Мазмұнға өту
Home

Махаббаттың мәні

Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Әділбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Махаббаттың мәні

«Махаббаттың мәні» — Санжар Керімбай, Мұхит Төлеген, Әділбек Нәби, Сәкен Нұрқабекұлы бірлесіп жазған, адам жанының терең иірімдері мен рухани-адамгершілік құндылықтарды өмірлік мысалдар арқылы ашатын тағылымды туынды.

Үш түрлі фигураны алады да, төбесінен жарық тү сірді. Үшеуінің кескіні үш түрлі болғанымен көлеңкесі шеңбер болып көрінеді. Сосын фигураның кескінінен хабары жоқ адамға – Не көріп тұрсың? – деп сұрады. Ол – Шеңбер, – деді. – Үш фигура бірдей ме? – деп сұрады.

– Иә, – деп жауап берді. Сосын жарықты төбеден емес, жанынан түсіріп – Енді не көріп тұрсың? – деді.

– Цилиндр, конус, шар, – деді ол.

– Көрдің бе, фигура үш түрлі болғанымен, көлеңкесі шеңбер болып түсе береді? Сол сияқты адамның да іс-әрекеті сырт көзге бірдей көрінуі мүмкін. Шатасу осы жерден басталады. Адамның амал-әрекетін экзистенция анализбен тексерсең, олар түп негізде үшке жарылып кетеді, яғни бірі соматикадан, екіншісі психикадан, үшін шісі ноологикадан шығады, – деді.

Ноологикалық өлшемді оңай түсіндіру үшін мынадай мысал ұсынамыз. Үш фигураның бір пішінде көрінгені сияқты біздің тіршілікте де бір оқиға үш түрлі негізден тарайды. Бір әйел тамақ ішпей отыр делік. Күйеуі – Неғып тамақ ішпей отырсың? – деп сұрайды. Әйелі – Толып кетіппін. Салмақ тастау үшін диетада отыр-мын, – дейді. Бұл – тән немесе соматикалық себеп. Био логиялық дене бітімін реттеп, әдемі көрінуі үшін әйелі аштық ұстап отыр.

Енді екінші жағдайды алайық. Күйеуі үйіне келсе, әйе лі тағы тамақ ішпей отырады – Неғып тамақ ішпей отырсың? – деп сұрайды. Әйелі – Көршімен ұрысып қалдым, содан тәбетім жоғалды.

Оқиға желісі мен шешім

Ашу-ызадан аяқ-қолым тырысып, ас батпай отыр. Аш уым тарқасын, сосын ішемін, – дейді. Бұл – психология лық себеп, яғни проблема әйелдің тәнінде емес, жанын да болып жатыр.

Үшінші жағдайды аламыз. Күйеуі үйіне келсе, әйелі тағы тамақ ішпей отырады – Неғып тамақ ішпей отырсың? – деп сұрайды. Әйелі – Рамазан айы басталды. Құдайдың ризалығын табу үшін отыз күн ораза ұстауға ниет еттім, – дейді. Бұл жер дегі тамақ ішпеу себебі әйелдің тәні не жанынан емес, рухани болмысынан шығып жатыр. Діни сеніммен мұ сылман баласы саналы түрде аштық ұстайды, яғни бір тамақ ішпеу оқиғасы адамның үш болмысынан өрбиді.

Дәл осылай жігіттің қызға деген ынтық сезімін де зерттеуге болады. Сыртынан қарасаң, махаббат болып көріне береді. Ішіне үңілсең, қыздың сұлулығына, әсе қылығына, ақыл-парасатына ғашық боп шығады. Шы найы махаббатты ноологикалық өлшемде ғана таба аламыз.

Бұған дейін махаббатты аналық махаббат, туыстық махаббат, эротикалық махаббат, Құдайлық махаббат, отандық махаббат, прагмалық махаббат деп бөліп зерт теген ғалым көп. Махаббатты солай зерттесең, шатасу ға тірелесің. Ақылдың тиянағы үшін ғана біз ноологика лық өлшемде талдаймыз, бірақ бұл қабаттардың шека расы көзге анық көрініп тұратын материалдық зат емес. Сондықтан адамның ынтық сезімін талдағанда оны шартты түрде ғана үшке бөлдік.

Біріншісі – жыныстық құмарлық. Адамның физиоло гиялық мұқтаждығы. Құмарлық қысқан кезде ұрығын қа лай да шығарып жіберуге тырысады.

Екіншісі – романтикалық сезім. Адамның қылығына, күлкісі не мінезіне ғашықтық. Бұл сезім адамның психи калық қабатынан шығады.

Үшіншісі – шынайы махаббат. Адамның ақыл-пара сатына ғашық болу. Бұл кезде биологиялық, психология лық мұқтаждық рөл ойнамай қалады.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙