Аюлар
Дениз Райан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Аюлар
Мен оқығанды ұнатамын! Балаларға жылдам əрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін жəне қызығушылықтарын ескере отырып əзірленген жəне құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап «Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап «Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап «Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған əлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сəйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым жəне өнертабыстар», «Тарих» Бұл тақырыптардың əрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы əсем жəне пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады! Аюлар ДЕҢГЕЙ Мен оқығанды ұнатамын! Medvedі_Cover.іndd 1 Medvedі_Cover.іndd 1 20.10.11 13:10 20.10.11 13:10
Мəскеу
«Махаон»
Аюлар
Medvedі_block.іndd 1
Medvedі_block.іndd 1
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Мазмұны
Қоңыр аю . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
Үлкен панда . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
Қара аю . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
Қонжықтар . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
Бируанг . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
Жоғары өрмелегіштер . . . . . . . . . 14
Ақ аю . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
«Теңіз» аюы . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
Көзілдірікті аю . . . . . . . . . . . . . . . 20
Азияның аюлары . . . . . . . . . . . . . 22
Гризли . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
Балық аулаушылар . . . . . . . . . . . . 26
Аңшылар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
Ойлан! . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Сөздікше . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Medvedі_block.іndd 2
Medvedі_block.іndd 2
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Жер бетінде аюлардың
сегіз түрі бар. Бұл ірі
жыртқыштар Антарктида,
Австралия жəне
Африкадан басқа
жерлердің əр түрлі
бөліктерін мекендейді.
Medvedі_block.іndd 3
Medvedі_block.іndd 3
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Қоңыр аю
Қоңыр аюлар – күшті жəне ақылды
жануарлар. Қыста өз апанында
ұйқыға кетеді. Солтүстік суық
аймақтарда аюлар жарты жылға
дейін ұйықтауы мүмкін.
Қоңыр аю Солтүстік
Америка, Еуропа жəне
Азияның ормандары
мен таулы аймақтарын
мекендейді. Өкінішке орай,
Еуропада олардың саны
өте аз.
Medvedі_block.іndd 4
Medvedі_block.іndd 4
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Жасы ұлғайған сайын
қоңыр аюлардың жүніне ақ
кіреді жəне ағарады.
Өткір тырнақтары
Medvedі_block.іndd 5
Medvedі_block.іndd 5
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Үлкен панда
Бұл кішкентай сүйкімді аюлар
Қытайдың кейбір таулы аймақтарын
ғана мекендейді. Табиғатта
пандалар өте аз, сондықтан
оларды қатаң күзетеді. Көп болмай,
олардың тек хайуанаттар бағында
ғана қалуы əбден мүмкін.
Панда тек бамбуктың жас
бұтақтарымен қоректенеді, сондықтан
оны Қытайда бамбук аюы деп атайды.
Үлкен панданың
өте əдемі ақ-қара
үлбірі бар.
Medvedі_block.іndd 6
Medvedі_block.іndd 6
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Medvedі_block.іndd 7
Medvedі_block.іndd 7
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Қара аю
Қара аюлар (барибалдар)
Солтүстік Американы мекендейді.
Оларды жыртқыш санағанмен,
негізінен шөп, жидек, қозықұйрық,
ал жазда – жəндіктерді азық
қылады. Өзендерде балық
аулағанды жақсы көреді.
Кейде қоңыр
жүнді аюлар
дүниеге
келеді.
Қуатты артқы
табаны
Medvedі_block.іndd 8
Medvedі_block.іndd 8
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Қара аю басқа аюлардан кішірек,
есесіне ол жартастарға жақсы өрмелейді.
Қара аю (барибал)
Қысқа
құйрығы
Созыңқы қоңыр
тұмсығы
Medvedі_block.іndd 9
Medvedі_block.іndd 9
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Қонжықтар
Қонжықтар тіпті дəрменсіз болып
туады. Кірекей енесі оларды
қамқорлықпен жылытып, өзінің
сүтімен қоректендіреді. Қонжықтар
енесімен бірге екі жасқа толғанша
тұрады.
Қара аюдың қонжығы ағашқа өрмелеп
шықты. Ағаш қабығына өткір тырнақтарын
батырып, өзін толық қауіпсіздікте сезінеді.
Medvedі_block.іndd 10
Medvedі_block.іndd 10
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Medvedі_block.іndd 11
Medvedі_block.іndd 11
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Бируанг
Аю тұқымдастарының
ішіндегі ең ұсағы жəне
ширақ аң – бируангты –
малайлық немесе шуақты
аю деп те атайды. Оның
қысқа қара-қоңыр жүні
жəне төсі мен тұмсығында
сары дақтары бар.
Малайлық аюлардың отаны –
Оңтүстік-Шығыс Азияның тропикалық
жаңбырлы ормандары болып табылады. Ол
ағаштарға керемет өрмелейді. Оған бұл
жерде имек берік тырнақтары көмектеседі.
Medvedі_block.іndd 12
Medvedі_block.іndd 12
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Бируанг
Төсіндегі
сары дақтары
Ірі табаны
Medvedі_block.іndd 13
Medvedі_block.іndd 13
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Жоғары
өрмелегіш
Қара аюлар өздерінің берік
қысқа тырнақтарымен ағаш
діңіне ілініп, ағаштарға
керемет өрмелейді.
Бируангтар (малайлық аюлар) – олар
да жақсы жоғары өрмелегіштер. Олар
биіктігі он метрге дейін болатын
ағаштарда дем алғанды ұнатады.
Бируанг ұйықтау үшін
ағашқа жайғасты.
Medvedі_block.іndd 14
Medvedі_block.іndd 14
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Мына жирен түсті
қара аю (барибал)
қарағайдың
бұтағында
рахаттанып
қалғып отыр.
Басқа қара аю діңді
бойлап, жоғары
еппен өрмелеп
барады.
Бəлки, өзінің
танысын оятқысы
келетін болар.
Medvedі_block.іndd 15
Medvedі_block.іndd 15
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Ақ аю
Құрлықта ақ аюдан үлкен
жыртқыш жоқ. Оның салмағы
1000 килограмға дейін барады.
Қалың ақ ұлпаны оны
суықтан жақсы қорғайды.
Ақ аюлар – мəңгі
кезбелер. Олар
олжасын іздеп Аркти-
каның шексіз мұзды
жазығын кезіп жүреді.
Қонжық
Medvedі_block.іndd 16
Medvedі_block.іndd 16
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
Табаны
Қалың ұлпаны
Medvedі_block.іndd 17
Medvedі_block.іndd 17
20.10.11 11:16
20.10.11 11:16
«Теңіз» аюы
Ақ аю – жаратылысынан жүзгіш.
Ол тастай суда жақсы жəне көп
жүзеді. Қалың ұлпаны мен май
қабаты оны суықтан қорғайды.
Ақ аю итбалықтарды, оның ішінде
нерпаларды, белухаларды, жас
морждарды аулайды. Құрлықта кейде
солтүстіктің жас бұғылары оның олжасы
болып қалады.
Суда ақ аю қуатты алдыңғы
табандарымен малтиды.
Medvedі_block.іndd 18
Medvedі_block.іndd 18
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Medvedі_block.іndd 19
Medvedі_block.іndd 19
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Көзілдірікті аю
Көзілдірікті аюдың тұмсығындағы
қара ұлпан көзінің айналасындағы
ашық сақиналармен əсемделген.
Бұл дақтар пішінімен көзілдірікті еске
түсіреді.
Көзілдірікті аюдың берік ұзын
тырнақтары ағаштар мен
жартастарға өрмелеуге
көмектеседі.
Medvedі_block.іndd 20
Medvedі_block.іndd 20
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Көзілдірікті аюлар онша ірі болмайды.
Олар тек Оңтүстік Американың таулы
ормандарын ғана мекендейді.
Көзілдірікті аю
Ашық дақтар
Өткір
тырнақтары
Medvedі_block.іndd 21
Medvedі_block.іndd 21
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Азияның аюлары
Гималай немесе ақтөс аю Оңтүстік-
Шығыс Азияның тауларын
мекендейді. Ерінді аю Индостан мен
Цейлон ормандарында өмір сүреді.
Гималай аюы үлкен
емес жəне едəуір
дос пейілді. Ол бал
қарағайлы
ормандарды
мекендеп,
жаңғақ, жидек,
жəндіктермен
қоректенеді.
Гималай
(ақтөс) аю
Medvedі_block.іndd 22
Medvedі_block.іndd 22
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Ұзын тұмсығы мен епті жалаң еріндері
түтікше созылып, ерінді аюдың
термиттермен, құмырсқалармен жəне
балмен қоректенуіне мүмкіндік береді.
Ерінді аюдың
ұзын сабалақ
жүні бар.
Ұзын
тұмсығы
Төсіндегі
сурет
Medvedі_block.іndd 23
Medvedі_block.іndd 23
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Гризли қорек талғамайды. Олар балғын
балықты өте жақсы көреді, бірақ жаңғақты,
жидектерді, шырынды тамырларды жəне
ұсақ аңдарды да жейді.
Гризли аюының
қаңқасы осындай
болады.
Гризли
Солтүстік Америкада қоңыр аюды
гризли деп атайды. Бұлар ірі əрі
күшті аң. Олардың салмағы
500 килограмдай, алайда осыған
қарамастан, ғажап ширақ жəне
тез жүгіре алады.
Medvedі_block.іndd 24
Medvedі_block.іndd 24
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Гризли
қоңыр аюы
Өткір
тырнақтары
Ірі дөңгелек
басы
Medvedі_block.іndd 25
Medvedі_block.іndd 25
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Балық
аулаушылар
Гризли балық аулағанды ұнатады.
Олар суға кіріп, балықты аңдиды
жəне судан еппен суырып алады.
Medvedі_block.іndd 26
Medvedі_block.іndd 26
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Гризли арқан балықты ұстауда.
Еркек гризлидің ең
алымдысының үлесіне
балықтың барынша мол
жері тиеді. Мұндай
артықшылық үшін айтысуға
көбінің жүрегі дауаламайды.
Medvedі_block.іndd 27
Medvedі_block.іndd 27
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Аңшылар
Суырлар көп жерде гризли
кемірушілерді аулай
бастайды. Олар
суыр індерін өткір
тырнақтарымен қопарады.
Қашып бара
жатқан суырдың
құйрығы
Азу тісі
Тырнағы
Суыр аюдың өткір
тырнақтарынан
қашып кете алмас.
Medvedі_block.іndd 28
Medvedі_block.іndd 28
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Medvedі_block.іndd 29
Medvedі_block.іndd 29
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Ойлан!
Суреттерге дұрыс атауларды тап.
Үлкен панда
Ақ аю
Қоңыр аю
Көзілдірікті аю
Medvedі_block.іndd 30
Medvedі_block.іndd 30
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Сөздікше
Аңдар (сүтқоректілер) – үстін жүн
басқан жəне өздерінің төлдерін сүтпен
қоректендіретін жануарлар.
Апан - суық қыс айларында аю ұйықтайтын
баспана.
Арктика – Солтүстік поляр шеңберінен
солтүстік жатқан аумақ; оның ішіне
Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауы мен
сулары да кіреді.
Белуха – Арктика суларын мекендейтін
дельфиннің туысы, ірі болмайтын, тісті кит.
Жыртқыштар - басқа жануарларды қорек
ететін жануар.
Термиттер – ыстық елдерді мекендейтін
ұсақ жəндіктер. Термиттер біздің
құмырсқалар сияқты, үлкен колония болып
тұрады жəне термитник деп аталатын ұя
үйлер салады.
Тропикалық жаңбырлы ормандар –
қалың өсімдіктері жəне бай жануарлар
дүниесі бар ыстық жəне ылғал ормандар.
Белуха – Арктика суларын мекендейтін
дельфиннің туысы, ірі болмайтын, тісті кит.
Medvedі_block.іndd 31
Medvedі_block.іndd 31
20.10.11 11:17
20.10.11 11:17
Бастауш сынып жасындағы балаларға АЮЛАР Автор Дениз Райан BІG BEARS Copyrіght © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceіved and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Vіctorіa Street, McMahons Poіnt Sydney, NSW 2060, Australіa Все права защищены. All rіghts reserved. © Перевод на казахский язык. ТОО «Книжный полюс», 2011 © ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус», 2011 Machaon® ІSBN 978-5-389-03052-7 (каз.) ІSBN 978-5-389-00476-4 (русск.) ІSBN 978-1-74089-674-0 (авс.) ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119334, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-76-00, факс (495) 933-76-19 E-maіl: sales@attіcus-group.ru; іnfo@azbooka-m.ru www.azbooka.ru; www.attіcus-group.ru Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева, редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 32 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мəскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. УДК 372.3/4 ББК 74.102 Б79 «Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды». Medvedі_block.іndd 32 Medvedі_block.іndd 32 20.10.11 11:17 20.10.11 11:17
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру