Болмыс
Ұларбек Нұрғалымұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Сөз – ұғым, ұғым – таным. Танымның болмысқа тікелей әсер етуші фактор екенін алға тартсақ, бір ұлттың болмысын оның сөзі арқылы тануға болатынын аңғарамыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз», - дейді. Бұл еңбекте автор аса күрделі қоғамдық жүйемен күреске түскен адам табиғатын, ұлт болмысын терең түйсініп, айшықты сомдаған жазушы-драматург Әкім Тарази прозасындағы
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Мақалалар
Алматы
УДК 821. 512. 122
ББК 84 (5 Қаз) - 44
Н-83
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
НҰРҒАЛЫМ Ұ.
БОЛМЫС. Мақалалар/Ұ.Нұрғалым
– Алматы, «Хантәңірі», 2014. – 173 бет.
ІSBN 978-601-03-0284-6
Сөз – ұғым, ұғым – таным. Танымның болмысқа тікелей әсер етуші
фактор екенін алға тартсақ, бір ұлттың болмысын оның сөзі арқылы
тануға болатынын аңғарамыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы:
«Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз», -
дейді. Бұл еңбекте автор аса күрделі қоғамдық жүйемен күреске
түскен адам табиғатын, ұлт болмысын терең түйсініп, айшықты
сомдаған жазушы-драматург Әкім Тарази прозасындағы кейіпкерлер
бейнесін мақал-мәтелдерімізде айтылатын қазақ болмысымен са
лыстыра зерттейді.
Ұрпақтың өз ұлтын тануына, сол арқылы өзін тануына септігін
тигізер бұл еңбек шығармалары зерттеу обьектісіне алынған жа
зушы тарапынан да жоғары бағаланып отыр. Оқырман көңілінен
шығады деп сенеміз.
Кітап әдебиетші қауымға және көпшілік оқырманға арналған.
УДК 821. 512. 122
ББК 84(5 Қаз) - 44
ІSBN 978-601-03-0284-6
© «Хантәңірі», 2014
Н-83
ТАМЫРШЫЛЫҚ ТҮЙСІК, ҚАЗАҚЫ ЗЕРДЕ Бұл зерттеу жұмысы мені таңқалдырды. Шындығында жазушы өзі жазып отырған дүниесінің барлығын ақылмен танып, мынау алай, мынау былай деп нақты жоспармен жазбайды. Өмірден көрген-білгенін, оқыған-тоқығанын, жалпы көкейіне түйгендерін сана сарабына сала отырып негізінен түйсік арқылы жазады. Ал оны ғылыми тұрғыдан тануға келгенде сыншының немесе философтың орнын автордың өзі баса алмайды. Мінеки, өзім жазған шығармаларды өзіме таныстырған жоғары сападағы сараптамалық еңбек алдымда жатыр. Мен әдебиетке келгеннен бастап мақтауды да, даттауды да біраз естіген адаммын. «Әдебиетке жаңашыл жастар келді!» деп жататын, алғаш кезде 30-40 болып келдік, өмірдің заңы бойынша азайдық... Ал сол мақталып жүргендердің ішінде көп шүйлігіп, атымды атамаса да, сынап, іліп кетіп жататын бір ғана мен болдым. Бірақ оны өз басым еш уақытта елеген емеспін. Менің бұл жұмысқа риза болатыным, басқалар оқымаса да мақтай беретін, басқалар оқымаса да даттай беретін менің тағдырымда деп айтайын, бірінші рет шығармамды нақты талдап, талдағанда да ғылыми тұрғыдан талқылап пікір жазған осы жігіт. Орыс тілінде пікір айтқан бір-екі адам бар, ал қазақтан Ұларбекті айтар едім. Анау кейіпкер анадай,
мынау кейіпкер мынадай деп жеке-жеке сарапқа салып, ол кейіпкердің түп тамыры қайдан екенін, біздің қазақ әдебиетіне қалай келіп еді ол кейіпкерлер деп арнайы анализ жасаған айрықша еңбек. Шынымды айтайын, мен Ұларбекке: «Сен Әкім Әшімов деген кісіге Әкім Тарази деген жазушыны шыт жаңа таныстырдың, ризамын» дедім. Бұл ризашылық менің шығармаларымды талдағаны үшін ғана емес, жалпы қазақ әдебиетіне, қазақ әдебиеті сынына өзгеше стиль, өзгеше форма, өзгеше жазу тәсіліндегі және барынша қазақы түйсіктегі қарымды сыншының келгеніне білдірген ризашылығым. «Тасжарған» романының күрделі жазылғанын білетінмін. Айтқанмын да. Бірақ мынадай күрделі деп ойламаппын. Ұларбектің әр отбасын бөлекбөлек ала отырып талдағанын, дәлел-дәйектерін дәл келтіргенін оқығанда бұл роман мен ойлағаннан да терең, мен ойлағаннан да биік екеніне көз жеткіздім. «Тасжарған» ғана емес, зерттеу негізіне алған шығармаларды бірінен-бірін асырып талдапты. Ең бастысы ұлттың жан дүниесін, өткен тарихын өз жанымен, жазушы жанымен астастыра біліпті. Сықиған сылдыр сөз емес, барлығы да тайға басқан таңбадай айқын дәлелдермен, жанды, сезімді көрсетіліпті. Сәт сапар тілеймін! Әкім ТАРАЗИ, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері
1-бөлім
ЕРЕГЕСКЕ ТОЛЫ
ЕКІ РОМАН
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы-драматург
Әкім Таразидың шығармашылығы бойынша жазылған
бұл зерттеу еңбек ұлтымыздың болмысы жайына үңілу
мақсатында қолға алынып еді. Ұлт болмысының өзгерісі
әрине үлкен процесс. Оны тек қана тарихи фактілер
арқылы ашып көрсету мүмкін емес еді. Бұл күрделі үрдістің
құпиясына тереңірек бойлауға әдебиеттің, соның ішінде
адам жанының терең қалтарыстарын шынайы образдар
арқылы аша білетін прозаның орыны айрықша екендігін
осы шығармаларды оқу барысында тіпті де анық түсіндім.
Сондықтан да Әкім Тарази прозасын таңдадым. Бұл күнде
жақсы жазылған дүние көп болғанымен, оларға жасалған
сараптаманың аздығы себепті, орайы келген бұл жинаққа
ұлт қажетіне деген ниетпен жасалған осы зерттеу
еңбегімді ұсынғанды жөн көрдім.
Мақала
ішіндегі
тырнақшаға
алынған
үзінділер
тақырыптағы аталған шығармалардан алынды.
Автор
«Тасжарған» романындағы
отбасылық қарым-қатынас
және ұлттық болмыс
«Тасжарған». Алғашқы бөлімдері әуелде «Бұлтқа
салған ұясын» деген атпен жарыққа шығып, кейін
біржола толығып, оқырманға «Тасжарған» романы
болып жол тартады. Шығарма Кеңес үкіметінің тыныс-
тіршілігі қазақтың даласына ғана емес, санасына дендеп
еніп алған кезеңін суреттейді деуге болады. Соғыстан
кейінгі жылдар. Мұны романдағы кейіпкерлер өмірі
туралы айтқанда анық көретін боламыз. Кейіпкерлер
өмір сүріп жатқан кезең анықталғаннан кейін енді
БОЛМЫС олардың болмысына үңілу оңайлай түспек. Сонымен, бастадық. Шығарма авторының біз байқаған бір ерекшелігі бар. Ол кейіпкер мінезін ешқашан жалаң сөзбен айтып бермейді, кейіпкерінің жан дүниесін ылғи да өзге кейіпкерлермен қарым-қатынаста, керек десеңіз қақтығыста ашуға барын салады. Сондықтан біз де тақырыбымызды ойдағыдай ашу үшін өзімізді шығарма табиғатына барынша икемдедік. Ұлт болмысын кейіпкер болмысы арқылы, кейіпкер болмысын ортамен, отбасымен қарым-қатынастары арқылы қарастырдық. Және бір ескере кетер жай, кейіпкерлердің бақыттыбақытсыз екеніне кесім айтып, тұжырым жасау біздің міндетке кірмейді. Анығында адамдар бақыттың өлшемін әр кезде әр нәрсемен өлшеп келеді, біреуге азғантай мансап бақыт, біреуге осы шығармада көп айтылатын «аппақ Волга» бақыт дегендей... Кімнің нені бақыт көретінінен сол адамның таным деңгейін тани білетін талғампаз оқырман оны өз сарабына салары хақ. Ондай оқырман бұл шығарманы ойланбай, толғанбай, сыдыртып оқи алмайды. Талдап, зерттеп жазу былай тұрсын, оқудың өзі кәдімгідей еңбек екенін айтпасқа лаж жоқ. Біздің мақсат шығармада кім қалай, соны тану, құпиясына үңілу, одан бұрынғы ұлттық болмыспен алыс-жақындығын салыстыра бақылау, ойымыздың жеткенінше ашып көрсету. Сол арқылы және бас кейіпкер Омардың жан дүниесіндегі арпалыс арқылы замана бедеріндегі ұлт болмысына барлау жасау. Бұл шығармада отбасылық қарым-қатынас тәптіштей көрсетіледі. Автор қарым-қатынастың көкесі – семьялық қарым-қатынасты жіңішкелеп отырып көрсетуді арнайы мақсаттайды. Сол үшін бұл шығармада әр отбасы әртүрлі, бір-біріне мүлде
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
ұқсамайды. Мысалы, Омардың семьясында бір түрлі,
Мұсаның семьясында өзгеше қарым-қатынас, Досым
семьясының жағдайы бір бөлек, Әлидің әулеті, Аблездің,
«мәдениетті» Матековтың әйелімен қарым-қатынасы
өз-өз алдына хикая. Сондықтан бұлардың бәрі жеке-
жеке талдауды қажет етеді. Өйткені, барлығының өз
себептері бар. Және ол себептер олардың болмысына
тікелей қатысты. Автор оның барлығын бір жағынан
саналы түрде, енді бір жағынан өзінің сөзімен айтсақ
«инстинкт дейтін жансыз қарауылы» арқылы түйсініп
жазады. Енді біз осы мәселелер төңірегіне үңілеміз және
шығарманың бас кейіпкері Омардың жан түкпіріндегі
жанартауға жақындап көрмекпіз. Шығарма соңын ала
орын алған самолеттегі жойқын сана сілкінісінен кейін
біз Омарға онан сайын жақындай түскендей, тіпті өзі де
аңғара бермейтін жұмбағын шешкендей болдық. Ол –
алда! Қазір романдағы отбасылық қарым-қатынастар
астарын аршып көреміз.
Аблез, Рауза, Лана. Бір ғимарат, бір қабат, бір
алаңқайда есікпе-есік тұратын Омар мен Аблезді автор:
«Бірақ бұлар семья боп өзара қатысқан емес, көрші
хақы деп шақырысқан емес, сырт кейпіне қарағанда
қазақы,
можантопай
көрінетін
Аблез
тұрмыста
еуропалық заңға қалтқысыз берілген, сіресіп қалған
тақуа» дейді. «Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші
артық» дейтін қазақы қағиданың қазақ болмысынан өз
құнын жоғалтып бара жатқан кезеңін қалтқысыз көруге
болады бұл мінездемеден. Және Аблездің үйге ит
бағатыны айтылады. «Итпен дос болсаң маңайың боқ
сасиды» немесе «Ит тілінен терлейді» деп ит аузынан
не түрлі улы микробтардың шығатынын баяғыда-
ақ білген қазақ оны мал шаруашылығы, аңшылыққа
пайдаланғаны болмаса, үйге ешқашан кіргізген емес.
Аблездің итінің аты – Рекс. «Аблез Рексті сейілдетуге
алып шығады, сейіл мерзімі кемінде бір жарым сағат»
Бұл романда қым-қиғаш отбасылық жағдай, күйеуі
мен әйелі арасындағы кикілжің, берекесіздік көп баян
етілетінін айттық. Алайда солардың ішіндегі сұмдығы
осы Аблез отбасынан шығады. Бұл шаңырақтағы жаға
ұстатар оқиғаның тууына себепкер «тұлғаның» бірі сол
– Рекс. Жалғыздықтан жабыққан Лана – Аблездің
жалғыз қызы. Себебі, «Бұл семьяда сөйлесу, сырласу
салтқа айналмаған» Енді осындай көңілі жарым қызға
бір күні шешесі келіп: «Түнде папаң звонит етті, облыста
шаруалары бітпей қалса, бүгін келмей қалуы да мүмкін.
Келмей қалса, Рексті қыдырту бүгін сенің міндетің!»
десін. Ызадан булығып қалған қыз: «Тағы сол Рекс,
Рекс, Рекс, Рекс! Рекстен басқа бұл үйде сыйлы бір
жан жоқ, әрине! Мен бұл дүниеде бармын ба, бұлардың
онда ісі болмас!» дейді. Сөйтеді де, бір жапырақ қағазға
«Мен кеттім, біржола кеттім, іздемеңдер!» деп жазып,
жоғалып кетеді.
Жаға ұстатар жағдай қыздың жоғалып кеткені
емес, әке-шешесінің 24 күн бойы іздемеуі, құзырлы
мекемелерге хабарламауы еді. «Не істесе де өзі үшін
істейтін, әңгімені де өзі үшін айтатын» Аблез қызының
жоғалғанын айтпауының сыры бар. Істі болып, уақытша
қызметінен босатылған қалалық атқару комитетінің
бұрынғы бастығы Омардың орнына қонжимаққа
жанталасып жүр. Дәл осындай «шешуші» кезде мына
жағдайды ел білсе «Жалғыз баласын тәрбиелей алмаған
деп жабысатындар табылады, әлбетте» Қысқасы,
қызметінің өсуіне кесірі тиіп кетуі мүмкін.
Жоғалып кеткен Лана жиырма төрт күннен
кейін Тольятти деген қаладан табылады. Сонда бір
кәсіптік оқуға түседі. Үйіне қайтпауға әбден бекіген.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Бұл жағдайды естігендер қатты таң қалады. Әсіресе
Альберт Исаевич пен әйелі Валя екеуі ұйықтай алмайды.
«Сұмдық!», «Неткен жаман адамдар еді!», «Қалайша
іздемейді?», «Баласы ғой», «Қыз бала ғой», «Бұзықтар
кездессе ше?», «Жиырма төрт күн!» «Іздемеуі тіпті
ақылға сыймайды». Рас ақылға сыймайды. Өздерінде
бала жоқтығы есіне түскен Валя ауыр-ауыр сөз айтады.
Мінеки, бұл шаңырақтың отбасылық құндылық, ата-
ана мен балалық қарым-қатынастан мақұрым қалуының
басында «Аблез тұрмыста еуропалық заңға қалтқысыз
берілген, сіресіп қалған тақуа» дейтін жалғыз сөйлем
тұр. Осы жетіп жатыр. Әйелі де сондай. Өз бөлмесі, өз
әлемі, өз тұрмыс дағдысы бар. Күйеуін былай қойғанда
баласына да суық. Осы үйдің әйелі боп ыстық тамақ та
жасап жарытпайды. Өз бөлмесінде телескопқа үңіліп,
түпсіз терең тұңғиыққа ұмтыла береді. «Алғашында
ғылымға белгісіз комета ашып, өз атын мәңгілікке
қалдыруды армандайтын, бұ кезде ол ниетінен де
қайтқан, ... суық семья тірлігінен қашудың ол да бір
амалы ма, кім білсін?» дейді автор.
Бұдан нені білеміз? Біз Еуропадағы күйреген
отбасылық жағдайға бүгін ғана анық көз жеткізіп,
дабыл қағып жатырмыз ғой, ал ол жай бұл романда
сол кезде-ақ бүге-шігесіне дейін баяндалып, көрсетіліп
қойған-ды. Кейбір еуропалық «құндылықтар» әртүрлі
жолдармен сол кезде-ақ Сәбет үкіметіне сыналанып
кіріп алған еді. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде
«Тұрғындарды баспанамен қамту» туралы құжатта ит
асырайтындар үшін бір бөлме қосып беретін арнайы
бап болған екен. Мұндай қитұрқы баптың аужайын ол
кезде жай жұртшылық түгілі, көп қаламгерлер де анық
аңдай алған жоқ. Бұл бір көзге анық көріне бермейтін
күрделі үрдіс-тін.
Көріп отырғанымыздай, бұл отбасында бізге
мәлім отбасылық құндылық жойылған деуге болады.
Сондықтан да «Аблез, Рауза, Лана» деп алынды.
«Аблездің отбасы» деп алуға болар еді. Жоқ, олар
отбасы емес, бірге тұрушылар ғана. Күйеуі ретінде
әйеліне хақы беріліп, әйел ретінде күйеуіне хақы беріліп
жатқан жоқ. Баламен де солай.
Енді қазақы қарым-қатынасты (болмысты) қағида
етуден жерінетін Аблез әулетінің болашағынан не
көреміз? «Сырты – бүтін, іші – түтін» ит жетелеп қалса
да интеллигент көрінуге тырысатын, жалғыздықтың
тұңғиығына қарық болған бүгінгі батыстың бақытсыз
кемпірі мен шалын көреміз. Әке жылуы, ана мейірін
көрмеген баланың болашағы да сол кепті кимек.
Батысты алға тарта айтқанымызбен сол күй қазір біздің
де басымызда тұр емес пе.
Сөйтіп,
ұлдың
кенжесін
қарашаңырақта
ұстап, немере-шөберенің қызығын көретін қазақ
болмысына жат осындай бір отбасы типі қалыптасып,
болашағымызды дерттей меңдетіп бара жатыр дегенге
әлі де сенгің келмейді. Сенгің келмесе де шындықтың
аты – шындық. Біз енді ғана анық көріп отырған
бұл жағдай бастауын сонау Сәбет заманынан алған
екен. Анығы – «Тасжарған» романындағы Аблездің
семьясынан.
Қатира, Матеков. Қазақы қағидада отағасының
аты алдымен айтылады. «Пәленнің отбасы» дегенде
сол үйдегі ер адамның аты аталады. Ал, бұл үйде
Қатира бастық. Сол себепті Қатираның атын алдына
шығардық.
Кеңес
кезіндегі
жалған
идеология,
жалған
ұрандардың құрбаны болып, «Еркек – бас, әйел –
мойын» деген ата-бабамыздан келе жатқан қағидадан
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
кетіп, ер адамның отбасындағы орнынан айырылуы
еді бұл. Бұл үрдіс қарқынды жүрілді. Санаға сіңірілді.
Соның салдарынан қазіргі қазақ қоғамында Қатиралар
мен Матековтер санап тауысқысыз. Зардабы тым
ауыр. алдымен өздеріне, сосын елге зиян, қоғамға,
ұлтқа қауіпті дерт.
«– Бір ай болды ұйқыңның қашқанына, өлетін
болдың ғой, сорлы! Өзің өлгеніңмен қоймай мені де
ала кетерсің! Түнімен айқайлап шығасың!» – Қатира
шашын артқа қарай сілкіп-сілкіп қалып жатын бөлмеден
шыға берді, жұқа лыпа денесіне жабысып, белі қайқайып
кетіпті. «Сен де менің түбіме жетпей қоймассың!»
Әйелінің артынан жүгіріп барып, алқымынан ала түсіп,
үнін шығармай езіп тастағысы келді, өз ниетінен өзі
шошып, қалшылдап-дірілдеп, аяқ-қолдары селкілдеп
кетті. «Мәдениетті, зиялы адам әйеліне қол тигізбейді,
мәдениетті, зиялы адам әйеліне қол тигізбейді...» деп
кемінде отыз-қырық рет қайталаған шығар».
Матековтың образын анығырақ көрсете түсу үшін
шығармадан көбірек үзінді келтіруге мәжбүрміз.
Өйткені, Қатира мен Мәтековтың қарым-қатынасын
түсіну үшін біз қанша жеткізіп айтсақ та, шығарманың
өзінен көрсеткендей оңды нәтиже болмасы анық.
«Химия пәнінің мұғалімі Матековтың «екінші
ауруы» денешынықтыру еді. Таң атпай тұратын, жеңіл
киіммен далаға шығатын, қаланың мүлгіген көшелерімен
алты-жеті шақырым жүгіретін, көше сыпырушы кемпір-
шалдың «будильнигі» – Матеков. Сосын үйіне келіп
тастай сумен жуынады, гир көтеріп, гантель көтеріп
әуре. Сөйтіп жүріп шай қойып, тамақ қыздырып, екі
ұлын балабақшаға апарып үлгереді. Сағат сегіздерде
әйелі оянады, ол кезде бәрі даяр, тап-тұйнақтай киінген
қоңқақ мұрынды, қысы-жазы жазылмайтын жалақ
ерін, тақыр бас, төртбақ жігіт кухняда отырады. Қарап
отырмайды, әрине нан турайды, қант, май, тоңазыған ет
әзірлейді, редиска, қияр аршиды, сүт қайнатады.
– Привет, Матеков! – деп басы қобыраған, көз
маңайы айғыз-айғыз әйелі ваннаға кіріп кетеді, көпке
дейін сарылдаған, шорылдаған дыбыс естіліп тұрады,
су-су боп шығады бір кезде, үстін сүртінбейді, денесін
жүре кептіріп, тыржалаңаш бөлмелерді шарлайтын
әдеті, өзі жалаңаш жүріп аяғынан шлепка тастамайтын
әдеті, коридордағы шағын бөлмедегі айналар аздық
қылғандай ас бөлмедегі айнаға келіп көзін сүзіп ұзақ
қаранатын әдеті.
– Матеков, халатымды әкел, – дейтін әдеті.
Матеков әйеліне халат әкеп береді, әйелі жауды
жеңіп келгендей керіліп отырып, аяғын аяғына қойып
отырып, жібек халаттың алдын ашық тастап отырып
шай ішетін әдеті. Май жағып, жалақ ернін жылтыратып
қойып, жып-жылмағай болып отырған шегір көз шикіл
сарыға ұзақ-ұзақ қарайтын, сынай қарайтын, ол тік
қараса күйеуі жерге қарайтын, сол бір сәтте келіншек:
– Сен еркек емессің, Матеков! – дейтін де әдеті. –
Еркек болсаң осыншама байлыққа көз қырыңды салар
едің ғой, Матеков!
«Осыншама байлықтың» не екенін Матеков білетін,
бірақ, амал не, үндей алмайтын, іштей ғана «Мекер...
– деп қоятын, – бар аңсары далада. Еще мені кінәлі
етіп қойғың келеді». Бұл сөздер, әрине, айтылмайды,
айтылатын басқа сөздер, қарлығыңқырап шығатын
жіңішке даусы жағына естіледі:
– Кештікке не дайындайын, мамасы?»
Қатираның «Матеков» деп сөйлейтін әдеті, ол
сөздерден ылғи қорлау, менсінбеу сарыны есіп тұратын:
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
«Өзің біл, Матеков! Мен бүгін кеш келем, шаршап
келем!»
Матековты осыншама қорлыққа көндіретін не күш?
Ол Матековтың ішінде. Матековтың түсінігіндегі
«Семья – «ерікті личностардың» ерікті қоғамы» деген
ұғым. Бұл ұғымның алдында ата-бабасының отбасылық
қарым-қатынастары артта қалушылық, ескілік. Ол өзін
мәдениетті, зиялы азамат санайды. «Тем более зиялы
азамат жұбайының ішкі шаруасына қол сұқпауы керек».
Бұл сөзді бұл да үнемі айтады, жоғарыдағы әрекетін
Қатира да үнемі қайталайды. Қатираның әр ісіне
байланысты автордың «әдеті» деп қайталап отыратыны
сондықтан.
Қатира қызметтен қыз-келіншектер мен жігіттерді
үйіне ертіп келеді, музыка қояды, ойнайды, күледі.
Матеков соларға кофе дайындап зыр жүгіріп жүреді.
Оған намыстанып жүрген ол жоқ. Матеков бейнесі
(болмысы) өте сәтті жинақталған және қазірде ерекше
өзекті болып отырған тақырыпқа арқау болар аса
қажетті бейне. Сондықтан ары қарай тағы да аша
түскіміз келеді. Автор да солай істеген.
«Бапты кофесін ішіп, Матековты бәрі де мақтайды.
Соқталдай-соқталдай сыпайы жігіттердің ешқайсысы
Қатираға жақындығын сездірмейді, өздерін «нейтрал»
ұстайды, Матековтың қызғаныш білдіруге хақысы жоқ,
онда мәдениетті, зиялы жігіт болмай қалады, «надан,
отсталый» аталады, ал Матеков надан емес, тем более
отсталый емес! Кеш келген күні, шаршап келген күні
Қатира жолдастарының бірінің үйінде осылай отырып-
отырып қайтады. «Оның несі сөлекет, біздің үйде де
отырмыз ғой, сондай мәдениетті отырыс! Матеков,
сен надандығыңды көрсетпе! Зиялы адам әйелінің ішкі
шаруасына араласпайды».
«Өзінің жарын өзгеден қызғана алмас күйге дейін
түсірген сана құрсауы! Сұмдық құрсау! «Айна алдында
тұрған әйелінің бөлек шыққан бөксесінен сипап алғысы
келіп өзін-өзі ұстап қалды, мәдениетті жігіт екені есіне
түсті» Автор да аямайды-ақ, шегіне жеткізе шенеу ғой
бұл. Шенеу болғанда шер, ермендей ащы кекесін, ыза!
Өз әйелін бөгде еркектерге қолжаулық қылдырып, өзіне
бөксесін де сипатпайтын не деген «мәдениет» бұл?!
Қатира неге бұлай? Ерінің алдында ерсі сөз
сөйлемейтін ақылды аналарымыздың есті қылықтарын
ескі көргені ғой, әйтпесе әйел адам бөлмелерді
тыржалаңаш кезіп жүре ме? Ас үйге тыржалаңаш кіре
ме? Жалаңаш денесіне халат қана жамылып, алдын
ашып отырып, адаммен бірге шай іше ме? Неге бұлай?
Жауап: «Үйленген жылдары Қатира ұялшақ еді,
сызылып тұратын. Арамдық, қулық, сыр бүгу дегеннің
не екенін білмейтін... Көп нәрсені Матеков үйретті».
Мәселе қайда?!
Матековтың миында тайталасқан екі-ақ ұғым бар:
Бірі – «мәдениет», екіншісі – «надандық». Және
екеуін де түсінбейді. Мәдениет не екенін, надандық
не екенін ашалап ойланып, орын-орнына қойған емес.
Шындығында ол Матеков ашалап түсіне қояр оңай да
дүние емес. Сонымен, Матековтың мәдениетті түсінген
түрін көрдік. Ал надандық ұғымын ол қазақшылық
деп ұғады. Тұтасымен, домалақ солай қарастырады.
Қазақшылық атаулыдан қаша берсе, надандықтан
алыстап, мәдениетке жақындай беретіндей сезінеді.
Бұл ой Матековтың басына қайдан келіп жүр?
Бұл ойды Матековтың басына сол кездегі қоғам,
идеология салған. «Ескіліктің қалдығы», «Надандық»,
«Қараңғылық», «Артта қалушылық» деп салған. Оны
жалғыз Матековтың ғана басына салған жоқ, әрине. Осы
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
романның авторы, жазушы-драматург, Әкім Тарази
бір сұхбатында былай дейді: «... миллион адамның
өмірінен миллион роман жазу мүмкін емес қой. Біреудің
маған бір дәптер ғып жазған хаты – өмір шындығы.
Соғыс кезінде қандай қорлық көргенін, соғыстан кейін
көрген машақатын, қазіргі басынан өтіп жатқан шым-
шытырық оқиғаларды жазады. Ал мен сондай он мың
хаттан, онда жазылған он мың өмірбаяннан бір ғана
шындық жазуым керек. Ол – көркем шындық. Ал
көркем шындық өмір шындығынан биік, себебі, ол он
мың өмір шындығынан туындаған жалғыз шындық,
ақиқат» дейді.
Матеков – сол көркем шындық. Мың-миллиондаған
қазақты қағынан жеріген құландай етіп, өз ұрпағы өз
ата-бабасының дәстүрін күстаналап, салт-санасын
мазақ, болмысын бөзек етіп шыға келді. Сондағы
шыққан ұшпағы – романдағы Матековтың тағдырының
ар жақ-бер жағы. Сол Матековтер дәл қазіргі қазақ
қоғамында біреуі – Матековтей, біреуі – Матековтен
де өтіп кеткен, біреуі – Матековке таяу халде күн кешіп
жатыр. Көбі есін әлі жия алмай, есін жиғаны алыстап
кеткен асыл ауылға (қазақы болмысқа) орала алмай, өзі
ғана оралуға тағы келмейді, гендерлік саясат кеңірдектеп
тұрған мына заманда қазақы қағиданы «Қатираларға»
қайта түсіндіру тіпті қиын дегендей уақыттың ағысымен
ағып барады... Алайда, қағида – сол қағида – «Әйелдің
өркөкіректенгені – қор болғаны» және «Қатын бастаған
көш оңбайды».
Сөйтіп, «Қатынның еркі – ерінде, ерінің еркі –
өзінде», «Әйел еліне басшы болса да, еріне басшы
емес» деген қазақы қағидаға қарсы ерекше «мәдениет»
те кеулеп кеткен еді қазақ ішін, ойрандап жатқан еді
отбасы құндылығын. Ол да бастауын сонау Сәбет
заманынан алған екен. Анығы – «Тасжарған»
романындағы Қатира мен Матековтың семьясынан.
Әли. Бұл да құрбан. Әлиді де мұндай құрбандыққа
қоғам алып келді. Өзі журналист. Әли Матековтей
намыссыз емес, намысы күшті, бірақ ісінде тиянақ жоқ,
бойында қайраты әлсіз. Қазақы жігіт, әрине. Сондықтан
да әйелінің жеңіл жүрісі жайлы көршісі Уәлидің семіз
қатыны айтқан сөзге сенсе де сенгісі келмей, өз отбасы
шаруасына біреудің араласқанын намыс көріп «Семья
менікі, өзім шешем» дейді. Мас болып келіп «Ей сен...,
мына Ұлықбекті бақытсыз қыламыз ғой енді» деп
жан жүрегі езіледі. Бұл енді оның аса қатігездігі жоқ,
ақкөңіл, жұмсақ, обал-сауапты білетіні ғой. Алайда
мына жағдайды көтере алмасы анық.
«Ақыры Әли бір сапардан қайтқанда Ұлықбек айтып
қойды ғой. «Азып кетіпсің ғой, не болды?» дегенде,
«Ұйықтай алмай жүрмін!» – деді ғой жалғызы. –
Ылғи бір дядя келеді. Мамам мені сенің кабинетіңе
жатқызады. Мен жалғыз қорқам. Өздері спальниді іліп
алады».
Осыдан кейін Әли ажырасады. Қанша бауырмал,
баласына қанша жаны ашыса да ажырасады. Сол үшін
де Әли – ол, сол үшін де – қазақ! Матеков емес ол.
Бұрын қазақта байы өліп жесір қалған қатынды (ол
кезде ажырасу жоқ) «ерден кетсе де, елден кетпесін
деп» әмеңгерлікпен өз руының жігітіне қоспаушы ма
еді, баланы өзге руға қаңғытып жібермеудің тәсілі еді
ғой ол. Оның бәрі бұл кезде «ескіліктің қалдығына»
шығарылып тасталған. Енді Ұлықбек қаңғу керек.
Басқа амал жоқ. Жердің жарты шеңберін солқылдатып
өз үкімін жүргізіп тұрған Сәбет үкіметі жалғыз Әлидің
«ұлым қаңғымасын» дегеніне қарай ма?! Бойында өз
тегіне деген жауапкершілік, жанашырлықтың бабадан
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
қалған жұқанасы бар Әли байқұс шыр-шыр етеді, өзін-
өзі: «Әли сенікі жөн, ұлың төртіншіні бітірсін, соттассаң
да қолыңа алып ал» -деп қайрайды, сендіреді
Әлиге әулеті ренжиді. Дұрыс. Ажырасу деген
әсіресе қазақ үшін оңай дүние емес. Бір жігіттің ғана
емес, бір әулеттің бетіне таңба түседі. Не деп ақталады?
Қазақ үшін «Әйелім жеңіл жүріс жүрді» деп айту
ажырасқаннан бетер ауыр. Әлидің ауыл маңынан үй
салуының өзі намысқа тырысудың нәтижесінде болды.
Туыстары Әлиге, Әли туыстарына қарамастай өкпеледі.
Алайда Әлидің өлермендігіне көзі жеткен ағасы Ғали
Есентайларды (Әлидің руы) жинап: «Бұны бүйтіп
жалғызсыратып қойғанымыз Есентай әулетінің сүйегіне
дақ түсіреді, бірігіп қимылдайық» дейді. Ертеңінде
кәрісі бар, жасы бар үйге керекті материалдарды
тиеп бүкіл Есентай Әлиге көмекке келеді. Әли жау
шапқандай ытырынады. Айқайлайды, ышқынады,
«кетіңдер!» деп боқтап та жібереді. «Әли әркімге бір
шабылып аузын көпірте берген соң, ақсақалдардың
асаулау бірі: - Байлап тастасаңдаршы өзін - деді».
Асау Әли ақыры бокалға тоқтайды. Туыстарымен
қағыстырып ішеді. Көңілі босап, әр қайсысының бетінен
сүйіп, жылап жүріп ұйықтап қалады. Бұл жылау - Әлидің
жоғалтып алдым деп жүрген туысқандық, ағайындық
дейтін асыл мүлкін қайта тауып алғандағы тіл жеткісіз
әсерінен еді. Оны өзі анық білмейді, тек жалғыздыққа
төзбейтін еді Әли. Өзімен қалтқысыз сенісетін шын
жанашыр іздейді. Ол қаладан, қаламдастар ортасынан
табыла қоймайтынын іштей сезетін. Аңқылдап іздеп
барғанда кіргізбей қойған Жамаладдин құрдасы анау,
Мирастың мінезі анау шорт кететін, жақын тартып
жүрген Омары өзінен мүлде алыс адам екенін үйрек
атуға баратын кезде білген, ішіне түйіп қойған.
БОЛМЫС Дәл бүгінгі оқиғаға шарап қосылып, бір сәт болса да Әлидің жаны сусап жүрген жалғыз нүктеге дөп тиіп еді. Сол буынына түсіп кеткенде ұйықтап кетпей қайтсін. Әлидің пәлен жылдан бергі бір рахат ұйқысы осы шығар. Ал, Әли неге жалғыздыққа төзбейді? Ол туралы сөз бөлек. Сөйтіп, жесірдің соңынан жетімді ертіп (Бұл жерде Әлидің баласының аты Ұлықбек, яғни ұл болуының да өзіндік мәні бар.) жат ру, жат босағада жаутаңдатып жіберген қазақ болмысына жат бұл жағдай бастауын сонау Сәбет заманынан алған екен. Анығы – «Тасжарған» романындағы Әлидің отбасынан. Мұсаның шаңырағы. Романдағы аса маңызды отбасы – осы. Себебі, романда бас кейіпкер Омардан кейін тұратын кейіпкер – Ұлмекеннің әрекетін (болмысын) осы шаңырақпен байланыстыра отырып талдаймыз. Ұлттық болмысты айқындай түсуге адам арқылы анықтама берер болсақ, бұл шаңырақтың отағасы, он бір баланың әкесі – Мұса мен Торшолақ тоқалдың орны бөлек деуге болады. Ішкіштігі болмаса, сол ішкіштігі себебінен Торшолақтың төркініне арнаған ақшаның біразын өз қалтасына басып алғаны болмаса, Самаркөлдегі түнде қызы Ұлмекеннің Омармен бірге болғанын сезе тұра ертесі Омардың вертолетін сұрағаны болмаса, оң аяғын соғысқа беріп, балдақпен жүретін Мұсаның бойында қазақы болмыстың көріністері көп еді. Әрине, қазақы болмыстың да өз өлшемі бар, өлшемін білмесе жақсылықтан жаманшылыққа өтіп кететін шекарасы да бар. Сондықтан тақырыбымызға орай ұлттық болмыстың ылғи да жақсы жақтарын бір кейіпкердің бойынан іздеп табамыз деп зорлансақ, шығарманы топастықпен бұрмалаған, авторының талғамына қиянат
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
жасаған қылмыскер болар едік. Сыншы немесе оқырман
түйсігі сезетін болса, ондайға көнбейтінін шынайы
шығарма өзі-ақ айтып тұрады.
Сөйтіп, Мұсаға келейік. Біріншіден, ол даусыз-
дамайсыз өз отбасына толық тұлға, толық басшы. «Кісі
үйінде күй таңдар, өз үйінде қипаңдар» отбасына тұлға
емес адамның елге, ортаға тұлға болуы қазақ ұғымына
сай келмейді.
Екіншіден, бәйбішеден қалған екі тұяқ – ұлы Жексен
мен қызы Ұлмекеннің оқиғасына байланысты ұстанымы
еді. Ұлы жетегі бар жесір қатынмен үйленбек болғанын
естігенде өзін қалай ұстады? Ұлмекеннің байдан қайтып
келгенін көргенде не істеді? Мұсаның ішкі таным мен
қазақы болмысын осы екі оқиға ашып береді.
Қазақтың бұрынғы отбасы дағдысын еске алсақ,
отағасы өз отбасына байланысты кез келген оқиғаны
елден, көшеден естімеу керек, бәрін әйелі бақылап,
келеңсіз
жайттарды,
өсек-аяң,
сыбыс-сыбдырды
алдын ала естіп, оны өлшеп-пішіп, лайығымен күйеуіне
жеткізіп отыру керек, ер адам өз шешімін бір-екі ауыз
сөзбен ғана жеткізеді, ар жағын әйелі қапысыз түсініп
лайықты харекетке көшеді. Жексеннің өзінен жасы көп
үлкен жесір қатын Рәзияға үйленем деп жүргенін «...
көршінің қатыны майын тамызып тұрып айтып кеткен,
оны Торшолақ тоқал Мұсаға жеткізсін, Мұса үн-түнсіз
тыңдап алып сыр бере қоймаған: «...төргі бөлмеге кіріп
бүк түсіп жатып алды, сәскеде жатқан, кешке дейін бас
көтермеді, үһілеп-аһылаған жоқ, ... Жексеннің келуін
күткен екен».
Сонымен, Жексен келеді. «Баласы жұмыстан
оралғанын естіп орнынан тұрды, далаға шықты. Жексен
біркиер күрең костюмін киіп, жасанып, есік алдында,
қолжуғыштың үстіндегі алақандай айнаға үңіліп тұрған
жерінен тап болды. Мұса ләм-мимсіз келіп баласының
шүйдесінен балдақпен бір перді. ...Жексен балаша қаша
түсіп кері бұрылды, әкесіне таңырқай қарады, сосын
бұл ашудың мәнісін түсінді, түсінді де, атарға оғы жоқ,
өзіне қарап бедірейіп тұрған әкесіне:
– Өлсең де Рәзияны аламын, – деп күңк етті. –
Маған сендердің қазақпайшылықтарың – бес тиын!
Оның қызы менің қызым болады, вот и все!
Мұсаның көзі қанталап, басы айналды, не болғанын,
не дегенін еміс-еміс қана білді».
Бұл үзінділерді неге алып отырмыз? Себебі,
Мұсаның ішкі дүниесін автор да жалаң сөзбен бермеген,
біз де сөзбен бейнелеп өз қалпында жеткізе алмас едік.
«Әке
әлсіздігін
балаға
білдірмес»
дегендей,
Мұса «Ішін жеген жегі құртты мына ұсақ-түйек
мұрынбоқтарға білдірмесе де, бес-алты күн әлетінде
күйзеліп, шөгіп бара жатты, қанша дегенмен Қаныша
марқұмнан қалған екі тұяқтың жөні бөлек еді».
Сөйтіп жатқан Мұсаға екінші соққы келіп тиеді.
Ұлмекен қайтып келеді. «... қызының байдан қайтып
келгенін айтпай түсінді, өзі де соңғы кезде, анадағы
Самаркөлдегі түннен кейін «сөйтеді-ау» деп жүрген.
Қызына ештеңе демеді, сұрақ қойып басын ауыртпады.
Қызымен қатар отырып бір-екі пияла шай ішті
де, Торшолақ тоқалға «сен де сұрақ қойма, менің
айтқанымды істеуді біл!» дегендей қатқыл үнмен:
– Уляның өз бөлмесін босатып бер, – деді. Өзі
даладағы сәкідегі төсекке жатқан, таң атқанша үнсіз
жылап шықты. ...Бұл жолы ызадан булығып жылаған
жоқ, қызына жаны ашып жылады».
Осындай үнсіздік, үнсіз өкпесін айту, үнсіз қатесін
мойындау, үнсіз кешірім сұрау, үнсіз ескерту жасау, бір-
бірін үнсіз, қапысыз түйсіну, үнсіз түсіністік – қазақы
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
отбасылық қарым-қатынастың шырқау шыңы. Әрине,
қазақы дастарқан басында әңгіме болмауы мүмкін
емес, бір-бірімен де шүйіркелеседі, ұзақ-ұзақ әңгімелер
айтылып, шай ішіледі. Бұл одан бөлекше жағдай. Осы
романдағы Аблездің отбасы бастаған біраз шаңырақта
үнсіздік бар, бірақ ол Мұсаның отбасындағы үнсіздікке
мүлде ұқсамайды. Олардағы үнсіздік бір-бірін түсініп,
түйсінетіндей үнсіздік емес, жанашырлықтан ауыз
ашуға болмайтын, танымайтын адамдай бір-бірімен
байланыссыз өз-өз әлеміндегі үнсіздік.
Мұса Жексенге балдақ сілтеді, қол көтерді, бірақ
Ұлмекенге келгенде үнсіз қалды. Неге? «Әке ұрған
ұл оңса да, шеше ұрған қыз оңбас». Қазақта қызға
әке түгілі, шеше қол көтермейді. Шеше қол көтермесе,
қызға әкенің ұрсуға негізі бар ма? Ұлмекеннің шешесі
Қаныша қайтыс болған. Шешесі болса Ұлмекеннің
қандай байға тиюіне ақыл қосар ма еді, Досымға бермек
болған Мұсаны алдап-сулап болса да бетін қайтарар ма
еді, кім білсін?
Ұлмекеннің Досымға қалай тұрмысқа шыққаны
жайында шығармада: «Ұлмекен – Досымның екінші
қосағы, біріншісі дүние салған, одан қалған екі ұл
әпкесінің қолында, елде. Қосылғалы бес жылдан
асып барады, құрсақ көтерер емес. Екеуінің арасында
дәнекер де жоқ. Сүйдім-күйдім дейтін бұлар емес,
Досым өйтіп алдай алмайды. Бұл сүйгенмен ол сүйе
ме, Гүлшара марқұмның нағашы ағасы Мұса өз қызын
бұған зорлағандай ғып қоспады ма, дүние-жайға ие
бол демеді ме...» – дейді. Қалай дегенмен бұл үнсіз
жылаудың астарында осыншама қалың қатпар жатыр.
Ал, Жексенге ыза болғаны, қол көтергені түсінікті
болар. «Ұл ұяты – әкеге, қыз ұяты – шешеге». Мүмкін
бір жағынан өзіне де ызаланғаны.
Алайда Мұса «Осындай қос күйіктен ішіп кетсе
тоқтай алмасы анық, бірдеңеге ұрынары анық, біржола
күйіп кетуі анық. Сондықтан бұндай кезеңде беріктік
қажет, Мұса тас түйін боп бекіп алды». Мұсаның
Мұсалығы – осында! Қазақтың «еркек!» деп сүйінетін
еркектігі де – осында! Әли болса ішіп кетер еді, күйіп
кетер еді...
«Автор Мұсаны ұнатпайтын шығар» деп бір
ойладық. Тіпті, «автордың байдан қайтқан қатын болса
да өзі сүйіп қосылған Жексенді бақытты етіп көрсетіп,
әкесі біліп тұрмысқа берген Ұлмекеннің некесін сәтсіз
қылғаны – қызын кімге беруді әке-шешесі шешетін
«ескілікті» сөгіп, сол кездің «жаңа заманның жастары
өз қалауымен қосылсын» деген жаңа ұранына үн
қосқаны, идеологияға иілгені ме?» деп күмәндануымыз
да қисынға томпақ емес, «Ата-анасы өзі біліп қолынан
ұзатқан бұдан бұрынғы қазақ біткен отбасында
бақытсыз болып қалған жоқ қой, ондай ата-анадан,
сондай тату-тәтті шаңырақтан өсіп-өндік емес пе?» деген
уәжді көлденең тартуға болатын еді. Көлденең тартып
көрдік. Нәтиже мынадай болды: Жоқ, олай емес екен,
мойында, мойындама ол қоғам мен бұл қоғам, ол айнала
мен бұл айнала екі басқа екен. Жексеннің талғамына
Мұса намыстанғанмен, Жексеннің айналасына бәрібір,
айналасына бәрібір болған соң Жексенге де бәрібір
екен. Мұсаның болмысы оны қабылдай алмайды.
Жиені Гүлшара қайтыс болған соң бір жағы туыстық
жақындығын ескеріп, жетім қалған балаларға жанашыр
болсын деп, (біздің ой) бір жағы «дүние-жайға ие
бол» деп Ұлмекенді зорлағандай ғып қосқанда қазақ
даласында бұрын-соңды болмаған жағдай – Досымның
жетімдер үйінде өскенін, саусақпен санарлық азы
болмаса, бұл қоғамның еркегінің көбі ұсақталып кеткенін
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Мұса бейшара өлшей алды ма?.. Және Ұлмекеннің,
Жексеннің тәрбиесіне, адамгершілікті болып өсуіне өз
болмысының, қазақы болмысты әкелік мінезінің үлесі
зор болғанын өзі де, айналасы да аңғара алар ма?..
Мұсаның жан дүниесін автор да арнайы түрде
екіге бөліп көрсеткенін енді түсінгендейміз. Кейде
сал-серілігін ұнатпай, дүние жинап бала-шағасына
қарайласқанның жөн екенін мойындайтын. Сал-
серілігі ұстаса, дүниеқоңыздығы жайында қалатын.
Енді түсінбесе де түйсінгендей болды, іркес-тіркес
екі соққы алғанда барып түйсінгендей болды, мына
айнала бұрынғыдай қазақшылап өмір сүруге болмай
қалғандығын. Соңғы кезде сал-серілігін іштей жек
көргіштеп жүргенін де атап өткен еді автор. Оның
мәні енді түсінікті бола бастады. Жоғарыда мысал
келтіргеніміздей, біржола бекіп алғаны да сондықтан.
Шығарма шыншылдығымен осылай тереңдеп бара
жатқанын бірден байқау бізге де оңай соққан жоқ. Әлі
де басқаша қалтарыстары бар екенін сезсек те, Мұса
жайын осылай бір пайымдап қойып алға жылжуға тура
келіп отыр.
Ал, автордың сөзімен айтқанда «Өмірге үнсіз
келіп, үнсіз кететін» күйеуі оңашада ғана «Тоня» деп
еркелететін, өмірдегі өз міндетін анық түйсінетін және
орындап та жүрген Торшолақ тоқалдай кейіпкердің
қазақы болмысына үңілу де бір ғанибет болса керек!
Қазақтың «Әйелі жоқ үйдің іші сүркей, еркегі жоқ
үйдің сырты сүркей» немесе «Әйел үй сақтайды, еркек
түз сақтайды» сынды қағидаларына сайма-сай келетін,
балалары мен күйеуінің қамында тұмсығы тершіп
томпаңдап жүретін Торшолақта проблема да онша
көп емес. Айналасына зияны да жоқ. Жалғыз шешесі
қайтыс болғанда бара алмай, айлап серілік жасап ішіп
БОЛМЫС кеткен Мұса келгенде ғана күңкілін айтып, көз жасын сығымдайды. Бармағанына тіпті Мұса сенбейді, жаны ашиды. «Тоня» деп еркелетеді, басу айтады, балаларына ашуланады, Торшолақтың алдында өзін де, Ұлмекен мен Жексенді де жазғырады. Қарыздар сезінеді. Торшолақ күйеуіне арқаланып мұндай сәтті «пайдаланып» қалуды да білмейді. Ұлмекенге, Жексенге бәлсінбейді. Баяғы Торшолақ – сол Торшолақ! Қазақ көбейіп, көгерсе осындай аналарымыздың көп болғандығынан шығар, қазақтың құрсағы мен пейілі бірдей тарылып көгермей, көбеймей жатса осындай аналарымыздың аз боп жатқандығынан шығар. Екеуі екі басқа кезең. Сөйтіп, байдан қайтқан қатын алам деген ұлы мен қайтып келген қызының қайғысын қатар қарсы алып, оны шын себепкер болған айнала адамдар мен қоғамнан гөрі өзінен көріп, үнсіз ғана төсегінде төрт бүктеліп жатып қалған әкенің ауыр жағдайы сонау Сәбет заманынан бастау алған екен. Анығы – «Тасжарған» романындағы Мұсаның отбасынан. Толғам. Негізгі қарастырып отырғанымыз отбасылық қарым-қатынастар емес, ұлттық болмыс әрине. Ұлттық болмысты романда айтылған сол кездегі отбасылық қарым-қатынастар арқылы қарастырдық. Ұлттық болмыс тақырыбын сөз еткенде көп зерттеушілердің кейіпкерлердің домбырамен өлең айтқанын немесе кейіпкерлердің көкпар тартып, қызқуар салған көріністерін қуалап кетіп жататыны бар. Біз олай етпедік, себебі талдау жасап отырған шығарма олай жазылмаған. Абай атамыздың «Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін, Тыңдашы сыртын қойып сөздің ішін...» дегеніндей, бұл шығарма керегімізді
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
кейіпкерлердің сыртынан емес, ішінен іздеуге мәжбүр
етеді.
Сыртынан қарасаң шешесі қайтыс болып көңілі
жарым отырған әйеліне арақты нұсқап: «Анауыңнан
құйып жібер, тие берсін деп бір ішіп жіберейін, бұл
құрғырды қойып едім, енді болмас, аруақтан ұят та
ішпесең!» деген Мұсаның бойынан қалай қазақы
болмыс іздемексің? Бұл – сырты. Ішіне жоғарыда
үңіліп көрдік. Автор Торшолақтың шешесінің қырқын
пәлен жәшік арақпен өткізгелі отырған ауылдың төріне
күміс сақалын салалатып «Төле биді» отырғызып
қоя алмайды ғой. Ол өтірік болар еді, заман басқа.
Олай етсе бұл шығарма басқа шығарма болар еді,
өтірік болар еді. Арақ ішілді, жаппай ішілді. Онымен
бірге әрине, ұлттық болмыс, қазақ бойындағы асыл
құндылықтар шайылып бара жатты. Мұны «жауырды
жаба тоқығандай» көлеңкелеп көрсетсек шындыққа
жете алмас едік. Ал, Торшолақтың шешесінің қырқына
қой сатып алғалы барғанда, қора иесінің: ««Сат» деген
пәлені ендігәрі айтпаңыз! Мені олай қорламаңыз! Екі
қойды өзім таңертең мына төтемен айдатып жеткізіп
тастаймын Үреңкейдің үйіне. Бүгін ешқайда кетпейсіз.
Қонасыз. Бір қойдың басын мүжімей қалай кетесіз?»
деуі автордың сөзімен айтсақ «Әр ұрттаған шайына
алғыс жаудыратын» қазақтың қонақжай болмысы өз
ретімен көрініс тапқан. Бұл мінез қазір өзгеше форма
алып, басқаша мақсаттанса да жойыла қойған жоқ.
Жойыла да қоймас.
Сонымен, «Тасжарған» романындағы әр қайсысы
әр түрлі отбасылық қарым-қатынасты толықтай талдап
шығу мүмкін емес, аса күрделі. Бұл сол кездегі қазақ
шаңырағындағы күрделі жағдайлардың айқын көрінісі
БОЛМЫС еді. Сол себептен де автор әр отбасыдағы әйелдерді әртүрлі қырынан ашады. Мысалы, Мұсаның әйелі күйеуіне қарсы бір ауыз сөз айтпай мүлтіксіз бағынады, Мамыржанның әйелі ақылды, көңіл бостығын балаларымен айналысып толтырады, күйеуін сыйлайды. Альберттың әйелі күйеуімен сырлас, әңгімелесіп, ой бөліседі. Аблездің әйелі күйеуін бар екен, жоқ екен, адам екен демейді, өз әлемі, өз әлегі бар. Матековтың әйелі ойына келгенін істеп, күйеуінің төбесіне шай қайнатып, оны қорлағаннан ләззат алады. Әлидің әйелі кеткен. Омардың әйелі күйеуін сезіне алмайды, өзін де күйеуіне әйелі ретінде сезіндіре алмайды. Жексеннің әйелі жесірліктен құтылып, тарамысы жібігеніне шүкір дейді. Досымның әйелі Ұлмекен ше? Күйеуі өз әкесі секілді қуаты іште, адуынды ер болса Торшолақтай томпылдап... жоқ, күйеуіне анасы секілді қамқор, ортасына беделді, ер тілеуін тілеген ана болар ма еді? Иә, болады. Онсызда қамқор болып жүр ғой. «Әйелінің кетіп қалғанына бір емес, екі Досым қатар қайғырып еді, бірі – қор болған, қатыны тастаған нашар, сорлы Досым, бірі – бұл дүниедегі жақыны да, туысы да, серігі де, жанашыры да болып кеткен, бауыры болып кеткен жалғызы өлген – жетім Досым еді». Енді сұрақ қысады. Неге бұлай? Неге анау әйел алай? Неге мынау әйел былай? Неге? Мәселенің бір ұшы Матековтың басындағы «мәдениетте» жатқан секілді, бір ұшығы балалар үйінде тәрбиеленген Досымда жатқан секілді. Досым «Маңдайында жұлдызшасы бар, құлақ-құйрығы кесілген қара күшік» бағады және Аблезде солай. Бұл семьялардың берекесі осынша неге қашты? «Әйел
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
теңдігі» деген жалған ұранға қазақтың еркектерінің
неге жалы жығылып, айғырдай омыраулап, осқырынып
тұратын айбынынан біржола айырылып қалды ма екен?
Содан Ұлмекен, Назияш секілді әйелдер қазақтың
еркек болмысты ерлеріне зәру боп, Қатира секілді тән
құмарлығынан асып ойлай алмас қатындар Абай айтқан
«Біләткәнің байы – ақша, ер жақсысын таңдамас»
болып, көрінгенмен көңіл көтере беретін әуейіге айналып
кетті ме екен?
Досым дастарқан үстінде Омардың істі болғанын
айтқанда Ұлмекеннің: «– Әрине, бәрің жабылдыңдар,
өңкей шәуілдек! Араларыңа бір сырттан түсіп кетіп
еді, бірің балағынан тартып, бірің алқымынан алып
құлаттыңдар ақыры!» дегені содан шығар бәлкім.
Бәлкім! Ұшақ өртенетін болды дегенде Омардың
бұтының арасына кіріп кеткен күйеуі Ноғайбекті
Назияштың шапалақпен тартып жібергені содан шығар
бәлкім. Бәлкім!
Бәлкім?.. Үңіле бересің, қатпарын арши бересің,
тереңдей береді, тарамдала береді. Романда айтылған
дүниеден айтылмаған дүние әлдеқайда, әлденеше есе
көп секілді көрінеді. Үңги түскен сайын бір оқиға, бір
диалог тегін берілмегенін анықтай түсесің.
«– Қатын ал деп әжем маза бермей жүр, – дейді
Төлбасы жайланып жатқаннан кейін. – Тегін алатын
қыз жоқ. Тегін алар едім-ау, оған әжем көне ме, тегін
келген келіннің қадірі болмайды деп. Қалыңмал төлеуге,
өзің білесің, біздің қызмет... Қып-қызыл жағамен біз
қалың төлесек, басқалар мал болып кетпей ме? Басым
дал. Қалаған қызым бар еді, Ташкенде, экономика
институтында оқиды. Қалың мал деген пәлені айтпа,
біздің жақта ондай жоқ деп зарлайды. Оның әке-шешесі
алмайды екен деп менің әке-шешем бермей тұра ма?
Мәселе сонда, Омар!». Бұл Омарға Ташкентке барар
жолда жолыққан Сержант жігіттің айтқан әңгімесі.
Ылғи да қонақ аңсап отыратын бұл жігіттің әжесі Омар
барғанда «– Атың Пайғамбардың аты екен, Үйге
кір, қонағым бол. Мына біздің сары күріштей емес,
салиқалы жігіт көрінесің!» деп қарсы алған қазақы әже
еді. «Қалыңсыз қыз – қадірсіз» немесе «Қалыңсыз қыз
болса да, кәдесіз қыз болмайды» дегеннің де өз мәні
бар шығар бәлкім. Бәлкім!?. Әйтеуір ата дәстүр, салт-
сананы су түбіне жіберген, жібермек болған, өзгенің
қаңсығын таңсық көріп, тапырақтап жүрген осынау
жұрттың отбасылық сыйқы осылай-тын.
Сөйтіп, оның алдында ғана тектің тазалығын сақтау
үшін, некесізден туылған шата ұрпақтың көбеймесі
үшін зинашы Қодар мен Қамқаны жазалаған қазақтық
«ескілікті» артта қалдырып, кімнің қатыны кіммен
көңілдес болып, кімнің қатыны кімнен бала тауып
жатқаны белгісіз, мысықша мауығып, итше ылыққан
«мәдениетті» кезең бастауын сонау Сәбет заманынан
алады екен. Анығы – «Тасжарған» романындағы әр
қилы отбасылардан.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
«Тасжарған» романындағы қоғамдық
жүйе мен бас кейіпкер болмысы
арасындағы күрес
Қақтығыс. Әкім Тарази шығармасын талдағанда
мынаны қатты ескеруіміз керек. Ол кейіпкерлерін
жағымды және жағымсыз кейіпкер деп бөлуден
барынша қашқан жазушы. Оны шығармаларынан
және Қазақстан жазушыларының X-шы съезінде «Ел
оянды, қаламгер» (қазақ прозасы) атты баяндамасында
Ғабит Мүсіреповтың «Талпақ танау» әңгімесін,
Сайын Мұратбековтың «Көкорай» атты комсомол
қызметкері өмірінен жазылған повесін сынға ала
отырып төмендегідей айтқан өз сөзінен аңғара аламыз:
«Кейіпкеріміз ақылды, жігерлі-ақ болсын дейік, екі-
үш ауылда көркемөнерпаз үйірмесін ашып, концерт
қойсын, ел-жұртқа ақыл айтсын, бірақ ол арқылы біз
өмір шындығын, халық басындағы ауыр халді жеткізе
алмас едік. Өзге кейіпкерлеріңіз өмірдегідей біреуді
алдап-арбап, өтірік айтып, жала жауып, ұрлық қылып
жатады да, ал аққарға кейіптес кейіпкеріміз мұның
бәрінен бойын аулақ ұстайды. Ал мұндай адамды
жағымсыз кейіпкерлеріміз ғана емес, өмірдегі қалың
оқырмандарымыз да ақымақ санайды. Міне, сөйтіп
біз Ф.Достоевскийдің «Идиотына» қайтып оралдық.
Өйткені өмірде өзгелер сынды қулық-сұмдықпен тірлік
кеше алмайтындарды XІX ғасырда да, кемелденген
социализм дәуірінде «идиот» санайды...». Сондықтан
да біз Омарды ««Тасжарған» романындағы «бас
кейіпкер» деп атасақ та, «Тасжарған» романындағы
БОЛМЫС «жағымды кейіпкер» деп айтуға еш уақытта қақымыз жоқ екен. Қалай атау керектігін шығарманы талдау барысында оқырман өзі аңғарады. Себебі барлық ісқимылы шынайы суреттеледі. Бір түсінгеніміз сол, автор қолдан жағымды кейіпкер жасамайды. Сөзіміздің басында «Шығарма авторы бір кейіпкердің жан дүниесін екінші кейіпкермен қарымқатынаста, тіпті қақтығыстарда ашуға тырысатынын байқадық» деген болатынбыз. Енді сол қақтығыстың нақ өзіне тіреліп тұрмыз. Бізге бұл қақтығыс тіпті автор мен кейіпкер – Омардың арасындағы қақтығыс сияқты сезілгенін жасырмаймыз. Автор Омарға соққы жасайды, қолдан емес, өмірдің, сол кездегі ортасының, сол кездегі қоғамның соққысын. Асырмай да, кемітпей шынайы жайды көрсетеді, болды. Неден екенін қайдам, автор мен Омардың қақтығысын бокс тәсілінде елестеттік. Ұзағынан ұзақ үш кезекке (таим) жалғасқан бокс. Стадион – сол қоғам. Шығармадағы өзге кейіпкерлер сол стадионда. Майдан (Ринг) – автордың көкірек алаңы. Көрермені – бұған дейінгі, бұ кездегі және бұдан кейінгі қалың оқырман. «Тасжарған» деген атпен бейнетаспада сақталып қалған сол боксты қазақ көрермендері сонау 70-жылдардан бері қарай көріп келеді, кәсібиі бар, кәсіби емесі бар, талқыға салып келеді, бірақ әлі қайсысының, қай соққының арқасында жеңістік алғанын анық біле алмай келеді. Білсе де айта алмай келеді. Себебі, үшінші кезектің соңында төреші Омардың қолын көтергенде автор да өз қолын қоса көтереді. Соңы... Осы бейнетаспаны көрген мың-миллион көрерменнің бірі ретінде біз де талқыға салып көруге тәуекел еттік. Әрине, біздің болжамды автордың өзі де, өзге көрермен
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
де қатеге шығаруы мүмкін. Оған таласпаймыз. Алайда
біз де бейнетаспадан нақты дәлелдер келтіре отырып, өз
пайымымызды айтуға құқылы екенімізді әбден білеміз.
Алғашында Омар мұндай соққыны күтпеп еді,
өзіне соққы дарып кеткенін аңғармай қалды, тіпті
сеніңкіремеді, әлі де өзін еркін ұстады, екінші, үшінші,
төртінші соққылар арты-артынан тигенде барып өзінің
анық соққының астында қалып бара жатқанын сезді,
енді жинала беріп еді, бесінші, алтыншы, жетінші
соққылар сарт та сұрт тиді. Омар есеңгіреп қалды,
«нокдаун». Бірінші кезек аяқтады.
Аралық тыныста бір жиналып алғандай болады.
Екінші кезек. Тағы да соққылар. Шыдас бермейтін
соққылар. Аямайды. Мүлде. Енді Омар ерегісе
бастайды.
Өліспей-беріспейтін
ерегіс
басталады.
Адам түсінбейтін қиқар ерегіс. Жақын досы да боқтап
жіберетін ыңғайсыз ерегіс. Сол ерегіспен екінші кезек
аяқтады.
Үшінші кезекті біз бокс рингінен емес, мүлде
басқаша, Омардың көз алдына өлім келген жойқын
сілкініс алаңында көретін боламыз. Ол сілкіністің
жойқындығы сондай, стадиондағы кей төрешілердің
жүректері отырған жерінде тоқтап қалған сілкініс,
отырған жерінде жүректері жарылып кеткен сілкініс.
Сондай сілкініс.
Енді шығармадағы шынайы жаймен қоса өре
отырып «үш кезектің» жайын баяндаймыз. Омардың
жан дүниесіне, болмысына үңілеміз.
Соққы. Омарға сілтенген әр жұдырық сол
қоғамның әртүрлі сипаты еді. Сондықтан да оны автор
әркімнің қолымен сілтеді. Аблездің, Мамыржанның,
Досымның,
Оразханның,
Құлгелиев,
Кашафов,
Меңдіғали, Матековтың іс-әрекет, болмыс-мінезімен,
сол қоғамның оларға салған таным-түсінігімен сілтейді.
Омар өзіне тиген соққыны жай сезді. Жалпы Омар
қайғыны да, қуанышты да жай сезетін, барып-барып
қабылдайтын жан. Өйткені ол кез келген жағдайды
болмысымен және тұтасымен қабылдайды. Қандай
ауыр. Бойына сіңірмей суық ақылмен сезінетіндер тек
сол мәселе төңірегіндегі ақпарат аясында анық біліп, сол
аяда ғана жылдам жауап қайыруды Омардың болмысы
қабылдай алмаған. Қазіргі кездегі қысқа ақпараттарға
қысқа ғана жауап беретін, екінші сауалға жауап
алуың үшін басқа кнопканы басу керек болып қалған
жасанды (робот) адамдар секілді емес еді. Шамасының
келгенінше дүниені тұтасымен қамтып ойлайтын,
ойлайтын ғана емес-ау, түйсінетін. Ондай адамның әр
нәрсеге сол тұтастықпен жауап беруге тырысатыны
заңдылық қой. Орайы келгенде айта кетпеске болмас,
тарихтағы би, жырау, абыз ақсақалдарымыздың,
ғұлама-даналарымыздың болмысында сондай тұтастық
бола-тұғын. Сондықтан олар ұзақ сапар – өмір
айдынында алып кемедей ақырын қозғалатын, анау-
мынау желге шайқалмай барар бағытына тарта беретін.
Жан тебірентер қуанышқа желігіп кетпей, жан күйзелтер
қайғыға егіліп кетпей, екеуін де сабырмен қарсы алатын.
Қуаныш пен күйзелістің артығы болса ішке сақтайтын.
Аталар табиғаты осылай болатын. Барлығы емес,
қаймағын қалқып, Абайша айтқанда «единицасын»
айтып отырғанымызды түсіндіріп жатудың керегі жоқ
та шығар бұл жерде.
Омардың сондай болмысына анығырақ көз жеткізу
үшін оқуға түсу кезінде өз басынан өткен мына бір
оқиғасын айта кетуді қажет деп таптық.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
«– Әуелде документімді журналистика факультетіне
тапсырғам... ол кезде қазақ балалары ия журфакқа, ия
юрфакқа баратын кезі ғой. Техникалық институтқа аяқ
баспайтын, – деп бастады әңгімесін.
Сын кезінде барлық пәнді беске тапсырыпты,
бірақ оқуға түсе алмапты – он жетіге толмадың депті,
«сентябрьдің аяқ кезінде туғаныма мен кінәлідей,
содан университеттің физика-математика факультетіне
түседі». Сөйтіп, шпаргалка пайдаланып жүріп оқуға
түседі. Бірақ физика-математика дегеннен ештеңе
түсінбейді. Оны Омар Әлиге айтқан әңгімесінде
тәптіштеп баяндайды: «Біз оқыған мектепте физика мен
математикадан сауатсыз бір жарықтық сабақ берген
екен. Түк үйреткен жоқ еді! Саған өтірік, маған шын,
алгебраның өзін білмейтін едім, ...Екі-үш рет лекцияға
барып едім – шашым тік тұрды. Мен танымайтын
цифрлар, мен танымайтын әріп-белгілер. ...Ұялғаннан
лекцияға баруды қойдым. Содан әлі есімде, елу бесінші
жылдың бірінші январы келді, жатақхана іші гу-гу,
жаңа жыл кеші, демалыс бөлмеде би, ән, бөлмеде
жататын сегіз баланың жетеуі кеткен қыдырып, мен
жатырмын жалғыз, жұдырығымды басыма жастап:
төртінші январ күні матанализден бірінші сын,
қалың кітап Фишер, бетіне қарасам құсқым келіп,
басым айналады. Кітаптың дәл ортасынан ашып, бір
тақырыпты түсіну үшін алдыңғы жақтан үш теореманы
біліп алу шарт, соларды оқыдым. Сүйте-сүйте, сізге
өтірік маған шын, әлгі кірпіштей кітапты үш күннің
ішінде түгелдей, бір әрпін, бір ноқатын қалдырмай,
сноскасына дейін жаттап алдым!». Содан не керек,
емтихан басталады. Профессорға бірінші болып Омар
кіреді, қайдан салса содан шығады, судыратып тұр,
мүдірмейді. Физикадан да солай, ширатылып отырған
доценттың өзі таң-тамаша болады. Омекеңнің екпіндеп
алғаны сондай, «Сұрақтарды оқымай-ақ жауап бере
берем» дегенге көшеді. «Ал айт», айтады. «Доцент
қатты толғанды, орнынан тұрып кетіп ары жүрді, бері
жүрді, аудиториядан шығып кетіп басқа мұғалімді ертіп
келді. Екеуі мені тағы қуды, ұстатпадым. Ақырында
әлгі кісі, «қыстың күні экзамен үстінде сыра алдырып
ішіп, сызданып отыратын» әлгі кісі: «Сен, қалқам,
маған көмекші боласың» деді. Деді де сәл ойланып,
«Мен сені қызметке аламын. Оқу оқып жүріп, менің
лабораториямда қызмет істейтін боласың» деді. Деді де
сәл ойланып, «Мен мемлекеттің арнаулы тапсырмасы
бойынша бір зерттеу жүргізіп жүрмін. Кәдімгі пар бар
ғой, судың буы, соған байланысты. Парды, судың буын
білесің ғой?» деді. Мен судың буын білмейтін едім,
көзім жыпылықтап сыр беріп қойсам керек. «Будың
формуласын жазшы» деді. Жаңағыдай кірпіш кітапты
жатқа жазып тұрған мен үшін буды білмеу онша
үлкен қылмыс емес шығар деп ойладым да, шынымды
айттым, «Буды білмеймін» дедім. Доцентім талып
қала жаздады. Бу дегенді мектеп балалары сегізінші
класта өтеді екен. ... Әй марқұм-ай, осы күнге дейін
есіме алсам ішім өртеніп кетеді. ...мені жерден алып,
жерге салды, зачеткама екі қойып қуып шықты... Мен
коридорға шығып жылап жібердім, жылағанда да
әкем өлгенін естігендей боздадым. Қайта тапсыруға
барған жоқпын. Сол шыққаннан университетке қайта
кірмедім, біреулердің сөзіне еріп Мәскеуге кеттім,
сонда түсті металл институтына түстім». Міне,
Омардың оқу тарихындағы ұмытылмас бір белгі. Біздің
пайымдауымызша бұл оқиға Омарға екіден кейін
келетін үшті білмесе де, екінің алдындағы бірді білуі
шарт екенін мықтап ұқтырған, кез келген істің қисынын
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
(логикасын) ретке келтіре ойлауға дағдыландырған
оқиға. Оған «әкесі өлгендей» жылауы, бас-аяғы жоқ
шолақ біліміне қорлануы табиғатына сіңген тәрбиеден
шығар...
Алда-жалда буды біліп қап, ширатылған доцентке
көмекшілік қызметке алынып кеткенде бұдан сорақы
оқиға болатын шығар деп еріксіз күліп алдық. Бұл
енді тақырыпқа қатысы жоқ, оқиға желісіне оқырман
ретіндегі қызығушылық деп қабылданар дейміз.
Енді соққыға келейік. Соққының басы Омар өзі іштей
сезіп ғана қойған, мүмкін сезбеген мына бір жағдайдан
басталған негізі. Алматыдан келген екі жазушының бірі
Мирасты Омар танитын болып шығады. Екеуі бірінші
класта бір мектеп, бір класқа барған болып шығады.
«Ал сен менің есімде жоқсың» дейді Мирас. «Ол
түсінікті ғой, сен бұзық болатұғынсың. Қорланғанның
есінен зорлықшы шықпайды, зорлықшы қорлағанын
ұмытып кетеді, өмір заңы солай» дейді. Ал Омардың
қорлық көретін себебін мына бір сөйлемнен аңғара
беруге болатындай. Омардың әкесінің атын естіген
Мирас: «Тоқта, Тоқта! Балапан... Балапан! Ауылдың
шетінде ескі үй бар еді, ... «Балапанның үйі» деп жұрт
қатыспайтын».
Осы сөйлемде Омардың тарихы жатыр. Сөйлем
дейміз-ау, үтір-нүктесіне дейін үлкен мағына беріп
тұр. «Балапан...» деп бірінші айтқаннан кейінгі көп
нүктенің орнында Омардың әулетінің тарихы бар деп
топшыладық. Ол кезде «жұрт қатыспайтын» отбасылар
қандай отбасылар екені тарихтан аян емес пе?! «Халық
жауы» деп айдар таққан бай, молда, ағартушы, зиялы,
кілең ұлттың қаймақтары емес пе еді?! Мирастың есіне
мүмкін сол түсті. Әрине текті, ұлт қаймағы ретінде емес,
«Халық жауы» ретінде. Оның Омар туралы жазғалы
келіп, аяқ астынан бұзылып Алматыға кетіп қалуында
осындай сыр жатыр.
Омарға тиген бірінші соққы осы. Оны қасында
жүрген Әли түсінген жоқ, әрине. Мирасты да, Омарды
да. Қанша досы болса да «Әулетім осылай» деп Омар
Әлиге айтпауы да түсінікті. «Халық жауының» ұрпағы
екенін білген Мирастың іш тартуынан-ақ оларға деген
саяси көзқарастың қандай екені түсінікті емес пе!
Омардың: «...мамамнан «Халім нашар» деп хат алғанда
бармадым ғой! Кейін, абырой болғанда, «Түзелдім»,
келмей-ақ қой» деп телефон соқты. Ал қазір ойлаймын,
со кісі дүние салса мен бармас едім. Жаным соншалықты
күйзелді ғой... Неліктен дейсің? Сен, әрине, ойлайсың,
қызметінен түсіп қалғанына күйінді деп. Тіптен олай
емес!» деуін де енді түсінгендейміз. Омардың әйелі
Сәуле жайында: «Шешесі өз төркініне барып, жақын
ағайынның қызы, «кеудеден тепсең де кетпейтін өз
адамдарымыз» деп осы Сәулені жетектеп келген»
жайы да жоғарыдағы «Халық жауы» жағдайына
байланысты емес деп айта аламыз ба?! Жоқ! Омардың:
«- Мен қырық тоғыз дастан жатқа білем» деуі тегін
бе еді?! «Омардың өлең айтып, домбыра тартатынын
Әли сол күні білді, Омардан мұндай қылықты мүлдем
күтпеген». Омар бұл қасиеттерін бүгінге дейін ел түгілі,
досы Әлиге білдірмеуі бекерден-бекер ме еді?! Олай
емес, әрине.
Сонымен, «Омардың аюға атқан оғы Мамыржанның
баласы – Дулатқа тиген» деген жаламен ауыр-ауыр
соққылар тізбегі басталады. Қалалық совет төрағасы
деген дүркіреп тұрған қызметінен босатады. Біреу
орнына отыра қалмақшы болып онан ары жарға итереді,
біреу арызды қайта-қайта қарша боратып қаматып
жібермек болады, біреу кекетіп қорлайды, біреу мұқатып
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
қорлайды, біреу бұрынғы жұмысшылармен бірге қара
жұмысқа салып мазақ етеді, біреу сәлемін алмай, біреу
сәлем бермей мұрнын шүйіреді, біреу бұрын Омардың
астындағы аппақ волгамен дәл қасынан зымырап өтеді,
жай өтпейді: «біздің жағдай осындай, сенің жағдайың
қалай, ей Омар?» деп өтеді. Кешеуілдеп болса да
бірлі-жарым ақыл қосып, жанашырлық білдіргендер
жоқ емес, бірақ «Қайғыны бөліссең азаяды» дейтін
қазақтың біреудің қайғысын бөлісер баяғы заманы емес
қой бұл. «Ағайынның қадірін жалалы болғанда білесің»
дейтін қазақтың «Ағайынның қашқанын жалалы
болғанда көресің» дейтіндей заманға ауысып алғалы
қашан! Оның үстіне Омардың қайғысы «қызметтен
түсіп қалдым» деген секілді ғана емес, тым тереңде, тым
арыдан, іштен кеміретін жегі болатын. Мына заманда
оны кім, қалай бөліспек!? Біз жоғарыда сөз еткен
«қуанышты да, қайғыны да сабырмен қарсы алатын»
аталар тұсында қайғыны бөлісер ел, жалалы болсаң
жабылып кеп құтқарып алар ағайын жұрт бар еді ғой!
Қазір қайда олар? Жоқ қой! Бәрі өліп қалған жоқ, тірі
ғой, бірақ, жоқ қой! Замана диірменінің зәһарлі тісіне
бір жаншылып түсті емес пе? Жаншылып қалды емес
пе! Болмыс!
«Алғашқы үш күннің қалай өткен бұлдыр, ұйқылы-
ояу бір халден айықпады, ояу жүрген тәрізді, бірақ
қимыл-әрекеті берекесіз, өз еркінен тыс, қиқы-жиқы,
үзік-үзік, жүріп келе жатып қалғып кететін сияқты,
жатса жүріп кететін сияқты, бір сәт қалжырап көз
жұмса астындағы жер қозғалып жүре береді, аяқтары
өз-өзінен серпіліп кетіп, бар денесі дір ете қалады да,
шошып оянып көзін ашып алады, оянғаны емес бірақ,
әлде тұман, әлде бұлт сейілмейді, шырқау биікке
шалқалай жатып қалықтайды, ләззат сәтін тапқандай
болады, іле-шала аяқ-қолы қайта серпіліп, денесі дір
етеді де, көк аспаннан әлдебіреу тастап жіберген қара
тастай құлап бара жатады, айқайлап жіберіп атып
тұрады, суық терге малшынып қалғанын сонда біледі.
... Күні түнге айналды, түні күнге айналды». «Аблезге
жал бітіп табан астында қоңданып шыға келгеніне таң».
«Өзімен-өзі салғыласып, сөз таластырып, ойқуалап
кететін әдеті еді, тоқтай алмай қалатын. «Күтіп-
ақ жүрген екен ғой, сорлы!», «Енді қалай? Құлан
құдыққа құласа құлағына құрбақа ойнамаушы ма еді?»,
«Сөйтетін», «Ендеше несіне таңғаласың? «Ондайлар
сөйтеді».
«Омардың жуынып, киіне бастағанын естіген болар,
жатын бөлмеден Сәуле мен Зәуре шықты, соңғы үш
күн әлетінде екеуі Омардың көзіне түспеуге тырысып,
үйіне бұғып қана үн-түнсіз жүрген, екеуінде де зәре-құт
қалмаған, үрпиіп Омарға үрейлі қарайды.
– Папасы, тұрдың ба? – деді Сәуле өзін-өзі
зорлағандай, үні әрең шықты. Жайшылықта әкесінің
мойнынан асыла кететін Зәуре бата алмай, кең коридор
ортасында шошайып жалғыз тұр. Қызына Омардың
жаны ашып кетті; «Енді не болдық, шаңырағымыз
ортаға түсті ме?..» дегендей шешелі-балалы екеуінде де
ұсқын жоқ. Екеуіне жұбаныш сөз айтып, күле сөйлеуге
міндетті екенін біле тұрса да Омар аузын аша алмады,
өңешіне тас тығылғандай тынысы тарылып, ауа жетпей
тұрып қалған...
Жоқ жерден семьясының бейшара бола қалғанына,
оларға қысылып өзінің мүсәпір бола қалғанына
Омардың жыны келді, ...Сол бір ызаның әсерімен
Омар көшеге шыққан...».
Ерегес. Омардың ерегісі тікелей адаммен емес,
ғылыммен болды. Яғни қоғамға ерегісін ғылым арқылы
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
көрсетуі. Қазақ ретінде «мен де ғылымды бағындыра
аламын» деген ерегісі. Есігін іштен іліп алып, күндіз-
түні айналысты. Өзін соған саналы түрде салды. Ол
туралы кейін Әлиге айтқан әңгімесінде: «Теориялық
бір тақырыпты мен он жыл айналдырдым. Он жыл! Он
жыл түк шығара алмадым десем де болады. Адасқан
адам адастым деп ойлаған жеріне қайтып айналып келе
береді екен, менің халім дәл солай еді, сол түйіннің
шешімін, он жыл таппаған шешімін, саған өтірік, маған
шын, мен жиырма бір күнде таптым да, шештім де. Бір
жамандықтың бір жақсылығы бар деген, мына шатаққа
ұрынып ыза болдым да ышқындым, ышқындым да
таптым. Содан кейін селсоқ халге түскенім заңды.
Мен босанған ананың қалпына келдім. Менің қазір
құр сүлдем қалған. Бұл азаптан құтылуым үшін мен,
анайы тілмен айтқанда, қайта жүкті болуым шарт.
Ыза болуым керек, өзімді өзім жеңуім керек! Сонда
мен анау неандерталецтерді, маймылдан гөрі жақын
туыстарымды быт-шыт етер едім, мың қарғаға бір кесек
сонда болар еді».
Омардың осыдан кейінгі ерегістері қырсықтыққа
ұласқан. Өзіне қатысы шамалы төбелестерге киіп-
жарып кіріп кетеді немесе адам ойына келмейтін
қитұрқы әрекеттерге баратын болған. Атқан үйрегі арғы
жағадағы қамыстың арасына түсіп «бетіне қағаз тастасаң
түбіне тартып кететін»Үкікөз көліне қойып кетеді.
«Өлдім-талдым» дегенде жағаға әрең шығады. Үйрек
атуы да адам ұққысыз: «Әлаға, бұның ғажайып сыры
бар! Бұл тегін үйрек емес, бұл... – принциптің үйрегі!
Түнде өзіме серт қойдым «Ата алмасам маған серт,
Күрең-Мірім, тигізе алмасаң саған серт» деп. Көлденең
ұшқан көк үйректі көлденең өткен көк атты атып ала
алады. Мен түнде серт еттім «Маңдайдан келген
немесе кеткен құсты атам» деп. Және «Екі оғымды да
бір үйрекке тигізем» деп. Орындадым, сертіме жеттім!
Міне, қара, Әлаға, міне, бір оқ алқымынан тиген, міне
бір оқ қарнынан тиген, көрдің ғой.
Омардың үйрек деп ұстап тұрғаны үйрек емес, екі
оқ тиіп парша-паршасы шыққан үйректің қалдығы еді,
соны бір қанатының ұшынан салбырата ұстап:
– Енді бітті, енді болды, енді мен қайтадан адаммын,
Әлаға. Адаммын! – деді».
Қайда, онымен бітпейді, онымен болмайды. Арасында
Академик ұстазы Александр Александровичтен хат
келіп, жиырма бір күнде ашқан ғылыми жаңалығынан
жақсы хабар келеді. «...Сіздің халық айтатындай
сүйіншіні маған бересің! Сонымен, байқап отырсың ба,
доктордың, тіпті академиктің куәлігі қалтаңда жатыр...»
деп жазыпты тіптен. Қуанады, әрине, көңілі көтеріледі.
Бірақ ерегіс тоқтамайды, жалғаса береді. Омарды әрі
қайрап, әрі сабасына түсіріп, әрі шерін тарқататын
баяғы қырық тоғыз дастаны бар, соның бірін айтады да
жүреді. Әсіресе ғашығы Ұлмекен есіне түскенде айтады.
«Әй батырым, батырым, сөз айтады алдыңда, Сыпыра
жырау пақырың: ханы, халқың жиылып, айта отыр деп
біздерге, құлақ салып тыңдасаң біз айталық сіздерге!
Аруақты туған ер болсаң – неғыласың бір қызды? Жас
балаша жайдақтап, жас тайлақтай ойнақтап, шыға берме
түздерге! Мына туған ханыңыз, қимылдаған жаныңыз,
сый қылады алыңыз! Қара лашын береді, көлден-көлге
шүйсейші! Қара арғымақ береді, елден-елге мінсейші!
Балдағы алтын ақ берен, мұны саған береді, аш беліңе
ілсейші! Бадана көзді кіреуке, мұны саған береді, баса
келіп кисейші!».
«Неғыласың бір қызды?! Бес жүз атан береді,
Шағаннан көшсең суытып, бес жүз бие береді,
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
желілеп бұны байлашы! Неғыласың бір қызды?! Бес
жүз ауыл береді, өз алдыңа сұлтан боп, сүйген жерің
жайлашы! Неше батыр болсаң да алмаймысың бұл
сыйды, неғыласың бір қызды?!». Бұл жырдың айтпағы,
бұл жыр арқылы Омардың айтпағын тарқатып сөз
ұзартпай-ақ қоялық. Дәл түсуіміз де неғайбыл.
Жырдың «Неғыласың бір қызды?!» деген жері өзін
Ұлмекеннен алыстатуға тырысқан жағдайда ойына келе
беретін болуы керек. «Өз алдыңа сұлтан боп, сүйген
жерің жайлашы!» деген де ойына бекер келмесе керек.
Ұлмекенмен біржола қоштасып келе жатып «Бұл
да бітуі керек еді, бітті міне!» деп қорытып келе жатып
қырсық ерегісі тағы ұстады. Ташкентке барар жолда
кезігіп жолдас боп қалған Төлбасы көрсеткен өзеннің
үлкен оппа иірімі бар еді, «Киімшең қалпы сүңгіп
кеткен, ...бар денесін суыра тартып, сорып бара жатқан
ғаламат дүлей дүниені сезінді. Өмірмен қоштасар шақта
адамның әр минуты мың секунд болып кете ме, қалай,
Омар өзіне-өзі соншама баяу, асықпай қимылдайтындай
көрінді. Денесінің салмағы зіл қара тас, қолын жұлып
барады, әне-міне кеттім деп ойлады». Сөйтіп, су ішінде
арпалысып жүріп бір қолы шеңберге ілінеді, су ішінде
іштей өз-өзіне сөйлеп жүреді. «Саспа, Омар, саспа,
жүзге дейін жүз, жүз әлі болған жоқ... Енді екінші
аяғыңды аналарға бер!». Сырттан біреулердің көмекке
келгенін біледі... Есін жиса асфальттың үстінде жатыр.
Төлбасы боқтап тұр: «Әкеңнің ғана!.. Жынданып
кеткен иттің баласы!».
Оппаға жақындай бергенде Омар өз-өзіне «Егер...»
деп еді, сол ойын жағаға шыққан соң ары қарай
жалғайды: «Егер осыдан осы оппаны жеңсем – жеңдім,
жеңбесем – өкінішсіз-ақ кеттім бұл жалғаннан!» демек
еді. Төлбасы бекер араласыпты-ау... «Өзім жеңгенде
тез ұмытатын едім, тез ұмытатын едім ол бейбақты. Әлі
де ұмытамын, ұмыта аламын мен. Мен мен ғой!».
Омар өзін сабырға көп шақыратын. Сәлде болса
шері тарқап қала ма, әсіресе осындай бір ерегістерден
кейін, өзін алдарқататын: «... Сен... әлдекім емессің
сен, қолтықтың кірі емессің сен! Бұл дүниеге келгенде
арқалай келген зілқара жүгің бар – соныңды өрге
сүйрей бер, сүйрей бер. Жауға қарсы шапқан ер ауыл
үйдің итін қуалап кетсе не болмақ? Масқара болмақ.
Соны ұмытпа, соны ұмытпа, соны ұмытпа!».
Қайда, қайта басталады ерегіс. Ішкі ерегіс. Самолетте,
«Ташкент –Шевченко – Баку» деген рейсте отырып:
«Маңғыстау – қазақтың бет-ажары десек, жүзіңді
замандар оспасы, замандар қамшысы көп тіліпті-ау,
елім!» деген. Бұл Маңғыстауға ғана айтқан сөз емес
әрине, «қазақтың бет-ажары» дейді, Маңғыстауды
айтып отырған соң қисын бойынша сөйлем соңын
«жерім!» деп аяқтау керек еді ғой, жоқ,«елім!» дейді.
Замандар оспасы, замандар қамшысы айғыздап тұрып
тіліп кеткен қазақтың бет-ажарын, болмысын ойлайды.
«Көкте бұлт сөгілсе – көктеп болмас, не пайда, көктегі
жұлдыз сиресе – септеп болмас, не пайда?! – деді
Омар «неғыласың бір қызды?!» дегенді айтқысы
келмей». Қасында отырған келіншек ол сөзінің мәнісін
сұрағанда бірінші сөйлемінің мәнін өтірік айта салған.
Ол да тоз-тозы шыққан ел жайлы, қазақ жайлы еді.
«Көктегі сөгілген бұлтты көктеу қалай мүмкін емес
болса, тоз-тозы шыққан қазақтың мына күйін баяғы
қалпына келтіру сондай мүмкін емес-ау!..» деген
мағынамен айтып отырған шығар, бәлкім. «Неғыласың
бір қызды?!» дегенді айтқысы келмегені де содан шығар.
Ұлмекенді ұмыту туралы өзін қамшылап: «Жауға қарсы
шапқан ер ауыл үйдің итін қуалап кетсе не болмақ?»
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
дейтіні де Омардың негізгі мақсаты қыздан өзге асу
екенін анықтап тұрған жоқ па?!
Әлидің жалғыздыққа төзбейтіні жайында осы
тақырыпта айтамыз деген едік, сөз реті келгенде
қыстыра кетейік. Ол Әлидің көп ойланбайтындығынан,
қолды бір сілтеп қоя салуынан еді. Ойланбаған адамның
сөйлегісі келеді, сөйлегісі келген адам топты, ортаны
іздейтіні заңды ғой. Ал, Омардың осы кешіп жүрген
күні сол ойланудан, ойланған соң ерегісуден болады.
Ерегіске (рингке) шықпаған адамда жеңіс жоқ екені
түсінікті.
Тағы ерегіс. Самолетте қатар отырған келіншек
жайлы ойлайды. Күйеуі қасында отыр. Соған ерегісе
ме, қалай? «Бір қисайса түзелмейтін қудың өзісің-ау,
ана маубастың сорысың ғой. ...Осының Ұлмекеннен
несі кем? Анау маубастан тартып алып кетсем бе екен?
Мені жұрт аямағанда, жұртты мен неге аяймын, неге
мен болашақ Аблезді аяуым керек? Ең болмаса бір езді
жеңіп мерей тауып, рахаттануым керек та!». Бұл қауіпті
ерегіс еді.
Сілкініс. Самолет. Бұл жоғарыда айтқан «үшінші
кезек». Автордың Омарға дайындаған жойқын сілкінісі.
«Сол кезде, сол сәтте... самолеттің құйрық жағынан лап
етіп жанып, лап етіп өшіп тұрған жалынды көрді, жай
жалын емес, қоп-қою қара түтіні бар жалын. «Өртене
бастадық!» деген ой сап етті. «Өртене бастадық!», «О,
сұмдық!». Алғашында жалынды Омардан басқа ешкім
көрмейді. Ол қорыққанның орнына қуанды. «Аспанда,
осы биікте жарылатын боламыз», «Мен қуанамын ғой!
Рас қуандым, осындай шыңырау көкте қаза бергеніңе
рахмет, тағдыр!».
Самолеттің арт жағы, двигательдің өртеніп келе
жатқанын тұтас жолаушылар білгенде самолеттің ішін,
самолеттің ішін ғана емес-ау «қазақтың бет-ажарындай
болған» Маңғыстаудың аспанын сұмдық үрей, жан
шыдатпас шыңғырыс кернеп кеткен еді. Кейбірінің
жүректері отырған жерінде жарылып кеткен, тоқтап
қалған. Әрине, олар өлім туралы ойлап үлгерген де жоқ
еді. Ол отты Омар көргелі қай уақ. Омардың ойлары
сол кезде-ақ өліммен астасып кеткен. Бетпе-бет келіп
қалғанын тұтас жүйке-жүйесі, өне-бойы тұтастай
сезініп еді. Бұл жойқын сілкініс Омардың мына қоғам,
жүйеге деген өшпенділігінің түп-тамырын қопарып
шығарып еді.
«Егер адам өлмейтін болса жер бетінде жамандық,
зұлымдықтан аяқ алып жүру мүмкін болмас еді, адамды
адам ететін өлім да!».
Бұл жерде Омардың ойындағы: «Адамды адам
ететін еңбек деп Дарвинің де, өзгең де оттайсыңдар,
адамды жаратқан Құдай» деген сөз еді. Бұл жерде
барлық мән автордың «Адамды адам ететін...» деп дәл
Дарвин сөзінің формасын алуында жатыр. Соған қарсы
айтылған сөз ғой бұл! Және «адам өлмейтін болса»
дегені, адам көбейіп кеткендіктен зұлымдық қаптайды
емес, «өлімнен кейінгі өмірді ойламайтын болса»,
«күнәдан қорықпайтын болса» деген мағына айқын
көрініп тұр. Абайдың да «...Ертең өзің қайдасың,
білемісің, Өлмек үшін туғансың, ойлан шырақ!» дейтіні
осы емес пе?!
Осыған жалғас, самолеттен түскеннен кейін, залдың
оңашалау бір түкпіріне барып отырғандағы ойы осы
шығармада шешуші мән алатын сөз болса керек-
ті. «Жаным қорықпаса да тәнім қорқыпты, ойым
қорықпаса да бойым қорқыпты! Мына балшық пен
судан жаралған дене... адамды қорқақ ететін осы ғой!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
– деп жігіт өзінің білектеріне қарады. – Дүниедегі
зұлымдықтың дені қорқақ адамдардан!».
Міне, керемет! Қорқақ кім? Қазақ айтады:
«Құдайдан қорықпаған Құдайдан басқаның бәрінен
қорқады» деп, Омар сол Құдайдан басқаның бәрінен
қорқатын қорқақтардың қорқақтығынан қорқады.
Ташкентке бара жатқанда батырсынып пойызды
басына көтерген «әншілерге» қаны қайнап еді, сонда
Омар не ойлады? «...өзім барып тиіссем, жұрт ұйықтап
жатыр, шу көтеріліп кетеді, ыңғайсыз. Тамбурға шығып
сөйлесуге бұлар қорқақ. Қорқақ адамның қолы жылдам,
пышақ салып алудан тайынбас. Енді не істеу керек?».
Міне, Омардың қоғам үшін қорқатын адамдары. Айтты
емес пе қазақ «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп.
Залымдық пен зұлымдықтың дені солардың қолымен
жасалады, жасырын, зымияндықпен жасалады. «Мен
мұндалап тұрған дұшпаның болса ғой, алыса кетіп, не
жеңіп, не жеңіліп шығатын!» деп армандайтыны да
сондықтан ғой Омардың, сондықтан!
Уай, Омар! Ауызекі сөздің бәрін де «ет пен
сүйектен жаралған» деп айтылып кете беретін сөзді
неге арнайы түрде «балшық пен судан жаралған» деп
айтты екен? Бекер ме ол? Жоқ! Бұл шығармада бір
сөйлем бекерден-бекер айтылмаған. Қасиетті Құранда:
«Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан
кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. Сосын
тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек
ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет
қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып,
жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла» дейді.
Міне, мұны енді Омар айтып отырған жоқ па! Және бас
көтертпеген ауыр соққы, өзі құтыла алмаған ерегістен
мына сілкініс сілкіп-сілкіп алған сәтте айтып отырған
жоқ па! Тулай-тулай тұншығып бара жатқан тұсында
мың күмәндар мен тұмандардың ішінен суырып алған
жоқ па бұл сілкініс! Енді Омарды ешкім жеңе алмақ
емес. Енді, міне! Омар! Соққыға ұрынған, сүрініп,
жығылып, ерегісіп жүріп осындай жойқын сілкіністе
қынабынан суырылып шыққан қаратамақ найзасын
Дарвинның сандырағын өзек еткен Кеңес үкіметінің
өңменіне тіреп отырған жоқ па?! Тіреп отыр!
Иә, ол кезең Алланы айтқызбайтын кезең. Әйтпесе
автор Мамыржанның шахтаға түскендегі бейнесін сөз
еткенде: «Мамыржан болса: «Бысмылда, - деп қалғанын
өзі сезбеді, өзгелердің естімегеніне қуанды»деп айтар ма
еді? Сөйте тұра автор мұсылманшылықтың көріністерін,
белгілерін көптеп келтіреді. Самұраттың Терентий
деген кержақтың қорасына шошқа түсіріп жатса да:
«...Менің мұсылман екенімді сезе ме, әйтеуір бағынар
емес» деуі, Омардың арақ ішу мен қою жайы, бәрі-бәрі
автор әдейілеп көрсеткен мұсылманшылық болмыстың
айқын көріністері емес пе?! «Кейін білді: бұл ауыз ашуға
жиналып отырған кемпірлердің үстіне кіріп барыпты,
дастарқандарын таптап, ыдыс-аяқтарын сындырыпты.
Содан оншақты күн ұяттан ес жия алмай, өзін қоярға
жер таба алмай, бұдан да өлгенім жақсы еді деп өкінгені
есінде. Арақты бастағаны да, тастағаны да сол. Сондағы
ісі есіне түссе, осы күнге дейін маңдайынан тер шығады».
Шығармада Құдагелиев деген бастықтың әйелімен
келе жатып машина шырғалаңына ұшырайтыны бар.
Аман қалады. Сонда ол есін жия салып күнәларын
еске алып, кімге зиян жасағанын санамалап кететін еді.
Санамалағанда да қызық, келген ізімен кері жүгірген
секілді, машинаға отырардың алдында кімге не істедім,
кеше кімге зорлығым өтіп кетті, оның алдындағы күні
ше дегенді ойлайды. «Иә, ана бала волганың сырылған
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
жерін сырлатпай-ақ қойсын, өзім сырлатам» деген
секілді өте шолақ, өте тар ойластырады. Бірақ ол бұл
тәубесін тез ұмытады. Иә, шексіз құдіретті әділ күштің
барын түйсінеді, бірақ онысы сәттік қана тыз етпе сезім
күйінде ұмытылып қала береді. Ұмытылады. Өйткені
ол күрескен жоқ, соққы алған жоқ, ерегіскен жоқ.
Ондайлар көп, өте көп. Құдагелиевтың басынан өткен
сілкіністі де автор тегіннен-тегін беріп отырмағаны
осыны аңғарту үшін шығар. Иә!
Аңдатпа. Романның жазылуында бір өзгеше тәсіл
бар.Романда оқып келе жатқан оқиғаңыз енді бір
үлкен оқиғаға орын берерде бір бүйірден автор келіп
кіріседі, сіз қуалап келе жатқан оқиғаның соңы алда
қалай болатынынан алдын ала сәл ғана аңдатпа береді.
Мысалы: «Мына дүмпу, мына соққы Алексеевті
де састырған, ол әлі кейін талай өкінер, бірақ қазір,
шешуші сәтте үндей алмай қалғаны рас еді». Оқырман
Алексеевтің өкінетінінен хабардар болады, сосын
қалай өкінетініне қызығушылық танытады. Сөйтіп,
ынтыға алға жылжумен келесі оқиғаның құшағына еніп,
қызығына түсіп үлгереді.
Осы зерттеу еңбекті жазар кезде пайдаланғанымыз
Әкім Таразидың 2013 жылы «Фолиант» баспасынан
шыққан VІІ томдығының І томы – «Тасжарған»
романы еді. Роман 395 беттен тұрады. Әдетте көп
оқырман көңілінде «соңыңда бас кейіпкердің тағдыры
не болды?» деген төңіректе сауал туындайтын заңды
ғой. Сондай сауалға 395 беттік романның 380-бетінде
аңдатпа жауап та беріліп қойған секілді. Ұлмекенді
«ұмытам» деп өз-өзіне серт бергеннен кейін, автор
кірісіп: «...жүрегің әлі талай Ұлмекеннің бейнесін танып,
әлі талай қуанарсың, қуанарсың да шошынарсың!
Машинамен зулап бара жатып шоферыңа әлі талай
«тоқта» деп айқайларсың, талай рет түс көріп, қызық
киноның лентасы үзілгендей өкініп оянарсың әлі» дейді.
Роман соңында көз алдында Шевченко қаласының
жайнап тұруы да сілкіністен кейінгі Омардың
жандүниесін аңғартса керек.
Тасжарған.
«Тасжарған»
романы
жайлы
зерттеушілердің, пікір айтушылардың алды да, соңы біз
емес. Бұрын да айтылған, кейін де айтылады. Десе де,
әр кезең, әр дәуір өзінің көзімен қарайтынын түсіндік.
Сондықтан бұл роман жайында бұрынғы айтылған
бірер қаламгердің пікірі мен автордың азғантай ойын
бере кеткеніміз жөн шығар деп таптық.
Қазақстан жазушыларының VІІІ-шы съезінде
«Совет халқының жасампаздық еңбегіне лайық
болайық» атты баяндама жасаған Қазақстан жазушылар
одағы басқармасының бірінші секретары Жұбан
Молдағалиев екі бірдей автордың екі бірдей романын
қосақтай келіп: «Ә.Тарази мен Р.Тоқтаров романдары
өмірдегі оралымсыздықтар мен үйреншікті әдеттен
шықпаушылыққа, адамдардың дүниеге көзқарасындағы
соқырлығы мен рухани мешеулігіне шабуыл жасауға
арналыпты. «Тасжарған» және «Жердің үлгісі»
романдарының кейіпкерлері – ғылыми-техникалық
интеллигенция өкілдері. Жазушылардың творчествалық
және адамгершілік биік мұраттардағы ізденістерінің
бағыт-бағдары ешқандай күмән туғызбайды. Алайда,
кейіпкерлерінің есте қаларлықтай, яки оқырмандардың
жанды жеріне дөп тиетіндей қимыл-әрекеті аз; міне,
осындай кемшіліктердің салдарынан бұл романдар
өздеріне лайық ауыр жүк арқалай алмай тұр» дейді.
«Қазақ әдебиеті» газетінің 1984 жылға санында
жазушы-драматург Дулат Исабек: «Бүгінгі заман
тақырыбын арқау еткен бұл интелектуалды шығарманың
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ шынайылығы шындығында дер едім, бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған заманның бар сипатын табиғи қалпында суреттей білген жазушыға разы болмасқа болмайды» десе, аталған газеттің дәл осы нөмірінде жазушы Қалихан Ысқақ: «Автор қаламына тән тапқырлық – адамдар бойындағы әр қилы қасиет пен характерді нанымды аша білуінде» депті. Жазушының шығармаларына бізден бұрын біраз зерттеу жасаған филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаұлымен болған бір сұхбатында біз шығармасын талдап отырған жазушы Әкім Таразидың өзі бүгінге дейінгі шығармашылық кезеңін үшке бөліп айта келіп: «... Екінші – «Бунтующий Аким» деп атадым немесе өліспей беріспеуге шыққан Әкім. 1972-1982 жылдар аралығы. Шығармадағы барлық салмақ, ойды шығарманың өзінің ішіне тығып тастап, түсінсең де осы, түсінбесең де осы деген мағынада жазып отырдым. Мәселен, өзімнің үш жыл уақытымды алған «Тасжарған» романы» дейді. Расында автор айтса айтқандай қалың қатпарлы, аса күрделі роман екенін осы талдауымыздан да аңғаруға болатын шығар. Енді осы романды зерттеп, талдаушы ретінде роман жайында біз де бір-екі ауыз түйінді сөз айтуға талпынып көрсек дейміз. Жоғарыда «Бұл романда бір оқиға, бір сөйлем, бір сөз тегін айтылмаған, бір кейіпкер бекер кірмеген» деген едік, сол сөйлемді қайта қайталауға тура келеді. Біз бұл зерттеуімізде сол оқиға, сол кейіпкердің барлығын дерлік қамти алмадық, олардың да шығармада атқарған міндеттерін ашып көрсете алмадық. Зерттеуіміздің тым ұзарып кетуіне байланысты, тіпті, Адмирал және Аспанбай сынды аса маңызды кейіпкерлердің өзіне тоқтала алмадық. Бұ жерде де айтпағымыз ол емес еді.
Айтпағымыз, шығарманың жазылу тәсілі жайлы
еді. Романда Қойкелді дейтін кейіпкер бар. Омардың
нағашысы. Өз тағдырын Тасжарған қаласымен бірге
көреді. Ол сол қоғамның қыр-сырын әбден меңгеріп,
жүйенің, айналасының өзіне істеген арамдығын өзіне
қайтарып істеп отыратын қақпан баспас қағылез
адам ретінде бейнеленеді. Шағын шаруашылықты
шашауын шығармай ұршықтай иіріп отырып: «Шіркін,
өзіміз деген ел басқарудың профессорымыз ғой!..»
дейтін еді. Сосын романда автордың сол Қойкелдіге
байланыстырып айтатын қызық екі сөйлемі бар:
«Қойкелді анау деп нұқып көрсетпейді, атымның
ізінен аңғар дегендей ойқастап, ауыл төңірегін айнала
шабады» және «Алтайы қызыл түлкі өз ізін өзі кесіп,
сан бұралаңға салып жүріп-жүріп келіп, тіке тартады.
Қойкелді негізгі ісіне көшті, ...».
Роман тура осы Қойкелдінің стилімен жазылғандай
көріне береді. Аждаһа жүйенің айтқызбаймын деген
дүниесінің бәрін, бірін қалдырмай айтудың тәсілін
табады. «Атымның ізінен аңғар» деп айнала шабады,
сосын, «тіке тартады!». Сондықтан «Тасжарған»
романы қазақтың сан ғасырлардан келе жатқан
қоғамдық жүйесі мен кісілік ұлы құндылықтарын,
ұлттың өнегелі де өзгеше болмысын аяқасты еткен аяр
қоғамның, аждаһа жүйенің арамдығын аямай ашып
берген, сол кезеңнің өзінде тұрып ашып берген күрескер
роман, күрескер болмыс дер едік. «Тасжарған» десе
Тасжарған!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Әлемде миллионнан астам оқырманы
бар қазақ романы жайлы толғаныс
«Қорқау жұлдыз»
романындағы кейіпкерлердің
сыртқы сипаты мен ішкі болмысы
Жазушының бұл романы қазір әлемде үлкен
сұранысқа ие. Роман ағылшын тіліне аударылып,
әлемдегі көптеген елдерде интернеттік сатылымға
түсті. Қазірге дейін миллионнан астам оқырман
интернет арқылы сатып алып оқығанына сол сайттың
өзінде көрсетіліп тұрған цифрдың өзі факт. Ал
адам көбінде тегін емес, ақшаға сатып алған дүниені
пайдаланбай (оқымай) қоймайды. Ендеше, өз ішіміздегі
оқырмандарды есептемегенде тек қана шетелде
миллионнан астам адам оқыған бұл романның жалына
біз де жармасып көрмекпіз. Оқып қана емес, талдап,
талқылап. Тәуекел!
Бұл романды қолына алып оқи бастаған адам
жазық даладағы жалғыз қаңбақтың боран басталған
сәтіндегі күйін кешеді. Ағасы Жанәли бас кейіпкер
Лиманы Қазақстандағы Майқорық аталатын ауылдан,
оқырманға жұмбақ жағдайда сонау Ташкентке қалай
дедектетіп ала жөнелсе, роман жай ғана бетін ашып оқи
бастаған оқырманды дәл солай дедектетіп ала жөнеледі.
Ала жөнеледі де, Ташкенттен жиырма шақырым
жердегі Қызылжиде аталатын қазақ ауылына әкеліп
бір-ақ тірейді. Енді бәрі осы жерден басталады.
Мақаламыздың оқырманға анағұрлым ұғынықты
болуы үшін мынадай бір тәсілді қолдануды оңтайлы
санадық. Талдауды алдымен романдағы оқиғаны
бастан-аяқ баяндау, сосын барып кейіпкерлер жан
дүниесіне, сыртқы әрекеті мен ішкі болмысына барлау
жасау, оны сол кезеңдегі ортамен байланыстыру сынды
басқыштармен жүргізсек дейміз. Бұл оқырманның
осы жұмысты бастан аяқ түсініп, әрі жеңіл оқуына
пайдасын тигізер бірден-бір жол болмақ. Олай дейтін
себебіміз, бұл романның оқиғасын бір ғана бетпен, тіпті
жарты бетпен баяндап беруге болады. Оқушыға жалпы
оқиғаның бас-аяғын баяндап берген соң, оған талдау
жасау бізге де жеңіл болмақ. Алайда романдағы әр
кейіпкерлер болмысын бұтарлап отырып талдап беру
роман көлемінің өзінен неше есе көп материал болар
еді. Тіпті шығарманың бүкіл құпиясы жасырылған
соңғы сөйлемді оқығанда бұл романнан кейін оқырман
санасында тағы бір роман туындай бастайды.
Жазушының емес, есті оқырман өз көкірегінен бір
романның бас көтеріп келе жатқанын іштей сезеді.
Оқиға. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары.
Романдағы бас кейіпкер (Сәлима) Лима деген қыз.
Алматыдан оқып ауылына келген жоғары білімді
мұғалім. Ішкі тәртібі мықты, Қараспан аталатын
қазақы әулеттің қызы. Романның ортасынан ауғанша
оқырманды елеңдетіп, қатты мазалайтын бір сұрақ бар.
«Лима не істеп қойды екен?». Өйткені осы қылығы
үшін Лима осы әулетті жерге қаратып, осы әрекеті үшін
ағасы Жанәлиді күйзеліске түсіріп, осы әрекеті үшін
Майқорық аталатын өзі туып өскен ауылынан өмірі
аяқ басып көрмеген, бірде-бір туысы жоқ қиырдағы
Ташкентке «жер аударылады». Осы әрекетінен бастау
алған оқиғалар тізбегі бірін-бірі тудыра келіп, ақыры
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Лиманың өзін-өзі алаңда өртеп жіберуіне әкелген
сұмдық оқиғаға ұласады.
Бәсіре ағасы Жанәли Лиманы Ташкенттегі досы
Сәрсенбайдың үйіне әкеліп тастағаннан кейін «Мен
бірдеңе демей бұл жерден ешқайда кетпейсің» деп
тапсырып кетіп қалады. Айлап-жылдап келмей кетеді.
Қыз сол үйде тұрып, сол ауылдың мектебінде мұғалімдік
қызмет атқарады. Ауылын, ата-анасын сағынғанда
жынданып кете жаздайды. Ойсоқты күй кешеді.
Өзін-өзі әбден жазғырады. Іштей мүжіліп бітеді.
Сөйтіп жүріп Сәрсенбайдың мұртын шайнап сөйлейтін
парықсыз, пақыр інісі Арасанбайға тұрмысқа шығады.
Қайғы мен қасіреттің көкесі содан кейін басталады.
Жанәлидің досы Сәрсенбай осы ауылдың мектеп
директоры. Әйелі Ұлжан, інісі Арасанбай сол мектепте
мұғалім. Енді оларға Лима қосылды. Ағайынды екі үйлі
жан түгел бір мектепте. Лиманың Арасанбайға тұрмысқа
шығуымен қатар ауылдың мектебіне Түнғатар Омаров
дейтін мұғалім келеді. Романның ендігі «әлегі» осы
Түнғатармен болмақ. Түнғатар жайында бөлек тақырып
жоспарланған, оны кеңінен қозғайтын боламыз. Роман
өзегіне де осы Түнғатар арқылы бойлаймыз. Әзірше
шығарма оқиғасын ары қарай баяндайық. Ол келісімен
ауыл мектебінің облысты шулатар оқиғалар тізбегі
басталады да кетеді. Лима Түнғатардың ұстаздық
біліктілік, сабақ беру тәсілін ұнатады. Түнғатардың
оқыту тәсілін оқушылар да жақсы көріп, бірінен-бірі
асырып мақтап жатса да директор мен өзге мұғалімдер
түгел қарсы болады. Жай қарсы емес, тік шапшып
қарсы болады, тіс-тырнақтарымен қарсы болады.
Кәдімгі кірпідей жиырылып, түрпідей тиіседі. Сол үшін
мектепте небір айтулы айқай-шулар көтеріліп, небір
сорақы сөздер мен оқиғалар орын алады.
Осы күндердің бірінде Лиманың класы озат болып,
оқушыларын ертіп Ташкентке барады. Сол кезде
оқушыларын ертіп Түнғатар да Ташкентке барады.
Сол күні кеште Лима қасына бірнеше оқушы қызды
ертіп Түнғатардың бөлмесінен шай ішіп, жақын
таныса отырып өмір тарихынан әртүрлі әңгімелерін
тыңдайды. Осы жай ауылға өңі өзгеріп жетіп, Лиманың
басындағы қара бұлт онан сайын қалыңдай түседі.
Енді Арасанбайдың ашық қорлауына ұшырайды.
Түн баласы ұйқы көрмейді. Арасанбай көрсетпегенді
көрсетеді. Шымшиды, тырнайды, тұншықтырады,
буындырады... Тіпті мұздай суық бөлмеге іш көйлегімен
қамап тастап өлуге айналған кезде барып сүйреп алып
шығады. Есін екі-үш айда әрең жинайды. Мәңгіріп
қалады. Оны Сәрсенбайлар жұртқа «келініміз кішкене
көтеріліп, ауырып қалды» деп жасырып, жабады. Ол
өз алдына, енді ағайынды Сәрсенбай мен Арасанбай
Түнғатардың көзін құртуға кіріседі. Жоғарыға небір
арыздарды жазып, небір жалаларды жауып жүріп
соттатуға айналады. Сол сотқа уайым мүжіп, қайғы
меңдетіп, ауруы асқынып құр сүлдерін сүйреткен
Лиманы да ертіп барады...
Қадірлі оқырман, біз әзірге шығармадағы оқиғаның
сыртқы сұлбасын ғана айтып өтуді мақсаттап, осылай
ғана шолу жасап отырмыз. Бұл оқиғалардың себептері,
баяндалу барысы, адам жанындағы арпалыс, қоғам
салған бұғау, жан төзгісіз әділетсіздіктер жайында әлі
айтылады. Мазмұндап отырған жайымыз, романның
ішкі әлеміне кіруге алғашқы баспалдақтар болып
есептелмек. Алда бұғауланған адам санасының жан
шошырлық жағдайын көргенде, ол жағдайдың баяғыда
біреудің жазған романындағы ойдан құрай салған
оқиға ғана емес, осы отырған уақытта, осы отырған
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
бізге де тікелей қатысы бар шынайы өмірімізге тығыз
байланысты дүние екенін білгенде бәлкім басымыздан
өткеріп жатқан бүгінгі өміріміз туралы басқаша
ойланармыз, күйзелерміз, күрсінерміз, күңіренерміз...
бәлкім...
Лима қыз пәк еді. Бүлінбеген қызды бөтен ауылға
бекерден-бекер әкеліп тастамайды ғой деп ойлаған
Арасанбай Лимаға алғаш сөз салып тұрып: «Мен
ондайға қарамаймын! – деді. – Мен ескі заманның
адамы емеспін! – деді. – Коля досым да маған
сондай ақыл айтты! – деді». Сонда Лима қорланады.
Ашуланады. Бірақ, бойын кернеп бара жатқан ызасын
ішіне бүге, ернін тістеп тұрып кекесінмен мырс етеді:
«– Менің ағам Жанәли базарға байтал шығарса – тек
қана тісі бүтінін шығарады, түсіндіңіз бе?.. – Ендеше,
біліп қойыңыз, аға, Қараспан атамның қыздарының
ежелден малы түгел болатын әдеті!». Ендеше, Лима
неге мұндай күйге душар болды? Жер аударылды?
Енді соған келейік.
Лиманың басына бұлт үйірген жағдай өз ауылында
өзінен жасы үлкен Қасқатай деген жігітпен арадағы
байланысы еді. Роман басталғанда-ақ оқырман көкейін
тескен айтулы сауалдың жауабы шығарма аяғына таман
белгілі болады. Анық-қанығын Арасанбайдың неше
түрлі қорлығы мен қинауында есі кіресілі-шығасылы
болып жатып Лиманың өзі айтады: «... Ал Қасқатай
екеуіміздің тарихымыз – айтуға татымайтын жай.
Қатын өсек. Мен оны сүйгенім рас, рас деп ойлаппын.
Шын ғашықтай құмартып, хат жазысып жүргеніміз
рас, бірақ ол мені бірде-бір рет бетімнен сүйген емес.
Менің ақымақтығым, еркелеп, шолжаңдап тұрып,
аса көңілді бір сәтімде мұғалімдердің көзінше жүгіріп
барып, Қасқатайдың мойнына асылғаным, жұрт
көзінше «Мен Қасқатайды сүйемін!» деп сықылықтап
күлгенім, бір жағы қалжыңға сүйеген сияқты, бір
жағы шындық сияқты... Көпшілік оны ойын деп
қабылдады, бірақ Раиса... Раиса жылап, бақырып,
бетін жыртпағанда, еденге құлап түспегенде, ештеңе
жоқ еді ғой. Асқындырған сол! Асқынып кеткен аран
сөзге тосқауыл табылмай қалғаны рас, ондай еркіндікті,
қала өмірінде кездесе беретін еркіндікті бейбастық деп
санаған жұрт таңдайын тақылдатып, бетін шымшып,
сан саққа жүгіртті ғой. Менің сол қылығымды естіген
ата-анам намыстан жарылып кете жаздады ғой. Бар
болғаны осы ғана!».
Лима Қасқатаймен байланысты әңгімені ағасына,
ата-ана, ауылына түсіндіруге мүмкіндік таппай,
Түнғатармен
байланысты
өсекті
Арасанбай,
Сәрсенбайларға түсіндірудің қисынын келтіре алмай,
осыдан ушыққан оқиғалар Лиманың санасында өзгеше
мән алып, ақыр аяғында Арасанбай, Сәрсенбайлар
Түнғатарды тығырыққа тіреген сотта өзіне-өзі бензин
құйып, өзін-өзі өртеп жібереді. Мына сөйлемді
есіңізге берік сақтаңыз, біз Лиманың өзін-өзі өртеу
себебін жоғарыдағы оқиғалар тізбегінен ғана емес, сол
кездегі қоғамдық жүйеден, сол жүйе қалыптастырған
адамдар санасынан іздейміз. Міне! «Қорқау жұлдыз»
романының құпиялы есігінің тұтқасына қолымыз тиді
деп есептей беріңіз.
Іш пен сырт. Жазушының шебері кейіпкердің
сыртқы әрекеті арқылы ішкі болмысын береді. Ал
шебердің шебері кейіпкердің сыртқы әрекетінде көрініс
таба бермейтін ішкі дүниесін ақтарды. Былай қарағанда
екеуі бір нәрсе секілді көрінеді, шындығында мүлде
олай емес. Біріншісі – кейіпкерінің сыртқы әрекетіне
алданады, екіншісі – сенбейді. Ал, бұл романның авторы
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
«сыртына қарап сүйінген кісіңнің іші - міне! Сыртына
қарап күйінген адамыңның іші - міне!» дегендей әдейілеп
тұрып кейіпкерлердің сыртын бір бөлек, ішін бір бөлек
ашып көрсетеді. «Мал аласы – сыртында, адам аласы
– ішінде» деген бабалар өсиетіне имандай сенетін
жазушының адам болмысына, сол қоғамдағы қазақ
болмысына қандай күрделі «операциялар» жасағанын
осы романды зерттеу барысында анық көретін боламыз.
Сырт. Жанәли мен Лиманың келген үйі оларды
ерекше қарсы алады. Жанәлидің досы екен. «Үй иесі
Сәрсенбай (оның атының Сәрсенбай екенін Лима
кейін біледі) ылғи күліп жүретін, күліп сөйлейтін ұзын
бойлы сары жігіт екен. Жанәлиді көргенде қуанышын
жасыра алмады, екеуі қайта-қайта құшақтасты, бірін-
бірі түйгіштеді». Қазақтың қонақжай мінезін асыра
көрсеткен Сәрсенбайдың қылығына қатты сүйсінесің.
«Сәрсенбай інісіне қарады, сарғыш көздерін ежірейте,
зеки сөйледі:
– Әй, не ғып тұрсың мұртыңды шайнап?!
– Е, не істейін? – Анау самарқау қалпынан айығар
емес.
– Кім келгенін көріп тұрған жоқсың ба? Пәтшағар!
Бар, алып кел қорадағы қойлардың бірін». Бұл
әдеттегісі. Қазақ үшін қонаққа қой сою бадырайтып
айтатын әңгіме емес әрине, әңгіме алда. «Жанәлидің
келгеніне қуанғаны сонша, төргі бөлмеге кіріп, құрақ
көрпе үстіне жантайып жайғасқаннан соң Сәрсенбай
оның алдына тізерлеп отыра кетіп:
– Әй, ағатай, рұқсат етші, сенің құрметіңе ат
шаптырып, той жасайын! – деп жалынды. Оғаш сөз
естігендей Лима Сәрсенбайдың жүзіне таңырқай
қараған, келген қонақтың құрметіне де ат шаптырып, той
жасауға бола ма, жай ғана мезіреті шығар деген, бірақ
мына сары жігіттің қызғылт көздері шыншыл ұшқын
шашып тұр екен. Әлгі сөздерін және де қайталады:
– Айналайын Жанәли, қанша жылдан бері көрмей,
зәуімен іздеп келіп қалған екенсің, ат шаптырып той
жасайыншы, ағатай! Дүние-пұл жетеді, әкең...».
Ал, сүйінбей көр! Жоғалып табылған туысы да емес,
сыйласып жүрген досы келгенге осындай дархандық
жасап жатқанына қарап неге сүйінбеске?! «Әй жомарт
көңіл қазағым-ай!..» – деп елжірейсің. «... аңқылдаған
сары жігіт Жанәли мен оның қарындасын құрақтай
иіліп қарсы алды. Ауылының игі жақсыларын жинап,
той жасады». Ал керек болса! Сөзі мезірет емес, осылай
іс болып шықты.
Лима бұларға шынында сүйінеді. «Қарапайым
адамдар қандай жақсы! – деп ойлады ол. – Қарапайым
Кеңес адамы дейміз ғой екі сөздің бірінде, дейміз,
бірақ солардың кім екенін өзіміз анық білмейміз. Мен
өзімді ұстаз санаймын, бірақ адамдарды білмеймін,
ұқпаймын, менің жаным соқыр». Лима өзін осылармен
салыстырып жазғырады да жатады. «... – Сонымен
бұлар – қарапайым, жақсы жандар, аспандағы айды
әпер деп жұлқынып тұрған жоқ, бұйырған ризығын
теріп жеп, жердегі жемісті місе тұтып жүрген тіршілік
иелері. Бұлар жақсы, сен нашарсың, Лима!». «... сонда
не істеу керек? Ең алдымен аспандағы айға қол созуды
қою керек. Мен өзімді олардан артық санап келгенмін,
артық санауға қандай қақым бар еді? Артықшылығым
шашымды келте кескенім бе, биік өкше туфли кигенім
бе, шолақ етек юбка кигенім бе?..». Лима Сәрсенбайдың
жүріс-тұрысын көз алдына келтіре отырып: «...Демек,
– деп ойлады қыз, – бұл кісі де қарапайым, қоңырқай
тіршіліктің адамы. Ал інісі Арасанбай... алма ағашынан
алыс құлаушы ма еді, арбаның алдыңғы дөңгелегі
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
қайда бұрылса, артқы дөңгелегі сонда ермеуші ме еді.
Арасанбай мен Сәрсенбайдың айырмашылығы – бірі
шикіл сары, бірі – қайыс қара, бірі мұрт қояды, бірі мұрт
қоймайды. Ағасы ылғи күліп сөйлейді, інісі еріндерін
жымырып, тістеніп сөйлейді. Айырмашылығы сол
ғана. ... Арасанбайдың және бір ерекшелігі – анда-
санда арақ ішіп қоятыны. Арақ ішсе – темекі тартады,
ал Сәрсенбай ағай ондайдан аулақ». Лиманың бұл
үйге келгеннен кейінгі алғашқы күндері тек осыларға
тамсанумен өтеді. «Қай жерге тоқтап едім? Иә, иә,
қарапайым, асыл жандар... Бұл отбасының адамдары
қарапайым, асыл жандар деп түйгем, бұл өмірдің мән-
мағынасы да осыларда! Қарапайым ғана өмір кешіп,
жарық дүниеге келгендегі өз парызыңды абыроймен
атқарып, өкінішсіз, армансыз өмірден өту деп тоқтаған
едім-ау».
Көптеген шығармаларда кейіпкердің қандай адам
екені автор сол адамды бейнелей бастағанда немесе
әлдебір тәсілмен оқырманға таныстыра бастағанда-
ақ сезіп отыратынымыз бар ғой, бұл романда сол
болжау басқаша болып шығады. Аяңдап келе жатып
жалт бұрылған аттан ауып түсіп қалғандай күй кешеді
оқырман. Жоғарыда досы келгенге ат шаптырып той
жасаған, Лима осыншама тәнті болған Сәрсенбай мен
Арасанбайды қалай ғана адам айтса сенгісіз жамандыққа
барады деп ойлайсың? «Іш пен сырт» аталатын осы
тақырыбымызда «бұл романның авторы «сыртына
қарап сүйінген кісіңнің іші – міне!» дегендей әдейілеп
тұрып кейіпкерлердің сыртын бір бөлек, ішін бір
бөлек ашып көрсетеді» – деуіміз сондықтан болатын.
Бұл «кейіпкердің сыртқы әрекетіне алдану» еді.
Сәрсенбайлардың алғашқы бейнелеріне оқырманның
да, Лиманың да сүйінгені сондай, тіпті олардың кейінгі
жексұрындық істеріне сенбей қалуың да кәдік пе,
қалай? Бірақ автор сезімтал оқырманның Сәрсенбайға
деген сенімдеріне алдын ала сезік тастап отырады.
«Қызғылт көз сары жігіт Лиманы әлі талай
таңғалтар. Киім киісі можантопай, сырт көзге шала
сауатты, әрі кетсе ауылдың атқамінерлеріне ұқсайтын
Сәрсенбай Қызылжиде орта мектебінің директоры
екендігін білгенде Лима бір таңғалар, можантопай
көрініп киінетін, арсы-күрсі сөйлейтін, ыржалақтап
күле беретін Сәрсенбайдың осы ауылдағы ең бақуат,
ең малды жігіт екенін білгенде және таңғалар Лима,
можантопай киінетін, ойына не келсе, соны айтып қалып
отыратын, өз ісі мен өз тіліне шек қоюды білмейтін,
қызыл көз сары жігіттің педагогика саласынан
кандидаттық диссертация қорғайын деп жүргенін
естігенде Лима әлі талай жағасын ұстар». Иә, біздің де
жаға ұстар тұсымыз алда.
Осы жерде ескерте бір кетер жайт, ескере кетер
бір кейіпкер бар, ол Сәрсенбайдың әйелі– Ұлжан.
Оны сырты мен іші екі басқа адам ретінде емес, сырты
қандай болса, іші де сондай адам ретінде анық танитын
боламыз. Сондықтан Ұлжанға бөлек тоқталамыз.
Күдік пен қуаныш. Бұл ауылға Лима келгенде ауыл
жігіттерінің іштеріне өрт кеткен. Сұлулығына сүйсінген,
сымбаттылығына тамсанған. Алайда Арасанбайдың
«Сұлулық, әдемілік туралы да түсінігі бұлдыр» еді.
«Былтыр күзде бұлардың үйіне Лима ағасымен еріп
келіп, қалып қойғанда, Арасанбай ол оқиғаға ешқандай
мән берген жоқ. Ол Лимаға тек қыз деп қана қараған,
сұлулығына тәнті болып тамсана қоймаған. Күндер
өткен сайын жора-жолдас, құрдастары Лиманы көріп
аһ ұрып: «Сен қандай бақыттысың, сондай арумен бір
үйде тұрасың, сенің бағың бар екен», – деп қайта-қайта
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
айта берген соң, бұл өзі түсінбесе де жұрт пікірінің
жетегіне еріп, Лиманың көркемдігін мойындады. Өзінің
дағдысы бойынша, Лиманы жақсы деген бағамен
көңілінің төріне шығарып қойды. Және де біраз уақыт
өтіп, құрбы-құрдас, жолдастары: «Құдайдың өзі әкеліп
аулаңа қондырған анау құсты енді қолыңнан шығарма,
тегін келген олжа емес пе... – деп айта берген соң,
шынында, сөйтсем болар еді деген тұжырымға келген».
Сәрсенбайдың атшаптырым ауласынан Арасанбайға
арналып алты бөлмелі үй салынып жатыр. Алдағы
жоспар үйлендіру. Енді Сәрсенбайдан да, Ұлжаннан да
маза кеткен, ықыластары Лимаға біржола ауып алған.
Ұлжан Лиманың өзін «жеңгей» деп айтуына сүйеп,
сол жеңгейліктің небір тәсілдерімен өзі «әппағым» деп
тергейтін қап-қара қайнысы Арасанбайға Лиманы теліп-
ақ бағады. Бұл жағдай романда өте сәтті суреттеледі.
«Әкетай, көкетайлап» құрақ ұшқаны өз алдына,
оңашада күрсініп айтатын «Шіркін, «әппағыма» өзің
сынды бір ақылды жар табылар ма екен?» деген секілді
сөздерімен арғы ойын көздеген нысанасына талықсытып
жеткізетін. Үндемей де қоймай, үркітіп те алмай қазақы
қарым-қатынастың ең нәзік қылын ең нәзік саусақпен
сәтті уақытында басып кеп жіберетін. Өмірде көп
кездесетін, жаныңмен түйсінсең де тіліңмен айта алмас
сондай сәттерді шынайы шығармадан түйсініп оқудың
өзі бір ғанибет!
Сонымен не керек, ай, жыл өтеді. Ауылының, ата-
анасының сұрау салмағаны, жанындай жақсы көретін
бәсіре ағасының іздеп келмегені, Қасқатайдың еш
хабарсыз өз жайына кеткені... бәрі-бәрі Лиманың
жанын мүжіп бітірген еді. Алайда ол өз-өзін кінәлауын
тоқтатқан емес. Сонда ғана жаны жай табатын. (Бұл
да осы шығарма арқылы көзіміз жеткен адам жанының
бір қалтарыс, құпиясы). «Бар пәле өзімде, жұрттың
балалары ата-анасының арына дақ түсірмейді, әулетінің
арына қаңқу сөз ертпейді, мен болсам... мен өзімнен
өзі жиіркенуім керек, осы елдің қоры мен, Майқорық
ауылында өсіп-өнген жүздеген ұл-қыздың ішінде
шіріген жұмыртқа жалғыз мен, осы мына Қызылжиде
ауылындағы төрт мың сегіз жүз пенденің ішіндегі
ең жаманы және мен...». Оңаша бөлмеде өз ойына
таланып жатып талықсып көз іледі, ұйқылы-ояу түс
аралас өмірін қайта жалғастырады. Қабырғаға, төбеге
құр телміріп жатады да қояды. Төбеде жабысып тұрған
өрмекшіге қарап тағы ойлайды: «Анау өрмекші менен
өзін артық санаса несі сөлекет екен? Тап қазір ол менен
биік тұрғаны рас. Ол төбеде, мен еденде...».
Жеңгесінің жетегімен, жұрттың желіктіруімен
жігіттігі оянып Арасанбайдың араны ашылып алған.
Лиманы құшағына басарға аш арыстан секілденіп
сүмең-сүмең етеді. «Лима мені менсінер ме?» деген ой
енді келе бастайды. Өмірі ой ойлап көрмеген ол енді
«сөйтсем, жақсы», «бүйтсем жақсы» деп неше түрлі
қиялдарға беріледі. Алайда ол ойын Лимаға айтпақ
түгілі Арасанбайдың ондай ниеті бар екенін Лима
біле қалса – бұл жерге кірмек. Арасанбайдың өзінде
еш талғам болмайтын, сондықтан да «Арасанбай кісі
жатырқау дегенді білмейді. Кім болса соның қасына еріп
жүре беруге бар...». Қысқасы, сондай көп достарының
бірі, Ленинградтан ауылға Коля деген досы келеді.
Екеуі арақ ішеді. Лиманы айтады. Коля Арасанбайды
қайрап-қайрап Лимаға ойын айтуға көндіреді.
«Күндіз ішкен ішімдіктің уыты әлі қайта қоймаған,
сол екпінмен Арасанбай ұзын дәлізбен тық-тық басып,
қыз бөлмесінің есігін қақты. Қос алақандай жұқа
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
көзілдірік жинақы да, жұқа жүзін түгел жасырып,
Лима шұқшиған қалпы дәптер тексеріп отыр екен.
– Рұқсат па екен?
– Келіңіз, келіңіз.
– Айып етпеңіз...
– Тым сыпайы бола қалыпсыз ғой, бір үйдің адамы
емеспіз бе?
Жүрексініп, қалтырап, дірілдеп тұрған Арасанбай:
– Осы лебізді сізге айттырып тұрған тағдырдың
өзі шығар! – деген сөз аузынан қалай шығып кеткенін
аңдамай қалған. – Бір үйдің адамымыз дедің-ау, менің
арманым сол емес пе?
Лима сықылықтай күлді:
– Сіз тіпті шындап барасыз ғой...
– Шындамағанда қайтейін? – Арасанбай көзі
жасаурап кеткенін сезді. – Өлетін болдым ғой, Лима,
енді айтпасам жарылатын тәріздімін!
Қыз тағы да сықылықтап күле түсті де, оқыс
тыйылды. Көзілдірігін алып, сұрланып кеткен өңін
жігітке бұрды:
– Сіз... Сіз... Қызық екенсіз ғой.
Арасанбай қыздың сөзін естімеген тәрізді. Бастаған
ойын жалғай берді:
– Не десеңіз, о деңіз. Менсінбейтініңізді де білемін.
Бірақ менің көңілім сізде, оның несін жасырайын...
Тисеңіз – аламын... тимесеңіз – өзімді құртамын.
Көзімді жоямын, айттым – бітті!
Лиманың онсыз да үлкен көздері шатынап кетті:
– Сіз... Сіз... Қызық екенсіз ғой. «Көзімді жоямын»
дегеніңіз қалай?
Арасанбай тістеніп оң қолының жұдырығын түйіп
алыпты:
БОЛМЫС – Айтқаным айтқан, егер осыдан жоқ десеңіз, барамын да атылып өлем. Себебі мен ағам мен жеңгеме айтып қойдым, Ленинградтан келген досыма айтып қойдым, олардың алдында масқара болар жайым жоқ, ендігі жерде сізсіз маған өмір де жоқ!». Сонымен не керек, сөз арасына Лиманың пәктігі жайы да бір қыстырылып өтеді. Ол жайлы жоғарыда айтқанбыз. Арасанбай бейбақ: «– Мен оған қарамаймын, ... Мен ескінің адамы емеспін!» -дейді. Лима жылауға бергісіз ызалы, кекесінді күлкімен мырс етіп: «– Менің ағам Жанәли базарға байтал шығарса – тек қана тісі бүтінін шығарады, түсіндіңіз бе? ... – Ендеше біліп қойыңыз, аға, Қараспан атамның қыздарының ежелден малы түгел болатын әдеті!» – дейді. Лима өзін-өзі әбден мүжіп, өзін-өзі іске алғысыз, ешкімге керексіз етіп әл-қуаты құрып жүрген осындай тұста Арасанбайдың мынадай дүлей әрекеті оны қылтадан қағып түсірген. «– Еркіңіз білсін, аға...» – деген. «Еркіңіз білсін...» деген де, етпеттеп, еңіреп жылаған... Ал, сондағы Арасанбайдың күйін автор былайша суреттейді: «– Бітті, ендеше! Келіссеңіз болды! Алақаныма салып, пір тұтып жүремін... – Ендеше, Лимаш, бүгіннен бастап мен сенің құлыңмын...». «Бірнеше айдан бері жанды жеген көңілдегі түйткіл бұлай тез шешіледі деп Арасанбай күтпеген. Сенерін де, сенбесін де білмеді. Екеуі қандай шешімге келгенін де түсінбеді. Үлкен бір жардан секіремін деп, секірсем жардың арғы жағасына жете аламын ба деп, жардың арғы жағасына жете алмай, сүрініп құзға құласам ахуалым не болар деп күдіктеніп келіп, жүрексіне жүгіріп келіп, «а, құдай» деп секіргенде жар дегені жай ғана арық болып шыққандай, өз халіне өзі тосырқап
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
қалған, әлде мына қыз мені мазақтап отыр ма деген
сияқты дүдәмал ой да буындырып барады».
Міне, Лиманың Арасанбайға тұрмысқа шығу
жайы осылай болған. Біз неге шығармадан арнайы
үзінді келтіріп отырмыз? Оның да өзіндік себебі бар.
Лима келісімін бергенде Арасанбай осылай қуанған,
Сәрсенбайдың есі шығып кеткен, Ұлжанның жүрегі
жарылып кете жаздап, қуанғаннан солқылдап тұрып
жылаған, бір әулет қана емес, Арқарбай сынды рулы
ел ту Ташкентте ең үлкен ресторанға жиылып той
жасаған..., осынау бір аса қуанышты шаттық, думанның
соңы қалайша қасіретке ұласуы мүмкін? Оқырманға
сол қасіреттің салмағын анығырақ сезіндіру үшін
оған айырбасталған қуаныштың да көлемін көрсетіп
қойғымыз келді.
Сәрсенбай мен Арасанбайдың сыртқы сипаттарымен
таныс болдық. Сүйіндік. «Қарапайым, асыл жандар»
деп бағаладық та. Енді іштерінде бұғып жатқан
«өнерлерін» осы ауылға ауру анасын өзімен бірге
алып келген мұғалім жігіт Түнғатармен байланыстыра
отырып көретін боламыз.
Роман көтерген ең негізгі тақырыптың табалдырығын
енді аттағалы тұрмыз. Ауыр, әрине. Ақаусыз ашып
көрсетуге қалам қауқары жеткей!
Санаға салынған бұғау
Стандарт – Бұғау. «Мектеп директоры Сәрсенбай
жүрдім-бардым сұрағандай немкетті үнмен оқу ісінің
меңгерушісіне:
– Әлгі, анау, жаңа келген мұғалімнің халі қалай
екен? – деп қойған.
Оқу ісінің меңгерушісі қайыстай боп қатып қалған,
тастай берік Күләй деген кәрі қыз еді.
– Оны неге сұрадыңыз? – деп Күләй мұның сөзіне
сауал қойсын.
– Жай, әншейін. Балалармен ұғынысып, тіл
табысып кетті ме екен дегенім ғой...».
«Осыдан бір апта өткенде Қызылжиде орта мектебін
дүр сілкіндірген, Қызылжиде ауылының тіршілігін
астан-кестен
еткен
үлкен
жанжалдың
алғашқы
ұшқындары жарқ-жұрқ ете қалды».
«Оқу ісінің меңгерушісі, қайыстай боп қатқан, тастай
берік кәрі қыз Күләй Ормановтың сабағына кірген екен,
содан басын ұстап, шашын жұлып ойбайлап шығыпты».
Жағдайды естіген Сәрсенбайдың жайшылықтағы
жайдары күлкісі күмірем қабады, көздері шатынап,
жүзі күреңітіп, шаштарының арасынан тер саулап қоя
береді. Бұлар Лиманы шақыртады. Өйткені Түнғатар
орыс тілінен сабақ беретін еді, ал бұл мектепте орыс
тілінен сабақ беретін жалғыз Лима ғана еді.
«– Сонда немене? Ол кісі орысша білмей ме екен?
– Жоқ, орысша сайрап тұр ғой. Жоспар бойынша
бүгінгі сабағы – Некрасовтың өмірбаяны, ал Орманов
жолдас болса Лермонтовтың «Ақын өліміне» деген
өлеңін бүкіл сыныпқа жаттатып, ойнап отыр. Спектакль!
Кәдімгі спектакль! Цирктегі сайқымазақ.
Ормановтың мына қылығы Лимаға да оғаш көрінді.
– Қызық екен...
– Ойбай-ау, несі қызық, қарағым-ау?! – Енді
Сәрсенбайға жан бітті. ... – Не қылған қызық? Масқара
ғой бұл. Бүкіл ауданға ұятқа қалатын болдық-ау!».
Түнғатардың сыртқы сипатын Лима да ұнатпайтын.
Алайда өз сыныбындағы оқушылар Лимаға Түнғатар
мүғалімді өте жақсы көретінін айтқан болатын. Тіпті
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
екі сыныптың балалары мұғалімдерін салыстырып,
ұрсысып қалғанын да білетін Лима.
Қош, сонымен Түнғатардың сабағына Лима кіреді.
Сәрсенбайдың шашының арасынан тер саулатқан бұл
не сұмдық екенін ары қарай үзінділермен баяндайық:
«Сөйтіп Лима өзі ұнатпайтын, бойын аулақ салып
жүрген әріптесінің ісіне араласуға мәжбүр болды.
Алғашқы сабағында ызаға булығып, айқайлап жіберуге
шақ қалып, бұл да әрең шыдаған. Екінші сабаққа бұл
өзін-өзі сабырға шақырып, басу айтып, өзін-өзі көндіре
білді. Үшінші сабақ үстінде көкейіне күдік кірді:
«Күләй шіркін неге сонша байбалам көтерген? Жанжал
шығармас бұрын бұл кісінің сабақтарына ерінбей-
жалықпай тағы кіруі керек еді ғой. Мүмкін...»
Сол «мүмкінге» Лима өзін де көпке дейін көндіре
алмаған. Ормановтың үш сабағына қатысқан соң,
кешке жақын үйіне келіп, көңілі байыз таппай, өзі де
сабаққа әзірлене алмай қалды. Сол түні ұйқысы да шала
болды. Біресе Ормановты жақтайды, біресе оның ісін
теріске шығарады. Ертеңінде өз сыныптарына жазбаша
тапсырма берумен шектеліп, Ормановтың сабақтарына
және кірді. Үзіліс кезінде:
– Қалай екен? – деп сұраған Сәрсенбай қайнағасына
екіұштылау жауап берді:
– Қайдам... Жалғыз емес, комиссия құрып, тексеру
керек тәрізді.
Комиссия құрылды. Дау-жанжал өршіп, бұл кезде
ауданға жеткен, аудандық оқу бөлімінен өкілдер де
келіп үлгерген. Комиссия да, өкілдер де жанжал өртін
баса алмады. Бұл екі ортада Күләй мен Сәрсенбай
асығыстық жасап, Түнғатарға қатаң сөгіс жариялап
жіберген, ол сөгісті әлдекім апарып оқушыларға
хабарландыру ілетін дәліздегі тақтаға іліп үлгеріпті, оны
көріп Түнғатар қатты ашуланыпты, бұйрық қағазды
жұлып алып, жыртып-жыртып лақтырыпты. Дәл сол
сәтте Күләй бастық қарсы ұшыраса кеткен екен: «Әй,
сен қара қаншық, қысатын жеріңді қысып, тыныш жүр!»
депті Түнғатар. Солай деді ме, демеді ме, анығын ешкім
білмейді, ...Бірақ қалай болған күнде де, Түнғатардың
қасынан өте беріп Күләйдің баж ете қалғаны рас.
Жүрегін ұстап, тәлтіректеп барып қаны қашып, үлкен
қара көздерінен үнсіз жас тамып, өз столына отыра
кеткені рас».
Ауыл шетіндегі дәрігерлер келіп болғанша Күләй
талып қалады. Мектеп іші абыр-сабыр, у-шу болады
да кетеді. Бөлмеге өрт сөндіргендей түтігіп Сәрсенбай
кіріп келеді. «Қайда әлгі тажал?! Не ғып тұрсыңдар,
шақырыңдар тажалды!» деп жағы сақылдап, аяқ-қолы
дірілдеп кәрленеді. Түнғатар келеді. Саспай кіреді.
Оның саспай тұрғанын көрген директор онан сайын
ашуланады. «Жо-жо-ғал! Көрінбе көзіме! Кісі өлтірдің,
сотталасың! - деп бүкіл мектепті басына көтереді».
Бәрінен ауыр тигені Түнғатар саспай тұрған қалпы
Сәрсенбайға: «Өй, сорлы!» - дейді. Енді директор
ашуына буынып өле жаздайды. Мұрнының ұшы
нарттай қызарып, қан қысымы көтеріліп, ол да төсекке
жантаяды...
Келесі күні Қызылжиде орта мектебінде үлкен
жиын өтеді. Аудандық оқу бөлімнен екі бірдей жауапты
қызметкер келеді. Бұл жиында әрине, бүкіл мұғалім
(Лима мен Ұлжаннан басқа) Түнғатарды жерден
алып, жерге салады. Автордың сөзімен айтсақ «Бір-
бірінің аузындағы лебізін жырып алып, эстафетадай
жалғастыра жөнелген қызу жиналыс», «Түнғатар
кетсін!» деген ұранға ұласады.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Құрметті оқырман! Енді бүкіл Кеңестік оқу оқыту
жүйесінің кейіп-кеспірі ашылады. Сәбеттік жүйенің
адам санасына салған алып құрсауын, адам санасын
буындыра салған бұғауын көреміз. Мына Түнғатар
сол бұғауға шыдамаған, сол ноқтаға басы сыймаған,
мынадай жалған жүйенің адамдар тағдырын, қазақтың
болашағын ойыншыққа айналдырып бара жатқанына
іші удай ашитын, сөйтіп, ауру анасын арқалай жүріп
жалпақ жүйеге жалғыз өзі қарсы шыққан азамат.
Сондықтан Түнғатардың мейлі осы жиналыста, мейлі
Лимаға айтқан зар запырандарынан мүмкіндігінше
көбірек келтіруді қажет деп таптық. Түнғатардың
мақсаты жайында жоғарыда айтқан сөзімізге дәлелді
өзі айтады. Осы жиналыста айтады:
«...Мен әлгі әдеби кітаптарда кездесетін, көзілдірік
киген, ілмиген, сыпайы ғана интеллигент емеспін, бұл
күнде интеллигенттің, зиялының азуы алты қарыс
болмаса өмір сүре алмайды, күн көре алмайды. Қаншама
адамның түбіне жетті бұлар. Қаншама жақсы адамдар
ішіп кетті, қаншама жақсы адамдар қор болып, қоңыз
теріп кетті осылардың кесірінен! Жоқ, ендігі жерде,
қарақтарым, бізбен күресу сіздерге оңайға түспес!
Сіздердің амал-айлаларыңызды жақсылап меңгеру
керек, сол амал-айлаларыңды өздеріңе қарсы жұмсау
керек, сөйтіп мыстарыңды құрту керек. Мен сондай
жолға шыққан адаммын...» дейді.
Сол жиналыста бүкіл мұғалім мұны қарғап-сілеп,
бойларындағы бар заһарларын шашып болып соңында
сөз берген ғой. Оның өзін кекетіп, мұқатып: «...Оның
өзіне сөз беруді ұмытып кетіппіз ғой, құлдан да бір
лебіз демекші... Кәне, Орманов жолдас, не айтасыз?»
деген Сәрсенбай.
БОЛМЫС Ал, баста, Түнғатар! Төк шеріңді! Аяма! Шығарманың өн-бойындағы уытты біз де осы бір тұсқа жинақтай түсуге тырыстық. «– Дөрекі де болса айтайын, өттерің жарылып кетпес, – деп тұр екен Орманов. – Мұғалима жолдастар-ау, педагог деген атымыз бар, ал соған затымыз сай ма? Сабақты қалай беретіндеріңді айтпай-ақ қояйын, нәріңді айтпай-ақ қояйын, сәніңді айтамын, ішіңді ақтармай-ақ қояйын, сырт бейнеңе көңіл аударайын, қалай киінесіңдер, қалай жүресіңдер, сол туралы ойландыңдар ма? Ауылдың салпыетек сары қарын қатындарынан артықшылықтарың қайсы? Түрлерің анау – шала жуынып, шала таранған, киімдерің анау – олпы-солпы, кір-қожалақ, өй қарақтарым-ау, сендермен қол беріп амандасудың өзі қауіпті, ал ендеше, дөрекі болса да, өттерің жарылып кетсе де айттым, ұнамайсыңдар маған! Неменеге күлесіңдер? Еркектер жағы мәз бола қалыпсыңдар, сендер де оңып тұрған жоқсыңдар, жүрмей қалған машинаның астынан шыққан шофер не, сендер не? Кірқожалақ боп жүрістерің мынау, арақ ішпейтін мұғалім кемде-кем. Бала деген еліктегіш емес пе? Соны қалай ойламайсыз? ...Той-томалаққа бара қалсақ, оқушы балалардың көзінше, солардың ата-анасының көзінше арақ ішесіздер, балағаттап боқтасасыздар, төбелесіп те қаласыздар, одан кейін сіздерде қалай абырой болмақ, жалпы педагогиканың қандай абыройы болмақ? Ал әйтпесе, өттерің жарылса да айтайын! Тәлімгер деген, мұғалім, ұстаз деген кіршіксіз таза болса, жаны таза, тәні таза, үлгі болса жарасып тұрмай ма? Тәлімгер деген ол – жұрттың ақылды ағасы, ол... ол... баяғыда қожа-молда қараңғы жұртты алдағанда мен құдайдың жердегі өкілімін дейді екен. Біз дінге сенбейміз, әрине,
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
біз құдайға сенбейміз, әрине. Бірақ егер құдай бар болса,
мұғалім, ұстаз, тәлімгерді мен өз басым сол құдайдың
жердегі өкілі дер едім, шын мәніндегі өкілі дер едім. Ал
сендердің жүрістерің анау.
... Шикіл сары Сәрсенбай қып-қызыл болып бөртіп
алыпты. Көзі жасаурап, орнынан қарғып тұрып, оң
қолымен ауаны шауып түскендей сілтеп қалды да, айқай
салды:
– Әй, мынау не деп тұр, ей құдайың не, ей, айтып
тұрған?! Өзің саяси соқыр екенсің ғой! Мына біздің
алдымызда, кеңестік тәлімгерлер алдында сен не деп
оттап тұрсың ей?! Құдайдың жердегі өкілі дегенің не
пәле, сенің құдайың не пәле?! Түс, кәнеки мінберден!».
Өзгесі өз алдына «Маскүнем, кір-қожалақ» деген сөз
шымбайларына батып әрең отырған мұғалімдер тағы да
ағытылып ала жөнеледі. «Кеще, арам, кетсін, ұятсыз...»
небір сөздер тізбегі...
Түнғатар
Сәрсенбайдың:
«Бәрімізді
бірдей
неге ғайбаттайсыз? Сіздің ондай хақыңыз бар ма?
Жоғарыдан келген бастығымыз болсаңыз екен, онда
бір жөн» деген сөзінен іліп алып аттың басын ары қарай
жібереді.
«– Міне, міне, шындықтың шетін өзіңіз шығарып
бердіңіз. Егер мен бастық болсам ғой, әлгі сөздерімді
бұғып отырып, бүрісіп отырып, дірілдеп отырып
тыңдар едіңіздер. Ойбай, кінәліміз, ойбай түзелеміз,
ақылыңызға құлдық деп екі бүгіліп, маңдайыңызды
жерге қояр едіңіз. Ал мен айтсам жазықтымын, сендер
сүттен ақ, судан таза, менің пікірім былапыт, аузымнан
құдай деген сөз шығып кетуі мұң екен, ит көрген
ешкікөзденіп шыға келдіңдер. Білем мен, енді қайткен
күнде де мені қуып тынасыңдар. ...Бірақ естеріңде
болсын, мен арпалысып, алысып үйренген адаммын,
менен құтылу сендерге оңайға түспес».
Түнғатар бұрын Қостерек деген мектепте істеп
одан да осылай қуылған еді. Ол осы мектепке келгенде
Қостерек мектеп директорынан мұны жамандаған хат
та келіп үлгерген. Оның бәрін өзі де біледі, ашық айтып
тұр:
«... Бірден дүрсе қоя бергеніме кешірім сұраймын,
жолдастар, ашу, ыза... үш жылдың ішінде Қостеректегі
нақұрыстар
менің
жүйкемді
тоздырып
болған.
Қанымды ішіп тауысқан. Енді аз ғана мұрсат беріңіздер,
мен өзімнің ұстаздық тәсілімді, сабақ беру тәсілімді
түсіндіре кетсем, содан кейін қалай шешсеңдер де өз
ықтиярларың. Оқу ісінің меңгерушісі Досболова Күләй
жолдас менің бір сабағыма қатысты да, дау шығарды.
«Мұныңыз қалай?» деп менімен сөйлескен де жоқ,
«Сіз қай тәсілді ұстанып жүрсіз?» деп сұраған да жоқ.
Жоспарды бұздың деп тиісті. Тиісіп қана қоймады,
бірден сөгіс жариялады, сөгіс жариялап қана қоймады,
бұйрық қағазды оқушылардың алдына шығарды...
...– Ал, енді маған мұрсат беріңіз, бас кеспек
болғанмен, тіл кеспек жоқ, айтарымды айтайын...
Менің үлкен атам Орман молда болған кісі екен... –
Түнғатар мырс етіп күліп жіберді. – Менің үстімнен
арыз жазған кезде бұл фактіні де пайдаланасыздар. Сол
кісі мені қасына жүгіндіріп отырғызып қойып... бес-
алты жасар кезім ғой... құранның сүрелерін, аяттарын
жаттататын. Арабша жазылған ол сөздерден мен түк
түсінбейтінмін. Бірақ әлі күнге дейін сол сөздерден мен
түк түсінбеймін. Бірақ әлі күнге дейін сол ұзыннан-ұзақ
сүре, аяттарды мен жатқа білемін. Неліктен? Бала миы,
бала зердесі алғыр. Ол нені болса да тез қабылдайды
және қабылдағанда өмірлікке өшпестей, біржолата
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
қабылдайды. Мен Құранның бірінші жолынан соңғы
бетін әлі күнге дейін мүдірмей айтып бере аламын.
Демек, бес мыңдай адам тұратын бұл ауылда бірде-
бір орыс отбасы жоқ, бірде-бір орыс адам жоқ, ал мен
осы ауылдың балаларына орыс тілін үйретуім керек.
Күнбе-күнгі тірлікте пайдаланып, іске асып жатпаған
соң, қандай тіл болмасын, оның қадір-қасиеті бола
бермек емес. Бұл ауылдың балалары үшін орыс тілі әлгі
бес жасар Түнғатар Омаров үшін атасының алдында
жүгініп отырған бес жасар бала үшін араб тілі қандай
болса, бұлар үшін орыс тілі сондай. Мен оқушыларға
жоспар бойынша суффикстерді, деепричастиелерді
босқа үйретіп несіне әуре боламын? Қадір-қасиетін
анық біліп түсінбеген, кім екені белгісіз Лермонтов,
Некрасовтардың өмірбаяндары неге керек? Бұлардың
кім екенін білсе ғой, шығармашылығын білсе ғой, сонда
ғана олардың өмірбаянына олар қызығар еді, өйтпегенде
бұлар үшін Лермонтов деген сөз, Некрасов деген сөз
бос жаңғырық емес пе? Сондықтан мен ойладым: орыс
поэзиясын, әлгі ақындардың поэма, өлеңдерін бұларға
жатқа үйретем, орыс сөздері, мағынасын түсінбесе де,
бұлардың жадында өмір бойы сақталады, бірте-бірте
әрбір сөздің мағынасын өздері де түсіне бастайды.
Алдымен жаттап алып, содан кейін түсіне бастайды.
Олардың
өлеңдерінің,
поэмаларының,
прозалық
шығармаларының мән-мағынасын әбден ұқты-ау деген
кезде олардың өмірбаянын, кім болғанын, қызықты
тағдырын мен айтып түсіндіре бастаймын. Міне, менің
бар мақсатым! Алдын ала дайындап келген, жоспарлап
келген сабақты, әйтеуір міндет үшін өткізе салу емес,
бір сөз болса да, бір сөйлем болса да, балаларға солай
орысша үйрету, шын мәнінде үйрету! Ол жолда қандай
тәсіл қолданамын, ол – менің өз ісім, өз хақым. Соны
БОЛМЫС Досболова жолдас түсінгісі келмеді, сабақ соңына қарай оқушылардың көзінше маған айқайлап шыға келді». Ұрыс-керіс тағы басталады. Әрнені айта келіп, Күләй орнынан қарғып тұрып жылап жібереді: «– Құдайым-ай, мен не жазып едім?! – А, қысылғанда сіз де құдайға жүгіндіңіз бе, естіп отырсыздар ғой, жолдастар». «Қорқау жұлдыз» романы жайындағы бұл мақаламыздың Түнғатарға байланысты қойған тақырыпшамызды «Стандарт – Бұғау» деп атаған едік. Алла Тағала әр адамды әртүрлі етіп жаратты, әр адамның саусақ мөрі әртүрлі, тіпті Құдіреті күшті Алла Тағала өзінің ең кемел заңын адамзаттың бәріне бірдей, біркелкі атқарыңдар деп бұйырды ма? Өйткені, әр адамның мүмкіндігі әртүрлі. Тіпті, жақсы мен жаманды айыратын ақыл бергеннен кейін қайсысын таңдайтынын адамның өз еркіне қалдырған ғой. Ал, қараңыз, Түнғатарды ортаға алып шырылдатып тұрған қоғам ше? Ойдан құрастырған жалған жүйені бүкіл адамға бірдей атқаруға зорлайды. Бір ел, бір жүйе, бір оқулық, бір оқыту бағдарламасы, енді келіп бір метод! «Менің мақсатым – шын мәнінде үйрету! Ол жолда қандай тәсіл қолданамын, ол – менің өз ісім, өз хақым.» – деп Түнғатар зарлап тұр міне! Оған көну мүмкін бе??? Метод – ойындағыны жеткізу тәсілі. Әркімнің өз ойын жеткізуі табиғатына, мінезіне байланысты болады. Сонда метод деген әр адамның мінезі делік, сол мінездерді әлдебір мемлекеттік жүйе ойдан құрастырған бір мінезге айналдырып жіберу мүмкін бе? Иә, біразы сол бір із, бір мінезге түсер, үйренер, ал Түнғатар ше? Атасы жайында айтып тұрғаны анау! Басынан бастап бір әрпін қалдырмай Құранды жатқа айтатын
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Түнғатардың басы бұл бұғауға сыймайтыны енді анық
болған шығар?!.
Міне, Кеңес одағы құлауының негізгі себебі.
Стандартқа түскендер де, түспегендер де көп болды!
Міне, Желтоқсан оқиғасы! Міне, ыза! Міне, кек!
міне, ашу! Міне, бұғауға көнбеу! Қадірлі оқырман,
бұл романда сөз етілмеген Желтоқсан оқиғасы жайын
айтсақ, тақырыптан алшақ кетіп бара жатыр деп
ойламаңыз, керісінше, роман көтерген тақырыпқа
сұғына еніп келе жатырмыз. Ендік те!!!
Лима – Сәлима – Сәбира! Алаңда өзіне бензин
шашып өзін-өзі өртеп жібереді. Мына бұғау, мына
шіре, кіші шеңбердің ішінен үлкен шеңберді өткізгендей
адам болмысын қорлау, ойдан құрастырған атеистік
жүйемен аяусыз жаншу, ата бойындағы асылды
жасық, адалды арам деп көрсетіп ғасырлардан келе
жатқан текті мансұқтау, елін де, жерін де еншісіне
алып ендігі ұрпағын мәңгүрттендіру... Біз Желтоқсан
оқиғасы Колбинның келуінен болды дейміз, иә ол
себеп, жай ғана себеп. Еліктің қасуына масаның басуы
дөп келгендей-ақ шаруа ол. Негізгі себеп Лима –
Сәлима – Сәбираның бойын кернеп кеткен ыза, бұғау!
Түнғатардың бұрқ-сарқ қайнап тұрған қаны. Енді осы
сөздерімізді шығармадан нақты үзінді келтіру арқылы
дәлелдейік.
Мақаламыздың басында: «Тіпті шығарманың бүкіл
құпиясы жасырылған соңғы сөйлемді оқығанда бұл
романнан кейін оқырман санасында тағы бір роман
туындай бастайды.» - деген едік. Енді автор тарапынан
айтылатын сол сөйлемді мұқият оқып шығайық.
«Содан кейін, Лима, талай күңіренулер, күйзелістер
болды, бүкіл Майқорық ауылы Қызылжиде аулына
көшіп келгендей, жұрт ауған қозғалыстар, жылаулар
БОЛМЫС болды. Бірақ соның бәрінен саған не қайыр? Бірақ соның бәрінен сені сыртыңнан ұнатып, сені сыртыңнан сүйіп жүрген мына маған не қайыр? Сенің қасіретің – менің қасіретім, Лима, Махаббатым менің!». Міне, роман осылай аяқталады. Автор романға, Лимаға өзін қатысты етіп көрсетеді. «Тағы бір роман» дейтін себебіміз де осы еді. «...соның бәрінен сені сыртыңнан ұнатып, сені сыртыңнан сүйіп жүрген мына маған не қайыр?» дейді. Және де «Сенің қасіретің – менің қасіретім.» – дейді. Әрине, кейбір оқырманға махаббат туралы жалпылама түсініктегі Арасанбай мен Лиманың ортасына Лиманы сүйетін үшінші адам болып елестеуі де мүмкін. Жоқ, бұл ондай арзан түйінге құрылмаған. Шығарманың құпиясы да осы жерде екенін ескерткен болатынбыз. Иә, Лиманың қасіреті – сол кездегі қазақтың қасіреті, жанын да, тәнін де аяусыз қинаған сол кездегі қоғамдық жүйенің салған қасіреті! Бұл – автордың қасіреті! Дәл осы тұста автордың өзіне сөз берелік. Белгілі бір басылымға берген сұхбатында былай дейді: «– Шындықты бәрібір жазасың. Қоғамда болып жатқан шындық бар. Газет-журналдар айтып жатқан шындық бар. Көркем шығарма жазатын болсаң, осы шындықтарды қорытындылап, бір ғана шындық жазасың. Мысалы, менің «Қорқау жұлдыз» деген 1987 жылы жазылған шағын ғана романым бар. 1986 жылы Брежнев атындағы алаңда жастардың қаны төгілді. Менің сол заманның бейнесін жасауым керек болды. Алайда, ол романда Брежнев алаңы немесе Алматы жоқ, онда алаңға шыққан жастар да жоқ. Десек те, сол көтеріліске әкелген шындық, көтеріліске әкелген шындықтан теріс айналып кеткен қоғамның бейнесі
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ бар. Менің романымның басты кейіпкері болған жас келіншек қоғамдағы ұятсыздыққа көнбей, өзін-өзі өртеп жібереді. Мен ол әйелді өмірде көрдім. 1986 жылы алаңға шыққан жастардың да бойында осы келіншектің бойындағыдай «өлсем, өлейін!» деген шешім болды». Автордың осы сөзін жай ғана оқып бас шұлғып, «е» деп қоя салар жұрт романды бәрібір түсінбес еді, түйсінбес еді сол қоғамды. Ерекше ескертер бір жай, біз бұл шығарманы автор айтқан жоғарыдағы сөзге сүйене отырып талдаған жоқпыз, шығарманы шынайы талдай отырып автор айтқан сөзді дәлелдеп шықтық. Оқырманға, автордың өзіне де. Өз көзімізді жеткіздік. Іш. Шығарманың негізгі құпиясын ашқанымызбен қалтарыстары әлі біткен жоқ. Жоғарыда кейіпкерлер болмысына байланысты «іш пен сырт» тақырыпшамыздың біреуіне ғана, яғни, Сәрсенбайлардың сыртқы бейнесіне ғана тоқталып едік. Иә, Түнғатарды жиналысқа салған жайын айтқанбыз, бірақ ол Түнғатарға жасаған зұлымдықтарының басы ғана еді. «Ертесіне жергілікті комитет бөлген бес мұғалім Үндемес кемпірдің қорасында тұрған он бес тұсақ, қозыкепештердің үстінен шыққан болып, ол малды Орманов Түнғатар мемлекеттік емтиханның алдында оқушы балаларды қорқытып, ата-анасынан пара ретінде алды деп акт жасатты. Оны Лима білген жоқ. Бір аптадай үйге қонбай, жоқ болып кеткен қайнағасы мен күйеуінің ауданға барып, одан облысқа барып, сұмдық істің басын бастап қайтқанын Лима білген жоқ. Түнғатармен бүкіл ауыл енді қайта тіл табысқандай, бүкіл мектеп тіл табысқандай қайтадан тыныш күндер орнаған. Бірақ оныншы сынып оқушылары соңғы мемлекеттік емтихандарын тапсырған күні ауданнан қызылбел
БОЛМЫС милиция машинасы келіп, мұғалімдер бөлмесінен екі милиционер Ормановты алып кетті. Бүкіл ауыл қайта бір дүрлігіп, шуласып қалған: «– Не дейсің, Орманов сотталатын болыпты. Ол оңбаған өз анасын өзі өлтіріпті ғой. Ол оңбаған Арасанбайдың машинасын ұрлап мініп кетіпті ғой! Ол оңбаған оқушылардың ата-анасынан пара алыпты ғой!» – деген қаңқу сөз, сұрқия сыбыс ауыл үйлерін тіміскілеп аралап кеткен. Бұл кезде Лима төсектен қайта көтеріліп, аула ішінде жүруге жарап қалған. Көршідегі сыпылдақ қара келіншек, үйде ешкім жоқ кезді пайдаланып, сып етіп ұрлана кіріп келіп, сыбырлай отырып әлгі сорақы сұмдықты айтқанда ол сенген жоқ. «Мүмкін емес қой! – деп ойлады ол. – Үндемес кемпірдің қорасына жиналған мал осы ел-жұрттың адамгершілігі ұстап, Түнғатардың анасының қазасына сойысқа деп жетектеп әкелген малы емес пе? Оны жұрттың бәрі біледі ғой. Ал анасын... анасын өзі өлтіріпті деген сөз - мүлде қиянат, адам баласы ондайға қалай барады? Әсіресе Түнғатар ондайға баруы мүмкін емес қой! Түнғатар Арасанбайдың машинасын ұрлап мініп кетіпті деген не жала? Машинаның кілтін Арасанбай Түнғатарға өз қолынан бергенін өз көзімен көрді емес пе?! Мына сыпылдақ келіншек көкіп отырғаны анық. Ауыл адамдары бәрі бірдей қара ниет емес қой. Ел болған соң елдігі қайда? Сырттан көшіп келген жалғыз жігітке өйтіп қорлық көрсете қоймас. Әлімжеттілік жасай қоймас. Бәрі бірдей жабыла қоймас». Міне, сырты аңқылдаған Сәрсенбай мен Арасанбайдың ісі. Ауданда бір аптадай жүріп, Түнғатарға осыншама жалаларды жауып енді соттатудың қамына кіріскен. Роман соңындағы үлкен сот осындай жалалармен басталған.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Сол сотта Қызылжиде ауылы Үндемес кемпір деп
атап кеткен кемпір болады. Ол кемпірдің адам баласына
жауап қайырмай бетіне бажырайып қарап тұра
беретіндігі үшін солай аталған. Сол Үндемес кемпірге
осы сотта тіл бітеді ғой. Түнғатар соттан жеңіліп бара
жатқанда екі-үш ауыз сөз айтады. Оның өзі Лимаға
ғана. Сол екі-үш сөйлем бұл кемпірдің неге Үндемес
кемпір атанғанын, сырлы тарихын және Сәрсенбайдың
«ішін» ақтарып көрсетеді:
«Лима оң жағында отырған Үндемес кемпірдің
білегінен қатты қысып:
– Апатай-ай! – деп қалғанын кейін аңғарды. – Енді
не болады, апатай?
Шүмірейген бет-жүзін сора-сора жас шайған
Үндемес кемпір бұған қарап тіл қатты. Ол кісі мақау,
меңіреу деп ойлайтын Лима өз құлағына өзі сенбеген.
– Амал бар ма? – деді Үндемес кемпір. – Бұлар
сөйтеді, бұлар менің күйеуімді де осылай құртқан!
Түрмеде шіріткен, ақырында ол байғұс, қорлыққа
шыдай алмай, сол жақта асылып өлді емес пе!».
Алыстан досы келгенге ат шаптырып той жасап
жүрген жомарттан мұндайды күтер ме едік? Жоқ. Бұл
шығарманың, жалпы біз зерттеу объектімізге алып
отырған Әкім Тарази шығармашылығының негізгі бір
қыры осындай. Сол кездегі, сол жүйедегі адамдардың
ішкі-сыртқы көріністеріне жан-жақты үңілген, жан-
жақты ашқан шығарма болған соң біз де сол қоғамның
нақты жағдайына тереңінен бойлай алып отырмыз.
«Жаманын» –жаман, «жақсысын» – жақсы деген
жайдақ шығарма болса бізде сол жағалаудан қайтқан
болар едік. Енді тағы бір сұрақ бар? Авторға оны
да қойып көрдік. Әрине, шығарманы оқып отырып,
шығарманың өзінен іздедік? Автор оған да жауап
берген екен. Таптық.
Сұрақ мынадай: «Бұл кейіпкерлер іш пен сыртын
қалай тоқайластырады екен? Қалай сәйкестендіреді
екен?».
Бұл романды оқыған оқырманның есінде қатты
қалатын бір жай бар. Ол Арасанбайдың Лиманы
шымшылауы.
Арасанбайдың
қорлығына
жаны
төзбеген Лима жатын бөлмесінің есігін іштен іліп жатып
алатын. Түн ортасында Арасанбай келіп Лиманың
есігін тырмалайды ғой, кәдімгі мысықша тырмалайды.
Есікті ұрғыламайды, қатты итермейді де. Таң атқанша
саусағының
ұшымен
жыбырлатып,
тықырлатып
шығады. Бұ не сонда?
«– Енді ол Лиманың тамағын, төсін бірінен соң
бірін, үн-түнсіз тұрып, шымшып бұрай берді, бұрай
берді. Мұндайды күтпеген келіншек алғаш абыржып
қалған, келе-келе бұл да ерегісіп, тісін ашпай қасарысып
отырып алды. Анау енді сөзді қойды. Бұның бар денесін,
қолға ілінген жерін шымшып бұрай берді, бұрай берді.
Жайшылықта нәзік Лима өз бойында бұғып жатқан
мұнша қайрат бар деп ойламапты. Анау қанша қорлап,
ауыртып шымшып бұраған сайын бұл тіпті ерегіскендей
көндігіп, өзін-өзі зорлап төзе берді, шыдай берді.
Ақырында Арасанбайдың өзі жалықты ма, әлде
шаршады ма, тахтаға барып отырды.
... Сонан кейін ол қайтадан шымшуға кірісті. «Бұл
неге мені шымшиды, неге ұрмайды? – деп ойлады
Лима. – Еркек екенің рас болса, өлтіріп салмайсың ба,
шашымнан сүйреп сабамайсың ба?» Солай деп күйеуіне
айтпақ болған, бірақ әлдебір түсініксіз құдірет мұның
аузын аштырмады. Онымен сөйлес-сөйлеспе, тіл қатып
қайтесің, ол сенің лебізіңді естуге татымайды дегендей,
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
әлгі құдірет күш мұны буындыра берді. «Мейлі, бұрап
шымши берсін, жаман неме, ұрсам сотталып кетем деп
қорқатын болар, көгерген тәнімді ертең мен ешкімге
ашып көрсетпейтінімді білетін шығар. Қолынан келгенін
істесін, өзіме де сол керек! Қарапайым жігіт деп,
осылардікі жөн деп, осылардың дәрежесіне көтеріле
алсам – адамгершіліктің биік сатысына шыққаным деп,
өзімді-өзім зорлап әкеліп, осы мына хайуанның қолына
бермеп пе едім, құшағына салмап па едім?! Ал, Лима,
тартатын тауқыметіңді тарт енді! Өзің тарт, үнсіз тарт,
әкең мен шешеңе, ағаларыңа, ел-жұртыңа мұңыңды
шаға алмайсың енді, сау басыңа тілеп алған сақинаң.
Көнесің. Көнбесең өлесің. Ажалың сенің осының
қолынан шығар немесе осының тілінен шығар. Әлі
көресің алда».
Жоғарыдағы сауалға автордың жауабы осы сөйлемнің
ішінде. «Мейлі, бұрап шымши берсін, жаман неме, ұрсам
сотталып кетем деп қорқатын болар, көгерген тәнімді
ертең мен ешкімге ашып көрсетпейтінімді білетін шығар»
-дейді Лима. Ұру менен күлуді шымшу дейтін нүктеде
тоқайластырған аса зымияндық Сәрсенбайлардың
өмір сүру тәсілі еді. Ұрмай-соқпай, ашық жәбірлемей
жүйкесін жұқарту арқылы адамның түбіне жетер аяр
тәсіл сол кездегі жүйенің басты ерекшеліктерінің бірі
еді. Міне, Сәрсенбайлар арқылы, олардың «ішін» ашу
арқылы автор саналы оқырманды сол қоғамның шіріп
тұрған өзегіне бойлатып жібереді. Қазір де осындай
жүйе адамзаттың жүйкесімен ойнауда.
Қазақтың «бетіне мақтама, артынан даттама» дейтін
мақалы осы кезде кері пайдаланылады. Алдынан
шығып гүл беріп, артынан оқ атқандай екібеткейлікті
заң жүзінде қорғай алса, заңнан бір саңлау тауып (пара
бола ма, басқа ма) өз пайдасына асыра алса еш мін
емес деп қабылданған бұл мінез, бұл болмыс сол қоғам
мүшелерінің өз болмыстарына айналып бара жатқан еді.
«Іш пен сырт» тақырыбынан осыны толық ұғамыз. Бұл
тұжырымды және де шегелеп, онан сайын орнықтыра
түсу
үшін
жазушы-драматург
Әкім
Таразидың
Қазақстан
жазушыларының
X-шы
съезінде
сөйлеген сөзінен нақты үзінді келтіре кеткеніміз
артық болмас: «Міне, қайта құру, жариялылық
жазушылардың аяқ-қолындағы тар бұғауды бұзып,
еркіндік беріп отыр. Ендеше біздің әдебиет кермеден
келген тұлпардай жалын еркіндіктің желіне таратып,
неге заулап кетпеді?! Сөйтсек, бұғау біздің санамызға
салынған екен. «Хайуанаттар паркіндегі» аңдарды
вольерден шығарып жіберсе тар қамауға қайтып барып
тығылады екен. Біз де сол сияқтымыз...
Жау кеткен соң қылыш сілтегім келмейді, әйтсе де,
1988 жылдың ортасына дейін біз (Жазушылар одағы
хатшылары) көрген күнді ешкімнің басына салмасын.
Күн сайын талай-талай қатынас қағазына жауап жазып,
жүздеген арыз тексерілді. Дүниеде төбеңнен әңгіртаяқ
ойнататын әміршінің көп болғанынан асқан күйік жоқ
көрінеді.
Егер келіп тірелген тығырық – творчестволық
тығырық қана болса, одан ертелі-кеш әйтеуір
құтылармыз. Ал адамгершілігіміздің тұмсығы тірелген
тығырықтан шыға аламыз ба?!.» – дейді. Автордың
адамгершілік жайында тегіннен-тегін бұлай сөйлеп
отырмағанын
«Қорқау
жұлдыз»
романындағы
кейіпкерлердің іші мен сыртына бірдей барлау
жасағаннан кейін ғана анық ұғындық. Көзіміз жетті.
Енді не істемек керек? Бұл романды оқып отырып
бір мәселені көріп, оны түбегейлі індетіп мәнін түсіндік-
ау дегенде алдыңнан екінші мәселе шығады. Бірінің
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
кілтін біріне жасырып қояды автор. Біреуін ашпай
екіншісіне өте алмайсың. Екіншіге өткен екенсің үшінші
есіктің кілтін іздейсің. Романның тағы бір ерекшелігі
кейіпкер жанына үңілуде ешқашан біржақтылыққа
жібермейді. Жоғарыда сыртқы әрекеті мен ішкі дүниесі
ұқсамайтын кейіпкерлер жайында айтсақ, енді ішкі
дүниесі сыртымен ұқсас кейіпкерлер жайында да айта
кетуге тиіспіз. Өйткені шығарма солай көрсеткен,
өйткені өмірдің өзінде де сондай жағдай бар. Бұл
шығармадағы Ұлжан, Күләй сынды кейіпкер іші мен
сырты бірдей кейіпкерлер. Күләй сұмырай болса,
Ұлжан нағыз қазақы болмыстағы әйелдер образының
жиынтығы. Ол жайында сәл кейінірек.
Қорқау жұлдыз. Роман атауы жайына келейік.
Лима Арасанбайдан таяқ жеп, талықсып, сандырақтап
жатқанда ылғи да жұлдыздар туралы айтатын.
Қоғамды, жүйені жыбырлаған құмырсқаға теңейтін...
Әрбір адамдарды жұлдызға теңейтін...
«Сондай түндердің бірінде Арасанбай күтпеген
жерде
күйзеліске
ұшырады.
Алдында
әйелінің
сандырағын қыбыр етпей мұқият тыңдап отырған. Көп
сөзіне түсінбеді, бірақ Лима бір сөзді қайталай бергені
анық:
– Көк жұлдыз... Көк аспан... Көк жұлдыз... Көк
аспан...
Арасанбай адам болып, бала болып, жасөспірім
болып еш уақытта аспанға қараған жан емес еді.
Әйелінің сандырағын тыңдап отырып «Мына шіркін не
дейді? - деп ойлады. - Көк жұлдыз бола ма екен? Көк
аспан бола ма екен? Аспан ашық болады немесе жабық
болады деп, - сандырақтап жатқан әйелін кекете мырс
етті. - Осы әйел деген қызық қой, бастары толған қиял,
өлейін деп жатып аспанда несі бар десеңші, жұлдызда
несі бар десеңші...
Соңғы айларда Арасанбайды Лимадан құтылсам
деген сезім билеп алған. Оған өзі де мән беріп жүрген
жоқ, бірақ Лиманы көрсе жыны қозып, буындырғысы
келіп, шымшығысы келіп, қолдарын бұрағысы келіп
тұратын әдет тапқан. Жеңгесі түн ортасы ауа мұны
оятып, зорлағандай тұр-тұрлап, осы бөлмеге алып
келген соң, бұл әдеттегіден ерекше, қорқынышты халге
душар болған. Нәрестедей монтиып жатқан әйелінің
аппақ жүзін көргенде, ұрлана қарап, қызыға қарап,
сұқтана қарап біраз отырды да, орнынан қарғып тұрды.
Лиманың ұзын мойны көз тартып, құмарлық сезімін
оятты. Еңкейіп иіскегісі келді. Бірақ басқа бір күш
таудан құлаған лай судай мұның жан дүниесін астаң-
кестең етіп кетті де, енді қара шыбықтай сойдиған
саусақтарын жазып жіберіп, әйелінің мойнынан
қылқындыра бастағысы келгенін сезіп қалды. «Қой,
құрысын, өлтіріп тастармын!» деп ойлады. Сөйтсе де,
әлденеден үріккендей, төсек жаққа шошына қарап,
дәлізге шығып кетті. Сол арада есік тырналап, мысық
болып мияулап тұрды да, өз қылығынан өзі жалыққан
соң сыртқа беттеген.
Аула ортасына жеткенде тұра қалып, аспанға
қараған. Есінен адасқандай бейжай халге келді. Түнгі
аспан көкпеңбек екен. Тұңғиық терең екен. Аппақ
жұлдыздар жымыңдап нұр шашып тұр екен. «Кәне,
көк жұлдыз? – деп ол әйелін кекете тағы да мырс етті.
– Көк аспан, көк жұлдыз дейсің, аспан көк болса көк
шығар, бірақ жұлдыздар ақ қой. Міне, көрдің бе, ал
сен... сен... шынында да ақ жұлдызсың, Лима. Сонда
мен қандай жұлдызбын?»
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Арасанбай ойланып қалды. «Осыдан ғой, сен өліп
кетсең... Сен аспанға кетесің, ақ жұлдыз болып кетесің...
ал мен өлемін... мен де өлемін, сонда мен қандай жұлдыз
боламын? Мен, әрине, қара жұлдыз боламын да... Қара
жұлдыз... қара...»
Өзі оқушыларға талай айтқан қаражыра жұлдыз
болады деген сөздер есіне түсті. «Ешқандай мән бермей,
сол сөздерді айта беріппін-ау... Қаражыра жұлдыз,
жалмауыз жұлдыздар! Маңайындағы сәулелерді жұта
беретін тойымсыз қара жұлдыздар! Мен өлсем, соның
бірі боламын да! Адамдардың бәрі өлгенде жұлдыз боп
кетеді, әйтпесе қайда кетеді? Әрине, жұлдыз болып
кетеді. Лима – ақ жұлдыз, мен – қара жұлдыз, бір
өлсек, қайтып келмейміз, түу сонау тұңғиық аспанда
бір-бірімізден алыс, миллиондаған жылдар ұмтылсаң
жетпейтін қашықта жүреміз, қандай жаман?».
Автор роман атын символдау ретінде алғандай. Сол
кездегі қоғамдық жүйені қорқау жұлдызға теңейді.
«Маңайындағы сәулелерді жұта беретін тойымсыз
қара жұлдыздар!» дейді. Осы сөзден-ақ ойымыздың
қате кетпегенін аңғарамыз. Ғарыш әлемінде әлі
зерттеліп болмаған дүниелер өте көп. Соның бірі,
бірі ғана емес бірегейі – Қорқау жұлдыз. Орысша
атауы «черная дыра». Қазақ оны «қара құрдым» деп
атайды екен. Қорқау жұлдыз – автордың анықтамасы.
Енді осы қорқау жұлдыз жайына аз-кем тоқтала
кетуге тура келеді. Ол туралы уикипедия – ашық
энциклопедиясының анықтамасында былай делінген.
«Қара құрдым деп кеңістіктегі кездесетін тартылыс
күші арқылы бүкіл материяны және жарықты өзіне
тартып алатын денені қарастырады. Астрофизиканың
заңдылықтарына сәйкес, массасы салыстырмалы түрде
жетілген дене деформациялап қара құрдымға айналады.
БОЛМЫС Қара құрдымның айналасында математикалық жолмен дәлелденген оқиға көкжиегі деген орын бар, бұл жерден қайта келу мүмкін емес болып саналады. Құрдымдар қара деп аталады, себебі оқиға көкжиегіне түскен бүкіл жарықты сорып алады, жарық шағылыспағандықтан оны термодинамикадағы абсолютті қара дене ретінде қарастыруға болады. Кванттық өріс теориясы оқиға көкжиегі радиация бөлетінін дәлелдейді, сонымен қатар температуға ие болатыны айқындалған. Осы температура қара құрдымның массасына кері пропорционал болғандықтан олардан бөлінетін радиацияның мөлшерін анықтау қиынға соғады. Өте үлкен тартылыс күшке ие болған денелерді (жарықты кері шағылыстырмайтын) ең алғашқыда XVІІІ ғасырда Джон Митчел және Симпсон Лаплас қарастырған. Ал алғашқыда толық қара құрдымға сипаттама беріп, салыстырмалық теориясы арқылы есептеген 1916 жылы Карл Шваршильд болатын. Осы кездескен астрофизикадағы ауытқушылықтарды 1960 жылдан бастап толықтай зерттей бастады. Қара құрдымдар Салыстырмалық теориясының созындысы болып, астрофизиканың реализміне бағынатыны айқындалды. Қара құрдымдар, өте үлкен жұлдыздар гравитациялық коллапсқа ұшырағанда пайда болады. Қара құрдымдар құралғаннан кейін олардың массасы мен көлемі ұлғаяды, себебі айналасындағы бүкіл материяны өзіне тартып алады. Олар басқа жұлдыздарды өзіне қосып алып немесе басқа қара құрдымдармен бірігіп, күннің массасынан миллиард есе үлкен, жоғары сатыдағы құрдымға айналады. Сондықтан қара құрдымдар көбінесе галактикалардың центрінде орналасады». Ондағы әр сөз әр философиялық ұғымдарды білдіреді. Автордың қорқау жұлдыз ұғымын сол
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
қоғамдық жүйеге теңеп отырғанын анық білсек те,
Лиманың әр сөзіне жасырған ұғымдарын тарқатып
алып шығуға шыны керек қауқарымыз жетпеді. Оның
қызықты құпияларын бүгінгі қоғамтану ғылымдарын
жете меңгерген білікті маманмен бірлесе отырып ашуға
болар еді, ондай мүмкіндігіміз болмады әзірге.
Мінеки,
романның
мазмұнын,
көтерген
тақырыбының көлеміне көз жеткіздік. Енді біз
романдағы негізгі түйін – ұлттық болмыстың өзгерісі
жайын аршып алайық.
Жоғарыда, іші мен сырты бірдей кейіпкер туралы
айтқанда «Ұлжан нағыз қазақы болмыстағы әйелдер
образының жиынтығы» деген едік. Енді осы бір
Ұлжанның бойынан қазақ әйеліне тиісті қасиеттерді
бір-бірлеп санап берейік. Жар ретінде, келін ретінде,
абысын ретінде, жеңге ретінде.
Жар. Ұлжан күйеуі жоқта оның жексұрын іс-
әрекеттеріне күңкілдеп ренжігенмен бетке келгенде
беттей алмай қалады. Мысал:
«Көршідегі сыпылдақ келіншектің сөзіне сене қойған
жоқ еді, бірақ сол күні кешке мектеп жақтан шаршап
оралған Ұлжан абысыны аулаға ашулана, айқайлай
кірді:
– Бұлар оңбайды, ағайынды екеуі де оңбайды!
Біздің Сәрсенбай оңбайды! Біздің Әппақтың да ниеті
қара, ниеті қап-қара! – деп кіжіне сөйлеп келді. Істің
мән-жайын келіні бұрыннан біліп жүргендей-ақ, оған
ештеңені түсіндірмей, Ұлжан өзі балпылдап, үйде
жоқ күйеуімен, үйде жоқ қайнысымен салғыласып
ұрсып жүр. Төсекте жатқан келінін тұрғызып алып,
сүйемелдеп шығарып, аула ортасындағы сәкіге,
көрпеше үстіне жайғастырды. Өзі сәкінің шетіне ілінер-
ілінбестей болып отырды да, күйеуі мен қайнысымен
қайта салғыласып кетті:
– Әй, құрғырлар-ау, бұларың ұят емес пе, ертеңгі
күні ел-жұрттың бетіне қалай қарайсыңдар, қиянат
қой! Орманов байғұсты бекер қаралап отырсыңдар
ғой, оның пара алмағаны жұртқа мәлім ғой, «анасын
өлтірді» дегені не сұмдық?! «Машина ұрлады» дегені
не сұмдық?! Ол арыздың бәрін жазғызып жүрген бөтен
емес, осы біздің үйдегі екі момақан, мен білем! Ертеңгі
күні соттала қалса, бұларды мен-ақ әшкерелеймін.
Бұлар ма, бұлар оңбайды! Аудандағы, облыстағы, қала
берді Алматыдағы тіректері мықты, туыстары көп.
Өңкей бөрі, ұялы қасқыр!
Осылай қатты кіжініп, көп сөйлеген Ұлжан
бойындағы бар ашуын шығарып алғандықтан ба, әлде
жеме-жемге келгенде күйеуінен қорқатындықтан ба,
іңір қараңғысымен араласып, аулаға Сәрсенбай мен
Арасанбай кіргенде бірден жым болды. Әзірлеп қойған
шайын, әзірлеп қойған көжесін солардың алдына
тосып, жәмпеңдеп жүр. Әлгі ашу-кектен, «қырамын
да жоямын, әшкерелеймін» деген айбаттан белгі
қалмаған. «Екі момақанның» алдында, «қиянатшыл
оңбайтындардың» алдында өзі момақан болып, өзі
бетегеден биік, жусаннан аласара қалыпты. Түнғатар
туралы, оған жасап жүрген ағайынды екеуінің зымиян
әрекеті туралы жұмған аузын ашқан жоқ».
Қайран, Жар! Қазақ деген халықтың отбасын
шайқалтпай ұстап, бар ауыртпалығын өзі көтеріп,
автордың сөзімен айтқанда «Оның бойында жоқ
қасиетті өз бойынан жалғайтын» адал жар!
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып
әкеткен-ау...
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Келін. Ата-енесінің атын айтпақ түгілі, атасының
атына жуық келетін сөзден қашып ат тергейтін қазақ
келінінің ешкімде жоқ ерекшелігі еді. Ол да Ұлжанның
бойында. Мысал:
«Лимаға мебель қатты ұнаған. Сол ойын жасырған
жоқ:
– Әйбәт екен, табыла бермейтін дүние, бірақ тым
қымбат қой.
Мұның сөзіне Ұлжан қуанып кетті, мырс етіп күліп
жіберді:
– Ой, әкем-ай, қымбат-сымбатын қайтесің, ұнаса
болғаны да! Елікбай атамның балалары аман болса...
Бұлардың арғы аталарының аты Арқарбай екенін
Лима естіген. Мына
Ұлжанның Елікбай деп тұрғаны сол кісі».
Қайран, Келін! Келген жеріне «тастай батып, судай
сіңген», сол әулеттің жоғын жоқтап, жырын жырлаған,
үлкенінің алдын кесіп өтпек түгілі атын айтпаған келін...
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып
әкеткен-ау...
Жеңге. Ұлжан Арасанбайдай сиықсыз, мұртын
шайнап сөйлейтін қап-қара қайнысын «Әппақ» деп
тергейді. Атын айтпайды. Ренжітсе де. Аталарымыздың
осы дәстүрі жақын адамдар бір-біріне қатты ренжісе де
қатты сөздер айтпауының алдын алатын амал да шығар
бәлкім, бәлкім... Арасанбайдың шешесіндей болып
кеткен Ұлжан жеңге өкпелеп отырса да атын айтпайды
«Әппағым» дейді. Мысал:
«– Бұл Әппаққа қашанғы мен әже бола бермекпін?
Өз әйелі бар, оятса, енді сонысы оятсын!».
Қайран, Жеңге! Қазақтың «Жолы болар жігіттің
жеңгесі алдынан шығады» дейтіні тегіннен-тегін емес
екені анық. Адамдар ара дәнекерлікте, жақсылыққа
дәнекерлікте жеңге ұғымының орны бөлек-ақ!
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып
әкеткен-ау...
Абысын. Лиманың бұл отбасыдағы ең қимасы
– Ұлжан. Лиманың басынан құс ұшырмауға бар,
құрақ ұшады. Оның Арасанбайға тұрмысқа шығуына
қуанғаны, қалған уақытта та Лиманың жақсы көңілде
болуы үшін, Лима ауырғанда өзінің жаны бірге шығып
кете жаздаған жағдай Ұлжанның абысындық аманатты
абыроймен атқарғанын анық көрсетеді. Тәнті қылады.
Абысынының Лимаға қатысты бүкіл сөзі – «айым,
күнім». Мысал:
« – Қарағым-ай, жарығым-ай! ...Әппақтан көңілің
әбден қалған-ау, менен несін жасырасың, күнім?».
Бұл ғана емес. Өмірден баз кешерде Лима Ұлжан
жайлы ойланған. Қимаған. Ал Лима өмірден өтіп
кеткеннен кейінгі жайды Лима айта алмайды әрине.
Автор айтады.
«Лима, сенің өлімің сол күні-ақ шағын ғана өзбек
қаласын дүр сілкіндірді. Сенің қайғылы қазаңды көп
адам көрді, көп адам естіді. Жиналып қалған топтың
алдында Сәрсенбай мен Арасанбай келісіп алғандай-ақ,
бірінен соң бірі:
– Бұл әйелдің өзі жынды еді, ауру еді! – деп әркім-
әркімнің бетіне жалтақтай қарап, ақталып тұрды.
Жайшылықтың өзінде алқынып, әрең жүретін, әрең
демалатын абысының Ұлжан сот залының ішінде
жүрегін ұстап, еденге шалқасынан құлағанын ешкім
байқаған жоқ».
Қайран, Абысын! «Ағайын тату болса ат көп,
абысын тату болса ас көп» деген қазақтың берекесін
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ бекіткен абысынның орнын басқа қандай ұғым, қандай жан толтыра алмақ? Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып әкеткен-ау... Қарындас. Бәсіре. Бұл шығармада Лиманың ағасы Жанәли жайында арнайы айтылуы керек. Бұл Қараспан әулетінің жайын автор ылғи аңдатпа ретінде көрсетіп отырады. Бұл әулет ішкі шеңбер – әулетін қатаң ұстағанмен сыртқы шеңбер – жүйеге мойынсал. Қарындасын іздеп келмеген жайын Лимаға: «... күзде келе алмағаныма ренжіме, енді аттанам деп жүргенде, өзің білесің, Брежнев қайтыс болды, ол кісі қайтыс болғанда ел қыдырып жүргенім жараспас деп үйден шықпадым»деуінен-ақ аңғаруға болады. Алайда автор ағалы-қарындасты екеудің арасындағы нәзік байланысты аса шеберлікпен көрсетеді. «Қызылжидеде бір аптадай жүріп Жанәли ауылына қайтты. ... Ағасы ауладан шығып, Сәрсенбайдың «Жигулиіне» отыра беріп, әлденені ұмытқандай, машинадан қайта шығып келіп, қорбаңдай басып келіп, босағаға сүйеніп тұрған мұның маңдайынан сүйіп алғанда қыз көзінен жас парлап ақты. Бірақ бұл ағасын құшақтаған жоқ, екі қолы салбырап, сөлмиіп тұрған қалпын өзгертпеді». Бұл ғана емес, Лима Арасанбайға тұрмысқа шығатын болып, оны Қараспан әулетіне жеткізгенде олар ризашылықтарын беріпті дегенде Лима тағы қиналған, «Лима өз еркімен айтты ма деп бәсіре ағам Жанәли сұрамап па екен» деген. Енді соның шешуін оқиық: «– Бәсе! – деді Лима жылап тұрып. – Сен білмей қалған екенсің ғой!
– Мен ауылда жоқ едім, – деп гүр етті Жанәли. –
За то, келген соң, жағдайды естіп білген соң, папам мен
мамамның төрт аяғын бір етікке тықтым! Ағаларымның
да көкесін таныттым. Лиманың тағдырын менсіз қалай
шештіңдер деп жанжал шығардым. Әлі де болса кеш
емес, егер сен өз еркіңмен келісім бермеген болсаң, айт,
тап қазір жетектеймін де, алып кетем!
Жанәлидің күректей жалпақ, қайың бұтағындай
қатты қолдары мұның арқасына түсті. Қыз мойнына
ыстық жас тамды. Ағасының да жылап тұрғанын
Лима сонда сезді. Өзі де егіліп тұрған нәзік жан, тіпті
дауыстап сыңси бастады. Содан кейін іштегі бір ауыр
дерттен арылғандай, ішкі сарайы ашылып, тазарып
қалғандай болды. Бұл ағасының құшағынан ақырын
қозғалып босана берді де, төменнен жоғары қарады,
жылап тұрып күле қарады. Екеуінің бала күннен бергі
дағдылы әзіліне көшіп:
– Өй, өңкиген жарықтық, мен жыласам, кетем деп
жылап тұрмын, сенің мынауың не, ей?! – деді.
Қарындасының алдында әлсіздік көрсеткеніне,
босаған көңілін байқатып алғанына Жанәли намыстанып
қалған. Сондықтан шығар, жорта қабағын түкситіп,
ашулана сөйледі:
– Сен қыз бар ғой, осыдан бар ғой, бізге ерегісіп,
бізге қырсығып күйеуге шығатын болсаң, мынау шидей
мойныңды өз қолыммен бұрап тұрып, басыңды жұлып
алам, білдің бе?!
Лиманың денесі шынымен-ақ тітіркеніп, түршігіп
кетті. Көңілін үрей биледі. Тезірек жауап бермесе
мынау нойыс ағасы сабап салатындай-ақ басын тез-тез
шұлғып, тез-тез үн қатты:
– Сен қорықпай-ақ қой, мен өз еркіммен. Бұлар
жақсы адамдар!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Жанәли қып-қызыл боп бөртіп шыға келді. Айқайлап
жіберді:
– Әй, сен қыз Арқарбай әулетіне түгел шығайын
деп отырған жоқсың ғой! Бұлар жақсы адамдар дегенің
не, ей?! Сен жақсы адамдарға шығасың ба, жоқ әлде бір
жақсыға шығасың ба?
Ағасының мына қылығына енді Лима мәз болып
күлді:
– Өзің, тегі, қырып кетерсің! Мен, әрине, бір адамға
шығам. Жақсы адамға шығамын.
– Е, онда сөз басқа. Болды, бітті».
Қазақтың бір үйлі жанның ішінде қарындасты ағаға
бәсірелейтін осы бір ғажап дәстүрінің астарында біз
толықтай түйсініп үлгермес ұлы сезімдер жатқанын
тамсанып қана сезе алмақпыз. Осы бәсіре арқылы
аға мен қарындастың арасындағы ыстық сезімді автор
қалай көрсетеді! Оны қалай айтсақ та шығармадағыдай
жеткізе алмақ емеспіз. Өз басы зор қасіретке шырмалып,
елі-жұртын, әке-шешесін сағынып, зарығып күндіз
күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып жынды болуға
айналып есеңгіреп тұрса да ағасы Жанәлидың жасы
мойнына тамып кеткенде өзінің бүкіл қасіретін ішке тыға
тұрып ағасына ойнақы әзілмен бала кездеріндегідей тіл
қатып: «– Өй, өңкиген жарықтық, мен жыласам, кетем
деп жылап тұрмын, сенің мынауың не, ей?!» деуіне не
айта алармыз?! Қарындас деген жаратылысты қазаққа
қалай ғана осылай сыйлады екен Жаратқан! Қалай
ғана...
Қайран! Қарындас! Бәсіре! Қарындас деген
қадірлі, бәсіре деген осынша биік ұғымның қайда сіңіп
жоғалғанын түйсіндік пе?!
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам сені де өзіне тартып
әкеткен-ау...
Қорқау жұлдыз – қорқау қоғам, қара құрдым.
2-бөлім
ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНЫҢ
ҚҰЛЫН ДАУЫСЫ
ЖӘНЕ
ЖАЗУШЫ ЖАНЫ
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Құлақ бұрау
«Тарихты көркем әдебиет дей алмасақ та,
әдебиетті көркем тарих деп әбден айта аламыз» деген
Чернышевскийдің сөзін Қазақстан Жазушыларының
V-ші съезінде «Көркем әдебиет шығармалары терең де
шыншыл болсын» атты тақырыпта баяндама жасаған
Жұбан Молдағалиев мысалға келтіреді. Ал қазақтың
ұзақ тарихын шындық негізінде ғылыми жүйеге түсіруге
талпыныстар болғанымен Кеңес үкіметінің цензурасы
оған мүмкіндіктер бермегені, тарих ғылымының жүгін
амалсыз әдебиет көтергені де рас. Бұл сөздерді ары
қарай растап керегі жоқ. Өйткені, оны қаламгер
шығармалары дәлелдейді. Біз соны талдап көрсете
алсақ болғаны.
Жазушы
Әкім
Таразидың
бірқатар
көркем
баяндалған хикаяттарының ұлтымыз бастан кешкен
тарихи оқиғаларды жадыңда қайта жаңғыртуымен және
шындығын көрсете білуімен құнды екенін автордың
«Тасжарған», «Қорқау жұлдыз» романдарындағы
кейіпкерлердің қоғаммен ымыраға келу-келмеуі, санаға
салынған түрлі бұғаулар арқылы көруге болады. Оларды
ұлттың санасына, жанына салынған құрсау, шіре десек,
ендігісін ұлттың санына яғни тәніне салынған қылбұрау
деуге де келетіндей. Тіпті, одан да ауыр...
Тәуелсіздік жылдары қазақ халқы үшін ең алдымен
сана-сезімді, ойлау жүйесін бостандыққа шығаруымен
қымбат болатын болса, сол тәуелсіз сана тудырған талай
ғылыми-көркем әдебиеттерге «жүк» болған тарихи
тақырыптар біздің санамызға сіңіп кетті. Соны «көркем
тарихтың міндетін атқаратын» шығармалар оқтын-
оқтын жаңғыртып тұратыны бар. Неге десеңіз, ғылыми
әдебиеттердегі құрғақ баяндаулар мен көп цифрлардың
«ар жағында» қалып кететін адам тағдыры, жақсылық
пен жамандықтың, зұлымдық пен мейірімділіктің,
махаббат пен ғадауаттың майданы, бастысы сол тұстағы
қоғамдық өмір, адамдардың психологиялық жай-күйі,
өмірге көзқарасы көркем әдебиетте ғана ашылатынына
бәс тігуге бармыз. Сонымен, жазушының жекелеген
кейіпкерлер мен бірқатар кейіпкерлер арқылы тұтас
дәуірдің ақтаңдақ тұстарын көркем шындықпен
бейнелеуіне әсер еткен оқиғалар желісі қандай және ол
қай әңгіме, хикаяттарында анық көрініс табады дегенге
келейік.
«2999999+1», «Андрей», «Аран» және «Күлтай
жеңешем мен Александр Солженицын» сынды
әңгіме, хикаяттар арқау болмақ. Әр қайсысы қазақ
халқының басынан өткен зобалаң жылдардың белгілі
бір кезеңдерін суреттейді. Өз алдына бөлек-бөлек
әңгімелер болғанымен бірін-бірі толықтырып отыратын
туындылар екенін талдау барысында білетін боламыз.
Сонымен, осылардың ішіндегі ең ауыры, ең
қасіреттісі, тіпті адамзат тарихында болмаған қасіреттісі
«2999999+1» атты жұмбақ әңгімеден бастадық.
«Адамзат тарихында болмаған» деген сөзімізді
артықтау алынды деп ойларсыз, жоқ. Оған да көзіңіз
жетеді әлі...
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Адамзат тарихындағы аянышты
эпизод
2999999+1. Өткен ғасырдың 30-жылдары
қазақ тарихының ең бір қаралы беттері реттерінде
бейнеленетіні әмбеге аян. Қолдан ұйымдастырылған
ашаршылық барысында халқымыздың тең жарымына
жуығы қынадай қырылды, біразы шетел асты.
Бірақ түрлі зерттеу жұмыстарында түрлі цифрлар
көрсетіліп, бұл туралы ортақ тұжырым жасалмаған соң
біз өз тарапымыздан «дұрысы мынау» дегенді айта
алмаймыз. Өкінішке қарай, ашаршылық салдарынан
құрбан болғандар саны туралы әлі ортақ тұжырым
болмай отыр. Әрине, бұл туралы нақты мәлімет беру
тарихшылардың міндеті екенін білеміз. Ал, көркем
әдебиеттің міндеті сол ақтаңдақ жылдардағы қоғам
басындағы
жағдайды
көркем
шындық
арқылы
бейнелеу.
Соны
бейнелеу
аясында
кейіпкерлер
галереясын, қоғам картинасын жасау. Жазушы Әкім
Таразидің ұлт тарихының ақтаңдақ беттерінен шағын
бір эпизод алынған «2999999+1» әңгімесін оқып
шығып, түйгенімізді төмендегі жолдарға арқау еттік.
«Шағын эпизод» дегенді әдейі айтып отырмыз. Алапат
ашаршылық қазақ жерін түгел қамтып, қазақ халқының
жартысына жуығы аштан өлгенде, әңгімедегі Абыз
ағаның айтқан оқиғасы шынымен шағын ғана эпизод
сияқты әсер қалдыратыны бар. Бірақ, сол эпизод қазақ
халқының бастан кешкен тауқыметін өмір бойы есіңнен
қалғысыз етіп, миыңа шегелеп тастауға жетіп жатыр.
Жоғарыда айтылған шығарманың ең бірінші,
тақырыбы туралы ойланбасқа болмайды. Неге бұлай?
2 999 999 шартты түрде аштан өлген адамдардың
саны болсын дейік, ал оған қосылып тұрған 1 кім?
Бастан кешкенін әңгімелеген Абыз аға ма? Сыртым
бүтін болғанымен, ішім өлген дегенді айтқаны ма? Әлде
аштықтан «сүйгенінің» етін жеп, өзі Абыздың қолынан
қаза болған Қосан ба? Әлде социалистік конвейер
қоғамның қанды шеңгелі жанын азаптап, шығарма
соңында өртеніп кететін Омар ма? Жоқ, әлде, сол 2999
999-дың өліміне бір ғана кінәлі социалистік жүйе, сол
үшін 2999 999-дың ажалы соның мойнында дегенді
тұспалдау ма? Міне, бұл жұмбақ...
Шығарманың өз басы әңгіменің ішіндегі әңгіме
сияқты әсер қалдырады. Өткен шақ пен қазіргі шақты
байланыстырып тұрған орталық кейіпкер - Абыз
аға. Жазушы негізгі кейіпкер Омардың да, орталық
кейіпкер Абыздың да қоғамдағы орнын өңірлеріндегі
«Алтын жұлдыз» арқылы көрсетеді. Бірі өз сөзімен
айтқанда «сегіз жүз отыз жыл өмір сүрген», яғни,
іші өліп қалған аға болса, екіншісі айналасымен де,
өз жанымен де арпалысып, тірі жүруге де, өлуге де
себеп таппай аласұрған іні. Шығарма барысында сол
іні ағаның айтқан әңгімесін көңіл экранынан кәдімгі
кино лентасы сынды тізбектеп өткізіп, әрбір деталына
шұқшиып, тағы бір тұстарда лентаны тоқтатып қойып,
ірі планмен көріп отырады. «Абыз аға ұзақ сөйледі.
Асықпай сөйледі. Тіпті баппен, мәнерлеп сөйледі.
Айтқаны – өз тарихы. Өз тарихы дегені ел тарихы.
Алтауы бірігіп тажал аузына бет алды. Өз еріктерімен.
Алтауы... Үлкен Тажалдың өзіне хат жазбаққа
серттесті». Тоқтай тұрыңыз, бұл туралы нақты тарихи
деректер қандай еді? «Ф.И. Голощекинге жолданған
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Т.Рысқұловтың «Сталинге хаттары», Ғ.Мүсірепов,
М.Ғатаулин,
М.Дәулетқалиев,
Е.Алтынбеков,
Қ.Қуанышев жазған «Бесеудің хаты», қазақ даласында
«оттай лаулаған» ашаршылық туралы көрнекті қазақ
зиялылары Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов,
Нығмет Нұрмақов, Ораз Исаев, Сұлтанбек Қожанов
және т.б. жазған Мәскеуге ресми хаттарда қазақтың
«қара шыбындай» қырылуы мен үдере шетел асуының
негізгі себептері, экономикалық және демографиялық
шығынды айғақтайтын нақты мәліметтер берілді» дейді
Қали Омаров «Аштық тауқыметі» атты мақаласында.
Енді жазушының кейіпкері кім? Осы тұлғалардың
ішінде емес пе екен? Әлде?.. Біздің мақсат, әрине,
Абыздың кім екенін анықтау емес, сондықтан жұмбақ
әңгіменің жұмбағына осы жерге дейін ғана бойлап,
тізгін тарталық... Ойымыз өткен шаққа, яғни, оқиға
өтіп жатқан мерзімнен 55 жыл ілгері мерзімге саяхат
жасайтын Абыздың жан дүниесіндегі «таңдаулы
кейіпкерлерді» алып шығып, соны ішкі сыры ретінде
ғана баяндауы еді...
Кеңес үкіметі «бай мен кедейді теңейміз», «әйелдер
теңдігі» деген желеумен небір текті билерді, небір іргелі
байларды ит тепкіге салғаны рас. Иә, бұл оқиғаның да
соған қатысы бар, анығы – содан басталған. Әңгіменің
желісін қысқаша айтсақ, былай болған.
Абыз бұдан аттай 55 жыл бұрын Арқа даласына
келген. Міндетпен келген. «Байларды кәмпескелеу»,
«ескіліктің қалдығын жою» сынды міндетпен келіп,
Күреңби деген әрі би, әрі бай кісінің Гүлғайша атты
тоқалын тартып алып Қосан деген бір жігітке қосады.
Күреңбиді итжеккенге айдатады. Сосын, бір ақынға
ақшасын төлеп «Қосан мен Гүлғайша» деген поэма
жаздырып, оны Мәскеудегі ең таралымы мол, беделді
БОЛМЫС газетке шығартады. Жырда Гүлғайша мен Қосан ғашық болады, Гүлғайшаны Күреңби байлығымен алған болады. Кедей Қосан ынтызар болады. Сөйтіп жүргенде Кеңес үкіметі келіп кедейдің жоғын жоқтап, «ғашықтарды» қосады. «Теңдік» әпереді. Құйдай өтірік поэманың айдай ақиқаты осы. Адамзат тарихында болмаған сұмдық осыдан басталады. Енді болған жайды шығарманың өзімен байланыстыра отырып ретімен айтайық. «...Абыз-аға ол кезде жас бәлшебек. Тууы туралы куәліктегі аты-жөні бөлек. Жазушы боларын, Абыз атанарын әлі анық білмейді. Жамбасына батқан жамбастай тапаншасы тұла бойын күйдіріп барады. Әйшәйға қарамай атып тастайтын Кеңестің атқамінерлері ауыл-ауылды аш бөрідей кезіп жүрген кез. Жұртта үрей қалмаған. Тап жауы – сенің жауың, оларды аясаң – өзің құрисың. Алдына жүгініп отырған еңгезердей көркем кісі Жас Бәлшебекке мұрты едірейген құбыжық болып көрінді. – Атыласың! – деген сөз маржандай тізілген отыз тістің арасынан жұп-жұмыр, сүйкімді қалпында үзіліп түсті. – атыласың! Екі әйел алуға Кеңес өкіметі тиым салатынын естіген шығарсың. Сауатты едің ғой. Орынборда оқыған едің ғой! - Айтам деген зілді сөздерінің қауқарсыз шыққанын сезіп жас Бәлшебек түйіліп қалды... – Жаз. Қолына қалам, қағаз беріңдер! Ал, жаз! Кеңес өкіметінен кешірім сұраймын! Гүлғайша тоқалымнан бас тартамын! Гүлғайша тоқалымды Кеңес өкіметінің құзырына бердім! Солай деп жаз! – Бұл, әрине, Жас Бәлшебек... – Әйел теңдігі! – Бұл енді, екі ғашықтың желкесіне шұқшиып тұрған тұрған екі іні, комсомол».
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ «... Көрікті жігіт Қосан. Өзі әнші, өзі шешен. Үкілі бөрік, үкілі домбыра, төс қалтасында алақандай төрт бүктелген ақ орамал, иіс майын аңқытып... киіз үйге кіре берді де, төрде отырған кеңестік төре Абыздың алдына тізерлей жүгінді. – Тақсыр! – дей беріп тез түзелді. – Жолдас орталықтың өкілі! Біреулер алдын ала әзірлеп, айтар сөзін, істер қылығын әбден үйретіп қойса керек. – Ғашықпын! Ғашықпыз! Еркіндік алып бер! Байдың тоқалы! Сүйіп... Болмаса – өлеміз! Қарулы екі жігіт екі білегінен ұстап келіншекті де кіргізді. Орталықтан келген айбарлы өкілдің алдына жүгіндірді. – Айт, әпке! Қысылма! – деді екі жігіттің бірі. Інісі-ау шамасы. – Теңдік! Тақсыр, теңдік! – деді келіншек Абызға тайсалмай тік қарап. – теңдік! Әйелдің сұлуы осындай-ақ болатын шығар. Мұндай көз, мұндай маңдай, мұндай тіс, мұндай мүсін Үрдің қызына да бұйыра бермейтін шығар». Бұл әңгімені Абыз 55 жылдан кейін айтып келе жатыр. Пойызда. Тыңдаушысы – Омар. Абыз: «Мен болып, Торғайдың үлкенді-кішілі текешіктері болып, әйтеуір, көп ұзамай үш мың жылқысы бар, бес мың жылқысы бар оқыған азаматты Жайық жаққа жер аудардық қой! Екі ғашықты некелеп қостық. Облыстық ақын Шалабайды астанаға шақыртып, өз үйімде жатқызып «Қосан мен Гүлғайша» деген поэма жаздырдым... жаздырдық!». Міне, Абыз сол далаға қайта келе жатыр. Бұл келе жатқан кез қандай кез? «Ақмоладан үрейлі хабарлар келуде: бүкіл уезді аштық жайлаған, – деп жазады
БОЛМЫС Түркістаннан. Аштыққа ұшырағандардың саны, оның көпшілігі қазақтар, 30-40 мыңға жетіп жығылады. Тамақ іздеген мыңдаған адамдар туған жерлерін тастап, жан-жаққа босып кетті. Баласыз ата-аналар, атаанасыз балалар…Қазақ даласының барлық жеріндегі оқиғалар осы шамалас». «Алтауы... Үлкен Тажалдың өзіне хат жазбаққа серттесті. Абыз айтты: «Мақұл, келістім. Бірақ менің мінезімді білесіңдер. Өз көзіммен көрмей... – Мен елді көрем! ...Абыз елге барды. Әрине, қаһарлы мекемелерден рұқсат алып барды. Ел күйзелді деген сөз бекер екен. Ел күйзелмепті, ел таусылып бітіпті. Тып-типыл. Облыс басшысы Абызға күдікпен қарады. Күдігін жасырған да жоқ. Май басып кеткен іркілдек денесін әрең басқарып, орындықта әрең қозғалып отырса да даусы шіңкілдеп, қатын мінез танытты. – МҰНДАЙҒА Алматы қалай араласады? Москваның құзырында емес пе? Кімнің құзырында екенін көрді Абыз. Қостанайдан Бетпақ-Қараға шейін жолдың екі жағы... Арқаның азынай соққан екпінді желі апталап қуса да, айлап қуса да тазалап кетіре алмаған күлімсі иіс, қолқа қапқан қоңырсық иіс, соңғы үш тәулік бойы көктем лебін аңқыта келген Алтын күректе қолқа қапқан сасықтан құтқара алмады бұларды. Қайта Алтын күрек тозақтың есігін айқара ашып тастаған тәрізді. Қыстай қар астында жатқан өліктер... Өліктер! Бірін көргенде жүрегі дір еткен, онын көргенде жүрегі лоблыды, жүзін көргенде өлердей алқынды, мыңын көргенде мәңгіріп қалған, он мыңдап көргенде ойсырап барып оңалып кетті! Осылай болуға тиісті ме, қалай... бұған таң қалудың қажеті жоқ па, қалай... өмірдің заңы осылай ма, қалай... алба-жұлба
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ киімдердің жұрнақтары, ағарып кеткен арық сирақтар, көкке қарай созыла түсіп түйіліп қалған жұдырықтар, көкке қарай созыла беріп ашылып қалған алақандар, ана төсін аймалап жатып көз жұмған сәбилер, ата-анаға өкпелеп, жарық дүниеден көңілі қалып, етбеттеп жатып, етбеттеп жатып жер құшқан нәрестелер! Құшақтасып жатып жан тапсырған ғашықтар...». Бұл шығармада автор көп жайды астарлап та береді. Оны сөз-сөйлемге мұқият бақылап отырған адам ғана аңғарады. Жоғарыда орталықтың өкілінің алдына келіншекті қарулы екі жігіттің алып кіргені, «айт әпке» деп тұрған жігіт оның інісі екені, Қосанға сөздердің үйретіліп қойғаны... бәрі-бәрі бұл істің зорлықпен істеліп жатқанынан хабар береді. Сол секілді Абыз елге келгенде оны атшанамен Николай деген орыс алып жүреді. Осы орыспен арадағы сөз-сөйлем әрекеттері арқылы да автор қаншама жайды паш етіп тұр. «ОГПУ қосып берген атшы Николайдың мінезіндегі оғаштықтарды өкіл Абыз алғашқы сәттенақ түсінген. Ысқырып «өлеңдетіп», қалаған кезінде, қалаған жерінде көлікті тоқтатып, мән-жайды бұған түсіндірмей жолдан алыс кетіп, әлдебір қаңырап тұрған бос тамдарды, әлдебір сай-саланы аралап кетеді. Кейкейде бұған қарап: – Ал, осы арада қуығыңды босатып ал, бастық! – деген «қамқорлығының» астарында: «Сен өлкеден келген дөкей болсаң да менен мықты емессің! Себебін ішің біледі ғой! Ішің білуге тиіс қой!» - деген ызғар жатады. ... Қанша кең болса да Абыз, тынысы тарылып, басы айналып, жүрегі лоблып, көзі қарауытып, қолқа қапқан күлімсі исі жүрек түбіне запыран жинап, құсып тастаудың, ақтарып тастаудың амалын іздеп келе
жатты. «Мынау ит те мені өліктің ең бір қылаң тұсына
әдейі кезіктіріпті-ау! Осы араға әдейі тоқтаған-ау!» –
деп түйді Алматыдан келген келе жатқан дөкей. «Бұл
өлкенің қожасы сендер ме, біздер ме, өзің түсін, түсініп
ал!» – дегені анық!».
Сөйте тұра, мына Николайға ыза бола тұра Абыздың
Мәскеу, Кремльге шаң жуытпайтынын да аңғартып
өтеді автор. Сол арқылы орысқұлдық сананың бір
көрінісін тағы да көрсетіп өтеді. Николай туралы жаман
ойлағанына өзі шошынып қалғанын қайтерсің?!.
«Сұмдық ойдан Абыздың жүрегі шым етті.
Тізесі дір етті. Буындары босап, жүрелей құлады.
Бұл сүмелек сезім бұрын да көңіл қақпасына талай
мәрте мысықтабандап, ұрлана бас сұқпақ болған.
Қуып салатын. Мәскеу. Кремль ондай емес! Ондай
болуы мүмкін емес!» – дейтін. Болашаққа деген үміт
нәрестесін әлдилеп, жылы құндақтап, көңіл бесігін
тербете бастайтын. Үміт».
Енді келдік. Енді келдік адамзат тарихында болмаған
сұмдық оқиғаға. Шығармадан тағы да үзінді келтірейік.
«– Жолдас өкіл... Сіз шанада отыра тұрыңыз!
Ешқайда ұзамаңыз! Мен – қазір... деді.
... – Осы ауылда... Шолақ-Су ауылында адам
жейтіндердің бандасы бар. Соларды бір шолып өт деп
еді бастығым... – Қаруыңызды оңтайлап қолыңызға
алыңыз. Сізге қарай жүгірсе ойланбаңыз – атып
тастаңыз! Бір қолыңызға божыны ұстаңыз. Мылтық
атылса – Теңбілкөк ала қашпасын!
ОГПУ қызметкерінің «ауыл» деп ауыз толтырып
айтқаны – жолдың екі жақ шетіне шашырай түскен бес-
алты тоқал там екен. Есік-терезелері жоқ, сукөзденіп,
үңірейіп тұр. Арғы шеткі бір үйдің ғана сыртқы есігі
мен екі терезесіне киіз ұсталған. Мылтығын көлденең
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
кезенген Николай асықпай-саспай барды да киіз
«әйнектерді» жұлып лақтырды, іш жаққа бірдеңе деп
айқай салды. Үйден өңкиген үш қазақ шықты. Киімдері
күтімді. Қызылжағалы олармен ұзақ сөйлесті. Содан
кейін киіз «есікті» жұлқа тартып ішке кірді.
... Жас Бәлшебек толғанып отырып байқамапты:
сыртқа шыққан Николай қол бұлғап бұны шақырып тұр
екен. «Мына найсап менің кім екенімді ұмытып кеткен-
ау! Осыдан Қостанайға қайтып келейік, қызметінен
қудырмасам да шенін төмендетпесем!». Бұл Абыздың
ойы, аяр ойы. Дәл осындай тұста, осындай өліктердің
арасында ойлап отырған ойы.
«Кіжінуін кіжінді, бірақ, әлдебір бұйрыққа бас
игендей, шанадан түсіп, аяқтарын жазып, біраз тұрды
да бұл да барды «сол жаққа».
Келіңіз, төрлетіңіз, жолдас өкіл! – деді Николай енді
таза қазақша, сәл иіліп, төрге төселген құрақ көрпешені
иегімен нұсқап. Үнінде жағымпаздық аңғарылады.
Мына үш қазақтың алдында жота мүләйімсіп тұрған
«орыстың ойыны» екенін жас Бәлшебек бірден түсінді.
Түсінді де бірден сыздана қалды...
Тізе бүк, хайуандар! Кімнің алдында тұрғандарыңды
сезесіңдер ме?..
... Пеш түбінде тұрған үшеу тізе бүкті. Қимылдары
қолайсыз. Николай бұны жер-көкке сыйғызбай дәріптеп
тұр. «Қазақстандағы ең мықты бастық Голощекин
жолдас екенін білесіңдер ғой? Білесіңдер, бұл кісі сол
кісінің оң қолы! Көздеріңді ашып қараңдар!»
Пеш түбінде тұрған тұрған үшеудің көздері бітиіп
кеткен. Беттері быттиып кеткен. Желкелерін май
басқан. Езіліп, бір кезде ақ болған қара көйлектер
шылқып тұр...
...Көрпелердің ар жағына арқан керіліпті. Арқанда
қақталған ет. Жіліктер. Жамбастар. Сүбелер. Көп ет.
Жас бәлшебек жүрегі лоблып, құсып жіберді». Бұл
адамдардың еті еді. Енді қараңыз, бір кездері «өзі әнші,
өзі шешен көрікті жігіт» атанған Қосанды таниды. Көзі
біттиіп, өңі быттиып, екі беті шылқыған майға айналған
Қосанды таниды. «Жас Бәлшебек таныды. «Мынау
сол ғой. Соның өзі ғой, өзі тапсырма беріп жаздырған
поэманың кейіпкері. Әнші. Күйші. Сері. Бай тоқалын
бұның өзі тартып әперген, некесін Кеңес заңымен
бұның өзі тіркеткен. Қосан. Қосан сері. Бұның өзі
поэма жаздырған. Бұның өзі газетке бастырған. Бұның
өзі кітап қып шығартқан. «Қосан мен Гүлғайша» поэма.
Жыр»...
Міне, әлгі Қосаны. «Ғашығына» қосып кеткеннен
кейінгі кездесіп тұрған жері. Қосанның адам жегені
сұмдық. Алайда одан өткен сұмдық бар. Одан өткен.
Енді одан ары сұмдық өтпейді.
«– Айт! Қайталап айт! –деді мылтықты адам. –
шығар қойныңдағыны! Көрсет! – деді мылтықты адам.
– Шеш, көрсет! – деп ақырды Николай».
Абыз ағаның бұл сәттегі жайын: «Өте баяу, өте
самарқау қимылдап, жыр кейіпкері жарғақ тонның
түймесін ағытты. Ақ жібек орамалға ораған әлденені
бұған көрсетті.
...Быттиған май бет өте жай қимылдап ақ жібек
орамалды ағытты. Орамал ішінде екі төс, бір құйрық
бар екен. Қозықұйрық. Екі емшек. Екі мама. Ұшы
қарайып кеткен.
Май басып біттиіп қалған екі тесіктен реңсіз су
тамшылары сорғалады. «Жылағаны шығар» – деп
қорытты Жас Бәлшебек.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Меңіреу дүние, тас керең дүние зың етті де ашылып
кетті.
– Гүлғайша... – деді ісік бет. – Гүлғайша ғой!
– ... ғой! – деді су сорғалаған екі тесік.
– ғой! – деген еді Қосан...
– Гүлғайшаның екі төсі мен қозықұйрығы...».
Ал, бұдан сұмдық өте ме? Адамзат тарихындағы
аянышты эпизод! Адамзат тарихында осындай қасірет
болған ба? Білмейміз... Бірдеңе айта да алмаймыз.
Сондықтан ары қарай да автор сөйлесін, шығарма
сөйлесін.
«Содан кейін арбасу басталды. Шананың қасына
айдап әкелген үшеудің екеуін мылтықты адам
қақпайлап әрірек апарды да, әй жоқ, шәй жоқ екі атып,
жар басында отырған қарғадай жалп-жалп құлатты.
Екі құлағын қайшылап, тықыршып тұрған Теңбілкөк
былқ етпеді. Бар ғалам селт етпеді. Ештеңе болмаған
тәрізді... – «Мынау бізге айғақ үшін қажет!»
Мынау дегені – Қосан. Түсінікті.
Ештеңе
болмағандай,
ештеңе
байқалмағандай
шананың арт жағында жантайып жатқан жас Бәлшебек
бәленің төркінін бұлжытпай таныды: бұл халық осындай
жабайы, бірін бірі жеп жатыр деген өсек таратуға бұл
бір, ұтымды жағдай. «Оларды ондай халге жеткізген
кім? Қай үкімет? Неғылған құдірет? – деген сауал
ешкімнің көкейіне келмейді, әрине. Келсе де отыз
тістің ар жағында қалады, әрине. Жоқ. Ол – олай бола
қоймас!»
Табиғатында тәрбиелі, биязы жан іштей булықты.
Ширықты. Қаны қайнады. Атшыны иығынан түртіп
өзіне қаратты.
– Тоқташы! – деді. Жерге түсті. Шөп үстіне
төңкеріліп жатқан Қосанға:
– Дәрет сындырып ал! – деді.
Қосан да қиналып, айтуға батпай келе жатса керек,
құнжыңдай қимылдап жолдан шыға берді.
Жолдан шыға бергені сол еді, жанына жетіп келген
Жас Бәлшебек, үн-түнсіз қалпы, жарғақ тонның
жауырын астынан тапанша ұңғысын тақап тұрып басып
қалды. Бұл да манағы екі серігі құсап жалп етіп құлай
берді. Теңбілкөк талай-талай атысты бастан кешірген
әккі ме, қалай, бұл жолы да былқ етпеді.
... Аудан орталығына келген соң да, облыс
орталығына қайтқан соң да Николай кісі жейтін
ганнибалдар туралы ешкімге тіс жарған жоқ. Батпақ-
Қараға жете бере мұрттай ұшқан Жас Бәлшебек төсек
тартты да жатып қалды».
Шағын ғана әңгімеге жазылған бұл зерделеуімізді
(әлі аша түсер жайттер көп болса да) түйіндеуге
жақынбыз. Абыз ағаның өз аузынан айтқан осынау
әңгімелерін тыңдап, тыңдап қана емес көңіл экранынан
өткізіп отырған Омарға да арнайы тоқталмадық.
Өйткені, әу бастағы мақсатымыз шығарманы толық
талдау емес, қазақтың естен кетпес қасіретті тарихына
үңілу еді. Енді Абыз ағаның автор баян еткен,
Омардың көз алдында қалған бір-екі іс-әрекеті мен
сөздеріне тоқталсақ. Өмірінің соңғы сәттерінен берілген
аңдатпаның да айтары бар шығар бәлкім, бәлкім...
«– Махаббат туралы поэманың концовкасы осылай
аяқталған, – деді Абыз аға. Деген еді. Алтындатқан
азу тістерін ерекше сәнімен аша түскен. Үнінде кекесін
болды. Өзін мазақтады ма, қазақты тұқыртты ма,
адамзатты мұқатты ма? Омар түсіне алмады».
«Тағы бір жұлдыз таққың келе ме, Омар?!» Абыз
аға тағы әдемі жымиды».
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
«...Абыз ағаның бұдан бір жыл бұрын дүние салғаны
есіне түсті. Сол кісінің сол жолы: «Қазақ даласында
жиналмай шашылып жатқан үш миллион өлікті ешкім
керек қылмағанда Николай екеуіміздің еншімізге тиген
үш шыбынды кім іздесін!» -деп мысқылдай күлгені
есіне түсті.
Тағы осы өлер шағындағы жайын айта келіп: «Соңғы
жылдары ерекше киініп жүретін мода тапқан еркек
шаш қатыны да, мен еркін адаммын деп үйге қонбауды
шығарған жалғыз қызы да көңіл жайлауынан көрініс
тапқан жоқ»– дейді Омар, – дейді автор.
Өлік сасыған далада келе жатқанда әлде елес, әлде
шын мұның алқымынан сығып еді ғой әлде бір қолдар.
«... жылы тонның ашық жағасын аша түсіп, алқымына
жармасқан екі қолды анық көрді. Сабыр сақтап, енді,
анық аңғарды. Саусақтары салалы екі қол. Өліктің
қолы. Жүрелеп қайта отырып жатып діттеп қарады:
сақал-шашы қауғадай болып өсіп кеткен аққұба кісі.
Аққұба өлік. Ағза».
«– Таныдым. Жағамнан алған өлікті таныдым!
Жайық-Қапал Күреңби деген атақты бай еді. Мешіт
салдырған, Медресе салдырған. Тоған қаздырып, еліне
егін егуді үйретіп жүрген көзі ашық, шешен кісі еді. ...Ол
да еркектің көріктісі еді жарықтық! Ұялы көздері нұр
шашып тұратын, екі иығына екі жігіт мінгендей, екі беті
нарттай...Үлбіреген үрдің қызы Гүлғайша Күреңбидің
тоқалы еді...».
Біз де қайталайық, Мешіт салдырған, Медресе
салдырған, Тоған қаздырып, еліне егін егуді үйретіп
жүрген, еліне пайдасы болмаса зияны тимеген,
еңгезердей еркектің көріктісі болған Күреңби! Сенің
кінәң адал некелесең де тоқал алғаның болды. Ол
жарыңды «ескіліктің қалдығы» деп жаттың қойнына
зорлап салып берді. Текті туған қазақтың еріне бұдан
асқан қорлық бар ма? Жоқ. «Қосан мен Гүлғайша»
поэмасындай мың-миллион өтірік, мың-миллион жалған
ұрандар итжеккенге айдалып ізіңді құм жасырған
жалғыз сенің шырқыраған үніңді естіртер ме? Жоқ!
Сенің ойыңды, мұрат-мақсатыңды, қайғы-қасірет,
ауыр азабыңды, тіпті сенің еңбегіңді (ол кездегіні
былай қоялық) осы күнгі дүйім қазақ ескеріп, еледі
ме? Жоқ әлі. Сенің тоқал алғаныңның соншама ауыр
жазаға тартардай қылмыс емес екенін түсініп жетті
ме? Жоқ әлі. Мүмкін Гүлғайшадан ұрпақ қалып, одан
тараған үрім-бұтақ осы күні арамызда жүрген болса, ол
да мүмкін Абыз ағаны қоштар. «Оқыған, Орынборда
оқыған сауатты адам қалай екі әйел алады?» деп өзіңе
қайта төнер ме Күреңби ғарып?! Мүмкін!..
Өйткені, «Қосан мен Гүлғайша» поэмасы сынды
мың-миллион өтірік, мың-миллион жалғандық бізді
Сенің бекзат болмысыңнан әлдеқайда алыстатып
жіберген! Күреңби – асылым!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Жатқа айналған
жақындар
Аран. Бұл соғыс жылдары. Тағы да эпизод.
Енді байқадық. Жазушы Әкім Тарази тұтас оқиғаны
сапырып жазуға құмартпайды. Қосан мен Гүлғайша
жайын сөз ету арқылы алапат аштық туралы ең
шоқтықты шығарманы қалай жазған болса, сұрапыл
соғыс жайындағы шығарманы да соғыста қайтыс болған
адамдарды қабылдап алатын пойыз станциясындағы
жағдайды баяндау арқылы солай жазған. Бұл да аштық
жайындағы әңгімеден бір мысқал кем соқпайды.
Шығармадағы барлық кейіпкер емес, негізгі
кейіпкерлерді ғана атап өтсек, бастауыш сыныптарда
оқитын екі бала – Бураш пен Колька, олардың әкелері,
өліктер арасында тірі жатқан қалмақ шал. Автор
әңгімені Бураштың басынан өткен оқиға негізінде, соны
еске алу сипатында баяндайды.
«Бұрын әкесін сағынбайтын. Жарық дүниенің
әлдебір алыс түкпірінде соғыс деген бірдеңенің жүріп
жатқанын білетін. Сол соғыс деген бірдеңеге өз әкесінің
қатысып жүргенін білетін» деп басталады шығарма.
Қысқаша айтсақ, Бураштың әкесі соғыстан бір
аптаға келіп, қайта кетеді. Кольканың әкесі де әлдебір
себептермен соғыстан қайтып келген. Енді осы станасаға
әкелінген өліктерді қабылдап алып жерлеуге жібереді.
Келген мәйіттерді ер, әйел демей түгел тырдай жалаңаш
шешіндіреді, тіпті олардың киімдерін ұрлап кететіндер
де бар. Осылайша, күнде ондап, жүздеп келіп жататын
өліктердің арасында бір шал тірі жатады. Оны Бураш
көреді, артынша Колька көреді. Кольканың әкесіне
айтады, «тірі жатыр, құтқарып алайық» дейді. Біз
екі-ақ ауыз сөзбен баяндап өткен осынау оқиғалардың
шиеленісі, тартысы, адам жанының терең түкпіріндегі
шыңғырысы, әке мен бала арасындағы рухани
қашықтық, қоғамдық жүйенің адам төзгісіз астарлары
әр сөз, әр сөйлем, әр диалогтарда тұнып тұр. Тұнып...
Осының бәрін бір-біріне көлеңке түсірмей бөлек-
бөлек қалай алып шығамыз, қалай көрсете аламыз?
Бізге қиын сын осы болып тұр. Себебі, шалдың жағдайы
сол қоғамның, сол жүйенің негізгі бір сипаты болса, әке
мен бала арасындағы тартыс тағы бір қыры, автордың
жанай айтып отыратын символдық тәсілдері тағы бар.
Өліктер жайында айтылатын философия өз алдына.
Баяндау тәсіліне сіңісіп, астасып кеткен автордың өз
тағдыры тағы бір бөлек. Тағы...
Бастадық. Енді шегіну жоқ.
Бураш әкесі бір келіп кеткеннен кейін ғана әкесін
сағынатын болған. Әкесі алғаш келгенде Бураш қарсы
алған. Таң қалған, бала жүрегі басқаша тулаған. «...
әкесі енді бұған қарай өзі жүгірді.
– Әй, Бураш, иттің күшігі, неғып тұрсың состиып!
Әке құшағының ғажайып ләззат екенін бала Бураш
сонда ғана алғаш рет сезген». «Бураш бұрын әкесін
сағынбайтын. Енді Бураш әкесін күнде күтетін болған.
Мектепке барарда станса басына бір соғып өтеді.
Мектептен қайтарда станса басында айналып көп
жүреді». Енді сол Бураш келіп жүретін станса жағдайын
баяндайық. Өліктер жайындағы автор философиясын
тарқатып жатпай-ақ, үзінділер келтірсек түсінікті болар
дейміз.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
«...кеше ғана адам аталған сойдиған сүйектерді
стансаның форма киген екі қызметкері жинап алып
жүретін. Базар жақтан үш арба келеді. Екеуінде
базардан жиналған «олжалар». Үшінші арба станса
басындағы «табысқа» лық толады. Бураштың бір
таңқалғаны өліктердің аяқ-қолдары ешкімге, еш уақытта
бағынбайды екен. Қолдар көкке көтерілген қалпы,
аяқтар иілуге келмеген қалпы, сексеуілдің серейген
бұтағындай жан-жаққа қашып бара жатқаны...». Иә,
бұл жүйеге өліктер ғана бағынбайды, қарсылық та
көрсетпейді. Тек ерегесіп жатқандай әсер қалдырады.
Енді осы шығармадағы негізгі оқиғаға келейік. Осы
тартысты барынша көбірек үзінділер келтіруді қажет
деп таптық. Өліктер арасында көзі жылтырап тірі
жатқан шалды Бураш көреді. «Бураш темір тор ішіне
үрейлене қарады. Қараған жоқ-ау, қарап қоям ба деп
қорықты.
«Түсініксіз әлдебір өктем күш: «Бері қара! Бері
қара!» – деп талап етіп тұрғандай.
Амал жоқ, қайтадан мойнын бұрды. Дәл сол!
Өліктердің арасында екі көзі жәудіреп, кірпіктері сәл
ғана қимылдап, тірі шал жатыр! Бұған қарап жатыр.
Енді Бураш өзін-өзі жеңді. Үрейді жеңді. Енді Бураш
кірпігі қимылдап жатқан шалға тік қарады. Шалдың
солғын көздерінен жылт еткен от көрінді. Үміт оты.
Маған қарағаныңа ризамын дегендей. Бураштың дәті
шыдамады. Басы қайтадан кегжең етті».
«Шалға қайта қарады бала. Үнсіз жалынып жатыр.
Менің тірі екенімді көрдің ғой дейтіндей. Үлкендерге
айт дейтіндей. Мені мынау арадан құтқарып ал
дейтіндей. Ерні кемсеңдеді. Көзі жәутеңдеді. Жақсы
бала сияқтысың, маған көмектес деп жағына бастаған
сияқты.
– Қара, қара! – деді Бураш Колькаға, – Анау тірі
ғой...
Екі бала бір-біріне телмірді.
– Ие, тірі сияқты... – деді Колька.
– Оттапсыңдар! – деген дауыс гүж етті екі баланың
көк желкесінен.
Кольканың әкесі мен оның серігі – тапал қара кісі
келіп қалғанын балалар байқамапты. Жалт бұрылған
қас-қағым сәтте Бураш көз қиығымен ғана тапалтақ
қара ұстап тұрған қол арбаны аңғарды, қол арбаның
үстінде көлденең жатқан темір сап темір күректі көрді.
Бұл күректің сабы неге темір? – деп ойлап та үлгерді.
– Ағай! – деді Бураш, – Анау бір кісі тірі жатыр!
Сергей ағаның: – Қойшы-ей? – деген үні күмілжіп
естілді.
– Оттапсыңдар! – деді тағы да тапал қара. –
Ондай болмайды!
– Шын айтамын! Өзіңіз де көріп тұрсыз ғой! –
Бураш екі үлкен адамға жалбарына қарады. – Тірі
ол, тірі! Бураштың көзі қалмақ шалдың көзімен қайта
ұшырасты. Бұл жолы қалмақ шалдың көзі бала көзін
арбап алды. Жіберер емес. Ерні кемсең-кемсең етеді.
Көздері сайрап қоя берді. Мен тірімін деп жатыр. Мені
құтқар деп жатыр. Сөз ұғатын бала сияқтысың ғой.
Түсіндір аналарға деп жатыр.
Бураш күйініп кетті.
– Жөндеп, ден қойсаңыздаршы! – деді.
Екі үлкен безеріп үндемеді. Енді Бураш Колькаға
бұрылды. –
– Колька, сен айтшы ендеше!
– Иә! – деді Колька. – Ол тірі! – деді Колька. –
Көзі тірі! – деді Колька. Осы сөздерді ол ықылық атып
тұрып айтты. Өз түкірігіне өзі шашалып тұрып айтты.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Әкесінен қорқып тұрып айтты. – Шындық қой, тірі
екені, папа! – деп аяқтады ол соншама ұзаққа созылған
«монологін».
Папасы енді ғана қарады. Мойындап қарады.
– Иә, солай сияқты... – деп мұрын астынан
міңгірледі.
– Қорыққанға кос көрінер! – деп гүж етті тапал
қара. – Ал, жарайды, былай кетіндер, боқмұрындар!
Сендермен тәжікелесіп тұруға уақыт жоқ!».
Осы арада тоқтала кететін аса маңызды бір мәселе
бар. «Бүгін Алматыдан Москваға қарай үлке-е-е-
е-н бастық өтеді. Қазақстанның главасы. Ол пойыз
келгенше калбиттардың бәрін қаланың сыртына
апарып тастау керек. Түсіндің бе? Ал папам болса...
Үлгермей жатыр». Бұл Кольканың сөзі. Қара тапал
мен Кольканың әкесі Сергей де біледі. «– Осы бір
тірі өлікке бола қайта оралып жүреміз бе?! Әне-міне
СЕКСЕН БІРІНШІ де келіп қалады. Білесің ғой, ол
пойызбен бүгін кім өтетінін...
Сергей ағаның басындағы ресми фуражкасы қисайып
кетіпті. Шұңғыл көздеріне үрей ұялапты.
– Иә... – деді ол күрсініп калып. – ӨЗІ келе жатыр!
Рас. Заң жоқ!» Бастықтың кім екенін білмейміз, қажеті
де шамалы, кім бастық болмады. Ол кезде. Әйтеуір
бұларды үрейлендіріп келе жатыр, ол өткенде, жай ғана
өткенде стансада серейіп, үйіліп, «ерегесіп» өліктер
жатпауы керек. Енді екі бала мен екі үлкен адамның
арасындағы тартыс онан сайын күшейе берді.
«– Папа! – деді Колька да.
Тапал қара екі баланы темір тор қақпаның алдынан
итеріп барады.
– Тайыңдар! Тайыңдар бұл арадан! От винта!
Бураш шыңғырып жіберді. Шыңғырып жібердім деп
ойлады. Бірақ даусы шықпай қалған. Көзі бақырайып,
әлденеге тұншығып қалған.
– От винта! – деп тапал кара Бураштың желкесінен
түйіп жіберді».
«Теміржолшының формасын киген, екі жағасының
ұшында ағараңдап жылтыраған орақ пен балғасы бар
екі ресми қызметкер өліктерді мұқият шешіндіріп,
киімдерін бүктеп жинап, шидиген сирақтары мен
шидиген білектерінен алып, сексеуілдің қу бұтағындай,
жайдақ арбаның үстіне аспай-саспай лақтырып жатқан.
Кольканың әкесі Сергей аға тірі шалды аман алып
қалсам ба дегендей бір сәт толғанып тұрды да, оның
денесін темір тордың сыртына шығарып, анадай жерге
бөлек калдырды.
Бураш қуанып кетті.
«Рахмет» деп айтқысы келген, бірақ өңешінен үн
шықпады. Кемсеңдеп тұра берді. Коляның білегінен
ұстады. «Әкең сенің жақсы адам» деп айтқысы келген.
Сол ойын алақанымен жеткізген. Колька түсінді.
Колька ұзын мойнын иіп, қауақтай басын шұлғыды.
«Менің әкем сондай!» – дегенін Бураш та ұқты.
Мәйіттердің біразын шешіндіріп, киімдерін мұқият
бүктеп, әлдекімнің шапанына орап, ыңғайлап алған
тапал кара киімдерді арқасына салып, әлдеқайда алып
кетті де, біраздан кейін екінші ат арбаны жетектеп қайта
оралды.
Бураш пен Колька әлі қалшиып тұрған. Үлкендер
бұларды ұмытып кеткен тәрізді. Жұмыстары қауырт.
Екі қол, екі аяқтан алып мәйітті перронға шығарады,
шешіндіреді, киімдерін мұқият бүктейді, Тапал қара
әлдебір қағазға әбден мүжілген қаламмен әлденені
түртіп жазады. Бір-біріне күңк етіп сөйлейді, сөйлейді
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
де, келесі өліктің денесін арбаға тарс еткізіп лақтырып
тастайды.
Енді ең соңғы өлік калды. Үміт пен күдік жанталасып,
арпалыса бастады. Қайтер екен? Бураш Колькаға
қарады. Колька күмілжіп тұр. Екеуі бірін-бірі түсінді.
Екеуінің бар сенгені енді Кольканың әкесі. Анау Тапал
қарадан қайыр жоқ. Бір ғажабы, Кольканың әкесі, ұзын
бойын тік ұстайтын, кезінде зиялы болған-ау, шамасы,
үркек көз кісі, өзінің қарауындағы Тапал қарадан қорқа
ма, қалай, соған жалтақтап қарай береді.
– Мынаны қайтеміз? – үні күмілжіп естілді.
Бураш қалмақ шалдың қасына барып қалыпты. Өзі
де байқамаған. Сәл бүгіліп, басын тұқыртып, қалмақ
шалдың өңіне үңіліп тұр екен.
Қалмақ шал оң қолын көтермек болды. Қолы
бағынбады. Сәл қыбыр етті де сұлық қалды.
Шал басын шайқамақ болды. Аштықтан мүжілген
мойын терісі катпар-қатпар екен. Қылғынып барамын,
жағамды ағытшы дегендей белгі жасады. Бураш сана
түкпіріндегі әлдебір құпия сезіммен шалдың ниетін
ұқты.
Кеңірдегіне тақап түймеленген жағасыз қалмақ
шапанның түймесін ағыта берген. Ағыта беріп таңқалып
тұрып қалды. Қалмақ шапанының ашық қалған
өңірінен кара китель көрінді. Қара кителдің жағасынан
күмістей жылтыраған орақ пен балға көрінді. Ақ көйлек
көрінді. Қара галстук көрінді. Енді аналарға менің мына
формамды көрсет дегендей ишарат жасады қалмақ шал.
Осы бұйрықтың бәрін, осы өтініштің бәрін қалмақ шал
көзімен жеткізді. Көзі үлкен екен. Көзі ұялы екен.
Бас киімді шеш дегендей сигнал берді көздері. Бураш
жапырайған қалмақ бөрікті шешті. «Ар жағынан»
толқындаған қара шаш көрінді. Зиялы адамның шашы.
Өзінің папасының шашы. Бураштың жүрегі дір етті.
Әрине, ол емес. Бала басын кегжең еткізіп аспанға бір
қарады да, шалдың өңіне кайта үңілді. Басқа. Бұл –
басқа! Бұл – қалмақ! Бұл – шал!
Кольканың әкесі шалдың касына келді. Үнсіз қарап
тұр. Енді Колька да жақындады. Ол да үнсіз қарап
тұр. Ең соңынан Тапал қара келді. Ол да үнсіз қарап
тұр. Қалмақ шал бірдеңе айтпақшы болды. Еріндері
жыбырлады. Көздерімен «сигнал» жіберді. Сигналды
Бураш қабылдады. Бураш түсінді. Бураш Сергей ағаға
қарады. Сергей аға да ұққан сияқты. Бураш Колькаға
қараған. Колька да ұққан сияқты. Бураш Тапал қараға
қарады. Тапал қара міз бағар емес.
Бураш сана түкпірінен Тапал қараның есімін іздей
бастады. Білуші еді. Ап-анық білетін. Есіне түсіре
алмады. Иннокентий ма еді, қалай еді? «Бұл кісі де
қалмақ екен-ау!» деген ой келді. Бүйрек бет, бітік көз...
Кенет соққан ойдан тағы да есеңгіреп біраз тұрды.
– Дядя Инок, – деді Бураш, – Мынау тірі адам
ғой!
– Тірі... – деді Сергей аға, – Бұны осында
қалдырайық!
Тапал қара күңк етті.
– Не положено! Болмайды!
– Қалдырыңызшы, ағатай, – деді Колька. – Біз
мектепке алып кетейік!
– Болмайды! Не положено! – деді Тапал кара.
– Қалдырып кетейік балаларға... – деп жалынып
қарады Сергей ағаТапал қараға. – Кешке дейін өзі де
бітеді...
Түтігіп, түнеріп тұрған Тапал қара күліп жіберді.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
– Заң жоқ! – деді ол. – Әне-міне СЕКСЕН
БІРІНШІ де келіп қалады. Білесің ғой, ол пойызбен
бүгін кім өтетінін...
Сергей ағаның басындағы ресми фуражкасы қисайып
кетіпті. Шұңғыл көздеріне үрей ұялапты.
– Иә... – деді ол күрсініп калып. – ӨЗІ келе
жатыр! Рас. Заң жоқ!
Сергей аға Тапал қараға жағымпаздана қарады.
Бураштың жүрегі мұздап сала берді. Енді бір
сұмдықтың басталатынын сезді. Үлкендер асықпай
қимылдап, қалмақ шалды шешіндіре бастады. Қалмақ
шапан жерге төселді. Шапанның үстіне екі етік пен
екі шұлғау қойылды. Шалдың бұтындағы қара галифе
екен. Шалдың үстінде қара китель екен. Белінде
жалпақ офицер белдігі бар екен. Сол жақ иығына түскен
портупея көрінді.
Қалмақ шал: менің кім екенімді енді түсіндіңдер ме
дегендей екі үлкенге карады. Екі үлкенге екі бала да
қарады. Жалынып-жалбарынып қарады.
– Тірі ғой, тірі! Офицер ғой! – деді Бураш қазақша
сөйлеп тұрғанын аңғармай.
– Тірі! – деді Колька да.
– Былай кетіңдер, – деп Тапал қара екі баланы
екі итерді, өзі бүгіліп тұрып, қалмақ шалдың кителінің
түймелеріп ағыта бастады.
Сол сәтте Бураш не істеп, не койғанын байқамай
қалды. Қатты өкіріп, қатты айқайлап, оншақты қадам
шегініп барып, қайта ұмтылып келіп, еңкейіп тұрған
Тапал караның дүмінен баспен сүзді. Тапал қара калмақ
шалдың үстіне құлады.
– Ой, иттің баласы, мен саған көрсетейін, – деді
Тапал қара тап-таза қазақ тілінде. Орнынан көтеріліп
келеді. Бурашқа қарай төніп келеді. Бураш шегіншектеп
барып, темір арбаға артымен сүрініп құлады. Темір
арбаның үстінде жатқан темір сап темір күрекке қолы
тиді. Темір сап темір күрек қолына қалай ілінгенін
байқамады. Жан даусымен айқайлап, Тапал қараға
қайта ұмтылды. Қолындағы күрекпен басқа соқпақ еді.
Сергей аға темір саптан қағып алды.
– Не болды саған, балақай?!
– Екеуіңді де өлтіремін! – деді бала. – Осыдан
шалға тиіп көріңдер!
Бураш қайта ұмтылған. Сергей оны құшақтай алды.
– Қарағым, атың кім еді? Бұл болмайды, – деді
ол. – Заң жоқ деді ғой Иннокентий ағаларың. Жарты
сағаттан кейін СЕКСЕН БІРІНШІ пойыз келеді.
Жүрдек пойыз. Оның ішінде кім бар екенін білесің бе?
Жанашуға қақымыз жоқ, ешкімге жанашуға қақымыз
жок. Это нелогично... Атыламыз өйтсек!
Бураштың көзі қарауытып кетті. Енді ол, шегініп
барып, жан даусымен айқайлап келіп, Сергей ағаның
өзін сүзді.
– Өлтіремін бәріңді!
Сол сәтте түсініксіз және бір оқиға болды. Егін
шетіне қойған ұзынсирақ құбыжықтай қалшиып тұрған
Колька, кенет, ол да айқайлап, әкесіне карай, өз әкесіне
қарай тұра ұмтылды.
– Қатын екенсің ғой, папа! Қатын екенсің!
Колька мен әкесінің арасы бес-алты-ақ қадам жер еді.
Колька қалбалақтап жүгіріп келеді. Әлі жүгіріп келеді.
Әлі жүгіріп келеді. Таң алдында көрген Бураштың түсі
тәрізді. Жетер емес. Екі алақаны жайылып кеткен.
Саусақтары темір көсеу дерсің. Әлі ұмтылып келеді.
Әлі ұмтылып келеді.
Түсініксіз оқиғадан түсініксіз оқиға туды. Сергей
аға, колындағы темір сап темір күректі тік көтерген
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
қалпы, өз баласына қарай ұмтыла берді. Темір сап темір
күрек Кольканың сол иығына сарт етті.
Сәл ғана лып еткен желдің екпініне шыдай алмай
құлап түскен қарауыл құбыжықтай, аяқ-қолы ербеңдеп
барып, Колька тас перронға тізерлей берді.
Сол сәтте, сол бір қас-қағым сәтте, Бураштың
санасы басын көтеріп тұра берген қалмақ шалдың
бейнесін көріп үлгерді. Қабылдап үлгерді. Қалмақ шал
Бурашқа ежірейе қарап, ап-анық, өте сабырлы үнмен,
тап-таза орыс тілінде:
– Да, логика – железная! У них всегда была железная
логика! – деді. Деді де шалқалай беріп тас перронға
шүйдесімен соғылды. Тұла бойы бір-екі рет дір-дір
етті де, тез тынды. Қимылсыз калды. Бураш қалмаққа
қарай тұра ұмтылған. Көздері әлі тірі еді. Тапал қара
бір сирағынан ғана сүйретіп барып, шалажансар денені
арба үстіне былқ еткізіп лақтыра салды.
Содан кейін Тапал қараның өзі де мелшиіп тұрып
қалды.
Әлгі түсініксіз сұмдықтан және бір түсініксіз сұмдық
туды. Ештеңені көрмегендей, ештеңені сезбегендей,
дарынсыз мүсінші қашаған колапайсыз тас мүсіндей
безеріп тұрған Тапал қара, кенет:
– Ах ты, подлец! Иттің ғана баласы, осының бәрі
сенің кесірің! – деп кіжініп келіп қысқа бұтын ыңғайсыз
ербең еткізіп, баланы іштен тепті. Екі бүктетілген Бураш
тас қараңғы түпсіз құзға құлап бара жатты».
Бұл оқиға осымен аяқталған жоқ. Сорақысы
соңында. Адам болмысындағы аяушылық дейтін асыл
сезімнің осыншама өзгеріп кетерін, Бураш та, Колька
да түсінбес, түсініп жете алмас. Жанрдың теориялық
шарты бойынша айтатын болсақ бұл әңгімедегі оқиғаның
шырқау шегі мына екі көрініс, мына екі сөз дер едік.
БОЛМЫС «...Бураш буынып өлердей халге келді. Даусы шаңқ ете қалды. – Имансыздар!». «Егін шетіне қойған ұзынсирақ құбыжықтай қалшиып тұрған Колька, кенет, ол да айқайлап, әкесіне карай, өз әкесіне қарай тұра ұмтылды. – Қатын екенсің ғой, папа! Қатын екенсің!». Осыншама зұлымдыққа, бала жүрегінің осыншама шырылдаған қарсылығын осыншама анық көрсетеді автор. Ауыр көрсетеді автор, ақиқатын көрсетеді автор! Ары қарай не болды? «Бес-алты күннен кейін Бураш ауыр соққыдан айығып, тұрып кетті. Мектепке баруға жарады. Мектепке барған соң естіді, Колька сол күні, сол сағатта, есін жимаған қалпы, о дүниеге өтіп кетіпті». Осылай. Осылайша жай ғана стансадан өтетін бастықтың жолын өліктен тазалау үшін бауыр етін баласын өзі ұрып өлтірген аянышты хал, ауыр хал... заһарлы жүйе, аяусыз аждаһа... тағы бірдеңе... айтуға тіл жетпейді... Біз бұл шығармадағы негізгі оқиғаны толық келтіруге тырысып автордың жанама мәтіндерін шегере тұрған едік. Енді соған келеміз. Тақырыбымызға байланысты толғамдарды сол мәтіндер арқылы жарқырата көрсетеміз. Дәл осы орайда, дәл осы автордың яғни Әкім Таразидың проза жазу тәсілі жайлы бір ауыз сөз қыстырсақ зерттеу тақырыбымызды толықтыра түспесе, кемітпейді. Әкім Тарази бір шығармаға отырар алдында алыс сапарға дайындалған жолаушыға ұқсайды. Жолаушы болғанда да ел сырын, жер сырын қанық білетін кәнігі жолаушы. Ол жолаушы қайтушы еді? Ол жолаушы алдымен ат таңдайды, сосын оны баптайды, жаратады. Және қосар алады. Әкім Таразидың біз
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
оқыған шығармаларында ешқашан жалғыз атпен
жолға шыққан емес. Екі қосар, үш қосар, кіл сайлаулы
сайгүліктермен шығады. Бірі шалдыққанда келесісін
мінеді. Жалғыз аты тұралап тұрып қалғанша сабалап,
жетер жеріне не жетіп, не жетпей зорығып жығылатын
жазушылардан емес.
«Аран» аталатын әңгімені жазарда да әрине,
қосармен шығады. Негізгі оқиғаны үзе тұрып «Жылдар
өтер. Бураш ер жетер...» деп сол оқиғаны Бураштың
кейін еске алып жазып отырғанын айтады. Тіпті сол
Бураш әңгіме аяғында автордың өзі болып шығады.
«Жылдар өтер. Бураш ер жетер. Бірақ сол бір калмақ
шал, сол бір отыздардағы қалмақ «шал», үкімет
адамының кителін киген қалмақ шал, орысша таза
сөйлейтін қалмақ шал Бураштың есінен кетпес. Мен
туралы жаз, мені ұмытпа деп зерде шалғайына талай
жармасар. Мені ұмытуға қақың жоқ деп жалбарынар.
Басын көтере берер. Алқынып, кителінің жағасын
ағыта берер. Орақ пен балға айқасқан оқалы жағасын
аша берер». Иә, автордың басынан осындай қасіретті
оқиға өтіпті-ау дерсіз, (иә, автордың, иә Бураштың
деп ауыстырып айталық) одан да қасіреттісі бар. Ол
сол қалмақ шалды өзінің әкесіне ұқсатуы. Мүмкін,
әкесі емес те шығар. Алайда неге «Түсініксіз әлдебір
өктем күш: «Бері қара! Бері қара!» – деп талап етіп
тұрғандай». Жақыны болмаса өйтпес еді ғой. Бұл
жұмбақ. Автордың жұмбағы. Бәлкім біздің ашуға
қақымыз жоқ шығар, бәлкім...
Енді бір қосар, оқиға арасында жиі қайталанып
отыратын қоғамның сипаты және автордың сол жүйенің
болашағы жайлы болжамды сөзі. Мүмкін басқаша да
болар, біз солай деп ойладық. «Алатау мен Қаратаудың
қолтықтасқан тұсында әлдебір жаудан жеңіліп,
қанаттары алба-жұлба, тоз-тоз, жырым-жырым болған
алып қара құс, әне құлаймын, міне құлаймын деп
теңселіп келе жатар. Төніп келе жатар. Қара бұлттың
сауырынан ызғар есер. Үрей желі уілдер.
Үрей желі есіп тұр әлі де».
Бұл мұндай аяусыз, мұндай зұлымдық шашқан
жүйенің өзінің де өлім сәті жақын деген сөз шығар.
«Қанаттары алба-жұлба, тоз-тоз, жырым-жырым»
алып қара құсты басқа неге теңеуі мүмкін?
Жоғарыда иә Автордың, иә Бураштың басынан
«осындай қасіретті жағдай өтіпті-ау дерсіз, одан да
қасіреттісі бар» деп қалмақ шалды өзінің әкесіне ұқсатуы
жайын айтқан едік қой, негізі одан да қасіреттісі бар. Ол
қасірет бұл шығармада үш рет қайталанып айтылады.
Ол қасірет иә Автордың, иә Бураштың ғана басынан
өткен жоқ, Кольканың да басынан өткен, Кольканың
ғана басынан өткен жоқ, мыңдаған Колька, мыңдаған
Бураштың басынан өткен. Тіпті Бураштың мамасының
басынан да.
«– Әй, иттің күшігі, неғып тұрсың состиып!
– деді. Бурашқа енді ғана «жан бітті». Екі қолын
жайып жіберіп, папа! – деп айқайлап, әкесіне карай
тұра жүгірді. Аралары оншақты-ақ кадам еді. Бірақ
жете алар емес. Әлі жүгіріп келеді, әлі жүгіріп келеді.
Әкесі тұр, жымиып. Ол да екі қолын жайып жіберген.
Бураш жүгіріп әлі келеді, әлі келеді. Жетер емес. Ыза
болды. Жылап жіберді». Бұл Бураштың түсі еді. Ал
оны түс делік десек, мынау шын, кәдімгі өң: «Колька
мен әкесінің арасы бес-алты-ақ қадам жер еді. Колька
қалбалақтап жүгіріп келеді. Әлі жүгіріп келеді. Әлі
жүгіріп келеді. Таң алдында көрген Бураштың түсі
тәрізді. Жетер емес. Екі алақаны жайылып кеткен.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Саусақтары темір көсеу дерсің. Әлі ұмтылып келеді.
Әлі ұмтылып келеді».
Әке мен баладан жақын кім бар? Бірақ алыстап
кеткен. Бір-бірінен рухани алыстап кеткен. Бір-бірін
жүректерінен жоғалтып алған. Бірақ жүгіреді, іздейді,
алақандары жайылып кеткен, жете алмайды. Соғыс,
жүйе үлкендерінің болмысын, психологиясын өзгертіп
жіберген. Иә, шығармада «үлкендердің», «үлкендерге»
деген сөз көп жерде қайталанады. Үлкендер өзгеріп
кеткен. Мүлде. Балалардың халі... Бураштың халі
мынау, Колька Өлім құшты. Әкесінің қолынан. Ол
да жүгірген. Әкесіне қарай. Алақандарын жайып...
Алыстап кеткен. Үлкендер балалардан алыстап
кеткен. Үлкендер балалардан ғана алыстап кеткен жоқ,
үлкендер бір-бірінен де алыстап кеткен.
«Жылдар өтер, Бураш ер жетер, ел қатарына
косылар, Бураш бала Бурахан Өртайұлы аталар. Бірақ
сол кезде де мамасының станса басына өзі шықпай,
Бурашты ғана жұмсағанын, бәрібір, түсінбес». Неге?
Бураш түсінер, ержеткенде түсінер, бірақ түсінгісі
келмейді,
жүрегі
дауаламайтын
шығар.
Бәлкім
түсінбейді. Бәлкім...
Бұл шағын ғана шығарманы талдау өз басынан он
есе көлемді материалды қажет ететінін енді түсіндік.
Өйткені, әр деталь сөйлейді. Иықтағы, кеудедегі
әр медаль, белгілер сөйлейді, киім сөйлейді. Тіпті
адамның аттары сөйлейді. Неге Бураш Тапал қараның
атын есіне түсіргісі келеді? Иннокентий деген есімді
еврейлер қоятын шығар бәлкім, бәлкім... және де
балалардың соғысып ойнайтыны, соғыс тәртібіне қатаң
бойұсынатыны, бәрі-бәрі жіті талдауды қажет етеді.
Кеудесіне таққан орақ пен балғасы бірдей өлі (қалмақ
шалды айтамыз) мен тірі неге бір-біріне соншама
үрейлі, суық? Бұл шығарманы бүге-шігесіне дейін бір
адамның талдап-талқылап шығуы мүмкін емес және
қажет те емес шығар. Әркім өз іздегенін, өзі білетін
тұсын талдайды, талқылайды.
Біз де бұл шығармадағы тісіміз батпайтын тұстардың
тұсынан өтіп кеттік. «Бұл үйде, тіпті бұл аулада әріп
танитын жалғыз «оқыған, молда бала» – Бураштың»
болмысына кереғар мың-миллион таным-көзқарас пен
мың-миллион мінез, зұлымдықты көрсетуге тырыстық.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ Құпия геноцид Андрей. Біз мақала арнаған әр шығарма жөнінде барынша қысқа жазуға тырыстық. Алайда, тақырып қажетіне орай көлемі ұзарып кетіп жатқан жағдайы бар. Енді, міне «Андрей» аталатын эссе сипатты әңгімесін талдауда да сол ұстанымдамыз, барынша қысқа жазуға жоспар жасалды. Бұл әңгімеде де «Аран» әңгімесін талдағанымыздағыдай, автор қосар атпен жолға шығады, яғни неше қабатты баяндаулар мен сипаттауларды қатар алып жүреді. Біз оның барлығына соқпаймыз. Тек екі желі бойынша ғана талдау жасаймыз. Шығарма кейіпкерлері – Манана, Әкім, Андрей сынды үш кейіпкер айналасында сөз қозғаймыз. Мұнда автор өз атынан, өз басынан өткен тарихты жазады. Тікелей эссе немесе таза прозалық шығарма емес. Эссе сипатты әңгіме. Эссе дейтініміз - жазушы өз басынан өткен оқиғаны өз атынан жазады. Әңгіме дейтініміз – шығарманың басталуы, шырқау шыңы және соңында қорытынды болатын жанрлық ерекшелікке ие. Автор Мәскеудегі университетте киноның оқуын оқып жүрген кезін баяндайды. Он бес республикадан жиналған отыз екі тыңдаушының бірі қазақ жігіт – Әкім, бірі армян жігіт – Андрей. Екеуі жақын жүреді. Барларға, ресторандарда кіріп, шалқып жүреді. Андрейдің қызыңқырап алғанда істейтін бір әдеті бар, әскери адамдар көрсе барады да иығындағы, не кеудесіндегі бір-екі түймені жұлады. Қорқынышты
БОЛМЫС әрине. Қорқынышты болғанда өте қорқынышты. Анау жұлқынып шығады. Әрине жұлқынып шығады. Сол кезде Андрей олардың құлағына сыбырлап бірдеңе айтады. Түймесі жұлынғанға аюдай ақырып орнынан түрегелген небір шенді әскери қызметкерлер желі шыққан доптай болып сабасына түседі. Басылады. Тіпті Андрей мен Әкімді баратын жерлеріне машинамен апарып тастайды. Андрей олардың құлағына не сыбырлайды? Неге сонша айбарлы, ашулы адамдар бірден басылады? Ол қандай құдіретті сөз? Ол шығармада көпке дейін қасында жүрген Әкімге де белгісіз болып келген. Кейін біледі. Сондықтан ол сыбырдың мәні туралы біз де сәл кейінірек айтайық. Енді шығармадағы ең негізгі оқиға жайына келейік. Андрей мен Әкім ақшалары таусылып, оның үстіне кафеге қарыз болып сыртқа шығады. Енді қайда бармақ? Автор баяндайды: «Сонымен, екеуміз жаяу жүріп Москва өзенінің жағасына, ұмытпасам, котелничий жағынан биік бір үйге кірдік. Лифтімен көтерілдік. Есікке кіре берген кезде Андрей айтты: – Бұл менің папамның туған қарындасы. Кейбір қылықтарына кешіріммен қара, жарай ма? Бізге керегі – ақшасын алсақ болды емес пе? Зейнетақысы көп, мықты, – деді. Есік ашқан әйел Андрейді көргенде: – Е, сен ғой, білем ғой, – деді. Сосын көзі маған түсті. Мені көргенде шошып кеткендей болды. Аң-таң не айтарын білмей қалғандай. Сол секундта менің байқағаным, жасы енді-енді қырықтарға толған, денесі қозының асығындай ғана ықшамды, бет-жүзі әлі жап-жас көрінетін адам екен. Бірақ шаштары – аппақ екен. Көздері отты, жанып
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
тұр. Мені біраз «барлап» алған соң Андрейге қайта
бұрылып:
– Бұл… – деді.
Андрей ішке кіре беріп:
– Қазір айтам, қазір айтам, – деді
Екеуіміз де ішке кірдік. Содан кейін Андрей:
– Бұл – Әкім, – деді. – Қазақстаннан келген
менің досым.
«Қазақстаннан келген» деген сөз әлгі әйелге
бұрынғыдан да қатты әсер еткенін байқадым. Ол кісі
тұнжырап біраз тұрып қалды. Әлдене ойлап кеткендей
болды, әлденені еске алып тұнжырап кеткендей болды.
Содан кейін, үш-төрт секунд өткен соң, есін жинағандай:
– Жарайды, кел, кел, қазақ, – деді». Андрей мен
Андрейдің әкесінің туған қарындасы – Манана басқа
бөлмеде біраз айналып қалады. Автор ат шаптырым
бөлме, әсем жиһаздарды, қысқасы бұл үй де, үй ішіндегі
дүниелер де әдеттегі емес, аса қымбатқа түсер дүниелер
екенін айтады. Бір кезде Андрей келеді.
«– Ой, Әкім, – деді ол маған, – сенің келгенің
мына менің Манана әпкеме өте қатты әсер етті. Сен
Манананы кешір. Бұл байғұстың бұл өмірде көрмегені
жоқ. Талай-талай қияметтерден өткен. Сондықтан
бұның аузынан оғаш сөз шықса, сен оған мән берме,
жарай ма? Мен саған қызық айтайын, бұл сені көргенде
қатты қорқып кетіпті. «Қазақ» - деп қалды. Өзің сездің.
Бірте-бірте басылды. Енді қазір келеді, кофесін алып,
пирожкиін алып. Сен көп сөйлеме, жарай ма? Және
қабағыңды шытпа. Мананаға сен ешқандай сыр бермей
момақан болып отыр... жарай ма?». Бұл оқиғаның
басы ғана. Бұдан ары қарай Манананың кім екендігін,
оның қазақпен қандай қатысы бар екендігін, Әкім кіріп
барғанда неге шошып кеткендігін жазамыз. Сол кезде
БОЛМЫС Манана деген осы бір есім, оның істеген ісі, тарихы мәңгі есіңізден кетпестей болады. Манананың тарихын ойлағанда жүрегіңіз езіледі. Мананаға жаныңыз ашуы – еркіңіз, ең алдымен, қазаққа жаныңыз ашиды. Удай ашиды. «Осылай да, осылай істеген екен ғой...» деп ерніңізді жымқыра тістейсіз, жымқыра! Қазақ тарихының сол бір қаралы парақтары көз алдыңызға келе береді, келе береді! Автор баяндайды: «Манана Андрей айтқандай маған бір түрлі оқыс адам болып көрінді. Сөздері де, істері де түсініксіз, тосын. Манана менің өң-түсіме алдымен таңырқай қарады, содан кейін барлай қарады, сонан кейін сұқтана қарады. Мен ыңғайсызданып отырдым. Бір кезде Манана маған шүйіле қарап: – Атың, сонымен Аким болды ма? – деді. – Иә, – дедім мен. Мананa тағы да ойланып қалды. Содан кейін: – Сенің жасың қаншада? – деді. Мен айттым: – Жиырма жеті, – дедім. – Е-е-е, – деді Мананa, – менен тұп-тура жиырма жас кіші екенсің. Мен қырық жетідемін! – деді. ... – Әкім, сен білесің мен қырық жетідемін деп саған өтірік айттым, шын мәнінде мен төрт жүз жетпіс жастамын! – деді. ... – Сен сенбей отырсың, Аким, -деді. – Шынында да адамдар жүз жас, үш жүз жас өмір сүре алады. Мәселе оның календарлық өмірінде емес, оның көргенбілгенінде. Ал менің көрген-білгенім ұшан-теңіз... маған тағдыр рұқсат беріп тұр осылай сөйлеуге. Төрт
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
жүз жетпіс! Құжатымда – қырық жеті. Бірақ мен төрт
жүз жетпіс жыл өмір сүргенмін. Сен тағы бір келгеніңде
мен осы жұмбақ сөзімнің шешімін айтып беремін, - деді
кенет жайбарақат пейіл танытып. – Жарай ма?
– Жарайды, – деп мен үшін Андрей жауап берді. –
Манана, – деді Андрей, – тағы да біз келіп тұрамыз,
сен рұқсат берсең.
– Әрине, рұқсат беремін, – деді Манана. – Бірақ
ендігі жерде сен Акимсіз келме. Қасыңа міндетті түрде
Акимді ертіп келетін бол, жарай ма, – деді.
Содан кейін Манана маған сұқтана қарап тағы біраз
отырды да, күтпеген жерден, оқыс:
– Аким өте сымбатты бала екен. Маған ұнады, сенен
гөрі ақылды сияқты, – деді Андрейге бұрылып. – Сен
шалапайсың, Андрей, мынау алысқа баратын бала.
Көзін көрдің бе, қандай! Көзі ойлы. Сәл ғана бірдеңені
ұнатпай қалса көзінен от шашады. Бұл даланың адамы
ғой. Бұлардың арғы тегі қыран. Мен білем қазақтарды,
– деді.
...Манананың бет-жүзі алай-дүлей болып кетті.
Бір түрлі қартая қалғандай, жаңа ғана отыздан енді
асқан әйелдей сымбатты көрінген Манана көз алдымда
қартайып кеткендей болып көрінді. Көзінде жылт еткен
от бар сияқты еді. Сол от кенет сөніп, әлдебір үңірейген
үңгірдің аузында тұрғандай тұла бойым тітіркеніп
кетті. Мен оның көзінен шошындым. Андрей менің
жағдайымды сезгендей, маған жасқана қарады».
Бұл Манана мен Әкімнің бірінші кездесуі. Екеуіне
де мол ақша беріп бұларды шығарып салғанда Манана
Андрейге «Бұдан былай Акимсіз келме, Акимсіз келсең
кіргізбеймін» деген тапсырма берген. Сол бойынша,
арада қаншама күн, қаншама оқиғалар өтіп, бұларға
ақша керек болып, екінші рет Манананың үйіне келеді.
Осы жолы Манана барлық сырын ақтарып тастайды.
Жылап отырып, күліп отырып ақтарады.
«Манана бізді күлімдеп қарсы алды:
– Міне, міне, дұрыс болды енді. Акимді алып
келіпсің... – Кәне, Аким төрге шық. Мен білемін
сіздерде төр деген сөз бар екенін. Шық төрге. Отыр.
Кәне отырыңдар. .. Ат қорадай үлкен залдың бір
шетінде тұратын ұзын стол бар болатын. Соның бір
шетіне үшеуіміз отырдық. Алғаш әңгімеміз жарасып,
жап-жақсы отырдық. Манана менің қай қаладан
екенімді, қайда оқығанымды сұрады. Мен айтып
бердім. Ол Қазақстанды мақтады:
– Газеттен оқимын. Оқып жүремін. Жақсы
өркендеп, дамып бара жатырсыңдар, - деді.
– Иә, Қазақстан қатты дамып бара жатыр, – деп
мен де мәз болып қалдым. Іле-шала Манана күрт
өзгерді. Әлгінде ғана бет-жүзі алауланып, көздері
ұшқындап өзінің қырық жеті жасынан әлдеқайда жап-
жас көрініп, әлденеге шабыттанып отырған Манана
күрт өзгерді. Әлдебір тұман, әлдебір бұлт тау қойнауын
оқыс басқандай тұнжырап үндемей отырып қалды.
Содан кейін Андрейге қарап сөйлеп кетті:
– Сен, Андрей, түк білмейсің. Отызыншы
жылы және отыз бірінші жылы... мен ол кезде жап-
жас медициналық сестрамын ғой. Алтай тауында
қазақтардың, кешір киргиздардың, кешір қазақтардың,
– деп екі-үш рет қайталап қазақ пен қырғыздың
атын шатастырып отырды. – ол кезде біз қазақ деп
айтпайтынбыз, - деп маған бұрылды. – Сен кешір,
Аким. Біз сенің халқыңды киргиз дейтін ек қой. Үлкен
тапсырма болды бізге. Бүкіл Қазақстан бойынша үлкен
тапсырма болды. Біз киргиз ауылдарын бір жерге жинап
бәріне укол салдық қой, укол. Білесің бе, сен? Укол.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Мен алғаш ол уколдың не сыры бар екенін білмейтін
едім. Біз укол салғанда әскерлер, әскери адамдар
киргиздарды қоршап тұратын далада болса. Үйде болса
біз укол салған үйлердің сыртында әскер тұратын. Мен
оны ол кезде білген жоқпын. Мен көп укол салдым...
Манана түсініксіз бірдеңелерді күбірлеп-күбірлеп
дәлізге шығып кетті. Сол кезде Андрей маған қарады:
– Ой, қиын болды жағдай. Енді бұдан ақша ала
алмаймыз. Енді бұл көтеріліп кетті. Қайтайық па? –
деді.
– Қайтсақ қайтайық, – деп оңай көне қойдым. Біз
орнымыздан тұрғанша Манана қайтып оралды. Әлгінде
ғана дудырап кеткен шашын қайтадан жинақтап,
ретке келтіріп, бетін жуды ма екен, әйтеуір жаңа
сабыр тапқандай, жайбарақат халге түскендей. Енді
Манананың үні сабырлы шықты. Әлі шошыну, үрку
бәрі ғайып болған.
– Алтай ғажап тау ғой, – деді маған қарап, – сен
Алтайды көріп пе едің?
– Жоқ, өкінішке орай, әлі көре алмай жүрмін, –
дедім.
– Иә, Сен Жамбыл қаласынанмын дедің ғой.
– Иә, Мен Жамбыл қаласынанмын.
– Мен Жамбылды да білемін. Шолақтау деген қала
бар ғой?
– Иә, – дедім мен, – бірақ оның қазіргі аты
Қаратау.
– Иә, Шолақтау. Жақында өзгерттіңдер, білемін.
– Иә, – дедім мен. Сол өзгертуді өзім жасағандай.
– Шолақтау деген маған ұнамайтын еді, Қаратау деген
жақсы ғой, – деп қойдым.
Бірақ Манана менің бұл сөздеріме ешқандай мән
берген жоқ.
– Қаратау, Қаратау, – деп отырды, – Жарайды
Шолақтау. Шолақтауда да біз болғанбыз.
Содан кейін әлгінде ғана жып-жылмағай болып,
еліктің лағындай болып, құлпырып, көзі жайнап
отырған Манана қайта жүдей бастады.
– Мен Алтай тауының алдында қарыздармын,
Аким. Мен киргиздардың алдында қарыздармын.
Мен оңбаймын, Аким... – деді. Отырған жерінде біраз
жылап алды, содан соң орнынан тұрып, қайтадан ас
бөлмеге шығып кетті».
Біз Мананың іс-әрекетінен неге осынша жіті
үзінді келтіріп отырмыз? Өйткені оның әр сөзі қазақ
тарихындағы мүлде жасырын, мүлде құпия болған
жайттер. Тіпті оның әр сөзі құжат. Қазақ даласында
жүрілген аштық жайлы, репрессия жайлы Мәскеу
қанша жасырып ұстаса да тарихи құжаттар бар,
ашылды, жалпақ жұрт білді. Ал, Манана айтып отырған
жай әлі, әлі құпия. Манана айтып отырған не укол?
Оны да айтады өзі. Айтады. Сол үшін оның әр сөзін
тарихи құжат ретінде ғылымға пайдалануға болады.
Сондықтан да автор осы шығарманы эссе сипатты
әңгіме ғып жазған. Атын да еш өзгеріссіз «Әкім» деп
алған. «Жамбылданмын» деп көрсеткен. Шығарма
соңын ала бұл тарихи жағдайдың шындығын кәдімгі
естелік ретінде тіпті де айқын аша түседі.
«Сол жолы Манананың үйіне екінші рет барғанда,
біресе жылап, ... «Мен Қазақстанды жақсы білем.
Мен Шолақтау деген жерде біраз қызмет істегенмін»
деген. Мен ол әңгімеге көп мән бере қойған жоқ едім.
Кейін 1983 жылы мен Жамбыл облысындағы Қаратау
қаласына іссапармен бардым. Жиырма күндей жаттым.
Қаратау қаласының түбінде Көктал деген ауыл
бар. Ол ауылда қазақтармен бірге өмір сүріп жатқан
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
курд деген халықтың өкілдері бар еді. Мен жазушы
ретінде сол курдтардың тұрмысын білгім келіп, аудан
басшыларына қолқа салып, курдтардың бір үйін таңдап
мені солармен таныстыр дедім. Олар менің өтінішімді
орындады. Мұхаммед деген курд. Өздерінің курд
тілінде Мұхаммед дегенді Махамед деп айтады екен.
Сол Махамед деген курдтың үйіне бардық, қонақ
болдық.
... Ал сол 1983 жылы курд азамат ұзақ отырып сыр
шертіскен кезде өзі байқамай бір қызық оқиғаны айтып
қалды.
– Менің қарауымда жер шұқылап, геолог сияқты
болып жүретін екі қыз бар еді. Олардың неғылған
геолог екенін, не тындырып жүргенін мен көп біле
бермейтінмін. Екеуі менің үйімде жатты. Сол қыздардың
бір қызығын айтайын сізге, - деді. – Біреуінің аты Вера
еді, ал екіншісінің есімі Манана еді. Сол екеуі... бір күні
таудың анау ұшар басында.. тастан тасқа секіріп жүр
екен. Бір уақытта олардың қасынан атқа мінген бір адам
өтті. Қазақ. Әлгі қазақ атына қамшы басып, маған жетіп
келді. Көзі аларып кеткен. Кәдімгі қазақтың әйелдері:
– Өледі, аналар өледі! – дейді. – «Жартастан
құлап өлеміз!» - деп... Құз жартас іздеп жүр... тез бар,
Махамед, әйтпесе аналарың құзға секіреді.
Мәстек атым бар еді соған мініп, шоқырақтап әлгі
екі қыздың қасына барайын. Барсам екеуі бір қара
тасты құшақтап еңіреп жылап жатыр екен.
– Ей, сендерге не болды? – дедім мен. Екі қыз менің
келгеніме мән бермеді. Жылай берді, жылай берді. Бір
кезде екеуі құшақтасып жылады.
– Әй, сендерге не болды, айтсаңдаршы? – деймін.
– Жоқ-жоқ, сен бәрібір түсінбейсің, – дейді Манана
деген қыз.
– Сен түсінбейсің! – деп Вера деген қыз да
қайталады. Содан кейін екеуі тағы да жылап-жылап
тұрып сыбырласты. Сыбырласты дағы сол арадан
жоғары қарай, шыңның басына қарай көтерілді. Ол
өзі.. шың дейтін шың да емес, биіктігі екі жүз метрден
аспайтын Бөрібасы дейтін бурыл көк тас еді... Сол
құздың басына екеуі шықты да, құшақтасқан қалпында
айқай салды.
– Қош бол, жарық дүние! – деп.
– Әй, сендер жынданып кеттіңдер ме?! – деп тұра
жүгірдім. Тұра жүгіріп барсам, екеуі сол құшақтасқан
қалпы төмен қарай секірейін деп тұр екен. Ұстай алдым.
Жібермей қойдым.
– Әй, не болды сендерге? Айтпайсыңдар ма? –
дедім.
– Сен бәрібір түсінбейсің, – деді Манан деген қыз.
– Неменені түсінбеймін, нені түсінбеймін?
– Бүгін біздің ұлы көсеміміз Сталин Иосиф
Виссарионович өлді ғой, дүниеден өтті ғой, – деді.
Менің жүрегім шым ете қалды. Мен қанша дегенмен,
іштей ойладым, бәрекелді, дұрыс болды, дұрыс болды
деп ойладым. Себебі бізді туған жерімізден айырып
Қазақстанға жер аударғызған сол еді ғой. Бірақ, әрине,
қыздарға сырымды берген жоқпын. Мен де теріс қарап
өтіріктен кемсеңдеп жылаған болдым...
– Сен жібер, сен жібер! – деп екеуі де мені екі
жағымнан жұлмалай бастады. – Жібер, сен бәрібір
түсінбейсің. Біз өлеміз. Ендігі жерде бізге ешқандай
бұл өмірдің керегі жоқ. Ұлы көсеміміз өлді. Күн батты.
Дүниені қараңғы түнек басты. Біз өмір сүрмейміз! –
деді. Содан, не керек, ұзақ сөздің қысқасы (Махамед
жарықтық қазақ тілінде өте жақсы сөйлейтін еді.
Осы сөздердің бәрін сол кісінің өз мәнерінде жазып
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ отырмын) әлгі екі бейбағым біресе менімен алысады, біресе екеуі құшақтасады, біресе екеуі ұмтылып барып тастың үстіне шығады... ... Ақырында екеуін әрең көндірдім. Бірақ Вера: – Махамед аға, сіз біздің мынау қылығымызды ешкімге айтып қоймаңыз, – деді. Мен айттым: – Қайта жақсы емес пе, комсомол жиналысында алғыс аласыңдар. Сталин өлгенде Сталинмен бірге өлгісі келді деп газеттер жазады, – деп күлдім, әрине кекетіп күлдім. Екі қыз менің кекеткенімді онша түсіне қойған жоқ. Бір кезде Манана деген қыз, ол өзі армян еді, әлденеге қатты ашуланып... маған жақындап келіп... жағамнан алды: – Сен жау, халық жауысың, сен біз екеуміздің Сталинге шын пейілімізді бүлдіріп, шыңнан секіргенімізге кедергі жасадың. Сен нағыз халық жауысың! – деді. Бұрылып тағы да қайтадан қашпақшы болды. Мен екеуін әрең тоқтаттым. Өзімнің торшолақ атыммен екеуін кес-кестеп, жібермей ауылға алып келдім, – деп күлген еді. Жарықтық. Күлген еді. Еді». Мұны Әкім Таразидың шығарма ішіне қосып жіберген естелігі деуге болады. Иә, естелігі. Манананың айтып отырғаны сандырақ емес, шын болған, қазақтың басынан өткен құпиялы тарихи жағдай екенінің айғағы ретінде жазып отырған естелігі. Оны Манананың сөзімен тағы растай түсейік. «– Мен ақымақпын, ақымақпын, Аким, – деген. – Мен сол Сталин үшін шыңнан секіріп өліп қала жаздадым ғой. Қазақстанда, сендерде, Шолақтау деген жерде. Ал өзімнің қандай ақымақ болғанымды енді-енді түсініп жүрмін, – деген» және де: «Қасымда менің Вера деген қыз бар еді. Ол мендей емес, бәленің бәрін біледі ғой деп ойлаймын. Біз укол салып үйге
қайтып келгенде ол жымыңдап, күле беретін. Мен
кейде одан сұрайтынмын: «Сен неге укол салғанымызға
қуанасың?» – дейтінмін. Ол менің ондай сұрағымды
күтпегендей, күтсе де бұрыннан әзірлеп қойған
жауабы бардай. – «Жәй, біз маман ретінде іске жарап
қалғанымызды айтам да. Бізге сеніп осындай үлкен
тапсырма бергенін айтам да», – деп кібіртіктей беретін,
кібіртіктей беретін».
Енді, Манана тағы не деді? Тізіп көрейік. Себебі,
Манананың әр сөзі қазаққа жасалған құпиялы
қиянаттың тарихи құжаттары деп жоғарыда айттық.
«– Маған мынау даладай-даладай үш бөлмені
Совет үкіметі неге берді деп ойлайсың? – деді. Мен аса
қысылған жоқпын. Сәл қалжың араластыра сөйледім:
– Сіздің еңбегіңіз үшін берілді ғой деп ойлаймын,
Манана!
– Дұрыс айтасың, менің еңбегім үшін берді үкімет.
Мен күйеуге шыққан жоқпын, мен бала сүйген
жоқпын. Себебі, мен мемлекетке қызмет еттім, Аким.
Мен осы күнге дейін қызмет етем, Аким. Және маған
берген тапсырманы Совет үкіметі басқа ешкімге сеніп
бермейді. Мен, мен, ба-ба, – деп барып Манана
жылап жіберді. – Мен бақытты адаммын, Аким. Мен
бақытты адаммын, Аким, – деп үш рет қайталады.
Содан өңешіне тас тығылғандай, қақалып-шашалып
қалатындай бір түрлі дыбыс шығарды: – Мен бақытты
адаммын, Аким. Сен, не, сенбейсің бе? Сен сенбейсің
бе? Сен неге теріс қарап тұрсың? Маған қара, –
деді. Мен бетіне қарадым. Манана осы сегіз-тоғыз
секундтың ішінде қайтадан өзгеріп кеткен екен. Менің
алдымда алпысқа-жетпіске келген кәрі кемпір тұрды.–
Мен бәрібір бақыттымын, Аким.»
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
«... Мен орнымнан тұрып кеткем. Қалшиып тұрмын.
Не дерімді білмеймін. Кенет Манана жұмсақ басып
келіп менің иығымнан қақты.
– Отыр, отыр, Аким. Мен саған тағы бір әңгіме
айтайын, Аким!
– Айтыңыз, – дедім мен.
– Мен айтсам... Мен айтсам... мен, мен сені
жақын арада, келесі жолы келгеніңде Голощекинмен
таныстырам, – деді.
Голощекин деген сөз менің құлағыма бір түрлі
жаңғырылып естілді.
– Білесің бе сен Голощекиннің кім екен? – деді
Манана.
– Естуім бар, – дедім.
– Естуің бар, бірақ сен оны жақсы адам деп
ойлайсың.
– Оның қандай адам екенін білмеймін, бірақ біздің
Қазақстанды басқарғанын білемін. Жиырма бесінші
жылдан отыз үшінші жылға шейін... – дедім.
– Дұрыс айтасың. Жиырма бесінші жылдан
отыз үшінші жылға дейін. Мен сені келесі жолы сол
Голощекинмен таныстырамын.
Менің ұғымымда Голощекин баяғыда өліп қалған
адам сияқты еді. Мына кісі шатасқан адам ба? Андрей
айтқандай қызық екен деп ойладым. Менің сол үндемей
қалғанымды өзінше ұқты ма екен Манана маған тесіле
қарап тұрды:
– Ал сен білмейсің, Аким, – деді. – Бұны Қазақстан
білмейді. Голощекин әлі тірі. Голощекин Москвада
тұрады. Голощекин жалғыз қалған. Ол бір киргиздың
баласын асырап алған. Сенің атың сияқты оның да аты
Аким. Киргиз, ...кешір мені, Аким, - қазақ... қазақ !
Әдемі жігіт, әдемі жігіт. Бірақ ол өзін киргиз десе
БОЛМЫС қатты намыстанады. Мен білемін. Шая Ицхаковичті бағып-қағып жүрген сол. Шая Ицхакович ешкімге үйленген емес. Сол бала бағып отыр оны. Инженер. Бірақ жұмысқа бармайды. Шая Ицхаковичтің пенсиясы жетеді. Жетеді. Менің зейнетақымнан оның зейнатақысы он есе көп. Мен сені алып барамын, Аким, келесі жолы. Таныстырамын екеуіңді». Бұл Манананың мәліметтері. Енді автор сөйлейді. Әкім Тарази естелік айтады. Жай айтпайды, өзінің сол кездегі таным-түсінігін айта келіп, сол кездегі қазақтың да түсінігін айтады. «Мен қазақтың мұндай масқара болғанын естігенде шыдап тұра алмай, қаным басыма шапты...» демейді. Әлде шын өз қабылдауы, әлде сол кездегі қазақтың сол тарихқа деген таным-түсігінін жеткізу үшін осылай айтады. Негізі ақиқатты айту айқай емес, осылай болса керек. Өзін де аямаса керек жазушы. «Мен, шынында да, таң қалдым. Бұл оқиға өтіп жатқан кез 60 жылдың күзі ғой. Голощекин әлдеқашан өлген деп білетінбіз. Менің саясаттан аулақ кезім. Аштық болғанын ғана білетінмін. Бірақ оны кім ұйымдастырды, қалай ұйымдастырды, ол жағын маған ешкім айтқан емес. Менің әкем өте тәрбиелі сақ адам еді. Менің тәрбиеме зияны тиеді деді ме екен, еш уақытта өзінің өмірбаянын, қазақтың тарихын, басынан кешен қиындықтарды маған айтқан емес. Мен болсам шын мәнінде Совет үкіметін қатты ұнатып, шын мәнінде комсомол болып жүрген кезім ғой. Мен сені таныстырам деген Манананың сөзін мен шын ниетпен қарсы алдым. Барайын, көрейін деп ойладым ішімнен. Ол кісі тірі болса ол кісіні неге жасыру керек. Мен көрейін». Шын мәнінде қанша аштық, зобалаңға ұшыратса да, одан кейінгі қазақ жұрты Совет үкіметін түгел жек көріп
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
кеткен жоқ қой, жоқ. Қайта оның бауырына ене түспеді
ме мың-миллион белсенді, мың-миллион комсомол.
Енді Манана сөйлейді. Тарихи факты айтады.
Уколдың не укол екенін айтады.
«– Шәй іш, Аким, – деді. – Іш шай. Сендердің
киргиздарың... осы сөз аузыма түсе береді, кешірші.
Қазір қазақ деп атайсыңдар ғой. Білемін қазақтар
маған керемет ұнайды. Жақсы халық. Мен киіз үйлерде
ас ішіп, қонып та жүрдім ғой... Отыз бірінші жылы...
отыз бірінші жылы... біз үлкен иттік жасадық. Біздің
уколдан кейін қазақ ауылында түрлі аурулар пайда
болды. Талай қазақтың мұрны шүңірейіп ойылып түсті,
талай қазақ сары аурумен ауырды, талай қазақ, қазақ.
Байғұс киргиздар... – өз-өзіне сөйлеп, сандырақтап
отырғандай болып кетті Манана. – Көкірек ауруын
да тараттық біз. Ең қиынын адамның ерік-жігерін құм
қылатын дәрі салдық қой біз оларға. Есінен адасқан
адамдай мәңгіріп қалды түгел Алтай халқы. Қайда
жұмсасаң бара беретін, не айтсаң көне беретін халыққа
айналды. Біз ауылдарды аралап жүрдік. Содан кейін
білесің бе сен, білмейсің бе, ОТЫЗ ЕКІНШІ ЖЫЛ
басталды ғой, Аким». Отыз екінші жыл дегенді
үрейленіп, шошынып, қиналып айтты:
– Мен осы күнге дейін өзіме-өзі кешірмеймін.
Сол арада мен, Әкім, мына мен, риясыз ыржиып
қалжыңдадым:
– Отыз үшінші жылы тудым ғой мен, Манана.
Мен отыз екінші жылды білмеймін, – дедім. Жетесіз,
мәдениетсіз адамның сөзін айтқанымды сездім.
Өзімнен өзім жиіркендім. «Жетесіз ит-ай» деп, өзімді
өзім тұқыртып, үнсіз отырып қалдым». «Мен киргиз
халқының алдында күнәһармын. Мен киргиздарға
қаншама түрлі укол салдым. Бастарын таз қылдық,
мұрындары опырылып түсетін укол салдық. Мен, мен
мына қолыммен. Ал Вера болса менен де батыр еді.
Вера болса менен де өжет еді. Тапсырманы бұлжытпай
орындайтын. Бәрін айт та, Аким, ты сын киргизского
народа, извини пожалуйста, сен сын казахского
народа, не поймешь меня. Біз салған уколдан қаншама
мықты болса да еркек адамдар мәңгіріп қалатын еді.
Айтқан бұйрықты орындай беретін, орындай беретін
кәдімгі нағыз мәңгүрт болып қалатын еді... Аким, ты
понимаешь это?».
Міне, Манана сөзі осындай. Замана сыры осындай.
Иә, Манана айтқандай «Біздің халық жақсы халық,
біздің халық жақсы халық еді...». Рас, Манана
айтқандай «Қайда жұмсасаң бара беретін, не айтсаң
көне беретін халыққа айналды». Рас, Манана айтқандай
«Еркектері қаншама мықты болса да мәңгіріп қалды...»
Бәрі Манана айтқандай болды. Рас...
Бұлар кетерде Манана Андрейге үйінің екінші кілтін
берген болатын. «Акимды ертіп кел, өздерің-ақ ашып
кіре беріңдер» деген болатын. Бұлар өз кілттерімен
есікті ашып кіргенде, кіріп барғанда..., автор айтады:
«Ас бөлмедегі биік әдемі абажурлы люстраның жоғарғы
жағындағы қайқы, сәнді болат мүйіздеріне арқан төрт-
бес рет оралып кәдімгідей жуан арқанға бергісіз өріліпті.
Ең алдымен салбырап тұрған өлік денені көрдім. Көзі
шарасынан шығып кеткен Манананы көрдім. Бұл, енді,
Манана деп айтуға келмейтін басқа бір адам. Дәлірек
айтқанда, басқа бір ұғым еді. Еденде жамбастай құлаған
арқасыз орындықты көрдім. Дәл сол сәтте ештеңе
түсінбесем де кейін келе ұғындым, түсіндім. Манана
мойынына тұзақ салып асылып өлерінде астындағы
орындықты теуіп жіберген болар деп ойлаймын...
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Манананың аяғында етік бар екен. Қыста киетін
етік. Әлде Манана далаға барып, сыртта жүріп, ұзақ
жүріп үйіне қайтты ма екен. Етіктің табаны соншалықты
балшыққа батқаны қалай? Балшық-балшық етік,
балшық-балшық табан. Ас бөлменің төрт бұрышында
сол балшық етіктің іздері қалған. Алдымен табанымен
түскен, өкшесімен қоса түскен іздері қала беріпті. Ботқа
жеген баланың аузындай жағал-жағал Манананың ас
бөлмесі көшенің лайымен, етіктің өкшесімен, етіктің
табанымен былғана беріпті, былғана беріпті. Бір ғажабы
қарама-қарсы екі қабырға кемінде жиырма-жиырма
мәрте етік табанымен тебілген. Соны байқадым...» -
деп баяндайды автор.
...Менің миым самарқау. Содан бері жарты ғасыр
өтті. Жарты ғасыр!
Москвада, ас бөлмеде болған сол сұмдық оқиғаның
мән-мағынасын, астарлы сырын енді-енді ұғына
бастаған сияқтымын. Аппақ қабырғаға анық басылған
балшық табан етік... Мөрі... замана мөрі...
Көк аспанда қырағы көз бар» деп толғанады Әкім
Тарази.
Манананың өлім сәтінде көз алдында осы қазақ,
осы Аким болыпты. Өлерінің алдында хат жазбақ
болыпты. Жазыпты да. «...Дәл ортадағы аса қымбат
ұзын да жалпақ столдың үстіне бір жапырақ ақ қағаз
жатыр екен. Мен қасына барып үңіле бердім. Себебі,
мынадай тап-таза жиналған столдың үстінде бір
жапырақ қағаздың жатуы заңсыз секілді көрінді.
Мен қарадым да таңқалдым. Қағаздың бас жағында
«Аким» деген сөзді оқып қалдым. Қағазды қолыма
ала бердім де таңқалдым. «Аким» деген сөзден кейін
тире қойылыпты. Тиреден кейін «кир» деген үш әріп
жазылыпты. Кейін де, осы күнде де ойлаймын: «кир»
деген үш әріп киргиз деген сөздің алғашқы үш әрпі болу
керек. Ол үш әріптің белінен қайтадан сызып қойыпты.
Содан кейін толығымен «Сын казахского народа»
депті. Бұл сөздерге тіпті таңқалдым. Ол не деген сөз,
Манана менің атымды жазған ғой. Одан кейін және
бір телефон номері теріліпті. Ол кездегі Москваның
орталық көшелерде тұратын адамдардың телефоны «К»
әрпімен басталатын. «К» деген әріп содан кейін алты
цифр сан түсіпті. Одан кейін бес-алты жол сиятындай
кең-мол орын қалдырыпты да ШАЯ ИЦХАКОВИЧ
ГОЛОЩЕКИН деп жазыпты».
Бұл Манананың, бұл Москваның (мүмкін орыстың)
бұйрығымен бейуаз қазаққа улы укол салған армян
қызының аянышты халы. Кешірім сұрағысы келген,
Акимге көмек көрсетіп сәл де болса, өлім алдында
тұрған жанына сәл де болса тыныштық іздеген аянышты
халі. Соңғы бейнесі...
Жоғарыда, осы талдау жұмысымыздың басында
Андрейдің мінезіне, оның әскери адамдардың түймесін
жұла беретін әдетінің сырына тоқталамыз деген едік.
Сол жайды қысқа қайырып айтып өтудің реті енді ғана
келді.
«...Жарты сағат па екен, қырық минут па екен біз бір-
бірімізге қарап бақырайып отырғанда Анрейдің әкесі
мен шешесі келді. Әкесі генарал-лейтенант формасын
киіп аса салтанатты түрде келді...
...Сонан
кейін
Андрейдің
әкесі
Манананың
телефонынан әлдебір жерге хабарласты. Көп ұзамай,
ары кетсе он бес минутта, Манананың үш бөлмелі үйі
қызыл жағалы, сары ала жағалы қызметкерлерге толып
кетті».
Бұл Манананың өліміне, туған қарындасының өлімін
естіп келген Андрейдің әкесі. Андреймен еріп үйіне
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
барғанда Әкімнен қазақ туралы, Қазақстан туралы талай
әңгіме сұраған кісі бұл. «Мен Қазақстанда болғам...»
дейтін кісі бұл. «Сен оқу бітірген кезде маған кел
үйге. Димаш Ахметович Қонаевқа хат жазып беремін.
Ол кісі жақсы, біледі мені...» дейтін кісі бұл. Бұл кісі
туралы да талқылауды ұзаққа созуға болар еді, бірақ
тым күрделі, тым тереңге кетеміз және біздің нысанаға
алған зерттеу тақырып көтермейді де. Әйтпесе бұл
кісінің армян екенінен де алға тарта отырып сол кездегі
көп жайды індете ашуға болар еді. Иә, бұл шығармада
да біз талқыламақ түгілі, қалам ұшын тигізбей кеткен
оқиғалар, эпизодтар жетерлік. Ол өз алдына бөлек
зерттеу еңбегінің жүгі...
Андрейдің әскерилердің түймесін жұлып, құлағына
сыбырлағанда небір айбарлылардың буыны босап
сала беретінін Әкім сонда түсінген. «Андрейдің әкесі
Советтер одағы Қауіпсіздік Комитетінің «Француз
тілді елдер» деп аталатын бөлімін басқаратын адам.
Әскери атағы – генерал-лейтенант».
Міне, өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары, он бес
республикадан жиналған отыз екі тыңдаушының бірі
болып Москвада жүрген қазақ жігіті. Варвар – жабайы
атанған жігіт. «Шыңғысханның ұрпағы» атанған жігіт.
Кіл ашкөз, кіл қатігез, кіл адам жегіш, кіл тапсырма
орындағыш, кіл қандықол жауыздардың ортасында
осының бәрін көріп, осының бәрін естіп, бәрін көкірегіне
түйіп, көкірек қазанында қайнатып жүріпті.
Дәл осы шығармада, дәл осы жігіт Андрейдің
әкесінің үйінің, Манананың үйінің терезесінен Москва
өзеніне қарап тұратын. Әр қараған сайын осы Москва
өзені туралы ой толғайтын. Оны әлденеге теңейтін.
Әлденеге ұқсататын. Соның біреуін ғана келтірейік.
Манананың үш бөлмелі кең үйінің терезесінен қарап
тұрып былай ойлаған Әкім:
«...Төменде білінер-білінбес бүлкілдеп ағып жатқан
Москва өзенін мен сол арада аса жуан айдаһарға
теңедім. Айдаһар болғанда қабыршығы, жыбырлап,
сәулеленіп білініп тұратын, ұзын, иретіліп солға бір,
оңға бір бұрылып кететін айдаһардың жұп-жуан бел
тұсы сияқты. Дәл мен қарап тұрған кезде ешқандай
кеме, катер жоқ еді. Сондықтан да болар өзен бір сабыр
тапқан, әлгінде ғана бұлқына түсіп енді сабырға түскен,
ұстайтын аңын тапқан, оны асықпай жұтып жатқан
айдаһар...».
Өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары. Иә, дәл
айтады. Ол кез қазақты аштықпен қырып, біріне-
бірінің етін жегізіп, қуғын-сүргінге, итжеккенге айдап,
атып-шауып, соғысқа салып, бәрін-бәрін тындырып,
укол салып, жұмсаған жағына бара беретін мәңгүртке
айналдырып, енді қалған соларды асықпай жұтып
жатқан кезі еді Москваның. Дәл солай болатын!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Гуманизмнің шыңы
«Күлтәй жеңешем мен Александр Солженицын».
Қазақтың көп жазушысының прозасы сыңарезулеп
публицистикаға тартып тұрады – «Айтып қал, қамтып
қал, көсіліп қал» деп. Әкім Таразидың прозасы
сыңарезулеп драматургияға тартып тұрады – «Бұдан
да дәл, бұдан да қысқа, әр сөз, әр қимыл, әр мимика
дәл болсын» деп. Сол үшін Әкім Тарази проза мен
драматургия жанрынан өзге жанрларға жоқ деуге
болады. Эссеге, естелікке аса қажеттіліктен барады.
«Күлтәй жеңешем мен Александр Солженицын»
солардың бірі. Соның өзінде «Күлтәй жеңешем туралы
әңгімені бастамақшы болдым. Отырдым, жаза алмадым.
Кілтін таппадым» дейді автор. Және осы сипатты
сөздер бұл шығармада неше жерде қайталанады.
Себебі, бұл ешқашан көркем прозаның қалыбына
түспейтін шығарма. Өйткені, бұл туындыда Кеңес
дәуірінде де, ол дәурен келмеске кеткен тұста да, тіпті
қазір де аты-жөні жер шарына танымал жазушылардың
біреуі Александр Солженицын жайлы, соның қазақ
халқы туралы айтқан сөзі төңірегінде, қазақ даласында
автордың Күлтәй жеңешесімен қатысты болған тарихи
жағдайлары аясында сөз қозғалады. Сондықтан таза
проза емес, эссе ретінде жазады. Сонда да «Менің,
әрине, жазушылық қиялым ойнап кеткен болар. Сол
паром. Сол Бәселей. Темекі түтінінен ыстанып кеткен
күлгін сары мұрт. Паром мінген төртеу. Төртеуі де
әлсіз, аш. Сай табанында кетіп бара жатыр, кетіп бара
жатыр.... Қалың қамыс, жылға-жылға жолдар...»
кәдімгі прозаның қойжорғасымен ырғалта жөнеледі.
«...Жылдар бойы бойы су сіңіп, зіл қаратасқа
айналған паром жағаға келіп, бар екпінімен соққанда,
жылдар бойы мыжылып, суланып, мипалауға айналған,
жағалаудың қара балшығы былш етіп паром шетінде
тұрған мүсәпір пенделердің жұпыны киімін малмандай
қылды.
...Оның тұла бойына байлап алған алтыны бар еді
ғой, бір пұт алтыны... Ол кезде бидай алтыннан қымбат
еді ғой». Бұл Күлтәй жеңешесінің талай айтқан әңгімесі.
Шығармада Күлтәй жеңешесінің бұл туралы ауызекі
айтқан әңгімесі де беріледі. Бірақ жазушы көңілі одан
қанағат таппағандай, тура сол әңгімені кәдімгі прозалық
тілде қайта баяндайды. «Сонымен Әкімнің қиялы ойнап
ала жөнелді...» – деп қояды.
Иә, осылай аздаған қажетті кіріспеден кейін әңгіме
өзегіне оралайық.
Сол дәуірдің өзінде түрме лагеріндегі тіршілік
туралы ең алғаш «Иван Денисовичтің бір күні» атты
әңгіме жазып атақты болған жазушы кейіннен жүйені
барынша әшкерелейтін КСРО-дағы саяси репрессия
туралы «ГУЛАГ архипелагы» деген романымен дүние
жүзіне әйгілі қаламгерге айналады. Көзі тірісінде жер
шарына тараған романының мол қаламақысын өз
атындағы қорға аударып тұрған, жазушы, академик,
қайраткердің компартия тараған тұста да алмаған
атағы, көрмеген құрметі жоқ бұл жазушының алыс
ауылдағы Күлтәй жеңешеге не қатысы бар дейсіз
ғой? Солженицынның өмірбаянын бір кісідей білетін
адамдар жазушының 1950 жылы Қазақстанға жер
аударылып үш жыл өмірін лагерде өткізгенін, одан
кейінгі үш жылында Жамбыл облысына қарасты
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
сол кездегі Көктерек ауданының алыс бір ауылында
математика пәнінен сабақ бергенінен хабары болуы тиіс.
Міне, алты жыл өмірі қазақ даласында өткен болашақ
үлкен жазушы бір кездерде Күлтәй жеңешемен де
«тоқайласады». Хикаятта. Қаламгер Күлтәй жеңешесі
мен Солженицынді «кездестірмес» бұрын Жазушылар
Одағынан шағын бір эпизодты көңіл айнаңызға түсіреді:
«Күндердің күнінде, менің құрдасым Сәкен Жүнісов
Жазушылар Одағында кездесіп:
– Әй, Әкім, оқыдың ба? – деді.
– Нені? –дедім.
– Анау Солженицын деген қазақты масқара
қылыпты ғой, – деді. – Мен оны дуэльге шақырам,
іздеп барам, әкең... – деп қатал-қатал сөздер айтты. –
Атып тастаймын мен оны барып! – деді. Совет одағында
10 миллион данамен тарайтын газетте Солженицын
«орыс елін көркейту туралы» ойлары баяндалған
мақаласында Совет одағының тарайтынын айта келіп,
одақ құрамындағы әрбір халықтарға көзқарасын
білдіреді. Кейбіреуін бостандық сүйгіш деп дәріптесе,
кейбірін орыс халқына пайдасыз ғып көрсетіп, ең
соңында қазақтар туралы «бұлар адамзаттың қас жауы,
атқа мінген қазақ, атының тұяғы жеткен жердің бәрін
өз жерім деп санайды» – деп қатты шүйлігеді.
«Соның
алдында
ғана
Қалихан:
«Бәленше
деген кісі қазақ халқын жер бетінен жою керек деп
жазғанын білесің бе? – деген. Мен сол мақалаларды
іздеп, тауып алып, оқып, ыза болып жүрген кезім еді.
Солженицынның мынау мақаласы... «Орыс елін қалай
көркейтеміз?» деген ойын айта келіп, осылай біткенде,
мен, әрине, Солженицынды жақсы көре алмадым.
Сәкен досым секілді тез күйіп, тез жанатын мінезім
жоқ. Іште қалды бір кіжіл, іште қалды бір ашу»– дейді
автор.
Ары қарай, күйзеліс, толғаныс. Әйгілі жазушының
бұлай жауығуына не себеп? Әдетте, кез-келген
жұмырбасты пенде бір халықты ұнатпайтынын бір
жерлерде ашық айтып отыратыны табиғи құбылыс
болғанымен, адами болмыстың сырына үңілген жазушы
қауымы ондай пендешілікке бармауы керек емес пе?
Ақиқатында тұтас халықтың жаманы болушы ма еді?
Ал, тұтас ұлтты «адамзаттың қас жауы» деп отырған
адамның өзі кім? Осы тақылеттес ойлардың тізбегі
автордың, Әкім Таразидың ойына Күлтәй жеңешесінің
әңгімесін салады.
«Жеңешем бұл әңгімесін маған бір емес, үш рет
айтты. Үш емес, төрт рет айтты. Және әр айтқан сайын
жаңа детальдар қосып, қызбаланып айтты.
– Қайда кетті ол әйел, қайда кетті? Ол кезде бір
пұт бидай бір қап алтыннан қымбат еді ғой! – деген
сөз де жеңешемнің өз сөзі». Бір ауданның прокуроры
қызметін атқарған Күлтәйға шағым айтып келген әйел
Қарағандыдан Фурмановкаға келе жатқан, белінде
бір қап бидайы бар әпкесінің ұшты-күйлі жоғалғанын
баяндайды. Сонымен жаңа бір іс басталып кетеді.
Бірақ, жоғалған әйелді ешкім таппайды. Күндердің
күнінде прокурорға және бір әйел келеді. Бұл беліне
бір қап бидай байлаған әйелмен бірге паромға мінген,
ауру бала жетектеген мүсәпір әйел екен. Сол паромнан
түскен төрт жолаушының Көлтабан ойпаңында үш
шақырымдай жаяу жүргенін, содан бір тұста баласы
екеуі әлсіреп жүре алмай қалғанда, әлгі тұла бойына
бидай орап алған пысықтау әйелдің алдыға түсіп жүріп
кеткенін, оның соңынан мойнына дорба асынған орыс
ілескенін, бірақ, Көлтабанның шұңқыр сайынан қырға
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
шығатын кезеңге келгенде мойнына дорба асынған
орыстың жалғыз шыққанын баяндайды...
Қысқасы, жоғарыда жазушы баяндағандай паромға
мінген төрт аш-арықтың біреуі «... сонау Қарағандыдан
сіңлісінің төрт баласына, аштан өледі ғой деп, бір
пұт бидай алып келе жатқан әйел өледі». Ол әйелді
өлтіріп бидайын алған кім екенін сол паромға мінген
балалы әйел жоғарыдағыдай тәптіштеп айтып береді.
Автор жазушы ретінде өзінше бөлек және баяндайды.
Бидайын қалай тартып алғанын жазады. «Әне, әйел
кетіп барады. Қойны толған бидай. Ақ бидай, дәмі
сүт татыған ақ бидай... Енді байқады, оның екі езуінен
сілекей ағып келеді екен. «Ашпын ғой мен, ашпын!»
жаңағы күздік бидай мұның көз алдына келді, санасын
билеп алды. Енді бір байқағаны таңдайына шикі
бидайдың, сүт татыған, сүт татыған шикі бидайдың дәмі
... бар санасын билеп алып барады екен».
Прокурор Күлтәй балалы әйелге аудандағы екі
орыстың бірі саналатын мектепте сабақ беретін, саяси
қуғында жүрген күдіктіні көрсеткенде әйел «Дәл өзі!
Мынау, мінеки! Мынау маңдайынан оң қабағына тік
түскен тыртығы бар, осы кісі! Дәл өзі! Осы кісі! Мынау
мойнындағы дорбасы да сол!» дейді. Сол адам, сол орыс
Совет одағында 10 миллион данамен тарайтын газетте
қазақ туралы әлгіндей сөз айтып жүрген Александр
Солженицын еді. Және ол сіңлісіне бидай әкеле жатқан
әйелді өлтірген болса да, қылмысы анық куәлармен
айғақталып тұрса да аудандық партия комитетінің
бірінші хатшысы прокурор Күлтәйға нұсқау береді.
«Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы
Тілеубердин жуастау адам еді:
– Қарағым, қайтесің, өзі жалғыз орыс болса, бүкіл
аудан жабылып, сол жалғыз саяси айдауда жүрген
орыстан көрді деген сөзге қаламыз ғой. Босатып жібер,
енді қоя ғой, – деп маған жалынғандай болды.
– Сонымен, амал жоқ тілімді тістеп отырып қалдым,
– дейді Күлтәй жеңешем.
Үйіне бір барғанымда Күлтәй жеңешем сол әңгімені
және де жалғастырды.
... Осы жақында ғана, әлгі, Солженицын деген
кісіңіз шетелден..., анау әлгі Владивостоктан Москваға
қарай пойызбен жүргенде, күнде суретін басып, Ресей
газеттері, телевидение күнде көрсетіп жатты ғой. Соны
көргенде мен, орнымнан:
– Ойбай-ау, Өмірзақ-ау! – деп қарғып тұрыппын,
– деді жеңешем. – мынау сол кісі ғой, мынау сол кісі
ғой! Мынау маңдайынан оң қабағының үстіне тік түскен
тыртық. Мынау баяғы мен тексерген, мен күдіктенген
сол кісі ғой! – дедім. Бірақ, мынау Өмірзақ ағаң:
– Тәйт, ары! – деп мені басып тастады. Қайтесің,
бір халықтың мақтанышы ғой ол. Бір халық оны
төбесіне көтеріп отыр, сен қайдағы бірдеңені айтасың! -
деп ұрысты, Әкім-ау, маған мынау ағаң сүйдеп ұрысты
ғой... – деп «шағым» айтып отырды Күлтәй жеңешем».
«Өзінің ұрлығын, қарлығын жасырып қалу үшін
билік басындағы адамдар неге бір халықты екінші
халыққа айдап салып, менің халқым періште халық,
аналар жаман халық, түкке тұрғысыз халық деген
жымысқы пікір, жымысқы саясат жүргізуі керек?».
Автор, Әкім Тарази мың толғанады. Мұны жазу да
оңайға соқпаған. «Мен бұл әңгімені екі рет бастаған
едім, екі ретінде де аяқ алысым өзіме ұнамады. ...Міне,
бүгін таң алдында, таң деймін-ау, түнгі сағат үштердің
кезінде оянып алып, төсектің бір шетінде отырғанымда
келген ой сол еді». «Шын мәнінде, үлкен адамнан
сондай кішкентай қылмыскер шыға ма?». «Сен олай
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
ете алмайсың!» – дедім мен. Сен дегенім – Александр
Исайұлы Солженицын еді. «Мен» дегенім әлі төсекте
отыр.
«Сол этаппен Александр Исайұлы да қазақ
жеріне келді ғой, саяси тұтқын болып келді. Жалғыз
бас кемпірдің үйінде тұрды. Қазақ мектебінде сабақ
берді. «Коминтерн» деген колхозда. Атының өзі
қандай ғажап, қандай символ. Ком-интерн – халықтар
достығының, халықтар бірлігінің символы. Коммунистік
интернационал. Еңбекші халықтардың бірлігі, достығы.
Сол Коминтернде тұрды ол. Мектепте сабақ берді ол».
Әрине, кекесінді, ызалы сөздер бұл.
«Әрине, әділдік бәрібір жеңеді, шындық бәрібір
ашылады. Адамның пиғылының ақ-қарасы Аллаға
ғана аян. Көк аспанда қырағы көз әрқайсысымыздың
көкжелкемізде кірпік қақпай, қарап тұрған жоқ па?
Көк аспанның қырағы көзі қалғып-мүлгіп кету
дегенді білмейді ғой».
«Түнгі сағат үш. «Мен» Алматыда, Сайын досының
үйінде, төсекте отыр. Сайын досының бала-шағасы
«менге» үш бөлмелі үйді босатып беріп: – «Аға,
жазыңыз!» деген». Бұл қандай арпалыс?! Жазушы
деген қауымның жан дүниесінде мыңдаған ерегес,
күрестер осылай жүріп жатады екен-ау... және біз осы
талдап отырғанда шығарманың белгілі бір тұсын ғана
көрсетіп отырмыз. Автор Солженицын айтқан «атының
тұяғы жеткен жердің бәрін өз жерім деп санайды» деген
сөзіне тарихи шегініс жасайды. «Иә!» дейді. «Солай
болған!» дейді. Қаламы еріксіз тарихтың қатпар-қатпар
жұмбақ әлеміне тарта жөнеледі. Еріксіз!
«Қазіргі қазақ деп аталатын халықтың тарихта аталу
– есімі көп болған. Қазақ. Күн. Көк тұрұқ. Қазіргі тілмен
айтсақ, көк тұрғыны. Қаз-Сақ-Күн-Көктұрғыны-
Құба (дала) сақ. Тынық мұхит пен Атлант мұхитының
арасын жалғастырып жатты. Бүкіл жер бетін дүрілдетіп
тұрды. Бірақ аты өзгере берді, өзгере берді. Халықтың
да шаршайтын кезі болады, халықтың мүлгіп кететін
кезі болады. Сондай кезден қаз-сақ та өтті қазақ.
Сол аты көп халықтың заты – біреу еді. Оны
Қытай, Орыс, Ватикан тарихшылары жақсы білетін.
«Қазақ қауіпті халық, астындағы арғымағының тұяғы
тиген жердің бәрін менің жерім дейді» – дегенде
(«Правда» газеті) А. Солженицын соны анық біліп
айтқан. Ал, мүлгіп кеткен, қалғып кеткен халық, өз
тарихын өзінен жасыратын. Сол бабалардың атының
тұяғы кемінде он мың жыл таптаған Алатаудың бір
шағын ғана қойнауына-қолтығына Күлтәй жеңешемнің
көп немересінің бірі Жанат үй салды...
Сол Жаннаттың ұлына Өмірзақ атасы Бөдехан деп
ат қойыпты. Мен таң қалдым...
...Мен білетін Бөде ханның үш есім-атауы болған.
Бірақ – әкесі Қара-хан қойған аты – Бота. Екінші
есімін өгей шешесі қойған: Бөтен. Никита Бичурин
аударған Қытай жылнамаларында; Мөде, Мөден
болып екі түрлі жазылған. Жапон ғалымы Синатори
көне заманда «М» болып оқылатын иероглиф қазіргі
кезде «Б» болып оқылу керек дейді. Ендеше – Мөде
– Бота, Мөден – Бөтен деген мағынаны білдіреді. Бо-
хан, Бөтен-хан бұдан 2200 жыл бұрын өмір сүрген,
Қытай Цин-Ши Хуан-димен замандас.
Цин-Ши Хуан-димен замандас қана емес, сол Цин-
Ши Хуан-димен өмір бойы арпалысып өткен, сол Цин-
Ши Хуан-диді тізе бүктіріп, өз елін Қытай бұғауынан
босатып алған...
Босатып
қана
қоймаған,
империяны
өзіне
бағындырған!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Өз есімі Бота, ал ресми дәрежесі – Оғаш! Ешкімге
бағынбайтын, оғаш тұрған дербес хан!
Сол Бота ханның арғымағының тұяғы Хуанхэ
өзенінің өн бойымен жүріп отырып Еділ-Волга өзенін
көктеп өткен» – деп бірақ тоқтайды. Сөйтеді де «Сен
мені кешіре ғой, оқырманым, бір ғана ойды, бір ғана
пікірді дәлелдеу үшін мен пақыр осыншама шегініс
жасауға мәжбүр болып отырмын» – дейді. «Атының
тұяғы жеткені рас, бірақ, ол жердің бәрін «Менікі»
дейтін болса, онда Тынық мұхит пен Атлант мұхитының
арасы, Хуанхэ мен Еділ-Волгаға дейін қазіргі қазақ
аталатын халықтың жері» дер едік қой деген ойды
айтады.
«Александр
Исаұлы
Солженицын
айтқандай
«қазақтар атының тұяғы басып өткен жердің бәрін
менікі дейді» – деген кекесін пікірді жоққа шығару
үшін айтып отырмын» – дейді жазушы.
Осы жерден Солженицын туралы әңгімені осы
араға қайырмақтай тұрып, Күлтәй жеңешенің тағы бір
кешірмесі туралы айтсақ. Барынша қысқа айтсақ. Мұны
ата-баба дәстүрімен мың жылдар бойы қалыптасқан
қазақ әйелі болмысы мен Совет үкіметі тұсында
прокурор болған қазақ әйелінің іс-әрекеті арасындағы
АРПАЛЫС деп айтуға болады. Екеуі бір адамның
бойында – Күлтәй жеңешенің бойында арпалысады.
Бұл сол қоғамдағы адамдардың, сол жүйенің астындағы
қазақтың үрейі айтылады. Сондықтан ендігі баян етер
жолдардың басына кішкентай тақырыпша қойғанды
жөн санадық.
Арпалыс.Үрей. Бұл арпалыс шығармада өте
шынайы, өте қызық беріледі. Өйткені, ол Күлтәйдің
өз басынан өткен нақты оқиғалар ғой. Әрі мәңгі
ұмытпайтын, үнемі айтып отыратын әңгімелері ғой.
«Жамбыл
облысының
Көктерек
ауданында
прокурор болған, жаңа түскен келін кезі. Прокурор ол
кезде форма киетін. Пагон сияқты иығында, жағасында
оқалы алтынды-күмісті белгілері болатын. Сол Күлтәй
жеңешемнің өзі туралы айтын бір күлкілі жағдайы
бар. Аудан орталығы шағын ғана село, ол кездегі аты
Фурмановка, қазіргі аты Бірлік. Сол Фурмановкадан,
қазынаның үйінен таңертеңгі сағат 7-8-дерде шығып,
мекемесіне қарай жаяу өтеді екен. Жол бойында
ешкімге қарамайды, ешкіммен сөйлесіп, тоқтап тұруға
қақысы жоқ, себебі бүкіл бір ауданның прокуроры!
Басына іс түсіп жататын адамдар көп. Біреу біреуге
тәуелді, әсіресе, заң қызметкерлеріне жұрттың бәрі
үрке қарайды, шоши қарайды. Себебі 37-жылдың
қара дауылы қайта соға бастаған. Ызғар. Қатал ызғар
ел ішін елеңдетіп тұр. Сотталушылар көп. Нақақ кетіп
жатқандар көп. Күн-Көсемнің тірі кезі».
«...Бір күні бір үйдің есігінің алдынан өтіп келе
жатса, 5-6 кемпір отыр екен, біреуі Күлтәй жеңешеме:
– Әй, бала, тоқта! – депті. Бұл кісі «Әй» деген сөзді
ұнатпаса да тоқтайды. Үлкен кісілер ғой деп, қазақпын
ғой деп.
– Сен, өзің неге сонша қайқаңдап бара жатырсың?–
депті әлгілердің біреуі.
– Ары өтесің, бері өтесің. Біз осы жерде отырмыз.
Сәлем беру жоқ сенде. Біз мынау отырғанда, Қапалдың
кемпірлеріміз. Сен біздің келінімізсің. Неге сәлем
бермейсің? – депті».
Қапал деген Күлтәй келін болып түскен рудың үлкен
бір атасы. Кемпірлер соны меңзеп отыр.
«– Сіздер менің прокурор екенімді біліп тұрсыздар.
Себебі, менің мынау оқалы жағамда белгі бар, – депті.
– Ал, мен сіздердің Қапал атаның кемпірі екендеріңізді
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
қайдан білем! Маңдайларыңызда: «мынау Қапалдың
келіні!» – деген жазу жоқ қой, – депті». Бұл Күлтәй
жеңешенің сөз тапқаны ғой, әйтпесе, мұның келін
болып үлкендерге сәлем бергенін үкімет ұнатпайды.
Ескілік санайды. Ал, Күлтәйдің «Үлкен кісілер ғой деп,
қазақпын ғой деп» тоқтауы ішкі ерегестің кішкентай
көрінісі еді.
Енді автордың Күлтәй жеңешесінің басынан өткен
негізгі оқиғаға келейік. Облыс орталығы Жамбыл
қаласында үлкен бір жиналыс өтіп, сол жиналыста
«Көктерек ауданында отанын сатқан біреу қашып
жүр. Ол туралы біздің аудандық прокурор ештеңе
білмейді» деген қатаң сөгіс алған Күлтәй астына ат
мініп қашқынды іздеуге шығады. Айдарлы деген ауылға
келіп колхоз бастығының үйіне түседі. Жан-жақтан
жеткен сыбыстың бірі: «Ауыл шетінде, оңашада,
жалғыз үй тұрады. Сол үй күдікті көрінеді, – дейді. –
бес-алты баласы бар жалғыз әйел тұрушы еді, сол әйел
колхоздың сиыр қорасы жағына жиі-жиі түнде барып-
келіп жүреді» – дейді.
«Сонымен, қасына екі-үш жігіт куәгер ертіп алып,
Күлтәй жеңешем күндіз де, түнде де қараңғы болып
тұратын, ұзыннан ұзақ терезесі жоқ сиыр қораға
лампы шаммен кіреді. Қораның ең түкпірінде бүрісіп,
екі тізесіне басын тығып алып, бір адам, шынында,
селкілдеп отыр екен. Ұстап алып келеді. Сол ауылда,
колхоз бастығының кеңсесінде отырып, жалғыз өзі
сұрақ алады. «Шығыстан батысқа кетіп бара жатқан
әскери составтардың біреуінен түсіп қалғаным рас», –
депті. Шуға келдім, ыстық су алайын деп едім, пойыз
жүріп кетті. Содан кейін мен жақын жердегі ауылыма
барайын, бір-екі күн болайын. Содан кейін қайтып
келіп, Шудан қайтадан басқа составтармен кетермін
деп ойлап едім. Бірақ, болмады, балаларымның ең
кішкентайы дімкәс еді. Соған қамқорлық жасауым
керек болды. Сөйтіп жүргенде, мен туралы сыбыс
тарап кеткенін естідім. Әйелім айтты: «Қашқындарды
аямайды, ұстаған жерде тік тұрғызып қойып атып
тастайды деді. Сонымен, қашқын болып жүргенім рас,
қарағым. Енді өзің біл, атам десең ат, мінеки бас, міне
мойын!» – деп айтады қашқын жігіт». Сатқын, қашқын
деп облыс дүрлігіп жүрген қазақтың бар бейнесі осы еді.
«– Сонымен, өзім ұстаған кісіні, өзім енді аудан
орталығына апаруым керек болды, – дейді Күлтәй
жеңешем. Күлтәй жеңешем, дегенмен, қанша оқа
жағалы болғанмен, әйел емес пе, ауылдан айдап шыққан
тұтқынды жұрт көзі көрінбейтін жерге барғанда, атына
мінгізіп, өзі жаяу жүріп, атты жетектеп алады. Оған
тұтқын келіспейді.
– Қарағым, мені атқа мінгізбе, өзің сөзге қаласың,
ұятқа қаласың, қызметіңнен айырылып қаласың! –
дейді. Жеңешем көнбейді. Сөйтіп келе жатқанда,
бұлардың алдынан ағысы қатты үлкен тоған шығады.
Тоғаннан жаяу адам өте алмайды, су екпінді, ағызып
кетеді. Тек қана атпен өтуге болады. Жеңешем
тұтқынға:
– Қайнаға, мына атқа сіз мініп алдымен өтіңіз, содан
кейін атты маған қарай жіберіңіз, – дейді.
Анау көнбейді.
– Бірақ, мен енді сізді өткізе алмаймын ғой, – дейді
бұл.
Сонымен, ұзын шылбырды жеңешем қолына
ұстатып, бергі бетте тұрады. Тұтқын атпен жалдап,
тоғанның арғы бетіне өтеді.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
... Сол кезде барып, есіме түсті, ойпырай, мына кісі
қазір атқа мініп шаба жөнелсе, мен масқара болдым ғой
деп ойладым! – дейді.
Жеңешем қатты күдіктенеді. «...енді құрыдым:
– Енді мен комсомолдан шығамын, енді партиядан
шығамын, енді мен сотталамын! – деп зәре-құтым
қалмай тұр. Бірақ, оны ойбайлап сездірсем, анау шын
мәнінде де қаша жөнеледі ғой деген күдік бар. Не де
болса, сездірмей, сазарып тұрмын...» – дейді».
«Сөйтіп тұрғанда, менің қолымнан шылбыр сусып
шығып, тоғанның суымен жыланша сызып барып...
Бұл көзі бақырайып тұрғанда, тоғанның арғы бетіндегі
қашқын аттың шылбырын қысқартып алып, тізгінін
тарта ұстап, үзеңгіге аяғын салады... жеңешем кескен
теректей құлап түседі. Есін тез жинап «Әй, тоқта!» –
деп айқайлағысы келеді. Аузын ашады, бірақ ешқандай
үн шықпайды. Жүн матадан тіккен қара көк юбкасының
етегін баса-маса екі тізерлеп, жеңешем жерге отыра
қалады, басы да салбырап кетеді. «Енді мен біттім,
құрыдым, енді мен жас коммунист Жәлімбетова Күлтәй
отанын сатқан қашқынды өз қолынан босатып жіберді
деген масқараға қалдым. Енді мен партиядан шығам,
енді мен сотталамын! Оның бәрін қойшы, енді бүкіл
Совет Одағының газеттері жазатын болды ғой: «Қазақ
әйелі сатқындық жасады – деп».
...Басы
айналып,
көзі
қарауытқанын
сезді.
Ақырында тағы да жерге басын соға бердім дегенде,
сол жамбасына қарай қисая бастағанын байқады.
Аз жатқан, көп жатқанын білмейді. Бір кезде есін
жиып, енді қайтадан жүрелей отырып, оң қолымен
жер тіреп көтерілгісі келген екен, оң жақ иығына әлгі
адамның қолы тигенін байқады.
– Қарағым, келін, тұр! – дейді қашқын. –
Міне, мынау атың. Кел, міне ғой, қарағым. Әлгінде
байқадым, анау жарты шақырымдай жерде өткел
бар екен. Сол өткелден айналып сенің қасыңа келдім,
қарағым. Мә!». Есімізде болуы керек, бұл таңғажайып
оқиға. Біреу жай қарар, біреу түсіне қоймас, мән де
бермес, бірақ бұл талайды таңқалдырар оқиға. Бірін-
бірі танымайтын қашқын мен тергеушінің бір-біріне
осыншалық жанашыр болып, бір-бірінің жағдайын
осыншалық түсініп, аттарын да атаспай иен далада бір-
бірін «қайнаға», «келін» десіп, арадағы жалғыз атты
тоғанға кезек салып судан өтуі... қазаққа ғана тән оқиға
десек артық бола қоймас, иә! Еш артықтығы жоқ!
Екеуі бірі атпен, бірі өткелден жаяулап тоғаннан
өтеді. Содан кейінгі жағдай.
«Ол бергі бетке өтті, тоғанның батыс жағына қарай.
Келді де:
– Ал, қарағым, мінеки, – деп екі қолын созып тұр.
Қайтадан матап байла дегендей! Сол кезде мен ол кісіге
айқайлап жіберіппін:
– Қарабет, қашқын, отанын сатқан қашқын! Түс,
алдыма! – деп деппін.
Ол үн-түнсіз. Басы салбырап кеткен, алдымда жүріп
келеді. Жүріп келе жатып теңселіп кетеді, біресе сол
жағына қисаяды. Әлде бірдеңеден сүрініп кеткендей,
алдына қарай еңкеңдеп барып, шайқала әрең тұрып
қалады». Сөйтіп, аш-арық тұтқын жүруге әлі келмей
құлап түседі. Енді оны Күлтәй атқа салады. Әуреге
түсіп әрең салады. Әлі келмей, жылап жүріп салады.
«Жарықтық жылқы баласы ақылды ғой, шіркін!
Жануар, қасыма келіп басын салбыратып тұр, тұрған
жері – ойпаң» - деп қояды Күлтәй арасында.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
«Жарты сағат жүрдім бе, бір сағат жүрдім бе, бір
кезде тұтқын есін жинап алды.
– Қарағым, мен түсейін аттан. Сен өзің мін, – дейді.
– Жоқ, – дедім.
– Ендеше, қарағым, сен ертоқымға отыр. Мен сенің
артыңа мінгесейін, – деді тұтқын».
Өзі өлім халінде келе жатып, алты баласы мен
жары шиқылдап артта қалып, өзін алда ауыр жазалар
күтіп тұрғанын біліп келе жатып, «мені атқа мінгізгенің
үшін үкіметтен сөз естисің ғой, қарағым-ау» деп өзін
тұтқындап келе жатқан әйелге жанашырлықпен қараған
қандай биік кісілік дейсіз! Кімнің қолынан келеді осы
ерлік? Өзеннің ар жағында да, бер жағында қашып
кетуге мүмкіндігі бола тұра, «Сен сөзге қаласың ғой,
қарағым» деп, байлауға қолын ұсыну... қай еркектің
қолынан келмек? Дәл қазір, осы күнде?.. Өздерін кешегі
қазақтан мәдениетті санап жүрген, білімді, білікті санап
жүрген бүгінгі қазақтың қай жігіті осы тұтқынның, осы
жалаңаяғы домбығып ісіп кеткен, өлім халінде келе
жатып осындай кісілік биіктігінен бір мысқал түспеген
осы қазақтың ерлігін істей алады? Қайталамақ түгілі
түсінуге, түйсінуге рухани қауқарлары жете ме?.. Міне,
сұрақ! Міне жауап! Жоқ. Гуманизмнің шыңы!
Енді Күлтәй жеңешенің, қазақ қызының, қазақ
әйелінің мына сөзін қараңыз!
«– Атқа міне қоймадыңыз ба? – деп қалжыңдадым
жеңешеме.
– Әй, Әкім-ай, қарағым-ай, – деді Күлтәй жеңешем.
– әкем қазақ, шешем қазақ емес пе? Мен қазақтың
келіні, қазақтың қызы емеспін бе? Қалай мен еркек
адаммен бір атқа мінгесіп келе жатам? Ол байқұстың
басы сылқ ете қалады, кеудесіне түсіп кетеді. Сонда мен
оны құшақтап алам ба? Жоқ, қарағым, қой ондайды! –
деп маған, осы авторға ежірейе қарайды».
Бұған не айтамыз? Не айтамыз емес, не айта
аламыз? Осындай халде, осындай жағдайда қазақ
әйелі, аналарымыз осылай істеген дегенде көзінен от
жарқ етіп: «Неткен арлылық! Неткен тазалық! Еркекті
әйел қалай құрметтеген?! Әйелді еркек қалай аялаған?!»
деп орнынан атып тұрар, оларға сүйіне тамсанып, іштей
болса да құрмет қылар жаңа өркен – жастар бар ма?
Иығын екі толғап, аузын қисайтса, ернін шығарып қана
қоймай, «Неткен сорлылық» десе қайттік? Ақиқатында
біз ондай кісіліктің бойымыздан табылуы түгіл, оны
түсінуден, түйсінуден қалып бара жатқан, адамдықтан,
адамгершіліктен өзге құндылықтардың құрдымына
құлап бара жатқан ұрпақпыз ба? Бәлкім...
Ал, оларды, тұтқын мен Күлтәйды бірін қашқын,
бірін тергеуші қылған қоғам, үрей. Күлтәй да қазақтың
келіні секілді кемпірлерге сәлем бергісі келеді, үрей сәлем
салғызбайды – үкімет жақтырмайды. Ауру баласының
қасында бір-екі күн болғысы келген қазақты жібере
салғысы келеді – үрей, үрейлі үкімет жібертпейді.
Күлтәй оны өзі де айтады: «Аудан орталығы көрінген
кезде мен жүрісімді жәйлаттым. Қараңғы түссе екен
дедім. Мен мынау қашқынды атқа мінгізіп алып, өзім
жаяу келе жатсам, қаңқу сөзге қалам ғой. Себебі,
ондайды кешірмейді. Қашқынды атына мінгізіп, өзі
жаяу келді деген сөз ертең, ел құлағы елу, бастықтарға
жетсе, олар мені аямайды ғой».
Міне, адам ретінде, қазақ ретінде, қазақ әйелі,
қазақ қызы ретінде жүрегі қалап істегісі келген әр
ісінің алдында осындай үрей тұрды. Өйткені автор
жоғарыда айтқандай «37-жылдың қара дауылы қайта
соға бастаған. Ызғар. Қатал ызғар ел ішін елеңдетіп
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
тұр. Сотталушылар көп. Нақақ кетіп жатқандар көп.
Күн-Көсемнің тірі кезі».
Сол үрей аудандық партия комитетінің бірінші
хатшысы Тілеубердинге «Қарағым, қайтесің, орыс қой,
жібере сал» дегізеді. Сол үрей бүкіл аудан бойынша
екі-ақ орыс бола тұра, соның бірі адам өлтірген
бола тұра, оны босаттырып жібергізеді. Сол үрей
пойыздан қалып қап, ауру баласына бола отбасына
келген жазықсыз қазақты ақыры өлтіріп тындырады.
«Тұтқынды НКВД-ға да, Ішкі істер министрлігінің
аудандық бөліміне де берген жоқпын. Білемін ғой,
әй-шәйға қарамайды, тепкілеп ұрып тастайды, өлтіріп
тастайды. Сонымен, қазір есімде жоқ, толық төрт
дәптер ме екен, әлгі кісінің барлық жауабын жазып,
хаттап, енді аудандық түрмеге апарайын деп қарасам,
жарықтық, дүниеден өтіп кеткен екен. Қылжиып,
кабинеттің бұрышында отыр екен. Мойыны былқ-сылқ
етеді» деп еске алады Күлтәй. «Қашқынды ұстаған
жас прокурор» деген шағын мақала шықты облыстық
газетте. Мен енді, шынымды айтайын, оған мақтанғам
жоқ. Себебі, ол менің қолымда өліп кеткеніне, шын
мәнінде, қатты күйіндім» деп күрсінеді Күлтәй.
Иә, сол үрей... Бір-біріне өш-қасы жоқ екі қазақтың
біріне-бірін өлтіртті. Сол үрей ғасырлардан бері
туыстық қатынасын шынжырдай бекітіп қазақтың
туыстық қатынасын бырт-бырт үзді. Бала әкеден, аға
ініден безді. Төменде дәл осы шығармадан тағы бір
үзінді келтіреміз. Қажетті деп таптық. Тұтас келтіреміз.
Тағы сол автордың қиналысы. Жоғарыда айтқан
үзінді:
«Күн көтеріле бергенде қайта ұйықтамақ болып
қайта жатқанмен, ұйықтай алмадым, тұрып кеттім.
Отырдым. Мен әлі Солженицыннің бұл дүниеден
БОЛМЫС өтіп кеткенін естіген жоқпын ғой. Бірақ, көкейіме қайта-қайта сол кісі орала берді. Күлтәй жеңешем мен Александр Солженицын бірін-бірі алмастырып сана экранына орала берді, орала берді. Көз іле алмай маужырап отырған Әкімді шар еткен телефонның ащы даусы оятып жіберді. Қалихан екен. ... Қалихан десем Алтай келеді көз алдыма. Қатын қарағай. Мұзтау. Алыстан көз тартқан күміс ертоқым – Мұзтау. Өрдегі ел, Белдегі ел, Қазақстандағы ең асау өзен – Қатын. Көк тұрғындарының, Көк тұрұқтардың кіндік елі. Сол елдің екі Қалиханы болса, бірі мен боп жүрдім. Кей кездерде мен Алтайға бара алмай қалсам, Қалиханның ағалары, жеңгелері сұрайды екен. – Әй, Қалихан, Әкім неге келмеді? Сен келмесең де, Әкім келсе де бізге жетіп жатар еді ғой! – дейтін көрінеді. Сол Қалиханның әкесі – екі жасар ұлын құшақтап, қатты қысып жатып, ұйқы үстінде өмірден өтіп кеткен ғой. Қапалықтан өлген. Әне, айдап әкетеді, міне, айдап кетеді деген қорқыныштан өлді ме екен? 1937 жыл еді себебі. Хат танитын адам, зиялы жігіт. Хат танитын адамды ол кезде аямайтын еді ғой өкімет. Соның алдында ғана Сапақ деген ағасын этаппен айдап кеткен екен. Этап деген ол – жоспар, алыстағы аудандарда тұратын күдікті адамдарды бірлеп-екілеп айдамайтын, ол кезде жоспар болатын. Жоспар орындау үшін топтастырып, екі айда бір, үш айда бір бүкіл аудандардағы күдіктілерді жинап, Алматыға алып баратын. Бүкіл Қазақстандағы күдіктілерді жинап, Сібірге айдап кететін. Ол сөздің аты – этап еді. Сол этаппен Александр Исайұлы да қазақ жеріне келді ғой, саяси тұтқын болып келді. ...Ол байғұс та этаппен келді. Этап...
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Қалиханның әкесі – жалғыз ұлын қатты қысып
ұйықтаған қалпы, сатқын заманнан өтіп кеткен. Анасы
Күләш ойбайлап жүріп, жылап жүріп, әке құшағында
жатқан баласын әрең босатып алған, әрең босатқан.
Әке жібермей қойған. Кейін анасы айтады екен:
– Қалихан, сенің өмірің ұзақ болады, себебі әкең
саған өзінің қалған өмірін, бойындағы шуағы мен
жылуын қалдырып кетті. Өз жылуын қалдырып кетті
ғой!–дейді екен.
Сол 42-жылы көзі бақырайған, тәштиген жалғыз
ұлын шанаға отырғызып, басына әкесінің үлкен түлкі
тұмағын кигізіп, әкесінің қалың сең-сең тонына орап,
Күләш келіншек, жас ару он бес шақырым жердегі
туысқанына тартады. Күні бойы жүріп отырып, түн
ортасы ауғанда әрең жетеді. Қақаған аяз. Аяз –
ажалдан да қиын ғой. Ажалда сезім жоқ. Аяз. Аяз
адамның бар сезімін кеміріп, асықпай жеп, миыңды
шағып, миыңды кеміріп жеп жібереді ғой. Аяз. Таңның
атысында шыққан екі жасар ұлын шанаға отырғызып,
сүйреп шыққан ана, түн ортасы ауа, он бес шақырым
жердегі туысқанына келді. Туысқан – екі жасар
нәрестенің туысқаны. Мынау жалғыз бала, сенің
ағаңның жалғызы, осыны не істейміз деп алып келген
болар. Бірақ туысқаны есігін ашпай қойды. Әйелі
шықты. Танымаған болып:
– Кімсің? – деді.
– Мен ғой, Күләшпін ғой, – деді. – Қалиханды
алып келіп едім, – деді.
– Ағаң жоқ үйде... – деді әйел. Бірақ ар жағынан
ағасының күңкілдеген даусы естіліп тұрды. Ашпай
қойды есікті. Аяз болса кеміріп барады. Күләш жылаған
шығар әрине. Бірақ, Қалихан оны қайдан байқасын,
тұмшалап тастаған Қалихан шанада отыр ғой.
Есік ашылмады.
Ақырында, жарайды ендеше деп, Күләш жас
келіншек, жас ару бұрыла берген кезде, есік шиқ етіп
ашылып, әкесінің туған інісінің әйелі жарты күлше
нанды лақтырып жіберді.
– Мә, мә, мынаны жеңдер! – деп.
Нан қатып қалған екен.
Сол кезде селк етіп оянды ма екен, әлде есін жинап
алды ма екен Қалихан нанды шап беріп ұстап алды.
Ұстап алды да қатты нанды қойнына тығып жіберді.
Анасы ұрысты, әрине.
– Таста, таста нанды, саған керек емес, бұл жарты
нан саған медет болмайды, таста! – дейді.
Бала тастамады, қойнына тығып жіберген. Ана
тартып алып, лақтырмақшы болды. Әрине, есікке қарай
лақтырмақшы ғой. Бірақ бала бермей қойды.
Беті қайтып қалған ауылдан, жүрегінен, лүпілдеп
тұрған жүрегінен теуіп жіберген ағайынының үйінен сәл
ұзай бергенде, Күләш байқады ма екен, баласының әлгі
қатып қалған нанды аузына салып отырғанын... шананы
тоқтатып.
– Әкел бері! – деді де тас болып қатып қалған
нанды бала қолынан жұлып алды. Жұлып алды да
тісіне ары салып, бері салып, сындыра алмай, ақыры
бір үзімін ғана әрең үгіткен екен, бірақ тісінің қызыл еті
қан-қан болыпты. Сол қызыл еттің қанымен араласқан
нанды шайнап-шайнап Күләш келіншек, Күләш ару
баласының аузына салады. Екі жасар нәрестенің
аузынан нан ары қарай жүрмей қояды. Содан кейін
Күләш сұқ саусағымен, сүйріктей әдемі саусағымен
итеріп-итеріп ары қарай өңешінен өткізіп жбереді.
– Әттең-ай, әттең-ай! – деп жылайды содан
соң, – Сен болмасаң мынау ит өмірде бір сәт қалмас
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
едім. Тағдырымды бір жарым құлаш кендір арқанға
тапсырар едім! – деп зарлайды. «Бір жарым құлаш
кендір арқан» дегеннің мағынасын Қалихан ержеткен
кезде ғана ұғынады.
Енді баратын жол бес шақырым. Он бес шақырым
жүрген ана енді бес шақырымға шыдаймын ғой деп,
жолда келе жатыр сүйретіліп. Өзі де былқ-сылқ,
баланың басы да былқ-сылқ әрине. ...Бір кезде Күләш
тоқтап баласына айқай салады:
– Өлмедің-ау, сен, өлмедің-ау! Сен өлсең маған
жеңіл болар еді. Мен мына әдірам қалған тірліктің
құнын бір жарым құлаш арқанмен өлшер едім! Сен
өлмей қойдың ғой, қу жетім, сен өлмей қойдың ғой.
Еңкейіп,
айқайлап,
ұрсып
тұрған
анасының
көзіндегі тырнақ басындай қос мұзды көріп үлгереді
бала. Мұз. Көз жасы емес, қатып қалған екі мұз...».
Күлтәй жеңеше, Солженицын жайындағы толғаныс,
қиналыстар жазушы ойын осылай да сүйреген, жазушы
жанын осылай да қинаған. Осы оқиғаны есіне түсірген.
«Әлгінде әңгімені келте қайырғаныма ыңғайсызданып
отыр едім, енді қайтадан Қалиханға тіл шалдым:
– Әй, Қалаға, сонда анаң айқайлап, саған ұрысқанда
екі тамшы көз жасының мұз болып қатып тұрғаны
шыннан есіңде ме? – дедім. Қалихан күлді.
– Әй, көке-ай, ол әңгімені жазып қойғам...– деді.
-Және журналға беріп қойғам. Мен айттым:
– Ол 42 жылғы оқиғаны мың жазушы мың рет
жазса да артық болмайды! Мың жазушы мың жазуы
керек, сонда да адамзаттың ұяты ояна қояр ма екен?
-дедім. – Сенің әкеңнің ағасы этаппен кеткен еді, сенің
әпкең этаппен кеткен еді. Орыстың үлкен жазушысы
Солженицын этаппен Қазақстанға келген еді. Сенің
БОЛМЫС әкең мен әпкең этаппен орыстың Сібіріне барған еді. Сол заман... – деп сөзімнің аржағын «жұтып қойдым». Сөзімнің аржағын жұтып қойдым. Өзіме өзім күбірлеп айттым. Сондықтан да бұл эссені жазбасам болмайтын еді. Ішімде қалса дертке айналып кететін еді. Сондықтан да осы эссені жаздым. Бұдан оқтай бір жыл бұрын. Содан бері қанша мәрте қолға алдым, түзетіп, әрлеп, өңдеп жарыққа шығарайын деп... Қаламым жүрмеді. Осыдан бір апта бұрын, А.Солженицынның дүниеден өткеніне бір жыл толғанда Москва телеарнасының бірінен көп сериялы деректі фильмнің бірінші бөлімін көріп қалдым. Александр Исайұлы сөйлеп отыр екен. – Қазақстан маған қымбат! – деді, – Мен қазақ мектебінде сабақ бердім! – деді. – Қазақ балалары алғыр! – деді. – Қазақ байсалды да өжет халық! – деді. Хабар аяқталған соң мен орнымнан тұрып терезе алдына бардым. Сол арада көрдім. Сездім. Түйсіндім. Көк аспанда қырағы көз бар. Алланың қаһары қатты, Алланың мейірімі де шексіз ғой. Көк аспанның қырағы көзінен мейірім ұшқынын аңғардым. Тәубе!». Жалғыз баласын құшағында қысып жатып, өмірден өтіп кету!.. Не қылған үрей! Ұрмай-соқпай, адам санасына, адам жүрегіне осындай қысым жасау... Неткен аяусыз жүйе. Қазақ даласында уілдеп соққан жел үрей шашып соққан. Жел, боран ел ішін үдей кезген, жел емес, үрей кезген! Үрей!... Жер бетінде қазақтай туыстық қатынасқа берік, өз ағайынын «Өз қолыңды өзің кеспейсің» деп өз
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
денесіне балаған халық кемде-кем шығар. «Ағайынның
азары болса да, безері болмайды» деген, «Кескілесіп
кетсең де туысқаның кетпейді» деген қазақтың асыл
болмысы осылайша айрандай ақтарылып түсті емес пе.
Қалиханның шешесі саршұнақ аязда неге қайнысының
үйіне келеді? Ол шықпай қойғанда неге сонша еңірейді?
Күйінгеннен неге өліп кете жаздайды? Ол ағайыны деп
келіп отыр, бұрынғыша, баяғыша, туыстығын бұлдап
келіп отыр. Ал, адам болмысының осылайша өзгеріп
кеткенін ол сол сәтте, сол бір ашулы, жаңа ғана күйеуі
өлген қайғылы сәтте қабылдай алмады. Қабылдай
алмайды да. Мүлде. Туыстың теріс айналғанына күйеуі
өлгеннен бетер қиналды емес пе, жан түкпірі қопарылып
түсті емес пе! Осылайша, жақындар жалғызға айналды.
«Ағайынның қадірін жалалы болғанда білесің» деген
қазақтың ағайыны жалалы болғанда қасынан алыстап
кетті, қашып кетті, танымай кетті. Суып кетті! Үрейден!
Құрметті оқырман, шығармасын талдап отырып
жазушы туралы ой келеді ентелеп. Еріксіз келеді.
Жазушы туралы бұл ой жазушы туралы айтпай қалуға
мүмкін емес жағдайда айтылды. Тәубе!
Жазушы деген осы екен ғой! Ұлт жазушысы деген
осы екен ғой! Ұлтының тарихы, артық-кемі, қасірет-
қайғысы, арман-мұраты, мұң-шері қуаныш-күлкісі,
намыс-жігері, ар-иманы..., бүкіл БОЛМЫСЫ нағыз
жазушының ой-санасын ордалы жыландай орап, тұла-
бойын буып, қинап, әбден қинап, толғағы жеткенде
топырлап кеп, жүрек деген нәзік жаратылыстың қылдан
жіңішке пернесін көпір етіп оқырманға жол тартады екен
ғой!.. Топырлап кеп, қылдан нәзік пернені солқылдатып
өтеді екен, қылдан жіңішке тамырды кернеп, сыздатып
өтеді екен, жүрек деген аяулы жаратылысты аямай
солқылдатып, аямай сыздатып...
Тарихшы шығарманы оқырманға жүрек деген
көпірден айналып өтіп, санасын өткел қыла отырып
жеткізсе, журналист жүрек деген көпірден айналып
өтіп, факті мен ақылын өткел қылып жеткізетін шығар.
Ал, жазушы, шын жазушы ақыл-санасында баптап,
толғағы жеткенде жүрек деген қылдан жіңішке көпірге
қарай иіріп айдайды екен ғой үйірлі жылқыны. Таптап
өтпей ме, қиратып кетпей ме? Жүрек шыдай ма?.. Және
оның ұлты өз жерінде зор қырғынға ұшырап, отарлық
қамытын киіп, бодандықта сұраусыз тапталған, аяусыз
езілген болса ше?.. Ол жүрек «Қанша қиналғанмен
өмірден түңілмеймін» дейтін жүрек болғасын шыдайды,
ол жүрек «Алланың қаһары қатты, Алланың мейірімі
де шексіз ғой...
Тәубе!» дейтін жүрек болғасын төтеп береді.
Сол жазушы, сол болмысы аяусыз тапталған ұлттың
жазушысы бір сұхбатында «Қазақты бір қазақ жақсы
көрсе, мендей-ақ жақсы көрсін» депті. Жазушының
осы бір ауыз сөзін шын түсіну үшін де осыншама
дүниесін ақтару керек екен ғой. Ақтару керек!
Мазмұны Алғы сөз.....................................................................3 1-бөлім. Ерегеске толы екі роман “Тасжарған” романындағы отбасылық қарым-қатынас және ұлттық болмыс....................6 “Тасжарған” романындағы қоғамдық жүйе мен бас кейіпкер болмысы арасындағы күрес................................................................................30 Әлемде миллионнан астам оқырманы бар қазақ романы жайлы толғаныс...............................52 2-бөлім. Қазақ болмысының құлын дауысы және жазушы жаны Құлақ бұрау...................................................................96 Адамзат тарихындағы аянышты эпизод.............98 Жатқа айналған жақындар....................................112 Құпия геноцид...........................................................128 Гуманизмнің шыңы..................................................148
Ұларбек НҰРҒАЛЫМ
Редакторы Алмагүл Ниязбекова
Қате түзеуші Назерке Кәкен
Көркемдеуші редакторы Айкерім Бақбергенқызы
Техникалық сарапшы Ержан Жамалбаев
Суретшісі Шәкен Бөкетайұлы
ІSBN 978-601-03-0284-6
ИБ № 72
Басуға 15.10.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 80х100 1/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі “MM Academy”. Көлем 8,0 шартты баспа табақ.
Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс № 72
«ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру