын қорғап, біреудің мойнында отыра бергісі келеді, дәмді жеп, тәтті ішкісі келеді, кең сарайларда тұрғысы келеді, үгітшілерді тыңдамақ түгіл, қолына түссе атады, асады, тұрмысын жақсартқысы келген жұмысшылармен алысады. Сүйтіп, тариқтың арбасын ілгері сүйреп жүргізетін күш – әуелі таптар тартысы, езілген, тоналған қара шаруа мен жұмысшылдардың езуші, тонаушы алпауыттар мен буржуазияларға қарсы тартысы. Екінші, таптар тартысын шығаратын нәрсе – адамның керекжарағы, тамақ, киім, үй, отын сықылдылар, қысқасы, таптар тартысының негізі – қызыл күбі. Адамдар қызыл күбісіне керегін табуға ұмтылады, бұл керегі әділшілікпен орындалуына ұмтылуы тиіс, жер үстіндегі барлық игілік барлық адамның керегіне қарай үлестіріліп тұруы тиіс. Міне, осыны жүзеге шығаруға ұмтылушылар сотсиалестер (социалист) болады. Покровский
ТариҚ
КӨШПЕЛІ ТҮРІКТЕРДІҢ СОҒЫСЫ
Мұнан 600 жылдай бұрын. Жаз күні. Шілде мезгілі. Кілем
түріндей қызылды жасыл кең дала. Теңіз толқынындай шалқып,
көтеріліп, басылып тұрған боз. Иіліп, майысып желмен бірге жер-
ге сәлем етіп тұрған бәйшешек. Күмістей жылтырап бұраң қаққан
Жайық.
Шығай мырзаның ауылының үсті көк ала шаң, маңыраған қой,
боздаған түйе, кісінеген жылқы, ерсілі-қарсылы асығып жүрген
адам. Жайықтың оң бетіне дүркін-дүркін жіберіліп жатқан атты
кісі. Қару-жарақ асынған азаматтар, көшіп жатқан ел. Бұл не са-
былыс? Бұл – жауға аттанып жатқан түріктер.
Бір кезде көш жөнелді. Кейбір үйлер жығылмастан, тұрған
бойынша арбаның үстінде кетіп бара жатыр. Арбаға ұзыннан-
ұзын жегілген өгіз. Қатын, бала, үй үбшін, әскер, мал, бәрі бірге
қозғалады. Көш алдынан жауға баршыға дүркін-дүркін жөнелтіп
жатқан шыңдаушылар, дүркін-дүркін хабар алып келе жатқан бар-
шылар. Жайық өтіп, төрт-бес көш өткен соң баршылар жау жақын
деп хабар алып келді.
Ел қонды, қатындар өрмегін тоқып, ұршығын иіріп, малын са-
уып, жұмысын қылып жатыр, малшылар малына кетті. Азамат көк
темір киініп соғысқа әзірленді. Бір кезде жау да қарсы шықты де-
ген хабар дүңк ете қалды. Лек-лек шығып жатқан әскер, сықырлап
үстіне қос тиеп бара жатқан арба, жібермейміз деп етегіне жабы-
сып жүрген әскердің қатын, баласы.
Дыңғырлап арба кетеді
Және жастау баласы,
Аттары пыс-пыс етеді:
Етегіне жабысып,
Әскердің ата-анасы,
Жібермейміз деседі.
(Шәкәрім)
Әскер соғысқа кетті. Жылап, сықтап үйде қалған кемпір-
шал, қатын-бала шаруасын істей берді. Ауылда қалған бірен-са-
ран еркектер атқа мініп, қару асынып, шыңдауыл қарап, сақ боп
жүр. Ауылдағы қатын баланың қолы істе, екі көзі соғыс жақта.
Соғыстың немен тынары белгісіз. Мана байы соғысқа кеткеннен
әскердің қатынының жүрегі бір жамандықты сезіп жүрген, бірақ
ешкімге білдірмейді. Анда-санда соғыс жаққа қарап, қатын жасы-
рын күрсініп қояды. Күн кеш болды.
Сары бұлт айналған,
Санды шара қасында.
Қарға шулап қонады,
Соғысшының қатыны
Кимешегі басында
Өрмек тоқып болады.
Қарғаның үнін есітіп
Қызарып күн батқанда,
Өрмекті қатын жияды.
Байым өлді, деп ойлап,
Төсекке барып жатқанда
Жаңбырдай жасын құяды.
(Шәкәрім)
АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ
Түркістанның жылы жазы. Желмен желкілдеп жерге бас иіп,
сәлемін жазбай тұрған көк орай шалғын. Тойға киінген қыз-келін-
шек секілді қызылды-жасылды құлпырған бәйшешек. Біріне-
бірі мінгесіп, ұзыннан ұзақ созылған Қаратау. Бұраңдап, бүгіліп,
тыным көрмей ағып жатқан Сырдың өзені. Қаратаудың іші мен
Сырдың жағасында сығысқан ауыл. Ыңырсыған мал. Көкте
торғай жырласа, жерде шегіртке шырылдайды. Көк шөп арасын-
да көбелектер мүше алып қашқандай бірін-бірі қуалап, біріне-
бірі тиіп кетіп қалбаңдап, ұшып жүр. Табиғат сондай тамылжып,
сондай сәулетті боп тұрған кезінде, қай ауылға көзің түсіп кетсе
де жатқан әбір-жәбір, топтанып, ауыл сыртында, қалың ойға ба-
тып сөйлескен ақсақал шалдар. Шалдардың жабылған қабағына,
жүрісі-тұрысына қарағанда бір зор іс жайында сөйлессе керек.
Кеңес немен тарар екен деп күткен қатын-қалаш. Азамат көзге си-
рек түседі. Үй жапсарынан ұшын шығарып қойған найзалар да
көрінбейді. Кез келген үйдің сыртында ерттеп бауырынан жара
тып, сүмбідей ғып қатырып тастаған бедеулерді де көрмейсің.
Ел түріне қарағанда қару асынарлық азаматтың бәрі де басқа
бір жаққа соғысқа, жорыққа кетсе керек. Дұрысында да солай, Үш
жүздің найза ұстап, ат мініп, жарақ асынарлық адамы тегісінен
Арқа жаққа жорыққа кеткелі ай жарымдай болды. Шығыс бетте
Жоңғарды жеңіп, бөріктіре қуып, біраз қоныс алғанына бірне-
ше-ақ жыл. Қонысқа талас, ата жауы Жоңғарды алдында жеңіп,
әлсіреткендей болған соң, сақтанарлық жау жоқ деп, елде азамат
қалмай, тегіс Арқа жаққа соғысқа жөнелген. Үш жүздің әскері те-
гіс арман қарай жорықка аттанып кетті дегенді есітіп, Жоңғарлар
ауыр қолмен келіп, қазақтың бір шетінен тиіп, қырып, жойып,
талап, тұтқынға ауылда қалған қатын, баланы, кемпір-шалды
ала бастаған. Бүгін сол Жоңғарлар ел шетіне көп әскермен келіп
қалды дегенді хабарландырып, сасқалақтап, кеңес құрып жүрген
шалдар еді.
Шалдар кеңесі ет пісірімге бармай-ақ тарасты. Кеңес тарасы-
мен-ақ, қос аттап, үш аттап жорыққа кеткен әскерін қайтаруға ша-
барлар жөнелді. Лезде бала-шаға, шалдарға шейін жарау, жақсы
аттарына мініп, қару-жарақ асынып алды. Жаудың алдынан,
шыңдауылға жіберіліп жатқан баршылар, тұс-тұсына хабарсыз
жатқан елді хабарландыруға жүргізіліп жатқан адамдар. Ақ үйлер
жығылды, жаппалар тігіліп, жүктер ыңғайланып байланды.
Жолға, жүріске жарарлық деген аттың бәрі тегіс ұсталып,
арқандалды, мал да өріске алыстап кетпейтін болды. Түйелер
көбінесе жазыларымен жүр, жылқыға күзет күшейтілді. Ауыл
соғыстағы әскердің шатырына ұқсай бастады. Бұрын сирек мал
жайына отырған ел бір жерге жинала бастады.
* * *
Жорыққа кеткен әскердің қайтуына қарамай ауылдағы малшы-
лардан, 13-14-ке жеткен балалардан құрап, жау алдынан әскер жі-
беріліп жатыр.
Әскерді бастаған шалдар. Бұлардың жазығы қарт демесең, та-
лай жорықты, талай жауды көрген мошқылдар. Бұларсыз жас ба-
лалардан құралған әскер жөн тауып жүре алмайды, жаумен дұрыс
соғыса алмайды.
Жас балалардан, малшылардан, шалдардан құралған әскер-
лер тұс-тұстан жиылып жорыққа аттанып жүріп кетті. Ауылда
қатын-қалаш, еңбектеген жас, еңкейген кәрілер ғана қалды. Мал
бағу, ел күзету, жан-жаққа құлақ түріп тұру солардың міндетінде
қалды.
Кешікпей. Жоңғарға қарсы шыққан әскерден суық хабар келді.
Кедергіге жіберген аз әскерге болмай, Жоңғар елді таптап талап,
қырып, жойып келе жат-қанынан анық хабар алынды. Хабарлардың
алдыңғысынан соңғысы суығырақ. Бірінен-бірі қорқыныштырақ
бола берді. Арқаға кеткен іргелі күшті қолдан хабар келмеді. Ел
састы, жоңғардың бетін қайтара алмасына көзі жете бастады.
Жоңғардың ызғары мен екпініне шыдауға шама келетін болмады.
Жау бетіндегі ел шұбырынып босып, қаша бастады. Босқын тол-
ды. Ел табаны көтерілуге айналды. Ақырында, жоңғар әскері елді
қаптап кетті. Ел тегіс Бұқар мен Хиуаға ауа бастады.
Жұрттың алды қозғалған соң, суға серкесі түскен қойдай
тоғытылып, бірін-бірі іліп алып жөңки бастады, жұрт көбірек
босқан сайын үрейленіп, қорқу мен сасу күшейді. Малға, жақынға,
дүниеге қарамастан, әркім басын қайттап, ілгері шұбыра бер-
ді. Қаратау әлдеқашан елсіз аңырап қалды. Елдің табаны – ата
қоныстан аударылып, жөңкіп келе жатқанда ғана барып, Арқадағы
ауыр қол жетті. Шала-шарпы ұрыс қылып, алыстан мойыны қатып
келген аттарымен жол қағып келген адамдары жүре алмай бұл
қол да шегінді. ЬІғысумен Бұқара мен Хиуа қолтығындағы шөлге
тірелді. Сол арада күз де таянып қалды. Жаздай тыным көрмеген
арық мал шөлге қамалған соң, ыссы күздің басынан-ақ қырыла
бастады. Шөл қоныс болмайтынына көз жетті. Жұрт бас қосып
сөйлесіп, орта жүз бен кіші жүз кейін шалқымақшы болды. Ұлы
жүз қалмақшы болып бел байлады. Малдың көбі шөлде қырылып,
ит-құсқа жем боп қалды. Кейін толқыған бетімен орта жүз бен
кіші жүз жоңғарды төңкеріп тастап, Сарыарқаға қарай жөнелді.
Қыс түсті. Мал жолай өліп, қырылды. Жаяу жалпы шұбырынған
ел жолшыбай қырылып келеді. Көшке ере алмаған кемпір, шал,
балалар далада қалып барады. Табаны тиіп жүре алмай, бір
төбенің басында Тобықтының атақты Әнет биі де қалды деседі.
Қыс қандай қатты болды! Арқаның бораны мен қары жоңғардан
анағұрлым қатты тиді. Ердің ері, егеудің сыңары келіп Сары-
Арқаға жетті. Сол лайсаңға жұрт «Ақтабан шұбырынды» деп ат
қойды. Ақтабан шүбырынды 1723 жылы болған. Қазақ тариқында
Ақтабан шұбырынды сықылды қысаңдық аз болған. Сол келген
бетімен қазақ халқы орыс үкіметінің қол астына кірген.
Елдің есінен кетпестей із қалдырып, халық әдебиеті ортасынан
орын алған оқиғаның бірі – Ақтабан шұбырынды.
Ата қонысы Қаратауды, лайсаңда жоғалып кеткен, жолда ере
алмай қалған қарындас, туысқанын қосып жоқтаған қазақтың
өлеңі:
«Басынан Қаратаудың көш келеді,
Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді,
Айырылған қарындастан жаман екен:
Мөлдіреп қара көзден жас келеді.
Қай заман, мына заман, бағы заман,
Болар ма, баяғыдай тағы заман?
Атадан ұл, анадан қыз айырылды,
Көздің жасы көл-дария ағызамын.
Қай заман, мына заман, қысқан заман!
Басыңнан бақыт құсы ұшқан заман.
Шұбырғанда жолыңнан шаң борайды,
Күн суық қаңтардағы қыстан жаман.
Қайтейін, мен нетіп ем, қатты Құдай?
Қабырғама қара жер батты Құдай.
Жаяу жүріп табаным тесілгенде
Тым болмаса бермедің атты Құдай!»
Елге тегіс келген бәле – ақтабан шұбырынды. Ел тегіс білетін
өлең «Қаратаудың басынан көш келеді».
ҚОҚАННЫҢ ХАНЫНА
НАЙМАН ЖАНКІСІ БИДІҢ АЙТҚАНЫ
Ассалаумағалейкум, алдияр,
тақсыр ханымыз!
Алдыңа келді қарашың
Арызды қабыл алыңыз,
Өтірік болса арызым
Мінекей, сізге жанымыз.
Өзіңіз қосқан зекетші
Біздің елде жүз бай бар,
Жүз байдың жүрген жерінде,
Жылау менен ойбай бар.
Және мұның жолдасы
Қара тамыр Дадан бар.
Еріп жүрген соңында
Қырық-отыздай адам бар.
Шоңмұрын деген молдасы бар,
Төлеген деген жорғасы бар.
Атына жемді салуға
Алты еннен қылған дорбасы
бар.
Келі түбім деп алады,
Кеусенім деп алады.
Отыра зекет деп алады,
Құшақ зекет деп алады.
Арқадан келген сор найман
Аң-таң болып қалады.
Айтайын десең ұрады,
Ұрмақ түгіл қырады.
Амал-айла таба алмай
Қарайды да тұрады.
Алдына салып айдайды,
Ашулансаң байлайды.
Әкімі жоқ қазаққа
Теңдік жоқ деп ойлайды.
Алса малға тоймайды,
Біз жыласақ ойнайды.
Ел ішінде ажарлы
Қыз, қатынды қоймайды.
Жақсыларды сөгеді,
Ат үстінен тебеді.
Жүрексініп отырмын,
Айтар сөзім көп еді...
АБЫЛАЙ
Керей Қожаберген жыраудың Абылайға айтқаны
– Абылай! Сен мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Әбілмәмбет ағаңа
Қызметкер болған ұл едің,
Үйсін, Төле билердің
Түйесін баққан құл едің.
Сен жиырмаға келгенде
Ақсұңқардай түледің,
Алыстан тоят тіледің.
Ақтан болды күніңіз,
Арсы менен күрсіге
Дау таласты үніңіз,
Енді сенің бұл күнде,
Бір көшеге сыймайды
Азаткер де құлыңыз.
КӘРІБОЗ БЕН НАУРЫЗБАЙ
Он жеті мың кісі аттанып,
Екі мың кісі ат қойдық
Кекіліктің тауына.
Мұнар басып шаң болды
Қызыл су, сам су саласы.
Бұ сапарда жар болды
Хан Абылай бабасы.
Қол алдында жүргенде
Наурызбайға жолықты,
Кәрібоз деген бір қырғыз
Ер Қанайдың баласы.
Сол арада Кәрібоз
Наурызбайға сөйледі,
Сөйлегенде не дейді?
Ер Наурызбай, ер төрем!
Не жазығым бар еді
Кенесары ханыңа?!
Бітті деп көңіл қылмадың
Қырғыздағы арыңа.
Алмаған арың қалды ма
Қырғызда сенің тағы да?
Қошшыны шаптың шулатып,
Қара ағаштай шүңгірден.
Қалшаны ұстап байладың,
Хан болып халқын меңгерген,
Абылайдың тұсында
Салған жолы бар ма еді,
Қалыңсыз саған қыз берген?
Қыстай шаптың елімді
Баламды салдың телімге,
Босатып қондың бостырып
Анамның мекен жерімді.
Бұрынғы, соңғы ұлтының
Салған жолы бар ма еді
Елшіге бейнет өлімді?
Жаман қарамды өлтіріп
Бір сындырдың белімді.
Қорғанда жатып қорқытып,
Аттарын алдың бегімді.
Тіріме тисең болмай ма,
Өлгенім саған не қылды?
Атаңның ақы бар ма еді
Есқо Жақанай көрінде?
Ашуын буған бассын деп,
Жерімді саған тастадым.
Олжа қылып жатсын деп,
Малымды саған тастадым.
Жалғыз-жалғыз ат мініп
Қорғалап тауға босқаным,
Бұл алғаның емес пе?
Не себепті хан Кене
Қырғызға сонша өшікті?!
Ақ қалпақты қырғыздан
Қазаққа берді нәсіпті,
Ат мініп, жарақ асынған,
Бізді аяма, төрелер!
Есіркесең болмай ма
Жолыңда жатқан бесікті?!
Мейрімсіз мұнша туғанша
Не қалмақ пен шүршіттің
Біріне шықсаң болмай ма?!
Наурызбай тұрып сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
Жақсы айтасың, Кәрібоз-ай,
Қонысты орыс алған соң,
Кенекем көшкен жерінен,
Бауыры суып ол жақта
Қарашы болған елінен
Он екі кісі жібердік
Жеке батыр бас қылып
Қоқидың саған көлінен,
Екі ай жатты тұтқын боп
Жаңқараш, Жантай бегіңнен,
Ауылымыз баса қонған соң
Азар шыққан өлімнен,
Жаман қараңды өлтірдім
Өзіңнің салған жолыңмен.
Кім таласар Құдайдың
Пендеге берген бағына?!
Әркім шықсын табында!
Қанайыңды мен бұздым,
Сенің ақың бар ма еді,
Андасымның тамында?!
Сен білмейсің Кәрібоз,
Мойныңдағы жазаңды.
Құл болмасаң Құдайға,
Кенекем алар мазаңды.
Міндетін ханның алайын,
Қойдым деп бізге ант берсең,
Арағың мен бозаңды,
Екі саба арақты.
Жаңқараш бен Жантайың
Алып келіп, ант етіп
Тіліп қайтсын, сабаңды.
Қайтыс қылсын Кенекем
Қатын менен балаңды.
Арағыңды қоймасаң
Наурызбай берер жазаңды.
Кәрібоз тағы сөйлейді:
Ықпалың асқан күніңде,
Төре, айта бер сөзіңді.
Асқар тауға Наурызбай,
Меңзей берме өзіңді.
Алтынды жығаң қисайса,
Бір күні қырғыз ояр көзіңді.
Атаң тұтқан Абылай
Он-сан жатқан орта жүз,
Ұйытқысын оның шайқадың.
Қандай көйлек еліңде
Кіші жүзге сия алмай,
Тастап көштің жеріңді.
Тоқсан кісіңді өлтіріп
Бітеу сойып басыңды,
Қонаққа берер теріңді
Басың кетер панадан
Жаның шығар қанадан.
Атаң сенің ер Қасым
Хан шеңгелдеп туыпты
Туғанында анадан,
Салтыма тарттым десеңші,
Солай десең нанамын.
Төлегенұлы Жаңғабыл
ҚАРА ШЕКПЕН МЕН ЖҰМЫСШЫЛАР
ТӨҢКЕРІСТЕРІ
Осы күні жержүзі тегіс төңкеріс қазанының ішінде тұр:
жұмысшылар буржуазияны құлатып тастауға ұмтылады. Ол
буржуазия дегеніміз кім? Буржуазия дегеніміз жұмысшыларды
қанаушылар, жұмысшыларға неғұрлым ақыны аз төлеп, жұмысты
артық істетіп, басқаның сыбағасын өзі иемденушілер, нәрсенің
нарқы мен жұмысшының ақысының арасындағы айырмашылықты
қалтасына салып баюшылар. Біреуді біреу қанау жаңа шықты ма,
байлар мен тектілер бұрын қара халықты қанады ма, деген сұрау
туады. Қанау әрқашанда болған. Осы күнгі пабрик, зауытты, бан-
кіні, темір жолды буржуазия қоғамы шыққаннан бұрын, бектер
дәуірі, басыбайлы тұрмыс дегендер болған. Бірақ ол замандар-
да жұмысшыларды жүндеуші, табысын тартып алып, ақысымақ
төлеуші пабрик иелері емес еді, қара шекпен еңбегінің жемісін
тегін жеуші алпауыттар еді. Ол кезде қанаушылар қанаушыларға
қарсы көтерілетін бе еді?! Ол кезде де осы күнгідей төңкерістер
болды ма? Иә, ол кезде де болған, бірақ тілекке жете алмаған.
Неге? Неге десеңіз қара шекпендер, өзара ымыраласа алмаған,
ұйымдасып, бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығара алмаған. Не
үшін олай болған? Оның себебі мынау: қара шекпендер тозғындап,
жерлерін жыртады, біріне-бірі көмекті сирек көрсетеді, жерден
өнген нәрселерін, астықтарын сатқанда бір-бірімен бәсекеге кірі-
седі. Базарда пішен, астық, картоп сықылды нәрселер неғұрлым
аз болса, мұжыққа соғұрлым тиімді, үйткені әлгідей нәрселерін
қара шекпен қымбатырақ сатады. Бұл нәрселер базарда неғұрлым
көбірек болса, әрбір мұжыққа соғұрлым тиімсізірек болады.
Үйткені, қара шекпен нәрселерін амалсыз арзан сатады. Міне,
сондықтан қара шекпендердің бірігуі қиын, барлық адам баласы
бірігуі тиіс деген сана кіруі қиын.
Жұмысшылар иін тіресіп, қол ұстасып бір пабрикте жұмыс
қылады, ұдайы бір-біріне жәрдем беріп тұрады. Басқаларсыз бір
жұмысшылар түк те істей алмайды, соның үшін басқалары бұған
көмек береді. Сондықтан жұмысшылар табы арасында бірігу тез
жүзеге шығады, сондықтан қара шекпеннен гөрі, жұмысшылар
үйірсек, бірлікшіл, ұйымшыл келеді. Сондықтан қара шекпен-
нен жұмысшылар тезірек, мықтырақ ұйымдасады. Сондықтан
бұрынғы қара шекпендердің көтерілістерінен жұмысшылардың
төңкерісі әрі күштірек, әрі жұмылырақ болады. Қанаушыларының
көзін жоюуға қара шекпендердің әлі келмеген. Қашанда қара
шекпендердің көтерілістерінен түк өнбеген. Қара шекпендер
өмірінде үкіметті қолына алып көрген емес. Жұмысшылар Ре-
сей сықылды үлкен бір мемлекетте үкіметті қолына алып отыр.
Еуропаның көп жерлерінде жұмысшылар үкіметті қолға алатын
жолға түсті.
Сүйтіп, біз осы күнгімен өткен мезгілді карасақ, өзгерістің
дағдысы, заңы барлығын байқаймыз. Ол дағды дегеніміз мы-
нау: тариқты ілгерлетуші барлық адам баласы емес, тек арнаулы
кәсіп ауданында жұмыс қылатын кісілер, қай тап қоғам тұрмысын
өзгертсе, тариқ та соған қарай өзгереді. Бұрын халықтың қоры қара
шекпен еді, бұл күнде қозғалыс алдын бастаушы жұмысшылар.
Сондықтан бұл күнгіден тариқтың өзгерісі бұрын басқаша
болған.
Н. М. Покровский
1916-ЖЫЛДЫҢ КӨТЕРІЛІСІ
Июннің жиырмасының кезі. Ел жайлауда. Кең дала ол кезде
малдан қайысады десе боларлық. Күн бата атын қара терге былғап,
қаладан болыс ауылына шабар жетті. Ерігіп отырған жұрт хабар
білеміз деп жиылып қалды. Шабар мен кристиянский нашалник
(начальник) ақсақалдарыңды алып тез кел, деп тығыз бұйрық жі-
берген. Шабар қаладан кеше түс ауа шығып, 190 шақырым жерде-
гі қаладан жаңа келіп түсіпті.
Неге тығыз шақырғанын шабар да білмейді. Маңындағы ақса-
қалдарға жылқы шығып кетпей аттарыңды ұстаңдар деп бұйрық
қылып, қашықтағы ақсақалдарға ертең жылқы келуден қалмай
бізді жолда қуып жетіңдер деп хабар таратты. Қолға түскен
ақсақалдарымен ел жата болыс қалаға шығып кетті.
Бірін-бірі жолда тосып алып, араға екі қонып ақсақал, болыс-
тар қалаға келіп кірді. Басқа елдің болыстары мен ақсақалдары
да қалаға жиналып қалыпты. Қалаға өтсе гүбірнатұр (губернатор)
да келіп түсіпті. Ел құлағы елу, хабар жата ма, қалаға келген соң
жұрт қазақтан соғысқа қара малай алады екен, гүбірнатұр соны
есіттіруге келіпті деген суық сөз дүңк ете қалды.
Жұрт дағдарып, не қылармыз деп өзара сөйлесе бастады. Олай
тартқылап, бұлай тартқылап, сөзді бір жерге қоя алмай тарқасты.
Ертеңіне түс қайта елді жинап алып, 25-июнде патшаның қазақтан
қара малай алсын деген жарлығы болды деп гүбірнатұр есіт-
тірді, айтып-айтып келіп, өзен теріс ағар, бірақ патша бұйрығы
орындалмай қалмайды, қарсылық қылсаңдар, жер жүзінде бір
қазақ қалмай қырамыз, қырып, жағып, күлдеріңді суырып, көкке
ұшырамыз, әйтеуір, патша бұйрығын орындаймыз деп гүбірнатұр
сөз доғарды. Жұрт тарады, жұрттың ойын сұраған гүбірнатұр
жоқ, болыстар қалып, халық тарай берсін деп гүбірнатұр бұйрық
қылды. Жұрт аң-таң. Бір кезде болыстар қайтып келді. Жұрт
қоршалап келіп қалды. Болыстарда өң жоқ. Бір жетіден қалмай
іспіске (списка) тапсырамыз, патша бұйрығына көнеміз деп қол
қойып, мөр басып шыққан, оны халықтан қаймығып айта алмай-
ды. Халық шабуылдап қаладан елге тарады.
Суық хабарды есітіп, елдегі қатын-бала ізі қиғы жылау. Ел топ-
танып сөйлесуде. Біреулері қара малай емес, солдаттыққа алады
екен деп соғады. Біреулері бұл бұйрықты шығарған патша емес,
бас міністір (министр) екен, патшаға арыз берсе қойғызады екен
деп көріп келгендей сөйлейді. Шешендеу біреулері: жер, судан
айырылдық, енді басымызға қол салуға айналды, баламызды
бермейміз, я біріміз қалмай қырылғанша үкіметпен соғысамыз, я
Қытайға қарай ауамыз деп лепірді. Ақырында патшаға білдірсе,
қазаққа мейірімі түседі, соғыс жұмысына алудан босатады деген
ой күшейіп, ел ортасынан ақша жинап, гүбірнатұрға, Петргратқа
(Петроград) уәкілдер жөнелте бастады. Кеткен уәкілдері кешік-
кен сайын: мал, жерімізді алып болып, енді үкімет басымызға
қол салады, соғысамыз, ауамыз деген ой күшейе берді. Ағыс
ішінде ауаланған жұрт қалаға бара жатқан болыстардың іспіске
қағаздарын тартып алып, отқа жағып жіберіпті. Түркістанның көп
қалаларында патша жарлығы естілген күні халық қарсы көтеріліп,
қанды соғыс басталды.
Сентябрде жігіт алына бастайтын кесімді мезгіл жақында-
ған сайын, ауа күшейіп, азамат атқа мініп топтанып, қолына
түскен қаруын ұстап, патша жарлығына көнбеске айналғаны
білінді. Ізденушілер түк бітірмей қайтып келген соң, ел тегіс
көтерілуге бел байлады. Әуелі әр жерде болыс пен хатшыларын
өлтірді. Соңынан өз ақсақалдарын да қирата бастады. Бері келе
тұсындағы қалаларды өртеп, пошта жолында қызыл үйлерді өртей
берді, ауа ұлғайды.
Әр ел өз бетімен бастық, хан сайлап алып, үкіметке қарсы
соғысқа белсеніп кірісті. Уақ қалалардың жергілікті гарнезон-
дары қалаларды қорғай алмайтынына көз жетті. Октябрь басын-
да сырттан драғұн, ұлан, түрлі атты қазақтар құйыла бастады.
Ырғыз, Торғай екі уақ қалаға ғана отыз мың әскер келіп құлады.
Бала беруге бойсұнып, көше алмай қалған қазақтарды жау көріп,
көтерілген туғандары талап, шауып алатын болды. Үкімет адам-
дары бұларды көтерілген ағайындарына сөз тасиды деп абақтыға
қамайтын шықты, көшпей қалғандар екі нардың арасындағы
шыбынның күйіне түсті.
Октябрден бастап Сарыарқада соғыс басталды. Даланы
әскер қаптады. Қан судай шашылды. Ақырында қыс ортасы
ауа әлсіреген қазақ амалсыз жігіттерін бере бастайды. Хандар,
көтеріліс бастықтары абақтыға жабылып, шетінен атылып жатыр.
Көшкендердің жері, мүлкі, малы таланып жатыр. Ырғыз үйезінде
бір ауылнай елден 4 мыңдай жылқы телімге түсіп, ұстағанның
қолында, тістегеннің аузында кетті. Айғыр үйірлерін түгелімен
алғандар болды. Көтерілісшілердің малын телімге салып, кім
көрінгенге үлестіріп беруші аспапшы кристиянский нашалник-
тер мен әскер басылар болды. Елге әскер шықса мақұл тентегі-
не қарамай, қазақты я өлтіріп, я өлтірмей бар мүлкін жинап, қыз
ұзатып келе жатқандай, қалаға қызыл-жасыл бұйымды ырғап-
жырғап қайтатын болды. Базарда қып-қызыл шиедей қазақ мүлкі
сатылып, қазақ малы саудаға түсетін болды.
Жасы толмағанына, асқанына қарамай, ақсақ-тоқсағына, ауру,
сауына қарамай, қолға ілінген еркекті кристиянский нашалник-
тер шетінен бытырлатып ала беретін болды. Шал мен жас ба-
лалар әскердің көлігінің басын ұстап, азық-түлік, отын тасыды.
Ауылда қатын, бала у-шу. Жері шалғай елдер мартқа шейін қаша
соғыспен адамдарын берместен келді. Февраль аяғында төңкеріс
шығып, патша құлағанда барып, әлі соғысып жүрген қазақтардың
көтерілісі басылды. Март ішінде абақтылар түбінде шіріп, өлімін
күтіп отырған көтеріліс бастықтары абақтыдан босатылды.
ОРАМАЛ
Уайым батты жаныма
Уға толды жас жүрек,
Орамалды жарыма
Бітірем қашан кестелеп...
Күз сарғайтты қайыңды,
Мен де бірге сарғайдым.
Қара бұлт жауып айымды,
Жылаймын, күйем, зарлаймын.
Толып қалды төрт айға,
Күйікпенен күн өтті.
Жарымды өкіріп от арба
Қандай жаққа әкетті.?
Елін ойлап, қамығып,
Жүрегі толып дерт, шерге.
Жүр екен жаным жабығып,
Осы күні қай жерде?
Жарқ-жұрқ сансыз көзі бар,
Бейне жынның ұясы.
Ың-жың, у-шу сөзі бар,
Түсірмес жарық қимасы.
Қалада жүдеп жүр ме екен?
Жылы жүзді жаны жоқ
Жақыны жоқ, жары жоқ
Жалған оған көр ме екен?!
Солдатша сымдай киініп,
Шекпені оның сұр ма екен?
Күрегіне сүйеніп,
Суықта жаурап тұр ма екен?
Жатқан шығар ор қазып,
Жауға ма, әлде өзіне?
Бұрыла алмай бой жазып,
Қайғы шығып жүзіне...
Уайым батты жаныма
Уға толды жас жүрек.
Орамалды жарыма
Бітірем қашан кестелеп...
Орала берме, жібегім!
Тезірек жүрші, сен де біз!
Сенсің қымбат керегім,
Алақандай ақ бәтес!
Қайғыдан өлсем арман жоқ,
Көзімде тамшы қалған жоқ.
Кестеге сіңді бар жасым.
Орамалды алып сорлыңнан
Көзіңе жасыңды іріккенде
Күрсініп ауыр, сәулемжан,
Көзіңді ақырын сүрткенде
Аралассын жасқа жас.
Орала берме, жібегім.
Сенсің жаным, ақ бәтес!
Уайым батты жаныма,
Уға толды жас жүрек.
Орамалды жарыма
Бітірем қашан кестелеп...
Жұмабайұлы Мағжан
Сауалдар: Орамалды тігіп отырған кім? Кімге тігіп отыр?
Қай жылы? Тігіп отырып не ойлайды? Қара малай алатын жылғы
өздеріңе белгілі осы сияқты уақиға жайынан кім айтады? Орамал-
ды қайда жібермек? Орамал алған, берген кісіге не мағынасы бар?
Жазылған мақсаты не? Басқа елде орамал беру бар ма?
ПЕТРБОР КЕҢЕСІНІҢ ІІ НИКОЛАЙДЫ
ТҰТҚЫНҒА АЛУЫ
Бүгін 9-мартта, патшаның үй-ішін, бастығын ІІ Николай
қылып, уақытша үкімет Англияға жөнелтуге жатыр деп түнде ис-
полкомге хабар жетті. Сондықтан «қауіптілер» Петрбор (Петер-
бург) кеңесінің тап өзінің қолында болуы керек деп ұйғарылды.
Шиқейдзе сөзінше, уақытшалардың емес, тіке өзіміздің қолымызда
болуы тиіс болды. Жалпы мәжілістің ұйғаруы бойынша, ол
ұйғарудың мазмұнына қарай (Шиқейдзенің көзі тағы түйсініп, от-
тай жанды) басталған істі аяқтау керек. Қаулыны орындау үшін
Тысарыское (Царское) қаласына Мстиславскийді бастық қылып
қосын жіберді. Апесерлердің (офицер) қарсылығын жеңіп, әр жер-
де Карниловтың бұйрығына ұшырасып, көп қиындықпен Мстис-
лавский жер астына жетті. Жер астында қарауыл бар.
– Жолдастар, амансыздар ма, Петрбор әскері мен солдат кеңе-
сінен сәлем!
Тәртіппен, ықыласпен қуанып, казарма жауап қайырады. Жат-
қанда сәкіден тұрып, өтетін жерге жиылысады. Комендант әрі
қарай асығады.
– Қай полк? – Екінші стрелковый ұттық, мен тоқтадым, жұрт
көбейе берді. Қысқалап, істің жайын, кеңес мені неге жібергенін
айттым. Бірден көздері тұнжырап, қабақтары түйіліп, уайымсыз
казарма түксие бастады. Жолдастар тыныштықпен, жақсылықпен,
қансыз, бірақ мықты болыңдар. Төңкерісшіл халық не десе, сол
болуы керек. Петрбор сендерден үміті зор, көресіңдер ғой, менің
жалғыз келгенімді. Бұл істі сендерге тапсырамыз... Масқара
қылмассыңдар.
– Масқара қылмаспыз, жолдас. Мүмкін бе. Біз түсінбейміз бе?
Кеңестен бұйрық келмесе алмаспаймыз... Біз тұрғанда алдап та,
арбап та алып кете алмас.
Кезекте соңғы қимыл: қарауылды түгелдеу. Өзіңіз де білесіз,
қақпан тарс жабылғанын. «Иә, бірақ мұның үшін әуелі аңның
анық қақпанда жатқанын білу керек қой... Сіздер маған тұтқынды
алып келіңдер». Сөйлесіп тұрған кісілерім тіпті селк ете түсті,
қабақтарын түйіп, қарауыта бастады. Патша ағзамды алып келуге? Сізге? Ол тіпті ырза болмайды... – Бұл не деген сөз? Бұл... жаман... – Іркілмеңіз: патшаны өлтіруден де жаман. Дұп-дұрыс, сондықтан мен қарысамын... Апесерлердің қарсылығына қарамай, мен үзді-кесті алып кел деймін... Менің болмайтынымды біліп апесерлер тсеремони меністір ғырап (церемонный министр граф) Бенкендоровты шақырады. Апесерлер түксигенде, шалдың не қылғанын өздерің де түсінерсіңдер. Аузынан көбік атқылап, алғашқы кезде шал бір сөз де айта алмады... «Алып келуге патшамды, ағзамды? Не деген көргенсіздік... Кімге... сотқарға. Істі өз атымен аталық... сотқарға». Шал патша ағзамға мүлде айтқысы келмеді. Тағы айтыстық. Мен сағатымды суырып қарадым, «Мен станциядан шыққаныма кешікпей сағатқа толады. Онда менің қосым күтіп тұр. Егер қос бастығына қазір хабар етпесем, бұл белгі болады. Ширек сағатта Семон солдаттары сарай алдын қамайды, мұнан соң, Тысарскоеге (Царское) Петрбор әскерін айдайды. Уақытша үкіметтің, ескі патша тұқымының, барлық Ресейдің тағдыры қайтадан қартаға тігіледі. Юмнің қартасы жеңіледі деп бал ашуға ма! Күш шумағымен біздің қолымызда. Жер астындағы казармаларыңа құлақ аса қойыңдар. Қылышымды қынабынан суырып алғанымыз жеткілікті емес пе? Болған істің бәріне сендер жауап бересіңдер, қан төгілмес шарасын мен қарастырып болдым». Бенкендоровке тағы кісі жіберілді. Бұл жолы азырақ тартысып, шал күшке көнді, ырым жасалады. Патша ішкі үйлерде, екі коридор түйіскен жерінде маған шығады. Ол маған қарсы келмей, жанымнан өте бермек. Мен шыдамай қарқылдап келіп күлдім, мұндай тамаша сендерді жұбататын болса, істей беріңдер, дедім. Көруге кеттік. Сыртқы сом есіктің кілтін әзер ашты. Бұл тордың іші бұрынғыша жайнап тұр. Уақытша үкімет сән-салтанат қызметшілерге тимеген. Біраз бөлме, есіктерден өтіп, түрлі қызметшілерді көріп, патша жолығатын коридорға келіп тоқтадық. Мен коридордың дәл ортасында. Менің оң жағымда Бенкендоров кідірді. Шыдай алмай шал маған сыбырлай бастады (Бұл жерде жұрттың бәрі сыбырмен сөйлейді, үйткені жақын жерде патша ағзам жүруге мүмкін). Сыбырының түрі мынау: Патша ағзамға жәбір берілген, патшаның орасан ізгілігі, шын көңілі адасқандарды тынышайту үшін, ана жақтан деп жатқанмен... сенімді қарашыларының қамы үшін менің тілегімді орындатып отыр. Шал бұл істі атауға ат таба алмаған...
«Менің атымды шал біледі екен, әкем мен атамды да біледі екен». Сондай тұқымнан шығып, қалай сіз патша ағзамға жәбір беруге жүрегіңіз дауады. Егер ана бір Таварышескидегі ант ұрғандардың аттары немене еді, әлгі «идізелердің» біреуі болса да еш нәрсе етпес еді, «Япырмай, сізге не болды? Және мына түріңізбен». Көптен шешінбей, жуынбай, тазармай жүрген соң менің түрімнен адам шошырлық екенім де рас еді және алты атарым қынабынан суырулы, бір қызметші мылтығымнан көзін айырмайды. Бір қиырда есік сықырлады. Бенкендоров дір ете түсіп, сөзді қойып, самайындағы ақ шашты сипай бастады. Апесерлер тізіліп тұра қалып, қолғаптарын түймелей бастады. Шпораны болар-болмас сылдыратып тез басқан аяқ дауысы естілді. Патшаның үстінде сұр қысқа киімі бар екен. Қашанғы әдетінше иығын қыбырлатып, жуған сықылдандырып қолын үйкелеп, бетін бізге қаратып, жол айырықта тұра қалды. Ісіңкі, қызыл, қабағы ісінген, көзі қанталап, тұнжырап түнерген. Бата алмаған сықылданып азырақ тұрып, қолын уқалап, бізге қарай жүрді. Түрі қазір сөйлейін деген кісі сықылды. Жақындаған сайын екеуміз бір-бірімізден көз айырмадық. Тым-тырыс соғып алған қасқыр сықылды сарғайып сөнген көзінің жанары бір кезде жылт етіп жанды. Көзінің түбінде ызаның оты бұрқ етті. Артымдағы апесерлер қалай селк ете қалғаны маған сезілді. Николай тоқтай қалды, аяғынан салмағын аяғына салды, кілт бұрылып, иығын бүлкілдетіп, ақсай басып, кейін жөнелді. С.Мстиславский ТАРИҚИ КҮН (Февраль төңкерісі) Түнерген қара бұлт басып, Жердің жүзін қаптаған. Дағдарып сонда жұрт сасып, Баруға бағдар таппаған. Шатырлап көкте найзағай, Атылып кәр, жай түсіп. Таба алмай адам жанға жай, Зәресі кетті шатысып. Күннің нұрын жасырып, Бір көруге зар қылды. Үрейін жұрттың қашырып, Кең дүниені тар қылды. Зындан толы көп ерлер, Қол-аяғы шынжырлы. Данышпан талай кемеңгер, Көре алмай сәуле қынжылды. Тірілей ерлер көміліп Жер астында қазды тас, Тірілей жаннан түңіліп, Ағызды көзден қанды жас. Арулар ойнап, күле алмай, Гүлдей солды, «күң» болды.
Бірге дәурен сүре алмай,
Еріксіз ерлер мұң болды.
Зұлымдық, зорлық дәуірлеп,
Әділдік, теңдік жоғалды.
Теріс те болса тәуір деп,
Еріксіз момын құп алды.
Суық, сасық, қараңғы
Лас, дымқыл, бейне көр.
Қапаста сорлы қамалды,
Жұмыс қып күн-түн бейнеткер.
Қалтырап, тоңып, ашығып,
Шалдығып дертке сарғайды.
Жан шыдамай, ашынып,
Қожасын құлдар қарғайды.
Бауырды бауыр өлтіріп
Жер жүзін қанға сел қылып,
Өлексеге толтырып,
Ит пен құсқа жем қылып.
Дағдарып халық қамықты,
Қайғы толып жүрекке,
Көрем деп қашан жарықты,
Жетем деп қашан тілекке.
Тілек қабыл болғандай:
Бұлтты жарып шықты күн.
Жиекке нұры толғандай,
Жаураған жұртты жылытты
күн.
«Құл» қуанып, «күң» күліп,
Болды азат, теңелді.
Жалғаннан жауыз сүріліп,
Еңбекшілер кенелді.
Қызыл туы желбіреп
Майданға ерлер жиналды.
Қуанып жүрек елжіреп,
Ортаға салды жиғанды.
Жыландай жағын айырып,
Жауыздарды жоғалтты.
Есесін алып қайырып,
Есіркеп елді оңалтты.
Хандар құлап тағынан
Ұшты бастан алтын тәж.
Құтылып құлдық шағынан
Еңбекшіге туды жаз.
Қиратып жауды жапырып,
Ілгері ерлер басқан күн.
Теңдікке елді шақырып
Құрбан ғып қанын шашқан
күн.
Ол күнді мен ұмытпан,
Ұмытпас тариқ жалғанда.
Жауыздықты құртқан
Ерлер жетіп арманға!
Мадияр.
ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРМЕН ҚОШТАСҚАНЫ
Қайран да, қайран, қайран тау!
Пайдаң маған тиген тау,
Үш атамыз өткен, тау,
Үш мың қара біткен тау!
Баянауыл, қазылық,
Жолың жатыр қазылып,
Жазғытұры көшкенде
Қалушы еді қара жол,
Қабырғадан қазылып,
Күзгі тұры қонғанда
Жатушы едің жазылып.
Он екі қазылы ой түлік,
Бауырым жатқан бай түлік,
Қазанымның қақпағы,
Желі соғар тоқпағы,
Ат ұстауға құрығым,
Үй тіреген сырығым.
Қайран да, қайран, қайран тау!
Маған пайдаң тиген, тау,
Атам күйеу болған тау,
Анам келін болған тау.
Кетейін деген ойым жоқ
Айналасы толған тау.
Ащының бойы ай татыр
Алалы жылқы жусатыр.
Қожыр да ,қожыр тастарым,
Көзімнен ағар жастарым,
Шыбышым лақ салмаған
Тұқымы қысыр қалмаған.
Байтөбетім маңқылдап
Қотаныма үрген тау.
Біз барармыз, барармыз,
Барсақ, бадал табармыз.
Егін де жәйін білмейміз
Аштан өліп қалармыз.
ОКТЯБРЬ ТӨҢКЕРІСІ
Дүниеде болған төңкерістердің ең ұлығы Октябрь төңкерісі
деп аталады. Оның себебі бар. Біреу сиырым сүтті, балаларым-
ды ашықтырмайды деп мақтайды. Біреу қойым жүнді, күпіге
жабағысы көп, киізге жүні көп болады деп мақтайды. Біреу
атым жақсы, ойға алған жеріме жеткізеді деп мақтайды. Соның
бәрін пайдасына қарай мақтайды. Біреу түйем жұртқа жүгімді
қалдырмай көтереді деп мақтайды. Төңкерістің де адамға келтір-
ген я келтірмек пайдасына қарай мақтауға болады.
Дүниедегі нәрселерге еңбек сіңсе ғана құны болады, еңбек
сіңбесе құны болмайды. Ауаға еңбек сіңбеген соң, ешкім ау-
амен сауда қылмайды, әркім тегін пайдаланады. Мата тоқуға
еңбек сіңеді, сондықтан матаны ешкім тегін ала алмайды. Сүйтіп
дүниедегі байлық еңбектен шығады. Бір нәрсені жасауға құрал ке-
рек. Аңнан адам баласының айырылатын бір жері – құрал.
Жер үстіндегі адамның бәрі тегіс еңбек қыла ма?
Жоқ. Сондықтан дүниедегі барлық байлық пен құралға
еңбекшілдер ғана ие болып, еңбексіздер аштан өлуі я еңбек қыла
бастауы керек еді ғой, бірақ іс олай болмаған. Түрлі әдіспен,
байлықпен құралға еңбексіздер ие болып, еңбекшілдер құралақан
келген. Әлі бұ да аз. Еңбекшілдер байлық пен құралға ие болмақ
түгіл ішер асқа, киер киімге де жарымай келген. Бұл нелік-
тен? Мұның себебі түрлі жолдармен еңбек қылатын құралдар
еңбексіздердің меншікті мүлкі болып келгеннен. Сондай құралды
«капитал» дейді.
Сүйтіп еңбекшілдер кемшілігінің негізі капиталдан шыққан.
Соның үшін еңбекшілдердің ата жауы – капитал иелері, ондай
адамдарды буржуазия табы дейді.
Сол себепті бүтін дүниежүзі екі жікке айырылатын: еңбекшілдер
табы, буржуазия табы деп. Ежелден осы екі тап өшпенді, бітіспей-
тін жау болатын. Екі таптың мақсаты әрине, екі түрлі. Мақсатқа
жетіп, жауды жеңу үшін күш керек. Күшті болу үшін бірлік керек.
Құдыққа түскен малды бір адам шығара алмайды, қатын-қалаш,
бала-шаға болса да бірігіп, жиналып тартса шығарады. Бір адам терең құдықты қазып шығара алмайды, құдық қазып шығару үшін де бірнеше адам бірлесуі керек. Мақсатына жету үшін еңбекшілдер де бірлеспесе болмайды. Сондықтан жер жүзінің еңбекшілдері көптен ұрандасып бірігіп, буржуазиямен алысып келе жатқан. Еңбекшілдердің сондай бірлігін «интернотсионал» (интернационал) дейді. Еңбекшілдердің тартыс мақсаты – құралдардың бәріне тек еңбек қылатындарды ғана жаппай ие қылу, онсыз еңбекшілдер буржуазияның құлдығынан құтыла алмайды. Бізсіз, қалыпсыз етікші етік тіге ала ма? Құралсыз өз бетінше, құралы бар байға жалданбай жұмыс қылуға болмайды. Құрал еңбекшілдердің жалпы мүлкі болса ғана буржуазияның қожалығынан құтылуға болады. Міне, сондай мақсатпен ежелден алысып келе жатқан еңбекшілдер 1917 жылдың октябрінде буржуазия табын жеңіп, үкіметті өз қолына алды. Сол үкіметті кеңес үкіметі дейміз. Октябрь төңкерісінің мақсатынан көрініп тұр, төңкеріс тек жалғыз еңбекшілдер ғана табының пайдасы үшін болғандығы. Октябрь төңкерісі еңбекшілдер табына не пайда келтіреді? Бұрын еңбек құралдарына буржуазия табы ие еді. Октябрь төңкерісінен соң еңбекшілдер табы ие болды. Қолындағы мүлкінен айрылғысы келмей, буржуазия табы бірнеше жыл соғысып, ақырында жеңіліп тынды. Ресейде жүз кісінің сексен бесі мұжық болатын. Сол мұжықтардың жерін түрлі әдіспен алпауыттар қолына түсіріп алып, мұжықтар тауығын арқандап бағатын. Егін саларлық жері болмай, алпауыттардан жер жалдап, сатып алып, тапқан-таянғанын соларға беріп, өзі тоқ жарау болып тамақ ішіп жүретін. Октябрь төңкерісінен соң алпауыттарға бұрын кеткен жерге мұжықтар ие болды. Патша үкіметі қол астындағы елді орыс, бұратана деп екіге айырып, орысты жоғарырақ ұстап, бұратаналарды кемшілікте ұстайтын. Бұратаналарға қазақ та ілінетін еді. Бұратаналар патша үкіметінің жақтырмайтын «Қырық мысалдағы» ала қойлары тәрізді еді. Жер керек болса, бұратана қайда? Мал керек болса, бұратана қайда? Соғысқа адам керек болса, бұратана қайда деп патша үкіметі шақырып отыратын еді, бірақ оқу оқыту, я басқа игілікті іс істеймін деп бұратаналарды шақырмаушы еді. Наразылық көрсетіп, қарсы көтерілген бұратана болса, жермен-жексен қылып жіберетін еді. 1916 жылғы қазақ ішінде болған лайсаң қанды қырғын соларға айғақ. Октябрь төңкерісі сол бұратаналарға, басқа
езілген елдерге ұлы орыспен барлық адам баласымен терезең тең деп жариялады. Соңынан бұратаналардың бас-басына автономия берілді. Солармен қатар Түркістан мен Қазақстан да автономиялы республика болды. Октябрь төңкерісінен соң әр ел өз тілінде сөйлеуге, жазуға, оқуға, оқытуға, тергеп тексеруге ерікті, өз әдетінше тұрып, күнелтуге ұлықсат. Бұрын патша үкіметі бұратаналарды ала қой санап, қасқыр шенеуніктеріне бақтыратын еді. Бұл күнде кеңес үкіметі әр елдің өз адамы өз ісін басқарғанын артыққа санап отыр. Мектеп, медреселер әр елдің өз тілінде болып тұр. Онсыз езілген ел маданияты ілгерлей алмайды. Соңғы кезде кеңес үкіметі әр елдің әскер жасауына да ұлықсат етіп отыр. Кеңес үкіметінің басқа да берген игіліктері мол, бірақ оларды санап шығу да қиын. Кеңес үкіметінің еңбекшіл тапсыз, еңбекшіл таптың кеңес үкіметінсіз күні жоқ. Ресейдегі төңкеріс бүтін жержүзіне де орнауы анық, бірақ оның үшін еңбекшіл тап өз пайдасын дұрыс ұғынып, бірігіп, жауымен белдесуі керек. ЕГІЗ ҮКІМЕТ ЖАЙЫНДА Біздің төңкерісіміздің бір тамаша, өзгеше айырмашығы сол – төңкеріс егіз үкімет туғызды. Егіз үкімет дегеніміз не нәрсе? Егіз үкіметтің асылы сол – уақытша үкіметпен, буржуазия үкіметімен қанжығаласа жұмысшы мен солдат уәкілдерінің кеңестері құрылды. Кеңес үкіметі әлі әлсіз, жаңа ғана туды, бірақ сонда да іс жүзінде өмір сүріп, бойы өсіп, бұғанасы қатып келе жатыр. Бұл кеңестер өмір сүріп тұрғанда, кеңестер үкімет болып тұрғанда Ресейде Париж коммунасы сықылды мемлекет түрі бар деуге келеді. Бұл тек басталып келе жатқан үкімет буржуазияның уақытша үкіметімен араласып келіске келумен, бұл үкімет буржуазияға отырған орнын беріп отыр. Уақытша үкіметті құлату керек пе? деген сауалға айтарым: 1) Құлату керек. Үйткені, уақытша үкімет бір уыс адам басында отырған буржуазияның үкіметі, жалпы халықтың үкіметі емес, бұл үкімет халыққа я бітім жасап соғысты тоқтатып бере алмайды, я астық тауып бере алмайды, я толық бостандық бере алмайды. 2) Бұл үкіметті қазір құлатуға келмейді. Үйткені, қалай да болса ісі заң жүзінде, жұмысшылар уәкілі кеңесімен, әсіресе, ең басты
Петрограт (Петроград) кеңесімен араласып, соларға сүйеніп тұр. 3) Жәй әдіспен уақытша үкіметті қалай да құлатуға қолдан келмейді. Үйткені, ол жұмысшылар уәкілі кеңесінің екінші үкіметі болып, буржуазияға сүйеніп тұр. Жұмысшылар уәкілінің кеңесі деген ең төңкерісшіл үкімет, қара шаруа мен жұмысшылардың көпшілік жағының санасы мен еркін суреттеп тұрған үкімет, жұмысшы, жалшы, қара шаруа, солдат уәкілі кеңесінен артық және жоғарырақ үкіметті адам баласы әлі орнатып көрген де емес, біз естігеніміз де, білгеніміз де жоқ. Үкімет болу үшін саналы жұмысшылар көпшілікті өз жағына тартып алуы керек: көпшілікке сүйеніп зорлық қылмаса, үкіметті қолға алуға жол жоқ. Буржуазия, тек жалғыз буржуазия ғана үкімет болсын дейді. Саналы жұмысшылар тек қара шаруа, жалшы, жұмысшылар кеңесі жалғыз дара үкімет болсын дейді. Жалғыз үкімет болуға жалшылар аңын оятып, буржуазияның әсерінен құтылдырып, үкіметке әзірлеу керек, оңай олжаға қызығу керек емес дейді. Уақ буржуазия, естек, меншебек (меншевек), есер (эсер), тағысын тағылар толқып тұр. Әлгі аңын оятуға, құтылдыруға кесел болып тұр. Үйткені қай төңкерістің болса да негізгі түпкі мәселесі – мемлекет басына мініп, үкіметті қолға алу. Ленин ОКТЯБРЬ ПЕТРОГРАТТА Лениннің Пинландияны (Финляндия) тастап, қаланың жұмысшылар тұратын төңірегінде жасырынып жүргеніне бірнеше күн болған, 25-і күні кешкісін жасырынып Смольныйға келген. Газет хабарларынша Ленин істің түрін бұлай түсінген. Бізбен уақытша үкімет арасында уақытша араласу турасында іс болып жатырмыс. Буржуазия газеталары жақында көтеріліс болады, көшеде қарулы солдаттар жайқап жүр. Талау бар, қан судай ағады деп айқайлап жүріп, болып жатқан көтерілісті абайлай алмай қалған. Штабтың бізбен сөйлесуіне шын сенген. Сол кезде тәртіппен көшеде түйіспей, атыспай, қан төкпей лек-лек солдаттар, матростар, қызыл әскерлер бір мекемеден соң бір мекемені алып жатыр, телефонмен тәртіп етіп дәл орындатып тұрған Смольный институттың үшінші қатарындағы бір кішкене бөлме. Кешке жалпы Ресейлік кеңестер екінші сиезінің (съезд) алғы мәжілісі болды. Кіндік атқару комитет атынан да баяндама жаса-
ды. Ауаланғыштар, бұзақылар, күшпен тартып алушылар жайынан
қаралап сөз айтып, көтеріліс анық басылады, майдандағы әскер
жояды деп қорқытты. Петрограттағы (Петроград) көтерілістің
күшін көріп отырған уәкілдер алдында сөзінің дәмі болған жоқ.
Ол кезде Қысқы сарай қоршалған, бірақ алынбаған. Оқтын-
оқтын терезеден қоршаушыларға атады.
Қоршаушылар бірте-бірте жайлап байқап, жуықтай береді.
Петропавл қамалынан сарайға зеңбіректен екі-үш топ жіберіл-
ген, топтың гуілдеген қиырдағы дауысы Смольныйдың керегесіне
келіп соғады. Мартов мінбеге шығып, азамат соғысы, Қысқы са-
райды қоршау жайынан, (қамалған меністірлер (министр) ішінде
сорлы меншебектер де бар-ау) қолынан келер дәрмен жоқ, ашу-
лы сөздер сөйлеп жатыр. Бұған қарсы тартыс жайын айта келген
екі матрос сөйледі. Матростар 18-июнь қимылын, ескі үкімет
саясатының үстап бергендігін, солдаттар үшін өлім жазасының
қайта жаңғырғанын, төңкерісшіл үйымдарды езгілеп, тұтқын
қылғанын кеюшілердің бетіне басты, я жеңеміз, я өлеміз деп ант
етті. Сол матростар Сарай алдындағы әуелгі құрбандардың хаба-
рын алып келді. Ауыздарына түкірісіп қойғандай жұрт тегіс тұрып,
құрбандарды қосып үн салды. Ондай бірлік пен үрей өте көтеріңкі
кезде болады. Сол минутты көрген кісі өмірінде оны ұмытпас.
Мәжіліс бұзылды. Үкіметті қалай құру жайын Қысқы сарай
алдында атқан оқ дауысының астында үйде отырып сөзбен ше-
шуге бола ма? Сол үкіметтің тағдыры сарай алдында іс жүзінде
шешіліп жатыр ғой. Сарай алуы созылды, сондықтан сиездегі
кейбір толқымалы кісілер арасында күдік туғызды. Оң жақ біз-
ді құрыды деп сөз жүргізіп жатыр. Жүрек сарай жақтан хабарды
күтіп, тыншымай отыр. Бір кезде соғыс басқарушы Антонов кірді.
Жұрт тым-тырс болды. Қысқы сарай алынды. Керенский қашып
кетті, қалған міністірлер ұсталып, Петропавл қамалына жіберілді,
– деді Антонов.
Октябрь төңкерісінің бір буыны бітті. 26-октябрде кешке
кеңестер сиезінің істің тағдырын шешетін мәжілісі болды. Бітім
мен жер жайында Ленин екі Декрет ұсынды. Екеуі де қабыл алын-
ды. Сол мәжілісте жаңадан кіндік үкімет халық комиссарларының
кеңесі құрылды.
Тройцкий
ЖАЛШЫЛАР ҮКІМІ
Жалшылар үкімі де басқа таптардың үкіміне ұқсас. Ол
ұқсастығы сол – қай үкім болса да, саяси қожалығы қолынан
түсіп бара жатқан таптың қарысуын күшпен шарасыз жойып
жіберу үшін жүзеге шығады. Жалшылар үкімінің орта дәуірдегі
жерлер мен барлық маданиятты капиталшыл жерлердегі буржу-
азия сықылды таптардың үкімінен айырмашылығы мынау: жер-
лілер мен буржуазия үкімі елдің көпшілігінің, еңбекшілдердің
қарысуын құрту үшін керек, жалшылар үкімі мұның керісінше
қанаушылардың яғни елдің аз жағының, алпауыттар мен капи-
талшылардың қарысуын құрту үшін керек.
Мұнан сол шығады жалшылар үкімі тек бұқарашылдықтың
тәртібі – түрін ғана өзгертумен місе тұтуы керек емес. Бұқарашыл-
дықты капиталшылық езген еңбекшіл тап арасына дүниеде бұрын
болмаған көлемде тарату керек.
Расында, жалшылар үкімінің жарыққа шыққан түрі Ресейде-
гі кеңес үкіметі және басқа жердегі кеңес сықылды тәртібі бар
ұйымдар елдің көпшілігі еңбекшілдер табына бұқарашылдық
құқық пен бостандыққа ерік беріп отыр. Ең жақсы деген бұқарашыл
буржуазия республикаларда да бұл күнге шейін мұндай ерік түгіл,
мұның баласындай ерікті еңбекшілдерге берген емес.
Кеңес үкіметінің асылы міне: мемлекет ісінің үкіметтің тіре-
уі капиталшылар езген жұмысшылар мен қара шаруа таптары-
ның ұйымдары болады. Бұқарашыл деген буржуазия республи-
каларының өзінде заң бойынша терезесі тең болғанмен іс жүзінде
саяси биліктен түрлі амалдар, әдістер арқылы қағыс жүрген тап-
тар мемлекет билігіне кірісіп отыр.
Еркек, әйеліне, дініне, тегіне қарамай азаматтың бәрінің те-
резесі тең деген ұранды бұқарашыл буржуазия ауызымен айт-
қанымен өмірде орындаған емес, капитал қожа болып тұрғанда
орындау алшақ та емес. Мұны тек кеңес үкіметі – жалшылар үкімі
бірден толық қылып жүзеге шығарды. Үйткені, өндіріс құралдарын
жеке меншіктеуге қызықпайды, оларды бөлісіп, үлесіп аламын де-
мейтін жұмысшылар үкіметінің ғана қолынан мұндай іс келеді.
Бұрынғы буржуазия бұқарашылдығы мен парламенттеріміз
құрылысы дәл бұлай еді – нақ еңбекшілдер табы үкімет тізгініне
жолай алмайтын еді. Кеңес үкіметі – жалшылар үкімінің құрылысы
дәл бұлай – нақ жұмысшыларға үкімет тізгінін ұстатады. Заң
шығару мен орындау жұмысын кеңес ұйымында біріктіру және сайлау аймақтарын өндіріс аудандарына айналдырушылықтың (пабрика, зауыт) өзі сол мақсат үшін болған. Патшашыл мемлекет түгіл, ең бұқарашыл республикаларда да әскер еңбекшіл тапты езу үшін ұсталған. Тек кеңес үкіметінің ғана, капиталшылар езген таптың жалғыз тұрақты ұйымының ғана әскерді байлар дегеніне жүруден құтқарып, әскер мен жалшыларды біріктіру қолынан келеді. Жалшыларды қаруландырып, буржуазияны құралсыздандыру кеңес үкіметінің қолынан келеді. Мұнсыз сотсиализм (социализм) жеңіп жүлде алмайды. Капитал әсерінен жалшылар табы нығырақ біріккен, санасы артқан, кеңес құрылысы нақ сол жалшылар мемлекет тізгінін ұстауына үйлестірілген. Кейін қалған, тозғындап жүрген еңбекшілдер мен езілгендерді тек жалшылар ғана біріктіреді, соңына ертеді деп езілген таптардың, барлық қозғалыстардың тәжірибесі және жержүзінің сатсиал (социал) қозғалыстарының тәжірибесі үйретеді. Мемлекет құрылысы кеңестер жолымен түзелсе ғана буржуазия шенеуніктері мен содияларының (судья) аппараты бірден түбірімен құриды. Бұл аппарат дұрысында жалшылар мен еңбекшілдер бұқарашылдық құқымен пайдалануына салынған бөгет еді. Париж коммунасы бұл ретінде дүние тариқында бірінші қадам басты, кеңес үкіметі екінші қадам басты. Бастығы Маркс, барлық сосиалистердің үкіметті жою мақсаты, бұл мақсатқа жетпей тұрғанда бостандық пен теңдік деген қолға түспейді. Міне, осы мақсатқа кеңес үкіметі, жалшылар бұқарасы ғана жеткізеді. Үйткені осы күні-ақ, жалшылар бұқарасы мемлекеттіктің көрін қазып, еңбекшілдер ұйымдарын мемлекет билігіне удай шын кірістіріп келеді. Ленин
ЕҢБЕКШІЛЕР ҰРАНЫ
(Интернатсионал (интернационал) – Аймауытулы Ж. аударған)
Оян, қарғыс таңба басылған,
Жалаңаш, аш құл, қайрат қыл!
Қайнап бастан ақыл ашынған,
Майданға қанды айдап тұр.
Қиратамыз ескі заманды,
Жаңа тұрмыс орнатамыз.
Жарылқаймыз жарлы қалғанды,
Дәулеттен сонда татамыз.
Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті зор майдан,
Дүние еңбекшілерімен,
Табылар бар пайдаң.
Бостандық бізге ешкім бермес,
Патша да, бай да, батыр да,
Бостандық бізге көктен келмес,
Аламыз күшпен ақырда.
Ал егер, жоям десең құлдықты
Тамағым болсын десең тоқ,
Қорғанба, көпілдет көрікті,
Темірді қызған кезде соқ.
Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті, зор майдан.
Дүние еңбекшілерімен,
Табылар бар пайдаң.
Біздер бүкіл дүние жалшысы,
Біз еңбекшілер топтары.
Жерге қожа болу еркіміз,
Арам тамаққа жоқ бәрі.
Ал, егер найзағай шартылдап,
Қаптаса жауыз дүниесін.
Бізге жарық күн жарқылдап,
Түсірер нұрлы сәулесін.
Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті, зор майдан,
Дүние еңбекшілерімен.
Табылар бар пайда.
ЕКінші бөлім
ҒЫЛЫМ
ӨСІМДІК ПЕН ЖАНДЫҚ БІР ТҮРЛІ ҮЙ (ЖҰМБАҚ) Бір түрлі үй бар. Ол үйдің шаруасы әрі толық, әрі ретті, құрулы тұрған диірмені бар. Күні-түні тамақ пісіретін асулы тұрған қазаны бар. Толып жатқан бөлмелері, қатынасатын жолдары бар. Титтейтиттей толып жатқан ыңғайлы жұмыскерлер бөлме қалдырмастан тамақ тасып, дайым жүгіріп жүргені. Бұл үйдің ішінде таза ауа еркін келіп тұратын үлкен бөлмесі бар. Екі жап-жарық қақпақты терезесі бар. Қақпақтары күндіз ашылып, түнде жабық болады. Күні-түні дамыл көрмей, ұйықтамай жұмыскерлерді дүрсілдетіп айдап тұратын, тамақ сұраған жерге тамақ бергізіп, сусын керек жерге су бергізіп тұратын ошақ басы бар. Үй қожасы да сол үйде тұрады. Ол ешкімге көрінбейді. Көрінбесе де бәріне тіршілік еткізіп, күн көрсетіп отырған сол. Ол үйден шықса болғаны, бәрі тоқталады. Ошақ басы жұмыскерлерді дүрсілдетіп айдауын қояды, жұмыскерлер жүрген жерінде серейіп қатып қалады; жүріс-тұрыс, үн, дыбыс жоғалады; үй мұздайды; терезелердің қақпақтары жабылады. Қожасы кеткен соң үй көпке бармай бұзылып, быт-шыт болады. Бұл қандай үй? ТИТТЕЙ ЖҰМЫСКЕРЛЕР Бір мектепте «Бір түрлі үй» деген жұмбақ оқылып, мұғалім балаларға шешіңдер деген. Бір бала айтқан: «Бұл сағат» деп. Екінші бала айтқан: «Бұл бір құмырсқаның илеуі» деп. Үшінші бала айтқан: «Бұл адамның денесі» деп және қалай денесі болатындығын түсіндіре бастаған. Ол айтқан: диірмен – тіс, қазан – қарын, ошақ басы – дүрс-дүрс соғып тұрған жүрек. Ауа еркін кіретін бөлме – өкпе, қақпақты терезе – қабағы мен көз, үй қожасы – ми деп. Бірақ ол: «титтей жұмыскерлер», «олар бөлме қалдырмастан тамақ тасиды», «қатынасатын жолдар бар» деген сөздерді таба алмаған, сендер табыңдаршы!
ТІС Жұмбақта айтылған диірменді бала «тіс» деп шешті дедік. Тісті диірменге ұқсатудың қисыны бар. Диірменде екі тас бар. Бірі астында, бірі үстінде. Екеуінің арасына бидай салынып, ұнталып ұн болады. Тіс арасына түскен тамақ шайнағанда сол бидайша ұнталады. Солай болған соң тістің де, диірменнің де істейтін істері бір-біріне ұқсас. Әсіресе, диірменге ұқсас болатын шөп жейтін хайуандардың түп азулары. Олардың тістері диірмен сияқты болу керек, үйткені жейтін тамақтары шөп, қамыс, кейде ағаш сияқты қатты нәрселер, оларды ұнтауға диірмен сияқты тіс керек. Сондықтан түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, құлан, киік сияқты шөп жейтін хайуандардың тістері ет жейтін мақлұқтардың тісінен басқарақ болады. Тістің түрі, істейтін ісіне қарай түрліше болады. Тамақты қыршып алуға керек тістер кетпен, темір күрек сияқты тамақты ұнтақтау үшін керек тістердің беті жалпақ, диірмен сияқты; тісін қару орнына жұмсайтын мақлұқтардың сүйір азулары болады. Адамда осы үш түрлі тістің үшеуі де бар. Олар күрек тіс, ит тіс, түп азу деп аталады. Біздің тісіміз, барша сүйегіміз берік жасалған, оның бір тетігіне темірден, шойыннан жасалған машиналар да жете алмайды. Күтіп ұстай білсек тіс пен сүйегіміз азбайды, тозбайды. Тісті күтіп ұстау үшін күн сайын жуу, тазарту керек. Таза ұстамаған тіс ауруға ұшырайды. Ауру тіс жұмысқа жарамайды. Оның салмағы қарынға түсіп, қарынның әлі жетпесе, кісіге түрлі ауру пайда болады, тіс ұнтап бермеген тамақты қарын пісіре алмайды. Қазақтың асқазаным бұзылды дейтіні сол қарын тамақты пісіре алмаған кезде болады. Қарны бұзылған деген қазаны сынған үй сияқты берекесі кетеді. * * * Біздің денемізде қан жүретін тамырлар бар екенін бәріміз де білеміз. Кейбір тамырлар теріге жақын болғандықтан көгеріп көрініп те тұрады. Бұлардан басқа ішкері жатқан тамырлары көп. Олар көзге көрінбейді, бірақ онымен де қан жүріп, бүтін денемізге тарап тұрады. Денемізде қан бармайтын жер жоқ. Қай жерде тері тесілсе, қан шықпай қоймайды. Бұл қанның қай жерде де болса барлығын көрсетеді. Қан жәй қарағанда сұйық нәрсе болып көрінеді. Микроскоп деген құралмен қарағанда қан ішінде жүзіп жүрген кіп-кішкентай қызыл дөңгелектерді көреміз. Түрлі хайуандардың қанын алып, микроскоппен қарасақ, әрқайсының қанындағы қызыл дөңгелектер әртүрлі болатынын көреміз. Құс қанындағы
дөңгелектер түйе қанындағы дөңгелектерге ұқсамайды. Түйе мен
құстың қанындағы дөңгелектер адам қанындағы дөңгелектерге
ұқсамайды. Бір қалада бір адамды біреу бауыздап өлтіріп кеткен.
Жаласы бір жас жігітке жабылады. Оның қалтасынан қанды бәкі
табылады. Жігіт айтады: Мен бұл пышақпен тауық бауыздап едім
деп, доқтыр (доктор) шақырады. Доқтыр пышақтағы қанды суға
шайып алып, микроскоппен қараса, пышақтағы тауық қаны емес,
адам қаны болып шығады. Өлтірген жігіт құтылмасына көзі жетіп,
өлтіргенім рас еді деп мойнына алады.
Міне, жұмбақта кішкене жұмыскерлер деп айтылған – осы
қанның дөңгелектері. Қатынасу жолдары деп жұмбақта айтылған
– тамырлар. Сол тамырлар бойынша қан бойымызға тарап, де-
немізде бармайтын жері қалмайды. Көкіректеріңнің сол жағына
қолдарыңды қойып қарасаңдар жүректеріңнің соғып тұрғанын
байқайсыңдар. Қанды сол жүрек соғып айдап тұрғаны. Жүректен
шығатын екі жол бар: бірімен қан жүрекке жиылады, екіншісімен
қан жүректен шығып, бойға таралады.
Жүрекке дамыл жоқ, күні-түні соғып, қанды бойға таратып
тұрады. Жүрек бұзылса я тоқтаса, өмірдің қақпағы жабылғаны,
бір минут та дене тұра алмайды.
АСҚАЗАНЫМЫЗ
Тіс ұнтаған, сілекей жібіткен тамақ жұтылып, өңешке түседі.
Өңеш оны әрі жылжытып қарынға түсіреді. Қарынды қазақ
асқазан дейді. Асқазан деуінің мәнісі бар. Сілекей тамақ ішіндегі
шырышты шырынға айналдырады. Тамақ ішінде жалғыз шырыш
емес, басқа заттар да бар. Ол заттарды қанша сілекейлегенмен,
сілекей еріте алмайды. Сілекейдің қолынан келетіні жалғыз шы-
рышты ерітіп, шырынға айналдыру. Тамақ ішіндегі басқа заттар
сол күйінде қалса бойға тарап, ас болмайды. Оны ол күйінде
қалдырмай, ұқсатып, іске асыратын не нәрсе? Ол жұмысты іс-
тейтін – қарын. Жұмыртқа ішінде ақ уыз, сары уыз болатынын
білесіңдер. Сол ақ уыз жейтін тамағымыздың ішінде болады.
Мәселен: ет, сүт, нан, тары, күріш бәрінің ішінде де ақ уыз бар.
Адамның күндік тамағының ішінде ең кем дегенде ширек қадақ
ақ уыз болмақ. Тамақ ішіндегі ақ уыз бойға тарау үшін оны ерітіп
сұйылтатын нәрсе керек. Ол нәрсе қарын суы. Оқымыстылар
қарын суын алып стақанға құйып, ішіне ақ уыз салса, уыз еріп,
сұп-сұйық су сияқты болған. Стақандағы ақ уыз қарын суына
қалай ерісе, қарында да сондай ерімек. Ішіне барған тамақ ерімей-
інше бойға тарай алмайды.
Іште ерімеген тамақ – піспеген тамақ сияқты. Шикі тамақты көңілің қандай қаламаса, іштегі ерімеген тамақты дене де сондай қаламайды. Қарын – сондай дене, қаламай тұрған тамақты пісіріп, бойға жұғымды істейді. Сондықтан асқазан деп аталады, бірақ қарын суында тамақтағы заттың бәрін еріте алмайды. Тамақ ішінде шырыш пен уыздан басқа да заттар бар. Мәселен: май, сілекей де, қарын суы да майды еріте алмайды. Олай болса қарында да май ерімейді. Оны ерітетін қарында нәрсе жоқ. Тамақ ішіндегі май бойға сіңірлік болып ерімейінше, ас пісіріліп әлі жеткен жоқ. Майды еріту үшін тағы орын боларға керек. Ол орын – ішек. ТАМАҚ ЖЕУ Ауызға алған тамақ тіспен ұнталады дедік. Ауызда істелетін жұмыс онымен бітпейді. Бидайдан нан істеу үшін диірменге ғана тартып қоймайды. Ұннан нан илеу үшін су салады, дәмді болу үшін тұз салады, май қосады, сүт құяды. Біз де ауызға алған тамаққа су саламыз. Үйтпесе құрғақ ас тамақтан өтпейді. Асқа салатын суымыз сілекей. Ол сілекей тіл түбіндегі безден шығады. Асты қалай ауызға алсақ, солай келіп сілекей құйылады. Нан илеген сияқты тіс пен тіл асты сілекеймен араластырып илейді, жаншады. Нан дәмді болу үшін тұз, сүт, май қосылады, ауызға түскен астың дәмін келтіріп, тәттірек ететін нәрсе сілекейдің ішінде болады. Құрғақ тұрған кезінде ауыздағы нан я тары тәтті болмайды, сілекеймен араласа бастаса, тәтті бола бастайды. Ұртыңды тарыға толтырып, сілекеймен араластырып, біраз қойып барып шайнасаң, тәп-тәтті қант қосқан сияқты болады. Сілекей қосылмай, құрғақ тұрған кезінде тарыда ол дәм болмайды, нанға да сол сияқты сілекейге араласқанда тәтті дәм кіреді. Ол қант дәмі қайдан пайда болады? Тары болсын, бидай болсын ішінде шырыш бар. Бидайдың шырышы тарыдан гөрі көбірек. Сондықтан бидай ұнынан жасаған қамыр жабысқыш болады. Біз тары, бидай жегенде олардың ішіндегі шырышын да жейміз. Қант шырышы зауыттарда астық шырышынан жасалады. Қант шырышынан қант жасауға болады. Зауыттағы астықтан жасалатын қант шырышы асты ауызға алғанда сілекейге қосылып, аузымызда да жасалады. Сілекей асқа қосылғанда ішіндегі шырышқа да қосылады. Сілекей ішінде шырышқа қосылса қант қылатын зат бар. Сүйтіп, тамақ жегенде аузымыздағы ас құр уатылуымен қоймай, зауытқа түсіп азырақ өзгеріп те қалады.
ҚАЙ КЕЗДЕ КӨП ЖЕЙМІЗ
Бір оқымысты гірге түсіп, тамаққа дейін, тамақтан соң, жұмыс
қылған шағында, дамылдаған шағында, жылы үйде де, суық үйде
де өлшеп, қай уақытта қандай салмағы артқанын, кемігенін жа-
зып отырған. Сонан соң жазғандарын салыстырып қараса, жұмыс
қылған кезде салмағы көбірек кеміген. Ол оқымыстың істегенін,
басқа оқымыстар да істеп қараған. Олар да жұмыс шағында
адамның салмағы көбірек кемитіндігін көрген. Сүйтіп жұмыс
қылғанда адам салмағы көп кемімекші. Оның кемтігін толтыру
үшін тамақты көбірек жеу керек. Атқа жұмыс қылған кезде жем
көп берілетіні бәріңе де мәлім. Жұмыс қылатын адам да сондай.
Жұмыс адамы тамақты көп жейді. Оның мәнісі: жұмыс қылғанда
жүрек күштірек, жиірек соғады. Қан бойға шапшаңырақ жүгіреді,
дем алыс күшейеді, тер көбірек шығады.
Тамақ ішіміздегі отын тәрізді: жанып, бізге қызу беріп тұрады.
Қызудан күш, қуат тұрады. Жай отырғаннан жұмыс қылғанда де-
неміз тез жанып, тез мұқалады. Машина мұқалса, тозса майлай-
ды, жамайды. Дене мұқалса, тозса, азайын десе тамақ жеу керек.
Заулап жанған от пен бықсып жанған от екеуіне отынның кетуі
бірдей болмайды. Заулап жанған отқа қазір салған отын қазір
жанып кете береді. Бықсып жатқан отқа бір салған отын кешке
дейін бықсып жатады. Жұмыс қылғандағы жеген тамақ пен жәй
жатқандағы жеген тамақтың аз көп болуының айырымы сондай.
Ат жұмысқа жарамды болу үшін жемін мол бер. Жұмыскердің
жұмысы өнімді болсын десең тамағын тоқ ету керек.
Тамақ ішкенде адам жылынып кетеді. Оқымыстар әбден
анықтап білген: тамақ суықта жылыдағыдан көп ішіледі. Суық
жақтағы адамдар жылы жақтың адамдарынан тамақты көп ішеді.
Солтүстікте самойед (самоед) деген халық бар. Тұрған жері нағыз
суық. Солар күніне жарты пұт ет пен май жейді деп айтады. Күн
ыссыда қарның суықтағыдай аша қоймайды. Күн жылыда азбай
тұрған мал, күн суықта азып, арықтайтын себебі де сол. Жылыда
берген шөптен суықта көбірек бермесе, мал жарымайды. Ашығып,
арықтап кететіні суықта тамақтың көп керектігінен. Жылы үйде
отырған адам тамақты аз жейді. Жылы қорадағы мал да сондай.
«Жарым құрсақтан жатар орын» деген қазақ мақалы дұп-дұрыс.
СІҢІМДІ, СІҢІМСІЗ АС Қазанға пісірген астың бірі тез, бірі кеш піседі. Біздің асқазанымызда да сол сияқты, бір тамақ тез үлгеріліп, бойға тез сіңіп кетеді. Бір тамақ кеш үлгеріліп, бойға ауыр сіңіп, кеш тарайды. Іште тез үлгеріліп, бойға тез сіңетін жақсы істелген, жақсы нәрседен жасалған тамақ. Мәселен: жақсы пісірілген, жақсы ет іште тез үлгеріп, тез бойға сіңеді. Жақсы істелген, жақсы пісірілген нан, о да іште тез үлгеріліп, тез бойға сіңеді. Сол ет пен нан жаман болса я жаман пісірілген болса, іште ауыр үлгеріліп, бойға кеш сіңеді. Тамақтың тез сіңетінін сіңімді тамақ деп, кеш сіңетінін сіңімсіз дейміз. Біз тамақты қан болып бойға тарау үшін ішеміз. Ас майдаланып, сұйылып ішекке сіңбесе қан бола алмайды. Қан болмайынша бойға тарай алмайды. Астың бойға сіңуіне қызмет ететін: тіс, ауыз сілекейі, ішек сілекейі, бақыр, от. Бұлардың әрқайсысының ішке барған асты ұқсатып, бойға сіңімді ету үшін істейтін жұмыс бар. Әрқайсысы өз жұмысын дұрыс атқарарға тиіс. Олай етпей, біреуі жұмыс шала істесе басқаларына күш түспек. Өте күш түссе, ол талығып, шалығып, зорығып жұмысты үлгіре алмайды. Сондықтан, тамақ жегенде асықпай, дұрыстап шайнап, тіспен келістіріп ұнтап, сілекеймен жібітіп жіберсең, қарынға күш түспейді. Қарынға күш түспесе талықпай, шалықпай, зорықпай өзіне тиісті жұмысын дұрыс атқарып, әрі жібереді. Егер де тамақты асығып жейміз деп, оңды шайнамай, дұрыстап жібітпей жұтып жіберсек, қарынға күш түседі. Қарын зорығып, ауырып қалады. Қарын ауырса, тиісті жұмыс шала істелмек. Шала істелген жұмыс ішекке барғанда, оған да күш түспек, ол да ауырмақ. Сүйтіп, жұмыс біткен шала істеліп, ас бойға сіңбей, далаға кетпек. Ас қарын болып бойға тарамаған соң, адам азбақ. Іші ауру болған соң адамның тез жүдейтіні сонан. Жаман тамақ я жаман пісірген ас қарын жұмысын ауырлатып, аурулы қылмақ. Қарыннан әрі тамақ ішекке барады. Ішекке барғанда тамақ ауыздан кеткендегідей емес, сілекейленіп барады. Ас қарыннан асып ішекке барысымен үстіне бірі мөлдір, бірі сары – екі нәрсе құйылады. Оның сарысы бауырдан шығатын өт, мөлдірі ұйқы безінен шығатын ұйқы суы, өт майды жеп, сабындандырады. Ұйқы суы сілекейдің, қарын суының, өттің бәрінің үлгеріп жеткізе алмай қалғанын жеткізеді, өңделмегенін өңдейді. Тамақ ауызда тұрғанда оның ішіндегі бар шырышты сілекей түгел шырынға аудара алмай қалады, онан қалған жұмысты бітіретін ұйқы суы. Тамақ қарында тұрғанда, тамақтың ішіндегі уызды қарын суы
түгел сұйылта алмай қалады. Онан қалған жұмысты да бітіретін
ұйқы суы. Ол тамақ ішекке барғанда өттің істейтін жұмысын тағы
бірге істеседі. Сүйтіп, ұйқы суы бір өзі үш түрлі жұмыс істейді.
Бұлардан басқа ішке барған тамақты пісіруге ат салысатын ішек
суы бар. Ішек суы ішек қырындысының ішіндегі кішкене-кішкене
бездерден шығады. Осы айтылған сілекейден бастап, ішек суына
шейін барған тамақты бойға сіңірерлік етіп, әбден ұқсатады. Іш-
кен тамағымыздың ірісі ұсақталады, қаттысы сұйық болады.
Бұл жұмыстардың бәрі не үшін істеледі? Бойға сіңу үшін істе-
леді. Бойға сіңу дегеніміз – қанға тарау. Асты бойға таратушы
қан. Сол қанға ішкен тамақ жету үшін осы жұмыстың бәрі істелуі
керек. Сұйықталмай өтіп кетуге қарын, ішек бойында тесік жері
жоқ, тамақ сұйылса ғана өте алады. Сұйылған тамақ ішекке сіңіп,
қан жолдарына түседі. Қанға түсуі мұң, денеге тарату жұмысын
қан өзі біледі.
ТАЛҒАУ
Қазақтар «әуелгі байлық денсаулық» дейді. Денсаулық байлық
болса, миымыз сол байлықтың қожасы, денеміз сол қожаның
үйі, аузымыз үйдің бір есігі сияқты, талғау сол есіктің күзетшісі
сияқты. Есікке қонған күзетші малға қастық қыларлық адамдарды
жібермей, кейін қуып, қастық қылмастай сенімді адамдарды ғана
кіргізеді. Тамақ талғау да сол сияқты. Денеге жағымды, жағымсыз
тамақ екендігін тексеріп, байқап өткізетін – талғау. Жағымсыз
тамақ болса ішке кіргізбей, кейін қуады. Жағымсыз тамақ ішке
кірсе, оны қарын да қабыл етпейді. Қайта қуып шығарса зиян жоқ,
шығара алмаса, денсаулыққа ондай тамақтың зияны тиеді. Сес-
кеніп жұтқан тамақтан қазақтың ұшындым деп ауру болатыны со-
нан. Талғау қабыл етпей тұрғанда жұтып жіберген тамаққа қарын
сілекейі құйылмайды. Қарын сілекейі құйылмаса, езілмей, бітеу
күйінде тұрмақ. Қарын кейін қууға шамасы келсе, құсық болып
шықпақ. Құсық болып шықпаса, ішті бүлдіріп, аурулы қылады.
Қарыннан бітеу өткен соң, ішектен де бітеу өтеді. Сүйтіп, ол
тамақтан зияннан басқа түк жоқ. Тамақ дәмді болса, ауыздан су
аға бастайды, кейбір үйреншікті дәмді тамақтарды ауызға алмай
жатып та, көрінгеннен-ақ ауыздан су ағады. Қарын сілекейі де со-
лай. Неғұрлым тамақ дәмді болса, қарын сілекейі көп құйылып,
тамақ тез езілмекші. Тез езілген тамақ тез үлгеріліп, бойға тез
тарамақшы. Сондықтан ас пісіргенде әйел болсын, еркек болсын
асты қолдан келгенше дәмді етіп пісіруге тырысады.
АСАУЫҢА ҚАРАЙ ЖАСАУЫҢ
Ас пісіретін адам тамақты дәмді қылып пісіруге тырысатын
себебі, тамақ бойға сіңімді болу үшін деп айттық. Дәмді тамақ
дәмсіз тамақтан көп желінеді. Дәмді тамақты тойсаң да дәміне
қызығып жей бересің. Тамақты көп жеуден зиян болмаса, пай-
да жоқ. Тәтті, дәмді тамақты дәміне қызығып, шамадан тысқары
жеп жіберсек, қарын оны ұқсатып үлгеруге шамасы келмей
қалады. Қарын жұмыс істеуге жарамаған соң, ішіміз бұзылады,
ауырамыз. Өте көп жеп жіберсе, кісі күпті болып, жаман ауы-
рады. Тіпті өліп те кетеді. Сондықтан тамақты дәмді екен деп
көп жеу керек емес, дәмді тамақты асыл мағынасы көп жеу үшін
емес, «Асау – жасау ушін» деген Еуропа жұртында мақал бар.
Біз тамақты жейміз, дүниеде тұрып жасау үшін. Жасауға бола-
ды. Денің сау болса денсаулығына ішкен тамақта көп мән бар,
«ауру астан» деген қазақта мақал бар. Сол мақал нағыз дұрыс
мақал. Аурудың көбі астан болатыны рас. Жаман тамақ жесең де
ауырасың, шикі тамақ жесең де ауырасың, көп жеп жіберсең де
ауырасың. Аурудың көбі астан болған соң асты аңдап ішуіміз-
де көп мән бар. Аңдап ішу дейміз: тамақтың жақсы, жаманын
талғап ішуді, дәмділігіне, тәттілігіне қызығып шамадан тысқары
артық ішіп жібермеуді, тамақты баспалатып, әлсін-әлсін ішпе-
уді. Тамақты ішетін қалыпты мезгіл боларға керек. Мезгілін-
де дамылдауға керек. Күнде солай істеген соң денеміз соған
дағдыланып, шамадан тысқары көп тамақты керек те кылмайды.
Көп жасаған адамдардың өмірінде тұтынған қалпы осы болған.
АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ
Тамаққа мейіл шабу үшін ашығыңқырап барып ішу керек.
Ашығыңқырап ішкенде онша дәмді емес тамақ та дәмді болып
көрінеді. Дәмді көрінуінің тамақ бойға сіңімді болуын керегі зор
екенін білесіндер. Сондықтан азырақ ашығыңқырап ас ішу пай-
далы. Көп ашығу жаман нәрсе. Бір теңіз кезген адам алты күннен
астам аш болған. Ашыққанда көрген азабын басқа салмасын.
Әсіресе, әуелгі күндерде аштық жаман қинаған. Аштық азабы-
нан құтылу үшін өзін-өзі өлтірмек те болған. Алты күн өткеннен
кейін аштық азабы кеміген, бірақ әлсірей бастаған. Сонан соң
кезік болған адамша сандырақтай бастаған. Көзіне көрінген
нәрселердің түрлерінің жамандығы сонша, қорыққаннан жүрегі
жарылып өле жаздаған. Егер де басқалар келіп тауып алмағанда
сол күйінде аштықтан өлетін екен.
Бастапқы кезде тамақты тіпті жақтырмаған, жек көрген. Әуелі
тамақты аздап беріп, бірте-бірте көбейткен. Төртінші күндердегі
тамақсаулығы керемет болған, берген тамаққа қасқыр сияқты ұмтылған. Оқымыстылар айтуынша толық жасындағы адам алты күн түгіл, алты жетіге шейін аштыққа шыдаса керек. Балалар үш-төрт күннен артық шыдай алмайды дейді. Тышқан бірнеше сағаттан артық шыдай алмайды дейді. Жылан айында бір ғана рет тамақ жейді. Аю ұйқыға түскеннен кейін қыс бойы еш нәрсе жемейді. Шөп жейтін хайуандар күні бойы жеумен болады, аштыққа шыдамсыз келеді. Арыстан, жолбарыс, түлкі сияқты етпен қоректенетін мақұлықтар тамақты сирек жеп, аштыққа ұзақ шыдайды. Құрт-құмырсқа, балық одан да шыдамды. Бір қоңыз тамақсыз үш жыл шыдаған. Асты көп ішу залалды болса, тым аз ішу де залалды. Тамаққа жарымаса әл аз болады. Әлі аз адам жұмысқа жарамайды. Аштық қанды азайтып, денені аздырып, о да ауруға ұшыратпақ. Аштықтан дене азса, кісінің миы да азады. Миы азса, ақылы да кемиді. «Бір күн ашыққаннан қырық күнге шейін ақыл сұрама» деген дұрыс мақал, дұрысы – көп те емес, аз да емес тамақты шамалы ішу. ӨСІМДІК Өсімдік деп жерге бітетін нәрселерді айтамыз. Жаз күні далаға шығып, жан-жаққа көз салсақ, жапырағы жайқалған ағаш кел мұндалап тұрады. Бұйраланған бұта, жайқалған шалғын, құбылған егін, құлпырған гүлдер жайнап көрінеді. Соның бәрі жер түгі. Ағаш, бұта, шөп, егін, гүл – өлі емес, тірі заттар. Олар да жандықтарша қоректенеді, тіршілік етеді. Олар да жандықтарша жайсыз орында азады, жүдейді, ауырады, жайлы орында жақсы өсіп, толық ажарлы болады. Солай болған соң жандық пен жер түгінің арасындағы айырма тіпті жоқ есебінде. Жер түгінің өз тіршілігіне лайық, қолайлы біткен мүшелері бар. Мәселен, жер түгінің тамыры, тал бойы, жапырағы, гүлі. Рас, мұндай мүшелері жоқта жер түктері бар саңырауқұлақ, қына, мүк. Өсімдік қалай қоректенеді? Өсімдік өзіне керек тамақты ауадан, судан, топырақтан алып, күннің сәулесіне пісіріп ішеді. Су мен топырақтан керек заттарды тамырымен тартады. Ауадан керек заттарын жапырағымен тартады. Тамырымен тартқан су топырақтан ерітіп алғанымен бірге бойын қуалап барып жапырағына жетеді. Жапырақтың ішінде ауа мен су екеуі ұшырасады. Олар ұшырасқан жерінде күннің жарығы да болады. Су, ауа, жарық үшеуі қосылып жер түгіне керек тамақты жасап шығарады. Өсу, үлкею тамақтан болған соң жер түгінің үлкеюіне керек мүшелер – тамыры мен жапырағы. Бойы – тамақ тарайтын жолы, гүлі көбейетін, өнетін мүшесі. Сүйтіп, жер түгінің өсіп-өнуіне керек заттар: топырақ, су, ауа, жарық болады, олар-
дан керегін алып, пайдаға асыратын жер түгінің тамыры, бойы, жапырағы, гүлі болады. Жапырағы, тамыры жоқ жер түктері жандықтарша дайын тамақты қорек қылып, жандықтарша өсіп, өнеді. Жер түгінің түрлері толып жатыр. Түрлісін адам баласы түрліше пайдаланады. Өсімдік жандық сияқты туады, өседі, өнеді, тамақтанады. Бұл жағынан екеуі ұқсас болды. Өсімдік жандықша сезе ме, қозғала ма? Өсімдік қозғалады, қимылдайды және тек жел соққанда ғана қозғалып, қимылдап қоймайды, өздігінен қозғалып, қимылдайды. Қимылдайтын, қозғалатын өсімдіктер көп. «Шыбыншы» деген шөп бар. Жайда жапырағы ашылып тұрады да, құрт-құмырсқа қонса я тиіп кетсе жабысып қалады. Жапырақтардың тесігі ылғал, сулы кезде ашылып, артық дымды шығарып, құрғақшылықта кішірейіп, кейде жабылып қалады. Қызғалдақтар кешке қарай жапырағын жинап бүрісіп ұйықтап қалады. Көп өсімдіктер салқыннан қорқып, көрпеге оранған кісі сияқты, жапырағын жинап, бүрсиіп, оранып қалады, жылыда көрпесін ашқан адам сияқты жапырағын жазады. Мұнан өсімдіктің қимылдайтыны көрінеді. Суықтан қашып оранып қалғаны, жылы кезде жазылғаны өсімдіктің сезімі де барлығын көрсетеді. Сүйтіп, өсімдік жандықша туады, өседі, көбейеді, өледі, тамақтанады, қозғалады, сезеді. Өсімдіктің де жаны бар. Өсімдік пен жандық айырмасы тек сырт жағында, ішкі тұрмыстарында айырмашылық жоқ. ӨСІМДІКТІҢ ЖЕР ЖҮЗІНЕ ТАРАЛУЫ Жанды нәрсенің бәрі де тұқым шашып, ұрпағын көбейтуге тырысады. Жанды нәрсенің бірі – өсімдік. Көбінесе, өсімдік жемісінен, ұрығынан көбейеді. Ұрық ішінде болашақ өсімдік тұрады. Ұрық өсімдіктің бойға біткен баласы сияқты. Өсімдік тек бала көтеріп қана қоймай, баласының қойнына тамақ та салып, дүние жүзіне жібереді. Жандық балалары анадан туып, қатайып, тамақ алып жеуге әлі келген соң, тамақ, тұрарға қолайлы жер іздеп, тұс-тұсына тарап кетеді. Өсімдік ұрығы түсіп өскен жерінде өмір бойы тұрып қалады. Сондықтан өсімдік баласы қолайлы жерге түссе ғана өсіп, өнеді. Піскен ұрық анасынан жұлынып түсіп, сол жерде өсе бастаса, алақандай жерде ұйқыдай қалың болып, тығыз өседі. Құрттай жер бәрін бірдей асырай алмас еді, жас өсімдіктер бірінің тамағын бірі тартып жер еді. Бірқатары ашығып өлер еді, бір қатарлары от жет-
пей, ашығып арыған мал тәрізді арыр еді. Балаларына тамақ жеткілікті болу үшін өсімдік ұрпақтарын алысқа шашып, сирегірек таратуы керек. Өсімдік мұны қалай істейді? Өсімдік тұқымын таратушы жел мен жандық. Кейбір өсімдіктер дәнінің айналасында я мамықтары, я қанаттары болады. Қоғаның тозғағын, қамыстың үпелегін үріп ойнағандарың бар шығар. Үргенде бұлардың тұқымы шашылып, жан-жаққа ұшады. Жел үргенде олар орнында тұра алар ма? Әрине, тоз-тоз болып ұшады. Барып-барып бір жерге түседі. Түскен жерінде шыққаны шығып, шықпағаны өліп қалады. Тораңғы, мақта, терек сықылдылардың ұрығы осылай желмен тарайды. Сүйтіп, бірқатар өсімдіктің тұқымын жер жүзіне жел таратады. Көп өсімдіктердің тұқымдары жер жүзіне желмен емес, жандықтар арқылы тарайды. Қалың шөп арасымен жүргенде етектеріңе өсімдіктің домалақ ұрықтары жабысады. Біреулері мықтап, біреулері әлсіз жабысады. Бұлай шыға бере етектеріңе жабысқан тікенек ұрықтарын сыпырып алып тастайсыңдар. Міне, сонымен өсімдіктің жер жүзіне таралуына жәрдем болып шықтыңдар. Сондай ұрықтар малға да, итке де, аңға да жабысады. Жүнін бүріп тұрған тынышсыз жабысқақтардан құтылу үшін мал бұлай шыға бере аунайды, тұмсығы я аяғымен қасынады. Жабысқан ұрық түсіп қалады. Сүйтіп, өсетін қолайлы жеріне барып қалсын деп тұсынан өтіп бара жатқан жандық пен адамға өсімдік баласын мінгізіп жібереді. Кейбір тікенек ұрықтар жабысып, тіпті қалмайды. Қалса өте алысқа барып, зорға дегенде қалады. Сол сықылды бір ілінсе, көпке шейін қалмайтын ошаған мен селеудің қылқаны. Қылқан – селеудің ұрығы. Кейде мал жаңбыр езіп кеткен жерді басқанда я құс батпақты кешкенде балшықпен бірге бұлардың аяғына өсімдіктің ұрығы ериді, балшық кеуіп түсіп қалғанда, ұрық та бірге қашық жерде өсіп шығады. Сүйтіп, өсімдіктің көбін жер жүзіне жандықтар таратады. Гүлдердің тәтті сөлін жинап жүрген құрт-құмырсқалар да өсімдік таралуына себепкер болады. Жандық пен жел арқылы тарайтын ұрықтардың бәрінің де, я қанаты, я тікені бар, бірақ барлық тұқымның қанаты мен тікені болмайды. Мәселен: бүлдірген, шие, қарақат сықылды былқылдақ еті бар, етінің ішінде сүйегі бар, еті тәтті болады. Ондай жемістерді мал, құс жейді. Еті ішіне барғанда тамақ болып қанға араласады да, сүйегінің қатты қабығы болғандықтан ішінен түсіп қалады. Түскен жерінде бұлар өседі. Кейде құстар жемістердің тұқымын алыс жерлерге апарып тастайды. Сүйтіп, мал мен құс өсімдікті жеп, тарауына себеп болып, жақсылық келтіреді.
Құс пен жандықтарды алдап келтіру үшін өсімдіктер жеміс-
терінің тәтті еттері болады.
* * *
Піскен ұрық болмаса, піспеген дегеннің орнына көк деп атай-
ды. Піспеген жемістің көк болатыны шикі күйінде құс пен басқа
жандықтар алып кетпесін дегендік. Көк жеміс көк жапырақ ара-
сында піскенше білінбей, тасалап тұра береді. Сүйтіп, жемістің
еті, жемістің пісуі адам үшін емес, өсімдіктің өзі үшін болады.
Түрлі, пайдалы нәрсенің бәрі менің үшін жаратылған деп адамның
мұрнын көкке көтеруінің орны жоқ. Тіл болып сұрасаң өсімдік те
айтар еді: «жел, жандық, адам, құс бәрі менің үшін ғана дүниеде
тұрады, үйткені тұқымымды жер-жүзіне таратады, оларсыз жер
жүзіне тарап, көбейе алмас едімң дер деді.
Қай өсімдіктің тұқымын көрсеңдер де, жер жүзіне қалайша
тарайтынын енді білесіңдер, бір быршылдақ етті жеміс жеп,
ауыздарыңның дәмін аласыңдар, бұл жемісті жандықтар жұтып,
бір қиырға алып кетеді деп әрине, ойларсыңдар. Киімдеріңе, мін-
ген аттарыңның жал құйрығына ошаған сияқты тікенек тұқымдар
жабысып айырылмаса, бұлар басқа жандықтарға де еріп, алыс
жерлерге сапар жүріп кетіп, сонда өмір сүріп, тұрып қалады
дерсіңдер.
Кілемдей шөбі түрленген Сары Арқада жүріп келе жатқанда,
желмен желкілдеп тұрған қылқанға көздерің түссе, болмаса оң мен
солға шұлғып тұрған қамыстың басын көрсеңдер, әйтпесе, дудала-
нып жерге түсіп жатқан талдың қанатты ұрығын бассаңдар, мұндай
өсімдіктердің тұқымы желмен тарайды деп еске түсірерсіңдер.
* * *
Өзгенің жәрдемінсіз тұқымын шашып тарататын өсімдіктер де
бар. Кейбір өсімдіктер ұрығының дәні ішінде тұрады я сыртын-
да серіппелі қанаты болады. Жел соқса, жандық тиіп кетсе серіп-
пелі қапшықтары ішке жиырылып кетіп, ішіндегі дәндерін атып
келіп жібереді. Дәндері мылтықтың оғындай атылып келіп кетеді.
Қырда қой жейтін бозғанақ деген шөптің тұқымы солай тарайды.
Ағаш өсіргісі келген адам шыбық отырғызады, мұнан ағаш
өсіп шығады. Мұнан, тұқымынан басқа өсімдік сабағынан өсіп
шығатыны көрінеді. Жазғытұры өзен тасқанда сумен бірге жас
бұтақтар келіп, ылғалды жерлерге шашылып қалады, артынан
өсіп, ағаш боп шығады. Сүйтіп, суда өсімдік тарауына себеп бо-
лады.
Басқа әдістермен де өсімдіктер көбейеді, тарайды. Оларды
теріп айтпасақ та болады. Сонымен, тұқым шашу үшін өсімдік
түрлі әдіспен пайдаланатынын көрдік. Көздеген мақсатына жету
үшін жаңды нәрселердің амалдары, әдістері мол екенін аңғардық.
АСТЫҚ Астық деп адам қолдан егіп, асқа жарататын өсімдікті айтамыз. Бидай, тары, сұлы, арпа, арыш, жүгері – атам заманнан бері адамның тамақ қылып келе жатқан өсімдіктері. Астық әуелгі кезде жәй өсімдіктер сияқты өздігінен өскен. Сонан, жерге түскен тұқымнан астық шығатынын байқап, адам егетін болған. Бұл күнде астық бұтақтары екпей, өз бетімен шығатын жер кеміс. Қай жерде де болса, астықты адам қолдан егіп шығарады. Астықтың түрлісі түрлі жерге шығады. Астық ауа жағдайы мен топырақ қолайына қарайды. Бидай шірік, көнді жерді сүйгенде, тары құмайт жерді сүйеді. Арыш көтерген салқынды бидай көтере алмайды. Бидай көтерген салқынды күріш көтере алмайды. Арыш, арпа, сұлы салқын жақта көп егіледі, бидай, тары жылы жақта, күріш, жүгері ыстық жақта көп егіледі. Астық жеріне қарай шығатын болған соң, әр жұрттың жеріне қарай көбінесе егетін астықтары болады. Біздің қазақтар көбінесе тары егеді, соңғы замандарда ғана бидай егуге түсті. Орыстың көбінесе егетін астықтары: арыш, арпа, бидай, сұлы; ыстық жақ халқының көбінесе егетін астықтары: күріш пен жүгері. Түркістанда көбінесе жүгері мен күріш егеді. Сондықтан салқын жақтағы жұрттың көбінесе тамақ қылатыны қара нан, жылы жақтағы жұрттың тамағының көбі – ақ нан, сөк, тары, ботқа; ыстық жақтағы жұрттың жейтін тамағының көбі күріш пен жүгері. Дүние жүзіндегі адамның жартысынан көбінің тамақ қылатын астығы – күріш. Күріш Қытайда көп егіледі. Қазақтың мал еті мен сүтінен соңғы тамақ қылатыны тары болатын еді. Нанды орыстан көрген соң жейтін болған. Қазақтың ата астығы – тары. Мұнан 7-8 жүз жыл бұрын қазақ жерлерін аралаған адамдардың айтуына қарағанда, тары қазақ тамағының бірі болғаны көптен бері болса керек. ӨСІМДІК ҚАЛАЙ ӨСЕДІ? Ағаш, шөп, астық, жеміс – бәрі өсетін нәрсе болғандықтан өсімдік деп аталады. Тірі заттың бәрі де туады, өседі, тұрады, өледі. Өсімдік те туады, өседі, тұрады, өледі. Солай болған соң, өсімдік дегеніміз тас, темір, топырақ сияқты өлі зат емес, тірі зат. Өсімдік тұқымынан өседі. Өсімдік өсуіне керек нәрселер: топырақ, су, ауа, жарық, жылу. Егер де тұқымды алып жиып, ылғал жерге көмсе, тұқым ісінеді; сыртындағы қауызына сыймай, жарып жібереді. Қауызынан шыққан соң жоғары қарай өсіп, сүйрігі кетеді. Төмен қарай тамыры кетеді. Сүйрігі жердің бетіне шыққанда, күннің
жарығынан көгере бастайды. Сол кезде көктеп келеді дейміз.
Жер бетіне жапырағы шыққанынша қорек қылатыны – тұқымның
дәні, көгеріп алған соң, тамақты ауадан ала бастайды. Өсімдіктің
тұқымы түрлі уақытқа сақталады, біреулері бірнеше жылға дейін
сақталады, біреулері бірнеше күнге дейін ғана сақталады, онан
асса, шығудан қалады. Бірнеше жыл сақтаса да шығуға жарай-
тын мәселен, бидай, үйеңкі ағашының тұқымы 12 күннен асса,
шығудан қалады. Кейбір тұқымдар тез шығады, бір тұқымдар кеш
шығады. Кей тұқымдардың шығуына бірнеше сағат ғана керек.
Екінші тұқымдардың шығуына бір я екі жыл керек, мәселен: алма
мен шие тұқымдары. Суық пен құрғақшылық тұқым шығуын
кешіктіреді я тіпті тоқтайды, ылғал мен жылу тұқым шығуын
асықтырады. Егер де жылу өте кеп болса, тұқым қуарып қалады,
ылғал өте көп болса, тұқым шіріп кетеді. Терең көмілген тұқым
шықпай қалуына екі себеп бар. Бір жер астында ауа кемдігінен
тұншығып шыға алмай қалады я жер өте қалың болған соң, тесіп
шығуға қуаты келмей шықпай қалады. Егерде жер кебу болып,
қолдан суарылмаса, тайыз көмілген тұқым да шықпай қалады.
* * *
Жел ұшырып жерге қайың тұқымы түсіп, бірнеше жыл өткен
соң үлкен ағаш болады. Тұқымды өлшеп қарасаң, ширек мысқалға
да толмайды. Ағашты өлшеп қарасаң, әлденеше пұт болады.
Салмағы көп, сонша үлкен дене қайыңға қайдан пайда болды?
Әрине, өскеннен болды, бірақ өсу үшін тамақ керек қой. Жас төл
бастапқы кезде енесін еміп, онан кейін шөп жеп өседі. Жас бала
бастапқы кезде емшек еміп, сонан соң басқа тамақтарды ішіп-жеп
өседі. Тамақсыз бала да, төл де өспейді. Қайың қандай тамақтан
өседі? Қайдан тамағын тапты?
Бұрын жер түгі тамағын жерден алады деуші еді. Керек
тамақтың бәрі жерден тамырымен тартып жияды деп білетін еді.
Осы күнде де көбі солайша ойлайды. Ол дұрыс емес, жер түгі
тамағының бәрі емес, азын ғана жерден алады. Жерден бәрін ала-
ды деу қате екендігін бір оқымысты адам көзге көрсетіп, қолға
ұстатқандай анықтаған.
Ол бір кеспекті алған. Ішіне топырақ салған, үйеңкі ағашының
бір бұтағын отырғызған. Кеспекке топырақты саларда өлшеген
де жазып қойған. Бағып, суарып қарағаннан кейін, баяғы бұтақ
өсіп, үлкен ағаш болған. Ағашты алып, өлшеп қараса 4 пұт бо-
лады. Ағаш тамағын жерден алатыны рас болса, топырақ 4 пұт
кемісе керек қой дейді де, топырақты кептіріп өлшейді. Топырақ 4
пұт емес, бірнеше мысқал ғана кем болып шығады. Олай болғаны
ағаштың жерден бірнеше мысқал ғана тамақ алғаны. Басқасын
қайдан алды? Судан алды деуге ағаштың біткен денесі су ғана
емес. Көміршілер ағашты күйдіріп көмір қылып шығарады. Ағаш
құр су ғана болса, ол көмір қайдан шығады? Судан көмір шығаруға
бола ма?
Ағаштан көмір шыққаны ағаш бойында көмір болатын нәрсе
барлығын көрсетеді. Ол нәрсені ағаш қайдан алады? Ағашқа
жанасқан үш нәрсе: топырақ, су, ауа. Топырақтан алғаны бірнеше
мысқал ғана болып шықты, басқасы су мен ауадан алған болады.
Тамырымен тартқан су ағаш бойын қуалап, жапырағына барған.
Жапырақта ауа мен су ұшырасып, қлоропол (хлорофол) зауытына
түсіп, ағашқа нәрсе жасалады. Жер түгінің өсуі сол «қлоропол»
зауытында жасалған тамақтан.
Өсімдіктің жасыл түсі де сол қлоропол түсінен болады. Өсімдік
өсуіне ауа, жылу, су керек. Бұл үшеуі болмаса өсімдік өспейді,
өсіп тұрғандары өледі.
ЖАПЫРАҚ
Бұрынғы замандарда жасыл жапырақ ағашқа көрік үшін
ғана бітеді деп ойлаушы еді. Онан басқа ағашқа керегі бар деп
ойламаушы еді. Жапырақ әдемі, ағашқа көрік беретіні рас. «Ағаш
көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деген біздің қазақта мақал
да бар.
Шүберектің керегі адамға жалғыз көрік үшін ғана емес, сол
сияқты жапырақтың керегі де ағашқа жалғыз көрік үшін ғана
емес.
Жапырақтың ағашқа керегі басқа. Жапырақсыз ағаштың күні
жоқ. Ағаш жапырағының бәрін сыпырып алыңдар, ағаш қуарып
қалады, өледі. Олай болса, жапырақ қызметі ағашты көркейту
ғана емес, басқа болғанда қандай? Жапырақтың істейтін жұмысы
не? Оның істейтін жұмысын түсіну үшін ауаның, күннің ағашқа
қандай керегі барын түсіну керек. Адамдар мен хайуандар тамақты
ауызымен жеп, қарнында пісіреді. Сондықтан қарын асқазан деп
те айтылады. Ағаштардың аузы мен қарны жапырағында. Ағаш
тамағының көбін ауадан алады, азын ғана жерден алады. Ауадан
ағаштар тамағын қалай алатынын түсінуге ауа деген нендей зат-
тан тұратынын білу керек.
Ауада «оттегі», «азот» деген екі газ бар. Ауа ішінде «оттегі»
жоқ болса, от жанбайды, дем алуға болмайды. От жануы деп
сол оттегінің көмірмен қосылғанын айтамыз. Көмір мен отте-
гі қосылғанда екеуінен қышқыл туым деген жаңа газ пайда бо-
лады. Оттегі көмірмен бірігіп қосылады. Дем алғанымызда
яки көмірлі нәрсе жанғанда ағаш та, шөп те, ет те, тері де, жүн
де, қан да жаққанда әуелі көмір болып, сонан соң күл болып
қалады. Бұл көмір болулары бұлардың көмірлі нәрсе екендігін
көрсетеді. Затында көмір болмаса, жаққан уақытта да көмір бол-
мас еді. Біз дем алғанымызда ауамен бірге өкпемізге оттегі ба-
рады, өкпеміздің ішінде қанға қатысады. Қан ішіндегі көмірмен
қосылған кезде қышқыл туым пайда болады. Демді сыртқа алған
кезімізде, қышқыл туым сыртқа келеді. Жанған от, алған демнің
бәрінен қышқыл туым пайда болып тұрады. Сондықтан ауа ішінде
қышқыл туым болмақшы.
Ауа ішінде көп болса, адамға залалды, адамды өлтіретін бұзық
ауа, пештен тиетін иіс сол қышқыл туымнан болады.
Қышқыл туым адамға, хайуанға залалды болса да, ағашқа,
шөптерге пайдалы. Оларға пайдалы болатын себебі, ағаш пен
шөптің дені көмір. Қышқыл туым ішінде де көмір бар. Жәй
көмірдің ішінде күл бар. Қышқыл туым ішіндегі көмірде күл жоқ.
Сондықтан ол «таза көмір» деп аталады. Қышқыл туым ішіндегі
таза көмірді айыра алсақ, онда таза көмір де, оттегі де залалсыз,
қайта пайдалы нәрселер, бірақ сол екеуін айыру өте қиын жұмыс.
Осы қиын жұмысты орнына келтіретін жапырақ. Жапырақтың
сыртында жұп-жұқа өңі бар. Өңін сыдырып алсақ, оның астын-
да жас еті көрінеді. Етін үлкейтетін микроскоп деген құралмен
қарасақ, толып жатқан жасыл түйіршік болып көрінеді, шұрқ-шұрқ
тесіктер көрінеді. Осы тесіктер жапырақтың ауызы мен мұрны.
Біз ауызымызбен, мұрнымызбен дем алған сияқты жапырақтар да
тесіктерімен ауаны ішіне тартып алады: жапырақ ішіне барған соң,
күн сәулесінің қуатымен қышқыл туым ішіндегі таза көмір мен
оттегі екі айырылады. Таза көмір өсімдікке керек болған соң қала
береді де, оттегі басы босап қайта шығып, азотпен араласып ауа
болады. Оттегі көп ауа – нағыз адам мен хайуанға жағымды ауа.
Ағашты, шөпті жердің ауасы жақсы болатыны да сонан. Сонымен
өсімдіктің жапырағы ауаны тазартып тұрады да, жандықтар дем
алып бұзып тұрады. Жасыл жапырақ болмаса, жер үсті бұзылған
ауаға толып кетіп, жанды нәрселер тұншығып қырылар еді, бірақ
жандықтар мен адамдар үшін өсімдік ауаны тазартып тұрған жоқ.
Қышқыл туым ішіндегі таза көмір өсімдіктің өзіне керек болған
соң, көмірді айырып алып қалып, оттегін ауаға жіберіп тұр.
Қышқыл туым жапырақ ішінде екіге айырылу үшін күннің көзі
керек. Күн көзі де адам үшін қызмет қылып тұрған жоқ. Табиғат
заңын орындап тұр. Сондықтан әдемі, жасыл жапырақ адамның
пайдасы үшін я көңілін көтеру үшін жаратылған деп кісінің
мұрнын көкке көтеруінің орны жоқ.
ТАЛАС
Бір күні жер жеміс, шөп, астық, ағаш төртеуі адамға келтіретін
пайдасын айтып таласыпты.
Қарбыз, қауын, қияр, бүлдірген және басқа жер жемістері ай-
тыпты: «Жұртқа біздің пайдамыз көп, олай дейтінім адамның
бәрі де бізге жеңсік; сол жеңсіктігінің өзі біздің пайдамыз зор
болғандықтан таңсық болуларын көрсетеді», – деп.
Бұйдайық, көде, көкбас, жусан, басқа шөптер айтыпты: «Сен-
дерден біздің пайдамыз адамға аз тимейді. Жұрттың жеуіне тамақ
болатын, жұмысына серік болатын, жүруіне көлік болатын малды
асыраймыз. Сендердей жалғыз тамақ жағынан ғана пайдалы бол-
май, басқа жағынан да тиетін пайдаларым көп», – деп.
Бидай, тары, арпа, сұлы, арыш, күріш, жүгері, басқа астықтар
айтыпты: «Сендердің біреуіңнің жұртқа жеңсік екенің, біреуіңнің
жеңсіктен басқа да жағынан пайдалы екендерің рас, бірақ
екеуіңнің келтіретін пайдаларыңнан бір ғана біздердің пайдамыз
артық. Тамақ десең бізден артық адамға тамақ болатын, жем десең
бізден артық малға жем болатын не нәрсе бар», – дейді.
Емен, қайың, қарағай, шырша, жөке ағашы және басқа ағаш-
тар тұрып айтыпты: «Жер жемісінен жемісіміз артық болмаса, кем
емес. Шөптей малға жем болмағанмен, басқа жағынан да адамға
келтіретін пайдамыз есепсіз. Адамның үй ішін, қора-қопсы аспап-
құрал сияқты нәрселері ағашсыз болмайды. Оның үстіне аттан
артық жүретін арбалар, балықтай жүзетін кемелер, құстай ұшатын
айропландар (аэроплан), неше түрлі машиналар жасап, сендердің
бәріңді пайдаланып отырғандары менің арқаммен», – дейді.
Бұлардың таласқанын тыңдап тұрған адам айтыпты: «Босқа
қызыл кеңірдек болмаңдар. Бәрің де пайдалысыңдар. Үй-күй,
азық-түлік, құрал-аспап болатындарыңның бәрі де рас, бірақ
сендердің пайдаларыңның аз, көп болуы адамнан. Сендерден де
басқа толып жатқан дүниеде пайдалы нәрселер бар. Сендердің,
басқа пайдалы заттардың пайдасы ала білмегенге жоқ, – дейді.
АҒАШ
Жердің көркі су мен ағаш екеуі сыбай болған жерде. Су мен
ағаш бір-біріне қару: су ағашты сақтайды, ағаш суды сақтайды.
Сондықтан сулы жер ағашты болады, ағашты жер сулы бола-
ды. Олай болатын себебі, су дым беріп, ағашты өсіреді; ағаш
көлеңкесін түсіріп, суды күннің айбатынан, желдің аңырағынан
қорғайды. Ағашты жердің ауасы ылғалды болғандықтан бұлт
айналғыш, жаңбыр жауғыш келеді. Сондықтан ауасы құрғақ жер-
лерге адам ағаш егіп, ауасын ылғалдайды, күнді жауынды етуге
болады. Сондықтан да, ағашы аз жерлердің бұта, шырпы сияқты
ағаш атаулы нәрсесін шапқызбай қориды.
Ағаш екі түрлі болады. Бірі қылқанды, бірі жапырақты.
Бұлардың сыртында сондай басқалық болғанда, ішінде де басқа-
лық бар. Қылқанды ағаштардың іші шайырлы болады. Жапы-
рақты ағаштардың іші шырышты болады. Қылқанды ағаштардың
қылқандары бірден түспей, бірте-бірте білінбей жаңарады.
Жапырақты ағаштардың жапырағы күз түсіп, жаз жаңадан
шығады. Қылқанды ағаштар қысы-жазы көркін жоймайды. Жапы-
рақты ағаштардың көркі жаз күнінде ғана. Қылқанды ағаштар:
қарағай, шырша, арша сықылдылар; қылқанды ағаштар жазы-
қысы көгеріп тұрады, бұлар суық жақта өседі. Жапырақты
ағаштар: емен, қайың, қара ағаш, терек, жөке ағашы сияқтылар,
бұлар жылы жақта өседі.
Жапырақты ағаштар табына бұта шырпылар қосылады, мәсе-
лен, тал, ұшқат, жиде, тобылғы сияқты және де ұсақ жемісті ағаш-
тары қосылады, мәселен, алма ағашы, шие ағашы сықылдылар.
Ағаш адам баласына өте пайдалы нәрсе. Үй, там, киіз үй, бәріне
де ағаш ұсталады, қора-қопсы, арба, шана, құрал-сайман бұлар
да ағашсыз болмайды; аяқ-табақ, төсек-орын, кебеже, сандық,
олардың да көбі ағаштан істеледі. Үй жылытатын, ас пісіретін
отынның да жақсысы ағаш. Біздің қазақ жерінде ағаш аз, себебі
қазақ жерінде су аз. Ағаштың көбі су саялайды. Ағаш аз болған
соң су да аз.
* * *
Ағаштың сырты қандай түрлі болса, іші де сондай түрлі бо-
лады. Бір ағаштың сүйегі қатты, бір ағаштікі бос болады. Қатты
ағаш отқа жақсаң қызулы, нәрсе істесең берік болады.
Қазақ атын білетін ағаштың қаттысы – емен. «Атасын ағаш
демесең, балта шаппа еменге» деп қазақ өлеңінде айтылатын
емен қатты ағаштың бірі. Еменнен істелген нәрселер сұлу да бола-
ды, суға да берік болады. Кеме, пошкы, арбаның дөңгелегі сияқты
суға қатысы көп нәрселер еменнен істеледі. Орындық, стол, шкаф
сияқты нәрселер еменнен жасалғаны қымбат болады.
Қазақ жерінде бар ағаштың бірі – қайың. Қайың емендей қатты
емес, жұмсақ та ағаш емес. Әсіресе, қайыңның түбірінен істеген
нәрселер берік те, сұлу да болады. Қазақтың без тостаған деген-
дері қайыңнан істеледі. Ол қайыңнан істелетін аяқ, қымыз ожау,
шөміш, қасық қандай болатынын қазақ біледі. Қайыңның тозы
етіктің сіріне, табанына салынады.
Қазақ жерінде бар ағаштың тағы біреуі – қарағай. Қарағай қатты ағаш емес, бірақ адамға артықша пайдалы ағаш. Шайыры көп болғандықтан суға шірімейді. Бойы түзу, суға берік болғандықтан көп нәрсеге ұсталады, үй салынады, үйдің төбесіне жабылады, астына төселеді, азбар, қора жасалады. Қарағайдан жасалған шкаф, орындық, стол, басқа сондай нәрселер сұлу да, қымбат та болмайды. Қазақ жерінде болмағанмен атын білетін ағаштардың бірі – жөке ағашы. Бұл қайыңнан көп жұмсақ. Бойы сида, бұтағы кем болғандықтан беріктік үшін емес, сұлулық үшін тоқылатын нәрселерге ұсталады. Жөкеден жасаған нәрселер тақыр сұлу болады. Жөке қарағайдай қақсимайды, сондықтан істелген сандық сықылды нәрселер қарағайдан істелгендерден артық та, қымбат та болады. Түрлі нәрсе орайтын жөкелер осы жөке ағаштың қабығынан істеледі. Сыдырып алып, бірнеше күн суға салып қойса, жік-жігінен қабығы айырылады. Бұл айтылған ағаштардың жөке ағаштан басқасының да қабықтарымен, басқа да пайдаға асатын нәрселері бар. Мәселен: еменнің қабығы шормақ болады. Қайыңның қабығынан қара май істеледі, қарағайдан да қара май, смола, іскемете сияқты нәрселер алынады. ЖАНДЫҚ ПЕН ӨСІМДІКТІҢ ҚОРЕКТЕНУІ Сырттан қарағанда өсімдік пен жандықтың тамақтануы екі басқа сықылды. Өсімдік ауа мен жерді тамақ қылады. Топырақ суы жеткілікті жерге өсімдікті отырғызып, төбесін қатты қымтап шынымен жауып қойсаң, ауа жетіспейді. Әрі-беріден соң өсімдік өліп қалады. Өсімдік ауаның ішіндегі қышқыл туымды жапырағымен алып, жапырағының ішінде таза көмір мен оттегіне айырады. Көмірді алып қалып, денесіне керек нәрселер жасап шығарады, оттегін шығарып жібереді. Жердегі алатын тамағынан айырып, өсімдікті тек жалғыз ауаның ішіне қойсаң да өледі. Сүйтіп, өсімдіктің тамағы ауа мен жерден алынады. Жандық тамақты ауадан да, жерден де алмайды. Жандықтың бірқатары шөп жейді. Бірқатары ет жейді, бір сыдырғылары басқаларды қанап күн көреді. Мәселен, бит, бүрге сияқтылар басқа жандықты қанаумен күн көреді. Жандықтың де, өсімдіктің де денесінде шырыш, май, ақ уыз бар. Бұл нәрселерді өзекті нәрселер дейді. «Өзекті жанға өлім бар» дейді мақал! Өзекті нәрселер түрлі мүшелері түрлі қызмет атқарып тұрған заттардың ішінде болады. Құм, саз, тас сияқтылардың әр мүшесі әр қызмет қылмайды,
сондықтан бұлар ішіндегі нәрселерді өзекті демейді. Олай болса, ауада да, жерде де өзекті нәрселер жоқ. Өзекті нәрселер тек жандық пен өсімдіктердің денесінде жасалады. Соның үшін бір қарағанда, жандықтар кіл өзекті нәрселермен қоректеніп, өсімдіктер өзексіз ауамен жерді тамақ қылатын сияқты. Бірақ жете қарастырғанда, жандық пен өсімдіктің көбінің тамағы бір екенін көреміз. Шірікшіл деген өсімдіктер бар. Шірікшіл өсімдіктерге саңырауқұлақтар да жатады. Жерде өлген өсімдіктер мен жандықтардың шіріген денесі өзекті нәрселерге жатады. Әлгі шірікшіл өсімдіктер сол өзекті нәрселерді, өлімтікті жеп күн көреді. Шірікшіл өсімдіктер өлімтік жейтін құрттар сияқты. Шырмауықты көргендерің бар. Шырмауық басқа өсімдікті орап алып, тұмсығын қадап, солардың денесінің сөлімен қоректенеді. Шырмауықтар бит, бүрге, қандала сияқты. Шыбыншы деген шөптер бар. Шыбыншы гүлін, жапырағын аңқытып ашып тұрады. Ішінен желім тәрізді сөл шығады. Маса, шыбын келіп жапырағына қонса, әлгі желімсымағы жабысып жібермейді. Шыбын жанталасып ұрынып жатқанда, жапырағының мұрттары иіліп келіп, шыбынға суын шашып жібереді. Әлгі суы қышқыл. Қышқыл су маса, шыбынды ірітіп, қайнатып шөпке ас қылып береді. Сонымен шыбыншыл шөптер ет жеп күн көреді. Бұлар қасқыр, түлкі, ит, адам сияқты. Осы күні 400-ге тарта ет жейтін шөп белгілі. Сүйтіп жандық пен шөп арасында қоректенудің айырмашылығы жоқтың қасында. Тек айырмашылығы сол – кейбір өсімдіктер өзексіз нәрсені де тамақ қылады. Өзексіз нәрсені тамақ қылып өзекті нәрсеге айналдырады. Бұл өзекті нәрселерді жандықтар жеп күн көреді. Егер өсімдік болмаса не болар еді? Өсімдік болмаса жер үстінде бір жандық та болмас еді. Үйткені, жандық өзексіз нәрсені өз бетімен тамақ қыла алмас еді. Өсімдік болмаса шөп жейтін жандықтар да тұра алмас еді. Шөп жейтін жандықтарсыз ет жейтін жандықтар да өмір сүре алмас еді. Өсімдік пен жандықтар болмаса адам да аштан өлер еді. Егер барлық өсімдік жер үстінен құрып кетсе, дүниеде тірі жандық болмай, аңырап қалар еді. Олай болса, өзекті жанның тетігі өсімдік қолында. Мұның бәрін өсімдік қлоропол (хлорофол) арқылы істеп тұр. Қлоропол қышқыл туымнан таза көмірді айырып, көмірді өзексіз нәрселермен қосып, өзекті зат шығарып тұрады. Қлоропол жұмысын дұрыс атқаруы үшін күннің көзі керек. Сонымен өсімдік өзексіз нәрсені өзекті қылады. Өзекті нәрсені жандық тамақ қылады. Адам іші қайната алмайтын өсімдікті мал
жеп, етімен араластырып, кісіге тамақ қылып береді. Кей шөпті
тіке адамның өзі де жейді. Жандық пен адам өліп, шіріп, топыраққа
араласады. Бұлардың шірігі өсімдікке тағы тамақ болады. Сүйтіп,
дүниедегі тұрмыс бірімен-бірі тіркес. Дүниеде бір нәрсе де жоқ
болып кетпейді.
ЕТ ПЕН ШӨП – ТАМАҚ
Жазғытұры жер бетіндегі ақ кебін жойылып, жер жүзіне жаңа
өң кіреді. Жер өліп тірілгендей болады. Күн қызуы арта бастайды.
Жерден нәзік шөп өсе бастайды. Бір кезде жер жүзі жап-жасыл
болып құлпырады. Өсу үшін шөп тамақты қайдан алды? Жерден,
ауадан, судан алды. Шөп тамыры жерде түрлі сөл сорып алып,
сабағы мен жапырағына тартады. Жерде жоқ нәрсені жапырақтар
ауадан алады. Шөп осылай тамағын асырайды.
Ызғарлы қыс малды арықтатып кетті. Аяз сақылдап, жер
жүзін қалың қар басып жатқанда, мал тамақ тауып жеуі қиын.
Күлімсіреп жазғытұры келді, оның соңынан іле-шала жарқырап
жаз келді. Тамақты мал жеп тауыса алмайды. Мал шөпке тояды,
майға шайлайды. Сүйтіп жүргенде кімнің тісіне еті тиетінін мал
сезбейді.
Адамға тамақ керек. Айнала толған шөп малға да, адамға да
жетеді, брақ адам мал сияқты шөп жей алмайды. Адам тек жей
алатын шөптерін таңдап алады. Шөптің көбі адамға ас болмайды.
Табиғатта адамға тамақ боларлық шөп аз. Кей жерлерде тіпті жоқ.
Сонымен мал тоятын жерде адам аш қалады. Сонда адам малды
сойып, етін жей бастайды.
Қашаннан бері солай болып келе жатыр. Жер ауа, су, шөпті де,
малды да, адамды да асырап келе жатыр. Шөп тамақты жер мен
ауадан алады. Оттайтын хайуандар шөпті жейді. Жыртқыш айу-
андар әлсізірек туысқанының етін жейді. Адам шөпті де жейді,
малдың етін де жейді, әсіресе жейтіні шөп жейтін малдың еті.
Адамның қарны мен тісі кез-келген шөпті бұралап соғып
тамақ қыла алмайды. Табиғатта не бары 50 мың түрлі өсімдік
бар. Соның ішінде адамға ас болатыны 300-ақ түрлісі. Бұлардың
кейбіреулері шикі, бірқатары пісі күйінде тамақ болады. Басқа
өсімдіктің ішінде де адамға тамақ болатын нәрселері бар, бірақ
оларды адам қарны пісіре алмайды. Сонда да сол жеуге келмейтін
шөптер адамға тамақ болады.
Жеуге келмейтін шөп болғаны қалай, оның тамақ болғаны
қалай? Бұл шөптер адам жеуіне келмегенмен мал жеуіне келеді.
Малдың тісі ағаштың қабығын да, бұтағын да, жапырағын да,
өсімдіктің қалған қатты сабағын да, жемісін де шайнауға келеді,
қарны пісіруге келеді, жұтқан шөп мал ішіне барған соң қан, ет,
май болады. Ет пен майды адамның қарны оп-оңай пісіреді.
Сонымен мал адам жей алмайтын шөпті жейді. Мал етін адам
жейді. Өте ерте заманнан бері қарай адам барлық шөп пен малдан
пайдалануға дағдыланған. Шөптің көбін адам өзі жейді. Өзі жей
алмағанын мал арқылы жейді. Мал адам жей алмайтын өсімдігін
ет пен май қылып беретін машина сықылды.
* * *
Малдың еті адамның тісіне жаққан соң, жеуге келмейтін шөпті
жинамай, еті мен майы үшін малды өсіре бастады. Бұрынғы
тағылардың да тамағының дені ет болған, шөп тамақты тек аң
қолға түспегенде жеген. Мал бағуға үйренгенше осылай өмір
сүріп тұрған, мал асырауға үйренген соң адам тұрмысына мықты
өзгеріс кірген.
Бір тағының тұратын жеріне он көшпелі мал шаруалары
тұрады, бірақ екеуінің де жейтін тамағының дені – ет. Ел көбейіп,
қонысы тарылған соң, жайылым азайған соң, адам баласы амал-
сыз еттен басқа тамақ іздеген. Сол еттен басқа тамағы – өсімдік.
Тұрмыстың бұйрығы деген міне, осы. Тұрмыс бұйырса
адамның істемейтіні жоқ.
«Уеңай труд» кітабынан
ӨСІМДІКТІҢ ПАЙДАСЫ
Ашыққан адам аритынын әрі білеміз, әрі түсінеміз. Адам де-
несі де басқа нәрселер сияқты тозады, шығынданады, шығыны ас-
пен толығады. Тамақ денеге сіңіп, тамақ ішіндегі нәрселер денеге
керек нәрселерге айналатынын байқау қиын емес. Бұл – бір.
Тамақсыз я тамақ кемістігінен күш құрып, әлі кетіп, қуат азая-
тыны да белгілі. Аш адам мен аш жандықта әл болмайды. Ас жесе
күш кіреді. Ас – адамның арқауы. Арқаусыз өрмек тарқатылып
кететіні сияқты, ассыз адам күші де құрып кетеді. Жұмыс көбірек
болған сайын денеге тамақ көбірек керек. «Жүрер аттың тоғы
игі» дейді. Аттың жұмысы артқан сайын тамағы да мол болу
керектігін жұрттың бәрі де біледі. Сүйтіп, ішкен тамақ денеге
сіңіп, толықтырып өсіріп қана қоймай, денені қимылдату үшін де
қызмет етеді.
Жандық пен адам тамақ ішкенде денесін сақтап қана қалмайды,
күшін де сақтайды. Енді бір қап сұлының, бір түйір нанның, бір
білем еттің ішінде тұратын не күш деп сұрау туады. Бұған көңіл
қанағаттанарлық жауап беру үшін өсімдік ішіндегі нәрселердің
сырын және ол заттың қайдан шығатынын, жағдайын білу ке-
рек. Өсімдік ішіндегі нәрселер дейтін себебіміз – мал мен түрлі
жандықтар да сол өсімдіктен шығады. Үйткені, малдың еті
дегеніміздің өзі түрі өзгерілген шөп пен астық қой.
Күш дейміз. Күш деп нені айтады? Адам күштің не екенін
біледі. Кісі күш деп қимылды тоқтататын, болмаса қимылдататын
я кедергіні жоятын қуатты айтады. Мұны табиғатқа жанастырғанда
құбылыстардың түсініксіз себептерін қимылды күш дейді.
Күштің түрімен танысалық. Бала күндерінде шиден жақ
атқандарың бар. Жақтың екі басын ию үшін күш жұмсайсыңдар,
екі басын тартасыңдар. Сол кезде мөлшерлі күш жұмсап, күшті
шығын қыласындар. Қолдарыңды тартып алғанда жақтың екі басы
қайтадан жазылып кететінін білесіңдер. Жақтың екі басын сендер
жазып күш салмасаңдар да, өздігінен қимылдап, бұрынғы орнына
барады. Мұнан не білінеді? Мұнан байқалатыны сол – жақтың екі
басы иілгенінде ішінде бұрын жоқ күш тап болды. Міне, сол күш
жасырынып, бой тасалап, кезі келсе қимылдауға тұр. Сендер жақ
басын игенде жазыларлық күш салдыңдар. Құдыққа түскен мал-
ды тартқанын көргендерің бар шығар. «Ауп!» деп тартқанда мал
көтеріліп қалады. Арқанды босатса, төмен жылжиды. Түйе артар-
да күш жұмсап жүк көтересіңдер, түйеге теңдейсіңдер, арқанмен
байламаса, ол жүк төмен түсіп қалады. Аспанға тас лақтырсаңдар,
тас төмен түседі. Айнала қарасаңдар, қашанда, қайда болса да
осындайларды көресіңдер.
Көрініп тұрған ашық күш – қимыл, көрінбей тұрған, жасы-
рын сақталып тұрған күш – қосалқы күш. Сүйтіп, күш екі түрлі
болды. Ашық күшіміз мәселен, қолымыздың қимылы, жасырын
сақталмалы күшіміз мәселен, жақтың иіліп тұрғандағы күші.
Үй салғанда кірпіш жоғары көтеріліп қойылады, байластырма-
са ол кірпіш құлайды. Олай болса кірпіштің ішінде де жасырын
сақтамалы күш бар. Сүйтіп, күш қимыл болып көрінеді де, бой та-
салап жасырынып, сақталып тұрады және күш жойылып кетпей-
ді. Қимыл сақтамалы күш болады. Сақтамалы күш қимылға айна-
лады. Бұған мысал – әлгі жақ. Сақтамалы күйінде күшті болашақ
уақытқа әзірлеп, қор қылып қойып, керегінше шығаруға болады.
Сағат бұрағанда қолымыздың қимылы сағаттың тетігіне қорлық
күш жинатады. Келесі сол уақытқа шейін сағаттың тілі жүреді.
Табиғатқа айнала қарасақ, осыны көреміз. Мұнан байқалатын сол
– күш (энергия) дүниеде кемімейді де, артпайды да, жоғалып кет-
пейді де, тек бір күйден екінші күйге түседі. Міне, осыны «күштің
сақталу заңы» дейді.
Мәселен, жерге қазық қаққанда, қолымыз қимылдап күш
жұмсаймыз. Ол күшіміз қайда кетті? Қазық қаққанда басы қызады.
Міне, сол қызу біздің жұмсаған күшіміз. Қазықты жерге қаққанда
аз да болса біздің күшіміз дүниеге жылу таратты. Ол қазықты суы-
рып алу үшін, әлгі жұмсаған күшімізбен бірдей күш жұмсауымыз
керек. Паравозда жанған отыннан жылу болады. Жылу қимылға
айналып, машина жүреді. Күн жылуы суды қыздырып, бу қылып
жоғары көтереді. Аспаннан жауған жаңбыр суы өрден төмен ағып
диірмендерді айналдырады. Күн жылуы ауаны қыздырып, құйын,
дауыл тұрғызады. Мұнан не білінеді? Мұнан білінетіні сол – жылу
қимылдайтын күшке айналады да, қимылдайтын күш қызуға ай-
налады. Болар болмас жылу да, болар болмас қимылдаған күш те
жоғалып кетпейді, біріне-бірі айналып тұрады. Жылу тиісті кезін-
де қимылдап кетуге тұрған күш, қимылдап тұрған күш – жылуға
айналып сақталатын күш. Жылу қанша болса күш те сонша, күш
қанша болса жылу да сонша болады. Жылу неліктен болады?
* * *
Әр текті нәрсенің ішіндегі заттары біріне-бірі қосылуға тырыс-
пақшы. Қосылғанда біріне-бірі ұрылады. Ұрылғанда қызу пай-
да болады. Оттегі мен көміртегі қосылып, біріне-бірі ұрылғанда
қызу пайда болып, жарық шығады. Мұны кісі «от жану» дейді. Екі
заттың ұрылғанынан жылу мен жарық шыққан болды. Бұрыннан
сақтаулы іштерінде күші болмаса, оттегі мен көміртегі қосыла ал-
мас еді. Бұлар қосылғанда сақтаулы күш қимылға айналды: жылу
мен жарық болды. Жандық пен өсімдіктердің денелері де жанды.
Олай болса бұлардың денесі – сақтаулы күштің қоры.
* * *
Отын жаққанда, тамақ жегенде жылу тап болады. Бұл жылу
қайдан шықты? Әрине, тамақ пен отын ішіндегі сақтаулы күштен
шықты. Жылу күш екенін білеміз. Сүйтіп, өсімдіктің де, тамақтың
да ішінде сақтаулы күш тұрады.
Біздің ішімізде де денеміз жанып жатады: оттегі мен көмір-
тегі қосылып жатады, бірақ жайлап қосылған соң сезбейміз.
Бұл жануымызды дем алу дейміз. Оттегі мен көміртегі қосылса
қышқыл туым шығады. Қышқыл туым зиянды газ. Бір үйге кісі
толып, есік пен терезесін тарс жауып отырса, дем алу қиындалып,
адамның басы ауырады, есікті ашпаса, ондай үйде өліп қалуға бо-
лады. Ішіміздегі нәрсеміз сыртқа қышқыл туым болып шыққан
соң, денеміз шығынды болғаны, ол шығынды тамақ жеп толтыра-
мыз. Отын жанады, адам жанады, жандық жанады. Неге дүниедегі
нәрселер жанып құрымайды? Неге дүние қышқыл туымға толып
кетпейді?
Дүниедегі нәрселер жанып құрымағандығынан көрінеді. Таби-
ғатта жанудан басқа, жанған нәрселер жаңадан тағы жанарлық
күйге келіп жаңғыратындығы бар. Екінші тілмен айтқанда, қышқыл
туымды қайта оттегі мен көміртегіне айыратын нәрсе барлығы.
Айырылған соң бұлар қайта қосылады, қайтадан қосылып қайта
айырылады, сүйтіп шыр көбелек айналады да жүреді. Бұларды
айырып тұратын не нәрсе?
Бұларды айырып тұратын – өсімдік. Өсімдік ішінде «қлоро-
пол» деген нәрсе бар. Күннің жылуымен қлоропол қышқыл туым-
ды екіге айырады. Оттегін шығарып жіберіп, көміртегін алып
қалады. Жылуды күш екенін білеміз. Олай болса, күннің сәулесі
қышқыл туым ішіне оттегінен көміртегін айыратын бір күш.
Күннің сәулесі күш дегеніміз үйренбеген құлаққа жат көрінер.
Сонда да күн сәулесінің күшін күнде көріп отырмыз. Өзен-
дегі судың ағысы, ауаның қозғалып, жел тұруы диірмендерді
жүргізеді.
Бұларды жүргізетін күш күннен туады. Отын ішіндегі жасырын
тұрған жылылық та күннен шығатынын жоғарыда көрдік. Сүйтіп
күннің сәулесі – зор күш. Бұл зор күш өсімдік ішінде қышқыл
туымды айырады. Өсімдіктің өзі күнсіз қышқыл туымды айыра
алмайды. Өсімдік – күн күшінің жұмыс қылатын тек орны.
Жатқанда, дем алғанда оттегі мен көміртегі қосылады, сүйтіп
күш қимылдайды. Оттегі мен көміртегі айырылғанда бұл екеуі
қайтадан қосылуға әзірленеді, сүйтіп күш сақтаулы күйге түседі.
Өсімдік тұрмысы – күн сәулесінің күшін сақтаулы күйге түсіру.
Жандық тұрмысы – ол сақтаулы күшті жылу мен қимылға айнал-
дыру. Өсімдік тұрмысы сағатты бұрау сияқты, жандық тұрмысы
сағаттың жүргені сықылды.
Күн сәулесін өсімдік күш қылып ішіне жинайды. Соның үшін
диқаншы аз күш жұмсап, көп күш жинап алады. Ол жинап ала-
тын көп күші – отын мен тамақ. Адам ағаш жағады, тоғайға мал
жаяды, астық сатады, бірақ мұның бәрі ауа болып өзіне қайтады,
үйткені күн сәулесінің жәрдемімен бұлары қайтадан орман, тоғай,
астық болады. Адам ауа, жарықпен сауда қылады.
* * *
Бір заманда бір жерге күннің сәулесі түсті, бірақ сәуле дым
шықпайтын қу топыраққа түскен жоқ, жаңа көктеп келе жатқан
бидайға түсті, дұрысырақ айтсақ, қлоропол түйіріне түсті.
Қлорополға түскен сәуле сөніп, жарық болудан қалды, бірақ құрып
кеткен жоқ, сәуле қышқыл туым ішіндегі оттегі мен көміртегін екі-
ге айырды. Көміртегі босанып сумен қосылып, шырышқа айналды. Шырышы қантқа айналып еріді. Өсімдік бойын кезіп-кезіп, қайтадан шырыш болып жатты. Шырыш күйінде көміртегі барып астықтың ішіне кірді, астық бізге тамақ болды. Енді көміртегі біздің етіміз бен ми тамырымызға айналды. Денемізге кіріп алып, көміртегі қайтадан оттегімен қосылам деп тырысады. Оттегін қанымыз денеге таратады. Денеміздегі оттегі мен көміртегі ішінде сақтаулы тұрған күн сәулесі тағы күшке айналады. Сол күннің ішіміздегі сәулесі бізді қыздырады. Сол күннің ішіміздегі сәулесі бізді қимылдатады. Кім біледі, сол кезде күн сәулесі миымызда ойнақ салып жүрген шығар. Сүйтіп, адам денесі күннен құралған. Бәрін қорытып қысқаласақ, бұлай болады: тамақтың денемізге барған соң күш болатын себебі – тамақтың өзі сақтаулы тұрған күн сәулесі екендігінен. Ақындар қиялын әлпештейді, оқымыстың жұпыны қара жұмысына көңілсіз қарайды. Қиялының денесіз ойлары сықылды, сол ақын да жеңілтек ауа мен жарықтан істелген нәрсе болып шықты. Мұны ақын рақаттанып, оқымыстан есітер. Ата тегіне мас болып, ғылым қызметкерлерінің жұпыны еңбектеріне менменсіп, шекесінен қарайтын адамдар бар. Қытай патшасы күн баласымын дейді. Әлгі менмендерге Қытай патшасымен қатар сенің де күн баласымын деуге құқығың бар дегенді ғылымнан естігенде, ғылымды құрметтемеске лажы болмас. Тимирязевтан КҮН Қыс күніміз төмендеп жүреді, сәулесімен қиялап, бір бүйірден жібереді; сондықтан қыс жер жүзінде суық болады. Жанды, жансыз заттың бәрі тоңады, сұры кетіп, табиғат солады, айдай әлем жансыз өлік сықылды бо-лады. Жарқырап әсем жаз келеді. Жер жүзіне жан енеді. Жылынып, жібімеген зат қалмайды, қыбырлап, қимылдамаған зат болмайды. Қар басына қысым түседі, әндетіп мұз бұзылып, күңіреніп сең көшеді. Өрден төмен су құлайды; өксіп-өксіп бұлт жылайды. Судан бұлтқа бу асады, дүркін-дүркін жер бетін қара нөсер басады. Мұның бәрін істейтін кім? Мұның бәрін істейтін – Күн. Дән ісініп өсе бастайды, ескі түбірден бұтақтар тарап, жан-жаққа кете бастайды. Ағаштар көк жапыраққа орана бастайды, көк майса аяғыңа орала бастайды. Мұның бәрін істейтін кім? Мұның бәрін істейтін – Күн.
Аюлар жатағынан шығады, шыбын-шіркей қысқы ұйқысы-
нан тұрады. Су ішінде маса туып, көбейеді, жылымен балықтар
өсіп өнеді, мұның бәрін Күн үлгереді.
Кісі бөренеден үй салады, бөренені ағаш ішінен кесіп алады.
Күн ағаш ішіне сәулесін түсіреді, сүйтіп ағашты да Күн өсіреді.
Адам қыс кірпіштен үй қалайды, беріктікке кірпішін избизбен
(известь) байлайды. Избиз бен кірпішті күйдірген отын, отынды
әзірлеп қойған – Күн.
Адамға тары мен нан керек еді, бұлар Күн күшімен өнеді. Адам
малдың етін жеп, сүйегін кеміреді, мал шөппен семіреді, шөпті
күн өндіреді.
Керек деп адам нан жияды, жеген кісіні нан қыздырады, пеш
отынмен жылынады. Қысқа қарай жұрт отын жияды, ол жиғаны
Күннің жылуы болады. Қыс пешке отын жақтым дегенің – үйге
Күннің жылуын жібергенің.
Жылу тікелей Күннің өзінен болады я отын мен көмірге, астық
пен шөпке сәуле боп түскен көзінен болады.
Жел диірмендер, от диірмендер айналып жатады, астық тарта-
ды. Оларды кім жүргізеді? – жел мен су. Желді кім үргізеді? Желді
үргізетін жылу. Жылу қайдан шығады? Жылу Күннен туады. Бір
жерде ауа ісіп жоғары ұшады, оның орнына қарай басқа жерден
салқын ауа жылысады. Сүйтіп, жел соғады, олай болса жел де жы-
лудан болады, жылудың өзі күннен туады.
Пабриктерде (фабрика) машиналар жұмыс қып жатады, от ар-
бамен от кемелерді машиналар сүйреп зырқыратады. Машиналар-
ды жүргізетін бу болады, бу отыннан туады. Отын ішінде Күннің
жылуы тұрады.
Қимыл жылудан туады, жылусыз жаның бір сағатта шығады.
Міне, енді көреміз, тек жылу болса ғана қимылдап өмір сүреміз.
Жылу кем болса қимыл да кем, жылу ден болса, қимыл да ден.
Жылу өте күшті болса, қимыл да өте күшті.
Сүйтіп, қимылдағаның мен жүргенің,
Жан болып өмір сүргенің,
Қыбырлап жерді басқаның
Бәрі Күннің арқасы,
Әйтпесе, қолыңнан келмейді басқаның.
Л.Н. Толстой
ТАбиғат құбылыстары
ЖЕЛ НЕДЕН БОЛАДЫ? Желсіз тып-тынық күн болмайды. Ертеңгісін күні тып-тынық болып тұрса, зауал ауа жел біліне бастайды. Мәселен, жазды күні ауа әлі тынық болса, әлі жел соғып кетіп басыла қояды. Мұны қазақ бөгелектің желі дейді. Тып-тынық жел білінбей тұрса да, атқа мініп шапсақ қоңыр салқын жел есіп қоя береді. Тымырсық ыссыда қазақ атына мініп жолаушылап тарта береді. Атқа мінген соң қазір жел соғып салқын болады дейді. Сол жел қайдан шығады? Сол желді қандай күш соқтырады? Мұсылмандар жел кереметпен соғатындай көреді. Сырапыл періште желді басқарып тұрады, желді соқтырып, соқтырмау Сырапылдың қолында дейді. Бұл рас па? Ғылым не дейді? Ауа – серпімді нәрсе. Серпімді нәрсе деп қысса қысылып, қысуды қойса жазылып кететін нәрсені айтады. Мәселен, түтін серпімді нәрсенің бірі. Жан-жағынан қоршамаса, түтін сияқты, ауаны ұстап тұруға болмайды, жан-жаққа тарап кетеді. Мәселен, түтінді жібермейін десең жан-жағын бітеп қоясың ғой. Қимайы я ыс салғанда түтіннің жан-жағын бітемесе болмайды. Ауа да сол түтін сықылды, жан-жағына тарап кетеді. Неге тарап кетеді? Ол мынадан: қатты тас сияқты нәрсені бітемей-ақ, кез-келген жерге тастасаң азаймайды да, көбеймейді де, орнында жатады. Қатты нәрсе түтінше жан-жағына тарап кетпейді. Үйткені, тастың түйірлері бір-бірімен мықтап ұстасулы. Ол түйірлерін тарату үшін өзінен де қаттырақ нәрсемен ұру керек. Суды аузы ашық болса да, түбі айналасы бар ыдысқа құймасаң, тарап ағып кетеді, оның себебі, тастан гөрі су түйірлерінің ұстасуы әлсізірек. Ауаны ауызы ашық ыдысқа да ұстап тұра алмайсың, үйткені ауаның түйірі бірімен-бірі ұстаспайды. Ауа серпімді. Серпімділігімен жан-жаққа тарай бермеске амалы жоқ. Сонымен, ауа өрісі тозғанда сусып, жерге тоқтамайтын мал сықылды болады. Ауа жылжымалы болса, қалай жылысады? Ауа бұлай жылысады. Жылы ауа жоғары шығады. Салқын ауа төмен түседі. Ол неліктен? Ол мынадан: қызған нәрсенің тұлғасы ұлғайып, көп орын алады, суыған нәрсенің тұлғасы семіп аз орын алады. Мәселен,
қазандағы сүт қайнаса тасып төгіле бастайды. Үстіне қатындар
мұздай су құйса, салқындаңқырап басыла бастайды. Ауа да сондай:
қызса ауа да сүтше орынды көп ала береді. Орынды көп алғанмен
арасы сирейді, бірақ салмағы артпайды. Салқын ауа тығызырақ.
Сирек ауадан тығыз ауа әрине, салмақтырақ болады. Салмақты
нәрсе астына түсіп, жеңіл нәрсе үстіне шығады. Мәселен, ағаш су-
дан жеңіл, соның үшін ағаш су бетінде жүзеді, батпайды. Су майдан
ауыр, соның үшін еріген май құйған ыдыстың ішіне су құйсаң май
бетіне шығып, су астына кетеді. Ет асқанда астында жатқан еттің
майы сорпаның бетіне шығатыны да сонан. Қызған ауаны салқын
ауа сығып, еттің майы сорпаның бетіне шыққаны сықылды жоғары
шығарады. Жердің бетін Күн жылытады, бір жерді көбірек, бір
жерді азырақ жылытады. Көбірек жылынған жердегі ауа жоғары
көтерілмеске амалы жоқ. Жылы ауа жоғары көтерілген соң, орны
бос қалады. Оның босаған орнына қарай екінші жердегі сыбайлас
суық ауа жылысады, үйткені ауа жылысқақ, серпімді екенін көрдік.
Суық ауа ауыр болған соң, жердің бетімен жылысады. Ауаның
жылысқанын жел дейміз. Міне, желдің соғатын себебі осы. Жел
табиғаттың заңымен амалсыз соғады. Оны ешкім я соққызып, я
қойғыза алмайды. Күн әлі жылынып, әлі салқындап тұратынын
біз білеміз. Соның үшін жел де әлі соғып, әлі тынып тұрады.
Желдің соққаны керемет емес, қайта соқпағаны керемет болар еді.
Неге десең, Күн жерді қыздырмай, жердің бәрінің суықтығы бір-
дей болса ғана жел болмас еді, мұндай нәрсе болып көрген емес.
Күн қыздырып тұрса да, әр жердің жылылық, суықтығы түрліше
болып тұрса да, жел соқпаса керемет сонда да болар еді. Сүйтіп
ауа қызып, бір жерде жоғары шығады, бір жерде салқындап төмен
түседі. Қызған ауа салқын жаққа қарай жөнеледі, салқын ауа ыссы
жаққа қарай жылысады.
Жоғары төмен де, жер бетімен де жылжып тұрған ауа. Ауа тын-
бай дүниені мәңгілік шырқ айналады да жүреді.
Желдің себебі не екенін білген соң, қалай қарай соғатынын да
түсінуге болады. Біздің қазақ даласында жел қысты күні көбінесе
Арқадан соғады. Орал, Торғай халқы, «Жайық басынан жел
тұрды; Жайық басынан жел тұрса, жаз да болса қыс болар»
дейді. Ол неліктен? Оның себебі мынау: біздің Арқа жағымыз
суық, күн жағымыз қысты күні де жылы. Жылы жақтың ауасы
қызып, жоғары шыққан соң, қысы ылғи суық болып тұратын мұз
теңіз жағының суық ауасы оңтүстікке қарай ауады. Жазды күні
күндіз қырда ыссы болып тұрғанда, суға жақындағанда, бетке
қоңыр салқын жел тиеді ғой, үйткені қырда тез күндіз ысып, ау-
асы жылып, жоғары шығады, су жерден кешел жылынады, олай болған соң, ауасы да салқын болады. Судың салқын ауасы қырдың ысып, жоғары көтерілген ауасының бос орнына қарай жылысады. Тек жер бетінде ғана емес, аспанда да жел болады. Неге десеңіз, ауа тек жер бетімен ғана жылыспай, аспанмен де жылысады, аспанға шыққан жылы ауа салқын жаққа қарай ауады. Аспанға ұшқан адамдар айтады: жоғарыда жел ерсілі-қарсылы соғып тұрады деп. Желдің ерсілі-қарсылы соғатынын бұлттан байқауға да болады. Мәселен, бір жақтан жел соғып тұрғанда, екінші жақтан қарсы бұлт ойнап шыға келіп, қарсы жел тұрғызады. Биік тауларда да осыны аңғаруға болады. Атлант мұхитының ортасында «Ненереб» деген аралда биік тау бар. Сол таудың бауырында жел Арқадан оңтүстікке қарай соғады да, басына үш жарым шақырым шыққанда оңтүстіктен Арқаға қарай соғады. Онан жоғары барсаң, аяз болады. Әлгі үш шақырым биікте оңтүстіктен жүретін жылы ауа. Аралдан оңтүстікке қарай жылы жел енді үш жарым шақырым емес, 5-8 шақырым жоғарыда жүреді. Бұл оңтүстік жылы жақтан солтүстік суық жаққа қарай жүрген ауа салқындап, төмен түсетінін көрсетеді. Міне, желдің қалай соғатыны: ауа жер жүзін кезеді. Әуелі ауа бір жерден екінші жерге жылысады. Ілгері-кейін жылысады, екінші, ауа жоғарыдан төмен, төменнен жоғары жылысады, жерден көкке шығады, көктен жерге түседі, өмірде тыным таппайды. ҚАНДАЙ ЖЕЛДЕР БОЛАДЫ? Жел – мықты күш. Күш деген нәрсе екі ұшты болады: күштің пайдасы асқар таудай, зияны қылышынан қан тамған жаудай болады. От та – күш. От адамға айтып тауысқысыз игілік қылды. От кейде талай жанды, малды, мүлікті жалмап жоқ қылады. Күштің екі ұштылығы – осы. Жел күші де сондай. Желден пайда көп, кейде зияны да олқы соқпайды. Жел түрлі-түрлі болады. Ақырын соғатын жел бар, қатты соғатын жел бар. Ұзақ соғатын жел бар, тез сөнетін жел бар, жылы жел, салқын жел, суық жел, ыссы жел бар. Бір сөзбен жәй соққан жел – пайдалы жел. Сол пайдалы желдер болмаса ұн тартатын жел диірменнің қанаты айналмас еді, суда жел кемелер жүзе алмас еді, жаман жердің ауасы жақсы жердің ауасымен жаңғырып, тазарып тұрмас еді, бұлт жүріп, жаңбыр жаумас еді. Жауын тамбаса, жерге түк шықпас еді, қысқасы жер үстінде тұру қиын болар еді.
Жәй желдің пайдасы қандай көп болса, қатты желдердің
сойқаны сондай көп. Қатты желді жаз күні біз дауыл дейміз, қыс
күні боран дейміз; бұлар жаз үйді жығады деп қорқамыз, қыс
малды қырады, адам ылағып, ұшып өледі деп қорқамыз. Басқа
жерлерде де сондай қорқынышты дауылдар бар. Кей жерде қазақ
даласындағы дауылдың әкесіндей дауылдар болады. Мысыр
жерінде «қамисин» деген дауыл болады, қамисин – араб сөзі,
елу дегенге келеді. Бұл ат дауылдың елу күндей соғатындығынан
қойылған.
Қамисин соққанда анау-мынау соқпайды, өте қорқынышты
күйде соғады. Қамисин таянған кезінде, күн ілгері аспан көк
түсінен айырылып, мұнартып, сарғая бастайды. Күн жарқырауы
қалып, түтеп, ай сияқты бозарып, өңі қаша бастайды. Жасыл
жапырақтардың түсі оңып, көкшіл көріне бастайды. Адам-
дар асығып-үсігіп, үйге жетуге ұмтылады. Ауа лебі оттай тиеді.
Адам да, хайуан да тұншығып өле жаздайды. Бір кезде дауылдың
зуылдаған дауысы шығады. Ал, дауыл жетті! Ағаштар шыбықтай
иіледі. Хайуандар азан-қазан болып шулайды.
Адамдар ыссы желдің лебінен қорғаларға орын таппайды.
Тамағы құрғайды. Беті-қолдарының терілері жиырылып, жарылуға
жақындайды. Дауыл әлі күрілдеп күшеюде. Дауыл күшейген сай-
ын, көк қарауыта береді. Ыссы жел ағаштарды құлатады, үйлерді
қиратады. Жердің жүзін құм, тұман қаптайды. Шаң кірмеген нәрсе
қалмайды. Солай бір-екі сағат соғып, дауыл толастайды. Біраз ба-
сылып, қайта соғады. Сүйтіп бір тынып, бір көтеріліп елу күндей
соғады. Дауыл басыларда шөп, ағаш, үйдің бәрін сап-сары шаң
басып қалады.
* * *
Априкеде (Африка) «Сақара» деген ұшы-қиыры жоқ, зор шөл
бар. Жер жүзінде мұнан зор шөл жоқ. Біздің бетпақтың даласы
Сақараның бақайынан да келмейді.
Сол Сақарада «самум» (ыстық жел) деген дауыл соғады. Са-
мум соққанда шөлде келе жатқан адам соры қайнаған адам: өлімге
бас байлағанмен бір. Дауыл ішін тартып, құмды бұрқыратып келіп
соққанда, тірі жандық жүре алмайды. Бораған шаңнан күн көзі
көрінбейді, қараңғы болады. Тұншығып өліп кетпес үшін түйелер
басын құмға тығып, адам бүркеніп жатады. Ыссы топырақ ауыз-
мұрынға кіріп қыздырып, тұншықтырады. Жандық біткенді
тірілей көмеді. Жан есінен танып құлайды. Сол кезде дауыл ба-
сылмаса, бәрі де қырылады. Мұнан екі мың төрт жүз жыл бұрын
бір қызыл бас патшасының 50 мың әскері тегісінен құм астында
тірілей көмулі қалған.
* * * Ураган жылы жақтарда өте қатты дауылдар болады. Қатты жел бір жерде ауа кенеттен өте мықты жылынып кеткеннен болады. Бұл жерге тұс-тұсынан ауа бірден ұмтылады. Ауа жүріп келе жатып, дөңгеленіп шыр көбелек айналады. Зор құйын болады. Иірімдегі судың айналғаны сияқты болады. Бірақ, иірімнің аузы кең жағы темен қараса, құйынның кең жағы жоғары көкке қарайды. Қазақ даласында да үй жығып кететін, пішенді аударып кететін, зымненкенің төбесін жүлып кететін дауыл құйын болады, бірақ жылы жақтағыдай екпінді үлкен болмайды. Үйірілген дауылдың екі шеті кейде мың шақырым я онан да артық болады. Үйірілген құйындарды «тысыклон» (циклон) (тысыклон – дөңгелек деген сөз) я ураган дейді. Тысыклон құйынша үйірілгенімен, бір жерде тұрмайды. Ілгері зырғи береді. Құрғақ тап келсе, құрғақпен, теңіз тап келсе теңізбен талғамай жүре береді. Теңізде кездейсоқ кез болған нәрселерді өзімен бірге іліп алып, қиырға алып барып тастайды. Жерде тап келген нәрсенің бәрін қиратып кетеді. Үйдің төбесін жұлып кету, анау-мынау ағашты қопарып кету, ат арбаны жолдан лақтырып тастау тысыклонға бұйым емес Тысыклон болғанда күн шартылдап, найзағай ойнап, жай түсіп көп жерді, нәрсені өртеп кетеді. Тысыклон талай рет болған. Адам білерде ең күшті ураган 1870 жылдың 29 сентябрінде Америкенің (Америка) жиегінде болған. Ураган «Барбадос» аралынан басталып, аралдағы үйді дымын қалдырмай қиратып, ағаштың дымын қалдырмай қопарып кеткен. Сол кезде аңғылшандар прансузбен (француз) бірге Америкеге қарсы соғысып жатқан уақыты. Бір аралға аңғылшандардың үлкенді-кішілі біраз кемесі тұрған, дауыл сол кемелердің бірін қалдырмай судың астына жіберген. Мұнан шығып ураган айдап отырып, тағы бір аралға келіп, дымын қалдырмай қиратып, алты мың адамын өлтіріп кеткен. Мұнан соң ураган үшінші бір аралға тартып, онда тұрған прансуздардың қырық кемесі мен төрт мың адамын суға батырған. Бір адам да тірі қалмаған. Сол аралда бірнеше қаланы жылан жалағандай, орнында дым қалдырмастан сипап, жоқ қып кеткен; «Мартинка» деген аралда тоғыз мың кісіні қырып салып, тағы бірнеше аралдарды қиратып, бүлдіріп болып ураган мұхиттың үстіне түсіп алып жөнелген. Мұхит үстінде неше жылдан бері матростар үйін көрмей сағынып, қайтып келе жатыр екен. Аңғылшан теңізшілері мініп келе жатқан бірнеше кеменің соңынан мұхит үстінде қуып жетіп, бір қатарын суға батырып кеткен. Көп теңізшілер тіпті үйлерін көре алмай қалған. Барба-
дос аралында жел тіпті күшті болған. Халқы үйдің астына, базға
жасырынып қалған. Ураган олардың үстіндегі үйлерді құлатып,
қирата берген. Желдің дауысының күштілігінен астында жатқан
адамдар үйлердің қираған дауысын ести алмаған.
Ісмертіш (Смерчь). Ураганның ені кейде әлденеше мың шақы-
рымдай болады, бірақ ені бірнеше таяқтық құйын да болады.
Мұндай қатты құйынды «ісмертіш» дейді.
Ісмертіш жуан, ұзын, шаң-тозаң құмнан құралған баған. Баған-
ның бір ұшы бұлтта, бір ұшы жерде я суда болады. Айналасы
дөңгелек, өзі дөңгеленіп үйіріледі, бірақ бір жерде тұрмайды,
дөңгеленіп отырып ілгері жүреді. Кейде ені жетпіс я онан да
асу болады. Бағанның екі басы домбал, ортасы жіңішке болады.
Ісмертіш жүрген жерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдап оты-
рады, жүргені тарс та тұрс. Кісінің құлағын жаңғырықтырады.
Жүріп келе жатқанда ісмертіш маңындағы тас, ағаш, құм, шөп
сияқты нәрселерді ішіне тартып алады. Кейде ісмертіш жалғыз
жүрмей, әлденешеуі қатарда жүреді. Күші мықты болады: қарсы
соққан мал, адам болса көтеріп кетіп, алысқа алып барып тастай-
ды. Үйлерді құлатып, ағаштарды жұлып кетеді. Бара-бара ісмер-
тіш белінен бөлініп, екі айырылып кетеді, жоғарғы жағы бұлтқа
шығып, төменгі жағы жерге басылып, жоқ болып кетеді.
Ісмертіш теңізде де болады. Теңізшілер айтады: зеңбірекпен
атса, ісмертіш шашылып-шашылып жоқ болады деп.
Біздің қазақ даласында ісмертіш өте сирек болады. Далада
жүретін құйын сол ісмертіштің азғыны. 1922 жылы Ақмола об-
лысында үлкен ісмертіш өткендігін газеттерге жазды. Жарқыл-
дағанынан ішіне нәрсені үйіріп алатынына қарай қазақтар оны
айдаһар деп ойлапты.
Міне, желдің күші, міне, желдің зияны. Мұндай желдер таби-
ғаттың мықты қорқынышты құбылыстарының бірі.
ДАУЫЛ
Бұрқырап күн батыстан шықты дауыл,
Күркіреп аспан жүзі жауды жауын.
Найзағай жарқылдайды, от боп жайнап,
Тиеді шағылысып көзге ауыр.
Теңізден бір қалыпта тұрған аумай,
Толқындар көтерілді таудай-таудай.
Кетеді арпалысып, жанталасып,
Үстіне бір-бірінің аунай-аунай.
Соғады дауыл тынбай қатты зулап,
Толқындар көтеріліп будақ-будақ,
Қия тау, жағадағы зеңбір тасқа
Гүрс етіп соғылады улап-шулап.
Кемелер суда жүрген, кезіп теңіз,
Ұрынды дауыл желге бәрі тегіс.
Теңселіп, шайқалысып сілкінеді,
Бермеске толқындарға сірә жеңіс.
Қаптағай
АСПАННАН ЖАУҒАН ҚҰМЫРСҚА
Ыссы күздің басы. Ауыл Ырғыз дуанынан шалқар бір көш.
Сайқұдық деген жерде. Жер от, мал семіз. Ол кезде әлі жиянгерлік
соғысы басталған жоқ. Қазақың малға толық уақыты: сар далаға
мал ыңырсып сыймайды, малдан жер қайысады деуге келетін
кез.
Ертеңгісін күн тымырсык, бұлтсыз, ыссылау болды да, түс
қайта кенеттен бұлт көтеріліп, дауыл соқты. Қатындар үйге арқан
салып бекітіп, қаптарын иығына салып, жаңбырдан бұрын тезек
теріп алып қаламыз деп, ауыл сыртына қарай асып бара жатыр.
Түнеріп ойнап шыққан қара бұлт қара нөсерді шелектеп құяды
деп, жұрт күтіп тұрды. Қара бұлт төніп ауыл үстіне келгенде, ел
таңдануының, үрейленуінің, түрлі жаққа ой жүгіртуінің ұшы-
қиыры болмады: бұлттан құйылып уақ, жіңішке бел, қызыл ала
құмырсқалар жауа бастады.
Алыстан айдалып келген құмырсқалар жол соңынан тыны-
ғып, дем алудың орнына, түсу бойына аш адамша тамақ іздеп,
жан-жаққа асығыс тарай бастады. Үйдің іші, ашық тұрған сүттің
беті құмырсқаға толды, бірақ адамды шағып, мазасын кетірген
жоқ.
Құмырсқаны басқа жаққа ауғызамыз деп қазақ керегенің бауы-
на жылқының тезегін іліп қойды. Үйтті-бүйтті, бәрінен де пайда
болмады. Құмырсқалар шөп қиып, өз жұмысын басқара берді.
Құмырсқа жауғанын жұрт түрлі нәрсеге жорыды; молдалар-
дан сұрасты. Бірақ деректі дәлел таба алмады. Біреулер құмырсқа
жауғанын жақсылыққа ұйғарды, біреулер жамандыққа ұйғарды,
біреулер қыс қатаң болады деп болжады, біреулер қыс жақсы бо-
лады деп түсінді. Әңгіме көбейді, созылды. Молдалар да көңіл
тұрарлық жауап бере алмады: бұрынғы пәлен пайғамбар қауымына
Құдай ашуланғанда, аспаннан түрлі зиянды нәрселер жібереді
екен, түбі мұның керемет десті молдалар. Бірақ, құмырсқаның зи-
янды-зиянсызын, неге түскенін ашып айта алмады.
Жұрт құмырсқа жауғанын олай да, бұлай да тартқылап
жүргенде, құмырсқалар жан-жаққа тарап, сиреді; шаруасына ай-
налысып кетті. Қазақ әңгімесімен ісі де болған жоқ. Бірақ мез-
гіл өткен соң, құрт-құмырсқа қысқа қарай жата бастады, біздің
жүргінші құмырсқалар да жатып қалды.
Сол жылы қыс шаруаға аса жайлы болды; жылқы ішті бол-
ды, тоқтыға шейін қашты. Ел құмырсқа жауғанын берекетке,
жақсылыққа жорыды. Келесі жылы жиянгерлік соғысы басталды.
Ел шаруасы күйзеле бастады. Соғыс уын, ызғарын ел тұрмысына
жая бастады. Енді жұрт құмырсқа жауғанын жамандыққа ұйғарды.
Бірақ, анық, не себептен құмырсқа жауғанын шеше алған жоқ.
Бәлкім, шәкірттер айтпас па екен, құмырсқаның қалай
жауғанын? Айта алмасаңдар келесі мақаланы оқыңдар.
АСПАННАН ЖАҢБЫРДАН БАСҚА ЖАУАТЫН
НӘРСЕЛЕР
Желдердің күші түрліше болады. Бір жел бетіңді желпіген
тәрізді назданып, жәй соғады. Бір жел қаттырақ соғып, уілде-
ген дауысы естіліп тұрады. Кейбір жел үй жығып та кетеді, үй
жыққаннан да қаттырақ соғатын жел болады. Қатты желді қазақ
дауыл дейді. Желдің күші жүрісінің жылдамдығына қарай бо-
лады. Біздің қазақ даласында қүйын көп жүреді. Құйын да жел,
бірақ ауданы кішкене жел, құйынның да күші, биіктігі түрліше бо-
лады: біреуі үйдің бостау байланған түндігін жұлып алып кетіп,
анадай жерге апарып тастайды. Біреуі киіз үйді құлатып кетеді.
Біреуі аласа, біреуі бұлтқа дейін жетеді. Үйімді жығып кетпесін
деп қазақ қүйынға «Таздың үйіне бар! Таздың үйіне бар!» деп
ақыл айтады. Ауданы әлденеше жерге дейін кететін құйындар да
болады. Әсіресе осылар биік тауларда, бірақ бұлар қазақ даласын-
да өте сирек жүреді. Құйын суда да, құрғақ жерде де жүре береді.
Қатты үлкен ұзын құйындар кейде қоралы шегірткенің
үстіне келеді; шегірткені орап-орап алып, көтеріп кетіп, аспанға
шығарады, бұлтқа жеткізеді. Тау, ағаш сияқты кедергі жоқ болған
соң, аспанда жел қаттырақ соғады. Шегірткені қатты жел іліп алып
жөнеледі. Жел шегірткені жүз мың шақырым жерлерге шейін кей-
де алып келеді. Жерге түсуге шегірткеге қатты жел әл бермейді.
Барып-барып, жел басыла бергенде шегіртке жерге құйылады.
Жаңбыр болып жауады. Осындай шегірткеден жаңбырлар талай
рет жер жүзінде болған.
1827 жылы Ресейдің Тверь деген гүбернесінде (губерния) шөп басында үйісіп тұратын жүнді құрттар жауған. Жұрт жаман қорқып, сасқан: бұлттан құрт неге жауғанын, бұлтқа құрт қалай ілінгенін түсіне алмаған. Құрт бұлтқа ілініп жүргеннің себебі сол: Тверь гүбернесіне өте алыс жерде құртты қатты құйын көтеріп, орап-орап бұлтқа жеткізген. 1837 жылы Германияның «Еипел» деген жерінде уақ қоңыздар жауып, бірнеше жүз шақырым жердің бетін қаптап кеткен. Кейде бұлттан шаяндар және шаяндардың қабығы да құйылған. 1841 жылы Дания деген Еуропадағы бір мемлекетте аспаннан балық жауған. Аспаннан жандықтар түгіл, өсімдіктер де жауады. 1804 жылы Испания деген Еуропаның бір мемлекетінде ажаб жаңбыр жауған, кенеттен аспаннан бидайдың дәні төгіле бастаған. Бидай едәуір көп жауған. Бұл бидайдың жайы бұлай екен: Априке (Африка) деген жердің бір бөлігінің темірқазық жағындағы бір талай үюлі астықты дауыл шашып, дәнін жел көтеріп кеткен. Бұл бидай Испанияға жауған екен. 1823 жылы Шех (Чех) жерінде, 1802 жылы Шуетсария (Швейцария) деген мемлекетте аспаннан кенеттен бір түрлі картоп сияқты домалақтар жауып қоя берген. Соңынан байқап қараса, бұл домалақтар басқа жерде тамақ болатын өсімдіктен шығады екен. Басқа тамақ болатын өсімдіктер жауғанын да адам баласы біледі. Ырғыз үйезінде Сайқұдыққа жауған құмырсқаларды да алыс жерден қатты құйын көтеріп кеткен. Орай-орай бұлтқа жеткізген. Бұлтпен еріп отырып, қатты желден жерге түсе алмай, жел бәсеңдей бергенде Сайқұдыққа құмырсқа жауған болады. Мұнда ешбір керемет жоқ. Адам баласы нені түсінбесе, соны керемет дейді. Түсінген сайын керемет құри береді. АУА Ауа көзге көрінбейді, бірақ сезіледі. Жақсы ауа бар жерде болсақ, жанымыз жай табады. Жаман ауа бар жерде тұрсақ, тұншығып, деміміз тарылып, өліп кете жаздаймыз. Жалғыз адам емес, жандықтың бәрі де солай. Мәселен, жазғытұры жаман жер үйден сыртқа шықсақ, таза ауа жұтып бойымыз көтеріліп қалады. Ауруларды дәрігерлер ауасы жақсы үйде бағады, кейбір ауруларды ауасы әдемі жаққа жіберіп жазады. Ішіне уақ, арық-тұрақ мал байлаған жер үйге кірсек, тұншығып, басымыз айналып, кейде ауырып та қаламыз.
Ауаны көрмесек те, бар екенін сезуге болады, қолымызды жанжаққа сермесек, леп білінеді. Желпуіш алып шайқасақ, бетімізге леп тиеді. Жерде жатқан мамыққа алақанымызды жайып, қолымызды тигізбей сермесек, мамық қозғалады, ұшады. Мамықты қозғайтын леп. Міне, сол леп – ауа. Қолымызды жоғары, кейін, ілгері, жанжағымызға қарай сермесек те ауа қолымызға тиеді, жоғарыдан төмен секірсек бетімізге тиеді. Мұнан біздің жан-жағымыз толып тұрған ауа екендігі байқалады және қай жерде болсақ та, әлгі лепті сеземіз. Олай болса, ауаның жер үстінде болмайтын орны жоқ. Біз дем алғанда осы ауаны жұтамыз. Ауасы жоқ жерде дем ала алмай, тұншығып өліп қаламыз. Тек адам ғана емес, барлық жандықтар де, өсімдіктер де ауасыз тұра алмайды. Бәрі де ауамен дем алып тұрады. Ауасыз от екеш от та жанбайды. Бір нәрсені жандырып алып шынының ішіне салып, аузын тықсаң, тұтас жанып болмайақ, ауасы таусылған соң сөніп қалады. Шынының аузын тықпасаң, тұтатқан нәрсе әбден жанып дымы қалмағанда ғана от сөнеді. Ауасыз тіршілік, өмір жоқ. Ауа жердің жабуы. Жабу сияқтанып, барлық жерді ауа айнала қоршап тұр. Бұл жабудың қалыңдығын дәл білуге қиын; бірақ, оқымыстар ауаның қалындығы екі жүз шақырымдай деп шамалайды. Салмағы білінбесе де ауа ап-ауыр. Мәселен, бір ыдысты өлшеп болып, артынан ішіндегі ауасын машинамен шығарып (ауаны ыдыс ішінен тартып шығаратын машиналар болады), қайта өлшесек, біраз салмағы кемиді. Кеміген салмақ – ауаның салмағы. * * * Салмағы болған соң ауаның ең жоғарғы қабаты төмендегісіне салмағын салып басады; төменгісі өзінен теменгісін басады; бәрі жиналып, ең жер бетіне таянған қабатын басады. Соның үшін ауа жерге жақындаған сайын ауырланып, жоғары көтерілген сайын жеңілденеді; жерге жуықтаған сайын тығыздалып, қалыңдалып, жоғарылаған сайын сирейді. Соның үшін жер бетін жауып тұрған ауаның қанша екенін білуге болмайды. Әрине, ауа бір орында неғұрлым тығыз болса, соғұрлым көп болады. Неғұрлым сирек болса, соғұрлым аз болады. Соның үшін, бір шаршы таяқ орында, жер бетінен жоғары 30-40 шақырым биіктегіден гөрі ауа әлденеше рет артық. Ауаның түсі жылтыр, мөлдір, таза шыны сияқты. Мөлдір нәрседен күннің көзі тоқтамай өтіп кетеді. Соның үшін мөлдір нәрсе күннің көзіне дұрыс жылынбайды. Мәселен, жазды күні күннің сәулесі түсіп тұрғанда терезенің шынысын ұстап қарасаң,
сап-салқын болады; ағашы жылы болады. Ауа да мөлдір, ауа да күннің көзіне оңды жылынбайды. Олай болса ауа жылы, суық деп неге айтамыз? Ауа жаз неге жылы, қыс неге суық болады? Ауа бұлай жылынады. Күннің көзі жердің бетін мықты жылытады. Жердің бетінен барып жердің бетіне таяу ауаның қабаты жылынады. Ол қабаттан барып жылылық онан жоғарғы қабатына тарайды. Мәселен: шыны стаканның түбіне ыссы су, шай құйсаң, шайға әуелі шай жоқ, бірақ, шайға жақын жері ысиды, онан барып мұнан жоғарғы жағы ыси бастайды, ақырында жылылық стаканның ең жоғарғы жиегіне де барады. Ауаның жылынуы да сол тәрізді. Ауаның түсі мөлдір болса да, қалыңдасып көгіс болып көрінеді. Мәселен: мөп-мөлдір таза шынының үстіне әкеліп өзіндей шыны салып, оның үстіне тағы сондай шыны салып қалыңцата берсек, әлденеше қабат болған соң әлгі мөп-молдір шынылардың түсі көгіс тартады. Ауа да сол сияқты. Аспанның түсі көгіс көрінетіні сол ауадан. Үстіміздегі көгеріп тұрған ауа. Бес қабат аспан деген қате нәрсе. Аспанды қазақша көк дейді. Көк дегеніміз ауаның көгіс түсінен шыққан ат. Жоғарғы айтқандарымыздан көрінеді: ауаның төменгі жағы жылырақ, жоғарғы жағы суығырақ болатыны. Олай болса, Түркістандағы Хан Тәңірі сияқты таулардың басынан жазы-қысы неге қар кетпейтіні түсінікті. Су да мөлдір. Соның үшін жерден гөрі суды күннің көзі азырақ жылытады. Жаз жер көбірек жылынады. Қыс азырақ, кемірек жылынады, сондықтан ауа қысты күні жаздан гөрі салқынырақ болады. Бірақ, жер судан тезірек суиды. Соның үшін түнде жер салқынырақ, күндіз су салқынырақ болады. Соның үшін күзді күні қазан соғар мезгілде ертеңгісін далаға қырау түссе де, теңіздегі кемелер үстіне қырау түспейді. Қысқасы, күннің көзі ауаны өте тез жылытады. Ауадан гөрі суды көбірек жылытады. Жердің бетін бәрінен де күштірек жылытады. Жерден барып ауа жылынады. Сондықтан қыс шуақ күні ауа салқын болса да, үй төбесіндегі қар жібіп, еріп жатады. Ауа неден тұрады? Ауаның ішінде түрлі нәрселер бар. Ауаның өзі үш газдан тұрады: оттегі, азот, қышқыл туым. Газ деп жанжағынан қоршалған ыдысқа қамамасаң, тұс-тұсына жарылып кете беретін бу сияқты нәрсені айтады. Жандық дем алғанда тек оттегімен дем алады. Қышқыл туым зиянды газ. Онан жанды нәрсе өледі, жанған от сөнеді. Қышқыл туым салмақты болады. Сондықтан құдық түбіне, жыраның, апанның түбіне тағы сондай жерлерге шөгеді.
* * * Жер үстінде биік-биік таулар бар. Таудың ең биіктері Азияда болады. Дүниеде ең биік таулар Гималай таулары. Гималайдың «Көрзаңгар» деген биігі тоғыз шақырымға таяу. Біздің «ТяньШянь» таулары да жер үстіндегі биік таулардың біріне қосылады. Тянь-Шянның ең биік қиясы Хан Тәңірі деген тау. Хан Тәңірінің биіктігі бес жарым шақырым. «Гаври заңгардың» тас төбесіне әлі адам баласы шығып көрген емес. Бұл күнге шейін адам баласының төбесіне шыққан тауының ең биігі алты шақырым. Ыссы жақта болса да, тіпті қар жаумайтын жерде болса да, биік таулардың басында қысы-жазы қар жатады. Бұрынғы ескі жырларда бұларды «Барлы-барлы, барлы тау, басы биік қарлы тау» дейді. Бұлардың басын ақ сәлдеше орап, қысы-жазы қар жататыны жоғарыда ауаның суықтығынан. Адамның биік таулардың басына шыға алмайтын себебі жалғыз қардан, жырадан, қиядан, тек жарлардан өте алмайтындықтан емес, ауаның аздығынан, дем алудың қиындығынан, жоғары шыққан сайын ауа азаятынын білеміз. Соның үшін жоғарылаған сайын төменде бір дем алғанда жұтатын ауаны жоғарыда үш-төрт рет дем алғанда ғана жұта алады. Тұншығып өліп кетпес үшін, жоғарылаған сайын адам жиірек дем алуы керек, егер адам жоғары 10-20 шақырым көтерілсе, тіпті дем ала алмайды, тұншығады, есінен танып құлайды, өледі. * * * Дүние жаратылғаннан бері 10 шақырым жоғары тек екі оқымысты Глешер, Коксвел деген ағылшындар ғана көтерілген. Бұлар арестатқа мініп көтерілген. Арестаттарды жібектен я «тақыт» деген нәрседен істеп, ауа ішіне кірмесін деп бір түрлі лакпен сылайды. Арестат үш-төрт таяқ я онан ұзын болады. Ішіне түтін, ыссы ауа, я ауадан жеңіл газ толтырса, (Ыссы ауа салқын ауадан жеңіл болады. Жеңіл нәрсе үстіне шығып, ауыр нәрсе астына батады. Мәселен, су бетінде ағаш жүзеді, тас суға батады; түтін ауадан жеңіл болған соң мүржеден шыққанда аспанға көтеріледі. Жер үйде еденге жақын ауа салқын, жоғарғы жақ ауасынан ыссы болады. Соның үшін адам жазды күні керуетке жатпай, жерге жатады) арестат аспанға үшады. Арестаттың сыртын жіңішке арқанмен ау сияқтандырып істеген тормен жауып, торға жіңішке шыбықтан тоқыған аузы ашық үлкен кебеже байлайды. Кебежеге адам отырады.
Арестатты ыссы ауа мен түтіннің орнына үлкен қалаларда
көшеде, понарды (фонарь) жарық қылатын газбен толтырса да,
арестат түтін сықылданып аспанға көтеріледі. Ең жеңіл газ суте-
гі, көбінесе сол сутегімен арестатты толтырады. Міне, осындай
арестатқа мініп алып, 1862 жылдың 5-сентябрінде Глешер мен
Коксвел жоғары үшқан. Арестат тез аспандап, жоғары барған сай-
ын суық ұлғая берген жерден 3 шақырым көтерілгенде оқымыстар
бұлтқа араласқан, төменде көтеріліп келе жатқанда алыстан бұлт
бізге көрінген сияқты, жалпақ тегіс болып көрінген. Жақындағанда
тұман болған, үйткені бұлттың өзі жоғары шыққан тұман болады.
Арестат тұман арасынан жоғарылап бара жатқанда Глешер мен
Коксвел суық пен дымқыл әсерінен қалтыраған, тұман ішінде бір
нәрсені көруге де қиын болған. Бұлттан жоғары асқанда, қайтадан
жарығырақ болып, жарқыраған күн, көгерген аспан көрінген.
Жоғарыдан қарағанда бұлт бетінде ақ қар бар, қысқы дала
сияқтанып көрінген. Бұлт арасынан жер үстіндегі ауылдар, орман-
дар, қалалар, теңіздер, кемелер көрінген.
Бұлттан жоғары бұрынғыдан да суығырақ болған. Төрт-бес
шақырым жерге барғанда суықтан су қатқан. Дем алу қиындалып,
құлақ шуылдап, жүрек қатты соққан, бірақ оқымысты аңғылшан
да неде болса шыдауға бел байлап, төмен түскісі келмеген. Сегіз
шақырымға барғанда Глешер әбден әлсіреп, қолын көтеріп, де-
несін қозғауға шамасы келмеген. Енді құрттай мезгілден соң Гле-
шер есінен танып құлаған. Арестат көтеріліп жүре берген...
Екі оқымысты бірден өліп қалуға кәдік болды. Жер төменде
он шақырым шамасында қалды, Глешер көгеріп талып жатыр.
Коксвелдің де тұла бойы сіресіп, мұздап, қатты дем алуға зорға
әлі келеді; сол кезде бар күшін жинап, қолын кетерейін десе,
қолы қозғалмайды. Тасша қатып қалған. Сонда арестатқа тағулы
арқанды тісімен тістеп тартқан, (Кебеженің ішіне қапшықтарға
толтырып құм алады, жоғары көтерілгісі келсе, қапшықтарды
керегінше түсіре береді, арестат жеңіліп кетеріле береді. Төмен
түскісі келсе аузын ашады. Ішіндегі жеңіл газ шығып, арес-
тат ауырлап төмен түседі) аузы ашылып, ішінен ақырындап газ
шығып арестат жерге түсе бастаған. Он шақырымнан жоғарырақ
шыққанда аяз жиырма төрт градус болған.
Сол кезде жер үстінде ағаштар көгеріп, гүлдер жайқалып,
шөптер жайқалып тұрған уақыты. Төменде ауа тығыз, демалуға
қолайлы болғанда, жоғарыда ауа тым сиректігінен адам дем ала
алмаған.
* * * Бұл екі сабаздан соң талай адам жоғары көтерілген, бірақ сегіз жарым шақырымнан ары барғандары жоқ. Сүйтсе де, 1901 жылы әлгі оқымыстардан 39 жыл кейін немістің окымысы Берсон деген кісі ғана он шақырымнан әрірек көтеріліп түсті. Берсон дем алуға керек оттегін жеткізіп тұратын машина ала ұшқан. Бірақ жұрттың бәрі аман ұшып түсе алмай, біразын жел алып кетіп, теңізге қарқ қылған. Бірқатарларының арестаты я кебежесі сынып, жазылып кетіп құлап өлген. Көбі аман-есен жоғары ұшып, төмен түскен, жоғарыда болғандардың бәрі де айтады: жоғарылаған сайын қысты күні түгіл жазды күні де суыта береді. Жоғарыда тіпті адам шыдамсыз аяз болады; жоғарлаған сайын ауа сиреп, дем алуға қиын бола береді. Сондықтан, біздің төбемізде үш-төрт жүз шақырым жерде тіпті ауа жоқ болуы мүмкін нәрсе. Соның үшін жұлдыздар мен айға ауаның шеті жетпейтіні таң қаларлық емес. Олай болса ғарышқа, жеті қат көкке бұрынғылардың керемет иелері барып қайтыптымыс деген қысыр әңгімелері табиғат заңына, ғылым түсіндіруіне қарсы. Ғылымға қарсы нәрсе, ғылымға сүйенбеген нәрсе қате болады. Шындық, растық, хақиқат жалғыз ғылымда. Дүниеде алдамайтын достың – ғылым. НЕДЕН ӨЛДІ? Қоныс тозып, ауыл жұрт жаңаламақшы болды. Қонатын жердің құдығы терең, суы асудан шығатын еді. Күн бұрын құдықшы жіберіп, қаздырып қоймаса мал қатқақсып қалар деп, Жылқыбай ақсақал ауыл жігітін жиып апарып, құдық қаздырмақшы болды. Барған адамдар құдықты тыңнан қазатын болды, ескі апанды да аршитын болды. Бір ескі құдықтың ақпа суын төгіп болған соң түбіне Бекіш деген жігіт түсіп, өлік алып бермекші болды. Құдық тереңдігі екі кісі бойы қол ұсынымнан астам еді. Арқан ұстап түсіп, нақ жерге аяғы тиді дегенде, жігіт сылқ етіп құлай кетті. Бекіш! Бекіш! Дауыстағанға жауап болмады. Қараңғы терең құдық ішінде басы айналып талып қалды ма, әлде өліп қалды ма деп, білу үшін құдыққа Есім деген жігіт түспек болды. Бекіш арқаннан айырылып қалып, құлап, талып қалған шығар деп, Есімнің беліне арқанды байлап түсіретін болды. Құдық түбіне жеткен кезде бұ да сылқ етіп құлай кетті. Есім! Есім! деп арқанды тартса қозғалмайды. Жабылып тартып шығарып алса, Есім өліп қалған. Бұған да дау-
ыстады, Есім үні шықпады. Сол жердегі құдық қазуға барғандар құдық түбінде бір бәле бар екенін білді, бірақ не бәле екенін біле алмай абдырасты. Құдық түбіне түсуге енді ешкім шыға алмады. Құдық түбінде пері бар шығар деп үрейленіп, құдық басынан далаға қашты. Сасқандарынан біреуін ауылға шаптырды. Солай, солай болды деп ауылға келіп айтқан соң, бала оқытып жүрген мұғалім тұрып: Ол құдыққа тағы түсуші болмасын, құдық түбінде жаман ауа бар екен, тағы түскен адам болса, бәрібір, о да өледі. Жаман ауа бар екенін білу қиын емес, шам ала барыңдар, шамды жағып түбіне түсіріңдер, шам жаман ауаға жеткен соң сөніп қалады. Құдыққа барып мұғалім айтқанша шам жағып түсіріп еді, шам жанып барып құдық түбіне таянғанда сөніп қалды. Мұғалім айтқаны дұрыс екеніне көздері жеткен соң, түсуді қойып, өлген адамды арқанмен тұзақтап шығарысты. ТҰМАН МЕН БҰЛТ Су қызса бу болады, бу салқындаса қайтадан су болады. Су боларда әуелі уақ, гүлдей-гүлдей тамшы болады. Қаттырақ салқындаған тамшы біріне-бірі қосылып, ірілене бастайды. Ауа жылы болса, бу көрінбейді, үйткені түйірі тым уақ болып көзге түспейді. Ауа салқын болса, бу көрінеді, үйткені, бу уақ-уақ тамшыға айналады. Көзге түседі. Мәселен, жазды күні ауыздан шыққан бу көрінбейді, қысты күні көрінеді. Оның себебі, қысты күні іштен шығу бойына, бу тозарып тамшыға айнала бастағандықтан, жаз ат терлесе де бу көзге түспейді, қысты күні жортып, терлеп келе жатқан аттың буы аспанға будақтап шығып отырады. Жазғытұры күн жылы, су мол кезінде бу көп болады. Ертеңгісін ауа онша жылымай тұрған кезде бу жоғары көтеріле алмай, жер бетінде болады. Жер бетіндегі буды «тұман» дейміз. Күн көтеріліп, жер жылыған соң, бу жеңіліп жоғары ұшады, оны тұман көтерілді дейміз. Жоғарыдағы тұманды бұлт дейміз. Сүйтіп, күн жылуымен су бу болады. Жер бетіндегі буды тұман дейді, жоғары шыққан тұманды бұлт дейді. Бұлт жаңбыр боп жауып, қайтадан су болады. Осылай су тынбай бір күйден бір күйге түседі де жүреді. Бұлттың тұман екенін таулы жерде білу қиын емес; биік тауға шыққанда бұлт аяқ астында тұман сықылданып жүреді.
КҮН КҮРКІРЕУІ МЕН НАЙЗАҒАЙ
НЕДЕН БОЛАДЫ?
Мұнан жүз елу жыл бұрын күн күркіреуі мен найзағай неден
болатынын адам білген жоқ. Енді бұларды адамның бәрі біледі,
бірақ бұлардың мән-жайын білу оңайға түскен жоқ, құрбансыз
өткен жоқ. Күн күркіреуі мен найзағай не екенін ең алдымен
америкалық Пранклин деген кісі білген. Пранклин найзағайды
бұлттан жерге ағызып түсіруге әдіс тапқан.
Ол бұлай болған: балалар ойнайтын қағаз ұшырмақ сықылды
Пранклин үлкен үшырмақ істеген, бірақ балалар ұшырмағын
қағаздан жасаса, Пранклин жібек орамал керген. Жібектен істеген
себебі ұшырмақ жауыннан су болып елжіреп кетпесін дегендік.
Ұшырмаққа құйрық байлап, арқан тағып, алдыңғы жағынан істік
сым қадаған. Дауыл алдында далаға шығып, ұшырмағын Пранк-
лин ұшыра бастаған. Ұшырмақ лезде жоғары көтерілген. Пранк-
лин арқанның бір ұшын қолына ұстап, жауын жауған соң үйдің
ығында тұрған.
Дауыл долданып, найзағай жалтылдап, күн күркіреп тұр. Ар-
қанға су отті: тек үйдің ығындағы ұшы құрғақ қалды.
Пранклин арқанның суланған жерінен қолын тигізіп қалғанда,
найзағай тәрізді кішкене от жылт ете түсіп, болар-болмас шыр-
тыл естілген. Бұл кішкене әлсіз найзағай болған. Бірақ, кәдімгі
найзағай: кәдімгі найзағайдай көк жалын жыланша иіріледі. Кіш-
кене найзағай Пранклиннің бармағын тыз еткізіп шағып алып,
қолына өткен. Қолына еткенде, қолын біреу түртіп қалғандай
болған.
Басқалар да, Пранклин де әлденеше рет арқанның су жеріне
қолын тигізсе, арқанына кішкене найзағай жылтылдап, сәл ғана
шыртыл естіліп тұрған.
Ромас деген оқымыс жібектен үлкен ұшырмақ істеп, арқан ор-
нына сым тағып, сымның айналасына жібек ораған. Дауыл кезін-
де сымнан ұзындығы бір таяқтай жалын ытқып тұрып жалын
шыққанда құлақ жарарлық қатты тарсыл естіліп тұрған.
Міне, сонда барып арқаннан жалын мен найзағай екеуі бір нәрсе
екенін адам баласы түсінген. Айырмашылығы сол – арқаннан
шыққан жалын кішкене бұлттан шыққан найзағай. Үлкен арқаннан
шыққан жалын пештен шыққан жалындай емес. Пештен шыққан
жалын жанған шоқ, арқаннан жалын шыққанда еш нәрсе жанбай-
ды. Арқаннан шыққан жалын өрттікі емес, электриканікі.
Отты жалын оттан шығады. Электрика (электрик) жалыны
электрикадан шығады. Электрика еткен жердің ауасы қатты қыз-
ғандықтан жарқылдайды. Сол жарқылдағанды найзағай дейміз.
Дауыл кезінде бұлтта электрика оте көп жиналады. Соның
үшін бұлтты жарып электрика найзағай болып жарқылдайды.
Электрика жерде де, ұштырмаққа таққан арқанда да бар. Элект-
рика қай жерде болса да бар, бірақ бір жерде азырақ, бір жерде
көбірек болады.
* * *
Электриканың үлкен ұшқыны күйдіреді, сондықтан найзағай-
дан өрт шығады. Найзағай дегеніміз электриканың үлкен ұшқыны.
Электриканың кішкене ұшқынын қолдан істеуге болады. Электри-
ка ұшқынын қолдан жасайтын әдістер көп. Мәселен, бұлғарының
оң жағымен шыны ысқыласаң, электрика ұшқыны шығып, шырт-
шырт етеді. Түнде мысық жүнін ығына қарай сипай берсең ұшқын
жылтылдап, шыртылдаған дыбысы естіледі. Түнде қараңғы жерде
әйел басын тараса, шашынан ұшқын шығып сыртылдайды, соның
бәрі электрика ұшқыны, соның бәрі кішкене найзағай. Қысқасы,
электриканың жүрмейтін орны жоқ. Электрика ұшқындары түрлі
уақытта, түрлі күйде көріне береді.
Оқымаған адамдар найзағаймен періштелер шайтанды атады
деді. Найзағай періштенің садағының оғы деп түсінеді. Орыстың
қара халқы найзағай ойнағанда Ілияс пайғамбар көктен алтын ар-
басына мініп өтті деседі. Әрине, ол жаңылыс түсініс.
Бұл күнде адам баласы электриканы қолдан жасап шы-
ғарып, дегенін істетеді. Мәселен, электриканы телеграмм сымын
қуалап жүгіртеді, электрика күшімен телеграмм береді. Электри-
камен үйлерді, көшелерді жарық қылады. Осы күні Қазақстан,
Түркістанның үлкен Ташкент, Орынбор сықылды қалаларында
үйлерді, көшелерді электрикамен жарық қылады. Бұл күнде элек-
трика қоңыраулар, машиналар көп, ол машиналар түрлі қызмет
етеді. Жүк тасиды, пойыздарды да сүйрейді. Сүйтіп, қазақтың
періштенің оғы деп, орыс жұртының Ілиястың арбасы деп жүрген
найзағайын ғылым тесік құлақ құлындай-ақ қылып, жұмысқа са-
лып қойды.
Күн неге күркірейді? Адам баласы күн неге күркірейтінін
де біліп алды. Электриканың кішкентай ұшқыны атылғанда да
айрықша шыртыл шығады. Ұшқыны үлкен болған сайын, тарсы-
лы күшті болады. Найзағайымыз электриканың үлкен ұшқыны.
Әрине, ондай үлкен ұшқынның тарсылы да күшті. Сол тарсылды
адам күн күркірегені дейді.
Күн күркіреу мен найзағай бір уақытта болады. Найзағайсыз
күн күркіремейді, бірақ кейде олай емес сияқты болады. Күндіз
күн күркіресе де, бұлтта найзағай көрінбейді. Оның себебі, күндіз
бұлт пен күннің сәулесі кейде найзағайды көрсетпейді. Әрине,
өте жарық найзағайды күндіз де көруге болады. Кейде керісінше
болады. Түнде найзағай жарқылдап жатса да, күн күркіремейді.
Мұның себебі, найзағай ойнап жатқан жердің алыстығынан.
Қашықтан адам дауысы естілмейтін сияқты, тым алыстан күн
күркірегені де естілмейді.
Бұлт жақында болса, найзағай жылт ете түскен соң-ақ, күн
күркірейді. Бұлт алыста болса, әуелі найзағай ойнағанын көріп,
соңынан біраздан соң күн күркірегенін естиміз. Мәселен:
қашықтан біреу мылтық атса, әуелі түтінін көріп, артынан дау-
сын естиміз. Алыста келі түйіп жатқан кісіні кергендерің бар
шығар. Келі сапты келінің түбіне түсіріп болып, қайтып көтеріп
алып бара жатқанында дүңкілін естисің. Әрине, мылтық дауысы
мен түтіні де, келі сап келі түбіне барып тию мен дауысы да бір
мезгілде болған, бөлуге келмейді. Найзағай мен күн күркіреуі де
солай, бірақ екеуі екі мезгілде сезілетін себебі, жарық жүйрік,
көзді ашып-жұмғанша жетеді. Дыбыс ауаны жарып өтемін деген-
ше біраз мезгіл кетеді. Бір жерден бір кез шықса да, дыбыстың
кешігіп қалатыны – жарықтың дыбыстан гөрі ұшқырлығынан.
Бұған мысал алсақ, жарық жүйріктігі атқан оқ сияқты да, дыбыс
жүйріктігі отарба сияқты. Соның үшін бұлт неғұрлым алыс бол-
са, соғұрлым дыбыс найзағайдан кешігіп келеді. Күн күркірегенде
неге аспан жаңғырады? Терең құдыққа еңкейіп, тақтайлы үйдің
ішінде жалғыз тұрып, орманда тұрып айғайласаң, біреу қайтып
айғайлағандай дауысы естіледі, мұны жаңғырық дейді. Біздің ор-
манда айқайымызға жаңғырық болған сияқты, бұлт ішінде күн
күркірегенде де дауысы бұлттан бұлтқа тиіп жаңғырығады. Күн
күркірегенде бұлттың о шеті мен бұ шетінің қосыла жаңғырығып
күркірейтіні содан.
Рубакиннен
ЖАҢБЫР, БҰРШАҚ, ҚАР
Бұлт бір жерде тұрмайды, жел айдап, бұлт бір жерден бір
жерге көшеді де жүреді. Бұлт та, тұман да бу екенін, бу суық
ауаға араласса су болатынын білеміз. Бұлт көшіп жүргенде суық
ауаға ұшырамаса, бұлт күйінде жүре береді. Суық ауаға тисе,
бұлт бу тоңазып, бүрісіп, жиырылып уақ тамшы бола бастайды.
Салқындаған сайын бу тамшылары біріне-бірі қосылып, ұлғая
береді. Тамшы ұлғайған соң, салмағы да ауырланады. Ауа бұрын
буды көтерсе де, енді ірі тамшыларды көтере алмайды. Ауа көтере
алмаған соң, тамшы жоғарыдан төмен келе жатып, жолындағы
ауаның ішіндегі бұларды салқындатып, өзіне қосып ала жер-
ге түседі. Жерге түскенде жаңбыр тамшысы үлкен-кіші болуы
жаңбыр бұлттың жерден алыс-жақынына қарай болады. Бұлт
жерден жоғары болса, жаңбыр тамшысына жолдан қосылушылар
көбейіп, тамшы үлкейеді; бұлт төмен болса, жолдан қосылушылар
аз болып, тамшы үлкейе алмай, жерге түседі. Сондықтан, сір-
кіреп жауған ұсақ себезе ақ жауын жерге жақын бұлттан жауады.
Тамшы ірі болған соң, қара нөсер шелектеп құя салғандай жауа-
ды; ақ жауын тамшы уақ болған соң, себезелеп, бүркіп, сіркіреп
қана жауады.
Жаңбыр тамшысы жолда суық ауаға тисе, мұз болып қатса,
түйір күйінде жерге түседі. Мұны кісілер «бұршақ жауды» дейді.
Бұршақ шаруаға көп зиян келтіреді: қаусатып, егінді, уақ малдар-
ды да өлтіріп кетеді.
Ауа өте салқын болса, қатқан тамшылар біріне-бірі жалғасып,
ұстасып жерге түседі. Сонда кісілер «қар жауды» дейді. Қардың
жапалағы жұлдыз сықылды болып келеді. Сүйтіп, су қызса бу
болады. Бу, тұман, бұлт бәрі бір. Бу тоңазыса қайтадан суға ай-
налып, жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге түседі. Қызумен тағы
бұлт болып көтеріледі. Салқындап, тағы су болып жерге түсіп,
дамыл көрмей шыр көбелек айналады да жүреді. Сонымен судың
дүниеде сыңар тамшысы да жоқ болып кетпейді.
ЖАҢБЫР НЕТКЕНДЕ ЖАУАДЫ?
Жаңбыр бұлттан жауады,бірақ жауын дайым жер бетіне жете
алмайды. Арестатқа мініп ұшқан адамдар айтады: құп-құрғақ
бұлтты күні жерде жаңбыр болмаса да, жоғары бұлттан жаңбыр
жауып тұрады деп.
Бұл неліктен? Мұның себебі сол – жауынның тамшылары жер-
ге жетпей-ақ құрғап, қайтадан бу болып, жоғары бұлтқа көтеріліп
кетеді. Ауа төменде ыссы құрғақ болса, әрқашанда жауын жерге
түспей кетеді. Мұны «қысыр бұлт» дейді. Ауа төменде дымқыл
болса, жауын тамшылары дымқыл ауадан құрғап кете алмай, жер-
ге түседі. Соның үшін кейде жоғарыда жауын бұлтты болса да,
жаумай қысырап кетеді. Қазақ даласында, әсіресе батпақ шөлінде,
түнеріп келген қара бұлттардың кейде жаумай тарап кететіні де
сонан.
Кейде, күн ысып қыздырып тұрса да, кенеттен бұлт көтеріліп шығып, жаңбыр құйып жібереді. Мұның себебі – сол жердің үстінен салқын жел өткендіктен. Бу да қысты күні жылы үйдің есігін ашқан сияқты, қысты күні үйдің есігі жабық тұрса бу білінейді. Есікті қалай ашса солай, сырттан суық ауа кіреді де, бірденақ бу көтеріледі. Бұл ақ бу сырттан кірген жоқ, бұған дейін үйдің ішінде болады. Суық желден үйдегі бу бірден көріне қалды. Рубакиннен ҚАНДАЙ ЖАҢБЫРЛАР БОЛАДЫ? Күн өте қатты қыздыратын ыссы жақтарда болатын не бір күшті жауындарды біз көргеніміз де жоқ. Бір жолаушы Априкеде (Африка) көрген жауынын топан сияқты болды дейді. Жер бетін тез су алып кеткен. Жаңбыр тамшыламай, бір нәрсенің шүмегінен аққандай құйған. Бірнеше минутта сел ағып, көшелерді басып, үйлерді құлатып, ағаштарды жұлып алып кетіп, тастарды домалатып кеткен. Ыссы жақтарда мұндай жауындар таңсық емес. Мәселен, 1481 жылы Гималай тауының бір алабында төрт сағат жауған жаңбыр биіктігі бір аршыннан астам болып, бос бөшкені толтырып кеткен. Салқын, жылылығы орташа жерлерде мұндай қара нөсерлер сирек болады, бірақ бұл жерлерде де қалаларды құлатып кететіндері де болады. 1595 жылы Прансиенің (Франция) әдемі бай «Мартини» деген қаласын жаңбыр бұзып кеткен. Көбінесе қалың қара нөсер өзендерді тасытып, жиегінен шығарады. Маңындағы елдерді, жерлерді шайып, бүлдіріп әлек-шәлек қылады. Қатты жаңбырлардан басқа, кейде баяулы жаңбырлар да жауады. 1813 жылы Италияның бір қаласында мынадай бір тамаша табиғаттың құбылысы болған. Зауал ауа аспан қарауытқан. Мұның себебі жер мен күн арасын қызыл түсті бұлт торлағаннан еді. Жұрт шошып, далаға жүгірісіп шыққан. Ақыр заман болды деп ойламаған жер қалмаған. Қараңғылық күшейе берген. Көк қып-қызыл балқыған темірдей көрінген. Бір кезде күн күркіреген, найзағай жалтылдаған. Бұлт жаңбырды құя бастаған. Халық бұрынғыдан да бетер шошынған. Жаңбырдың түсі қып-қызыл қандай болған. Қан жаңбыр бірнеше сағат жауып, кешке қарай ашылған. Найзағай шартылы басылған. Бұлт өтіп кеткен. Жұрт көңілі орнына түскен.
Қызыл жаңбыр неліктен жауды? Сол жердің үстінен жоса
сықылды қызыл шаң өткен. Қызыл шаң жаңбырға ілесіп жерге
түскен соң, жаңбыр да қызыл көрінген. Қызыл жаңбырды ыдысқа
құйған соң, шаң түбіне шөгіп, судан мөп-мөлдір болып қалған.
Надан қара халық мұны түсінбей, қан жауды дейді. Қазанға бара
жатып Шора батыр айтады: «Мен Қазанға барғанша, қар жаума-
сын нұр жаусын, мен Қазанға барған соң қар жаумақ түгіл қан
жаусын!» деп. Аспаннан қан жаумайды, қызыл жоса жауады.
Қызыл түгіл, көк, сұр, сары, қара жаңбырлар да болады. Бір
жылы Америкеде Барбадос деген арал үстінен қара бұлт өтіп,
күнді көрсетпей кетті. Тал түсте көзге түртсе көргісіз қараңғы
болды. Үйлердің терезелеріне шейін көрінбеді. Бір кезде пештен
шыққан сияқты қиыршық көк сұр күл жауа бастайды. Жауған
күлдің қалыңдығынан ағаш бұтақтары иілді.
Мұнан бірнеше жыл бұрын Петрбор үстінде көк жүзі бір түрлі
сап-сары болып кетті. Ресейдің басқа жерлерінде де соны көрген.
Мұның себебі Ресейдің де, басқа жерлердің де үстінен сары шаң
жүрген екен. Сол бұлт өткен бір жерге шаң жауыпты. Сары бұлт
өте жоғары жүрген. Ол бұлт қайдан келген?
Ол бұлтты Ресейге жел әлденеше мың шықырым жерден
қуалап келген екен. Оны көп жерде көрген екен. Жұрт қуалап
қарастырып, қай жермен өтіп, қайдан ұшып шыққанын да білген.
Бұл бұлт шаң екен. Шаң Азиядағы «Қаратау» деген от тауынан
шыққан екен. Сары бұлт шығар алдында 1883 жылы Қаратаудан
(Үнді мұхитының аралында) от шығып, құсып, ішін ақтарған екен.
Ондай от шыққанын маңындағы ел білмейді. Таудан от шыққан
кезде «Ява» аралының бір бөксері жоқ болған; үш қаланы ойран
қылған; қиратылған ауылдар тіпті көп, бірнеше күнде 40 мыңнан
аса халық қырылған. Тау жанғанда жер сонша қатты дірілдеп,
дүрсілі сонша қатты болғандығынан үш мың шақырым жерде
естіліп жатқан. Қаратау көп қылып күл сияқты және сары шаң
шығарып тастаған. Тозаңды тым жоғары лақтырғаннан аспанда
жел ұстай алып, әлденеше мың шақырым жерлерге айдап кеткен.
Сол тозаң Петрбор үстінен жүрген екен.
Рубакиннен
ШЫҚ ПЕН ҚЫРАУ Суықтан жылы жерге кіргізген нәрсе қысты күні сулана қалады. Кісі оны терледі дейді. Қысты күні терезе де терлейді. Адам да терлейді, бірақ терезенің терлеуі біздің терлеуіміз сияқты емес. Біздің теріміз іштен шығады. Суық нәрсе терлегенде сыртынан, суықтан терлейді. Ыссылықтан терлеудің мәнісі түсінікті, суықтан терлеудің мәнісі қалай? Суықтан терлеудің мәнісін білу қиын емес. Жердегі нәрселер терлесе кісі жерге «шық түсті» дейді. Шық тынышу түндерде түспейді, салқын түндерде түседі. Оның мәнісі тынышу түнде жер суымайды, салқын түнде суиды. Жер бетіндегі шоптер де салқын ауаға тиіп салқындайды. Ауадағы күндіз күн көзімен көтерілген бу салқындаған соң, жер бетіне және шөптерге тиіп салқындайды. Бу салқындаған соң тершіп, терезенің тері сияқты уақ тамшы болады. Мұны шық дейміз. Қырау қысты күні я күзді күні суық түндерде болады. Қырау да шық, бірақ өте суық нәрсеге тиіп қатқан шық. Күн жылынған соң, қырау су болып еріп кетеді. Қырау түскен түннің артынан жылы күн болса, қырау су болып ауаға ұшып кетеді. Сонымен, шық пен қырау екеуі де будан болады. Бу судан болады. Қырау мен шық жылудан қайта бу болады, салқыннан бу қайта су болады. Судың бір тамшысы да сүйтіп құрып кетпейді. Тек бір күйден бір күйге түсіп, ұршықша айналады да жүреді. СУ Дүние көркін келтіретін нәрсенің бірі – су. Сусыз тіршілік жоқ. Жер жүзіндегі жан-жануарлар, ағаш, шөптер су болмаса, өмір сүре алмас еді. Бұларсыз жер жүзі таз кісінің басындай тап-тақыр болар еді. Жердің өңі – жан-жануар, шөп; бұлардың болуына су – дәру. Су сұйық нәрсе. Сұйық нәрсенің бәрін де ыдысқа құйып ұстамаса, төгіліп қалады, бірақ су дайым сұйық күйде тұра бермейді, қатаятын да кезі болады. Мәселен, суды қатырсақ, мұз болады. Жылы жерге қойса мұз еріп, қайтадан су болады. Су бу да болады. Қазанға су құйып, ет асқанда, от қызуымен әрі беріден соң қазанның беті булана бастайды. Болмаса, шәйнек я самаурынмен
шай қайнатқанда шәйнектің шүмегінен, самаурынның қақпағы үстіндегі тесігінен бу шыға бастайды. Бұл буымыз – қызып, газға айналған су. Қазанды сақырлатып қайната берсек, ішіндегі суы суалып, жоқ болып кетеді. Адам мұны «қазанды көп қайнатса, сорпа суалады» дейді. Сонымен су үш күйде болады: аяздан қатады, мұз болады; жылыдан ериді, су болады; ыссыдан қызады, бу болады. Бу қайда кетеді? Бу – газ. Газ бір жерде тұрмайды, жылыса береді. Бу соның үшін ауада араласады, жоғары көтеріледі. Салқындаса бу қайтадан су болады. Мәселен, қысты күні терезе терлеп тұрады. Бұл тер үйдегі бу, терезенің салқын шынысына барып тиген соң су болған. Су ішінде еріп жүрген нәрселер болады, мәселен, тұз және басқа нәрселер. Су бу болғанда таза судың өзі ғана бу болып, ішіндегі еріген нәрселері бу болмай шөгіп қалады. Су қызса да бу болады. Мәселен, аузы ашық ыдысқа су толтырып қойсаң, күнбе-күн суала береді. Бұл судың бу болып кететіндігін көрсетеді, жазғытұры қар суы мен ойпаң жерлерде көл болады. Шілдеде көл кеуіп кетеді. Көлдің суы қайда кетті? Көлдің суының бір қатары жерге сіңіп кетті, көбісі бу болып кетті, бірақ қазан қайнағандағыдай су көзге көрінбегені – жайлап бу болғандықтан. Сонымен, суықтан қатса су мұз болады; салқын, я жылы кезде сұйық су болады; қызса бу болады; бу салқындаса қайтадан су болады; су мұздаса, тағы мұз болады. Сүйтіп, су бір күйден екінші күйге түсіп, тыным таппай айналады да тұрады. СУДЫҢ ДҮНИЕ КЕЗУІ Жер жүзінің үштен бірі теңіздердегі су болады; теңіздер суы құрыса жер жүзі суалады. Олай болса, теңіз суала ма? Болмаса, ортаймай, бір күйінде тұра ала ма? Теңіз суалуға болмайды, неге десең, оған өзендер құюын қоймайды, өзендерге селдер құюын қоймайды. Селдердің өзі тар, жаңбыр суын ішеді; жаңбыр мен қарыңның өзі бұлттан түседі; бұлтты жел қуады; желіңнің өзі тұманнан туады; тұман дегеніміз бу ғой, бу дегеніміздің өзі су ғой. Қашанда су буланады. Ауа құрғақ болса, бірақ буды көрмейміз; мәселен, аяққа су құйып қойсақ, біраздан соң құрғап, суалады. Су қайда кетті дейміз? Су ауаға араласты, оны көзің көрмей адасты. Аяқтағы суды құрғақ суық үйге қойсаң да кеуіп кетеді, жылы үйдегідей тез кеппесе де, әйтеуір суалатынына көзің жетеді. Су кепті дегенің, бу болып көзге көрінбей ауаға араласты дегенің.
Ауаға су теңізден, өзеннен, ылғал жерден, көлден де араласады. Орманнан, шөптен, жәндік пен адам алған демінен де араласады. Кісілер айтуынша «күн суды сорады». Оның мәнісі – жылы күндері су тез буланып, көрінбей ауаға араласып, жоғары көтерілгеннен болады. Кейде ауадағы буды көрмесең де, барлығын терің сезеді; үйткені ауа жылы бола берсе, бу көрінбей жүріп кезеді. Қысты күні ыссы үйде бу көп болса да, көзге түспейді, бірақ есік пен терезенің бірін ашсаң болғаны бу ағарып көзге елестейді. Үйткені көшеден кірген суық ауада бу азырақ, жылы ауада бу басымырақ болады. Суыққа тисе, көрінбей тұрған мөлдір бу ағарып, құйылып көзге түседі; ақ бу жерді төсесе, тұман деседі; құйылған ақ бу жоғары көтерілсе, сұр бұлт, қара бұлт деседі. Сонымен, су жер жүзін бұлай айнала қыдырады, көзге ілінбейтін бу болып көкке шұбырады. Бу көкте тоңазып, бұлт боп ауады, бұлт қар мен жаңбыр боп жауады. Қар, жаңбырдан сел мен өзен ағады; өзен мен сел теңізге ағып барады. Ауадан су қайтсе де бір жаққа сытылып өте алмайды, суды жел қалай қуғанмен де жоқ болып кете алмайды. Су тынбай, өмірінше теңізден бұлтқа, бұлттан теңізге барады: соның үшін теңіз қалайша суалады? Бұлттан жаңбыр неге жауады! Үйткені, көзге түспейтін мөлдір бу суыққа тиіп, бұлт боп ауады, бұлттағы булар су болады. Терезенің тері төмен ағып, сорғалайды. Жаңбыр жауғанда да сол сықылды болады, аспандағы суыққа жеткен соң бу тоңады; тоңған бу суға айналып, ірі тамшы боп өседі; сонан соң тұра алмай, жаңбыр жерге түседі. Рубакиннен ТАМШЫНЫҢ ТАРИҚЫ Төсін керіп, көк теңіз айнадай жарқырайды. Бір топ тамшы күншуақта жарысып ойнайды, дірілдейді, қалтырайды. Ішінде біреуі тым еркелейді. Жолдастарының төбесіне ырғып мінеді, мөлтілдейді. Бір кезде ерке тамшының бұлтқа көтерілгісі келді, биіктен теңіз бен жерге көз жібергісі келді. Ерке тамшы күнге жалына бастады: «Тілегім бер, жоғары көтер» деп қақсады. Жарық күнге нәрестенің ерлігі ұнады. Тамшыға қарай сәулелерін қуады. Сәулелер тамшыны қыздырды, қойнына қысты, көзге ілінбейтін бу болып, тамшы аспанға ұшты. Жалғыз тамшының жолда іші пысады, сондықтан оның жанына сәулелер тағы жолдастарын қосады.
Ә дегенше тамшылар жоғары көтерілді, бұларды аспанда жел
айдап жөнелді. Жел ышқынады, күрсінеді, теңіз үстімен ұйытқып
келеді. Тамшылар қызықпен құстан да шапшаң шабады, көзді
ашып-жұмғанша талай жерлер артында қалады. Бір кезде теңіз
де көзден жоғалады, ауылдарды, қалаларды, далаларды көріп
тамшылар қуанады.
Танданып, көрмеген жерін тамшы қарайды; сүйтіп, күннің
батқанын байқамайды, түн болады. Салқын соғады. Енді тамшы-
мыз қайда қорғалайды? Жерге түсіп, гүлге орануға ойланады.
Жайлап тамшы төмен ұшады, бір мезгілде будан шығып, суға
ұқсады. Сүйтіп, гүл жапырағының үстіне барып жатады, әрі-бері-
ден соң сарғайып, белден таң атады. Көк жиектен күн көрінеді,
қуанып тамшы сәлем береді: «Жарық күнім, мені ал, – дейді,
көтеріп көкке тез бар», – дейді. Тамшы сөзін айтып болмай, бу
боп көкке кетті зулай. Талай жерді дем сәтте алды, тау, тас, дала
артта қалды.
Күн бек тыншу, ете ыссы еді. Ерке тамшы жолдастарымен жер-
ге түсеміз деді. Бұлар күнге жалынады. «Бізді теңізге жіберсең
неғылады!». Күн бұлардың сөзін тыңдады, нәрестелерді біріне-
бірін қосақтап жинады. Енді қара бұлт шығады, қалың тұман
ішінде жолдастар біріне-бірі тығылады; ақырында үлкен тамшы
болады, тамшылар төмен сорғалады. Нәресте тамшы жерге тырс
етіп түседі, түскенде шуылдап, сыпылдап, сыртылдағанын құлақ
есітеді, ірақ адамдар масайрап, күліседі. «Жаңбыр жауды» деседі.
Тамшымыз келіп үлкен тасқа соғылады, ырғып түсіп, басқа
жолдастарымен қосылады. Тамшылар жиылып сел болады, сел
жиылып сай болады. Тамшы ілгері аға береді. Аралап, талай жер-
ді көреді.
Сол кезде қатынға су керек еді, шелекпен қатын су ала келеді,
тамшымыз шелек ішіне барады. Сумен қатын кір жуып, жайып
қояды; күн кептіріп, тамшымыз тағы бу болады. Бу көзге ілін-
бей жоғары шығады, көкте мұны тағы жел қуады. Көп уақыт
тынбай тамшымыз жолаушылайды; енді күн мұны көпке шейін
тыныштандыруға ойлайды.
Жел ойнақтап, тамшыны батысқа ала жөнеледі; тынбай ілгері
айдап келеді, тамшы да бірге ұшып кетеді. Бір кезде жалпақ ақ
даланың үстінен өтеді. Бұл жеріміз Қазақстан еді, қыс болып, жер
бетін қар басқан еді.
Тамшы қатты тоңа бастайды, тоңып, түсі оңа бастайды. Тоңа-
тоңа қатаяды, жалтырайды, ағарады; жеп-жеңіл әдемі жұлдыз
бола қалады. Түйдек-түйдек ақ жұлдыздар төмен түседі, адамдар:
«қар жауды» деседі.
Кішкене жолаушымыз далаға түсті, қатты ұйқыға кірді, суық
жел есті. Жарты жылдай тамшы ұйқымен болады, бірте-бірте күн
ұзарады. Бір кезде жылы жел соғады.
Күн қыздырып, қар еріп ағады, қатқан тамшы суға айнала-
ды. Тамшылар бірігіп, көбейе бастады. Лайланды, шуылдады,
бұлдырлады, ақырында жыраға келіп құлады.
Жолшыбай бұларға басқа тамшылар құлайды. Бірте-бірте өзен
ұлғайды. Бір кезде бұлар үлкен өзенге жетеді. Алдымен таныс
тамшымыз өзенге жүгіріп келіп, періп кетеді.
Ормандар, қалалар, таулар артта қалады, сылдыр қағып,
тамшылар әлі тынбай жүгіріп барады. Бір кезде көрінбей жер
де артта қалады. Өзеннің уақ толқындарына таудай-таудай ащы
толқындар қарсы шығады. Жолаушылап қайтқан балаларын теңіз
құшағын жайып қарсы алады, қуанады, күледі, сүйтіп тамшы-
мыз тағы үйіне қайтып келеді. Көрген білгенін туғандарына келіп
сөйледі.
Толқын
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады.
Толқын мен толқын жарысад,
Күңіренісіп кеңеспен
Бітіспейтін бір егеспен
Жарысып, жарға барысад.
Толқынмен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,
Толқынға толқын еркелеп.
Мерует көбікке оранып,
Жыландай жүзге бұралып,
Жарға жетед ентелеп.
Ерке бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырап
Толқынды толқын қуады.
Күміс кәусәр суымен,
Суының алтын буымен,
Жарының бетін жуады.
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуды жартасын
Сүйтіп сылқ-сылқ күледі.
Жылағаны, күлгені,
Күлгені оның өлгені.
Жылай, күле өледі. Жұмабайұлы Мағжан ШӨЛ ҚҰДЫҒЫ Априкенің (Африка) шөл даласы. Айнала еспе құм. Шөптен түк қылтанақ жоқ. Ерін жібітерлік суды, көз тоқтатарлық бұтаны, аяққа оралып жатқан шөпті, қалықтаған құсты, ызыңдаған маса, шыбынды, күйбеңдеген жандықты көре алмайсың. Мұнда адам қайдан тұрсын! Аңыраған шөлге бір мезгілде оқымыс кісі келіп, жерді әрі-бері түртінектеп қарады да, құм астында су бар екен, бұранда бұрап су шығаруға болады дейді. Басқалар оқымыстың тілін алып, құдық қазатын бұрандамен бұрап-бұрап су шығарады. Су аспанға шапшыды. Дәнігіп, басқа жерлерден де құдық қазып шығарады. Аңсап тұрған жер суға тойынды. Су шыққан соң бұйраланып ағаш, жібектей созылып шөп, қызылды-жасылды құлпырып гүлдер өсе бастады. Шөлдің бетін бақша жауып кетті, быжынаған үй салынды. Жапалақ ұшпас жапан тұз гүл-гүл жайнады. Бұрағанға су қалай шыққан? Малдың ішегін тазартып, ішін қырыңдар, ұзындығын қандай етсеңдер де болады. Тазартқан соң ішіне құйған су көрініп тұрады. Сонан соң екі басын бірдей ғып жоғары көтеріп, ортасын төмен салбыратып тұрып, бір басынан су құйындар. Сонда ішектің су құйған басындағы су мен су құймаған бір деңел болады. Енді ішектің бір басын көтеріңдер, тағы су құйыңдар. Сол кезде қысқа басынан су аспанға шапшиды. Енді бұрағанда жер астынан су аспанға неге шапшитыны түсінікті болған шығар. Ішектің екі басы жиырылмас үшін қамыс я басқа түтік тықса ыңғайлырақ болады. Су таудың жан-жағынан төмен қарай ағады. Әрине, таудан ішек ішімен емес, екі тастың арасындағы қуысты қуалай ағады. Таудың жоғарғы жағы біздің әлгі ішегіміздің көтеріңкі басы тәрізді. Ылдидан бұраған соң, су ішектің төмен басынан шапшығаны сықылды, аспанға атылады. Бұл неліктен? Иілген қуысты нәрсенің ішіне құйған сұйық зат ыдыстың басында бір деңелге келуге тырысады. Ішектің төменгі басынан су жоғары атқаны – жоғарғы басындағы судың деңеліне
келуге ұмтылғандықтан. Ылдидан құдық қазғанда да судың
жоғары шапшитыны – ылдидағы су тас басындағы, төбе үстіндегі
көлдердің, өзендердің деңеліне жетуге тырысқандықтан.
ЖЕР ІШІ
Теңізді қайнату үшін от көп керек. Ол от қайдан табылады?
Жер астынан. Жер астынан балқыған түрлі заттар ағып шығады.
Олай болса, жер ішінің қызуының күштілігі сонша, тастарды да
балқытып жібереді. От құсатын таулар әр жерде де бар. Олай бол-
са, жер астының қай орнында болса да қызуы бар.
Жер астына әрман түскен сайын қызу арта береді. Кен қазғанда
кейде құдығының тереңдігі бір шақырымнан асу болады. Терең
құдықтарға түсіп, кен қазушылар жер асты қызу екенін білген.
Сол құдықтардың ауыз жағынан гөрі түп жағы жылырақ болады.
Кісі онан төмен түсе алса, бұрынғыдан да бетер ыссы екенін білер
еді.
Оның себебі міне: От құсатын таулар жоқ жерлерде де кей-
де жер астынан ыссы бу, қайнарлар шығады. Бұл қайнарлар
суы ыссы жерден өткен соң қайнайды. Олай болса жер ішінде,
аяғымыздың астында жер өте қызу. Ыссы қайнарлар жер үстінде
көп: Қапқазда да (Кавказ), неміс жерінде де, басқа жерлерде де
бар. Кей қайнарлардың суы аспанға қайнап шапшиды. Ыссы
қайнарларды «Гейзер» дейді. Гейзер ыссы жақта да, суық жақта
да бар. Олай болса, жер асты айнала ыссы.
Гейзер деген кең, терең құдық сықылды. Сол құдық ішінде
су бұрқылдап, күркілдеп, сарқылдап қайнап жатады. Су қайнай-
қайнай жоғарлай береді. Құдық аузына таянғанда, жер астынан
зеңбірек дауысы сықылды бірінің артынан бірі гүрсіл шығады.
Тарсыл жиілей-жиілей, бір кезде құлақ жаңғырарлық тарсыл
шығады. Сол уақытта қайнаған су түйдектеліп аспанға 15 сажын-
дай биіктеп атады. Сумен бірге құдық жиегінен жұлынған тастар
да көкке атылады. Кей тастардың салмағы бірнеше пұт болады.
Бірнеше минут су аспанға шапшып-шапшып басылады. Жарты
сағаттан соң қайта аспанға атылады, бірақ, ыссы қайнарлардың
бәрі де аспанға қарғымайды. Кейбіреулері тастың жарығынан ағып
шығады. Ыссы бұлақтар да аяғымыздың астында қызу барлығын
көрсетеді. От құсатын таулардың пішіні сәукеле сияқты бола-
ды. Төбесінде кең тесігі болады. Сол тесігінен түрлі зат аспанға
атқиды.
Тау құсар кезде жер астынан дүрсіл, тарсыл шығады. Тарсыл
жиілеп, күшейе береді. Жер солқылдайды. Бір тарс ете қалғанда,
тесік ашылып, тау жарылып, шумақталып аспанға ақ бу ытқып
шығады. Бу аспанға шұбатылып көтеріле береді. Бу іркілмей кейде
бірнеше күндей, кейде бірнеше айдай шығады. Кейде бу биіктігі
бес шақырымға шығады. Аспанға шығып алып, бу су ауаға ара-
ласып, қара бұлт болады. Қара нөсер болып құяды. Бұлт ішінде
күн күркіреп, найзағай ойнап жүреді. Бұлтсыз, жаңбырсыз отта-
уы өмірде қонбайды. Бумен бірге аспанға құм-тас атқып шығып,
тау тесігіне, етегіне түсіп, тағы аспанға атылады. Кейбір тастар
ауырлығы бірнеше пұт болады. Қарғығанда бірнеше сажынға ке-
теді. Тау ішінен бұлар балқып, қып-қызыл жалын болып шығады;
жауынға араласып таудың етегіне қарай ағып, маңайдағы елдерді
ойран қылады. Кейде бүтін қалаларды балқыған құм мен тас көміп
салып, жоқ қылады. Әрі-беріден соң, тау құсып бітіп, сөне бастай-
ды. Балқыған заттар бет жағынан жайлап қата бастайды.
Кейде бу үстіндегі жер жарылып, әлгідей бу, балқыған тас, құм
су астымен ағып, жаңадан едәуір үлкен (айналасы 30 шақырымдай,
биіктігі жарты шақырымнан асу) аралдар шығады.
Жер астының балқытып, қайнатып шығарған нәрсесінің ағуына
теңіз суы бөгет болмағанына қарай, жер астының қызуының
қандай күшті екенін аңғаруға болар. Балқыған құм, тас теңіз
суының бетіне шыққан соң ғана дамыл алған.
Аяғымыз астындағы қызуды неге сезбейміз? Қызу астымызда
тереңде, әлденеше шақырым жерде жатқан соң сезбейміз. Ондай
қалың жабудан қызу онша өте алмайды. Аяғымыз астында терен-
де зор қызу барлығын от қызатын таулар мен ыссы бұлақтардан
білуге болады.
Рубакиннен
ЖЕР НЕГЕ СІЛКІНЕДІ?
Жер неге сілкінеді? Жер сілкінуінің бірнеше себептері бар.
Жердің бір сілкінуінің себебі – тереңде, жер астында су үлкен
жол, аңғар ойып кетеді. Жер астыңда саз, оның бетінде бор, из-
биз (известь) сияқты жұмсақ қабаттар жатса, сазға иірілген су
жер астымен ылдиға қарай атқанда, бор, избиз сияқты бор бас
топырақтарды үгітіп ала кетеді. Замандар өткенде үгітіле-үгітіле
жер астында үлкен үңгірлер аңқайып қалады. Үстіңгі қабаты
қатты болған соң, біз білмей жүре береміз. Сондай үңгірлерге беті
омырылып кетсе, ішіне үлкен қалалар да сыйып кетуге болады.
Су қашай-қашай үңгірді кеңітіп, ұзайтып, төбесін жұқартады.
Америкеде «Мамонт» үңгірі дегеннің ұзындығы 15 шақырым.
Биіктігі 40 таяқ үңгірлер де бар. Сол үңгірлердің төбесі жұқарып,
үстіндегі салмақты көтере алмай ойылып кетсе, жер сілкіну
болғаны, бірақ бұлай үңгір төбесі омырылғаннан жер үлкен сіл-
кіне алмайды. Жердің ең күшті сілкінуі жер астындағы қабаттары
ығысқандықтан болады.
Мұндай ығысу кішкене күйде жер үстінде де болады. Мәселен,
саз суланса ісінеді. Үстінде жатқан құмды итереді, ығыстырады.
Сол сияқты жер астында да ығысу болады. Түрлі себептерден жер
астындағы үлкен қабаттары ісініп, кейде қусырылып ығысады.
Бұлар ығысса үстіндегі қабаттары да ығысады. Жер қабаттары со-
лай ығысқандарында жер сілкінулер болады.
Жетісуда, Алматыда жылда жер сілкініп тұрады. Мұның се-
бебін оқымыстар жер қабаттары ығысқандықтан деп жорысады.
Жер сілкінудің үшінші себебі – терең астымызда су мен қызу-
дың күш таластырғандықтарынан. Түрлі тесік, жарық, жол тауып
алып, су терең жер астында ағып жатады. Тесіктермен барып су
қызуы күшті тереңге жетеді. Сонда барып алып буға айналады.
Будың күші мықты екенін білеміз. Азғана будың күшімен паровоз
бүтін пойызды сүйрейді, неше мың пұт жүк тартады. Тесіктер-
мен ағып жер астына бүтін өзендер, көлдер, теңіздер құйылса, не
болар еді? Бұлардан қанша бу шығар еді? Бұл бу жер астындағы
балқыған тас, құмдармен жердің өзін қандай зор күшпен қысып
шығарар еді! Жерді сілкінуге де, от тауларының аузынан жер
ішінде балқыған заттарды итеріп шығаруға да бұл будың қолынан
келеді. Балқыған заттармен өзі де бірге сыртқа шығады. Соның
үшін от таулары құсқанда бусыз болмайды. От таулары құсуына
су керек, сондықтан от таулары аралдарда я теңіз жағаларына
жуық болады.
Жер астындағы қызу мен су қашанда алыста жатады. Су жеңсе,
жер ішіндегі балқыған заттар құйылып, сыртқа шығарылады. От
тауы құсады.
Су жеңе алмаса, екі алыптың таласы болып жатқанын кісілер
жер сілкінуі, жер астындағы дүрсіл, күңіренген дауысынан біледі.
Су мен жер астындағы қызудың таласы бітпейтін бір егес, бұл
таластың басы-соңы жоқ. Ол бітпес талас жер астында да, жер
үстінде де болып келе жатыр. От көтеріп тау мен аралдар шығарса,
су келіп, мүжіп, үгіп, құлатып тастайды.
Екеуінің қайсысы күштірек екені белгісіз.
Рубакиннен
ЖЕР ЖҮЗІНІҢ ӨЗГЕРУІ
Жер бетіндегі су, өсімдік, жәндік, ауа бір жағынан, жер ішіндегі
қызу от екінші жағынан дамыл көрмей жер жүзін өзгертіп тұрады.
Жер сілкініп, от таулары құсады, жаңадан таулар, төбелер, ойлар
шығарады. Су мен ауа ол тауларды бұзып, жоқ қылады. Жердің
ішіндегі қызу күш жасағанын су қиратады. Сүйтіп, екі күш дем
алмастан, бірімен-бірі арпалысуда, бұларға өсімдік, жәндік те
қосылады.
Су мен мұз аялдамастан тасты бұзуда; жер құйқасын, топырақ
сазды өзгертуде, таулар мен ойларды өзгертуде. Бұлар өзгерген
соң, жер беті де өзгермек. Су мен мұз жұмысы тастан үй сала-
тын шеберлердің жұмысы сияқты. Пішінсіз тасты алып, ұста
қашайды, қырлайды, тегістейді, жылтырлайды: тасты ұста міне-
ген жерде көп жаңқа қалады. Су мен мұз да тасты мінейді, те-
гістейді, қашайды. Бұл бір жұмыс. Қала берді, су мен мұз кіреші
сияқты. Кіреші жүкті бір жерден екінші жерге тасиды. Су тын-
бастан тастарды, құмды, сазды, тұзды, избизді (известь) және жер
үстіндегі түрлі заттарды тасиды да тұрады.
Қашанда болса, мұз бен су осылай жұмыс істеуден талмайды.
Ақырында, бірте-бірте жер бетін өзгертеді: бұрынғы тегістік ар-
тында сай тап болады. Жалаңаш қара тастар үстін біраздан соң
құм мен саз басады. Бұрынғы таулар орнында біраз заманнан соң
тегістік орнайды. Ойламаған жерден кейде үңгірлер шығады.
Жер бетін тегіс су қаптап тұрған. Мұнан неше мың жылдан
бұрын теңіз жатқан, балық жүзген жерлерде бұл күнде қалалар,
ауылдар, ормандар, шөптер бар. Ол жерлердің бәрі бұрын су ас-
тында болғандығын жер астынан қазып алған нәрселерге қарай
біледі. Өсімдіктердің тамырлары жайлап, бірте-бірте жерге, тас
араларына да сіңеді; қара тастарды да ақырындап жара береді,
бүзады, жояды. Қурап құлаған шөптер топыраққа араласып, жер
құйқасын шығарады. Жер құйқасына қарай өсімдік, өсімдікке
қарай ауа-райы мен жандық болады. Сүйтіп, бірте-бірте жер беті
өзгеруіне өсімдік те себеп болады.
Жандықтар де жер беті өзгеруіне себеп болады. Теңіздегі түрлі
уақ жандықтар қырылып, түпке шөгеді.
Салмақпен біріне-бірі ілінісіп, бор, избиз, тас, мрамор, маржан
сияқты заттарға айналады. Топыраққа қосылып, жер құйқасын жа-
сайды. Сүйтіп, жер беті өзгере бермек. Бір минут тыным жоқ. Ол
өзгерісті біз байқамайтын себебіміз – өміріміздің қысқалығынан.
Жер өмірі есепсіз ұзақ. Өзгеріс ұте жайлап, аздап болады, бірақ
кейбір өзгерісті көзбен көруге де болады. Мәселен, жер сілкінген-
де бұрын ой жоқ жерде ой пайда болады, төбесі жоқ жерге төбе
орнап қалады.
Мұның бәрі бізден бұрын жеріміз бұл түрде болмағанын көр-
сетеді. Біздің соңымыздан да жер осы түрінде қалмақшы емес.
Неше жүз мың я миллион өткен соң, төсін бұлт құшып, менменсіп,
көкірегін көкке керіп тұған Хан Тәңірінің орнында жылмиған
жазық дала болмайды деп кім айта алар?
ТЕРЕКТІҢ СЫЙЫ
(Лермонтовтан)
Асау терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын,
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.
Қапқаздан шықты жайнап, қылып у-шу,
Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су.
Қалың қайрат бойында, беті күліп,
Момынсынған пішінмен ағады қу.
Қапқаздай құзда туған перзенттенмін,
Бұлттың сүтін ішіп ержеткенмін.
Қазбектен, ағам, сені көксеп шығып,
Кім қақтықса, жолымда күйреткенмін.
Зор кеуде адамзаттың айласына
Көнбей, бүгін күшімді көрсеткенмін.
Екі езуім көпіріп айқайласам,
Шын құтырсам шың тасты тербеткенмін.
Аптығып асау інің келді, ақсақал!
Тау, тасқа, адамзатқа салып жанжал.
Аш қойныңды, сәлем-сауқат алып келдім,
Дем алайын деп келдім, қош көріп ал!
Ап келген бұғы менен маралым бар,
Адамнан тартып алған көп малым бар.
Ер тоқымы, атымен, қаруымен,
Ер серкешті ап келген амалым бар.
Мұның бәрі – тартуым сізге, – деді,
Ақылыңды айт, ақсақал бізге, – деді.
Бақша, зауыт жайларды қылдым талқан,
Әрбір бай жалдап жатыр жүз кедейді.
Қартаң Каспий қыртиған бойыменен,
Терекке көзін ашып үндемейді.
Азырқандың білемін, ақсақал шал!
Тентегіңнің сөзіне құлағың сал!
Қазақ-орыс қатыны бір сұлуды,
Ап келіп ем, қайтейін, оны дағы ал!
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты.
Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп,
Қатынды алды, қытықсыз араласты.
Абай
Үшінші бөлім
ДҮНИЕ
ДҮНИЕ КӨЛЕМДІГІ Бұрын адам баласы бірнеше қабат көк, бірнеше қабат жер бар деп түсінген. Бұл күнде алыс жұлдыздарды да көрсететін телескоп деген құрал бар. Ең алыс көретін телескоппен кереге сықылданып, жарланып тұрған көкті көрдік делік, бірақ керегенің ар жағында тағы бос көлемдік болу керек емес пе? Ол керегені өте алысқа әрман итерелік. Сонда да оның ар жағында бос көлемдік болуға тиіс. Сонымен, дүние көлемдігінің шеті, ақыры бар деуге келмейді. Бір нәрсенің ақыры, шеті, шегі жоқ десек, сол нәрсе – дүниенің көлемдігі. Дүние көлемдігінің ұшы-қиыры, шегі жоқ. Жұлдыздар тұрған көлемдік қандай? Телескоп көрсетуіне қарағанда жұлдыздар мөлшерлі көлемдікте тұр. Ол мөлшерлі көлемдік шегінен әрі асқан соң, жұлдыз жоқ, ешнәрсе көрінбейді; жұлдыздар бар жерде ғана жарық бар, жұлдыздардан әрі өткен соң жарық бар. Жарық көлемдігі шегінің арғы жағында басқа дүние бар шығар; ол дүние біздің дүниемізге я ұқсас, я ұқсас емес шығар. Үйткені, көлемдіктің сірә, шеті жоқ қой, бірақ жұлдыздар мен біздің дүниеміз тұрған көлемдіктің шеті болғанмен кішкене екен деп ойламаңдар. Ол көлемдіктің кеңдігін оқымыстар бұл күнде есептеп шығарған. Күн сәулесі бір минутта 300 мың шақырым жүреді. Сол сәуле жүлдыздар тұрған келемдіктің ол шеті мен бұл шетіне 30 мың жылда жетпекші. Көк көлемдігін шақырымдап өлшемейді. Шақырым – тым уақ сан, сондықтан бір жылда ететін сәуленің арасын өлшеу мөлшеріне алады, мұны «сәуле жылы» дейді. Қолдарың бос, қағаздарың мол болса, сәуле жылына қанша шақырым жүретш есептей қойыңдар! Күн мен жердің арасы орташа салғанда 150 миллион шақырым. Күн сәулесі жерге 8 минут шамасы жүріп келеді. Ең жақын жұлдыздардың сәулесі бізге төрт жарым жылда жетеді. Бұл не деген сөз? Бұл, егер бүгін ең жақын жұлдыз сөне қалса, оның сөнгенін біз төрт жарым жыл өткен соң білеміз деген сөз.
Міне, дүниенің көлемдігі! Міне, жұлдыздар тұрған дүниенің
көлемдігі! Көкте жұлдыз бар, планета бар. Жұлдыз деп жарық
нәрсені айтады. Күн де жұлдыздың біреуі және бізге жақын жұлдыз.
Планета деп сөнген, қараңғы қатты нәрселерді, жұлдыздарды ай-
тады. Мәселен, Ай, Жер планетаға қосылады. Күніміз сөне қалса,
планета аталады. Сөнбей тұрғанда жұлдыз есебіне кіреді.
ЖҰЛДЫЗДАР
Жұлдыздың адам тұрмысында көп маңызы бар. Қараңғыда
жұлдыз жол басшы болады. Бұрын теңіздерде жүргенде жұлдызға
қарап бет алып отырған. Онымен тұрмай, жұлдызға қарап адамның
болашағын білуге де тырысқан. Жұлдызнама деген кітаптар
сондықтан шыққан. Жолы болған кісіні ел «жұлдызы оңынан
туды» деседі.
Дұрысында, жұлдыздар адам пайдасы үшін, адам үшін тұр
ма? Дүниедегі нәрсенің бәрі де адам пайдасы жаратылған деген
ой әлдеқашан негізсіз болып қалған. Жұлдыздардың да адаммен
титтей ісі жоқ.
Жұлдыздар жер секілді қатты, баран нәрсе емес, күн сияқты
газ бен бу, жарық нәрсе. Қысқаша айтқанда, жұлдыз да күн, күн
де жұлдыз. Ол жұлдыздардың да дөңгеленіп айналып жүрген
әрқайсыларының планета айлары бар. Жұлдыздардың ішінде
күннен әлденеше мың рет үлкендері бар. Олардың титтей болып
жылтырап көрінетіні алыстықтан. Жұлдыздың қанша алыстығын
мынадан байқауға болады: сағатына 50 шақырым алатын от арба
кідірмей жүре берсе жерді
30 күнде айналып шығады. Күнге үш жүз жылда жетеді, ең
жақын жұлдызға 40 миллион жылда зорға жетеді. Сымсыз те-
леграмма 2 секундта жерді айналып бітеді; күнге 8 минутта, ең
жақын жұлдызға 3 жыл 4 айда, алыс жұлдыздарға екі мың жылда
жетер еді. Міне, жұлдыздардың қашықтығы!
Аспанда бір жұлдыз жаңадан жарқылдаса, оны бірнеше жүз
жылдан кейін көрер едік, үйткені сәулесі бізге жеткенше неше жүз
жыл өтер еді. Бір жұлдыз бүгін сөнсе, оның сөнгенін біз көрмес
едік, неше жүз жылдардан соңғы балаларымыз көрер еді, үйткені
сөнерде шыққан соңғы сәулесі бізге жеткенше, неше жүз жылдар
өтер еді, соңғы сәулесі қашан жеткенше бізге жұлдыз жарық боп
тұрғандай көріне берер еді.
Жұлдыздардың арасы бірінен-бірі өте шалғай. Бәлкім, біріне-
бірі бізден де қашық болар, бірақ олардың жиі көрінетіні алыс-
тықтан. Жұлдыздар күндіз де аспанда тұрады, батпайды, бірақ күндіз көрінбейтіндігі күннің жарығының күштілігінен. Терең құдық түбіне түскенде жұлдыздарды күндіз де көруге болады. Жұлдыздар қозғала ма? Әрине, жұлдыздар айналады, қозғалады. Әр жұлдыздың айналасынан үйіріліп жүрген жолдастары бар, бірақ алыстықтан оларды біз дұрыс көре алмаймыз. Ғажап емес, жұлдызды айналып жүрген бір жердің үстінде жәндік, өсімдік, адам болуы. Мүмкін, сол жердің біреуінің үстінде бір оқымыс біздің жұлдызымыз, күніміз жайында жазып я оқытып отыруға да. ҚҰС ЖОЛЫ Көк ғылымын зерттеген оқымыстар жоруынша, Құс жолы – жұлдыздарымыз тұрған дүниенің ең арғы шегі. Құс жолы дөңгеленіп бір ұшы екінші ұшына жалғасып жатыр. Сол дөңгелек ортасына жұлдыздар себілген. Құс жолының ар жағында еш нәрсе көрінбейді. Біздің күніміз барлық қошшыларымен сол дөңгелектің ішінің бір бүйіріне таман тұр. Және маңында жуық жұлдыздар жоқ. Кейбір жұлдыздар топтанып тұр. Әсіресе, құс жолында топтанған шоғыр жұлдыздар көп. Құс жолы өз алдына бір дөңес болып айналатыны, айналмайтыны белгісіз, бірақ ретіне қарағанда шүлдігін айналуға тиіс. Бұл күнде құс жолының машинамен сүгіретін салып алып зерттейді. Болашақта талай заман өткен соң ұрпағымыз біздің салған сүгіреттеріміз бен өздерінің көкте көргенін салыстырып, қорыту шығаруға шамасы келер. «Балалар энциклопедиясынан» КҮН Бізге жарық беретін – жалғыз күн. Күн біздің үлкен шамымыз. Жерге жылу беретін, жерді қыздыратын жалғыз күн. Жылу болмаса өсімдік өспейтінін, жәндік тұра алмайтынын білеміз. Күніміз – барлық тіршіліктің қожасы. Күнсіз жер үстінде тіршілік жоқ. Күннің маңызы зор болған соң, бұрынғылар құрметтеп, күнге табынған. Сол күніміз қандай нәрсе? Бұл күнде аспандағы жұлдыздарды, айды, күнді ірілендіріп, анық көрсететін телескоп сияқты құралдар бар. Алыста тұрса да, жарығына қарай бір нәрсенің ішінде не зат барлығын білетін спектроскоп сықылды машиналар ұсталады. Солармен осы кезде күннің не екенін оқымыстар білді.
Күн жанып, балқып, қайнап тұрған өте зор домалақ. Зор нәрсенің қайнағанда қызуы да өте күшті болмақ. Мәселен, кішкене шырпымен ағаш отынды зорға тұтатасың; ағаш үй жанып жатса, маңындағы ағаш үйлерге су сеуіп тұрмаса, бірге жанып кетеді. Қатты қызса не нәрсе болса да балқып, еріп, сұйық болады я бу мен газ болады. Мәселен, суды қатты қыздырсаң сұйылып, балқиды. Қатты қызса, құм да, саз да сұйылып балқиды. Сондықтан лаулап жанып тұрған күннің ішіндегі нәрселері де бу мен газ күйінде күннің қарамын мынадан байқауға болады: жердің ішін жара кіндігі арқылы тартқан екі шетін қосатын сызықты «диаметр» дейді. Жер диаметрінің ұзындығы 12,800 километрдей (шақырым шамасы). Күн диаметрі мұнан 109 рет ұзын, сағатына 100 шақырым алатын от арба күнді 5 жылда айналып болар еді. Міне, сондай зор газ бен будан тұрған домалақ Күніміз жан-жағына мәңгі заманнан бері жарық пен қызу таратып келе жатыр. Егер күнді бір миллион бөлімге тілсек, әр бөлімі жерден үлкен болар еді. * * * Күн бізден алыс па? Күн бізден өте алыс. Сымсыз телеграмма жерді 2 секундта айналып болады. Егер біз күнге сымсыз телеграммамен хабар жіберсек, 8 минутта жетер еді. Сағатына 50 шақырым жүретін от арба кідірмегенде, жерді 30 күнде айналып болады. Сол от арба тоқтамай жүре берсе айға 166 күнде, күнге 300 жылда жетер еді. Сондай алыс жерде тұрған күннің қызуы сонша күшті, кейде адамға күн өтіп өледі. Жақындаған сайын күннің қызуы арта береді. Күннің қызуына шыдарлық нәрсе жоқ, сондықтан күн ішіндегі нәрсенің бәрі де бу мен газ күйінде. Әлгі біздің от арбамыз да күнге жетпей, өртеніп кетер еді. * * * Күннің қызуының күші қандай? Қызуды «термометр» деген құралмен өлшейді. Жер үстінде 43-45 градус қызу болса, ыссы дейміз. Электрика пештер ішінде зорлықпен 4,000 градус қызу жасауға болады. Оқымыстар есебінше, күннің қызуы 6,000-15,000 градусқа барады. Егер жер осындай қызса, жанды нәрселер түгіл теңіздер, тастар демде газ болып кетер еді. Олай болса, күн бетінде жанды нәрсе жоқ. Күннің жалыны жан-жағына әлденеше мың шақырым жерге тарап, жетіп тұрады. Күн жерден қашықтаса не болар еді? Егер күн жерден қашықтап, ең жақын жұлдыз тұрған жердей араға бара қалса, жер бетін қараңғылық жауып, тірі жәндік қалмас еді. Егер жерде бір
тірі жан сол кезде қалады десек, күн бұған титтей ғана жұлдыз болып көрінер еді. Күн қозғала ма? Күн өз шүлдігінен үйіріледі, бірақ күн жерден әлденеше рет зор. Сондықтан, жер өз шүлдігін бір күнде 24 сағатта үйіріліп шықса, күн өз шүлдігін 26 күнде үйіріліп болады. Жер өз шүлдігінен үйірілгенде күн мен түн болады. Күн өзін-өзі жарық қылған соң, шүлдігінен үйірілсе де, күн мен түн болмайды. Күн де, күн қосшылары планеталар да, ай да, жер де бірыңғай бір бағытпен айналады. Соған қарағанда ай, жер, күн, планеталардың заты, төркіні бір деуге болады. Күн сөнер ме? Әрине сөнеді, бірақ сөнеді деп қорқудың керегі жоқ. Күн сөнгенше талай миллион жылдар өтпек. Ол заман қашан болатыны белгісіз. Күн, жер, ай – бәрінің тегі бір. Осы күні ай күннен де, жерден де салқын; жер күннен салқын; үйткені, бәрінен ай кішкене зат, кішкене ерте суынады. Күн үлкендігінен әлі суымақ түгіл салқындап та жеткен жоқ. Күннің бізге не керегі бар? Жер үстіндегі күштің түбі – күн. Жарығы, қызуы және басқа сырларының арқасында барлық тіршілікті ұстап тұрған күн. Өзендерді, жауындарды, бұлттарды шығаратын күн. Өсімдікке жем беретін күн. Өсімдікті біз жейміз, сондықтан бізді асырайтын – күн. Біздің бұлшық етімізге, көзімізге, ойлайтын миымызға жұмыс қылдыратын – күн. Күннен күшті нәрсе жоқ. ЖЕР ҚАЙДАН ШЫҚҚАН? Біздің әрқайсымыздың үй-ішіміз бар. Біздің өзіміз үй-ішіміздің бір мүшесіміз. Күннің де сондай үй-іші бар, үй-ішінің мүшелері бар. Ғылым тілінде мұны күн жүйесі дейді. Жер сол күн үй ішінің бір мүшесі саналады. Озса, күн жүйесі, қалса, жердің қалай шыққаны жайында біраз болжаулар бар. Сол болжаулардың ішінде, соңынан түзетілген жерлері болса да, негізі бұзылмай келе жатқан болжау – КантЛапласдікі. Сол Кант-Лаплас болжауынша, күн жүйесі аса зор балқыған газ тәрізді зат болған. Бұл балқыған зат күн жүйесінің ең арғылары жететін шекке шейін барлық араны толтырып, үйіріліп тұрған. Балқыған қоймалжың зат тығыздалып, айналу екпіні артқан сайын, айналасына сақинасымақтар тізіле берген. Сақинасымақтың түрлі суға тастаған тастан тұс-тұсына тараған дөңгелек толқындар тәрізді болған. Бұл сақиналар жырылып, бөлініп планетаға және планетаның жолдастарына айналған. Осы күнгі күніміз – сол алғашқы
газ тәрізді заттан қалған жұрнақ. Бұл болжау дұрысқа келсе,
күн сықылды, жеріміз де алғашқы кезде балқыған газ болған.
Бұл қоймалжың зат бірте-бірте салқындаған. Тұман сияқты
домалақтан барып, күн сияқты аппақ, жалтыраған кішкене
жұлдыз болған. Бірте-бірте салқындаған сайын жер әуелі сары,
сонан соң алқызыл, артынан күрең қызыл жұлдыз болған. Түсі
өзгеруімен қатар жер газдан балқыған суық күйге түскен. Әрине,
бұл сықылды өзгерістер айтуға ғана оңай болғанмен іс жүзінде
неше миллион жылдар өткенде барып жарыққа шыққан. Суық
дүниеге жылу мен сәулесін жіберген сайын жердің жылуы қашып,
жарығы кеми берген, ақырында, отша лаулап балқыған сұйық
қоймалжың беті қата бастаған. Әуелі ойдым-ойдым болып қатып,
соңынан тұтасып қатқан. Енді күн боп тұрған жеріміз жарықсыз
планетаға айналған.
Балқыған қоймалжың үстін қатты салқын қабық қоршаған кез-
де жердің пішіні мен түрі қандай болған? Жер қабығы әлі жұқа,
қозғалмалы. Баланың қатпаған еңбегінше тынбай қимылдап
тұрады. Кез келген жерде жарық шығып, кез келен жерден ойы-
лып кетіп, сыртқа балқыған заттар – лава атылады. Ол кезде
жердің қабығы кілегейленіп, әлі дұрыс қатпаған соң, балқыған
заттар шығуына кедергі болмайды. Соның үшін, осы күнгідей от
тауларынша жердің қалың қабатын жарып шығып, бұрқырап аты-
луы жоқ болған; жер ішінен сыртқа аққан, балқыған заттар жай-
лап шығып аққан.
Онымен қатар, жер тоқталмастан суи берген. Суыған сайын
қарамы кішірейе берген. Жердің сыртқы қабығы қалыңдап, қатая
берген. Қарамы кішірейген соң, жердің сыртқы қатты қабығы
жиырылып, тарылып, кей жері жарылып, шытынай бастаған.
Кей жері я көтеріліп, я төмендей бастаған. Мұның бәрінен барып
жер беті адырлы болады; ең әуелгі таулар мен тау араларындағы
кең ойпаңдар шығады. Таулар мен ойпаңдар араларында сақина
сықылды дөңгелек таулар қатып қалған. Міне, сол дөңгелек тау-
лар – алғашқы от таулар болады.
Сол кезде жердің балалық дәуірі. Балалық дәуірі де жердің
пішінін өзгерткен ішкі күші. Ол ішкі күштер дегеніміз – от
тауларының қимылы мен жер сілкіну. Сол күштер әлі күнге шейін
жаңадан таулар шығарады.
Сыртқы күштердің жерге салған әсерінен ешбір із жоқ. Жер беті
әлі ыссы, әлі тірі жәндік жоқ. Алғашқы таулар әлі жалаңаш, мел-
шиіп қарап тұр. Жерде әлі бір тамшы су жоқ, теңіз, өзен, мұхиттар
тіпті жоқ. Жер бетінің қызуы сонша күшті, су ауада бу күйінде
жүр. Ауа бұл күнгіден басқарақ: қалың, тығыз, ауаның ішінде өз газдары мен су буынан басқа жәй нәрселердің де газы мен бұлары боларға керек. Тек жер суынған сайын ауадағы газ және бу болып жүрген нәрселер әуелі сұйылады; соңынан қатаяды; ауа сирейді. Судың булары қалың бұлт болып жүрген. Жер әлі суып келе жатыр. Бір кезде жер беті едәуір суып болады. Ауада жүрген судың булары сұйылып, тамшыға айналады. Ең алғашқы қатты, ыссы жаңбырлар құяды. Алғашқы өзеншелер, өзендер шығады. Су ойпаң жерлерге, аңғарларға ағып жиналады; алғашқы ыссы теңіздер мен мұхиттар шығады. Енді жер үстінде судың жұмысы басталады. Мұхиттардың ыссы толқындары жиектегі қара тастарға соқтығып, үгіп, қажап, сындыра бастайды. Өзендер мен селдер бірте-бірте жердің тас бетін (жерде әлі топырақ жоқ, көкпеңбек, айнала тас) шайып, үгітіп, жаңқалайды. Жаңқаларды мұхиттарға айдап барады. Үгітілген тас жаңқалары түбіне шөгеді. Жаңа шыққан жас қайрат – су тынбай өз жұмысын істей береді. Бірте-бірте су жердің тас кеудесін құртып, қиратады; жердің жұқа қатты қабығын үгітілген тастармен көміп салады; теңіз бен мұхиттардағы сулар бірте-бірте суи береді. Ақырында, жер жүзінде жанды нәрселер шығуына қолайлы жағдайлар бола бастайды. Ең әуелі жанды нәрселер алғашқы жылы теңіздер ішінде шығуының жөні бар. Бірақ, ол жәндіктер тек жалғыз түйіршікті, өте уақ, пішінсіз болуы анық. Каменковтан ЖЕРДІҢ ДОМАЛАҚТЫҒЫ «Соқыр ұстағаннан жазбайды» деген мақал бар. Нені білмесе, көрмесе, адам сол жайында соқыр. Кісі тек көргенін, білгенін ғана түсінеді. Көріп, білмесе еш нәрсеге түсінбейді. Көргені көбейген сайын адамның білігі көбейеді. Кем біліктің жаңылысы көп болады. Жер жайында да солай. Бұрынғы ерте замандарда адам баласының бұл күнгідей от арба, от кемемен жердің ол шеті мен бұл шетіне айналып шығу қолынан келмеген. Жел кеме, ескекті қайықтарымен үлкенірек теңіздерге шығып жүзейін десе, толқын мен дауылдың олжасы болып, қырылып қалады. Құрғақ жерде де жүру қорқынышты: тауы, тасы, өзені, аңы, елі – бәрі жау. Көргені, өз еліне ғана жақын жерлер. Теңіз ар жағына шығарлық кім бар? Бұрынғыларға өз аяғы жетерлік жердің ар жағында жер жоқтай көрінеді.
Ерте замандарда адам баласы жерді жалпақ деп түсінген, бірақ
шеті қандай, қайда, жер астында не бар, оны әр ел әр заманда
әртүрлі ұғынған.
Бұрынғылар жердің пішіні мен тұрін қалай түсінгендері
жайында жазып та қалдырып кеткен. Сол ойдың бірі Құранда да
бар. Олар ойынша жер жалпақ, жүре берсек шетіне жетесің. Шеті
түгіл жердің бұрыштары да бар. Жердің айналасы мен асты су,
суға аспан таянып тұр. Аспан қатты нәрсе. Жұлдыздар аспанда,
жылтыр түйме сияқты қадалып тұр деп ойлаған. Біреулері жерді
үлкен балық, біреулері үлкен кесіртке көтеріп тұр деп түсінген.
Балық пен кесірткені не көтеріп тұр. Бұлар немен қоректенеді деп
ар жағын ешкім ойламаған.
Құрал жетіліп, өнер-білім артты. Адам баласы дүниенің ол
шеті мен бұл шетіне өтіп шықты. Көргені көбейді; тәжірибесі мо-
лайды; жердің не екенін, пішіні мен тұрі қандай екенін білді. Жер
жалпақ та емес, бұрышты да емес; шеті де бар емес, домалақ доп
сияқты, жердің доп тәрізді домалақтығына дәлел көп.
Ішінде ең түсінікті, анығы мынау: адам баласы жердің бар-
маған түкпірін қалдырмаған, бірақ бұрышын ұшырата алмаған,
қала берді, бір жерден, мәселен, маңдайыңды аудармай, батысқа
қарай жүре берсең, баяғы шыққан жеріңе күншығыс жағынан
қайтып келесің. Мәселен, Ресейден кемеге отырып, күнбатысқа
бет алып жүре берсең Ресейдің шығысынан келіп түсесің. Бұл
жердің домалақтығын көрсетеді. Жер домалақ болмаса, күн
батысқа қарай жүре бергенде, шыққан жерден алыстай бермесе,
адам қайтып екінші жағынан келе алмас еді. Домалақ нәрсені
алып, мәселен, қарбызды бір жерінен бастап тоқтамастан ілгері
сыза берсең, айналып бастаған жеріңе келесің. Жерді айналу да
сол сияқты. Осы күні батысқа қарай кетсең де, шығысқа қарай кете
берсең де Америкеге барасың. Жер домалақ болмаса, ол мүмкін
емес. Бұл күнде темір жол, от кемелермен жерді ерсілі-қарсылы
жұрт кезіп болды. Жерді екі ай шамасында айналып бітіруге бола-
ды. Телефон, телеграммалармен хабар жер жүзіне бірнеше сағатта
таралып болады.
Жазық жерде бір ауылдан қашықтап кете берсең, әуелі үйлердің
іргесі, сонан соң орта белі, соңынан төбесі көзден таса болады.
Жазық жерде ауылға жақындай берсек, әуелі үйлердің төбесін,
сонан соң орта белін, артынан іргесін көреміз. Бұ да жердің
домалақтығын көрсетеді. Жер домалақ болмай жалпақ болса,
нәрселер бірден көрініп, бірден көзден жоғалар еді.
Кейде жердің көлеңкесі ай бетіне түседі. Ай бетіне жердің
көлеңкесі дөңгелек болып түседі. Домалақ нәрсенің ғана көлеңкесі
дөңгелек болады. Жердің домалақтығына басқа да дәлел көп.
Жоғарғы айтқандардың бәрі де жердің домалақтығына дәлел.
Домалақ нәрсенің асты-үсті жоқ. Мәселен, домалақ доптың я
қарбыздың мына жағы асты, мына жағы үсті деуге келмейді. Сон-
дай-ақ жердің де асты-үсті жоқ.
Жердің ортасы бар ма? Домалақ нәрсенің ортасы бетінде
болмайды, ішіндегі кіндігі болады. Мәселен, домалақ алманың
бетінің бір жерін орта деуге болмайды. Жер бетінде де ортасы
жоқ. Жердің ортасы – ішіндегі кіндігі, жер домалақ болса, біз
тайып, құлап кетерміз бе? Жерден біз басқа жаққа құламаймыз.
Аспанға тас лақтырсақ, қайтып жерге түседі, әуелі оқ атсақ, ба-
рып-барып жерге қайтадан түседі. Жоғары секірсек, жерге қайта
түсеміз. Үйткені, жер оқты да, лақтырған тасты да, секірген біз-
ді де өзіне тартып, басқа жаққа жібермейді. Не нәрсені болса да
жер өзіне тартады. Біз жерден құлауымыз үшін жердің тартатын
күшінен басым екінші күш жұмсауымыз керек. Ол күшті қайдан
табасың?
Жер неге домалақ болған? Жер домалақ, ол күндей анық,
бірақ домалақ болғанда доптай домалақ емес, алма сияқты
бүйірі шығыңқы домалақ, екі басы батықтау, белі дөңдеу. Бұлай
болуының айырықша себебі бар. Жер түгіл басқа нәрселердің
де домалақ пішіні болады. Мәселен, судың тамшысы да домалақ
болуға тырысады. Ертеңгісін жапырақ үстіндегі шықты қарасаң-
дар доп-домалақ болып жылтылдап тұрады. Суға еріген қорғасын
тамызсаң, домаланып бытыра болады. Тынық судың бетіне еріген
май тамса, домалана қалады. Мұның бәрі нәрсенің уақ бөлімдерін
біріне-бірін жақындастыруға үмтылатын күші барлығынан бола-
ды. Нәрсе домалақ болса ғана барлық бөлімдері біріне-бірі жақын
болуына ыңғайлы болады. Көп адам далада тұрып, біреудің сөзін
тыңдаса я бір жеңсік нәрсеге қараса, палуан тұрғызса, әрине,
дөңгеленіп тұрады. Жұрт палуанды қоршалай дөңгеленіп тұрғаны
сияқты, жерде өзінің кіндігін қоршап, дөңгеленіп тұр. Соның үшін
жер домалақ, жер жүзі балқыған қорғасын тәрізді сұйық болғанын
білеміз.
ЖЕР БЕТІ
Бір күні мұғалім бізді ертіп, ауыл жанындағы төбеге шықты.
Төбенің басына шығып болған соң айтты: жан-жаққа қараңдар!
Жер беті қандай көрінеді? Тегіс пе? деді. Біз тегіс емес, ойлы-
қырлы дедік. Ой деп нені айтасыңдар? Қыр деп нені айтасыңдар?
деді. Біз: ой деп аласа жерді, қыр деп биік жерді айтамыз дедік.
Аласа жерлердің бәрі ой деп атала ма? деп сұрады. Біз оған жауап
бере алмадық. Сонан соң мұғалім өзі айтып берді. Аласа жерлердің
бәрі ой болатыны рас, бірақ түріне қарай түрлі атанады.
Мәселен, ойпаң, аңғар, баурай, үңгір, қуыс, табан, етек деген-
дердің бәрі аласа жерлердің аттары, биік жерлердің аттары да
түріне қарай түрлі болады. Мәселен, тау, үстірт, жон, жота, төбе,
оба. Бұлардың бәрі де биік жерлердің аттары деді. Мұнымен де
жер аттары тәмәм болмайды, ой болсын, қыр болсын ағашты жер-
лер орман деп, бұталы жерлер тоғай деп, шөпті жерлер шалғын
деп, жазық жерлер дала деп, сулы жерлер сала деп, сусыз жерлер
шөл деп аталады деді. Түрлі жерді саялайтын түрлі мақлұқтар бар,
түрлі жердің бетіне шыққан түрлі түктер бар. Түрлі жердің ішін-
де жатқан кендері бар. Солардың қайсысын пайдалана білеміз,
қайсысын пайдалана білмейміз. Пайдалана білсек, дүниеде
пайдаға аспай қалатын нәрсе жоқ. Сондықтан білімі көп жұрттар
дүниедегі нәрселердің көбін пайдаға асырады, білімі аз жұрттар
азын пайдаға асырады. Білім үйренумен, оқумен табылады деді.
КҮН МЕН ТҮН
Бұрынғылар жер бір орында қозғалмай тұрады, жерді күн ай-
налады деп ойлаған. Жердің бір шетінен күн шығып, екінші шеті-
нен батады деп жорыған. Батқан соң күн қайда кетеді, ертеңге
шейін шығысқа қалай айналып келеді, ол жағын ешкім ойламаған.
Көбінің ойынша күн я батпаққа, я суға батады-мыс, күн батқанда
судың шуылдап, сырылдағанын естуге болады-мыс.
Жер жүзін тегіс кезіп аралап шыққанда, адам баласы күннің
батып бара жатқан я бататын орнына кездеспеген. Дұрысында,
жер бір орында тұрмайды. Жер алма сияқты домалақ және тыным
таппай үйіріліп тұрады. Жердің үйірілуі сабынан үйірілген үршық
тәрізді. Мұны жер ез шүлдігінен үйіріледі дейді. Шүлдіктің екі
ұшын төбе дейді. Алманың сабағы тұрған жерінің үстінен тіке
тесіп, екінші жағына шығарсақ, мұны алманың шүлдігі деуге бо-
лады. Жер шүлдігі де сондай, шүлдіктің ұзындығы 12,713 кило-
метрдей (шақырымдай). Екі төбенің тек ортасынан жерді айналдыра тартқан сызықты «экватор» дейді. Экватордың ұзындығы – 40,076 километр. Міне, сол зор домалақ жеріміз ұршық я балалардың ойнайтын құмары – зырылдақ тәрізді өзі үйіріліп тұрады. Үйірілу екпіні өте күшті, зеңбірек оғынан 75 рет шапшаңырақ. Ұршықтай үйіріліп тұрғанда жердің біресе бір беті, біресе екінші беті күнге қарайды. Күнге қараған жағы жарық, күннен теріс айналып кеткен жағы қараңғы болады. Жарық жағы күн, қараңғы жағы түн болады. Шүлдігі айналасын жер 24 сағатта үйіріліп болады. Сондықтан күн мен түннің ұзақтығы 24 сағат, жердің бір жақ бетіндегі жерде тұс болса, екінші жақ тұсындағы бетінде түн ортасы болады. Бізге күн айналатын болып неге көрінеді? Атқа мініп қатты шапсақ, айналамыздағы төбелер, сайлар бізге қарсы жүгіріп келе жатқан сияқты көрінеді. Бала күндеріңде үлкендер қолдарыңнан ұстап дөңгелеткені бар шығар; дөңгелеткенде өздерің бір жерде тұрып, айналадағы нәрселер дөңгеленген сықылды болады. От арбаға мініп келе жатқанда да айналадағы нәрселер қозғалып, қарсы жүгіріп келе жатқандай болады, жердің жүрісі, аттың шабысы мен от арбаның екпіні түгіл оқтан да жылдам. Соның үшін жер қозғалмай тұрып, күн жүретіндей көрінеді. Күншығыстан батысқа қарай жүретіндей кеөрінеді. Онысы жердің батыстан шығысқа қарай үйірілгендігінен. Жер үйірілгенін неге сезбейміз? Жер үйірілгенін сезбейтініміз – біз жермен бірге қозғаламыз және жер бір сазбен селкілдемей, секірмей, тоқтамай, үйіріліп отырады. Жердің жүрісі бірден жайылса я шапшаңдаса біз жердің қозғалып тұрғанын байқай қояр едік. Мәселен, жер өз шүлдігін өзі 24 сағатта үйіріліп болмай, 12 сағатта үйіріліп шығатын бола қалса, жердің жүріп, тұрғанын біле қояр едік. ЖЫЛ УАҚЫТТАРЫ Жер тек ұршықша үйіріліп, бір жерде тұрмайды, күнді де айналады. Далада жазды күні құйын жүргенін көргендерің бар. Құйын өзінен өзі дөңгеленіп, үйіріліп отырып, ілгері зырғи береді. Мұз үстіне зырылдақ ойнағандарың да болар. Табақ түбіне сынған қасық сабағынан шырылдауық істеп, дөңгелеткендерің бар шығар. Зырылдауық та, шырылдауық та өзінен-өзі үйіріліп, дөңгеленіп тағы ілгері жүгіреді. Жер де сол сияқты. Өзінен-өзі үйіріліп, ілгерілеп күнді тағы айналады. Жердің күнді айналатын жолы сопақ сызық, сызықтың ортасында күн. Күнді айналып келе жатып, жер кейде күнге жақындап, кейде қашықтайды. Және жердің «теріс
төбесі» ылғи темірқазыққа қарап жүреді. Сондықтан күн кейде жердің арқа жағын, кейде оңтүстік жағын күштірек жылытады. Күштірек жылытқан жағында жаз, көбірек жылытқан жағында қыс болады. Жердің күнге көбірек аударылып отыратын жағына сәуле тік түсіп, көбірек тұрады, күнге көмірек аударылып отыратын жағына сәуле қиялай, бір бүйірден түсіп, аз уақыт қана жарық қылады. Сондықтан, қыста күн қысқа, жазда ұзын болады. Сонымен, біресе Арқа жақта, біресе оңтүстікте жаз бен қыс кезек болып тұрады, бірақ жер күннен бірден шалқиып кетпей, жайлап шалқиятын болған соң, жаз бен қыстың арасында күз бен жазғытұры болады. Жер күнді бір жылда, басқаша айтсақ 365 күн 6 сағат шамасында айналып болады. Июннің 22-сі күні (жаңа есеппен) жердің біз тұрған арқалық беті күнге ең көбірек төселеді, сондықтан сол күні ең ұзақ күн, ең қысқа түн болады. Июннің 23-нен бастап, жердің біз тұрған арқалық беті күннен шалқия береді. Декабрьдің 23-інде әбден шалқиып болады. Сондықтан декабрьдің 22-сінде біз жақта ең ұзын түн, ең қысқа күн болады. Сентябрьдің 22-сінде жердің арқалық беті де, оңтүстік беті де күнге бірдей қарап, бірдей төселеді. Сондықтан сентябрьдің 22-сінде күн мен түн теңеледі. Марттың 22-сінде жердің екі басы тағы да күнге бірдей төселеді. Сондықтан марттың 22-інде жазғы күн мен тағы теңеледі (бұл ескіше марттың 9-на келеді. Марттың 9 – қазақтың жаңа жылының басы, наурыз күні. Ғылым көзімен қарағанда марттың 22-сі наурыз жаңа жыл болуға жөн). Жер домалақ болса, шүлдігінен бір үйіріліп, күнді тағы айналып тұрса, нағып құлап кетпейді? Тіреусіз жер қалай тұрады? Жер тіреулі болса құлар еді, құламай тұрғаны тіреусіздіктен. Уақыттың күшіне шыдайтын тіреу бар ма? Ол тіреуге тағы тіреу керек болар еді. Екінші тіреуге үшінші тіреу керек еді. Тіреудің саны болмас еді. Жерді қүлатпайтын екі күш бар: бірі – өзінің айналуы, екіншісі – жерді күн тартуы. Күн жерді өзіне тартып тұрады. Жер күнді айналып жүгіріп тұрады. Міне, осы екі күш жерді құлатпайды да, бір жолдан тайғызбайды да. Жер жүгірген екпінмен алысқа кетейін десе, күн тартып тұрады. Күн өзіне тартып алайын десе, жердің ілгері жүгіріп келе жатқан екпіні күнге жақындатып жібермейді. Сүйтіп, жер күннен алыстамай я жақындамай да бір жолмен жүгіреді де отырады. Бір жіпке тас байлап, қолыңды сермесең, қолыңа жақындамай да, алыстамай да тас айнала береді. Жердің күнді айналуы да сол сияқты.
ЖАЗҒЫТҰРЫМ «Болды міне, дәл алты ай, Жаттың ұйықтап, еркетай! Ұйқың қанды, тұр, қозым! Аш көзіңді жұлдызым!» Деп маңдайдан ақырын, Жұмсақ, жылы сәулемен, Сипап жерді, күн күлер, Аяқтарын көсіліп, Еркеленіп, есінеп, Жер нәресте, жас бала, Жаңа оянып жатқанда: «Жұмсақ, жылы бетінен Тәтті ғана сүйсем!» деп Күбірлеп өкпек жел жүрер. Дамыл алмай жылар қар, Ақ шымылдық ашылар, Сылқ-сылқ күліп, сылдырлап Бірдеңе деп былдырап, Көрінгеннен сүйінші, Сұрайтын жас баладай, Асығып сулар жүгірер. Керіліп ерке жер тұрар, Мөлдір сумен жуынар. Үлде менен бұлдеге, Түрлі-түсті гүлдерге, Шын жібекке оранып, Қаранғанда көз тоймас, Бүлдіршіндей киінер, Көріп сұлу баласын, Көз ішінде қарасын, Қуанып тасып жүрегі Қысып ыстық сүйеді. Ұзын күнде ару жоқ, «Періштемң, – деп айналып, Алтын ана күн жүрер. Мұны көріп бұлттар, Күңіреніп етер зар: «Біздерде алтын ана жоқ, Қысып сүйер бала жоқ, Тұрақ та жоқ белгілі», Деп тұнжырап, күрсініп, Әлсін-әлсін жас төгер. Жұмабайұлы Мағжан КҮЗ Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін: тойғаны ма, тоңғаны ма? Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай; Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айырылған ағаш қурай. Біреу малма сапсиды салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім Енесіне иіртіп шуда жібін Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақшомшы жүр, ол – бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді сейіл, серуен.
Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең;
Кемік сүйек, сорпа су тимеген соң,
Үйде ит жоқ: тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Абай
АЙ МЕН КҮННІҢ ТҰТЫЛУЫ
Кейде ай мен күн тұтылады. Күн мен ай тұтылуын жұрт жа-
маншылыққа жорып қорқысады. Әсіресе, күн тұтылғанынан адам
қатты шошынады. Күн айдан гөрі сирегірек тұтылады. Сондықтан
күн тұтылғанда жұрт қатты сасады. Жарқырап тұрғанда күн
тұтыла қалуы себебін түсінбеген адамды мықтап қорқытарлық
нәрсе. Толық тұтылғанда, күн қарауытып, көрінбей кетіп, түн
сияқты қараңғылық түседі. Ауа салқындайды. Шық түседі, құстар
ұясына жатады, гүлдер басын иіп мүлгиді. Соның бәрі аспанда
терліктей бұлт жоқ, ашық күні болады. Біраздан соң күннің сәулесі
қайтадан түсе бастайды. Дұрысында, күн мен ай тұтылуында кісі
қорқарлық дым да жоқ. Бұл тұтылулар жәй бір себептерден бола-
ды. Ол себептер қандай? Жер күнді айналады, ай жерді айнала-
ды. Күн жерді тартады, жер айды тартады. Жер күннің, ай жердің
қосшысы. Ай да жер сияқты домалақ, қатты, баран нәрсе. Айдың
жарық болып көрінетін себебі, бетіне күннің сәулесі түсіп жарық
қылғандықтан. Мәселен, қараңғы үйдің есігінен я бір тесігінен
шам жарығы кірсе, сәуле түскен нәрсе жарқырап көрінеді. Айдың
түнде жарқырап көрінуі де сол тәрізді. Ай күн түгіл жерден де 50
рет кіші. Айдың күннен үлкен болып көрінетіні – жақындығынан.
Күн мен жер арасы әлденеше миллион миль, ай мен жер арасы 50
мыңға миль. Бір нәрсе неғұрлым алыс болса, соғұрлым кішірейіп
көрінеді. Көз ұшында бір нәрсе құрттай болып қарайып көрінеді,
қасына жақындаған сайын бадырайып, ұлғая береді.
Айдың күннен үлкенірек көрінетіні де сондай. Ай бетінде қа-
рауытқан және жарық жерлер көреміз. Жарқырағандары таулары
да, қарауытқандары таудың көлеңкелері мен жазық жерлер. Бұлар
алыстан көретін «телескоп» деген құралмен өте анық көрінеді.
Жер де, ай да баран нәрсе. Баран нәрсенің көлеңкесі болады.
Мәселен, адамның, таудың, басқа сондай нәрселердің колеңкесі бар. Ай жерді айналып келе жатқанда, кейде жер мен күннің арасынан өтеді. Сол кезде айдың көлеңкесі жер үстіндегі бір орынға түседі. Көлеңке түскен орынға күн көрінбей, аймен жабылып қараңғы болады. Мұны жұрт «күн тутылды» дейді. Күн тұтылғанда шынының бір бетін түтінмен ыстап алып, күнге қарай қойсаң, ай бірте-бірте бетін жауып жайлап тағы өтіп кеткенін анық көресің. Егер ай мен күн арасына жер келіп киліксе, жердің көлеңкесі барып айға түседі, айдың беті кеугім тартады. Мұны адам «ай тұтылды» дейді. Оқымыстар айдың, жердің жүрісіне қарап есептеп, қай жерде, қай мезгілде ай я күн тұтылатынын күн ілгері жұртқа құлақтандырып қояды. Бірнеше секунд күн тұтылатын жерге оқымыстар көп машақаттанып, шығынданып телескоптарын, сүгірет салатын машиналарын күн бұрын алып барып қояды. Үйткені, тұтылған кезде ай мен күн бетінде не бары, не болып жатқаны жайдағыдан анығырақ көрінеді. Ай әрі қатты, әрі баран нәрсе; үлкеймейді де, кішіреймейді де, бірақ бізге ай кейде тіпті керінбейді, кейде жарты, кейде бүтін болып корінеді. Ол неліктен? Ай жерді айналып келе жатып, жердің күн жағына шығады. Сол кезде күннің жарығының күшімен ай көрінбейді. Мұны «өліара» дейді. Сонан соң ай біртебірте күннен қашықтай береді. Күнге қараған жиегі жарық болып көрінеді. Мұны ай басы дейміз. Енді біразырақтан соң жүре-жүре ай жердің сыртына шығады. Айдың бір жағы тегіс жарық болады. Мұны «ай ортасы» дейміз. Онан соң ай тағы жіңішкере бастайды; айдың бір жақ бетін тегіс көре алмаймыз, күннің сәулесі түскен шетін ғана көреміз. Мұны «ай ортасы ауды» дейміз. Мұның артынан тағы өліара басталады. ҚҰЙРЫҚТЫ ЖҰЛДЫЗ Мұнан мың жыл бұрын 1066 жылы ағылшын еліне норман деген халық келіп жау болып тиді. Жау жеңіп, ағылшындар қатты әбігершілікке ұшырады. Сол кезде аспанда құйрықты жұлдыз көрінді. Жеңілген ағылшындар құйрықты жұлдыз «Құдайдың кәрі», бізді жау қыруына көрінген деп қорқысты. Құдайға сыйынып, жаманшылықтан құтылдыр деп молдаларға төгінді. Молдалар да елге мұны Құдайдың кәрі деп ұғындырды. Нормандар құйрықты жұлдыз жақсылыққа көрінді, біз ағылшындарды жеңеді деп Құдай көрсетіп тұр деп қуанып, масайрасты. Нормандардың ханымы «Матилда» деген кісі құйрықты
жұлдыздың сүгіретін кілем түріне салып тоқыды. Сол кілемнің
ұзындығы 98 кез. Осы күнге шейін Англияның «Баио» деген кала-
сында сақтаулы, елге көрсетіп тұрады. Ол жұлдыз басқа жерлерде
де көрінген. Қайғысыз жер жоқ, сондықтан жұрттың көбі құйрықты
жұлдыздан қорқып, «Құдайдың кәрі» деп сасқан. Жұлдыз тұрып-
тұрып бір күні жоқ болған. Жұлдыз өмірінше келмеске кетті
ме? Жоқ, 75 жыл өткен соң баяғы жұлдыз қайта көрінген. Бірақ
жұрт мұны бұрынғы таныс жұлдыз демеген, жаңадан көрінген
жұлдыз деп қайта үрейленген. Сол жұлдыз қанша рет көрінсе,
сонша рет жаңа жұлдыз деп түсінген: бұрынғы жұлдыз деп ешкім
ойламаған.
1456 жылы баяғы жұлдыз тағы көрінген. Сол жылы – түрік-
тердің Стамбұлды христиандардан тартып алған жылы. Хрис-
тиандар бізге құйрықты жұлдыз Құдайдың жіберген кәрі деп
қорыққан. Мұсылмандар жақсылығы деп қуанған. Мұнан 75 жыл
өткен соң баяғы жұлдыз тағы көрінген, бірақ бұл жылы Еуропа-
да тыныштық болған. Қара халық сасып жүргенде, молдалар қот-
қоттап састырып жүргенде, оқымыстар құйрықты жұлдызды зерт-
тей бастаған.
Галлей деген оқымыс бұрынғылардың құйрықты жұлдыз жай-
ында жазғандарын және өзінің көргенін салыстырып «құйрық-
ты жұлдыз» не екенін, не үшін көрінетінін тапқан. Әлгі құйрықты
жұлдыз әрбір 75 жылда бір рет көрінеді екен. Құйрықты жұлдыз
да жер сияқты күнді айналып жүгіріп отырады екен. Бірақ, жолы
қысқалығынан жер күнді бір жылда айналып шықса, құйрықты
жұлдыздар жол ұзақтығынан 75, жүз, мың жылдарда айналып бо-
лады екен. Құйрықты жұлдыз күнге жақындағанда бізге көрінеді
екен де, қашықтағанда көзден жоғалады екен. Әлгі ағылшындарды,
христиандарды қорқытып жүрген құйрықты жұлдыз күнді 75
жылда айналып шығады екен. Әрбір 75 жылда көрініп кететіні
сондықтан екен. Галлей құрметіне әлгі жұлдыздың атын да Гал-
лей қойған. Галлей жұлдызды зерттеп болып, баяғы жұлдыз 1758
жылы көрінер деп кесіп айтқан, өзі мұнан бұрын 1742 жылы өліп
кеткен. Айтқандай-ақ, Галлей жұлдызы өзі өлген соң, 16 жылдан
соң 1758 жылы көрінген.
* * *
Құйрықты жұлдыз не нәрсе? Бұл күнде өте алыстан нәрсені
ірілендіріп көрсететін телескоп деген машиналар бар. Телескоп
осы күні мәселен, айды жәй көзбен көрінгеннен мың жарым есе
үлкейтіп көрсетеді; ай бетіндегі сайлар, таулар, жыралар, ойлар
анық көрінеді. Құйрықты жұлдыздарды да сондай құралдармен
қарап, зерттейді. Көктегі нәрселерді зерттейтін басқа құралдар да
көп.
Жәй көзбен қарағанда да құйрықты жұлдыздың басы, басының
ішінде домалағы және құйрығы бар. Құйрықты жұлдыздың бір
жағынан жұлдыздар көрінеді. Олай болса, құйрықты жұлдыз жер
сияқты баран емес, ауа сияқты мөлдір; құйрықты жұлдыз күн мен
жер арасынан келіп өткен кездері болған. Бірақ, күнді қараңғылап
жаба алмаған. Әсіресе, құйрығы мөлдір, басы қараңғылау, бірақ
басы кәдімгідей қараңғы құйрықты жұлдыз бар, жоғы әлі белгісіз.
Күннен алыс жүргенде құйрығы тіпті болмайды, бұлт сықылды
шумақталып жүгіріп отырады. Күнге жуықтаған сайын құйрығы
шығып, ұлғая береді. Құйрықтары да түрлі-түрлі болады. Кейбіре-
улерінде бірнеше құйрықтар болады.
Ішіндегі нәрселері де түрлі болады. Бір жұлдызда бір нәрсе,
екінші жұлдызда екінші нәрсе болады, бірақ құйрықтарының
ішінде темір бар. Әр жұлдыздың құйрығындағы нәрселері әр түрі
болған соң, құйрықтары да әртүрлі болады. Үйткені, әр нәрсеге
күн әртүрлі әсер береді.
Құйрықты жұлдыз күнге жақындағанда ішіндегі нәрселеріне
күн күші әсер беріп қыздырады. Ол нәрселер қайнап, балқып, бу
мен газға айналады. Бұл газдар мен буды күн сәулесі әрі итеріп
шалқытады.
Күнге жуықтаған сайын шалқу күшейіп, жұлдыздың құйрығы
күннен әрі қарай созылады. Мысалы, желден түтін шалқығандай
болады. Міне, осы шалқыған газ бен бу құйрық болып көрінеді.
Түскен жарығына қарай бір нәрсенің ішінде не бар екенін
білетін «спектроскоп» деген құрал бар. Сол құралмен бұл күнде
күннің, жұлдыздардың, құйрықты жұлдыздардың ішінде не бар
екенін біледі. Құйрықты жұлдыздарға күннен түскен сәуледен
басқа өзінің де жарығы болады. Үйткені, күн жуықтаған сайын
құйрықты жұлдыз балқып, қайнайтынын білеміз. Қызып, балқыған
нәрсе жарықта болады. Мәселен, қорғасын, темір балқып қызса,
жарқылдай бастайды.
Спектроскоп құйрықты жұлдыздар ішінде не бар екенін білу бо-
лады. 1826 жылы 28 февральда «Биела» деген оқымыс бұрын ешкім
көрмеген, жәй көзге түспейтін кішкене ғана құйрықты жұлдызды
тапқан. Есептеп қараса, әлгі жұлдыз 6 жыл 270 күнде күннің ай-
наласын бір айналады екен. 1846 жылы 1 январда «Биеланың»
жұлдызы жұрт күтіп тұрғанда қақ жарылып, екі бөлініп, екеуі екі
басқа жөнеле берген. Бұған дейін жұрт құйрықты жұлдыз жары-
лады деп ойлаған емес. Мұнан соң әлгі жұлдыздың қалғандары да
бытырап кеткен. Және бір қызығы жалғыз бұл жұлдыз емес, басқа
құйрықты жұлдыздар да бөлшектеніп кетеді екен. Биела жұлдызы
ізім-қайым жоғалған да кеткен. Сонымен 20 жыл өткен.
1872 жылы 14-інші ноябрде аспаннан жұлдыз жауа бастаған.
Жеті сағат жауып жұлдыз ашылған. Оқымыстар тексеріп, зерттеп,
есептеп қараса, баяғы бөлініп, жоғалып кеткен Биела жүлдызы
сол күні сол жерден өтуге тиіс екен. Сонымен жауған жұлдыздар
жоғалған құйрықты жұлдыздың жаңқалары болып шыққан. Соның
үшін 14 ноябрьде аспаннан жұлдыз жауған екен. Оқымыстар
есептеп қараса, сол күні Биела жұлдызы мен жердің жұлдызының
түйісетін күні екен. Мұнан соң да Биела жұлдызы жермен
әлденеше рет ұшырасып, жұлдыздар жауған. Ақпа жұлдыздар
құйрықты жұлдыздың жаңқалары екені анықталған. Олай бол-
са, ақпа жұлдыздағы бар нәрселер құйрықты жұлдыздардың да
ішінде болуға тиіс. Аққан жұлдыздардың ішінде таза темір де,
қымбат тастар да, алтын да, қалайы да, мыс та, басқа нәрселер
да бар. Құйрықты жұлдыз ішіндегі заттар жерде де бар. Бұларға
күдіктенуге болмайды, үйткені адамның көз алдында көктен
түседі. Түскен тастардың ішінде мың жарым пұттығы да бар.
Сонымен құйрықты жұлдызымыз не нәрсе? Құйрықты жұлдыз
– үлкен тұман. Бұл тұманның ішінде ірілі-уақты тастар да, құмдар
да, газдар да бар. Газдар құйрығында құм мен тастар көбінесе
басында болады. Бұл қатты заттар тұтас емес, бөлек-бөлек,
сондықтан бұлардың араларынан жұлдыздар мен күн көрінеді.
Газдары өте сирек. Оқымыстар есебінше біздің ауамыздан 20
мың есе сирек. Үйткені, құйрықты жұлдыз күнге өте жақындап
жүретін кезі бар. Сондықтан күн қатты қыздырып, ауасын си-
ретеді. Құйрықты жұлдыз – өте үлкен тұман, кейде қалыңдығы
миллион жарымдай болады. Міне, сондай үлкен тұман күн жарық
қылған соң амалсыз көрінеді.
Құйрықты жұлдыз жермен түйісе ме? Түйіседі. Жер құйрықты
жұлдыздың орта белінен кесіп откен кездері болған. Түйіскенде
құйрықты жұлдыз кейде тұман сияқтанып, кейде жұлдыз болып
жауып өтеді. Онан басқа еш нәрсе болмайды. Соңынан жұлдыз да,
жер де өз жөндеріне зулап тарта береді.
Құйрықты жүлдыз ішіндегі газдан зиян бар ма? Жоқ, үйткені
ол газ өте ширақ. Отарбаға тұманнан зиян бар ма? Құйрықты
жұлдыздың газы да сол сияқты. Жердің айналуында адамға да
ол газдан зиян жоқ. Газ удың барып тұрғаны болса да, өте ширақ
болған соң адамға келер зиян болмайды.
Бұл күнде оқымыстар есептеп отырып қандай құйрықты
жұлдыз қашан көрінетінін күн ілгері айтып қояды. Ешкім бұрын-
ғыдай құйрықты жұлдыздан жұрт қорықпайды. Бұрын құйрықты
жұлдыздан жұрт қорыққанына жұлдыз айыпты емес, надандық
айыпты. Бір сирек болатын нәрседен қорықпас үшін, оның не
екенін білу керек.
АҒЫНДЫ ЖҰЛДЫЗДАР
Бұлтсыз тынық түн. Аспанда жұлдыздар жайнап тұр. Қарап
тұрсаң әлсін, әлі жарқыраған бір нәрселер ағып түседі. Мұны
жұрт «ағынды жұлдыз» дейді, бірақ бұлар жұлдыз емес. Жұлдыз
бен бұлардың арасы жер мен көктей.
Ағып түсетін нәрселердің қарамы көбінесе кішкене болады.
Бұлар тас сияқты, кейде темірден болады. Жарқырап көрінетін се-
бебі, ауадан өтіп келе жатып қатты қызады. Кішкенелері өте қатты
қызғандықтан жерге түсуге шыдамай, жолда ауада жанып кетеді.
Үлкендері жерге түседі. Кейде түскен жерлерін шұқырлап ойып
кетеді. Осындай аспаннан түскен тастарды «метеорит» деп айта-
ды. Метеориттарды музейлерден табуға болады.
Метеориттардың жерге қатысы жоқ. Бұлар бөлшек тас сықыл-
данып бос көлемде жүгіріп жүреді. Жүгіріп жүргенінде жердің
ауасына килігіп, жер өзіне тартып алған. Ғылым тәжірибесінше
кейбір метеоридтар құйрықты жұлдыздардан бөлінген. Көп за-
мандардан соң, құйрықты жұлдыздар бөлініп қирайды, құйрықты
жұлдыз орнына сынықтары күнді айналып жүгіріп отырады. Күнді
айналып жүргенінде жер метеоридтың жолын кесіп өтеді. Метео-
ридтар жердің ауасымен араласады. Метеоридтарды жер тартады.
Метеоридтар жерге түседі. Қай кезде де метеоридтар жерге көп
түсетінін оқымыстар зерттеп байқаған. Метеоридтар көп жүретін
жолын жер ноябрь айында кесіп өтеді екен, сондықтан ноябрьде
аққан жұлдыздарды көбірек көреміз.
БЕС ҮЙЕК
Жер жүзінде жаз ыстық, қыс суық болатын жерлер бар. Онда
да бір жерде жазы көп, қысы аз, бір жерде қысы көп, жазы аз, бір
жерде жазы да, қыс да бірдей болатыны бар. Біздің тұрған жеріміз-
де жаз алты ай, қысы алты ай. Бірден солтүстікке қарай әрі барған
сайын суығырақ бола береді. Ең ар жағында тіпті жаз болмайтын
суық жерге жетеміз. Бізден оңтүстікке қарай әрі барған сайын
жылырақ бола береді. Әрман қарай жүре берсек, жыл бойы қыс
болмайтын ыстық жерге жетеміз. Онан да әрі жүре берсек, ыстық
кеміп салқындай бастайды. Онан да әрі жүре берсек, суығырақ
бола бастайды. Ең аяғында тіпті жаз болмайтын суық жерге же-
теміз. Мұнан көрінеді: ыстық жақ жердің орта белінде болатыны.
Сүйтіп жер жүзі жылы суықтыққа қарай беске бөлінеді. Біздің
тұрған жеріміз салқын үйек, оңтүстік жағымызда ыстық үйек.
Суық үйекке қарай жүрсең әрі барған сайын жаз қысқа, қысы ұзақ
бола бастайды. Оңтүстікке қарай жүрсек, әрі барған сайын қысы
қысқа, жазы ұзақ бола бастайды. Сүйтіп, суық үйек пен біздің
салқын үйек аралығында қыс ұзақ, жаз қысқа. Ыстық үйек пен
біздің салқын үйек аралығында қыс қысқа, жаз ұзақ. Жылы, суық
болуы күннен. Күн қақ төбеге келетін жерлерде тіпті қыс болмай-
ды. Мәселен: ыстық үйек күн төбеден алыстаған сайын, жылуы
кемиді. Біздің қақ төбемізге күн ешуақытта келмейді. Күн келме-
ген соң, өте ыстық күндер біздің үйекте болмайды. Сондықтан
салқын үйек деп аталады. Әр үйекте күннің қалыпты райы болмақ,
ол рай климат деп аталады.
ЫСТЫҚ ЖАҚ
Суық жақтағы теңіздің жыл бойы мұзы арылмайтын болса,
ыстық жақта жыл бойы қар түспейтін жерлер бар. Ыстық жақта
күн қызуы біздің жақтағыдай емес, онда күн қақ төбеге келеді.
Онда жаз, күз, қыс жоқ, жалғыз-ақ, шілде бар. Жыл бойы онда
шілде, жыл бойы жапырағы жайқалған ағаштар, шөптер, түрлі
түспен безенген гүлдер, тамылжыған жемістер. Қар орнына онда
жауын болады. Жауын тынбастан бірнеше ай жауады. Жерді әбден
қандырады. Су мен жылу жетерлік болған соң, жер түгі бітік
болмақ. Күннің жылуының, жердің дымының арқасында ыстық
жаққа шығатын ағаштар атайман болады. Ондағы ағаштардың
биіктігі 100-150 аршынға жетеді. Кейбір ағаштар оскен кезінде
– күніне аршындап өсіп отырады. Кей ағаштардың жуандығы
сонша – 15 кісі қол ұстасқанда барып құшақтары әрең жетеді.
Кесілген бір ағаштың түбірінің үстіне 15 атты адам сыйып тұра
алады. Сондай ағаштардың шіріген қуысына бір үйлі адам еркін
тұруға болады. Ондай ағаштардың жапырағы да үлкен болады.
Ұзындығы 8-9 кез, енділігі жарты сажынға толатын жапырақтар
бар. Сондай жапырақтардың астына бірнеше адам сыйып, жауын-
нан қорғалуға болады. Атайман ағаштардың жемістері де атай-
ман. Кей ағаштардың басына шығатын жаңғақтардың үлкендігі
баланың басындай болады. Ыстық жақтағы гүлдердің де тәні бар.
Ондай гүлдердің салмағы 4 айлық баланың салмағындай болады.
Орман ағаштары ұйысып, қалың шығады. Ағаштар бұтақтарын
жайып, жан-жағындағы ағаштармен құшақтасып, айқасып бітеді.
Оның үстіне шырмауықтар қосылып, ыстық жақтың орманында
жүруге жол бермейді. Ондағы орман ішінде жүрген адам қолына
балта алып, ұйысқан бұтақ және шырмауықтарды кесіп, жолын
аршып жүріп отырады. Неше түрлі хайуан десең, ыстық жақта.
Ерсілі-қарсылы ұшып жүрген қанаттары құлпырған құстар. Лақты
бітеу жұтатын ажда жылан да сонда, үлкендігі шыбындай құс та
сонда. Мұның бөрін жайраңдатып қойған күннің қызуы.
Қыс екі айдай күні бойын көрінбеген күн жаз екі айдай күні
бойын қатпайды. Жазда «тундрада» екі-ақ ай болады. Сол екі
айдың ішінде күн көзден таса болмай, түнде де күндіздегідей
жап-жарық болады. Ол жаз әне-міне дегенше болмай жылдам өте
шығады. Бұрқыраған боран, сықырлаған аяз дәуірлейді.
Бұл суық жақта орман дегеннен, тоғай дегеннен түк жоқ. Онда
егін егуге болмайды. Тары, бидай, басқа астықтар шықпайды.
Жер түгінен онда шығатын ұсақ бұталар, мүк және кейбір салқын
ауаны сүйетін жер желектері болады.
Жаз күнінде «тундраға» жан кіреді, ағаштар көгереді; желектер
қызарады; тундраға өң кіреді. Құстар да көп келіп, ұяласып, бала-
пандарын шығарады. Тундрада тұрған хайуан кем болады. Біздің
малдарымыз онда аштан өледі. Онда арқар бұғы деген хайуан
бар. Оның жейтін тамағы мүк. Онан басқа үй хайуандарынан ит
бар. Итке қайда да болса тамақ табылады. Ондай жерде тұрған
адамның күні күн емес, бірақ сондай жерде де күнін көріп тұрған
адамдар бар: кәдімгі қазақтар әңгіме қылатын ит жеккен халық.
Мұның бәрін бүрістіріп, қуырып қойған суық, күн жылуының
кеміс түсетіндігі.
СУЫҚ ЖАҚ
Табиғат суық жақ пен жылы жақта бірдей болмайды. Біздің
солтүстік жағымызда Мұзды мұхит деген теңіз бар. Мұз деп ат
қойғаны бұл мұхитта жыл бойы тау сияқты болып жүріп жататын
сең арылмайды. Кей сеңдер зорлығы сонша, биіктігі 29-30 құлаш
болады. Бұл мұхиттың жағасына қараған жерлер мидай дала бо-
лады, оны «тундра» деп атайды. Тундра қатқан жер. Бұл жер –
жердің ең сорлысы. Мұнда сегіз ай шамасы қатты қыс болады. Күн
жарығы аз түседі. Қыс ортасында екі айдай тіпті жарық түспейді.
Екі айдай күндіз де түндегідей қараңғы болады. Жұлдыз бен ай жарығы болмаса күн сәулесі түспейді. Жұлдыз бен ай жарығынан басқа «арқа сәулесі» деген түсетін бір сәуле бар. ТӨРТ ТҮС Күн дайым бір жақтан шығып, екінші жаққа батады. Дала жерге шығып, жан-жағымызға көз салсақ, үстімізге тігілген бейне үлкен үй сияқты жоғарыда аспан; төменде үй орнындай дөңгелек, айналамыздағы жер, аспан мен жер айқасқан бетінде тартқан жиек секілді жер аламайы – көк жиегі. Ерте тұрып, күннің шыққанын бақыласақ, әуелі шеті ғана көрінеді. Сонан соң бірте-бірте көтеріліп, тұлғасы түгел көрініп, жоғары қарай шығады. Шыққаннан кейін жоғарылай-жоғарылай, күн шарыққа шығып, түс болғанын көреміз. Шарыққа шығып болғаннан кейін төмендей-төмендей жер тасасына түсіп, күннің батқанын көреміз. Күнің шыққан жағын күншығыс деп, батқан жағына күнбатыс деп, шарыққа шыққан жағына түстік деп, түстікке қарсы жағына арқа яки қараңғылық деп адамдар ат қойған. Дүниенің төрт түсін қағаз бетіне салып көрсетеміз десек, былай саламыз: әуелі дөңгелек етіп жер аламайын саламыз; сонан соң сызықпен төрт түсті көрсетеміз. Дөңгелектің оң жағын күншығыс, сол жағын күнбатыс етіп, төменгі жағын түстік, жоғарғы жағын қараңғылық деп көрсетеміз. Төрт түстік аралығындағы жақтарды аралық дейміз, мәселен түстік шығыс аралығы, түстік батыс аралығы, арқа шығыс аралығы, арқа батыс аралығы дейміз. Бір нәрсенің тұрған жерін сілтегенде төрт түстік я аралықтарының атын айтып сілтейміз. Күн ашық болса я тұрған жеріміз таныс болса, күншығыс, күнбатыс қай жақта екенін білеміз. Жер таныс болмаса, күн бүркеу шағында я тү шағында күннің шығысын, батыс арқаны түстікті білуге болмайды. Ондай орында төрт түстің қайда екенін ашатын құбыланама деген құрал бар. ҚҰБЫЛАНАМА Құбыланама деген – екі басын сүйірлеп болаттан істелген темір істік. Істікке магнит сүртілген, ортасында азырақ ойған оязы бар. Сол шұқырлаған жерінен иненің я біздің бір ұшын түстікке, екінші ұшын арқаға қарайды. Басқа жаққа бұрып қойсақ та, баяғы қараған жағына қайта бара береді.
Құбыланама құралы осы айтылған темірден жасалады. Бетіне
шыны қоярлық етіп сандықша істеледі. Ортасына шеге сияқты
жоғарғы басын ұштаған темір орнатылады. Сол ұшталған ба-
сына шұқырын келтіріп темір тілшік қойылады. Шегенің ай-
наласын дөңгелектеп сызады. Сызық жағалауына төрт түсті
және аралықтарын көрсететін әріптер қойылады. Тілшіктің бір
басын қара, бір басын ақ етіп жасайды. Ақ жағы түстікті, қара
жағы қараңғылықты көрсетеді. Құбыланамаға қойылатын ла-
тын қаріптері: – «О» күн шығысы, «N» арқа, «W» күн батысы,
«S» түстік. Аралықтарға ірі екі қаріппен қойылады. Қай түстік
аралығы болса, сол тұстардың қаріптері қойылады. Мәселен,
«NО» арқа мен шығыс аралығы болады. «SО» түстік пен батыс
аралығы болады. Құбыланамананың әсіресе теңізде жүргенде ке-
регі бар. Бұрын құбыланама жоқта теңіздің жағасынан ұзап ке-
мемен жүру жоқ еді, алыс кетсе адасушы еді. Бүркеу күндерде
күндіз күн көрінбеген соң, түнде жұлдыз көрінбеген соң, қай
жаққа жүріп келе жатқанын білу мүмкін емес еді. Құбыланамасы
бар адамға күннің бүркеу, бүркеу емесі бірдей, қай жаққа жүріп
келе жатқанын біліп отырады.
Құбыланама істеуге екі басын сүйірлеген темір біткеннің бәрі
жарай бермейді, магнит жұқтырған ғана темір жарайды.
АЗИЯ
Азия құрлықтың ең үлкені. Барша құрылықтың алабын қосып,
үшке бөлгенде, бірін Азия алабы алады. Азияның шегі қараңғылық
жақта Мұзды мұхитпен, күншығыс жақта Ұлы мұхитпен, түстік
жақта Үнді мұхитпен, күнбатыс жақта Шаб теңізі, Ұлы ақ теңіз,
Мармара, Қара теңіз, Қапқаз (Кавказ) тауы, Каспий теңізі, Жайық
өзені, Орал тауымен айырылады.
Азиядағы атақты теңіздер Каспий, Шаб теңізі, Араб теңізі,
Қытай теңізі, Сары теңіз, Жапон теңізі, Берене теңізі.
Азиядағы атақты елдер Корея, Үндіқытай, Үндістан, Арабстан.
Азияда аралдар көп. Олардың ішіндегі ірілері: Сахалин, Курил
аралдары, Жапон аралдары, Пормоз Филлип аралдары, Зонд арал-
дары, Мүлүк аралдары, Тисеплон.
Азия мен Африка екеуі жалғасатын Суэц үзілісі бар. Азия
алабының үшке бөлгеннің екеуі дөңес, бірі ғана ойпат. Шөлдің
үлкендері Азияда. Дөңес екі бөлініп, күншығыс және күнбатыс
дөңес делініп айтылады. Күншығыс дөңестерінің атақтылары:
Тибет дөңесі, Жоңғарстан дөңесі, Моңғолстан дөңесі, Бетпақ да-
ласы. Бұл дөңестердің жағалауларында биік таулар бар.
Таулардың атақтылары Гималай, Қытай, Үндіқытай таулары,
Алтай таулары, Жоңғар таулары, Сәуір таулары, Тянь-Шань, Па-
мир, Гүнилун, Қарағұрым. Күнбатыс дөңестерінің атақтылары:
Иран дөңесі, Армян, Күрдістан дөңесі, Анатолий дөңесі. Мұның
атақтылары: Сүлеймен, Елборс, Азербайжан таулары. Күншығыс
және күнбатыс дөңесі, екеуінің жалғасатын жерінде Киндокуш
тауы бар. Бұлардан басқа Орал таулары, Сібір таулары, Қапқаз та-
улары бар. Сирия, Арабстан дөңестері бар.
Ойпаттардың атақтылары: Тұран ойпаты, Қытай ойпаты, Сібір
ойпаты, Месопотамия мен Үндістан ойпаты.
Азияның тауы көп болған соң өзендер де көп. Өзендердің атақ-
тылары: Мұз мұхитқа құятын: Обь, Енесей, Лена, Ұлы мұхитқа
құятын Амур, Конго, Янитселиан. Үнді теңізіне құятын: Ганг-
Үнді, Евфрат. Каспий теңізіне құятын – Жайық. Арал теңізіне
құятын – Амудария, Сырдария.
Көлдердің атақтылары: Байкал, Балқаш, Ыссы көл, Ала көл,
Уан, Үрмия, Ұлы көл. Каспий мен Арал көлдері өте үлкен бол-
ғандықтан теңіз деп аталады.
Азия үлкен болған соң ауа-райы мұнда түрлі-түрлі. Азияның
бір шеті суық үйекте, бір шеті ыстық үйекте. Солай болған соң
Азияның суық салқын, жылы ыстық жерлері бар. Теңізге жақын
жерлерінің ауасы ылғалды, жұмсақ теңізден алыс жерінің ауасы
құрғақ, суығы да, ыстығы да қатты болады.
Ауасы түрлі болған соң, жер түгі де түрлі-түрлі. Нағыз суық
жерге шығатын мүк пен тырбиған бұталардан бастап жерге бі-
тетін нәрсенің шықпайтыны жоқ. Неше түрлі жемістер, неше түрлі
астықтар, неше түрлі ағаштар бәрі шығады. Ағаштарының ішін-
де шай ағашы, тұт ағашы, құрма ағашы, банан, бамбук, қампара
ағаштары, қалампыр, қара күріш, түрлі дәрі-дәрмек болатын
шөптер, бұталар, мақта, қант қамысы Азия жеріне шығады.
Азия жерінің түгі түрлі болған соң, хайуандары да түрлі-түрлі.
Ең суық жерде күнелтетін хайуаннан бастап, нағыз ыстық жер-
де болатын хайуандар бәрі де Азиядан табылады. Хайуандардың
артықша көзге түсерліктері: піл, мүйізтұмсық, өркешті сиыр,
түйе, жылқы, құлан, қодас, марал, бұғы, жүні қымбат ешкілер,
терісі қымбат аңдар, маймылдар, арыстан, жолбарыстар, қорқау
қасқыр, шақал. Құстардан артықша көзге түсетіндері: бейіс құсы,
сұлу тоты, сөзуар тоты, қырғауыл. Азиядан көп табылатын мине-
ралдар: алтын, күміс, мыс, темір, қалайы, қорғасын, неше түрлі
қымбат тастар.
Азия адам баласының әуелі бастан дүниеге келіп, өсіп-өніп,
жұрт болған жері деп айтылады. Өнер, білім, маданият әуелі
басталған жері де Азия деп айтылады.
Бұл күнде Азияның Жапоннан басқа жері, тегісінен Еуропа
мен Жапонның отары. Азияның мол байлығының рахатын көріп,
қанап отырған Жапон мен Еуропа капиталы. Қашан Азия кедей-
лері бірігіп, Еуропа капиталына қарсы иін тіресіп шыққанда, сон-
да қанаудан құтылып өз тағдырын өзі шешпек.
ЕУРОПА
Еуропа Азияның күнбатыс жағында. Еуропаны басқалардан
айыратын: күншығыста Орал тауы, Жайық өзені, Каспий теңізі,
түстікте Капқаз тауы, Қара теңіз. Күнбатыста Атлант теңізі.
Қараңғылықта Мұзды мұхит. Сонымен Еуропаны айнала теңіздер
қоршап тұр. Тек шығыста Орал мен Капқаз таулары ғана құрғақ
шегі. Еуропа құрлығының айналасын су жырып, далба-далба
қылып ішіне еніп кеткен. Еуропада су мен жер айқыш-ұйқыш,
қым-қиғаш араласып, айқасып жатыр. Сондықтан Еуропада теңіз-
дер, көлдер, түбектер, аралдар толып жатыр. Сүйтіп, Еуропа суға
бай. Еуропадағы атақты теңіздер: Қара теңіз, Мрамор теңізі, Ұлы
Ақ теңіз, Неміс теңізі, Балтық теңізі, Кіші Ақ теңіз.
Еуропада түбектер де көп. Атақтылары: Балқан, Апенен, Пере-
ней, Шотландия, Скандинавия аралдарының атақтылары: Ислан-
дия, Великобритания, Ирландия, Сардания, Корсика, Сицилия.
Бұлардың бәрі созылып, теңізге кіріп жатыр.
Еуропа жерінің күншығыс беті мен қараңғылыққа қараған беті
ойпат, түстік пен күнбатысқа қараған беті дөңес. Дөңестер биік-
тей-биіктей барып тауға айналады.
Еуропаның атақты таулары: Балқан, Карпат, Альпі, Переней;
бұлардан бөлек қараңғылық жағында Скандинавия мен Финлиян-
дия таулары бар. Еуропада ең биік таулар Альпі. Альпіде Муни-
лан биігі төрт бүтін оннан екі шақырым. Еуропаның қырынан ойы
екі есе көп. Шөл тіпті жоқ.
Өзендердің атақтылары: Жайық, Еділ, Дон, Днепр, Днестр, Ду-
най, Руна, Кува, Далквер, Гвадияна, Гаунна, Луара, Сена, Темиза,
Рейн, уақ өзендерінің есебі жоқ. Өзендер Еуропа бетін айғыздап,
ана жерден де, мына жерден де ағып жатыр.
Ауасына қарай Еуропа екі бөлінеді: күншығыстық, күнбатыстық.
Шығыстық Еуропа мен батыстық Еуропа ауасының айырмасы
күншығысқа таянған сайын зораяды. Шығыстық Еуропаның ау-
асы Азия ауасына жақын. Батыстық Еуропа ауасы тегіс ылғалды, жұмсақ. Ауасының жұмсақ болуы айнала және ортасы толған су болғандықтан. Ауа ылғалы мол болған соң, жер түгі де Еуропада бітік болады. Еуропаның да қараңғылық жағында мүк және шая бұталар ғана өседі. Сонан түстікке қарай жер түгі молая, ұлғая бастайды. Нағыз түстік Еуропада жеміс ағаштары да өседі. Мәселен, жүзім, лимон, апельсин, алма, жаңғақ, бадам ағаштары бітеді. Еуропада үй хайуандарынан басқа тағы хайуандар аз. Еуропаның адамы көп, елі жиі болғандықтан тағы хайуандар тұрарлық орын жоқ, тағы жануарлардың тұқымын адамдары да қырып, азайтқан аңдардан қалғандары аю, қасқыр, қабан, борсық, қоян, күзен, тиін сықылдылар ғана. Еуропада халық өте жиі. Шаруасы – егін, пабрике, зауыт, кен қазу кәсіптері. Елі отырықшы, көшпелі я қыдырма Еуоропада жоқ. Құралдары машина, көлігі көбінесе, отарба, параход, айырплан (аэроплан), автомобиль. Еуропа – өнердің, кәсіптің, маданияттың жері. Ел билеу жағы, көбінеки бұқарашыл. Әлеумет құрылысы – кедей мен бай екі тап, көптен екеуі таласуда, арбасуда, бейнетсіз дүниенің рахатында жүзіп жүрген ірі байлар да, күні-түні еңбек қылып, тамағын жарата алмай жүрген сирағы шыққан сида кедей де Еуропадан табылады. Екі таптың жаулығы, соғысы әлі күшеюде. Кедейлер бірте-бірте ұйымдасып әлденуде. Ерте ме, кеш пе күшейіп келе жатқан кедей табы Еуропа байларын құлатып, билікті өз қолына алуы анық. АПРИКЕ Априке жер бөлімдерінің бірі күншығыста Шаб теңізі, Үнді мұхитымен айырылады. Априкенің айналасын су аз жырған, сондықтан Априке жағалауында теңіз де, шығанақтар, түбектер, аралдар жоқ есебінде. Аз аралдан атақтысы Мадагаскар, Қатар аралдары. Априке жерінің ойпаты аз, көбі тау, дөңес болады. Таулардың атақтылары қараңғылық жағында Атлас таулары, күншығыс жағында Абессениа таулары. Түстік жағында Ай таулары, күнбатыс жағында Конго таулары. Ойпатынан атаулысы Мысыр ойпаты. Бұл ойпат Ніл дариясының бойында. Жылда июльден бастап, октябрьге дейін жаңбырлы мезгілі болады. Сонда Ніл дариясы тасып, ойпаттардың бәріне су түседі. Сондықтан Мысыр ойпаты егінге өте жайлы. Неше түрлі астықтар, жемістер өте бітік болады. Ніл дариясынан басқа атақты өзендер: Негр,
Конго, Замбези. Көлден атақтысы – Виктория. Ніл мен Тигрден
басқа өзендер ыстық уақытта тайыздайды. Басқа жерлері ыстық
үйекте, сондықтан ауасы ыссы болады, мұнда қар жауған қыс еш
уақытта болмайды.
Қарды биік таулардың басында ғана көресің. Жауын мол жауған
жерлердін бәрінде де жер түгі бай. Жаңбыры кем я жоқ жерлерін-
де түк жоқ. Жалмағай болады. Априкенің қараңғылық жағының
көбі – Сахара деген жылмағай шөл болады. Сахарада қадау-қадау
су бар жерлерде ғана құрма ағашы ұшырайды. Әйтпесе, о да жоқ.
Жер жүзінде Сахарадан үлкен шөл жоқ. Күнбатыста Конго мен
Тигр өзендерінің алабында жауын мол жері ажарлы болады. Мұнда
ыстық жаққа шығатын жемістер, ағаштар, астықтардың бәрі де
шығады. Баубаб деген ағаштың жуандығы айналдыра өлшегенде
15 сажын. Хайуандардың арасында көзге әсіресе түсерлігі керік,
жолақ құлан, бегемот, түйеқұс. Минералдардан көбінесе Априке-
ден табылатындары: алтын, күміс, мыс, алмаз.
Априке түгелінен Еуропа капиталынынң отары, жемі. Азия
мен Априке елдерінің тұрмысы, тағдыры бірыңғай. Еуропа
соғыстарының түп себебі қашанда Априке мен Азияның байлы-
ғына таласу болатын. Қашан бұл екі жердің еңбекшілдері Еуро-
па капиталының аранын құртып, белін үзіп, өз тағдырын өз
қолдарына алғанша, Азия мен Априке Еуропа капиталының тала-
сатын олжасы бола бермек.
АМЕРИКЕ
Америке жері Азияға да, Еуропаға да, Априкеге да қосыл-
майды. Оның қараңғылық жақтағы шегін Мұзды мұхит айыра-
ды; күнбатыс жақ шегін Ұлы Мұхит, күншығыс жақ шегін Ат-
лант мұхиты айырады. Америке қараңғылықтан түстікке қарай
ұзыннан-ұзақ созылған. Орта белі құмырсқаның беліндей жіңішке-
жіңішке жері Панам үзілісі деп аталады. Осы Панам үзілісімен
Америке бөлінеді: қараңғылықтағы Америке, түстіктегі Амери-
ке деп бөлінеді. Қараңғылықтағы Америкенің айналасын су жа-
рып, пара-пара қылған, сондықтан бұл Еуропа жеріне ұқсайды;
теңіздері, шығанақтары, көлдері, түбектері, аралдары көп.
Түстіктегі Америкенің айналасы су жырмаған, бүтін. Сондықтан
онда теңіз, шығанақ, түбек, аралдар жоқ есебінде, аз.
Америкеде теңіздің атақтысы Қарайып теңізі. Түбектен атақ-
тылары: Лабродор, Флорида, Ивкатан, Аляска.
Аралдан атақтылары: Гренландия, Бапиын аралы, Антил арал-
дары: үзілістен атақтысы Панам үзілісі еді, бұл күнде оны жы-
рып, суға айналдырған. Америке жерінің беті Еуропа жерінің
беті сияқты қырынан ойы көп. Екі Америкенің де күншығыс
жағы ойпат, күнбатыс жағы дөңес. Дөңесі қараңғылықтан бас-
тап, түстік Америкенің ең ұшына дейін созылады. Америкенің
атақты таулары: қараңғылықтан Кардилер таулары, түстікте Анд
таулары, Америкенің ойпаттары үлкен-үлкен дала болады. Олар
қараңғылықтағы Америке жерінде Сауана, Прери деп аталады;
Түстіктегі Америкеде Пажияси, Илмияноси деп аталады. Бұл
далалардың шөбі өте бітік болады. Далаларда қалың ормандар
көп болады. Далалардың атақтылары: Миссисипи, Амазон, Ари-
онка, Потаган далалары.
Америке тауларынан ағып шығатын үлкен-үлкен өзендер бар.
Бұл өзендердің суы мол, көбі кеме жүретін өзендер. Өзеннен
атақтылары: қараңғылық Америкеде Миссисипи, Лавренти өзені.
Түстіктегі Америкеде Арионка, Амозонка, Парагувай, Лаплата.
Америкенің суы мол болған соң ауасы ылғалды, жұмсақ.
Мұзды мұхитқа таяу жерлерде ауасы суық. Түрлі күйдегі ауалар
да ұшырайды. Бірақ, нағыз Априке ыстығындай ыстықтар Аме-
рикеде болмайды. Онысы ауасының ылғалы көптігінен. Ауасы
ылғалды болған соң Америке жер түгіне бай. Жер түгінің неше
түрлісі бітеді; қайта Азия, Априке, Еуропа үшеуіне шықпайтын
нәрселер Америке жерінде шығады. Каркопипа, темекі, какао, ва-
нил, ұн ағашы сияқты заттар әуелде Америке жеріне ғана шығып,
сонан басқа жерге таралған.
Жандық жағына келгенде Америке ескі құрлықтардан жар-
лырақ. Төрт аяқтылардан көзге түсетіні: шұбар өгіз, бизон, янот,
ягуар, лама, пума, тапыр, қара аю. Құстан: Америке күшігені,
гондер-тоты; көбелек құсы (калибр), жыланнан көзге түсетіні
салдырлауық жылан, тасбақалар.
Минералдан Америкеде табылатын: алтын, күміс, ақ алтын,
асыл тастар, тас көмір, мыс, қорғасын, темір, сынап, түз, жермай.
Бұрын Америкені Еуропа, Азия, Априке жұрттары білмеген.
ХҮІ ғасыр аяғында Еуропада сауда ұлғайып, капитал күшейіп,
алтын құмарлық пайда болған. Сонда алтын іздеп жаннан безіп
жүргендер Америкенің үстінен шыққан. Америкенің алтыны
мол елі аңқаулығымен пайдаланып, Еуропа халқы солай ағытыла
бастаған, Америкені тонаған. Осы күні арқалық Америке ең
мәдениетті бай елдің бірі. Сол мәдениетті күшейткен Еуропадан
барғандар. Бұрын Америкеде жылқы, ара, ит сықылды жандықтар
болмаған. Бұларды Еуропадан алып барып өсірген.
Бұл күнде Америкенің қай жерінде болса да бұқарашыл рес-
публика. Капитал күші, таптар тартысы Еуропадан кем емес. Не
байлар, не кедейлер Америкеде. Кедейлер ұйымдасып, ұрандасып,
күшеюмен, байлар далбасалап жан сауғалаумен келеді.
АУСТРАЛИЯ
Құрлықтың арасындағы ең кішкенесі Аустралия. Басқаларға
қарағанда, бұл кішкенелігімен арал сияқты көрінеді. Аустра-
лия айналасындағы сулар: күншығыста, күншығыс пен түстік
аралығында Ұлы мұхит. Түстікте, түстік пен күнбатыс аралығында
күн батыста Мұхит теңізі. Аустралия айналасында бір-екі теңіз,
бір-екі шығанақ қана бар. Аралдан атақтылары Тасмания мен
Мұхит аралдары. Аустралия жерінің көбі қыр болады. Суы көп.
Көбінесе шөп болады. Жері әлі байқалып болған жоқ. Жағалауы
биіктеу, таусымақ болады. Әсіресе, таулы жері күншығыс пен
түстік арасындағы шетінде. Өзеннен кеме жүретін зоры Мурей
деген өзен. Басқалары күн ыссы кезінде суалып қалады.
Ауасы қараңғылық жағында ыстық. Басқа жағында самал. Бір-
да жауын көптігінен көз ашпайтын шақтар болады, бірде жерге
дым тамбай аңсататын шақтар болады. Аустралия жерінің түгі де,
жануарлары да басқа жерлердікіндей емес. Көріне басқалығы бар.
Төрт аяқтылардан әсіресе басқасымен көзге түскендері – кенгура
(бауырында балаларын салып жүретін қалтасы бар). Үйректұмсық
(тұмсығы үйрек тұмсығындай, үстінде қанат емес жүн). Мысқыл
кірепсы (құсша жұмыртқа салады, баласын сүтімен асырайды);
су сиыр, қара қу, тармақ құйрық, күлеген деген құстың дауысы
сақылдап күлген адам дауысы сияқты; бұл арадан басқа Еуропа
жұрттарының басқа жерлерден келтіріп бағып отырған малдары
да бар; әсіресе, Аустралия жерінде сарық асыраушылар көп. Ауст-
ралияда біздің жақтағыдай көлеңкесі көпті жасырған ағаштар бол-
майды. Көбінесе ағаштарының жапырақтары қатты, бұтақтарына
жабысып тұрады. Бұл шөлдіктің әсері. Минералдан Аустралия
жерінде көп табылатыны алтын, мыс, тас көмір.
Аустралияны да Америкемен қатар алтын іздеп жүріп жаңада
тапқан. Аустралияны әлдеқашан Еуропа мемлекеттері телімке са-
лып бөліп алған. Осы күні әркім иемденген жерін басқаға бермей,
оңаша жөндеп отыр.
ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР Бұл басылымда 2004 жылы шыққан «Оқу құралына» жазылған алғысөз қысқартылып, кітап сол қалпында түпнұсқамен қайта салыстырылып берілді. XX ғасырдың 20-30 жылдары жаңа үкімет орнап, халықты жаппай сауаттандыру үшін оқу-ағарту жұмыстары жан-жақты жүріп жатты. Сол кездерде арнаулы оқу орындары, қазақ жастарына арналған мектептер аз болғандықтан, жастардың сауатын ашатын оқу құралдары жоқтың қасы болғаны мәлім. Сондықтан да сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу алаш зиялылары әуелі мектеп оқушыларына оқулықтар жазуға белсене атсалысты. Оны өздерінің тікелей міндеті, перзенттік парызы санай отырып, өзге қыруар қоғамдық-мемлекеттік қызметтерімен ұштастыра білді. Айталық, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ж.Аймауытовтың «Психология» (1926), ақын М.Жұмабаевтың «Педагогика» (1927), жазушы М.Әуезовтің Казнаркомпростың ғылыми-әдістемелік Кеңесінің шешімімен шыққан «Новый аул. Русский букварь для казахских детей» (1929) атты оқулықтарының жариялануы соның айғағы. «Үстіміздегі гасырдың 1910 жылдарынан бастап, қазақ қоғамында оқу-ағарту идеясының жандануына байланысты балалардың сауатын ашатын әліппе қуралдарын жасау қолға алына бастады. Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында бірқатар авторлардың (М.Нурбаев, М.Малдыбаев, З.Ергалиев т.б.) қазақша әліппелері жарық көрді. Бірақ, бұлардың көбі бірер басылымнан артық жарияланбай, кеңінен қолданыс таба алмады. Солардың қатарында шыққан А.Байтурсыновтың әліппесі – «Оқу құралы» 1912–1925 жылдар арасында 7 рет басылып, оқу-ағарту жұмысында ұзағырақ әрі кеңірек пайдаланылды»’. 1 Сыздықова Р. А.Байтұрсынов. Өмірі мен қызметтері /А.Байтұрсынов. «Тіл тағылымы». Алматы, «Ана тілі», 1992, 19-бет. Алайда, бұл – 1926 жылы Шонанұлымен бірге жазылған «Оқу құралынан» мүлдем басқа еңбек. 1912–1925 жылдары аралығында үзбей жарияланып, қазақша сауат ашатын жастардың бірден бір әліппесіне айналған «Оқу құралы» (96 беттік) әріп, хат танытуды ғана көздейтін оқулық ретінде қолданылса, оқырманға тұңғыш рет ұсынылып отырған «Оқу құралы» – ең біріншіден, хрестоматия. Екіншіден, бұл А.Байтұрсынұлының белгілі ағартушы, әдіскер, өзінің шәкірті Т.Шонанұлымен бірлесіп жазған еңбегі. Үшіншіден, хрестоматия І–ІІ сынып емес, ересек ІІІ–ІV сыныптарға арналған. «Оқу құралында» мақалалар мәтіні көлемді, мағынасы терең. «Оқу құралы» XX ғасырдың 20-жылдары жарық кергендіктен, бұл еңбекте сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық және орфографиялық нормаларына сәйкес жазылған сөздер кездеседі. Мәселен, осы күнгі әдеби тіл қолданысындағы сурет, дәреже т.б. сөздер «Оқу құралында» сүгірет, даража, шыға баратқанда, ірет т.б. болып қолданылады. Мәтіндегі қазақша сөздердің біразы қазіргі қолданыстағы қалпына түсірілді.
Орыс тілінен енген сөздер (магізен, мағазин, пыркашык, сотсиалестер, нашалник, гүбірнатұр, міністер, т.б.) түпнұсқадағыдай қалпында беріліп, жақша ішіне қазіргі таңбалануы көрсетілді (іспіске – список, меншеуек – меньшевик, есер – эсер т.б.). Осы басылымда мақалалардың қайдан алынғандығы, газет, жүрнал, кітаптардың аттары, шыққан жылы, баспасы мәтіндердің соңында көрсетілмеген. Сол себепті «Оқу құралындағы» кейбір мақала, олең, мысалдар алдыңғы жинақтарда, басылымдарда жарияланған нұсқаларымен салыстырылып, ғылыми түсініктер берілді. Бірақ, әрбір мөтіннің, олеңнің «Оқу құралында» берілген нұсқалары сақталды. «Оқу құралы» хрестоматиялық еңбегі мәтін таңдау, мазмұндас тақырыптарды топтастыру, оларды өзге саладағы шығармалармен (көркем әңгіме, поэзия, мысал, аңыз-әңгіме т.б.) толықтырып, тереңдете отырып түсіндіру (мысалы, түліктің бір тұрі қой туралы ғылыми мақаладан соң А.Байтұрсынұлының «Қара шекпен мен қой» мысалының берілуі т.б.), оның тәрбиелік бағыты, сабақтардың жүйелілігі мен жекелеген мәтіндердің оқушы ұғымына сай жазылуы жұмыстың құндылығын арттырары сөзсіз. Сондай-ақ, хрестоматиядағы кейбір мәтіндерде кездесетін кәсіби терминдік сөздер мен жер-су аттары, көнерген сөздер, сирек кездесетін жанжануарлар мен өсімдік атауларына байланысты анықтама келтірілген. Түйіндеп айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы мен Т.Шонанұлының «Оқу құралы» – қазірде оқу хрестоматиясының керемет үлгісі боларлық энциклопедиялық еңбек. Бірінші бөлім Әдебиет, тұрмыс, еңбек Бұл ғылыми сипаттамада 2004 жылғы нұсқа негізге алынды. «Байжанның молдасы» (ескі оку тәртібі). Авторы Жөнеу деп берілген. Бұл – журналист, жазушы Аманғали Сегізбаевтың бүркеншік аты. Автор мұнда сауат ашсам деген арман-қиялымен молда алдына келген Байжан атты баланың молдадан көрген зәбірінен соң таудай талабы мұкалғандай болғаны жөнінде көркем тілмен әңгімелейді. «Біздің мектеп». Авторы – берілмеген. Алайда, жоғарыдағы көркем әңгіменің жалғасы іспеттес. «Байжанның молдасында» ескі оқу тәртібі сөз болса, мұнда бүгінгі жаңа оқу жүйесі, Кеңес дәуірі кезеңіндегі өркениетті мектеп көрінісі, ондағы оқушылардың білімге деген ынтасы, оқытушылардың сабақты түсіндіру, үйрету мәдениеті туралы баяндалады. Осы мазмұндас мақалалар мәтіні бір-бірімен тығыз байланысып, ескі оқу мен жаңа оқу жүйесі өзара салыстырыла әңгімеленеді. «Жас ұлан». Авторы – Абдоллаұлы Кенжеғали. Тоғыз шумақтан тұратын өлеңде ерекше құштарлықпен білімге ұмтылған жас бозбала туралы жырланады.
«Бұл кім?». Авторы – Алтынсарыұлы Ыбырай. Бұл – белгілі ағартушы, ғалым Ыбырай Алтынсарин. Ақын «бұл кім?» деп сауал тастай отырып, әйел-Ананың қасиеті туралы толғайды. «Торғай». Авторы Түргенұлы деп берілген. Иван Сергеевич Тургенев (1818–1883) – белгілі орыс жазушысы. Автор шағын әрі көркем әңгімесінде баласын ажалдан құтқару үшін өзін құрбандыққа шалған кіп-кішкентай торғайдың ерлігін әңгімелейді. «Өзен». Авторы – Алтынсарыұлы Ыбырай. Ы.Алтынсариннің бұл өлеңі Ыбырай Алтынсарин. «Таңдамалы шығармалары» жинағымен (Алматы; Ғылым. , 1994 ж.) салыстырылды. «Шығармалар» жинағындағы: «...Он мың мал айдап өтсең де лай қалмайды, ...Көк шалғын, шөп бітпеген жай қалмайды. ....Тас таста. алтын таста сынамаққа .... ....Құдіретін құдайымның көресің бе?» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: «...Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды, ...Көк шығып,шөп бітпеген жай қалмайды. ...Боқ таста, алтын таста сынамаққа... ...Құдіретін міне, қызық көресің бе?» болып өзгеріске ұшыраған. «Ақ Еділдің тасуы». Авторы Ақсақұлы деп берілген. Сергей Тимофеевич Аксаков (1791 – 1859) – белгілі орыс жазушысы. Автор Ақ Еділдегі (Волга) мұздың көктемгі мезгілде бұзылуы, сол кездегі жергілікті жұрттың қуанышы мен обігерін бала көзімен көркем суреттейді. «Жел қайықта». Авторы – Сәкен, яғни қазақтың белгілі жазушысы Сәкен Сейфуллин. Мәтінде бейнеленген көлдариядағы дауыл, табиғат апаты жайлы жыр жолдары оқушының табиғаттың тосын құбылыстарының сырын түсінуге деген ынтасын тудыратыны хақ. Бір тақырып аясындағы оқиға жайында жан-жақты мәтін жазу ұстанымдары, тақырыпты тереңдетіп талдау жүйесі бұл еңбектің құндылығын арттырады. «Оқу құралында» берілген бұл өлең Сәкен Сейфуллин. «Шығармалар» жинағымен (Алматы, «Көркем әдебиет», 1960 ж.) салыстырылды. Шығармалар жинағындағы: «Талмай дүз, тұтқан жолдан кетпей тайып... Дарияда бірде тыныш, бірде дауыл... Тымықта құлаш көрсең әнге салып...» деген өлең шумақтары «Оқу құралында»: «...Қорыкпай дүз тұтқан жолдан кетпе тайып... ...Дарияда бірде тыныштық, бірде дауыл... ...Тыныштықта құлаш көрсең әнге салып...» болып өзгеріске ұшыраған.
«Жазғытұры». Авторы – Абай, яғни қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Ақынның «Оқу құралында» берілген бірқатар өлеңдері «Абай» жинағымен (Алматы; Жазушы. І–ІІ том, 2002 ж.) салыстырылды. «Абай» жинағындағы: «...Жазғытұры қалмайды қыстың сызы... ...Түйе боздап, қой қоздап қора да шу... ...Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда... ...Шаруаның бір малы екеу болып...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: «...Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы... ...Түйе боздап, қой қоздап қора: шу-шу... ...Ұшқыр атпен жүгіртіп тастағанда... ... Шаруаның біреуі екеу болып...» деп өзгеріске ұшыраған болса, келесі: «Жаз жіберіп, жан берген қара жерге, Рахметіне Алланың көңіл сенер. Тамашалап қарасаң Тәңірі ісіне, Бойың балқып, ериді іште жігер» деген 4 жол «Оқу құралында» кездеспейді. «Жазғы дала». Авторы – Сәкен, яғни, Сәкен Сейфуллин. Ақынның бұл өлеңі де Сәкен Сейфуллин. «Шығармалар» жинағымен (Алматы, «Көркем әдебиет», 1960 ж.) салыстырылды. «Шығармалар» жинағындағы: «...Мінеки. келді алдыма...» деген жолдағы «мінеки» сөзі «Оқу құралында»: «мінекей» деп, «...Өзге дене жалаңаш...» деген жолдағы «жалаңаш» сөзі «Оқу құралында» «жаңалаш» болып өзгеріске ұшыраған. «Қазақ даласы». Авторы мәлімсіз. Прозалық үлгіде жазылған мақалада байтақ қазақ даласының байлығы жан-жақты баяндалады. «Жаз». Авторы – Абай. Абай Құнанбаевтың бұл өлеңі де Абай жинағымен (Алматы; Жазушы. І–ІІ том, 2002 ж.) салыстырылды. Абай жинағындағы: «... Шалғыннан жоны қылтылдап ...Мал ішінен айналып... ...Кеңесіп, күліп, сылқылдап... ...Ет әпер деп қынқылдап... «Жарамсақсып. жалпылдап» деген өлең шумақтары «Оқу құралында»: «... Шалғыннан жүні қылтылдап ...Мал ішінен айланып... ...Кеңесіп, күліп, сыңқылдап... ...»Ет әпер деп қыңқылдап... ...Жарамсақтап. жалпылдап...» деп өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ: «Асау мініп, теңелген... ...Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жоқ» деген жолдар «Оқу құралында» кездеспейді. «Оңтүстік». Авторы белгісіз. Бұл Ырғыздың оңтүстік өңіріндегі меңіреу шөлді таныстыру мақсатында жазылған танымдық мақала. «Жазғы кеш». Авторы – Майлыұлы Бейімбеш. Бұл мәтін автордың бес томдық шығармалар жинағымен (Алматы; Жазушы. 1986 ж.) салыстырылды. «Шығармалар жинағындағы»: «...Созады мақұлық біткен көкке мойын... ... Секілді бейне «жұмақ» карағанда... ... Шығып ап ел съютына жерге дөңес...» деген өлең шумақтары «Оқу құралында»: «...Созады жәндік біткен көкке мойнын... ...Секілді бейне ұшпақ қарағанға... ... Шығып ап ел сыртында жерге дөңес...» болып өзгеріске ұшыраған. «Жазғы түнде». Авторы – Жұмабайұлы Мағжан. Өлең Мағжан Жұмабаев. «Шығармалар» жинағымен (Алматы; Білім. 1995 ж.) салыстырылды. «Жазғы түнде» өлеңінде жаздың тамылжыған түнінде кездесуге келген екі жастың көңіл-күй тебіреністері бейнеленген. «Шығармалар» жинағындағы: «...Белгілі жерде табылмақ... ... Баққа аяқты батыл бас... ...Буыныннан хал кетіп тұр... ... Ақ көйлегің көлбеңдеп...» деген өлең шумақтары «Оқу құралында»: «...Белгілі жерден табылмақ... ...Баққа аяқты батыр бас. ... Буыннан қалің кетіп тұр... ... Ақ көйлегің көлбектеп...» болып өзгеріске ұшыраған. «Күз». Авторы – Абай. Бұл өлең де «Абай» (Алматы; Жазушы. І–ІІ том, 2002 ж.) жинағымен салыстырылды. Абай жинағындағы: «Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?» деген өлең жолы «Оқу құралында»: «Қай жерінен кедейдің тұрсын куйі?» деп өзгерген. Сондай-ақ: «Бай үйіне кіре алмас тұра ұмтылып, Бала шықса асынан үзіп-жұлып. Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес. Үйген жүктің күн жағын орын қылып. Әкесі мен шешесі баланы аңдыр, 0 да өзіңдей ит болсын, азғыр-азғыр. Асын жөндеп іше алмай қысылады, Құрбысынан ұялып, өңшең жалбыр.
Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ, Аңдастырган екеуін құдайым-ай! Алса да аяншақтау кедей сорлы, Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны. Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы» деген шумақтар «Оқу құралында» кездеспейді, тек: «Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай, Артық қайыр артықша қызметке орай» деген екі жолмен өлең аяқталған. «Қыс». Авторы – Абай. Ақынның бұл өлеңі де «Абай» жинағымен (Алматы; Жазушы. І–ІІ том, 2002 ж.) салыстырылды. Абай жинағындағы: «...Үсті басы ақ қырау, түсі суық... ...Титығы құруына аз-ақ қалды...» деген жолдар «Оқу құралында»: «...Үсті-басы үскірік, аяз бен қар... ...Титығы құруына тез тақалды...» болып өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ, «Абай» жинағындағы: «...Басқан жері сықырлап келіп қалды... ...Дем алысы - үскірік аяз бен қар... ...Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды, ... Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін...» деген жолдар «Оқу құралында» кездеспейді. «Жұт». Авторы Міржақып деп берілген. Міржақып Дулатов - ақын, жазушы, қоғам қайраткері. Автор бұл олеңде қыс кезінде келген жұттың халыққа тигізер залалы туралы баяндайды. М.Дулатовтың бұл өлеңі Міржақып Дулатов. «Шығармалар» жинағымен (Алматы; Жазушы. 1991 ж.) салыстырылды. «Оқу құралында» өлеңнің төмендегі 9 шумағы кездеспейді. «Қайран ел, қандай едің заманында, Күн бұрын сақтанбадың аманыңда. Алдына жау мен жұттың айдап салып, Сөйтетін қор болып жұрт қаларында. Жаз туса бейгам едің қыс жетпестей, Қызық күн бастан, сірә, һеш өтпестей. «Жаратқан кұдай артық халыкпыз» деп, Қолыңнан төрт түлік мал бір кетпестей. Көрді ме енді көзің кеткендігін, Замана өз жұмысын еткендігін. Сақтанбай салақ өскен жалқау жұртты Көндіріп кедейлікке жеткендігін? Ақылын жанашырдың алмаушы едің, Сөзіне, сірә, құлақ салмаушы едің. Қымызга шекең қызып, тойсаң етке
Пайдасыз құрғақ дауға талмаушы едің. Жаз жимай қыс азығын жатушы едің, Арзанға қымбатыңды сатушы едің. Еңбекпен табар пайдаң болмаған соң, Борышқа шаш етектен батушы едің. Балаңды оқыт десе қашушы едің, Малыңды «партияға» шашушы едің. Алдында дұрыстықтың көзді жұмып, Аңқылдап теріс іске басушы едің. Кең қоныс, ата мекен кеткен жоқ па? Орнына «хахол» сұмрай жеткен жоқ па? Мал болса бар сенгенің о да азайып, Заманы көші-қонның өткен жоқ па? Кәсіпсіз қиын жұрттың күн көруі, Шаруаның осы кезде кетті тұрі. Жүз жылқы қарға салған қазақтардан «Хахол» бай пар өгізді жазғытұры. Қара жер анамыз ғой бізді тапқан, Өлгенде тағы қайта қойнын ашқан. Қол үзіп, сол анадан айырылсақ, Өлтірер бізді тіпті қалай аштан. Сондай-ақ, 4-шумақтағы «Хал кеткен қайыруға жылқышылар» деген жолдағы «хал» сөзі «Оқу құралында» «әл» деп өзгерген. «Дала бораны». Көркем әңгіме. Авторы – Ақсақұлы, яғни, белгілі орыс жазушысы С.Т.Аксаков. Әңгімеде боран кезінде адасып кеткен адамдарды тауып алған жастардың ерлігі баяндалады. «Нан». Авторы Майлыұлы Бейімбет. Ақын 1921-1922 жылдардағы жұт, халық арасындағы ашаршылық, бір үзім нанға зар болып, үзіліп жатқан қыршын өмірлер жайлы ашына жазады. «Тундра». «Живой Родниктен» деп жазылған. Біздіңше, «Живой Родник» сол кездегі ғылыми басылымдардың бірі болса керек. Тундра жайлы толық ғылыми дерек, мағлүмат беретін танымдық мақала. «Шәкірттерге». Авторы Азамат деп берілген. Азамат - Міржақып Дулатовтың бүркеншік аты. Мәтінде жастардың білімге деген құштарлығын құптаған ақынның жүрекжарды қуанышы жыр болып төгіледі. «Қаракесек Тіленші би». Халық аңызы. Авторы көрсетілмеген. Аңызда арғын, қаракесек Бекболат бидің тоқалдан туған баласы Тіленшінің үлкендерден бата алып, би атанғаны жайлы оқиға баяндалады. Мақала соңында «Тіленші – Қаз дауысты Қазыбек бидің немересі, Бекболат бидің баласы (Шоқан кітабы, 162 бет)» деген сілтеме берілген. Бұл мәлімет белгілі этнограф ғалым, әдебиетші Шоқан Уолихановтың сол кездегі жарияланған кітабынан алынған болуы мүмкін. «Жандықтар». Авторы жазылмаған. Мақалада жер бетіндегі жандықтардың әр түрлі топқа (хайуан, құс, балық, бақа, шаян, құрт-құмырсқа
т.б.) бөлінетіндігі, олардың тууы, өсуі, қоректенуі, тіршілігі т.б. жөнінде жан-жақты мағлұматтар берілген. Мақала соңында осы тақырыпқа байланысты арнайы сауалдар қойылған. Бір ескертер жәйт – «Оқу құралында» осындай танымдық негізде жазылған мақалалардан соң міндетті тұрде сұрақтар қойылған, осы сауалдарға жауап беру арқылы оқушы өз ойын тиянақтап, толықтырып, тақырыпты қаншалықты меңгергенін біледі әрі өзіне қажетті қосымша ғылыми ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, бұл оқу-әдістемесі әрбір оқушының өз ойын толық жеткізіп, сөйлеу, баяндау дағдысын қалыптастыра түсетіні де белгілі. «Қой». Авторы мәлімсіз. Мақалада қойдың түрлі тұқымдары туралы айтыла отырып, олардың халық шаруашылығына тигізер пайдасы жайлы жан-жақты баяндалады. «Ешкі». Авторы көрсетілмеген. Ешкі малының өсімтал табиғаты, олардың тұқымдары жайлы ғылыми тұрғыдан мол мағлұматтар берілген танымдық мақала. Осы мәтінде кездесетін «анғар» сөзінің анықтамасы: дұрысы - ангор, ежелден келе жатқан ешкі тұқымдарының бірі. «Қара шекпен мен қой». Мақала соңында автордың аты көрсетілмеген. Бірақ, бұл Ахмет Байтұрсынұлының белгілі орыс жазушысы Иван Андреевич Крыловтан аударған мысалы екені белгілі. Мысал-өлеңде қой секілді жуас жандарды жазықсыз жазалап, жүндеудің жолы жеңіл екені ащы мысқылмен шенеледі. А.Байтұрсынұлының И.А.Крыловтан аударған мысалдарынан «Оқу құралына» енгендері «Қырық мысал» жинағымен (Қазан, 1922 ж.) салыстырылды. «Қырық мысалдағы»: ... Тез істі бітірмекке жәһилтенді.... ...Қой айтты: Шөпке тойып күні бойын... ... Уақиға болмыс түні ит үрмеді... ...Мұғабын тауықтарды осы жепті...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: «... Тез істі бітірмекке жақаттанды... ... Қой айтыпты: Шөпке тойып күні бойын... ... Уақиға болысы туні ит урмейді... ...Мұғайын тауықтарды осы жепті...» деп өзгеріске ұшыраған. «Қырық мысалдағы»: «Кінәлі біреу ойдан, біреу тілден Ахмет, осы айтқаның жетер тоқта! Көрдің бе, сөзің онша ажарлы емес, Ұялмай сынатарға салып топқа. Алайда, тыңдағандар бір ойланар: Түлкідей төре беру бар ма, жоқ па?» деген шумақтары «Оқу құралында» кездеспейді. «Түйе». Танымдық мақала. Авторы белгісіз. Түйе жануарының табиғи жаратылысы, тұқымдары, дене бітімдері (айыр өркеш, жалғыз өркеш, нар, қоспақ, кұрт, аруана т.б.) туралы жеке-жеке мағлұматтар беріледі.
«Жылқы». Авторы көрсетілмеген. Мақалада жылқы жануарының қолға үйретілу тарихынан бастап, қазіргі, күнделікті өмір-тіршілігімізде жылқы малын қалай пайдаланып жүргенімізге дейінгі тарихи дерекмәліметтер орын алған. Жылқының ауыл шаруашылығының жағдайын арттыруда атқарар рөлі де айтарлықтай дәрежеде екендігі баяндалған. Жоғарыдағы жануарлар, оның жеке тұрлері туралы мақалалар – тақырыптық, мазмұндық, ғылымилық, танымдық тұрғыдан бірін-бірі толықтырып тұрған циклды (топтама) дүниелер. Осы мәтінде кездесетін «Арден» сөзінің анықтамасы: дұрысы -Арденна. Европадағы қырат. Бельгия, Франция және Люксембург жерінде орналасқан. «Аттың сыны». Авторы - Абай Құнанбаев. А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» еңбегінде Абайдың осы өлеңі «Аттың сыны» деген атпен жарияланған. Бірақ «Абай» жинағында (Алматы; Жазушы. 2002 ж. І–ІІ том) бұл атау кездеспейді. «Абай» жинағындағы: «...Ой желке, үңірейген болса сағак.. ...Қабырғалы, жотасы болса күшті... ...Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы... ...Тығылмай әм сүрінбей жүрсе көсем... ...Иек қағып, еліріп басса әсем...» деп берілген өлең шумақтары «Оқу құралында»: «...Ой желкелі, үңірейген болса сағақ... ...Қабырғалы, жоталы болса күшті... ...Алды, арты бірдей келген, ерге жайлы... ...Тығылмай әм сүрінбей, жүрдек көсем... ...Иек қағып, елеріп жүрсе әсем...» болып өзгеріске ұшыраған. «Сиыр». Авторы көрсетілмеген. Мәтінде «Сиырдың толып жатқан тұқымдары бар» дей келе, олардың түрлері жіліктеп түсіндірілген. Шағын мәтіннің балалар үшін танымдық рөлі ерекше. Үндістандағы сиырға туыстас хайуандар да әңгімеленеді. Осы мәтінде кездесетін «буйбул», «зебу» сездерінің анықтамасы: Дұрысы – буйвол, сиыр туысына жататын қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануар. Зебу – өркешті сиыр, тегі жағынан сиырға жақын сүтқоректі жануар. Зебудің ерекшелігі – шоқтығының үстінде салмағы 5-8 кг-ға жететін өркеші болады. Басы жеңіл, мойны қысқа, көкірегі қушық. «Мысық». Авторы көрсетілмеген. Шағын мақалада мысықтың тіршілігі, өсіп-өнуі, физиологиялық жағынан да көп мағлұмат береді. Сондай-ақ, мысық тұқымдас аңдардың (арыстан, жолбарыс, ягуар, пума т.б.) пайдасынан залалы көп екені айтылады. Осы мәтінде кездесетін ягуар – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш, сүтқоректі. Тұрқы 2 метрге, құйрығының ұзындығы 75 см-ге, биіктігі 80 см-ге, салмағы 68-136 кг-ға дейін жетеді.
«Қасқыр мен мысық». Авторы көрсетілмеген. Бұл мысал да А.Байтұрсынұлынікі екені белгілі. «Қасқыр мен мысық» мысал-өлеңі «Қырық мысал» жинағымен (Қазан, 1922 ж.) салыстырылды. «Қырық мысалдағы»: ...Зарардан басқа нәрсе істедің бе?... Зараргер жұртқа тегіс болып әбден...» деген жолдар «Оқу құралында»: ...Залалдан басқа нәрсе істедің бе?... Залалкер жұртқа тегіс болып әбден...» болып өзгеріске үшыраған. «Ит». Авторы көрсетілмеген. Иттің адамға пайдасы көп, достығы мол екені сөз болады. «Адам барған жердің бәріне де иш таралғаны соның дәлелі» дейді. Мұның сыртында иттің тұқымдас бауырлары жайлы сөз болады. Балалар үшін шағын мәтіннің берері мол. «Иттің достығы». Авторы көрсетілмеген. Бірақ, бұл мысалдың да Ахмет Байтұрсынұлынікі екені анық. «Иттің достығы» өлеңі «Қырық мысал» жинағындағы (Қазан, 1922 ж.) нұсқасымен салыстырылды. «Қырық мысалдағы»: «... Өздері ит болса да әдепті еді... ...Тыюсыз сөгіп, соқпай, құрметтейді... ...Расын рас демей, танамыз ба? ... Құшағын жазып ала жүгірісті...» деген өлең шумақтары «Оқу құралында»: «... Өздері ит те болса әдепті еді... ...Тиіссіз сөгіп соқпай, құрметтейді... ...Расты рас демей танамыз ба? ... Құшағын жайып ала жүгірісті...» деп өзгеріске түскен. Сондай-ақ, «Қырық мысалдағы»: «...Иттерге, таласса да, жарасады, Әйтпесе ит әдетін адасады. Дос болған адамдарға қарап тұрсақ, Биікпен теңеп болмас аласаны, Сүйектей арасына нәрсе түссе, Иттерден олар артық таласады» деген 6 жол «Оқу құралында» кездеспейді. «Бұғы». Авторы көрсетілмеген. Бұғының сыртқы пішіні, оның кейбір ерекшеліктері, өсімталдығы, тағылығы сөз болады. Бұғымен тұқымдас (марал, бұлан, құлжа, лос) хайуандардың бұғыдан өзгешелігі жайлы айтылады. Мақаланың танымдық мазмұны ерекше. Осы мәтінде кездесетін аусыл - аша тұяқтыларда, көбіне сиырда болатын жұқпалы ауру, мұны қоздыратын вирустың бірнеиіе түрі бар. Оларды А, О, С деп белгілейді. Самаиед, (дұрысы – самоед) – Сібір халықтарының орысша көне атауы.
«Арқаның жарқылы». «Живой Родниктен» деп берілген. Сібірдің қақаған аязды күндері жолға шыққан кісіге кездесер қиындықтар жайында баяндалған шағын әңгіме. Негізгі әңгіме төркіні – табиғат құбылыстарының ерекшеліктері жөнінде. Мұны автор «Арқаның жарқылы» деп атап отыр. Балалар үшін өте қызықты да әсерлі мақала. «Азаттық». Авторы мәтін соңында көрсетілмегенмен, кітаптың мазмұнында «Баранцевич» деп берілген. Қазақшаға аударған авторы белгісіз. Баранцевич Казимир Станиславович (1851-1927) -орыс жазушысы. Мақалада Жақып атты баланың базарға барып, тордағы кішкене құсқа азаттық алып бергені туралы айтылады. Өз ісіне марқайған Жақып тәтті қиялға да беріледі. Азаттыққа ие болып, өз еркі өзіне тиген кішкене құс та балаға алғысын жаудырып, көк аспанға қалықтайды. Автор осы арқылы оқушыға азаттықтың қаншалықты қымбаттығын жеткізуге тырысқан. Мақаланың тәрбиелік мәні зор. «Киік». Авторы көрсетілмеген. Киікке толық сипаттама беріліп, оның мүйізі де, терісі де аса пайдалы екені айтылады. Және «Киіктің баласын ұстағанда енесі адамның, иттің қуғанына болмай, көпке дейін еріп қал майды. Баласын біреу ұстап алып бара жатқанда, шешесі төзіп тура алар ма? Киік те сол сияқты» – деп, арасында балаларға зор тағылым да беріп отырады. «Алтай». Авторы – Сәкен, яғни, Сәкен Сейфуллин. Акынның бұл өлеңі жоғарыда атап кеткен Сәкен Сейфуллин. Шығармалар жинағындағы (Алматы; Көркем әдебиет. 1960 ж.) нұсқасымен салыстырылды. Шығармалар жинағындағы: «... Өр Алтай ызғарланған көкке тиіп... ...Басыңнан суын мұздай мөлдір бұлақ... ...Саңқылдап Азияға салсам ұран...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: «... Өр Алтай ызбарланған көкке тиіп... ...Басыңнан суы мұздай мөлдір бұлақ... ... Саңқылдап Азияға салсаң ұран...» болып өзгеріске ұшыраған. «Құрт-құмырсқа». Авторы көрсетілмеген. Мәтін тақырыбы «Құртқұмырсқа» деп аталғанымен, оған қоса шыбын-шіркей, қоңыз, инелік, көбелек сияқты «ұсақ мақлұқтарды» да кеңінен таныстырып өткен. Олардың қалай көбейіп, таралатыны, зияны мен пайдасы туралы баяндалады. «Екі шыбын». Авторы көрсетілмеген. Бірақ, бұл да Ахмет Байтұрсынұлының мысалы екені анық. «Екі шыбын» мысалы «Қырық мысал» жинағындағы (Қазан, 1922 ж.) нұсқасымен салыстырылды. Екеуінде де (жолма-жол тексерілді) өзгерістер жоқ, тек «Оқу құралында»: «...Адамды кейбір түрлі алып еске, Қарасақ, гибрат бар бұл кеңесте.
Біреудің я қайратын, я дәулетін Өзімсіп жүретіндер бар емес пе? Кейбіреу көтереді мұрнын көкке: Өз әддін өзі білген адам көп пе? Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді, Біреудің шылауында жүріп текке» деген жолдар кездеспейді. «Бақа-шаян». Авторы көрсетілмеген. Бақа-шаян табына кіретін жәндіктерге (көлбақа, тасбақа, жылан, кесіртке) жан-жақты сипаттама беріледі. Олардың ішінде көп тоқталғаны – жылан. Оның улы, усыз болуының сыры да айтылады. Мәтіннің танымдық салмағы зор. «Құс». Авторы көрсетілмеген. «Құс біткен 20 тапқа бөлінеді. Оның ішінде қазақ білетіндері: қу, құтан, құр, бірқазан, кегір, дуадақ, тоқылдақ, тоты, балықшы, қарақұс, көгершін, көкек, торғай» – деп түсіндіре отырып, олардың бір-бірінен айырмашылықтары, қайсысы аңшылыққа, қайсылары қолға ұстап асырауға бейім екені баяндалады. «Үй құстары». Авторы көрсетілмеген. Құсты адам не үшін қолда ұстайды, оны қолда ұстау қашаннан бері жалғасып келе жатқаны туралы әңгімеленеді. Құстардың (аққу, торы ала қаз, сары ала қаз, қасқалдақ, қаз, қара құр, шіл, тауық, бөдене, күрке тауық т.б.) адамға пайдасы туралы түсінікті тілмен баяндалады. «Аққу, шортан, шаян». Авторы көрсетілмеген. Бұл да Ахмет Байтұрсынұлынікі екені анық. Бұл өлеңнің атауы «Қырық мысалда» (Қазан, 1922 ж.) «Аққу, шортан һәм шаян» деп берілген. Екі басылымда да айырмашылықтар кездеспейді, тек: «Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей Істеген ынтымақсыз ісің оңбас» деген өлең жолы «Оқу құралында» кездеспейді. «Аңшы құстар». Аң аулауға арнайы ұстайтын құстарды (қаршыға, бүркіт, лашын, тұйғын, тұрымтай, қырғи, ителгі) қалай баулып, қолға үйрету керек екені айтылады. Аңшы құстардың өзіне тән ерекшеліктері жөнінде де сөз болады. Осы мәтінде кездесетін құладын сөзінің анықтамасы: Құладын – қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Дене тұрқы 53,5-52,5 см, қанатын жайғандағы ұзындығы 99-120 см, салмағы 310-550 г. Арқасы көкшіл сұр, құйрық қауырсыны ақ сұр, көлденең жолақты, бауыры ақ, жемсауы көкшіл сұр, тұмсығы қара. «Сауық құстар». Авторы көрсетілмеген. Сауық не әуестік құстары деп атаған бұл құстарға автор тоты, бұлбұл сияқты құстарды жатқызған. Мақалада осы құстардың әсемдіктері, сұлулықтары, түрліше дауыстары жайлы әңгімеленеді. Қызықты да танымдық мәні бар мәтін. «Сушыл кұстар». Авторы көрсетілмеген. Аққу, үйрек, қаз секілді өзен-көлдерді мекендейтін құстарға жан-жақты сипаттама беріледі.
Олардың жұмыртқасының, жүнінің адам баласына пайдасы туралы әңгімеленеді. Сушыл құстардың бірсыпырасын қолға үйретуге де икемді екені айтылады. Осы мәтінде кездесетін «албатрұс» созінің анықтамасы: дұрысы – альбатрос – дауылпаздар отрядына жататын теңіз құстары. Денесі ірі, тұрқы қысқа, салмағы 8 килограммға дейін жетеді. Тұмсығының ұшы имек, қанаты жіңішке әрі ұзын, жайғанда 425 см-ге жетеді. «Кешпешіл құстар». Авторы белгісіз. Көлшік суларда, кешпеде өмірін өткізетін құстар. Мақалада кешпе құстарға «.... сирақты, ұзын аяқтары аршынды, өздері сақ болады», – деп сипаттама берген. Оқушының қабылдауына жеңіл, қызғылықты мәтін. Құстың атын сөз етсек, үнемі су кешіп жүретін құстар болғандықтан (кешпе, кешпешіл) солай аталған болуы мүмкін. «Орман патшасы». Авторы – Жұмабайұлы Мағжан («Шиллер Жуковскийден») – деп жазылған. Мағжан Жұмабаев. «Шығармалары» жинағында (Алматы; Білім. 1989 ж.) жазушының «Орман патшасы» деген өлеңі неміс ақыны «Гетеден аударылған» деп берілген. Ал, әдебиетші Г.Бельгердің зерттеуінше, дат елінің «Орман патшасының қызы» атты өлеңін неміс ақыны Иоганн Готфрид Гердер аударып бастырған. Аңызда орман патшасының қызы емес, эльфтер патшасының қызы, Гердер жаңылысып аударған. Ұстазына сеніп, Гете ол сюжет бойынша атақты «Орман патшасы» өлеңін шығарған. Бүны 1918 жылы орыс тіліне Василий Жуковский аударған. М.Жұмабаев бұл олеңді В.Жуковскийден алып, қазақша сойлеткен. М.Жұмабаевтың «Оқу құралында» берілген бұл өлеңі ақынның Мағжан Жұмабаев. «Шығармалар» жинағымен (Алматы; Жазушы. 1989 ж.) салыстырылды. Шығармалар жинағындағы: «Мойныңды бұр балақай» деген өлең жолындағы «балақай» сөзі «Оқу құралында» «нәресте» деп берілген. Сондай-ақ, «Феруза гүлдер маңайын» деген жол «Оқу күралында»: «Березе. гүлді маңайын» болып өзгеріске ұшыраған. Шығармалар жинағындағы: «... Меруерт, маржан, інжу-тас. ....Жаным жаңылыс естіпсін... ...Шақырды қара қастарын...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: «...Мерует, маржан, қуаныш... ...Жаным жаңылыс естисін... «.. .Карашы кара қастарын...» болып өзгерген. «Орман кұстары». Авторы белгісіз. Орманда ұялап, орманда өсіпөніп, өмірінің көбін ағаш ішінде өткізетін құстар; құр, тоты, тоқылдақ, көкек, қарға, қаршыға және басқалары деп, олардың өмірлері туралы баяндалған.
«Түлкі мен Қара шекпен». Авторы мәтін соңында көрсетілмеген. Ахмет Байтұрсынұлының И.А.Крыловтан аударған бұл мысалы да «Қырық мысал» (Қазан, 1922 ж.) жинағымен салыстырылды. «Қырық мысалдағы»: ...Бірді алдап, бірді ұрлап шеккен өмір... ...Берейін адал кәсіп саған тауып... ... Бағуға тауықтарды жиһады зор...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: ...Бірде алдап, бірде ұрлап шеккен өмір... ...Беремін адал кәсіп саған тауып... ...Бағуға тауықтарды жақаны зор...» болып өзгеріске ұшыраған. «Оқу құралында» төмендегі өлең шумақтары кездеспейді: «Бұл сөздің мағынасы көрініп тұр, Ұнай ма сөйлей берген білімсіп құр? Туралап қысқасынан түсіндірсем, Демеңдер баяндауға ерініп тұр! Адамдар ұяты бар, ниеті ақ, Ұрламас, аштан елер болса да нақ; Санап бер саф алтыннан миллионды – Ұрлығын ұры қоймас Түлкідей-ақ; Бұзықтық бай-жарлыға бірдей нәрсе, Пиғылды түзетпейді дәулет пен бақ». «Қиғырлар». Авторы белгісіз. Қиғырлар деп «тісі пышақтай өткір мақлұқтар» аталады. Оларды автор 13 тапқа бөле келіп, қазаққа белгілі таптарына (тышқан, тиін, суыр, қоян, қосаяқ, құндыз т.б.) ғылыми сипаттама береді. «Күзен». Авторы мәлімсіз. Мақалада қазақ жерінде кездесетін сасық күзен, қаншыр, ор тиын, борсық т.б. секілді мақлұқтардың тыныс-тіршілігі туралы толық мәлімет береді. «Аю». Авторы белгісіз. Бұл мақалада аюдың ет қоректі аңдарға жататынын, оның: қара, сұр, ақ, тау аю және ерінді аю т.б. секілді түрлері бар екені айтылады. «Балық». Авторы берілмеген. «Дүниедегі көп мақлұқтардың бірі балық», – дей келе, балықтардың өмірі, тіршілігі, олардың адам өміріндегі пайдасы туралы молынан мәлімет береді. Оқушының қабылдауына жеңіл, қарапайым тілмен жазылған танымдық мақала. «Еменнін түбіндегі Шошқа» Авторы көрсетілмеген. Бірақ, бұл да Ахмет Байтұрсынұлының И.А.Крыловтан аударған мысал екені мәлім. Автордың бұл мысалы «Қырық мысал» жинағымен (Қазан, 1922 ж.) салыстырылды. «Қырық мысалдағы»: «... Еменнің түбін қазды тура келіп... ...Қалмай ма емен курап, кеуіп, сынып... ...Ей шіркін жақсылықты білмейтұғын...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»:
«...Еменнің түбін қазды түрегеліп.... ...Қалмай ма емен курап, кеуіп, семіп... ...Ие шіркін жақсылықты білмейтұғын» болып өзгеріске ұшыраған. Аталмыш мысалдағы: «Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар; Жақсы мен арасында жамандар бар; Ғылымды пайдаланып отырса да, Сезбейтін сол пайдасын надандар бар» деген шумақ «Оқу құралында» кездеспейді: «Бекболат би мен Абылай ханның түйісуі». Авторы көрсетілмеген. Бірақ, «Абылай хан» кітабында (Алматы; Жазушы. 1993 ж.) бұл мәтіннің авторы А.Байтұрсынов деп берілген. «Оқу құралында» кездесетін бұл мәтін жоғарыда аталған кітаппен салыстырылды. «Абылай хан» кітабындағы: «Байқаусызда балалықпен кылған қате іс шығар ... Бұл сізге бойженілдік қылған ісі... тентек ініңді өлтірмей ашуымды баса алмаймын ғой... Қайтадан үш жүздей кісімен келіп... Орал таудың ақиыгы сондадагы тек кет-пес... Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар...» деген сөйлемдер «Оқу құралында»: «Байқаусызда балалықпен кылынған қате шығар... Бұл сізге бой теңелдік қылған ісі...тентек ініңді өлтірмей ашуымыз баса алмаймыз ғой... «Қайта үш жүздей кісімен келіп Орал таудың ақ иығы сондадағы мерт етпес- ..Бекболаттың келіп кетісінен не сезіп отырсыңдар...» болып өзгеріске ұшыраған. «Жұбату». Авторы – Сәкен, яғни, Сәкен Сейфуллин. Әйел теңдігі туралы жазылған шағын әрі керкем әңгіме. «Оқу құралына» енген С.Сейфуллиннің бұл әңгімесі Сәкен Сейфуллин. «Шығармалар» жинағымен (Алматы; Жазушы. 1987 ж.) салыстырылды. «Шығармалар» жинағындағы: «1) Күншығыстан ескен майда қоңыр жел өзен бойындағы қалың талдардың, бұталардың, шөптердің бастарын теңселтіп, ақырын ызыңдап тұр. Көрінбей акырын жүріп, жұмсақ сыпсындаған жүйірік жел мен түнерген талдардын жапырақтары қалтарысып, ақырын-ақырын сыбдырласып, сырласкандай. Осы қараңғы түнде майда қоңыр желдің жаяулаған жұмсақ сарынынан басқа, бұталардың ақырын ызыңдаған баяу үнді, мұңды күйінен басқа, тал, жапырақтардың жат тілді сырлы сыбдырынан басқа алдыңғы ауылдан ақырын, нәзік сыңсыған бір ызың естіледі. Сыңсыған ызың жүректің ең нәзік сезімді күйлерін қозғап, үзіліп-үзіліп, өксіп-өксіп естіледі. Еріксіз тыңдап, құлағымды сала, ызыңға қарай жүрдім. Таяуырақ тыңдағанда, ызыңнан көкіректі қарс айырған жасырын күйініш, ащы қасірет естіледі. Мұңды, қайғылы зар естіледі... Қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр... Көшіп шаршап келіп, жаппалап...», – деген сөйлемдер «Оқу құралында»:
«1) Кун шығыстан ескен майда қоңыр жел жоталардын, шөптердің бастарын теңселтіп, ызыңдатып, түнерген талдардың жапырақтарын қалтыратып, ақырын-ақырын сыбырлатып тұр. Жалғыз-ақ, жел мен бұтаның мұңды ызыңынан басқа тал, жапырақтардың жат тілді сыбдырынан басқа алдыңғы ауылдан бір түрлі сыңсыған ызың естіледі, үзіліп-үзіліп тыңдап, құлағымды сала, ызыңға қарай жүрдім. Бұл ызыңнан көкіректі қарсы айырған жасырын күйініш, қасірет естіледі. Мұңды, қайғылы зар естіледі...Қара түнді өте меңіреу қылып тұр... Шаршап келіп, жаппалап» болып өзгеріске ұшырап, кейбір сөздер, сөйлемдер өзгерген, тіпті сөйлемдер қысқартылып берілген. «Шығармалар жинағында»; «2) Түнерген, меңіреу қара түнде әрбір жан ұйқы, тыныштық құшағында жатканда, бұл нендей сызылған мұңды ызың екен ? Бұл ызың неге жүректің мұңды нәзік тамырына тиеді? Неліктен жүрек бұл үнмен бірге елжіреп алып ұшады? Ызың алыстан нәзік сызылып, үзіліпүзіліп сарнайды... Сорлы ана ма бұл елде... Қулынын іздеп зарлаған... Таянған сайын жүрек елжіреп, өксиді...». «Оқу құралында»: «2) Түнерген, меңіреу қара түнде әрбір жан өзін ұйқыға, тыныштыққа беріп жатқанда, бұл нендей сызылған мұңды ызың? Бұл ызың неге жүректің мұнды тамырына тиеді? Неліктен жүрек ісініп. елжіреп толқиды? Алыстан ызың естілді... Сорлы ана ма бұл әлде... Қулынын іздеп еніреген...Таянған сайын жүрек елжіреп. ысиды...». «Шығармалар жинағында»: «3) Тез басып, демігіп келсем, өзеннің жағасында көзінің жасын көл кылып, егіліп, зар жылап отырған Мүслимажан екен». «Оқу құралында»: «3) Тез басып, дамығып келсем, өзеннің жағасында, бір түп талдың түбінде көзінен ыстық жасын ағызып, зар жылап отырған Мүслима жан екен». Шығармалар жинағындағы: «4) Не болды саған, мұңды қарындасым, неге жыладың? Неге егіліп, ыстық жасыңды төгесің?...сендей шерлі, мұңды көзінің жасын бұлаған қазақ қызы көп! ... Олар да жылайды. Мүмкін. сенен де көбірек жылайтындар бар шығар ... Бұл – таң хабаршысы, Бұл – бақыт хабаршысы. Міне, жарқырап атып келе жатқан ерік таңы...» деген сойлемдер «Оқу құралында»: 4) «Мұңды, зарлы, арманды қарындасым, неге жыладың? Неге зарлап. ыстық жасыңды төгесің?...сендей шерлі, мұңды көзінен жасы бұлаған қазақтын сорлы қызы көп ... Олар да жылайды, сенен де көбірек жылайды ... Міне, бақыт баршысы. Міне, жарқыраған ерік таңы...» болып өзгеріске ұшыраған. Сәкен Сейфуллиннің «Жұбату» атты көркем туындысынан кейін, «Шығармалар» жинағында «1917 жыл» деп уақыты көрсетілген болса, «Оқу құралында» мұндай анықтама кездеспейді.
«Маймылдың тілі». Авторы – А.М.Николъский.
Никольский Мстислав Александрович (1885–1920) – Черкасск қорға-
нысын ұйымдастырушылардың бірі. Мақалада американдық Гарнер
деген профессордың маймылмен сөйлесіп, тілін үйренген тәжірибесі
жөнінде әңгіме болады.
«Батырдың жауға шыққанда үйімен қоштасқаны». Бұл «Қобы-
ланды батыр» жырынан алынған үзінді. «Оқу құралында» берілген бұл
үзінді «Қобыланды батыр» жинағымен салыстырылды (Москва, «На-
ука», 1975 ж.).
«Қобыланды батыр» жинағында жыр:
«Қобыланды сынды батырың...
...Беліне семсер іледі,
Ноғай бөркін киеді,
Дүйсенбі күні сәскеде...
Кешегі кеткен қыяттың,
Қобыландыдай батырың,
Соңынан желіп жөнелді...
Қарындасы Қарлығаш,
Жан қосағы Қыз Құртқа...
Кескілеп кет деп қолыңнан»
деп басталса,
«Оқу құралында»:
«Қобыланды сынды батырың
Тайбурыл атқа мінеді...
Батыр Қобылан жөнеді...
Қарындасы, Қыз Құртқа...
Кесіп кет деп қолыңнан»
болып өзгеріске ұшыраған.
Сондай-ақ, Қобыландының қарындасы Қарлығаштың қоштасқанда
айтқан төмендегі сөзі «Оқу құралыңда» берілмеген:
«Сол уақытта сөйлейді
Қарындасы Қарлығаш:
Халық ұйғарса қалмайсың,
Көңілің сүймей бармайсың,
Жалғыз ағам, жан көкем,
Сапарландың талапқа...
...Ел-жұртын есен көргенше...
...Ақ маңдайда тұлымым,
Бірге туған бауырым,
Керекке біткен терегім,
Бірге туған бауырым,
Қос қанатым, құйрығым,
Судан шыққан сүйрігім,
Сурылып озган жүйірігім,
Сізге деген құданың...
Қабыл еттім бұйрығын!».
Екі кітапта да айырмашылықтар өте көп болғандықтан, біз тек
қысқаша ғана салыстырып көрсеттік.
«Қобыланды батыр мен Тайбурыл». Аталған эпостан келтірілген
бұл үзінді Ы.Алтынсарин. «Таңдамалы шығармалар» жинағымен (Алма-
ты; Ғылым. 1994 ж.) салыстырылды.
«Таңдамалы шығармалар» жинағындағы:
...Ұшпақта қорлар сымбатты ...
...Үйде Құртқа жұбайым...
...Құртқам баққан бурыл-жан...
...Терлемесең күн салқын!..»
деген жыр жолдары «Оқу құралында»:
...Ұшпақта үрлер сымбатты ...
...Үйдегі Құртқа жұбайым...
...Құртқам баққан Тайбурыл ...
...Терлемессін күн салқын!...»
болып өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ:
«Қаса тұлпар ат болсаң,
Барыңды бүгін қарышта»
деген жолдар «Оқу құралында» болғанымен, «Таңдамалы шығармалар»
жинағында кездеспейді.
«Таңдамалы шығармалар» жинағындағы:
«Кешегі кеткен жолдасқа,
Қоясың ба намысқа»
деген өлең тармағындағы «жолдасқа» және «коясың ба» сөздері «Оқу
құралында» «көп қолға», «қоямысың» – болып кездеседі.
«Кеше кеткен көп қолға
Қоямысың намысқа».
«Таңдамалы шығармалар» жинағындағы:
«Қобыланды соны айтты да,
Тартып-тартып жіберді,
Тайбурылдың санына»
деген 3 жол «Оқу құралында»:
«Қобыланды соны айтты да,
Тобылғы сапты қамшыны
Толғап бір ұрды санына»
болып өзгеріске ұшыраған.
«Таңдамалы шығармалар» жинағындағы:
«...Қамшыдан тамған қанына...
...Қанын судай шашкан соң...
...Сол жерде шал Құдайға...
...Құлақтың түбі терледі...
...Қайырға біткен қамыстай...
...Кеткен қолға аңқытып...
...Шауып жетсе Боқан ед...
...Боқанға келді арыма деп...
...Жылқы ішінде алалы...
... Қылшық жүні каралы... ...Мынау белдін астында... ...Соған да келді сыпыртып..» деген жыр шумақтары «Оқу құралында»: «... Қамшыдан аққан қанына... ... Қаны судай шыққан соң... ...Сол жерде сал Құдайға.. ...Қайранға біткен қамыстай... ... Шауып жетіп караса... ...Қол соңында барады... ...Қара Боқан жауырыншы... ...Боқанға келді «Арма!» деп... ...Жылқы ішінде алады... ...Қылшық жүнді карады... .. .Осынау дөннің астында... ... Оған да келді сыпыртып...» болып өзгерген. Сондай-ақ, осы жырдағы Қобыланды мен Аққозының жолығып, жөн сұрасқандары: «Таңдамалы шығармалар» «Оқу құралында»: жинағында: 1) О да айтады «баласың, Енді алдыңда Қараман, Жетсең соған барасың. Жеткенді деп ойлаймын, Өз көңіліме шамасын. Кешегі күн шапқалы Құрдасыңның көрмедік Әлі күнге қарасын. 1) Аққозы сонда сөйлейді: «Алыстан айқын көрінген, Жылқы ішінде алады, Қылшық жүнді қарады, Адасты деп ойлап ең, Қобыланды сынды баланы; Оңдаса Тәңірі сапарды, Пенденің болмас шарасы. Қызыл тілді сөйлеткен, Қаусырма жақтың арасы Жеткенді деп ойлаймын, Өз көңіліме шамасы; Кешегі күн шапқалы, Көре алмадық шырағым, Құрдасыңның қарасын. Енді алдыңда Қараман Жетсең соған барасың» деген ретпен берілген. Екі кітаптағы жолма-жол салыстыруларда айырмашылықтар көп. «Сіргелі Елшібек батыр». Авторы Шоқан деп берілген. Бұл – қазақтың көрнекті қайраткері, белгілі этнограф ғалым Шоқан Уәлиханов. Қалмаққа қарсы соғыста Сіргелі Елшібек батырдың көрегендігі, ержүректігінің арқасында қазақ елінің жеңіске жеткені жөнінде әңгіме шертіледі.
«Ноғайлы Мамай өлгенде шешесі кемпір Қарыүлектің жоқтап айтқаны». Авторы Аубәкірден деп берілген. Бұл қазақтың этнограф ғалымы Әубәкір Диваев болар деп, ғалымның еңбектері қарастырылды. Ә.Диваевтың «Тарту», «Қазақтың халық творчествосы» атты кітаптарында бұл жоқтау берілмеген. Осы орайда, қазақ әдебиетіндегі жоқтау жанрын зерттеуші маман Д.Жақанның пікіріне сүйенсек: «Орақты Қараүлек ананың жоқтауы алғаш рет «23 жоқтауда» баспа бетіне түскен. 1990 жылы Т.Арыновтың құрастыруымен шыққан «Боздағым» кітабына да бұл жоқтау А.Байтұрсынұлының «23 жоқтау» жинағынан алынып басылғаны белгілі. 1991 жылғы Х.Досмұхамедұлының «Аламан» кітабында берілген «Қарасайқазы» жырының ішінде жоқтаудың қысқа бір бөлігі берілген», – дейді. Олай болса Мамайдың шешесінің есімі Қарыүлек емес, Қараүлек болуы керек. «Ноғайлы Мамай өлгенде кемпір шешесі Қарыүлектің жоқтап айтқаны» деген атпен «Оқу құралында» берілген бұл жоқтау А.Байтұрсынұлының «23 жоқтау» жинағындағы (Москва, 1926 ж.) нұсқасымен салыстырылды. «23 жоқтаудағы»: «...Қасыңа әскер ертпей... ...Мамай еді жолдасың.... ...Отқа жақтың қанқасын... ...Мыңды байлап атқанда... ...Жұрттағы сұлу жорғаның... ... Қаты қаннан қалмақтың... ...Пәни дүние, қайтейін... ...Жау жаулайтын жарағым.... ...Тәуір еді талабың.... ...Ойы терең жер еді... ...Жабықпаңыз, ноғайлы.... ...Белдемшесін белденген... ...Көкірегі желденеген... ...Орданың ішін қоршатып.... ...Құдайдан пәрман болған жоқ.... ...Қысан қара сабаны Тұс-тұсынан қойдырған.... ...Қара Үлек енен жоқтаған.... ...Дым-ақ алаш мақтаған... ...Досты сыйлап сақтаған... ...Ақ кіреуке сауытым... ...Қу сүйегім еріттің... ...Өкпе, бауырым суыттың... ...Кәрі шешең қайғымен... ...Күдеріңді үздірдің... ....Қайратыңменен мәз қылдың... ...Қасіретіңменен күнінде... ...Кәрі Үлек шешең қартайды...
...Жасым жетіп мұндайдым... ...Жауды көрсең заң салдың... ...Ұжмақты қылып Құдайым, ...Жолдасың болсын иманың? ...Алғаның қалды тұлдықта.... ... Аттыларға тіл болдың.... ...Иманың болғай жолдасың...» деген жыр шумақтары «Оқу құралында»: «...Мамай еді жолдасың... ...Қасыңа әскер ерітпей.... ...Отқа жақтың қан басын... ...Мыңы байлап атқанда... ...Елдегі сұлу жорғаның.... ...Қаты хандай калмақтың... ...Дерексіз дүние қайтейін... ...Жау жайлайтын жарағым... ...Таудай еді талабың... ...Ойы терең сері еді... ...Жабықпандар ноғайлы... ...Белдемшесін белденген, Мамай... ...Көкірегі желденген, Мамай... ...Орданың ішін құрсатып... ...Қасан бір қара сабаны... ...Тұс-тұсына қойдырған, Мамай... ...Қара-Үлек шешен жоқтаған, Мамай... ...Дүйім алаш мақтаған, Мамай... ...Досты сыйлап мақтаған. Мамай... ...Ақ кіреуке сауыттым. Мамай... ...Қуыс сүйегім еріттің, Мамай... ...Өкпе-бауырым сөгілттін. Мамай... ...Қара Үлек шешең қайғымен... ...Дәуірінді үздірдің, Мамай... ...Қайратынмен мез қылдың, Мамай... ...Қайғы менен күнінде... ...Қара-Үлек шешең казды. Мамай... ...Жасым жетіп, мендемін. Мамай., ...Жауды көріп зең, салдың, Мамай., ...Алғаның қалды қорлыкта... ...Аттыларға тел болдың.. . ..Айтып, айтпай немене...» деп, сөздер, өлең жолдары өзгеріп кеткен әрі «Таңдамалы шыгармалар» жинағында «Мамай» деген атау кездеспейді. «Әділ би». Авторы белгісіз. Үш кісінің дауын әділ шешкен би туралы сөз болады. Бұл қазақ ауыз әдебиетінде белгілі сюжет. «Бұл ертегіге қосымша сөз мынау» деген бес тармақты өлең жолдары да әділ бидің әділдігін өрнектейді. Әділ биді:
«Ердің құнын екі ауыз сөзбен ептеп, Абыройын кісінің еш төкпейді», – деп бағалайды. Бұл өлең де Әубакірден деп берілген. Олай болса, «Әділ би» атты аңыз-ертегі де осы автордікі болуы мүмкін деген болжам айтуға болады. «Парашылға». Авторы Жөнеу деп берілген. Бұл – белгілі журналист Аманғали Сегізбаевтың бүркеншік аты. «Ақша десе арын төккен Парашылсың, қарны кең! Азап көріп, жанын жеккен Жұмысың жоқ жарлымен» деп, парашыл адамдарға сын айта отырып жазылған бұл өлең оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. «Құрбан қия». Авторы Қырым сөзі – Маркстан деп берілген. Қырым өлкесіндегі «Құрбан қия» атты тауға берілген аттың шығу тарихы туралы аңызды қазақтың белгілі қоғам қайраткері, әдебиетші Әлихан Бөкейханов «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен жариялаған. Әлихан Бөкейхановтың бұл әңгімесі «Қазақ газеті» басылымымен (Қазақ энциклопедиясы. Алматы, 1998 ж.) салыстырылды. «Қазақ газетіндегі»: «1) Бұл Отыз өлкесінде жүріп...», «Оқу құралында»: 1) «Құрбан қия деген Отыз өлкесінде жүріп ... 2) Басын төмен салып ...2) «Басын төмен салбыратып ... 3) Бейне зор ойға қалған ... 3) Бейне зор калың ойға қалған ... 4) ...екінші қолмен тастың жарыншағына тіреп ... 4) ... екінші қолын тастың жан-жағына тіреп 5) ...Рас, өтірігін кім білсін бірақ солай деген жұртта әуез бар 5) ...Рас, өтірігін кім білсін, бірақ, солай деген жұртта аңыз бар... 6) Оның қойшысы Үсен еді. Үсен сиякты жақсы малшы болған емес ... 6) «Оның қойшысы Үсендей жағымды малшы болған емес», – болып, сөздер, сөйлемдер өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ, әңгімедегі қыз әкесінің аты «Қазақ газетінде» «Салахалдин» болса, «Оқу құралында» «Салақитдин» деп берілген. Ал, жігіттің аты «Қазақ газетінде» - «Рафихжан», «Оқу құралында» «Рапықжан» болып, «Қазақ газетіндегі»: «мұртынан күледі де» деген сөз тіркесі «Оқу құралында» «миығынан күледі де» деп өзгеріске түскен. Әңгіме «Қазақ газетінде» «Ноғайлар оны қойшы өзін құдай үшін кұрбан кылды деп, жартасқа Құрбан қия деп ат қойыпты» деп аяқталса, «Оқу құралында» «Ноғайлар» деген сөзден кейін көп нүкте қойып « Ноғайлар... жартасқа Құрбан қия деп ат қойыпты» деп, сөйлемді қысқартып берген. «Ешкі тау». Аңыз-әңгіменің авторын «Оқу құралында» Қырым сөзі – Маркстан деп берген. Аударған – Әлихан Бөкейханов. «Оқу құралында» Ә.Бөкейхановтың аты «Қазақшаға аударушы – Қыр баласы» деп берілген. «Ешкі тау» әңгімесі ғашық әйелдің «аманатын» орындаймын деп қияли болып кеткен Қали есімді жігіт туралы аңыз. Әлихан Бокейхановтың «Ешкі тау» әңгімесі «Қазақ» газетінде («Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 1998 ж.) берілген нұсқасымен салыстырылды.
«Қазақ газетінде»: «Әлі, сулу Әлі, мерген Әлі! Кім сені ұмытар! Атадан балаға қалумен...» деп басталатын сөйлем «Оқу құралында»: «Қали әрі сұлу әрі мерген! Сені кім ұмытар? Атадан балаға қалып...» болып өзгеріске ұшыраған. Төменде «Қазақ газеті» мен «Оқу құралындағы» аталған әңгіме ретімен салыстырылған. «Қазақ газеті»; «а) Сенің асыл задалығын сол, лағын емізген ешкіге еш уақытта тимеуші едің. б) Көбіне жоқты тап деп әуірелейтін. в) Лағын емізіп жүрген ешкіні атып бола ма? Бұ не тілек, деп Әлі ғажайыптанды». «Оқу құралы»: «а) Сенің суйегіңнің асылдығы сол, лағын емізген ешкіге еш кезде тимеуші едің. б) Көбіне тап деп әурелейтін. в) Лағын емізіп жүрген ешкіні атуға бола ма? Бұ не тілек! – деп Қали таңырқады». «Қазақ газеті»: «а) Сейіт Мәмет бұлай айтпайды. б) Мейлің білсін! Сұржылан Үрмия солай деді. в) ... қапаланып, қалың ойға кірді. г) ... бақшада сыңғыр-сыңғыр ... д) Бәрінің атқарғаны махаббат карызы». «Оқу құралы»: «а) Сейіт Мәмет бүйтіп тіл қайырмайды. б) Мейлің білсін! – деді сұржылан Үрмия. в) ... назаланып қалың ойға кірді. г) ... бақшада шыр-шыр ... д) Бәрінің атқарғаны сүйіскендік борышы». «Қазақ газеті»: « а) Жер жузінде не болып жатқандарын мысалы адамдар бұрынғыдан көрі жақсы тұра ма, болмаса бұрынғыдай әлі де адам арасында араздық, дуниеге тоймаушылық, өзіне-өзі һәм өзгені де жоюшылық бар ма екен, соның бәрін жер құлағы арқылы естіп біліп жатады мыс». «Оқу құралы»: а) «Жер астында болып жатқан жақсылық, жамандықтың бәрін де жер құлағы арқылы естіп, біліп жатады мыс». «Қазақ газеті»: а) «Аман ба, Әлі! Таң атпай таутеке атуға келгенің қалай? Мылтғгын кезеніп, сығалап еді. Қалидің жүзі сұп-сұр болып, түсі қашып кетті.... Бір оқтан сезбей қатсын деп дөл жүректі... алып сығалады...». «Оқу құралы»: а) «Аман ба, Қали, құлқын сәріден таутеке атуға келгенің қалай? Мылтығын кезеніп, көздеп еді. Әлінің сұп-сұр болып, түсі қашып кетті. Бір оқтан сеспей қатсын деп дәл жүректі қарауылға байлап көздеді...». «Қазақ газеті»; а) «Бір күні қажыға барған, Меккеде көп болған, жүз жастағы шал Асан қайтып келеді. Қажы жолында көрген-білген тамашаларын жұртқа сөйлейді. Оның бәрінен де сол тамаша, Асан өз көзімен Әліні көріпті. Стамбұлда сопы дәруіштер түрік сұлтаны алдында зікір салған жиылысында Асан да барған екен. Бір шал сопының зікіріне жиылған жұрт таң-тамаша қалған. Асан қараса, жұрт тамаша қылып тұрғаны баягы Әлі. Таныған соң «Әлі» деп шақырған. Әлі мұның бетіне қарап, азырақ тоқтап тұрды да тағы зікірін салып жүре берді» деп аяқталатын сөйлем «Оқу құралында»: а) «Бір күні Меккеден Асан деген қажы қайтады. Жиылған жұртқа жақсылы, жаманды көргенін сөйлейді. Бәрінен де тамашасы сол: Қалиді Асан әз көзімен Станбұлда дәруіш болып жүргенін көреді Таныған соң
«Қали» деп шақырған. Қали мұның бетіне қарап, азырақ тоқтап тұрды да, тағы жүре береді», – деп, сөйлемдері қысқартылып, көп нүкте арқылы берілген. «Елес». Рубакиннен деп жазылған. Рубакин Николай Александрович (1862) – орыс жазушысы, библиограф, бірқатар беллетристік кітаптардың авторы. Мұнда табиғаттың тылсым құбылыстарын, ерекше көріністерін, жаратылыс зандарына түсінбей «керемет» деп ұғынушылар туралы аңыздар ғылыми тұрғыда, қарапайым тілмен баяндалады. Осы тақырып төңірегінде оқушының ұғым-түсінігін, дүние-танымын кеңейтіп, толықтыру үшін мәтінге байланысты бірнеше сұрақтар қойылып, «өздерің де сондай әңгіме ойлап тауып, түсіндіріңдер» деп балалардың ойды әрі қарай дамытуына дәнекер боларлық сауалдар мен талаптар қойылған. Осы мәтінде кездесетін «Ай-Петри», «Мессин» сөздерінің анықтамасы: Ай-Петри – Қырым тауларының шыңы. Алупка маңында орналасқан. Қара Теңіз жағасына тік жарқабақтанып бітеді. Биіктігі 1233 м. Дұрысы – Мессина. Италиядағы қала, порт. Мессина провинциясының әкімшілік орталығы. Сициллия аралының солтүстік шығыс жағалауында орналасқан. «Бейшаралар». Виктор Гюгодан деп берілген. Виктор Мари Гюго (1802-1885) – белгілі француз жазушысы. Мұнда балықшылардың қайыршылықтағы ауыр тұрмысы әңгіме болады. Әке-шешесі аштықтан қайтыс болған балықшылардың құндақта қалған екі жетім баласын өздері аш-жалаңаш отырған Жәни атты ойелдің асырап алғандығы суреттеледі. Қазақшаға аударған авторы белгісіз. «Тағдыр» (Жазмыш). Авторы Короленко деп берілген. Короленко Владимир Галактионович (1853-1921) – орыс жазушысы. «Тағдыр» – ескі діни-наным, сенімдерге табынған қараңғы халықтар мен адал, ізгі жүректі жандар туралы сыр шертетін шығыс халқының әңгімесі. Мұнда да қазақшаға аударған авторы белгісіз. «Дін үйреткенге». Авторы – Жұмабайулы Мағжан. «Оқу құралына» енген автордың бұл өлеңі Мағжан Жұмабаев. «Шығармалары» жинағымен (Алматы; Білім. 1995 ж.) салыстырылды. «Шығармалар» жинағындағы: «...Кешегі арыстанды айбыны зор... ...Көрмейтін көзді көр ғып артты-алды... ...Мінекей, айырылдық қой бақтан, тақтан! ...Міне Күн! Сәулесі алтын жерді құшты...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: «...Кешегі арыстандай айбыны зор... ...Көрмейтін кылды қоркып артты алды... ...Мінекей айырылдық қой бақтан, ардан... ...Міне кун сәулесі алтын жарлы құшты...» болып өзгеріске ұшыраған.
«Күн көру». Авторы көрсетілмеген. Адам күн көру үшін өзіне қажеттің бәрін таба білу керек, себебі ол дайын күйінде болмайды. Сондықтан адам еңбек етіп, кәсіп үйрену, оны меңгеру арқылы дегеніне жете алады. Мақала оқушы түсінігіне лайықталып, түсінікті, қарапайым тілмен берілген, танымдық маңызы да зор. «Адам жер жүзіне таралуы». Авторы мәлімсіз. Көлемді мақаланың берер ойы – тұрмыс итермелеуімен адамзат баласының қоныс аударуының себебі тарихи кезеңдердегі оқиғалармен дәлелдене отырып, адамзаттың жер жүзіне таралуы; қараңғылықтан өркениетке, көшпенділіктен отырықшылыққа дейінгі даму сатылары туралы толық ғылыми мәлімет берілген. Осы мәтінде кездесетін «ескимос» сөзінің анықтамасы: эскимос – халық атауы, Чукоттың шығыс бөлігінен Греландияға дейінгі аралықты мекендейтін байырғы тұрғындар. «Кенесары қоныстан ауғаида Досқожа ақынның айтқаны». Авторы көрсетілмеген. Қазақ ханы Кенесары жайында жазылған бұл өлең қазақ тарихында болып өткен жаугершілік заманнан сыр шертеді. Елін, жерін тастап, жан сауғалай қашқан халықтың артта қалған ата қонысы, бұрынғы құрған дәурені баяндалады. «Хан Кене» кітабында бұл өлеңнің атауы «Досқожа. Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны» деп берілген. «Оқу құралына» енген бұл өлең «Хан Кене» кітабындағы нұсқасымен (Алматы; Жалын. 1993 ж.) салыстырылды. «Хан Кене» кітабындағы: «...Қалмақтың Уса, Серенін... ...Бұл қоныстан кеткен соң... ...Енді айлам таусылды... ...Арасы биік бауларым! ...Арасы биік бау еді... ...Жарлы-байы белгісіз... ...Баланың білдім шөлдерін... ...Қарағайлым, Шұбарым... ...Сапырып қымыз құйдырып... ...Алабота тарлауы... ...Жапырағы жаудырап... ...Отырушы едін сапырып... ...Бекіредей басын тасқа сабаған...» деген шумақтар «Оқу құралында»: «... Қалмақтың Уса, Серенін... ... Бұл қоныстан көшкен соң ...Енді қайлам таусылды... ...Арасы бие бауларым... ...Арасы бие бау еді... ...Жарлы-байым белгісіз.... ...Баланың білдің шөлдерін...
...Қарағайлы, Шұбарым! ...Сапыртып қымыз құйдырып... ...Ала бота таралаумен... ...Жапырағын жаудырап... ...Отырушы едік сапырып... ...Мекіредей басын тасқа сабаған...» болып өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ: «Ылдиы жоқ, ойы жоқ Ат тайғанар жері жоқ» деген екі жолдың соңғы «Ат тайғанар жері жоқ» тармағы «Хан Кене» кітабында кездеспейді. «Жандықтардың жер жүзіне таралуы». Авторы мәлімсіз. Жер жүзіндегі жәндік атаулының өсіп-өнуі, таралуы, оларды жер жүзіне тарататын су мен жел екендігі жөнінде қызықты мағлұматтар берілген. «Жандыңтардың таралуына жел жәрдемші болады». Авторы Н.Кукиннен деп берілген. Бұл жоғарыдағы аталған мақаланың заңды жалғасы іспетті. Жәндіктердің желмен таралу жолдары мұнда жан-жақты баяндалады. Аудармашы мәтінді бала ойына лайық етіп тәржімалаған. «Аң мен құстың аууы». Авторы белгісіз. Аң мен құстың қоныс аударуы, сол жерге сіңісуі, олардың мерзімдік түрлері (күзде жылы жаққа ауып кетуі сияқты т.б.) секілді табиғат құбылыстары жан-жақты әңгіме болады. Ақ тиін, түлкі, қасқыр, киік, балық, құстардың да ауып, көшіп жүретінін қызғылықты баяндайды. Деректер де орнықты келтірілген. Осы мәтінде «Архангел» сөзі кездеседі. Дұрысы – Архангельск, Россияның солтүстік-батысындағы қала, Архангельск облысының орталығы. Солтүстік Двина озенінің атырабында орналасқан. «Кей жандықтардың қысты күні жан сақтауы». Авторы берілмеген. Қыстыгүні кейбір құстар жылы жаққа ауып, жан сақтаса, жануарлар мен жәндіктер көбіне үзақ ұйқыға кететінін танымдық шағын материалда балаларға түсінікті тілмен баяндайды. Осында кездесетін «Альпі» сөзінің анықтамасы: Альпі – Европаның ең биік тау жүйесі. Италия, Франция, Швейцария, Австрия, Германия, Югославия және Лихтенштейн жерлерін алып жатыр. «Алғашқы адамдардың тұрмысы». Авторы белгісіз. Жер бетінде пайда болған алғашқы адамдардың тұр-тұрпаты, тұрмыс-тіршілігі туралы ғылыми мәліметтер көркем тілмен бейнеленген. «Алғашқы адамдардың құралдары». Авторы көрсетілмеген. Алғашқы қауымдағы адамдардың құралдары – аяғы, қолы, тісі болса, тас дәуірінде темір, тас-тардан құрал-саймандар жасай бастағаны баяндалған. «Зиректік». Ел аузынан жазылып алынуы мүмкін. Мұнда жоғалған түйенің белгілерін өз тәжірибе, зеректігі арқылы көрмей-ақ білген жолаушының байқампаздық қабілеті жөнінде әңгіме қозғалады. «Сезім». Авторы – Лев Николаевич Толстой (1828-1910). Автордың сезім мүшелерінің саналы ой иесі адамда, жан-жануар, жәндіктерде қалай дамығаны жөніндегі ой толғанысы баяндалады.
«Жандықтың ашаршылықпен алысуы». Авторы Н.Рубакин деп
берілген. Шағын мақалада жер бетіндегі барлық жан-жануарлардың
ашаршылықпен қалай күресетіндіктері жайында әңгімеленеді. Қыс бір
жағынан қысқанда, ашаршылық екінші жағынан келіп, жәндіктер енді
бас сауғалап кететінін айтады.
«Қарға мен түлкі». Авторы көрсетілмеген. Бұл А.Байтұрсынұлының
«Қырық мысал» жинағына енген мысалдарының бірі.
«Қарға мен түлкі» мысалы «Қырық мысал» жинағындағы (Қазан,
1922 ж.) нұсқасымен салыстырылды.
«Қырық мысалдағы»:
«Қарасақ көп адамдар Түлкі боп жүр,
Залымдық етірік пен мүлкі боп жүр;
Солардың сұмдығына түсінбеген
Қарғадай жұртқа мазақ күлкі боп жүр.
Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып,
Далада кең сахара көшіп-қонып.
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек жарар еді мазақ болып»
соңғы екі шумақ «Оқу құралында» кездес-деген пейді.
«Қасқыр мен қозы». Авторы жазылмаған. Бұл мысал да «Қырық
мысал» жинағымен салыстырылды. «Қырық мысалдағы»:
...Зәбір ғой біреу үшін күйдіргенің...
...Үндеме! Жетер! Қазір уақытым жоқ...»
деген өлең жолдары «Оқу құралында»:
...Жәбір гой біреу үшін күйдіргенің...
... Үндеме, жетер! Қазір пұрсатым жоқ...»
болып өзгеріске ұшыраған. «Қырық мысалдағы»:
«Орманға қасқыр кетті қозыны алып,
Белгілі етер ісі алып барып.
Осындай жазықсызды жазғыратын
Әр жерде күштілерде бар ғой қалып.
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі,
Ойлаймын, оны мақтар шықпас кісі.
Нашарды талай адам талап жеп жүр,
Бөріден артық дейміз оның несі?»
деген екі шумақ «Оқу құралында» кездеспейді.
«Жандықтың жауынан қорғануы». Авторы белгісіз. Жәндіктердің
өз жауларынан қалай қорғанатыны жөнінде қызғылықты баяндайды.
Оқушының қабылдауына жеңіл тілмен жазылған мақала.
Осы мәтінде кездесетін «каракатитса» сөзінің анықтамасы: ка-
ракатица – он аяқты моллюскілердің бір туысы. Тұрқы ұзынша кел-
ген (25 см-дей), жалпақ, бүйірінде ескек қанаты, қармалағыштары,
ұшында жабысқағы бар, желін ұшы жалпақтау және ұзынырақ біткен
екі қармалағышымен ұстайды. Каракатица су түбінде тіршілік етеді,
қармалағышымен қозғалады, жай жүреді.
«Қамелеуін». Авторы А.Б.Шеқов деп берілген. Бұл - белгілі орыс жазушысы Антон Павлович Чехов (1860– 1904). Қазақшаға аударушы «Қыр баласы» яғни Әлихан Бөкейханов. А.П.Чеховтың атақты әңгімесі «Хамелеон» – полиция надзирателінің мұнафиқтығын (мунафиқ – араб созі, екіжүзді деген мағында) әшкерелейтін көркем шығарма. «Хамелеон» өңгімесі Әлихан Бөкейханов. Шығармалары жинағымен (Алматы, «Қазақстан» 1994 ж.) салыстырылды. «Шығармалар» жинағында: «Дүкен ашық, алушы жоқ, саудагерлерді ұйқы басқан. Базарда қайыршылар да жоқ. Базармен полицейский надзиратель Очумелов келе жатыр... қасында городовой келеді...Сен жексұрын неме қабатын немесің ғой», - деген Очумелов дауысты естіді. Соның арасында үйген отыннан шығып артына қарай-қарай ақсай басып қашып келе жаткан итті көрді. Итті қуып жетіп. бір кісі жығылажығыла аяғынан алып ұстады. Көз ашып жұмғанша, ұйқыдан оянған саудагерлер, отыннан жиылған кісілер топтанып жиылып қалды... Отын үйген қақпаның алдында жиылған топқа қолын көрсетіп тұрған адам көрінді. Шала мас. Бұл кісі Очумеловке белгілі алтын зергер Хрукин деген екен... Мен кісіге тию деген жоқ. «Күшіктен жәбір кәріп, зиян тартсын» деген закон жоқ... Штраф саламын! ... Күшік биттей, сен сырықтайсын, Күшік өзі сенің қолыңа қалай жетеді... нәресте күшікке жаласын жауып ақша алмақпысың? Хрукинге ұрса бастады... Өтірік айтып былжырама. соқыр! Айтқаны, кулиа өтірік тіпті көрген жоқ... Кім кұдай алдында өтірік айтпайтынын. Үндеме! – деп Очумелов ақыра бергенде... Рас білесің бе? Рас, тақсыр. Жанарал аспазшысы келеді екен. Япырмай, туысқанын сағынған ғой. Мен білген жоқ едім. Мынау нәресте жанарал ағасынікі ме? Сен күшікті ал. қандай әп-әдемі күшік. Ап-ап деп, мынаның қолын тістеп алыпты. Күшігім-күшігім... Хрукинге жекіріп. каһарын төгіп, Очумелов төре жөніне кетті» деп берілген сөйлемдер «Оқу құралында»: «Дүкен ашық. Алушы жоқ. Саудагерлер калғысып отыр. Базарда тіленшілер де көрінбейді. Политсия надзирателі Ошумелов базар жағалап келе жатыр... қасында жандарм келеді... Сен онбаған, қабатын немесің ғой, - деген дауыс Ошумеловтің кұлағына тиді. Қаңсылаған ит, кіжінген кісінің дауысы шыққан жерге көзді ашып жұмғанша, ұйқыдан оянған дүкеншілер, отыннан кайткан кісілер топтанып қалды... Жиылған топқа бір шала мас адам қолын көрсетіп тұр. Бұл кісі Ошумеловке таныс зергер Қырукин деген екен... «Күшіктен жәбір көріп, зиян тартсын» деген заң жоқ... Айып салам! ... Күшік құрттай, сен енгезердейсің. Күшік аузы сенің қолыңа қалай жетеді... нәресте күшікке жала жауып ақша алғың келе ме?... Қырукинге Ошумелов жекіре бастады... Өтірік айтып былшылдама. соқыр! Айтқаны судай өтірік. Сен тіпті көргенін де жоқ... Үніңді өшір! – деп Қырукинге Ошумелов ақыра бергенде... Анық білесің бе? Анық, тақсыр. Жанарал казаншысы келеді екен. Япырмай, жарықтық, туысқанын сағынған ғой. Мен тіпті білгенім жоқ, деді. Мынау сүп-сүйкімді, үріп ауызға салғандай нәресте жанарал ағасынікі
ме? Ап-ап деп, мына біреудің қолын тістеп алыпты. Аузыннан-ау сенің! Күшім-күшім... Қырукинге жекіріп, қарын төгіп, Ошумелов төре жөніне кетті» болып өзгеріске ұшыраған. Осы мәтінде кездесетін «папирус» сөзінің анықтамасы: папирус қияқ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 5 м-ге дейін, үш қырлы жуан, түп жағы қабыршақ жапырақты келеді, вегатативті өркендерінің жапырағы жіңішке, қандауыр тәрізді тоқташық. Гүл шоғыры ірі, пішіні шатырша тәрізді, цилиндр пішінді, 6-16 масақты болады. «Адам от жағуды қалай үйренген». Авторы белгісіз. Алғашқы адамдардың отты қалай тауып алғандары, оны тұрмыс жағдайында қалай пайдаланғандары туралы әңгімеленетін танымдық мақала. «От сөнді». Авторы көрсетілмеген. Бұл алдыңғы мақаланың жалғасы. Мұнда танымдықтан гөрі аңыздық, ертегілік сипат басым: шоқ күзеттіріп кеткен батыл жас баланың абайсызда отты сөндіріп алғаны, осы ісі үшін оны жазалаудан, ажалдан алып қалған қария, оның данышпандықпен шақпақ тас арқылы жабайы адамдарға от жағуды үйреткені туралы баяндалады. Осы мәтінде кездесетін «мамунт» сөзінің анықтамасы: мамонт – пілдер отрядына жататын сүтқоректілер. Мамонт қазіргі пілдер шамалас болған, биіктігі 2,5-3,5 м, салмағы 7 тонна. Денесін қалың жүн басқан. Қорегі – шөп, бұта. Бедерлі тістері қорегін майдалап жеуіне бейімделген. «Мал асырау қалай шыққан». Авторы белгісіз. Адам баласы алғаш рет итті, малды қалай қолға үйреткені жөнінде әңгімеленеді. Тілі көркем әрі нақты. «Құл ұстайтын құмырсқа, мал бағатын құмырсқа». Авторы белгісіз. Мұнда «жауынгер» жәндіктер санатына қосылатын құмырсқалардың мал да бағып, жауынгер де болатыны жөнінде қызғылықты әңгімелейді. «Алғашқы адамдарда егін егу қалай басталған». Авторы жазылмаған. Егін егу қай дәуірде, қалай, қандай құрал-саймандар арқылы жүзеге асырылғаны жөнінде толық мәлімет беріледі. «Егінші құмырсқа мен бақшашы құмырсқа». Авторы Н.Рубакин деп берілген. Мұнда кәдімгі егіншілер секілді егін жинап, оны сақтаудың қилы жолдарын білетін егінші құмырсқа мен бақшашы құмырсқалардың тіршілігі туралы ой дамыған. Мәтіннің танымдық мәні мол. «Сатемір». Авторы көрсетілмеген. Дегенмен, бұл Ы.Алтынсариндікі екені анық. Мақалада жеті жасар Сатемірдің бір аяғы кем құмырсқаның мұратына жетпей тынбайтын тірлігіне қарап, өз өміріне де өзгеріс енгізгені жөнінде қызғылықты баяндалады. «Оқу құралына» енген бұл әңгіме Ыбырай Алтынсарин. «Таңдамалы шығармалар» жинағымен (Алматы; Ғылым. , 1994 ж.) салыстырылды. «Сатемір» әңгімесінің атауы «Таңдамалы шығармалар» жинағында «Сәтемір хан» деп берілген. «Шығармалар» жинағындағы: «Орта шеніне барғанда...Сәтемір ойға қалды: Құдайтағаланын жаратқан жан-жануарының ең кіш-
кентайы осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыстап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті.... Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған...» деген сөйлемдер «Оқу құралында»: « Орта шеніне жеткенде... Сатемір ойға қалды: жан-жануардың ең кішкентайы осы – құмырсқа, әлі тіпті аз, төрт аяғы да түгел емес, сонда да тынбай жұмыс жұмыстап жүр, ақсаңдап бір тырмысып, жығылып, ақырында қоймай мұратын жетті...Ақырында сол Сатемір асқан данышпан, білімді болып. жұртты аузына қаратыпты» деп өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ «Таңдамалы шығармалар» жинағындағы «...ойнын тастап...» деген сөз тіркесі «Оқу құралында»: «...үйін тастап...» болып, «... ақысына оқу оқыптымыс» деген сөйлем «Оқу құралында»: «ақысына оқу оқиды» – болып берілген. «Алғашқы егін көліктері». Авторы көрсетілмеген. Мақалада шаруашылық жұмыстарында егінді, бертін келе малдарды, көліктерді пайдаланғаны туралы баяндалады. «Кедейдің кейістігі». Авторы Шаңқан деп берілген. Бұл – белгілі ақын, жазушы Б.Майлиннің бүркеншік аты. Автордың «Оқу құралына» енген бұл өлеңі Бейімбет Майлин. «Бес томдық шығармалар» жинағымен (Алматы; Жазушы. 1986 ж.) салыстырылды. «Шығармалар» жинағындағы: «Жаңа келіп Саламаттын баласы» деген өлең жолындағы кісі аты «Оқу құралында» «Самалықтын» деп өзгертілген. «Шығармалар жинағындағы»: «...Қай бір тұқым ... үйдің саттым, кигізін.. ...Желдің тынып, күннің -дағы шыжуын... ...Шыж-быж болып күюменен өлем-ау... ...Тұқымды да, малды да апты деседі... ... Теңестірмек дейтін еді кедейді.... ...Кедейді ешкім деуші еді жемейді...» деген елең шумақтары «Оқу құралында»: «...Қай бір тұқым -үйдің саттым кейізін... ...Желдің тынып, түннін-дағы шығуын... ...Шыжық болып куюумен-ак өлем-ау... ...Тұқымды да, малды да әздері алды дейді... ...Тенестірет дейтін еді кедейді... Кедейді ешкім десуші еді жемейді...» болып өзгеріске ұшыраған. «Оқу құралында»: «Жұртта дін жоқ әлі мені күндейді, Өздерінің не істегенін білмейді. Үйде болсам Салқамбай кеп мазалап: «Олжа алайық ақсақалдан жүр...» дейді. Апырым-ай, бұл шалдар дағы желікті-ау! Тырнағынан қалар емес ешкім сау. Бай қасқасын, ер қожасын ертіп ап,
Іздейтіні елді кезіп ылғи дау. Қатын сату, қызды айыру мұрасы, Терлікбайдың әп-әдемі құрдасы. Отыр дейді бүгін қызды бермен, - деп, Сайтандардың айнытуын қарашы» деген өлең жолдары кездеспейді. «Бастап темір тұтыну». Авторы белгісіз. Шағын мақалада адам баласының ең алғаш қай кезден бастап темір құралын пайдалана бастағаны жөнінде әңгімелейді. Қазіргі кезде қандай жерлерде темір құралы көптеп кездеседі, сол жөнінде қызғылықты мағлұматтар берілген. «Ерте замандағы қазақтың қару құралдары». Шоқаннан деп берілген. Бұл - этнограф ғалым Шоқан Уәлиханов екені белгілі. Ғалым ескі заманнан бері қазақтар қолданып келе жатқан қару-құралдарды (қамшы, құрық, сойыл, қылыш т.б.), олардың түрлерін, атқаратын міндеттерін саналап, сипаттама береді. Этнографиялық танымдылығы зор мақала. «Көшпелінің тұрмысы». Авторы белгісіз. Көшпелі халықтың өмірі, тіршілігі, салт-дәстүрі отырықшы елді мекен жұртының тұрмысымен салыстырыла баяндалады. Осы мәтінде кездесетін «Кереку» сөзінің анықтамасы: Кереку -Павлодар қаласының қазақша, жергілікті аты. «Диқаншының тұрмысы». Авторы белгісіз. Мақаланың басында «Диқаншы көше ала ма?» деген сауал тұр. Мұндай сауал тастау - жас балалардың тақырыпты оқуына, меңгеруіне, оны талдауға, осы жайлы ойлануларына мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілді көрсетеді. «Киіз үй мен ағаш үй». Авторы Алтынсарыұлы Ыбырай деп берілген. Мақалада киіз үй мен ағаш үйдің қай мезгілдерде пайдалы екендігі жөнінде әділ пікір айтқан бидің билігі туралы өз өмірінен, яғни 1876 жылы би болып тұрған кезіндегі болған оқиға ізімен жазылған әңгіме. Ы.Алтынсариннің бұл әңгімесі Ыбырай Алтынсарин. «Таңдамалы шығармалар» жинағындағы (Алматы; Ғылым. , 1994 ж.) нұсқасымен салыстырылды. «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімесіндегі «судья» сөзі «Оқу құралында» «би» деген қазақша аудармасымен берілген. «Таңдамалы шығармалар» жинағындағы: «1876 жылда, мен судьялық орында тұрғанымда, екі ептеш адам бір-бірімен ұрысып. арызға келді... Екеуі де іскер.....Жазымызға да бұл қолайлы... Көшсең артуыңа көнбейтін... Ақырында қайсымыздың сөзіміз дұрыстыгын судьяға сынатамыз деп маған келісіпті... Қос уй мен жер үйдің бағасы не болады... Ел жайлауға кеткенде... Бір қыстаудан бір қыстауға көшіп, сонда алып жүруге киіз уй қолайлы және жаз қоста қону түгіл, ауасы да ағаш үйден жақсырақ болады... Ол уақытта сіздер әртүрлі уақ жұмыс істейсіз, көбісінше үйде отырып... Жұмыс ада-мына... Және жыл сайын біреудің үйін жалдап жүрген ақшаңызға неше жылдық қос пен үй істеп алсаңыз... Екеуі де төре маған тиді деп шығып бара жатқанда, және шақырдым... Сен мешер жаз болса мынау қазақтың салған қосында бірге тұрарсың...
Екеуі де менікі дурысқа шықты деп, кұлдык ұрысып, шығып кетісті». – деген сөйлемдер «Оқу құралында»: «1876-жылда, мен би болып тұрғанымда, екі адам бір-бірімен ұрыссып, арызга келді. Екеуі де шебер... Жазымызға да қолайлы... Көшсең артуға көнбейтін... Ақырында қайсымыздың сөзіміз дұрыстығын биге сынатамыз деп маған келіпті... Қос үй мен жер үйдің бәсі не болады... Ел жайлауына кеткенде... Бір қыстаудан бір қыстауға көшіп жүруге киіз қос қолайлы; және жаз қостың ауасы да ағаш үйден жақсырақ болады... Ол уақытта сіздер үйде отырып, әртүрлі уақ жұмыс істейсіз... Жұмысты адамға... Және жыл сайын кісі уйін жалдап алып жүрген ақшаңызға неше қос пен уй істеп алсаңыз... Екеуі де төре маған тиді деп, біреуі қос сатып аламын деп, біреуі жер уй сатып аламын деп шығып бара жатқанда, және шақырдым... Сен мешер жаз болса мынау қазақтың алған қосында бірге тұрасың...Екеуі де менікі дұрысқа шықты деп, жүріп !кетті» деп өзгеріске ұшыраған. «Жандықтардың үй салуы». Авторы белгісіз. Жер бетіндегі жәндік атаулының өздеріне қажетті үй салулары, шеберліктері, олардың басқа жәндіктерден ерекшеліктері қызғылықты баяндалады. Осы мәтінде кездесетін «термит» сөзінің анықтамасы: Термит - насекомдар класының туыстығы жағынан тарақандар мен дәуіттерге жақын бір отряды. Термиттер - қоғамшыл насекомдар, бір илеуде бірнеше қауым болып тіршілік етеді. Термиттердің тұрқы әртүрлі болады. Аузы кеміруге бейім, мұртшасы қысқа. «Зиректік». Авторы мәлімсіз. Шағын мақалада ағылшын ғалымы Браун деген кісінің сапалы көпір салу туралы ойына өрмекшінің өрмегі дәнекер болғандығы жөнінде әңгіме қозғалады. «Үш нәубетті егіс». Авторы белгісіз. Алғаш рет жерді тыңайтып, егін егу әдісін ойлап тапқандығы туралы баяндалады. «Көп нәубетті егіс». Авторы белгісіз. Жоғарыда аталған мақаладағы ой бұнда жалғасын табады. Көп нәубетті егіс болуы үшін егістік жерді әр түрлі тәсілдермен тыңайту керектігі, оны жүзеге асыру түрлері айтылады. «Жұмыртқадай бидай». Авторы – Лев Николаевич Толстой. «Қазақшаландырушы – Қыр баласы» деп берілген. Бұл - Әлихан Бөкейхановтың бүркеншік аты. Белгілі орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың аңыз үлгісінде жазылған бұл әңгімесі адал еңбектің маңыздылығын насихаттайды. Аударма тілі көркем, балаларға тартымды әрі мәтін жинақы, үтымды берілген. Л.Н.Толстойдың бұл әңгімесі де «Қазақ газеті» («Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 1998 ж.) кітабымен салыстырылды. «Қазақ газетіндегі»: «а) Ортасында бидай сызығындай сызығы бар»,... қалаға апарып, табылмайтын нәрсе деп, патшаға қымбатқа сатады. Патша данышпандарды жиып, сұрайды: бұл жұмыртқа ма бидай ма? – деп. Қайда һәм қай уақытта шыққан бидай бұл, табыңдар деп ... . Данышпандар ойлайды-ойлайды... Бұл сияқты бидай қай жерде һәм қай кезде егілгенін естігендер бар ма десті (Бұл сөйлем «Оқу құралында жоқ»)...
Патша шабуыл шаптырып ... Ауызда тіс, бойында күш жоқ, тәнінде ет жоқ, көз шала. құлақ мукіс, адам сыны жоқ құрап тұрған бір шал екі таяққа суйеніп, патшаға келеді. Шалдың көзі шала, оңды көре алмай... Бұл бидай қайдан шықты екен білесің бе? Өзін екпесен де, сатып алғаның бар ма? Шал құлағы мүкіс, айтқан сөздерді әзер, естіді, әрең түсініп, әзер жауап береді» деген сөйлемдер «Оқу құралында»: «Ортасында бидайдың сызатындай сызаты бар. ... қалаға апарады: қолға туспейтін нәрсе деп, патшаға қымбатқа сатады... Қай уақытта шыққан бидай, табыңдар, деп... Данышпандар әрі ойлады. бері ойлады Иекте тіс, бойда күш, тәнінде ет жоқ, көз кіреуке, құлақ мүкіс, адам сыны жоқ кеудіреп тұрған бір шал екі таяққа сүйеніп, патшаға келеді... Шалдын кіреукеленген көзі оңды көре алмай ... Бұл бидай қайдан шыққанын білесің бе? Болмаса сатып алғаның бар ма? Шалдың құлағы ауыр, айтқан сөздерді азар естіді. әрең түсініп, зорға жауап береді» болып өзгеріске ұшыраған. «Құстардың маса-шыбын, қоңызды құртуы». Н.Рубакиннен деп берілген. Мұнда құстардың қоректену барасында табиғатты құртатын зиянды шыбын-шіркей, қоңыздарды жоятыны жөнінде танымдық мағлұматтар беріледі. Осы мәтінде кездесетін «бөгелек» сөзінің анықтамасы: бөгелек – үш тұқымдасқа бөлінетін қос қанатты насекомдар тобының жалпы аты. «Өсімдікті қалай қоректендіреді, тозған жерді қалай жаңғыртады». Авторы белгісіз. Танымдық әрі ғылыми мақала. Мақалада өсімдіктердің қоректенуі, таралуы жайлы биологиялық, химиялық мағлұматтар берілген. «Темір сабанға қалай жеткен?». Авторы белгісіз. Техника-көліктерді дамыту арқылы адамзат ойының жетістігі оқушыға түсінікті тілмен әңгімеленеді. «Қазақ шаруашылығы». Авторы белгісіз. Мақалада көбінесе, мал шаруашылығымен айналысатын қазақ халқының қой, түйе, сиыр, жылқы т.б. өсірудегі мол тәжірибесі туралы сөз қозғалады. «Қойшы». Авторы Майлыұлы Бейімбет деп берілген. Бұл – Бейімбет Майлиннің өлеңі. Елден жырақ жүрген қойшы жігіттің арманы, тәтті қиялы баяндалады. Байыпты лирикалық шегініс пен психологиялық параллелизм де жиі ұшырасады. «Жылқышы». Бұл әңгіменің авторы – Аймауытұлы Жүсіпбек. Қазақтың жылқышы жігіті туралы әңгімелейтін шағын әрі қызғылықты әңгіме. «Көш». Авторы белгісіз. Көшпелі халыққа тән көштердің түрлеріне (жазғытұрғы, жазғы, күзгі) жеке-жеке тоқталып, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері, салт-дәстұрлері туралы сыр шертіледі. Бұл құнды мәліметтер көркем әңгіме тұрінде баяндалады. «Бай мен жарлы баласы». Авторы көрсетілмеген. Бұл – белгілі ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің әңгімесі. «Көш» әңгімесі де Ы.Алтынсариндікі болуы мүмкін.
Автордың «Оқу құралында» берілген бұл көркем әңгімесі Ыбырай Алтынсарин. «Таңдамалы шығармалар» (Алматы; Ғылым. , 1994 ж.) жинағымен салыстырылды. «Тандамалы шығармалар» жинағындағы: «Үсен жарлы баласы, – екеуі құрдас екен... Бір куні ел көшкенде қыр астында ойнап жүріп, ескерілмей, екеуі жұртта қалыпты... құр жұрты жатыр... Үсен ойланып тұрды да айтты: – Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды іздеп табалық... Үсен үндемеді... Енді қайсысына түсеміз деп... малдың жас тезегі бар деді... Біраз жер жүрген соң, Асан қарным ашты деп жылады... екеуінің алдынан бір үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды... үйректі ұстап алайық... Асан айтты: – Қалай ұстаймыз?... қылды есіп, тұзак істеді де... қалың шөптің арасына барып жатты... Көп ұзамайақ, үйрек қайта ұшып, жан-жағында адам көрінбеген соң, ұясына келіп қонды... Үйректі Асан: – Тірі алып, ойнап баралық, – деді... Үсен айтты: – Үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждыққа құдайтағала бұларды адамға алып, тамақ етуге бұйырады, бірақ тірілей байлап-матап әуре ету обал деп айтушы еді... От жоқ, неғылып пісіріп желік? – деді... Тал келтірілген соң от жағып... Піскен соң екеуі де жесіп, тойып алысты... қармаққа бау істеп байлап... ойнаған балықтары көрініп жүретұғын... біреуі бір, екеуі екі жемді иіскеп... Ол шортан жемге де қарамай, тәккаппарланып жайымен былғандап өтіп жүре берді... Онын үшін қаз сусыз жерді мекен етпейді. Келіп, екеуі енді молалы қырға шықты... көлдің айналасы да... жағасындағы жібектей... жылқының бір парасы көл ішіне кіріп, белінен құраққа кіріп тұр... сортаңда бір топ түйе жатыр... Нақ бесін мезгілде балалар...» деген сөйлемдер «Оқу құралында»: «Үсен деген жарлы баласы екеуі құрдас екен... Бір куні екеуі қыр астында асық ойнап жүрсе, елі көшіп кетіп, ескерілмей балалары жұртта ұмыт қалыпты... жұрты жатыр... Үсен бір ойлап аз тұрып айтты: – Жылаганмен түк бітпес. онан да көшкен ауылды іздеп табалық... Үсен үндеместен... Енді қайсысына түсеміз деді... малдың жас тезегі жатыр деді... Біраз жер жүрген соң, Асан қарным ашты деп жылай бастады... екеуінің алдынан бір үйрек пыр етіп ұшып, ұзамай-ақ қонып, жорғалай берді... үйректі де ұстап алалык... «Қалай ұстаймыз», – деп таң қалды... қылды есіп тұзақ қылды да... қалың шөптің арасына барып жасырынып жатты... Көп ұзамай-ақ, үйрек қайта ұшып келіп, мойнын созып жан-жағына қарап, адам көрінбеген соң ұясына ұшып қонды... Асан: – Үйректі тірі алып, ойнап баралық, – деді. Үсен: Жоқ, әкем үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта оларды жеуге болады, бірақ тірілей байлап-матап әурелеу обал деуші еді... От жоқ, қалай пісіріп жейміз? – деді... Тал келген соң от жағып... Піскен соң екеуі жеп, тойып алысты... қармаққа бау байлап... ойнаған балықтары көрініп жүреді екен... біреуі бір, екісі екі жемді иіскеп... Шортан жемге де қарамай, менменсіп. жайымен бұландап өтіп жүре берді... Неге деерң, қаз сусыз жерде жүрмейді. Келіп, екеуі молалы дөнге шықты... көлдің жағасы да... жиектегі жібектей... жылқының біразы көл ішіне кіріп, белінен Құрақты
орып жүр... сортаңда шоқ-шоқ түйелер жайылып жүр... Нақ түс ауа балалар...» болып өзгеріске ұшыраған. «Ұлы орыс». Авторы белгісіз. Орыс халқының тұрмысы мен тіршілігі, салт-дәстүрі сөз болады. «Кіші орыс». «Живой Родниктен» деп берілген. «Ұлы орыс» атты мақаланың жалғасы, сондықтан, алдыңғы мақаланың да «Живой Родниктен» екені айқын. «Күріш». Авторы белгісіз. Күрішке жан-жақты сипаттама берілген: қайда өседі және қалай өсіру керек деген сауалдарға жауап береді. «Шай және оның әзірленуі». Мәтін соңында «А.Львовтан» деп көрсетілген. Николай Александрович Львов (1751 – 1804) – орыс жазушысы, суретші, архитектор, музыкант, ботаник. Мұнда шайды кімдер тәуір көретіні, сондай-ақ, шайдың жасалу тәсілі баяндалған. «Күзем». Авторы көрсетілмеген. Қойлы ауылдың күзгі тіршілігі жан-жақты айтылады. Тақырыпты нақты мысалдармен бекітіп, соңын «Күзем кезінде жұмыс ауыр деп қабағын шытқан жас болмайды» деп аяқтайды. «Ресейде жүннен не істейді». Авторы көрсетілмеген. Жүн сабау, киіз басу тәсілдері басқа халықтардың осы саладағы тәжірибелерімен салыстырыла отырып айтылады. Жүнді қалай иіріп, тоқитыны жайлы да мағлұматтар бар. «Желім қалай жасалады». Авторы мәлімсіз. Тұрмыста жиі қолданылатын желімнің қалай және неден жасалатыны сөз болады. «Тері илеу». Авторы белгісіз. Аң терісін илеу, оны іске асыру жөнінде айтылған. Терінің ел экономикасына әсері жайлы айтып, мол мәліметтер келтірген. «Былғарының мұңы». Авторы белгісіз. Көздің жауын алатын әдемі былғары терінің жасалу тәсілі, бірінші жақтан, яғни былғарының «өз аузымен» баяндалады. Солай болғандықтан болар, өте әсерлі, аянышты, қызғылықты шыққан. Танымдық мақаланың осылай көркем тілмен баяндалуы оқушылардың қабылдауына жеңіл екені сөзсіз. «Жерден шыққан көйлек». Авторы – К.Д.Ушинский. Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) – орыс балалар жазушысы. Бұл мақаланы қазақшалаған авторы көрсетілмеген. Кендір шөптің өңделіп, матаға айналғанына дейінгі жолы түгелдей суреттеледі. Танымдық һәм түсіндірмелі тәсілмен берілген. Мұндай мақалаларды әдейілеп, балаларға қызықты деп тауып, іріктеп, арнайы аударып беріп отырғаны анық. «Мақта». Авторы көрсетілмеген. Шағын мәтінде мақтаның неден, қалай жасалатыны, қандай жерде пайдаға асатыны айтылады. Қысқа мақала болғанымен мақтаға қатысты ақпараты мол, балалардың қабылдауына жеңіл. «Шүберек пабрикасы». Авторы Павлов деп көрсетілген. Павлов Николай Филлипович (1803-1864) – орыстың ұлы жазушысы, сыншы, әрі журналист.
Жеңіл өнеркәсіпке ыңғайланған алып фабриканың тыныс-тіршілігі жайлы баяндалады. Оны логикалық мысалдармен салыстырып, түсіндіреді. Мәселен: «тірі жан сияқты пабриканың да жүрегі болады... бу машинасы болмаса пабрика қозғалмайды» деген секілді мысалдар мәтіннің мазмұнын аша түскен. «Қағаз қалай істеледі». Авторы көрсетілмеген. Қағаздың жасалу түрлері, оның тәсілдері туралы толық мағлұмат берілген. Мәтінде «Бұл күнде салам, ағаш ұннан да қағаз жасайтын болды. Бірақ, бұл қағаздар сынғақ, тозғақ болады» - деп, сол кездегі қағаздың жасалу тәсілінен де балаларды хабардар етеді. «Бұлшық ет». Авторы - Сәкен. Сәкен Сейфуллиннің «Оқу құралында» берілген бұл өлеңі Сәкен Сейфуллин. «Шығармалар» жинағымен (Алматы, «Көркем әдебиет», 1960 ж.) салыстырылды. «Шығармалар» жинағындағы: «...Боянған түрлі шырайлы... ...Күшімен ол тараткан... ...Тоқтатпай күш жиырылып... ... Балтырдан күшті дене жоқ...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: «...Боянған, күлгір шырайлы... ...Күшіменен жаратқан... ...Тоқпақтай құрыш жиырылып... ... Балтырдан сұлу дене жоқ...» болып өзгеріске ұшыраған. «Жер құйқасы». Авторы мәлімсіз. «Жер кұйқасы» деп, жердің беткі қабатын айтып отыр. Географиялық ерекшеліктеріне қарай жердің құнары да әрқалай болатыны, оның себептері айтылады. «Жер жексені». Авторы көрсетілмеген. Жер, жердің қыртыстары мен қатпарларының қалай түзілетіні туралы гылыми мағлұматтар берілген. «Уақ тас, құм, саз». Бұл да «Живой Родниктен» алынған. Аталған табиғи заттардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың жердегі қызметтері туралы толық мағлұматтар берген. «Құм мен шарық тас». Авторы көрсетілмеген. Тұрмыста, өндірісте, табиғатта жиі қолданылатын шарық тастың (үй салынады, көшелерге төселеді, бөгеттер жасалады) құмнан шығатынын айтады. «Шыны». Авторы белгісіз. Шынының пайда болу тарихы туралы өте қарапайым тілмен, қызғылықты баяндаған. Ертеде болған оқиғаның шыны жасауға кездейсоқ сеп болғаны айтылады. Жалпы, мұндай танымдық тұрғыда әрі түсіндіріліп баяндау «Оқу құралында» көптеп кездеседі. Мұның ұтымды жері көп. Оқушының қабылдауына жеңіл әрі қызғылықты мәтін. «Саз». Авторы көрсетілмеген. Сазға, одан не нәрселер жасалатынына толық сипаттама берген. Шағын, танымдық мәтінде саздың қандай түрінің қымбат, қандай түрінің арзан, сапасыз шығатынына дейін баяндаған.
«Тұз». Авторы көрсетілмеген. Тұздың Қазақстанның, Ресейдің қай елкелерінде көп екендігін, жалпы тұздың емдік қасиеті де барлығы айтылады. Аудармашы бұл мәліметтерді орыс ғалымының мәтінінен алуы мүмкін. Бірақ, көп мақалаларды еркін аударғандықтан, қазақ даласының өзгешеліктерін кірістіріп, жалпақ тілмен түсіндіріп беретін жерлері кездеседі. Әрине, мұндай танымдық мақалалар үшін ол бірден-бір ұтымды тәсіл. «Шым тезек». «Вагнерден» деп берілген. Жоғарыдағы (құм, тұз, саз т.б.) осы мазмұндас мәтіндердің авторы зоолог ғалым Вагнер деуге негіз бар. Вагнер Николай Петрович (1829-1907) – орыс жазушысы, зоолог ғалым. Аудармашы мәтінді барынша қазақ балаларына түсінікті ыңғайға түсіріп, қазақиландырып аударғанын да айта кету керек. «Шым тезек» деп аталатын қысқа мәтінде су астындағы мүктердің бірінің үстіне бірі топтанып, уақыт өте келе содан пайда болған затты шым тезек деп атайтыны туралы танымды мәлімет берілген. Сондайақ, осы мәтін жөнінде айта кетер бір жайт - кітаптың мазмұнында бұл мәтіннің атауы «Торып» деп берілген де, жинақ ішінде «Шым тезек» деп аталған. «Тас көмір». Авторы көрсетілмеген. Тас көмірдің алғаш қалай табылғаны баяндалады. Көмір табылысымен тіршіліктің барлық салаларына «белсене ат салысып», септігін тигізгендігі сөз болады. Қысқа мәтіннің танымдық салмағы зор. «Күйе тас». Авторы мәлімсіз. Қысқа мәтінде таскүйе жөнінде мол мағлұмат берілген. Автор тұрмыста қолданылатын графиттің «күйе тас» деген қазақша баламасын берген. Күйе тастан қолданысқа жарамды нелер жасалатыны, сондай-ақ оның басқа да қасиеттері де айтылады. «Мұнай». Авторы көрсетілмеген. Мұнайдың жерден шығатыны түсіндіріле келе, оны жер майы деп атайды. Оған қоса қысқа мәтін соңында: «Жер май өте көп шығатын Қапқаздағы Баку қаласы. Баку жер майы бүтін жер жузіне тарайды. Қазақ ішінде Орал облысында Доссор деген жерде осы куні жер майы алынады. Түркістанда, Ақ Теңіздің шығысында және Перғанада мұнай бар» деген қосымша мәліметтер де жеткілікті. «Шойын, темір, болат». Авторы мәлімсіз. Темірдің қалай өңделіп, шойынға не болатқа айналатыны туралы айтылады. Темір өндіретін пештердің қызметі жайлы да жан-жақты баяндалған. «Магнит тас». Авторы көрсетілмеген. Магнит тастың алғаш қандай жағдайда табылып, оны неге пайдалануга болатыны жайлы айтылған. Қысқаша танымдық мәтін оқушы тіліне ыңғайланып жазылған. «Алтын». Авторы көрсетілмеген. Алтын қалай табылады, оның құндылығы, алтынды құм мен саздан қалай тазартып алуға болады деген мәселелер айтылады. Ішінде тәрбиелік тағылымы да бар. «Алтын адамға ауадан керегірек емес: ауасыз адам бір сағатта тұра алмайды, өледі, өмірде қолына алтын ұстамаған кедейлер де тірі жүреді» деген сөйлемдердің жас жеткіншектерге маңызы зор.
«Күміс». Авторы көрсетілмеген. Жалпы, күмістің қалай жасалатыны, оның ерекше қасиеттері, одан тиын ақшалар жасалатыны айтылған. Күміс те алтын секілді зор еңбекпен табылған зат болған соң, оның да құнды болатынын оқушыға ескертіп отырады. Колемі шағын болғанымен, мазмұны салмақты, танымдық мақала. «Таптар тартысы». Авторы Покровский деп берілген. Покровский Михаил Николаевич (1868–1932) – совет тарихшысы, партия және мемлекет қайраткері. Қысқа әрі шағын мәтінде қоғамдағы әлеуметтік таптар қалай пайда болатыны және олардың бағыт-бағдары қандай болуы керек екендігі баяндалады. Тариқ «Көшпелі түріктердің соғысы». Авторы – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Көшпелі тайпалар өмірі жан-жақты сипатталады. Арасында соғысқа кеткен еріне алаңдаушылық білдірген әйел халі өлеңмен беріліп отырады. «Ақтабан шұбырынды». Авторы көрсетілмеген. Қазақ тарихындағы елдің басына түскен қаралы күндер, яғни 1723 жылғы зобалаң айтылады. Соңында «Қаратаудың басынан көш келеді» деген халық өлеңі берілген. Қазақтың қабырғасын қайыстырған айтулы оқиғаның «Оқу құралында» берілуінде де үлкен мән бар. Бұл балаларға ұлттық рухтың дәнін себеді. «Қоқан ханына найман Жанкісі бидің айтқаны». Авторы белгісіз. Қоқан хандығы салтанат құрып тұрған кезде ел арасынан береке кеткенін айтып шағымданған Жанкісі бидің сөзі баяндалады. «Абылай. Керей Қожаберген жыраудың Абылайға айтқаны». «Абылай! Сен мен көргенде, Тұрымтайдай ұл едің!» деп басталатын әйгілі жырдан келтірілген төрт шумақ үзінді қазақтың азулы ханы Абылайдың өмірінен сыр шертеді. «Кәрібоз бен Наурызбай». Авторы көрсетілмеген. Қырғыз батыры Кәрібоз бен қазақ батыры Наурызбайдың бір-біріне айтқан уәждері баяндалады. «Қара шекпен мен жұмысшылар көтерілісі». Авторы Н.М.Покровский. Покровский Михаил Николаевич (1868–1932) – тарихшы, партия және мемлекет қайраткері, академик. Жұмысшылардың билік басына келуі, буржуазияның шығу тегі, таптық ерекшеліктері баяндалады. «1916-жылдың көтерілісі». Авторы көрсетілмеген. 1916 жылғы қазақ халқының көтерілісі, оның қалай басталғаны, немен аяқталғаны, көтеріліс кезіндегі ел арасындағы ахуал жан-жақты баяндалады. «Орамал». Авторы - Жұмабайұлы Мағжан, яғни Мағжан Жұмабаев. Өлеңде майданға кеткен сүйген жарын деген әйелдің сағынышы, махаббаты кестеленген ақ орамал жайлы сыр шертіледі. «Орамал» елеңі Мағжан Жұмабаев. «Шығармалары» жинағындағы (Алматы; Жалын. 1995 ж.) нұсқасымен салыстырылды. «Шығармалар» жинағындағы «Қасірет батты жаныма» деген өлең жолындағы «қасірет» сөзі «Оқу құралында»: «уайым» болып, «Түсірмес жарық қиясы» жолындағы «қиясы» сөзі «қимасы» деп өзгерген.
«Шығармалар» жинағындағы: «Қайғыдан өлсем арман жоқ, Ақиреттік жолдасым. Көзімде жас қалган жоқ, Кестеге сіңді бар жасым» деген шумақтың 2-жолы «Оқу құралына» енбеген және 3-жолдағы «жас» сөзі «тамшы» болып өзгеріске ұшыраған. «Оқу құралында»: «Қайғыдан өлсем арман жоқ, Көзімде тамшы қалған жоқ, Кестеге сіңді бар жасым» деп берілген. «Петрбор кеңесінің ІІ-Николайды тұтқынға алуы». Авторы С.Мстиславский деп берілген. Ресейдегі уақытша үкімет кезеңіндегі тарихи оқиға суреттелген. «Тариқи күн». Авторы Мадияр деп көрсетілген. Мадияр – белгілі ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың бүркеншік аты. Шағын мақалада февраль төңкерісі, кедейлердің жеңісі туралы баяндалады. «Қазақтың жермен қоштасқаны». Авторы белгісіз. Елге құт-береке болған мекені – ата қонысынан халықтың алысқа кеткенінде айтылған жыры. «Октябрь төңкерісі». Авторы көрсетілмеген. Ресейдегі Октябрь төңкерісі, Кеңес үкіметі кезеңіндегі тарихи оқиғалар туралы мағлұматтар келтірілген. «Егіз үкімет жайында». Авторы – В.И.Ленин. Уақытша үкіметі, буржуазия үкіметі, олармен қатар құрылған жұмысшылар кеңесі жайлы әңгімелейді. «Октябрь Петргратта». Авторы Троцкий деп берілген. Мұнда да жұмысшы кеңестерінің Петербургтегі іс-қимылдары жайлы сөз болады. Бітім мен жер жайында Лениннің екі декрет ұсынып, екеуінің де қабылданғаны туралы көркем тілмен баяндалады. «Жалшылар үкімі». Авторы – В.И.Ленин. Буржуазия бұқарашылары мен басқа да үкімет биліктері, бағыт-мақсаттары жөнінде әңгімеленеді. «Еңбекшілер ұраны». Аударған Ж.Аймауытұлы деп көрсетілген. «Еңбекшілер ұраны» (Интернационал) – дүниежүзі пролетариаты әнұранының тұңғыш қазақша аудармасы. Өлеңнің қазақша мәтіні алғаш «Қызыл Қазақстан» журналының 1921 жылы 12 қыркүйектегі 1-санында жарық көрді. Ж.Аймауытов аудармасынан кейін де «Интернационал» қазақ тіліне әлденеше рет аударылды. «Оқу құралында» берілген «Еңбекшілер ұраны» Ж.Аймауытов. «Шығармалар жинағымен» салыстырылды (Алматы; Ғылым. , 1992 ж. V томдық). «Шығармалар жинағындағы»: «Қираттың ескі жалғанды» деген жолдағы «жалғанды» сөзі «Оқу құралында» «заманды» болып, «Дүние еңбекшілімен» деген тармақтағы «еңбекшілімен» сөзі «Оқу құралында»: «енбекшілерімен» деп өзгертілген. Сондай-ақ, «Қорғанба, дүмпілдеп
көрікті» деген жолдағы «дүмпілдеп» сөзі «Оқу құралында»: «көпілдеп» болып, «Патша да, құдай да, батыр да» деген тармақтағы «құдай да» сөзі «Оқу құралында»: «бай да» болып өзгеріске ұшыраған. Екінші бөлім ҒЫЛЫМ Өсімдік пен жандық «Бір түрлі үй» (жұмбақ). Авторы көрсетілмеген. Мақалада жасырылып отырған «жұмбақ үйді» жан-жақты суреттей отырып, олардың не екенін жеке-жеке түсіндіреді. «Титтей жұмыскерлер». Жоғарыдағы жұмбақтың кейіпкерлері – «титтей жұмыскерлер». Оқушылар жұмбақтың кейбір «кейіпкерлерін» тапқандарымен (диірмен – тіс, қазан – қарын, ошақ басы – жүрек), осы «титтей жұмыскерлерді» таппаған соң, жұмбақ тұрінде адамның басты ағзалары туралы танымды деректер береді. «Тіс». Адам ағзасындағы асқазанның қызметін қарапайым тілмен жеткізген ғылыми әрі танымдық мақала. «Асқазанымыз». Авторы көрсетілмеген. Шағын әрі қызғылықты мәтінде адам асқазанының қызметі туралы баяндалған. «Тамақ жеу». Авторы белгісіз. Жалпы, бұдан кейін келетін біршама мақалалардың дені адамның тамақтануы, дене мүшелерінің қызметтері туралы баяндалатын болғандықтан әрі авторы жазылмағандықтан бұлардың бәрі бір автордікі болуы мүмкін деген болжамға жетелейді. Бұл мақалада адам баласының тамақ жеу жолдары, асқазанға барған тамақтың қалай қорытылатыны жөнінде әңгімеленеді. «Қай кезде көп жейміз». Авторы белгісіз. Адам баласының қай кезде тамақты көбірек қалайтыны, ашығу неден болатыны жөнінде айтылады. Ғылыми дәлелдер балаларға түсінікті тілмен, әңгіме тұрінде берілген. Балалар үшін бұл шағын мәтіннің танымдық, ең бастысы медицинадан хабардар болуы жағынан маңызы зор. «Сіңімді және сіңімсіз ас». Авторы белгісіз. Бойға сіңіп, қанға тарайтын тағамның да дәмі әрқалай болатыны белгілі. Осыған қатысты адам ағзасының тағам қабылдауы, оны қорытуы жайында мағлұматтар берілген. «Талғау». Авторы берілмеген. Асты өзінің тәртібімен қорыту жайлы, сондай-ақ, адам асқазанына түскен тағамның жағымды, жағымсыз болатындығы женінде әңгімеленеді. «Асауыңа қарай жасауың». «Ауру - астан» деген халық мақалмәтелінің өзегі ретінде алынған. Сонымен қатар Европа жұртшылығының «асау» тәртібі де әңгіме болады. Тағамды аңдап, өлшеммен ішу керек деген қағида түсіндіріледі. «Ас – адамның арқауы». Бұл жоғарыдағы мақаланың жалғасы болуы керек. Тағамды көп ішу адам денсаулығына зиянды екендігі, сондайақ, өте аз ішудің де соншалықты залалдары көп болатындығы туралы ескертулер келтірілген мақала.
Адам ағзалары мен тамақтану төңірегіндегі бірқатар мақалаларда мазмұн бірлігі барын байқау қиын емес. Алғысөзде айтып кеткеніміздей, «Оқу құралының» авторлары мақалаларды бір тақырып аясында топтастырған. Және оларда белгілі бір жүйелілік бар. Мәселен, осы топтаманы «Тамақ жеу» деген мақаладан бастайды да, соның мазмұнын жүйелі тұрде ашып, асты қалай жейміз, қай кезде жеген дұрыс, оны қорыту қалай іске асатыны сияқты тақырыптарды таратып, жан-жақты түсіндіреді. «Өсімдік». Авторы берілмеген. Өсімдіктің туу, есу, көбею, өлу, жойылу процестері қызғылықты әңгімеленген. «Өсімдіктің жер жүзіне таралуы». Авторы мәлімсіз. Өсімдіктің жер жүзіне қалай, қандай жолдармен таралып, көбейетіні жөнінде ғылыми мағлұматтар келтірілген. «Астық». Бұл мақаланың да авторы көрсетілмеген. Астықтың (бидай, тары, арпа, арыш, жүгері) қалай егіліп және бұл дәнді-дақылдарды қай ел қалай қолданатыны жөнінде әңгімеленеді. «Өсімдік қалай өседі?». Авторы белгісіз. Өсімдік жоғарыда тірі зат делінген. Енді ол өсу үшін қоректік заттарды қайдан алады? Әңгіме осы жөнінде. «Жапырақ». Авторы көрсетілмеген. Қызғылықты әрі қарапайым тілмен жазылған бұл мақалада жапырақтың пайда болуы, өсіп-өнуі және оның адам өміріндегі қызметі жан-жақты баяндалған. «Талас». Жеміс, шөп, астық, ағаш – төртеуінің адамға тигізетін пайдасының өлшемі жөніндегі өзара «тартыстары» туралы әр «кейіпкердің» сөзі өздері сөйлеу арқылы бейнеленген. Бұл мақаланың да авторы мәлімсіз. «Ағаш». Ағаштың түр-түрін атай отырып, олар жайында мол мағлұмат берген. Ағаш түрлеріне ғылыми түсініктер берген. Ағаштың адам өміріндегі пайдасы өте зор екенін дәлелдейтін мысал-дәлелдер бар. Авторы белгісіз. «Жандық пен өсімдіктің қоректенуі». Өсімдіктер де жәндіктер секілді қоректеніп, тамақтанатыны айтылады. «Осы күні 400-ге тарта ет жейтін шөптер белгілі» деп деректер келтірген. Мақала авторы жазылмаған. «Ет пен шөп тамақ». Мақала «Уеңай труд» кітабынан алынған. Жануарлардың шөп жейтіні белгілі. Ал адам баласына барлық шөп ас бола бермейді. Бірақ адам баласы ет жейді, яғни ет пен шөптің арасы осылай байланыстырылып, оның негізі түсіндіріледі. «Өсімдіктің пайдасы». Тимирязевтан деп берілген. Тимирязев Климент Аркадиевич (1843-1920) – табиғат зерттеушісі-дарвинист. Бірақ, мақаланы қазақшалаған авторы аталмаған. Өсімдіктің адамға тағам ретінде, басқа да пайдасы жайында жан-жақты баяндалған. «Күн». Авторы – Лев Николаевич Толстой. Мұнда күннің адамға, тіршілікке пайдасы туралы мол мағлұматтар бере отырып, біршама деректер келтірілген. Күннен шыққан жылудың айналамыздағы тұрмыста орасан зор пайдасы туралы сөз болады.
Табиғат құбылыстары «Жел неден болады». Авторы берілмеген. Желдің соғуына не себеп? Ол қайдан шығады? Ауа жылжымалы болса, оның себебі неде? Осындай бірқатар сауалдарға дәлелдер, ғылыми негізге сүйенген тұжырымдар берілген. «Қандай желдер болады». Авторы көрсетілмеген. Желдердің түртүріне тоқтала отырып, олардың әрқайсысына түсініктер берілген. Желдердің адам өміріне, шаруашылықтағы пайда, зияны туралы баяндалған. «Дауыл». Авторы Қаптағай деп берілген. Бұл Ұ.Сұбхамбердина анықтағандай қазақ жазушысы Ілияс Жансүгіровтің бүркеншік аты. «Аспаннан жауған құмырсқа». Авторы белгісіз. Қай жылы екені айтылмайды, әйтеуір аспаннан құмырсқа жауып, оны ел-жұрт неге жорырларын білмей, бірі жамандыққа жорыса, бірі жақсылыққа жорып, бірі Құдайдың адам баласына жіберген қаһары деп түсінгені туралы баяндалады. «Аспаннан жаңбырдан басқа жауатын нәрселер». Авторы берілмеген. Түрлі себептермен аспаннан шегіртке, қоңыз, бидай жауатыны жайында әңгімелей келіп, оның ешқандай құпия немесе керемет емес, тек табиғат құбылыстарынан барып туындайтын ахуал екендігін нақты дәлелдер арқылы жеткізген. «Ауа». Авторы көрсетілмеген. Адам баласының сондай-ақ, барлық тірі жан-жануарлардың ауасыз бір минут та тұра алмайтыны белгілі. Міне, осы жайында автор әңгімелей отырып, ауаның қандай зат екендігін, көк аспан төрінің ғажайып сырларымен адам баласын таңқалдыра суреттейді. Ағылшын ғалымдары Глешер мен Коксвелдің ауаға жүргізген тәжірибелері баяндалады. «Неден өлді?». Авторы белгісіз. Ауыл азаматтарының құдық қазып жатып жазым болғаны, оған себеп құдық түбіндегі адам өміріне зиянды жаман ауаның әсер еткендігі әңгімеленеді. «Тұман мен бұлт». Авторы белгісіз. Тұман дегеніміз не? Оның бұлтпен ара қатынасы қалай? Екеуін қандай ерекшеліктер арқылы ажырата аламыз? Осындай сауалдарға ғылыми тұрғыда, қарапайым тілмен түсініктер берілген. «Күн күркіреуі мен найзағай неден болады?». Рубакиннен деп берілген. Күннің күркіреуіне, найзағайдың ойнауына не себеп болады? Бұл ненің құдіреті? Бұған ғылым не дейді деген мәселелерді және ондай құбылыстарды анықтау кімдерден басталғаны жөнінде толық мәліметтер береді. «Жаңбыр, бұршақ, қар». Жаңбыр да, бұршақ та, қар да аспаннан жауады. Бірақ, «Бұл процесс қалай жүзеге асады?» деген сауалға жауап беретін шағын әрі қызғылықты әңгіме. «Жаңбыр неткенде жауады?». Рубакиннен деп көрсетілген. Жалпы, табиғатқа байланысты бір түтас циклді мақалалардың барлығы Рубакиндікі болуы мүмкін. «Қандай жаңбыр жауады». Рубакиннен деп жазылған. Жаңбырдың
тарихын сөз қыла келіп, қатты жаңбыр, баяу жаңбыр, қызыл жаңбыр деген түрлеріне түсінік беріледі. «Шық пен қырау». Авторы белгісіз. Мақалада шық пен қыраудың айырмашылықтары, олардың пайда болу себептері айтылады. «Су». Авторы жазылмаған. Судың табиғаты туралы жазылған танымды мақала. «Судың дүние кезуі». Рубакиннен алынған. Мұнда жоғарыдағы мақала мазмұнын дамыта түседі. «Тамшының тариқы». Мештен деп берілген. Мештен – қай автордың аты немесе бүркеншік есімі екені мәлімсіз. Көз жасындай бір тамшының пайда болуы, оның өмір сүру мерзімі туралы аңыз-әңгіме баяндалады. «Толқын». Авторы – Мағжан Жұмабаев. Бұл өлең Де Мағжан Жұмабаев. «Шығармалары» жинағымен (Алматы; Білім. 1995 ж.) салыстырылды. «Шығармалар» жинағындағы: «Жарға жетер ентелеп» деген өлең жолындағы «жетер» сөзі «Оқу құралында» «жетед» болып берілген. «... Күміс кеусер суымен... ... Жасымен жуып жартасын... ...Сүйіп сылқ-сылқ күледі...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: «...Күміс кеусер суымен... ... Жасымен жулы жартасын... ...Суйтіп сылқ-сылқ күледі...» болып өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ, «Оқу құралында»: «Сылдыр, сылдыр, сылдырлап, Бірінің сырын бірі ұрлап, Толқынды толқын қуады. Жарына бал береді, Береді де өледі, Өледі, толқын, тынады» деген өлең шумақтары кездеспейді. «Шөл құдығы». Авторы берілмеген. Шөл далада табылған құдықтың тарихы әңгімеленеді. «Жер іші». Н.Рубакиннен алынған. Мұнда жер асты қазба байлықтары туралы ғылыми-танымдық мәліметтер берілген. «Жер неге сілкінеді». Н.Рубакиннен деп жазылған. Жер сілкінуінің себептері жайында сыр шертеді. «Жер жүзінің өзгеруі». Авторы белгісіз. Жер бетіндегі табиғат құбылыстарынан туындайтын өзгерістер жөніңде ғылыми танымдық әңгіме болады. «Теректің сыйы». Авторы – Абай Құнанбаев. М.Ю. Лермонтовтан аударған. Бұл өлең «Абай» жинағымен (Алматы; Жазушы. І–ІІ том. 2002 ж.) салыстырылды.
«Абай» жинағындағы: «...Бұлттың сүтін еміп ержеткенмін... ...Дем алайын деп келдім, аш, қойныңды... ...Сәлем-сауқат әкелдім қош көріп ал... ...Қартаң Каспий калғыған бойыменен» деген өлең жолдары «Оқу құралында»: «...Бұлттың сутін ішіп ержеткенмін... ...Аш, қойныңды, сәлем-сауқат алып келдім... ...Дем алайын деп келдім қош көріп ал!... ... Қартаң Каспий қыртиған бойыменен...» болып өзгеріске ұшыраған. Үшінші бөлім ДҮНИЕ «Дүние көлемдігі». «Балалар энциклопедиясынан» алынған болуы мүмкін. Көне дәуірде табиғат құбылыстарын белгісіз құдіретті күш жасап отыр деген оптимистік түсінікті мақала авторы ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. «Жұлдыздар». Авторы белгісіз. Жұлдыздар әлемі туралы толық түсінік бере отырып, қызғылықты әңгімелейді. Балалар үшін едәуір танымдық салмағы бар. «Құс жолы». Балалар энциклопедиясынан алынған мақалада аспандағы құс жолы жайлы қызғылықты деректер мол. «Күн». Күннің жаратылысы, жер мен күннің қашықтығы жөнінде астрономиялық мәліметтері мол ғылыми мақала. «Жер қайдан шыққан?». Каменковтан деп берілген. Жердің пайда болуы балалардың дүние танымына орай өте жеңіл тілмен жазылған. «Жердің домалақтығы». Авторы белгісіз. Танымдық мақалада жер шарының домалақтығы туралы айтылады. «Жер беті». Авторы көрсетілмеген. Туған өлке табиғатымен оқушыларды таныстыруды көздеген мұғалімнің әңгімесі баяндалады. «Күн мен түн». Төбемізде айналып жүретін күн мен түн жайында қызғылықты мағлұмат берілген. Бұл мақаланың да авторы белгісіз. «Жыл уақыттары». Авторы мәлімсіз. Жер күнді айналып шыққан 365 күн, 6 сағат мерзім турасында астрономиялық әңгіме қозғалған. «Жазғытұрым». Авторы – Жұмабайұлы Мағжан. Бұл өлең де Мағжан Жұмабаев. «Шығармалары» жинағындағы (Алматы; Білім. 1995 ж.) нұсқасымен салыстырылды. «Шығармалар» жинағындағы: «...Жұмсақ, ыстык бетінен... ...Күбірлеп жылы жел жүрер... ...Ши жібекке оранып...» деген өлең жолдары «Оқу құралында»:
«...Жұмақ жылы бетінен .. ...Күбірлеп өбкен жел жүрер... ...Шын жібекке оранып...» болып өзгеріске ұшыраған. «Ай мен күннің тұтылуы». Авторы белгісіз. Ай мен Күннің тұтылуы жайлы жан-жақты мәліметтер береді. «Құйрықты жұлдыз». Авторы белгісіз. Аспан жүзіндегі құйрықты жұлдыз жайында тарихи дәлелдер келтіре отырып, қызықты әңгімеленген бұл мақаланың ересектер үшін де ғылыми-танымдық маңызы зор. «Ағынды жұлдыздар». Авторы берілмеген. Аспаннан жұлдыздар неге ағып түседі деген сауал төңірегінде ой толғайды. «Бес үйек». Авторы көрсетілмеген. Әр жердің ауа райының өзгешеліктеріне орай оның беске (бес үйек) бөлінетіндігі жөнінде мәліметтер берілген. «Ыстық жақ». Авторы белгісіз. Шөл-шөлейт, тіпті қар жаумайтын елдердегі табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен жан-жануарлар туралы қызғылықты, деректі әңгіме. «Суық жақ». Авторы белгісіз. Мақалада Солтүстік, Тундра т.б. суық елді мекеннің тұрмыс-тіршілігі туралы мағлұматтар мол. «Төрт түс». Авторы мәлімсіз. Компас құралы туралы мәлімет беретін қызғылықты мақала. «Құбыланама». Авторы көрсетілмеген. Қысқа мәтінде құбыланаманың не екендігі, адамға тигізер пайдасы туралы ашып түсіндірілген. Автор бұл жерде компасты «құбыланама» деп өте сәтті тәржімелеген. Құбыла – бүтін мұсылманның бет түзер темірқазығы. Тағылымы мол танымдық мақала. Бұдан кейін авторлар дүниежүзінің алып елдеріне (Азия, Еуропа, Африка, Америка, Австралия) тоқталып, ондағы тіршілік көздері, жергілікті тұрғындар, жан-жануар, өсімдіктеріне дейін толық атай келіп, олардың осы күнге дейінгі даму сатылары, өмір салты т.б. жайлы толық мәліметтер береді.
Мазмұны «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» .....3 Дәйектеме .................................................................................................6 Бірінші бөлім Әдебиет, тұрмыс, еңбек Байжанның молдасы (Жөнеу) ................................................................8 Біздің мектеп ...........................................................................................9 Жас ұлан (Абдоллаұлы Кенжегали) ...................................................10 Бұл кім? (Алтынсарыұлы Ыбырай) ......................................................11 Торғай (Тұргенұлы)................................................................................11 Өзен (Алтынсарыұлы Ыбырай) ..........................................................12 Ақ Еділдің тасуы (Ақсақұлы) .............................................................13 Жел қайықта (Сәкен) ............................................................................14 Жазғытұры (Абай) ................................................................................14 Жазғы дала (Сәкен) ................................................................................16 Қазақ даласы ..........................................................................................18 Жаз (Абай) .............................................................................................19 Оңтүстік .................................................................................................20 Жазғы кеш (Майлыұлы Бейімбет) .....................................................21 Жазғы түнде (Жұмабайұлы Мағжан) ..............................................22 Күз (Абай) ...............................................................................................23 Қыс (Абай) .............................................................................................23 Жұт (Міржақып) ..................................................................................24 Дала бораны (Т.Ақсақұлы) ....................................................................25 Нан (Майлыұлы Бейімбет) ...................................................................28 Тундра («Живой Родниктен») .............................................................29 Шәкірттерге (Азамат) ........................................................................30 Қара кесек Тіленші би ...........................................................................31 Жандықтар .............................................................................................32 Қой ..........................................................................................................33 Ешкі ........................................................................................................34 Қара шекпен мен қой .........................................................................35 Түйе .........................................................................................................36 Жылқы ...................................................................................................37 Аттың сыны (Абай) .............................................................................38 Сиыр ......................................................................................................39 Мысық ....................................................................................................40 Қасқыр мен мысық ..............................................................................41 Ит ............................................................................................................42 Иттің достығы (Ахмет) ........................................................................43 Бұғы ........................................................................................................44 Арқаның жарқылы («Живой Родниктен») ........................................45 Азаттық (К.Баранцевич) ......................................................................46 Киік .........................................................................................................48 Алтай (Сәкен) .......................................................................................49 Құрт-құмырсқа ......................................................................................50
Екі шыбын ...........................................................................................51 Бақа-шаян ...............................................................................................52 Құс ...........................................................................................................53 Үй құстары ..........................................................................................54 Аққу, шортан, шаян (Ахмет) ...............................................................55 Аңшы құстар .......................................................................................55 Сауық құстар .......................................................................................56 Сушыл құстар ......................................................................................57 Көшпешіл құстар .................................................................................58 Орман патшасы ....................................................................................59 Орман құстары .....................................................................................60 Түлкі мен қара шекпен .......................................................................60 Қиғырлар ...............................................................................................62. Күзен .......................................................................................................63 Аю ...........................................................................................................64 Балық .......................................................................................................64 Еменнің түбіндегі шошқа ....................................................................65 Бекболат би мен Абылай ханның түйісуі ..................................66 Жұбату (Сәкен) .....................................................................................67 Маймылдың тілі (А.М.Никольский) .................................................68 Батырдың жауға шыққанда үйімен қоштасқаны ................................70 Қобыланды батыр мен Тайбурыл ......................................................72 Сіргелі Елшібек батыр (Шоқан) ..........................................................76 Ноғайлы Мамай өлгенде кемпір шешесі Қарыүлектің жоқтап айтқаны ...................................................................................................77 Әділ би (Диуайұлы Әубәкір) ................................................................79 Парашылға (Жөнеу) ............................................................................81 Құрбан қия (Қырым сөзі, Маркстен) .................................................82 Ешкі тау .................................................................................................83 Елес ........................................................................................................86 Бейшаралар ...........................................................................................90 Тағдыр (Жазмыш) .................................................................................93 Дін үйреткенге (Жұмабайұлы Мағжан) ...........................................104 Күн көру ...............................................................................................105 Адам жер жүзіне таралуы ...................................................................106 Кенесары қоныстан ауғанда Досқожа ақынның айтқаны ...........110 Жандықтардың жер жүзіне таралуы (Рубакиннен) .........................113 Жандықтардың жер жүзіне таралуына жел жәрдемші болады (Н.Кукиннен) ........................................................................................114 Аң мен құстың аууы ........................................................................116 Кей жандықтардың қысты күні жан сақтауы ..................................119 Алғашқы адамдардың тұрмысы .........................................................121 Алғашқы адамдардың құралдары ....................................................123 Зиректік ...............................................................................................125 Сезім (Л.Н.Толстой) ............................................................................125 Жандықтың ашаршылықпен алысуы (Н.Рубакиннен) .....................127
Қарға мен түлкі .................................................................................128 Қасқыр мен қозы ...............................................................................129 Жандықтың жауынан қорғануы .......................................................131 Қамелеуін (А.П.Шеқов) ....................................................................133 Адам от жағуды қалай үйренген ........................................................135 От сөнді ................................................................................................137 Мал асырау қалай шыққан .................................................................139 Құл ұстайтын құмырсқа,мал бағатын құмырсқа ..............................141 Алғашқы адамдарда егін егу қалай басталған ..................................143 Егінші құмырсқа мен бақшашы құмырсқа (Н.Рубакин) ..................145 Сатемір ................................................................................................148 Алғашқы егін көліктері ....................................................................148 Кедейдің кейістігі (Шаңқан) .............................................................150 Бастап темір тұтыну ..........................................................................152 Ерте замандағы қазақтың қару құралдары (Шоқан) .......................153 Кешпелінің тұрмысы .........................................................................155 Диқаншының тұрмысы .....................................................................157 Киіз үй мен ағаш үй (Ы.Алтынсарыұлы) ..........................................158 Жандықтардың үй салуы ...................................................................160 Зиректік ................................................................................................163 Үш нәубетті егіс ...............................................................................163 Кеп нәубетті егіс .............................................................................164 Жұмыртқадай бидай (Л.Н.Толстой) ..................................................165 Құстардың маса, шыбын, қоңызды құртуы (Н.Рубакин) ..............167 Өсімдікті қалай қоректендіреді, тозған жерді қалай жаңғыртады ....169 Темір сабанға қалай жеткен? .............................................................171 Қазақ шаруашылығы ........................................................................172 Қойшы (Майлыұлы Бейімбет) ...........................................................174 Жылқышы (Жүсіпбек) ..........................................................................177 Көш ......................................................................................................179 Бай мен жарлы баласы (Ы.Алтынсарыұлы) ..................................181 Ұлы орыс .............................................................................................184 Кіші орыс («Живой Родниктен») ......................................................186 Күріш ....................................................................................................187 Шай және оның әзірленуі (А.Л.Львовтан) ..................................188 Күзем ...................................................................................................189 Ресейде жүннен не істейді .................................................................192 Желім қалай жасалады ....................................................................193 Тері илеу .............................................................................................193 Бұлғарының мұңы ............................................................................195 Жерден шыққан көйлек (Ушинский) .............................................197 Мақта ....................................................................................................198 Шүберек пабрикасы (Павлов) ..........................................................199 Қағазды қалай істейді .....................................................................200 Бұлшық ет (Сәкен) ............................................................................202 Жер құйқасы .......................................................................................202
Жер жексені ........................................................................................204 Уақ тас, құм, саз («Живой Родниктен») .........................................206 Құм мен шарық тас ..........................................................................208 Шыны ...................................................................................................208 Саз .........................................................................................................210 Тұз .........................................................................................................211 Шым тезек (Вагнерден) ......................................................................212 Тас көмір ..............................................................................................213 Күйе тас ................................................................................................214 Мұнай ...................................................................................................215 Шойын, темір, болат ...........................................................................216 Магнит тас ..........................................................................................218 Алтын ...................................................................................................219 Күміс ....................................................................................................221 Таптар тартысы (Покровский) ...........................................................223 Тариқ Көшпелі түріктердің соғысы .............................................................226 Ақтабан шұбырынды .........................................................................227 Қоқанның ханына найман Жанкісі бидің айтқаны .........................230 Абылай ..................................................................................................230 Кәрібоз бен Наурызбай ....................................................................231 Қара шекпен мен жұмысшылар төңкерістері (Н. М. Покровский)....232 1916-жылдың кетерілісі (Н.М.Покровский) ....................................234 Орамал. (Жұмабайұлы Мағжан) .....................................................236 Петрбор кеңесінің ІІ Николайды тұтқынға алуы (С.Мстиславский)....237 Тариқи күн. (Мадияр)..........................................................................239 Қазақтың жермен қоштасқаны ..........................................................240 Октябрь төңкерісі ..............................................................................241 Егіз үкімет жайында (Ленин) ............................................................243 Октябрь Петрогратта (Троцкий) ........................................................244 Жалшылар үкімі (Ленин) ....................................................................246 Еңбекшілер ұраны ...........................................................................248 Екінші бөлім. ҒЫЛЫМ Өсімдік пен жандық Бір түрлі үй .........................................................................................250 Титтей жұмыскерлер .........................................................................250 Тіс ..........................................................................................................251 Асқазанымыз ........................................................................................252 Тамақ жеу ............................................................................................253 Қай кезде көп жейміз .......................................................................254 Сіңімді, сіңімсіз ас .............................................................................255 Талғау ...................................................................................................256 Асауыңа қарай жасауың .....................................................................257 Ас адамның арқауы .........................................................................257 Өсімдік ..................................................................................................258
Өсімдіктің жер жүзіне таралуы ........................................................259 Астық ...................................................................................................262 Өсімдік қалай өседі ............................................................................262 Жапырақ ................................................................................................264 Талас ......................................................................................................266 Ағаш ......................................................................................................266 Жандық пен өсімдіктің қоректенуі .................................................268 Ет пен шеп тамақ («Уеңай труд» кітабынан) ................................270 Өсімдіктің пайдасы (Тимирязевтан) ..............................................271 Күн (Л.Толстой) .................................................................................275 Табиғат құбылыстары Жел неден болады? ...........................................................................278 Қандай желдер болады? ....................................................................280 Дауыл (Қаптағай) ..............................................................................283 Аспаннан жауған құмырсқа ............................................................284 Аспаннан жаңбырдан басқа жауатын нәрселер ...............................285 Ауа ........................................................................................................286 Неден өлді? ..........................................................................................291 Тұман мен бұлт ................................................................................292 Күн күркіреуі мен найзағай неден болады? (Рубакиннен) ..............293 Жаңбыр, бұршақ, қар .......................................................................295 Жаңбыр неткенде жауады? (Рубакиннен) .......................................296 Қандай жаңбырлар болады? (Рубакиннен) ......................................297 Шық пен қырау ...................................................................................299 Су ...........................................................................................................299 Судың дүние кезуі (Рубакиннен) ......................................................300 Тамшының тариқы (Мештен) .......................................................301 Толқын (Жұмабайұлы Мағжан) ........................................................303 Шөл құдығы ......................................................................................304 Жер іші (Рубакиннен) ....................................................................305 Жер неге сілкінеді? (Рубакиннен) .....................................................306 Жер жүзінің өзгеруі (Рубакиннен) .....................................................308 Теректің сыйы (Абай) ......................................................................309 Үшінші бөлім. Дүние Дүние көлемдігі ................................................................................312 Жұлдыздар ...........................................................................................313 Құс жолы («Балалар энциклопедиясынан») .....................................314 Күн ........................................................................................................314 Жер қайдан шыққан (Каменковтан) ..............................................316 Жердің домалақтығы ..........................................................................318 Жер беті ................................................................................................321 Күн мен түн .........................................................................................321 Жыл уақыттары ..................................................................................322 Жазғытұрым (Жұмабайұлы Мағжан) ...............................................324
Күз (Абай) .............................................................................................324 Ай мен күннің тұтылуы ....................................................................325 Құйрықты жұлдыз .............................................................................326 Ағынды жұлдыздар ...........................................................................330 Бес үйек ................................................................................................330 Ыстық жақ .........................................................................................331 Суық жақ ............................................................................................332 Төрт түс ...............................................................................................333 Қүбыланама .........................................................................................333 Азия .......................................................................................................334 Еуропа ...................................................................................................336 Априке ...................................................................................................337 Америке ................................................................................................338 Аустралия .............................................................................................340 Ғылыми түсініктер ............................................................................341 ИБ № 148 Теруге 02.10.2013 ж. берілді. Басуға 16.10.2013 ж. қол қойылды. Пішімі 84х1081/32. Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 20. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № «Ел-шежіре» қоғамдық қоры. 050009. Алматы қаласы. Абай даңғ. 143, 517 бөлме «Полиграфкомбинат» ЖШС Алматы қ., Мақатаев көшесі, 41 «Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының президенті Дидахмет Әшімханұлы
Ахмет Байтұрсынұлы
Алты томдық шығармалар жинағы
ІІ том
Оқу құралы
Редакторы Айсұлу Төреқұлқызы
Корректоры Фариза Тоқтасын
Техникалық редакторы Ниязбай Оразымбет
Компьютерде беттеген Жамила Айдос
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру