TELEGEI

Home

Тарихшының өкініші

Бауыржан Момышұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тарихшының өкініші

Бауыржан Момышұлының шығармалары батырлыққа, өрлікке баулиды. Жазушы шығармашылығының ерекшелігі – ойдан шығарылған оқиға мен жасанды кейіпкерлерден аулақ. Көзбен көрген оқиғаларын бойына сіңірген туындылардың әлеуметтік, қоғамдық сипаты басым. Салт-дәстүрін ұлықтап, соның негізінде түйген ойлары...

(әңгіме) 1966 жылдың көктемі. Ермұхан екеуіміз Қазақ ССР Министрлер Советінің ауруханасында қатар палатада жаттық. Көңілін сұрамақ болғанымда, дәрігер Анна Павловна (фамилиясын ұмыттым):

— Ол кісінің үстіне кіруге жұбайынан басқа ешкімге рұқсат жоқ. Сіз дұрыс түсініңіз, жағдай осыған мәжбүр етті, — деді. Арада біраз күн өткенде:

— Бауке, ініңізге жолығып шықсаңызшы. Мен дәрігерден рұқсат алдым, — деп әйелі палатама еніп, қинала үн қатты. Ішімнен: «Келін күдерін үзген халде екен ғой», —деп шошып қалдым.

Ақ халат киіп, Ермұханның палатасына ендім. Кірсем, ет пен сүйегі қалған (бірақ сыры кетсе де, сыны кетпеген), жатыр екен.

— Бауке, дәрігер сізге ғана рұқсат беріпті ғой. Ассалаумағалейкум, — деп зорлана жымиып, қолын созды.

— Елу жас не, Бауке? Көп ой қап барады... Үлгере алмай кетіп барам, кешіріңіз, — деді.

Бұл маған тарихшының алдындағы өкінішіндей сезілді..

ӨМІР ДЕ СҰЛУ ЕДІ...

(әңгіме) ...Сағат күндізгі екі. Үйде жазу жазып отыр едім, дәрігер Анна Павловна телефон соқты.

— Бауыржан, Ермұхан Бекмаханович...

— Түсінікті. Ол бізге ұзақ жасауға әмір етеді, — дегенімде, дәрігердің даусы дірілдеп:

— Иә, солай, Бауыржан, — деді. Марқұмды жерлеп, қайтып келеміз. Жолда:

— Байқадыңыз ба, табытта ол тірі адамдай, сұлу күйінде жатты, — деді Анна Павловна.

— Түсінгеніңізге рақмет. Ол өмірде де сұлу еді, — дедім мен.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙