TELEGEI

Home

Индия күнделіктері

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Индия күнделіктері

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

Жолжазба очеркі

28 январь.

Күндізгі сапардан соң кешкі сағат 6-да Индия-Совет достық қоғамы мәжілісінде болдық. Клуб ішінде Индия адамдарынан басқа біздің адамдар да болды. Ғылым делегациясынан Островитин, елші Менщиков, елшілік қызметкерлері. Қоғам бастығы — Нерудің апасы. Мәжілісті жүргізген қарт басына шалма киген, үстіне сұр бешпет, сақалы қалың, мол, аппақ, бұйраланған, көзінде көзілдірік (мүйізді). Сол ғана, сәл ғана болмаса, нағыз баяғы имам, қари, немесе үлкен ишан дерсің. Ағылшын тілінде жұртты қызықтыра жақсы сөйлейді. Мәжіліс басына біздің атымызды атап, сахнаға қол соғумен шығарып, мойындарымызға гүл алқа салып отырғызды. Әуел Неру ханым сөйлеп, мәжілісін ашты. Жас жігіт орысша құттықтау айтты. Кейін сөз көп сөйлейді. Яковлев, Крамеров, Островитин, содан кейін сақалды шал, бастық орынбасары сөйлейді.

Залда Индия азаматтары. Әйел жоққа тән, аз еді.
29 январь.
Таңертең өзіміздің елшіміз Менщиковте болдық. Маршрутты анықтадық.
Бір күн Азия мәдениет музейінде. Аурел Стайн — венгр, музейді жасаушы.

1) Роспись по шелку. Будда и свита из дунганских пещер. VІІІ-X вв. 2) ІІІ—ІV вв. н.э. Из Мирая фрески из будд, храма. 3) Будда в окружении монахов, он с волосами (редкость). 4) Из Хотана VІІ—VІІІ вв. фреска. 5) Китайский "Туркестан" — надпись на дереве, І в. н.э., алфавит — испорч. санскрит. 6) Фрески VІІІ—ІX—X вв. Будда с учениками. Точнее, темпера (не фрески), род краски (темпера), 7 цветов и смешение их в порошке. 7) Раскопки курганов VІІІ—ІX вв. в Турфане. 8) Остатки деревянного зодчества, тоже Кашгария. 9) Турфан — темпера. 10) Каменные фигурки. VІІІ—X вв. 11) Будда — разные изображения из Хотана. 12) В раскопках — роспись по шелку, история мифология. Фигуры. 13) Набивные ткани. ІІІ в. 14) Изображен Будда в шелках — роспись по шелку. 15) Шерстяные ковры и войлок. ІІІ в. 16) Дерев, сандалии. ІІІ в. 17) Серебряные очки (с дырочками). 18) Будда — тысяча рук.

Музей рацион. Архив Индии.
Фотоснимки рукописей, можно снять 800 стр. в час.
Устройство для чтения подлинника Р. Тагора, его четверостишье.
Красивы метафоры, с его переводами на англ.

Бабочка живет день, не успевает насладиться жизнью.
Тагор сөздері — оқып, эпиграф етіп жазып отыру керек.
Ганди: живи и жить дай другим.
Я призываю тебя, өлерде айтқаны — "Рама!" деген.

Архивтегі қағаздарды мәңгі сақтайтын электр аспабы.
Шаңды кетіруші механика, по методу воздушной очистки.

Следующий этап обработки рукописи — уничтожение микробов. С02 и еще одна окись.

Хранилище громадное — стеллажи металлические — широко между стеллажами. Хранятся и документы, с 1746 года начинаются рукописи страны. Когда нужно, выдается документ по особой системе регистрации.

Наилучшие способы хранения и обработки документов.
Держатся открыто — климат Дели это позволяет.

Некоторые документы хранятся и в картонных коробках — что лучше, еще неизвестно. Противопожарные щиты. Самые старинные ун-ты созданы в 1853 г. В Дели, Мадрасе и Калькутте одним актом.

Переплетный отдел.
Научно-исследов. Сотрудники.

Солар отырып кітап оқитын кабинеттер де жайлы, басқа унниверситеттерден келетін студенттерге арналған кабинеттер осында.

Национ. музей. 1) Культура палеолита. 2) Бронзовый век из долины Инда. 3) Глиняные изделия бронзов. века. ІІІ тыс. до н.э. 4) Бронзовые статуэтки. ІІІ тыс. до н.э. Ең ескі дүние. Золотые украшения. І в. до н.э. 5) Каменные статуэтки. ІІІ тыс. до н.э. 6) Системы веков. 7) Печати — на некоторых свастики, период с ІІІ тыс. до н.э. до ІІІ в. до н.э. Не исследованы. 8) Будда. І в. н.э. 9) Кушанская голова - индоскифы. 10) Фигуры. І в. н.э. 11) Венцы из средневек. ун-та. ІX—XІІ вв. 12) Шаманство. 13) Будда. V в. н.э., песчаник. 14) Таксила — город, где создан самый первый ун-т культуры, индийские наслоения, персидские и греческие. І в. н.э. 15) Головы — анатомия лиц. 16) Будда с греч. влиянием.V в. 17) Амфагати. ІІ в. до н.э., инд. барокко, фигуры в динамике. 18) Надгробная плита южно-индийская. ІІ в. н.э. Өте көп сурет, адамдар, оқиғалар. 19) Культура Таксилы, города, где жил Александр. 20) Надгробие буддийское. Мол суреттер. 1230 минутта президентте болдық. 40 минут. Жақсы әңгіме болды. Ол тіл туралы айтты. Көп тіл. 560 княжество бар екен. Соның бар бастықтарын өсиетпен біраз әкімдігінен түсуге үгіттеді. Соған көнді. Зорлық емес, соғыс емес, ақылмен көндірудің артықтығы осы. Қазір 26 штат бар. Һинді тілінде жарым халық сөйлейді, өзге тілдерде жарым халық дейді, артық болу керек. Біз университеттеміз, ректор бірнеше факті айтады. 32 университет бар. Цейлон, Бирма Мадрасқа қарайды. Бомбей, Мадрас, Калькутта, 1856 жыл. Дели, 1922 ж. университет (жас). 8 факультет: общ.право образов. медицина технич. искусство с/х.

8 мың студент. Бес колледжде қыздар оқиды: домовод ств., мед., 2 искусства.
Бұл жер вице-король резиденциясы болған. 1550 акр территориясы.
Вице-король был до 47 г. попечителем ун-та (Маунбеттен лорд).

Серебрянная дата ун-та совпала с моей серебр. свадьбой — сіздің 25-кабинетте мен әйеліме махаббатымды ашып едім дейді. Кітапхананы көрдік. Читал, зал. Кітапхана бар. Кітап аз. Оқушылар кітапты өздері ала береді. Система открытого пользования дейді. Жас деседі. Орыс әдебиеті профессоры бастап жүр. Қисық жауырын, бүкір. Актовый зал. Профессор кеңесінің залы кішкене. Үстел қызық: ай тәрізді жарым дөңгелек екен.

Профессорларын таныстырады. Кәрі емес, өзіміздікі тәрізді.
а) 200 работают над диссертациями.
б) І чел. — профессор.
в) 25 доцентов. Всего 39.

На каком ф-те больше студентов. Факультет гуманит. наук. Женщин — нет. В женском колледже преподают женщины-преподаватели.

В 16 лет — в ун-т с 11-летним образованием, обучаются с 5—6 лет.
Русская лит-ра — один курс... на ІІІ...
Әдемі Айгүл алма бугонвим (түсініксіз. — Т. Ә.)

Үш жыл оқу дипломға аз. Факультеті аласа, бір этажды ұзын колонналы, көп есікті сұлу үйлерде. Русское отд. фак-та гуманит. наук Делийского ун-та. Дома (10 домов), квартиры преподав., профессоров — 5-комнатные квартиры.

28 лет живет худ. Рерих, он оказался здесь. В субботу рано кончают.
Шибаев В.А.

Колледжи типа нашего Учит, ин-та. При колледже — общежитие. Женек, колледжге келдік.

Мешіт Құғыбиддин минар, Құғыбминар — 73 метр.

Изречения из Корана выведены кирпичным орнаментом. Реставрирован в XІV в. самый верх. Қуатислам деп атанған мешіт. Мешіт құлаған. Салғанда бұны тастан салған. Мұнара қызыл тастан. Темір колонна бар. Бұл тат баспайтын темір деп аталады. Аспаннан түскен метеорит темірінен істелген. Бұндай темір составы табылмаған әзір. Көрінген мешіттің ішкі, тысқы қабырғаларының бәрі аят, ою, ғажап өрнек, нақыш-оюсыз бірде-бір бағана, діңгек жоқ. Өртенген мешіттің ішкі жағы толған оюлы діңгектер, кей жерде аман қалған куполдар да бар, бірнеше жерде қабірлер бар. Тоты құс сияқты жасыл құстар көп, шырылдап көп ұшады. Қалада да сондай. Мынау мешіт биіктерінде әсіресе еркін. Бұл жақта ұзақта қызық, аққанат. (Бір іс, кеше түн, бүгін өткен түнде қаланың ортасында, сарайда жатқан бізді шакалдардың ұлығаны оятты. Жолдасымның бірі түнде терезе алдында отырған 5 шакалды көріпті). Мешіт мұнара XІІ ғасырда салынған. Құтыбиддин салдырған, мұнараның тамашалығын айтып болмайды.

30 январь.
Поезда Индия діні туралы.
Брахма — творец мира.
Вишну — охранитель мира.

Шива — разрушитель Троицы.
Вишнуизм — север.
Шиваизм — юг.

Для шиваистов Шива и творец, и разрушитель, и охранитель, его символ "фаллос". Шивы знак — на лбу три поперечных линии. Вишну знак —вертикальный трезубец, в середине красная, по бокам белые линии. Кришна и Рама разные. Воплощение Вишну — он небожитель. Кришна и Рама — его воплощения на земле. Только цвет — символ чистоты, в Китае он траур. Ману — древний законодатель — праотец человечества. Законы Ману Х-ІХ вв. до н.э. Будда тоже воплощение. Вишну — буддизм вошел в индуизм. Шиваизм себя считает древнее: Храм юга усеченной формы. Веды ранее Вишну. Ведическая религия — боги неба, земли и т.д. Поезд қызық, вагондар біз білгеннен мүлде басқа. Төрт кісілік орында төртеумізбен бірге күтуші жолдасымыз. Жолдың екі жағы бірдей көрінеді. Вагон енсіз. Электричка немесе трамвай тәрізді. Жиі-жиі стансалар, олар түрі нашар. Ағаштар көп, егін даласы мол. Бірақ еккеннің көбі сарыбас горчица. Ағаштар бақша тәрізді емес, әрбір егін даласының ортасында көлеңке үшін орнатылған тәрізді. Осы жайды Карахиден Делиге қарай ұшқанда самолеттен байқап түскен ек. Қазір сонымен жол бойын да анық, жақсы аңғарып келеміз. Жолда кейде қыстақ қасындағы боқтыққа қонып отырған қалың той қарақұсты көрдік. Өлген малды далаға тастайды. Соны шоқиды екен. Бұл қарақұсты қаланың санитары деседі. Жолдың екі жағы таулар боп кететін жерден емес. Бұл таулы жерлер алыстан көкшіл мұнар ішінде көрінгенде, анық көрікті, қызықты бай өлкенің әсем бітісіндей байқалып еді. Кейін таулар жақыннан көрінгенде, бір ерекше өзгешелік байқалады. Ғажабы, бұл таулар құз, тау-тас сияқты. Кейде тас, кейде жоталар көрінеді де, шөп, көк тәрізді ұсақ тұтас өсімдігі болмағанынан ала қотыр, қожалақ биіктер боп шығады. Таулар ұзақ жол бойында кейде екі жақта кезектеп қатар жарысып отырғанмен, тұтас қырқа-жоталар емес. Әр жерде бөлек-бөлек, биік боп біткен кей биіктері үлкен, әр биіктің бітімі өзіне бөлек тасты сеңгір. Бөлек жал, серек тас, шошақ шоқы кейде ғана жал, қырқа боп келеді. Көп таулар етектерінде қыстақтар. Кей таулардың басына шейін бүр, бүрленіп шыққан жеке ағаш түптері бар. Жол бойында мал, сиыр, ешкі, сиыр баласы. Бұнда көкшіл шоқтығы өркеш тәрізді, қодас текті. Анда-санда жол жағасында тауыс отырады. Жайын дейді. О да ұзақ тәрізді. Айтуларынша, бұдан әрі тіпті көп кездессе керек. Көгершін есепті, ешкім тимейді дейді. Біздің жолдастар маймылды көреміз деп, көрсек екен деп қызықты (әсіресе әйелдер).

31 январь.

Жайпурдан өтіп, Удайпурға тақап келеміз. Жол бойы кешегідей. Бүгін таң атқаннан кейін жол жанында тұрған екі шакалды көрдік. Тырна, көкқұтан тәрізді екі құсты көрдік. Қомақтырақ, бір жағы көк, бір жағында қара жалмағаны (түсініксіз. — Т. Ә.) бар тәрізді. Жол бойында бір ауық (ақ) мраморды көп көрдік. Ақ жартас тәрізді жақпар тастар оқтын-оқтын көрінеді. Кейде тоғай тәрізденіп ағаш қалыңдайды. Жырақта таулар көрініп қалады. Бүгін шошақ таулар қатар-қатар, бірі артынан бірі бойлап көрінеді. Көмір кеніндегі қайыр (копры) тәрізді. Бұл өлке бидай егеді. Көбінше жер бай емес. Станса бас сайын қалың жұрт. Үстерінде қызыл, жасыл, сары жабынды (дхоти) дашларымен киім атаулы сан алуан, станса болғаннан солай шығар. Әр жақтың келіндері болуға тиіс, өйткені бас киім қазақтікі сияқты барды танытады. Еркектер баста сәлде, үсте жабынды, аяқтары көбінесе жалаң аяқ. Сақалды жалаң аяқ адам, өрескел. Кейде әр топ еркек бір қалыпты кірлеу ақсұр жабынды киіп, бір түсті ақсұр сәлде салған. Жабындылары иықтан асыра тасталған тон тәрізді. Көп сұлу складқа қалдырады. Өздері қап-қара қара сақал. Күнге күйіп мейіздей қатқан қалпында — бәдеуилер сияқты. Әйелдер киімі сәрі, сәри деп аталады. Және де нелер көп түсті бояулы. Театрдағы әйелдер шешінген, мұрында гауһар, алтын зерлер бар. Жібек сәрі кейде бастарына шейін жапқан. Станса бас сайын халық ерекше мол, ел көптігі көрініп тұр. Халық неше алуан, қалаша киген... Бұлар киінсе, әйелдер де қалаша киінген қалыпта кездесіп қалады. Жастар да бар, олар шаш қойған, жеңіл киінген. Жыртық киімді адамдар да көп. Жолда көл көрінеді. Ар жағында тақырлау төбе. Ол көл ортасында жалғыз ағаш өсіп тұр. Ортасында сахар, тростник өсіп тұрғаны да бар. Стансаға тоқтағанда, вагон астында, панельде ұшып-қонып жүрген қызыл түсті кішкентай айдары бар қоңыр сұр құс көрінеді. Оның қарға (ұзақ) екенін, дрозд екенін де білмейміз. Тау аралап, Удайпурға тақап келеміз. Тау аты — Аравали. Бұл тау жақсы. Тоғайлы, құйқалы, сай-сайда пішен жапқан қоралар. Тоғайлы таудың қақ басында ақ үй (замок) тәрізді. Удайпурдамыз, екі көл: Факей, Пимпола айналаны қоршап тұрады. Келіп түскен сарайымыз жаңа сарай, бірақ бөлмелер ғажайып гостиница бөлмелері. Бұл махарадж тамаша қонақжай салған, өзінің барельефі. Ac бөлмесінде алты тармақ күміс табақ бар. Ортасында алтындаған өз барельефі. Қабырғалардың бәрінде жолбарыстар терілері, кішілеу жолбарыстар. Бәрін де махарадж өзі атқан дейді. Асқа отырғанымызда үстелдер өз гүлдері мол-мол топ боп тұрды. Тамаққа жақсы көлден ұсталған балықтар да берілді. Папайя деген ағашқа өсетін қауын тәрізді үлкен жеміс жедік, дәмі қауын, тыква аралығы. Бір махараджаның өз сарайындамыз. Ғажап приемный зал, бұнда мозаика тауыстар, барельеф тәрізді бояулар көз тұнжыратады. Оның алдында, өз жанынан төмен түсіп келе жатқанда, Күн құдайдың күмістен істелген, қабырғаға ілген аса үлкен бейнесін көрдік. Күн құдайы бұл махараджаның тұқымының покровитель Ал төбесі ашық. Бірнеше этаж мрамор балкондар, айнала жоғарыда оюлы мрамор, алтындаған шошақ кішкене куполдар — XVІІІ ғасыр мозаикасы.

Сарай қорасында машиналар тоқтаған жерде сиырлар жатыр.

Бұл сарай балконынан барлық қала көрінеді. Айнала таулар, биіктер, төменде бақ ішінде өңшең ақ қабырғалы тас үйлер. Бұл қала бар толып жатқан XVІ—XVІІІ ғасыр сарайлары мен ұдайы мрамордан салынған ақ мрамор зеркальная палата (айналы палата), әкесі тұрған (әйелі тұрған). Роспись на стенах — акварель, типично раджастханская (акварель), по 300-400 лет — изображено божество — покровитель рода.

Піл сүйегі есікте, еденде айна. Миниатюры, акварель.

Жолда қызыл, жасыл әйнектер бар. Терезе, балкондардың екінші жағынан көл тамаша көрінеді. Оружейная палата. Алтын қылыш сабы, қындар алтын, қалқан, әркім өз қаруын істетіп алады. Әкесінікін алуға болмайды. Пистолеттер қызық, сабы мен пистолет екі айырым. Бас қалпақ — телпек. Тулары екеу. Махарадж моғолдармен өмір бойы қатты ерлікпен алысқан, туында — Күн құдайы. Претаб махараджа XІV—XV вв. (хата) моғолдар әкімшілік береміз дегенде алмаған. Ерттеулі аппақ ат тұр. Оның тұмсығына пілдер қорқытпасын деп хобот жасалған (жүгенінде). Ер — қазақ ері сияқты (тек айыр, қалың қасты), кежімі — тоқыма темір (тор көз).

Городской дворец "Сити палас".

Осы сарай түбінде храмда болдық. Әндері барабан аралас оқылған дұға намаз, әуені тіпті жақсы, мақамдар тәрізді. ... музей редкостей.

Музей Королевы Виктории — головные уборы правителей Удайпура. ...Шах ұйыстырып ұстасқан осы махараджаның шалмасы да бар. Шалма ауысса достасу белгісі болады екен. Шалма жіберген әуелі, өз әкесі қуып жіберген де, осында кеп пана тапқан екен, сол үшін дос болған.

Мылтықтар қызық.
Черный сланецтен істелген Вишну (XІІ в.).

Сағат 1, 2-да өзіміз жатқан сарайға ланш (обед) ішуге, аз тынығуға қайттық. Махараджада болғанда А.А. сөз сөйледі. Ваше Величество деп атады. Біз оның шақыруымен келген қонақ екеміз. Сондықтан өзінің арнаулы қонағы есебінде бәріміз алдына бару қажет екен. Ол өзі жасы 70-ке келген, ауру адам, құлағы мүкіс. Ағылшынша сөйлемейді. Һинді тіліне аударушысы дабырлап, ағызып жылдам сөйлейді. Қабылдау церемониясы — нағыз XVІ—XVІІ—XVІІІ ғасырлар қалпында, аумаған Сухарасараның дәстүрі болса керек. Қызық бір хал. Әскер-охрана болғанмен, сарай ішінде нөкер көп-ақ. Бірақ дәл махараджаның өз қасындағылар болмаса, көп есік, балкон есіктерден қараған жүздер, бейнелер нашар, жұпыны киінген.

Махараджу зовут Бупалсинг.

Біздің көргеніміз осы (махараджа дегені — махарадж). Махараджаның бұл Раджастхан штатында жоғарғы мектебі бар. Геология, гуманитарий колледжі бар. Ac ішіп отырмыз. Екі жолбарыс терісі басы төмен қарап ілініп (көрініп) тұр, терінің айналасы қара шүберекпен астарланған, о да тіс-тіс. Кәсіп с/х. Штат шаруасы — ауыл шаруа. Егетіні — мапс, мал. Раджастханда халық 15 миллион 300 мың. Махараджараларда ұсақ бөлік те көп болған еді. Бәрі жай адам боп қалды. Екі махарадж: Удайпур мен Жайпур осы дәреже сақтап қалды. Тілі раджастхани деп аталады. Ол һинді тіліне жақын. Раджастхан — очень старое название.

Сад — "девичий сад" (сад на радость молодым девушкам).

Толып жатқан фонтандар, ортада бассейн, әр сәтті болып, жүз тарау боп аспан атады. Ортада беседка тәрізді. Оның да өнбойы фонтан, бассейннің төрт бұрышында төрт қара әсем шатыр бар, онда қара торғайлар тұмсығынан, бауырынан су атып оралып тұрады. Бар есікте осы бір ою-өрнек арқалық болып келеді. Екінші ішкері бөлімінде (бақтың) пілдер фонтаны бар. Бұл үлкен дөңгелек бассейн. Осында ғаламат биік бір пальма тұр. Өн бойында жапырақ жоқ. Тек су бетінде ғана қабығы піл терісіндей қап-қара қатпарлы. Сағат 4-те эксперименталь колледжге келдік. Индияда бұлар 5. Осында оқытушылар да сапасын арттыратын оқу жүреді. Ауданға қызметкерлер, оқытушылар шығарады.

Бес ай студенттер оқиды, содан кейін практикаға кетіседі.

Бұнда экзаменде кітап, сабақ кітабы да жоқ. Тәжірибемен оқиды. Жаңа тәртіп бойынша еңбекке үйретеді. Халық үшін еңбек етуге баулиды. Раджастханский ун-т среднеобразов. Мынау колледж — сол университет басқаратын 11 орынның бірі. Халық мәдениетіне жақындау және халық мәдениетін жасау. Оқу тілі — һинді.

Дисциплины: 1) с/х эконом.; 2) гуманит.; 3) хинди; 4) медицина (общ. Вопросы); 5) по выбору: музей, живопись, кож обработка; 6) ткачество; 7) общ. Науки — социология. Обучение бесплатное, учатся 5 месяцев теоретически и еще 5 месяцев за счет деревень — практически. Учителя вербуются из окончивших этот же колледж. 50 учащихся - 4—5 женщин. Поступают с неполным средним образованием. Право преподавать в сельских школах — бакалавр общ. Наук.

Летняя резиденция махараджи.

Бұл көлдің ортасында, біз бұған қайықпен ұзақ жүріп, әсем сарайларды су жағасынан көріп отырып жеттік. Су жақтарынан қарағанда, бұл сарайлар дәл Венеция. Зал ғаламат. Төбесі плафон өнерінше боялған, өңшең төрт бұрышты, европаша. Приемная ғажап, терезе түбінде көл суы. Содан әрі интим бөлмелер кішкене, бірнеше айнала мозаика, айна, бояулар, қабырғаларда әйел суреттері бар, бойымен алтындалған. Ортада (сарай ортасында) бассейн. "Дворец на воде", второй — "Дворец восьми слонов". Бұ да аралда тұрған сарай, ақ мрамор сарай. Бұнда бақ та бар. Бұнда әкесінен қашқан заманда Шах Жиһан тұрған. Мандарин өсіп тұр. Ортада кең тас қора. Шаһ отыратын тақыт орны бар. Храм Кришну (XVІ в.). Жалаң аяқ кірдік. Маңдайымызға қызыл таңба салды. Ол -сәлемдесу, жақсылық тілеу белгісі. Бирманың қола мүсіні бар. Тұтас қоладан құйылған. Бұл храм — ғажайып XVІ ғасыр ескерткіші. Әсіресе сырты түбінен ең биік ұшпа төбесіне дейін түгел мифологиялық барельефке толы. Онда пілдер соғысы, аттылар майданы, бишілер де бар. Оюы ұнағысыз бір жері жоқ. Ұшпа биігіне жеткенше сол ұдайы мрамордан ойып келтіріп жасаған. Бұл Құтыб мұнарасынан да асқақ дер едік, тек одан кейін істелген, бұндай ғажайыпты айтып тіл жеткізу қиын. Менің ойыма келгені: егер Удайпурға келмесек, Индияны түгел көрдік дей алмасақ керек. Бұнда сонша көп тамаша жиылған. Жолда қызық, ойда жоқ оқиғалар болды. Біз свадьба тойына кездесіп, жүре алмай қойдық. Аппақ атқа мінген, аппақ жібек киген, басына ақ шалма салған бала жігіт отыр, алдында күймелер. Музыка жанында, артында өңшең сәнді киінген әйелдер. Бар қала тар көшеде, солар соңынан шұбырған. Бала жігіт қысылмайды, еркін. Кеше той бопты, бүгін қалыңдық үйіне обедке бара жатқан сапары екен.

1 февраль.

Ерте таңертең. Ғажайып тыныш ерте кез. Сарайдың жоғарғы этаж биік балконынан тамаша сурет көрінеді. Тамақ астындағы көл, арыда қоңыр таулар. Дәл қарсыдағы ең биік қара шоқының шаншылған басында жоталанып салынған ақ сарай (крепость). Біз оған бару қиын дегендіктен, уақыт аздықтан кеше бара алмадық. Көл ортасында тоғайлы арал, ол тас қорғанмен қоршалған. Көл бетінде әлдеқандай үлкен аппақ құстар ұшады. Бір ғана бір жүгі қара қаз тәрізді құстар шалқып ұшып жүр. Көл беті тып-тыныш, ақ сұрланып, қызғылттанып сәт сайын реңі өзгеріп кетеді. Өйткені қазір күн шығады. Қоңыр тауларды болымсыз ғана білінген қызыл арай рең алып келеді. Жел белгісі жоқ. Төменде, сол жағада ғана аппақ мрамордан салынған кіші сарай особняк, қоршалған банан, папайя, мандарин, инжир жемістерінің бақшалары. Қатарда, жап-жақында қызыл жартасты төбелер де қала ішіне араласа жатыр. Көл жағалай тас қорған. Асфальт жол, бұралып-бұралып отырады. Оның өзі бір сән. Кеше 31 күнгі кешті еске алмай болмайды. Бұл әзіргі сапарымыздағы ең мәнді кеш болды. Жазушылармен кездесеміз деп барсақ, 3 мың шамалы халық жиылған. Астарына кенеп жайып, жерде отыр. Тығыз отыр. Айнала сыймай сығылысып, қоршап тұрған ер-әйел бір-бір үлкен ашық ауланың бәрін алыпты. Бір жағында ағаштарды кесіп әкеп орнатқан, шымылдық көк жұқа жібек. Ел сыймай, сахнаға ентелей отыр. Бізді екі жаққа, биік жеке орындықтарға отырғызады. Әндері, билері болды. Нагар деген жергілікті қайраткер сөйлейді. Ол жазушы да, театршы да, шешен конгресс азаматы да. А.А. сөйледі. Кейін мені де ымдап сахнаға шақырды. Мен сөйледім. Өзіме онша ырза бола алмадым. Ұзақтау сөйледім. Бірақ қата жоқ. Мен зор қазақ халқы атынан бірталай керек нәрселер айттым. Күн ыстық. Дүние тамаша қызыл арай. Реңк кіре берді, кіре берді. Таулардың бір жағы қызғыл сәуле құшқанда, екінші жағынан көлеңке туды. Алғашқы жұқа, аз көлеңке баяулап түсіп, кейін қоюланады. Дәулет Син (бақытты арыстан) кеше бізді еріткен кісінің аты. Кешке 31 күні махарадж бір жиыннан қайтқан соң, тағы үлкен құрмет болды. Барлық бектер, прокурор, уәзір есепті, бұрын әскербасы болған адамдар — махараджаның күйеуі, немересі, бәрі болды. Біз келгенде үш оркестр қарсы алды. Тыста ақ қызыл киімді гренадер тәрізді әскери оркестр, махараджаның өз оркестрі болу керек. Сарайға қонақ бөлмеге кіргенде, әйелдер билеп, кіші оркестр ойнап қарсы алды. Тамаққа отырғанымызда, махараджаның өз әншісі оркестр ойыншысымен ұдайы ойнап отырды. Бүгін кешегі өткен бір күнді еске алсақ, Делиден бұнда артық тамашалар көрген екеміз. Көше, қала, сарайлар, көлдер, таулар, тұрғын жайлар. Халық. Кешкі свадьба. Онда көрінген аппақ атқа мінген күйеу жігіт. Бізді театрда (аулада) қабылдаған халық ғажап. Кейде соңғы театр көрінісі, адамдары, халқы революция басындағы өзіміздің политпросвет, ұлт театры көріністерін еске түсіреді. Қазір жүріп келеміз. Поездамыз. Кешегі жол. Туннельден өте бергенде, кеше көрген жерімізді, тағы да үш маймылды көрдік. Құйрығы ұзын, ақшылдау түгі бар, бір үлкен маймыл папайя жеп, жерде отыр. Біз тұрған сарай "Лакшим вилас" атанады.

Біз Читоргар қаласындамыз.

Крепость 690 кв. акров. Крепость со стелой построена в форме рыбы. (1850 футов над уровнем моря.) Крепость с VІІ века была столицей королей Мейвара, только в 1567 г. переименована в Удайпур. Несколько раз в разные века захватывалась мусульманскими шахами, брал ее и Акбар в 1567 г. Башня Победы — самая большая достопримечательность. "Жанн Стамба" построил в 1448 г. раджа Кумбаж в знак победы над султаном Махмудом. 30 футов в основании, винтовая лестница, самый верх покрыт сценами из индийской мифологии. Для изучения иконографии Индии эта башня очень важна. Высота башни 120 футов (семь этажей). Другая башня — Башня Славы в XІІ веке. Высота 80 футов, тоже 7 этажей. Біз тау басында крепостің ішіндеміз. Бірнеше қақпадан өттік. Бірінші қақпа жанында қан көп аққан. Тау басына шейін көтерілген қабырғалар, тас қабырғалар. Соғыста атынан айрылған (ақ аты өлген) ер махараджаның соғысқан жері (су, көлдермен). Осы аты, осы өзен бойында үлкен інісі атын берген. Тар қабырға, ұзындығы 6/2 миль, 3/2/4 кендігі, айналасы 13 миль. Кәрі кемпірді әкелді. Қабағын, кірпігін де шаң басқан, әжімі аса қатқыл кемпір. Бір тісі жоқ. 1333 жылы баласы осындағы бір сұлу әйелді көруге ынтық болған. Ол айналар жасатқан, сол арқылы көрген. Ол сұлу әйел біреудің қатыны екен. (1333 жыл). Егер ол әйелді көрсетсе, қаланы қамаудан босатам деген. Айна арқылы көрсетіскен. Көріп алған соң ол: мынау әйел бар қаладан кетпейім деген. Әйел көп киім киіп, алдынан шыққан. Паланкиннің астына тығылып шыққан әскерлер қаланы қамаудан құтқаруға себеп болған. XІ ғасыр храмы. Ескі, жарымы құлаған храм. Бұл храмға барлық жаңа үйленген жастар келіп, тізелерін бүгу қажет болған. Содан кейін ғана некесі берік болған. Храм (чоури) архитектурасы аса бағалы. Сирек, шебер, тағы мрамор, пілдер, адам, миф. Порталдар да шебер ойылған. Система обороны. Әуелі пілдер, воины, содан кейін құдайлар. Осылардың суреттері салынған. Қамауда әйелдердің 16 мың әйелі осы храм жанында от жағып, өздерін өртке тастап өлген (костер жаққан). Подземельеге мына сарай XІІІ ғасырда салынған. Кейін Кумба толықтыра түскен. Сондықтан Кумбаның атын алған. Храм Солнца — құрбан шалатын бөлімі сарайдың.

Махарадшылар (әйелдері) тұрған жайды көрсетеді.
Дворец мира деген бөлме де бар.

Легенда про Няню, спасшую принца, подложила своего ребенка. Дворец называется ее именем — "Панна дай" (Панна няня). Конюшни для слонов.

Кіші пілдер кірген, сондай тұқымы болған.
Алда әдемі ақ сарай, бүтін ол известняктен салынған.
Манго деген ағаш зәулім, мол көлеңкесі аса кең. Жемісі тәтті болады дейді.

Северо-инд. тип — Шикхара. XV в. Ең биік төбесі храмның бұрандалы қақпақша тәрізді. Ең ғажап ғимаратқа келдік. Бұл храм "Храм 27 молебен". Төбеде музыка ойнаған. Муза аз. Барельефі, сырттан көрінген көп мұнаралар (мрамор). Осы 27 екен мрамор құдайлар. Идол ең үлкен алтарь түкпірінде. Қара мрамор. Сырттағы скульптураның бәрі билеп, әндетіп жүрген әйелдер. Ғажап шеберлік өнермен сырты ойылып.., жоғары қарай бұрыла беретін храм мұнарасы.

Храм принадлежит секте жаистов (их миллион, исповедующих жаизм в Индии). Жеке-жеке кельялар бар. 24 әулие қара мрамор. 27-ші, 26-ші әр есіктің әр жағында. Храм Мирай. Бұл сол оқу храмы, оны құдай өз құшағына алған. Бұл ақын қыз болған. Икона сияқты, рамада көп сурет бар, живопись үлгісінде. Қасында моласының орны. Бұнда төбеде бес денелі құдай бейнесі бар.

«Башня Победыны» көрдік, жеті этаж.

Крепость жайында, соғыс жөнінде тағы бір аңыз. Соғыста аққан адам қаны сонша көп болғандықтан, буйволды ағызып әкетіпті дейді. Сол қалың қан төгілген жерге басқаша бір сорт жеміс шыққан (қара). Ол адам қанына шыққандықтан аса тәтті дейді. Башняның сыртының бәрінде пілдер, күй тартатын музалар, ерлер, құдайлар бұрышы. Бұрыштарда қойылған піл (ақ піл) мүсіндері көп. Бірнеше тарапында орта тұста арыстан, жолбарыстар бар. Осы храмдар, сарайлар барлық қала бүгіндегі тұрғындармен тегіс тау жотасында, тау үстінде. Халқы діндар болса да, мынау храмдарды аралағанда діндарлық білдірмейді. Күліп, әзілдесіп, еркін сөйлесіп жүреді. Бұттар алдында да дабырлап сөйлесіп, күлісе береді. Биік тау басындағы бұл мұнара шынында заманы үшін аңыз, үш ескерткіш ақсұр, айнала бұл қаладан кең ашылып, көк мұнар ішінде жарыққа, алыс атырапқа кетіп жатады. Тұман ішінде көк қырқалар, көк жайқын далалар, тоғайлы қалалар жайылып шырқап кетіп жатыр. Бұнда тағы бір қызық, өрескел жай бар. Әр храм, сарай ішінде, түбінде кедей үйлер көп. Сондай нашар тұратын жандар көп. Кейде үлкен әдемі сарайда жалаң аяқ, аш-жалаңаш, қап-қара, кір-кір қайыршыдай балалар көрінеді. Махараджа сарайында да бір этажда, алаңда ұйықтап жатқан еркектер көрінеді. Аңыз: көшіп жүрген оружейниктер 500 жыл бұрын жау алғанда ант беріп, көшіп кезіп кеткен, жерге отырмаймыз, орнықпаймыз деп кезген. Енді ғана азаттық алғанда келмек, әлі көшіп жүр.

Жазғы сарай. Аладдин, айна әңгімесі осында. Бұл да VІІІ ғасыр храмы. Махараджа әкесі салған тау басындағы жазғы сарайға келдік (жаңа). Бұнда бізді қала полициясының оркестрі қызыл киген, алда жезль ұстаған барабан соғып, ойнап өтті (құрмет). Кешкі сағат 8 шамасында таңертеңнен бізді шақырған мектепке келдік. Бұл дін жайын оқытатын мектеп. Реңі, мақсұты, мазмұны басқаша мектеп екені бар жайынан байқалды. Ең әуелі бұнда санскрит, һинді тілдерін, дін сабағын оқиды. Әдебиет те бар дейді. Басқа дәрістер де бар деседі. Бірақ дін, негізі дін. Себебі бұдан кейде монахтар шығарады. Өздерін самоусоверш. баулиды. Дінін үгіт жолына арнаймын дегендер болса, олар осында бейімделеді. Біз келгенде жасалған қабылдау тәртібі өзгеше болды. Маңдайларымызға қызыл белгі салып, бір-екі күріш жапсырады. Аяқты жалаң аяқтадық. Қолымызға бір-бір кокос жаңғағын берді. Содан кең үйге кірдік. Онда еденге алаша жайылған. Сонда мектептің бар оқушысы отыр. Малдас құрған, бәрі біз жаққа түгел қараған. Иықтарына тегіс сары жабыныш жамылған. 10-11 жасар баладан бастап, сақалды үлкендерге шейін бар. Дәл бұрын бала күнімде көрген мұсылман медресесі сияқты. Алды қалпе, арты жас бала. Бар шәкірт әуелі бұлар ұзақ дауыстап, бір үнмен қосылып кешкі намаз оқысты.

2 февраль.

Біз Жайпурдеміз. Қонақжайда бөлек бөлмеге орналастық. Музей худ. ремесльге келдік: 1) бронза (конец XІX в.); 2) стекло, украшенное эмалью; 3) железо с серебром; 4) кальяны, XVІІ-XVІІІ вв.; 5) шамдалдар; 6) ведра из верблюжьей кожи, кувшины; 7) мозаика, инкрустация из слон, кости, черное дерево — аппликация из слон, кости; 8) инкрустация из Майсора; 9) лаки из Кашмира; 10) соврем, папье-маше; 11) игрушки из Жайпура, Сурата (ғажап), пілдер, түйелер (адамымен); 12) раджастханские шкатулки, маски, куклы; 13) гончарн. изделия из Бомбея; 14) Китай, Япония; 15) Россия, Китай, венгерские вазы (керамика), англ.; 16) англ. средневек. фаянс; 17) монеты (нумизматика) разных веков, печати; 18) копья; 19) мумия (ей 2279 лет); 20) оружие (сабли) 21) из Бомбея для хранения пшеницы (бронзовая ваза); 22) серебро (Жайпур, Кашмир); 23) выставка из Стамбула; 24) китайская вишня; 25) индийские ткани (Жайпур, Бомбей, Раджастхан); 26) миниатюры, рисунки; 27) изображение Кришны (250 лет); 28) мелодии с их воздействием (музыка) XVІІ в. Краски чудесны, золото, розовые, фисташковые, она поет — антилопы зачарованы. Играет, молитвенное настроение и четырехголовое божество ведется ей, а героическая мелодия вызывает дух воина; 29) йоги-отшельники; 30) адамдар неше алуан тұрады, отырады, жатады (...смех); 31) минералы; 32) индийские ковры (250 лет); 33) самый старый персидский ковер (XVІ в.); 34) декоративный щит — сюжет из "Рамаяны"; 35) фрески, росписи (копии); 36) скульптуры Кришны (XVІІ в.), он окружен поющими девушками. Здание музея специально построено, прекрасное. Музей для всей страны гордостью может стать. Біз һауама-халды көрдік. Дворец Ветров. Кейін обсерваторияға келдік. Солнечные часы в 1729 г. построены, странные, необычные часы по солнцу. Определяют высоту нахождения солнца (в центре — зенит).

Дворец махараджей.
Акварели XVІ, XІX вв. В 12 лет теперешний махараджа сел на престол в 1924.

Чандра-Махал — Лунный дворец — так называется центральная, очень оригинальная часть дворца. Из разового песчаника. Мозаика тонкая, утонченная, больше золота; здесь и строили "Махабхарату".

Видиадхар — автор-строитель.
Рукописи XVІІ-XVІІІ вв.
Древняя легенда о красавице с зеркалами записана здесь.
Богиня Ярости на буйволе (Богиня Дурга).

Акварель и жидкое золото. Рама и Кришна на стене.

Рукописи трудов по астрономии, арифметике, акварели высокого класса (миниатюры).

Портрет махараджи.

Рисунки музыки в событиях, мелодия - живое существо мужского пола. У него шесть жен — Рага. Все иллюстрации к музыковедческому искусству — все рагани исполнялись для каждого времени дня. В одной миниатюре Шива — из его головы течет Ганг (священный). Праздник урожая или праздник цветов и красок. Ткани XVІІІ в. изображают плоды мангового дерева. Собрание здешних рисунков это гордость Индии, коллекция богатейшая. Индийская мифология перевоплощения. Жайпурская школа, XІX в. Чудесная акварель (каменные краски). Весь картинный музей этот — личная принадлежность его, нынешнего махараджи. Его же оружейная палата. Карта Индии сделана из кожи. Пороховница, набор ружей гигантски богаты. Пороховица необычайная, из рогов и перламутра. Кинжалы, сабли, ножи. Дворец Амбер — XVІІІ в., старая столица Жайпура, все здания внизу разрушены с XV в. Руины — следы разрушения временем. Бракосочетания махараджей производятся в храме внизу, а тут одни разрушенные строения - храмы, дворцы. XІІ—XV вв. дворцы есть, XІ в. храмы. Сол күні кешке біз министрлер қонағында болдық. Бұл жай бақша ішінде әдемі паркте, Индия суының үстінде екен, паркте болдық. Дивандар қойылған. Аласа үстелдерге шай жасалған. Қоралай отырған жұрттың үйірім-үйірім топтары болды. Бізбен баяғы Бірінші соғыста Ворошиловтан қашқан Австрия әскерінің адамы, қазір медицина докторы, Австрия адамы болды. Ақындары әндетіп өлең оқыды. Бір қарт санскрит тілінде өлең оқыды. Жақсы, жаңаша сөйледі. Ашрафи өлең айтып, тәуір ғана сөйледі. Сағат 7/2-да біз махараджаның сарайына қонаққа бардық. Секретарьдың әйелі қарсы алды. Кейін, прием залында біраз тұрғанымыздан соң, жанында махаранасы бар махарадж шықты. Бұл ұзын бойлы, сом денелі, 43 жасына қарамай шашы қап-қара сұлу жігіт шықты. Үстінде ақ кителі бар. Қара шалбар. Кешкі киім. Бір түрі осылай. Әйелін осы Индиядағы ең сұлу әйел деп еді. Көбімізге ең сұлу көрінеді. Өйткені одан сұлу әйел көп еді. Бұ да сұлу, ақшылдау. Шашын американ жаңа үлгісінше бұйраламай, ұзындау етіп өсірген. Бұлай шаш ұстауға ұдайы қолы бостық керек деседі. Көзі сұлу, ерні әдемі. Бұл ханым біздің топпен әңгімелесті. Махарадж өзі бір топ жолдастарымызбен сөйлесті. Ол бастап, кейін ханым өзі жақын прием бөлмесінде бірер саты жоғарырақ жердегі қымбат, асыл бұйымдарын көрсетті. ...Әйелдің ағылшын суретшісі салған суреті. Әдемі инскрустация. Әйел бізбен сөйлесе тұрып, менен көшпелі ел тірлігі кеткендігін уайым етпек боп сұрады.

3 февраль.

Жолда Жайпурдан Аграға машинамен кеттік. Жолда машинада ыстық тәрізді. Піл мен ағылшын әңгімесі (піл, ағылшын, бек). Құтыбминардағы темір баған V ғасырда жасалған, ол 6 тұтқа, тұтас шойыннан құйылған. Жол бойында С.И. әңгімесі қызық. Сарайларды салу дәстүрі талмас үлгі болған. Ең әуелі Ашока ІІІ ғасырда 84 мың Будда монастырін салған дейді.

Ертеде сарайларды Индия еменнен, ағаштан салады деген.

Әулие сиырлар туралы дәл хабар. Сиыр қартайғанша сауылады, жегіледі. Жеке адам меншігі болады. Қартайғанда әулие сиыр храмға беріледі. Онда бұларды сақтайтын об-во болады. Жапасын сатып, сонымен асырайды екен.

Маймылдар қалаға қатынап жей берген соң, қала қашып ауып кеткен. Аграға қарай жол келеді. Екі жағада әуелі бірнеше таулар кездесті. Бұнда таулар бөлек-бөлек. Бар шыңның биігі сияқты көп орын алмайды. Өздері биік боп серейіп тұрады да, шорт үзіледі. Кейде қарауыл биігі сияқты бар жағы тіп-тік болады. Айнала дала мен үнемі үзілмей ағаш көрініп отырады. Үздіксіз егіндіктер. Көбінше бидай, горчица. С.И. әңгімесі. Маймылға тимеу ертеден бар. "Рамаянада". Раманың сүйген әйелі Ситаны жадабы алып қашып кетеді. Жадабы дию тәрізді қара күш, қараңғы сырлы зат. Сол жаудан Ситаны құтқаруды маймылдар бастығы Гануман, Раманың көмекшісі себеп болады. Бар маймылды жиып, Индия мен Цейлон аралы арасына тас өткел салады. Осы күнге дейін мыс тәрізді тастар бар. Соны Рама заманынан қалған дейді. Демон Равана Ситаға ғашық болып, алып қашып кеткен. Бірақ Сита аман қайтқан. Ескі әдет бойынша тазалығын анықтау үшін жанып тұрған оттан, костерден өту керек екен. Содан Сита өткенде, бұрынғысынан да сұлуланып, алтын лотос тәрізденіп көркейіп шығып, тазалығын танытқан дейді "Рамаянада". Жолда келеміз. Қыстақтарда кішкене маймылдар, үй жанында құймада екі-екіден, біріне-бірі мінгесіп отыра береді. Тауыс та сондай көп. Жол үстінде бір маймылды машина басып өлтіріпті. Жегін сиырлар, өркеші бар көк сиырлар жиі кездеседі. Бүгін байқадым, құлақтары төмен салбырап, жалбырап тұрады екен. Жолда пилигрил кездесті. Олар не Бенареске барады. Бірақ оңтүстіктен Рамишвараға барады. Апара жатқаны — Гангтан су апарады. Мүмкін теңізге түсер. Арқалағаны отын. Өз тамағын істейді. Біз Аградамыз. Бүл 65 м. Утарпрадеш провинциясына қарайды. Бұнда аяқкиім өндірісі бар. Индияның алды. Кілем өндірісі, мрамор ісмерлігі де осында. Бұнда гостиницаға түстік. Жеке-жеке бөлмеміз бар. Бәрінде жайлы. Аласа төсек, ішкі бөлмеде... Тадж-Махал строили 20 тыс. рабочих 18 лет. Мрамор из Макарани, использовано 18 цветных разных камней. Высота с платформой и со шпилем 70 метров. Он вошел в число семи великих памятников мира. Построил Шах-Жихан. Строил Устад Иса. 1632—52 гг. Самый большой бриллиант "Кохи Hyp" (гора света) с голубиное яйцо. Был взят англичанами, увезен. Этот бриллиант был вмонтирован в Тадж-Махал. В Агре 500 тыс. населения, в Прадеше... 65 миллионов, самая большая провинция Индии. Здесь была английская провинция. Ред. форт построен Акбаром. Есть в Агре университет и 8—10 колледжей. Крепость построена на развалинах более древней крепости (дивани Али): 1) зал аудиенции — сидел тут шах; 2) бассейн (был); 3) жилые покои, два трона для отца и сына. Белый мрамор и черный мрамор (монолит); 4) нижний двор — бой тигров. Бұл қорада маймыл жүгіріп шықты. Бұнда жолбарысты ұстап әкеп қоя беретін. Бұл сарай Акбар тұсында ертеректе салына бастаған. 5) Дивани Хас — зал частной аудиенции; 6) восьмиугольная башня (Шах-Жихан строил). Строил из мрамора первый; 7) гиды расказывают: Ш.-Ж. старый смотрел на Тадж-Махал в зеркало маленькое в стене балкона; 8) Хасмахал — где жил шах; 9) башня; 10) ванна — мозаика, мрамор — теплая вода поступала сверху и шла по каналу в баню; 11) виноградник (ангури); 12) жилые помещения — рядом жила дочь, а тут сам (асты, үсті бірдей мрамор); 13) жилые покои, где жили дочери; 14) здание для жены Жахангира (она была индианка); 15) внутренний двор этого здания, вокруг — все помещения; Ғажайып двор — айнала екі этаж түгел ою-өрнек. Әсіресе кірер есіктер маңдайы тамаша ойылған. Осында кітапхана болған тәрізді нишалар бар, о да оюлы. 16) во дворе ванна, внутри зала — из цельного куска камня. Вся крепость от Акбара до Ш.-Жихана вначале - красный песчаник. Ш.-Ж. строил из мрамора.

Ғажап бұ да сарай.

Енді көптен көрініп, көздің алмасын тартып тұрған ғажайып сұлу, даулы Тәжмахалға келдік.

Жаңағы сарайдан 5-6-дай шақырым жерде. 1) Караван-сарай (қақпасы да жақсы). Купол и четыре минарета видны отсюда в рамке ворот; 2) канал перед Тадж-Мах. (17 лет строили) 20 тыс. человек; 3) налево мечеть; 4) такое же здание для симметрии (справа), планировка сада сохранилась, бассейны, так же кипарисы, айнала аят.

Мұнтаз бегім.

Мыхтар. Есік қабірлі қоршаған мрамор решетка. Мрамор ою. Бұрын алтын решетка болған екен. Шах Жиһан оны алғызып, мрамор кең решетка жасатқан. Мозаика в мрамор втиснена. Бар екі қабырға осылай әспеттелген. Төменде, тереңде анық қабірлер. Өзі жоғарғы, жаңағы көргеніміз астыңғы қабірлердің сырттағы бейнесі екен. Астыңғы қабірге жазылған сөзде: "Мекені Фирдоусиде болсын, сайыпқыран Жиһан шахша жиһан..." деген бар. Жоғарғы куполына да шықтық. Мен мұнараларға шықпаушы ем, бұл жолы шықтым. Екі кең бөлме бар екен. Ішкісі жоғарғы сыртқы куполды түзу шығару үшін істелген. Айнала Агра қаласы. Заңғар биіктен көрінеді. Куполдың өзінің биіктігі 24 метр.

Кешке қонақжайда.

Проблема беженцев в провинции. Что делается здесь? В Агре 55 тыс. перемещенных лиц. Практически устроены все эти лица. Экономика штата способствовала размещению — негде было жить. Пр-во плановое, стр-во в провинциях. В Агре 700 домов для беженцев. Из Пакистана пришло много одиноких женщин. Их обучали профессиям. Выплачивают и денежные возмещения. Ушло 6 тысяч домов, 25—30 тысяч мусульман ушло отсюда, 40 проц. мусульман не ушло. Многие возвращаются. Сейчас 30 проц. мусульман. В Индии 40 млн. мусульман, 12—30 проц. всего населения. В 47 г. из Раджастхана многие ушли в Пакистан и многие возвращаются. Народ относится к ним хорошо. Түнде кешкі тамақтан соң айдың жарығында Тәжмахалды көргелі машинаға мініп, қайта бардық. Ай ерегескендей бұлт арасынан арыла алмай көп күттірді. А.А. сызданып, білмейім, сатымсақ әйел тәрізді не қылғаны.

4 февраль.

Акбар салған қала Фатихпур Сикри (город Сикри). Он жыл тұрып, қайтадан Аграға көшкен. 1580 жылы салынып біткен. 1) Зал аудиенции, где принимали жалобы, петиции. Акбар өзі решетка ішінде отырған. Акбар Ғұмаюнның баласы. Бабырдың немересі, ойран болғанда соғыстан ойран болмаған, өздігінен тозған. Қызыл песчаниктен салған. Екі-екіден салған. 2) Зал частной аудиенции. Тамаша діңгегі бар. Төрт тармақ кронштейні бар. Сол төрт тармақ діңгек төбесінде айнала ашық ойық тесік қоршауда патша тағы тұрған, төбе купол. Бұл бір ғажап жай. Мұнажімге қатты сенген, оған арнап салған купол бар, төрт бағаналы. Бұл қаланы тастағаны — су нашар болған. Мемлекетте тыныштық аз болған. Содан соң жүру-тұруды сүйген. Қабырға кірпіш ұзындығы 6 миль. 9,6 километр. Ағаш титра қолданылған. Тек есік қана одан куполдармен жабылған. 3) Место игры в прятки — в самом деле, вероятно, хранили важные документы; потолок интересный, как будто сделан из дерева, напоминает стропила деревянные, а там камни. 4) Олений минарет для любимого слона Акбара выстроен. 5) Пяти этажный замок (Пяндж-Махал). 6) Школа девичья — гаремная девушка училась мастерству вышивки. 7) Комнаты турецким султанам — турчанка жена. Орнамент нарезной, очень интересный и богатый; изображены были птицы, звери. Потом при Аурангзебе головы им всем стерли. 8) Библиотека с росписью по камню красками, ниши фигурные в стене — это для книг. 9) Спальня шаха наверху с росписью, с изречениями (поэтов). 10) Зал, где решались государственные дела. 11) Дом матери Жахангира Мариам. Фреска — человека, играющего на флейте; восстанавливают фрески мастера. Сюжет — канал, лебеди, всадник. 12) Дворец жены индианки Акбара — здесь. Индийский стиль глазирования — древняя традиция индийской архитектуры. 13) Больница. 14) Дом министра, четыре комнаты - бұ да тамаша. Двойной купол для сохранения прохлады и тепла. Здесь очень толстая стена. 15) Уборная. 16) Конюшня для лучших арабских скакунов. Ат қора адам жайынан артып, бұ да тас, қызыл песчаник. 17) Қарсыда пілдер қорасы. Жасыл тотылар қаптап жүр. 18) Дом двух министров, Абул Фазыла и Файзи — один поэт, другой историк. 19) Мечеть святого Селима, из-за которого перенесена столица сюда, похоронен в особом мавзолее (мрамор). Селим, предсказал рождение трех сыновей Акбара. Тут много похоронено потомков Селима. Построен мавзолей при Жахангире, сыне Акбара. 20) Ақ мавзолей алды тұтас мрамор. Кружева, чудесная мозаика из перламутра, тонкая резьба, узоры, мрамор, пророк святой — здесь поклонение, висит много ниток поклонников, решетка ажур. Қабірі төсек сияқты. Балдахин жібек жауып қойған. Начало XVІІ в. 21) Мечеть. Похоронены потомки Селима. Мозаика из глазированной черепицы, за 10 лет был построен весь город, мастера со всех концов страны. Напоминает сборку домов. 22) Кельи, где жили ученые, монахи, бұл медресе, медресе толған хужра. 23) Қақпасына көп тағалар қағылған. 24) Ворота — триумфальная арка. Самые высокие в Индии — Баланд и Дароваза. Қайтқан жолда түзеліп жатқан жол жұмысын көрдік, мемлекет емес, халық еркімен өзі түзепті. 26 январьдан басталған, бір жұма бәрі осылай жол салады. Көл жасайды. Жолда жұмыс істеп жатқан жұрт жүдеу, балалар да бар. 540 общинасы қалада істейді. Қыстақта бұлар істейді. Бұнда суд та бар, вроде с совета. Выборная организация, выборный совет республики, перевод слова "панча" — пятерка, сельское самоуправление, народоправление. Түсте фермаға келдік, колледждің үлгілі шаруасы. Сельская уполномоч. әзірлейтін школ бар мұнда. Обучаются люди двух уездов, по плану охватить за пять лет, чтобы прошли... все уполномоченные ... переучитывают и новых, готовят животноводство, полеводство, здесь 43 человека. Общежитие, 25 деревень, база для работы. Школа связана с с/х колледжем. Здесь учатся, в деревнях проходят практику, двойную программу: 1) с/х в целом, ж-во, 2) кооперативное; 3) борьба с вредит.; 4) садоводство; 5) соц. науки; 6) гигиена санитарная. Колледж, высшее уч. заведи. Двойная система вузов. Университет и колледж. 60 колледжей, из них 3 в городе, остальные по всей провинции. Садоводство, полеводство, животноводство в их колледже. Через четыре года кончают колледж... для получения диплома учиться еще 2 года. Севооборот — есть. Здесь засушливый р-н, поэтому прорыли два колодца и могут обеспечить севооборот. Богара — исход неуверенный. На поливные не хватило денег. Многополье было трудным, п.ч. глав, культура — пшеница, она кормит. Строго следовать системе севооборота не могли, пшеница нужна всегда. Использованы разные удобрения, держал и один уровень. 275 акров под пшеницей, 200 — конопля — волокно (дает). В севообороте просо, с ноября по апрель. С апреля по июль под паром; в июле высевается конопля как зеленое удобрение — конец августа... Затем пшеница с октября, в апреле урожай. Такой полевой севооборот. Хлопок — июль—ноябрь... В январе, в феврале — сахар, тростник. В январе урожай -мунг — просо (двухгодичный севооборот). Кешке Делиге қайта келдік. Бұл күн біз жаңадан Хай-дарабад хауызға келдік. Аз уақытқа. Нәрселерімізді қалдырдық. Аз отырып, Отан жаңалығын естідік. Менің сайлану жайым бірнеше жаңсақ, теріс адрес бойынша адасып жүріпті. Кеше МИД-тен телеграмм келіп қана түзелген болыпты. Анық түзелді ме, құдай білсін. Өйткені біздің адамдар салақ екен.

Семь архит.: 1) Ая София; 2) Собор святого Марка (Венеция); 3) Парфенон в Афинах; 4) Реймсский собор (Франция); 5) Тадж-Махал; 6) Василий Блаженный; 7) Не помнит... Альгамбра. 1526-шы жылы Индияны қаратып алып, 1530 жылы үлкен Ғұмаюн, оның баласы аса үлкен күш, өнер көрсетпеген. Тек бұның баласы Акбардан басталып үлкен істер кетеді. Бабыр өзін бұның Кабулға қоюын өсиет етеді. Акбардың баласы Жиһангер, одан Шах Жиһан, одан Ауреңзеп, осыдан кейінгілер тағы әлсірей береді. Ең соңғы 1857-ші жылы патшалық намынан айрылған Баһадүр шах. Бұның тұсында Англия енді патшалықты біржола бітірді.

5 февраль.

Түнде сағат 22.30-да Делиден поезбен шығып, Нангалыға қарай келеміз. Нангал Делидей терістік жақта. Қазір біз басқа вагонға міндік. Бұл үлкен, бәріміз тегіс купелерге жайғастық, тар коридорда орын бар, аса жақсы, жұмсақ вагон. Екі кісілік, аяқ астында кілем, есігі кең тұтас, әйнек, бер жағы шымылдық, аса ықшамды әдемі шкафы бар, киім ілінетін иықшалары ішіне бекітілген. Есігі биік шарайна. Іште қол жуғышы әдемі орналасқан. Өзі кең купе боп шығады. Туалет екі шетте. Онда оп-оңай орнатылған душ бар. Тек вагонга душ жасауды бір бейнет көруші ем, одан оңай және орын алатын ештеңе жоқ тәрізді. Бір бұрышты кескенде бергі бетіне шолақ шымылдық тартқан, клеенкадан. Онысы және әдемі бояулы, жасыл түсті. Әр купеде вентилятор бар. Ол әр үйде бар екенін де еске ала кетейін. Ыстық күнде бұл жан тынысы бөлу керек. Бұл жақта суықпен алыспайды, ыстыққа қарсы әрекет ең алдымен істеледі. Вагон: кондицированный воздух беріп отыратын. Үнемі бір қалыпты температура ұстайтын вагон. Түн бойы көп түс көріп үйді, әйелімді, баламды жиі көрсем де, бірнеше оянсам да, жақсы ұйықтадым. Қазір таңертең жай оянып, жолды қарап келемін. Поезд терістікке, салқынға таман келеді. Таулар көбейіп көріне бастады. Бір ауық тамаша кесіліп ойылған қызыл жартас арасынан өттік. Шығыс жағымызда үлкен тау ілесіп, барған сайын биіктеп, тұтасып қалыңдап, көгере түсіп еріп келеді. Тек Гималайдың сілемі болар. Анықтап сұрау керек. Сол тау жақтан кейде тоғайы, жап-жасыл далашығы бар әдемі, жанды өлкелер көсіле көрініп қалады. Дала өлкеде, тау жақта көкшіл мұнар, жеңіл тұман бар. Ол кей жасыл далада, түн тұманында салқын түннің әлі көтеріліп болмаған, жаңа жерден сәл-сәл үзіле бастаған буындай, салқын деміндей көрінеді. Шық аралас дымқыл тұман өлкенің таңғы демі, лебі тәрізді, кейде жап-жақында тасты таулар. Бөлек таулар қуысып, жарысып кетеді де, тез шұғыл үзіледі. Жоталар, тас серектер — қызғылт, шақат. Оқыс басталып, шұғыл үзіліп, кеңейіп, шаншылып қалатын биіктер. Көбінің жоталарында сирек шөккен салбыр ағаштар бар. Тастар аса қызық бейнелі. Кей жері мұнарадай, кей тұсы пирамида, тағы бір кез конус тәрізді тектұрлар көбінше қызыл шақат-жалаңаш. Енді бір әдемі тегіс, көк майса шөп алага мен қалың макко ағашы тәрізді биік, кең зәулім ағаштар қыстақтар қасынан бой көрсетіп қалды. 25-30-40 шақырым шамасында қатарымызда ұдайы үзілмей қалың тау жарысып келеді. Вагон жазуға да жайлы. Осы вагонда біз Калькуттаға дейін 9-ына дейін отырып барсақ керек. Сол аса жайлы болар еді. Мен бұл жолғы сапарды елге қайта сала кітап етіп жазбақты ниет еттім. "Ең алғаш алған әсерден, жолаушы әңгімесінен" дегендей болса да мына көрген, кешкенді бір жазылып қалса дейім. ...Бұл ретте бала бар екен. Соған басынды ғана сүйе, жүзіңді суына батыр дейді. Киелі жолаушы батырғанда, жаңа бір ғажап дүниеге түсіп кетеді. Содан әрі басынан талай хад кешеді, нелер жандарға, жайларға кездесіп, шұғыл өзгеріс хал кешеді. Оқыс қатерге де, түстей сұлу тамашаға да батады. Ақыры, бір себепті шатпен қайта орала бергенде, арада талай заман кешіп болған шақта содан бетін тартып қалады екен де, жаңағы бар көргені, бар кешкен заманы түстей айырып, алыстап сырғып кетеді де, баяғы өміріне қайта қайтады адам. Енді бақса, дәрет суы да суымапты. Яғни сонша заман өтіпті. Ол, шынымен, ғажайып хал әңгіме сыры болушы еді. Дәл осы күйдің бір қызық кезі өз басымнан өткендей. Жазушылар, дос-жарандар өзімнің үйімнің столовойынан көп ақыл, әзіл айтып, аз уақытқа ұзатып салып еді. 40 неше күн өткенде қайта сол бөлмеде сол жиын, сол күлкі, сауық әзіл мәз-мерекесімен қарсы алған сағат болар. Сонда ешбір мезгіл өтпегендей болар еді. Мені сайлаймын деп жатқандай еді, сайлапты жаңа ғана. Не бір қалжың. Тілеш шампан бөтелкесін ашам деп жатып еді, әлі ашып бола алмай келіп, енді жаңа ғана ашқан екен. Біздің өз өміріміз қалыптан, ағымнан, ұлы шындықтан аумағанда берген сол тарихи халық ішінде барлығының ұлы қозғалыс ырғалыспен маңғыстап, оның бойында мен бір ғана сәтке үзіліп, қайта келіп қосылыппын, бір сәт, бір сапар ертегі сапарындай Индияны аралап қайту.

(Бұл айтылған жай болашақ кітаптың басына жазылатын прелюдия тәрізденеді.) Осы әдемі, тамаша, рақат, ырысты таңертеңде тағы бізді Индиядағы үй, ғимарат, сарайлардың бір оңайлығы жайында болды. Оларды тастан салып, таспен жауып, еденін тас етіп қойсаң бола береді. Қайта ең зор қысым-ыстық қысымнан құтылады. Сарай салқын болады. Сонымен ол мәңгі берік салынады. Ескі сарайлардағы бірде-бір тас орындық, беседкаға шейін бұзылмаған, тозбаған ғой. Отын жай, үй жылыту деген ой бұл жақта жоқ. Бізде отынға, жылы киімге, от жағуға қанша күш, шығын, қам, бейнет кетеді. Бұл жақ ол артық қам-қарекеттің бәрінен босаған. Осында А.А. екеуміз бірдей айтыстық. (Келер әңгімеде бұнда көрген көп жай өтірік тәрізді тууы мүмкін. Марко Поло есімде болар. Оны да кітап басында атап жазып кетермін.) Біз Нангалаға келдік. Бізді инженерлер, мамандар қарсы алған тәрізді, реңдері сондай. Өзен Сетледж, бұл Пенджай бес өзеннің бірі. Осында Сетледжге салынған плотинаны басып өттік. Біз ертеңгі асқа отырдық. Көріп келген үйлеріміз жаңа, аласа. Тас стилінің үйлері.

Кунгар — глав, инженер.
Нанганская плотина на карте (Сетледж).

Отроги Гималаев прорваны. Три-четыре притока сходятся до плотины (главн. четыре притока). Высота дамбы 680 футов (265 м) от основания до гребня. Длина 325 футов (длина по основанию - 108 метров (все записано), ширина реки 100 метров, тут ширина ущелья 550 по гребню, ширина 30 футов, толщина у основания 670 футов (водосборы), 1310 футов с водосбросом. 2 туннеля, каждый '/2 мили длиной, перемычки тоже две. Озеро с зеркалом (7 '/4 мили, акров на высоту 1 метра) 64 квадратных мили — 16 тыс. гектаров. Ежедневно будет расходоваться 5,72 м акрофутов. Будет залито водой. И 30 тыс. населения 360 деревень придется переселить. Им раздают участки на поливных землях ниже. Земли 5 млн. 16 куб. ярд. (Будет вынуто). Вспом. предприятия 2 млн. куб. ярдов, всего 7 млн. куб. ярдов. 150 метров высыпают до скального основания. Стоимость плотины одной только 626 млн. рупий, стоимость всего 1 миллиард 538 млн. 800 тыс. рупий. 10 генераторов гидротурустановок — 90 тыс. киловатт-часов каждая, средний годовой выход в киловатт-часах — определить трудно. Работает 6 тыс. человек, очень много машин. Канал строится, еще мы проехали эту Бенгальскую плотину, ее высота 96 футов. Тут на канале будут две электростанции по два генератора в 24 тыс. киловатт-часов. Высота каскада 100 футов. Канал Бахра. Всем будет обводнено 60 млн. акров. Длина магистр, канала с ответвлениями 600 миль. Общая длина распред. каналов 2100 миль (...) Канал готов. Плотина: готовы два отводных канала, ведутся работы на дне реки. Закончатся в 1959 г. Канал готов, ирригация идет. 60% земл. работ закончены. Бетонирование начнется в ноябре будущего года. Накачивание воды в водохранилище с 1958 года. Энергия идет в Дели, Раджастхан (северный, 300 миль, наиболее отдал, точка). Колебание воды в зависимости от сезона на 80 метров (порядка миллиарда). А Куйбышевская дает 2 миллиарда киловатт-часов, т.е. гораздо больше. Оборудование из Америки. Тауға қарай жүріп кеттік. Жол ғаламат биікке бұралып оралып барып, заңғар жотадан асты. Содан ойға құлап, ақыры плотина жасалатын Сетледж өзеніне еңкейді. Жол бойында тасқа сары бояуға қарамен жазған лурдунггер (аққа қарамен жазудан бұл айқынырақ). Ұдайы со жерде ақыл-насихат. Ол жазуларда: "Сақтық сақтайды", "Сақтық жөнінде қорқақ атанам деп қорықпаңыз", "Сақтықты өз әдетіңіз етіңіз", "Үй ішіңіз қоса сорлайтынын ұмытпаңыз" деп келіп, дәл өзенге тақаған жарық жер тұсында: "Жақсы көргеніңізге рақмет" деп қойыпты...

Туннель диаметрі 16 метр.

Болашақ көл-водохранилище аумағын, отырған қыстақтарын көрдік. Біз сол көл табанында тұрдық. Әуел түбіне жетіп тоқтап, содан кейін барып бар жұмыс фронтын, площадкасын көрдік. Өзен аударылып туннельге, екі обводный каналға түскен жерде плоттар мен туннель ішіне бөрене ағызып әкетіп бара жатқан жалғыз-жалғыз адамдар. Туннель ұзындығы жарым миль. Перемычка осы арада. Плотинаның жоғарғы биік басының белгісі жартасқа сары бояумен салынған белгіден білінеді. Биіктігіне қарағанда бұл дүниедегі екінші плотина саналар. Бірінші Америкада Гувер плотинасы екен. Төменде ұзын тісті катоктар плотинаның табанын таптап жүр. Жаңа пілдер, самосвалдар бұрын сарайларды салған күштердің әкесіндей. Бүгін біз көрген сарайлар мен бүгін XX ғасыр ортасының техникасы тоғысқан Индия өмірінің бір алуан екі шеті — баяғы мен бүгіні. Қол күші мен электр, технология. Әр жерде екі жағадағы биік тау, көлбеген тікше жартас бойында, әр сатыда ақ басты адамдар каскалар киген. Бұл жұмысшылар арасында Кашмирден келіп жалданғандар да бар. Адам ақылды құмырсқа. Бар сайдағы адам мен машиналар жұмыстары - сағат механизмінің ритм темпімен (?), сау сергек ритммен, сан илеудің құмырсқасындай. Биік беттен ұдайы тастар ұшады, адам аяқ астынан түскендер. Жартас беті (қарсыдағы) толған адам, заңғар биікке жабысып жармасқан күштер. Штопр, перфератор, динамиттер әрекет етеді. Тасты қашап, жерді асап жатқан, кеміріп жатқан диюлар, алыптар. Ең үлкен экскаватор бес тон, бізде 14 тон асайды екен.

6 февраль Біз жаңа қала Чандогархқа келдік. Бұл тұтасынан жаңа үлгімен салынып жатқан, салынған қала. Бұның салынуында француз архитекторы Карбюзьенің авторлығы, консультациясы, үлгі, нақысы көп араласқан. Жол бойында таулар кешегідей. Сонда да (бұл өлкеде) Гималай тауы, дала, өлкелер. Таңертең тұман, бақша жақында, жақсы тау. Чандогарх қаласы — жаңа қала. Бұл провинцияның орталығы Пакистанға кеткен Пaxop еді. Содан соң осындай мүлде жаңа жерде осы орталық қала салынып жатыр. Үйлері азырақ сырт көрініс бойынша толық конструктивизм үлгісінде, көп жерде кірпіштен салынғанмен, лықып тұрған стандарт. Геометриялық фигуралар. Кейбірі чертеж сияқты. Тағы бірде ол стендіге ұқсайды. Көк, сары бояулы стендідей биік қабырғалар. Қалада самсаған (космополитизм) терезелер көп. Бұл шаққа дейін күнмен алысқанды көрсек, енді Индия күніне жалаңаш төсін ашқандай. Бірақ үй әдейі қырын салынған, таңертең болмаса күн түспейді деседі. Енді қаланы көреміз.

Жеке жақсы, жаңа гостиница номеріне түстім.

Главный инженер әңгімесі. Лахор кенті, жаңа жерден шаһар салмақ, үй жағдайды жақсыламақ. Осы жер, Гималай қасы әдейі алынды. Бұнда штаттың бар таулары тоғысады. Жағрафиялық орталық 150 — ең алыс шеті. Ауа райы да артық. 5-6 градус, Делиден салқынырақ. 500 мың халыққа арналған қала. Ең әуелі 150 мың халық болады. Әуелі планды американдар жасап, артынан тұтас Карбюзье басшылыққа көшті. Болашақ тұрғындарға қолайлы. Сауда орталығы қала ортасында. Әкімшілік жоғарыда, университет бір шетте. Тұрғын жайлар осыдан соң мекендерін белгіледі. Адамы көп райондар — сауда, школ, больница маңы. Афинская хартия — архитекторлар кеңес берген жоба бойынша транспорт бөліктері: 1) басқа қала қатынасы; 2) сауда, фирмаларды жалғастыратын жолдар; 3) сауда жоқ, көлденең қатынастың ауданы транспорты. Онда қатты жүруге болады. Жаяулар жолы да жоқ бұнда. Үйлер — тек жол системалары; 4) сауда көшелерімен жүретін қатынас, автомобиль; 5) әр үйге келетін; 6) жаяулар жолы — осындай коммуникация. Әр секторда бос алаң бар. Спорт, парк, газон, школ, мәдени-ағарту орындары болады. Социальный жағынан ыңғайлы, кеңселерге тек өз дүниесіндей қарайтын болады. Мынау жоғарғы сот үйі. 7 қабат, ұзын, Москвадағы Мясницкийде Карбюзье осындай үй салған. Жаяулар қауіпсіз еркін жүру үшін кең, олар ғана жүретін көшелер бар.

Өндіріс районына, университеттен бөлек аудандар.

Қала халқы қалай демалады. Оған парктер жасалмақ, су спортына көл салынады. Заң, қаулы бойынша қала айналасындағы бес миль жер әдейі сақталады.

Үй орнын сатып аларда — көпке ортақ үйлер салуға керек налог салынады.
Ақша бұл. Жер сатудан алынады және заем, онан соң мемлекет бюджеті.
Сұрақтар (Яковлев):

Бұрынғы үйлер ылғи салқынды ойлап еді. Осы үйлер неге күнге ұмтылды? Мәскеудегі үй жаз ыстық боп шығып еді. Индияда қалай етпек? Жауап: Карбюзьге айтылған-ды. Сондықтан бар үйде веранда бар. Отопление жоқ. Кондициялы құрылыс бар.

С.: Ұлттық традицияны тастау ма, жоқ, еске алу бар ма?

Ж.: Традиция аяққа байланған тас болсын демейміз, оны ескере де отырамыз. Бұрынғы архитектура ол заман материалымен байланысты. Қазіргі материал басқашаны тілейді.

Басқарақ чертылары тағы бар. Жаз күн аз, қыс күн көп кірсін дейміз үйге.
А.А. сұрақтары:

С.: Біз жас қалалар халқымыз. Конструкторлық біздің биографиямыз. Осында Карбюзье түгел түсілген емес пе? Ж.: Ол түгел дұрыс емес. Бұнда Индия ерекшелігі ескеріліп қолданылған. Және жалғыз Карбюзье емес, Индияның өзінің де, басқаның да архитекторлық ойы араласқан. Карбюзье қатты есептескен. Бір мысал, Марсельде ол бір үй салғанда 200 семья тұрады. Сонда біз аласа, әр семьяға жеке, бөлекше өз бөлігін ескертіп салдырдық. Көп ойлар еске алынды. Қоғамдық жайлар ескерілді. С.: Бізде үй салу оңай. Мемлекет салады. Бұнда әркім жеке меншікті адам. Оған Карбюзье ұнамаса, қайтеміз. Өзінше өзінікін салам десе, нетесіз? Ж.: Жеке адам еркіне бөгет жасамаймыз. Біз қаланың силуэт жағын қатты ұстаймыз. Әр үй салушы проектісін беріп бекітіп алады. Бекітпей қоюға болады.

С.: Сіздің ел дінді ел. Дін орны храм да салу керек.
Оған осы жоспарды халық ұғымына, нанымына қарсы ұсына аласыздар ма?

Ж.: Біз храм салғамыз жоқ. Пландамадық. Рас, халық өтініш жасап отырғаны бар. Храмдар осы үлгіге бейім салынды.

С.: Онда үлкен, өзгеше бар үйден басқаша да басым үйлер болады ғой? Ж.: Дін үйлері де өзгеріп салынады да. Өйткені материал бетон, басқа. Французда солай салынып жатыр ғой. С. (Яковлев): Осындай үйге Кришнаны, Вишнуды қалай сыйдырасыз? Бізде және бұл 25 жыл таласы.

Ж.: Бетон храм бұрынғыдай болмады.

С.: Бірақ мрамор тәрізді тамаша материалдар әлі де табиғатта қалып жатыр ғой. Бұл біздің 30 жылғы дауымыз және 30 бұзылған, теріс салынған қаламыздың дауы. Жібек барда неге жібек кимейміз? Ж.: Жібек мата жөнінде, мата (мақта) қолдан істеледі. Жүн ыстық болады. Онда гигиенаға жақсы.

С. (А.А.): Әуелгі кезде бізде коммунизм — қайыршылар коммунизмі болды. С. (Завадский): Материал, жаңалықты ұлт дәстүрімен үйлестіре ойлауға болады емес пе? А.А. Біздің архитекторымыз эклектичн., бірақ шүкірлік, біз конструктормен құтылдық. Инженерлік колледж. Бұдан бұрын Жоғарғы сот үйін көрдік. Мынаның лабороториялары жақсы. Студент жатақханасы жақсы.Тамақ істейтін жер өте таза. Салфеткелер бар. Жатақхана жалғыз, жалғыз кісіге өте жайлы, кеңірек. МГУ-ден үлкен. Аудиториялар қызық, әр алуан. 120 оқушы үшін. Жәй үйлерді көрдік. Орта шенеулік үй бөлме — екі этаж. Жай семьясы 2 бөлмелі пәтерде тұрады. 3 рупий айына төлейді. Санитарлық, ағарту, дін кеңсесі, больница (уақытша) осында. Тесіктер. Кірпіш тесіктер. Решетка тәрізді. Тіпті көп қолданылған. Ол пәтер үйлерде аса көп, әр түрлі. Мынау кеңседе басқаша үлгіде әр қилы тесіктер бар. Кірер сыртқы есік үстінде тек қана көлденең салынған мол өрнексіз, әшекейсіз тегіс, не жамылшы ғана. Кей қақпаның үстіне де солай салына салған көлденең жабыныш бар. Ол өзі тас сияқты қатты заттан істелген. Кірпіштің кейбірі сыртқа шодырайып шығарылып салынған. Разбивая солнца деген мақсатпен солай істелген көлеңке, күн аралас болады. Архитекторлық идея сол. Сот үйі ғаламат. Ол үй де, элеватор да, аңғар да, үлкен склад та, баржы да сияқты. Күн жағында деп аталатын "күнқағары" бар. Сол күнқағар кейде іштен көп істеледі. Жеке сот залдарын көрдік. Жауапкер тұратын орын — запятой сияқты. Куо да осы орнынан сөйлейді екен. Орындық скамьялар қара. Аяқ асты мол жұмсақ кілем. Тағы тұтас кілем. Соттың желке жағында ілінген панно қызық. Кейбір сурет тәрізді футуристік мотивтер және бір залда адамның екі табаны қара кестемен шегіліп қойылған. Оң жақ аласа кітап шкафтарын толтырған түптелген заң кітаптары. Бүкіл бір қабырғаны алған. Колледжде стипендия бар. Ең жақсы зейінділер алады. Ал басқа бір топ суда алып (өкіметтен) оқиды. Кейін оқу бітіргеннен кейін, он жылдан соң қайта төлей бастайды. Студенттер арасында сикхилер бар екен. Олар төбесіне шашын (қыздарша) бұрынғы қытай еркектерінше жиып, түйіп қойыпты. Қаладан шығып, бір тауға қарай 180 шақырым жүріп, паркке келдік. Тағы махараджаның паркі. Бұнда алты саты боп парк суы құлдап ағады да, саты-саты боп кетеді. Аса сәнді. Бұнда кипарис, әдемі күзелген ұя өседі. Когал орылған емес, күзелген. Осында личи деген, орысша аты бізге мәлім емес, мол бұтақты үлкен жеміс ағашы бар. Осында магнолия ағашы да өседі. Біз шайды тас канал жағасында, әдемі павильон алдында іштік. Кешкі тамақ (динер) осында ішкізуге бізді бөгеп қалысты. Батыс жақта әдемі ирек таудан асып күн батып барады. Қарсы жақта үлкен қара таудан асып ай туды. Толған ай. Аппақ салқын сәулемен туды. Тау басы қалың ағаш. Батыс жақ әдемі тау, осы бойы, әсіресе жотасы тоғай. Бұл парк Пенжу жанындағы қыстақ атымен аталған. Батыс жақ кеші қоюланған сайын ғажайып боп барады. Онда тоғайлы, сирек жоталы қара адырдың төсінде көкшіл жасыл оттар жанды, қоңыр-қара қошқыл дүние (хун) арасында будақтап машиналы өндіріс трубасының түтіні тарап жатыр. Түтін, тұман, мұнар арасында күн әдемі баяу кешкіріп барады. Беріде, біз отырған биік бау ылди түбінен төмен ылдилап фонтандар сан жерде ұрып тұр. Биік бойлы қызыл тармақ гүлді ағаштар, жемісті бақ ағаштары, папайялар толқып тұр. Ай шығыс жақ қара биіктен көп жоғарыласа да, енді кеш бата бастағалы ақ сәулесін пальма ағаштары ереуілдеп, бар көк өсімдіктен ұзап аспандап тұр. Бас жақтары аса тармақталған.

8 февраль.

Біз 7 февральды Чандогарх пен Бенарес арасындағы жолға бердік. Суткеге жуық поезбен жүріп келіп, Моғол сарай деген станцияға тоқтап тұрмыз. Қазір машинаға мініп, 30 минуттай жүріп, Бенареске бармақпыз. Бүгінгі күнді сонда өткіземіз. Кешегі күн әңгімесінен бірер жәйді еске алайын. С.П. айтуынша, Ганди өсиеттерін сөз еттік. Ол аш халыққа тәңірісі бұл күнде тек тамақ түрінде ғана келе алады деген. Халық үшін алысқан, бірақ халық қозғалысы қол қимылына, анық белдескен күреске жете бастағанда, ол бас тартып отырған. Қолмен, қара күшпен алыспайым, онда мен аранда жоқпын деп шығып отырған. Сан рет абақтыға отырады. Бірақ әр кезде аштық жариялайды. Өледі екен деп қорқып босатады. Кейде өздігінен жантайып жатып аштыққа беріледі екен. Онысы ораза тұтқаны дейді. Ол ауыл шаруа халқын қатты ойлаған. Машиналы техникаға қарсы болған. Ол — дьяволдың, әзірейілдің құралы, сонымен құралданып алып, сені тағы езе түседі деп, ағылшын техникасына жау болады. Сонымен қатар, Руссо, Толстой сияқты, жалпы техникалық өнерге теріс қараған. Тарихта үнділерді, Индияны алғаш алушылар Махмуғар Науиден басталады. Түрік тұқымы, кейін иран патшалары да шабуыл жасаған. Футбирден ... Бабыр келген де, ауған хандарынан тартып алған Индияны. Халық туралы: көргеннен келген ойлар. Бұл сондай момын ретке бойсұнған халық. Қай станцияда, қай қыстақ, қалада, қай жайда болсын аса көп адам тобы жиі-жиі ұшырайды. Бірақ бірде-бір жерде төбелес, ұрыс, алды-жұлды, қатты даурық, қақтығыс көрмейсің. Mac мүлде жоқ. Жаман сөйлеушілер де болмау керек. Бірде-бір адамның біреуге түсін шайтаны, боқтағаны, доқ қылғаны білінбейді. Көбінше түйілген жүдеу үнсіз қабақ. Жаудыраған, жалп-жұлп қағылған ұяң кірпіктер. Адам тобымен салыстырсаң: бір халық жылқы тәрізді тістесіп, тебісіп, жарысып, шыңғырып тірлік етсе, бұлар — ең момын қой тобы, қой стад осы сияқты. Чандогархта спортшылар ортасына, жастардың қайнаған, жарысқан, жігерлі тобының өзіне келгенімізде, бір адамның даурығып "қағыл" деуі жетеді. Мыңдаған жұрт қағылып қатарланып, айнала қоралап, балаларды алдына, ортасына шығарып тұра қалады. Бір кісі "олай тұр, былай тұр" деспейді әсте. Бұ да көп халықтың көптігінен туған тәртіптілік өзі үшін. Көбінің қатар тірлік жасауына мүмкіндік беру үшін осылай өздері ретті, тәртіпті болмаса, оңбас еді. Сол бір өлшеу, мерзімменен боп жас балаға, үлкенге түгел тұсау — өлшеу, мөлшер боп қалыптанып қалған. Егер осындай халық арасында социализм орнаса, үлкен бір еңбекшіл, момын татулық, мыңдар, миллиондар реттілігі тәрізді, халыққа аса бір қажет қасиеттер оп-оңай қалыптаса қалардай. Кей халықтарға көп тәрбиемен, ... заңмен, тіпті жазамен тіркелетін тәртіп мұнда сондай өздігінен орнағаны ұнап тұр. Ұрының, ұрлықтың жоғы қандай... Кісінікін кісі алу, қағып кету, іліп кету де жоққа тән. Өмірінде, тарихында және де Индия ешбір көрші, қоңсы халыққа шабуыл жасап көрмепті ғой. Қайта бұның дінін, момындығын пайдаланып, мойнына міне бергендер сансыз болған. Ирандар, түріктер, монғолдар, ағылшындар соның өзі ғой. Қазірде де бұлар жан иесін өлтірмейді. Айдаһарыңды да, тіпті маймылды өлтірмейді. Пілді, сиырды өлтірмейді. Сиыр туралы Ганди тамаша сөздер айтады деседі. "Адамға сонша жақсы сүт беріп, сонша мейірлі анадай асырайды, шын әулиелік қасиет бар емес пе сиырда" дейді екен. 30 минут машинамен жүріп, Бенареске келдік. Моғол сарайдан машинаға мініп шыға берген жерде бір адамды көрдік. Шашы қап-қара боп дудырап, ұзарып көзіне түскен. Өзі қазан түбіндей қап-қара, қатқан-семген аяғы, борбайы жалаңаш, құйрығына дейін екі аяқ жабылған, семген, былғарыдай қап-қара, сидиған, арық иықта кір, жыртық джоты. Қолында иығына қарай шошайтқан қысқа таяқша. Қабақ түйілген, түсі жүдеу, сәл білінген сақал-мұрты бар, пайғамбар дедік. Индийше, аскетше, бірінші баяғы заман сопысынан, тақуасынан, тарих дүниесінен шыққан өсиетші пайғамбардың өзі. Бенареске келетін жолда тағы да көп лавкелер, ұсақ сауда дүкендерін тар көше бойлап аралап келдік. Бұл қаланың көбінің кәсібі өндіріс болмаған соң, жер жетпеген соң, ұсақ сауда болу керек. Сатпайтын нәрсесі жоқ. Бірақ сол сататын орнының бәрі өзгеше реңсіз, кір, көне, көріксіз. Көшелерде сиыр, ешкі, ит, қой да көп көрінеді. Түйелер, бұғылар, машина, есек, қодық, ал рикшалар ерсілі-қарсылы ағып жатады. Один из священных городов Индии Б. 3 тыс. лет. Политическим центром не был. Но духовный центр индуизма.

С именами Будды и Шивы здесь связаны священные места.
Поворот колеса заката — наз. первая проповедь Будды.

В течение 4-х последующих веков было еще несколько сокрушительных разрушений. Акбар построил Храм Шивы, но Аурангзеб разрушил в XVІІ в. Золотой храм (купол) построен (23 м золота ушло).

Центр религии.

В 1918 г. основан Бенаресский университет. Малавия — основатель — назвал Храмом учености. Круглый год паломничество (300 тысяч приходит их в год). Из всех районов Индии. Воды Ганга священны, каждый стремится окунуться.

Храм Шивы, Будды — где Золотой храм (Храм владыки мира — название).
Храм Будды тоже XVІІ в. Много сект здесь — людей сект, но не святых.
Варунаси — Бенарес называется так (это названия двух рек).
Город считался не стоящим на земле, а в сфере владений Шивы.

Бенарес — лишенный сока... (англичане).
Бенарес — полный сока, мы так называем теперь.

Біз "Кларк" отельге келгеміз. Парадный алды кілем еді. Бұл өлке - Шиваның өлкесі. Сондықтан әулие. Бұнда өлген адам тура ұжмаққа не тозаққа барады. Ол перевоплощениеге түспейді. Ал перевоплощение — кек жаза, бұл жерде өлгенді өртейді. Мойындарына, білектеріне тұмар тағып алғандар бар. Ол капсюй ішінде қағазға жазылған дұғалық бар. Акбар көп ескерткіш салғанда ... аса көп храмды ойрандаған. Тіпті Акбар салдырған храмдарды да өс керімен жылдар бойы ойрандатқаны бар. Өзенде қайықпен жүзіп келеміз. Жағасы жай ғана, бұнда кір жуып жатқандар да көп. Тас сатыда жатқызып салған фигура бар. Жағада бай үйлер көп. 1. Әулиелік шомылудың жері — место священного омовения. Бұндайлар Бенаресте 60. 2. Жағада жақсы үйлер көп, ол байлардың осында тұрып, осында өлу үшін салғандары. Үйлер жағадан тас қабақтарымен биіктей береді. Саты-саты әдемі үйлер. 3. Акбар мешіті. Бұрын үнді храмы болған, Акбар салған. Ол мешітке айналдырған. Қайықтар да қызық, әр үлгілі. 4. Тамаша ақ үй, жасыл, көк бояу балкондары, саты-саты құрылыс тамаша. 5. Қалқан, палаткалар кетті. Бұнда жрецтер тұрады. Сандал майын әзірлейді. Жрецтер бандиат аталады. 6. Жайын храмы, сыртын әр тұста алтындаған үшкір шипсілдері бар. Единство во множестве — құдай бір бола тұрып көп сипатта көрінеді деген белгісі. Бенарес храмдар шаһары деп аталады және толған храмдар... қызыл алтын. 7. Костер жанып тұр. Өлген адам жатыр. Соны қазір Ганг суына шомылдырады да, өртейді. 8. Өңшең тамаша биіктеп бойлап салынған тас үйлер мына жағаны ғажап қала жағасына айналдырады. Рас... ойран болған. Купальнялар, қоймалар да аз емес. Кремацияның арнаулы орны болады осы жағада. 9. Ылғи тас басқыштар, кең, тар. Биік болып жоғары кетіп жатады. Кейде ол тар көшеге айналып кетеді (басқыш көше). 10. Ең священная купальняға тақап келдік. 11. Бұл жерде қалқан шатыр көп. Намаз оқып отырған ақ қас, ақ мұрын, қап-қара қошқар тұмсық жалаңаш шалды көрдік. Екі қолын алдына көтеріп тосып ұстап отыр... Әдетте өлген адамның үлкен ұлы, не кенжесі от жағады. Суды сол алып шомылдырады. 12. Гангтың жағасы жарты ай тәрізденіп ойысады. Шиба діні жарты айды жақсы бағалайды екен. 13. Купальнялар өзін салушылардың атын алмаса, Шибаның көп атының бірімен аталады. 14. Кремацион. Купальнаяның тағы бірі. 15. Жағада жайылған кір де мол-ақ. 16. Осында "Рамаянаның" шығарушысы тұрған, соның үйін көрсетеді. Ең ескі, үлкен жақсы үй. Мемориал тақтасы да бар. Жаңа... 17. Ғаламат қарт отыр. Сақалы, шашы бәрі мол, жартылай жалаңаш. Сары жабындысы бар. 562 махараджа болған еді бар Индияда. Қазір тоқсан бірі ғана Индияда бар. Бенарес махараджашыл әулие қала болғандықтан, праволары басқарақ болған. Ол қалада жүргенде халық Шибаны көргендей дауыстап құрмет көрсетеді екен. 8 мың студент бар — ер-әйелі. Үш секторы бар. Әйелдер колледжін көрдік. Общежитие, госпиталь, әдемі 84 койка. Гостиницасы вице-президент үйі. Спорт площадкалары үлкен, жақсы, көгалды... Үйлері — кең, үлкен бақ ішіне кең-кең жайғасқан мол-мол, үлкен сұлу үйлер. Бір мың 400 акр жері.

Построен в форме полумесяца. Три круга:

І. 14 различных учреж. гуманит., технич. науч., механич. с/х, медицинск... востоковед. Учит, ин-т — Издат.

ІІ. Спортплощадки... - рядом общежития.

ІІІ. Дома профессоров... Управление. Деканаты. Ректорат. Библиотека. С/х колледж. В самом центре Ятал ун-т. Имеет большую с/х ферму: молочное хозяйство — водоснабжение. Женский колледж — ..., политология, социология и т.д. 350 девушек. Очень многие студенты живут на территории ун-та. Вокруг есть частные дома, под наблюдением ун-та для ... студентов. 1500 оканчивают ежегодно. Для устройства ничего не предпринимается, но все устраиваются. Гуманитарии — преподаватели. Технический колледж считается лучшим. 10% из желающих, лучшие — отбор по принципу лучших... отметок. Ун-т всеиндийский, центральный, под наблюдением центрального прав-во. Президент является канцлером ун-та. 350 тыс. ежегодное ассигнование. Поэтому здания построены на средства махараджи. Изучающие санскрит пользуются общежитием. Остальные платят за учение. 600 тыс. — 350 получают от госуд., остальн... плат, и пожертвования.

Стипендии: 5% студентов пользуются обществ, государств. содержанием. В каждом общежитии свой клуб. Есть и студен, парламент. Избирается общим собранием. Избирают президента. Парламент — приучают студентов говорить. Культ.- Проев, работа. (Стипендии — 625 студентов). Инженер... Балғамен темір қашап жатысады. Мастерскойлеріндеміз. Электр орнатқан. Әр түрлі двигателі, дрельдері бар. Ең үлгілі котел... Көмірмен, сұйық отынмен де жүреді. Токарь, слесарь... Кузнечная. Модельная столярная. Машиналар Индияның өзінікі. Металл. Студенттердің бассейні бар. Қазір храм салынып жатыр. Әлі бірнеше жыл салынады. Әзір студенттер қала храмына барып намаз оқиды... 250 фут. Бір актовой залы болады. 10 мың студент сиятын болады. Іші мрамор болады (үлгісі берілген). Кітапхана 200 мың кітап, 50 бөлік... ағылшын тілінде, дөңгелек биік зал... Залы да бар, тибет жазулары бар. Копиялар... Оқушылар жылына 3 рупий төлейді. Жоғарғы круг — право бөлімі. Әсем жайлар - лактан істелген пурпур. Бір сурет 50 мың рупий. Өңшең махараджа — ақша пожертвов. бергендер. Гималай тауының басындағы храмдар (макетте). Нерудің кітап сыйлары да көп. Университет бір қала. Кітапхана, храм ортасында жиыны қазір 35-50 үйдей. Жеке-жеке — екі этаж, үш этаждан салынған әр үй стандарт емес, орны архитектурасымен сондай оригинал, сұлу салынған. Жас мектеп, бірақ талай ескіден асып кеткен.

Фрескалар.

Бір будданың храмындамыз. Махамана деген патша әйелдің түсіне будда ақ піл болып кіреді. Жрец: ұл табасың, ол әулие болады дейді. Сидарта деген бала содан туған. Шал баланы будда болады дейді.

Әкесі егін егіп жүрген шал бейнесінде суреттелген.

Будда ойда отыр, дүнияны тану үшін. 29 жасында ол адамның сорын көреді. Ауру, шал, өлім. Жай кісі боп ағаштың түбінде созерцаниеде отырады. Қыз ағаштың иесіне дұға оқуға келген. Будданы ағаштың рухы екен деп білген (сурет). Будда ортада, жан-жағын қамаған жаулары. Олар жауыздың рухтары. Қара ниет өзгелерді жіберіп, өзі оқшау отыр. Будда бас шәкірті апостолымен. Будда үгітін бір кардильге оқып отыр. Будданың глина бұты бар, алтындалған. Оның алдында жүздей шамдар жанып тұр (храм төрінде). Будда "егерде кім ауруға жәрдем етсе, сол маған жәрдем етеді" деген.

Будда суға таласқан кінәлілерді жөнге салады. Будда 80 жасында өлген. Мың кісіні өлтіріп, алақандарынан алқа жасамақ болған, шешесін де өлтірмек болады. Соны Будда жолға салып, дос қып алады. Индира — бар индус божестволарының құдайы (Индира). Пенджапта раскопкада табылған Будда — 2500 жыл. Бұл — әулие ағаш. Будданың бірінші проповедін айтқан жер — ағаштың түбі. Мынау үшін есе ақлия деп аталады. Бұны Ашоканың қызы 2 мың жыл бұрын кішкене бұтақ түрін атап орнатқан, қазір зәулім ағаш. Ступа — біздің эрадан 250 жыл бұрын іргесі қаланған. VІІ ғасырда салынып болған. Бұл биік зор, тіпті қуыс емес әулие үйін Ашока салдырған. Тибет білімгерлері қызыл киіп айналып, намаз оқып жүрді. Әйелдері де бар.

Будданың созерцанияда отыратын жері, тар, бұрын намаз оқитын храм болған. Кірпіштен істелген святилище, Гупта заманында жасалған. 7-і біздің мезгілде. Нас қоршау... Будда суреттері Гупта заманынан — бәрінің мұрны, көзі, немесе басы шабылған (мұсылмандар). Ең тамаша бейнесі және мұрны бұзылған. Созерцание. Жерге қол тигізіп, содан күш алып отырған Будда бар.

Төрт кезек туғаны, оқуын бастағаны, өлгені... Қызық. Шива ІІ в. н.э. Сағат алтыда кешке об-вода болдық. Бұл еркек, әйел тең араласқан қоғам. Дін қоғамы болғанмен, ағарту, мәдениет, оқу істерін қатты ескеретін қоғам. Менің есіме бехаистер түсті. Олар да ағарту ісін өзгеше жоғары бағалайтын. Жаңа діндердің жаңа заманға өзгеше үйлесуі, қабысуы. Бұны олардың кейбір тобы шығыста фанатизмге жеткізе көтеруі керек. Бар нәрсені дін күйінде қабылдайтын болғандықтан, мына жәйді қолға алғанда да, дінді беріктікпен алады. Индия қоғамы әйелдердің теңдігі, азаттығы деген жайды әсіресе ескеретін тәрізді. Жиынның қақ жарымы әйелдер. Бірақ жарты жақ әйелдер жағы, жарты жақ еркектер. Бар жиын жерде отыр, төрде кішкене сахна бар. Соның екі жағынан әнші, күйші, бишілер шығады. Баладан үлкенге шейін, бар жастың дамы бар, 7- 8 жасар мектеп балаларымен қатар ақ шашты шалдар, қарт аналар араласып, олар да жердегі қалың кілем үстінде отыр. Қыздардың биі Кришнаға арналған биі. Екі қыз алақанын, табанын қызартып бояп алған. Көздері сүрменің ішінде қалқып жүргендей. Кейін 8 кісі биледі. Би де, ән де сондай ұзақ. Бірқалыпты болудың үстіне, көбінше монотонно, тура ұйқыны келтіреді. Бізді орындықтарға ортаға отырғызды. Шай әкеліп берді, әдемі киінген әйел қызмет етті. Тек осы қоғамның мінезі болмаса да, басқа бұндай кезде тек еркектер ғана қызмет етеді. А.А. сөйледі. Оның алдында біз келгенде қоғамның секретары семізше келген ақ, үстіне кең қара камзол киген. Ол өзінше Одақты құрметтейтін қоғам өкілі боп, біздің келісімізді аса қымбат бағалап, алғыс айтып сөйледі. А.А. өз сөзінде сіздердің әулие шаһарыңызда, қадірлі қауымыңызға келу құрмет деді. Бүкіл Индияның ақыл ойы, мінезі үлгі алған, өркендеген шаһардамыз деп сөйледі. Осыдан кейін жазушылар тобына бардық. 140 шамалы жазушы, сыншы, әдебиетшілер, философтар жиылыпты. Мәжілісті философия докторы ашты. Бурыл шашты, мұртты, ұзын бойлы, семіздеу, күрең бешпет киген адам. Иығында тек арта салған қалыңдау жабынышы бар. Дхулы емес. Жұрт жерде кілемде отыр. Төрге сыпа сияқты жалпақ кең биік орын жасапты. Онда да кілем. Алда аласалау үстел. Біз А.А. екеумізбен, бір профессор үшеуміз сонда отырдық. Профессор сөйледі. Ол һинді тілінде сөйлеп, ағылшынға аударылып, одан біздің тілге аударылды. А.А. сөйледі. Оның сөзі тұсында екі рет қол ұрылды, кейін мен сөйледім. Бұл жолы жақсы сөйлесем керек. Үш рет қол соғысты. Кітаптар берді. Алақандай қара көздер, аппақ ақсия күлген тістер, қап-қара шаштар арасында (жастар ортасында) бурыл, ақ шашты, қасқа басты қартаң адамдар кездеседі. Көзілдірікті интеллигент, түрлі кісілер көп болды. Бұл кездесуде газеттердің тілшілері де болды. Түнде Бенарестен қайтып, Моғолсарайға машинамен кеп жеттік. Аздан соң поезд жүрді. Біз сол түн бойында, таңғы сағат 10-ға дейін Калькуттаға қарай жүрдік. Таңертең Калькуттаға келдік. 9 февраль. Жолдың жарымы өтті. Әзір бірде-бір көріністер қайталанған жоқ.

9 февраль.

Калькутта. Дәл қалаға жетер алдында, таңертеңгі шақта біз Бенгалдың табиғаты қатты өзгергенін байқай бастадық. Бұнда ең әуелі егін даласы басым. Бенгалда әрбір километрге 500 адам келеді. Бенгалдан соң халқы жиі жер, өлке осы болса керек. Соның орайына жер жүзі еңбек талабына мейлінше берілген. Оқта-текте (бұрынғыдан жиірек) қыстақтар кездеседі. Шатырлар бар, ол салам тәрізді жабынышпен шатырланған, сұп-сұр. Жауын мосыны көп болатындықтан шатыр бар да, ол және тігірек, сопайып салынады. Үйлер — саман. Кей шатырлар ғана қызыл қыш черепица. Үйлер көбі енді ыстық күннен қашып, ағаш-ағаштың көлеңкесіне тығылған. Соның орайына бұнда ағаш қызық боп, өзгеше боп өзгере бастады. Қазір пальма ағашы көбейді. Кейде оның орысшасы кезіге қалады. Пальманың тегі көп: саговые, кокосовые, диликовые, оливковые пальмалар болады. Бұл орақ жасайтын мықты ағаш. Рас, Бенаресте мен алғаш рет бамбукты көргем. О да биік боп, бас жағы майыса, жайыла, шашырай өседі. Тек үлкен топ, шоғырымен өседі екен. Индияда, әсіресе түстік жақтарында бамбук ең қымбат, ең берік ағаш. Салынып жатқан үйлерге басқыш, сыртқы құрылыс — лесса, жетек, үй тіреуге — бәрі бамбуктан. Калькутта маңында пальма жиілегеннен басқа манго ағашы да молайды. Небаресте бір ескі храмдарға (Будда храмына) бара жатқанда, екі жақта үнемі кең манго ағашының аллейі болғанын көргемін. Бұнда манго да қалың. Әсіресе ендігі бір ерекшелігі, банан бақшасы да көріне бастады. Тұтас банан бағы, ол да өзгеше көрінеді екен. Жалбырап, құрақтай толқып, биік мол бойларында банан жемістері үлкен-үлкен гроздь тобымен шоғыр өсіп, тармақтанып, банан жапырағының саласының жалпақ ұзын саясына тығыла жабысып өседі. Қалаға кіре бере үлкен өндіріс, үлкен сауда мекенін сездік. Бұнда атақты Калькутта үлкен көпірі бар. Қалада (бірінші рет) жаяу рикшаны көрдік. Әдемі қара жылтыр коляскасына екі дертені көтеріп жегіліп алған рикшалар. Жалаң аяқ, қап-қара борбайлары дедектеп, ұшып жортып жүр. Шалқиып отырған сақалды, семіз қарынды, салмақты, паң жүзді адамдар. Қалада үй атаулы 4-5 қабат. Көше бірақ тар. Халық жыбыр-жыбыр сыймайды. Бірде-бір адамы аз, алаңы, қағаберісі бар көше жоқ. Сол көшеде қайнаған адам жүрісі арасында тағы да буйвол, есек, сиыр, рикша, қайыршы әйел, бала, шал, қап-қара борбай. Жарым жалаңаш. Шаштары кірленген, дудыраған, кейбір кемпір тәрізді қатып қалған, дудар шаш қайыршы қатын қолына емшек баласын (болашақ қайыршысын) ұстап, машина жүріп кеткенше, немесе көшеде тыным бермейді, жүргізбейді. Тілемсектер көптігі кісіні шошытарлық. Бұл қалада үйсіздер тіпті көп. Көшеде жыртық қиасына шала оранып, бұралып жатқан адамдар көп, жиі кездеседі. Мен бұл қалада екі-үш күндей емделіп көріп, жерді аралай алмадым. 10-шы күні күндіз магазинге шығып, оны-мұны барып алдық. Мұхаммадалы магазиннен керегімді алдым. Бар нәрсе көп, алушы жоқ. Сол күн кешке Индия драмасын көрдік. Бұл театр біздер білген театр қалпынан басқаша. Индияда мемлекет театры жоқ. Мынау театр иесі бір адам — бай. Сол ұстайды. Осындай төрт театр бар Калькуттада. Артистері оқымаған адамдар (артистке оқымаған), тегіс любительден шыққан. Бізге немере ағаны — дядяны ойнаған артист шебер. Пьеса мылқау қыз Шемали туралы. Пьеса аты да сол. Бірақ Шемали жынды, нақұрыс боп көрсетілген, сонысы жаман. Драманы бұзған. Оның орнына мылқау да, бірақ өте гуманная, сезімтал, нәзік, адал адам етіп көрсетіп, соған жігітті ғашық етіп алыстырса, тамаша қызық болар еді де, бірақ мүлде тыңнан, осы тақырыпқа тереңдеп жазылған трагедия шығар еді. Пьесаның жазушысы әйел. "Шемали" пьесасы 3 акт, көп сурет. Сахна вертушка, сахналық қалыптануы клуб дәрежесінде. Екі жыл жүріп келеді дейді. Залдағы жұрт та қызық. Онда емшектегі баласын ала келген әйелдер бар. Кейде солар шырылдап жылап та қояды (дәл біздің баяғы алғашқы театрлар мінезі). Бүгін 11 күні кешке сағат 7-де Калькутта жазушылармен кездесеміз. Күндіз сағат бірде аз уақытқа көшеге шығып ем. Тағы бір рикшаның жүзін көрдім. Қас, мұрты бурыл. Кеуде де, білек, аяқ, борбай ашық, қап-қара қайыс болған адам. Ақ қабағын шытынып түйіп алған қалпында, үстіне мінген жалдаушыны тез жеткізбек боп коляскасын жүгіре сүйреп көшеден өтті. Кесіп өтті көшені (жалғасы тетрадъта).

(Жасыл книжканың жалғасы) Насостар жер асты суын тартып жатыр. Тау аты Шивалик. Бір шай ішіп, асығып келіп, 4-5 взрывты көрдік. Шаң, тас. Біз тұрған биік тас жағасы солқылдады. Осы арада Бенднуме Шалка әрекет етіп жатыр — ол биік темір құрылыс. Арғы жағаға көпір арқылы бетон бермекші. Жұмысшылар үсті, киімдері нашар. Ақ каска ғана сәл тәуір. Иықтарына қалың жаншы салып алғандар да бар. Тау басында мекен бар екен. Соған келдік. Плотинадан төрт миль жерде зор транспортерлер тұр. Көптен бері тау тамаша боп кетті. Беттерін, бастарын түгел қалың жыныс ағаш, тоғай басқан. Алаң жоқ. Көл болатын өлкені ең биіктен көріп тұрмыз. Осы биік бір сатыдан алыстағы Гималайдың қарлы биіктері тұтас көрінді. Онда Симла деген қала бар екен. Тау тұтас Алатаудай, бір өзге ирек жоқ. Төбеден, плотинаның ең жоғарғы тұсынан қарағанымда, бір сәтте төменгі саты-саты жолдардың ізінің бойында ұзыннан тізіліп, созылып бос машиналар, самосвалдар тұрып қапты. Взрывты тосып, сақтық етіп тоқтап қалған болу керек. Анық еңбекші құмырсқалар. Бар инженерлер өздерінен. Ағылшын жоқ. Тек бір неміс, екі американ консультанты бар екен. Симла ағылшындар тынығатын, хвойный ағашы, бау-бақшасы мол, биік, салқын таза ауалы санаторий мекені екен. Біз Индияның терістігі Гималайды көрдік. Енді теңіздегі түстігін көрсек, жерінің екі шетін бірдей көрген болар ек.

11 февраль.

Өзгеріссіз, тек өтті. Мен номерде болдым. Жолдастар Тагордың тұрған жеріне, сондағы ун-ке барамыз деп кетіп еді. Күн ұзын жүріп (алыс екен), бос жүріп шаршап қайтты. Мен сырқат болғандықтан барған жоқ ем. Тагордың баласы әкесі тұрған үйде тұрады екен. Ол ун-тің бұрын вице-канцлері болыпты. Қазірде музей иесі. Сол баласынікі болса керек. Кең бір бөлмеден басқа ешнәрсені көрсетпепті. Әдейі арнап кешігіп қайтса да, көре түспек болған топ та өкініп қайтты. Қалада жазушылармен кездесу болған жоқ, кеткен топ қайтып жете алмағандықтан, жиылған жұрт тарап кетті.

12 февраль.

Біз Мадраскд жүргелі сағат 5-те тұрдық. Әдетте іркілістер жасап, мезгілімен жүрмей, әр жерде үйіріліп тұрып бөгей беру мінез болып алған. Кейбір адамдарымыздың шабан қозғалып, мезгілімен жиналмай, әзірленбей қоятын мінезінен әр шақта осылай. Сонда қамалып тұра береміз, вокзал, аэропорттар да солай болуы ыңғайсыз-ақ. Қазірде біз аэродромға кеп, тағы жарты сағат тосып отырмыз. Әуелі гостиницаның вестибюлінде бірталай тосып ек. Гостиницадан аэродромға дейін Калькуттаны аралап келдік. 4-5 этажды үй үлгідегі салынған сұлу, тас үйлер европа қаласын танытады. Тек оңтүстік болғандықтан әр үйде балкон, веранда көп. Калькуттада шетел адамдары да тұрады екен. Әсіресе қытай сауда халқы, кірме емес. 6 миллион халқы бар қалада шамасы 200 мыңдай қытай болса керек. Жолда, рикшалардың арбалары көшеде әр жерде тіркеліп, иесіз тұр. Өзге қалалардағы велосипедтердей, тек көп рикшаның осы арбасы да кісінікі боп, өзі біреудің жалдама биржа басы боп жүретіндер де бар тәрізді. Анау қалалардағы велосипедтер шынында колясканы кісі мүлкі ретінде ұстайды, жалдап пайдаланады, жарнамасы екен. Қаланың шетіне тақай бере үйлер нашарлады. Аласа, бір қабат үйлер және қоқсық-жыртық лашыққа ұқсас жаман баспана, шоқпыт лашықтар көбейе береді. Жолда, шетірек жаққа шыға бере ағаш көбейе бастады. Кейде 4-5 ағаш, кейде жалғыз ағаш кездеседі. Бірақ солардың тобы да, жекелері де ғаламат, зор сая жасайды. Сонша кең айналып жайылып түскен. Көкшіл аспан фонында дөңгеленген әдемі теңіз сол бір кестедей. О да ғажайып өрнекті, мың нақышты тас оюлы (ескі храм, сарай) орнаменттеріндей. Біз "Дугласпен" ұштық. Жолда екі жерге тоқтадық. Калькутта, Мадрас жолы көбінше теңіз үстімен, Бенгаль аралын шеттей басып өтеді. Кейде жағалар көрініп отырады да, көбінше көзден үзіліп жоғалып кетеді. Ол шақта ертегіде самұрық құс қанатында кетіп бара жатқан ер "жер тоқымдай", "жер теңгедей" деуші еді. Сол есіме түсіп, мен осы сапарымның өзін самұрық құс ұшқан сапарға барған кісідей көрем. Рас, менің самұрығым көп рет аэроплан, соның ішінде әсіресе Американың "Дугласы" емес. Ол теңеп, меңзеп айтқан сөз. Ойымдағым: менің самұрығым қазіргі Отанымдағы жақсы шағым, алтын заманым мені, мейірман елімді қанатына алып ұшқан самұрық бар. Ол Октябрьде, социализмде еді. Және бір кезек былтырдан бері әсіресе есіме алатыным, атынан айналса боларлық Пантелеймон. Ол кісінің құдіреті мол, қолынан тілеген ісі мейлінше келетін, оңай шешілетін, бірнеше кездерді көріп, Төлеген орынбасар боп сайланарда айтып ем. Үлкен кісінің үлгісін үйреніңіздер. Солай істеу стилін ұғынып алсаңыз даршы. Ал және бұрынғыдай кібіртіктемей, күзгі көпек мінезбен айналшық жегендей мыжымай, басқа адам, анық үлкен мемлекет адамы боп ойлай, бойлай білеңдерші, ұқсаңдаршы, осы ұстаз ғой. Өйткені бұл кісі көрген үлгі мен тәрбие анық біздің үлкен достардай мектебіміз ғой деген едім. Сонда және масштабты екенін тапқандар, бұл кісі көңілді мақсұтқа жеткізе алады. Онымен істесу самұрық қанатына мініп ұшу емес пе деп ем. Мына сәтте ассоциация жүрумен сол жәй еске келеді. Қаласының атын анықтап ұғына алмадым. Ол қала да емес, қыстақ болар. Теңіз жағасында тұра алатын, сорғытатын шақпақ тақталары бар бір орын. Осыған самолет қонар да кетер деп, бұлттан, биіктен асып шығып, сүңгіп шығып кеп жеттік. Дәл қонар-жетер алды қызық болды. Теңізден жағаға қарай беттей бере, қалың биік қоңыр тау көрінді. Сол тау бар Индия тауындай ұзақ қыртыс емес, үзік-үзік, әрі шымды таулар екен. Бәрінде де өсімдік қалың. Кейбірінің төбесіне дейін жол шыққан. Үйлер, храмдар да бар. Таулар бір араға түйіскен: қырқа, шоқы, сирек, доғал, заңғар, тектұр, шақпақ жерлерге жал боп келген. Самолет жылдамдығымен шолғанда осының бәрі бір араға тоғысқанда, жер үсті тамаша (сирек, қызық, осылай самолет пейзажды қалай динамикалы етеді), биіктеген тасты, жүндес таулар, ыстық таулар... Әсіресе тамашасы, таулары тез үзіліп отырады да, онда пальма, манго, банан атаулының әлдене сорттары көрінеді. Және көгалды шақпақталған далалар. Оларға ар өлшеумен, көп ыдыстарға қойылғандай бөлек-бөлек тұрған суларымыздың тағы ұшқанда (жиыны — араға екі тоқтап, алты жарым сағатқа шығамыз) және де теңізге кеттік. Мадрасқа жеткенше енді теңіз үстінде болдық. Жаға жоғалып кетті. Астыңғы жағым көбінше өркештелген, будаланған ақ бұлт. Бірақ сол халдер арасында, тамаша бір шақ болды. Теңіз суы жасыл көк боп аста жайылғанда, соның бетіне біткендей, жеке-жеке кішкене ғана ұсақ бұлттар шашырай қапты. Ғаламат бір хал байқалады. Енді астымның өзі кәдімгі жоғары қарағанда көрінетін осынша шашыранды бұлты бар кең көк аспанның өзі болды. Аспан төңкеріліп астымызда ... секілденеді. Осы шақта кей жолдастар үйлеріне хат жазып: "Калькутта-Мадрас самолетінен, Индия теңізінен" деп адресін жазысты. Сол күн кең қаламыз Мадрасқа келдік. Көп жұрт демалды. Интеллигенция киімдері — жеңіл. Костюм киген жоққа тән. Түскен гостиницамыз қаланың шеті, теңіз жағасы. Жоғарғы үй. Балконная — бір жағында мол теңіз, екінші жағында үйден бойы аса біткен толық бір бақты тек өздері толтырған биік, тамаша пальма. Бұл анық кокос пальмасы болу керек. Өйткені биік кеуде тұсында жер-жерден шоқпарланып, үйілісіп өсіп тұрған жылтыр көкшіл қабықты жемістері — орехтар бар. Терезе екі жаққа шығады. Тотықұс быжылдап, бақыра түсіп, сықырлап маза бермейді. Түсте губернатор қонағында болдық. Аса көп жанды жиын. Оқымысты, әнші, киношы, дипломат, министрлер, шет елдер елшілері, дін ұстаздары. Көп, әдемі киінген әйелдер. Бізге атақты әнші әйел концертін жасап шақырыпты. Сахна, ашық сахна. Гүлдер де мол. Артистка екі көмекші қыздармен, оркестрмен тегіс сахнаға, жерге отырып ұзақ уақыт жырлады. Бұл Индиядағы атақты, әсерге бай әнші әйел саналады. Екі танауында екі жақты бриллианты бар. Бұнда ең қызық кездесу қарт дипломатпен сөйлесуде болды. Ол: "солдат кісі өлтіруден шаршамаған, о!" деп бір түйді. "Әр мемлекет, әрбір үй салушы тәрізді, үйді құймамен қоршайды" деді. Орын сақтау инстинкт кейде байқамай агрессияға айналады. Әсерге бай байлар қорқады сендерден, содан сақтанады. Индия кедей, сондықтан қорықпайды, мақтанбайды: "кедей қатал, жестокий болады". Кешке тамил уапури тілінде жазатын бар достар жиналысты. Губернатор да келді. Халық көп жиылған, зал толмаса да, екі кәрі жазушы құрмет етті. Пиллай Удайпур зерттеуші есебінде өзі іздеген жолдың жөнін көрсетіп ашып берді. Қартайған, әлсіреген кезі деп шешен сөйлеп тұр. Ол белгілі семьядан шыққан, журналистерге де жақын, өзі ақын да. Тамил әдебиетінің классикасын ұғынуға көмек етті. Тас жазуларды шешті. Ол тамил тілінде жазылған екен. Осыны ашқан екінші қарт, оның аты: Воуарана Ауанжак, сөйлеп тұрған Индияда бірінші шешен дейді. Профессор Т.П. Меенакши Сунзаран Пиллай. Профессор тамилского языка в Мадрасском колледже. Екінші сөйлеуші — Тамил университетінің профессоры, тіл маманы. Екінші ғалымның семьясы тамил әдебиетінің өсуіне көп еңбек етті. Маған екеуі де аға. Олардың тамил сөздігі туралы қалай істегенін айтайын. Бұрын Чандлерде ағылшын істеген еді. Күлкі мысал келтіреді. Тілді, сөзді теріс қолданғанды айтты. Үшінші сөйлеуші — журналдың редакторы. "Қалай махай" атты журнал (білім қызық деген сөз). Төртінші шешен ұзын бойлы, сұр костюм, көзәйнек киген. Алдыңғылар сөзін қайталайды. Айтпақшы, осы жиын басталарда әуелі бір қыз шығып, қолын маңдайына төсеп тұрып әндете дауыстап дұға оқыды. Жиын тұрып, үнсіз тыңдап, ұйыды. Губернатор отыр, бірақ ол тамил тілін білмейді, ұқпайды. Бенаресте оқыған деседі. Губернатор ағылшын тілінде шалдарды құттықтап тұр. Еңбектің қадірі үлкен. Екіншісіне және де сөйлеп, сый берді.

13 февраль.

Ауылды көрдік, кеттік. Жолдағы көргеніміз: егіс даласы. Бұнда күріш жылына екі рет орылады... Оңтүстікте үш рет орады. 1-50 акрге дейін бір семьяға бөлек тиеді. Семья 20 адамға дейін. Озықты көрдік. Жаңа егілгелі суарылып жатқан, біздің келгеніміз опытно-показ. хоз-во, аты —Кулпаптандалам. Балалар мен үлкендер тегіс алдымыздан шықты. Бұл нағыз қыстақ... Қара жерге топырақ үстіне орындықтар қойған. Бір сарайды (бойрамен қапталған) сахна жасапты. Көк сәтен шымылдық. Самодеятельный ойын көрсете бастады. 1. Екі кішкене қыз билейді. Тамилдің ұлылығын көрсететін би, әндетіп билейді. (Жалаңаштар... Тек тауратын жауып, шүберек тартқыш таңған. Арты құйрықтың жырмасын толтырған. Содан басқа лыпа жоқ.) 2. Екінші би... 3. Қыстақ бастығы бізді құттықтады. Қыстағымыз Дворец кул-ры, жол салды. Құдық қазды. Драм, спектаклі ұлдар-қыздар үшін. Бізді үкіметіміз қостайды. 4. Кішкентай жалғыз қыз билеп әндетті. (Төбеде бұйра. Айтпақшы, қыстақтардағы сұр салам тәрізді шатырлар пальманың жапырағы екен. Жолда құдық қызық. Салма ағаштың үстінде екі қара жалаңаш әрлі-берлі жүгіре басып, суды алып, салып тұрады. Аспанда жүгіреді.) 5. Маңдайын ақ-қызыл бояумен қасқалап алған қара адамдар көбірек. Жалаңаш, шашы мол балалар көп. Ауданның инспекторы. Осындағы әскердің инспекторы. Оның әңгімесі бойынша, жоспар бойынша салам шатырлар орнына черепица болады. Біздің ауданда 2 миллион халық бар. Ия, күрішшілер өсімін үш рет асырды, өстіп 30 акр жерге японша әдіс қолданып жатыр. 1. Жасыл удобрение іске жаратылды (силос). 2. Ағаш өсірді, манго, кімнің ағашы ойда. 3. Общ. уборка қарау. 4. Екі құдық қазу. 5. Мал қора. 6. Жол салу (халық күшімен) екі миль жасады. 7. Көше салдық.

Әрбір қыстақта (олар саны 110) осындай таблица бар. 8. Кішкене кітапхана, америка кітаптары, олар өздері сыйлаған. Мемлекет қыстаққа бір приемник сыйлаған (кішкентай). 9. Үш айлық планмен үйлер түзелгені бар, шатырлар черепица болады. 10. Бір үй көрдік 10 көзді. Көзден шығып тұрады. Ac үй ортада, салқын, өз құдығымен. Террас үй үлгісін, орталық үлкен салқын бөлмеде, жерде кірпіш полда... Бұл ең жақсы үй, осындай үйді елуге жеткізбекші. Әр қыстақта алты-жеті жігіт бар. Ерлер, әйелдер арасында жалпы шараларды жүргізуде көмектеседі. Құдық қазу — ең үлкен іс. Масхабалиппур. Старый храм. Древный порт Индии, сущ. 1500 лет. Жырды жазып қашаған. Храм төбесі піл бейнесіндей жұмыр. Храмда колонналар, көп нишалар. Бірақ жартас топырағынан тазартқанда бір (бірнеше) храмдар жасалған, бұрын тастан жасалған храмдардың бәрі бұрын қыштан, мрамордан салынған храмдардың үлгісін нақыштаған, кей жерлерде нишалар ойылған, оған бұттар қойылуға арналған. Осы жартасты шаптырған патшаның бейнесі тұтас тастан шабылған. Бұл адам VІІ ғасыр ескерткіші. Дәл қолдан, қыштан, салынған әдемі сарай, храмдардың өзі. Шөгіп жатқан бұқа тастан салынған. Бір жағы еркек, бір жағы әйел бейнесі бар бұл храмдар Шиваға арналған. Жауын мен жайдың құдайы піл мінген төске жасалған, бұрын бар суреттерде бояу болған. 630—660 жылы қашалған. Кейін 665—680 жылдарда оңдала түскен. Бұл көрген храмдар, осы орындар бұрын тегіс әлемге мәлім порт болған. Бүгін бір қыстақтағы похоронды көрдік. Өлген еркек екен. Аузына бір нәрсе тығып, биік көтергішке салып үстін қалқалап, шатырша жасап алыпты. Зембілдің үсті жібекпен жабылған. Биік көтеріп алыпты. Ең алда қартаң, суық түсті, бастарына торбан ораған, бастары ақ түсті адамдар келеді. Солар қасында жастау біреу оқтын-оқтын (бұтқа табынып) немесе дұғаны да әндетіп айтып қояды. Алдыңғы топтың артын ала үш кісі келеді. Шөңкеде түтіндеген отты әкеледі. Сол отты ұстап келе жатқан өлген жігіттің әкесі екен. Өзі өртейді. Табыт артынан 30-40 шамалы шала гаск еркектер келеді. Әйелдер жоқ. Жағатын жерде олар болмаса екен... Біз келген өлке — үйез осыдан 4-5 жыл бұрын ұдай неурожайға ұшырапты, бар дүние күйіп, түк шықпай күйіпті. Енді жайы жақсы боп, едәуір күшейіп қалыпты. Сонда кедей дейміз. Бірақ біз болған штаттағы адамдар ажарына қарағанда ондай жүдеу, аш, бұралған сияқты емес. Қарт та көңілді, қайыршымыз мүлде жоқ. Бала да, үлкен де көңілді, сергек, қызық құмар — ісіне тірлігі тетік елдің қас-қабағын байқатады. Бізге кедей деп (көрсетуші) әдейі айтса керек. Бұл өлкеде қыстақтарды дұрыс пландаған, көшелер кеңдеу түрде. Және бір ерекшелік, осы оңтүстіктен Бенареске дейін қонақжай бар. Адамның өзі не тамақ жайы бар, көңілінде азық тұрады. Сөйтіп, өгіз жегіп, күніне 15 миль жүріп отырып сапар шексеңіз, осыдан Бенареске дейін кең қонақжайларға түсіп, шығынсыз сапар шегуге болады. Қазір ол орындар түгел бар. Бүгінгі кезекке жақсы жарайды. Тегінде, ол дәстүр өте алыс заманнан сақталып келген. Бенареске дейін сапарына, құдай жолына жүрушілерге жол жеңілденген. Көпшіліктің дәстүрі болуына, осы және халықтың құлқына, мұрасына қандай үйлестірген. Храмдар қасында туристер үйі болу керек. Бір жақсы оңаша, теңізге жақын үйге келдік. Бұнда үш қыз бар екен. Үшеуі де американданған әйелдер. Ана тілдері ағылшын тәрізді. Біреуі шолақ труси киген. Біреуі өте шолақ шашы бұйраланған. Осы үйде қонақ үй мен ас ішетін үйдің төбесінен өскен, үстінен желпіп тұратын ұзын жібек желпуіш бар. Оны екінші бөлмедегі адам тартқылап тұрады. Бөлме кеңдігіндей бірнеше түсті жібек шүберек. Ағаш рамасы бар. Анық желпуіш — бұл да бір түрі.

14 февраль. "Кабалиширатем" деген храмды көруден бастадық. Қаланы араладық. Мың жылға жақын болған салынғанына, жақында оңдалған төбесінде алтын күмбезшелері бар. Тек бәрі скульптуралар. Гранит. Әр этажда ойылған тастан істелген ағаштар да бар. Қасында әулиелік скульптура да бар (1800 жыл болған). Әр храмда көл болады. Әр жылда фестиваль болады. Онда бұттарды көлге алып шығады. Фигуралар жайы (бәсе). Гупудрам — башня деген сөз. Құдайларды алып жүретін күйме болады. Ол жеке мұнара үстінде. Дарбазасында жүз қоңырау бар екен. Корольдер осындай храм салуды міндет көрген. Фигураларды салған біреу емес, бір топ суретші.

Храм салғанда оған жер де беретін болған. Өз табысы болуы үшін.
Темпл храм, ағылшындардың Св. Фомаға арнап салған костелі жағы.

Краминев екеуіміз бөлініп кеттік. Балықшыларды көрдік. Теңіз жағасындағы толып жатқан балаған, күрке, байларын тосқан әйелдер жүр. Балықшылар... үйлері. Кедейлер трущобалары. Жолда өкімет үйлері. Сот көшесі, деловой орталық. Бродвей қара қала. Бұрынғы аты. Сауда көшесі тарыла береді. Оңдала түскен жұмысшы қаласы. Онда уборный, су жүрген. 60 бала бірінші класта оқитындай. Село жұмысшы қаласы Рагнар (болса керек), сондағы жазушы атындағы қала. Балалар кішкентай жерде бойрада отыр. Төбе шошақ, қамыс. Оқытушы жалаң аяқ. Бірақ көше кеңейе түскен. Бұдан бұрын көше бойындағы нашар лашықтарды көрдік. Масқара, шын тәрізді. Ішіне кірдік. Кейін түзеліңкірей түскен жұмысшы үйлерін көрсетті. Ағылшындармен тайталас, бұрын Индия адамын алмаған. Қазір басшы қызметке кіре бастаған. 4-ші құрыш құятын завод салуды ағылшын министрі уәде еткен. Бір жағы парламент, университет үйі келісім, әсемдік, шалқыған мәдениет, байлық иесі. Екінші жағынан қорлық, бейшаралық, масқаралық халдегі кедейшілік, құлшылық. Балықшылар саны 5000-дай. Балықшы бір мың анық семьясы дейді. Рикшалар жөніндегі өкімет әрекетін айтады. Қазір Мадраста 2500, олар арасына велосипедпен жүру араласты. Жақында мүлде жоғалады дейді. Біз көрген кедей, нашар балаған, лашық, жер үйлер сондай жалшы қара жұмысшы, сорлы кедей қызметкерлер, малайлар балағандары болуға тиіс. Түсте, сағат 1.20-да Мадрастың выставкасын көрдік. Асығыс, атүсті. Кейін "Единство" деген аты бар Польша пароходында, солар командасында қонақ болдық. Ән салды, өлең оқыды. Матрос жастар кеңес-поляк достығын жырлады. Кают кампанияда Ленин, Сталин, Маленков суреттері. Тостар. Осыдан соң Мадрас университетіне кетпек болдық.

Мадрас университеті.

Сағат үште Мадрас университетіне келдік. Вице-канцлер қабылдап, әңгімелесті. Дөңгелек үлкен стол (алғаш бұндай стол көргенім осы). Дипломаттар столы (дөңгелек стол) тәрізді. Тарихтан справка: 1857 жылы бірнеше колледж ашылған. 1923 жылға дейін Индиядағы экзамен инстанция болып келген. 1923 жылдан бастап учебн. заведение болады. Доктор болады (экзамен инстанция алу ғана емес, бұрынғыша). Отыз кафедра гуманитар: востоковедение, көркем өнер... басқалар. Ветеринарный, технологичес. колледждер бар. Востоковедение: санскрит, арабистика, персидский. Барлық штат бойындағы ун-т бөлімдерінде 35 мың студент бар. Сиам, Африка, Бирмадан көп оқушылар да бар. Бар университетте шамасы алпыс колледж бар. Сонда әр колледжде 80-100 ученый бар. 35 мың оқушының 7/2 мыңы әйелдер. Олар Калькуттада бар (дәлін алғанда көп факультет те бар). Кей колледждердің бастықтары әйел. Енді екі жылда университеттің жүз жылдығы болады. Индиядағы ең ескі университеттер: Мадрас, Бомбей, Калькуттанікі — бәрі де 1853 жылғы қаулы бойынша тұрады. Ағылшын тілінің жайы үлкен де қиын проблема. Көп түйіндермен байланысты, шешу оңай емес. Әрбір кітаптар әзірленіп жүр һинді тілінде. Көбінше гуманитар ғылымдардан. Кейін технич. болмақшы. Штаттың тілі - тамил тілінде де бірде-бір лекция курсы оқылмайды. Санскриттің жалпы курсы да ағылшын тілінде. Тек специальный курсы ғана жергілікті тілде оқылады. Оқу үшін ақша төленеді. Әр ұлттар өкілдері жарты ақыны төлейді. Қоғамдық факультеттерде оқу ақысы 150, профес. факультеттерде 250-дей. Университетті бітіруге 4 жыл, магистр, доктор дәрежесі үшін 5-6-7-8 жылдар, бұл ун-т Британ бірлігіндегі (Брит, содружествоның) университеттерінің мүшесі. Олар жылына бір-бірімен бас қосады. Вице-канцлері 22-де... Кішкене Гупснахтың үйіне индо-совет достығы қоғамының жиылысында болдық. Гупснахтың қыздары, студия жас күштері қора ішіндегі бойрамен жабылған асты тас үйшікте биледі. Қыздар өңсіз. Өз оркестрі. Студия үйі бар, осы арада. Біразымыз пальма ағаштарының түбінде отырдық. Банан жапырағы да мол жалбырап иіліп тұрды. Қоғам адамдары нақтылы сөйледі. Орыс тілін ұқсақ, білсек екен. Тым құрыса бір адам оқытушы болса, бір жылда жүз кісі жаңа оқытушы шығар еді дейді. Кітаптар да кемірек. Аударылу керек. Аса керек. Өйткені совет кітабы Индияда аз тарағанға ұқсайды. Осында сөйлеген адамдардан Крамнев бір ыңғайсыз пікір айтты. Біз алғашқы шақта да жауап айтуымыз оңай деген еді. "Мен де не айтарымызды, "не ойларымызды білмеппіз" деді. Яковлев те аса тәттілеймін деп, әсірелеп алды. "Сіздің бақытсыздығыңыз — біздің бақытсыздығымыз, сіздердің көз жасыңыз — біздердің көз жасымыз" дегендер артық, әзірге бұл елге айтуы орынсыз, уақыт жеткен жоқ. Және бұл орта өзін бақытсызбын деп әсте түсінбейді. Бұл араға оны да әкелу өз ішіндегі көкейді тескен ауыртпашылығын арқалап келгендей сезілетінді байқамайды. Саясат адамы, бірақ ақтарыла, шашырай кететін біздің кейбір мінездер білініп қалды. Бұл кеште бәрінен ақымақ болған Ашрафи. Ол баяғыда біздің аталарымыз біліп келіп, сіздерді жеңіп, өздеріне қаратып алған. Біз, өзбек, соның тұқымы деп сандырақтады. Баяғы үйінде жүргендегі нескромность, дарақылық. Көті жыртылғанша тыраштану. Алдында "Индия музыкасы — өзбектің музыкасы" дегенде, бір қатты қағып тоқтатып ем. Өздерің осыдан алғансың, төркініңді танымай, ол бізден алған демексің. Орынсыз деп бір қойғызып ем. Мынау жиында атам Бабыр солай істеген деген сөздері бестактность, қанша кейін сыпайыладым дегенмен (оншалық сыпайылыққа өзінің орамы да, негіз де жоқ), түк шықпады. Мысалы, орыс халқының қауымына бір монғол, Монғолиядан кеп: "біздің аталарымыз сіздерді жеңіп, басып алған" деп сөйлесе, қандай дарақы, сыйымсыз болар еді. Тегінде, тарихтық ғылымдық жақтың өзінен де ол айтқаны өтірік. Өзбек деген халық бар заманда ол атқа ие емес. Әбілхайыр тұсында ғана қалыптанады. Бабыр болса Ақсақ Темірдің немересі. Қанішер басқыншылардың бірі. Момын, шағын өзбек халқына "атаны" Темірлер кезін термей-ақ, тек жүрсе, жетпей ме. Тағы біреу өзінің ата тегін Шыңғыс хан тобынан бастаса, әлде бірі Алтын Ордадан, немесе Отеллодан шежіре шертсе, қандай сорақы. Бұ да сол жаман, сасық пақырдың, "Біз қалай" деп тыраштанған кішкене, аз ғана елдің талайындағы дарақы өлшеусіз менмендік. Болмаса ұлы жұрт Индияға кеп, еркін халықтың қолымен салған мәдениет ескерткіштерін көріп қызығып тұрып, осының бәрі біздікі, біздің атамыз істеген десек, қандай оңай, арзан, саяси жағынан, адамдық мінез, қарым-қатынас жағынан - бәрінен де тәрбиесіздік, бассыздық. Сыйлар алдық.

15 февраль.

Араға екі рет тоқтап, таулардан асып өтіп, Кочинге (Кочин) жеттік. Тау биік екен. Тегіс ағашты қалың тоғайлы сайлары, беттері де бар. Анығы, жолбарыс жүретін жерлер болу керек. Алаң, бұлақ асса егін. Су басқан шамалы бөлігі еңбек, егіс далалары, өлкелері. Күн ыси түсті. Біз оңтүстік шығысқа қарай ұшып, екінші жаға, теңіз жағасынан кеп шықтық. Теңіз бұл кішкене қаланың ортасына, бар бойына сұғына кірген. Жарымы суда тұрған өлке. Бірақ бухта сияқты болғандықтан, сумен араласып, қаланың бөлімдері, әсіресе тоғай, бақша я алма бақшасы басқан (аралас). Түбек тәрізді созылған үйлер пристаньда көп. Теңізге соғылып (сұғынып) тұрған құрғақтар. Суларда пароходтар, қайықтар. Желкенмен жүрген үлкенді-кішілі қайықтар бар. Бізді тағы бір жақсы отельге орналастырды. Бір бөлмеде Завадский екеуміз. Бұл ғажап: үлкен, сәнді, бай жиылған. Төрдегі кіші бөлме кабинет есепті, ол үлкен, кең аркамен бөлінген. Алдыңғы бөлме әдет бойынша төсектер тұрған ұйқы бөлмесі (жатын үй). Төбеде әдемі сырланған ағаштан жасалған жабыншы. Онда және үш жерде желпуіш бар. (Айналып зырлап тұр.) Ең ақыры, ыстық күндері бөлмесінің терезелері ашық күйде, көлеңкеде, тура теңізге қараған. Терезе түбінде әрбір екінші этаждай қайықтар, кемелер жүр. Теңіз суы бұнда да мөлдір-жасыл. Теңізден самал соғып тұр. Ал теңіздің кемері таспен бөленген. Қазір біз Индияның оңтүстігіне мейлінше тақап келдік. Енді машинамен 65 мильдей жер жүріп, осы өлкенің белгілі жазушысына бармақшымыз. Бұл өңірдің елі малайя өз тілінде сөйлейді. Бұрын Алматыға келіп кеткен Нараяжи деген бір журналист болып еді, соның әйелі осы малайялық болатын. Индияның осынша жері түстігінен Қазақстан, Алматыға бірінші басушы ол болса, бұл жаққа жырақ Алматыдан бірінші келуші қазақ атаулыда сен боларсың. Тыста, құрғақта жел аңызақ боп, ыстық қажайтын леппен емдеді. Арқада июльде болатын, шөлді әсте қандыртпайтын жылы жел. Біз түсте, сағат үште Валатхол деген жерде шығысқа қарай жүрдік. Оның тұрған жайы Кочиннен 65 миль, жолда пальма бақтары, кейде тіпті рощадай боп биік, шошайып созылып кетеді, өздері бұрынғылардай соншалық биік екен. Бауырында жапырақтары көп иіліп оралғаннан саясы мол, көп үйлер бұл жақта ағаштардың бауырына, саясына тығылған. Анық Индия жері дүниесі, жаратылысы осы. Машинаға жылы жел Арқаның шілдесіндегі аңызағындай ыстық леппен соғады. Жолдар адам азайған кезде, жерлерде ағаш тоғайдай қалыңдап жайыла созылады. Орыс тоғайы тәрізденеді. Жолда өзенге кездестік. Көпір, паром. Әр машинаны бір-бірлеп өткізді. Паром екеу боп қатар әрекет етеді. Көп жалаңаш адамдар бамбук сырықпен итеріп айдайды. Жаяу суда жүріп сүйретеді. Кешке біз қарт жазушы Валатхолдың үйіне келдік. 65 миль жүріп жеттік. Тағы араладық, қалалардан өттік. Біз келетінді біліп, 350 шақырым жерден елшіменен келіпті. Біз түскенде "Зекперел" отелі салқын болды (5 градус). Содан... жаяулап таудағы үлкен биігіне жеттік. Жолда да онда халық қаптап тұр екен. Валатхол саңырау, аузында бір тіс жоқ, бірақ сақал-шашы қырылған, арық, ұзын қара тақыр. Тілі үнемі жалақтап жүреді. Бізді әуелі таныстырып, кейін сусын ішуге бөлек төмендегі кішкене үйге апарды. Кейін театрына келдік. Халық мол, жерде де отыр. Көпшілік түрегеп тұр. Сахна аласа. Оны айналып балалар мен жастар отыр. 1. Тауыс боп биледі. 2. Екі қыз биледі. 3. Жыланды арбаушы биін биледі.

Биші қыздың мұрны асты жылтыраған зер. Танауын басқан шыны.

Пьеса басталады. Ол Рама мен Сита жайындағы әңгімеден алынған. Барабан жаңғыр-даңғыры ес шығарады. Сондағы шырылдаған, бажылдаған, даңғырлаған дию шығып, отпен алысады. Жеңе алмайды, қыз маскалар шығады. Тоғайдан дию баспалайды. Мыналарды көреді олар, қыздар емес. Ағайынды егіз екі бала Ситадан туған. Бұлар да диюға, малғұнға кездескен әңгімесі, бұл маймылдың бастығы. Ситаны босатуға болысқан Раманың досы екен, малғұн емес.

Прогрестік жазушылар: 1. В организ. 100-150 человек. 2. Новелистов больше. 3. Поэзия о проблемах лит. 4. Больше половины печатаются, соврем, пьесы ставятся. Біздің халықты бұнда сүйетін, сонша түсінетін халық көрдім. Көзге жас келгендей, бар аштар, жалаңаштар, подвижниктердің кеудесі бірлесіп соншалық жарқын аспанда, алыста күн жарқ еткендей, көзге жас алғандай тамашаладым. Бұл кезде бұл түн бар сапардан өзгеше болды. Ұйыстырған халық өкілдері біздің адамдар. 1. Рамамирам — писатель. 2. Валатхол. 3. Вудринат Эмпина. Вудмиат — драматург, поэт и актер. Бұлармен кездесу аяғы тамаша жайға ауысты. Олар бірімен-бірі кездесуге ынтық халықты білдірмей, өз тараптарынан әзірлеп қойыпты. А.А. екеуміз ғана келгенде гостиницаның асты-үсті толған, өздігінен жиылған адам екен. Бізге соншалық тілек білдірді жұрт. Әуелі есіктерден қарап, кейін тегіс еденге кеп отырысты да, қызыл ту ұстап келіпті. Даярлаған гүлдермен үнсіз кеп орындарымызға асты. А.А. сөйледі, мен сөйледім. Содан кейін жүрерімізде бізді тамақ ішкізуге әкелген жетекші жұрттың демонстрациясынан қорқып, асықтырып ала жөнелді. Жаңағы жұрт сондай ұрандар шулап, қолдарымызды он-он қолдар қысып, машинаның екі жағында тұрып ап, соншалық қошемет етті, ғажап достық тойы болды.

16 февраль.

Министрмен әңгіме: Индияда 1947 жылға қарсы 562 князьдық еді. Сол ретте Кочин мен Тривандрумда екі махараджа болған-ды. Еріктерімен орындарынан түсіп, өз жайында қалды. Оған осындай шараға көп еңбек сіңірген кісі, сондағы орынбасар Нерудің орнын баса алмады — атын ұға алмадым...

Закон тудыратын парламент (собрание). Ол 75 мың сайлаушыдан сайланды. Бұл күні біз таңертең ерте машинаға мініп, әуелі 80 миль жүріп, Тривандрумға келгеміз. Машинада мен, Завадский мен Иваныч болды. Жол ыстық болған жоқ. Оңтүстікке тура тартсақ та, әзір шыдатпайтын ыстық сезгем жоқ. Машинада тіпті салқын, жол жақсы, шаңсыз. Сағат сегізде шығып, екіде жеттік. Тривандрум тағы да үлкен қала. Бұнда бас министр хатшысы қарсы алды. Тағы да ғажап жақсы қонақжайға орналастық. Айтпақшы, таңертең ояна бергенде, бір көңілді жаңалық болған. Кеше самолетте жоғалған менің қаламым бір күннен соң мені іздеп кеп өзі тапты. Бұл елдің қиянатсыз өз иесінен, адал момындығынан өз басыма қолма-қол қатысы бар сондай бір өзгеше мінез көрдім. Қымбат, ұсақ зат табылмай-ақ қоюға болар еді. Бұнда ондай жайсыздық болмайды екен. Жолда осы халық туралы өзінше бір әңгімеден туған өзім айтқан ой бар еді. Соны еске ала кетейін. Түнде бізді қарсылаған ойда жоқ көп нәрсені ойлатады. Бойды сергітіп, ойды, еңсе көтеріп, үміт бітіреді. Бұл халықты адам болып, азамат болып, біздің ғасыр, біздің салтты, халықты көп ойлайтын дәстүрін ойлаушы боп отырып ойға алсаң, жаның қатты толқиды. Атымен кедей, қараңғы надан, қайыршы жас-кәрісі, үйсіз-күйсізі сондай көп. Ешбір дүниеде мұндай көп контрастық болмасын. Өзі кедей, өзі аш, өзі соншалық көп бола тұра, өзі жөнсіз қылмыс жоққа тән. Кісі өлтіру, төбелес мастық, қан төгіс бірі жоқ. Бұларды билеу оңай. Еңбекке сонша көнген, өкпесі тесілгенше жоқшылықты, қорлықты өмірлік қамыт етіп, сақал-шашы ағарғанша, жаяу жортып жүрген момын кедей, шын құл да анау. Ол жағынан қарасаң, бұл таза момын, еңбекші ел — пайғамбар, апостол, аскет подвижниктер де туғызатын ел. Екіншіден, осындай адамгершілік, моральдық тазалық традициясы бар елдің ортасына социализм орнаса, қандай пайдалы дәстүрлері жақсы керекке жаралар еді. Жол бойынша пальма бақшалары мол кездесті. Банан, манго, ананас өскен орындар көрдік. Қазір кокос дәнін жинау кезі болу керек. Жол бойы толып жатқан арбалар тау-тау қылып жарылған көк жұмыр кокос дәнін тасып жүр. Әзіргі науқан сол тәрізді. Бірақ оңтүстік ең көп еңбек кәсіп еткенде, шай, каучук, күріш өсіреді. Шай таулы жерлердің беткейлерінде молырақ. Оңтүстік — осы Кочин, Тривандрум провинциясы адам тірлігі жағынан жайлы, жақсы, тоқ тәрізді. Әрине, тоқтай қалсаң бала, қайыршы қамай кететіні бар. Бірақ ең әуел — жері ыстық болғанмен, бұнда киінген адам көп. Көпшілік жүзі жүдеу, жадау емес, қайта көңілді, жарқын. Тоқтай қалсаң болды, машинамызды қамай қалады. "Рашын" десек, "коммунист" деп сөйлей бастайды. Бейбастақ сүйген бір адам, бірде-бір жас, жеңіл-желпі мінездер көрмессің. Көздері жайнап қадалып, жүздері жылына күле қарап, қатты ынталы ентелейді. Бұл түстіктен тағы бір өзгешелік — баланы оқыту күшті, жол бойы мектепке бара жатқан, келе жатқан бала мен жасөспірімдер ағылып көрініп отырды. Министр кейін айтқандай, оқу жасындағы баланың 95 %-ы қамтылған болса ғажап емес. Бұл жақта терістік тәрізді емес, халық та жиі. Өте жиі. Кешелер байқап ек. Бүгін тіпті асқындады. Жол үстінде бірнеше сағат жүргеніңізде адам жайлары мүлде үзілмей қояды. Соншалық көп халқы бар мемлекет екені оп-оңай танылып тұр. Түсте министрге визит жасағаннан кейін бір жақсы гостиницада чемодандарымызды қалдырып, енді тағы 50 миль жердегі оңтүстіктегі Коморинге тарттық. Сағат 4-те шықсақ та, жол ыстық, ауыр болған жоқ, қайта рақат болды. Салқын, таза, ал көрініс — көз тұнжырататын пальмалар ұштасады. Бақтары жолдың екі жағында ұдайы көлеңке жасап отырады. Тағы да Индияның қасиетін айтар. Бұнда тұтас тоғай, қалың жыныс жоқ. Бірақ ағаштан жүдеп тұрған жері және жоқ. Бұнда соның есебінен әр ағаш адам қолымен орнатылған. Күтіп, сүйіп сақтап, осымен аталар, нәсілдер еңбектері, мінездері, қасиеттері танылады. Күн ұзын ағашы үзілген анық 50 километр жер көргеміз жоқ. Өз жерін, мекенін, өлке, отанын қаншалық күткен адамзат бар бұнда?! Осынысы және де мың мәртебе бұл халықтың адал еңбекке табанды, айнымас асқан шеберліктігі бар екенін байқатады. Жол бойында бірнеше үлкен, қызықты тастары, жартастары бар таулар көрдік. Бәрі де өсімдігі бар таулар. Тағы біразда ағаш реті өзгерді. Я алмасыз, я жай жапырақты ағаштар көріне, жиілей берді. Ең аяғында, бір теңізге тақай бергенде, әр таман сұрықсыз, бірақ соншалық қиқы-жиқы кәрі, жапырағы тарбиған, қалтиған, бүкшірейген, жыртылған бұтақтары, тармақтары көп ағашты көрдік. Ең биік бастарында ғана, аз ғана шоқталған жапырақтары бар. Содан арғы азғантай жүрісте теңізді көрдік. Бір жақ емес, екі жақтан көре бастадық. Құрғақшылық енді байып, сүйірленіп аяқтап келіп, теңізге сұғына бере тоқтаған екен. Біз қазір Индияның ең шеткі түстігіне келіп отырмыз. Коморин мұрыншағы Цейлон аралының орта тұсымен шендесіп келеді. Біз бір шақта Индияның ең зор терістігін — Гималайды көріп ек. Енді сапарымыздың бұл кезегінде оңтүстіктен кеп шығып отырмыз. Ниет те жақсы. Осы Каморийде күн теңізге батып, теңізден шығады. Біз күн батардан бір сағат бұрын кеп, дәл теңіздің үшкіл тұмсығынан салынған өкімет гостиницасына түстік. Үстіңгі этажда кең қонақ бөлменің асты кілем, айналасы терезелер. Олары үш жақтан теңізге бет қарап тұр. Бенгаль аралы мен Араб теңізінің сулары араласып жатқан теңіз жайқыны осындай. Бір ғана сәл сәтсіздік болды. Күн батарда батыс жақта қоңырқай бұлт болды. Күннің негізгі дәл батқан жерін көре алмадық. Таңертең теңізден күннің шыққанын көргіміз келеді. Кеш батар алдында теңіз жағасында тұрдым. Ақырын жел бар, жайлы салқын еді. Теңіз суы күн барда жасыл-көкшіл — жақсы көңілдірек те еді. Толқын, ұлы кең байсал, ұзын толқындар жағаға, тас жағаға оқтын-оқтын ұрып жатыр. Теңіз суының дәмін татып ем, тұздық деген аз, одан да ащы. Глаубер тұзы да, астың да тұзы емес. Кеш бата жатын жайға кеп, шайға бардық. Бар жұрт болып шайды 3- 4 шыныдан ішті. Анық цейлон шайы болу керек. Қант салу түгіл, әзірлеп берген сүтті құюға да қимай, көбіміз сүтсіз іштік. Содан кейін мен үстіңгі үйде, балкон тәрізді қонақ үйде осы ойларды жазуға кірістім. Астыңғы этажда қаланың жастарын әкеп күй тартқызып, ән айтқызып жатты. Күй туралы айта кету керек: кеше, Болотом аралындағы күй де, ұрандар да осынша бір қатты шаңғыр, даңғар, тарсылдақ көп болып естен тандырды. Мен өзімше жыланды арбайтын, жынды қуатын күй болса осы түстіктің күйі болар дейім. Мынау күй кеше Рама жөніндегі мистерияға сай, барабар. Ол театр болғанда өте ескіден (2-3 мың жылдар) бермен байланысты туған театр. Бірде ойыны да, әр сөзі де сол құдайлармен жарасып, күштер арасындағы тартысты мифология қалпында баяндайды. Музыкасында күйлілік, жайлылық жоқ. Оның орнына арбау, алысу, айдау, көшіру тәрізді оқиғалық болымсыз мазмұн болу керек. Бірақ не қылса ойы халықтың өнерінің ең алыс жағы, музыкасы, театры — көркемөнері болу керек. Соншалық тамаша архитектура өнері бар, киносы бар қалалары, мәдениеті, ғылыми техникасы зор халық оншалық дәрежеде көркем өнер де (кино болмаса) кейін қалып тұрғанына қайран қаласың, қарның ашады. Оны жалғыз ғана ақтайтын себебі болуы мүмкін. Ағылшындар басып, қорлап, таптап келген халық өнері енді азат өріске шығып, жаңадан өнер шағында әуелі ескі тамырлармен байланысын нықтап алмақ шығар. Бірақ осы күй түсінікті болумен қатар, Индия тезінен реалистік, халықаралық жиырмасыншы ғасыр мәдениетінің қалпына сай өріске шықса лайық, қажет дер ек. Кешкі теңіз көрінісінен бірер жай: күн бата бере теңіз бойы тезірек суи берді. Күндіз жасыл, көкшіл көрінген су енді бозғыл сарғыш тартқандай. Алыс, ұшан теңіз дейтін, қиырсыз шалқыған өрі, тұрғысы реңденіп ажарлап сұрланды. Анық қорғасын бетіндей. Жақыннан жыраққа дейін, кең әр тұстан әлсін-әлсін ақ көбікті толқын көпіршіп, бұрқ-сарқ етіп қалады. Түн тастай қараңғы. Анда-санда найзағай жарқылдайды. Теңіздің түсі өзгермей қызық болды. Қорғасын, қалайы, күміс.

17 февраль.

XІV ғасыр сарайын көріп тұрмыз. Подбанабапурам. Жарымы 700 жыл, жарымы 400 жыл бұрын салынған. Есігінде атты аңшы найзамен бала пілді шаншып барады. Ағаштан істелген екінші есікте аюды шаншып барады. Әрі қарай ауласында тас темпл колонналар, онда әйелдер, құдайлар бейнелері тастан ойылып, барельефше бағаналарға жапсырылған. Қоладан — білім богинясы бар. Сарай темплі. Осында сарай жандары намаз оқитын. Бұл бөлмелер XVІ ғасырда салынған. Ағаштан істелген ең ескі жақтары VІІ ғасыр бұрын істелген. Зал салтанатты бишілер үшін қап-қара жарқыраған мұз тәрізді. Цементке кокос майын қосып істеген колонналар біріне-бірі ұқсамайды, толған сурет, бейнелер. Тұрғын-жайларда веранданың бағаналары гранит. Маңдайшада жалғыз тұтас ағаш өнері. Бөлмелер шағын. Жоғарыға шықтық. Корольдің әулиелік жатын орны — XV ғасыр. Опочивальня ағаш, ойма түбек. Португалецтер тарту жасаған. Төбенің бәрі ойма ағаш. Екінші этажда төсек. Үшінші этажда тағы сондай төсек. Қабырғаларда фрескалар. Төсектер құдай жайы саналады. Себебі бұл корольдердің өзін құдай санаған. Үшінші этаждағы төсек жанында да темір өшпей от (шар) жанып тұрады. Бұндағы төсек алтындаған. Төбесі — балдахин фрескалар тамаша мол, көбінше Брахма — жаратушы.

Кришна — көгертуші созидания.
Шива — жайратушы.
Шар 500 жыл бойы өшпеген екен.

Патша қатынының төсегі әлпеншекте асылып тұр. Төрт бұрыштағы жібі ағаштардан өрілген, қабырғаларда ілулі миниатюралар, сүйектен ойған қоңыр төсектер, ағаштан ойылған решеткелер. Ең ескі ғимарат XІІІ ғасырдағы Малаяна, стилі тамаша, XІІІ ғасыр колоннасы бар. Ғажап ойылған, тик деген Индия емені тас боп қатып қалған, одан әрі үлкен столовая — лотос гүл қайталап, молайып кездеседі. Каморийде тамаша, қызық қырқылған ағаш бар. Есесіне оның атын альмаро дейді. Бұнда бананның неше түрі болу керек. Осы ғаламат ағаш барлық қайшылықтың жиыны. Бұнда жыртылған, талқан етілген, ауырған, урод болған, азап кешкен, апаттан қалған кескіндер еске түседі. Кейде қайыршы шоқпытындай жалбыраған, кейде әжімді, бара-бара тат басқан, белгі жеген, торыған пішін бейнесі бар. Тривандрумдағы "Гастхауз" жанынан тағы бір жақсы ағаш көрдік. Ол ағаш кең жайылған гүл ағашы тәрізді. Өйткені біз көргенде гүлдеп тұр. Бар бұтағы, кең зор тармағы түгел ақ гүлмен гүлдеп тұр. Түсте біз бұл штаттың иесі, бұрын махараджа болған, қазір әлі де раджа Рачпрамук аталатын әкімде болдық. Кеше оның флигелінде қабылданғанбыз. Мынау жайнаған аласа бойлы, үлкен көзді жарасымды, биік, аса тәрбиелі, мәдениетті адам тәрізді. Ол орамды әңгімелесті. Біздің сапарымыз жақсы, жемісті дұрыс еңбек туғызса деп тілек, сенім айтты. Түсте самолетпен ұшып, сағат төртте Бангалорға келдік. Онда жарым жұрт авиация заводын аралады. Бірге стансаға келдік. Дәл түсте, сағат бесте қаланың мэрі, бар жақсылары біз бен футболшыларды қонақ етті. Үй ортасы кең, әсем алаң. Көгал, гүл. Соның жағалауына мол зал ішіндей столдар қойылған. Жоғарғы екі этаж бойы балкон. Онда сыймай тұрған халық. Оркестр әні... Бізден А.А. сөйледі. Жазып алыпты. Осыдан кейін кешке біз журналистерге кеттік. Олар 2 сағат тосқан, театр іші толы екен. Екі мыңдай. Қалада 8 род., 8 мектеп, 65 муницке қарайды.

Кешке журналистермен кездесу үстінде концерт берілді. 1. Екі жас биледі. Қыз, жігіт, ел жайында әйелдер биледі. 2. Жылан (кобра) тым қара шұбар. Мұрында зере-салпыншағымен. 3. Пілдер, арыстандар. Оқиға тоғайда (би, пантомима). Басы ақ, паң көз көп ойнайды. Сахнадағы жалғыз биші жистонды ойнап билейді. Саусақтары, кейде көзі, тілі де ойнайды. 4. Балықшы мен қыз (сәл ғана). Тіпті салт биі деуге болады. 5. Халық биі. Индияның ең күшті іскері де осы, оркестр де бар. Скрипкаға төрттен басқа тағы 11 ішек таққан (19 ішек), көп ішек тартылмайды. Бұл Индия Шоудиаһ закондат. Собранның мүшесі. Жасы 60-та. Мендей боп көлденең үш ақ жолақпен бояған артиска бар. Ондайлар үнемі үш әйел.

Бөрі сахнада жерде отыр. Тегіс жалаң аяқ. а) Екінші номері тамаша: бір қоңырлау мелодияны жалғыз ойнады, күй емес, шеберлікке сай. Ойнаушы тілін де көрсетіп, басын бұлғақтатып, көзін аларта қарап, барабаншымен қатынасып отырды. Көбінше аузы ашық отырады. Күйінде европа ырғақ сезімі бар. Скрипка кейде баяу сезімді, кейде көп ырғақты шеберленіп жырлау кезігеді. Екпін, серпінге де ауысып кетеді. Өте ақырын сыбырға да кетеді. Ішекті ішектер де басады. Астабақ барабан мен қобди барабан қызық мінезді. Қобди тілесе, аса күшті шығып, мазасыз болуға жарайды. Анау үлкен болғанмен, ақырындау. 6. Бізді сахнаға шығарып, мойындарымызға сыйлар, гүлдер ілді. А.А. аз сөйледі. Бір минут сөйлеп еді. Нашар сөйледі. Біз 8 сағат істесек, бұнда 18 сағат істейді деп күлдірем деп бүлдірді. Ойын жайын сұрасты журналистер. Ал мен артиспін деп те тасыңқырап кетті. Бұл күндер журналшыларға пресс-конф. жасап ек. Онда да жарытқан жоқты. Журналистер одан партиялар туралы сұрады. Дін басына келгенде — азат, еркін болса, шет ел миссионері барып үгіттеуге бола ма дегенге жауап бере алмады. Газеттерді өкімет ақшасына шығара ма, субсидия бере ме дегенге де өтірік айтты. "Правда" мен "Известия" ғана ақша алады деді.

18 февраль.

Түнде біз Бангалордан кішкене вагонға мініп, поезбен таң атқанша жүріп, Майсурға келдік. Бұл штат аты Майсур. Кешегі Бангалор қаласы осыған қарайды. Онда 800 мың халық тұрады. Майсур да үлкен қала. Бұнда өзінің рачирамугі бар. Бүгін оған визит жасаймыз. Майсур өндірісі үлкен, жақсы іс орталығы делінеді. Осы шақта көлденең көптен ойда жүрген бір жайларды ескере кетейін. 1. Сиырлар мен мүйіздері, өркеші, ел өзгеше. 2. Қарға туысы басқа. 3. Қонақ жататын үйлер өзгеше, біреуіне біреуі ұқсамайды. Әр бөлмеде, төбеде желпуіш, үнемі салқын. 4. Төсектерде масақ қана. 5. Ақ кір машиналар. 6. Пілдер туралы. Оларды қартайғанда қоя береді. Жайын пілдер мінезі: кәрі піл мен жас піл алысады. Ұзақ алысады. Жеңілген піл жалғыз қаңғып кетеді. Ол сотқар. Адамға да қас етеді. Ондай піл шаруаның мүлкіне де залал келтіреді. Сондай пілді атуға рұқсат. Өткелде көрген екі піл, Валатхолға бара жатқанда екі піл. Біреуі үстінен кісіні түсірерде артқы аяғын бүгіп көтеріп, үзеңгі жасады. Алдында мінгізерде аяғын тағы төсеген екен. Екі пілдің де бивнясы бар. 7. Бізге бар жерде кітаптар береді. Оларды кейін аудартып алсам, кітап жазуыма көп көмегі болмақшы. Таңертең біз Майсурдамыз. Гостиницада отырмыз. Бұ да тамаша гостиница. Бөлменің екі номеріне ортақ бір қонақ бөлме бөлмелері. Бір кісілік, екі кісілік болса да, сонша әсем, жайлы. Әйелімен жүрген кісіге қандай рақат. Магараджаның двореці. Ол қазір сонда тұрады. Қала араладық. 1-қарт Галер. 1799 жылы Индияда бүгінгі махараджаның атасы әкімшілігі орнатқан. 25-ші махараджа бүгінгі. Үлкен әкесі, ағасы және өзі 7 жасында. XІX ғасыр басында жазылған суреттер. 1805 жылы ағылшындармен түскен. 1750 алтын, күміс барельефі. Алтын глинаға жапқан суреті. Совр. худож-ца, әйел суретші, өте жақсы. Бүгінгі Майсур суретшілері. Венкатаппа. Гравюралар. Бангалорда тұрады. Пілге жасалған охота суреті. Пілді судан өткізе қуады. Онда от жағып, қуып қамайды. Қазірде де штатта көп жайын піл бар. Катахарияны суретке салған. Маскелі құдайлар суреті. Мифология — сыйға келген сурет. Терістік Индия суретшілерінің бүгінгі суреттері. Темпера бар. Акварель. Лакнау мектебі. Моғал мектебі. Раджиор мектебі. Раджиор халық өмірін, Моғал мектебі сарай өмірін көп суреттейді. (Мағол емес, Моғал). Моғал, Лакнау жер аттары (местность). Бенгал мектебі.

Шантиникатан Р. Тагор университеті, Шантиникатан мектебінің суретшілері. Лaxop мектебі — мұсылман суретші Индия өмірін алған. Индуизм тақырыбы. Темпера, акварель. Масло жоққа тон (бәрінде). Ағаш, металл заттар сандал ағашының оюы. Майсур тоғайында сандал көп деседі. Құдайлар сандалдан тамаша істелген, жеңіл де көркем бейнелер. Өте сложный ою-нақыштар. Піл сүйегі де сондай шебер (қазіргі).

Арехтен өсем (қара).

Портреттер. Майсур сарайының мрамордан ағашқа сүйек ойған раковиналар ғажап. Піл сүйегінен пілдің шөгіп жатқан бейнесін әдемі істеген. (Қалам кетер, дәл осы жерге дейін сия ауыстырмай келіп тоқтасқан, тамаша құрал). 40 бет болды.

Үстіңгі үйлердің ең алды, үлкенінде және махараджалар.

Қытай суреті перламутр. Тағы бір сурет япон резеңкеден. 1900 жыл, масло, адам, ана, бала я қыз. Рави Варма көп сурет салған. Масло мифология, Индия тақырыбы, мәнер... Бір бөлме — Рерих. Ғаламат, өзінше таулар, қарлы биіктер. Трондар, алтын тақтар көп тұр. Үстіңгі үй — тегіс фреска аспаптар: қоңыраулы мыс... Ескі музыка аспаптары. Аса үлкен зал. Қабырғалары өрнек. Мұнда қонақ ханымдар тұрады екен. Екінші сондай бөлмеде фрескалар, пілдер, арыстан, жолбарыс, қабандар. Мұнда үлкен идол. Иран сиыр мүйіздерінде бояу, темір қаптау бар. Тек сурет фрескада алты піл жегілген махараджа көпесі. Майсурдың жалпы көрінісі. Майсур халқы 250 мың. ІІ Техника институтына келдік. 18-жылы салынған, 300-ден аса студенттер оқиды. Мед. ин-тары раджа, махараджалар, шамараджа Булия деген раджаның атында. Оқу 3-6 жыл. Оқып болып, осы өндірістен бастайды. Өз мастерскойы болады. Болмаса осы жерде істейді. Выставкалары бар. Онда сатып та жатады.

12-18 дейін жастар кешкі мектепке түсе бастайды. 1. Мурайка ағаш сүйел (мебель). 2. Студенттерді жұмыс үстінде көреміз. Ремес. уч-де, прикладной искусств. Төбесі жабық сарай ішінде станоктар, сонда студенттер дабырлап жатыр. Ауылша тұрақтары. Слесарь, токарь әзірлейтін істер, әp түрлі деталь жасау, упроченный қоланы, қорғасынды кесіп жатыр. Шива (музей) копия жасаушы суретшілер, күмісті шабу. Резьба бұйымдар он бес жыл оқиды. (Ремесл.-худож. школа, орынды күтіп жатыр). Тоқуға үш жыл оқиды. Тросниктен тоқиды. Талай нәрсе істейді шеберлер.

Тегіс оқытады. Стипендия 3-12 рупийге дейін.

Ағаш үйлерінде тұрып оқиды. Общежитие жоқ. Мебель мастерскойы боп кетті. Мастері, конструктор, электрі бар арнаулы. Бірақ европаша верстак жоқ. 1/2-3 рупий күніне алады (жұмыскер). Худож. цехтары бар, скульптуралар бөлімі, лепка инструкторы бар. 20 жыл тәжірибесі бар адам оқытушы және бар. Жап-жас балалар жақсы үйреніп қалған. Инструкция бөлімі. Піл сүйегін көбіне ұстара, кескішпен жонып, қырнап жатыр, анық шеберлер осыдан шығатын болар кейін. Суретті суретші береді. Бұлар істейді, балалар, әрине, ниеті бар, кескіш, қырнаушылары бірдей. Эмалиров. гравюрная. ...худож. живопись. "Майсур жібегін киіндер, тек Майсур жібегін" деген жазу бар. Студенттер еңбектері — сурет портреттер. 3-курс оқушыларының ісі. Олар бес жыл оқиды (әлі жас). Выстовочн. залды айнала жүрдік. Тоқыма мебельдер жайлы, жақсы үлгілі. Бұл ин-тан маманданып шыққан адамдар кейін үлкен мастер болуға шебер, іскер, қымбат ұста, өнерлі бұйымдарды жасаушылар осылардан шыққан. Оқытатын орын бар, сонысы үлкен өзгешелік. Сиырлар өтіп жатыр, шалқақ сұр, қалқақ мүйіз, аша мүйіз (үшкір), қағар мүйіз (жатқан мүйіз), алға қарай ойыса көлбеген, артқа қарай кесілген. Қол өндірісте күміс, сталь, ағаш, мыс — бұларда бұрынғы тәжірибені оқу, үйрену, сақтау бар. Технолог, прогреске ілгерілеу жоқ. Баяғыша қол, сол аспап құрал. Бұнда ескі дәстүрді сақтау өзі мақтан. Айтпақшы, былтыр Майсорда охотамен 75 піл ұстап сатыпты. Піл 3-4 мың тұрады. Ол жүк көлік. Жазушылармен кездесу. Канери тілінде 20 миллион. Тамила тілінде 27 миллион. Малаям — 15 миллион. Келенго — 30 миллион. Бұл тіл канери тіліне жақын. Малаямда 65 процент грамотный. Канериде 20,5 проц. Кришнан Шандрды біз білмейміз.

Аудару туралы сөйлестік. Олар һинді тілін онша құптамайды. Ол жас тіл.
Сандал майын қорытатын фабрика. Кесілген ағаш тамыры, бұтағы, бойы (ствол).

1. Ағашты ұнтақтау (қолмен машинаға кеміртеді), жаңқалайды (қолмен). Дробилка. Ұнтақталған, жоғарыда еленеді. Майды айыру ыстық су араласады. Майлы ағашта 6 % май бар. Төменге сумен араласып май ағады. Май үстінде соны қалқып алады. Кейін судан айырады. Сабынға да қосады. Шикі май, өйткені примесі бар. Содан тазартады. Тазарту бөлімі. Лаборатория, тазарту. Май ашық сарғыш.

25 қадақты темір қалбырға құю. Ең жақсы май, осыны жедік. 200 жұмысшы 200 кило суткасына шығарады. Дүниедегі ең үлкен фабрика. Ақы айына 40... Енді жібек фабрикасына келдік. Шелкомотальн. нитки әp түсті. 55 әйел, 150 еркек, 8 сағат жұмыс күні. Шелкоткацкая: жібекке күміс қосып тоқу, алтын қосып тоқу. Тканьдер. Кей станоктарды Майсурда жасайды. 2 рупий ақы, качтар ақысы, обработ. цех. чай, 1400 ярд төрт сағат жатады. Бояулар химические кислотные, сари жасайтын бөлімдер (жібек креп). Толып жатқан жібек, күмістелген, алтындаған өрнектері бар. Бір ярды 4 рупий.

Пілдерге келдік.

Үлкен піл бивнясында үш-үштен жез сақыда шөп, пішен жеп тұр. Алдыңғы жағы, көз тұсы, тұмсығы тақыр. Алпыс жаста — таудай. Қорада басқа он шақты піл бар. Бәрі көп, кіші бивнялары жоқ. 15 күн бұрын ұсталған кішкене піл кеудесінен, артқы аяғынан тас бағанға, шойын бағанға керіліп байланған. 5 жаста. Алдыңғы екі аяғынан, артқы екі аяғынан байланған жас пілдер тұр. Тіпті алыста біреуі байлаулы, ол екі жасар. Бір жас піл өкіре ақырды. Бұны балаларды мінгізіп үйретіп жүр. 3 жаста. Бұны да жас күйінде ұстаған. Үш айлық ең кішкене пілді көрдік. Шешесіз қашып кетіп, бұл ұсталыпты. Қолды емеді, жылай береді. Сипаганда жүні қатты.

Пілді айдағанда багормен айдайды. Ол кішкене қол шоқпар тәрізді.
Бір асау пілді жығып керді...
Біз плотинаға келдік.

Осы өзенде құдай әйелдің суреті кешкі жарықпен бірге плотина қабырғасында жарқырайды. Плотина 3 километрден артық. Соның ұзын бойы қос-қос шамнан. Бір әсерлер — ағылшын үлгісіндегі паркте тамаша қып салған 3 үлкен оңаша сарай да тұр. Ең биік верандасынан кешті андатып отырмыз. Төменде фонтандар. Әсем ағаштар — қызыл бояулы жарықтар. Сатыр-сатыр кашал, қызыл тас, қызыл топырақ, аспан, бұлт, оның реңі көшпен бірге ғажап қызыл сиреньге ауысыпты. Ғажап түстермен, өрнектермен оттар жанды төменде. Парк аты Бриндаван. Ол Кришнаның сотқарлық жасайтын бағының аты екен. Жарықтар да ұршық тәрізді, павильон үлгілі, дарбаза порымды. Жасыл, қызыл, көк, оранжы, сирень түстерде. Төменде кипарис, туя, қызылды көкпен көмкерілген. Қызылды алтынмен көмкерілген бұл отель "Кришна радж Сагар". 1912 жылы бастап, 1930 жылы бітірген плотина... Бұлт батыс жақта қара қошқылданып өзгере береді. Ауыса береді. Жел (самал) шықты. Рақат. Ертең сенбі күн. Сомюворот — қыс пен жаз алысу мейрамы. Өйткені ол күні жұрт бірін-бірі қызыл бояумен бояйды. Бір шақта Неруді де қызылмен бояпты дейді. Төменде мыңдап иллюминация, сонша бай. Халық мейрамына қарсы жақсы салтанат бүгін біз үшін жағылған. Алтын сары жарық астында кейде иілген фонтан суы алтын арқан тәрізді көрінеді. Кейде шошақ туя ағашының төбесінде күйлі самал, салқын, рақат. Жел әсте жайсыз емес, жұмсақ еседі. Парк екі жаққа қайқайған. Ортасы егіс. Екі жақ жағалы, фонтаны, жарықтары жарыса құлай барып, ортада төмендей түседі. Ұзын жырақта плотина үстімен созылған қос-қос фонарь, әлдеқалай жорытқан мифология, әулиелік хайуанның өзіндей. Түн түсті. Айнала бақша қап-қара барқыттай болғанда, жарықтар, фонтандар мүлде ертегідей сәнденіп, сиқырланып кетеді. "Бақиран" самал салқын, рақат. Фонтанның кейбірі биік шапшыса, шашыла көлбей құлағанда, соны кейде көк, кейде қызыл бояумен араласа өзгертіп бояп, құбылтып, өзге түсті тыныс алдырып тұрады. Бұл әсем парк, ғажайып жай. (Айтпақшы, бұл провинцияның орталығы Бангалор, ал махараджа Майсорда тұрады. Кейін махараджа ... көп халық, көп өлкені билейтін де болған. Мысалы, Кочин, Трасвингар екі князьдық еді. Қазір бір-ақ провинция). Жарық верандадан барғанда, қазір түнде аспан да, жер де қап-қара, төменгі парк сыйымдана, топтана түседі. Ал жер, аспан қап-қара. Су тамаша канал болғанда биіктен ойға қарай ұдайы төрт бақ квадратпен сатылап ағып, түсіп жатады. Қызыл тасқа бөленген Майсурда бұл парк мақтаныш. Әрине, Англия үлгісіндегі парк. Бұл жердегі ағаштар тағы қызық. Жуан, тармағы көп, бозғыл, биік ағаштың жапырақтары ұп-ұсақ кестедей. О да, төменнен қарасаң, ажур нақыстай.

Өзен тірі зат деп священник Суприво саналады. Сондықтан құдай бар. Бір ой. Аз уақытта қанша көп жер көрдік. Қатынас, техника ғажабынан болмаса, бұрын келген адам осы бір көргенді көргенше жылдан артық жүрер еді. Біздің замандағы адам өзі қалай тездетіліп, нығыздалған. Соған орай бүгінгі адамның көргені мен білгені де молырақ, өнімдірек болғаны-ау. Кітап басына жазам деген ертегі-кіріспе әңгімеге, қырық күн ішіндегі көрген ертегіге осы самұрық қанатындай, мезгіл машинасын да қосу керек. Сари 70-80 рупий тұрады екен. Сонда тіпті айына 120 рупий тапқан мастер де қырмайды, ал көпшілігінікі 40 рупий.

Өзен аты Каверн, оның құдай әйелінің аты да Каверн.
19 февраль.

Түнде Майсур плотинасындағы отельде кешкі асты ішкен соң, алты шақырымдағы Майсурға қайта келдік. Алда тау, басында әсем ерекше бір көрініс болды. Алдағы тоғайбақ басқан қоңыр таудың дәл биік төбесінде бір үлкен үй аппақ, жарқырап тұрды. Ол жалғыз оқшауланып, төбеге шығып, биік қарап асып, бойлап тұрған махараджаның осындағы үлкен сарайы. О да ғажап. Қоңыр таудың жотасын бар ағаштан асқан электр жарықтары ұзын жота бойында көктеп өтіпті. Төменірек, сарайдан екі жаққа қарай созылған қоңыр таудың екі бетіне қарай тағы да көктей жортып жарық кетті. О да бар бақшалы, тоғайлы қоңыр бұйра құламадан биіктеп шыққан жарық шамдар арқаны. Поезға сағат 10-да міндік те, түні бойы жүріп, таң ата Бангалорға қайта келдік. Бұрын өзіміз түскен әсем отельге қайта түсіп, екі сағат жатып тұрдық. Қазір таңертеңгі шақ. Ac ішіп ап, біз бүгін Бангалордың өзін аралаймыз. Осы штаттың орталығы, 800 мың халқы бар Бангалор да ешкімнен сорлы емес. Қай мемлекетте болса да, байтақты болуға мейлінше, осы тұрған қаз қалпында жарай алады. Өйткені салынған сарайлар, әсем жайлар және де біріне-бірі ұқсамайтын, XX ғасыр ортасының жеңіл, жәйлі, көзге көрікті, көңілге қонымды, қызықтыра тартатын, бір реалистермен үйлескен, жарасқан ғимарат жайлар көп. Әсіресе особняктар. Кейде бір қабат, кейде екі қабат. Әрқайсысы өзінің сол бір қабаттығы, немесе екі қабаттығымен айрықша әдейілеп, өзінше оқшаулана білген жайлар. Дүниеде, бар қалада бір қабат, екі қабат үй деген соншалық мәлім. Көз таныс үйлер болса, мына әрбір жалғыз да, екі қабат та сол қалыптармен сәнденеді. Осы жақтың үй салтында сондай ізденгіш мәдениет, үлкен вкус, талғағыштық, сән түзегіштік бар. Бір Бангалор емес, тіпті Карахиждың дипломаттар кварталынан, Делиден бастап, барлық біз көрген (Калькуттадан, Шитбургардан басқа) қалаларда көзіңді еріксіз көңілдендіре тартатын үй көріністері бар. Бұл бір өзінше қызық, ескеретін, стандарттан, коробкадан қиялы аспайтын архитекторлар ескеруге лайықты мәселелер. Телефон заводына келдік. Бұл мемлекет өндіріс орны (отделениесі). Бұнда әйел көп. Жұмысшы 2800 адам. Бар адамы Индия халқынан. Бір қыздың айлығы 80 рупий (170 әйел). Автомат стансалар бөлімі, гл. инж. ақысы 1200, бас инженер — 250-300 рупий. Бес жыл бұрын салынған. Жылдық, айлық план бар. Жапа-жалғыз фабрика. Штамп теседі. Екі столовой бар, бірі жәй, екіншісі — вегетариан.

Бір обед — 6 анна (қымбат).

Цех для деталей аппаратуры. Әр жұмысшы 3-4 аппаратта істейді. "Помогите нам, поможем вам", "Грязные руки портят питание" (ұрандар) — адамдар аса таза, аппақ киінген. Әдейі әзірлеген тәрізді. Бұнда ремесленный школ тәрізді — тәжірибе ететіндер. Машиналар Англия, немістікі. Мектептен алып оқытады. Қызметкерлері өте жас. Бес жыл болған жастардан, балалардан алып үйреткен. Бұнда оқыған қызметкерлер көп. Бұнда ортаға жуық оқумен түсу керек. Мектепте 9 жыл оқып келеді.

"Руками реле не лапать".

Конференц зал — кеңес фильміне келдік. Үстелдер палисандр ағашынан. Директор әңгімесі. Жұмысшыны 49-жылы Англияға жіберіп оқытқан. Барлық жоғары мамандар почта-телеграф қызметкерлерінен ағылшындар бірнеше адам болды. Қалғандарды осында оқыттық.

Негізгі капитал мемлекеттікі. Азғана жәй капитал қосу бар.

Жас тәжірибешілер стипендия тәрізді көмек алады. Оқу (жылдары) мезгілдері әр түрлі. Бұнда кешкі оқу да бар. Спорт тағы бар. Кітапхана, кружоктар, профсоюз бар. Онымен келісіп істейміз. Саны қанша екенін айтпады, қанша адам союзда екенін айтпады. 65 рупий ең аз ақы (мамансыз қызметкер). Максимум — 230 маман жұмысшы (ең жоғарғы). Командирлер — көбірек алады (45 сағат жұмыс). План бар. Толмай келген.

Міндеттері: сүт береміз, кейбіріне ақысыз дәрігерлік көмек.

Бұнда істелетін аппарат Индияға жаратылады. Кейбірі осындағы инженерлер чертежімен істеледі. Қабылданған предложениелер үшін ақы төленеді. Айына екі маман қызметкер суреті қойылады. Фабрикада журнал да шығады.

Директор, инженер, ескі колледжді бітірген.
Р... (колледж) должны самоокупать.

Институт науч. исслед. Химия, физика, питание, технология, ферменты, техн., научн. связи, энергетика, электроэнергетика., гидротехника. Техника высоковольт. передачи. Аэронавигация — исследования с аэродинамикой, авиастроение. 150 штатных научн. работников, 370—380 аспирантов. Цель задачи — научн. - исслед. деятельность в указанных отраслях. Библиотека - есть научн. журналы всех стран. Автономен, научный совет определяет тематику. С Академией наук нет связи. Связь с предприятиями есть. Помощь некоторым. Пример — в авиастроении устойчивость, подвижность, маневренность — за теорет. обоснованиями обращаются сюда. Задачи двухсторонние — научн. обоснован., второе — кадры готовятся здесь. Из 150 ученых связаны с предприятиями 75—80% — они члены техничн. советов, консультанты. Аспирантура из ун-тов (разных) объявляет свободн. вакансии. Профессорлар үйлері осында. Ескерткішті жасаушыға 200 миллион стерлинг берген бай -Тата. Стальлит. өндірісті өсіруші осы. Бюджет: орталық 2. 700 000 рупий өкімет береді, 2100 мың өкімет береді. Штат өкіметі тағы қосады. Тата капитал қалдырған, жылына 400 мыңдай кіріс береді. Аспирант 180 рупий жылына төлейді. Үш түрлі стипендия бар, 70-120. Институт өзі төлейтін, штат төлейтін, өкімет төлейтін стипендия бар. Осы ақшадан айына 150 рупий оқу үшін төлейді. Ауқатты адамдар стипендия алмайды. 2-3 әйел оқытушы, 18-20 аспирант әйел. Общежитие екі бөлек. Институт жерінде тұрады. Ғылым атағы әуел магистр (ассистент дәрежесі). Келесі саты — доктор философ., член совета учен. — үш жыл. Тағы үш жылдан (алты жылдан) соң действит. член совета болады (доктор наук). Жалпы индиялық атақтар болады. Ғылым дәрежесін беретін — сенат профессорлар ғана. Жалпы қарайды. Содан экспертке беріледі. Содан барып сенат басқарушы советке өткізеді. Бекітетін — Индия президенті доктор Прасад. Бұл жапа-жалғыз институт. Бәрін айтқан ғылым хатшысы - Прату. Профессор 1200-1500 алады. Сұр түсті жұқа әскерлік бұлды көбірек киеді. Терістіктегі қызғылт пұл орнына әр уақытта жастар, мына институтта ғылым адамдары киеді. Фармакология, биохимия оқытылады. Айтпақшы, Бангалор көшелерінде тамаша гүлденген биік ағаш көрдік. Ол синяя акация екен. Біз атақты Рамон институтындамыз. Рамон — Академия президенті. Нобель премиясының лауреаты. Өзі қарсы алып (әйелімен оны директордың директоры деп жалпылдады), Бангалорды айнала көрсетті, верандадан. Бұл Бангалордың ең биік нүктесі — мың фут. Аузын алақанының сыртымен басып, қарқылдап күледі. Кейде өзі де өлең жазады екен. Екі өзеннің қосылғанын айтады. Қап-қара басында кішілеу аппақ тюрбан. Чертеж залы. Алда қара тақта қабырға да, орындық та аудитория тәрізді. Тақтайда есептер жазылған. Ол өзінің қызметін мамандарға осында жазған екен. Бұнда меруерт, алмас, опал — бәрін бұл кісі оқиды екен. Қалжыңдады, өз бюстін көрсетті. Төрт жағында төрт тілде аты жазылған. Әр шрифт, сол туралы қалжыңдады. Қиыншылық — тіл жөнінде. Ағылшын, канари, санскрит, тамил. Тамил тілі әйелімен сөйлесуге (күледі). Тастар, кристалдар бөлмесіне әкелді. Аметисті (уыстап алды). Югославиядан келген кристалдар. Бәрі поэзия дейді (Рамен). Толып жатқан қоңыздар, көбелектер коллекциясы. Кітапхана, өзі сыйлаған коллекция. Бар мамандық бар. Жақсы бір бөлмеге әкеліп, жақсы бөлме, махараджа бөлмесінен кем емес деді. Үстел квадрат (төрт жағы бірдей). Бұдан бұрын жаңа болған институтына тартқан тамаша дөңгелек үстел болып еді. Мына үстелдің ортасы үлкен қара тас тәрізді. О смысле жизни Дюран анг. учеб. кітап (1932 жыл). Сонда Ганди, Неру, Рамон жауаптары бар. Ганди тамилше жауап берді. Неру өзінің болған қалпынша айтты. Осыдан 23 жыл бұрын Дюран жазған. Ганди өлгенде орнын бірі басады. Ол Джавахарлал Неру деген. Неру туралы тамаша айтқан Ганди. Өзі өмір мәні туралы айтқанын сұрады. Дін, ғұрып пен тола мәнге ие еңбекте, еңбектенушіге көмектесу. Сол мұратқа еңбекпен жету. Бұл кісі опалдың секретін тапқан. Толып жатқан тастар коллекцияларын көрсетті. Аяғында өзінің қараңғы лабораториясына кіргізіп, люменсценция сырын ашты. Ультрафиолетовый лучтың длинный, короткий волналары арқылы талай тастарды жайнатып, ғажайып ертегі сырын ашты. 66 жастамын. Әлі істеп келемін. Бәрін өзі істейді. Тек азғана помощниктері бар. Барлық дүниедегі сұлулықты ол оқиды. Екінші цвет — это физика. Зат сұлу ғана емес. 3-4 года изд. был в Англии, обратил внимание син. цвет Средиз. моря ... там причины всех последующих изысканий, все от того, что море показано прикрашенным по химич. промышленности существует... Сіздер оқымысты болсаңыздар, ондай помещен болмас едім. Сіздер бескорыстно келіңіз. Ғалым бірдеме біле кетем деп келеді. Біз түске премьер-министр қабылдауында болдық. Бірталай тайталас сөз болды. А.А. қаржасты. Кейін "Об-во словестности" дегенге келдік. Қарсы алу, келе дәм-шай, концерт аз ғана. 1. Әуелі ақын өлеңін оқыды. Әндетіп микрофон алдында, канери тілінде дін тақырыбында. Дін сарынды өлең жиылыс бастайды. 2. Канар молдасы, қалпесі тәрізді киінген ақын манго ағаштың жөнінде лирикалық өлең оқыды. Санскриттен канериге аудартып. Аты Субраманья Шастри. Виси деген атақты жазушы прозаик, новеллист жазушы да болды. 3. Ағартушы-мәдениет ісінің бастығы (бақырауық) әйел әні. Көрші әйелдің айтуынша, бұл қоғамда аударушылар бар. Ағылшын тілінен канери тіліне аударады. (Канери тіліне орыс жазушыларынан аударылғандар Горький, Маяковский, Достоевский, Тургенев). 4. Раджама — әйел ақын да әнші, сол күй шалып, ән салды. Виси сөйлеп тұр. Бізді дос санайды. Біздің Академияға келгеніміз жақсылық, құрмет дейді. Академияның мүшелері мыңға жуық. Біз совет елінде болып жатқанды қатты ықыласпен ұғынамыз, білуге тырысамыз. Біздің оқымыстыларымыз орыс әдебиет мәдениетін қатты білуге тырысады. Пушкин, Гогольден соң өскен әдебиетке біз өте құрметпен қараймыз. Біз Блокты білеміз. Орыс музыкасын сүйеміз. Одақ табыстары кімге мәлім емес. Ортамызға төрт лауреаттың келгенін де құрмет көреміз. Бұнда штаттың ғана емес, бар Индияның художнигі отыр. А.А. жауап сөйледі. Бізді жақсы таныстырды.

11 февраль.

Сағат алтыда қала әкімдері, тағы да премьер бастық болып бақшада шай іштік. Түрегеп жүріп бөлек-бөлек әңгіме болды. Біреуі әдебиетші, жауапты мансап иелері менімен әңгімелесті. Аударған кітабы Л. Толстойдың "Казаки" екенін айтып, мені сол ма деп ойлаған әдебиетшімен әңгіме болды. Орыста Гогольден соңғы юморист кім дегенде, Салтыков Щ. айтсам, мүлде білмейді, есітпепті. Екіншіден Алексей Толстой деп түрін атасты. Содан кейін біз Индия-Совет қоғамында болдық. Бұнда ең алғаш рет сұрақ-жауап ретінде берекелі кеңес болды. Еркіндік туралы, газеттердің правосы, тәжірибесі, қаражаты, журналистің еңбекақысы туралы сұрақтар берді. Халық арасында кітаптың, білімнің, өнердің қалай тарауы жәйін шындап сұрасты. Орыс тілі зорлық етуші, еріксіз міндет ретіндегі тіл емес пе деп сұрасты. Газет партия пікірін айтады, айтуға міндетті, бір мінезі ұқсайды сондықтан. Және газет сонысымен қорқытады. Мысалы, "Литер, газетадан" жұрт қорқады. Эренбургты сынапты, содан ол қазір жаман халде қалған тәрізді. Қысқасы, жаулар баспасөзі Эренбургті өзінің қорғауына алмақ болған сынды. А.А. жақсы, тура, дұрыс жауап берді. Сөзге мен, Яковлев, А.А., Завадский, Ашрафи бәріміз араластық. Бүгін таңертең күншығыс ғажап қызарып, тамаша сұлу таң атты. Біз самолетпен Хайдарабадқа ұшқалы отырмыз.

20 февраль.

Хайдарабад бас министрінде болдық. Бойы баладан апаласа, қасы буырылдана бастаған, қолдары сояудай, көзі шүңірек. Тастың астына тығылып алған, әуре еткен. Аз әңгімелесті, өте әдепті сөйлесті. Шарминар деген мұнараларға келейік. XVІ ғасыр туындысы. Маңдайларында мұсылманша каллиграф жазуы қашалған. Хайдарабад купол үлгісі, сол ақ, ескі замандарға тон емес, жаңа салынған жоғары сот үйі. Бақтар мен дарбаза, бәрі де басқа ірі жайларда ылғи купол боп салынған. Сылақ әсемдейді. Бұнда 18 % мұсылман, тілі көбінше орда тілі. Бізге орда тілімен индустер де сөйлейді. Тек мұсылман ғана емес, 80% халық индустер. Хайдарабад низамы 65 жаста, бұл бұрын өте бір ақшалы адам. Көп алысқан өз князьдігі үшін. Өзі ғаламат бай, айыбы сол — қатты сараң. Өзі және ақын дейді. Қазір ол өзі әлі де рач прамук. Бұл қалада рикшалар жоқ. Велосипед мінген рикшалар. Жәй велосипедтермен жүрген адам ешкідей көп, қаптап жүр.

Госпиталь Осман мемлекеттікі.

Машру (макамасында) қызмет аты осымен алынған, ескі сарай. Анық рыночный елде ғана. Гала колледжі көп купол. Больница осымен бәрі екі үлкен, көп купол. Күтін жай жақсы үлгідегідей. Он миллион алады екен. Махараджалықты атқара бергені үшін. Сұлтан базар — индустар тұрады. Жаңа қала, көше тар. Брахманың сарайы, сыры көне. Ескі сыр және қатарында ұлдары мен қыздары тұратын сарайы. Парламент мүшелері тұратын үйлер. Жаңа район.

Көл, фабрика (киім). ...Сеттльмен болған үйлер үлгісі өзгерді. Ажарлы. Ескі басқа король көшесі. Телефон станциясы. Тағы кино.

Мұз фабрикасы.

Мектеп, әскер бекзаттар үшін. Ірі феодалдар сарайлары. Үкімет қонақтарына үй. Министрлер үйлері.

Таулар. Жаңа район Манжара тауы (Бағжара).

Денсаулық министрінің өз үйі. Үлкен сарай, тасты төбелер, көп қарадық. Жеке үйлер тастар, қойтастар арасында әсем сарай. Бір жағы көл (жеке байлар үйлері). Бұрын казарма болған, қазір галлер... Пенджаб деген (урду) ел қолында тұратын болды. Кедей, нашар, көше тар.

Низамның үлкен ұлының сарайы.

Осман больница, Осман университет — бәрі де Низамның атынан аталған. Баяғыдан махараджа - индус, низам, мұсылман. Біз машинамен қаланы аралап шықтық. Көп араладық. Жоғары екі бет шамасындай шала жазулар машинада жүріп келе жатқанда жазылған жолдар, беттер. Есте қалу үшін түртілген белгілер. Үкімет қонақ үйіне біз А.А. екеуміз бір бөлмеге кеп түстік. Бұ да жақсы жай. Төсек екеу болғанда, біреуі ғаламат кең де, екіншісі жай, қалыпты көрінеді. Еркек-әйелдің бір жататын, айырылып жататын жағын ескерген. Төбелерінде бұнда да пашахана. Бұл номерден үш бұрышты веранда тәрізді бөлме бүйірге шығады. Оның алды ашық, үсті жабық. Сол верандадан ғажайып әсем ағылшын үлгісіндегі парк, одан әрі көл көрінеді. Қаланың сол көлді айналған бөлімдері де бар. Байлар, министрлер, Низам ұлы — бәрі де әдейі көл жағалап салғанға ұқсайды. Олардың бақтары бар. Кей тамаша үйлер кең, күн түспейтін қойтас, шоқыр тастардың ортасына әдейілеп салынған. Сағат 21/2-да. Күндіз. Үнді-Совет қоғамының адамдарының бірінің үйінде кездесу. Жеке адамның тұрғын үйін көргеніміз осы. Үйдің ішінде кең диван, жайлы орындықтар. Қабырғада кітап шкафы ойылған, беті шыны. Директор — бюро информашы — осы мәжілісті жасаушы. Мырза Аббас — екінші судья. Доктор қолы (дәрігер). Ақысыз көмек етеді.

Шоули — қоғамның жаны (Шоули).

Мырза Сексена халық қамын жоқтайтын қамқор басшысы. Ханым Розы Союзға бармақшы еді, паспорт ала алмай қалды. Ханым - Хазанның әйелі. Баласы — колледждің студенті. Үйде ортада екі кішкене орындық, аралары кішкене аласа үстелде бұйық ел, жер бейнесі тұр (бұнда кең аласа тақта). Терезе жақта — алдында қоладан істелген кішкене мүсіндер бар. Құдайлар болу керек. Шамдал екеу. Жез. Бұранда. Палисандрдан кішкене піл. Отыратын орындықтар тоқыма (плетенка), есік пен терезелер (бір қабырғада) жалғасып тұр екі жағынан. Темір сирек решетка бар. Солардың жоғарысында кестелі қызыл мата ілінулі тұр. Одан жоғары — дін тақырыпты сурет. Үш әйел бұттар алдында намазда тұрғандай, сыртымен берілген. Бұл кітап шкафтарының үстінде және кішкене кестелі шүберек ілулі, оның жоғарысында тізесіне жүгініп отырған, қос қолында лотос алып, пұтқа созған намаз үстіндегі әйел. Үстінде бояулы киімдер бар. Бұл үйде радиоприемник. Төртінші қабырғада екі жерде кестелі үлкен шүберектер бар. Еденде кілем, үлкен. Еден тас. Кішкене миниатюра болса да, сурет пен сөз құдайларға байланысты. Мифология тәрізді театр жөні ескіден келеді. Секреттен басталады. Қазірде де халық ескі традицияны қостауды мақұлдайды. 4-5 үлгілі театр жасау қиялынан ашылды. Алдыңғыдай веранда, дөңгеленген. Онда өзінше тіке ағаштан жасалған. Сирек-сирек етіп салған. Анда-санда колонналар кездеседі. Ай тәрізді дөңгеленген үй. Хайдарабад университет. Ректор заман туралы, ол натурфилософ дейді. Түстер мен көк желектер. 3 мың акр өзіне беріскен жері (үлкен). Факультеті — гуманитар., ест., хим., биол., техн., с/х фак., ветеринар., общеж. студентов, дом профессоров. 12 тыс. студентов, 2 тыс. девушек, около 3 тыс. студентов живет на территории ун-та. Здесь 3 тыс. пат., что это студенты старших курсов. Ун-т үйі — стилі көп мемлекеттікі. Өзінің стройматериалы бар. Месторождениелер, промыш. бағасы бар кендер. Ун-т открыт в 1918 г., профессора — есть свои и получившие образование за рубежом, в Англии, в Германии, Франции (Индию изучал в Германии). На языке 90 проц. агыл. Начальные курсы и гуманитарные на хинди. Для практики с/х большая ферма 200— 300 акров. 200 проф., из них 50—60 докторов наук.

Вице-канцлермен әңгімелестік. 1. Биология факультеті. Насекомые — очень вредные для растен., проект назван Титлер... Гельминтолог — Скрябин аты атақты, соған арналған бұл ғылым синг. Ең үлкен кобра.

Оқу үшін 120 рупий төлейді. Студент, 30% студенті стипендия алады. Кітапхана — 111 мың тұр. Стеллаждар темір. Читальный зал — 300 кісі оқи алады. Азғантай орыс кітабы бар. Айбек бар. Бертельсті біледі. Ражковский кітабы ағылшын тілінде. "Совет, лит-ра" деген журнал ағылшын тілінде, сонда менің мақалам бар. 1. Философия. 2. Лингвистика (ориент.).

Парсы, араб, үрду санскрит. Қазіргі Индия тілі. 3. История: древняя Индия, спец. отд. араб, персидск., старинные манускрипты. 4. 6 мың рукопись бар. Қызық қымбат Махабхарата қолжазбасы. Ең ескі Индия жазуы, құрышқа (сталь) жазған дейді. Бұл пальма жапырақтары, құрыш емес, жазылғанда құрыш қаламмен жазған. Әрине, Даспер (Жаспер) Зайиярдиан. Кубатура центр корпусы: 250x250, актовый залда 600 аршын, балконымен мың кісі сыяды.

Академия мүшесі вице-канцлердің өзі ғана.

Әйелдер колледжі. Алғашқы, орта, жоғары білім алып тоқтайды. Болмаса ілгері тағы екі жыл оқып, ғылым тамамдайды.

9 мың студент Хайдарабадта. Стипендия ең жақсы оқитындарға беріледі. Түсте бір қала бастықтарымен ұшырасу құрмет мәжілісінде болдық. Онда аударушы Вета арқылы мен қызық мәселелер туралы сөйлестім. Бұл адамдар үлкен орын иелері, министр дәрежелі кісілер. Штатта тіл төртеу: урду, келегу, марати, канеде. Кеңсе қағаздары министрлікте ағылшын тілінде, аудандарда өз тілдерінде, өзге халықпен қатынас әр тілде. Сот ағылшын заңымен. Дін, ғұрыптар шеткері қалады. Семья, мирас, басқаша жайлар бәрі ағылшын заңынша. Мектептер арасы да қызық. Ағылшын тілінен құтылу оңай емес.

12% грамотный, ағылшын тілін бір ғана процент халық біледі.
21 февраль.

Біз Аджантаға автобуспен 3 сағат жүріп келдік. Қызмет вагора (марати) тілінде. (Вагора) Ван — жолбарыс. Бұл тауларда жолбарыс әлі бар. Судан әрең өтті. Жол ұзын, бірқалыпты тау жоталарымен жүрдік. Кейін Аджанта қыстағынан соң ғана жол тақады. Айналып өрлеп құлдай, көп оралып, биік құз жағадан, карнезден оралып, шимай салып жетті. Содан соң жаяу шықтық. Міні, бар пещералар көрінді. Жол тас асфальт, Холтранар салған, өте жақсы жол. Жағалау жақта үй бар. Басқыштап та кетеді. Археолог Айде ұланның әңгімесін тыңдап отырмыз. Индия мәдениетінің геройлық тарихының ескерткіші. Тарих біздің ғасырдан бұрын екінші ғасырда басталған. Ескі лебізінде жазу белгі баяндайды. ІІ в. д.н.э. Содан біздің ғасырдың VІІ ғасырына дейін қаза беріскен. VІІ ғасырдан бастап буддизм әлсірей бастайды да, пещералар тозып кетеді. 1819 жылы бір топ солдаттар аңға барып, осыны табады. Олар пещераға кіріп, суреттерді көріп, Ост. Инд-ға білдіреді. Компания сол хабарды Ферпосол Англ. королевский об-во гилл мәжілісіне баяндама жасайды. Майорларды жібереді. Ол көп мәліметтер жібереді. Репродукциялар, білмегесін олар өртеніп кетеді. Екінші сурет — гриф, оның репродукциясы да өртенеді. Брама — ол кітап шығарады. Живопись индийских пещер деп аталған. Леди Хернгем жазады, басқалар да жазып шығарады. Әр шақта Оксфорд ун-тің еңбектерінде жазылады.

1914 жылы Хайдабарад археологиялық об-во босады.

Кейін 1950 жылы пещералар Индия өкіметіне күшті көп көңіл бөлінеді. Фрескалар қойыс бастайды. Италия, Чикони, Орисино 50 мастері көмектеседі. Бұнда 29 үлгі бар. Суреттері (живопись) әлі жүз жыл сақталуға жарайды.

5 үлкен будда храмдар, қалғандарында монахтар тұрған.

Ұзын кильде суреттер бар. Бізге ең жақсылары 1, 16, 17-ші номерлерде. Ескі үңгірлер 8-ші, 13-ші номерлер (17 ғана, олайы несі). Оларда архитектура, скульптура, живопись, декоративн., портрет, животн., фрески. 1. В декорат. — растения. 2. В порт. — Будда и ученики. 3. К истории жизни Будды — жатика.

Біз бірінші үңгірден бастаймыз. Вулканическая порода (трени). Ең әуелі фриздейлер, Будда өзі, соғыстар бесінші ғасыр (біздің ғасырша). Кәрі қызметкері. 1. Первая пещера — Могленике, над входом — растения (одна сторона). Бихара или монастырь — бұл да проповедь оқылған, ортада зал айнала тұрушы монахтар. Бұрын бұл қазіргі ун-т тәрізді болған. Залда көп колонна бар. Бұндағы Будданың жүзі әр кезге қарай әр түрлі өзгеріп, жарық бергенде, Будданың отырған, өсиет айтып отырған дағдылы қалпы көрінді. Төменде екі киік. Бенарестегі бұғылардың бұндағы бейнесі. Дөңгелек правосудие. Кірпік тәрізді суреті бар. Жарығы өзгере береді. Түсі де өзгереді. Будда өзінің екі қызметкерімен суреттеледі. Ерте кезде бұл скульптура бояулы болған. Ізі қалған. Жоғарыда ұшып келе жатқан екі періште Нимбастың айналасында, Будданың просветлениесін аңғартады. Қабырғалардың бәрінде бояу, сурет болған екен. Қолының мәні (солай тұр деп): бір қолын қысып, бір қолымен алақанын жазып, сырт айналдырып, ана қолдың саусақтарын бүгіп тұр. Алдыңғы бөлім — фреска. Будда ағат түйді, просветлениені түсінді. Демде оны да ала көлеңкелетпек. Көп сұлу қыздарын әкеп қойған. Қызықтырмақ, аздырмақ. Жарықпен (пятномен) ішті ашу ол суретшілерге де мәлім болған тәрізді (Микеланджело сияқты). 240 әйел принцессасын байқасыпты осы (бар үңгірлерде).

Лица дьяволов. Разные отражения у них.

Ақ Будда жеңген, кіретін есігінің обрамлениесі мифологиялық жандар. Төбеде географиялық орнамент. Бояулар әр түсті. Қазір ең тамаша фрескедегі дүниедегі ең артық сөз. Қолына лотос ұстаған будисатба. Осы залда Телипера қорған қабырға да салынған. Фреска — это самый лучший шедевр в мире. Это реально живой Будда, на нем одежда с принца. Корона, ожерелье, другие детали. Скульптурная стереоскопичность, применяют для этого красную охру. Эффект трех измерений достигнут художником.

Кроме пластич. красоты поражает духовная красота.

Бұл Будданың қолында лотос. Бүйірден қарадық. Будда бізге бұрылды. Екінші қарсы бүйірге шықтық — тағы бар денесімен бізге бұрылды (ғажап). Өзі дәл алдынан Қарағанда, тегінде, сол жаққа бұрылып отырған еді. Жаңағы бұрылулары тамаша.

Будданың әйелі. Қызметкер әйел қатарында ғашық пара.

Жоғарыда ұшып келе жатқан фигуралар. Тағы да адам кеуделі құстар, миф. жандар. Аджант суретшілері бұлардың шарттарын ұстанған, мысалы, таулар ұдайы қызыл бояумен салынады. Перелетный қызық берілген. Чувство Ирида тоже ... в некоторых фресках (карлик, четыре монаха, біреуі қытай шатырын ұстап тұр). Әйел де тамаша. Бой быков на одной колонне. Еще фрески: женщина слушает монаха. Әйелдің кішілеу төсі жалаңаш — бүгінгідей — бұл өмірде бар нәрсе қайталанады. Еш нәрсе жаңа емес. Суретшілер қоғамдық ортаны да бейнелеген: келі, келсап. Биші қыздар -грация, барабандар бар, жеті нота шығара алған. V ғасыр. Бұл да көп мәдениет тоғысқан — нопил (мұрты салбыраған), жалғыз көз бар. Онда қытай, индия суреттерінен көп мән бар, жаман көзден сақтау. Осы залда бұғылар қызық, төбеде гүлдер, андар, вакхические сцены арақ ішкен, бос ыдысқа әйелге арақ құйғызу талабы бар. Осы залда тамаша әйел бейнесі. Басында тәж, үстінде көп меруерт, алтын шынжыр, жүзік — бұл жерде черная принцесса аталған кішкене қара әйел суреті де бар. Алебастрмен бекіткен (фресканың қопсығанын алып тастап). Ақтар, қара адамдар қатар, раса жігі жоқ. Тағы қызық фреска — еркек жақсы, төменіректе сұлу әйел әдемі жасалған. Тут драматизм композиции. Осы суреттердің бәрін салған монах. Ол өзі құлшылық есепті болған. Аз талант (аз да емес) болғандықтан, суреттер де тең емес. № 5-ші үңгір - бітпеген үңгір бейнесін көрсетеді. Есікті күн түсетін етіп жасайды. Содан көп айнамен бар бұрыш, қабырға, төбеге жарық түсірген де, сонымен бояған. Мынау үңгірдің тасы аса жұмсақ болғандықтан, қазбай, бітірмей қалдырған.

№ 9 — в І веке н.э. Это собор - будд. храм. № 10 үңгірде ескі жазу бар, соған қарап ІІ в. д.н.э. жасалған үңгір екені (осының) анықталған. Планы Римнің базиликтеріне ұқсайды. Ортада ступа — нирвана белгісі — онда Будда нирвана да болады. Бұндағы живопись тегіс ІІ ғасырдікі. Адам, құдай бейнелері өте шебер. Бұнда қырлары мол колонналар көп. Процессия Раджа мен оның әскері. Төбесі қобыланған, өте биік. № 13 монахтар бөлмесі, екі тас төсек, жастық. № 15 — жас бала, бозбала Будданың суреті (бейнесі). V в.н.э. № 16 екі скульпт. фигура, 478 жыл жаңғыз тілек, тамаша. Будданың сол молочный інісі. Ірі фреска — өлгелі жатқан принцесса, Будданың інісінің әйелі. Қызық сюжеті бар. Будданың тәжі, соны өзіне бермеген үшін өледі. Будда аяғын жерге қойып отырған бойда. V в.н.э. Сақалы, шашы бар — семит бейнелі адам — Иисус тәрізді. Майа — Будданың анасы, сол көрген түс — Будданы туатыны туралы — сол суреттелген. № 17 фрескада құмырсқа ағашқа өрлеп келеді. Жатиканың туғаны көрсетілген, ол ақ піл кейпінде туған. Әйелдердің шаш тарауы — таңертең, вимвандра күйшілері.

Бірнеше сюжет, стела ступа бар. Адам жүздері, шебердің қолы байқалады. Патшаның өмірі — көп сурет, охота, андар. Ортада Будда мүсіні. Бұрынғыша, вход өте жақсы оюланған. Фреска қызық, Будда өте үлкен, әйелі, ұлы кішкене. Бірақ Будда қайыр сұрап келген. Ол просветлениеге жетіп келген шағы. Ол анасын да дінге үндейді. Тағы бір қызық фреска туалет жөнінде. Қара принцесса. Майлану, боялу, айна, әсемдену аспаптары. Осы сурет биік тау фонында. Бұнда төбе потолок — парсы кілемі тәрізді. Қораз төбелесі. Мифич. животные. Баран с змеиным хвостом. Птицы с женск. головами и т.д. Индри - жауын құдайы. Соның Буддаға құрбан шалғалы келе жатқаны сыртта фрескамен берілген. Есік айналысында тағы да ғашық паралар. Бір еркек әйелге ашуланғанда бетін бұрған. Әйел болса оның тізесін сипап, кешірім сұрап отыр. "Ол біздің заманнан кеткен мінез" — дейді гид. Буддаға қызғаныш етуші ағайынның қастығы. Ақ пілді өлтіруге жібергенде, піл Будданың алдына тізе бүгеді де, көп жұрт оның дініне кіреді. Хинаяна, манаяна — Будданың дініндегі екі школа. Манаяна адам етіп суреттелген. № 19 — бұның фасады қызық. Бұнда махаяна болғандықтан, Будда ступа да барельефпен берілген. Бұдан бұрынғылар Хинаяма еді — онда Будда тек скульптура болатын. Ступада ол жоқ-ты.

№ 26 — Будданың өлер шағы, аспан әлемі барабан қағып қарсы алады.
Бар үңгірлер бір таудың қойнын айналып, кәрнезделіп жатқан тұтас қала.
№ 2 (мен соңынан көрдім бұны), бұнда: красная охра, белая, черная краска.

Бишілер - знаменит, фреска. Тегі, бұл үңгірдің қабырғалары, төбелері аса бай. Барша колоннаға шейін орнамент, сурет, тас ою фрескалар. Фрескалар ірі суретші мастерлікті танытады. Бір суретте әйел таңданып тұр — оның белгісі не бетіне, не иегіне қолын тірейді екен.

Школа махаяны — байлық құдайы мен оның әйелі. Балаларын оқытқан. Бір фрескада әйелдер фигуралары ғажап сұлу грация. Боттичеллиді еске түсіру және де... Өте бағалы: Будданы туғанда анасының түсі — ақ піл. Жрецке келген. Ол ұл туады. Тірі туса, дүниені ағартатын ұл туады деген. Мияның өзі. Киімі — юбочкасы, бас киім аса қымбат. Ұлын богемада тапқан. Үш құдай: Индра — баланы қолына алып тұр. Үш аттап, бала "алғаш адымым, бірақ мен дүниені ағартуға келдім" деген. Үңгірді қашағанда төбеден бастаған. Бар бояу жергілікті және өзі минерал. Жартасты — динамит сияқты өзінше күш қолданған, тасты тесіп, әлдебір ағашты үгіп салады екен. Будданың ең соңғы перевоплощениесі алдында өзін үгітпен әзірлейді, онда ол Индияда тумақшы болған, қайтады.

Ұшқыш фигура аспанда (төбеде).

Кешке үш сағат жүріп, Акрангадан қайта келіп, Эллораға өттік. Бұнда тастан түгелінен шапқан ғаламат үлкен храм бар. Кірген жерде төменгі аланда үлкен піл. Бұл храм үңгір емес. Тек жартасты жоғарыдан ойып, төменгі табанына шейін ойып түскен де, тап ортадан бір тауды түгел қашап храмға айналдырған. VІІІ век н.э. Ең алдымен храмды тіреп тұру үшін ірі айуан шабылған. Пілдер, арыстандар. Рас, жартас та мезгілден, әуе райынан (төбесі ашық болған соң) бөліне берген. Рай Шивы — Кайляс. Су ағар арық тастың өзінен шабылған. Үлкен жартасты ойып бөліп алған да, шапқан. Раджак буддийским храмам отношения не имеет. Это темпл индуизма. Төмен жақтың бәрі піл. 12 пещер буддистских и 17 храмов индуистских — имеется здесь и 6 маниских темплей. Причем буддийские самые старые. Мынау зор жалғыз храм, барлығы 34 үңгір бар, олар сыртта. Бір жағында төменде пілдермен қатар адамдар көріне бастады. Жоғарыда үш этажды зал, онда пилиужмдер жатады, бұл залдар храмнан бөлек қоршау жартаста. Бір бүйірде сыртта: Демон Рави қастықпен Шива отырған Кайляс тауын құлатпақ. Әйелдер отыр. Бұрын жоғарыда көпір болған. Әйелдер үш сыпатта: 1) орнамент; 2) лучшая половина; 3) сила.

Шиваның қасындағы әйелі Пароти, вот здесь она со всеми женскими чертами. Раджа нагонял народ, он и строил, не монахи, художники из народа строили все. Король художников приглашен, они и помогали, монахов у индуистов нет. Екінші биігіне шықтық тас храмның. Төбеде зор фреска болғаны көрінеді. Стильде көп айырмыс бар. Махабхаратадан соғыс. Піл, ат суреттері бар. Храмның залы, іші. Төбеде Шива биде... бәрі ауыр төрт қырлы бағаналар — бәрінде орнамент пен скульптура. Богини Ганга и Крокодила, екіншісі — Жампа, екеуі Шиваның есігін қорғап тұр (төрдегі). Басқыштар қандай.

Пещеры вырезались вглубь. Здесь. Занавес, коридор и основная часть. Первая, вторая, третья главная, возвышающая часть храма, последняя 96 футов. В начале были вырыты буд. пещеры, они вырыты между V—VІІ вв. н.э. А индийс. группы вырыты между VІІІ—XVІІІ вв. — все посвящены Шиве. Жаинические — посвящены последнему Жайне ІX—XІ века. Здание было в цветущем состоянии между ІІ и XІ веками.

Бұрып отырып үңгірге келдік: 1) буддийский храм — түстікте; 2) терістікте — жаинические; 3) ортада индуистские. Тастан ойылған храм-шіркеу (Буд). Жартасты сұлаған жерінен шапқан. Занавес, серединная арка, глубина — не конструкт, части храма. Аджентада занавес жоқ. Бұнда қора бар занавестен соң. Содан кейін храм іші — ступа, онда Будда фигурасы, арка — аса биік колонналар, биікте аркалар, алты фриздер — адам бейнелері толып жатыр. Дұғадағы Будда бар. Будданың өзі аса зор размышление, дуга үстінде, қолы — рождение, возрождение — саусақтары принципы веры. Адам осы негіздер бойынша өмір кешу қажет. Эллорадада строит, метод сақталады. Мынандай үш этаж монастырьді екі жерде көрмейсің дейді гид. Занавес, двор және үш этаж монастырь үйлерден биік. Зал — передн., намаз орын. Бұл зал мол, индус суретшілерінің қиял күші танылады. Бұнда Будда кең кеуделі, тынысты боп ірі жасалған. Ал қарсыдағы жайда Будда ойда отыр. Эллора ең биік еді, тастан храм шабу өнерінің Индиядағы апогейі Эллорада. № 32 жайын үңгірлерін көруге келдік, ІX—XІ ғасырлар. Индияға арналған жайындар, Индраның ... үлкен храм фонына кішілеу биік орын істелген. Кавышті бейнелемек болса да, шығара алмаған. Орталық кіші храм көп орын алған, пілдер көп орын алып кеткен. Колонналары жіңішке. Бұрыштарда кіші храмдар ойған. Онда Индра Индрина... Жоғарғы биік қабаты буд. храмдарына ұқсайды. Зал коридор. Үстіңгі этажы - бихар будданікі тәрізді. Көп орнамент. Сол жақта Индра зор. Қарсыда Индрани — үлкен петер ат. Индра Садха. Бұнда колонналар ғажап сұлу, мол, дөңгеленіп ойылған. Төрде үлкен бейне — пропорция жоғалтылған. Махавира.

22 февраль.

Киностудияда біраз қыдырып жүріп кеп, сурет көруге отырдық. Бұның алдында глав. министрде болдық. Ол Бомбейде жақсы да көп, жаман жай да көп еді. Өзі бірге жүріп, парламент залын көрсетті. Өзі отыратын жоғарғы орыннан, ложадан көп қарадық. Жоғарғы палатада прения жүріп жатыр. Сол жақта оппозициядағылар. Ең жаңа өкімет бағы. Зал дөңгелек. Балкондар бірнеше этаж. Олар да дөңгелек. Содан үзіліс кезі екен. Нижняя палатаны көрсетті. Онда 70 шамалы адам болса керек. Бұл ұзын залда жасыл, былғары дивандар мен ұзын үстелшелер. Осыдан шығып, документаль суреттердің студиясында болдық. Ол өкімет өндірісі. Студияның павильонын көрдік. Қорасында манго ағашы жаңа жемістеп келеді екен. Пагода дейтін үлкен бозғыл ағашты гүлдеп тұрған шағында көрсетті. Гүлдері үлкен етті. Ақ сары. Бұл студияда біз 4 документаль суреттер көрдік. 1. Непалда — тауда. Экспедиция жүрісі (атты) арқылы үлкен ел, билері, малдары, музыкасы. Көрінген таулар ғажап. Гималай, қарлы биіктер молчание вечности сақталған, мелшиген асқарлар, кейде қарлы, кейде қарсыз. Әсем гүлдер, тамаша қып-қызыл бадырайған бүлдірген тәрізді жемістер. Мал қорасы. Аттар кішкене, жүрдек. Адамы буддистер. Маскі, барабан, билер көп. Алдында осындай бір Тибетке жақын ел суретін көргенімізде, аузын, ұртын бізбен тесетін. Аузына өткір қылышты сұғып жіберіп қоятын ойыншыларды көріп ек. Мынада ондай жоқ. Бірақ билер Индияның катажар билеріне өте жақын көрінеді. Бармакер экспал. құрылған. 2. Терістік Индияда тауды жарып, тасты қашап, канал, электр станция, водохран. жасап жатқан техниканы көрдік. Біздікіне ұқсас, мынау машинаға құрылған. 3. Оңтүстікке көшіп, триандрум, трабигорларды бар балаларымен, байлық келісімімен көрсетті. 4. Ескі Бенарес ғұрпынан, Гангі әулиелік дәстүрлерінен бастады. Көп темплдерді көрсетті. Будданың алғаш заңын айтқан жері, Бенарес пен басқа көп храмдарды көрсетті. Бәрінде қытай монах жүріп отырды. Сол адамның дұға қылған жүрісіне, мінәжатына бар ғылым құрылған. Үкіметті ғылым — Индия логикасымен. Кешке біз Индия-Совет жиылысында болдық. Біздің достар: қоғам бастығы доктор Балига Мулк Раджинан (жазушы), ол бенгал, ағылшын тілінде жазады. Али-Сардар болды. Мәжілісті Атери ашты. (Ол сценарист, юморист, ақын, оқытушы болған.) Ұзын бойлы, жуан, қалың қара. Жиында сол (жазып сөйледі), Балига, Мулк Раджинан, Али-Сардар сөйледі. Содан кейін А.А. жақсы, ұзақ (11 минут) сөйледі. Кейін Попов ағылшын тілінде аз (тәуір) сөйледі. Осыдан кейін Ашрафи шашыраңқы боп шықты. Ол мен жазам халық мүлкін, Науаи айтқандай, өзіне байытып қайырып берем. Индия музыкасын байытам деген тәрізді мақтау айтты. Сурков, Завадский екеуі де кейін маған мынасы өрескел мақтан деді. Бүгін Яковлев жаман танытып олақ сөйледі. Грузин ертегісі деп бір ертекті (достық жөнінде әке өсиетін үш балаға айтатын) бүлдіріп созып сөйледі. Жұрт бітіргеніне қол шапалақтады. Ол сіздердің гүлдеріңіз исі аспаныңыз исіндей деп..., А.А. "образдың логикасы сынды білем" дедім. Күлдік. Кешке сағат 9-да біз күндізден бері қонаққа өз үйіне шақырған дос жазушы, режиссер Ходжа-Ахмад Аббастікіне бардық. Аса көп кісі болды. Бар Бомбей жазушы, ақындары. Кинорежиссерлер, артист, артискалары. Екі ВИКХ-тің сценарийін жазушы арық, кесек мұрын, жалпақ қоңырқай бетті сұлуша қара жігіт болды. Сол суретте түскен артиска болды. Ол қазір 4 суретте қатар түсіп жүр. Бізге тамақты кино жұлдызы деген әйел алып жүрді. Еркектер жазушы, ақындар алып жүріп тамақ берді, қасымда ақ киімде, бұйра шашты (ағара бастаған) көзілдірікті ақын отырды. Ол маған ең үлкен қамнан деді. Кришнан Чандр болды. О да мұқтаж екен. Көп жазушы ақындар кино жанында әндердің сөзін жазып күн көреді. Аббастың үйі екі қабат. Қонақ ету тәртіптері қызық. Көп тамақты тасып әкеп береді. Дивандарда, тақталарда отырдық та, сонда қолымызға бір табақ пен бір шанышқы алып, тіземізге қойып жеп отырдық. Жағалай жүріп тамақтарды салып отырысты. Кейін су іштік. Бомбейде мүлде арақ ішу жоқ. Мүлде таза қала. Күндіз "Тәжмахал" өткеліндегі ресторанда өзімізге (Яковлев) екі рюмка виски әпере алмай қуыстанды. А.А. бізді менен бастап жақсы таныстырды. Түнде бізді Мулк Раджинан шығарып салды. Жолда Бомбей қаласы туралы қызық айтты. 80 жыл бұрын бұнда қала болмаған. Қазір ол аралда су. Маған бір-бір жарым миль, ұзыны 11 миль құрғаққа қосатын приливті көрсетті. Оны көпірмен басып өттік. Қала ғажап. Бір заливті айналған шамдарды королеваның алқасы дейді екен. Қала ғажайып жақсы. Бізге бұл Индияға кірер есік. Бомбей — ақша жасаушылардың қаласы. Бұнда ақша жасаудан басқа арман-мүдде жоқ дейді. Ол һинді тілін көркемдігі аз тіл деді. Урду олақ емес, ғажап бай. XVІ ғасырдан. Бенгал да сондай дейді. Һинді тілінде сұлу әдебиет туындысы жоқ. Сондықтан әдебиет тілі бұрын қатты өскен өзге тілдердің біз өз дәстүрін тастап, мынаған ауысу оңай емес. Және оңтүстік тілдері санскритпен байланысты емес. Бенгал, мараны, пенджап, телегу сияқты (дәл емес) санскритпен байланысты. Оңтүстіктер тілдеріміз тәуір деседі. Бірақ санскритпен байланысы жоқ.

23 февраль.

Таңертең Мулк Раджинан әңгімесі: Индия мәдениеті ойынға көп байланысты мәдениет. Әдебиет бүгін де өз ерекшелігін көбірек сақтап қалды. Ал көркемөнер, ғылым көбінше Европаға еліктеу ретінде кетті. Өзге Индия жолын табу керек еді. Оның орнына Европа декаденті әсер етіп кеткені де бар. ...Художники XІX века начали воспроизводить поздние школы Аджента. Загубили студентов на 20 лет наперед. Сейчас становится лучше. Джамини Рой (Калькуттада) қаладан ауылға кетіп, әуелі суретшілер бунтын білдірді. Әуелі халықтық негізге қатты, әдейі бұрылды (суретші). Аджентаның соңғы живописі жасалды. Кочинде XVІІ ғасырда жаңа искусство өрлей бастады. Англия келген соң, екі жүз жылдай искусство болмай, тумай, өспей кетті. "Орыс достар мақтауға мырза, оларға жіберген үлкен емес өнерімізді де мақтау көп болады" дейді. Жас суретшілер бар, табыстары, өзге түрлері бар. Солар Россияға, выставкаға барса, тәуірірек болар еді. Қазір жағдай жақсы бола түсті. Енді жеке артистер емес, түгел коллектив келсе, мысалы, бір биші емес, тұтас балет келсе. Бізден де тұтас труппалар барса. Ендігі қатынасты сондай күйге айналдырса жақсы болар еді. Бізде, әрине, үлкен сахна болу керек. (Әзір, әрине, ондай қажет сахна бізде жоқ.) Катажары емес. Басқа бірнеше группа (труппалар) бар. Оларда ескі тақырыпты баяндағанмен, басқаша, жаңаша көрсетеді. "Катажары нәзік, терең. Оны әлі 50 жылдай оқу керек. Бірақ ол бүгінгі өмірді, бүгінгі өсу тенденциясын паш ете алмайды..." дейді.

Менщиков біразын талғап алды. Мәскеуге жіберуге болады.

Әдебиет аморф күйде. Мысалы, әзір бізде мүдде үйренуде. Мысалы, өз романын бенгал тілінен аударғанмен, басатын баспа жоқ. Ендеше, жалғыз ғана совет еліне жіберу, тіпті болмаса Ленин кітапханасында жатсын. Біздің бүгінгі журналдарда болса да шығысты зерттейтін орындар алдырса жарар еді. Кітап выставкасын ұйыстырса жақсы болар еді. Швецияда солай. Біз енді делегация жібергенде міндетті түрде өз тіл өкілдерін: бенгал, марати, һинді, урду, гуджарати, тамил, телгу, канер, малаялум, бенджай, урия, ассами (бенгал), митчили, кашмири. Ағылшын тілі 15 жыл керек болады. Әдебиет академиясы ағылшын тілін қажет тапты. (Ол әдебиет академиясы Делиде, жөні, жолы бөлек.) Ганди, Неру, Кришнан - бәрінің тілі Индия қолданатын ағылшын тілі. Олар сол тілде білім алды, сол тілде сөйледі. Тегінде, әр түрлі ағылшын бар ғой (мысалы, Говард Фаст Фустелден артық тілмен жазады). Ол (өз тілі) Пенджаб тілімен жазады да, ағылшынға аударғанда Пенджаб, ағылшын етіп аударады (бұның өз тілі Пенджаб). Бір жазушы айтады: жалғыз маңдай мен көзді (гердинаның) бес бетке созып жазған. Ағылшын тілі арқылы тіл, әдебиет мәдениеті келмесе, біз, феодализмнен келе жатқан халық, қалай өсер едік. Әдебиет мәдениетінде бұл жағынан алғанда белгілі тірек ілгері мәдениетті бойына сіңірген. Четорджи, Тагор. 1) Банким Четорджи; 2) Р. Тагор; 3) Сарат Четерджи; 4) Манэк Бенеджи; 5) Бебути Бенеджи; 6) Гара Шенкар Бенеджи. Осы Бенгалда дәстүр үлкен. Роман дәстүрі. Өзге тілдерде онда бір оза өскен жоқ. Көбінше поэзия, (стих) емес, екі жолды маснауи, газел, рубай. Двадцать лет назад эта поэзия представляла собою рост звуков. Поэта слушают хорошо, могут 10 тысяч собраться на "мушайра" — соревнование поэтов. Это, по важному событию, выступления параллельные, но соревнования мало. Важно более исполнение, нежели содержание. 88 % неграмотно — потому и пение и на слух. Развивается новелла под влиянием зап. евр. журнальных, 30-40% есть настоящих новелл. Лучше получаются новеллы, чем романы. Новеллис. школа; романы труднее... Жизнь реакционна, разрешить романисту труднее. В Индии 80% фильмов дрянь, некоторые пишут только сюжеты. В Европе новелла, проза стала динамичнее, а здесь очень длинные, рыхлые сюжеты.

Романы труднее, потому что феодализм, религия, кастовость.

Есть четыре крупные касты. 10 тысяч мелких каст, 20 тыс. еще мельчайших каст, все в рамках классового об-во. Причем классы только в городах, а не в деревне.

Совр. бурж. система связана (с кастовой системой).
Неру: ограниченность надо навязать силой.

Индуизм опирается на кастовую организацию об-ва ин. Это обряды и ритуалы (это какой-то кошмар).

Нет одной касты у мужа и жены — они не могут пить из одного стакана.
3 месяца назад одна женщина совершила подвиг - сожглась на могиле мужа.

Им приходится делать одновременно то, что делали Диккенс, Толстой, Шолохов одновременно. Сто лет англичане не давали ни одной классич. лит-ры. Очень характ. черта англичан — сознат. отгораживали инд. интел. от западной и особенно русской лит-ры. Книг мало у ин-ции. Сейчас у них в домах нет книг.

Америк. эротические, детективные о преступлениях на языки тоже переводят. Пишут и индийские писатели реакц. И халтурщики, хотя большинство поставляют американцы и англичане. Книга эта стоит одну рупию или четыре анны — легко продается. Индийские тонут в этой лит-ре. А критики в стране не существует, а хорошая книга стоит 4 рупия. А совет, книги желательно продавать недорого: одна рупия или четыре... (Во всей Индии встретил за месяц только 3-х лиц и то плохо говорящих по-русски. — А.А.). Нужно составить список из 75-100 книг и предложить перевести с разных языков.

Біз сағат 12.00-де балалар үйіне келдік. Пионерлер үйіне ұқсайды. Бал Бхавии (детский центр). (Дом детей), ең алда Ганди. Худож. вкус (балалар). Рит. зал (сыртта есік алдында бір жақта — ер бала арыстан күшігінің тісін санап отыр, екінші жақта қыз Сита — Шиваның садағымен ойнайды. Кейін Рама сол садақты көтергенмен, Ситаға үйленген. Залда суреттер: ән-гуджарата, би. Күніне 250-дей 4-14 жасқа дейін балалар келеді. 3 айға 1/2 рупий. Балалармен тәрбие ретінде айналысатындар мамандар, әдейі тәрбиесі бар әйелдер. Басқарушылар ерікті, ақы алмайды. Читальня: журналы, книги. Мебельдер — әр бояулы, әр биіктікте. Розовые: кішкене балалар үшін. Әдебиет балалардың жасына қарай. Суреттерде тарих — веды, Рамаяна, Махабхарата, Будда суреттері. Калида шығармалары. Қабір. Мүс.-инд. достығы. Поэт касты ... Норсимета. Тагор балалармен гимнді айтып отыр, гимнді өзі жазған.

Книги на языках всей Индии.

Индияның балалар ойыншығы, кейбіреулерін балалар өздері жасаған. Суреттер ұлы адамдар: Пател (премьер болған) Прасад - Кербаги... Қол жуғыштар - балалар оюларына дәл, әр саты биік. Жексенбі күн 250 емес, 800 мыңға да барады. Площадкалар. Онда өсімдіктер — балалар өздері өсіреді. Балалардың ойын аспаптары — әлпеншектер, айналмалар, теңселмелер, басқыштар, ағаш катоктар. Бар мемлекеттегі және жалғыз үлгілі бала үйі осы ғана — түк емес. Савач Ходж Радж — директордың аты. Приморская набережная —Бомбейдің ең сұлу жері. Қарсы жағы "королеваның алқасы". Касты: 1) төрт барамины, жрецы; 2) воины; 3) торговцы; 4) рабочие; 5) (неприкасаемые касты, ниже). (Браки между кастами не запрещались, - говорит Рамамиртам)?

Сағат 4-те біз қала сыртындағы киностудияға келдік.

Әуелі. павильон. Екі осындай павильон бар. 60-70 күнде бір сурет шығарылады. Сурет басталып біткенше 6 ай. Бояулы да, бояусыз да суреттер шығарамыз. 2. Екінші павильон (үлкен) едені асфальт (Мадрастағы бұдан үлкен деседі). Бір студия (осы), бір сурет шығарады (жылына). 10-12 студия бар Бомбейде. Бұл студия 4 фильм жыл сайын, план бойынша 200-ден артық фильм. Индияда жүзден артық, Бомбейде бұл жеке адамның студиясы. 3. Озвучивание ән естиміз, өз оркестрі жоқ. Жалдайды. Артискаларды да жалдап алады. Ұдайы техникалық персонал, редактор, монтажер, сценарийді бір топ кісі істейді. Бір сурет 600-700 мың рупий тұрады. Метраж (ортасы) 13- 14 мың фут (4 мың метр). Ән тыңдадық. Өте жақсы музыка. Әйел-еркек айтады. Кейде екі-үш дауыс қосылады. Өте ірі композитор Наушаудың музыкасы. "Мать-родина Индия" деген суретте — қыстақ өзі туралы. Халық би-әніне ұқсайды. 4. Костюмерная, әйелдер асылдары.

Қаланы араладық. Көргендеріміз: қаланың құрғақ жақ шеті: 1. "Бандра". Одан арал басы. 2. "Махин". Бойня, мұсылмандар — бойня жұмысшылары өте жүдеу, жыртық шоқпыт. Лашықтар жатақтай ұзақ қатар боп кеткен. Студия директоры - сол студия иесі. 27-34 жылдар өзі массовкада істеген. Қазір режиссер боп, кейін директор, бай болған, таңбасы "орақ-балға". Жас әйелдер көрдік - жүз мың алады дейді. Аласа сұлу артист тұрды. О да жүз мың алады бір суретте түскеніне. 3. "Марей" деген районы — қаланың завод районы. Екі этажды трамвай, автобустар көп. Рикша бұнда жоқ. 10-12 студия бар. 300-дей режиссер бар, олар студияны жалдайды да, қоя береді. Бросовый суретті шығару пайдалы, ақша береді. "Махарани" деген сурет, мысалы, көп ақша табады. Жұмысшылар үшін кино жалғыз әуес. 4. "Байкола" район аты. Билет 2 рупий — арзаны 6 анна (кинодағы билет жәйі). "Метро" — тәуір киноның бірі. Бір рупий билеті. Заводской районмен келеміз. Текстиль және кино өндірісі — үш миллион халыққа сол жеткілікті. Ұсақ сауда, больница. Әрине, док (порт) көп адамды жалдайды. 500 жыл бұрын бұнда ұсақ қыстақтар болған. Кейін қатты өскен. Автобус, троллейбус, трамвай, муниципалитет көп. Шойын жолдар, электр — мемлекеттікі. Медицина колледжі — португальцылар дәуірінен қалған екі үй, үлкен. 5. "Бенди базары" — әйел саусағы деген район, мұсылмандар тұрады. Бастарында ермолки — тақия көп. Қисық, тар көшелер. Жаман ұсақ, қиқым сатқан кір мәліш лапкелері. 6. "Гранд Роуд" ауданы (ул-ца б. дороги). 7. Енді Фешенебебин районға шықтық. 8. "Малабар" тауының ауданы. Бұнда: "Башня молчания" — кісіні қоятын жер. Өлікті қарақұстар жеуге тастайды. Бұл парсы деген халықтың салты. Парсылар баяғы, өте ескі заманда Ираннан келген. Діндері — заратустра діні. Төрт стихияға табынады — от, су, әуе, күн. Өздері аса ұжымшыл (социалистік әдеті мол), қоғамшыл деседі индустар. Бір кедейін өзгелері қостап көтеріп кетеді. Қаріп-қасер үйлері, көмектері мол. Өздері ірі саудагер. Байлардың көбі (Бомбейде) солардан. Индияның әр қаласында бар. Жиыны үстірт есеп бойынша жүз мыңдай. Ал адамды қою әдеті басқаша. Башня молчаниеге үй іші, жақындары арнаулы жабық, ақ автобуспен әкеледі. Біз тұрғанда бір өлікті әкелді (мысалы). Әуелі ол киімшең төменде арнаулы үйге кіргізіледі. Сонда қоштасады. Жылайды, дұғаларын оқиды. Осыдан соң әйелдер төменде қалады да, тек еркектер жоғары тау басына шығады. Онда мұнара емес, құдық тәрізді дөңгелек жай бар. Оны дохман (лохман) десе керек. Соған еркектің, әйелдің, ортаға таман баланың денелерін қояды. Әуелі осы арада арнаулы қызметкер өліктерді жалаңаштайды, киімдерін алады. Ашық (құдықшаның) апаншаның ішіне жалаңаш өлікті тастайды. Содан екі сағат өтер-өтпесте, күндіз сағат төрт кезінде өліктер қойылады әдетте. Содан екі сағат өтпестен, әлгі адам өлігінен сүйектен басқа түк қалмайды. Арнаулы қарақұстар бар, қазір қаптап келеді де, талқан қып жеп бітіреді. Басқа уақыттарда олар бойня жақта жүреді. Ал адам өлігі қойылды-ақ болды, түс кезінде қаптал кетеді. Қалған сүйек апанның ортасындағы тереңдігі 20 футтай құдықшаға тасталады. Күн, әуе қызу, ол сүйек ұзақ жатпай, кеуіп қаусап қалады. Жауында құдыққа су толғанда, ұнталанған сүйек сумен бірге құмға араласып, бүйірдегі тесіктерден ұнтақталып ағып, жоғалып кетеді. Содан әрі қаланы тағы араладық. Портқа бардық. Форт Вильямы деген ағылшын Гарнирдің форты болған үлкен сары ғимарат бар. Қабырғасы биік. Теңіздегі кемелерді көрдік. Глазгодан келген бір кеме тұр. Биік жүк көтергіш крандар. Портта толы кемелер, қайықтар (мотор), парусниктер қаптап тұр. Күн тұмандау. Анадайда теңіз ішінде екі тау көрінді. Соның бірі — биік үңгір. Елеқатын піл үңгірі. Бірақ піл қиратылған. Музейде қазір үңгірі сақталған дейді. Соғыс кемесі жүретін оң жақты да нұсқап көрсетті. Су бұл жағада сұрғылт-құлалау. Ол саяздықтан, ар таман барса тағы да Комориннен көк-жасыл болады дейді. Қала бүйірінде, бір жағада үлкен суда аса көп желкенді кемелер көрдік. Оларда Арабиядан, Ираннан, Африкадан, Кочиннен, Цейлоннан келген кемешілер, нешелер халықтар бар дейді. Фортқа жақын әсем зор үйлердің 3-4 кварталы бойларында айнала тұрған, қаптаған бірнеше жүз машиналар бар. Оларды бар тірлікті шешіп жатқан, ақша пұл жасап жатқан дүниелердің, ісшіл байлардың, саудагерлердің тоғысуы дейді. Бүгін кешке дейін осындай қызықтар көрдік. Кешке сағат 8-де доктор Балика қонаққа шақырған. Соған бармақпыз. Айтпақшы, Бомбейде біз түскен отель "Тәжмахал", Мадраста "О Кеаниг", Калькуттада "Ерстен отель", Делиде "Хайдарабадхауз" болды. Қаламның екінші толтырған сиясы бүгін бітті. 64 бет жазыппын — тамаша қалам. Тағы бастармын. Айтпақшы, бүгінгі күн жазушы әңгімесінен кейін жақын адамнан естіген әрбір ғажап жайларды ескере кетейін. Бұл қалада сатымсақ ханымдар бар. Аз ғана жүрсең, өзіңе де "һинді сұлуы қажет пе" деп оралатындар болады. Жақында әйел өзін салтқа бағыну жөнімен байы өлгенде өртеніп өлген. Онымен өкімет алысады. Бірақ әдеттен қалмаған. Әйелді, адамды сату да жоқ емес. Жақында осында базарда бір қарт тұрған, соның қасында 14 жасар қыз бала тұрыпты. Қарт сатуға базарға отырған. Сатымсақ әйелдердің тұратын кварталдары бар дейді. Бұл қаладағы жоқшылық та ұшан-теңіз. Бұнда үйсіз, панасыз жандар бір ағаштың түбін мекендеп, әйелі мешогын жайып, ерін тосып отырғанын көрсетті. Көп сондай жандар арасына түссең, қайыр сұраушылар қамап алады. Біреуіне бір тиын беріп көрсе, берсең болды, қамап, шулап тұрып қозғалтпай қоятын, жүдеу, жыртық қайыршы балалардан құтыла алмайсың. Біздің бір адам сондай балалар қамауына түсіп, құтыла алмай қойған соң, кездескен рикшаға мініп, зорға қашып құтылыпты. Жоқшылық азабын бүгін күндіз бойня маңында анық көріп қалдық. Ондағы бірнеше кварталдай кердең, үлкен ағылған көшеден адым жерде бұзылған, борық созылған лашықтар қатары есінді шығарғандай. Жыртық жабу, шоқпыт жамау, қорда-қоқыстан құрылған пана болмыстардың реңінен адам шошырлық. Көшеде бізді сұлулығымен, байлығымен, сәнімен қайран еткен Индияның бар қаласынан басқаша басым дегізген Бомбейдің осындай екінші жақ шегі, шеті де оқшау, сұмдық жат көрінеді.

24 февраль.

Біз таңертең қала сыртындағы сүт шаруасына кеттік. Бұл ағарту министрінің жақсы көретін шаруасы. Бомбейден 14 мың сиырын алғанда, 25 миль жерге шығарып, осы шаруаны құрып, қалаға сүт беріп тұратын болған. Бұл сиырлар жеке адамдардікі. Яғни 132 кісі осы колонияны жасаған. Бұрын бұқаға да қашырта алмаған, қазір ол жерде бұқаны да ұстайды. Осы шаруаның өзіне арналған министрі бар сүт шаруасын басқарады. 2 фунт сүт үшін бір рупий екі анна төленген, қазір 14 ан ғана төлейді. Жұмысшыны өкімет пәтер беріп ұстайды. Мал дәрігерінің көмегін береді. Сол үшін өкімет өзіне айына 13 рупийге сүт беріп тұруды міндет етеді. 80x2400. Осындай сүтті 15 мың сиырдан жылына алады. Сиырлары буйволдар. Күніне 14 фунт сүт береді. Осыдан 260 миль аудан бар, онда крестьяндар сүтті сиырлар ұстайды. Олар кооперация жасап, Бомбейге қосымша 80 мың фунт сүт беріп тұрады (күніне). Ол жер "Анан" аталады. Онда су қосуды тыяды. Әр дәрежесіне қарай майы азайған сайын сүт арзандай береді. Егер май 6%-тен төмен болса, сол сәтте конфискеленеді (Бомбейде 3/2 миллион адам бар дейді). 800 сүт сататын лавке бар қалада. Ағаш киоскілер. 12 ан екі фунт сүт үшін, сатқанда 14 аннан сатады. Буйволдар суды жақсы көреді. Шомылдырады, жүзгізеді. Бірақ тамақты тек стойлодан жейді. Сауын сиырлар сауылмайтын кезінде 16 миль жердегі жайылысқа жіберіледі. Бұрын бір бұзаулаған соң соятын, қазір қайта бұзаулататын болды. Қолдан қашыруды енді ғана қолдана бастаған. 280 орын лавкедегі қызметкерлер 30 рупий алады. Әр семьяның карточкасы бар. Жеке лавкеге бекітілген күніне екі рет, ертеменен екі сағат, түстен кейін екі сағат лавке ашық боп, сүт сатылады. Онда істейтін колледж студенттері. Төрт сағат істейді де, оқуын оқиды. Қыстақ Д-Жогейшверн. Бомбей. Мынау жолдағы жаман шаруа стойлоларға келдік. Төбесі ғана жабық, қабырғалары ашық. Жыртық кенептер ғана аз-аздап ілулі тұр. Қазір сиырдың боғын пайдаланбайды, өртейді. Бұнда адам жағдайы да жаман. Бактерия да бар. Сүт те нашар. Мынау стойлода жеке адамдар сиырлары тұрады. Адамдар жалаңаш, жерде сиыр боғының арасында асын істеп, ішіп отыр. Осындай жаман жағдайдан құтқарды, өкімет анау үлгілі шаруаны жасады. Сиыр жеке адамдікі, жағдайды өкімет жасаған. Бұнда сүтті де аз алады. Осындай 5-6 мың адамның сиыры жаман жағдайларда, әр жерде, қала қасында тұрады. Әр шетке орналасқан. Сүт колониясында сиыр 500-ден. Бір қора бес жүз сиыр болғанда, кейде екі қора (мың сиырлық) иесі бір-ақ бай, ал кейде бір қораның иесі 15 кісі де болады.

Әр буйвол сиыр 650-дей. Қыстақ аты Корега. 1941 жылы салынған жол да сонда түзеліті, өкімет істеді. 800-900 мың фунт сүтті бар сиырдан бір суткеде алады. Бұл колония өкіметтен бір пайыз алған емес. Ресторандарда құрғақ сүт (порошок) түрінде де сатуды міндетіне алып, ақшаны мол тапқызып, сол қаражатқа осы колонияны салдырды. Көк шөпті 12 айдай алады. Колония өлкесіне келеміз. Төбе бар — аңдау төбе, гүл, көк мол, сондай тамаша гүл жайлары клумбалар, пальмалар, көк шөптер, гардандар тамаша қойылған. Территория 5/2 кв. миль. Использованы земли, здесь 26 молоч.-живот, ферм. В каждой ферме 500-600 коров. В каждой — свое обеспечение. Алдымызда бір ферма. Оның айналасы 5-6 акр алаңы бар. Онда жасыл шөп өседі. Бұндағы бар өсімдікке боқ жетеді. Жақсы жағдай, бір акр жерге 100 мың навоз жыл бойына келеді. Жылына он рет пішен алады. 12 ай бойында көк шөп жейді. Сауу үшін арнаулы дойлога әкеледі. Сиырлар жайылмайды, прогулка жасайды. Әр жерде прудтар бар. Көбінше күніне 3 рет шомылдырады (насоспен). 14 фунт күніне сүт береді жалпы жылға санағанда. 15 мың сиыр, 13 мың сауын сиыр. Бұнда сүттің майы бәрінен артық бағаланады. 7 % майы бар. Орта төбенің басында тамаша павильон бар. Қызыл шатырлы (екі саты шатыр). Еден шахматтай бояулы тас. Қабырғада Бомбейдің картасы. Колония планы, шаруалар араласқан жайлары, әрі көзбен бар айнала, осы биік күркелер төбеден көрінеді. Аты, план, таблица, карталар бәрі бар. Үш көл көрдік. Екі көл қалаға арналған водохран., үшінші көл қалаға берілмейді. Колония керегіне жұмсалады, жер суару үшін, өсімдік үшін. Сүтке су қосылмайды. Сиырларға пенициллинге шейін беріледі. Сол үшін өкімет айына 13 рупий алады. Ол үй, ем, асырау, сақтау үшін төлейді. Азық мәселесі басқа (төбе басында бірнеше үй де бар), айнала толған фермалар көрініп тұр. Тамақ жағынан арнаулы ғылымдық норма — рацион бар. Сол жақсы бап болғандықтан, бар сиырдың иелері осы жағдайға көшкен. Өкімет екі фунтқа 12 аннан төлеп алады. Оны май %-не қарап бағалап алады. Күніне екі рет 7-7 сиыр сауын жеріне, дойняға апарып сауылады. Әр сиыр иесінің сүті бөлек өлшеніп, майы есептеліп алынады. Екі право болады. Бірі иесіне беріледі. Бірі шаруа басқармасына жіберіледі. 6%-тен төмен болса, төленбейді. 2400 маунд сүт (әр маунд — 880 фунт) алады суткесіне. Бұл тұста (жерде) аса жақсы өсімдік өседі. "Аннан" деген жер бар, 250 миль (ол айтылды). Онда сүт кооперативі бар. Әр крестьянда 3-4-тен артық сиыры болады. Сүтін кооперативке береді. Оның сүтін герметически етеді. Бетін жауып, алыс Бомбейге әкеледі. Сөйтіп, Бомбей халқы күніне 3800 сүт алады. Аннан сүті азырақ болады. Бомбейде 800 (лавке) сүт орталығы бар (лавкелер). Олар күніне 4-ақ сағат істейді (таңертең екі, кешке екі сағат). Арнаулы үйлер екі бос бөтелке әкеп, екі толы бөтелке алады. Бірақ бөтелкелер саны ауыса беруге болады. Тек бір күн бұрын айтса болады көп алатынын. Осы адамдар — студенттер. Екі сағаттан істейді (екі адам істейді). Студент өлшеп алады, оны және екінші көмекші жұмысшы... Рацион — 12 фунт көк, 6-8 концентрат. Сол рацион бағасы суткесіне екі рупий тұрады. Бұдан басқа істемейді. Буйвол, тегінде, көп жейді. 8-10% пайда береді иесіне. Бұл колония — өкімет пен жеке меншіктің қосылған түрі. Сүт жиылған соң өкімет (иелері үшін) сатып береді. (12 аннан алып, 14 аннан сатылады.) Әр күн 100 мың рупийге сүт сатылады. Колонияда өз школы, почтасы, больницасы (амбулатория) бар. 1949 жылдан салына бастаған. Бес жылда осы халге келді. Отель, сатқызатын болды. Содан таза сүт күйде балаларға, арнаулы орындарға береді. Порошок көп ақша айыруға себеп болды. Колония планы аспаннан қарағанда 26 норма ... Ішетін су басқа, бұл көлденең алынбайды. Үшінші планда: сиырды сауатын, бұзау тұратын, азық араластырғыш орын (бес сағат бұрын әзірленеді). Сиыр бұзаулайтын орын. Манеждер — ол сиыр сауатын (күндіз, түн) орындар, жайлар. Бұқалар орны. Осында мал маңындағы адамдар жайлары. Артта қосымша жұмысшылар тұратын жайлар. Қаладағы ретсіз жерлерде адам малдың төбесінде тұрады (мысқыл). Жеті сиыр бергенге ол тегін үйде, тегін сүт алады. 65-70 рупий алады айына. 132 иелер бар. Екі ферменің иелері 12 адам. Бес сиыр, он сиыр иелері де бар. Бір ферме кооператив, оның сиырлары көптікі. Ондағы сиыр саны 600, адам мүшесі 15 кісі. Сиырдың 4 пұтында 15-20% артқан. Қалада сүт беруді қоя сала сояды. Бұнда сиырды олай етпейді. Немолочный сиырлардың фермесіне жібереді. Кейде үш жылға дейін сиыр сонда жүріп, бұзаулап қайта келеді. Улучшение породы, искусств, о семенен, у коров, давших 2500 литров молока. Метизация — нет. У них есть разные породы буйволов лучшие. 9-10 ай сауылады. Еркек бұзаудың өлімі 40-50%, етке бұзауды сатпайды. Электродойки нет, доят мужчины. Автопоилки нет. Ферма №5 бір кісінікі (510 сиыр). "Идеальная мол. ферма" — осы ферманың аты. 12666 молочн. колонияда бәрі 13738 буйвол. Сиыр 121, бұқасы аралас. 409 буйвол, 8 сиыр алыс фермаға жіберілген на восстановление молочности. Ірі сиыр 11-12 жасайды, содан кейін ғана жаңа сиыр сатып алынады. Былтыр бір күнге 2134 еді, өсті. Әр сиыр 15 фунтов, бірдей на одного буйвола и 8 с чем-то на одну корову: содержан. жира 7,4%. Стойло асфальты күніне 3 рет жуылады — шәйіндісі далаға ағады (удобрение). Буйволдың номері құйрығының астына жазылады. Бык сиырдың өркеші мол.

Бұлар 24 фунт сүт беретіні де бар — орташасы 15 фунт береді. Корма: жмых, пшеница, солома, трава, бобовые — под-солнечный жмых, отруби (кукурузы, кормовой свеклы нет). Түнде жататын манежі — төбесі ашық, аласа қорғанды қора. Көк сиырлар, тақыр, мүйіздері ірі. Бұқасын шығарды буйволдың, ол шауып жүреді, төрт жасар, онша зор емес. Колонияның бар жолдары, асфальт жоқ, тауға да, ойға да түседі. Бар жол бойында бақ өсімдік гүлдер. Сүт заводына келдік. Келе аралап, асфальт, көлдер, аса мол машиналар сүт алатын, таситын қоршап тұр. Автомобильдер бидондармен сүт әкеткелі тұр. Бар фермадан сүт осында әкелінеді. Екі проба алынады. Көп бидон қойылып, бұдан сүт әрі пастеризацияға кетеді. Арнаулы стрела сүттің көлемін көрсетіп тұрады. Бидон қайнар сумен жуады. Механически, ып-ыстық, қап-қара бидон жуылып шығады автоматтан. 3 мың литр сүт насоспен алынып, арнаулы бакта пастерилизацияланады. Астан насоспен сорылып алынады. Сонан мынау залдағы салқындау пастерилизациялайтын аппараттарға суысып шығады. Бактериялар өлтіріледі. Битаминдер өлмейді. Пропорциясы электрсіз, ыстық, суық сумен істеледі. 162% температура нагрева. Контейнерлер дейді сары резервуарларды. Порошокпен істелетін сүт. Су — сүт, порошок қосылады. Бар больница, жұмысшы, оқушылар сүтті осыдан алады. Жексенбі күн балалар сүтті тегін алады. Толық жұмысшынікі — 1 рупий күніне, 35 рупий айына... Лаборатория күніне 800-дей проба алады — бар проба түрлері осында. Аннан сүті де осында пробаға алынады. Үлкен конвейерде бутылкалар жуылған, тазарғаны өтіп жатыр пар-пардан. Сүт толтырып, герметически жауып өткізіп жатқан конвейер, сағатына 12 мың бутылка өтеді. Содан бутылкалар суық залға түседі, одан орта темпер, залға үйіле жиылады. Мол ұялы темір торларға қойылады. Кісі бойындай сүттің бөтелкелерінің торлары.

25 февраль.

Бұл күні біз күндіз тынықтық та, түсте Дели университетіне барып, совет кітабының выставкасын аштық. А.А. сөйледі. Мен азғана сөйледім. Ашрафи сөйледі, тағы да ыңғайсыз, олақ сөйледі. Көрмеде менің романым да бар екен. Қол қойғызып алысты (автограф қалдырдым). Кешке жақын А.А., Завадский, мен үшеуміз өзіміздің елшілік колониясына барып, жиылыс өткіздік. Адамы көп, ажарлы еркек-әйелі шамалас. Ажарлары анық мәдениетті, ретті. Кітапты жақсы, орысша оқитын анық тамаша өзіміздің Отанның қымбат оқушылары. 25 минуттей сөйлегенде (мәжілісіміз тақырыбы екінші съезд болатын), А.А. көп нәрсені айта, жеткізе білді. Оның сөзіне (өзі айтуынша жалпы ғана) жайлар болып қойған жоқ. Кейін мен әдейі ол жағын басып ескертіп өттім. Оның сөзінде жалпы жайлар аса анық конкрет халдер (әдебиеттің жазушылық шындықтан, болмыстан) және сындар мен жүйелік жайлар да кем болған жоқ. Мен сөйлегенде оны қайталамауға тырыстым. Тіпті туысқан елдер мәдениеті жайында ол көп айтып, кең айтып, өзінің дағдылы аса орамды тілімен келтіріп айтып қойды. Мен сондықтан басқаша бір сын ойды айттым. Ол екі съезді салыстыра сөйлеу еді. Біздің бірінші съезд бен екінші съездің екі басқа екенін айттым. Ол басқашалықтар, тегінде, қатты ойланып ескеруді қажет ететін жағдайлар. Бірінші съезд жүйелі жайларды 20 жыл емес, 50, оны 100 жылға жетерлік етіп шешкені рас. Бірақ соңғы 20 жылдағы конкрет табыстарға байланысты соц. р-зм жүйесіне толықтау, қосу шарт еді. Маркске Ленин қосқандай, Ленинге Сталин көп жаңалық қосқандай болса, артық пе еді? Ал бірінші съезде Максим Горький Жданов екеуі маркстік-лениндік эстетиканы көп тереңдетті. 20 жыл бойында әдебиет, сын, академиялық ғалым Горький пікірлеріне сүйенеді. Көп нор алады. Ал біз осы жағынан қарағанда, бар баяндаманы қосып, тіпті коллективный Горькийді де бере алмадық. Ілгері дамытарлық заряд берерлік үлкен ой қалдыра алмадық. Бірақ 155-19 өткен 20 жылдың урожайын жидық. Бірінші съезд еккенді екінші съезд орды. Ал өзі алға қарап аз берді. Оның есесіне екінші съезд бірінші съезд бере алмаған нәтижелерді аса жақсы көрсетті. Қасиет осында. Әсіресе соц. р-зм берген нәр-нұр атаулының жиырма жылдық әсем әсері жақсы ашыды, кең танылды. Съезд қасиеті осы болды. Ал СССР болмаса, әсіресе біздің әдебиет бұлайша өспес еді. Өзге жағдайларда 150-200 жыл жүріп өтетін жолды біздің жас әдебиеттер 25-35 жылда басып өтті. СССР болмаса осы жылдар ішінде осы ақын-жазушылар толып жатқан декадасын "изм"-дердің шырмауына, әр есікке тұртінуде өткізер еді. Өнімі болмас еді, осы жайын әлі де терендеп ойланатын хал. Келесі пленумда мен осы жөнінен сөйлесем де болады. Тіпті Индия әдебиетіне ағылшын әдебиеті әсер ете алмағанын, 150-200 жыл қор еткенін еске ала отырып, 35 жылда озғын орыс әдебиетімен біздің қанатымыз қатты да, тез де жетілгенін айту аса дұрыс болады екен. Сол 25 күн кешке "Хайдарабадхаузда" Жафримен бірге келген урду тілінде жазатын үш ақынмен таныстық. Олар да, Жафри де мүшәйраға келген екен. Индиядағы мүшәйраның өзгешелік жайларын сұрастырдық. Қыстақта, оқымаған халық ақындары біздің ақындарша суырып айтыс жасайды екен. Қалада оқыған ақындар айтыспайды. Тек өз шығармаларын бірі декламациямен, бірі әндетіп оқиды. Сағат 10-да біз А.А., Жафри үшеуміз мүшәйраға бардық. Ол ғажайып жиын. Көшеде, бұрыштарда, парк алдында тұрған машиналар саны есеп жеткісіз. Жиын үйде емес, өңшең бояулы кенеп шатырларды құрастырып жасаған мейлінше мол залда. Төрдегі сахна да шатырлардан құралған. Желмен бірге толқып тұрған төбелер байқалады. Сахнаны биік етіп нық жасаған. Оған кілемдер, жастықтар, микрофондар қойылған. Сахна басқышпен шығысады, ол биік. Онда отырған адам да бар залға мейлінше мол көрініп, естіліп тұрады. Тегінде, халықтың көптігін еске алып, мынау шатыр залда жарық "күндіздің" жарығы. Бар жерге ағартып, ұзын сызық етіп тартып, сырлап тастаған ақ сырықтар. Ақындар әр алуан. Біреу қып-қызыл мас күйде шықты. Микрофонға тәлтіректеп зорға жетті. Басына кигізген бөркі құлап түсті. Көздерін ежірейтіп бадырайтқаны, бақырайтқаны тіпті өрескел, өзгеше сорақы болды. Мастығын білдірмеймін деген болу керек, көзін адырандата береді. Дауысы бақырған, қырылдаған, сүрініп, сүйретілген тілмен көп сөзін былдырай салып сөйлейді. Тағы бір семіз, ұзын бойлы жастау ақын Пакистан тілі мен пенжан тіліндегі аралас қосып сөйлейтін ақынсымақтардың өлеңін оқып, көп жұртты көп күлдірді. Бірақ ақындық тапқырлығы емес, мысалы, қазақ тіліне украин сөздерін қосып, немесе орыс тіліне украин сөздерін қосып күлдіру тәрізді. Цирк клоундарының әзілі бар тілі тәрізді. Соған көп жұрт шынымен күліп отырған тәрізді емес, сын, тапқырлықпен күлдірмейді, қытықтап күлдіретін сияқты. Ұлы лирик деген бір қызық пішінді ақын шықты. Ол қап-қара. Шашы ұзын, мойнына түскен. Шашы қара да, сақалы ақ. Дөңгелете, өткірлей күзелген сақалы бар. Тар сұр бешпент киген. Бұтында тар дамбалы, жалаң аяқ. О да өз қалпында келіссіз көрінді. Тағы бір үлкен ақын саналған тақыр басты, кішкентай мұрты бар, қасқа, жалтыр қара бешпент киген ақын тәуір оқыды. Сүйсінген халық "Вава" деп қалып қостап отырады. Басын теңселе шайқап, ырғала елтіп қостайтын халық та бар. Оқыған жұрт, өнерлі қауым. Өз басында келісті киінген сұлу әйелде де көп. Мүшәйраға бұл түнде бір ақын әйел де қатынасты. Ол европаша бежин түсті жұқа пальто киген, басында ақ жібек орамалы, кең ақ жібек шалбары бар, сұңғақ бойлы, қоңыр-сұрлау әйел. Өлеңді әндетіп оқыды. Қысылған, іркілген, қымсынған кезі болған жоқ. Сахнаға басқышпен көтерілді де, аяқ киімін (басқаларша) тастап, микрофонға жалаң аяқ барды. Мүшәйра жөнінде Жафри біраз мәлімет айтқан. Қыстақтарда мүшәйра айтыс ретінде болады екен. Біздің ақындар айтысына ұқсаса керек. Осы мүшәйраның алдында Жафримен әңгімеден бастаған бір-екі мәселе еске келеді. Ол европа әдебиетінің бізге әсері болған деді. Мен ағылшын тілі корольдің ғана тілі емес, Апарон Шеллидің тілі. Одан үлгі алса, нетер еді. Алмасқа бола ма тіпті десем, қарсы болды. Индияның өсу жолын баста қабылдамады дейді. Мен Россия мысалын айттым. Орыс тілі патшаның тілі еді, бірақ Пушкиннің де тілі осы. Біздің өр халықтарымыздың ақындары ақындық мәдениетті — әдебиет, мәдениетін сол орыс әдебиетінен және ол арқылы бүкіл дүниелік әдебиет ортақ мүлкінен үйреніп өсті деп едім. Индия жолы басқа болды. Сіздердікіне ұқсамайды дейді. Мен мысалға Раб, Тагордың прозасын алдым. Оны Европадағы роман үлгісін Индияға әкелуші болған жоқ па дедім. Бұған жауап айтқан Жафри да жетіскен жоқ. Тагор прозаик емес, ақын деді. Ал оның дүние білген романдары барын айтсам, қайтадан Тагор ақын, прозаик емес дейді. Дәлел де, ой да шалғай көрінді. Осындай саяз ой, роман жазуы тумай жатқан себебі жөнінде, Мулк Раджан айтқан дәлелден де басқа болып еді. Анығында, иран тілінде сценарий, новелла жазу басым болғандық әсер етсе керек. Ал оның көбірек озғындайтыны кинода, бар проза тек киноға қызмет етеді. Бір кезде ойлар болушы еді, ендігі заманда театрды кино жеңеді, театр болмай, кино болады деген пікірлер болатын. Индия сияқты Европа мәдениетін жақтап, өзгеше қатынасқан ел мүмкін солай ауыса өссе ғажап емес. Сондай хал бар да. Ендеше, проза да, роман да сол жаңалық өзінше үлгеріп әкетіп жүруге мүмкін. Анығында, Индияда театр жоқ. Музыка өнері өзге жағынан кейіндеп қалғаны тағы да кинода. Европа үлгісін кинода артистің ойнауы да көп, көп нивелировкаларын аңдатады. 26 февральда музейде болдық. Ол алдыңғы книжканың соңына жазылды. Сол күн кешке "Шойын жол полотносы" деген Индия киносын көрдік. Зал, қолымен тарсылдататын әдеттері басқарақ. Сурет қызық емес. Мазмұны, әсіресе стилі әдепсіз, көпшілікке жайылған үлгіде (орташа). 27 февраль күні бір қымбат альбом сый алдық. "Живопись долины Кангра" деп аталады. Күндіз сағат 5-те төрт парсы келді. А.А. екеуміз әңгімелестік. Төрттің бірі, жаңа аталған ұлы лирик Жигар келді. Кейін тағы он шақты жазушы қосылды. Әңгіме: парсы ақындары туралы. Хикмат — Хафиздың мазарын жасаған министр болған кезінде. Қазір ол елші. Өткен мүшәйрада кім озды? Жигар — ұлы ақын, бірақ бәрінен озған ақын емес. Бірақ анау озды деп айтылмайды.

Джоши - один из лучших поэтов. Ғазелді халық бәрінен артық көреді.
Поэты:

1) Дипак — поэт, жас лирик; 2) Рахбар — критик, поэт; 3) Саламатулла д-р — критик; 4) Низами Сагар — поэт, популярный (самый) в нац. освобод. движении; 5) Султан Хамида — романист, прозаик; 6) Маджрух Султан Нури - поэт (газели). Один из самых лучших на урду; 7) Шерма — журн. и критик; 8) Шерпат — поэт; 9) Гулям Раббани Габан — газел мастері; 10) Жигар-Мурад Абади. Это попул. ветеран, он наиболее популярен; 11) Зоп Унсари - журн. и критик. Все сочиняют газели, а Низами враг газели. Считает это застывшей формой (қалжың). Кешегіден қорықпаңыз. Бізде 15 минут кешкі Индияның әдеті деседі күліп. 1. Низами өлеңін әндетіп оқиды. Бұрынғы бәйіт оқу осылай болса керек. Шәкірттер еске түсті. "Вава" десіп отырды, кейде ол айтқан бір жолдың бір-екі сөзін қайталап айтады. Солай да қостасады. Мазмұны: бұл газел. Сергек мазмұнды. Қараңғыға қамалған қамықпас жол табады. Мінейді. 2. Маджром (Бомбей ақыны, лирик). О да әндетіп, мақамдап бәйітше оқиды. Урду тілінде лириканы ең жақсы танытып жүрген осы дейді. Дауысы, күйі бәрінде зарға ұқсас, мұңға толы сарын бар (көзілдірігі бар, шашына ақ кіре бастаған). Мұңды, ойлы жігер қатты сүйсініп, аз сөзбен қостап отырғанда, маңдайына қолын апарып алғыс білдіреді. "Ваһва" деп көп дабырласты. Салмақтап, зармен, мұңмен айтады. Мазмұны: философия символа. Лирич. газель — он считает себя понявшим диалект. Мат. цветок моего сердца. М.б. на чем он вырос? Вырос символ... 3. Шариат — ақын, жас, қара көзілдірікті, сұлу, қара сұр.

Прамирдің кіші інісі деп қалжыңдап таныстырды.

Маңына қол сермеп, кейде бір нәрсені нұсқап, алақанын жайып, айнала қарай түсіп жырлайды. Бұда күйлі, әдемі сарынмен жырлады. 4. Ғұлам Раппани жырлады. Шашы буырыл, қара көзілдірік, ұзын бойлы. Бұл ақырын оқып, декламацияны сөйлегенге жақын айтты. Қалжың сөзі аралас бөлу керек, күлдіреді де. Шашы ұзын. Жигар ақын жалғыз сөзбен мақтай түссе, маңдайына қолын қояды. Вопрос - ответ форма ритор. Вопрос и ответы. 5. Жигар өте ақырын, сыпайы біраз сөйлеп барып, әніне, оқуына ауыстырды. Қабағын түйіп, ауыр салмақпен салқын жырлап отыр. Мұрты басылған, сақалы да дөңгелене қырылған, үшкірлеу. Жұрт оның өлеңін "aha", "aha" и "Ваһва" деп те қостады. Жырлап отыр. Басында бұйра көк бөрік. Оны тастамай отырып шай ішті. Енді қара шашы желкесіне түскен. 6. Дипак — ақын өлең оқыды. Әннен гөрі де декламацияға жақындау бастады. Кейін мақамға ауысты. Жас, сұлу, кесектеу мұрынды. Қара бешпет мойнын дәл қысқан. Көзілдірігі бар. Кейін А.А. Сурков оқиды өлеңін. Поэт тамильского языка Барат — первый пел о независимости. Прошли дни, когда всех белых мы называли сэр. Прошли дни, годы, люди от снисхождения смотрели на бедность.

Везде говорят только о независимости...

Давайте об этом раструбим всему миру. Пришло время, когда мы все едины. Пришел день, когда обман и ложь исчезли. Пришел день, когда человек низшей касты стал равен другим. Мы будем чтить плуг и труд. Мы больше не будем поливать сорняки. Мы больше не можем работать на обманщиков. Мы узнали, что страна, в которой мы живем, наша. "Мы никогда не будем рабами", мы будем работать только на всевышнего. Еще стих. "Когда мы только упоминаем о стране тайн", "Я слышу сладость меда", "Когда до нас доходит песня на тамиле". Страна тамил — это страна классического языка. Это молодая страна, песня любви. Это страна, которую орошают три реки. Эта страна на берегу. Вынюхай, где процветала литература. Это страна, где создана жемчужина тамил, языка... Это страна, где сосредоточены все богатства мира. Это страна, которую с одной стороны омывают голубые воды Каморы. На севере горы. Это страна богата литературой. Это страна, подарившая лиру поэта Комбан. Эта страна впитала аромат нескольких литр. Это страна, подарившая миру классика (имя незнакомое). Люди этой страны переехали на острова Цейлон и Ява. И там, на этих островах, флаги: рыбы, тигры (они колонизировали эти острова). Третий стих. Нету страха, нету страха, нету страха! Если против нас поднимается весь мир — не побоимся! Пусть клянут нас — нет страха, нет страха. Пусть мы потеряли, нет страха, нет страха. Нам не страшны даже чарующие взоры женщин. Нам не страшен самый страшный яд. Мы не боимся даже самых страшных армий. Даже если небесный свод обрушится — нам не страшно. Дочь моя. О моя доченька. Теперь, когда ты родилась, я бесплодна. Ты мой нектар. Ты золотая говорящая картина, ты плачущий мед для меня. 28 февральда Ғұмаюнның сарайын көрдік. Ол қызыл песчаникке мраморды оюлап қосудан жасалған. Күмбезі мрамор. Бұда мезгілінде аса сұлу істелген екен. Тәжмахал әйел көркін көрсетсе, Ғұмаюн мазары ер көркін көрсетеді" дейді екен. Кейінірек бергі нәсілдер салған. Сол күні бір хатшы министрдің қабылдауында болдық. Аз әңгімеден соң одан шығып, Нерудің қабылдауында болдық. Оның бір жақсы сөзі болды. "Сочувствие сочувствиені тудырады, достықты тудырады. Халықты халық солай білісу қажет. Сол ғана жол..." деді. Біздің адамдардың сіздің елге бар көңілмен дос боп кеттік деген сөзіне орай етіп айтты. Бұл отырысында жалаң бас еді, маңдайы үлкен, әсіресе көзі нұрлы, ойлы жылы. Бір ес мінез қасиеттерін қатар қосып танытқандай адам. Сұлу, отырысы жай жабайы ғана, кабинеті биік дуал бойына палисандр сұлу ағашымен сары қоңырлау сырланып, қапталған. Үстелдің түсі де сондай. Бірақ үстелдің форымы қызық. Осылайша ойлы оралған. Дәл осы күн кешке сыйлар берді. Кейін соңғы рет біздің құрметімізге кешкі ас әзірленді. Хайдарабад хауыздың өзінде, үстіңгі сарай салтанат бөлмелерінде болдық. Әуелі түрегеліп тұрып әңгімелесу, артынан табақтарға астарымызды өздеріміз салып алып, үстелге отырыстық. Біз төрт кісі бір үстелде бір ағылшын әйелімен бірге болдық. Ол француз тілін оқытатын, қара түсті, үлкен көзді әйел. Рас, 27 күні тағы бір қонақта болғамыз. Ол баһадүр атты бізді министрлік тарапынан ұдайы қарсы алдырып, күттіріп жүрген ірі орын адамы. Өзі хатшының орынбасары. Айлалы, орамды болайын деп тұрған адам. Сол дайын көктемгі қонағына барып, 1 '/2 сағат болып шықтық. Индияда ең соңғы бір келелі әңгімені мен соның үйіне қонаққа келген қызметтес адамы Жусеин мырзамен сөйлесуде естідім. Ол Сыртқы істер министрлігінде Европа бөлімін басқарады. Інісі Пакистанда Сыртқы істер министрлігінде істейді. Осы адам ағылшын заңы, сот, әдет, шариғат жайлы, мұсылмандық қалпы туралы қызық мәлімет айтты. Есте болатын жәй. Ағылшын заңы әлі қолданылады, бірақ ол біздің дінді, моральды, семьялық жәйларды ескерген заң болатын. Сондықтан әлі қолданамыз деген тәрізді. Олай болғанда, ағылшын заңы бұндағы ғасырлық устойкостносьты құлыптаған да сақтаған боп шығады. Өзі бізге ескерту айтып, Индия ағылшын ықпалынан шыға алмайды деп суреттегіш келеді. Сырт адамдары деп еді, аяғында өзі сөйлеп тұрған тілі, мемлекеті қолданған заң әлі ағылшындікі екенін өзі мейлінше орындап шықты.

26 февраль.

Біздер музейдеміз. Онда Шива тас қолы бар. Билеп тұр. Үш сипатта: сотворение мира, процветание, истребление зла.

І. Бес қол бар: 1) создат. мира (тамбурн. в рун); 2) пламя создания и разруш.; 3) запрещ. лир... 4) вес три фунта.

ІІ. XІІ ғасыр бронзасы. Шиваның әйелі.

ІІІ. Тағы Шива — басында ай белгісі (уничтож. инструменты бар). Ай - мягкость и кроткость — осы құдайдың сипаты. ІV. Шиваның емшегі бар суреті. Әйеліне үйленген түннен соң әйелдің емшегі біткен. V. Бір құдай әрі әйел, әрі еркек — жарым денесі ер, жарымы әйел. VІ. 24 перевоплощениеге сенеді индустар. Шиваны құдай жаратқан, жан иесі өлтіре алмайды. Тек құдай жаратпаған Демон ғана өлтірмек болады. Бірақ оны Шива өзі өз сапына салып өлтіреді. VІІ. Шива пілге өз баласының басын берген. Әйел бала үшін қиналған соң, өзі басын алған баласының басын бірінші кездескен хайуанға бермек болғанда, алдымен піл кездескен, соған адам басын берген — соның белгісі. VІІІ. Школалар: Бахари (Могол), Мугал, Раджастхан тәрізді живопись школалары, солардың картасы. Декани (южн. школа). Рукописи: Западные тексты и картины и текст творят об одном и том же (картина воспроизводить все...) Кришна әр кезде көк түсті болады — қолында дудка жүреді. Суреттер: а) сурет — Кришна мен әйел — свиданиені күткен, ауырған әйел туралы, paгa — рагини; б) paгa — песни. Алты paгa бар, әр қайсысы бес бас рагини бар; в) биші әйел — түсі Кришна әйелі Рагагаға ұқсайды; г) қызық (сюжет) сурет — үш-төрт халді баяндайды — қамыста, таудағы сарайда және жеке екі адамның тау басында табысуы — бөлініп төменде ірі (деталь) етіп көрсетілген (Пахари школасы); д) Кришна өз әйелі Раданың тырнағын (аяғының) бояп, реңдеп отыр; е) қыздардың (принцессаның) күйеу таңдауы, ұнаған күйеуге гирлянды лақтырған; ж) Рада — Кришна (қалжың). Могол живописі — XVІІ ғасыр. Ақбар - намазды, хажды тыйған, мешіттерді жапқан. Әйелі һинді қызы болған. Сурет адамды салған. Шам жағылған солай болады. Кейін Ауреңзеп бәрін ойыншылдыққа салған. Кітаптар. XV ғасырдан Нәдір шахтың қылышы бар — сикхылар соғысты түсіріп алған. Осында Шыңғыстың тарихы бар.

Южная школа Декани Раги.

Құран парсы тіліне аударылған. Акбардың кітапханасында 20 мың кітап болған. Өзінің суреті, жақындары салынған. Ганди училищесінің символы — арқан, айналма дөңгелек.

Скульптура. Ескі мрамордан Білім құдай әйелі (богиня).

Тысты бұқа (Ашока бұқасы) ескі заманнан. Ашока гербі — төрт арыстан. Қазірде де сол герб боп алынды.

1 март.

Біз жолдамыз. "Викног"-пен 4 сағат ұшып, Бомбейге кеп, күн ұзын гостиницада болдық. Енді түнде Бомбейден Каһираға ұшқалы отырмыз. Сапар оң болсын, елге қайтуға беттедік. Индия жағасынан түнгі сағат 23. 55-те ұзақ сапарға беттемекпіз.

2 март.

Түнде сағат 12 '/2-да Бомбейден ұштық. Самолет төрт моторлы, ұзақ, іші вагоннан кем емес, 60 кісі мінді, арқалық бар, бөлім де бар, әр бөлімдер арасында шымылдық. Ортада кең коридор, оған қалың кілем төселген. Орындықтар екі-екіден. Самолет 10 сағат 45 минут ұшып, Каирге жетпекші. Теңізді аз жағалай ұшып, Арабстан сахарасын басып, шығыс-түстіктен батыс-терістігіне қарай кесіп өтеді. Бұл түннің 8 сағатын ұйқымен (шала ұйқы болса да), қалғумен өткіздік. 8 '/2-да оянсам, таң жаңа атып келеді екен. Бұнда сағат басқа. Самолет 250 километр жылдамдықпен ұшқанда, біз 10 сағатта 2500 километр жыраққа ұшамыз. Сондықтан сағат анық көп ауысқан. Мәскеу сағатына ұқсап келеді. Самолет сондай жайлы, пароходтан да майда (өзен пароходынан). Енді төменге қарап отырамыз. Күн шықты. Теріс жағымыздан шықты. Астыңғы жақ тегіс жер. Құм. Бұйра құм, анық шөл Биябанның өзі. Өте сирек қана қара тасты шоқылар, қырлар көрініп қалады. Ал құм тегіс емес, тау-тау құм болу керек. Орай-орай кейде бүктетіліп, кейде толқындай қат-қабаттап, кейде құм қырқалардың құла сор бозғыл жүдеу реңін танытады. Дүние бұл тұста өзінің тозғанын, азғанын, жүдеп қаусап, қартайып біткенін байқатады. Ешбір жыбыр еткен тірлік белгісі, нысаны жоқ, жым-жырт құла түз. Әлгі ертегінің "ұшқан құстың қанаты күйетін, жүгірген аңның тұяғы күйетін" құлан жортпас қу дал асы. "Aл керт етіп шөп жемес, ер қылқ етіп су ішпес" шөл Биябан. Тағы да ертегінің от дариясы. Бұдан талмайтын ескі тағы замандарда тек самұрық құстың дос қанаты ғана алып өтетін. Қазіргі ғасыр қандай ғажап!! Адам қандай осы самұрықтар қанаттарын, алыптарын тапқан. Тек адам адамша жұмсауды үйреніп алып, адамдықпен пайдалануды білсе (атом бомбасы жайында), күнде айтылып жатқан сын менен қарсылық, адамгершілік сөздерді осы техникаға да молынан қолдану жол ғой. Күн көтеріле түскен болу керек. Құм дүниесі жарқырай көріне түсті. Енді ол анық, кейде қызғыл, бірде бозғыл құлаға айналды. Көлеңкелі қатпарлар жоқ. Бұлт, ала бұлт, тұман, мұнар бар. Сондықтан да көлбеп шыққан күннің сәулесінен қатпарланған көлеңке түссе керек, ол да жоқ. Тек боз бұйра құстың арасында қоңырқай, қара барқыт жіңішке иректер тәрізді акқұлат бейнелі ойдым-ойдым, кейде созалаң-созалаң таңбалар көрінеді. Оқта-текте әлдеқашан солып қатып қалған сордың, қақтың жалаң тегіс тақыры білініп қалады. Тағы бір шақтарда тек қана қызғылт сор бірқалыпты, теп-тегіс сұр дүние, шексіз қу дала, қу медиян кетеді. Кербаланың шөлі. Тарихтың шөлі, заман шөлі, жер жүзінің кәрі көңіл шері, сұмдық шөлі. Оған адам тұтқынға түсіп қалса, не болмақ. Аспанда келе жатқан біз бенен мынау көрінген жер тұрағының арасы ап-азғана. Бір серпіп ұшқан бүркіттің шырқауындай ғана. Шөл үстінен ұшып өткен ғана емес, сол сонау бір шөл ғасырлар үстінен де шолып ұшқандай боласың. Әңгіменің, кітаптың басында айтамын деген ертегілік ғажап, ғайып кіріспе әңгіменің бір кесегіне осы Арабстан шөлінің үстіне ауысқандағы ойлар мен сезімдерді қоса кетуге болады (бір сәтке). Бұлт, аспан — сол ғана көп таныс, көз таныстай. Қоңырқай, қара сұр, бозғыл, ақ сұр, ұзынша, кілегей, қоюланған бұлттар. Төменде солар жер мұнарымен ұласқан, көкжиекті жасырған. Бүгін мұнда осындай бұлттар мұнарлы күн бар. Дәл өз жерлерімізде (кім болса да өз отанында) қия жарда болатын, кірбең ала бұлт аспан жайларын байқатады. Сағаттан артық ұша түстік. Енді жер, шөл рең жағынан өзгеріп көрінеді. Кейде бұлт реңденеді, анық бояулы сұр бұлт, көкшіл сұр бұлт реңіндей. Көп уақыт жер ажары астағы теңіз ажарындай боп та кетеді, тек анда-санда сол ай бетіндей суық, жансыз сұр мұнар арасында сорайған үшкір шоқы, жеке қара биік байқалмай қалады. Әлі құм кешуменен Каирге дейін бір сағаттан азырақ ұшамыз. Төменде жер жайы анық өзгере бастады. Қазір көбінше тасты тау, қатпар-қатпар қара адыр. Реңдері басқарақ, аралары үзіле түсіп, қайта қосылып отыр, асты жықпыл жарлы, құжыр тасты таулар өтті. Көлеңке сұрғылдана түседі. Аспанда әлі де алаша бір бұлт бар. Жер, өлке ажары өзгеретін жөні бар. Йемен аталатын қазіргі Ливан, Сирия, Израиль тұсынан өтетін болуымыз керек. Атырабы бұл шөлден аз да болса арыла түскен, адам тіршілігі бар өлкелер. Бізге таулар мен аралас аппақ құм ағыстары (кейде өзендей) тауларды орап, алқымдап алады. Сайларды кейде кептеп басып алады. Енді тау ірілей түсті. Бояуы әлі де сұрғылт, бозғыл, кейде қара қоңыр. Биіктер арасына мұнар, тұман тығылған. Кей биік асқарлар сол мұнар тұманнан асып, бұлтқа араласып, өркештене ұласып тұрғандай. Кейде төменгі дүние мүлде ағара мұнарланып тұтасқан ақ сұр кілегей дүниеге айналып кетеді. Әлі де адам жайы, мекені білінбейді. Астағы өлкеде тақыр ақ сұр күз боп жатқан су ағарлар бар тәрізді. Бұл құмдар ендігі аласа адырлар араларында кейде қан тамырдай, ақ тамырдай тармақтанады. Тегінде, әлдебір мезгілде болатын жауындар тұсында сел су, жауын селі ағатын су ағар болуы ықтимал. Қазір ақ құм қара сұр тақыр, адырсымақпен араласа кездеседі. Енді бір шақта аппақ, ашық беттей, ай бетіндей құмның өзі басты. Арасында қырлы жұқа құм таулар көрінеді. Тақыр қызыл плоскогорье кейде шұғыл үзіліп, төменге құз-сайлар кетеді. Онда да өсімдік ұсқыны білінбейді. Өзі де, түрі де үңірейген жер табағы, көзі де — бәрі де қылтанақ жоқ құрдымның өзі.

Құла тау ұзын жазық боп созылып та кетеді.

Міні, енді ғана, Каирге 25 минуттық жол қалғанда ғана, ең алғаш тау құлама өзектердің кейбірінде ағаштай (жұқа жұрындай) көкшіл бұйра кустарник көрініп қалды. Тағы ұзаққа жоғалып кетті. Және де шашыраған топ-топ ағаш оқшау-оқшау шұбартып қалады. Тағы аппақ қыр кетті. Ұлы құм. Ең алғаш шойын жол. Суец каналы төмендеңкіреп кетеді. Тағы миқыр-миқыр тау адыр кетті. Тырбиған қатпарлар адамның миының бітімі тәрізді. Бұжыры, ой бытқылы, жіктері сондай жұмбақ, суық. Не мал, не бір тірі жан иесі жоқ. Тағы ұзақ тақыр қатқан құм. Қарақталған, бекіп орнап қалған тылсым дүние. Енді сол ұлы дүние арасымен тұп-тура сызылған жіңішке керуен жолы көрінеді. Жалғыз жол, ұзаққа кетіп жатыр. Су ағарда шөптер жиілей, шұбарта бастады. Қоңыр құм, тақыр адырлар арасының су ағарлары анық тамырдай тармағы көп, шолақ-шолақ боп біте береді. Енді айғыз-айғыз мал соқпақтары білінгендей. Ағаш, шөптері әр саладан шұбартып, тоғыса береді. Бірақ араларында (ағаштардың) көк те, шөп те жоқ, құм. Біз Каһираға келіп, бір сағаттан артық тұрып, ертеңгі асты рестораннан іштік. Бізді әкеле жатқан самолет Индияның мүлкі ол. Рани (Магараниден) аталады. Енді Римге қарай ұштық. Жол Критті басып, Грецияның шетінен Пелопоннес жарым аралының түстік жағын басып отырып ұшады. Бұдан жарым аралдан өтіп, Италия жарым аралына іліне жүріп, Римге барады. Жаңа біз Крит аралының үстімен ұштық. Биіктік жеті мың метрге жуық. Ал самолет ішінде 3 мың метрлік биіктіктің давлениесін ғана берген. Температура самолет ішінде 20°, ал тыста 14 градус аяз. Төмендегі дүниені біраз қарап андасам, жәй байқалады. Крит қалпынша тау, бірақ ол берекелі тау. Өне бойын тоғай, ағаш басқан. Кейде сиректеу шашырап көрінсе, көп жерде қалың жыныс, зор тоғай боп кетеді. Қарауытып анық мол көлемді, меңіреу боп келеді. Тасты таудың бойларын, ылдиын, сай-саласын жұқа бетіне шейін қарын жібітеді. Сызылған иір-иір аппақ жолдар торлаған, сай-сайлардың әсем жайлары. Өзгеше дүниеге жан сүйсінер жақсы мекен тәрізді. Әсіресе биік ұшқандықтан, ұдайы қалың ақ бұлттар төменде қалып келеді. Сол ақ өркеш бұлттардың көлеңкесі Криттің қара қошқыл тауына, тоғайына, сай-салаларына дамыл-дамыл түседі. Кей таулар мен тоғайлар қап-қара көк боп, теңіз бетіндей боп аңғарылмай да тұрады. Еңкейе бере ыстық күн түскен тасты таулар, жолды сайлар, көгалды өзен маңайлары әдемі ашылып, күлімдеп, жайнап қалғандай: біз Европаға қарай ауысып келеміз. Дүние, жаратылыс, әуе райы да анық, айқын өзгеріп келеді. Қазір ғана бізге (ланш) түскі тамақ берді. Бұл самолетте де басқалардай жағдай, ас жағынан күту өзгеше. Бұлай болмасқа мүмкін емес. Өйткені осы трассамен қатар ұшатын аэрокомпаниялар көп. Швеция ("Сас"), Америка ("РАА"), Индия ("Интернейшнел"), Голландия, Германия, Франция, Англия аэролиниялары бар. Бәрінде жағдай талас, бәсеке. Сондықтан жүргіншіні күту жақтары басқаша. Жаңа ланш алдында әркімнің тілеген нәрселерін әкеледі: біреулер кофе, біреулер виски, тағы біреулер қызыл арақ сұрасты. Содан кейін алдымыздағы орындықтың сыртынан үстелше тақтай суырып алып, соған подноспен әкеліп бар тамақты қойды. Онда қою сорпалы қуырған ет, күріш, морковы, картобы аралас. Үстелде жас помидор, маис салаты. Өте жақсы, тәтті де. Бұған көп дәмдіні қосқан. Екі тоқаштың жағатын майы да бөлек ыдыста. Стаканда әдемі таза, салқын су (Индия әдеті бойынша). Соның бәрінен соң жеуге жұдырықтай қызыл сары, ең жақсы сорт апельсин қойылған. Дәл тамақ үстінде үлкен самолетімізді қатты шайқады. Бізге белбеуді байлап алуды өтініш етті. Шынында, ас үстінде ол әрекет анық керек. Секіріп қозғалсақ, ыдысты ақтарып алар едік. 2 март күні сағат екі де қырық минутта біз Рим аэродромына келіп түстік. Паспорт тіркеу, дүнияларымызды тексеру жарым сағаттай уақыт алды. Содан соң алдымыздан шыққан елшілік адамдарының бастауымен бізге әзірленген пансион аталған орташа қонақжайға келіп түстік. Біз Римде екі күн болмақпыз. Атақты, даңқты Рим қалай қарсы алары мәлім емес. Жолдастар біздің сондағы жайымызды ақылдасуға елшілікке кетті. Кешке жақын бір машинаға мініп, Римді араладық. Санта Мария храмы, Виктор Эммануэль ескерткіші, Гарибальди ескерткіші, Колизей қорымның қалдығы. Әсіресе Петрдің атақты соборы, Ватикан "Варвара" паркі және түнде Италияның операсында болдық. Бұл екі актылы "Чужестранец" деп аталған Бизеттидің операсы. Бизетти классик емес, бірақ музыкасын итальяндар ұнататын болу керек, зал толы болды. Үшінші бөлімде хореографиялық төрт бөлімшелі бір пантомиманы көрсетті. "Пизанелла" залға кірерде, біз киімді бергенде, үшеумізден 450 лир алды. Ал залда көп жұрт пальтосын тастамай кіріп, орындарында шешінді. Кей дамалар қаракөл мантосымен, норка киген қалпымен орындарына беттеп жүр. Театр іші қызыл мақпалмен тысталған екен. Үлкен креслолар. Театр кең болғанмен, орындықтар үлкен болу себепті, бір қатарда 25-тен артық орын жоқ. Ложалар бес қатар. Бұл Римнің үлкен операсы болғанмен, Италияның жақсы әншілері Римде емес, Миланда деседі. Италия адамының, зрителінің кескінін осы залдан мейлінше көрдік. Бірақ ертеңгі 3-ші март кешінде Вердидің "Бал маскарады" премьера боп қойылады екен. Оған фрак, не болмаса смокинг киіп келу міндет еді. Біздің театрлық екі жолдасымыз киімдерін чемоданда қалдырғаннан (олары вокзалда болғандықтан), бара алмайтын болды. Мынау зритель тыныш, баяу, үнсіз қозғалған еркек-әйелдер. Киімдері онша сәнді емес, орташа қара товар ғана. Жалпы Римде көшеде күз киімінде. Онша жай киіммен жарқыраған адам аз. Орташа құба төбел ғана киінеді. Театр да сондай. Бизеттидің операсын қатты ұнатқан кісілер де болды. Менің маңымдағы екі-үш әйел екінші актта жылап тыңдасты. Ал операның мазмұны әшейін сәл ғана ескі драма. Оқиғасы да оншалық бойды жеңгендей нық байланған, берік оқиға емес. Алғашқы акты аса өнімсіз, статичный. Өзгеше ұзақ сахнада аса коп адам болғанмен, ол жансыз, қыр-қимылы аз. Мен алғашқы акт уақытында Н-Данченконы еске алып отырдым. Ол операға, Станиславский айтқандай, ойын қазір кірген еді. Мынау статикалық массовкаға да сол жаннан азғана жанды, қызу қан соншалық жат көрініп еді. Екінші акт — лирикасы бар екі жас. Олар ғашық. Оларды және сол арада таспен атып өлтіру көрінісі болғандықтан, жандырақ динамика болды. Ал балет — пантомима — жәй ғана. Онда алғашқы бір бөлімі — театрал киінген ведущийдің әңгіме сөзі, бірақ итальян тілі соншалық сұлу, көрікті тіл екенін ол сөйлеуші тамаша байқатты. Тілді білмесең де, әдемі өлеңді жақсы айтушы үнінен ұнатып тыңдағанындай.

Осыдан арғы сипаттарына келсек, балет-пантомима сұйық, олақ тәрізденеді. Бұл балеттің басқы бөлімі қара сөз. Мазмұнын айтқан ведущиймен басталса, екінші әңгіме бөлімі әннен басталады. Бірақ әдемі әнді сахна сыртынан әйел даусы айтып келеді. Содан кейін барып би-пантомима кетеді. Бірақ Гардина боп билеген әйел кейде даусын шығарып, "аһ" дегендей. Өлер шағына жетіп құлағанда, шошығандай шыңғырып қап үн қатады. Бұл күн біз көрген оқиғалардың ішінде осы кеште ресторанда үшеуіміздің тамақ сұрап ішкеніміз де қызық, күлкілі болды...

3 март. 1. Колизейді тағы көрдік. 2. Екінші көргеніміз атақты Мұса скульптурасы.

Микеланджело: "Сан Пьетро Винколи", "Св. Петр в цепях"). 3. Церковь св. Иоанна 181 (1742-45 г.) "Сан Жиованно", рядом тут же церковь "Святая святых", святая лестница (кровь Христа в терновом венце). Арх. памятник Галилея -Александр, он же математик, повторяет классич. архитектуру Италии XVІ в. Такой фасад встречается часто в Италии. Здесь классич. представлено в полноте. "Св. Метица" — золото на фасаде, мозаика времен Папы, объявившего К. Великого "Великим". Церковь св. Иоанна есіктері. Латын сарайының есігі алынған, едені мрамор мозаика. Өз суретшілері болған. Шеркеу өзі ІV ғасырда салынған. Фасады XVІІІ ғасырда. Мынау ішкі есігі салынған қалпынша. Бұнда атақты Джоттоның фрескасы бар (краска). Дворик XІІ в. Васали группа художников — мраморды бұрап салғандай бағаналары бар. Тамаша (қола) мрамор. Мозаика ортағасырлық фантастикалы жәндіктер, құбыжықтар бар. Папаның Кафедр, соборы. Храмда намаз оқып жатқан, тізе бүгіліп дұға, мінәжатқа берілген неше түрлерін, бүгіп, қолдарын иконаға созған қалыпта. Кейбірі тұрып оқиды. Көпшілік алдында бөлек, жеке, ұзынша орындықты үстел. ІX ғасырдың құдығы (мрамор биік). Зал ғажайып биік скульптуралы, XVІІ ғасыр. Бәрі бірдей тамаша, төбесі әсіресе биік.

Церковь "Святая святых" в XІІІ веке, тут святая лестница в XVІ в. Аурулар тізерлеп шығады. Біздің көзімізше көп әйел тізерлеп кетіп жатты. Аурудан жазылуға тырысады. Бұл әулие басқышпен келе тізерлеп көтеріледі. Төртінші крестовой поход уақытында осы басқыш Иерусалимнен әкелінген. 30 басқыш екен. Ғайсаның қаны аққан басқыш делінеді. "Әйелдер, қыздар, жас қыз балалар бәрі де өте жақсы киінсін. Сонда Ғайса қанының ақталуына себепші болады" деген жазу итальян, француз тілінде. 5. Қорымның қалдығы. Мрамор колонналар, құлаған тас мрамор бөлімдер жатыр. Кең, биік сұлу шабылған колонналар қақайып тұрып қалған жерлер бар. Қасында таудай биік жары, трибуна орны көрінеді. Шешендер содан сөйлеген. Развалиндер Эмилий романынан, Юлий Цезарь романынан қалған, ІІ—ІІІ века д.н.э. Юлий Цезарь, храм "Весталок" — эпохи О. Августа. Барлығы да бар.

Эпохи Паулюс Эмилиос.

Осында аталған орындардың қалдықтары аталады. 6. Сант Анджело — мавзолей Адриандікі. Осының төбесінен Тосқа құлап өлген. 7. Енді Сан Петроға келдік. В XV в. Папа заставил его перестроить. Здесь "Сострадание" Микеланджело. Ғажап Браманте, Рафаэль екеуі де қайта өмір сүрудің проектін жасаған деп бекінеді. Бірақ негізінде Микеланджело проекті алынған. Тек оның жобасы да түгел алынбаған. Ол гуманистік бағытта болған еді.

Доминка копиясы.

в) Скульптура св. Петра XV в. Қара түске боялған.
б) Балдахин Урбан Барбарина. XVІІ ғасыр. Осы өзгерттірген.

Пантеонские скульптуры уничтожил он — этот папа. "Чего не сделали варвары, то сделал Барбарина". Мақал. Колонналары бар... Бар жеріне де движение (қозғалыс) берілген. Бұнда ақ Липетрдің қабірі бар деп саналады. Балдахин сол үшін салынған. Кафедра св. Петра. XІІ ғасыр кафедрасы ағаштан істелген. Ол кейінгі істерге жамау боп кірген. Мынау бейнесі — рококо. Бұл шеркеудегі ең ғажап ескерткіш — Микеланджело жасаған "Пьета", оған тең нәрсе бар деу қиын. Жалпы шеркеудің биіктігі, төбедегі фрескалар алтындаған мозаика, айнала тұрған әулиелердің, папалардың скульптуралары өзгеше бірінен бірі асқан шеберлікпен істелген. Осы аралауымыз аз, жеткіліксіз болды. Өкіне-өкіне, қызыға-қызыға зорға айрылғандай боп жүріп кеттік. Көз ала алмай ынтық болумен кеттік. 8. Осыдан соң Ватикан музейіне келдік. Ол қисап жоқ мол қазына. Бұнда скульптура, әсіресе живопись, музейлік ескі бұйымдар, ескі Египет скульптурасы, гобелен, әсіресе фрескалар мол. Бұның ең асыл бөлімі — Сикстинская капелла. Онда Микеланджело, Боттичелли, тағы басқалар фрескалары бар. Дәл капелланың төрдегі фрескасы Микеланджело жасаған "Страшный суд". Содан төбедегі көп пайғамбарларды салған. Бұнда айтып болмастай шеберлік, шабыт бар. Өлмес нәсілге өшпес белгі. Тәңір жаратқан жаратылыс пен тау таласа алатын туыс-бітімдер бар.

Бірнеше бөлмелер Рафаэльдің фрескалары. Оны анықтап қарай алмадық. Борджиа амфиладаларына да тоқтай алмадық. Бұдан кету алдыңғы Петр храмынан кетуден де қиын болды. Бірақ амал жоқ. Өзімізге өзіміз мынау жүріс қылмыс, одан басқа сөз жоқ дедік те, кете бардық. Ұжмақ сәулетін көріп тұрып, асығыстық жүріс себебінен тайқып кеткен тәрізді. Кейін біз Гарибальди ескерткішіне тағы бардық. Күндіз көрдік. Ат суреті аса сұлу болғанмен (бу да Амангелді атындай әрі үлкен, мойыны қаз мойын, құлағы шаншылған қалпымен), аса сәнді болса да, Гарибальди одан да салмақты, ірілеу, маңызды шыққан. Бұл ескерткіш биік тас пьедесталға аса үлкен боп орнатылған. Өзі Римнің ең биік төбесінде, тегінде Рим 7 төбеге (холмға) салынған дейді. Соның бірі. Ескерткіш сондай биікте, өзі үлкен болғандықтан (биікке салынған соң үлкен болмасқа мүмкін де емес), аса маңызды болып, өктеп шығып тұр. Әсіресе Рим қаласының жақсы бір қасиеті осында да байқалады. Гарибальди ескерткішіне екі жақтан келеді жол. Сол биікке шығар жолда жоғарыдан төмен құлай ақ мрамор бюстер қойылған. Саны 50-60-тан кем емес. Бұның бәрі Гарибальдидің серіктері, жүзбасы, мыңбасылары. Осымен жалғас еске ала кетейін. Петр соборының екі жақ сұлама қоршау бөлімдерінің үстінде де толған скульптура. Ол жүзден асады. Әр фигура апостол, әулие, папа ма, дәлін білмедім. Бірақ осал істелген бір бейне жоқ. Шетінен, өзі бір ескерткіштей және қандай ғажап шебер, мінсіз, көркем етіп ойылған, тастан ойылған мүсіндер. Өздері үлкен, бар фигуралар түрегеп тұрған бойда жасалған. Осы жәйді Римде сот сайын көресің. Виктор Эммануэль ескерткішінде жоғарыда топ фигуралар, періштелер, күймелі аттар. Төменде алтындаған періштелер, қоладан салған сан фигуралар ақ мрамордан салынған үлкен ансамбльдік аса көп үлгімен, бейнелермен беріліп тұр. Осының бәрінің ортасында биік көтеріліп орнатылған қара құла атты Эммануэль фигурасы. Бәрінен басым, астам, әрі қоршаулы қомақты, жапа-жалғыз қақимай, бөлекше қамау қоршау арасындағы күтіммен көрсетілген. Римде не көп — статуя көп. Және бәрі де шеберлік түріндей. Рим мәдениеті Европаның мектебі, академиясы ғой. Әсіресе Милан, Венеция, Флоренция, Падуя бәрін қосып алғанда тұтас Италия — Европаға ұстаз болып қалған. Көп ғасырлар эпоха возрожден. Қалған мұраны осы елден оқиды. Болашақта да сол тарихтың қасиеті тез жойылу оңай болмас. Музыка, живопись, скульптура, архитектура — осы өнерлер Италияда, Римде көп өнерпаздың көзін тартпай тұра алмайды. Сонымен қатар Рим — барып тұрған көз тартпа дүниелік, діншіл қырсықтың мекені. Бұнда көшеде кім көп десең, ең алдымен мол ұшырайтын монахтар. Қара киімді кәрі, жас монахтан, монашкадан аяқ алып жүре алмайсың. Жүздері қып-қызыл, ажарлары тоқ, ауқатты. Киімдері су жаңа, өзінше сәнді. Монахтар шарап сататын жерге шейін жүреді. Ерлері, әйелдері де сопиян түсті емес. Кәдімгі жай қызметкер тәрізді деловой қалыпты, әрекет адамның түсінде. Бұл қалада жұмысшы аз, өйткені өндіріс жоқ. Бұнда тек банкілер мен сауда, саясат, дін саясаты, тағы сондай салт-сана, партиялар әрекеттері мол болу керек. Осында жауыз фашистік қоғамдар да ашық тірлік етеді дейді. Коммунист партиясының үйін де көрдік. Муссолини тұрған Венеция сарайын көрсетті. Ол біз сыртынан қарағанда, сарайдан көрі абақтыға ұқсас, ажарсыз, ескі үлгіде салынған үй. Онда қазір Венеция өкілдері тұрса керек. Бұл қаланың тағы бір өрескел сорақылығы — сатымсақ әйел. Түнгі он, он бірден соң көшеде жүретін әйел сол әйелдер ғана болады. Олар өзі іздеп жанасады. Римде 15 жерде қызыл фонарь бар дейді. Еркекті науқас жағынан тексеріп отыратын дәрігерлік өкіл бар. 15 минуттан кейін есік қағып, әйелден айырып алып, тез қуатын әдеттер бар деседі. Қысқасы, бұл қалада толып жатқан тоқайласқан қайшылықтар бар. Анық капиталистік кәрі қаланың қазір бүкір бітімі сол. Біз бүгін приют балаларының ойнап жүргенін көрдік. Ол жетім балаларды Ватикан асырып өсіреді. Жетім, жоқ-жітік адамдардың балаларынан оқыған адам шығармайды. Жасынан жұмысқа салып, еңбекпен жаншып құл етіп, күң етіп өсіреді. Істейтіндері қара жұмыс. Кейде ол сонша ауыр болғаннан балалар кішкентайында жаншылып, мыжылып өледі дейді. Ватикан тәрбиесінде әлді адамдар балалары да болады. Оларды оқытқанда ақсүйек, төре, ұлықтар және сопылар мен Ватикан қайраткерлерін өсіреді. Ватикан, тегінде, аса бай. Ол бүкіл Италиядан да бай болуы мүмкін. Себебі оған бар Батыс Европа бағынады. Тіпті Америка да дін жағынан осыған бағынады. Бүгін кешке біз өзара достық мәжіліске бас қоспақпыз. Анау бөлмеде сол отырысты әзірлеп жүрген дауыстар естіледі. Бұны еске салған, өзі бастаған А.А. Соның өз даусы да естіліп жүр. Сөйтіп, 3 марттың кеші болды. Аманшылық болса, бүрсігүні кешке дәл осы мезгілде, бесінші мартта біз Мәскеуге барып жетсек деген ниеттеміз. Айтпақшы, қызық деректерді Индия тарихынан жақсы айтатын бір профессор Тұрлаев қазірде де бірнеше мәліметті еске салды. Мен ол адамға көп алғыс айтармын, тегінде. Майсорда пілдер қорасына барғанымызда, ол байқаған бір жайлар бар екен, қазір соны айтады. Онда үлкен піл, 80 жыл жасаған піл барды. Соның салмағы 300 пұт екен. Оның қант қамысын жегені қызық еді. Бенарестегі теософия об-восы, Шитаргорг тағы, Брахмачандра мектебі есте болу керек. Соңғы мектептегі балалар болашақ монахтар, олар үйленбейді. Аджента 29 үңгірінің салына бастағаны біздің ғасырдан екі жүз жыл бұрын, ең соңғы үңгірі салынғаны жетінші ғасыр (біздің эраның). Қысқасы, 900 жыл бойында салынған сол 29 үңгір және Эллора храмы (Радж Кришна Сингар плотинасының ұзындығы 3 '/2 километр).

4 март.

Бүгін ешқайда шыққам жоқ. Тек елшілік асханасына барып, ас ішіп қайттым. Бүгін күндіз, енді екі сағаттан соң аэродромға жүреміз. Сағат 13-15-де Стокгольмге қарай "Сас" самолетімен ұшпақпыз. Бүгін Мәскеуге гостиница жөнінде телеграмм бергіздік. Ертең кешке көптен көксеген Мәскеуге, өз Отанымызға жетсек деген ниет көңілді қатты толқытады. "Жүрген, көрген жақсы, жақсы оралып елге келген жақсы" дер едім. Осыдан 15 күн бұрын, тағы да біз елге қайту жайы сөз болғанда бір айтқаным бар еді. "Осы жүрген біздің басымызда құпия түрде сан мәртебе бірқалыпта ойланған қиял жүр — ол Мәскеу аэродромына біздің самолеттің аман-есен қонған сәті" деп ем. Сол күн ертең дегенге қуанып ойға аламын. Қуаныш және сонымен қатар еріп ілес жүретін сабырсыз, тағатсыз асығу — болашақтың сезімі. Сол менен кей кезде әлі де қалмаған тәрізді. Рас, бұрын бұндай, алдағы жақын қуанышты, әлдеқалай оқиғаны, ұшырасуды тосқанда, мен ұйықтай алмай да, аунақшып та түн өткеретін кездер барды. Сол күй, яғни өмірді толық кеудемен, қанды, жанды әсерлі сезіммен сүйіп келсем, әлі тобарсымағаны, суымағаны менің ырысым да, мүмкін әлі басылмаған құмарлығым кемшілігім де болар. Бірақ осыған өкінбеймін. Тургенев дұрыс айтқан: увлечение біткенде шабыт та бітеді деп, алдағы жақсылықты, қызықгы қартаң тартқан, салқын жасқа түспей, жалынды жасша (іштей болса да) қарсы алуымызды, осы жағынан қарағанда, қажетім, отым, ішкі қажымаған қызығым және әсіресе сәтті еңбегімнің көз нәрі, уағы деп білемін. Сондай қызығу мен толқуға жаратылыстың шын әсері болмаса, мен сапар шығып не бар. Ал мен сол сапарға өкінбек түгіл, бақыт санаймын. Отаныма, өкіметке мың сан алғыс айтам ішімнен. Осы сапарды маған қиғанына қуанып алғыс айтамын. Соны ақтағым келеді. Осы үшін-ақ көрген мен көрмегеннен алған жаңалықтарымды оқушы жақсы жұртыма білдіргім келеді. Мен бұл сапарды жазбақты өзіме міндет етіп аттанғандай болатынмын. Жолдастарға бұл жөнде әсіресе ырзамын. Үйден аттандырған жазушылар мен ғылым адамдарын айтамын. Олардың кезектеп сөйлеп шүйілгені әлі айқын күйде есімде. Көз алдымда бірінші саяхат кітабы дерлік қазақ жазушысы тарабынан жазылатын еңбекті менен тоспақ болысқан. Менің тіліммен мен көргенді жазып беру әлеумет міндеті есепті, жақсы, орынды айтылған. Шын ниетпен айтылғанды. Соны ақтамаққа құштармын. Бір ойдан, біздің сапарымыз Индиядан тұра Италияға бір-ақ ырғып түскені аса мәнді желілес бір жайға қолайлы шыққан. Тарихтық мәдениеттің өнерлік, айластық пен жалғастықтарды алғанда, үлкен, мол бір қарайластық осы екі ел арасында анық байқалады. Ескі Мысырда, Грецияны қосып ескі Римді алсақ, орта ғасырды ескерсек, Индия мәдениетіне бұл жағалардың әсері болмай қалған емес. Соған орай Индия өнерінің бұл жағаға да үлгі өрнегі келмеген емес. Аджентаның фрескаларының Аджента тақырыптарымен, үлгісімен дәл ұқсасып шыққанын ескерткенде, сондағы суреттің дүниелік ең ғажап сымбат, көркем, шебер деген суреті бұнда талай жүздерге ұқсап кетеді. Микеланджелоның жасаған Сикстинская капелладағы "Страшный суд" суреті Будданың ең алғаш проповедқа келтірілер алдындағы Берунд тазаруынан алыс кетпейді. Мынада Ғайса өзінің анасы Мариям ананы да сырт серпеді. Бар апостолынан баз кешеді. Күнәлы күйден аман адамзат жоқ екенін көрсетеді. Тіпті бейістің кілтін ұстатқан Петр сол кілтті созып көрсеткенде де, Ғайса үркіп аулақ болғысы келеді. Ал Будда әйелінен, бауырынан, бар жақынынан солай безінетін. Содан кейін барып созерцаниеге берілетін дәуір үлгісін бастайтын, діннің шарттарын белгілейтін оның жанында дьявол азғырмақта, шошытпақта болатын. Оның алдында сұлу әйелдер искушение жасамақ та болатын. Бұл тақырып христианствода қандай көп, соның бәрінен Будда да асып, биіктеп ұзап, өсіп шығып тазаратын бұл тақырыптың қайталауы да көп. Индия өз дінін аса коп апоэтизировать еткен. "Махабхарата", "Рамаяна" әрі көркем шығарма болса, әрі дін дұғалық, мінәжаттық сипаты мол кітап. Ол скульптурада, суретте, музыкада, архитектурада, театрда — бәрінде шексіз мол тақырыптар беріп, басым орын алған. Бұл жағына келгенде, дін тақырыбы сол мол көркемдікті тудырған да, кейін соған көп гүл бұтағын, жемісін өсіргендей айлар болған. Дін өзі тудырған, көркемдеген нанымын, қиялын, кейін берген сандардағы бар өнерімен, еңбегімен тағы да қайта жаңғырта қиялдай, тамашалай берген. Өзге замандарда да үзбестен зауық ете берген. Ал осы хал Европада жоқ па? Гректің діні діндер ішіндегі қиялшылы, суретшілі еді. Ол архитектура, әсіресе скульптурада, суретте, поэзияда қандай көп із қалдырды. Ғасырлардың нәсілдері айнымай, қалмай, талайға талшық еткен жоқ па. Рим және солай. Баста шалығы болса да, солай кетті. Әсіресе эпоха возрожд., орта ғасыр солай шықты. Христианствоның апогейі Италия возрождсінде, ол екі ел (Греция, Рим — Италия) екі қабат қат-қабат әсеріне кейінгі бар дүниені еліктіріп ертті. Ең әуелі классика мәдениеті. Кейін христианство мұрасы мен мәдениеті боп бар Европаны, жас Европаны жабыла еліктетіп, ықпалына алды. Европада архитектура, скульптура, сурет, музыка, поэзия грек мифологиясы мен эпосын, Рим сән-салтанатын, Италиядағы возрожд. христиандық сана тақырыптарды жүз тілдермен, әлденеше жүз жылдар тарихтарда қайталап, қызықтап, тамашалап елтіп қостап, құптады. Индия осы жайынан алғанда бір өзінің тарихы мен бүтіні жөнінде бар Европаға ұқсап қалып отырады. Айырмасы да сол ұқсастықтан алыстағанда шалғай, одағай шығып отырады. Міне, Италияға Индиядан өткенде осындай ұқсастық пен шалғайлық жайларды еріксіз қатар ойлап, еске алумен боласың. Рим ескерткіштерін көргенде осындай күйлер өзгеше ойда болды. Мұндағы өнер бергісімен, Индияның арғысымен нық таласады деуге де болады. Бергі Италия возрож-сы, бұл тұста Индияның өз өнері, ескі өнері үдемесе де, моғолдар мәдениеті қатты үдейді. Оның да Европада, Мысырда, Орта Азияда, Иранда, Арабстанда төркіні бар. Моғол мәдениеті Европаның шетіне барып орнаған Кордова халифатының мәдениетімен анық жалғас. Содан әрі жақсы еліктеу жасай білген. Моғол мәдениеті жақсы Тәжмахалды тудырғанмен, негізінде еліктеуші, қайталаушы мәдениет. Әрине, бұл сипат та дүниеде, тарихтарда, мәдениеттерде оригинал, жекеше, өзгеше тарихтардан көріне алды. Қайда жиі ұшырайтын жай баршаға мәлім, шындық.

5 март.

Мен бүгінді жазсам, кешегі күн 4-ші мартта көрген әр жәйды қысқаша еске ала кетпей болмайды. Ондағы ең үлкен нәрсе — жолда көрген пейзаж. Кеше біз сағат екіден асқанда Римнен ұшып, жолда Женеваға тоқтадық. Одан Дюссельдорф, одан Копенгаген, Осло. Содан кейін түнде сағат 2 '/2-да Стокгольмге келдік. Тағы да "Малимин" өтеліне түстік, кеш жайғастық. Қазір ерте тұрдық. Бүгін сағат 12- ден соң Москваға қарай ұшпақпыз. Кеше көргеннің ішіндегі ең ғажабы Римнен Женеваға шейін ұшқан сапар болды. Римнен ұзай салысымен, аз уақытта самолеттің сол қанатының астынан көкпеңбек мөлдір сұлу теңіз көріне берді. Оң жақта таныс жер жаға байқалып отырды. Ал теңізде сәт сайын кішкене тау аралдар көріне берді. Кей арал тек қана бір биік, онда адам жоқ тәрізді. Өйткені көлемі өте кішкене. Бірақ теңізге болмай, биік бойлай айнала шыққан тас арал өзгеше көз тартады. Содан әрі үлкендеу аралдар кетті. Онда тірлік белгісі мейлінше бар. Шимайлай тұрып таудың қырын, құламасын, бөктерін, сайын айғыз-айғыз басып өткен жоталар бар. Осындай көк мөлдірдің ішіндегі аралдарды байқап келе жатқанда, көк жібекте, көк теңіздің көкжиегінде ғажайып боп аппақ қарлы қалың асқар тау көрінеді. Оң жақта көрінген таулар — Апеннин таулары. Сол жақта қарлы таулы қалың арал көрінген. Осыдан жарты сағаттай ұшып өткен соң құрғақ жайға шыға бердік. Жаға дегеніміз енді Швейцарияның Альпісі еді. Анық ұзақ уақытқа үзілмей созылған қалың қарлы аппақ асқар есті алғандай. Мүңгилері кейде күн астында күмістей жарқырайды. Таулар қабат-қабат, қат-қат шындар, қыр арқалы құздар. Адам аяғы баспаған жайын шындар. Небір қиын тас, заңғар, аса биік, қиын асқан жалтырлар бар. Қазір соның бәрін қалың сіреу қар басқан. "Отсель я вижу истоков рождества" дейтін Пушкин жолы еске келеді. Швейцарияның мол тоғайлы, көк майсалы, жылы жайлы өлкелерін суарған мол сулар, ағындар, өзендер, бұлақтар, бастаулар баршасы осы өңірден өзек жарып шығады. Бір таудан бір тау биіктеп барады. Осы ғана қалың қарлы асқарға шексіз кең көк теңіз кеп айқасты ғой. Сонысы әсіресе естен тандырғандай. Тау, тоғай, теңіз (мол су) бір араға тоғысқанда, дүниенің ең астам сұлулығы мол су, жас, алып сұлулықтары қатар асып, тайталасқандай болат та. Мысалы, Алатауды жайлаған, көрген, білген жанның бәріне бір-ақ мысал айтар ем: егер Алматы қасындағы Талғар, Комсомол биіктерінің Талғар, Есік, Түрген тұстарындағы тегіне осы күнгі дала жалғаспай, көк жайқын теңіз тіреліп, толқын ұрып жатса, бір жағы ана тау Алатау, екінші жақ жағасы жайқын, теңіз кемесі сыңсыған теңіз ұрып жатса, қандай ғажап болар еді. Сол суретті ұзақ көрдім. Бір уақ ұшып отырып қалың қабат тауды көрдік. Таулар қалыңдап, қиындап, кең және жақпар тас пен сүңгіге айнала берді. Осы кезде самолет дикторы баян етті. Мен өзім де күтіп, сұрастырып келе жатыр ем. Монблан тауынан өтеміз деді диктор. Айтқанындай, енді біразда біз Монбланның анадай жерде жақын жанынан өттік. Осыдан тау ажары өзгере берді. Аласара түскен болу керек, қарағай, қалың қараған көріне берді. Таудың енді ар жағы жол. Үлкен суық қарлы жоталарында кішкене үйлер. Азғантай қыстақтар, адам жайлары, мекендері көбейе берді. Бар тұста жол, жолдар басымдады. Ылди да, сайлар да, кей өңірлерде әжептәуір қалашықтар, қыстақтар шықты. Содан әрі тау қызықтыратын, қызғандыратын күйге, өнерлі көрініске ауысты. Жол, жолдар өзгеше. Енді біразда біз Женева көлін көрдік. Самолет осы орыннан бір бойлап, ортасына дейін шолып барып, кейін қайта орап, жағасын баса айнала берді. Біз Женеваға келген едік. Көлдің айналасы қызық, бір аттам жері бос болмау керек. Женева қаласы сол көлдің қасында. Айнала тағы толып жатқан қалалар, қыстақтар, виллалар, замоктер, дачалар болу керек. Қызыл сұлу үйлер, мекендер де көп. Женева аэродромына біз қонған соң, кейінгі жаққа қайта қарасақ, енді бар Альпіден асып шығып басымдап тұр, өктеп тұр екен. Қатарында Юнг Францты да көрдік. Осыдан кейінгі қызық бір көрініс Дюссельдорфқа тақай бергенде көрінді. Астымыз бұлт, қалың бұлт еді. Бұлт жақтың өзі төңкерілген аспандай, сол бұлттардың бауырында бір жарығы мол үлкен қала, өндіріс бізге көріне қалып бара жатқан болу керек. Бір шоқ бұлттың асты сәулеленіп, өзгеше бөліне көрінді. Ар жағынан ай туып келе жатқанда өркештенген бұлттар арасы жарықпен, сарғыш жарықпен сәулеленіп, жыртыла бастайтыны бар ғой. Дәл сол тәрізді. Әсіресе айнала қалың, қоңыр қою бұлт. Ол бұлт арасында ымырт, түн туып келеді. Сол шақта анық бұлтты аспанда толық ай бір шақ жеке жүріп көрінгендей. Мынау төңкерілген қоңыр бейуақтың тұтас бұлтты, қара қошқыл аспанынан ай орнына жарық туды. Жер жарығы, электрдің шоқ топталған сәулесі бұлтты жыртып, асығыс сәулесі алтынды жарық беріп тұр.

5 март.
Қазір біз Стокгольмде. Жаңа тұрдық.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙