Мазмұнға өту
Home

Ақын әйел

ISBN: Беттер саны: 3 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақын әйел

Авторы: ISBN: Беттер саны: 3 Жанр:

Күләш Ахметова Ақын әйел

Басқа әйелде басқа арман, басқа мұрсат, Отырады асықпай әңгіме айтып. Ал мен үшін әрбір күн - қас-қағым сәт, Еркіндікке енбеймін енді қайтып. Бар бейнеті ақынның жүр ме етеліп, Гүлдей нәзік көңіліңді кім ескерген. Бір жеңіліс, бір жеңіс, бір қателік... Қажыдым бұл қарусыз күрестерден. Күтусіздеу сәбилер, гүлдерім де, Әйел үшін ақындық - ерек сынақ. Өз ісімді үлгермей жүргенімде, Хат жазады көбісі көмек сұрап. Көп күрсініп отырам не түндерде, Қуаныштың алыстап әні керім. Ойға оралып жалғыздар, жетімдер де, Тынышымды алады бәрі менің! Қабағымды қандай күш ашар мына, Жақсы кештің көрген жоқ шәрбаты ұнап. Жүргендеймін әйелдің басы орнына Кішірейген жер шарын орнатып ап. Тәтті ұйқыға жібермей дауылдай түн, Өлең іздеп отырам бұрышта ана. Әлемдегі өмірмен ауырмайтын Жандар ұйықтап жатыр-ау тыныш қана. Қайда жастық - қызығы мол шақтарым,

Көкжиегім барады көлемденіп. Төгілді де бадана моншақтарым, Әлдиледі қайтадан өлең келіп. Қасиеті өнердің жебесін де, Еркіндіктен не пайда мен аңсаған? Қалдырарсың атымды ел есінде, Рақмет сол үшін, өлең, саған Өлең дәні Хал қалай, ақын қауым? Бірде араз, бірде балдай тату қауым? Қыл көпір үстінде де қиянатты Қиындау болатұғын мақұлдауың. Шығармай келгенде де үнін шындық, Шындықдеп шырылдаумен ғұмыр сүрдік. Теңізден бетер шулап тебіренерсің, Халқыңның сезінгенде мұңын сұмдық. Жетер ме азаткер сөз босқа айтылмай, Жел болып біреу ертең жасқайтындай. Ұлтыңа қызғыш құстай болғаныңмен, Жұртына жұртың ертең тастайтындай. Ақтангер алқыды-ау деп аттандар кім Именбей игілікке батқандар кім? Бар ма екен суреткерлер арасында Тау жақта сарай салып жатқандардың? Бір базар басымызға орнай келді, Берерсің басқа өнерге зор бәйгеңді. Жыр емес, жарнама оқып өскендерде Баяғы бауырмалдық болмайды енді.

Көргенді ел ұстамайды көгенде әнін. Кімге сын еленбесе ерен дарын? Ешкімге міндет қылмай, сонда да біз Себерміз кең далаға өлең дәнін!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙